Елшінің жазбасынан
Икрам Адырбеков
Жазылымсыз режим: 20-беттен кейін жазылым беті ашылады, әрі қарай әр 10 бет сайын (ең көбі 5 рет).
Тәуелсіз Қазақстанның әлемдегі, өңірдегі бейбітшілікті, қауіпсіздікті сақтауға, нығайтуға қосқан үлесін халықаралық қоғамдастық бүгінде жоғары бағалайды, ол — жас мемлекеттің сыртқы саясатының шынайы жетістігі. Осы салада көп жылдар жемісті қызмет атқарған белгілі мемлекет және қоғам қайраткері, Төтенше және Өкілетті елші Икрам Адырбековтің оқырманға ұсынып отырған бұл кітабында негізінен автордың елшілік қызметте бо
Икрам АДЫРБЕКОВ
ЕЛШІНІҢ
ЖАЗБАСЫНАН
Нұр-Сұлтан
ӘОЖ 327(574) КБЖ 66.4(5Каз) А26 Адырбеков, Икрам Елшінің жазбасынан / Икрам Адырбеков. — Нұр- Сұлтан : Фолиант, 2021. — 280 б. ІSBN 978-601-338-905-9 Тәуелсіз Қазақстанның әлемдегі, өңірдегі бейбітшілікті, қауіпсіздікті сақтауға, нығайтуға қосқан үлесін халықаралық қоғамдастық бүгін де жоғары бағалайды, ол — жас мемлекеттің сыртқы саясатының шынайы жетістігі. Осы салада көп жылдар жемісті қызмет атқарған белгілі мемлекет және қоғам қайраткері, Төтенше және Өкілетті елші Икрам Адырбеков тің оқырманға ұсынып отырған бұл кітабында негізінен автордың елшілік қызметте болған кезеңдерінде өзі куә болған, тікелей қатысқан түрлі шаралар мен маңызды кездесулердің протоколдан тыс қалған жайттары мен қызықты оқиғалары баяндалады. Сонымен қатар елші қызметін атқарған мемлекеттердегі түрлі салаларда жүргізілген озық реформалар мен тәжірибелер туралы зерттеулері, өткен өмір жолы тартымды суреттеледі. Кітап қалың оқырманға, дипломаттарға, жастарға ұсынылады. © Адырбеков И., 2021 © «Фолиант» баспасы, 2021 ІSBN 978-601-338-905-9 А26 ӘОЖ 327(574) КБЖ 66.4(5Каз)
МӘМІЛЕГЕРЛІК ЖОЛЫНДА
Мемлекеттік тәуелсіздігіміздің алғашқы жылдары көпшілігіміз
ерекше сезім жағдайында болғанымыз бүгінгі күндері естелік
ретінде айтылады. Айтылуы да керек. Ұрпақ үшін. Болашақта
тәуелсіздік туы төмендемес үшін. Тәуелсіздік — халқымыздың
тарихы, өсу жолы, мәңгі болашағымыз.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Тәуелсіздігінің Туын
көтеріп, ел алдында ант берген Тұңғыш Президент, Елбасы
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өзінің халыққа арналған барлық
Жолдауында, әйгілі «Болашаққа бағдар — рухани жаңғыру»,
«Ұлы Даланың жеті қыры», тағы басқа еңбектерінде еліміздің,
ұлтымыздың Мәңгілік Ел болу санасына айрықша екпін беріп
келеді. Тәуелсіз мемлекеттігіміз — Қазақстанның әрбір аза
матының ең қасиетті ұғымы, құндылығы. Ол тек ресми статус
немесе геосаяси ахуал, жағдай емес. Ол — осы мемлекет
азаматтарының дүниежүзілік қоғамдастықпен тең құқықтығы,
әлемдік қарым-қатынастағы өрісі, мүмкіндігі, өсуі, өнуі, ға
ламдық бәсекелестікке лайықтылығы. Осындай талаптардың
биігінде болу үшін талай азаматтарымыз ел игілігіне еңбек
етудің алдыңғы шебінде жүруі тиіс.
Мемлекетіміздің сондай бетке ұстар тұлғаларының бірі —
Икрам Адырбекұлы Адырбеков. Ол — Қазақстан Республи
касының көрнекті мемлекет қайраткері, 1996–2017 жылдар
аралығында Сыртқы істер министрінің орынбасары, Литва,
Латвия, Эстония, Малайзия, Индонезия, Филиппин, Бруней,
Қытай, Вьетнам мемлекеттерінде Төтенше және Өкілетті елші,
Қызылорда облысының әкімі, Парламент Сенатының депутаты,
Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік коми
тетінің төрағасы қызметтерін абыроймен атқарған әріптесіміз,
досымыз. Икрам Адырбековтің өмірбаяны мен сан салалы
қызметінен ақпарат беретін «Елшінің жазбасынан» деп атын
өзінің болмысына ұқсас, ішкі мәдениеттілігімен өте сыпайы
қойған қолжазбасын оқып шыққан адам тәуелсіздікті жария
лаудың, оның ішкі, сыртқы мазмұнын толықтырып, мемлекет
мүддесін қорғау жолдарының қаншалықты күрделі, тосын әрі
орасан отаншылдықпен, білімдарлықпен қатар, қайрат-жігер
талап ететіндігіне көзін жеткізер еді.
Икрам бауырымызбен көп жылдан бері әріптес, өзара сый
ластығымыз бен қадірлестігіміз таза қалыптасқан, мемлекеттік
қызметте танысып, табысып, түсініскен, әңгімеміз жарасқан
жандармыз.
Екіншіден, біздің өзара түсіністігімізге, сырлас болуға ықпал
еткен жағдайлар — екеуміз де екі уақытта Қытай Халық Рес
публикасында Елші, ҚР Парламент Сенатының Халықаралық
қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағалары
болдық. Көптеген халықаралық конференциялар, кездесулер,
келіссөздер, пікірталастарда, Еуропа Қауіпсіздік Ынтымақтас
тық Ұйымының Парламенттік Ассамблея (ЕҚЫҰ) мүшелері
болып, оның мәжілістерінде бірлесіп, ел атынан, біздің Парла
мент атынан сөз сөйлеп, ұлт намысы үшін барымызды салып,
қатар жүрдік.
Үшіншіден, адами қатынасымыз бір-бірімізді іздеп, пікірлес
кіміз келіп тұратын жақындыққа ұласты.
«Елшінің жазбасынан» бірінші беттен-ақ оқушысын Ұлы
даланың кеңістігінде бабаларымыздың еркіндік аңсаған ұлы
жорығынан бастау алып, азат ел болудың бақытын бағалаудан
сөз тартады. Нұрсұлтан Назарбаевтың жас мемлекетіміздің
жаңа заманға сай сыртқы саясатын қалыптастырып, оны кәсіби
дипломаттармен, ел ішінде мемлекет қызметіндегі тәжіри
белі, отаншыл, лауазымды қызметтерде нәтижелі іс атқаруға
қабілетті тұлғалармен жасақтауына тоқталу арқылы өзінің де
сыртқы саясат саласына келуі туралы төмендегідей мағлұмат
береді: «…Тәуелсіздіктің осы бір бастау кезеңінің алғашында
мемлекеттік агроөндірістік комитетіне, кейін Сыртқы экономи
калық байланыс министрлігіне тиесілі «Қазагросыртқысауда»
мемлекеттік компаниясының жетекшісі едім…
…бес-алты мемлекеттік сыртқы сауда компанияларының
басшылары Мемлекет басшысы мен Премьер-министрдің
шетелдерге жасаған ресми сапарларына қатысып жүрдік. Кей
жағдайда сапарларды ұйымдастыруға да қол ұшын беретін
біз-ді. Бұл біздің ендігі арада Үкімет мүшелерімен таныс болуға,
кейбір өзекті мәселелер туралы солармен пікір алмасып, ой
бөлісіп жүруімізге мүмкіндік те берді…» (И. Адырбеков. Елшінің
жазбасынан).
Автордың баяндауынша, осылайша сыртқы сауда арқылы
басталған халықаралық қарым-қатынас қызметі оны көп ұзамай
мемлекетіміздің жоғары лауазымды жауапты дипломатиялық
қызметіне алып келді.
Сыртқы істер министрлігі елімізде бүкіл экономика дағда
рысқа ұшырап, қаржы тапшылығы жайлап, күйзеліп тұрғанда
құрылған еді. Соған қарамастан Президенттің пәрменімен
сыртқы саясат әуел бастан сауатты жүргізіліп, министрлік те
жаңа талаптарға сай жасақталып, АҚШ, Ресей, Қытай сияқты
алып мемлекеттерден бастап, Қазақстан үшін стратегиялық
маңызы бар басқа елдерде де біздің елшіліктер ашыла баста
ды. Бұл қауырт кезең мемлекетіміздің әлемдік қоғамдастыққа
батыл енуінің алғашқы қадамдары болатын. Жариялы ашық
саясаттың артында қаржылық, ұйымдастырушылық, шаруа
шылық, тұрмыстық қажеттерін қамтитын кешенді жұмыс жа
тыр. Оларды білетін, тиімді шешім қабылдай алатын білікті
ұйымдастырушылар қажет болды. Осындай уақытта Сыртқы
істер министрі Қасым-Жомарт Тоқаевтың таңдауымен Икрам
Адырбеков министрдің орынбасары — Бас қаржы-әкімшілік
басқармасының басшысы болып келіп, еліміздің сыртқы сая
сатының қаржылық, материалдық базасын қалыптастыруда
қыруар жұмыс атқарды. Жаңа құрылған Сыртқы істер министр
лігінің сұраныстарын Үкіметтегі қаржы саласының қызметкер
лері дипломатия, саяси қатынастарды әуелде түсіне қоймай,
бұрынғы жүйеден шыға алмай жүрді. Осындай кезде қаржылық
қатынасты және оның жаңа талаптарын білетін Икрам Адыр
бекұлының СІМ-ге келгені және оның мемлекетшіл қызметі,
әсіресе елшіліктердің әділ, сауатты қаржыландыруын жолға
қоюмен басталды.
Кітапта сол жылдардағы ел мүддесінде шешілген көп жағдай
лар ашық айтылып, сондай-ақ шетелдің іскер тұлғаларымен,
билік өкілдерімен жүргізілген келіссөздер, қарым-қатынас,
шешілген түйіндер туралы өте тартымды әрі оқушысына түсінік
ті тілмен жазылғаны көңіл толтырады. Икрам Адырбекұлы
тікелей өзі қатынасып, істелген тыңғылықты істер туралы да,
сыртынан бақылап сараптап, ой бөліскен тараулары да нақты
дерекпен оқушысын оқиғадан оқиғаға қызықтыра жетелеп
отырады.
Дипломатиялық қызметтің қыр-сыры көп. Ал олардың
алғашқы кезеңі, тұрмыстың орналасуы, ғимарат, қызметтік
офис, көлік, жабдық мәселелері әдетте көп айтыла бермейді.
Кейде тіпті олардың қалай шешілетініне де көп адам мән бере
қоймайды. Әрине, үлкен саясаттың көлеңкесінде олар екінші
кезекте. Алайда үлкен саясатты ұтымды, нәтижелі жүргізу үшін
де қажетті жағдай ұйымдастыру да көп уақыт алады. Автор
осындай қарбаласы мен ауқымы көп жұмыстардың көрінісі
ретінде Литвадағы елшілік үшін мемлекетіміздің меншігіне
жер алып, екі ғимарат салдыру жолында қанша кеңсе, қанша
лауазымды тұлға келіссөздер жүргізілгенін шеберлікпен, қы
зықты иірімдермен жеткізе білген.
Икрам Адырбеков естелік жазудың өте тиімді тәсілін тауыпты.
2008 жылы Пекинде ашылған XXІX Олимпиада ойындары —
ежелден келе жатқан ұлы дәстүрдің жалғасы. Соңғы жарты ға
сырда АҚШ, тағы басқа әлемдегі ықпалды мемлекеттер мұндай
дәрежедегі спорт ойындарының өткізілу-өткізілмеуіне орынсыз
араласып, саясаттандырып жібергені де белгілі. Кітап авторы
осы жағдайлардың бәрін сараптап, Қытайдың сол кезеңде
Олимпиада ойындарын өткізуге дайындығын, өткізу кезіндегі
ұйымдастырылған өте ауқымды әлемдік қарым-қатынас про
цестерін, Қытайға қарсы, Олимпиада ойындарын болдырмау
ниеттері жасалғанын баяндап, бұрын жариялана бермеген
қызықты жағдайларды да ортаға салады.
Сол кездегі ҚХР Төрағасы Ху Цзиньтао Олимпиада ойын
дарының ашылуына біздің Президентіміз Нұрсұлтан Назар
баевты арнайы шақырып, құрмет көрсеткені Елбасының Қы
тайдың бұрынғы Төрағасы Цзян Цзяминьмен протоколдан
тыс, бейресми кездесулері, өзара түсіністік әңгімелері кімді
болса да бейжай қалдырмасы анық. Әрине, бұл шаралар
дың барлығының өз дәрежесінде өткізілуі де сол елдегі біздің
Елшіміздің тынымсыз еңбегімен, оның қытай достармен тіл
табыса білуімен тікелей байланысты әрі өте мазмұнды бай
қағыштықпен жазылған.
Қазақстан-Қытай шекарасының тарихы туралы қысқаша
мәліметтер де қазақ оқушысына қажет. Біздің Тәуелсіз мем
лекеттігімізді Қытай тарапы мойындап, бізбен тең дәрежеде
дипломатиялық қатынас орнатқаннан кейін, Нұрсұлтан На
зарбаевтың Қытай басшыларымен алғашқы кездесулерінде
қойған талабы — шекаралық келісімге қол жеткізу болғанының
тарихи маңызы зор. Сол келіссөздер нәтижесінде 1994, 1997,
1998, 1999 жылдары екі жақты келісімдерге мемлекет басшы
лары қол қойып, парламенттерде ратификацияланып, БҰҰ-да
қабылданды. Жеріміздің тұтастығы, шекарамыздың мызғымас
беріктігі — Елші қызметінің ең қасиетті борышы.
Кітаптың көлемді тарауы «Әлемдік қаржы дағдарысы және
Қытай» деп аталады. Бұл бөлімде кешенді Қытай экономика
сының соңғы 15–20 жылдағы дамуы, дағдарысы, оның әлемнің
экономикасы ең қуатты мемлекеттер — АҚШ, Еуропалық
Одақ, Жапония, Ресей,басқа елдермен қарым-қатынасы, үй
лесімділіктері, қайшылықтары сарапқа салынған. Қытайдағы
шағын және орта бизнестің жағдайы, оны өрістетудегі тәжіри
бесі, салық жүйесі кеңінен әңгіме болып, көптеген дамушы
елдерге де сабақ бола алатынына да назар аударылады.
Қаржылық дағдарыстың экономиканың дамуына немесе
шегерілуіне тигізетін әсері де маман тұжырымдарымен тия
нақталған. Аграрлық кешен, жұмыссыздық, мигранттар мәселе
лері де қызықты салыстырмалы деректермен толықтырылған.
Кітаптың бес үлкен тарауы Елшінің Малайзиядағы қызметіне
арналыпты. Әсіресе өткен ғасырдың 90‑жылдары Малайзия
ның «Азия жолбарыстарының» алдыңғы шебінде болып, ха
лықтың тұрмысын көтеруде бұрын болмаған жетістіктерге
жеткені әлемге аян. Елшінің ой қорытулары саяси билік, үкімет
қызметін, елдегі кең ауқымды реформалар жүргізілуін, нәти
желерін сараптап қана қоймай, өзінің көзқарасын, өз пікірін
ортаға салуы да оның бұл тақырыпты бүге-шігесіне дейін терең
зерттегенін көрсетеді.
«Елшінің жазбасынанның» бел омыртқасындай бөлімі Ма
лайзия елінің ұзақ мерзімді Премьер-министрі Мохаммад Ма
хатхирдің феноменін талдап, оның саясаттағы, бүкіл малай
елінің тағдырындағы орнын айшықтайды. Жай, ресми ақпарат
құралдарынан кездестіре бермейтін деректер Икрам Адыр
бекұлының аса мұқият ұқыптылығымен жүйеленіп, назарға
жарияланғаны көңілге қонымды-ақ. Сондай елеулі оқиғалардың
бірі — М. Махатхирдің 23 жыл атқарған Премьер-министр лауа
зымынан өз бастамасымен кетуіне байланысты Біріккен малай
ұлттық ұйымының (БМҰҰ) жылдық Бас Ассамблеясында сөйле
ген сөзінің кейбір өткір жерлеріне тоқтала кетудің де жөні келіп
тұр. Елші өзі қатынасқан Малайзия елі үшін тарихи жиынында
М. Махатхирдің төмендегі сөзіне мән беріпті: «…Осы жылдар
ішінде 5 миллион болған малай халқының саны 25 миллионға
жетті. Бұрын тек каучук пен пальма майынан басқа өндірісі
жоқ малай елі дамыған елдердің қатарына қосылды. Елдегі
барлық этнос тыныштықта өмір сүруде. Малай балаларының
қолынан бұрын тек егіс егу немесе балық аулау ғана келетін
еді, енді олар барлық салада жоғары білім мен мамандыққа
ие болды. Бүгінгі күні көптеген малай азаматтары мемлекет
қайраткері, профессор, генерал атанды, бизнестен миллио
нерлер шықты, көптеген халықаралық ұйымдарды басқаратын
дәрежеге жетті. Бүкіл мұнай, газ саласы ұлттың меншігіне өтіп,
ол ұлттың байлығына айналды…
…Коррупция, менмендік, халықтың мұң-мұқтажына құлақ
аспау, өз мүддесін жоғары қою — партияның әлсіреуіне, бе
делінің жоғалуына алып келеді…» (Икрам Адырбеков. Елшінің
жазбасынан).
Автор осы сияқты Малай елінің Премьері М. Махатхирдің
әр кездегі, әр дәрежедегі сөздерін сараптау арқылы өзі болған
елдің хал-ахуалынан, тұрмыс-тіршілігінен оқушысына мол
мағлұмат береді. Кітапта тек экономика, саясат саласында
ғана емес, ғылым, білім, әсіресе тіл мәселесіне байланысты
малай елінің тәжірибесі кеңінен орын тапқан. М. Махатхир билік
басына келгеннен кейін малай тілінің қытай тілінің көлеңкесі
нен шығып, басымды мемлекеттік тіл дәрежесіне көтерілгенін ескерсек, мұндай тәжірибенің біз үшін де артық болмасын жазады кітап авторы. Икрам Адырбекұлы дипломатия саласына үлкен өмір мек тебінен өтіп, өзі еңбек еткен — мейлі ол ғылыми-зерттеу инсти тутының лаборатория басшысы немесе өндіріс құрылымдары ның ұйымдастырушысы, елшілік басшысы, Қызылорда облы сының әкімі лауазымдарының қай-қайсысын да білімділікпен, мемлекет жанашыры қандай болу керектігіне үлгі боларлық әдіс-тәсілмен еңбек етіп, зор абыроймен атқарды. Үнемі ар тынан жақсы сөз ерді. Өткен жолы, барлық өсу баспалдақта ры қайталанбас қымбат кезеңдер екеніне күмәніміз жоқ. Қай жерде, қандай қызметте жүрсе де төңірегіндегі адамдармен, үлкен-кішімен тіл табысып, білімін өсіріп, өрісін кеңейтіп, тілек тестерін көбейтіп, ғибратты, парасатты орта құрып келеді. «Елшінің жазбасынанның» бірнеше тарауы өз өмірінің — отбасы, ата-анасынан бастап, мектептегі жадында сақталған ұстаздары, еңбек жолында көрген өнегелі ағалары, жақсы адамдар туралы, «Оларға ілтипат көрсетуім — азаматтық парызым» деп ағынан жарыла еске алыпты. Өмірден ертерек, бір жылда кеткен ата-анасы жерленген Түркістан маңындағы Балтакөл ауылына «Ел тарап кетпесін деп мешіт салдырып, егіске арнап канал қаздырып, орта мек тепті күрделі жөндеуден өткізіп, қолымнан келгенін жасауға тырыстым» деп перзенттік парызын орындай алғанымен де оқушысымен ой бөліседі. Сондай-ақ Икрам жазбаларында бозбала кезіндегі албырт тық сезіммен өзінің әділдігін, бірбеткейлік мінезін түсініп, қам қорлық жасаған мектептегі ұстазы Рәзия Дүйменова апайына шәкірттік тағзымы, сонымен қатар есейіп еңбекке араласқан шағында шынайы жанашырлық, ешқандай есепсіз, тек таза, қабілетті жігіттің қоғамда өзінің біліміне, қабілет-қарымына қарай лайықты орын алуына, абыройлы болуына тілектес әрі тікелей ықпал ете алған, ағалық аялы алақандарын аямаған Хисмедулла Искахұлы Үкібаев, Исабек Мырзахметұлы Мыр захметов, Көпмағамбет Елемесұлы Елемесов сияқты елге белгілі қайраткер тұлғаларға деген құрметін ерекше алғыс
Сенат төрағасы Қ.К. Тоқаев, депутаттар Қ. Сұлтанов, И. Адырбеков.
Ақпан, 2016 жыл, Вена
Президент Н.Ә. Назарбаев, депутаттар Қ. Сұлтанов, И. Адырбеков.
Қыркүйек, 2016 жыл, Пекин
сезіммен жазғаны да азаматтық дәрежесінен көрініс беріп,
адамның жанын жадыратады. Икрам Адырбекұлы бұл еңбе
гінде әртүрлі жағдайларда еңбектес, әріптес қарым-қатынаста
болған көптеген адамдар, елге белгілі тұлғалар туралы жазып,
көпшілігінің мінез-құлқына, жұмысына пікір білдіріпті. Бұл да
бір іскерлік мәдениет болар.
Сенаттағы қызметтес әріптестерімен, одан кейінгі өміріндегі
өзі сыйласып жүрген азаматтармен де ерекше қадірлесіп,
дидарласып жүруін де бүгінгі өмірінің қазынасы, байлығы
на жалғастыра алған Икрам Адырбекұлы өзі де елінің ерен
Тұлғасы.
Икрам Адырбековтің «Елшінің жазбасынан» кітабы — әри
не, бірінші кезекте жас дипломаттарға, біздің туымызды шет
елдерде көтеріп жүрген бүгінгі елшілерімізге, сондай-ақ халық
аралық қатынастарға қызығушылық білдіретін қалың оқырманға
пайдалы, құнды шығарма.
Мұндай танымдық шығармалар Сыртқы істер министрлігін
де, елшіліктерде ұйымдастырылатын «Елші кітапханасының»
көркі боларына күмәнім жоқ.
Қуаныш СҰЛТАНОВ,
Мемлекет және қоғам қайраткері,
Төтенше және Өкілетті елші
ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАН.
ДИПЛОМАТИЯДАҒЫ АЛҒАШҚЫ ҚАДАМ
Қазақтың Ұлы даласының ежелгі де көне, терең де бай та
рихына уақыт пен кеңістіктің тұтас бір әлемі сыйып тұрғандай.
Сол Ұлы Даланың жалпақ кеңістігінде ғасырлар өлшемімен
бедерленер талай өркениеттің іздері сайрап жатыр. Адамзат
дамуының осы үрдісіне өзіне тән мәдениетімен, салт-дәстүр,
әдеп-ғұрпымен үлес қоса білген қазақ деген халықтың бар ғұ
мырының алтын мекені болған сар даласын көзінің қарашығын
дай сақтап, қорғағаны да анық. Атының тұяғымен, білегінің
күшімен, найзасының ұшымен талай жаугершілік пен шапқын
шылықтан елі мен жерін қорғай білген бірі белгілі, бірі белгісіз
сол қазақ батырларының мәңгілік мекендері кең даланың кез
келген бұрышында, төбешігінде құлпытас болып көзге ұшыра
сып жатады. Ұлы даланың ерлігі мен өрлігінің киелі белгісіндей
менмұндалайды, өткенді еске салып, ойға жетелейді.
Сол себептен болар, мынау жасанып, түрленген жазира
дала, жусаны мен жуасы бұрқырап, боз көдесі мен ақселеуін
жамылған өлке, жасыл шалғыны мен жалаңаш көлдері көз
тартатын ерекше табиғат ұлтымыздың бойына әрқашан қуат
береді, мақтаныш сезімін ұялатады. Ерке өзендері есіле аққан
көз жетпес алқап, ат шоқытып шығатын адыр белең, қиялай
тартатын қырат, сарайыңды ашатын самал желі де ерекше
қымбат! Көкжиекті көмкере шөккен көк мұнар, сағыныштың
белгісіндей сары сағым, шаңқай түсте шалқалап келіп нөсерді
төгіп тастайтын шағырмақ бұлт — бәрі-бәрі кімнің де болса
бойына шабыт пен шынайы әсер беріп тұрары анық. Осындай
теңдеусіз табиғатқа, кең-байтақ ғаламат өлкеге ие болу қазақ
ұлтының тағдырына асқан жомарттықпен жазылған екен!
Сол қасиет пен кие тұнған Ұлы даламыздың өткен тарихы
тәуелсіз қазақ елінің жаңа тарихымен ұштасып, ұлтымызды
жаңа белеске, асыл мұратқа, жарқын болашаққа жетелейді.
Осыны ой елегінен өткізсеңіз, біздің бүгінгі ұрпақтың, қан
дастарымыздың қандай бақытқа ие болғанын бүкіл жан дү
ниеңізбен сезінесіз, ерекше қуанышқа, шаттыққа бөленесіз!
Енді сол егемендікке қол жеткізген еліміздің тәуелсіздігін,
қауіпсіздігін нығайтуға, шекарасын бекемдеуге, халықаралық
қауымдастықта дәрежесін көтеруге өз үлесіңізді қосуға тағдыр
сізге бұйыртса, одан артық бақыт бар ма!
Еліміз тәуелсіздігін алған тұста, яғни өткен жиырмасыншы
ғасырдың 90‑жылдары біздің буын орта жастан асып қалған еді.
Әлбетте, біз кеңестік дәуірде өстік, өндік, білім алдық, кеңестік
моральмен, тәртіппен, талаппен тәрбиеленіп, санамызды бекіт
тік, қызмет атқардық. Енді, міне, Тәуелсіздік біздің ой-санамыз
ға, коммунистік идеология қалыптастырған дүниетанымымызға,
көзқарасымызға түбегейлі өзгеріс әкелді. Біздің бұрынғы сені
міміз бен кеңестік заманның барлық парасат-құндылықтары
маңыздылығын жоғалтты. Нарықтық қарым-қатынасқа, пайда
табуға негізделген жаңа қоғамға бейімделуге тура келді. Бұл
арада өткенге өкінуден аулақпын. Өйткені Кеңес заманында
дүниеге келіп, балғын балалық пен жастық шағымыз сонда
жайбарақат, бейбіт өмірде өтті. Сол қоғамның заңы мен тала
бына сәйкес өмір сүру, еңбек ету біздің маңдайымызға жазыл
ған тағдыр болды.
Ал Тәуелсіз, азат ел болғанымызға біз бүкіл жан дүниеміз
бен шаттыққа, қуанышқа бөлендік, бақытқа кенелдік! Енді осы
тәуелсіздікті баянды ету, тұғырына қондыру және нығайту біздің
ұрпақтың жауапкершілігі екендігін де сезіндік. Осыған қуанып,
қуаттансақ та, бұл істің зор қиыншылықтары бар екендігін бірте-
бірте түсіне бастадық. Сол бір тұста көптеген замандастарымыз
өз мамандығы бойынша атқарып жүрген қызметтерін тастап,
отбасының күнкөрісі үшін базар жағалап, сауда жасауға көшті.
Әрине, жаңа жүйе құрыла бастаған сол кезеңде кейбір маман
дықтар керексіз де болып қалғаны рас еді. Көптеген өндірістер
мен кәсіпорындар өз жұмысын тоқтатып жатты. Жұмыссыздық
жайлап, әркім өз жағдайымен, күнкөріс қамымен болып кеткен
күндер еді ол. Осындай шарасыз кезеңде қазақстандықтар
дың біршама бөлігі өздерінің тарихи отандарына жаппай көше
бастады, ол ірі кәсіпорындарда, шаруашылықтарда білікті ма
мандардың тапшылығына алып келді. Елді мекендердің негізін,
экономикалық әлеуетін құрайтын колхоздар мен совхоздар тара
тылып, жекешелендірілді, ол ауылшаруашылық саласында ұзақ
жылдарға созылған дағдарысқа жол ашты. Алайда, осындай
қиындықтарға қарамастан, нарықтық экономикаға қарай бейім
деліп, жаңа мамандықтарды меңгеріп, білім-ілімдерін толықты
рып, бар мүмкіндіктерді тиімді пайдаланып, үлкен табыс пен
жетістіктерге жеткендер де аз болмады. Осылайша жаңа заман
басталды, бізге тылсым дүние, өмір жаңа бағытқа бет алды!
Қазақстанның егемендігін бірінші болып бауырлас Түркия
мемлекеті қолдап, танығаны тарихтан белгілі. Содан кейін
қазақ елінің егемендігін әлемнің өзге де мемлекеттері бірі
нен соң бірі мойындай бастаған-ды. Енді тәуелсіз ел ретінде
әлемнің жетекші, ықпалды мемлекеттерімен дипломатиялық
қарым-қатынас орнатуды жедел қолға алып, дербес сыртқы
саясатты анықтап, жүргізу, жолға қою міндеті тұрды. Ақиқатын
айтар болсақ, Кеңес Одағы кезінде оның құрамындағы одақтас
республикаларда толыққанды кәсіби дипломатиялық қызмет
болған жоқ. Шет елдермен байланыс пен қарым-қатынастың
барлық саяси бағыт-бағдарын, іс-әрекеттерін, жұмыстарын тек
Кеңес Одағының арнайы мемлекеттік органдары, құрылымда
ры ғана жүзеге асыратын. Сондықтан да Кеңес дәуірінде ди
пломатия саласында қазақ ұлтынан шыққан дипломаттар
мүлдем аз болды. Өйткені, сол заманда осы салада қызмет
атқарған әріптестерімнің айтуынша, Мәскеудегі халықаралық
қатынастар институтына қазақ балалары сирек қабылдана
ды екен. Оқуға қолы жеткен қазақ жастары негізінен Қытай,
Араб және Африка елдерінде дипломатиялық қызмет атқаруға
машықтаныпты, бейімделіпті.
Дана халқымызда «Елдестірмек — елшіден, жауластыр
мақ — жаушыдан» деген ұлағатты сөз бар. Соған қарағанда,
біздің ата-бабаларымыз үшін алыс-жақын жұртпен тату тұру, екі
жақты сыйластық қарым-қатынаста болу, яғни дала диплома
тиясы жақсы дамыған деген ой қорытуға болады. Ұлы Даланы
игеру, оған иелік етудің сындарлы сәттерінде ата-бабалары
мыздың терең даналығы, кең даладай көсілген шешендігі мен
көсемдігі ел тағдырын шешіп отырғандығы жайлы көптеген
тарихи деректер де бар.
Сол бабалар салған сара жолмен ел билігіне, Прези
дент Н. Ә. Назарбаевқа енді Тәуелсіз Қазақстанның дербес дип
ломатиялық қызметін құрып, саяси басымдық пен бағыт-бағда
рын айқындап, білікті кадрмен жасақтауды, орнықтыруды қолға
алуға тура келді. Алайда еліміз тәуелсіздік алған 90‑жылда
ры Кеңес Одағының шет елдердегі елшіліктерінде қызметте
жүрген санаулы ғана қазақ азаматтары бар еді. Мемлекет
басшысы Н. Ә. Назарбаев олардың әрқайсымен сөйлесіп,
елге шақырып, тәуелсіз қазақ мемлекетінің алғашқы Сыртқы
істер министрлігінің құрамын жасақтай бастады. Қазақ дипло
матиясының алдында Тәуелсіз Қазақстанды егемен мемле
кет ретінде халықаралық қоғамдастыққа таныту, мойындату,
Біріккен Ұлттар Ұйымына, беделді халықаралық ұйымдарға
мүшелікке өту, сонымен қатар инвестициялық мүмкіндіктері
мен әлемде ықпалы жоғары елдермен екі жақты тиімді қарым-
қатынас орнату, сол елдерде елшіліктер ашу міндеті тұрды.
Ал осы маңызды істерді жедел жүзеге асыруға қажетті кәсіби
дипломаттар жетіспегендіктен, елші қызметіне тәжірибелі,
беделді саяси мемлекеттік қызметкерлер де тартыла бастады.
Тәуелсіздіктің осы бір бастау кезеңінде алғашында Мем
лекеттік агроөндірістік комитетіне, кейін Сыртқы экономика
лық байланыс министрлігіне тиесілі «Қазагросыртқысауда»
мемлекеттік компаниясының жетекшісі едім. Сыртқы сауда
ісінде мемлекеттік монополия болатын. Әлі жеке кәсіпкер-
лік қалыптаса қоймаған шақ, кезең. Сол себептен де бес-алты
мемлекеттік сыртқы сауда компаниясының жетекшілері Мем
лекет басшысы мен Премьер-министрдің шет елдерге жасаған
ресми сапарларына қатысып жүрді. Кей жағдайда сапарлар
ды ұйымдастыруға да қол ұшын беретін-ді. Бұл біздің ендігі
арада Үкімет мүшелерімен таныс болуға, өзекті мәселелер
туралы олармен пікір алмасып, ой бөлісіп жүруімізге мүмкін
дік жасады.
1995 жылдың жазында Мемлекет басшысы Н. Ә. Назарбаев
тың Индонезияға жасаған алғашқы мемлекеттік сапары кезінде
Қазақстанның Сыртқы істер министрі Қасым-Жомарт Кемелұлы
Тоқаевпен танысудың сәті түсті. Ұлтқа белгілі зиялы отбасында
өсіп, тәрбие көрген, әлемге әйгілі дипломатиялық мектептің
қабырғасында білім алып, тәжірибе жинақтаған Қ. Тоқаевтың
бойында, жүріс-тұрысында өзгеше ұстамдылық, байсалдылық,
салмақтылық бірден байқалатын. Ол өзін кез келген ортада
сенімді, еркін ұстай білетіні көрініп тұратын. Тілдесіп отырған
адамының сөзін бөлмей, сабырмен тыңдайтын. Сол байып
ты мінезімен, байсалды түр-болмысымен, жан-жақты терең
білімімен ерекшеленер Қасым-Жомарт Кемелұлымен көптің
бәрі де таныс, жақын болғысы келіп тұратыны да түсінікті бо
лар. Бірақ туа бітті мінезі ме, жоқ, әлде дипломатиялық қыз
метінің, дәрежесінің талабы ма, сырт көзге кішпейіл де қара
пайым болып көрінгенімен, маңына ешкімді етене жақындата
бермейтін, ортамен қарым-қатынаста ұстамдылық, сақтық
танытатын.
Дегенмен де бес күнге созылған Индонезия сапары біздің
тереңірек танысып-білісуімізге, ой-пікір алмасуымызға және
өзара сыйластық, сенім көпірін қалауға мүмкіндік жасады.
Осы жерде айта кетейін, 1957 жылы Өзбекстаннан көшіп
келген соң ата-анам мені Түркістан қаласынан 30 километр
жерде орналасқан, шалғайдағы елді мекендердің балала
рын оқытуға арналған облыстық мектеп-интернатқа берген
болатын. Мұғалімдердің жалақысына қосылатын арнайы өңір
лік коэффициентке байланысты Түркістан мен Шымкенттен
білікті мамандар сабақ беруге көптеп тартылатын. Содан да
болар, мектеп-интернаттың білім беру деңгейі жоғары еді.
Мысалы, 1967 жылы оқу бітірген 43 баланың сегізі мектепті
медальмен бітіріп шықты. Сол кезде дипломатия, дипломат
мамандығы туралы хабарымыз да, түсінігіміз де шамалы бо
латын. Мәскеуде дипломаттар дайындайтын арнайы институт
барын білгенімізбен, арамызда ешкім сол оқу орнына түсуге
талпынбады, дипломат болу мақсатын алдына қоймады. Сол
себептен, жылдар өткенмен де, дипломатиялық қызмет бей
мәлім дүние, құпияға толы өмір сияқты болып көрінетін еді.
Осы Индонезия сапары кезінде негізі қаланған қарым-
қатынасымыз, сыйластығымыз Алматыда да жалғасын тап
ты. Сирек те болса кездесіп тұрдық. Қасым-Жомарт Тоқаев
басқарған министрлік сол кезеңде уақытпен санаспай, күн
діз-түні жұмыс істейтін еді десем, артық болмас. Өйткені Тәуел
сіз Қазақстанның халықаралық аренадағы алғашқы қадамдары
мен байланыстары, жасалатын келісімшарттар мен ұсыныста
ры үлкен ізденісті, жауапкершілікті талап етті. Сыртқы істер
министрлігінің шағын ғана ұжымы осы жас тәуелсіз мемлекет
үшін аса маңызды істерді үлкен абыроймен атқарды, нәтижелі,
жемісті еңбек жасады. Сол кездің өзінде Қазақстанның Сыртқы
істер министрлігі болашақ беделді халықаралық ұйымдар —
Азиядағы Өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі
кеңес, Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы, Еуразиялық экономика
лық одақтың негізін қалаған алғашқы ұсыныстарды пысықтап,
кезең-кезеңмен іс жүзіне асыруды қолға ала бастаған еді.
Осындай орасан зор жауапкершілігі бар істер аясының
күн сайын ұлғаюы мен жедел атқаруға тиісті іс-шаралар
дың, жұмыстардың көбеюі, шет елдермен қарым-қатынастың
кеңеюі Сыртқы істер министрлігіне кадрлық құрамын нығайту
қажеттілігін тудырды. Жаңадан ықпалды, ірі мемлекеттерде
Қазақстанның елшіліктерін ашу да кезек күттірмейтін өзекті
мәселеге айналды.
Осы кезеңде кәсіби дипломаттардың жетіспеушілігінен Қа
зақстанның көрнекті мемлекет қайраткерлері тәуелсіз еліміздің
шет елдерде ашыла бастаған алғашқы дипломатиялық өкіл
діктеріне басшы болып тағайындалды. Оларға қысқа мерзімде
ықпалды, беделді мемлекеттермен екі жақты тиімді тығыз
қарым-қатынастың, ынтымақтастықтың негізін қалау тапсы
рылды. Мысалы, Мырзатай Жолдасбеков — Иран, Қуаныш
Сұлтанов — Қытай Халық Республикасы, Нұртай Әбіқаев —
Ұлыбритания, Бірғаным Әйтімова Израиль мемлекеттеріне
елші болып жіберілді. Осындай үрдіс қалыптаса бастаған тұста,
1995 жылдың аяғында Қасым-Жомарт Кемелұлы Сыртқы істер
министрлігіне қызметке келуге маған ұсыныс жасады.
Бұл мен үшін күтпеген жағдай еді. Біршама жылдар
бизнеспен айналысып, осы салада біраз тәжірибе жинақтап
қалғандай едім. Және де осы бизнес менің қалған ғұмырымда
айналысатын кәсібім болар деп сенетінмін. Сол себептен
«Дипломатиялық қызмет маған мүлдем жат сала емес пе» де
ген ой келді. Өйткені бұл қыр-сыры мол қызметке көп дайын
дық, оқу, тоқу, бейімделу керек. Бұл маған қиын соқпай ма,
қолымнан келе қояр ма екен, кеш емес пе деген ойларым
мен күдіктерімді Қасым-Жомарт Кемелұлына ашық айттым,
ішкі сенімсіздігімді жеткізуге тырыстым.
«Дипломатия тек келіссөздерден, келісімшарттардан, ресми
сапарлардан тұрмайды. Бұл салада көптеген қаржылық, ма
териалдық, әкімшілік, ұйымдастырушылық мәселелерді де
шешуге тура келеді. Міне, осы салаға жетекшілік етсеңіз дей
мін. Және де алдымызда жаңа астана Ақмолаға көшу міндеті
тұр. Министрліктің осы көшіп-қонуының да бар жауапкершілігін
сізге жүктемекшімін», — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Министрдің бұл айтқанын ой елегінен өткізуге тура кел
ді. Мемлекеттік сыртқы сауда компаниясындағы үйреніп әрі
төселіп қалған қызметтен кету де оңай емес болатын. Осы
компанияда бес жылдың көлемінде қызмет атқарып, біршама
маңызды жобаларды іске асырған едік. Жасалған түрлі келісім
шарттардың барлығына тікелей жауаптымын. Мемлекеттік
бюджетпен арақатынас, шетелдік банктермен және компания
лармен байланыстар да менің тікелей құзыретімде болатын.
Бұлардың әрқайсысының жауапкершілік жүгі де ауыр еді.
Сонымен қатар Қасым-Жомарт Кемелұлы ұсынған жоғары
лауазымды қызметке бару үшін осы мәселелердің барлығын
пысықтап, айқындап, анық-қанығына қол жеткізіп, әсіресе бюд
жетпен арақатынасты ажыратып, жария еткен соң ғана Үкімет
тен ұсынысты қолдауды сұрауға болатын. Нәтижесінде осы
мақсатпен Қаржы министрінің орынбасары Мұрат Аманбаев
бастаған арнайы комиссия құрылып, компанияның бюджетпен
арақатынасы, шетел банкілерімен келісімшарттары, жауап
кершіліктері толық тексеруден өтті. Екі айға созылған тексеру
қорытындысы бойынша арнайы акті жасалды, ол бекітіліп,
Үкіметке тапсырылды. Осы актіде «Қазагросыртқысауда» ком
паниясының бюджет алдында ешқандай қарызы болмағаны
көрсетілді. Шетел банкілерінен алынған несиелері толық жа
былған, өзге де қазақстандық компаниялардан алашағы бол
маса, берешегі жоқ деген қорытынды жасалды. Міне, соның
негізінде маған мемлекеттік қызметке баруға жол ашылды,
рұқсат берілді.
1996 жылы наурыз айының басында Сыртқы істер министрі
Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың ұсынысымен Сыртқы
істер министрінің орынбасары — Бас қаржы-әкімшілік басқар
масының басшысы болып тағайындалдым.
Министрлікте жұмыс атқарған кезімде арнайы дипломатия лық мектептен, тәжірибеден, сынақтан өттім десем артық бол мас. Күн сайын министрдің басшылығымен өтіп жататын әр отырыс пен жиыннан тағылым, тәлім, жаңа мағлұмат, ақпарат алып отырдым. Елшілермен де тікелей араласуға мүмкіндік туды. Осылайша біртіндеп, министрліктің барлық атқарып жатқан, атқаруға тиісті жұмыстары, міндеттері мен мақсаттары маған айқын, түсінікті бола бастады. Министрліктегі осы уақыт менің бірте-бірте дипломаттық қызметке бейімделіп, оның қыр-сырын игеруге, біліктілігімді көтеруге, тәжірибе жинақтауға мүмкіндік берді. Өз бетіммен де іздене бастадым. Дипломатия туралы арнайы шығармалар, естеліктер мен кітаптар жеткілікті болатын, ағылшын тілін игеруге де мүмкіндік пайда болды. Шет елдерге іссапарға да жиі шығатын болдым. Ақиқатында, алғашқы күннен бастап Қасым-Жомарт Ке мелұлы тұрақты түрде маған қолдау, демеу, көмек көрсетіп отырды. Мен үшін осы бір күрделі кезеңде бағыт-бағдар беріп, жөн сілтеп, ақыл-кеңесін аямады. Бұл менің болашақ өмірімді айқындаған және де ешқашан ұмытылмайтын айрықша сенім, шынайы көңіл мен қамқорлықтың белгісі еді. Осы көзқарастың бүгінге дейін жалғасын тапқанына ризашылығым шексіз! Қызмет бабында Қ. К. Тоқаевтың жұмыс істеу тәсіліне, та лабына, тәртібіне бейімделуге тура келді. Жүріс-тұрысы, сөй леу мәнері байсалды, ұстамды болғанымен, жайбасарлыққа, сылбырлыққа, көзбояушылыққа төзбейтін, ұнатпаған нәрсесін бетіңе айтып тастайтын, бірақ оны тез ұмытатын, зіл сақтамай тын. Дауыс көтермей-ақ министрлік ұжымында қатаң тәртіп, сенім мен сыйластыққа, әділдікке негізделген орта құра білді. Әрбір дипломатиялық қызметке үміткерді өзі жеке қабылдап, оның біліміне, біліктілігіне, шет тілін білу деңгейіне тиісті баға сын беретін. Ол министрліктің кадрлық әлеуетінің тез өсуіне, нығаюына, тиімділігі мен деңгейінің артуына үлкен әсер етті, нәтижесінде қысқа уақытта кәсіби дипломатиялық қызметтің негізі қаланды, орнықты. Міне, осылайша, 1996 жылы наурыз айынан басталған мемлекеттік саяси қызметке жиырма жылдан астам саналы ғұмырымды арнадым. 2017 жылдың шілдесіне дейін түрлі
бағыттар мен деңгейдегі қызметтерде жүріп, тәуелсіз елімнің
игілігі үшін еңбек етуді тағдыр маған бұйыртты. Соның ішінде
он жылдан астам әр түрлі мерзімде Литва, Латвия, Эстония,
Малайзия, Индонезия, Филиппин, Бруней-Даруссалам, Қытай
Халық Республикасы, Вьетнам Социалистік Республикасы
сияқты мемлекеттерде Төтенше және Өкілетті елші қызметін
атқардым.
2011–2017 жылдары Парламент Сенатының Халықаралық
қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы
ретінде де сыртқы саясаттың бел ортасында болуға, халық
аралық қоғамдастықтағы іс-шараларға Тәуелсіз Қазақстан
мемлекеті атынан қатысуға, сөйлеуге, мәселе көтеруге, пікір
айтуға мүмкіндік алдым.
Әлбетте, осы жерде Тәуелсіз Қазақстанның елшісі болу
ерекше сеніммен қатар, ол — аса зор міндет, жауапкершілік
екендігін айта кету керек. Кез келген мемлекетпен тиімді қарым-
қатынас пен шынайы ынтымақтастық орнату сол елдегі елшінің
Қазақстанның Қытай Халық Республикасындағы елшілігінде,
2007 жыл. Елші И. Адырбеков
беделі мен белсенділігіне, дәрежесіне, кәсіби деңгейіне тікелей байланысты. Әсіресе елші жауапты мемлекеттің түрлі дәре жедегі ортасымен тығыз байланыс, сенім орната білуі тиіс. Ал бұл елшіге өз қызметінде тынбай ізденіп, сол ел өмірінің барлық саласын терең білуді, зерттеуді, түсінуді қажет етеді. Бар көрген-білгеніңді, жақсы-жаманды да дер кезінде зерделеп, талдап отыру маңызды. Мұның барлығы да өз еліңнің мүддесі үшін керек, ал ол әрдайым елшінің жадында, жазбасында болуы тиіс. Кез келген мемлекеттегі елшілер сол елдің саяси ортасын да және тұрақты назарында болатындығы белгілі. Сондықтан да елшінің жүріс-тұрысынан бастап, сөйлеген сөзі мен айт қан пікірі шынайы, орнықты, салмақты болуы маңызды. Осы талаптар мен қағидалар біздің елшіліктерде жинақы, тиімді қызмет жүйесі мен қатаң тәртіптің қалыптасуына жағдай жа сады. Дипломаттар әскери киім кимесе де, сондай тәртіп пен талапқа, ерекше жауапкершілік жүгін көтеруге үйренген, бейім делген, төселген мемлекеттік қызметкерлер дер едім. Сол себептен Қазақстанның барлық билік тармақтары мен ұлттық компанияларында дипломаттық қызметте болған жастарды кездестіруге болады. Бүгінде Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министр лігінің кәсіби деңгейі, біліктілігі өте жоғары, өйткені тәуелсіздік жылдары көптеген жастар әлемдегі белгілі жоғары диплома тиялық мектептерде білім, тәрбие алып, тәжірибе жинақтап, министрлік ұжымының негізін құрап отыр. Соның нәтижесінде Мемлекет басшысының талабына сәй кес министрлік сыртқы саясатта берік ұстанымды, дербестікті сақтап, еліміздің тәуелсіздігін, қауіпсіздігін, тұтастығын нығай туға, халықаралық қауымдастықта беделі мен дәрежесін кө теруге үлкен үлес қосып келеді. Енді тек тәуелсіздігіміздің тұғырлы, егемендігіміздің баянды болуын тілейік!
ПЕКИН ОЛИМПИАДАСЫ КЕЗІНДЕГІ ТАРИХИ
КЕЗДЕСУ
2008 жылы 8 тамыздың кешінде Пекиннің «Құс ұясы» ата
лып кеткен спорт кешеніне жиналған 90 мың халықтың ал
дында Халықаралық Олимпиада комитетінің (ХОК) төрағасы
Жак Рогги сөз сөйлеп, Пекин Олимпиадасын барлық жағынан
тарихта теңдесі жоқ олимпиадалық ойындар болғандығын
айтып, әлемді дүр сілкіндірген баға берді. Бұл, шынында да,
еш бүкпесіз айтылған шындық еді.
2001 жылы 13 шілдеде Мәскеуде өткен ХОК-тың 112‑ші
сессиясында Олимпиада комитетінің мүшелері 2008 жылғы
жазғы XXІX Олимпиаданы ҚХР астанасы Пекинде өткізу ту
ралы бір ауыздан ұйғарымға келіп, мақұлдаған болатын-ды.
Міне, сол шешімнен кейін-ақ Олимпиада ойындары саяси
астарға ие бола бастады. Бұрын да спорт ойындарының сая
сат құралына айналғандығының нышандары біршама белгілі
еді. Жеңімпаз спортшы мемлекетінің гимнін ойнатып, сол ел
дің жалауын көтеруден бастап, оларды өз елінде ұлт батыры
ретінде төбеге көтеріп, ерекше сый-құрмет жасау және де мем
лекеттердің бір-бірімен медаль санымен бәсекелесуі, осының
бәрінде саясаттың сипаты бар деуге болады.
Осы ретте Пекин Олимпиадасы әлемде әртүрлі көзқарас
туғызғаны белгілі. Тіпті кейбір мемлекеттер, белгілі жекелеген
қайраткерлер мен саясаткерлер бұл Олимпиаданы Пекинде
өткізбеу керектігін айтып, бойкот жариялау қажеттігін ұсы
нып, талап та қойып жатты. Олар негізінен Қытайдың Тибетте
жүргізіп отырған саясатын сынға алды. Сонымен бірге адам
құқықтары да бұзылып жатыр, сөз бостандығы мен ақпарат
құралдарының еркіндігі жоқ деген сынды жалпылама қағида
лар алға тартыла берді. Бұдан өзге, ең ақыры, олимпиадалық
құрылыстарды салған кезде қоршаған ортаға үлкен залал
келтірілді деген айып та тағылған еді.
Сол кезде америкалық 106 сенатор мен конгрессмен ар
найы хат дайындап, онда халықаралық қоғамдастықты Пекин
Олимпиадасына бойкот жариялауға шақырды. Бірқатар Еуропа
елдерінің басшылары Олимпиаданың ресми ашылуына шақы
рылса да, оған қатысудан бас тартып, кейбірі тибеттіктердің
рухани басшысы, жетекшісі Далай-Ламамен ашық кездесулер
өткізді. Тибетте, Шыңжаң — Ұйғыр автономиялы ауданында
сепаратистер бас көтере бастады. Бірнеше лаңкестік әрекет
тер жасалды. Осыған байланысты Қытай мемлекетінде сол
лаңкестік пен түрлі арандатушылықтарға қарсы күрес және
алдын алу шаралары күшейтілді.
Пекин Олимпиадасы алауының әлемдік шеруі осындай
жағдайда ерекше күрделі әрі тартысты өтті. Мысалы, Париж
дегі эстафеталық кезеңде Тибеттің тәуелсіздігін қолдайтын топ
мүгедек қытай қызының қолынан Олимпиада алауын тартып
алуға әрекет жасады. Көптеген елдерде мұндай оқиғалар аз
болған жоқ.
Міне, Олимпиада басталар қарсаңындағы әлемдегі қалып
тасқан ахуал осындай еді, қытай тарапы қуаттау, қолдау сезі
нерліктей жағымды көзқарас, орта бола қойған жоқ. Алайда
осы қарама-қайшылықтар мен қарсылықтарға қарамастан,
бұл кезеңде Қытай экономикасы әлемде жетекші орынға кө
терілді, қаржылық әлеуеті жоғарылады. Соның нәтижесінде
мемлекеттің жазғы Олимпиада ойындарын жоғары деңгейде
өткізуге, қажетті спорт кешендерін мерзімінде сапалы салуға,
40 миллиард доллардан астам қаржы жұмсауға мүмкіндіктері
пайда болды.
Осы кезеңде Қытай елін алда тағы да бір ауыр сынақ күтіп
тұрды. 2008 жылы 12 мамырда оңтүстік-батыста орналасқан
Сычуань провинциясында 8 балдық жойқын жер сілкінісі болып,
мыңдаған адамның өмірі қиылды, ел экономикасына қыруар
зиян келді. Бұл жағдай Қытай халқын одан әрі біріктіре түсті,
бойларына күш-жігер, қайрат қосты. Бүкіл ел осы апаттың
салдарын жоюға жұмылдырылды.
Міне, жағдай осылай болып тұрған тұста Президент Н. Ә. На
зарбаев 2008 жылы 8 тамызда өтетін Олимпиаданың ашылу
салтанатына қатысуға ҚХР Төрағасы Ху Цзиньтаодан шақыру
хат алған еді. Сычуандағы жер сілкінісінің зардаптарын жоюға
қазақ елі алғашқылардың бірі болып көмек қолын созып, 4 мил
лион долларға жуық қажетті заттар мен дәрі-дәрмекті арнайы
транспортпен шұғыл түрде Сычуанға жеткізген болатын. Әлі де
болса әлемнің түкпір-түкпірінде Пекин Олимпиадасына қарсы
әрекеттер жасалып жатқандығына қарамастан, 2008 жылдың
2 сәуірі күні Пекин Олимпиадасы алауының эстафетасы Прези
дент Н. Ә. Назарбаевтың қатысуымен Алматының «Медеу» мұз
айдынында ерекше сән-салтанатпен ұйымдастырылды. Мем
лекет басшысы Олимпиада алауын өзі қолына алып, алғашқы
200 метрін жүгіріп өтті. Мұны тікелей эфирде 1,3 миллиард
Қытай халқы үлкен ризашылықпен тамашалап, көріп отырды.
Елбасы Н. Ә. Назарбаев «Медеуде» өткен сол эстафеталық
салтанатта сөйлеген сөзінде «16 миллион қазақстандықтардың
жүрегінің жылуы осы Олимпиада алауына қосымша күш-жігер
береді» деп мәлімдеді. Сол кезде «Қазақстан», «Назарбаев»
деген сөздер әр қытайлықтың жүрегіне зор ризашылық пен
қуаныш сезімін ұялатқаны анық еді.
Қазақстанның Қытайдағы Төтенше және Өкілетті елшісі
ретінде осы бір қолайлы сәтті пайдаланып, Қытай Сыртқы
істер министрінің орынбасары Ли Хуэйге Мемлекет басшысы
Н. Ә. Назарбаевтың ҚХР Төрағасы Ху Цзиньтаоның шақыруын
қабыл алып, Олимпиаданың ашылу салтанатына қатысаты
нын айтқанмын-ды. Және де оны Президенттің ресми сапары
ретінде қарастыруды сұрағанмын, өйткені Нұрсұлтан Әбішұлы
Қытайға жасаған әрбір сапарын нәтижелі іспен ұштастырғысы
келетін, соны талап ететін. Айта кету керек, әне-міне басталға
лы тұрған Олипиадаға сексеннен астам елдің басшылары
мен Премьер-министрлері қатысатыны белгілі болған шақта,
біздің мемлекет басшысының ресми сапарын ұйымдастыру
жөнінде қытай тарапына ұсыныспен шығуым, әрине, артықтау
көрінуі мүмкін еді. Бірақ Президент Н. Ә. Назарбаевтың Қытай
мемлекеті басшылары, халқы алдындағы аса жоғары беделін
ескере отырып, ҚХР Төрағасы Ху Цзиньтаомен ресми кездесуі
болып қалар деген сенім де бар болатын. Енді соның жауабын
күтіп жүрген кезде, 2008 жылы 4 тамыз күні Қашғар қаласын
да лаңкестер полиция бекетіне шабуыл жасап, 16 полиция
қызметкерін өлтіріп кетті. Оның үстіне «Пекинде әр жерде
жарылыс болыпты, болады екен» деген қауесеттер де тарап
жатты. Біз қобалжи бастадық. Пекинде әскери адамдар мен
полицейлер көбейді. Барлық маңызды нысандар мен ин
фрақұрылымдар күзетке алынды. Қытайдағы ішкі жағдайдың
осылайша күрделеніп кетуі бізді, елшілік қызметкерлерін, өз
Мемлекет басшымыздың қауіпсіздігінің жайы алаңдата баста
ды. Президент әкімшілігімен және Күзет қызметімен келісе
отырып, Н. Ә. Назарбаевтың Олимпиада кезінде жайғасып,
тұратын резиденциясы ретінде Пекиннен 60 шақырым жердегі
«Бірінші қала» деп аталатын жабық кешенді таңдадық. Әри
не, ол қашықтау болғанымен, қауіпсіздік тұрғысынан бекем,
сенімді, ыңғайлы болатын, биік қоршауы бар, тек ішке кіретін
және шығатын екі қақпасы ғана жұмыс істейді.
Қытайдың Сыртқы істер министрлігінен әлі де нақтылы
хабар болмады. Тек Ли Хуэй маған: «Президент Н. Назар
баев 7 тамызда Пекинде болса, мүмкін сол күні кеште ҚХР
Төрағасы Ху Цзиньтаомен қысқа уақыт жеке кездесуі болып
қалар», — деді. Осы ақпаратқа сәйкес және елдегі қауіпсіздік
жағдайын ескере келе, Орталыққа Мемлекет басшысының
ұшағы 6 тамыз күнгі кеште Пекинге қонғаны дұрыс деп баян
дадық. Сол шешім қабылданды да, 6 тамыздың кешінде
Н. Ә. Назарбаев ұшағы Пекин әуежайына келіп қонды. Елба
сын «Бірінші қаладағы» резиденцияға апарып, жайғастырдық.
Келесі күні таңертең Қытай Сыртқы істер министрінің орын
басары Ли Хуэй кешкі сағат 6:00‑де Президент Н. Ә. Назарбаев
ты ҚХР Төрағасы Ху Цзиньтао қабылдайтынын, екеуара қысқа
кездесу болатынын хабарлады. Жол біршама ұзақ болған
дықтан, сол кездесуге белгіленген уақытта жету үшін рези
денциядан бір сағат бұрын шықтық. Қаладан алыс, қашық
орналасқанымызды Нұрсұлтан Әбішұлы осы ретте жол үстінде
байқады. Кеше әуежайдан келгенде ол білінбеп еді. Қытайдың
астанасынан қашықтау жердегі резиденцияны Пекиндегі қа
лыптасқан жағдайды ескеріп, қауіпсіздік шараларын күшейту
үшін таңдағанымызды айтып жатырмын. Менің уәждеріме
көңілі толмағанын да сездім. Дегенмен ренішін білдірген жоқ.
Президент осы кездесу кезінде Қытай мемлекеті үшін қазіргідей
қиын да қарбалас шақта және де Ху Цзиньтао мырза үшін аса
жауапты кезең екендігін ескере келе, екі жақты проблемалар
мен өзге де сұрақтарды көтеріп, уақыт алмайтынын, тек қол
дау көрсетіп, жылы лебізін, тілектес көңілін білдіріп қайтқысы
Қытай Халық Республикасының Төрағасы Ху Цзиньтао
мен Қазақстан Республикасының Президенті
Нұрсұлтан Назарбаевтың ресми кездесуі.
7 тамыз, 2008 жыл, Пекин
Президент Н. Ә. Назарбаевқа «Бірінші қаланың» символдық
кілтін тапсыру. 6 тамыз, 2008 жыл, Пекин маңы
Президент Н. Ә. Назарбаев Пекин Олимпиадасындағы
орналасқан Резиденциясы алдында.
9 тамыз, 2008 жыл, Пекин маңы
ҚХР Сыртқы Істер министрінің орынбасары Ли Хуэй.
Шілде, 2008 жыл, Пекин
келетінін айтты. Біз осы оймен ҚХР Төрағасының қабылдау сарайына да келіп жеттік. Қытай басшысы Ху Цзиньтао Н. Ә. Назарбаевты ерекше ықыласпен, жайдары көңілмен, құшақ жая қарсы алды. Жүзінен алдағы аса жауапты Олимпиадаға байланысты қобалжушылық, шаршағандық білінбеді. Өзі ерекше сыйлайтын әріптесі, досы келгендей көңілді, қуанышты көрінді. Ресми делегацияның мүшелері толық жайғасқаннан кейін: — Менің аса құрметті досым, Президент Нұрсұлтан Назар баев! — деп бастады сөзін Ху Цзиньтао. — Мен Сізге қытай халқының ерекше жетістіктерімен, қуанышымен бөлісуге кел геніңіз үшін өте ризамын. Бүкіл қытай халқы сіздің еліңізді, Сізді ерекше құрметтейді, сыйлайды. Олимпиада алауының әлемдік эстафетасын өзіңіз бастап беріп, Қытай еліне, бүкіл қытай халқына ерекше құрметіңізді көрсеттіңіз. Сычуаньда халқымыз зор зардап шеккенде бірінші болып көмек қолын создыңыз. 320 тоннадан астам керек-жарақ заттар, дәрі-дәрмек алыс елді мекендерге жеткізілді. Осындай достық, сыйластық көңіліңізді қытай халқы жоғары бағалайды және ешқашан ұмытпайды. Сіз менің бүгін ең дәрежелі қонағымсыз. Әрине, қазір менде шаруа көп, 80‑нен астам елдің басшылары Пекинге жинал ды. Ертеңгі болатын салтанатты шараны — Олимпиаданың ресми ашылуын қорытынды талқылау үшін жауапты лауазым иелерімен кездесуім де бар. Бірақ бүгінгі кеште Сіз менің аса құрметті қонағымсыз! Мен Сізді екі ел арасындағы қандай мәсе лелер толғандыратынын жақсы білемін. Осы ресми отырыста соларды талқылауға әзірмін. Оны бастамас бұрын жария түрде айтатыным, болашақта Қытай мемлекеті Қазақстанға зиян келтіретін ешқандай қадамға бармайды! Сіздің елді біз дос, стратегиялық әріптес ретінде әрдайым жоғары бағалайтын боламыз. Соған сәйкес, екі ел арасындағы қарым-қатынасты, достықты, ынтымақтастықты одан әрі қарқынды дамытамыз. Енді нақты мәселелерге көшетін болсақ, Сізді трансшекара лық өзендерге байланысты сұрақтар мазалайтынын білемін. Осыны ескере келе, Қытай тарапы өз комиссиясының дең гейін көтереді, ал трансшекаралық өзендерді бірлесіп қорғау, сапасын бақылау, су ресурстарын бөлісіп пайдалану туралы
екіжақты үкіметаралық келісімшарттарды дайындауға тиісті
мемлекеттік басқару органдарына арнайы тапсырма беріледі.
Сонымен қатар халықаралық аренадағы Сіздің бастамала
рыңызға Қытай басшылығы тұрақты қолдау көрсететін болады.
Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы, Азиядағы Өзара іс-қимыл мен
сенім шаралары кеңесі жұмысына белсенді қатысамыз, —
деп сөзін аяқтай келе, — Сіз менің бүгін елдегі ерекше сыйлы
қонағымсыз, сол себептен кездесу соңынан Сізге арнайы қо
нақасы беремін, — деді.
Бұл бізге, қазақстандықтар үшін күтпеген жағдай еді. Елдің
тағдырын, әлеуетін, болашақ дәрежесін, беделін айқындайтын
аса бір сындарлы сәтте, уақытының әрбір минуты қымбат,
есептеулі мезетте, орасан жауапкершілік мойнында бола тұра,
шешуші сәттерге санаулы сағаттар қалғандығына қарамастан,
ҚХР Төрағасы Ху Цзиньтаоның екі жарым сағат уақытын Пре
зидент Н. Ә. Назарбаевқа арнауы, ресми қабылдауы, күрделі
мәселелердің шешімін табуы, шынында да, ел үшін де, мем
лекет басшысы үшін де ерекше құрмет пен мәртебе болатын.
Аса бір ықыласты жағдайда өткен осы кездесуде Нұрсұлтан
Әбішұлы өз сөзінде қытайлық әріптесіне ризашылығын білдірді,
Олимпиаданың ашылу салтанатына арнайы келгендігін айтты.
— Бүкіл Қазақстан халқының қолдауы мен ізгі тілегін Сізге
жеткізгім келеді, — деді Н. Ә. Назарбаев. — Мен олимпиадалық
спорт тарихындағы ең сәнді, салтанатты, аса нәтижелі Олим
пиада осы болатынына толық сенемін. Мүмкіндікті пайдалана
отырып, Сычуаньда көптеген қытай азаматтарының қайтыс
болуына байланысты Сізге шын жүректен көңіл айтамын. Көр
ші, дос елдің қайғысы біздің де жүрегімізге ауыр тиді, қолдан
келген көмегімізді беруге тырыстық.
Өзіңіз атап өткендей, трансшекаралық өзендер мәселесі
мені толғандырады, өйткені арнайы екіжақты комиссия көп
жылдар бойы бірлесіп жұмыс жасап жүрсе де, бір нәтижеге,
келісімге келер емес. Осы бағытта бірлескен комиссияның
дәрежесін көтеру туралы ұсынысыңызды толық қолдаймын.
Жақын мерзімде осы аса маңызды мәселеге байланысты
тиісті үкіметаралық келісімдерге қол қоюға мүмкіндік болар
деп сенемін.
Осылайша үлкен түсіністікпен, сеніммен басталған кездесу
барысында екі ел арасындағы басқа да саяси, экономикалық
маңызды мәселелер қозғалып, халықаралық қоғамдастықтағы
өзара ынтымақтастық туралы да ашық-жарқын әңгіме жалға
сын тапты.
Осы кездесуде екі ел басшыларының трансшекаралық
өзендерге баса мән бергені жайдан-жай емес-ті. Бұл мәселе
Қазақстан үшін де, Қытай тарапы үшін де аса өзекті болатын.
Өйткені бір жарым миллиард халқы бар Қытай мемлекетінде
ауыл шаруашылығы үшін пайдаланылып келген мыңдаған
гектар жерлер жыл сайын айналымнан шығарылып, жарамсыз
болып қалуда. Халқының саны өскен сайын, бұрынғы ескі қала
лардың аумағы кеңейіп, жаңалары бой түзеуде. Соған сәйкес,
инфрақұрылым дамып, жолдар, әуежайлар көптеп салына
бастады. Ең бастысы, Тибет пен Тянь-Шань тауларындағы
мәңгілік мұздар жылдам еріп, су ресурстары азаюда. Мысалы,
Тибеттен басталып, Оңтүстік-Шығыс Азияның бірнеше мемле
кетін сумен қамтамасыз етіп отырған Меконг өзені ешқандай
мемлекетаралық құжатпен, қытай тарапының ұстанған позиция
сына сәйкес реттелмейді. Сондай жағдай Үндістанның негізгі
өзендерінің бірі Брахмапутраға да байланысты. Ресеймен тек
Амур өзенінің Сунгари саласында болған химиялық улануға
байланысты судың сапасын бақылау туралы келісімге ғана
қол қойылған болатын.
Міне, осындай жағдайда ҚХР Төрағасы Ху Цзиньтаоның
трансшекаралық өзендерге байланысты барлық сұрақтар
шешімін табады деп сендіруі — бұл біздің еліміз үшін көптен
күткен аса маңызды жаңалық еді. Расымен де, көп уақыт өтпей,
2011 жылдың ақпанында Президент Н. Назарбаевтың ресми
сапары аясында Пекинде трансшекаралық өзендер сулары
ның сапасын бақылау туралы алғашқы үкіметаралық келісімге
қол қойылды. Ал трансшекаралық өзендердің суларын бөлу,
бірлесіп пайдалану жөніндегі келісімнің жобасын екі тарап
талқылауды жалғастыруда.
Кездесуге қайта оралсақ. Ерекше көңілмен, сыйластықпен,
түсіністікпен өткен келіссөзден кейін Ху Цзиньтао мырза Н. На
зарбаевтың құрметіне ресми қабылдау ұйымдастырды. Бір жа
рым сағатқа созылған қонақасында екі ел басшысы емін-еркін
әңгімелесті, арнайы екіжақты тост айтылды, құйылған шарап
тар да назарсыз қалмады. Сол сәттерде Қытай мемлекетінің
басшысы барлық күтіп тұрған маңызды шаруалардан, күрделі
кезеңнің ауыртпалығы мен иығына артылған орасан зор жа
уапкершілік жүгінің салмағынан бір мезет арылғандай, көңілі
көтеріліп, бойы сергіп қалғандай көрінді. Екі ел басшысы қа
былдау соңында айқара құшақтасып, ескі достардай қоштасты,
біріне-бірі ізгі тілектерін тағы да айтып жатты.
Кештетіп Пекиннен 60 шақырым жердегі ел Президенті ор
наласқан резиденцияға қарай жолға шықтық. Кездесуден алған
ерекше көңілдің әсері болар, Нұрсұлтан Әбішұлы жолдың
алыстығын осы ретте байқамағандай болды. Резиденцияға
келген соң ресми делегация мүшелері көпке дейін тарамай,
шай дастарханының басында алған әсерлерімен бөлісіп жатты.
Сол күндері бұқаралық ақпарат құралдарын жіті бақылап
отыратын Пекиндегі дипломатиялық орта да Қытай тарапынан
Қазақстанға және оның Президенті Н. Ә. Назарбаевқа көрсе-
тілген ерекше сый мен құрметтің аса дәрежелі және абыройлы
болғандығына куә болды, әріптестерім хабарласып, құттық
тауларын жеткізуге асықты. Өйткені Қытай тарапының ресми
ақпараты бойынша, Олимпиада күндері ҚХР Төрағасы Ху
Цзиньтао тек 9 тамыз күні Ресей Премьер-министрі В. Путин
мен, 10 тамыз күні АҚШ Президенті Джорж Бушпен ғана жеке
кездесу өткізді.
Біз сол күндері өз еліміз үшін, еліміздің абыройлы басшысы
үшін марқайып, көңіліміз өсіп жүрді…
ЕКІ ЕЛ ШЕКАРАСЫНЫҢ ІРГЕТАСЫН ҚАЛАҒАН
ДОСТЫҚ
Қытай Халық Республикасының жаңа тарихында аса көрнекті
мемлекет қайраткері Цзян Цзэминьнің алатын орны ерекше.
Ол — 1989–2002 жылдар аралығында Қытай Коммунистік пар
тиясы Орталық Комитетінің бас хатшысы, ал 1993–2003 жыл
дары Қытай Халық Республикасының Төрағасы болған тұлға.
Цзян Цзэминь, жергілікті сарапшылардың пікірінше, Дэн Сяо
пин реформасының ашықтық курсын сенімді түрде аса дәйек
тілікпен және жемісті жүргізген талантты саяси басшы бола білді.
Сол үшін де ол әуелі өз елінде, сонымен қатар халықаралық
қоғамдастықта да үлкен беделге ие болды, дәрежесі артты.
Бұл кезеңде Қытай патриархалдық артта қалып қойған мем
лекеттен экономикасы аса жедел даму үстіндегі мемлекетке
айналды.Өз билігі кезінде Цзян Цзэминь қысқа уақыт ара
лығында Мао Цзэдунның елдегі «Мәдени революциясынан»
мұра болып қалған ішкі және сыртқы теріс, жағымсыз түсінік
тен, факторлардан құтылуға қол жеткізді. Көрші елдермен
қарым-қатынасты қалпына келтірді, нығайтты. Америка Құрама
Штаттарымен өзара түсіністік тауып, байланыс орнатты. Соның
нәтижесінде Тайваньмен арақатынас жақсара бастады. Көп
жылғы табанды келіссөздердің нәтижесінде 1997 жылы 1 шіл-
деде Англияның басқаруында болған Гонконг Қытай Халық
Республикасының құрамына қайтарылды. Қытай тарапынан
«Бір ел — екі жүйе» деген ұстанымға 2047 жылға дейін кепіл
дік берілді.
Ал 1999 жылы 20 желтоқсанда көп жылдар Португалияның
қарамағында болған Макао аралы да ҚХР-дың құрамына
енді. Елде жүргізілген аса жемісті, нәтижелі де кең ауқымды
реформалардың, «ашық есік» саясатын жүргізудің арқасында
2001 жылы Қытай Халық Республикасы Дүниежүзілік сау
да ұйымының құрамына кіруге мүмкіндік алды. Сол жылы
Мәскеуде өткен кезекті сессиясында Халықаралық Олим
пиада комитетіне кіретін мүше-елдер Пекинді 2008 жылғы
жазғы Олимпиаданың астанасы деп жариялап, арнайы шешім
қабылдады.
Тарихқа шамалы зер салар болсақ, Кеңес Одағының тарап,
Қазақстанның дербес тәуелсіз, егемен мемлекет болу кезеңі
де Цзян Цзэминьнің Қытай елін басқаруымен тұспа-тұс келді.
Осы орайда айта кетерлік бір жайт, ХХ ғасырдың 60‑жыл
дарынан бері Кеңес Одағы мен Қытай арасында дау-жанжал,
кейде әскери қақтығыс та туғызып келе жатқан шекара мәсе
лесі аса өзекті проблемаға айналған болатын. Бұған дейін осы
шиеленіскен жағдайды ҚХР мен КСРО келіссөздер арқылы
екеуара шешудің жолын таппай келсе, енді шекара мәселесі
не байланысты бірнеше мемлекет, атап айтқанда, Ресей мен
Қазақстан және өзге де Орта Азия елдері жеке дара келіс
сөздер жүргізетін болды. Бірақ Ресейден басқа елдерде осы
аса күрделі мәселені шешуге қажетті мұрағаттық құжаттар,
келісімшарттар, тарихи документтер болмады.
Міне, осындай жауапты кезеңде Ресей тарапы, оның Сырт
қы істер министрлігі қолда бар Қытай мемлекетімен ғасырлар
бойы шекараға байланысты жасаған келісімшарттарды, құ
жаттарды, жалпы мұрағатты пайдалануға Қазақстан тарапына
мүмкіндік жасады, оған Ресей Президенті Б. Н. Ельциннің Пре
зидент Н. Ә. Назарбаевқа деген ерекше сенімі мен сыйластығы
негіз болды. Сонымен қатар Ресей осы мәселе бойынша Қытай
тарапымен болған келіссөздерде Қазақстанға үнемі қолдау
көрсетіп отырды.
Міне, қалыптасып отырған осындай жағдайда өз ұстаны
мына берік және саяси жігері мықты Цзян Цзэминь 1996 жылы
Шанхайда өңірлік «Шанхай бестігі» ұйымын құруға ұсыныс
жасады әрі соған өз беделімен ықпал етті. Қазір осы Шанхай
Ынтымақтастық Ұйымы халықаралық қауымдастықта үлкен
дәреже мен мәртебеге ие болып отыр. Бұл ұйым өңірдегі шие
леністерді болдырмауға зор үлес қосты, өзара сенімге, ынты
мақтастыққа, жан-жақты қарым-қатынасқа және оны дамытуға
жол ашты.
Қазақ елінің басшысы Н. Ә. Назарбаев осындай тарихи
кезеңде Цзян Цзэминьмен ерекше сыйластық, сенім, дос
тық қарым-қатынас орната білді. Сол түсіністіктің, достық
қарым-қатынастың жемісті нәтижесіндей, екі ел арасындағы
ең күрделі мәселе — шекара мәселесі қысқа мерзімде оңтай
лы шешімін тапты. Бұл жағдай қазақ елі тәуелсіздігінің тұғы
рын, шекарасының бекемдігі мен орнықты қауіпсіздігінің не
гізін қалады. Бұл, шынында да, Қазақстанның Тұңғыш Пре
зиденті Н. Ә. Назарбаевтың тарихи жеңісі екені даусыз. Мұны
алдағы уақытта келер ұрпақ терең зерделеп, бағалай жатар.
Өйткені ғасырлар бойы шешімін таппай, екі ел арасында
келіспеушілік пен қырғиқабақтық туғызып, тіпті арагідік қарулы
қақтығысқа алып келген аса күрделі мәселенің бірі осы шекара
мәселесі болғандығы тарихи шындық. Қазақстан мен Қытай
арасындағы бүгінгі шекараның негізін қалаған алғашқы құжат
1864 жылы қазан айында Ресей мен Қытай қол қойған Шәуе
шек (Чугучак) протоколы болатын. Дегенменде ұйғыр-дүнген
көтерілісінің нәтижесінде 1866 жылы пайда болған және ағыл
шындардың қолдауына ие болған мемлекетті жою мақсатында
Ресей империясының әскерлері 1871 жылы Іле аймағына басып
кіреді де, өз билігін орнатады. Соның нәтижесінде 1881 жылы
12 ақпанда Санкт-Петербургте екі тарап жаңа келісімге келіп,
екі мемлекет Ресей мен Қытай арасындағы шекараны түпкілікті
айқындайтын құжатқа қол қояды. Осы құжатқа сәйкес Іле өл
кесінің біршама жері Цинь империясына қайтарылып беріледі.
