TELEGEI

Home

Абылай ханның арманы

Думан Рамазан

Оқылуы: 0%

Жазылымсыз режим: 20-беттен кейін жазылым беті ашылады, әрі қарай әр 10 бет сайын (ең көбі 5 рет).

20 px
1.85
0.30 px
0.95 em

Абылай ханның арманы

Белгілі жазушы-драматург, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері Думан Рамазанның бұл жаңа жинағына пьесалары мен аудармала ры, әдеби сын мақалалары мен жолжазбалары топтастырылған. Қарымды қаламгердің «Абылай ханның арманы», «Кенесары – Күнімжан », «Бала Қазыбек» сынды пьесалары, Харуки Мураками, Уильям Сароян, Әзиз Несин, Марио Варгас Льоса, Леонид Владимирский секілді әлемге әйгілі көркемсөз шеберлерінен жасағ

ІSBN 978-601-7568-88-7 © Рамазан Д., 2014 © «Фолиант» баспасы, 2014 Рамазан Д. Абылай ханның арманы. Пьесалар, аудармалар, жолжазбалар. – Астана: Фолиант, 2014. — 320 бет. ІSBN 978-601-7568-88-7 Белгілі жазушы-драматург, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері Думан Рамазанның бұл жаңа жинағына пьесалары мен аудармала­ ры, әдеби сын мақалалары мен жолжазбалары топтастырылған. Қарымды қаламгердің «Абылай ханның арманы», «Кенесары – Кү­ німжан», «Бала Қазыбек» сынды пьесалары, Харуки Мураками, Уильям Сароян, Әзиз Несин, Марио Варгас Льоса, Леонид Владимирский секілді әлемге әйгілі көркемсөз шеберлерінен жасаған аудармалары, Ғалым Жай­ лыбай, Маралтай Райымбекұлы тәрізді айтулы ақындар жөніндегі әдеби мақалалары мен Моңғолия және Ресейдегі қандас ағайындар өмірінен сыр шертетін жолсапар жазбалары айтар ойының айшықтығымен, теңіздей телегей мән-мазмұнымен, ішіне бүккен құпия-сырымен һәм са­ малдай ескен жаңашылдығымен ерекшеленеді. Аталмыш шығармалар оқырман қауымның таным-түсінігі мен ойөрісін өсіріп, көңіл көкжиегін кеңейте түсері анық. Р 19 УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Р 19 Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі «Әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару» бағдарламасы бойынша жарық көрді

Бұл еңбегімді жарық жалғанның есігін ашқан күннен бастап
мейірім мен жан шуағына шомылтып, аналық ақ махаббатына
бөлеп өсірген аяулы анам Үмітхан Райбайқызына арнаймын...
Автор

АЯУЛЫ АНАМА ЕСКЕРТКІШ немесе СӨЗ БАСЫ Мына жарық жалғанда жер басып жүрген жұмыр басты пендеге анасынан, ал анаға тас емшегін жібіткен перзентінен артық не бар дейсіз?! Анасын қадірлеп-қастерлемейтін бала, ал перзентін жақсы көрмейтін ана жоқ шығар, сірә!.. Сол аналардың бірі менің шешем – Үмітхан Райбайқызы да, көп перзенттің бірі – менмін. Біз – балалары шешемізді жастайымыздан «апай» деп өстік. Жүзін әжім торлап, басын ақ қырау шалса да, әлі күнге дейін сол бала кездегідей «апай» деп атаймыз. Біз бір әке, бір шешеден тоғыз ағайынды едік: төрт ұл, бес қыз. Есімізді біліп, етегімізді жапқаннан бері бір шаңырақтың астында Рамазан атамыз, Жұмажан әжеміз бар, әке-шешемізбен балалық шақтың бақытты бал дәуренін бастан өткіздік... Екі әке мен қос ананың аялы алақаны мен шексіз қамқорлығының арқасында ештеңеден кемдік көргеніміз жоқ. Не ішеміз, не киеміз демедік, тамағымыз тоқ, көйлегіміз көк болды... Алаңсыз асыр салдық, оқыдық-тоқыдық... Қазақы салт бойынша немерелерінің тұңғышы – Айгүл мен ұлдың үлкені – мені ата-әжем бауырларына салып, басы бүтін иемденіп алған. Содан үлкен кісілерден именгендіктен бе, анамызды «апай» деп атап кетіппіз. «Шеше» немесе сол кездегі дәстүр бойынша «мама» деп сызылып тұруға үлкен кісілер де қарсы болғанға ұқсайды. Бізден біреу-міреу «Кімнің баласысың?» деп сұраса, көп нәрсенің байыбына бара бермейтін бала болсақ та, біреу үйретіп қойғандай «Атам мен әжемнің баласымын!» деп тақ ете қалар едік. Міне, сондықтан да болар жарық жалғанның нұрлы шуағын сыйлаған анамызды «апай»

деп өстік. Оның үстіне шешеміз саналы ғұмырын мұғалімдік қызмет­ ке арнаған бақытты ұстаз. Ал жалпақ жұрттың мұғалиманы «апай» деп атайтыны тағы аян. Шешеміз ата-анадан жастай айрылып, ерте жетім атаныпты. Бес жасқа келер-келместе алдымен анасы баладан, араға алты айдай салып әкесі сүзектен қайтыс болыпты. Әкесі Райбай ақсақал елге сыйлы, жұртқа жұғымды, айналасына абыройлы, еті тірі адам болыпты, мыңбасылыққа дейін көтеріліп, аты озып, атағы шығып, дәурені жүріп тұрған екен. Бір кемдігі, алғашқы екі әйелінен бала болмапты, үшінші Жабағы апамыздан бір қыз сүйіпті. Содан төртін­ші жастай алған жан жары Күлпаш анамыздан Нұрғазы, Рахмет, Сәмет, Айтқа­зы есімді төрт ұл, менің шешем – Үмітхан, Изәкүл, Гүлжанат атты үш қыз көріпті. Рахмет, Гүлжанат, Изәкүл, Айт­ қазылардың өмірлері ұзақ болмапты, жастай қыршын кетіпті. «Ата-анамыз қайтыс болғанда үлкеніміз – Нұрғазы ағамыз он үш жаста екен. Қазақ он үште отау иесі деп тегін айтпаса керек, бізді жете­ леп жүріп жеткізді ғой. Несін айтасың, тағдырдың басқа салған тауқы­ ме­тін жастайымыздан тартудай-ақ тарттық... Нағашыларымыздың қолында болдық, жетімдік дегенді қойсаңшы, әркімнің босағасын бір сағаладық... – дейді анамыз сол бір ауыр күндерді есіне алып. – Содан мектеп жасына іліккеннен кейін интернат үйімізге айналды. Ішер ас пен киер киімнен кемдік көріп жүрсек те, сабақты жақсы оқыдық. Оқу-білімге құштар болдық, талабымыз таудай еді...» Нұрғазы ағамыз былтыр сексенге қараған шағында дүние салды. Бір құрсақтан қазір Сәмет ағамыз бен менің шешем екеуі ғана қалды. Алматыда тұрады. Бала-шағаларының ортасында бақуатты өмір сүріп жатыр. Сөйтіп жүріп орта мектепті үздік, одан педучилищені қызыл дипломмен бітіреді. Содан зейнетке шыққанға дейін орта мектепте оқытушы болды. Алдынан қаншама талапкер жас жеткіншек білім нәрімен сусындап шықты. Өзіміздің де алғашқы ұстазымыз анамыз болғанын сол кезде де мақтан тұтатынбыз, әлі де сол ой-сезімнен арыла қойған жоқпыз.

1964 жылы дәм-тұздары жарасып, әкеміз Әмірғалимен бас қосып, жеке отау тігіп, шаңырақтың уығын қадайды. Сол киелі шаңырақ­ тың астында біз дүние есігін ашып, қызық-қуаныш, той-томалақтар кезегімен жалғасып, өмір-өзен өз арнасымен бірқалыпты ағып жатты... Біз ұзақ жыл сол кездегі Семей облысы, Абай ауданы, «Қызыл ту» кеңшары, «Социалистік Қазақстан» фермасында тұрдық. Тау қойнауындағы қырық үйлі ғана алақандай ауыл еді. Ынтымағы жарасқан, береке-бірлігі ұйысқан, адамдары ақжарқын, қонақжай, сауықшыл ауыл болатын. Анамыз ауылға өте сыйлы келін болды. Ауыл адамдары қатты сыйлайтын, құрметтейтін. Айтқан сөзін жерге тастамайтын. Өзінің сабырлы мінез-құлқы мен салиқалы ақыл-парасатының арқасында ауыл тұрғындарының құрмет-қошеметіне бөленді, алғысын алды. Ба­ ла болсақ та біз оны жақсы білетінбіз, жан-жүрегімізбен сезетін­біз, соншалықты абырой-беделін мақтан тұтатынбыз. Мерейіміз өсіп, көңіліміз көлдей тасып қалатын. Тіпті ауылдың кейбір басбұзар те­лі-тентектерінің өзі анамызды көргенде жүндері жығылып, жуа­ сып шыға келетін, моп-момақан монтима күйге түсетін. «Мұғалім» деп қыздай сызыла қалатын. Тіпті күйеулері сабаған келіншектер­ ге дейін біздің үйге келіп паналайтын, арттарынан әкіреңдеп қуып келген маскүнем байлары анамызды көргенде жынын алдырған бақсыдай жуасып, естерін тез жиып алатын. Теңселіп, ықылық атып тұрса да: «Апай, кешіріңіз, екінші қол көтермеймін!» – деп жалынып-жалпайып, әйелдерін уәдемен ғана алып кететін. Ал сол қашқын келіншектерге де анамыз өз ақыл-кеңесін айтып, бәрін де ашумен емес, ақылмен шешу керектігін ескертіп, шаңырақтарын шайқалтпауына тілектестігін білдіріп жататын. Бәрі де шешеміздің айтқанынан аспайтын. Солардың бәрі бірдей кейіннен жақсы жанұяға айналды, ешқайсысы да шаңырақтарын шайқалтқан жоқ. Шешеміз үлкенге құрметпен, кішіге ізетпен қарайтын, және осы қасиетті бәріміздің бойымызға сіңіре білді. Ешкімді бөліпжармайтын, кісі алаламайтын. Қайта қолынан келсе адам баласына көмектескісі, жәрдем қолын созғысы келіп тұратын. Ауылда Тоқан

мен Хауа есімді ерлі-зайыпты қариялар өмір сүрді, жандары жәннат­ та болғыр марқұмдар басқа зар еді, перзенттері жоқ болатын. Хауа анамыз бір қолы тартылып қалған кемтар, мүсәпір жан еді. Үйінен иіс-қоңыс арылмайтын, шашылып жататын, ыдыс-аяғы жуылмай тұратын. Апайым ылғи да бізді «Қолдарыңа кір жұғып қалмайды, барып көмектесіп жіберіңдер!» деп сол кісілерге жұмсап жіберетін. Ұлдар отындарын жарып, төсек-орындарына дейін қағып-сілкіп, ауласына дейін сыпырып-сыйырып, тап-тұйнақтай етіп қоятынбыз, қыздар бөлмелер мен ыдыс-аяқтарын жуып-шайып, кейде тіпті үйінің іші мен сыртына дейін сылап, ағартып беретін. Тоқан ата мен Хауа апамыз шын көңілдерімен риза болып, алғыстарын жауды­рып, баталарын беріп жататын. Кейіннен анамыз: «Сол кісілердің алғысы мен батасы қабыл болған шығар!» – деп еске алып отыратын. Анамыз өмірін жақсылыққа, ізгілікке, мейірім мен қайырымға құрған, ниеті түзу, пиғылы пәк, ақ-адал жан болғанын әркез мақтан етемін. Имандай шыным, Құдай куә ғой, әйел болып аузы сүйреңдеп артық ауыз әңгіме айтқанын, өсек-аяң таратқанын, айтысып-тартысқанын, ұрысып-жұлысқанын, біреуді сыртынан жа­ мандағанын, қарғап-сілегенін көрген емеспін. Өзінің сол Құдай жа­ ратқан табиғи таза қалпын, кісілік келбетін, сабырлы мінез-құлқын саф алтындай сақтап келеді. Балалыққа салынып, біреуді мазақтап күлсек, келекеге айналдырсақ, сол арада жекіп тыйып тастайтын. Ондай жаман әдеттер мен кесірлі қылықтарға жаны қас болатын. Бұл да үлкен тәлім-тәрбие екен ғой!.. Еңбекқорлығына талай адамның таң қалып, таңдай қаққанын өз құлағымызбен естідік. Ата-енеге жағу мен тоғыз баланы бағыпқағу оңай дейсіз бе, таңның атысы мен кештің батысы бір тыным таппайтын. «Ерте тұрған әйелдің ырысы артық» дегендей, қанша жай жатса да, таңғы бестерде тұрып алатын. Көршілеріміз: «Сіз осы ұйықтамайсыз-ау деймін?..» – деп әзіл-шынын араластырып қалжыңдап жататын. Істеймін деген адамға ауылдың күйбең тірлігі біте ме, таң атпай тұрса да, сиырларын сауып, оларды жайғастырып, үйді жинастырып, балалардың ішіп-жемін әзірлеймін деп жүргенде уақыт зыр ете

қалады. Содан асығыс-үсігіс жуынып-шайынып, апыл-ғұпыл киіне салып, кейде тамақ ішуге де уақыт таппастан мектепке қарай жүгіре­ ді. Білім ошағының сабақ беру мен бала тәрбиесінен өзге де көзге көрінбейтін мехнат-машақаттары жетіп-артылады емес пе?!. Мектептен үйге қайтып келісімен тағы да тамақ әзірлеу, кір жуу, балалардың сабағын қарату, өзінің кезекті дәрісіне дайындалу тәрізді қауырт жұмыстар тізбектеліп кезегімен күтіп тұрады. Оған бес сиырды сауу, олардың сүтін жөндеу, кілегей тарту, май шайқау, құрт қайнату, бауырсақ пісіру, айран ұйыту, бидай көже жасау секілді әйел адамның бітіп болмайтын қарекет-шаруаларын қосыңыз. Қолда қашанда сауын биелер болды, үйден қымыз арылмайтын. «Сонда, – дейді апайым сол бір қайта келмес шақтарын есіне алып, – соншама еңбекпен істелетін қымызды өзіміз ішсек бірсәрі ғой, ылғи да қонақтардың аузына тосатынбыз. Әрине, «қырықтың бірі – Қыдыр» деген, оған өкінуге болмас, бірақ өзіміздің неге ішпейтіні­ мізге әлі күнге дейін таң қаламын!» Күнделікті тірлігі осы. Кешқұрым сүт тартып отырып, (ол кезде сүт мәшіңкесін қолмен айналдыратын) ұйықтап кетіп, қабағын сырып, маңдайын жырып алған кездері де болды. Түннің бір уағына дейін тыным таппай үй жинастырып, іші-сыртын тазалайтын. Содан да болар, үйіміз қашанда тап-таза, жып-жинақы, көздің жауын алатын­ дай жалтырап-жайнап тұратын. Ауылдағы кісі түсетін үйлердің бірі еді. Қонақ арылмайтын, бірі кетсе, бірі келіп жататын. Олардың әрқайсысына ерекше күтім керек, тамақ істеу, шай беру оңай дейсіз бе, шаршап-шалдығатын. Адам робот емес қой, бойындағы күш-қуаты сарқылып, әбден титықтап, кей күндері төсекке мұрттай ұшып жығылатын. Басының сақинасы ұстап, балтыры сыздады, ауруы асқынып, сырқаты меңдетіп, ауруханадан бір-ақ шыққан кездері де болды. Бойын тіктеуге де шамасы келмей, елдің сүйемелдеуімен құр сүлдерін сүйретіп бойкүйездеу кейіпте үйден шығып бара жатқанда, анамыздан айырылып қаламыз ба деген қауіппен, талай мәрте көз жасымызды көл қылып, ұлардай шулап қалғанымыз есімізден шыға қойған жоқ. Бала болсақ та, соның бәрін жан-дүниемізбен түсінетінбіз,

анамыздың басындағы ауыртпалықты сезінетінбіз. Ауруханада кө­ бірек жатып қалса, қамығып, жабығып, рухани жадап-жүдеп, жақсы бір хабар күтіп елеңдеп, елегізіп, алаңдап жүретінбіз. Ал құлан таза сауығып, жазылып келгенде қуанышымыз қойнымызға сыймайтын, мәз-мәйрам болып, бір жасап қалатынбыз. Ауыл-аймақтың бәрі тегіс жиналып, біздің үйде үлкен бір мереке, той болатын. Ананың қадірі, оның орнын ешкім айырбастай алмайтыны сондай кездерде анық білініп қалатын. «Қайта қатарға қосылуым – сендердің сол көз жастарыңның ар­ қасы шығар. Әйтпесе, сол жолы тірі қаламын деп ойлаған жоқпын, – деп отыратын соңғы рет бір қатты ауырып ауруханаға түскені жайлы есіне алып. – Қаным мүлдем азайып, ақ қанға айналуға шақ қалыпты, әйтеуір бір орыстың қанын құйып, сендердің бақтарыңа орай аман қалдым ғой!..» – дейді сөзінің соңын әзілге бұрып. Анамыздың пенде болып жініккенін, желіккенін, жаныққанын, әйел болып қиқаңдағанын, қайқаңдағанын, тұштаңдағанын көр­ меппіз. Аузына арақ-шарап атаулыны алып көрген емес, тіпті жиынтойларда билемейтін де. Өзін қашанда бірқалыпты ұстайтын. Бір жылы шешеміздің туған ағасы Сәмет ағаның Берік және Ерлан есімді екі баласы қатар үйленіп, той көрігі қызып жатқан. Адамдар кезекпен сөз сөйлеп, жастарға тілек айтып жатыр. Бірақ оған көңіл қойып жатқан ешкім жоқ, біреуді біреу тыңдар емес, у-шу, азан-қа­ зан, даурықпа әңгімелер күшейіп бара жатты. Кенет асаба анамыз­ ға сөз берілгенін хабарлап еді, шуыл сап тыйылып, шыбынның ызыңы білінетіндей өлі тыныштық орнады. Тойға жиналған қауым бәрін қойып, сөзге құлақтарын түріскен. Сонда жанымда отырған бізге күйеу бала болып келетін талантты әнші Әділет Мұсаның «Ағайынның арасында анамыздың абырой-беделі сұмдық қой! Қарашы, сый-құрметі соншалықты, бәрі ауыздарын ашып, көздерін жұмып, молданың алдында отырғандай ұйып тыңдай қалыпты» деген таңданысы әлі де көз алдымнан кетер емес. Әрине, ондай кездерде «Ол біздің анамыз ғой!» деп марқайып қалатынбыз, бойымызды мақтаныш сезімі билейтін.

Өзі тыным таппайтыны өз алдына, бізге де тыным таптырмай­ тын. Жастайымыздан еңбекке баулыды. Ерте оятып алатын, таңмен таласа тұратынбыз. «Сен ананы, сен мынаны істе» деп, жеке-жеке тапсырма беріп, міндет жүктеп қоятын. Бәріміз де анамызды қатты сыйлаймыз, екінші жағынан ығатынбыз, жасқанатынбыз, әйтеуір айтқанын екі етпейміз. Ұрып-ұрыспақ түгіл, көзін алайта бір қараса болды, мысық көрген тышқандай мыштай болатынбыз. Мәселен, мені ұрып көрген емес, ұрмақ түгілі ұрсып көрсін, атам мен әжем қандай шатақ шығарады екен!.. Бірақ бәрібір ерке болмадық, шол­ жаңдамадық, зыр жүгіріп, елпек қағатынбыз. Әлі күнге дейін солай, бір ауыз сөзін жерге тастамаймыз. Тастап көр!.. Ол мүмкін де емес­тей! Анамыздың сөзі біз үшін – заң, бұлжымас бұйрық!.. «Қазақ әдебиеті» газетінде қызмет істеп жүргенде «Көкте – Құдайға, жерде – Анаға табын!» деп мақала жазып едім. Сол ойдан әлі айныған жоқ­ пын. Айнымайтын да шығармын!.. Оқу-білімге құштарлығымызды да ерте оятты. Білімді де са­ налы азамат болып өсуімізге негіз қалады, жағдай жасады, мүм­кін­ дік тудырды. Ұстаз болғандығынан болар, республикалық ба­сы­ лымдардың көпшілігін жаздырып алатын. Күн сайын үйімізге бумабума газет-журнал келіп тұратын. Біздің бала кезімізде қазіргідей жарқырап тұрған жарық жоқ. Ауылдың моторисі тым үнемшіл еді, жарықты шақтап қана жағады да, қалаған кезінде өшіріп тастайтын. Сонда да шамның жарығымен сабақ қарайтынбыз, газет-журнал оқитынбыз. Ата-анамыз қалаға барған сайын тең-тең кітап сатып әкелетін, үйдегі шкаф сөрелерінде кірпіштей қалаулы тұратын, содан да болар кітапқұмар бала боп өстік. Тіпті атамыз бен әжеміз, әкеміз бен шешеміз «Кітапты тым көп оқисың, көзіңнен айрыласың» деп ұрсып жататын. Анамыз өзіндегі жақсы қасиеттердің барлығын балаларының бойына сіңіруге тырысты. Үнемі біреудің ала жібін аттамауға, адал болуға, мейірімді, қайырымды, ізгі адам болуға үндеді, солай тәр­ биеледі. Әрине, шешеміздің ел қызығатын ізгі қасиеттерінің барлы­ ғын санап шыға алмаспыз, ең басты үйренген нәрсеміз – мықтылық. Апайымның қанша қиындық көрсе де, торыққан-жабыққан кезде­

рі болса да, мойығанын, жасығанын, осалдық танытқанын көрген емеспіз. Қандай кедергіні болсын бұзып-жарып өтуге, қандай қиындықты болсын жеңіп шығуға болатынын ескертіп, не нәрсеге болсын төзімді болуға шақыратын. Өзің мықты болсаң, ешкім де саған тосқауыл қоя алмайтынын, сындыра алмайтынын ұқтыратын. Оны сөзімен сендіріп, ісімен дәлелдейтін. «Өмірде не болмайды, жұмыр басты пенденің басына не келіп, не кетпейді!..» – деп үнемі жасыған көңілімізді көтеріп, жігерлендіріп отыратын. Біздің отбасымыз 1986 жылы ауылдан сол кездегі астанамыз – Алматыға көшіп келді. Ата-анамыз балаларының болашағын ой­ лағандықтан, осындай шешім қабылдапты. Әрине, басқа жер, бөтен орта дегендей, алғашында оңай болған жоқ. Қаланың іргесіндегі біз қоныс тепкен «Красное поле» ауылдық окургының «Қолхозшы» бөлімшесінде кілең ұйғырлар тұрады екен. Қанша жерден тілі мен діні бір туыстас халық дегенімізбен, кеңқолтық қазағымдай қайдан болсын?! Кімнен, несін жасырамыз, алғашында тізелерін батырғысы, басынғысы келген кездері де болды. Бірақ біз оларға тізгін бере қойған жоқпыз. Кейіннен олар да ел мен жердің иесі кім екенін мойын­дады, мойындамастарына амалдары қалмады. Тыныс-тіршілігіміз түзеліп, тірлігіміз қалыпқа түсіп келе жатқан тұста шаңырағымызға бір жамандық келді. Бұрыннан бір жақ аяғы жіңішкеріп, сырқаттанып жүрген әкеміз аяқ-астынан аты жаман ауруға душар болып, 1993 жылдың күзінде елу бес жасында дүниеден озды. Сөйтсек, атынан адам шошитын ауруды байқамай, сырқаты жанына батпаған соң елемей жүре берсе керек, ем қонбайтындай, әбден асқындырып алыпты. Кім әкесін ажалға қияды дейсіз, барма­ ған жеріміз, баспаған тауымыз жоқ. Жазғанның жазуына шара бар ма, ақыры айналдырған ауру алып тынды... Әжеміз сәл ертелеу дүние салған, қолымызда атамыз бар еді. Жал­ пы әжеміз атамыздан жиырма бес жас үлкен болатын. Ағасы қайтыс болып кеткен соң, балаларына жетімдіктің азабын тартқызбау үшін жеңгесін алған ғой!.. Жас кезінде балуан, көкпаршы болған күш-қуаты мол, қайтпас қайсар жан еді, сол кезде жасы сексен бесте,

атқа өзі мініп-түсіп жүретін. Баласының өлімінен кейін өмір сүру­ дің мағынасыздығын түсінді ме, теріс қарап жатып алды да, ақыры жылға жетер-жетпесте о дүниелік сапарға аттанды. Күндіз-түні ойланып, мұңданып, қайғырып, азалана бергеннен ішіне күйік түсіп кетсе керек. Екі әкемізді де жөн-жоралғысымен арулап шығарып салдық. Біз жаспыз, бәрін шешеміздің өзі атқарды. Атамызды да, әкемізді де қолынан жөнелтті. Әжеміз қайтыс болғанда біз баламыз, өлімнің қаншалықты ауыр екенін онша сезіне қоймаған едік. Ал атамыз бен әкеміз келмес сапарға аттанғанда ең жақын ардақты, аяулы адамдарыңды жоғалтудың қаншалықты ауыр болатынын жанжүрегімізбен сезіндік, түсіндік, түйсіндік... Қайғының қара бұлтын жамылдық, қара аспан көпке дейін қабағын түйіп, ашылмай, ыдырамай, төбемізде тұрып алды. Көзге жас тұнды, қабаққа кірбің ұялады, жүзімізді мұң торлады... Жастай жетім қалып, жан азабын ерте тартқан анамызды тағдыр­дың тауқыметі тағы да шырмауықтай шырмап алып, шыр айналдырды. Тоғыз баламен зілбатпан ауыртпалық арқалап жесір қалды. Үлкеніміз – Айгүл ғана тұрмыс құрған, өз жанұясымен бөлек тұрады. Ал одан кейінгіміз бір анамызға қарап қалдық. Ұлдың үлкені болғаннан кейін содан кейінгі жауапкершілік жүгі менің мойныма түсті. Әйтеуір, университетті бітірмей-ақ, Сарбас Ақтаев, Жұмабек Кенжалин сынды жаны жайсаң жанашыр ағалардың арқасында «Халық кеңесі» газетіне қызметке тұрғам. Бір тиын тапсам да, ана­ мызға әкеліп беремін. Кішкентайлар әлі жас, мектепте оқиды... Қиын күндерді бастан өткердік... Несін жасырамыз, ақша құрғыр былай тартсаң былай, олай тартсаң олай жетпейді. Сол күндерді ойласам, әлі де көңілім дауылды күнгі теңіздей толқып, көзіме мөлтілдеп ыстық жас келеді. Бірақ, анамыздың рухы мықты еді. Мо­ йымады. Ешкімге ештеңе білдірмеді, тіпті сездірген де жоқ. Әрине, жылағанмен біреу бірдеңе бере ме, балаларын асыраудың қамымен ар-ұятты белге буып ұсақ сауда жасады. Қайбір табысы мол сауда дейсіз, әйтеуір балаларын аштан өлтіріп, көштен қалдырмаудың амалы ғой! Әлі есімде, алдымен үйге сол кезде қат болған сұйық май

әкеліп сатты, тіпті арақ пен темекіге дейін саудалады. Әрине, көшеге шығып сауда жасаған жоқ, керек адамдар үйден келіп алып кетеді. Содан біртіндеп бәріміз саудаға бейімделіп, үйіміздің жанынан кішкене дүкен ашып алдық. Сөйтіп бірте-бірте жағдайымыз түзеліп, тиыннан тиын құралып, аяғымыздан тұрып, ел қатарына қосылып кеттік. Оған іні-қарындастарымның өз талаптары да көп септігін тигізді. Анамыздың еті тірілігінің арқасында бәлендей бір қиындық көр­ дік, соншалықты таршылық тарттық, әбден жадап-жүдедік деп айта алмаймын! Олай айтсам, өтірік болар. Бірақ, уақытша қиындықтар­ дың аяғымыздың астында біразға дейін кесекөлденеңдеп жатып алғаны да рас. Әлі күнге дейін анамыздың өзінің бақытын тауып кеткен Айгүл әпкемізден басқа сегіз баланы қалай киіндіріп, қалай ішіндіргеніне таң қаламын. Соның бәріне қалай жеткізген. Сондай ауыр күндердің өзінде де бір мойыған, налыған, жасыған, езілген, мүжілген кескін-кейпін көрмеппін. Қайта үнемі арқамыздан қағып, сөзімен де, ісімен де демеп, жігерлендіріп отыратын. Анамыз сөйтіп жүріп-ақ балаларының бәрін оқытты. Тоғызымыз да Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін бітіріп шықтық. Әркім өзі таңдаған мамандығына ие болды. Үлкеніміз – Айгүл екеуміз атамыз бен әкеміздің тірі кезінде оқуға түскенбіз, журналист мамандығын таңдадық, қазір жоғары оқу орнында сабақ береді, филология ғылымдарының докторы, про­ фессор. Менің маңдайыма азабы мен ғажабы мол қаламгерлік бұйырды, ал Шайгүл қарындасым тіл-әдебиет мамандығын таңдады, қазір ҚазМҰУ-дің аға оқытушысы, филология ғылымдарының кандидаты. Самал қарындасым да осы өзіміз түлеп ұшқан ордалы оқу орнында сабақ береді. Дулат бауырымыздың мамандығы – заңгер, жеке кәсіпкер. Арай мен Лаула қарындасымыз да ұстаздық мамандықтың жалынан ұстаған. Ал Ұлан мен Рауан бауырымыз­ дың бірі прокуратурада, екіншісі кеденде басшылық қызметтерде істейді. Соның бәрі ең алдымен атамыз бен әжеміздің, әкеміз бен шешеміздің арқасы, берген тәрбиелерінің жемісі. Тәлім-тәрбиеге

де көп нәрсе байланысты екенін білдік, сездік, түсіндік, ұғындық.
Анамыздың бастауымен қиындықтардың бәрін жеңіп шықтық,
қиын күндер артта қалды. Алдымыздан алтын күн арайлап атты,
жарқын болашақ күлімсіреп қарсы алды. Өз қайрат-жігеріміз бен

талап-тілегіміздің арқасында жеңістің балдай тәтті дәмін таттық,
еңбегіміздің жемісін жедік...
Шешеміз бізге қиындықпен қалай күресудің, оған қасқайып
қар­сы тұрудың озық үлгісін, ауыртпалықты қалай жеңіп шығудың

айшық­ты жолын көрсетті. Қазір анамыз кенже баласы Рауанның
қолында, Алматыда тұрып жатыр. Құдайға мың да бір шүкір, күйлі-
қуатты. Кәрілік келіп қалды ма, кейде ауырып, қорқытып қояды.
Құдай көпсінбесін, ұлын ұяға қондырып, қызын қияға ұшырған

бақытты анамыздың отызға тарта немересі бар. Әрдайым ұр­
пақтарының ортасында Құдайдың көрсеткен қызықтарының бәрін
көріп келеді. Балаларының адам қатарына қосылығанына тәубә қып,
жеткен жетістіктерін көзімен көріп, куәсі болып жүр. Анаға одан

артық қандай қуаныш, мерей, бақыт керек дейсіз!..
Астанада, жырақтау жүрсек те, әрдайым көңілге медеу тұтамыз,
арқа сүйейміз, қолымыз қалт ете қалса хабарласып, аман-саулығын
біліп тұрамыз.

«Ау, жаным!» деген бір ауыз сөзін естігенде тұла бойымыз шы­
мырлап, өзіміздің қырықтың қырқасына шыққанымызды табан
астында ұмытып, қайтадан алыста қалған бала қалпымызға еніп
кетеміз! Қанша өсіп-жетілсек те, жасымыз қанша ұлғайса да, ананың

жанында мәңгі бала болып қала береді екенсің ғой!.. Соны ұққан
сияқтымын!.. Әлі де ақыл-кеңес сұраймыз!.. Істе дегенін істейміз,
істеме дегенін істемейміз, өйткені анамыздың ешқашан қате айт­
пайтынын, қателеспейтінін білеміз! Бірақ кейінгі кездері қар­та­

йыңқырап қалды ма, әдеттегідей ақыл сұрасақ: «Енді менен несіне
ақыл сұрайсыңдар, өз ақылдарың өздеріңе жетеді емес пе, өздерің
шеше бермейсіңдер ме?!» дегенді жиі айтатын болды.
Бізді де балаларымыз «Думан аға», «Майра апай» деп атымызбен

атайды. Өйткені бәрі де өздерін апамыздың баласымыз деп санайды.

Біреу-міреу: «Кімнің баласысың?» деп сұраса, әлбетте «Әжемнің баласымын!» дейді таңдайлары тақылдап. Үлкеніміз Ернар бірінші сыныпқа барғанда мұғалімі аты мен тегін сұрап, журналына жазып алған соң: – Әкеңнің аты кім? – демей ме, сонда апасының баласы: – Апа! – дейді. Мұғалім түсінбей: – Әкеңнің аты кім деймін? – деп қайыра сұрайды, тағы да: – Апа! – деген жауап алады. Қайта-қайта сұрайды, сол бір жауапты естиді. Оқушысының «Апа» деген атты қайталай бергеніне қарап, шынымен де әкесінің аты солай болса солай шығар деген оймен мұғалім басын бір шайқапты да, журналға «Ернар Апаұлы Әмірғали» деп жазып қойыпты. Міне, менің анам осындай қадірлі, қастерлі, аяулы жан. Жер басып тірі жүргеніміздің өзі де ата-анамыздың арқасы ғой! Шұғылалы өмір мен қызық-қуанышы мол тіршіліктің шексіз бақытын сыйлаған анамызға қандай сый-құрмет көрсетсек те, тіпті алтынмен аптап, күміспен күптеп, алып ескерткіш қойсақ та еш артықтық етпес еді. Сонда да перзенттік парызымыз бен қарызымызды өтей алмасымыз анық. «Жұмақ – ананың аяғының астында» деген қанатты сөзге толық қосыламын. «Егер жұмақтың дәмін татқың келсе, анаңды қадірле, құрметте, қастерле, көңіліне қаяу түсірме, қабағына кірбің ұялатпа, жанын жаралама, күт, қызық көрсет, қуаныш сыйла» дегім келеді барша адамзат баласына. Мен қолыма қалам алып, жазушы атана бастағанымда атам да, әжем де, әкем де о дүниелік болып кетіп еді. Ол кісілердің жасаған жақсылықтары мен бойыма сіңірген ізгі қасиеттерін ешқашан ұмытпаймын. «Жылап аққан тамшылар» атты кітабымды атам мен әжемнің, «Көктамыр» атты еңбегімді әкемнің рухына арнаған болатынмын. Ал қолдарыңыздағы жаңа жинағымды анама арнап отырмын. Көркем шығарманы жаңа жазып жүрген кезімде көптеген сөздердің мәні мен мағынасын анамнан сұрап алушы едім. Тіпті қайта-қайта

сұрай берген кездерім де болған. Сондай бір шақтарда апайым:
«Қаламақыңның жартысын маған бересің ғой!» – деп әзілдейтін.
Ендеше менің шығармаларымның жазылуына да апайымның
қосқан үлесі ұшан-теңіз!.. Кейбір шығармаларымның оқиғасын

айтып берген де анам болатын. Мені жарық дүниеге осындай қадірлі
жанның әкелгеніне Жаратушы Жаппар иеме шүкіршілік қыламын,
осындай қажыр-қайраты мен ақыл-парасаты мол ардақты ананың
баласы екенімді әрқашан мақтаныш етемін!

Асыл анашым, менің Сізге берер қаламақым да, жасар жақсылы­
ғым да, тұрғызар ескерткішім де осы шығармаларым, кітаптарым.
Перзенттік ақ ниет, адал пейілмен ұсынған осы бір еңбегімді
ықыласпен қабыл алғайсыз!

Ортамызда бас болып, Құдайдың көрсеткен қызық-қуанышын
көріп, аман-есен жүре беріңізші, Апай! Жан-тәнімізбен біз соны
қалаймыз, соны тілейміз бір Алладан!..

ПЬЕСАЛАР . 2-298

АБЫЛАЙ ХАННЫҢ АРМАНЫ (Тарихи драма) ҚАТЫСУШЫЛАР: АБЫЛАЙ – хан ҚАЛДАН СЕРЕН – жоңғар қонтайшысы ТОПЫШ СҰЛУ – Абылай ханның ғашығы, Қалдан Сереннің қызы ЖОЛБАРЫС СҰЛТАН – Абылай ханның немере інісі, Барлау қызметінің басшысы ӘМІРСАНА – Қалдан Сереннің жиені, қалмақ ханзадасы, тақ мұрагері БҰҚАР ЖЫРАУ ТӨЛЕ БИ ҚАЗЫБЕК БИ ӘЙТЕКЕ БИ ҚАРАКЕРЕЙ ҚАБАНБАЙ БАТЫР ҚАНЖЫҒАЛЫ БӨГЕНБАЙ БАТЫР ШАҚШАҚ ЖӘНІБЕК БАТЫР САДЫР КӨЛБАЙ – Абылай ордасының тыңшысы, барлаушы ЖАЛБЫ – қалмақ батыры, Абылай жекпе-жекте өлтірген Ша­ рыштың бауыры КНЯЗЬ ИВАН УРАКОВ – орыс елшісі НА-ВАНГ – қытай елшісі МҮНӘСІП МӘММЕТОВ – татар, Абылай ханның хатшысы, сатқын, тыңшы ҚҰЛ КҮҢ

БІРІНШІ АКТ БІРІНШІ КӨРІНІС Жоңғар қонтайшысы Қалдан Сереннің ордасы. Төр жақта ерекше көз тартып тұрған алтын тақтың маңайында қалмақтың бексұлтандары, жақсы-жайсаңдары түрегеп тұр. Орталарында әскери киім киінген қонтайшының батыр қызы Топыш та бар. Осы кез­ де ордаға Жалбы батыр сарбаздарымен қол-аяғына кісен салынған Абылай мен Жолбарыс сұлтанды алып кіреді. Абылай мойымаған, кескін-келбетінен уайымның табы да білінбейді. Маңғазданып төр жаққа қарай оза берген Жалбы арт жағында келе жатқан Абылай­ ды кеудесінен итеріп, артқа қарай серпіп жібереді. ЖАЛБЫ. Ей, бұл саған қазақтың ордасы деп пе едің?! Өңмеңдемей, тұр осы жерде! Ендігі орның төр емес, босаға! ЖОЛБАРЫС. Әй, қара қалмақ, ханды басынатындай кім едің? ЖАЛБЫ. Асықпа, әлі-ақ білесің кім екенімді! ЖОЛБАРЫС. Баспалап келіп бас салғаныңнан-ақ біліп қалдық. ЖАЛБЫ. Тіліңді тарт, сорлы қазақ! Абылайың шілдің боғындай бытыраған қазаққа хан шығар, маған тұтқын. Әттең, қонтайшының «тірідей әкел» деген бұйрығы болмаса, ұстаған сәтімде-ақ бастарыңды шауып тастар ем! ЖОЛБАРЫС. Жүрек жұтқан ер ме десем, намысы жоқ ез екенсің! ЖАЛБЫ. Жап аузыңды, иттің баласы! ЖОЛБАРЫС. Жаным барда жаптыра алмассың! ЖАЛБЫ. Жаптырмақ түгілі, басыңа көтерген ханыңмен қоса жер жастандырамын, иттің баласы! Осы кезде сөзге Абылай араласады.

АБЫЛАЙ (мысқылмен). Пай-пай, бұрын қалай естімегенбіз, нағыз батыр екенсің ғой өзің! Қол-аяғы кісендеулі адамға қотыр қораздай қоқилануыңа қарағанда тас жарып, тау қопарар күшің бар-ау, шама­ сы! ЖАЛБЫ. Әй, Абылай, неменеңе жетісіп мәз боп тұрсың?! Тап қазір басыңды алам! АБЫЛАЙ. Жалбы, ұйықтап жатқан жерімде ұстап алмай, қан май­ данда кезіксек, кімнің басын кім аларын көрер ек!.. Сен ерлерше күш сынасар батыр емес – қапыда басар қатынсың! ЖАЛБЫ. Не деп тұрсың, Абылай?!. Ашуға булыққан Жалбы қылышын қынабынан суырып алып, Абылайға қарай тұра ұмтылады. Осы кезде «Тоқта!» деп саңқ еткен ащы дауыс шығады. Жалт қараса, Қалдан Серен қонтайшының қызы – Топыш сұлу. Жалбы кілт кідіріп қалады.

ТОПЫШ. Бұл не қылған бассыздық? Бұл қылығыңмен кімді ба­ сынып тұрғаныңды білемісің, батыр? ЖАЛБЫ. Топышжан, мынау Шарыш ағамды өлтірген қандықол қарақшы ғой! ТОПЫШ. Білем, бірақ ерлік жасап, батырлық танытатын жер бұл емес. Әр нәрсенің өз орны, жөн жосығы болатынын білмеуші ме едің?! Бұның ендігі тағдыры ұлы мәртебелі қонтайшының қолында. ЖАЛБЫ. Бас батырын өлтірген жауызға қонтайшының қа­ йырымы түсе қоймас. Кесімін айтсын, жазасын өзім берейін! ТОПЫШ. Ашуға ерік берем деп, арандап қалып жүрме, батыр! Осы кезде сырт жақтан «Ұлы мәртебелі қонтайшы келеді! Қарсы алыңыздар!» деген қатқыл дауыс шығады. Бәрі де ізетпен бастарын иіп тұра қалады. Оң жақ бүйірдегі есік айқара ашылып, маңғаздана басып Қалдан Серен кіріп келеді. Абылай ғана қарсы қарап қасқайып тұрады. Қос жасауыл екі жақтап Абылайдың басы мен иығынан ба­ сып, тұқыртпаққа жанталасып бағады. Абылай жұлқыласып бой бере қоймайды.

АБЫЛАЙ. Дұшпаныма бас имеймін! ЖАЛБЫ (қылышын қайтадан суырып алып). Имей қайда барасың, жауыз?! Иілмейтін бас кесіледі! АБЫЛАЙ. Бастың иілгенінен кесілгені жақсы. ЖАЛБЫ. Ендеше иманыңды үйіре бер, жауыз! ҚАЛДАН СЕРЕН. Жетер! Күмәнданып келіп ем, ажалдың өзімен ой­ нап тұрғанына қарағанда, Абылайдың нақ өзі екені айдан анық. Көңіл сенді, көз жетті. Қалдан Серен жайлап барып тағына отырады. Абылай отыра­ тын оңтайлы орын таппай жан-жағына жалтақтай қарап, аласұрып тұрып қалады. ЖОЛБАРЫС (Абылайға). Ханмен ханша сөйлесер тұғырың бол­ май, қорланып тұрсың-ау! Сіз ханымыз болғанда, біз тұғырың ек, кел, менің жон арқама отыр! Жолбарыс сұлтан қос қолын жерге тірей екбеттей отыра қал­ ды. Абылай оның үстіне жайғасады. ҚАЛДАН СЕРЕН. Абылай, ажал аузында тұрып тұғырды қайтпек­ сің?! Одан да өлімді лайықты қарсы ал! АБЫЛАЙ. Ажал шынымен жетсе, ешкім де қашып құтыла алмас. Мен өлемін бе, сен өлесің бе – бір Құдайдың қолында! ҚАЛДАН СЕРЕН. Құдайды аузыңа алып қайтесің, тап қазір тағдырың менің қолымда тұрған жоқ па? Бұл сәтті мен қанша күттім. Айтшы кәне, бас батырым Шарышты қалай өлтірдің? АБЫЛАЙ. Екеуміздің жолымыз қан майданда түйісті. Жөн сұра­ сар жер емес, «Шарышпын» деп ол айтпады, «Кеспеймін!» деп қару айтпады, бір Құдайға аян, дәл сол күні дәм-тұзы таусылған болар. Ажалы менен болды демесең, оны өлтірген халық, мен сол халық­ тың қалауын орындадым! ҚАЛДАН СЕРЕН. Ей, Абылай, Шарышты қалай өлтірсең, мен де сені дәл солай өлтірем!

АБЫЛАЙ. Қалдан, мен Шарышты жекпе-жекте өлтірдім! Сөзіңді іспен дәлелде. Өзің айтқандай, қолыңнан келсе, мен Шарышты қалай өлтірсем, сен де мені солай өлтір! Сөзіңде тұрар ер болсаң, қолыма қару бер де, жекпе-жекке шық! ҚАЛДАН СЕРЕН (сөзден ұсталғанын біліп). Солай ма?.. АБЫЛАЙ. Иә, солай!.. Мен Шарышты сен секілді қапыда қолға түсіріп, ордамда қан қаптырған жоқпын! Бұлай істеу хан түгіл, қараға да жараспас. Мен оны өлім мен өмір сарапқа түсер, ерлік пен елдік сыналар тұста, жекпе-жекте қапы қалдырдым! О заманда, бұ заман, соғыста жан алып, жан берісу қашаннан қылмыс саналған?! Мен сияқты қапияда қор болмай, жекпе-жекте жан тапсырған Шарышта не арман бар?! ҚАЛДЕН СЕРЕН (мысқылмен). Сен арманыңды өзіңмен бірге алып барады екенсің ғой. Олай болса, кеудеңнен жаның шығар алдында ақырғы арызыңды айтып қал! АБЫЛАЙ. Иә, Шарышша қан майданда мерт болсам, арманым не?! Қайран күштің қызығын көре алмай, қапылыста қолға түстім. Бұл арман емей, немене?! Кең байтақ жеріме қала салдырып, қазағымды отырықшы елге айналдырсам деп едім. Ол ойымды да орындай алмай, халқымды аңша жосыған күйінде қалдырып бара­ мын. Болмаса, өзекті жанға бір өлім, ажал аса қорқынышты емес! Тағы да арман етерім – төрт атадан бері жалғыз ем, ұрпағым жоқ еді. Бір өзімнің ғана емес, төрт атаның тұқымы тұздай құритыны жанымды жегідей жеп, өзегімді өртеп тұрғаны. Құдай берген жа­ нымды алсаң, не бала, не бауыр жоқ, мына жарық жалғанға келме­ гендей боламын ғой... ҚАЛДАН СЕРЕН (уәзіріне). Мынаның сөзінің бәрі рас, әсіресе соңғы сөзін қарашы, мен де төрт атадан бері жалғыз ем, жалғыз ұлым өліп кетсе, мен де тұқымсыз кеткенім-дағы... (Абылайға қарап) Сен дағы менің Ежен қарағымдай жалғыз екенсің ғой!.. АБЫЛАЙ (шаттанып). Алдияр! «Жалғыздың обалына қалма, жаяудың қарғысын алма» деген де сөз бар қазақта. Мені көзіңнің ағы мен қарасындай жалғызыңа теңедің. Жалғызды өлтіресің бе? Жалғыздың обалына қалсаң, жалғызыңа да зауалы тиері анық.

ҚАЛДАН СЕРЕН (ойланып қалып). Иә, айтқаныңның қатесі жоқ. За­ тында бір асылдық бар екен, өлімге қимайтын анық бекзат, шын дег­ дар жан екенсің! (Жасауылдарға) Қол-аяғындағы кісенді шешіңдер! Жеке киіз үй тігіп, сонда апарып ұстаңдар! ЖАСАУЫЛДАР. Құп, тақсыр! Жалы күдірейіп отырған қонтайшы сабасына түскендей сабырлы мінез танытады. Топыш сұлу Абылайдың ісі мен сөзіне көңілі толып, келбеті мен сымбатына сұқтана қарап, көз ала алмай қалады. Соны сезінген Абылай да жалт қарайды. Көздер түйісіп қалады. Топыштың да, Абылайдың да көңілдері толқып, сырлы сезімдер бүршік атқандай болады. Жасауылдар Абылай мен Жолбарыс сұлтанды алып кетеді. ЖАЛБЫ. Бұныңыз қалай, алдияр? ҚАЛДАН СЕРЕН. Иә, батырым, не айтқың келіп тұр? Айт, іркілме! ЖАЛБЫ. Шарыштың қанын мойнына жүктеген қанішерге аяу­ шылық жасауға бола ма? Ол жазасын алмаса, тыншу таба алмаспын. Басқа ештеңе сұрамаймын, тек Абылайды қолыма беріңіз! ҚАЛДАН СЕРЕН. Сөздің уыты оқтан да күшті боларын сезінген шығарсың. Біз жеңілдік! Сөзден жеңілген білекке жүгінбес болар, ба­ тырым! ЖАЛБЫ. Ұлы мәртебелім, бұндай көкжалды қоя берсек, ертең өзіміз опық жейміз. Бұл халқымыздың сорына туған жалмауыз, жал­ мап тынбас! ӘМІРСАНА. Алдияр, тыңдар болсаңыз, біздің де бір айтпағымыз бар еді. ҚАЛДАН СЕРЕН. Иә, Әмірсана, не айтайын деп едің? ӘМІРСАНА. Абылай уәжінің бәрі орынды. Шарышты жекпе-жек­ те өлтіргені де, қапылыста қолға түскені де рас. Қан майданда емес, тұтқын болып алдыңызға келгенде жанын алсаңыз абырой таппас­ сыз, қайта алтын басыңызға жаманат жамарыңыз айдан анық. Бұл біздің елдің дәстүріне де қайшы. Егер оны өлтірсек, қазақтар қарап қалмас, кек қуар, қайтадан соғыс өрті тұтанып, қаншама қан төгілер. ЖАЛБЫ. Әй, Әмірсана, сен не оттап тұрсың?!

ҚАЛДАН СЕРЕН (көзін алайтып). Жалбы, жетер! Әмірсананың сөзінің жаны бар. Біз қазақпен қаншама мәрте соғыстық. Жеріне өңмеңдей басып кіріп, қанды қырғынға ұшыратқан да кезіміз болды. Бірақ басы бүтін бұғаулай алмадық. Қазақ батыр халық, оны мойындауымыз керек! Көрдің ғой, тағдыры қылыштың жүзінде тұрса да Абылайдың кеудесін қалай асқақ ұстағанын. Адам түгіл, ажалдан да қаймықпаған бұндай ерді өлтірген күнә болады! Еліміз кешегі жекпе-жекте қапы кеткен Шарыш батырды әлі ұмыта алмай отыр, егер тұтқындағы Абылайды өлтірсек, қазақ оны қалай ұмытады, қалай кешіреді?! ЖАЛБЫ. Сайын далада мал сияқты бет-бетімен бытырап жүрген қазақтан қорықсақ, кім болғанымыз?! ҚАЛДАН СЕРЕН. Қорқып тұрғаным жоқ! Екі елдің береке-бірлігі мен тыныштығын ойлап тұрмын! ЖАЛБЫ. Қандай береке-бірлікті айтып тұрсыз, қазақ ата жауы­ мыз емес пе? Әлде дұшпанмен де дос болғыңыз келе ме? Ондай ниетіңіз болса, әлсізбен емес, күштімен дос болыңыз! ҚАЛДАН СЕРЕН. Қазақ әлсіз деп кім айтты саған?! ЖАЛБЫ. Олардың жай-күйі белгілі ғой! Әупірімдеп әрең жүрген қазақтан не барқадар табам деп ойлайсыз? ҚАЛДАН СЕРЕН. Әй, Жалбы, ағаң Шарышты батырлығы үшін ғана емес, ақылдылығы үшін де жақсы көріп, оң жағымнан орын беріп ем. Сол үшін сенің де қолыңнан қақпай келемін. Басыңнан сипағанға тіпті асқақтап барасың ғой. Біле білсең, Абылай – қазақтардың асқақ рухы. Сондықтан оның менде аманат болғаны дұрыс. ЖАЛБЫ. Кешіріңіз, тақсыр! Жалбы қонтайшыдан қаймығып, көмекейіне келіп кептелген көп сөзді айта алмай, амалсыздан үн-түнсіз шегіне береді. ЕКІНШІ КӨРІНІС Сахнада елі мен жерін сағынған Абылай сыбызғымен сағыныш күйін тартып отырады. Жанында Жолбарыс сұлтан. Бір кезде сы­ бызғысын жанына қойып, екеуара әңгімеге көшеді.

АБЫЛАЙ. Қал нешік, батырым? ЖОЛБАРЫС. Несін сұрайсыз? Әйтеуір, әлі татар дәміміз бар екен! АБЫЛАЙ. Ажал әлі де алыс кете қойған жоқ. Қонтайшының сөзіне сену қиын, бір ойлағаны бар-ау!.. ЖОЛБАРЫС. Басымызды бірден шауып тастайтын шығар деп ой­ лап ем! АБЫЛАЙ. Бәсе, түсің қашып кетті, қатты қорыққан екенсің ғой! Егер қаласа, алғашқы күні-ақ жанымызды жаһаннамға жібере салар еді, өлтіргісі келген жоқ! Жаны ашығаннан дейсің бе, өз есебі бар ғой! Біз оған керекпіз! Адамның пенделігі бір бөлек те, тақтың мүддесі бір басқа. Таққа отырғаннан кейін соның талап-тілегімен жүруің керек! Онсыз шексіз билікке ие болып қалу қиын! ЖОЛБАРЫС. Иә, оныңыз рас. Айтпақшы ана бір қарауылдың әйелі қазақ қызы екен. Содан суыртпақтап елдің жайын сұрап білдім! Сізді тұтқыннан босатып алудың қамымен Қазыбек би мен Малайсары бастатқан елшілер жолға шығыпты. АБЫЛАЙ. Әрине, олардың келгені жақсы. Бірақ ең алдымен өзіміз де Қалдан Сереннің көңілін тауып, айтқанымызды өткізіп, тұтқын­ нан босап шығудың қамын жасап, әрекет етуіміз керек! ЖОЛБАРЫС. Қалдан Серен Әбілмәмбет ханға «Қарасақалды ұстап беріңдер» деп сәлем жолдап жіберіпті. АБЫЛАЙ. Қалайда елге жеткіз, Қарасақалды ұстап бермесін! Ол әлі де бізге керек! ЖОЛБАРЫС. Ұқтым, хан ием! АБЫЛАЙ. Байқа, сауысқаннан да сақ қимылда. Ешқандай күдіккүмән тумайтын болсын! ЖОЛБАРЫС. Әлбетте, хан ием! Айтпақшы, Қалдан Сереннің біз­ дің ордамызда жансызы бар екен. Аңға кеткенімізді сол сұмырай жеткізіпті. АБЫЛАЙ. Міне, көрдің бе, бұл біздің осал тұсымыз. Енді осы тыңшылық жасау мен барлау ісіне ерекше көңіл бөлу керек! Егер жоңғар елінде біздің де тыңшыларымыз болғанда алдын ала бәрін біліп отырар ма ек, тұзақтарына түспес пе ек?! Ертөлелердің қызме­ тін күшейтпей, ел қауіпсіздігін қамтамасыз ете алмайды екенбіз!

ЖОЛБАРЫС. Бұныңызға толықтай қосыламын! Айтпақшы Жалбы­
ны тоқтатқан ару кім болды екен, ә?
АБЫЛАЙ. Қонтайшының қызы!
ЖОЛБАРЫС. Оны қайдан біле қойдыңыз?

АБЫЛАЙ. Оны білудің керегі жоқ, түйсігіңмен түсінуің қажет!
ЖОЛБАРЫС. Сұлу-ақ екен!
АБЫЛАЙ. Сенің де көзің түскен екен-ау, ә!
ЖОЛБАРЫС. Енді қылшылдап тұрған жігіт емеспіз бе? Сұлулыққа

сүйсінбейтін, сұлуларға сұқтанбайтын еркек бола ма? Бірақ, алаң
болмай-ақ қойыңыз, мен кіргеннен сұғымды оған қададым, ал ол
сізден көзін айырмады.
АБЫЛАЙ (жымиып). Ойпырым-ай, қырағысың-ау!

ЖОЛБАРЫС. Сіз сияқты түйсікпен түйсіне алмасақ та, көзге көрініп
тұрғанды көрмейтін көрсоқыр емеспіз!
Бір кезде өздеріне қарай келе жатқан біреудің сұлбасы көрінеді.
Екеуі де демдерін іштеріне тартып, үн-түнсіз тұра қалысады.

АБЫЛАЙ (қараңғыда шырамытып). Кімсің?
ТОПЫШ. Атым – Топыш, қонтайшының қызымын!
АБЫЛАЙ. Бейуақытта неғып жүрсіз?
ТОПЫШ. Көңіл құсым осы жаққа алып-ұшып келеді.

АБЫЛАЙ. Құсыңыз ақылды екен!
Осы кезде аяқ астынан жарбаңдап Жалбы келе қалады.
ЖАЛБЫ. Топыш, сен мұнда неғып жүрсің?
ТОПЫШ. Мені тергеп-тексеретін кім едің сонша?

ЖАЛБЫ. Шамыңа тиіп кеттім-ау, білем! Десе де, болашақ қа­
лыңдығым ретінде сұрағыма жауап беруіңді қалаймын!
ТОПЫШ. Саған жар бола қоймаспын, Жалбы! Жөніңді біл, жолыңды
тап!

ЖАЛБЫ. Әкеңнің маған қандай уәде бергенін білмеуші ме ең?
ТОПЫШ. Қолыңды созшы, аспандағы айға жете ме?

ЖАЛБЫ. Керек болса, жеткізем! ТОПЫШ. Мен біреуге сыйлай салатын жансыз бұйым емеспін! ЖАЛБЫ. Қонтайшының екі сөйлемесін жақсы білуге тиіссің! Топыш кері бұрылып, кетіп қалады. Жалбы Абылайға қарай адым­ дай басып келіп, қарсы алдына тұра қалады. ЖАЛБЫ. Атаңа нәлет, Абылай!.. АБЫЛАЙ. Иә, не айтайын деп едің? ЖАЛБЫ (қылышын жалаңдатып). Саған сөз шығындаудың өзі артық! Иманыңды үйіре бер! Ашуға булыққан Жалбы қылышын сермеп кеп қалады. Абылай­ дың иығын жалап өтеді. АБЫЛАЙ. Жемтік аңдыған қорқаудай болмай, батыр болсаң қы­ лышыңды таста, болмаса маған да қару бер! ЖАЛБЫ. Жо-жоқ... Ата жауымның айтқанын орындайтын ақы­ мағың мен емес. Қойша бауыздап, қаныңды ішемін! Қылышын тағы сілтейді. Абылайдың аяғын жалап өтеді, тізесі сәл бүгіле береді. Осы кезде Әмірсана жетіп келеді. Оны көріп Жал­ бы тоқтай қалады. ӘМІРСАНА. Бұның қалай, Жалбы? ЖАЛБЫ. Қанға қан, жанға жан, ағамды өлтірген жауыздың жаза­ сын берем! ӘМІРСАНА. Ұлы мәртебелі қонтайшының жарлығынсыз жаза­ лауға болмайтынын білмеуші ме ең?! Ханның басын хан болмаса, қараның алуға хақысы жоқ! ЖАЛБЫ. Аааа... солай ма? Көмекейіңнің бүлкілін сезіп тұрмын. Қаныңа тартып тұрсың-ау!.. ӘМІРСАНА. Жауға шабар батыр ма десем, сөз теретін қатын екен­ сің!

ЖАЛБЫ. Әй, Әмірсана, аузыңа ие бол! Қанша ара түссең де, қанын ішпей қоймаспын ата жауымның! Жолыма бөгет болма! ӘМІРСАНА. Мен саған не айтып тұрмын?! ЖАЛБЫ. Сен кімсің сонша, маған бұйрық беретін! Кәрі жынша кекіреймей, кет алдымнан! ӘМІРСАНА. Алдымен өзің кет! ЖАЛБЫ. Кетесің бе, жоқ па? ӘМІРСАНА. Кетпеймін! ЖАЛБЫ (жұлқынып). Кет дедім ғой!.. Екеуі жұлқыласып қалады. Әмірсана шапшаң қимылдап оң қо­ лымен Жалбының тамағынан шап беріп ұстайды да, қатты қыса бастайды, ол қырылдап-шиқылдап қалады. Сол кезде барып есін жиып алған Әмірсана қолын босатады да, оны итеріп жібереді. Жал­ бы тәлтіректеп кетеді. ӘМІРСАНА (ақырып). Жаның барында жоғал! ЖАЛБЫ. Тұра тұр, бәлем, сені ме?!. ӘМІРСАНА. Кет көзіме көрінбей! ЖАЛБЫ. Көрерміз әлі! Ендігі ісім сенімен болсын! Талағы тарс айырылып ашуланса да, Әмірсанадан қаймыққан Жалбы көзімен ата бір қарайды да, жөніне кете барады. АБЫЛАЙ. Алғысым шексіз, батыр! Бұл жақсылығыңды өмірі ұмытпаспын! ӘМІРСАНА. Мен бар болғаны қонтайшының абыройын қорға­ дым. Орданың өз заңы, ежелден қалыптасқан ереже-тәртібі бар. Оны бұзуға ешкімнің хақысы жоқ! АБЫЛАЙ. Ол енді түсінікті, бұл тәртіп бәрімізге ортақ. Түсініксіздеу боп тұрғаны... ӘМІРСАНА. Не нәрсе? АБЫЛАЙ. Жаныңа жақын тартасың, бір жылылық сезінемін. Төніп келген ажалдан да құтқарып қалдың. Себебі не, айтшы өзің?

ӘМІРСАНА. Көмекейіңде не тұрғанын түсіндім, Абылай. Шын­ дықты жасырып-жауып қайтем, анам марқұм өлерінде өз аузымен ай­ тып кеткен мынадай бір құпия сыр бар. Шешем Еділ қалмақтарының билеушісі Аюке ханның еркін өскен ерке қызы ғой, Еділ бойынан қысты күні осы жаққа ұзатылып бара жатып, боран мен аяздың қатты болуынан Ұлы жүздің Төлекей батырының ауылына бірер айдай бөгеліп қалады. Сонда әлгі батыр қолынан келген көмегін ая­ май, күн жылына жолға салып жіберіпті... Шешем де ет пен сүйектен жаралған жұмыр басты пенде ғой, барынша қонақжайлылық та­ нытып, құшағын айқара ашқан сол батырға ғашық болып қалып, бойындағы бар асылын сыйлап кетіпті. Мен сол қазақ батырынан бойға біткен бала екенмін! Қазақ көрсем, бір бүйрегімнің бүлкілдеп қоя беретіні содан шығар, бәлкім. АБЫЛАЙ. Бәсе, бәсе... Өзім де сезіп ем! ӘМІРСАНА. Батыр қайда қазір? АБЫЛАЙ. Тап басып айта алмаймын. Бірақ тауып алу қиын емес қой. ӘМІРСАНА. Тұтқыннан босап шығуыңа көмектессем, батырмен кездестіруге уәде бересің бе? АБЫЛАЙ. Әлбетте! ӘМІРСАНА. Абылай! АБЫЛАЙ. Не? ӘМІРСАНА. Бұл сырды ешкім білмей-ақ қойсын! АБЫЛАЙ. Айтқаның болсын! ӘМІРСАНА. Олай болса, мен де сенің қызметіңе дайынмын. Қан­ дай шартың болса да орындаймын! Екеумізді жолықтырған Құдай шығар, қайда жүрсек те, басымызға қандай қиын-қыстау күн туса да бір-бірімізді сатпай, қол ұшымызды беріп жүрейік! Айырылмас, ай­ нымас, тілеулес дос болайық! АБЫЛАЙ. Бұл ұсынысыңды қуана-қуана қабылдаймын! Адал дос болуға ант етемін және өмірбақи сертімнен таймауға уәде беремін! ӘМІРСАНА (қанжарын суырып алып). Ендеше, кеттік! Біріміз біріміз үшін жанымызды береміз, отқа күйіп, суға түсеміз! Кеудеміз­ ден жан шыққанша достығымызды үзбейміз!

АБЫЛАЙ. Кімде-кім осы антты бұзса, Құдайдың қаһарына ұшы­ расын! Қарғыс атсын және ол табанда тапсын! Антты бұзған адамға еш кешірім жоқ! Жаза – тек қана өлім! Екеуі андас дос болуға сөз байласып, серттеседі. Қылышпен қолдарын кесіп, қан шығарып, бір-бірінікіне тигізіп, өле-өлгенше достыққа адал болуға уәделесіп, ант-су ішіседі. ҮШІНШІ КӨРІНІС Қалдан Сереннің ордасы. Қонтайшы алтын тақта шіреніп отыр. Жанында жағалай жайғасқан ханзада-бекзадалар, батырбағыландар. Осы кезде жасауыл кіріп келеді. ЖАСАУЫЛ. Қазақ елшілері келіп тұр! ҚАЛДАН СЕРЕН. Кірсін! Өзіме өзі, сөзіме сөзі сай келетін адамы бол­ са, байқап көрейік, сай келмесе, дәл осы арада жазасын берейік! Жасауыл шығып кетеді де, Қаз дауысты Қазыбек би бастатқан қазақ елшілері кіреді. ҚАЛДАН СЕРЕН (түсін суытып). Иә, қазақтар, жауға шабатындай неменеге топталып келдіңдер?!. Айтарларыңды тезірек айтыңдар! ҚАЗЫБЕК БИ. Оны өзіңіз де біліп отырған шығарсыз, тақсыр! Абы­ лай ханды қапыда қолға түсіріп, тұтқында ұстап отырсыздар! ҚАЛДАН СЕРЕН. Солай болса ше?! Шауып алайын деп пе едіңдер?! ҚАЗЫБЕК БИ. Шауып алайық деп емес, ханымызды қайтарып алайық деп келіп тұрмыз. Бассыз дене, хансыз халық болмай­ ды! Абылай елге тұтқа болар көсеміміз еді, аман-есен елімізге қайтарыңыз! ҚАЛДАН СЕРЕН. Оны аман-есен көрулерің үшін менің талапта­ рымды бұлжытпай орындауларың керек! Абылайдың амандығы ал­ дымен қазақтың өзіне байланысты. Қалмақты шаппасаңдар ішкен

астарың бойларыңа тарқамайды. Хандарыңды тірі көргілерің келсе, ең алдымен сондай жаман әдеттеріңнен арылыңдар! ҚАЗЫБЕК БИ. Қонтайшы, олай шалыс баспаңыз, біз қазақ де­ ген мал баққан елміз. Ешкімге соқтықпай жай жатқан елміз. Жай­ лап жат­қан мекеніміз – қасиетті қазақ даласы. Елімізден құт-береке қашпасын деп, жерімізді жаулар баспасын деп, найзаға үкі таққан елміз. Дәм-тұзымызды ақтай білген, досымызды сақтай білген елміз. Асқақтаған хан болса, ордасын ойрандап, от басын тап­ тай білген елміз. Атадан ұл туса, құл болам деп тумайды. Анадан қыз туса, күң болам деп тумайды. Жау-жәлемде тұтқын болған ұландарын қаматып отыра алмайтын, оларсыз ішкен асты жұтына алмайтын елміз. Темірмін деме, тегің тат, жаңбырменен шайы­ лар. Шымырмын деме, шыныңды айт, шымшуырмен қайрылар. Қасарысқан хан болсаң, қарысқалы келгенбіз. Сен қалмақ болсаң, біз – қазақ, қарпысқалы келгенбіз. Сен темір болсаң, біз – көмір, еріткелі келгенбіз. Егесетін ер шықса, иіткелі келгенбіз. Жырақтағы жат елге бітісуге келгенбіз. Бітісуге көнбесең, шабысқалы келген­ біз. Қазақ-қалмақ баласын табыстыруға келгенбіз. Табыспаққа көнбесең, тұрысатын жеріңді айт. Сен қабылан болсаң, біз – арыс­тан, алысқалы келгенбіз. Тұтқыр қара желіммін, жабысқалы келгенбіз. Қане, қонтайшы, тыңдайық, қайтарасың ба ханымызды, бітімің мен жөніңді айт! ҚАЛДАН СЕРЕН (жүзі жылып). Сөзің неткен зор еді, би?! Алыстан ат терлетіп келгенің көрініп тұр. Ашуың бойыңда тұр екен. Қалмақ та қазақ сияқты сөзге тоқтаған ел. Мен хан тағына отырғалы, басы­ ма бақыт құсы қонғалы ешбір жанға есе жіберіп көрген жоқ едім. Мықтыны мойындау қанға сіңген қасиет. Сөз саптасың ұнады. Алмас қылыштай жарқылдап, тиген жеріңді ойып түседі екенсің! Енді бірер сауал қойып, ой орамыңды байқайық, жаңылып кетсең өз обалың өзіңе, барлығыңның басыңды алам, ал тұлпардай сүрінбей өтсең, айтқандарыңды орындауға уәде беремін. Келісемісің осыған? ҚАЗЫБЕК БИ. Шешінген судан тайынбас болар. ҚАЛДАН СЕРЕН. Ендеше білгіш болсаң, мынаны айтшы. Әуелінде, ортасында, ақырында не бар?

ҚАЗЫБЕК БИ. Арға мінәжат етілсе, барға қанағат етілсе, әуелінде – ынтымақ, ортасында – береке, ақырында – шүкіршілік тұрмас па?!. ҚАЛДАН СЕРЕН. Ым… ым… мм… Ал аспан мен жердің арасы қан­ шалық жер? ҚАЗЫБЕК БИ. Бір-ақ шақырым жол ғана. Олай дейтінім, ешкім аспан мен жердің арасын құлаштап өлшеген жоқ, қадамдап басқан жоқ. Күн күркіреп жауғанда ел дүрлігіп сасатын, құлақтарын басатын. Сонда күн күркірі шақырым жерден жететін. Кемпірқосақ созылып, аспан мен жерді табыстырып кететін. Доғаланған иіні шақырымдайақ жерден өтетін. ҚАЛДАН СЕРЕН. Ә… әә… Олай болғанда, батыс пен шығыстың ара­ сы қаншалық жер? ҚАЗЫБЕК БИ. Небәрі күншілік жер ғана. Олай дейтінім, азанда шығыстан атқан күн ымыртта батысқа шаршап батады. Күншілік жер жүріп өтіп, ұясында қалжырап жатады. Ал кереметті көзбен көрген, шығыс пен батыстың арасында зымыраған күнге ерген адам­ затты естіген емеспін. ҚАЛДАН СЕРЕН. Биеке, сен шынында да шашасына шаң жұқпас хас тұлпар екенсің! Алғашқы айтқан сөзіңе қарымта қайтара алмай, қанша темір болсам да ерідім де иілдім. Мірдің оғындай сөздеріңнен буындарым шымырлап, қанша тырыссам да сіресіп тұра алмадым. Қасарыссаң ханды да жеңетініңе көзім жетті. Ал мына жауабыңа көңілім толып, қиыннан қиыстырған қиюыңа ұйыдым. ҚАЗЫБЕК БИ. Тәңір жарылқасын, алдияр! «Уәде – Құдай сөзі» еке­ нін білетін шығарсыз?! ҚАЛДАН СЕРЕН. Білмегенде ше? Келісім бойынша уәдемді орын­ дап, хандарыңды босатып, өздеріңе қосып жіберем! ҚАЗЫБЕК БИ. Әп, бәрекелді! Айтар алғысымыз шексіз, Жаратушы Жаппар иенің шапағатына бөленіңіз! ҚАЛДАН СРЕН. Жортқанда жолдарың болсын! ҚАЗЫБЕК БИ. Амин! Бәрі шығып кетеді. Қалден Серен жалғыз қалады. Сол кезде қызы Топыш кіреді. 3-298

ТОПЫШ. Әке, амансыз ба?
ҚАЛДАН СЕРЕН. Аманбыз, қалқам! Өз жағдайың қалай, жарқыным?
ТОПЫШ. Жақсы, әкежан!
ҚАЛДАН СЕРЕН. Жай жүрсің бе?

ТОПЫШ. Әке, қазақ елінен елшілер келген бе?
ҚАЛДАН СЕРЕН. Иә, қызым! Екі елдің береке-бірлігі мен ты­
ныштығын ойлап, ұлт мүддесі үшін Абылайды еліне қайтарғалы
отырмын!

ТОПЫШ (жүзі жайнап). Әке!..
ҚАЛДАН СЕРЕН. Ау, күнім?
ТОПЫШ. Ойымды ашық айтуға үйреткен өзіңіз едіңіз.
ҚАЛДАН СЕРЕН. Иә, тағы да қайталаймын, тек шындықты айт.

Екеуміздің арамызда өтірік пен жалғандық жүрмеуі керек.
ТОПЫШ. Алдыңызға өзімнің емес, жүрек сөзін айтқалы келіп
тұрмын.
ҚАЛДАН СЕРЕН. Тыңдап тұрмын, қарағым.

ТОПЫШ. Жүрегімнің таңдауы...
ҚАЛДАН СЕРЕН. Иә, айта бер, жасқанба. Кім?..
ТОПЫШ. Абылай.
ҚАЛДАН СЕРЕН (шошынып). Абылай?.. Не деп тұрсың, қызым-ау?!

ТОПЫШ. Әке, мен бар болғаны жүрегімнің қалауын жеткіздім,
сезімімнің аманатын орындадым! Кесімді сөз өзіңізде. Сізден асып
ешқайда кете алмаймын!
ҚАЛДАН СЕРЕН. Қызым-ау, сен мені жауымның аяғының асты­

на салып бергелі тұрғаныңды білемісің?! Жеті атамыздан бері
тақымынан тақ кетпеген қасиетті әулеттің абыройын ойладың ба?!
Бұның болмас, қарағым! Енді мұндай әңгімені естімейтін болайын!
Әрі Жалбыға берген уәдем бар емес пе?!

ТОПЫШ. Жалбының сыры өзіңізге мәлім ғой. Оған қалай жар
болмақпын? Сүйкімсізге сүйікті болғаннан асқан қорлық жоқ шығар,
сірә?!
ҚАЛДАН СЕРЕН. Қонтайшы басыммен уәдемнен тайқып кетсем,

халқым қалай түсінер?!

ТОПЫШ. Ұқтым, әке! Егер сіз солай ойласаңыз, әулетіміздің абы­ ройы үшін жүрегімнің таңдауынан бас тартуға дайынмын. ҚАЛДАН СЕРЕН. Ақылдым сол!.. ТОПЫШ. Бірақ... ҚАЛДАН СЕРЕН. Не бірақ?.. ТОПЫШ. Бұл күн – менің өлген күнім. Енді мені тірі өлікке қосы­ ңыз. Өзім үшін адамша өмір сүрмеймін, сіздер үшін итшілеп күн өткізем! Көмейіне өксік тығылған Топыш сұлу қыстыға шығып кетеді. Көңілі толқып кеткен Қалдан Серен сең соққандай мең-зең күйде меңірейіп тұрып қалады. ҚАЛДАН СЕРЕН. Не деп кеттің, құлыным-ау?! Айтқан сөзің сү­ йегімнен өтіп, жүрегіме жебедей қадалды ғой, жарығым! Жа­ратқан­ нан бақытыңды тілеуші ем!.. Көз жасыңа қалмайын! Бердім тілеуіңді, қидым қалауыңды! ТӨРТІНШІ КӨРІНІС Қалмақ қонтайшысының ордасы. Қалдан Серен қалың ой құ­ша­ ғында отыр. Қабағы қатулы, жүзі сұсты. Осы кезде жасауыл кіреді. ЖАСАУЫЛ. Тақсыр, бұйрығыңыз бойынша тұтқын Абылайды алып келдік. ҚАЛДАН СЕРЕН. Кірсін! Абылай кіреді. Қалдан Серен оны жылы жүзбен қарсы алады. ҚАЛДАН СЕРЕН. Абылай, көңіл құсы шыңға өрлеп, жер-көкті шар­ лап кеткен шығар. АБЫЛАЙ. Торға түссе құс екеш құс та ұшуды ұмытып, тосырқап қа­ лады екен. Тапырақтап бойымнан аса алмай тұр.

ҚАЛДАН СЕРЕН. Қазыбек би мен Малайсары бастатқан елшілер келді. Әбілмәмбет ханның баласы Әбілпейіз сұлтанды аманатқа ала келіпті. Сені елшілерге қосып еліңе қайтарғалы отырмын! Қазыбек бидің шешендігі мен Малайсары батырдың көзсіз ерлігіне қайран қалып, айтқандарына жығылдым. Бидің тауып сөйлейтіні мен батырдың тайсақтамай шындықты бетке айтар батылдығы ұнады. Не нәрсенің болсын ақиқатын айтқан адамды ата жауым болса да бағалайтынымды білесің ғой. Сондықтан да олардың шарттарын қабыл ап, өзімнің өзге талаптарымнан бас тарттым! АБЫЛАЙ. Алдияр, алғысым шексіз! Біз ежелден қойы қоралас, ауылы аралас жатқан туысқан ел емеспіз бе?! Шыққан тегіміз бір, екеуміз де ұлы Шыңғыс ханның ұрпағымыз. Шынында да, бірбірімізге қырғиқабақ танытқаннан пайда бар ма осы?! Ал зия­ ны шаш-етектен! Қазақтан келер қауіп жоқ! Талмауыт тұсыңды аңдып, қылышын қайрап отырған айдаһар мен самұрық болма­ са... Бақ-береке – бірлікте ғой! Сіздер бізге соғыс ашқанда Шың елінің қожасы қолынан келген көмегін аямағанын білеміз. Неге? Жаны ашығандықтан дейсіз бе?! Жоқ, олардың ойы мүлде басқа... Біз бір-бірімізбен соғысып әлсіресек, олардың жемтігіне тез-ақ ай­ наламыз. ҚАЛДАН СЕРЕН. Айтқаныңның бәрі рас, Абылай. Қазақ пен қалмақ болып соғыспау жөнінде келісім-шарт жасайық, бітімге келейік! Мен қазақтарға арқа сүйеп Еділ бойындағы қандастарымды қосып алып, біртұтас ұлы мемлекет құруды армандаймын! Иә, манжулердің ойы белгілі. Екінші жағынан, Ресей де сендерді бізге қарай ақырындап ығыстырып келеді. Оның үстіне Еділ бойындағы қандастарымыз орыстар тарапынан қатты қанауға түсіп жатыр. Сені аман-сау еліңе қайтарып отырғандағы мақсатым, Қазақ мемлекетін нығайтып, орыс басқыншылығынан бізді сақтандырады ғой деп ойлаймын. АБЫЛАЙ. Жоңғар елінің бағына біткен көсемсіз ғой. Әттең, кіші елдің басында отырсыз, бірақ айдыныңызға қарап айтайын, үлкен жұрттың тізгінін ұстауға лайық билеушісіз. ҚАЛДАН СЕРЕН. Ей, Абылай, сен заманыңнан жүз жыл ерте ту­дың, әйтпесе әлемге билік жүргізу қолыңнан келер еді. Мен

қазақ­тан, болмаса мәнжу мен орыстан қорқып басыңа бос­ тандық сыйлаған жоқпын, сен тұла бойыңда тұнып тұрған асыл қасиеттеріңнің арқасында еліңмен қайта қауышқалы отырсың. Саған еркіндік алып берген өзіңнің ақыл-парасатың мен даналы­ ғың. Өз елің ғана емес, Шың елі мен Ресейдің сені іздеп, босатып алу үшін жанын салғандарынан-ақ, өз халқыңа ғана емес, өзге елдерге де қаншалықты сыйлы екеніңді түсіндім. Бұл, әрине, мені қатты ой­ ландырды. Шыныңды айтшы, кәне, өзің білетін ел билеушілер­ ден кімді мықты деп санайсың? АБЫЛАЙ. Әуелі Қондыкер, орыстың ақ патшасы, Ежен хан, Қалдан Серен және мен! ҚАЛДАН СЕРЕН (кеудесін ұрып). Мен, мен, мен! АБЫЛАЙ. Әттең, халқың аз, дегенмен көп жұртты басқаруға лайықсың! ҚАЛДАН СЕРЕН. Иә, біз де сендер сияқты шағын елміз. Қазақтың өзінен қойы көп қой. АБЫЛАЙ. Құдайға шүкір, баршылық! ҚАЛДАН СЕРЕН. Қойдың көптігі мақтанарлық нәрсе емес. АБЫЛАЙ. Неге? Қазақтың байлығы малы емес пе?! ҚАЛДАН СЕРЕН. «Қой – ұры, қойшы – өтірікші» деген, ауыл-үйдің арасынан ұсақ жанжал үзілмейді десейші... Сиыр да көп қой. АБЫЛАЙ. Құдайға шүкір! ҚАЛДАН СЕРЕН. Қазақтың баласы сүт пен айранға сүйеніп, еңбекке еріншек, арамтамақ болады десейші! Егін егесіңдер ме өзі? АБЫЛАЙ. Егін егу ойда бар. ҚАЛДАН СЕРЕН. Адам баласы егін екпей, жерге бауыр баспайды. Қазақ елі әлі де талай ауыртпалықты бастан кешеді екен... Осы кезде сән-салтанатымен Топыш сұлу келеді. ҚАЛДАН СЕРЕН (Топышқа). Жарығым, айым, күнім менің, Жа­ ратқаннан бақытыңды тілеуші ем!.. Көз жасыңа қалмайын! Бердім тілеуіңді, қидым қалауыңды! Бақытты бол, жаным! ТОПЫШ. Рахмет, әке, бақыттымын!

ҚАЛДАН СЕРЕН (Абылайға). Жанымның тоты құсын өзіңе сеніп тапсырып отырмын! Қызым менің дүниедегі ең қымбатым, асылым! Жанын жаралай көрме, жүрегін ауыртпа! Қадіріне жет, аяла! АБЫЛАЙ. Жаныммен бірге қызыңызды олжалап кетіп барам. Алаң болмаңыз! ҚАЛДАН СЕРЕН. Білем, сенем саған, Абылай! Жортқанда жолдарың болсын! Елдеріңе аман-есен жетіп, бақытты ғұмыр кешулеріңе тілектеспін! АБЫЛАЙ. Амин! Абылай мен Топыш Қалдан Серенмен қимай қоштасып шығып кетеді. Артынша-ақ өңмеңдеп Жалбы кіреді. ҚАЛДАН СЕРЕН. Не боп қалды? ЖАЛБЫ. Соны сізден сұрайын деп келдім! ҚАЛДАН СЕРЕН. Нені? ЖАЛБЫ. «Абылайды ұстап әкелген адамға қызымды берем» деп жалпақ жұртқа жар салған өзіңіз емес пе едіңіз?! Қонтайшыға екі сөйлеген жараспайды емес пе?! ҚАЛДАН СЕРЕН. Өзіңнің де кінәң бар. ЖАЛБЫ. Қандай кінә? Абылайды ұстап әкелгенім бе? ҚАЛДАН СЕРЕН. Қыз баланың жүрегіне жол таба білмегенің кінә емей, немене?! Біле білсең, мен саған үлкен мүмкіндік бердім. Ал сен оны пайдалана алмадың! ЖАЛБЫ. Солай ма?!. Сіз менің ғана емес, ұлы жоңғар елінің абы­ ройын аяққа таптадыңыз! ҚАЛДАН СЕРЕН (ақырып). Жоғал, жаның барында!.. ЖАЛБЫ. Ата жауыма бостандық сыйлап, қызыңызды қосып беру арқылы мені тірідей жерледіңіз! ҚАЛДАН СЕРЕН. Мен ештеңені берген жоқпын, Абылай бәрін өзі алып кетті... Білесің бе, түсінесің бе, алып кетті!.. ЖАЛБЫ. Ақталмаңыз, алдияр! ҚАЛДАН СЕРЕН. Не деп тұрсың, ақымақ?! Ақталатындай сен кімсің?! Кет көзіме көрінбей!..

ЖАЛБЫ. Мен кетемін, бірақ ашуым осы жерде қалады!
ҚАЛДАН СЕРЕН (ақырып). Жоғал, иттің баласы!..
Көздері қасқырдай алақтаған Жалбы ашуланған күйі аяғын адым­
дай басып шығып кетеді.

БЕСІНШІ КӨРІНІС

Құл мен күң сахнаға шығады.
ҚҰЛ. Итше бұралып, аштан өлейік деп жүрсек, төрелердің аста-төк
той жасап жатқанын қарашы!
КҮҢ. Оларға сенің аштан өлгенің не керек, ей?! «Көктен киіз жауса

да, құлға ұлтарақ та бұйырмайды» деген осы!
ҚҰЛ. Бұл не той өзі?
КҮҢ. Абылай ханның қалмақ қатыны ұл тауыпты. Соның шіл­
деханасы.

ҚҰЛ. Кеше ғана алпыс түйемен артынып-тартынып алып келген
сияқты еді, ай, зырғыған уақыт-ай, жыл да жылжып өте шығыпты-ау!
КҮҢ. Хан осы қатынын өлердей жақсы көреді дейді. Өзінің де
тегі қалмақ емес пе, бірдеңесі тартып тұратын шығар... Әй, бірақ,

қалмақтың еркектері де қатыншыл келеді дейді ғой...
ҚҰЛ (қутыңдап). Өзіңнің қара айғырдай арқыраған байың
тұрғанда, жаман тайдай жәмпірейген қалмақты қайтпексің?! Ой, сен
олардың қыздарын айтсаңшы, құшақтары оттан да ыстық!

КҮҢ. Әй, сен оны қайдан білесің-ей?
ҚҰЛ. Не бопты білмей? Осы уақытқа дейін етегіме намаз оқып жүр
деп пе ең?
КҮҢ. Ой, шикин-ай! Қалмақ қыздарының құшағында күнде күйіп-

жанып жүргендей-ақ соғасың-ау!
ҚҰЛ. Сендердің құшақтарың мұздан да суық болса, қайтеміз енді,
өлеміз бе?!
КҮҢ. Ой, көксоққан!.. Мұз екенін иіскеп білдің бе?..

ҚҰЛ (құшақтай алып). Келші-ей, көрейін, құшағыңның қандай екенін. Мүмкін, қалмақтың қыздары адыра қалар?! КҮҢ (бұлқынып). Қой-ей, шешек, жас қыздар құрып қалды ма, мен­ де нең бар, ей?! ҚҰЛ (алдыңғы жаққа көз тігіп). Әй, ана қара, біреулер бері бұрылды. КҰҢ. Өйбәй, көтек! ҚҰЛ. Қой, көрмей тұрғанда жоғалайық! Әйпесе, төрелер жонымыз­ дан таспа тілер! КҮҢ. Кеттік, құрысын!.. Екеуі емпеңдеп қаша жөнеледі. Іле-шала сахна төріне Абылай хан шығады. АБЫЛАЙ. О, Тәңірім, елімді пәле-жалаңнан сақтай гөр!.. Алла тағала өрісімді кеңейтейін деп тұтқынға әдейі түсірген шығар. Бұрындары қалмақ бүкіл даланы өртеп өтіп, сарттың іргесіне лықып келіп, ары қарай бармай кері қайтқанын талай көрдім. Сонда бұл не жұмбақ, базарлы кентке енді жеткенде аттың басын кері бұрғаны несі деп қайран қалып, түсінбей жүрдім. Осы жұмбақты мен тұтқында оты­ рып шештім. Қалмақ пенен сарт бір тудың астында екен! Қалмақты қаруландырып отырған сарт екен. Дін қарындас деген сарт осылай істегенде, басқа не істемейді?! Мына кең дүниеде қазақтың өзінен басқа арқа сүйейтін досы да, жанашыры да жоқ екен. Мемлекеттің күштілігі – мықты орталықтанған билікке бағы­ нуында және халықтың бірлігінде екен! Жоңғарда тұтқында болған кезімде соған көзім анық жетті. Артынша-ақ Жолбарыс сұлтан көрінеді. АБЫЛАЙ. Кәне, не жаңалығың бар? ЖОЛБАРЫС. Өзіңіздің тапсырмаңыз бойынша, бәрін қалт жі­ бермей қадағалап отырмыз, хан ием! АБЫЛАЙ. Шың елі мен Ресейдің арасы қалай болып тұр?

