Арман ағысы
Сабырхан Асанов
Жазылымсыз режим: 20-беттен кейін жазылым беті ашылады, әрі қарай әр 10 бет сайын (ең көбі 5 рет).
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі «Әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару» бағдарламасы бойынша жарық көрді.
Сабырхан АСАНОВ
өлеңдер
Алматы
Арман ағысы ӘОЖ КБЖ А Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі «Әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару» бағдарламасы бойынша жарық көрді.
АСАНОВ САБЫРХАН.
АРМАН АҒЫСЫ: өлеңдер/Сабырхан Асанов.
– Алматы: “Хантәңірі”; 2015, – 342 б.
ІSBN
ӘОЖ КБЖ ІSBN © «Хантәңірі», 2015 АБІРІНШІ БӨЛІМ БОСТАНДЫҚ ЖЕЛІ БОСТАНДЫҚ ЖЕЛІ Бостандық желі, Быт-шыт та ғылып талқандап, бұғауды бұзды қойған біp бізді арқандап. Өңменнен өте қарауын қойды көздер де, ойнауын қойды шоқпар мен таяқ арқамда. Бостандық желі, қара бұлттарды ұшырып, жоқ қылды сәтін тұратын жасын түсіріп. Tіpecіп қалса, төбелер, асқар тауларда, тең екенімді тұратын болды түсініп. Бостандық желі, теңіздерімді сапырып, көк жайлау етті шөлімді ыстық, қапырық. Сайын даламда сәйгүліктерім шұрқырап, қыраным шықты көгіме еркін атылып. Бостандық желі екпініменен біp қатты, күйшілерімді, әншілерімді шырқатты. Біраздан бepі бұйығып қалған гүлзарлар, қыз болып күліп, жүректен шырын сыр тартты. © Асанов С., 2015
Сабырхан АСАНОВ
Арман ағысы
Бостандық желі,
бостандық жeлі, о, тоба,
жалауын тікті жүгіріп қырға, жотаға,
Ай-күннің нұры ақ сүттей көктен құйылып,
ақ түйе тұрды алаңсыз ғана боталап.
Бостандық желі, ол қанша қымбат, атақ, ат, от болып лаулап, кеудеде жанған махаббат. Ұмыту үшін мың жылғы көрген қорлықты, Жылағың жерге келеді екен жата қап. Бостандық желі, емес ол құр сөз, құр атақ, бар қазақ соны бас шұлғып бүгін тұр атап. Не істесең де, не қылсаң да – өз еркіңде, бұл неткен ғажап, бұл неткен ғажап – рахат! *** Жел еседі, еркіндік желі еседі, секілденіп елімнің келешегі. Кеше ғана бұл өзі арман еді, кеше ғана бұл өзі елес еді. Жел еседі, еркіндік, азаттықтың, дегендей-ақ осымен азап бітті. Жайнаңдайды жарымай жатса дағы, жарқылдайды жасындай қазақ, тіпті. Жел еседі, еркіндік, бостандықтың, быт-шыт қылған бұғаудың қастандықтың. Ортақтықты осынау қуанышты, жүрегінің мұңы бар достан күттім. 22.04.1999 ж. * * * Кең төсіне қаптатып қала салған, кең даламның, білемін, болашағы – ән. Егемендік алғанға елтіп жүрмін, есін жияр болмаса бала-шағам. Бұлғаңдаған қараңыз бойға мына, кіріскен бір жандаймын той қамына. Халқым күліп жатқанда сөз болып па, қарынның бұл ашқаны, тойғаны да. Тарықсақ біз біраз жыл тарығармыз, есесіне, құлдықтан арылармыз. Атам қазақ айтқандай сосын, сосын, ақ түйенің қарны боп жарылармыз. Ата дала, аяулы ана дала, қамқор дала, қашаннан пана дала, құл боп онда жүргенше қарным тойып, аштан өліп қалмаймын неге ғана?! Қаншама сыр мұңыма қосқан мұңын, сүйіншім бар сұрайтын достан бүгін. Сахарамда самаладай еркін ескен, бостандығым, ол менің бостандығым!
Сабырхан АСАНОВ
Арман ағысы
ОРДАБАСЫ ЖЫРЛАРЫ
Бірінші жыр
Ордабасы,
асқақтаған ата жер,
құрметпенен бүгін бір тіл қатады ел.
Бірлігімнің,
тірлігімнің басы боп,
оттай жанған Оңтүстікте жата бер.
Жанарымды жібермейсің арбап тым,
алты алашқа аты кеткен ардақтым,
Қасиеттім,
қанша даудан құтқарған,
топырағыңа тәжім етпей қалмақ кім?!
Атақ-даңқың аспан-көкпен теңессе,
қанша ғасыр сақтап қалды ел сені еске.
Төле,
Қазыбек,
Әйтеке би ізімен,
бар жайсаңым басын қосты кеңеске.
Арасында бар қаншама тарланым,
арқалаған атам қазақ арманын.
Жүрегінен жыр жаратқан ақын бар,
тебіренткен терең ойды бар ғалым.
Асқарлары ақылдың да, ардың да,
аласармас айдай әлем алдында.
Әкім
малшы,
дихандар жүр жадырап,
ел сұлтаны – Нұрсұлтан да бар мұнда.
Бәрі-бәрі,
бәрі саған келіп тұр,
бәрі келіп құшағыңа еніп тұр.
Балуан да білектерін сыбанса,
бәйге іздеген жүйріктер де желікті.
Ән-жырыңды аспандат та әуелет,
бір сағыныш тұр кеудеде мәуелеп.
Думанынды досың көріп куансын,
Ерлігінді бағаласын жау ерек.
Ай астында алтыбақан тебілсін,
кімдер оны қызықтаудан ерінсін.
Көптен бері дұға-тілек жетпеген,
Батаңызға аруақтар бөгілсін.
Үш данаңа берілгенде ас мұнда,
қарақұрым жұрт айналсын тасқынға.
Қаптап мына Қырға, Сырға сыймасын,
тілегі осы кәрінің де, жастың да.
Бірі қалмай саған сәлем жолдайды ел
өзіңде өтер аз қызықты молдай гөр,
Бір кездері бабаларды қолдаған,
Ордабасы, біздерді де қолдай гөр,
Ордабасы, біздерді де қолдай гөр!
Екінші жыр
Әулиелер,
Пайғамбарлар,
Асқарлар,
Патшаданда,
Басқадан да асқандар.
Бар қазақтың басын қосып кеткендер,
бар дұшпанның көкірегін басқандар.
Сабырхан АСАНОВ
Арман ағысы
Ғұламалар,
дариялар,
даналар,
сендербардеп,
ұрпақ күтті аналар.
Кең далада қалың орман болдыңдар,
Қырғи қуған торғай келіп паналар.
Бірің – төбе, Төле би боп аталдың,
Қазыбек би – алды болдың қатардың.
Әйтеке би, өзің аман тұрғанда,
көз алартып қарауға әсте батар кім?!
Алаулаған ақ таң туса алдан көп,
аңсаған ел одан көзін алған жоқ.
Өздерің кеп кеңес құрған бір кезде,
Ордабасым дейтін жерде арман жоқ.
Сеңдерді іздеп кімдер оған барған жоқ,
кімдер барып,
риза боп қалған жоқ.
Өздеріндей өткен ата-бабасы
бұл күндері біздерде де арман жоқ,
бұл күндері біздерде де арман жоқ!
Үшінші жыр
Әні бар. Композитор Мыңжасар Маңғытаев
жазған. Ол ән Ордабасыда өткен ұлы жиында
Қазақстан мемлекеттік әнұранынан кейін
екінші боп орындалды.
Әруақты бабалардың мекені,
белгілі ғой берекелі екені.
Атақ – даңқы бұрыннан да бар еді,
Атақ – даңқы қазірде оның жетеді.
Барлық казақ соңдарынан ергендер,
бар қазақтың жолын тауып бергендер.
Миуабақ мына жатқан жалғаннан
бар қазақтың несібесін тергендер!
Бар қазақпен бірге еріп, көшкендер,
бір боп мәңгі,
біте қайнасып өскендер.
Бар қазақтың қамын ойлап, қамығып,
бастарынан ұйқысыз түн кешкендер.
Қаһарларың қас дұшпанды құлатқан,
қамқор үнің кетпей қалған құлақтан,
Сендерсіңдер асқандарға тосқан боп,
жетім менен жесірлерді жұбатқан.
Бұлғандаған қыздарды да өсірген,
басу айтқан жігіттерге есірген.
Арамдардың алдын орап аттатпай,
аңқаулардың аңғалдығын кешірген.
Сеңдерсіңдер Алатаулар – биіктер,
алдарыңа қанша қарыз сүйікті ел.
Сендерсің – қасқырлардан қорғаған,
қорықпастан қырда ойнаса киіктер.
Күнде шығып,
көк те жанып, қайнаса,
сендер барда тұтылмайды ай да аса.
Сендерсіндер сеніп арқа сүйері,
ақын біткен бұлбұл болып сайраса.
Сендер бар деп,
самал да ескен, жел ескен,
сендер бар деп,
балуандар белдескен.
Сендер бар деп сәби тыныш ойнаған,
жатса дағы сөзге тілі келместен.
Сабырхан АСАНОВ
Арман ағысы
Қайырмасы:
Ордабасы – қасиетті жер аты,
Ордабасы – жердің сұлу жәннаты.
Ордабасы – болашақка, биікке,
қазағымның алып ұшар қанаты.
Сай-салалы кең даланың көсілген,
самалы бар ертелі-кеш есілген.
Бір кез мұнда мәлім болып тағдыры,
бір кез мұнда жүрер жолы шешілген.
Алауласа еркіндіктің нұр таңы,
Ерлік жыры жаңғыртады қырқаны,
бірлік жыры жаңғыртады қырқаны,
шырқайды оны Ордабасы ұрпағы!
* * *
Жоқ болсам да,
бар болсам да – шыдаймын,
қуансам да,
қор болсам да – шыдаймын,
басыбайлы болмасаң сен болғаны,
Қазақстан дейтін менің шырайлым.
Артық-ауыс сөзге де мен – шыдаймын,
кейде аларған көзге де мен – шыдаймын,
басқа жұртқа бағынбасаң болғаны,
Қазақстан дейтін менің шырайлым.
Есемді аздау алсам да мен – шыдаймын.
ескерусіз қалсам да мен – шыдаймын.
басқа жұртқа жалынбасаң болғаны.
Қазақстан дейтін менің шырайлым.
Десін, десін, десін мейлі, кәрі бұл,
көкірегім әрі бақша, әрі гүл.
сен басқаға басынды имей тұрғанда,
мен бақытты бола берем бәрі бір!
ШЕКАРАЛАР
Шекаралар өзен, көлді аттауда,
кесіп өтіп,
құрық салып ақ тауға.
Шекаралар қажет бізге ауадай,
елдік пенен еркіндікті сақтауға.
Кейде тіп-тік,
кейде кетіп бұрылып,
жатқанымен,
шекаралар – ұлылық.
Шекаралар – тас қамалдар, қорғандар,
қара ниет жандар жатар ұрынып.
Сондықтан да ол қасиетті, қастерлі,
тағзым етіп қарт та келді, жас келді.
Сондықтан да,
шекарада ұстаймыз,
күндіз-түні қас қақпайтын әскерді.
Пайдаланып тауын, ойын тасасын.
шекаралар болу қазір аса сын.
Сақтық үшін сарып еткен жігерін,
біздің берік шекаралар жасасын!
КОСМОНАВТПЫН
Космонавтпын,
туғаннан космонавтпын,
қарқынына мың қарқын қосқан аттың.
Күңдіз демей,
түн демей
ту сыртымнан
естітемін суылын қос қанаттың.
Сабырхан АСАНОВ
Арман ағысы
Жарқыраған,
жайнаған төрінде күн,
аралаудан әлемді ерінбедім:
қойнынында космостық кеме ғұсап,
зулап кетіп барады Жерім менің...
МАХАМБЕТТІҢ ХАНҒА
АЙТҚАНЫ
Бұл Жайықта асқан кім бар өзімнен,
бір халқым деп айрылдым-ау төзімнен.
Мал мен тағың қанша қызықтырғанмен
садаға кет жалғыз ауыз сөзімнен.
Ата-баба дәулетімен алшаңдап,
сен әзірге алсаң бақыт, алсаң бақ.
Мен жарқырап күнге айналған кезімде,
жарар еді-ау көлеңкем боп қалсаң да.
Кіресілі-шығасылы есі бар,
ел де бәлкім, қадірімді кеш ұғар.
Мен өлмесін десең егер мәңгілік,
«Қараойға» кеп,
ғазиз басты кесіп ал.
Қара түндер қарақшылар өңмеңдер,
Мекке болар мені олар көмген жер.
Қанша ғасыр халық шұбар басыма,
жеңеді өстіп өлмегенді өлгендер.
Гүл егілер мен жатқан қыр, ойға да,
өтер онда аза емес, той ғана.
Қарсы келсең,
боларың хақ қарабет.
қасиетті қара сөзбен ойнама
Ал, әзірге жайнап, жанып тұр тағың,
қанша мықты болса да, оны құртамын.
Маған қанша алғыс айтып, арнаса,
саған сонша қарғыс айтар ұрпағың!
* * *
Көкжиекте жатыр Жоңғар таулары,
аспан астын алып жатқан аумағы.
Қатпар-қатпар болып жатқан сол таулар,
жүрегімді бір жолата жаулады.
Қанша заман еткен, қырғын, күрестен,
әрқайсысы өз сыбағасын үлескен.
Қайғыдай боп қатқанменен тастары,
үміттей боп құшағына гүл өскен.
Қанша заман қалың елдің мұң-зарын,
қабырғасы қайысып бір тындады.
Теңірегін түгел қоршап тұр асқақ,
Қаракерей Қабанбайдың шындары.
Қанша заман қалың елді үркітіп,
қанша заман тек сойылды пір тұтып,
шапқыншылық көрген мына көп таулар,
тек жақсылық күнді ғана тұр күтіп.
* * *
Талай да талай шіренген,
жігіттер өткен бұл дүние.
Төбесі көкке тірелген,
жігіттер өткен бұл дүние.
Талай да талай бұралған
сұлулар өткен бұл дүние.
Кеудесі толы бір арман,
ұлылар өткен бұл дүние.
Шығындай таңның тап-таза,
ақыңдар өткен бұл дүние.
Қайтарған жауын, қаптаса,
батырлар өткен бұл дүние.
Сабырхан АСАНОВ
Арман ағысы
Қаһары тауды құлатқан,
патшалар өткен бұл дүние.
Жеткізген хабар жырақтан,
атшабар өткен бүл дүние.
Қайтейін бәрін көп тізіп,
төзімі тарлан бұл дүние.
Барлығын,
бәрін өткізіп,
өзі бір қалған бұл дүние.
* * *
Қарауылдан басқаны
көрмей кеткен, ұлы Абай,
қайғысызға қарсы кеп,
көнбей кеткен, ұлы Абай.
Аспасаң да асқар тау,
кешпесенде мұхитты,
сен орнатқан күмбез – жыр
тұр ғой әлі құламай.
Айналайын, ұлы Абай!
Әйгерімнен басқаны
білмей кеткен, ұлы Абай,
басқа жерде, басқа елде
күлмей кеткен, ұлы Абай.
Сен жырлаған махаббат
сонда да асқақ, аяулы,
жеті атамнан қалған бір
тот баспайтын мұрадай.
Айналайын, ұлы Абай!
Аз ауылдан көп түйін
шешіп кеткен, ұлы Абай.
сондықтан да, ертерек
көшіп кеткен, ұлы Абай.
Қыраным-ай қараған
тайсалмастан алысқа,
сені бүгін отырмын
еске алмасқа шыдамай,
Айналайын, ұлы Абай!
Қуаныш та жұбаныш –
болғандығың, барлығың,
жүректерге жүруде
зорлықсыз-ақ жарлығың.
Теңізім-ай толқыған,
мұхитым-ай шалқыған,
ұмыттырар кей-кейде
мына өмірдің тарлығын!
30.11.1990 ж.
* * *
Сен неғып тұрсың, Алатау,
басынды аппақ қар басып,
өтіп те жатты не заман,
қасында сенің арбасып.
Қанша бір тұлпар болса да,
тұяғы қалай сынбасын,
қанша бір сұңқар болса да,
қанаты қалай талмасын?!
Тұрасың ыңғай маңқиып,
қарап бір мынау әлемге,
бірдей бір қарап бар халық,
бірдей бір қарап бар елге.
Қиқу да қиқу күн кешіп,
Өткен сол ата-бабадан,
қойны бір қоншың тола ма,
біздерге жеткен сәлемге.
Тұра бер тауым, тұра бер,
талайға әлі қарарсың,
талайдың көңлін аулауға,
талай бір ғасыр жарарсың.
Сабырхан АСАНОВ
Арман ағысы
Бізден де кейін келетін
қанша бір қанша ұрпаққа,
бізден де қалған сәлемді
бір өзің айтып барарсың.
Сондықтан мәңгі тұра бер,
қабыл ап мезгіл жарлығын,
куә етер қанша күлкі мен
куә етер қанша зарлы күн.
Өткінші жаңбыр секілді,
өткінші мына өмірде,
біздерге медеу, жұбаныш,
бір сенің ғана барлығың...
* * *
Күндер мынау қызығымды ұрлаған,
таңқалмаймыз кейде нансыз қалсақ та.
Тәуелсіздік алған елім бір маған,
тәуелді боп өткен күнді аңсатпа!
Тілемейтін,
қалмайтын күй өңге,
тұрса гүлдеп маған өлке, өңір, бел,
арлы-адал ерлеріңе сүйен де,
арлы-адал ерлеріңе көңіл бөл!
Қорашсынба,
күле алмаса күлкіні,
қорашсынба,
күйбең қағып жүрсе олар.
Басыңа күн туа қалса бір күні,
оттан,
судан алып шығар бір солар.
Күндіз-түні көз байлаған бықсық көп,
қанша байлық көз алдымда таланды.
Сен шашырап кетпес үшін быт-шыт боп,
ерлер керек қара нардай табанды.
Әлемнің әр түкпірінде, тілінде,
сен туралы айтылмайтын сөз қалмас.
Мақталғанмен,
датталарсың бірінде.
тау тұлғалы жандар керек қозғалмас.
Бір күн түгіл,
жүз күн түгіл,
мың күнде,
мен жақсынды тауыспаспын мақтап бар.
Түбі керек боп қалуы мүмкін деп,
Сақтай алсаң,
соларынды сақтап қал!
* * *
Қанша рет қалған аман бұл елімнен,
есен-сау бұл шақтан да өтер елім.
Мен мынау әлсіз соққан жүрегіммен,
қайғысын күллі әлемнің көтеремін.
23.04.1991 ж.
ТОЛҒАНЫС
Өмір жайлы,
өзім жайлы толғанам,
толғанады етек-жеңі мол далам.
Толғанады тұрған үнсіз тауларым,
көкірегі толған өлең, толған ән.
Толғанады жасы үлкен ағалар,
жақсы іні жақсы ағаны жағалар.
Толғанады көпті көрген кене көз
қариялар...
жан табылса бағалар.
Толғанады құрбы-құрдас, қарындас,
сүйген жарың толғаныстан арылмас.
Сабырхан АСАНОВ
Арман ағысы
Кеше туған ұлың қызың толғанса,
қуаныштан жүрек қалай жарылмас.
Толғанады халық, қауым, ұлы Отан,
толғанысты ұнатам-ау, ұнатам.
Толғанады күйіп-жанған қызыл кеш,
жаны аппақ жарқыраған бұла таң...
Жер мен көктің бәрі-бәрі толғаныс,
толғаныстар сілтейді ұзақ жолды алыс.
Толғантады болашақтар болжамы,
толғантпайды біткен іс пен болған іс.
Жүз шайысса бір ел сірә бір елмен,
толғаныссыз жібіспесін білем мен.
Толғаныстар ғана мына заманда
тұйықтардан құтқарады тірелген.
Толғанған жан беттен әсте алмайды,
толғаныс бар жерде көңіл қалмайды.
Тірегі ол тұтам-қарыс тірліктің,
өмірлерге өмір косып жалғайды.
* * *
Алғанменен алты алаш азат ғұмыр,
қайда қоям қалмайтын азапты бұл.
Сөзбен қалай, қайтып мен түземекпін,
Абай түзей алмаған қазақты бұл.
Осы уайым шықпайды кіл есімнен,
сондықтан да кем ұйқтап, күлесің кем.
Ақты ақ деп дәлелдей алмаған соң,
біздің дағы күн өтер тіресумен.
Қысы-жазы құлпырар мінсіз өңір,
ырза болып болысар кім сізге бір.
Жанарымда жас болып тұрар тұнып,
бас бармағын шайнаған құнсыз өмір!
ҰЛЫ ЕДІҢ
Ұлы едің,
шыныменен ұлы едің,
әділет пен ақиқаттың құлы едің.
Сені еске алсам,
сағыныштан жылаймын,
жылап тұрып қуанамын, күлемін,
Ұлы едің,
шыныменен ұлы едің.
Алып едің,
асқар ала таулардай,
аспанында ақша бұлттар аунардай.
Басқан жерде аяғыңды,
бас кетсін,
табанынды тұрушы едің аудармай.
Тұтас едің,
бөлшектене білмейтін,
ұсақтықты көзге сірә ілмейтін.
Өмір бойы
біреу соны бағалап,
өмір бойы
біреу соны күндейтін.
Өттің-кеттің дүниеге паң қарап,
жарқыраған айдын ақыл, таң қабақ.
Қазығынан айырылған қаңбақтай,
қанша жұртың қаңғып қалды қаңғалақ.
Көк асфальті күйіп-жанып күнсіген,
сенсіз мына Алматыда күрсінем.
Тас бұлақтың тамшысындай мөлдір ең.
кісі ұқпас қыз сырындай тылсым ең.
Екі иықты сенен қалған ой басты,
өзің тойған ойға сол кім тоймасты.
Сабырхан АСАНОВ
Арман ағысы
Мандайыма біткен дара, жалғыз ең,
ал, жалғызы іздеттірмей қоймасты...
ӨЗІҢСІҢ...
Өз қылығың өзіңе сор әкелді,
Соған әлі жетпей жүр ме көзің шын.
Сталин кеп әкеткен жоқ Сәкенді,
Мағжанды да ұстап берген өзіңсің.
Қысқа өмірде көріп қалған талайды,
көңіл қалай емін-еркін көз ілсін.
Орыс келіп сабаған жоқ Абайды,
оған дағы қол көтерген өзіңсің.
Кіресілі-шығасылы сасқан ес,
құлауға да қалды-ау аз-ақ төзім-шын.
Қытай да емес,
қалмақ та емес,
басқа емес,
Махамбеттің басын кескен де өзіңсің.
Тарам-тарам етіп бетті жуады —
кезден қызыл қан ағады қалай да...
Жақсыларың жалғыз-жалғыз туады,
халқым, аздап, абайласай, абайла!
* * *
Бұл не қылған қым-қуыт күн,
нұр заман,
бір-біріне ырза да емес,
ырза адам.
Кең жайылса қазекеңнің даласы,
күңіренген бір жағы – күй,
біржағы – ән.
ЖҮРІП ЖАТЫР
Екі қарға бір-бірін бұлбұл деді,
екі мәстек бір-бірін дүлдүл деді.
Екі арам бір-бірін адал деді...
Қарап тұрып оларға күлгім келді.
Біразының көрініп алдары кең,
қамқорсып көп сөйлесті қалғанымен.
Бір ғажабы – олардың дәл осылай
еместігін сендіре алмадым мен.
Кейбіреуі күмпиіп ойда жоқта,
қарап тұрып айналды жәй мазаққа.
Мынау – мынау, ал, анау – анау ғой деп,
жеткізерсің сыбырлап қай қазаққа.
Біреу білмей,
біреулер біліп жатыр,
біреу күлмей,
біреулер күліп жатыр.
Жақсы менен жаманын айыра алмай,
жүріп жатыр,
Біздің ел, жүріп жатыр!
9.10.1993ж
АЛМАТЫ
Қаласың от құшағын ашып тұрған,
сен мені қыздарға да ғашық қылған,
саған кеп бір еркелеп қайту үшін,
самал да соғып кетер асып қырдан.
Қасында Алатауың – ақтауларың,
жатыр ғой жеткізіп жұрт мақтауларын.
Сабырхан АСАНОВ
Арман ағысы
Көңілімді көтереді, көркейтеді,
құлпырған күндіз-түні бақ-бауларың.
Ерте-кеш еркін сені араладым,
табылды бір өзіңнен қалағаным.
Кешегі мен қыдырған көшелерде,
қыздармен қыдырып жүр балаларым.
Алматым, ай дидарлы асыл қалам,
жалғасып жатыр саған жасыл далам.
Таралып жұлдыздарға кетіп жатыр,
жастарың аспаныңнан асырған ән.
Сенбісің
бақыт қалам, байлық қалам,
көрсе де қанша нәубет қаймықпаған.
Қала жоқ
жер бетінде маған сендей,
Кейбіреу
не демейді жайды ұқпаған.
Көркіңе
көзім тоймай тұр бүгінгі,
Құшақтап
нұр гүлінді, жыр гүлінді.
Деймін де,
тұрам ыңғай жырлап өтсем,
аяулы
бір күніңді, мың күніңді
Көрінсе
маңдайындай нұрлы алаңың,
қосылып
тал-терекпен ырғаламын.
Таусылмас тілегі осы, жүрегі осы,
Шымкенттен
келген бір кез бұл балаңның.
Сен менің
бақ қаламсың, баспанамсың,
тек қана
жақсылыққа бастағансың,
Бір келіп
бұл өмірге қалғанымда.
Көңілімді
бір көтеріп тастағансың.
Қаптаған
қарақұрым халық та ойсан,
күндізгі көз аштырмас жарық жайсаң.
Тым құрса,
түнгі жанған шамдарың боп,
арман не мәңгі
өзіңмен қалып қойсам.
Сәулемді
таң атқанша шашып елге,
тұрар ем,
бақ ішінде, ашық жерде.
Түбіме
әр түн сайын сырласуға
отырса
оңашалап ғашықтар кеп.
Қаласың от құшағын ашып тұрған,
сен мені қыздарғада ғашық қылған,
Саған кеп бір еркелеп қайту үшін,
самал да соғып кетер асып қырдан.
14.02.1991
АЛМАТЫ
Ой, Алматы-ай, Алматы-ай,
айырдың мені төзімнен
Алыс бір кетсем, өзіңді
көргім кеп тұрар көзіммен
Сабырхан АСАНОВ
Арман ағысы
Саған бір деген сағыныш,
Көзімнен мөлт-мөлт сезілген,
Айналдым сенің көркіңнен,
Сезінген бала кезімнен.
Айырсаң мені еркімнен,
кезім бар ма еді безінген
Ерлерің қанша ел бастап,
Қуат бір алған өзіңнен.
Көп істен кейін дамылдап,
данышпан қанша көз ілген.
Осының бәрін ойласам,
төгілген бұлақ сөзімнен
Ой, Алматы-ай, Алматы-ай,
гүлдерің қандай ырғалған,
Жастарың қандай жайраңдап,
Көктөбелерге бір барған
Жарк етіп бір күн жарардай,
Кеудемді кернеп тұрды арман.
Қызғалдақ болып қараушы ек,
шындарға шалғын қырлардан.
Бөліссе күлкі, қызықты,
кезім жоқ еді құр қалған.
Сайран сап өткен сайларда,
көз жасы емес, нұр қалған.
Бойжеткен болып көрінген,
Бейкүнә сонда бұл жалған.
Бүтін бір шыбық кесілді,
кезім ол еді бүр жарған.
Ой, Алматы-ай, Алматы-ай,
Алатау асқар үйлерің,
таң қалсам алғаш көргенде,
әлі де сол бір күйдемін.
Тіректі көкті теректер,
емес пе еді сүйгенің.
Көшенде ақса көп бұлақ,
Көп ішке менің түйгенім.
Себелеп өтсе тамшылар,
Кеудеңе гүлді үйгенің
Қызықсам да бәріне,
біріне жоқ-ты тигенім.
Алдыңа басты игенім,
Басқаны емес, қаланы
осы-ақ бір болар сүйгенім.
Ой, Алматы-ай, Алматы-ай,
мен дағы бір күн өтем бе,
жұрт жеткен жерге жетем бе
кетер де місің сен сонда,
ұқсап бір ғана бөтенге
өзіңмен ұзақ болғым бар,
қалмасам кез боп төтенге.
Ондай бір ондай күн туса,
амал жоқ, сабыр етем де.
Өмірге өзің келгенмен,
өзгеде еркің екен де.
Тап келсем жақсы ол жақта,
өзіндей ыстық мекенге.
Әй, қайдам, қайдам, кетермін,
өткендей болып шет елге.
қызбас менің шекем де.
Ажалға қарсы айбатым –
шертем де жырды, шертем де
күніңді бүгін қызықтап,
қараймын тағы ертеңге...
* * *
Алматым, сағынамын
аз күнге кетсем сенен,
болмас па бұл өмірден
айналып өтсем сенен.
Сәтім жоқ қайда жүрсем,
қамығып ойға алмаған,
мұншама ып-ыстық қып
кім сені қойған маған.
Сабырхан АСАНОВ
Арман ағысы
Көңілге қара торын,
күн сайын құрар қайғым.
Ойпырмай бұл не сұмдық.
көрмесем, тұра алмаймын.
Өзіңсіз мына тірлік
бағасы – тиын екен.
Қызға емес, қалаға бұл
ғашықтық қиын екен.
Жырақта жатуға бұл,
жоқ менің бір күн шамам.
Кеселдің кесірінен
жете алмай жүрмін саған.
Жазды да бітірермін
деуменен өтші күнді:
Кеудеңе бетім басып,
басармын өксігімді...
12.08.1989 ж.
* * *
Жыл жаңа,
келе жатқан жылым жаңа,
арналар оған әнім, жырым жаңа.
Бұл жылдың басқа жылдан орны бөлек,
болса да жаңа жылдар бұрында да.
Жыл жаңа,
келе жатқан жылым жаңа,
айтылар оған ойым, сырым жаңа.
Бұл күні байқағанға жаңалық бар,
орманды ойымда да, қырымда да.
Жыл жаңа
келе жатқан жылым жаңа,
шашылар оған шуақ, нұрым жаңа.
Тып-тыныш ұйқым жаңа, күлкім жаңа,
таппайсың бір ескіні ырымға да.
Тау жаңа,
бау да жаңа – бәрі жаңа,
атқан таң,
батқан кештің әрі жаңа.
Төсінен жаңа армандар ұшырады,
қашаннан сұлық жатқан кәрі дала.
Осының бөрін-бәрін көріп тұрған,
көңілім өрі бала, өрі дана.
* * *
Ақ қар басты Алатауды,
Алматыны аралайды,
ағаш біткен,
үйлер біткен аппақ болып қарайды.
Жердің беті
кір қоңынан бір жолата безгендей,
көкірекке,
көңілдерге бір тазалық тарайды.
Әртүрлі ойлы,
әр қиялды
әр пиғылды адамдар,
біз де солай
шын тазарып кетсек, шіркін, жарайды.
* * *
Европа нақ төрінде тұрмын мен,
Берлин – жайнап,
тас төбеде күн күлген.
гүлге оралған нұрға оралған көшеде,
бірге жүріп келем неміс құрбыммен.
Қандай жақсы бірге жүріп, бір күлген,
мұндағы өткен бір күн артық бір күннен
Күзді күні көріспегенге өкінем,
кеше ғана ұшып кеткен бұлбұлмен.
Сабырхан АСАНОВ
Арман ағысы
Сайрасар ма ек біздер ұзақ бас қосып,
тыңдар ма еді құлағын қарт, жас тосып.
Қалар ма еді бақытымыз байып бір,
алар ма едік жасымызға жас қосып.
Қуат алып достық атты нұр күннен,
құшақтассам Берлиндегі құрбыммен.
...Кеше әкеміз атысқан-ау біздердің,
дегенге әсте сене алмастан тұрмын мен!
ЖАМБЫЛ ҚАЛАСЫНА
Сәлем саған,
Жамбылым,
ақын қалам,
тамырымда қан болып лапылдаған.
Мен саған келіп әр бір кеткен сайын,
Жамбыл ақын болуға жақын қалам.
Сәлем саған,
қаптаған мұржалары,
мұржалардың басында нұр жанады.
Бейнең көзге ескілеу көрінгенмен,
көкірегімде күн сайын тұр жаңарып.
Сәлем саған,
асқақ та биік арман,
ата-баба әні мен күйі қалған.
Сенің күмбез кеудеңде күмбір қағып,
талай асыл ойлардың иі қанған.
Сәлем, сәлем,
халқыңа Алатаудай,
мен кірген көп үйлердің бәрі отаудай.
Егер де әр бір қаланы бір тау десек,
көрінесің сен маған дара таудай.
Болашағың секілді бойлап ұзақ,
қыран құс жүр көгінде қанаты аумай.
Тас төбеңде күн шоқтай қалса-ақ бекіп,
бозторғайлар жатады ән сап кетіп.
Жап-жасыл боп жалғанда жата бер сен,
аңсап келіп жүрейік, аңсап кетіп...
Сәлем саған,
Жамбылым,
ақын қалам,
тамырымда қан болып лапылдаған.
Мен саған келіп әр бір кеткен сайын,
Жамбыл ақын болуға жақын қалам!
ТУНДРАДА
Светлана Ефимовна Николаевнаға
Батпастан күндіз-түні күн күлімдеп,
кеудемде жайқатылды жыр-гүлім көп.
Жанында Мұз мұхиттың ақ аюдай
тұрдым мен өз демімнен жып-жылы боп.
Алапат қары жатқан тундрада,
якуттар би биледі мың бұрала.
Неге мен кештеу мұнда келді екем деп,
берілдім ойға сонда мұңды ғана.
Қосылдым биге мен де, билеп кеттім,
қолынан ұстап жұрттың сүйреп кеттім.
Жыл сайын шұбап Қырым, Кавказ жаққа,
бекер-ақ елге осынау сирек кеппін.
Батпастан күндіз-түні күн күлімдеп,
кеудемде жайқатылды жыр гүлім көп.
Якутша әнге бастым, жырға бастым,
қолымда қыздың қолы жып-жылы боп...
Сабырхан АСАНОВ
Арман ағысы
ӘЙЕЛ
Ұстазым Мәскен Сармурзинаға
Еркектен мықты әйелдер,
жасауға келгенде ерлікті.
Болсын ол қай жер, қай елде,
асыра түсер елдікті.
Қиылып тұрсын қас, қабақ,
маңдайдан қанша тер шықты.
Қос оған басы асқақ, ақ,
Алатау адамгершілікті.
Билемес бойын бос қайғы,
қуатын жүрек азық қып.
Қостайды, оны қостайды,
үлбіреп гүлдей нәзіктік.
Кеудесі көктен әрі асып,
тұрмайды ол бекер ісініп.
Әйелге әбден жарасар,
кішілік пенен кісілік.
Аяулы бірін ана ғып,
алсақ та біріне үйленіп,
әйелден біздер қалалық
ерлікті нағыз үйреніп.
Бар жұртқа бауыр, дос қашан,
бетімен ауыр қалқымас.
Белін бір буса, ешқашан
еркекке ұқсап толқымас.
Көрген жоқ одан құт қашып,
қаласың көрсең, бір жасап.
Әлемнің берік тұтқасы,
әйелді болар жырласақ.
Сізде, апай, мәртсіз, ірісіз,
сол жақсы жандар көзісіз.
Ол екеу болса, бірісіз,
ол біреу болса, өзісіз...
* * *
Оралдың даласы кең
қүшағың жетпейтіндей,
бір келіп, біліп кетсең,
есіңнен кетпейтіндей.
Оралдың өзендері –
өмір бір өз алдына,
тулаған сазандары
келеді көз алдыңа.
Көлдері қандай нұрлы,
саялы тал-бақтары,
ал, қызы, ал, қыздары
кімге жыр арнатпады.
Орал қырларында
мал жатыр қаптап қанша,
болса да қанша аязы,
болса да аптап қанша.
Халқы да халық емес,
секілді дала-бағы,
қарасаң ұшақтардан –
қаптаған қалалары.
Елдер де жатыр қанша,
ерлер де жатыр қанша,
тоқтатпас тірлік қамын,
күнді әбден батырғанша.
Сабырхан АСАНОВ
Арман ағысы
Бәйгеде бір-бірінен
алқынып оза ма аттар,
бар мұнда сондай алғыр
арынды азаматтар.
Күй тартып, дауыл тұрса,
алмайды қурай тыным,
бар қанша бауырларым,
кіл көсек турайтұғын.
Күй пірі – Құрманғазы,
Дина апам тіріліпті,
өнерден өр ұрпағы,
байқатса ірілікті.
Тұсаусыз қол-аяғы,
ойы да азат бүгін,
кел мұнда көрем десең,
қазақтың қазақтығын.
ЕКІНШІ БӨЛІМ
МЕН СЕНДЕРДІ СҮЙЕМ
ҚАНДАЙ, АДАМДАР
* * *
Берердейсің бәрің, бәрің маған бал,
көп сағынған көздеріме қараңдар,
мың-мың жылдан кейін әзер көргендей,
мен сендерді сүйем қандай адамдар!
Толып жатсын істеріңнің әттеңі,
көріскен кез қандай шекер, тәтті еді.
Бола ма бір мен деп еріп іштерің,
сәл де болса,
сағынатын сәттерің?!
Өздерің деп оянамын таң сайын,
алтын нұрға боянамын таң сайын.
Күнде көріп жүрсем-дағы сендерді,
қайтадан бір көрсем-ау деп аңсаймын.
Берердейсің бәрін, бәрін маған бал,
көп сағынған кездеріме қараңдар,
мың-мың жылдан кейін әзер көргендей,
мен сендерді сүйем қандай, адамдар!
* * *
Жатса орынды, орынсыз наз да айтылып,
Бірді жақын көремін,
бірді бөтен.
Аз өмірді аяқтай жаздай тұрып,
мың жасайтын адамдай тірлік етем.
Сабырхан АСАНОВ
Арман ағысы
Кейде есіңе ал,
дей ме әлде кейде есіңе ал,
әлде сәті бірге өткен дейді осы бал.
Жанарымды тұратын жарқыратып,
Қанша жанның гауһардай бейнесі бар.
Ана қымбат,
қымбат қой бала маған,
қала ма адам,
өлместен қала ма адам.
Кешіріңдер, ағайын, кешіріңдер,
кешіріңдер кезімді алалаған...
ҚЫРҒЫЗ, БАУЫРЫМ
Өскен Даникеевке
Қырғыз, бауырым,
азбас-тозбас ақылым,
шоң шайырым,
асқақтаған ақыным.
Алатаудың бір тұрған қос шыңыңдай,
сенсің менің ажырамас жақыным.
Сен де едің бір,
мен де едім бір жас арман,
қуанғаннан көзге талай жас алған.
Бір сауалға біткен екі бұрымбыз,
екі өзенбіз бір-ақ таудан бас алған.
Пейіліміз айнымаса теңізден,
біздің алған деміміз де егіз дем.
Бір кеудеге біткен екі емшекпіз,
өмір дейтін бір сәбиді емізген.
Бұл фәниде жолдар да көп, із де көп,
несіне оны жатам бүгін тізбелеп.
Ай менен Күн көріспестен кетсе де,
кете алмаймыз,
өте алмаймыз біз бөлек.
Соны сезіп бойда қуат, күш ақты,
ұнатпайтын майдалықты, ұсақты.
Бөлек-бөлек ұстап оны қайтеміз,
әпкел бермен бөлінбейтін құшақты.
Төрдей биік сахнаға кел, мына,
шыдап бақсын кеуде мына, бел мына,
кұшысайық,
қысысайық біз қатты,
айыра алмай шаршап бітсін ел мына!
Қырғыз, бауырым,
жолдар жатыр алда ұзын
артта талай қалды ізің, қалды ізім.
Өкпелемес өзге туыс, ағайын,
сенсің десем ең жақыным! жалғызым!
* * *
Әкемді көзбен көргендер,
шешемді көзбен көргеңдер,
әкем мен шешем өлгенмен,
өлмендер, сендер өлмендер.
Ұшпасын менің үрейім,
сендерге құлақ түрейін.
Көрінбес әке-шешемді,
көргендей болып жүрейін.