Міне, осы құжат негізінде қысқа мерзімде тәуелсіз Қазақстан
мен Қытай Халық Республикасының арасындағы шекара сы
зығы айқындалып, бекітілді. Бұл аса маңызды мәселе, тағы да
айта кетсек артық болмас, екі ел басшысы Цзян Цзэминь мен
Нұрсұлтан Назарбаевтың өзара сенімі мен сыйластығының
және достығының арқасында мүмкін болғаны ақиқат. Өйт
кені Қытай Халық Республикасының күні бүгінге дейін өзінің
мыңжылдық көршілерімен, Үндістан, Жапония, Вьетнам, Фи
липпин және басқа елдермен шешімі табылмай отырған ше
кара мәселесі әлі де көп. Бұл жағдай ауық-ауық шиеленіске
де әкеп соғып отыр. Сондықтан да Нұрсұлтан Әбішұлы Пе
кинге, жазғы Олимпиадаға қатысуға келген сапарында өзара
қарым-қатынасы, достығы мен сыйластығы жарасқан ҚХР-дың
бұрынғы басшысы Цзян Цзэминьмен кездеспей кете алмады.
Сол кездесуді ұйымдастыруға арнайы ұсыныс жасады. Цзян
Цзэминь мырза да біздің елдің басшысымен кездесуді күткен
болуы керек, 9 тамыз күні таңертең өзінің кездесуге дайын
Президент Н. Ә. Назарбаевтың ҚХР бұрынғы Төрағасы
Цзян Цзэминьмен кездесуі. 9 тамыз, 2008 жыл, Пекин
Президент Н. Ә. Назарбаев пен ҚХР бұрынғы Төрағасы
Цзян Цзэминьнің кездесуі. 9 тамыз, 2008 жыл, Пекин
екенін ресми органдар арқылы елшілікке хабарлады. Белгілен
ген уақытта Н. Ә. Назарбаевпен бірге қала орталығында орна
ласқан мемлекеттік резиденцияның біріне келіп, ішке ендік.
Қытайдың бұрынғы басшысы Цзян Цзэминь ыстық ықылас
пен, ерекше құрметпен Президент Н. Ә. Назарбаевты қарсы
алып, құшақтасып амандасты да, қолын жібермей, жымиып
қарап: «Нурсултан, как я выгляжу?!» — деді таза орыс тілінде.
Емен-жарқын шынайы көңілімен күлімсірей қарап, жауап
күтіп тұрған Цзян Цзэминьге «Прекрасно выглядите, господин
Президент!» — деді Нұрсұлтан Әбішұлы.
Осы жерде ХХ ғасырдың 50‑жылдары Цзян Цзэминь КСРО-
да болып, тәжірибеден, тәлімгерліктен өткендігін, Мәскеуде
«Сталин» атындағы зауытта жұмыс істегендігін айта кету керек.
Содан болар, ол орыс тілін жақсы меңгерген, тіпті мақалдап
та, мәтелдеп те еркін сөйлеу деңгейіне көтеріліпті. Әсіресе,
төңірегіндегілердің айтуынша, ол Лев Толстойдың шығармала
рын жақсы көреді екен. 1940–1950 жылдардың әндерін орыс
тілінде мәнеріне келтіріп айтатыны да көпшілікке белгілі.
Жақсы көңіл күймен басталған әңгімесін Цзян Цзэминь одан
әрі жалғастырып:
— Мен таңертең бір сағат бассейнде жүземін, содан соң
көне қытай тарихымен және математикасымен айналысамын,
түскі астан кейін ағылшын тілін оқимын, — деп бір алды да: —
ал енді мені тыңда, — деді тағы да.
— Мынау АҚШ Президенті Гарри Трумэннің университет
студенттерінің алдында сөйлеген сөзі, — деп, оны ағылшын
нұсқасында жатқа айта бастады.
Негізінде қытайлықтардың ағылшын тілінде сөйлегенде
өздеріне тән акценті болады. Бірақ Цзян Цзэминнен ондай
акцент онша байқалмады. Тілді, шынында да, жақсы, терең
меңгергені сезіліп тұрды. Президент мұқият тыңдады, сөзін
бөлмеді. Цзян Цзэминь монологін аяқтаған соң, Нұрсұлтан
Әбішұлы таңданысын жасырмай, жылы лебізін білдірді. Кез
десу осындай бір ерекше көңіл күймен басталып кетті.
— Қымбатты Төраға, менің қадірлі досым! — деп бастады
өз сөзін Н. Ә. Назарбаев. — Сізбен көп уақыт өткеннен кейін
қайтадан кездесуге мүмкіндік туғанына өте қуаныштымын! Осы
кездесу Сіздің еліңіздің аса маңызды жетістігімен, қуанышымен
тұспа-тұс келіп тұр. Кеше ғана бүкіл әлем ХХІХ Олимпиаданың
ерекше салтанатпен ашылуына куә болды! Мен де Ху Цзиньтао
мырзаның шақыруымен осы шараға қатысып, ерекше әсер ал
дым. 11 мыңнан астам спорт шебері қатысқан Пекин Олимпиа
дасы әлем спортының тарихында ерекше орын алатыны сөзсіз.
Кешегі ұлттық аренада жағылған Олимпиада алауының әлемдік
эстафетасы Алматыдан басталды. Бұл — екі елдің арасындағы
үлкен достықтың белгісі. Көп ұлтты Қазақстан халқы Олимпи
ада алауына өзінің жүрек жылуын қосып, құрметпен шығарып
салды. Осы ретте 2001 жылы Мәскеуде ХХІХ Олимпиадасының
астанасы Пекин болып жариялануы Сіздің зор еңбегіңіздің,
биік беделіңіздің арқасы екенін айтуға тиіспін, — Қазақстан
Президенті өз ойын одан әрі тереңдете берді. — 1996 жылы
шілдеде Сіздің Қазақстанға жасаған алғашқы ресми сапарыңыз
менің әлі есімде. Ол сапар екі елдің бүгінгі жеткен стратегия
лық әріптестігінің негізін қалады. Сонымен қатар Сіздің 1998
жылғы шілде айындағы сапарыңызда біз Қазақстан-Қытай ше
карасына байланысты құжатты бірлесіп бекітіп, түпкі тарихтан
қалған бұл күрделі мәселеге нүкте қойдық. Сізбен бірге жыл
сайын ресми кездесулер өткізуге уағдаласқан ісіміз қазір де
жалғасын тауып келеді. Сіздің қазақ еліне, маған деген ерекше
көңіліңізге, құрметіңізге шексіз ризамын! Тағы да Сізді — ескі
досымды көргеніме өте қуаныштымын. Сіздің өмір жолыңыз,
жаңа ғана айтып өткеніңіздей, білімге, әрдайым жаңалыққа
құштарлығыңыз бәрімізге үлгі. Деніңіз сау болып, ұзақ ғұмыр
жасаңыз! — деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Қытайдың бұрынғы басшысы Цзян Цзэминь шын жүректен
шыққан Нұрсұлтан Әбішұлының сөздері мен жақсы тілегіне
риза болды. Ол да өткен кездесулерде болған жайттарды
қозғап, еске түсіріп отырды.
— Мен Президент Н. Назарбаевты 1993 жылдан білемін,
таныспын, — деп бастады сөзін Цзян Цзэминь. — ҚХР Төраға
сы ретінде көптеген елдің басшыларымен кездестім, бірақ
ең көп кездескенім — Қазақстанның Президенті Назарбаев
екен! Бүгінгі біз екеуміз осымен 15‑ші рет кездесіп отырмыз.
Осы кездесуге негіз қалаған, әрине, Шанхай Ынтымақтастық
Ұйымының құрылуы болды! 2001 жылы «Хунцяо» резиденция
сында «Шабыт тыныштығы» деп аталатын беседкада осы
ұйымға кіретін мемлекеттердің басшылары жиналғанымыз
есімде. Қазір ол жер Шанхайға келетін туристердің сүйікті ор
нына айналды. Ал сол беседканы мен Таң династиясының
ұлы ақыны Ван Поның құрметіне салдырып едім. Енді соның
өлеңін оқып берейін, — деп Цзян Цзэминь ескі қытай тілінде
Ван Поның өлеңін жатқа айта бастады.
Ол ақын жырын шабыттанып оқып бітірген сәтте Нұрсұлтан
Әбішұлы:
— Президент мырза, есте сақтау қабілетіңіз қандай мықты
еді?! — деп таңданысын жасыра алмады.
Сол арада Цзян Цзэминь балалық шағын еске алып: «Әкем
күніне бір өлең жаттамасам, мені түскі асқа шақырмайтын», —
деп тағы да әңгімесін жалғастырып кетті. Бір оқиғаны есіне
алып, соны айта бастады.
— 1989 жылы Шанхай көлік университетінде студенттік
толқулар болды, — деді Цзян Цзэминь. — Әбден құтырып,
қызынып алған жастар «еркіндік, демократия» деп айқайлап,
ешкімді тыңдағысы келген жоқ. Үлкен бір залға 3 мыңнан астам
студент жиналған екен, солардың алдына шығып, шыдам
дылық танытып, бәрін тыңдап алдым да, демократия туралы
өздерінің талабына сәйкес сөз қозғадым. Оны АҚШ-тың бірінші
Президенті А. Линкольнның «Демократияның принциптері»
деген сөзін ағылшын тілінде толық жатқа айтудан бастадым.
Себебі студенттерді өз тілімде сөйлеп, оларды сендіру, ой
ларынан, алған беттерінен қайтару, тоқтату мүмкін емес еді.
Студенттерді қорқытумен, күшпен тарауларын талап етудің
орнына, мен оларды дискуссияға шақырғым келді. Сол арада
менің демократия туралы ұғымым олардан да терең екенін
көрсетуім керек болды. Тым-тырыс болып тыңдаған студенттер
маған ешқандай талап қоймай, шамалы уақыттан соң орын
дарынан біртіндеп тұрып, тарқап кетті, — деді.
Енді Цзян Цзэминь мырза Америка Президенті Линкольн
ның жаңағы демократия туралы сөзінен үзіндіні ағылышын
тілінде жатқа айтып шықты. Бұдан кейін Алматыда Прези
дент Н. Назарбаевтың отбасында қонақта болғанын, бірлесіп
ән салғандарын да еске алды. Цзян Цзэминь университетте
оқып жүрген кезінде, Шинжаңда болғанда өзіне «Әдемі роза
гүлі» деген әннің қатты ұнағанын айтты. Көп жылдар өткен
соң, 1996 жылы Алматыда ресми сапармен болғанында өзіне
ұнайтын жаңағы «Әдемі роза гүлі» деген әннің қазақтың әні
«Дудар-ай» екенін білгенін, сол жайды күле отырып, шынайы
көңілімен жеткізді. Екі ел басшыларының әсерлі әңгімелерімен,
естеліктерімен қатар өрілген бұл кездесу протокол бекіткен
уақыттан асып кеткен-ді. Осылайша Қытайдың бұрынғы бас
шысы өз қонағы Нұрсұлтан Әбішұлын ерекше құрметпен және
аса жылылық сезіммен қарсы алып, қимас көңілмен қоштасып,
шығарып салды.
Кездесуден үлкен әсер алған Президент Н. Назарбаев сырт
қа шыққан бетте бәрімізге қарап: «Қандай қажырлы, жігерлі,
талантты адам! Бәріміз де осы кісіден үлгі алуымыз керек,
жасы жақында 82‑ге толды, әлі қажыр-қайраты мол, ойы зе
рек!» — деп, ескі досына деген шынайы көңілін, ризашылығын
білдірді.
* * *
2019 жылы 1 қазанда ҚХР-дың 70 жылдығы Пекиндегі
Тяньаньмэнь алаңында аса салтанатты жағдайда аталып өтті.
Сол кезде 93 жастағы Цзян Цзэминь де алаңның ресми мін
берінде ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинмен бірге бірнеше сағат
бойы тапжылмай қатар тұрып, әскери шеруді, халықтық се
руенді тамашалады…
ШЫНАЙЫ КӨҢІЛДІ ҚИМАСТАН СОЗЫЛҒАН
САПАР
2001 жылдың сәуір айының бас кезі. Әлі де болса қара
суықтың беті қайта қоймаған шақ. Күн бұлттанып, түнеріп тұр.
Ара-тұра жаңбыр да себелеп жауып қояды. Литваның ресми
өкілдерімен бірге Вильнюс әуежайында Қазақстан Республи
касының Президенті Н. Ә. Назарбаевты осы елге мемлекеттік
сапарына орай күтіп тұрмыз.
Әуежайға келер жолда Қазақстанның Ұлыбританиядағы
елшісі және Норвегия Корольдігіндегі елші қызметін де қоса
атқаратын ежелден таныс әрі өзім құрмет тұтатын Әділ Ах
метовпен хабарластым. Өйткені Президент Н. Ә. Назарбаев
Норвегияға ресми сапармен барып, енді сол мемлекеттен
қайтып келе жатқан бетінде келісім бойынша сапарын Литвада
жалғастырмақшы еді. Телефонмен болған әңгіме барысында
Әділ Құрманжанұлы: «Қазір ғана Президентті шығарып сал
дым. Өзің білесің, мұндағы ауа райы жайсыз ғой. Елбасы суық
тидіріп алды, соны ескерерсің», — деп сапардың сәтті өтуіне
тілектестігін білдірді.
Президент Н. Ә. Назарбаев өзінің алғашқы ресми сапарын
Литваға 1994 жылы тамыз айында жасаған болатын. Мұның
өзі бір күндік сапар еді. Енді бұл жолғы сапар бағдарламасын
екі күнге жасап, жоспарлағанбыз. «Елбасы суық тидіріп алды,
соны ескерерсің» деген мына хабардан соң, жағдай қалай
болар екен деп ойланып қалдым. Өйткені Осло мен Вильнюс
тың ауа райы жағдайының бір-бірінен айырмашылығы аз еді.
Белгіленген уақытта ұшақ та келіп қонды. Президентті ресми
қарсы алу рәсімі өткен соң, кортежге бет алғанымызда, Нұр
сұлтан Әбішұлы маған қарап, «Шамалы тұмау тиген сияқты,
онша мазам болмай тұр», — деді. Вильнюстен 10 шақырымдай
жердегі «Ле Меридиан» қонақүйіне келдік. Шынында да, Елба
сын тұмау қатты мазалаған болу керек, түскі астан бас тартып,
бірден өз бөлмесіне көтеріліп кетті.
Елшіліктің жаңадан салынған ғимаратында сол күні кеште
Нұрсұлтан Әбішұлымен Кеңес дәуірінен ол кісіге жақсы таныс
Литваның көрнекті мемлекет қайраткерлерімен бейресми кез
десу жоспарланған еді. Оған экс-Президент Альгирдас Бразаус
кас, бұрынғы Парламент төрағасы Витаутас Ландсбергис,
экс-Премьер-министр Казимира Прунскене шақырылған-ды.
Сол кезеңде Литвадағы ішкі саяси жағдай аса күрделеніп
тұрған болатын. Елдегі негізгі партиялар арасындағы шие
леніс тым ашық текетіреске де барып қалған еді. Дәл осы
тұста Литваның КСРО құрамында болған кезеңдегі тарихына
және тәуелсіздік алғаннан кейін орын алған түрлі оқиғаларға
саяси сипат беріліп, белгілі саясаткерлерге айыптар да тағыла
бастаған-ды.
Осы аттары аталған Литва қайраткерлері сол күнгі бейресми
кездесуге Нұрсұлтан Әбішұлынан арнайы шақыру хатын ал
маса, олардың бір үстелдің айналасында бірге отырып, бір
дастарқанда басқосуы мүмкін емес еді. Қазақстанның Балтық
елдеріне деген оң көзқарасы мен тұрақты саяси ұстанымының
да жақсы әсері болар, литвалық қонақтар шақыруды ілтипатпен
қабыл алды. Осыдан хабардар Президент Н. Ә. Назарбаев сыр
қатына қарамастан кешкі сағат 7.00‑ге белгіленген кездесуге
елшілік ғимаратына дер кезінде келіп жетті.
Қонақасы түріндегі бейресми кездесу аса жылы көңіл күй мен
сыйластық ауанында өтті. Қонақтар КСРО кезіндегі бірге өткіз
ген сан қилы кезеңдерді, жауапты, сындарлы сәттерді еске алды.
Нұрсұлтан Әбішұлына елдегі, өңірдегі саяси жағдай туралы көп
теген сұрақтар қойылды. Кездесу аяқталған соң да, шақырылған
қонақтар кетуге асықпай, Нұрсұлтан Әбішұлымен жеке-жеке
сөйлесіп жатты. Президенттің осы кездесуден ерекше әсер алға
нын жүзінен, көңіл күйінен байқадым. Қонақ үйге оралысымен
Нұрсұлтан Әбішұлы бөлмесіне көтеріліп, ерте жатып қалды. Мен
де сол түні резиденцияға қайтпай, қонақ үйде қонып қалдым.
Таң атысымен жатқан төсек орнымнан тұра салып ауа райы
қалай болғанын білмекке сыртқа шықтым. Өз көзіме өзім сен
бей тұрмын. Аспанда бір шөкімдей бұлт жоқ. Күн шайдай ашық.
Бүгін ауа райының жылы болатыны сезіліп тұрды. Көңілім
шамалы орнына түсе бастады. Президент таңғы асты өзі жеке
ішті. Белгіленген уақытта бөлмесінен шығып, сыртқа беттеді.
Жағдайын сұрағанымда, «Ерте жатып қалғаным дұрыс болған
екен, шамалы оң өзгеріс бар сияқты», — деді.
Литва Республикасының Президенті Валдас Адамкус Нұр
сұлтан Әбішұлын ерекше салтанатпен, ескі танысындай, до
сындай құшақ жая қарсы алды. Бұл ықылас негізсіз емес еді.
2000 жылы мамыр айында В. Адамкус мемлекеттік сапармен
Қазақстанда болған-ды. Сол сапары барысында Астана мен
Алматы қалаларында ресми кездесулер өткізіп, көрікті де
көрнекті жерлермен танысқан еді. Сапар аясында бірнеше
маңызды үкіметаралық құжатқа қол қойылып, соның нәтиже
сінде екі елдің арасындағы сауда-экономикалық байланыс,
әсіресе Литваның транзиттік әлеуетін пайдалану бағыты
қарқынды дами бастаған болатын.
Екі ел Президенттерінің жеке және кеңейтілген құрамдағы
кездесулері жоғары деңгейде, өзара қызығушылықпен,
түсіністікпен өтті. Бірнеше үкіметаралық құжаттарға қол қо
йылды. Сол күні Литва Президенті Нұрсұлтан Әбішұлына ар
налған салтанатты қабылдауын өткізді, қонақжайлық көрсетті.
Келесі күні елге қайтуға шешім қабылдаған Нұрсұлтан
Әбішұлы өз сапарын аяқтар алдында Валдас Адамкусты алдын
ала дайындалған орынға галстуксіз, бейресми түрде шай ішуге
шақырды. Оған тек ресми делегацияның мүшелері қатысты.
Кештің тізгінін енді Нұрсұлтан Әбішұлы өз қолына алды.
Әріптесіне өзінің жүрекжарды алғысын жеткізе отырып:
— Сіз бен біз ата-бабаларымыз негізін қалаған достықты,
ынтымақтастықты жалғастырып отырмыз, — деді Қазақстан
Президенті. — Әсіресе XІV ғасырдың аяғында Ұлы Литва
князьдығы мен Алтын Орданың арасында ұзаққа созылған
тығыз одақ, мызғымас достық болған. Мысалы, Тоқтамыс хан
өз құзыретіндегі кейбір орыс князьдарының жерлерін князь
Витаутасқа берген. Қырым хандары да Литва князімен тығыз
қарым-қатынас орнатқан. Осыны пайдаланып, князь Витаутас
Литва жерлерін біріктіруге мүмкіндік алған және Польшадан
тәуелсіз болуға қол жеткізген. Сол себептен Литва князі көпте
ген татарларды әскери қызметке тартқан. Мысалы, Тракайдағы
қарайымдар — солардың ұрпағы. Ал Алтын Орда — Қазақ,
Қырым, Қазан, Сібір хандықтарының, Ноғай ордасының шыққан
бесігі. Бірақ КСРО кезінде, өткен ғасырдың 40‑жылдарының
аяғында Алтын Орданы зерттеуге тыйым салынды. Өйткені ол
көптеген түрік халықтарының мақтанышына айналып, тарихи
рөлінің, дәрежесінің көтерілуіне алып келер еді.
Тарихтың сырынан терең мағлұмат бере сөйлеген Нұрсұл
тан Әбішұлының сөзін Президент Валдас Адамкус ерекше
ықыласпен тыңдады.
— Сонымен қатар, — деді Президент Н. Ә. Назарбаев, тағы
да бір тарих беттерін ақтарып, — Кеңес заманында көптеген
литвалықтар қуғын-сүргінге ұшырап, Қазақстанға жер ауда
рылған болатын. Солтүстіктегі арнайы лагерьлерге қамалған.
Қатал климат, ауыр тұрмыс жағдайынан қайтыс болғандары
да аз болмаған. Осы бір нәубетті кезеңнің барлық ақиқатының
бетін ашу үшін біздің зерттеушілер тиісті архив деректерімен
жұмыс істеуде. Барлық фактілер анықталып, қорытынды құ
жаттар дайын болғанда, олардың көшірмесін сіздің құзырлы
органдарыңызға беруге даярмыз, — деді.
(2011 жылы қазанда Литва Президенті Д. Грибаускайте Аста
наға ресми сапармен келгенде, Литва тарапына осы құжаттар
тапсырылды).
Литва Президенті Валдас Адамкусқа терең тарихи дерек
терге негізделген Нұрсұлтан Әбішұлының сөздері қатты әсер
етті. Ол орнынан тұрып: «Бұл мен үшін үлкен жаңалық! Біздің
екі елдің қарым-қатынасы мен достығының тамыры сонша
лықты терең екендігін мен Сізден естіп, біліп отырмын. Егер
Сіз мені досым деп санасаңыз, мен өзімді бақытты сезінетін
боламын! Сізді мен ертең еліңізге жібере алмаймын. Шын дос
тық көңілмен Сізге өтініш айтамын, тағы екі күн қалыңыз! Мен
Сізді еліміздің тарихымен, жеткен жетістігімен, мәдениетімен
тереңірек таныстырайын. Сосын Палангада, Балтық теңізінің
жағасында менің резиденциям бар. Сізге тұмаудан айығуға
теңіз ауасы пайдалы болар еді. Сол жерде бірге болайық,
сосын Сізді еліңізге өзім шығарып саламын», — деді.
Осындай шынайы, жүрекжарды сөздерден кейін Нұрсұлтан
Әбішұлы ойланып қалды. Литва Президенті В. Адамкустың
жасы сол кезде 75‑те болатын. Мейлінше сыпайы, мәдениетті
және қарапайым адам еді. Өткен өмір жолы да құрметтеуге
лайықты болатын. В. Адамкустың туған жері — Каунас қаласы.
Бірақ 18 жасында ата-анасымен Германияға қашуға мәжбүр
болған. Өйткені олар советтік оккупацияға қарсы күрескен.
В. Адамкус Мюнхен университетін бітірген соң, 1949 жылы
Америкаға қоныс аударады. 1955 жылы АҚШ азаматтығын
қабылдайды. Чикагодағы машина бөлшектерін жасайтын за
уытта жұмыс істейді. 1980 жылдардың басында федералдық
ортаны қорғау агенттігіне жұмысқа шақырылып, осы салада көп
жылдар бойы жемісті қызмет атқарады. 1993 жылы тәуелсіз
Литваға оралып, осы елдің азаматтығын қайта алып, саяси жұ
мыстарға белсене араласады. 1998 жылы мемлекет басшысы
болып сайланады. В. Адамкусты Литва халқы кішіпейілдігіне,
ашықтығына, қарапайымдығына байланысты жоғары бағалай
тын, сыйлайтын, көшеде машинасы кортежсіз, бағдаршамдарға
тоқтап жүретін. Президенттік сарайдың саябағына демалыс
күндері халық емін-еркін кіріп, демала алатын.
Мемлекет басшысы Н. Ә. Назарбаев В. Адамкустың шын
жүректен шыққан сөзі мен ниетін, достық сезімін жан-тәнімен
түсініп, қабылдап, шамалы ойланып барып:
— Президент мырза, ықыласыңызға көп рахмет! Көңіліңізді
шынымен қия алмай тұрмын. Бірақ елде қыруар іс күтіп тұр
және мына бір тұмау да қайтар емес, — деп Нұрсұлтан Әбіш
ұлы сыпайы, жылы көңілмен өз жайын айтты.
Сол арада В. Адамкус өз ниетінен қайтпай:
— Мен бәрін де түсінемін. Бірақ енді Сіздің бізге қашан
жолыңыз түседі? Асықпаңыз, менің ұсынысымды қабыл
алыңыз! — деді.
Шын жүректен, ыстық ықыласпен, үлкен құрметпен, шынайы
достық көңілмен айтылған мұндай өтінішті, сыйластық сезімді
Нұрсұлтан Әбішұлы да қимаса керек, біршама ойланып барып:
— Ендеше, жарайды, мен тағы екі күн осында сізбен бірге
болайын! — деген келісім сөзін айтты.
Бәріміз осы уәдеге қуандық. Нұрсұлтан Әбішұлының шешімі
нен кейін көңіліміз көтеріліп қалды. Енді еркін, асықпай отырып
әртүрлі әңгімелер, тілектер айтылды. Сол бір көтеріңкі көңіл
күймен қонақүйге қайтып оралдық.
Келесі күні Вильнюске жақын маңға орналасқан хуторға,
туристік орталыққа бардық. Екі елдің Президенттерін ұлттық өр
некпен безендіріліп, ерекше әсем киім киген жергілікті тұрғын
дар қарсы алды. Қолдарына ұзын орамалдарын ұстаған екі жас қыз бен жігіт мәртебелі меймандарға нан мен тұз ұсынды. Славяндар сияқты, литвалықтар да құрметті қонақтарын нан мен тұзбен қарсы алатыны белгілі. Литваны ертеректе «Әнді өлке» деп атаған. Өйткені хормен ән айту, жергілікті фольклорлық ансамбльдердің өнері барлық өңірде жақсы дамыған. Ұлттық дәстүрмен, осылайша әнмен, бимен қарсы алу жалғасып жатты. Жалпы селолық туризм Литвада қарқынды дамығанын сол жолы келген қонақтар байқады. Әрбір хутор Еуропаның туристерін қабылдауға да йын және де барынша табиғи, дәстүрлі өмір қалпы сақталған. Отбасыңызбен бір үйді жалға алып, нағыз ауылдың өмірін бастан өткізуге болады. Сиыр сауасыз, ағаш кесіп, пеш жаға сыз, суды құдықтан әпкішпен тасып әкелесіз, тамақ жасайсыз, малға қарайсыз. Нұрсұлтан Әбішұлы осындай бағыттағы ту ризмді бізде де дамыту керек екенін сөз арасында атап өтті. Түскі ас ағаштан жасалған хуторлық ас үйде дайындалыпты. Ауа райы жып-жылы, жанға жайлы болып тұрды. Түскі астан кейін Вильнюске оралып, Палангаға ұшып шықтық. Әуежайға қонғанда, Нұрсұлтан Әбішұлын Президент Валдас Адамкус өзі қарсы алды. Ол бұл араға да ерте келіп үлгеріпті. Палангада КСРО дәуірінен қалған Совет Одағы КП Орталық Комитетінің Бас хатшысы Л. Брежневке арнап салынған демалыс орны бар екен. Дәл теңіздің жағасында тұр. Демалыс орнының ішіндегі жабық бассейнге теңізден су әкелінген. Резиденцияның айна ласы жасыл орман, 22 гектар жерді алып жатқан парк, ішінде еліктер жайылып жүр. Президенттер мен делегация мүшелері орналасып болған соң теңіз жағасына шықтық. Сол күні Балтық теңізі тымық күйде баяу толқынмен жай ғана тербеліп тұрды. Күн батып, ұясына қонар кездегі теңіздің керемет бір көрінісінің өзі Литва табиғаты ның тағы да бір ерекшелігін көрсетті. Батар күннің қызыл жалын сәулесі теңіз бетін ғажайып түске бояп, аспан мен жер сол бір түспен астасқан сәттегі табиғаттың ғажап көрінісіне тәнті болдық. Теңізге ертесіне бір сүңгіп шыққан батыл жерлестеріміз де болды. Екі ел басшыларының жақын араласуына, пікір алмасуына және де өзара қарым-қатынасты дамыту жолда
рын пысықтай түсуге бұл Палангадағы күндер жақсы мүм кіндік туғызды. Ерекше әсерлерге толы сапар тез аяқталып, жылдам өте шыққандай болды. 7 сәуір күні таңертең Паланга әуежайына Президент В. Адамкус өзі бірге келіп, Нұрсұлтан Әбішұлын ескі досындай бауырына басып, ерекше ықыласпен, риза көңілмен, жақсы тілектермен шығарып салды. Аспанға тез көтерілген Президент лайнерінің соңынан қол бұлғап, қош айтысып қала бердік. В. Адамкус бізге де алғысын айтып, бұл бір ерекше кездесу болғанын үлкен ризашылықпен жеткізді, бәрімізге сәттілік тіледі. Біз де жақсы, көтеріңкі көңіл мен Вильнюске оралдық... Осы ретте бір айта кетерлік жайт, Нұрсұлтан Әбішұлының Литваға жасаған сапары барысында Қазақстанның елшілігі үшін маңызды бір мәселені келісіп, шешіп алуға мүмкіндік туды. Ол біздің елшілік ғимаратының жағдайы еді. Қазақстан Литвадағы өз елшілігін 1993 жылы 8 қарашада ашқан болатын. 1998 жылы қаңтар айының басында Литваға елші болып кел генімде, елшілік 150 шаршы метрдей ғана қос қабатты саяжай үлгісіндегі шағын бір үйге орналасқан екен. Сырт көрінісі өте жұпыны ғимарат елге де, елшіге де абырой бермес еді. Бұл жағдай маған осы елге елші болып келмей тұрғанымда да, яғни Сыртқы істер министрлігінің әкімшілік-қаржы мәселесіне жауапты орынбасары ретінде жақсы таныс болатын. Осы мәселені түбегейлі шешу үшін тиісті қаржы да бөліне бастаған, сегіз жүз мың доллардай жиналып қалған еді. Қыз метке кірісе салысымен, елшіліктің жаңа ғимаратын салу тура лы жергілікті құрылысшылармен, архитекторлармен келіссөз жүргізе бастадық. Нәтижесінде Вильнюсте жақсы танымал, ескі қалада көптеген ғимараттарды реконструкциялаумен айналысқан, кәсіби беделі жоғары Лаймутис Пенкявичус де ген жасы қырықтар шамасындағы құрылыс компаниясының басшысымен келісімге отыруды дұрыс санадық. Орталықтың келісімімен, компанияның біздің талабымызға сай жасаған дизайн-жобасына сәйкес келісімшартқа отырдық. Бір мың шаршы метрден асатын жаңа ғимаратты сегіз жүз мыңдай АҚШ долларына салуға уағдаластық. Нәтижесінде ескі үй бұзылып, орнына бір жылдың ішінде жаңа ғимарат салынып бітті.
Содан бір жылдай бұрын, 1998 жылы тамызда Аль-Каида
террористік тобы Найроби (Кения) және Дар-эс-Саламда (Тан
зания) АҚШ елшіліктерінің дәл жанында жойқын бомбалар
жарып, 200‑ден астам адам қайтыс болды, 5 мыңдай адам
жараланды. Зардап шеккендердің арасында АҚШ-тың Кени
ядағы елшісі де бар болатын. Вильнюстегі жаңадан салынған
Қазақстан елшілігінің ғимараты АҚШ елшілігімен бір көшенің
бойында орналасқан-ды. Екі ғимараттың аралығы 30–40 метр
дей ғана еді. АҚШ өз елшілігінің қауіпсіздік шараларын күшей
тіп жатты. Американың елшісі өте сыпайы, үнемі күлімсіреп
жүретін Кит Смит деген тәжірибелі дипломат еді. Жасы зей
нетке жақындап қалған. 2000 жылы тамызда Смиттің орнына
жаңа елші Джон Теффт келді. Кейіннен Д. Теффт АҚШ-тың
Грузиядағы, сосын Украинадағы, одан соң Ресейдегі елшісі
болып, көп жыл қызмет атқарды. Джон Теффт толық денелі,
кең пейілді, әрдайым әзілдей амандасатын, ашық-жарқын
адам еді. Елшілігіміз қатар болған соң екеуімен де жақсы
қарым-қатынаста болдым. Жаңа ғимарат біте салысымен,
1999 жылдың аяғына таман елшілік ұжымы толық көшіп алды.
Елшіліктің ресми ашылуын жоғары деңгейдегі ел басшыла
рының сапарына орайластырып, ұйымдастырмақшы болдық.
АҚШ елшісі Кит Смит бір күні таңертең «Уақытыңыз болса,
бір шыныаяқ кофе ішейік» деп келіп тұр. Осы кездесу үстін
де елші әңгімені Кения мен Танзанияда болған лаңкестік
жарылыстардың салдарынан АҚШ елшілігінің біраз адамда
ры мерт болғандығын және де үлкен материалдық шығынға
ұшырағандарынан бастады.
— Осыған байланысты Мемлекеттік департамент қауіпсіздік
ке жауапты органдармен бірлесіп, АҚШ елшіліктерінің қауіпсізді
гін күшейту туралы арнайы шешім қабылдады, — деді Кит
Смит. — Вильнюстегі елшілікке күзетті күшейту үшін теңіз жаяу
әскерлері келеді. Сіз бен біздің елшіліктерге келетін көшені
көлік пен жаяу адам еркін жүре алмайтын жасаймыз, ол үшін
арнайы шлагбаум қоямыз. Бірақ, әрине, сіздерге және сіздердің
қонақтарыңызға кедергі жасамаймыз. Бізге келуі мүмкін деген
қауіпті ескеріп, сіздер осы шараларға қарсы болмайсыздар
деп сенемін, — деді.
АҚШ елшісінің бұл сөзіне мен ойланып қалдым. Шынында да,
елшінің сөзіне қарағанда нақты қауіптің бар екені анық сияқты.
Алайда АҚШ елшілігінің қауіпсіздік шаралары біздің қонақтардың
Қазақстанның елшілігіне емін-еркін келіп-кетіп жүрулеріне кері
әсерін тигізетіні де сөзсіз. Менің ойымды Кит Смит бөліп жіберді.
— Мен сізге және сіздің еліңізге Мемлекеттік департамент
атынан ұсыныс жасағалы келдім, — деді АҚШ елшісі. — Мына
жаңадан салынған ғимаратты бізге сатыңыздар. Бұл бізге де,
сіздерге де қолайлы шешім болар еді. Бізде шешім қабылдау
ұзақ уақыт алатын болғандықтан, қазір осы кездесуде ғима
раттың құнын айтсаңыз, — деді.
Анығын айтсам, Америка елшісінің бұл ұсынысы мен үшін
күтпеген тосын жағдай еді. Жаңа ғимаратқа енді ғана көшіп
кіріп, соған қуанып, ресми ашылуына дайындалып жатқаны
мызда мына ұсыныс аспаннан жай түскендей болды. Дегенмен
де сыр бермей, қобалжығанымды көрсетпей:
— Әрине, мен сіздің өтінішіңізді Қазақстанның Сыртқы істер
министрлігіне жеткіземін, — дедім. — Ал бағасын сұрасаңыз,
мен әзірге анық айта алмаймын, оны келіссөз көрсете жатар.
Бірақ мына ғимаратты салушы ретінде айтарым, кемінде
3,5 миллион АҚШ доллары төңірегінде болып қалар, — дедім.
Бірақ, шындығында, елшілік ғимаратының сегіз жүз мың дол
ларға салынғанын және ескі үйді сатып алуға кеткен қаржыны
есептегенде, барлық шығын 1 миллион доллар шамасында еді.
3,5 миллионды, яғни бағаны үш жарым есе артық айтқандағы
ойым ғимаратты сату емес, осы үлкен соманы айтып, ғимарат
ты сақтап қалу еді. Америка жағы мұндай бағаға келіспейтіні
анық деп ойладым. Елші рахмет айтып, мен берген ақпаратты
тиісті органдарына жеткіземін деп қоштасты.
Арада бес-алты ай өткенде, яғни 2000 жылдың мамырында
еліміздің Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов Литваға
ресми сапармен келді. Министрдің сол сапарын пайдаланып,
елшіліктің ғимаратын салтанатты түрде аштық. Бұл шараға
көптеген дәрежелі қонақтар қатысты. Қатарында Литвадағы
шет елдердің елшілері, Литваның Премьер-министрі Андриюс
Кубилюс, Сыртқы істер министрі Антанас Валионис, депутаттар
мен белгілі қоғам қайраткерлері болды. Кит Смиттің ұсынысы
ұмытыла бастады.
Бір күні кенеттен АҚШ елшісі Кит Смит кездесуді өтініп, біздің
елшілікке келді. Әңгімені төтесінен бастады.
— Өткен жолы сіз мына ғимараттың бағасы 3,5 миллион
доллар деп айтып едіңіз! Америка тарапы осы қаржыны беруге
және төлеуге дайын. Сізден өтініш, тезірек басшыларыңыздың
келісімін алсаңыз, сіздерде қандай талаптар болады, соны
маған баяндасаңыз, мен өз тарапымнан келісім алуға тыры
самын, — деді Кит Смит.
— Бұл шешім АҚШ елшілігінің қауіпсіздігін нығайтуға септі
гін тигізетіндіктен, Қазақстан тарапы да сіздің ұсынысыңызды
қолдап қалар, — деп елшіге жасаған ұсынысы үшін рахметімді
айттым да, оған өз ұстанымымды, өтінішімді жеткіздім.
— Егер біз ғимаратты сатуға келіссек, сізге қоятын бірнеше
өтініш, талабымыз болады, — дедім АҚШ елшісіне. — Бірінші
ден, қаланың көрнекті орталық ауданынан жер алуға көмегіңіз
керек. Литваның Президенті сіздің елдің бұрынғы азаматы,
соған орай сіз ол кісімен жақсы қарым-қатынаста екеніңізді
білеміз. Сол себептен осы жер мәселесін оңынан шешуге
көмектесуге мүмкіндігіңіз бар сияқты. Қаланың қандай жері
бізге лайықты екенін екі жақтың келісімінен соң сізге баяндай
мыз. Екіншіден, елшіліктің жаңа ғимараты салынып біткенше,
біз осында қала береміз. Әрине, біз ғимаратты қысқа уақытта
салуға бар күшімізді саламыз. Құрылыс аяқталысымен, мына
ғимаратты босатып береміз, — дедім.
АҚШ елшісі менің ұсыныстарымның барлығы да шеші
летін мәселелер екенін, осы болған әңгіме туралы Литва бас
шылығын хабардар ететінін және барынша көмек көрсетулерін
сұрайтынын айтып, уәдесін берді.
— Бірақ биылғы тамыз айында менің миссиям аяқталады.
Орныма елші Джон Теффт келеді. Мен оған барлық жағдайды
түсіндіремін, ол да сізге барынша көмек көрсететін болады, —
деп сендірді Кит Смит кездесу соңында.
Көп ұзамай, шынында да солай болды. Шілденің соңында
Кит Смиттің Литвадағы елшілік қызметінің аяқталуына байла
нысты еліне қайтатын болғандықтан, оны жұбайымен, сыйлас
шетелдік әріптестермен бірге резиденцияға шақырып, қонақасы
беріп, зор құрметпен шығарып салдық. Кетерінде маған және
жұбайыма ұзақ мерзімді визасын қойып беріп, «Елге қалай да
Литва Республикасының Президенті Валдас Адамкустың
Қазақстанға ресми сапары. Мамыр, 2000 жыл, Шымбұлақ
Президент Н. Ә. Назарбаевтың Литва Республикасына
ресми сапары, екі жақты құжаттарға қол қою.
Сәуір, 2001 жыл, Вильнюс
Литва Президенті В. Адамкустың ресми қабылдауы.
Сәуір, 2001 жыл, Вильнюс
Президент Н. Ә. Назарбаевтың Литва Республикасының саяси
қайраткерлері А. Бразаускас, В. Ландсбергис, К. Прунскнемен
кездесуі. Сәуір, 2001 жыл, Қазақстан елшілігі, Вильнюс
Президент Н. Ә. Назарбаев литвалық ескі достарымен.
Сәуір, 2001 жыл, Қазақстан елшілігі, Вильнюс
Президент Н. Ә. Назарбаев Тәуелсіз Литваның негізін
қалаған Витаутас Ландсбергиспен.
Сәуір, 2001 жыл, Қазақстан елшілігі, Вильнюс
Президенттер Н. Ә. Назарбаев пен В. Адамкустың бейресми
кездесуі. Сәуір, 2001 жыл, Вильнюс
Президенттер Н. Ә. Назарбаев пен В. Адамкус Хуторда.
Сәуір, 2001 жыл, Вильнюс маңы
Президенттер Н. Ә. Назарбаев, В. Адамкус Хутордағы
түскі аста. Сәуір, 2001 жыл, Вильнюс маңы
Шығарып салу. Паланга әуежайы. Сәуір, 2001 жыл
Тәуелсіз Литваның тұңғыш Премьер-министрі
Казимире Прунскенемен. 2000 жыл, Вильнюс
Тәуелсіз Беларусь Республикасының бірінші президенті,
Кеңестер Одағын тарату туралы Беловежья келісіміне қол
қоюшы С.С. Шушкевичпен. 2001 жыл, Вильнюс
Қазақстан елшілігінің алғашқы ғимараты.
1998 жыл, Вильнюс
Жаңадан салынып, АҚШ елшілігіне сатылған
Қазақстан елшілігінің ғимараты. 2001 жыл, Вильнюс
Қазақстан елшілігінің жаңа ғимаратын ашу рәсіміне
қатысушылар: ҚР Сыртқы Істер министрі Е. Ыдырысов,
Литва Республикасының Премьер-министрі А. Кубилюс,
Сейм депутаттары В. Ландсбергис, Р. Паксас
Майя Плисецкая, Родион Щедрин Қазақстан елшілігінің
қабылдауында. Желтоқсан, 1999 жыл, Вильнюс
Литва Республикасының Премьер-министрі А. Бразаускаспен
кездесу. 2001 жыл, Вильнюс
Вильнюстегі
Қазақстан елшілігінің
ғимараттарын
салған
архитектор,
құрылысшы
Лаймитус
Пенкявичус
(суретте оң жақта).
2001 жыл, Вильнюс
Қазақстан елшілігінің үшінші жаңа ғимаратының алғашқы
кірпішін қалау. 2001 жыл, Вильнюс
Қазақстан елшілігінің жаңа ғимараты. 2002 жыл, Вильнюс
Литва Премьер-министрі
А. Бразаускаспен қоштасу.
Мамыр, 2002 жыл, Вильнюс
Литва Республикасының жоғары марапаты. Президент
В. Адамкус, Ләззат Адырбекова. Мамыр, 2002 жыл, Вильнюс
Ресми қабылдау алдында.
2000 жыл, Рига
Қазақстан елшісіне құрмет білдіру. 2000 жыл, Таллинн
келесіздер, менің құрметті қонағым боласыздар» деп уәдемізді
алып кетті.
Алайда жұмысбастылық бізге мүмкіндік бермеді, бара ал
мадық. Бірақ осы бір керемет азамат пен оның отбасы есімізде
түпкілікті сақталып қалды. Елшілік қызметтен соң Кит Смит
2013 жылға дейін өз елінде Стратегиялық және халықаралық
зерттеу орталығында Шығыс Еуропа елдері жөніндегі консуль
тант болып қызмет атқарды. Қазіргі кезде еңбек демалысында
болса да, тәжірибелі дипломат ретінде арнайы шақыртулармен
университеттерде дәріс оқып тұрады.
...Сөйтіп, осы келісіммен АҚШ елшісі Кит Смитпен кездескен
күннің ертесіне біздің елшіліктің ғимаратын салып, Вильнюс
те беделі өсе түскен архитектор Лаймитус Пенкявичуспен
жүздестім.
— Қалада бос жер жоқ, — деді ол салған бетте. — Өйткені
Вильнюс көне қала ретінде ЮНЕСКО тізіміне енген. Тек қа
ланың ең жасыл, көрікті Жверинас ауданында ғана бір жер-
дің барын білемін. Нерес өзенінің жағасындағы саябақтың
40 сотық жерін аса ықпалды бір елдің елшілігіне беруге Үкімет
келісім берген екен. Бірақ ол ел сол жерді азсынып, тағы да
АҚШ елшісі Кит Смитпен. 2001 жыл, Балтық теңізі
сондай жер көлемін қосып беруді сұрапты. Нақты жағдайды
білуге тырысайын. Егер ол жерді сіздер ала алсаңыздар, бұл
зор жетістік болар еді. Ол телім Парламенттен 3 минуттық
жерде! Айналасы өзен және жасыл саябақ!
Жергілікті архитектор осылайша бізге ой салып кетті. «Қа
лайда сол жерді алуға қол жеткізу керек» деп ойладым. Балтық
елдерінде осы кезеңде Ресейге қарсы жат пиғылдағы саясат
керлер басым еді. Бірақ Қазақстанға, оның Президенті Н. Ә. На
зарбаевқа құрметпен қарайтын. Керек десеңіз, Литва, Латвия,
Эстония парламенттерінде Қазақстанмен ынтымақтастық жөнін
дегі топтар да құрылған болатын. Мысалы, Литвадағы сондай
топты Парламент депутаты, тәуелсіз Литваның тұңғыш Премьер-
министрі Казимира Дануте Прунскене басқаратын, біздің ел
шіліктің барлық іс-шараларына белсенді қатысатын. Сол кісімен
еркін, ашық сөйлесу үшін түскі тамақты бірге ішуге шақырдым.
Болған жағдайды, АҚШ елшісінің ұсынысын, қалада қандай
жерді қалайтынымызды айттым, ақыл-кеңес, көмек сұрадым.
Мен күткендей, К. Прунскене ханым бірден оң пейіл танытты:
— Бұл негізінен шешуге болатын мәселе, — деді. — Бірақ
қазір қаладағы жердің бағасы өте қымбат. Әсіресе Жвери
нас ауданында! Сол себептен сізге берер кеңесім, Премьер-
министр Андрюс Кубилюске шығыңыз. Премьер-министрден
АҚШ елшілігінің ұсынысын орындау үшін сол Жверинастағы
жерді тікелей сұраңыз және де қаражатыңыз тапшы болса,
жердің бағасын екі есе кемітуді де өтінуді ұмытпаңыз, —
деді. — Сіздердің жаңа астаналарыңызда біз де болашақ ел
шіліктің ғимаратын салатын болармыз, «соған берілетін жерге
де осындай жағдай жасалады» деп айтыңыз, сендіріңіз! Ке
рек болса тиісті құжатқа қол қоюға дайын екеніңізді жеткізіңіз.
Менің хабарым бойынша Астанада ондай мүмкіндік бар. Егер
А. Кубилюстің сіздің елге жақсы көзқараста екенін ескерсек,
сұрақтың оң шешілуіне толық негіз бар. Мен өз тарапымнан
барлық көмекті көрсетемін! — деді.
Біз болған әңгімені өз арамызда сақтауға келісіп, осы бағыт
та бірлесіп іс-қимыл жасауға уағдаластық. Содан көп ұзамай
шет елдің бір елшілігінің қабылдауында Жверинастағы жерге
рұқсат алған ықпалды елдің елшісімен кездестім. Елшімен
жағдай сұрасқан соң, құрылысты қашан бастайтындарын сұра
дым. «Қосымша жер бөлінуін күтіп отырмыз, онсыз құрылысты
бастамаймыз. Бізге кемінде 1 гектар жер керек. Елшіліктен
өзге де сауда өкілдігін, қонақ қабылдайтын үй салуымыз керек.
Жоғарыдан талап солай, сол себептен Үкіметпен жұмысты
жалғастырып жатырмыз», — деді ол.
Соның алдында ғана Жверинастағы жерді барып көрген
болатынмын. Ол жай жатқан бос жер емес екен, әдемі жа
сыл саябақ, Нерес өзеніне жақын жердің бұрышы, шамасы
2 гектардай. Ал аталған елшілікке осы саябақтан сұрап
отырған 1 гектар жер берілсе, онда саябақтың жартысы ғана
қалады екен. Литва халқының еркіндігі мен заң шеңберіндегі
талапшылдығын ескерсек, саябақтың тең жартысын қандай
ықпалды мемлекеттің елшілігі болса да, құрылыс салуға беріп
қоюы мүмкін емес еді. Бұл мәселенің аса күрделі екенін, де
генмен де осы саябақтан басқа мемлекетке бөлінген жерді
алып қалуға бізде мүмкіндік бар екенін түсіндім.
Дәл сол кезде көптен күткен, маңызды келісімге қол жетті.
2001 жылы сәуір айының басында Президент Н. Ә. Назарбаев
тың Литваға мемлекеттік сапары мақұлданды, жоспарланды.
Енді осыны пайдаланып, барлық дайындық жұмыстарын жүр
гізіп, реті келсе Жверинаста салынбақшы жаңа ғимараттың
дизайн-жобасын дайындап, оны Президентке көрсетіп, рұқ
сатын алып қалу керек болды.
Міне, осы мақсатқа елшіліктің алғашқы салынған, яғни АҚШ
елшілігі жанындағы жаңа ғимаратта Нұрсұлтан Әбішұлының
Литваның беделді қайраткерлерімен бейресми кездесу өткізер
кезінде қолымыз жетті. Жаңадан салынған елшілік ғимараты
ның барлық бөлмелерін Президентке көрсетіп шықтық. Нұр
сұлтан Әбішұлына ғимараттың функционалдығы, материал
дарының сапасы ұнады әрі көңілінен шықты. Соңында менің
кабинетіме келгенде: «Енді бір аса тиімді ұсыныс шығып тұр,
егер сіз қолдасаңыз, қысқа мерзімде іске асыра аламыз», —
дедім. «Иә, тағы не нәрсе, айта бер», — деді Президент.
Шамалы шегініс жасасақ. Президенттің сапарынан бір-екі
ай бұрын архитектор Лаймитус Пенкявичуспен кездесіп: «Қа
зақстанның елшілігінің жаңа ғимаратын тағы да сіз саласыз,
бірақ оны ешкімге дабыра қылмай, Жверинастағы жердің өл
шемін алып, сол араға салынатын құрылыс пен біздің талап
тарымызды сәйкестендіріп, жаңа дизайн-жоба жасауға кірісе
беріңіз», — деген едім. Сол жоба Президенттің келуіне қарай
дайын болды.
Нұрсұлтан Әбішұлына барлық жағдайды егжей-тегжейлі
түсіндіре келіп, егер де мына біз отырған ғимаратқа АҚШ ел
шілігі 3,5 миллион доллар төлесе, соның 1,5 миллион доллары
жаңа жер алуға да, елшілік ғимаратын салуға да жеткілікті
екенін, ал қалған 2 миллион долларды тағы бір елде елшілік
ғимаратын салуға жұмсауға болатынын айттым.
Менің бұл ұсынысыма Президент Н. Ә. Назарбаев риза бо
лып, келісімін берді және жұмысты бастай беруімді тапсырды.
— Ал осыдан 2 миллион доллар артылса, оны бәлкім Түр
киядағы елшіліктің ғимаратын салуға бағыттармыз, — деп
түйіндеді сөзін Елбасы.
Бұл мен үшін үлкен сенім әрі қолдау және жауапкершілік еді.
Алға қойған мәселелерді жан-жақты зерттеуден, пысықтаудан
өткізгеннен бе екен, сол сәтте барлық ойларымыздың іске аса
тынына сенімім мол болды. АҚШ-тың жаңа елшісі Д. Теффке
кездесіп, Президент Н. Назарбаевтың шешімін жеткіздім. Ол
бұл хабарымды қуана қабылдады.
— Біздің тарапымыздан ешқандай мәселе туындамайды,
бөгет болмайды. Келісімшартқа қол қоя салысымен келісіл
ген қаржыны есепшоттарыңызға толық аударып береміз. Ал
сіздің менің әріптесім К. Смитке айтқан өтініштеріңізді қол
даймыз, құрылыс біткенше сол ғимаратта бола беріңіздер.
Өз тарапымнан Литва Үкіметіне көмектесуін сұрап, өтінішімді
жеткіземін, — деді.
Сонымен, екі жақ та келісімшарттың жобасын жасап, бекіту
ге, қол қоюға уағдаластық. Сол мезетте Литва Үкіметі отстав
каға кетті. Литваның бұрынғы Президенті және де Нұрсұлтан
Әбішұлының ескі досы Альгирдас Миколас Бразаускас 2001
жылы 3 шілдеде Үкімет басына келді. Бұл мен үшін жақсы жаңа
лық еді. Шамалы уақыт өткен соң құттықтап шығу үшін әрі ойға
алған ісімді алға жылжыту, шешу мақсатында кездесу сұрадым.
Жаңа Премьер-министр ретінде жұмысы қауырт болса да, көп
күткізбей, кездесуге шақырды. Кездесудің басында Нұрсұлтан
Әбішұлының сәлемін айта отырып, жылы құттықтаудан соң өз
мәселеме көштім. АҚШ тарапының ұсынысын баяндай келіп,
Жверинас ауданындағы бұрын басқа елшілікке бөлініп қойған
40 сотық жерді Қазақстан елшілігіне беруді сұрадым.
— Менің түсінуімше, — деп жалғастырдым өз ойымды, —
ол елдің елшілігіне жердің қаланың нағыз ортасында болуы
маңызды емес сияқты. Бар мәселе — жер телімі 1 гектардан
кем болмауы керек. Ал ондай аумақтағы жерді бүгінде қала
орталығынан табу мүмкін емес болар, осыны ескерсеңіз.
Ал біз қаланың аса көрікті жеріне нұқсан келтірмейміз.
Керісінше, қала архитектурасымен үйлестіре отырып, қысқа
мерзімде әдемі ғимарат тұрғызуға уәде береміз. Сонымен
қатар, тағы бір өтінішіміз бар, қаржы тапшылығына байланыс
ты жердің жарты бағасын төлесек. Сондай жеңілдікті сіздер
де Астанада елшілік ғимаратын салған кезде пайдаланатын
боласыздар. Осыған байланысты тиісті құжатқа қол қоюға
дайынбыз, — деп ойымды да, айтар сөзімді де аяқтадым.
Литва тәуелсіздігінің символына айналған Альгирдас Браза
ускас өте байсалды, сабырлы, зор пішіміне парасаты сай, көпті
көрген және де елде аса беделді тұлға болатын. Біздің елшілік
те Нұрсұлтан Әбішұлымен болған соңғы бейресми кездесуде
екеуі көп әңгімелесіп, өткен шақтағы шым-шытыр оқиғаларды,
сындарлы сәттерді еске алып, аса риза көңілмен тарасып еді.
Сол бір әсерлі кездесулер оның жадында екені де ақиқат. Мүмкін
осы жайттар Альгирдас Бразаускастың менің бар сұрағымды,
өтінішімді асықпай, байыппен тыңдауына ықпал етті ме деймін.
Ол сөзімді бөлмей, мән-жайды тыңдап алды да:
— Мен сізді түсіндім! Бұл мәселені зерттеуді тиісті бөлімге
тапсырамын, қысқа мерзімде шешім қабылдауға тырысамыз.
Ал әзірге Астанада елшіліктің ғимаратын салуға бюджетте
қаржы жеткіліксіз, сол себепті ол — болашақтың ісі, бірақ қазақ
достарымыз үшін бір оңтайлы шешімін қарастырамыз, — деді,
маған жымия қарап. Мен ризашылығымды білдіріп, жаңа мәр
тебелі қызметіне табыс тілеп қоштастым.
Литваның Үкімет басшысымен келіссөздің сәтті өткені ша
малы күндер өткен соң-ақ белгілі болды. Жверинастағы жерді
бөлу туралы біздің тарапымыздан ресми хат сұратты және
де дизайн-жоба болса, соны да қоса жіберуді өтінді. Бір ай
өтпей жатып, Казимира Прунскене ханым телефон шалып,
жақсы хабар жеткізді. Жверинастағы 40 сотық жерді саябақтың
көлемінен шығарып, Қазақстан елшілігіне сату туралы Үкіметтің
шешіміне Премьер-министр қол қойыпты! Үкіметтің сол шешімі,
енді бірер күнде қолдарыңызға тиіп қалар деді.
Бұл мен үшін, елшілік қызметкерлері үшін үлкен жетістік,
зор қуаныш еді. Бір жылға таяу осы бағытта табанды, жүйелі
жұмыс жүргіздік. Көптеген кездесулер өткіздік. Соның бәрін
жария етпей, құпия ұстауға тырыстық. Өйткені Литвадағы ықпал
ды мемлекет тек біреу ғана емес еді. Өзге де мемлекеттер өз
тараптарынан осы жерді алуға әрекет жасауы әбден мүмкін
болатын. Ақырында, екі-үш күннен кейін Литва Үкіметінің шешімі
қолымызға тиді. Соны орталыққа тездетіп хабарлап, жұмысты
жалғастыруға, келісімшарт дайындауға, құрылысты бастауға
қажетті құзыреттің бәрін алдық. Келісімшартқа қол қойылған соң,
көп созбай АҚШ тарабы өз уәдесін толық орындап, 3,5 миллион
долларды біздің есепшотымызға аударып берді. Осы қаржының
1,5 миллион доллары біздің елшілікте қалды да, ал қалған
2 миллион доллары Түркиядағы Қазақстан елшілігінің есебіне
жіберілді. Түркияда сол кезде Қайрат Сарыбай елші болатын.
Кейін бір кездескенімізде ол бізден түскен қаржыға елшіліктің
ғимараты мен резиденциясы салынды деп айтқаны бар-ды.
Вильнюсте құрылыс шұғыл басталып кетті. Елшіліктің жаңа
ғимаратының алғашқы кірпішін өзім қаладым. Жер жеткілікті
болғандықтан, елшілік ғимаратымен қатар осы араға жеке
консулдық бөлім, қонақ бөлмелер салуды да жоспарладық.
Құрылыс аяқталуға жақын қалған тұста сол кездегі еліміздің
Сыртқы істер министрі Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев теле
фон арқылы хабарласып: «Сізді Малайзияға елшілікке жіберуге
шешім қабылданды, қоштасып, 15–20 күннің ішінде Астанаға
келіңіз», — деді.
Бұл мен күтпеген, бірақ мезгілі пісіп болған жаңалық еді.
Әрине, өзіме салса, елшілік ғимаратының құрылысын толық
бітіріп, оны салтанатпен ашып кетсем деген ой болғаны рас.
Бірақ дипломатиялық қызмет қатаң тәртіпке негізделгендіктен,
хабар алған соң елге қайтуға жинала бастадық. Алдымен,
Эстония мен Латвияға барып қабылдау жасап, жергілікті дип
ломаттармен, елдің саяси қайраткерлерімен, қоғам белсен
ділерімен қоштасып қайттық. Енді Литвада қабылдау жасау
дың арнайы күнін белгілеп, тиісті шақыру хаттарын жіберіп,
дайындық жүргіздік. Соған бір күн қалғанда Литва Президенті
протоколының басшысы хабарласып: «Ертең сағат 12.00‑де
сізбен Президент В. Адамкус ресми кездесу өткізбекші, жұба
йыңызбен келіңіз», — деді.
Сол айтылған уақытта Президент сарайына келдік. Негізгі
салтанат залына өттік. Сол залдың есігі ашылғанда байқаға
ным, Президент В. Адамкус және бірнеше ресми адамдар
бізді күтіп тұр екен. Президент В. Адамкус жылы амандасып,
менің елші ретіндегі Литвада атқарған қызметіме жоғары баға
берді. Екі елдің арақатынасындағы жеткен жетістіктерді тіз
белеп айтып шықты. 2000 жылдың мамырында Астана мен
Алматыда өткен мемлекеттік сапарын жылы лебізбен еске
алды. Сөзінің соңында: «Осы еңбегіңізді ескере келе, сізді
Литва Республикасының жоғары наградасы — Ұлы Князь Ге
диминас орденімен марапаттау туралы шешім қабылдадым.
Қазір сол Орденді сізге тапсырамын», — деп мойныма бағалы
металдардан жасалған орденді лентасымен ілді. Соңынан
түскі ас ішуге шақырып, келесі залға өттік. Бұл арада Сыртқы
істер министрі Антанас Валионистің қатысуымен бізге арнайы
қонақасы берілді. Көңілді өткен дастархан басындағы отырыс
тың соңында Президент В. Адамкус тағы да жылы лебіздерін
айтып, ақ жол тіледі. «Сіз үшін Литваның есігі әрдайым ашық!»
деп ыстық ықыласпен қоштасып, шығарып салды.
Келесі күні Литва Премьер-министрінің көмекшісі телефон
шалып, Альгирдас Бразаускас қабылдауына шақыратынын
хабарлады. Премьер-министр кездесу барысында менің Лит
вадағы елші ретіндегі қызметіме өз ризашылығын білдірді,
жоғары баға берді, Қазақстан мен Президент Н. Назарбаевқа
деген үлкен құрметі мен шынайы көңілін жеткізді. Жаңа қыз
метімде зор жетістіктерге жетуіме тілектестігін айта отырып,
иығыма, литвалықтардың құрметті қонақтарына көрсететін
салтына сәйкес, арнайы лентасын ілді.
Міне, осылайша, 1997 жылы 1 желтоқсаннан басталған бей
таныс елдегі елші қызметім төрт жарым жылдан соң, осындай
жақсы нәтижемен, құрметпен, қимастық көңілмен аяқталды.
Алда тағы бір бейтаныс ел, жаңа міндеттер күтіп тұрды…
МАЛАЙ ҰЛТЫНЫҢ КӨШБАСШЫСЫ
МОХАММАД МАХАТХИРДІҢ САЯСИ ЖОЛЫ
МЕН ҰСТАНЫМЫ
Куала-Лумпурдағы шет мемлекеттердің елшілері 2003 жылғы
19 маусым күнге белгіленген елдің басқарушы партиясы болып
саналатын Біріккен Малай Ұлттық Ұйымының (БМҰҰ) жылдық
Бас ассамблеясына қатысуға арнайы шақыру хатын алдық. Дип
ломатиялық ортада осы жиынға байланысты түрлі әңгімелер
жүріп жатқан еді. Негізінен бұл әңгіменің бәрі де Малайзия
ның Премьер-министрі қызметінде соңғы 23 жыл бойы отырған
М. Махатхирдің өз еркімен қызметінен кету мәселесі партияның
осы форумында шешіледі екен дегенге саяды. Сол себептен
де болар, Бас ассамблея өтетін «Конгресс Холда» шетелдік
тілшілердің қарасы тым көп. Менің әріптестерім — елшілердің
де бірі қалмай осы жиынға келген сияқты көрінді. Залда орын
алған партия делегаттары шамамен 2 мыңнан асады. Форумға
жиналғандардың барлығы да бір жаңалық болып қалар деп,
қобалжулы сияқты. Залда бейсауат ары-бері жүріс жоқ. Бәрі
де тапжылмастан тып-тыныш өз орындарында отыр. Әлдебір
іштей толғаныс, беймаза ахуал бары сезіледі.
Күн тәртібі бекітіліп, барлық процедуралық дауыс беру
рәсімі аяқталды. Сөз Премьер-министр Мохаммад Махат
хирге берілді. Сол кезде жасы 78‑де болса да, бойы жинақы,
жүріс-тұрысы ширақ болатын. Сөйлеген сөзі де анық, шашы әлі
ағара қоймаған, соған қарап алпыс жасқа енді келген сияқты
деп топшылауға болар еді. Әдеттегідей сөзін жай дауыспен,
асықпай, әр сөзді анық жеткізіп, баяу бастады. М. Махатхирдің
сөзі ілеспе аударма арқылы ағылшынша беріліп жатыр. Ол
өз сөзін ел тарихынан тереңнен тарта сөйлей бастағанына
қарағанда, елді басқарған 23 жылдық қызметіне есеп беріп
тұрғандай көрінді. Шынында да солай болып шықты. Қалып
тасқан тәртіпке байланысты әр сөзін қалдырмай жазып алуға
тырысып жатырмын. Жанымдағы өзге елші әріптестерім де
қаламдары қолдарында, қағаздан бас алар емес.
— Біз бүгін Біріккен Малай Ұлттық Ұйымының кезекті Бас
ассамблеясын тыныш әрі қауіпсіз жағдайда, елдің жақсы дамуы
кезеңінде өткізіп отырмыз, — деп бастады сөзін Премьер-
министр. — Сонымен қатар тәуелсіздік алғаннан бері елді
басқару партиясы атану үлкен жетістік болды! Осы жылдар
ішінде 5 миллион болған малай халқының саны 25 миллионға
жетті. Бұрын тек каучук пен пальма майынан басқа өндірісі
жоқ малай елі дамыған елдердің қатарына қосылды. Елдегі
барлық этнос тыныштықта өмір сүруде. Малай балаларының
қолынан бұрын тек егіс егу немесе балық аулау ғана келетін
еді, енді олар барлық салада жоғары білім мен мамандыққа
ие болды. Бүгінгі күні көптеген малай азаматтары мемлекет
қайраткері, профессор, генерал атанды, бизнестен миллио
нерлер шықты, халықаралық ұйымдарды басқаратын дәрежеге
жетті. Бүкіл мұнай, газ саласы ұлттың меншігіне өтіп, ол ұлттың
байлығына айналды. Мемлекеттік «Петронас» компаниясы
бүгінде 32 елде жұмыс істейді. Елдің байлығын арттыруға және
қысқа мерзімде көптеген мұнай-химиялық өнеркәсіптер салуға
қол жетті. Бүгінде «Петронас» 500 әлемдік ірі компанияның
құрамына кіреді.
Әлем де осы кезеңде күрделі өзгеріске ұшырады. Техника
мен ғылымның жетістігі Жер шарын кішірейтіп, тарылтып жі
берді. Барлық елдер көршілер сияқты болып қалды. Бүгінде еш
нәрсені жасыру да, құпия ұстау да мүмкін емес. Мемлекеттің
ішкі ісіне араласпау саясаты бұзылып, алпауыт елдер тікелей
немесе жанама араласу саясатын қолға ала бастады. Керек
десеңіз, күш қолданатын жағдайға да жетті. Шығыс коммунис
тік блок ыдырап, бір полярлы капиталистік әлем құрылды, ол
тек еркін сауда мен либералды демократияны қолдауға көшті.
Жаһандандыру саясатын әлемдік экономиканы бақылауда
ұстау үшін белсенді енгізе бастады. Біз 450 жылдан астам
уақыт еуропалықтардың отарлық қыспағында болдық. Қазір
де олар осы саясатынан бас тартқан жоқ. Сол себептен біз
оларды жақсы білуіміз керек. Өйткені сонда ғана біз олармен
тең, өз пайдамызға сай қарым-қатынас жасай аламыз.
Мен еуропалықтарға қарсы емеспін, достарым да көп! Бірақ
олардың екі мың жылдық тарихы соғысқа толы болды. Басқа
елдердің территориясы мен байлығын тонаумен ерекшеленеді.
Біздің жерімізге олардан бұрын арабтар, үндістандықтар кел
ген. Бірақ олар тек сауда жасаумен шектелсе, еуропалықтар
біздің территориямызды күшпен басып алып, байлығымызды
тонап, халқымызды қырып, өзіне бағындырды. Мысалы, қы
тайлар жарылғышты ойлап тапты, бірақ оны тек «айдаһар
ды қуу» үшін, былайша айтқанда, мерекелерде отшашу үшін
пайдаланды. Ал еуропалықтар Қытайға кіргенде, бар ойы осы
жарылғышты соғыс мақсатында пайдалану болды. Бүгінде
оларда қарудың барлық түрі бар, атом бомбасы да жеткілікті.
Бірақ ол да аз көрінеді, адамды жаппай қырудың басқа жол
дарын іздестіруде, миллиардтаған қаржыны осыған жұмсауда.
Сол себептен Еуропаның бұрынғы тарихы соғыстар тарихы
болса, бүгін де солай. Оларда аяушылық деген сезім жоқ.
Мысалы, еуропалықтар еврейлерді христиан дініне өтпестен
бұрын жек көрген. Ал христиан дінін қабылдағаннан кейін ев
рейлерді Иисусты римдіктерге сатқаны, оны крестке таңып
өлтіргені үшін тіпті жек көріп кетті. Көптеген ғасырлар бойы
еврейлердің үйлерін, синагогасын қирату тұрақты сипат алды.
Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде ол шегіне жетті, 6 миллион
еврей өлтірілді. Бірақ олар әлі де Еуропада жеткілікті болатын,
оларды өз елдерінен аластату үшін Палестина арабтарының
жерін тартып алып, Израиль мемлекетін құрды. Содан бері
Таяу Шығыста бейбіт өмір болған емес, енді болмайтын да
шығар. Бүгінде палестиналық балалардың лақтырған тасына
Израиль әскері оқпен жауап беруде, оны еуропалықтар біле
тұрып, тек Израильды қолдайды.
Ал 2001 жылы 11 қыркүйекте болған Америкадағы террорис
тік шабуыл англосаксондардың баяғыдай қырғын жасайтын
дәстүріне жол ашып берді. Енді терроризмге қарсы соғыс деген
желеумен кез келген мұсылман еліне шабуыл жасай алады.
Есепсіз, жауапсыз мұсылмандарды өлтіре алады. Олар айып
ты ма, жоқ, айыпсыз ба, бәрібір. Менің айтқандарымның бәрі
рас екені әлемге белгілі. Мен мұны қорқыту үшін емес, қандай
қауіптің алдында тұрғанымызды білдіру, соған дайын болуды
ескерту үшін айтып отырмын.
Тағы да айтамын, мен нәсілшіл емеспін, еуропалықтарды
жек көруге шақырмаймын. Бірақ олардың біздің өмірімізде,
ұлтымызда, дінімізде болашақта үлкен роль атқаратынын жақ
сы сезінемін. Сол себептен біз оларды терең біліп, алдын ала
стратегиялық шаралар қабылдауымыз керек. Біз тәуелсіз ел
болдық, қарқынды дамуды қамтамасыз еттік, бірақ егеменді
гіміз мәңгі болу үшін алдымызда әлі де көп қиындық тосып тұр.
Қазір Біріккен Ұлттар Ұйымы ешкімді де, ешқандай елді де
қорғай алмайды, қауқарсыз. Мүмкін біздің жерімізді бұрынғы
өткен тарихтай ешкім басып алмас. Бірақ экономикамыз, мә
дениетіміз, дініміз олардың тұрақты нысанасы болатыны сөз
сіз. Мысалы, мәдени және әлеуметтік салада еуропалықтар
ешқандай шектеусіз жеке адамның бостандығын енгізгісі
келеді. Оларға отбасы, заңды неке деген құндылық емес.
Еркін жыныстық қатынас — олардың бүгінгі қорғайтын, дәріп
тейтін құндылығы. Ал біздің экономикамыз, оларға салсақ,
шектеусіз ашық болуы керек, үкіметіміз жергілікті кәсіпкер
лерге, әлсіз этностарға көмек бермеуі тиіс. Турасын айтқанда,
олардың мықты компаниялары елге еркін кіріп, біздің әлі де
күшіне толық кіре қоймаған бизнес пен банктерге бәсекелес
болуына жағдай жасауымыз керек. Мақсаттары — гигант
компаниялар біздің бар бизнесті жұтып қойып, малайлар тек
олардың жұмыс күшіне айналуы керек. Осылайша біздің елдің
экономикасын тәуелді етпекші. Оларға Дүниежүзілік сауда
ұйымы өзінің дамушы елдерге ұстанған қатаң талаптары мен
шектеулері арқылы көмек беруде. Естеріңізде болсын, егер
елде экономикалық тәуелсіздік болмаса, басқа тәуелсіздік
те болмайды!
Демократия саласында біздің жетістігіміз көп. Бірақ Батыс
оны бағаламайды. Олар біздің Үкіметтің жиі ауысуын қалайды.
Ал ондай елде қандай тұрақтылық пен даму болуы мүмкін?
Біздің елдегі бейбіт өмір, этносаралық, дінаралық сыйластық
пен түсіністік, аса қарқынды даму оларға жетістік емес, ол —
антидемократия, диктаторлық режим болып көрінеді. Бізді
диктаторлық режим дейтіндей олар кім сонда? Солар емес
пе бұрынғы отаршылар, диктаторлық басқарушылар, елді то
наушылар, халықты қырғандар, еліміздің жері мен байлығын
басып алғандар! Енді олар демократияны орнатушы болып
өзгере қала ма? Бірінші айнаға қара, кім екеніңді көр! Олардың
проблемасы — өздеріне біреуді сынайтындай құқық беруі.
Біз олардың құрған тұзағына түсіп қалмау үшін өте сақ, абай
болуымыз керек!
Енді ішкі жағдайға келсек, бұнда да сыртқы жағдайдан кем
емес мәселелер баршылық. Әртүрлі этностардың арасын
дағы қарым-қатынас әлі де нәтижелі емес, өйткені жастар өз
тіліндегі мектепке барады. Сол себепті және жас буынның
бәсекелестік қабілетін күшейту үшін мектептерде ғылым мен
техниканы ағылшын тілінде өткізуге шешім қабылдадық. Енді
оны саясатқа айналдырмау керек. Сонымен қатар мектепте
ислам дінін оқуды, оған тиісті жағдайлар жасауды Үкімет қолға
алады. Көзі ашық бала басқа ағымның жолына түсіп кетпейді.
Премьер-министрдің айтқан сөздерін, көңіл толқынысын
жиналғандар ұйып тыңдады десе де болғандай еді. Одан әрі
М. Махатхир өз сөзінде елді басқарушы партия туралы, оның
ішкі жағдайы, партия мүшелерінің арақатынасы, қоғамдағы
жетекші ролі мен жауапкершілігі туралы ойларымен бөлісті.
Партияға пайда табу үшін емес, оған әркім өз үлесін қосу үшін
мүше болуды талап етті. БМҰҰ-ны жеңетін оппозиция емес,
БМҰҰ-ның өзі жеңілетін, — деп ескертті.
— Жемқорлық, менмендік, халықтың мұң-мұқтажына құлақ
аспау, өз мүддесін жоғары қою — партияның әлсіреуіне, бе
делінің жоғалуына алып келеді. Осыған жол бермеуге тиіспіз, —
деп талап қойды. — Ұзақ жылдар мені қолдаған малайлық
тарға, жалпы халыққа алғысым шексіз! Егер кемшілігім, қа
телігім болса, айыпқа бұйырмаңыздар! Менің Алладан ендігі
сұрайтыным — елімнің амандығы, жарқын болашағы. Менің
жеткен немесе жетпеген жетістіктерімді халық пен тарих айта
жатар, бағасын берер, мен өз миссиямды аяқтадым! — деп
М. Махатхир сөзін қорытындылады.
Жиналған депутаттар да, қонақтар да жым-жырт. Мына сөзге
сенерлерін де, сенбестерін де білмейді. Өйткені осыдан бір
жыл бұрын, 2002 жылы маусымда болған партияның жылдық
Бас ассамблеясында М. Махатхир алғаш рет өз қызметінен
кететіні туралы хабарлаған болатын. Бірақ сол жиында бүкіл
делегаттар қауымы орындарынан тұрып кетіп, трибунаға жү
гіріп, айқай-шумен, көпшілігі жылап та, былайша айтқанда,
көз жастарымен М. Махатхирдің шешіміне қарсы шыққан-ды.
М. Махатхирді көп үгіттеудің нәтижесінде оның келесі жылдың
қазан айына дейін қызметінде болатыны туралы кейін хабар
айтылған еді. Содан бері М. Махатхир өз ойынан қайтқан болар
деген де қауесет жүрген, енді мына сөзі оның 2003 жылдың
қазанында қызметінен түпкілікті кететініне күмән қалдырмады.
Шынында да солай болды. 2003 жылы 31 қазанда Путра
жаядағы Король сарайында Мохаммад Махатхир Премьер-
министр қызметін ресми түрде тапсырып, үлкен құрметпен,
салтанатпен, өзіне де, жұбайына да берілген «Тун» деген аса
мәртебелі титулмен зейнетке шықты.
Негізінде М. Махатхирдің қызметінде бір жылдан астам қала
тұруының басты себебі — 2003 жылы қазан айының 16–17-сі
күндері Куала-Лумпурда Ислам Ынтымақтастық Ұйымының
(ИЫҰ) Х саммитін өткізу жоспарланған болатын, осы саммитті
жоғары деңгейде өткізуді ол өз мойнына алған еді.
Халықаралық қоғамдастық пен бұқаралық ақпарат құрал
дарында М. Махатхирдің партия жиналысында сөйлеген сөзі
үлкен резонанс тудырғанын айта кеткен жөн. Міне, сондағы
өткір де ашық сөзінен кейін, енді қабылдаушы елдің басшысы
ретінде М. Махатхирдің ИЫҰ-ның ашылу салтанатында да
не айтар екен, қандай ойларымен бөліседі екен деген қы
зығушылық дипломатиялық ортада ерекше болды.
Ислам Ынтымақтастық Ұйымының бұл форумына 30‑дан
астам мемлекет басшылары мен премьер-министрлер қатыс
ты. Қазақстан делегациясын Сыртқы істер министрі Қасым-
Жомарт Кемелұлы Тоқаев бастап келді. Форумға қонақ ретінде
РФ Президенті В. Путин де қатысты. Саммитті Малайзияның
Премьер-министрі М. Махатхир сөз сөйлеп, ресми ашты. Оның
сөзі осы жолы да өткір, ащы шындыққа толы болды, бұл жолы
да әлемде үлкен резонанс туғызды. Тіпті бүкіл дүниені дүр
ліктірді десем де артық болмас. Келген қонақтарға «Қош кел
діңіздер!» дей отырып, М. Махатхир осы саммиттің исламның
болашағына оң әсер береріне сенімді екенін жеткізді.