ЖОЛБАРЫС. Мәнжулер мен орыстар әліптің артын бағып, аңы­ сын аңдып отырған сыңайлы. Дегенмен соңғы жеткен ақпарларға қарағанда екі жақ та соғысқа дайындалып жатқан сияқты. Екі көрші­ міз де шекара маңына әскерлерін көптеп шоғырландыра бастапты. Жуық арада соғыс өрті тұтанып кетуі әбден мүмкін! АБЫЛАЙ. Бұдан біз зиян шеге қоймаймыз. Екі айдаһар бір-бірімен алысып әлсіресе, бізге қауіпсіз болмақ. Тіпті, керек десең, білдірмей арандату әрекеттерін де жасап қойғанның еш артықтығы болмас! ЖОЛБАРЫС. Түсіндім, хан ием! АБЫЛАЙ. Қалай болғанда да қамсыз отырмау керек! Бұхара мен Хиуа хандықтарынан не жаңалық? ЖОЛБАРЫС. Оларға жіберген тыңшымыз қолға түсіп қалыпты. АБЫЛАЙ. Не?.. Қалай?.. ЖОЛБАРЫС. Біздің арамызда да жансыздар бар екен? АБЫЛАЙ. Кім ол? ЖОЛБАРЫС. Алдыңызға алып келдім, хан ием! Жазасын өзіңіз берерсіз! (Дауысын сәл көтеріп) Кіргізіңдер! Осы кезде Мүнәсіп Мәмметов деген ханның өз хатшысын екі жасауыл дедектетіп сүйрелеп алып кіреді. Ол жалынып-жалпайып, жы­лап-сықтап кешірім сұрайды. Аузын жаппай шырылдап келеді. АБЫЛАЙ. Не үшін бұлай істедің? МҮНӘСІП МӘММЕТОВ. Жаздым, жаңылдым, хан ием. Кінәлімін! Абылай қанжарын суырып алып, оның тамағына тақайды. Хат­ шысының көзі бақырайып, зәресі ұшып кетеді.

МҮНӘСІП МӘММЕТОВ. Бір жолға жанымды қиыңызшы, хан ием!
АБЫЛАЙ. Сатқындықты кешіруге бола ма?
ЖОЛБАРЫС. Болмайды, хан ием, сазайын беру керек!

Сатқын жанталасып, жанұшыра жалына береді.

АБЫЛАЙ. Сатқындықтың жазасы – өлім!
МҮНӘСІП МӘММЕТОВ (аяғына жығылып). Алдияр, өлтіре көр­
меңізші! Әйелім ауру, балаларым жас. Солар үшін осындай қадамға
барып ем!

АБЫЛАЙ. Олар қайда?
МҮНӘСІП МӘММЕТОВ. Орынборда.
АБЫЛАЙ. Тек шындықты айт, сонда ғана тірі қаласың!
МҮНӘСІП МӘММЕТОВ. Өтірік айтсам, тілімді суырып алыңыз!

АБЫЛАЙ. Ендеше айт, қай елге қызмет етесің?
МҮНӘСІП МӘММЕТОВ. Ресей мен Қоқанға.
АБЫЛАЙ. Қашаннан бері?
МҮНӘСІП МӘММЕТОВ. Осында келгеннен бері.

АБЫЛАЙ. Сені мұнда кім жіберді?
МҮНӘСІП МӘММЕТОВ. Генерал Неплюев.
АБЫЛАЙ. Нендей мақсатпен?
МҮНӘСІП МӘММЕТОВ. Сіздің әр қадамыңыз бен ордаңыздың ішкі

және сыртқы жағдайын жіпке тізіп хабарлап отыру үшін.
АБЫЛАЙ. Түсінікті. Губернатордың тақ өзі десеңші!
МҮНӘСІП МӘММЕТОВ. Иә, дәл солай, тақсыр!
АБЫЛАЙ. Бұл қызметіңе қанша алып тұрасың?

МҮНӘСІП МӘММЕТОВ. Ай сайын 12 рубль.
АБЫЛАЙ. Оооо-оо... Арнайы тапсырмамен келген екенсің ғой.
Ендеше былай болсын. Сен олардан қол үзбе. Қызметіңді жалғастыра
бер. Бірақ олардың әр тапсырмасын біз біліп отыруымыз керек!

Ұқтың ба?
МҮНӘСІП МӘММЕТОВ. Ұқтым, алдияр, ұқтым!
АБЫЛАЙ. Бірақ бұны тірі жан білмейтін болсын! Білсе, ең алдымен
өзіңе қауіпті.

МҮНӘСІП МӘММЕТОВ. Өлләхи-билләхи, тісімнен шығармаймын,
хан ием!
АБЫЛАЙ. Есіңде болсын, сен олардан байланысыңды үзбей,
бізге қызмет етесің. Қоқан мен орысқа біз ұсынған мәліметтерді

таратып отырасың, ал олардан бізге құнды ақпарлар жинайсың.
Егер бұлталаққа салар болсаң, жақсылық күтпе! Жаза бассаң, енді

аяушылық болмайды! Алдымен көз алдыңда бала-шағаңды, содан соң өзіңді өз қолыммен бауыздаймын! Қайда қашсаң да құтылмайсың, тұқымыңды тұздай құртамын! Ұқтың ба? МҮНӘСІП МӘММЕТОВ. Ұқтым, алдияр, ұқтым! Алланың атымен ант етемін, бұдан былай тек сізге ғана адал қызмет етемін! Сатқын Абылайдың аяғына жығылып, шапанының етегін сүйеді. АБЫЛАЙ. Бара бер! Боссың! Сатқын томпаңдай басып шығып кетеді. АБЫЛАЙ (Жолбарысқа). Мынаны Қоқан мен орысқа қарсы сал. Өмірі шындықты айтпа. Оның аузымен үнемі жалған ақпарат тарат. Енді бұған сенуге болмайды! Байқап көрерсің, егер тағы бір мәрте көңіліңе күдік ұялап, сеніміңе селкеу түссе, табанда жазасын берерсің. Бірақ өз ажалынан өлгендей болсын! ЖОЛБАРЫС. Ұқтым, хан ием! АБЫЛАЙ. Қырғыздар қалай, тыныш па?! ЖОЛБАРЫС. Жоқ, тыныштық бұзылып тұр, хан ием. Кеше ғана Ұлы жүздің бірнеше ауылын шауып, малдарын айдап әкетіпті. АБЫЛАЙ. Бауырға қанша тартсақ та, жаулығын қоймады ғой қырғыздар! Шыдамның да шегі бар, қазағымызды талатып отыра алмаймыз. Жауыздықтары үшін жауап беретін күн алыс емес. Ұлы жорық жасап, бастарын қайыра көтере алмастай соққы бермесе, өздері де тыным таппас, бізді де тыныш жатқыза қоймас. Бұны хан кеңесінде жан-жақты талқылап, бір жағына шығармаса болмас. Бірақ дәл қазір ең маңызды мәселе бұл емес. Ана Ауғанның Ахмет шахына кеткен Байтұрған би бастаған елшілерден не хабар? ЖОЛБАРЫС. Иә, олар аман-есен қайтып келе жатыр екен. Құдай сәтін салған сияқты. АБЫЛАЙ. Келе салысымен мән-жайды толық баяндарсың! ЖОЛБАРЫС. Әлбетте, хан ием! АБЫЛАЙ. Ал түрік сұлтанынан ше?

ЖОЛБАРЫС. Әзірше ешқандай хабар-ошар жоқ!
АБЫЛАЙ. Түрікпендер мен қарақалпақтардағы жағдай қалай?
ЖОЛБАРЫС. Тұрақсыздау болып тұр!
АБЫЛАЙ. Ұмытпай тұрғанда есіңе салып қояйын, жалпы біз

башқұрттар мен ноғайларды жылы қабақ танытып, бауырымызға
тарта беруіміз керек!
ЖОЛБАРЫС. Олар Ресейдің қолтығына кіріп алып, бізге қырбай
қабақ танытып жүр ғой!

АБЫЛАЙ. Айтақтап отырған сол иелері ғой! Әйтпесе, башқұрттар­
дың біздің иелігімізде болғысы келетінін ұмытып қалдың ба? Маған
«Бізге де хан болыңыз!» деген ұсынысын өз құлағыңмен естідің емес
пе?!

ЖОЛБАРЫС. Естідім. Тек Ресей оларды қанды қақпанынан босата
қояр ма екен?!
АБЫЛАЙ. Олар өздері қосылам десе, Ресей қашанғы қақпайлар
дерсің! Біз ертеңгі күнімізді ойласақ, бүкіл түркі жұртының басын

қосып, тас қамалға айналуымыз керек!
ЖОЛБАРЫС. Орыстардың тепкісінен қашып келген татарларды
не істейміз?
АБЫЛАЙ. Ел емеспіз бе, қанатымыздың астына аламыз!

ЖОЛБАРЫС. Айтпақшы, Ресейге жіберген тыңшымыз бір жайсыз
хабар алып келді.
АБЫЛАЙ (үдірейе қарап). Не?..
ЖОЛБАРЫС (дауысын көтеріп). Өз аузынан естіңіз!

Жолбарыс сұлтан есік жаққа қарай бір-екі адымдап келіп, күзет­
те тұрған жасауылдарға «Кіргізіңдер!» деп бұйрық береді. Үстіне
шекпен, басына түлкі тымақ киген тыңшы қазақ кіреді.
САДЫР КӨЛБАЙ. Ассалаумағаликум, алдияр!

АБЫЛАЙ. Уағалейкумассалам!
ЖОЛБАРЫС. Кәне, жаңалығыңды айт!
САДЫР КӨЛБАЙ. Орыс билеушілері қазақ елін қалай бұғаулаудың
құпия жоспарын жасапты.

АБЫЛАЙ. Оны қайдан білдің? САДЫР КӨЛБАЙ (қонышынан хат шығарып). Орынбор губерна­ торының кеңсесінде хатшылық қызмет атқаратын башқұрт Абдолла Әбутәліп сол құпия құжаттың көшірмесін беріп жіберді. АБЫЛАЙ. Оқы. САДЫР КӨЛБАЙ. «Қазақтардың негізгі байлығы – мал. Әсіресе жылқысынан айырса, жуасып қалады. Қазақтарды әлсірету үшін білдіртпей бірте-бірте күші мен байлығының көзі – малы мен жылқысын құртудың амал-айлаларын қарастыру қажет. Қазақтың малы азайып, жарлы-жақыбайға айналса, бізге кіріптар болады, амалсыз өздері-ақ құлдық ұрады. Айтқанымызға көніп, айдауымызға жүреді. Ол үшін...» АБЫЛАЙ. Жетер!.. Бұл не құжат? САДЫР КӨЛБАЙ. Ресей сыртқы істер алқасының жарлығы. АБЫЛАЙ. Бұл жарлықтың өзі жаңалық болса да, жазылған жай­ лар таңсық емес қой. Ресейдің ой-пиғылы мен көмекейінің бүл­ кілі бәсенеден белгілі емес пе?. Мен мәнжу мен орыстан ешуақытта жақсылық күтпеймін. Ешуақытта... Міне, бұл соның айқын бір дәлелі. Еліміздің қауіпсіздігі мен ертеңін ойласақ, халқымызды отырықшылыққа көшіріп, жер емшегін емуді үйренуіміз керек! ЖОЛБАРЫС. Бұл ойыңызды құптаймын! АБЫЛАЙ. Ең бастысы, көрші елдердегі жағдайды үнемі қадағалап, басты назарда ұста. Ол үшін түрлі жолдармен сенімді деген адамдарыңды, тыңшыларды жіберіп отыр. Тек ауызша айтып түсіндір, жазбаша түрде ешқашан тапсырма берме! Тындырып келген жұмысының мән-маңызына қарай міндетті түрде сый-сияпат көрсет. Мына жарлықты беріп жіберген ана башқұртқа ешкімге білдірмей құлынды бие беріп жіберіңдер. Уақытында жеткен хабар-ошарлар қауіп-қатердің алдын алуға ауадай қажет! Көрші елдерде не болып жатқанын алақандағыдай көріп отырмасақ, сан соғып қалуымыз мүмкін. Бұл біздің қауіпсіздігімізге аса пайдалы, үнемі осылай сақтық шараларын жасамай, сыртқы қауіптен қорғана алмаймыз! Сондық­ тан бір сәтке де босаңсуға болмайды. Олай болмаған күнде жаудың жемтігіне тез-ақ айналамыз! Ұқтың ба?

ЖОЛБАРЫС. Ұқтым, хан ием! Жолбарыс сұлтан мен Садыр Көлбай шығып кетеді. Осы кезде То­ пыш келеді. Қасында Әмірсана бар. ТОПЫШ. Хан ием, сізді Әмірсана бауырым қуанышыңызбен құттықтай келіпті. АБЫЛАЙ (Әмірсанаға қарай). Ой, бәрекелді. Армысың, бармысың, достым! Ел-жұртың аман ба? ӘМІРСАНА. Құдайға шүкір! Әпкеміз торсықтай ұл тауып беріпті дегенді естіп, біз де қуанып қалдық. Мұрагеріңіздің бауы берік бол­ сын! Перзент сүйіп, әке атану жұмыр басты пенденің басты бақыты ғой! АБЫЛАЙ. Оның рас, ниет-пейіліңе мың да бір рахмет, достым! ӘМІРСАНА. Жиеніміздің атын кім деп қойдыңыз?! АБЫЛАЙ. Қасым. ӘМІРСАНА. Қасымның өмір жасы ұзақ, ғұмыры шуақты болсын! Өзіңіз сияқты қазақ пен қалмаққа бірдей абыройлы хан болсын! АБЫЛАЙ. Әумин! Айтқаның келсін! (Топышқа) Алыс жолдан ат арытып келді ғой. Ас-дәміңді әзірлет, қазан көтерт! ТОПЫШ. Қам жемеңіз, төрем! Топыш шығып кетеді. АБЫЛАЙ. Иә, достым, жай жүрмеген шығарсың, келген шаруаңды айта отыр! ӘМІРСАНА. Қалдан қонтайшымыз қайтыс болғаннан бері берекебірлігіміз қашып, тірлігіміз оңбай кетті. АБЫЛАЙ. Қалдан Сереннің түбіне жеткен кім? ӘМІРСАНА. Елдің аузындағы әңгімеге қарағанда Жалбы қанішер сияқты. Ұлы мәртебелінің тамағына у қосқызып жіберіпті. Бірақ қолмен ұстап алған ешкім болмаған соң, жабулы қазан күйінде қала берді. Аспазшыны да сол түні төсегінде тұншықтырып кетіпті. Екі қылмыстың да артында бір адам тұрғаны айдан анық. Бірақ із та­ былмады. Оның үстіне бұдан да маңызды шаруалар киіп кетті де, ол қылмысты ұмыттырып жібергендей болды.

АБЫЛАЙ. Не боп қалды, соншалықты маңызды болатындай?.. ӘМІРСАНА. Ордамызда ойран болып жатыр. Лама Доржы Қалдан Сереннің өзі мұрагерлікке қалдырған ұлы – Ежен ханды тақтан тай­ дырып, билікті заңсыз басып алды. Дауашы екеуміз оған қарсы қол бастап шығып ек, жеңіліп қалдық. Сондықтан сенен көмек сұрай келдік. Жақсылығың өтеусіз қалмайды. Бірінші Құдай, екінші өзің қолдап жеңіске жетсек, қазақ елімен мәңгі достық қарым-қатынас орнатамыз! АБЫЛАЙ. Елдің жақсы-жайсаңдарымен ақылдасып-кеңесіп кө­ рейік! Ханның күші халықта екенін білесің ғой! ӘМІРСАНА. Біз билік басына келсек, сендерге де жаман бола қой­ мас! Арман-мұратымыз бір арнада тоғысып, қарым-қатынасымыз жандана түспей ме? Көксегеніміз осы еді ғой, Абылай!.. АБЫЛАЙ. Ештеңені ұмытқам жоқ! Есімде... бәрі есімде... Талабыңды қанағаттандыруға тырысармын! Бірақ бір шартым бар! Ел тізгіні қолдарыңа тиген соң Ұлы жүздегі биліктеріңді түп тамырымен жойып, кезінде басып алған қазақ жерлерін қайтарып бересіңдер. ӘМІРСАНА. Бұл шартыңды толығымен орындаймыз! АБЫЛАЙ. Олай болса, айтшы, Лама Доржының ордасында қанша төлеңгіті бар? ӘМІРСАНА. Қалдан Сереннен қалған салт бойынша ордада үнемі елу адам күзетші болады. Ал қалған әскердің барлығы бізді қуған боп қазақ жеріне қарай жылжып келеді. АБЫЛАЙ. Лама Доржы ордада қалды ғой?.. ӘМІРСАНА. Дәл солай! Қалың қолды Сайын Бөлек мен Садыр ноян­ дар бастап келеді. АБЫЛАЙ. Қанша сарбазың бар? ӘМІРСАНА. Екі жүз. АБЫЛАЙ. Ендеше сөз тыңда. Мен жасақ санын мыңға толтырып беремін. Оны жер жағдайын жақсы білетін Жолбарыс сұлтан мен Баян батыр бастап барады. Қасқыржым соқпақпен, ел көзіне түспей жүріп отырып Доржының тас төбесінен түсіп, ордасын басып аласыңдар.

Ары қарай не істеу керек екенін өздерің білесіңдер. Біз Жоңғар елімен бейбіт бітім жасасқан едік, соғысатын жөніміз жоқ еді. Сендер үшін қынаптан қылыш суырғалы отырмыз. ӘМІРСАНА. Айтқаныңды түсіндім, Абылай. АБЫЛАЙ. Ендігі бір айтпағым... ӘМІРСАНА. Айтыңыз, алдияр! АБЫЛАЙ. Дауашының жасы үлкен, жол соныкі, сондықтан қонтайшы сол болады. Әмірсана, сен тақ мұрагері – қалға боласың. ӘМІРСАНА. Айтқаныңыз болсын, алдияр! АБЫЛАЙ. Ендеше әзірше жақсылап тынығып, демалып алыңдар! Көп ұзамай бар-жоқтарыңды түгендеп, жолға салып жіберерміз! Әмірсана шығып кетеді. Жолбарыс сұлтан кіреді. АБЫЛАЙ. Жолбарыс, Жоңғар хандығының ішкі-сыртқы жағда­ йын жақсы білесің ғой! Сондықтан сені мыңбасы ретінде Әмірсана мен Дауашыға қосып жібергелі отырмын. Лама Доржының орда­ сын шауып, басын аласыңдар да, қалмақтың тағына Дауашыны отырғызасыңдар. ЖОЛБАРЫС. Хан ием, қайдағы бір қашып-пысқан ханзадалар үшін қалмақпен қайта соғысқанымыз қалай болар екен? АБЫЛАЙ. Бұл жолы өзіміз ғана қарсы шаппаймыз, қалмақтарды бір-бірімен қырқыстырып, есебімізді түгендеп, есемізді қайтарамыз! Осындай амал-айлаларға жүгінбесек, күшпен ала алмаймыз. Ханзада­ ларды қолдап-қуаттау арқылы Жоңғарияға өз үстемдігімізді орнатуға күш саламыз! Ұқтың ба? ЖОЛБАРЫС. Ұқтым, хан ием! Бірақ, Жоңғария әлі де қуатты мемле­ кет қой. Ертең Дауашы мен Әмірсана жеңіліп қалып, басымызға пәле тілеп алмаймыз ба? Одан да қашқындарды ұстап беріп, Доржымен тығыз қарым-қатынас орнатып, тыныш отырғанымыз тиімді болмас па? АБЫЛАЙ. Жоқ, онда Доржы тіпті күш алып кетеді. Оның күшейгені бізге аса пайдалы емес. Ол сөзінде тұрмайтын, уәдесін ешқашан

орындамайтын сұмпайы емес пе?! Тақ үшін туған бауырын жа­ мандыққа қиып, сарттарға құлдыққа сатқан қанішер бізді аяйды дейсің бе? Оған сенім жоқ. ЖОЛБАРЫС. Әмірсана мен Дауашыға сеніміңіз бар ма? АБЫЛАЙ. Ешкімге сенбеймін. Бірақ тұтқында болған кезде бұл екі ноянның маған көп жақсылық жасағанын өзің де білесің. Оны ұмытуға болмайды, мойнымызға қарыз, адамшылығымызға сын. Тағы да қайталап айтамын, егер бұл нояндарды уысымыздан шығарып алсақ, жоңғарларға ықпал ете алмай қаламыз. Ал екі ортаға мәнжулер мен орыстар сыналап кірсе, олардың ғана емес, біздің де басымызға да қауіп төнері анық. ЖОЛБАРЫС. Ойыңызды толық түсіндім, хан ием! Баяғы Жалбы Лама Доржының сәлемін алып келіпті. АБЫЛАЙ. Жалбы? ЖОЛБАРЫС. Иә, өзіңіз басын алған Шарыштың бауыры. АБЫЛАЙ. Лама Доржы елшіге жарыған екен. Жалбы ел мен елді елдестіре ме, жоқ әлде, жауластырып тына ма?! Не дейді екен, көрейік, кірсін! ЖОЛБАРЫС (қарауылдарға). Жоңғар елшісін кіргізіңдер! Қос қарауыл Жалбыны алып кіреді. АБЫЛАЙ. Қош келдің, Жалбы! Қай Құдай айдап келді сені мұнда? ЖАЛБЫ. Мен Құдайдың емес, ұлы мәртебелі қонтайшы Лама Доржының атынан келіп тұрмын! АБЫЛАЙ. Ұлы мәртебелі қонтайшың не дейді сонда? ЖАЛБЫ. Бізбен бейбіт бітімді жалғастырғысы келсе, қанаттары­ ның астына алып отырған Әмірсана мен Дауашыны кісендеп кері қайтарсын дейді. АБЫЛАЙ. Өкінішке орай, бұл өтініштеріңді орындай алмаймыз! ЖАЛБЫ. Неге? АБЫЛАЙ. Қазақ салтында бас сауғалап келген адам баласы түгілі, иесінен қашып келген ит те қайтарылмайды. 4-298

ЖАЛБЫ. Баяғыда қазақтар келіп сұрағанда, біз сені қайтарып едік. Сонда тату көрші болайық деп ант-су ішіп аттанып едің. Енді қонтайшының сөзін жерде қалдырмақсың ба? АБЫЛАЙ. Елім елші жібергенде, мені алтын таққа отырғызу үшін сұрау салды. Ал сендер Дауашы мен Әмірсана ханзаданың басын алу үшін сұрап отырсыңдар. ЖАЛБЫ. Солай ма? Ендеше сөз тәмам. Жасанған жасағымыз еліңнің дәл іргесінде тұр, бір-ақ сәтте басып кіреміз! Қалмақ ханза­ даларын құтқарам деп, ордаң ойрандалып, тағы да тұтқынға түсіп қалып жүрме! АБЫЛАЙ (сұрланып). Не деп тұрсың, ақымақ?! Абылай қанжарын жарқ еткізіп суырып алып, жоңғар елшісінің тамағына тірейді. Олай болар деп ойламаған Жалбы сескеніп қалады. ЖАЛБЫ. Елшіге өлім жоқ екенін білмеуші ме едің? Байқа, мені өлтірем деп, басыңа арылмас пәле тілеп алып жүрме! АБЫЛАЙ. Алдымда тұрып асып сөйлегенің үшін басыңды алып, қонтайшыңа сәлемдеме қылып салып жіберуге де болар еді! Бірақ біз мұсылманбыз, сиынарымыз – бір Алла. Елшіні өлтіруге заңымыз тыйым салады. Сондықтан жаның – олжа, бар. Қонтайшыңа сәлем айт, тұрысатын жерін айтсын! ЖАЛБЫ. Айтармыз, жеткізерміз бәрін... Құтылған қасқырдай алақтаған Жалбы ашуға булығып шығып кетеді.

ЕКІНШІ АКТ БІРІНШІ КӨРІНІС Абылайдың ақ ордасы. Жолбарыс сұлтан қапқа салынған Дор­ жының басы мен Әмірсананың хатын алып келді. Тері қаптың аузын ашып, Лама Доржының басын Абылайдың алдына домалатып тас­ тай салды. Абылай кесір басты тұлымынан көтеріп, ашық қалған көзіне тура қарайды. АБЫЛАЙ. Е, Лама Доржы, шектен шыққан қанқұмар ең, ақыры аузыңа қан құйылыпты ғой! Зұлым істерің мен сұрқия жауыз­ дықтарыңнан алысқа ұзамайтыныңды біліп ем. Ашқарақтық пен тойымсыздықтың белгісіндей, басың кесілсе де, көзің жұмылмапты ғой!.. Тым ашқарақ, тым тойымсыз көз... Иә, айта бер, қалай болды? ЖОЛБАРЫС. Біз Доржының ордасына түн ішінде басып кірдік. Ал сол мезгілде олардың негізгі жасағы Қабанбайдың қолымен соғысып жатқан еді. Ордада шағын күзет қана қалыпты. Ой-жоспарымыз толықтай жүзеге асты. Доржыны қолға түсіру қиынға соға қойған жоқ. Содан сіздің айтуыңыз бойынша, Дауашыны хан тағына отырғыздық. Бірақ ең соңғы ақпарларға қарағанда, енді Дауашы мен Әмірсана өзара билікті бөлісе алмай, бір-бірімен қырқысып жатқанға ұқсайды. АБЫЛАЙ. Бұлардың түбіне осы билікқұмарлық пен алауыздық же­ тер. ЖОЛБАРЫС. Тақ таласы ғой баяғы. АБЫЛАЙ. Иә, сол!.. Өздерінен хабар-ошар бар ма? ЖОЛБАРЫС. Артымыздан ілесе хат та келді. Дауашы «Дос көрші болу ниетін білдіріп, тұтқындағы қандастарымызды түгел қай­ таратынын» айтып, сәлемхат жолдапты. Ал Әмірсана болса Дауа­ шымен болған соғыста жеңіліп қалып, әупірімдеп қашып құтылған екен. Сол баяғы әуеніне қайта басыпты. Егер Абылай көмек бермесе, атымның басын шүршіт Боғдыханына қарай бұрамын деп сәлем жолдапты.

АБЫЛАЙ. Олардың жарылқай қоярына сенбеймін. Қайта олардың
осындай талмауыт тұсын аңдып, алақандарына шырт түкіріп отыр
ғой.
ЖОЛБАРЫС. Бізге бәрібір емес пе?

АБЫЛАЙ. Жоқ, бәрібір емес. Егер араға шүршіттер араласса, қай
жағынан болсын ұтыларымыз анық. Біздің тағдыр-талайымыз жоң­
ғар еліне тікелей байланысты. Олардың шаңырағы шайқалса, біздің
де ұйқымыз тыныш болмайды.

ЖОЛБАРЫС. Онда Әмірсанаға тағы бір мәрте көмек беріп, оны
таққа отырғызу керек шығар.
АБЫЛАЙ. Жоқ. Ел әбден қажып, қалжырады, қайта-қайта дүрлік­
тіре берудің қажеті жоқ! Ендігі соғыс екі жаққа да тиімсіз!

ЖОЛБАРЫС. Ұқтым, хан ием!

ЕКІНШІ КӨРІНІС

Сахнада Топыш пен Әмірсана. Топыш ашулы, Әмірсанаға өкпе-
назын айтып, долданып жүр.
ТОПЫШ. Не бетіңмен келіп тұрсың? Таққа таласып, елді торғайдай
тоздырып жібердіңдер ғой! Сенің кесіріңнен еліміздің шаңырағы

опырылып ортасына түсіп, күлі көкке ұшты. Доржымен, тіпті бұрынғы
жақтасың Дауашымен қырқысқаннан тапқан пайдаң осы ма? Ақыры
не болды? Шүршіттерге жем болдың!
ӘМІРСАНА. Бұлай болар деп ойламадым.

ТОПЫШ. Енді қалай болар деп ойлап ең?
ӘМІРСАНА. Олар мені алдап соқты, қателескенімді кеш білдім!
ТОПЫШ. Табаламаймын! Табалағым да келмейді. Бірақ аста­м­
сығанның ақыры осылай боларын біліп ем. Шүршіттердің саған

Жоңғарияның билік тізгінін ұстатпайтыны белгілі еді ғой. Олардың
ойын білмеуші ме ең, Құдай-ау?! Сен арқылы сол арам ойларын іске
асырды, дегендеріне жетті. Жоңғар мемлекетін құлатып, халқының

мойнына қыл бұрау салды, ал оған көнбегендерді аяусыз жазалап жа­ тыр. Не бүлдіргеніңді білемісің өзі?! Басқыншыларды бастап келіп, ордаңды ойрандатып, халқыңды қынадай қырғыздың? Ел-жұртыңды олардың аяғының астына салып беріп, таптаттың, жаншыттың! Жеріміз өлікке толды, даламыз қан сасыды. Осының бәріне сен кінәлісің! Сен кінәлісің! Сен... ӘМІРСАНА. Кінәлімін! Не істесеңіз де қолыңызды қағар жайым жоқ! Ақтала да алмаймын! Алам десеңіз, жаным құрбан, шабам десе­ ңіз, міне, басым! Өзі де қайғы-қасіреттен қан жылап тұрған Әмірсана ештеңе деп ақталмай, «кінәлімін» деп басын иіп тізерлей отыра қалады. Топыш бір кезде Әмірсананың басынан сипайды. ТОПЫШ. Артың қанды із, алдың жар, енді қайда бармақсың? ӘМІРСАНА. Кінәмді қанмен жуам! Өлсем де, соғысып өлем, жас­ тығымды ала өлем! ТОПЫШ. Алдымен демал, аптығыңды бас. ӘМІРСАНА. Демалатын уақыт емес! Тездетіп Абылайға жолық­ тыр! Көмектессе, жасақ берсе, Шың еліне қарсы ұлы жорық бастай­ мын! Кеудемнен жаным шықпай оларға тыныштық бере қоймаспын! Елім мен жерімді азат етпей, тыным таппаспын! ТОПЫШ. Дәл қазір кесіп-пішіп ештеңе айта алмаймын. Сені ұстап беру жөнінде Ежен ханнан хат келіпті. Соған орай Хан кеңесі шақырылды. Сенің осында екеніңнен Абылай хабардар, бүгін-ертең оны мазалаудың қажеті жоқ. Білуімше, онда сенің де жай-күйің қаралмақ. Сондықтан әзірше әліптің артын баға тұруға тура келеді. Асығыстық жасама. Шешімді содан соң Абылайдың өз аузынан естірсің! Ал әзірше аздап демала тұр. Жай-күйіңнің бәрін өзім айтып жеткізем. Хабар өзімнен болады. Абылайдың сырын менен гөрі сен жақсы білесің ғой, қолынан келгенін аянып қалмас. Жауға бермес, жамандыққа қимас!

ӘМІРСАНА. Иә, оныңыз рас! Білгендіктен де, сенгендіктен де келіп
тұрмын! Олай болса, хабарды өзіңізден күтермін!
Әмірсана шығып кетеді.
ТОПЫШ. Қайран, аңғал бауырым-ай! Қатты қателестің ғой. Енді

шүршіттердің қанды құрығынан құтылу қиын-ау, сірә!.. Отпен ой­
наймын деп, оңбай күйіп қалғаныңды өзің де білмей қалдың-ау!..
Қайтейін, көздің жасын көл қылғаннан басқа қолдан келер ештеңе
жоқ! Жамандықты емес, жақсылықты ойлағың-ақ келеді, әй, бірақ

ендігі үміт шырағы да сөніп қалған сыңайлы!.. Ішімнің удай ашып,
қыжылдатып бара жатқаны-ай!.. Елжіреген елім-ай, қалжыраған
халқым-ай!.. Не боп барады мына жалған, опасыз сұм дүние?!.
Топыш қапалы. Көзінде жас. Бір орнында тұра алмай, арлы-берлі

сенделіп жүр. Осы кезде Абылай келеді.

АБЫЛАЙ. Не болды, Топышжан-ау? ТОПЫШ. Елдің жайын ойлап, өзегім өртеніп барады. Әмірсана тағы да бүлдірді ғой, күйдірді ғой! АБЫЛАЙ. Иә, бәрін естіп-біліп отырмын! ТОПЫШ. Тағы бір мәрте көмектессең... Ақырғы рет... Әмірсананың ғана емес, менің де өтінішім осы! Бұдан кейін қолқа салмаймын! АБЫЛАЙ. Шүршіт осал жау емес, сұсы да, күші де басым! Олармен соғысып опа таппаспыз! ТОПЫШ (жыламсырап). Осымен еліміздің жарығы мүлде сөніп, жұлдызы мәңгілікке ағып түскені ме?! Ақырғы рет демеп жіберіңізші, тұяқ серпер соңғы мүмкіндік те осы шығар!.. Сұранамын, соңғы рет көмектес! Абылай ойланып тұрып қалады. Бірақ тіс жарып, ешқандай уәде бере қоймайды. Ойлы кейіпте Топышқа жақындап келіп, бауырына тартып, құшағына қысады.

ҮШІНШІ КӨРІНІС Абылай ханның ордасы. Хан кеңесі. АБЫЛАЙ. Ат арытып, аман-есен жеттіңіздер ме? Ортамыз толып, төрт көзіміз түгел қауышқанымызға қуаныштымын. Ел жағдайын ескеріп, жедел жеткендеріңізге ризашылығымды білдіремін! Неге шақыртқанымды шет жағалап біліп отырған шығарсыздар. Жоңғар елінен соңғы хабар келіп жетті, алатайдай бүлініпті. Әмірсана Да­ уашыдан жеңілгеннен кейін біздің қайта көмек бермейтінімізге көзі жетіп, Шың еліне қашып барыпты. Боғдыханмен құпия келісімшарт жасасып, туған еліне шүршіттерді өзі бастап келіпті. Соның арқасын­да жасанып келген жау жасағы жоңғар елін тез-ақ басып алып, өз билігін орнатыпты. Дауашы қолға түсіп, жазаға тартылған көрінеді. Бірақ Әмірсананы Жоңғар тағына отырғыза қоймапты. Осыған ашуланған әрі жат жұрттықтардың өз елін қанды қырғынға ұшыратқанын көзімен көрген Әмірсана оларға қарсы көтеріліпті. Бірақ мұздай қаруланған қалың қолға Әмірсананың шамасы қайдан келсін?! Күйрей жеңіліп, тағы да атының басын бері бұрыпты. Шүршіттердің ендігі көксе­гені – қазақ елі екені белгілі. Олар Әмірсананы қуған боп, елімізге тарпа бас салуы ғажап емес. Жаман айтпай, жақсы жоқ, қапыда қалмай, қамданбаса болмас! Оның үстіне Қытай императоры Цянь­ луннен хат келді. Алдымен сонымен таныс болыңыздар. (Хатшысына қарап) Оқы. ХАН ХАТШЫСЫ (орнынан атып тұрып хатты дауыстап оқи бастайды). «Қазақ ханы Абылайға! Соңғы жылдары жоңғарларды бүлік жайлап, бір-бірімен қырқысуы салдарынан ойрат жұрты торғайдай тозып, кіріптарлыққа ұшырап, ел болудан қалған еді. Мен күллі аспан астының әміршісі ретінде бұған қол қусырып қа­ рап отыра алмай, көктің атынан жаза жорыған жасап, Ілені бейбіт күйге келтірдім. Оларды тыныштықтың рахатына бөлеп, бақытқа кенелттім. Бейбітшілікті баянды ету үшін кейінгі істерді кезегімен тындырар тұста опасыз Әмірсана ойда-жоқта бүлік шығарып, әбден құтырып, шегіне жетті. Сондықтан амбандарыма қалың қолды бастап,

оның соңынан қуғындауды ерекше тапсырдым! Оның үстіне жоңғар тайпаларының тайжы, зайсандары да бізді жақтап, әділетті жасақ құрып, оны өздері ұстауға жұмылуда. Білуімізше, қазір қару көтеруге қауқары қалмай, жұртын тастай қашқан Әмірсананы сіздер панала­ тып отырған көрінесіздер. Қылмысы басынан асатын қарақшыны қайда барса да, біз бәрібір ұстап жазалаймыз! Қарақшының арамза сұрқиялығына келсек, оның құлқы сіздерге жақсы мәлім болса керек. Оны әсте қанатыңыздың астына алушы болмаңыз! Егер қарақшыны паналатып, қорғаштар болсаңыз, ұлыстарыңызға кесірі тиеді. Бір адамды қорғаймын деп, жауыңызды көбейтіп алмаңыз! Оның үстіне жер қайысқан қалың қолымыз дәл іргеңізде тұр. Біздің көп әскеріміз қашқынды тұзақтау үшін жеріңізге басып кірсе, ұлысыңыз бере­ ке таба қоймас. Оның арты орны толмас өкініш деген сөз. Пайдазиянын құнттап ойланарсыз, ал егер жарлығымызды бұлжытпай орындап, Әмірсананы ұстап берсеңіз, менің мәңгі жарылқауымда боласыз! Егер сіздер Әмірсананың қулығына сеніп, ойларыңыздан қайтпасаңыздар, онда қосындарымыздың қатарын тіпті көбейтіп, елдеріңізді тып-типыл етеміз! Алда үлкен өкінішке қалмай, пайда мен зиянды мұқият салмақтағандарыңыз жөн болар!» АБЫЛАЙ. Міне, көріп отырсыздар, Ежен ханның сөзі тым өктем, астарынан астамшылық байқалып тұр. Жер қайысқан қолының іргемізде тұрғанын ескертіп, сес көрсетеді. Қорқытып-үркітіп айт­ қанын өткізіп, ойындағысын істегісі келеді. Хан кеңесін шақыр­ тып, сіздерді жинағаным да сол. Көп болып кеңесіп, ортақ шешімге келейік! Кәне, не айтасыздар? Қандай ақыл-кеңес қосасыздар? Төлеке, төбе биіміз өзіңіз, бастаңыз! ТӨЛЕ БИ. Әмірсана төрт ойраттың түбіне жетіп қана қоймай, Ежен ханға қараған соң, опасыздықпен қайта бүлік шығарып, бері қашты да, тыныш жатқан біздің елге кесірін тигізе бастағанын көріп отырмыз. Егер оны тез арада шүршіттердің қолына ұстап бермесек, тыныштық болмас. Елдің қамын ойласақ, Әмірсананы ұстап беруіміз керек! АБЫЛАЙ. Әмірсана басына күн туып, жан сауғалап келіп отыр. Бұтаға қорғалаған торғай да аман қалады. Бұта құрлы бола алмасақ, жер басып тірі жүргенімізден не пайда, не қайыр?! Торғайдың күйін кешкен адамды ұстап беру жарамас.

БҰҚАР ЖЫРАУ. Ашуланба, Абылай!
Ашулансаң, Абылай,
Көтерермін, көнермін,
Көтеріп қазға салармын.

Өкпеңменен қабынба,
Өтіңменен жарылма.
Шүршітпенен соғысып,
Басына мұнша көтерген

Жұртыңа жаулық сағынба!
Абылай ханның қасында
Бұқарекең жырлайды.
Жырлағанда не дейді,

Соғыспа деп жырлайды.
Бұқарекең деген кәріңіз,
Соғыссаң кетер сәніңіз.
Бізден бұрын өтіпті

Ғазіреті Ғалі шеріңіз.
Жаулық жолын сүймеңіз,
Мынау жалған сұм дүние
Өтпей қалмас демеңіз!

Шүршіт алмас демеңіз,
Наны қатты жемеңіз,
Зәбірі қатты бұл шүршіт
Алмай қоймас демеңіз!

Шүршіт келем деген сөз бар-ды,
Егер шүршіт келмесін,
Егер шүршіт қаптаса,
Алып бір кетер ақтарып

Көмулі көрден денеңді.
Келіп бізді қамайды,
Үйтүндік пен беленді.
Сірә, ғана шер енді.

Шүршіт келсе жарамас,
Ай-түйіңе қарамас.

ӘЙТЕКЕ БИ. Әп, бәрекелді, күміс көмей әулием-ай, қиып та, тіліп те айтасың-ау! Менің де айтарым осы. Өзіңді құрметтеп басына шығарған жұртыңды тектен-текке шүршітпен қырылыстырып, оба­ лына қалма! Біздің ешқашан олармен тереземіз теңесе алмайды. Егер талап-тілегін орындамасақ, күші мен мысы басым жаудың жерімізге басып кіруі әбден мүмкін! Қалмақтар сияқты қанды қырғынға ұшы­ рап, солардың кебін киіп жүрмейік. Сондықтан мен де Әмірсананы ұстап беріп, бейбіт келісімге келуді қалаймын! ҚАЗЫБЕК БИ. Әмірсананы ұстап берерміз-ау, бірақ іс онымен біте қалады дегенге өз басым еш сенбеймін. Бұға берсең, сұға береді. Бір уақ күш-қуатымыздың қандай екенін көрсетіп қойғанымыздың да еш артықтығы болмас! Әмірсананы сылтауратып жерімізге басып кірсе, міндетті түрде қолымызға қару алып, қасқайып қарсы тұрып, беттерін қайтару керек! ЖӘНІБЕК ТАРХАН. Қытайлардың жоңғарларды қалай қырыпжойып, күл-талқанын шығарғанын көріп-біліп отырмыз. Жоңғар даласында өлгендердің мәйіті шашылып жатыр. Қырғынның көптігі сондай, өзен-көлдері қып-қызыл қанға боялды. Өртенген ауыл­ дар мен дала-орманның түтіні күннің бетін көлегейлейді. Әй, Абы­ лай, сенің тегің де, қатының да қалмақ. Қаның мен қарыңа тартып, қайдағы бір қашқын үшін қол астыңдағы халықты құрбандыққа шалғалы тұрмысың?! АБЫЛАЙ. Әй, Жәнібек не оттап тұрсың? Мен кіммін? Иә, қанішер Абылайдың Уәлиінен қалған жалғыз тұяқ – Әбілмансұрмын! Түр­ кістанда тудым, ат жалын тартып мінер кезімде ата-анам қалмақтың қолынан қаза тауып, тұл жетім атандым! Тірі қалу үшін ата-тегімді жасырып, Төле бидің есігінде жалшы болдым! Қой, түйе, жылқы бақтым, отын жарып, жүк артып, іркіт пістім! Қайғы-қасіреттің қара шекпенін қанша жамылсам да, жігерімді еш жасытпадым, ба­ сымнан сөз асырмадым! Қара су ішіп жүрсем де, еңсемді түсірген емеспін! Өмірім қауіп-қатерге толы болды... Менің осыншалықты қайғы-қасірет арқалап, азап шегуіме кім кінәлі? Әрине, қан іздеген қалмақтар. Ендеше Әмірсанаға бүйрегім бұра қоймас. Бірақ жасанып

келген жауға қарсы шаппасақ, көп нәрседен ұтыларымыз хақ! Ары­ ны күшті дұшпанның аптығын басып, азу тісімізді көрсетіп қоймасақ болмайды! Егер алдына түсіп жорғалай берсек, басынғанның көкесін көрерміз. Олар Әмірсананы алдыға салып біздің күш-қуатымызды да байқап көрмек! Әйтпесе, әскерін бірден шекарамызға әкеліп қоя ма?! Бұның артында айтқызбай ұғар көп сыр жатыр. Ойлары бола қоймас. Қазақтың алыспай беріспейтінін, оңайлықпен алдыра қоймайтынын білсін! Көздері жетсін! ҚАБАНБАЙ БАТЫР. Әрине, ой алаң, көңіл күпті. Бірақ одан да маңызды жайттар бар. Ел екенімізді, жұрт екенімізді, біздің де өз талап-тілегіміз бар екенін жеткізіп, күш-қуатымызды байқатып қойғанымыз жөн. Елдік намыс пен ұлттық рух сыналар тұс осы. Егер басқыншы ел жерімізге басып кірсе, жақсылап тойтарыс беру керек! Абылайдың сөзінің жаны бар, бұл жерде Әмірсана тек сыныққа сыл­ тау ғана. Шүтшіттердің ойы белгілі... Еліміздің шаңырағын ортасына түсіріп, халқымызды басып-жаншып, жерімізді меншіктеп алу! Ал бұған жол бере қоймаспыз! Ел емеспіз бе, бас имейміз, майдан дала­ сында атой сап, ашық айқасқа шығамыз! БӨГЕНБАЙ БАТЫР. Ой, батырым-ай! Айтқаның орынды. Өктемдік пен өштіктің жетесін желкесінен қию керек! Егер жау жерімізге басып кірсе, қару алып қарсы шабамыз! Басқа жол жоқ! Оларды тайраңда­ тып, төбемізге шығарып қоя алмаймыз! Ізденіп келген жауға қарсы қылыш сілтей алмасақ, елдігімізден қандай қадір-қасиет қалмақ?! ДАУЫСТАР. Жөн-ақ! Бәріміз де осы ойды қолдаймыз! Құлдық ұруға, басымызды бұғып қалуға болмайды! Қарсы шабуылға шығып, қытайларды келген іздерімен кері қуамыз! АБЫЛАЙ. Иә, алған бетіміз дұрыс. Жан жалпақтағаннан, жас­ қанғаннан емес, жағаласқаннан қалады. Жоңғарлардың түбіне жет­ кен алауыздық, осы кеселді дерттен арылмай, біздің де көсегеміз көгере қоймас! Береке басы – бірлікте. Ынтымағы ұйысқан іргелі ел екенімізді танытып, жауға қарсы шабамыз! Дұшпанның күші мен сұсы басым екен деп, қорқыныш пен үрейге бой алдырмаңдар! Жігерлерің жасып, тауларың шағылмасын! Қанша мықты болса да, әркімнің өз әлсіз тұсы бар, басқыншының басын алып, тас-талқан

етеміз! Батырлардың бәріне хабар беріңдер, сарбаздарын жинап, тезірек атқа қонсын! Осы кезде шүршіт қолының беталысын білуге жіберілген барлау­ шы кіріп келіп, көрген-білгендерін айта бастайды. САДЫР КӨЛБАЙ. Шүршіттер жерімізге тақап қалды. Оларды екі бағытпен Дардана мен Хадаха қолбасылар бастап келеді. Бірі оңтүс­ тік-шығыстан, екіншісі солтүстік-шығыстан. Жасақ саны қырық мыңнан асып жығылады. Атты және жаяу әскерлерінің саны тең. Мұздай қаруланған, от шашқыштары да бар. АБЫЛАЙ. Айттым ғой, олардың Әмірсананы қууы көз алдау ғана. Көкейлерінің түкпірінде не жатқаны белгілі. Тездетіп атқа қоныңдар, алдарынан шығып, ойламаған жерден шабуыл жасап, бетін қайтармасақ болмайды! Қабанбай батыр, сен өзіңе Әмірсананың жасағын қосып ал да, оңтүстік жағынан ти! Ал, Бөгенбай батыр, сен жасағыңды солтүстік жақтан бастап шығарсың! Ал, Жәнібек ба­ тыр, сен қарсы салып, тура қақ маңдайынан ұрарсың! Ал, іске сәт, батырлар! Әділет біздің жақта! Біз жеңеміз! Жерімізді жат жұрттық басқыншыларға таптатпаймыз, туған елді қорғауға тиіспіз! Жеңілсек бодандықтың қамытын кигеніміз, ендеше шегінерге жол жоқ! Иә, Алла, өзің жар бола гөр! Ата-баба аруағы қолдасын! ДАУЫСТАР. Жауды жерімізге кіргізбейміз! Біз жеңеміз! Әділет біздің жақта! ТӨРТІНШІ КӨРІНІС Қазақ пен шүршіттердің қолы майдан даласында кездесіп, қиянкескі ұрыс жүріп жатыр. Абылай шатырында соғыстың барысын сырттай бақылап тұрады. Қасында Жолбарыс сұлтан. Күн бесінге таянғанда шүршіттердің тауы шағылып, маңдайлары тасқа соғылып, біртіндеп шегіне бастайды.

АБЫЛАЙ. Айтпадым ба, ерлерім, ерледіңдер! Біз жеңдік! Құдай бұйыртса, жеңіс тойын тойлаймыз! ЖОЛБАРЫС. Хан ием, Шың елінің елшісі келіп тұр. АБЫЛАЙ. Оларға тағы не керек екен? ЖОЛБАРЫС. Өзіңізбен бетпе-бет сөйлескісі келеді. АБЫЛАЙ. Кірсін! Шың елінің елшісі На-Ванг кіреді. АБЫЛАЙ. Иә, не шаруамен келдіңіз? Айта беріңіз! НА-ВАНГ. Қалың қолымыз сіздің елге тек Әмірсананы ұстау үшін ғана келген болатын. Әскерімізге қарсылық көрсеттіңдер, сол үшін қанды шайқас болды. Қазір күн суытып келеді, жасағымыздың бұдан әріге мүмкіндігі жоқ, амалсыздан атымыздың басын кері бұрғалы тұрмыз. Бірақ келер жылы қайта келеді. Әмірсана қолға түспесе, әскеріміз қазақ жеріне келуін тоқтатпайды. Ендеше елдеріңізде тыныштық бола ма? Ұлы мәртебелі патшамыз сізге дұғай сәлем жол­ дады. Егер Әмірсананы ұстап берсе, бүкіл талап-тілектеріңізді орын­ даймыз деп уәде беріп отыр. Ұлы империямызға қарсы қару көтерген бүлікшіге ешқандай кешірім мен аяушылық болмайды. Біз оны қалайда тауып, қатаң жазалаймыз. Ол бізден қашып құтыла алмайды. АБЫЛАЙ. Әмірсананы ұстап бермекші ек, ол соны сезіп қойып, қашып кетіпті. Егер ол жерімізге қайта аяқ басса, қалайда ұстап беру­ ге тырысамыз. НА-ВАНГ. Сіздер сонымен қоса ұранқайлар мен торғауыттарға шабуыл жасап, жерлеріне басып кіріпсіздер. Көп адамды тұтқындап, малдарын айдап кетіпсіздер. Соларды шып-шырғасын шығармай қайтарыңыздар! АБЫЛАЙ. Біз ешқандай да ұранқайлар мен торғауыттардың жері­не басып кіргеміз жоқ. Тек кезінде солар иеленіп кеткен қазақ жерлерін өзімізге қайтарып алдық. Тарбағатай өлкесі, Ертістің жоғарғы ағысындағы алқаптар, Іленің бойы қазақтардың ежелгі мекені. Біз ол жерлерге қазақтарды қоныстандырамыз. Осыны императордың назарына жеткізіңіз.

НА-ВАНГ. Мынаны ұғынуыңыз ләзім: жоңғарлар жайлаған жер­ лердің барлығы да – біздің иелігіміз. Ал сіздер өз елдеріңіздің топырағын қапысыз қорғаңыздар! Біздің иелігімізге бей-берекет тиісуші болмаңыздар. Қазақтың жері онсыз да аса кең, сондықтан сол бұрыңғы шекараларыңды сақтағандарың жөн. Ұлы мәртебелі патша­ мыз ұранқайлар мен торғауыттардың ауылын әдейі шапқызғаныңыз­ ды біліп отыр. Бұндай қастықтарыңызды дереу доғарыңыздар! Сөз­ бұйдаға салсаңыздар, ұлы патшамыздың қаһарына ұшырайсыздар! АБЫЛАЙ. Шың империясы өзін Жоңғар хандығының құқық мұрагері санайды. Ол жерлер ежелден қазақтың атамекені екенін, бір кезде қалмақтар күшпен басып алып, иемденіп келгенін мойындағысы келмейді. Біздің көңілімізге кірбің ұялатар жайт осы. Қандай күші асқан мемлекет болса да, егер бізге қоқан-лоққы жаса­ са, табандап қарсы тұрамыз! Алтай мен Атыраудың, Ертіс пен Еділдің, Арқа мен Алатаудын арасындағы ұланғайыр атырап – көшпелі қазақ жұртының бағзыдан бергі ірге тепкен атақонысы, алтын бесік ата жұрты. Агараки, кімде-кім осынау касиетті жерімізге көз алартып, шырқымызды бұзар болса, өз қанына өзін тұншықтырарымызды біліп койғаны абзал. Төсекте басымыз қосылмаса да, төскейде малы­ мыз қосылған қай көршімізге де айтарымыз осы. Дос болғанға құшағы ашық туыспыз, қас қылғанға қиып түсер қылышпыз. Ал сіздер айтып отырған тұтқындағы ұранқайлар мен торғауыттар толықтай босаты­ лып, елдеріне қайтарылады. Олардың есебін алып, анықтап, Жолба­ рыс сұлтан арқылы хабардар етерміз! НА-ВАНГ (жымысқылана). Тағы не айтпақсыз? Айтып қалыңыз! АБЫЛАЙ. Айтсақ мынау: біз қытай елімен сауда-саттық жасағанды жөн көріп отырмыз! Тұрпаннан жәрмеңке ашсақ, екі жаққа да тиімді болар еді. НА-ВАНГ. Әлбетте, тақсыр, айырбас сауда жасауға біз де мүдделіміз! Бұл талабыңыздың көп кешікпей іске асатынына сенімдімін! Тек жәрмеңкені Тұрпаннан гөрі Үрімжіден ашу қолайлырақ болар еді. АБЫЛАЙ. Үрімжі алыстау ғой, сондықтан Тұрпаннан ашқан тиімдірек болар еді. Қалай болғанда да, біз, қазақтар бейбітшілік сүйгіш елміз, бейбіт келісімдер жасауға әр кез дайынбыз!

НА-ВАНГ. Ұлы мәртебелі патшамыздың көздегені де осы. «Бір әке­ нің баласындай болайық, ұлымдай болсын!» деп сәлем жолдағаны да осының айқын айғағы емес пе?! Біз, әрине, бұндай тиімді ұсыныс­ тарды қолдап-қуаттауға әр кез әзірміз! Ал әзірге аман-сау болыңыз! АБЫЛАЙ. Елдеріңізбен есен көрісіңіздер! НА-ВАНГ. Айтқаныңыз келсін! Шың елінің елшісі шығып кетеді. Абылай хан мен Жолбарыс сұл­ тан екеуі оңаша қалады. ЖОЛБАРЫС. Бейжіңге жіберген тыңшымыз қайтып оралды. АБЫЛАЙ. Иә, айта бер! ЖОЛБАРЫС. Әмірсананы қуғындап жерімізге ішкерілей енген қырық мың қолды Дардана мен Хадаха генералдар бастап келгенін өзіңіз де жақсы білесіз. «Әмірсананы ұстай алмады, оның үстіне масқара боп қазақтардан жеңіліп, әскерді көп шығынға ұшыратты» деп, шүршіттердің императоры екі қолбасыны да лауазымынан айы­ рып, шендерін сыпырып алып, абақтыға жауып қойыпты. АБЫЛАЙ (ойланып). Бұның естір құлаққа жағымды жаңалық екені рас! Бірақ келер жылы қайтып келсе, не істейміз?! Олардың саны да, сұсы да басым. Екі жүз мыңға дейін әскер шығара алады. Қаружарақтары да сай. Сондықтан ендігі болар шайқастардың алдын алып, бәрін мәмілегерлік жолмен шешу керек! Әмірсанадан тезірек құтылып, қалайда олармен достық қарым-қатынас орнатуға күш са­ луымыз керек! ЖОЛБАРЫС. Бұл ойыңызға толықтай қосыламын, хан ием! АБЫЛАЙ. Мына елшінің ниет-пиғылын көрдің ғой. Бірақ біз бәрібір ата-бабаларымыздан қалған жерімізді жат жерліктерге тап­ татпауымыз керек! Ұлтарақтай жер өзге елдің еншісінде кетпесін! Бұнда қазақтың жаны тұр. Сондықтан ежелгі қазақ жерлерінің бәрін өзімізге қайтарып алудың жолын қарастырып, қам-қаракетін жасау керек. Босап қалған мекендерге халықты тез арада көшіріп, қоныстандыру керек!

ЖОЛБАРЫС. Иә, хан ием! Бұл игілікті іс басталып та кетті. Қабанбай мен Барақ батырлар өз қарауындағы елді алып Тарбағатай өлкесіне қарай жылжып барады. Бірақ шүршіттердің тосқауылына ұшырап жатқан көрінеді. Бір-екі мәрте қақтығысып та қалыпты. Сол жақта орнығып қалған торғауыттармен де шарпысып қалғанға ұқсайды. Оның үстіне осы өлкені түбегейлі игеріп, толық меншіктеу үшін Шың империясы ішкі жақтан хань нәсілді жұртты өз еріктерінен тыс, мәжбүрлеп әкеліп қоныстандырып жатқан жайы бар. АБЫЛАЙ. Міне, көрдің бе, олар да ол жерлерді оңайшылықпен бере салмайды. Ондағы торғауыттарды бағындырып, өз иеліктеріне қосып алсын. Ал бағынғысы келмейтіндерін тықсырып, ішкеріге қарай түре қусын. Керек болса қол жинап барып шапсын. Әйтеуір жерімізді жат жерліктерден тазартсын. Олардың өздерімен бірге арқалап келген жері жоқ. Жер біздікі, қазақтың ежелгі өрісі. Қабанбай мен Бараққа жеткіз, өте сақ қимылдасын. Ең бастысы, қарамағындағы қаймана халықты қанды қырғынға ұшыратып алмасын! Көп кешікпей қырғыздар мен қоқандықтарға да жаза жорығын жасап, олар басып қалған елді мекендерді де өз иелігімізге толықтай қайтарып аламыз! ЖОЛБАРЫС. Ұқтым, хан ием! Тапсырмаңызды бұлжытпай жет­ кізем! Ресейден де елші келіп жатыр. Қабылдайсыз ба? АБЫЛАЙ. Олардың да көмекейлерінің бүлкілін сезіп тұрмын. Де­ генмен, кірсін, көрейік! Ырғала басып, ызбар шашып, Ресей елшісі кіреді. УРАКОВ. Амансыз ба, сұлтан? АБЫЛАЙ. Аман-есенбіз! Иә, айта беріңіз, нендей шаруамен жүрсіз? УРАКОВ. Қалмақ ханзадасы Әмірсана қашып келіп, сіздерді па­ налаған көрінеді. Оның ешкімге де опа бермесі анық. Бастарыңызға бәле тілеп қайтесіздер, оны біздің қолымызға беріңіздер! АБЫЛАЙ. Әмірсананың қайда жүргенінен хабарымыз жоқ. Сон­ дықтан ол туралы ештеңе айта алмаймын. УРАКОВ. Сенейік-ақ делік. Дегенмен Ресей патшалығы тарапы­ нан Орта жүзге хан болып тағайындалғаныңызды куәләндіретін

белгілерді қабылдау үшін Орынборға, одан әрі Петербургке ба­ рып қайтқаныңыз дұрыс болар. Біз соған сізді ресми түрде шақыра келдік. АБЫЛАЙ. Қазіргі уақытта Қашқария қырғыздары Айходжа мен Күнходжа Жаркент қаласына жорыққа дайындалып жатқан көрінеді. Бұл жердегі халық Ташкент, Түркістан, Бұқараға көпестермен еріп көшіп жатыр. Сондықтан Ташкентті, Түркістанды және тағы басқа қалаларды жат жұрттықтардан тазартып, Жаркент қаласына апара­ тын керуен жолдарын тыныштандыруымыз керек! Маған бәрінен де өз халқымның тыныштығы қымбат. Осындай қысылтаяң шақта халқыма қорған болуым керек. Сол себепті әл-әзір ешқайда бара ал­ маймын, Ресей билеушілерімен кездесуге уақытым жоқ. УРАКОВ. Сіз ұлы мәртебелі патшамыздың Орта жүзге хан сайлаған жарлығын алмай заң жүзінде хан болып, билік жүргізе алмайсыз! АБЫЛАЙ (сұстанып). Мені халқым хан сайлады, ендеше бұған қо­ са айрықша бір куәлік алудың қажеті қанша? УРАКОВ. Аааа... Солай ма?! Ендеше мынаны есіңізде сақтаңыз, Зоңғардан Тарбағатайға дейінгі жерлер – Барабы татарларының жері, ұранхайлардың қонысы. Сізден сұрайтынымыз, арамыздағы көршілік татулықты бұзбас үшін қарауыңыздағы халыққа Ертістің ішкі және шығыс жағына малымен өтпеуді қатты тапсырыңыз! Өзді-өзіміздің жер шегімізге ие болайық. Өз тұрмыс қамдарыңызды жақсырақ ойлаңыздар! Адамдарыңызға шекараны бұзып, сұғанақ­ тық жасауға ерік беруші болмаңыз! АБЫЛАЙ (сұрланып). Ешқандай Барабы татарларын білмеймін, естіген де емеспін. Жер біздікі! Оған ешкімнің дауы болмаса керек. УРАКОВ. Кімнің жерін кім даулайтынын әлі көре жатармыз. Бізді алаңдататын ол емес. Білейік дегеніміз, Қытай патшасының кіші Бұқарияның Жаркент, Қашқария, Ташкент және Түркістан қалаларын басып алмағы туралы, үлкен Бұқарияны, Хиуаны, содан кейін пар­ сы жұртын иемденгісі келетіні туралы қауесет бар. Сондай-ақ, «Түріктермен және Қырым хандығымен келісіп Ресейге қарсы соғыс ашпақ-мыс» дегенді де естідік. Егер Ресей мен Қытай соғыса қалса, кімді қолдар едіңіз? 5-298

АБЫЛАЙ. Ешкімді де. Бізге бәрінен де тыныштық қымбат. Құдай қосқан көршілермен тату-тәтті ғұмыр кешіп, бейбіт өмір сүргіміз келеді. УРАКОВ. Шынымен осындай ойда болсаңыз, тұтқындарыңыздағы адамдарымыз мен барымталап кеткен жылқыларды түгел қайтарып беріңіздер! АБЫЛАЙ. Ондай жағдай болуы мүлде мүмкін емес. Естімеген, жоқ нәрсені іздей алмаймын. Тек осыдан үш жыл бұрын және былтырғы қыста қытай мен жоңғар жерлеріндегі соғыста қолға түскен ұранқайлар мен торғауыттар ғана бар. Тұтқында олардан басқа ешкім жоқ. Егер шынымен солай болса, онда қандай одақтастық бо­ лады. Өткен жылы сіздің әскерлер біздің 42 адамымызды тұтқындап алып кетті. 24 адам босатылды, ал 1300 жылқы мен 13 байдың үймүліктерінен 382 жылқы ғана қайтарылды. УРАКОВ. Мен бұл жайында ештеңе білмейді екенмін! Бұл тала­ быңызды жоғары басшылықтың назарына жеткізіп, мал-жан­да­ рыңызды түгелдей қайтарып беруге тырысамыз! АБЫЛАЙ. Біз Ресейге иек артып, көп үміт күткен едік. Алайда бекіністегі кейбір командирлер қазақтарға әлі де тізесін батырып, шаш-етектен зиян шектіріп отыр. Сондықтан мен сіздердің құр сөздері­ңіз бен құрғақ уәделеріңізге онша сене қоймаймын. УРАКОВ. Неге? АБЫЛАЙ. Сіздердің билеушілеріңіз уәдені үйіп-төгіп береді, бірақ еш орындамайды. Басымызға күн туғанда да көмек қолын созған жоқ. Қолдаған да, қорғаған да емес. Керісінше біздің хандық билігімізге қауіп төндіріп, қос өкпемізден қысып келеді. УРАКОВ. Айтқаныңыздың бәрін генерал-губернатор Неплюевке айна-қатесіз жеткіземін, сұлтан! АБЫЛАЙ. Сізді жіберген Неплюев пе? УРАКОВ. Иә, Иван Ивановичтің нақ өзі. Сондықтан әлі де ойла­ нып, ұлы мәртебелі патшамыздың шақыртуын қабыл алып, орайы келсе Орынборға келіп кетерсіз! АБЫЛАЙ (түсі бұзылып). Жоқ, таяу арада бара алмаймын! Елші мырза, сіз боссыз! Бұдан әрі сөйлесуге уақытым жоқ.

УРАКОВ. Ойланыңыз, сұлтан. Біз сізден асыға хабар күтеміз.
Орыс елшісі шығып кетеді.

БЕСІНШІ КӨРІНІС

Орыс елшісі Иван Ураков Шың елінің елшісі На-Вангтың жолын тосып, санасы саққа, ойы онға бөлініп, тықыршып тұрады. УРАКОВ. Шың елшісі нендей мақсатпен келді екен, ә? Есебін та­ уып анық-қанығын біліп алсам ғой, шіркін!.. Қалайда тапсырманы ойдағыдай орындап барып, генерал-губернатордың көңілінен шығып, сеніміне кіруім керек! Көзіне түсіп, назарына іліксем, шенім де өседі, қызметім де жоғарылайды, қалтам да қампаяды. Бір сөзбен айтқанда, жолымның ашылып, бағымның жанғаны дей бер. Бірақ қысық көз пәленің Абылаймен не жайында сөйлескенін қалай білем? Сыр суыртпақтап көрсем бе екен?.. Әй, бірақ, ол сұрағанға ағынан ақтары­ ла салатын ақымақ дейсің бе?! Манжурлердің ойы белгілі, қазақтардың басын айналдырып, алдап-арбап, өз жақтарына шығарып алмақшы ғой. Ол арам ойлары жүзеге аса қояр ма екен? Абылай өте сақ, айлакер көсем, оңайшылықпен алдыра қоймас. Ал егер шынымен қазақтардың беті соларға қарай бұрылып кетсе, бізге жақсы болмасы анық. Жо.. жоқ... Не ойлап кеттім?! Жо... жоқ... олай болуы мүмкін емес! Осы кезде қытай елшісі келе жатады. Орыс елшісі оған қарсы жүреді. УРАКОВ. Хош келіпсіз, елші мырза! НА-ВАНГ. Рахмет! Ел аман, жұрт тыныш па? УРАКОВ. Құдайға шүкір, аманшылық. Өздеріңіз қалай? НА-ВАНГ. Бізде де тыныштық. Ресейден келдіңіз бе? УРАКОВ. Иә, Ресей елшісімін, Орынбор қаласынан келдім! НА-ВАНГ. Орынбор мұнда жақын ба?

УРАКОВ. Онша қашық емес. Өзіңіз ше? НА-ВАНГ. Бежіңнен. УРАКОВ. Алыстан ат арытып келгеніңізге қарағанда аса маңыз­ ды шаруамен жүрген сияқтысыз. НА-ВАНГ. Соншалықты маңызды емес. Қандықол қарақшы Әмір­ сананы ұстап беруін талап ете келдік! УРАКОВ. Абылай сұлтанмен кездесе алдыңыз ба? НА-ВАНГ. Кездестім! УРАКОВ. Қалай, көңіліңіз тоғайып шықты ма? НА-ВАНГ. Абылайдың кім екенін бізден гөрі сіздер жақсы білетін шығарсыздар?! Мен оған сенбеймін. Екі сөйлейді. Сөзі мен ісінің ара­ сында алшақтық көп. Көңілге қонымсыз даланың ертегілерін айтады. Егер берген уәделерінде тұрмаса, бір-ақ сәтте тәубесіне түсіреміз! Ал өзіңіз қандай шаруамен келіп едіңіз? УРАКОВ. Абылайдың адамдары Ресейдің боданындағы баш­ құрттарды шауып, малдарын айдап кетіпті. Қазақтар да Ресей­ ге қарайды ғой, сондықтан империямызда тыныштық болғанын қалаймыз! НА-ВАНГ. Қазақтар қашаннан бері Ресейге қарайды? УРАКОВ. Ширек ғасырдан бері! НА-ВАНГ. Мен қазақтардан сондай бір басыбайлылықты көре алған жоқпын! Абылай бәрін ешкімге жалтақтамай-ақ өз қалауынша шешіп отыр ғой! УРАКОВ. Сіздің көргеніңіз бергі жағы, арғы жағына бойласаңыз, бәрін де түйсінетін боласыз! НА-ВАНГ. Сонымен не айтпақсыз? УРАКОВ. Бөтен ойым жоқ! НА-ВАНГ. Айтар ойыңызды ашып айтпасаңыз да түсіндім. УРАКОВ. Мен тек бар нәрсені айттым. Қалай түсінсеңіз де өз еркіңізде. НА-ВАНГ. Өзін ғана ақылды санау данышпандық емес. Сау болыңыз! Шың елінің елшісі жедел басып жүре береді. Ураков состиып тұ­ рып қалады.

УРАКОВ. Маған керегі де осы еді! Астарлап болса да айтар ойымды жеткіздім. Генерал-губернатордың тапсырмасын ойдағыдай орын­ дадым. Қожайынына айтып барсын! Қанша тырысса да, қазақтарды бізден бөліп ала алмас. Талай жылғы төккен тер мен есіл еңбегі­ мізді зая кетіріп, қарап отыра алмаспыз! Дәмеленбей-ақ қойыңдар! Жоңғарлардың жерін бойларыңа сіңіріп алсаңдар да жетер! Қа­ раулық пен тойымсыздықтың ақыры жақсылыққа апара қоймас! Байқаңдар, көбірек қармытамыз деп, бардағыдан айырылып қа­ лып жүрмеңдер! АЛТЫНШЫ КӨРІНІС Сахнаға Абылай мен Әмірсана шығады. ӘМІРСАНА. Қытайларға қайта шабам! Елімізді азат етіп, басып алған жерлерді қайтарып алуым керек! Ордамыздың шаңырағын тіктеп, іргесін бекемдеу ойым бар! Қолдау көрсет, жәрдем бер! АБЫЛАЙ. Енді бізге қытаймен соғысу аса қауіпті. Санымыз аз, күшіміз де тең емес. Дүниеде аз асқа бақауыл, аз елге хан болған қиын екен! ӘМІРСАНА. Сен емес, мен соғысамын ғой! АБЫЛАЙ. Жасанған жасағың жоқ, сен қалай соғысасың? Аюдың апанына өзің барып түспекпісің? Ойлан, достым, ойлан! ӘМІРСАНА. Ойланатын түгі жоқ! АБЫЛАЙ. Мен саған ешуақытта жаманшылық ойламаймын! Жау қолына ешқашан ұстап бермеймін, енді жан тыныштығын ойла! ӘМІРСАНА. Жайлы өмір сүруді аңсап жүргемін жоқ! Айтшы өзің, ел-жұртым өзге елдің езгісіне түсіп, табанының астында тапталып жатқанда, мен қалай жайбарақат жата аламын?! АБЫЛАЙ. Уақытты өткізіп алдың, Әмірсана, мүмкіндіктен ай­ рылдың! Енді ештеңені өзгерте алмайсың! Оған басқа емес, өзің кінәлісің!

ӘМІРСАНА. Иә, кінә өзімде! Бар ойым шүршіттердің көмегімен Да­ уашыны құртып, бүкіл Жоңғарияның билік тізгінін өз қолыма алу еді. Боғдыханмен де солай келіскен едік, сөзінен танып, уәдесінен тайқып кетті ғой! Оның елімді жаулап алып, халқымды құл етпек ойы барын қайдан білейін?! Қателігімді өзім түзеуім керек! Енді мені ешкім де, ештеңе де тоқтата алмайды, жерімді жаудан тазартып, елімді теңдікке жеткізбей тыным таба алмаспын! АБЫЛАЙ. Шүршіттердің құрығы тым ұзын, соғысып жеңбек түгілі, қашып құтыла алмассың! ӘМІРСАНА. Абылай, бір-бірімізді ешуақытта сатпаймыз, қандай жағдай болмасын бір-бірімізге көмек көрсетеміз деген антымыз, уәдеміз бар емес пе?! АБЫЛАЙ. Иә, оның рас. Бірақ енді маған өкпе артып, кінә қоя алмассың! Сен үшін Доржымен де, Дауашымен де, тіпті күші басым қытаймен де соғыстым! Антыма, сертіме, уәдеме адалдығым емес пе, опасыздық жасаған жерім жоқ! Бірақ, енді сен үшін халқымды қанды қырғынға бастай алмаймын! Сен мұны түсінуің керек! Ендігі әрекетіңнен түк шықпайды. Сен жеңілдің! Ер болсаң жеңілгеніңді мойындап, тығырықтан шығар басқа жол ізде. ӘМІРСАНА. Онда осымен сөз тәмам, ырғасып тұрар уақыт жоқ, тұптура Ресейге жол тартамын. АБЫЛАЙ. Орыстың жарылқай қоярына сенбеймін! ӘМІРСАНА. Басқа таңдау қалмады! Осы кезде Топыш кіріп келеді. Екеуінің сұстиған түрлерін көріп состиып тұрып қалады. ТОПЫШ. Әмірсана, сен енді не істейсің? ӘМІРСАНА. Ресейден көмек сұраймын. ТОПЫШ. Қателеспе, бауырым! Осында қал, өз жаныңды олжала! ӘМІРСАНА. Жайланып жүрер жайым жоқ. Топыш жыламсырап құшақтай алады. Шашы жайылып кеткен, кескін-келбеті сөлбірейіп қалған. Екеуінің жаны да, жүректері де егіліп тұр.

ТОПЫШ. Алла ісіңді оңғарсын!
ӘМІРСАНА. Айтқаныңыз келсін, әпке!
ТОПЫШ. Жолың болсын, бауырым!
ӘМІРСАНА. Амин! Аман болыңыз!

Әмірсана бұрыла береді. Абылай ілесе шығады. Топыш жалғыз
қалады. Дәл осы кезде аңдып жүрген Жалбы кіріп келіп, Топышқа бас
салады.
ТОПЫШ. Жалбы, сен мұнда қайдан жүрсің?

ЖАЛБЫ. Кек қуып келдім!
ТОПЫШ. Қандай кек?
ЖАЛБЫ. Әкең уәдесінен тайып, сен ата жауыма тиіп, еркектік на­
мысымды қосыла қорладыңдар. Бұл мен үшін өлімнен де асқан

қорлық еді. Сондықтан әкеңе у беріп арам қатырдым.
ТОПЫШ. Қанішер!
ЖАЛБЫ. Нағыз қанішер – Абылай. Шарыштың басын алып, сені
қатын қылғаны аздай, ақыры елімізді құртып тынды. Осылай бола­

рын біліп ем! Алдымен сенің, содан соң Абылайдың қанын ішем!
ТОПЫШ. Не деп тұрсың, сұмырай?
ЖАЛБЫ. Сұмырайды көрсетемін, салдақы! Өз қаныңа тұншықты­
рып өлтірем!

Жалбы Топыштың жүрегіне қанжар сұғып алады, дәл осы кезде
Абылай кіріп келеді. Топыштың бойынан жан шыға қоймаған, қан-
жоса боп қансырап жатыр.
ЖАЛБЫ. Әй, Абылай, ендігі кезек сенікі!

АБЫЛАЙ (қылышын қынынан суырып алып). Ажал айдап келді ме,
айуан?!
ЖАЛБЫ (тұра ұмтылады). Жооооқ!.. Өлімің менен!
Екеуі қылыштаса кетеді. Көп өтпей-ақ Абылай оның қылышын

қағып жіберіп, өзінікін оның жүрегінің тұсына бойлата сұғып

жібереді. Жалбы шайқалақтап кетеді де, теңселіп барып гүрс етіп құлайды. Абылайдың оған қарауға мұршасы болмайды, Топыштың жанына жүгіріп келіп, тізерлеп отыра қалады. Жан жары қансы­ рап өлгелі жатыр, басын сүйейді. ТОПЫШ. Абылай!.. Тағдырдың маңдайға жазғаны осы шығар! Бір ғана өкініш, Қасым мен Қамбар жастай қалып барады. Жандарында сая боп жүре алмадым!.. АБЫЛАЙ. Топышжан, сен өлмейсің! Бізді тастап кетуге хақың жоқ! ТОПЫШ. Сендер тірі тұрғанда мен өлмеймін! Жүректеріңнің түк­ пірінде мекенім бар, сонда барып тұрақтап, өмір сүрем! АБЫЛАЙ. Сүйіктім, ғұмырымның мәні, жан-жүрегімнің гүлі, өмі­ ріңді қорғай алмадым-ау! ТОПЫШ. Адам тек ошағымен ғана емес, елімен бақытты екен ғой! Ел мен жерден айырылған соң, кеудеден жан шықпай-ақ, өмірден мән, тірліктен сән қашып, бақыт құсы басқа теуіп кетеді екен! АБЫЛАЙ. Жоқ, сен бақыттысың, Топышжан! ТОПЫШ (жыламсырап). Иә, тағдырыма өкпем жоқ! Сүйген ада­ мыма қосылдым, бірге тұрдым, бала сүйдім! Аз ғұмырда көп қызық көрдім, дүние рахатын сезіндім! Өлмейтін пенде жоқ, өкінбеймін!.. Ааааааааааа... Топыш ханым өстіп жатып жан тапсырады. Абылай аһ ұрып, айғай салады... АБЫЛАЙ. Тірі жүргенде адамның қадірі жоқ қой. Бағаңды білме­ сем, қадіріңе жете алмасам, кеше гөр!.. Адал жар болдың! Сүйінішім менің, күйінішіме айналдың! ЖЕТІНШІ КӨРІНІС Абылай жалғыз. Домбырасымен күңірентіп күй тартып оты­ рады. Бір кезде Жолбарыс сұлтан кіреді.

АБЫЛАЙ. Иә, не жаңалық? ЖОЛБАРЫС. Әмірсана ажал құшыпты! АБЫЛАЙ. Не дейді, қалай? Шекарадан аман-есен өткізіп салың­ дар деп едім ғой! ЖОЛБАРЫС. Аман-есен өткен! АБЫЛАЙ. Енді... ЖОЛБАРЫС. Ресей бас ауруын көбейткісі келмеген болар! АБЫЛАЙ. Ресей ме, жоқ әлде, шүршіттердің қолынан келді ме екен? ЖОЛБАРЫС. Анық-қанығын біле алмадық, хан ием! АБЫЛАЙ. Алла иман-салауатын берсін!.. Мені жалғыз қалдыршы! ЖОЛБАРЫС. Әміріңізге құлдық, хан ием! Жолбарыс сұлтан шығып кетеді. Абылай терең ойға батады. АБЫЛАЙ. «Алла адамды аларында ақылынан адастырады» деуші еді. Ажал айдап бара жатқанын сезсем де, дәл осылай тез өлім құшар деп ойламап ем. Қалмақтың соңғы ханзадасы келмеске кетті, қуатты Жоңғар мемлекеті осымен құрдымға құлады. Бұл бізге ащы сабақ, Алланың ескертуі. Тәлім ала алмасақ, қалмақтардың кебін киюіміз бек мүмкін. Ол үшін ең алдымен халқымыздың береке-бірлігі қажет! Жұдырықтай жұмылып, сыртқы жаудан қорғана алатындай күш­ ке айналуымыз керек! Сонда ғана еліміз бен жеріміздің тұтастығын сақтап қала аламыз! Енді етек-жеңімізді жимасақ болмайды. Аңды­ ған жау да көп, төніп тұрған қауіп-қатер де жетерлік. Болашақтың, келешек ұрпақтың алдындағы жауапкершілік тағы бар. Осы жол­ да атқарар істер мол. Ең алдымен кезінде Жоңғар мемлекетінің қанжығасында кеткен жерлерімізді шып-шырғасын шығармай қайтарып алудың қам-қарекетін жасауымыз керек! Содан соң Ұлы жүзді қоқаңдаған Қоқаннан толықтай азат етіп, Меркі, Қарнақ, Сай­ рам, Созақ, Манкент, Сукент, Сауран, Сығанақ, Арыс, Түркістан, Шым­ кент, Ташкент қалаларын түгелдей өзімізге қаратып алуымыз керек! Қырғыздарда кеткен есемізді түгендеп, жерімізден түре қуып, ежелгі қоныстарымызды тартып алудың қамына кірісу қажет! Шүршіт мен орыстың да жарылқай қояр түрі жоқ. Бірақ енді олармен соғыссақ,

қырғыннан басқа ештеңе таппаймыз. Біз оларды ақылмен, айламен тұсауламасақ, күшпен жеңе алмаймыз! Бұл екі алып империямен енді бар мәселені тек қана мәмілегерлік жолмен шешкен жөн. Сонда ғана ұтамыз, қыл көпірден аман-есен өтеміз! Осы кезде ұлы Қасым келеді. АБЫЛАЙ. Кел, Қасым, келе ғой. Қалың қалай, құлыным? ҚАСЫМ. Анамды сағындым! Бүгін түсімде көрдім! Сағынып қалыпты, бас салып құшақтап, сүйіп жатыр... Әкеңнің ісін жалға дейді!.. АБЫЛАЙ. Жақсы түс екен! Жаны жәннатта болсын, жарықтық, бәрін көріп-біліп жатыр ғой! ҚАСЫМ. Әке?! АБЫЛАЙ. Ау? ҚАСЫМ. Шешемді өлтірген кім? АБЫЛАЙ. Жауыз! ҚАСЫМ. Неге өлтірді? АБЫЛАЙ. Ежелгі кек қой. ҚАСЫМ. Мен одан кек алам! АБЫЛАЙ. Сенің алысар жауың ол емес. ҚАСЫМ. Енді кім? АБЫЛАЙ. Әлі-ақ өмір өзі айтады. ҚАСЫМ. Мен енді бала емеспін! Қолыма қару алып, жауға қарсы шапқым келеді. АБЫЛАЙ. Асықпа, балам! Ол күн де туар. Құр кеудемен жау ала алмайсың, жеңіске жету үшін сабырлылық, шыдамдылық, ақылды­ лық, айлакерлік керек. Қазіргідей кер кезеңде жұмыр басты пенде ретінде ғана емес, ел, ұлт, халық болып сақталып қалудың өзі де оңай болмас. Өзіңе, өз күшіңе болмаса, басқа ешкімге сенуге болмайды! Бәрінің ойы біреу-ақ. Еліңді шауып, жеріңді талап, халқыңды қанды қырғынға батырып, тұқымыңды тұздай құрту! Сен менің ісімді жалғар үкілі үмітім, ізбасарымсың! Мына қылыш­ты өзіңе арнап соқтырдым! (Қасымға қылыш береді)

Қынабынан қай кезде суырарыңды біл! Сілтеуді үйрен! Сендердің
ендігі тағдырларың қылыштың жүзінде болмақ! Аңдыған жау көп,
жан-жағыңнан аш қасқырлардай анталап тұр. Алдарыңда не күтіп
тұрғанын болжау да қиын! Маңдайларың тауға да, тасқа да соғылар!

Тек кеуделеріңдегі асқақ рух пен жүректеріңдегі намыс оты ешқашан
сөнбесін, жарығым!
ҚАСЫМ. Үмітіңізді ақтармын, ісіңізді жалғастырамын, әке!
АБЫЛАЙ. Мен сендерге сенемін, балам! Ізбасарым, үміт шыра­ғым

менің! Сендердей жаужүрек ұрпағым барда, ел байрағы ешқашан
жығыла қоймас! Ұлтымыз ұлықтар ұлы жеңістер алда деп білем!
Қазақтың кең сахарасын ән мен жырға бөлеп, дүбірге толтырар ұлы
тойлардың боларына кәміл сенемін!

Соңы

КЕНЕСАРЫ – КҮНІМЖАН

(тарихи драма)

ҚАТЫСУШЫЛАР:

КЕНЕСАРЫ – хан
НАУРЫЗБАЙ – батыр, ханның бауыры
НЫСАНБАЙ – жырау
КҮНІМЖАН – ханның ғашығы

ТҰРСЫН – Күнімжанның әкесі, бай
ҚАДИША – Күнімжанның шешесі
ҚОҢЫРҚҰЛЖА – Ақмоланың аға сұлтаны
ГОРЧАКОВ – Батыс Сібір генерал-губернаторы

ИВАН КАРБЫШЕВ – Қараөткел бекінісінің коменданты, войсковой
старшина
Халық, сардарлар мен сарбаздар, әнші-күйшілер және тағы
басқалар.

БІРІНШІ КӨРІНІС

Сахнаның түкпірінен біреу шығып (қазақ) қимыл бастайды.
Оған іркес-тіркес адамдар қосылып, қимыл-қозғалыс күшейе түседі.
Бәрі де жедел-қабыл ынтыға алысқа ұмтылған қозғалыс. Бір кез­
де жоғарыдан арқандар ширатылып түседі. Бұлар жер бауыр­

лап жата қалады. Енді сол арқандарды ұстаған екінші топ қимыл-
қозғалыс бастайды. Бұлардың да қозғалыстары жанкешті ұмты­
лыс. Кенет, жатқандар орындарынан тұрады. Арқанға талас.
Біреулер әрі, енді біреулер бері тартып, қарсыласады.

Кенесары мен Қоңырқұлжа көрінеді.
ҚОҢЫРҚҰЛЖА. Кенесары, ұлы империяға жалаң қылышпен қа­
лай қарсы тұрмақсың?!. Елді құр босқа дүрліктіріп, қанды қырғынға
бастағаннан не табам дейсің?!

КЕНЕСАРЫ. Қоңырқұлжа, сен сияқты жаныңды жалдап, күнің үшін
ақ патшаға сатылып жүргенше, азаттық үшін күресіп өлген артық!
ҚОҢЫРҚҰЛЖА. Ау, мен ақ патшаға қызмет етсем, Ақмоланың аға
сұлтанымын.

КЕНЕСАРЫ. Аға сұлтан екенмін деп, ата-бабамыздан мұра боп
қалған атақонысымызды тартып алып, қасиетті жерімізді қара­
шекпенділерге таратып беріп жатса да қарап отыра бермекпісің!
ҚОҢЫРҚҰЛЖА. Тек жүрген, тоқ жүреді, Кенесары. Жөндеріңмен

жүрмей, өздерің емес пе, ақ патшаға қарсы шығып жүрген?! Әйтпесе,
дәл осы сенің жеке басыңа ешкім де соқтығып жатқан жоқ қой!
Ішкенің алдыңда, ішпегенің артыңда емес пе, Кенесары?!
КЕНЕСАРЫ. Қарақан басымды ойлап, қарынның қамын ғана

күйттесек, не болғаны?! Еліңді қасқырша талап, қатының мен

қызыңды зорлап, ұлыңның тұлымын қиып, құлақкесті құлына ай­ налдырса да, тырс етпей отыра беру керек пе?! Жо.. жоқ... Бұған сен көнерсің, мен көне алмаймын, сен төзерсің, мен төзе алмаймын!.. ҚОҢЫРҚҰЛЖА. Кенесары, байқа, байқа, ақ патшаға қарсы шы­ ғамын деп, басыңның қайда қалғанын білмей қалып жүр ме! Мен патшаға не үшін, кім үшін қызмет етіп жүрмін?!. Осының бәрі қара халықтың, қалың елдің қамы емес пе? Сенің жаныңды ауыртқан жай бізді күйзелтпейді деймісің?!. КЕНЕСАРЫ. Жоқ... Қоңырқұлжа... Сонда айдағанның алдына түсіп, ұстағанның жетегінде кете бер демексің бе?! Жо...жоқ... намысымды таптата қоймаспын! ҚОҢЫРҚҰЛЖА (сәл кідіріп). Кенесары, ормандай орыс қана емес, Қоқан, Бұхара, Хиуа хандықтары да басыңа бәйге тігіп, жеріңе көз алартып, әлекедей жаланып отыр. Қайда барсаң да алдыңнан құрылған тор мен қазылған көр шығар!.. КЕНЕСАРЫ. Қорқыныш пен үрейге бой алдырып, орыстың тепкісі мен қорлығына көне берсек, жер басып тірі жүргенімізден не пайда?!. Жо... жоқ... Елімнің тізгіні мен шылбырын жат қолына бере алмаймын! Біз құл болу үшін жаралғамыз жоқ! Сен құл болсаң, мен құл болсам, ертеңгі ұрпағымыз кім болмақ? Қайтсек те айқасып еркіндікке жетеміз, болмаса, осы жолда жанымызды құрбандыққа шаламыз!.. Осы сәтте жалындата сөйлеп тұрған Кенесарының көзі шара ұстаған сұлу қызға түседі. Ол баппен басып келіп, қолындағы қымызын Кенесарыға ұсынады. Кенесары салқын қымызды тар­ тып кеп жібергенде маңдайынан суық тер бұрқ ете түседі. Қыз қысыла-қымтырыла қол орамалын береді. Кенесары орамалды алып, маңдайындағы терін сүртеді. Осы кезде екеуі қалған елден бөлініп, алға шығады. Музыка өшеді. КЕНЕСАРЫ. Сен кім едің, қалқам? Қанатымен су сепкен қарлығаш­ тай болдың-ау!.. КҮНІМЖАН. Атым – Күнімжан.