Заңына өмір бағынам,
десем де,
кімге шағынам.
Сендер бір көрген әкемді,
шешемді сонша сағынам...
Сабырхан АСАНОВ
Арман ағысы
Әкемді көзбен көргендер,
шешемді көзбен көргендер,
әкем мен шешем өлгенмен,
өлмеңдер, сендер өлмеңдер!
ҚАЛИЖАН АҒАҒА
Осылай ма екен мезгіл жарлығы,
кімге жетер ел-жұртының зар-мұңы,
өтіп кетіп жатыр мына өмірден,
аяулы, асыл ағалардың барлығы.
Талай үйде шайқатылды шаңырақ,
талай үйде жетім, жесір аңырап.
Кеше ағалар толып жүрген Алматы,
қалды бүгін босап мүлде, қаңырап.
Жалғыз өзі сезінгендей құнын ер,
шаршап барып көзін қара түн ілер.
Солқ-солқ етіп Алатауға сүйенді,
жұбатусыз қалған сорлы інілер.
Сендер еңдер бастан сипап, бағалар,
інілерің кімдерді енді жағалар.
Қайтқан құстай қатар түзеп жөнеген,
қош, қош, қайтып келмес, көрмес ағалар!
ҚАЛИЖАН
Қалижан Бекхожинге
Қалижан аға-ай,
Қалижан аға-ай,
Қалижан,
кең дала ең-ау етек бір жеңі далиған.
Күй біткен сен деп күңіреніп те күйініп,
бір сен деп және налиды өлең, налиды ән.
Қыз-қырқын жақты түйреп бір көздің отымен,
алпысыңды да қалпыңда жігіт етіп ең.
Ер маған десең,
ере алмай қалып бірде мен,
сол жалын жаққа жалғыз-ақ тартып кетіп ең.
Буып бір тұрған бойды бір мына арманды-ай,
өзіңсіз қалып,
өксіп бір тұрған бармаңды-ай.
Қойнында мына қоңыр бір күздің күн кешем,
ағасыз емес,
құрдассыз,
доссыз қалғандай.
Біз күткен қызық қанша еді келер алдан кеп,
кім білген оның кетерін бұлай жалған боп.
Алса, алды сені жандырып отты жастық шақ,
қалт-құлт бір еткен кәрілік әсте алған жоқ...
Қалижан аға-ай,
Қалижан аға-ай,
Қалижан,
кең дала ең-ау етек бір жеңі далиған.
Күй біткен сен деп күңіреніп те күйініп,
бір сен деп және налиды өлең, налиды ән.
МҰҚАҒАЛИҒА
Достарың үнсіз,
қастарың сайрап, мақтауда,
шығарып сені атақ-даңқ атты ақ тауға.
Мақтаса шулап шаршауды білмес қастарын,
достарың іштей мақтауды сол бір жақтауда.
Мақтаса мейлі,
солар-ақ сені мақтасын,
қысылмай қағып ар менен ұят қақпасын.
Сабырхан АСАНОВ
Арман ағысы
Екі мінезділіктен,
екі жүзділіктен дәл мұндай,
құдайым, бірақ, ұрпақты жап-жас сақтасын?!
Өтсін тек олар
адал да аппақ ізбенен,
жетсін тек бәрі
мұратқа асқақ іздеген.
Жақсылық атты–соларға қалып, қайрылып,
жамандық атты–кетсін де бітсін бізбенен!
СЕНДЕР БАРДА...
Академик М.Ф. Үркімбаевқа
Қазақтың демесем де арысымын,
қажетін қалап едім бар ісімнің.
Сондағы сүйенерім, сенерім де,
аз ғана өлеңім ғой Марс, інім.
Асауға өмір деген мініп едім,
демеймін мінезінен түңілемін.
Сондағы сүйенерім, сенерім де,
өзің мен
сен секілді інілерім.
Сондықтан шалқып, балқып жыр бастадым,
аппақ боп алда алар тұрды асқарым.
Сондағы сүйенерім, сенерім де
арыстай інілерім,
құрдастарым.
Бұлт боп бірде бастан ауар қайғы,
жауғысы келгенімен жауа алмайды.
Жандарым, жер бетінде сендер барда,
ағаңды ешқашан да жау алмайды!
Ісім жоқ артық па әлде, кем бе бағам,
тағдырдың тартқан сиын тендеп алам.
Есен-сау жүрсін десең мені еркелеп,
болындар сендер аман, сендер аман!
ТҰМАНБАЙҒА
Қыс созылып,
қар жатқанмен далада,
Сенің бүгің туған күнің, жан аға!
Сіз бен біз боп елендеумен келеміз,
көктем қашан келеді деп қалаға.
Өткен қашан келеді деп қалаға,
кеткен қашан келеді деп қалаға,
Жауқазындар жайқала алмай жатса да,
сенің бүгін туған күнің, жан аға!
Сенің бүгін бүгін туған күнін,жан аға,
лайықты-ақ жан едің ғой данаға,
Той өткізіп немереңмен қосылып,
айналдың-ау күнәсіз, пәк балаға.
Я, біздер күнәсіз ек, таза едік,
сондықтан да болар сонша аз едік
Сондықтан да көктем күліп қарсы алып,
соңымыздан қалмайтын-ды жаз еріп.
Төбемізде ақша бұлттар үлбіреп,
біз жырладық қыздарды көп, гүлді көп.
Қайғырдықта біреулері білмесе,
қуандық та біреулері білді деп.
Нұр шуақты өлең ғылып, ән ғылып,
Жастық отпен жүректерді жандырып.
Біз өлмейміз көктем аман тұрғанда,
көктем әні,
көктем жаны мәңгілік.
Сабырхан АСАНОВ
Арман ағысы
Қыс созылып, қар үйіліп далада,
көктем әлі кірмегенмен қалаға,
құтты болсын көз жанарың – немерең,
сенің бүгін туған күнің, жан аға,
сенің бүгін туған күнің, жан аға!
Т. МОЛДАҒАЛИЕВКЕ
Сен – Алатау,
мен – Сыр жақтан болсам да,
кейде тойып,
кейде мұздап, тоңсам да,
кішкентайдан
өстім сені ағалап,
әлге дейін
келем жанап, жағалап.
Күндіздей ғып
шамын жарық жақса ішің,
жайнамадың
арзан атақ, ақша үшін.
Бөлінбейсің
ауылға да, аймаққа,
жан біткенге
жаттығы жоқ жақсысың.
Арманыңда
көп болар-ау аңсаған,
күнде күліп
атпаса да таң саған,
алдымызда
аман жүрсің мойымай, мың шүкіршілік
етем бүгін мен соған.
Сыр да шерттің
сырласыңа ерінбей,
пейілің бар
дүниенің төріндей.
Ертелі – кеш
елең ете қаламыз,
бес-алты күн
төбең кетсе көрінбей.
Тілемейсің
елден ерек артық бақ,
әлің барда
алыстарға тартып бақ.
сені бүгін
келді дейді алпысқа,
жүзге де жет...
жеңгемізді қолтықтап.
* * *
Іште жатыр бір қайнар,
өзендер де сырнайлы.
Сырда туған Сырбайлар,
Торғай жақты жырлайды.
Етегі кең елімізде,
қаншама ақын жүр қызба.
Жерде жүрген менің де,
екі көзім жұлдызда.
Көкіректер от еді,
ұшса ойлар ғарышқа.
Ұмтылумен өтеді
адам алыс, алысқа...
ІЗТІЛЕУІМ ҚАЙТЫС БОП...
І. Керімқұловқа
Аппағын-ай Алатаудың, ақ таудың,
жарасады не түрі оған мақтаудың.
Сабырхан АСАНОВ
Арман ағысы
...Алыстағы Ізтілеуім қайтыс боп,
құлағыма келеді үні жоқтаудың.
Жарқыраған күн нұры ерек таралды,
жадыратқан барлық жанды, жаранды.
...Ауылдағы Ізтілеуім қайтыс боп,
менің ғана көңілім бүгін қараңғы.
Бөркіңді ал да, мейлі аспанға лақтыр,
қуаныш көп,
күлкі қанша... құлақ түр.
...Айналайын Ізтілеуім қайтыс боп,
менің ғана ішім бүгін жылап тұр...
КӨБЖАН АҒАҒА
Жоқ дегенді білмеуші еді
бара қалсақ алдына,
кеңейіп бір кетуші еді
дүние да тар мына.
Пана болу үшін жұртқа
туған сондай ағалар,
мына жарық дүниеде
қалмады ма, қалды ма.
Нұрлы жүзін есіме алсам,
езіледі жүрегім,
жарыменен жесір қалған
бірге мен де жүдедім.
Жақсыларын жалмап жатқан
өлім дейтін жауызды,
жоқ қылудың бұл адамзат
таппастан-ақ жүр емін.
Жалғызсырап қалмауы үшін
біз де артынан барармыз,
асқартаудай тұлғасына
алғыспенен қарармыз.
Өзі жоқта жұрттан көрген
қорлықты айтып, мұң шағып,
шер тарқатып көкіректен,
жеңілдеп бір қалармыз...
ҚАЙРАН, ШӘКЕ!
Ш. Қалдаяқовқа
Қайран, Шәке, сағынамын өзіңді,
Сағынамын жылы-жұмсақ сөзіңді.
ойда-жоқта кейде оңаша отырып,
Жасқа бұлап алам екі көзімді.
Сағынамын бірге өткізген күндерді,
Сағынамын бірге терген гүлдерді.
Алматыны, Алатауды аралап,
Шың басынан жұлдыз көрген түндерді.
Аспан астын жібердің де ән ғылып,
Тау мен тасты кезіп кетті жаңғырық.
Жұлдыздарға ұшып кеттің сосын сен,
бұл жалғанда қалу үшін мәңгілік.
О, Ұлыжан, сол кеткеннен мол кеттің,
Жөні осы ма өмір бітіп өлмектің.
Тып-тыныш боп қалған мына халықтың,
қайғы-дертін қайтіп қана білмекпін.
Бітірер ме бұл қасірет әлімді,
менің дағы күш-қуатым мәлім-ді.
Жырлайын ба өзің жайлы тұра қап,
Әлде айтып берейін бе әнінді.
Өзімде де емес еді дос көп бұл,
Сенсіз өмір қаңырап тұр, бос боп тұр.
Түбі әйтеуір кездесерміз сол жақта,
Ал, әзірше қош бола тұр, қош боп тұр.
Сабырхан АСАНОВ
Арман ағысы
Тірлік мынау шым-шытырық, шатылған,
Арман кейде құстай бейне атылған.
Жұлдыздармен бірге тұрған биікте,
Айналайын Шәмші деген атыңнан!
Айналайын Шәмші деген атыңнан?
ШӘМШІСІЗ ҚАЛДЫ...
(Жоқтау)
Шәмшісіз қалды – әнсіз қалды бұл өмір,
мағынасыз,
мәнсіз қалды бұл өмір.
Қыс созылып,
көктем шықпай кеткендей,
селт етпестен жансыз қалды бұл өмір.
Шәмшісіз қалды – нұрсыз қалды бұл өмір,
тасқын-топан жырсыз қалды бұл өмір
Қыз бен жігіт бақ ішіне бармастан,
айтысатын сырсыз қалды бұл өмір.
Шәмшісіз қалды – үнсіз қалды бұл өмір,
күліп тұрар күнсіз қалды бұл өмір,
айлы, жарық түнсіз қалды бұл өмір.
бәрі бір боп жақсы менен жаманның,
қуанышсыз,
мұңсыз қалды бұл өмір.
Күмілжіген көмейлерге шоқ толды,
бұл бізге бір төте атылған оқ болды.
Төрт құбылам түгел еді ол барда,
ол кеткен соң жоғалды да жоқ болды.
Барлығы бір,
маған дағы бәрі бір,
баяғыдай жайнар ма екен әлі гүл.
Балалары түк түсінбей аң-таң боп,
болған іске сене алмастан жары жүр.
Кеуделерді көп күйдіріп жайлады от,
бұл пәниде ақыл жетпес жай да көп.
Қалың ел боп жыламасқа не шара,
жылағанмен келер және пайда жоқ.
Күтуші еді тауда – соқпақ, құмда – жол,
дей алмаймын енді онда кел, мұнда бол...
Жер бетінде әсем әні шырқалып,
жер астында жатар үнсіз тыңдап ол!
ШӘМШІГЕ
Бір жыл болды сен кеткелі арадан
бір жыл бұрын бойға қайғы тараған
Бұл жүректің жазылатын түрі жоқ,
Бір жыл бұрын түскен сол бір жарадан.
Бір жыл болды сен кеткелі арадан,
кең даланда жылап қалды бар адам.
Бөлек-бөлек тусақ тағы анадан,
бірге туған секілденген, жан ағам!
АРДАҚТЫ АМАНЖОЛ
АҒАҒА!
Аға-жан, құтты болсын жетпісіңіз,
тарих боп болашаққа кетті ісіңіз.
Көп болса,
елулерге келді-ау деген,
жетпіске ұқсамай тұр тек түсіңіз.
Сіз жайлы өз ойыммен кеңесем мен,
жарасар жігітке де теңесем мен.
Мақтаймын деп отырып, аға, сізді,
араз боп қалар ма екем жеңешеммен.
Сабырхан АСАНОВ
Арман ағысы
Көп жылдар өзіңізбен көрші отырдық,
отқа да,
суға да сап көрсе тірлік.
Қорғандым кейде құйған жауындардан,
қамқор сол көңіліңізді қолшатыр ғып.
Ағасыз жаз күніндей жарқылдаған,
бүкпесі,
тықпасы жоқ сартылдаған.
Қысылам алдыңызда – жақсылығы
жан едім бір басынан артылмаған.
Тербеліп құшағында сүйген елім,
күніне тоқсан түрлі күйге енемін.
Көлеңке түсірмеген бір пендеге,
көп менің өзіңізден үйренерім.
Қоштасып көктемдермен, күздерменен,
келеміз өкше басып біздер деген.
Бір тұтам о, осынау қайран өмір,
кім білген, қымбат шығар сіздерменен...
ӘНУАР ҚҰДАМА
Әнеке, құтты болсын алпысыңыз,
Жүрегін жаулап жұрттың алды ісіңіз
Жігітке өзі сұлу, жаны сұлу,
Әрқашан дайын біздің алғысымыз.
Көргенде-ақ шіркін-ай деп жалтақтадым,
Араны алпыс қадам алты аттадым
Қалдым ба десем жалғыз жақсы көріп,
Жек көрер өзіңізді жан таппадым.
Көркіңе үлкендердің іші еріп тұр,
Іні боп құшағына кіші еніп тұр.
Тұрғаны-ай денсаулықтың менде болмай,
Дейтін бір кез келгенде ішелік бір.
Кеткендей құшағыма еніп ақ таң,
Өзінді құшу қандай еді мақтан,
Анаңнан, аймағыңнан айналайын,
Алтындай, гауһардай ғып сені тапқан.
Біреулер бос қиялға ереді көп,
Тоқтауы тиянағы дерегі жоқ.
Бір маған өзің аман болсаң болды,
байлығың, дүниенің керегі жоқ.
Өмірді дей алмаймын алдадым деп,
Қулықты бір қулыққа жалғадым деп.
Құдайым маған сіздей құда берді,
Ашығын айтсам, бүгін арманым жоқ.
Көтердің еркелесем әзілімді,
Тағдырым көрсетпесін әзір мұңды.
Сіздерді құшқандай боп құшақтайын,
Ақылды Эльмирамды, Әзімімді.
Жайнатса олар жаққан шырағы үйді әр,
Солар деп шығар ән бар, шығар күй бар.
Біздерге Ай емес пе, Күн емес пе,
Рая, Шолпан сынды құдағилар.
Осы бір алпамсадай қалпымменен,
Алдыңда сөз таба алмай алқындым мен.
Әнеке мен өзіңді құттықтаймын,
Тойында қаптап тұрған халқыңменен.
Сүңгісем мөлдір ойдың тереңіне,
Дей қоймас ешкім оның керегі не.
Әнеке, Сіз арқылы бақ тілеймін,
Қыз мүсін Көкшетаудың ер еліне.
Жатады жаздар өтіп, күздер келіп,
Көктемді Той болмаса іздер ме едік.
Той, той, той, той көбейсін аулымызда,
Жататын сіздер барып, біздер келіп.
Сабырхан АСАНОВ
Арман ағысы
Болмасын асып-тасып тұрар күшім,
Бір өзге жақындықпен бұрар да ішім.
Әнекем жүзге де жет, мыңға да жет,
Кекшені көктей ұшқан қыран құсым.
Жансың ғой жеген әр кез тәңір қамын,
Тойыңнан топты көріп, таңырқадым.
Кім деме мың жылдық қып құдай қосқан,
Бұл сенің Сабырханың, Сабырханың.
* * *
Жақсы жанның бәрі – досы, бауыры,
Уәлиев Қадырбектің ауылы.
Бұл – ауылы Қадырбектің аңқылдақ,
қырау қыста ұшар қарға қарқылдап.
Тауларда қонса қыран саңқылдап,
етек жақта елеңдейді шал тыңдап.
Поездары өтсе ырсылдап, арсылдап,
көпірлері көтереді тарсылдап.
Келіншегі сөзден ұтса қалжыңдап,
жігіттері қарта ойнайды қаржыңды ап.
Бірі – үнсіз,
бірі – арбадай салдырап,
ақса өзендер,
жағасында қалғыр бақ.
Келмегендей хабар қашық қалқадан,
бұлттары жауа алмастан тарқаған.
Секілденіп жанған еңбек жалауы,
заводтардың желпілдесе алауы,
Көңіліме салды бір күй, салды ырғақ...
Дейді мұны, дейді, досым, Жамбыл жақ.
РОЗА РЫМБАЕВА
Кішкентай,
бұлбұлдай қыз, бармақтай қыз,
қоймас-ау өзіне алғыс арнатпай қыз.
Кеудеге қып-қызыл ғып гүл өсіріп,
Роза қойып атын, ардақтаймыз.
Ескендей салқын самал белді айналып,
сыртынан жатады оның ел де айналып.
Шаншылып шыбықтай боп шырқағанда,
кетеді бар дүние әнге айналып.
Кетеді
бар дүние жырға айналып,
кетеді
бар дүние нұрға айналып,
Үстінде боз көденің бозторғайы,
кете алмай алысқа ұзап жүрді айналып.
Сылқылдап көк орайда бұлақ күліп,
бойында бұлақтың ол құрақ тұнып.
Қыдырған түні бойы қыз бен жігіт,
қалғанын таңның атып бір-ақ біліп.
Көңілді,
көздің жауын барымталап,
көрінген құбылыстың бәрі ынталы-ақ.
Теңіз боп егін шексіз толқынданып,
асау жел арғымақтың жалын тарап.
Сау басты жіберетін көп қатырып.
Бос шабыс,
ырду-дырду тоқтатылып,
күлімдеп
космонавтар қолын бұлғап,
күркіреп корабльдер көкке атылып...
Сабырхан АСАНОВ
Арман ағысы
Алымдым,
ақ саңлағым,
пырағым деп,
менің де кетер өлең құрағым кеп.
Ел-жұртқа,
...Ағайынға алыс-жақын
мақтанамын,
онымен бір қалада тұрамын деп.
ДӘУРЕНГЕ
Қырандайын қарап өсіп далаға,
қонақтадың Мәскеудейін қалаға.
жай қонбадың,
ғалым болдың, Дәуренжан,
әке болдың және екі балаға.
Қанша жеміс балбырасын бауында,
қанша рет төсін тоссын жауынға,
сақта есінде,
жалғыз ескен шынарсың,
Тұманбайдың жалғыз Алатауында
Амандық пен саулық тілеп басыңа,
сондықтан мен келіп тұрмын қасына.
Туған күнің құтты болсын, қарағым,
ұзақ-ұзақ жас қосылсын жасыңа.
Жүрегіңде,
жанарында нұры қап,
келеді әлі көктем уақ, жылы уақ
қыстың күні гүл таппастан жақыннан,
жыр әкелдім жүрегімнен жұлып ап...
ДОСТАР
Бірге өскен жандар қайда бұл күнде,
бірге атқызған таңдар қайда бұл күнде.
Соны ойласам,
теңіз күлкім тартылып,
сап тиылды-ау көп төгілмей бұл күнде
Қайда олар,
кімдерменен жүр екен,
кімдерменен мұңы, сыры бір екен.
Соны ойласам,
шырт ұйқыдан шошып бір,
оянғандай,
ой, аллам-ай, дір етем.
Көп толғанам кеудемді ойға талдырып,
көзіме де ып-ыстық жас алдырып.
Таңғы нұрдай тарқап кетті қайда олар,
кең дүниеде мені жалғыз қалдырып.
Оттар қаптап бықсып, жөнді жанбаған,
көкірегімде былдырлайды аңғал ән.
Басы тәтті басталған бұл тірліктің,
соңы қатты бітеріне таңқалам...
ҚҰРДАСТАР
Рүстем Төлебековке
Суға бірге сүңгіген,
бірге ойнаған асықты,
жарысып бір жүгірген,
жақын менен қашықты.
Қыста мұзға сырғанап,
тайып бірге жығылған.
Сабырхан АСАНОВ
Арман ағысы
сағындым-ау, құрдастар,
бұл сағыныш жасытты.
Арамыздан қыл өтпес
тату боп та жүруші ек,
қайтып енді көрместей
қату боп та жүруші ек.
Төбелесіп қалғанда
бірімізді біріміз
байқап қана ұрушы ек,
сипап қана тұрушы ек.
Дүрдигенмен топ-топ боп,
«біз мықтымыз, біз» десіп,
қалатынбыз қаңғырып,
қалатынбыз із кесіп.
Кетсек егер көріспей
бірер сағат, бірер күн,
бірімізді біріміз
жүретінбіз іздесіп.
Сағыңдым өз мінімді,
міндерімді сағындым,
өздеріңмен бірге өткен
күндерімді сағындым.
Доптаяқ пен қашардоп
ойнағанда қиқулап,
бар ауылды көшірген
үндеріңді сағындым.
Өздеріңмен бір барған
мектепті де сағындым,
бір кластан класқа
өтпекті де сағындым.
Бұрымдары селтиіп
бара жатса топ қыздар,
сол бұрымнан тартпақ боп
жетпекті де сағындым.
Бәрін-бәрін сағындым,
мен барлығын сағындым,
мұғалімдей қатал бір
жан барлығын сағындым.
Аққан судай тап-таза,
атқан таңдай аяулы,
алып-ұшқан сол шақтың
аңғалдығын сағындым.
Қу пысық боп отырмын
Алматыда мен бүгін,
таусылуға айналды
өмір дейтін кемді күн
Балалықтан жүгіріп
шаң қылған бар көшесін,
аңсамайды елді кім,
сағынбайды елді кім?!
Туған жерін әркім-ақ
тағдырына теңгерді,
Туған жері әр кімге
шырай берді, өң берді.
іліп қойдым жас қылып
мөлдіретіп кірпікке
Әсіресе сендерді,
әсіресе сендерді...
ҚАЙДАСЫҢДАР,
БІРГЕ ОҚЫҒАН ҚЫЗДАРЫМ?
Мен сағынар қыздар қайда бұл күнде,
мекен-жайы қай жақта екен білдің бе?
Оларменен бірге қанша қуандым,
оларменен бірге қанша күлдім де.
Көңілдері төмен түсіп, ортайып,
бәрі оның кетті ме екен қартайып.
Біреулері немересін жұбатып,
жатыр ма екен қалғып, мүлгіп, жантайып.
Сабырхан АСАНОВ
Арман ағысы
Біреулері шекісіп қап шалымен,
біреулері жаспын деп мен, әлі мен,
біреулері сан аурумен шайқасып,
күнін көріп отыр ма екен дәрімен.
Арманына бірі жетпей, жетіп те,
шүкірлікті бірі етпей, етіп те,
біреулері Ай мен Күнмен қоштасып,
бұл өмірден кетті ме екен өтіп те.
Бірі отыр ма деп бір тыным алса-ау деп,
жұлдыз сөніп,
шашқанша бір таң сәуле...
Ұмыта алмай қызыл гүлдей кездерін,
мен келемін бәрін әлі аңсаумен!
ЛӘЗЗАТ
Атың қаңдай,
затың қандай жақсы еді,
Ләззат десе,
ләззатты өмір шағысың.
Мың-сан қыздан таңдап алған тап – сені,
Керімбектей жақсы жігіт бағысың.
Басылмаған жүрек оты, желігі,
қатындарың қалжың айтып жағалар,
келісті боп келгеніне келіні
қуанады біз секілді ағалар.
Келе жатсаң күлім қағып, жарқылдап,
анық біздің қаларымыз бір жасап.
Сол бір нәзік,
сол бір асқақ қалпында,
сағынамыз күнде көріп тұрмасақ.
Көңілімді алғанмен сәл жасытып,
кешіксең де,
күткендейміз күн ұзақ.
Сапыр, сапыр, бұрқыратып, тасытып,
Алатаудың қымызы да қымыз-ақ.
Еркелетіп елде айтылар қалған ән,
атаң-енең кешкі іңірде толғансын
Адам-ата жаралғалы қанбаған,
шөл қансын-ай,
Ай астында шөл қансын!
* * *
Өзіңмен емеспін бір өбіскен де,
немесе,
қуанғаным көріскенде.
Ырзамын бұл дүниеге бірге келіп,
ай, Күнің нүрын бірге бөліскенге.
Осылай аз тірлікте ой теремін,
сыбырлап жүрек өзі айтар емін.
Ал, маған жетіп жатыр бір келгенім,
егерде бөлек келсем, қайтер едім?!
ЖАМАЛҒА
Өзіндей болмақшы басқа кім,
деуші ем ғой көз алмай көзіңнен.
Сені де ұмыта бастадым –
қорқайын дедім мен өзімнен.
Өзіңді аңсаған шақтарда,
Көз жасты қайтемін қалған кеп...
Тірлікті,
толған бау-бақтарға,
сондықтан атай ма жалған деп?!
Сабырхан АСАНОВ Арман ағысы * * * Сені көріп – қуанам, Сені көріп – жұбанам. Махаббатта болса егер, мендей болар дуанаң. Жағдайым жоқ күлгендей, Жан көрдің бе бір мендей. Қарай берем өзіңе, қайыр сұрап жүргендей. Жүрегімде – бір жалын мен соған-ақ ырзамын. Бермесең де садақа, қапаланбас бір жанмын. Үміт-гүлді отамай, келем әлі, о тоба-ай! Білген жанға бір мені бақытты ету оп-оңай... *** Сен ұстаған әрбір заттар бағалы, жүрегімнен жылы орын табады. Кеудемдегі бұрқақ сезім тасқыны, бітуге де, таяп-таяп... ағады. Ыстық демдер өртеуші еді Ай төсін, бұл ауылдың айтып болам қай кешін. Тоғай тынып, өзен беті жарқырап, сені әлі іздеп тұр ғой – қайтесің. * * * Шашым аппақ, өйткені жаным аппақ, аппақ жандар алаулап жалын атпақ. Жапырақпен шашымды жасырайын, келші жаным, қысылмай қалың баққа. Кұлпырайын көркіңнен күндіздей боп, көрінші бір жарқырап күндізгі ай боп жапырақтар жайқалса, арасынан екі көзім жайнасын жұлдыздай боп. Өліп-өшем, өртенем әлі бүгін, әрі бағым болар бұл, әрі мұңым. Жасыл бақта жолықсақ жарқ-жұрқ еткен, кетер ме екен білінбей кәрілігім, кетер ме екен білінбей кәрілігің... *** Төмендік көрмей көңілің, жарқырап жүрек жалындай, жалғыз бір қалған өмірің, ешкімге етсе жалынбай. Сықпаса көзден жасынды, қаптап кеп қайғы мұңайтар, ғазиз бір ғана басынды, патшадан кем деп кім айтар. Қылығы тәтті өлместен, қараса жарың бұралып,
Сабырхан АСАНОВ
Арман ағысы
бетіңе қарсы келместен,
ұл-қызың жүрсе тіл алып.
Біліп те тұрса халінді,
аға-іні келіп алыстан,
сипатпай жұртқа жалынды,
сен де бір жатқан арыстан.
* * *
Ей, жұлдыздар, мен сендерге ғашықпын,
көздеріңді тұрсаң бәрің ашып тым.
Күндіз дейтін күндей жарық әлемнен,
өздеріңе асықтым.
Жатасындар жусап көктің бетінде,
бірің – жақын,
бірің – қиыр шетіңде.
Емес әсте самалды түн пейіш – түн,
берекемді кетірген.
Көкірегім, мейлі, аздап мұңданса,
тұрам солай ойға батып тым қанша.
Таң алдында таңғалдырып әлемді,
Шолпан жұлдыз туғанша.
Ей, көктегі миллион жұлдыз, мың жұлдыз,
десек тағы барлығымыз бір жүрміз,
әлге дейін мына менің өзімді,
жылатады,
жұбатады бір жұлдыз...
* * *
Бір өмірде мен қаншама толғандым,
көктемдегі жауар бұлттай торландым.
Сені сүйген жанды ал, дейді бұл қазақ,
онда ісім жоқ,
өзім сүйсем болғаны.
Тындамаймын ол ақылын қазақтың,
жан рахатын тапсам дағы аз-ақ күн.
Өзім сүйген жанға ешкім жетпейді,
ортасында қалсам дағы азаптың.
Қысқа ғұмыр қателікті кешпейді,
қателессең,
қол сілтейді, қош дейді.
Өзім сүйем,
өліп-өшем өртенем,
кеудемдегі от онсыз жанып өшпейді...
СЕНІҢ КҮЛКІҢ
Қасыма кеп тұрып қана,
мойнынды бұрып маған,
қабағыма көз саласың,
жұмсақ-жұмсақ күліп қарап.
Содан кіріп дала сәні,
содан кіріп қала сәні,
ортақпын бұл ләззатқа деп,
Алатау да таласады,
Қаратау да таласады.
Қанша күлкі көрсе дағы,
сол күлкінді қаласады.
Биіктетіп аласаны,
ақша бұлттан ары асады.
Жер мен аспан,
Ай менен Күн
сол күлкімен жарасады.
Күнде күн боп түрегелсең,
көңлің әппақ тілек өңшең.
Біздің үйдің бағы болып,
күле бер сен,
күле бер сен.
Сабырхан АСАНОВ
Арман ағысы
* * *
Ақ тандай ақ шашымнан сүйші, жаным,
тартылмай тұрған бәлкім күй шығармын,
Күмбірлеп кетер ме екем ойда жоқта,
сүйші, жарым,
басыма үйші бәрін.
Сүйші, жарым, алда өмір бір қанша бар,
жараспас та бостан бос бұлданса жар.
Кім біледі,
мен әнге айналмаққа,
сәл-ақ нәрсе жетпестен тұрған шығар.
Тандар талай жарқырап атқан шығар,
күн де қанша қызарып батқан шығар.
Сүйіп келе жатқанмен өмір бойы,
бір сүюің кем болып жатқан шығар.
* * *
Әйелі өлген достарым,
қиылтып қара қастарын,
алып жатыр жас әйел.
Жүрем десем, жер көп қой,
күлем десем, ел көп қой,
өзің аман жасай бер.
Сағағыңнан қимастан,
базарынды тимастан,
тартсын тағдыр қанжарын.
Жүре берші қасымда,
қартаймайтын жасым да,
қонған бағым басымда,
сенсің жалғыз, жан-жарым!
* * *
Жасарамын өтіп кеткен күнді ойлап,
жүрген жері күндіз де ойнақ, түнде ойнақ.
Жасарамын жалын атып жанарым,
жалындайсың деп кім маған мін қоймақ.
Жасарамын сол сүйкімді қызды ойлап,
қыдырушы ек жатсын, мейлі, қызбай бақ.
Жіберетін ауық-ауық айырып,
сағынышқа толы астықты күзгі аймақ.
Жасарамын сол бір қара көзді ойлап,
жасарамын сол бір шырын сөзді ойлап.
Алатаудың ақ басында жүгіріп,
ала бұлтпен қатар ұшқан кезді ойлап.
Ойпырмай, ол неткен жап-жас ел еді,
жайқатылған жас бағының желегі.
Түу алыстан естіп сыңғыр күлкісін,
жасарамын,
жас боп қалғым келеді.
* * *
Ұйықта жаным,
өмірде көп шаршаттым білем сені,
ұзақ жылдар көтертпей бір еңсені.
Көп жүгірте берместен көр-жерлерге,
соңғы кезде қорғаштап жүрем сені.
Ұйқта жаным,
сен сөйтіп бір демінді ал,
теріс болмас мұны да білгенің дәл:
бұл өмірде
қаншама ренжісең,
бұл өмірде
соншама күлгенің бар.
Сабырхан АСАНОВ
Арман ағысы
Арман деген ауылды аралатқым
келіп еді –
оған да жарамаппын
ұзақ жылдар көз ілмей мені бақтың,
ұзақ жылдар көз ілмей бала бақтың.
Бала өсті,
мен де ес жиып қалдым,
сен үшін өз орнында сүйікті әркім.
ұйқта жаным,
әбден бір қанғанша ұйқың,
есесіне мен аздау ұйықтармын.
Дем алуға хақың бар дәл осындай,
қазақтың қамсыз жатқан даласындай.
Түрің қандай жайнаған түк қайғысыз,
демінді де асықпай аласың жай.
Кеш қонақтап,
күн де кеп батысымен.
ұйқта жаным,
жайлы осы жатысыңмен,
немерелер жетеді улап-шулап,
жетеді олар аппақ таң атысымен
Бәрі жақсы көреді бір өзінді,
Бір өзінді жұп-жұмсақ мінезінді.
Көрсе сені көздерін ала алмастан,
жүректері бәрінің бір езілді.
Махаббат бар бәрінің қарасында,
иіскейсің бір-бірлеп аласың да.
Жақсы көрем-ау сені әлге дейін –
мен де жүрем солардың арасында...
* * *
Бақыт деген не,
ренжітпеу мен жарынды,
беру ме әлде жүректі – қолда барыңды.
Кейде бір кейде кеудеңді кернеп кеткенде,
айтпақсың кімге қайғың менен зарынды.
Бақыт деген не,
жарыңа әлде сөйлемеу,
тілінді тістеу,
қой дейтін жерде қой демеу.
Бәріне көну,
бәріне төзу не десе ол
осының дұрыс деген бір болып ой – демеу...
Жо-жо-жоқ, жаным,
бақыт деген ол – күресу,
қажет боп жатса,
жеткенше әлің тіресу.
Құлдыққа көнбеу
Нұр болсаң егер, бір саулап,
самал-жел болсаң, сай-сала қуып бір есу.
Ақ бұлақ болып,
қатар бір ағып күлісу
ақ шыңдар болып,
қаз-қатар бірге тұрысу.
ақша бұлт болып,
көктемгі көкте құлпырып,
алаулап, лаулап бір ұшу.
Жөн-жосық осы тірліктен мынау мен күткен,
әйтпесе, кетіп қаламыз жұрттық, елдіктен.
Шырылдап тұрған бір жерден бақыт шықпайды,
шығады бақыт тек қана тепе-теңдіктен.
Сабырхан АСАНОВ
Арман ағысы
ҮШІНШІ БӨЛІМ
КҮЗ КЕП ҚАЛДЫ
«ЖАБЫҚ» ЖАЙЛАУЫ – 1
Бұл неткен жер ырыс-құты қашпаған,
шыңын-құзын шырша әдіптеп тастаған.
Самал желі саумал қалпын сақтаған,
болмаса аңдар,
адам жиі баспаған.
Өзендері күркіреген кеш болса,
салтанаты арта түсер көш қонса.
Алыстағы қалқаң еске түсетін,
жарқыраған ай, жұлдызы есті алса.
Тербетіліп қызыл-жасыл гүлімен,
тебіренер шегірткелер үнімен.
Қасқырлары қалжыңдасып иттермен,
аюлары амандасар түнімен.
Меруерттей мөлдіреген шығы бар,
тазалықты содан үйрен, ұғып ал.
Қыр басында тұрып қатты жөтелсең,
қарсы беттен елеңдесер бұғылар.
Ақша бұлтты әр таң сайын ерте кеп,
аспанынан қарар күліп, еркелеп.
...Қуанышқа қосатындай қуаныш
таудан асып келіп қонған вертелет.
«ЖАБЫҚ» ЖАЙЛАУЫ – 2
Тәнді өртенген ақ жаңбырмен мұздаттық,
жүректерді сағынышпен сыздаттық.
Ақ бұлттардан басқа ару, сұлу жоқ,
тау басында,
қар қасында біз жаттық.
Көп–көп ойлар түйдектеліп, топ болып,
көкіректе қарадай кеп шоқ болып,
Қарағаймын бірге жанып қара үйде,
шаңырақтан ұшып жаттық от болып.
Алқындырып алау бойда асқанда,
солай-солай тарап жаттық аспанға.
Көп жарыққа кеттік біздер қосылып,
түнгі аспан жұлдыздарын шашқанда.
Тұрдық солай түнгі аспанда өрт болып,
кеудемізге шаттық толып, дерт толып,
Алыс қалған Алматыны, сені ойлап,
көрсек деген көздеріміз төрт болып...
«ЖАБЫҚ» ЖАЙЛАУЫ – 3
Жазды күні жайлауда
тау басында жатқан ел,
қызығына жалғанның
оңашада батқан ел.
Күн астында қоныстап,
ай қасында жантайып,
арасында жұлдыздың
дәмін-тұзын татқан ел.
Көкке тиіп төбесі
отырып от жаққан ел,
күнде төккен бұршақтан
Сабырхан АСАНОВ
Арман ағысы
алқа-моншақ таққан ел
Ақ бұлттардың үстіне
ақ қойларын өргізіп,
алдырмастан ит құсқа,
аман-есен баққан ел.
Өздері еткен еңбекті,
ерлікті де аңғармай,
жүздеріңде жайылған,
жарқыраған таң бардай
Отырыстар шалқайып,
шың басыңда шай ішіп,
бұл жерден де биікте
ел бар десе, таң қалмай...
«ТАСБҰЛАҚ» БАСЫНДА
Басында қайнап жатқан «Тасбұлақтың»,
қайнадым мен де өзімше тасқын аттым.
Көзді де,
көкіректі де малған нұрға
демеймін «Тасбұлақты» босқа ұнаттым.
Ай-һайлап аунап жатты алаңда әркім,
аунамай мен несіне алаңдармын.
...Көрінді көктем сонда неге көркем,
көңлі ме қасымдағы адамдардың?!
Жырласа дәл төбеме бозторғай кеп,
мақтаған бұл өлкені достарда ой көп.
...Құлаған қарсы беттен қора қойдың,
қозысы көрінеді қошқардай боп.
Еңбегін бағалап жүр Отан-ана,
көкірек бостан-босқа от ала ма:
Елге еткен еңбегінің арқасында,
сөйлейді есіп-есіп шопан аға.
* * *
Талай жылғы мұңымен
жатыр таулар бүк түсіп.
Жасыл шөпке түнімен,
жұлдыздардан шық түсіп.
Әдетімен жатса әр күн,
су сарқырап ойдағы.
Түнде қандай сап-салқын,
«Жабықтың» бұл жайлауы.
Келген ем бұл жұмақты,
қайту үшін бір көріп,
елеңдетті құлақты,
пысқырған ат,
үрген ит...
ЖАҢБЫРДАН СОҢҒЫ
ТАУ БАСЫ
Көрмеген соң күтім көп,
деу қиын аспан бүтін деп.
Жаңбырдан соң жатты үнсіз,
Алатау басы түтіндеп.
Таппаған соң жан сабыр,
көз тіктік шыңға қанша бір.
Арасында от жағып,
отырғандай малшы ауыл.
Қасында күлсе атқан таң,
жұлдызы бірде жаққан шам.
Сол ауылда жүргендей,
бұрала басып ақ қалқам.
Көп гүлдер өсіп, қауласып,
көп ошақ оты лауласып,
Сабырхан АСАНОВ
Арман ағысы
Жатады солай түтіндеп,
жаңбырдан соң тау басы.
Қасынан ұзап кете алмай,
не айла, амал ете алмай,
қызықсам дағы канша оған,
жете алмай жүрмін, жете алмай...
07.05.1991
* * *
Үйімнен шығамын жыр аулап,
ақ арман кеудемде бір аунап.
...Жаңбырдың астында дірдектеп.