— Бүкіл әлем бізге үмітпен қарап отыр, — деп бастады өз
сөзін М. Махатхир. — Әсіресе 1,3 миллиард мұсылман! Олар
біздің ислам мен мұсылмандардың ар-намысын, мәртебесін
қорғауға, беделін көтеруге қабілетіміз барына сенімді болмаса
да, үмітін үзбейді. Өйткені олар бүгінгі күні қатты қысым мен
жәбірлеуге ұшырап отырған бауырларына алаңдайды. Бірақ
мұсылман елдерінде, мұсылмандардың өздерінде бірлік жоқ,
бөлініп кеткен. 1400 жылдан астам уақыт бойы ислам дінін тал
дау, зерттеу үстіндеміз. Мұхаммед пайғамбар қалдырған бір
ілімді қайта-қайта қарастырып, әркім өзіне лайықтап түсіндірме
бергендіктен де, бүгінде ол үлкен айырмашылыққа алып келді.
Әр топ бір-біріне қарама-қайшы болып, соғысуға дайын жағдай
қалыптасты. Бір діннің негізінен бастау алған мұсылмандар бір
неше мәсхабқа, тарихатқа, сектаға бөлініп, тек өзінің ұстанған
бағыты нағыз ислам жолы деп есептейтін дәрежеге жетті. Ал
біздің жауларымыз бен көреалмаушыларымызға біздің ұстанған
ислам дінінің жолы, бағыты маңызды емес! Олар үшін біз жалпы
мұсылмандармыз, демек лаңкестерді қолдаушылармыз! Біз
суннитпіз бе, әлде шиитпіз бе, ол да оларға бәрібір. Олар бізге
шабуыл жасауға, өлтіруге, жерімізді басып алуға дайын тұр.
Біз осындай жағдайды қаперге де алмаймыз, бөлініп кеткен
біз. Еске салсам, алғашқы ұлы математиктер мен ғалымдар,
астрономдар мен физиктер мұсылмандардан шыққан! Олар
өз заманында өздерінің білімімен басқалардан озық болған,
сонымен қоса ислам дінін де оқып, дамытып отырған. Осының
арқасында мұсылман елдері жақсы дәрежеге жетіп дамыған,
сауданы бүкіл әлемде жүргізген, өздерін қорғай білген. Сол кез
дерде еуропалықтар артта қалып қойған болатын. Олар мұсыл
ман ғалымдарына бас иіп, өздерінің білімін көтеруге ұмтылған.
Бірақ уақыт өте келе мұсылмандар осы жетістігінен айырылып,
ислам дінін тәркілеумен, теологиямен ғана шектеліп қалған.
Осыдан барып мұсылман қауымы интеллектуалдық регресске
ұшыраған. Өндірістік революцияны мұсылман елдері толық
пайдалана алмады. Соңғы күшті мұсылман елі — Осман им
периясы тараған соң көптеген мұсылман елдері Британия мен
Францияның боданына айналды. Тек Екінші дүниежүзілік соғыс
тан соң ғана олар тәуелсіздікке қол жеткізді. Сол тәуелсіздікпен
бірге біз батыстық демократиялық жүйені қабылдай бастадық.
Соған сәйкес түрлі партияларға, топтарға бөліндік. Бірақ сол
жүйені дұрыс пайдаланбай, сайлауда жеңілсек, мойындамай,
қолға қару алып, одан сайын елдерімізді әлсіреттік.
Қорыта айтқанда, тәуелсіздік біздерге — мұсылман қауымы
на бірлік, ынтымақ әкелмеді. Осындай жағдайда еуропалықтар
ойына келгенін істеуге мүмкіндік алды. Мысалы, мұсылмандар
дың территориясын тартып алып, Израиль мемлекетін құрып,
өздеріне проблема туғызған еврейлер мәселесін шешті. Бөлініп
кеткен мұсылман елдері осындай жағдайларға, Израильдің
агрессиясына тосқауыл қоя алмады. Кейбіреулер кедейлік
пен қиыншылықты, қысым көруді — мұсылмандықтың жолы,
тағдырымыз деп қарайтын болды. Тіпті бүгінгі өмір біздікі емес,
келесі өмір — пейіш біздікі дейді. Біздің бар білетініміз — қатып
қалған дәстүрлер, ерекше киім киген түріміз. Біз бәрі Құдайдың
ісі деп қарастырып, тағдырға бойұсынып отырмыз. Шынында
осы Алланың ісі ме? Құранның 11‑сүресінде: «Алла қоғамның
өмірін, тағдырын өзгертпейді, егер олар өздері оны өзгертуге
әрекет жасамаса», — деп жазылған.
Осы жерде тарихтағы ұлы ислам өркениетін еске алу керек,
білім мен ілімнің, бірліктің арқасында үлкен жетістікке, даму са
тысына жеткен сол өркениеттің ұрпағы — біз қазір 1,3 миллиард
мұсылманбыз. Әлемдегі ең бай мұнай ресурстары бізде. Бізде
басқа байлық та жеткілікті. Біз әлемнің экономикасы мен қаржы
саласын жақсы игергенбіз. Әлемдегі 180 елдің 57‑і — мұсылман
елі. Халықаралық ұйымдарда даусымыз жеткілікті, бірақ осыған
қарамастан, біз әлсізбіз, өзімізді қорғай алмаймыз. Өйткені біз
ғылымды үйренуден гөрі шариғатты талдауды дұрыс көреміз.
Бізге керегі — қару, ұшақтар, зымырандар, танктер, кемелер!
Оны біз өзіміз жасай алмаймыз, жауларымыздан сатып аламыз.
Біз Алланың сөзіне емес, сыртқы көрініске, ескі дәстүрлерге бет
бұрып кеттік. Біз өткен ғасырлардағы мұсылмандардың өмір сүру
жолын ұстанғымыз келеді, оны нағыз ислам жолы деп атаймыз.
Ал ондай жол заманына лайықты болуы керек! Осыны біздің
жауларымыз пайдаланып отыр. Заман өзгерді, мәселе ислам
дінін өзгерту емес, оның ілімдерін заманға қарай пайдалану,
өйткені қазіргі заман хижраның бірінші ғасырынан тіпті бөлек,
өзгеше. Ислам — шынайы дін, бірақ оны түсіндіретіндер пай
ғамбар емес қой, дұрыс бағыт бермеуі әбден мүмкін.
Міне, осылайша бүгінгі күні бүкіл мұсылман уммасы бөлініп
кеткендіктен, дінімізге құрмет төмен, елдеріміз тәуелді, халқы
мыз қиыншылық көруде. Шындығына келгенде, ешқандай
мұсылман елі толық тәуелсіз емес. Егер біздің жаулары
мыз елдерімізге шабуыл жасаймын десе, оған қарсы тұрар
қауқарымыз жоқ. Біздің қаруымыз тек ашу-ыза білдіру. 1,3
миллиард мұсылманға басқа жол жоқ па? 1,3 миллиард мұ
сылман бірнеше ғана миллион еврейге тәуелді болуы керек
пе? Бізге ойланатын уақыт келді. Жарты ғасыр Палестина
үшін күресудеміз, неге қол жеткіздік? Ештеңеге! Жағдай одан
әрі ушығып кетті. 1,3 миллиард халық — бұл үлкен күш, оны
ысырып тастау мүмкін емес. Еуропалықтар 12 миллион ев
рейдің 6 миллионын қырып тастады. Бірақ бүгін еврейлер
басқалар арқылы, сенімді өкілдері арқылы әлемді билеп
отыр. Басқалар солар үшін соғысып, солар үшін өлуде. Біз
олай істей алмаймыз, өйткені 1,3 миллиард мұсылман мем
лекеттерінде бірлік жоқ. Әрине, мұсылман қауымын қорғау
үшін бірінші өзіңнің еліңде тәртіп орнатуың керек. Дамудың
жоғарғы сатысына көтерілуің керек. Сол байлықпен, күшпен
басқалар санасатын болады. Қорғаныс қабілетің күшейеді.
Қандай жағдайда болмасын, күрес, бірлескен, біріккен әрекет
жақсы нәтиже береді.
Біздің қарсы жағымызда тұрған халық — ойлай білетін
халық. Екі мың жыл қысым көрген, аяусыз соққылардан көз
ашпаған сол халық қарсы әрекет жасаған жоқ. Олардың құралы
тек ойлану ғана болды. Олар социализмді, коммунизмді, адам
құқығын қорғау, демократия деген ұғымды ойлап тапты, ал оны
іске асырудағы мақсаты — тең емес ортада тең құқыққа ие
болу. Соның арқасында ең бай, күшті мемлекеттерді кішкентай
ғана ұлт өз ықпалында ұстап отыр, әлемдік күшке айналды.
Олармен күресу үшін біз күшімізді емес, миымызды пайдала
нуымыз керек. Осындай ықпалдың, жетістіктердің арқасында
қазір олар менмендікке ұшырап отыр, олай болса, олар ойлау
ды азайтып, қателікке ұшырауы әбден мүмкін.
Осы Х конференция бізге жаңа және оң бағыт береді, Алла
бізге жетістіктерге жетуге қолдау көрсетеді деп сенемін!
Батыл әрі тым ашық, ерекше толғаныспен сөйлеген Мохам
мад Махатхир өз баяндамасын осы сөздермен аяқтады. Қаты
сушылар орындарынан тұрып, ұзақ қол шапалақтап, ерекше
құрмет көрсетті. Шетелдік әріптестерім, елшілер М. Махатхирдің
сөзінен кейін орындарынан тұрып, кете бастады. Мына сенса
циялық сөзді тезірек елдеріне жеткізуге асыққаны белгілі еді.
Бастапқыда Ислам Ынтымақтастық Ұйымының саммиті,
оның жұмысы туралы «CNN», «BBC» каналдары ешбір хабар
бермесе де, сол күні кешке барлық шетелдік телеарналардан,
олардың ішінде жоғарыда аталған каналдар да бар, М. Махат
хирдің сөйлеген сөзіне теріс баға беріліп, саясаткерлер мен
ресми адамдар жаппай сынап жатты. Тіпті оның сөзіне де,
өзіне де «антисемиттік», «арандатушылық» деген айыптар
тағылды. Еуропа Одағы, АҚШ, Австралия, Ұлыбритания М. Ма
хатхирді ресми түрде айыптады. АҚШ Президенті Д. Буш: «Бұл
М. Махатхирдің сөзі менің барлық сеніміме қарсы. Мен оны
көпе-көрінеу жалған және жала деп есептеймін», — деді. Из
раильдің Сыртқы істер министрлігі арнайы мәлімдеме жасап,
М. Махатхирдің сөзін «нацизмге» теңеді. «Премьер-министр
Холокостың құрбаны болған 6 миллион еврейдің рухын қорла
ды» деп айыптады. ЕО-ның саммитінде М. Махатхирдің сөзін
айыптап, арнайы қаулы дайындалды. Тек Франция Президенті
Жак Ширактың қолдамауы себепті ол қаулы қабылданбады.
АҚШ конгресі де осындай қаулы қабылдауды ұсынды. БАҚ-
тың бәрі М. Махатхирдің «Еврейлер әлемді басқалар арқылы,
сенімді өкілдер арқылы билейді, олардың игілігі үшін басқа
лар соғысып, басқалар өлуде» деген сөзін қайыра-қайыра
қайталап берумен, жазумен болды. Ал тереңірек зерделесек,
негізінен М. Махатхир өз сөзінде ынтымағы аз мұсылмандар
қауымын, олардың бірлескен іс-әрекет жасауға қабілетсіздігін,
қауқарсыздығын сынға алған болатын.
Бұл жағдайдың одан әрі өршігені соншалықты, М. Махатхир
ден кешірім сұрауды талап еткендер де болды. Бірақ ол кешірім
сұраудан бас тартты. Батыс елдерінің айқай-шуын М. Махатхир
қос стандарт тәжірибесінің көрінісі деп атады. «Мұсылман
елдерін сынағанда алдарына жан салмайды, ал өздері сынды
көтере алмайды», — деп қарсы уәж айтты. М. Махатхир өзіне
Батыстың айқайы емес, жалпы мұсылман қауымының оның
сындарын дұрыс қабылдағаны маңызды екендігін айтып, өз
пікірінен айнымай тұрып алды.
Қазақстанның Сыртқы істер министрі Қасым-Жомарт Ке
мелұлы Тоқаевтың осы саммиттегі жұмысы аса нәтижелі болды.
Көптеген екі жақты кездесулер өткізді. Малайзияның орталық
телеарнасына арнайы сұхбат берді. 17 қазан күні саммит оты
рысында Қ. К. Тоқаев сөз сөйлеп, Президент Н. Ә. Назарбаев
Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі
Қ. К. Тоқаевпен.
17 қазан, 2003 жыл, Куала-Лумпур
тың хатын қатысушыларға таныстырып өтті. Ол хат ИЫҰ-ның арнайы веб-сайттарында жарияланып, әлемге тарады. Сан алуан пікірлер мен көзқарастар тудырғанына қарамастан жоғарыда келтірілген М. Махатхирдің сөзінен және айтылған ойларынан оның ұстанған принциптері мен позициясы, батыл дығы, қажыр-қайраты мен жігері, терең де ауқымды ақыл-ойы, көрегендігі, бүкіл мұсылман қауымы үшін ішкі күйзелісі толық байқалды деуге болады. Мұсылман дінін ұстанған елдің елшісі ретінде барлық мерекелерде М. Махатхирмен кездесуге, сөй лесіп, пікір алмасуға мүмкіндік болып тұрды. Әсіресе ораза мен құрбан айттарындағы қабылдаулары ұзаққа созылатын. Бірлесіп намаз оқылатын. Елшілерді қонақ ретінде асықпай күтетін. Жүріс-тұрысы, болмысы ерекше сыпайы, қарапайым дылығынан әрдайым таймайтын. Қонақтарын үнемі ұлттық киіммен қарсы алатын. Мұсылман мерекесі күндері халық оның резиденциясына емін-еркін келіп амандасып, дәм татып кете беретін. Әділеттілігімен, тазалығымен, кең пейілімен, қарапайымдылығымен халық арасында ерекше беделге ие болған М. Махатхирдің биліктен кетуі Малайзияның халқы үшін аспаннан жай түскендей әсер етті. Дегенменде биліктен кету жайын М. Махатхир 1990 жыл дардың аяғында-ақ ойлана бастағаны белгілі. Ол бұл ойын жасырған да емес. Үкімет басшылығынан кете қалған жағдайда М. Махатхир өзінің орнына жас буынның өкілі Ануар Ибрагимді бірден-бір кандидат ретінде қарастырғаны да анық болатын. Ол оны жақын тартып, оған арқа сүйеп, болашағынан зор үміт күткен еді. 1947 жылы туған Ануар Ибрагим — 1991–1998 жылдары қаржы министрі, 1993–1998 жылдары Премьер-министр М. Ма хатхирдің орынбасары қызметін қоса атқарған. А. Ибрагим сая сатқа ерте араласып, студент кезінде малай жастарының бедел ді жетекшісіне айналып үлгерген-ді. Діни білімі де бар. М. Махатхир 35 жастағы Ануар Ибрагимді 1983 жылы — Жастар істері мен спорт министрі, 1984 жылы — Ауылшаруашылық министрі, ал 1986 жылы Білім министрі қызметтеріне тағайындады. Сөйтіп оған барлық мемлекеттік саланы жетік білуге мүмкіндік берді, жағдай жасады.
Міне, осылайша, М. Махатхир Ануар Ибрагимді үлкен дайын
дықтан өткізіп, толық сенім артып, өзінен кейінгі келесі
Премьер-министр болатынын қоғамға ашық білдіре бастады.
Осы кезеңде, яғни 1998 жылы Оңтүстік-Шығыс Азияда үл
кен қаржылық дағдарыс орын алды. Сол бір күрделі кезеңді,
жағдайды пайдаланып, билікке асыққан Ануар Ибрагим өзін
М. Махатхирден алшақ ұстауға кірісті. Тіпті оның кей шешім
деріне күмән келтіріп, сынауға да көшті.
Ол әсіресе дағдарысқа байланысты Халықаралық валюта
қорының берген ұсыныстарын қолдап, М. Махатхирдің ұста
нымына қарсы шықты. Қаржы дағдарысы кезінде М. Махатхир
Халықаралық валюта қорының ұсынысын қабылдамай таста
ды. Ол ұлттық валюта — ренгитті долларға тұрақты курспен
бекітіп, инвесторларға қаржыларын 1 жылға дейін қаржы бир
жасынан шығаруға тыйым салды. Халықаралық қаржылай
көмектің бәрінен бас тартты.
Міне, осындай жағдайда Ануар Ибрагим ашық әрекетке
көшті. Батыс елдерінен қолдау іздеді. 1997 жылы 6 қазандағы
санында «Тайм» журналы «Ануар және Азияның болашағы»
деген көлемді мақала жариялап, Ануар Ибрагимді Азиядағы
жас буын басшыларының ішіндегі жарық жұлдызы деп сипат
тады және М. Махатхир оның билікке келуіне мүмкіндік беруі
керек деген ой тастады.
1998 жылы жазда өткен Біріккен Малай Ұлттық Ұйымының
Бас ассамблеясында шет елдің осындай қолпаштауымен жі
герленген Ануар Ибрагимнің жақтастары М. Махатхирді қатты
сынға алып, оны қызметінен тайдыруға әрекет жасады. Солай
болатындығын сезгендіктен және оқиғаның алдын алу үшін
М. Махатхир өз жақтастары арқылы съезд делегаттарына
«Ануар Ибрагимнің Премьер-министр бола алмайтындығы
ның 50 себебі» атты ақпарат таратып жіберді. Бұл ақпаратта
көптеген коррупциялық фактілер көрсетілді. Және де Ануар
Ибрагимнің жеке басына да қатысты жайлар, соның ішінде мұ
сылман баласына жат әрі күнә саналатын жыныстық қатынастың
өзге түрін ұстанатыны туралы да жанамалап айтылды.
Әрине, осындай айыптаулардан кейін Ануар Ибрагимнің
тағдыры қыл үстінде тұрды десе де болады және енді қыл
мыстық жауапқа тартылып кету қаупі де туды. Ақыры солай
болды. Тергеу жұмыстарының нәтижесінде, соттың шешімімен
коррупциялық әрекеттері, қызметін асыра пайдаланғаны үшін
А. Ибрагим 9 жылға сотталды. Осыған қосымша өзінің көлік
жүргізушісі Ануар Ибрагимге мұсылманға күнә болып есепте
летін жыныстық бопсалаудың теріс қылығынан зәбір көргені
жөнінде айып тақты. Сот шешімімен А. Ибрагим тағы да 5 жыл
бас бостандығынан айырылды. А. Ибрагим де қарап қалмай,
Премьер-министрге өзінің де коррупцияға қатысы бар деп
қарсы айып тақты. Соған байланысты М. Махатхир бүкіл дүние-
мүлкі көрсетілген салық декларациясын бұқаралық ақпарат
құралдарында жариялады. Малайлардың онсыз да М. Ма
хатхирдің адалдығы мен тазалығына күмәні болмайтын. Сол
себептен бұл ақпарат А. Ибрагимнің жақтастары қатарының
едәуір азаюына алып келді.
Бүкіл ел болашағынан үлкен үміт күткен Ануар Ибрагимнің
өмірі мен саяси тағдыры осылайша күрт өзгеріп шыға келді.
Оны алда ұзақ жылдарға созылатын қиындықтар мен қорлықтар
күтіп тұрды.
Әрине, осы оқиғадан соң малай қоғамын М. Махатхир көпте
ген талантты малай жастарының арасынан неге Ануар Ибра
гимді таңдап алды, неге ерекше сенім көрсетті, жас болса да
барлық жоғарғы жауапты қызметтерге неге көтерді деген ойлар
мен сауалдардың мазалағаны да рас. Болжау қиын! Алайда
А. Ибрагимнің өмірбаянына зер салсаңыз, оның да атасының
М. Махатхирдің атасы сияқты Үндістаннан, Керала штатынан
келгенін білер едіңіз. Мүмкін осы жайт та М. Махатхирдің шексіз
сеніміне ие болуына бір көпір болған ба дерсіз. Бұл арада Ануар
Ибрагим туралы кеңірек ақпарат беріп жатқаным, оның қазіргі
кезеңде Малайзия мемлекетінің саяси аренасына қайта келуіне
байланысты болып отыр. Бұл мәселеге алда тағы да ораламыз.
Премьер-министр М. Махатхирдің 23 жылғы қызметінде
жалпы алғанда 4 орынбасары болған. Соның үшеуі сенімін
ақтамаған. Өйткені олар билікке деген ұмтылыстарын жасыра
алмады. Сол билікке жету жолындағы өз ойларын астыртын
іске асыруға әрекет жасады. Осы жағдайлар, әсіресе 1998–1999
жылдары Ануар Ибрагимге байланысты болған текетірестер
М. Махатхирді көп ойландырса керек. Енді ол қиын сәттерде әр
дайым жанынан табылған, қашан болсын қолдау көрсете білген
белгілі саясаткер Абдулла Ахмад Бадауиді соңғы орынбасары
ретінде таңдап, оған болашақ мұрагері ретінде сенім артты.
Халық А. Бадауиді үлгілі мемлекеттік қызметкер, тәжіри
белі және ешқандай коррупциялық іске қатысы жоқ қайраткер
ретінде бағалайтын. Әрі діни білімі де жоғары болатын. Сол
кезде ислам партиясының қатары, қолдаушылары көбейіп,
екі штатта олар билік басшылығына ие болып тұрған еді. Сол
себептен де М. Махатхир болашақта жаңа Премьер-министр
осы топта да беделді болуы керектігін ойлаған болуы керек.
Тағы бір ескерілетін жай, Абдулла Бадауи мен Ануар Ибра
гим екеуі де Пенанг штатында туып-өскен, екеуінің арасында
бұрыннан бәсекелестік болған. Кезінде А. Ибрагим А. Бадауидің
қызметінің өсуіне едәуір кедергі жасаған деседі.
Ұзақ жылғы қызметінде А. Бадауи ортаға ой тастап, сол ойды
батыл жүзеге асырушыдан гөрі тәртіпті орындаушы ретінде
ғана танылған. Былайша айтқанда, ол М. Махатхирден тіпті
өзгеше еді, харизмасы, яғни адамдарды өзіне тартып тұратын
болмысы солғын, сөзге де шешен емес болатын. Қарапайым
діни отбасынан шыққандығы болар, зиялы ортада, сұлтандар
арасында қолдаушылары аз көрінген. Міне, соған қарамастан,
М. Махатхирдің таңдауы А. Бадауиге түсіп, 2003 жылы 31 қа
занда өз қызметін оған сеніп тапсырды.
Премьер-министр ретіндегі А. Бадауидің алғашқы қадамы
жақсы басталды. 2004 жылы 21 наурызда өткен Парламенттік
сайлауда БМҰҰ-ы 219 орынның 198‑ін жеңіп алды. Бұл аса зор
жетістік еді. 13 штаттың 12‑де БМҰҰ басымдыққа ие болды,
Ислам партиясы жеңіліске ұшырады. Бұл жеңіс малай халқы
ның А. Бадауиге көрсеткен толық сенімі, қолдауы еді.
Ол халыққа «Маған емес, менімен жұмыс істеңіз», «Кор
рупцияға төзбеушілік», «Прогрессивті ислам», «Әлеуметтік
реформаға басымдық», «Ашық Үкімет» және тағы да басқа
үндеулер тастады. Соның арқасында тек ислам партиясы емес,
Ануар Ибрагимнің «Кеаделан» (Ұлттық әділеттік партиясы) да
қатты жеңіліске ұшырады. Парламенттегі 5 орнының 4‑еуінен
айырылды. Міне, осындай зор сенімге ие болған А. Бадауи
енді басқа саяси партияларға алаңдамай, мемлекетте жаңа
батыл реформалар жүргізуге, өз қалауынша үкімет құрамын
жасақтауға толық мүмкіндік алды.
Бұл жетістіктердің барлығы да оның, яғни А. Бадауидің Үкімет
басшылығына ұзақ мерзімге келгендігін аңдатты, ол бастапқы
да қоғамда осындай оңды пікір туғызды. Бірақ А. Бадауи өзінің
осы жеңісін тиімді пайдалана алмады. Күрделі әлеуметтік мәсе
лелерді шешуге, реформалар жасауға асықпады. Премьер-
министр М. Махатхирдің кезінде жоспарланған ірі өндірістік және
логистикалық жобалардан бас тартты. Сөйтіп бұрынғы Үкімет
басшысымен жасалған келісім бұзылды, орындалмады. Бұдан
өзге А. Бадауидің күйеу баласы Хайри Джамалуддин үкіметтің
жұмысына тікелей араласа бастады. Ол Премьер-министрдің
канцеляриясын толық өз бақылауына алды. Ұлыбританияда бірге
оқыған достарын Үкіметтің маңызды құрылымдарына жауапты
қызметтерге тағайындатты.
Жағдай осылайша қалыптаса бастағаннан кейін, соның
бәрін елмен бірге көріп-біліп отырған М. Махатхир шыдамы
таусылған соң, 2006 жылдың жазында қоғамдық ұйымдарды
жинап, солардың алдында сөз сөйлеп, жағдайдың күрделене
түскеніне ренішін білдірді.
— Үкіметтің саясатын 5‑қабаттағы Премьер-министрдің
офисі емес, 4‑қабаттағы Оксфорд пен Кембридж универси
теттерінің түлектері айқындайды, — деп Үкіметті басқарудағы
А. Бадауидің әлсіздігін, тіпті қауқарсыздығын ашық айтып,
бетіне басты. Осыдан кейін М. Махатхир мен А. Бадауидің
арасындағы қарым-қатынас, түсініспеушілік уақыт өткен са
йын шиеленісе берді. Мұның ақыры М. Махатхирдің БМҰҰ-нан
шығып, толықтай А. Бадауиге қарсы күреске түсуіне әкелді.
Міне, осындай жағдайда, 2008 жылы 8 наурызда кезекті
Парламент сайлауы өтті де, БМҰҰ жеңіліске ұшырады. Пар
ламенттегі 198 орынның 140‑ын ғана сақтап қала алды. Ал
оппозициялық партиялар альянсы қалған 82 орынға ие болып
кетті. Бұған қоса Пенанг, Перак, Селангор және Кедах штат
тарында оппозиция билікке келді. Әсіресе А. Бадауидің туған
Пенанг штатында оппозиция жергілікті Парламентте 40 орын
ның 29‑ын жеңіп алды. Жоғарыда аталған, яғни оппозиция
билікке келген штаттар өндірістері жоғары дамыған өңірлер еді.
Олардың елдің ішкі жалпы өніміндегі үлесі 56 пайызды құрайтын.
Қатардағы БМҰҰ мүшелері оппозицияның бұл жолғы жеңісін
«саяси цунами» деп бағалады, өз партиясының саясатына үлкен
реніштерін білдірді. Ал М. Махатхир сол күндері А. Бадауиден
бар жауапкершілікті өз мойнына алып, отставкаға кетуін талап
етті. Мұны партияның көптеген белді мүшелері қолдап, төтенше
съезд шақыруды күн тәртібіне қойды. Қатты қысым мен ащы
сыннан соң А. Бадауи 2009 жылы сәуір айында қызметін өзінің
орынбасары Наджиб Разаққа тапсыруға мәжбүр болды.
1953 жылы туған Наджиб Разақ Малайзияның тәуелсіздік
тарихындағы екінші Премьер-министр Абдул Разақтың алты ер
баласының үлкені әрі үшінші Премьер-министр Хусеин Онның
жиені еді. Ұлыбританияда оқып, білім алған, марқұм әкесінің ел
дегі зор беделінің арқасында ол 1976 жылы 23 жасында Малайзия
тарихындағы ең жас Парламент депутаты болып сайланған-ды.
Содан бастап Наджиб Разақ — Малайзияның саяси өмірінде
үлкен роль атқарған, аса жауапты қызметтерде болған таны
мал қайраткер. Кезінде М. Махатхирді партияға қайта шақырған,
Үкіметте қызмет ұсынған Наджибтің әкесі Абдул Разақ еді. Абдул
Разақты үнемі М. Махатхир өзінің ұстазы санайтын. Сол себептен
де ол Наджиб Разақтың Премьер-министр болып сайлануына
толық қолдау көрсетті. БМҰҰ-ның қатарына қайтадан мүше болып
оралды. Қызметіне кірісер сәтте Н. Разаққа «Таза және шынайы
бол, дін, ұлт, ел үшін аянбай еңбек ет!» — деп батасын берді.
Алайда жылдар өте келе М. Махатхирдің бұл жолы да Над
жиб Разақтың Үкіметті басқару тәсілдеріне, жүргізген рефор
малары мен қабылдаған шешімдеріне көңілі толмады. Ол
ренішін ашық білдіріп, қарсылығын көрсете бастады. Әсіресе
елде коррупцияның етек алып кеткеніне қатты алаңдаушылық
білдірді, жариялылықты талап етті.
Үкімет басына келгеннен кейін Н. Разақ ел экономикасына
керекті инвестиция тарту үшін және Куала-Лумпурды халық
аралық қаржы орталығына айналдыру мақсатында «1Malaysіa
Development Berhad» (1MDB) деген мемлекеттік инвестициялық
қор құрды. Өзі сол қорды басқару құрамына кірді. Көп ұзамай,
2015 жылы шілде айында Наджиб Разаққа мемлекеттің бюд
жетінен 681 миллион доллар ұрлады деген айып тағылды.
Бірақ, осыған орай арнайы тергеу жүргізген Малайзияның
Бас прокуратурасы Наджиб Разақтың коррупцияға қатысы
бар екендігін және қылмыс жасағандығын жоққа шығарып,
барлық айыптауды алып тастады. Наджиб Разақтың банктегі
жеке есепшотындағы 681 миллион долларды Сауд Арабия
сы Королі отбасының бір мүшесі аударған, ол сый есебінде
берілген қаржы деген қорытынды жасады. Алайда 2016 жылғы
ақпан айында, БАҚ зерттеулері бойынша, Премьер-министрдің
есепшотында 1 миллиард доллардан астам қаржы болғаны
анықталды. Әсіресе «Wallstreet Journal» басылымы нақты
дәлелдер келтірді. Ал Наджиб Разақ болса, ол қаржының бар
лығы да ашық жолмен келген, бізді саяси жағынан қолдап,
демеушілік көрсету үшін түскен қаржылар деп ақталды. 2016
жылы 14 сәуір айында Сауд Арабиясы Корольдігінің Сыртқы
істер министрі аударылған қаржыны растап, оның Наджиб
Разаққа демеушілік көмек ретінде берілгенін хабарлады.
Бұл жағдайлар М. Махатхирге ауыр тиді. Ол, шынында да,
Наджиб Разақты барынша қолдай отырып, одан үлкен үміт
күткен еді. «Наджибтың әкесі ұлы адам еді, ал баласы дүние-
байлықтан аса алмады» деп М. Махатхирдің қатты қынжылға
ны, ренжігені де белгілі.
Бір өкініштісі сол, М. Махатхир өзі қабылдаған «Малайзия
2020 жылы дамыған елдер қатарына қосылады» деген бағдар
ламасының енді іске аспайтынына толық көзі жетті. Ол осы
жағдайдан кейін ашық оппозициялық жолды таңдады. 2016
жылы қайтадан БМҰҰ-ның қатарынан шығып, өзінің партиясын
құрды. Коалиция құруға жақтастар іздей бастады. Осы ретте
айта кету керек, 2016 жылы Ануар Ибрагим өзінің 23 жастағы
көмекшісінің арызымен сотқа қайта тартылып, гомосексуалдық
әрекеті үшін тағы да 5 жылға бас бостандығынан айырылған еді.
Міне, қалыптасқан осы күрделі жағдайда М. Махатхирге
оппозициялық блок құру оңайға соқпады. Және де мұның Ануар
Ибрагимнің партиясы мен солардың жақтастарының қолда
уынсыз іске асуы да мүмкін емес еді.
2019 жылы қаңтар айында Ануар Ибрагим «СNN»-ге берген
сұхбатында осы блоктың қалай құрылғаны туралы шындықтың
бетін ашып берді.
— Маған қамақта отырған кезімде М. Махатхир келіп жо
лықты, — деп бастады ол өзінің сұхбатын. Одан әрі өзіне
қойылған сұраққа жауап берген Ануар Ибрагим мемлекеттегі
қалыптасқан аса келеңсіз жағдайларды айта келіп: — М. Ма
хатхир 2018 жылғы болатын сайлауға бірлесіп, Альянс құрып
баруды ұсынды. Мен еліміздің тәуелсіздігін тұғырлы еткен,
дамушы елдердің қатарына қосқан, әрдайым ұлттық мүддені
жоғары қойған М. Махатхирдің шын жүрегімен елдің тағдырына
алаңдайтынына толық сендім және ешқандай қарсы талапсыз
оның ұсынысымен келістім, — деді.
Және де Ануар Ибрагим «СNN»-ге берген осы сұхбатында
«Егер де Альянс Үкімет басына келетін болса, М. Махатхир
екі жылдан соң келесі Премьер-министр менің болатынымды
айтты, — дей келіп, — бірақ мәселе онда емес, уақыты келген
де халық оны өзі шеше жатар. Мәселе — коррупцияға батқан
елдің болашағында», — деп ағынан жарылды.
— Махатхир сіздің көп жыл азап шегуіңізге себепкер болды,
кездескенде кешірім сұрады ма? — деген тілшінің сұрағына
Ануар Ибрагим:
— Жоқ, сұраған жоқ! Ол табиғатында, болмысында тәкаппар
адам! Ол оған бара алмайды. Мұны ойлаудың қажеті де жоқ.
Өйткені қазір менің тағдырым емес, екеумізді де ойландыратын
елдің тағдыры маңызды! — деп жауап берді.
2018 жылғы мамыр айында парламенттік сайлауда М. Ма
хатхирдің блогы жеңіске жеткен соң, Малайзия Королі Ануар
Ибрагимге амнистия жариялап, оған сол мезеттен бастап
саяси қызметке араласуына, парламенттік сайлауға қаты
суына толық мүмкіндік берді. 2018 жылдың қазан айында
Порт-Диксонда өткен қосымша парламенттік сайлауда Ануар
Ибрагим жеңіске жетіп, Парламентке депутат болып қайта
сайланды.
Сол күндері Ануар Ибрагим бұқаралық ақпарат құралдары
өкілдеріне берген өзінің бір сұхбатында М. Махатхир тура
лы айта келіп, «Мен оны әке ретінде, ұлттың лидері ретінде
жақсы көремін. Мен оған қарсы күрестім. Ал қазір мен оны
Малайзияны басқаруға ең лайықты, ең жақсы адам деп есеп
теймін!» — деді.
Жасы 90‑нан асқанына және жүрегіне жасалған бірнеше
операцияға да қарамастан, М. Махатхир 2018 жылы сайлау
науқаны қарсаңында барлық штаттарды, елді мекендерді ара
лап, халықпен кездесулер өткізді. Сол кездесулерде Наджиб
Разақ енгізген қосымша салықты алып тастайтынын, бензин
ге, сұйық майға субсидияны қалпына келтіретінін, әлеуметтік
мәселелерді шешуді жедел қолға алатынын жария етті.
Халық қайтадан өзінің көшбасшысын таныды, шын ықы
ласпен қабылдады, сөзіне сенді. Осылайша М. Махатхир
«Ұлт басшысы» деген статусын қалпына келтірді. Оппозиция
М. Махатхирдің арқасында интеллигенция мен зиялы қауым
ның да қолдауына ие болды. Негізінен 2018 жылдың 9 мамы
рында болған Парламенттік сайлауға үш саяси күш қатысты.
Олар Ұлттық майдан (БМҰҰ басқарған тәуелсіздік алғаннан
Малайзияның билеуші саяси блогы), Үміт Альянсы және Ислам
партиясы еді. Сайлау қорытындысы бойынша М. Махатхир
бастаған Үміт Альянсы 113 депутаттық орынға, Ұлттық май
дан — 79, Ислам партиясы 18 депутаттық орынға ие болды.
Соның нәтижесінде М. Махатхир Премьер-министр болып
сайланды да, ал орынбасары болып Ануар Ибрагимнің жұбайы
Ван Азиза Ван Исмаил бекітілді. Ол — Малайзия тарихында
мұндай лауазымға ие болған тұңғыш әйел.
Жаңа Үкімет коррупциямен күресу туралы 5 жылдық жоспар
ды жария етті. Жоғары лауазымға тағайындау процедурасын
ашық жолға қойды. Мемлекеттік қаржыны ұрлаудың жолын
кесу туралы нақты шаралар қабылдады. М. Махатхир сай
лау науқаны кезінде берген уәделерін орындай бастады. Ал
бұрынғы Премьер-министр Наджиб Разақ дүние-мүлкі тәр
кіленіп, абақтыға жабылды. Оның өзіне де, әйеліне де бірнеше
айыптар тағылды. Тергеу істері Малайзияда ғана емес, басқа
елдерде де жүргізіле бастады. М. Махатхир: «Біздің мақсат
кек алу емес, айыптыларды заң алдында жауапқа тарту және
оның кім болғаны да маңызды емес», — деп атап көрсетті.
Өз елдерінің дамуына зор үлес қосқан аса беделді көшбас
шылар Шығыс Азияда аз емес болатын. Бірақ М. Махатхирдей
ұзақ жыл саяси күрестің бел ортасында жүрген және де ғала
мат қиыншылықтарды басынан өткерген басшы болмаған да
шығар, бәлкім! Ол тағдыр маңдайына жазған ұзақ ғұмырының және ерік-жігері мен қайраты, ақыл-ойының арқасында елін қа раңғылықтан алып шығып, дамыған елдердің қатарына қосты. Сонымен бірге елінің экономикасын ғана емес, мәдениетін, тілі мен дінін де биік дәрежеге көтерді. Төрт жарым ғасыр, яғни 450 жылдан астам уақыт отарлық езгіде, қорлықта болған ұлттың болмысын (менталитетін) өзгертіп, олардың жүректерінде өз еліне деген сенімін, мақтаныш сезімін ұялатты. Ұлтына теңдік әперді, білімді етті. Елінің осы жетістіктеріне үлкен қауіп төнген сәтте өзі үшін емес, елі үшін, оның болашағы үшін ба сын қауіп пен қатерге тігіп, жүрегінің тілім-тілім болғанына да, 90‑нан асқан жасына да қарамай демократиялық жолмен М. Махатхир қайта билікке келді. Бұл, әрине, жетілген Малай зия қоғамының, жалпы демократияның зор жетістігі екендігі ақиқат. Алда М. Махатхирді тағы да күрделі, тартысты саяси күрес күтіп тұрғаны белгілі еді. Мұның басты себебі, М. Махатхир биліктен кеткен 15 жыл дың ішінде Малайзияда коррупция кең жайылды. Бұл әсіресе Премьер-министр Наджиб Разақтың тұсында қатты белең, өріс алды. Мемлекет бюджетінен, арнайы инвестициялық қордан миллиардтаған қаржының басқа мақсаттарға пайдаланылға ны белгілі болды. Алайда осы қылмыстық істерге дер кезінде құқықтық баға берілмеді. Үкімет билігіне М. Махатхир қайта келгеннен кейін, сол коррупциялық істің барлығы да жария етіліп, жан-жақты тергеу жұмыстары басталды. Бұл іс қандай лауазымдағы, қандай деңгейдегі адамдарды қамтитыны бел гісіз еді. Сол себептен билік арасында үрей мен секемдену, іштей қарсылық өрши түсетіні де анық болатын. Осы жағдайға байланысты ұзаққа созылмай, яғни 2020 жылдың ақпан айын да-ақ Малайзияда саяси дағдарыс орын алды. 2020 жылдың 24 ақпанында Малайзияның Короліне М. Ма хатхир өз еркімен өтінішін беріп, Премьер-министр қызметінен отставкаға кетуін сұрады. Ол өтінішінде 2018 жылы Парла менттік сайлауда жеңіске жеткен оппозициялық коалицияның ыдырауын өзінің отставкаға сұрануының негізгі себебі ретінде көрсетті. М. Махатхир жетекшілік еткен блок «Біріккен Малай зия жері ұлдарының партиясы» қатарынан біраз депутаттар
шығып, Парламенттік сайлауда жеңіліс тапқан «Біріккен Малай
Ұлттық Ұйымының» депутаттарымен бірігіп, жаңа альянс құр
ды. Олардың негізгі мақсаттары М. Махатхирді биліктен кетуге
мәжбүрлеу болды. Бірақ өздерінің осы ойларын бүркемелей
тұру үшін жаңадан құрылған альянс тарапынан М. Махатхирге
конституциялық мерзіміне дейін Премьер-министр қызметінде
қала беру ұсынылды.
Бірақ М. Махатхир жемқорлыққа батқан партиямен ынты
мақтастыққа бара алмайтынын, ол оның ұстанған принципіне
түбегейлі қарсы екенін ашық білдіре отырып, Малайзия Королі
не отставкаға кету туралы өтінішін табыс етті. Сарапшылар
мұндай жағдайдың қалыптасуына бұрынғы Премьер-министр
Наджиб Разақтың жақтастары іс-әрекетінің салдары екендігін
айтады. Жоғарыда айтып өтілгеніндей, М. Махатхир 2018 жылы
мамыр айында билік басына келісімен, бес жылға жуық уақыт
бойы жабылып келген қылмыстық істерді көтеріп, Наджиб
Разақ пен оның әйелінің қамауға алынуына себепкер болды.
Соңғы екі жылдай жүргізілген тергеу жұмыстарының бары
сында олардың сыбайластары да анықталып қалған еді. Міне,
солардың аттары және коррупцияның анық көлемі қоғамға
толық жария етілуі тиіс болатын.
Осындай кезеңде, белгілі бір топ М. Махатхирдің осы бағыт
тағы іс-әрекеттерін тежеп, тоқтату үшін оның парламенттегі
қолдаушыларының қатарын азайтып, Үкіметті керекті басым
дықтан айырып, қызметінен кетуіне мәжбүрледі. Біріккен коа
лициядағы М. Махатхирдің әріптесі, Демократиялық қозғалыс
партиясының басшысы Ануар Ибрагим келісім бойынша екі
жылдан соң Премьер-министр қызметіне келуі тиіс болатын.
Ал оның жұбайы Ван Азиза Ван Исмаил, жоғарыда айтып
өткендей, М. Махатхирдің орынбасары еді. Ануар Ибрагим
өз сөзінде партия мүшелерінің сатқындығын ашық мәлімдеп,
М. Махатхирдің Премьер-министр болып қалуына Парламентте
жеткілікті дауыс бар екендігін дәлелдеді. Бірақ, соған қара
мастан, Малайзия Королі Абдулла Малайзияның жаңа, сегізінші
Премьер-министрі қызметіне Ішкі істер министрі Мухиддин
Яссинді тағайындады. Малайзия Конституциясы бойынша,
егер билік коалициясы тарағанымен, парламент таратылмаса
және жаңа парламенттік сайлау өткізу жөнінде шешім болма
са, мұндай жағдайда Корольдің Премьер-министрді таңдауға
және оны тағайындауға құқығы бар болатын.
1947 жылы Жахор штатында дүниеге келген Мухиддин Яс
син — Малайзия мемлекетіндегі белгілі тұлға. Ол 2009–2015
жылдары Премьер-министр Наджиб Разақтың орынбасары
болған. 2015 жылы шілде айында Н. Разақпен арасында
келіспеушілік туып, қызметінен босап, оппозиция қатарына
кірген еді. М. Махатхирмен бірлесіп жаңа партия құруға бел
сене қатысты. 2018 жылғы Парламенттік сайлауда «Үміт»
альянсы жеңіске жеткен соң, М. Махатхир Премьер-министр
қызметіне келді де, М. Яссин Ішкі істер министрі қызметіне
тағайындалған-ды.
2020 жылы ақпан айында М. Яссин бастаған бір топ депутат
«Үміт» альянсынан шығып, «Біріккен Малай Ұлттық Ұйымымен»
ынтымақтастық орнатып, «саяси төңкеріс» жасап, өзінің ұстазы
М. Махатхирді биліктен кетуге мәжбүр етті. Жоғарыда айтып өт
кендей, Ануар Ибрагим мұны «сатқындық» деп ашық айыптады.
Дегенмен де, малай қоғамының консервативтік көзқарас
ұстанатындығын ескерсек, осы «Үміт» альянсынан шыққан
депутаттардың іс-әрекеті негізінен М. Махатхирді қызметінен
кетіру болмаса керек. Олар Ануар Ибрагимді Үкімет басына,
билікке келтірмеуді көздеуі бек мүмкін. Өйткені, келісім бойын
ша, М. Махатхир екі жылдан соң өз қызметін Ануар Ибрагимге
тапсыруға тиіс еді. Мұндай ауыс-түйістің 2020 жылы болатыны
да анық байқалған. Ал енді, Ануар Ибрагим елдегі коррупцияға
қарсы аяусыз күрес жүргізушілердің бірі болатын. Сондықтан
оның билікке келуі көптеген саясаткерлерге, әсіресе Наджиб
Разақтың әріптестеріне, жақындары мен сыбайластарына
үлкен қауіп туғызатыны сөзсіз еді.
Шындығына келсек, жоғарыда атап өткендей, М. Махатхир
қызметінен кеткен 2003 жылдан бері Малайзияда коррупция
тамыры тереңге жайылып, енді сол коррупцияға қарсы күресу
дің жолы оңай болмайтыны белгілі болған. Осындай жағдайда
М. Махатхир іспетті елім деп еңіреген тұлға, көшбасшы, егер
оған тағдыр ұзақ ғұмыр сыйлап, қажыр мен қайрат берсе, тағы
да оппозициялық жолды таңдары анық болып тұрғандай…
МАЛАЙЗИЯНЫҢ ЖЕМІСТІ РЕФОРМАЛАРЫ
2000 жылы 1 шілдеде Президент Н. Ә. Назарбаевтың
өкімімен Қазақстанның Малайзиядағы Төтенше және Өкілет
ті елшісі болып тағайындалдым. Алғаш Малайзияға келген
сәттен бастап-ақ, ол елдің Қазақстанға көп ұқсастығын бай
қадым. Этностар арасындағы қатынасқа, діни топтарға, тілге
байланысты проблемалар екі елде де бірдей болып көрінді.
Елдегі ішкі жағдаймен, экономика, білім, мәдениет салала
рымен терең таныса келе оған толық көзім жетті. Сол себепті
де, Малайзияда жүргізіліп жатқан барлық маңызды саладағы
реформаларды терең зерттеп, Қазақстанның тиісті мемлекеттік
органдарына ұсыну негізгі мақсатым болды. Ол аса қиындық
та туғызбады.
Өйткені Малайзияның Премьер-министрі М. Махатхир елді
мекендерді жиі аралайтын, кездесулер өткізетін. Ол сол кез
десу, жиындарының барлығында жиналған халыққа Үкімет
жүргізіп жатқан реформаларды қарапайым тілмен түсіндіретін.
Сонымен бірге сол реформалар жайында арнайы мақалалар,
кітаптар жазудан шаршамайтын. Елшілермен кездесулерінде
де елдегі жағдай, Үкіметтің нақты шешімдері туралы ашық
әңгіме айтылатын.
Сол себептен де болар, Малайзияда жүргізіліп жатқан
қаржы, экономика, туризм, мәдениет, білім, ғылым салаларын
дағы реформалар әлем назарында болды, үлкен қызығушылық
туғызатын. Түрлі сын-пікірлер де айтылатын. Дегенмен де
М. Махатхир жүргізген реформалар күні бүгінге шейін өзекті
болып қала береді, оның маңыздылығы еш кеміген жоқ. Ма
лайзияның халқы араға 15 жыл салып, зейнеттегі М. Махат
хирдің 2018 жылы Үкіметті қайтадан басқаруын қалады. Ұлт
көшбасшысы ретінде қайта таныды, қолдады. Осы жағдайды
ескере келе Малайзия елі туралы, ондағы тиімділігін көрсет
кен реформалар жайында кеңірек жазуды орынды санадым.
Бәлкім ол біздің елдің қажетіне жарап қалар деген ой болды.
Осы ретте Сингапур мемлекетінің негізін қалаушы, реформа
тор Ли Куан Ю өзінің бір сөзінде: «Адамзат баласының басынан
өтпеген нәрсе жоқ, бәрінің шешімі бар. Соны тапжылмай іздеп
тауып, керегіңе жаратуға болады. Мен бәрін аяқ астынан ойлап
тапқан жоқпын. Әлемде бар тәжірибеге сүйендім. Соны қайта
саралап, пайдаландым», — деген еді.
Өзінің бүкіл саяси өмірінде М. Махатхир да іздену мен үйре
нуден, зерттеу жүргізуден, соның нәтижесінде халыққа түсінікті
тілмен кітаптар жазудан қол үзбеген. Ли Куан Ю өз тарапынан
«М. Махатхирді шұңқырға тастап жіберсең де, сол жерден ол
алтынның сынығын табады. Ол сондай адам!» — деп, М. Ма
хатхирдің қабілетіне аса жоғары баға берген еді.
— Билік ақылды болуы керек. Егер халыққа теңізге түс де
сең, революция жасайды. Ал менің талаптарым орынды, ол
ақылға және тәжірибеге негізделген. Сол себептен де халықтан
тыңдауды талап етуіме болады, — деп өз кезегінде М. Махат
хир өзінің саясаттағы жолын бекем айқындап алған болатын.
Сонан да ол бағыт-бағдары мен өз ұстанымын батыл, ашық
айта алды, қоғамда толық қолдауға ие болды.
Үкімет басшысын халқы осындай қолдауының нәтижесінде
Малайзия қысқа мерзімде зор экономикалық, әлеуметтік сер
піліс жасады. Ұлыбританияның ұзақ жылдар бодандығында
болып, әбден кедейленіп, титықтап қалған ел тұрғындарының
аз уақытта әл-ауқаты көтеріліп, Малайзия даму сатысы жоғары
мемлекетке айналды. Саяси тұрақтылық пен діни төзімділік,
жаңалыққа құштарлық пен ұлттық құндылықтарға адалдық
Малайзияның заманауи жетістігі, міне, осы!
Енді Малайзия мемлекеті туралы айтатын болсақ, 1957
жылдан бері қолданылып келе жатқан федералдық конститу
цияға сәйкес, ол конституциялық монархия болып саналады.
Жоғарғы билеуші (Янг ди-Пертуан Агонг) — мұрагер сұлтандар
дың бірі. Билеушілер кеңесі оны 5 жылдық мерзімге (9 штаттың
мұрагер сұлтандары ғана дауыс бере алады) сайлайды. Монарх,
сонымен қатар Қарулы күштердің жоғары бас қолбасшысы бо
лып саналады, Премьер-министрді тағайындайды (негізінен
Парламенттің Өкілдер палатасындағы билеуші партияның көш
басшысы таңдалады) және азаматтардың құқығын сақтауды
бақылайды. Мемлекеттік саясатты жүргізудегі негізгі рольді
Премьер-министр мен оның басқаруындағы кабинет атқарады.
Малайзияның Парламенті Өкілдер палатасы (Деван Ракият)
және Сенат (Деван Негара) сияқты екі палатадан құралады.
Төменгі палатаның құзыреті көбірек. Оның құрамына 222 де
путат (2004 жылдың наурызынан бері) кіреді. Олар бір ман
датты округтерде жалпыхалықтық сайлау негізінде 5 жылға
сайланады. Сенатта 70 мүше бар, олардың 28‑ін Премьер-
министрдің ұсынысымен Малайзия Королі тағайындайды.
Төменгі палатаның шешімдері Сенаттың мақұлдауынсыз да
заңды күшіне ене алады. Алайда Сенат қандай да бір заң
жобасының заңды күшіне енуін бір жылға дейін тоқтата тұруға
құқылы. Ал мемлекеттің қаржылық қызметіне байланысты
заңдарды Сенат 30 күннен артық ұстай алмайды. Жоғарғы
палата да заң жобаларын (қаржылық заңдардан басқасын)
ұсына алады. Малайзияның парламенттік жүйесі жергілікті
жағдайларды ескере отырып, Британ парламентіндегі проце
дураларға негізделіп жасақталған.
Малайзияның сот жүйесін Жоғарғы сот басқарады. Оның
тоғыз мүшесі бар. Азаматтық және қылмыстық істердің көбін
сессиялық немесе магистраттық соттар қарайды.
Малайзия — көппартиялы мемлекет. Бұл елде 40‑тан астам
саяси партия тіркелген.
Малайзияның мемлекеттік құрылымы туралы сөз қозғаған
да, ондағы бірегей модель — атқарушы билігі мықты парла
менттік мемлекет екенін айту керек. Биліктің қос тармағы бір-
бірімен тығыз байланысты. Себебі үкіметтің барлық мүшесі
парламентке де мүшелікке өтіп, саяси симбиоз құрай алады.
Сондықтан да үкімет ұсынған заң жобалары көбінесе еш ке
дергісіз парламенттен өтіп жатады. Бюджеттің өзі парламентте
талқыланбай жатып-ақ, заңнамалық тұрғыда пісіп-жетілген,
тіпті қабылданып қойған болып саналады. Осының барлығы
атқарушы билікті күшейтіп, оның тиімді жұмыс істеуіне оңды
жағдай туғызады.
Малайзияның экономиканы, қаржы саласын реформалау
тәжірибесі халықаралық қоғамдастықта жоғары бағаланады.
Кезінде жүздеген жылдар британдықтардың отары болған
Малайзия негізінен резеңке, қалайы және тропикалық ағаш
экспорттап қана күнін көрген кедей ел еді. Тарих үшін қас қағым
сәтте, шамамен 25 жылдың төңірегінде қуатты индустриялық
экономикасы бар дамыған мемлекетке айналды.
Егер 1957 жылы жан басына шаққандағы кіріс бар болғаны
350 АҚШ долларын құраса, бүгінде бұл көрсеткіш 20,0 мың
АҚШ долларынан асады. 1980 жылдардың ортасынан бастап
Малайзия экспорты бойынша электроника жетекші салаға
айналды. Өткен ғасырдың соңынан Малайзия да АҚШ, Жа
пония, Оңтүстік Корея және Тайваньмен бірге әлемдегі ең ірі
жартылай өткізгіш құрылғыларын өндірушілердің бірі санала
ды. Бүгінде ол заманауи электроника мен компьютерлердің
әлемдік өндірісінің төрттен бір бөлігін қамтамасыз етеді. 1990
жылдардың ортасында Малайзия, сонымен қатар макроэко
номикалық көрсеткіштері бойынша дамып келе жатқан елдер
арасында көшбасшы орындардың бірін иеленді және кейбір
дамыған елдердің деңгейіне де жетті.
1998 жылғы Оңтүстік-Шығыс Азиядағы экономикалық дағда
рыс Малайзияның дамуына теріс әсер еткеніне қарамастан, ел
қысқа мерзімде оның зардаптарын жеңе алды. Мысалы, 2020
жылы елдің жалпы экспорты 233,0 миллиард АҚШ долларын
құрады. Бұл 2000 жылмен салыстырғанда 60 пайызға өскен.
Сонымен бірге 2020 жылы электронды өнімдерді экспорттау
дың жалпы көлемі 86,0 миллиард АҚШ долларына жетті.
Малайзия негізінен Жапонияның тиімді экономикалық мо
деліне сүйене білді. Олар шетелдік технологиялар мен инвес
тицияларды тарту, алдыңғы қатарлы индустриялы мемлекет
тердің озық тәжірибесін игеру, импортты алмастыратын өнім
дер шығару және экспорттық әлеуетті арттыру, экономиканы
модернизациялау бойынша нақты, серпінді қадамдар жасады.
Жергілікті экономистер ел экономикасының қарқынды да
муына, әсіресе Жапонияның экономикалық тәжірибесі оң әсер
еткендігін айтады. Осыған байланысты арнайы әзірленген
«Күміс шаш» бағдарламасы (кейін «Малайзия — екінші үй»
деп аталды) ерекше тиімділігін көрсетті. Ол сол кезде зейнет
демалысындағы жоғары білікті жапон мамандарын Малайзия
ға жұмысқа тартуды көздеген арнайы бағдарлама болатын.
Соның нәтижесінде банк, қаржы, маркетинг, ақпараттық және
коммуникациялық технологиялар, денсаулық сақтау, білім
және өзге де салаларға 50 мыңнан астам кәсіби білімді әрі
белсенді жапондық уақытша жұмысқа тартылып, олар Ма
лайзия экономикасын дамытуға, еңбек тиімділігін арттыруға,
білікті кадрларды оқытуға, дайындауға үлкен үлестерін қосты.
Жалпы Малайзия экономикасы әлеуметтік-экономикалық
дамудың бес жылдық жоспар жүйесіне негізделеді. Бұл модель
де мықты мемлекеттік реттеу бар. Сонымен қатар мемлекет
кәсіпкерлікті түрлі қауіп-қатер мен қылмыстық әрекеттерден
қорғауды өз міндетіне алған. Малайзия әлемнің үздік тәжіри
белерін үнемі бақылап, зерттеп, жергілікті экономиканың ерек
шеліктерін ескере отырып, солардың ең тиімділерін қолданып
келеді.
Ұзақ мерзімді жоспарға сәйкес, Малайзия экономикасы ішкі
инвестицияларды ұлғайту жолдары арқылы тікелей шетелдік
инвестицияларға тәуелділікті азайтуды көздейді. Үкімет қазір
гі уақытта электронды өнеркәсіп тауарларының экспортына
тәуелділікті азайту мақсатында экономиканы одан әрі әртарап
тандыру шараларын жүргізуде. Бұл Батыс мемлекеттерінің осы
өңірдегі елдердің экономикасын қайтадан құлдыратуды көздеп
отырған әрекеттеріне, былайша айтқанда, осы қауіп-қатердің
алдын алу үшін тереңнен ойластырған шара. Өйткені бұл ел,
Малайзия, электрониканың 50 пайыздан астамын Батыс елдері
не арнап шығарады. Мысалы, Батыс елдері кез келген уақытта
осы өнімдерді сатып алудан бас тартуы немесе оған импорттық
бажды көтеріп жіберуі әбден мүмкін. Осы жайды ескере отырып,
үкімет өз елінің тауарларын өткізетін жаңа нарықтар іздеу мен
экспортқа бағытталған өндірістердің белсенділігін ынталандыру
жұмыстарын қарқынды жүргізеді. Тіпті сол үшін 2003 жылдан
бастап үкімет әлемдегі жаңа нарықтарды игеріп жатқан жергілікті
компанияларға 50 пайыздық салықтық жеңілдіктер енгізді.
Қазіргі уақытта әлемнің жетекші елдерінің дамыған индус
триялы жүйеден постиндустриялы немесе ақпараттық қоғамға
өтіп жатқанын ескере отырып, Малайзия дамудың бүтіндей бір
сатысынан, яғни экономикасы табиғи ресурстарды өндіруге
негізделген дамыған индустриялы қоғам кезеңінен «секіріп»
өткісі келеді. Олар мұның орнына Малайзия экономикасы
білімге, ғылымға негізделген, атап айтқанда, ақпараттық-
коммуникациялық технологияларды қолдануға негізделген
заманауи мемлекет болуға ұмтылады.
Бұл жағдайда, биліктің пікірінше, болашақта, экономика
және оның дамып, өсуі қоғамның интелектуалдық деңгейіне
байланысты болмақ. Экономикадағы табыс ғылыми жетістік
терді тиімді пайдаланумен анықталады. Жергілікті сарапшылар
жақын кезеңде білім нарығының қарқынды дамып, жаһандық
сипат алатынына күмән келтірмейді. Олардың ұстанымдарына
сәйкес, білім экономикасы, яғни білім мен ғылым түбінде еңбек
пен жерге және капиталға негізделген дәстүрлі өндірістік қоғамға
деген көзқарасты өзгертуді талап етеді. Сондай-ақ бұл дәстүрлі
элементтер маңызды болып қалса да, бұдан былай қоғамның
бәсекеге қабілеттілігінің кепілі болмайды. Өндірістегі прогресс
барған сайын білім мен тәжірибеге негізделіп келе жатқанын
Үкімет жақсы түсінеді.
2025 жылға қарай Малайзия экономикасы толық білімге
негізделген мемлекетке айналуы тиіс. Мақсат — осы! Са
рапшылардың пайымдауынша, мұндай мемлекеттің әрбір
азаматы мен әрбір мемлекеттік ұйымы және де әр оқу орны
мен коммерциялық компаниясы, кәсіпорындары интернетке еш
бөгетсіз шыға алатындай болуы тиіс. Интернет желісін пайда
ланушылар желіге кез келген жерден, кез келген уақытта, кез
келген мақсатпен кіре алатын болады. Бұл тұжырымдаманы
малайзиялықтар «баршаға арналған ақпараттық қоғам» не
месе «әрбір адамға арналған ақпараттық қоғам» деп атайды.
Малайзия Үкіметі мұнай, газ, қалайы, резеңке немесе элек
троника тауарларын сату арқылы күн көру керек деген жалпы
лама түсініктен құтылу керек деп санайды. Енді мемлекеттің
қызметі білімге деген сұранысты қамтамасыз етуі керек. Білім
мен ақпарат күнделікті тіршілікте пайдаланылатын су мен
газ немесе электр қуаты сияқты тұтынушылық зат ретінде
қарастырылуы қажет және адамдар оған оңай қол жеткізуі
тиіс. Сондықтан қазіргі кезде үкіметтің ең басты мақсаты —
ақпараттық-коммуникациялық технологияларды (АКТ) дамыту
және қолданысқа кеңінен енгізу. Ол экономикалық өсуге және
жаңа жұмыс орындарын ашуға, сонымен қатар шалғай аудан
дарды қалалық орталықтармен байланыстыруға, өмір сүру
деңгейін жақсартуға ықпал етеді.
Бұл орайда «Мультимедиялық супердәліз» бірегей жоба
сына үлкен үміт артылып отыр. Бұл Куала-Лумпурдан елдің
халықаралық әуежайына дейін баратын, ені 15 және ұзындығы
50 километр болатын дәліз және ол — АКТ саласындағы ин
новацияларды тестілеуге және енгізуге арналған заманауи
ақпараттық инфрақұрылым.
Бұл жобаға әлемнің жетекші деген озық компаниялары тар
тылды. Және де осы жоба аясында қазір Путражая федералды
үкіметінің жаңа әкімшілік орталығы және Инновациялық АКТ
Сайберджай орталығы сынды екі «ақылды» қала бой көтерді.
Бұл қалалардағы өмірдің барлық салалары жаңа ақпараттық
технологияларды қолдануға негізделген. Осы «ақылды» қала
лардың екеуінде де электрондық үкімет және телекоммуника
циялар, электрондық коммерция және зияткерлік мектептер,
жеке куәлік, медициналық карта және төлем құжаты ретінде
қызмет ететін көп функционалды карталар бар. Мәселен, элек
тронды үкімет аясында мемлекеттік қызметтер, мемлекеттік
сатып алу, мемлекеттік жобалардың іске асырылуын бақы
лау жүйесі, еңбек биржасы, адами ресурстарды басқарудың
ақпараттық жүйесі және мемлекеттік қызметшілердің еңбек
жағдайларын жақсарту жүйесі сияқты бағдарламалар жұмыс
істейді. Бағдарламалардың әрқайсысы қарапайым азаматтар
мен жеке компаниялардың және үкіметтік емес ұйымдардың
қолжетімділігі мен ашықтығын қамтамасыз етеді.
Уақыт өте келе, мұндай «киберқалалар» бүкіл елде бой кө
теріп, ғаламдық киберкеңістікке біріктіріліп, бүкіл ел заманауи
соңғы мультимедиялық алаңға айналады.
Қазірдің өзінде осы жаңа стратегияның алғашқы игіліктерін
халық көре де бастады. Мәселен, елде биотехнологияны және
заманауи өндірісті қолдана отырып ауыл шаруашылығын да
мыту үшін үлкен ғылыми база жасалды. Осы салаға 18 мыңға
жуық қызметкер тартылған. Әрбір университет пен мектепте
АКТ-ға негізделген жаңа білім беру бағдарламалары енгізілді.
Мемлекет білім беру жүйесін жетілдіруге және білім алу
дың қажеттілігі мен білімді болудың маңыздылығын жас ұр
пақ санасына сіңіруден, оларды ынталандырудан уақыт пен
қаражаттарын аяған емес. Малайзия Білім министрінің елдегі
Премьер-министр мен Қорғаныс министрінен кейінгі үшінші
жоғары лауазымды тұлға екендігін айтсақ та түсінікті.
Малайзияның Королі Сайед Сиражуддин ибни Сайед Путра
Джамалуллайлмен ресми кездесу. Тамыз, 2002 жыл,
Куала-Лумпур
Малайзия Премьер-министрі М. Махатхирмен.
2003 жыл, Путраджайя
Куала-Лумпурда соңғы он жылда әлемдегі жетекші универ
ситеттердің филиалдары ашылып, онда малайзиялықтардан
басқа 40 мыңнан астам шетелдіктер де оқуда. Мұның себебі —
бұл филиалдарда білім сапасы да, деңгейі де жоғары. Бағасы
2–3 есе арзан. Мемлекет, сонымен бірге, малайзиялық жастар
ды шетелде оқытуға бағытталған тұрақты саясат жүргізеді.
Егер бастапқыда АҚШ, Ұлыбритания, Австралия, Жапония
және Еуроодақ сияқты елдерге басымдық берілсе, кейінірек
жергілікті жастарды оқыту географиясы біртіндеп кеңейіп,
Шығыс Еуропа, Балтық елдері мен Скандинавия, Ресей мен
Украина елдерінде де білім алуға жол ашылды. Сауда-саттық
жүргізетін мемлекет ретінде мұнда үкіметтің өзіндік прагматика
лық тәсілдері бар. Малайзия өз өнімдерін бүкіл әлемде сатуға
тырысады және малайзиялық кәсіпкер үшін тек ағылшын тілін
ғана емес, сонымен қатар әлеуеті жоғары елдердің тілдерін
білу де қажет деп есептейді.
Малайзия экс-Премьер-министрі М. Махатхирмен бейресми
кездесу. Қыркүйек, 2006 жыл, Куала-Лумпур
Айта кету керек, 2003 жылдан бастап Малайзия үкіметі
исламдық діни (барлығы 500‑ге жуық) мектептерге көмек көр
сетуді тоқтатты және 120 мыңнан астам оқушыны мемлекеттік
мектептерге ауыстырды. Билік бұл мектептерді және олардың
мұғалімдері мен ұстаздарын Ислам партиясы оппозиция ретін
де үкіметке қарсы үгіт-насихат жүргізу үшін өз мүддесіне пай
далануы мүмкін деп санады. Үкіметтің ақпараттық құралдары
«діни мектептер түлектерінің кәсіби деңгейі төмен, мемлекетке
деген бейтараптық сезімге бой алдырған және қоғамға пай
дасы шамалы» деп жазды. Алайда, сонымен қатар, адамгер
шілік пен білім діні ретінде насихатталатын ислам дініне стан
дартты орта мектептерде ерекше көңіл бөліне бастады. 2003
жылдан бастап шетелдегі Ислам университеттерінде оқып
жатқан малайзиялық студенттерге бақылау күшейтілді. Осыған
байланысты ислам әлемінде танымал Египеттегі әл-Азһар
университеті де назардан тыс қалған жоқ.
Кез келген малайзиялық шенеуніктермен, кәсіпкерлермен,
ғалымдармен, тіпті қарапайым азаматтармен пікірлескен кезде
заманауи білім мен ғылымның олар үшін қаншалықты құнды
екенін түсінесіз. Мұны еңбек этикасы мен қоғамдық санадан
анық байқауға болады. Қоғамда ақшаны оңды-солды шаша
тындар мен байлыққа құмар адамдарға деген төзімсіздік қа
лыптасқан. Мұндағы өмірдегі негізгі басымдықтар — білім,
ғылым, отбасы және қоршаған ортаны қорғау.
Сонымен қатар қазіргі Малайзияның бір ерекшелігі — ислам
ды жандандыру арқылы елді жаңғырту! Ислам діні — Малай
зияның мемлекеттік діні. Ел үкіметі «прогрессивті ислам», яғни
модернизацияға дайын діннің моделін белсенді түрде енгізуде.
Осы мақсатта мемлекет болашақ дін қызметкерлерін әлемнің
ең жақсы университеттерінде оқытуға демеушілік жасайды.
Үкіметтің оларға талабы — теологияны ғана емес, сонымен
қатар технологиялық ғылымдарды да зерттей отырып, алған
білімдерін кеңейтуге тырысу. Мемлекет дін де қазіргі қоғамның
шындығына бейімделіп, біртіндеп шамадан тыс консерва
тизмнен арылуы тиіс деп санайды. Сондықтан Малайзияда
имамдардың зайырлы жүріс-тұрысы мен мінез-құлқына, олар
дың сыртқы келбетіне (галстук тағып, костюм киюден бастап)
назар аударылады және оларды жан-жақты білімді болуға
ынталандырады. Сонымен бірге мемлекет елдегі исламдық
діни ұйымдарға айтарлықтай қаржылық қолдау көрсетеді және
мешіттер салуға тікелей араласады.
Жалпы елдегі малай халқының арасында ислам дінінің ролі
өте зор. Осы жайды ескере отырып, үкімет исламды мемле
кеттік саясатты ілгерілетудің тиімді құралы ретінде қолданады.
Үкімет дін арқылы адамдардың бойында патриотизм, тәртіп
пен азаматтық жауапкершілік сияқты құндылықтарды уағыз
дайтын идеологиялық жұмыстарды сәтті жүргізеді. Осының
нәтижесінде мемлекет ислам дәстүрлерін берік ұстайтын ауыл
халқының арасында да сенімге ие бола білді. Мемлекет қа
рапайым адамдарға оппозиция қаржыландыратын жеке діни
мектептерде таза теологиялық ғылымдарды оқып-үйрену
дің орнына, олардың балаларының болашағы үшін заманауи
білімнің құндылығын жеткізе алды. Осы мақсатқа жету үшін
мемлекет мәжбүрлеу шараларын қолданбай, керісінше, ауыл
дың қарапайым халқының әлеуметтік-экономикалық жағдайын
түзеу арқылы олардың қолдауына ие болды. Исламдық оппо
зиция қатарының әлсіреуі ауылдық жерде өмір сүру деңгейінің
жақсаруымен және мемлекеттің кедейлікке қарсы саясатының
оң нәтижелерімен тікелей байланысты деуге болады. Нәти
жесінде, бүгінде елдегі қатардағы малай — діндар, білімді
және ауқатты адам, теологиямен шұғылданбайды және өзінің
зияткерлік және кәсіби деңгейін көтеруге тырысады. Оның
ұраны: «Біл, оқы және жұмыс істе!».
Бұл тұрғыда Малайзияның 1980 жылдардың басында
Шығыс Азияның дамыған мемлекеттерімен (Жапония және
Оңтүстік Корея) экономикалық тығыз ынтымақтастық орнатуды
көздеген «Шығысқа көзқарас» саясатын атап өту маңызды.
Стратегиялық негізгі мақсат осы елдердің артықшылықтарын,
атап айтқанда, халқының еңбексүйгіштігін, жауапкершілігін,
ұқыптылық пен алға қойған мақсатына жетуге деген талпы
нысын малай халқының бойына сіңіру еді.
Алайда Мохаммад Махатхир бұл талаптар елдің барлық
азаматтарына керек екенін айтса да, сарапшылар бұл қасиет
тердің тек титулдық ұлтта ғана жоқ екенін жақсы түсінеді. Көп
жыл бойы табандылықпен жүргізілген «Шығысқа көзқарас»
саясаты оң нәтижелер беріп, малайлар барлық салаларда
басымдылыққа ие бола бастады. Қызметінен кетер алдында
жасаған өз мәлімдемесінде М. Махатхир қаншама жыл ел
басқарғанда малайлардың менталитетін өзгерту мәселесі оған
ең қиын жұмыс болғанын атап айтты.
Малай ұлтын білім мен кәсіпке тарту, бейімдеу, әл-ауқатын
көтеру саясаты Малайзияның ауылды өңірлердің тұрмысын
түзеу жұмысымен, тәжірибесімен тікелей байланысты. Осы
мақсатта, ауылдық жерлерде әлеуметтік, экономикалық және
гуманитарлық реформаларды жүзеге асыру үшін Ауылдық өңір
лерді дамыту министрлігі де құрылды. Бұл министрлік ауылдың
тиісті инфрақұрылымына (ауруханалар, мешіттер, жолдар салу,
сумен жабдықтау, электр энергиясымен қамтамасыз ету, ком
пьютерлендіруді жүзеге асыру) тікелей жауапты болды.
Министрліктің қатысуымен ауылдарда мектептер мен
кәсіптік мектептер желісі құрылды. Сондай-ақ тұрғындарды
ауыл шаруашылығы нашар аудандардан қоныс аудару сияқты
проблемалармен де айналысады. Әдетте, нашар аудандар
дың халқы қоныс аударған кезде министрлік жаңа егіс егетін
жерлерді дайындайды және пайдалануға береді. Ауылдың
инфрақұрылымын жасайды, сонымен қатар бастапқы кезең
де тұрғындарға қаржылық қолдау көрсетеді. Бүгінде елдегі
ауылдық мекендер тәуелсіздіктің алғашқы жылдарындағы
қиындықтан түгелдей арылған. Министрлікті енді ауылша
руашылық өнімдерін сататын жаңа нарықтарды іздеп табу
мәселесі көбірек мазалайды.
Қазіргі уақытта Малайзияда жүзеге асырылып жатқан «Бір
ауыл — бір өндіріс» бағдарламасы тәжірибе ретінде аса маңыз
ды болып саналады. Бұл модель Жапониядан алынған және
ауыл тұрғындарының жұмыспен қамту деңгейін, әл-ауқатын
арттыруға бағытталған. Ауылдық аймақ немесе жеке ауыл
белгілі бір-екі өнімді таңдауы керек. Олардың өндірісі аймақтың
өндірістік, климаттық, ресурстық және географиялық ерекшелі
гіне байланысты соған сай және тиімді болуы тиіс. Сонымен
қатар бұл өнімдер сұранысқа ие, бәсекеге қабілетті және мүм
кіндігінше шетелге экспортталуы керек. Осы мақсатпен мем
лекет тіпті индустриялы аймақтарда емес, ауылдық жерлерде
де өңдеуші кәсіпорындар құруды бастады. Осылайша, ауыл
мен өндіріс арасындағы өзара тиімді байланысты қамтамасыз
етуге, нығайтуға тырысады. Өндірілген өнімдер арасында тек
ауылшаруашылық өнімдері ғана емес, сонымен қатар басқа
салаларда да, әсіресе туризм саласында пайдаланылатын
тауарлар да бар.
Үкіметтің осы ұзақ мерзімді бағдарламасы елді мекендегі
кедейшілікті жоюға үлкен үлес қосты, әсері, ықпалы зор болды.
Ұлттық статистикалық агенттіктің деректері бойынша,
1957 жылы Малайзияда кедейлік деңгейі 60 пайыздан асатын
еді. Бүгінгі таңда бұл көрсеткіш 4 пайызға дейін төмендеді.
Жоғарыда айтылғандай, осы нәтижелерге жету жолында үкімет
ауыл халқын өндіріске тарту, урбанизацияның қарқынын же
делдету, білім мен денсаулық сақтау және өзге де салаларды
дамытуды мықтап қолға алды.
Бұл тұрғыда үкіметтің тұрғын үй бағдарламасын ерекше атап
өту керек. Тұрғын үйге ұзақ мерзімді, төмен пайыздық немесе
пайызсыз несиелер арқылы қолжетімділікті қамтамасыз ету
осы тұрғын үй саясатының негізгі бір артықшылығы екендігін
айтуға болады. Мысалы, 1980 жылдардың ортасында мемле
кет жеке құрылыс компанияларымен бірлесе отырып, бүгінгі
күнге дейін қолданылып жүрген жаңа тәжірибені енгізді. Осы
тәжірибе бойынша жеке компаниялар лицензия алғаннан кейін
арзан, бірақ сапалы тұрғын үйлердің кем дегенде 30 пайызын
мемлекетке пайдалануға беруге міндеттенеді. Бұл үйлерді
мемлекет келісілген бағамен сатып алады және кедейлерге
(төмен пайыздық ұзақ мерзімді несиемен) таратып береді.
Малайзия этносаралық діни келісімнің орталығы деген атқа
да ие болып отыр. Себебі мұнда ислам, буддизм, христиан,
индуизм және конфуциандық діндерін ұстанатын малай, қытай,
үнді ұлттары тату-тәтті өмір сүріп жатыр. Елде мұсылмандар
мен қатар, қытайлық, буддистік және христиандық мерекелер
кеңінен атап өтіледі. Мәселен, Ораза айт, Құрбан айт, қытай
лардың «Шамдар» мерекесі мен үнділердің «Дивопавали»
мерекесі бүкіл мемлекет көлемінде тойланады. Әр мереке
түрлі рәсімдермен, шерулермен жалғасады. Мамыр айы Ма
лайзия күнтізбесінде ерекше атап көрсетілген. Ол ай 2002
жылдан бастап ұлтаралық және конфессияаралық бірлік айы
болып жарияланды.
Сонымен қатар Үкімет «Рукунегар» (Ұлт жаны) идеология
сын — халықтың рухани даму идеологиясын ұсынды. Оның бас
ты мақсаты елдің этникалық топтарын біріктіру және «біртұтас
малайзиялық мәдениетті» қалыптастыру болды. Қабылданған
осы құжатта елдің барлық азаматтарының біртұтастығына
ұмтылу, демократиялық өмір салтын сақтау, елдің байлығын
этностар арасында тең бөлу арқылы әділетті қоғам құру, ха
лықтардың мәдениеті мен дәстүрін құрметтеу және қазіргі за
манғы ғылым мен технологияға негізделген прогрессивті қоғам
құру сияқты басты бес стратегия айқындалды. Және де «Рукуне
гардың» принциптері: Құдайға сену! Елге деген адалдық! Консти
туцияны сақтау! Заңдылық! Өзара сыйластық пен имандылық!