КЕНЕСАРЫ. Күнімжан... Күнімжан... Атыңа затың сай екен, қалқам! КҮНІМЖАН. Тұлғаңыз ерек, сөзіңіз кесек жан екенсіз. КЕНЕСАРЫ (қолына қыз берген орамалды алып). Жан-жүрегің аяулы неткен жан ең?!. Сөзің қандай әсерлі, жүзің неткен жылы еді, қалқам?!. Сендей ару шұғыласын шашып жанымда жүрсе, менің де өмірім нұрлана түсер еді-ау, Күнімжан! Кенесары сәл-пәл ойлана тұрып қалады да, аздан соң аяғын ақырын басып шығып кетеді. Кенет музыка өзгереді. Әсем әуен әуелейді. Күнімжан жалғыз қалады. Әлденеге елегізіп, әлдекімді күткендей күйде. Ыңылдап ән са­ лады. Үні өте назды, мұң мен сағыныш бар секілді. КҮНІМЖАН (сықылықтап). О, Тәңірім, өзің жар бол!.. Қолда мендей пақырыңды!.. Түні бойы көз ілмеймін, күні бойы елегзимін! Қалай... қалай түстім бұл сұрапыл сарсаңға? Бұл не ғажап? Жаным неге жай таппайды? Көңіл құсым алып ұшып, қайда тартып барасың?.. Қайдан тұрақ табарсың? Жан-жүрегім мұнша неге егіледі, езіледі?.. Нені аңсайды?.. Нені іздейді?..

Шешесі шығады. Күнімжанды көріп, жанына жақындап келеді.
ҚАДИША. Күнім-ау, бейуақытта жападан-жалғыз нағып жүрсің?
КҮНІМЖАН. Апа, апа!..
ҚАДИША. Не болды, күнім?

КҮНІМЖАН. Апа, жаным менің жаралы!..
ҚАДИША. Не дейді?.. Ботам-ау, сырқаттанып қалғаннан саумысың?!
КҮНІМЖАН. Тәнім сап-сау, жаным ғана жаралы. Жүрегіме мәңгі
өшпейтін шоқ түсті.

ҚАДИША. Ол қандай шоқ?
КҮНІМЖАН. Сезім шоғы... сезім шоғы, апатай!..
ҚАДИША (күлімсіреп). Күйеу жігіт бүгін келем депті ғой...
КҮНІМЖАН (күмілжіп). Апа, апатай!..

ҚАДИША. Не болды, сонша? Айтсаңшы енді, көңілімді күпті ете бер­ мей!.. КҮНІМЖАН. Апа... апатай, менің көңілім басқада. ҚАДИША (шошынып). Не сұмдықты бастағалы тұрсың, қызым?!. Кім сонда ол, қандай жан? КҮНІМЖАН (күмілжіп). Айта алмаймын, апатай... Бірақ бір көргеннен таныдым! Таныдым да есім кетті! Еркімді алды құштарлық! Түр-тұлғасы келіскен нағыз батыр, ер екен! Содан бері күндіз күлкі, түнде ұйқымнан айрылдым! ҚАДИША. Бұның қалай, қызым-ау? Айттырылып, қалың малың төленіп, тойыңа дейін келісіліп қойылған жоқ па? Күйеу жігіт бүгін келеді емес пе? Оған не айтамыз? Қызым, әкеңнің абыройын ойлап көрдің бе?! КҮНІМЖАН. Ойладым, апа, ойладым! Ойладым да, осыған тас бекіндім! Мен Қоңырқұлжаға тоқал бола алмаймын, апатай! ҚАДИША. Енді өнбес әңгімені қозғама! КҮНІМЖАН. Түсінсеңізші, апатай!.. Қос қатынның үстіне қалай бармақпын?!. ҚАДИША. Бармай қайда барасың?! КҮНІМЖАН. Апатай... Сүймеген адамыма қалай ғана бармақпын?.. Қалай қимақсыз, апатай?.. Апа... ҚАДИША. Қой, қызым, ақылға кел! Әкең де саған жаманшылық ой­ ламас. Оның үстіне аға сұлтан деген аты бар емес пе, Қоңырқұлжаның қырына іліксек, кетеуіміз кетіп қалмай ма, қызым? Сенің қалыңыңа деп үш үйір қара жорғаны әкеп тастамады ма?! Ол бұған қалай шыдар дерсің?! Берекеміз кетіп, елдің тыныштығы бұзылмай ма?!. КҮНІМЖАН. Өзім де екі оттың ортасында қиналып жүрмін, апа­ тай... Бірақ бұл ойымнан енді мені бір-ақ нәрсе қайтармақ!.. ҚАДИША. Ол не сонда? Алдымен соныңды айтшы? КҮНІМЖАН. Ол... Ол – ажал. ҚАДИША. Не дейді, құдайым-ау!.. Тас бітелгір құлағым не естіп тұр?! Ботам-ай, ертерек неге айтпадың? Әкеңе не дерміз?! КҮНІМЖАН. Апа, әкеме өзіңіз айтып көріңізші! Түсіндіріңізші, апатай!..

ҚАДИША. Қалай айтамын, құдайым-ау?!. Әкеңнің де сыры өзіме мәлім ғой! Айтайын, түсіндірейін!.. Түсінсе егер... Екеуі шығып кетеді. ЕКІНШІ КӨРІНІС Сол сахна. Тұрсын бай ойланып отыр. Бір кезде сырт жақтан шәуілдеген иттердің дауысы жамырай шығып, тарсылдаған ат тұяғының дүрсілі естіледі. Іле-шала үйге Қоңырқұлжа кіреді. Ашулы, сұсты. ТҰРСЫН. Хош кепсіз, сұлтан!.. (Қоңырқұлжа оның ұсынған қолын алмайды. Қолындағы арқанды жерге тастай салады). Ау, сұлтан жауға шапқандай бұл не келіс? Жоқ әлде, сұлтанға не істесе де жа­ раса береді деп ойлайсың ба? Ақыры келісің осылай екен, үйге атматыңмен бірақ кіре салмадың ба?! Ауылдың итіне дейін азан-қазан шулатып... ҚОҢЫРҚҰЛЖА. Оу, ауылдарыңда адам емес, итттің көп екенін мен қайдан білейін?! Шетінен үргіш, қабаған сияқты!.. ТҰРСЫН. Мен де білмедім, иттің тілін түсінетін ит емеспіз, амандасып-сәлемдесіп жатқандары шығар! ҚОҢЫРҚҰЛЖА. Әй, не деп тұрсың, Тұрсын бай?!. ТҰРСЫН. Аптықпа, сұлтан, ата дәстүр бар емес пе? Ұмыттың ба?.. ҚОҢЫРҚҰЛЖА. Ей, ата салтты аяққа таптап отырған мен бе, әлде сендер ме? Аа... Кеше қызыңның хабаршыдан маған не айтып жібергенін білемісің? ТҰРСЫН. Ашуланба, сұлтан. Өзім де жаңа ғана естіп отырмын. Ал­ дымен сөзге қонақ бер! ҚОҢЫРҚҰЛЖА. Не айтарыңды қабағыңнан-ақ сезіп тұрмын! Бүгін қызыңды алып кетемін!.. ТҰРСЫН. Бере алмаймын... ҚОҢЫРҚҰЛЖА. Ау, неге? Айттырып қоймап па ем!.. 6-298

ТҰРСЫН. Айттырғаның рас-ау... ҚОҢЫРҚҰЛЖА. Енді бұның қалай? ТҰРСЫН. Қызым өз еркімен бармаса, зорлап қоса алмаймын. Өзің де білесің, Күнімжан менің жар дегенде жалғызым. Қызым да осы, ұлым да осы! Құдайдан тілеп алған, көзімнің ағы мен қарасындай жалғызымды жылата алмаймын! ҚОҢЫРҚҰЛЖА (өршеленіп). Оу, сен өзі не айтып тұрғаныңды білемісің?! Жоқ әлде, мына менің кім екенімді ұмытып қалдың ба? ТҰРСЫН. Еш нәрсені ұмытқам жоқ! Қаласаң, қалың малыңды айы­ бымен қайтарып берейін. ҚОҢЫРҚҰЛЖА. Таңдағаным – Күнімжан. Әйтпесе, аламын де­ сем, маған немене қатын құрып қалды деймісің?! Берсең қолыңнан, бермесең жолыңнан... ТҰРСЫН. Қоңырқұлжа, аға сұлтан болдым деп әбден құтырған екенсің! Кім еді саған қол ұшын берген?! Аядым ба жолыңа, малым ме­ нен пұлымды!.. ҚОҢЫРҚҰЛЖА (күледі). Әй, берсең, мен сенен сұрағамын жоқ! Өзің үшін берген болатынсың! Саған да жал бітейін деген екен, ә!.. (Нөкерлеріне) Салыңдар мойнына қыл арқанды. Қол-аяғын кісендеп, итжеккенге айдатайын... Аналарды алып кетіңдер!.. Қызын ғана қал­ дырыңдар! Көрсетейін, қорлық пен мазақтың қандай болатынын!.. КҮНІМЖАН. Әке!.. ТҰРСЫН (шошынып). Қоңырқұлжа, не істемек ойың бар? ҚОҢЫРҚҰЛЖА (жымысқылана жымиып). Жата-жастана ести жатарсың! ТҰРСЫН. Антұрған! ҚОҢЫРҚҰЛЖА. Әкетіңдер мынаны! (Сырттан бір шабарман алқын-жұлқын алақтай кіреді.) Әй, не боп қалды? ЖІГІТ. Кенесары... Кенесары келе жатыр... ҚОҢЫРҚҰЛЖА (кіжініп). Келсе, қайтейін!.. Іле-шала Наурызбай кіріп келеді. Келе сала ай-шайға қарамай Тұрсын байды ұстап тұрған екі нөкерді қамшымен тартып-тар­ тып жібереді.

НАУРЫЗБАЙ. Босатыңдар, атаңа нәлеттер! (Қоңырқұлжаға) Бұл не қылған бассыздық? ҚОҢЫРҚҰЛЖА (сызданып). Саған не керек, боқмұрын? НАУРЫЗБАЙ. Сен не деп тұрсың, атаңа нәлет!.. (Жағасына жарма­ са кетеді). КЕНЕСАРЫ. Тоқтат!.. Осы сәт Кенесары кіріп келеді. Қасында Нысанбай жырау. На­ урызбай қолын кеудесіне қойып, жас шыбықша иіле қалады. Кене­ сарының көзі бірден үрпиіп тұрған Күнімжанға түседі. Екеуінің көздері түйі­сіп қалады да, қысылғаннан қыздың беті қызарып, име­ не шегіншектей береді. КЕНЕСАРЫ (Қоңырқұлжаға қарап). Бұл қай басынғаның?! ҚОҢЫРҚҰЛЖА. Сен... сен бұнда қайдан тап бола қалдың? КЕНЕСАРЫ. Жай жүретін заман ба?! Жау жағадан алғанда, бөрі етек­ тен тартып, елдің шырқын бұзып тұр емес пе?! ҚОҢЫРҚҰЛЖА. Ау, елдің қамын сылтау ғып, қатын қарап жүрген­ нен саумысың?! КЕНЕСАРЫ. Ал, солай болса ше?!. Бұл елдің еркегі жалғыз сен ғана емес шығарсың! ҚОҢЫРҚҰЛЖА. Кенесары, мен бүгін қайтсем де қалыңдығымды алып кетемін!.. Жолыма бөгет болма! КЕНЕСАРЫ. Қоңырқұлжа, еріксіз алып кете алмассың! Біз де бұл елдің иесіміз. ҚОҢЫРҚҰЛЖА. Солай ма еді?!. Сен қарсы болды екен деп, қанжығам бос қайта қоймас! КЕНЕСАРЫ. Қоңырқұлжа, сабаңа түс! ҚОҢЫРҚҰЛЖА. Кенесары, айтқаныма көніп, айдауыма жүреді десең, қателесесің! Атаң Абылайдан бері тізе батырып келесіңдер. Билік пен шен-шекпенге қатысты болса бірсәрі-ау! Басқа қызқырқын құрып қалғандай, қалыңы төленген қатыныма көз салғаның қалай?!. Жо.. жоқ... Кенесары, қанша мықты болсаң де, бұлай басын­ дыра қоймаспын!

НАУРЫЗБАЙ (тұра ұмтылып). Әй, доңызбен ауыз жаласқан пәле, не оттап тұрсың?!. КЕНЕСАРЫ. Науан!.. ҚОҢЫРҚҰЛЖА. Өй, өңмеңдеген өңшең Абылайдың тұқымы... Құтырайын деген екенсіңдер! Ендігі ісім сендермен болсын! (Шығып кетеді). НАУРЫЗБАЙ. Атаңа нәлет, қуып жетіп, сазайын берейін!.. КЕНЕСАРЫ. Наурызбай!.. НАУРЫЗБАЙ. Көке!.. КЕНЕСАРЫ. Бауырым!.. НАУРЫЗБАЙ. Көке, «жауды аяған жаралы» болар. Көке... КЕНЕСАРЫ. Есіңде болсын, мен аяп тұрғамын жоқ! Итпен иттей ырылдассаң, аузыңнан не қасиет қалмақ? Онсыз да басы бірікпей тұрған елдің арасына от салып қайтеміз?!. НАУРЫЗБАЙ. Қашанғы олардың әуеніне төңкеріле береміз. «Аюға намаз үйреткен – таяқ» емес пе?! НЫСАНБАЙ. Наурызбай... Наурызбай, кейде осылай жау болуға ниеті жоқ елді де өшіктіріп аласың-ау!.. НАУРЫЗБАЙ (Нысанбайдың жағасынана шап беріп). Оу, маған ақыл үйрететін сен кім едің?!. НЫСАНБАЙ. Сабыр, Наурызбай!.. КЕНЕСАРЫ. Науан... Науан!.. Ашуың алдында, ақылың артыңда жүреді-ау сенің! Біз елді ақылмен... мына бастап жүрген ісіміздің игілікті іс екендігіне көздерін жеткізіп барып, барша халықты соңымыздан ертеміз деп жүр емеспіз бе? Сабаңа түс, ақылға кел, Науан!.. НАУРЫЗБАЙ. Көке, мен сенің ашуың мен қайратыңмын. Керекті жерге жұмсарсың! Қиып түспесем, маған серт! Ендігі бас билігім өзіңде. Артық кетіп, ағаттық жасасам, айыпқа бұйырмассыз, көке! КЕНЕСАРЫ. О, бәрекелді... бәрекелді, бауырым! (Құшағына басып, арқасынан қағады). Тұрсын Кенесарыға жақындайды. Онымен бірге әйелі мен қызы қоса шығады. Әйелінің қолында кісе, қызының қолында қылыш. Көлденеңінен ұстаған. Тарту-таралғы екені көзге ұрып тұр.

ТҰРСЫН. Айналайын, Кенесарым-ай, сыртыңнан қиянатқа жаны қас деп естуші ем! Атаң Абылай мен әкең Қасымның да ойлағаны ел бірлігі, жер тұтастығы еді. Өзің де сол жолға түскен екенсің! Ақ патшаның пәрменіне разы болмай атқа қонды деп естігем. Ризамын. Жортқанда жолдарың болсын! КЕНЕСАРЫ. Тәңір жарылқасын! ТҰРСЫН. Кенесары, өзің ат үстіндесің, ал біз болсақ, отырып қалдық. Ел іші қалай, не күйде? КЕНЕСАРЫ. Өз елімізде тұрып өгейдің күйін кешкендейміз, қария. Самалы саумал Сарыарқам-ай!.. Түгін тартса майы шығатын қасиетті атақонысымыз сағымдай бұлдырап, жаттың қолында қалып бара жатыр. Жеріміз киесіз, еліміз иесіз қалғандай. «Төртеу түгел болса, төбедегі келеді, алтау ала болса, ауыздағы кетеді» де­ мей ме! Алтаудың ала болмай, төртеудің түгел болғанын қалаймын. Мына аузы түкті кәпірдің беталысы жаман, ішкерлей еніп, қаптап келеді! Түбі жауласатын түріміз бар! Қараспандай төніп келе жатқан алты басты айдаһарға бірлесіп қарсы тұрмасақ болмайды. НЫСАНБАЙ. Ел ағасыз, жең жағасыз болмас. Елдің жөн білер ағасысыз, сіз бұған не дейсіз, ақсақал? ТҰРСЫН. Иә, сөздеріңнің жаны бар. Қауіп көп. Шынында да қара аспандай төніп-ақ келеді. Сейілетін күн бар ма, сейілтетін күш бар ма?! «Бірлікті ел бұзылмас» деген, «күш – бірлікте», бас біріктіріп, қарсы тұрмасақ, жұтылып кетер жайымыз бар. Ел қонысынан ай­ ырылса, ырысынан қоса айырылмақ. Ел мен жердің қадірін білер жұрт емеспіз бе, біз де қарап қалмаспыз! Артыңда айғайға аттан қосар қалың елің бар! «Көп қолдаса, жеңбейтін жау жоқ», қолтығыңнан демеуге қашанда дайынбыз. Еліміз бен жеріміз үшін аянатын, аяйтын ештеңеміз жоқ! КЕНЕСАРЫ. Бәрекелді, ағасы. Көпті көргендігіңізді танытып, көше­ лі сөз айттыңыз! Өзіңіз сықылды жөн сілтеп, жол көрсетер ел аға­ лары болмаса, қазақтың қай ісі оңға басар дейсіз! Мына кең далада та­ рыдай шашылып, ру-руға бөлініп жүрген сорлы қазақ басы бірікпей, жем болып кете ме деп қорқам.

ТҰРСЫН. Әр қазақтың үйінде хан мен сұлтанның сыбағасы дай­ ын тұратын дәстүріміз бар емес пе?!. Қабыл ал!.. Елің теңдікке жетпей, беліңнен босамасын! (Кенесарының беліне күміс кісе байлайды). КЕНЕСАРЫ. Тәңір жарылқасын, ақсақал!.. ТҰРСЫН (Наурызбайға бұрылып). Ал, Наурызбай шырағым, «орыстан досың болса, айбалтаң қасыңда болсын» деп тегін айтты деймісің?! Мына алмас тек қана ақиқат жолында сермелсін! НАУРЫЗБАЙ. Рахмет, ағасы! ТҰРСЫН. Жортқанда жолдарың болсын, батырларым! Жаратқан жар болып, ата-бабаларыңның аруағы қолдасын! Аумин! ҮШІНШІ КӨРІНІС Кенесары жападан-жалғыз ойланып отыр. Көзінде мұң, жүзінде нала. КЕНЕСАРЫ. Оу, беу дүние... Менің таңдаған жолым дұрыс па? За­ ман мынау... құбылып тұрған... «Алла аларында адамды ақылынан адастырады» деуші еді, адасып жүрген жоқпын ба? Соңыма ілескен халықты өзім орға апарып жықпаймын ба?! Бастарын оққа өзім бай­ лап бергендей болмаймын ба?! Қоңырқұлжа айтқандай, ормандай орысқа қарсы шығамыз деп, құр босқа қырылып қалсақ, не болмақ?!. Алты басты айдаһардың жұмырына жұтылып кете бермейміз бе? Жо... жоқ. Беу дүние-ай!.. Бар қазақтың басын қосып, соңымнан ерте алсам-ау, шіркін!.. Оған шама жете ме?.. Жай жатсаң да тыныштық берер түрі жоқ! Тірі жан емеспіз бе, өлсек те қарсыласып өлейік! Мен осыған бекіндім! А, дариға, дүние-ай!.. Қасиетіңнен айналайын, туып-өсіп, кіндік кескен туған жер!.. Ата-баба қонысым, жаз жайлауым мен қыс қыстауым!.. Көкорай тарқан өзенім, айналасы қоғалы, суы тұнық көлдерім, салынды қопа қамысым, батыр мен билер бас қосып, әңгіме құрған белдерім, шағырлы жусан, изенім, жапырақ жайып гүлденер қарағайым мен қайыңым, айналайын аралым, арқар мен құлжа, ма­

ралым, бастары самал тауларым, арасы биік бауларым, сарқырап аққан бұлағым, желкілдеп өскен құрағым, сауынға саба толтырып, ат шаптырып, той қылып, құт-береке болған жерлерім көзден бұлбұл ұшып, қолдан сусып, біреудің иелігінде қалып барасың-ау! Ірбіті сары самарға сапырып қымыз құйдырып, салқын жерге тоңдырып, салтанатқа төндіріп, сауқым салған заман-ай! Тамағымызға қанжар, қос бүйірімізге егеулі найза, жүрегімізге көк сүңгі қадалды. Төбемізде алмас қылыш төніп тұр!.. Уа, дариға, беу, дүние-ай!.. Күнімжан келеді. КҮНІМЖАН. Аманбысыз, батыр? КЕНЕСАРЫ (жалт қарап). Күнімжан... бұнда қайдан жүрсің? КҮНІМЖАН. Сізге қарай көңіл құсым алып-ұшты!.. КЕНЕСАРЫ (тебіреніп). Жалғыз-жарым жүрсің бе? КҮНІМЖАН. Сырым шашау шықпасын деп жалғыз келдім!.. КЕНЕСАРЫ. Қалқам-ай, бір қорқытып, бір қуанттың ғой ағаңды! КҮНІМЖАН. Алғашқы кездескеніміз есіңізде ме? КЕНЕСАРЫ. Есімде, бәрі есімде. КҮНІМЖАН. Сол сәтте-ақ жүрегімді жаулап, сезімімді тұтқындап ап кеттіңіз! КЕНЕСАРЫ. Менің де көз алдымнан кетпей жүр сол бір жалқы сәт... Тамам жұрттың көзінше қымсынбай-ақ қымыз әкеп беріп ең... Маңдайымнан аққан терді сүртуге берген орамалың да жанымда сақтаулы. (Қалтасынан кестелі орамал алып шығады). Сол кездеақ тал бойыңнан бір жылылық сезіп ем... Жанарыңнан біраз сырды ұғып ем!.. Әттең, әттең, көзім де өткір, тілім де менің жаман еді. Жақсы көрген адамыма көп сұқтанып, артық ауыз сөз де айта алмаймын. КҮНІМЖАН. Сол күннен бастап сізді көру арманыма айналды. Жа­ ным сізді аңсады, жүрегім сізді іздеді. Жолыма да қарамай, ата салтта жоқ болса да, сізді іздеп шыққаным да сол еді!.. КЕНЕСАРЫ. Мен де, қалқам, таптым ба деп тұрмын іздегенімді. Қысылғанда қолтығынан демесін деп осындай қалқаны жібергенің үшін де, о, Тәңірім, ризамын мен саған!

Екеуі бір-біріне жақындай түседі. Дәл осы кезде ұрымтал тұстан Қоңырқұлжа шыға келеді. ҚОҢЫРҚҰЛЖА. А, солай ма еді?!. Көңілімдегі күдікке көзім жетті-ау, ақыры! КЕНЕСАРЫ. Аға сұлтанның қараңғыны жамылған қорқаудай тіміскіленіп жүргені қалай? ҚОҢЫРҚҰЛЖА. Көз алдыңда жатқа қимас асылыңды қағып бара жатса, аға сұлтандығыңды ойлап өзің де отыра алмассың! Басқа қыз құрып қалғандай, менің қалыңдығыма жабысып қалғаның қалай?!. Жасым үлкен, жасым үлкен болған соң жолым да үлкен. Көшелігіңді таныт, Кенесары!.. КЕНЕСАРЫ. Жоқ, Қоңырқұлжа. Олай жасыңды бұлдама! Жол жаққа келсек, бар қазақты билеген Абылай ханның немересі екенімді ұмыттың ба?!. ҚОҢЫРҚҰЛЖА. Иә, Абылайдың тұқымы, әлі күнге дейін тізе ба­ тырып келесіңдер. Мен де ұлы Шыңғыс ханның ұрпағымын, атақты Әз Тәукенің ұрқымын. Орта жүздің ханы Семеке атама қырық мың жылқы біткен. Өз әкем Құдайменді сұлтанға да отыз мың қара көк пен күрең бітті емес пе? Ал, айтшы өзің, сенен менің қай жерім кем? Атағым ба, бағым ба, дәулетім бе?.. КЕНЕСАРЫ. Әй, Қоңырқұлжа, атақ пен дәулетті алға тартар жер емес бұл. ҚОҢЫРҚҰЛЖА. Ау, Кенесары, қарға қарғаның көзін шұқымас. Екеуміз де бір атаның баласымыз. Төре тұқымының абырой-мерейі қайдағы бір қараның қызынан артық шығар?!. КЕНЕСАРЫ. Жоқ... жоқ, Қоңырқұлжа, Күнімжан екеумізді кезіктір­ ген Алланың өзі, ажырататын да бір Алла! ҚОҢЫРҚҰЛЖА. Ау, Кенесары Алланы алдыға тартып жақауратпа. Мен Күнімжанның өз аузынан естігім келеді. (Күнімжанға) Сен не дейсің, Күнімжан? КҮНІМЖАН. Басымды саудаға салатындай мал емеспін ғой, сұлтан! Екеуіңізді таластырып, ел араздығына себепкер болғым келмейді.

Десе де өз ойымды ашық айтуға құқым бар шығар, жолыма бөгет болмаңыз, сұлтан! ҚОҢЫРҚҰЛЖА. Күнімжан-ай, міне, сенің осы мінезің ғой, мені өзіңе еліктіріп қойған. Біле білсең, дос бар менде, дұшпан бар. Айы­ рылсам егерде мен, күлмей ме ел артын ашып?.. Жай таптырмай жа­ ныма, ауыр болды-ау азабым, айтшы, жаным, өзің-ақ, бұл неғылған мазағың!.. КҮНІМЖАН. Бар кінәні маған емес, жүрегіме қойыңыз! Неғыл дейсіз, не істе дейсіз, соқпаса егер сіз деп жүрек? Жаным менің қаламаса сізбен бірге болуды!.. ҚОҢЫРҚҰЛЖА. Неткен қатал жан едің, қайырылмайтын, ерімей­ тін, жібімейтін жүрегің!.. КЕНЕСАРЫ. Айтылар сөз айтылды. Күнімжанның жауабын естідің ғой! ҚОҢЫРҚҰЛЖА. Күнімжан-ай, әттең... Әттең, Күнімжан-ай, жо­ лыңда өлсем арманым жоқ деуші едім!.. Бәрібір сені қатын қылмай тынбаймын!.. Осы уәдемде тұрмасам, атым өшсін!.. (Ашуланып кетіп қалады). КЕНЕСАРЫ. Әй, Қоңырқұлжа-ай!.. Ақылға келе ме десем, азынаған айғырдай арқырап барады ғой!.. КҮНІМЖАН (еркелей). Төрем, басыңызды дауға салып қойдым ба? КЕНЕСАРЫ. Жо... жоқ, еркем, қайта маған өшпес жалын сыйладың! Осы жерде той көріністері көрсетіледі. Кенесары мен Кү­ німжанның тойы. Тойға жиналған қауым жағалай қоршап, қос­ тап тұрады. Ортада Кенесары. Ұзатылар қыздың киімін киген Күнімжанды екі жеңгесі екі жағынан ұстап, көпшіліктің ортасына алып келеді. Үстінде қызыл камзол, басында әдемі сәукеле. НЫСАНБАЙ. Ал, жігіттер, Кенекемнің тойында көрсетейік өнерді... Уа, ааа... Айналайын Кенекем! Сұңғақ бойлы сұңқарым, Сұңғыла ойлы сұлтаным.

Дүбірлеп озған дәуірден Тарланбозым, тұлпарым! Салқам-салқам салқарым, Шамырқанған шалқарым. Үкілі үміт артарым. Зұлқарнайын сияқты Қос мүйіздім, арқарым! Елбең-елбең елменен, Емеурінге көнбеген. Ербейгенге ермеген, Ел намысын бермеген Сендей болсын ер деген! Айдарынан таң атар, Айбарынан күн батар. Абылайдың жалғасы, Ақ беренді алмасы. Саған ауыр болар, хақ, Құл-құтандық таңбасы. Тек Тәңірден тілеген, Сен – бөрісің. Бір егең. Бодан болмай басқаға, Азуын айға білеген. Ай, адуынды арысым, Азуы алты қарысым. Ағайынның ары үшін, Қара бала қамы үшін Жаумен жаға жыртыстың, Ерлігің – елдік намысым! Уа, ағайын, бүгін ақ түйенің қарны жарылған күн. Ал, мен баста­ дым, кім қостайды? Жүрегі түкті кім бар? НАУРЫЗБАЙ. Атаңа нәлет, мен бар! Кенекемнің тойыңда аянатын не бар?! Көрсетейік өнерді. (Наурызбай екі қолына екі қылыш ала са­ лып қылыштасу өнерін көрсетеді). Ал, жұртым, жасырар жұмбағым бар! Табасыңдар ма?

ЖҰРТ. Табамыз... Тауып көрейік!

Науызбай бүктетіліп жата қалады. ЖҰРТ. Мынау асық қой! Асық... Бүк түсті!.. Наурызбай шікесінен түсе қалады. ЖҰРТ. Шік! Шік түсті!.. Науызбай алшы түскендей қырынан керіліп жата қалады. ЖҰРТ. Алшы. Алшы түсті! Кенекемнің асығы алшысынан түсті. НЫСАНБАЙ. Ап, бәрекелді, Наурызбай!.. КЕНЕСАРЫ. Жарадың, бауырым! ЖҰРТ. Жарайсың, батырым!.. Бүйтпесең, Наурызбай боламысың!.. КЕНЕСАРЫ. Қайда әлгі бұл елдің менменсіген батыр-балуандары?!. Осы кезде «Біз бармыз!» деп екі батыр ортаға атып шығады. Ұзын арқанды иықтарына салып, тартыспаққа бірі-біріне теріс қарап тұра қалады. Тойды басқарып жүрген Нысанбай келіп, екеуіне төреші болып, «Дайынсыңдар ма?» дейді. Екеуі жарыса «Дайынбыз!» дейді. «Ал ендеше бастаңдар!» деп белгі береді. Сол-ақ екен, екі батыр алқынжұлқын тартыса кетеді. Жұрт шуласып, қостап, қыздырып тұрады. Қос батыр бірін-бірі ала алмай, әрлі-берлі ырғатылып тұрып қалады. Оған шыдай алмаған Кенесары оларға жақындап келіп «Ой, жұртым, мыналар қымыз ішіп, қазы-қарта жеген батырларға ұқсамайды ғой, ей!» деп арқаннан ұстай алып, шірене тартып қалғанда екі батыр артқа қарай серпіліп, бір-бірімен соқтығысып қалады. Жұрт қырантопан күлкіге кенеледі. ЖҰРТ. Ап, бәрекелді!.. Нағыз батыр Кенекемнің өзі ғой!.. Қара күшін айтсаңшы! Алымы мен шалымы ғана емес, қарымы да жан шыдатпас батыр ғой!..

Күміс көмей домбырадын қоңыр күй күмбірлеп, «Қара жорға» биі биленеді. Бір кезде шарадағы қымызды көтеріп келе жатқан ақ жаулықты ана алдыңғы жаққа қарай беріп, көзіне қорқынышты бірдеңе елестегендей, шошынып, қол-аяғы дірілдеп, ыдысы жерге су­ сып түседі. Қымыз төгіліп, ыдысы төңкеріліп қалады. Бәрі іштерін тартып, аңырайып қалысады. Осы кезде бір сұмдықтың боларын сездіргендей, алыстан күңіренген ащы дауыс естіледі. Кенесары топ­ тан озып, жеке шыға береді. КЕНЕСАРЫ. Бұл не болды, құдай-ау!.. Ағымыздың төгіліп, аяғы­ мыздың төңкерілгені қалай?!. Ашық күні найзағай жарқылдап, күндіз көздің байланғаны не сұмдық!.. О, Жаратқан, жұртымды жамандық­ тан сақтай гөр! ТӨРТІНШІ КӨРІНІС Батыс Сібір генерал-губернаторы П.Д. Горчаковтың Омбыдағы қызмет кабинеті. Кең де жарық, қымбат жиһаздарға толы бөлме. Оң жақтағы диванда Горчаков пен әскери старшина Карбышев карта ойнап отыр. Үлкен қоңырқай үстелдің үстінде ұзын мойын ақ арақ пен екі қырлы стақан тұр. Сол жағына алып қарақұстың мүсіні қойылған. Төр жақ қабырғада І Николай патшаның үлкен пор­треті ілулі тұр. ГОРЧАКОВ. Уәдем уәде, Иван Алексеевич, жүріңіз! КАРБЫШЕВ. Ендеше, мінекиіңіз... ГОРЧАКОВ. О... оо... Қолың жақсы-ау деймін. Бірден қара қатыннан бастадыңыз ғой!.. КАРБЫШЕВ (күліп). Бүгін қатыннан жолым болатын түрі бар, Петр Дмитриевич!.. Үш қатын бірден келіпті. Біреуі сізде ме?! ГОРЧАКОВ. Жоқ, қатындар маған емес, саған үйір сияқты ғой! Жолыңыз болғыш екен! Үш қатынды қайтпексіз?

КАРБЫШЕВ. Үшеуін бірдей қосақтап, сізге сыйға тартпақ ойым
бар, Петр Дмитриевич!
ГОРЧАКОВ (қарқылдап). Тауып кеттің, тауып кеттің!.. Өзің сон­
дай жомарт екенсің!.. Ендеше, ұлы империя үшін бір алып қояйық!..

Мен айтқан сөзімде тұрамын, Иван Алексеевич! Жүріс менен ғой.
Міне, мынаған не дейсіз?
КАРБЫШЕВ. А-аа, оны былай басамыз!
ГОРЧАКОВ. Охо, дәмеңіз зор екен, ә! Ал мына тұз крешке не дейсіз?

КАРБЫШЕВ. Тұз креш демекші, Петр Дмитриевич...
ГОРЧАКОВ. Иә...
Карбышев адымдай басып есіктен шығып кетеді де, екі қолына
креші бар қарғыбауларды қыса ұстаған күйі қайтадан кіреді.

КАРБЫШЕВ. Міне, Петр Дмитриевич, бәрі дайын!
ГОРЧАКОВ. Ох-оо... Иван Алексеевич, мынауың керемет қой, жалт-
жұлт етеді. Бұны тағып жүрген жабайыларда не арман бар дерсің!..
(Мысқылдап күледі) Ендеше кешікпей іске кірісу керек!

КАРБЫШЕВ. Дұрыс айтасыз, Петр Дмитриевич, күшпен шоқын­
дыру керек!..
Осы сәтте подполковник шенін таққан аға сұлтан Қоңырқұлжа
Құдаймендин кіреді.

ҚОҢЫРҚҰЛЖА (иіліп). Қайырлы күн, генерал-губернатор мырза!
ГОРЧАКОВ. Қайырлы күн! Сізді мұнда қай Құдай айдап келді, под­
полковник?
ҚОҢЫРҚҰЛЖА. Кешірерсіз, бір жайсыз хабар жеткізейін деп келіп

едім.
ГОРЧАКОВ. Жайсыз хабар...
ҚОҢЫРҚҰЛЖА. Алдымен, Петр Дмитриевич, мынау біздің елдің
дәмі, қасиетті сусынымыз – қымыз.

Қоңырқұлжа торсықтағы қымызды Горчаковқа ұсынады. Бірақ астамсыған губернатор оны ала қоймайды. Қоңырқұлжаның қолы ауада асылып тұрып қалады. Тек сол сәт Карбышев келіп торсықты алады да, иіскей беріп, «Түу, мынаны олар қалай ішеді?» деп үстелдің төменгі жағына қоя салады. Горчаков та жай тұрмай, анадайдан жиіркеніп, «Иісі не деген жаман өзінің?..» деп мұрнын тыржитады. Қоңырқұлжа тіксініп қалады. ГОРЧАКОВ. Иә, сонымен қандай жайсыз хабар дейсің?.. ҚОҢЫРҚҰЛЖА. Әлгі Кенесарының бүлігі ушығып барады... ГОРЧАКОВ. Солай де, нақтырақ баяндаңыз! ҚОҢЫРҚҰЛЖА (тұрған бетінде). Кенесары елді алатайдай бүл­ діріп жатыр... Казак бекеттері мен кейбір қазақ ауылдарына шабуыл жасап, елді талап-тонап, қанды қырғынға ұшыратып жүр. Әсіресе, Ах­ мет Жантөрин, Баймағамбет Айшуақов сияқты сіздерге адал қызмет істеп жүрген сұлтандардың ауылына тыныштық берер емес. Ресей­ ге бағындың деп, Кенесары менің де басқан ізімді аңдып жүр. Керек десеңіз, менің тоқалдыққа алғалы отырған қалыңдығыма шейін тар­ тып алды. Горчаков пен Карбышев ішек-сілелері қатқанша күледі. КАРБЫШЕВ. Е, сөйтіп Кенесары тоқалымды тартып алды деңіз!.. ГОРЧАКОВ. Көп әйел алушылық... ҚОҢЫРҚҰЛЖА. Кенесары бүкіл халықты өзінің қол астына өтуге мәжбүрлеп жатыр... КАРБЫШЕВ. Петр Дмитриевич, айтпақшы, ұмытып барады екенмін ғой, Кенесары Қасымовтан хат келген. (Қойын қалтасынан бүктеулі хатты алып шығады). ГОРЧАКОВ (бет-аузын тыржитып). Қандай хат? КАРБЫШЕВ. Ұлы мәртебелі патша ағзамның атына. ГОРЧАКОВ. Охо-оо... Оқыңыз! КАРБЫШЕВ (хатты ашып, оқи бастайды). «Бүкілресейлік дара билеуші патша ағзамға.

Бүкіл қазақ ордасын билеген Абылай ханның ұрпағы Кенесары Қасымовтан. Тақсыр, төмендегі жағдайға көңіл аударуыңызды талап етемін. Менің қалауым – өз иелігімдегі елдің емін-еркін өмір сүруі. Осы жағ­дайды сізге жеткізуді құрмет санаймын. Алайда сіз мені өз қарауыңыздағы халықты өз жағына тартуда деп жазғырасыз. Сіздің ата-бабаларыңыз бен менің атам Абылай хан ел билеген кезде қазақтар еркін және бейбіт өмір сүрді. Оған еш пенде қол сұққан жоқ, екі жақ емін-еркін сауда-саттық жасасты, жайбарақат өмір сүрді, біздің қоныстарымыздан ешкім алым-салық жинамайтын. Кейінгі кезде біздің халықтан алым-салық ала бастады, жасақ жинай бастады, әрі оларға жан-жақтан қысым көрсетіп, шеттетіп жатыр, бұл біздің халық үшін үлкен қасірет. Менің халқымның ата қоныстарын тартып алып, казак-орыстарға бөліп беріп жатыр. Қазақтарға жабайы деп қарап, бала-шағамызды шоқындырып, құлдыққа сатуда. Мәселенки, тек бір айдың ішінде ғана Гурьеев бекінісінде жүзден аса қазақтың ба­ ласы құлдыққа сатылған. Бұндай қорлыққа шыдау мүмкін емес. Егер Ресейді басқа бір ел билесе қалай болар еді?!. Бұрынғы бейбіт келісімді сіздің төменгі буындағы шенеуніктеріңіз бұзып, ақиқатпен санаспай, барша қазақ халқын Ресейдің құрамында деп есептейді. Менің марқұм атам Абылайдың иелігінде болған өңірде Сіздің адамдарыңыз сегіз дуан құрғаны бізді қатты қынжылтады. Ата-бабамыз бізге мұра қылып қалдырған Жолдыөзек, Көкшетау, Қылшықты, Атбасар, Есіл-Нұра, Ақтау, Ортау, Қарқаралы, Қазылық, Жерайың, Обаған, Тобыл, Құсмұрын, Хаят пен Түңіліктен Оралға дейінгі жерлер күшпен тартып алынып, бекіністер қаптай салыну­ да. Бұл құйтұрқы саясат әлі де өз жалғасын табуда. Осылайша сіздің шен-шекпенділеріңіз біздің халықты барынша ашындыра түсуде. Бұл біздің болашағымызға ғана емес, тіпті бүгінгі өмірімізге де үлкен қауіп туғызып отыр. Сондықтан барша қазақ халқына қысымды тоқтату үшін және тыныш өмірдің рахатын көруді қамтамасыз етуді сізден, ұлы патша, біздің өмірімізге қол сұқпауыңызды, сегіз дуанды және басқа да даламыздағы бекіністерді жоюды сұраймын!

Бүкіл қазақты өзіме қарату ойымда бар. Қазақ жұрты егемен ел болған кезде ғана тыныш өмір сүре аламын. Біз достық пен ынты­ мақта өмір сүрсек, қандай жақсы болар еді! Құрметпен, мөрін басқан Кенесары Қасымов». (Хатты Карбышев «Бүкілресейлік дара билеуші патша ағзамға...» деп бастауын бастап, мәтінін арт жақта тұрып Кенесарының өзі айтқаны дұрыс. Сол кезде жарықты Кенесарыға түсіріп, ерекшелеп тұрса, қатып кетер еді. Сонда әрі әсерлі болады). ГОРЧАКОВ. Бұлар сөз ұқпайтын жабайылар екен. Бұдан былай Кенесарыдан келген шабармандарды бірден түрмеге тоғыта берің­ дер. Сібірге айдату керек бәрін де! ҚОҢЫРҚҰЛЖА. Міне, көрдіңіз бе, Петр Дмитриевич, Кенесары­ ның хан болып, қазақ даласын жеке-дара билемек ойы бар. Ке­ рек десеңіз, Кенесарының тұтас бір армиясы бар, оның Омбы мен Орынборға шабуыл жасауы да мүмкін. ГОРЧАКОВ. Подполковник, Ақмола округінің көптеген болыс­ тары өз еріктерімен біздің билігімізден азат етуге уәде еткен әлгі Абылайхановтарға барып қосылып жатқаны рас па? ҚОҢЫРҚҰЛЖА. Рас, рас... Оларды ауыздықтау үшін қатаң шара қолдану керек, Петр Дмитриевич! Егер олай болмаған жағдайда табысқа жету мүмкін емес. Аталған болыстардың қазақтары ерте уақыттан бері еркіндікке үйреніп қалған, ал бағынуды асқан қорлық деп санайды. ГОРЧАКОВ. Сұлтан, бұған басты кінәлі өзіңіз! Округіңізде жал­ пы бей-берекетсіздіктер белең алып, болыстар тарқап, залым сұлтандар Қасымовтарға қосылып жатса, сіздің дәрменсіздік таны­ тып отырғаныңыздан! КАРБЫШЕВ. Чириков экспедициясының сәтсіздікке ұшырауы да, сіздің әрекетсіздігіңізден. ҚОҢЫРҚҰЛЖА. Петр Дмитриевич... ГОРЧАКОВ (саусағын шошайтып). Қателікті мойындау керек, сұлтан!

ҚОҢЫРҚҰЛЖА. Сіз білесіз бе, Петр Дмитриевич? Мен өз ба­ сым Кенесарыға ашық қарсы шыға алмаймын. Өйткені оны қол­ даушылардың қатары күн өткен сайын көбейіп барады. Маған кем де­ генде мың адамдық қарулы жасақ қосып берсеңіз, бүлікті басуға уәде берер ем... ГОРЧАКОВ (сайқалдана жымиып). Ал сіз маған Қасымовтың ба­ сын әкеп бере аласыз ба? ҚОҢЫРҚҰЛЖА. Ым... мм... ГОРЧАКОВ. Қайталап сұраймын, сіз Кенесарының басын әкеп бе­ руге уәде бересіз бе? ҚОҢЫРҚҰЛЖА. Петр Дмитриевич, менің аянып қалар ештеңем жоқ, ертең-ақ жолға шығып кетуге дайынмын!.. ГОРЧАКОВ. Сіз қарамағыңыздағы қазақтардан қанша жасақ жи­ най аласыз? ҚОҢЫРҚҰЛЖА. Бес жүз. ГОРЧАКОВ (кекесінмен). Бес жүз?.. КАРБЫШЕВ. Біздің мәліметімізге қарағанда, Кенесарының әскері бес мыңға жетіп жығылады екен. ГОРЧАКОВ. Бес мың?.. Ал сіз болсаңыз бар-жоғы бес жүз адамдық қана жасақ жинаймын дейсіз. ҚОҢЫРҚҰЛЖА. Сіз білесіз бе, біздің өз ішіміздегі кейбір сұлтандар сырттай бізге бағынғандарымен, іштей Кенесарыны қолдайды. Жа­ сырын соларға көмек беретіндері де жоқ емес. Кенесарыны тал­ қандағаннан кейін осындай сатқын сұлтандармен де есеп айыры­ суымыз керек! ГОРЧАКОВ. Сіз сондай сатқын сұлтандарды жіпке тізіп бере ала­ сыз ба? ҚОҢЫРҚҰЛЖА. Әрине. ГОРЧАКОВ. Ендеше, өтінішіңіз орындалады. Отряд береміз, көп кешікпей жолға шығасыздар! Көрейік кімнің тоқпағы мықты екенін. Есіңізде болсын, біз сізге үлкен сенім артамыз, сұлтан. ҚОҢЫРҚҰЛЖА. Сенімдеріңізді ақтауға тырысамын, Петр Дмит­ риевич! (Шығып кетеді). 7-298

Оңаша қалған Горчаков пен Карбышев зымияндықпен рахаттана күліседі. КАРБЫШЕВ. Бұл қазақ билік үшін ештеңеден тайынбас. Әрі өз есебі де жоқ емес екен. Бізді пайдаланып, Кенесарыдан өш алмақшы, сөйтіп, малы мен қалыңдығын қайтарып алмақшы. ГОРЧАКОВ. Тоқалын деңіз... тоқалын... КАРБЫШЕВ. Петр Дмитриевич, ал бізге бәрібір емес пе?! Бірін-бірі қыра берсін, бірімен-бірі қырқыса берсін! Бірін-бірі талап жеп, құрта берсін! Қайта біз осындай мезеттерді орайымен пайдалана білуіміз керек емес пе?! Қалай ойлайсыз? ГОРЧАКОВ. Жоқ. Біз өйтіп сырттан бақылап отыра алмаймыз. Ке­ несары осал жау емес. Патша ағзамның «Бір патшалықтың ішінде екінші патшалықтың болуы мүмкін емес, тезірек қазақ жерін отар­ лауды аяқтап, Орта Азияға шабуылды бастау керек» деген жарлығын орындайтын мезгіл де жетті. Ұлы Петр айтқандай, қазақ жері Азия­ ның қақпасы мен кілті емес пе?!. КАРБЫШЕВ. Дұрыс айтасыз, Петр Дмитриевич!.. Ал мына Қоңырқұлжа сияқтылар бізге өте-мөте қажет! Отты қашанда осы­ лардың қолымен көсеу керек!.. ГОРЧАКОВ. Бұл ойыңызға қосыламын, Иван Алексеевич! Бірақ бұларға сенуге болмайды. Сондықтан отрядты өзің бастап барасың! Аяушылық болмасын! КАРБЫШЕВ. Құп болады! БЕСІНШІ КӨРІНІС Кенесарының ауылы. Ортада он екі қанат ақ орда. Күнімжан ыңылдап ән айтып жүр. Әуені мұңлы. Ата-анасын, туған-туысын сағынып салған сағыныш әні сияқты. Бір кезде дүркін-дүркін шыққан мылтық дауысы естіледі. Күнім­ жан әнін сап тыйып, бойын тез жиып алады.

КҮНІМЖАН. О, Құдайым, не боп қалды?!. (Мойнын созып, қарап қояды) Бұл не тағы?.. О, Құдайым-ай, жаманшылық болмаса жарар еді!.. Сәлден соң Наурызбай жүгіріп кіреді. Алқынып кеткен, түрі өрт өшіргендей. КҮНІМЖАН (үрейлене). Не боп қалды, Науанжан? НАУРЫЗБАЙ. Жеңеше, жеңеше, Қоңыр... құл... жа... Қоңырқұлжа... орыс әскерін бастап келеді! Көкемдер екен деп жақындай беріп едік, оқ жаудырып, біраз адамды қырып салды. Жеңеше, жинал, кетейік!.. КҮНІМЖАН. Жоқ, мен кете алмаймын. НАУРЫЗБАЙ. Жеңеше, не деп тұрсыз?! Олардың қолдарына түссек, аямайды! КҮНІМЖАН. Қоңырқұлжадан қорқып ордамды тастап кетсем кім болғаным?! НАУРЫЗБАЙ. Жеңеше, орыстар өлтіріп кетеді ғой!.. Сырт жақтан ара-тұра мылтықтың дауысы естіліп, айқайұйғай күшейе түседі. КҮНІМЖАН. Ажал жетсе, қашып та құтыла алмаспыз! Маңдайға жазылғанын көрерміз. Еркек болса, қатын-қалаш пен бала-шағаға тиісе қоймас. Ал сен бұл хабарды төреме тезірек жеткізуің керек! Олардың қай жаққа кеткенін сен ғана білесің ғой! НАУРЫЗБАЙ. Не айтып тұрсыз, жеңеше? Мені сіздерге қорған бол деп тастап кеткен жоқ па?! Не көрсем де сіздермен бірге көремін! КҮНІМЖАН. Мына қырғынды төреме тезірек жеткіз!.. НАУРЫЗБАЙ. Жеңеше... КҮНІМЖАН. Мен саған не айтып тұрмын?! НАУРЫЗБАЙ. Жеңеше... КҮНІМЖАН (дауысын көтеріп, бұйыра). Бар!.. НАУРЫЗБАЙ (қиналыңқырап). Жақсы, жеңеше, жақсы. Жеткізем бәрін!

КҮНІМЖАН (құшақтай алып). Арт жағыңа алаңдамай, тура тарт! НАУРЫЗБАЙ. Абай болыңызшы, жеңеше! (Аяғын асыға басып шығып кетеді). Күнімжан не істерін білмей, аз-кем абдырып тұрып қалады. Осы кезде мылтығын шошаңдатып бір орыс солдаты кіріп келеді. Ай­ дай сұлу жас келіншекті көріп, көзі күлімдеп кетеді. Мылтығын жақтауға қоя салып, жүгіріп келіп құшақтай алады. СОЛДАТ. Охо-оо, ханша!.. Кәне, бері қара!.. (Аймалай бастай­ ды) Тезірек... Әй, не деп тұрмын мен саған?!. Кәне, кәне... Шеш... шеш деймін... Күнімжан желіккен жендетті кеудесінен итеріп жібереді. Бұндай оқыс қимылды күтпеген солдат сәл шегіншектеп барып, аз-маз тұрып қалады да, кенет есіне әлдене түскендей сүзеген бұқадай қайтадан ұмтылады. Сол кезде Күнімжан мәсісінің қонышынан өткір кездікті суырып алып, солдаттың жүрек тұсына сүңгітіп жібереді. КҮНІМЖАН. Арымды төккізе қоймаспын! ҚОҢЫРҚҰЛЖА (сырт жақтан). Күнімжан!.. Қоңырқұлжа кіріп келеді. Қос қолымен жүрек тұсын ұстай тәлтірең қаққан солдаттты Қоңырқұлжа итеріп жіберіп, Күнімжанға жетіп келеді. Солдат жалп ете түсіп, сол бетінде қимылсыз сұлық қалады. ҚОҢЫРҚҰЛЖА. Күнімжан... Күнімжан... Маған сенің бас амандығың керек! КҮНІМЖАН. Сұлтан, мына кәпірлерді бастап келген сіз емессіз бе? ҚОҢЫРҚҰЛЖА. Күнімжан, мені мұнда сүйрелеген тапталған арнамысым мен саған деген сүйіспеншілік! КҮНІМЖАН. Мына қанды қырғыннан осылайша ақталмақсыз ба, сұлтан?

ҚОҢЫРҚҰЛЖА. Мен сенің еліңді шабайын деп келгем жоқ, бір
сен деп қана келіп тұрмын, Күнімжан! Қашқын қарақшыға тигенде
шыққан бүйірің кәне? Кенесарыдан құтылмасаң, өмір бойы басың­
нан бұлт арылмас.

КҮНІМЖАН. Маған жаныңыз ашымай-ақ қойсын!..
ҚОҢЫРҚҰЛЖА. Соңғы рет сұраймын, өз еркіңмен етегімнен ұс­
таймысың, жоқ па, Күнімжан?
КҮНІМЖАН. Кім көрінгеннің жетегіне ере беретін мал деп ойлай­

сыз ба мені?!
ҚОҢЫРҚҰЛЖА. Күнімжан, амал не, маған таңдау қалдырмадың!
Әй... (Жалаңдаған қос жасауыл кіріп келеді) Мынаны алып жүрің­
дер!.. (Сүйрелеп бара жатқан жасауылдарға) Әй... Басынан бір тал

шашы түсуші болмасын!..
Алысқан-жұлысқан адамдардың сұлбалары елес береді, ақырған-
бақырған, айғайлаған, улап-шулаған, жылап-сықтаған үндер есті­
леді. Бір-екі мәрте мылтықтың да ащы дауысы шығады. Карбышев

келеді.
КАРБЫШЕВ. Сұлтан, қарақшылар қайда кеткен?
ҚОҢЫРҚҰЛЖА (жағасына жармасып). Әй, қатын-баланың не
жазығы бар еді? Бұларың не?..

КАРБЫШЕВ (қылышының ұшын Қоңырқұлжаның кеңірдегіне та­
қап). Мен бұйрықты орындаймын!..
ҚОҢЫРҚҰЛЖА. Солай ма?!.
КАРБЫШЕВ (өліп жатқан солдатты көріп). Ананы кім өлтірді?

ҚОҢЫРҚҰЛЖА. Кім болушы еді, Кенесарының жендеттері де!..
КАРБЫШЕВ. Жендеттері?.. (Күліп) Ах-ха-ха... Ау, олар қайда?
ҚОҢЫРҚҰЛЖА. Қайда болушы еді, қашып кетті!..
КАРБЫШЕВ. Қашып кетті?.. Кенесарының өзі қайда? Қайда?..

ҚОҢЫРҚҰЛЖА. Мен қайдан білейін? Ол бір жын, бүгін мұнда, ертең
анда. Бұнда көп аялдауға болмайды, аса қауіпті!..
КАРБЫШЕВ (мысқылдай күліп). Қауіпті... несі қауіпті?!. Кенесары
мұнда міндетті түрде келеді. Сонда құрып қойған қақпанымызға

өзі-ақ келіп түспей ме?!

ҚОҢЫРҚҰЛЖА. Әй... Кенесары сенің құрып қойған қақпаныңа өзі келіп түсетін ақымақ қоян деп пе едің? Ол сауысқаннан да сақ. Ал оның қолына түссек, аямайтыны айдан анық! Сондықтан бұнда көп аялдауға болмайды!.. КАРБЫШЕВ. Солай ма? Ендеше, Петр Дмитриевич айтқандай, жолда Кенесарының жақтастары бар емес пе?!. Міне, солардың са­ зайын берейік!.. ҚОҢЫРҚҰЛА. Әй, тағы да қырғын салмақсыңдар ма?!. Әй... бұларың... Қоңырқұлжа сұлтан Карбышевтің артынан ілесе шығып кетеді. Олардың артында күлі көкке ұшып жұтаған ауыл, қан жылаған ел, жағалай шашылған өлік, жылаған бала, жоқтау айтқан ақ жаулықты ана, көзі жасқа толып күңіренген ақсақал, шаңырағы опырылып ортасына түскен ақ отау, қираған бесік, ойрандалған ошақ, төңкерілген қазан, қан жосыған із қалды. Бір мезгілде серіктерімен Кенесары келеді. Қасында Наурызбай мен Нысанбай бар. Ойрандалған ауылын көріп, көкірегін кек қысып, бойын ашу кернеп, күңіренеді. КЕНЕСАРЫ. Қоңырқұлжа, Қоңырқұлжа!.. Түсінісуден кеткен екенсің! Елдің берекесін қашырмауға тырысып-ақ едім, ақыры жо­ лымыз екі айырылды ма?!. Тіл табысамыз ба деген үмітпен азуымды батырмай келіп едім. Өзің келіп балағымнан итше қаптың!.. Бөріше талаттың!.. НАУРЫЗБАЙ (көзінен жас парлап). Бұл... бұл... Бұл не қылған жауыздық?! Ордамыздың шаңырағын ортасына түсіріп, жұртымыз­ дан жұрнақ та қалдырмапты ғой, қанішерлер! Еңкейген кәріден еңбектеген балаға дейін қырып салыпты ғой, жауыздар!.. Не жазығы бар еді олардың, Құдайым-ау!.. НЫСАНБАЙ. Кенесары, жаңа жеткен хабар бойынша, Қарпық, Те­ меш рулары мен Саржан, Құдайменді, Күшік сұлтандардың да ауыл­ дарын шауып, бес жүз адамды өлтіріп, жүз қаралы адамды тұтқынға алып кетіпті.

Нысанбай тізерлеп отыра қалып құран оқиды. НАУРЫЗБАЙ. Бар сарбаз атқа қонып, дұшпанның тас-талқанын шығарайық, көке! Көке, мен аттанам!.. КЕНЕСАРЫ. Науан... Науанжан, сабырға көш!.. Маған да оңай бо­ лып тұрған жоқ! Асығып-аптығамыз деп, жаудың жемтігіне айналып кетпейік! Бар батырдың басын қосып, кек алуды кеңінен ойласайық. НАУРЫЗБАЙ. Ойласатын несі бар, көке?!. Жеңешемді қорлатып, ай­ дауда кеткен елдің артында қалғанша, өлмейміз бе?!. Көке... Жазықсыз шейіт болған мына жұрттан жанымыз артық емес қой! КЕНЕСАРЫ. Сабаңа түс, Наурызбай! Жалаң қолмен жауға шап­ қаннан ұтарымыз қайсы?! Босқа қырылып қаламыз! Ашу – дұшпан, ақыл – дос!.. Ағыбай, Бұқарбай, Басығара, Иман, Жанайдар, Төлебай, Жоламан, Байтабын батырларды осында шақыр! Бәрі дерлік жинал­ сын!.. Нысанбай! НЫСАНБАЙ. Иә, батырым! КЕНЕСАРЫ. Енді қарайлайтын ештеңе қалған жоқ! Ақмола бекіні­ сін шабамыз!.. Картаны әкел! Жер жағдайын бағдарлайық! Нысанбай теріден жасалған Ақмола бекінісінің картасын әкеп ортаға жаяды. Кенесары оған мұқият көз салып, әр нүктені үшкір қылышының ұшымен нұқып, бекіністі алу жоспарын айтып, өз ойын ортаға сала бастайды. КЕНЕСАРЫ. Мынау – Ақмола бекінісі. Міне, мына тұста Есіл өзені. Арамыз бір күндік жер. Оң жағында мен өзім, содан кейін, міне, мына жерде Бұқарбай шабуыл бастайды. Қолдың дәл ортасында Басықара мен Төлебай, одан кейін Құдайменді мен Жанайдар. Ал сол қанаттан Иманның сарбаздары ат қояды. Шабуылды тамыздың жетісі күні таңсәріден бастаймыз! Бар сарбаз бірдей киінсін! Басшысы кім, қосшысы кім? Оны жау анықтай алмайтын болсын! Әр жасақ өз ба­ тырларын тек өздері ғана білсін! Әр атты сарбаздың арасы он, он бес құлаштай алшақ болсын! Тек садақ оғы жетер жерге барып, қайтадан кейін қайтып, амал-айлаға иек арту керек. Бекіністің ішінде ағаш

үйлер көп. Шайқасқа шығардың алдында мергендер жебелеріне қара майлы білте шүберек байлап алсын! (Тағы бір нүктені қылышымен нұқи көрсетеді) Міне, мына жерде бекіністің оқ-дәрі, азық-түлік қоймасы орналасқан. Ең алдымен соны нысанаға алыңдар! Бекініс түгелдей өртке оранғаннан кейін ғана барып тіке шабуылға көшеміз! Оның өзінде де садақшылар атты жасақты қорғап, отты жебені қарша борататын болсын!.. НЫСАНБАЙ. Кенеке, менің естуімше, бекініс биіктігі бес сажын қорғанмен қоршалған. Жан-жағын жағалай тереңдігі бес құлаш, ені он құлаш ор қазылған. Тек қорғанға кірер алдында ғана төрт салт атты қатар өтер тар жол бар. КЕНЕСАРЫ. Иә, одан хабарым бар. Ең алдымен бекіністі оңтүстік­ тен солтүстікке дейін үш шақырымдай жерден қоршаймыз. Бекініске де, орға да көп жақындамаңдар, құр босқа қырылып қаласыңдар! Лек-лектеріңмен орға дейін ғана тақап барып, отты жебені бекіністің ішіне жаудырыңдар! Жә, Науан, сен Ағыбай сарбаздарымен бірге мына Қараөткелден өтіп, бекіністің оң қапталынан ұрасың! НАУРЫЗБАЙ. Көке, мені неге Ағыбайға қосақтай бересіз?!. Мен өз жігіттерімді алып жеке шабайын! КЕНЕСАРЫ. Дегенің болсын! Байтабын және қалған батырлар бекіністің батыс бүйірінен тисін! НЫСАНБАЙ. Кенеке, олар жер жағдайын жақсы білмейді. Мен жол­ басшы болайын! КЕНЕСАРЫ. Айтқаның болсын, жырауым! Атой шыққанда бәрің бірдей атқа қоныңдар!.. Бұлардың бізді аямайтынына көзім анық жетті. Енді аянып қалар ештеңе қалған жоқ! Елімнің ертеңі үшін қанды жорықты бастаймын!.. Орыстарға ойындағысын істетпеймін!.. Халқымды Ресейдің езгісінен азат етіп, қолын теңдікке жеткізбей ат­ тан түспеймін!.. Абылай атамыздың аруағы қолдасын! БӘРІ. Абылай! Абылай! Абылай!

АЛТЫНШЫ КӨРІНІС

Ақмола бекінісі. Аға сұлтан Қоңырқұлжа Кұдаймендиннің
ор­дасы. Қоңырқұлжа қолындағы жалғыз көзді ұзынша дүрбімен
сырт жаққа қарай көз тіге қарап тұр. Айғай-сүрең, ойбай-аттан,
тарсылдаған мылтықтың дауысы, гүрс-гүрс еткен зеңбіректің

үні шығады. Бір кезде Карбышев жүгіріп келеді. Алқам-салқам. Түрі
қабарып, картозы қисайып кеткен. Екі өкпесінен дем алып, алқынып
тұр.
КАРБЫШЕВ. Сұлтан, қақпа жанып жатыр. Көк түтіннен ештеңе

көрінбей барады. Не істейміз?
ҚОҢЫРҚҰЛЖА. Не істеуші едің? Қалайда Кенесарының жасағын
бекініске кіргізбеудің қамын жасаңдар!..
КАРБЫШЕВ. Ол мүмкін болмай барады. Жан-жақтан аш қас­

қырлардай анталап келеді. Солдаттарымыздың жартысы жаумен
емес, отпен алысып жатыр. Қақпа жанып бітуге таяды. Қорғанның
солтүстік жағының жиырма құлаштай жері үңірейіп бос қалатын түрі
бар.

ҚОҢЫРҚҰЛЖА. Дереу құм салынған қаптарды сол жаққа апарып,
кедергі жасаңдар. Отыз шақты мергенді сол қаптардың тасасына
орналастырыңдар! Бар... тезірек!..
КАРБЫШЕВ. Жақсы. Мен қазір...

Карбышев шығып кетеді. Дәл осы сәтте екі жасауыл Күнімжанды
алып келеді.
ҚОҢЫРҚҰЛЖА (Күнімжанға қарап). Күнімжан, шешуші сәт туды,
не айтасың?

КҮНІМЖАН. Жауабымды естігенсіз, сұлтан!
ҚОҢЫРҚҰЛЖА (жуасып). Ақылға кел, Күнімжан. Менің қолымда
билік бар. Айтқанымды өткіземін, дегенімді істетемін. Мені ақ
патшаның өзі қолдап отыр. Ал Кенесары ше?.. Құмда ізі, сайда саны

жоқ қарақшы емес пе!..

КҮНІМЖАН. Жо... жоқ... Кенесарының жолы да, жөні де бөлек. Елі үшін жанын шүберекке түйіп, ат үстінен түспей жүр. Мен сол үшін де оның етегінен ұстадым, бойымдағы бар асылымды сыйладым. Сен... сен күнің үшін жалданып жүрген сатқынсың! ҚОҢЫРҚҰЛЖА. Түсінші, Күнімжан, ақылға келші! Мен ақ патшаға өзім үшін емес, қарауымдағы халқым үшін қызмет етіп жүрмін. Ал... ал, ақ патшаға Кенесары кім?.. Бүгін болмаса, ертең оның күні бітеді! Сонда кіммен қалатыныңды ойладың ба, Күнімжан-ау!.. КҮНІМЖАН. Сонымен не айтпақсыз?!. ҚОҢЫРҚҰЛЖА. Күнімжан, маған тисең, ғұмыр бойы аялап өтемін. Көрдің ғой, бір тал шашыңды түсірткен жоқпын, түсірмеймін де!.. КҮНІМЖАН (ішек-сілесі қата күліп). Намыс қайда, сұлтан? Мен енді қыз емеспін, әйелмін! ҚОҢЫРҚҰЛЖА. Күнімжан, маған бәрібір! Қаласаң, ол туралы өмір бойы бір ауыз сөз айтпаймын. Күнімжан-ау, ұмытшы бәрін, мен де ұмытайын. Ант-су ішейін... КҮНІМЖАН. Сіздің халыққа жасаған опасыздықтарыңызды ұмыту мүмкін емес. ҚОҢЫРҚҰЛЖА. Күнімжан-ау, неге түсінбейсің, осының бәрі бір сен үшін жасалып жатқанын... Әттең, өзім де өкінем, бірақ шегінерге жер жоқ!.. Сеніменен мендегінің бәрі кетпек, Күнімжан! Ел бетіне қалай қараймын? Не дейсің енді маған, өл демесең... КҮНІМЖАН. Өлем десеңіз, сәті түсіп, орайы келіп-ақ тұр!.. Алқын-жұлқын Карбышев жүгіріп кіреді. Жалаң бас, шашы тікірейіп кеткен. Үсті-басы алқам-салқам, әппақ мундирі қаралаторала боп кеткен. Терге шыланған, ентігіп тұр. Қолында тапанша. КАРБЫШЕВ (тұтығып). Қарақшылар басып кірді. (Қақалып) Қашу керек! Қашудан басқа қайла жоқ! Қашу керек!.. ҚОҢЫРҚҰЛЖА (елең етіп). Қашу керек?!. КАРБЫШЕВ. Иә, тезірек, сұлтан! Енді кешіксек қолға түсеміз! ҚОҢЫРҚҰЛЖА. Әй... сен қашарсың-ау!.. Ал мен қайда қашармын?! (Жарқ еткізіп қанжарын суырып алып, Карбышевке тығып алады

да, оны итеріп жіберіп, Күнімжанға қарай жүреді). Күнімжан, сені
тірідей Кенесарыға тастап кете алмаспын!
КҮНІМЖАН. Еркек деген қамаудағы қатынмен алыспай, қару алып
жауға шаппас па!..

ҚОҢЫРҚҰЛЖА. Солай ма?.. Солай ма еді?.. Күнімжан...
Осы кезде Кенесары кіріп келеді де, дырау қамшысын сілтеп кеп
жібереді. Қамшы қара шұбар жыландай Қоңырқұлжаның білегіне
орала кетеді. Оны Кенесары өзіне қарай жұлқи тартқан кезде

Қоңырқұлжаның қолындағы қанжары ұшып барып жерге түсіп,
өзі тізерлей отыра қалады. Көз ілеспес жылдамдықпен Кенесары
Қоңырқұлжаның қанжарын жерден көтеріп алады.
КЕНЕСАРЫ. Ажалың... ажалың өз қанжарыңнан болмақ!..

ҚОҢЫРҚҰЛЖА. Ерді... ерді қанжар емес, намыс өлтірер. Ажалдан
қорқар мен емес. Өлтір!..
КЕНЕСАРЫ. Ендеше, өз обалың өзіңе, кәпірдің құйыршығы...
Кенесары қанжарды көтере бергенде Күнімжан жанына жетіп

келеді.
КҮНІМЖАН. Төрем, жамандыққа жамандық жасаса, зұлымдық
тиылмас, жамандыққа жақсылық жасаса, ізгілік молаймақ. Бір
жантықтың қанын мойныңызға жүктеп қайтесіз, сіздің мүдде елдік

мүдде емес пе?!.
КЕНЕСАРЫ (қолы төмен түсе береді). Осал тұсымды тап бастың-
ау, Күнімжан...
ҚОҢЫРҚҰЛЖА. Кенесары, шынында да, сенің менен бір бағың

артық екен!
КЕНЕСАРЫ. Жоқ, Қоңырқұлжа, менің бағым қатын-балаға байла­
нып қалған жоқ. Қуғаным қара басымның кегі емес. Есіңде болсын,
менің алысар ата жауым да сен емессің, Қоңырқұлжа!.. Тәңірім енді

екеуміздің жолымызды түйістірмей-ақ қойсын!

ҚОҢЫРҚҰЛЖА. Кенесары, аталы сөзге арсыз ғана тоқтамас! Мен сені енді түсіндім, Кенесары... Қоңырқұлжа шығып кетеді. Кенесары мен Күнімжан жеке қалады. КЕНЕСАРЫ. Күнімжан-ау, әбден азап шектің ғой... Басыңа сор боп жолықтым ба? КҮНІМЖАН. Жоқ, төрем! Олай демеңізші! Бұл тағдырды өзім таңдап алған жоқпын ба?! КЕНЕСАРЫ (жанқалтасынан орамал алып). Мына орамалды танисың ба, Күнімжан-ау! КҮНІМЖАН (жадырап). Танымағанда, өзім беріп едім ғой! КЕНЕСАРЫ. Иә, күнім, сол орамал. Қасиетті орамал. Мені саған ғашық еткен орамал... КҮНІМЖАН. Әдемілеп түйіп қойыпсыз ғой!.. КЕНЕСАРЫ. Иә, ішіне бір ауыз сөз жазып түйіп қойдым!.. Жүрегім соғып тұрғанда оны ешкім ала алмас. Жүрегім тоқтаған күні түйінше­ гін шешіп оқырсың, бұнда менің бар құпиям сақтаулы! «Абылай!.. Абылай!.. Абылай!..» деп ұрандатқан дауыстар шығады. Қасында Ағыбай бастаған батырлар бар Наурызбай келеді. Қолдарында Абылайдың ақ туы. НАУРЫЗБАЙ. Көке... Көке, бекіністі толықтай алдық! Жаудың қашқаны қашып, қалғаны қару-жарағымен қолға түсті! Жүз елу мылтық, елу тапанша, үш зеңбірек олжаладық... КЕНЕСАРЫ. Жарайсыңдар, ерлерім, ерледіңдер! Бірде-бір үй қалдырмай өртеп, күлін көкке ұшырып, бекіністі жермен-жексен етіңдер! Жерімізге бекіністер салдырмаймын! Орыстарға жерімізді таптатпаймын! Халқымды Ресейдің езгісінен азат етемін! Тәуелсіз қазақ мемлекетін құрамын! НАУРЫЗБАЙ. Біз сізбен біргеміз, көке! Қасық қанымыз қалғанша, еліміз мен жерімізді қорғауға дайынбыз! БӘРІ. Біз сізбен біргеміз, Кенеке!..

КЕНЕСАРЫ. Бұл біздің азаттықтың ақ жолындағы қасиетті соғы­ сымыздың алғашқы жеңісі. Уа, халқым, елдің тізгінін менің қолыма ұстатқандарың рас болса, кеудемде жаным тұрғанда бұл сенімдеріңді ақтармын-ақ! Алда әлі біз асар асулар көп. Осы жолда шыбын жаным садақа. Өлсек те, қорлықпен емес, ерлікпен өлеміз! Ұрпағымыздың жүрегіне азаттықтың отын жағып, кеудесіне өршіл рухтың асыл дәнін егіп кетеміз. Кезенген жаумен кескілесіп тұрып өлісуге шы­ дайтын ұл болмаса, сондай ұлды туғызған ел болмаса, қазақтың қай ісі оңар дейсің!.. Қасық қанымыз қалғанша тәуелсіздігіміз үшін күресеміз, еркіндіктің ерке самалын сезінбей, күресімізді ешқашан тоқтатпаймыз! Уа, халқым, осы жолда шейіт болсақ, арман жоқ! Бұл біздің кешегі өткен ата-бабаларымыздың рухына парызымыз, келер ұрпақ алдындағы борышымыз! Мен қасиетті қазақ жерінде ұрпағымның азаттық байрағын желбіретіп, ұлы жеңістерді тойлайтынына сенемін!.. Лирикалық сазды әуен әуелейді. Алыстан жағымды бір күңіренген қоңыр дауыс шығады: «Кенесарының Ақмола бекінісін алып, отар­ шылардан азат етуі бодандыққа қарсы күрес жолындағы алғашқы үлкен жеңісі еді. Ол осыдан кейін өмірінің соңына дейін ат үстінен түскен жоқ. Аузын айға білеген алып империяға қарсы табандап он жыл азаттық күресін жүргізді. Кенесары армандаған мақсат-мұратына жете алмады. Сат­ қындық пен аярлықтың кесірінен қапияда көз жұмды. Десек те, Кенесарының тәуелсіздік үшін күресіп, отарлыққа қарсы қылыш сілтеуінің өзі сол бір алмағайып ауыр кезең үшін ірі жеңіс еді. Ел мен жер үшін жанын пида етудің де ұлы мәртебе екенін ұрпағына ұқтырып кетті. Күнімжан сыйға тартқан орамал да онымен бірге мәңгілікке жоғалды. Кенесарының сол құпиясы әлі айтылмай, әлі ашылмай келеді. Оны алып қалуға да, хан қайтыс болғаннан кейін ашып оқуға да ешкімнің мүмкіндігі болмады. Сөйтіп Кенесарының бір ауыз сөздегі бар құпиясы ашылмай қалды. Күнімжан одан кейін де аттай отыз жыл ғұмыр кешті. Отыз жыл сол орамалдың ішінде не жазылғанын

біле алмай, ойлап өтіпті деседі білетін жұрт. Иә, не жазылды
екен?.. Кенесарының сол сыры енді қашан ашылмақ, оны шешу кімнің
маңдайына жазылмақ? Мүмкін, сол жұмбақ күйінде қала берер ме
екен?..»

Соңы

БАЛА ҚАЗЫБЕК

(аңыз)

ҚАТЫНАСУШЫЛАР:

ТӘУКЕ ХАН

БЕРТІС СҰЛТАН

ТАЙГЕЛДІ БИ

МАЛАЙСАРЫ БАТЫР

БАЙТАЙЛАҚ БИ

БАЛА ҚАЗЫБЕК

СЕБАН РАПТАН – жоңғар қонтайшысы

ҚОНТАЙШЫНЫҢ БӘЙБІШЕСІ

ДОДА ЖОРДЖИ БАҺАДҮР

СЫНШЫ ҚАРТ

ШАБАРМАН

ЖЫЛҚЫШЫ

Қазақтың бір топ жақсы-жайсаңдары
Жоңғардың бір топ бек-бағыландары

БІРІНШІ БӨЛІМ Хан ордасы. Он екі қанат ақ орданың ішіндегі алтын тақта Тәуке хан ой құшағында отыр. Қазақтың бетке ұстар игі жақсылары хан тағын жағалай жайғасқан. Шыбынның ызыңы естілер тылсым тыныштық орнаған. Жауар бұлттай түнеріп алған жұрттың дем алыстарына дейін айқын сезіледі. Бәрі де қимыл-қозғалыссыз қатып қалған. Тыныштықты Тәуке ханның айбарлы үні бұзды. ТӘУКЕ ХАН. Уа, халайық, ел шетіне жау тиіпті. Жоңғарлар Бай­ тайлақ бидің ауылын шауып, мал-мүлкін тонап, адамдарын айдап әкетіпті. Хабаршының жеткенін көріп-біліп отырсыңдар. Өз аузынан естігендерің жөн шығар. Сөйле, Құрықбай! ШАБАРМАН. «Жау жоқ деме, жар астында» дегендей, тыныш жат­ қан елге жау түнде шауыпты. Ұйқы да бір жау ғой!.. Ұйқыда жатқан елге аш қасқырдай тиіп, шәт-шәлекетін шығарыпты. Әйтеуір, өлімжітім жоқ сияқты. Қаннен-қаперсіз жатқан ел қарсыласа да алмай, қапыда қалыпты. Байтайлақ бидің өзін де байлап-матап, балашағасымен алып кетіпті. БЕРТІС СҰЛТАН. Жау қарасы қанша екен? ШАБАРМАН. Жүз қаралы дейді. БЕРТІС СҰЛТАН. Не үшін шапқанын білдіңдер ме? ШАБАРМАН. Ол жағын біле алмадық. Алыс-берісі жоқ сияқты. Ата жауымыздың өздерінше қыр көрсеткендері шығар! ТӘУКЕ ХАН. Қане, тағы кімнің қандай сауалы бар? («Бәрі түсінікті ғой!» дегендей, ешкім үндемейді). Қане, кім қандай ақыл қоспақ, нен­ дей кеңес бермек? Ойларыңды ашық айтыңдар, тыңдауға біз бейілміз. Қане, Бертіс сұлтан, сен не айтасың? БЕРТІС СҰЛТАН. Мен әлі толық бір шешімге келе алмай отырмын, хан ием! Ойлануға мұрсат бер! МАЛАЙСАРЫ БАТЫР (киілігіп). Ойланатын несі бар?! Ағайы­ нымызды жау қолына беріп қойып, жайбарақат отыра бермекпіз бе?! Сауын айтып, жасақ жинап, қалмақтарды тәубасына түсіріп, шауып

алу керек! Көрсін, ел шапқан қалай боларын! Байқасын қазақтың күшінің қандай екенін! ТАЙГЕЛДІ БИ. Сауын айтып, жасақ жинаумен бәрі шешіле қойса жақсы. Халық та ұрыс-шабыстан әбден шаршады. МАЛАЙСАРЫ БАТЫР. Сонда тұяқ серіппей отыра беруіміз керек пе, биеке?! Әлде тышқақ лақ құрлы болмағанымыз ба?!. ТАЙГЕЛДІ БИ. Уа, батыреке, сәл сабыр ет! Қазір жоңғардың дәу­ рені жүріп тұрғанын өзің де білесің. Артында су бүркіп қаптаған қалың шүршіт тұр. Әйтпесе, тыныш жатқан елге тиісіп несі бар?! Бізге қарағанда қолы да мол, жарағы да сайлы. Біз сауын айтып, қол жинап, ырғалып-жырғалып жүргенше, болары болып, бояуы сіңіп қояды ғой! МАЛАЙСАРЫ БАТЫР. Сонда жақынымызды жат қолына беріп қойып, айға қарап ат тағалап отырмақпыз ба?! Жоқ, бұл болмай­ ды, биеке! Бұнымыз адамдыққа да, адамгершілікке де жатпайды. Ар-намысты қайда қоясыз?! Сонан кейін, атаңа нәлет, қу қалмақ, шетімізден шауып ала бермей ме?! ТАЙГЕЛДІ БИ. Батыреке, мен қол қусырып қарап отырайық де­ генім жоқ қой!. МАЛАЙСАРЫ БАТЫР. Сонда сіз не айтпақ едіңіз? ТАЙГЕЛДІ БИ. Ендеше сөзге қонақ бер. Туғанымыздың жау қолында кеткені менің жаныма батпай отыр дейсің бе?! Бірақ не нәрсеге бол­ сын сабыр керек, ақыл керек, айла керек!.. Ұрыс-шабыспен елді титықтата бермей, алдымен келісімге келу жағын ойлау керек! Қан төгіп, қарғыс арқалағанша, татулыққа шақырып, елден алғыс алуы­ мыз керек! Ең алдымен, жоңғар қонтайшысына елші жіберу керек! МАЛАЙСАРЫ БАТЫР. Себан Раптанның қулығына құрық бойла­ майтынын өздерің де білесіңдер. Елшінің айтқанына еріп, тұтқында кеткендерді қоя беретін адамы тапқан екенсіңдер. Жіберетін елшілерің елге аман-есен оралса жақсы-ау! Себан Раптаннан айла артылған ба?!. Бәрін қырып салады да, «ештеңе білмедім, ештеңе көрмедім» деп түк болмағандай, отыра береді. Қан қақсағанды сонда көресің, биеке! ТАЙГЕЛДІ БИ. Жасақ жинап, шауып алу ешқайда қашпас, батыр. Алдымен бәрібір алдынан бір өту керек қонтайшының!.. 8-298

МАЛАЙСАРЫ БАТЫР (Тәуке ханға қарап). Уа, хан ием, қалмақта шынымен-ақ ұлымыз құл, қызымыз күң болып кеткені ме?!. Қол жи­ нап, тағы бір ұран салсақ қайтеді?!. ТӘУКЕ ХАН. Биекең, жеріне жеткізе айтты-ау, деймін. «Сабыр түбі – сары алтын» деген. Бұл шабыс біздің де жүйкемізге салмақ салып отыр. Бірақ сабыр керек, ағайын! Біз әлі елші жіберіп сынасқанымыз жоқ, іріктеп елші жіберіп көрелік. Сонда да илікпесе, қол жасақтау жағын ойланармыз. Үйреніскен жау ғой, тағы бір мәрте бақ сынап көрейік! Осы арада ордаға бала Қазыбек кіреді. БАЛА ҚАЗЫБЕК. Ассалаумағаликум, хан ием! ТӘУКЕ ХАН. Уағаликумәссалам! Балам, қай баласың? БАЛА ҚАЗЫБЕК. Атым – Қазыбек, әкем – Келдібек, Шаншардың немересімін. ТӘУКЕ ХАН. Бұнда кім жіберді? Не үшін келдің? БАЛА ҚАЗЫБЕК. Әкем Келдібек «Жақсылардың жанына еріп, жер көріп, ел таны» деп жіберді. Мен ауылда жүргенде балалардың басшы­ сы едім, енді ағаларымның атшысы болайын деп келдім. Тай бәйгесі мен құнан бәйгесін көріп едім, енді ат бәйгесіне қосылайын деп келдім! ТӘУКЕ ХАН. Жарайды, балақай! Талабың таудай екен, бара ғой! Шаншардың немересі, Келдібектің баласы болсаң, тектілердің ұр­ пағы екенсің, тегіңе тартпай қоймассың! Балам, шыныңды айтшы, атшы болғың келе ме, жоқ әлде, басшы болғың келе ме? БАЛА ҚАЗЫБЕК. Мен жол көрген ағаларымның жанында басшы болып қайтемін, тәйірі? Атшы болсам да жарар! ТӘУКЕ ХАН (көпке қарап). Ендеше, менің шешімім мынау. Бүгін­ нен қалмай елшілер жоңғар еліне жүріп кетулері керек! Әйтпесе, уақыттан бір ұтыламыз, қалмақтардан екі ұтыламыз. Басшыларың Тайкелді би, сұлтандарың Бертіс, батырларың Малайсары болсын! Ал атшыларың мына тұрған Қазыбек бала болсын! Үлкендеріңді

кішілерің сыйлаңдар, кішілеріңді үлкендерің ренжітпеңдер! Жат жұрттың алдында жақсы елдің баласы екендеріңді көрсетіңдер. Ба­ ратын жерлерің бағы асып, мейманасы тасып тұрған ел ғой. «Елдес­ тірмек елшіден» деген. Ебін тауып, елдесіп келіңдер!.. ТАЙГЕЛДІ БИ. Айтқаныңызға құлдық, хан ием! Қанжығамыз май­ лы, ат-тұрманымыз сайлы тұр! ТӘУКЕ ХАН. Ендеше, жігіттер, тұрмаңдар!.. Артқа көңіл бұрмаңдар. Алдарыңа олжа толсын! Қалмақтың ханы Себан Раптан асып туған, судай тасып жүрген жан ғой. «Қол бастайтын батырмын, жол бастай­ тын көсеммін, сөз бастайтын шешенмін!» деп жүрген хан ғой. Мұнда қол бастайтын батыр болу да қымбат, жол бастайтын көсем болу да қымбат, бәрінен де ел тағдырын шешетін шешен болу қымбат. Тағы да қайталап айтамын, елдестірмек елшіден, жауластырмақ жаушы­ дан. Елдесе алмай, жауласып кетсек, сендердің нашарлықтарыңнан болғаны. Жауды алмас қылышпен де көндіруге болады, өткір сөзбен де көндіруге болады, мылтықпен дәлдеп атып жығуға да болады, сөзбен дәлдеп айтып жығуға да болады. Отыз екі тістен шыққан сөз атылған оқпен бірдей, қайтып ала алмайсыңдар. Ауыздарыңа абай болыңдар! БЕРТІС СҰЛТАН. Талай қиын істі бастан өткіздік қой! Осы жолы суын сүт қылып қайнатпасақ, бізден қатын артық! Қасықтай қанымызды, шыбындай жанымызды салып көреміз! ТӘУКЕ ХАН. Ал онда жортқанда жолдарың болсын, қырандарым! Сапарларың сәтті, қадамдарың оң болсын! Сендер елдің үлкен үмітін арқалап бара жатырсыңдар. Тұтқындағы адамдардың да көз жасы сендердің мойындарыңда. Бұл жақтағы ел де, жат елдің тұтқыны болған ер-азаматтар да енді сендердің адымдарыңды аңдып, тілеулеріңді тілейді. Қате басып, сүрініп кетсеңдер, кешірім жоқ, халықтың қарғысын алып, табасына қаласыңдар! Қиюын қиыстырып, тығырықтан шығар жол таба білсеңдер, халықтың алғысын алып, елдің құрметіне бөленесіңдер! Сондықтан ойланып сөйлеп, абайлап іс қылыңдар!.. Тәңірім, жақсылықпен кезіктіруге жазсын! Ақ жол, қырандарым!

ЕКІНШІ БӨЛІМ Жоңғар қонтайшысының ордасы. Ортадағы алтын тақта Се­бан Раптан қонтайшы кекірейіп отыр. Жүзі айбарлы. Түксиген түрінен адам шошырлық. Маңайында жағалай жайғасқан бекбағыландарын көзінің астымен бір шолып өтті де, дауысын көтере сөз бастады. СЕБАН РАПТАН. Уа, арыстарым, қазақтан елшілер келіпті. Дода баһадүрдің кешегі шабысынан олжалаған мал-жандарын даулап. Сендерді сол үшін жинап отырмын. Қане, не айтасыңдар? Қандай ақыл қосасыңдар? Не істейміз?.. ДОДА ЖОРДЖИ БАҺАДҮР. Олжаны қайтару деген не сұмдық?! Онда несіне шаптық?! Қоян сияқты қазақтардың алдына түсіп томпаңдай бергенді қашан қоямыз?!. Малдарын да, жандарын да қайтармау керек! Елшілердің есебін тауып, жандарын жаһаннамға жіберу керек!.. СЕБАН РАПТАН. Қабырғаммен кеңесіп, мен де осындай бір шешім­ ге келіп отыр едім. Қазақтар тайға мінгізіп, бір баланы да жіберіпті. Тәукенің бізді мазақ қылғаны ғой! Жіберген елшілерінің аяқтарын аспаннан келтіріп, ың-шыңсыз бәрін қырып салып, аттарын жыл­ қыға қоса салсақ қайтеді?!. ДОДА ЖОРДЖИ БАҺАДҮР. Алдияр, ең дұрыс шешім осы. Қа­ зақтардың көздеріне көк шыбын үймелетейік. Орайы келіп тұр. СЕБАН РАПТАН (миығынан күліп). Білгем… білгем. Жарайсыңдар, жайсаңдарым! Жау елге осылай қаңды шеңгеліңді салып қойма­ саң болмайды! Байқасын… Білсін… Сезінсін… Алдын ала кеңесіп, іске кірісіңдер! Бүгін түннен қалдырмаңдар! ҚОНТАЙШЫНЫҢ БӘЙБІШЕСІ. Мырзам, бұныңыз жөн бола қояр ма екен?! Қонтайшылық абыройыңызға көлеңке түсіп жүрмесін! Қазақ дегеніңіз – қабырғалы ел ғой! Оның үстіне «Елшіге өлім жоқ!» деген қатаң қағида бар емес пе?! Жат елдің елшісі кел­ генде қонтайшылық қасиетіңізді сақтап, сөзін тыңдау керек! Жүз

кісіні өлтіріп, жайлана алмассыз! Жүз атты жылқыңа қосып, байи қоймассыз! Тай дегеніңіз тұлпар болып жүрмесін, бала дегеніңіз сұңқар болып жүрмесін, байқап көру керек! Асыққан – шайтанның ісі! Аптықпаған дұрыс болар. Бұндайда ашумен емес, сабыр мен ақылға салып, шешім қабылдаған жөн болар, мырзам!.. СЕБАН РАПТАН. Бұл да бір құлаққа кіретін сөз екен. (Бектеріне қарап) Сендер қалай қарайсыңдар? ДОДА ЖОРДЖИ БАҺАДҮР. Иә, бір жағынан ханымдікі де дұрыс екен! Өзіңіз айтпақшы, ақылға қонады. Сәл қайла жасайық! Болмаса тағы көрерміз!.. СЕБАН РАПТАН. Олай болса, елшілерді ордаға шақырыңдар! Келсін! Байқасақ, байқап көрелік! Өзіме өзі, сөзіме сөзі сай келетін адамы болса, оны да көрейін, сай келмесе, сол арада жазасын бере­ йін! Шақырыңдар, қане!.. Бір шабарман асыға басып шығып кетеді. СЕБАН РАПТАН. Әй, сыншым, сен не айтасың? Елшілердің ішінде сөзге есе берсек, сүбемізді суырып кететіні бар ма екен? Білдің бе? СЫНШЫ ҚАРТ. Білдім, алдияр, бәрін білдім. Сіз қазықтап тапсыр­ ған соң кеше әдейілеп барып, елшілікке келгендердің әрқайсысымен бір-екі ауыз тілге келіп, жөн сұрасып көріп едім, сөйлеген сөздеріне қарап, іштей қораштанып қалғаным рас. Астарлы сауалдарыма да қайтарған жауаптары қарнымды аштырды. СЕБАН РАПТАН (масайрап). Әй, сыншым-ай, сен сауалыңа жауап берер адамды елшілердің арасынан таба алмай дал болсаң, мен тең сөйлесуге жарайтын қазақты кең байтақ даласынан кезіктіре алмай қор болып жүрмін ғой!.. Ха-хаа-ха!.. (Күледі). Сөзіңді жалғай бер, сын­ шым. Иә , содан… СЫНШЫ ҚАРТ. Содан… «Алыстан келді ғой, ат-тоны қандай, сай­ лы ма екен?» деген оймен мініп келген аттарын байқастап көру үшін қораға кірсем, бір бала шалқасынан түсіп, ұйықтап жатыр.