Қаймығып,
қамығып тұр-ау бақ.
Япырмай келген бе күз күні,
байқамай қалғанбыз біз мұны.
Қалайша байқамай қалғанбыз,
жаз бойы жүріп бір үздігіп.
Хош, хош, жаз,
қымбат жаз, махаббат,
сенде бар абырой, атақ-ат,
жата қап сыңсысам қайтеді,
сыз жерге,
су жерге жата қап...
* * *
Жақындап жаз бітеді, күз келеді,
жайылып сап-салқын боп түзге лебі.
Жапырақ қатты желден қалтырайды,
дегендей: «үзбе мені, үзбе мені».
Секілді хан базардың тарқағаны,
жайлауда жабырқаудың артады әні.
Қайтады түстігіне қаптап құстар,
жинасып болса астықты арқадағы.
Менің де жазым бітіп, күзім жақын,
жанымның жапырағын үзіп жатыр.
Пайда не арта түскен ақылдан бұл,
қалмады түр-түсім жұрт қызығатын.
Кеп-кеше бақтарға еркін енетінбіз,
қызыққа таусылмайтын еретінбіз.
Солардың бәрі бүгін қайда кетті,
қалдырма қилы ойларға, келетін күз?!
* * *
Жапырақсыз қалған талдардан,
айырмам қайсы бұл күні.
Жандарға байқап, аңғарған,
күлкім де менің бір түрлі.
Жарқырап жүрер күнде мен,
жас күнім қайтып келер ме?
Мен дағы көктеп, гүлдегем,
дегенге біреу сенер ме?!
Аяқты әрең бастық шақ,
кездерде жаңбыр төккен көп.
Жақтырмай жүрсе жастық шақ,
оған да онша өкпем жоқ...
* * *
Отырғам жоқ кінәні әсте артқалы,
көктемге де,
жазға да мен, далам-ау.
Шаш ағарып,
жасым егде тартқалы,
күзді де осы жақсы көріп барам-ау.
Сабырхан АСАНОВ
Арман ағысы
Жүрегімде әлсіз ғана маздайды от,
жүрегімде айрылған ән, жырынан.
Жанбағанмен көктемдей боп, жаздай боп,
күздің майда шуағына жылынам.
Кеудем бүгін бұрынғыдай жанбады,
неге болсын көнгендеймін өз басым.
Жапырақтың жерге тынбай тамғаны,
түсірді еске мүнлы жанның көз жасын...
04.10.1992
* * *
Күн батқан, шайдай ашық жасыл аспан,
Алатау аңсайды бұлт басын басқан.
Ырғалтып ызғар соқса, жапырақсыз,
ағаштар аркаларын қасыласқан.
Қар да жоқ, бораған жоқ боран әлі,
қыздардың жұп-жұқа әне орамалы.
Қаншама дегенменен күз ғой деп бұл,
кәрілер қымтанады, орамалды.
Шығыс жақ бірте-бірте қоюланды...
Алқынып алып қашар ойы ұланды...
Көк сүзген көп қабат үй қабырғасы
жанған көп тереземен оюланды.
Ағылған автобустар кетті ме іліп,
көшеде тына қалды көптің үні,
Қысылмай қысқа қарай қадам басып,
Тым әсем Алматының өтті күні.
Кеудемнен түлеп тілек, мұрат талай,
тұрған сол орнымнан бір аттамай,
көмескі көк жүзіне көз жүгіртем,
көңілім жер бетіне тұрақтамай...
* * *
Сары жапырақ ұшады қыс қайдалап,
сары түтінмен денесін ыстайды алап.
Көкшіл аспан түбінде қатқан мұзбен,
бара жатыр түстікке құс тайғанап.
Алатау тұр орнында,
мен де тұрмын,
сары арғымақ секілді белде тұрмын.
...Сап-сары күз қойнынан суырып ап,
көктемге тоғыстай бір, кел де, құрбым?!
* * *
Күз келеді-ау жапырақтарды сарғайтып,
жаңбыр төгіп,
жауады ма қар қайтып.
Төрт мезгілін жылдың баққан синоптик
секілденіп
отырам ба барды айтып.
Күз келеді-ау,
келер менің күзім де,
өшпейтұғын ізі қалып жүзімде.
Кеуде ішінде сарғаяды жүрегім,
жастық шақтан бір сағыныш үзілмей.
Күз келеді-ау,
айналаның бәрі күз,
өзен-көл күз,
тау-төбенің жары күз.
Бойымызды билеп-төстеп бір аңсау,
күзге айналып барамыз ба бәріміз?!
* * *
Жаздағы жасыл жапырақ,
сарғайып күзде құлады.
Сабырхан АСАНОВ
Арман ағысы
Сағыныш буған атырап,
сыңсып бір тұрып жылады.
Күндерге кеткен айтты алғыс,
сыңқылдап таудың бұлағы.
Қиқуға басса қайтқан құс
құлағым содан тұнады.
Қой-қойға енді көнбестей,
жаңбырда төпеп жауды кеп.
Көктемді қайтып көрместей,
жанарым тұрды жәудіреп.
Әзірге қыстың алдағы,
білінбесе дағы ызғары.
Түсіп бір сезіп салмағы,
жүрегім қанша сыздады.
Жаздағы жасыл жапырақ,
сарғайып күзде құлады.
Сағыныш буған атырап,
сыңсып бір тұрып жылады.
23.09.1990 ж.
* * *
Ұшады жапырақ,
төгеді суық жаңбыр,
айнадай жарқырап,
асфальттар жуылған бір.
Арыстанша атылып,
жел қатты,
жел екпінді.
Мұң-шерге батырып,
күз жатыр елеп кімді?
* * *
Айрылып жапырақтан селдіреген,
ағаштар, арандағы мен бір емен.
Қарамай арып-талған түрімізге,
келіңдер, жыр жазайық мөлдіреген.
Дүние десе дағы толған ақын,
ойлар көп, жайлар да көп толғанатын.
Таңғы ауа ызғарында дірдектеген,
аяулы ағаштарым – қолғанатым.
Жарқырап қайыңның ақ күн білегі,
көк терек көзін әрең түнде іледі...
Әрқайсың әсем ән боп тумасаңдар
жазар ма ем, жазбас па ем жыр, кім біледі.
Сендерді таңғы нұрға шуақтаған,
көрем де, бітеді бір қуат маған.
Тіл қатпай, теріс қарап тұрасыңдар
баладай өкпелеген, жұбатпаған.
Қойғанмен күн бозғылт бу іліп, сәндеп,
төбеңнен төгер жаңбыр бұлт сан көп.
...Құшақтап ту сыртыңнан әрқайсынды,
мен тұрмын бәрінді бір жылытсам деп.
Мен тұрмын бәрінді бір күлдірсем деп,
томсарған тыныштықты бүлдірсем деп.
Күмістей қыраулы күз қойнында да
махаббат, қызық барын білдірсем деп...
Айрылып жапырақтан селдіреген,
ағаштар арандағы мен бір емен.
Қарамай арып-талған түрімізге,
жабылып жыр жазайық мөлдіреген.
Сабырхан АСАНОВ
Арман ағысы
* * *
Тағы да
салқын тартып күз келеді,
көңілді бір бөледі,
жүз бөледі.
Біреулер
келбетінен көрсе қарттық,
біреулер
күлім көзді қыз көреді.
Дегендей
жұртты естен тандырып ал,
тау тұрар
дауыстарға жаңғырып әр.
Ала-бұлт
арлы-берлі көшсе аспанмен,
басында
ақындардың тағдыры бар.
Бар онда
астығың да, жастығың да,
мейірін
шашты дала, шашты құмға.
Ел-жұртқа
ойлайтыны кілең достык,
ісі жоқ
қара ниет қастығында.
Өзі әсте
көрсетпейді ойран қылық,
арманға,
аңсауға алыс бойды алдырып,
көлбеңдеп көк жүзінде тұрғаны сол,
жердегі
жан біткенді ойландырып.
Ой-хой күз,
баурайдағы бауы-сағым,
қырман-қыр
шашып жатыр бауырсағын.
...Бір ойды жөндеп ойлап болмай жатып,
біріңнен
біріңе өстіп ауысамын...
07.09.1982 ж.
* * *
Іріген бұлттар төмендеп,
төгіліп кетер секілді.
Әйтеуір менің төбемде,
тұрмауға тыныш бекінді.
аяқты жылдам басты да,
сезді ме соны адам көп.
Қол шатырдың астына,
кірмеске енді амал жоқ.
06.01.1995 ж.
* * *
Биылғы күз жаз секілді,
тауқыметі аз секілді.
Қартаймайтын көңілдей боп,
өзіне өзі мәз секілді.
Қаншама артта қалдырды айды,
шаршамайды,
болдырмайды.
Биылғы күз жаз секілді,
сарғайғанмен, тоңдырмайды.
* * *
Ауа таза қылаудан,
жөн де жоқ дабыл қағарлық.
Ағаш пен талдың
қыраудан
кеткендей шашы ағарып.
Сабырхан АСАНОВ
Арман ағысы
Шарт аяз бетті шымшыған,
тымаудан дем де айықтым.
Бораннан кейін тыншыған,
осындай бойы Жайықтың.
* * *
Жапырақ сарғайып,
желге ұша бастады-ау,
тағы да күз келіп,
жанымды жасқады-ау.
Бау сұлық кешегі,
қуантқан күлдіріп,
өмірдің өтерін
бітерін білдіріп.
Жабырқап жер мен көк,
жыр-мұңын толғаса.
...Болмас ед осы өлең,
осы күз болмаса.
* * *
Қар жауады,
қар борайды теп-тегін,
құшағына
қыстың сүңгіп кетті елім.
Ай әлемге
әппақ болып қарайды,
опаланып
алған таулар беттерін.
Күн нұрына
шағылысқан кездерін,
көріп қанша
қуанады көздерім.
Қаумалана
тұрған қалпын құшақтап,
сүйіп-сүйіп
алғым келер өздерін...
* * *
Ақ қар басқан далада,
аппақ ойлар ойлаймын.
Қайтпай сонау қалаға,
қалып неге қоймаймын.
Таныс үні құлаққа,
тыңдай қалсаң тұра қап.
Қала – жақсы,
бірақ та,
дала деген – рахат!
Құмармын мен далаға,
құмармын мен ғашықтай
Қайтсам да сол қалаға,
қайтайыншы асықпай...
* * *
Ағаштар да адамдардай екен-ау
қар басқанға қалыпты сәл мұңайып.
Жақсы күнін жазғы – медет етеді-ау,
қысқа мына тағатындай мың айып.
Қатуланып қарау да жоқ жасқанбай,
естілмейді ерегіскен ұрысы.
Тарқамайтын қайғы иығын басқандай,
ұнамды бірақ сұлық тұрысы.
Тапса қайрат талмай, тынбай тіресер,
кім оларға деген енді жақ ашпа...
Күлімдейтін күні үшін күресер,
адамдардай болу қайда ағашқа?!
Сабырхан АСАНОВ
Арман ағысы
БИІК ҮЙЛЕР
Биік үйлер қалада
бара жатыр көбейіп.
Қала түгіл далада
қаптаса олар не дейік.
Жұлдыздар көз ашқанда,
бірге жанар үстінде от.
Тіреуі жоқ аспанға,
тұрады олар ұстын боп.
07.10.1991 ж.
* * *
Алматыда нөсер төкті, жел тұрды,
қуып кетті ықтасынды ел түрлі.
сабаласқан құшақтасқан ағаштар.
жас күнімді көз алдыма келтірді.
Алматыда нөсер тоқтап, жел тынды,
рахатқа батқан қала желпінді.
Жапырақта күліп тұрған тамшылар,
көз алдыма күлген қызды келтірді.
Байқадың ба мұны қалқам, жас қалқам,
кіліт болып көңіл құлпын ашқан сан.
Көп жуынған баулар қандай көгілдір,
көшелер де қандай таза басқан шаң.
Менің дағы кіп-кішкентай бауым бар,
қара бұлттар деймін бермен ауындар,
қалаға ұқсап оған дағы керегі,
жұлқылаған дауылдар мен жауындар...
* * *
Ағады тау өзені айқай салып,
таң қалып басын көктен шайқаса бұлт.
Бір өлең көкірегіме күркіреп кеп,
деп тұрам: ал, кәнеки, байқасалық!
Көрмедім тау өзені тасуын жай,
бұрқырар жақсылардың ашуындай.
Тырп етпей тұрар қарап шырқау шыңдар,
айтылған ағалардың басуындай.
Аға бер,
асау өзен, әлің барда,
бекерден бекер бұл жұрт жалындар ма.
Қуатым менің – күндей қызу өмір,
бақытың сенің – бітпес қалың қарда.
Ағып қал,
асау өзен, әлің барда!
* * *
Нұрлы Алматым қала берді
айналды да туыма,
ұшып кеттім ердім дағы
арманның аққуына.
Денсаулықтың арқасында шипалы,
түсе алмадым Алакөлдің
мөлдіреген суына
Жатты Алакөл жылт-жылт етіп
күн астында күмістей
жағалауға жеткен толқын
тұра ала ма күліспей.
Алыстардан аңсап келіп
құша алмаған қалқашын,
жандай болып тұрса егер де,
өкінбейді кім іштен.
Сабырхан АСАНОВ
Арман ағысы
Жат Алакөл, жата берші
жанарымдай жарқырап,
Көргенімнің өзі сені –
жарты дәулет, жарты бақ.
Құс та емеспін, адаммын ғой.
қалар едім әйтпесе,
шағалаң боп аспанында,
мәңгі-мәңгі қалқып-ақ...
* * *
Ағаштар тұр көктем-нұрға жете алмай,
қар мен мұздың қыспағынан өте алмай.
Жапырағын жаю деген арман боп,
бүршіктерін жаруға да бата алмай.
Қыс та бітер жер мен көкті бораны ап,
көктем келер қыр мен ойды аралап.
Жанарларды жарқылына толтырып,
жүректерді жұмсақ гүлмен орап ап.
Қоштассам да қашан қатар-құрбыммен,
жастық шақта бірге ойнаған, бір күлген
Қатып-семген ағаштардың қасында,
бұл көктемді бірге күтіп тұрмын мен.
* * *
Неге азайып кетті аспанда құстар бұл,
жылы жаққа барып ыңғай қыстар бір.
Бомбей ме еді,
барар жері Дели ме,
әлде, әлде,
аңыздай бір Стамбул.
Неге азайып кетті аспанда құстар бұл.
Болмағанмен жылап өскен жетім де,
қалтыраймын күзгі желдің өтінде.
Кеткелі құс аспанда бұл азайып,
жалғызсырап кеттім жердің бетінде.
болмағанмен жылап өскен жетім де.
Құстар, құстар,
көбейіп бір қайтыңдар,
жарқыраған күндіздер бар, ай–түн бар.
Қиқуласып көктем мен күз төбемде,
жалғыз емес екенімді айтыңдар.
Құстар, құстар,
көбейіп бір қайтыңдар?!
18.11.1991 ж.
* * *
Күн жауып түніменен,
күн жауып күніменен,
жапырақ жерге құлап,
күз келді шыныменен.
Түн суып кетті мүлдем,
күн суып кетті мүлдем.
Жаз бойы жалын атқан,
жауратты бетті мүлдем.
Өткен күн кетер ме естен,
кеткен күн кетер ме, естен.
Жабығып тұрғанымды-ай,
сіркем су көтерместен.
Қайда енді таң шырайлы,
қайда енді ән шырайлы.
Сап–салқын тамшымен бір,
суық жыр тамшылайды...
* * *
Балапандар барады мамаларымен бірге,
көпті көрген көне көз даналарымен бірге
Кейін қалып барады кең жазира өлке,
үлкен-кіші қаптаған қалаларымен бірге.
Сабырхан АСАНОВ
Арман ағысы
Ыстық еді қаз басып тұрған жері сондай,
ертелі-кеш сан сайран құрған жері сондай.
Балапандар барады түстікке асып,
қарай-қарай қимастан туған жеріне сондай.
Қош, қош қайтып көргенше балапандарым-ау,
сендерсіз де атпақшы дала тандары мынау.
Көк аспанды сипаңдар – қолымды созсам,
көз ұшында қалқыған алақандарым-ау...
ӘЗІЛ
Білем, білем,
қалады жұрт қаламай,
өзге түгіл,
деп білемін мін – өзім;
елуден де асқаныма қарамай,
қыз таңдаймын,
қызық тіпті мінезім.
Бетім – быж-тыж,
жүрек лаулап жанбаса,
туламайды бұрынғыдай қан да аса.
Не болар ем.
қыздарды мен таңдамай,
құдай ұрып,
қыздар мені тандаса.
Сәл кідіріп,
шүкіршілік етемін,
көкірегіме әлде қайдан ауады от.
Қызды көрсем,
қайта жайнап кетемін,
әй, дауа жоқ,
маған әсте дауа жоқ!
* * *
Қолыма мен алған сайын қаламды,
көкірекке қанша ойлар қаланды...
қала, дала,
өзен, теңіз, тауымен,
таңғалдырмақ едім мына ғаламды.
Салтанат қып сабылған сан күндерді,
дегізбеші ем қалай бәрін үлгерді.
Барлык көзді бір озіме қаратып,
құшпақшы ем барлық, барлық гүлдерді.
Үлкендерден алғыс алып аталық,
кішілерге шын қамқоршы атанып,
кербез сұлу келіншектен, қыздардан,
тұрмақшы едім қаптаған бір хат алып...
Қиял екен,
қалды бәрі кейінде,
қырықты асқан кезіме бұл дейін не;
жалт қараймын сыңғыр қаққан күлкіге,
жалтақтаймын еміс-еміс кей үнге.
* * *
Кім білген,
күнде сайран құрмаспыз деп,
көктемдей
гүл ырғалтып тұрмас па із көп...
...Жалт қарап,
жанарымды жарқ еткізіп,
жастық шақ
өте шықты-ау бір жас қыз боп.
Бір жерде
дүр сілкінтіп жүр ме көпті,
білмеймін
қайда барып ірге тепті.
Сабырхан АСАНОВ
Арман ағысы
Күлкім де,
куанышым,
қызығым да,
әйтеуір,
сол қызбенен бірге кетті.
Бар әлем
айналғанмен той бағына,
сыймаймын
қырға мына, ойға мына...
Жанары жәудіреген сол қалқамнан,
аң-таңмын қалай қалып қойғаны ма?!
07.03.1983 ж.
Дей көрмендер: бұл ештеңе ұқпайды,
жасаураған жанарымнан шық тайды.
Қыз өзі кеп кіретұғын құшаққа,
шақырсам да,
ешкім басын сұқпайды.
Күндер мынау – бәрі жаңбыр, бәрі бұлт,
өткен күннің болғаны ма бәрі ұмыт.
Жұрт ішінде жалғызсырай беремін,
жақындап-ақ қалғаны ма кәрілік.
Әлі кеткен аяқты да бастық шақ,
төбе көрсек,
тау көргендей астық шақ.
Айбат шегіп айға азуын білеген,
қайда кеттің қайратты шақ, жастық шақ?!
* * *
Болғандардың бәрі де болмағандай,
кім бар оны болды деп қолдағандай.
Су секілді бәрі де сусып өтті,
бір дәлелі көрініп қолда қалмай.
Соны ойласам түсемін күйге мұңды,
қайнап ішім,
қайтерсің күйгенімді.
Ақ таулардың қасында аппақ қылып,
кім рас дер өзіңді сүйгенімді.
Бәрі өтірік,
бұл күні бәрі өтірік,
мойындауға айналсам мен отырып,
азан-қазан етеді өмірімді,
сансыз сезім бойымнан өре тұрып.
Ойнап еді өртеніп отпен кімдер,
жұрт жетпейтін мұратқа жеткен кімдер....
Жақсы еді ғой
көргеннен көрмегенім,
жақсы еді ғой
білгеннен білмегенім,
құрттыңдар ғой діңкемді өткен күндер!
* * *
Көңілім, алып қашпа, алып қашпа,
хал басқа,
қазір менде қалып басқа.
Қыз, қыз деп өмір бойы қылқылдаудан,
бұл адам жаңылмас па, жалықпас па?!
Есімде гүлді шағым, таңғы шағым,
мен одан ұзап бүгін алға ұшамын.
Шөлейттің ортасына біткен баудай,
құбылып көз ұшында қалды сағым.
Оралмас ол шақ енді аңсағанмен,
тандайдан кетпей дәмі тамсанғанмен.
Көз жасын көрсетпестен ішке жұтып,
жарасар мұң шаққан бір қалсақ әнмен...
Сабырхан АСАНОВ
Арман ағысы
* * *
Елеңдеме, елеңде,
қыздар гүлдей өнеді-ау,
сенікі емес дегенде,
көңілім қалай көнеді-ау.
Қуанышым, «Күнім» дер,
қыздар,
қыздар күліндер,
қимай жүрген сендерді,
көкең барын біліңдер.
Жылға санап әр айын,
өкінбеймін өткенге.
Күзде тұрып қараймын
көп құлпырған көктемге.
Өзегімді өрт қамшылар,
кетсем сонда қызығып,
кірпігімде тамшылар,
таң шығындай тізіліп.
Бірақ та оны кім көрді,
көрмес жерге жеткен ем.
Сүйем келмес күндерді,
жылдарды да көптеген.
БІР КЕЛМЕДІҢ-АУ...
Бір іздеп келмедің-ау
сағынсам, сенбедің-ау.
Бірі үміт болып жанып,
кеудемде сөнбедің-ау.
Сөнбеген сәулелерім,
мен де бір дәурен едім.
Бар болып тұрып жоқ боп,
Бостан-бос әуреледің.
Әлемде айы да әсем,
орнықтың ойыма сен,
қинамай
қайтар мені
қалдырсаң жайыма сен?!
ЕРЛЕРДІҢ «ҚҰПИЯСЫ»
(Әзіл)
Сұрамай атын, жасын да,
Тоймадық рас, қоймадық,
жатып ап әйел қасында
қанша бір қызды ойладық.
Білдірмей оны тіріге,
ынтық боп күнде, асық боп,
қайсы да қайсы біріне,
қалмадық сәл-ақ «ғашық» боп.
Көрісіп жиі, достасып,
кірпіктен шықтар тамса шын,
қоштаспас жерде қоштасып,
ұзатып салдық қаншасын.
Түсіп бір түрлі күйге көп,
өртеніп сосын, тым күйіп,
қанша рет жаттық үйге кеп,
түк білмес жандай тымпиып.
Жарлардың жүзі ызғарлы,
әлі де бірақ қоймаймыз,
қыздарды,
қайран қыздарды
алыстан ғана ойлаймыз...
Сабырхан АСАНОВ
Арман ағысы
* * *
Соғады ойлар,
соғады жолдар соққандай,
тынбайды бір сәт,
сабыры оның жоқ қандай.
Өтінде оның үрленген кеуде, жүрегім,
қалар ма жанбай,
қалар ма қызыл шоқтанбай.
Соғады ойлар,
үйіріліп, ұйтқып соғады,
екпіні қатты,
бәсеңси қойған жоқ әлі.
Сондықтан болар,
еңсем де төмен түскен жоқ,
сондықтан болар,
көңілім де менің жоғары.
Соғады ойлар,
аңсамас күнді аңсатып,
көзімнен жас шақ қапылыссыз қалса атып.
Іңгәлеп ұзақ жылаған сәби баладай,
жанымды менің,
тәнімді менің шаршатып.
Соғады ойлар,
бойдағы қанды тулатып,
соққаның сенің бір қуаныш, бір бақыт.
Құйғытып сонау космосқа тарап кетіңдер,
жұлдыздың сансыз жапырақтарын шулатып...
19.11.1991 ж.
* * *
Нұрды да,
жырды да құштық қой,
аспанда ақ бұлт боп ұштық қой.
Сондықтан, жас шағым аяулы,
сондықтан, жас шағым ыстық қой.
Қырлардан гүлдерді тердік қой,
гүлді бір сәттерге ердік қой.
Сондықтан жас шағым бағалы.
Бағасын аямай бердік қой.
Болған соң, адал да, аңғал да,
бір оған құмартпас жан бар ма?
Тастап бір кетері болмаса,
жайнаған жұлдызды таңдарда.
Барайық десе ол, бардық қой,
алайық десе ол, алдық қой.
Бәрі оңай болатын ол барда,
Сондықтан, аһ ұрып қалдық қой.
* * *
Ілтипаттан қалдым мына жасқанып,
көңілімді де бір уайым басты анық.
Автобуста «отырыңыз, аға» деп,
ұл мен қыздар орын бере бастады.
Шыныменен біткені ме жас күнім,
жылдар, жылдар істеді ме «қастығын».
Жер жүзіне жаз күніндей жайраңдап,
нұр шашатын көзім бүгін шашты мұң.
Жан едім ғой ешкімге ищай деспеген,
ақ таңда да,
қызылала кеште мен.
...Қарттық мені онда күтіп тұрғандай,
автобусқа кіруден де сескенем.
Сабырхан АСАНОВ
Арман ағысы
* * *
Келіп-ақ еді достарым,
достаса алмай – басты мұң.
Сенімен ұзақ қоштастым,
қоштастым қимай жас күнім.
Құмар ем жасыл көктемге,
гүлдерін теріп күн ұзын,
тастап бір мені кеткенде,
шықты ма сенің мүйізің.
Көп сырластырмай құрбыммен,
өттің де кеттің асығыс.
Тауларға ұқсап тұрмын мен,
етегі – көктем, басы – қыс...
* * *
Басында таудың қар жатыр,
қартайған,
қартайған секілді.
Көлімде менің зар жатыр,
ортайған,
ортайған секілді.
Тырналар ұшады аспандап,
сыңсыған,
сыңсыған секілді
сол көзден жас парлап
сусыған,
сусыған секілді.
Кетіп ек көргеннен достасып,
қаратқан,
қаратқан секілді,
жас күнім менімен қоштасып,
баратқан,
баратқан секілді.
* * *
Мықтымсынып буынғанмен белді біз
көктем кетті,
жазым кетті,
келді күз.
Бұрын қызды мақтап қана жазушы ек,
даттап қана жыр жазамыз енді біз.
Қасарысып көбі тілді алмайды,
бір қулыққа бір қулықты жалғайды.
Бұрын біздер қыздарды аздап алдаушы ек,
қазір қыздар бізді аямай алдайды.
Өмір, өмір, түс пе едің сен, өң бе едің,
басқа түскен қай ісіңе көнбедім?!
Бір білгенім – ит жанды екен бұл адам,
не көрсем де – өлмедім мен, өлмедім...
* * *
Біздер сүйер ерінді сүйіп басқа,
көкірекке кетті ғой күйік тастап.
Атқан таңнан айнымас армандарды,
жиған екем жүрекке үйіп босқа.
Біздер сипар шаштарды сипап басқа,
кетеді бір,
кетеді қинап босқа.
Қанша қажет еді деп қатты сасам,
күмбірлетіп кеуде ішін күй қаптасса.
Бір соқкан жел – жастық шақ – өтті де екпін,
көз түбіне мұңымды көп түнеттім...
Аз өмірдің симайтын аясына,
қажеті де жоқ екен көп тілектің.
Кештер түссе есігін жайлап ашқан,
түрім мынау аяғын майда басқан,
Сабырхан АСАНОВ
Арман ағысы
өртенерім болмаса лап етіп бір,
жастар көрсем тұра қап аймаласқан...
* * *
Алдағанымнан алданғаным көп,
алғандарымнан алмағаным көп,
қалықтап көкте жүрсе де көңілім,
бетінде жердің армандарым көп
жанмын мен.
Күлгендерімнен жылағаным көп,
мақталғанымнан сыналғаным көп,
қызығы мол қысқа өмірде бұл,
қуанғанымнан қуарғаным көп
жанмын мен.
Таңмын мен!
* * *
Көкейімнен кетпейтін қыз деуші едім,
созсам, қолым жетпейтін қыз деуші едім.
Ұнамады,
ұнамады-ау кеткенің
көрінгенге қолжаулық боп беу, сенің.
Жүрген болсам сырттан ұзақ малданып,
қатты қалды,
көңілім сенен қалды анық.
айыра алмай жақсы менен жаманды,
өткенім бе бұл өмірден алданып?!.
* * *
Бір баласын өз төркіні алдырып,
бағып жатыр қалған көңілі мұздай боп.
Екіншісін күйеуіне қалдырып,
басқа байға тиіп кетті ол қыздай боп.
Дәл мұнысын демесем де еркелік,
тағдыр шығар,
тұрған жоқпын мін көріп.
Екі ортада күйіп-жанып, өртеніп,
қанша жанды құшып кетті ол үлгеріп...
* * *
Өкінген жүрек,
опынған жүрек
қанша жыл көзін ілмеді,
мен сүйген қыздар
мен түгілі,
өз бағасын білмеді,
Көздері жайнап
іште жанған
белгісіндей қуаттың,
жетегіңде
кете берді ыңғай ғана
суайттың.
Сөйтіп жүріп
құлағаны
тұрғызбастай ор болды.
Мені ғана
қор ғып қоймай,
өздері де қор болды...
06.10.1991 ж.
* * *
Селт етпейді ақыл-ой,
селт етпейді жүрегім,
Бұрын елең ететін
елгезектің бірі едім.
Біткені ме, құдай-ау,
қызықтардың мен көрер,
Сабырхан АСАНОВ
Арман ағысы
көп сияқты еді ғой,
қалауым да тілегім.
Бүлк етпейді ішім де
бұзып сыртқы кескінді,
алыстарға көз тігіп,
аңсамаймын ешкімді.
Қыр басында қураған,
кәрі ағаштай қақайып,
мен өткізіп жатырмын,
дәурен деген бес күнді.
06.10.1993ж.
* * *
Сезеді-ау көңілім сезбегірді,
кезеді-ау көңілім кезбегірді,
қыз шақырып,
мен бармай,
болғанды сондай кезде бір.
Кім сенер, десем күн сөнер,
семсе бір жалғыз гүл семер.
Бәлденген сонда сол жігіт,
мен едім десем, кім сенер.
Жатқанмен ойлар жосылып,
қыз десе, қалдым тосылып.
Үмітін үзген жандардың
легіне кеттім қосылып.
* * *
Шаш ағарды,
аппақ болды қара шаш,
ешкім оған түсе алмайды араша.
Тығылады ол қалпағымның астына,
жарқылдаған жастар күліп қараса.
Азап-қайғы алдан күтсе тосын кіл,
қысқа күнде жүрек қанша шошынды.
Мені сақтап қалу үшін солардан,
өзін-өзі құрбан еткен досым бұл.
Өмір сүріп келем биік еңсемен,
теңселсем де, еменше әрең теңселем.
Алаулай бер атқан тандай ақ шашым,
ел алдында қысылмаймын мен сенен.
* * *
Қартайып барам
көктемде жап-жас бола алмай,
ішінде сәттің
бір ысып-суып, тоңа алмай,
сайраған тынбай
құстармен бірге қуанып,
бүршіктер
жарған бұтақтарға да қона алмай.
Қартайып барам
сезімге шалқар кенелмей,
елп ете қалар
елгезек ем ғой мен елдей.
Көк жасыл барқыт
қырларға қарай беремін,
аржағынан
жас күнім шыға келердей.
Ойнасын бұлт,
себелеп жаңбыр,
күн күлсін,
шомылып нұрға,
жүгіртсін көңіл-бүлдіршін.
Мен қырдан іздеп
жүрген бір жас шақ қалада,
жұмыстан шаршап,
отыр ма екен, кім білсін.
Сабырхан АСАНОВ
Арман ағысы
Түсінбей қалдым,
барлығы жұмбақ өзіме...
Қиқарлау жауап
қататын сол шақ сөзіме,
қызыл да жасыл
кемпірқосаққа асылып,
не болса да осы
көрінсе екен көзіме.
22.04.1992 ж.
ҰЙҚЫСЫЗ ӨЛЕҢ
Мына қала
мен келгенде бар еді,
мына ағаштар
мен келгенде бар еді.
Қалғаны есте –
бәрі, бәрі кәрі еді.
Мына өзендер
мен келгенде бар еді,
мына таулар
мен келгеңде бар еді.
Қалғаны есте –
бәрі, бәрі кәрі еді.
Мен кәрі боп,
жасқа ұқсап тұр бәрі енді!
* * *
Көгереді,
сарғаяды жапырақ,
құлпырады,
қуарады атырап.
Соның бәрін аңғарамын, байқаймын,
сыртқа шықпай,
өзім үйде жатып-ақ.
Өткен күнде,
кеткен күндер есепте,
бұл уақыт байқалмайды десек те.
Денсаулықтың арқасында тек жатып,
қартаятын болдым жұмсақ төсекте.
* * *
Тағдыр моншақ – жылын
Тез-тез түзепті,
оның қатты қарқынына
төзер кім?!
Ата-анама
көрсетпеп ем қызықты,
балам, сен де
көрсетпесең – өз еркің.
* * *
Барлығынан безіндік,
кешегі өткен күндердің.
Өзгертіп ой, сезімді,
қайтып қана үлгердім!
Құшақ жайып көкке ерек,
бетегелі бөктерде,
өсіп тұрған көк терек,
сынып, қайта көктер ме?!
САҒЫНЫШ
Өткен күннің бәрі-бәрі сағыныш,
жастық шағым,
айтшы сенде мін бар ма?!
Әрбір сәті сансыратқан сабылыс,
сені еске алмай отыратын күн бар ма?!
Сабырхан АСАНОВ
Арман ағысы
Көңілім бар тұрмастай боп құлаған,
көктемдерге гүлдер өсіп, өнетін.
Сағыныштан жаратылған бұл адам,
сағыныштан болар сірә өлетін...
* * *
Жасыл жалған,
жапырағы жайқалған.
Самал соқса,
тал-терегі шайқалған,
саған жетіп айта алман-ау, айта алман.
Көз алдымда – жасыл бояу, көк бояу,
жер мен көкте одан басқа жоқ бояу.
Қимай-қимай қалғып кеткен жандардың,
іштерінде қанша көктем кетті ояу.
Екеуміз де тәтті тірлік дірілі ек,
әзірше тірі жүрген, тірі көп.
Көктем сайын қызғалдақты қырларда,
кездесіп-ақ тұрсақ қайтер бір рет.
Жарқын-жарқын естілсе бір үн көктен,
көбелектер көбейсе бір гүлді өпкен.
Қыз жігіттей біздер бірге жүретін,
болса, болса сол бір көктем мың көктем...
Жасыл жалған,
жапырағы жайқалған,
самал соқса,
тал-терегі шайқалған.
Саған деген сағынышым бар менің,
тілім жетіп айта алман-ау, айта алман!
САҒЫНЫШ
Қазір менің барлық күнім – сағыныш,
қазір менің барлық үнім – сағыныш.
Жәудіреген жұрт көзі боп жұлдызы,
қазір менің барлық түнім – сағыныш.
Қазір қыс, жас, көктемдерім – сағыныш,
өткендерім, кеткендерім сағыныш.
Болашағым,
келешегім алдағы,
жетпегенім,
жеткендерім – сағыныш.
Кеткен кісім,
келген кісім – сағыныш,
ерер кісім,
ерген кісім – сағыныш,
күндіз түгіл еңіреткен, өксіткен,
түн ішінде көрген түсім – сағыныш.
Бақыт пен бақ,
шаттықты шақ торыған,
кеттім жырақ жастық шақтың жолынан...
кіл сағыныш қалды менің қасымда,
бәрі шығып кеткендіктен қолымнан!
* * *
Сағынамын өтіп кеткен күнді ойлап,
салған асыр,
салған ойнақ, күнде ойнақ.
Қиялымда күлімдейді жап-жас қыз,
сағынбақпын одан басқа кімді ойлап?!
Сағынамын,
одан басқа дейін не,
кейде елең еткеніммен кей үнге,
Сабырхан АСАНОВ
Арман ағысы
Таңғы Алатау,
тап-таза гүл,
таңғы шық,
бәрі, бәрі қалып қойды кейінде.
Сағынамын,
сағынатын келді рет,
қатарым да қалғандай ма селдіреп.
Менің көзім жасындай боп сол бір шақ,
көз ұшынан көрінеді мөлдіреп...
* * *
Шынымен, мені ешкім сағынбай ма,
құдай-ау, жұртқа ұнайтын шағым қайда?
Күлімдеп қыздар келген кездер менің
асырып жіберуші еді бағымды айға.
Бірімен жөнелуші ем қолтықтасып,
бұрылмай,
тауға қарай жол тік кашып.
Шың қасы,
құз аузына барған кезде,
аяғын қалатұғын қорқып басып.
Сол бір қыз қорқып жүріп гүл теретін.
Жұтумен жұпар ауа күн көретін.
Қалмастан,
қайда барсақ – сонда барып,
төбеден төніп аппақ бұлт еретін.
Қанша жыл өтті-кетті содан бері,
кетпеймін,
қасында мен болам деді.
Бақты ол бала түгіл, немерелер,
ақ түскен шашы ол күнде қолаң да еді.
Көңілден көрмесек те күй кетіріп,
іздедім жастық шағын биге кіріп...
Ол мені сағынатын көрінеді,
кәдімгі өзіміздің үйде отырып!
* * *
Солар деп шықтым
шаншылып шыңға, құзға да,
солар деп түстім
тайғанақ, жылтыр мұзға да,
бақтарды кездім,
гүлдерге жұпар елтідім,
түсінсе егер
кешегі бала – қыз бала.
Дүнием түгел
ырғала басып жүрсе олар,
жүздерін көрсем,
жүректің төрін нұр шалар.
Ұшпаққа да шығаратын өздері,
сорлатса да,
сорлататын бір солар.
Қатуланса,
қабағын қалың бұлт басып,
берекең кетер,
басыңнан бақыт, құт қашып.
Батыр да емес,
байлар да емес,
патша емес,
әйел, әйел бұл тірліктің тұтқасы.
Әлемде мына
Ай менен күні ауысқан
жұлдыздарын мезгіл шоқып тауысқан,
мың-мың ғасыр мен жасаймын
қуат ап,
әйел айтқан «жаным» деген дауыстан.
Сабырхан АСАНОВ
Арман ағысы
* * *
Кімнен сөз қалып жатыр алтындай боп,
жайыма тек жүрейін сарқылмай көп
десем де,
бұлтты аспанның жабығынан,
көктемде көз жауын ап жарқылдайды от.
Кезінде күйіп-жанып күн қараған,
көңілдің күйін қалай қымтар адам,
жәудіреп тұрса мына бар дүние,
көздерден сағыныш пен мұң тараған...
* * *
Құстай боп көк аспанда қалықтаған,
қызықтан қалып барам, қалып барам:
көзіммен қимай-қимай ұзатып сап,
төсінде тұрмын сұлық алып далам.
Қол бұлғап кетті солай қанатты шақ,
жарқылдап,
жүрген жері жанат құсап.
Кім маған жақын жерден жымияды,
кім маған жаяр енді қалап құшақ.
Күн кейпі көкіректен өшпес деймін,
кеттің деп мені тастап, өштеспеймін.
Ал, аман бол деуге де әлім келмей,
қанатты шағыма іштей қош-қош деймін.
ТАҢДАРЫМ-АУ
Атпаған таңдарым-ау,
күндерім жанған шықпай,
бір рет тамбадым-ау,
мөлдіреп тамған шықтай.
Жыр болып жана алмастан,
қамыққан кездерімде,
жас болып жанар басқан,
бар үміт өздеріңде.
Қалықтап кең даладан,
көгінде тұрақтап ем.
Келсеңдер сендер аман,
жетермін мұратқа мен.
Өткен күн түс көрінді,
қоштасқан күліп босқа.
Мөлдіреп түскенімді!
көрсе елім...
ұмытпас та!
* * *
Көбісінен көрік кетіп, әр тайып,
бізді сүйген қыздар кетті қартайып.
Гүлі ырғалған көктемдей бұл өмірде,
кімге сеніп, кімдерге үміт артайық.
Кей атамыз келіп жатыр жүзге де,
кәрілікті дейді ол менен іздеме.
Бізді сүйген жандар жатса қартайып,
қартаю да қажет шығар бізге де...
* * *
Жалғыз қалдым,
тарқап кетті көп қыздар,
бұл жалғыздық мендік басқан жатты ізде әр,
кеміді ме Ай сәулесі, күн нұры,
көкірегімнен өтті суық, өтті ызғар.
Жалғыз қалдым,
тарқап кетті қатарым,
көкірегіме батар қайғы, батар мұң.