Бірақ ұлтаралық бірлік проблемасы Үкіметтің күш-жігеріне
қарамастан, Малайзияның көпұлтты қоғамындағы ең өзекті
мәселелердің бірі болып қала береді. Премьер-министр Моха
мад Махатхирдің 1991 жылы ұсынған Малайзияның «Бангса»
концепциясы дәл осы жағдайға байланысты туды. Бұл идео
логияға сәйкес, Малайзия халқы 2030 жылға дейін бір ғана
этникалық топқа айналуы керек. Халық малайзиялық, қытайлық
және үнділіктер болып бөлінбеуі тиіс. Азаматтардың үйлесімділі
гі мен адал серіктестігі, Отанға және мемлекеттік тілге деген
сүйіспеншілік, конституцияға деген құрметі болуы — қоғамның
басты артықшылықтарының бірі болады деп айтылды.
Қазіргі уақытта «Рукунегар» және «Бангса Малайзия» тұжы
рымдамалары Малайзия халқының бірлігін насихаттайтын
негізгі құрал ретінде және мұндағы идеялар жастардың бойына
патриотизм сезімін ұялату үшін белсенді түрде насихатталуда.
Малайзия қоғамы туралы айтқанда, тілдік аспектіні де ескер
ген жөн. Әрбір этностық топ әртүрлі дінді ұстанатынына және
ата-бабаларының дәстүрін мұқият сақтағанына қарамастан,
мұнда мемлекеттік тілді — малай тілін білу деңгейі (яғни, оқи
және жаза білу) жүз пайызды құрайды. Ал малай халқының
үлесі болса алпыс пайыздан аспайды. Елдегі барлық ресми
іс-шаралар тек малай тілінде өтеді. Малай тілі мемлекеттік
және бизнес құрылымдарында, білім беру мен күнделікті өмір
де белсенді қолданылады. Мұндағы мемлекеттік тілдің үстемді
гі басқа этностар тарапынан ешқандай қарсылық тудырмайды
және малай тілі елдің, тұтас қоғамының қажеттілігі болып та
былады. (Қазақстандағы мемлекеттік тілге байланысты проб
лемаларды ескере отырып, Малайзияның тіл саясаты туралы
зерттеулер арнайы тақырыпта кеңірек баяндалады. — Авт.)
Халықаралық сарапшылардың ортақ пікірі бойынша, Моха
мад Махатхир жүргізген реформалар — Малайзия мемлекетінің
қарқынды дамуының негізгі факторы болды. Соған қарамастан
Батыс елдері Мохамад Махатхирді авторитаризм мен исламды
берік ұстанғаны үшін жиі айыптады. Бірақ ол өзінің бұл ұста
нымдарын артта қалған елін дамыту үшін шебер қолданып,
тиімді пайдалана білді. Қорыта айтқанда, М. Махатхирдің өзі
айтқанындай, оның басты мақсаты — демократияның прин
циптеріне қызмет ету емес, ұлттың лайықты өмір сүруі мен
өркендеуін қамтамасыз ету болды. Ол өзінің осы мақсатына
жетті де!
М. МАХАТХИРДІҢ МАЛАЙ ХАЛҚЫН
КЕДЕЙШІЛІКТЕН ШЫҒАРЫП, БАЙЫТУ
САЯСАТЫ
1960 жылдардың аяғында Малайзия халқының 56 пайызын
малайлар құрағанымен, олар ұлттық байлықтың бар болғаны
2,4 пайызын ғана иеленген еді. Ел байлығының 63,3 пайызы
шет елдіктердің меншігінде, ал 34,3 пайызы малай ұлтынан
басқа этностардың меншігінде болды. Мысалы, қытайлар бар
лық сауда саласын, көлік пен сервис саласын қолдарында
ұстады. Қала тұрғындарының басым көпшілігін де солар —
қытайлықтар құрайтын. Барлық көшедегі жарнамалардан
бастап, дүкендердегі маңдайша белгі тақталарына шейін тек
қытай тілінде жазылған болатын.
Малайлар негізінен каучук өндіру мен көкөніс өсіру және
балық аулаумен айналысатын. Малайлар өз Отанында тұрып,
өз елінің байлығынан тыс қалғандарына қатты наразы еді.
Үкіметтен үнемі осы әділетсіздікті жою бағытында тиісті шешім
дер қабылдауды талап етумен болды. Жағдай осылай күрделі
болғандықтан, елде қытайларға деген төзбеушілік, қарсы көңіл
күй арта түсті. Әсіресе малай тілінің статусы қатты алаңдау
шылық тудырды, қоғамда реніш, ашу-ыза пайда болды. Соның
аяғы 1969 жылы күзде үлкен этносаралық қақтығысқа алып
келді. Малайлар мен қытайлардың арасында көптеген адам
шығыны да болды. Дүкендер мен үйлер өртелді. Елде төтенше
жағдай жарияланып, Парламент таратылды. Уақытша Ұлттық
басқару кеңесі құрылды.
Соның алдында Парламент депутаты М. Махатхир Үкіметтің
экономикадағы теңсіздікті жоюға қауқарсыздығы мен малай
тілінің мәртебесін көтеруде басқа этностарға жалтақтауын қой
май отырғандығын сынап, сол кездегі елдің Премьер-министрі
Тунку Абдул Рахманға ашық хат жариялаған еді. Сол үшін
ұлтшыл ретінде М. Махатхир партия қатарынан шығарылып,
Парламенттен қуылған болатын. Ол өзінің туған штаты Кедахқа
қайтып келіп, қарапайым дәрігер ретінде жұмысын жалғастыр
ған. Сонымен қатар «Малай дилеммасы» атты кітап жазып,
онда малайлардың өз отанындағы мүшкіл халін жан-жақты
сипаттап, қандай шаралар қолдану керек екенін нақты көрсетіп
берген-ді. М. Махатхир осы кітапта атап көрсеткен мәселелер
шешімін таппаған жағдайда малай мемлекетінің болашағы
бұлыңғыр болатыны туралы ескерткен. Үкімет бұл кітапты та
ратуға тыйым салған.
1969 жылы қыркүйекте болған қанды қақтығыс М. Махат
хирдің осы ойы мен болжамының растығын дәлелдеді. Сол
себептен де 1974 жылы Малайзияның жаңа Премьер-министрі
Абдул Разақ М. Махатхирді қайтадан Үкімет құрамына шақы
рып, Білім министрі етіп бекітеді. Ал екі жылдан соң, яғни 1976
жылы М. Махатхир Премьер-министрдің орынбасарлығына
тағайындалып, «Жаңа экономикалық саясат» бағдарламасын
пәрменді жүргізуге кіріседі.
«Жаңа экономикалық саясат» (ЖЭС) 20 жылға есептелген
бағдарлама болатын. Оның негізгі мақсаты — экономикадағы
этностық басымдықты жою, малай қоғамындағы кедейлікті
барынша төмендету. Бұл оңайлықпен іске асатын, тез орын
дала қоятын және жылдам жетуге болатын мақсат емес еді.
Малайлардың сауаттылығы, білім деңгейі өте төмен болды.
Мысалы, білікті мамандардың ішінде малайлардың үлесі не
бары 4,9 пайыз құрады. Малайларда коммерциялық икем,
тәжірибе жоқтың қасы болатын. Ақшаны қалай ұстауды, есеп
пен және үнемдеп пайдалануды біле бермейтін. ЖЭС бойынша
20 жылда малайлардың ұлттық байлықтағы үлесі 2,4 пайыздан
30 пайызға өсуі, ал малай еместердің үлесі 34,3 пайыздан 40 па
йызға жетуі, ал шетелдіктердің үлесі 63,3 пайыздан 30 пайызға
кемуі жоспарланған еді.
Осы мақсатты орындау үшін ең маңыздысы малайлардың
білім деңгейін көтеру, мамандыққа оқыту, кәсіпке бейімдеу
деп есептелді. Бұл күрделі мәселе екендігі әу бастан белгілі
болған. Өйткені малайлар тек ауыл шаруашылығымен ғана
айналысып келгендіктен, басқа саладан хабарлары аз болатын.
Олар енді мәдени трансформациядан өтуі керек еді. Әрине,
оның ұзақ уақыт алатыны анық. Сол себептен де Үкімет ма
лайларды оқытуды, кәсіптік білім беруді белсенді түрде қолға
алды, мектептерге білікті мамандар тартылды. Ал көптеген
малай жастары жоғары білім алу үшін Ұлыбританияға жіберілді.
Киім тігу, ағаш өңдеу, техникалық қызмет көрсету сервисіне
үйрену, тағы сол сияқты өзге де кәсіптерді игеру мақсатында
мыңдаған жастар мемлекеттік гранттың есебінен шетелдерге
оқуға жіберілді. Сонымен қатар Малайзияның өзінде жұмыс
шы, техникалық маман, механик, сантехниктер дайындау үшін
көптеген арнайы орталықтар ашылды. Талантты жастардың
алды «Бизнес басқару», «Банк істері» бойынша Англияның
ең белді университеттерін бітіріп, елге оралып, өз кәсіптерін
аша бастады, банктерде, мемлекеттік қызметте жауапты лауа
зымдарға тағайындалды. Сол жылдары мемлекеттік бюджеттің
25 пайызы тек білім саласына бөлініп отырды.
Мемлекет өзіне тиесілі қазба байлықтары мен ағаш өндіру ісін
тек малайлардың компанияларына ғана берді. Мемлекеттік са
тып алуға тек солар қатыса алатындай жағдай жасалды. Куала-
Лумпурдағы қаржы биржасына (Kuala Lumpur Stock Exchange)
шыққан қандай компания болсын, оның акцияларының 30 па
йызы тек малайларға сатылуы тиіс болатын. Оның бағасы төмен
болуы, тек номинал деңгейінде берілуі міндеттелді.
Міне, осы шаралардың барлығы да малайлардың тұрмысы
ның жақсаруына, коммерцияға бейімделуіне, білім мен біліктілік
дәрежесінің көтерілуіне алып келді. Көптеген салада малай
компаниялары тиімді жұмыс істей бастады. Байлыққа ие болған
буржуазия қалыптасты. Бірақ бұл жетістіктер де Үкіметті толық
қанағаттандырмады. Өйткені әлі де болса, ұлттық байлықты
иемденудегі малайлардың үлесі төмен еді. Сол себепті 1978
жылы М. Махатхирдің ұсынысымен «Ұлттық акционерлік кор
порация» (HAK — Permodalan Nasіonal Bethad) ұлттық инвес
тициялық қоры құрылды.
Қордың мақсаты Куала-Лумпурдағы қаржы биржасынан
және шет елдердегі биржалардан табысы мен пайдасы мол
компаниялардың акцияларын сатып алу болатын. Ол акция
лардың барлығы да Ұлттық инвестициялық қорға (НИФ —
Amanah Saham Nasіonal) орналастырылды. Ал НИФ-тің акция
лары тек малайларға сатылды. Бағасы шартты түрде қойылды,
қолжетімді, арзан болды. Мысалы, 1 акцияның құны 1 ринггит
тұрды. Олардан түсетін табыс банкке салынған депозиттерден
әрдайым жоғары болды. Малайлар енді жаппай акциялар са
тып алуға көшті. Тіпті малайларды одан сайын ынталандыру
шарасы жүргізілді. Егер малай азаматы 10 ринггитке 10 акция
сатып алса (10 ринггит 3 доллардан кем), онда оған 100 ак
ция берілді. 90 акциясының құны дивиденд есебінен төленді.
Әрбір акция кемінде 12 пайыз жылдық табыс әкеліп отырды.
Сонымен қатар малайларға кең ауқымды түсіндіру жұмыстары
жүргізілді. Олар қор биржасының жұмысы, акцияның айна
лымы, құны мен табысы туралы керекті мағлұматтар алып,
сауатты бола бастады.
Соның нәтижесінде 1990 жылы 5 миллионнан астам малай
Ұлттық қордың акциясына ие болды. Әрқайсының қолында
50 мың ринггиттен кем емес, тұрақты табыс беретін құнды
қағаздар сақталды. Бұл М. Махатхир бастаған Үкіметтің ұлттық
байлықты арнайы қорлар арқылы ел мен жердің иесі, мем
лекеттің төл баласы — малайларға бөліп берудегі феноме
налды табысы, зор жетістігі еді. Сонымен қатар малайларға
тиесілі ірі коммерциялық және өндірістік компаниялар пайда
бола бастады. Банк секторында, мемлекеттік компанияларда
менеджерлер мен басқарушы директорлар тобын негізінен
шетелдерде білім алып келген жас малай азаматтары құрады.
Гарвард, Оксфорд, Кембридж университеттерін бітіріп келген
малайларды басқа этностар компанияларына басшы қызмет
терге шақырып, акцияларын ұсынды.
Үкіметтің қолдауымен Малайзияда жаңа университеттер
ашылды. Англияның бірқатар оқу орындары өз филиалдарын
ашып, қысқа уақытта көптеген маманды дайындауға қол жет
кізді. Соның нәтижесінде малайлар телекоммуникация, қаржы
және өңдеу өндірісінде басымдыққа ие болды.
Мемлекеттік сатып алудың келісімшарттары мен лицензия
лардың малай компанияларына берілуінің нәтижесінде олар
бизнестің негізгі салалары бойынша жетекші орынға шықты.
Сөйтіп, Үкімет енді мемлекеттік компанияларды жекешелен
діруге көшіре бастағанда, малайлар оларды сатып алуға дайын
болды. Соның арқасында ұлттық байлық негізінен малайларға
тиесілі бола бастады.
Бұл арада айта кететін бір жайт, Малайзиядағы басқа этнос
тарға тиесілі компаниялар негізінен отбасылық компаниялар
болатын. Ал енді бұл компанияларды құрушы адам бизнес
тен кеткен кезде компанияның өзге мұрагерлері көп жағдайда
бір-бірімен сыйыспай, әркім өзіне тиесілі мүліктерін жеке-жеке
бөліп алып, өз беттерімен дербес жұмыс істеуге тырысатын.
Осындай бөлшектену әрдайым жемісті, нәтижелі бола бермей
тіні белгілі. Малай компанияларына осы жағдай да үлкен биз
неске кеңінен жол ашып берді. Олар көптеген саланы қамти
тын ірі компанияларға ие болды. Мемлекеттің малайларды
қолдау саясаты осылайша өз жемісін берді. Экономикадағы
басқа этностардың басымдығы жойылды. Малай қоғамын
дағы кедейшілік деңгейі күрт төмендеді. Сонымен қатар, Жаңа
экономикалық саясат бағдарламасы іске асқан 20 жыл бойғы
кезеңде Малайзия экономикасының даму қарқыны 7 пайыздан
кем болған емес.
Экономика саласындағы М. Махатхир басқарған Үкіметтің
аса тиімді де ауқымды және нақтылы шаралары мен жет
кен жетістіктері малай халқының, елдің әрбір азаматының
байлығы мен дәулетін арттырды. Өз елінің нағыз да шынайы
иесіне айналған малайлар енді өздерінің басқа этностармен
терезесінің тең екендігін қай салада болса да мойындатты.
Соның нәтижесінде Малай мемлекетінің тәуелсіздігі тұғырына
мықты орнықты. Ұлттық сана мен мәдениет өзгерді. Білім мен
ғылым ерекше даму деңгейіне көтерілді. Малай мемлекеті
дамыған елдердің қатарына қосылды. Бұл, әрине, адамзат
тарихындағы сирек кездесетін ерекше оқиға еді. Бұл ұлттық
даму мен экономикалық тәуелсіздікті нығайту жолын таңдаған
елдерге өнеге болатын жол екендігі ақиқат. Бұл жол — Моха
мад Махатхирдің жолы!
«Еліңізді осы дәрежеге қалай жеткіздіңіз? Табысқа жет
кізуіңіздің басты сыры неде жатыр?» — деп сұраған шетелдік
тілшілерге жауап берген Мохамад Махатхир: «Еліңді, ұлтыңды
қалтқысыз сүйсең, жетпей қоймайтын мақсатың болмайды!
Ойы мен ары таза және патриоттық сезімі жоғары көшбас
шылар тарих шыңырауынан әрқашанда өз ұлтын алып шыға
алады», — деп жауап берген еді.
МАЛАЙЗИЯНЫҢ МАЛАЙ ТІЛІНІҢ МӘРТЕБЕСІН
КӨТЕРУДЕГІ ТӘЖІРИБЕСІ
Тәуелсіздік алғаннан бері отыз жылға жуық уақыт болса да,
Қазақстанның көпұлтты қоғамында мемлекеттік тілді жаппай
қолданысқа енгізу бүгінгі күнге шейін ең маңызды әрі өзек
ті мәселелердің бірі ретінде қалып отыр. Ал тарихта тәуел
сіздігін алған жас мемлекеттердің үстемдік құрған отар елдің
тілін ығыстырып шығарып қана қоймай, өз халқының ана тілін
жандандырып, оны мемлекеттік әрі ұлтаралық қатынас тілі
деңгейіне көтергендері жайындағы мысалдар аз емес. Әрине,
бұл үшін жалтақсыз саяси шешім де, қажырлы еңбек те және
халықтың, әрбір азаматтың өз тіліне деген құрметі, сүйіспен
шілігі мен жауапкершілігі керек.
Осы бағытта мақсатқа жетуге Малайзия үкіметінің малай
халқының тілін қалпына келтіріп, жандандырып, оны мемле
кеттік тіл мәртебесіне көтерудегі тәжірибесі жақсы үлгі бола
алады. Британ отарлаушыларының Малайзияда көп жыл қо
жалық етуі бұл елде ағылшын тілінің кеңінен таралуына әкелді
және ол бірте-бірте ұлтаралық қатынас тілі ретінде тұрақты
орнықты. Кезінде тарихшылар «Британдықтар малай тілінің
дамуына және өркендеуіне жол бермеді. Өйткені ұлттық тіл
дің дамуы отаршыл экономика мен саясатқа қауіп төндіріп,
ұлтшылдықты өршітетін еді» деп жазған болатын.
1957 жылы өз тәуелсіздігін алған кезде Малайзия үкіметінің
ең күрделі міндеттерінің бірі — ұлттық малай тілінің мәрте
бесін көтеру еді. Айта кету керек, елдің жас үкіметі осы мін
детті жүзеге асыруда көп кедергіге тап болды. Ағылшын тілін
ресми тіл ретінде таныған басқа ұлттар тіл саясатына табанды
қарсылық көрсетті. Қытай және үнді этностары осы бағытта
ерекше белсенділік танытты. Олардың малай тілін үйренуге
ешқандай қызығушылығы болмады және жас үкіметтің тіл
саясатын жасанды жолмен жүргізілетін ассимиляция әрекеті
ретінде қарастырды.
Міне, бастапқы кезеңдегі осындай табанды қарсылықтарға
қарамастан, бүгінгі күні малай тілі мемлекеттік және бизнес
құрылымдарында, білім беру мен күнделікті өмірде кеңінен
және белсенді қолданылады. Елдегі барлық ресми іс-шаралар
тек малай тілінде өткізіледі. Ұлттық тілдің қазіргі үстемдігі
басқа этностар тарапынан ешқандай қарсылық тудырып отыр
ған жоқ. Малай тілі қазіргі қоғамның табиғи қажеттілігі болып
қалыптасты. Бұл, әрине, Малайзия Үкіметінің мемлекеттік тіл
саясатын жоспарлы да жүйелі, тиімді де батыл әрі ешқандай
жалтақтаусыз жүргізе білгендіктерінің жемісі мен жеңісі еді.
Ескі дәстүрден бас тарту және білім беру жүйесін
жетілдіру
Тәуелсіздік алғанға шейін Малайзия халқының негізгі бө
лігі малай тілін жаппай қолдану прогресс пен дамуға деген
ұмтылысқа қайшы келеді дейтін пікірде болды. Артта қалушылық
ұғымы да тікелей осы малай тілімен байланыстырылды. Ағыл
шын мектептері түлектерінің білімі жоғары болады деген пікір
де қоғамда түпкілікті орныққан-тын. Осындай пікірлердің тек
ағылшын тілді тұрғындардың арасында ғана емес, керісінше,
малайлардың өз арасында да орнағаны және қолдау тапқаны
қауіпті жағдай еді.
Шынында да, ұзақ жылдар бойы отарлаушылықтың езгісін
де болған бұл елде де ағылшын тілі басымдыққа ие болды
және де ол тіл сапалы білім алудың жалғыз кепілі еді. Өйткені
малай тілінде білім беру тек ХХ ғасырдың басында ашылған
бастауыш мектептерде және үш жылдық колледждерде ғана
жүргізілді. Айта кету керек, малайлардың көп бөлігі ауылдық
жерлерде тұратын. Ал жергілікті мектептерде білім негізінен
араб тілінде Құран үйретумен ғана шектелетін. Малайлар
дың ағылшын тілін нашар білуі немесе білмеуі сауатсыздық
пен надандық деп саналды. Сондықтан да ауқатты малайлар
балаларын беделді ағылшын тілді колледждерге жіберуге
тырысты. Ақсүйектер мен интеллигенция болса, өздерінің ана
тілін қолданудан бас тартып, ағылшын тіліне басымдық берді,
сол тілде сөйлеу дәстүрге айналды.
Малайзияның жас үкіметі тіл саясатының тиімді тетіктерін
жасап қана қоймай, қоғамды малай тілі жөнінде ғасырлар бойы
қалыптасып кеткен теріс түсініктер мен күдіктерден арылтуға
мәжбүр болды. Тәуелсіздіктің алғашқы күндерінен бастап білім
беру мәселесіне ерекше көңіл бөлінді. Куала-Лумпурда Білім
министрі басқаратын арнайы комитет құрылып, ұлттық білім
жүйесіне малай тілін жедел енгізу оның негізгі міндеті, жауап
кершілігі болды.
Тәуелсіздік қарсаңында Малайзиядағы мектептер негізінен
ағылшын, малай, қытай және тамил тілді болып, төрт түрге
бөлінді. Малайзияның білім беру жүйесінде жергілікті тілдің
басымдығын қамтамасыз етудегі алғашқы батыл қадам 1961
жылы «Білім туралы» заңды қабылдаудан басталды. Осы заңға
сәйкес қытай және тамил мектептері бастауыш мектептер дең
гейінде ғана сақталды да, ал орта білім беруді тек ағылшын
және малай тілдерінде жүргізу талап етілді.
1969 жылы «Білім туралы заңға» өзгерістер енгізілуі малай
тілінде білім мен тәрбие берудің елдегі мектептерде қарқынды
жүргізілуіне тікелей әсер етті. Осыған байланысты малай тілі
елдің барлық орта білім беретін мектептерінде бірден-бір оқыту
және білім беру тілі ретінде бекітілді. Бұл бағыттағы үкімет
шараларының жалғасы ретінде 1970 жылы Куала-Лумпурда
Малайзия ұлттық университеті құрылды, оның сабақтары тек
малай тілінде ғана жүргізілді.
Үкімет ұлттық мектептерді қаржыландыруды ұлғайтты
және мектептер үшін мұғалімдердің сапалы дайындығы
на баса назар аударды. Бірнеше педагогикалық институт
ашылып, онда малай тілі мен әдебиетіне ерекше көңіл бөлін
ді. Малай тілінде сабақ беретін мұғалімдердің мәртебесі,
жалақысы көтерілді.
Малайзиядағы заманауи қазіргі мектептер туралы да айта
тын болсақ, алты жастан он екі жасқа дейінгі балалар оқитын
қытайлық және тамилдік бастауыш мектептер әлі де жұмыс
істейді. Алайда бұл мектептерде де малай тілін оқыту міндетті
пән ретінде қарастырылған. Сонымен қатар, қытай және та
мил мектептеріндегі оқушылар малай тіліндегі орта мектепке
ауысқан кезде, олар малай тілінен қосымша бір жылдық курс
тан өтуі тиіс. Бұл олардың малай тілін терең білуі мен меңгеруін
қамтамасыз етеді.
Заманауи заңдар қабылдау
1957 жылғы Малайзияның Федералды Конституциясы және
1967 жылғы «Мемлекеттік тіл туралы» заң мемлекеттік және
ресми тіл — малай тілінің мәртебесін бекітетін негізгі құжаттар
болды.
Қабылданған Конституцияның мәтінінде: «Малайзияның
ұлттық тілі — малай тілі, ол ресми мақсаттарда да қолданы
лады…» делінген. Ел халқының мемлекеттік тілге біртіндеп
ауысуын қамтамасыз ету үшін Конституцияда 10 жылдық бе
йімделу кезеңі қарастырылғанын айта кеткен жөн. Бұл кезеңде
осы елді мекендеп тұрып жатқан өзге халықтар мемлекеттік
тіл — малай тілін үйренуге тиіс болатын. Сонымен бірге осы
кезеңнің ішінде, яғни он жыл бойы Малайзиядағы мемлекеттік
кеңселерде, соның ішінде Парламентте ағылшын тілін еркін
қолдануға Конституция кепілдік берді.
1967 жылы Үкімет мемлекеттік және қоғамдық ұйымдарда
тек малай тілін қолдануды талап ететін «Мемлекеттік тіл ту
ралы» заң қабылдады. Бірақ ағылшын тілі сот ісін жүргізу тілі
ретінде қалдырылды. Мұның себебін Үкімет мемлекеттік басқа
рудың тиімділігін қамтамасыз ету үшін ғана жасалып отырған
қадам еместігін, сонымен қатар малай емес халықтардың
мемлекеттік тілді үйренуге деген селқостығымен байланысты
екенін қоғамға ашық айтып, түсіндірді.
Жоғарыда айтылғандай, 1969 жылы «Білім туралы» заң
толық күшіне енді. Малай тілі елдің барлық орта мектептерінде
бірден-бір оқыту тілі ретінде бекітілді. Сол жылы «Ынталан
дыру туралы» және «Ішкі қауіпсіздік туралы» заңның кейбір
ережелері қайта қаралды. Сол ережелердегі түзетулерге сәй
кес, малай тілінің — елдің мемлекеттік тілінің мәртебесін кем
сітуге әрекет жасаған кез келген азамат жауапқа тартылуы тиіс
болды. Бұл өзгерістердің құқықтық құжаттарға енгізілуі малай
тілінің мәртебесі туралы мәселені саяси пікірталас алаңынан
алып шығып, Үкіметке әрі қарай тіл саясатын еркін, табанды,
батыл жүргізуге мүмкіндік берді.
Малай тілі мен әдебиеті институтының маңызы
Ұлттық тілдің қолданысқа кең көлемде енгізілуінің тарихы
1956 жылы 22 шілдеде құрылған малай тілі мен әдебиеті инс
титутының (МТӘИ) қызметімен де тығыз байланысты.
Бұл институттың бастапқы кезеңдегі негізгі міндеттері малай
жазушыларының әдеби шығармаларын оқып, оларды қайта
тірілту үшін кітап ретінде басып, жариялау болды. Елдегі мек
тептерге оқу құралдарын әзірлеу және оның барлығын цен
зурадан өткізу міндеті де жүктелді. Грамматика, стилистика,
фонетика және тіл терминологиясы саласындағы зерттеулер
жүргізумен бірге, малай тіліндегі пән мұғалімдерін даярлау
міндеті де осы институтқа тапсырылды. Тіл бойынша қоғамдық
науқандар мен шаралар өткізумен қатар, көп тілді әдебиеттің
баспагерлеріне марапаттар мен сыйлықтар дайындау және көп
тілді жазушылармен байланысты қолдау мен анықтамалықтар
(сөздіктер, энциклопедиялар және т.б.) шығаруды жолға қою
керек болды.
Малай тілі мен әдебиеті институты (МТӘИ) ғимаратының
архитектурасына да үлкен мән берілді. Сол заманға сай 1962
жылы салынған институттың жаңа ғимараты Куала-Лумпурдың
жалпы көрінісінен айтарлықтай ерекшеленетін және қымбат
жоба саналды. Бұл Үкіметтің тіл саясатында өз мақсатына
жетуге деген ұмтылысы мен жігерінің белгісі ретінде жасалды.
Бұл институт (МТӘИ) маңызды тіл мәселелерін шешуде
мемлекеттің үйлестірушісі және кеңесшісі ролін атқара оты
рып, мемлекеттік тіл саясатының нағыз реттеушісі, дирижері
болды. Институт құрамына елдің белгілі тіл мамандары мен
жазушылар кірді. МТӘИ-дің тікелей қатысуымен көптеген тіл
дік акциялар, кітап жәрмеңкелері және малай тілі курстары
ұйымдастырылды. Институт мамандары терминологияны
дамыту, шетел әдебиетін аудару және елдегі мектептер мен
жоғары оқу орындарын оқулықтармен қамтамасыз ету бойын
ша жұмыстар жүргізді.
Бастапқыда бұл институт Білім министрлігінің құрамына
кірді. Бірақ кейіннен ол мемлекеттік бағдарламаларды әзірлеу
және іске асыру, кітаптар мен оқулықтар шығару және сату
құқығы бар жеке мемлекеттік ұйымға айналды. Мемлекеттік
қаржылық қолдау мен түрлі үкіметтік емес ұйымдардың де
меушілігімен қоса, институт баспа басылымдарын сатудан
тұрақты пайда тауып отырды.
Уақыт өте келе институт қызметінің географиялық аясы кеңейе
түсті. Малайзияның аралдарында орналасқан Сабах және Са
равак сияқты шалғай штаттарында 1977 жылы МТӘИ өкілдіктері
ашылды. 1999 жылы қытайлар көп тұратын Пенанг аралында
және Келантан штатында екі аймақтық бөлім құрылды.
Негізінен МТӘИ-ді Бақылау кеңесі басқарады. Құрамына
Төраға, Білім министрлігінің жауапты хатшысы, Бас білім ди
ректоры, қазынашылық өкілдері, Король кеңесінің өкілі кіреді.
Төрағаны Білім, ал қазынашылық өкілді Қаржы министрлері
тағайындайды. Сонымен бірге бақылау кеңесінің құрамына
білім министрі тағайындайтын тағы да он адам кіреді.
Бүгінгі таңда МТӘИ тіл саясатының негізгі тірегі болып қала
береді. МТӘИ-дің осы күнгі негізгі міндеттері: ғылым мен тех
никаны қоса қызметтің барлық түрі мен саласында малай тілін
дамыту және байыту; әдеби таланттарды қолдау; кітаптар,
журналдар, буклеттер және басқа да баспа өнімдерін басып
шығару; тілді дамыту және зерттеу; емле мен айтылымды
стандарттау; терминологияны жетілдіру; сөздіктер шығару;
тілдік сауаттылықты бақылау; тілді Малайзия қоғамында және
халықаралық деңгейде кеңінен насихаттау; тілді компьютер
лендіру.
Қазіргі уақытта МТӘИ-дің 1999 жылы құрылған халықара
лық бөлімі малай тілін әлемдік аренада насихаттау бойынша
арнайы жоспарды жүзеге асыруда. Болашақтағы мақсат —
малай тіліне Оңтүстік-Шығыс Азиядағы халықаралық қатынас
және бизнес тілі мәртебесін беру. Тағы бір маңызды мақсат —
әлемдік тіл мәртебесін алу және малай тілін 2025–2030 жыл
дары БҰҰ-ның жұмыс тілі ретінде қабылдату.
Жалпыұлттық идея
Айта кетерлігі, барлық тілдік науқандар ерікті негізде жүр
гізілді және малайлардан басқа этностардың мемлекеттік тілді
үйренуіне қосымша ынталандыру шаралары тұрақты жаса
лып отырды. Билік тілді енгізу үрдісінде мәжбүрлеу шарасын
қолдану ұлтаралық қақтығыстарға алып келеді және елдің үш
негізгі этникалық топтарын (малайлар, қытайлар, үндістер)
алшақтатады деп қауіптенді.
Дегенмен тиісті заңдардың қабылдануы, мемлекеттік инсти
туттың құрылуы, жалпыға ортақ науқанның өткізілуі үкіметтің тіл
саясатын сәтті жүзеге асыруына әлі де кепілдік бере алмады.
Бұған негізгі кедергі елде шынайы этносаралық бірліктің бол
мауы еді. Малайзия қоғамы әлі де болса этникалық тұрғыда
бір-біріне бәсекелес әрі қарсы пікірде болатын.
Малайзиядағы ұлтаралық шиеленістің шарықтау шегі 1969
жылғы мамырға тұспа-тұс келді. Онда оппозициялық саяси пар
тиялардың жақтаушылары (негізінен қытай және үнді жастары)
жалпы сайлаудың сәтті нәтижелеріне қуанып, Куала-Лумпурде
«мерекелік шеру» ұйымдастырды. Шара барысында олар ма
лай халқын келекеге, мазаққа айналдырып, ойларына келгенін
істеп бақты. Ақыры ашынған малайлар оларға қарсы көтерілді.
Ресми мәлімет бойынша, қақтығыс кезінде екі жүзден астам
адам қайтыс болды.
1969 жылғы оқиғалар Үкіметтің ұлттық біртұтастықты қамта
масыз ету жөніндегі саясатына түбегейлі әсер етті, үлкен өз
геріс әкелді. Мәдениет министрлігінің ролі күшейтілді. Үкімет
жанынан жаңа орган — Ұлттық бірлік департаменті құрылды.
Сондай-ақ Малайзияға әртүрлі этностардың бірігуіне және
«біртұтас малайзиялық қоғам» құруға негіз болатын жалпыұлт
тық идея қажет екендігі мойындалды. Ұлттық идеяның аясында
«басқа мәдениеттерге (қытай және үнді) сәйкес элементтерді
біріктіретін, бірақ жергілікті халықтың мәдениеті мен дініне
негізделген ұлттық мәдениет» түсінігі туындады. Елдің әртүрлі
этностарын біріктірудің негізгі құралы малай тілі болуы тиіс
деп шешілді.
Осылайша, 1970 жылы үкімет «Рукунегара» атты ұлттық
бірліктің, ынтымақтастықтың жаңа идеологиясын жасады.
Идеологияның негізгі мақсаты — елдің барлық азаматтарының
біртұтастығын қамтамасыз ету, демократиялық өмір салтын
сақтау, елдің байлығын этностар арасында тең бөлу арқылы
әділетті қоғам құру, халықтардың мәдениеті мен дәстүрін құр
меттеу, қазіргі заманғы ғылым мен технологияға негізделген
прогрессивті мемлекет орнату. «Рукунегараның» принциптері:
Құдайға сену; елге деген адалдық; конституцияны сақтау;
заңдылық; әдептілік пен имандылық. Малай тілі мен әдебиеті
«Рукунегараны» жүзеге асырудың негізгі құралына айналды.
Сонымен қатар 1971 жылы Үкімет біртұтас тіл идеясын ұлт
аралық бірліктің негізгі кепілі ретінде қарастыратын Жаңа эко
номикалық саясатты (ЖЭС — экономикалық, саяси, әлеуметтік
және мәдени салалардағы реформалар бағыты) бастады.
Негізгі мақсат — көпұлтты қоғамның мәдениеті мен дәстүріне
негізделген елдің ортақ ұлттық мәдениетін дамытудың басты
құралы ретінде малай тілін пайдалану және оның мәртебесін
көтеру.
Малайзияның Премьер-министрі М. Махатхир: «Тәуелсіз
адамдар — бұл мемлекеттік тілді өмірдің барлық саласында
қолдануды мақтан тұтатын адамдар. Малайзиялықтардың жаңа
менталитетін қалыптастыру шетелден әкелінген мәдениетке
негізделмеуі керек. Бұл бізді халықаралық қауымдастықтың бір
бөлігі етеді деп есептеу орынды емес. Егер де ол өз ұлтымыз
дың мәдениеті мен тілін жоғалтуға әкелетін болса, неліктен
біз халықаралық болуымыз керек» деген еді.
Тілдік науқандарды әзірлеу және жүзеге асыру
Малайзия Үкіметінің тілді дамыту саясатына тереңірек көз
салсаңыз, көптеген қиындықтардан өткенін байқайсыз.1959
жылы МТӘИ үш жыл жұмыс істегеннен кейін институт дирек
торы Саид Насыр малай тілін енгізу қарқынын жеткіліксіз және
баяу жүргізіліп жатыр деп дабыл қақты. Оның пікірінше, бұған
үш фактор кері ықпал етіп отыр — қоғамның тіл үйренуге де
ген ынтасының жеткіліксіздігі; тілдің ұлттық тіл ретінде қызмет
ете алатындығына сенімнің жоқтығы; ағылшын тілі ықпалы
ның күштілігі. Егер де халық малай тіліне деген көзқарасын
өзгертпесе, бұл тіл ешқашан ұлтаралық қарым-қатынас тілі
мәртебесін ала алмайды деген қорытынды жасады.
Осыған байланысты 1960 жылы Малайзияда кең ауқымды
тілдік науқандар басталды. Сонымен, 1960 жылдың 30 қаңтары
мен 6 ақпаны аралығында, МТӘИ ұжымының бастамасымен
Малайзияда малай тілінің алғашқы апталығы өтті. Осыған
орай, МТӘИ конференция өткізіп, оған түрлі министрліктер
мен ведомстволардың басшылары шақырылды. Үкіметтің
қолдауымен институт қоғамдық қызметтің түрлі салаларында
науқандарды өткізуге қажетті ресурстар мен өкілеттіктерге ие
болды. Жыл сайын науқан ауқымы өсті. Мысалы, 1961 жылы
тілдік науқан бір айға созылса, 1966 жылы науқан алты айға
созылды.
Науқан аясында үкімет ұлттық құндылықтарды белсенді
түрде насихаттап, ел тұрғындарын мемлекеттік тілді үйрену
арқылы патриоттық сезімдерін көрсетуге шақырды. Малай
емес азаматтардың науқанға қатысуы үнемі ынталандырылып
отырды, олар теледидар мен радио хабарларының жағымды
кейіпкерлеріне айналды. Сонымен бірге үкімет науқанға қаты
судан бас тартқан адамдарды айыптап, олардың оппозициялық
көзқарастарын сынға алып, қоғамдағы бірлікке қарсы әрекет
етуде деп, жан-жақтан қыспаққа алуға тырысты.
Осы іс-шаралар барысында радиода малай тілі сабағын
оқыту сияқты насихаттау әдістері қолданылды; жазушылар
арасында ең жақсы әдеби шығарма байқауын өткізу; тіл фо
румдарын, семинарларды және кітап жәрмеңкелерін ұйым
дастыру; арнайы плакаттар, автомобильдерге арналған сти
керлер шығару; көшеде билбордтар, плакаттар ілу және басқа
жобалар іске асырылды. Осы мақсатта «Тіл — ұлттың жаны»
деген патриоттық ән жазылды, ол теле-радиоарналардан
тұрақты беріліп тұрды.
Тілді насихаттау науқандары малай тілді киноиндустрияның
дамуына да серпін берді. Патриоттық тақырыптағы фильм
дердің саны артты. Әлемдік киноматографтың классикалық
фильмдер жинағы жасалып, малай тіліне аударылды. Мемле
кеттік тілде музыкалық шығармаларды орындаған концерттік
топтардың бүкіл елді қамтыған турлары ұйымдастырылды,
малай ұлтының ескі дәстүрлерін жандандыруға баса назар
аударылды.
1987 жылдың желтоқсанында МТӘИ бастамасымен
«Өз тіліңді сүй» атты ауқымды жаңа науқан басталып, оның
аясында теледидар, радио, баспа және электронды ақпарат
құралдарында малай классиктерінің шығармалары насихат
талып, олардың экрандық нұсқалары көрсетілді және басқа
да кең көлемді шаралар өткізілді. Ұлты малайлық емес радио
және теледидар бағдарламаларының жүргізушілеріне ерекше
құрмет көрсетіліп, олар елдің басқа азаматтарына үлгі ретінде
үнемі айтылып, насихатталып отырды.
Мемлекеттік және жеке секторға тілді енгізу
Бастапқы кезеңде тіл саясатын жүргізуде, малай тілін енгізу
де мемлекеттік қызметшілерге қатаң бақылау жүргізілді. Билік
малай тілін сауатты меңгеруді талап етті және оны жетілдіруге
күш салды. Атап айтқанда, 1962 жылы Малайзия Премьер-
министрі Тунку Абдул Рахман: «Мемлекеттік сектордағы кейбір
малайлар бір-бірімен ағылшын тілінде сөйлесуді жалғастырып
келеді, ал негізінде олар барлық малай емес азаматтарға үлгі
болу үшін ұлттық тілде мақтанышпен сөйлеулері тиіс еді», —
деп ашына сынға алды. Бұл жерде айта кетерлігі, шенеунік
тердің ішінде малай тілінде бастауыш мектептерде білім алға
ны өте аз еді. Ал кәсіби шенеуніктердің көп бөлігі ағылшын тілді
мектептер мен университеттерде оқыған. Сарапшылардың
пікірінше, мемлекеттік тілді қолдануға итермелейтін тағы бір
айрықша қағида — ол мемлекеттік қызметшілерді патриотизмге
тәрбиелеу және оны Үкімет Отан мен ұлтқа деген сүйіспеншілік
және құрмет деп бағалады.
Сонымен бірге малай емес азаматтардың мемлекеттік тілді
сауатты білуі ынталандырылды. Оларға 10 пайыздық үстем-
ақыдан бастап мансап сатысымен көтеруге дейінгі түрлі қолдау
көрсетілді. Малай тілінде сөйлеуден тартынған мемлекеттік
шенеуніктер сын мен айыптау нысанына айналды. Елдің бар
лық мемлекеттік мекемелерінде «Мемлекеттік тілге басымдық
бер!» деген ұран ілініп тұратын болды.
Дегенмен де ағылшын тілі ұзақ уақыт бойы сот ісін жүр
гізудің негізгі тілі болып қала берді. Тек 1981 жылдың қазан
айында елдің барлық сот — атқарушы органдарында малай
тіліне кезең-кезеңмен көшу туралы үкімет нұсқауы шықты. 1999
жылы маусымда мемлекеттік тіл ресми түрде сот ісі және сот
ісін жүргізу тілі мәртебесін алды.
Мемлекеттік және қоғамдық секторларда қабылданған ша
ралардан бөлек, негізінен қытайлар басым бизнес секторын
да малай тілін енгізу Үкіметке аса қиын болды. Бұны, атап
айтқанда, тәуелсіздік алғаннан бері жарты ғасырдан астам
уақыт өтсе де жеке секторда әлі де мемлекеттік тілді енгізу
бойынша жүргізіліп жатқан шаралардан байқауға болады.
Мәселен, 1996–2010 жылдар аралығында елде Білім министр
лігінің қолдауымен жеке сектордағы мемлекеттік тілдің тұрақты
науқаны өткізілді. Билбордтар мен коммерциялық келісімдер
жасауда тілді сауатты қолдану бойынша арнайы білім беру
бағдарламалары жасалды. Тіл апталықтары бизнестің бел
гілі бір салаларында (тамақтану, банк қызметкерлері, қонақ
үй менеджерлері және т.б.) ұйымдастырылды. Форумдар,
тақырыптық пікірталастар, баспа және электронды бұқаралық
ақпарат құралдарында курстар өткізілді. Сондай-ақ қаржылық
және банктік терминдерге баса назар аударатын, малай тілін
үйренетін арнайы телевизиялық бағдарлама жасалды. Биз
нестегі хат алмасу және коммерциялық мәмілелерде малай
тілін кеңінен әрі белсенді қолдану үшін тиісті заңдарға қатаң
талаптар мен өзгерістер енгізілді.
Терминологияны дамыту
Үкімет көпұлтты қоғамда малай тілін жоспарлы түрде ен
гізу үшін малай тілін жетілдіріп, оны белгілі бір стандарттарға
келтіруді мақсат тұтты. Тіл мамандары, егер ұлттық тілдің
лексикасы ғылыми прогрестің заманауи жетістіктерінен артта
қалса, онда бұл тілге тек қытайлар мен үндістер ғана емес, ма
лайлардың өздері де назар аудармайды деп есептеді. Осыған
байланысты үкімет ғылым, экономика, саясат және мәдени
өмірдің барлық саласында малай тілінің терминологиясын
құрастырумен айналысуға білек сыбана кірісті. Сонымен қатар
әлемде ай сайын жаңа терминдер пайда болатындығын ескер
сек, әр сөзді мұқият зерттеу, талдау, бақылау керек болды.
Осылайша, терминологияның дамуы қоғамның барлық сала
сында малай тілінің жүйелі түрде енгізілуін қамтамасыз ететін
құралдың біріне айналды. Осы мақсатта 1959 жылы институт
құрылымында алғашқы үш терминологиялық комитет құрылды.
Комитеттер жариялаған шығармашылық туындылар, әсіресе
ағылшын және қытай тілдеріне аудармасы бар арнайы сөздіктер
түрінде жаппай таратылды. 1986 жылға дейін он мыңдаған жаңа
терминнен тұратын осындай 33 сөздік жарық көрді.
Ұзақ зерттеулер мен жарияланған басылымдарды қа
рап шыққаннан кейін, Үкімет лингвистердің жаңа терминдер
жасауға деген алғашқы ұмтылысын, малай сөздерінің жаңа
туындыларын барынша қолдады. Сонымен қатар 1968 жылы
Малайзия Ұлттық жазушылар қауымдастығы «ғылыми әде
биеттер мен оқулықтардың нәтижелі шығарылуына кедергі
келтіретін» терминдерді жасаудың әдісіне наразылық білдіріп,
Білім министрлігіне жүгінді. Сонымен бірге қауымдастық жер
гілікті терминдердің (ғылыми-техникалық) түпнұсқа дыбыстар
дан ауытқып кетпеуін және оларды малай фонетикалық жүйе
сіне сәйкес шығаруға кеңес берді. Жоғарыда айтылғандарды
ескере отырып, 1960 жылдардың соңында үкімет халықаралық
аренада қабылданған нақты ғылыми-техникалық шетелдік
терминдердің түпнұсқа дыбысталуын сақтауды қолдайтын
директива шығарды. Сонымен, егер «психология» (ағылш.
рsychology) терминінің бастапқы аудармасы «thus іlmu jіwa»
(яғни жан туралы ғылым) деген мағынаны білдірсе, ал «этно
логия» (ағылш. ethnology) сөзі «kajіrumpun bangsa» (яғни бір
топ адамды зерттеу) деп келсе, 1970 жылы жоғарыда аталған
терминдер оқулықтарда тек «псиколожи» және «этноложи»
ретінде қолданыла бастады.
Алайда, сарапшылардың пікірінше, малайзиялық оқыр
мандар арасында негізінен ағылшын тіліндегі кітаптардың
сұранысқа ие болуының тағы бір объективті себебі — малай
тіліндегі сапалы және заманауи әдебиеттің жетіспеуі. Бұл
жағдай малай тіліндегі әдебиеттің дамуын және шетелдік пуб
лицистер еңбектерінің малай тіліне тез аударылуын талап
етті. Үкімет малай емес тұрғындардың дәл осы малай тіліндегі
кітаптарды оқу арқылы мемлекеттік тілді мүмкіндігінше терең
меңгеруін қамтамасыз етуге тырысты. Осыған орай, 1970 жыл
дары Малайзия Білім министрлігі көптеген тақырып бойынша
мемлекеттік тілдегі әдебиеттер көрмесін ұйымдастырды, кітап
жәрмеңкелеріне демеушілік жасады. Айта кетерлігі, қабыл
данған шараларға қарамастан, техникалық оқу құралдарын
мемлекеттік тілде қамтамасыз ету мәселесі әлі де өзекті. Ма
лай тілі мен әдебиеті институты мемлекеттік университеттердің
студенттері әлі күнге дейін ғылым мен технология саласында
малай тіліндегі оқулықтар мен материалдар жетіспейтіндіктен
ағылшын тіліндегі дереккөздерді қолдануға жүгінетіндігін сынап,
Үкіметтен тиісті шаралар қарастыруды талап етті.
Әліпби таңдау
Тәуелсіздік жылдарында мемлекеттік тіл саясатында қызу
пікірталас туғызған тағы бір маңызды бағытты атап өту керек.
Билік британдық отарлау кезеңіне дейін қолданылған араб
әліпбиін мақұлдау немесе латын қарпін енгізу мәселесін жан-
жақты зерттеп, нәтижесінде латын әліпбиін қабылдауға шешім
шығарды. Ал араб жазуын қолдану еркін таңдау ретінде ұсы
нылды. Үкімет «латын тілі білімді кадрлар мен экономикалық
дамуды қажет ететін жас мемлекеттің прогрессивті құралы бола
алады» деген тұжырымға келді. Сонымен бірге сарапшылар
бұл қадамның басқа этностардың да мүдделерін ескере оты
рып жасалғанына сенімді. Үкімет латын тілін қолдану қоғамның
едәуір бөлігін құраған қытайлар мен үндістердің мемлекеттік
тілді қысқа мерзімде игеруіне ықпал ететініне күмән келтірмеді.
Тіл саясатын жүзеге асырудағы үкіметтің жаңа бағыты
Үкімет 1969 жылы мемлекеттік мектептерде ағылшын тілінде
білім беруден толық бас тарту тіл саясатын жүзеге асыруда
орын алған қателіктердің бірі деп санады. Соның салдарынан
халықтың ағылшын тіліндегі сауаттылық деңгейі төмендеді. Ма
лайзияның Премьер-министрі М. Махатхир «Әлемдік нарықта
бәсекеге қабілетті болу үшін малайзиялықтарға ағылшын тілін
жетік білу керек» деп үнемі айтатын.
Соған сәйкес, Үкімет 2003 жылдың қаңтарынан бастап ма
лай мектептерінде математика мен ғылыми пәндерді ағылшын
тілінде оқытуды енгізу туралы шешім қабылдады. Сонымен
қатар мемлекеттік мектептерде жаңа пән — заманауи ағылшын
әдебиеті енгізілді. Алайда осы шараларды жүзеге асырумен
қатар Үкімет малай тілін дамытуға басымдық берілетіндігін
ескертті. Сарапшылардың пікірінше, Үкіметтің бұл шешімі тіл
саясатындағы кері қадамды білдірмейді, керісінше, көпұлтты
қоғамдағы малай тілінің қазіргі жағдайына ештеңе қауіп төн
дірмейтінінің дәлелі.
Жоғарыда айтылғандай, Малайзияда тіл саясатын іске
асыру оңай болған жоқ, үкіметке көп кедергіден өтуге тура
келді, қарсылықтар да аз болмады. Сарапшылардың пікірін
ше, бұл саясаттың сәтті жүзеге асуына мемлекеттегі биліктің
тұрақтылығы, Үкіметтің халыққа жоғары өмір сүру деңгейін
қамтамасыз етудегі табанды еңбегі, нақты жетістігі, елдегі
ұлтаралық бірлік пен ынтымақтастықтың сақталуы негізгі се
беп болды.
Қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретіндегі мәртебесін көтеру
жөніндегі саясатында, іс-шараларында ел Үкіметі Малайзияның
тәжірибесін қаперге алар деген үміттемін.
МАЛАЙЗИЯ — ГОЛЬФТЫҢ ЕКІНШІ ОТАНЫ
Малайзияға алғаш келгенде байқағаным, елдегі климат
шетелдіктердің күнделікті өміріне, жүріп-тұруына біршама
қиыншылық туғызады екен. Жылдың төрт мезгіліне үйренген
адамға он екі ай бойы ыстық, ылғалды ауа жағдайында өмір
сүру оңай емес, әрдайым тынысың тарылып, таза ауа жетпей
тұрғандай болады. Әсіресе сырттағы ауаның ылғалдығы өте
жоғары, көшеге шығып келсеңіз, бар киіміңізді ауыстыруға тура
келеді. Қалада тек жабық ғимараттарда болмаса, ашық алаңда
спортпен айналысу, жүгіру немесе ұзақ жаяу жүру мүмкін емес.
Кондиционерлер барлық жерде күндіз-түні жұмыс істеп тұр,
салқындап қалуыңыз да әбден мүмкін. Сол жағдайға біртіндеп
үйрене келе, жергілікті халық бос уақытын қалай өткізеді, қан
дай спорт түрімен айналысады екен деп сұрастыра бастадым.
Ол да бір денсаулықты күтумен қатар жергілікті азаматтармен
қарым-қатынас орнатып, елді тереңірек білудің, танысудың,
зерттеудің жолы ғой.
Куала-Лумпурдағы шетелдік әріптестерім, елшілер «Малай
зия — гольфтың екінші отаны» дегенді айтты. Ол кезде менде
гольф туралы ешқандай ой, түсінік болмайтын. Әріптестерімнің
ақпараты бойынша, Куала-Лумпурдың айналасындағы клубтар
елшілерді қызмет мерзімі кезінде тегін мүше болуға шақырады
екен, тек арнайы гольф құралыңыз болса жеткілікті. Жалпы
Малайзияда 200‑ден астам гольф-клуб жұмыс істейді, оған
Жапониядан, Оңтүстік Кореядан, Сингапурден, басқа елдерден
жылына мыңдаған адам келіп ойнайды екен. Көптеген жоғарғы
деңгейдегі халықаралық турнирлер тұрақты өткізілетіні тағы
бар.
Алғашқы елшілік қызметте болған ел — Литвада климат
салқын, бірақ қысы суық емес, қысы-жазы жаяу жүруге ыңғайлы
еді. Сол әдетпен Малайзияда жаяу жүретін алаң табу ойда
болған. Бірақ ол қаланың ішінде мүмкін болмады. Сонымен
қаланың шетіндегі үлкен жолдың бойында орналасқан, келіп
кетуге ыңғайлы «Sentul Raya» деген гольф-клубқа келіп, қыз
меткерлерімен таныстым. Бас менеджері қуана қарсы алып:
«Гольф қиын спорт емес, бір ай жаттықтырушыдан сабақ
алсаңыз, гольф алаңына шығып ойнай аласыз. Онсыз сізді
алаңға жібере алмаймыз, өйткені тиісті біліктілігіңіз болмаса,
басқа ойыншыларды добыңызбен жарақаттап алуыңыз мүм
кін», — деді. Содан амалдың жоғынан жұмыстан соң, демалыс
күндері жаттықтырушыдан сабақ ала бастадым. Алғашында
оңай көрінгенмен, бүкіл қабілетіңді, ойыңның, денеңнің кон
центрациясын талап ететін, сабырлыққа, шыдамдылыққа не
гізделген спорт екен. Клубта ойынға керекті құрал-саймандар,
киім, доп, қолғап, басқа да заттар арзан бағамен толып тұр.
Біздің қоғамда негізінен гольф ойыны қымбат, керек-жарағы
да арзан тұрмайтын, көпшілікке қолжетімді емес спорт деген
пікір қалыптасқан. Бірақ Малайзияда мұның шындыққа сай
келмейтініне куә болдым. Мүмкін климаттан болар, мүмкін
мемлекеттің арнайы ұстанған саясаты болар, гольфпен кез кел
ген малайзиялық тұрақты айналысуға жағдайы бар. Сонымен
қатар арзан гольф-клубтар мыңдаған шетелдік туристерді өзіне
қызықтырып тартады, олар Малайзияға келген соң, жататын
қонақүйіне, тамағына, жолына қомақты қаржы жаратады, бы
лайша айтқанда, арзан гольф-клубтар елдің туризм, сервис
саласына едәуір түсім әкеліп отыр.
Гольф-клубқа келіп жүріп байқағаным, жасы егде тартқан,
еңбек демалысындағы қарттар көп, демалыс күндері таңертеңгі
салқында (біз үшін ол да ыстық) келіп, тоғыз алаңды (4–5 км)
жаяу өтіп, клубта шай ішіп, әңгімені қыздырып отырғанын
көресіз. Клубтың тарихына үңілсем, ол 1928 жылы ағылшындар
құрған Малайзияның алғашқы гольф-клубтарының бірі екен.
Алаңдарында жасанды көлдер көп, айналасы қалың табиғи
орман, маймылдар ішінде толып жүр.
Бір айдан соң мен де жайлап алаңға шыға бастадым. Ойы
нымда жақсы нәтиже жоқ болса да, жаяу жүргеніме ризамын,
әрі таныстар да пайда бола бастады. Алғашқы танысым Гол
ландиядан келген, Оңтүстік-Шығыс Азия елдеріне қару-жарақ
сататын компанияның өкілі, жасы елуге жетпеген Ханс Келлер
деген жігіт еді. Бойы орта ғана, мығым денелі, гольфты жақсы
ойнайды. Голландиядағы жұбайымен айырылысып, жергілік
ті малай қызына үйленген. Үйренісе келе, Ханстан отбасын
тастап ұзақ жыл Малайзияда неліктен жүргенін сұрадым. Ол
ағынан жарылып: «Өз елімде әйелдердің қоятын талаптарынан
шаршадым, менің анам әкемнің асты-үстіне түсіп, жағдайына
қарайтын еді. Ал қазіргі әйелдерде ондай мінез жоқ, біріңе-бірің
өгей адам сияқтысың, бәрі бөлек, ақша да, үйдің жұмысы да,
бала тәрбиелеу де. Шаршадым, шыдай алмадым, мүмкіндік
ті пайдаланып, Малайзияға өзім қызмет істейтін компания
ның өкілі болып келдім. Қонақжай, жайдары, ақкөңіл халықты
көрдім, содан тағдырдың жазуымен малай қызына үйленіп,
тұрақтап қалдым», — деп бар сырын жайып салды.
Ханс клуб мүшелерінің бәрін таниды, сол себептен анау кім,
мынау кім дегендей сұрастырып жатырмын. Әсіресе мені қарт
кісілердің жүріс-тұрысы, жастарына қарамай жинақы қимылы,
екі-үш сағат гольф алаңында шаршамай жүруі, сосын асықпай
әңгіме соғып, күліп-ойнап көңілді отыруы қызықтырды. Жас
жігіттер оларға сәлемдесіп, құрметтерін білдіріп кетіп жатыр.
Есіме өзім туып-өскен, алғашқы балалық шағым өткен Өзбек
стан түсті. Ақсақалды қариялар шайханада жиналып, көк шай
алдырып, әңгімені соғып отырушы еді, дастарқанда — тандыр
нан мен жүзім. Жандарынан өткен жастар қолдарын көкірегіне
қойып, иіліп сәлем беретін, соған қызығып қараушы едік. Сондай
бір жарасылымдықты енді Малайзияның қарияларынан көріп
отырмын. Ханс түсіндіріп жатыр, мына дато (титул) мынадай
қызметте болған, беделі мынадай, қазір демалыста және тағы
басқалай деген сияқты. Жаңа келіп оларға сәлем берген жас
жігіт мемлекеттік қызметте, лауазымы мынандай, ықпалы мы
надай дегендей.
Шынында, Малайзияда гольф-клубтар өзбек ағайындардың
шайханасы сияқты зейнетке шыққан қарттардың жиналып бас
қосатын, демалатын орны теріздес екен. Бір ерекшелігі, ақсақал
қызмет істеген кезінде сол клубта мүшелікте болған, қызметтен
соң да сол клубта, былайша айтқанда, гольф-клуб — оның
екінші үйі. Соның арқасында ол үйінде отырып қалған емес,
зейнетке шыққан соң достарынан айырылмаған, керісінше, бәрі
бірге уақытты көбірек өткізетін болған. Бұрынғы қызметінен де
хабарсыз емес, өйткені өзінен кейінгі қызметтегі жаңа буын да
осы клубта, жиі кездесіп, сәлемдесіп, жағдайды айтып тұра
ды. Малайларда қалыптасқан осындай жаңа мәдениет, дәстүр
маған қатты ұнады. Шіркін, біздің қарттар да зейнетке шыққанда
осындай ортада болса екен, спортпен айналысып, жалғыздықты
сезінбей, белсенді өмір сүрсе екен деп армандадым.
Сонда ғана мен неліктен Президент Н. Ә. Назарбаев 1990
жылдардың өзінде, қиындықтар бастан асып жатқанда жа
пондықтарды тартып, «Алатау» демалыс орнында алғашқы
гольф-клубты ашқанын түсіндім. Қолына доптаяқты бірінші
болып алып, гольф добын ойынға қосып, спорттың жаңа түрін
елдің азаматтарына таныстырып еді.
Содан бері, міне, ширек ғасыр өтті. Гольф бүгінгі күні олим
пиадалық спорт түріне айналды, әлемде миллиондаған адам,
әсіресе жасы келгендер, зейнеттегілер осы спорт түрімен ай
налысады. Қазақстанда Ұлттық гольф ассоциациясы құрылды,
«Нұртау», «Жайлау» гольф-клубтарында жастарды баулуға
толық жағдай жасалған, әсіресе «Нұртау» гольф-клубында
көптеген жасөспірім осы спортпен тегін айналысуға мүмкіндік
алып отыр.
Алғашында жаяу жүруге мұқтаждықтан басталған гольф
ойыны маған Малайзияда, кейіннен Қытайда елші қызметін
атқарғанда сол елдердің жоғарғы лауазымды мемлекет қыз
меткерлерімен, үлкен бизнес өкілдерімен тікелей араласуға
мүмкіндік берді. Айта кеткен жөн, ондай мүмкіндік елшіге
көптеген жеңілдік береді, елдегі ішкі жағдайды, әртүрлі топ
тардың арақатынасын, мүдделерін, проблемаларын ақпарат
құралдарынан емес, тікелей сол процестердің қатысушы
ларынан білесің, көптеген протоколдық мәселелерді жеңіл
шешуге мүмкіндік аласың, жалпы сол елдің ішінде өзіңді еркін
сезінесің, ол сенің жұмысыңды нәтижелі, сапалы атқаруға
көмектеседі.
Көптеген елдерде қалыптасқан дипломатиялық тәртіпке,
дәстүрге сәйкес, ресми адамдармен кездесу үшін Сыртқы
істер министрлігіне хат жазып, жауапты біршама уақыт күтуге
тура келеді. Ал гольф-клубтағы беделді адамдармен қарым-
қатынас сол жолды жеңілдетеді, керек сұрағыңа уақыт созбай
жауап алуға мүмкіндігің болады. Осыны жақсы білетін Прези
дент Н. Ә. Назарбаев елшілерге гольф спортымен айналысуға
тыйым салған жоқ, қайта өзі де ресми сапармен келгенде,
уақыт мүмкіндік берсе сол елдің басшыларымен, ірі бизнес
өкілдерімен гольф ойынын өткізетін. Оны да екі елдің ара
«Sentul Raya» гольф клубында.
Желтоқсан, 2002 жыл, Куала-Лумпур
Голландық досым Ханс Келлермен «Royal Selangor»
гольф-клубында. Ақпан, 2003 жыл
Президент Н. Назарбаев Хайнань провинциясының
партком секретары Вэй Лючэнмен гольф ойынында.
Сәуір, 2009 жыл, Хайнань
«Sun Valley Sanya Golf Club», Президент Н. Ә. Назарбаевтың
«Hole іn one» жасаған №7 алаң. Сәуір, 2009 жыл, Хайнань
Тайландтың экс-Премьер-министрі Таксин Чиннаватпен
гольф ойынында. Маусым, 2010 жыл, Пекин
Достармен «Жайлау» гольф-клубында.
Мамыр, 2021 жыл, Алматы
Достармен Татарстандағы гольф турнирінде. Мамыр, 2018 жыл, Қазан
сындағы мәселелерді тереңірек талқылауға, проблемаларды
шешуге пайдаланатын. Мысалы, Хайнань аралында жыл сайын
өтетін Боао Азиялық экономикалық форумына 2009 жылдың
сәуір айында Н. Ә. Назарбаев қатысып, сессиялардан қолы
босағанда «Sun Valley Sanya Golf Club»-та Хайнань провинция
сының партком секретары Вэй Лючэнмен, Ситик мемлекеттік
корпорациясы директорлар кеңесінің төрағасы Кун Данмен бірге
гольф ойнады. Жалпы Нұрсұлтан Әбішұлы гольфты жақсы мең
герген, кіп-кішкентай допты соққанда мүлтіксіз тигізетіндіктен,
ол алысқа ұшатын және нысанаға дәл жететін. Міне, сондай бір
соққысынан кейін 7‑алаңда добы 160 ярд (150 метрдей) жердегі
лункаға дәл түсті. Бұл гольфта «Hole іn one» деп аталады, өте
сирек кездесетін сәттілік, өйткені лунканың размері бар болғаны
11 сантиметр ғана. Өмір бойы гольф ойнасаң да ондай сәттілік
ке жете алмауың мүмкін. Сол себептен клубтың барлығында
ондай жетістікке жеткен спортшының аты тақтаға жазылып,
қабырғаға ілініп қойылады. Халықаралық турнирлер кезінде
сондай жетістікке жеткен спортшыға бағалы сыйлық беріледі,
негізінен люкс автокөліктер. Сол себептен алғашқыда ойынға
қатысушылар 160 ярдтан доптың көрінбей қалғанына аң-таң
болып, лункаға түскеніне сенерін де, сенбесін де білмей, тез
ҚР Конституция күніне арналған гольф турнирі.
Конституциялық кеңестің төрағасы Қ.Ә.Мәмидің жеңімпаздарға
кубокты тапсыруы. 30 тамыз 2021 жыл, Бурабай
детіп гринге — лункаға қарай жүгірді. Допты лункадан тапқанда
ойыншылардың таңданысы мен қуанышында шек болған жоқ.
Барлығы Нұрсұлтан Әбішұлын шын жүректен құттықтап жатты.
Ойын бітісімен клубта дастарқан жайып, шамалы тойлағаны
мыз да рас. Әсіресе 7 саны — қазақ үшін киелі, жақсылыққа
жоритын сан. Ал гольф-клуб үшін де Қазақстан Республикасы
Президентінің «Hole іn one» жасауының кәдімгідей маңызы
мен пайдалы жағы бар еді. Ол көптеген гольфистерге осы
клубта ойнауға қосымша қызығушылық туғызады, олай болса
клубтың табысы да көбейеді деген сөз. Сол себептен клуб
басшылары 7-алаңның басына ағаш отырғызып, тас қойып,
тасқа Н. Ә. Назарбаевтың қай күні, айы, жылы «Hole іn one»
жасағаны туралы жазуды ұсынды. Біз, әлбетте, қолдадық.
Солай жасалды да.
Біздің қоғамда гольфқа қызығушылық болғанымен, ол әлі
де көпшілік айналысатын спорт түрі емес екені рас, өйткені
арнайы алаңдар аз. Бар алаңдарды күтіп-баптау біздегі кли
матқа байланысты күрделі, біршама қаржыны талап етеді, сол
себептен ойын әзірше қымбат, баршаға қолжетімді болмай
тұр. Бірақ болашақта елдің әлеуметтік-экономикалық дамуы
артып, халықтың тұрмысы жоғарылаған сайын, ал гольф
тың олимпиадалық спорт түріне енгізілгенін ескерсек, оның
көпшілік айналысатын спорт түріне айналары анық. Бүгінгі күні
Алматыдағы «Нұртау», «Жайлау» гольф-клубтары жастарға
толы, олардың бір-бірімен сыпайы, құрметпен, шынайы сый
ластықпен қарым-қатынас жасауы, маңызды мерекелерде
бірлесіп турнирлер өткізуі жаңа дәстүрдің, мәдениеттің көрінісі
сияқты. Өйткені гольфтың этикеті қатаң, артық кеткен мінезің
мен сөзің үшін клубтан шығарыласың, абыройың төгіледі, олай
болса осы тәртіп пен талап біздің жастарымызды төзімділікке,
сабырлыққа, кез келген ортада өзін мәдениетті ұстай білуге,
әріптестерін құрметтеуге, сыйлауға тәрбиелейді. Осындай
жастарды көріп отырып малайдың қариялары есіме түседі,
бұлар да зейнет жасына жеткенде сондай жол таңдайтынына
күмәнім жоқ.
Мен де 2017 жылы шілде айынан бастап, саяси мемлекеттік
қызметтен зейнетке шыққан соң, малайлардың ақсақалдары
сияқты «Жайлау» гольф-клубына мүшелігімді пайдаланып,
топқа қосылып, гольфты қайта игере бастадым. Нәтижесіз
емеспін, 2018 жылы қарашаның соңында Сарыағаш гольф-
клубында өткен Түркістан облысы әкімдігі ұйымдастырған
республикалық турнирде екінші орынды иелендім, 2019 жылы
қыркүйекте «Нұртау» гольф-клубында 50 жастан асқан голь
фистердің жарысында бірінші орынға ие болдым, ал 2020
жылы Қазақстан чемпионатының жеңімпазы атандым. Осы
спорттың арқасында бүгінгі күні жақын сыйлас, сырлас дос
тарымның ортасындамын, алға қойған мақсатымыз да бір,
ол — Қазақстанда осы спортты дамытуға өз үлесімізді қосу.
Қазақстан ұлттық гольф ассоциациясын белгілі мемлекет
және қоғам қайраткері Нұртай Әбіқаев басқарады. Алматыда
гольф алаңдарының жылдың тоғыз айы бойы жұмыс істеуге
мүмкіндігі бар, жыл сайын әртүрлі деңгейдегі турнирлер жиі
өткізіліп тұрады. Соның ішінде Президент кубогі ерекше орын
алады. Сол кубоктың бірнеше рет жеңімпазы болған гольф
спортының нағыз шебері, жанашыры — көрнекті мемлекет
қайраткері, Еңбек Ері Ахметжан Есімов. Сол кісілермен бірге
гольф алаңында әрдайым табылатын, күш сынасатын, жа
рысқа түсетін көптеген білікті гольфистер бар, олар да елге
белгілі азаматтар. Мысалы, көрнекті мемлекет қайраткерлері
Иманғали Тасмағамбетов, Қайрат Мәми, әйгілі музыкант Асқар
Бөрібаев, Владимир Школьник, Еркін Қалиев, Алик Айдарбаев,
Әнуарбек Арғынғазин, Қайрат Бөкенов, беделді бизнес өкілдері
Бекзат Сарманов, Серік Сұлтанғалиев, Қайрат Мәжібаев, Сер
жан Жұмашев, Есенғали Байменов, Жақып Марабаев, Тимур
Қуанышев, Махсұтбек Есенов, Қайрат Сатылғанов, Бауыржан
Бисенбаев және тағы да басқа көптеген азаматтар.
Қорыта айтқанда, Қазақстанда Олимпиадалық спорт түріне
кіретін гольфтың болашағына деген сенім жыл сайын артып
келеді. Оған дәлел — соңғы жылдары көптеген жастардың осы
спортпен айналысуға қызығушылық танытуы және кәсіби дең
гейде қазақ жастары өкілдерінің халықаралық турнирлердегі
жеткен жетістіктері. Болашақта қазақ ұлтын жаңа қырынан,
мәдениет дәрежесінен көрсететін, ынтымағын арттыратын,
қарияларын тойға ғана емес, спорт алаңдарына да жинай
алатын күш — осы гольф ойыны болатынына сенемін.
ИСПАНИЯҒА АЛҒАШҚЫ МЕМЛЕКЕТТІК САПАР
Баршамызға мәлім, Қазақстан тәуелсіз, дербес, егемен
мемлекет ретінде халықаралық қоғамға белгілі болып, ресми
танылып, 1992 жылы 2 наурызда Біріккен Ұлттар Ұйымына
тең құқылы мүше ретінде кірді. Сонымен қатар көптеген ха
лықаралық ұйымдар құрамына қабылданды. Осы жетістіктерді
баянды, тұғырлы ету үшін, елдің беделін, дәрежесін көтеру
үшін, жан-жақты сауда-экономикалық байланыстарды орнату
үшін Мемлекет басшысы Н. Ә. Назарбаев жетекші мемлекет
терге ресми сапарларын ұйымдастыра бастады. Ол елдерде
біздің елшіліктер енді ғана ашыла бастаған кезең. Сыртқы
істер министрлігінің аппаратындағы дипломаттар саны 30–40
шамасында, сол себептен ресми сапарды қамтамасыз етуге
жауапты органның ресурсы жетпей жататын. Осыған байланыс
ты негізгі үйлестіру, сапарларды ұйымдастыру жұмыстарын
құрамында халықаралық қатынастар бөлімі бар Президент
Әкімшілігі жүргізетін.
1994 жылы наурыз айының ортасында мені, ол кезде «Қаз
агросыртқысауда» компаниясына жетекшілік ететінмін, Пре
зидент пен Премьер-министр аппаратының басшысы Нұртай
Әбіқайұлы Әбіқаев шақырды. Жағдайды сұрай келе: «Сізге бір
аса жауапты тапсырма бар. 20 наурыз күні Мемлекет басшы
сы Н. Ә. Назарбаевтың Лондонда ресми сапары басталады,
ал 23 наурыз күні Испанияға алғашқы мемлекеттік сапары
жоспарланған. Ол елде біздің дипломатиялық өкіліміз жоқ,
маған келген ақпарат бойынша кейбір протоколдық мәселе
лер әлі толық шешілмеген. Испания монархиялық мемлекет
болғаннан кейін протоколдық талаптары жоғары және де оған
зор мән беріледі екен. Нақты қандай мәселелерді шешу керек
екенін әзірге айта алмаймын. Сіз Мадридке алдын ала барып,
жағдайды толық түсініп, сұрақтардың бәрін анықтап, шешуіңіз
керек», — деді.
Осы жерде айта кететін жайт, мен басқаратын компания
Испаниямен екі арадағы сауда қарым-қатынасына жауапты
болатын. Мадридте бірлескен сауда үйін ашқанбыз, соған
байланысты бірнеше рет ол елде болғанмын, бизнес ортада
таныстар да бар еді. Осыларды ескере келе Нұртай Әбіқай
ұлы сөзін жалғастырып: «Мадридке рейс тек Мәскеу арқылы
ұшады, оған сену қиын, жолда бір жағдай болып қалса, үлкен
мәселе туындайды. Сол себептен 19 наурызда Президенттің
бортымен Лондонға бізбен бірге ұшасыз, онда дипломаттар
қарсы алып, сізді Мадридке шығарып салады. Сыртқы істер
министрлігінен тиісті хатты сіздің өкілдігіңізді тану үшін ала
кетерсіз», — деді. Мадридтен хабарласып, жағдайды баяндап
тұрыңыз деп ескертті. Жылы жүзінен, сөзінен маған толық
сенім артып отырғанын сездім. Сол себептен тапсырманың
аса жауапты екенін жақсы түсінетінімді, туындаған сұрақтарды
шешуге бар мүмкіндіктерді пайдаланатынымды, Мемлекет
басшысының Испанияға алғашқы мемлекеттік сапарының
сәтті өтуіне өз үлесімді қосуға дайын екендігімді жеткіздім.
Белгіленген күні, 19 наурызда Лондонға Алматыдан ресми
делегация мүшелерімен бірге ұшып шықтық. Құдай сақтасын,
мұндай ескі шетелдік ұшақты тек Ираннан — АҚШ-тың санк
циясындағы елден басқа жерде көрмеппін. Төрт моторлы,
екі қабатты алып «Жамбо Боинг» Алматының ұшу алаңында
көтерілуге тиісті жылдамдыққа жеткенше сықыр да сықыр,
шашылып қалар ма дейсің. Ол шындығында тарихи жауапты
кезеңде, жаңа ғана тәуелсіздігін тұғырлы етуге тынбай әрекет
жасап жүрген мемлекет басшысының өміріне қауіп туғыза
тындай ескі ұшақ еді. Сол себептен де болар, көп ұзамай ол
ұшақтың көзі құрып тынды.
Әңгімеге қайта оралсақ, Лондонда дипломаттар мені күтіп
тұр екен. Бірге жүріп екі сағатқа жетпей мені Мадридке шыға
рып салды. Келген бойда Сыртқы істер министрлігіне барып,
протоколдың жауапты қызметкерлерімен кездесіп, танысып,
ресми сапардың толық бағдарламасын алдым. Әрбір ресми,
бейресми кездесудің протоколдық ерекшеліктерін түсіндіріп
беруін сұрадым. Көптеген сұрақтар талқылау барысында пай
да болды. Президент Н. Назарбаевты кім және қалай қарсы
алуы керек? Делегацияға, баспасөзге арналған қонақүй, көлік
мәселесі қалай? Өзара келісіммен ресми делегацияның қанша
мүшесіне ақысыз қонақүй беріледі (1+8 немесе 1+10), Прези
денттің борты қайда тұрады және оның күзетін ұйымдастыру,
қайтар жолға жанармай толтыру және тағы да өзге мәселелерді
пысықтау керек болды.
Жергілікті протоколмен бірлесе отырып осы және басқа да
мәселелерді шешуді қолға алдық, уақыттың тығыздығынан
біраз қиналып та қалдық. Жолға шығарда Нұртай Әбіқайұлы
«Протоколда майда-шүйде деген болмайды, бәрі маңызды,
сол себептен өте мұқият боларсыз» деген еді. Сол сөзі есімде
қалған, бірнеше рет бағдарламаны қайталап, әрбір іс-шараның
сценарийін ой елегінен, нақты тексеруден өткіздік.
Осы жерде айта кеткенім жөн, қазір жағдай мүлдем бөлек,
басқаша. Мемлекет басшысының мемлекеттік немесе ресми
сапарының алдында 5–6 ай екі жақты дайындық жұмыстары
жүреді. Қол қойылатын құжаттар алдын ала пысықталады,
келісіледі, бір айдай уақыт қалғанда үлкен құрамда алғы топ
сапар болатын елге барып, барлық мәселелерді, сұрақтарды,
кездесулердің басқа да рәсімдерін толық қайталап, пысықтап
алады. Сол себептен де қысылтаяң уақытта протоколға бай
ланысты сұрақ туындамайды.
Әңгімеге қайта оралсақ, кездесулердің ішіндегі күрделісі
Испания Королінің арнайы қабылдауына байланысты болды.