Үлкендердің ішінен сіздің өзіңізге де, сөзіңізге де сай келетін ешкімді таба алмай… СЕБАН РАПТАН. Таба алмайсың!.. Хаа…хаа… СЫНШЫ ҚАРТ. Иә, таба алмай… Көңілім жайланып қалып еді, бала­ ны көргенде шошып кеттім!.. СЕБАН РАПТАН (үдірейе қалып). Неге? Неге шошыдың? Тайға мініп келген тазша баладан ба? СЫНШЫ ҚАРТ. Иә, алдияр, сол баладан… СЕБАН РАПТАН (шыдамсызданып). Аузыңнан бөзің түсіп, немене­ ге күмілжіп тұрсың? Айтсаңшы, тезірек! СЫНШЫ ҚАРТ. Алдияр тақсыр, айтайын деп… СЕБАН РАПТАН (ақырып). Айтпайсың ба енді?! СЫНШЫ ҚАРТ. Баланың екі аяғы екі жақта, екі қолы екі жақта, құлаш ұрып жатыр екен. Аузынан жалын атқылап жатыр. Бұнысы «Сөзім жеткенше сөйлеймін, қолым жеткенше сермеймін, аяғым жет­ кенше қарғимын, дүниенің төрт бұрышына болса да сөзімді жеткізу­ ге жараймын, халықты әлі-ақ аузыма қаратамын!..» деген ишараты сияқты көрінді маған, алдияр. СЕБАН РАПТАН. Сенің де көзіңе шел қаптап, көкірегіңді тұман ба­ сайын деген екен, ә! Көзіңе бала емес, жын көрінгендей қалтырап тұрсың ғой! Е, сыншым-ау, осы жасқа келгенше бір жаңылмап едің, аузыңнан қағынып, ақылыңнан алжаса бастапсың-ау! Ол өзі бала болса, жатқан жері аттардың арасы болса, қайбір жетіскен неме дейсің! Көп болса аттарына ие болып қайтар! Ол ержетіп, сүбемізді суырғанша қай заман?! Осы кезде алқына-жұлқына шабарман кіреді. ШАБАРМАН. Алдияр тақсыр, елшілер келіп тұр. Кірсін бе? СЕБАН РАПТАН. Кірсін. Көрейік әуселелерін. Шабарман шығып кетеді де, артынша-ақ қазақ елшілері кіреді.

СЕБАН РАПТАН (түсін суытып). Иә, қазақтар, жауға шабатындай
неменеге топталып келдіңдер?!. Айтарларыңды тезірек айтыңдар!
ТАЙГЕЛДІ БИ (күмілжіп). Өлеңді өзгеге бердік, өрлікті төменге
бердік, алдияр тақсыр, иіліп алдыңа келдік. Берсең алып, бермесең

қажып кетеміз. Ендігі сөзді өзіңе салдық.
СЕБАН РАПТАН (өктемси). Олай болса, бір жауабын берерміз.
Жауап қайтпай қалатын күн болса, ат-тондарыңның амандығында
елдеріңді тапқан да теріс болмас!

Сөз осы жерден үзіліп, орданы үнсіздік жайлайды. Қонтайшының
қаһарлы мысы басып, қазақтар жағынан ешкім суырылып шы­
ғып, сөз ала қоймайды. Сонда есік жақта отырған бала Қазыбек
төңірегіне бір қарап алып, Бертіс сұлтанның алдына жетіп барады.

БАЛА ҚАЗЫБЕК. Ерден ердің несі артық,
Ептестірген сөзі артық.
Малдан малдың несі артық,
Бір-ақ асым еті артық.

Жерден жердің несі артық,
Бір-ақ уыс шөбі артық.
Міндетіне алған сөзден шегінген жігіттен
Аштан өлген аюдың өзі артық!

Содан кейін іле-шала қонтайшыға бұрылып, қарсы алдына
қасқайып тұра қалады.
БАЛА ҚАЗЫБЕК (өршеленіп). Ел ебенек емес, ер кебенек емес. Дат,
тақсыр!

СЕБАН РАПТАН. Ой, өзің жөніңді айтшы, атың кім?
БАЛА ҚАЗЫБЕК. Атым – Қазыбек, әкем – Келдібек би, атақты Шан­
шар абыздың немересімін. Ұлтым – қазақ, руым – қаракесек!
СЕБАН РАПТАН. Ал, балақай, датыңды айтшы!

БАЛА ҚАЗЫБЕК. Біз қазақ деген мал баққан елміз. Ешкімге соқтықпай жай жатқан елміз. Жайлап жатқан мекеніміз, қасиетті қазақ даласы. Елімізден құт-береке қашпасын деп, жерімізді жау­ лар баспасын деп, найзаға үкі таққан елміз. Дәм-тұзымызды ақтай білген, досымызды сақтай білген елміз. Асқақтаған хан болса, ор­ дасын ойрандап, от басын таптай білген елміз. Атадан ұл туса, құл болам деп тумайды. Анадан қыз туса, күң болам деп тумайды. Жаужәлемде тұтқын болған ұл-қызын қаматып отыра алмайтын, олар­ сыз ішкен асты жұтына алмайтын елміз. Темірмін деме, тегің тат, жаңбырменен шайылар. Шымырмын деме, шыныңды айт, шым­ шуырмен қайрылар. Жаңа үйренген жас тұлпар жарысқалы кегенбіз. Қасарысқан хан болсаң, қарысқалы келгенбіз. Сен – қалмақ болсаң, біз – қазақ, қарпысқалы келгенбіз. Сен – темір болсаң, біз – көмір, еріткелі келгенбіз. Егесетін ер шықса, иіткелі келгенбіз. Танымай­ тын жат елге танысқалы келгенбіз. Танысуға көнбесең, шабысқалы келгенбіз. Қазақ – қалмақ баласын табыстыруға келгенбіз. Та­ быспаққа көнбесең, тұрысатын жеріңді айт. Сен – қабылан болсаң, біз – арыстан, алысқалы келгенбіз. Тұтқыр қара желіммін, жабысқалы келгенбіз. Қане, ханым, тыңдайық, қайтарасың ба малжанды, бітімің мен жөніңді айт ! СЕБАН РАПТАН (жүзі жылып). Бала болсаң да сөзің неткен зор еді?! Өзің сөзге келген бала болатын болсаң, отырған орның қандай төмен еді. Былай, жоғары шықшы, жоғары! БАЛА ҚАЗЫБЕК. Біздің қазақтың салт-дәстүрі бойынша жасы­ на қарай отырады. Ағаларым төрде отырғанда, мен өзімді төбеде отырғандай сезінемін. СЕБАН РАПТАН. Балақай, алыстан ат арытып келгенің көрініп тұр. Ашуың бойыңда тұр екен. Қалмақ та, қазақ сияқты сөзге тоқтаған ел. Өзіңе сөзің сай екен. Мен хан тағына отырғалы, басыма бақыт құсы қонғалы ешбір жанға есе жіберіп көрген жоқ едім. Сөзіңе лайық сөз таба алмай қиналып қалдым. Бұл жеңілгендігімнің белгісі. Мықтыны мойындау қанға сіңген қасиет. Мен сөзден ұтылдым. Тұтқындағы адамдарыңның бәрін мал-мүлкімен шашау шығармай алдарыңа са­

лып берем. (Есік жақта тұрған шабарманға қарап) Қане, тұтқын­ дағы басты адамдарды осында алып келіңдер! Қандай арыз-арман­ дары бар екен?!. Шабарман бөжек қағып шығып кетеді. БАЛА ҚАЗЫБЕК. Тәңір жарылқасын, алдияр! СЕБАН РАПТАН. Сөз саптасың ұнады, бала. Алмас қылыштай жарқылдап, қиып түседі екенсің! Енді бірер сауал қойып, ой орамың­ ды байқайық, жаңылып кетсең өз обалың өзіңе, ал жас тұлпардай сүрінбей өтсең, сый-сияпатым тағы бар. Келісемісің осыған? БАЛА ҚАЗЫБЕК. Шешінген судан тайынбас болар! СЕБАН РАПТАН. Ендеше, білсең айтшы, әуелінде не бар? Ортасын­ да не бар? Ақырында не бар? БАЛА ҚАЗЫБЕК. Арға мінәжат етілсе, барға қанағат етілсе, әуелін­ де – ынтымақ, ортасында – береке, артында – шүкіршілік тұрмас па!.. СЕБАН РАПТАН. Ым… ым… мм… Ал, аспан мен жердің арасы қаншалық жер? БАЛА ҚАЗЫБЕК. Бір-ақ шақырым жол ғана. Олай дейтінім, ешкім аспан мен жердің арасын құлаштап өлшеген жоқ, қадамдап басқан жоқ. Күн күркіреп жауғанда, ел дүрлігіп сасатын, құлақтарын басатын. Сонда күн күркірі шақырым жерден жететін. Кемпірқосақ созылып, аспан мен жерді табыстырып кететін. Доғаланған иіні шақырым­ дай-ақ жерден өтетін. СЕБАН РАПТАН. Ә… әә… Олай болғанда, батыс пен шығыстың ара­ сы қаншалық жер? БАЛА ҚАЗЫБЕК. Небәрі күншілік жер ғана. Олай дейтінім, азанда шығыстан атқан күн ымыртта батысқа шаршап батады. Күншілік жер жүріп өтіп, ұясында қалжырап жатады. Ал кереметті көзбен көрген, шығыс пен батыстың арасында зымыраған күнге ерген адамзатты естіген емеспін. СЕБАН РАПТАН. Айналайын, Қазыбек, сен шынында да жаңа үйреткен жас тұлпар екенсің! Сенің алғашқы айтқан сөзіңе қарымта

қайтара алмай, қанша темір болсам да ерідім де, иілдім. Мірдің оғындай сөздеріңнен буындарым шымырлап, қанша тырыссам да сіресіп тұра алмадым. Қасарыссаң ханды да жеңетініңе көзім жетті. Ал мына жауабыңа көңілім толып, жастығыңнан жасқанбай, қиын­ нан қиыстырған қиюыңа ұйыдым. Болайын деп тұрған бала екенсің! Дауысың қаздыкіндей қаңқылдап шығады екен, осы оқиғадан бір белгі болсын, сені бұдан былай Қаз дауысты Қазыбек деп атайтын болайық! Сонымен бірге келісім бойынша саған қос тоғыз жүлде бай­ ладым, бұдан былай қос сыбағалы болсын деп… БАЛА ҚАЗЫБЕК. Тәңір риза болсын, алдияр! Осы кезде ордаға бұғаудан босатылған Байтайлақ би бастаған бес-алты адам кіреді. ШАБАРМАН. Алдияр тақсыр, тапсырмаңыз бұлжымай орындалды. Тұтқындардың бәрін босатып, мал-мүліктерін толығымен қайтарып бердік!.. СЕБАН РАПТАН (Байтайлақ биге қарап). Солай ма, биеке? Малжаныңызды түгендеп алдыңыз ба? БАЙТАЙЛАҚ БИ (түксиіп). Солайы солай ғой! Бірақ өзегімізді өртеген ашу-ызамыз бен өкпе-ренішімізді де өзімізбен бірге алып кетіп барамыз! СЕБАН РАПТАН. Онда сіз де, биеке, өкпе-ренішіңізді бізге қалды­ рып, оның орнына үш тоғыз айыбымызды да алдыңызға салып, айдап алып кетіңіз! ЖЫЛҚЫШЫ. Алдияр, менің де айтпағыма құлақ салыңыз! СЕБАН РАПТАН. Сен кімсің өзі? Алдымен жөніңді айтпайсың ба? ЖЫЛҚЫШЫ. Мен қазақтың жылқышысы едім. Жылқы күзетіп жүріп қолға түстім. Мұнда келгеннен кейін бір содыр сабап тонымды тартып алды. Бергім келмей қарсыласып едім, ұрып тісімді сындыр­ ды. Атымды алып, ұйқым бұзылды. Тісім сынып, сөзім бұзылды. Бұған осындағы көпшілік не дер екен? СЕБАН РАПТАН. Бұл немене, басында біткеннен кейін аяғында есе­ леп даулай беру керек пе?! Тон дегенің бір тоқтышақтың терісі шығар.

Ат дегенің сырты түкті, іші боқты бір тай шығар. Ал тіс сынса ауыз ішінде, қол сынса жең ішінде емес пе?! БАЛА ҚАЗЫБЕК. Тісі сынса ауыз ішінде, қолы сынса жең ішінде жүре беру керек деген не сөз?! Оның үстіндегі жалғыз тоны жәннат емей, немене?! Аузындағы отыз тісі болат емей, немене?! Астындағы жалғыз аты қанат емей, немене?! Қонтайшының бізбен бітіскендігі рас болса, жәннатынан айырмай, болатынан майырмай, қанатынан қайырмай, алғанын қайыру керек! Қазақ қалмақтың сатып алған құлы емес!.. Бұл да біреудің ардақтап өсірген ұлы. Ерікті ұл көрікті бо­ лып қайтуы керек!.. СЕБАН РАПТАН (жылқышыға қарап). Мә, мына менің ішігім, жәннатыңа жәннатым болсын! (Ішігін иығына жабады). Мына бо­ лат семсерім, болатыңа болатым болсын! (Семсерін алып береді). Ана албарда жер тарпып тұрған қара қасқа тұлпарымды ал, қанатыңа қанатым болсын!.. Жылқышы ішікті киіп, семсерді беліне байлап алады. ЖЫЛҚЫШЫ (жүзі жайнап). Ал онда менің де дауым бітті. Енді қош айтысуға болатын шығар!.. БАЛА ҚАЗЫБЕК. Тәңір жарылқасын, алдияр! Біз жүрелік. Артымыз­ да құлағын түріп елеңдеп, жүрегін ұстап алаңдап отырған еліміз бар. Ерте күнді кеш қылмай, жолға шығалық! СЕБАН РАПТАН. Жақсы… жақсы, қаз дауысты Қазыбек бала. Жолдарыңнан қалмаңдар! (Бектеріне қарап) Елшілердің сыйсияпатын түгендеп, жолға салып жіберіңдер!.. Қазақ елшілері қоштасып, шығып кетеді. Қабағы түсіп, басы сал­ бырап кеткен қонтайшы айдың-күннің аманында тоналғандай бо­ лып, есеңгіреп тұрып қалады. ДОДА ЖОРДЖИ БАҺАДҮР. Алдияр, қаршадай ғана балаға осын­ ша есе жіберіп, қарасуға малшынып, сонша дірдек қаққаныңыз не?

Тоқтау бермес асау тасқынға да қарсы жүзіп, асу бермес асқар шыңды да бағындырып едіңіз. Бүгін сізді мүлде танымай қалдық қой. СЕБАН РАПТАН. Сендер білген де, сезген де жоқсыңдар. Сол бала сөзді өңменімнен сұққылап тұрып айтқан кезде екі жақ қапталы­ нан екі аю ауыздарын аша от бүркіп: «Тырп етіп көрші, көрейік!» деген­дей анталап тұрды. Мен содан қатты қорықтым! Сендерге көрінбегенмен, маған анық көрінді. Содан сол бала болса да пәледен құтылғанша асықтым!.. Асықтым!.. Жоңғардың бек-бағыландары да қонтайшының қаһарынан жас­ қанып, ләм-мим деп тіл қата алмай, бастары салбырап, иіндері түсіп, сөлмірейіп тұрып қалады. Соңы

ТӘРЖІМЕЛЕР

Харуки МУРАКАМИ

ЛЕКСИНГТОНДАҒЫ ЕЛЕСТЕР

Харуки МУРАКАМИ 1949 жылы Жапонияның көне астана­
сы Киотодағы классикалық филология оқытушысының жа­
нұясында дүниеге келген. 1971 жылы өзінің сыныптасы Екоға
үйленген. 1974 жылы Токиодағы Кокубундзи ауданында «Пи­

тер Кэт» джаз-барын ашқан. Жазуды жиырма тоғыз жасында
бастаған. Қаламды қолына кештеу алса да, Құдай берген та­
ланты мен жанкешті еңбекқорлығының арқасында ең өнімді
жұ­мыс істейтін кәсіби жазушыға тез айналды. Жылына бір

роман жазады. Таңғы алтыда тұрады, кешкі онда жатады.
Бұл – оның күнделікті дағдысы. Жазудан қол құрғатқан кезі
болған емес, күн сайын жазу столында тапжылмастан са­
ғаттап отырады. Соның нәтижесінде қазір әлемдегі ең таны­

мал жазушылардың біріне айналды. Франц Кафка атындағы
және Иерусалимдік әдеби сыйлықтар секілді өте абыройлы
көптеген халықаралық сыйлықтардың лауреаты. Ол «Атжал­
мандар трилогиясы», «Тежегішсіз Ғажайыптар елі немесе

Ақырзаман», «Норвегия орманы», «Дэнс, Дэнс, Дэнс», «Шекара­
дан – оңтүстікке, күннен – батысқа», «Бұрандалы құстың хрони­
касы», «Жер асты жолы» тәрізді романдардың және көптеген
әңгімелер жинағының авторы.

Ол ағылшын тілін өте жақсы меңгергендіктен, біраз жыл
Америкада тұрып, жоғары оқу орындарында дәріс беріп, лекция­
лар оқыды. Шығармалары ағылшын тіліне аударылды. Оның
әлемге танылуына бұның да үлкен ықпалы болғаны анық. Десе де,

тойған, тойынған жерінде жүре бермей, өз ісін тындырған соң
Отанына қайтып келді. Қазір Жапонияның Оисо қаласындағы
теңіз жағасында орналасқан үйінде тұрады.

* * * Бұл ойдан шығарылған оқиға емес. Шын мәнінде бірнеше жыл бұрын болған жайт. Мен бар болғаны кейбір жағдайларға байла­ нысты адам аттарын ғана өзгерттім, ал қалғанының бәрі – таза шындық. Бірде маған Массачусетс штатындағы Кембриджде екі жыл уақыт өткізуге тура келді. Сол кезде мен елуге жаңа аяқ басқан келбетті бір еркек сәулетшімен таныстым. Орта бойлы, мығым денелі, шашы жар­ тылай ағарған. Ол суда жүзгенді жақсы көретін – күнде дерлік бас­ сейнге баратын және әр кез теннис ойнайтын. Оны, айталық, Кейси деп атайтын. Қала маңындағы Бостонда туып-өскен. Қабағынан қар жауып жүретін, томаға-тұйық, пианиноны күйіне келтіргіш Джереми есімді біреумен Лексингтон поместьесінде бірге тұрды. Ал оның жас шама­ сы отыз бестерде болатын. Тал сияқты ұзын әрі сымбатты. Қасқа басы айнадай жалтыраған ол аспаптың күйін келтіріп қана қоймай, онда әжептәуір ойнайтын. Менің бірқатар әңгімелерім американдық журналдарда ауда­ рылып басылған, соларды оқыған Кейси маған редакциялық алқа арқылы «Мені сіздің шығармаларыңыз қатты қызықтырды. Біз жүздесе алар ма екенбіз?» деген мазмұндағы хат жолдапты. Жалпы мен бұндай жағдайда ешкіммен кездеспеймін, өйткені өз тәжірибемнен білетінім, мұндай кездесулер ешқандай жақсылық әкелмейді. Деген­ мен, Кейсиге «жоқ» деп айтудың ретін таппадым. Оның зиялылық стиліндегі хаты юморлық сезімталдықпен жазылған. Бұған шетелдік бейқам өмірді қосыңыз. Үйіміз жақын дегендей... Десе де бұның бәрі де сыртқы себептер. Ең басты мені қызықтырғаны – ондағы ескі джаз пластинкаларының ғажайып коллекциясы. «Бүкіл Амери­ каны сүзіп шықсаңыз да, барынша толық жеке коллекцияны таба қоюыңыз қиын. Мен Мураками мырзаның джазға керемет құмар екенін естідім. Мүмкін, менің жиғаным сіздің қызығушылығыңыз­ ды оятар», – деп жазды ол. Тап солай! Иә, менің мен екенім рас болса, қалай қызығушылығым тумасын, хатты оқи сала, бұл коллекцияны тезірек көргім келді. Джаз пластинкаларының ескі коллекцияла­

рына қатысты сөз болған кезде, сыбызғы дауысына арбалған коб­ раға ұқсап, қарсы тұрар бар ерік-жігерімді жоғалтамын. Кейсидің үй-жайы Лексингтон қалашығында орналасқан. Кем­ бриджден машинамен отыз минуттық жол. Мен мән-жайды анықтап алғым кеп, телефон шалдым. Ол жауап ретінде факспен нақты жол картасын салып жіберді. Сонымен, сәуірдің бір түскі әлетінде жасыл «Фольксвагенге» отырдым да, сол үйге тартып кеттім. Мен оны тез тап­ тым – үш қабатты үлкен поместье, жүз жыл бұрын салынған сияқты. Ол өзінің тарихы тәрізді Бостондағы адамдар тұратын кварталдардағы шұбатылған жолдардың фонында ерекше көзге түседі. Тұрпат-тұрқы тап бір картина секілді! Бау-бақшасы қалың тоғайға ұқсайды. Төрт жорғаторғай дауыста­ рын құбылта шықылықтап, бұтақтан бұтаққа ұшып-қонып жүр. Тас жолда жаңа БМВ микроавтобусы тұр. Мен БМВ-ның арт жағына ма­ шинамды қойып жатқан кезде кілемшеден көтерілген үлкен төбет ту сыртымнан абалап қоя берді. «Менің үргім келмейді, бірақ үрмесіме тағы болмайды» дейтін тәрізді. Кейси шығып, сынағандай сыңаймен қолымды қатты қысты. Ол екінші қолымен жай ғана иығымнан қақты. Артынан білдім, бұл оның дағдысы екен. «Келгенің қандай жақсы болды! Сені көргеніме қуаныштымын», – дейді ол. Оның үстінде итальяндық үлгідегі әдемі ақ көйлек, жұмсақ матадан тігілген шалбар және ақшыл-қоңыр түсті кашмирлік кардиган болатын. Джордж Армани стиліндегі кішкене көзәйнекпен тым кербездене қарайды. Кейси мені үйге бастап кірді де, қонақ бөлмедегі диванға отырғызып, жаңа ғана қайнатылған кофе әкелді. Кейси жақсы тәрбие мен білім алған ақкөңіл жан еді. Ол жас кезінде шарлаған жержүзілік сапарлары туралы қызықтыра әңгімелеп берді. Біз достасып кеттік, мен оған шамамен айына бір мәрте қонаққа ба­ рып тұрдым. Ондағы пластинкалардың ғажайып коллекциясы үшін баратынмын. Мен онда басқа еш жерден ести алмайтын, өте сирек кездесер музыкаларды қалауымша тыңдайтынмын. Аудио аппарату­ ра пластинкалармен салыстырғанда дұрыс істей қоймайтын, бірақ 9-298

бәрібір ескі лампалы күшейткіш жағымды, жылы дауыс шығарып тұратын. Кейси көбіне жұмыс бөлмесіндегі кітапхананы пайдаланатын. Ондағы үлкен компьютерде ол архитектуралық сызбалар жасады, бірақ өз жұмысы туралы ештеңе айта қоймады. «Жай нәрселер...» – дейді ақталғандай әзілмен күлімсіреп. Оның не жобалағанын білмеймін, тіпті оны бірде-бір рет жұмыс үстінде көргенім жоқ. Білетінім, Кейси оларын қонақ бөлмедегі диванда кітап оқығанда немесе Джеремидің пианино ойнағанын тыңдағанда өзімен бірге ала келетін. Маған ол жұмыспен шындап айналыса қоймайтындай көрінетін. Оның марқұм әкесі бүгіндері классика саналатын бес-алты кітап шығарған елге танымал психолог еді. Джазға құмарта табынатын ол «Престиж рекордс» дыбыс жазу фирмасының негізін қалаушы әрі продюсері Бобо Вайнстокомен жақын болатын. Сол себепті де ондағы 40-60-жылдардағы джаз пластинкаларының коллекциясы саны жағынан да, сапасы жағынан да жақсы сақталып қалғандығын Кейси өз хатында жазған болатын. Түпнұсқа басылымдардың барлығы дерлік сол қалпында: дискілер бүлінбеген, конверттер бүктетілмеген. Ғажап, тіпті дискі деп айтуға ауыз бармайды. Менің ойымша, емшектегі сәбиді жылы суға қалай еппен шомылдырса, оларды да солай ұқыппен пайдаланған және сақтаған. Кейси жалғыз өсті, шешесінен бала кезінде айырылды. Әкесі қай­ тадан әйел алуды ойластырған жоқ, ал ол осыдан он бес жыл бұрын асқазан асты безінің қабынуынан қайтыс болған кезде Кейси үймен және басқа да дүние-мүліктермен қоса пластинкалардың осы коллек­ циясына да ие боп қалды. Кейси әкесін жақсы көретін әрі қатты сый­ лайтын, сондықтан бірде-бір пластинканы шашау шығармай, кол­ лекцияны сол қалпында сақтады. Ол джазды рахаттана тыңдайтын, бірақ әкесі сияқты ес-түссіз беріле қоймайтын. Ол классикалық му­ зыканы ұнататын және Джеремиге қосылып алып, дирижер Одза­ ва жетекшілік ететін Бостон симфоникалық оркестрінің бірде-бір концертін құр жібермейтін. Шамамен біздің таныстығымызға жарты жыл толғанда Кейси менен үй-жайына қарай тұруымды өтінді. Ол жұмыспен бір аптаға

Лондонға баратын болды. Әдетте Кейси жоқ кезде үйге Джереми қарайтын, бірақ бұл жолы ол болмады, бірнеше күн бұрын сырқат шешесінің халін білу үшін Батыс Вирджинияға кетіп қалған. Сонан кейін Кейси маған телефон шалды: «Кешір, сенен басқа ешкім ойы­ ма келген жоқ, – деді ол. – Бар болғаны Майлзға күніне екі рет тамақ бересің (итін солай атайтын). Ал қалған уақытта музыканы қанша тыңдаймын десең де өз еркің. Үйде азық-түлік пен ішімдік қоры жеткілікті. Ұялмай, пайдалана бер!» Жаман ұсыныс емес. Себебі сол кездері қайта салынып жатқан көрші үй жақтан шығып жатқан күн сайынғы айғай-шу менің жалғызілікті өмірімнің берекесін қашырып-ақ жіберген. Мен бар болғаны ауыстырып киер киім-кешектерді және бірне­ ше кітап пен макинтоштік ноутбукті ала салып, жұма күні түстен кейін Кейсидің үйіне қарай тарттым. Ол жол жүктерін алып, такси шақырғалы тұр екен. Мен оған Лондонға барар сапарының сәтті болуын тіледім. «Иә, әрине, – деп жауап берді ол күлімсірей, – сен де менің үйімде плас­ тинкаларымды тыңдап, рахатқа бат. Үй жаман емес!» Кейси кетіп қалды. Мен ас үйге келіп, кофе қайнатып іштім. Со­ нан кейін қонақ бөлмеге кіріп, компьютерімді үстелдің үстіне қойып, музыка тыңдай отырып, бір сағаттай жұмыс істедім. Қызыл ағаштан жасалған үлкен үстелдің астыңғы есіктері екі жағынан бірдей ашы­ лып-жабылады – нағыз антиквариат. Бұл бөлмедегі жаңа зат са­ лыстырмалы түрде менің «Магым» ғана. Жан-жағымдағының бәрі, қай жағынан болсын, есте жоқ ежелгі заманның дүние-мүліктерін толықтыра түсетіндей. Кейси әкесі қайтыс болғаннан кейін, тап бір храм немесе ғибадатхана болғандай-ақ, бұл музыкалық бөлмедегі ештеңеге тиіскен жоқ. Уақыт тасқынының тынысын сездірер бұл музыкалық бөлмеде сағат тілі баяғыда тоқтап қалған тәрізді. Бірақ бәрібір жақсы күтілген – сөреде ешқандай шаң жоқ, үстел жалтырап тұр. Майлз менің аяқ жағыма келіп жатты. Мен оның басынан сипадым. Майлз – жабырқаңқы төбет. Жападан-жалғыз ұзақ шыдай алмайды.

Ол тек ас үйдегі өз төсенішінде ғана ұйықтайды, ал қалған уақытын адамның қасында өткізгенді қалайды. Қонақ және музыкалық бөлмелерді есіксіз биік ойық қосып тұр. Қонақ бөлмеде алды ашық үлкен пеш, жайлы тері диван, үлкендікішлі төрт кресло мен әр түрлі қалыптағы кофелік үш кішкене үстел тұр. Еденге бір кездері қымбат болғаны сезілетін, бірақ қазір түсі оңа бастаған парсы кілемі төселген, төбеде ескі люстра салбырап тұр. Мен бөлмеге кіріп, диванға жайғастым да, жан-жағыма қарай баста­ дым. Терезені саусақпен тықылдатқандай тық-тық етіп, каминдік сағат уақытты санап тұр. Жоғарғы кітап сөрелерінде өнер және кәсіптік әдебиеттер жинақталған. Қабырғаның үш жағында теңіз жағалауының көріністері бедерленген үлкен және кіші майлы кенеп­ тер ілулі тұр. Картиналардан алар әсеріңіз шамамен бірдей – бірдебір адам бейнесі жоқ, тек теңіздің мұңды жағалауы көрініс береді. Егер картиналарға құлағыңызды жақындатсаңыз, жаңа ғана соққан желдің гуілі мен буырқанған толқынның шуылын еститін сияқтысыз. Барлық бұрыштағы картиналардан ескі Монэ рухындағы салқын­ дық сезіледі. Музыкалық бөлменің бір жақ қабырғасын алып тұрған стеллажда алфавиттік тәртіп бойынша тізіліп қойылған ескі пластинкалар тұр, олардың нақты санын тіпті Кейси де біле бермейді. Ол бар болғаны шамалар: «Алты немесе жеті мың, шамамен осындай». Тағы да дәл осындайы картон жәшіктерде буылып, төбедегі шатырдың астында жатыр. Қарасаңыз, ескі үй пластинкалардың ауырлығынан жақын арада Ашеровтардың үйі сияқты отырып кететін сыңайлы. Мен Ли Корницаның ескі миньонын пластинка ойнатқышқа са­лып, оны қосып қойып, жұмыс істеп жатқан кезде төңірек тыптыныш еді. Шақ келетін құтыға сүңгіп кеткендей-ақ, жанға жайлы жылылықты сезіндім. Музыка дыбысы бөлменің бұрыш-бұрышына, қабырғаның кішкене жарықшақтарына, тіпті перденің бүктемелеріне дейін жайлап кіріп жатқан секілді. Сол кеште мен Кейси әкеп қойған Мантеплучиано виносын аш­ тым. Бірнеше бокалдан кейін диванға жайғасып, жаңа журналдағы

хикаятты оқуға кірістім. Кейси нені алатынын білетін – жақсы вино! Мен мұздатқыштан «Бри» сырын алып, печеньеге қосып, кішкене жедім. Бұл уақыттарда айналада мүлгіген тыныштық орнады. Тек каминнің үстіндегі сағаттың тықылы мен анда-санда арлы-берлі өтіп жатқан машиналардың даусы ғана естіліп қалып тұрды. Жол тіке үйге келіп тірелетін, сондықтан онымен тек жергілікті тұрғындар ғана жүретін. Қараңғылықпен бірге төңіректі меңіреу тыныштық басты. Кембриждегі студенттік шуылдан келгендіктен мен өзімді бұнда теңіздің түбінде жатқандай сезіндім. Түнгі он екіде әдеттегідей ұйықтағым келді. Кітапты сөреге, хру­ сталь бокалды жуғышқа қойып, Майлзға ұйқысының тыныш болуын тіледім. Ит айтқызбай-ақ ескі одеялдан жасалған төсенішіне барып бұйыға жатты да, көзін жыпылықтатты. Мен жарықты сөндірдім де, екінші қабаттағы қонақ жататын жайға көтерілдім. Пижамамды киіп, төсекке қисайдым да, ұйықтап қалдым. Көзімді ашып қалғанда өзімді жайсыз сезіндім. Қайда жатқаным­ ды біле алмай дал болдым. Кепкен жемістей қаттым да қалдым. Бу­ фет­тің жоғарғы сөресінде ұмыт қалдырылып, бұзылып кеткен жеміс сықылдымын. Аздан соң барып Кейсидің үйіне қарап қалғаным есіме түсті. Мен анық Лексингтонда екенмін. Жастықтың үстінде жатқан қолсағатымды сипалап, жарығының тетігін бастым. Екіге он бес ми­ нут қалыпты. Төсенішімнен сәл жылжып, төсегімнің бас жағында орнатылған кішкентай шамды жақтым. Қосқышты таба алмай біраз әуреге түскенім де рас. Күмбездің жалтыраған терезесінен лала гүл тәріздес сарғыш сәуле шашырады. Мен әйнекті алақаныммен сүртіп, терең дем ала, алакөлеңкелене бастаған бөлмені тінте шолып шықтым. Сонан кейін қабырғаға көз жүгірттім, кілемге назар аудардым, басымды көтеріп жоғары қарадым. Еденге шашылған бұршақты қалай жина­ са, сол секілді санамды бір жерге жиып алып, қоршаған болмысқа бойымды үйрете бастадым. Тезірек бар ынтамды дыбысқа аудар­

дым. Толқынның жағаға ұрған шуылындай болған бұл дыбыс менің ұйқымды шайдай ашып жіберді. Анда біреу-міреу бар! Демімді ішіме тартып, ақырын басып есікке жақындадым. Жүре­ гім дүрсілдеп қоя берді. Бұл үйде менен басқа да адамдардың бар екені анық. Тіпті біреу-екеу емес. Кенет музыкаға ұқсайтын дыбыс­ тар естілді. Түк түсінсем бұйырмасын, қолтығымнан суық тер шықты. Мен ұйықтап жатқанда мұнда бірдеңе болған сияқты. Ең алдымен басыма келгені – бұның бәрі жақсы жоспарланған әзіл. Кейси мені сынап көру үшін Лондонға кеткен сияқты болып, ал өзі білдірмей түнгі отырыс ұйымдастырған. Жо-жоқ, Кейси бұндай арзан әзілге баратын адам емес. Оныкі нәзік әрі жеңіл юмормен аста­ сып жатады. «Болмаса, – деп ойымды жалғастырдым, – қабырғаға шынтағымен сүйеніп тұрғандар – мен білмейтін Кейсидің жора-жолдастары. Олар Кейсидің кететінін білген, бірақ жұмыстан кейін сау ете түсіп, өздерін таныстыра да алмаған, мүмкін, тіпті үйде менің бар екенімді білмейтін де шығар. Қалай болса да ұры-қарыға ұқсамайды. Ұрылар бөтен үйге жымын білдірмей кіреді, жоқ дегенде, музыканы қатты қоймайды...» Жылдамдата пижамамды шешіп, джинсиім мен аяқ киімімді киіп, майкамнің сыртынан жемпірімді жамыла салдым. Қандай жағдай болмасын, қолыма салмақтырық бірдеңе алғым келді. Бірақ бөлмені шолып шығып, лайықты ештеңе таппадым. Бейсболдың таяғы, тіпті көсеу де көзіме шалынбады. Бөлмеде бар болғаны төсек пен шкаф қана, қабырғада кішкене кітап сөресі мен табиғат көріністері салынған картина ілулі тұр. Дәлізде дыбыстар айқын естіледі. Көңілді ескі мелодиялардың ак­ корды бу сияқты дәлізге тарап, төменнен жоғары қарай көтеріліп жатты. Бұрындары тыңдағым келген таныс ән, бірақ атын еске түсіре алмадым. Сонымен бірге дауыстар шығады. Адамдардың даусы у-шуға ара­ ласып, олардың не сөйлеп жатқанын аңғару мүмкін болмады. Кейде

күлгендері естіледі. Жағымды жарқын дауыспен. Былайша айтқанда, төменде көңілді отырыс болып жатыр. Нағыз қызған шағы. Шарап пен шампан бокалдарының соғыстырылғаны сияқты дыбыстар жа­ мырай шығады. Біреулер билеп жүр, бөлмедегі адам аяқтарының ауырлығынан еден тақтайлар ырғақпен сықырлайды. Мен қараңғы дәлізбен еппен басып, баспалдақтың жанындағы «би алаңына» жақындап келдім де, жақтауға жеңіл асыла төмен қарадым. Ауыз бөлменің ұзынша терезесінен түскен жарықтан бо­ лар-болмас бозғылт сәуле шашырайды. Бірде-бір адамның көлеңкесі көрінбейді. Ауызғы бөлмеден қонақ үйге апарар айқарма есіктің екі жағы да нығыздала жабылған. Мен оны ұйықтар алдында қалай ашқанымды жақсы білемін. Ешқандай күдік-күмәнсіз. Ендеше, мен екінші қабатқа көтеріліп, ұйықтап қалғаннан кейін оны біреулер жауып қойған. Не істеу керек, санам сансырай бастады. Ештеңе істемей, екінші қабатта­ғы жатын бөлмеге тығылып қалуға да бо­ лады. Есікті іштен кілттеп алып, төсекке қойып кету... Байыпты бай­ лам жасау тұрғысынан алғанда, ең оңтайлы шешім осы. Бірақ мен баспалдақтың жоғарғы жағында тұрған кезде есіктің ар жағынан күлкі мен жағымды әуен естіліп тұрды. Тоғанға ұрған асау толқынның біртіндеп бәсеңситініндей, алғашқы қорқыныш жойыла бастады. Жалпы алғанда, бұлар дені дұрыс адамдар болуы керек деп ойладым. Терең дем алдым да, ескі еден тақтайшалармен аяғымды ақырын ба­ сып, баспалдақпен ауыз бөлмеге түстім. Ауыз бөлмеге жетіп, солға бұрылдым да, ас үйге кірдім. Жарықты қосып, үстелден ет турай­ тын үлкен пышақты алдым. Кейси немістің қымбат пышақтарымен тамақ әзірлегенді жақсы көретін. Олардың бәрі жақсы сақталған: шірімейтін болаттан жасалған өткір пышақтар жалт-жұлт етіп адам­ ды еріксіз өзіне тартады. Бірақ қызықты отырыс болып жатқан жерге үлкен пышақпен кіріп барған қалай болар екен деп ойладым. Бұным өрескелдеу көрінетін сияқты. Краннан бір стакан су құйып іштім де, пышақты өз орнына қайтадан қойдым. Иттің қайда екенін білгім келді.

Сонда ғана иттің жер жұтқандай жоғалып кеткеніне көңіл аудар­ дым. Әдеттегі орны – ескі одеялдың үстінде жоқ. Қайда кетті? Егер біреу-міреу үйге жасырын кірсе, ең болмаса үрмеуші ме еді? Мен еңкейіп, иттің жүндері жабысып қалған одеялды жайлап сипаладым. Онда ит денесінің жылылығы атымен жоқ. Майлз төсенішінен тұрып, басқа жаққа кетіп қалған. Жатын бөлмеге қайтып келіп, кішкене орындыққа отырдым. Му­ зыка басыла қоймады. Адамдардың сөйлескендері естіледі. Олардың дауыстары толқын сияқты бір сәтке де тыншымай, біресе қаттырақ шықса, біресе бәсеңси қалады. Қанша адам жиналған екен? Он бестен кем емес. Мүмкін, жиырмадан да асып жығылар. Олай болса, оларға үлкен қонақ бөлменің өзі тарлық етер еді. Мен есікті ашып, бөлмеге кіріп барсам ба екен, жоқ әлде, соның қажеті бар ма деп біраз бас қатырдым. Қиын, тіпті қисынсыз таңдау. Мен бұл үйге қарап қалдым, ендеше, оның аужайына жауап беремін. Ал мені отырысқа ешкім шақырған жоқ. Шығып жатқан сөздерді анықтап есту үшін есіктің кішкене саңылауына құлағымды тостым. Бірақ бұнымнан да ештеңе шыға қоймады. Бір кезде сөздер анығырақ естілді, бірақ мен одан да бірде-бір сөз ұға алмадым. Адамдардың сөйлескені анық, бірақ олар­ ды түсініксіз әрі құлаққа жағымсыз үндер бөліп тұрды. Олар менің алдымдағы бұзып-жарып өте алмайтын қабырғаның арғы жағында тұрды. Маған онда орын жоқ сияқты. Қолымды қалтама сұғып жіберіп, жиырма бес центтік монетті суырып алдым. Ешқандай мақсатсыз оны алақанымда ойнаттым, күміс монет объективтік шындықты сезінуіме жол ашты. Ағаш балғамен басымнан біреу түртіп қалғандай болды: «Бұл елес қой!» Қонақ бөлмеге музыка тыңдап, көңіл көтеру үшін шындыққа сыйымсыз адамдар жиналған. Қолым қалтырап, маңдайымнан суық тер бұрқ ете түсті. Басым мең-зең. Қоршаған кеңістіктің жыл­ дам жылжыған кезеңіндей болған қан қысымымның көтерілуі­ нен құлағым шыңылдап кетті. Түкірігімді жұтайын десем, тамағым кеуіп қалыпты. Сонда ғана барып жан-жағыма жалтақтай монетті қайтадан қалтама салып қойдым. Жүрегім дүрсілдеп тұр. Мен бұған осы уақытқа дейін неге мән бермегенмін деп өзіме өзім таңғалдым.

Егер ойласаңыз, түн ішінде отырыс жасау кімнің миына келер дейсіз? Тіпті осылай болған күннің өзінде де, осыншама адамның машина­ ларын есік алдына қойғандарынан, үйге топырлап кіргендерінен мен қалайда оянар едім ғой. Онда ит те үрген болар еді. Ендеше, ешкім ешқайдан келген жоқ. Эх, Майлз осындайда қасымда болсаң ғой. Үлкен төбеттің басы­ нан сипап, исін иіскеп, денесіндегі жылылықты сезінгім келгені-ай. Өкінішке орай, ит көріне қоймады. Мен сиқырлап тастағандай, ауыз­ғы бөлмедегі орындықта қаттым да қалдым. Шынында да қорқынышты болатын. Бірақ маған онда үрей тудырар ештеңе жоқтай көрінді. Сондай бір тұңғиық һәм түпсіз нәрсе. Демімді ішіме бір тартып, бір шығарып, таза аумен тыныстағандай болдым. Менің санамның түкпіріндегі кейбір қатпарларды біреу ақырын аударыптөңкеріп жібергендей, бойым да үйрене бастады. Содан кейін жоғары көтеріліп, бөлмеге қайтып келдім де, төсегіме қисая кеттім. Адамдардың сөйлескендері мен музыканың дыбысы көпке дейін естіліп тұрды. Ұйқым қашып кетті, таң атқанша осыған шыдауға тура келді. Жарықты сөндірмей, тумбочкаға шынтағыммен сүйене қайта-қайта қабырғаға көз тігіп, бітпейтіндей көрінген отырыстың дабырасын тыңдап жата бердім. Сөйтіп жатып ұйықтап кетіппін. Көзімді ашсам, көшеде жаңбыр жауып тұр екен. Жердің шаңын басу үшін жай қана себелеп тұрған көктем жауыны. Терезенің сырт жағынан жорғаторғай шықылықтайды. Сағат тілі тоғызға жетіп қалыпты. Пижамамды да ауыстырмастан, бірден баспалдақпен тө­мен түстім. Ауызғы бөлмеден қонақ бөлмеге кірер есік кеше мен ашқан күйі тұр. Қонақ бөлмеде бүлінген ештеңе жоқ. Кітабым төңкерілген күйі диванда жатыр. Үстелдің үстінде печеньенің қоқымдары ғана көрінеді. Бұған қарап отырыстан ешқандай із қалмаған деп топшылауға болады. Майлз ас бөлмеде бүктетіліп ұйықтап жатыр. Төбетті оятып, тамақ бердім. Ол ештеңе болмағандайақ, құлақтарын қалқита асын ішіп, аяғын босатып қойды. Кейсидің үйіндегі түсініксіз түнгі отырыс қайтып қайталанған жоқ. Содан беріде ерекше ештеңе бола қоймады. Тек Лексингтонның еш

өзгешелігі жоқ тыныш түндері бірін-бірі алмастырып жатты. Бірақ мен сол үйде тұрғанымда күн сайын түнде оянып кетіп жүрдім. Және әрқашан бір мен екінің ортасында. Бөтен үйде жалғыз қалғандықтан ба, құлашымды еркін жаза алмадым. Мүмкін, сол бір түсініксіз отырыс тағы да қайталанып қала ма деп алаңдаған шығармын. Түнде оянған кездерімде демімді ішіме тартып, қараңғылық үндерін тыңдайтынмын. Бірақ заттық дыбыстарға ұқсас ештеңе естімедім. Тек анда-санда соққан желдің екпінінен ағаштардың жапырақтары сыбдырлайды. Бірде мен төменге түсіп, ас бөлмеден су іштім. Майлз қашанда бүрісіп еденде ұйықтап жататын. Бұл жолы ояу екен, қуана атып тұрып, құйрығын бұлғаңдатып, аяғыма орала кетті. Қонақ бөлмеге итті ертіп келіп, жарықты қосып, жан-жағыма жалтақтай қарадым. Бірақ ешқандай елес байқалмады. Аласа диван мен кофе үстелі қозғалмастан әдеттегі орындарында тұр. Қабырғаға Жаңа Англияның табиғаты салынған майлы полотно ілінген. Көзім­ ді жұмып, санамды салмақтай, ілгешек болар бірдеңе сезіліп қала ма деген үмітпен он-он бес минуттай диванда отырып қалдым. Мені тек қала маңындағы тұңғиық түн ғана қоршап тұрды. Егер терезені ашсаңыз, бақша жақтан бөлмеге көктем гүлдерінің хош исі келеді. Жел лебінен перделер жеңіл тербеліп, түкпірдегі тоғайдан үкінің дау­ сы естіледі. Бір аптадан кейін Лондоннан Кейси қайтып келді. Неге екенін өзім де білмеймін, оған алғашқы түндегі жағдайлар туралы айтудың қа­ жеті жоқ деп шештім. – Кәне, қалай, мен жоқта ештеңе болған жоқ па? – деп сұрады Кей­ си табалдырықтан аттай бере-ақ. – Айтарлықтай ештеңе бола қойған жоқ. Бәрі тыныш болды. Жұмысым жүрді! – Бұл шындық еді. – Онда жақсы! Ең бастысы осы, – деді Кейси көңілденіп. Содан кейін ол сумкасынан шотландық қымбат виски алып, маған берді. Қоштасарда қол қысыстық. Мен өзімнің «Фольксвагеніме» отырдым да, кембридждік пәтеріме қайтып келдім.

Содан жарты жыл бойы бір-бірімізбен кездесе алмадық. Кейси кейде телефон шалатын, екеуміз осылай ғана хабарласып тұрдық. Джеремидің шешесі қайтыс болды да, бұл пианино күйін келтіргіш мұңлық өзінің Батыс Вирджиниясында қалып қойды. Мен сол уақыт­ та шағындау бір роман жазып жатқандықтан ешқайда шықпадым, ешкіммен кездеспедім. Күніне он екі сағат жұмыс істегендіктен, үйден бір шақырым да ұзай алмадым. Соңғы рет Кейсимен қайықтарды жалға беретін Чарлз көлінің маңындағы кафетерийде жүздестім. Мен оны қыдырып жүрген ке­ зімде ойламаған жерден көріп қалдым, бірге барып, бір-бір шыны­ дан кофе іштік. Неге екенін білмеймін, екеуміздің соңғы кезіккен кездегімен салыстырғанда, Кейси қатты қартайып кеткен сияқты. Кескін-келбетіне қарағанда, Кейси өзінің жас шамасынан он жас үлкен көрінеді. Құлақтары ағарған шаштарымен жабылып, қолдары тарамыстанып кеткен. Көзінің алды күлбілтеленіп тұр. Бұл өзінің сыртқы кескін-келбетіне ерекше мән беретін Кейсиге онша жарасып тұрмағаны анық. Мүмкін, ол ауырды ма екен? Бірақ Кейси бұл туралы ештеңе дей қоймады, мен де одан қазбалап ештеңе сұрамадым. – Джерами енді қайтып Лексингтонға келмейді, – деді жарықшақ­ тау дауыспен ақырын ғана басын шайқап. – Кейде маған Батыс Вирджиниядан телефон соғады. Шешесі қайтыс болғаннан кейін мүлде өзгеріп кетті. Ол бұрынғы Джереми емес. Телефон соқса бол­ ды, қайдағы жоқ шоқжұлдыздар туралы айтады. Олар бүгін қалай орналасқан?.. Бәрінен бұрын не істеу қажет?.. Не істемеу керек?.. Міне, кілең осындай қысыр әңгімелер. Осында тұрған кезде ол ондай ештеңе айтпайтын. – Өте өкінішті, – дедім мен. Бірақ бұл сөзді кімге қарата айтқаным­ ды өзім де білмеймін. – Шешем қайтыс болғанда мен он жаста едім, – деп бастады әңгімесін Кейси кофе ыдысына көзін қадай отырып. – Бауырқарындас болған жоқ, сондықтан шешем қайтыс болғаннан кейін әкем екеуміз ғана қалдық. Күздің соңында яхта қақтығысып қалды да, қатты жарақаттанған шешем содан оңала алмады. Әкем екеуміз оның өліміне дайын емес едік. Енді ше, әп-әдемі, жап-жас келіншек.

Ол әкемнен он жастан аса кіші болатын. Шешеміз күндердің күнінде өліп қалады-ау деп ойламаппыз да. Міне, бір қарғыс атқан күні ол ке­ неттен бұл әлемді тастап кете барды. Түтін сияқты зым-зия жоқ боп кетті. Шешем ажарлы әрі ақылды әйел еді, оны бәрі сыйлайтын. Ол серуендегенді жақсы көретін, жүрісінің әдемілігімен де ерекшеленетін. Бойын жазып, иегін сәл көтеріп, қолдарын арт жағына айқастырып, жаз күніндей жадырап бара жататыны есімде. Жүріп бара жатып та ән айтатын. Маған шешеммен қы­ дырған ұнайтын. Жазғы күннің шапағына малынып, Нью-Порт жағалауындағы жолды бойлай кетіп бара жататын сұлу сымбатын ылғи есіме аламын. Шет-шеті ұсақ гүлдермен көмкерілген жазғы көйлегінің ұзын жеңдерін жел желпіп тұратын. Осы көрініс менің ба­ сымда фотография сияқты басылып қалыпты. Әкем шешемді қатты қадірледі, тіпті қолына көтеріп жүруге әзір еді. Оны өзінің туған ұлынан артық жақсы көрді деп ойлаймын. Әкем осындай адам болатын. Ол бәрін жақсы көретін. Маған өзінің табиғи ісінің нәтижесі ретінде қарайтын. Әрине, ол мені де жақсы көрді. Олай болмағанда ше – жалғыз ұлын! Бірақ шешем сықылды қатты жақсы көрген жоқ. Мен оны түсінемін. Әкем шешемнен артық ешкімді жақсы көрген емес. Сондықтан шешем өлгеннен кейін екінші рет үйленген жоқ. Жерлегеннен кейін үш апта тұрмастан ұйықтады. Мен өтірік өсіріп отырғаным жоқ. Ол шынында да осы уақыт бойы ұйықтады. Кейде есіне түсіргендей, түнеріңкіреп төсектен тұрып, үн-түнсіз су ішетін. Ештеңе жеп те жарытпады. Аруақ немесе айкезбе сияқты. Бірақ содан кейін одеялын жамылып, ұйықтап қалатын. Терезені қымтай жауып, сиқырланған ханша сияқты ауасы тарыла бастаған қараңғы бөлмеде қозғалмастан ұйқысын жалғастыра беретін. Аунақшымақ түгіл, бет әлпетін де өзгертпейтін. Мен алаңдай бастадым. Өліп қалмады ма екен деп қасына барғыштай бердім. Бас жағына тақап келіп еңкейдім де, жүзіне қадала қарадым. Бірақ ол өлмепті. Жерге тереңдеу көмілген тас секілді тырп етпес­тен ұйықтап жатыр. Бәрінен бұрын түс те көрмеген тәрізді. Тек

қараңғы тыныш бөлмеде кенеттен ақырын пысыл естілді. Бұндай ұзақ әрі қатты ұйқыны ешқашан көргенім жоқ. Ол мүлде басқа әлемнен келген адам секілді. Әлі есімде, қатты шошыдым. Үлкен үйде отырып, бар дүниеден қол үзіп, ұмыт әрі жалғыз қалғандай сезіндім. Осыдан он бес жыл бұрын әкем қайтыс болғанда, әрине, мен де қайғырдым, бірақ оның өлімі есімнен тандыра қойған жоқ. Ол өліп жатқанда да ұйықтап жатқандай көрінді. Мен тіпті «Сонда қалай?..» деп ойға баттым. Осы сәт санамда жаңғырған сияқты. «Бұл менің сағымды сындырып кетпей ме?» деп те қатты қорықтым. Отыз жыл­ дай бұрынғы көріністі қайта көрдім. Тек қазір қорыл естілмейді. Мен бұл өмірде әкемнен артық ешкімді жақсы көрген емеспін. Әкемді қатты сыйладым, оған қай жағынан болсын шын жүрегіммен берілген едім. Қызық жайт, шешем жерленгеннен кейін әкем қалай өлі жандай ұйықтаса, мен де әкем қайтыс болған соң дәл солай ұйықтадым. Тап бір атадан қалған салт-дәстүр секілді. Бұл екі аптаға созылды-ау деймін. Осы уақыт бойы ұйықтадым, ұйықтадым, тағы ұйықтадым... Уақыт бұзылып, еріп, жоғалып кет­ кенше ұйықтай бердім. Мен тұрмай ұйықтай беретін едім. Бірақ қанша ұйықтасам да шошыған жоқпын. Осы бір ұйқы кезіндегі әлем жоғарғыдағы дүние мен бояудан арылған нағыз шынайы және қарапайымдау көрінді. Сонда маған енді өмір сүрудің қажеті жоқ де­ ген де ой келді. Әкемнің шешем өлгеннен кейін нені сезінгенін сонда ғана түсіндім. Білесіз бе, мен не көрмедім?! Жалпы кейбір нәрселер кейде өзгеше қалыпта қабылданады. Сондықтан да оны қабылдамасқа шараң қалмайды. – Кейси үнсіз-түнсіз ойланып тұрып қалды. Күздің соңы. Анда-санда тас жолға құлаған емен жаңғақтарының дыбысы естіледі. – Мен тек бір нәрсені ғана айтқым келеді, – деді кенет басын көтеріп алған Кейси өзінің мәнерлі жұмсақ күлкісімен күлімсіреп. – Тап қазір осында өлер болсам, бұл әлемде мен үшін ешкім қалың ұйқыға кетпейді. Мен кейде Лексингтонның елестерін, Кейсидің үйінде түн орта­ сында шулы отырыс жасаған әлдекімдерді, бір кездері терезені тарс жауып алып, марқұмдардың қатарын толықтырар Кейси мен оның

әкесі өліп ұйықтайтын екінші қабаттағы жатын бөлмені, адамдарға байланған Майлз төбетті, рухыңды көтерер пластинкалардың кере­ мет коллекциясын, Джеремидің орындауындағы Шуберт пен есік ал­ дында тұратын көк «БМВ»-ны еске аламын. Бірақ осының бәрі күні кеше ғана болса да, маған бір қиян шеттегі түкпірде ертеректе болған сықылды көрінеді де тұрады. Бұл оқиғаны мен әлі күнге дейін ешкімге айтқан жоқпын. Егер ойласаңыз, бұл – өте қызық оқиға, бірақ оған уақыттың еш қатысы жоқ сияқты. КЕНГУРУ ҮШІН СӘТТІ КҮН БОЛДЫ Торлы қорадағы шарбақтың ар жағында төрт кенгуру тұратын. Біреуі еркек, екеуі ұрғашы және жаңа туған жас баласы. Торлы қорада бізден басқа ешкім жоқ. Жалпылай айтқанда, бұл хайуанаттар бағына адамдар көп жинала бермейді. Оның үстіне дүйсенбі күнгі таңертеңгілік болғандықтан, көз тігер көрушілерден гөрі тордағы аңдардың қарасы көбірек. Біз, әрине, кенгурудің баласына бола келдік. Одан басқа мұнда кісі қызығатын да ештеңе жоқ. Кенгурудің балалағанын біз бір ай бұрын газеттен оқып білгенбіз, оны барып көру үшін бір ай бойы орайлы таңды күткенбіз. Бірақ ондай таң тез туа қоймады. Біресе жаңбыр тынбай жауады. Келесі күні де, одан арғы күндері де. Жер езіліп кетті. Содан кейін екі күн бойы өкпеңді тесердей өкпек жел соғып тұрды. Енді бірде кенеттен құрбымның тісі ауырып қалды, бірде өзімнің бір шаруамен жергілікті әкімшілікке баруым керек болды. Осылай бір ай өте шықты. Шынымды айтсам, білінбей өтті де кетті. Бұл аралықта не болып қалды деп сұрайтын шығарсыздар. Тіпті не айтарымды да білмеймін. Соншама көп нәрсе болғандай көрінеді, бірақ ештеңе болған жоқ. Келесі айға газетке жазылудың ақшасын алуға келген адам болмаса, бір айдың қалай өте шыққанын аңғармай да қалар едім.

Міне, ақыры кенгуруді барып көретін таң да атты. Біз сағат ал­ тыда ояндық, перделерді ысырып жатқанда-ақ кенгурумен кез­ десер күн­нің келгенін түсіндік. Жуындық, таңғы асымызды іштік, мысығымызды тамақтандырдық, кір жуып та үлгердік, содан соң ғана күнқағары бар кепкемізді киіп, үйден шықтық. – Кенгурудің баласы тірі шығар? Сен қалай ойлайсың? – деп сұра­ ды құрбым менен электричкада кетіп бара жатқан кезде. – Тірі шығар. Оған не бола қояр дейсің? Оның өлгені туралы газет­ те ештеңе жазылған жоқ қой. – Мүмкін, ол ауырып қалып, емдеуге алып кеткен шығар? – Онда ол туралы жазар еді ғой. – Кенеттен жүйкесі сыр беріп, бір жерге жасырынып қалған шығар. – Сен кім жайында айтып тұрсың, өзі? Кенгурудің баласы жайлы ма? – Жынды. Оның анасын айтам да. Баласымен бірге қараңғы бір бұрышта тығылып отырған шығар. Мен оның қашанда әр нәрсені бір ойлап табатын қабілетіне қай­ ран қаламын.. – Егер қазір болмаса, кенгурудің баласын мүлде көре алмайтын шығармыз. – Иә... – Сен бұрын кенгурудің баласын көріп пе едің? – Жоға. – Енді көремін деп ойлайсың ба? Сенімдісің бе? – Қалай деуге болады?.. Білмеймін. – Міне, мен сондықтан да алаңдап тұрмын. – Тыңда, – дедім, – мүмкін, сен айтқандай болуы да мүмкін, мәселен, мен жирафтың туғанын да ешқашан көрген жоқпын. Болмаса жүзгіш киттің. Онда кенгурудің баласынан проблема жасаудың қажеті қанша? – Өйткені ол кенгурудің баласы ғой, – деп жауап берді. Мен газетке қарағансып, үндемей қоя салдым. Өйткені оны бірдебір рет дауласып жеңе алмадым..

Кенгурудің баласы ширақ екен. Ол газеттегі суретіне қарағанда әлдеқайда ірірек көрінді және торлы қорада қаннен-қаперсіз секі­ ріп жүр. Жаңа туғандағыдай емес, өсіп қалыпты. Бұның өзі құрбымды таң-тамаша қалдырды. – Ол тіпті жаңа туғанға ұқсамайды да ғой! – Неге, ұқсап тұр ғой, – деп жұбаттым оны. – Сәл ертерек келу керек еді. Мен киоскіге барып, екі балмұздақ алып келдім. Құрбым кенгу­ руден көзін айырмаған күйі қоршауға сүйеніп әлі тұр. – Жоқ, бұл енді кенгурудің баласы емес, – деп тағы қайталады. – Енді не? – деп сұрадым балмұздақты беріп жатып. – Егер ол кенгурудің баласы болса, онда ол шешесінің қалтасында отырар еді. Мен балмұздағымды жалай басымды изедім. – Ал ол онда отырған жоқ! Біз көзімізбен оның анасын іздей бастадық. Ең маңғаз әрі ең ірі әке-кенгуруді тез таныдық. Ол өз отына күйіп кеткен талантқа қайғырған композитордың күйінішті кейпімен астауға тасталған жасыл жапырақтарға қадала қарайды. Екі ұрғашысы дене тұрқы мен түр-түсі жағынан бір-біріне қатты ұқсайды. Анасы осы екеуінің бірі болуы мүмкін. – Қызық, бұның қайсысы анасы болды екен? – дедім мен. – Иә, соны айтсаңшы... – Сонда ана екіншісі неғып жүр? – Білмеймін, – деп жауап берді құрбым. Соның арасынша кенгурудің баласы ештеңені елең қылмастан ай­ нала секектеп жүгірді, содан кенет тоқтай қалып, алдыңғы аяғымен жерді қаза бастады. Онда зерігу туралы түсінік жоқ сияқты. Шөпшаламды шайнаңдап, біресе әкесінің, біресе ұрғашы кенгурулердің қасына итініп тұра қалып, одан қайтадан жүгіріп шығып, торлы қорада арлы-берлі шапқылап жүр. – Кенгуру неліктен осыншалықты тез секіреді? – деп сұрайды құрбым. – Жаулардан қашады.

– Жаулардан? Қайдағы жау? – Адамдардан, – дедім мен. – Олар бұларды бумерангпен өлтіреді және жейді. – Ал кенгурудің баласы анасының қалтасына неге кіреді? – Бірге қашу үшін. Олар кішкентай ғой, жылдам жүгіре алмайды. – Яғни, анасы оларды қорғайды, иә? – М-м. Балаларын қай кезде де қорғайды. – Бұл қанша уақытқа созылады? Жануарлар жайлы кітаптардан кенгуру туралы көбірек оқу керек еді. Әңгіменің осылай өрбитіні белгілі еді ғой. – Бір немесе екі ай. Мен солай ойлаймын. – Қойшы! Мына кенгурудің баласына бар болғаны бір-ақ ай бол­ ды. – Ол оны саусағымен көрсетті. – Оның дәл қазір қалтада отырар кезі ғой. – Иә, – дедім міңгірлеп, – мүмкін. – Айтшы, қалтада отырған керемет қой? – Иә, әрине... – Бәрін бітеп-мітеп тастау үшін Дораэмонның қалтасына кіріп кеткім-ақ келеді. – Ой... – Білесің бе, шынымен-ақ... Күн тас төбеге көтерілген. Жақын маңдағы бассейннен балалар­ дың қуанышты дауыстары шығып жатты. Көк аспанда шет-шеті жолақталып сызылған жазғы бұлттар жөңкіле көшіп барады. – Тамақ ішкің келе ме? – деп сұрадым. – Хот-дог пен кола болса, – деді ол. Хот-догты студент-жігіт сатып тұр. Мен оның киоскісіне бардым. Сосискалар қуырылып болғанша Стиви Уандер мен Билли Джоэлді тыңдап та үлгердім. – Әй! – Менің қайтып келе жатқанымды көрген құрбым торлы қо­ ра жақты қолымен нұсқай айғай салды. – Қара! Ол қалтаға кіріп алды. Шынында да кенгурудің баласы анасының бауырындағы баспана­ сына кіріп алыпты. Қалта керіліп кеткен, одан тек үшкір құлақтар мен құйрықтың ұшы ғана қылтиып көрініп тұр. 7-298

– Оған ауыр емес пе? – Жалпы кенгурулер мықты болады. – Шынымен бе? – Сондықтан да бүгінгі күнге жетіп отыр. Күн қатты ысып кетті, бірақ ана-кенгуруден бір тамшы тер шыққан жоқ. Тап бір Аояма-доридегі супермаркеттен келе жатқан жолда ко­ феге кіріп демалатын үй шаруасындағы әйел сияқты. – Ол оны қорғай ма? – Енді ше... – Мүмкін, ол онда ұйықтап қалған шығар? – Иә, солай сияқты. Біз коланы ішіп, хот-догымызды жеп алдық. Қайтатын уақыт бол­ ды. Әке-кенгуру баяғыша астаудағы жоғалған ноталарды тіміскілеп іздеп жүр. Анасы мен баласы бір бүтінге айналып, уақыттың ырқына мойынсұнған, ал анау бір жұмбақ ұрғашы кенгуру өзінің құйрығының мықтылығын сынап көрмекші болғандай, торлы қорада шарша­ мастан секектеп жүр. Күн ысып тұр. Көптен бері бұндай болмап еді. – Мүмкін, сыра ішерміз? – деген ұсыныс жасады құрбым. – Кеттік. – Мен келісе кеттім. ТАКСИДЕГІ ҚАНСОРҒЫШ Кейде жаманшылықтың адамға бірінен кейін бірі жамалар кезі болады. «Бақытсыздық келді – қақпаңды аш» деген сөз тегіннен-тегін ай­ тылмаса керек. Ал егер шынымен бәрі қиғаш-қиыс кетіп бара жатса ше? Онда бұл жай әншейін халық даналығы емес. Қас қылғандайақ: құрбы қызбен кездесуге келіскенбіз, ал ол келмеді, курткамның түймесі үзіліп қалды, көргім келмеген танысыммен электричкада соқтығысып қалдым, тісім қақсады, жаңбыр жауды, таксиге отырдым, кей жерлерде авария болып, жолды бітеп тастаған. Маған дәл осы

жағдайда біреу-міреу «Қақпаңды аш» десе, мен оның жақсылап тұрып сазайын берер едім. Иә, сіз де солай істеген болар едіңіз. Міне, халық даналығы осында. Мен адамдармен жақсы қарам-қатынас орната аламын деп айта алмаймын. Кейде кіреберіс есіктің алдындағы кілемшені өзгертсе жақсы-ақ болар еді деп ойлайсың. Өмір бойы қайдағы бір ауызғы бөлмеде жатар ма еді... Бірақ кілем әлемінің де өз даналығы мен өзіндік проблемасы бар. Десе де, бұл мен бас қатыратын шаруа емес. Қысқасы, таксиде келе жатып кептеліске тап болдым. Күзгі жаңбыр машинаның төбесін сабалап тұр, есептеуіштің әр шыртылы жаңа атылған мылтықтың оғындай миыма келіп қадалады. Эх! Оның үстіне темекіні тастағаныма үш күн болған. Басыма жақсы бірдеңе келсе бір сәрі... Ондай емес!.. Осындай бітпес ойлардан арылу үшін құрбы қызымды ойша шешіндіре бастадым. Бәрін өз кезегімен... ең алдымен көзілдірігін алып қойдым, содан кейін сағатын, шомбал білезігін, әрі қарай... – Кешіріңіз... – Кенеттен шыққан таксистің даусын естіген кез­ де мен кофтаның бірінші түймесін ағытуға қол созып жатқам. – Сіз қалай ойлайсыз, қансорғыштар бұл өмірде бола ма? – Қансорғыштар? – Мен жүргізушінің бет-әлпеті көрініп тұрған алдыңғы жақтағы айнаға аңтарыла қарадым. – Қайдағы қансор­ ғыштар? Ана қан ішетіндер ме? – Иә, солар. Өмірде бола ма, жоқ па? – Сіз жалпы кімді айтып тұрсыз? Өмірдегі қансорғыш сияқты адамдарды ма, ауыспалы мағынадағы қансорғыштарды ма, ұша­ тын қансорғыш-тышқандарды ма, жоқ, әлде, санадағы үрейлі қан­ сорғыштарды ма? Немесе нағыз қансорғыштарды ма? – Әрине, нағыз қансорғыштарды, – дейді таксист. Машина жарты метр алға жылжыды. – Онда білмеймін, – дедім. – Хабарым жоқ. – Жоқ, олай болмайды. Сіз оған сенесіз бе, жоқ па, соны айтыңыз!

– Сенбеймін. – Яғни, сенбейсіз? – Сенбеймін. Мен қалтамнан темекі алып, ерніме қыстырдым. Бірақ тұтатқам жоқ. – Ал аруақтарға сенесіз бе? – О, міне, аруақтар болатын сияқты. – Сияқты... Сіз «иә» немесе «жоқ» деп нақтырақ айтыңыз. – Иә. – Айтпасыма болмады. – Сенемін. – Яғни, аруақтарға сенесіз? – Сенемін. – Ал қансорғыштарға сенбейсіз? – Сенбеймін. – Аруақтардың қансорғыштардан ерекшелігі неде? – Аруақ – физикалық нақтылықтың антитезасы, – деп ойланбас­ тан қойып қалдым. Кейде өзімнің осылай сөз тауып кететінім бар. – Хм-м... – Ал қансорғыш – бұл құндылықтың ауысымы секілді нәрсе ғой. – Антитезаны мойындайсыз, ал құндылықтың ауысымын мо­ йындай қоймайсыз. – Қайдағы-жоқ мыжыманы бір рет мойындасақ, соңыра тоқтай алмай қаламыз ғой. – Сіз білімді адамсыз! – Жеті жыл университетте оқыдым, – дедім езу тартып. Таксист алдыңғы жақтағы ұзыннан-ұзақ созылған машиналардың тізбегіне қарады да, аузына жіңішке темекісін салып, тарта бастады. Салонды ментолдың иісі алып кетті. – Егер сіз шынымен қансорғышты көрсеңіз, не істер едіңіз? – Абыржитын шығармын. – Бар болғаны сол ма? – Не, болмай ма? – Әрине, болмайды! Сенім – ұлы күш. Егер басыңа қайғы тілеп алғың келсе, өзің білесің, әнеки. Ал енді «қайғы жоқ» деп ойласаң, ол шынында да сенен аулақтау жүреді.

Тұп-тура Донованның ескі әнінде айтылатынындай. – Ах, міне, сіз не туралы... – Иә-иә... Аузымдағы тұтанбаған темекіні алмай-ақ, демімді ішке тарттым. – Ал сіз өзіңіз қансорғышқа сенесіз бе? – Сенемін. – Неге? – Негесі бар ма? Сенемін, болды. – Дәлелдей аласыз ба? – Сену мен дәлелдеу – екі басқа дүние. – Айтасыз-ау! Мен бұл тақырыпты одан әрі қазбалай бергім келмей, кофтадағы түймені қайыра тіліме тиек еттім. Біріншісі, екіншісі, үшіншісі... – Тіпті дәлелдей де аламын, – деді таксист. – Шынымен бе? – Иә, толық... – Қалай? – Мен өзім де қансорғышпын. Біз сәл үнсіз қалдық. Машина тағы бес метр алға жылжыды. Жаң­ быр әлі төбемізден сабалап тұр. Есептеуіштегі ақшаның көрсеткіші мың жарымнан асып барады. – Оттығыңызды бере тұрмас па екенсіз? – Мінекиіңіз. Мен темекі тұтатып, ішке қарай сора бастадым. Үш күннен бері бірінші рет. – Ой, кептелгені-ай! – деді жүргізуші күйіне. – Иә, солай, – дедім мен. – Сонымен, қансорғыштар туралы... – Иә, не? – Сіз сонда шынымен қансорғышсыз ба? – Әрине. Маған өтірік айтудың не қажеті бар? – Сіз көптен бері осындайсыз ба? – Тоғыз жыл болды. Мюнхендегі Олимпиада болған жылдан бері. – Сіз ғажап адамсыз, тез тоқтатыңыз. – Міне, міне. Бұның дұрыс!

– Тағы бірдеңе сұрасам бола ма?

– Сұрай бер.

– Сіз неге... таксист болып жүрсіз?

– Мен бұндай қансорғыштық қулықты ұнатпаймын. Плащқа

оранғанды, күймемен жүріп-тұрғанды, қорғанда ғұмыр кешкенді...
Жақсы ештеңесі жоқ. Менде бәрі ойдағыдай: салығымды төлеймін,
лицензиям бар. Патинкоға, дискотекаға барамын. Несі жаман?

– Солайы солай ғой. Тек жай әншейін... қалай айтсам екен...

ақылыма сияр емес.

– Сіз солай сенбейсіз бе?

– М-м...

– Менің қансорғаш екеніме сенбейсіз бе?

– Әрине, сенемін, – дедім таксисті асыға қостап. – Қайғы ша­

қырсаң – міне саған.

– Ал жарайды.

– Сіз кейде қан ішесіз бе?

– Енді ше? Мен шынымен қансорғышпын.

– Қан әр түрлі болатын шығар? Дәмді һәм дәмсіз дегендей...

– Ол белгілі ғой. Бірақ темекіні көп тартады екенсіз, болмайды

ғой!

– Тастағым-ақ келеді, бірақ қоя алар емеспін.

– Ең жақсысы – жас қыздардікі. Олар енді...

– Түсінемін. Ал артистердің қаны қандай, жаман емес шығар?

– Каеко Касимотонікі керемет! Кимиэ Сингедзидікі де тәп-тәуір.

Ал енді Каори Момоидікі онша емес. Оған тіптен тартпайды.

– Яғни, бұл істе тек білу керек қой?

– Енді ше!

Он бес минуттан кейін біз өз жөнімізге кете бардық. Пәтерімнің
есігін ашып, жарықты жақтым. Мұздатқыштан сыра алып іштім де,
сол күні кездесе алмаған құрбы қызыма телефон соқтым. Онымен
сөйлесуге себеп те жоқ емес.

– Иә, мен саған Нэрима нөмірлі қара таксиге отырмауға кеңес

беремін.

– Неге?

– Оның жүргізушісі – қансорғыш. – Шынымен бе? – Шынымен. – Мен үшін алаңдап тұрсың ба? – Енді ше! – Нэрима нөмірлі қара такси? – Иә. – Рахмет. – Оқасы жоқ. – Онда ұйқың тыныш болсын! – Тыныш болсын! АЙНА Міне, солай. Егер ойлап көрсеңіз, бар оқиға бір нәрсенің айнала­ сына үйірілетін сияқты. Сөз екі дүние – болатын және қиылысатын тірілер мен өлілер әлемі жөнінде болмақ. Яғни, елестер мен аруақтар, және сол сықылды ғажайыптар жайлы. Немесе ақылға сыйымсыз құбылыстар мен алдын ала сезіну мен ерекше көру қабілеттері тура­ лы. Міне, ерекшелену осылай болмақ. Егер осының бәрін жинақтап қорытып көрсеңіз, әйтеуір оның біреуін басыңыздан өткізген болып шығарыңыз хақ. Көздеріне еле­ стер елестейтіндерге алдын ала сезіну оншалықты маңызды емес. Ал өзгелерге алтыншы сезімнің дамуы елесті көруге кедергі келтіретін секілді. Неліктен бұлай екенін білмеймін. Бәлкім, бәрі де адамның өзіне байланысты шығар. Әрине, бұл екеуінің біріне де қабілетсіз адамдар болады. Мысалы, мына мен. Отыздан асып кетсем де, бірде-бір рет елеспен кездеске­ нім жоқ. Аян беретін түстерді де көрген емеспін. Бірде екі досым­ мен лифтіде келе жатқам, олар елес көрді. Ал мен ештеңе байқама­ дым. Олар: «Бізбен бірге сұр костюм киген әйел болды. Жанымыз­ да тұрды», – деп дәлелдеп әлек. Ал мен оларға: «Ешқандай әйелді көрге­нім жоқ. Біз үшеуміз ғана болдық қой. Сендер не, естеріңнен

ауысқаннан саумысыңдар?» – деймін. Бірақ достарымның өтірік айтпағандарын білемін. Олар ондай сужұқпастар емес. Ыңғайсыздау болғаны рас, бірақ бұдан кейін де ешқандай елес көргенім жоқ. Жалпы менің елестермен байланысым болған емес, елден ерек ғажайып қасиеттерім де жоқ. Таза табиғилықпен өмір өткізіп жа­ тырмын. Бірақ бір күні сондай бір ерекше оқиға болды, мен одан қатты шошыдым. Содан бері оншақты жыл өтсе де, ол туралы ешкімге тіс жарған емеспін. Қорықтым. Айта бастасам болды, қайталанатын сияқты елестейді де тұрады. Жақ ашпағаным да сол. Бірақ, солай болғанымен де, бүгін біздің еске алу кешіміз, әркім өзінің басынан кешірген қорқынышты оқиғаларын кезегімен айтып жатыр, соңы­ нан үй иесі ретінде менің де бірдеңе айтуым керек еді. Сонымен... Жо-жоқ. Қол соғудың қажеті жоқ. Бұл оқиғада бәлендей ештеңе жоқ. Мен елестермен байланысым болмағанын, елден ерек ғажайып қасиеттерімнің де жоқ екенін айттым ғой. Мүмкін, менің әңгімем­ ді тыңдарсыздар да, «Осы да сөз боп па? Бұнда тұрған қорқыныш­ ты не бар?» дерсіздер. Әбден мүмкін. Солай-ақ болсын. Сонда да тыңдаңыздар. Мен мектепті елімізде аласапыран болып жатқан алпысыншы жылдары бітірдім. Жүйе бүлінген. Осы толқын мені де шарпыды. Университетке түскім келмеді, ілдебаймен күн көріп, біраз жылым­ ды ел аумағында тентіреумен өткіздім. Осылай өмір сүру керек деп ойладым. Мен немен айналыспадым?! Бірнеше мәрте шытырман­ ды жағдайға да тап болдым, тек тауың шағылмасын. Эх, жастық, жастық! Қазір еске түсіріп, ойланасың, сондай да уақыт болған. Бұл өмірдегі қандай да бірдеңені өзгертуді ұсынсаңыз, қарсы болған бо­ лар едім. Болар іс болды. Солай қала берсін. Кезбелік өмірімнің екінші жылы күзде екі айға шағын қаладағы Ниигата префектурасындағы мектепке түнгі күзетші боп жұмыс­ қа тұрдым. Жаз бойы тынымсыз жұмыс істедім, сондықтан сәл дамылдағым келді. Түнгі қарауылдың жұмысы – жатқанды ұрма деген сықылды. Күні бойы өзіңнің құжырадай бөлмеңде ұйықтайсың, ал

түнде мектепті екі рет айналып шығасың, содан кейін боссың. Қалған уақытта кабинетте музыка тыңдаймын, кітапханада кітап оқимын, тіпті болмаса спортзалда өзіммен-өзім баскетбол ойнаймын. Жалғыз өзіңе түнде мектепте мүлде жаман емес. Қорқынышты да ештеңе жоқ. Он тоғыз немесе он сегіз жасар кезіңде көп ештеңеден қорқа да қоймайсың. Сіз мектепте түнгі қарауыл боп істеген жоқ шығарсыз, бәлкім. Оның міндеті қандай екенін түсіндірейін. Кешкі тоғызда және түнгі үште айналаны бір шолып шығу керек. Тәртіп солай. Мектеп бетон­ нан салынған үш қабатты ғимаратта орналасқан, аса үлкен де емес, он сегіз-жиырма сынып бар. Музыка кабинеті, лабораториялық кабинет, сурет және қолөнер кабинеті, мұғалімдердің және директордың кабинеті бар. Асхана, бассейн, денешынықтыру және мәжіліс залдары – жапсарлас салынған жеке ғимаратта. Міне, бар ны­ сан осы. Айнала қарап шығуды талап ететін және арнайы кітапшаға белгі соғатын жиырма «тексеру орны» бар болатын. Мұғалімдер каби­ нетіне – белгі, лабораторлық кабинетке – белгі... өстіп жалғаса береді. Әрине, белгіні өз бөлмемдегі диванда отырып-ақ қоя салуға болар еді. Оған ар-ұжданым жібермейді. Ол ұйықтап жатқанда біреу-міреу мек­ тепке кірсе, шаң-тозаңды да жұмыс емес, не айтар еді дерсіз. Сонымен, тоғызда және үште қолыма кішірек электр фонары мен ағаш таяқты ала салып, тексеріске шығамын. Фонар сол жақ, таяқ оң жақ қолымда. Мектепте, жоғары сыныптарда мен кэндо­ мен айналысқам, сол себепті де қолдарым әбден шыныққан. Ол кезде, қолында нағыз самурайлық қылышы бар болса да, кез келген қарсыласыммен жағаласа кетер едім. Тек хас шебермен емес, әрине. Бірақ ол қашан болып еді? Ал қазір ондай қарым жоқ. Қазан айы болатын. Түн желкем, бірақ жылы, тіпті тымырсық. Кеш­ те масалар қаптап кетті, мен оларды қуу үшін хош иісті екі майшам жақтым. Жел тоқтамастан гуілдеп тұрды. Бассейннің есігі сынық бо­ латын, жел қаттырақ соқса жыныңа тиіп, тарсылдай бастайды. Оны жөндеп қойғым-ақ келді, бірақ қараңғыда баруға мойным жар бере қоймады. Ол солай кеш бойы тарсылдап тұрды.

Тоғыздағы тексеріс ойдағыдай өтті. Бар «орында» толықтай ты­ ныштық. Есіктер құлыптаулы, бәрі өз орнында. Ешқандай өзгеріс жоқ. Бөлмеме қайтып келіп, қоңыраулы сағатты үшке қойдым да, тақуа­дай ұйықтап қалдым. Қоңыраулы сағат әрең шырылдады, әдеттен тыс бірдеңе болға­ нын түсіне қойдым. Иә, бірдеңе болған. Өзімді жайсыз сезін­ дім, тіп­ті қалай түсіндірерімді де білмеймін. Тұрғым келмеді... Де­ нем ыр­қыма көнер емес. Жалпы айту да қиын – мен қашанда жеңіл тұратынмын. Бойымды әрең жиып, орнымнан ақырын көтерілдім де, тексеріске жиналдым. Есік әлі желден тарсылдап тұр. Жоқ, со­ лай... мүлде олай емес сияқты. Мүмкін, солай елес берді ме, әрине, бұл азаптан өзіме-өзім әлі де келе алар емеспін. «Міне, масқара! Неге шыққым келмейді?» деп қоямын. Дегенмен, «Бару керек» деп шештім. Босаңсымауға тырысып, бар батылдығымды бойыма жиып, аяғым­ ды алға бастым. Фонарым мен таяғымды қолыма алып, бөлмемнен шықтым. Түн түнеріңкі. Ауа дымқыл, жел қатты соғып тұр, әлсін-әлсін теріні шанышқылап өткендей болады. Мен әлі де бойымды толық билей алар емеспін, ойлануға да мұршам жоқ. Ең алдымен денешынықтыру мен мәжіліс залын, бассейнді тексеріп шықтым... Ештеңе жоқ. Бассейннің есігі басымен біресе «иә», біресе «жоқ» деп белгі беретін қалтаң қаққан жынды секілді желден әрлі-берлі шайқатылып тұр. Ешқандай жүйесіз: иә-иә-жоқ-иә-жоқ-жоқ-жоқ... Қисынсыз са­ лыстыру деп айтарсыз, бірақ дәл сол кезде маған шынымен солай көрінді. Мектеп ғимаратынан ерекше ештеңе байқай алмадым. Бәрі бәз баяғыша. «орындарды» түгендеп, кітапшаға белгі соғып шықтым. Бәрі де қаз қалпында. Жеңіл дем алып, бара беруге болатын шығар деп ойладым. Ең соңғы «тексеру орны» – шығыс жақ қанаттағы бой­ лер орналасқан асхананың бір бөлмесі ғана қалған. Ал менің жап­ пам батыс жақта орналасқан. Қараңғы болса да, бірінші қабаттағы ұзын коридормен кері қайтатынмын. Ай шықпайынша одан ештеңе көріне қоймайтын. Ал фонар тек алдыңғы жіңішке жолаққа ғана жарық түсіретін. Сол түні ай тек бұлт арасынан бір сәтке ғана жылт

етіп көрінді де, қайтадан қою қараңғылық басты. Қатты дауыл бола­ тын түрі бар. Сол түні коридормен қалай жылдам жүріп өткенімді өзім де білмеймін. Баскетболдық кетам линолеумді шыртылдатып сызып ке­ леді. Әлі есімде, коридорға жасыл линолеум төселген. Коридор ауызғы бөлмемен жалғасып жатқан. Оны кесіп өте бере кенет арт жағымнан бір соққы сезінгендей болдым, қараңғылық арасынан бірдеңенің көмескі кескіні көрінді. Қолтығым мұздап қоя берді. Қолымдағы таяқты мықтап ұстап, оған қарсы жүрдім. Фонарым­ның сәулесі тайғанақтап барып, аяқ киімдер қоятын шкафтың жанындағы қабырғаға түсті. Мен сонда тұрмын. Анығырақ айтсам, сол жерде тұрған айнадан өз бейнем көрінеді. Бұнда кеше ғана айна жоқ еді. Жеңіл дем алып: «Бұл не сонда? Не екенін қайдан білейін!» деймін ойлана. Айнаның алдына келіп, фонарымды еденге қойып, темекі алып тұтаттым. Азырақ өз бейнеме қарап тұрдым. Көше шамдарының әлсіз жарығы терезеден айнаға шашырайды. Арт жағымда бассейннің есігі қатты тарсылдап тұр. Темекімді екі-үш мәрте сорып үлгердім, кенет мені біртүрлі күдік­ті ой баурап алды: мүмкін, айнадағы мен емес шығармын. Жоқ, сырт­қы келбетіме қарасам, әлбетте, нақ өзіммін. Бірақ сол кез­ де менің қарсы алдымда мүлде басқа адам тұрды. Бұны мен түйсік­ пен сезіндім. Солай бола тұрса да, жоқ... дәлірек айтар болсақ, бұл ешқандай күдік-күмәнсіз өзіммін. Бірақ менің менімнің ар жағындағы – менмін. Өзім қандай болсам, сондай «мен» емеспін. Бұны қалай айтуға болады?.. Мен осынау қас қағым сәтте бір нәрсені толық түсіндім: айнадағы адам мені өлердей жек көреді. Жеккөрушілік – айсберг сияқты аса үлкен әрі қап-қараңғы, оны ешкімнің де оңалта алмасы анық. Мен тұрған орнымда қаттым да қалдым. Темекім саусағымның ара­ сынан сусып еденге түсті. Айнада да осы көрініс қайталанды. Бір сәт бір-бірімізге шаршаңқы түрмен қарай қалыстық. Бұғаулап қойғандай, қозғалуға шамам келер емес.