Сабырхан АСАНОВ
Арман ағысы
Енді қашан таң боп жайнап атармын,
әй, атпаспын...
Күн боп барып батармын,
батармын да,
ұямды өртеп жатармын.
Жүгі ауыр әр жыл түгіл, әр айдың,
ақ нұры да азайған ба арайдың
күлкі шыққан
сыңғыр қаққан жақтарға,
жаутаң-жаутаң,
жаутаң-жаутаң қараймын...
* * *
Қалт-құлт етіп келе жатқан жандарды,
көрем дағы,
келер күннен қорқам мен.
Асықпастан күтем сосын тандарды,
асықпастан қауышамын әр таңмен.
Балалық пен жастық қашан қалды артта,
тұра тұрса екен егде қалпымыз.
Төрді ұсынып,
отыратын ардақтап,
біз ертеңнің еңкіш тартқан қартымыз.
Тоқта, күндер,
мені ол күнге сүйреме,
көп толқимын қатар түскен із көрсем.
Қайтқым келмей қалар әлі үйге де,
бақ ішінен бал-бұл жанған қыз көрсем.
Өткінші өмір өкінішсіз өтсін де,
қымбат қазір бір жыл түгіл, бір айым.
көпсінбе сен,
күнімді бұл көпсінбе,
қалпымда осы біраз қала тұрайын.
Кең дүние қызғанса да гүлін көп,
асықтырма,
аздап сейіл құрайын,
жүзі жайнап,
екі көзі күлімдеп,
мүмкін аяп,
келер таяп бір айым.
Ай да болып албырауы шарт емес,
ұнатамын жұлдыз өскен ортаны.
Бақтан кетер менің шалым қарт емес,
десе болды таңғы аспанның Шолпаны...
* * *
Ыстық-ыстық кеудеме басқым келер,
сонда бойға бір қуат, тасқын келер,
есіме сап кезімді жаспын деген.
Сен де, сәулем, есіңе ал сол шағыңды.
қуаныш пен қызығың мол шағыңды.
Жайтаң қағып жанарың жанып қара,
қуып таста кеудеңнен болса, мұңды.
Тұрмасақ та еңкейіп, ерте өлмейік,
еркелейік,
тірлікте еркелейік;
баяғыша күл қалсын орнымызда,
баяғыша және бір өртенейік...
31.10.1990 ж.
* * *
Жүрегі арса-арса асқар таулар –
айдаһардың азуы ма,
Көктегі шимай-шимай жұлдыздар –
Аллаһтың жазып кеткен жазуы ма.
Күн ерітпес жүректі ерітті ғой,
қартаң тартқан қалқам-ау назың мына.
Сабырхан АСАНОВ
Арман ағысы
Оты қандай күшті еді, қуатты еді,
сүйген соң ба жан-тәнмен құлап мені.
Жаутаң, қағып жаныңа бара берем,
жандай болып қалған бір жырақта елі.
Шашым аппақ болғанмен, баладаймын,
қалар қаһар аулақта, қалады айбын.
қалт-құлт етіп кеп қалған кәріліктен
мен өзіңе тығылып паналаймын...
* * *
Қандай жақсы,
аспан бұлттан ашылған,
алтын күннің алау нұры шашылған.
қандай жақсы,
қарап тұрған көз алмай,
Алатаудың ақшағала басынан.
Қандай жақсы,
кеудеге арман толғаны,
қиялдардың қияңдарға қонғаны.
Қамықтырса қарттық келіп қасыма,
жадыратар сендей жырдың болғаны.
Тұрам, тұрам,
бар шаттықты сарқып ап,
кімге қажет жарты бақыт, жарты бақ.
Қара аспанды,
қабақты бұлт баспасын,
тұрсын әлем,
өтсін көңіл жарқырап...
* * *
Алатаудың басында ақ қар жатыр,
Алатаудың бауырында бақтар жатыр.
Көгал жапқан,
гүл басқан төбелерде,
мен қуанып
қыдырған шақтар жатыр.
Алатаудың бауырында бұлақ жатыр,
тастан-тасқа тайғанап құлап жатыр.
Менің өткен жас күнім еске түсіп,
елден-жұрттан аулақта жылап жатыр.
* * *
Алматыда қар жатыр кетпестей боп,
көктем қайтып біздерге жетпестей боп.
Бұтақтарға бір-бірлеп бұлбұл қонып,
жастық шақтың мән-жайын шертпестей боп.
Бауды аралап қыз, жігіт күлместей боп,
ысып-суып,
өртене білместей боп.
Қараңғыда адасып кетпесін деп,
ай, жұлдызын аспан да ілместей боп.
Қызғалдақтар қырларға шықпастай боп,
таң да шығын көзінен сықпастай боп.
Қара бұлттан құймаса қара нөсер,
қара жер де қадірін ұқпастай боп.
Малы төлдеп,
ел егін еккпестей боп,
жайлау асып,
жадырап кетпестей боп.
Ақ қар жайлы,
аязды шақтар жайлы,
ой ойлаймын түбіне жетпестей боп...
* * *
Қақап тұр қыс қайта оралған,
күз кетті мезгілін тауысып.
Бұрқап бір өткен сол бораннан,
Үн шашып кеткендей тау іші.
Сабырхан АСАНОВ
Арман ағысы
Сып-сидам жол бойғы тоғайлар,
қалшитып кеудесін ұстар тік.
Келген бұл қыс жайлы көп ойлар,
келеді жолды ұзақ қысқартып.
Көктемін,
шуағын ұмытқан,
кеудеде мұндайда жатар мұң.
Күн батыс қызарса суықтан,
сап-салқын боп барып батар күн...
* * *
Қыс та келді мұз қатып қанатына,
қалды мүлде жайқалмай қала тына.
Күңде онша жарқылдап күлмей қойды,
жымиғаны болмаса ара-тұра.
Ертелі-кеш күн бар ма су қатпаған,
үйрене алмай аяғы тулап бағам.
Алматыда жүгірер ырсыл қағып,
машиналар тынысы будақтаған.
Жаураған соң жан бар ма қысты ұқпаған,
бейне армандай құс кеткен түстік маған.
Жалаңаштап кеудесін Алатау тұр.
Алатау тұр тек жалғыз ыстықтаған.
* * *
Аспанның
ақ қар өтіп елегінен,
беленіп ақ
ұлпаға келемін мен.
Ішіне
ақ шымылдық кіріп кетіп,
ақ қайың
ұстатпайды білегінен.
Қуған боп
қолым созып күлгемін мен.
Қуаныш
қайнап шығып жүрегімнен.
Деместен
алыс-жақын жер бетіне,
тек қана
ақ тілектер тіледім мен.
* * *
Ес жия алмай
жүргенімде еркелеп,
елуің де
келіп қалды ентелеп.
Ағарған шаш
әжім түскен ақша бет...
бәрі-бәрі секілді бір ертерек.
Гүлдерді әлі
тере алғам жоқ қырдан көп.
сіміре алған
жоқпын жап-жас нұрдан көп.
О, ғұмыр-ай, бес жүзінді қимасаң,
бес онынды місе тұтып тұрғам жоқ.
* * *
Қаламда,
мынау даламда,
шетсіз де шексіз ғаламда,
өнеді қанша адамдар,
өледі қанша адамдар.
Түскендей түнек батқанда ай,
кеудемде зіл бар батпандай;
қайтқан сол жандар маған бір,
қапа боп бара жатқандай.
Сабырхан АСАНОВ
Арман ағысы
Шулап бір жатса елді аймақ,
отырмын бәрін енді ойлап;
көбісінің көңілін
қалдырыппын мен бейбақ...
* * *
Бір көгеріп,
бір қуарған, дүние-ай,
бір көрініп,
бір жаңарған, дүние-ай,
бір көгеріп,
бір қуарудан аспайтын,
қалай болар екен менің күнім-ай.
Күндер,
айлар келе жатса тасқын боп,
көкіректен көшіп кеткен жас күнгі от.
Көгеруден әддеқашан өтсем де,
қуаруға қарай аяқ басқым жоқ...
* * *
Орнына үйлердің ағаш өсіп,
ағаштардың орнына үйлер өсіп,
Алматыда үйлер де, ағаштар да,
адамдар да барады-ау үймелесіп.
Мұңлы ойды арқандай сүйретермін,
өлмес өмір жол-жөнін үйретер кім.
Өскенменен үйлер де, ағаштар да,
адамдардың қатарын сиретер күн.
* * *
Жақсы адамдар кетіп жатыр өмірден,
бірін-бірі қуып кеткен секілді.
Азайған соң шуағы мол көңілдер,
Мына Алматы суып кеткен секілді.
Көкірегінен күн шығатын күлгенде,
құлап кетті елдің қанша ұстыны.
Көше бойлап бүрсең қағып жүргенде,
мені осындай ой басады қыс күні.
сықырлайды сары аяздан бар тұрақ,
көбейген бе кеше жауған тапшы қар.
Жалғыз өзім жаурап кеттім қалтырап,
азаймандар,
айналайын жақсылар.
Быт-шыт болып бөлінеді ой мыңға,
десем дағы шыдап, төзіп, үндемеген.
Қарш-қарша еткен мына қыстың қойнында,
өздеріңізсіз қалай ғана күн көрем?!
Жақсы адамдар кетіп жатыр өмірден,
Бірін-бірі қуып кеткен секілді:
Азайған соң шуағы мол көңілдер,
мына Алматы суып кеткен секілді.
* * *
Көбі кетті, азы – қалды,
мен білетін жандардың,
Бұл өмірдің қысқалығын
содан білдім, аңғардым.
Қырылып-ақ жатса дағы,
шеттерінен шыбындай,
бұл адамның сескенбейтін
жүрегіне таң қалдым?!
Көктем, күз боп, қыс пен жаз боп,
жатса мезгіл жаңғырып,
іс істейді-ау ағайындар
жүретіндей мәңгілік.
Сол дүрмекке еріп кетіп,
күнде қиқу салғанмен,
анда-санда тұрып қалам,
есім ауып, мәңгіріп.
Сабырхан АСАНОВ
Арман ағысы
Құлпырады қала, дала,
өзен-көлді мекенің,
көк тіреген көкшіл таулар
кім баспаған етегін.
Ұқсаңдаршы адамдар-ау,
елден ерлік іздеген,
өмір сүру дегеніңнің
өзі ерлік екенін.
* * *
Өмірдің көбі кетті,
азы қалды,
қалқаның қартайды өзі, назы қалды.
Құдайдың көрсетпегі
көп екен бұл,
тар маңдай соның бәрін жазып алды.
Кең дүние
құлпырады көзіме көп,
мен тұрмын
қимас оны кезіме кеп.
Құп-құрттай
қу тірлікті құра алмаған,
өтермін
өз обалым өзіме деп...
1993 ж.
ШЫНДЫҚ ҚАЙДА?
Өткен күннің секілді бәрі өтірік,
ойға қалам әрі де, бері отырып.
Күлім қаққан жастарды,
Сондықтан да,
көрмегендей боламын көре тұрып.
Жаратқан соң жалынды далам бөлек,
құмарлық көп кеудемде, алаң да көп.
Көргенімді тұрамын көрмеген боп,
тағы босқа қиналып қалам ба деп.
Тілеген жан емес ем күндік пайда,
өткінші өмір мендегі мұңды ұқпай ма?
Көрінген соң жалған боп кетпейтұғын,
шындық қайда,
құдай-ау, шындық қайда?!
* * *
Зіл батпан ба,
соншама салмақты ма ой,
қан-сөлімді ішіп-жеп салмапты ғой.
Бұл азаптан ағарып кетер ме еді шаш,
ағаратын шаш та бұл қалмапты ғой.
Абылайды,
Шоқанды,
Абайды алған,
Мұхтар,
Қасым,
Жұмекен... талайды алған –
жердің бетін жайпаған жауыз ойлар,
Маған дағы артылып қалай қалған?!
* * *
Қанша бірі құс жолымен шұбаған,
түнгі аспанда жарқылдайды алау көп.
Жер бетінен қорлық көрсем, жұбанам,
мұң шағар жан ол жақта да бар-ау деп.
Қаншама рет өте жаздап нұрлы күн,
заманаға заманалар қарсы ақты?
Түсінбейтін,
ұғынбайтын бір-бірін,
мына адамдар мені қатты шаршатты.
Сабырхан АСАНОВ
Арман ағысы
* * *
Жүрген бұл жанның бәрі өлер,
жасы да өлер,
кәрі өлер.
Біреудің сәби баласы,
біреудің ыстық жары өлер.
Біреудің бағы, бары өлер,
біреудің ождан, ары өлер,
бар жүгін жалғыз көтерген,
біреудің атан-нары өлер.
Біреудің атқан таңы өлер,
біреудің айтар әні өлер.
Біреудің айбар, айбатты,
біреудің көрік, сәні өлер.
Біреудің жұпар гүлі өлер,
біреудің жарық күні өлер.
Жұлдызы жайнап, самсаған,
біреудің самал түні өлер.
Бұлағы өлер,
тауы өлер,
бұлбұлы өлер,
бауы өлер.
Біреудің қимас қызығы,
біреудің бітпес дауы өлер.
Қиналған жерде дем берер,
біреудің екпін, желі өлер.
Біреудің шырын, балы өлер,
біреудің байлық, малы өлер...
Бірі де аман қалмайды,
тұрғанда мынау қара жер!
ЖҰБАТУ
Адамдар өледі,
өледі таулар да,
қалалар өледі,
өледі баулар да.
Өзендер де өледі,
жұлдыздар сөнеді,
құдықтар көмейін құм-шаңдар көмеді.
Гүлдер де семеді жүрген біз ән ғылып,
өмірде еш нәрсе жоқ әсте мәңгілік.
Бір күні бітеді суың не, отың не,
сондықтан, өтем деп сен дағы өкінбе.
Бұдан да арғысын деп қайтем айтар ем,
шүпілдеп тұрғанда кеуденде ой терең.
Шүкірлік қыла бер бар болып, өлгенге,
о бастан ту мастан қалғанда қайтер ең?!
БІР ҚИМАС ДОСҚА
Әкем өлгенде –
ағара қоймаған бұл шаш,
шешем өлгенде –
ағара қоймаған бұл шаш,
сен кетеді екен деп ағара қоймайды –
маған десең, күл шаш!
Әкем өлгенде –
жарыла қоймаған бұл жүрек,
шешем өлгенде –
қиыла қоймаған бұл өмір,
сені кетеді екен деп қиыла қоймас,
мұны да біле біл!
Сенен мынау жырақта,
қанатын қызыл жайса іңір,
Сабырхан АСАНОВ
Арман ағысы
бірақ, бірақ, бірақ та,
жетісер дейсің қайсы бір.
Кетпей-ақ осы қойшы бір?!
ОРАЛХАН ДҮНИЕ САЛҒАНДА
(Экспромт)
Бұл қазақта біз санаулы «хан» едік,
санаулы сол болсақтағы бар едік.
Бұрынырақ кетіп еді біреуі,
аз болғандай, қалды бірі және өліп.
Қаза келсе,
қайғы дейтін түн келер,
белін бекем буар мұны білген ер.
Тым құрыса,
мен сәл тұра тұрайын,
«хансыз» қалып халқым қалай күн көрер.
ТҰТҚАБАЙҒА
Өлді досым,
басылды да аптығым,
шашылды да кетті шалқар шаттығым.
Қайтып келер ме екен кеткен адамдар,
қайтып келу үшін барып батты күн.
Зар шығады досыма жыр арнасам,
жасқа малған кірпігімді алмасам.
Қайтып келе қоймас кеткен адамдар,
арттарынан өзім іздеп бармасам.
Кетпес кезде кетіп қалған досыма,
апарсам ба екен Күнге қосып Ай.
...Басса ілгері басар мына өмірдің,
шегінуді білмес заңы осылай!
* * *
Жақсыларға жақсысың деп айта алмай,
жамандарға жамансың деп айта алмай,
арпылдаған иттің бетін қайтармай,
өмір өтіп бара жатыр,
Ой,Тауба-ай!
Ұлыларға ұлысың деп айта алмай,
ұрыларға ұрысың деп айта алмай,
көрген күнің құрысын деп айта алмай,
өмір өтіп бара жатыр, ойпырмай.
Күйдіргенге күйдірдің деп айта алмай,
имес басты идірдің деп айта алмай,
жұдырықты түйдірдің деп айта алмай,
өмір өтіп бара жатыр, ойпырмай.
Қысқа күнде қалт-құлт етіп күн көрем,
қысқа күнде күндері-ем, түндері-ем,
деп жүргенде айтып бәрін үлгерем,
өмір өтіп кетпес еді, ойпырмай...
Көпті көрген мына бастың шашы аппақ,
күн көремін қиындықтан қашқақтап,
қапталына алған сақтық қосақтап...
Түбі өкініп қалмаса едім, ойпырмай!
* * *
Ақ мамық бұлттар –
ақ мамық төстер секілді
көгілдір көктем
көгінде нұрмен жетілді.
Биік те биік
жерлерде сол бір жаралып,
жерлерде сол бір
қалуға және бекінді.
Сабырхан АСАНОВ
Арман ағысы
Ақ мамық бұлттар
аспанда ұшса тізіліп,
ұялып қана
оянып бізде қыз үміт,
жап-жарық қылып
жаһанды жанған жүзіне,
қарадық жерден,
қарадық қанша қызығып.
Ақ мамық бұлттар
алыстап кеткен арман-ай,
созсам да қанша,
қолымның жетпей қалғаны-ай,
Өтермін қалай,
кетермін қалай өмірден,
бір сәтке болсын
екі арамызды жалғамай!
Ақ мамық бұлттар –
арман-ай...
* * *
Әкемді алған, қара жер,
шешемді алған, қара жер,
қойныңа сенің қараңғы,
кірместен әсте қала ма ер?!
Қалды артта дала, бел,
қалады артта қалалы ел.
Мені де бір күн жұтарсың,
жұтарсың тоймас, қара жер.
Жарқырап көкте күн-айы,
ыстық қой жалған шырайы.
Кетерім анық болса да,
кетпестен тұра тұрайын?!
* * *
Әкесіз қалғалы – әкелілерге қызығам,
шешесіз қалғалы – шешелілерге қызығам.
Өмір деген өзгермейтін ешқашан,
көз көрмейтін бас-аяғы қызық ән.
Алматыда,
Алатауда алмалы,
біраз болды мен сол әнді салғалы.
Әкемді алған,
шешемді алған сол бір ән,
ебін тауып мені де жүр алғалы.
Әуезімен бойды билеп келе ме-ай?
жандырмақ боп жүрегіме ене ме-ай?
Жалғап айға,
адамдарға нұрымды,
берілмеспін бірақ оған мен оңай...
* * *
Бұл өмірден өту деген – бір қауіп,
күнде менің тас төбемнен төнеді.
Жасаураған жанарымнан нұр тамып
адам түгіл,
жұлдыздар да сөнеді.
Көкірегіме басқа армандар толады,
келіп-кету – емес менің бас қайғым.
Гүл өседі,
құлпырады,
солады,
әлемге ортақ заңдылықтан саспаймын.
* * *
Күн астында –
гүлдер өскен белде өстім,
Сабырхан АСАНОВ
Арман ағысы
Күн астында –
самал өскен белде өстім.
Қысқа өмірде
мына қысқа өмірде,
мәңгілікпен
келер менің белдескім.
...Бір кеткен соң,
сірә қайтып келмеспін?!
Күн астында–
айдын шалқар көлде өстім,
Күн астында –
құлан аспас шөлде өстім,
қысқа өмірге,
мына қысқа өмірге,
бір келген соң,
дейсіз, досым, өлмес кім?!
Сондықтан да
мәңгілікпен белдестім.
Күн астында–
баулар ескен тауда өстім,
Күн астында
қыздар өскен бауда өстім.
қысқа өмірде,
мына қысқа өмірде,
қызығына (қылығына)
тояр емеспін!
* * *
Бітер істің мыңнан бірі біткен жоқ,
бітпеді деп күндер оны күткен жоқ.
Алып-ұрып алып келді алпысқа,
қалған мына ғұмыр қысқа, жол қысқа.
Арақ-шарап...
қыз-қыдырыс...
бау дедік...
Бәрі әншейін болып кетті әурелік.
Түк бітірмей кезге жеттік кәрі бұл,
өкіндік не,
өкінбедік – бәрі бір!
Кірісемін деп жүргенде ірі іске,
мың түгілі,
бітпей қалды бір іс те.
Қалған тіпті тым жақындап арамыз,
о дүниеге не бетпенен барамыз?!
Қыран құсап бір көрінбей қиядан,
өткен бекер ит өмірден ұялам.
Көкірегімді кернемейді босқа мұң,
кеше алсандар –
кешіріңдер, достарым!?
* * *
Кесел қысып,
қусырылсын күн ғажап,
өтемін деп өксімейін бекерге.
Абайсызда күнін көрген бұл қазақ,
мен өлгеннен құрып сірә кетер ме?!
Менен басқа жан жоктай-ақ жалғанда,
кайғырмастан,
қаншама ісім болса ағат,
екі сөздің басын құрай алғанға,
әуре боппын өзімді өзім зор санап.
Рас, кейде жыр жазамын зорланып,
көңіл күйін төге алмастан бір демде...
Қалады екен қапаланып, қорланып,
адам өзі түк емесін білгенде!
Сабырхан АСАНОВ
Арман ағысы
* * *
Жаныңа кесел батқанда,
жетсе егер шамаң, елеме.
Жұлдыздар сөніп жатқанда,
бір өмір деген немене?!
Жан да емес едің желөкпе,
бір ғана жүрек сұраған.
Бір тұтам тірлік керек пе,
сүймесе сені бір адам?!.
* * *
Азуы алты қарыс жас арыстан,
секілді күндер мынау қасарысқан.
Жалпылдап жасы құрғыр барады асып,
жастан да жалындаған,
жасамыстан.
Белгісіз бір жақтарға түзеп бетті,
қызықты кездерден тез ұзап кеттік.
Бурадай буырқанған көңілдерді
бастық та,
бірте-бірте ізетті еттік.
Қаншама қимастыққа қамшы бас көп,
бітпегі бұл өмірдің сонша рас боп,
жападан жалғыз барып батар күндей,
тұрармын көкжиекте тамшы жас боп...
ОЙЛАР
Көп ойды ойлай беруге де шамам жоқ,
ойламауға және бірақ амал жоқ.
Менің Қара
Алатау бұл ойларым,
қоршап алған төрт құбыламды қамал боп.
Тұтанып қап кейде тірлік отынан,
оқтаулы бір ақ берендей атылам.
Ой-таулардан аса алмастан сонда да,
ортасында лаулап жанып отырам.
Қысқа өмірде қанша күлдім, ойнадым,
мөлдіретіп тұнықтарын бойладым...
Қызықтарым қысқарғанмен бұл күнде,
таусылмады таусылмағыр ойларым!
Зуылдаса батар күн мен шығар күн,
ой ішінде тұншығамын, шыдармын.
Тас тұрмеге түскен сорлы тұтқындай,
сонда мәңгі қалатұғын шығармын!
ЖҰЛДЫЗДАР
Түнгі аспаннан от боп, шоқ боп тамардай,
жарқыраса ұласып жаз таңына,
жерде жүрген жұрттан дос-жар таба алмай,
серік еттім жұлдыздарды жаныма.
Сендерді аңсап түндерге әрең жетемін,
бізді бөлер қанша күн бар, күндіз бар.
Мен сендерсіз жүнжіп, жүдеп кетемін,
сөне көрме, жарқыраған жұлдыздар?!
Төбесінен оттар самсап көп төнген,
құмар болсам көк тіреген шың-құзға,
күнім бітіп,
бұл дүниеден өткенде,
мен де, бәлкім, айналармын жұлдызға.
Көкірегіме мәңгі үзілмес ән қонып,
сонда лаулап құс жолына жетермін.
Жерден опа таппаған соң жан болып,
анық боп тұр бір жаққа ұшып кетерім...
Сабырхан АСАНОВ
Арман ағысы
* * *
Табиғат – ана-ау,
табиғат – ана-ау
табиғат...
Әкем өлді – жыладым,
шешем өлді – жыладым,
ағам өлді – жыладым,
інім өлді – жыладым.
Содан қалды суалып,
екі көзім – бұлағым.
Табиғат — ана-ау,
табиғат — ана-ау,
табиғат...
Қас алдады – шыдадым,
дос алдады – шыдадым,
жас алдады – шыдадым,
кәрі алдады – шыдадым,
бәрі алдады – шыдадым.
Сеніп қала жаздады,
содан жүрек – шырағым.
Табиғат – ана-ақ,
табиғат – ана-ау,
табиғат...
Неғыласың қалайын,
көрдім азап талайын,
шаршатты әбден ағайын,
қайбіріне жағайын,
мен өзіңе барайын,
шөлдеріңе қарайын,
көлдеріңе қанайын.
Арқаны сүйеп асқарға,
кең далаңа көсіліп
демімді бір алайын...
* * *
Күз келді,
бақтардан сән кетті,
сән кетті жайнаған, әл кетті
Ақырын әлемді кезген жел,
жүдеулеу көңілмен әндетті.
Күз келді,
құстар да жатты ауып,
жаз қалды шешілмей көп дауы.
қыс та ертең келер-ау деген бір,
көңілге оралып көп қауіп.
Күз келді,
суыды тас қайнар,
тауларда басқа айбат, басқа айбар.
Тып-тыныш мүлгіген әлемді,
тып-тыныш мүлгіген басты ойлар.
Таң сайын ерініп күн шығып,
сай жатты тұманнан тұншығып.
Жаз бойы жұлқынған жүрегім,
күзбенен бірге сәл тыншыды.
Ертең-ақ айтар жел қар әнін,
соны ойлап тоңып мен барамын,
Қырық жыл бір жүріп, бір тұрып,
жалыны жылытқан, қарағым.
Ылғи да тілеппін саған жол,
білмеймін, берген бір бағым ба ол!
Қайтқан құс мені алып бара ма,
қалсаң сен – аман бол, аман бол?!
* * *
Тойлай алмай қалыппын тойларымды,
қызығатын,
қимайтын қалып тұр не?!
Сабырхан АСАНОВ
Арман ағысы
Жер бетіне сыймаған ойларымды,
жер астына кетермін алып бірге.
Қарсы келіп,
қасарып жоқ таласқым,
құласа онда кеудемнен ағын-арна –
күн-түн демей сайраймын, тоқтамастан
тындайтын жан бірақ та табылар ма?!
Қаншама арман қиял боп қалды ойымда,
әншейін бір тілек боп, өтініш боп.
Толықсыған,
толқыған тал бойымда
қысқа өмірде жиналған өкініш көп.
Тойлай алмай қалыппын тойларымды,
қызығатын,
қимайтын қалып тұр не?!
жер бетіне сыймаған ойларымды,
жер астына кетермін алып бірге!
* * *
Бітті ме ойнағаны,
бітті ме тойлағаны,
түнімен кірпік ілмей,
жұлдыздар ойланады.
Қанша мұң келіп қонып,
кеудемді керіп, толып,
көз ілмей жатам мен де,
соларға серік болып.
Тағдырдың
зарлы мына
кім көнбес жарлығына.
Шүкірлік етем кейде,
жұлдыздың барлығына.
Бітті ме ойнағаны,
бітті ме тойлағаны,
түнімен кірпік ілмей,
жұлдыздар ойланады.
Жарқырап алабөтен,
таң алды жанады екен.
Таң ата түсем бірге
төгіліп далама кең...
14.12.1993
* * *
Кеудемді қала қысып,
барады ысып.
Есіме шетсіз-шексіз дала түсіп.
Қанаты жоқ жүрегім қасықтай боп,
жазирамды бетке алып барады ұшып.
Күн сайын кезбесем де ой тереңін,
жан табыла қояр ма айтар емін?
Жатсаң, көрің кең болсын дейтін біз ғой,
бұл кең дала болмаса, қайтер едім?!
* * *
Өлең аман тұрғанда мен өлмеймін,
сондықтан да өлгенге теңелмеймін.
Болғаныммен өзім жоқ, өлеңім бар,
ұзақ ғұмыр, бір ғұмыр келер деймін.
Бәрі өткінші көрінер бір қарасақ,
бұл адамның болмыс-ау білгені осы-ақ,
таңғы шықпен, гүлменен, күн нұрымен,
жер бетінде қалармын бірге жасап.
Күлдіргенін
қайтейін жылатқанын,
мәңгіліктен мен қазір жырақтамын,
Сабырхан АСАНОВ
Арман ағысы
білген жанға, бірдеңе түйген жанға,
өзімді емес, өзгені жұбатқаным.
* * *
Жүйрік ойға жалын байлап жәй түннен,
аққан жұлдыз – арманды мен қуыстым.
Миллиардтап жыл көретін ай, Күнмен
ажырамас ағайынмын, туыспын.
Кәриядай кәудірлеген Қаратау,
бірге жасап келе жатқан босағам.
Інімдей боп кеткен мына Алатау,
екі-үш ғана миллион жыл жасаған.
Мәңгілік қар қонып жатса шыңдарға,
тарқамайтын тойды еңісте тойластым.
Жұлдызды аспан,
жарқыраған Күн барда,
мен де мүлде жоқ боп кете қоймаспын...
ЖҰБАЙЛАР СЫРЫ
Дей алмаймын жұлдыздай алыссың, жарым,
от кеудемде бір сән деп жарысты жалын.
Кейбір кезде кеткенмен қиянға тартып,
жүрегіме соншалық таныссың, жарым.
Сарқылмайтын сәулең бар өзіңнің қанша?
сол сәулені жанымен сезіңдім сонша!
Алыста емес, әрдайым жақында бол,
қарап өтем өзіңе көзім жұмғанша.
ЕСКЕРТКІШ
Ажалдың кім құтылған өнерінен,
ерте ме,
кеш пе, әйтеуір, өлемін мен.
Қолымнан кеп тұрғанда, өзіме-өзім
ескерткіш орнайтын өлеңімнен.
Қалсын ол аспан асты, жер бетінде,
деп біз де талай ойды тербетіп ек.
Ақсақал секілденген қолын жайған,
атақ-даңқ,
абыройды ерге тілеп.
Көзіне кеудесіне толғанда мұң,
десін ол тебіренді, толғаңды мың.
Сұлудың сыбырласын құлағына,
мендей де жанның бір кез болғандығын.
Болмашы,
сәл нәрсені үміт қылып,
жылап та қаларымды күліп тұрып.
Ауысқан,
аласапыран замандарда,
атымды жібермесін ұмыттырып.
Айтсын ол күйгенімді – сүйгенімді,
Имейтін жандарға бас игенімді
Кей кезде абайламай артық кетіп,
тимейтін көңілдерге тигенімді.
Айтсын ол,
айтсын және күлгенімді.
арманды ақ жұлдызға ілгенімді.
Біреудін білгендерін білмей қалып,
біреудің білмегенін білгенімді.
Көбейіп кеткенімен тойға ергенім,
ішінде болғанымды ой – бәйгенің.
...Кім білген,
мен кеткесін,
бір белгіні
басыма қоя ма елім,
қоймай ма елім?!
Сабырхан АСАНОВ
Арман ағысы
КӨҢІЛ КҮЙІ
Сәл нәрсеге
жалт етіп, елең етіп
қызық-қызық
күндерден келем өтіп,
Өзгешелеу өмірім
өтсе болды.
Қызға қарап,
ой түйіп, өлең оқып.
* * *
Шаш аппақ болды,
шаш аппақ болды,
шаш та аппақ,
кәріліктен
жүрсем де қашып,
қашқақтап,
Қашанғы досым
ынтызарлық пен үмітті.
көкірегімнен,
қуалап шықты
қосақтап.
* * *
Ең қиыны
кетерміз бұл өмірден,
біреу жылап,
біреулер күле білген,
десемдағы
күн сайын қимай қарап,
ала алмаймын көзімді гүл өңірден.
* * *
Қайғы деген
бір менде жетіп жатыр,
қимас жандар
келмеске кетіп жатыр.
Қимағанмен
бірге еріп кетпеген соң,
құр жылаумен
күндерім өтіп жатыр.
* * *
Көкірегімді бір сиқыр үн кернеді,
үн кернеткен
күндер ме, түндер ме еді.
Жаратқан-ау
бұл өмір неге қысқа,
күліп, я
жылап мен үлгермедім.
* * *
Сөздері көп болмаса да бал-шырын,
оқып көрші бұл ағаңның жан сырын.
Күлкі аралас қайғы-мұңнан жаралған,
жанарларда жарқыраған тамшымын.
* * *
Көп жырладым көктемнің бұлт, жаңбырын,
көп жырладым кеш шапағын, таң нұрын.
Көк шалғында бүлкіл қаққан бұлақтай,
қайда бастап барасың сен, тағдырым?
Сабырхан АСАНОВ
Арман ағысы
ҚОШ, ӨЛЕҢДЕР, КӨКТЕММЕНЕН
БІР КЕЛЕР
Алматының алаулаған көктемі,
саған ұқсап ешкім нұрын төкпеді.
мың, мың жылдар қалғып кеткен қаратас,
қатты ұйқымнан ояттың деп сөкпеді.
Сөкпек тұрсын,
қара жердей көктеді,
Алматының алаулаған көктемі.
Бұрқырасын бақша гүлдеп, бау гүлдеп,
жаңбыр болып тынбай төгіп жаудың көп.
Шыңдарына шымқай шалғын өсіріп,
таулар дағы тұра алмады таумын деп.
Тақыр жолдар,
әппақ жарлар көгеріп,
көп жаңарды кеткен дүние көнеріп.
Табиғаттың тағы да бір байқаттың,
қандай-қандай бар екенін өнері...
Жақсылықтан жатқандай бір елші кеп,
кейде алғым кеп тұрғанымен еншілеп,
көп демейін,
бар болғаны тәуліктің,
бар қызуын,
бар қызығын берші тек!
КӨКТЕМ
Кәрі қыстың таусылып амалы ескі,
жақұттай бұл көктемнің жамалы өсті.
Қызыл жел тұрып қырдан қызғалдақты,
жасыл бақтан жап-жасыл самал есті.
Бұлттанса бөктері, қиялары,
көкіректер көк таудан күй алады.
Жап-жалаңаш тамшылар жерге түсіп,
жасырынып жас көкке, ұялады.
Жайнағанмен жанарым шашардай нұр,
ентігемін мен еркін аса алмай қыр.
Аспан мен жер,
тау мен көл жасарғанмен,
менің ғана өмірім жасармай тұр.
Жарқ ете қап бір жақтан күн күледі,
масайтады өлкемнің түнгі лебі.
Маған көңлін бөлместен жүрген жас шақ,
дұрыс істеп жүр ме екен, кім біледі?
Құлпыра бер сонда да көктем, көктем,
кеткен-кеткен дейміз де,
өткенді өткен.
Неге мұнша мен сені жақсы көрем,
кездерің көп болса да өкпелеткен...
* * *
Тағы да жер кектеді, жер көктеді,
сәбидей іңгәлаған жөргектегі.
Көңілді – алдандырған мына тірлік,
тынбайды,
тарбандайды ержеткелі.
* * *
Жау, жау жаңбыр,
жау жаңбыр,
Алматыға жауа гөр.
Асып келіп таудан бір,
аптапқа бұл дауа бер.
Қурамасын ағаштар,
шөлдемесін адамдар.
Сабырхан АСАНОВ
Арман ағысы
кір-қоқыстан аласта,
жарқырасын алаңдар.
Болып тұрған жауындай,
бақша-бауды малшындыр.
Жақсы адамның жанындай,
жайнаң қағып қалсын гүл.
Бет-бағдарын барша мұң,
тұрушы едің күзетіп,
өмірдің бұл тар шағын,
өзің жібер түзетіп.
КӨШЕЛЕР ДЕ ДӘЛ БҮГІН
ЕКЕН ЕРЕК
Көктем әлі біткен жоқ жер көгеріп,
Тұрмын оны мен көріп,
Ел де көріп.
Қызғалдақтар қыздардай қыландаса,
қырда көрік бар қанша, белде көрік.
Алатаудан ақша бұлт ұшар әлі,
аспан төсін аймалап, құшар әлі.
Бірі қонып қиялдың, бірі ұшқан,
көңлім менің – қиқулы құс аралы.
Қаншама мен қызмет атқардым деп,
самал емес самал да – жатқан міндет.
Тырналардай тізілсе тракторлар,
есті алады бір шеттен бақтар гүлдеп.
Кетсе кернеп қозылар, лақтар үні,
жазирам да ызғардан жатты арылып.
Ақырындап ақпастан, аунамастан,
төгіледі бұлақтар ақтарылып.
Көтерілсе күн сәуле – уықпенен,
мен де қалмай соңынан қуып келем.
Күйіп-жанып,
әп-сәтте қыз-қыз қайнап,
артынша тез қалтырап, суып денем.
Қала ішіне кеткен бе өрнек толып,
қол соза ма көмегін бермек болып.
Бір қуаныш көзімде мөлт-мөлт етер,
жұрт ішінен біреуді көрмек болып.
Көшелер де дәл бүгін екен ерек,
жетелемек,
мені алға жетелемек.
Көктем әлі біткен жоқ, шүкір-шүкір,
қорқам бірақ бітіп те кете ме деп...
КӨКТЕМ ЖӘНЕ МЕН
Жер көгеріп келе жатыр, көгеріп,
жасаң тартып қалған дүние көнеріп.
Жүрегімде бір бүршік қан бүлк етіп.
бар әлемді құшпақ болып өнеді.
Бар әлемді нұрға бөлер күндеймін,
бақша-бауға құстар төккен үндеймін.
Жаңа ер жеткен жап-жас қыздай үлпілдеп,
жұп-жұмсақ боп жүрегімнен гүлдеймін.
* * *
Келе алмай жатыр бұл көктем,
аса алмай Алатаудан бұл.
Жауа алмай жатыр гүл көктен,
жарқылдап,
нұр боп жау, жаңбыр.
Түсші бір сөйтіп алшыңнан,
жоқ боп тұр басқа жұбаныш.
Сабырхан АСАНОВ
Арман ағысы
Сенің бір әрбір тамшыңнан,
жаралар ма екен қуаныш.
Қарсы алсын жас көк тік тұрып,
күбірлеп қатсын көл бір үн.
Жасындай көздің тұп-тұнық,
көкейді тескен мөлдірім.
Төге бер,
текші танбастан,
тарқамас қызық, базарсың.
Жанында қылау қалмастан,
тіршілік, шіркін, тазарсын.
* * *
Көп сайрағыш
құстар неге келмейді?
неге қала
құшағына енбейді?
Тыныштықты
тұрған қыстай сіресіп.
көктем үні,
неге бұзып, жеңбейді.
Неге құстар
сайраспайды үздігіп,
неге ғана
қарамайды қыз күліп,
жария етпей
жер бетіне, әлемге,
неге отырмыз
сырымызды біз бүгіп?!
* * *
Құстар сайрай бастады,
көктем қайта келе ме?
Жайраң қағып жас талы,
ел көңілін бөле ме?!
Аспан нұрға боялды,
жұлдыздарын түн қамдап.
ұйқысынан оянды,
қысы бойы тынған бақ.
Арыны асау, атама,
ағыл-тегіл жыр едім.
Тағы да тіл қата ма,
үнсіз жатқан жүрегім?!
Күйге түсіп мың түрлі,
оралсам сол шағыма,
түсінгендер былтырғы,
түсінер ме тағы да?!.
* * *
Сайрайды құстар,
сайрайды құстар,
келерін көктем хабарлап.
Сайрайды құстар,
жайнайды құстар,
қуанып оған қалар бақ.
Сайрайды құстар,
көргенде елдің
ақ жүзін нұрға боятып.
Қалғып бір кеткен
кеудемде менің
үмітті канша оятып.
Сайрайды құстар,
мен көңілденем,
ғайып боп тарлық, іш тарлық.
Өмірге деген,
өңірге деген
еселеп артып кұштарлық.
Сабырхан АСАНОВ
Арман ағысы
* * *
Бүршіктер қанатын жайды,
қаптаған бақтарда мынау.
Құс үнін қала тындайды,
ертеңгі шақтарда мынау.
Түрім жоқ көнетін мұңға,
өкінтсін өткен күндерім,
қуантып келетін жылда,
келді ғой көктемім менің.
Бейкүнә жарасып әлем,
оралды балалық маған.
Ағаштар арасыменен,
нұр болып таралып барам...