Делегацияның барлық мүшесі кешкі қабылдауға ресми киім —
фракпен келуі керек екендігін сол елдің Протокол басшысы
ескертті. Себебі қабылдау басталмас бұрын Испан тарапының
және Қазақстан тарапының Протокол басшылары делегация
мүшелерін қатар тұрып, дауыстап, мемлекет басшыларына
таныстыруы керек екен. Аты аталған ресми делегация мү
шесі бүкіл залдан өтіп келіп, екі елдің басшыларының қолын
қысып, әрі қарай өзінің орнына баруы тиіс. Ол кезде мен үшін,
жалпы делегация мүшелері үшін бұл тың жаңалық еді. Енді
сол арнайы киімді — фракты табу керек болды. Уақыт болса
тіпті аз, делегация құрамына кіретін қазақстандықтардың дене
өлшемдері қандай екені белгісіз. Киімдерді қайдан табамыз деп
испандық протоколдан сұрау ыңғайсыз, олар біздің делегация
толық дайындықпен келе жатқанына сенімді екендігі сөзсіз.
Содан жергілікті таныс бизнес өкілдеріне хабарластым. Олар
«Абыржитын ешнәрсе жоқ, делегация мүшелері келген бетте
арнайы осындай киімдерді жалға беретін дүкенге барып, бәріне
тиісті өлшемін тауып беруге болады» деп менің көңілімді ор
нына түсірді. Дегенмен алдын ала өз көзіммен көрейін деп
айтылған дүкенге бардым. Шынында да, дене бітімі қандай
адам болса да барлығына лайықты киім табылады екен. Келген
мақсатымды айтып, белгілі уақытқа келістік. Бірақ, бір кемшілі
гі, арнайы тігілген көйлек пен жеңге тағатын ілмектер жалға
берілмейді екен, оны тек сатып алу керек, бағалары қымбат.
Делегация мүшелеріне тәулігіне берілетін қаржы ол кезде
мардымсыз, енді тек қалталарында аз-маз артық ақшасы бар
болар деген үміт қалды.
1994 жылы 22 наурызда Мадрид әуежайында Король
Протоколының басшысымен бірге ұшаққа көтеріліп, Прези
дент Н. Ә. Назарбаевты құрметпен қарсы алдық. Делегация
құрамындағы Нұртай Әбіқайұлы мені алғаш рет мемлекет
басшысымен таныстырып, осы сапарды ұйымдастыруға мені
арнайы жібергенін баяндады.
Қонақүйге орналасқан бойда бүкіл делегация мүшесін
автобусқа мінгізіп, фрактарды жалға беретін дүкенге алып
бардық. Әрбірі өзіне лайықты киімін таңдап алды, көйлекке,
ілмектерге де қаржылары жетті. Қонақүйге қайтып келсек,
орта бойлы, түрі сыпайы, менен шамалы жасы үлкен аза
мат жайлап маған келіп: «Мен шамасы ресми қабылдауға
бармаймын-ау, өйткені қазақстандық Протокол сізді тізімге
қосқан жоқпыз деп ескертті», — деді. Тәуелсіз елдің азаматы
ретінде алғаш рет мемлекет басшысымен ресми сапарға
шығу, қазір ол мүмкін үйреншікті жағдай болар, сол кезеңде
ерекше құрмет, бақыт болып көрінетін еді бізге. Мен бар
көңіліммен, жан-тәніммен ол кісінің жағдайын түсіндім. Аты-
жөнін сұрасам, «Алатау» емдеу орталығының бас дәрігері
Ораз Түктібаев екен. Қонақүйде жүрген испандық Протокол
дың қызметкеріне: «Бастығыңызға хабарлауды сұраймын,
Президент Н. Ә. Назарбаевтың дәрігері тізімге ілінбей қалып
ты, бұл қателік, қай жерде Президент, сонда оның дәрігері
болу керек» дедім. Өйткені ресми делегацияның құрамында
ол кісінің лауазымы осылай көрсетілген екен. Көп ұзамай
Президент Н. Назарбаевтың дәрігері тізімге қосылды, Испан
тарапы да Король Хуан Карлостың жеке дәрігерін қабыл
Қазақстан делегациясы мүшелері Испания Королінің қабылдауы
алдында. 23 наурыз, 1994 жыл, Мадрид
Делегация мүшелері Президент Н. Ә. Назарбаев, Испания Королі
Хуан Карлоспен. 23 наурыз, 1994 жыл, Мадрид
дауға шақыратын болады деген жауап та келді. Содан ол
кісіні де арнайы киіммен қамтамасыз еттік.
23 наурызда өткен алғашқы ресми кездесулер өте нәти
желі болды. Екі елдің қарым-қатынасын орнатуға, нығайтуға
бағытталған, оның іргетасын қалаған құжаттарға қол қойылды.
Мысалы, «Қарым-қатынас негіздерінің Декларациясы», «Үкімет
аралық экономика мен өндіріс саласындағы келісім», «Екі
жақты инвестицияны қолдау мен қорғау» туралы келісімдер.
Сол күні кеште Испания Королі Хуан Карлос Прези
дент Н. Ә. Назарбаевтың құрметіне арнайы ресми қабылдау
жасады. Қабылдауға барар алдында делегация мүшелері
қонақүйдің фойесінде жиналды. Бәрі бірін-бірі танымай қал
ды десем артық айтқандық емес, бұл сол кездегі таңғалысты
толық жеткізгім келгеннен болар. Қазақтарға фрак керемет
жарасатынына сол жолы куә болдық. Барлығымыз оны бірінші
рет киіп тұрғанымыз анық еді. Бірімізді біріміз суретке түсіріп
жаттық. Көңіліміз ерекше көтеріңкі болды сол кеште. Сондай
шат көңілмен Корольдың сарайына келдік.
Испан Королінің сарайы (Palacіo Real de Madrіd) Еуропадағы
монархтарға тиесілі сарайлардың ең үлкені және Мадридтің
негізгі көрікті ғимараты саналады екен. Екінші аты — Шығыс
тық сарай (Palacіo del Orіente). Сарай 1738–1764 жылдары
Король резиденциясы ретінде итальяндық архитектордың
басшылығымен салынған. Бірақ бүгінде Корольдың өзі мен
отбасы мұнда тұрмайды, тек осындай салтанатты қабылдауға
ғана пайдаланатыны, негізінен музей ретінде жұмыс істейтіндігі
белгілі болды. Сарай биікте орналасқан, жанынан Мансанарес
өзені ағады, үлкен саябақ бар. Сарай 3500 бөлмеден тұрады,
ақ түсті тасты, мраморды көп пайдаланғандықтан болар, өте
жарық және салтанатты көрінеді. Президент Протоколының
басшысы, сол кездің өзінде елге белгілі дипломат Ғани Қа
сымов әрбіріміздің атымызды дауыстап хабарлап, мемлекет
басшыларына, жұбайларына таныстырып шықты. Қолдарын
қысып, бастарымызды изеп өтіп, үлкен үстел басына, атта
рымыз жазылған орындықтарға жайғастық. Негізгі қабылдау,
қонақасы бір сағаттай уақытқа созылды, екі елдің басшылары
арнайы сөз сөйлеп, тост көтерді. Бір мезгілде негізгі бөлімнің
біткені, енді келесі залға кофе ішуге шығатынымыз хабарлан
ды. Бәріміз орнымыздан тұрып айтылған залға өттік. Ол кезде
кофені онша қаламаймыз, біз шай сұрата бастадық.
Сондай мүмкіндікті пайдаланып, менің жанымда тұрған
«Казвнешэкономбанктың» басқарма төрағасы Берлин Иришев
қалтасынан шағын жапондық фотоаппарат шығарып, суретке
түсіруге ыңғайлана бастады. Сол мезетте шетте бақылап жүр
ген испан тарапының Протокол қызметкері жүгіріп келіп, Берлин
Кенжетайұлының фотоаппаратына жармасты. Бізге жақын
жерде тұрған Испания Королевасы София байқап қалса керек,
дауыстап «Мен рұқсат бергенмін» деді де, екеуміздің ортамы
зға келіп, протокол қызметкерінен суретке түсіруін сұрады. Біз
өте ыңғайсыз жағдайда қалғанымызды сонда түсіндік. Ресми
қабылдауларда тек Корольдың фотографы ғана, онда да рұқ
сат берілсе, қонақтарды Король немесе Королевамен түсіруге
болады екен. Көпшілікке жетуі мүмкін деген әрбір сурет барлық
Протоколдағы «ыңғайсыздықтан» бізді құтқарған
Испания Королевасы София. Сол жақта Б. Иришев.
23 наурыз, 1994 жыл, Мадрид
жағынан әсем, көрнекті болуы керек. Королева София бізді
осындай ыңғайсыз жағдайдан қалай құтқарғанына, қабылдау
кезіндегі ортаны қалай жіті бақылап тұрғанына осы күнге дейін
таңғаламын. Дегенмен де сол кезде Королеваның рұқсатымен
түсірілген суреттер қазір тарихи кездесуден мағлұмат беретін
құжатқа айналды. Сондай жақсы, көтеріңкі көңілмен өткен
бірінші сапардан, сыйлы да салтанатты қабылдаудан соң екі
ел басшыларының арасында шынай сенім мен нағыз достық
қарым-қатынас қалыптасты. Содан бері Король Хуан Карлос
Қазақстанға ресми де, бейресми де сапармен бірнеше рет
келіп кетті. Бүгінде Испания Қазақстанның Еуропадағы негізгі
басымдық берілген әріптестерінің бірі саналады, 2009 жылғы
2 шілдеде екі ел стратегиялық әріптестік туралы келісімге қол
қойды.
Осы екі ел арасындағы үлкен достықтың алғашқы қадамына
куә болғанымды, аз да болса септігім тигенін бүгінгі күні риза
шылықпен, кейде бастан өткен орынды-орынсыз жағдайларды
да қимастықпен еске аламын. Болған оқиғаларды тәптіштеп
жазғаным, Елбасының Испанияға алғашқы сапарынан алған
ерекше әсерімнен болар, сол кезеңдерде өзімізді Тәуелсіз
елдің азаматы ретінде ерекше бақытты сезініп едік…
ЖАҢА АСТАНАҒА КӨШУ ТАРИХЫНАН
БІР ДЕРЕК
1994 жылы 6 шілде күні Қазақстан Республикасы Жоғарғы
Кеңесінің жаңа ғана Тәуелсіздік алған мемлекеттің астанасын
Ақмолаға көшіру туралы тарихи шешім қабылдағаны барша
мызға белгілі. Осы ұсынысты енгізген және Парламенттің оң
шешім қабылдауына табандылықпен қол жеткізген мемлекет
басшысы Н. Ә. Назарбаев Ақмола қаласын астана ретінде
таңдауының барлық экономикалық, қаржылық, логистикалық
негіздерін, дәлелдерін, осыған байланысты өндірістік-ғылыми
топтың жан-жақты зерттеулерінің нәтижелерін депутаттарға
толық баяндаған болатын.
Ең бастысы, сол кезеңде Президенттің түпкі көздегені елдің
тәуелсіздігі мен қауіпсіздігін сақтау, нығайту, солтүстікте орын
алуы мүмкін сепаратизмге жол бермеу болғаны анық. Осыған
орай, Ақмолада қысқа мерзімде мемлекеттік басқару органда
рының ғимараттарын салып, дайындап, қызметкерлерге тиісті
тұрмыстық жағдай жасап, мемлекет билігін, Үкіметті, Парламент
ті көшіру керек болатын. Бұл аяғына енді тұрып келе жатқан
жас мемлекет үшін көп қаржыны, ұйымдастырушылық жұмыс
ты талап ететін өте күрделі мақсат, зор міндет, жауапкершілік
еді. Ол кезеңде елде халықтың жалақысы мен зейнетақысын
мерзімінде төлеудің өзі үлкен мәселе болғаны белгілі.
Сондай бір мезетте, 1996 жылы қаңтардың соңына таман
мені Сыртқы экономикалық байланыстар экс-министрі Сыздық
Жұматайұлы Әбішев шақырып алды. Ұмытпасам, сол уақытта
ол кісі Президенттің іс басқарушысы қызметін атқаратын, ал
мен «Қазагросыртқысауда» компаниясының жетекшісі едім.
Әңгімені мемлекет басшысының жақында болған Мәскеуге
сапарынан бастады. Сол сапарында Н. Ә. Назарбаев Кремль
дегі үлкен өзгерістерді байқаған, соңғы жылдары жасалған
реставрация жұмыстары өте сапалы көрінген. Соны жүргізген
мердігер компания италиялық екен. Осыларды айта келе, Сыз
дық Жұматайұлы: «Сенің Италияда таныс бизнесмендерің бар
еді ғой, солар арқылы анығын біліп, компанияның басшысын
тауып, 1 ақпан күні Швейцарияға — Давосқа алып кел. Онда
Нұртай Әбіқаев болады, сол кісі оның Президентпен кездесуін
ұйымдастырады», — деді. Италияда таныстарың бар дейтін
себебі, 1992 жылы қыркүйек айында Алматыда итальяндық
«Техно-сервис» компаниясының президенті Жоржо Понцимен
бірлесіп, тұңғыш рет Халықаралық агрокөрме ұйымдастырған
болатынбыз. Ж. Понци Ресейде, Беларусьта көптеген агротех
никалық жобаларды іске асыратын белгілі кәсіпкер еді.
Жауапты тапсырма алғаннан кейін, тездетіп Жоржо Понци
мен хабарластым, көрмеден соң жиі араласып, жақын сыйлас,
дос болып кетіп едік. Шындығында, ол бір ерекше азамат бо
латын. Денесі мол пішілген, көңілі ашық-жарқын, өмірде тек
оптимистік көзқарасты ұстанатын, достыққа берік, адал жан
еді, өкініштісі, өмірден ерте өтіп кетті. Жоржо маған Кремль
ді реконструкция жасаған итальяндық емес, швейцариялық
компания екенін және де оның басшысы Беджет Паколлиді
жақсы танитынын айтты. «Мен сенің келетініңді айтып қоямын,
ол негізінен қазір көп уақытын Мәскеуде өткізеді», — деді.
Өзара келісіммен 31 қаңтар күні Мәскеуге ұшып келдім, маған
Б. Паколли «Золотое кольцо» қонақүйінде күтеді деп айтылған.
Шынында да, қызметкерлері хабардар екен, мені қарсы алып
жоғарғы қабаттағы офисіне алып барды. Жасы мен қатарлы,
жылы жүзді ақсары жігіт ілтипатпен амандасып, қандай мәсе
лемен келгенімді сұрастыра бастады. Мен әңгімені тереңнен
бастап, елдегі жағдайды айта отырып, Парламенттің шешіміне
сәйкес астананы Ақмолаға көшіру жұмыстары басталғанын
баяндадым. Сыздық Жұматайұлының тапсырмасын жеткіздім.
Ол сұрақ бере бастады. «Ақмолаға көшу қай жылға жоспар
ланған? Қандай қосымша құрылыстар салынады? Қаржылан
дыру жағдайы қалай?». Шынын айтсам, мен бұл сұрақтардан
біршама хабарсыз едім. Өйткені елде көшу туралы шешім
қабылданғанмен де, оған толық сенім білдірген адам болған
жоқ десем қателеспеспін, әрине, Президент Н. Ә. Назарбаевтан
басқа. Өйткені көз алдымызда нақты мысал бар еді, ол —
Германия астанасының Берлинге көшу процесі. 1990 жылы
3 қазанда Парламент Берлинді біріккен елдің астанасы деп
шешім қабылдаған, керекті ғимараттар мен қаржы жеткілікті
болғанмен, дайындық жұмыстары әлі де жүріп жатты. Еске
салсақ, тек 1999 жылы 1 қыркүйекте ғана, он жылдай дай
ындықтан соң Парламент пен Үкімет Берлинде өз жұмысын
бастады. Сол себептен мен ол сұрақтарға Мемлекет басшы
сымен кездескенде жауап алып қаларсыз дедім. Б. Паколли
кешке дейін Мәскеудегі шаруаларын бітіретінін, сағат 8:00 ша
масында жолға шығуға дайын болатынын айтты. Белгіленген
уақытта әуежайға келдік, 4–5 адамға арналған шағын ұшақ
екен, екеуміз жайғасқан соң ұшақ әуеге көтерілді. Қараңғы
түсіп кеткен, айнала қалың бұлт, ештеңе көрінбейді, штурвалда
егде тартқан жалғыз ұшқыш, ұшып келе жатып, анда-санда
Беджетке келіп ақпарат беріп қояды. Мен шыдамым таусылып,
Беджеттен өзімді мазалаған жайтты сұрадым. Неге ұшқыш
жалғыз, жасы келген адам, жүрегі ұстап қалса қайтеді, қалайша
ұшақты басқарусыз қалдыруға болады? Ол күліп: «Мазалан
баңыз, егер бір жағдай болса, өзім қондыра аламын» деді.
Қайта сұрақ бермесем де, сөзіне сенбедім.
Түн ортасына таман Швейцарияның Лугано қаласына келіп
қондық. Қонарда байқасам, жан-жағы тау, қала көлдің жағасын
да екен. Әуежайға қону үшін бірінші көлді айналып өту керек,
сол арқылы ғана ұшақтың қонуға мүмкіндігі бар.
Ертесіне, қонақүйдегі таңғы астан соң Б. Паколлидің офисі
не бардым, көлдің жағасына жақын жерде екен, орысша сөй
леп жүрген қызметкерлерін байқап қалдым. Б. Паколли қыз
меткерлерімен, бауырлары Афреммен, Агеммен таныстырды.
Давосқа түстен кейін шығайық деп ұсыныс жасады, келістім,
өйткені мен оны кешкі сағат 7:00‑де Давоста өтетін Қазақстан
делегациясының қабылдауына жеткізуім керек еді. Қасыма
қосып берген қызметкерімен қаланы араладым, әдемі, шағын,
тұрғындары итальянша сөйлейтін, Тичина кантонына қарай
тын қала екен. Үш таудың ортасында орналасқан, биіктігі
1000 метр шамасында, көлдің де аты Лугано. Швейцарияның
Цюрих пен Женевадан кейінгі беделді қаржы орталығы болып
саналады.
Түстен кейін офиске келіп, Б. Паколлимен бірге жеңіл
көлікпен Давосқа жол жүретін болдық. Көлікке отырмас бұрын
байқағаным, жүк салатын орынға бірнеше плакат, планшеттер
салып жатты. Бұл не нәрселер деп сұрауды ыңғайсыз көрдім.
Луганодан Давосқа дейін 170 шақырымдай жол екен, тау,
туннельдер, жалпы 3 сағаттан аса уақыт алды. Жолда Б. Па
коллимен кеңірек танысуға, әңгімелесуге мүмкіндік туды. Ол
өзінің Косовода 1951 жылы дүниеге келгенін, он балалы от
басында өскенін, қиыншылықты көп көргенін, ата-анасына,
бауырларына көмектесу үшін Батыс Еуропаға жұмыс іздеп
кеткенін, Германияда, Австрияда, Швейцарияда, Сербияда
түрлі салада жұмыс істегенін баяндады. Соның нәтижесінде
серб, орыс, неміс, француз, итальян, ағылшын тілдерінде ер
кін сөйлей алады екен. 1990 жылы бір серіктесімен Луганода
«Маветекс инжиниринг» деген құрылыс-жобалық компаниясын
құрады, ал 1992 жылы Мәскеуде оның бөлімшесін ашады. Сол
жылы Якутскіде «Ана мен баланы қорғау орталығын» салуға
келісімшарт жасайды. Якутск қаласының мэрі Павел Боро
дин 1993 жылы Ресей Федерациясы Президентінің іс басқа
рушысы болып Мәскеуге ауысқан соң, Б. Паколлиді Мәскеу
Кремлін, Үкімет үйін, Мемлекеттік Думаны күрделі жөндеуден
өткізу жұмыстарына шақырады. Сондай қыруар да қиындығы
мол, күрделі, жауапкершілігі орасан зор істерді нәтижелі іске
асырып жатқанын Беджет мақтанышпен жеткізді. Егер Прези
дент Н. Ә. Назарбаев Ақмолада сондай ғимараттарды салуды
өзіне сеніп тапсырса, бүкіл тәжірибесіне, мамандарының білік
тілігіне сүйене отырып, оны сапалы іске асыратынына сенімді
екенін айтты. Сондай әңгімелермен Давосқа келгенімізді де
сезбей қалдық. Қонақүйге орналасқан соң, қабылдау болып
жатқан ғимаратқа келдік. Шақырылған қонақтар көп, ығы-жығы,
іздеген адамыңды табу оңай емес екен. Сөйте жүріп Нұртай
Әбіқайұлын тауып алдық, ол кісі екеумізді кезегіміз келгенде,
Президент Н. Ә. Назарбаевқа жолықтырып, келген мақсатымыз
ды жеткізді. Президент жылышырай танытып, таңертең сағат
9:00‑де өзі орналасқан резиденцияға келуімізді тапсырды.
Ол кісінің уақытының алдын ала жоспарланғанын және өте
тығыз екенін ескерсек, берілген тапсырмадан хабардар екенін,
Кремльді реставрация жасаған азаматты күткені сезіліп тұрды.
Ертесінде белгіленген жерге келдік, Протокол қызметкері
Президент Н. Назарбаев кездесу өткізіп жатқанын жеткізді.
Шамалы уақыттан соң, ұмытпасам, Иран мемлекетінің Сыртқы
министрі кездесуден шығып, қоштасып жатты. Ол кеткен соң
бізді Протокол қызметкері қонақ күтетін бөлмеге шақырды.
Бөлме бос, соны пайдаланып Б. Паколли алып келген пла
каттары мен планшеттерін қызметкерлердің көмегімен ішке
кіргізіп, қабырғаға сүйеп аша бастады. Шамалы ғана уақыттан
соң Н. Ә. Назарбаев басқа бөлмеден шығып, бізбен жылы
амандасты. Бірден байқаған болу керек, Б. Паколлиден әкелген
дүниелерінің не екенін сұрады. Сонда байқағаным, планшет
тердің бәрінде Президенттің офисі үшін дайындаған дизайндік
нұсқалар, түрлі сызбалар, ұсыныстар бар екен, олардан қазақ
ұлтының ою-өрнектерін анық байқауға болады. Бұл, шынында,
таңғаларлық тосын жайт еді. Мәскеуде де, Луганода да жұ
мыстарым бар еді деп сылтауратқанының себебі енді белгілі
болды. Ең бастысы, оның осы дизайндік ұсыныстары Мемле
кет басшысының көңілінен шықты. Б. Паколлимен бірге оның
сызбаларын қарап, біраз пікір алмасты. Беджет егер сенім
білдірілсе, қысқа уақытта іске кірісетінін, оған қосымша құрылыс
тоқтаусыз, жылдам жүру үшін Үкіметке он жыл мерзімге үсте
месіз қомақты қаржы несиеге беруге дайын екенін жеткізді.
Кездеу соңында байқағаным, Мемлекет басшысына Б. Па
коллидің біліктілігі, жұмыс тәжірибесі, нақты дайындықпен,
ұсыныстармен келгені және қандай күрделі жоба болса да оны
орындауға, іске асыруға деген жігері мен сенімі ұнады. Оның
үстіне ол өзін өте қарапайым, мәдениетті, өмір көрген, Пре
зиденттің биік лауазымын құрметтеп, бағалай білетін азамат
ретінде көрсете білді. Сөз соңында Н. Ә. Назарбаев Б. Пакол
лиге ризашылығын білдіріп, оның Ақмоладағы аса маңызды
ғимараттар құрылысына қатысуға толық мүмкіндігі бар екендігін
және оған өзінің сенімді екенін жеткізді. Маған қарап, біздің
осы азамат арқылы хабар аласыз деді Беджетке.
Сонымен, маған тапсырылған миссия сәтті аяқталды, енді
Б. Паколлиден мені Женевадан Мәскеуге ұшу үшін әуежайға
шығарып салуын сұрадым. Ол қуана келісіп, екеуміз үлкен
трассамен жүйткіп келеміз. Бір кезде туннельдің ортасын
да келе жатқан машина оң жақтағы бордюрге соғылып, одан
екінші жағына соғылып, әйтеуір аман-есен қайта жолға түсіп
туннельден шықтық. Тоқтап қарасақ, машинаның дөңгелек
терінің екі жағындағы дискілері пышақпен қырғандай желініп
кетіпті. Қатардағы жолда басқа көліктің болмағанына, аман
қалғанымызға шүкірлік жасап, әуежайға бет алдық. Не болға
нын Беджеттен сұрасам, бүгінгі қуанышымды бауырларыма,
әріптестеріме жеткізейін деп телефонмен сөйлесемін дегенде
осындай жағдай болды, енді оларға барған соң айтармын деді.
Мен елге қайттым. Келген бетте Сыздық Жұматайұлына болған
жайтты баяндадым, ол кісі бәрінен хабардар болып шықты.
«Жақын айларда бір шешімі болып қалар, сен Б. Паколлиден
хабар үзбе, мүмкін шақырып қалармыз», — деді.
Көп ұзамай, 1996 жылы наурыз айының басында Сыртқы
істер министрі Қасым-Жомарт Тоқаевтың ұсынысымен ол
кісінің орынбасары болып тағайындалдым. Қасым-Жомарт
Кемелұлының маған тапсырған ең басты бағыттарының бірі
министрліктің Ақмолаға көшу жұмыстарын жүргізу еді. Ол оңай
шаруа емес болатын. Қаржы тапшы, шет елдерде жаңадан
ашылған Қазақстан елшіліктеріне керекті қаржыны, жалақыны
кешігіп аударып жаттық. Бізге Ақмолада негізгі офис ретінде
бөлінген ғимарат бұрынғы ғылыми-жобалау институты бо
латын, ескі, іргетасы үгілген, жертөлесі суға толы еді. Міне,
осындай кезеңде Б. Паколлиді Алматыға шақыр деген нұсқау
алдым, содан оны аэропорттан қарсы алып, көптеген кезде
суде бірге болдық.
Мемлекет басшысымен тағы да жеке жүздесті, оған толық
дайындықпен келгені белгілі болды. Тиісті шешім қабылданып,
Б. Паколли Президенттің резиденциясын, Үкімет үйін, Парла
мент ғимаратын реконструкциядан өткізетін болып бекітіл
ді. Осылайша Беджетпен жиі-жиі кездесетін болдық, өзімен,
інілерімен етене араласып кеттік.
Ақмоладағы бізге бөлінген ғимараттың ауыр жағдайын көр
геннен кейін Б. Паколлиден көмектесуін сұрадым. Ол жағдай
мен толық танысқан соң, бұл ғимараттың тозығы жеткенін,
жөндеу жұмысы көп қаржы талап ететінін және оның Сыртқы
істер министрлігінің дәрежесіне сәйкес келмейтінін түсінді.
«Негізінен Министрлік Парламентке, Үкіметке, Президенттің
резиденциясына жақын орналасқаны дұрыс болар еді» деді.
Шынында Қасым-Жомарт Кемелұлының пікірі де осындай бо
латын. Сонымен бұл мәселені Президенттің Ақмолада тұрақты
өткізіп тұратын жиналысында көтеруге келістік. Және де жаңа
алаңдағы барлық ғимаратты аралап көріп, Парламент үйінің
жанында орналасқан ескі қонақүй дұрыс деп шештік. Сондай
бір жиында Б. Паколли Сыртқы істер министрлігінің болашақ ғи
маратына негіздеме жасай келіп, Президент Н. Ә. Назарбаевқа
жиналыс өтіп жатқан әкімшіліктің терезесінен сол ескі қонақүйді
көрсетті. Нұрсұлтан Әбішұлы онымен толықтай келісе отырып,
Президенттің Іс басқармасы басшысы Владимир Ниден бұл
кімнің қонақүйі екенін сұрады. Владимир Васильевич оның
жергілікті кәсіпкер Асқар Маминге тиесілі екенін, егер шешім
қабылданса, онымен сөйлесіп келісетінін жеткізді. Н. Ә. Назар
баев: «Шешім қабылданды, кәсіпкерге жұмсаған қаржысын
қайтарып беріңдер», — деді.
Енді Беджетке «Министр Қасым-Жомарт Тоқаев келесі жылы
қазан айынан кешікпей, ауа райы жылы уақытта министрлікті
көшіруді талап етіп отыр, біз оны қалайда орындауымыз керек.
Қаражат тапшы, қолда барын қызметкерлер тұратын үйлер
салуға, пәтерлер сатып алуға, оларды жөндеу жұмыстары
на жұмсап жатырмыз. Әзірше қаржысыз қосымша ғимаратқа
жоба жасап, ал негізгі ғимараттың күрделі жөндеуін тез ара
да бастап кетсеңіз», — деп сұрадым. Шындығында, бұл аса
күрделі кезең еді, қойылған мәселені шеше алмау, берілген
тапсырманы мезгілінде орындамау мүмкін емес, талап пен
тәртіп аса қатаң болатын.
Б. Паколли келісімін беріп, негізгі офиске байланысты жұмыс
тарды қарқынды бастап кеттік, соның нәтижесінде 1997 жылы
қазанда Сыртқы істер министрлігі Ақмолаға алғашқылардың
бірі болып көшіп барып, өз жұмысын бастады.
Сол жылы қараша айының басында, қақаған қара суықта,
Мемлекет басшысы Н. Ә. Назарбаев мемлекеттік құрылымдар
дың көшуге дайындығын толық тексеруден өткізді, соңынан жаңа
астанада жұмыс бастап кеткен Сыртқы істер министрлігінің ғима
ратына келіп, жылынып, бізбен бірге шай ішкені әлі есімде. Бұл
еліміздің болашағын, тәуелсіздігін, қауіпсіздігін айқындаған, оны
бекіткен, шегендеген, тұғырлы еткен тарихи кезеңдер еді. Қазір
бас қалаға қарасаң, көзің тояды, көңіліңді қуаныш, мақтаныш
сезімі кернейді. Қысқа мерзімде осындай әдемі де, сәні мен
салтанаты келіскен қала қалай салынды екен дейсің!
Міне, осы қалада Астана қаласының Құрметті азаматы
(2007 ж.), ескі дос, Косово елінің бұрынғы Президенті, Үкімет
басшысының бірінші орынбасары, Сыртқы істер министрі
Беджет Паколлидің айқын да жарқын іздері жатыр. Беджеттің
компаниясы тәуелсіздік жылдары ішінде бас қалада Ақорданы,
Астана опера және балет театрын, Халықаралық Н. Назарбаев
әуежайын, Конгресс Холлды, «Арман» спорт кешенін, мұзай
дынды, «Сары Арқа» велодромын, Сыртқы істер министр
лігінің жаңа ғимаратын, «ЕХРО‑2017» ғимараттарын және
басқа құрылыстарды үздік сапамен, абыроймен іске асырды.
Қазір еліміздің рухани орталығы Түркістанды өркендетуге де
өз үлесін қосуда.
Осындай нәтижелі істерімен, жетістіктерімен қатар, Беджет
тің өмірі қиыншылықтарға да толы болды. Ресейдегі Президент
Б. Ельцинге қарсы бағытталған саяси күресте Бас прокурор
Ю. Скуратов бастаған топ Б. Паколлиге де қарсы іс қозғап,
«Маветекс» компаниясының иесі Беджет Паколли.
1996 жыл, Лугана
Б. Ельцинмен, П. Бородинмен коррупциялық байланыс тапқысы
келді. Ю. Скуратовтың ұсынысымен Швейцарияның Бас про
куроры Карла Дель Понте тексеріс жүргізе бастады. Әрине,
Ақмоладағы аса жауапты жұмыстарды мерзімінде сапалы
атқару, сонымен қатар екі елдің құқық қорғау органдарына
үздіксіз жауап беру Беджет үшін оңай болмағаны сөзсіз. 1999
жылы ғана оның Ресейдегі қызметінде, жұмысында қылмыс
тық құрам болмағаны дәлелденіп, іс тоқтатылды. Ал осы ұзақ
мерзімге созылған істің, тергеу жұмыстарының Беджеттің жеке
өміріне, денсаулығына, имиджіне зияны аз болмағаны ай
қын. Мұндай қиындықтарды көтере отырып, көңілін, еңсесін
түсірмей, уәдесінде тұрып, аса жауапты, ауқымды, нәтижелі
жұмыс атқару, ал Ақмоланың климатын ескерсек, ол ерекше
сипатқа ие болады, ол тек аса талантты, батыл, жігерлі, білікті
азаматтың ғана қолынан келетіні даусыз.
Осы бір ел үшін аса маңызды да күрделі істің басы-қасында
болып, өз үлесімді қосқанымды мақтан тұтамын, жылы сезім
мен еске аламын. Бұл да ел тарихының бір көрінісі болар деген
мақсатпен қағазға түсірдім.
СЫРТҚЫ САУДАДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК
МОНОПОЛИЯ КЕЗЕҢІ
Өткен ғасырдағы тоқсаныншы жылдардың басы… Елде
гі экономикалық-қаржылық жағдай ауыр, сыртқы саудада
мемлекеттік монополия. Жеке кәсіпкерлік енді-енді дамып
келеді, онда да негізінен қолма-қол сауда, халыққа қызмет
көрсету саласы, қоғамдық тамақ. Елдің мұқтажын валютамен
қамтамасыз ету мақсатында жедел құрылған 5–6 мемлекет
тік сыртқы сауда компаниясы жұмыс істейді, солар арқылы
қолда бар шикізат сатылады немесе айырбас жолымен басқа
керекті тауарларға ауыстырылады. Халықтың мұқтажына
керекті импорт та осы компаниялар арқылы жүреді. Сыртқы
халықаралық нарыққа шығатын жол негізінен Ресей арқылы
өтеді. Сондай жағдайда Қазақстаннан шикізатты теңіз порты
на жеткізу қиынның қиыны, өйткені кеңестік дәуірдегі біртұтас
теміржол бірнеше тәуелсіз бөлімшеге бөлініп кеткен, әркімнің
өз тәртібі, талабы бар. Жүкті тиейтін вагон табу, тауарды жол
бойында сақтау, қорғау, күзету де үлкен мәселе. Порттар
дағы жағдай да бір жүйеге, тәртіпке келмеген, түрлі топтар
арасында меншікке байланысты аяусыз күрес жүріп жатты.
Сондай кезеңде мемлекеттік сыртқы сауда компаниялары
басшыларының, қызметкерлерінің мойнына ауыр жүк, үлкен
талап, зор жауапкершілік түсті.
Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарындағы осындай қиын кезең
де аса жауапты қызмет атқарған әріптестерімді бүгінде сирек
кездестіремін. Өйткені сол шектен шыққан қысым, қауіп-қатері
мол жұмыс көбісінің тағдырына теріс әсерін тигізді, жазықсыз
жапа шеккендер де болды. Мәселен, бүгінде ашық айтуға
болар, барлық жерде, теміржолдан бастап теңіздегі портқа
дейін қосымша төлем талап ететін, онсыз тауарды тасымалдау,
сақтау, портта өңдеу, кемеге тиеу, басқа керекті тауарларға
айырбастау, оларды елге жеткізу мүмкін емес еді. Рубльдің,
сосын теңгенің үздіксіз құнсыздануы, шектеусіз инфляция
тапқан табысыңды «жеп» қоятын, өйткені экспорттан түскен
валютаны үш күн ішінде жергілікті валютаға аударуға тиіссің,
заң талабы солай. Ендеше, жоғарыдағы айтқан кедергілерді
қалай шешуге болады? «Таяқтың екі ұшы бірдей» деген осы.
Содан шығудың жолын әркім өзі іздейді, тәуекелге барады.
2020 жылғы қаңтардағы «Transparency Іnternatіonal» ха
лықаралық бақылаушы ұйымының қорытындысына сәйкес,
Қазақстан сыбайлас жемқорлықты қабылдау индексі бойынша
180 елдің ішінде 124‑орында, ал Ресей 138‑орынға жайғасқан.
Осыдан барып 1990 жылдардың ішінде бизнестің қалыптасуы,
жұмыс жүргізуі қандай күрделі ортада болғанын байқауға, баға
лауға болады. Жалған авизолар, мойнына, білегіне саусақтың
жуандығындай алтын шынжыр таққан, топ-топ болып жүретін
алыс-жақыннан келген жаңа бизнес өкілдері, спорттың айнала
сындағы рэкетпен айналысатын топтар, жалған ірі халықаралық
компаниялардың «өкілдері», «кеңесшілері» және басқа толып
жүрген авантюристер осы ортада болатын. Халықаралық саудада
әлі тәжірибе жинақтап үлгермеген біз үшін алданып қалу, қиын
жағдайға тап болу, ерекше сабырлық, сақтық жасамасаң оп-оңай
еді. «Қазақинторг» компаниясының алғашқы басшыларының
бірі, сол кездің өзінде халықаралық саудада жеткілікті тәжіри
бесі бар Сәкен Сейдуалиев, жақында өткен-кеткенді еске алып,
пікір алмасқанда: «Сол бір кезеңнен аман-есен өтіп, осы күнге
жеткеніме Аллаға ризамын» деп ағынан жарылды. Шынында да,
бандиттердің қолынан қаза болған, жарақат алған немесе құқық
қорғау жүйесінің қыспағына түскен әріптестеріміз бізге белгілі.
Сондай қиыншылық пен қысымға, әлі толықтай заңмен рет
телмеген бизнес-ортаға қарамастан, мемлекеттік сыртқы сауда
компаниялары елдің мұқтажына керекті құнды валютаны, та
уарларды жеткізіп отырды, Үкіметтің кредиторлар алдындағы
міндеттерін мерзімінде орындауға мүмкіндігі болды. Мысалы,
мен жетекшілік еткен «Қазагросыртқысауда» компаниясы ше
телдерден ауыл шаруашылығына керекті өсімдікті қорғайтын
химикаттарды, техника мен технологияны, құрал-жабдықтарды
сатып алып, осы саланы қамтамасыз етті. Соның арқасында
болар, 1992–1996 жылдары «елде егін шықпай қалды немесе
үлкен шығын болды» деген ақпаратты таба алмайсыз, Үкіметтің
берген тапсырмалары дер кезінде орындалып жатты.
Мен бұл жайттарды жазып отырған себебім, сол аса күрделі
кезеңде, керек десеңіз, жеке басына да қауіп жетіп артыла
тын жағдайда елге қызмет еткен әріптестеріме деген шынайы
көңілімді, құрметімді білдіру. Өйткені олар туралы, олардың
еңбегі туралы бүгінде ешқандай ақпарат кездестірмедім. Бұл да
бір ел тарихының ашылмай қалған бетіне жатар. Осыған бай
ланысты өзім куә болған, тікелей араласқан бір оқиғаны, жаңа
ғана аяғынан тұра бастаған тәуелсіз елдегі қиыншылықтарды
пайдалану, реті келсе қаржысын жымқыру жолында көптеген
әрекеттер болғанын дәлел ретінде келтірейін.
КСРО тарайтын кезеңде және Тәуелсіздіктің алғашқы жыл
дары күнделікті тұтынатын тауарлардың, азық-түліктің тұтастай
жетіспеушілігі орын алды. Білікті мамандар, әсіресе дәрігерлер,
мұғалімдер, негізінен әйел адамдар күнкөріс үшін, бала-шағаның
қамы үшін базарға шығып, майда-шүйде тауар сатуға көшті.
Көрші Қытай, Түркия елдеріне барып, елге керекті, базарда
сұранысқа ие тауарларды ауыр сөмкелерін нәзік иықтарына
артып таси бастады. Ал қалалардағы, елді мекендердегі дү
кендердің сөрелері бос қалды, керегіңді тек базардан қымбат
бағаға табуға болатын. Рубльдің күн сайын құны түсіп барады,
инфляция шектен шықты. Осындай жағдайда халыққа ең қажетті
азық-түлікті, әсіресе өсімдік майы, қант және басқа күнделікті
тұтынатын заттар алу үшін үкімет шет елдерден кредит қарас
тыра бастады. Көлемі 100 миллион доллардан астам сондай
бір кредитті Жамбылдағы коммерциялық банктің төрағасы Лев
Нахманович Италиядан ұйымдастырмақшы болады. Ол кредитті
Италияның «Саче» сақтандыру компаниясы қолдауға келісім
берген. Үкімет сол кредитті игеруді, керек тауарларды сатып алып,
елдегі Республикалық тұтынушылар одағына жеткізуді мен же
текшілік ететін «Қазагросыртқысауда» компаниясына тапсырды.
Шамасы 1992 жылдың қазан айы болар, осы тапсырмамен
Римге ұшып келдім. Лев Нахманович осы қаладағы ең әдемі,
ең қымбат «Exselsіor» қонақүйіне, люкс номерде орналасқан
екен. Қонақүй Римнің аты әйгілі көшесі Вио-Венетода, Испания
алаңына жақын орналасқан, 1906 жылы классикалық стильде
салынған ғимарат. Қонақүйдің іші кең, төбесі биік, салтанаты
жарасқан, қонақтарға арналған залдары мен бөлмелері ан
тикварлық жиһаздармен, таза хрусталь люстралармен без
ендірілген, нағыз патшаның сарайы дерсіз.
Л. Нахмановичтің кең бөлмесінің алды адамға толы, біреу
кіріп, біреу шығады. Есіктің алдындағы көмекшісіне есімімді,
келген мақсатымды айтып, өзімен жеке жолығуым керек екенін
ескерттім. Ішке кіріп кетті де, қайта шығып: «Күте тұрыңыз,
келіссөз жүріп жатыр, біткен соң сізді қабылдайды», — деді.
Біраз уақыттан соң жиналған адамдар шыға бастады, негізінен
итальяндықтар. Менің де кезегім келіп кірдім, амандастым. Ұзын
бойлы, денелі жігіт екен. Өзімді таныстырып, келген мәселемді,
алған тапсырмамды айттым. Маған қабағын ашпай қарап: «Сізді
күтіп қалдық, бірақ, соған қарамай, көп жұмыс жасап, оны аяқта
дық. Мынау сізбен контракт жасайтын компаниялардың тізімі,
олардан алатын тауарлардың тізімі де қоса тіркелген. Сіздің мін
детіңіз — осы компанияларға барып, контрактіге қол қойып, алған
тауарларды Қазақстанға жеткізу. Ар жағын Үкімет өзі анықтап
берер. Сол себептен уақыт оздырмай жұмысыңызды бастаңыз.
Ісіңізге сәттілік тілеймін, хабарласып тұрыңыз», — деді.
Рахмет айтып берген қағаздарын алып шығып кеттім. Фойеге
шығып шай алдырып, біраз айналаға қарап отырдым. Л. Нахма
новичтің бөлмесіне қарай арлы-берлі әртүрлі адамдар өтумен
болды, тура бір үлкен штаб жұмыс істеп жатқандай. Көп ойлануға
тура келді. Мұндай тәртіпте жұмыс істеп көрмегенмін, келіссөз
дерді өзім жүргізетінмін. Өйткені шетелдегі сауда аса күрделі әрі
жауапты іс, тауарларды сатып алу оңай, ал оларды Қазақстанға
жеткізу қиын мәселе. Ол заманда ең қолайлысы автофуралар
мен жіберу еді, бірақ жолдар нашар әрі қауіпті болатын. Бұрынғы
Кеңес Одағындағы бір жүйедегі теміржол тараған, сол себептен
вагондарды жоғалтып алу қаупі үлкен, сонымен қатар жол бойында
арнайы күзет болмаса тауарды таппай қалу қалыпты жағдай.
Ал сатып алуға келісілген тауарлардың бағасы тіпті бөлек
әңгіме. Олардың сапасын, жарамсыздану мерзімін мұқият тек
серу керек, арнайы сертификаттарын талап ету өте маңызды.
Сақтандыру компаниясымен де кездесіп, тиісті ақпарат алу
керек. Осыларды ойлап отырып, жергілікті компанияларды,
бизнес өкілдерін жақсы білетін, Миландағы ескі таныс, дос
Жоржо Понцидан көмек сұрауым керек деп шештім. Жоржо
Понци Миландағы «Техносервис» компаниясының басшысы
әрі иесі еді, Ресейде, Беларусьта ауылшаруашылық саласында
көптеген ірі инвестициялық жобалармен айналысатын. 1992
жылы қыркүйек айының басында Алматыда бірлесіп елімізде
алғаш рет халықаралық ауылшаруашылық көрмесін ұйымдас
тырғанбыз. Соның нәтижесінде арақатынасымыз әріптестіктен
достыққа ұласып еді, ақкөңіл, ниеті таза, жүрегі кең, оптимист
азамат болатын. Өкініштісі, 2016 жылы дүниеден өтіп кетті.
Ж. Понцимен хабарласып Римге келгенімді, мақсатымды айтып,
жергілікті компанияларды бірге аралауды, келіссөз өткізгенде
қасымда болуын өтіндім, бұның кемінде 3–4 күн уақыт алуы
мүмкін екендігін де ескерттім. Ол келісіп, сол күні кешке өзінің
машинасымен Миланнан Римге келді. Ертесіне жолға шықтық.
Тізімде көрсетілген бірнеше компанияда болдық, бізге дайындап
қойған тауарларымен таныстық, бағаларын сұрадық, бәрі кон
трактіде көрсетілген деп дайын құжаттарды алдымызға тартты.
Анда-санда ойын, пікірін білейін деп Жоржоның бетіне қарап
қоямын. Оның қабағы барған сайын түйіліп барады, даусы ита
льянша қатаң шыға бастады. Шыдамым таусылып, не болып
жатыр деп орысша сұрадым. Жоржоның орысшасы шамалы
еді, бірақ түсінуге болатын. Қатты ашуланғаннан болуы керек,
жауабы тек «невозможно», «так нельзя» дегеннен аспады.
Контрактінің жобасын алып, танысып қайтып келеміз деп
келесі фирмаға жолға шықтық. Жоржо сабасына түскендей
болды, жолай тоқтап тамақ іштік. Сонда барып өзінің көрген-
білгенін жайлап айта бастады. «Бұл нағыз афера, алдау! —
деді маған. — Италияда мұндай тауарларды жыл мезгілі біткен
соң 2–3 есеге бағасын түсіріп, базарға жаппай сатылымға
шығарады. Мына сізге дайындаған дүниелердің барлығы
сондай тауар, сенбесеңіз, тағы да басқа фирмаларды ара
лайық, сізге тағы да көрсетейін», — деді. Сол келісіммен 2–3
компанияға барып дайындаған тауарларын көрдік, негізінен
күнделікті тұрмысқа керекті заттар.
Шынында да, Ж. Понцидің айтқаны дәл болып шықты. Ары
қарай аралаудың, кездесудің мағынасы қалмады, Римге қайтуға
тура келді. Жоржо менің «Сaчe» сақтандыру компаниясымен,
осы кредитке жауапты қызметкерлерімен кездескенімді дұрыс
көрді, өйткені олар кредиттің ашық, тиімді пайдаланылғанына
мүдделі, сонда ғана оның мерзімінде қайтарылуына сенімді
болады деген ойын айтты. Мен оның ұсынысын орынды сана
дым. Компанияға хабарласып өтініш айтқан соң, тиісті бөлімнің
жауапты қызметкері қабылдауына шақырды, Жоржомен бірге
барып көрген-білгенімізді толық айттық. Ұмытпасам, өзін Анто
нио деп таныстырған қызметкер де өзінің көңілінде күдік пайда
болғанын жасырмады. Л. Нахмановичпен кездескенде, оның
жанынан сенімге лайықты емес, Италияда репутациясы төмен
адамдарды байқап қалған. Сол себептен «Егер Қазақстан тара
пынан Үкіметтің ресми адамдары келіп, тиісті түсініктеме бол
маса, кредитті сақтандыру мәселесін қайта қараймыз», — деді.
Жағдайдың күрделі екенін анық түсінгеннен кейін, маған
тікелей тапсырма берген Премьер-министрдің орынбасары
Балташ Тұрсымбаевқа телефонмен хабарласып, болған-көрген
жағдайларды баяндадым. «Л. Нахманович дайындаған кон
трактілерге қол қоя алмаймын, егер өзім тауарларды таңдап,
саудаласуға мүмкіндік алсам, ары қарай жұмысты жалғасты
руға дайынмын, болмаса елге қайта берейін», — дедім. Ол
кісі қарсы болмады: «Қайтсаң қайт, ақылдасайық, Үкіметте
қарап, бір шешімге келерміз», — деді. Жоржоға шын жүректен
алғысымды айтып, Мәскеу арқылы Алматыға ұшып кеттім.
Бір апта өтпей, Үкіметтен «елдегі ішкі жағдай қиындап ба
рады, тағы да Римге барсын» деген тапсырма келді. «Л. Нах
манович контрактілерге араласпайды, келіссөздерді тездетіп
жүргізіп, аса қажет тауарларды көрсетілген тізім бойынша
елге жеткізу керек» деген талап қойылды. Римге келіп тағы
да Л. Нахмановичпен кездесуге тура келді, ол әлі сол баяғы
қымбат люксте, айналасында адамдар толып жүр, жұмыс қы
зып жатыр. Амандықтан соң Л. Нахманович компаниялардың
тізімін беріп тұрып: «Келіссөздерді өзіңіз жүргізіңіз, бағалар
ды келісіңіз, сосын контрактіге қол қойып, маған бір данасын
тапсырып кетіңіз», — деді. Жарайды деп келісіп, тағы да қа
сыма әріптесім Жоржо Понциді ертіп алып, фирмаларға ба
рып келіссөздерді бастадық. Сол жинақтап қойған тауарлар,
бағасын шамалы түсіргендей болады, бірақ алдын ала келісіп
алған ба, рыноктағы бағадан әлдеқайда жоғары еді. Кейін
Жоржо маған түсіндіріп: «Осындай үлкен қаржыны игеру үшін
жүздеген шағын компаниялардан тауарларды бір жерге топ
тастырып, орта бағасын айқындап, Сізге ұсынып отыр. Бұл
бізде сирек кездесетін жағдай. Сол себептен контрактіге қол
қоюға болмайды, жеке жауапкершілік жоқ, оны сақтандыру
компаниясы қабылдамайды. Меніңше, бұл болымсыз, абы
рой бермейтін іс, басшыларыңызға хабарлаңыз, өздері келіп
көздерімен көрсін», — деді. Мен ары ойланып, бері ойланып,
осы ұсынысты орынды санадым.
Сонымен, тағы да Премьер-министрдің орынбасары Бал
таш Молдабайұлына хабарласуға тура келді. Ол кісі: «Жа
райды, мені күт, 1–2 күнде келемін, барған соң бір шешімге
келерміз», — деді. Ол кісіні әуежайда күтіп алып, жағдаймен
таныстырдық, көрген-білгенімізді айтып, «Caчe» сақтандыру
компаниясы басшыларымен кездесуге алып бардық.
Ашық әңгіме өтті, контрактілердің бізге тиімсіз жобасын,
негізсіз бағаларды көрсеттік. Кездесу қорытындысында сақтан
дыру компаниясының басшысы мұндай жағдайда кредитті
сақтандыра алмайтынын жеткізді. Сонымен, келген шаруамыз
бітті. Б. М. Тұрсымбаев: «Сен әзірге осында бола тұр, мен
елге қайтып, жоғарғы басшыларға баяндаймын, сосын саған
хабар айтамыз», — деді. 2–3 күннен кейін елге қайтсын деген
хабар келді. Тағы 1–2 ай өткенде, Л. Нахманович Мәскеуге
ұшып келген жерінен ұсталыпты, енді Қазақстанға экстрадиция
жасалуы қарастырылады дегенді есіттік. Жұмыстар бастан
асып жатқандықтан, арғы жағдай мені қызықтырмады. Бірақ,
кейіннен естуімше, кредитті ұйымдастыруға байланысты Үкімет
біршама шығынға ұшыраған, ал Л. Нахмановичтің тағдыры
бұлыңғыр болып, аяғы жағымсыз істерге ұласқан.
Бұл — сол кезеңдегі бизнес саласындағы әрқилы әдістердің,
схемалардың бір көрінісі. Түрлі топтардың осындай жолмен ел
дің қазынасына қол салуы, қарызға батыруы сияқты әрекеттері
аз болған жоқ. Дегенмен де мемлекеттік сыртқы сауда компа
нияларының басшылары халықаралық саудада тәжірибесі аз,
әртүрлі саланың маманы болғанымен, өз жұмысында әрбір
ұсыныс пен әрбір құжатқа аса сақтықпен, күмәнмен қарап,
заңсыз әрекеттерге, орынсыз шығындарға жол бермеді. Олар
дың сол елеусіз қалған еңбегі еліміздің бүгінгі жетістіктерінің
алғашқы баспалдақтары болғанына сенімдімін.
СОЛ БІР ӨКІНІШ СЕЗІМ…
Шымкент қаласы. Орталық көшедегі «Гүлжан» дүкені орна
ласқан үйдің жоғары қабатындағы пәтердің қоңырауын басып
тұрмын. Үй иесімен — өзім аса қадір тұтатын жанмен жүзде
сетінімді ойлап, қобалжып, келген себебімді қандай сөздермен
түсіндіретінімді, алғыс сезімімді қалай жеткізетінімді ішімнен
қайталап қоямын. Он жылдан астам уақыт өтіп кеткен, мені
ұмытқан да болар, осы жылдарда көз алдынан мыңдаған бала
өтті ғой деп те ойлаймын. Шамалы кідірістен соң есік ашылды,
бейтаныс жас келіншек кімге келгенімді, кімді іздеп жүргенімді
сұрады. Мен іздеп келген кісімнің атын атап, «Алматыдан ар
найы келіп тұрмын, мүмкін болса кездессем» дедім. Келіншек
жауап қайтаруға асықпай, жүзіме, тұла бойыма бір қарап алып,
туыстардың бірі болса мүмкін танып қалармын деді ме, жай
дауыспен: «Ол кісі бақилық болып кеткен, бұл пәтерде аға
йындары тұрады», — деді.
Бұл мен күтпеген, тіпті ойыма да келмеген жағдай еді, осы
есікке келгенше қанша қиналғаным, ойланғаным, өзіме ренжі
генім есіме түсті. Бұл жайсыз хабар менің көңіліме ауыр тиді,
өкініш сезімі өзегімді өртеді, енді мойныма өмірде қайтара
алмайтын қарыз мінгендей болды. Келіншекке рахмет айтып,
үн-түнсіз далаға шығып ауладағы орындыққа отырдым. Ша
малы дем алмасам, бойымда ары қарай жүретіндей күш жоқ
сияқты көрінді.
Есіме өткен оқиғалар түсті, барлығы күні кешегідей көз ал
дымнан өтіп жатты…
…1967 жылдың жазы, соңғы қоңырау. 10 сыныпты 40‑тан
астам бала бітіріп жатырмыз. Көңіліміз ерекше көтеріңкі, көптен
күткен күнге де жеткендейміз. Мектеп-интернаттың тәртібі қа
таң, дегенмен де сол күні шағын клубта би кешін ұйымдастыруға
рұқсат берілді. Жауапты болып екі сыныптың, «А» және «Б»
старосталары бекітілді, «А» сыныбының старостасы — мен.
Жаз айы болғандықтан кештеу жиналдық, сағат 8.00‑дер
шамасында би кеші қыза түсті. Екі сыныптың да тең жартысы
қыздар болатын. Бүгін олардың бәрі ерекше құлпырып кетіпті.
Әрдайым мектеп формасында көргендіктен болар, қыз бала
ретінде оларға онша мән бермеппіз, киімдері де, өздері де бірдей болып көрінетін. Мүмкін, сол кездегі тәрбие, тәртіп со лай болды ма екен… Енді, міне, бүгінгі кешке арнайы тіккен, киюге рұқсат берілген әдемі көйлектерін киіп, бой жеткендерін көрсетіп, қысылмай би кешін қыздыруда. Осындай ерекше көңілмен өтіп жатқан би кешімізге кенеттен мектеп пионер ұйымының жетекшісі, жас мұғалім келіп қосылды, қасында ауылда қалып қойған 5–6 бұрынғы сыныптасы бар. Ол өзі осы мектептің түлегі, орта арнайы оқу орнын бітіріп келген, ал туған нағашысы мектеп-интернатта оқу ісінің меңге рушісі болатын, химия пәнінің мұғалімі. Бұл біз үшін күтпеген жағдай еді. Біздің сыныптас қыздарымызды иемденіп, қолда рынан тартып, билеуге мәжбүрлей бастады. Мен шыдай алмай жас мұғалімге жетіп барып, достарымен бірге клубтан кетуін сұрадым. Ол көкірегімнен итеріп: «Сенің шаруаң болмасын, оларды шақырған мен, ешқайда кетпейміз. Біздің де осы кеште болып, демалғымыз, қыздармен билегіміз келеді, әлде сен олар ды қызғанып тұрсың ба?» — деді. Сонда байқадым, шамалы ішімдік ішіп алған екен. Мен де оны итермелеп, есікке қарай апаруға әрекет жасадым. Сол-ақ екен, қолын сермеп, менімен төбелесті бастап кетті. Сыныптастарым байқап, бақылап тұр екен, олар да рұқсатсыз келген қонақтарды ығыстырып, бол маған соң төбелеске көшті. Қыздар айқай-шу, клубтан шығып мұғалімдерді іздестіріп, көмек сұрауға жүгіріп кетті. Ал біз болсақ бүгінгі көптен күткен әдемі кешті бұзғаны үшін барлық ашу- ызаны шақырылмаған қонақтардан алдық, әрі көп емеспіз бе, олар аяғында аузы-бастарын қорғай алмай, қашып құтылды. Ертесіне мектептің педагогикалық кеңесіне екі сыныптың ер балалары түгел шақырылды. Төрде мектеп-интернаттың директоры, бәріміз жақсы көретін, сыйлайтын, құрметтеп үлгі тұтатын Рәзия Дүйменова апай. Себебі ол кісі өте кішіпейіл, мейірімді, байсалды, киім киісі де, жүріс-тұрысы да ерекше, балаларға дауыс көтермей, тек «айналайын» деп сөйлейтін басшы еді. Түркістан қаласынан 30 шақырым жерде № 4 Балтакөл мектеп-интернаты алыс елді мекендердегі тұрғындардың ба
лаларын оқытуға арналған, облыстық білім басқармасына
қарайтын арнайы оқу орны болатын. Сол себептен қаржы-
материалдық жағдайы жоғары, мектептегі жалақыға қосы
латын үстемеақыға байланысты білімді, білікті мұғалімдер
Шымкенттен, Түркістаннан келіп жұмыс істейтін. Дүйменова
Рәзия апай Шымкенттегі оқу басқармасында қызмет істеген,
содан осы мектеп-интернатқа директорлыққа жіберілген. Қарт
әке-шешесімен бірге тұратын, жасы біразға келсе де жалғыз
басты еді. Мүмкін сол себептен болар, балаларды өте жақсы
көретін, анасындай қамқорлық жасайтын.
Педагогикалық кеңеске оралсақ. Рәзия апай бәрімізге қатты
ренжулі жүзімен қарап, бұндай тәртіпсіздікті, бұзақылықты
бізден күтпегенін, әсіресе мұғалімге қол көтеру төзгісіз жағдай
екенін айта келе, айыптылардың бәрі қатаң жазаланады деді.
Жеке-жеке оқушылардан түсінік беруін талап етті. Әрқайсы
сы өзінің көргенін, білгенін айтып жатты. Бір мезгілде жалпы
түсініктемелер бойынша төбелесті бастаған, мұғалімге қол
көтерген деген күдік маған қарай ауа бастаған сияқты көрінді.
Бұнда шамалы шындық болғанмен де, жауапкершілікті тең
бөлісерміз деген менде үміт бар-тын. Қанша дегенмен он жыл
бір мектепте, бір үйдің қабырғасында десе де болады, балалық
шақты бірге өткіздік, басқаша болуы мүмкін еместей көрінген.
Негізінен «Б» класының оқушылары жауапкершілікті мой
нына алғысы келмей, біз төбелеске қатысқан жоқпыз, оған
қатысқан «А» класының оқушылары дегенге сайды. Мүмкін
солай да болған шығар, ұрыс-төбелес кезінде кімнің қатысқан-
қатыспағанына мән беруге мұрша болмаған. Бірақ сол жина
лысқа қатысып отырған пионер ұйымы жетекшісінің бет-әл
петіне қарап, төбелестен ешкім сырт қалмағанын байқауға
болар еді. Жиналыс қыза түсті, кейбір мұғалімдерден айып
тыларды соңғы емтихандарға жібермей, мектептен шығару
керек деген ұсыныстар болды. Осы жерде тағы да айта кету
керек, мектептің білім беру деңгейі жоғары еді, өйткені аса
тәжірибелі, білімді, арнайы сынақтан өткен мұғалімдер са
бақ беретін. Соның нәтижесінде екі сыныптан он шақты бала
мектепті медальмен бітіруге мүмкіндігі бар екендігі айтылған.
Мына жағдайда одан үміт үзе беруге болатын еді. Бәлкім, осы
жағдай да әсер еткен шығар, медальға үміткер сыныптастарым мені негізгі ұйымдастырушы ретінде көрсетіп, түсінік берді. Бір қызығы, медальдан үміті жоқ, сабақтары орташа, төбелеске бейім тұратын, бокспен айналысып жүрген достарым Дүкенбай мен Қолдас мені жақтап, бәрі жала деп қасқайып тұрып алды. Ақырында мұғалімдер де, біз де шаршадық, анық-қанығына жету қиын болды. Бірақ негізінен ұрыс-керістің, төбелестің менен басталғанына педагогикалық кеңестің күмәні қалмады. Ұзақ талқылаудан соң, педагогикалық кеңес мүшелері біз ден жәбір көрген мұғалімнен кешірім сұрауды талап етті. Жат танды сөзді айтуға мәжбүр болғандай оқушылар бірінен соң бірі «кешіріңіз» деген сөзді қайталап жатты. Кезек маған келді, менде үн жоқ, барлығы күтіп отыр. «Мен кешірім сұрамаймын, ешқандай айыбымды көріп тұрған жоқпын. Ішіп алып, өздері тиіскен адамдардан мен қалай кешірім сұраймын», — дедім. Осы сөзіме шыдамаған оқу ісінің меңгерушісі орнынан атып тұрып: «Мына тәртіпсіз, көргенсіз бала мектептен шығарылуы керек! Егер ол осында қалса, мен жұмыстан кетемін!» — деді қатаң дауыспен. Жағдай насырға шапты. Жан-жақтан сыныптас тарымнан маған «Кешірім сұра», «Есің дұрыс па?» деген сөздер айтыла бастады. Маған енді райымнан қайтуға жол жоқ еді, кінәсіз бола тұра кешірім сұрау нағыз әділетсіздік көрінді, бір сөз айтпай қалшиып тұрып қалдым. Сол кезде үнсіз сабыр сақтап, пікірталасқа мүмкіндік беріп отырған мектеп директоры Рәзия апай орнынан тұрып, сөйлей бастады. «Айналайын балам, сені сыртыңнан көргенде сүйсініп, өз баламдай көруші едім, әрбір жетістігіңе қуанушы едім. Енді, міне, жаңа өмір баспалдағына келгенде, сені соншалықты жауапсыз болады деп ойламаппын. Мұғалімге қол көтеру тек тәртіп бұзушылық емес, ол — қылмыс. Сен оны түсінерсің деп ойлаймын. Мүмкін, мына жарақатты салған сен емес шығарсың, бірақ ұрыс-керісті бастаған сенсің. Неге мұғалімдерді не мені шақырмадың? Неге осындай жағдайға жеткіздің, сен жауапты емес пе едің осы кешке? Сенен соңғы сұрайтыным, айыбың жеткілікті, мына кеңестен, мұғалімнен кешірім сұра», — деді. Жиналған жұрт тым-тырыс, бәрі маған қарайды, жауап күтуде. Ал мен тілімді бір құрсау байлап қойған сияқты, үн қатқан жоқпын, тек басымды төмен салып тұра бердім. Менен күткен
сөз шықпайтынын сезген болуы керек, біраз тыныштықтан соң,
Рәзия апай бізге залдан шығыңдар деді.
Үн-түнсіз шығып кеттік, бір-бірімізге ашулымыз, бетімізге қа
рай алмаймыз. Сыныпқа қайтып келіп, педагогикалық кеңестің
шешімін күттік. Біраз күтуге тура келді, соңында сынып жетек
шіміз, физика пәнінің мұғалімі Шәріпбек Өсербаев ағай келіп,
педагогикалық кеңестің шешімімен менің мектеп-интернаттан
шығарылғанымды хабарлады. Мен қандай қиын жағдайға тап
болғанымды сонда ғана түсіндім. Бірақ бәрі кеш, өкінгеннен
пайда жоқ. Үйге қайтайын десем, әке-шешеме бұл өте ауыр
тиетінін жақсы білемін. Сол себепті райларынан қайтып қа
лар деген үмітпен төменгі кластардан босаған бөлмеде жа
тып жүрдім. Дүкенбай мен Қолдас, біраз қыздар мен жігіттер
асханадан артық-ауыс тамақ әкеліп береді, бірге емтиханға
дайындаламыз. Сөйтіп жүргенде маған емтиханға жіберілдің
деген хабар жетті.
Сонымен, соңғы емтихандар басталды, бір аптадан соң
химия пәнінен емтихан тапсыратын болдық. Оқу бөлімі мең
герушісінің «Осы пәннен оған үштен артық баға қоймаймын»
деген сөзі маған жеткен. Сол себептен ерекше дайындықта
болдым. Емтиханға бірінші топпен кірдім, комиссияның құра
мында ол кісі көрінбеді. Билет алып дайындалып, комиссия
мүшелерінің алдында сұрақтарға жауап бере бастадым. Де
генмен көзім есік жақта, қашан маған қарсы пейілдегі мұғалім
келіп қалады деген ой маза бермеді. Ешкім есіктен кірмеді,
комиссия «өте жақсы» деген баға қойды. Сыртқа шыға сала
сыныптастарымнан химия пәнінің мұғалімі қайда, неге емти
ханға қатыспады деп сұрап жатырмын. Олар жайбарақат, ол кісі
Түркістанға ауруханаға түсіп қалыпты, емтиханға қатыспайтын
болыпты деді. Көңілімде сол мезетте ешқандай күдік болған
жоқ, шын сендім, өмірде әрқилы жағдай бола береді ғой.
Сонымен, қорытынды емтихандар бітті, 8 оқушы мектепті
медальмен аяқтады, 7 күміс, 1 алтын. Мен алтын медальға ие
болдым. Қуанышта шек жоқ. Бірақ мектеп бітіргенімізді той
лауға бізге мүмкіндік берілмеді. Өйткені, мұғалімдер байқаған
болуы керек, сол педагогикалық кеңестен кейін оқушылар екі
топқа бөлініп кетіп еді.
Күн сайын десем артық болмас, мұғалімдер үйлеріне та
рағаннан кейін, кешке қарай екі топ төбелеске дайын тұратын,
кейде бірін-бірі жекпе-жекке шақырады. Қанша татуласуға
әрекет жасағанмен, нәтиже болмады.
Аттестатты қолымызға тапсырысымен, мұғалімдер бізді
бөліп-бөліп алып, баратын бағытымызға қарай біреуімізді ав
тобусқа, енді бірімізді Түркістанға апарып, пойызға шығарып
салды.
Содан кейін қаншама жыл сыныптастар бас қосуға әре
кет жасағанмен, екі топ жеке кездесіп жүрді. Әрине, өкінішті.
Осылайша уақыт өтіп жатты, алдағы күннің арман-мақсаттары
мен тірлігі артқа қарауға мүмкіндік бермеді. Көп жыл өткен
соң, бір күні Түркістанда математика пәнінің мұғалімі Жексен
бай Пернебаев ағаймен жолығып қалдым. Жағдай сұрасып,
өткен-кеткенді еске алдық. Сонда ол кісі маған: «Сендер тен
тектік жасап, содан опық жеп қала жаздадыңдар. Сен педа
гогикалық кеңесте тәртібіңді қарағанда айтқаныңнан қайтпай
табан тіреп тұрып алдың. Оның арты жақсы болмайтын еді.
№ 4 Балтакөл мектеп-
интернатының директоры
Дүйменова Рәзия апай
Мектеп түлегі.
1967 жыл
Бірақ мектеп директоры Рәзия апай: «Баланың жолын, бағын
байламайық, он жыл өте жақсы оқыды, медальға үміті бар.
Уақыт өтер, бұл да ұмытылар. Бірақ менің айтарым, мына
бала осы табанды мінезін жоғалтпаса, өмірде жолы болар.
Сол себептен артық шу шығармай, оны қорытынды емтихан
дарға жіберейік» деп күштеп шешім қабылдатты», — деді.
«Химия пәнінің мұғалімі, маған төмен баға қоямын деген
оқу ісінің меңгерушісі емтиханға неге келмей қалды?» —
дегенімде, «Оны Рәзия апай Түркістанға іссапарға жіберіп
еді», — деп жауап берді.
Сонда ғана ол кісінің — үлкен жүректі, мейірімді ананың
маған жасаған қамқорлығын, жақсылығын, қиын сәтте қорған
болғанын түсіндім, жан-тәніммен сезініп, көңілім толқыды. Соны
дер кезінде сезбегенім, түсінбегенім үшін өзіме қатты ренжідім.
Енді ол кісіні тауып алайын, сәлемдесейін, бар алғысымды,
ризашылық сезімімді жеткізейін деп ойладым, соған көңілім
алып-ұшып асықтым.
Көп уақыт созбай Алматыдан арнайы Шымкентке келдім,
мекенжайын таныстар арқылы біліп, асығып жеткенім осы
еді. Енді, міне, кешігіп келіп, есігінің алдында өкініш сезіммен
отырғаным… Қанша жылдар өтсе де сол бір өкінішті сәт әлі
күнге шейін есімнен кетпейді...
Осы бір кітаптың негізгі тақырыбынан өзгеше оқиғаны жазып
отырғаным, кеш те болса сол Рәзия апайға деген шынайы
ризашылық көңілімді, сезімімді білдірудің құрметті, дәрежелі,
көпке жариялы жолын таңдауымнан деп білемін. Шындығына
келгенде, менің болашағыма сенім, үміт артып, қорған болып,
бүгінгі жеткен жетістіктерімнің алғашқы баспалдағын берік қа
лап берген осы Рәзия Дүйменова апай екен. Біз хабарласуға
уақыт таппасақ та, ол кісінің барлық шәкірттерінің өмір жолына
көз салып, әрдайым тілеуін тілеп отырғаны сөзсіз. Сол жақ
сылықтары бақи ғұмырында алдынан шықсын, жаны жәннатта
орын алып, рухы риза болсын дегім келеді…
АСПАН АСТЫ ЕЛІНДЕГІ ҚЫЗМЕТ
2007 жылы қаңтар айының 11‑інде Мемлекет басшысы
Н. Назарбаев мені Қытай Халық Республикасына Төтенше
және Өкілетті елші етіп тағайындағаны туралы маған теле
фон арқылы хабарлады және Қытай тарапынан ресми қолдау
келген соң кездесуге келіп, тиісті тапсырмалар алып кетерсің
деді. Мен Қызылорда облысының әкімі қызметінде болатын
мын. Көп күттірмей Қытай тарапы өзінің келісімін ресми түрде
еліміздің Сыртқы істер министрлігіне жолдады. Келісім бойын
ша Президенттің қабылдауында болып, маған жүктелген негізгі
міндеттерді, жауапкершілікті айқындап алуға мүмкіндік туды.
Ол кезеңде екі ел арасындағы ең күрделі мәселе — шекара
сызығын анықтау, оны демаркациялау жұмыстары негізінен
аяқталып, енді трансшекаралық өзендер мәселесі, инвести
циялар тарту, бірлескен логистикалық жобаларды іске асыру,
Қытайдағы қандастарымыздың елге оралуы бірінші маңыз
дылыққа ие болған еді.
Сонымен қатар екі ел басшыларының жыл сайын ресми
сапарлармен алмасуы дәстүрге айналған, халықаралық
ұйымдар аясындағы ынтымақтастық та тұрақты даму үстінде
болатын. Енді осы бағыттарда жұмысты жалғастыру маған
жүктелді.
Қытай Халық Республикасына алғаш рет 1989 жылы бір
топ ғылыми кызметкерлердің құрамында барған болатынмын,
онда да Құлжа мен Үрімші аймағынан аспағанбыз. Бірақ сол
кезде көрген-білгеніміз есімде анық сақталыпты. Өйткені ол
заманда Кеңес Одағында қалыптасқан жетіспеушілікпен са
лыстырғанда, Қытай еліндегі біз көрген кедейшілік көш кейін
еді. Асфальт төселген жол жоқтың қасы, көшелерде көліктер
аз, толған велосипед, негізінен фуфайка немесе ескі шинель
тәріздес киім киген халық, тазалықтың нышаны аз, әр жерде
топ-топ болып бірімен-бірі саудаласып жатқан адамдар.
Әлбетте, соңғы жылдары Қытайда терең және жан-жақты
жүргізілген экономикалық реформалардың ерекше нәтижелері
туралы бұқаралық ақпарат құралдарында көптеп жазылып
жатты. Елде үлкен өзгерістер болып жатқаны белгілі еді. Енді
жаңа қызметтің арқасында соны өз көзіммен көріп, жан-жақты
танысуға мүмкіндік туды.
2007 жылы 19 наурызда Пекин қаласына жұбайым Ләз
зат Ерсұлтанқызымен бірге ұшып келіп, Қазақстан елшілігінің
резиденциясына орналастық, ол қаланың орталығында, дип
ломатиялық ауданда екен. Пекинде әлі қара суық, қаланың
айналасындағы елді мекендерде негізінен көмір пайдаланатын
болуы керек, қаланың ауасы көк түтінге толы, еркін тыныс алу
қиындыққа соғады.
Көшеде жүрген адамдар, велосипед жүргізушілер аузы-мұр
нын жауып, арнайы бетперде тағып алған. Осындай көрініс
термен менің Пекиндегі елшілік кызметім басталды.
Қытай жазбаларында Пекиннің тарихы 5 мың жылды құрай
ды деп көрсетілген. Ал қазіргі қаланың көрінісі Мин династиясы
тұсында, XV ғасырда, «шахмат тақтасы» ретінде қаланған,
ол қазірге дейін сақталған. Ал Цин династиясы кезінде, 1912
жылы Қытай Республикасы құрылғанға дейін, Пекинде көптеген
саябақтар мен парк кешендері салынған. Негізінен қала архи
тектурасының түбегейлі өзгеруі 1990 жылдардан басталады,
көптеген зәулім мегағимараттар салынды, инфрақұрылымы
қайта жаңартылды, кеңейтілді. Соның нәтижесінде Пекин қазір
гі заман талабына сай, 20 миллионнан астам тұрғыны бар
мегаполиске айналды. Кең көшелер, аспалы айналма жолдар,
веложүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге арнап салынған
жанама қосымша жолдар қаланы тығыз уақытта кептелістен
құтқарады, жол апаттарын азайтады.
Пекиннің жаңа көрінісінен 1989 жылы мен алғаш көрген қы
тайлардың кедей өмірінің нышанын байқай алмадым. Тарихи
қысқа мерзімде ел экономикасы қарқынды дамып, халықтың
тұрмыс-тіршілігі, мәдениеті түбегейлі өзгерген.
Негізінде мен Қытай Халық Республикасындағы Қазақстан
ның төртінші елшісімін, менен бұрын алғашқы елші Мұрат
Әуезов, көрнекті мемлекет қайраткерлері Қуаныш Сұлтанов
пен Жәнібек Кәрібжанов елшілікті басқарған.
Қазақстан мен ҚХР елдері басшыларының арасында тә
уелсіздік алған жылдардан бастап өзара түсіністік, сенім мен
ынтымақтастық қалыптасқан, сол себептен Пекинде елшілерге
ҚХР Төрағасы Ху Цзиньтаомен Сенім грамотасын тапсырудан
соң кездесу. Сәуір, 2007 жыл, Пекин
ҚХР Төрағасының орынбасары Си Цзиньпинмен кездесу.
2010 жыл, Пекин
ҚХР Үкімет басшысы Вэнь Цзябаомен кездесу.
2009 жыл, Пекин
ҚХР Сыртқы істер министрі Ян Цзечимен кездесу.
2011 жыл, Пекин
Шанхайдағы Дүниежүзілік көрмеде Қазақстан павильонын ашу
рәсімі. Оң жақта: ҚР Премьер-министрі Қ. Мәсімов.
2010 жыл, Шанхай
Қазақстан — Қытай іскерлік кеңесінің тең төрағасы
Чан Чжэньминмен. 2011 жыл, Гонконг
Қазақстан Республикасының ҚХР әр кезеңдегі елшілері.
Солдан оңға қарай: Шахрат Нұрышев, Қуаныш Сұлтанов,
Икрам Адырбеков, Нұрлан Ермекбаев.
Қыркүйек, 2016 жыл, Пекин
де сондай көзқарас, құрмет бар болатын. Екі ел арасындағы
көптеген мәселені көтеруге, шешуге осы қалыптасқан жағдай
лар оң әсер беретін. Мен, әсіресе аса көрнекті мемлекет қайрат
кері, елші Қуаныш Сұлтанұлы Сұлтановпен тығыз байланыста,
үлкен сыйластықта, достық қарым-қатынаста болдым, талай
ақыл-кеңесін алдым. Ол кісі ұзақ жылдар бойы аса жоғары
да жауапты мемлекеттік лауазымдарда болған, қиын да қы
зықты саяси өмір мектебінен өткен, әбден шыңдалған, тәжірибе
жинаған, абыз ұлт ағасына айналған тұлға екені елге белгілі.
Мемлекет тарихын, кеңестік дәуірді де, тәуелсіздік кезеңін де
терең біледі, өзі де сол тарихтың бел ортасында болып, негізгі
кейіпкерлерінің бірі саналады. Қазақ ұлтының жарқын болашағы
үшін отқа да, суға да түсуге дайын нағыз жанашыры.