Ақырында айнадағы адам қолын қозғалтты. Ақырын саусақта­ рының ұшымен жағасын түрткілеп, содан кейін жаймен бетін си­ палады... Тап бір құрт-құмырсқа жорғалап бара жатқандай. Мен де оның істегенін істеп, қайталап тұрғанымды байқадым. Өзім жансыз бейнеге айналып кеткендеймін. Былайша айтқанда, ол мені өзіне бағындырып алғысы келді. Соңғы күшімді жинап алдым да, қаттырақ айғай салдым. «У-у-у!» немесе «Ге-ге-ге!» деген сықылды дауыстар шыққандай болды. Бұғауым сәл-пәл босаған сықылды. Сол кезде көп ойланып жатпастан таяғыммен айнаны бір-ақ ұрдым. Шынының сынған даусы естілді. Мен тұра қаштым. Алды-артыма қарамастан жүгіріп келіп, бөлмеме кірдім де, есікті іштен кілттеп алып, төсегіме қойып кеттім. Одеялды басыма дейін қымтап жауып алдым. Бассейннің есігі таң атқанша желден тарс-тұрс етіп тарсылдап тұрды. Иә-иә-жоқ-иә-жоқ-жоқ-жоқ... Сіз бұл оқиғаның немен аяқталғанын шамалап отырсыз ғой деп ойлаймын. Әрине, ешқандай айна болған жоқ. Иә, болған жоқ. Оны ешкім де қабырғаға іліп қойған жоқ. Міне, осындай жайт... Мен елес емес, бар болғаны өзімді-өзім көрген боп шығамын. Сол кезде мені қандай қорқыныш билеп алғанын әлі күнге дейін ұмыта алар емеспін. Айтпақшы, менің үйімде бірде-бір айна жоқ екенін байқаған шығарсыздар? Өзіңнің бет-әлпетіңді көрмей тұрып қырынуға қаншалықты уақыт кететінін білсеңіздер ғой. Сенерсіздер! ЖАСЫЛ ЖАБАЙЫ Күйеуім әдеттегідей жұмысына кетті, мен үйде жалғыз қалдым. Қолым бос болатын. Терезенің алдына отырып алып, істер шаруа бар ма екен дегендей, перделердің арасынан бақшаға үміттене қарай­ мын. Ежелден-ақ жақсы көретін тәрбиеленушім – әрдайым жапжасыл боп тұратын еменге көзім түсті. Біз бірге өстік. Мен онымен до­ сымдай сырласатынмын.

Сол кезде мен еменмен ойша әңгімелесетінмін. Не жайында екені тап қазір есімде жоқ. Тіпті бұның қаншалықты ұзаққа созылғанын да білмеймін. Бақшаға қарасаң, уақыт судың қатты ағысындай ағып жатқанын байқайсың. Қараңғылық түсе бастады. «Ей, ластап тастағанын қарашы!» Жер жаңғыртқан қатты дыбыстан есімді тез жиып алдым. Алғашында ол маған өз денемнен шығып жатқандай көрінді. Бәрі де елес сықылды. Тұла бойым бір жайсыздықты сезінді. Мен дем шығармай, сақтықпен қарай бастадым. Гуіл де күшейе түсті. Оның неге ұқсайтынын да білмеймін. Денем түршігіп, бойымды үрей биледі. Сілейіп қаттым да қалдым. Кенет еменнің түп жағы күптей томпиып, сәлден соң жарылып, екі арасы жайлап ашыла бастады. Ішінен үшкір тырнаққа ұқсаған бірдеңе көрінгендей бол­ ды. Жұдырығым жұмылып, қадала қараймын. Басыма «Қазір бірдеңе болады!» деген ой келді. Тырнақ жерді жігерлілікпен аршып, содан пайда болған іннен жасыл жабайы тырмыса шығып келе жатты. Ол дүр сілкінген кезде жалтылдаған жасыл қабыршағынан то­ пырақ төгілді. Бір ғажабы, танауы ұзын, әмбе қарайған ұштарында жіңішке қылдар тікірейіп-тікірейіп тұр. Көздері адамдікіндей. Мен оның осындай көзқарасынан еріксіз қалтырап кеттім, онда ме­ нікіндей, айталық, сіздікіндей ой ұшқындары менмұндалап тұрған. Жабайы үйге жақындап келіп, тұмсығының ұшымен есікті ты­ қылдатты. «Тук, тук-тук...» Құрғақ тарсыл естілді. Оның көзіне көрін­ бес үшін аяғымның ұшымен басып түпкі бөлмеге өттім. Айғайлаудан түк шықпасы белгілі, маңайда тірі жан жоқ, ал күйеуім кеш келеді. Қашып шығар жасырын есік те жоқ, үйдің бар-жоғы бір-ақ есігі бар, оны жасыл жабайы тықылдатып тұр. Тек үйде ешкім жоқтай тығылып қалу ғана қалды. Мүмкін, ол сонда аптығын басып, басқа жаққа кетіп қалар. Бірақ оның тоқтайтын түрі жоқ. Тұмсығының ұшын тығып жіберіп, ілгешекті ақырын көтеріп қалды. Есік ашы­ лып кетті, ол жай басып ішке кірді. Жылан секілді бөлмелерді зер сала қарап алды да, басын көтеріп, жан-жағына көз салды. «Эх, қазір есіктің жанында тұрып пышақпен тұмсығын түбімен кесіп алар ма еді...» Ас бөлмеде өткір пышақтар жетеді. Бірақ ол мені естіп қойғандай түнеріп: «Б-б-бұның бәрі топастық», – деп қарап

тұр. Таңданарлық сөз! Ол сөздерді әрең таңдап алатын сияқты. «Бұл тұмсық кесірткенің құйрығы сияқты: кессең де, кеспесең де бәрібір өсе береді. Қаншалықты жиірек кесіп тұрса, соншалықты кү-күштірек әрі ұзындау бола бастайды. Сондықтан бәрі де бекер». Қорқынышты көздері алақ-жұлақ етеді. Иә, ол ойыңды оқиды! Бұнысы енді тым артық. Түсініксіз әрі қорқынышты хайуан түгіл, одан зорғыға да миымды ақ­тарт­ қызбаймын. Мені суық тер басты. «Ол шынында не істемек? Әлде өзімен бірге жердің астына алып кете ме? Оңғаны жоқ, бірінен-бірі өтеді...» деп ойладым. Ол түріне қарай алмайтын ұсқынсыз да емес. Ал тырнақты ұзын табандары да назар сала қарасаңыз, тіпті өте сүйкімді. Бір ғажабы, тарпа бас салатындай кескін-кейіпте емес... «Әри-н-не! – деді ол жота-жонын күжірейтіп. Шайқатылған үстел­ дің үстінде тұрған кофе шынысы секілді жасыл қабыршағы жеңіл шыртылдайды. – Мен с-с-сізді жеп қояды деп қалайша ойлайсыз? Жо-а, жемеймін! Сіз не сонша? Мен сізге ештеңе істемеймін. Ондай а-а-айуан емеспін! – Иә, ол менің ойлағанымның бәрін түсініп тұр! – Ей, бикеш! Бибі! Мен мұнда сізге бір ұсыныс жасағалы келдім. Түсінесіз бе? Түпсіз тер-р-рең жер астынан арнайы келдім. Жерді жарып шығу оңай шаруа емес. Міне, бүкіл тырнағымды сыдырып алдым! Егер менде арам ой, арам ой, арам ой болса, мен оны іске асыра алар ма едім? Ал бұнда келгенім, сіз маған ұнайсыз, ұнайсыз. Түпсіз тер-р-рең жер астында да мен сіз туралы ойладым. Бірақ, шыдамның да шегі бар, алқын-жұлқын жеткенім сол. Бәрі де бұл ойым­ нан айнытуға тырысты, ал мен шыдай алмадым. Бар батылдығымды бойыма жиып, тартып отырдым. Сіз «Ах, сен қандай айуансың?! Маған ұсыныс жасауға қалай батылың барды?» деп ойлайтын шығарсыз. А, не, олай емес пе?!» Өзі сондай арсыз жабайы, тағы менің махаббатымды талап етеді! Сол-ақ екен, жыртқыштың түрі түнеріңкі тартты. Оған қоса қа­ быршақтары да күлгін түске өзгерді. Денесі қушиып, жиыры­ ла қалды. Мен қолымды айқастыра, қорқынышпен қадала қарап тұрмын. Мүмкін, оның денесінің түсі мінез-құлқындағы құбылуларға байланысты өзгеріп тұра ма екен? Тасжүрек емес секілді, осындай

қорқынышты түрден лезде-ақ жайма-шуақ кейіпке түседі. Олай бол­ са, жеңіске жетуге үміт бар! «Тағы бір байқап көрейін. Сен ойы бұзық хайуансың!» деп ойладым ішкі даусымды қаттырақ шығарып. «Сен ойы бұзық хайуансың ғой!» деп жүрегім де қаттырақ дүрсілдеп тұрған сияқты. Оның қабыршықтары көз алдымда қызарып шыға келді. Менің жеккөрушілігімді бойына сіңіріп алғандай, оның көзі шарасынан шыға адырайып, одан інжірдің шырынын­ дай жас сорғалады. Қорқыныш сейілді. Сол кезде мен ойға алған жос­парымның қаншалықты жүзеге асатынын байқап көру үшін ең қатыбас көріністі көз алдыма елестеттім. Оны ойша байлап тастап, өткір қысқышпен жасыл қабыршағын бір талдап жұла бастадым, шоқтай қыздырылған пышақты қызғылт түсті жұмсақ балтырына сұққыладым. Мен мұндай көріністерді кезегімен көз алдыма елесте­ те бердім, ал жабайы зар еңіреді, ауырсына айғайлады, соншалықты азап шекті. Шынымен де солай болып жатты... Боялған жас, шұбыр­ ған сілекей, құлақтан шығып жатқан күлгін түсті газ, күптенген көздегі жексұрын көзқарас... «Әй, бикеш! Құдай үшін, өтінемін! Ондай айуандықтар туралы ойламаңызшы! Жалынамын, көз алдыңызға е-еелестете көрмеңізші, – деп қосып қойды жабырқау түрмен. – Мен­ де е-е-ешқандай жаман ой болған емес. Мен ешқандай жамандық істемеймін. Мен сіз туралы жай ғана о-о-ойладым». «Сөйле, сөйле! Менің ауламда кенеттен пайда бола кетіп, ешқандай рұқсатсыз есікті ашып, баса-көктеп үйге кіргенің әзілің бе сонда? Сені мен шақырдым ба екен? Ендеше, қалай болса солай ойлаймын». Соның арасынша басыма тағы да сұмдық көріністер келе қалды. Мен оны қорлауға мүмкін болатын бүкіл амал-тәсілдің бәрін қолданып, денесін түрлі құралдармен кескілеп, жанын әбден қинадым. «Тыңда, хайуан! Сен не, әйелді білмейсің бе?! Ал олай болса, мен саған ойыма не келсе, ойыма не келсе, соны істеймін!» Жауап ретінде жабайының пішіні-бітімі біртіндеп жиырылып, сәулетті тұмсығына дейін жауын құртындай кішірейіп кетті. Жа­ байы еденге бүрісіп жата қалып, еріндерін жыбырлата тағы бірдеңе айтқысы келді. Ұмыт қалған өте маңызды ескі хабарды жеткізгісі келетіндей. Бірақ беті тыржиып, аузы қисайып, қалшиып тұрып

қалды да, біртіндеп ыдырап, жоқ боп кетті. Жабайының кескін-кейпі кешкі жіңішке көлеңкеге айналды. Ауада тек оның тасырайған мұңды көздері ғана салбырап тұрды. «Менімен бұлай әзілдесуге болмайды! Қара, қара, саған енді ештеңе көмектесе алмайды. Сен ештеңе айта алмайсың. Сен ештеңе істей алмайсың. Сенің осымен шипаң бітті!» Қас қаққанша болмай, бәрі де көз алдымнан ғайып болды. Түн қараңғылығымен қосылып, бөлмеде меңіреу тыныштық орнады. ОТЫЗ ЕКІ ЖАС Мен отыз екідемін, ол он сегізде... Қалай ойлайсыз, көңілге қо­ нымды ма? Мен бар-жоғы отыз екідемін, ал ол он сегізге толып қойған. Осы­ лай айтсақ, дұрысырақ болар. Біз көңіл қосып жүрміз десек те болады. Артық та, кем де емес. Менің әйелім, оның алты жігіті бар. Ол олармен жай күндері, ал менімен айына бір рет – демалыс күні кездеседі. Қалған демалыс күндерін көбіне-көп үйіндегі теледидардың алдында өткізеді. Теледи­ дар көріп отырғанда итбалыққа ұқсайды. Сондай сүйкімді. Ол 1963 жылы – дәл сол президент Кеннедиді атқан жылы дү­ ниеге келген. Мен сонда тұңғыш рет қызбен кездесуге барған едім. Біз қандай әнді беріле тыңдап едік? Клифф Ричардтың «Жазғы канику­ лы» ғой деймін. Ал бірақ қандай айырмасы бар?.. Солай ма, әлде басқаша ма, әйтеуір, ол жарық дүние есігін ашқан жыл болатын. Әрине, ол кезде мен 1963 жылы туған қызбен күн­ дердің күнінде кездесіп жүремін деп ойлаған жоқпын. Тіпті әлі күнге дейін таңғаламын. Айдың арғы жағына шылым шегуге шыққандай сезімде боламын. Менің айналамдағы таныстарыма жас қызбен кездесу онша қызық еместей көрінеді. Соған қарамастан көпшілігі олармен кез­ деседі. Көңілділерін тауып алған шығар деп ойларсыздар. Тіпті де олай емес. Олар сол іш пыстыратындай қылықтарымен-ақ өздеріне

тартып тұрады. Еркектер ғажап ойын ойнайды – шелектеп құйса да өздерінің көңілдес қыздарына бір тамшы тамбайтындай көңілсіздікке шо­мылады, содан өздері ләззат алады. Сайып келгенде, маған солай көрінеді. Шынында да, он қыздың тоғызы – жабырқаңқы, қамығыңқы. Бірақ оны олардың өздері де байқай бермейді. Жас, әдемі, көп нәрсеге әуес... «Қайдағы зерігу? Бұл біз жайында емес» деп ойлайды олар. О-хо-хо... Мен қыздарға ешқандай кінә тақпаймын және оларға деген көзқарасым да дұрыс. Керісінше, мен оларды жақсы көремін. Олар менің жалғыз жасушалы жас шағымды еске салады. Міне, бұл... қалай айтсам екен... тамаша емес пе?!. – Тыңдашы! Сен он сегіз жасыңның қайта айналып келгенін қалайсың ба? – деп сұрайды ол менен. – Жоқ, – деп жауап бердім мен. – Қаламас ем. Ол түсініңкіремей тұрған сыңайлы. – Шынымен қаламайсың ба? – Әрине. – Ә, неге? – Маған былай да жақсы. Үстелге шынтағын қойып, алақанымен жағын тірей отырды да, кофесін қасығымен араластырды. – Біртүрлі сенгім келмейді. – Ал, сен сен. – Жас болған жақсы емес пе? – Бәлки, солай да болар. – Ендеше, онсыз да жақсы деп неге айтасың? – Бір реткі жетеді. – Ал маған жетпейді. – Сен бар-жоғы он сегізде емессің бе? – Хм-м... Мен даяшы қызды тоқтатып, одан тағы екі сыра әкелуін өтіндім. Жаңбыр жауып тұр, терезеден Иокогам порты менмұндалайды. – Сен он сегізге толғанда не жайында ойлап ең? 11-298

– Қызбен бір жатсам деуші едім. – Ал тағы? – Болды. Ол жұтына мырс етті. – Қалай енді? Бірдеңе шығара алдың ба? – Әр кезде әрқалай. Әрине, көп жағдайда дегеніме жете алмадым. – Дегенмен, нешеуімен жаттың? – Санаған емеспін. – Қалайша? – Ықыласым болған жоқ. – Егер мен еркек болсам, санар едім. Оның өзі бір ғанибет емес пе? Кейде он сегіз жасар кезіме қайта оралсам жаман болмас еді-ау де­ ген де ой келеді. Онда мен бірінші кезекте не істер едім? Тіпті елестете де алмаймын. Мүмкін, отыз екі жастағы көз тартарлық келіншекпен кездесіп жүрер ме едім? Егер олай болса... тіптен де жаман емес. Мен одан сұрар едім: – Сен он сегіз жасар қыз кезіңе қайта оралуды қалар ма едің? – Хм-м. Жоқ, сірә, – деп ойлана жымиып жауап берер еді ол. – Шын айтасың ба? – Иә. – Түсінбеймін, – деп таңғалар едім мен. – Елдің бәрі жас болған жақсы дейді ғой. – Солайы солай ғой. – Онда сен неге қашасың? – Сен нешеде болсаң, дәл қазір мен де соншадамын. Түсінесің бе? Міне, мен отыз екідемін. Міне, кежегемнің кейін тартып тұра­ тындығынан жүгіруге уақыт таба алмай жүргеніме бір апта болды, қарным шығып барады. Он сегізді енді қайтып оралта алмайсың. Одан ешқайда қашып та құтыла алмайсың. Таңертеңгі жүгірістен соң банкідегі жеміс шырынын ішемін. Содан соң креслоға жайғасып алып, битловтық «Daу trіpper»-ді қоямын. – Da-а-ау trіpper...

Бұл әнді тыңдап отырып, өзімді пойызда келе жатқандай сезіне­ мін. Терезеден телеграф бағаналары, стансалар, туннелдер, көпірлер жалт-жұлт етеді, сиырлар, жылқылар, зауыт құбырлары, тағысын -тағылар... қас қағым сәтте зу етіп өте шығады. Қай жаққа барсаңыз да сол бір көрініс. Бұрын табиғат көріністері көріктірек болған-ау, сірә?!. Тек көрші креслода жол-жөнекей мінгендер ғана ауысып жатыр. Ана жолы онда он сегіз жасар қыз отырған. Менің орным терезенің жанында, онікі – адамдар әрлі-берлі өтіп жатқан бүйірде. – Келіңіз, орын ауыстырайық! – деп ұсыныс жасадым. – Рахмет, – деді ол. – Өте ізетті адам екенсіз. Бұған ізеттіліктің ешқандай қатысы жоқ. Өзімді өзім табалай, миығымнан мырс еттім. Жай ғана іш пыстырмаудың қамы ғой. Отыз екі жастағы daу trіpper, телеграфтық бағаналарды санап әбден мезі болған мазасыз жан. ЗОМБИ Ол екеуі зиратты жағалай жолмен келе жатыр. Түн ортасы. Тұман басқан. Олар дәл осы уақытта бұл жерден жүруге мүлде ынтық бола қойған жоқ. Бірақ әр түрлі себептерге байланысты жүруге тура келді. Олар қол ұстасқан күйлері асыға адымдап бара жатты. – Тура Майкл Джэксонның клипіндегі сияқты, – деп байқағыш­ тық танытты қыз. – Иә! Тек табыттың ішінде қимылдау ғана қалды, – деп іліп әкетті жігіт. Дәл осы кезде тап бір ауыр қозғалатын бірдеңе ақырын жылжып келе жатқандай сықыр естілді. Олар үн-түнсіз тұра қалып, бір-біріне қарасты. Жігіт күлімсіреп: – Қорықпа! Бәлки, бұл желден тербеліп тұрған бұтақтардың сыб­ дыры шығар, – деді. Бірақ жел жоқ еді. Қыз күрсініп, жан-жағына көз салды. Қазір бір жағымсыз жайға тап болатындай, жаман бір сезім елесі пайда болды.

Зомби?! Бірақ ештеңе көрінер емес. Бұл түні өлгендер қайта тірілуді ойла­ маса керек. Олар әрмен қарай жүре берді. Оның бет-әлпетінен қыздың көңіліне келетін ауыр сөздер айтып тұрғандай сыңай танылды. – Сенің жүрісің қалай өзі? – деп сұрады ол күтпеген жерден. – Менің? – деп таңғалды қыз. – Не, жаман ба? – Өте жаман. – Шын ба? – Маймақсың. Қыз ернін тістеп алды. «Иә, аздап қисық екені рас. Тіпті аяқ киімімнің табаны да екі жақ бүйірінен қажалады. Бірақ соншалық­ ты әдейілеп назар салатындай емес қой». Десе де жақ ашпады. Өйткені жігіт өзін қалай жақсы көрсе, бұл да оны солай сүйетін. Олар бір айдан кейін үйленбек, сондықтан болма­ шы нәрсеге бола керіскісі келмеді. – Иә, менің аяғым аздап қисық. Ал онда тұрған не бар? – Жай әншейін, бұрын менде аяғы қисық қыздар болған емес. – А-а... – Қыз абыржи күлімсіреді... «Мүмкін, ол ішіп алған шығар. Жо-жоқ, ол бүгін ішкен жоқ сияқты». – Ал тағы сенің құлағыңда бақандай үш мең бар! – Қойшы әрі! – Қыз айғайлап жіберді. – Қайсысында? – Оң жақ... Тура құлақтың ішінде. Біртүрлі қораштау! – Саған мең ұнамай ма? – Сен мең ұнайтын бір адамды тауып берші. Мең кімге ұнаушы еді? Мен де қораш меңдерді жек көремін. Қыз тағы... тағы ернін қаттырақ тістеп алды. – Айтпақшы, кейде сенің қолтығыңнан сасық иіс шығып тұра­ ды, – деп сөзін жалғастырды жігіт. – Бұл менің бұрыннан жынымды қоздыратын. Егер біз жазда таныссақ, дәл қазір кездесе қоюымыз екіталай еді. Қыз ауыр күрсініп, оның қолын төмен түсірді. – Саған не болған? Меніңше, сен басы артық әңгіме айтып тұрған сияқтысың. Өзіңді ешқашан бұлай...

– Тіпті сенің кофтаңның да жағасы кір-кір. Міне, солай. Бәрі өзіңнен. Қандай салақсың?! Тиянақтап ештеңе істей алмайсың! Қыз үнсіз қалды. Ол бір ауыз сөз айта алмастай ызаға булықты. – Тыңдап тұрсың ба? Мен саған көп нәрсе айтқым келеді. Маймақтығың, қолтығыңның сасықтығы, жағаңның кірлігі, құлағыңдағы меңдер... – бұлар бастамасы ғана. Ал, міне, тағы! Сен неге құлағыңа жараспайтын сырға тағасың? Біртүрлі жәлап сияқты көрінесің. Жоқ, жәлап та ондай болмайды. Ақыры ілген екенсің, мұрныңа бірден сақина салып алмайсың ба?! Ол сенің алқымыңа да дәл келеді. Міне, алқым, енді есіме түсті. Сенің шешеңнің алқымы тура шошқанікіндей. Қорсылдайтын жуан шошқанікіндей. Жиыр­ма жыл өткеннен кейін сен де дәл сондай боласың! Себебі сен шешең сияқты тамаққа тоймайсың, шошқадай жалмап-жұта бересің. Тап бір аштық аймағынан келген сықылды. Ал сенің әкең әріпті де дұрыстап түсіре алмайды. Жақында біздің әкейге хат жазыпты, күлкіден жарылып өліп қала жаздадық. Жазуы ту­ ралы мүлде жақ ашпай-ақ қояйын. Ол бастауыш мектепті де бітіре алмаған шығар... Ал үйің ескі, құлағалы тұр. Жанармай құйып, өртеп жіберу керек қой ондай үйді. Көк жалынға орансын. Міне, солай! – Егер мен саған ұнамасам, несіне үйленейік дейсің? Ол бірден жауап берген жоқ, тек: – Шошқа! – деп ақырып жіберді. – Ал сендегінің бәрі осындай. Мен бұған бұрыннан көніп келе жатырмын. Бірақ бәрі де созылмалы ар­ зан резеңке секілді. Осы күйіңде сені алғанымша, өлгенім артық. Қандай өлім болса да, түкіргенім бар. Бұлай масқара болғанша, қазір-ақ өле салу керек қой. Қыз сасқалақтай оның жанына жақындады: – Сенің бұлай деуге қалай?.. Дәл осы кезде ол кенеттен басын ұстай алды. Бет-аузын ты­ жырайтып, құрысып-тырыса жүресінен отыра қалды. Самайын тырнақтарымен тырналай бастады. – Жаныма батып барады, – деп зар қақты ол. – Басым шағып әке­ тіп барады... Жоқ, мен шыдай алар емеспін... Кім біліпті?.. – Саған не болды? – Қыз еріксіз тіл қатты.

– Ке, өзің көрмей тұрсың ба? Мен бұдан әрі төзе алар емеспін! Те­ рім күйіп қалғандай бырысып барады. Қыз оның жүзіне қолын тигізіп көріп еді, жанып тұр екен. Бетін сүртпек болып еді, терісі сыдырғандай сыпырылып түсті. Жұмсақ қызыл еті көрінгендей болды. Қыз аһ ұра артқа қарай серпілді. Ал ол зәрлі мысқылмен күлімсірей орнынан тұрып, бетіндегі терінің қалған қалдықтарын жұла бастады. Көз қарашықтары салбы­ рап, мұрны қарайған екі тесікке айналды. Еріндері мүлдем жоғалып, тістері қорқынышты жымиыспен ақсиып кетті. – Мен сені күндердің бір күні шошқа секілді жеу үшін осы уақытқа дейін жаныңда болдым. Сен өзіңді басқа біреуге басқадай керекпін деп ойлайсың ба? Әлде тіпті бұны да түсіне алмайсың ба? Сен ақымақсың. Сен ақымақсың. Сен ақымақсың! Хе-хе-хе!.. Бір кесек қызыл ет қыздың артынан қуа жөнелді. Ол барын сала жүгірді. Бірақ қызыл еттен қашып құтыла алмады. Зираттардың аяқ жағында оның кофтасының жағасынан бір жылбысқы қол ұстай алды. Ол зәресі ұша айқай салды. ...Оны жігіт құшақтап жатқан. Таңдайы құрғап қалыпты, су ішкісі келді. Жігіт оған күлімсірей қарады: – Не болды саған? Жайсыз бірдеңе?.. Қыз басын көтеріп, жан-жағына қарады. Өзеннің жағасында ор­ наласқан қонақ үйдің бір бөлмесіндегі төсекте екеуі ғана жатыр. – Бр-р-р... – Қыз басын шайқады. – Мен айғайладым ба? – Жағымсыз дауыспен, – деді жігіт күлімсіреп. – Зар еңіреп жыла­ дың ба-ау... Бүкіл қонақ үй естіген шығар. Әйтеуір, кісі өлтіріп жатыр екен деп ойламаса болғаны. – Кешір, – деп қыз кешірім сұрады. – Жарайды. Хал-жайың?.. Не, қорқынышты түс көрдің бе? – Сен тіпті елестете де алмайсың! – Айтсаңшы енді. – Айтқым келмейді, – деп келте қайырды қыз. – Біреуге айтқаның дұрыс. Жылдам жеңілдеп қаласың, әйтпесе қорқыныштан қалтырап жүретін боласың.

– Мейлі. Қазір ештеңе айтқым келмейді. Олар үнсіз қалды. Жігіт қызды қайтадан аймалай бастады. Алыста бақалар бақылдайды. Оның жүрегі ақырын ырғақпен соғып тұр. – Қымбаттым, – деді қыз бірдеңе есіне түскендей, – айтшы... – Не? – Айтпақшы, менің құлағымда мең бар ма? – Мең? – деп қайыра сұрады жігіт. – Ана оң құлағыңдағы біртүрлі көрінетін пәле ме? Қыз көзін жұмды. Шым-шытырық шырғалаң жалғасуда... СӘУІРДІҢ ТАҢҒАЖАЙЫП ТАҢЫНДА КЕЗІККЕН ПЕРІШТЕ ҚЫЗ Сәуірдің бір таңғажайып таңында Харадзюкудің жіңішке кө­ шелерінің бірінде мен періште қызбен кездестім. Оны өте әдемі деп те айтуға болмас, киімі де қарапайым, ерек­ шелеп тұратын ештеңесі де жоқ. Шашы да желкесінде үрпиіп тұр, ұйқыдан жаңа тұрғандай мең-зең күйде. Жас шамасы отызға таяп қалған. Солай бола тұра, елу метр қалғанда-ақ бірден түсіндім: бұл қыз – толық мен үшін жаратылған. Оны көрген бетте-ақ жүрегім қалыптан тыс шаншып қоя берді, ал таңдайым шөл далада жүргендей құрғап кетті. Мүмкін, сізге сирағы жіңішке, көзі үлкен, сүйріктей әдемі саусақты қыздар ұнайтын шығар. Бәлкім, тамақ жегенде баппен шайнайтын­ дарды жақсы көрерсіз. Әрине, менің де өз таңдауым бар. Мәселен, мейрамханада кенеттен көрші үстелде отырған қыздың мұрны ұнап қалса, оған тесірейе қарап қалуым бек мүмкін. Десе де, барлық жағынан періштедей мінсіз қыздың қандай бо­ латынын ешкім де анықтап бере алмас. Ол қандай болуы тиіс? Мен тіпті сол бір таңертеңгілікте көрген мұрын туралы ештеңе де айта алмаймын. Не айтуға болады: ол онда болды ма екен өзі, есімде жоқ. Тек қазір бір-ақ нәрсені ғана айта аламын: оның сұлу емес екені анық. Осының бәрі біртүрлі түсініксіз.

Содан соң мен біреуге көшеден жүз пайыздық қызды кез­
дестіргенімді айтамын.

– Шын айтасың ба? – дер ол. – Әдемі ме?

– Олай деуге де келмес, тек...

– Онда сенің талғамыңдағыдай болғаны ғой?

– Тіпті білмеймін. Ол туралы ештеңе есімде жоқ. Көзі қандай,

омырауы қандай, үлкен бе, әлде кішкентай ма?

– Шынымды айтсам, мен сені түсіне алар емеспін.

– Мен өзім түсінбеймін.

– Сонымен сен не істедің? – деп сұрайды ол немқұрайлылау. –

Сөйлестің бе? Бірге бардың ба?

– Түк те істемедім, – деп жауап беремін. – Екеуміз екі жаққа кете

бардық, болды.
Ол батысқа, мен шығысқа бет алдым. Ал таңғы уақыт тіптен тама­
ша еді.
Онымен сөйлесу керек еді. Жарты сағат болса да. Танысып-білісуім

керек еді. 1981 жылғы сәуір айының таңғажайып таңындағы Ха­
радзюку бұрышында кездестірген тағдырдың талайы туралы сыр
шертісу керек еді. Жер бетінде бейбітшілік салтанат құрып тұрған
кезде шеберлердің қолымен жасалған ескі механизмдегідей бұнда

көптеген қымбат құпиялардың сақталып жатқаны шүбәсіз.
Біз сөйлесе жүріп, бір жерге түскі ас ішуге кіріп, Вуди Алленнің
фильмін көрер едік. Содан кейін буфет үстелшесінде отырып коктейл
ішу үшін жол бойындағы мейманханаға көз қадар едік. Ісім оңға ба­

сып бара жатса... төсектес те болар едік.
«Бәрі болуы мүмкін» деп соғады жүрегім.
Біздің арамызда он бес метр қалған еді. Онымен қалай сөйлесу ке­
рек? Неден бастау керек?

«Сәлеметсіз бе? Сіз маған жарты сағат уақытыңызды бөлмес пе
екенсіз?»
Ақымақтық! Тура сақтандыру агенті сияқты, шын сөзім.
Бұл да жарамайды. Менде тіпті кір киімдер салынған қапшық та

жоқ қой...

Әлде ойымдағыны сол күйінше лақ еткізіп ақтара салсам ба екен: «Сәлем. Айтайын дегенім, сен менің көңілімнен толықтай шығасың». Жоқ, оның менің сөзіме сене қоюы қиын. Тіпті сенген күнде де, сөйлесе қояр ма екен? «Мүмкін, мен сенің көңіліңнен толық шыға­ тын шығармын, ал сен шықпайсың» десе ше? Сонда не болмақ? Бұл маған ауыр соққы болып тимей ме? Мен отыз екіге келдім. Ендеше, қарттыққа қарай жол тартып барамын. Біз гүл сататын дүкеннің жанында қатарластық. Мен бір жылы­ лықты сезінгендей болдым. Сулы тас жолдан раушан гүлінің иісі шығады. Неліктен екенін білмеймін, бір ауыз тіл қата алар емеспін. Ол үстіне ақ жемпір киген, оң қолында әлі марка жапсырылмаған ақ конверт бар. Біреуге хат жазған болуы керек. Түрі ұйқылыояудай әбіржіп кеткен, түні бойы хат жазумен отырған сияқты. Бұл конвертте оның бар құпия-сыры жатқандай. Таяқ тастамдай өтіп барып артыма бұрылсам, ол көпшіліктің ара­ сына кіріп, көрінбей кетіпті. * * * Оған сол кезде не айту керек еді, әрине, қазір оны жақсы білемін. Бірақ онда оқиға тым ұзаққа созылып кетіп, оны түсінікті етіп баян­ дап беруім де неғайбыл болар еді. Менің басыма әркез іске асуы қиын ойлар келеді. Солай болсын-болмасын, мен «Ерте, ерте, ертеде» деп бастап, «Шынымен де мұңды оқиға, ә?» деп аяқтар едім. * * * Ертеректе жігіт пен қыз өмір сүріпті. Жігіттің жасы он сегізде, қыз он алтыда. Жігіт жай ғана сүйкімділеу, қыз да асқан сұлу емес. Кез кел­ ген жерден кезігер кәдімгі жастар. Тек екеуі де жалғыз. Есесіне жер бетінде өздерінің көңілдерінен толық шығатын жігіт пен қыздың бар екенін жақсы біледі. Бір күні олар кенеттен көшеде кездесті. – Қандай ғажап?! – деді ол. – Мен сені қанша іздедім. Сенбейсің ғой, бірақ сен менің періштедей қалауымсың!

– Ал сен менің... Мен сені дәл осылай елестеттім. Түстегідей болды. Жігіт пен қыз саябақтағы орындыққа отырып, ұзақ-ұзақ сөйлесті. Олар одан кейін жалғызсыраған жоқ. Неткен тамаша?! Десе де, олардың миларында құртақандай жегі құрты қозғалатын сияқты: арманыңның дәл осылай жай әншейін орындала салуы жақсы ма? Әңгіме бір сәтке үзілді де, жігіт былай деді: – Азырақ тексеріс жасап көрелік. Егер біз бір-бірімізді шын мәнінде жақсы көрсек, онда өз уақытында міндетті түрде қайда болса да кездесеміз. Шынында да солай болатынына көзіміз жетсе, бірден үйленеміз. Осыған келісесің бе? – Келісемін, – деп жауап берді қыз. Олар екіге айырылды. Шындығын айтқанда, бұл тексерістің ешқандай қажеті жоқ бола­ тын, өйткені екеуінің арасында шынайы махаббат болған еді. Бірақ тағдыр оларды ащы әзілмен әуре-сарсаңға салды. Қыста екеуі де қатты ауырып қалды – сол жылы жалп еткізер жа­ ман тұмаудың айдарынан жел есіп тұрған еді. Бірнеше аптаға созыл­ ған өмір мен өлімнің екі ортасындағы жанталас ақыры ғашықтар­ дың өткендерін таза ұмыттырып жіберді. Олар өздеріне-өздері келіп, көздерін ашқанда, Д.Г. Лауренстің жастық жылдарындағы тиын салғышындай, бастары бос қалған еді. Олар ақыл мен шыдамды орнымен пайдаланғысы келді. Жігіт пен қыз бар-күш жігерлерін білім алуға жұмсап, өздеріндегі жаңа сезімдерді жетілдіріп, қайтадан қоғамның толыққанды мүшесіне айналды. Метрода жүруді, бандероль мен хат салуды үйренді. Тіпті махаббаттың да жетпіс бес, болмаса сексен бес пайыздық дәмін тат­ ты. Уақыт таңғаларлықтай жылдамдықпен өтіп жатты: жақында жігіт отыз екіге, қыз отызға толады. Міне, бірде жігіт сәуірдің таңғажайып таңында Харадзюку бойы­ мен бір жерден бір шыны кофе ішу үшін батыстан шығысқа қарай адымдап бара жатты. Ал қыз хатқа жапсыратын марка алу үшін сол көшемен шығыстан батысқа қарай келе жатты. Олар көшенің дәл ор­

тасында кездесті, қас қағым сәтте-ақ екі жүректе жоғалған көмескі сәуле жылт ете түскендей болды. «О, мынау менің періштедей қызым ғой!» «Мынау сол ғой, менің сері жігітім!» Бірақ сәуле тым көмескі көрінді, ал олардың ойлары осыдан он төрт жыл бұрынғыдай таза һәм тұнық емес еді. Екеуі бір-біріне бір ауыз сөз айтпастан екі жаққа кете барды. Көпшіліктің арасына кіріп жоқ боп кетті. Мәңгілікке. Шынымен мұңды оқиға ғой, ә?.. * * * Міне, қызға не айту керек еді?!

Әзиз НЕСИН

МЕН АТАТҮРІКПЕН ӘҢГІМЕЛЕСТІМ

Әзиз НЕСИН (1915-1995) – көрнекті түрік жазушысы, дра­
матург, публицист. Отыздан аса сатиралық және әзіл-сықақ
әңгімелер жинағының, «Бір елде» (1958) және «Хоптириндарға»
(1960) атты ертегілер жинағының, сегіз романның, соның

ішінде «Футбол патшасы» және «Солай болған, енді олай бол­
майды» атты романдардың, алты пьесаның авторы.
* * *
Содан бері де жиырма жыл өтті. Біз екі жүз адам едік, екі жүз жас

лейтенант.
Күн сайын таңертең Мачкадағы әскери мектептің ескілеу казарма­
сынан екі жүз жастың айғай-шуы естіліп тұратын.
Кенет бәрі тым-тырыс бола қалды. Бұрын-соңды болып көрме­

ген, құлақ естімеген тыныштық орнады. Тіпті сағаттың өзі тоқтап
қалғандай көрінді.

– Не боп қалды?

– Не боп жатыр?

Құлаққа мазасызданған сыбыр жетті:

– Ататүрік қайтыс болды...

Дыбыстар, көзқарастар, сезімдер, уақыт, жер – бәрі де мелшие
қалған.

– Парадтық киімдеріңді киіңдер! – деп бұйрық берді капитан

Чийдемоғлы. – Біздің екі курсантымыз Ататүріктің табытын күзетуге
Долмабахче сарайына барады.

Менің құрметті күзет орына бару кезегім – түн жарымынан кейін. Алдыда капитан, артта біз – екі лейтенант. Жарты сағат тапжыл­ мастан Ататүрік табытының қасында тұрамыз. Шырақтың жарығы оның жүзіне түсіп, капитанның қылышына отша шашырайды. Біз Ататүріктің мәйітін қарауылдау үшін қалшиып тұрған жоқпыз, біз Төңкерісті күзетудеміз. Ол оны жеңіп алып, бізге қалдырды және жаны жай тапқандай ұйықтап жатыр, өйткені бізге сенеді. Шырақ­ тың жалыны болат қылышта біресе алаулап, біресе сөнеді. * * * Жиырма жыл өтті. Сонда менің тамағымды жыбырлатып, көзіме жас тұндырған сол қайғы кеше еңіретіп қайта жылатты... Ататүріктің алдында қайыра тұрдым. Мен 1938 жылдың 10 қарашасына қайтып оралдым. Бірақ, мен не, сонда қазір қарауылдамын ба? Біз қарауылда тұрмыз ба? Біз күзеткен сол жеңістің жемісі қайда? Жан-жағымнан тұман тұмшалап, қоюлана һәм қараңғылана түсті. Тіпті шырақтың жарығынан да ештеңе көрінбейді. – Әке, мен сені көріп тұрған жоқпын... – деймін мен. – Егер сіз менің ойларым мен көзқарасыма қосылсаңыз және түсінсеңіз, ең маңыздысы сол, – деген дауыс келеді құлағыма. Оның дауысы. – Түсінеміз, әке, бірақ біз оларды айта алмаймыз ғой. – Егер біз өз ісіміздің тазалығына және сөзіміздің ісімізден алшақ еместігіне сенімді болсақ, онда ол туралы бұлталақсыз, ашық та айқын айтуға тиіспіз. – Біз өз ісіміздің дұрыстығына сенеміз. Бірақ қорқамыз. Біз, зиялы­ лар, үрейшіл болып алдық, бәрінен қорқамыз. – Шындықты айтудан қорықпаңдар! – Бірақ біз шындықтан қорқамыз... Сондықтан ежелден-ақ алдауға дайын тұрамыз, өзімізді адасуға мәжбүр етеміз. – Біз жағдайды ескере отырып шешім қабылдап, ащы да болса, шындықтың көзіне қорықпай-ақ тура қарауымыз керек. Бізге өзімізді және бір-бірімізді алдаудың қажеті жоқ.

– Шындық бізде белгілі бір формада ғана бар. Қалай қабыл­ данғанындай емес, басқаша ойлайтындар оған күдік-күмәнмен қарайды. – Әрбір тұлға жалпы ұлтқа не керек екенін өзі зерделеуі керек. – Бізге кеңес берсеңіз, елдегі шетін мәселелерді қалай шешіп, қиындықтан қалай шығуға болады? – Проблемаларды кездейсоқ оқиғаларға байланысты қарастыр­ май, олардың мәніне тереңірек үңілу керек. – Егер бізге оған байланысты өз ойымызды ашық айтқызбаса ше? – Ойды күштеп, зорлық-зомбылықпен, пушка немесе винтовка­ мен басып тастауға болмайды. – Бірақ, ол үшін алдымен баспасөз бостандығы керек қой. – Баспасөз – ұлттың үні. Баспасөз тәуелсіз күш, мектеп, жетекші болып табылады. Ол қажетті идеялық азық береді, ұлттың сауатын ашып, қай бағыттағы даму жолына түсуі керектігін көрсетіп отырады. Қысқаша айтқанда, ол бақытқа бастар жол салады. – Біз «дамымаған ұлт» деген аттан арылуға барынша күш салуда­ мыз, бірақ онымыздан ештеңе шығар емес. – Ұлттың тек қана кейінге ысыруға болмайтын қажеттіліктерін қанағаттандыру бағытындағы реформалар дұрыс жүргізіліп жатқан жоқ және ең бастыларын айналып өтіп, жеке мәселелерді ғана шешеді. – Ал сізде қандай бағдарлама болып еді? – Халық, шаруалар маған жұмыс бағдарламасын өздері ұсынды: жол және мектеп. – Әке, түрік халқының жетпіз пайызы дерлік сауатсыз. – Ойланыңыз, біздің әлеуметтік ұжымның сауаттылық пайызы қалай төмен? Ал қазіргі қоғамның негізгі элементі – шаруалар сауат­ сыз. Бұл масқара ғой! Өзін адам санайтындардың бәріне ортақ, жал­ пы ұлтымыз үшін масқаралық емес пе?! Бірақ біз бұл масқаралықтан құтылып шығамыз. Бұл қателікті түзету үшін әрбір азамат атсалысуы керек. – Бізде мектеп аз. Оқытушылар қажетті нәрселерге зәру. Олар жетіспейді, мектептер жабылып жатыр.

– Мектептегі оқуды біздің елдің балаларын оқытуды өзінің ісі, өзі­ нің борышы санайтын сыйлы және білікті мұғалімдермен қамтама­ сыз ете алатын сенімді қолға тапсыру керек. Сондай-ақ, оқытушы мамандығының абырой-беделін арттырып, қажеттіліктерін өтеп, басқа да құрметті мамандықтардың адамдарымен теңестіру қажет. – Біздің оқу-ағарту жүйеміз қалай болуы керек? – Көптен бергі еліміздің қожасы және біздің қоғамның негізгі элементі – шаруалар, бүгінгі күнге дейін оқу-білімге жолдары жа­ былған сол бәз-баяғы шаруалар болып табылады. Сондықтан біздің оқу-ағарту бағытындағы саясатымыздың негізі наданықты жою болмақ. Біздің осы мақсаттағы жетістігіміз оқу-ағарту тарихындағы осындай қасиетті кезеңдерден құралмақ. – Керітартпалар күннен-күнге құлашын кеңге жайып барады. Қолдарына сіздің кезіңізде тыйым салынған басылымдар мен жа­ рияланымдарды ұстап жүреді. – Төңкеріс кезіндегі тегеуріннен ескі тәртіптің жақтастары жасырынуға мәжбүр болды, ал олардың ықпалы әлсірей бастағанда қайтадан бой көтеріп, төңкерістің негізін және оның жақсы ұмтылыстары мен қасиетті идеалдарын талқыға салу үшін оңтайлы сәтті күтеді. – Саяси қайраткерлер сайлаушылардың дауысын жинау үшін керітартпаларға барған сайын көзжұмарлықпен қарай бастады. Әкей, бұл біздің жанымызды тозақтағыдай қинайды. – Керітартпалық ой-пікірді қорғайтындар белгілі бір деңгейге иек арттық деп ойлайды, бірақ бұл – қиялдағы ойын. Кім біздің прогресс­ тің жолына тосқауыл қояр болса, біз солармен батыл күресеміз және әрі қарай қадам баса береміз. Біздің жаңару жолында тоқтап қалғы­мыз келмейді. Әлем қарыштап алға жылжып барады. Біз бұл қозғалыстың жағында қалай тұра аламыз? – Жоқ, тұра алмаймыз. Кейбір саясаткерлер «Демократия – бұл көпшіліктің қалауы» дейді де, осыны көз қылып, керітартпа сөздерімен жетпіс пайызы сауатсыз халықты арандатып, төңкерістің күшін әлсірете түспек.

– Ақиқатты тани алатындардың барлығы дерлік бірде-бір төң­ керістің көпшіліктің бір ғана шешімімен жасалмайтынын біледі. Ерекше маңызды мәселе туралы азиаттық көнгіштік пен әдеттер­ ге бой үйреткен халықтың пікірін сұрау тіпті де қажет емес. Себебі олар құрғақ уәдені үйіп-төккіш қара ниетті монапалистік күштердің ықпалында кетуі әбден мүмкін. – Әкей, сіз «қоғамның негізгі элементі» деп атаған шаруалардың жағдайын жақсарту үшін не істеуіміз керек? – Ең бастысы, елде жері жоқ шаруа болмауы керек. Ірі жер иелері­ нің үлесін шектеп, жер учаскелерін ел аймақтарындағы тұрғылықты халықтың жиілігіне және жердің құнарлылығына байланысты ке­ дейлер ортасына тең бөлу керек. – Әкей, бізге Түркияны қазіргі алдыңғы қатарлы елдердің дең­ гейіне көтеру үшін не керек? Шетелдік капитал ма? Біздің жастар­ ды Еуропа елдерінде оқыту керек пе, жоқ әлде, шетелден мамандар шақыру керек пе? – Біз ештеңені қажетсінбейміз деп ашық айтуымызға болады. Бізге тек бір-ақ нәрсе – еңбексүйгіштік қана жетпейді!.. Егер біз әлеуметтік бақытсыздығымызды зерделейтін болсақ, бұдан ауыр­ лау сырқатты таппайсыз. Және, біріншіден, бұл сырқаттан құтылу үшін не істеуіміз керек? Ұлтты еңбексүйгіштікке тәрбиелеу керек. Кім ерінбей еңбек етсе, бақыт пен молшылық соның қолында. – Әкей, үмітімізді неге және кімге артуға болады? – Екі Мұстафа Кемал бар. Біреуі – мына мен, ажалды Мұстафа Кемал; екіншісі – өзім өкілі боп саналатын ұлттың идеалы боп өмір сүретін Мұстафа Кемал. Мен елімізге қауіп төнген кезде қоғамдық аренаға шықтым, мені түрік анасы туған. Енді түрік аналары сондай Кемалдар тумайды дейсіз бе? Білесіз бе, жеңіс менікі емес, ұлттікі. Ендеше, үмітті өзіңнің күшіңе артуың керек. * * * Шырақ сөніп қалды. Айналаны қараңғылық басты. Жиырма жыл бұрынғыдай, көңілім сеңдей бұзылып, көзіме жас іркілді.

Уильям САРОЯН

АШЫҚҚАНДАР

Уильям САРОЯН – белгілі американдық жазушы. Ұлты – ар­
мян. 1908 жылы 31 тамызда Калифорния штатындағы Фресно
қаласында армян эмигрантының отбасында дүниеге келген.
Еңбек жолын хат тасушы болып бастаған. Ешкім де оны

атағы алысқа кетер жазушы болады деп ойлаған жоқ. Тіпті
ата-анасы да. Өзі де өзіне тым сенімді емес еді. Дегенмен,
бойындағы жазу-сызуға деген қабілет-қарым, бұла талант пен
ерен еңбекқорлық оны үлкен әдебиетке алып келді. Өзінің өлмес-

өшпес туындыларының арқасында лайықты бағасын алып,
әдебиет әлеміндегі орнын еншілеп, мәңгі сөнбес жарық жұлдыз­
ға айналды.
Жазушының кейіпкерлері қашанда бақыттың бал дәмін та­

тып үлгермеген, өмірде жолдары бола қоймаған қарапайым­
ғана адамдар болғаны белгілі. Оның қаламынан мыңнан
аса әң­гіме, он екі пьеса, онға тарта роман туған. Соның
ішінде

«Адамзат­тық комедия», «Весли Джексонның басы­
нан кешкендері», «Мама, мен сені жақсы көремін» атты сүбелі
дүниелерін ерекше атап өтуге болады. Адамның жан дүниесін
керемет бір сезімге бөлеп, тұла бойын баурап алар драмалары

мен «Менің атым Арам», «Қымбатты балақай» атты әңгімелер
жинағы да кім-кімді болсын бей-жай қалдырмасы анық. Бәрі
де ертеңгі күнге деген үлкен сеніммен, үмітпен, жылылықпен
жазылған жалынды шығармалар.

Қаламгер туған Фресно қаласында 1981 жылы 18 мамырда
қайтыс болған. Сонда жерленген. Бірақ суреткердің өз өсиеті
12-298

бойынша оның жүрегінің жартысы Арменияға әкелініп, Ван
өзенінің маңындағы Арарат тауының бөктеріне қойылған. Одан
әрі оның әке-шешесінің туған қаласы – Битлис те алыс емес.
* * *

Нью-Йорктің шеткі көшелерінің біріндегі кішірек терезесі бар
шағын бөлме. Бөлмеде ескі үлгідегі граммофон мен пластинкалар
қойылған үстел және темір төсек пен орындық тұр. Жазушы ма­
шинка басып отыр.

1937 жылғы қыркүйектің жауынды күні, сағат күндізгі төрт.
Бөлмеге жас капиталист кіреді. Оған орын босату үшін сахна
жұмысшысы қабырғаны жылжытады. Жазушы басуын жалғас­
тыра береді. Сахна жұмысшысы кетеді.

ЖАС КАПИТАЛИСТ (бөлмеде біраз жүреді). «Сатердей ивнинг пост»
журналына жазылмайсыз ба?
ЖАЗУШЫ. Бөгет жасамаңызшы!
ЖАС КАПИТАЛИСТ (өзіне-өзі). Ол не жазып жатыр екен, ә?

(Жазушыға) Сіз не жазып жатырсыз? (Жауап жоқ).
Музыка тыңдасам қарсы болмайтын шығарсыз? Жаңбыр жауып тұр.
ЖАЗУШЫ. Мен сізге айттым ғой, бөгет жасамаңызшы.
Жас капиталист граммофонға жақындап келіп, пластинканы

қояды. Рихард Таубердің орындауындағы «Жүрегім сен деп соғады»
әні естіледі. Мексикандық мұңды қыз шығады. Үшеуіне бірдей орын
жетуі үшін сахна жұмысшысы қабырғаны қайтадан жылжытады.
Қыз ән тыңдайды, ал жас капиталист оны бақылап тұрады.

ЖАС КАПИТАЛИСТ. Менің атым – Джон.
ҚЫЗ. Тыныш... Менің есімім – Долорес.
ЖАЗУШЫ (кейіп). Тыңдайсыңдар ма өзі?! Маған азырақ жұмыс
істеуге мүмкіндік беріңдерші! (Бұрыла беріп жас капиталист пен

қызды көреді.)

Жас капиталист – нашар киінген он жеті, он сегіздердегі жас
жігіт. Мексикандық қыз өте әдемі.
ЖАЗУШЫ. Не болды? (Жігітке) Сен кімсің?
ЖАС КАПИТАЛИСТ. Мен Джонмын.

ЖАЗУШЫ (қызға). Кешіріңіз, ал сіз кімсіз?
ҚЫЗ. Долорес.
ЖАЗУШЫ. Жақсы. Өте жақсы. Ал енді сен екеуің жаймен сөйлесіп,
әлде кетіп, болмаса өліп, тіпті болмаса тағы бірдеңе істеп тыныш

отыра алмайсыңдар ма? Менің жұмыс істеуім керек!
ЖАС КАПИТАЛИСТ. Мен өлімнен басқа бәріне дайынмын.
ЖАЗУШЫ. Жақсы. Алдымен граммофонды өшіріңіздер. Егер
қаласаңыздар, қала беріңіздер, тек маған бөгет жасамаңыздаршы!

ЖАС КАПИТАЛИСТ. Азырақ музыка тыңдағанның несі айып?
ҚЫЗ (жас капиталиске). Кеттік. Оның оңаша қалғысы келеді.
ЖАС КАПИТАЛИСТ. Неге кетеміз, кетпейміз. Осында бола тұрайық.
Далада жаңбыр құйып тұр. Ол өзі айтты ғой, бізге отырып әңгімеле­

суге болады.
ЖАЗУШЫ (жазу машинкасына тақап келіп). Осындай қызық
адамдар қайдан пайда болады екен? Егер менде ақша болса, онда
жөн басқа. Ал менің бұларға беретін көк тиыным жоқ қой. (Қызға)

Тыңдаңызшы! Сіз ашсыз ба?
ҚЫЗ. Иә.
ЖАЗУШЫ. Мен де солай ойлағам. Өкінішті-ақ, бірақ менің сізге
бөліп беретін ештеңем жоқ қой. Өзімнің де тамақтанғым келеді. Сіз

қатты ашықтыңыз ба?
ҚЫЗ. Кешеден бері нәр татқан жоқпын.
ЖАЗУШЫ. Ал сіз ше, Сэм?
ЖАС КАПИТАЛИСТ. Сэм емес, Джон деңіз. Мен де ашпын.

ЖАЗУШЫ. Жарайды, Джон. Сіз соңғы рет қашан тамақтандыңыз?
ЖАС КАПИТАЛИСТ. Есімде жоқ. Алдыңкүні таңғы ас ішкенімді
білемін.
ЖАЗУШЫ. Сіздің басыңыз айналып, жүрегіңіз айнымай ма?

ЖАС КАПИТАЛИСТ. Жоға да... Бірақ бойымда бір қорқыныш бар. Байқауымша, ешкімнің де «Сатердей ивнинг постқа» жазылғысы келмейді. ЖАЗУШЫ. Түсінікті. ЖАС КАПИТАЛИСТ. Мен біреуден бірдеңе сұрауға ұяламын. ЖАЗУШЫ. Әрине, кім ұялмайды? ЖАС КАПИТАЛИСТ. Маған садақаның керегі жоқ. ЖАЗУШЫ. Әрине. Ешкім де оны қажетсінбейді. Ал сізге не керек, қарындас? Садақа ма, жоқ, әлде махаббат па? ҚЫЗ. Не? ЖАЗУШЫ. Ештеңе. Сіздің махаббатты көксейтініңіз көрініп тұр. ЖАС КАПИТАЛИСТ. Мен сіздің кім екеніңізді білмеймін, десе де өзіңізді тым тұрпайы ұстайды екенсіз. ЖАЗУШЫ. Сіздер менің не істеп жатқанымды білесіздер ме? ЖАС КАПИТАЛИСТ. Мен сізді қандай да бір конторға жұмысқа тұру үшін машинка басуды үйреніп жүрген шығар деп ойладым. Машинка баса алатындығы үшін азық-түлік дүкеніне жұмысқа тұрған жоғары білімді бір адамды білетін едім. Ол әр кеш сайын қожайын үшін хат басатын. ЖАЗУШЫ. Мен жазушымын. ЖАС КАПИТАЛИСТ. Сіз, сірә, бай шығарсыз? ЖАЗУШЫ. Мендегі бар нәрсе осы бөлменің ішіндегілер ғана. Міне, осылай жеті жылға созылып барады... Ас ішкілерің келе ме? ЖАС КАПИТАЛИСТ. Иә. ЖАЗУШЫ (жазу машинкасының қақпағын жауып қояды). Енде­ ше... машинканы алыңдар да, қарсыдағы үйге апарып, саудаға салып көріңдер... Мына қыз алдымен осында келмесе, сөз жоқ, аштан арам қатар еді. Сіз өзіңіз де бәрінен бұрын өліп қалар едіңіз. Өтірік пе? ЖАС КАПИТАЛИСТ. Жоқ, біздің өлгіміз келмейді. ҚЫЗ. Тағы да біраз музыка тыңдағым келеді. ЖАЗУШЫ (басқа пластинканы қояды). Жақсы. Міне, сізге музыка... (Жас капиталистке жазу машинкасын береді). Көшенің арғы бетіне өтесіз де, әр есіктің қоңырауын басасыз. Машинканы мейлінше қымбатырақ өткізуге тырысарсыз. Бес жыл бұрын бұл алпыс бес дол­

лар тұратын. Егер өткізе алсаңыз, оны бес долларға сатыңыз. Бес бер­ месе, төртке сатыңыз. Төрт болмаса, үшеуге-ақ бере салыңыз. Үшеу бермесе... ЖАС КАПИТАЛИСТ. Екеу алайын ба? Ал егер бір доллар да бермесе ше? ЖАЗУШЫ. Онда бұл қарғыс атқыр немені қайтадан алып келіңіз. Бір доллар және бір тиын да кем емес! Мен осы ескірген кішкентай ма­шинкамен өзімнің жарияланбаған бірқатар ғажайып шығармаларымды жаздым ғой. ЖАС КАПИТАЛИСТ. Мен тап осындай істермен ешқашан айналы­ сып көрмеппін. (Қызға) Келесі кездескенше қош-сау болыңыз! ҚЫЗ. Көріскенше күн жақсы болсын! ЖАЗУШЫ. Көшеден абайлап өтіңіз. Көзіңіз жақсы көре ме? ЖАС КАПИТАЛИСТ. Өте жақсы көреді. Егер көп ақша қолыма түссе не істейін? Мәселен, бес доллар... ЖАЗУШЫ. Дүкенге барасыз да, көбірек ішім-жем аласыз. ЖАС КАПИТАЛИСТ. Жарайды. Сенсеңіз, сізге зор алғыс айтайын деп едім. ЖАЗУШЫ. Қойыңыз... Мен ашпын. Тірі болсам, жазуға тағы уақыт табармын. Егер сіз азырақ ақша тауып келсеңіз, аздап ішуге де болар еді. Виски, болмаса тағы бірдеңе... ЖАС КАПИТАЛИСТ. Көріскенше. ЖАЗУШЫ. Жақсы. ҚЫЗ. Қош болыңыз. Екеуі пластинканы үнсіз тыңдайды. Бұл – Лауренс Тибеттің орындауындағы «Ақ көгершін» романсы. ҚЫЗ. Мен нанды жақсы көремін. Ал сіз ше? ЖАЗУШЫ. Мен де. Ал алманы ше? ҚЫЗ. Алма ма? Тамаша ғой. Алмадан артық не бар дейсіз! ЖАЗУШЫ. Мен жүзімді де өте жақсы көремін. Оның құрамында біршама қажетті витаминдер бар ғой. ҚЫЗ. Шын ба? Оны білмейді екенмін. Не ол сонда?

ЖАЗУШЫ. Жүзімнен шарап жасалады. Ал шараптың нені біл­ діретінін сіз білесіз бе? ҚЫЗ. Білсек болар еді. Не сонда? ЖАЗУШЫ. Шарап деген... Эх, шіркін!.. Мәңгілік рахат өмір ғой, ра­ хат өмір!.. Міне, шарап деген осы. ҚЫЗ. О, рахмет сізге! ЖАЗУШЫ (граммофонмен әуреленіп). Қазір сіздің қайда барғыңыз келеді? ҚЫЗ. Иә, қандай да бір шуақты, жылы жер болса... ЖАЗУШЫ. Сіз ашсыз. Бар болғаны осы-ақ. Жаңбырдан артық мейірбан жоқ-ау. Жаңбыр – бұл көз жасы ғой, ал көз жасы тазаруды білдіреді. Сізге бір қызық оқиға айтып берейін бе? ҚЫЗ. Бірақ мен «күлемін» деп уәде бере алмаймын. ЖАЗУШЫ. Өзім де күле қоймаспын. Дегенмен, бұл – күлкілі оқиға. Мен он жасар кезімде қала сыртында серуендеп жүріп, ғажайып қызыл жүзімге толы жүзімдікке тап болдым. Бір жүзім сабағынан екіншісіне үңіле біраз жүрдім, бірақ ешқайсысына тиіскен жоқпын. Бір кезде мені жүзімдіктің қожайыны – фермер көріп қалды да, ұры деп жүзімдіктен қуып шықты. Ал ұры мен емес, оның дәл өзі болатын. ҚЫЗ. Бар оқиға осы ма? ЖАЗУШЫ. Иә. ҚЫЗ (жылай бастайды). Кешіріңіз. Мен сізге күле алмайтынымды алдын ала ескерттім ғой. ЖАЗУШЫ. Менің де анда-санда жылап алғым келеді. ҚЫЗ. Сіз жылай алмайсыз ба? ЖАЗУШЫ. Жоқ. ҚЫЗ (еңіреп қоя береді). Ал мен жылаймын. ЖАЗУШЫ. Көріп тұрмын. ҚЫЗ (кенеттен еңіреуін күшейтіп). Көз жасында қандай құдірет бар? ЖАЗУШЫ. Оның денсаулыққа пайдасы бар шығар. Меніңше, көздің жасы жауапсыз махаббатқа ұқсайтын сияқты. Сонда деймін-ау, жа­ уапсыз махаббаттың да пайдасы көп болғаны ғой. ҚЫЗ. Мен оған сенбеймін.

ЖАЗУШЫ. Иә, шынымды айтсам, мен өзім де сенбеймін. ҚЫЗ. Егер сіз біреуді жақсы көрсеңіз, ол сізді ұнатпаса, шынымен жыламайсыз ба? ЖАЗУШЫ. Жоқ. ҚЫЗ. Сіз өте қатал екенсіз. ЖАЗУШЫ. Қатал дейсіз бе? Кімге, неге? Білуге болар ма екен? ҚЫЗ. Қызға. Міне, мен сізді жақсы көремін. ЖАЗУШЫ. Мен сіз оны жақсы көретін шығар деп ойладым. ҚЫЗ. Оны дейсіз бе? Кім ол? ЖАЗУШЫ. Жас жігітті. Джон, әлде Сэм бе, аты кім еді өзінің? Ол сізді жақсы көреді. ҚЫЗ. Сіз оны қайдан білесіз? ЖАЗУШЫ. Мен жазушымын. Мен оның сізге қалай қарағанын көрдім. Сіз сияқты ол да аш, ал оның сізді жақсы көретіні, сіз өте әдемісіз... ҚЫЗ. Ал мен сізді жақсы көрем ғой. ЖАЗУШЫ. Бұл – сіздің аштығыңыз бен қиялыңыздың жемісі. ҚЫЗ (жасаурап). Жоқ... Сіз мені жақсы көрмейсіз. ЖАЗУШЫ. Жақсы көремін. Мен де ол сықылды ашпын. Тіпті одан да әрмен... ҚЫЗ. Бар айтарыңыз осы ма, әлде тағы... ЖАЗУШЫ. Енді жылаудың қажеті жоқ. Азырақ тамақтанып алғанша шыдай тұрыңыз. Мына ұсақ тастарды көріп тұрсыз ба? Мен бұларды Тынық мұхиттың жағалауынан жинап алғам. Бұрын мен Сан-Францискода тұрғам. Бұл ұсақ тастардың әрқайсысы мүлтіксіз жаратылған. Сіз бұлардың кез келгені сияқты сүйкімдісіз. ҚЫЗ. Сіз мені ұнатпайсыз ғой. ЖАЗУШЫ. Мен ана жігіт үшін алаңдаймын. Ол машинканы сатты ма екен, жоқ, әлде?.. Міне, мәселе қайда! ҚЫЗ. Сата алмағанына сенімдімін. Мүлде сата алмайтынына да сенімдімін. Оның оны ұрлап кететініне де сенімдімін. Қайтып орал­ майтынына да сенімдімін. ЖАЗУШЫ. Сіз не деп тұрсыз өзі, есіңізді жиыңыз! Екеуміз де аштықтан өлгелі тұрсақ. Сіз не?!

ҚЫЗ. Егер ол тамақ алып келсе, мен жемей қоямын. ЖАЗУШЫ. О, түсінемін. Ал мен жеймін. ҚЫЗ. Сіз қандай қаталсыз. Мен де жеймін. ЖАЗУШЫ. Жемеу ақымақтық болар еді. ҚЫЗ. Сіз неге бұнда тұрып жатырсыз? Бұдан жарығырақ жерге неге көшпейсіз? ЖАЗУШЫ. Мұнда жарық жеткілікті... Мына ұсақ тастарды көріп тұрсыз ба? Сіз сондай әдемісіз, мына... ҚЫЗ. Сіз неге оны қайталай бересіз? ЖАЗУШЫ. Осындағы құдай берген жалғыз-ақ осы тастар ғана менікі. Сіз солар сияқты сондай әдемісіз. Қараңызшы оларға. Не көріп тұрсыз? ҚЫЗ. Ештеңе де. ЖАЗУШЫ. Құдайым-ау! Сіз қалайша соншалықты ашсыз? ҚЫЗ. Иә. ЖАЗУШЫ. Өкінішті-ақ. ҚЫЗ. Неге? ЖАЗУШЫ. Себебі мен сізді жақсы көремін ғой. ҚЫЗ. Ооо! ЖАЗУШЫ. Ал жаңбыр әлі жауып тұр. Мүмкін, ол жігіт көшеде құлап қалған шығар... Сіз әлі ашсыз ғой. ҚЫЗ. Жоқ. ЖАЗУШЫ. Мен де. ҚЫЗ. Мен сізді жақсы көремін. ЖАЗУШЫ. Сізді мен де. ҚЫЗ. Мен сізді мәңгі сүйіп өтемін. ЖАЗУШЫ. Нешедесіз өзі? ҚЫЗ. Сіз маған күлмеңіз. Мен он жетідемін. ЖАЗУШЫ. Кешіріңіз мені. Сіз сондай сүйкімдісіз. ЖАС КАПИТАЛИСТ (Жазу машинкасын қолына көтере қайтып оралады. Беті су-су. Ол күлімсірейді). Сіздің машинкаңыздың еш­ кімге керегі жоқ екен. ЖАЗУШЫ. Кәне, ендеше, азырақ ақша табудың басқа да амалда­ рын ойластырып көрейік.

ЖАС КАПИТАЛИСТ. «Сатердей ивнинг постқа» да ешкімнің жа­ зылғысы келмейді. ҚЫЗ. Біз бәріміз өлеміз. Мен қуаныштымын. ЖАС КАПИТАЛИСТ. Қуаныштымын дейсіз бе? ЖАЗУШЫ (жас капиталистке). Алаңдамаңыз. Біз өлмейміз. ЖАС КАПИТАЛИСТ. Менің орта білімім бар. ЖАЗУШЫ (Жазу машинкасын бұрынғы орнына қойып, қақпағын алады да, таза қағаз салып, қайтадан баса бастайды. Қызға). Егер менде елу теңге болса, сіз бифштекс алар ма едіңіз, әлде тауық етін тәуір көресіз бе? ҚЫЗ. Ештеңенің де керегі жоқ. ЖАС КАПИТАЛИСТ. Егер менде ақша болса, сізге не сатып әперуіме ризашылық білдірген болар едіңіз? ҚЫЗ. Рахмет. Маған ештеңенің керегі жоқ. ЖАС КАПИТАЛИСТ. Не болды? ҚЫЗ. Не деген ақымақсыз! ЖАЗУШЫ (қызға қарай ентелеп). Мына тастарды көріп тұрсыз ба? Сіз бұларға мүлде ұқсамайсыз. Кемпір шығады. Оның бет-әлпетінде қандай да бір балалық мұңды күлкінің табы сақталған. Сахна жұмысшысы қабырғаны мүлде алып тастағандықтан, бөлменің іші кеңи түскен. КЕМПІР. Жаңбыр басылғанша менің осында бола тұруыма рұқсат етіңіздерші. ЖАЗУШЫ (қарамай-ақ). Еркіңіз білсін! Тек менде жейтін ештеңе жоқ. КЕМПІР (жас капиталистке). Мынау сіздің әкеңіз бе? ЖАС КАПИТАЛИСТ. Әрине, жоқ. ҚЫЗ. Сіз не, ешқайда паналай алмайсыз ба? КЕМПІР. Ешқайда. ҚЫЗ. Мен де. ЖАЗУШЫ. Жарайды. Бәріңнің де осында қалуларыңа болады. Қанша қаламын десеңіздер де еріктеріңіз, тек бірер минут тыныш

отыра тұрыңыздаршы. Жаңбыр да толастар. Ал жауын басылған соң, кім қайда барам десе де өз еркі. ЖАС КАПИТАЛИСТ (кемпірге). Жазылымға жазылғыңыз келмей ме? КЕМПІР. Неменеге? ЖАС КАПИТАЛИСТ. «Сатердей ивнинг постқа». КЕМПІР. Жоға да, тәйірі... ЖАЗУШЫ (жас капиталистке). Менің не істейтінімді білесіз бе?.. Жазыламын! ЖАС КАПИТАЛИСТ (ентелеп). Шын ба? Алғашқы алты айға еш­ теңе төлеудің қажеті жоқ. ЖАЗУШЫ. Алты ай? Сонда бұл сізге не береді? ЖАС КАПИТАЛИСТ. Алғашында, шынын айтсам, ештеңе де. Егер мен толтырылған бірнеше жазылым қағазын өткізсем, конторға өті­ ніш айта аламын, сонда маған жарым доллардай қарыз беруі мүмкін. ЖАЗУШЫ. Бұндай жағдайда мен аты-жөнім мен мекен-жайымды өзгертіп, сегіз немесе тоғыз рет жазыла аламын. ЖАС КАПИТАЛИСТ. Үлкен рахмет. Сіз мықты азаматсыз. (Қал­ тасынан жазылым қағаздарын шығарып) Мүмкін, сіз де жазылар­ сыз. ҚЫЗ. Әлбетте. Сегіз немесе тоғыз рет. ЖАС КАПИТАЛИСТ. Сізге қандай алғыс айтсам екен?! ҚЫЗ. Ештеңе жоқ. Сіз әлі ашсыз ғой! ЖАС КАПИТАЛИСТ. Бұрынғыдай емес. Маған енді азырақ ақша беретініне сенемін. (Кемпірге) Сізге де жазылу қажет емес пе? КЕМПІР. Әлбетте. Жазушы, қыз және кемпір әрқайсысы сегіз немесе тоғыз реттен жазылым қағазын толтырып, жас капиталистке береді. ЖАС КАПИТАЛИСТ. Мен енді өзімді әлдеқайда жақсы сезінемін. Енді торығуға ешқандай негіз жоқ. ЖАЗУШЫ. Маған да солай сияқты. ҚЫЗ. Маған да.

КЕМПІР. Маған да.
ЖАС КАПИТАЛИСТ. Менің ойымша, бәрі де жөнге келетін сияқты.
ЖАЗУШЫ. Мен де солай ойлаймын.
ҚЫЗ. Жаңбыр әлі жауып тұр ма?

КЕМПІР. Басылған сияқты.
ЖАС КАПИТАЛИСТ. Сіздерге рахмет. Үлкен рахмет. Көріскенше
күн жақсы!
БӘРІ: Көріскенше есен бол!

Жас капиталист кетеді.
КЕМПІР (қызға). Сіз оны білесіз бе?
ҚЫЗ. Жоқ.
ЖАЗУШЫ (кемпірге). Біз бір-бірімізді жақсы көреміз. Әрине,

аштықтан. Қалай болмасын, махаббаттың аты махаббат қой!
КЕМПІР. Ал енді мен кетейін. Келесі кездескенше сау болыңдар!
(Кетеді).
Қыз жазушыға жақындай түседі.

КЕМПІР (қайтып оралады). Менің сіздерге айтуым керек шығар,
сірә. Ол басқыштың аяқ жағында өліп жатыр.
ЖАЗУШЫ. Кім?
КЕМПІР. Бағанағы жас жігіт... Ал, жарайды, қош болыңдар (құлай­

ды да, өледі).
ЖАЗУШЫ. Қош болыңыз!
ҚЫЗ (жазушыға). Сәлеметсіз бе?
ЖАЗУШЫ. Сәлемет пе? (Оны құшақтайды).

ҚЫЗ (жылап тұрып). Сен мені жақсы көресің бе?
ЖАЗУШЫ. Сен мына тастар сияқты әдемісің. (Сыбырлап) Өзіңді
қалай сезінесің?
ҚЫЗ. Өте жақсы. Ал сіз ше?

ЖАЗУШЫ. Жаман емес. Сенің бірдемелер есіңде ме?
ҚЫЗ. Тастар мен жүзім есімде. Ал сенің?

ЖАЗУШЫ. Менің есімде сен...
ҚЫЗ. Сен бақыттысың ба?
ЖАЗУШЫ. Иә. Сенің бір барсам деп армандаған жерің болды ма?
ҚЫЗ. Мен өлімнен бұрын, қашан да бір болмасын, Нью-Йоркке ба­

руды армандаған едім.
ЖАЗУШЫ. Мен бірде Нью-Йоркте болғам. Мен саған ол туралы ай­
тып беремін.
САХНА ЖҰМЫСШЫСЫ. Музыка тыңдаймыз ба, не? («Восточный

экспресс» пластинкасын қояды).
Жарық біртіндеп сөнеді.
Перде

ЕЙ, КІМ БАР, ЕЙ?!

Провинциялық қалашықтағы түрменің кішігірім бөлмесі. Жігіт
еденді қасықпен ақырын тықылдатады. Телеграфпен әлденені
жіберген сықылды біраз уақыт тықылдатқан соң орнынан тұрып,
камера ішінде әрлі-берлі жүре бастайды. Камераның ортасында

кілт тоқтайды да, қозғалмай тұрып қалады. Жаралы болса керек,
басын сипалайды. Жан-жағына көз жіберіп қарап алады да, айғай са­
лады.
ЖІГІТ. Ей, кім бар, ей?!

Тыныштық.
ЖІГІТ. Әй, біреуің даусыңды шығарсаңшы!
Ұзақ тыныштық.

ЖІГІТ. Әй, біреу бар ма, ей?!
Қыздың өте сазды әрі жұмсақ даусы естіледі.
ДАУЫС. Е-ей...
ЖІГІТ. Кейти... Кейти... Бұл, Кейти, сен бе?

ДАУЫС. Жоқ. Мен – Эмилимін.
ЖІГІТ. Кім? (Шыдамсызданып) Қайта айтшы.
ДАУЫС. Эмили!
ЖІГІТ. Қандай Эмили? Мен ешқандай Эмилиді білмеймін. Сен осы­

дан үш жыл бұрын Колифорнияда кездескен қыз емессің бе?
ДАУЫС. Жоқ, мен мұнда асханада істеймін. Мен – аспазбын. Ко­
лифорнияда ешқашан болғаным жоқ. Тіпті оның қайда екенін де
білмеймін.

ЖІГІТ. Аспазбын деймісің?
ДАУЫС. Иә.
ЖІГІТ. Сен не пісіресің... жейтін бірдеңе ме?
ДАУЫС. Маған не айтады, соны істеймін. (Үзіліс) Неге көңілсізсің?

ЖІГІТ. Қасқырша ұлығым келеді. Жанымды қоярға жер таппай
тұрмын. Ей, мұнда кім бар?
ДАУЫС. Сен кімге айғайлап тұрсың?
ЖІГІТ. Ешкімге де емес.

ДАУЫС. Ал Кейти ше?..
ЖІГІТ. Мен ешқандай Кейтиді білмеймін.
ДАУЫС. Кейтиді сұраған өзің емес пе едің?
ЖІГІТ. Кейти – әдемі есім. Ол маған қатты ұнайды. Бірақ ондай

қызды танымаймын.
ДАУЫС. Мен білемін.
ЖІГІТ. Шын ба? Ол қандай қыз өзі? Ұзын ба, әлде қысқа ма?
ДАУЫС. Кішкентай.

ЖІГІТ. Әй, тыңдап тұрсың ба өзі? Сен қандай қызсың?
ДАУЫС. Мен қайдан білейін!
ЖІГІТ. Қандай екеніңді ешкім айтпады ма?
ДАУЫС. Жоқ, ешкім ештеңе айтпады.

ЖІГІТ. Олар қалайша, ә?.. Ай, сұмырайлар-ай! Әй, сен қыз бірдеңе
керек қып тұрсың ғой, даусыңнан-ақ сезіп тұрмын.
ДАУЫС. Мүмкін, солай шығар, ал мүмкін, тіпті де олай емес.
ЖІГІТ. Менің әлі жаңылысқан жерім жоқ.

ДАУЫС. Көрініп-ақ тұр. Сондықтан да түрмеде отырсың ғой.
ЖІГІТ. Жоқ, мен мұнда қалай келгенімді өзім де білмеймін.
ДАУЫС. Қыз зорлады деді ғой.
ЖІГІТ. Өтірік, ондай болған жоқ.

ДАУЫС. Болды. Болды дейді ғой.
ЖІГІТ. Аһ, сұмпайылар-ай!
ДАУЫС. Дегенмен, тірі қалғаныңа тәубе де... Қорқасың ба?
ЖІГІТ. Енді ше... (Кенет) Әй, біреу-міреу бар ма, ей?!

ДАУЫС. Сен неменеге айқайлай бересің?
ЖІГІТ. Жаным жай табар емес. Қасқырша ұлығым келеді. (Даусын
созып) Әй, біреуің дыбысыңды шығарсаңшы!..
Бүйір жақтан, тор есіктің алдынан қыз көрінеді. Қарапайым ғана

көйлек киген қарапайым қыз.
ҚЫЗ. Менің де жаным жай табар емес.
ЖІГІТ (бұрыла оған қарап). Ә, солай ма? Сен де жабығып тұрмысың?
ҚЫЗ. Менің де қасқырша ұлығым келеді.

ЖІГІТ. Не болды сонша?..
ҚЫЗ. Білмеймін.
ЖІГІТ. Онда мен де білмеймін. Мынандай қапас жерде өміріңдегі
таныс қыздардың барлығы есіңе түседі екен. Міне, осылай жаның

жабырқау тартады.
ҚЫЗ. Онда түсінікті.
ЖІГІТ. Оһ, бұл не деген сұмдық?! (Үзіліс) Ал сен сұлу қызсың, сен
соны білесің бе?

ҚЫЗ. Ей, қойшы!
ЖІГІТ. Қоятын түгі жоқ, шын айтам, сұлусың! Бұл ап-анық көрініп
тұр ғой! Сен дүниедегі ең сұлу қызсың!
ҚЫЗ. Мен тіптен ондай емеспін, сен оны өте жақсы білесің.

ЖІГІТ. Жоқ, сондайсың. Мен әлі сендей сұлу қызды көргенім жоқ. Техаста жолым болатынын білгем. ҚЫЗ. Жолым болатынын дейсің бе? Ау, сен түрмедесің ғой. Бұнда саған бәрі тістерін қайрап жүр ғой. ЖІГІТ. А, түк емес. Құтыламын ғой! ҚЫЗ. Қайдан білесің? ЖІГІТ. Бүгіннен бастап бәрі жақсы болады. ҚЫЗ. Неге аяқасты бүгіннен бастап? ЖІГІТ. Сізді көрген күннен бастап... Енді менің қымбатты аруым бар. Білесің бе, бұған дейін бәріне түкіргенім бар еді. Шаршадым. (Үзіліс) Бақыттың артынан жүгірем деп шаршадым, бәрібір ол қолы­ ма түспеді. Ал қазір сол шаршағанымды да ұмыттым. (Күтпеген жер­ ден) Әй, біреуің естимісің? ҚЫЗ. Сен тағы кімге айғайлап тұрсың? ЖІГІТ. Саған. ҚЫЗ. Мен қарсы алдыңда тұрмын ғой. ЖІГІТ. Білемін. (Айғайлайды) Әй, естимісің?! ҚЫЗ. Е-ей, естіп тұрмын. ЖІГІТ. Аһ, сен, сүйкімдім менің! (Үзіліс) Менің саған үйленгім келеді. Мен сені өзіммен бірге Сан-Францискоға алып кеткім келеді. Енді мен өмірді жаңаша бастаймын. Ақша табам. Бізде бума-бума көп ақша болады. ҚЫЗ. Қойшы, солай ма?.. ЖІГІТ. Иә, солай. Сенің атың кім еді өзі? ҚЫЗ. Эмили. ЖІГІТ. Эмили екеніңді білемін. Тегің?.. ҚЫЗ. Эмили Смит. ЖІГІТ. Сен әлемдегі ең ғажап қызсың, Эмили Смит. ҚЫЗ. Неге? ЖІГІТ. Неге екенін білмеймін, бірақ бұның солай екені солай, бар болғаны осы. Сен қайда тудың өзі? ҚЫЗ. Техас штатында, Матадорда. ЖІГІТ. Ол қай жақта? ҚЫЗ. Осы ғой...

ЖІГІТ. Сонда бұл Матадор ма? ҚЫЗ. Иә, бұл – Матадор. Сені Вилингтен алып келді. ЖІГІТ. Мен Вилингте болдым ғой. ҚЫЗ. Сен не, қай қалада болғаныңды білмейсің бе? ЖІГІТ. Барлық қалалар бір-біріне ұқсас қой! Бірінен бірінің ешқандай өзгешелігі жоқ. Сонда бұл Вилингке алыс па? ҚЫЗ. Не он алты, не он жеті шақырым. Сен не, өзіңді қайда апара­ тынын білмедің бе? ЖІГІТ. Дөңбекке ұқсап дөңбекшіп, естен танып жатсам қайдан білемін? Біреу мені қорғасын труба сияқты бірдеңемен басымнан са­ лып қалды. Ол мені неліктен?.. ҚЫЗ. Зорлағаның үшін... Олар солай деді ғой. ЖІГІТ. Не деген өтірікші?! (Түкке түсіне алмай, өзіне-өзі) Ей... айт­ пақшы... Ол менен ақша алғысы келді ғой. ҚЫЗ. Ақша? ЖІГІТ. Дәл солай. Егер оның ондай екенін білсем, Тәңірім-ау, барда өзімді одан аулақ ұстар едім ғой. ҚЫЗ. А, оның көкейін тескен ақша ма? ЖІГІТ. Иә, солай. Бақытыңды іздеп қаладан қалаға кезіп жүргеніңде мейірімді адамның орнына сондай салдақылар кездесіп, өміріңнің быт-шытын шығарады. Ол өзі ғой «Көңілім жабырқау, көңілімді көтере гөр, жас жігіт» деп қиыла сұраған... Оның менен ақша талап ететінін қайдан білейін! ҚЫЗ. Мүмкін, шынымен солай шығар? ЖІГІТ. Жоға, ол – анау бұзылғандардың қатарындағы әйел. ҚЫЗ. Бірақ бұл оқиға болмаса, мен сені ешқашан кезіктірмес едім ғой. ЖІГІТ. Қайдан білесің? Мүмкін, мен сені қаланың бір жерінен кезіктірер ме едім... ҚЫЗ. Солай-ақ болсын! ЖІГІТ. Олай болмаса, сен менікі болар ма едің? ҚЫЗ. Ей, Тәңірім-ау! ЖІГІТ. Ей, Тәңірім! ҚЫЗ. Сен түрмеде отырған соң осылай сарнап тұрсың ғой.

ЖІГІТ. Жо-жоқ... Мүлде олай емес. Кәне, дайындал. Біз екеуміз дәл осы арадан тура Сан-Францискоға тартамыз. ҚЫЗ. Жалғыздық жабықтырған соң айтып тұрған шығарсың... ЖІГІТ. Менің жалғыздықтан жабыққаным рас, бұны емдейтін дәрі де жоқ. Бірақ сенімен осылай бірге жүріп, бірге тұрсақ, одан артық не керек?! Сенің маған бақыт алып келетініңді білемін. Мен кішкене кезімнен азарт ойыншымын. Жұмыс менің ісім емес. Мен уысы­ ма түскен бақытты ұстап қалуым керек, әйтпесе мен ештеңеге жа­ рамаймын. Ал өткен жылдары сәттілік менде болған жоқ. Екі жыл анда-мұнда сенделіп жүрдім. Бәрібір ісім оңға баспады. Сәтсіздіктің арқасында Вилингте осындай ұрыс-керіске тап болдым. Бұл жай ғана ұрыс-керіс емес, әншейін, менің қыр соңымнан қалмай жүрген сәтсіздік. Сондықтан да мен осындамын, сондықтан да менің басым жарылуға шақ қалды... Рас, бұл – шалдың істегені. ҚЫЗ. Оның әкесі ме? ЖІГІТ. Жоқ, күйеуі. Менің әйелім дәл сондай болса, мен оны екі есептен қуып жіберген болар едім. ҚЫЗ. Егер мен сенімен бірге болсам, бұдан былай жолым болады деп ойлайсың ба? ЖІГІТ. Әрине, күндіз-түні көше кезіп, кім көрінгенге көз салып жүргеннің несі жақсы? Мен өзімнің нашар адам екенімді білемін, бірақ оған ештеңе істей алмаймын. Ал егер сен менімен бірге бара­ тын болсаң, мен ең жақсы адам боламын. Ақымақтығымды қоямын. Сен білесің бе, егер ақшаң болса, ақымақ бола алмайсың, онда сен әдепті адамсың, өйткені сен үшін ақшаның өзі-ақ сөйлейді. Менде текшелген көп ақша болады, ал сен жарық жалғандағы ең әдемі, ең ғажайып қыз боласың! Әлі-ақ сенімен қол ұстасып, Сан-Франциско­- да емін-еркін қыдырамын, көрген жан бізге қызыға қарайтын болады. ҚЫЗ. Шынымен солай бола ма? ЖІГІТ. Ал енді қалай? Жақсы киініп, сенімен қол ұстасып жүрсем, өзің де көретін боласың, Кейти. ҚЫЗ. Кейти! ЖІГІТ. Бұл енді сенің есімің болады. Бұл атты мен сен үшін сақта­ дым. Жараса ма? 13-298

ҚЫЗ. Жарасқанда қандай!
ЖІГІТ. Бұнда болғаныма көп болды ма?
ҚЫЗ. Өткен түннен бері. Таңға дейін тұрмадың.
ЖІГІТ. Сағат неше болды? Тоғыз ба?

ҚЫЗ. Он.
ЖІГІТ. Сенде мына сасық камераның кілті бар ма?
ҚЫЗ. Жоқ. Маған кілтті бермейді..
ЖІГІТ. Ал сен оны таба аласың ба?

ҚЫЗ. Жоқ.
ЖІГІТ. Көрсеңші!
ҚЫЗ. Мені кілтке жақындатпайды да. Мен тек түрмеге түскендерге
ас әзірлеймін. Жуамын, жинаймын, сол сықылды...

ЖІГІТ. Менің бұл жерден шыққым келеді. Мұны ұстап тұрған типті
білесің бе?
ҚЫЗ. Білемін, бірақ ол сені босатпайды. Сені басқа қалаға ауысты­
рады дейді.

ЖІГІТ. Оның тағы не керегі болды екен?
ҚЫЗ. Қауіптенеді.
ЖІГІТ. Неменеге қауіптенеді?
ҚЫЗ. Түнде Вилингтен адамдар келіп, түрмеге бұзып кіре ме деп

қауіптенеді.
ЖІГІТ. Міне, керек болса! Не үшін?
ҚЫЗ. Неге екенін өзің білмейтіндей.
ЖІГІТ. Иә, білемін.