* * *
Көктем мені құмар қылды
неге осынша өзіне?
оны ойласам, қызыл-жасыл
гүл елестер көзіме.
Оны ойласам, жұпар сепкен
сәуір орнап кеудеме,
нәр бітеді, әр бітеді
айтқан әрбір сөзіме.
Оны ойласам, сылдырайды
құлаққа кеп бал бұлақ,
жағасында жаңа шыққан
жас құрағы балбырап.
Көп нұрланған көк жүзінде
қалқиды ақша бұлттар,
ауық-ауық көзін жұмып,
ауық-ауық қалғып ап.
Оны ойласам, көз алдымда
көлбеңдейді көк егін,
шетсіз-шексіз көк егіннің
айту қиын көлемін.
...Көп машина зырқыраған
көк асфальт жол бойынан
көгалда ойнап қутың қаққан,
қозы лақты көремін.
Оны ойласам, көктің жүзін
құс қанаты жапты кеп...
Жарқ-жұрқ еткен найзағайдай
алаулаған ақ білек,
құшқан кезде, қысқан кезде,
бақыттан бас айналса,
бой балқытып бара жатты
тәтті тыныс, тәтті леп...
* * *
Көктемге, тағы міне, бір ай қалды,
Алатау баяғыша шыр айналды.
Алыстан жеткен көктем жұпарынан,
қайран бас қайтадан бір шыр айналды.
Ақ қарлы жатқан мына қала тынбай,
көшелер – ұшар оның қанатындай.
Қуанам,
келіп қалған көктемге емес,
жайнаған жас шағыма баратындай.
Ту ғылып көтерсем де жырды ізгі тік,
тағат боп екеуміз де тұрмыз бітіп,
құлпырған көк баулардың арасында,
қалардай Шолпан дейтін бір қыз күтіп...
26.01.1995 ж.
Сабырхан АСАНОВ
Арман ағысы
КӨКТЕМ КЕЛДІ
Көктем келді,
елімнің бір көктемі,
бірте-бірте көбейді нұр көктегі.
Алатауды төріне отырғызып,
құшақ-құшақ гүл сыйлап құрметтеді.
Көктем келді,
кәдімгі нұрлы көктем,
бұлбұл күткен баулары, жырды күткен.
Құс біткеннің көздері оттай жанып,
қуаныштан қанаты бір-дір еткен.
Көктем келді,
түлікті, төлді көктем,
сағындырған,
аңсатқан елді көптен.
Ауық-ауық аспаны жұпар сеуіп,
жер бетінде тамшысын мөлдіреткен.
Кеудесіне құпия сыр жасырып,
Кемпірқосақ ақ тауға тұрды асылып.
Бірін-бірі қуысып, шапқыласып.
бала біткен жарысты қырға шығып.
* * *
Көктем келді,
көктем келді тағы да,
қайта оралар құстар біткен бағыма.
Аман жеттім,
күз, қысты артта қалдырып,
мына өмірдің мейірімді шағына.
Көктем келді,
көктем келді қайтадан,
бар дүние бақыт жайлы айта ма ән.
Шама шіркін баратса да шау-тартып,
шақты қайтем қыз қылығын байқаған?!
қырым – балқып,
тауым – мөлдіреп,
көк аспан да көңілімді бөлді көп...
Көріп бейне тұрғандаймын мен бәрін,
тұңғыш рет,
я болмаса соңғы рет!
* * *
Көктем келді,
жаңарды да жер беті,
көктем келді,
желімен гүл тербетіп.
Туған қырда төрт түлікті төлдетіп,
туған қырда дихандарды терлетіп.
Көктем келді,
күннің нұры аймалап,
кеште көктем жұлдыз қарап, ай қарап.
Қанша бұлбұл бұтақтарға отырды,
қанша бұлбұл жырламақ та сайрамақ.
Көктем келді,
сәбилерді ойнатып,
көктем келді
үлкендерді ойлатып.
Жер бетінде көп деуші еді бақытты,
келген мынау көктем – бақыт қай бақыт?!
Көктем келді
құстар көкте тізіліп.
Асқар таудан ақша бұлттар үзіліп.
Сылаңдайды сұлу мына дүние,
сылаңдайды жас келіндей сызылып.
Сабырхан АСАНОВ
Арман ағысы
Көктем келді,
көңілдерде өнер көк,
көктем келді
құшақтарға енер кеп,
жұбанамын биыл бітіп кеткенмен,
келер жылы қайта айналып келер деп.
Шет-шегі жоқ менің мынау өкпемнің,
оңашада жасты қанша төкпедім.
Бір кеткеннен қайта оралмай жоғалды,
жастық шағым – менің нұрлы көктемім.
Өткізе алмай отырмын мен күн санап,
Ай, Күн көзін жиі ашып, жұмса да.
Бір кез сонша еркелеткен шақтарды,
кім ойлаған қатыгез деп мұншама.
Қайда, қайда сол шуақты күндерім,
қайда менің қоңыраулы үндерім.
Моторы өшіп қалған орта жолдағы,
машинадай қалыпты құр сүлдерім...
* * *
Көктем, көктем,
ой мен қырда көгерген,
жасарт менің
түр-түсімді көнерген.
Адаммын ғой,
адам болмай, тас болсам,
дән боп түсіп
қара жерге, өнер ме ем?!
Көктем, көктем,
құдірет-күш бір сенде,
сенің арқаң
жыласам да күлсем де,
сенің арқаң
ақ арман боп көгінде,
ақ бұлттармен
аймаласып жүрсем де.
Көктем, көктем,
жаным көктем, жан көктем,
жақсылық боп жарқыраған жер-көктен.
Кім көтеріп алар менің жанымды
сәбидей боп
шырылдаған жөргектен.
* * *
Келді де көктем ырғалған,
гүл исі шықты қырлардан.
Есіме түсті сол көктем,
Медеуге біздер бір барған.
Төбемнен саулап күн нұры,
сайлардан сайрап бұлбұлы.
Бұлқынып аққан бұлақтың,
құлаққа келіп тұрды үні.
Ақша бұлт көкте аунаған,
арман-ау аппақ аумаған.
Жап-жақын жерден қараған,
жап-жас боп Алатау маған.
Самал кеп сүйіп әр беттен,
буындар балқып, әл кеткен.
Дүние түгел жарқырап,
дүние түгел әндеткен.
Қалмастан қызу дүрмектен,
бір кеткем сонда, бір кеткем.
...Барлығын еске салғанмен,
ол көктем емес, бұл көктем!
Сабырхан АСАНОВ
Арман ағысы
* * *
Сайрайды құстар,
көктемнің жыршы құстары,
сайрайды ұзақ,
жоқ білем сірә қысқа әні.
Қолдары тимей
отырғандықтан жұмыстан
Түспейді көзге
бірінің және ұшқаны.
Сайрайды құстар
әлемге мынау жар салып,
құбылтып қанша,
құлпыртып қанша ән салып.
Көрінген күліп,
көктемнің таңын, ақ таңын
жатады күнде,
жатады естіп қарсы алып.
Жаңылып жату
дәл бұлар үшін жат па еді,
әндерінің
бірінің де жоқ әттеңі.
Ақ таңы атып,
құстары сайрап жатқандай,
тәтті қандай,
бұл тірлік қандай тәтті еді.
* * *
Келе жатыр қызықтарын ертіп қыр,
құстар баққа ән-күйлерін шертіп тұр.
Мамасындай жас балалы ананың,
бұтақтарда бүршік біткен шертіп тұр.
Келді сөйтіп ай-қай көктем, ай көктем,
куанышқа,
шаттықтарға бай көктем.
Жастық шағым жап-жас қыз боп, жайнаңдап,
жаңа ғана қарап кетті әйнектен.
Жүрген жалғыз жүрегіне жүгініп,
жаңа қарап кеткен жанның үңіліп,
қалмайын деп қарасынан көз жазып,
шыдай алмай сыртқа шықтым жүгіріп...
* * *
Қуанады,
қуанады құстар да,
кең өлкеме көктем келген тұстарда,
шырқар ма екен дәл осылай, кім білген,
көптен күткен өз бақытын ұстарда.
Қуанады,
қуанады құс біткен,
бір шуақ, нұр құйылады түстіктен.
Тула бойды, тәңірім-ау, балқытар,
пейіштен бір өскен алау ыстық дем.
Атар таңды,
батар күнді тең бағып,
қуанады қала, дала, таулар да,
қуанып бір қалар ма деп мен дағы?!.
* * *
Сайрайды құс біткен,
сайраймын өзім де,
жарықпен жалғасқан
нұр ойнап көзімде.
Жарқылдап өткен қыз,
жайқалған жас терек,
шоқ тастар төзімге,
шоқ тастар сезімге.
Сабырхан АСАНОВ
Арман ағысы
Бір тынбас құс үні
дәл бүгін өктем-ау,
ызғарлы, мұз-қарлы
күн жырақ кеткен-ау.
Жасаурап жанарым,
жалындап жүрегім.
жасарып қалғандай
қалпым бар, көктем–ау!
* * *
Бұталар балақтаған,
Бау-бақты алап, далам,
құлпырып, қуанады
барлығы қарап маған.
Кешегі өткен де өмір,
оралып жеткен бе бір?
Жасарып,
жанам мен де,
жауынды көктемде бұл.
Гүл жайнап қыр жағынан,
тау жайнап бір жағынан,
көңілді көтерді, дүние нұр жамылған.
* * *
Ей, жайнаған тұңғыш нұрлы көктемім,
саған деген алғысым мың, көп менің.
Желдей есіп өтсе қанша көктемдер,
сен жанымнан ұзамадың, кетпедің.
Жер-жаһанға жайып аптап, от-лебін,
Жазым келіп қалса дағы – өтпедің.
Сарғайған көп жапырақты жауратып,
күзім келіп қалса дағы – өтпедің.
Қылаулаған қарын төгіп теп-тегін,
Қысым келіп қалса дағы – кетпедің.
Сөйтіп жүріп байқамай да қалдың сен,
жанымызға жаңа көктем жеткенін.
Менен басқа түк көрместен көздерің,
оның дағы өткенін сен сезбедің.
Күлім қағып тұрған сенің қасында,
көз салмадым көркіне де өзгенің.
Жұмысы жоқ өтіп жатқан дүрмекпен,
мен өзіңе көз саламын құрметпен.
Айнымайтын алуан көктем ішінде,
екенбіз-ау екеуміз де – бір көктем!
* * *
Біткен жоқ көктем әлі,
күн нұрын алғасын көп,
қара тал көктеп алып,
құлпырды жап-жасыл боп.
Күн санап қуаттанып,
жасарды кәрі емен.
Қалқама шуақтанып,
қараймын әлі де мен.
Қуантқан көп қаланы,
құсының үні бөлек,
біткен жоқ көктем әлі,
бітетін түрі де жоқ...
* * *
Көктем әлі
біткен жоқ, гүл көктемім,
біліп пе едім,
қадірін білмеп пе едім?
Көкірегімде
қайнайды қаншама арман,
көкірегімде
жанады күн көктегі.
Сабырхан АСАНОВ
Арман ағысы
Көктем әлі
біткен жоқ, гүл көктемім,
көшесімен
кім оның жүрмек тегін.
Жылап тұрған
жастарды жұбаттым да,
күліп тұрған
жастарды құрметтедім.
Көктем әлі
біткен жоқ, көктем, көктем,
құдыретін жүректің
өктем де еткен.
Бардай еткен,
бағалы, базарлы еткен,
кем күңдерді
басымнан өткен-кеткен.
Бір нәрсені
бұзбаған, бүлдірмеген,
бақытыңның
бар-жоғын білдірмеген.
Күні бар ма
баршаны қуантпаған,
күні бар ма
мұңдыны күлдірмеген.
Табиғаттың
көктемі біткенменен,
көңілімнің
көктемін бітірмедім.
КӨКТЕМІМ ӘЛІ БІТКЕН ЖОҚ
Көктемім әлі біткен жоқ,
біткен жоқ менің көктемім,
тиыла да қойған жоқ
кеш сайын қаңғып кеткенмін.
Жанартау менің жүрегім
жалынын шашып тұрғанда,
бұйлығып үйде отырар
бәз біреу әлде деп пе едің?!
Көктемім әлі бітпесе
арқасы болмас өнердің,
аздау да болып тұрғаны-ай
арманы маған он ердің.
Құлпырып көңіл тұрғанда,
қиялым сейіл құрғанда,
күмілжіген күз түгіл,
жазды да көрмей өлермін.
Көктемім әлі біткен жоқ,
көктемнен әсте шықпасын,
гүлдеген бақша жырынан,
сырынан басқа ұқпасын.
Тұла бір бойды тазартып,
тулаған ойды базар қып,
тамылжыған таңдар да
тап-таза, мөлдір шық бастым...
* * *
Көктем әлі біткен жоқ,
жүрегімде қан ойнап,
құбылады қалай тау,
құлпырады қалай бақ.
Іші толған қыз, жігіт,
жүрген жанып, үздігіп,
көкірегім қимастан
көлем әлі қарайлап.
Тыпыршимын күні-түн
тағат сабыр ете алмай,
жететұғын жеріне
жүрген жандай жете алмай.
Көп алаңдай беремін
Сабырхан АСАНОВ
Арман ағысы
сол бір базар бақтарға,
ұзап та бір кетпестен,
қосылып та кете алмай...
Қызығы мол қасында
қалмасам да, қалсам да,
тағдыр, басты тігуге
тұратын күн бар сонда.
Не бар қылмай, жоқ қылмай,
не аш қылмай, тоқ қылмай,
таусылмаған көктемім
салдың әуре-сарсаңға...
ҚАЖЕТІ НЕ ӨКПЕНІҢ
Көктемім әлі біткен жоқ,
біткен жоқ менің көктемім,
жайнап, жанып, жарқырап,
жалын атып көкте күн.
Аспанымда ала бұлт
ауық-ауық жиналып,
көрсең шіркін селдетіп,
нөсерлетіп төккенін.
Аққу-қазым ұшады
айдындардан наз алып,
тарқамай қырлардан
гүл-бәйшешек базары.
бірде нұрға жуынып,
бірде нуға бұрылып,
жаным менің жатады
жақұттай боп тазарып.
Көктем әлі біткен жоқ,
менің жасыл көктемім,
бүршік жарып сырларым,
жүрегімнен көктедім.
Тұнық қалпым шайқалмай,
тұрсам әлі мөлдіреп,
келіп қалған жасқа да
қажеті не өкпенің...
КӨКТЕМІМ МЕНІҢ
БІТПЕЙДІ
Көктемім менің бітпейді,
етпейді әсер ызғар да.
Көктемім менің бітпейді,
бетінде жердің қыз барда.
Көктемім менің бітпейді
түк емес оған зарың да.
Көктемім менің бітпейді,
бақыт пен шаттық барында.
Көктемім менің бітпейді,
көкірек, кеудем жиі ысып.
Көктемім менің бітпейді,
жүргенде жастар сүйісіп.
Қалады жүзім құлпырмай,
қапамын,
мүлде құсамын,
қыз тұрмай жайнап, гүл тұрмай,
құр тұрса бір сәт құшағым
Көктемім менің бітпейді,
бітірер кім бар кәнеки –
Бетке ап мен тұрған беткейді,
келеді қалқам әнеки...
Сабырхан АСАНОВ
Арман ағысы
* * *
Жапырағы жайқалып,
жаз келді,
қыз көзінен байқалып
наз келеді.
Бұл жалғанда ешнәрсе бірдей емес,
біреуге – көп,
біреуге – аз келеді.
* * *
Көк аспанда қылау жоқ,
келгені ме жаздың бұл?
Көк шалғынға бір аунап,
көкпеңбек бір жазам жыр.
Көтерілді қызып күн,
кіріп кеттім бауыма.
Көрмегендей қызықтым,
күндегі Алатауыма...
БАЛЛАДА
Жер бетінде келе жатыр бір жас қыз,
жел өтінде келе жатыр бір жас қыз.
Жермен емес,
толқындармен жүргендей,
тербетіліп келе жатыр бір жас қыз.
Гүлдей болып келе жатыр бір жас қыз,
күндей болып келе жатыр бір жас қыз.
Алыстардан аңсатып бір естілген,
үндей болып келе жатыр бір жас қыз.
Нұрдай болып келе жатыр бір жас қыз,
жырдай болып келе жатыр бір жас қыз.
Таңғы шықпен бірге тамған, үзілген,
сырдай болып келе жатыр бір жас қыз.
Жұмсақ қана түртіп жүрек бүлкілі,
қуаныштар көп лықсытты күлкіні.
Жер бетімен келе жатыр бір жас қыз,
«Мен ғашықпын!» деді сосын бір күні.
Қиқарлықпен қатты деме бұра тіл,
айтты деме болмайтын жөн, кұр ақыл:
кем көріп ем ғашықтардың бақытты,
дегім кеп тұр – асықпастан тұра тұр!
* * *
Ойнақтап біраз жерге келдім мен де,
бақытты бірі екенмін елдің мен де.
Ай мен күн аспандағы сөне жаздар,
жарқырап қуаныштан мен күлгенде.
Көретін қанша қызық алдымда бар,
кез де әлі қашық жатыр әлді бағар.
Жынданбай қалай жүрмін махаббаттан,
ғашықтық жырын жазса Әбділдалар?!
Атқан таң,
құшағында дір еткен гүл,
аппақ боп айнымады-ау білектен бір.
асық қып ағаны да, ініні де,
айналдым қартаймайтын жүректен бұл!
БІР МАХАББАТ
Қиын ғой қыз бенен бұл өлең деген,
ерекше екеуіне елеңдегем.
Күн бойы күдер үзбей күтіп жүрем,
дегендей болғаннан соң келем деген.
Кетеді кеудем кейде ысып-ысып,
Тұрамын сонда орнымнан ұшып-ұшып.
Көрініп көзге өздері, қолға түссе,
қалар ем қар сынғанша құшып-құшып.
Сабырхан АСАНОВ
Арман ағысы
Сәт қайда жарқылдасып жанарда арман,
айнымас жан беріп те, жан алғаннан.
Болмаса бір махаббат жүректегі,
не таптым адам болып жаралғаннан!?
ӘЗІЛ ӨЛЕҢ
Қиялданам қарап жатып жұлдызға,
Айға қарап жатып және жұбанам.
Бала кезде ғашық болып бір қызға,
осы аспанның астында мен жылағам.
Есім шығып әсем көркі, әрінен,
қалш-қалш етіп қасына әрең барып ем.
Келе-келе кетті ме әлде әдет боп,
қыз көрінсе, жылап келем әлі мен?!
Желігіне емес берік тау шыдар,
бұл кезімді деу де қиын сау шығар.
Оны бірақ елеп жатқан қыздар жоқ,
көздің жасы болды бекер таусылар.
* * *
Халық ек түсінісер ыммен ғана,
құндағы болған ыстық күн мен дала.
Бұл күні түсінісер болдық: «сүйем,
сүйем», деп шуылдаған «жынмен» ғана.
Күндер бір шуылдаған жетті басқа,
оркестр «ым-дымыңды» тепті басқа.
Жүректей жұмсақ қана лүпілдеген,
қанша бір қайран сөздер кетті босқа.
Содан-ақ ақын бар ма күрсінбеген,
бау-бақтай тал бойына нұр сіңбеген?!
Қозыдай инабатты сөздер қалып,
Қодардай сөздер шықты гүрсілдеген.
Сойқанның шақ келтірмек күші нені,
тау жығар топанды еске түсіреді:
Қызығы,
бір қызығы қыздар қазір,
Қозы емес,
Қодар сөзді түсінеді...
* * *
Егделікті баспа менің бетіме,
қара одан да гүлжазира ниетіме.
Кетірем деп жүріп менің бағамды,
өз бағаңды кетірме.
Болсам да егде,
қалған жоқпын дүрмектен,
беу, кештер-ай, ақ таңдармен бірге өткен.
Құшағымда талықсыған талай бір,
талай ғана гүл көктем.
Деп өзімше көтергенмен еңсені,
кете алмаймын бұрынғыдай белсеніп.
Қайран жалын жастық саған не жетсін,
білемін ғой мен сені.
Айта берсе,
қасиетіңде көп енді,
қозылардай кернеп кеткен көгенді,
айрылысу оңай болса біздерге,
осыншама жазар ма едім өлеңді?!
Өзіңменен өзгеше едім, бай едім,
аралаған жұлдыз елін, ай елін.
Бара жатса жырлар қаптап сен жайлы,
жетер, жетер деп қояды әйелім.
Бәлкім жетер,
бәлкім жетпес, кім білген?
әй, көктем-ай, күмбезіне күнді ілген.
Сабырхан АСАНОВ
Арман ағысы
Ата-аталап немерелер ұмтылса
шүкір-ай деп, шын көңілден күлдім мен.
Қыстай қатып-семіп шыққан қырқаны,
кілемдей боп көгал жауып тұр тағы.
Қызғалдақтай ары-бері жүгіріп,
түрлентіп тұр Асановтар ұрпағы.
* * *
Шым баттым сезімге,
тастай боп баттым мен.
ойланар кезімде,
ойсыз көп жаттым мен.
Түймедім түйін де,
үлгермей ес кіріп.
Сол сәби күйімде,
кеттім мен ескіріп.
* * *
Қызық қыздар шақырып мұңдаласып,
шын ақындар болады күнде ғашық.
Оған куә қазақтың шаттық тауы,
оған куә қазақтың мұң даласы.
Жүргенімен жұрт құсап күндіз бәрі,
атар таңға тірелер түнгі із барып.
Оған куә аспанның ай мен көгі,
тама жаздап самсаған жұлдыздары.
Тарқап кетсін бітпестей той кешегі,
симай қалсын әр жерге-ақ бой кешегі.
Шын ақындар болады күнде ғашық,
мына өмірге бергісіз ой кешеді.
Шыға берсін қыс пенен күз дерегі,
дей көрмеңдер: «үмітін үзген еді».
Ең соңғы рет көздерін жұмарда да,
шын ақыңдар гүл менен қыз көреді.
Ғұмырыңда шексе ол ел деп қайғы,
тау асады, тақыр жер, белді аттайды,
Бар әлемді бағады баласындай...
Шын ақынның үмітін ел де ақтайды.
МЕН БІР ҚЫЗДЫ ІЗДЕП
КЕЛЕМ ЖАЙЫҚҚА
Ағайындар, айтыңдаршы, айып па?
мен бір қызды іздеп келем Жайыққа.
Өзіменен бармап едім бақтарға,
өзіменен жүзбеп едім қайықта.
Көктемеде
кең даланы тербеген,
қыдырып бір
қызыл гүл де термеп ем.
Адам болып айтпап едім бір сырды,
жалғыз сырды көкіректі кернеген.
– Біздің жақтың қалың-қалың бауы бар,
біздің жақтың төбелердей тауы бар.
Сол баулардың,
сол таулардың ішінен,
жігіт болсаң,– деген еді – тауып ал...
Ағайындар, айтыңдаршы, айып па?
мен бір қызды іздеп барам Жайыққа,
өзіменен бармасам да бақтарға,
өзіменен жүзбесем де қайықта!
Сабырхан АСАНОВ
Арман ағысы
* * *
Жас болып өткен,
мас болып өткен күндерім,
шамдай күндіз, самала отты түндерім,
бақшы-баудан,
ақша таудың қасынан,
емін-еркін естілген шат үндерім.
Жас боп өткен,
мас өткен шақтарым,
таза мөлдір тас бұлақ боп аққаным.
Шуақ-нұры кең әлемге жайылып,
жарқыраған ақ таң болып атқаным.
Жас боп өткен,
мас боп өткен... өткенім,
көзді арбаған көкшіл мұнар көктемім.
Әр тамшысы аулақта гүл аялап,
асықпастан ақ жаңбыр боп төккенім.
Өткенім-ау,
бір жолата өткенім,
саған айтар өкпе-назым көп менің.
Тамшы жасым таңғы шықтай мөлтілдеп,
көрсең еді домалап бір кеткенін –
өткенім-ау,
өткенім!
* * *
Жастық шағым,
мол қазынам, кенішім,
өзің барда,
қойғандай-ақ келісіп,
қыздар біткен күрек тісін ақситып,
күлетұғын сияқты еді-ау мен үшін.
Соның-соның кеткені ме бәрі өтіп?
десек тағы
болған соң ба әдеті,
бір жігітке бір қыз күліп қараса,
әлге дейін қалар көңіл дәметіп.
* * *
ОРАЛ, ЖАСТЫҚ ШАҚ?!
Орал, орал, орал шағым, жас шағым.
Мен білмеймін,
бүгін қанша жастамын.
Көз ұшында күліп тұрған өзіңді,
көз ұшында тұрып іздей бастадым.
Орал деген, бәлкім, әлде қыз аты,
жүрегімде қалып қойған сызаты.
Қайтқан құстар қиқулатса аспанды,
қимай-қимай тұрмын қарап ұзатып.
* * *
Орал, орал, орал менің жас күнім,
орал менің тау суындай тасқыным.
Қыз күлкісі кетсе естен тандырып,
тарқалмай жүр әліге дейін мастығым.
Орал, орал, орал менің гүл күнім,
тыңдап өскен найзағайдың күркүрін.
Өзің қозғап кеткен жанартау жүрек,
тұрады әр кез әліге дейін сілкініп.
Орал, орал, орал жұпар шағым бір,
көргендерім боп кетпесін сағым бір.
Тамырларда өзің кеткен тулатып,
әлге дейін алай-дүлей ағын жүр
Содан бері өтіп кеткен қанша уақ,
қалай ғана аман-сау жүр жан шыдап.
Сабырхан АСАНОВ
Арман ағысы
Орал, орал, орала гөр, жас күнім,
мөлдір шық боп жазғы танда тамшылап
* * *
Жас күнім оралар ма,
тау мұнарға оранар ма,
күркіреп тасып өзен,
толқынға толар арна.
Көктемім оралар ма,
өткенім оралар ма.
Қыдырсақ,
қызыл гүлдер,
аяққа оралар ма.
Ақ қарға ел оранғанда,
ыстықтап борандарда,
жас күнім оралар ма –
мас күнім оралар ма...
Үміт бар Орал барда!
ЖАС ШАҒЫМ
Бір сен деп кеудем нұрға толар менің,
не болса, бола алмайды сол ермегім.
Жас шағым, қайта айналып келер болсаң,
қайтадан мен бір гүлің болар ма едім.
Жас шаққа қалған кейін қайта алмаймын,
тек қана жаутаңдаймын, жаутаңдаймын.
Арамыз соншалықты қашық жатыр,
айқайлап айтарымды айта алмаймын.
Қарыз да,
парыз дағы көп мойнымда,
бір дауа жер бетінде жоқ қой мұңға.
мен үшін өте алыс бір жұлдызсың,
жылтырап қалып қойған кек қойнында.
* * *
Оралым менің,
Оралым менің,
болса да қанша кісілер ымдар,
ұйтқыған сезім,
бораным менің,
өзіңдей мені түсінер кім бар.
Айналып нұрға ұшарсың демде,
құшағын күндер ашып та тұрды.
Құшпайсың ба әлде,
құшасың ба әлде,
бұл тағдыр саған ғашық та қылды.
Жұлынып жұрттай,
жаныға бермей,
сабырмен жүрсең жанарың лаулап,
жаман бұл ағаң жаныңа келмей,
жасырып отын жанады аулақ...
* * *
Көрсем деп қанша келдім, көре алмадым,
көктемдей көңлі көкте өр арманым.
Кетсең де қай жерлерге, қай жақтарға,
бәрінен дұрыс болар оралғаның.
Орал да отыр сол бір орынында,
қарайын келіп көзбен толы мұңға.
Білмедім, бәз біреудің бақытымын,
білмедім, бәз біреудің сорымын ба?!
Тап қазір кемігендей менде жалын,
табар ма өстіп жүріп пенде ажалын.
Мен кіммін,
Сабырхан АСАНОВ
Арман ағысы
не ғып жүрмін,
түсінбек боп
қоя ғой әуреленбей сен де, жаным.
Тағдырдың бөлінгенмен жолы мыңға,
отыр кеп,
отыр, Орал, орынында.
Төгіліп жүзіңнен нұр отырғанда
Қарасам болды көзбен толы мұңға...
* * *
Сен емес пе ең жүрегімнің сенгені,
таңда туар жұлдызға сол теңгеріп.
Секілді бір тұрып қалған жайың бар,
Сүйе жаздап,
сүйе жаздап сен мені.
Болмадым ба бола жаздап арманың,
көтердің бе әр қилы ойдың салмағын.
Ал, мен болсам, күйіп кеттім бір жола,
күйе жаздап,
күйе жаздап қалмадым...
* * *
Мен сені сүйем десем, сүйме дейсің,
күйдірме мені өйтіп, күйме дейсің.
Көктемде жанған жаңа жауқазын ем,
бетіме самал боп та тиме дейсің.
Кейде өзім көрінгенмен, кейде өгейсің,
басынды өзгеге де имегейсің.
Отырып оңашада ойға кетсем,
жас болып жанарыма үймелейсің.
Демеймін күліп келіп бас мүңымды,
(ешкімге көрсеткем жоқ қастығымды).
қыздарға салған жерден ұнай кетер,
іздедім бағасы артық жастығымды!
ҚАНАҒАТ ЖАҚСЫ, ҚАНАҒАТ...
Іліккің келсе жақсы атқа,
ісіңді ешбір ақсатпа!
Жетпей ме өзің сүйгенің,
сүйікті болу – мақсат па?!
Кірпіктен тамшы тамса да,
кісінің көңілін аңсама.
Тіректі сырттан іздеумен,
құлап бір жатқан қаншама.
Жақсының әлде көзісің,
әлде тап соның өзісің.
Сүйікті болу – кісі ісі,
біреуді сүю – өз ісің.
Айтпаймын сөзді балағат,
ойды арам лақтыр, далаға ат!
Күмәнді істі күткенше,
қанағат жақсы, қанағат!
* * *
Сарыағашқа
сені іздеп келген едім,
шаруам не
су ішкен елде менің.
Көрмей жатып
жүрегім лүпілдеді,
хабаршысы
секілді әлде ненің.
Бұл өмірде көргем жоқ
кергіп тегі,
сәтім еді
көп болған мен күткелі.
Сабырхан АСАНОВ
Арман ағысы
Сен жүгіріп
қасыма келмеген соң,
шипалы су көңілімді сергітпеді.
Жүрегім де
тым қатты ұрып тұрып,
жіберді ғой күн-түнді ұмыттырып.
Мен қуанып қасыңа бара алмадым,
бара алмадым
амалым құрып тұрып.
Жоғалта ма
бостан бос ерікті жан,
кеулеп кетті
кеудемді желік бір ән.
Сарыағаштың
кәусарын сылтау ғылып,
сағынғанда
мен саған келіп тұрам.
Сағынғаңда
мен сені көріп тұрам.
* * *
Жұрт жиналып,
мен қырыққа толған күн,
неге сонша көп толқыдың, толғандың.
...Көкала бұлт көктемнің күніндей,
сондай шақтар көңілімде мол қалды.
Түспей еске тұрғандай-ақ бір ісің,
есімде әлі сонда сұлық тұрысың.
Есімде әлі кеткен жандай сең соғып,
үй ішінде сенделіп көп жүрісің.
Айықпастай ойға батып бір қалың,
есімде әлі жұртқа мойын бұрғаның.
Шығып кетіп сосын басқа бөлмеге,
терезеден түнге қарап тұрғаның...
* * *
Тағы да Шымкентте таң атырдым,
оянды құс ұйқылы қала, құрбым:
кеудесін керген кербез Алатаумен
біз тұрдық арасында дана қырдың.
Тағы да кірпігіме тамшы ап тұрдым,
шық болып гүл үстінде самсап тұрдым.
Тағы да арман қала – Алматы мен
өзіңді қоса бірге аңсап тұрдым.
Қашаннан кеткен менде ерік ойдан,
сондықтан бір атымды сері қойған.
Күтер-ау күтсе Алматым күнде мені,
көп күтіп үйренбеген сені қайдам...
* * *
Жастық шақтың өткендігі болды анық,
келсе егделік,
неғыламын қорланып.
Қыста ұзақ, көп сақталған алмадай,
ақ жүзіміз бара жатыр торланып.
Қызықтардың болса дағы бәрі ұмыт,
жүрек одан кетер емес жарылып.
Өзегіне түскен құрттай іштен жеп,
үнсіз-түнсіз, құртады екен кәрілік.
Солай, солай,
бастан біздің бақ тайды, ә,
оны айта бергеннен де жоқ пайда.
Жалт қарасаң,
жапырылар қалың қыз,
алмас қылыш секілденген шақ қайда?!
Көкірекке қайғы мен мұң толды-ау кеп,
мезгілден бұл көрмеген соң қолдау көп.
Сабырхан АСАНОВ
Арман ағысы
Көп ойлаймын сол бір жалын шағымды,
мені қойшы,
саған обал болды-ау деп...
* * *
Жастық шағым өтті деп,
қайғыға қашан баттым мен.
Кірпіктерім көк тіреп,
жұлдызға қарап жаттым мен.
Балқып ап,
әбден шалқып ап,
төгіліп кетпей тұр әрең.
Жұлдыз жайнап, жарқырап,
кеудем де және бір әлем.
Көңілді кетер көркейтіп,
кеткенмен қызық соқпай көп,
тиген жерін өртейтін,
қызамын қызыл шоқтай боп.
* * *
Сағыныш ем,
болдым енді сағынбас,
деу де қиын
аллам енді бағымды аш.
Хош, хош айтты
қуанышты күндерім,
хош-хош айтты
үнсіз ғана қарындас.
Үнсіз атты
Сарыағаштың ақ таңы,
үнсіз жатты
ауыл-аймақ мақталы.
Тіл қатпады
теректер де, талдар да,
осы болды
барлығынан батқаны.
Тез-ақ өтсе
екі апта, бір апта,
жер менен көк
тіл қатпады бірақ та.
Тіл қата алмай
екі көзі мөлдіреп,
бір қарындас
қалды солай жырақта.
* * *
Есіріп ер жетіп ек,
болдық мұң шағынатын;
Қалды ма жер бетінде,
жалғыз жан сағынатын.
Толқыса сағым қырда,
жұлдыз боп түнде өрермін.
Сағынбай,
сағындырмай,
қалайша күн көрермін.
Қайғыны жатсынып бар,
ей, тірлік, күлкіңе көш.
Сен барда
жақсылықтар
бітуі мүмкін емес!
* * *
Көкірегім – күлімдеген ашық күн,
бұл жүрегім жырын бітпес толғаса.
Аруларға мен әлі күн ғашықпын,
айтуға тек ұяларым болмаса.
Көп төгіліп күлкілердің сыңғыры,
қалғып кетсем,
Сабырхан АСАНОВ
Арман ағысы
оятады үндерің.
Көрген сайын көздерімді тұндырып,
жазирамда жайқала бер, гүлдерім.
Көпті көрген көңіл қалай елемес,
көп мұңайып бақтар маған қарады.
қызбен онда жолығуға мен емес,
жігіт болған балам кетіп барады.
Қыздар, қыздар, тылсым түнді қалаған,
қыдырсаңдар... бағың бүгін басында.
Таң атқанша талып көктен қараған
жұлдыздардың тұрармын мен қасында...
* * *
Көкірегімде бір жігіт жүр
қолына гүл ұстаған,
көздерінде күн нұры ойнап,
басынан бақ ұшпаған.
Сүйерін де сүйіп әлі,
құшарында құшпаған,
бар үміті артта қалып,
тағдыр оны қыспаған.
Көкірегімде бір жігіт жүр,
баққа да әлі бармаған,
үлгермеген сөзін де айтып
сүйгеніне арнаған.
қызыл-жасыл кең дүние
көркіменен арбаған,
бірақ, одан аларын да
әлге дейін алмаған.
Көкірегімде бір жігіт жүр,
ырыс-құты мол жігіт,
шаршамаған, шалдықпаған,
сапар шегіп, жол жүріп.
Келе жатқан секілденер
елден-жұрттан соң жүріп,
біле алмадым, басқа ма әлде,
менмін бе әлде сол жігіт?!
* * *
Құрбым қанша қолынан ұстамаған,
кіре ғой деп құшаққа қыстамаған.
Аспандағы жұлдыздай алыс тұрсын,
жақын жазда жарығы, қыста маған.
Жұлдыздарым жатоайды ел жатқанмен,
асқар ақ тау,
шалқар көл,
бел жатқанмен.
Мәңгі жайнап тұрады тас төбемде,
батпайды олар,
бір күні мен батқанмен...
* * *
Кеше ғана туған қыздар ер жетіп,
аты-жөнін біліп алды ел жетік.
Көпті көрген менің көне жүрегім,
мұңлы сырын отыр үнсіз тербетіп.
Көне жанды қыздар көзге ілер ме,
ілмек түгіл,
кім біледі, күлер ме.
Көкіректің гүлі ешқашан солмасын,
білер ме олар,
әй, білер ме, білер ме?!
Қайдан білсін түспеген соң басына,
соны сезіп қосылды ақ тал шашыма.
...Шақыршы бір солқ-солқ еткен, гүл жастық,
ең соңғы рет болса да өз қасыңа!
Сабырхан АСАНОВ
Арман ағысы
* * *
Балапандай бас көтерген ұядан,
сен бір гүлсің жаңа ашылған қиядан.
Құйтақандай болған саған, қалқам-ау,
сомадай боп қол созуға ұялам.
Жалбырасаң,
балбырасаң желге сен,
жанға тыным,
қанға тыным бермесең,
мен жүгіріп бара алмаймын қасыңа,
бара алмаймын,
өзің біліп келмесең.
Жалын десең,
жалынайын, сұрайын,
құла десең,
қос тізерлеп құлайын.
Бір-ақ рет бастап берші бұл жолды,
одан кейін өзім барып тұрайын...
Балапандай бас көтерген ұядан,
сен бір гүлсің жаңа ашылған қиядан.
Құйтақандай болған саған, қалқам-ау,
сомадай боп қол созуға ұялам.
* * *
Көзіңменен шақпашы мұңыңды, жаным,
көтере алмас жүрегім мұныңды, жаным,
Қысқа өмірде мен байғұс қиналдым қанша,
қысқа өмірде мен қанша күліп-жыладым.
Арман деген алынбай қалар ма асқар,
аппақ етті басымды ағарған шаштар,
Көңілім менің түнерген түнек еді бұл,
жарқыратып төрінде от жағар ма жастар.
Кәріліктен өзімді қаштым ғой алып,
шайқалады шың-құзым тасқынға оянып.
Көзіңменен маған мұң шағасың босқа,
мен болмасам,
сен жассың, жассың ғой әлі.
Дауылменен шақта бұл терек ойнаған,
бар амалым біткен соң, терең ойланам.
Қапаланып қалсам мен – баратын жер жоқ,
баратын жер жоқ дейтұғын – келе ғой маған.
* * *
Таусылмайтын неткен бақыт, бұл бақыт,
жас күнімді алдым десем ұрлатып.
Ойнап-күлген бір топ жас кеп тұрды да,
жүрегімді қойды қайта жырлатып.
Көкірегіме күн қонақтар, ай құлар,
қысқа өмірде көп кезікпес жай бұлар.
Сенер ме екем осы қазір, дәл қазір,
десе біреу – жер бетінде қайғы бар.
Гүл құлпырған кезде ойдан, қырдан да,
не жетсін-ай жастар сейіл құрғанға.
Таусылмайды бақыт, бақыт, мол бақыт,
жастық өлмей,
аман-есен тұрғанда!
* * *
Қайта-қайта қарайсың кеп айнаға,
қып-қызыл боп қан бояудан ерінің.
Сен біреудің жары болсаң жайнаған,
мен де өзіңнен асқанның ерімін.
Бір ошақтың қамын ойлап толғанса,
басады кім басқа-басқа іздерді.
Жарым арлы,
Сабырхан АСАНОВ
Арман ағысы
жарым аппақ болған соң,
бұл құдай да бақытты етті біздерді.
Қаншама рет гүлге оранып құшағы,
қызға толды,
ұлға толды етегі.
немерелер шулап келіп құшады,
бізге сол-ақ,
бізге сол-ақ жетеді...
КҮН КӨРІП КЕЛЕМ ӘЛІ
СЕНДЕРМЕНЕН
Сендердің көздеріңнен өлең оқып,
қанша өмір қырқасынан келем өтіп.