ҚР Президенті Қ. К. Тоқаев ҚХР-на ресми сапары барысында
Қазақстанда қызмет атқарған қытай елшілерімен.
Қыркүйек, 2019 жыл. Бейжің
1986 жылғы Желтоқсан оқиғасынан бастап, Кеңес Одағы
тараған тұсқа дейін талай шытырмалы оқиғаның тікелей
куәсі болған, азабын шеккен, сол себептен сондай сындар
лы кезеңде кімнің кім екенін, ұлт мүддесін кімдер қорғағанын,
жеке мүддесіне кімдер тәуелді болғанын тереңінен біледі.
Қуаныш Сұлтанұлы өзіне тән сабырлы мінезімен, адал да
адами қасиетімен әрбір тарихи фактіні шындық тұрғысында
тізбелеп, баға беріп, бір күні жалпы қазақ қауымына ұсына
тынына күмәнім жоқ.
Елші Қ. Сұлтанов Қытайда 6 жылдан астам қызмет атқарды,
осы кезең, әсіресе күрделі болды, екі ел арасындағы сенім
мен ынтымақтастықтың негізі қаланды, қалыптасты, соның
нәтижесінде тарихтан қалған, кезінде жанжалға, шиеленіске
алып келген аса маңызды шекара мәселесі ұзақ та қиын келіс
сөздерден соң түбегейлі оң шешімін тапты.
Сонымен қатар Қуаныш Сұлтанұлы Қытайдағы қазақ
диаспорасымен тығыз байланыста болды, олардың зиялы
қауымымен жиі кездесіп, көптеген қазақ жастарының елге
оралып, білім алуына зор еңбек сіңірді, Үкіметтен арнайы
квота бөлдірді. Міне, осы жұмысты менің де жалғастыра
беруімді өтінді, барлық байланыстарын сеніп тапсырып кетті.
Соның нәтижесінде жаңа ортаға үйренісуге уақыт жоғалтпай,
атқарылған істі сол қарқынмен жалғастыруға мүмкіндік туды.
Енді елшілікке қайта оралсақ, Қытайда қызмет атқаратын
дипломаттар тәуелсіздік жылдары кызметке келген, негізінен
жас буыннан құралады. Көбісі сол елде білім алған, біліктілі
гін арттырған, тәжірибе жинақтаған, Қытайды барлық бағыт
бойынша жетік біледі. Екі мемлекет басшыларының келісімі
бойынша жыл сайын ресми сапарлар ұйымдастырылады, со
нымен қатар халықаралық ұйымдар шеңберінде де кездесулер
тұрақты өтіп тұрады. Осы орайда елшілік қызметкерлеріне,
дипломаттарға үлкен жауапкершілік жүктеледі, өйткені жоспар
ланған кездесулерді сәтті өткізу үшін алдын ала жан-жақты
дайындық жұмысы жүргізіледі, екі тарап қол қоятын құжаттар
пысықталады, келісіледі. Одан басқа шешімін табуға тиіс прото
колдық сұрақтар да жеткілікті. Сол себептен елшілікке жұмысқа
келген жас дипломаттар қысқа уақытта біліктілігін арттырып,
тәжірибе жинақтайды, күрделі тапсырмаларды орындауға
машықтанады. Міне, осыған байланысты маған әріптестерімнің
жұмысын жалғастыру қиындық туғызбады. Сол кезеңде Қытай
мемлекеті XXІX Олимпиада ойындарына дайындық үстінде еді.
Пекинде әртүрлі спорт жарыстарын өткізуге арналған маңыз
ды кешендер салынып жатты. Сонымен қатар ел тұрғындары
арасында шетелдіктерге оғаш көрінетін ескі әдет-ғұрыптан
арылып, батыс мәдениетіне бейімделу туралы үгіт-насихат
жұмыстары жүргізілді.
Жалпы елде, халықта көтеріңкі көңіл байқалатын. Пекиннің
ауасын тазарту үшін қала іші мен маңайындағы экологияға
зиянын тигізіп отырған барлық өндірістік кәсіпорындар жабыла
бастады, соның нәтижесінде көп күттірмей қаладағы көк түтін
сейілді.
Осындай ауқымды іс-шараға, спорттық мерекеге дайын
дық кезінде әлемде қаржылық дағдарыс басталды. Ол Қытай
экономикасына да үлкен әсерін тигізді. Ол сынақ аз дегендей,
2008 жылы мамырда Сычуань өлкесінде 8 балдық жойқын жер
сілкінісі болып, мыңдаған адам зардап шекті, ел экономикасына
үлкен шығын келді. Осы тектес ауыр қиындыққа қарамастан,
Қытай мемлекеті XXІX Олимпиада ойындарын сәтті өткізді,
дағдарысты еңсере білді, ел экономикасының даму қарқынын
бәсеңдетпей ұстап тұрды. Ол өз кезегінде бүкіл әлем эконо
микасына оң әсер берді, қысқа мерзімде дағдарыстан айығуға
мүмкіндік жасады. Қытай Үкіметінің қаржы дағдарысына қар
сы іс-әрекетін, қолданған шараларын толық зерттеп, кезінде
Қазақстан Үкіметіне ұсынған болатынбыз, ол кәдеге жараған
болар деген ойдамыз.
Ал әлемдегі қаржы-экономикалық дағдарыс әрбір 10–15
жылда қайталанып тұратынын ескерсек, Қытай Үкіметінің аса
тиімділігін көрсеткен іс-шаралары өзектілігін жоғалтпайтыны
сөзсіз. Соны ескере келе, осы кітапта сол зерттеулерді егжей-
тегжейлі келтіргенді жөн көрдім…
ӘЛЕМДІК ҚАРЖЫ ДАҒДАРЫСЫ ЖӘНЕ ҚЫТАЙ
Әлемдік қаржы дағдарысының алғашқы белгілері 2007 жыл
дың жазында пайда бола бастағаны белгілі. Бұл ең алдымен,
АҚШ-тағы ипотекалық дағдарыстың кең етек алуына байланыс
ты болды. «Жұт жеті ағайынды» дегендей, бұл келеңсіздік
өз кезегінде жылжымайтын мүлік сатылымының азаюына,
бірнеше ірі банктің банкрот болуына және АҚШ-тағы компа
ниялардың акциялары құнының күрт төмендеуіне алып келді.
Ол кезде Қытай экономикасы отыз жылдай тұрақты дамып,
бар күш-қуатын бойына жинап, кез келген сынаққа дайын бо
лып келе жатқан еді. Елде Дэн Сяопиннің 1978 жылы қабыл
даған реформалары мен ашықтық саясатының кезекті сатысын
жүзеге асыру қызу жүріп жатты.
Сол жылы Қытай шынымен де барша әлемге мақтануға
тұрарлық жетістікке жетті. Социалистік нарықтық экономиканы
құру бағыты елге үлкен табыс пен абырой әкелді. Егер 1978
жылы елдің жалпы ішкі өнімі (ЖІӨ) 52 миллиард долларды
құраса, 2007 жылы бұл көрсеткіш 3,43 триллионға жетті. Ха
лықтың орташа табысы 6,5 есе өсті. 1978–2007 жылдардағы
орташа экономикалық өсу 9,8 пайызды құрады. Реформалар
барысында Қытай ЖІӨ көлемі бойынша әлемде төртінші, эко
номика және сыртқы сауда жағынан үшінші, сондай-ақ алтын-
валюта резерві бойынша бірінші орынға шықты. Реформалар
мен ашықтық жылдарында Қытайға тартылған тікелей шетелдік
инвестициялардың жалпы мөлшері 770 миллиард долларға
жетті, кедей адамдардың саны 250 миллионнан 21 миллионға
дейін қысқарды.
Осылайша, жаһандық дағдарыстың туындау кезеңінде Қы
тай даму реформасының қарқынды сатысында болды және
тек өзіне ғана тән нәтижелермен нарықтық экономиканың сара
жолына төрт құбыласы тең болып табан тіреді.
Әлбетте, егер Қытай 15 жылдық келіссөздерден соң, 2001
жылы Дүниежүзілік Сауда Ұйымына (ДСҰ) кірмегенде, сонша
лықты зор табысқа қол жеткізе алмас еді. Бұл ұйымға мүше
болу елде бизнес жүргізу үшін қолайлы жағдай жасауға, дүние
жүзіне Қытай нарығын ашуға және шетелдік инвесторларды
көптеп тартуға жол ашты. Қытайға шетелдік инвестициялар
ағылып келе бастады. Көптеген трансұлттық компаниялар
дың өндірістік қуаты елге кең көлемде тартылды. 2007 жыл
дың басында әлемдегі ең ірі корпорациялардың 90 пайызы
осында жұмыс істеді және Қытай Халық Республикасының
(ҚХР) экспорты көлемінің 60 пайызын құрады. Ашықтық ре
формаларына сәйкес, шетелдік компанияларға Қытай эко
номикасының 100‑ден астам секторында, соның ішінде банк,
телекоммуникация, сақтандыру салаларында жұмыс істеуге
мүмкіндік берілді. Көрсетілген мерзімде елде 594 мың шетел
дік капиталы бар кәсіпорын құрылды, шетелдік инвестиция
лардың жалпы сомасы, жоғарыда көрсетілгендей, 770 мил
лиард долларға жетті.
Мұның бәрі көпсалалы кешенді өнеркәсіп орындарын ашуға
ықпал етті. ҚХР ДСҰ-ға мүшелікке өткен соң, сарапшылар
дың теріс болжамдарына қарамастан, автомобиль, тоқыма,
электроника, химия өнеркәсібі сияқты экономиканың басым
секторларының кәсіпорындары шетелдік компаниялармен
бәсекелестікке төтеп беріп қана қоймай, өз позицияларын
анағұрлым нығайтты. Қытай өнеркәсіп өнімдерінің бірқатар
маңызды түрлері бойынша: көмір өндіру, болат балқыту, це
мент, химиялық тыңайтқыштар, тоқыма, киім, аяқ киім, теле
дидар өндірісі бойынша әлемде бірінші орынға шықты. Мұнай
өндіру, мұнай өңдеу, химия, авиация, ғарыш және электронды
өнеркәсіп сияқты жаңа салалар пайда болды. Ең бастысы, бұл
процестер инновациялар енгізумен және ғылыми жетістіктерді
кеңінен қолданумен қатар жүрді. Соның нәтижесінде, 2007
жылдың басында Қытайдың жалпы ішкі өніміндегі өнеркәсіп
өндірісінің үлесі 47 пайызға жетті.
Қытайға келген трансұлттық компаниялар өздерімен бір
ге өндірістік қуатымен қатар, ноу-хау, операциялық жүйелер
мен корпоративтік басқарудың озық тәжірибелерін ала келді.
Сонымен қатар елде шетелдік компаниялардың қаржысына
800‑ден астам арнайы ғылыми орталықтар ашылды. Осындай
қадамдар Қытайдың жоғары технологиялық өнімдер өндірісі
не көшуіне және елдің жаһандық бәсекеге қабілетті өндіруші
ретінде қалыптасуына елеулі әсер етті.
Сондай-ақ аграрлық сектор да ел экономикасында маңыз
ды роль атқара бастады. Қытай өз территориясының тек 15,4
пайызы құнарлы жер болғанына қарамастан, өндірілетін және
экспортталатын ауылшаруашылық өнімдерінің көлемі бойынша
әлемде жетекші орынға ие болды. Сол кезеңде ауыл шаруа
шылығында шамамен 300 миллион фермер жұмыс істеді.
Қытай күріш, бидай, картоп, жержаңғақ, шай, тары, арпа, мақта,
шошқа еті, теңіз өнімдерін өндіруде әлемдік көшбасшыға ай
налды. 2007 жылы ЖІӨ-де ауыл шаруашылығы өнімдерінің
үлесі шамамен 14 пайызды құрады.
ДСҰ-ға кіру елдің қаржы секторын біртіндеп нарыққа бейім
деуге әкелді. Шетелдік инвесторлар Қытайда 100 пайыз шетел
дік капиталы бар сақтандыру компанияларын ашуға құқылы
болды. 2007 жылдың басында 74 шетелдік банк Қытайда 312
операциялық бөлім, ал 44 шетелдік сақтандыру компаниясы
115 операциялық бөлім ашты, сонымен қатар 31 шетелдік
қаржы ұйымы өз өкілдіктерін құрды. Шетелдік сақтандыру ком
паниялары қытайлық сақтандыру компанияларының акцияла
рын сатып алып, сақтандыру қызметі нарығының ағымдағы
операцияларына қатысуға мүмкіндік алды. Шанхай мен Шэнь
чжэньде екі ірі қаржы биржасы жұмыс жүргізді.
Осылайша, сол кезде басталған АҚШ-тағы ипотекалық
дағдарысқа және жаһандық құлдыраудың салдарына қара
мастан, Қытай экономикасы жоғары өсу қарқынын жалғастыра
берді. 2007 жылғы қайта есептеулер бойынша, Қытайдың ЖІӨ-і
13 пайызды құрады (өнеркәсіп өндірісінің өсуі 13,4%, ауыл
шаруашылығы өндірісі — 4,8%, қызмет көрсету саласы —
10,3%). Сонымен қатар, сол жылы Қытай экономика көлемі
бойынша әлемде Германиядан озып, АҚШ пен Жапониядан
кейін үшінші орынға табан тіреді. Тек 2007 жылы Қытай оң
сауда балансынан 262,2 миллиард доллар тапты, ал бір жыл
ішінде тартылған тікелей шетелдік инвестицияның (ТШИ) жал
пы көлемі 74,7 миллиард долларды құрады, алтын-валюта
қоры 1,53 триллион долларға жетті.
2008 жылдың басында экономикалық жағдай күрт өзгере
бастады. Соның нәтижесінде Қытай экспорты АҚШ нарығын
дағы сұраныстың төмендеуі мен АҚШ-тағы несиелік дағда
рыстың шиеленісуі кезінде айтарлықтай баяулады. Зерттеу
барысында белгілі болғандай, АҚШ экономикасының 1 пайызға
төмендеуі Қытай экспортының 7 пайызға азаюына алып келді,
бұл екі ел арасындағы нарықта шамамен 300 миллиард доллар
айналымда болатын.
Осылайша, 2008 жылдың бірінші тоқсанында АҚШ-қа қарай
ағылған қытай экспортының көлемі көптеген жылдар ішінде
алғаш рет теріс динамиканы көрсетті және бар болғаны
53 миллиард долларды құрады. Америка нарығына маман
данған көптеген компаниялар шығынға батып, банкротқа ұшы
рай бастады. Ең көп зардап шеккен тоқыма, машина жасау,
электроника, жиһаз және металл саласындағы компаниялар
болды. Экспорт сол кездегі Қытай экономикасының негізгі
қозғаушы күші болғанын ескерсек (ЖІӨ-нің 60%-дан астамы),
жағдайдың одан әрі ушығуы ішкі экономика құрылымының
елеулі өзгерістеріне, экспортқа бағытталған өндірістің тоқыра
уына, жаппай жұмыссыздық пен әлеуметтік проблемалардың
шиеленісуіне әкелуі ықтимал-ды.
Қытай экспорттаушыларына зиян келтіретін басқа да фак
торлар бар болатын (шикізаттың әлемдік бағасы, Қытайдағы
жалақының жоғарылауы, экологиялық талаптардың күшей
тілуі), бірақ олардың әсері АҚШ нарығындағы тұтынушылық
белсенділіктің төмендеуімен салыстырғанда онша маңызды
емес деп бағаланды.
Сонымен қатар Қытай билігі үшін тағы бір алаңдаушылық
тудырған мәселе — ол Америка нарығындағы экономикалық
дағдарыс бүкіл әлем елдерінің сатып алу әлеуетін төмендетуге
ықпал ету мүмкіндігі еді. Бұл жерде Пекин, ең алдымен, соңғы
жылдары Қытайдың негізгі сауда серіктестері болған Еуропа
Одағы (ЕО) елдеріне экспорттың күрт төмендеуінен сескенді
(2007 жылы ЕО-мен тауар айналымы 365,15 миллиард дол
ларды құрады).
Әлемде тұтынушылық деңгейінің төмендеуін білдіретін
жағымсыз сигналдар 2008 жылдың екінші тоқсанында анық
байқала бастады. Өршіп келе жатқан қаржылық дағдарыс
жағдайында Қытай басқа елдерге қарағанда экспорт көлемінің
азаюына абыржи қоймады. Пекин бәрінен бұрын әлемдік эко
номиканың шиеленіскен факторлары елдің ішкі жағдайына
қалай әсер етеді деп алаңдады. Бұл, бірінші кезекте, шетел
ден экспорттық тапсырыстардың қысқаруы, өндіріс орында
рының тоқырауы, жұмыс орындарының мәжбүрлі қысқаруы,
инвесторлар белсенділігінің төмендеуі және инфляциялық
қысымның жоғарылауы сияқты келеңсіз жағдайлар еді. Билік
ең алдымен ішкі саяси жағдайдың тұрақсыздануына тікелей
әсер ететін жұмыссыздық мәселесіне көбірек мән берді. Дәл
осы проблема қытай билігі үшін ғаламдық дағдарыстың басты
қаупі болды десек, артық айтқандық болмас.
Осыған байланысты кәсіпорындардың жаппай жабылуы
және экспортқа бағытталған сектордағы жұмысшылардың жұ
мыстан шығарылуы жергілікті билік үшін күрделі мәселе туғыза
тын үрдіске айналды. 2008 жылғы ақпанда Қытай өз күнтізбесі
бойынша Жаңа жылын атап өткеннен кейін, экспортқа бағыт
талған жүздеген кәсіпорынның өз жұмысын қалпына келтіре
алмауы тосын ахуал туғызды. Көптеген компаниялар жұмыс
орындарын жабуға және жалақыны қысқартуға мәжбүр болды.
Сонымен қатар негізгі соққы теңіз жағалауындағы аймақтарда
орналасқан тоқыма, киім, аяқ киім, балалар ойыншықтары және
басқа да экспортқа мамандандырылған өндірістік орталықтарға
тиді. Статистикаға сәйкес, 2008 жылдың қаңтар-шілдесінде
Қытай кәсіпорындарында шамамен 20 миллион адам жұмыс
тан босатылды.
Үкімет егер шұғыл шаралар қолданылмаса, бұл көрсеткіш
айтарлықтай артуы мүмкін екенін түсінді. Оның үстіне, елдің
әртүрлі аймақтарында жалдамалы жұмысшылар мен жұмыс
берушілер арасында қақтығыстар пайда бола бастады.
Ресми ақпарат бойынша, 2008 жылдың бірінші жарты жыл
дығында әлемдік экономиканың құлдырауына және Қытайдағы
тұтынушылық сұраныстың төмендеуіне байланысты 67 мың
жекеменшік кәсіпорын банкрот деп жарияланды. 2007 жылы
жоғары оқу орнын бітірушілердің 34,2 пайызы жеке секторға
жұмысқа орналасқанын ескерсек, осыншама шағын және орта
кәсіпорынның жабылуы ҚХР еңбек нарығындағы жағдайды
күрделендіріп жіберді. Қаржы қызметі, жылжымайтын мүлік,
сыртқы сауда және өнеркәсіптік өндіріс саласында жұмыс табу
қиынға соқты. Жоғары оқу орындарының түлектері мемлекеттік
қызмет саласына ғана үміт артуына тура келді.
Жоғарыда аталған үрдістерді ескере отырып, Үкімет түрлі
шараларды, оның ішінде мамандарды қайта даярлау және
қысқартылған жұмысшыларды қайта жұмысқа алуды қарқынды
жүзеге асыра бастады. Жергілікті билікке жұмысынан айы
рылған немесе табысы аз адамдарды қолдау үшін жедел
шаралар қабылдау тапсырылды. Жұмыстан қысқартылған
адамдарға жаңа мамандықты оқыту үшін кәсіби курстарды
кеңейтуге мемлекеттік бюджеттен қаржы бөлінді. Елдегі жұ
мыс күшінің жылдық өсімінің 60 пайыздан астамын жұмыспен
қамтып отырған шағын және орта бизнесті қолдау күшейтілді.
2008 жылдың бірінші жарты жылдығында аталған шара
ларды жүзеге асыру барысында Қытай Үкіметіне бірқатар та
биғи апаттың салдарымен бетпе-бет арпалысуға тура келді.
Мәселен, бірінші тоқсанда елдің солтүстік провинцияларында
қатты жауған қардан экономикаға 20 миллиард доллардан
астам залал келді. Сонымен қатар 2008 жылы 12 мамырда
оңтүстік-батыстағы Сычуан провинциясында 8 балдық жойқын
жер сілкінісі болып, оның тікелей экономикаға әкелген шығыны
100 миллиард доллардан асып кетті. Бұл Қытай тарихындағы
ең ауыр табиғи апаттың бірі еді. Зардап шеккендер саны 45,7
миллион адамды құрады, 169 мың адам қайтыс болды.
Осынау сынақтар аз болғандай, Қытай мемлекеті 2008 жыл
дың тамызында ХХІХ Жазғы Олимпиада ойындарын өткізуге
тиіс болатын. Қыруар қаражатты талап еткен бұл спорттық
іс-шара Сычуан провинциясындағы жойқын жер сілкінісінен
кейінгі құтқару және қалпына келтіру жұмыстарының орасан
зор шығынына қарамастан, сәтті өткізілгенін атап өткен жөн.
Қытай билігінің біліктілігі мен бағына орай, кейбір скептик
тердің болжамдары орындалмады, ірі халықаралық спорттық
іс-шара ел экономикасын құрдымға кетірмей-ақ, абыроймен
ұйымдастырылды.
Соның арқасында ел билігі Қытай экономикасының іргетасы
берік екеніне және көкжиекте пайда болатын сыртқы сынақтар
мен қауіп-қатерге төтеп бере алатындығына сенімді болды.
Сонымен қатар әлемдік нарықтағы тұтынушылық деңгейінің
төмендеуіне қарамастан, 2008 жылдың бірінші жарты жыл
дығында Қытай әлемдегі ең ірі экспорттаушылардың тізімінде
алға жылжуды жалғастырды және өсудің екі таңбалы көрсет
кіштерін көрсетті, дегенмен бұл өсу динамикасы шамалы төмен
дей бастады (бірінші тоқсан — 10,6%, екінші тоқсан — 10,1%).
Жергілікті билік органдарына деген сенім елдің өзін-өзі
қаржылық қамтамасыз етуімен де толықтырылды. Шынында да,
әлемнің көптеген елдері қаражат жетіспеушілігін сезіне бастаған
кезде, Қытайдың қаржы секторында артық ақша проблемасы әлі
бар еді. Халықаралық төлемдердің ауқымды сальдосы (сауда
профицитінен, инвестициялардан, туризмнен және т.б.) алтын-
валюта резервтерінің одан әрі өсуіне ықпал етті.
Билік отандық экономиканың «қызып кету» қаупіне алаңдау
шылық білдіріп, оны қаперде ұстады. Бейжің негізінен ішкі
экономикалық проблемаларға, атап айтқанда, азық-түлік пен
жылжымайтын мүлік бағасының өсуіне, банк секторындағы
жоғары өтімділікті төмендетуге, макроэкономикалық бақылау
ды күшейтуге баса назар аударды және ақша-несие саясатын
жетілдіруді тыс қалдырмады.
Бұл жағдайда жұмыспен қамту мәселесінде оң нышандар
пайда болды. Жергілікті сарапшылар еңбек нарығындағы ахуал
соншалықты нашар емес деген пікір білдірді, өйткені Қытай
экономикасының барлық саласы әлемдік құлдыраудан қатты
зардап шеккен жоқ. Осыған байланысты Үкімет егер ҚХР-дағы
ЖІӨ шамамен 8 пайызға өсуін жалғастырса, елде жыл сайын
10 миллионға дейін қосымша жұмыс орнын ашуға болатын
дығын және бұл көрсеткіш жеткілікті екенін атап өтті.
Расымен де, Қытай 2008 жылға жоспарланған негізгі
әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерге қол жеткізу жолында
нық сеніммен келе жатқан болатын. Атап айтқанда, ЖІӨ өсімін
8 пайыз деңгейінде ұстап тұру, инфляцияның 4,8 пайыздан
жоғары болуына жол бермеу, кем дегенде 10 миллион адамды
жұмыспен қамту және жұмыссыздық деңгейін 4,5 пайыздан
асырмау.
Осындай жағдайда, АҚШ-тағы ипотекалық дағдарыстың
ықтимал салдарын және америкалық экономикадағы құлдырау
дың белгілерін зерттеп-зерделеген халықаралық сарапшылар
2008 жылдың бірінші жарты жылдығында бұл оқиғалар Қытай
экономикасына онша қатты әсер етпейді деген қорытындыға
келді. Мұндағы басты дәлел әлемдік экономикадағы үлесі
тұрақты өсіп келе жатқан Қытайдың жоғары экономикалық
көрсеткіштері болды.
Дегенмен, 2008 жылы ел үкіметі Қытайдың экономикалық
дамуының қазіргі моделінің экспорт пен ТШИ-ге шамадан тыс
тәуелділігін азайту үшін батыл әрі кезек күттірмейтін бірқатар
шаралар жасау керек екенін түсіне бастады. Осыған байланыс
ты Қытай билігінің жаңа жоспарларына сәйкес, таяу жылдары
экономиканы дамытудың негізгі қозғаушы күші ішкі тұтынуды
дамыту болып танылды. Айта кетерлігі, халық табысының
тұрақты өсуіне қарамастан, Қытайдағы тұтыну деңгейі соңғы
жылдары өте төмен динамиканы көрсеткен. Мысалы, 2007
жылы Қытайдағы орташа табыс Үндістаннан 2,5 есе асып түсті,
бірақ қытайлықтардың жан басына шаққандағы орташа тұты
нуы үнділердің деңгейінен 70 пайыз ғана көп болды. Бұл факт
қытайлық отбасылар жеке жинақ ретінде көп соманы үнемдеп
қалады деген пікірді растады.
Қытай экономистері алғаш рет 1997 жылы Азияда қаржы
дағдарысы басталған кезде ішкі тұтыну мүмкіндіктерін те
реңірек зерттеп көрген. Содан Қытайдың орасан зор ішкі
нарығын толық пайдалану — сыртқы экономикалық теріс
ықпалдың кез келген факторын тежей алады немесе тіпті әсер
етпейтіндей жасай алады деген болжамға келген. Осыған
байланысты үкімет 2015 жылға дейін ішкі нарықты экономи
каның негізгі қозғаушы күшіне айналдыруды жоспарлады. Осы
жұмыстардың аясында 2008 жылдың бірінші тоқсанында білім
алуға, медициналық қызмет көрсетуге және сақтандыру жү
йесін дамытуға қосымша қаражат бөлінді. Ең бастысы, ауылға
назар аудару едәуір артты, ол көптеген жылдар бойы әлеумет
тік қолдауды қажет ететін басты бағыт ретінде (750 миллион
адам) айқындалды.
Ішкі тұтынуды дамыту үшін ҚХР үкіметі шағын және орта
кәсіпорындарды қолдауды да күшейтті. Бұл сала сол кезде
елдің ЖІӨ-нің 60, салық аударымдарының 50 және халықтың
65 пайыздан астамын жұмыспен қамтып отырған болатын.
Үкімет шағын және орта бизнестің қарқынды дамуы ішкі бөлшек
сауда көлемінің өсуіне ықпал ететініне және жалпы сыртқы
әсердің жағымсыз факторларын тежейтініне сенімді болды.
Бұл қолдау өте уақтылы және дер кезінде қолға алынды,
өйткені Қытайдың шағын және орта бизнес (ШОБ) субъек
тілері 2008 жылдың басынан бастап шикізат бағасының өсуі,
жұмыс күшінің қымбаттауы, әлемдік нарықта тұтынушылық
сұраныстың төмендеуі себебінен үлкен проблемаларға тап
бола бастаған еді. Жоғарыда айтылғандай, 2008 жылдың
бірінші тоқсанында ғана ҚХР-дың 67 мың шағын және орта
кәсіпорны банкротқа ұшырағаны туралы мәлімет пайда болды.
Осы жағдайларға байланысты, 2008 жылдың шілдесінде ҚХР
Қаржы министрлігі ШОБ дамуына жағымсыз әсер ететін салық
саясатына және салық төлемдеріне қойылатын талаптарды
жеңілдету шараларын қабылдады. Табысы аз ШОБ үшін кор
поративтік салықты 25 пайыздан 20 пайызға, жоғары техноло
гиялық кәсіпорындар үшін 15 пайызға дейін төмендету туралы
шешім жарияланды. Сонымен қатар 2008 жылғы тамызда Үкімет
ШОБ-қа берілетін несиелер квотасын 5 пайыздан 10 пайызға
көбейтті. Осыған сәйкес 2008 жылдың бірінші тоқсанында ел
банктері бизнес саласына несиеге 340,9 миллиард АҚШ долла
рын бөлді, оның 45 миллиарды ШОБ-қа бағытталған еді.
2008 жылы Қытайдың солтүстік-шығысында жұмыс істейтін
шағын және орта кәсіпорындарға несиелік кепілдіктер беретін
алғашқы сақтандыру компаниясының құрылуы үлкен қолдау
және үлгі болды. Егер ШОБ банкке қарызын қайтара алмайтын
жағдай қалыптасса, сақтандыру компаниясы барлық төлемді
өз мойнына алды. Жаңадан құрылған серіктестіктің жарғылық
капиталы 44 миллиард долларды құрады және жергілікті өңір
лердің бюджеттік қаражаты есебінен құрылды.
Сонымен қоса шағын және орта бизнесті қолдау үшін бұрын
құрылған бес арнайы мемлекеттік қор, атап айтар болсақ, Ше
телдік маркетингтік қаржыландыру қоры, Ауылшаруашылық
ғылымдары мен технологияларын енгізу қоры, Шағын және
орта бизнесті субсидиялау қоры, Шағын және орта бизнесті
дамыту қоры, Шағын және орта бизнесті берік платформамен
қамтамасыз ету қоры белсенді жұмыс істеді. Бұл қорлардың не
гізгі міндеттерінің бірі шағын және орта бизнеске банктен несие
алу мүмкіндігі үшін гаранттық және кепілдік міндеттемелерді
беру, жоғары несиелік технологияларды, ноу-хауды және т.б.
қамтамасыз ету болды. Мысалы, толығымен мемлекеттік бюд
жеттен қаржыландырылатын Шағын және орта бизнесті дамыту
қорының функциялары салық жеңілдіктерін ұсыну, қаржылан
дыру және ШОБ субъектілері мен олардың инвесторларының
кірістерін заңсыз қол сұғудан қорғауды қамтыды.
2008 жылдың тамызында ҚХР Қаржы министрлігі шағын
және орта бизнесті қолдау үшін жылдың аяғына дейін жалпы
сомасы 513 миллион доллар болатын көмек пакетін бөлу ту
ралы қосымша шешім қабылдады. Оның 73 миллион доллары
ШОБ үшін жоғары технологияларды сатып алуға жұмсалды;
29,2 миллион доллар несие ұйымдарына бөлінді; 204,4 мил
лион долларды ШОБ жоғары технологиялар саласындағы
инновациялық қоры алды; 175,2 миллион доллары сыртқы
нарықты зерттеуге және ШОБ секторын қажетті ақпаратпен
қамтамасыз етуге арналды.
Қытайдың Қаржы министрлігі, сонымен қатар жергілікті
әкімшіліктерден шағын және орта кәсіпорындардан мемлекеттік
сатып алуларды көбейтуді талап етті, өйткені бұған дейін ірі
компанияларға артықшылық беріліп келген болатын.
Салықтық жеңілдіктер мен преференциялар беру Қытайдағы
ШОБ қызметін қолдаудың тиімді құралына айналды. Үкімет
қосымша құны жоғары өнімдер шығаратын кәсіпорындарға
ерекше назар аударды. Жаңа және жоғары технологиялар
саласындағы кәсіпорындар 15 пайыздық жеңілдікпен табыс
салығын төледі. Оған қоса жоғары технологиямен айналысатын
компаниялар 2 жылға бүкіл салықтан босатылды.
ҚХР үкіметі шетелдік инвестицияларға талаптарын күшейтті.
ҚХР Сауда министрлігі атап өткендей, «Қытай шетелдік инвес
тицияларға тыйым салмайды, тек ел экономикасына қосатын
үлесі өте аз инвесторлардан аулақ болғысы келеді».
Осы жұмыстардың аясында 2008 жылдың шілдесінде
ҚХР Даму және реформалар жөніндегі комитеті «Шетел ка
питалы қатысатын жобаларды реттеу және одан әрі дамыту
шаралары туралы» деген құжат жариялады. Онда ҚХР ин
вестициялық жүйесін реформалау бойынша қабылданған
шараларға қарамастан, шетелдік инвестицияларды пайда
лануда заң бұзушылықтар болғандығы атап өтілді. Көптеген
заң бұзушылықтар құрылыс және шетелдік капиталды теріс
пайдалану, жалған жобаларға инвестициялар түрінде ірі қара
жат тарту, компания құрған кездегі инвестиция көлемін асыра
бағалау, юань құнының өсуінен пайда көру үшін капитал им
портын жасау сияқты фактілермен байланысты болды.
Шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау шараларымен қатар,
ауылға қолдау көрсету де өз жалғасын тапты. Әлемдік қаржы
дағдарысына және азық-түлік қауіпсіздігіне төнген қатерге
байланысты Қытай үкіметі 2008 жылғы 30 қазанда ең төменгі
сатып алу бағалары жүйесінің қолданыстағы нормаларын
қайта қарау туралы шешім қабылдады. Бұл жүйе 2006 жылы
фермерлерге дақылдарды өсіру мен сатуда қолдау көрсету
мақсатында енгізілген. Әдетте бұл механизм жыл сайын 1 мау
сымнан 30 қыркүйекке дейін күшінде болады.
Жүйенің ережелеріне сәйкес, егер көрсетілген айларда
бидай өнімін сатып алудың нарықтық бағасы ең төменгі дең
гейге түссе, онда уәкілетті мемлекеттік органдар шаруалардан
астықты мемлекеттік минималды бағамен сатып ала бастай
ды, бұл фермерлер үшін үлкен көмек және қолайлы жағдай.
Осыған байланысты әлемдік дағдарыс пен инфляциялық қы
сымның әсерін ескере отырып, бидайдың сатып алу бағасын
15,3 пайызға, күрішті 13 пайызға көтеру туралы шешім қабыл
данды. 2008 жылы осы минималды сатып алу бағалар жүйесі
бойынша мемлекеттік органдар шаруалардан 170 миллион
тонна астық сатып алды. Бұл астықтың ішкі бағасын тұрақтан
дыруға мүмкіндік берді және астық өндірушілер табысының
өсуіне ықпал етті. Сонымен бірге жекеменшік компаниялар
фермерлерден қосымша 120 миллион тонна астық сатып алды.
Талдау көрсеткендей, үкіметтің ауыл тұрғындарынан астық
дақылдарын сатып алуы бағаны жоғары деңгейде ұстап тұруға
көмектесті және алыпсатарларға астық өсірушілерге қатысты
дискриминациялық баға саясатын жүргізуге мүмкіндік бермеді.
Мысал ретінде, 2008 жылы күзде әлемдік нарықта
мақта бағасының құлдырауына тап болған қытайлық мақта
өсірушілерге осы жүйе арқылы көрсетілген көмекті айтуға бо
лады. Шикізаттың едәуір бөлігін мемлекет өзі сатып алып, оны
ұлттық резерв қоймаларына орналастырды. Қытайдағы мақта
өсірудің негізгі орталығы Шыңжаңға ерекше қолдау көрсетілді.
Осы мақсатта 2009 жылдың мемлекеттік бюджетіне осы про
винциядағы мақта өсірушілерге субсидиялау үшін қосымша
қомақты қаражат бөлінді.
Әлемдік қаржы дағдарысы жағдайында Қытай үкіметі ауыл
дарды қолдау мақсатында тікелей мемлекеттік субсидиялар
жүйесін қалыптастыруға көшті. Тікелей субсидиялар тізіміне
фермерлерге астық өсіруге (азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз
ететін негізгі өнім ретінде), тұқым, техника, майлау материал
дары, тыңайтқыштар, асыл тұқымды сүтті сиырлар сатып алуға,
сондай-ақ топырақ сынақтарына қаражат бөлу сияқты шаралар
кірді. Бұл жаһандық экономикалық дағдарыстың әсерінен ғана
емес, сонымен бірге орасан зор халық санын ескере отырып,
елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жа
салған қажетті шара еді.
Күтпеген проблемаларға тап болған экономиканың тағы бір
саласы — жылжымайтын мүлік секторы болатын. 2008 жылғы
1 қарашадан бастап жылжымайтын мүлікті сатып алу кезінде
төмен және орташа табысы бар адамдар үшін мемлекеттік баж
салығы алынып тасталды. Келісімшарт жасасу салығы пәтерді
бірінші рет сатып алушылар үшін 1 пайызға дейін төмендетілді
(пәтердің көлемі 90 шаршы метрден аспауы керек).
Салықтық жеңілдіктермен қатар, тұрғындарға ипотекалық
несие беру де жеңілдетілді. Қытай билігі бұл шаралар жылжы
майтын мүлік секторына деген сенімді сақтап, ішкі тұтынудың
өсуіне ықпал ететін болады деп үміттенді.
Үкімет тиісті ведомстволарға арзан бағамен жалға берілетін
тұрғын үй құрылысын жандандыруды тапсырды. Жағдайы
төмен отбасылар үшін субсидияларды ұлғайту жоспарлан
ды. Сонымен қатар үкімет пәтерлердің 70 пайызы 90 шаршы
метрден аспайтын тұрғын үй құрылысын бастауды қолға алды.
Кейінгі талдаулар бұл шара табысы аз тұрғындарға айтар
лықтай көмектесіп, қолданысқа берілген пәтерлер саны едәуір
көбейгенін көрсетті.
Жоғарыда аталған міндеттерге сәйкес, Үкімет жергілікті
билікке люкс виллалар мен люкс тұрғын үйлер салуға жер
учаскесін беруге тыйым салды. Осылайша Қытай үкіметі баға
сы қолжетімді, көлемі шағын, ал сыйымдылығы жоғары тұрғын
үйлердің көптеп салынуын қамтамасыз етті.
Үкімет 2008 жылы жоспарланған дағдарысқа қарсы алдын
алу шараларына және тұрақты экономикалық дамуды қамтама
сыз ету үшін 2008–2010 жылдарға 586 миллиард доллар бөлу
туралы шешім қабылдады. Орталық үкімет жоғарыда аталған
қаражаттың тек 164 млрд долларын ғана бөлуді жоспарлады,
ал қалған соманы жергілікті биліктер мен ірі кәсіпорындар бөлді.
Пакетте 10 басым бағыт бойынша қаржыландыру қарасты
рылды. Бұл ең алдымен шағын және орта бизнес, қолжетімді
баспана салу, ауылдық инфрақұрылым, сумен жабдықтау,
электр энергиясы, көлік жүйелері, қоршаған орта, техноло
гиялық жаңалықтар, табиғи апаттардан зардап шеккен ай
мақтарды қалпына келтіру. Тұтастай алғанда, пакетті іске асыру
қосымша жұмыс орындарын ашу, экспортты қолдау, алдыңғы
қатарлы технологияларды дамыту, ауылдарды қолдау, ішкі
тұтынуды арттыру және халықтың өмір сүру деңгейін жақсарту
сияқты басым міндеттерді шешуге тиіс болды.
Сарапшылар жаңа шаралардың алғашқы оң нәтижелері
2009 жылдың екінші тоқсанында көріне бастайды деп болжады.
Жаңа шаралар аясында маңызды нарық субъектілеріне (шағын
және орта бизнес, инновациялық кәсіпорындар, ауылдық ай
мақтар және өнеркәсіп секторына) берілген несие көлемін
ұлғайту мақсатында коммерциялық банктерде несиелендірудің
белгіленген «шегі» жойылды. Ішкі тұтынуды дамытуға ықпал
ететін салаларды несиелендіруге айрықша басымдық берілді.
Жарияланған пакеттің аясында қоғамдық инфрақұрылым
объектілерін құру және халықтың кедей топтарының өмір сүру
деңгейін жақсарту бойынша тиімді шараларды әзірлеу міндеті
қойылды. Бірқатар салықтық жеңілдіктер қарастырылды, атап
айтқанда, бұл қосымша құн салығын айтарлықтай төмендетуге
қатысты.
Әлемдік дағдарыстың бұдан әрі күшейе түскенін ескере
отырып, Үкімет қатаң монетарлық режимнен белсенді фискал
дық саясатқа және қалыпты ақша-несиелік бақылауға көшуді
қамтамасыз етуге шешім қабылдады. Аталған режимдердің
үйлесуі ішкі және сыртқы проблемаларды шешу үшін қажет
екендігі атап өтілді.
ҚХР Мемлекеттік кеңесі, сонымен қатар, 2008 жылғы 1 жел
тоқсаннан бастап әлемдік нарықтағы тұтынушылық сұраныстың
төмендеуі жағдайында (еңбек сыйымдылығы жоғары өнімдер,
механикалық және электр жабдықтары және т.б.) ең осал бо
лып табылатын 3,7 мың өнімге қатысты қосымша экспорттық
жеңілдіктер енгізу туралы шешім қабылдады.
Қаржы бөлінген барлық инфрақұрылымдық жобалар ішкі
тұтынудың, әлеуметтік қолдаудың, экспорттық операциялардың
және жұмыспен қамтудың өсуіне барынша ықпал ететіні күтілді.
Пакеттің көп бөлігі теміржол құрылысына бағытталды. Жоспар
ланған инфрақұрылымдық жобаларға ҚХР-дың солтүстік-баты
сындағы Нинся Хуэй автономиялық ауданынан Гонконг және
Гуанчжоу сияқты жағалауларға дейінгі газ құбыры құрылысы
кірді. Газ құбырын төсеу құны 93 миллиард юань (шамамен
13,6 миллиард доллар) көлемінде белгіленді. Шығыс Джэцзян
мен Гуандун провинцияларында екі атом электр стансасын
салуға 95,5 миллиард юань (шамамен 14 миллиард доллар)
бөлу жоспарланды. Сонымен қатар Шыңжаң, Гуйчжоу және
Цзянси провинцияларында егіс алқаптарын суару мақсатында
су жеткізу үшін 14,4 миллиард юань (2,1 миллиард доллар)
жұмсалуы қаралды. Жоспарға, сонымен қатар, Ішкі Моңғо
лия мен Аньхой провинцияларындағы азаматтық әуежайлар
құрылысы да кірді.
Пакетті іске асыру кезінде үкімет барынша жариялықты
қамтамасыз ету және сыбайлас жемқорлыққа қарсы қатаң
бақылауды енгізуді мақсат тұтты. Мұндағы негізгі талаптар
жобалардың әлеуметтік бағыттылығы мен экологиялық таза бо
луы, қаражатты мақсатты пайдалану, энергияны үнемдеу, жер
ресурстарын тиімді пайдалану және қатаң тәртіппен басқару
болды. Белгіленген талаптар бұзылған жағдайда айыптылар
әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тартылды.
Осындай орасан зор іс-шараларға бөлінген көлемді қара
жатқа қарамастан, әлемдік дағдарыс жағдайында ҚХР тауар
айналымы жыл аяғында теріс өсу динамикасын көрсете баста
ды. Мысалы, 2008 жылдың қарашасында сегіз жыл ішінде
алғаш рет сыртқы сауда 2,2 пайызға, желтоқсанда 2,8 пайызға
төмендеді (Қытай импорты қарашада 17,9%-ға және желтоқ
санда 21,3%-ға төмендеді). Айта кетерлігі, дағдарысқа дейінгі
жылдарда Қытай экспортының жылдық өсімі орташа есеппен
25–30 пайызды құраған еді.
Қытайдың сыртқы саудасының төмендеуінің негізгі себебі —
шикізатқа әлемдік бағаның өсуі, юаньның қымбаттауы және
дәстүрлі нарықтарда, ең алдымен, ЕО, АҚШ және Жапония
нарықтарында тұтынушылық деңгейдің төмендеуі болды. 2008
жылы тек Гуаньдун провинциясында экспортқа бағытталған
922 ірі компанияның жұмысын тоқтатқандығы осының дәлелі.
2008 жылы Қытайға тартылған тікелей шетелдік инвес
тициялар 92,4 миллиард долларды құрады (2007 жылмен
салыстырғанда 23,58 пайыз өсім). Бұл ретте шетелдік инвес
тициялардың негізгі өсімі 2008 жылғы қаңтар-қыркүйекте
байқалды. Дағдарыстың өсіп келе жатқан теріс әсеріне бай
ланысты 2008 жылдың соңғы айларында инвестициялар
ағыны айтарлықтай әлсіреді. Бұл көбінесе алыпсатарлық
қысқа мерзімді инвестициялардың («ыстық ақша») азаюына
байланысты болды. 2008 жылы шетелдік капиталдың қаты
суымен 2562 кәсіпорын құрылды, бұл 2007 жылмен салыс
тырғанда 25,78 пайызға аз.
Көптеген жылдар ішінде алғаш рет Қытайдың алтын-валюта
резервтерінің өсімі баяулады. 2008 жылы олардың көлемі
417,8 миллиард долларға өсті, алайда бұл өткен жылмен са
лыстырғанда 44,1 миллиард долларға аз. 2008 жылғы қазан-
желтоқсандағы Қытай алтын қоры өсімінің ерекше төмендеуі
экспорттан түсетін түсімнің азаюынан қалыптасты. Дегенмен
де бұл 2008 жылдың қазан айында Қытайдың АҚШ-тың ең
ірі сыртқы несие берушісіне айналуына кедергі болмады.
Осы уақытта Пекин 585 миллиард АҚШ доллары көлеміндегі
қазынашылық міндеттемелерді алтын-валюта резервтеріне
шоғырландырды. Жалпы алғанда, Қытайдың алтын-валюта
резервтері 2008 жылғы 31 желтоқсанға дейін 1,95 триллион
долларға жетті.
2008 жылы Қытайдың бюджет кірісі 6 триллион юаньнан
(шамамен 857 миллиард доллар) асты. Көлеміне қарамастан,
бұл кірістердің өсу динамикасы өткен жылмен салыстырғанда
13 пайызға төмен болды. 2008 жылдың қыркүйегінде әлемдік
қаржы дағдарысының әсерінен салықтық түсімдер де азая
бастады. Соның салдарынан 2008 жылы ҚХР-дың бюджет
тапшылығы 111 миллиард юаньды (16,21 миллиард доллар)
құрады.
Ресми жұмыссыздық деңгейі 2008 жылы 4 пайыз деңгейін
де қалды. 11 миллионнан астам адам жұмыспен қамтылды.
Алайда статистика экспортқа бағдарланған көптеген кәсіпо
рынның тоқтап қалып, мигрант жұмысшыларының босап
қалғанын есепке алмады. Статистикаға сүйенсек, жыл аяғын
да 130 миллион мигранттың 15 миллионға жуығы ауылдарға
оралған екен.
Дағдарыс ҚХР-дың жылжымайтын мүлік саласындағы
ахуалына да кері әсер етті. Статистикаға сәйкес, 2008 жылғы
желтоқсанда елдің 70 ірі қаласындағы тұрғын үй бағасы орта
есеппен 0,5 пайыз төмендеді. Бұған дейін Қытайдағы тұрғын
үй бағасының орташа айлық өсімі 11–14 пайыз болған. Осы
сектордағы бағаның төмендеуі соңғы 10 жылда алғаш рет
байқалды.
2008 жылдың төртінші тоқсанында ЖІӨ-нің 6,8 пайыздық
рекордтық төмен түсуінен кейін, Қытай 2009 жылға бірқатар
маңызды салалардағы әлсіз позициялармен аяқ басты. Елде
экспортқа бағдарланған бірнеше мың кәсіпорынның банкрот
тығы, 20 миллионнан астам жұмыс орнының мәжбүрлі қысқа
руы, ТШИ түсімдерінің төмендеуі, артық өнім өндіру пробле
малары, әлеуметтік шиеленістің өсуі сияқты проблемалар
туындады. Осыған қарамастан, Үкімет дағдарыстың жағымсыз
салдарын сәтті еңсеру үшін жеткілікті әлеуеті бар екенін, сон
дықтан Қытай экономикалық тұрақтандыру жолына түскен
алғашқы ел бола алатынын мәлімдеді. 2009 жылы осыған
байланысты мемлекет алдына үлкен мақсаттар қойды, оның
ішінде ЖІӨ өсуі 8%, сыртқы сауда — 8%, жұмыссыздық —
4,6%, ішкі тұтыну — 14%, негізгі капиталға мемлекеттік инвес
тициялар — 20%, инфляция — 4,6%, шетелге инвестиция
лар — 13%, сонымен қатар 9 миллион жаңа жұмыс орындарын
құру, 3,2 миллион отбасының баспана мәселесін шешу сияқты
міндеттер жүктелді.
Осы жағдайда 2009 жылы қытай билігінің алдында өткен
жылдың қарашасында қабылданған 4 триллион юань (шама
мен 586 миллиард доллар) мөлшеріндегі дағдарысқа қарсы
инвестициялық пакет бойынша белгіленген шараларды іске
асыруды одан әрі жалғастыра беру міндеті тұрды. Өйткені
әлемдік қаржы дағдарысының салдары ҚХР экономикасының
дамуына кері әсерін тигізуі жалғаса берді.
Жыл басынан Үкімет сегіз негізгі саланы қолдауға ден қойды.
Бұл — жеңіл өнеркәсіп, түсті металлургия, автомобиль жасау,
металлургия, мұнай химиясы, кеме жасау, электроника сала
сы, телекоммуникация. Қабылданған шараларға экспорттық
тарифтерді төмендету, қосымша құн салығын реформалау,
бірігу мен кооперацияны ынталандыру, технологиялық иннова
цияларды қолдау үшін арнайы қорлар құру, банктік несиелерді
кеңейту, шағын және орта бизнестен мемлекеттік сатып алуды
арттыру және тағы да басқа шаралар кірді.
Жоғарыда аталған жоспарларға сәйкес, 2009 жылдың қаңта
рында үкімет автомобиль саласын қолдау шараларын жүзеге
асыра бастады. 2008 жылы ішкі нарықта автомобиль сату
көлемі небары 6,7 пайызға өсті, 2007 жылы бұл көрсеткіш
21,87 пайызды құраған болатын. Сондай-ақ 2008 жылы Қытай
автомобильдерінің экспорты айтарлықтай төмендеді. Нәтиже
сінде, жергілікті автоөндірушілер өнімді сату және артық өндіріс
проблемаларына тап болды. Осы жағдайды ескере отырып,
Қытай үкіметі осы саланы қолдауға бағытталған арнайы пакет
қабылдады. Атап айтқанда, қозғалтқыш қуаты 1,6 литрден аз
автомобильдерді сатып алуға салық 2009 жылы 10 пайыздан
5 пайызға дейін төмендетілді.
Сонымен қатар қытайлық фермерлерге ескірген ауылша
руашылық техникаларын жаңарту үшін бір реттік жәрдемақы
бөлінді, оларды 2009 жылдың наурыз-желтоқсан айлары ара
лығында пайдалануға болатын. Осы мақсатта фермерлерге
жалпы 5 миллиард юань немесе шамамен 730 миллион доллар
қосымша қаралды.
Билік сонымен бірге әлемдік нарықтағы бәсекеге қабілеттілі
гін арттыру үшін отандық ірі автомобиль өндірушілердің бірігуін
ынталандырды. Автокөлік сатып алуға халыққа ұзақ мерзімдік
несие беру қарастырылды. Биліктің пікірінше, мұндай несиелердің
кеңеюі автомобиль сатылымының деңгейін едәуір арттыруға
септігін тигізуі тиіс. 2008 жылғы қаңтардағы статистикаға сәйкес,
ішкі нарықтағы қытай автокөліктерінің тек 10 пайызы несиемен
сатып алынған еді, енді оны кеңейту мақсаты қойылды.
Мемлекеттік қолдауды қажет ететін ҚХР экономикасының
тағы бір саласы металлургия болды. Ол да жаһандық дағдарыс
жағдайында үлкен шығынға ұшырады. 2008 жылы және 2009
жылдың басында болаттың әлемдік бағасы екі еседен астам
төмендеді. Бұл болат өнімдерін өндіруші және экспорттаушы ел
ретінде Қытайға ауыр соққы болды. 2008 жылы ел 560 миллион
тонна болат өндірді, дегенмен Қытайдың өндірістік әлеуеті
600 миллион тоннадан асатын еді.
Осы саланы одан әрі қолдау мақсатында 2009 жылдың
қаңтарында үкімет тиісті қаржылық көмек көрсету, ескірген
жабдықты ауыстыру, жаңа технологиялар мен инновациялар
енгізу жоспарын жасады.
Қолайсыз тенденцияларды ескере отырып, Қытай билігі ірі
кәсіпорындарды ұсақ металлургия компанияларын сатып алуға
шақырып, осы саладағы бірігу мен қосылуды қатаң түрде бақы
лады. Сонымен қатар, бұрын жоспарланған шараға сәйкес,
жылдық өнімі белгіленген мөлшерден аспайтын, экологиялық
зиянды өндірістерді белсенді түрде азайту басталды. 2008
жылдың аяғында болат өндіретін 600‑ден астам ұсақ балқыту
зауытының жұмысына тыйым салынды.
Секторды ретке келтіру үшін үкімет төрт ірі металлургия
өндіруші — «Baosteel Group», «Anshan-Benxі Steel Company»,
«Shougang-Tangshan Steel Company» және «Wuhan Іron and
Steel Group» корпорацияларын анықтап, соларға басымдық
берді.
Жалпы, Қытайдың ресми индустриялық саясатына сәйкес,
2010 жылға қарай 10 ірі мемлекеттік компанияның жалпы өн
діріс көлеміндегі үлесі кем дегенде 50 пайыз, ал 2020 жылға
қарай кем дегенде 70 пайызға жетуі керек болатын.
Әлемдік дағдарыс ҚХР-дың түсті металл өндірісі секторын
дағы даму үдерісіне де кері әсерін тигізді, онда кәсіпорындар
дың кірісі орташа есеппен 34 пайыз төмендеді. Осылайша,
әлемдік сұраныстың төмендеуі салдарынан Қытай алюминий
өндірушілері өз өнімдерін өзіндік құнынан төмен бағамен са
туға мәжбүр болды.
Америка банкінің есебіне сәйкес, 2008 жылдың аяғында және
2009 жылдың қаңтарында әлемде алюминийдің спот-бағасы күрт
төмендеп, 1992 жылғы деңгейге жетті. Көптеген өндірушілер
артық өндіру проблемасымен бетпе-бет келді. Әлемдік қойма
лардағы қорлар ең жоғары деңгейге жетті және 3,4 миллион
тоннаны құрады. Соның ішінде Қытайдың қорлары шамамен
30 пайызға немесе 1 миллион тонна алюминийге тең болды.
Артық өндіріс пен төмен сұраныс проблемасына тап болған
көптеген Қытай компаниялары өз жұмысын тоқтатуға немесе
өндіріс көлемін едәуір төмендетуге мәжбүр болды. Тек 2008
жылдың өзінде Қытай шамамен 2,4 миллион тонна алюминий
өндірісін қысқартты.
Осындай жағдайларда ҚХР Үкіметі отандық тауар өн
дірушілерді қолдау шараларын жеделдетіп енгізе бастады.
Жағдайдың ауырлығын ескере отырып, 2009 жылғы қаңтарда
Үкімет қытайлық өндірушілерден тоннасына 12350 мың юань
(шамамен 1815 доллар) бағамен 290 мың тонна алюминий
сатып алды. Үкімет ұсынған баға нарықтық спот-бағадан (spot-
prіce, қолма-қол ақшаны төлеген кезде дереу жеткізіп беру
бағасы) 10 пайыз жоғары болды.
Бұл қадамның мақсаты әлемдік бағаның құлдырауын пайда
ланып қалу ғана емес, сонымен қатар жергілікті компаниялар
дың артық алюминийін сатып алып, оларды өндірісті кемітпей
қолма-қол ақшамен қамтамасыз ету ниеті болды. Үкіметтің осы
шаралары оң нәтиже беріп, елдің негізгі қор биржаларында
компаниялар акцияларының құны өсті.
Сонымен бірге, шикізаттың отандық өндірушілерін қолдау
және болашақта елеулі пайда табу мақсатында Үкімет мысты
көп мөлшерде сатып алу жоспарын жариялады. Көптеген қы
тайлық компаниялар үкіметтің резервін толтыру үшін қажетті
мыс көлемін ұсына алмағандықтан, Үкімет әлемдік нарықта
арзан бағамен мыс сатып алды. Осы кезеңдегі мыс бағасы
тоннасына 4–4,5 мың доллар аралығында болды.
Отандық компанияларға қолдау көрсету үшін Үкімет 2009
жылдың қаңтарында ірі қытай өндірушілерімен 59 мың тон
на мырыш сатып алу туралы келісімшарт жасады. Бағасы
тоннасына 11 800 юань (шамамен 1735 доллар) құрады, бұл
нарықтағы спот-бағадан 4 пайыз жоғары еді.
2009 жылдың қаңтар айында Үкімет 50 мың тонна табиғи
резеңке сатып алды, олардың да бағасы әлемде төмендеп
кеткен болатын. Бұл жергілікті резеңке компанияларының
жағдайына оң әсер етті.
Осылайша, қытайлық өндірушілердің жағдайының шие
леніскен тұсында үкіметтің мемлекеттік резервтерді толтыруды
жоспарлауы негізгі салалардағы жағдайды тұрақтандыруға
көмектесті.
Айта кетерлігі, дағдарысқа қарсы стратегияны жүзеге асыру
жолында Қытай табиғи сипаттағы күтпеген факторлармен де
үнемі айналысуға мәжбүр болды. Мәселен, 2008 жылы ел
бюджеті қатты қар жауып, жойқын жер сілкінісі салдарынан
үлкен шығынға ұшыраған болса, 2009 жылы Қытай жаңа проб
лемамен — құрғақшылықпен бетпе-бет келді. Ауа райының
қолайсыздығына байланысты елдің азық-түлік қорына қауіп
төне бастады.
Әсіресе астық өндіретін солтүстік және орталық облыстарда
жауын-шашын нормадан 50–80 пайыз төмен болды. Жергілікті
сарапшылардың пікірінше, бұл құрғақшылық соңғы елу жыл
ішінде болмаған жұт еді. Қар мен жаңбырдың жаумауы топырақ
қабатының 3–10 сантиметр деңгейінде құрғақтануына себеп
болды. 2009 жылдың ақпан айының басында апат аймағында
шамамен 10,7 миллион гектарға дәнді дақыл егілген болатын.
Жалпы, құрғақшылық қаупі бидай егісінің кем дегенде 45 па
йызын құрады.
Осыған байланысты Үкімет құрғақшылықпен күресуге қо
сымша 44 миллион доллар бөлу туралы шешім қабылдады.
Қаражат ауылшаруашылық техникаларын, суландыру жаб
дықтарын сатып алуға бөлінді. Құрғақшылыққа қарсы тұру
және топырақтағы ылғалды сақтау әдістері бойынша ауыл
тұрғындарын оқыту үшін мамандар барлық зардап шеккен
өңірлерге жіберілді. Сонымен қатар ауыл тұрғындарына суару
техникасын сатып алуға қосымша субсидия берілді. Осы дер
кезінде қабылданған шаралардың арқасында қуаңшылықтың
әсері біршама жеңілдеді.
Алайда бұл проблемалар 2009 жылдың басынан бастап
күшейе бастаған басқа бір проблема — сауда протекцио
низмі аясында онша маңызды болмай қалды. Әлемдік қаржы
дағдарысы ҚХР қаржы секторына тікелей әсер етпеді, өйткені
өтімділіктің жоғары деңгейі сақталды және елдің ірі алтын-
валюта резервтері болды. Негізінен Қытайға әлемдік нарықтағы
сұраныстың күрт құлдырауы үлкен әсер етті. Сол кезде Қытай
сыртқы сатылымға қатты тәуелді болған еді. Мысалы, 2008
жылы Қытайдың ЖІӨ 4,4 триллион долларды құраса, экспорт
көлемі 1,43 триллион доллар болды. Яғни, ҚХР экономикасы
үшін негізгі сын-қатер әлемдік сауда режимінің бұзылуы мен
дәстүрлі нарықтағы сұраныстың төмендеуінен туындады.
2009 жылдың басында Вашингтон америкалық жобаларды
жүзеге асыруда шетелдік өнімді (атап айтқанда, темір, болат
және басқа да негізгі шикізатты) пайдалануға тыйым салатын
жаңа «АҚШ-та жасалсын» деген дағдарысқа қарсы қағидасын
жариялады. Бұл қадам ЕО, Канада, Жапония және басқа ел
дердің наразылығын тудырды, олар бұл әрекетті сауда соғы
сының басталуы ретінде қарастырды. Қытай билігі америкадық
бастаманы қатаң сынға алды және Вашингтонның үлгісінен бас
тартты. Пекин дағдарыстың нашарлауы жағдайында АҚШ-тың
сауда протекционизмі бүкіл әлемге қарсы жасалған қадам деп
бағалады.
Егер мұндай әдістер жаһандық трендке айналса, Қытай эко
номикасы мұндай жойқын соққының салдарын жеңе алмайды
деген қауіп болды. Осыған байланысты жергілікті сарапшылар
жағдайдың ушығып кетпеуі үшін Қытай өз өнімінің кем дегенде
20 пайызын, оның ішінде өнеркәсіптік шикізат, ауылшаруашылық
өнімдері, электроника, аксессуарлар және сәндік тауарларды
шетелге сатуын қамтамасыз етуі керек деп есептеді.
Осылайша, Пекин саудадағы протекционизмге жол бермеу
ге мүдделі болды. Мұндай жағдайда Қытай билігі жаһандық
сауданы кеңейту шараларын қабылдауы керек еді және ше
телдік инвесторлар үшін өзінің ішкі нарығын кеңінен ашуға да
дайын болатын.
Қытай Халық Республикасы Мемлекеттік Кеңесінің премьері
Вэнь Цзябао әлемдік күштерді сауда протекционизмінің тара
луын болдырмауға белсенді түрде шақырды. Сонымен қатар
ол озық технологиялар мен жабдықтар сатып алу үшін Еуропа
елдеріне арнайы қытай сауда миссиясын жіберу жоспары тура
лы хабарлады. Нәтижесінде, 2009 жылдың ақпан айында ҚХР
Сауда министрі Чен Деминг бастаған ҚХР сауда миссиясының
ЕО елдеріне (Германия, Ұлыбритания, Швейцария, Испания)
сапары ұйымдастырылды. Миссияның мақсаты — қосымша
құны жоғары өнеркәсіптік және ауылшаруашылық өнімдерін
сатып алу. Тұтастай алғанда, қол қойылған келісімшарттардың
жалпы көлемі 16 миллиард доллардан асты.
Тур аясында келісімдердің негізгі бөлігі Германияда жа
салды, онда жалпы құны 14 миллиард доллар болатын 37 ке-
лісімшартқа қол қойылды. Келісім барысында түрлі инженерлік
жабдықтар, жоғары технологиялар, электроника және авто
мобильдер сатып алынды. Мәселен, 37 мың «BMW», 27 мың
«Мерседес» және ондаған мың «Мини» автомобильдер сатып
алу туралы келісімге қол қойылды. Ұлыбританияда жоғары
технологияларды, медициналық жабдықтарды, тоқыма мате
риалдарын, автомобильдер мен ұшақтарға арналған қосалқы
бөлшектерді, экологиялық материалдарды және т.б. сатып
алу бойынша 11 ірі келісім жасалды. Қол қойылған келісім
шарттардың жалпы көлемі 2 миллиард АҚШ долларын құра
ды, ең үлкен келісім (1,3 миллиард доллар) — «Rolls-Royce
Plc» компаниясымен Қытайға «Aіrbus 300» әуе кемесі үшін
20 қозғалтқыш жеткізу туралы келісім болды. Швейцарияда
қол қойылған келісімшарттардың сомасы 300 миллион дол
ларды құрады, оның ішінде өлшеу құралдары, электр жаб
дықтары, фармацевтика және металдар сатып алынды. Ис
панияда құны 320 миллион долларды құрайтын 20‑дан астам
келісімшарт жасалды, олар ұшу тренажерларын, ұшақтар мен
автомобильдерге арналған қосалқы бөлшектерді, болаттан
жасалған бұйымдарды, мәрмәр, жүн, теңіз өнімдерін, зәйтүн
майын және шарапты қоса алғанда, әртүрлі өнеркәсіп және
ауылшаруашылық өнімдерін қамтыды. Осылайша, Пекин бұл
турды сәтті пайдаланып, сауда протекционизміне қарсы берік
ұстанымын көрсетті.
Қытай тарапымен жасалған келісімшарттар еуропалық
кәсіпорындарды жұмыспен қамтуға және аталған ЕО елдерін
дегі әлеуметтік тұрақтылыққа айтарлықтай үлес қосты. Бұл
сапар мұндай операциялардың бастапқы кезеңі болды. Келесі
айларда Қытай кәсіпкерлерінің қосымша топтары Еуропаға
сапар шегіп, көптеген жаңа келісімдерге қол жеткізді. Қытай
сарапшыларының пікірінше, қаржылық дағдарыс осылайша
елдің өнеркәсіптік құрылымын оңтайландыруға және техника
лық инновацияларды кеңінен енгізуге жаңаша мүмкіндік берді.
Ресми өкілдер мен барған елдердің бұқаралық ақпарат
құралдары ҚХР сауда миссиясының нәтижелеріне оң баға
берді. Мысалы, Германияның БАҚ-тары келісімшарттарды
жергілікті автоөнеркәсіп үшін «жарық сәуле» деп сипаттады.
Елдегі ішкі жағдайға оралсақ, дағдарыс кезінде ішкі тұтыну
ды дамытуда, әсіресе ауыл тұрғындарының әл-ауқатын жақ
сарту жөніндегі іс-шаралар мен акцияларға баса мән берілді.
2009 жылдың 1 ақпанында бүкіл елде «Шаруаларға арналған
тұрмыстық техника» жүйесі енгізілді. Ол ауыл тұрғындарына
тұрмыстық техниканы сатып алғанда субсидиялауға жол ашты.
Субсидия мемлекет есебінен ұсынылған 13 пайыздық жеңіл
дік мөлшеріне тең болды. Жаңа схема түрлі түсті теледидар,
тоңазытқыш, мұздатқыш, кіржуғыш машина, микротолқынды
пеш, шаңсорғыш, ұялы телефон, мотоцикл, дербес компью
терлер, су жылытқыштар мен кондиционерлер сатып алуға
бағытталды. Осы мақсаттарға арналған субсидиялар көлемі
2009 жылы 2,93 миллиард долларды құрады.
2009 жылғы 1 наурызда республикада «Ауылға арналған
автомобильдер» жүйесі күшіне енді. Ол бюджеттен тиісті суб
сидиялар бөлуді қарастырды. Үкімет қозғалтқышының көлемі
1,3 литрден аз микроавтобустар сатып алғысы келетін фер
мерлерге арнайы жеңілдіктер ұсынып, 735 миллион доллар
субсидия бөлді (әр жабдықтың 1 бірлігі үшін шамамен 900
доллар жеңілдік).
Осы шаралар аясында ауылдарды қалпына келтіру жұмыс
тары белсенді жүргізілді. Соның ішінде ауылдарды сапалы
көліктік жолдармен байланыстыру жұмысы ерекше қарқын
алды. Күтілгендей, сапалы жолдар ауылшаруашылық өнім
дерінің сату нарықтарына қолжетімді болуын қамтамасыз етіп,
фермерлердің алыпсатарларға тәуелділігін төмендетті. 2009
жылы 270 мың километрден астам жол салынды және жөндеу
жұмыстары жүргізілді. Бастапқыда осы мақсатқа 12 миллиард
тан астам доллар бөлінді, бірақ содан кейін дағдарысқа қарсы
пакет аясында қосымша қаржы тағы қарастырылды.
Сонымен қатар 2009 жылғы ақпанда Қытай билігі 500 мил
лиард юань (шамамен 73,5 миллиард доллар) құрайтын елдің
мұнай-химия саласын қолдауға арналған ынталандырушы
инвестициялық пакет жариялады. Жарияланған жоспарға
сәйкес, 2009–2010 жылдары 20 жаңа мұнай-химия объек
тісінің құрылысына 400 миллиард юань (58,8 миллиард доллар)
инвестиция бағытталды. Қалған 100 миллиард юань (14,7
миллиард доллар) заманауи технологияларды енгізу арқылы
мұнай өнімдерінің өндірісін жетілдіруге жұмсалды. Сонымен
қатар жоғарыда аталған пакетке мұнай-химия компаниялары
үшін салықтық жеңілдіктер енгізу және мұнайдың қосымша
қорларын салу кірді.
Электр энергетикасы саласындағы жетекші компаниялардың
қызметін қолдау мақсатында ҚХР үкіметі 2009 жылдың ақпан
айында 10 миллиард юань (1,47 миллиард доллар) көлемінде
субсидия бөлетіндігін мәлімдеді. Сондай-ақ 2009 жылғы ақпан
да кеме жасау индустриясы мен ақпараттық технологияларды
қолдауға арналған инвестициялық пакеттер бекітілді.
Жаңа стратегияға сәйкес, елде өндіруші аймақтардың
климаттық-географиялық ерекшеліктерін ескере отырып, негізгі
азық-түлік өнімдерін өндіру және жеткізуді қайта жандандыру
жұмыстары басталды. Негізгі көкөніс өндірісін Янцзы өзені
атырабының жоғарғы және орта бөліктерінде (Гуйчжоу, Сычуан,
Чунцин, Хунань, Хубэй және Шэньси провинциялары) шоғыр
ландыруға шешім қабылданды. Теңіз және тұщы су балық
өнімдерін өндіруді Янцзы өзені атырабының төменгі және орта
бөліктерінде (Хубэй, Аньхой, Чжэцзян, Цзянсу провинциялары
және Шанхай қаласы) жүзеге асыру жөн деп табылды. Мал
шаруашылығы Сарыөзен алқабында (Ішкі Моңғолия, Гансу,
Хэбэй, Шэньси, Шаньси, Хэнань және Шандонг) негізделе
бастады. Ірі құс фабрикалары Гуандун, Гуанси, Хайнань және
Фуцзян провинцияларында шоғырланды.
Мұсылмандық тамақты дайындауға арналған ет өнімдерінің
өндірісі Шыңжаң, Ганьсу, Цинхай, Нинся Хуэй автономды ау
даны сияқты солтүстік-батыс провинцияларда тоғыстырылды.
Сонымен қатар қарапайым адамдарға қызмет көрсететін
және белгіленген стандарттарға сәйкес келетін жаңа тамақтану
орындары су мен электр энергиясына ақы төлеуге жеңілдіктер
алды. Дағдарыс жағдайында бұл шаралар ауыл шаруашылығы,
тамақ өндірісі, құрылыс, өнеркәсіп және кәсіби қайта даярлау
салаларын қолдауға қажетті серпін болды.
Дағдарыс кезінде бюджет қаражатын үнемдеу және белсенді
фискалдық саясат жүргізу шаралары қабылданды. Бұл ең ал
дымен мемлекеттік қызмет саласына әсер етті. Бұл шаралар
2008 жылы Қытай бюджетінің кірісі 19%-ға артып, 6 триллион
юаньға (шамамен 882 миллиард доллар) жететіндігіне байла
нысты. Алайда 2008 жылдың екінші жартысында экономикалық
құлдырау, корпоративтік кірістің азаюы және салық ставкасы
ның төмендеуі салдарынан бюджетке түсетін түсімдер күрт
төмендеп кетті.
Осыған орай, ҚХР Қаржы министрлігі барлық мемлекеттік
органдарға қатаң режимге ауысуды және жергілікті өзін-өзі
басқарудың әкімшілік шығындарын қатаң бақылауды тапсырды.
Атап айтқанда, оларға көлік сатып алуға, кеңселер салуға, түрлі
кездесулер өткізуге, қонақжайлылыққа және шетелге шығуға
байланысты шығындарды шектеу міндеттелді. Сонымен қатар
салықтарды төмендетуге және қоғамдық мақсаттағы инвести
цияларды ұлғайтуға бағытталған белсенді фискальдық саясат
жүргізілді.
Айта кетерлігі, дағдарысты еңсеру және экономиканың өсуін
ынталандыру кезінде ҚХР Мемлекеттік кеңесі провинциялық
үкіметтердің бюджеттік қаражаттарына көп арқа сүйеді. Осы
лайша, ҚХР-дың дағдарысқа қарсы инвестициялық пакетін
де (586 млрд АҚШ доллары) орталық бюджеттен салынған
инвестициялардың үлесі небары 28 пайыз болды, ал қалған
72 пайызы жергілікті өзін-өзі басқару және үкіметтік емес сек
торлардан жиналды.
Сонымен қатар экономиканы ынталандыру және жаңа жұ
мыс орындарын құру мақсатында ҚХР үкіметі 2009 жылы темір
жол құрылысына салынған инвестицияны екі есеге арттырды.
Құйылған қаржы көлемі 600 миллиард юаньды (88 миллиард
доллар) құрады. Нәтижесінде, Қытайда 2009 жылы 5,148 ки
лометр темір жол салу жоспарланды, бұл жүк және жолаушы
ларды тасымалдауды айтарлықтай жеңілдетті.
Осылайша 2009 жылдың басынан бастап ҚХР үкіметі дағда
рысқа қарсы инвестициялардың едәуір бөлігін халықтың тұр
мысымен тікелей байланысты және әлеуметтік шиеленістердің
алдын алуға көмектесетін жобаларға құя бастады. Сонымен
қатар қосымша инвестициялар дағдарыстың салдарынан қат
ты зардап шеккен өнеркәсіп салаларына бағытталды. Артық
өтімділіктің және халықаралық төлемдердің оң сальдосы
ның арқасында, Қытай билігі басқа елдерге қарағанда, банк
секторына үлкен қаржы құймады. Негізінен жергілікті билік
қабылдаған шаралар әлеуметтік және инфрақұрылымдық
мәселелерді шешуге, ішкі тұтынуды ынталандыруға және жұ
мыс орындарын құруға бағытталды.
2009 жылғы маусым-шілде айларында Қытай экономика
сының үдемелі өсімі және ҚХР дағдарыстан біртіндеп шыға
бастағаны статистикалық мәліметтер бойынша анық аңғарыла
бастады. Осы кезеңде ішкі тұтынудың, іскерлік белсенділіктің
және өнеркәсіптік өндірістің тұрақты өсуі қамтамасыз етілді.
Бұл тенденциялар жергілікті сарапшылардың Қытай үкіметі
2009 жылы ЖІӨ-нің 8 пайыз өсуіне қол жеткізе алады немесе
одан да асып түседі деген оптимизмін күшейтті. Айта кету
керек, 2009 жылдың басында халықаралық қаржы институт
тары ҚХР-дың осы мақсатқа жету қабілетіне күмән келтіріп, өз
кезегінде 6–7,2 пайыздық болжамын ұсынды.
Қытай үкіметінің осы табыстары 2008 жылдың қарашасын
да жарияланған 586 миллиард долларлық дағдарысқа қарсы
ынталандыру пакетін тиімді іске асырумен тікелей байланыс
ты. Жоғарыда айтылғандай, үкіметтің тікелей үлесі аталған
соманың 1,18 триллион юанын (шамамен 172,6 миллиард
доллар) құрады, қалған қаражат жергілікті өзін-өзі басқару
органдары мен ірі кәсіпорындардың бюджеттерінен тартылды.
ҚХР Қаржы министрлігінің мәліметі бойынша, 2009 жылдың
тамызына дейін Қытай билігі жоғарыда аталған 1,18 триллион
юаньның жартысынан көбін бөлді. Бұл сома шамамен 600 мил
лиард юань (шамамен 88,6 миллиард доллар) құрады, оның
21,2 пайызы ауылдық жерде инфрақұрылым салуға жұмсал
ды; 11,9 пайызы — денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік
қамсыздандыру, мәдениет салаларына; 33,8 пайызы — 2008
жылғы 12 мамырдағы жойқын жер сілкінісінен зардап шеккен
аймақтарды қалпына келтіру жұмыстарына жұмсалған-ды.
Қытай Үкіметі экономиканың 8 пайыз өсу деңгейі қажетті
жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету және елдің экономикалық
құрылымындағы елеулі ауытқулардың алдын алу үшін жет
кілікті көрсеткіш деп қабылдады. ҚХР үкіметі енді күш-жігерін
инфрақұрылымдық жобаларды дамытуға, ішкі тұтынуды ын
таландыруға, өнеркәсіптің негізгі секторларын қолдауға, экс
портты кеңейтуге және тікелей шетелдік инвестициялардың
ағымын ынталандыруға бағыттады.
Сонымен қатар Қытай үкіметі жұмыссыздықтың өсімін
4,3 пайыз деңгейінде тоқтата алды. Естеріңізге сала кетейік,
дағдарысқа қарсы бағдарлама 2009 жылы жұмыссыздық дең
гейін 4,6 пайыздан жоғары көтермеуге бағытталған болатын.
2009 жылдың жеті айының қорытындысы бойынша елде ша
мамен 5,75 миллион адам жұмыспен қамтылды. Жұмыссыз
азаматтардың жалпы саны 9,06 миллион адамды құрады, бұл
2008 жылдың бірінші тоқсанымен салыстырғанда 90 мыңға аз.
Жұмыссыздық проблемасын шешумен қатар, Қытайда жан
басына шаққандағы кірістің тұрақты өскені байқалды.