ҚЫЗ. Қорқасың ба?
ЖІГІТ. Қорқатыным... түсінікті ғой. Алдыңда не күтіп тұрғанын
білмесең, бәрінен қорқыныштысы сол. Кейти, сен менің мына арадан
шығуыма көмектес!

ҚЫЗ. Қалай?
ЖІГІТ. Кілт кімде, соны іздеп тап та, менің онымен әңгімелескім
келетінін жеткіз.
ҚЫЗ. Ол үйіне кетіп қалды ғой. Бәрі де үйлеріне кетті.

ЖІГІТ. Сонда бұнда менің мүлде жалғыз қалғаным ба?
ҚЫЗ. Егер мені есепке алмасаң... солайы солай.

ЖІГІТ. Қалай сонда? Мұнда неге ешкім қалмайды? ҚЫЗ. Түнде бәрі үйлеріне қайтады ғой. Жинастырып болып, мен де кетемін. Бүгін жай әншейін бөгеліп қалғаным. ЖІГІТ. Неге? ҚЫЗ. Сенімен сөйлескім келді. ЖІГІТ. Не жайында? ҚЫЗ. Білмеймін. Мен түні бойы жаныңда болдым. Сен түсіңде сөйледің. Әрі мен саған ұнадым. Тек есіңді жиған соң мен саған ұнаймын деп ойламадым. ЖІГІТ. Солай ма? Не үшін бұлай?.. ҚЫЗ. Өзім де білмеймін. ЖІГІТ. Сен бар ғой, сен неткен сүйкімдісің?! ҚЫЗ. Менімен әлі ешкім бұлайша сөйлескен емес. Қаладағы барлық жігіттер... олар... (Үнсіз қалады). ЖІГІТ. Не олар? (Үзіліс) Не сонда олар? Айт, айтсаңшы... ҚЫЗ. Тек келеке қылады. ЖІГІТ. Келеке қылады?! Олар не түсінеді дейсің! Бар, жинал да қайтып кел. Мен сені Сан-Францискоға алып кетемін. Сенің жасың нешеде өзі? ҚЫЗ. О, мен мүлде есейіп кеткенмін. ЖІГІТ. Нешеге келдің? Тек шыныңды айтшы! Он алтыдасың ба? ҚЫЗ. Он жетідемін. ЖІГІТ. Жарайды онда. Әкең мен шешеңді ертіп кел. Біз кетер ал­ дында некемізді қиямыз. ҚЫЗ. Олар мені жібермейді. ЖІГІТ. Неге? ҚЫЗ. Білмеймін, тек жібермейді. Жібермейтінін ғана білемін. ЖІГІТ. Әкеңе айт, ақымақ болмасын. Түсіндің бе? Ол кім, фермер ме? ҚЫЗ. Жоқ, ешкім де емес. Ол сырқаты үшін аздаған жәрдемақы ала­ ды. ЖІГІТ. Мен сені бұл жерден алып кетемін. ҚЫЗ. Ол менің тапқан ақшамды да түгін қалдырмай алып қояды. ...Кейде мен оны аяймын...

ЖІГІТ. Оны аяудың түкке керегі жоқ. (Көп мән бере саусақтарын көтеріп) Әлі мен сенің әкеңмен қалайда бір сөйлесемін. (Күтпеген жерден) Әй, біреу бар ма, ей?!. Эһ, егер сен ана типті кілтімен қосып алып келе алсаң, сөйтіп мені шығарып алсаң... ҚЫЗ. Ал мен өйте алмаймын ғой. ЖІГІТ. Неге? ҚЫЗ. Мұнда менімен ешкім санаспайды. Күніне маған бар болғаны елу-ақ тиын береді, ал кейде мен он екі сағат жұмыс істеймін. Мені мүлде адам санатына қоспайды. ЖІГІТ. Қанша төлейді дейсің? ҚЫЗ. Елу тиын. ЖІГІТ (жан-жағына қарап). Естідіңдер ме? Ей, олар сенің сұлу дидарыңды көргендері үшін де төлеулері керек қой. Түсінбеймін! Қашанғы осылай жалғаса бермек?! Түсіне алар емеспін. Кейти, мені бұл жерден шығарып алшы. Қорқамын. ҚЫЗ. Қалай шығарып аларымды білмей тұрмын. Мүмкін, есікті бұзып көрермін. ЖІГІТ. Шамаң келмейді ғой. Ана жерде балға сияқты бірдеңе жоқ па? ҚЫЗ. Тек сыпырғыш қана. Мүмкін, сыпырғышты да алып қойған шығар. ЖІГІТ. Қарасаңшы енді, бірдеңе табылар. ҚЫЗ. Жарайды (кетеді). ЖІГІТ. Әй, кім бар, ей?! (Үзіліс) Әй, естимісің?! (Үзіліс) Мені түрмеге қамайды! (Күдіктеніп) Зорлағанды дейді?! Керісінше, олардың өздері шетінен зорлықшыл. (Кенеттен) Әй, біреу-міреу бар ма, ей?!. ҚЫЗ (қайтып оралып). Ештеңе жоқ. Бәрін жауып тастапты. ЖІГІТ. Мүмкін, темекі бар шығар? ҚЫЗ. Бәрін, бәрін бекітіп тастапты, столдағы бар жәшікті де, тіпті шкафты да. Бәрін... ЖІГІТ. Ал менің темекі тартқым келіп тұр! ҚЫЗ. Мүмкін, мен сатып әкелермін... Дәріхана әлі ашық шығар. Ол бұл арадан бір шақырымдай ғана.

ЖІГІТ. Бір шақырымдай дейсің бе? Менің ондай ұзақ жалғыз қал­ ғым келмейді. ҚЫЗ. Мен жүгіріп барып келемін ғой. ЖІГІТ. Сен жер бетіндегі ең керемет қызсың. ҚЫЗ. Қандайын алайын? ЖІГІТ. Бәрібір – «Честерфилд», «Кэмел» немесе «Лакки Страйкті». Кез келгенін. ҚЫЗ. Қазір алып келемін (жүгіруге жиналады). ЖІГІТ. Ал ақша ше? ҚЫЗ. Менде аздап бар. Төрт долларды тығып қойғам. Мен жол бойы жүгіремін (бұрыла береді). ЖІГІТ. Тоқта! ҚЫЗ (оған жақын келіп). Не болды? ЖІГІТ. Қолыңды бер. (Оның қолын алып, күлімсірей қарайды. Со­ дан соң ерніне тақап, сүйеді). Өлгенше қорқамын. ҚЫЗ. Мен де. ЖІГІТ. Сені айналадағының бәріне көндігіп, бәріне төзе бере ме деп қорқамын. Сенің Сан-Францискоға ешқашан жолың түспейді ме, адамдарды өзіне қарата алмайды ма деп қорқамын. Тыңдашы, маған револьвер тауып берші. ҚЫЗ. Мен әкемдікін ала аламын. Мен оны қайда сақтайтынын білемін. ЖІГІТ. Алып келші. Ал темекіге жүгір. Ынты-шынтыңмен жүгірші. Қыз жүгіріп кетеді. Жігіт камераның ортасында ұзақ тұрып қалады. ҚЫЗ (қайтадан жүгіріп келеді, жыламсырап тұр). Мен қорқамын... Сені енді көрмеймін бе деп қорқамын. Егер мен қайтып келгенде сен болмасаң, мен... ЖІГІТ. Әй, естимісің? ҚЫЗ. Мен осында қаламын. Мен оларға сені ешқайда әкеткізбеймін. ЖІГІТ. Тыңдашы, Кейти. Мен саған не айтсам, соны істе. Револьвер­ ді алып кел. Олар мына түнде келе қоймас. Мүмкін, мүлде келмес. Ал мені босатса, біз Сан-Францискоға кетеміз. Кәне, жүгір... Тез... тез...

ҚЫЗ. Жарайды. (Үзіліс) Саған бірдеңе айтқым келеді. ЖІГІТ. Бар, бара ғой! ҚЫЗ (сыпайы). Егер мен қайта айналып келгенде сені таппасам, револьвермен не істейтінімді қазір-ақ біліп тұрмын. ЖІГІТ. Сен револьвер атуды білесің бе? ҚЫЗ. Білемін. ЖІГІТ. Ақымақ болма! (Башмағын шешіп, одан ақша алып шығады). Естимісің, ақымақ болма! Міне, саған ақша. Сексен доллар. Осыны ал да, Сан-Францискоға тарт. (Торығумен, асыға) Менің айтқанымды істе! Мен сені Сан-Францискода тауып аламын. ҚЫЗ (сенімсіздеу). Сан-Францискода ма? ЖІГІТ. Иә, дәл сол Сан-Францискода. Бұл қала нағыз біздер үшін... ҚЫЗ. Менің қашанда Сан-Франциско сияқты үлкен қалаға кетіп қалғым келетін, бірақ мен жалғыз бара алмаймын. ЖІГІТ. Сен енді жалғыз емессің, естимісің? ҚЫЗ. Айтып бермейсің бе азырақ, ол қандай қала? ЖІГІТ (Алғашында шыдамсыздана жөпелдемелетіп, содан соң бәрін жаймен ақырындап, күлімсірей еске алады. Оның әңгімесінің ыңғайына қарай қыз оған жақындай түседі). Ең бастысы, ол Тынық мұхиттың жағалауында, қайда көз салсаң да көк мұхит. Салқын тұман мен шағала. Жан-жақтан жөңкілген корабльдер. Қала жеті төбеден тұрады. Ұсақ балықтар біресе жоғары, біресе төмен жүзіп, алай-бұлай шайқатылады. Түнгі тұманда сиреньдер уілдейді. ҚЫЗ. Ал онда, Сан-Францискода адамдар өзгеше ме? ЖІГІТ. Адамдар барлық жерде бірдей. Олар біреуді жақсы көргенде ғана өзгеше болады. Тек осы ғана адамдарды өзгертеді. Ал СанФранцисконың халқы адам сүйгіш, міне, бар болғаны осы. ҚЫЗ. Ешкім де, ешқашан да мен сені жақсы көргенімдей жақсы көре алмайды. ЖІГІТ (сыбырлап). Естимісің, осындай сүйем деген сөзден кейін өліп кетсең де өкінбейсің. Ал енді тездет. Әрі есіңнен шығарма, қайтып келгеніңде мен болмасам, Сан-Францискодан іздеп тауып аламын. Қыз оған қарап тұрып қалады да, сәлден соң шегіне беріп, бұрылады да, жүгіре жөнеледі. Жігіт оның соңынан қарап, мазасыз­

дана күлімсірейді. Кенет тізесін бүгіп, қолымен бетін басады. Келе жатқан автокөліктің гүрілі естіледі. Жігіт тың тыңдай қалады. Машинаның есіктері тарсылдағандай болады. Түрменің ағаш есігін қалай ашқаны, содан соң оны тарс еткізгені естіледі. Дәлізден адымдаған аяқ дыбысы шығады да, іле-шала сұрланған сұсы басым еркек кіреді. ЖІГІТ (атып тұрып, кірген адамға айғай салады, ол шошып ке­ теді). Атаңа нәлет, сен қандай түрме қызметкерісің?! Неге өз ісің­мен айналыспайсың?! Тағы осы үшін ақша аласың ғой. Мені босатыңдар! ЕРКЕК. Мен ешқандай да түрме қызметкері емеспін. ЖІГІТ. А, солай ма? Сонда сен кімсің? ЕРКЕК. Күйеуімін. ЖІГІТ. Кімнің күйеуісің? ЕРКЕК. Кімдікі екенін білесің ғой. ЖІГІТ. Міне, ол кім?! (Еркекке тесіле қарайды) Өткен түні мені бастан ұрған сіз емессіз бе? ЕРКЕК. Соның дәл өзімін. ЖІГІТ (зығырданы қайнап). Адамның басынан ұруға қандай хақыңыз бар? ЕРКЕК. Не? Ал біреудің әйелімен шатысуға қандай хақың бар? ЖІГІТ (басын сипалап). Сіз менің басыма зақым келтірдіңіз. ЕРКЕК (күтпеген ашумен). Жауап бер, біреудің әйелінде нең бар?! ЖІГІТ. Әй, тыңдаңыз, тордың ар жағында тұрғандықтан, маған айғайлаудың түкке де қажеті жоқ. Сіз күйеуімін деп ойлайсыз ба? Ал сіз кімнің күйеуісіз, білесіз бе? ЕРКЕК (револьверді қолына алып). Кәне, жап аузыңды! ЖІГІТ. Кәнеки, атыңыз... (Жайбарақат). Еркек револьверін жасырады. Бүкіл тобыр жалғыз адамға жабы­ лады да, оны соққыға жығады. Киімдерін жыртып, тепкінің астына алады. ЖІГІТ. Не, олай емес пе? Таза, кінәсіз, адал әйелдеріңізді алдап түсіру үшін сіздердің қалаларыңызда қайдағы бір жат біреу пайда болды. Әрине, сізге оның сазайын тарттыру керек. Сіз ошағыңыздың

қасиетін қорғайсыз. (Кенет) Енді тыңдаңыз! Ол сіздің әйеліңіз екенін мен қайдан білейін! Мен тіпті оның біреудің әйелі екенін де білген жоқпын. ЕРКЕК. Өтірік айтпа! ЖІГІТ. Өтірік айтатын кезім де болады, бірақ қазір шынымды ай­ тып тұрмын. Істің қалай болғанын білгіңіз келе ме? (Еркек жауап бермейді). Жарайды, Құдай куә, бар шындықты айтып берейін. Мен онымен барда таныстым. Бос орын көп болса да, ол менің жаныма келіп отырды. Радиода бір еркектің құйқылжыта шырқаған сазды әсем әні естіліп тұрған. Ол сөзді осы ән туралы айтудан бастады. Мен алғашында оны буфет қызметкерімен сөйлесіп тұр екен деп ойладым. Қарасам, жоқ, ол оған тіл қатар емес. Сонда оған жауапты мен бердім. Міне, біз осылай таныстық. Мен тіпті бұлай болар деп ойлағаным да жоқ. Біз қыдыруға бірге шықтық. Осында тұратынын сонда алғаш естідім. ЕРКЕК. Жабасың ба аузыңды, жоқ па?! ЖІГІТ. Сіз шындықты білгіңіз келе ме? (Еркек жауап бермейді). Жа­ райды. Ол мені бөлмеге кіруге шақырды. Ал маған не? Маған бәрібір. Мүмкін, ол жабығып жүрген шығар?!. ЕРКЕК. Бұның бәрі өтірік, иттің баласы! ЖІГІТ. Мен шындықты айтып тұрмын. Әйеліңізді шақырып алып, өзінен сұраңыз... Сіз оны жақсы көресіз бе? (Еркек жауап бермейді). Иә, м-м... Халіңіз нашар екен... ЕРКЕК. Сен не туралы айтып тұрсың? ЖІГІТ. Иә, ол мені алдап соқты. ЕРКЕК (асығып). Ал, кәне, үніңді өшір! ЖІГІТ. Е, сіз өзіңіз де білесіз. Сіз қашан да білгенсіз. Тек сіз өз таныстарыңыздан қорқасыз, бар болғаны осы. Ол менен ақша сұра­ ды. Әне, оған не керек болды дейсіз ғой? Мен оған ақша берген бол­ сам, мұнда отырмаған болар едім. ЕРКЕК (ақырын). Ол сенен қанша сұрады? ЖІГІТ. Білмеймін. Мен оған бір тиын да бермеймін дедім. «Егер ақша бермесең, онда шу көтерем» деді. Мен бар ғой, ә, мен өмірде саудаласқанды жек көремін. «Әй, салдақы, құры, көзіме көрінбей» дегенім сол-ақ екен, ол үйден жүгіріп шығып, пышақ сұққан шошқадай шыңғырғаны. (Үзіліс) Енді барыңыз да, мені басқа

түрмеге ауыстырсын деп айтыңыз. Ал өзіңіз дүние-мүлкіңізді жи­ нап алып, оны талақ етіңіз. Одан тезірек құтылғаныңыз абзал. Тек өзіңіздің достарыңыздан ұялатыныңыз болмаса, сіз жақсы адам көрінесіз. Еркек револьверін қайтадан шығарады. Оның тұла бойын қорқыныш сезімі билегені көрініп тұр. Жігітке қарай адымдап, үш рет атады да, жүгіріп шығып кетеді. ЖІГІТ. Әй, кім бар, ей?! (Тізерлей құлайды). Қыз жүгіріп келеді де, оған қарап, аң-таң күйде сілейіп тұрып қалады. ҚЫЗ. Бүгін діни мейрам ғой. Көшеде адамдар қаптап жүр екен – ер­ кектер, әйелдер балаларымен мәз-мейрам... Маған соларды айналып өтуге тура келді және үйге терезеден түстім. Револьверді таппадым. Қарамаған жерім жоқ, бірақ бәрібір таба алмадым. Саған не болған өзі? ЖІГІТ. Ештеңе... Ештеңе. Бәрі дұрыс. Тыңдашы. Тыңдашы, Кейти! Бұл жерден кет. Бұнда қалай келсең, солай кет, жүгір. Түнімен, бар күшіңді сала жүгір! Басқа қалаға жет те, сонда пойызға отыр. Естіп тұрсың ба? ҚЫЗ. Не болды? ЖІГІТ. Қаш, қаш бұл жерден. Кез келген пойызға отыр, ал СанФранцискоға содан кейін барарсың. ҚЫЗ. Мен сенсіз ешқайда бармаймын... (Жылайды). ЖІГІТ. Мен бара алмаймын, Кейти... (Оған қарайды) Мен сені СанФранцискодан тауып аламын. Кейти, мен сені жақсы көремін, менің басқа башмағымда да ақша бар, ал ақша болса, бәрін істей аласың (етпетінен құлайды). Қыз оның жанында ақырын жылап тұрады. ҚЫЗ (жылауын қойып, жайлап түрегеледі. Жан-жағына көз са­ лады, содан соң тура қарсы алдына қарап, сыбырлайды). Әй, кім бар, ей, естимісің?

Леонид ВЛАДИМИРСКИЙ

ҚАЗЫНА ІЗДЕГЕН БУРАТИНА

(пьеса)
Леонид ВЛАДИМИРСКИЙ – орыс драматургі әрі суретшісі.
1920 жылы Мәскеу шаһарында дүниеге келген. Ұлы Отан
соғысының басталуына байланысты 1941 жылы әскер қа­

тарына шақырылған. Соғыстан кейін Кинематографистер
институтының сурет факультетінде оқыған. Буратино ту­
ралы алғаш осы институттың қабырғасында жүргенде естіп-
біліп, курстық жұмысты орындайды. Сөйтіп, Буратиноның

қазірде оқырманға жақсы таныс бейнесін сомдап шығарады.
А.Н. Толстойдың «Буратиноның бастан кешкендері» атты
ертегісіне де суреттер салады. Осыдан кейін-ақ Владимирский
өзінің саналы ғұмырын балалар кітаптарын безендіру ісіне ар­

найды.
Леонид Владимирский «Қазына іздеген Буратино» және «Бура­
тино Изумрудтық қалада» атты екі шығарма жазып, ондағы
суреттерді де өзі салады. Ол 2006 жылы Буратино орденімен

марапатталды.

* * * ҚАТЫСУШЫЛАР: ПАПА КАРЛО «ЖАСЫН» ТЕАТРЫНЫҢ ҚУЫРШАҚТАРЫ БУРАТИНО МАЛЬВИНА ПЬЕРО АРТЕМОН – төбет МОНО – маймыл ПЕРИКО – тотықұс ТЕҢІЗ ТАСБАҚАСЫ ТОРТИЛ ТАСБАҚА ФЫРДЫБАС – теңіз қарақшысы КАРАБАС-БАРАБАС АЛИСА ТҮЛКІ БАЗИЛИО МЫСЫҚ ДУРЕМАР – сүлік сатушы СОТ ШОШҚА ҚАНСОРҒЫШ – жарқанат КВА-КА – бақа БІРІНШІ КӨРІНІС Тропиктік арал. Теңіз, жағалау. Теңіз қарақшысы Фырдыбас шығады. Ол маса мен шыбындарды қылышымен қуалап, пистолет­ пен қасынады. ФЫРДЫБАС. Жалықтым-ау, жалықтым, Күні бойы бос сенделдім.

Қолымда алмас қылышым,
Аралда іссіз қаңғырудан
Тарылғандай тынысым.
Адам тонап қызық үшін,

Есімді бір жинасам.
Шаттанар ем әр күн сайын,
Біреуді қорлап қинасам.
Ұмытпас үшін кәсібімді

Біреуге өлім сыйласам.
...Мен мейірімсіз қарақшы Фырдыбаспын,
Кемелерді батырып, талайлардың мысын бастым.
Тым болмаса, жапандағы жалғыз-жарым қайықты,

Кетірмесем келмеске, жүрегім әбден майлықты. (Дүрбімен қа­
райды).
Теңіз бос! Қандай өкінішті!
Корабльдер көрінбейді,

Кө-ң-ілсіз!
(Қараңғылық түседі. Күн күркірейді).
Еһе! Дауыл тұрып келеді. Қой, үңгіріме барып, ұйықтайын (Кетеді).

ЕКІНШІ КӨРІНІС

Қараңғылық. Күн күркірейді, найзағай жарқылдайды, дауыл
тұрады. Содан соң жарық түседі. Құмда Папа Карло жатыр, оның
жанында Артемон. Сәл әрірек – Мольвина мен Пьеро. Маңайда
қайықтардың сынықтары шашылып жатыр.

ПАПА КАРЛО. Мен қайдамын өзі? Қайығымыз қайда?
АРТЕМОН. Аф! Аф! Жартасқа соғылып, талқаны шықты.
ПАПА КАРЛО. Ал қуыршақтар қайда? Мальвино?! Пьеро?!
МАЛЬВИНА. Мен мұндамын. Пьеро да жанымда. Артемон, тездетіп

менің қол айнамды алып келші!

ПАПА КАРЛО. Айна да, басқа да заттар жоқ. Бәрі де дауыл кезінде құрдымға кетті. Өзіміздің батып кетпегенімізге шүкіршілік етіңдер. А-а... Буратина қайда? ПЬЕРО. Мен іздеп келейін. ПАПА КАРЛО. Адасып кетпе, балам. Жағаны жағалап жүр. Қасыңа Артемонды ертіп ал. Пьеро мен Артемон жағаны жағалап келе жатып, Буратинаның қалпағын тауып алады. ПЬЕРО. Қалпағы ғана қалғанына қарағанда, оны акулалар жұтып қойған шығар, болмаса жабайы аңдар шайнап тастады ма екен?.. (Жағалауда жатқан бірдеңені көзі шалып қалады). Бұл жерден тезі­ рек кетейік! Анда крокодил!..(Артемон жағада қарайып жатқанға жақындай түседі). Қайт! Қайт деймін! Ол сені қазір жеп қояды. АРТЕМОН. Аф! Бұл Буратино! БУРАТИНО (есін жиып). Маған не болған өзі? Аузыма балдыр то­ лып кетіпті ғой! ПЬЕРО. Тірісің бе, ей, өзі?! ПАПА КАРЛО мен МАЛЬВИНА (екеуі бірге Буратиноға қарай жүгіріп келіп). Буратино! АРТЕМОН (анадайдан теңіз тасбақасын байқап қалып). Әй, мы­ нау не тағы? Аф! Аф! МАЛЬВИНА. Ой, қандай сүйкімді! БУРАТИНО. Бұл теңіз тасбақасы ғой! Өте ірі. Сәлеметсің бе, құрметтім? Менің үйде Тортила деген танысым бар. Ол да сен сияқты тасбақа, бірақ кішірек. ПАПА КАРЛО. Ол торға түсіп қалыпты. Қазір біз саған көмектесе­ міз, құрметтім (торды шешіп, теңіз тасбақасын босатып жібереді). ТЕҢІЗ ТАСБАҚАСЫ. Рахмет, қадірлі достар, мен сіздердің бұл жақсылықтарыңызды ешқашан ұмытпаймын! ПАПА КАРЛО. Білсеңіз айтыңызшы, бұл қандай жер, бізді дауыл қайда әкеліп тастаған? ТЕҢІЗ ТАСБАҚАСЫ. Бұл – арал.

БУРАТИНО, МАЛЬВИНА және ПЬЕРО (хормен). Ура!
ПАПА КАРЛО. Жолымыз болды!.. Біз де дәл осы аралды бетке алып
жүзіп келе жатыр едік. Бірақ енді қайықсыз үйге қалай қайтамыз?
ТЕҢІЗ ТАСБАҚАСЫ. Білмеймін, білмеймін... Уақыт көрсетер... Сау

болыңыздар.
БӘРІ (хормен). Келесі кездескенше!

ҮШІНШІ КӨРІНІС

Сол жерде.
БУРАТИНО. Ой, тыңдаңдаршы, біреу айғайлай ма, қалай?!
МОНА. Көмектесіңдер, көмектесіңдер!
Ағаштың бұтағында отырған маймылды бәрі көреді. Ол аңшы­

ның құрған торына түсіп қалған.
АРТЕМОН. Бұл жабайы мысық болар! Мен қазір оны!.. Аф! Аф!
ПАПА КАРЛО. Тоқта, Артемон! Бұл маймыл ғой. Ол торға түсіп
қалған екен. Оны құрған кім екен?! Бұл – осымен екіншісі.

БУРАТИНО. Мен қазір! (Қолына пышақ алып, ағашқа шығады да,
маймылды босатады).
МОНА. Еһ, рахмет! Мені бір ажалдан құтқардыңыздар. Менің
атым – Моно. Сіздерге айтар алғысым шексіз!

ПАПА КАРЛО. Сен білмейсің бе, бұл жерде қандай аңшы тұрады?
МОНА. Біздің сорымызға бұл аралға қара желкенді кемемен
оңтүстік теңіздің ең сұмырай қарақшысы Фырдыбас жүзіп келді. Егер
сіздер болмасаңыздар, мен оған түстік ас болар едім!

МАЛЬВИНО. Қандай қорқынышты!
МОНА. Сіздер мұнда не үшін жүзіп келдіңіздер? Қайықпен теңізде
жүру өте қауіпті ғой. Мына дауыл...
ПАПА КАРЛО. Мен саған бәрін түсіндірейін. Анда, теңіздің ар

жағында... біз «Жасын» театрының артистеріміз...

БУРАТИНО. Мен, Буратино, өзімді-өзім өте жақсы ойнадым! МАЛЬВИНА. Ал мен, Мальвина, ақылды қыздарды... ПАПА КАРЛО. Бәрі де ойдағыдай болатын. Бірде мені сот шақырып алып, «Бұл театр қашан құрылған? Сендер оны сатып алып па едіңдер? Әлде біреу-міреу сыйға тартты ма? Болмаса өсиет бойын­ ша мұраға алдыңдар ма? Сендерде мөр басылған қағаз бар ма?» деп зілдене сұрады. «Жоқ, – дедім мен. – Біз бұл театрды жертөледен та­ уып алғанбыз... Ол туралы «Алтын қайнар» кітапшасында жазылған». Сот «Мен ол кітапшаны оқыған жоқпын. Бәрібір кітапша құжат бола алмайды. Сондықтан «Жасын» театры сіздердікі емес, ол сатылатын болады. Ал одан түскен ақша ел қазынасына құйылады» деді. «Ал біз ше?» деп едім. Сот иығын қиқаң еткізіп, «Сендер театрды мың алтын теңгеге сатып ала аласыңдар. Асығыңдар, әйтпесе басқа сатып алушы табылады» деді. МОНА. Содан? МАЛЬВИНА. Ондай көп ақша бізде қайдан болсын. БУРАТИНО. Бізге жүзге келген данышпан шегіртке Круз аралында қазына барлығын айтты. Ол бәрін қолмен қойғандай дәл біледі. ПАПА КАРЛО. Қысқасы, біз бұнда қазына іздеп келдік. ПЬЕРО. Қазынаны тауып, өз театрымызды өзіміз сатып аламыз. Басқаша болуы мүмкін емес. МОНА. Менің саған айтайын дегенім, қазына туралы мен де естігем. Баяғыда бір бай адам жанартаудағы шұңқырға тығып тастапты. Оны маймылдар көрген... Оған жетудің жолы қиын әрі қатерлі. Бірақ мен сол жерге сіздерді бастап апарамын. БУРАТИНО. Ура! Ура! Міне, керемет! МАЛВИНА: Тіпті іздеп те әуре болмайтын болдық. ПАПА КАРЛО. Рахмет саған! ПЬЕРО. Мен өлең шығардым! Жылдамдата басамыз, Жанартауды асамыз. Қазынаны табамыз, Қуанамыз, тасамыз.

ПАПА КАРЛО. Қымбатты балалар, біз атақты аралға жеттік қой, ендеше Монаның көмегімен қазынаны да табамыз деп ойлаймын. БӘРІ (көңілденіп). Иә! Иә! Иә, табамыз! БУРАТИНО. Біз нені күтіп тұрмыз? Кеттік! ПЬЕРО. Алдымен барлау жасап келу керек шығар, әйтпесе ол маң­да арыстан немесе мүйізтұмсық жүруі мүмкін ғой. АРТЕМОН. Мен дайынмын. МАЛЬВИНА. Артемон! Бар, бірақ байқа... Ал біз сенің соңыңнан ілесеміз. Ең алдымен Артемон жүгіріп кетеді, ал оның артынан бәрі ілеседі. ТӨРТІНШІ КӨРІНІС Карабас-Барабас, Алиса түлкі және Базилио мысық қайықтан түсіп, жағалауға қарай келе жатады. КАРАБАС-БАРАБАС. Міне, бұл – сол арал. Жеттік-ау, әйтеуір! АЛИСА ТҮЛКІ. Қараңдар! Шарманшы Карлоның ізі ғой мынау. Олар осында. Қандай сәттілік десеңші! Бәрі де сіздің басшылығыңыз­ дың арқасы, құрметті синьор Карабас-Барабас. КАРАБАС-БАРАБАС. Енді қалай деп едің?! Әрине! БАЗИЛИО МЫСЫҚ (құпиялап). Тыңдашы, Алиса, біз мұнда неге келдік? АЛИСА ТҮЛКІ. Сен не, Базилио, мүлдем әңгүдік болып қалғансың ба? Карабас соттан «Жасын» театрын жүз мың алтын теңгеге сатып алғысы келеді. Ал ақшаны қайдан алуға болады? БАЗИЛИО МЫСЫҚ. Ұрлау керек... АЛИСА ТҮЛКІ. Сен дұрыс айтып тұрсың! Кімнен сонда? БАЗИЛИО МЫСЫҚ. Білмеймін... АЛИСА ТҮЛКІ. Әрине, Карлодан. Оның ізін неге аңдып жүргенімізді енді ұқтың ба?

БАЗИЛИО МЫСЫҚ. Жоқ, ол кедей ғой. Онда бақыр тиын да жоқ
қой...
АЛИСА ТҮЛКІ. Егер қазынаны тауып алса, болады. Міне, сонда біз
оны тонаймыз. Түсінікті ме енді?

БАЗИЛИО МЫСЫҚ. Бұны сен ойластырдың ба?
АЛИСА ТҮЛКІ. Енді кім дейсің? Өйтпесем Алиса түлкі боламын
ба?!
КАРАБАС-БАРАБАС. Әй, сендер... Пыш-пышты қойыңдар! Жүрің­

дер, ізге түсеміз!

БЕСІНШІ КӨРІНІС

Жағажайда күтпеген жерден қылыш пен пистолет ұстаған
Фырдыбас көрінеді.
ФЫРДЫБАС. Кар-р-амба! Қонақтар келді ме?

Шап-шақ – шақша бас,

Мен – қарақшы Фырдыбас!
Шындарыңды айтыңдар, сендер мұнда неге келдіңдер?
БАЗИЛИО МЫСЫҚ. Біз балық аулап жүрміз.
ФЫРДЫБАС. Мен – қарақшы Фырдыбас,

Ұсталдыңдар, бері бас! БАЗИЛИО МЫСЫҚ. Мен жай қыдырып жүрмін... ФЫРДЫБАС. Батыр екенсің! Қазір мен қылышымды төбеңде ойна­ тамын. Кәне, бәрің тізерлеңдер! Сендерді не істесем екен?!. Семізден арыстанға қармақ жемін істеймін, ал ақсақ түлкі мен соқыр мысықты акула жұта салады. БАЗИЛИО МЫСЫҚ. Мен суға түскенді жақсы көрмеймін, және де бар ғой, мүлдем соқыр да емеспін. 14-298

КАРАБАС-БАРАБАС. Аһ, мен бақытсыз жетіммін, арыстан сүйегімді де қалдырмай жеп қояды-ау... ФЫРДЫБАС. Сен шынымен жетімсің бе? КАРАБАС-БАРАБАС. Менде әке де, шеше де жоқ. ФЫРДЫБАС. Менде де жоқ. КАРАБАС-БАРАБАС. Сіздің қадірлі әкеңізді қалай атаушы еді, қымбатты Фырдыбас? ФЫРДЫБАС. Ооо! Ол атышулы қарақшы болған, оның аты – Фырмыр-дыр-бей, бар теңіздің қаһары... КАРАБАС-БАРАБАС. Қандай жақсы есім!.. Аты затына сай екен! Менің де әкемнің аты – Фыр-дыр-мыр-дыр... өлтір... (Шатасады) Фыр-дыр... ФЫРДЫБАС. Мен бір нәрсені түсінбей тұрмын... АЛИСА ТҮЛКІ. Түсінбейтін несі бар, құрметтім, Карабас екеуіңіздің әкеңіз бір болғаны ғой! ФЫРДЫБАС. Оның түрі қандай еді? КАРАБАС-БАРАБАС. Ооо! Қадірлі синьор Фырдыбас, сіз оның құ­ йып қойған көшірмесісіз: ұзын мұрт, отты жанар, нұрлы ақыл... ФЫРДЫБАС. Ал оның тістері қандай еді? КАРАБАС-БАРАБАС. Сіздікі сияқты, өте жоғары сапалы алтын... Ал­ тын тіс... ФЫРДЫБАС. Оның көзі нешеу еді? КАРАБАС-БАРАБАС (шеткері шығып). Егер Фыр-мыр-дыр-бейде екі көз болса, қарақшы сұрамас еді ғой... (Дауыстап) Менің қымбатты әкемнің бір-ақ көзі болған. Екінші көзін қанды қырғында жоғалтқан. ФЫРДЫБАС. Бауырым! КАРАБАС-БАРАБАС. Туысым! АЛИСА ТҮЛКІ (шеттеу шығып). Әй, бұлар шынында да бір-біріне қатты ұқсайды ғой. Тек біреуінде – мұрт, екіншісінде – сақал. Екі пар етік сияқты. Фырдыбас айнаны алып, қарайды.

ФЫРДЫБАС. Сол көзі маған ұқсайды, менің мұрным үлкенірек әрі әдемірек. Ал аузы арандай әрі тістерінің бәрі алтын. Әй, атың кім өзі, туысқан? КАРАБАС-БАРАБАС. Синьор Карабас-Барабас! ФЫРДЫБАС. Есімің жақсы екен, менікіне ұқсас. АЛИСА ТҮЛКІ. А, қалай сонда? Мүмкін, сіздер егіз боларсыздар? КАРАБАС-БАРАБАС. Мен сені Фырдик деп еркелетіп атасам бола ма? ФЫРДЫБАС. Әрине, болады, ал мен сені Қарабасик деп атайын. (Күледі) Ха-ха-ха!.. АЛИСА ТҮЛКІ. Сіздер бір-біріңізді Карик және Фырик деп ата­ ңыздар. Құлаққа өте жағымды естіледі. Ал Ка-а-р-р және Фы-р-р деп қысқа қайырсаңыздар, одан да жақсы. Сонда айтуға оңай. КАРАБАС-БАРАБАС. Қымбатты бауырым, мүмкін ас ішерміз. Менің қарным ашып тұр. АРТЕМОН (сахнаның ар жағынан). Аф! Аф! Аф! ФЫРДЫБАС (Карабас-Барабасқа). Сен естіп тұрсың ба? Шап-шақ – шақша бас, Ішеміз қазір түстік ас! Бір хайуан торға түсті! Орға түсіп, омалып отырған шығар, ұлуын көрмейсің бе? Жүр, бауырым, кеттік!

Фырдыбас пен Карабас-Барабас кетеді.

АЛТЫНШЫ КӨРІНІС

Фырдыбас пен Карабас Артемонды ұстап алып, қайтып келеді.
Фырдыбас пышағын қайрайды.
КАРАБАС-БАРАБАС. Қымбатты бауырым Фыр! Итті дәл қазір
қуырудың қажеті жоқ!

ФЫРДЫБАС. Менің тамақ жегім келіп тұр. КАРАБАС-БАРАБАС. Тоқта, тоқташы, мен саған бәрін айтамын, ит туралы да, қазына туралы да... ФЫРДЫБАС. Қазына?!. КАРАБАС-БАРАБАС. Былай шығайықшы... Фырдыбас пен Карабас аулағырақ шығып кетеді де, сәлден соң қайтып келеді. КАРАБАС-БАРАБАС. Келісім бойынша қимылдаймыз, ал қазынаны тең бөліп аламыз. ФЫРДЫБАС. Шап-шақ – шақша бас, Біздікі енді алтын тас! Бәс-бәс қара тас, Алдағанның басы таз! АЛИСА ТҮЛКІ. Мен білсем, Артемон «аф», «аф» еткеннен басқа қазына туралы бізге көп нәрсе айта алмас. Бірақ оны іздеп біреу-міреу міндетті түрде келеді. Бәрінен бұрын Буратино жетер. Ол қайсар, бірақ оны алдап-сулап, бәрін біліп алуға болады. Міне, содан кейін итті жей беріңдер. ФЫРДЫБАС. Жақсы, мен сәл-пәл күте тұрармын... БУРАТИНО (дауыс алыстан талып естіледі). Артемон!.. Сен қайдасың? Артемон!

Буратино көрінеді. Оны Фырдыбас пен Карабас-Барабас ұстап
алады да, байлап тастайды.
АЛИСА ТҮЛКІ. Жаңа айтпадым ба?! Міне, оның өзі!
КАРАБАС-БАРАБАС. Енді ісім сенімен болсын, тыриған тырбың.

(Буратиноны ұрады). Тұра тұр, қарғыс атқан ақымақ. Ертең таңертең
сен бізге бәрін айтатын боласың! Енді бізден құтыла алмайсың!
Сенің Папа Карлоң да сазайын тартады.

Қараңғылық түседі. Фырдыбас жатуға дайындалады. Сахнаның ар жағынан тордағы тотықұсты алып келіп, жанына қояды. ФЫРДЫБАС. Шап-шақ, шақша бас, Ұйықтап алсын Фырдыбас! Фырдыбас жатады да, ұйқыға басады. Карабас-Барабас та оның жанына келіп жантаяды. Екеуі де қорылдайды. АЛИСА ТҮЛКІ (мысыққа). Көріп тұрсың ба, анау кім? БАЗИЛИО МЫСЫҚ. Көріп тұрмын, Буратино. Артемонды да... АЛИСА ТҮЛКІ. Оларды сен күзетесің! Байқа, қашып кетпесін. Әйтпесе, Фырдыбас сенің анау сүйкімді құйрығыңды түбінен шауып тастайды. Оның қылышының қандай екенін көрдің ғой! БАЗИЛИО МЫСЫҚ. Көрдім... Менен құтылмас! ЖЕТІНШІ КӨРІНІС Түн. Қарақшылар қорылға басып жатыр. БУРАТИНО (бұрылып). Қалай қашып кетсем екен, ә? ПЕРИКО. Сен кімсің? БУРАТИНО. Мен – Буратиномын. Ал мынау – Артемон. Біз қазына­ ны іздеу үшін Папа Карломен бірге жүзіп келдік. Ол бізге ғажайып те­ атрымызды сатып алу үшін керек. Бірақ... байқаймын, біз енді өз теа­ трымызда ешқашан ойнай алмайтын сияқтымыз. ПЕРИКО. Иә, сен бір шырғалаңға тап болдың... Бұнда тек жақсы адамдар жиналды деп айта алмаймын. БУРАТИНО. Сіз олардың жаман адам екенін біле тұра қастарында неге жүрсіз? ПЕРИКО. Жаман деген жай сөз ғой, өте жаман. Жарық дүниедегі ең қаныпезер қарақшы. (Үзіліс). Айтпақшы, менің атым – Перико. Біраз жыл бұрын Фырдыбас мені ұстап алып, темір торға қамап қойды.

БУРАТИНО. Қалайда есікті ашу керек... Мен көмектесер едім... ПЕРИКО. Рахмет, бірақ ол мүмкін емес. Фырдыбас мен ұшып кет­ песін деп тордың есігін тас қып бекітіп тастаған. Міне, сондықтан да осында отырмын, енді мен ешқашан еркін ұша алмайтын шығармын. БУРАТИНО. Ал сізді қалай босатып алуға болады? ПЕРИКО. Темір торды сен сындыра алмайсың ғой! Егер тормен бірге алып кетсе... Сен бұны да істей алмайсың. Ал мен саған көмектесіп көрейін, кәне. Бері қарай жылжышы. (Тұмсығымен арқанды шешеді) Болды. Дайын! БУРАТИНО. Рахмет! Енді мен оларға көрсетемін. (Артемонды боса­ тады) Ал сіз қайтесіз? ПЕРИКО. Тезірек қашыңдар, әйтпесе қарақшылар оянып кетіп жүрер! БУРАТИНО. Перико, мен саған буратиндік сөзімді беремін, мен сені міндетті түрде босатамын! ПЕРИКО. Қашыңдар! Буратино мен Артемон қашып кетеді. БАЗИЛИО МЫСЫҚ (түсінде). Менен құтыла алмайсың! СЕГІЗІНШІ КӨРІНІС Таңертең. Бірінші Алиса түлкі оянады. АЛИСА ТҮЛКІ. Мәссаған, тұтқындар қашып кеткен бе?! Базилио, енді сенің құйрықсыз қалатының анық. Қадірлі синьор Карабас! Ояныңыз! Тұтқындар қашып кетіпті! КАРАБАС-БАРАБАС. Құрып қалғыр! Не болды?! ФЫРДЫБАС. Құрып кеткірлер! Біріңді қалдырмай акула жегір! Не боп қалды?! АЛИСА ТҮЛКІ. Міне, мұнда қараңдар!

ФЫРДЫБАС. Менің таңертеңгілік асым қашып кетті ме?! Тұт­ қындардың қашып кетуіне кім көмектесті?! (Перико отырған торды шайқайды). Бұны істеген сенсің ғой, сорлы құс. Тұра тұр, бәлем. Дәл қазір уақытым жоқ, бірақ сенен жауап алар күн де келер. Қашқын­ дарды қуыңдар! КАРАБАС-БАРАБАС. Қуыңдар! ФЫРДЫБАС. Менен қашудың қалай болатынын көрсетемін олар­ ға! Ка-р-рамба! Мен олардан бір сәтте маймыл жасаймын. АЛИСА ТҮЛКІ. Қадірлі синьор, оларды қазынаны тапқан жағдайда ғана ұстау керек! Егер таба алмаса, іздей берсін! Бәрібір олар бізден қашып құтыла алмайды. Біз аралдамыз ғой. ТОҒЫЗЫНШЫ КӨРІНІС Жанартауға барар жолда. Теңіз көрінбейді. Төңірек гүлдерге толы. МАЛЬВИНА. Балалар, бір тәулік жоқ болып кетуге ұялмайсыңдар ма?! Алаңдап біттік қой!.. БУРАТИНО. Бізді қыдырып кетті деп ойлайсың ба? МАЛЬВИНА. Адасып кеттіңдер ме? БУРАТИНО. Олай болса жақсы ғой! Біз тұтқында болдық! ПАПА КАРЛО. Қайда? БУРАТИНО. Ал, кәне, өздерің табыңдаршы! ПЬЕРО. Адам жегіштерде ме? БУРАТИНО. Одан да жаман! МАЛЬВИНА. Қуыршақ жегіштерде ме? БУРАТИНО. Жоға да. Нағыз қарақшылардың қолында. МАЛЬВИНА. Сұмдық-ай! Сұмдық-ай! БУРАТИНО. Кім дейсіздер ме? Бәрі біздің таныстарымыз: ҚарабасБарабас, Алиса түлкі және Базилио мысық. ПАПА КАРЛО. Олар аралда қайдан жүр? БУРАТИНО. Олардың басшысы кім екенін білесіңдер ме? Бұл маңның ең жауыз қарақшысы – Фырдыбас!

ПЬЕРО. Ол қандай өзі? БУРАТИНО. Бойы биік... мұрты ұзын... Құлағы мен мұрнынан түтін шығады. Ал жекіргенде... У-у-у! Біздің Қарабасқа оған ілесу қайда. Ал қылышы ше, мына жерден ана жерге дейін... Артемон, осыным өтірік болса, сен айтшы! АРТЕМОН. Солай! ПАПА КАРЛО. Сендер қалай құтылдыңдар? БУРАТИНО. Бірінші шайқаста мен Карабасты ұрып қалып едім, ол зырылдауықтай шыр айналып кетті де, «Ой, ауырып кетті!» деп айғай салды. Бірақ мұздай қаруланған жаулар көп еді. Кешке қарай олар жеңіске жетті. Ал түнде бізге досымыз Перико тотықұс көмекке келді. Сөйтіп, біз қашып кеттік. ПАПА КАРЛО. Ал тотықұс қайда? БУРАТИНО. Перико тұтқында қалды, бірақ оны міндетті түрде бо­ сатып аламын. ПАПА КАРЛО. Біз қазынаны тезірек тауып алуымыз керек, әйтпесе оны Карабастар тауып алады. Он минуттан кейін жолға шығамыз! Пьеро гүл тереді. ПЬЕРО. Алыс жерде жүрсек те біз, Айналамыз ашық теңіз. Қалыңдығым Мальвинамен, Мына нәзік гүлдер егіз. Қалыңдығым менің, аһ, Мальвина, Мальвина, Шет жерде жүрсек те, өзің үшін жан пида. МАЛЬВИНА (гүл шоқтарын көріп). Қандай керемет! ПЬЕРО. Шаттансын деп гүл теремін, Мальвинадай ғашығым. Гүлді сөзбен көмкеремін, Қабыл алсын асылым! МАЛЬВИНА. Рахмет!

ПЬЕРО. Осы үшін ақыныңның бетінен, Шөп еткізші, сұранамын, өтінем! Мальвина қарсылығын білдіріп, Пьероға кішкене саусағын шошай­ тады. Бірақ гүлді алады. ПАПА КАРЛО. Уақыт болды, кеттік! МОНА. Мен жол бастайын. Соңымнан еріңдер! Бәрі Монаның соңынан кетеді. ОНЫНШЫ КӨРІНІС Достар жанартаудың төбесіне қарай көтеріліп келеді. ПАПА КАРЛО. Міне, мынау жанартаудың шұңқыры. ПЬЕРО. Ана бір жалындаған тастар мен отты сұйық атқылайтын орын осы ма? ПАПА КАРЛО. Көп жыл бұрын солай болғаны да рас. ПЬЕРО. Ал қазір аяқ астынан қайтадан атқылай бастаса ше?.. МОНА. Қазына осында. Шұңқырдың ішінде. Бірақ оны қалай аламыз? Шұңқырға түсу өте қауіпті. Онда қансорғыш құбыжықтар тұрады. Бұнда бүкіл теңіздің тажалы – тісіне дейін қаруланған қарақшы Фыр-мыр-дыр-бейдің кіргенін менің бабам көрген. Бірақ ол содан қайтып шықпаған. Сондай-ақ, кейбір қызыққұмар маймылдар да бұнда мәңгіге қалып қойған. ПАПА КАРЛО. Сонда не істеуіміз керек? Қаншама қиыншылықтар мен қауіп-қатерді басымыздан өткізіп келіп... БУРАТИНО. Не істеу керек, не істеу керек?.. Не істеуші едік, қазына­ ны аламыз!.. (Арқаннан ұстап, шұңқырға түсе береді). ПАПА КАРЛО. Буратино, тоқта! БӘРІ (бірге). Буратино! Сен қайда?..

ОН БІРІНШІ КӨРІНІС Шұңқырда. Буратино сандықтың үстіне түседі. Оны сипалайды. БУРАТИНО. Қазына осы болар, а? (Жан-жағына қарайды, алтын тісті бас сүйекті көреді). Сұмырай қарақшы! Қайғырар емес! Күледі! (Пушканы көреді). Егер қазір атса не болар еді?.. ҚАНСОРҒЫШ. Сен кімсің, мұнда неге келдің? БУРАТИНО (әрірек жылжып). Жарқанат көрмеді деп ойлайсың ба? (Қансорғышқа) Менің атым – Буратино, мен мұнда... Менің таныс жарқанатымнан саған сәлем ала келдім. Біз ежелгі достармыз. Ол мені көртышқандар жолымен Ғажайыптар Әлеміне алып келді. Ал сенің атың кім? ҚАНСОРҒЫШ. Қансорғыш! Мен бүкіл қансорғыштар тайпасының көсемімін. БУРАТИНО. Сіздер өте көп... ҚАНСОРҒЫШ. Сәлеміңе рахмет, бірақ сен бұл жерден тірі шықпайсың!.. БУРАТИНО. Неге? ҚАНСОРҒЫШ. Өйткені қазір біз сенің етіңді тісімізбен жұлмалап, қаныңды түк қалдырмай сорып аламыз. Сөйтіп, қан жосыған той бо­ лады. БУРАТИНО. Той болмайды! ҚАНСОРҒЫШ. Неге болмайды? БУРАТИНО. Тфу, қандай миғұласың! Кәне, тістеші! (Саусағын қансорғыштың аузына тығады. Ол тістеп алады). ҚАНСОРҒЫШ. Ағаш! Түк қан жоқ қой мынада! Кәне, тез үңгірден табаныңды жалтырат! Бізге ішіп-жеуге жарамайтын ағаштың керегі жоқ. Қоқыр-соқыр онсыз да жеткілікті. БУРАТИНО. Соның біреуін өзіммен бірге ала кетсем бола ма? ҚАНСОРҒЫШ. Пушканы алып кет! Оны көрсек зығырданымыз қайнайды! БУРАТИНО. Жоқ, пушка ауырлау, одан да мен мынаны алып ке­ тейін! (Сандықты алып, арқанмен жоғары өрмелей бастайды).

ОН ЕКІНШІ КӨРІНІС Жанартаудың басында. Бәрі Буратиноны тартып шығарады. ПАПА КАРЛО. Тірімісің? (Буратино көзін ашады). Тірімісің? БӘРІ (хормен, көңілдене). Тірі! Тірі! БУРАТИНО. Байқаңдар! Мен жаралымын, саусағым ауырып бара­ ды. МОНА. Сен құбыжықтарды көрдің бе? БУРАТИНО. Көрдім, көрдім... Мен тіпті оның танауына тұмсығымды тығып алдым да, қазынаны алып кеттім. МОНА. Сен нағыз батырсың! БУРАТИНО. Иә, маған бұл үшін медаль беру керек! ПАПА КАРЛО. Алтын медаль ма? БУРАТИНО. Әрине. Егер шоколад медаль болса тіпті жақсы. МАЛЬВИНА. Ішінде не бар екенін көрейік те. ПАПА КАРЛО. Қазір уақыт жоқ! Үйге барған соң көреміз! ПЬЕРО. Театрымызды сатып алуға бұл қазына жете ме? ПАПА КАРЛО. Құр сандықтың өзі-ақ жетеді. Ол таза алтыннан жасалған. Достарым менің! Тезірек үйге оралу керек! Міне, үш тәулік өтіп кетті. Асығайық. БӘРІ (бірге). Кеттік. Үйге... ПЬЕРО. Біз театрды сатып аламыз. БУРАТИНО. Карабас жер сипап қалады. ПАПА КАРЛО. Қайығымыздың быт-шыты шықты ғой, біз қалай қайтамыз? БУРАТИНО. Мен Фырдыбастың үңгіріне жақын маңда қаңтарулы тұрған қайық көргем. Егер біз қарақшылардың жатағына жақын ба­ рып... ПАПА КАРЛО. Жо-жоқ! Бұл өте қауіпті. БУРАТИНО. Папа Карло... ПАПА КАРЛО. Жо-жоқ, тағы да жоқ!.. Аралдан жүзіп кететін басқа мүмкіндік тағы жоқ. Жарайды. Бірақ өз беттеріңмен ештеңе істемеңдер.

БУРАТИНО. Қандай керемет! Мен Периконы құтқарамын. Тек темір кесетін ара тапсам ғой! ОН ҮШІНШІ КӨРІНІС Жағажай. Фырдыбас қалдырып кеткен темір торда тотықұс отыр. Жағалауда Карабас-Барабастың қайығы тұр. Қазынаны алып Папа Карло, Мальвина, Пьеро, Артемон және Мона шығады. Олар қайыққа асығып барады. Буратино тордағы тотықұсқа жүгіріп ба­ рады. ПЕРИКО. Сен келдің бе, Буратино? БУРАТИНО. Мен уәде бердім ғой. Тыңдашы, Перико, бұл жерде сенің темір торыңды кесетін ерекше ара жоқ па? ПЕРИКО. Бар. Мен оны көптен бері байқап жүрмін, бірақ темірді кесу оңай шаруа емес қой. БУРАТИНО. Ештеңе етпес, кесеміз. (Араны алып, темір торды кесе бастайды). ПАПА КАРЛО. Буратино! Буратино, сен қайдасың? Тез кел, мұнда! БУРАТИНО. Мен мұндамын, Папа Карло! ПАПА КАРЛО. Тезірек қайыққа мін. Қарақшылар келіп қалуы мүмкін. Алиса түлкі жүгіріп жетеді. АЛИСА ТҮЛКІ. Фыр! Фыр! Кар! Кар! Тезірек мұнда келіңдер! Олар осында! Олар осында! Ұстаңдар оларды! Әне олар! Қазына да соларда!.. ПЕРИКО (Буратиноға). Қаш! БУРАТИНО. Ал сен ше? ПЕРИКО. Қаш, әйтпесе екеуміз де құримыз! Буратино араны тастай салып, қайыққа секіріп мінеді. Қаш­ қындар жүзіп жөнеледі. Фырдыбас, Карабас-Барабас және Базилио мысық көрінеді.

ФЫРДЫБАС. Шап-шақ, шақша бас,
Қылышыммен шабам бас!
Қылышын қоқаңдатады.
ПЬЕРО (қайықта). Қатыгез қарақшы Фырдыбас,

Енді сенен ешкім де қорықпас.
Шап-шақ, шақша бас,
Қайық біздің тоқтамас!
ФЫРДЫБАС (пистолетін қолына алады). Бір, екі... Қазір шалды

жалп еткізем!
БУРАТИНО. Фырдыбас нашар мерген,
Пистолеті оның көнерген.
Шүріппені шірене басарсың,

Тигізе алмайсың, нашарсың!
Мықты болсаң, көздеп атшы!
Фырдыбас Буратиноны атады. Ол құлайды, сәлден соң кө­
теріледі.

БУРАТИНО. Тиген жоқ! Тиген жоқ!
Қайық жүзіп барады.
БАЗИЛИО МЫСЫҚ. Көрсоқыр!
ФЫРДЫБАС. Сен мен туралы айтып тұрсың ба, әңгүдік пышық?

Әлемдегі ең мықты сұрмерген туралы... Қандай көрсоқыр екенімді
мен саған қазір көрсетемін! (Мысықты көздейді).
Шап-шақ, шақша бас, атам,
Дәл маңдайдан қақшитам! (Базилио мысық қашып кетеді).

Еһе! Қорықтың ба, бәлем?

Фырдыбас мысықтың соңынан қуа жөнеледі. Мылтықтың атылғаны естіледі. Базилио мысық қашып келіп, Алиса түлкінің ар­ тына тығылады. Оның соңын ала Фырдыбас жетеді. ФЫРДЫБАС. Қайда ана қансыраған мышық? Қазір мен оның мой­ нын бұрап, басын жұлып аламын! АЛИСА ТҮЛКІ. Ура! Ура! Ұлы мерген жасасын! Сіз мысықтың құ­ лағының тап ортасынан қалай дәл көздеп аттыңыз?! Сізден басқа ешкім де дәл осылай істей алмас еді! ФЫРДЫБАС. Дәл ортасынан ба?! Айтпадым ба, мен сондай... АЛИСА ТҮЛКІ. Сіз әлемдегі атқаны мүлт кетпес ең мықты мерген­ сіз! Құлағын тесіп бергеніңіз үшін мысық сізге дән риза. Ал бір гауһартасты сырғаны оған өзім-ақ сыйлаймын. БАЗИЛИО МЫСЫҚ. Біреу емес, үшеу... Біз солай келіскенбіз! ФЫРДЫБАС. Қайық қайда? КАРАБАС-БАРАБАС. Жүзіп кетті, енді біз оған жете алмаймыз! ФЫРДЫБАС. Жете алмаймыз? Менің әкемді Фыр-мыр-дыр-бей – бүкіл теңіздің тажалы деп бекер атамаған шығар! Ол маған бір нәрсені мұра қып қалдырып кетті. Га-га-га, гу-гу-гу! (Перикоға) Мен сені ұмытқан жоқпын, сен әлі тұзды суға тұншығатын боласың! КАРАБАС-БАРАБАС. Бұл не сонда, қалған мұра осы ма? АЛИСА ТҮЛКІ. Жоқ. Бұл – тотықұстың күні бітті деген сөз! Ал мұра – басқа нәрсе. ОН ТӨРТІНШІ КӨРІНІС Қайықта – Папа Карло, қуыршақтар, Мона. ПАПА КАРЛО. Рахмет, балам. Сен бүгін мені өлімнен құтқардың. БУРАТИНО. Енді мен сіздің әрқашан құтқарушыңыз боламын. ПАПА КАРЛО. Қазір желкенді кереміз, кешке үйде боламыз. Бәрі Папа Карлоға көмектеседі.

Мен өзімді біртүрлі нашар сезініп тұрмын! Кәне, кішкене
демалайықшы (қайықта жантаяды).
БУРАТИНО (шеттеп). Неліктен Перико мәңгі бақи торда отыра­
ды? Ал мен оған босатып аламын деп уәде беріп едім ғой! Нағыз

достар бұлай істемейді!
ПЬЕРО (өлең шығарады). Ашамыз біз тез, түсін,
Ғажап театр достар үшін.
Билетсіз-ақ ерте кел,

Қызық ойын кел де көр!
Қарындасыңды да кішкентай,
Күшік, мысық, тышқантай,
Торай, мейлі, құлын-тай.

Жалпыға ортақ қуаныш үшін
Таратамыз тәттінің де тәттісін.
Конфеттен бәрі ауыз тисе,
Мен боламын конферансье.

Өлең оқырмын от алып,
Көрерменді рахатқа батырып.
БУРАТИНО. Жер! Жер!
БӘРІ (хормен). Ура!

АРТЕМОН. Аф! Фырдыбас?!
Фырдыбас пен командасы мінген қарақшылар кораблі көрінеді.
Торда – Перико.
ФЫРДЫБАС. Бізді күтпеген шығарсыңдар?! Сандықты беріңдер,

әйтпесе пушкадан оқ жаудырып, күл-талқандарыңды шығарамын!
Фырдыбас сандықты тартып алады. Папа Карло жағаға жүзіп
шығады.
КАРАБАС-БАРАБАС. Қымбатты бауырым, мен мырзалық танытып,

мына бар байлықтың бесінші бөлегін саған беремін.

ФЫРДЫБАС. Қандай бесінші бөлігін? Біз екеуміз бәрін тең бөлісеміз деп келіспеп пе едік? КАРАБАС-БАРАБАС. Тең емес, бірдей бөлісеміз! Біз бесеуміз ғой: мен, сен, түлкі, мысық және Дурамер. Осынымыз дұрыс-ау деймін!.. Бәрі де ар-ұят бойынша... ФЫРДЫБАС. Мәссаған! Ар-ұятты не қыласың? Мені мазақ қылғыларың келе ме? Менің қатыгез қанішер қарақшы екенімді ұмытып кеттіңдер ме?! Ал, кәне, бәрің де борттан түсіңдер! Мыңдаған акула... (Қарабас-Барабасты борттан итеріп жібереді). ПЕРИКО. Акула көрінбейді ғой! АЛИСА ТҮЛКІ. Әділетті мырза Фырдыбас, мені суға тастар алдында балдағымды алып алуға рұқсат етіңіз! ФЫРДЫБАС. Ал да, борттан түс! БАЗИЛИО МЫСЫҚ. Менің суға түскім келмейді! АЛИСА ТҮЛКІ (трюмнан атып шығып). Базилио, тәуекелге барған дұрыс! БАЗИЛИО МЫСЫҚ. Менің тәуекел еткім келмейді! Түлкі мысықты итеріп жіберіп, өзі де суға секіріп кетеді. ФЫРДЫБАС. Қалай екен, ә?! Мен атышулы қарақшының баласы емеспін бе?!. ОН БЕСІНШІ КӨРІНІС Таныс жағалау. Қарабас-Барабас, Базилио мысық және Алиса түлкі үсті-бастарын қағып-сілки бастайды. Жарылыс естіледі. КАРАБАС-БАРАБАС. Ол не? АЛИСА ТҮЛКІ. Корабль жарылды. Оны жарған мен. Егер қазына бізге бұйырмаса, басқаға да жоқ. КАРАБАС-БАРАБАС. Сен соның бәрін қалай істедің?

АЛИСА ТҮЛКІ. Корабльдің астыңғы жағында оқ-дәрілер салынған бөшке мен ұзын білте бар екен. Мен білтені бөшкенің ішіне салдым да, сіріңке жақтым. Білте жанып біткенше біз жағаға шығып үлгердік. Бар болғаны осы. КАРАБАС-БАРАБАС. Қазына құрдымға кетті. Бекер әуре болдық-ау! БАЗИЛИО МЫСЫҚ. Оны айтасыз... Мен тіпті суға батып кете жазда­ дым. АЛИСА ТҮЛКІ. Кеттік бұл жерден! Қарабас-Барабас, Алиса түлкі және Базилио мысық кетеді. ОН АЛТЫНШЫ КӨРІНІС Папа Карло, Мона және қуыршақтар қайықтан түсіп жатады. ПЬЕРО. Теңізде жарылыс болды ма? БУРАТИНО. Кереметтей тарс етті ғой! ПАПА КАРЛО. Қарақшылардың кораблі-ау деймін. ПЬЕРО. Олар қазынаны бөлісе алмай, шекісіп қалған ғой! МАЛЬВИНА. Қазынаны ойласам, ішім удай ашиды. Тіпті ашып та көрмедік-ау! ПАПА ККАРЛО. Құдайға шүкір, бәріміз есен-аманбыз. Кеттік үйге! Папа Карло, Мона және қуыршақтар кетеді. ОН ЖЕТІНШІ КӨРІНІС Театр сахнасының алдыңғы жағынан Карабас-Барабас және Ба­ зилио мысық қабақтары қарс түсіп келе жатады. Оларға Алиса түлкі қарсы жолығады. 15-298

АЛИСА ТҮЛКІ. Карабас мырза! Қуанарлық жаңалық. Біз жүзіп жүрген кезде сот архивтен Круз мырзаның өсиет қағазын тауып алыпты. КАРАБАС-БАРАБАС. Қандай Круздың тағы?.. АЛИСА ТҮЛКІ. «Жасын» театрының бұрынғы қожайыны ше! Ал ол оны кімге өсиет етіп қалдырғанын білесіз бе? КАРАБАС-БАРАБАС. Өсиетке қалдырған? Кімге? АЛИСА ТҮЛКІ. Сізге! Онда «Аты «К» әріпінен басталатын жаны жайсаң адамға» деп анық жазылған. КАРАБАС-БАРАБАС. Тезірек, сотқа кеттік! Карабас-Барабас, түлкі және мысық кетеді. ОН СЕГІЗІНШІ КӨРІНІС Сахнаның алдыңғы жағынан Мальвина, Пьеро, Артемон, Мона және Папа Карло бірінің артынан бірі шұбырып келе жатады. Оларға Буратино қарсы жолығады. БУРАТИНО. Ура! Ура! Папа Карло! Тамаша жаңалығым бар! Біз­ дің үйде суретші Круз тұрған екен ғой! «Жасын» театрын жертөледе құрған сол екен. Ол оны есімі «К» әріпінен басталатын жақсы адамға өсиет етіп қалдырыпты. Яғни, саған! ПАПА КАРЛО. Қайдан білдің? БУРАТИНО. Жұрт шулап жүр! ПАПА КАРЛО. Сотқа баруымыз керек! БӘРІ (бірге). Сотқа!.. Тезірек! Жүріңдер! Міне, жаңалықтың көкесі! (Жүгіре жөнеледі).

ОН ТОҒЫЗЫНШЫ КӨРІНІС Сот залы. Ортада – судья. Бір жағында Папа Карло, Мона маймыл мен қуыршақтар отыр. Екінші жағында Карабас-Барабас, Алиса түлкі және Базилио мысық отыр. Судья өсиетнаманы оқиды. СУДЬЯ. «Мен, суретші Круз, өзімнің «Жасын» театрымды есімі ме­ нікі сияқты «К» әріпінен басталатын адамға өсиет етіп қалдырамын». КӨРЕРМЕНДЕР. Карло, Карло! КАРАБАС-БАРАБАС. Менің де атым «К» әріпінен басталады! СУДЬЯ. Орындарыңа отырыңдар! (Оқуын жалғастырады). «Егер ол адамның қайырымы мол болса әрі хайуанаттарды жақсы көрсе ғана...» КАРАБАС-БАРАБАС. Мен! Мен қайырымды адаммын және хайуан­ дарды жақсы көремін. Театрды маған беріңдер! СУДЬЯ. Маған бөгет жасамаңдар! Мен өсиетнаманы әлі оқып біткен жоқпын. «Оны үш куәгер сотта дәлелдесін». Кәнеки, куәгерлеріңді шығарыңдар! МАЛЬВИНА. Артемон! АРТЕМОН. Аф? МАЛЬВИНА. Папа Карлоның қайырымды да жақсы адам екенін және оның хайуандарды жақсы көретінін сен дәлелдей аласың ба? АРТЕМОН. Аф! Аф! Аф! МАЛЬВИНА. Ал сен ше, Мона? МОНА. Дәлелдей аламын! СУДЬЯ. Кәне, сіздің үшінші куәгеріңіз қайда? Жоқ па? Сонымен, Ка­ рабас мырза, сізде куәгерлер бар ғой деп үміттенемін. КАРАБАС-БАРАБАС. Иә. Әрине, бар! АЛИСА ТҮЛКІ. Аса қадірлі судья мырза! Бірінші куәгер – мына қарапайым Базилио мысық. Базилио жұмыста денсаулығын құртса да, өмір бойы табан аудармай еңбек етті. Ол өтірік айтпайды! Ол шындықты ғана айтады. Сен, Базилио, синьор Карабастың хайуан­ дарды жақсы көретінін дәлелдей аласың ба?

БАЗИЛИО МЫСЫҚ (міңгірлеп). Қуырылған күйінде... СУДЬЯ. Не? Не?.. Түлкі мысықты шымшып алады. БАЗИЛИО МЫСЫҚ. Ой, шымшымашы! Ауырып кетті ғой! АЛИСА ТҮЛКІ. Ол «иә» деп тұр! (Мысыққа) Солай ма? БАЗИЛИО МЫСЫҚ. Мяу! АЛИСА ТҮЛКІ. Енді көшеге шық та, қандай болмасын, әйтеуір бір куәгер тауып кел! Оған ат басындай алтын береміз деп уәде бере бер! БАЗИЛИО МЫСЫҚ. Карло үшін бе? АЛИСА ТҮЛКІ. Ақымақ. Карабас үшін. Тезірек! Ал мен ұзақ сөйлеуге тырысамын.... Аса қадірлі судья мырза! Сіздің алдыңызда – мұраға иелік етуден үміткер, қаламызға сыйлы, қуыршақтар ғылымының докторы, жоғары Тарабар орденінің иегері – синьор Карабас-Бара­ бас. Мен, Алиса түлкі, оның жақсы адам екеніне және хайуанаттарды жанындай жақсы көретініне куәгер бола аламын! ЖИЫРМАСЫНШЫ КӨРІНІС Көшеде. Шалшықта шошқа жатыр. БАЗИЛИО МЫСЫҚ (шошқаға). Әй, сен, шошқа! Сотқа жүрші. Онда Карабас туралы бір ауыз қорсылдайсың да, екі алтын теңге аласың. ҚАБАН. Менің былғаныш іске араласқым келмейді. БАЗИЛИО МЫСЫҚ. Бірақ сен былғаныш жерде жатырсың ғой! ҚАБАН. Бұл – таза балшық, су мен топырақ, бұдан тез тазаруға бо­ лады. Ал өтірік айтсаң, ешқашан тазара алмайсың!

ЖИЫРМА БІРІНШІ КӨРІНІС

Сот залында. Базилио мысық қайтып оралып, Алиса түлкіден
алыстау барып тұрады.
АЛИСА ТҮЛКІ. Кәне?
Базилио мысық алақанын жаяды.

СУДЬЯ. Сонымен, құрметті үміткерлер, сіздерде үшінші куәгер жоқ.
Ендеше, «Жасын» театры Тарабар короліне берілетін болады. Бір...
екі...
Перико ұшып келеді.

БУРАТИНО. Перико! Сені көргеніме өте қуаныштымын. Сен қалай
босап шықтың?
ПЕРИКО. Оп-оңай: корабль жарылды да, темір тор опырылып түсті.
Ал мен дін аман қалдым. Содан, міне, ұшып келдім!

СУДЬЯ. Тоқтатыңдар! Сұрақты соңынан үйлеріңде қоясыңдар. Ал
мұнда мен жауап аламын. (Перикоға) Мен білсем, сіз кешігіп жеткен
үшінші куәгерсіз ғой?
ҚУЫРШАҚТАР. Иә! Иә! Иә!

БУРАТИНО. Перико, айтшы, қалай...
СУДЬЯ. Мен сендерге ескертемін. Енді бір рет сөйлесеңдер, сот за­
лынан шығарып жіберемін! Сонымен, сіздің есіміңіз кім?
ПЕРИКО. Перико.

СУДЬЯ. Перико мырза, сіздің Карло мырзаға көзқарасыңыз қалай?
ПЕРИКО. Өте жақсы! Себебі ол Буратина сынды үлгілі ұл тәрбиелеп
өсірді емес пе?!
СУДЬЯ. Олай болса, өсиетнама күшіне еніп, «Жасын» театры шар­

маншы Карлоға беріледі.
БӘРІ (бірге). Ура! Ура! Ура! Біз жеңіске жеттік!

ЖИЫРМА ЕКІНШІ КӨРІНІС Папа Карлоның тар бөлмесі. Жеңіске жеткендер шығады. ПАПА КАРЛО. Міне, біз үйімізге келдік. Балақандар, мен қатты шар­ шадым, жатып демалайын (жатады). МАЛЬВИНА. Біз шуламаймыз. ПЕРИКО. Папа Карлода дәрі де жоқ шығар?! МАЛЬВИНО. Жоқ. Папа Карло олардың өте қымбат екенін айтқан. ПАПА КАРЛО (сандырақтап). Жоғал, Қарабас, бұл жерден, саған қуыршақтарды бермеймін! ПЬЕРО. Сандырақтап жатыр! Мен Папа Карлоға көмектесе алатын бір адамды білемін. МАЛЬВИНА. Кім ол? ПЬЕРО. Емдік сүліктерді сатушы – Дуремар. МАЛЬВИНА. Бірақ ол Карабастың сыбайласы ғой! ПЬЕРО. Ол сүлік салса, Папа Карло міндетті түрде сауығып кетер еді. БУРАТИНО. Солай ма?! Мен оған барып келейін! МАЛЬВИНА. Сені Дуремар Карабас-Барабасқа ұстап береді ғой! БУРАТИНО. Барам дедім, бәрібір барамын! Қалайда бару керек! ЖИЫРМА ҮШІНШІ КӨРІНІС Емдік сүлік сататын Дуремардың тұрағы. Кішкене шыны сауыт­ тар мен банкілер тұр. Емдік балдырлар, ау, кептірілген өрмекшілер, шаяндар, кесірткелер, жыландар ілулі тұр. Дуремар қолына сүлік ұстап тұр. Олар ирелең-ирелең етеді. Біреудің ақырын есік қаққаны естіледі. ДУРЕМАР. Бұл кім? БУРАТИНО. Мен, Буратиномын. ДУРЕМАР. Буратино? (Есік ашады). Неге келдің?

БУРАТИНО. Папа Карло қатты ауырып қалды. Оны емдеу керек. Біз
сізге, ой-ой-ой, қандай көп төлейміз!..
ДУРЕМАР. Егер сені қазір байлап тастасам!.. Хи-хи!.. Отқа өртеу
үшін Карабасқа берсем!.. Ол маған одан да көп төлейді. Хи-хи!..

КВА-КА (Дуремардың қалтасынан). Ква, Ква! Синьор Дуремар!
БУРАТИНО. Бұл кім?
ДУРЕМАР. Бұл – менің кеңесшім, Ква-ка бақа. Ол қалтада өмір
сүреді. (Бақаны қалтасынан шығарып, алақанында ұстайды).

КВА-КА. Синьор Дуремар, шарманшы Карло қуыршақтар театрын
меншігіне алды. Ол енді директор!
ДУРЕМАР. Болса қайтейін?!
КВА-КА. Меніңше, ондай сыйлы адамдармен достық қарым-

қатынас орнату керек!
Дуремар басын шайқайды да, бақаны қайыра қалтасына салып
қояды.
ДУРЕМАР (Буратиноға). Кеттік! Папаңды емдейміз! (Сүлік салын­

ған банкілерін ала салып, жүріп кетеді).

ЖИЫРМА ТӨРТІНШІ КӨРІНІС

Папа Карлоның тар бөлмесі.
ПАПА КАРЛО. Еміңізге рахмет! Біз сізге театрда қойылым қалай
басталады, солай төлейміз. Кешіріңіз, қазір ақшамыз мүлде жоқ.
ДУРЕМАР. Бір минут... (Сәл шеткерек шығып, қалтасынан бақа­

ны алып, жаймен ақылдасады да, қайтып келеді). Маған ақшаның
керегі жоқ. Бірақ өтінішім бар. Сіздердің қойылымдарыңызға көп
адам жиналатынын білемін, мен соларды өзімнің сүлік салу өнеріме
тартсам деймін. Сіздердің сахналарыңызға шығып, бәрін өз аузым­

мен айтып берсем...

ПАПА КАРЛО. Сіз жақсы емшісіз, сізге емделуге адамдар көбірек
келсе...
ДУРЕМАР. Дәл солай! Осыны сахнада тақпақтап айтсам деймін!..
ПЬЕРО. Орындалмай мақсатыңыз,

Ауырса бас-беліңіз,
Түсіңізден шошысаңыз,
Дуремарға келіңіз!
ДУРЕМАР. Керемет! Сүліктер туралы да бір-екі ауыз бірдеңе

айтсаңыз жақсы болар еді.
ПЬЕРО. Келсеңіздер, қыз-келіндер,
Сенімменен, күліп кел!
Сан азаптан құтқарады

Дуремар мен сүліктер!
ДУРЕМАР. Сіз ғажап ақынсыз! (Иілген күйі артымен жылжып,
Папа Карлоның бөлмесінен шығып кетеді).

ЖИЫРМА БЕСІНШІ КӨРІНІС

«Жасын» театрының мерекелік қойылымы. Конференсье – Пьеро.
ПЬЕРО. Бар күдік-күмәннен арылып,
Осы күнді көп күттік-ау сарылып.
Сахнада қайта тұрмын,

Жүрегім қуаныштан жарылып.
Мейірімді жүзінен нұр төгілген,
Қиындықтан бізді құтқарып келген,
Күшік, мысық, балақандар,

Құрметпен оны қарсы алыңдар!
Сахнаға Папа Карло шығады.

ПАПА КАРЛО. Қымбатты достар! Біз бүгін жеңісіміз бен театры­ мыз – «Жасынның» қайта ашылуын тойлағалы отырмыз. Жаулары­ мыз оны бізден тартып ала алмады. ПЬЕРО. Біздің жеткен жетістікті Тартып ешкім ала алмас. Біз қожамыз театрға, Жарылып кетсін Карабас. ПАПА КАРЛО. Бұл менің ғана емес, маған қауіп-қатері мол сапар­ да көмектескен Буратино, Мальвина, Пьеро, Артемон, Мона, Пери­ ко сияқты кішкентай адал достарымның сіңірген еңбегінің арқасы. Біз сәл болмаса теңізге батып кетер едік, жабайы жыртқыштар жеп қояр еді, жанартауға көтерілдік, қанішер қарақшылардың қолынан кел­меске кете жаздадық. Бірақ біз жеңдік, үйімізге аман-есен қай­ тып келдік. Енді, міне, өзіміздің қымбатты көрермендермен қайта қауышып отырмыз, біз бұған өте қуаныштымыз! ПЬЕРО. Залда отырған қыздарға, Қайырымды жандарға Арнап бір жаңа мода Көрсетеді Мальвина. (Мода көрсетіледі). Ендігі сөз сөйлеуші Басып келер маңдана. Емдік сүлік үйретуші Сөз сөйлейді паңдана. Сахнаға Дуремар шығады. ДУРЕМАР. Ой, мен тақпағымның бас жағын ұмытып қалдым. ПЬЕРО. Бастаңыз! ДУРЕМАР (қалтасындағы бақаға қарата). Кәне, қалай болды? КВА-КА (сыбырлап айтады). Келсеңіздер, қыз-келіндер, Сенімменен, күліп кел.

Сан азаптан құтқарады,
Дуремар мен сүліктер.
ДУРЕМАР. Келсеңіздер, қыз-келіндер,
Сенімменен, үріп кел.

Жан азаптап, құртады

Дуремар мен сүліктер (тағы да қалтасына қарайды).
Әрі қарай?..
КВА-КА (қалтадан). Достар, әзірше мен сендерді сүлікпен
емдеймін, бірақ жақында...

ДУРЕМАР. Достар, мен сендерді сүлікпен ептеймін...
БУРАТИНО. Мәссаған! Оған сайқымазақ болу керек шығар. Ғажап
емес пе?!
КВА-КА (қалтадан). Басқаша, басқаша! «Мен сендерді емдеймін...»

деп айтыңыз!
ДУРЕМАР. Басқаша, басқаша емдеймін!
КВА-КА. Сұмдық-ай! Бүлдірді-ау! (Қалтадан секіріп түсіп, қаша
жөнеледі).

МОНА. Мынау да емші ме?
ПЕРИКО. Одан тіпті бақа да қашып кетті ғой.
БУРАТИНО. Ептеп қоя ма деп қорыққан ғой.
МАЛЬВИНА. Иә, сиқыршы да ғой! Ол оны қайда тығып жіберді?

Дуремар көпшіліктің қошеметтеуімен тоқмейілси жылжып сах­
надан түсіп кетеді.
ПЬЕРО. Дем беріп, шашбауын көтердік,
Билейді Мона маймыл шетелдік!

Мона сахнадағылардың бәрін биге шақыра билейді.

ЖИЫРМА АЛТЫНШЫ КӨРІНІС

Бәрі билеп шаршайды. Үзіліс. Есік қағылады.
ПАПА КАРЛО. Бұл кім болды екен?
МАЛЬВИНА. Артемон, аш есікті!
Тортил тасбақасы кіреді. Арқасында түйіншегі бар.

БУРАТИНО. Тортил тасбақа, тәтешка! Күтпеген жерден! Кіріңіз!
ТОРТИЛ ТАСБАҚА. Тойларыңызға кешіккеніме кешірім сұраймын!
Алыстан ауыр сыйлық арқалап келдім!
ПЬЕРО. Тортила, дәу апа,

Мейірімі мол апа.
Біздің тойға келді,
Үлкен сый әкелді.
Бір, екі, үш...

Тұра қал бәрің де,
Көрейік, не бар екен ішінде?
Бәрі түйіншекті жазады.
БУРАТИНО. Мынау алтын сандық қой!

БӘРІ (бірге). Қазына! Қазына! Қазына!
БУРАТИНО. Тәтешка, сіз оны теңіздің түбінен қалай алып
шықтыңыз?
ТОРТИЛ ТАСБАҚА. Оны тауып, сіздерге сыйға жіберген – менің

туысым, теңіз тасбақасы. Естеріңде ме ол?
БӘРІ (бірге). Есімізде, есімізде!
БУРАТИНО. Біз оны тордан босатып жібердік қой!
Буратино сандықтың аузын ашады. Жарық, музыка естіледі.

БӘРІ (бірге). Оһ! Қандай әдемі! Міне, ғажап!

МАЛЬВИНА. Папа Карло, біз бұл байлықты не істейміз? Театрды са­
тып алмайтын болдық қой!
ПАПА КАРЛО. Ал сенің не істегің келеді?
МАЛЬВИНА (армандап). Мен қуыршақтардың, балалар мен хайуа­

наттардың әдемі боп жүрулері үшін сұлулық салонын ашар едім.
ПЬЕРО. Мен мейірім мен қуанышқа бөлейтін өлең кітаптарын
шығарар едім.
АРТЕМОН. Аф!Аф! Мен үйсіз-күйсіз жүрген иттердің иелерін та­

буларына жағдай жасар едім!
МОНА. Мен аралымның қорыққа айналғанын қалар едім! Онда
хайуанаттар емін-еркін жүріп-тұрса, аңшылар жіберілмесе ғой!..
ПЕРИКО. Торлар да болмаса...

Үзіліс. Бәрі Буратиноға қарайды.
ПАПА КАРЛО. Ал сен ше, Буратино, көп ойланып кеттің ғой!
БУРАТИНО. Папа Карло, сенің ауырмай-сырқамай, ұзақ жасауың
үшін ең қымбат, ең күшті дәрілерді сатып аламын!

Папа Карло толқып кетеді. Буратиноны құшағына қысады.
ПАПА КАРЛО. Рахмет, балам! (Залға қарап) Қайырымды іс істей­
міз ғой? Иә, балалар?!.
Балалар залдан: «Иә!!! Иә!!!» – деп жауап береді.

Музыка ойналады.

Марио ВАРГАС ЛЬОСА ӘДЕБИЕТ ПЕН ОҚУ ЖАЙЛЫ МАДАҚ (Нобельдік дәріс) Марио ВАРГАС ЛЬОСА – 1936 жылы 28 наурызда Арекипада дү­ниеге келген перуандық прозаик және драматург, публицист, саяси қайраткер. Ол балалық шағын Боливияда өткізеді. Кезінде КСРО жас­ тарының сүйіп оқыған кітабы – «Қала мен иттер» ро­манының авторы. Кезінде ол романы КСРО мен АҚШ-та экрандалды. Латын Америкасы қоғамында орын алған әділетсіздік­ке анархиялық қарсылық білдіретін және зорлық-зомбылық­ты өмірдің әлеуметтік салты ретінде бейнелеген «Күшіктер» по­ весі жарияланғаннан кейін кейбір сыншылар оны «Хемингуэй­ дің ізбасары» деп атады. Құрметті Легиона Орденінің кавалері. Сервантес сыйлығы­ ның лауреаты. Испан корольдік академиясының мүшесі, бірқатар Европа мен Америка университеттерінің құрметті докторы. Перуандық әлемге әйгілі қаламгер Нобель сыйлығының лау­ реаты атанды. * * * Мен оқуды бес жасымда үйрендім. Менің қаріп тануыма септі­ гін тигізген ағам Юстиниан болды. Ол боливиялық Кочабам­ ба қаласындағы Ласал мектебінің тәлімгері еді. Содан бері жетпіс бес жыл өтсе де, менің өміріме тікелей әсер еткен бұл уақиғаны

жиі еске алып отырамын. Алғашқы оқыған кітабымдағы құдіретті
сөздер менің образыма еніп, мені қанаттандыра түсті, уақыт пен
кеңістік кедергілері мүлде ұмытылды. Капитан Немамен бірге жиыр­
ма мың лье (4,5 км-ге тең көне ұзындық өлшемі) деңгейіндегі су

астына түсіп, залым Ришелье тұсындағы королеваға қастандық
ұйымдастырған қаскүнемдерге д Артаньян, Атос, Портос, Арамистер­
мен иық түйістіріп, қарсы тұрдым.
Кітап оқу менің өмірімді түбегейлі өзгертті, арманым өмірде

жүзеге асты, ал өмірім арманға айналды. Жер жүзінің әдеби әлемі
тұтасымен маған қолын созып тұрғандай болды. Анамның айтуы­
на қарағанда, менің тырнақалды шығармаларым өзім оқыған
кітаптардың жалғасы іспеттес көрінеді. Оның себебі өзім оқыған

кітаптарымның кейіпкерлерімен қоштасқым келмегендіктен болар
немесе шығарманың аяқталуы ұнамаған шығар. Бірте-бірте жазу
ісі менің өмірлік дағдыма айналды: былайша айтқанда, жазумен
ержетіп, есейдім, жазумен қартайдым.

Дәл осы сәтте менің қасымда аяулы анамның, ардақты атамның,
қадірлі ағамның болғанын қалар едім. Менің анам Амадо Нерво мен
Пабло Неруданың өлеңдерін тебірене оқитыны соншалық, ара­
сында көз жасын сығып алатын, ал ешкімге ұқсамайтын қоңқақ

мұрнымен, шыбын тайып жығылатын жалтыр басымен мәңгілік
есімде қалған атам марқұм менің өлеңдерімді мақтап, мадақтап
отыратын. Ал Лучо ағайым болса жазушылық өнерге жан-
тәніммен берілуім керектігін жиі есіме салатын. Бірақ сол кезеңде

әдебиеттің өзіне «құлшылық» етушілерін жарылқағанын байқаған
емеспін. Менің қасымда өмір бойы осындай адамдар болды, олар
мені құрметтеді, қадірледі, менің әрбір қадамымды құптады, кей­
де көңілге күдік ұялаған сәтте өз сенімдерімен қуаттандырды.