Толтырып ішіне ай, күн, жұлдыздарын,
жіберді тар кеудемді әлем етіп.
Содан-ақ жер бетіне симай келем,
қинайды,
қинайды қыз,
қинайды өлең.
Көрген бақ,
жеген таяқ,
өкпе-өкініш,
тастамай тапқанымды жинай берем.
Ешкімге өздерінді тең көрмегем,
секілді байлық бар жұрт меңгермеген.
Сендерді керіп баста жарқыл қақсам,
күн көріп келем әлі сендерменен.
Тірліктің әр күнінде жұмбақ із бар,
секілді шілдедегі құмдағы ызғар.
...Мені аман-есен жүре берсін десең,
жайнаған жанарыңды жұмба, қыздар?!
БЕТАШАР
Келін, келін, келіп тұр қасымызға,
Келін, келін, келіп тұр қасымызға
сәлем салып үлкенге, жасымызға
толғалы тұр гүл болып үйімізге,
қонғалы тұр бақ болып басымызға.
Күлкі болып үйірілмек ернімізге,
мүлдем ұят мұң шағу енді бізге.
Қуаныш боп,
шаттық боп халқымызға,
жұбаныш боп тәубешіл елімізге.
Келін, келін, келіп тұр төрімізге,
мін ғып ешкім таға алмас оны бізге.
Баяғыша қалдырмай босағада,
жетелейміз биікке, өрімізге.
Жалын болып жанбақшы көзімізге,
қуат беріп,
әл беріп сөзімізге.
Өзге болып табалдырықты аттағанмен,
тез айналар түрі бар өзімізге.
Келін, келін, келіп тұр ырыс болып,
салтанаты,
сән-салты дұрыс болып.
Көптен бері жүргенмен көңлімізде
бүгін ғана біткен бір бір іс болып.
Бүгін ғана біткен бір жеңіс болып,
қаһармандық,
ерлікпен тең іс болып,
Алажаздай баптаған бақша-бауға,
күзді күні кеткендей жеміс толып.
Сабырхан АСАНОВ
Арман ағысы
Келін, келін, келіп тұр абырой боп,
мұндай сәтте ұшқыр ой, алғыр ой көп.
Аспанымыз жұлдызға толы бүгін,
тебемізден тамғалы балбырайды от.
Мұндай сәтте елгезек көңіл деген,
көз саламын думанды өңірге мен.
Ұрпағымен ұзарып, алыс тартып,
осы екен ғой үзілмес өмір деген.
Келін, келін келіп тұр Айдай болып,
іштер еріп оттағы майдай болып.
кірпіктері төгіліп төмен қарай,
қара қасы иіліп, жайдай болып.
Именсе де қарауға ел бетіне,
мен жақсылық тілеймін, сен де тіле.
Айналайын жарық кып сәулесімен,
нұр таймасын, жайнаған келбетінен.
Келін-келін, келін тұр күндей болып,
Қара шашы қап-қара түндей болып.
Сыңқылдайды қыз-қырқын қасындағы,
бұлақ жақтан естілген үндей болып.
Қызумен құлпыртып қыр-даланы,
балбыратып,
балқытып тұр қаланы.
күн дегенің сөнбейтін мәңгілік қой
күндей келін, күніге жырланады.
Келін, келін, келіп тұр көктемдей боп,
көңілдердің кірбіңі кеткендей боп.
Мейірімді,
таусылмас шапағаты,
жер бетіне түп-түгел жеткендей боп.
Жер бетіне түп-түгел тарағандай,
жердің беті тек соны қалағандай.
Қызыл ала қызғалдақ қырға шығып,
қызықтырып ел-жұрты қарағандай.
Ағалар жүр ақ көңлін айта алмастан,
інілер жүр өзара тай-таласқан.
Балалар жүр келінді көрмек боп кей,
үйлеріне жап-жақын қайта алмастан.
Жекжаттар жүр келген ат сабылдырып,
той-думанға бар еркін бағындырып.
Аққу құстай таранып тұрған келін,
қойған бәрін таңғалтып, табындырып.
Достар қанша сәтке бұл ортақтасқан,
жаттай болып бірі жоқ жалтақтасқан.
Қарақұрым ағайын қаптап кетіп,
қағысады жүруге жол таппастан.
Езуінен күлкісі арылмастан,
кім айналмас жүгірген қарындастан
Ата-ене жүр сүрініп етегіне,
жүректері сәл ғана жарылмастан!
Алдымызда – екі жас – екі ғашық,
болған еді бұл күнге жетуге асық.
Құт болсын деп қадамы бәрімізге,
келінжанның берейін бетін ашып.
АБАЙ АҒА
Саған арнап өлең жазып,
ақша алып жатыр жұрт,
бұл не деген көзжұмбайлық,
бұл не деген батырлық.
Сол ақынның келмесе де
бәрі бірдей бәйгеден,
сол өлеңнің болса екен-ау
біразы іске татырлық.
Сабырхан АСАНОВ
Арман ағысы
Абай-аға, аз күндегі
аласұрған мұңымды ұқ,
кейде серік таба алмаймын
атау үшін ырым ғып.
Өлең аты кетер ме еді
өшіп мынау өмірден,
сенің атың тұрмаса егер,
кешіне боп мұрындық.
Бір қасірет бара жатыр
қазынамды ойран ғып,
үлкен кіші тұра қалып,
аң-таң қалдық, ойландық.
Ел алдына топ-топ болып
шыға-шыға келдік те,
шу-шу етіп сөзін сатқан
сәудегерге айналдық.
Бүкіл әлем басын иген
ақыл қайда, ес қайда,
арым қайда – нарым қайда
ойламайтын еш пайда!
Елім қайда, жұртым қайда
күнмен бірге күлімдеп,
елім қайда, жұртым қайда,
бетін тосқан кешкі айға!
Қайда әруақ қасиетті
арыстанша ақырған,
барады ғой менде үзіліп,
ақырғы жыр, ақырғы ән.
Қайран далам елестейді
кейде өңшең қу болып,
төмен қарап тұқшың қағып
ақша санап отырған...
Қарқылдаған қалың қарға
аз бұлбұлға мін айтар,
бақша-бауын тартып алар
күндіз-түні сыр айтар.
Сен де жоқсың, тарыққанда
арқа сүйер асқарым,
сен де жоқсың, бұл сұмдықты
мен айтпасам, кім айтар?!
* * *
Тіл емес,
ет жүректер сайрағанмен,
қалмады-ау құның сенің, қайран өлең.
Заманға түк түсінбес кез келген соң,
сен жайлы не бітірем ойлағанмен.
Тең емес,
көп нәрседен кем боп тұрсың,
айтады бір басыңа ел боп бір сын.
Қазірді,
келешекті қайдам, қайдам,
тек қана өткен күнге ем боп тұрсың.
Ежелден атаушы еді ел ар тауы деп,
өрнектің сөгілмейтін арқауы деп.
Бұл күні саған бар жұрт мал тап дейді,
сұлулық қашан ғана мал тауып ед.
Күн сайын көк жұлдызын жақса қолдан,
ақ таңда құс үніне бақша толған.
Ақша бол дейді саған бүгін бәрі,
күн нұры қашан ғана ақша болған.
Ел едік ақылы көп, ақыны көп,
жақсының дейтін сені жақыны деп.
Кітап боп қымбат-қымбат сатыл дейді,
жан сыры қашан ғана сатылып ед.
Кезің жоқ қыз қылығын ауламаған,
саспадың сәттерде де жау қамаған.
базарға салған кім бар қуанышын,
Көз жасын кім бар, кім бар саудалаған.
Сабырхан АСАНОВ
Арман ағысы
Ай-күннің толған кезде толғағың кеп,
Аспан мен жар арасын толғадың көп,
тиынға шағып сонда жатты сені,
картошка,
капустадай болмадың деп.
Айта алам тағдырыңды болжап қандай,
қайғырам ішімде бір шал жатқандай.
Болған соң бағалаушың бүгін мұндай,
түнекте шамаң бар ма шам жаққандай.
О, менің қазақ болған қасиеттім,
салмағын сезем сендік қасіреттің.
Бүтін бар болмысынды бір жан ұқпай,
менімен бірге өмірден жасып өттің...
Тіл емес,
ет жүректер сайрағанмен,
қалмады-ау құның сенің, қайран өлең.
Заманға түк түсінбес кез келген соң,
сен жайлы не бітірем ойлағанмен.
* * *
Көзімді қадап келемін алға,
ақындық – асқақ әлем бе деймін.
Биікпін,
өрмін өлеңім барда,
патшаңа да оңай сәлем бермеймін.
Жүрегім жаннан жасқанбады бұл,
жатпасын кейде білініп бағам.
Ақ тамшы болып аспандағы бір,
ақша бүлттарға ілініп қалам.
Жақыным түгіл,
жатқа да зорлық
етпеуге ой бар көңілде бекем.
Өмірге келгем тап-таза болып,
тап-таза болып өмірден кетем.
Кеудемді пысық жан сала сүйреп,
жортпадым заман түлкісі болып.
Төгілдім жастың болса да сирек,
кез жасы болып,
күлкісі болып...
Көзімді қадап келемін алға,
ақындық – асқақ әлем бе деймін.
Биікпін,
өрмін өлеңім барда,
патшаңа да оңай сәлем бермеймін.
ҚАЛАМ
Жай қаламның ұшынан,
алтын сөздер тамады.
Секілденіп жарқылдап,
жақсы адамның жанары.
Сол қаламның ұшынан
жиі-жиі домалап,
жарық мына әлемге
от жүректер жанады.
Сол қаламның ұшынан,
жылтылдайды таң шығы,
құс біткенді жіберер
бұлбұл ғылып, әнші ғып.
Бәйге аттары көрінер
ұбақ-шұбақ созылып,
үстіндегі балалар
көкке сілтеп қамшыны.
Сол қаламның ұшынан
жұпар атар гүл шығып,
сол қаламның ұшынан,
нұрын шашар күн шығып.
Жаңа үміттер көгерер,
жер мен көкті жайнатып,
Сабырхан АСАНОВ
Арман ағысы
мұқалмаған жігері
жас жігіттей құлшынып.
Сол қаламның ұшынан
шыға келер жар күліп,
мына қысқа тірлікте,
талай жоқты бар қылып.
Аман-есен тұрғанда
сол бір қалам қолымда,
менде шаттық, қуаныш
көрген емес сарқылып.
Өркеш-өркеш бірде одан,
тау тамады қарандар.
Әсем қала, бірге орнар
гүлзар бақтар, аландар.
Ортасында жүреді
ойнап-күліп адамдар...
Соның бәрін жаратқан,
жаса, жаса, қаламдар!
* * *
Жарқырай ма жана ма әлде іштей күн,
бәрі-бәрі бір еркімнен тыс деймін...
Біреу патша болып түсіп жатса да,
мен ақынмын тағымнан еш түспеймін.
Денім сауда бітпейді әсте билігім,
жатсам да не қиындыққа килігіп.
Қар үстіне қаулап өсер қызғалдақ
көңілімдегі мәңгі жап-жас күйді ұғып.
Қаласам мен – кәрі жас боп қайтадан,
ақ таң жайлы ағыл-тегіл айтар ән.
Қан қақсатпақ кейбір қара ниетті,
қару емес қара сөзбен қайтарам.
* * *
Бұл өмірден теріп келем өлеңді,
шағын болсын,
болсын, мейлі, көлемді.
Жақсы, жаман екендігін білгем жоқ,
өз бағасын бере жатар ел енді.
Теріп келем қолға әйтеуір, түскенін,
аз да болса,
жинамақ боп піскенін.
...Қанша күнім қапыда өтіп, бос өтіп,
қаншама рет бас бармақты тістедім...
Теріп келем болатыны дәмдірек,
куә етіп кештерді көп, танды көп.
Теріп келем шаршамай да шалдықпай,
дей алмаймын мандайдан тер тамды деп.
Қиялменен қияндарда арбап ем,
демесем де балқып денем, бар денем.
Теріп келем өлеңді мен аптықпай –
«асыкпаған қоян алады арбамен».
Көңіл солай толқып кейде кетер-ау,
бірдеңе онсыз бітер деу де – бекер-ау,
теріп келем талмай, танбай бір-бірлеп,
өмір жетсе,
өлеңдеген жетер-ау.
Мәндірегін,
әлдірегін табайын,
Кез сүйсінер сәндірегін табайын.
Жалғыз өзім тергеніммен теруін,
мұның бәрі сендер үшін, ағайын...
Сабырхан АСАНОВ
Арман ағысы
* * *
Жыр жазады,
жалықпай жыр жазады,
кең даланың қажымас бір қазағы.
Бұл дүние шаттанса, шалқып-тасып,
бұл дүние қамықса, бірге азады.
Қалтарыс көп, тірлікте бұрылыс көп,
жаза берер сонда да жырын үстеп.
Тенсе әлемге қасірет, төнсе қайғы,
бірге онымен отырар бір уыс боп.
Ой боп ұйып,
селт етпей бұғып қалды,
көздің жасын кейде рас төгіп те алды.
Сырттай қанша мүжіліп, шөгіп қалды.
Арман-арман боп мәңгі қалды ұзаған,
не болары белгісіз алғы заман.
Оны амалсыз түсірген күйге осындай,
құдай да емес,
басқа емес – жалғыз адам...
Жыр жазады,
жалықпай жыр жазады,
кең даланың қажымас бір қазағы.
Бұл дүние шаттанса, шалқып-тасып,
бұл дүние қамықса, бірге азады.
АҚЫН
Ақын ол таңға ғашық, тауға ғашық
ішінде гүлдер толған бауға ғашық.
Сүйеді өзен-көлді, дала-шөлді,
мені сүй деп жатпас саудаласып.
Кезі көп көк дөненді ойнақтатқан,
сезімнің тұнығына бойлап баққан.
Осыдан мың жыл бұрын, миллион жыл бұрын,
ақын ол махаббатты ойлап тапқан.
Тынысы – алтын күннің нұры мына,
аттамас ала жіпті ырымыңа.
Күллі әлем жайлы үздігіп жыр жазады,
қарай сап жап-жас қыздың бұрымына...
* * *
Ақындық деген –
сақтанбау, абайламау,
алға қарау,
арт жаққа қарайламау.
Өзі жанып кетсе де,
өзгелерге
сәуле төгер
нұр төгер арайлы алау.
Ақындық деген –
жасқанбау, жалтақтамау,
қорқып, үркіп әр неден қалтақтамау.
Ел алдында жүріп мерт кетсең дағы
ел соңында ез болып салпақтамау.
Ақындық деген –
қулыққа бой алдырмау,
ақты көк деп,
көкті ақ деп бояндырмау.
Қулықпен де біраз іс бітірдім деп,
кеуделерде ыза, кек ояндырмау.
Ақындық деген –
көзсіздік, есепсіздік,
көкіректен бұл ойды кеш өткіздік.
Айласы көп өмірде айласыз боп,
арыстандай ақыру – десек – бізді ұқ!
Сабырхан АСАНОВ
Арман ағысы
«ХАНТАУЫНДАҒЫ» КЕШ
«Хантауында» ойнады жел, ойнады,
кәрі жартас күңіренуін қоймады.
Аспанда бұлт арлы-берлі жөңкіді,
секілденіп «Айдарлының» қойлары.
Біз отырдық бұлақ қасы – төменде,
таудан түсіп тұрды таудай көлеңке
Су сылдырап,
жусан аңқып,
тал шулап –
айналамыз толып тұрды өлеңге.
* * *
Көкке,
жерге қараймын өлең іздеп,
көктемдерге қараймын өлең іздеп.
Қасы-көзі қиылып,
дәл жанымнан
өткендерге қараймын өлең іздеп.
Күлгендерге қараймын өлең іздеп,
жүргендерге қараймын өлең іздеп.
Жанарларды жаулаған жарқ-жұрқ етіп,
гүлден гүлге қараймын өлең іздеп.
Өлең іздеп жұлдыздан түніменен,
балбыраймын бақта құс үніменен.
Басқа жақтан бір қайыр болмай қалса,
өлең іздеп ішіме үңілем мен.
Жүргізсе өмір ойлантпай өктемдігін,
елеп жатыр қазандай өкпемді кім.
Егін шыкпай еліме қалған жылдай,
қасірет қой – өлеңсіз өткен күнім!
* * *
Жүз өлең бе,
мьщ өлең бе, жаздым мен,
бір солардың қамын ойлап аздым мен.
Көкірегіне гүддер қадап көктемнен,
жанарына жалын жағып жаз күннен.
Қанша қайрат,
қуат – күшім кетсе оған,
бір ғұмырды бүтін бердім тек соған,
деген оймен
ұзап шығып алысқа,
он өлеңім он ғасырға жетсе аман.
Иемденіп жатқан мынау жерді алтын,
қазағымның білемін ғой мен нарқын.
Жетпей қалса жетпей қалсын өлеңім,
жетсе екен сол бір шаққа ер халқым.
Жағдай солай бұл күндері достарым,
мен соқпаймын бұрқыратып босқа мұң.
Сақта құдай,
халқы үшін қайғырмай,
қалт-құлт етіп күйттегеннен бас қамын!
* * *
Бір өлең өлмейтұғын жазсам ба екен,
сөйтіп бұл заманадан озсам ба екен.
Ол өлең болад деуші ед ай қасында,
қолымды көктегі айға созсам ба екен.
Асығыс қоштасып ем бала шақпен,
жастық шақ азабын да дара шеккем.
Ай туып,
елі жатып,
қызы күткен,
бірігіп кетсем бе екен болашақпен.
Сабырхан АСАНОВ
Арман ағысы
Мен солай күндерге алыс кетсем бе екен,
жұрт өтпес өткелдерден өтсем бе екен.
Ашылып қанша ғасыр қақпасы алдан,
жұрт жетпес жерлерге де жетсем бе екен.
Бір мендік бақыт-бақты танып қалып,
тоқтаса көздің жасы тамып барып.
Бір шумақ өлең болып қағаздағы
құласам қиянға сол талып барып...
Бір өлең өлмейтұғын жазсам ба екен,
сөйтіп бір күннен қанша озсам ба екен.
Ол өлең болад деуші ед ай қасында,
қолымды көктегі айға созсам ба екен?!
* * *
Өтіп жатыр,
өтіп жатыр босқа күн,
амалсыздан айтам мұны, достарым.
Қазағымның қасиетті жырына,
көрік болар бір ауыз сөз қоспадым.
Өтіп жатыр ұйықтап, тұрып, шәй ішіп,
жана алмаған жалын жүрек жәй ысып.
Өтіп жатыр қара көзін төңкеріп,
қарсы алдымда қыз тұрмастан майысып.
Өтіп жатыр көше кезіп, сарсылып,
шеке шып-шып,
кең дүниені тарсынып.
Өтіп жатыр,
бәрін біліп тұрғанмен,
қайрат-жігер көрсете алмай қарсылық.
Қашан бітер,
қашан бітер бұл әурең,
көл ғыламын көздің жасын бұлаумен.
Шаршап-талып бітер бекер әр күнің,
бала-шағаң қасына кеп құлаумен...
Өтіп жатыр,
Өтіп жатыр босқа күн,
амалсыздан айтам мұны, достарым.
Қазағымның қасиетті жырына,
көрік болар бір ауыз сөз қоспадым.
* * *
Жүзден – жүйрік,
мыңнан тұлпар,
дейтін еді қазақта.
Бәрі тұлпар елде мынау
ақын болу – азап та.
Қолдан келсе,
тыныш қана жүргеніңнің өзі артық,
абайлап бір жыр жазбасаң,
айналасың мазаққа.
* * *
Ойнап жүріп жазған өлең бір бөлек
жылап жүріп жазған өлең бір бөлек.
Ойыны көп,
көз жасы көп өмірден
бір кетейік,
қалып едік бірге кеп.
Бірге, бірге,
бірге біздер кетейік,
не көрсек те,
шүкіршілік етейік.
Мақсатына жеткендер аз тірлікте,
Сәті түсіп қалса,
біздер жетейік!
Сабырхан АСАНОВ
Арман ағысы
* * *
Ақын деген құс қой самғар,
қанат керек оған да.
Ойланбауы керек оның
ұшам ба деп, қонам ба.
Күні қалай болар екен
қанаттыны жақтырмас,
аспаны тар, әрі аласа
мына қиын қоғамда.
* * *
Жайқалған гүлі,
шайқалған жасыл терегі,
көп емес мынау өмірден маған керегі.
Керегі маған – бір ауыз өлең өлмейтін,
сақтайтын оны қазақ бір деген ел еді.
Екпіні жаман есті алған мына жыл, айдың,
шыдап-ақ келем,
қашанғы бірақ шыдаймын.
Аман қыл елді,
аман қыл жырды мен жазған,
деп тілеп қана егіліп іштей жылаймын...
* * *
Көкірегімнен ұшты ойлары
ешбір жанға керексіз,
өтермін бе, кетермін бе бұл өмірден дерексіз,
деп жүргенде мыж-мыж болып жыртылған бір газеттен,
рахмет, оқи сапсыз өлеңімді елеп сіз.
Құйындатқан замананы
мына тірлік бек шебер,
айып болмай калды бүгін,
ауып-қаңғып кетсе де ел.
Аласапыран аймақтардан
аттап етіп аман-сау,
өзі күлген, кәзі күлген
сіз секілді бір жанға,
арман бар ма мың жылдан соң
бір өлеңім жетсе егер.
* * *
Жұрт қайда сез қадірін түсінетін,
жүр едім жыр жетектеп, кісінетіп,
Ыңғай бір мәңгүрттерге ісім түсті,
бостан-бос қабынатын, ісінетін.
Жабықты жан сырына үйір басым,
жалықты жүрек бекер жиі ұрғасын.
қайғы-мұң,
күлкі-шаттық дегендерден,
оллаһи, түк ұқса олар бұйырмасын.
Уайым-ескі үйдегі жыртықтай көп,
жалынын кеуделерге бір тықпай ма от.
Қорқамын боска әуре боп жүрмін бе деп,
атылған айдалаға мылтықтай боп.
* * *
Қазақ қамын жалғыз өзі жегенсіп,
қазақ үшін күйіп жүрмін дегенсіп,
сөз айтады тап-тайыз сол бейшара,
сөз айтады қысылмастан, тереңсіп.
Түсі сүп-сүр,
күлмегеңдей,
күлместей,
біз пендені бейне көзге ілместей.
Асып-тасып жатады ыңғай ақылы,
одан өзге жан ештеңе білместей.
Сабырхан АСАНОВ
Арман ағысы
Бір өзінен басқаларда нұр кемдей,
мұның қалай дегендерге тұр көнбей
Қиқаяды,
қисаяды,
заманды
жалғыз өзі – түземек боп жүргендей.
Өмір бойы өткен де емес сый көрмей,
сәт те болған басына бақ үйгендей.
Жолдастар да,
жары да бар жап-жақсы,
тағдыр, бірақ, қойған оған мый бермей!
* * *
Толғанып күндіз де ерек, түнде де ерек,
жан едім жырға әлемді бір бөлемек.
Жақсы өлең,
жақсы өлең деп зар қағамыз,
жақсы өлең осы күні кімге керек.
Сарқылмас сары уайым көптен маған
үйіріліп,
көңілімді еткен алаң.
Жақсыңды,
жайсаңыңды қайтсын-ай бұл,
ой емес,
тиын қуып кеткен заман...
* * *
Жыр жазғым келеді,
жыр жазғым,
шуағын жиып ап бір жаздың,
шаттанған жандармен бір шалқып,
мұңайған жандармен бірге аздым.
Жыр жазғым келеді күлімдеп,
бір күннен артық бір күнім деп.
Кеудесі орденге толғандай,
тамаша жұлдызды түнім деп.
Жыр жазғым келеді жүзімдей,
мөлдіреп тұрар сәл үзілмей.
Көзіндей жайнаған жастардың,
ып-ыстық жарымның жүзіндей.
Жыр жазғым келеді аспанға,
сыр іздеп караймын тастан да.
Жас ақын секілді лепірем,
ер жасы – елуден ассам да.
* * *
Бір ерлік жасағым келеді,
оқпен емес, сөзбенен.
Бір ерлік жасағым келеді,
көріп тоймас көзбенен.
Бір ерлік жасағым келеді,
тұрып қалар тұғырда.
бір ерлік жасағым келеді,
ұмытылмас ғұмырда.
Бір ерлік жасағым келеді,
жердің беті таң қалар.
Бір ерлік жасағым келеді,
нұрын себер жанға бар.
Бір ерлік жасағым келеді,
дейтін: алғыс үйсін ел.
Бір ерлік жасағым келеді,
жаным, өзің сүйсінер.
Жылдармен жарысып желемін,
жасқа жеттім елерлік.
Таптырар бір күн деп келемін,
таптырмайтын сол ерлік.
Сабырхан АСАНОВ
Арман ағысы
* * *
Жыр жазғым келеді, жыр жазғым,
жарығын жиып ап бір жаздың.
Сонан соң отырғым келеді,
кейпінде сыпайы, сырбаздың.
Отырғым келеді тау ғұсап,
жемісі біткен бір бау ғұсап.
Есімде қалмастан
өмірде
мен көрген шулы шақ, даулы шақ.
Сарқырап,
өзен боп – бір жағым,
кең дала,
кезең боп – бір жағым...
Сол өлең жазылып болған соң,
тұрмастан қалсам да ырзамын.
Сыр шертіп мәңгілік шығармаң,
шақ қайда шығарар құмардан.
Айтқым кеп қалған соң айттым мен,
әйтпесе, кімде жоқ бұл арман!
* * *
Бір өлең тапсам,
бір өлең тапсам,
бір өлең тапсам өлмейтін,
ғасырлардың,
замандардың зорлығына көнбейтін.
Жарқыраған жер бетінде жұлдыздай боп атыңды,
мүрдеңменен бірге апарып топыраққа көмбейтін.
Бір өлең тапсам,
бір өлең тапсам,
бір өлең тапсам мәңгілік,
бұл адамзат, айтып жүрсе, шырқап жүрсе ән ғылып,
Сол әнменен бірге айтылған, бірге айтылған есімім,
қалып қойса жер бетінде үзілместен жаңғырып.
Бір өлең тапсам,
бір өлең тапсам,
бір өлең тапсам, бір өлең,
таба алмасам,
жүрсем дағы аман-есен – тірі өлем.
Соңдықтан, ертелі-кеш демей, аспан астында,
көктемдегі жауар бұлттай, жанар бұлттай түнерем.
Бір өлең тапсам,
бір өлең тапсам,
бір өлең тапсам, бір өлең...
* * *
Адалмын деп,
аппақпын деп ісіндім,
құлы сірә болмасам да айқайдың.
Жақсылықты кейде жұртқа
ішімнің
қиып онша тұрмағанын байқаймын.
Тұра қалып
терең-терең толғансам,
эх, көрінді-ау осым – мін де, осым — мұң,
Өзге түгіл,
өзім мұндай болған соң,
мен шошындым,
мен бәрінен шошындым.
* * *
Жақсы өлең секілді жақсы адам,
жерінді түзетер ақсаған.
Көңліңді көтеріп аспанға,
әкелер бітпейтін бақ саған.
Сабырхан АСАНОВ
Арман ағысы
Жақсы жыр секілді жақсы адам,
жасайтын жалықпай бап саған.
Қанша нұр шашса да халыққа,
көрінер әрдайым тапшы оған.
Көрген жоқ ешкімді жасқап ол,
кезінде кулкі де, жас та мол.
Жақсы өлең секілді жақсы адам,
қиналсаң, кетпейді тастап ол.
Тұлғасы тұнып бір тұрған ар,
көктемгі пәк гүлдей ырғалар.
Жақсы жыр секідді жақсы адам,
не көрсең, сенімен бір болар!
* * *
Керісті қашан тиясындар, адамдар,
жер бетіне сиясыңдар, адамдар.
Бірің өліп,
бірің көміп жатқанда,
қалай-қалай қиясыңдар, адамдар?!
Бірің – кіші,
біреуінді – дәу делік,
бірің – тентек,
біреуіңді – сау делік.
Жер бетіне келіп-кету дегеннің,
екендігін білсеңдерші әурелік.
Мүмкін болса,
көмектесіп, болысып,
бір-біріңе берсеңдерші қол ұшын.
Келіп-кету әурешілік болған соң,
қырқысуға бола ма екен сол үшін?!
ҚАЛАМАДЫМ БАСҚАНЫ
Аппақ таңдар жиі-жиі атса кеп,
қызыл кештер қауырт барып батса көп,
кітап жаздым,
оқып-оқып бір жас қыз,
жастығының астына алып жатса деп.
Ауық-ауық кірпігінен жас тамып,
ғашықтықтың шағы кетсе басталып,
сәтіне сол серік болса жырларым,
тілемедім,
қаламадым басқаны...
* * *
Денсаулық-ай,
байладың ғой бағымды,
сынбас жерде сындырдың ғой сағымды.
Жұрт алдына шыға алмаймын жарқырап,
бәлкім, жұртым мені дағы сағынды.
Бәлкім, жұртым мені дағы іздейді,
менен дағы күдер, үміт үзбейді...
Қайда жүр ол қанша көктем келгенде,
кеткен кезде қанша және күз, дейді.
Ал, мен болсам, буырқанған күйімде,
қосыла алмай көп дүбірлі үйірге,
жалтақ-жалтақ қарап жалпақ еліме,
отырамын елегізіп үйімде.
Сонда да, елім, мен емеспін түңілген,
сен емес пе ең терендерге үңілген –
теледидар,
мінбелерден іздеме,
ізде мені жүрегіңнің түбінен!
Сабырхан АСАНОВ
Арман ағысы
Қанша таңды тебіренумен атырдым,
қанша кешті теңселумен батырдым.
Ізде, ізде жүрегіңнің түбінен,
жылт-жылт етіп сонда жанып жатырмын...
* * *
Арақ ішіп стакан,
шелектерді толтырып,
өзімізді өзіміз
жібердік көп өлтіріп.
Мүлдем сиреп кеттік қой
өзі сирек ақындар,
есебі бар, есі бар,
жүр ғой мынау ел тірі.
Солай-солай көбіміз
көктей солдық, қиылдық,
бәз біріміз бар амал
біткеннен соң тиылдық.
Өлі-тірі боп сосын
кітаптарға айналып,
дүкендерде бас қостық,
дүкендерде жиылдық.
Біздер бұрын білгенде,
едік мұны қаламас,
жаза алмаған өмірін
жарты өмір – жарты бақ.
Күйде сол бір шала ес,
күйде сол бір шала мас,
полкаларда тұрармыз
бас жаза алмай қалтырап...
Көңілім бәрін сезеді,
көңілім бәрін болжайды,
қара шашым ағарды,
айтуға енді қақым бар;
есте ұстаңдар бұл жайды,
ұмытпаңдар бұл жайды,
бізден кейін желкілдеп
шыққан гүлдей, ақындар!
АҚЫНДАРДЫҢ ЖҮРЕГІ
Сыздамаңдар, ақындардың жүрегі,
қызба да аңғал ақындардың жүрегі,
Бұл дүниенің тауқыметі аздай-ак,
қызда нең бар, ақындардың жүрегі.
Өртенбеңдер, ақындардың жүрегі,
ерте өлмеңдер, ақындардың жүрегі.
Бүгін бәрің жоқ боп кетіп жүрмеңдер,
ертең де бар, ақындардың жүрегі.
Алданбаңдар, ақындардың жүрегі,
арбалмаңдар, ақындардың жүрегі,
сәбидей ғып кетсе біреу жетелеп,
таңғалмаңдар, ақындардың жүрегі.
Жалынбаңдар ақындардың жүрегі,
жалындаңдар, ақыңдардың жүрегі.
Бар жақсылық күн көріп тұр сендермен,
жарылмаңдар, ақындардың жүрегі.
Адам-ата, әлімсақтан таралған,
заң-жоба бар айнымайтын әр алуан.
Сендерсіндер қазекемнің боз қойы,
халық үшін құрбандыққа жаралған.
11.01.1993 ж.
* * *
Мінезіме болсаң кейде таң қалар,
оның да бір себебі бар, аңғар ал:
Сабырхан АСАНОВ
Арман ағысы
тірісіңде маңайына жолатпай,
енді ақыншыл болып алған жандар бар.
Солар ғана сыйлайтындай ақынды,
солар ғана қимайтындай ақынды.
Күнде ертемен шулап азан орнына,
Мұқағали атын олар шақырды.
Қулықтарын, сұмдықтарын жаттап ап,
өзді-өздерін олар солай ақтамақ,
Қуалап жүр және әнеки біреуді,
өлтіріп ап, оны әй кеп мақтамақ.
Тоқта ағайын,
жаның салмай жаулыққа,
қызыл көрген құзғындардай даурықпа.
Анда-санда алла-тағаламен тілдесіп,
ақындар да жүрсін аман-саулықта!
АТАҚ
Атақ десе, алдарына жан салмай,
жүгіреді күндіз-түні қанша адам.
Арналады соған кештер аңсардай,
арналады армандардай таң соған.
Бір-біріне сөз айтады оқтай ғып,
Бірін-бірі сәудегердей сатады.
Есесіне,
сорлы атақты доптай ғып,
бір-бірінен қағып кетіп жатады.
Бір-біріне қамқор болып, дос ойлап,
бір-бірінің елемейді жайын көп.
Алғандары гүл-гүл жайнап, масайрап,
қалғандары өлуге де дайын боп...
Құлай кетпей,
кім тұрмақшы жолында,
атақ, атақ,
сен бөлексің, ерексің.
Кете берме пысықтардың қолында,
біз секілді момынға да керексің!
05.02.1991ж
* * *
Ең қиыны – лауреаттығын бермес-ақ,
болыпты да жыр жырласақ, тер болсақ.
Лауреаттығым – оларда емес – бойымда,
мен жүзімді тұра алмаймын жерге сап.
Өнерімді онда-мұнда тықпалап,
бағала деп жүгірмеймін, бұқпалап.
Биік келгем,
сол қалпымда қалам мен,
бұл өмірге биік қарап, тік қарап.
Түндерде аппақ кеудесін жыр, от қысып,
деңдер мені ай, жұлдызға кетті ұшып.
Ал, төменде қала берсін қырқысып,
лауреаттықты бөлмек болған көп пысық!
* * *
Аласапыран,
қарны ашқан бұл заманда,
амалда өлең,
амалда өлең,
амалда.
Тиын қуған тірлік түбі оңбайды,
гүл болмаса,
жыр болмаса ғаламда.
Біліп тұрып неғыламыз жасырып,
аяқ-асты еткені үшін асылын,
Сабырхан АСАНОВ
Арман ағысы
тірлік бір күн сенен сауға сұрайды,
алдыңа кеп,
аяғыңа бас ұрып.
Ал, әзірше тарығып бұл жерде кең,
сені жетім сәбидей ғып тербетем.
Келеді ол күн сұлулықтар билеген,
сен көресің, көрмей, бәлкім, мен кетем.
Сондықтан да шыда, досым аяулы,
білмейтұғын сәтте мынау аяуды.
Қаншама гүл құлпыра алмай мұңайып,
Қаншама ақын көңлі әзірше қаяулы,
шыда досым,
шыда өлең-жыр аяулы!..
* * *
Ақын деген ары емес пе бұл елдің,
ақын деген нары емес пе бұл елдің.
Қуанғанда,
көп төгілген күлкісі,
қайғырғанда,
зары емес пе бұл елдің.
Ақын деген ойы емес пе бұл елдің,
ақын деген тойы емес пе бұл елдің.
Асқар таудан асып түсер теңессе,
еңсесі мен бойы емес пе бұл елдің.
Ақын деген гүлі емес пе бұл елдің,
ақын деген күні емес пе бұл елдің.
Абайлар мен Тоғжандарды қыдыртқан,
айы жарық түні емес пе бұл елдің.
Ақын деген таңы емес пе бұл елдің,
ақын деген сәні емес пе бұл елдің.
Азабына алдыменен шырқырар,
жалғыз шыбын жаны емес пе бұл елдің.
Ақын деген әні емес пе бұл елдің,
ақын деген әрі емес пе бұл елдің.
Өткен күні,
қазіргісі,
ертеңі –
бәрі, бәрі, бөрі емес пе бұл елдің.
Қызықтарға қайрылмады бірер күн,
жұрт қамы деп жүре алмайды бір еркін.
Патшалардан ел басқарған, шаршаған,
міндеті ауыр екендігін білер кім?!
Ақын деген ары емес пе бұл елдің,
ақын деген нары емес пе бұл елдің...
* * *
Жап-жас қыздай қайтесің бұлғалаңдап,
тап сол үшін көңілім тұрды алаңдап.
Жақсы дейсің ана ақын, мына ақынды,
менен жақсы ақын жоқ бұл ғаламда.
Көрінгенмен кей-кейде аласарып,
жолымды мен келемін дара салып.
Ескерткіш боп қалуға дайын тұрмын,
бір алаңға ақырын бара салып.
Мен емеспін жөн сөзден тартынатын,
тиіп кетіп жүрмесін қартыңа тым.
Бір әйелге болмайды бұл жалғанда,
өз жарынан мықты ақын, артық ақын!
АҚЫННЫҢ ӘЙЕЛІНЕ
Белгілі күнің сенің күн емес бұл,
сен жансың жарың үшін тілеулес бір.
Ол күлсе, күліп бірге мәз боп қалып,
көзінде көлбеңдейді нұр елес кіл.
Сабырхан АСАНОВ
Арман ағысы
Жүргенің жалғыз соның қамын ойлап,
«жатып бір дем алсайшы, жаным-айлап»
Бір соған бар ықыласың ауып кетіп,
ұмытып өзіңді өзің, танымай қап.
Сонымен түн өтеді, таң атады,
бастайды тірлік күйін қала тағы.
Қылаусыз күтім көрген қайран ақын,
құлпырып қызметке баратады.
Тынбайсың,
ол жоқ кезде тықырлайсың, –
бар істі бітірмек боп тыпырлайсың.
Ол келсе, ойын бөліп алмайын деп,
шашылған үйінді де сыпырмайсың.
Қайсысы – шай керек пе, ет керек пе,
тартасың алдына әкеп елпелектеп.
Балалар бөлмесінен айқай шықса,
тынасың бәз біреуін желкелеп кеп.
Отырар сол кезде ақын қоқиланып,
тоқтаса, жазғанынан оқи қалып,
қыздарға арналған көп жырларының,
жөнелер жалындаған оты үйді алып.
Ісі жоқ қулықпенен, күнәменен,
лапылдап барып, барып тынады әлем,
Тісінді тіске басып сен тұрасың,
жарыла жаздап сонда шыдап әрең.
Түнеріп қабағың да ай көрінер,
қаттырақ қымқырылар кайғы-еріндер.
...Кім білген, қызғаныштан күйіп жүріп,
бақытты болған шығар Әйгерімдер...
* * *
Шашым неге ағардың
бітіргендей бірдеңе,
ес тоқтатқан егделік
келіп қонды-ау іргеме.
Бастан өткен қуаныш,
қайғысы мол күндерді,
алып қалса қайтеді,
кейінгіге жыр-мәуе.
Айтқанынды екі етпей
атқарса ол құп алып,
жас баладай жүгіріп
жас баладай қуанып.
Бұл азғантай өмірде
алшаң басып жүрер ек,
біз өткенмен, өтпейтін
өлең бар деп жұбанып.
* * *
Көп оқыдым,
көп тоқыдым демеймін,
ол жағына бай емеспін, кедеймін.
Барым менің – жалғыз жалын жүрегім,
жас баладай жалғыз арым... не деймін.
Көтере ме,
көтермей ме өкпемді ел,
көңілімді гүл етеді көктемдер.
Түсінетін жерде қалсам түсінбей,
әдейі істеп тұр екен деп сөкпеңдер.
Кейде рас, таң боп жайнап атамын,
кейде орынсыз тіл қатып та жатамын.
Жұрттан бөлек жаралғаныма мұндай боп,
сендер түгіл,
өзім дағы қапамын.
Сабырхан АСАНОВ
Арман ағысы
* * *
Ұлылығым –
есен-сау жүргендігім,
тау суындай сыңғырлап күлгеңдігім
Алыс-жақын ағайын арасында,
жүрер жол,
сөйлер сөзді білгендігім.
Ұлылығым –
елуге келгендігім,
елу түрлі қиялға ергендігім.
Қызғалдақтай қыздардың қатарынан,
басқаны емес,
дәл сені көргендігім.