Осы үрдіске байланысты Қытай билігі шағын және орта
бизнес секторына көбірек көңіл бөлуді жалғастырды. Ол кезде
ҚХР-да шағын және орта бизнес санатына құрамы мың адамнан
аспайтын, жылдық кірісі 300 миллион юаньнан (44,1 миллион
доллар) аз болатын компаниялар кірді.
Осы атқарылған жұмыстарға сәйкес, 2009 жылғы тамызда
ҚХР Ғылым және технологиялар министрлігі ШОБ-тың ғылыми-
зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық ресурстарға қол
жетімділігін кеңейту үшін нақты мүмкіндіктер беретін шаралар
енгізілгенін жариялады. Министрлік шағын және орта бизнес
секторына арналған мемлекеттік зертханалар мен техноло
гиялық орталықтар құруды бастады. ШОБ-пен тығыз жұмыс
жасау үшін университеттер мен ғылыми-зерттеу институттары
тартылды. Сонымен қатар қытайлық компаниялар арасын
дағы инновация деңгейін арттыру мақсатында ҚХР үкіметі
2009 жылдың қыркүйегінде жергілікті компанияларды маңызды
өнеркәсіптік жабдықтар өндірісі үшін керекті компоненттер мен
шикізатты импорттайтын болса, импорттық салық пен қосымша
құн салығын төлеуден босатты.
2009 жылдың қыркүйегінде ҚХР үкіметі ШОБ қолдауын кү
шейту үшін қосымша қаражат қарастырды. Билік шағын және
орта бизнес секторынан сатып алынатын тауарлар көлемін
ұлғайтуды қолға алды. Осы сектордың банктік несиелеу арна
ларын кеңейту жөнінде де шаралар қабылданды. 2010 жылдың
соңына дейін жылдық табыс салығы 30,000 юаньнан (4500
доллардан) аспайтын компаниялар салықтан босатылды.
Арнайы салықтық жеңілдіктер (төмендетілген мөлшерлеме
бойынша табыс салығы) жоғары және жаңа технологиялар
саласын игеретін компанияларға да қолданылды.
2009 жылғы 5 желтоқсаннан бастап капиталды резервтеу
мөлшерлемесі ірі банктер үшін 1 пайызға, орта және шағын
банктер үшін 2 пайызға төмендетілді. Бұл шамамен 640 мил
лиард юаньды (93,7 млрд доллар) босатуға мүмкіндік берді,
бұл ШОБ-қа берілген несиелер көлемінің ұлғаюына ықпал етті.
ҚХР Индустрия министрлігінің мәліметтері бойынша, 2009
жылдың аяғында орталық үкімет шағын және орта бизнестегі
техникалық инновацияларға қатысты 20,3 мың жобаны жүзеге
асыруға қаржылық көмек көрсетті. Белгіленген жоспарларға
сәйкес, бұл салаға 2010 жылы да ауқымды қаржылық көмек
және салықтық жеңілдіктер қарастырылды. Статистикаға сәй
кес, 2009 жылдың аяғында елде 11 миллионға жуық кәсіпорын
тіркелсе, олардың 99 пайызы шағын және орта кәсіпорындар
санатына жатқызылды.
Тұтастай алғанда, 2009 жылы ШОБ секторында оңды
жағдай қалыптаса бастады, бұған өнеркәсіп өндірісінің, ішкі
тұтынудың және іскерлік белсенділіктің өсуі дәлел. 2009 жыл
ішінде ШОБ секторы 2,1 триллион доллардан асатын банктік
қаржыландыруға ие болды, бұл 2008 жылмен салыстырғанда
28 пайызға көп болатын.
Дағдарысқа қарсы стратегия аясында елде бірқатар өнеркәсіп
салаларын қайта құрылымдау жүргізілді. Мәселен, 2009 жылдың
қазан айында Қытай Халық Республикасының Мемлекеттік даму
және реформалар комитетінің (МДРК) басшылығы 2010 жылдың
соңына қарай Шанси провинциясында тіркелген 2600 шахтаның
1600‑ін жабуды ұсынды. Айта кетерлігі, Шанси провинциясы Қы
тайдағы шағын және ірі шахталардың ең көп шоғырланған орны
болды. Өндірісі жылына 300 мың тоннадан асатын шахталарды
қалдыру үшін біріктіру мен сатып алуды белсенді жүргізуді қамта
масыз ету міндеті қойылды. Барлық шағын шахталарды ірі көмір
компаниялары сатып алуы тиіс немесе олар таратылуы керек еді.
Бұл шаралар көмір өндірудің тиімділігін арттыруға, апаттардың
қаупін төмендетуге және қосымша шетелдік инвестициялар мен
технологиялар тартуға мүмкіндік берді.
Сонымен қатар 2009 жылғы қаңтар-қараша аралығында
негізгі капиталға салынған мемлекеттік инвестициялардың
32,1 пайызға өскені тіркелді. Олардың жалпы көлемі 2,47 трил
лион долларды құрады. Оның ішінде жаңа жобаларға салынған
инвестициялар 1,98 триллион долларға жетті. Бұл мемлекеттік
инвестициялар белгіленген қарқын мен мөлшерден едәуір
асып түсті. Бұл өсім, ең алдымен, банк-қаржы секторындағы
артық өтімділікпен және әлеуметтік маңызы бар жобаларды
несиелендірумен байланысты болды. Аталмыш жобалардың
басты құндылығы қосымша жұмыс орындарын құру еді.
2009 жылғы қарашада Үкімет дағдарысқа қарсы пакеттің
келесі сатыларын іске асыруда жеке инвестицияларды ынта
ландыру шараларын кеңейту ниетін мәлімдеді. Сонымен бірге
шағын және орта бизнесті қолдауға қосымша мемлекеттік ин
вестициялар ретінде 3 миллиард юань (439 миллион доллар)
бөлу туралы шешім қабылдады, жемқорлықты болдырмау үшін
қаражаттың жұмсалуын бақылауды күшейтті.
Сондай-ақ 2009 жылдың қараша айында ұлттық жоғары
технологиялық сектордың бәсекеге қабілеттілігін арттыру және
инновацияларды ілгерілету үшін 20 венчурлық қор құрылды.
Қордың қаражаты электронды және ақпараттық технологиялар,
биологиялық және фармацевтік өнеркәсіп, баламалы энерге
тика, энергияны үнемдеу және қоршаған ортаны қорғау сияқты
бағыттарға жоспарланды. Бұл қорлардағы қаражаттың көлемі
1,31 миллиард долларды (9 миллиард юань) құрады, оның 146
миллион долларын (1 миллиард юань) орталық үкімет қаржы
ландырды, ал қалған қаражатты жеке сектордан іздестірді.
2009 жылғы қарашада Үкімет дағдарысқа қарсы саясатының
бір бөлігі ретінде металлургия секторында бірігу мен тиімсіз
кәсіпорындарды жоюды қолға алатынын мәлімдеді. Бұл әлемдік
аренада ірі қытайлық компаниялардың бәсекелік әлеуетін нығай
ту үшін жасалды. 2009 жылдың қараша айына дейін шамамен
25 миллион тонна болат өндіретін 1200‑ге жуық шағын зауыттың
жұмысына тыйым салынды, осы үрдіс әрі қарай жалғасты.
Жоғарыда аталған реформалар ірі кәсіпорындардың тиімділі
гін арттыруға, Қытайдың болат экспортында бәсекеге қабілет
тілігін күшейтуге, сапасыз болат проблемасын шешуге және
салада толық мемлекеттік бақылау орнатуға мүмкіндік берді.
2009 жылы Қытай «төмен көміртекті» экономиканы құру
бойынша шараларды белсенді түрде енгізе бастады. Бұл
термин өнеркәсіптік өндірісте энергия тұтынудың және көмір
қышқыл газының шығарылуының салыстырмалы түрде төмен
деңгейінің сақталуын білдіреді. ҚХР үкіметі энергия үнемдеу
стратегияларын ілгерілету үшін бюджет шығысын ұлғайтуды
жоспарлады. Егер 2008 жылы осы мақсатқа 23,5 миллиард
юань (3,3 миллиард доллар) бөлінген болса, 2009 жылы 49,5
миллиард юань (7,2 миллиард доллар) бөлу қарастырылды.
Дағдарыс кезінде елдің өнеркәсіптік секторына энергия
үнемдейтін технологиялар мен машиналар белсенді тартылды.
Сонымен қатар 2009 жылы өнеркәсіптік кәсіпорындарда жаңа
лауазым — энергияны үнемдеу мәселелері жөніндегі инженер
қызметі енгізілді.
Энергияны үнемдеу, зиянды қалдықтарды азайту және инно
вациялық технологияларды енгізу бойынша жетістікке жеткен
компаниялар мен кәсіпорындар үшін арнайы ынталандыру
жүйесі енгізілді. Осы мақсаттарға шамамен 1 миллиард АҚШ
доллары бөлінді, бұл электр энергиясын тұтынатын кәсіп
орындардың энергияны тұтыну деңгейін едәуір төмендетуге
мүмкіндік берді.
Заңға сәйкес, үкімет энергияны көп тұтынатын салалардағы
жағдайды мұқият қадағалай бастады. Бірінші кезекте темір,
болат, түсті металдар, электр энергиясы, тазартылған май,
құрылыс материалдары мен баспа материалдарын өндіретін
кәсіпорындарда жүйелі тексеру жүргізілді. Суды үнемді пай
далану үшін өнеркәсіптік кешендерге экологиялық техноло
гияларды енгізу қажет болды. Болашақта болат, темір және
тазартылған мұнай өндіретін кәсіпорындар экологиялық таза
энергия көздеріне (табиғи газ немесе балама қуат көздері)
көшіп, мұнай тұтынатын генераторлар мен қазандық жаб
дықтарды пайдалануды тоқтату міндеттелді.
Осындай жүйелі іс-шаралардың арқасында, әлемдік көп
теген сарапшыларды таңғалдыра отырып, екінші тоқсаннан
бастап Қытай экономикасы жедел өсе бастады. Әсіресе екінші
жарты жылдықтың басында Қытай 2009 жылға арналған мін
деттердің басым бағыттары бойынша айтарлықтай жетістікке
қол жеткізгені белгілі болды.
Қытай 2009 жылы ЖІӨ-нің 8 пайыз өсуін қамтамасыз ету
жөніндегі алға қойылған мақсаттан асып түсті. Егер бірінші тоқ
санда өсім 6,1 пайыз болса, екінші кезеңде — 7,9, үшіншіде —
8,9, төртіншіде 10,7 пайызға жетті. Жалпы, 2009 жылдың қоры
тындысы бойынша, Қытай экономикасының өсімі 8,7 пайызды
құрады, жалпы ішкі өнім 4,91 триллион долларға жетті.
ТШИ тарту секторында 2009 жылдың тамызынан бастап
тұрақты өсу байқалды. Сондай-ақ алғаш рет жылжымайтын
мүлік бағасының өсуі тіркелді. Елде электр энергиясын тұты
нудың жалпы өсімі артты, бұл өнеркәсіптік өндірістің қарқынды
жұмысына тікелей байланысты еді. Осылайша, ел экономи
каның барлық саласы синхронды түрде жанданып, орнықты
даму жолына нық қадам басты.
Дегенмен ел экономикасындағы оң үрдістерді бағалай оты
рып, Қытай билігі ҚХР дағдарыстан толықтай қалпына келді
деп сенімді түрде мәлімдеуге асықпады. Үкімет тек ел эконо
микасындағы оң факторларды ғана атап өтті.
Статистикаға сәйкес, 2009 жылы Қытайда тұтыну тауар
ларының бөлшек саудасы 16,9 пайызға артып, шамамен
1,83 триллион долларды құрады. Өсім қарқыны өткен жылдың
сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2,1 пайызға жоғары болды.
Қытай үкіметі көп жетістікке қол жеткізген сала — ішкі тұтыну
нарығы болғанын баса айтты. 2009 жылы көптеген жылдар
ішінде алғаш рет ішкі тұтыну үлесі ЖІӨ қалыптасуында экс
порттық кірістің үлесінен асып түсті.
Азық-түлік, автокөлік құралдары, тұрмыстық техника, зер
герлік бұйымдар, қымбат металдар мен жиһаздар саудасы
ең өтімді болды. Мысалы, 2009 жылдың қорытындысына
сәйкес, Қытай отандық автокөлік сатылымы бойынша АҚШ-
ты басып озып, әлемде бірінші орынға шықты. Көрсетілген
мерзім ішінде Қытайда 13,65 миллион автокөлік сатылды
(өсім — 46%).
2009 жылы Қытай банктері рекордтық 9,59 триллион юань
(1,4 трлн доллар) несие берді. Бұл 2008 жылмен салыстырған
да 95 пайызға көп. Қытайдың сыртқы қарызы 386 миллиард
долларды, бюджет кірісі 1 триллион долларды құрады, салық
түсімдері 923 миллиард долларға жетті. Жалпы, 2009 жылдың
бір айында Қытайдың алтын қоры 453,1 миллиард долларға
өсті, бұл 2008 жылмен салыстырғанда 35,3 миллиардқа көп еді.
2009 жылы Қытай үкіметі ұлттық валютаның тұрақты баға
мын ұстап тұру саясатын сәтті жүргізді. Жалпы алғанда, жыл
бойы юань тек 1 пайыз аралығында өзгерді.
2009 жылы Қытайдың шетелдерге салған инвестициялары
ның жалпы көлемі 43 миллиард долларды құрады. Пекин алтын
қорларындағы қаражатты арзан шетелдік активтер (брендтер,
технологиялар, компаниялар, шикізат кен орындары) сатып
алу үшін тиімді пайдаланды. Жалпы 2009 жылы елге 90,03
миллиард АҚШ доллары көлемінде тікелей инвестиция тар
тылды (әлемде АҚШ-тан кейінгі екінші орын).
Бірінші жарты жылдықта, экспорттың төмендеуіне қара
мастан, Қытай тарихта алғаш рет ең ірі экспорттаушы ел ретін
де Германияны басып озды. 2009 жылдың қорытындылары
бойынша экспорт көлемі — 1,2 триллион доллар, сыртқы сау
даның жалпы көлемі 2,21 триллион долларды құрады.
Осылайша 2010 жылы Қытай сенімді экономикалық позиция
ға аяқ басты. Оның үстіне ел билігі енді ұлттық экономикадағы
рецессия қаупі туралы алаңдамады. Керісінше, күн тәртібіне
экономикалық «қызып кетудің» қаупі туралы мәселе шықты.
Үкімет 2010 жылы Қытайдың экономикалық өсімі — 8 пайыз,
ТШИ өсімі — 3, ішкі тұтыну өсімі — 15, жұмыссыздықтың орта
ша деңгейі — 4,6 пайыз, жұмыс орындарын құру — 9 миллион,
банктік несие деңгейі — 7,5 триллион юань, ақша массасының
өсімі 17 пайыз болуы керек деп мәлімдеді.
Сонымен бірге 2010 жылы үкімет экономикаға мемлекеттік
инвестициялар ретінде шамамен 145,3 миллиард АҚШ дол
ларын жұмсауды жоспарлады, оның ішінде 83 миллиардтан
астам долларды қаржыландыруды ынталандыруға бағыттау
туралы шешім қабылдады. Қаражаттың шамамен 33 пайызы
мемлекеттік бюджеттен бөлінді, ал қалған активтер аймақтар
дың бюджеттерінен қарастырылды.
2010 жылғы қаңтарда елде жылжымайтын мүлік бағасының
рекордтық өсімі және банктік несиелеудің едәуір артуы бай
қалды. Активтер нарығында «көпіршіктердің» пайда болуының
алдын алу мақсатында ел үкіметі бірқатар шаралар қабыл
дады. Соның ішінде тұрғын үй нарығындағы алыпсатарлық
операцияларға қарсы күресті күшейту және несиелерді шектеу
сияқты жұмыстар атқарылды.
Экономиканың «қызып кету» қаупінен қорғанған Қытайдың
Орталық банкі 2010 жылғы 18 қаңтардан бастап банктер үшін
қажетті базалық резервтер коэффициентін 50 базистік тармаққа
көбейту туралы шешім қабылдады. Экономистердің пікірінше,
жаңа шара экономикадан 200‑ден 300 миллиард юаньға (29–44
миллиард доллар) дейін алып тастауға мүмкіндік береді.
Жылжымайтын мүлік нарығындағы барлық мүдделі ведомс
тволар Үкіметтен қолжетімді баспана салу көлемін ұлғайтуға,
сондай-ақ аяқталмаған объектілерді жеделдетіп салып бітіруге
нұсқау алды. Үкіметтің пайымына сәйкес, қабылданған ша
ралар тұрғын үй нарығындағы жылжымайтын мүліктің құнын
төмендетуге әкелуі керек. Сонымен қатар үкімет шетелдік
инвесторлардың нарықтың осы сегментіндегі алыпсатарлық
әрекеттерінің жолын кесті. Қаржы институттары несиені бірінші
кезекте тұрғын үйді алғаш рет сатып алатын клиенттерге берді.
Инфляциялық қысымның және активтер мен жылжымай
тын мүлік нарығында «көпіршіктердің» пайда болуына жол
бермеу мақсатында 2009 жылғы 21 ақпанда Қытай банктік
реттеу комиссиясы банктік заемдарды берудің жаңа ереже
лерін жариялаған болатын. Олардың мақсаты клиенттердің
несие қабілеттілігін бақылауды күшейту болды. Банктерге жеке
тұлғаларға қаржыны пайдалану мақсаты нақты анықталғанша
несие бермеу туралы нұсқау берілді. Жалпы, банктерге артық
қаражат беруге тыйым салынды және клиенттердің несиелерді
мақсатты пайдалануына бақылауды күшейту талап етілді.
Жоғарыда айтылғандай, 2009 жылы қытай банктері 1,4 трил
лион доллар көлемінде рекордтық несие берді, бұл 2008 жыл
мен салыстырғанда 95 пайызға жоғары. Осыған байланысты
2010 жылы банк несиелерінің көлемі 1,1 триллион доллардан
(7,5 трлн юань) аспасын деген шектеу қойылды.
Сонымен қатар 2010 жылдың басынан бастап барлық
жергілікті банктер үшін резервтік мөлшерлемеге қойылатын
талаптар 1 пайызға өсті, ол 16,5 пайызды құрады. Жылдың
аяғында резервтік аударымдардың нормалары бірнеше есе
ұлғайтылып, 18 пайызға жеткізілді.
Ішкі сұранысты ынталандыруды жалғастыру үшін Үкімет
2010 жылы ауыл тұрғындарының тұрмыстық техника, жаңа
шағын автокөліктер сатып алуына, сондай-ақ ауылдық жерлер
де электронды төлем жүйесін құруға арналған субсидияларды
кеңейтуді қолға алды. Электрондық сауданы дамытуға ерекше
назар аударылды.
2010 жылдың алғашқы айларынан бастап ҚХР үкіметі дағда
рысқа қарсы ынталандыру пакетін іске асыру аясында бөлінген
бюджет қаражаты мен қаржы ресурстарының жұмсалуын бақы
лауды күшейтті. Атап айтқанда, жаңа жобалардың экономикалық
негіздемесі мұқият зерделене бастады, сонымен қатар басталған
нысандардың құрылысын аяқтау бойынша шара қабылданды.
ҚХР Үкіметі 2010 жылы да барлық мемлекеттік органға қатаң
үнемдеу режимін сақтауды ұсынды. Атап айтқанда, жергілікті
билік органдарының әкімшілік шығыстарына толық бақылау
орнатылды, оларға көлік құралдарын сатып алуға, кеңселер
салуға, түрлі кездесулер мен іссапарларға байланысты шығын
дарды шектеу тапсырылды.
Мемлекеттік қаражатты жеке мақсаттары үшін пайдаланған
мемлекеттік қызметшілер жұмыстан босатылды, мүлкі тәр
кіленді, бас бостандығынан айырылды, өлім жазасына кесілді.
2010 жылғы мамырда дағдарысқа қарсы бағдарламаның
аясында ел үкіметі өнеркәсіптің негізгі салаларына жеке инвес
тицияларды қолдауға арналған жаңа ережелер шығарды. Бұл
қадамды көптеген сарапшылар үкіметтің жекеменшік шағын
және орта бизнестің елдің экономикалық дамуын қамтамасыз
етудегі ролін күшейту ниеті деп қабылдады. Өйткені бұрын
барлық өндіріс көлемінің негізгі бөлігі ірі мемлекеттік кәсіп
орындарға тиесілі болатын. Үкімет инфрақұрылым, көлік,
мұнай, табиғи газ, электр энергиясы, коммуналдық шаруа
шылық, жоспарланған тұрғын үй, тау-кен өндірісі, қаржы сек
торы, сауда және қорғаныс сияқты салаларға жеке инвести
цияларды ынталандыруды бастады.
Жаңа ережелерге сәйкес, жергілікті инвесторлар бұрын
мемлекеттік монополияда болған салаларға инвестиция са
луға құқылы болды. Жеке инвесторлар қаржы институттарын
құруға қатысуға және ауылдық банктер, несиелік серіктестік
тер мен ауылдық кооперативтер құруға рұқсат алды. Үкімет,
сонымен қатар жергілікті кәсіпкерлерді шетелге инвестиция
салуға, көпұлтты компаниялар мен брендтер құруға, сатып
алуға ынталандырды.
2010 жылдың бірінші тоқсанында Қытай 11,9 пайыздық эконо
микалық өсімді көрсетті. Бұл, әлемдік сарапшылардың пікірінше,
Қытайдың дағдарыстан қалпына келіп қана қоймай, экономика
лық «қызып кету» сатысына өтіп кеткендігін көрсетеді. Сонымен
қатар, ҚХР-дың экспорттық әлеуетінің тұрақтануы байқалды,
бұл бұдан бұрын болжанғаннан да тез іске асты.
2010 жылдың тамызында Қытай Жапонияны басып озып,
әлемдегі екінші ірі экономиканың орнын иемденгені белгілі бол
ды (екінші тоқсанда Жапония мен Қытайдың ЖІӨ-і сәйкесінше
1,288 триллион долларға және 1,373 триллион долларға жетті).
Статистика көрсеткендей, 2005 жылы Қытайдың ЖІӨ Жапо
нияның ЖІӨ-нің жартысын ғана құраған болатын. 2001 жылдан
бастап ДСҰ-ға мүшелік кезеңінде Қытай экономика көлемі бо
йынша көптеген елдерден оза бастады. 2005 жылы Қытайдың
ЖІӨ Ұлыбританияның деңгейінен асып түсті, ал 2007 жылы
Германияны артқа тастады. Алайда Жапония экономикасы
2010 жылы Қытай экономикасынан аз болады деп ешкім күткен
жоқ. Бұл перспективаны сарапшылар 2012–2013 жылдарға
қарай орындалады деп болжаған болатын.
Барлық жетістіктерге қарамастан, Қытай әлі де нарықтық
экономикасы бар ел ретінде ресми түрде мойындалмағаны
қызық жағдай еді. Бұл 2001 жылы ДСҰ-ға кірген кезде, Пекин
Қытайды он бес жыл бойы (2016 жылға дейін) нарықтық эко
номикасы бар ел ретінде қарастыруға болмайтын шарттарға
қол қойғанына және мүдделерін Төрелік сотта қорғауға құқығы
жоқтығына байланысты болды. Осы жағдайды пайдаланып,
жоғарыда аталған ұйым аясында ҚХР-ға қатысты жүздеген
сот ісі басталды. Қытай Үкіметі, атап айтқанда, экспортты суб
сидиялауға, демпингке, тауарлар импортында кемсітушілік
саясатқа, зияткерлік меншік құқығының жеткіліксіз қорғалуына
байланысты айыпталды.
Көптеген сарапшылар ЕО, АҚШ және Жапонияның аталған
мәртебені мойындағысы келмеуі Қытай экспортын шектеу және
өз экономикаларының жеке секторларында банкроттыққа жол
бермеу ниетімен байланысты деген пікір білдірді. Бұл жағдайда
Қытайдың нарықтық емес мәртебесі қытай өнімдеріне қарсы
шаралар және тарифтік емес тосқауылдар қоюға мүмкіндік
беретін еді.
Айта кетерлігі, жоспарланған мерзім аяқталғаннан кейін де
Қытай нарықтық экономика мәртебесін ала алмады. Қытай
тарапының бұл бағыттағы әрекеті бүгінгі күнге дейін нәтиже
бермеуде.
Нарықтық статустың болмауына қарамастан, әлемдік эконо
микалық дағдарыс пен сұраныс тапшылығы жағдайында Қы
тай тікелей шетелдік инвестициялар тартудағы ролін күшейте
алды. 2010 жылы Қытайда 500 ірі трансұлттық корпорацияның
470‑і тіркелген еді.
2010 жылдың үшінші тоқсанында Қытай экономикасының
тым қарқынды экономикалық өсімі біртіндеп саябыр тапты.
Дегенмен де ҚХР үкіметі 2010 жылы ЖІӨ-нің 8 пайызға өсуін
қамтамасыз етіп қана қоймай, сонымен бірге алға қойылған
мақсаттардан асып түсетініне сенімді болды.
Осылайша, 2010 жылғы желтоқсанда дағдарысқа қарсы
пакет ресми түрде аяқталды. Осы жылы елдің жалпы ішкі
өнімінің өсімі 10,3 пайызды құрады және тоқсандық тұрғыда:
11,9%, 10,3%, 9,6%, 9,5% болды. Жалпы алғанда, 2010 жылы
Қытайдың ЖІӨ 6,06 триллионды құрады. Ең бастысы, жоғары
да айтылғандай, жылдың аяғында Қытай Жапониядан озып,
әлемдегі екінші ірі экономикаға айналды.
2010 жылдың оң нәтижелерін сарапшылар биліктің ішкі тұты
нуды ынталандыру саласындағы жетістіктерімен байланыс
тырды. Статистикаға сәйкес, 2010 жылы ішкі сауда 2,3 трил
лион долларға жетті, бұл 18,4 пайызға өсу дегенді көрсетеді.
Дәстүрлі нарықтардағы қытай өнімдеріне тұтынушылық
сұраныстың айтарлықтай төмендеуіне қарамастан (әлемдік
қаржы дағдарысының теріс әсеріне байланысты), Қытай жыл
бойына ең ірі экспорттаушы ел ретінде өзінің позициясын
сақтап қалды. Статистикаға сәйкес, 2010 жылы Қытайдың
сыртқы саудасы 2,972 триллион доллар (өсім 34,7%), оның
ішінде экспорт — 1,577 триллион доллар, импорт 1,395 трил
лион долларды құрады. Жыл аяғында сыртқы сауданың оң
сальдосы 181 миллиард долларға жетті.
Осы кезеңдегі Қытайдың ең ірі сауда серіктестері: ЕО — 479,7
миллиард доллар (өсім 31,8%); АҚШ — 385,34 миллиард доллар
(өсім 29,2%); Жапония — 297,7 миллиард доллар (өсім 30,2%)
болды. Қытайдың АСЕАН елдерімен сауда-саттығында ерек
ше ілгерілеушілік байқалды, онда тауар айналымының жалпы
көлемі 292,78 миллиард АҚШ долларын құрады (өсім 37,5%).
2010 жылы Қытайға тікелей шетелдік инвестициялардың
ағыны алғаш рет 100 миллиард доллардан асып, 105,7 мил
лиард долларды құрады, бұл өз кезегінде 17,4 пайыз өсімге
сәйкес.
Шетелге инвестицияларды ұлғайта отырып, Қытай осы ке
зеңде шетелдік мұнай және газ нарықтарындағы активтер
мен шикізаттарды сатып алуға 30 миллиардтан астам АҚШ
долларын жұмсады.
Қытай Халық банкінің мәліметі бойынша, 2010 жылдың аяғын
да Қытайдың алтын-валюта қоры 2,85 триллион доллар болып,
өсім 18,7 пайызға жетті. 2010 жыл ішінде Қытай АҚШ-тағы ең
ірі несие беруші ретінде өзінің позициясын сақтап қалды, оның
алтын-валюта резервтерінен АҚШ қазынашылық облигацияла
рына 870 миллиард доллардан астам қаржы құйылды.
Үкіметтің негізгі кезек күттірмейтін міндеттерінің бірі жоғары
инфляцияның алдын алу болды. 2010 жылы тұтыну бағалары
индексінің өсімі 3,3 пайызды құрады, бұл үкімет белгілеген 3 па-
йыздан сәл асты. Бұл көрсеткіштің өсуінің негізгі себебі азық-
түлік бағасының өсуі еді (7,2%). Басқа себептерге қатал қыс,
оңтүстік-батыс провинциялардағы ұзаққа созылған құрғақшылық,
су тасқыны, тауарлар мен шикізатқа әлемдік бағаның жоғары
лауы және өндіріс шығындарының артуы жатады.
2010 жылы Қытайдың жылжымайтын мүлік саласына са
лынған жалпы инвестиция көлемі 4,826 триллион юаньды (729
млрд доллар) құрады және 2009 жылмен салыстырғанда, 33,2
пайызға өсті. Осы кезеңде сатылған коммерциялық тұрғын
үйлердің ауданы 1,43 миллиард шаршы метр болды, бұл өткен
жылмен салыстырғанда 10,1 пайыз артық.
2010 жылы ҚХР үкіметінің экономикалық саясатындағы
маңызды оқиға — юань бағамына бақылауды әлсірететін ша
ралар қабылдау туралы шешім болды. Тұтастай алғанда, жыл
ішінде қытай валютасын қайта бағалау деңгейі 2,1–2,5 пайыз
аралығында өзгерді. 2010 жылғы 31 желтоқсандағы бағам —
1 доллар үшін 6,622 юань.
ҚХР үкіметінің дағдарысқа қарсы саясатының негізгі міндет
терінің бірі жұмыспен қамтудың жағымды жағдайын қамтама
сыз ету еді. 2010 жылы елдегі жұмыссыздық деңгейі 4,1 па-
йызды құрады, бұл 2010 жылғы ең жоғарғы шекті деңгейден
4,6 пайыз төмен. Осы кезеңде 11 миллионнан астам жұмыс
орны құрылды, ал негізінде жыл бойы 9 миллион адамды
жаңа жұмыс орнымен қамтамасыз ету міндеті тұрған болатын.
2010 жылы Қытай автомобиль өндіру және сату бойынша
әлемде бірінші орынға шықты. Бұл өнімді өндіру көлемі 18,26
миллион данаға жетті (өсім — 32,44%), 18,06 млн автомобиль
сатылды (өсім — 32,37%).
2010 жылы ел алтын өндірісі бойынша әлемде бірінші орын
ды иеленді. Осы кезеңде бұл асыл металл өндірісі 340 тон
надан асты.
Сондай-ақ Қытай АҚШ-ты басып озып, жел энергетикасын
дамытуда әлемдік көшбасшылар қатарына енді. Бұл көрсет
кіш 41800 мВт (АҚШ-та 40 180 мВт) құрады. 2010 жылы жел
электр станцияларының қуаттылығы 62 пайызға артты. Жел
энергетикасының дамуы Қытайға 2010 жылы 30 миллион тонна
көмір үнемдеуге мүмкіндік берді. Жалпы алғанда, 2010 жылы
республикада орнатылған электр қуатын өндіретін қондырғы
лардың қуаттылығы 9,6 миллион кВт-тан асты.
Қытай шикі болатты балқыту бойынша әлемдік көшбас
шылықты сақтап қалды. 2010 жылы бұл көрсеткіш 620 миллион
тоннаға жетті, бұл жаһандық көрсеткіштің шамамен 50 пайызына
сәйкес келеді.
Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымының мәліметтері бо
йынша, 2010 жылы Қытайға берілген патенттік өтінімдердің
саны 56,2 пайыз артып, 12339‑ға жетті. Осылайша Қытай бұл
көрсеткіш бойынша АҚШ, Жапония және Германиядан кейін
әлемде төртінші орынға ие болды.
Сонымен қоса, 2010 жылы Қытай Испанияны басып озып,
туристер саны бойынша (56 млн адам) үшінші орынға шықты.
Азық-түлік қауіпсіздігіне қол жеткізуге арналған ауқымды ша
ралар жемісті аяқталды. 2010 жылы астықтың жалпы түсімі
546,4 миллион тоннаны құрады (өсім — 2,9%). Осылайша астық
жинау көлемі қатарынан 7 жыл бойы үздіксіз ұлғайтылды. Аталған
жылы дәнді дақылдардың егіс көлемі 0,8 пайыз артып, 109,87 мил
лион гектарды құрады. Әр гектардан алынған өнім 4,9 тоннаға
жетті, бұл 2009 жылмен салыстырғанда 103 килограмға көп еді.
Осылайша 2008–2010 жылдардағы дағдарысқа қарсы
бағдарламаны іске асыру нәтижелері бойынша Қытай әлемдік
қаржы дағдарысының келеңсіз салдарын толығымен жеңген
алғашқы ел болды.
ҚХР үкіметі экономиканы қайта құру, технологиялық инно
вацияларды енгізу және оның өнімдерінің сапасын жақсарту
стратегиясын сәтті жүзеге асырды. Бұл Қытайдың әлемдік
экономикаға ықпалын күшейтуге негіз болды. Дегенмен бұл
ел инфляцияның өсуі, жылжымайтын мүлік бағасының тым
жоғарылап кетуі, банктік несиенің шамадан тыс өсуі сияқты
сынақтардың алдында әлі де болса осал еді. Бірақ, соған қа
рамастан, 2010 жылдың аяғында ҚХР қол жеткізген табыстар
ел экономикасына сыртқы ықпалдың теріс салдарын біржолата
жоюға, дағдарыс жағдайынан шығуға және өзімен бірге басқа
да ірі экономикаларды сүйреп шығаруға мүмкіндік берді.
Сарапшылар Қытай үкіметі дағдарыстың жағымсыз әсерін
бейтараптандыруға бағытталған шараларды сенімді және
шебер жүзеге асырғанын мойындады. Дағдарысқа қарсы ша
раларды ынталандырумен қатар, экспорт пен шетелдік инвес
тицияларға тәуелділік азайтылған экономикалық өсімнің жаңа
моделі орнықты. Осыған байланысты өсімнің негізгі қозғаушы
күші болатын ішкі тұтынуды дамытуға баса назар аударылды.
Дағдарысқа қарсы пакеттің басым бағыттары — қосымша
жұмыс орындарын ашу, экспортты дамыту, озық технология
ларды тарту, ауылды қолдау, халықтың өмір сүру деңгейін
жақсарту және орта топты көбейту болды. Үкімет бөлінген
қаражаттың жұмсалуын қатаң бақылауға алып, жүйелі түрде
тексеру жұмысын жүргізді. Ақша қаражатын мақсатсыз пайда
ланған және пара алды деп айыпталған шенеуніктер ең ауыр
әкімшілік және қылмыстық жазаға тартылды.
Азаматтық және әлеуметтік мақсаттағы көптеген инфра
құрылым нысандары салынды. Бұл әуежайлар, мектептер,
ауруханалар, суару жүйелері, электр станциялары, магистраль
дар және т.б. Қаражат бөлінген барлық инфрақұрылымдық
жобалар жаңа жұмыс орындарын құруды, ішкі тұтынуды ұлғай
туды және халықты әлеуметтік қолдауды барынша арттыруға
себеп болды. Мәселен, ауылдарды магистральдармен байла
ныстыратын және фермерлердің өнімін өткізуді жеңілдететін
жаңа жолдардың құрылысына баса мән берілді.
Осыған сәйкес Үкімет фермерлердің кірістерін көбейтуге
және ауыл инфрақұрылымын жақсартуға бөлінетін қаражатты
едәуір арттырды. Ауыл тұрғындарына тікелей субсидиялар
көбейтіліп, олардың жаңа түрлері енгізілді. Субсидиялардың
көп бөлігі шаруаларға жоғары сұрыпты тұқым сатып алуға,
ауылшаруашылық техникалары мен құралдарын сатып алуға,
сондай-ақ дәнді дақылдар өсіруге берілді. Ауылшаруашылық
өнімдерін, атап айтқанда, күріш, бидай және жүгеріні сатып
алудың мемлекеттік бағасы көтерілді. Ауылшаруашылық
кəсіпорындарының несиеге қолжетімділігін жеңілдететін жəне
ауылдық банктік секторды дамытуға қатысушылардың санын
көбейтуге мүмкіндік беретін ауылдық қаржы институттарын
нығайтуға баса назар аударылды. Сыртқы факторлардың
әсерін ескере отырып, 2008–2010 жылдары ауылшаруашылық
субсидиялардың жалпы көлемі дағдарысқа дейінгі кезеңдегіден
елеулі деңгейде көп болды. Мұның бәрі ауылшаруашылық
саласының өнімділігін, тиімділігін едәуір арттырды.
2008–2010 жылдардағы дағдарысқа қарсы шаралар кезеңін
де Қытай тарихта алғаш рет ең ірі экспорттаушы ел — Герма
нияны басып озды. Қытай сонымен қатар Жапонияны артқа
тастап, әлемдегі екінші үлкен экономикаға айналды. Қытай
тікелей шетелдік инвестицияларды тарту орталығы ретінде
ролін күшейте алды. Бұл ел ең ірі валюта резервтерінің иесі
болып қала берді және АҚШ-тағы ең ірі несие беруші болды,
оның резервтік қорларынан АҚШ қазынашылық міндеттеме
леріне 870 миллиард доллардан астам қаржы құйылды.
Сонымен қатар Қытай Үкіметі 1,4 миллиард халқы бар
елде ішкі тұрақтылықты сақтай алды, осылайша жаһандық
тұрақтылықты да сақтауға үлкен үлес қосты.
ҚХР-дың экономикалық дағдарысты еңсеру шаралары Қа
зақстан үшін де әр кезде қызықты әрі пайдалы және қажет
болуы мүмкін деген оймен осы жүргізілген арнайы зерттеулерді
баяндауды орынды санадым.
АВСТРАЛИЯҒА СӘТСІЗ САПАР
1990 жыл. Қазақстандағы әлеуметтік-экономикалық жағдай
өте күрделі, күнделікті қажет тауарларға тапшылық өршіп ба
рады, халықтың тұрмыстық жағдайы күйзеліске ұшырау үстін
де. Халықта жалақы немесе зейнетақыдан басқа табыс көзі
жоқ, жаппай кедейшілік есік қағып тұр. Колхоз-совхоздарда
егіс алқаптары, мал саны кеміп кеткен, мемлекеттің оларға
көмек көрсетуге қаржысы жеткіліксіз. Бұл Кеңес Одағы тарар
алдындағы барлық өңірде қалыптасқан жағдай еді. Қалаларда
дүкен сөрелері бос, халық шоғырланған аудандарда таңертең
ерте бөшкемен әкелінген сүт сатылады, оған кезекке тұратын
адам көп, кешіксең, отбасың сүтсіз қалады. Осының бәрі —
күні кешегі көріністер.
Сондай қиыншылығы мол кезеңде ақпарат құралдарында
Австралия Кеңес Одағын қой етімен тегін қамтамасыз етуге
дайын, тек өздері келіп, малдарды кемелерге тиеп алып кетсе
болды деген жазбалар пайда болды.
Сыртқы саудадан хабары жоқ адамға тегін тауар деген сөз
ұнайтыны сөзсіз. Бірақ мемлекет тарапынан оған қызығушылық
болуы мүмкін деген ой мүлде келмепті. Дегенмен де елдегі
азық-түлікке байланысты жағдайдың аса ауырлығынан болуы
керек, Премьер-министрдің орынбасары Балташ Тұрсымбаев
Алматының ескі алаңында орналасқан Үкімет үйіне мені шақы
рып, осы мәселе төңірегінде әңгіме қозғады. Мен ол кезде
«Қазақруноқаракөл» ғылыми-өндірістік бірлестігінде төрағаның
орынбасары болатынмын.
— Мәскеудегі Ауыл шаруашылығы министрлігі Австралия
ның тегін мал беруін қолдап, осыған байланысты жұмыс тобын
құрды. Осы топ мәселені жан-жақты зерттеп, тиісті шешім
ұсынатын болады. Біз де осындай мүмкіндіктен тыс қалмауы
мыз керек. Сол себептен Мәскеуге іссапарға барасыз, арнайы
топпен бірге жұмыс істейсіз. Егер бәрі дұрыс болып шешілсе,
Австралияға барып, ол жақтан малды Қазақстанға жіберуді
ұйымдастырасыз. Мәскеуде қазір Мемлекеттік Агроөндірістік
комитеті төрағасының бірінші орынбасары, министр Ахмет
жан Смағұлұлы Есімов іссапармен жүр, сол кісімен хабарла
суыңыз керек. Негізгі жауапкершілік А. Есімовтің мойнында, бірлесіп осы шаруамен айналысыңыздар. Елдегі азық-түлік тапшылығын жақсы білесіз, сол себептен барлық мүмкіндікті қарастырыңыздар, — деді. Уақыт созбай тапсырманы жеделдетіп орындау үшін Мәс кеуге ұшып келдім. Қонақүйге орналасқан соң, Ахметжан Сма ғұлұлымен хабарластым. Ол кісі Қоғамдық ғылымдар акаде миясында екендігін, оқуын бітіруіне байланысты бір аптадай сонда болатынын, ал мен Ауыл шаруашылығы министрлігімен жұмысты бастай беруімді тапсырды. Берілген тапсырмаға сәйкес, Ауыл шаруашылығы министр лігіне келіп, арнайы құрылған жұмыс тобының жетекшісімен жолықтым. Министрліктің құрамында көптеген қазақстандықтар да жұмыс істейтін, қызмет бабымен ауысып келген немесе бо лашақты болжай білетін азаматтар тарихи Отанына оралудың мүмкіндігін тиімді пайдаланған. Солармен де кездесудің реті келді. Жалпы әңгіме барысын да байқағаным, министрлік қызметкерлерінде Австралиядан тегін мал алдыру мәселесінде сенімсіздік басым, бұрын ондай жұмыс кең көлемде жүргізілмегендіктен, оны қалай ұйымдас тыру туралы да түсінік шамалы. Дегенмен де, тапсырма болған соң жан-жақтан ақпарат сұрас тырып, жинақтап, есептеп, оны орындау мүмкіндігін қарастыра бастадық. Сондай зерттеу мен жұмыс барысында Австралияның тегін мал береміз деген ұсынысы жай әншейін, негізсіз айтыла салған «әзіл» сөз сияқты болып көрінді. Сол кезеңде Австра лияда 170 миллиондай қой болатын, негізінен жүн өндіруге мамандандырылған. Үкімет енді оны қысқартып, ет өндіруге бейімдеуді қолға алған. Ал етке негізінен 6 ай мен 1 жасқа дейінгі жас малдар пайдаланылатынын ескерсек, 4–5 жыл жүн берген кәрі малдың еті сапасыз болатыны сөзсіз. Сол себептен ондай қойларды Австралияда етке емес, белок — минералды ұнтақ түріндегі мал азығын дайындау үшін пайдаланады екен, ол не гізінен жемнің құрамындағы белок балансын жақсартуға керек. Малды тірідей экспорттау Австралияның фермерлеріне жақсы табыс әкеліп отырған сала көрінеді. Жылына бір мил лионнан астам қой араб мемлекеттеріне арнайы кемелермен
теңіз арқылы жіберіледі екен. Ол бір жасқа толмаған еті сапалы
жас малдар, сол себептен оларға жақсы баға төленеді. Әрбір
осындай тасымалға бейімделген кемеге 60 мыңдай мал ба
сын тиеуге мүмкіндік бар, бірақ жолдың ұзақтығын ескерсек,
тасымал құны, малға берілетін азық, жасалатын күтім бізге
қымбатқа түседі екен. Ондай қаражат болса, жақын жердегі
Германиядан таза ет сатып алу арзанға түсетіні белгілі болды.
Сол кездегі Кеңес Одағында қалыптасқан әлеуметтік күрделі
жағдай, азық-түліктің жетіспеушілігі мемлекеттік органдарды
осындай жеңіл айтыла салған сөздерге сенуге мәжбүр етті.
Министр А. С. Есімовке жағдайды күнделікті баяндап тұрдым,
күн өткен сайын берілген тапсырманың негізсіз екеніне көзіміз
жетті. Ол кезеңде Мәскеуде де азық-түлік тапшы, ресторан
нан тамақ ішуге қаржымыз көтермейді. Австралияға барып
қалармыз деген үмітпен Алматыда таныстар арқылы тапқан
шамалы шұжық, үйден алған сүр қазыны бір апта бойы кеш
сайын талғажау еттік, әңгіме-дүкен құрдық. Әңгіме барысында
екеуміз де бір жылдың түлегі екеніміз белгілі болды. Құрдас
деген қазақта қарым-қатынасты жақындататын, сыйластықты
күшейтетін, әзіл-қалжыңға жол ашатын жақсы ұғым бар, ол
біздің санамызға салт-дәстүрмен сіңген, қалыптасқан.
Сонымен, арнайы жұмыс тобымен бірлесіп жүргізген зерт
теулердің қорытындысымен танысқан Ахметжан Смағұлұлы
оларға толықтай сеніммен қарады, мақұлдады. Жағдайды жан-
жақты екшеп-есептеп, талқылай келе Үкіметтің берген тапсыр
масының орындалмайтынына анық көзі жеткен соң, маған елге
қайта бер, басшыларға болған жағдайды өзім баяндаймын деді.
Осылайша Австралияға бармақшы болған сапарымыз сәтсіз
аяқталды. Бірақ осы орындалмаған сапар барысында өзіме
сыйлас, сырлас, үлгі, құрмет тұтатын дос, құрдас таптым.
Ол күндері осы қарым-қатынастың ұзақ жылдар жалғасын
тауып, бір-бірімізге тілеулес болып, отбасымен, балалары
мызбен, немерелерімізбен жақын араласып, сыйлас, достық
көңілге ұласатынын болжай алмаған едім. Енді өткен өмірге
көз салсам, оның ең қызықты, абыройлы, нәтижелі іске толы
кезеңдерін Ахметжан Смағұлұлымен, оның отбасымен бірге
өткізген екенбіз.
А. С. Есімовтің отбасымен. 2000 жыл, Брюссель
А. С. Есімовпен гольф-клубта. 2001 жыл, Брюссель
Ахметжан Смағұлұлы Есімов соңғы отыз жыл ішінде тә
уелсіз Қазақстанның аса жауапты, дәрежелі саяси мемлекет
тік қызметтерінің барлық деңгейінде қызмет жасады, Еңбек
Ері атанды. Еліміздің дамуына, жарқын болашағына ерекше
еңбегі сіңді, қазір де жемісті еңбек үстінде. Әсіресе Алматы
қаласында айрықша із қалдырды. Жеті жылдан астам қала
әкімі ретінде тынбай, уақытпен санаспай жұмыс істеді, соның
ішінде былайғы жұрттың көзіне көрінбейтін, жердің астына
40–50 жыл бұрын көмілген, әбден шіріп, кез келген уақытта
апаттық жағдайға алып келуі мүмкін су, жылу, канализация,
жарық желілерін ауыстыруға, жаңартуға, кеңейтуге күш сал
ды. Ал «ЕХРО‑2017»-ні салудағы орын алған коррупциялық
жанжалдан кейін, оны қысқа мерзімде аяқтауды, дайындауды,
өткізуді Президент Н. Назарбаев А. Есімовке сеніп тапсырды.
Бұл шешімнің оң нәтижелері Ахметжан Смағұлұлына Еңбек Ері
атануымен қатар, еліміз үлгі тұтатын ең мықты «кризистік ме
неджер» деген атақты да алып келді. Елдің бүкіл экономикалық
әлеуеті, күші шоғырланған «Самұрық-Қазына» ұлттық қорын
басқару, оның тиімділігін, инвестициялық мүмкіндігін арттыру,
қаржылай тәртіп орнату — Ахметжан Смағұлұлының кезекті
міндеті, мойнына алған жауапкершілігі болды. Осы бағытта да
нақты, нәтижелі, жемісті қадамдар мен шешімдер жасалды.
Осындай ерлікке пара-пар жетістіктердің негізі қайда десек,
ол Ахметжан Смағұлұлының қайсар, табанды, өжет, қиын
дықтан, жауапкершіліктен тайсалмайтын мінезінде жатыр.
Осыған байланысты бір мысал келтіре кетейін. 1993 жылы көк
темде демалыс кезінде Будапештке жол түсіп, төменгі сыныпта
оқитын балаларымызбен Балатон көлінің жағасына барып
қалдық. Аспанда бұлт, жаңбыр әне-міне жауатындай, жел де
күшейіп келеді. Көл жағасында дельтапланмен айналысатын
спорт шеберлері кезек-кезек әуеге көтеріліп, жаттығу жүргізіп
жатты. Бұрын бізге таныс емес спорт болғандықтан жанына
тоқтап, қызықтап қарап тұрдық. Бір кезде ұшуға дайындалып
жатқан жас спортшы бізге әзіл-шыны аралас «Ұшқыларыңыз
келіп тұр ма, біреуіңізді алып кете аламын» деп дауыстады.
Венгерлік таныс Отто: «Құдай сақтасын, өздерің ұша берің
дер», — деді. Сол кезде Ахметжан Смағұлұлы шығып: «Мен
ұшуға дайынмын» деп спортшының қасына жетіп барды. Ол да
айтқан сөзінен қайта алмаған болуы керек, Ақаңды дельтапланға
өзінен кейінгі қуысқа байлап, ұшу үшін екеуі желге қарсы жүгіріп
кетті. Күшейген желдің ағыны әсер етті ме, көп ұзамай екеуі
дельтапланмен аспанға, көлдің үстіне қарай көтеріле бастады.
Шамалы уақыттан соң тіпті жоғарылап, биікке көтеріліп, алыстан
ұшқан құс сияқты болып көрінді. Жел одан әрі күшейе бастады,
жаңбырдың да алғашқы тамшылары пайда болды.
Жарты сағаттай уақыт өтті, олар әуеде көрінбейді. Ақаңның
он жастағы қызы Айжан мазасызданып, көзіне жас үйірілді, оған
менің қызым Әлия қосылды, енді бәріміз де қобалжи бастадық.
Бір кезде екеуі де аман-есен келіп қонды, қонды дегеннен
гөрі құлады деген сөз дұрыс болар, әйтеуір қол-аяғы аман.
Ахметжан Смағұлұлы аса көңілді, көзі жайнап, өзі үшін тағы
бір сынақтан өткендей ерекше қуанышты күйде қасымызға
келді. Осындай көзсіз батырлық қанында бар ма дерсің! Оған
дәлел, сол Айжан, Ақаңның өзіне тартқан қызы, бүгінде альпи
низммен айналысады, биік шыңдарды бағындырады. «Өжеттік,
батырлық, қайсарлық тәрбиемен емес, қанмен келеді» деген
халық сөзіне осыдан кейін сенбей көріңіз! Көп ұзамай Ахметжан
Смағұлұлы теңіздің түбінде, көлде аквалангпен жүзуді қолға
алып, тұрақты айналыса бастады, оның да қауіп-қатері мол
спорт түрі екені белгілі.
Ахметжан Смағұлұлымен аралас-құраластығымыз, әсіресе
демалыс күндері үзілмейді, бос уақытты пайдаланып, гольф
те ымырасыз тартысты ойын өткізіп тұратынымыз бар. Әр
дайым алдына қойған мақсатына жетуге, қандай да болсын
қиыншылықты жеңуге үйренген және бұл әдет қанына сіңген
Ахметжан Смағұлұлымен гольф ойнау, әрине, оңай шаруа
емес. Ол осы ойынның нағыз шебері екені баршаға белгілі,
бірнеше дүркін Президенттік кубоктың иегері. Сол себептен
біздің әрбір ойынымыз турнир немесе театрдағы жеке қойылым
сияқты талас-тартыспен, бәсекелестікпен, қызықты өтеді. Айта
кету керек, бүгінде осы ойын — гольф, көптеген елге белгілі
азаматтардың ынтымағын, сыйластығын арттырып, бастарын
біріктіреді. Ахметжан Смағұлұлы соның бел ортасында.
ШАЛҒАЙ АРАЛДАҒЫ ЕРЕКШЕ ДАУЫС
Малайзиядағы Лангкави аралы, қаңтар айының басы. Ты
нық мұхитпен жалғасып жатқан Андаман теңізінің жағасында
үш отбасы кешкі тамақты бірге ішіп отырмыз. Орта жастан
асқан, дауыстары жағымды, қоңырқай жүзді екі филиппиндік
жағалауда жайғасқан қонақтарды аралап, әрбір жайылған
дастарқанның қасына келіп ағылшын, испан тілдерінде гитара
мен ән шырқауда. Бұл осы «Андаман» қонақүйіндегі күнделікті
кешкілік көрініс, демалушылардың қарасы көп, көбісі отба
сымен келген, гольф ойынына құмар егде жастағы кісілер де
аз емес. Күндіз аралдағы ауаның температурасы 30 градустан
асады, ылғалдылығы өте жоғары, сол себептен демалыстағы
халық кешке теңіз жағасында тамақтанғанды, ұзақ отырып
әңгіме-дүкен құрғанды, салқын ауамен демалып уақыт өткіз
генді жақсы көреді.
Бір кезде филиппиндік екі әнші жігіт біздің жанымызға келіп
ән айта бастады. Негізінен бір әннен соң берген тиын-тебенді
алып, ары қарай күтіп отырған қонақтарға баруы қалыптасқан
дәстүр.
Ән орындалып біткен соң, мен олардан өзіме ұнайтын бри
таниялық рок-әнші Стингтің «Отель Калифорния» әнін орындап
беруді сұрадым. Әннің сөзі масаң адамның қиялынан туғандай
әсер бергенімен, әуені керемет, құлаққа жайлы, әлемге танымал
хитке айналған. Бірақ негізгі ойым осы әнді тыңдау емес, қасы
мызда отырған жақын достың шыдамының таусылғанын күту
еді. Әнге жаны құмар, ерекше даусы бар ол көпке шыдамай,
әншілерден гитараны қолына алып, бір әнді орындап берер де
ген үмітім бар болатын. Бір жағынан Малайзияда елші қызметін
де жүргенімізге екі жылдай болған, туған елге деген сағыныш
әрдайым жүрегімізде, мүмкіндік болса құлағыңа жылы тиетін,
жаныңа жақын әндерді естігің келіп тұратыны түсінікті болар.
Онымен қоса, 1996–1997 жылдары жаңа астана Ақмолаға
көшуге дайындық жұмыстары жүргенде, осы бүгінгі дастарқан
дас достармен бірге болып, қиыншылықты бірге көріп, ұйтқыған
жел мен қақаған аязда бірге тоңып, талай кешті бірге өткіз
ген едік. Сондай кештерде досымыз қолына гитарасын алып,
шаршағанына қарамастан, талай әндерді өзіне тән ерекше
даусымен, сезімтал жүрегімен нақышына келтіре орындаушы
еді. Болашақ астанада қонатын жылы орын таппай, кішкен
тай саяжайға жиналған әріптестер, достар оның әндерін шын
ықыласпен ұйып тыңдаушы еді, сырттағы адам төзгісіз аяз
(сол жылдары қыс ерекше суық болатын) сәл де болса ұмыт
қалатын.
Сондай қиыншылығы да, қызықшылығы да мол болған ке
зең есіме түсіп, әйтсе де осы дастарқанның басында отырған
құрметті қонағымыздан сол кештерде айтылған әндерінің бірін
орындауын сұрауға ыңғайсызданып, филиппиндік әншілерді
ұзағырақ ұстауға әрекет жасап жатқаным еді. Өйткені айна
лаң толы жаныңа жайлы тиетін, музыкадай естілетін теңіздің
толқыны мен шипалы салқын ауасы кімнің де болса көңілін
жайландырып, әнді тек тыңдап қана қоймай, қосылып шырқай
кетуге шақыратыны анық. Сол себептен досымыздың көп ұзат
пай гитараны қолына алатынына үмітті болдым.
Менің күткенім болды. «Отель Калифорния» әні бітісімен,
досымыз біреуінің гитарасын сұрап алып, шектерін қағып-қағып
жіберіп, Булат Окуджаваның «Виноградная косточка» әнін шыр
қай жөнелді. Бір кезде айналама қарасам, жаңа ғана у-шу бо
лып, әңгімені қыздырып отырған жаға толы қонақтар жым-жырт
тына қалып, бәрі түгелдей әсем әнге, керемет үнді дауысқа
құлақтарын түре қалыпты. Оған таңданудың қажеті жоқ еді.
Өйткені Булат Окуджаваның осы әні, өлеңі ерекше сазымен,
терең мағынасымен, олардың үйлесімділігімен миллиондаған
адамдардың жүрегіне жол тапқан, тыңдаушыны бейжай қал
дырмайтын, терең ойға жетелейтін, бүгінде халық туындысына
айналған талантты шығарма екені белгілі. Сол себептен осы
әнді Булат Окуджавадан басқа да атақты әншілер өз репер
туарларына қосқан, жиі-жиі телеарналарда, концерттерде
орындалып тұрады. Мысалы, Вахтанг Кикабидзе, Иосиф Коб
зон, Сергей Никитин және басқалар. Бірақ әнді кім орындаса да
бірінші болып еске түсетіні Булат Окуджаваның гитарамен өз
орындауы, өйткені әннің сазы да, өлеңнің мазмұны да осындай
үйлесімділікті, ішкі күйзелісті, байланысты, жалғыздықты, ойды
талап етеді. Жоғарыда аты аталған әншілердің үлкен не кіші
оркестрлік сүйемелдеумен осы грузин әнін орындауы ондай
терең сезім туғызбайды, көңіліңізді тереңнен қозғай алмайды,
оған жетелемейді.
Соның өзінде Булат Окуджава өз өнеріне көңілі толмай,
мені композиторлар жақтырмайды, әншілер жек көреді, ал
гитаристер маған күліп қарайды деген.
Ал досымыздың осы грузин әнін гитарамен жеке орындауы
ерекше әсерлі болатын, жүрек түбінен шыққан үнді дауысы
гитарада ойнау шеберлігімен ұштасып, бірін-бірі толықтырып,
байытып, тыңдаушыны терең ойға, сезімге жетелейтін, баурап
алатын.
Ән орындалып біткенде, шамалы үнсіздіктен кейін жан-
жақтан қол шапалақтаулар мен «Браво!» деген дауыстар естіліп
жатты. Филиппиндік әншілер де таңданысын жасыра алмай,
қадірлі қонағымыздан тағы бір ән орындауын сұрады. Мұн
дай ықылас пен қолдауды, әннің жылы қабылдануын күтпеген
болуы керек, досымыз ыңғайсызданып, келесі жолы орындап
берермін деп гитараны филиппиндік артистерге қайтарды. Енді
оларға мынадай тембрі ерекше, жанға жайлы тиетін, ешкімді
бейжай қалдырмайтын сазды дауыстан кейін ән салу оңай бол
май қалғаны сөзсіз. Бірақ шамалы үзілістен кейін, жағалаудың
басқа тұсынан олардың қоңыр даусы естіліп жатты...
Ертесіне таңғы аста қонақүйдегі демалушылар әуестігін
жеңе алмай біздің қасымызға келіп, кеше кімнің ән айтқанын
сұрай бастады, үстелдердің басындағы майшамның көмескі
жарығымен әннің иесі кім екенін алыстан байқай алмаған бол
са керек. Біз Ахметжан Смағұлұлы Есімов екеуміз досымыз
ды көрсетіп, бұл кісі Қазақстан Республикасының Премьер-
министрі Иманғали Тасмағамбетов деп мақтанышпен таныс
тырып жаттық. Осы уақиға лезде аңыз болып тарап кеткен
болуы керек, барған жердің бәрінде жұрттың назары бізге
ауып, өзара әңгімеге қосып жатты.
Тек демалыс күндерін пайдаланып келгендіктен, мен жек
сенбі күні гольф ойынынан кейін кешке Куала-Лумпурға ұшып
кеттім. Иманғали Нұрғалиұлымен бір аптадан соң елдің бас қа
ласында кездесетін болып уағдаластық. Ахметжан Смағұлұлы
демалыс уақыты бітіп, елге қайтып кетті. Айтылған мерзімде
Премьер-министр И. Тасмағамбетов Куала-Лумпурға келіп,
«Мандарин» қонақүйіне орналасты. Қысқа уақытқа келгенін,
елшілікті көріп, қаланың көрікті жерлерін аралап, кешкісін де
малып, таңертең ертемен ұшып кетуді жоспарлап отырғанын
айтты. Осы келісіммен елшілікте болып, дипломаттармен кез
десіп, «Петронас» мұнай компаниясының «Егіз мұнарасын»,
әкімшілік орталықтың ғимараттарын, Ұлттық көрмені аралап
өттік. Кешкісін елшілер жиі баратын «Еден» дәмханасында
ас іштік, өткен-кеткенді еске алдық, малайзиялықтардың ең
нәтижелі болған реформалары, мемлекеттік тілді дамытудағы
жетістіктері туралы пікір алмастық, әдебиет, мәдениет төңіре
гінде ой бөлістік.
Таңертең Иманғали Нұрғалиұлын отбасымен жергілікті әуе
жайдан Астанаға шығарып салдық. Сонда байқадым, Премьер-
министрдің мініп келген ұшағы жалпы халық мінуден қалған,
пайдалану мерзімі өтіп кеткен, физикалық, моральдік тұрғыда
ескірген «ТУ‑154» екен. Жолдың ұзақтығын, маршрутының күр
делі екенін екі ел арасында көп ұшып жүргендіктен жақсы білетін
мен аман-есен елге жетуін тілеп, іштей дұға оқуыма тура келді.
Сол кезеңде Куала-Лумпурға тек Ташкенттен тікелей рейс бар
еді, онда Өзбекстан әуе жолдарының жаңа «Боинг» ұшақта
ры қатынайтын, біз сол бағытты пайдаланатынбыз. Экваторға
жақын болғандықтан, Малайзияда екі-ақ климаттық маусым
бар — муссон жаңбыры мен құрғақ маусым. Біріншісінде жаңбыр
тоқтамай шелектеп жауса, екіншісінде де күнде жауын, бірақ
не түске дейін, не түстен кейін шамалы үзіліс болады. Ұшақтар
үшін ең қауіптісі — тұтасқан бұлт арасындағы найзағайлар,
ұшақ ішінде отырғанда жан-жағыңнан жарқ-жұрқ ойнаған най
зағай бойыңа еріксіз қорқыныш сезімін ұялатады. Әсіресе гольф
алаңдарында ойынның қызығына түсіп кеткен адамдар арнайы
дайындалған орынға тығылып үлгере алмай, найзағай отына
түсіп қалғаны туралы БАҚ-та жазылып жатады. Байқасаңыз,
шындығында да, Премер-министрдің ескі ұшағына байланысты
менің қорқынышымның негізі бар еді...
Малайзиядағы елшілікте күнделікті тірлік, жұмыс жалғасып
жатты, осы елдегі барлық сала бойынша жүргізілген рефор
малар бізге қызықты көрінді, соларды жан-жақты қарастырып,
танысып, зерттеп, Қазақстандағы тиісті мемлекеттік органдарға
жіберіп отырдық.
2004 жылы сәуір айының басында Астанада елшілердің
Президент Н. Ә. Назарбаевтың қатысуымен кезекті жиналы
сы болатыны туралы хабар келді. Соған жиналып, керекті
материалдарды жинақтап, дайындалып жатқанда, Иманғали
Нұрғалиұлы телефон арқылы хабарласып, Астанаға сол жи
налыстан 1–2 күн бұрын ертерек келуімді сұрап, ақылдасатын
әңгіме бар екендігін айтты. Ол кезеңде И. Тасмағамбетов Пре
зидент Әкімшілігінің басшысы еді.
Берілген тапсырмаға сәйкес Астанаға келіп, Иманғали
Нұрғалиұлының қабылдауына жазылдым. Белгілеген уақы
тында кабинетіне кіріп, амандық сұрасып, тапсырмасын тыңда
уға дайын екенімді білдірдім. Иманғали Нұрғалиұлы: «Менде
беретін тапсырма жоқ, қазір Президент Н. Ә. Назарбаевқа сізді
ертіп барамын, тапсырманы сол кісіден естисіз», — деді.
Нұрсұлтан Әбішұлы жылы қабылдап, Малайзиядағы көрген-
білгенімді сұрастырып, ескі танысы, жақсы сыйлас бұрынғы
әріптесі М. Махатхирдің зейнеттегі жағдайын білгісі келіп, әң
гімеге тартты. Соңында: «Мен сені енді басқа қызметке, аса
жауапты жұмысқа жіберуді шештім, Қызылорда облысының
әкімі етіп тағайындамақшымын. Ол қызметті абыроймен атқара
тыныңа сенімдімін. Қазір Премьер-министрге кіріп шық, сосын
сағат 13.00‑ден қалмай әуежайға кел, өзім алып барып, елге
таныстырып, қызметіңе отырғызамын», — деді. Бұл мен күтпе
ген, ойыма да келмеген жаңалық еді. Дегенмен сыр білдірмей,
Нұрсұлтан Әбішұлына үлкен сенімі үшін рахмет айтып, шығып
кеттім. Имекең де менімен бірге кабинетіне оралды.
Менің көзқарасымда «Неге маған алдын ала ескертпедіңіз?»
деген сауал жазулы тұрған болуы керек, Иманғали Нұрғалиұлы
бірден: «Мен сізге күні бұрын еш нәрсе айта алмадым, қан
дай шешім болатынын Нұрсұлтан Әбішұлының өз аузынан
естігенше олай істеуге болмайтын еді. Енді уақыт аз, тездетіп
Премьер-министрге кіріп шығып, әуежайға жетіңіз, Президент
тен бұрын ұшақта отыратын болыңыз», — деді.
— Ал облыстағы жағдай туралы айтар болсам, соңғы кездері
жергілікті билік пен халық арасында түсініспеушілік туды, реніш
көбейді. Оны барған соң біле жатарсыз. Атырау мен Қызылор
даның жағдайы ұқсас, проблемалары көп, оны шешудің бір-ақ
жолы, көзі бар — ол мұнай компанияларының қаржылай мүм
кіндігін, көмегін пайдалану, олардың заң талаптарын орындауын
қадағалау. Сондай жолмен қосымша қаржы көздерін қарастыр
масаңыз, осы салада тәртіп орнатпасаңыз, жағдайды тез арада
ретке келтіру қиынға соғады. Соны ескерерсіз, — деп Иманғали
Нұрғалиұлы ақ жол тілеп, кабинетінен шығарып салды.
Ұшақ Қызылордаға бет алған бойда Президент Н. Ә. Назар
баев өзіне шақырды, жайылған дастарқанда түскі асты бірге
ішуді ұсынды. Дәм үстінде Нұрсұлтан Әбішұлы Малайзия елін
дегі әлеуметтік-экономикалық жағдай, жүргізіліп жатқан рефор
малар туралы сұрай бастады. Мен рет-ретімен сұрақтарына
жауап беріп, Қазақстан мен Малайзия арасында көп ұқсастық
бар екенін, әсіресе мемлекеттік тілдің қайта жаңғыруы, этнос
және дінаралық қатынастарды дамытуға байланысты мәсе
лелерді талдап, зерттеп, пайдалануға болатынын айттым.
Сонымен қатар жаңа цифрлық технологияларды жаппай
енгізу, білім саласын дамыту бағытында тиімділігін көрсеткен
реформалардың нәтижелерін тілге тиек еттім, нақты мысалдар
келтірдім. Әңгіме соңына таяғанда Нұрсұлтан Әбішұлы өзінің
баспасөз хатшысы Мұхтар Құл-Мұхаммедті шақырып алып,
жақын арада газет тілшілерін жіберіп, менен сұхбат алып,
жариялауды тапсырды. Ол тапсырма көп ұзамай орындалып,
«Казахстанская правда» газетінде (16.04.2004 ж.) менің жур
налист Сергей Антоновқа берген «Опыт Малайзии полезен»
деген көлемді сұхбатым жарияланды.
Президент лайнері Қызылорда қаласының әуежайына келіп
қонды, ұшуымыз бір сағаттай уақыт алды. Әуежайдан тіке
лей Әкімшілік ғимаратына беттедік. Көктем айы болғанымен,
қара суық, аспанда түнерген қалың бұлт, қалаға жақындаған
сайын байқағаным, жаңа құрылыс жоқ, орталық көшедегі
үйлердің әбден тозғаны көрініп тұр. Малайзиядағы гүл мен
жасыл желекке оранған көрініс көзден әп-сәтте ғайып болды.
Біртіндеп «Қайда келдім, енді мені не күтіп тұр» деген ой
пайда бола бастады…
Теңіз жағасында И. Н. Тасмағамбетов, А. С. Есімовпен.
Қаңтар, 2004 жыл, Лангкави аралы
Гольф алаңында И. Н. Тасмағамбетов, А. С. Есімовпен.
Қаңтар, 2004 жыл, Лангкави аралы
ҚР Премьер-министрі И. Н. Тасмағамбетов Малайзиядағы
Қазақстан елшілігінде. Қаңтар, 2004 жыл, Куала-Лумпур
Президент Н. Ә. Назарбаевтың мені Қызылорда облысының
әкімі ретінде таныстыруы. Сәуір, 2004 жыл, Қызылорда
Президент Н. Ә. Назарбаевтың Арал өңіріне жұмыс сапары.
Сәуір, 2005 жыл, Арал қаласы
Байқоңырдағы Қазақстан — Ресей тараптарының кездесуі.
2006 жыл, Байқоңыр
Тұңғыш ғарышкер Тоқтар Әубәкіров, Қорғаныс министрі, армия
генералы Мұхтар Алтынбаевпен. 2006 жыл, Байқоңыр
Президент Н. Ә. Назарбаевтың «Құрмет» орденін тапсыруы.
Желтоқсан, 2006 жыл, Астана
Әкімшіліктің отырыс залына лық толған халық Нұрсұлтан
Әбішұлын әдеттегідей құрметпен орындарынан тұрып, қол шапа
лақтап қарсы алды. Елдің де осы кездесуді күткені білініп тұрды.
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев әңгімені әріден бастап, Қы
зылорда облысы әрдайым жадында екенін, Арал теңізіндегі
апаттық, экологиялық күрделі жағдай шешілуге таяп қалғанын,
соның нәтижесінде балық шаруашылығы қайта қалпына келетінін,
күріш саласына керекті су жеткілікті болатынын, жалпы өңірдегі
экологиялық жағдай жақсаратынын тізбектеп айтып шықты.
Сонымен қоса әзірге жалақыға қосылатын экологиялық коэффи
циенттің сақталатынын ескертті. Сөзінің соңында мені Қызыл
орда облысының жаңа әкімі етіп тағайындау туралы шешіміне
негіздеме жасап, жиналған халықтың алдында Жарлыққа қол
қойды, менің қолымды қысып, құттықтады. Мен қысқаша сөз
сөйлеп, Президентке зор сенімі үшін алғысымды айттым, өзіме
жүктелген жауапкершілікті жақсы түсінетінімді, ел сенімін ақтауға
бар күшімді, білімімді, тәжірибемді жұмсайтыныма сендірдім.
Менен кейін шығып сөйлеген ел ағалары Президенттің шешімін
қолдап, маған жаңа қызметте табыс тілеп жатты.
Жиналыс біткен соң әуежайға барып, Президент Н. Назар
баевты Астанаға шығарып салдық, кетерінде тағы да қолымды
қысып, жаңа қызметімде үлкен абырой тіледі.
Міне, осылайша күтпеген жерден Куала-Лумпурдан Қы
зылордаға бір-ақ шықтым. Ойлануға мұршам да болған жоқ,
болған оқиғаны бағамдайтын, екшейтін халде емес едім.
Түнерген аспан, қалың қара бұлт еңсемді басып, жаңа қы
зметіме қуанарымды да, қуанбасымды да білмей қалдым.
Бірақ алда үлкен сын, жауапты іс, қызу жұмыс күтіп тұрғаны
анық болатын.
Осындай екіұшты көңіл күймен басталған қызмет жақсы
нәтижемен, мемлекеттік наградамен, елдің сый-құрметімен,
жақсы қарым-қатынасымен 2007 жылы қаңтар айында менің
Қытай Халық Республикасына Төтенше және Өкілетті елші
болып тағайындалуыма байланысты аяқталды.
Арада он жылдай өткенде, ел ағалары, қызметтес әріп
тестерім сол кезеңдегі бірлесіп атқарған игілікті істерді еске
алып, жинақтап, қағазға түсіріп, «Тағылым» деген атпен арнайы
кітап шығарды. Осыған байланысты сол кездегі Қызылорда
облысының әкімі Қырымбек Елеуұлы Көшербаев кітаптың
арнайы таныстырылымын ұйымдастырып, жиналған халықтың
алдында менің атқарған қызметім туралы баяндама жасап,
кітаптың тұсауын бірге кесіп, елге таратуға бастама жасады.
Бәлкім, бұл жаңа дәстүрдің қалыптасуына негіз, өнегелі жол
болар. Өйткені осы уақытқа дейін өңірге жаңа әкім келсе, оның
бірінші ісі — бұрынғы әкімнің атқарған жұмысын сынға алу, реті
келсе жоққа шығару, өңірдің тарихын өзінен бастау болатын.
Бұл бірте-бірте қанға сіңіп, жағымсыз дәстүрге айналып, өз
гермес қағида сияқты қалыптаса бастаған-ды. Бірақ уақыт өте
келе әркімнің әділ бағасын жергілікті халық өзі беретіні анық,
оны ел арасындағы сөзден, ашық әңгімеден, қалыптасқан
пікірден білуге болады.
Осы қасиетті Алаштың анасы атанған Сыр елінде қызмет
атқаруыма, абырой-мәртебеге, Президент Н. Ә. Назарбаевтың
«Тағылым» кітабының тұсаукесері. Сәуір, 2018 жыл, Қызылорда.
Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев, мемлекет
қайраткерлері Мұхтар Алтынбаев, Нұртай Әбіқаев
сеніміне ие болуыма Иманғали Нұрғалиұлы Тасмағамбетовтің
маған тікелей жол салып бергеніне күмәнім жоқ. Сонымен қатар
Елбасының сенімін нығайтуға биліктегі менімен дос, сыйлас
азаматтардың оң пікірі де әсер еткен болар.
Дегенмен де көптеген лайықты кадрлардың ішінен таңдау
жасап, мемлекет басшысына ұсынатын, негіздеме жасайтын,
қолдайтын, сол кадр үшін жауапкершілікті мойнына алатын
адам — ол, әрине, Президент Әкімшілігінің басшысы. Сол
себептен облыс әкімі ретінде жұмыс атқарғанда Иманғали
Нұрғалиұлы әрқашан кеңесін беріп, жан-жақты көмегін көрсетіп
отырды. Негізінде Иманғали Тасмағамбетовтің жақсылығын,
қолдауын, қиналған сәтте нақты көмегін көрген адамдар көп,
бірақ оны өзінен емес, сол адамдардан ғана біле аласыз.
Өйткені Имекең ұлтымыздың тарихындағы Атымтай-Жомарт
сияқты істеген жақсылығын, қайырымдылық істерін сыртқа
жаймай, іште ұстайды, ешкімге айтып міндет жасамайды, есіне
де салмайды. Табиғатынан болмысы солай жаралған, өзіне
емес, өзгеге болсын деп жүрген азамат, ерекше тұлға.
Осы арада Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, талантты,
азулы ақын Темірхан Медетбектің маған айтқан бір әңгімесі
есіме түседі. «Маңғыстауда жиырма жылдан астам қызмет
істеп, Алматыға оралдым, төрт жас баламызбен пәтер жалдап
тұрамыз, күнкөрісіміз тіпті ауырлап кетті. Содан тәуекел, басы
мыздағы қиын жағдайды айтып көрейін деп Алматы қаласының
әкімі Иманғали Тасмағамбетовке жазылып, қабылдауында
болдым. Амандықтан соң «Имеке, сізге келгендер түйе сұрап
тайлақ алатын болар, ал мен көп балалы отбасы ретінде,
жағдайымның қиындығынан түйе сұрап, түйе алсам деп келіп
отырмын. Арызым мынау, енді шешімін өзіңіз қарастырарсыз»
деп, қоштасып шығып кеттім. Содан екі-үш ай өткен соң бір күні
телефоным шылдырап, сізді қала әкімімен қосамыз деді бір
қыз бала. «Құлағым сізде, Имеке, тыңдап тұрмын», — дедім.
Иманғали Нұрғалиұлы: «Темеке, өткен жолы түйе сұрап, түйе
алсам деп келдім дедіңіз, енді мен сізге шығармашылық пен
үйдегі балалардың жағдайы үшін түйе емес, түйені ботасымен
беріп отырмын. Игілігіңізге пайдаланыңыз, еліміздің рухани
қазынасына үлесіңізді қоса беріңіз» деп тілек айтты. Сенерімді
де, сенбесімді де білмей қалдым, қуанышымда шек болған
жоқ», — деп әңгімесін аяқтады Темекең. «Жақсының жақ
сылығын айт, нұры тасысын» демекші, Имекең жайлы осындай
ризашылық сезімге толы әңгімелердің талайын естуге болады.
Тек үй-жай емес, көпшіліктің басы ауырып, балтыры сыздаса
да Имекеңе жүгіретіні жасырын емес. Сол көмектің барлығын
өзінің беделімен, достық жолымен, керек болса, өз отбасының
ризық-несібесінен көрсетіп жатқаны жұртқа аян.
Сол себептен де болар, Иманғали Тасмағамбетовтің ха
лық арасындағы беделі мен дәрежесі атқарған қызметі мен
биік лауазымынан бөлек, жасаған жақсылығына, қайырымды
істеріне, мейірімді жүрегі мен адамгершілік ниетіне қарай аса
жоғары, жүзі жарқын, еңсесі биік!