Осындай адамдардың арқасында және өзімнің қайсарлығыммен
жазушылықтың ғажайыптығын ұғындым, сондай-ақ жазушылық­
тың ауыртпалығын да түсіндім.
Жазушылық арқылы біз өмірімізге баламалы өмір қалыптас­

тыра алатын боламыз. Әдебиет – ол мұңайған, күйзелген сәтте
пана болатын, шынайы өмірде мүмкін емес дүниені іске асыра­

тын, кем­тарды сұлуға айналдыратын, бірер минутты мәңгілікке жалғастыратын, ең аяғы өлімді жеңетін өзгеше әлем. Жазу – оңай іс емес. Көптен бері көкейіңде сұлбасы жүрген, толғатқан дүниең бос сөзге айналса, ой қағаз бетіне шашыраңқы түссе, идея мен образ күңгірттенсе қайтпек керек, оларды қалай жандандыруға болады? Осындай қиналған сәтте біз иек ар­ тар қарасөздің шеберлері бар, үлгі тұтар ұстаздарымыз же­ терлік. Мәселен мен Флоберден «талант – бұл қатаң тәртіп пен шыдамдылық, төзімділік» екенін үйрендім. Ал Фолкнер форма (стиль және құрылым) сюжетті байытатынын дәлелдеді. Марто­ рель, Сервантес, Диккенс, Бальзак, Толстой, Конрад, Томас Манндар романда стильді ұштау мен сюжеттік желілерді анықтаудан гөрі мас­ штаб пен өрістің маңыздырақ екенін ұғындырды. Сартрдың пікіріне құлақ ассақ, әдебиеттің қай түрі болсын, роман, пьеса немесе әңгіме болсын кейбір сәттерде тарихты өзгертуге қабілетті. Камю мен Оруэлге сүйенсек, әдебиет бұл – адамгершілікті жоғалту, рақымсыз­ дық. Ал Маньро қаһармандық пен эпостың, «Одиссей» мен «Иллиада» заманындағыдай дәл бүгінгі күні мүмкін екендігін еске алады. Осы дәрісте менің шығармашылығыма титтей де болса әсер еткен жазушыларды түгел атап шығу мүмкін емес. Олардың қатары қалың. Олар өз шеберліктерінің құпиясымен ғана бөліскен жоқ, олар арқылы мен адам баласын терең зерттеуді үйрендім, оның жеңісіне сүйсініп, қатыгездігіне жаным түршігетін ахуалға жеттім. Шығармашылығы жаныма жақын жазушыларды ең жақын достарым деп есептедім. Олардың шығармашылығы арқылы мен кез келген тығырықтан шығар жол бар екенін түсіндім, үміт отын сөндірмеу қажеттігін ұғындым. Уақыт өте келе мынадай ойға келдім: менің елім сияқты кедей елде жазушылық кәсіп солипсистік сән-салтанатқа ие бола алады ма? Біздің елде оқырман айтақаларлықтай көп емес, халық кедей тұрады, сауатсыздардың қатары қалың, әділетсіздікті қадам басқан сай­ ын кездестіруге болады, мәдениет – ат төбеліндей топтың үлесінде ғана. Бірақ мұндай күдік менің жазуға деген ықыласымды тоқтата қойған жоқ: тіпті, мен өмір сүруіме қажетті еңбекақыға кіріптар бо­

лып жүрген тұста да жазуымды тоқтатқан жоқпын. Мен дұрыс істедім деп ойлаймын: әдебиет өркендеу үшін қоғам ең алдымен мәдениет­ тің жоғарғы деңгейіне жету керек, еркіндікті, әділеттікті сезіну ке­ рек, халықтың әл-ауқаты жақсы болуы керек. Әдебиет адам бойына құлшыныс бітіріп, оны алдыға ұмтылдырады және рухтандырады. Кітаптарды оқи отырып қиял-ғажайып патшалығына саяхаттап келгендей боласың. Цивилизацияның бүгінгі күні иіні жұмсара түс­ті, қаталдығын азайтты. Өзіміз оқыған жақсы кітаптарымызсыз адам сүйсінерлік қы­ лықтарымыз аз болған болар еді деп ойлаймын. Оқу да жазушылық сияқты өмірдің олқы тұстарын толтырады. Біз фантазиямызға ерік бере отырып, шынайы өмірде қол жетпеген дүниеге қол жеткізгендей боламыз. Біз елессіз бостандықты еркін сезіне алмаған болар едік. Тиранның тепкісінің астында қалсақ, идеология мен дін қысымға түссе, өміріміз қандай тозаққа айналғанын ұмытпағанымыз жөн болар. Әдебиет біздің сұлулық пен бақыт жайлы армандарымызға ой тастап қана қоймай, төніп келе жатқан қауіп-қатерді алдын ала ескертетіндігіне, кез келген қысымды ашық көрсететіндігіне ешкім күмәнданбай-ақ қойсын. Осыдан келіп мынадай сұрақ туындай­ ды: адам баласының шыр етіп өмірге келгенінен бастап о дүниеге аттанғанға дейінгі қадамын бақылағысы келетін режимдердің барлығы әдебиеттен қорқатыны соншалық, репрессивті цензура­ ны енгізіп, тәуелсіз жазушыларды көздерінен таса қалдырмай­тын себебі неде? Олардың бұлай әрекет етуінің себебі – оқырманның кітап кейіпкерлерінің кейпіне еніп, шынайы өмірмен салысты­ рып, қиялданатынын сезеді, ал жазушылардың «қиялынан туған» дүниесінің кейде бүлікке ұласып кететінін түсінеді. Себебі оқырман көркем шығарма арқылы обскурантизм мен үрейді еркіндік, бостандық жеңе алатынына көзін жеткізеді, сөйтіп оны шынайы өмірде жүзеге асырғысы келеді. Жазушы өз қиялына ерік бере оты­ рып, өзі қаласа да, қаламаса да, өзінің «көңілі толмайтын» істерін жа­ сыра алмайды. Олар кейде жер жаһанда әлі кемеліне келмеген дүние көп десе, кейде қиялдарынан туған өмірдің күнделікті тірліктен құнды екенін дәріптейді. Егер жазушылардың осы жазғандары

азаматтардың санасына әсер ете алса, оларды меңгеру қиын болады. Олар тергеушілердің қорқытып-үркіткенін керек те қылмауы мүмкін. Жақсы әдебиет халықтар арасындағы көпір іспеттес, бізді қуантады, мұңайтады, таңғалдырады, біріктіреді, жалпы әдебиетке тілдік барьер, наным­сенімдер алшақтығы, әдет-ғұрыптың өзгешелігі әсер етпейді. Мәселен капитан Ахава алып киттің жемтігіне ай­ налса, аяушылық сезімі тумайтын оқырман болады ма, тіпті үрей де пайда болуы мүмкін. Оқырман Токионың тұрғыны болса да, Лиманың немесе Тимбуктің тұрғыны болса да бәрібір, барлығы бір аяушылық сезімін басынан өткереді. Сондай-ақ Эмма Бовари күшән жұтып қойса, Анна Каренина пойыз астына түссе, Жюльен Сорель эшафотқа көтерілсе, борхестік «Юга» қаласының тұрғыны Хуан Дальманн тавернадан көшеге шыққан мезетте кездігін кезенген қанішерге тап болса, тұтас бір ауылдың ошағы ортасына түсіп, түгел мерт болған жағдайда (Педро Парамоның туған ауылы – Ко­ мало) оқырман қай дінді ұстанса да, Аллаға, Христосқа, Буддаға, Конфуцийға құлшылық етсе де, өзін агностик сезінсе де, сәнді мойынтақ тағынып, пиджак кисе де, кимоно мен пончо кисе де бәрібір, бәріне ортақ «бір сезім» пайда болады – аяйды, мүсіркейді, жүрегі жаншиды, жаны түршігеді. Жалпы әдебиет ұлттар мен ұлыстар арасындағы бауырмалдық сезімін оятады. Идеологияның, діннің, тілдің және адам баласының ақымақтығының арқасында пайда болған шектеулер мен шекара­ларды бұзып-жарады. Әр уақыттың өз қиыншылығы бар. Біздің заманымыз – бұл фанатиктердің, өлімге бас тіккен террористердің кезі: ежелден келе жатқан кейбір тайпа адамдары «адам өлтірсем» жұмаққа бара ала­ мын деп ойлайды, кінәсіз адамдардың қанын мойнына жүктей отыра, өз тайпаларына көрсетілген қорлық-зорлықтың есесін қайтардым деп есептейді. Жер бетінде қаншама адам осындай ойлайтындардың құрбаны болып жатыр. Тоталитарлық импе­ рия құлаған сәтте біз үйлесімділігі жарасқан өмірді көз алдымызға елестетіп, плюрализм орнайды, адам құқы тапталмайды, холокост, геноцид, агрессия, қырғын соғыс енді қайталанбайды деп ойладық. Бірақ үмітіміз ақталмады. Варварлықтың жаңа түрлері қалыптаса 16-298

бастады, фанатизм кең етек алды. Жаппай қыратын қарулардың кең тарауына қарасақ, күндердің күнінде ядролық катаклизм басталып кетпесе екен деген күдік туады. Біз олардың жоспарларын жүзеге асыртпаумыз керек, оларға қарсы шыға отырып, жеңіске жетуіміз ке­ рек. Мұндай арамниеттілердің қатары көп емес, бірақ олар жасаған қылмыстардың жаңғырығы бүкіл жер шарына тарап жатады, сол жаңғырық бізге қорқыныш сезімін әкеледі. Өркениет тарихында ұзақ уақытта қол жеткізген еркіндіктен біз бір сәтте қол үзбеуіміз керек. Сондықтан біз «жақсылығы» мол либералды демократияны қол­ дауымыз және қорғауымыз керек. Саяси плюрализм салтанат құра­ тын, адам құқы сақталатын, сынға мойын бұратын, заңға жүгінетін, әділ сайлау өткізетін, билік басындағылар жиі ауысып тұратын ли­ бералды демократия қанат жайған тұста біз жабайылықтан ары­ лып, әдебиетте бейнеленетін ғажайып, идеалды өмірге жақындай түсеміз. Адам өлтіргіш фанатиктерге қарсы тұру арқылы, біз өз құндылықтарымызды қорғаймыз және шынайы өмірде жүзеге асы­ рамыз. Жас кезімде мен де өзімнің құрдастарым, замандастарым сияқты марксист болдым, социализм құлдықты және әлеуметтік теңсіз­ дікті жояды деп есептедім. Ал әлеуметтік теңсіздікті жою менің Ота­ ным – Латын Америкасы үшін аса қажет еді. Менің социализмнен көңілімнің қалуына этатизм мен ұжым­ дасу себепші болды. Менің либерал мен демократқа айналуым, яғни тұлғалық қалыптасуым ұзақ және ауыр жүрді. Алғашында Кубадағы революциялық биліктің ауысуына үлкен қызығушылық таныттым. Өйткені кеңестік модельдің вертикальді көшірмесі деп есептедім. Лагерьден қашқан диссиденттердің әң­ гімесін естідім, Варшава келісімшартына қол қойған елдердің Чехословакияға баса-көктеп енгенін естідім. Кейіннен Раймон Арон, Жан-Франсуа Ревель, Исайя Берлин, Карл Поппер сынды ойшылдардың еңбектері менің демократиялы мәдениет пен ашық қоғамға деген көзқарасымды өзгертуіме септігін тигізді. Бұл ой­ шылдар адамзаттың болжампаздығын дәлелдеп, азаматтық ерлік

үлгісін ұсынған кезде, батыстық интеллигенция жеңіл ойлау не­
месе конъюнктура салдары нәтижесінде кеңестік социализмнің
бұғауынан шыға алмай, тіпті одан да қауіпті саналатын «қандықол»
қытай мәдени төңкерісін мойынсынған әрекет танытқан еді.

Балалық шағымда француз әдебиетінен әсерленгенім сонша­лық,
Парижде болуды ұдайы армандайтынмын. Бальзак, Стендаль, Бод­
лер, Прусттер жұтқан ауаны жұтсам, солар ішкен судан ішсем, яғни
Парижде тұрсам, керемет жазушы боламын деп ойлайтынмын.

Ал Перуде тұрсам, қолым қалт еткенде ғана қолына қалам ұстайтын
жазушы болармын деп болжайтынмын. Шындығында да мен Фран­
цияға және француз мәдениетіне мәңгілік қарыздармын. Әдебиет
тек шабыттан ғана туындамайды, ол сондай-ақ тәртіп, еңбек,

табандылық атты үштағанның қосындысынан дүниеге келеді.
Мен Парижге қара сөздің қас шеберлері – Сартр мен Камюдің
көзі тірі кезінде келдім. Жан Вилардің Ұлттық халықтық театрының
жұлдызды шақтарына куә болдым, көрерменін еліткен Ингар Бер­

манн фильмдері мен Брехт драматургиясын тамашаладым. «Жаңа
толқын» мен «жаңа романдарға» әбден қанықтым. Андре Мальроның
ғажайып өнеріне тәнті болдым. Ал генерал де Голльдің найзағайдай
жарқылдаған баспасөз-конфренцияларын көзім көрді.

Менің Францияға шексіз ризашылығымды білдіруімнің бір
себебі, бұл елде жүргенде Латын Америкасы жөнінде басқаша
толғана бастадым. Сол жерде жүріп Перу алып қауымдастықтың
бір бөлшегі екенін, өзіне тән тарихы мол екенін, жалпы адамзат­

қа тән әлеуметтік-саяси проблемаларды басынан өткергенін
және ешкімге ұқсамайтын өмір сүру салтымен, ғажайып тілімен
ерекшеленеті­нін ұғындым. Дәл сол жылдары менің атамекенімде
қуатты да құнарлы әдебиет өмірге келді.

Францияда жүріп мен Борхестің, Октавио Пасаның, Кортасардың,
Гарсиа Маркестің, Фуэнтестің, Кабреру Инфантенің, Рульфоның,
Онеттидің, Карпентьераның, Эдвардстың, Доносоның т.б. туынды­
ларымен таныстым. Олардың шығармалары испантілдес елдердің

әдебиетін гүлдендірді, қуаттандырды. Аталмыш жазушылардың
ең­бектері арқылы әлемнің әрбір аймағы Латын Америкасын та­

нып білді. Латын Америкасы тек мамбосымен, «ча-ча-ча»-сымен,
төңкерістерімен, диктаторларымен ғана ерекшеленбейтінін, тың
идеяларымен, көркемдік шешімдерімен, қайталанбас образдары­
мен ерекшеленетінін ұғынды.

Содан бері дәл бүгінгі күнге дейін Латын Америкасы талай асу­
ларды асты, талай қиыншылықтарды басынан өткерді. Клоундық
популистік пседводемократиялық жүйедегі Боливия мен Ника­
рагуаны есепке алмағанда, жалпы диктаторлық режимдердің қа­

тары күн санап азайып келеді. Куба мен Венесуэла Боливияның,
Никарагуаның жолынан шыға алмай келеді, себебі олар өздерін
солардың құрамындамыз деп жария етіп алған. Бірақ континенттің
басқа елдерінде демократияның желі есіп тұр. Халық демократияны

қызу қолдайды, уысынан шығарғысы келмейді. Бразилияда, Чилиде,
Уругвайда, Перуде, Колумбияда, Доминикан Республикасында, Мек­
сикада, жалпы Орталық Америка тарихында алғаш рет оңшылдар
да, солшылдар да заңға бағынады, сынды қабылдайды, билік сай­

ланбалы және ауыспалы. Латын Америкасы бұл тура жолдан тайқып
кетпесе, коррупциямен күресуде, сыртқы әлеммен байланысуда
бұдан артық жол жоқ.
Қай елде өмір сүрсем де, өзімді ешуақытта жат сезініп көргем жоқ.

Парижде, Лондонда, Барселонада, Мадридте, Берлинде, Вашингтон­
да, Нью-Йоркта, Бразилияда, Доминикан Республикасында болсын,
өз үйімде жүргендей сезіндім, шығармашылық жұмыс істеуіме
мүмкіншілік болды, жаңа достар таптым, жаңа кітаптар оқыдым,

жаңа сюжеттер ойға келді. Алдын ала жоспарланбаған «әлем аза­
матына» айналу менің ата салтымды әлсіретіп, туған жеріммен
байланысымды үзді дей алмаймын. Перуден қаншалықты алы­
ста болсам да, перуандық әсерлерім әлі күнге дейін мені жазушы

ретінде қанаттандырып отырады. Перуге деген сағынышым әрбір
шығармамда көрініс тапқан. Атажұрттың қадірін сыртта жүрген
азамат ерекше ұғынатынын сезіндім. Менің атамекеніме деген
сағынышым ұлы махаббатқа айналды. Өз еліңді сүю – ата-анаңды,

балаңды сүюмен бірдей деп кесіп айта аламын.

Перудің менің санамнан шықпайтын себебі – мен осы елде ту­ дым, өстім, адам болып қалыптастым. Адамзат баласының басынан өткеретін сезімдерін өз басымнан өткердім: сүйдім, қуандым, жерін­ дім, мұңайдым, армандадым. Менің елімде өтіп жатқан оқиғалар­ дың барлығы мені толғандырады, ойландырады, қамықтырады, сүй­ сіндіреді. Әйтеуір, немкетті қабылдаған күнім болған жоқ. Елімдегі әрбір жаңалықты естігенде осындай сезімді басымнан өткізем. Бұл менің еркімнен тыс туындайтын ерекше сезім. Соңғы диктатура тұсында әлемнің демократиялық елдерін ре­ жимге қарсы дипломатиялық және экономикалық санкция енгізуге шақырған менің үндеуімді кейбір отандастарым «сатқындық» деп кінәлады, азаматтықтан айыруды талап етті. Не десе де, диктатура­ ның кез келген түріне үзілді-кесілді қарсымын. Диктатор – Пиноче­ та мен Кастро болсын, Ауғанстандағы талибтер болсын, Ирандағы имамдар болсын, ОАР-дағы апартеидтер болсын, Бирмадағы са­ траптар болсын, бірінен-бірін бөліп жармаймын, бәрінің ұстанған саясатына қарсылығымды білдіремін. Егер менің отанымда тағы да диктатура орнайтын болса, мен қайта қарсы шығамын. Себебі, мен біздің еліміздегі ыңыршағы шыққан әлсіз демократияның жойылғанын қаламаймын. Диктатураның кез келген елге зияны мол, диктатура орнаған елде коррупция белең алады, зорлық-зомбылық бой көрсетеді, адам жанын жаралайды, ұлттың болашағына кері әсер етеді. Сондықтан қолымыздағы бар мүмкіншілікті пайда­ лана отыра, диктаторлық режимдермен күресуіміз керек, тіпті экономикалық санкцияны да іске қосуымыз керек. Әрбір мем­ лекеттегі демократиялық күштер басқаға үлгі көрсете отырып, өз еліндегі диктатураға қарсы шығуы тиіс. Кубадағы «Ақ киімді ха­ нымдарды», венесуэльдік оппозицияны, Аун Сан Су Чжи мен Лю Ся­ обоны үлгі тұту керек. Бұлар өз еркіндігі үшін, біздің еркіндігіміз үшін күрескен қайсар адамдар. Менің отандасым Хосе Мария Аргедас Перуді «барлық қандар­ дың қоспасы» деп атады. Бұдан артық анықтама әлі кездесе қойған жоқ. Әрбір перуандықтың іштей дәл осылай ойлайтынына сенімді­ мін. Себебі, біз төрт нәсілдің қосындысынан тұрамыз, сондықтан

біздің дәстүріміз, мәдениетіміз, наным-сенімдеріміз будандасудан тұратынын жоққа шығара алмаймыз. Өзімнің испан мәдениетіне дейінгі нәсілдің мұрагері екенімді мақтан тұтамын. Менің ата-бабам – Наска мен Паракаса қауырсындарынан киім тіккен, мата жасап шығарған, әлемнің мұражайларына қойылған мочика мен инктар­ дың қыш құмыраларын жасаған нағыз шеберлер. Олар атақты ЭльБрухо, Эль-Моль және Ла-Луна кесенелерін салған. Ал испандықтар Перуге өз жылқыларын, ер-тоқымдарын, семсерлерін бірге ала келді. Сондай-ақ иудео-христиан дәстүрі мен чекан тілі испандықтармен бірге келгені рас. Сонымен бірге Испаниямен бірге біздің жерімізге Африка мәдениеті келіп жетті. Африканың қызу қандылығы және ерекше музыкасы Перудің «түрлі-түсті» мәдениетін байыта түсті. Егер біз бұдан әрі қазбалай беретін болсақ, Перу Борхестің «Алефі» сияқты «бүкіл әлемнің шағын көрінісі» іспеттес. Өз бойына бір емес, сандаған сәйкестілікті дарытқан ел болу неткен мақтаныш десеңізші! Американы жаулап алу, кез келген елді жаулап алу сияқты қантөгісті болғаны рас. Жаулап алу барысында тұрғылықты елге жасалған қиянатты сынайтын сыншылардың пікірі орын­ ды. Бірақ кейде біз осында жасалған қылмыстар мен тонауларға біздің бабаларымыздың, яғни Америкаға ат басын тіреген испандықтардың тікелей кінәлі екендігін ұмытып кетеміз. Сын шын болу үшін, өзін-өзі сынай білу де керек. Осыдан екі жүз жыл бұрын біз өз тәуелсіздігімізді Испаниядан алғаннан кейін билік ба­ сына келгендер бұрынғы колонияларға, оның тұрғылықты халқы – индейцтерге азаттық берген жоқ, құлдықтан құтқарған жоқ. Қайта оларды ит орнында көріп, азаптады, қорлады, жанын жаралады. Тіпті кейбір өңірлерде «жергілікті ұлтты» тұтастай немесе жарым-жарты­ лай жоқ етіп жіберді. Шынтуайтына келгенде, осы екі жүз жыл ішінде индейцтерді азат ету біздің міндетіміз еді, біз бірақ оны орындай алмадық. Әлі шешімін таппаған Латын Америкасындағы бұл мәселе бәріміз үшін ұятты іс, масқаралық. Мен Испанияны Перуден кем көрмеймін. Себебі, Испанияға мен мәңгілік қарыздармын. Егер Испания болмаса мен бүгін осы три­ бунаға шығып сөйлемеген болар едім, танымал жазушы болмаған

болар едім, кітабы шықпайтын, сыйақыдан ұдайы қағылатын, бақ
қонбаған, жолы болмаған шығармашылық иелерінің қатарында
болған болар едім. Менің кітаптарымның барлығы Испанияда шықты
және бұл елде өзім күтпеген айрықша құрметке ие болдым. Дос­-

тарым – Карлос Барраль мен Кармен Бальсельс менің шығар­
маларымның
оқырмандарыммен
қауышуына

айрықша
қолдау
көрсетті. Сонымен бірге, Испания маған қысылған сәтімде қол үшін
бергенін жасыра алмаймын, бірінші азаматтықтан айыру мәселесі

дауға түскен сәтте өз азаматтықтарын берді. Өзім Перудің тумасы
болғаныммен, испандық төлқұжатымның барлығын басы артық
дүние деп есептемеймін. Мен әр уақытта Испания мен Перуді
тиын­ның екі жағы ретінде қарастырамын. Тарих, тіл, мәдениет

мәселелерінде екеуін бөліп жара алмаймын.
Мен көп уақыт испан жерінде тұрдым, әсіресе жетпісінші жыл­
дардың басындағы Барселонада өткізген бес жылды жиі еске ала­
мын. Ол кезде франкистік диктатура әлі биліктен кетпеген, тіпті

адамдарға қарсы оқ атуын да тоқтатпаған еді, бірақ бірте-бірте
әлсіреп, қоғамды бақылаудан қалған еді. Әсіресе, мәдени салада
диктатураның қамытынан құтылып шығуға бұлқыныс байқалды.
Осы сәтте франкистік диктатура қалаған қалың қабырғада

жарықшақтар мен саңылаулар пайда болды да, цензорлардың
бұл жарықшақтарды қайтадан сылап, бітеп шығуға шамасы
болмады. Осы жарықшақтар мен саңылаулар арқылы испан
қауымдастығы жаңа идеялармен, философиялық ағымдармен,

көркемдік шешімдермен танысты. Барселоннан басқа бірде-бір қала
либерализмнің бастауын дұрыс пайдалана алмады. Басқа қалалар­
дың ешқайсысында Барселондағыдай идеялық және шығармашы­-
лық өрлеу байқалмады. Барселон бірте-бірте Испанияның мәдени

астанасына айналды. Барселон еркіндікті, бостандықты тағатсыздана
күткен аурасымен өзіне тартатын еді. Сондай-ақ Барселонды Ла­
тын Америкасының да мәдени астанасы болды деп айтуға болатын
сияқты. Себебі, Латын Америкасының өнер иелері – суретшілер, жа­

зушылар, баспагерлер және артистер өз шығармашылығын өркен­

дету мақсатында Барселонға жиі ат басын тірейтін. Мүмкіншілік бо­
лып жатса Барселонда қалып қоятын.
Мәселен, Барселон мені жылы құшағына алып, шығармашылық
шабыт сыйлады. Маған бұл қалада достық қолын созғандар көп

болды. Сондықтан мен Барселонды жиі еске аламын. Барселон
да Париж секілді жалпыадамзаттың қаласы, космополиттік қала.
Азамат соғысынан бергі уақытта испан және Латын Америка­
сы жазушыларының арасында ағайындық артқан, бір дәстүрді

ұстанатынын түсінген. Олар диктатураның қарасын батыраты­
нына сенді, ал демократиялық Испанияда мәдениет маңызды рөл
атқаратынын түсінді.
Халық күткен жақсылықтың бәрі бірдей орындалмаса да, Ис­

панияның диктатурадан демократияға өтуі біздің дәуіріміздің естен
кетпес оқиғасы болды. Ақыл мен парасат үстемдік құрған жағдайда,
ал саяси қарсыластар қоғам игілігі үшін алауыздықтарын тоқтатқан
кезде, нәтижесі «магиялық реализм» стиліндегі романдағыдай ке­

ремет болатынын бұл ел дәлелдеді. Испанияның авторитаризмнен
бостандыққа, артта қалушылықтан гүлденуге, үшінші әлем елдеріне
тән экономикалық теңсіздіктен «орта тап қоғамына» өту жолы, оның
Еуропамен интеграцияға түсуі, демократиялық мәдениетті шапшаң

қабылдауы әлемді таңғалдырды. Бұл үдерістер елдің модернизация­
лануын тездетті. Мен мұның бәрін кейде сырттай, кейде іштей
бақылап отырып қатты толқыдым, толғандым. Бүгінгі әлемнің, соны­
мен бірге, Испанияның да айықпас дертіне айналған ұлтшылдық бұл

тамаша ертегінің тас-талқанын шығармайды деп үміттенемін.
Мен ұлтшылдықты провинциялық идеология деп есептеймін. Ұлт­
шылдық интеллектуалдық көкжиекті тарылтады, этникалық және
нәсілдік наным-сенімдердің тұңғиығына батырады. Ұлтшылдық

та дін сияқты адамзат тарихында бірнеше жойқын қантөгістердің
себепкері болды. Екі мәрте болған дүниежүзілік соғыс пен Таяу
шығыстағы қақтығыстар осы «ұлтшылдықтан» туындады деп айтуға
толық негіз бар. Дәл осы ұлтшылдық Латын Америкасының «балка­

низациялануына» тікелей әсер етті. Астрономиялық ресурстарды

мектеп, кітапхана, аурухана салуға жұмсаудың орнына, қару-жарақ сатып алуға жұмсады. Ал қару Латын Америкасын қанға бөктірді. Зорлық-зомбылыққа ұрық себуші ұлтшылдықты туған жерге де­ ген сүйіспеншіліктен туатын патриотизммен шатастыруға әсте бол­ майды. Отан – бұл әнұран, ту емес немесе мінсіз қаһармандар жайлы таңды таңға ұрып айтатын әңгіме емес, жер шарының қай түпкірінде жүрсеңіз де сағынышпен еске алатын, қайта оралған сәтіңізде құшақ жая қарсы алатын құтты мекен, өз ұяңыз. Перу маған Арекип сияқты қаласымен қымбат. Бұл қалада менің кіндік қаным тамған. Ес білгелі бұл қалада тұрмағандықтан, атам мен әжемнің, анамның, тәтелерімнің айтуымен ғана қаланы сырттай білемін. Сондай-ақ Перудегі Пьюра қаласы шөл даладағы ағаштарымен, көнбіс есектерімен менің жадымда сақталған қала. Менің жас кезімде перуандықтар есекті «адамның екінші аяғы» деп есептейтін. Бұл қаладағы «Варьете» театрында менің алғашқы пьесам қойылды. Ал Лима қаласындағы Мирафлорес ауданындағы Колумба және Диего Ферре көшелерінің қиылысын біз «бақытты квартал» деп атайтынбыз. Бұл кварталда мен қысқа дамбалымды ұзын балақты шалбарға ауыстырдым, шылым шегуді үйрендім, билеуді меңгердім, қыздарға қырындадым, ғашықтықты басымнан өткердім. Сонымен бірге бұл көшеде менің журналист ретінде қалыптасуыма тікелей әсер еткен «La Crónіca» газетінің редакциясы орналасты. Менің журналистік кәсібім адамдармен кеңірек танысуыма мүмкіншілік берді. Жақсымен де, жаманмен де осы кәсіп арқылы дидарластым, та­ ныстым, білістім. Бұрын мен Перуді орта таптың «қорғаны» деп есептейтінмін, сөйтсем, бұл ел әлеуметтік дауылдардың ортасында қалған, теңсіздік жайлаған, ызаға булыққан ел екен. Бұл ел «Кахида» атты жасырын ұйымдарымен ерекшеленеді. Бұл ұйымның өрімдей мүшелері – Сан-Маркос университетінің студенттері әлемдік төңкеріс жасауға ұмтылады. Сондай-ақ Перуді еске алсам, Азаттық қозғалысындағы доста­ рым ойға оралады. Олармен бірге мен үш жыл қатарынан небір қиыншылықтарды бастан кеше отыра демократияны қорғадым.

Перу, бұл – Патрисия. Таңқы танау, өр мінезді бөлеме үйленгеніме қырық бес жыл өтті. Содан бері оның мінезі өзгере қойған жоқ. Қайта оның күйгелек мінезі мені жазуға итермелейтіндей әсерде боламын. Патрисия менің атымды өшірмейтін ұрпағымды жалғастыруымен құнды. Біз Альваро, Гонсало, Моргана атты үш баламыздан алты не­ мере сүйіп отырмыз. Патрисия маған ешуақытта ауыртпалық салған емес, бәрін өзі істейді. Үй шаруасын дөңгелетіп ұстайды, мазамды жиі алатын журналистерден мені алшақ ұстайды. Уақытымның әрбір минутына шейін есептеп қояды. Кездесулер мен іссапарларды да өзі реттей біледі. Киім-кешегімді дайындап, чемоданыма салып, жол жүрерде қолыма ұстата қояды. Кейде оның «Осы сен, Марио, жазуды ғана білесің!» деп жазғыруының өзінен ерекше жылылық сезінемін. Енді әдебиетке қайта оралайық. Менің балалық шағым кітаптағы аңыз емес, ол – шынайы өмір. Кочабамбада тұрған кезімізде немере бауырларыммен және мектептес достарыммен ойнаған сәтте үш ве­ рандалы үлкен үйдің тас-талқанын шығаратынбыз. Істемейтініміз жоқ, Тарзан мен Сальгари кейпіне де енетінбіз. Ал Пьюра префек­ турасында тұрған кезімізде түнгі аспанның жұмбағына айналатын жарқанаттардың шатырдағы ұясын көретін едік. Ол жылдары жазу мен үшін әшейін ойын болатын. Отбасым менің жазу қабілетімді ерекше бағалап, қолпаштап, құрмет көрсетіп отыратын. Шағын адам­ нан құралған отбасымның біріне немере ретінде, біріне бала ретінде, біріне жиен ретінде еркеледім. Ешқайсысы шетқақпайлық көрсет­ кен жоқ. Ал әкемді өлдіге санап, аспанға ұшып кетті деп есептейтін­ мін. Оның суреті менің үстелімнің үстінде тұратын. Әскери теңіз киіміндегі ер тұлғалы, өңді жігіттің суретіне жиі назар аударам. Жа­ тар алдында оның суретіне сыйынып, бір өбіп қоятын едім. Пьюрада тұрған кезімізде бір күні таңертең анам аяқ астынан бұл сеньордың тірі екенін жеткізді. Тосын жаңалықтың мен үшін ауыр соққы болға­ ны соншалық, тіпті осы уақытқа дейін есімді жия алмаған сияқты­- мын. Анам сонымен тоқталмай, біздің Лимаға қоныс аударып, оны­ мен бірге тұратынымызды ескертті. Сонымен он бір жастағы менің өмірім түпкілікті өзгерді. Мен пәк балалық мінезімді жоғалтып, үлкендерше ойлай бастадым. Құлазыған жалғыздықты сезіндім,

үрейленетін күйге түстім. Небір құқайды бастан кешірдім. Дәл осын­ дай қиналған сәттерімде қорғанышты мен тек кітаптан таптым. Жақсы кітаптағы бақытты өмір мені әрқашан алға жетелейтін. Кітап арқылы бақытты өмір мен еркіндіктің дәмін қайта татқандай бола­ тынмын. Лимадағы өзгеріске толы жаңа өмірімде мен жазуды ұмыт­ қан жоқпын, бірақ мұнымды ешкімге көрсетпей, құпия ұстайтын­- мын. Әдебиетті бұрынғыдай ойыншық етуді қойдым. Әдебиет тө­ зімімді тауысқан жағдайларға ішкі қарсылығымды, қыжылымды шығарудың құралына айналды. Шындығына келгенде, әдебиет менің өмірімнің мәніне айналды. Сол күндерден бастап жігерім құм болып жасыған кезде, торыққан кезде қаламсапқа жармасам, ал қаламсап­ пен жазылған жазу мені қараңғыдан жарыққа сүйрейді, батып бара жатсам жағаға шығарып тастайды. Шынтуайтына келгенде, жазушылық – бұл мұрныңнан қаның аққанша еңбек етуді талап ететін кәсіп. Кей сәттерде жазушының фантазиясы азайып, қайраңға түсетін кездерің де болады. Кейде ой мен қиялдың қамалында қалғандай күй кешесің. Менің өмірімдегі ең бақытты сәттерім – айлап, жылдап оқиғаны «құрастыру» үшін, беймәлім дерек көздерін зерттеу-зерделеу, жүріп өткен жолдардың естеліктерін парақтау, осы сәттегі қиялдар. Осылардың барлығы ша­ бытпен қосылған сәтте әсерлі әңгіме жазуыңа жол ашылады. Флобер «Жазушылық – өмір сүрудің бір түрі» деген. Иә, расында да, өмір сүрудің бір түрі, бос қиялмен, қуанышпен, отпен, ойыңызға келе қалған ұшқынды ойлармен, тілдің ұшында тұрып, табылмаған сөздермен айқасу, оларды сіз саяхат жасамақ беймәлім өмірге бағындыру. Тіпті кейде өзіңізді оңтайлы олжасын іздеген аңшы секілді сезінесіз. Алғашында роман желісі ойыңда туындап, кейін, өз формасына түсіп, толықтай пісіп-жетіліп, өзіндік бір өмірін бас­ тайды. Кейіпкерлерің қозғалысқа түсіп, іс-әрекет жасайды, ой­ лайды, сезінеді, өздеріне сый-құрмет талап етіп, көңіл аударғанды қалайды. Бұдан әрі қарай, оларға әрекеттерді күштеп жасатып, бас бостандықтарын шектеуге еш болмайды. Кейіпкерлерді өлтіріп ал­ мау, оқиғаның әсерлілігін жоймау жайлы толғаныстар мені бүгінге дейін бей-жай қалдырмайды. Бұлардың әсерлілігі соншалықты, тіпті

сүйіктіңмен күні-түні, апталап, айлар бойы махаббат ләззәттына батқандай боласың! Әдебиет жайлы толғана отырып, мен романға айрықша мән берген екенмін. Ал өкінішке орай драматургияны көзден таса қалдырыппын. Өзімнің бұл қылығымды әділетсіздік деп шештім. Себебі драма – менің алғашқы махаббатым. Лимадағы Сегур театрында қойылған Артур Миллердің «Коммивояжер өлімі» атты спектаклінің маған әсер еткені соншалық, көп ұзамай өзімде инктер (11-13 ғғ. Перу жерін жайлаған халық) жайлы пьеса жаздым. Егер елуінші жылдары Ли­ мада театр қозғалысы болғанда, мен романист болмай, драматург болған болар едім. Өкінішке орай ондай қозғалыс болмады, бірақ менің театрға деген сезімім ешуақытта суыған емес. Бұл сезім әсерлі, мазмұнды спектакльге барған кезде қайта гүл жаратын. Жетпісінші жылдардың соңында маған әсер еткен мынадай оқиға болды: жүз жасқа келген менің ағайыным Мамаэ әжей өмірінің соң­ ғы сәттерінде маңайынан жеріп, өзін қоршаған ортадан қол үзуді жөн санады. Ол өзінің қиял-ғажайып әлеміне еніп, өткен өмірін есіне алып, ерекше ғұмыр кешті. Қызық тағдыр иесі жайлы жазуды парыз санадым. Мен бұл оқиғаның театр сахнасына лайық екенін сезіндім, тек театр қойылымы арқылы оның арманы мен қиялын көрермен жүрегіне жеткізуге болатынын түсіндім. Мен бұл пьесаны жаңа жа­ зып жүргендей ерекше толғаныспен жазып шықтым. Ал бұл туындым сахнада қойылған сәтте басты рөлді сомдаған Норма Алеандроның өнеріне тәнті болғаным соншалық, роман мен әңгімені уақытша доғара қойып, драматургияға қайта бас қойдым. Сондай-ақ осы ара­ да жетпіс жасқа толған шағымда сүрініп-қабынып сахнаға шығып, әртіс ретінде өнер көрсетемін деп ойламағанымды естеріңізге сала­ мын. Бұл кішігірім ессіздік менің өмірімде үлкен орын алды. Алғаш рет ойдан шығарылған кейіпкердің рөліне түсіп, бірнеше сағатқа көрермендер алдында өзге біреудің өмірін сомдау бір ғажап сезім екен. Менің осындай қиял-ғажайып сезімге түсуіме әсер еткен до­ старым – режиссер Хуан Олле мен актриса Айтана Санчес-Гихонға шексіз алғысымды білдіремін.

Әдебиет бұл өмірдің жалған көрінісі, соған қарамастан, ол бізге өмірді кеңірек түсінуге көмектеседі, аласапыран өмірдің ақиқатын түсінуге жол ашады. Ол өмірдегі өкініштеріміз бен сәтсіздіктердің орнын толтырады. Әдебиет арқылы біз шешімін таба алмаған талай құпияны ашамыз. Бұл алдымен өзіне деген сенімнен гөрі, көңілінде күдігі көп, сондай-ақ трансцеденттікті мойындайтын жандарға де­ меу болады. Мені біраздан бері мына жайт толғандырып жүр: адамдардың са­ насы толық жетілмеген заманда үңгірде тұрып, от жағып күн кешкен кезінде белгілі бір әңгімеге арқау болар оқиға желісін құрастырып, оны әңгімелеп беру әлі де ойланарлық дүние деп есептеймін. Қалай дегенде де, бұл оқиға адамзат тағдырының шешуші кезеңі бол­ ды. Өйткені әңгімешінің әңгімесіне тамсанған алғашқы адамдар­ дан өркениеттің ұзақ ғұмыры басталды. Тобырдан тұлға бөлініп шығып, адамның ақыл-ойы өсті. Адамның ғылымды зерттеуге, өнер­- ді меңгеруге деген құлшынысы артты. Табиғаттың құпиясы зерт­ телініп, ғарышты меңгеруге, жұлдыздар құпиясын ашуға талпыны­ сы артты. Бұл ертегі, аңыз, шежірелер әлемнің құпиясынан және жұмбағынан үркіген алғашқы адамдар үшін жан тыныштандырар әуенге айналды. Әңгімешінің әңгімесінен қанаттанған алғашқы қауым адамды мезі ететін біржақты өмірден ажырап, бір-бірімен ақылдасып ойласатын, бір-бірімен армандарын бөлісетін дәрежеге жетті. Олардың өмірі енді арман мен қиялға толы болып, қоршаған ортаның жұмбағын шешуге ұмтылысы күшейді. Бұл үздіксіз процесс жазудың пайда болуына негіз салып берді. Ен­ ді әңгімені ғана естіп қана қоймай, оқуға мүмкіндік туды. Бұл әлбет­ те әдебиеттің тууына алып келді, яғни әңгімелер өшпес мұраға айнал­ ды. Сондықтан әдебиет тек көңіл көтеретін, адам қиялын жетілдіре­ тін құрал ғана емес, ол сондай-ақ адам бойындағы асыл қасиеттерді жаңартатын және сақтайтын дүние екендігін кейінгі ұрпақтың есіне жиі салып тұру керек. Әдебиет – өркениеттің мәңгі жасауы үшін қажет. Әдебиет адамдардың қайта тобырға айналып, азғындамауы үшін керек. Өзіміз ойлап тапқан машина бізге қызмет етпей, қайта біз сол машинаның басыбайлы құлына айналып кетпеуіміз үшін

әдебиет мәңгі жасауы керек. Әдебиетсіз әлем ұмтылыссыз әлемге, идеалсыз әлемге айналар еді. Тас үйінділерден бастап, көкпен таласқан ғимараттарға дейін, шоқпардан қазіргі қаруларға дейін, қауымдастық өмірден жаһан­ дану дәуіріне дейінгі әдебиет, бұл – қиялдың жемісі. Әдебиет адам­ зат өмірін байытып, жалғыздықтан, құлазудан құтқарды. Әдебиет арқылы біз өмірде қол жеткізбеген шыңдарды бағындыра аламыз, түрлі шытырман оқиғалардың кейіпкеріне айнала аламыз. Әдебиет – жалған дүние, алайда ол біз үшін, оқырмандар үшін шындыққа айна­ лады. Әдебиет әр адамға бұйырмаған бақытқа деген үмітті ұялатқанда сиқырға айналады. Сондықтан біз әлі де қиялдай білуіміз керек, оқу­ды жалғастыра білуіміз керек, жаза беруіміз керек. Өйткені әр пенденің бұл жалған өмірдегі өмірін жеңілдету үшін әдебиеттен ұтымды әдіс әлі кездесе қойған жоқ.

ЗАМАНДАС –

ҚАЛАМДАС

АРДАКҮРЕҢ Ақын Ғалым Жайлыбайдың шығармашылығын шиырлағанда Алмастай жарқылдаған жалынды жырларымен жырсүйер қауымның ыстық ықыласына бөленіп, қазіргі қазақ әдебиеті­ нің нар тұлғасына айналған ақиық ақын, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, Ресей Жазушылар ұйымының Сергей Есенин алтын медалінің иегері Ғалым Жайлыбай ағамыздың «Тобылғыжарған» атты жыр жинағы Мемлекеттік сыйлыққа ұсынылғанын естідім. Несі бар, жағымды жаңалық, қуанып қалдым! Себебі, қай жағынан алып қарасаңыз да, ақын ағамыздың шығармашылығы Мемлекеттік сыйлыққа әбден лайық! Біз алғаш Ғалым ағамызбен таңғы шықтай жәудіреген мөлдір жырлары арқылы таныстық. Студент кезімізде (біздің буын) сол кездің өзінде аты шығып, ауызға іліне бастаған арқалы ақынның жүректі тербейтін жәуһар жырларын жаттап алып, айтып жүретінбіз. Әсіресе, «Күршімнің қызы» атты өлеңі қатты әсер еткен. Әсер еткені соншалық, арада қанша уақыт өтсе де, әлі күнге дейін са­ намыздан өшпей, жадымызда жаңғырып, ой-санамызда саф алтын­ дай сақта­лып келеді. Сөз жоқ, шымырлап бойға жайылар әсерлі жыр. «Теңіздің дәмі там­ шыдан білінеді» дегендей, ақынның әлі бәйге аттарындай ұзаққа ша­ батынын, талай жыр додаларынан озып келетінін осы өлеңінен-ақ байқағанбыз. Адам кез келген өлеңді жаттай бермейді, оқығанда ұнаса, сезіміңді селт еткізіп, жан-жүрегіңді тербете алса ойыңда өзі-ақ жатталып 17-298

қалады. «Күршімнің қызы», міне, осындай келісті жыр: бойында жан мен жарасым; тәнінде сезім мен нәзіктік; тінінде оқиға мен су­ рет; жұлын-жүйесінде саз бен ырғақ, өзегінде мөлдірлік пен үйле­ сім бар. Пішіні кестелі, пошымы келісті, мән-мазмұны ерекше жыр! Қай жағынан алсаңыз да әбден қашалған, нағыз шебердің қолы­ нан шыққан мінсіз дүние. Бір сөзбен айтқанда, болмыс-бітімінде оқырманды магниттей өзіне тартып тұратын, жан-жүрегіңді баурап алатын тылсым құдірет бар. Сенбесеңіз, қосыла оқып көрейік: Жол тосқан сол кеш Ырымды делік, Тәтті бір сәттің сырын білелік. Ақ көйлек киген ақмаңдай ару Қолшатырыма тығылды келіп. Жастықтың бұл кеш жырлы мекені, Масаты кілем – қырдың етегі. Ақ тәнін бүгін ақ жауын жуған Каракөз қалқа дір-дір етеді. Тартқанын қайдам қайда көңілдің, Жұмбақ та жұмақ жайға көмілдім. Бұйрығы бұл қыз маңдайға жазған – Сыйлығы жұлдыз айман – өмірдің. Бойына гүлдің нұр сіңген екен. Жүрегім, жырла! Дүрсілде бекем. Жөн сұрап едім... Шығыс шынары Әлия есімі – Күршімнен екен. Қабақта қос ай қағыса қалған Асып-тасқандай ағыс арнадан. Ақ көйлегіңнен айналдым, қалқа Әппақ тәніңе жабыса қалған.

Шайқалмай жүрген тұнығың бардай, Нұр үнің қандай, қылығың балдай. Бұраң беліңе созыла жылжып, Өрілген өрім бұрымың қандай. Анарың алма, гүл ерін... Түстей... Сезім шарабын жүр едім ішпей. Шелектеп құйған мынау нөсердің Толастамауын тіледім іштей. Бастап тұр сезім құмай-күнәға, Жылайды қайың, Сынайды дала. Жыр отын жағып жылытып алам, Шығыстан келген шырайлы бала. Өлеңге тән ұйқас, ырғақ, әуен менмұндалап көзге ұрып тұрған осы­ нау бір үзік жыр жолдарынан-ақ Күршімнің қызының көркем бейнесі мен сұлу сымбаты көз алдыңызға елестеп, тамсанып, таңдай қағарыңыз анық. Ақын өзінің жүрек лүпілін, пәк сезімін жыр тілімен әдемі жеткізе білген, сөзбен сурет салған. Осы өлең арқылы сол аруға біз де ғашық болып қалғанбыз!.. Танысқымыз келген, көргіміз келіп, ынтықтық жеңген де кездер болған. Міне, қаламның құдіреті, өлеңнің ғажайыбы осындай-ақ болар!.. Осы өлең туралы белгілі ақын, айтулы ғалым Ба­ уыржан Жақып былайша ой түйіндейді: «Күршімнің қызы» өлеңін әдеби орта ерекше ықыласпен қабылдады. Ғалым ақын сомдаған қазақ аруының пәктігі, кешегі Хафиз, Низами, Науаилар жырлаған Шығыс гөзалдарының сұлулығынан бір де кем емес». Бұл бұл ма, мына бір жыр жолдарын тебіренбей оқу тіптен мүмкін емес-ау! Мүмкін емес! Жаныма жақын жандайсың, жаным, Қандай шыдамың, Ардай сыңарым.

Тағдырдың уын татып көрмеген
Балдай шырағым.
Күн болып шыққан күнім дейін бе,
Қырқада өскен гүлім дейін бе?..

Өткінші күннің өкпек желінен
Түңілмейін де.
Ай болып туған айымдаймысың,
Ай аймалаған кайыңдаймысың?..

Сүйіп қалғанмын,
Жиып та алғанмын –
Ғапыл ғаламның уайым-қайғысын.
Немесе:

Көзімнің тұңғиығында,
Көңілімнің бір қиырында.
Арымның асыл көлінде,
Жанымның жасыл белінде –

Сен жүрсің...
Өлеңнің нәзирасындай,
Жаңаарқа жазирасындай.
Тағдырдың арман шыңындай,

Шалғынның тамған шығындай –
Мөлдірсің!...
Өмірге, өнерге, сұлулыққа ғашық жандардың асыл сезімін оятар
сырлы да мұңды шумақтар. Сезімді, сүйіспеншілікті бұдан асырып

беру, әсерлеп жеткізу қиын-ау, сірә!.. Сондықтан да Ғалым Жайлы­
байды махаббат жаршысы, сезім жыршысы, лирик ақын дейміз.
Академик Серік Қирабаев қадап айтқандай, шын мәнінде де, «Ғалым
өлеңдері – бүгінгі қазақ лирикасының жаңа беттері». Оған оның

«Сүмбіледегі сурет», «Ләйла қыз», «Бегімайдың әні», «Арыс жағасын» тыңдасам», «Гүлмира», «Жаныма жақын жандайсың, жаным», «Көзімнің тұңғиығында», «Сенің көзің тұңғиық, тылсым әрі» секілді көңілдің нәзік қылын шертер, сезім ләззатына бөлер мөп-мөлдір жырлары куә. Бұлар – адамның жан сарайын ашар, біресе жаныңды жадыратып, бір уақ мұңға батырар ғашықтық ғазалдары, махаббат жырлары. Құлагер-күн барады асып белден, Аққу ұшты арманға асық көлден. Мен ақынмын, әуелден ақ дүниеге Жанындағы Жайығы тасып келген, – деп әу баста-ақ әдебиетке буырқана тасыған өзендей арынымен екпіндей келді. Ауыздығымен алысқан асаудай шамырқанған шы­ бытты шайырды әдеби қауым жатсынып-жатырқаған жоқ, жылы қабылдады, қол соға қарсы алды. Көпшілік те оның талантын танып, дара дарынын мойындады, «Жылқышының баласы» атты өлеңінде айтатынындай, шыр етіп жарық дүние есігін ашқаннан бастап әсем табиғаттың баурайын­ да өсіп, етегін жауып, ер жетіп, сәби шағынан құдіреттің тылсымтіршілігіне куә болып, содан бойына қуат алып, халықтық тәлімтәрбиемен бой түзеген қарадомалақ қыр баласының қиялына қанат бітіп, ойын тербеген жайттарды қағазға түсіруі табиғи заңдылық. Жастайынан тайға мініп, бәйгеге түсіп, алдына қара салмай жүрген жалынды жастың өсе келе нағыз өмір бәйгесінің бел ортасында жүретіні анық еді: Байтағымның бақыты толғағаным, Қыран болып көгіңнен Сорғаладым. Белі шықпай бесіктен бәйге көрген – Жыр жазбауға хақы жоқ сол баланың.

Жаздар қалды соңымда, Күздер қалды, Тай тұяғы жаншыған іздер қалды. Жылқышының баласы – Жылқы мінез – Тұнықтың да тұнығын іздер мәңгі...– деп өзі жазғанындай, өмірден де, өнерден де, өлеңнен де тұнықтың да тұнығын іздеп келеді. Мәңгі іздей береді. Өлең өлкесіне келген әр­ бір талапкер тұнықтықты іздемесе, мөлдірлікті жоқтамаса, адал­ дықты жанына серік етпесе, алысқа ұзай алмайды. Жаны кіршіксіз, бойы таза, жүрегі пәк адамнан ғана шынайы поэзия туады. Бұл өлеңінде ақын осы бір қарапайым қағиданы өзінше жаңғыртып, кейінгі жастарға өмірімен де, өлеңімен де үлгі көрсетіп отыр: Саған ғана жанып ем кездігімді, Саған ғана төгіп ем көз нұрымды. Шалшық судың бетіндей шашырамай – Тұғырыңа тұрақта, Сөз бүгінгі! Біз дегендер... темірдей төзімі тым, Өз арманын аялап Өз үмітін... «Түгел сөздің – түбі бір» дегенменен, Сөзі бүтін халықтың өзі бүтін, – деп ой түйіп, сөз өнерінің кұдірет-күшін айдай әлемге паш етеді. Халықты бүтіндейтін – сөзі. Сондықтан сөзі түзелсе, халықтың өзі де түзелетінін әдемі жеткізе білген. Ғалым Жайлыбайдың жырларынан қазақтың дархан даласының саумал самалы еседі, домбыраның қос ішегінен төгілгендей қоңыр үн құлағыңа майдай жағып, жүрегіңе от, жаныңа қуат береді, ерекше көңіл күй сыйлап, рухани ләззатқа батырады.

Ғалым Жайлыбай көргіш, сезінгіш, ерекше түйсігі бар, айтқыш ақын. Жұрт көрмегенді, жұрт сезінбегенді, жұрт түйсінбегенді, жұрт айтпағанды, дәлірек айтқанда, айта алмағанды, алдымен ақын көретіні, сезінетіні, түйсінетіні, жалпақ әлемге жар салып айтаты­ ны айдан анық. Белгілі жазушы Қуанышбай Құрманғали айтпақшы, «Ақынның сөздері суреткерлігін, ойлары парасаттылығын, сезімі жан тазалығын айғақтап тұр». Қара нардың айналды ыңыршығы, Бұлт астынан бедеу күн қылымсыды. Бүркіт болып кеткен соң қара қарға, Іркіт болды әжемнің ірімшігі. Қу тірліктің бітпесе қырсық әні, Қара жолда төзім де тұншығады. Қасқа тана тұлыпқа мөңіресе – Қара қаншық қайтадан қыңсылады. Айыра алсақ алыстан ақ-қараны, Басымызға бармақтай бақ қонады. Ерден қалса сұлудан сайқал шығып, Белден қалса бесті айғыр ат болады. «Ғалым ақынның әр өлеңі астарлы ой, тегеурінді теңеулерге толы» деп поэзия падишасы Фариза Оңғарсынова айтқандай, шы­ нында да ақын жырларынан айшықты ой, теңгерме теңеулерді жиі кезіктіреміз. Осындағы «ыңыршығы айналған қара нардың, бұлт астынан қылымсыған бедеу күннің» сұрықсыз кескін-кейпі мен «қа­ра қарғаның бүркіт болып кеткені, әжесінің ірімшігі іркітке айналғаны» нені меңзейді? Әрине, жақсылықты емес, бұл қазіргі кетеуі кете бастаған кер заманның кеселді көріністері екені даусыз. Оны мына өлең жолдарынан да анық көруге болады:

Қатыны ортекедей ойқастаған, Ақыны орамсыздау ой бастаған. Заман-ай, әңгүдік таз той бастаған, Заман-ай, қотыр серкеш қой бастаған. Міне, көріп отырғандарыңыздай, Ғалым Жайлыбай тек құр сөзден қуырдақ қуыратын өлеңші емес, өз ойы, өз көзқарасы, өз ұстанымы бар, айдыны мен айбыны ерекше ақын. Кей өлеңшілер сияқты бү­ гежектемейді, айтарын ашық айтады, бас-көз жоқ артық та кетпейді, өз орнын, өз бағасын, өз қадірін біледі. Ақынның азаматтық позиция­ сы мен поэзиясындағы халықтық рух осы жерде айқын көрінеді. Халық қамын, оның қоғамдық жай-жапсарын шығармасына арқау еткен ақынның лирикасында азаматтық сарын басым. Әлеуметтік мәселелерді сөз тиегіне айналдыру арқылы ақын өзі өмір сүріп жатқан заманның сыр-сипатын ашады, оның қайшылықтары мен кемшіліктерін көрсетеді. Нағыз ақын өз заманының шындығына, қоғамының сырына, замандастарының тыныс-тіршілігіне көңіл ау­ дармай тұра алмайды. Содан көргені мен білгенін айтады, халықтың өмірі, жан-жүрегін толғантқан мәселелер жайлы ой толғап, сөз қозғайды. Мәселен, «Жетім құлын» өлеңінде «Протонның уынан күйеуі өз-өзіне қол жұмсаған жесір әйел мен сол кесапаттан енесі өлген жетім құлынның» аянышты тағдыр-талайын жырына қосып, қос мұңлұқтың мұң-шерін салыстыра, жарыстыра суреттеу арқылы қазақ қоғамында белең алып отырған кесірлі кеселдерді ащы тілі­ мен түйреп, әркімге әр түрлі ой салады. Замананың соққалы жегі желі, Босағаның бос қалған желілері. Серілері ауылдың не біледі? Осы сұрақ жанымды кеміреді... Осы төрт жолдың өзінде қорғасыннан да ауыр ауыртпалық жатқанын көзі ашық, көкірегі ояу оқырман жан-тәнімен сезінеді, түсінеді, түйсінеді. Ендеше, ақынның жанын кемірген күрмеулі «сұ­

рақ» оқырманды да бей-жай қалдырмаса керек. Өлеңнің өміршең­ дігі де, міне осында емес пе?! Иә, протонның уынан зардап шегіп жатқан туған өлкесінің тағ­ дыр-талайына бей-жай қарай алмайды. Табиғат тозып, адамдар азып, жан-жануарлар азап шегіп жатқанда ақын қалай үнсіз отырсын?! Сөзі жеткенше айтып, қолында бар қолдауын көрсетіп-ақ келеді. Аман шығу ақ таңға – бас амалы, Оғы тиген тағдырдың тасадағы. ...Жесір әйел сипаса маңдайынан, Жетім құлын көзінен жас ағады. Беу, қос мұңлық, Жолында сортаң із көп, Қай қиырға тұрады тартамыз деп. Кезек-кезек көз жасын сығады да – Тірлігіне кетеді талқан іздеп. Тағдыр қанша сынаса да, кеудесінде жаны бар тіршілік иесі басқа түскен ауыртпалыққа еріксіз көніп, тірлігін жасай береді де. Бірақ соны жалғанның жарығына алып шығу, жария ету, ел-жұрттың на­ зарын аударту қолына қалам ұстаған әрбір суреткердің парызы мен қарызы болса керек. Сол парыз бен қарызды түсініп, аманатқа адал­- дық танытатындар бар, өкінішке орай, оны түсінбейтін қалам иелері де табылып қалып жатады. Бұл ақынның білім-білігіне, жа­ уапкершілікті сезіне білуіне, ой-санасына, ақыл-парасатына, аза­ маттық ұстанымына тікелей байланысты. Осы жағынан алғанда да арқалы ақынның ары таза, иманы кәміл, маңдайы жарық. Оны осы тақілеттес «Қызылағаш, Қызылағаш» атты жоқтау жырынан да анық байқауға болады. Атышулы Қызылағаш қасіретін өз жүрегінен өткі­ зіп барып, жырға қосады. Ақынның жан толқынысы, жүрек тебіре­ нісі, күйініш-өкініші, сезім сергелдеңі осы жырларда айқын көрініс тапқан. Бұны шайыр жырлары арқылы өзіңіз де жан-жүрегіңіз­-

бен сезінесіз, ұғынасыз, түйсінесіз, тіпті қайғырса қайғырып, мұңай­ са мұңайып, күйінсе күйінгіңіз келеді. Міне, бұл қаламның қасиеті, жырдың құдіреті. Ақын өзінің жан-жүрегін толқытқан келеңсіз құ­ былыстарды көркем сөзге көшіру арқылы оқырманның санасын сілкіп, ой салып, соған қалың елдің назарын аударуды мақсат тұтады: Ақынмын, Елімнен жоқ қиыр күнім, Молықбай, сен де менің күйімді ұғын! Қара шал немересін таяғымен Іздеп жүр арасынан үйіндінің. Кеудем тұр бірде ашылып, бір басылып, Қайғының қара суы құмға сіңіп... Жете ме Жаратқанның құлағына, Кете ме көгімдегі күн де ашылып?... Жүйкем де жүдеу бүгін, жауыр жаным, Қайғыдан қара бұлттай ауырладым. Қара орман қазақ елі, қабірге емес – Жерлейді жүрегіне бауырларын. Міне осы шағын үзіндіден-ақ ақынның туған халқына деген адалдығы, тазалығы, азаматтығы анық көрінеді. Туған ел мен өскен жерге деген перзенттік сүйіспеншілік, асыл махаббат сезімі жанына тыным таптырмай, көңілін елеңдете береді. Көргенін қағазға түсіріп, ойындағысын айтып қалуға тырысатыны да сондықтан. «Көгершіндей көктемде дүркіреген, сенімдердің сертісің, шіркін, Өлең» деп құдіретті сөз патшасына серт берген жетелі шайыр жыр­ ды қолымен емес, жанымен, тәнімен, қанымен, жүрегімен жазады. Оның жаны жайсаң, пейілі кең, өзім дегенге құшағы қашанда ашық.

Елім деп елжіреген ет жүрегі мен даладай дархан көңіліне барша
қазақ қауымы мен кең байтақ өлкесі бірдей сыйып кетеді. Жақыны
түгіл, жатты да жатырқамайды, бөле-жармайды, бар қазақты бірдей
көріп, жанына жақын тартады. Ең бастысы туған халқына ғана емес,

өнерге, өлеңге, қаламға адал. Оны жүректен шыққан мына бір өлең
жолдарынан-ақ анық аңғаруға болады:
Ұлтым қайғы кешкенде,
жұртым қайғы,

Сарыуайым сағаты сыртылдайды.
Ақындары алақан жайған елдің
Қатындары қол бастар ұл тумайды.
Шынында да, қаламның да өз қасиеті бар, егер өзіңді өрге сүйреген

өнерге, басыңа бақ боп қонған өлеңге адал болмасаң, киесі ұрады.
Ақын осыны жақсы түсінеді. Халтурадан бойын аулақ ұстайды,
ешкімге жалтақтап-жалбақтамайды. Айтарын айтады, жазарын
жазады. Жорғадай жорғалаған қаламынан тек қана моншақтай

мөлдіреген жәуһар жырлар ғана құйылып түседі. Ең бастысы, ел ба­
сына түскен ауыртпалықты, қайғы-қасіретті, тағдыр тауқыметте­
рін ешқашан өзінен тысқары қойған емес. Туып-өскен өлкесіне
атың өшкір протон құлап, табиғат тозып, жан-жануарлар қайғы-

қасірет шегіп, тіршілік иелерінің өмірлері гүлдей солып жатса,
ақын қалай тебіренбесін, қалайша нала жырын жазбасын?! Халық
басына түскен нәубеттерді көріп-біле отырып, кеудеге толған зәр-
запыранды қалайша сыртқа шығармасын?! Мәселен, «Сарыарқа.

«Протон құлаған жыл» өлеңінде:
Кигенде алаңсыз кепті,
Қартым-ай,
ретің сынар:

«Гептильді залалсыз депті,
Өкімет білетін шығар...

Қайтейін, асығыс бәрі, Жөн еді қашық ұшқаны. Ресейдің құламаса екен Зымыран тасығыштары». Арқам-ай, арқаға батты, Ауыл тұр шайқала... жүдеп. Құрдасым тартады арақты: – Уды у қайтарады, – деп... – деп, гептильдің адамзат баласына қаншалықты зиян екенін барын­ ша ашып айтады. Жүрегінен өткізіп айтады, жетер жеріне жеткізіп айтады. Шіркін, соған үн қосар, зейін қояр, құлақ түрер адамдардың қарасы көрінбейді-ау, көрінбейді. Көрінбейді екен деп, қарап отыра беруге тағы болмайды: Ақын «Алғадағы аққулар» өлеңінде Ақтөбенің Алға ауданында мұнай қалдығы төгілген көлде аққулардың қырылып қалғаны тура­ лы айта келіп, «түнімен тәтті ұйқысы мен өлеңі тоғыз бөлініп, жүрегі қобыздай күңіренгенін» жыр тілімен жеткізеді. Айдын көлдің тұнығы лайланып, аққулардың мұнайға тұншығып жатқаны өзегін өртеп, «за­ пыран құсып, зар қағып», адамзатты табиғат пен оның бел балаларын аялауға шақырады. Бір өлеңім бар еді, Бір өлеңім болғанда – Аққу текті Ар еді, Замананың зары еді, Ғаламының әні еді, – деп бәрінен де ар мен намысты жоғары қоятын ақиық ақынның өзі айтқандай, «Елегізу. Дағдарыс жыры», «Күзеудегі қараша үй», «Сынық

арба», «Қап арқалап бара жатыр қыз бала» сынды өткір жырлары осы ойдың өміршеңдігін дәлелдей түседі. Айталық, осы «Қап арқалап бара жатыр қыз бала» өлеңінде «көне күртесі мен ескі етігін сүйретіп көк базарға бара жатқан аймаңдай арудың» талайлы тағдырын сурет­ теу арқылы өзі өмір сүріп жатқан қоғамдағы белең алып отырған келеңсіздіктерді тайға таңба басқандай таңбалап, сол заманның сұрқай келбетін көз алдыңызға көлденең тартады. Олар өмірдің жан­ сыз көшірмесі емес, сөз әлемінде өмір сүретін жанды бейнесі, тарихи кезеңнің көркем шындығы. Қандай қиын туғанға болып ақын, Сор ұратын кездер бар, торығатын. Бетпақ жонға жоқ іздеп шыққанымда, Жол үстінде жолаушы жолығатын. ...Өмір кейде көкайыл долы қатын. Кез келген қалам иесі «кейде көкайыл долы қатын» тәрізді көрінетін мына өмірдің тыныс-тіршілігі мен кескін-келбетін шы­ найы қалпында суреттей алса, және сол қоғамда өмір сүріп жатқан замандастарының тағдыр-талайын, жан-дүниесін, болмыс-бітімін, қызық-қуанышы мен нала-мұңын, ой-санасы мен арман-аңсарын жеріне жеткізе жырлай алса ғана қаламгерлік қарызы мен пары­ зын өтей алмақ. «Ақ қағазға жазғаным жыр ғана емес, Жаратқанның маңдайға жазғаны еді», – дейтін ақын шығармаларының алтын арқауы да, ұстынды өзегі де осы. Жалғасып жатса не шара ота далама, Орыстың зымыранынан опа бола ма? Өзіме де обал жоқ деймін айырбас еткен Сапырулы сары қымызды «Кока-Колаға».

Біз сапырулы сары қымызды ғана емес, жанымызды да, тәнімізді де, рухымызды да, әдет-ғұрпымызды да, салт-санамызды да, танымтүсінігімізді де, діліміз бен тілімізді де айырбастадық. Қазақтықтан, қазақылықтан айырыла бастадық. Ақын осыны меңзеп отыр. Соған күйінеді, ашынады, қайғырады. Түп бастауларымызға қайта ора­ лып, халықтық қайнарларымыздан қанып ішіп, толыққанды кемел ұлтқа айналуымызды қалайды, соны армандайды, соған үндейді. Ұлттың емес, құлқынның қамын көбірек күйттеп кеткенімізді айтып, қобыздай күңіренеді: Ұлтым емес, тұр бүгін құлқын бай боп, Құлқын бай боп, содан соң ұртың май боп. Елегізіп елсізде елеңдедім – Көшкен елдің көнерген жұртындай боп. Менің түсінігімде, «Арай іздеп айдындарды кешетін, ақ дүниеге ақын болып келіппін», – деп тебіренетін Ғалым Жайлыбай мен ұлы мәртебелі поэзия егіз ұғым іспеттес. Бірінен бірін ажыратып алу мүмкін еместей көрінеді. «Ғ. Жайлыбай шын мәнінде сөз сүйегіне сіңген, өлең жазғанда шұрайлы, нәрлі, көркем сөздердің өзін таңдап, талғап қолданып, бүгінгінің бүтін сөзін айтып жүрген үркердей аз шоғырдың бірі және бірегейі. Алла Тағала оның кеудесіне өлең құйған», – деп қайсар қаламгер Рафаэль Ниязбек айтқандай, талант­ ты шайырдың тұла бойы тұнып тұрған өлең тәрізді. Оның табиғаты ақын, солай жаратылған. Ол ақын болып туылған. Тума талант. Алла Тағала оған әу баста-ақ ақындық ғұмыр сыйлаған, ТабиғатАна көмейіне жыр құйған, кеудесіне сөз қонған. Кескін-келбетінен, жүріс-тұрысынан, мінез-құлқынан, сөйлеген сөзінен, тіпті киім киі­ сінің өзінен поэзияның рухы сезіледі, жырдың лебі желдей есіп тұрады. Оның табиғатында жанартаудай атқылап жатқан ақындық бар, ақын болмауы тіптен мүмкін емес. Ал кейде табиғатында ақын­ дық жоқтар да ақын болғысы келіп, өлең құрастырып жатады. Бірақ

олар қанша тыраштанғандарымен, Ғалым Жайлыбай сияқты нағыз ақын бола алмайды. Ғалым – ұлт ақыны, ұлттық ақын. Ұлт ақыны болу үшін сол ұлттың тілінде жыр жазу аздық етеді, ақынның өлеңдерінде ұлттың рухы, тағдыр-талайы, қуаныш-қайғысы қатар өріліп, біте-қайнасып жа­ туы керек. «Жасындарын жан-жүректің ойнатқан, басымдағы – бас қамынан басқа мұң...» деп кесіп те, көсіп те сөйлейтін шабытты ша­ йырдың жырларында қазақы рух, қазақы болмыс, қазақы бояу ай­ қын сезіледі, тіпті жусанның жұпарындай қазақы иіс аңқып тұрады. Ешкімге ұқсамайтын өзіндік үні, дара қолтаңбасы бар, жүз ақынның ішінен дарынды шайырдың өлеңін жазбай тануға болады. Ақын жырларында поэзияның әсем әуезі, сұлу сазы, әдемі ұйқас-ырғағы, көркем тіл, бейнелі сурет, айшықты образ, астарлы ой, сырлы сезім, жа­ныңды баурап алар тылсымдық, тұла бойыңды тебірентер ғаламат күш, жүрегіңе сәуле құяр нәзіктік, бойыңа шуақ шашар жылылық бар: Жетегінде ілесіп жегі күннің, Айналайын айнам-ай, нені білдің?... Өзектегі өлеңі өмірімнің – Түстігінен қаз ұшты көңілімнің... Немесе: Шаңырақты көтереді уығы, Түндігінен қарамаса қайғы-азап. Kүpeңітті күздің қара суығы, Халің қалай, әй, қазақ?.. Осы өлең жолдарын басқа тілге аударып көріңізші. Мәнмағынасын шет жағалап берерсіз-ау, бірақ ұлттық рух пен қазақы бояуды түпнұсқадағыдай толық жеткізуіңіз екіталай. Осы бір ай­ шықты шумақтардан-ақ ақынның қаламгерлік қарымы, шеберлік деңгейі, суреткерлік әлемі, көркемдік қыры мен сезім сыры анық

аңғарылмай ма? Шынайы шығармашылық қашанда өзгеріс, жаңару мен жаңғырудан тұратынын ескерсек, шалқар шабыт иесінің әр жазған жаңа шығармасынан өзгеріс, жаңалық һәм жаңғыру көремін. Керек десеңіз, әр жазған шығармасы әдеби-мәдени құбылысқа айналып келеді. Оған мысалды алыстан, сонау әріден іздеудің керегі жоқ. Кеше ғана дүниені дүбірлетіп өткен «Қара ора­ мал» атты классикалық поэмасы анық дәлел. Тінін талдамай-ақ қояйын, оны оқыған адамның өзі-ақ сезер, «Қара орамал» деген атының өзі-ақ көп нәрседен хабар беріп тұрған жоқ па?! Тіпті та­ лантты ақынымызға Мемлекеттік сыйлықты осы поэмасы үшін-ақ бере салуға болар!.. Сондай-ақ «Ақ сиса», «Киік қашқан», «Біргебай­ дың Қызылы» атты поэмалары да сыншылар тарапынан жоғары бағаланып, оқырмандардың ыстық ықыласына бөленген кемел шығармалар. Ақын «Жанымның жапырақтары» (1988), «Жүрегімнің жұлдызы» (1966), «Құс қанаты» (2001), «Қарашығымдағы қара өлең» (2006), «Ардакүрең» (2008), «Тобылғыжарған» (2011), «Бір тал үкі» (2014) атты жыр кітаптарының, «Тағдырымның тамыры» (2008) әдеби мақалалар жинағының авторы. Өлеңдері орыс, украин, түрік, қырғыз, тағы басқа халықтар тілдеріне аударылған. Қытай Халық Рес­ публикасының Күйтің қаласынан шыққан қазақ ақындарының «Сүм­ біле» атты жыр жинағына өлеңдері енген. Ғалым Жайлыбай туралы небір аузымен құс тістеген әдебиет жүйріктері жылы пікірлер айтты, әлі де талмай айтып келеді… Құдай бұйыртса, айта да береді… Сыйлықтан да, атақ-абыройдан да кенде емес!.. Небір дүбірлі бәйгелерден Құлагердей дара шауып келген, Бас бәйгені шаппай алған кездері де бар… Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (1999). «Ерен еңбегі үшін», «Тәуелсіздікке 10 жыл» медальдарымен марапатталған. Қазақ ақындары жыр мүшәйраларының бірнеше мәрте жеңімпазы. Түркияның Сапанша қаласында өткен (2001) халықаралық жыр мерекесінде «Ақшам жұлдызы» арнайы сыйлығын иеленген. Ресей Халықаралық Жазушылар ұйымының С. Есенин атындағы алтын медалінің иегері (2009).

Ендеше, бұл жолы да Мемлекеттік сыйлықты қанжығасына бай­
лауына шын жүрегіммен тілектеспін!
Биылғы жылы Астанадағы «Фолиант» баспасы өлеңімен өрелі
ой айтып жүрген арқалы ақын Ғалым Жайлыбайдың үш томдық

шығармалар жинағын шығаруды қолға алып жатыр. Құдай бұйырт­
са, ол күнді де көрерміз, сол күнге де жетерміз!
Ақын ағамызды бұнымен тоқтап, тоқырап, сарқылып, қалады
деп ойламаймын! Өйткені біз білетін Ғалым Жайлыбайдың әдеби

әлеуеті күшті, әдеби білім-білігі мол, багажы үлкен!..
Сөзімізді қортындылай келе айтарымыз, таңдайы тақылдаған,
маңдайы жарқыраған Ғалым Жайлыбай өзінің шынайы шығар­
машылығымен жалпақ жұрттың жүрегіне жол тапқан бақытты

ақын. Сөзі көпшіліктің ой-санасында жатталып, жаны мен жадын­
да қатталып, өлеңі оқырманның көңілі мен жүрегінде сақталып,
өзіндік әлемде өмір сүріп жатыр. Өйткені шайыр жырларының
бойында мәңгі өлмес құдіретті күш бар. Осынау көздің жауын алар

жаһұттай жырлар қазақ халқымен бірге өмір сүре береді, ғасырлар­
дан ғасырларға жасай береді.
Ендеше басына амандық, деніне саулық, бойына қуат, еңбегіне
табыс, қызметіне жеміс, шығармашылығына өрлеу тілеймін!..

18-298

МІНЕЗДІ АҚЫН Маралтай ақын. Ақын болғанда да, таңдайына құс ұя салған та­ лантты ақын, барған жерін дуылдатып жүретін мінезді ақын. Ал та­ лантсыз ақын түгіл, мінезсіз ақыннан да түк шықпасы анық. Өнер адамына ең алдымен керегі де – талант пен мінез. Ал тарпаң мінез Маралтайда осының екеуі де бар. Маралтайды алдыға сүйреп келе жатқан да осы екеуі. Оны Маралтайдың өз өлеңінен-ақ көруге болады. Мәселен, ол «Мұхаммедті растау» атты өлеңінде: Мен туғанмын ер Мұхаммед өлген күн, Мен болмасам, Жүрегіңді емдер кім?! Хақ Мұхаммед айтып кеткен кешегі Келеді деп... Келген ақын, Сол – Менмін! – дейді. Бұндай сөзді екінің бірі айта алмайды. Тек өзіне сенетін, өнеріне сенетін, құдірет-күшіне сенетін адам ғана осылай кесіп айта­ ды, көсіп сөйлейді. Бұлай сөйлеу басқаға жараспауы мүмкін, бірақ Маралтайға жарасады. Жарасып тұрады. Жараса қалады. Себебі, Маралтай – ақын. Ақын болғанда да талантты, дарынды, адуын­ ды ақын. Оған ешкім де шәк келтіре алмас. Бірақ, ол да жұмыр ба­ сты пенде, досы бар, қасы бар, жаулары... дегендей... Ақын «Кентавр» атты өлеңінде:

Тұлпарға мінген Ұлы даланың Тарпаң мінезді ұлы боламын. Жауларым семсер сілтеген сәтте Қиылған талай гүлім, қарағым, – дейді. Маралтайға Алла Тағала ерекше ақындық қуат берген, ерекше көз, ерекше түйсік, ерекше зерде сыйлаған. Сондықтан да ол ерекше ақындық шабытпен төгілдіре жырлайды, не нәрсеге болсын ерекше көзбен қарайды, өзінше саралап, өзінше бағалайды. Оның көкі­ регінде де көз бар, сол көз ойдағы мен қырдағыны шолып, қиядағы­ ны шалады. Оны айтасыз, Маралтайдың көзі жыныстың ішіндегі қызылды да көріп қояды. Қызылды жай көріп қана қоймайды, қыран секілді қиып түседі. Бүріп түседі. Орып түседі. Ойып түседі. Иә, ол қыран секілді. Көкте қалықтап ұшып жүреді. Жерге андасанда қонады. Онда да аздап дем алу үшін, дем басу үшін. Бұл да оның табиғи табиғаты. Шынында да Алла тағала оған ерекше күш-қуат бер­ ген. Қанат берген. Талмайды, талықпайды. Ұшып келеді, ұшып ба­ рады. Мен білетін Маралтай болса, ұша береді. Көк жүзінде қалықтап самғай береді. Бет алысы қалай, қай жаққа ұшып барады? Оны мен білем, Маралтайдың өзі біледі және Әмірхан (Балқыбек) біледі. Оны мен айтпаймын, айтқым келсе де, айта алмаймын. Оның да өзіндік себебі бар. Ал Әмірхан маған қарағанда мәрттеу ғой, айтып салуы мүмкін. Айтқыш қой. Өйткені оның өзі де ұшып жүр. Сондықтан Маралтай жалғыз емес. Қасында қара көбейтер Әмірхандар бар. Ма­ ралтай: Пұшайман халім өртеді мені, Қылқобыз кеудем шертеді нені? Жал бітті, кенет... жотама менің, Оқиғадағыдай ертегідегі.

Ғаламат солай басталып бір сәт, Құйғытып кеттім тастарды турап. Атылдым көкке жай сияқтанып, Тұяғым алтын – Ай сияқтанып. Алапат тасып, ақырып, төніп, Аруағымды шақырып келіп: Шығысқа қарай адырна тарттым, Жар болса Тәңір ақырын беріп! – дейді жасындай жарқылдап. Иә, ол жасындай жарқылдайды. Жанартаудай атқылайды. Өйткені өзі айтқандай, оның кеудесі қуыс емес, қылқобыз кеуде. Қылқобыз­ дай шертіледі. Қылқобызша аңыратып күй төгеді, қылқобызша дауылдатып жыр толғайды, қылқобызша сызылтып сыр шашады. Құдіретті қылқобыздың сазды да сиқырлы үні құлағыңнан кіріп, бойыңды баурап, жүрегіңді жаулап, өне-бойыңды балбыратып, төбеқұйқаңды шымырлатып жібереді. Міне, Маралтайдың өлеңінде осындай бір сиқырлы әуен бар. Өзіне қарай еліктіріп, еміктіріп, желіктіріп тартып тұратын. Керек кезінде ертектегі оқиғалардай, Маралтайдың жотасына жал бітеді. Ол құйғытып кеп кеткенде жай сияқты тастарды турай көкке атылады. Атылғанда тұяғы алтын – Ай сияқтанып кетеді. Алапаты та­ сып, ақырып, төніп, аруағын шақырып келіп, Шығысқа қарай адырна тартады. Бәрі де дұрыс-ау, бәрі де түсінікті-ау. Бір түсінбегенім, сон­ шама тасып келіп неге Шығысқа қарай адырна тартады? Шығысқа қарай адырна тартқандарға Тәңір жар бола қояр ма екен?! Қазақ негізі адырнаны Батысқа қарай шірене тарту керек қой!.. Ал Марал­ тай Шығысқа қарай тартады. Онысы несі екен деп ойладым. Бірақ, бір білгені бар шығар деп тағы қойдым. Иә, бір білгені бар ғой, әйтпесе... Иә, Маралтай осынысымен Маралтай емес пе? Ойландырып қояды. Ойланбасыңа қоймайды. Өлеңінің соңына жұмбақ тастап кетеді. Мықты болсаң шешіп ал!.. Шешіп көр!.. Әркім әр түрлі ой түюі мүмкін.

Ақынға керегі де осы емес пе?!. Бір қалыптағыдай шыққанның несі жақсы?!. Иә, қалай салсаңыз да, қалай қақпайлсаңыз да, Маралтай қалыпқа сыймайтын ақын. Сондықтан оны қалыпқа саламын деп әуре болудың қажеті жоқ. Өлеңі де өзіндей, бір-біріне ұқсамайды. Бір қалыптан шыққандай бұрқырата бермейді. Аз жазады, бірақ саз жаза­ ды. Әдебиетке, өлеңге адал. Ең алдымен өзіне адал. Кейде ойлаймын, әдебиеттен неге олимпияда өткізілмейді екен деп. Егер әдебиеттен олимпияда өткізілсе, сөз жоқ, Маралтай Олим­ пияда чемпионы болып келер еді. Жүйрікпін деген талайлардың мысын басып, жұдырықпен емес, ондай атақты өлеңінің арқасында қалпақпен-ақ қағып алар еді. Шіркін-ай, Маралтайдың даңқы сонда өрлер еді. Бір-ақ күнде байып шыға келер еді-ау. Ал Маралтай байы­ са, өлеңі алтынға айналып шыға келмей ме?!. Сол күнге қашан жетер екенбіз?.. Әйтпесе, қазір өлеңнің құны болмай тұр ғой!.. Маралтайдың өлеңдері тот баспас алмас қылыш сияқты. Жарқжұрқ етіп жарқылдап тұрады. Талайлардың мысын басып, ал шалт қимыл жасағандардың басын шауып түсері анық. Сен көкте жүрсің. Ұша бер, самғай бер! Жерге түспе! Себебі жер беті әбден былғанып барады. Сен былғанбашы!.. Былғанбайтыныңа сенемін!..

ТАЛАНТЫМЕН ТАС ЖАРҒАН Елімізге танымал сатирик, журналист Мартбек Тоқмырза небір аузымен құс тістеген шешендер мен күміскөмей әншілер, билік айт­ қан билер мен ел қорғаған батыр-бағыландар шыққан қасиетті топырақ – Қарағандының Қарқаралысынан түлеп ұшқан ақ сұңқар еді. Ол нағыз сегіз қырлы, бір сырлы жігіт болатын. Журналистика мен сатираның тізгінін қатар ұстап, осы екі салада да қатарының ал­ дынан көрініп, өнер туын жоғары ұстап жүретін талантты азамат еді. Амал не, аттай алты жыл айналдырған ауру оны арамыздан алып кетті... Біз Мартбекпен бес жыл бірге оқыдық, Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің 1992 жылғы түлектері едік. Ол университетті бітірген соң туып-өскен жері – Қарағандыға келіп, «Қазақстан-Қарағанды» телерадиокорпорациясында абы­ ройлы еңбек етті. Ол өзімен бірге журналистикаға жаңа леп, тола­ йым жаңалықтар алып келді. Үнемі ізденіс үстінде жүретін. Бір орын­ да қайырылып қалған шалшық судай емес, жоқ жерден арна са­ лып арындап ағып жататын өзен сияқты шығармашылық жағынан әрдайым өсіп отырғанына бәріміз куәміз. Келе сала «Біз жанбасақ» деген авторлық бағдарламасын жасады. Ол сол кездегі жанры ток шоу болған жалғыз бағдарлама еді. Бұл жас журналистің алғашқы жетістігі, арман-мақсат жолындағы алғашқы қадамы болса да, оған үлкен абырой-бедел әперді. Содан кейін «Білгенге маржан» ин­ теллектуалды бағдарламасын өмірге алып келді. Бұл да өзінше жаңалығы мол бағдарлама болатын. Өзі сатира жанрының сар­базы болғандықтан іле-шала «Езу тартар» атты юморлық бағдарла­маны эфирге шығарды. Бұл бағдарламалардың бәрі де өзінің тосындығымен, жыл құсын­ дай жарқ еткен жаңалығымен, өзіне баурап алар тартымдылығы­ мен көрерменнің көңілінен шығып, көптің есінде қалды.

Журналистикаға өзіндік жаңалықтар алып келем, сатираны алға сүйрер қаламгер атанам деген үлкен мақсаты бар жігерлі жастың ойда-жоқта денсаулығы сыр беріп, құлашын кеңінен жазуға мүмкін­ дік бере қоймады. Мартбек өмірінің соңғы алты жылында екі бүйрегі бірдей жұмыс істеу қабілетінен айырылып, семіп бара жатса да, кей­ де аптасына екі рет, кейде үш рет диализге (жасанды бүйрек аппара­ ты) таңылып жатса да, қолынан қаламын тастаған жоқ. Сатиралық шығармаларын жаза берді. Оның сатираларында күлдіріп отырып жылататын құдірет-күш бар. Қоғамдағы келеңсіздіктерді жалпақ жұртқа жария етіп, ащы тілімен түйреп отыратын. Оның «Махаббатмашақат», «Алик, Малик, ортасында Шарик», «Рекет-әрекет», «Баба Яга», «Будулай», «Ақша мен жезөкше», «Ерін неге жеке шықты?», «Зерт­ телмеген жанр», «Склероз» атты көркем шығармаларына қойылған тақырыптарының өзі көп нәрседен хабар беріп, еріксіз езуге күлкі үйірілтеді. Ал олардағы суреттелетін оқиғалар тіптен қызық, оқыған адам күлкіге қарық болып, бір жасап қалары анық. Суреттелетін кейіпкерлердің образдары да өз деңгейінде шыққан, тіптен олардың аттарына дейін анадайдан менмұндалап күлкі шақырары сөзсіз. Мәселен, Көден, Сөден, Бөден, Мимырт, Кәди-Сәди, Тәпа, Пайпақ, Тәйпақ, Нәпи, Сәпи, Шолтан, Болтан, Опыр, Топыр, Бопыр сияқты кейіпкерлердің есімдері өз іс-әрекеттеріне қалай дәл тауылып қойылса, образдарының да соған сай шыққанына тәнті боласыз. Бұл оның сатираның тылсым кұдіреттерін еркін меңгере бастағанын анық аңғартса керек. Мартбектің шығармалары туралы қазіргі көзі тірі сатира саңлақтарының бірі Үмбетбай Уайдин ағамыз былайша ой толғап­ты: «Мартбек журналистиканың әр жанрында қалам тартып келе жат­ қанымен, сатира жанрында жақсы көрініп келеді. Сатираларында тосын қайырылыс-қалтарыстар жиі ұшырасады. Мартбектің сатира­ ларынан дарақы, әдепсіз күлкі байқалмайды. Сықақшы үшін бұл ең басты мәселе. Сатираның тілі – құйтырқы тіл. Мартбек бұл жағынан да табыссыз емес», – деп оның шығармашылық жолына ақ жол тілеп, ағалық батасын беріпті. Міне, Мартбек оқырманның ғана жүрегін

жаулаған жоқ, ауызы дуалы қаламгерлердің де көзіне ерте түсті, ыс­ тық ықылас-пейілдеріне бөленді. Мартбек атақтан да құр алақан емес. 1999 жылы журналисти­ ка номинациясы бойынша халықаралық «Шабыт» фестивалінің лау­реаты атанды. «Мәселенің мәнісі», «Жымиясың сен неге?» атты сатиралық кітаптары басылып шықты. Бұл кітаптардың сыншылар тарапынан да, оқырмандар тарапынан да жоғары бағаға ие болғанына бәріміз куәміз. Оның сатиралық әңгімелері, фельетондары, пародия­ лары, журналистік мақалалары «Нұр Астана», «Қазақ әдебиеті», «Еге­ мен Қазақстан», «Жас Алаш», «Ара» сияқты республикалық басылым­ дарда жиі жарияланып тұрды. Сатирик бір сұхбатында өмірге деген өзінің ойларын былайша өрбітіпті: «– Мартбек Мекентайұлы, сіз теле-радио журналиссіз, ұстазсыз һәм сатириксіз. Жалпы жалпақ жұртқа өзіңізді кім деп таныстырасыз? – Шынын айтқанда, ең бірінші кезекте мен адаммын... – Ал сіздің түсінігіңіздегі адам дегеніміздің өзі кім? – Адам дегеніміз, кешегісін сағынатын, ертеңгісін армандайтын, ал бүгінгісіне көңілі толмайтын жұмыр басты пенде. – Ал адамның бұл жалғандағы нағыз досы кім? – Адамның бұл жалғанда айнымас, адал досы – Ажал. – Өте қорқынышты екен!.. – (Күліп) Қорқатын түгі жоқ. Мен неге бұлай деймін?!. Жалпы Ал­ ланың жаратуында адам үшін ең адал – Ажал. Неге десеңіз, Ажал ерте ме, кеш пе, міндетті түрде келеді. Алдамайды. Басқасының бәрі алдамшы, бекер. Ал енді бұлай деп отырған себебім, адам өмірге келген сәтінен бастап Ажалға қарай өзі бірінші қадам басады. Міне, осы уақыт аралығында өзінің пешенесіне жазғанын көріп, тиесілі міндеттерін атқарады. Жаңағы сіз айтып отырған менің журналистігім, ұстаздығым, сықақшылығым – осы аралықта менің атқарып жатқан қызметім», – депті. Сөз жоқ, адамды бір сәт ойлануға жетелейтін жақсы сұхбат. Са­ тириктің өзіне лайықтап қойылған сауалдарға сатираның тілімен

образды жауап беріпті. Бұған алып-қосарымыз жоқ, бәрі де анық та қанық айтылған. Иә, Мартбек осы сұхбатында айтып тұрғанындай, бұл жалғандағы татар дәмінің таусылып келе жатқанын білген сияқты. Білген сияқты емес, білді. Сол үшін де бәріне үлгеріп қалуға тырысты. Өмірінің соңына дейін Евней Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің журналистика кафедрасында табысты еңбек етті. Ұстаз болды, ізін басар шәкірттер тәрбиеледі. Бірақ, өзінің сөзімен айтар болсақ, «адамның адал досы – Ажал» ақыры оның жанын алып тынды. Мартбектің өзі емеурінмен танытып тұрғандай, бұл адамның емес, Алланың ісі. Бір Алланың қолындағы іс. «Жазмыштан озмыш жоқ». Әрине, орны толмас ауыр қаза, ауыр қайғы. Тәубашыл халықпыз, тәуба дейміз. Мына жалған дүниеге періште болып келіп, жар құшпай, бала сүймей, періште күйлерінде бақилыққа аттанғандар қаншама?!. «Орнында бар оңалар» деген. Артында екі ұлы қалды. Шаңырағы­ ның отын сақтап қалар балаларының анасы – Меруерттей асыл жары қалды. Ісін жалғастырар шәкірттері қалды. Мартбек дос, жатқан жерің жайлы, топырағың торқа, жаның жәннатта болсын!.. Рухың пейіштің төрінде шалқысын! * * * Студенттік өмірдің қызығы мен шыжығы көп болады ғой!.. Ұмытпасам, үшінші курста оқып жүрген кезімізде қысқы кани­ кулда курстас досымыз, жаны жайсаң азамат Мартбек Тоқмырза «Шешемнің туған күні келе жатыр, елуге толады, соған бірге барып, тойлап келсек қайтеді» деген соң, екі-үш жігіт шашбауын көтеріп, еліне еріп бармақ болдық. Сөйтіп, Мартбек бастап, Саттар Бейсе­ ков, Нұрлан Шоқаев секілді курстас достар бар, төртеуміз Қарағанды облысының Қарқаралы ауданындағы Нүркен ауылына жол тарттық. Алматының екінші вокзалынан пойызға отырдық. Көңіліміз сон­ дай көтеріңкі. Әзілдесіп-қалжыңдасып, бір-бірімізді сөзбен қағытып келеміз. Бір купедеміз, емін-еркін. Уақыт өткізу үшін карта ойнадық. Менің картамен неше түрлі көз бояйтын сиқырларды жасайтын

аздаған өнерім бар еді. Оны курстас достардың бәрі білетін. Cоны пайдаланып, Саттар мен Нұрланды қатырайын деп ойладым да, Мартбекті оңаша шақырып алып: – Қазір мен барып отырамын, сен қарсы жағыма жайғас, кар­ тадағы қызылдарды (қызылайыр мен қиық) бір жаққа, қараларды (қарға мен креш) бір жаққа жинайын, сен қызыл болса сол аяғымды, ал қара болса оң аяғымды басып қал, ар жағын өзім қатырамын! – дедім. Мартбек аңғарлы жігіт еді, бәрін бірден түсінді. Мен купеге қайтып келіп: – Қарап отырғанша сендерге бір сиқыр көрсетейін! – дедім шіре­ ніп. Саттар мен Нұрлан елең ете қалды. Екеуі де: – Сөйтші, уақыт өтсін, сөйтші!.. – десті. Мен жайғасып отырып алдым, уәде бойынша Мартбек қарсы ал­ дыма келіп қонжиды. Ол да өбектеп өліп барады. Келісім солай. Ана­ ларға ешқандай сезік тудырмау керек. Мен аспай-саспай картаны қолыма алдым да: – Мұқият қарап отырыңдар, мен қазір көзімді жұмам да, қызылды бір жаққа, қараны бір жаққа жинаймын! – дедім. Үшеуінің де екі көзі менде. «Не болар екен?» деп қолдарын ысқылап қояды. Мен көзімді тас жұмып, сол қолыммен картаны соларға қаратып ұстадым да, оң қолыммен жайлап сипалай бастадым. Алғашқы карта­ ны сипалай бергенімде Мартбек білдірмей сол аяғымды басып қалды, мен түсіне қойдым да: – Міне, мынау қызыл! – деп алғашқы картаны сол жаққа алып қойдым. Жігіттердің «Мәссаған!» деген таңданыстары естілді. Келесі картаны сипалай бергенімде Мартбек оң аяғымды басып қалды. Мен түк болмағандай маңғаздана отырып: – Мынау қара! – деп оны оң жаққа алып қойдым. Жігіттердің таңданыстары күшейе түсті. Мартбек те: «Мә, мынау керемет қой!» – деп қыздырып қояды. Содан не керек, Мартбектің аяқ басуының арқасында көзімді жұмып отырып-ақ қызылдарды бір жаққа, қараларды бір жаққа жинап қойдым. Жігіттердің таңданбастарына ешқандай амалдары қалмады. – Оны қалай жинадың? – десіп сұрасып жатыр.