Ұлылығым –
елуден асқандығым,
алпысқа да қадамды басқандығым,
Жүрегімнен күн шығып,
көктемдей бір
құшағымды өзіңе ашқандығым.
Ұлылығым –
әлі де сау болғаным,
жансам да ұзақ
жалықпай лаулағаным,
Қайғыртсаң да қаншама,
қапа болмай,
өз көңілімді өзімнің аулағаным.
Ұлылығым,
барлығы ұлылығым,
ұғармысың бір күні мұны күнім,
Махаббат деп аталар енесінің
соңынан қалмай жүрген құлынымын...
НЕГЕ КЕЛДІМ АУЫЛДАН?
Неге аулымда тыныш жүре бермедім,
аз ба еді онда алданышым, ермегім.
Жырмен жаулап аламын деп әлемді,
бекер болды-ау Алматыға келгенім.
Неге келдім симастан сол далаға,
таза жаны ұқсаған жас балаға.
Нем бар еді
тыңдай-тыңдай сезімді,
түсінбестен кеткен мына қалада.
Көмескілеу тартып көзде жасын-нұр,
көп жұмбақтан қатып кетті басым бір.
Қажет болмай өлеңім де, өзім де,
жалғыз қалдым есейгеңде жасым бұл.
Өшіргендей болып кеудем отын мың,
өте кештеу ойсырадым, опындым.
Көп ойлантқан қаладан да кете алмай,
аулыма да жете алмастан отырмын.
Мөлдірейді көз ұшында шық-далам,
паналаған,
талай мендей ықтаған.
Асандардан – асып туған талайдан –
бекер ғана Асанқайғы шықпаған..
* * *
Құр малданып өмір дейтін бес күнді,
шын ақындар алдамайды ешкімді.
Алдамайды, әсіресе, қыздарды,
құбылтпайды өйтіп олар кескінді.
Сабырхан АСАНОВ
Арман ағысы
Жаратылған соң, о бастан ақ таң боп,
жатар жалпақ елге мынау мақтан боп,
қасқырлар көп
қой терісін жамылған,
арсыздар көп,
ақын атын сатқан көп.
Сенбейсің бе,
сүйме де оны, сүйдірме,
басына әкеп, бірақ бәле үйдірме.
күйіп оның
жүргені онсыз да аз емес,
күйдірме, қыз, сен де енді күйдірме.
Күндей нұрлы күліп қана шығатын,
жан іздейді ол,
жанын, сырын ұғатын.
Күліп-күліп сен жүргенде иланбай,
күйіп-күйіп,
өтіп кетер шын ақын...
* * *
Бар өмірім өтпесе де тойлаумен,
емін-еркін жетпей мынау қойды-ау дем.
Қайран уақыт өлең-жырды аулайтын,
өтіп жатыр қарын қамын ойлаумен.
Елмен бірге өзгеру де – кеш маған.
еске алам-ау,
бәрін, бәрін еске алам.
Құдайым-ау,
мен қайтемін өлеңді,
аузын ашып тұрған кезде бес балам.
Дей бергендер түзелер сөз түзелді,
бар үміттің құйрық-жалы күзелді.
Қош, аман бол, әулие өлең, пір өлең.
бұл жалғанда кездеспеспіз біз енді!
* * *
Бір күні бұл дүние күлер жібіп,
туар-ау сөз қадірін білер жігіт.
Жаманды жақсыменен сол айырар
жақсыны желеп жүріп, жебеп жүріп.
Бір жасап қалар сонда шыншыл арман,
шықпас-ау сойыл алып күншіл алдан.
Құтылып өлең дейтін өндір өнер,
табанбет,
түк сезбес кей сыншылдардан.
* * *
Қош, өлеңдер,
көктемменен бір келер,
ажырасып
кетті біздің іргелер.
Қызғалдағын
қолдан алды түсіріп,
қызғалдақтың
қадір-құнын білген ел.
Қаншама өлең
кетті солай ерте өліп,
көкірегімде
көп салушы ед еркелік
алаулады
аппақ қардың үстінде,
қызғалдақтар
қызыл шоқ боп өртеніп.
Жер-дүниені
орап жатқан ойым бар,
күтіп, күтпей
жүрген де бір тойым бар.
Сабырхан АСАНОВ
Арман ағысы
Көктем сайын
туа өлетін болсаңдар,
тумастан-ақ қойыңдар.
12.03.1994 ж.
* * *
Түн жайнатып ғаламды,
жұлдыз шашқанда,
тауларды қалам ғып,
жыр жазам аспанға.
Бабыма мен келіп,
тұрамын күй құрап,
бұрқырап пенделік,
жатканда ұйқыда.
Шабытты қолқалап,
әлемді ән қылып
Осылай жол табам,
аулына мәңгілік.
15.02.1993 ж.
* * *
Екі дүние – ескі, көне дау,
етпеген жан көп бірін төр.
Өлген соң – біреу көмер-ау,
кім іздеп, бірақ, тірілтер?!
* * *
Бұқарға бітпес қу байлық,
маған бітер деймісің,
Жамбылға бітпес қу байлық,
маған бітер деймісің.
Қасымға бітпес қу байлық,
маған бітер деймісің.
Көкпар ғып тартқан ақылды,
астан бір кестең заманда,
сезеді, соны сезеді,
сезеді менің кейде ішім.
Төлегендер тарығып,
Мұқағали зар жылап,
бармайтұғын жерлерге,
көзі төрт боп барғылап.
Алмайтұғын жерлерден,
қолы батпай алғылап.
Жоқ дегенге кездессе ор,
тәуекел болып қарғылап.
Жер жап-жазық кезінде,
күн жап-жарық кезінде,
жүдеп-жадап өтті ғой,
көңіл дейтін арғымақ.
Базарға барсам, қулар тұр,
магазин барсам, сұмдар тұр,
ақша берсең, ағам деп,
арықтарда су жатыр.
Ақша берсең бағам деп,
бау мен бақша, ну жатыр.
Тиын болып сылдырап,
тілдер боп қанша шүлдіреп,
күндіз-түні тынбастан,
бұл дүние шулар құр!
Бастыққа барсам сөз алып,
сөз емес оған іс керек –
қайран ақын орнына,
крандай қара күш керек.
Жылтылдайды жанарлар,
қолыма менің түспе деп.
Құрылысшы болмастан,
неге ақын боп тудым деп,
үйге дейін қайтамын,
тырнағымды тістелеп.
Сабырхан АСАНОВ
Арман ағысы
Ойлаймын ойлар күнде мен,
ойлаймын ойлар түнде мен.
Сылдырайды ұйқастар,
құлақты арбап үн деген.
Сыландайды сұлулар,
бұраңдайды гүл деген...
бәрін бұзып кетеді-ау,
бәрін бұзып өтеді-ау,
анда-санда кірген ес,
деген: қайтіп күн керем?!
Келе жатқан қашаннан,
аспан барда, жер барда,
таулар барда тұғырдай,
өзен барда, көл барда,
жазық барда шайқалған,
күні күйген шөл барда,
түбінде бір түсінер
сөз асылын ер туар,
мен де ұмыт болмаспын
Қазақ барда – ел барда!
* * *
Жұлдыздармен,
айларменен,
күндермен,
таңдарменен,
тал-түспенен,
түңдермен,
өзендерменен,
көлдермен,
бірге жасап
мен де мәңгі гүлдер ме ем.
Аясыңда
тірлік дейтін бір жазық,
соларменен
бір толар ма ем, бірге азып.
Солар ғұсап
жансам мәңгі, жайнасам,
қажеті де
болмас еді жыр жазып.
Әуреленіп,
оны-мұны ән ғылып,
жүрмес те едім
мен бұлайша мәңгіріп.
бірде әнге, бірде күйге толам көп,
о, мәңгілік, қайтсем бірге қалам деп.
Қызға ғашық болғыш басым ойлап па,
бір күндері – саған ғашық болам деп.
қызға ғашық
болғыш басым ойлап па,
Саған ғашық
боламын деп, Мәңгілік!
Аздау ақыл,
беріп молдау дәу дене,
қияннан сол
қызықтырып сол сәулеңе,
жетесің деп,
ал ұмыт деп шақырып,
салып қойдың
бітпейтін бір әуреге.
24.11.1993 ж.
ЖЕКЕ ШУМАҚТАР
Нұр десем де болады, гүл десем де,
таң десем де болады, күн десем де...
Жырақ барып жайнаған жалтаң қағып,
Қайран жастық,
мен сені күндесем бе?!
Қарамадың қайтейін аң-таң қалып,
айқай салған ішімнен үнге сен де!
Сабырхан АСАНОВ
Арман ағысы
* * *
Баяғы,
Баяғыша күн күледі,
тірліктің жанға жайлы түнгі лебі.
Бір сөзді қалдырмасам бұл дүнияға,
мен келіп кеткенімді кім біледі?!
* * *
Көп керек пе,
ақынға көп керек пе,
Тиме оның көңліне, өкпелетпе?!
Қызыл шоғын айырма кеудесінен,
қажет болып қап жүрер от керекте.
* * *
Мен «апа» демегелі көп күн өтті,
мен «көке» демегелі көп күн өтті.
Көгімде қиқулаған қалың қайғы,
құстарын көкірегімде көп түнетті
* * *
Ей, көп жұлдыз, тарқамас тойым ба едің,
қызық дедім өзіңді, ойын дедім.
Жерге тамыр жіберген ағаштай боп,
көкке қолын созады ойым менің.
* * *
Тәтті өмірге басқа тәтті жете ме,
сондықтан да, жұрт онымен етене.
Келініңмен тағы айырылдым дейсің сен,
жақсы адамнан әйел сірә кете ме?!
* * *
Пойыздың төсегінде тербетілем,
сүйреткен олай-бұлай жер бетімен.
Түрім бар жол үстінде қартаятын,
жол үстінде ес жиып, ер жетіп ем.
* * *
Қозыдай-ақ уыз емген, сүт емген,
тәтті сәттерімді күтем мен.
Ондай сәттер біткен күні – таусылып
ондай сәттер біткен күні – бітем мен.
* * *
Ауырмашы, жан балам,
зәремді алып,
жүрген кезде,
жанымды әрең бағып.
* * *
Көп жырладым көктемнің бұлт, жаңбырын,
көп жырладым кеш шапағын, таң нұрын.
Көк шалғында бүлкіл қаққан бұлақтай,
қайда бастап барасың сен, тағдырым?!
* * *
Сөздері көп болмаса да бал-шырын,
оқып көрші бұл ағаңның жан сырын.
Күлкі аралас қайғы-мұңнан жаралған,
жанарларда жарқыраған тамшымын.
Сабырхан АСАНОВ
Арман ағысы
ТӨРТІНШІ БӨЛІМ
СОҢҒЫ ҚОЙЫН ДӘПТЕРДЕН
(1994–1995жылдар)
АБАЙ ТОЙЫ
Бір үлкен той,
үлкен той жақындады,
Ұлы атамыз
Абайдың атындағы.
Дайындалып
жер жүзі жатыр соған,
әсіресе,
аңқылдақ ақындары.
Дайындалса
тәуелсіз қазақ елі,
кеше ғана
қаралы, азалы еді.
Еркін елдің
еркін ұл, еркін қызы,
еркін ойдың
қанатын жазады енді.
Ән шырқалып,
күй де әсем шертіледі,
Абай атам
жазады дертін енді.
Би биленіп
ортада дөңгеленіп,
тұйық қалған
халқым бір желпінеді.
Көкпары да,
бәйге де басталады,
қалың елдің
күлімдеп қас-қабағы
дуылдатқан
даламды бұл дүрлігіс,
ауылдар мен жалғайды астананы.
Қуанғаннан
көзден жас ыршып әлі,
кеуделерде
жанады нұр шырағы.
Жалғыз ғана
ақынның арқасында,
қазақ аты,
әлемге бір шығады.
Шаңын көкке
шығарып ақ даланың,
арғымақпен
сол тойға аттанамын.
Болмасам да
атамдай алып ақын,
кішкене ақын
болғанға мақтанамын.
Ұят болар
мен мұны ұға алмасам,
көкірегімнен
көп өлең құлар қашан.
Қарап тұрған
қалың жұрт қапа болар,
халқым атын
мен де бір шығармасам...
07.12.1994 ж.
Сабырхан АСАНОВ
Арман ағысы
* * *
Сен ұлысың дегенмен,
тірілмеді ұлы Абай,
менің жалғыз жебеушім,
пірім еді ұлы Абай.
Аты оның аталып,
жатқан сайын ауызда,
ескерткіші шайқалып,
әрең тұрды құламай.
Сен ұлысың дегенмен,
Абай қайтіп келмеді,
Мынау ұлан құрметті
өз көзімен көрмеді.
Ұлыларды жаратып,
Одан кейін өлтіріп,
одан кейін іздету
бұл өмірге жөн бе еді?!
Қуанамыз қазақ боп,
аты оның өрлесе,
шырқап жатыр жырларын,
шырқап жатыр ел неше.
Жалғыз ғана өкініш –
ортамызда өзі жоқ...
Тумаса екен ұлылар,
туса, қайтып өлмесе!
31.03.1995 ж.
ДАЛА ДАУСЫ
Күңіренем,
күңіренем,
күңіренем,
ұйқысы
қашқан жандай түніменен.
Беймәлім
болашақтан, келешектен,
арса-арса
болып жатып түніменен.
Сыңсимын,
қамыстай боп шуылдаймын,
ақпастан
қалған сырдың суындаймын.
Қақсап бір қатты ауырған бастай мең-зең,
аяқты
бастырмайтын буындаймын.
Өксимін,
өксимін де өрттей жанам,
түйір нан
тамағынан өтпей қалған,
ағайын,
әй, ағайын бүйте берсең,
бір күні
жазылмайтын дертке айналам...
Жығылған
тіршіліктің туындаймын,
қайғы мен
қасіреттің уындаймын.
Ағайын,
әй, ағайын, абайлаңдар,
бір өліп
кетсем, қайтып туылмаймын.
Сатпандар
мата емес, бөз екен деп,
сақтаңдар
өткеннің бір көзі екен деп.
Өкініп
қап жүрмеңдер, әй, ағайын,
мұнымды айтылған жәй сөз екен деп.
Сабырхан АСАНОВ
Арман ағысы
Арманым
секілді еді ақтаңға ұран,
бұл күні
болды ол жанға батқан бір ән.
Өкініп
қалмас үшін өзімді де,
бейдауа
сендерді де сақтандырам.
Көгімде
Күн көлбеңдеп, Ай аунайды,
күндіз-түн
мазамды алар ояу қайғы.
Тынысы
тарылған бір тәндей болып,
соғысы
тамырымның баяулайды
24.07.1990
* * *
Алатаулар,
қаратаулар,
Ақтаулар,
алыптығы кең далама шақ таулар.
Сендер тұра бересіндер асқақтап,
көп жасаудан армандары жоқ таулар.
Құлақ түріп шулы дүние үніне,
қалт-құлт етіп күн көреміз күніне.
Санасса егер,
сендерменен санасар,
біз кеткеннен қирап қалмас дүние.
Таулар,
таулар,
таулар тура беріңдер,
таулар үшін жаратылған елімде.
Қысқа өмірде үлгере алмай кетті-ау деп,
мен үшін де көктен жұлдыз теріңдер.
* * *
Күн жарқырап,
нұрланса да ай күліп,
қабағымды қарс жапқан күйімде,
бар дүниенің қамын ойлап, қайғырып,
отырамын кейде оңаша үйімде.
Майырылып жүзі мүлдем біткендей,
көкірегімде күмілжісе өткірлік,
жалғыз менің шешіміміді күткендей,
сыртта тынбай тыпырлайды көп тірлік.
Сыртта тұрар тосып айтар сөзімді,
арқалаған азабы мен дозағын,
мұңдандырып менің екі көзімді,
өзі дағы мұңға батқан қазағым.
Бар үміті менде екенін білдіріп,
шуласа олар,
тіл қатпақ боп жиналам.
Бірақ, достар, бір нәрсені бүлдіріп
алам ба деп өзім және қиналам.
Емеспін ғой елдің мынау құрдасы,
Дейтін сонау тереңнен ой алғыздым.
асқар ала тау болса да тұлғасы,
ақылынан қорқамын мен жалғыздың.
* * *
Шаршадым қым-қуыт бұл заманадан,
қалады қайтсе бұдан аман адам.
Көтеріп қу-сұмдарын аспанына,
аямай арлыларын алалаған.
Білмеймін кіммен, немен мақтанамын,
сияқты атпаған да ақ таң әлі.
Шаңқайтып шәпке киген бір кісідей,
еді ғой бар сияқты бақ-талабым.
Сабырхан АСАНОВ
Арман ағысы
Басқандай бірін емес, мыңын қайғы,
пенделер ән салмайды, ыңылдайды.
Көре алмай кеше күнін жүргендері,
дегендей «күнім туды» жымыңдайды.
Жебірлер жайласа ауыл, ақ қаланы,
жүрегім шаншымастан шақ қалады.
Көп айтып өтірікті қалған басым,
тағы айтып қалам ба деп сақтанады.
Келеді сосын ұзақ үндемегім,
үндемей және қалай күн көремін.
Соңыма түсіп алды қарақшыдай,
сумаңдап күн де менің, түн де менің.
Көрем де сұп-сұр сұрқын қанағыштың,
теңгені,
тиынды да санағышпын.
Келмейді киім кигім дүкен барсам,
келмейді базар барсам, тамақ ішкім.
Секілді сыры да ұсақ, жыры да ұсақ,
жаймастай жақынның да бірі құшақ.
Есікті түнделетіп қақса біреу,
көрінеді бау кеспе ұры құсап.
Бұл не заман үрей мен күдік буған,
рең қашқан қылықты, құлықтыдан.
Кінәсіз кең дүниенің келешегі –
сәбилер не болады күліп туған.
Жетпейді бір нәрсеге миым бүгін,
Секілді кейбір кезде тиын-құным.
Аға боп алшаң басам деген кезде,
тартты алға тағдыр қалай қиындығын?!
Мен дағы бірі емес пе ем бірегейдің,
Күнім де күніндей боп жүр өгейдің.
Көрсем де қанша кұқай, күйінсем де,
халқым, саған жамандық тілемеймін.
* * *
Не боп кетті бұл заман, Абай аға,
күн көреді мына жұрт қалай ғана.
Киімдері тозған соң, жамала ма,
қарны ашқан соң, кездері алая ма?!
Тарыққан соң көл көңіл тартыла ма,
тартынғанмен, жоқ нәрсе артыла ма.
Не боп кетті бұл заман, Абай аға,
қиын боп тұр жасыңа, қартыңа да.
Күлкілері бойына тармастан,
әңгіме боп келелі іс қаралмастан,
отырып-ақ қалды ғой үйлерінде,
шақырмаса, қонаққа бара алмастан.
Тірі емес пе ем,
отырмас ірі емес пе ем,
асқар тауға арқасын тіреместен.
Мен де кеттім қайтейін кішірейіп
мен де сол бір көп жұрттың бірі емес пе ем.
Десем дағы өр өстім, ер өстім ғой,
көрсеткені-ай уайым-елестің бой:
күңіреніп жыр жазып жата берер,
Аға Сұлтан баласы емеспін ғой...
АРАЛ ТЕҢІЗІ
Кім ойлаған
теңізді жоқтаймын деп
Оны жоқтау
болып тұр оттай міндет.
Қасында оның
көрінер тамшыдай боп,
көкірегімді қысса де көп қайғым кеп.
Сабырхан АСАНОВ
Арман ағысы
Арал, Арал,
түзеліп кетермісің.
Сөйтіп бір күн шүкірлік етермісің.
Құм боп ұшып,
аспаннан тұз боп жауып,
түбіне әлде
халқымның жетермісің.
Танда самал
төсіңнен тұрсын есіп,
Бұл қалпында
қалайша кірсін есің.
Кең даламның
денесін қалтыратып,
Күрсінесің,
тым қатты күрсінесің...
ӘТТІҢ БЕ, АҒА, ӨТТІҢ БЕ?!
Жұбан Молдағалиевке
Өттің бе аға, өттің бе,
лаулаған жалын от күнде.
Орындалып жатқанда,
тілегі мынау көптің де.
Қанаты едің көктің де,
жерінді жаннат өптің де.
Таңдарға таңда шың іліп,
өттің бе, аға, өттің бе!
Шынымен аға, өттің бе.
Күндер бір есте, есепте,
мінез ең,
жан ең кесек те.
Бірі емес едің бұл жұрттың,
әйтеуір жүрген есепте.
Жоқ едің пасық өсекке,
өртенсін,
өшсін қос өкпе.
Батып бір кетті бұл ісің,
кім қалар өлмей десек те.
Байланды,
тілім байланды...
Асырып жұрттан айламды,
тірінде мақтап өтірік,
көрген жоқ едім пайданды.
Білгенде жоқ ем пайданды,
қайда әлгі деп бір, қайда әлгі
көргенде, бірақ, сыртыңнан,
көңілім қанша жайланды.
Айтатын жерде айтарым,
шабатын жерде шабарым.
Тегіс бір жерде жүріп-ақ,
тайып бір кетті-ау табаның.
шаш дағы болдым, ағардым,
қабақ та болдым, қабардым.
Қажетті күнің боп қалса,
мен сені қайдан табармын.
Ағалар өтсе, ағам көп,
кеудемде қызық қазан боп.
Ойлап па ем бірге жүргенде,
мен саған жоқтау жазам деп.
Етпедің елге аз еңбек,
термелеп оны жазам көп.
...Көп құлап асқар тауларым,
берілді менің сазам көп!..
06.10.1988 ж.
МҰСТАФА ӨЗТҮРІККЕ
Қарағым-ай,
ер емес ең еріккен,
не болмаса,
Сабырхан АСАНОВ
Арман ағысы
тоқ-барлықтан зеріккен
Қазағым деп
келіп ең сен шырылдап,
дәл бұл жолы
өлу үшін келіп пе ең.
Қалай ғана
бұлай болды неліктен,
су сепкендей
болды-ау көңілім желіккен.
Қарағым-ай,
қарағым-ай дей берем,
өзінді ойлап
іші-бауырымды еріткен.
Қайғылы ғой
мына Алматы алмалы,
қайғырмаған
қазағың да қалмады.
Дайын ем ғой,
бұл ажалға дайын ем,
орыныңа
мені неге алмады.
Елге мынау
білмес амал-айланы,
менен гөрі
жан едің ғой пайдалы.
Көктемге еріп келген қаптап құс біткен,
мұңлы-зарлы
үнменен бір сайрады.
Жандар қанша
ебіл-дебіл жылаған,
әрі мықты,
әрі осал ғой бұл адам.
Қыраным-ай,
көтеріліп қияннан,
туған жерге,
елге жетіп құлаған.
Бұл сұмдықка
айтар қандай емім бар,
Жас сәбидей
сүйікті едің, едің бал.
Қарағым-ай,
көп шаршаған жүгіріп,
Қазағыңның
құшағында демінді ал.
Аурухана, 1995ж.
САҒИ
Адырайған болмасанда айбынды,
жеңілдетер түрі жоқ-ау қайғымды.
Тасыр-тұсыр шауып жүрген бұл қазақ,
бір сыпайы сарбазынан айрылды.
Мұнды қара, майса Мамыр-Май күнгі,
қаншама жан егіліп кеп қайрылды.
Салдыраған өзені көп бұл қазақ,
сылдыраған бұлағынан айрылды.
Қаптап жатқан сусылдаған сай-құмда
басып қалған болмасын дөң, қай қырды.
Балақ жыртар бұтасы көп бұл қазақ
үлбіреген бір гүлінен айрылды.
Аялаған көкте тұрған Ай, күнді
аймалаған жерде жатқан айдынды,
ақыны аз,
Сорлы қазақ, бұл қазақ,
Сағи дейтін ақынынан айрылды...
Кім кемітер, кім тоқтатар қайғымды?!
Сабырхан АСАНОВ
Арман ағысы
ҚАЛАУБЕК АҒАҒА
Үлкен демей, кіші демей,
бірге жүрдік, бірге өстік.
Тынық Мұхит, Балтық теңіз
толқындарын бір кештік.
Қырғыздардың Алатауын
биіктетіп бірге астық.
Ақ Еділдің аспанында
ақ бұлт болып бір көштік.
Қаншама бір кезіміз бар
қиындықтан қайтпаған,
Ораза бар, қызықтар бар
қыз-қырқынмен айттаған.
Қаншама бір жырымыз бар,
сырымыз бар жасырын,
басқа түгіл, Нағиманың
өзіне де айтпаған.
Темірқанат қыраңдармен
бірге қанша ұшыстық.
Қаншама рет таяп бардық
күнге түрі, түсі ыстық.
Қаншама рет оралсаң сен
сапарлардан есен-сау,
Жерде тұрып, елде тұрып,
ұзақ-ұзақ құшыстық.
Сөздерің бір шырын екен,
сөздерің бір бал екен,
Соны тындап білді, сезді
мына жатқан дала кең.
Тұлпарлардың тұяғысың
жеткен сонау заманнан,
Сен де олардан кем емессің,
сен де ұлысың, Қалекем.
Халқың үшін қайыспасаң,
алған бағаң аз әлі,
Біз секілді інілерің
оны талай жазады.
Қатпары көп қалың тарих
тереңінде жатарсың,
Қазақтардың Якуты да,
Якуттардың қазағы.
МЕНДЕКЕШ ТУРАЛЫ
Қандай еді,
қандай еді сол ақын,
гүл ме еді
әлде ерте солатын.
Қандай еді
жазған оның өлеңі,
өзі, бірақ,
одан да артық болатын.
Көре қалсам,
жұрт көзіне ап шығып,
құшақтағым
келуші еді қапсырып.
Сол қарағымды
қағып кетті қу ажал...
Неге маған
жоламайсың, Жақсылық!
ЖҰЛДЫЗБЕККЕ
Жұлдыз
аман-есен бе,
қайта
келдім алдыңа.
Қарсы тұрар кеселге,
менде
әл-дірман қалды ма?
Сабырхан АСАНОВ
Арман ағысы
Қайта шапқан
жау жаман,
тәлтіректеп
қалдым мен.
Тиып жырды саулаған,
демімді әрең
алдым мен.
Қайта оралдым шағыма
батпақ – ойға малтыққан.
Демеп жібер тағы да,
демеп жібер
қолтықтан.
Жан-жағыма жалтақтап,
ұшпай босқа үрейім,
баяғыдай шалқақтап,
шалқып басып жүрейін.
Қолды созып тандарға,
жияйын нұр көзіме.
Сен барда әрі
мен барда
тыным болмас
өзіңе.
Келем саған келемін,
жазда келем, күз келем.
Бақыттарын мен едім,
жұлдыздардан іздеген.
* * *
Тумасаң да
туғандайсың, Бәтима,
жаңа толып
туған айсың, Бәтима.
Көкірегіңе көп
жақсылық жиып ап,
жамандықты
қуғандайсың, Бәтима.
Үлкен емес, кіші де емес,
ірісің,
кісілікті
қуған жанның бірісің,
Адам-ата
жаралғалы байсалды,
келе жатқан
секілді бұл жүрісің.
Келін-кепшік,
бала-шағаға үлгісің.
Жеңгей де емес,
келін де емес-құрбымсың.
Жаралғандай
табиғаттың өзінен,
құбылмастан
күліп қана тұр мүсін.
Екі иықты
көрген жоқсың жауыр ғып,
қыңқ етпейсің
болсын мейлі ауырлық
Бәтиманы
Бәтима етіп тұрған
Ешкімде жоқ бауырмалдық
бауырлық!
11.08.1995 ж.
ДӘРІГЕР ҚАРЫНДАСЫМА
Талықсып кеп
түстім сенің қолыңа,
Кенже қалқам,
аңғал ағаң мен едім.
Сабырхан АСАНОВ
Арман ағысы
Мен сенбеймін
дәрінің көп, молына,
дәрігердің
жүрегіне сенемін.
Жаттым міне,
білегімді ұсынып,
қорықсам да
қадалатын инеден.
Ауық-ауық
үрейімді ұшырып,
қайда қоям
қанды тасып, билеген.
Жетпей қалып
жатса кейде алар дем,
елемеген
болып оны жүр едім.
Тарылып бір
кеткендей боп бар әлем,
сескентеді
қысқан кезде жүрегім.
Жүгіріп жүр
бала-шағам, жарым да,
сен де көңіл
күйге мына азық бер.
Мың адамның
жарасы бар жанымда,
жазылатын
болса егер, жазып көр...
Аурухана, 21.10.1994 ж.
АТА-ЕНЕМ
Маңдайдан сипар алақан –
енемнің аты – Қазыкен.
Әбдіхамит – ол атам,
енемнен жасы аз үлкен.
Жайнаң да жайнаң етеді,
төсінде таудың көсілген.
Бақытты жандар екеуі,
төрт ұл да, төрт қыз өсірген.
Немере деген қаншама,
шөбере деген тағы бар.
Қапа боп кейде жатса да,
айттым ғой, жандар бағы бар.
Ата-енем өліп қалса да,
ата-анам болып жұбатты.
Жастары келсін қаншаға,
өздері, тіпәй, қуатты.
Сағынам әзіл сөздерін,
сақтап та жүрер біз үшін,
жақсы да көрем өздерін,
Шолпан атты қызы үшін...
АЛИМАШЫМА
(Атасы Сабырханнан)
Алимашым, кіп-кішкентай немерем,
Бұл қу тағдыр қатал еді не деген.
Айырамын дейді мені өзіңнен,
Айырмауым үшін оған не берем?
Өзім – ауру,
Мең-зең боп тұр басым да,
Сорғалауда екі көзден жасым да.
Сүйеу едің кіп-кішкентай болсаң да,
томпаң қағып жүрген кезде қасымда.
Сабырхан АСАНОВ
Арман ағысы
Үште ме еді,
сенің жасың нешеде,
Тұлымыңнан бір жұпар леп есе ме?!
Көп жылата бермендер деп атамды,
Ақыл айтсай әкең менен шешеңе.
Қол ұстасып жүрген жұрттан кем бе олар,
Емес еді ештеңеден кенде олар.
Айта түсші айырма деп атамнан,
бәлкім, бәлкім... сенің сөзің ем болар.
Осы жерде бір сөз айту керек деп,
Титтей қызыл тамағынды кенеп көр.
Кішкентайым, басына үлкен іс түскен,
Саған күнім қарап қалды – көмек бер.
Алимашым, кіп-кішкентай немерем,
Бұл қу тағдыр қатал еді не деген.
Айырамын дейді мені өзіңнен,
Айрылмауым үшін сенен не берем?!
Алимашым, кіп-кішкентай немерем...
Аурухана, 07.10.1994 ж.
* * *
Әй, махаббат, ақ періште, ақ қанат,
мен өзінді келемін ғой мақтап-ақ.
Аспаңдағы ақша бұлттан аумастан,
Ай қасында,
күн қасыңда қақ қанат.
Жұлдыздардың арасыңда түнеп ал,
сәбисің ғой жүрегі пәк, бір адал.
Таңғы шықтай мың құбылып, құлпырып,
Қайда барсаң, қуана бар, күле бар.
Ұша бер сен сол бір мөлдір тұнықта,
өзің дағы мөлдіреп бір тұрып та.
Ұша бер сен пенделіктен биіктеп,
төмендегі мені дағы ұмытпа.
Жасытпаған,
жүдетпеген ой-қайғы,
жырақта сол жүзінде нұр ойнайды.
Есің болса,
жерге мынау жолама,
жерге түссең, жылатпастан қоймайды...
00.10.1993 ж.
* * *
Ай қалқиды аспаңда шеңберімен,
мен де сені сол айға тең көріп ем.
Мен де қалқи жөнелдім түн қойныңда,
сен, сәл ғана, жарығым, дем беріп ең.
Жасыл баулар, ақ таулар төмен қалып,
түнгі аспанға тірелді төбем барып.
Содан барып байқадым Алматының,
жайнап қанша жатқанын көлемді алып.
Теңесем бе мен оны жақұтпенен,
жарқыраған жарысып уақытпенен.
Сонда кейін байқадым ұшқын атып,
жерде қанша жатқанын бақыт деген.
Сонда білдім тірліктің жәннатын шын,
дедім оған жарқын жүз жаннатымсың...
Күйкі тартса, көңлімді көтеретін,
қалқатайым, сен менің қанатымсың!
* * *
Жайнап-гүлдеп
құлпырғаңда бұл ғалам,
сен емес пе ең
орамалыңды бұлғаған.
Сабырхан АСАНОВ
Арман ағысы
Сол қалпында шақырасың да тұрасың,
қартайғаңда
қиын болды-ау бұл маған.
Мәңгі жап-жас,
мәңгі көктем тұрағың,
көріп тұрған
көңлім қаңдай қырағы.
Жете алмаймын
жұлқынсам да қаншама,
бірақ, жеткім
келеді де тұрады.
Неге алыстан
шақырасың, ардағым,
маған тыным
болатын бір бар ма күн.
Сен сол жақтан
маған қарай ұмтылып,
мен бұл жақта
қалғаным ба, қалғаным?!
03.10.1994 ж.
АЯЛДАМАДА
Бір қыз тұрды
қасыма бәлсініп кеп,
өзінше бір
бұралған талшыбық боп.
Ақ шашыма
қарай сап, адырайды,
тұрмасам да
мен де өзін менсініп көп.
Өзі қара,
қысық көз, пұшық мұрын,
онысымен
жоқ сірә ісі мұның.
Кекірейіп
қалады кей бір кезде,
кім ап кеткен
байғұстың кісілігін.
Бір нәрседен
бұл құдай қараспаған,
ол дегенде,
жері жоқ адаспаған,
Қандай жақсы
сүйкімді кәрілігім,
жастығынды
қайтейін жараспаған...
10.05.1995 ж.
ШОЛПАН ҚЫЗ
Көкірегімді көп өртеген от едің,
Деп ем сені жырлап қана өтемін.
Қайда жүрсің күн дидарлы Шолпан қыз,
мекен еткен Алатаудың етегін.
Қайда жүрсің, қайда жүрсің қарағым,
Алыс жақын шатқалдарды қарадым.
Тұяқбайды,
Қарлығашты артқа сап,
қырдан асып әлі кетіп барамын.
Іздей-іздей онан дағы таппадым,
өткізген жас балғын шыбық шақтарын,
қайта оралдым Алматының бағына,
екеуіміз қарсы алатын ақ таңын.
Мүңда да жоқ,
үйге шаршап оралдым,
ойлай-ойлай қалғып кеттім таң алды,
Қайдасың деп,
қайдасың деп, Шолпаным –
Тауда туған әсем лағы маралдың.
Сабырхан АСАНОВ
Арман ағысы
Түсіме еніп қойлы ауылдың көгені,
қозы қуып аса бергем төбені,
бір тықырдан кеттім шошып оянып:
– бұл кім?– деп ем,
– Шолпанмын ғой,– дегені.
* * *
Мен өзінді ай-күн емес,
жұлдыздарға теңедім.
Сол бетімнен айнығам жоқ,
сол жолыммен келемін.
алыстарға шақырған,
жұлдыздары жарқыраған
аспандарға енемін.
Қуанышым тасып жатыр,
бергеннен соң үйіп те.
Сүйіктіңе айналсам мен,
өртенемін сүйіп те.
Алаулардан қанат байлап,
аспандарға ұмтылсам,
менің орным – өз қасында,
менің орным – биікте.
Сонау-сонау шырқауларда
қанша күлдік, күрсіндік,
айналады екен бастар
биіктерде бір сұмдық.
Сонда да біз құламайық,
сонда да біз шыдайық,
бақыт қайда тұратынын,
жердегі бар білсін жұрт.
05.04.1995 ж.
* * *
Аппағым-ай жарқыраған алдымда,
айғағы едің адалдықтың, ардың да.
Еркекпін деп еркелеп ем сәл ғана,
сонымды да көтере алмай қалдың ба?
Бұлт шеті бүркегендей нұрлы айды
қабағыңа келе қапты бір қайғы.
Бұрынғыдай жайнаңдай бер, жана бер,
қайғы түгіл,
қабаржуға тұрмайды.
Жалғыз сен деп шарықтайды шағала,
теңіз – ойда титтей бөтен жоқ ала.
Тағдырымды талқан қылмай, жөн сілтеп,
сен маяксың жанып тұрған жағада...
31.10.1994 ж.
* * *
Сен үйде болмасаң,
бар көктем өткендей,
жыр жырлап жататын
құстар бір кеткендей.
Бар бұлақ суалып,
бар гүлдер қуарып,
түбіме жеткендей.
Сен үйде болмасаң,
бар қызық біткендей,
сорым да көрінер
қылтиып көрінер тіптен кей.
бар күлкі тиылып,
тұңғиық күткендей.
Сен үйде болмасаң,
күннен нұр қашқандай
жоқ болып кеткендей,
тұрған сол аспанда ай.
Лебінен түнгі ызғар,
бір түнек басқандай.
Сабырхан АСАНОВ
Арман ағысы
Сен үйге оралсаң,
бар көктем оралар,
оралар ай, Күнде,
ақ бұлт та – орамал.
Құстар да ағылар –
бар қайғы жоғалар...
18.10.1994 ж.
* * *
Маған да осы боп тұрғандай керегі,
түсіме ыңғай жап-жас кезің енеді.
Орнымнан тұрып кете жаздардай,
түн ортасы оянамын елеріп.
Тым қысқарып,
таусылады о, тағат,
әрең-әрең ойға батам жата қап.
...Дәл қасымда, құлағымның түбінде,
пыс-пыс етіп жатады ұйықтап жастық шақ...
31.10.1994 ж.
* * *
Түн жарқырап
тұр қанша,
жұлдыздардын отынан.
Шолпан жұлдыз туғанша,
өлен жазып отырам.
Жұлдыз, жұлдыз,
мың жұлдыз,
көкте ойға батады.
Біздің үйде бір жұлдыз,
ұйықтап сонда жатады.
Шолпан оның аты да,
айналам да толғанам,
от боп жанып ол мұңда,
күлімдейді ол маған.
Біздің Шолпан бірақ та,
түнде түгілі, күндіз бар,
төсегіңнен тұр Шолпан–
ұйықтамайды жұлдыздар!
26.10.1994 ж.
* * *
Өзі екенсің көктен
төнген айымның,
жапырағын жайған
жасыл-қайыңның.
Мен сенімен қанша жыл
бір тұрып ем,
еңді бірге өлуге де дайынмын.
Жо-жоқ алған кезде
қайғы келіп алқымға ап,
екі көзің жасқа толсын жарқылдап,
Содан кейін төгілсін-ай төгілсін,
жалғызым деп,
жылап қал сен артымда.
Ал әзірге ата берсін
мол таңым,
сол азайып қала ма
деп қорқамын.
Көкірегімде қалған
мәңгі көктемім,
жалғыз жарым,
жұрттан асқан, Шолпаным.
15.04.1994 ж.
* * *
Еркетайым,
әкетайым,
ақтайым,
жалбыраған жазғы жасыл бақтайын.
Сабырхан АСАНОВ
Арман ағысы
Өзге емес, өзімсің ғой, өзімсің,
кысылмастан қалай сені мақтайын.
Жастық өтті улап-шулап, ақ таң боп,
айтатұғын ұраны ыңғай «аттан» боп,
қызыққанмен қызыл-жасыл гүлдерге,
мен бәрібір бір өзіңді сатқам жоқ.
Мен бәрібір теңгергем жоқ біріне,
барлығынан таза да едің, ірі де.
Тұратынсың ыңғай маған нұр шашып,
ай аялдап,
күн қонақтап түріңе.
Арасынан аман шықтың солардың,
белгісі де болар, бәлкім, сол – ардың,
Ақ қазығым,
сені айналып жүргенде,
жұлқынған да,
бұлқынған да болармын.
Әлге дейін ажырамай арамыз,
біздер бас боп еріп қанша баламыз,
тырналардай көк аспаңда тізілген,
тәртіп бұзбай бірге кетіп барамыз...
23.10.1994 ж.
* * *
Сені ұнатқан,
сені сүйген жандарды,
сезгіш жүрек
алыстан-ақ аңғарды.
Құлай жаздап
құлай жаздап барып та,
құламастан
қалғаныңа таң қалды.
Түн боп талай
кете жаздап күндізім,
жер бетіне
толқи түсіп жүрді ізің.
Басқалардың
ай мен күні сеніп қап,
жап-жарық боп
шыға келді жұлдызым.