СЕНІМ МЕН СЫЙЛАСТЫҚҚА ТОЛЫ ЖЫЛДАР
2011 жыл, қараша айының аяғы. Пекиндегі Парламент
үйінде мерекелік концерт жүріп жатыр. Бірінші қатарда ҚХР
Төрағасы Ху Цзиньтаомен бірге осы елге ресми сапармен
келген Түркменстан басшысы Гурбангулы Бердымұхамедов
отыр. Сахнада екі елдің танымал артистері кезек-кезек өнер
көрсетуде. Халық көп жиналған, алдыңғы қатарларда шет ел
дердің Пекиндегі елшілері жайғасқан, солардың ішінде мен
де бармын. Ұялы телефонды әдеттегідей толық өшірмей, тек
дыбыссыз режимге қойып қойғанмын, елде, елшілікте әртүрлі
жағдай болуы мүмкін, сол себептен байланыс аясында болу
керектігі белгілі. Концерт ортасынан ауа бастаған тұста те
лефоныма қайта-қайта қоңырау шалу басталды, мәселенің
маңыздылығынан болар, көтермесем, оның тоқтамайтынына
көзім жетті.
Телефонды қалтамнан алып, жанымда отырған елші әріптес
теріме байқатпай құлағыма тостым. Жас әйел адам «Сізді қазір
Президент Әкімшілігінің басшысымен қосамын» деді. Мен жыл
дамдатып, «Маған бес минут уақыт беріңіз, жөнді естілмей тұр»
дедім де, жайлап орнымнан тұрып, отырған кісілерден кешірім
сұрап, қапталдағы шығатын есікке бет алдым. Холлға шыққан
бойда келесі қоңырау да келіп жетті. Мені Президент Әкімшілі
гінің басшысы Аслан Мусинмен қосты. Ол Президент Н. Ә. На
зарбаев зор сенім көрсетіп, мені Парламент Сенатының де
путаты етіп тағайындағанын жеткізді, құттықтай отырып, елге
тезірек оралуымды тапсырды. Міне, осылайша күтпеген жерден
менің бес жылға таяу уақыт болған Қытай еліндегі елші қызметім
аяқталды.
Енді концертке қайта кіру, әріптестерімді мазалау ыңғай
сыз болғандықтан, үзілісті күтіп, фойеде шай іше тұрғанды
жөн көрдім. Үзіліс басталғанша бес жыл көлеміндегі өзім куә
болған, тікелей қатысқан маңызды оқиғалар есіме түсе бастады.
Осы мерзімде екі ел арасындағы қарым-қатынас жан-жақты
стратегиялық әріптестік дәрежесіне көтерілді, Қазақстан-Қытай
шекарасында делимитация, демаркация жұмыстары аяқталып,
бұл мәселе түбегейлі шешімін тапты, мұнай, газ, транспорт
салаларында көптеген логистикалық бірлескен жобалар іске
асты, трансшекаралық өзендерді бірлесіп пайдалану жөнін
дегі алғашқы үкіметаралық келісімге қол қойылды, Қытайдағы
қандастарымыздың елге оралуына толық жол ашылды. Жыл
сайын мемлекет басшылары ресми сапармен алмасатын дәстүр
тұрақты қалыптасты, халықаралық ұйымдарда өзара ықпал
дастығымыз, ынтымақтастығымыз артты.
Сонымен қатар осы кезеңде Қытай мемлекетінің айрықша
жетістіктерінің куәсі болдым. 2008 жылы түрлі қиыншылықтарға
қарамастан, соның ішінде, әсіресе мамыр айында Сычуан өл
кесінде болған жойқын жер сілкінісінен кейін көптеген адам
және қаржы шығындарын көтере білген Қытай мемлекеті
40 млрд доллардан астам қаржы жұмсап, XXІX жазғы Олимпиа
да ойындарын аса нәтижелі, жемісті өткізді. 2010 жылы 1 ма
мыр мен 31 қазан аралығында Шанхайда 190 ел мен 73 милли
он халық қатысқан «ЕХРО‑2010» әлемдік көрмесін ұйымдасты
рып, Қытай мемлекеті өзінің бүгінгі жеткен дәрежесін, әлеуетін
көрсетті. Қаланың ішінен қала салды, одан бөлек 12 миллиард
доллардан астам пайда тапты. Соншалықты көп қаржыны талап
ететін халықаралық деңгейдегі іс-шараларды іске асыра отырып,
ел экономикасы үнемі жоғары қарқынмен дамуын тоқтатпады,
әлемдегі екінші экономикаға айналды. Халықаралық қоғамда
Қытай мемлекетінің саяси беделі, ықпалы артты, халқының
патриоттық сезімі көтерілді, елінің жеткен жетістігі, дәрежесі
көңілдеріне мақтаныш сезімін ұялатты. Осындай табыстармен
қатар келген Қытай Халық Республикасының 60 жылдық мерей
тойы ерекше салтанатпен бүкіл елде аталып өтті...
Ойымды соғылған қоңыраудың үні бұзып жіберді, үзіліс
аяқталып, әріптестеріммен бірге топқа қайта қосылдым. Кон
цертті аяғына дейін тамашалап, арнайы қабылдауға да қаты
сып, сол күні кеш тарадық. Ертесіне елшілік қызметкерлерін
жинап, көп жылғы бірге атқарған еңбектеріне ризашылығым
мен алғысымды білдіріп, қимастықпен қоштасып, елге оралдым.
Астанаға келген бойда республикалық Сайлау комиссиясы
на барып өкілеттігімді растап, тиісті құжат пен төсбелгімді алып,
Сенат қабырғасын аттадым. Сенат Төрағасы Қайрат Әбдіра
зақұлы Мәми жылы шыраймен, ашық көңілмен қарсы алып,
бірлесіп жұмыс істейтінімізді айтты, халықаралық қатынас
саласында, парламенттік дипломатия саласында менің елші
ретіндегі тәжірибем пайдалы болатынын тілге тиек етті. Осы
ретте Қайрат Әбдіразақұлы туралы маған халық жазушысы
Әбдіжәміл Нұрпейісовтің айтқан бір сөзі есіме түсті. Ол кезде
мен Қызылорда облысының әкімі едім. Әбекеңмен жолымыз
түсіп Астана қаласының әуежайында кездесіп қалдық. Алма
тыға ортақ рейсті күтіп отырмыз, әңгімеден әңгіме шығып, бір
кезде Әбдіжәміл аға Қайрат Әбдіразақұлына ауысты.
— Ол жігіт өмір бойы қылмыстық істерді тексерумен, қарау
мен, үкім шығарумен айналысқан, жақсыдан гөрі жамандарды,
қиянат жасаушыларды көп көрген. Соған қарамастан, адамға
күдікпен емес, сеніммен қарайтын, әділдік пен адамгершілік
туын биік көтерген Қайрат Мәмидің таза болмысына мен таңға
ламын. Ол оған қайдан келген, қайдан дарыған қасиет! — деп
таңданысын білдірген еді Әбекең.
Қайрат Әбдіразақұлымен бұрыннан да таныс болатынмын,
Қызылордада, Қытайда жұмыс бабымен кездескенбіз. Сол
кездерде байқағаным, аса мәдениетті, сыпайы, қарапайым,
сабырлы мінезімен, салмақтылығымен өзгелерден ерекшеле
нетін. Сол Әбдіжәміл ағаның берген бағасынан кейін мен ол
кісіні айрықша құрмет тұтатын едім, енді сондай азаматпен,
басшымен бірге жұмыс істейтінім мені ерекше қуаныш сезіміне
бөледі.
2011 жылы 7 желтоқсанда Сенаттың жаңа құрамының
алғашқы отырысы өтті. Комитет төрағалары сайланды, мен
Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік коми
тетінің төрағасы болып бірауыздан сайландым, бекітілдім.
Бұл маған көрсетілген үлкен сенім еді, оның сыртында
Президент Н. Ә. Назарбаев пен Сенат Төрағасы Қ. Мәми
тұрғаны, әрине, белгілі. Сол себептен көрсеткен сеніміне ри
зашылығымды, алғысымды Нұрсұлтан Әбішұлына арнайы
хат арқылы білдірдім.
Қытайға елші ретінде қызметке тағайындалар алдында осы
Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетін
де арнайы кездесу болған, сол кезеңде сондай заң талабы,
тәртіп болатын. Сенат Комитетінің құрамында Қазақстанның
тәуелсіздігін тұғырлы етуге, қарқынды әлеуметтік-экономикалық
дамуына ерекше еңбегі сіңген тұлғалы азаматтарды, өзім сый
лайтын ел ағаларын көрдім. Олар Әбіш Кекілбаев, Өмірбек
Байгелді, Оралбай Әбдікәрімов, Қуаныш Сұлтановтар еді.
Енді, міне, сол абыройы биік Комитетке төраға болу құр
метін маған әріптестерім сеніп тапсырып отыр. Комитет құра
мына Халық Қаhарманы, армия генералы Мұхтар Қапашұлы
Алтынбаев, бұрынғы Сенат Төрағасы Оралбай Әбдікәрімов,
генерал, дипломат Ғани Есенгелдіұлы Қасымов, елші Әділ
Құрманжанұлы Ахметов, мемлекет қайраткері Орынбай Рах
манбердиев кіреді екен. Көп ұзамай осы топқа белгілі мемлекет
қайраткерлері Сергей Витальевич Кулагин, Георгий Влади
мирович Ким, елші Бірғаным Сарықызы Әйтімова, бұрынғы
Сенат Төрағасы Нұртай Әбіқайұлы Әбіқаев, көрнекті мемлекет
қайраткері Ләззат Кетебайұлы Қиынов қосылды.
Үлкен жауапкершілікті мойнына алып, күрделі мәселелерді
шешіп үйренген, ұстанған принциптері қатаң бұл мемлекетшіл
тұлғалар Комитет жұмысында да сондай қағидаттарды бас
шылыққа алды, талапты күшейтті, заң жобаларының сапалы
болуына ерекше мән берді. Сол себептен Комитетке түскен заң
жобалары жан-жақты терең талқылаудан өтетін. Өйткені әрбір
Комитет мүшесінің өткен өмір тәжірибесі мол еді. Әрқайсысы өз
саласының аса танымал маманы, басшысы болатын. Мұның өзі
заң жобаларын әзірлейтін мемлекеттік органдардың басшыла
рынан тыңғылықты дайындықты, жоғары біліктілікті талап етті.
Ал дайындықсыз келуге Комитет мүшелері жол бермейтін, кімнің
де болса лауазымына, жасына қарамай, барлық кемшіліктерін
бетіне басып, жиналған жұрттың алдында сауатсыздығын не
месе жауапсыздығын көрсетіп, қиын жағдайға түсіретін.
Сол себептен, көп ұзамай Комитет мүшелерінің ұстанған
қатаң принциптері, ұстанымдары жалпы ортаға белгілі болып,
осы талапқа сай заң жобасын баяндаушылар үлкен әзірлікпен
келетін болды, жұмыстың сапасы жақсарды, бір жүйеге кел
тірілді. Сонымен қатар елге белгілі тұлғалардың, бұрынғы жа
уапты салалар басшыларының алдында заң жобасын қорғау,
өз позициясын дәлелдеу мемлекеттік органдардың жас жетек
шілеріне де үлкен сын, кәсіби мектеп еді.
Әсіресе сенатор Ғани Қасымов өзіне тән мінезімен, темпера
ментімен, өткір сөзімен баяндамашыны қатты қыспаққа алатын.
Ондай жағдайда ақкөңіл, кең пейілді Оралбай Әбдікәрімұлы
араға түсіп, қысылған жасты жылы сөзімен, пікірімен қолдап,
Ғани Есенгелдіұлына басу айтып, шектен шыққан эмоцияларға
тоқтау салатын. Комитет отырысының соңында «Неге сонша
көп сын айтып, қатты қысым көрсеттіңіз?» деген әріптестеріміз
ге, Ғани Есенгелдіұлы «Мен оны тәрбиелеп жатырмын, осы
лайша ол сынға төзімді болады, қысқа да нұсқа жауап беруге
үйренеді» деген уәж айтатын. Шынында да, оның сөзінің жаны
бар еді. Сондай сынақтан өткен көптеген жастарды қазір елдегі
басшылықтың бірінші деңгейінен көруге болады.
Міне, осы аса беделді құраммен алты жыл Сенат қабыр
ғасында бірге қызмет атқаруды тағдыр маған бұйыртты. Бір
топта оқыған студенттер сияқты жұбымыз жазылмай үлкен
сыйластықпен, қадір-құрметпен, өзара сеніммен, түсіністікпен
жұмыс жасадық, осы қарым-қатынасымыз бүгінде үлкен дос
тыққа ұласты. Сол себептен Комитет мүшелерінің әрқайсына
шамалы тоқтала кетейін.
Халық Қаhарманы, армия генералы Мұхтар Қапашұлы Ал
тынбаев — Елбасымен бірге Тәуелсіз Қазақстанның қорғаныс
қабілетін арттыруға, қарулы күштерін құруға, жасақтауға, негізін
қалауға, әскери мамандарды даярлауға ерекше еңбегі сіңген
тұлға. Анасынан ерте айырылған Мұқаң мектеп бітірісімен
Қарағандыда шахтада, аса қауіпті тереңдікте төрт жыл бойы
ауыр қара жұмыс атқарған. Жастайынан әскери ұшқыш болуды
армандаған Мұхтар Қапашұлы сондай қиын, қауіп-қатері мол
жұмыста титықтап шаршағанына қарамай, күн сайын жер
гілікті аэроклубта ұшқыштардан сабақ алған, әуеге көтеріліп
тәжірибе жинақтаған. Сол табандылығының арқасында арманы
орындалып, Армавирдегі ұшқыштар дайындайтын училищеге
оқуға түскен, кейіннен Тверьдегі Әскери Академияны бітірген.
Пермьдегі ұшқыштар полкінде қызметін бастаған Мұқаң елдің
қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін Қиыр Шығыстан оңтүстіктегі
Түркменстанға дейінгі кеңістікте әуеде өмірін өткізген.
Жұбайы Гүлбанумен казармадан-казармаға көшіп, сол кез
дегі әскери өмірдің барлық қиыншылықтарын бірге бастарынан
өткерген. «Біздің басты байлығымыз, көзіміздің қарашығындай
сақтайтын дүниеміз примус болатын, онсыз өзіміз де, кішкентай
баламыз Мүсілім де ыстық тамақсыз қалатын еді», — деп еске
алатын Мұхтар Қапашұлы.
Кеңес Одағы тарағанда, М. Алтынбаев Түркменстанда
оңтүстік шекарадағы әуе кеңістікті қорғайтын әскери құрылым
ның қолбасшы болған, генерал дәрежесіндегі жалғыз ұшқыш-
қазақ еді. 1992 жылы Президент Н. Назарбаевтың шақыруымен
Қазақстанға оралып, тәуелсіз елдің Қарулы күштерін құруға
белсене кірісті, он жылдан астам екі дүркін Қорғаныс министрі
болды, Халық Қаhарманы атанды, бүгінде елдегі бір ғана ар
мия генералы. Осындай атақ-дәрежесіне қарамай Мұқтар Қа
пашұлы — күнделікті өмірде өте қарапайым, ақжарқын көңілімен,
кең пейілімен елін, отбасын ерекше қадірлейтін азамат. Әскери
өмірдің барлық қиыншылығын бірге өткерген, мойымай көтер
ген Мұхаңның өмірлік жары, махаббаты, ұрпақтарының анасы,
нағыз сенімді тылы болған Гүлбану жеңгей дүниеден озғанда
Мұхаңның сағы сынбады, орны толмас қайғыны ақылмен, сабыр
лықпен жеңе білді, балаларының, немерелерінің нағыз тірегіне
айналды. Қазір республикалық Қарулы күштер ардагерлері
комитетін басқарып, елдің қауіпсіздігін нығайтуға, жастарды
отаншылдыққа тәрбиелеуге зор үлес қосып келеді. Жыл сайын
әскери құрылымдарда генерал Мұхтар Алтынбаев туралы тәр
бие сабағы өтіп тұрады, өйткені әрбір әскери адамға ол кісінің
өткен жолы үлкен үлгі-өнеге, зор тағылым екендігі сөзсіз.
Оралбай Әбдікәрімұлы Әбдікәрімов, аса көрнекті мемлекет
қайраткері, бұрынғы Сенат Төрағасы, елге ерекше сыйлы тұлға.
Өйткені Орекеңнің аузын ашса жүрегі көрінетін, әзіл-қалжыңы
жарасқан, мейірімі асқан, кең көңілді мінезі мен жайсаң болмы
сы осындай құрметке лайық. Комитет отырысында салмақты
сөзімен, орынды әзілімен қандай айтыс-тартыс, шиеленіс бол
сын жұртты сабасына түсіретін. Қазір Оралбай Әбдікәрімұлы
Қазақстанның табиғат байлығы — жабайы аңдарды қорғау,
сақтау, өсіру бағытындағы қоғамдық ұйымды басқарып, ты
нымсыз еңбек етіп келеді.
Ғани Есенгелдіұлы Қасымов, туа бітті талант, ойы ұшқыр,
қара сөздің шешені, айналасын ерекше энергетикасымен бау
рап алатын қасиеті бар, жүзі сұсты болғанмен жүрегі нәзік, ішкі жан дүниесі бай азамат. Негізінен комитет отырысында кейде шынымен, кейде әзілдеп айтыс-тартыс туғызатын, баянда машыларды қыспаққа алатын, «тәрбиелейтін» Ғани Есенгел діұлы болатын. Ол мінезі өзіне жарасып тұрады, әріптестері де соны күтетін, орынды болса қолдайтын, болмаса тоқтау салатын. Басқа ортада оңаша бас қосқанымызда Ғанекең әнді керемет айтатын, көбіне француз тілінде Джо Дассеннің орын дауындағы әндерді жақсы көретін, өзі де соған ұқсайтын. Жұ байы Райхан Сұлтанқызымен 1970 жылдардың басында Ғылым академиясының Эксперименталды биология институтында аспирантурада бірге оқып, соңынан қызметтес болған едім, дүниеден ерте озып кетті. Біршама жыл өткен соң жақындары Ғани Есенгелдіұлына қайта үйлену туралы сөз қозғағанда, Ғанекең: «Сендер менен сұрамаңдар, менің балаларым мен немерелерімнен сұраңдар, менің үйленуімнен олар өздерін бақытты сезінетін болса, онда маған айтарсыңдар», — деп жауап берген екен. «Содан бері бұл әңгіме қайта көтерілген емес», — дейді Ғани Есенгелдіұлы. Осының өзі оның ішкі дү ниесінің нәзіктігін, ізгілігін, тектілігін көрсетсе керек. Қазір Се наторлар кеңесінің мүшесі ретінде Ғанекең ел ішіндегі өзекті мәселелерді өткір көтеріп, қоғамға пайдалы, керекті жұмысын жалғастырып келеді. Бірғаным Сарықызы Әйтімова, елге белгілі, барлық жастар үлгі тұтатын, әр қазақ отбасы «Қызым осындай болса екен» дейтін көрнекті мемлекет қайраткері, дипломат. Израильде, Италияда, Америкада, Біріккен Ұлттар Ұйымында ұзақ жыл дар дипломатиялық қызметте болғанда да елде сыйлы орны, ал өзіне тән ашық мінезі халық жадында болды. Премьер- министрдің орынбасары ретінде білім, мәдениет, денсаулық саласына ерекше еңбегі сіңді. Сол себептен де болар, кейін Сенаттың осы салаға жауапты комитетін басқарды. Жастардың көшбасшысы болып көп жылдар еңбек еткендіктен, айрықша белсенділігімен, жаңашыл бастамаларымен комитет мүшелерін тыныш отырғызбайтын, көңілсіз, сүреңсіз жұмыс бабын жақтыр майтын. Ойына алған ісін, пікірін жасырып қалуды білмейтін, ашық айтып салатын, осыған байланысты кейде бұқаралық ақпарат құралдарында сынға да ұшырап жататын.
Негізінен елге белгілі саясаткер ретінде оған БАҚ көп көңіл
бөлетін, әр сөзін, жүріс-тұрысын, киім киісін аңдитын. Бұның
артында теріс пиғыл емес, қызығушылық тұрғаны анық еді.
Бұл Бірғаным Сарықызының ел алдындағы, халық арасын
дағы ерекше танымалдығына байланысты болатын, ол кісі
туралы қызықты материалдар ақпарат құралының оқырмандар
санын көбейтетіні сөзсіз. Әрине, нәзік жан ретінде Бірғаным
Сарықызы осындай шындыққа жанаспайтын, бұрмаланған
ақпараттан соң сарыуайымға батып, ренжіп, көңілі көпке дейін
басылмай жүретін. Ондай кезде Комитеттегі әріптестері жылы
сөзін аямай, қолдау көрсетіп, ортамыздағы жалғыз ханымның
көңілін орнына түсіруге, көтеруге тырысатын.
Қазір Бірғаным Сарықызы Сенаторлар Кеңесі төрағасының
орынбасары ретінде осы қоғамдық ұйымның нағыз ұйтқысына,
тірегіне айналды. Түрлі бастамалар көтеріп, бұрынғы сенатор
ларды елдегі өзекті мәселелер бойынша ойларын бөлісуге,
Елбасының, Ел Президентінің саясатын жүзеге асыруда бел
сенділік танытуға жұмылдыруда.
Әділ Құрманжанұлы Ахметов — елге белгілі ғалым, дипломат,
салмақты сөзімен, ойлы пікірімен ұлт ақсақалы атанған азамат,
Қазақ-Ұлыбритания университетінің негізін қалаған ұстаз. Аме
рикадағы үндістердің азиялық тамыры туралы зерттеулер жүр
гізіп, ғаламдық деңгейдегі рухани байланыстар туралы көптеген
еңбектер жазған. Комитеттің тәжірибелі секретары ретінде заң
жобаларымен жұмыс жасау процесін қадағалап, ұйымдастырып,
әріптестерінің тиімді, жемісті жұмыс атқаруына көмек көрсететін,
жағдай жасайтын, аппараттың қызметін бақылауда ұстайтын.
Қазір Түрік академиясында, Еуразия ұлттық университетінде,
басқа да жоғарғы оқу орындарында тұрақты түрде дәріс оқып,
жастардың жарқын болашағына зор үлес қосып келеді.
Орынбай Рахманбердиев — Сенатқа екі дүркін Оңтүстік
Қазақстан облысынан депутат болып сайланған аса беделді
мемлекет қайраткері. Оңтүстікте ұзақ жылдар көптеген ауданды
басқарып, елдегі қалыптасқан жағдайды терең білетін. Соның
нәтижесінде Сенат, Комитет отырыстарында өзекті мәселелерді
тұрақты көтеріп, Үкіметке ел тұрғындарының талаптарын жеткі
зетін. Салмақты мінезімен, кең пейіл көңілімен, жүйелі сөзімен
Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік
комитетінің мүшелері. 2011 жыл, Астана
Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік
комитетінің мүшелері Сенат Төрағасы Қ. К. Тоқаевпен.
2016 жыл, Астана
Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік
комитетінің отырысы. 2012 жыл, Астана
Сенат Төрағасы Қ. К. Тоқаевтың шетелдік әріптесімен кездесуі.
2016 жыл, Астана
Сенат Төрағасы Қ. К. Тоқаевпен Еуропадағы қауіпсіздік және
ынтымақтастық ұйымы Парламенттік ассамблеясының
сессиясында. 25 ақпан, 2016 жыл, Вена
Еуропадағы қауіпсіздік
және ынтымақтастық
ұйымының Бас хатшысы
Оливер Спенсермен.
Ақпан, 2015 жыл, Вена
Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы
Парламенттік ассамблеясының төрағасы Илкка Канервамен.
Шілде, 2015 жыл, Хельсинки
Ватиканның бас хатшысы Пьетро Паролинмен кездесу.
2016 жыл, Рим
Сенат Төрағасы Қ. К. Тоқаевтың «Барыс» орденін тапсыруы.
Желтоқсан, 2016 жыл, Астана
Сенат Төрағасы Қ. К. Тоқаевтың Тәуелсіз Мемлекеттер
Достастығы Халықаралық ұйымының наградасын тапсыруы.
2015 жыл, Астана
Армия генералы, Халық Қаhарманы,
Сенатор М. Қ. Алтынбаевпен Парламенттің бірлескен
отырысында. 2017 жыл, Астана
Достармен Мәскеуде. Солдан оңға қарай: Л. К. Қиынов,
Н. Ә. Әбіқаев, И. Адырбеков, М. Қ. Алтынбаев. Ақпан, 2018 жыл
Достармен Самарқанда. Солдан оңға қарай: С. В. Кулагин,
Л. К. Қиынов, Н. Ә. Әбіқаев, М. Қ. Алтынбаев, И. Адырбеков.
Сәуір, 2018 жыл
әріптестерінің арасында беделі жоғары еді. Қазір де ел ағасы
ретінде халықтың ортасында болып, еліміздегі тұрақтылыққа,
сыйластыққа, ынтымақтастыққа өз үлесін қосуда.
Нұртай Әбіқайұлы Әбіқаев — елге ерекше танымал, Тәуел
сіздіктің алғашқы күнінен бастап Қазақстанның Тұңғыш Прези
дентінің жанында күнделікті қызметін, жұмысын ұйымдасты
руға жауапты болған, көптеген ауыртпалықты, қиыншылықты
басынан бірге өткерген аса тәжірибелі мемлекет қайраткері,
Сенаттың бұрынғы Төрағасы. Ол кісі туралы ақпаратты БАҚ-
тан көптеп кездестіруге болады, әлі де талай туынды пайда
болатын шығар. Өйткені Нұртай Әбіқайұлының бүкіл саналы
ғұмыры Қазақстанның Тәуелсіздігін, қауіпсіздігін нығайтуға,
ел ішіндегі тұрақтылықты, тыныштықты сақтауға, халықара
лық қоғамдастықтағы елдің беделін көтеруге арналды. Соның
арқасында қоғамда ерекше құрмет пен беделге, дәрежеге ие
болды. Аса жауапты қызметтерде бола тұрып, әділетсіз, шын
дыққа жанаспайтын күмәнді сөздер мен қауесеттерді асқан
шыдамдылықпен, сабырмен көтере білді, жеңе білді. Қолында
бар бүкіл билікті, күшті тек жақсылыққа пайдаланды, ешкімді
қудалап, әділетсіздік көрсетпеді. Содан да болар, Сенаттан
зейнетке кетсе де, ақыл-кеңесін алуға, әңгімесін естуге Нұртай
Әбіқайұлына келетін азаматтардың саны азаяр емес. Жеткен
дәрежесіне, лауазымына, ықпалына қарамай Комитет жұмы
сына белсене араласатын, қауіпсіздік салаларына қатысты
заң жобаларын өзі жүргізуге тырысатын.
Аса жауапты, қауіп-қатері де жетерлік қызметте ұзақ жыл
болғанмен де, Нұрекең адамға деген сенімін жоғалтпаған,
қадір-қасиеті мол, көңілі кең, ішкі мәдениеті жоғары, осы бол
мысымен үлкен беделге, сый-құрметке ие болған жан. Қазір
көптеген қоғамдық ұйымдарға басшылық жасап, елдің жарқын
болашағына зор үлес қосуда. Әсіресе «Отандастар қоры»
арқылы шет елдерден оралған қандастарымызға нақты көмек
көрсетіп келеді. Елдегі волейбол мен гольф спортының дамуы
да осы кісінің назарында, жауапкершілігінде.
Георгий Владимирович Ким — белгілі заңгер, ғылым док
торы, Қазақстанның зайырлы, құқықтық мемлекет болып
қалыптасуына еңбегі сіңген азамат. Комитет секретары, заң
саласының білікті маманы ретінде Комитет отырыстарында
Георгий Владимировичтің айтқан сөзіне, әрбір пікіріне әріптес
тері мұқият құлақ асатын, оны бағалайтын, әрдайым қаперге
алатын. Өз жұмысына өте жауапты, ұқыпты, салмақты азамат.
Қазір де Сенаторлар кеңесінде сауатты, ғылыми негізделген
ұсыныстарымен ерекшеленеді.
Ләззат Кетебайұлы Қиынов — екі дүркін Маңғыстау облы
сының әкімі болған, «Қазмұнайгаз» компаниясының негізін
қалаған, оған жетекшілік еткен елге белгілі, беделді тұлға.
Мұнай-газ саласында қызмет атқаратын көптеген азамат
тар осы Ләззат Кетебайұлының қарамағында жұмыс істеп,
тәлімгерлік мектебінен өткен. Комитет мүшесі ретінде айтар
сөзінің, пікірінің салмағы жоғары болатын, энергетика саласын
терең білгендіктен, осы салаға байланысты заң жобаларына
сын көзімен қарап, өзі жүргізуге тырысатын.
Мұнай өндірісі саласындағы ауыр, жауапты қызметтердің
барлығынан өткендіктен болар, әлде туабітті мінезі ме екен,
тек шындықты айтқанды қалайды, екіұшты сөзді, негізсіз пікірді
ұнатпайды. Сол себептен заң қолдаушылары ол кісімен кездес
кенде аса сақ болып, тек нақты фактілермен, дәлелдермен
өз ұстанымын жеткізуге, қорғауға тырысатын. Қазір де Сена
торлар кеңесінде осы принципінен айныған емес, тіке айтады,
әріптестерінен де соны талап етеді.
Сергей Витальевич Кулагин — жиырма жылға таяу көптеген
астық өндіруші облыстарды, Ауыл шаруашылығы министрлігін
басқарған, Үкімет басшысының орынбасары болған аса тәжіри
белі мемлекет қайраткері. Ақмола облысында туып-өскен,
жастайынан әкесінен айырылып, отбасының күнкөрісі үшін
ерте жұмысқа араласқан. Сондықтан да ешқандай қиындыққа
мойымайтын, бәрін әзілге жеңдіретін, үнемі оптимистік көзқа
расты ұстанатын рухы мықты адам.
Көп жылдар бірінші басшылық қызметте болғандықтан бо
лар, сөзін де, пікірін де ойланып айтады, оны теріске шығарған
ды қаламайды. Әзілдесуге өте шебер, кейде шыны ма, әзілі
ме, түсінбей қаласың. Комитет отырыстарында заң жобалары
бойынша пікірін ашып айтып, дұрыс жауап алғанша табан
тіреп тұрып алады. Ол да қызмет бабында қалыптасқан мінез
болуы керек. Алғашқыда шектен шығып та кететін әзіліне үй ренісе алмай жүргеніміз рас, бірақ араласа келе, әріптестік, достық қатынасымыз нығая келе, әзілді одан да асырып ай татын болдық, кейде оның өзін тығырыққа тіреп қоятынбыз. Ол бұған ренжімейтін, «Өзім үйретіп едім, енді маған шабуыл жасайтын болдыңдар» деп күлетін. Бос уақытымызды бірге өткізгенде, Сергей Витальевич бүкіл тізгінді қолына алып, де малысты барынша көңілді өткізуге жағдай жасайтын, әзілімен қатар әнді де жап-жақсы айтатын. Отбасы да керемет жандар, бауырлары ауылшаруашылық мамандары, жермен жұмыс істейді, мал бағады, егін өсіреді. Өзі де зейнетке шыққан соң ауыл шаруашылығымен тығыз айналысуға көшті, қысы-жазы тынбай егістіктің басында, нағыз білікті маман. Жалпы сол түстікте — қысы суық, жазы қысқа климатта егінмен айна лысу қиын шаруа, сол себептен болар, көптеген ірілі-ұсақты шаруашылықтар жыл сайын банкротқа ұшырап, мемлекеттің миллиардтаған қаржысы желге ұшады. Оған негізгі себеп — сондай қиын климаттық жағдайда егін өндіруді ұйымдастыра алатын білікті маман, тәжірибелі басшы жетіспейді. Міне, осындай сирек кездесетін талант иесі — Сергей Ви тальевич Кулагин. БАҚ-та оның мыңдаған гектар егістік жері бар екені жазылады, бірақ қанша адамды жұмыспен қамтып отырғаны, жердің құнарлығын сақтауға бағытталған ғылыми жұмыстарды қаржыландыруы, өндіріс мәдениетін көтеруі, өнімді өңдеу саласын қарқынды дамытуы, әлеуметтік салаға көрсеткен көмегі жазылмайды, айтылмайды. Оны осы жерді жалға алуға құқығы жоқ сырттан келген адам ретінде көрсет кісі келеді. Бәлкім, Өзбекстаннан көшіп келген менің құқығым аздау болар, ал Ақмола облысында өзі де, ата-бабасы да туып-өскен, осы жерде ғұмыр бойы еңбек еткен Сергей Кула гиннің құқығы менен жоғары болар деп ойлаймын. Оның туған өлкесін дамытуға, өркендетуге қосқан зор үлесі әділ бағасын алатынына сенімдімін. Міне, Сенаттағы көп жылдар бойы қоян-қолтық қызметтес болған әріптестерім, достарым туралы қысқаша тарих осындай. Ерекше сыйластықпен, өзара түсіністікпен, сеніммен жұмыс істеген комитет мүшелері еліміздің Тәуелсіздігін, қауіпсіздігі мен
тұтастығын қамтамасыз ететін аса маңызды заң жобаларын
қабылдауға үлкен үлестерін қосты, сол заңдарды комитет өзі
жүргізді, мезгілінде қабылдануына ықпал жасады. Мысалы,
«Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздігі», «Әскери
қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі», «Қазақстан
Республикасының Мемлекеттік шекарасы» туралы Заңдар,
«Қазақстан Республикасының Арнаулы мемлекеттік органда
ры» және «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызметі»
туралы Заңдарды ерекше атауға болар еді. Сонымен қатар
парламенттік дипломатияны дамытуға да Комитет мүшелері
көп үлес қосты.
Қазақстан Парламентінің атынан Еуропадағы қауіпсіздік
және ынтымақтастық ұйымы Парламенттік ассамблеясына,
Еуропа Кеңесі Парламенттік ассамблеясына, НАТО, ТМД,
ОДКБ ұйымдарының Парламенттік ассамблеяларына Комитет
мүшелері тұрақты қатысып отырды, Қазақстанның халықаралық
қоғамдастықта беделінің, дәрежесінің артуына өз үлесін қосты.
Бүгінгі Парламент Сенаты жанынан құрылған Сенаторлар
кеңесінің құрамына менімен бірге Комитеттің бұрынғы мүше
лері толық кіріп отыр, отырыстарға белсенді қатысады, елдің
жарқын болашағына бағытталған әрбір істі қолдауға әрқашанда
дайын.
АРМАН-МҰРАТЫМА ЖЕТКІЗГЕН ҚАЛА
Әр адамда «туған жер» деген қасиетті ұғым бар, оған деген
құрмет, сағыныш сезім қашанда жүрегіңде сақталады. Туған
жер ақындарға шабыт берген, жазушылардың қаламына қуат
берген, жас келген сайын кімді де болса тартып тұратын сиқыр
лы күші бар мекен, оның тауда, барар жолы алыс ми далада
не құмда болуы маңызды емес.
Осыны ойласам, мен қай елді, мекенді туған жерім еді деп
айтарымды білмей қаламын. Ол менің отбасымның, өзімнің
өткен тарихыма байланысты болар.
Әкем Адырбек 1907 жылы туған, 1930 жылдардың орта
сында қуғын-сүргінге ұшырап, бүкіл дүниесі тәркіленіп, жер
аударылатын болған. Себебі атам Қожамқұл (1850 жылы
туған) Түркістанда би-болыс сайлауларына тұрақты қатысып,
20 жылдан астам ел билігінде болған, 1911 жылы 61 жасында
дүниеден озған.
Қиянға айдалып кетуі мүмкін екендігін естіген әкемнің сол
кездегі жұбайының ағалары бір түнде келіп, қарындасы мен
екі жасар ұлы Исаханды күштеп алып кеткен. Әкем алдағы
тағдырының тарлығын сезгендіктен, Ауғанстанға бет алып,
елден қашуға мәжбүр болған. Бірақ онда да тұрақтай алмай,
елдің, жердің, ортаның қолайсыздығынан Өзбекстанға келіп
паналаған. Екінші дүниежүзілік соғыстың алдында менің анам
Ақшагүлге үйленген, ол кісі де сол аласапыран жылдары ата-
анасынан, барлық бауырынан айырылып қалған екен.
Әкем 1942 жылдың басында армия қатарына шақырылып,
Сталинградтан бастап Берлинге дейін майданда болған, бір
неше рет ауыр жараланған, әйтеуір қол-аяғы сау. Соғыс біткен
соң Берлиннен Қиыр Шығысқа — жапондармен соғыс майда
нына жіберілген, тек 1946 жылы әкем өз отанына, шаңырағы
на оралған. Ташкент облысы Шыназ ауданына қарасты «Қы
зыләскер» колхозында егіс бригадирі болып көп жылдар қыз
мет атқарды. 1950 жылы мен дүниеге келдім, менен бұрынғы
балалары шетінеп кеткен. Соғысқа қатысып, қанын төгіп келген
соң, енді өз елімде маған қоятын кінәрат-талап болмас деген
оймен, сол сеніммен 1957 жылы әкем мен анам бір түнде еш
кімге білдірмей үй-жайын, бар дүниесін тастап жолға шығып,
шекара асып Түркістанға бет алған. Оның себебі, ол заманда
колхозшыларда паспорт болмаған, басқа жерге көшу-қону үшін
арнайы рұқсат алу талап етілген.
Түркістанға келіп, ағайындарын іздеген әкем қалада шамалы
тұрған соң, менің оқуыма ыңғайлы болуы үшін әрі табылған
ағайындарының арасына барып қосылу үшін қаладан отыз
шақырым жердегі Балтакөл елді мекеніне көшіп келеді. Сон
дағы мектеп-интернатқа мені оқуға береді.
Бүгінде кіндік қаным тамған Шыназды еске алсам, таңертең
нен кешке дейін өзбектің әшуласын айтып, орталық көшедегі
ұзын бағананың басына ілініп тұрған радиоқабылдағыш, шайха
наға жиналып ұзағынан әңгіме соғып, көк шай ішіп отырған
ақ сақалы беліне түскен қариялар мен «Адеке, бу кічік біттә
болаңыз жудә коп гаприабти» деп менің сұрақтарымнан мезі
болған көршіміз Йолдаш әка есіме түседі. Туған жердің қадірін
сезінетіндей жаста болсам мүмкін басқаша болар ма еді, жеті
жасқа дейінгі естеліктер осылайша бұлыңғыр болатыны сөзсіз.
Мектеп-интернат қабырғасында он жыл білім алғанда негізгі
есте қалғандар оқу процесімен, интернаттағы қатаң тәртіппен,
суық бөлмелер мен жартылай аш жүрген күндерімен байланыс
ты. Ал ең бақытты кезеңдер — әр тоқсан соңындағы демалыс
күндері ата-анаңмен, отбасыңмен қауышу, жандарында болу,
ыстық алақанын сезіну, шексіз мейірімі мен сүйіспеншілігіне
бөлену. Ондай кездерде ата-анамыз армандарымен, қиялда
рымен бөлісетін, біздің ержеткенімізді, үйлі-баранды болып,
мәртебеміз өскенін көруді Алладан тілейтін. Сол арман, үміт
оларға күш-қуат беретін, өмірлерінің мақсаты, мағынасы бо
латын.
Әкем соғыста көрген, бастан өткен қиындықтарын айта
отырып, тек білім ғана өмірде мұратыңа жетуге, өмірдегі қиын
шылықты, қауіп-қатерді азайтуға көмектеседі деуші еді. «Соғыс
кезінде білімді жастар арнайы оқудан өтіп, офицер шенін алып,
майданда әртүрлі деңгейдегі командир атанып, шамалы да
болса басына түсер қауіпті азайтуға мүмкіндігі болатын. Ал
бізде, жаяу әскерлер мен қатардағы жауынгерлерде ондай
мүмкіндік болмайтын, өміріміздің құны офицердің өмірінен кем
болатын, негізінен барлық ауыртпашылық біздің мойнымызға
түсетін, бүкіл соғыстағы өміріміз блиндажда емес, далада,
орман ішінде немесе окопта өтті», — дейтін еді жарықтық.
Әсірелеп сөйлегенді жақтырмайтын, тек көргенін, білгенін
шынайы, тура сөзбен жеткізуге тырысатын.
Мектеп бітіргенде ауыл шаруашылығы саласына маман
дануыма кеңес берген де әкем еді. Елге оралып, нақты бір
салада жұмыс істегенімді дұрыс көрді. Бірақ кейін ол ойынан
қайтып, менің институт бітіргеннен кейін Ғылым академиясы
ның Эксперименталды биология институтына аспирантураға
қалуымды мақұлдап, оқуымды жалғастыра беруімді қалады.
Соғыста алған ауыр жарасының сыздағанына, жетпіске келген
жасына қарамай, мен, қарындастарым Нәзира мен Рахима
білім алуды жалғастыра берсін деп, жұмыс істеуді тоқтатқан
жоқ. Өзінің денсаулығына емес, тек балаларының болашағына
алаңдаумен болды, соған қызмет жасады, бүкіл өмірін арнады.
1978 жылы ғылым кандидаты, ғылыми қызметкер дәре
жесінде болғаныммен, Алматы қаласының 7‑ші шағын ауда
нындағы Ғылым академиясының жатақханасында 15 шаршы
метрлік тар бөлмеде отбасыммен тұрып жаттым. Ата-анамды
қолға алып, бірге тұруды ойластыра бастадым, одан әрі өз
дерін жеке қалдыру мүмкін емес еді. Күн өткен сайын денсау
лықтары нашарлап, арнайы күтімді қажет етті. Шамалы да
болса көңілдеріне қуаныш, сүйеу, демеу болсын деп, тұңғыш
перзентіміз Гүлмираны бір жасында ата-анамыздың қолына
берген едік. Сол немересі олардың күш-қуатын арттырды, қуа
ныш сыйлады, қиналған кездерінде жұбаныш болды. «Балалы
үй — базар» деген қазақтың сөзі бекер емес екен.
Алматыда ол заманда жастарға жеке пәтерге қол жеткізу
қиынның қиыны еді. Мәселенің шешілмейтініне анық көзім
жеткеннен кейін Эксперименталды биология институтының ди
ректоры, ғылыми жетекшім, академик Ф. М. Мухамедгалиевтің
ренжігеніне қарамай, арызымды жазып, жұмыстан босадым.
Жұбайым Ләззат екеуміз қызымыз Әселді көтеріп Алма
тымен қоштасып, оңтүстікке жолға шықтық. Қолымызда бар
дүниеміз — екі чемодан. Алдымызда не күтіп тұрғаны белгісіз,
тек мақсатымыз — ата-ананың алдындағы міндетімізді, бо
рышымызды орындау, оларға қартайған шақтарында сүйеніш,
қамқор болу.
Әкем менің бұл шешіміме қуана қойған жоқ, сенің бола
шағың бізде емес, білімде деп ренішін білдірді. Отбасымды
ата-анамның жанында қалдырып, енді облыс төңірегінен жұмыс
іздеуге кірістім. Бармаған жерім, кірмеген есігім қалмады десем
артық болмас. Ғылым кандидаты қандай мақсатпен қарапа
йым жұмыс сұрайды деп күдікпен қараушылар көптеп кездесті,
себебін айтқанмен, сендіру қиын болды. Ол заманда ғылыми
дәрежеге ие болып, Алматыда өмір сүру әркімнің мақсаты,
арманы болатын. Екі айдай уақыт өтті, жұмыс табылар емес,
әрі маған ата-анамды қолға алу үшін баспана да керек. Осы
екі мәселені бірдей шешудің мүмкіндігі болмауға айналды.
Сондай кезде Шымкент қаласында жаңадан Республикалық
ғылыми-өндірістік бірлестік құрылыпты, әртүрлі сала бойын
ша мамандар іздеп жатыр екен деген хабар естідім. Тәуекел
деп облыс орталығына келіп, бірлестіктің бас директорына
жолығуға жазылдым.
Мәлім болғанындай, Шымкенттегі Қазақ ғылыми-зерттеу
қаракөл институтының негізінде республикалық ғылыми бір
лестік құрылған, оның құрамына институтпен бірге оңтүстік
облыстардағы көптеген асыл тұқымды шаруашылықтар кірген.
Бірлестіктің бас директоры болып Қалмыкиядан жіберілген
Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, ғылым докторы Хисмедулла
Искахұлы Үкібаев тағайындалған, ал ол кісінің орынбасарлары
болып аса көрнекті мемлекет қайраткері Жұмабай Тәшенов
пен тәжірибелі шаруашылық басшысы Исабек Мырзахметов
бекітілген.
Бірлестіктің бас директоры Х. Үкібаев мені жылы шырай
мен қарсы алып, сөзімді бөлмей, келген мақсатымды сабыр
мен толық тыңдады. Мен ата-анамның жағдайын айта келіп,
Эксперименталды биология институтында генетика саласы
бойынша маманданудан өткенімді, енді оның ішіндегі жаңа
бағыт — иммуногенетика бойынша жұмыс жүргізуге де дайын
екендігімді жеткіздім.
Сұрақтар бере отырып, өзінің де қызметіне жаңа кіріскенін,
бірлестіктің ғылыми саласын заман талабына сай дамытуды
қолға алатынын жеткізе келе, маған әзірше аға ғылыми қыз
меткер болып орналасуымды ұсынды. «Екі-үш ай көлемінде
иммуногенетика лабораториясын ашамыз, соған басшы бо
ласыз, үймен қамтамасыз етуді де қарастырамыз», — деді.
Бұл мен күтпеген қуанышты жағдай еді, сеніміне алғысымды
айтып, бүгіннен бастап жұмысқа кірісуге дайын екендігімді
білдірдім. Хисмет Искахұлы телефон арқылы хабарласып,
орынбасары Исабек Мырзахметовті шақырды. Мені ол кісімен
бірлестіктің жаңа қызметкері ретінде таныстырып, маған ал
дағы жұмысым туралы бағыт-бағдар беруді тапсырды. Исабек
Мырзахметұлының кабинетіне келген соң жақынырақ таныса
бастадық. Ол кісі көп жылдар Созақ ауданында шаруашылық
басқарған, ғылым кандидаты. Сұрастыра келе, ғылыми жұмы
сын ертеректе мен қызмет еткен Эксперименталды биология
институтында жүргізген екен әрі ғылыми жетекшісі де институт
директоры академик Фазыл Мухамедгалиев болған, менің
таныстарымды, әріптестерімді жақсы біледі екен.
Осы жағдайлар арамызда шынайы түсіністік пен ерекше
сенім орнатты. Ал ата-анамның жағдайынан хабардар болған
нан кейін өзінің де ата-анасы қолында екенін, сол себептен
менің жағдайымды терең түсінетінін жеткізді. Екеуміз де ата-
ананың жалғыз тірегі болғандықтан, енді ағалы-інілі болып
сыйласайық, бірімізге-біріміз тілектес, демеу, сүйеніш болайық
деп бар көңілін, ашық жүрегін маған жайып салды. Мені қолым
нан жетектеп апарып, қазақ ұлтының сыйлы ағасы, жанашыры,
аты аңызға айналған Жұмабай Тәшеновпен таныстырды, ол
кісі маған жаңа қызметімде абырой тілеп, батасын берді.
Көп ұзамай иммуногенетика лабораториясы ашылып, мен
меңгеруші болып тағайындалдым, жеке көлік бөлінді. Жарты
жыл өтпей төрт бөлмелі пәтерге ие болдым, ата-анамды қо
лымызға көшіріп алдық. Жолымның болғанын ата-анам ал
дындағы міндетімді, перзенттік парызымды өтеуге деген шын
ниетіме қолдау білдірген тағдырдың ісі болар деп есептедім,
соған сендім, әлі де солай ойлаймын. Сол қиын кезеңдерде
Хисмедулла Искахұлы Үкібаев, Исабек Мырзахметұлы Мырзах
метов тек басшы ғана емес, нағыз қамқор, жанашыр ағаларым
болды, болашағыма жол ашып берді.
Әкем мен анам. 1981 жыл, Шымкент
Исабек аға.
1979 жыл, Шымкент
Болашақ жұбайым Ләззатпен
студенттік кезеңде. 1969 жыл, Алматы
Италияда. 1992 жыл, Милан
Демалыста. Киото, Алтын храм, 2005 жыл
Қызым Әлиямен қысқы демалыста. 1999 жыл, Франция
Отбасыммен демалыста. 1996 жыл, Египет
Демалыста немерелермен. 2017 жыл, Вена
Демалыста. 2019 жыл, Берлин
Немерем Әмірханмен Ковент-Гарден Корольдік
опера театрында. Ақпан, 2019 жыл, Лондон
Отбасыммен. 2001 жыл, Вильнюс
Отбасыммен. 2021 жыл, Алматы
Хисмедулла Искахұлы — аса талантты ғалым, зерттеуден
жалықпайтын, шаршамайтын, алға қойған мақсатына жетпей
қоймайтын, қажыр-қайраты таусылмайтын тәлімі мол тұлға.
Қаракөл елтірісінің талай түрін ғылыми, селекциялық жол
мен шығаруға қолы жетті. Нарықтағы сұраныстың бағытын
болжай білген Х. Үкібаев, қаракөл қойын ет өндірісіне бейім
деу үшін әрі елтірінің сапасын сақтап қалу үшін, оны қазақы
қоймен будандастыра отырып, жаңа қой тұқымын шығарды,
оған арнайы мемлекеттен өнертапқыштық патент берілді. Мен
де осы авторлық топтың ішінде болып, иммуногенетикалық
зерттеулерді бірге жүргіздім. Осы жұмыс 2004 жылы еліміздің
Мемлекеттік сыйлығына ұсынылып, жеңімпаз атанды, автор
ларға Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты атағы берілді. Маған
осы атақтан өз еркіммен бас тартуға тура келді, себебі мен
сол кезеңде Қызылорда облысының әкімі едім. Менің өткен
өмір тарихымнан, ғылыми жолымнан, зерттеулерге қосқан
үлесімнен, алған авторлық патентімнен хабары жоқ Премьер-
министр «ел дұрыс түсінбейді» деген сылтаумен Мемлекет
басшысына менің өз еркіммен тізімнен шығуымды ұсынған.
Осы жағдайдан хабардар болғаннан кейін, әріптестерімнің ұзақ
жылғы еңбегіне қолдау білдіре отырып, Мемлекеттік сыйлықтан
өз өтінішіммен бас тарттым.
Бүгінде Хисмедулла Искахұлы жасы сексеннен асса да ең
бектен қол үзген жоқ, оңтүстік облыстардағы шаруашылықтар
ды тұрақты аралап, мал тұқымын асылдандыру жұмыстарына
жетекшілік жасап келеді.
Ал Исабек Мырзахметұлына келетін болсақ, ол кісінің менің
және отбасымның бүгінгі жеткен жағдайына, дәрежесіне, ор
нына қосқан үлесі орасан зор. Бірге тумасақ та аға-інідей
қарым-қатынаста, сыйластықта болдық, қуанышты күндерді,
басқа түскен қиындықты бірге өткіздік, барды да, жоқты да
бірге бөлістік. Кең далада еркіндікке үйренген ата-аналары
мыз қалаға келген соң тығыз араласып, көңілдері көтеріліп,
бір-біріне сүйеу, демеу болды.
Исекең мен Сәбилә жеңгей ерекше қонақжай отбасы еді,
төрінен қонақ, дастарқандарынан дәм үзілмейтін, ешкімді
бөліп-жармайтын, барша жұртты жақын тартып бауырлары
на басатын. Әсіресе Исабек Мырзахметұлы бала тәрбиесіне
ерекше мән беретін, білімге, еңбекке баулуға талабы қатаң
еді, өз отбасының сыйластыққа, құрметке негізделген дәстүрін
сақтап, нығайтуға ұмтылатын. Бірде кешкісін жұбайым Ләззат
екеуміз Исекеңнің үйіне ескертусіз келіп қалдық, ол заманда
бұл әбес болып көрінбейтін. Кіргенде байқасақ, төрде аппақ
дастарқан жайылып, ерекше безендірілген, сирек кездесетін,
қымбат тағамдар қойылған, аса құрметті қонақтарын күтуге
дайындалып жатқандай көрінді. Әдетте біз ондай кезде ха
бардар болатын едік, сол себептен: «Кімді күтіп отырсыздар,
дайындықтарыңызға қарағанда аса құрметті қонақ болар?» —
дедім Исекеңе күле қарап. Ол кісі де күлімсіреп: «Иә, рас, ба
ламыз Асқар Мәскеуден оқуынан келе жатыр, соған арналған
дастарқан бұл», — деді. «Неге соншалықты безендірілген, бай
дастарқан жайып отырсыз балаңызға», — дегенімде, «Бұл да
бір отбасымыздың дәстүрі болсын, ертең әрқайсысы өз өмір
жолымен кеткенде бірін-бірі осылай құрметпен қарсы алса екен
деген мақсат бізде», — деп жауап берген еді Исекең. Исекең
мен Сәбилә жеңгей бізге осындай тәлім-тәрбиелік жолды көп
көрсетті, үлгі болды.
1983 жыл біздің отбасымыз үшін аса ауыр жыл болды,
маусым айының 24‑де анам, қыркүйек айының 30‑да әкем
қайтыс болды. Анамның ауруы созбалы болып көп қиналды,
бірақ мінезі аса ұстамды, өзі жігерлі адам болғандықтан, сыр
білдірмеді, шыдамдылық танытып, басына түскен ауырлықты
үндемей көтерді. Жүрегінде иман, сенім болғандықтан, тағ
дырына ризашылықпен қарап, өмірінің соңында да жүзінде
ешбір қобалжу, абыржу болған жоқ. 23 маусымда кіші қызымыз
Әлияның бір жасқа толғанына байланысты тұсауын өзі кесті,
дастарқан басында бірге отырып, отбасымызбен тойладық.
Сол күннің кешінде анам мені қасына шақырып, қоштасу сөзін
айта бастады.
Жастайынан қуғын-сүргінді басынан көп өткергенін, әкесі
Биқожаның дүние-малы тәркіленіп, аштыққа ұшырағандарын,
ағаларынан қалай айырылғанын көкірегі қарс айырыла оты
рып жеткізді. Енді заман түзеліп, балаларының ержеткеніне,
білім алғанына, қызмет істеп жүргеніне риза екенін айтты.
«Менің көңілім орнында, сендердің болашақтарыңа алаңда
маймын, өйткені бәрі жақсы болатынына сенімдімін, маған оны
бір тылсым күш сездіріп тұрғандай. Қарындастарыңа қамқор
боларсың, айналайын, балам», — деді. Босаған көңілімді көр
сетпей: «Апа, жағдайыңыз жақсарып келеді, уайымдамаңыз,
әлі талай қызықшылығымызды бірге көресіз», — деп анамды
құшақтадым…
Ертесіне түстен кейін сағат үштер шамасында қиналмай,
ұйықтап кеткен адам сияқты өмірден өтіп кетті. Осы отбасым
үшін орны толмас қаза, әсіресе әкеме өте ауыр тиді. Бір апта
өтпей жатып, жағдайы ауырлай бастады, ас ішуі азайды, ор
нынан тұрмай, төсек тартып жатып қалды.
Анам мен әкемнің тағдыры ұқсас болғандықтан, екеуі де
небір қиыншылықты бастарынан өткергендіктен, арақатынасы
ерекше жылы, сыйлы болатын, бірінсіз-бірі шай ішпейтін, екеуі
қатар отырғанда әңгімелері таусылмайтын. Осы бір көрініс
қаншама жылдар өтсе де, әлі көз алдымда, әрдайым сағы
нышпен еске аламын.
Көп ұзамай әкем 1983 жылы 30 қыркүйекте қайтыс болды.
Өздерінің өтініштері бойынша ата-анамды Түркістан қаласынан
30 шақырым жердегі Балтакөл елді мекеніне жерледік. Кейін,
Тәуелсіздіктің алғашқы жылдары ел тарап кетпесін деп осы
ауылда мешіт салынды, егіске арналып канал қазылды, орта
мектеп күрделі жөндеуден өтті, осылайша қолымнан келгенін
жасауға тырыстым...
1988 жылы Алматыда жаңадан Республикалық ғылыми-
өндірістік бірлестік құрылып, оның құрамына елдегі барлық жүн
өңдеу, қаракөл өңдеу фабрикалары, осы бағыттағы ғылыми-
зерттеу институттары мен әр облыстағы бөлімшелер, асыл
тұқымды ірі шаруашылықтар кірді. Төраға болып ғылым док
торы, академик Көпмағамбет Елемесов, ал бірінші орынба
сары болып Исабек Мырзахметов тағайындалды. Бір-екі апта
өткеннен кейін Исабек аға Алматыдан оралып, маған: «Енді
Алматыда бірге қызмет істейтін боламыз, министрлікпен, жаңа
ұжымның басшысы К. Елемесовпен келістім, сен жаңа бір
лестікте Төрағаның орынбасары боласың, ғылым саласын
басқарасың. Ертең жолға шығамыз, басшылардың алдынан
сынақтан өтесің, дайындал», — деді. Шынында да, солай бол
ды. Ауыл шаруашылығы министрінің орынбасары Айып Қи
санұлы Құсайынов пен жаңа бірлестіктің төрағасы Көпмағамбет
Елемесов жеке-жеке қабылдап, мен айналысатын, жетекшілік
ететін сала бойынша әңгіме өткізді, ой-пікірімді тыңдады, жаңа
қызметіме келісімдерін беріп, табыс тіледі.
Осылайша араға он жыл салып жастық шақтың ең қызықты
кезеңдері өткен, бірақ тастап кетуге мәжбүр болған, бүкіл қа
зақтың арман қаласы — Алматыға қайта оралдық. Көп уақыт
өтпей қаланың ортасындағы «Самал» шағын ауданынан төрт
бөлмелі пәтер бөлінді, ресми тіркеліп, қала тұрғынына ай
налдық.
Исабек Мырзахметұлы бірлестік төрағасының өндіріс сала
сы бойынша бірінші орынбасары болғандықтан, тыным тап
пайтын, өңірлерге іссапардан қолы босамайтын, демалуға
уақыты болмайтын. Сол кезеңдерде жүрегі сыр беріп жүрді,
кейде дәрі ішпесе қиналып қалатын. «Клиникаға жатып емделіп
алсаңыз дұрыс болар еді», — дегеніме: «Жаңадан жұмысқа
келіп жатырмыз, ыңғайсыз болар, шамалы шыдай тұрайын,
барлық құрылымдарды бір аралап, танысып шыққан соң ем
алармын», — деп ақталатын.
Сондай бір іссапардан Алматыға қайтып келе жатқанда,
1988 жылы 14 желтоқсанда Исабек аға ұшақта қайтыс болды,
күтпеген жерден осындай ауыр қайғыға душар болдық. Тағдыр
дың жазуына амал бар ма, бүкіл ел болып, оңтүстіктегі ағайын,
дос-бауырлар қайғыға ортақтасып, Исекеңді Шымкентке, өзінің
туып-өскен, қызмет атқарған еліне, жеріне әкеліп жерледік.
Бірге тумасақ та туғандай болған, бар көмегі мен қамқорлығын
аямаған, болашағыма тек тілекші ғана емес, сара жол салып
берген ағадан осылай айырылдық.
Содан бері отыз жылдан астам уақыт өтіпті. Исекеңнің өзі
өмірде болмағанмен, Сәбилә жеңгей аман-есен, отбасының
темірқазығы, тірегі, қамқоры болып, отын өшірмей, өмірін
жалғастырып келеді. Исекеңнен өрбіген балалар, ұрпақтары
Асқар, Алтай, Абылай мен Шолпан әке жолын қуып, елге, ұлтқа
сыйлы, үлгі тұтатын азаматтарға айналды. Асқар Премьер-
министрдің орынбасары, Ауыл шаруашылығы министрі,
Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл облыстарының әкімі қызметтерін
атқарды, Мемлекеттік сыйлыққа ие болды. Алтай үлкен кәсіп
керлікті игеріп отыр. Абылай бұрын темір жол саласын, транс
порт министрлігін басқарса, қазір «Атамекен» Ұлттық кәсіп
керлер палатасына жетекшілік етеді. Шолпан әке ақылымен
дәрігер мамандығын алып, қазір Шымкенттегі диагностикалық
клиниканы басқарады. Ұл-қыздарының жеткен жетістігінен
Исекеңнің бала тәрбиесіне аса зор мән бергенінің маңызын,
мәнісін байқайсыз, әкелік қамқорлығына риза боласыз.
Исекеңмен арамыздағы ағалы-інілі қатынас ол кісінің ұр
пақтарымен де жалғасын тауып келеді. Асқар Исабекұлы Мыр
захметов Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі болып тұрғанда,
менің өтінішіммен тозығы жетіп, тұрғындары тарауға айналған,
ата-анамның мәңгілік мекені — Балтакөл мен аудан орталығы
на қатынайтын асфальт жолды қалпына келтірді, ауылда ауру
хана мен балабақша іске қосылды. Ең маңыздысы, жергілікті
тұрғындарға арман болған Түркістан қаласына қатынайтын
жолға — Сырдария өзеніне тұрақты көпір салынды. Бүгінде
осы елді мекен облыс орталығының Түркістанға орналасуы
на байланысты тоғыз жолдың торабына, тұрмысқа ыңғайлы,
егін мен мал шаруашылығына қолайлы, барлық әлеуметтік
инфрақұрылымы шешілген ауылға айналды.
Әңгіменің желісіне қайта оралайық. Ғылыми-өндірістік бір
лестіктің төрағасы, академик Көпмағамбет Елемесов тек ғалым
ғана емес, көп жыл бойы өндірісті басқарған білікті басшы
болатын, үнемі жастарды қолдаудан жалықпайтын. Қызметке
алғаш кіріскен күндері маған: «Әй, бала, заманның қайда бара
жатқанын байқайсың ба? Нарыққа бейімделу керек, ол үшін
көп оқу керек, ағылшын тілін игеруің керек. Саған тапсырма,
түске дейін қызметте бол, түстен кейін біліміңді жетілдір, ағыл
шын тілі курсына бар. Шет елдерге де мүмкіндік болса жіберіп
тұрамын», — деді.
«Әй, бала» деп сөйлейтін Көбекеңнің өзіне тән және де
жарасып тұратын әдеті еді, оған біз ренжімейтінбіз. Қазір де
сол әдетінен айныған емес, жасы сексеннен асса да, Аста
нада Ауыл шаруашылығы министрлігі жанындағы өндірістік
ассоциацияны басқарады.
Көпмағамбет Елемесұлының тапсырмасымен күнделікті
жұмыстан кейін білімімді көтерумен, арнайы курста ағылшын
тілін үйренумен айналыстым. Республикалық сауда-өндірістік
палатасының басшысы, кейіннен тәуелсіздік жылдары Еуро
одақта, Брюссельде елші болған Әуесхан Қырбасовпен таны
сып, Кеңес Одағының шетелдерде тұрақты ұйымдастыратын
көрмелеріне қатыса бастадым, Лондонда, Дижонда (Франция),
Эдмонтонда (Канада) өткен көрмелерде 20–30 күннен жұмыс
жасадым.
Негізінде алғаш рет шетелге 1989 жылы қараша айында
жолым түсті. Көпмағамбет Елемесұлы бас болып бір топ бір
лестік қызметкерлері, өңдіріс басшылары Ұлыбританияның
Конвентри қаласындағы политехникалық институтта нарық,
маркетинг туралы бір айлық семинарға баруға жолға шықтық.
Семинарды ұйымдастырушы әрі аудармашы Еркін Жекенұлы
Қалиев — ол кезде жап-жас жігіт, еліміздегі алғашқы кәсіпкер
лердің бірі. Тәуелсіздік кезеңінде Еркін Қалиев үлкен бизнесті
игеріп, Көлік министрі қызметінде болды, қазір де кәсіпкерлік
саласында табысты еңбек етіп жүр. Менің гольфтағы әріптесім,
бір команда болып, иықтасып, бірнеше турнирде жеңіске жеттік.
Сонымен, Мәскеуден Лондонға ұшып келіп, автобусқа мінген
біз Ковентри қаласына бет алдық. Жан-жағымызға көз салып,
тамашалау үшін жүргізушіден әдейілеп Лондонның ортасымен
жүруін өтіндік. Тарих пен жаңа дәуір тоғысқан Лондонның сәу
летіне таңғалып қараймыз, көшелердің екі жағында жарқ-жұрқ
еткен түрлі түсті жарнамалар, бізде жетіспейтін заттарға толы
дүкендер, тап-таза әдемі көліктер, екі қабатты қызыл автобус
тар, көне тарихи ғимараттар бізге ертегінің ортасында жүр
гендей әсер берді, көзіміз көріп тұрса да сене алар емеспіз.
Орта жасқа келіп қалған біздің санамызға коммунистік идео
логияның, кеңестік насихаттың «іріп-шіріп жатқан капитализм»,
«жаппай жұмыссыздық», «көшеде жатқан кедей адамдар»,
«наркомандар» және сол сияқты кілең сорақы сөздері терең
сіңіп кеткен еді. Ал мына көргеніміз мүлде бөлек әлем, өзгеше
тіршілік, өмір. Сонда ғана кеңестік жүйенің біздің санамызды
әбден улап, жалған ақпарат беріп, сендіргенін, шетел атаулыға
баруға, көруге қызықпайтын жағдайға жеткізгенін түсіндік.
Ковентриде бір ай болып, арнайы семинарға қатыстық,
күніне 7–8 сағат дәріс тыңдаймыз, білмегенімізді сұраймыз,
ой-пікірімізбен бөлісеміз. Өйткені бізге бәрі тосын, бәрі жаңа
лық еді. Лондонға да бірнеше рет барып келдік, атақты му
зейлерді араладық, көрдік, У. Шекспирдің туған мекенінде
болып, музей-үйін тамашаладық, бәрінен ғажап әсер алдық.
Тұңғыш шетелдік сапарымыздан осындай ерекше көңілмен
елге оралған едік.
Көп ұзамай Кеңес Одағы ыдырап кетті, Қазақстан тәуел
сіздігін алды. Әсіресе осы тұста елдегі экономикалық жағдай
аса күрделене түсті, Мәскеу шетелдік валютамен бөліспейтін
болды, керекті, күнделікті қажетті импорттық тауарлар келуін
тоқтатты. Осындай жағдайда Үкімет сыртқы саудамен айна
лысатын бірнеше компания құруды қолға алды. Агроөнеркәсіп
саласы бойынша «Қазагросыртқысауда» компаниясы құрылды,
мен осы құрылымға басшы болып тағайындалдым. Осылайша
менің өмірімнің ең бір күрделі де қарбалас, қиыншылықтарға,
жауапкершілікке толы кезеңі басталды. Ол енді басқа тарих,
бөлек бір әңгіме…
Кезінде баспанаға зәру болып, қимай қоштасқан Алматы
енді қазір туған мекенімдей болып, көңілімде, өмірімде ерекше
орын алады. Өйткені жастық шақтың мағыналы, қызықты кезең
дері осында өтті. Отбасымның тамыры да осында жайылды,
өрісімді кеңейткен, тіреу, сүйеу болған ағайын, достарым да
осында, Алматыда! Бұл, әрине, тағдырдың ісі болар, дегенмен
де ол басымызға бақ болып қонған тәуелсіздіктің берген сыйы,
жемісі екені де даусыз!
БАРДЫ БАҒАЛАЙ БІЛГЕНГЕ НЕ ЖЕТСІН!
Қазақстан әлемдегі тәуелсіз елдер қатарына қосылып,
дәрежесі тең, құқығы бір, азат, дербес мемлекет болғанына
жақында отыз жыл толады. Бұл кезең — адамзат тарихындағы
өлшем үшін қас қағым уақыт. Бірақ осы бір қысқа мерзімде
қазақ ұлты ғаламат жетістікке жетті, егеменді ел болып, өз
тағдырын өзі айқындайтын дәрежеге ие болды, халықаралық
қауымдастықта беделі артты. Ядролық қарудан бас тартып,
әлемде бейбітшілік пен өзара сенімнің орныға түсуіне зор
үлес қосты. Азиядағы ортақ қауіпсіздікті қамтамасыз ететін
ұйымды құруды қолға алды, бүгінде оған 28 мемлекет мүше.
Болашақта Лиссабоннан Владивостокқа дейін біртұтас еуро
азиялық қауіпсіздік аймағын құру мақсаты тұр. Алдағы заман
талабы, қиыншылығы Ресейді де оған мүдделі ететіні сөзсіз.
Ол Қазақстанның мәңгілік тәуелсіз елдігінің кепілі болар еді
және де тарихи санамызда қалған қауіптен де арылар едік.
Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында негізі қаланған және
құрылуына Қазақстан да бастамашы болған Шанхай Ынты
мақтастық Ұйымы өңірдегі бейбітшілік пен ынтымақтастықтың,
сенімнің ұйытқысына айналды. Еуразиялық экономикалық одақ
бір келісілген әділ жүйеге, тәртіпке, мызғымайтын құқықтық
жолға түскен соң, Қазақстан кәсіпкерлеріне үлкен нарыққа жол
ашатыны, бизнесін кеңейтуге, тиімділігін арттыруға мүмкіндік
беретіні сөзсіз.
Тәуелсіздік жылдары еліміздің жеткен ең басты, маңызды
жетістігі — ол он бес мың шақырымнан асатын шекараны көрші
елдермен өзара түсіністікпен, сеніммен, ешқандай жанжалсыз,
бейбіт келіссөздермен айқындап, анықтап, арнайы құжаттарға
бірлесіп қол қойып, халықаралық құқық талабына сай заң жо
лымен бекітуі дер едім.
Міне, осылайша тарихи қысқа мерзімде Қазақстан Респуб
ликасының тәуелсіз, егеменді, дербес мемлекет ретінде негізі,
тұғыры, іргетасы толық қаланды.
Дегенменде бүгінгі күні әлемдегі халықаралық жағдай аса
күрделеніп кетті. Халықаралық құқық бұзылып, алпауыт елдер
ге тежеу болмай қалды. Олар басқа елдердің ішкі жағдайына,
ісіне тікелей араласатын болды, өз мүддесі үшін (Иракты, Си
рияны, Ливияны, Ауғанстанды мысал ретінде алсақ жеткілікті)
соғыс ашуға дайын екендіктерін де көрсетіп отыр.
Ядролық қаруы бар жетекші мемлекеттердің 1994 жылы
желтоқсан айында Будапештте қол қойған Декларациясына,
онда берілген кепілдікке қарамастан, Украина территориясы
ның тұтастығы бұзылып, Қырым түбегі Ресейдің қарамағына
өтіп кетті. Қазақстан жеріне де көз тіккендер жоқ емес.
Біріккен Ұлттар Ұйымы осындай қысымнан, агрессиядан
қорғаныс әлеуеті төмен елдерді сақтауға, оны болдырмауға
бүгінде қауқарсыз. Сонымен қатар әлемдегі қалыптасқан жаһан
дану үрдісі бәсеңдеп, көптеген мемлекеттерде ұлтшылдық бой
көтере бастады. Әлемдік саудада әр мемлекет өз мүддесін қор
ғауға көшті. Дүниежүзілік Сауда Ұйымының беделі, үйлестіруші
ролі төмендеп кетті және ортақ келісілген принциптер мен тәртіп
бұзыла бастады, санкциялық текетірестер үрдіс алды.
Ең күрделісі — әлемде қауіпсіздік деңгейі күрт төмендеді,
терроризм мен экстремизм өршіп тұр, жаппай қарулану, әсіре
се ядролық қаруды жетілдіру бәсеңсір емес, алпауыт елдер
тіпті ғарышты да, ғаламторды да осы мақсатқа пайдалануды
қолға ала бастады. Вирустық аурудың неше түрі пайда болып,
жалпы адамзат баласына қауіп туғызуда.
Әлемдегі қалыптасып отырған осындай жағдайда қазақ
елінің тәуелсіздігін, егемендігін, жерінің тұтастығын сақтау, оны
нығайту — біздердің, қазақстандықтардың ең басты ұлттық
идеясы, мақсаты, борышы, жауапкершілігі екендігі даусыз.
Дербес сыртқы саясат ұстанып, көрші елдермен достық қарым-
қатынасты, ынтымақтастықты нығайтып, еліміздің жарқын
болашағы үшін жас та, кәрі де аянбай еңбек етуіміз міндет.
Сонда ғана тәуелсіздігіміз тұғырлы болады, еліміздің азат
тығын, егемендігін сақтай аламыз.
Қазіргі көптеген елдердегі тұрақсыздық пен қарулы қақтығыс
тар, соғыс зардаптарына байланысты сол мемлекеттердің
халқының басына түскен қайғы-қасіреттері біздің әрдайым
есімізде болғаны дұрыс. Қазақстандағы ішкі тұрақтылықты,
бейбіт өмірді, этнос және дінаралық түсіністікті, сыйластықты
бағалауға тиіспіз. Осы ел бірлігі мен ынтымағы — еліміздің,
ұрпағымыздың жарқын болашағының кепілі. Экономикадағы,
әлеуметтік саладағы, тұрмыстағы қиыншылықтар, кемшіліктер,
әділетсіздіктер бүгін болмаса ертең түзеледі, шешіледі, бәрі
шындықтың, ашықтықтың, әділдіктің тура жолына түседі. Ол
қоғамның дамуындағы бұлжымас ақиқат, заңдылық. Өткен
қоғамнан мирас болып қалған ел байлығы аз ғана топтың қо
лына өтіп кетсе, ол мүмкін бейбіт жолмен келген тәуелсіздікке
төлеген құнымыз болар, кім білсін...
Әрине, осы ретте байлықтың кімнің қолында болғаны, оның
толығымен елге, халыққа қызмет етуі аса маңызды. Ұлттық
құндылықтарды бойына сіңірген, қанымен, жанымен, кіндігімен
туған еліне, жеріне байланған, оны шексіз сүйетін, ұрпағының
болашағын Қазақстанмен байланыстыратын азамат қолында
бар байлығын өз отбасымен қатар елінің, ұлтының игілігіне
жұмсайтыны сөзсіз. Елдің бүгінгі байлығына болмаса да, ертең
гі байлығына сондай жандар ие болар деген үміт бар. Өйткені
елімізде экономикалық тәуелсіздік болмаса, саяси тәуелсіздік
те баянды, тұғырлы болмайды. Оған жетудің басты жолы —
жаппай шетелдік инвестицияны тарту емес, ішкі қаржылай
мүмкіндіктерді толық пайдалану, ұлттық бизнесті қолдау, өсіру,
қорғау, ел мен жер байлығын отандық кәсіпкерлердің қолы
на шоғырландыру, иесі ету. Ол — елдегі өзара сенімнің, ішкі
ҚР Президенті Қ. К. Тоқаевпен кездесу. Қазан, 2020 жыл
тұрақтылықтың негізгі кепілі, кілті. Алдағы заманда солай бо
латынына кәміл сенемін. Бабаларымыздан мұра болып қалған
ұлан-ғайыр жеріміз, оның қойнауы әлі де көптеген бағалы
байлыққа, қазынаға толы екені сөзсіз.
Ұрпағымызға осы мақсатқа жетуінің сара жолы — ол зама
науи терең білім мен ілімді игеруі, тұрақты ізденісте болуы,
Отанға деген сүйіспеншілігі, өз ұлтының тарихын, дәстүрін,
мәдениетін, тілін, дінін білуі, қастерлеуі, дамытуы.
Олай болса тағдыр енді бізді осы тәуелсіздігімізден, бірлі
гімізден, ынтымағымыздан, бүгінгі бейбіт те азат өмірімізден
айырмасын! «Барыңды бағаламасаң, бағыңнан айырыласың»
деген бабалар сөзін ешқашан да ұмытпайық!
Икрам АДЫРБЕКОВ.
Алматы қаласы,
қыркүйек, 2021 жыл
МАЗМҰНЫ Қуаныш Сұлтанов. Мәмілегерлік жолында......................................3 Тәуелсіз Қазақстан. Дипломатиядағы алғашқы қадам.................. 12 Пекин Олимпиадасы кезіндегі тарихи кездесу............................... 22 Екі ел шекарасының іргетасын қалаған достық.............................. 32 Шынайы көңілді қимастан созылған сапар..................................... 40 Малай ұлтының көшбасшысы Мохаммад Махатхирдің саяси жолы мен ұстанымы............................................................... 69 Малайзияның жемісті реформалары.............................................. 92 М. Махатхирдің малай халқын кедейшіліктен шығарып, байыту саясаты...............................................................................107 Малайзияның малай тілінің мәртебесін көтерудегі тәжірибесі........................................................................................112 Малайзия — гольфтың екінші отаны.............................................126 Испанияға алғашқы мемлекеттік сапар........................................137 Жаңа астанаға көшу тарихынан бір дерек....................................145 Сыртқы саудадағы мемлекеттік монополия кезеңі......................154 Сол бір өкініш сезім….....................................................................161 Аспан асты еліндегі қызмет............................................................168 Әлемдік қаржы дағдарысы және Қытай........................................177 Австралияға сәтсіз сапар...............................................................218 Шалғай аралдағы ерекше дауыс...................................................224 Сенім мен сыйластыққа толы жылдар..........................................238 Арман-мұратыма жеткізген қала....................................................257 Барды бағалай білгенге не жетсін!................................................275
Редакторы Айдана Сыдықбай
Көркемдеуші редакторы Жеңіс Қазанқапов
Техникалық редакторы Эльмира Заманбек
Беттеген Ақмарал Кадикенова
«Фолиант» баспасы.
010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Ш. Айманов к., 13.
«Регис-СТ Полиграф» баспаханасында басылды.
010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Ш. Айманов к., 13.
Басуға 12.09.2021 қол қойылды.
Пішімі 60 × 90 1/16. Қағазы борлы. Офсеттік басылыс.
Шартты баспа табағы 17,5.
Тапсырыс №233. Таралымы 3000 дана.
Икрам Адырбеков
Пікірлер (0)
Пікір жазу үшін аккаунтқа кіріңіз. Кіру