Мен одан сайын күпие түсем. – Ол құпия, ал сиқыршыларға құпияны еш ашуға болмайды. Егер айтып қойсам, маған қиын болады! – деймін тап бір шынында да сиқыршыдай қинала. Олар шынымен сенді. Сенбеске шаралары қайсы?! Көз алдарында көзімді жұмып отырып-ақ бүкіл картаның қараларын бір бөлек, қызылдарын бір бөлек жинап қойсам. Содан достар шыдай алмай: – Айтшы, айтшы! – десіп қолқалап болмады. Мен шімірікпестен: – Қандай түс екенін сипағанда-ақ саусағымның ұшымен сезіп қоям! – деймін қызықтыра түсіп. Олар одан сайын жалынады. – Бізге де үйретші, ешкімге айтпаймыз! – деп қояр емес. Менің де күткенім осы еді. – Қымбатқа түсіп қаласыңдар ғой! – деймін сыр бермей. Олар «бізге арзандау үйретсеңші, доспыз ғой!» – деп болар емес. Содан: – Жарайды. Айтқандарың болсын! Өздерің білесіңдер, мен сен­ дерден бір тиын алмаймын. Тек келесі бекеттен түсіп, жейтін-мейтін, сыра-пыра алып келіңдер! Жетерліктей болсын! – деп қоям. – Содан кейін үйретем! Қауқылдасып отырып келесі бекетке де келіп жеттік, асығыс-үсі­ гіс үшеуі түсіп кеткен. Ішімнен сақ-сақ күліп мен отырмын. Бір кез­ де екі дәу пакетті көтеріп қайтып оралды. Құдай-ау, не жоқ дейсің, он бөтелке сыра, балық, қазы ма, тауықтың еті бар ма, бәрін алып­ ты. Енді менің ішім қыпылдай бастады. Шындықты айтсам, ерлерін бауырларына алып тулайтыны анық. Сөйтіп, сылқия тойып алдық. Сыраның да түбіне су құйдық. «Ал енді үйрет!» деп жата кеп жабыспа­ сы бар ма?!. – Ой, жігіттер, ертең үйретейінші, мен бүгін қызып қалдым. Бұл да бір қасиетті өнер. Бұндай өнерді ішіп алып үйретуге болмайды! – дедім. Саттар да, Нұрлан да сырбаз жігіттер еді, «Ондай болса, жарай­ ды, ертең үйретерсің!» десті де қойды. «Ертең тағы бір сылтау ойлап табармын!» деп мен де еш алаңсыз отыра бердім. Содан не керек, Қарағандыға келіп түстік. Қыстың іші. Күн суық. Дір-дір етеміз. Қайта темір жол вокзалы мен автобус бекеті бір жер­

де екен. Содан автобусқа отырып, Нүркен ауылына тартып кеттік. Айтпақшы, Саттар: – Мен әскерде бірге болған бір жігіттің үйіне соға кетуім керек. Шаруам бар. Ертең арттарыңнан барам ғой! – деп Қарағандыда қалып қойды. Нұрлан, Мартбек үшеуміз автобустың ішінде қалғып-шұлғып келеміз. Аздаған шаршау бар. Үйтіп-бүйткенше қас та қарайып кетті. Қыста кеш ерте түседі ғой! Содан не керек, Қарқаралыға келдік. Мен Мартбекке: – Әй, жүр, бір-бір бөтелке сыра алып алайықшы! – дедім сыбыр­ лап. Ол келісе кетті. Екеуміз дүкенге кіріп шыққанымыз сол, автобус жүріп кеткені. Үлгеруін үлгердік-ау, айғайлап, есікті ұрғыладық, бірақ автобус тоқтай қоймады. Артынан далақтап жүгіріп келеміз. Менің аяғымда шетелдің модный етігі-тін, құрғыр тым тайғақ. Жолдың бәрі мұз, тайып жығыла беремін. Мартбек ыза болады, бұрқылдап жүр. «Ой, құрғыр, не болды саған?!» деп күйіп-піседі. Мен одан сайын жалп-жалп құлаймын. Автобусқа үлгере алмайтынымыз белгілі болды, тым ұзап кетті. Мартбек біресе мені, біресе автобустың ішінде отырған Нұрланды сыбап қояды. «Жынды ма-ей, неге тоқ­ татпайды-ей?» – деп маған алая қарайды. «Оны мен қайдан білейін?» дегендей, иығымды қиқаң еткіземін. Мартбек ашуға булығып ке­ леді, мен ыржаң-ыржаң етемін. – Әй, досым-ау, несіне осынша күйіп-пісесің, болар іс болды, енді ауылға қалай жетудің қамын ойлайық! – деймін. Ол үндемейді, қолын қайшылап жүгіре басады, мен де артынан қалмай ілесіп келемін. «Әй, бұл жақсы болды, ертең айтып, еске алып жүреміз! – деп қоям өзімше жұбатқан болып. «Несі жақсы, несі жақсы?!» деп одан сайын ыза болады. Содан не керек, Қарқаралының шетіне шығып, Нүркенге барар жолға келіп тұрдық. Ойымыз такси ұстау. Бірақ қырсық шалғандай бірде-бір көліктің қарасы көрінбеді. Со­ дан ары тұрдық, бері тұрдық, уақыт біраз болып кеткен. Енді көлік­ тің жүрмейтініне көзіміз анық жетті. Содан Қарқаралыда Мартбектің нағашы ағасы тұрады екен, сүмірейіп-сүмпиіп сонда келдік. Жақсы

адамдар екен. Болған жайды айтып едік, ішек-сілелері қатты. Содан нағашы ағасы түнделетіп жүріп машина тауып, түннің бір уағында бізді Нүркенге жеткізіп салды. Келсек, Нұрлан досымыз рахатта­ нып тамақ жеп, терлеп-тепшіп шай ішіп отыр. Мартбек екеуміз екі жақ­тан дүрсе қоя бердік. «Ішінде отырып, автобусты тоқтата алмағаның ба?» деп жерден алып, жерге салып жатырмыз. Сөйтсек, Нұрлан ұйықтап отырыпты. Жолшыбай да ояна қоймапты. Сәтін салғанда, автобус Нүркеннен ары бармайды екен. Әйтпесе, оның да басы ауған жаққа кетіп қалатын жайы бар екен. Соңғы аялдамаға кел­ генде жүргізуші әрең оятып алыпты. Көзін аша сала аң-таң қалыпты. Біз жоқпыз. Арт жақта тығылып отырған шығар деп, «Әй, шығыңдар, тығылмаңдар! Ойнамаңдар!» деп қоям» дейді. Автобустың ішін түгел сүзіп шығыпты. «Сумкаларың тұр, өздерің жоқсыңдар. Жолдан түсіп қалды деген ойыма кіріп те шықпапты, әбден басым қатты» дейді. Содан амал жоқ, сумкаларды алып, судан шыққан саршұнақтай сүмірейіп автобустан түсіпті. Екі жас бала күтіп тұр екен. Мартбектің мектеп жасындағы інілері ғой! Бірден таныдым дейді. Кенже бауы­ ры Мартбекке қатты ұқсайтын. Олар «Мартбек қайда?» деп сұрайды. Нұрлан не деп жауап берерін білмей, қатты сасады. «Осы автобуста бірге келе жатқанбыз, білмеймін қайда кетіп қалғандарын!» деп шы­ нын айтады. Содан бәрі аң-таң боп, түкке түсінбей үйлеріне қайтады. Одан Мартбектің папасы мен мамасы алаңдап, «Дәу де болса, бірдеңе болды ғой оларға, әйтпесе келсе керек еді!» деп тызақ атады. Үйде көңілсіздік орнайды, бәрі айналып келіп қайта-қайта Нұрланнан сұрай беретін көрінеді. «Өмірімде бұндай сасқан емеспін, қара тер­ ге түстім!» дейді кейіннен. Сөйтіп, тығырыққа тіреліп отырғанда біз телефон соғыппыз. Ол кезде қалта телефоны атымен жоқ. Үй телефоны арқылы хабарласып, мән-жайды түсіндірдік. Содан түннің бір уағында біз келіп, мәре-сәре болдық. Балбыра­ тып ет асып қойыпты. Қазы-қарта, жал-жая. Қауқылдасып отырып, тамаққа тойып алдық та, жатып қалдық. Ертеңінде Саттар да келді, той да дүрілдеп өтті. Міне, біз Мартбек досымыздың мамасының мерейтойына осындай қызықтармен барып қайтқан едік.

Бүгінде арамызда Мартбек дос пен Саттар дос жоқ. Саттар оқуды
бітірген жылы кісі қолынан қаза тапты. Ал Мартбек былтыр көп
жылғы аурудан көз жұмды. Екеуі де жаратылысы бөлек, адал, ақжар­
қын жігіттер еді. «Құдайға да жақсы адам керек!» деп жатушы еді

көнекөз қариялар. Сол сөз рас па деймін!

ЖОЛЖАЗБАЛАР

АЛТАЙДЫҢ АР ЖАҒЫНДА АҒАЙЫН БАР... «Бармасаң-келмесең, жат боларсың!» дейді дана халқымыз. Бұл жайдан-жай айтыла салған сөз емес, өмір тәжірибесінде екшеліп, тіршілік сүзгісінен өткен ой. Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы­ ның ұйымдастыруымен шілденің 7-14 күндері аралығында Мон­ ғолияның Баян-Өлгий аймағында өткен дүниежүзі қазақтарының кіші құрылтайының да негізгі мақсаты осы. Тағдыр-талайлары монғол елінде тоғысып, осында түтін түтетіп, ғұмыр кешіп жатқан жүз мыңдай қазақтың тұрмыс-тіршілігімен танысып, көшіқон мәселелері бойынша ой-пікір алмасып, өзара мәмілелесіп, ағайындық арақатынасты нығайтып, екіжақты келісімге келу. Ең бастысы, жоғарыда тілге тиек етілген өмірлік қағидаға байланыс­ ты туған жерден жырақ, қиыр жайлап, шет қонған қандас бауырла­ рымызбен сағыныса қауышып, жылы жүздесулер мен кездесулер өткізіп, сөзбен жебеп, көңілмен демеп қайту болатын. Осындай ауыр жүк, сындарлы міндет арқалаған Қазақстан делегациясын Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы төрағасының бірініші орынбасары, белгілі жазушы Қалдарбек Найманбаев бастап барды. Делегация құрамын­ да есімдері елімізге кеңінен танымал Шерхан Мұртаза, Мұхтар Ма­ ғауин, Қабдеш Жұмаділов, Ақселеу Сейдімбек, Бақыт Сарбалаұлы, Жарылғап Бейсенбайұлы, Батырхан Дәрімбет сияқты жазушы-жур­ налистер, Майра Ілиясова, Әбиірбек Тінәлиев, Байғали Есенәлиев тәрізді әншілер, Әбдімәлік Нысанбаев, Әбсәмет Арғынбаев секілді ғалымдар, Мәдениет және білім, Сыртқы істер, Еңбек және халықты әлеуметтік жағынан қорғау министрліктері мен Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының жауапты қызметкерлері болды. Қай жағынан алып салмақтасаңыз да, бұл топтың тұздығы тұщымды, тұрпаты пішімді. 19-298

Осы күндер бағдарламасына ұлы жазушы Мұхтар Омарханұлы Әуезовтің 100 жылдық мерейтойына қатысты іс-шаралар да енгі­ зілді. Себебі Әуезов дүние жүзіндегі қазақтардың барлығына ортақ ұлы тұлға, бірдей мақтаныш. Біз Баян-Өлгийге Алматыдан ұшақпен ұштық. Ұшаққа жер алыс болып па?! Әне-міне дегенше, діттеген жерімізге де келіп қалдық. Делегация мүшелерін Баян-Өлгий аймақтық әкімшілігінің жа­ уапты қызметкерлері жылы жүзбен қарсы алып, аймақ орталығы – Өлгий қаласының шет жағына, Қобда өзенінің жағалауына арнайы тігілген киіз үйлерге орналастырды. Әр отаудың есігіне алдын ала кімдердің түсетіні жазылып қойылыпты. Ең бірінші орналасқан әрі ең еңселі, іші мен сыртқы түр-тұрпаты ерекше сәнді сегіз қанат ақ ордаға қазақ әдебиетінің қазіргі көзі тірі классиктері Мұхтар Мағауин мен Қабдеш Жұмаділовпен бірге мен жайғастым. Сөйтіп, екі алып суреткермен бұл отауда бір аптадай уақыт бірге болып, аталы әңгімелерін тыңдап, өрелі ой-пікірлерін есту пешенеме жазылды. Бұл мен үшін үлкен қуаныш, есте қаларлық сәттілік болғаны шын. Әр отауға бір-бір күтуші бекітіліп қойылған екен. Біздің отаудың «иесі» қараторы қазақ қызы «Шөлдеп келдіңіздер ғой» деп, дастархан жайып, шай әкелді. Шөлімізді қандырып, шаршағанымыз басылған соң, қымыз әкелінді. Соңынан буы бұрқыраған ет келді. Бұл жақта­ ғы ағайындардың бір ерекшелігі, етті бір бұрқ еткізіп қайнатып ала­ ды екен де, шикілі-пісілі күйінде жей береді екен. Біздің алдымызға әкеліп қойылған ет те сөйтіп пісірілген екен, балбырап бабымен пісірілген етті жеп үйреніп қалғандықтан ба, әйтеуір оған тісіміз онша бата қоймады. Мен, әрине, әдеп сақтап үндегенім жоқ. Есесіне ханға да кемшілігін айта салатын Мұхтар аға мен Қабдеш ағамыз мәдениетті түрде ескерту жасап, әзілдеп отырып «үй иелеріне» өз ой­ ларын ашық жеткізді. Ал олар өздерінің салты осылай екенін айтып, бұдан былай әбден қайнатып, балбыратып пісіретіндеріне уәде берді. Олар айтқан сөздерінде, берген уәделерінде тұрды. Менің сол алғашқы күнгі етті жей алмай, тістелеп отырғанымды байқаған күтуші қыз:

– Ет қанды болмай, жігіт сәнді болмайды. Жеңіз! – деді әзілмен қағытып. «Сасқан үйрек артымен жүзеді» демекші, мен де қарап тұрмай: – Біздің жақта «тамақ мәнді болмай, жігіт сәнді болмайды» де­ ген де сөз бар, – дедім «ұялған тек тұрмастың» кебімен ойдан мәтел құрастырып. Күтуші қыз бұл сөзге онша мән берген жоқ. Міне, бұл менің Монғолиядағы қандастарымыздың тұрмыс-сал­ тындағы алғашқы байқаған ерекшелігім. Тағы бір таңданғаным, расында да, Баян-Өлгийлік ағайындардың екі беттері нарттай боп қызарып тұрады екен. Көпшілігінің айтуынша, бұған да бір рет қана бұрқ еткізіп пісірілген шикілі-пысылы еттің әсері бар екен. Яғни «Ет қанды болмай, жігіт сәнді болмайды» деген сөздің астарында үлкен сыр жатқан сияқты... * * * Ертеңінде, яғни шілденің 8-і күні аймақ әкімшілігінде кезде­ су болды. Онда сөз сөйлеген Баян-Өлгий аймағының әкімі Мей­ рам Қадырұлы мен аймақтық халық өкілдер құралының (біздегі облыстық мәслихат тәріздес) төрағасы, көрнекті ғалым Қаржаубай Сартқожаұлы Монғолиядағы қазақтардың тарихы мен бүгінгі ты­ ныс-тіршілігі жөнінде кеңінен әңгімелеп берді. Монғолияда өмір сүріп жатқан қандас бауырларымыз Цин империясының қыспағына шыдамай, Шығыс Түркістаннан бөлініп, Алтай жотасының солтүстігіне ХІХ ғасырдың екінші жартысында қоныс тепсе де бұл аймақтар «ежелгі түрік жері, ата-баба қонысы» деп, мақтаныш сезіммен айтады екен. Оның да өзіндік себеп-сал­ дары жетерлік. Ең бастысы – Орхон ескерткіштері, Білге қағанға, Күлтегінге, Тоныкөкке арналған құлпытастағы жазулар. Бұл мә­ селелер төңірегінде бізбен ой бөліскен жазушы-ғалым Қаржаубай Сартқожаұлы түп-тарихты тереңнен қопара келіп, өз сөзін былайша тұжырымдаған еді: – Монғолияға қазақтарды тұңғыш қоныс аудартқан Көбеш батыр «орыс – темір ноқта, қытай – кендір ноқта, монғол – жіп ноқта» деп саралап-салмақтай келе, «жіп ноқтаны үзу қашан да оңайырақ» деп

монғол еліне ат басын бұрған екен. Ал осы батыс Монғолияны ғұн дәуірінен бері керейлер мен наймандар мекендеп келген. Күні бүгінге дейін Орхон Сэлэнге Керуленнің бойында баба түркілердің көзі, кейінгі ұрпаққа қалдырған аманаты – мәңгілік шежіре ескерткіштер тұр. Төңкеріс жылдарында немесе 1924 жылдан кейін Шығыс Түркістан мен Шығыс Қазақстаннан жүздеген жанұя Монғолияға қоныс аударып, санымыз бен салмағымызды арттырды. Бүгінгі таңда Монғолиядағы қазақ қауымы өзінің ұлттық этно-мәдениетін сақтаған, ұлттық психологиясы қалыптасқан, халықтық салтдәстүрін жетілдірген, қазіргі заманға сай ғылым-біліммен қару­ ланған, іргелі қауымға айналды. Ғалым аға айтқандай, ел болғаннан кейін, іргелі қауым болғаннан кейін сүйсінтер ұл туғызбай қоймайды. Монғолиядағы қазақтардың арасынан ел бастаған көсем де, сөз бастаған шешен де, қол бастаған батыр да, күміс көмей әнші де, саусағынан бал тамған күйші де, қаламымен жыр төккен ақын да, жазушы да шықты. Қазақ халқының ұлт-азаттық қозғалысының көрнекті өкілі Дәлелхан Сүкірбайұлы, атақты ақын-жырау Ақыт қажы Үлімжіұлы, күйші Сағынған Сатайұлы, Монғол Халық Республикасының Батыры М. Екей, Монғолия әуе күштерінің қолбасшысы, генерал-майор М. Зайсанов, Еңбек Ерлері Ж. Серікбай, Д. Қарай қатарлы елге сыйлы азаматтардың есімін мақтанышпен ауызға алады. Сондай-ақ, Монғолия Министрлер Кеңесі Төрағасының орынбасары Қ. Зардыхан, Кіші Құралының хат­ шысы О. Қашқынбай, министрлер О. Тілейхан, У. Мәулет сынды мем­ лекет қайраткерлері, Ә. Мініс, Т. Дөрбетхан, Б. Құрметбек, Ө. Қамбат бастаған ғалымдар тобы, сөз зергерлері Б. Ақтан, М. Құрманқан сияқты қаламгерлер, Монғолия халық артистері – Б. Қибатдолда, А. Қабылаш сынды өнер және мәдениет қайраткерлері өсіп шыққан. Сөз реті келгенде айта кетелік, жақында ғана Монғолияға рес­ ми сапармен Қазақстан делегациясын бастап барған республи­ ка премьер-министрінің орынбасары – Мәдениет және білім министрі Иманғали Тасмағамбетов шет жерде, жел өтінде мүжіліп жатқан Күлтегін, Білге қаған бастаған бабалар ескерткішінің

көшірмелерін алу мәселесін оңтайлы шешіп, екіжақты келісімге қол қойып қайтыпты. Біз бұл қуанышты хабарды Баян-Өлгийде жүрген кезімізде естідік. Баян-Өлгий аймағы 1940 жылғы қыркүйек айында Монғолия­ ның VІІІ кіші құралының шешімі бойынша Қобда аймағынан бөлі­ ніп, жеке шаңырақ көтерген екен. Аймақта қазіргі кезде жүз мыңдай халық тұрады. Оның тоқсан процентін қазақтар, қалғанын үринхай, дөрбіт, тува, халх ұлтының өкілдері құрайды. Баян-Өлгий аймағында тұратын қазақтар ұлттық тілін, салт-дәс­ түрі мен әдет-ғұрпын бәз-баяғы қалпында сақтаған. Оған сапар бары­ сында өзіміздің де көзіміз анық жетті. Жеті күндік жолсапарымыз­ да монғолша сөйлесіп жүрген бірде-бір қазақ баласын кездестірме­ дік. Тіпті, жергілікті азаматтардың айтуынша, оқыған-тоқыған зия­ лы қауым өкілдері немесе көкірегі ояу, көзі ашық адамдар болмаса, көпшілігі монғол тілін білмейді екен. Керісінше, осы аймақта тұратын басқа ұлт өкілдері (оның ішінде монғолдар да бар) қазақша сөйлей­ тін көрінеді. Бұның да өзіндік себеп-салдары бар. Біріншіден, қазақы ортаның барлығы, екіншіден, таза қазақ мектептерінің көптігі. Мәселен, аймақтағы 34 орта мектептің бірлі-жарымы ғана болма­ са, бәрі дерлік таза қазақ мектептері екен. Олардағы кітаптардың дені – Қазақстандағы қазақ мектептерінде оқытылып жүрген оқу­ лықтар. Бұлай болуының бір себебі – Монғолиядағы қазақтар да кирил жазуын пайдаланады. Ал, екіншіден, бұрынғы он бес одақ­ тас республика сияқты, Монғолияның Кеңес Одағы деген алып империяның қолтығының астында болуы бұған өз әсер-ықпалын тигізгені анық. Сондықтан да ол жақтағы ағайындарға бүгінге дейін Қазақстаннан оқулықтар, әдеби кітаптар, ғылыми еңбектер, газетжурналдар желісін үзбей жіберіліп тұрғанға ұқсайды. Қазіргі нарықтық қатынастар монғол еліне де жеткен. Осын­ дай өтпелі кезең өткелектеріне байланысты осынау жақсы үрдістер мүлде тоқтаған. Оқулықтар алмайды, газет-журналдар бармайды. Қазақстан теледидарын көрмейді, радио үні жетпейді. Халық рухани жағынан жұтаң тарта бастаған. Кездесулерде cөз алған шешендер осы жағына баса назар аударды. «Біз бұған дейінгі үш-төрт жылға дейін

бұл жағынан Қазақстаннан өз үлесімізді алып келдік, бұдан былай да көз тігетініміз – сол қара шаңырақ болмақ» – дейді Баян-Өлгийлік азаматтар. Дегенмен, ол жақтағы ағайындар да қол қусырып қарап отырған жоқ, қал-қадерлерінше жұмыс істеп жатыр. Аймақта Монғолия Жазу­ шылар одағының қазақ бөлімшесі 1955 жылы ашылыпты. Қазірде алпыстан аса мүшесі бар. Қазақ тілінде «Шұғыла» журналы, «Жаңа өмір» газеттері шығады. Жергілікті радиодан күн сайын бір сағат, теледидардан жұмасына екі рет 6 сағаттан қазақша хабарлар беріліп тұрады. Нарық қиыншылықтарына байланысты тұрғылықты халықтың тұрмыс-тіршілігі де шатқаятай бастаған. Тіпті, Жұмыссыздар мен ке­ дейлер қоғамы деген ұйым бар екен. Оның төрағасы Үзбен Құрман­ бай мырзаның айтуынша, аймақтағы екі адамның біреуі жұмыссыз, үш адамның біреуі кедей. «Иә, таңданбаңыз, кедей болғанда да ішерге ас, киерге киім таба алмай, өлмешінің күнін көріп отырған тақыр ке­ дейлер. Бір үйдегі екі бала жалғыз етікке қарап қалған, алма-кезек ау­ ыстырып киеді. Бірі ойнап келгенше, екіншісі оны сарғая күтіп оты­ рады» дейді қоғам төрағасы қынжылыспен. Аймақтағы өндіріс орындары түгелге жуық өз жұмыстарын тоқтатқан. Халықтың негізгі күн көрісі – мал. Қазір аймақта бір жа­ рым миллиондай мал басы бар. Бір қуанарлығы, олардың барлығы дерлік шып-шырғасы шығарылмай, жекеге бөлініп берілген. Бірақ малдың құны өте төмен. Мәселен, ең күйлі деген қойлардың құны біздің ақшамен есептегенде екі, екі жарым мың теңгеден аспайды, ал ірі қаралардың құны бес-алты мың теңге ғана. Тағы бір айта кетер жайт, қалалықтардың жағдайы қиындау, айталық, аймақтағы тұрмыс деңгейі төмен 5500 отбасы да, тақыр кедей 2500-дей жанұя да Өлгий қаласында. Ал ауылдағылардың ең жарлы-жақыбайыларының 40-50 қойы бар, олардың кез келгені дас­ тархан мәзіретін жасап, келіп-кетуші қонақтарға шай беріп, қымыз ұсына алады.

* * * Өлгий қаласындағы қазақ театрында өткен кіші құрылтайға халық көп жиналды. Мәжілісті аймақ әкімі Мейрам Қадырұлы ашып, жүргізіп отырды. Содан кейін сөз алған Дүниежүзі қазақтары қа­ уымдастығы төрағасының бірінші орынбасары, қоғам қайраткері Қалдарбек Найманбаев бұған дейін Түркияда (Стамбулда), Ресей­ де (Омбыда) осындай алқалы басқосулар өткенін айта келіп, шет елдердегі қазақ диаспоралары туралы жан-жақты әңгіме тиегін ағытты. Құрылтай барысында аймақ әкімі Мейрам Қадырұлы Монғолиядағы ағайындар арасынан суырылып шыққан мемле­ кет және қоғам қайраткерлері жөнінде, аймақтық халық өкілдері хұралының төрағасы Қаржаубай Сартқожаұлы Баян-Өлгийдегі қазақ қауымының өткен тарихы туралы, аймақтық қазақ радиосының бас редакторы Бодаухан Тоқанұлы көші-қон мәселелері бойынша салмақты да салиқалы баяндамалар жасады. Қазақстаннан барған Шерхан Мұртаза, Мұхтар Мағауин, Қабдеш Жұмаділов сияқты көрнекті сөз зергерлері шет елдердегі ағайын-бауырлар туралы және басқа да шешімін күткен проблемалар жөнінде өз ойларын ортаға салып, осыған байланысты құлаққа жағымды, көңілге қонымды ұсыныс-пікірлерін білдірді. Қабдеш Жұмаділов айтар ойын нығарлай айтып, мінбеден түсе бергенде залда отырған қараторы жігіт орнынан атып тұрып: – Қабдеш аға, бір сұрағым бар, – деді дауысын қаттырақ шыға­ рып. Дауыс шыққан жаққа маңғаздана бұрылған жазушы ағамыз: – Қандай сұрақ? Қоя бер, айналайын, – деді қоңыр дауысымен. – Сіз «Соңғы көшті» жазып едіңіз. Сонда бұл жолғы көш қандай көш? Соңғы көштен кейін қандай көш болуы тиіс? – деді жігіт өзеу­реп. Зал іші бір сәтте сілтідей тына қалды. «Састырды-ау!» деген дауыс шықты зал ішінен. Бірақ Қабдеш аға ешқандай сыр білдірген жоқ. Өзінің маңғаз қалпымен әлгінің сөзін қағып алғандай іле-шала: – Бұл – соңғы көштің соңы, – деді. Сол-ақ екен жазушының тапқырлығына риза болған қалың жұрт орындарынан тұрып, ұзақ қол шапалақтады.

Құрылтайда көші-қон мәселесі төңірегінде көбірек сөз қозғалды. Алдымен көштің себебіне теориялық талдау жасаудан гөрі көш ба­ рысында туындап отырған күрделі қиыншылықтарға баса назар ау­ дарып, осы келеңсіздіктерді түбегейлі әрі оңтайлы шешуге бағыттал­ ған шаралардың негіздерін айқындап алу керектігі жөнінде ұсыныспікірлер айтылды. Әрине, қандай да болмасын алғашқы іс кемшіліксіз болмай­ ды. Сондықтан көш барысында көптеген қиыншылықтар мен ке­ дергілердің болып жатқаны рас. Ең әуелі көшті ұйымдастырушы не­ месе нақты жүзеге асырушы ұйым және толыққанды саясат, жүйелі жоспар болмай, ағыммен ғана жүрілуі көп іске қолбайлау болғаны шындық. Ресми деректерге қарағанда, кейінгі 5-6 жылда Монғолиядан Қа­ зақстанға алпыс мыңдай адам қоныс аударыпты. Құрылтайда көшіқон төңірегінде баянадама жасаған аймақтық қазақ радиосының бас редакторы Бодаухан Тоқанұлы осындай көкейкесті мәселелерді са­ раптай келіп: – Монғолия жағынан бұл іске Еңбек министрлігі ғана араласып, көшуге бел буған жұмыссыз қазақтарды Қазақстан жағынан аламыз деген облыс, аудан, кеңшарларға лек-легімен жөнелтумен шектелді. Көшкен ауылдардың алғашқы легін Семей полигонының сынақ алаңы түбіндегі Абыралыға жіберуі, Шығыс Қазақстаннан Ақтөбеге, Солтүстік Қазақстаннан Алматыға дейін тарыдай шашырап кетуі осының айғағы. Көштің аты көш. Бір елден екінші елге көшкенді қойшы, бір ауыл­ дан екінші ауылға көшіп барып, сол ортаға бірден тастай батып, су­ дай сіңіп кету оңай еместігін екі жақ та ескерген жоқ. Исі қазақ де­ ген аты болмаса, Монғолия қазақтары үшін Қазақстан мүлде жат орта болғандықтан, бір ауылға көшіп барған бірлі-жарым отба­ сы оқшауланып, жаңа ортаның салт-дәстүріне, тіршілік ету ерек­ шеліктеріне төселе алмай, қиыншылықтарға тап болды... Себебі, 1993 жылдан бері көш екпіні бәсеңдеді. Бұл тек Қазақстан жағының ғана кемшілігі емес. Көштің алғашқы кезінде барғандар­ дың бір тобы қабылеті төмен, қайда болса да дұрыс тіршілік ете ал­

майтын, «даяр асқа тік қасық» дегендей, социализм дәуіріндегі масыл­дық психологияға бой ұрған, жеңілдің асты, ауырдың үстімен жүруді көздейтіндер болды, – деген сөздерінде ащы да болса шындық бар. Олар атажұртқа жетіп жығылсақ болды, алдымыздан асулы қазан, жаюлы төсек дайын тұрады деп есептеп, кейін ойлары орындалма­ ған соң, жат ортаға сіңісе алмай, торығуға ұшырады. Облыстан облысқа көшіп жүріп, жадау тіршіліктерін одан сайын жадатып алды да, амалсыздан кері көшуге мәжбүр болды. Міне, осындай себеп­ термен 200 отбасы қайтадан кері көшіп барған екен. Осыған қарап отырып, «ұлы көш» деп жүргеніміз біртіндеп «кері көшке» айналып кетпес пе екен деген қаупіміз де жоқ емес. Сол себепті де көш-қон мәселесіне мемлекеттік тұрғыдан ерекше көңіл бөліп, өзім деп келген ағайындарды өзекке теппеуіміз керек. Әрине, «Көш жүре түзеледі» дейді халқымыз. Көш арасында алалықтар мен құлалықтар да, кемшіліктер мен келеңсіз жағдайлар да кездесіп отырады. Ол – өмір заңдылығы. Бірақ, бұған қарап көш керуені мүлде тоқтап қалады деген ой тумаса керек. Көш бастал­ ды. Көшіп те жатыр. Бұл үрдіс жалғаса да бермек. Бұл сөзімізге бір ғана Монғолиядан өткен жылы екі жүздей отбасының атамекенге қоныс аударуы, ал биылғы жылғы сұраныстың бұдан да екі есе ар­ тып отырғаны нақты дәлел бола алады. Бірақ қалай болған күнде де көшіп келуші қандастарға «айдалада» қаңғып қалмайтындай оңтайлы жағдайда туғызылуы қажет-ақ. Өйткені «Елге ел қосылса – құт» екенін тағы бір еске салудың еш артықтығы болмас. Жалпы, көңіл қойып зерделеген адам елдің іштен үш топқа бөлінгенін аңғарады. Біріншісі – тәуекелге бел байлап, атамекенге қоныс аударуға тас-түйін әзір отырғандар. Екіншісі – әліптің артын бағып, желдің қай жақтан соғарын бажайлап, аңысын аңдығандар. Үшінші топқа жататындар, әрине, жер қозғалса да қозғалмауға іштей бекінгендер, яғни әлі де «үйренген жерде» ас-суын айырып, түтінін түте бергісі келетіндер. Әркім өз шешімін айтып, өз қалауы­ ның дұрыс екенін дәлелдегісі келеді. Олардың әрқайсысы өздеріне сенімді серіктер іздестіріп, осыған сай үгіт-насихат жұмыстарын

жүргізетін көрінеді. Әрине, бұған бола көңіл жыртысып, әлдекімдерді кінәлау­дың қажеті шамалы. Өмір өзені өз арна-ағысымен ағады. Оның ағысын кері бұрып, теріс ағызып жіберу, жұмыр басты пенденің қолынан келетін шаруа емес. Ал, «Адамның басы – алланың добы» екендігі тағы белгілі. Қазақстан Халық жазушысы Мұхтар Мағауин сөз арасында Монғолияда қазақтардың әлі де тіршілік ете беретінін, осы аймақта талай ұрпақ ауысып, қанатын кеңге жайып, өсіп-өркендейтінін тілге тиек еткен еді. Біз де бұл пікірге толық қосыламыз. Монғолия үкіметі аз ұлтттар жөнінде салиқалы саясат ұстанып, шетқақпай көрсетпей, керісінше, өсіп-өркендеуіне қолайлы жағдай туғызып отырған көрінеді. Міне, сондықтан алдағы уақытта көші-қонды қалай ұйымдастыру керек деумен бірге, шет жақта бөлініп қалған ағайындардың ара қатынасы мен рухани байланысын реттеу жө­ ніндегі мәселелерге де ерекше назар аударған жөн. Монғолия мен Қазақстан жері тікелей шекаралас жатпаған­ дық­тан, бұл күндері ағайындардың барыс-келісі қиындай түсуде. Туыс адамдардың амандық-саулық сұрасып қайтуды қойып, жол қатынасының қиыншылығынан торқалы тойға, топырақты өлімге бара алмай, пұшайман хал кешуде. Өйткені, жермен жүретін көлік арқылы Қазақстанға келу үшін ең әуелі Баян-Өлгийден 1700 шақырымдағы Ұлан-Батыр қаласындағы Ресей елшілігіне барып, жолға 6-7 мың теңге шығындап, оның үстіне елшілікке 30 дол­ лар ақша төлеп, төлқұжатқа виза қойғызады екен. Содан соң БаянӨлгийге тиіп тұрған, көшіп барушылардың дені қоныстанған Шығыс Қазақстан облысына бару үшін Баян-Өлгий, Ташант, Қосағаш, Та­ улы Алтай, Барнаул, Семей, Өскемен маршруты бойынша екі мың шақырым жол жүріп, қаншама шығынға батып, кейде Ресейдегі жол бойының «қырағылары» мен қарақшыларына тоналып, әрең жетеді екен. Ал кең байтақ Қазақстанның әр облысына бару үшін қанша қаражат кететінін өзіңіз есептей беріңіз. Қазақстан Президенті Н. Назарбаевтың Монғолияға сапары кезіндегі келісімде бұл мәселе де әңгіме арқауына айналыпты. Баян-Өлгий басшылары Таулы Алтайдың Қосағаш ауданының Жазатыр елді мекені арқылы небәрі

60 шақырымдай Ресей жерін басып өтіп, Шығыс Қазақстанға тура баратын бұрынғы арба жолының сайрап жатқанын айтып, осы жол­ ды жөндеп, іске қосу керектігі жөніндегі ұсыныстарын жеткізіпті. Егер бұл ой-жосық жүзеге асырылса, қыстың үш айынан өзге уақытта Қазақстанға Баян-Өлгийден небары 200 шақырым жол жүріп қана жетіп баратын мүмкіндік бар екен. Ендеше неге осындай орайлы мәселелерді қолға алмасқа! Бұның екі жаққа да тиімді болары сөзсіз. Ал бізге осындай түйінді мәселелерді тәптіштеп түсіндіріп бер­ ген белгілі журналист Бодаухан Тоқанұлының сөзіне қарағанда, әуе жолы билетінің қымбаттылығына байланысты екінің бірінің ұшақпен жүріп-тұруына мүмкіндік жоқ. Өйткені оған кезкелген қызметкердің бір жылдық табысы жұмсалады екен. Оның үстіне Баян-Өлгийліктер Қазақстанның шығысындағы неме­ се солтүстігіндегі туыстарына бару үшін ең алдымен Алматыға ұшып келеді. Себебі жолаушыны Өскеменнен түсіру үшін шекаралық өткелектен өткізіп, құжаттарын тексеретін шека­ ра пункті жоқ. «Сөйтіп Өскеменге ұшақпен бару үшін қаншама қаржы төлеп Ал­матыға барып, поезд немесе автобуспен тағы да екі тәуліктік кері жол жүріп, қыруар шығынға батып, әзер жетеміз. Міне, осы қиыншылықтарды шешуге неге болмасын. Төрт адам­ ды үй-жай, жалақымен қамтамасыз етіп, шекаралық өткелек ашуға Қазақстанның жағдайы көтермей отырған жоқ. Тек басшылықтағы төремінездік, жоғарыдан берілген тапсырмаға төмендегілердің мән бермеуі ғана кінәлі. Жолаушыларды мұндай қиыр жолмен, қыруар қаржымен Алматыға апарып, «енді қайтсең де өзің біл» деп қолды бір сілтеу Монғолия қазақтарына қамқорлық емес, қайта қиянат жасау деген сөз», – дейді Баян-Өлгийлік азаматтар. Тағы бір өзекті мәселе – шет елдерден қоныс аударған қандас ағайындарымыздың Қазақстан азаматттығын алу үшін «ақ тер, көк терге» түсетіні. Қазақстан үкіметі Монғолиядан көшіп келіп, республика азаматтығын қабылдауға өтініш білдіріп, тиісті құжаттарын тапсырған көптеген адамның азаматтық жөніндегі талабын қанағаттандырмай, екі-үш жыл бойы сөзбұйдаға салуын қалай түсінуге болады? Бұл ретте айта кетерлік бір жай, Монғол

үкіметі жағынан бұл мәселе толық шешіліп, Қазақстан азаматтығын қабылдауға ниет білдіргендерді жыл сайын Президент Жарлығы­ мен заңдастырып отырады екен. Биыл да солай дейді. Ал бізде оларға Қазақстан азаматтығын алу қияметтің қыл көпірінен өтумен бірдей болып отыр. Міне, Монғолияда өткен қазақ құрылтайы осындай келелі мә­ селелер төңірегінде сөз қозғап, ой қорытып, талап-тілектер айтуға жағдай жасап, мүмкіндік туғызды. Сындарлы әңгімелер қозғалып, салмақты көзқарас-пайымдар жасалды. Аталмыш алқалы кеңесте Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы­ ның Монғолиядағы бөлімшесінің төрағасы болып бұрын аймақ әкімі қызметін атқарған, белгілі қайраткер Мизамхан Күнтуғанұлы сай­ ланды. * * * Әлемдік руханияттың асқаралы қарашаңырағы – ЮНЕСКО-ның шешімімен биылғы «1997 жыл – Әуезов жылы» деп жалпақ жұртқа жарияланғаны белгілі. Осыған орай шілденің 10-ы күні Өлгий қаласында ұлы жазушының бір ғасырлық мерейтойы кеңінен аталып өтілді. Алып суреткердің жүз жылдығына арналған салтанатты жиын­ да аймақ әкімі Мейрам Қадырұлы да, аймақтық халық өкілдері хұралының төрағасы Қаржаубай Сартқожаұлы да өз сөздерінде Мұхтар Әуезов тойының ЮНЕСКО деңгейінде, әлем жұртшылығы ортасында аталып өтіп жатуы, тек, Қазақстан үшін ғана емес, ата­ мекеннен шалғай жүрген қазақтар үшін де зор мәртебе, мерей, мақтаныш екеніне баса тоқталды. Әуезов қалам қуатымен, қабілет-қарымымен, баға жетпес мол мұраларымен өзіне-өзі ескерткіш орнатып кеткен қаламгер. Ол ұлттық шеңберден асып-тасып, әлемдік деңгейге көтерілген дара тұлға. Сондықтан алып суреткердің мерейтойы берісі ұлттық, арысы әлемдік әдебиет мерекесі. Салтанатты жиында ұлы жазушының өмірі, шығармашылығы, өскен ортасы туралы сөз қозғап, пікір білдірген Мұхтар Мағауин,

Қабдеш Жұмаділов, Қалдарбек Найманбаев, Ақселеу Сейдімбек сын­ ды көрнекті қаламгерлер осындай кемел тақырыптарды тарқата баяндап, ой-пайымдарын ашық білдірді. Әуезов күні үлкен мерекелік концертке ұласты. Қазақстаннан барған Майра Ілиясова, Әбиірбек Тінәлиев, Байғали Есенәлиев сияқты өнер қайраткерлері мен Баян-Өлгийлік өнерпаздар сал­ танаттың көркін қыздырып, ажарын айшықтай түсті. Баян-Өлгий аспанында ән қалықтап, күй шалықтады... Естеліктер айтылды, арнау өлеңдер оқылды... От жағылды... Қазан бұрқылдады... Ет асылды... Қымыз сапырыл­ ды.... Дастархан жайылды... Той тойға ұласты... * * * Бағдарлама бойынша сапарымыздың бір күні Баян-Өлгий ай­ мағының Сақсай сумынын аралап, елмен, жермен етене таны­ суымызға арналды. (Аймақ – біздіңше облыс, ал сумын – аудан деген мағына береді). Тау-тасты жағалай салынған қара жолмен шаңдатып жүріп келеміз. Шілденің ми қайнатар шіліңгір ыстығы еркін тыныстауға да мұрша бермейтіндей. Автобус іші қапырық. Денеміз қалжырап, бойымыз маужырай бастады. Әркім өз ойымен әлек. Кейбіреулер өзара әңгіме-дүкенге кіріскен. Жан-жағымыздағы әсем табиғатқа телміре көз сүзіп келе жатқан менің басыма да бір ой кіріп, бір ой шығады. Өстіп отырып Сақсай сумынының орталығына да келіп жеттік. Сумын басшылары жылы жүзбен қарсы алды... Қо­ нақ­асы берілді. Ет асылды. Қымыз сапырылды. Бас тартылды... Сараб­ дал суреткер Мұхтар Мағауин өзіне тартылған бастың құлағын кесіп, маған ұстатты. Қонақасыға сойылған малдың бастары жөн-жобасымен біресе Шерхан Мұртазаның, бірде Мұхтар Мағауиннің, енді бірде Қабдеш Жұмаділовтің алдына қойылса, делегация мүшелерінің ішіндегі ең жасы мен болғандықтан, құлағы міндетті түрде менің алдыма түседі. Мен мұны жақсылыққа жорыдым... Сақсай жерінде біз монғол халқының ұлттық мерекесіне орай ұйымдастырылған ат жарысына куә болдық. Жиырма бес шақырым­

дық бәйгеден қара үзіп келген алғашқы үш сәйгүліктің иелеріне Қалдарбек Найманбаев, Шерхан Мұртаза, Батырхан Дәрімбеттер өз жандарынан ақшалай сыйлық тапсырды. Бұған ондағы ел-жұрт қатты риза болып, атқа шапқан шабандоз балалар мәз болысты. Аттардың барлығы тапал, мәстек. Бір қараторы бала қаракөк атты мініп тұр екен. Мінгім келіп, қызығып кеттім. Жақындап барып: – Атың жуас па? – деп сұрадым. – Иә, жуас, – деді ол жұлып алғандай. – Маған берші. Монғол атына да бір мініп көрейін, – деп едім. Ол сөзге келген жоқ, атынан түсіп, тізгінін қолыма ұстатты. Мен де қарап тұрғам жоқ, ойыма ештеңе алмастан, қаннен-қаперсіз қарғып міндім. Сол-ақ екен, «жуас» атым мөңкіп-мөңкіп жібергені. Еңкейе беріп, ат­ тан омақаса құладым. Жағалай қоршап тұрған балалар мәз болысты. Делегация мүшелерінің де езулеріне күлкі үйіріліп, әркім әр түрлі қағытпа сөздер айтып жатыр. Шерхан ағамыз жымиған күйі: – Әй, Думан, бұның қалай, атқа отырып көрмеп пе едің? Екі метр бойыңмен бір метр аттың үстінен жығылғанға жігіт басыңмен қалай ұялмайсың?! – деді әзіл-шыны аралас. «Ұялған тек тұрмас» демекші, мен де қарап қалмай: – Шераға, мен ата-баба жеріне бір аунап кетейін деп әдейі жығылдым, – дедім алақанымнан қан сорғалап тұрғанына қарамас­ тан. Осы кезде Қабдеш ағамыз мені қостап: – Ата-баба жеріне аунап-қунап қайтқанға не жетсін! – деді сабыр­ лы қалпымен. * * * Аймақтағы құрылтай күндері монғолдардың ең мәртебелі мем­ лекеттік мерекесіне ұласты. Бұл – монғолдардың 1921 жылы ғасыр­ лар бойғы қыспақтан құтылып, тәуелсіздік алып, дербес елдіктің туын тігіп, алғашқы уығын қадаған күн. Аталмыш мерекені монғолдар үш ұлттық сынмен атап өтеді екен. Біріншісі – ат бәйгесі. Екіншісі – балуандар күресі. Үшіншісі –

мергендік жарыс, яғни садақ ату. Аймақ жұртшылығымен бірге біз де балуандар күресін, ат бәйгесін, садақшылар сайысын тамашалап, бір жырғап қалдық. Сөйтіп, сапарымыздың бұл күні де есте қаларлық­тай қызықты өтті. Тағы да қонақасы берілді. Дастархан жайылды. Алдымызға са­ ба-саба қымыз, табақ-табақ ет әкелінді... Той тойға ұласты деген осындай-ақ болар!.. * * * Сапарымыз да аяқталып, Алматыға ұшатын күн де келіп жетті. Аз күн дәмдес-тұздас болған, ой-пікір бөліскен азаматтарға алғысрахметімізді айтып аттандық. * * * Сапар барысында Қазақстан төрінде өтетін үлкен құрылтай ту­ ралы да келелі әңгіме болды. Алғашқы құрылтай қауышу-табысу ру­ хында өтсе, ендігі құрылтай күрделі де маңызды мәселелер шешетін іскер құрылтай болса екен деген ұсыныс-тілектер де айтылды. Алдағы уақытта шет елдердегі ағайындармен барыс-келісіміз нығайып, елге ел қосылып, құт-береке әкеле берсін демекпіз!

ОМБЫДА Ресейдегі қазақтар тұратын көптеген елді мекендер ежелгі ата-ба­ ба қонысы болғанымен, империялық жымысқы саясаттың салдары­ нан бүгіндері басқа мемлекеттің иелігіне көшіп, өзге елдің еншісінде қалып отыр. Сол бір шұрайлы жерлер мен құтты қоныстарды елімізге қайтарып алу қазіргі таңда қиялдағы ой, көңілдегі арман ғана. Тек қолдан келетіні, сол өз жерінде отырып өгейсіген қандас ағайындардың хал-жағдайын біліп, мұң-мұқтаждарына көңіл бөліп, саны көп, сөзі өктем өзге елге сіңіп кетпес үшін қал-қадірімізше қол ұшымызды беріп, рухани жағынан демеп, ұлттық салт-дәстүрлерді ұмытпай, тіл мен ділді сақтап қалу жолында қамқорлық жасау. Бұл берісі сырттағы ағайынға деген жанашырлық, бөлінгенді түгендеп қатарға тарту, әрісі дербес мемлекет екенімізді айшықтап, елдігімізді танытар іргелі іс. Кемеңгер ата-бабаларымыз «Бармасаң, келмесең, жат боларсың» деген көшелі сөзді тегін айтпаса керек. Дүние­ жүзі қазақтары қауымдастығының ұйытқы болуымен, Ресейдегі ағайындардың алқалы мәжіліс өткізу үшін Омбы қаласына жи­ налуында да үлкен мән-маңыз, осындай себеп-салдар бар. Өйткені, біздіңше Омбы десе, көңілі селт, құлағы елең етпейтін қазақ жоқ шығар, сірә? Бұл тарихи қала халқымыздың күре тарихынан өз ор­ нын баяғыда-ақ еншілеген... Иә, сонымен, мамырдың 29-31 күндері аралығында Омбы қаласында Ресейдегі қазақтардың қоғамдық мәдени-ағарту орта­ лықтарының өкілдері бас қосқан алқалы мәжіліс болып өтті. Атал­ мыш басқосуға Қазақстан делегациясын Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы төрағасының бірінші орынбасары, белгілі жазушы Қалдарбек Найманбаев бастап барды. Қарағанды, Ақмола, Көкшетау, Петропавл қалаларын басып өтіп, Омбы облысының территория­

сына аяқ басып, ішкерлей ене бере әсем табиғатты тамашалап оты­ рып: «Өзге жұрт, өктем елдің көз құртын жеген осы әдемі көркің мен шұрайлы да құнарлы жерің екен ғой» деген ойға қалдым. Кеудемде біртүрлі қызғаныш сезімі оянып, тұла-бойымды әлдекімдерге деген ашу-ыза кернеді... Омбының шет жағындағы санаториге орналасқан біз ертеңін­ де Ресейдің Орынбор, Астрахань, Саратов, Қорған, Түмен, Сама­ ра сықылды обылыстарынын келген қонақтармен бірге қаланың көрікті жерлерін аралап, тарихи орындарымен таныстық. Ең алды­ мен А.С. Пушкин атындағы мемлекеттік ғылыми кітапханаға жол түсті. Алып ғимараттың сырты қандай айбарлы болса, іші де сондай сән-салтанатты, мұнтаздай таза, әлемдік озық құрал-жабдықтармен жабдықталған. Қысқасы оқырманның алаңсыз жұмыс жасауына барлық қолайлы жағдайлар жасалған. Кітапхананың халықаралық бөлімінде қазақ кітаптарынан кішігірім көрме жасақталыпты. Көрме деген аты болмаса, қойылған кітап бар-жоғы жиырмашақты ғана. Ішіндегі белді-белгілісі-Абайдың бір томдығы мен Мұхтар Әуезовтың «Абай жолы» роман-эпопеясы, қалғаны санда бар, санатта жоқ кітаптар. Бөлім меңгерушісі Алена Ивановадан «Бұдан басқа қазақ кітаптары жоқ па?» деп сұрағанымызда, «Иә, біздің қорымыздағы әзірше барлары осы ғана» деген нақты жауап алдым. «Ұялған тек тұрмастың» кебімен: – Жалпы, қазақ кітаптарына деген сұраныс қалай? – дедім сұрағымды жалғастырып. – Әжептәуір. Қазақша кітаптар іздеген адамдар жиі келеді. Бірақ, өзіңіз көріп тұрсыз ғой, бұл жағынан ылғи да ұятты болып жата­ мыз. Тіпті, Қазақстаннан газет-журнал да келмейді. Ал орталық ба­ сылымдар қазақ елі туралы көп жазбайды. Бір сөзбен айтқанда, Қазақстанның қазіргі кездегі тыныс-тіршілігі туралы хабары­ мыз өте аз, – деді кітапханашы келіншек жұлып алғандай тақ-тақ етіп. Санасында саңылауы бар адамға ойланатын да, ойланта­ тын да сөздер ғой бұл. Бірақ, иә, бірақ... Өзге ел түгіл, өз еліміздегі кітапханалардағы қазақ кітаптарының жай-жапсары бізге белгілі. Оның үстіне республикамызда кітапханаларды жекешелендіру сая­ 20-298

саты жүргізіліп жатыр. Бұдан мемлекет аз-кем материалдық шығынды
үнемдегенімен, өсер ұрпақтың рухани жүдеулікке ұшырайтыны
сөзсіз. Тіпті, бұның ақыры рухани азғындауға да апарып соғуы
ықтимал. Оны ойлап жатқан жұмыр басты пендені көрмедім. Ал,

омбылық кітапханашының айтуынша, Ресейде кітапхана туралы
арнайы заң бар екен. Онда кітапхананың жекешелендіруге жатпай­
тыны анық жазылған көрінеді. Біздің қос палаталы Парламентімізге
де осындай кітапхана мен басқа да жекешелендіруге жатпайтын

кейбір мәдениет ошақтары туралы арнайы заң қабылдайтын мезгіл
жеткен сияқты...
Осындай ойлармен отырып Омбы кадет корпусына қалай
жеткенімізді де байқамай қалыппын. Алып ғимараттың сыртқы қа­

бырғасына орнатылған ескерткіш тақтада бұл оқу орнында халқы­
мыздың көрнекті ғалымы Шоқан Уәлихановтың оқығандығын
айшықтайтын дерек-дәйектер ойып жазылыпты. Кадет корпусы­
ның жанында, Шоқан Уәлиханов көшесінің бойындағы кішкене

алаңқайда шағын мәрмәр тас тұр. Онда «Бұл жерге қазақ халқының
ұлы перзенті, ағартушы Шоқан Уәлихановтың мүсіні орнатыла­
ды» деген жазу бар. Қасымызда келе жатқан Қалдарбек Найман­баев:
«Біздің бұнда келгендегі басты мақсатымыздың бірі – ғалым мүсінін

тездетіп орнату жағын қарастыру. Мүсін жобасы дайын. Тек, осы об­
лыс басшыларымен келісе отырып, бірлесе жұмыс жасау керек. Бізді
облыс губернаторы қабылдамақ. Сондағы ойласатын мәселенің бірі
де осы болмақ», – деді басқа да қосымша дерек-дәйектерді көлденең

тартып.
Омбыдағы тағы бір тарихи орын – Мұғалімдер семинариясының
кіре беріс қабырғасына да бұл оқу орнында халқымыздың аяулы
ұлдары Сәкен Сейфуллин мен Нығмет Нұрмақовтардың оқыған­

дарын айғақтайтын ескерткіш тақта қойылыпты. «Осы ғимараттың
алдында Сәкен ағамыздың мүсінін орнатып, Мағжан ағамызға
ескерткіш тақта қою ойымызда бар» дейді бізді тарихи қаланың
өткені және бүгінгі тыныс-тіршілігімен таныстырып жүрген жол­

бастаушымыз жергілікті тарихшы Игілік Тұрсынов ағынан жары­
лып.

Ертеңінде, яғни мамырдың 30-ы күні тәңертеңгілік Ресей об­ лыстарындағы қазақ мәдени-ағарту орталықтарының өкілдері бас қосқан алқалы мәжіліс болды. Кіріспе сөз сөйлеп ашқан Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы төрағасының бірінші орынбасары Қал­ дарбек Найманбаев ұлы қаламгер Мұхтар Әуезовтің өмірі мен шығармашылығы туралы айта келіп, аталмыш басқосудың мәнмаңызына қысқаша тоқталып өтті. Жиында көрші елде өмір сүріп жатқан 800 мыңдай отандастардың мұң-зары, тұрмыс-тіршілігі, шешімін күткен түйінді мәселелер мен қордаланған күрделі пробле­ малар туралы ойлар ортаға салынып, осыған байланысты әр түрлі ұсыныс-пікірлер айтылды. Мінбеге шығып сөйлеген шешендердің сөздеріне қарағанда, Ресейдегі қазақтардың ешқайсысы да аш­ тан өліп, көштен қалып жатқан жоқ. Бәрінің де тамақтары тоқ, көйлектері көк. Оған осы сапар барысында өзіміздің де көзіміз анық жетті. Бірақ, ұлттық рухани құндылықтар жағынан жүдепжадап, өскелең ұрпақ ұлттық болмыс-бітім мен ұлттық қасиеттерден мүлде ажырай бастаған. Ана тілі мен ділінен, ұлттық мәдениет пен өнерден мақұрым қалуда. Челябі облысындағы «Бақыт» өндірістік бірлестігінің директоры Айдархан Қарсақбаевтың «Бізді, әсіресе, тіл мәселесі қатты толғандырады, әке-шешеміз аздап әдеби тілді түсінеді, біздің буын тұрмыстық тілді біледі, ал балаларымыз ана тілін мүлде білмейді» деген сөзінде ащы да болса шындық бар. Оған дәлелді алыстан іздемей-ақ, осы басқосуға жиналғандардың барлығы өз ұлтымыздың өкілдері бола тұра, аталмыш мәжілістің таза орыс тілінде өтуінен-ақ байқауға болады. Ресейде туып-өсіп, орысша оқып-білім алғандықтан, оларға «неліктен орыс тілінде сөйлейсіңдер» деп кінә тағып, өкпе арту қиын. Өйкені Ресейдегі қандастарымыздың көпшілігі қазақ тіліне шорқақ, өз ойларын ана тілдерінде еркін жеткізе алмайды. Бұның да өзіндік себеп-салдарла­ ры жетерлік. Мәселен, сексен мыңнан астам қазақ тұратын Омбы об­ лысында бірде-бір қазақ мектебі жоқ екен. Ал бұған қандай қисын, қандай дау айтып, қалай түсінуге болады. Басқа облыстардағы қазақтардың да бұл жағынан маңдайы шылқып тұрған жоқ. Осыдан кейін оларға «ойыңды неге қазақ тілінде жеткізбейсің» деп өкпе-наз

айтуға бола ма?! Жоқ, ол буынсыз жерге пышақ ұрғанмен бірдей. Ал Қазақстандағы жағдайды алайықшы. Басқа облыстардағыны айтпағанның өзінде, бір ғана Алматы қаласында қаншама таза орыс мектептері бар. Бейнелеп айтар болсақ, Алматының төбесінен ұшақпен ұшып бара жатып, парашютпен тастаса, орыс мектебінің ауласына түсеріміз анық. Оған шүбә келтірмеңіз. Сонда деймін-ау, алмақтың да салмағы бар емес пе?! Қашанғы біз жалпақшешейлік­ ке салынып, өзге жұрттың алдында өбектей береміз. «Сыйға – сый» дейтін қағида қайда?! Біздің де ел екенімізді, тіліміз бен үніміздің барлы­ғын көрсететін мезгіл жеткен сияқты. Әйтпесе, Қазақстандағы орыс ұлтының өкілдеріне қай жағынан болсын барлық жағдай жасалға­нын айдай әлем біледі. Былайша айтқанда, қағанақтары қарық. Соның өзінде мәжілісте сөз сөйлеген қазақ азаматтарының айтуларына қарағанда, өздерінің бас пайдасы үшін Ресейге көшіп жатқан орыс ағайындардың көпшілігі «бізді Қазақстаннан қазақтар қуып жатыр» деп жар салып баратын секілді. Тіпті шімірікпестен, тікелей экраннан осылай сөйлейтін көрінеді. Сөйтсек, оның да өзіндік құпиясы бар екен. Көпшілігі босқын деген мәртебе алу үшін өп-өтірік осылай сайрайтын көрінеді. Өйткені, босқындарға Ресейде қомақты ақша бөлінеді екен. Сондықтан ТМД елдеріне тарайтын орталық бұқаралық ақпарат құралдарынан Қазақстаннан қазақтар ешкімді қуып жатпағанын түсіндіріп, кеңінен насихаттап отыру қажет де­ ген ұсыныстар да айтылды. Әйтпесе, жаңағыдай жеке басының пай­ дасы үшін бүкіл бір халықты күйелегіш пысықайлардың сөздеріне қарап қазақтар Қазақстаннан орыстарды қуып жатыр екен, олай бол­ са, сендер де табандарыңды жалтыратыңдар деп Ресейдегі қандас ағайындарымызды одан сайын мүйіздейтін көрінеді. Омбы облысындағы сексен мың қазақтың отыз мыңы қаланың өзінде, ал қалған елу мыңы ауылдық жерлерде тұрады екен. Өкінішке орай, осыншама халыққа арналған не қазақша газет-журнал жоқ, не облыстық теледидарда, қазақ тілінде хабарлар берілмейді. Бұл мәселеде Омбылық ақсақалдың «Егер облыстық теледидардан қазақ тілінде хабарлар беріліп тұрса, осындай әңгімелерді айта алар едік қой, қазақтың әні сағынған көңілімізді басып, қазақтың тілі

құлағымызға сіңісті болар еді ғой» деген аталы сөзі де көңілге қона­ ды. Әйтеуір, облыстық радиодан қазақ тілінде айына екі рет жиыр­ ма минуттық хабар беріліп тұрады екен. «Осыған да шүкір!» дейді он­дағы ағайындар. Әрине, тәубешіл болғанға не жетсін! Дегенмен, мүддең үшін өзің қимылдамасаң, жаттың жарылқай қоюы қиын. Дана ата-бабаларымыз «жыламаған балаға емшек берілмейтінін» баяғыда-ақ айтып кеткен. Оған мысалды да алысқа бармай-ақ, сол Омбының өзінен-ақ алайық. Облыста бар-жоғы отыз мыңға жетер-жетпес татар ұлтының өкілдері тұрады. Былайша айтқанда, ондағы қазақтардың тең жартысына да жетпейді. Бірақ, бір ғажабы облыста татарша газет шығады, облыстық теледидардан татар тілінде арнайы хабарлар мерзімді түрде беріліп тұрады екен. Осыған қарап отырып, көп нәрсе халықтың өзіне де байланысты ма деп ойлайсың. Мүмкін, расында да солай шығар. Өйткені, көнбістігіміз бен бейқамдығымызды былай қойғанда, желкемізден тартып тұратын енжарлығымызды кімнен жасырамыз. Осындай кертарт­ па мінездерден арылатын уақыт жеткен сияқты. Бұл әрине, тек қана Омбыдағы қазақтарға ғана қаратылып айтылған сөз емес. Мәжілісте бұдан басқа да көптеген мәселелер айтылды. Мәселен, Орынбордағы Қазақ тілі қоғамының жауапты хатшысы Асқар Қозыбағаров Орынбор архивінде қазақ халқының тарихына бай­ ланысты көптеген құжаттардың барлығын айта келіп, тым құрмаса солардың көшірмесін түсіріп алу қажеттігі туралы ұсыныс білдір­ се, Астрахандағы қазақ мәдени қоғамы төрағасының орынбасары Ғалия Оразбаева Ресейдегі кейбір ұлттық мектептердегі оқулық­ тар жөнінде өз ойын ортаға салды. Мәскеудегі «Қазақ диаспора­ сы» қорының директоры Болат Жамалов, Татарстандағы ұлттық мәдени қоғамдары ассоциациясының президенті Сағат Жақсы­баев, Түмендегі облыстық «Достық» қоғамының өкілі Абай Ақышевтар өздері тұратын жерлердегі қазақ мәдени орталықтарының атқа­ рып жатқан жұмыстары жөнінде әңгімелеп берді. Ал омбылық та­ рихшы Игілік Тұрсынов облыстағы қазақтардың тұрмыс-тірші­ лігі туралы айта келіп, Омбы облысындағы балалар үйінде қара­ көз қандастарымыздың саны көп екенін тілге тиек етті. «Мәселен,

қаладағы 1-ші балалар үйіндегі 125 жетімектің 25-і қазақтың бала­ сы. Бұл бір ғана балалар үйіндегі жағдай. Сондықтан, олардың келе­ шек тағдырын ойлап, Қазақстандағы балалар үйіне алдыру жағын қарастыру үшін Көкшетаудағы азаматтарға қолқа салдым. Өкінішке орай, менің сөзіме құлақ асар жұмыр басты пенде табылмады. Сон­ да бұл жалғыз маған ғана керек пе?! Тек сол жетімектердің бұндағы балалар үйінен кім болып шығатыны алаңдатады. Не орыс емес, не қазақ емес, екі ортадағы дубәра болып шықпай ма?!» деген тебіренісі мәжіліске қатысушылардың әрқайсысына әртүрлі ой тастағаны анық. Әр тұстан әлдекімдердің күрсінгендері естілді, залдан «обалай», «не деген тасбауыр едік?» деген тәріздес сөздер құлаққа шалын­ ды. Менің басыма да әр түрлі ой келді. Ең алдымен Қазақстандағы балалар үйіндегі қазақ балаларының тағдыр-талайы ойыма оралды. Олардың да жағдайы жетісіп тұрмағаны белгілі. Қарап отырсаңыз, бірі Қазақстанның өзінде, екіншісі Ресейде демесеңіз, олардағы про­ блемалар да ортақ, шешімін күткен мәселелер де бір. Ал онымен бас ауыртып жатқан ешкім жоқ. Қандай өкінішті! Сол күні түстен кейін аталмыш алқалы басқосуға жиналған қонақтарды Омбы облысының губернаторы Леонид Константино­ вич Полежаев қабылдады. Жылы жүзбен жымиып қарсы алуында, іші-бауырыңа ене сызылып сөйлегенінде бір мін жоқ. Бізге керегі ол емес, әрине. Шешен тілмен сөйленген құрғақ сөзден гөрі, Ом­ быдағы қазақтардың тұрмыс-тіршілігі мен рухани жағынан өсіпөркендеуіне қатысты атқарылып жатқан нәтижелі де нақты істерді естуге ынтық едік. Өкінішке орай, олай болмады. Орайы келгенде айта кетейік, Леонид Полежаев мырза былтырғы жылы Қазақстан Президентінің Бейбітшілік пен рухани татулық сыйлығын иемден­ ген еді. Аталмыш сыйлықтың орынды берілгеніне ешкім дау айта қоймас. Өйткені, Омбыдағы 80 мың қазақтың тағдыр-талайы оның облыстағы ұлттық саясатты қалай жүргізуіне тікелей байланысты. Сондықтан, Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев аталмыш сыйлықты беру арқылы оған қандай міндет жүктеп, нендей сенім ар­ тып отырғанын білсе жақсы. Білмесе, арына сын!

Кездесуде қонақтар атынан сөз сөйлеген Қалдарбек Найман­баев Омбы жеріндегі бұл басқосудың мақсат-мұраты мен мән-маңызы туралы айта келіп, екі мәселеге ерекше тоқталды. Оның бірі – өмірі осы қаламен тығыз байланысты болған халқымыздың көрнекті ғалымы Шоқан Уәлихановтың мүсінін орнатуды жеделдетіп қолға алу болса, екіншісі – облыстық теледидардан қазақ тілінде хабар­ лар беріліп тұруын қамтамасыз ету. Губернатор бұл екі мәселеге де қолынан келген жәрдемін тигізетінін айтты. Неге екенін білмеймін, мүмкін, облыстағы қазақтардың рухани жағынан тым жүдеулігін көзбен көргендігімнен болар, оның айтқан сөзіне онша сене қоймадым. Дегенмен, «уәде – құдай сөзі» екенін ұмытпаса болғаны. Сол күні «Достық үйінде» омбылық қазақ суретшісі, Ресей мәдениетінің еңбек сіңірген қызметкері Аманкелді Шәкеновтің су­ рет көрмесі ашылды. Салтанатта сөз сөйлеген Солтүстік Қазақстан облыстық Ақпарат және қоғамдық келісім басқармасының бөлім бастығы, сырлы сазгер Шашубай Малдыбаев қазақтың тұрмыстіршілігін қылқаламмен сөйлетіп жүрген суретші туралы толғана келіп, болашақтағы шығармашылық жолына табыс тіледі. – Мен қайда жүрсем де өз халқымды мақтан тұтамын. Қолым­нан келгенше халқымның атын шығаруға тырысамын, – деді Аманкелді Шәкенов, – Халқыма, қазақтың даласына өлердей ғашықпын. Мені суретші қылған да туған жерге деген осы махаббат шығар!.. Біз көрмеге қойылған суреттерді тамашалап жүріп, түрлі ойларға берілдік. Бір сәт бәріміз суретшінің «Менің әйелім» деген кар­ тинасының жанына топтаса қалдық. Бірден көз тартады. – Суретіңіз керемет, – деді Сұлтанәлі Балғабаев суретшіге қарап. – Бірақ жаныңызда тұрған әйеліңіз мына суреттегіден де сұ­ лу екен, картинаңыздың бір кемшілігі сонда... Сол кезде белгілі ақын Әділғазы Қайырбек ағамыз іркілместен: – Жаратушыдан асқан суретші, жер басып жүрген әйелден асқан сұлулық бола ма! Жеңгеміз шынында да сұлу екен, – деді күлімсіреп. Біз Омбы жерінде бұдан да басқа көптеген кездесулер өткіздік. Бәрі де өлең, жырсыз өткен жоқ. Бір кездесуде Сали Мейірманов

ақсақал бір әңгіменің шетін шығарып, ащылау болса да бір шындықты
айтып салды:

– Неге екенін әлі күнге дейін түсіне алмай келемін, басымыз

бірікпейді. Бұндағы қазақтар да солай. Жақ-жақ болып, бірімізбен
біріміз айтысамыз да жүреміз. Омбыда екі-үш қазақ қоғамы бар.
Солардың басшылары бір-бірімен келісе алмай, алакөзденіп жата­
ды. Дүрдараз, бірін-бірі көрсе жиырыла қалады. Ал бұны облыстық

әкімшіліктегі шенеуніктер жақсы пайдаланып жүр. Сондықтан
«бірлік болмай, тірлік болмайтынын» түсінетін мезгіл жеткен
сияқты, – деді Сали Каденұлы қынжылыс білдіріп. – Қазақтардың об­
лыс басшыларына сөзі өтпейтіні де осыдан деп білемін.

Бірақ бұл сөзге құлақ асқан адамдарды көре қоймадық. Әрине,
өкінішті...
Бұдан кейін облыстың Марьяновск ауданындағы қазақ ауылы

– Қаратерекке жол тарттық. Жолшыбай жылқы заводына аялдап,

ондағы мұражайды аралап, шаруашылықтың алаңындағы аттар­
дың ойынын тамашаладық .
Қаратерек ауылында елу-алпыс үй бар екен. Кілең өзіміздің
ағайындар. Басқа ұлттың өкілдерін таппайсыз. Ауыл мектебінің

жанында өткен кездесуге еңкейген кәріден, еңбектеген балаға
дейін жиналды. Бір байқағаным, ішінара егде адамдар болмаса,
жастардың бәрі бір-бірімен тек қана орысша сөйлесіп жүр. Осы
кездесуде Саламат Темиршинов деген жас бала қазақша бір-екі

ән айтты. Жанына жақындап келіп, «Сен бұл әндерді қайдан үйрен­
дің?» деп сұрадым. Мәссаған, әлгі әншім «Мен қазақша түсінбей­
мін» дейді орысша шүлдірлеп. «Сен айтқан әндеріңдегі сөздерді
түсінесің бе өзі?» дедім мен де білетін орысшаммен. Шімірікпестен

«Нет, не понимаю!» деп қарап тұр. Бұны сұрағандағы себебім,
ол қазақ әндерін орыс акцентімен шырқағаны өз алдына, өлең
сөздерінің мағынасын бұзып айтады екен. Содан, күмәнданып
сұрағаным ғой. Нәтижесі – жаңағындай. Әрине, бұған жас өнерпазды

кінәлау қиын. Тек, оны тәрбиелеу қажет. Өйткені, аздап тәрбиелеп-
баулыса жақсы әнші болып шығарына сеніміміз мол. Біз оның бой­

ынан осындай таланттың ұшқынын байқадық. Түр-тұлғасы келісті, жүріс-тұрысы салмақты, қимылы ширақ, дауысы ашық, орысша бол­ са да, сөйлеген сөздерінде ұғынықтылық, нақтылық басым, өз ойын қысылмай қымтырылмай еркін жеткізеді екен. «Жүз рет естігеннен бір рет көрген артық» қағидасымен ауыл­ дық мектепті аралап көрдік. Мектеп директоры Әніс Байжігітов ауылдың тыныс-тіршілігімен таныстыра келе: «Ресейде бұндай орта білім беретін оқу орындары ұлттық мектептер деп саналады. Бірақ негізгі пәндер орыс тілінде жүргізіледі. Қазақ тілі бірінші кластан бастап жеке пән ретінде өткізіле бастайды. Ол әліппеден бастала­ ды. Әліп­пені бітіргеннен кейін орыс букварына ауысамыз. Қазақ тілі жұмасына үш-төрт сағат басқа пәндер сияқты оқытылады. Жал­ пы, бұл мектеп тоғыз жылдық. Ал бұндағы оқушылар қалған білімді орыс мектебіне барып алады. Яғни, орта мектепті бәрібір орыс тілінде бітіруіне тура келеді», – дейді ағынан жарылып. Міне, көріп отырсыздар, Ресейдегі ұлттық мектептердің сиқы осындай. Аты ұлттық болғанмен, заты басқа. «Санда бар да, санатта жоқ» деген осы. Бір орысы жоқ қазақ ауылындағы ұлттық мектеп­ тің жайы осындай болса, басқа жерлердегі қазақ балаларының білім деңгейін өзіңізше топшылай беріңіз. Ұлттық мектеп бол­ ғаннан кейін, басқасын басқа тым құрымаса өз ұлтының тари­ хы оқытылмай ма, жоқ, оның орнына, орыс халқының тарихы оқытылады екен. Бір қызығы, Қаратерек ауылдық мектебінде сабақ беретін мұғалімдердің барлығы өз ұлтымыздың өкілдері бола тұра, дәріс орыс тілінде өткізіледі. Ал, тек қана қазақ тілі өткізілетін (оның өзінде жетістіріп жатқаны шамалы, байқауымша, әйтеуір, қазақ тілі оқытылады деген аты ғана) білім ошақтарын ұлттық мектептер деп айдар тағуға бола ма?! Меніңше, бұл «Ресейде бәленбай ұлттық мектеп бар» деп көпірте ақпар беру үшін ғана әлдекімдерге керек сияқты. Ал, ондай ақпарлардың «ұлттық» саясатқа ғана қызмет ететінін қайдан білсін! Қайран қазағымыздың қонақжайлылығы-ай, келген қонақтарға жылқы сойып, қонақ асы беріп, емін жарқын сөйлесе жүріп, шығарып салды. Жан-жағындағы өңшең орыс деревняларының ор­

тасында шөкімдей бұлтқа ұқсаған кішкене қазақ ауылының ақ тілекті адамдары «Көріскенше күн жақсы, ағайын!» деп қол бұлғап қала берді. Ертеңінде тәңертеңгі астан кейін алқалы мәжіліс қайта жалғасты. Онда негізінен Ресей облыстарында қазақ ұлттық мәдени авто­ номияларын құру мәселесі талқыланды. Өйткені, жақында Ре­ сейде ұлттық мәдени автономиялар туралы заң шыққан екен. Өз кезегінде сөз алған Мәскеудегі «Қазақ диаспорасы» қорының ди­ ректоры Болат Жамалов бұл автономиялардың бұрынғы ұлттық мәдени орталықтарынан бірнеше артықшылықтары бар екенін атап көрсетті. Ең бастысы оларға мемлекеттен қаржы бөлініп тұрады екен. Мәжіліске қатысушылар Ресейдің қазақтар тұратын облыста­ рында ұлттық мәдени автономиялар құруды жеделдетіп қолға алуды бірауыздан қолдай келіп, солардың басын біріктіріп отыратын бәріне ортақ бүкіл ресейлік үйлестіру кеңесін құруды бірауыздан мақұлдады. Оның хатшысы болып Орынбор облыстық Қазақ тілі қоғамының жа­ уапты хатшысы Асқар Серікбайұлы Қозыбағаров сайланды. Сондайақ, жиынға қатысушылар бүкіл Ресейдегі қазақтарға арналған үндеу қабылдады. Онда осы мәселелерді айта келіп, осы алқалы мәжілістің өтуіне ұйтқы болған Омбыдағы қазақ мәдени орталығының дирек­ торы Алтынай Жүнісова мен аталмыш орталықтың барлық мүше­ леріне алғыс білдірілген. Омбыда қазақтың екі талантты суретшісі тұрады екен. Оның бірі – Омбы педагогика университеті сурет-графика факультетінің деканы Аманкелді Әбдірахманұлы Шакенов деген белгілі қылқалам иесі болса, екіншісі – жас дарын, аталмыш жоғары оқу орнының живопись кафедрасының оқытушысы Геймран Баймұханов. Сол күні түстен кейін қонақтар облыстық драма театрының қалтарыстау бір залында өтіп жатқан Геймран Баймұхановтың су­ рет көрмесін тамашалап, майлы бояумен салынған картиналарды көріп, таңдай қағысты. Бағдарлама бойынша кешке таман Омбының орталық кон­ церт залында Қазақстан өнерпаздары өнер көрсетуге тиіс еді. Алып ғимараттың алдындағы тақтайшада Сәкен Тұрысбеков, Май­

ра Мұхаммедқызы, Лена Әбдіхалықова, Әбиірбек Тінәлиев, Майра Ілиясова, Бекболат Тілеухановтардың өнер көрсететіні туралы ха­ барлама ілінген. Өкінішке орай, бұл сапарға бізбен бірге жалғыз әнші Әбиірбек Тінәлиев қана барған болатын. Ал қалғандары ал­ ғашында келіскенімен, соңынан әлденені сылтауратып, өздерінің бара алмайтындарын айтып, қалып қойыпты. Тіпті, кейбіреулері «қанша бересіздер» деп ақша дәметкен көрінеді. Әрине, өмір болған соң әркімнің әртүрлі жағдайы болады, сонымен бірге қазір өнер адамдарының шекесі шылқып тұрмағаны тағы белгілі. Еңбектеріне ақы сұрағандары да орынды шығар. Бірақ, олай болса, мәселенің ақ-қарасын алғашында шешіп-келісіп алулары керек еді ғой. Мына жақта өнерлерін сағына күтіп отырған ел-жұрт бар екенін, бір топ өнер қайраткерлері келеді деп хабарланып қойылғаннан кейін, ыңғайсыздау болатынын ойлағандары да дұрыс еді. Осы мәдени шараның басы-қасында жүрген Омбы облыстық «Мөлдір» қазақ мәдени орталығының директоры Алтынай Жүнісованың «1200 орындық үлкен концерт залын жалдап едім. Ұят болатын болды» де­ ген қынжылысына, не деп тіл қатарымызды білмей дал болдық. Тағатсыздана күткен концерт те басталды. Зал іші лық толы халық. Беташар сөзді Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы төрағасының бірінші орынбасары, белгілі жазушы Қалдарбек Най­ манбаев алып, Омбы жерінде өтіп жатқан бұл мәдени шараның мән-маңызына тағы бір қайтара қысқаша тоқталып өтті. Содан кейін жергілікті айтыс ақыны Аманкелді Жүсіпов жырмен шашу шашып, Әлібек Қалабаев, Көпжасар Байменов, Аманкелді Ысқақов сияқты омбылық өнерпаздар өнер көрсетті. Республикамызға та­ нымал белгілі ақын, Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының бас маманы Жәркен Бөдешев өз өлеңдерін оқыды. Соңын ала сахнаға шыққан белгілі әнші, сазгер Әбиірбек Тінәлиевті жиналған қауым ду қол шапалақтап, құрметпен қарсы алды. Әбиірбек қатарынан бірнеше ән айтты. Оның өнеріне тәнті болған көрермендер ду қол шапалақтап, сахнадан жібермей қойды. Келмей қалған әріптестерінің орнын жоқтатпауға тырысқан Әбиірбек өз әнінің бірінен кейін бірін орындап, көпшіліктің көңілінен шықты.

Өзіне түскен жауапкершілікті «қатты» сезінгендіктен бе, біртүрлі қанаттанып, қырандай түлеп кеткен сияқты көрінді. Әннің әсері­мен отырып сезбеппін, бір кезде қарасам, алдыңғы жағымда отырған адамдар орамалдарын қолдарына ұстап, кемсеңдеп жы­ лап отыр. Сол жағыма қараймын, оң жағыма қараймын, кемсеңдеп көздерін сүртіп отырған халық. Арт жағыма қарап едім, онда да осы көрініс. Қазақстанды сағынып жүрген халықтың көңілін сел­ дей жібіттің-ау деп Әбиірбекке біз де риза болдық. Көрермендердің көңілінен шыққандығы сонша, келмей қалған артистердің орны білінбей кетті. Концерт соңынан Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы төра­ ғасының орынбасары, белгілі драматург Сұлтанәлі Балғабаев сахнаға шығып сөз сөйлеп, ыстық ықылас танытқандары үшін тыңдарман қауымға алғыс айта келіп, осы шараны ұйымдастыруға ұйытқы болған облыстық «Мөлдір» орталығының басшылары мен мүшелеріне қауымдастық атынан заттай сыйлықтар табыс етті. Міне, Омбы жерінде үш-төрт күнге созылып, өте жоғары деңгейде өткізілген бұл бас қосу осындай тебіреніспен аяқталды. Ертеңінде аз күн қонақ болған Омбымен қош айтысып, Алматыға жол тарттық. Ойымыз сан-сақта. Ресейдегі қазақтардың болашақ тағдыры не болмақ? Қазірдің өзінде егде адамдар болмаса, жастар түгелге дерлік ана тілін ұмытқан. Енді бір буын ауысса, сөз жоқ, өзінің ұлттық болмыс-бітімі мен ұлттық қасиеттерінен мүлдем ажыраған ұрпақ өсіп шықпай ма?! Енді не істеу керек? Міне, осы жағын мықтап ойланбасақ, Ресейдегі миллионға жуық қандас ағайындардың тағдырына шындап көңіл бөлмесек, көп өкініште қалуымыз әбден мүмкін. Әрине, біз осындай да ой түйгізген бұл сапарымыз нәтижесіз болды дей алмас едік.

МАЗМҰНЫ Аяулы анама ескерткіш .....................................................................................................4 ПЬЕСАЛАР Абылай ханның арманы................................................................................................ 19 Кенесары – Күнімжан...................................................................................................... 76 Бала Қазыбек...................................................................................................................... 111 ТӘРЖІМЕЛЕР Харуки Мураками Лексингтондағы елестер............................................................................................ 127 Кенгуру үшін сәтті күн болды.................................................................................. 142 Таксидегі қансорғыш.....................................................................................................146 Айна ........................................................................................................................................ 151 Жасыл жабайы...................................................................................................................156 Отыз екі жас.........................................................................................................................160 Зомби.......................................................................................................................................163 Сәуірдің таңғажайып таңында кезіккен періште қыз..............................167 Әзиз Несин Мен Ататүрікпен әңгімелестім................................................................................ 172 Уильям Сароян Ашыққандар....................................................................................................................... 177 Ей, кім бар, ей?!...................................................................................................................188 Леонид Владимирский Қазына іздеген буратина.............................................................................................202

Марио Варгас Льоса Әдебиет пен оқу жайлы мадақ.................................................................................237 ЗАМАНДАС – ҚАЛАМДАС Ардакүрең.............................................................................................................................257 Мінезді ақын........................................................................................................................274 Талантымен тас жарған................................................................................................278 ЖОЛЖАЗБАЛАР Алтайдың ар жағында ағайын бар... .....................................................................289 Омбыда...................................................................................................................................304

Редакторы Ботакөз Мұхиден
Техникалық редакторы Эльмира Заманбек
Көркемдеуші редактор Жеңіс Қазанқапов
Корректоры Фарида Уәлиева

Компьютерде беттеген Эльмира Заманбек
Думан Рамазан

Пьесалар, аудармалар, жолжазбалар

«Фолиант» баспасы.
010000, Астана қаласы, Ш. Айманов көшесі, 13
«Фолиант» баспасының баспаханасында басылды
Басуға 25.10.14 қол қойылды.

Пішімі 70х100 1/16. Қағазы офсеттік. Офсеттік басылыс.
Шартты баспа табағы 26.
Тапсырыс №298. Таралымы 2000 дана.

Пікірлер (0)

Әзірге пікір жоқ.
An error has occurred. This application may no longer respond until reloaded. Reload 🗙