Тұла бойды
шарпып өтсе бір жалын,
қорғасындай балқып қана тұр жаным.
Көк тиынға
қажет емес патшалық,
өстіп өткен өміріме
ырзамын.
Мың мәртебе ырзамын!
Аурухана, 22.10.1994 ж.
* * *
Кейбір кезде
қызық-ау бұл, бұл адам.
Сені көріп жоқпын
күлген, жылаған.
Аспанда еркін
ұшып жүрген ақ нұр ем,
амалсыздан алдыңа кеп құлағам.
Таң қалғам жоқ мен де
оған, сен оған,
Жылдарды да
жоқпыз өткен санаған.
Бақытты да бір-ақ барып білгенбіз,
мойнымызды,
құшқан қаптап баладан.
Сабырхан АСАНОВ
Арман ағысы
Қамын ойлап,
жайын жасап солардың,
бүгін ептеп
егде тартқан болармын.
Бақытымыз
жатыр, бірақ, жалғасып –
Немерелер
орнын басып олардың...
Аурухана, 22.10.1994.ж.
* * *
Аппақ болып
жарқырап ар алдында,
Шолпан жұлдыз туады
таң алдында,
Ей, жұлдызым
күңдізім жап-жарық боп,
жасынынан жанымның
жаралдың ба.
Сен мен үшін
емессің алыс аңыз,
қалысамыз,
оңаша қалысамыз;
Қалың елім
қатты ұйықтап жатқан кезде,
жерде емес,
көкте сол табысымыз.
Шықсаң таңнан
сылаңдап-сұқтанайын,
қуаныштан
таматын шық та дайын.
Күнде осылай
қарсы алу үшін сені,
ұйқтамаймын,
мен мәңгі ұйқтамаймын...
25.10.1994 ж.
* * *
Тылсым түндер қолдан ұстап жетектеп,
кідіртпейді қырда, не бір етекте.
Шолпан – қыз-ау,
шолпан жұлдыз туғанда,
сен қасыма оңашалап жет ептеп.
Кім ойлайды жұлдыздармен бір жүрсек,
бұл өмірді біздер тастап кетед деп.
Кете алмаймыз,
Кете алмаймыз, кетпейміз.
Болашаққа бірге олармен беттейміз,
қала берсін соңымызда созылып,
жаздар, күздер – біз қанағат етпейміз.
Жұлдызды аспан астында әр кез табыссақ,
жұлдыз жеткен жерге неге жетпейміз?
САҒЫНДЫМ
Сағындым жап-жас шағымды,
бауымды,
гүлді бағымды.
Аспаннан төгіп ақ нөсер,
біз кешкен аппақ ағынды.
Шалғында талай із қалған,
аялай берген бізді арман.
орман, тау, өзен ішінде
мен сүйер бір қыз болған.
Басыма сонда бақ қонған,
шалқығам тасып, шаттанғам.
Екеуміз ғана сиятын,
егіз жол шығып жатты алдан.
Қай жақтан келді таңқалам,
кәрілік деген оңбаған.
Сабырхан АСАНОВ
Арман ағысы
Сағындым бұл күн сол қызды,
ұрыспаушы еді ол маған.
Ағарып кеткен шашым да,
кеміген бағам басымда.
...Күңкілдеп күн-түн бір шалдың,
бір кемпір отыр қасында...
Аурухана, 15.10.1994 ж.
* * *
Сарғаямын сағыныштан,
сары даладай сағым ұшқан.
Маған жалын жүрек беріп,
бұл жаратқан жаңылысқан.
Сағынбайтын бір күнім жоқ,
сағынбайтын бір түнім жоқ.
Жайраңдап жұрт жүрсе,
маған
бір тыным жоқ, бір тыным жоқ.
Қоршап тұрсын жан-жағымды,
елемеймін мал-жаныңды.
Сағынамын жалғыз ғана,
жаны аппақ жан-жарымды...
* * *
Түнгі Алматы
төменде көсіледі–
қып-қызыл шоқ
көңліңді өсіреді.
ауық-ауық
аспанға ұқсап кетіп,
жұлдыздарын
жаққан жер осы ма еді.
Жатса танды
күнде өстіп тосып алып,
келбетінен
қып-қызыл шошымалық.
Жатады ол
жарқырап жайнай түсіп,
көк жұлдызын
өзіне қосып алып.
Өткізсем де
өмірдің талма түсін,
қалғымаймын
құбылған алмас үшін.
Өз жұлдызым
ішінде жүргеннен соң,
көз алмаймын адасып қалмас үшін.
27.10.1994 ж.
* * *
Артта қалған бақтардан,
құлағымда қалды ызың.
Жаны аппақ ақ таңнан,
жарым менің, жалғызым.
Бір жүрген күн жетерлік,
басып өттік жолды ұзын.
Соған шүкір етелік,
жарым менің, жалғызым.
Өңім түгіл,
түсімде,
ажырамай арамыз,
қалың елдің ішінде,
қол ұстасып барамыз.
Әлге дейін жастаймыз,
арманға әлі ереміз.
Келер күннен саспаймыз
бірге кете береміз.
Сабырхан АСАНОВ
Арман ағысы
Сенің жылы сөзіңсіз,
қалай тірлік етермін.
Жалғыз кетсем өзіңсіз,
керге ғана кетермін...
05.12.1994 ж.
* * *
Елу беске
келдің бүгін, қарағым,
елу алты
дегенге де қарадың.
Бара жатса
жасың сенің ұлғайып,
мен де алдыңа
түсіп кетіп барамын.
Елу беске келдің бүгін, шырағым,
елу бес жыл
талқысына шыдадың.
Елу бес жыл
биік тұрдың,
тік тұрдың,
елестетіп
шыңның шырқау шынарын.
Елу беске
келдің бүгін, алтыным,
оған бірақ
жеткен жоқсың алқынып.
Орнында әлі
жүрегіңнің дүрсілі.
орнында әлі
жанарыңның жарқылы.
Елу беске
келдің бүгін жан-жарым,
өзің барда
жырға толы жан-жағым.
Өзің барда –
таусылмайды қызығым,
өзің барда –
басылмайды жанғаным.
Барар жерге
бармағанмен жасымда,
қанша ауру бар
жалғыз менің басымда.
Отыз бес жыл
біздер бірге жасаппыз,
енді қанша
жүрер екем қасында.
Көп тілектің
қайсы бірін атайын,
десем дағы;
бүгін бір тіл қатайын;
Жүзге қарай
жүре бер сен жүдемей,
мен де бірге
кетіп бара жатайын.
23.03.1995 ж.
* * *
Мені сені
жылатпаудың қамындамын
жұбатар
келгенше әлі қалың бағым;
Өшіп бара жатсам да
бірте-бірте,
өзің үшін келеді жалындағым.
Бір уыс боп барасың
күннен күнге,
айналдың сен,
жаным-ау, кімнен кімге.
Жадырату
үшін мен жан-дүниеңді,
Сабырхан АСАНОВ
Арман ағысы
жарқырағым
келеді Күнмен бірге.
Жан едің ұқсаған бір,
еркем, гүлге,
сен солып
кетпес үшін ертең мүлде,
келеді аспанда
аққан жұлдызбен бір,
жарқ етіп
ең соңғы рет өртенгенім де...
Мен сені
жылатпаудың қамындамын,
сондықтан,
күндіз-түні жанындамын.
* * *
Жүрегім –
саған менің сиым болды,
бір сенсіз –
емір маған тиын болды.
Кейде рас,
бес баланы баққаныңнан,
өзіңе мені бағу қиын болды.
Отырған
кездерің мол жолым тосып.
Кейде боп,
кейде болмай көңіл қошы.
Таңдаған
жалғыз жарың – ақын болды,
болды да
бағың да осы, сорың да осы.
Бір үміт,
бір күдік бар қарасында.
Беріліп ойларға ыңғай барасың ба.
Өлсек те,
жап-жарық боп біз жүреміз,
көктегі
жұлдыздардың арасында.
Кейде рас
сүйенгендей арқаң тауға;
Ондай да
көңілің де дархандау ма.
Кім білген,
жүзің кейде жалын атар,
жаңылмаған да
шығарсың жар тандауда.
Өткізіп
мәнді, мәнсіз уақытты көп.
Көкірек күйге толып жатыпты тек.
Батагөй
шалдардай боп мен отырмын,
жердегі жұртқа
барлық бақыт тілеп.
Дәл мендей
болмаса да аңғал әркім,
кең дала
көкірегіме таң қалармын.
Бақытты
болсын деген сол жұртымның,
ішінде
сен де барсың, мен де бармын.
Аурухана, 24.03.1995 ж.
* * *
Бір сергектік
бітті де бойға мына,
біраз болды
ұйқыны қойғаныма.
Түн дегенің
Сабырхан АСАНОВ
Арман ағысы
тып-тыныш тамаша екен,
сен туралы
жазуға, ойлануға.
Ойлануға тым құмар ел екенбіз,
ойменен ғана кірердей берекеміз.
Қыз-жігіттер
күлімдеп оңашада
отырғандай
боламыз тек екеуміз.
Отырғаңдай боламыз
ойнап-күліп,
орнымыздан
бір кезде жайлап тұрып,
бір адамы қалмаған
бақ ішіне,
кеткендей де боламыз
бойлап кіріп.
Бұл дүние
құшағын ашады кең,
ып-ыстық
теске-төс басады екен.
...Сезгенінде
бақытын, сенгенінде,
бұл адамнан ұйқы да
қашады екен.
28.10.1994 ж.
* * *
Махаббатта
Абай неткен данышпан,
бұл пендеңіз
шыдайды екен бәріне,
әбден шаршап
уайыммен алысқан–
шыдағысы
келмесе де, әрине.
Түкке тұрмай
қызығы мол айналаң,
балқымай бау
бұлбұлдардың үніне,
айы қалқып,
жұлдыздары жайнаған,
тарылады
екен мына дүние.
Әрең жетіп
бар қуаты бүгінге,
жүрсе тайып
кетердей боп тірегі,
түбі, түбі, түбінде,
сыздайды екен
оның жалғыз жүрегі...
31.10.1994 ж.
* * *
Кім айтқан
махаббатты тек қызық деп,
алады
сені өмірге тепкізіп көп.
Айтатын
ауыр-ауыр сөздері бар,
жіберер
сүйегіңнен өткізіп кеп.
Ол бірде
сені ардақтап, аялайды
Ал бірде
тосар алдан сая жайды.
Кейде бір
қарсы шауып, қатты кетсе,
етіңнен
ет кеседі – аямайды.
Сабырхан АСАНОВ
Арман ағысы
Көзіңнен
көл-дария ағызады,
онда оның
боздау болар нағыз әні.
Бүп-бүтін
жүрегінді бұзбай-жармай,
қанын да
қара жерге тамызады.
Ол талай
дүниені еткізді елен,
сөйтті де
белгілі сол кетті ізбенен.
...Ұнайды
бұл махаббат,
гүл махаббат,
өзіне
қолды оп-оңай жеткізбеген.
29.05.1995 ж.
* * *
Көп сүйсіндік,
көп өкіндік екеуміз,
сөйте-сөйте
шүкіршілік етерміз.
Қаптап жүрген
көп адамның ішінен
кездеспедік бекер біз.
Кездеспедік,
қосылмадық бекер біз,
өтер көктем,
өтер жаздар,
өтер күз.
Балалар мен
немерелер өсірдік,
жүре берсек,
шөбереге жетеміз.
Сексендердің,
тоқсандардың тұсында,
түбі әйтеуір,
түсінісіп кетерміз.
* * *
Келе алмастан
бір пікірге байыпты,
көкірегіме
күдік торын жайыпты.
Неге саған
таға берем кінәні,
өзім болып
жүрмейін бұл айыпты.
Алдыменен
салайыншы ақылға,
кеткен саған
жоқ еді ғой ақым да.
Болмашыға
босқа күйіп кетпейік,
көп адасқан
жараспайды ақынға.
Көп адасу
жараспайды саған да.
Сен емес пе ең
көзімнің ақ, қарасы.
Неғыламыз
тұрмайтынға таласып.
Бар ашуым
бір-ақ сәтте жоқ болып,
қайта жақсы
көріп барам, қарашы?!
31.10.1994 ж.
Сабырхан АСАНОВ
Арман ағысы
* * *
Түсінетін екеуміз бір тілменен,
сөйлесуші ек кезде бақыт гүлдеген.
Сол бір кездің құйындатып өтерін,
бітерін де қалай ғана білмегем.
Сен мен үшін басқалардан дарасың,
жанды ерітер жалт етіп бір қарасың.
Ұмыттың ба біздерге ортақ сол тілді–
түсінбейтін болып мені барасың.
Жағаласып жас күнде біз жалықпай,
араласып кетуші едік жарықтай.
Бұл күндері тұрмыз үнсіз томсарып,
тілмәші жоқ бөтен екі халықтай...
* * *
Тиме, жаным,
сен маған тиме, жаным,
өзім – сыртта
болғанмен, үйде-жаным.
Айта білсең
мен әсем ән боламын,
тарта білсең,
құдыретті, күй боламын.
Тиме, жаным,
сен маған тиме, жаным.
Шолжаңдаған
жанымда ерке, күнім,
не боларын
ойлашы ертеңімнің.
Қызық-қызық
қып әркім айтып жүрер,
болашаққа баратын ертегімін.
Күнде өртенсем
шілде боп, тамыз болып,
түнде түсем
әлемге таң – із болып.
Тауға – тасқа,
далаға, өзен, көлге,
тарап кетем
таусылмас аңыз болып.
Нұрдан шапан
үстіме киіп алып,
мәңгілкке
қол берем жиі барып.
Сонда тасып,
төгіліп, шашылсам мен,
сен жүресің
қасымда жиып алып.
25.10.1994 ж.
* * *
Бұл күндер
оқтай зулап өтіп жатыр,
кім-кімнің
қадіріне жетіп жатыр,
өзара
ала-құла ойда қалып,
астына
қара жердің кетіп жатыр.
бағасыз
батырың да, ақының да,
білмейміз
қандай бір сыр жатыр мұнда.
кейбіреу
күнәқарға
балайды әлі
қырық жыл
бірге тұрған қатының да.
28.07.1994 ж.
Сабырхан АСАНОВ
Арман ағысы
* * *
Көрмесем де
көңілдің тапшылығын,
жұлдызым
қанатыңды қақшы бүгін.
Күліп қарап
біресе күлмей қарап,
ауыртасың
жүректі, жақсылығым.
Жарымынан
асса да жалған өмір,
жаяр құшақ
жарқырап алдан өңір,
қабағыңды
кеп түйе берме, жаным,
кетіп жүрер
қысқарып қалған өмір.
Жамаңдықтар
ешкімге қараспайды,
тек тұрған, көп болса,
әрі аспайды.
Қолдан келсе,
тұрайық ұзақ жанып–
Жұлдыздарға
аз жасау жараспайды.
27.10.1994 ж.
* * *
Тұрып-тұрып толғанып,
айтайын ба жұбаныш,
ақын жары болғанын,
қайғы,
әрі қуаныш.
Тұрмас елдей сызылып,
желдей есіп кетеді.
қызығы мен шыжығы,
бір басына жетеді.
Тұрмас және тосылып,
жатса жүрек тіл қатып,
өзіңменен қосылып,
іздейтіні бір бақыт.
26.10.1994 ж.
* * *
Күйдіресің,
пісіресің қашанғы,
міне, тағы
қызғалдақтар бас алды.
Ақ бұлттардан
аппақ шарлар ұшырып,
Алатауым
жарқырады, жасарды.
Тайынбайды
дейтін судан шешінген.
бұл сырымды
жасырамын несін мен;
Көктемменен
гүлді бірге көргенде,
әлге дейін
айрыламын есімнен.
Мұндай шақта
болмас беттен әр таю,
көңілде де
болмас сірә өртене
кезегімен
көктем келіп тұрғанда,
екеумізге
жоқта болар қартаю.
03.01.1995 ж.
Сабырхан АСАНОВ
Арман ағысы
* * *
Қартаймайды махаббат қартаймайды,
көңілі оның ешқашан ортаймайды,
мәңгі жас боп тұрады шыршадай боп,
қиялдарға беріліп қай-қайдағы.
Бір күн ажал біздерді алып кетер,
қара жердің қойынын қарық та етер.
Қартаймайды махаббат қартаймайды,
ақша бұлт боп аспанда қалып кетер.
31.10.1994 ж.
* * *
Сен кемпір боп,
мен шал болып қалсақ та,
әже атын,
ата атын алсақ та,
жастық шақтан
кеткен жоқпыз жырақтап,
махаббаттан
кеткен жоқпыз алшақтап.
Кейбір кезде
қарасып қап алқынып,
мына өмірдің
қуантамыз әр күнін,
елеместен
көңілдердің кірбіңін,
ескерместен
жүректердің салқынын.
Барлық ойды,
бар сезімді матап ап,
дей алмаймыз
жүргені оның шатақ-ақ.
Көзді жұмып,
көрге кіріп кеткенше,
бізбен бірге, бірге бізбен жастық шақ!
Аурухана, 22.10.1994 ж.
* * *
Кел, кемпір енді,
баяғыдай боп майысып,
өткенді еске ап,
отырайық біраз шай ішіп.
Отырайық біраз
барлығын сыр ғып, шертісіп.
Бұл тірліктің
біткен дейсің қай ісі.
Ойлармен зулап,
жас шаққа сол бір барайық,
жап-жас боп қана
мөлдіреп, тұнып қалайық.
Сен қыз боп қайта,
қайтадан мен де
жігіт боп,
қызығып қана,
қысылып қана
астымен көздің қарайық.
Қолыңнан ұстап...
бола ма жаста ерсілік,
сен сынық тартып,
мен батыл тартып, ерсініп.
Шайынды құйшы,
алаңдай бермей әрнеге,
маңдайым жіпсіп,
келеді жаңа тер шығып.
Көктемді кешіп,
айнала беріп көк талды,
қараумен саған,
көздерім менің көп талды...
Сабырхан АСАНОВ
Арман ағысы
Тыңдай ма сенің
шайыңменен жайыңды,
азан да қазан–
немерелер де кеп қалды.
* * *
Кештім дедің,
ай дидарлы
ақылдым, естім менің,
Адам Ата, Хауана жаралғалы,
мұнан артық
жылы сөз естімедім.
Еріп кеттім,
мені осы кім айтар
берік деп тым.
Тұрған бойы
бір тал гүл болдым дағы,
құшағыңа
қайтадан еніп кеттім.
оянады,
қанша сезім
құлпырып бой алады.
ай мен Жұлдыз
тау мен тас бәрі келіп,
сенімен бірге
мені аялады.
Тірелмеймін,
көшін жаңа бастаған
бір елдеймін.
Құшағында
тұрғанда от боп жанып.
Тірі өлмеймін
мен сірә тірі өлмеймін.
11.08.1995 ж.
МЕН АБАЙДАН ЕКІ-АҚ
ЖАСЫ КІШІМІН
Мәнісі онша болмаса да ісімнің,
мен Абайдан екі-ақ жасы кішімін.
Таң-тамаша қаларлықтай тағдыры,
бола береді екен ғой бұл кісінің.
Білген жанға Абай қайда, мен қайда,
Абай аты,
Абай даңқы – шалғайда.
Қатарымнан қыла көрме кем деген,
тілегімді құдай қабыл алғайда.
Сол себепті жыр жазамын ерте-кеш,
көз алдымда ертең жайлы ерке елес...
Таяп барып тұрсақ болды Абайға,
жұрттың бәрі Абай болу – серт емес!
07.12.1994 ж.
ЖАЙЫМ БАР
Алатауда,
Алматыда жүріп жатқан жайым бар
Алатауда,
Алматыда еседі аппақ қайыңдар.
Алатауда,
Алматыда жылдар жылдан құралып,
күннен-түннен тұратұғын аптам да бар, айым бар.
Алатауда,
Алматыда күліп жүрген жайым бар,
бақыттың не екендігін біліп жүрген жайым бар.
Жерде аяңдап жүрсем дағы
көңілдің от жалауын,
алаулатып көк төсіне іліп жүрген жайым бар.
Сабырхан АСАНОВ
Арман ағысы
Алатауда,
Алматыда тойлап жүрген жайым бар,
терең көрсем,
сүңгіп кетіп, бойлап жүрген жайым бар.
Өлу үшін тусам дағы өзге жандар секілді,
өлмеу жайын,
өшпеу жайын ойлап жүрген жайым бар.
Сырдың бойын жайлап жатқан жырға
тұнған елденмін,
қыры, құмы,
тоғай – нуы нұрға тұнған елденмін.
Алатауға,
Алматыға кіл жақсылар жиылды.
дегеннен соң,
соның бірі болсам ба деп келгенмін.
* * *
Сұрайды
елде сенен, жел де сенен,
сұрайды
бел де сенен, көл де сенен.
Өмірден
өзің өтіп кетсең дағы
тастап кет
деп артыңа өлмес өлең.
Билетіп қайың тұрар білектерін,
сыздатып
қыздар сұрар жүректерін,
сұрайды
жарқыраған ай мен жұлдыз...
Хақың жоқ
тыңдамауға тілектерін!
31.10.1994 ж.
* * *
Төгіледі жыр бүгін жүрегімнен
төгіледі нұр бүгін жүрегімнен.
Кімге айналып барамын, құдайым-ау,
кеше ғана көп жанның бірі едім мен.
Күнім бар еді күніндей дуананың,
көздерімнен толқындап туады ағын.
Күнге айналып барам ба, күнге айналып,
осыншама мен неге қуанамын.
Құшағына алады өлең кең боп,
қызықтайтын сияқты оны өлкем көп.
Күнге айналып кеттім бе, күнге айналып,
күншуағым болғанмен,
көлеңкем жоқ...
16.01.1994 ж.
* * *
Мен бұлбұлмын,
білетін тек сайрауды,
мен бір гүлмін,
білетін тек жайнауды.
Адамдардың арасында айлалы,
ажырату қиын маған пайданы.
Мен бұлақпын,
қалмай жатқан қайда әні,
мен бір бақпын,
құшақ қана – жайғаны.
Адамдардың арасыңда айлалы,
ажырату қиын маған пайданы.
Мен сәулемін,
туған жаңа айдағы,
тіршілікке түсер қырда, ойдағы.
Адамдардың арасында айлалы,
ажырату қиын маған пайданы.
Сабырхан АСАНОВ
Арман ағысы
Епсіз едім,
бетке салық етпеңдер,
ебіменен мұратына жеткендер.
орнына оның –
менің тұла бойымда,
тұрған жоқ па толықсыған көк пен жер?!
* * *
Бір өлеңмен
бар әлемді жаулаймын.
Бір өлеңмен
бар көңілді аулаймын.
Бір өлеңмен
мәңгі өшпейтін от болып,
жалын атқан
жүректерде лаулаймын.
Көсемдердей
көпті көрген көреген,
күн қарайды,
ай қарайды төбеден...
Маған керек
Алатаудай бір өлең,
көңіліме алма
көп өлең-ау, көп өлең!
12.04.1994 ж
* * *
Қысқа өлең –
қып-қызыл шоқ маздаған,
қораштығы
болмаса оның аздаған.
Келмеді оның
дейсің әсте қолынан,
Абайлар да
ұзақ өлең жазбаған.
Ұзақ өлең
аулы әр қашықта,
қысқа өлең жаз
шиырлаған асықтай.
Қолың қышып
бара жатса, талмаса,
қара сөз жаз,
жұрттың миын ашытпай.
ӨЛЕҢ
Өлең, өлең, өлеңдерім, өлмес
үшін өңгенім,
қысқа біткен өмірім бар
өміріндей өңгенің
қысқа біткен өміріме қарап
біраз тұрдым да
шарт бұзылдым, сойқан салдым
қысқалыққа көнбедім.
Сондықтан да сендер тура мәңгілікке
тартыңдар
кездескенге дей көрмеңдер
жастарың бар, қартың бар,
Келер ұрпақ, келер заман
алдарыңа тұра ғап
Барлығына мына жайды
жария ғып айтыңдар:
Бір аяқ кеп жер бетіне
жүре-жүре өтті деп,
бір тіл келіп дүниеге сайрап,
сайрап бітті деп,
бір бас келіп дүниеге
ойлап-ойлап кетті деп,
Көргеніне, білгеніне мың
шүкіршілік етті деп.
Сабырхан АСАНОВ
Арман ағысы
* * *
Бар сырымды алып кетіп
қайтем бірге көрге мен,
дауыл күнгі қырандай боп,
өрле өлең-ау, өрле өлең.
білгенімді, сезгенімді
айтып, айтып кетейін,
қажеті не көргеніңді
болғандай-ақ көрмеген.
Айтармын-ау кейде шектен,
шеттен мүлде асырып,
ал, кейбірде көңіліме
су сепкеңдей басылып.
Қанша айтсам да, сені жақсы
көргендіктен адамзат,
бір мініңді мен бәрі бір
қалармын-ау жасырып...
* * *
Ақын еместерді,
ақын емес деп айта алмайсың,
ішіңнен үнсіз ғана
ой толғайсың.
Көздері күлімдеген
ол қулардың бетін,
құдайым, өзің ғана
қайтарғайсың.
Бұл күйден сен де
өлмейсің, ол да өлмейді.
Жөнделер десең де бір жөнделмейді.
Барар жеріңе барғызбайды,
алар нәрсеңді алғызбайды.
Алдыңа түсіп алып, жол бермейді.
18.01.1994 ж.
* * *
Шатпай-бұртпай
шынымды айтсам егер мен.
дей алмаймын
жыр жазудан зорықтым.
Қорықпадым
сөзді түсінбегеннен,
түсінгісі
келмегеннен қорықтым.
Таң қаламын
қарап тұрып түріне.
Ақындарды
жатса солай өлтіріп...
Жетсе, жетер
адамзаттың түбіне,
біліп тұрып
білмей тұрған өтірік!
10.01.1995 ж.
КҮНДЕУ
Сыйлықты
бермейді екен, алады екен,
алмағандар
сыйлықсыз қалады екен.
Әлде бұл
мен сияқты Жалқаулардың,
ойларынан
шығарған жала ма екен.
Өлең жазу
болмасын ата кәсіп,
сұлу саздар
кеудемнен жатады есіп...
Сыйлықтыны
мықты деп, сыйлықсызды
Сабырхан АСАНОВ
Арман ағысы
нашар десіп,
жатар жұрт қателесіп.
Деп жүрсем мен
өмірді жыр етермін,
сыйлықсыздар
сапында жүр екенмін.
Болу үшін бағалы сол сыйлықтын,
алу керек
сияқты бір-екеуін.
Соны ойласам
кетеді ысып қаным
көздеріңді
қуланбай қысып бәрін,
үйретсеңдер жол-жөнін қайтер екен,
сыйлықтарды
сыпырған пысықтарым.
Қарайды
жасырғандай балам да сыр,
Сол сәтте
кәдімгідей қалам жасып.
Мұқағали
секілді аңқау едім,
жалқау едім,
жан едім алаңғасар...
09.07.1995 ж.
* * *
Тау секілді тұрам үнсіз жырақта,
содан пайда тапқан жоқпын бірақ та.
Қызыл үшін,
қызық үшін қырқысқан,
ит тірліктің келеді үні құлаққа.
Жалт-жұлт етіп жанарымды арбайды,
құбылады,
құлпырады – алдайды.
Тау секілді тұрам үнсіз жырақта,
жақын барып,
араласа алмаймын.
Қойны-қоншы толып кейде ырысқа,
кейде айналып кетер керіс, ұрысқа,
Тау секілді тұрам үнсіз жырақта,
біле алмадым дұрыс па бұл, бұрыс па?!
25.02.1993 ж.
* * *
Кімге керек бұл өнім, бұл өлеңім,
таппай жауап тұнжырап, түнеремін.
Тастай қатты заманның табанында,
тым аяусыз жаншылды гүл-өнерім.
Жаншылмаса өнерім, гүл-өнерім,
қамықпас ем бұлайша,
күлер едім.
Жұпар бағын жоғалтып алғандығын,
білмесе әзір,
бір күні білер елім.
Тыңдаушы еді кәрі ұйып, жастар елтіп,
көңілдерін көтеріп, асқар етіп...
...Менің гүлім – өлеңім қарап жатпас,
жатар өзін жаншыған тасты ерітіп!
* * *
Бұл ақындар
аспандағы жұлдыздар,
тұрады олар,
бір жаққа ауып кетпейді
біреулердің
қолы оған жетпесе,
біреулердің
ақылы оған жетпейді.
Сабырхан АСАНОВ
Арман ағысы
Тұрып сонау
жоғары да, биікте,
бірге жақпай,
біреулерге жағасыз.
Ақымағы
көбейген бар елдердің
ақындары
болады ыңғай бағасыз.
Ақындары
алаулаған аспанда,
білмейді олар
даттайды ма, мақтай ма?!
Мені қинап
жүрген сұрақ, бір сұрақ,
қазақ оған
жата ма әлде жатпай ма?!
06.04.1995 ж.
* * *
Әлдеқашан,
басылған бар өлеңі,
көкірегімнің қуанғысы келеді,
жақсылықпен
жаманшылық мол сиған,
бұл дүние
неткен ғана кең еді.
Аз еңбекке
алған болмашы ақыдай,
тірлік дәмі
тұр ғой жөнді татымай.
Жамау-жамау
жамандығың жетіп тұр,
титтей болсын,
жақсылық бер, а құдай?!
Көкпеңбек боп
қайың, талы, терегі,
көктем мынау,
желкілдеген желегі,
қалың бұлттан
саңлау күткен жердей боп,
көкірегімнің қуанғысы келеді.
ЭЛЕГИЯ
Қайғым – қалың,
кетер – іште,
айыпкері – өзіммін.
Көрген тепкі, теперіштен,
күнде жүдеп көз ілдім.
Аллам неге адастырдың,
ақымақ бұл пендеңді?!
Ақыл таппай аласұрдым,
кешікпеспін мен де енді.
Барармын сол барар жерге,
зіл боп тастай батармын.
Қайғым сиған қара жерге,
мен де сиып жатармын.
Өкініп,
не өкінбестен,
бір жан тұрар жылап та.
Аяғанмен отымды өшкен,
сырын айтпас бірақ та...
Сабырхан АСАНОВ
Арман ағысы
ЖЕТІСУ
Бірде биік,
бірде асқар боп көңілім,
Жетісуда өтті-ау барлық өмірім.
Мұқағали секілденіп
еңіретпесем де елді мен,
бір кісідей батар менің өлімім.
Бір басынан замандардың өткізген не дауылын,
кеткен жырақ бауырым деп, бауырым,
Түркістаны,
Қожахметі қосылып,
жылап тұрар алыстағы ауылым.
Қалып артта жарық әлем мүлде кең,
тар қапасқа тығылармын түнге тең.
Жұп-жұмсақ боп,
мәңгілікке мәпелеп,
жамбасыма тиер мынау гүл мекен.
Жап-жас кезде іздеп келсем қиырдан,
маңдайыма осы бір жер бұйырған.
Сондықтан да,
көрмей қалсам бес-он күн,
жүрегім бар Жетісу деп жиі ұрған...
БЕСІНШІ БӨЛІМ
ШЫРЫН ӨМІР
ҚАЗАҚСТАН
Қазақстан,
еркін ескен самалындай Арқаның,
аңқылдаған ақ көңілім, дарқаным.
Қазақстан,
ат болар ма сенің аяулы атыңдай,
жалғызымсың менің махаббатымдай.
Көкіректе сен деп бір сөз жүр дайын,
сағынысқан,
аңсап жеткен жырдайын.
Күні бүгін бір адамның аузынан
айтылмаған,
тартылмаған сырдайын...
Сол сөзімді айтсам деймін мен бүгін,
қуанышым –
құшақ жетпес кеңдігің.
Алатауың –
асқақтаған мақсатым,
Қаратауың –
қазып бітпес кең бүгін.
Асқарланып Айға жетсе астығың,
қырманыңда өтті өрттей жастығым...
Бұл дүниеде мына менің алдымда,
абыройы артып сенен асты кім?!
Сабырхан АСАНОВ
Арман ағысы
Тамырымда тулап аққан қанымсың,
кеудемдегі тұрған тәтті жанымсың.
Ата-анаға арналатын ақ сезім,
жарқылдаған көзімдегі жалынсың.
Сен күлкімсің,
көз жасымсың, әнімсің,
алға сүйрер арманымды әр ісің.
Күндіз-түні өзім қарап тоймайтын
мына жарық дүниенің әрісің...
Қазақстан,
ескен еркін самалындай Арқаның,
аңқылдаған ақ көңілім, дарқаным.
Қазақстан,
ат болар ма сенің аяулы атыңдай,
жалғызымсың менің махаббатымдай.
ӘЗІЛ
Айтуға тілім ер,
ретсіз ашықпын.
О, қыздар, біліңдер,
бәріңе ғашықпын.
Тұра қап күлмеңдер:
«О құрғыр тілеуің,
бәрің деп жүргенде
құртарсың біреуін».
ШОЛПАНҒА
Бақыт боп қонсаң басыма,
тау болсаң да көтерем.
Даңғыл жол болсаң таусылмас,,
бойыңда қаңғып өтер ем.
Өрт-жалын болсаң өршіген,
кетсем де жанып құшар ем.
Кең жазық болсаң,
төсіңнен
сағымың болып ұшар ем.
Болар ма сірә жеңгенің,
еркімді алдың еңсеріп.
Өзенім болсаң сен менің,
өсер ем бойлап теңселіп.
Шығысым болсаң сен менің,
таң болып сенде атар ем.
Батысым болсаң сен менің,
күн болып барып батар ем.
Қиын-ау енді сенбегім,
күнәң да болса, өсекке.
Ауруым болсаң сен менің,
жатар ем тартып төсекте.
Сен құдай болсаң, пендеңмін,
не десең де, көнер ем.
Ажалым болсаң сен менің
қарсыласпай өлер ем.
* * *
Гүлім десем, қия аласың ба, Шолпан?
күнім десем, ұяласың ба, Шолпан.
Жаным десем, сасқандайсың ба, Шолпан,
жарым десем, жасқанбайсың ба, Шолпан.
Алыс жүрсем, сағынасың ба, Шолпан,
жақын жүрсем, табыласың ба, Шолпан.
Сабырхан АСАНОВ
Арман ағысы
* * *
Тас-талқан ғып тірлігімді жаулаған,
ақ Шолпаным,
таң алдында жаураған
сен кембісің Абай айтқан Тоғжаннан,
Петрарка жырға қосқан Лаурадан.
Талай ғасыр ақын біткен жыр еткен,
сен кембісің Баян сұлу, Жібектен.
...Абайламай атқан оғың тиеді-ау,
аяқтан да, бастан да емес – жүректен.
Алқындырып алдырмаған жайлы дем,
сен кембісің Мәжнүн сүйген Ләйліден.
Сен кембісің ержүректі Еңліктен,
Құлагерден – қайтпай қалған бәйгеден.
Ғашықтар көп кеш те өткен, ерте өткен,
елес берер аңыз, жырдан, ертектен.
Сен кембісің жап-жас Джульеттадан,
қарт Шекспир қимай әрең мерт еткен.
Айнымайтын шыңға біткен шынардан,
Шырын болса, Фархад үшін шын арман.
Сен кембісің Жәмиладан жалын-өрт,
ай әлемге Шыңғыс атын шығарған.
Жаз таңымсың, жарқыраған арайсың,
жасыл бақтай жәудіреп бір қарайсың...
Жұрт қатарлы жырлауға мен жарасам,
жұрттан артық жырлатуға жарайсың.
ЫРЫСЫМБЫСЫҢ
Ырысымбысың,
дәулетімбісің, білмеймін,
Шығады әркез,
батады әркез бірдей Күн.
Ырысымбысың,
дәулетімбісің, білмеймін
сонда да ойнап,
сонда да жайнап жүр деймін.
Ырысымбысың,
дәулетімбісің, білмеймін,
құмартам сенің қулықсыз шыққан
күлкіңді.
Ырысымбысың,
дәулетімбісің, білмеймін,
әйтеуір тағдыр көрмесін артық бұл
күнді.
* * *
Маған дейін талай жігіт көз салған,
маған дейін талай жігіт сөз салған.
ей, жан-жарым, барлығынан өтіпсің,
сөйтіп маған аман-есен жетіпсің.
Бір өзіңсің ойын-сауық, мерекем,
барым, жоғым, ашым, тоғым, берекем.
Сен екенсің гүл мекені тірліктің,
жалықпаушы,
қызықтаушы мен екем.
Өзің барда: көңіл – көркем, ой – тәуір,
қадіріңе жетсем болды, әйтеуір.
Сабырхан АСАНОВ Арман ағысы БАРСАҢ МЕНЕН БАСҚАҒА... Халқың болып, мен сені хан көтерем төбеме! Биік ұста еңсені, төменге ойым көне ме. «Жазған құлың» болайын, не боп кетті бұл деме. Жаным, сені ораймын, үлде менен бүлдеге. Ішпегенді ішкізем, жемегенді жегізем. Ел алдына түскізем, кімнің жары дегізем. Шашты талдап өр мейлі, қызғанып та тұрар ел: көргеніңді көрмейді, жер бетінде бір әйел. Дей көрме әсте уақытсыз – шаттық келсе , жасқама. ...Болар едің бақытсыз, барсаң менен басқаға! МЕНІҢ МАХАББАТЫМ 1. Сенсің, менің билеушім, әміршім де, Тырп еткізбей қоятын тәңірсің де. Саған ғана бағынам жер бетінде, Күш-қуатын жүректің танырсың деп. Сен биіксің барлық бар биіктерден, Бар биікті алдыңа иіп берген. Сен тазасың, сен таза мөп-мөлдірсің, Құраған көз жасы мен құйып терден. Кім бар қане, бір саған тең келетін?! Не данышпан сен десе, сенделетін. Әнші біткен бір сен деп ән салатын, Ауру біткен сенімен емделетін. Сен өткірсің отты сөз, отты ісіңмен, Қыз боп менің шықпаушы ең көп түсімнен. Жарым болып жатырсың жаныма кеп, Сенде ғана қиянат жоқ деп түсінем. 2. Басқа емес, белгілі ғой жайым саған, айтайын, көрінсе де ұят мұным: Кеп-кеше кездессем де, жаным саған, Туғалы бірге жүрген сияқтымын. Қармалап не ғылайын басқа жақты, Жанарың – жарқыраған шуақ күнім. Епті ерін, күлімдеген қас-қабақты Туғалы көріп жүрген сияқтымын.
Сабырхан АСАНОВ Арман ағысы Қандай жан қайтіп қана ұмыттым дер, Көңілдің, мықты болсаң, тый аптығын! Есті алса қызық күндер, қылық күндер, Туғалы біліп жүрген сияқтымын. Арманым алдымда тұр әзір астай, Өмірден дәл өзімдей сый апты кім?! Біз енді айрылыспай, ажыраспай, өлсек те бірге өлетін сияқтымын. 3. Тірлікте жүрек ісі ғана басқа... Қанеки, бола берсе ылғи да ондай. Кейде ақыл ісіңе оның араласса, Болады жанған отқа су құйғандай. Бір-бірін түсінбестен, ұға алмастан, Ақыл мен сезім талай тұрды егесіп... Бел шешіп бір жағына шыға алмастан, Жүрмін ғой бірде жанып, бірде өшіп. * * * Аққу күндер күндер ару ақ білек, көп қылаңдап көз алдымнан ақты кеп... Өрттей ыстық өмірімді өткіздім, бір-ақ жанның жанарынан бақ тілеп. Көңіл бөлмей күмбір қала үніне, көзге сол бір көп қарадым үңіле – күлім қағып тұрып алса қайтемін, сол жанарға айналып бар дүние?! Аңсап жаңа тапқандай-ақ бір-бірін, құшағыма кіріп кетті нұр бүгін. ...Алаулаған ақ жалынға айналып, жарқырай бер, менің жанар – тірлігім! * * * Айнала – көктем, көңілімде менің – махаббат. Бір сезім өршіп, тынды ақыр бойды матап ап. Құс екеш құс та тынбайды сайрап ән салып, бұтаққа қонып, бүршікке аузын тақап ап. Мамық бұлт түгіл, қара тас бүгін жұп-жұмсақ. Бұл не деген қызулы шақ, қызғын шақ! Тауда еріп қар, мұнда балқып қара жер, қалғиды әлем, мас болып көзді біз жұмсақ. * * * Қызығым қол созды да ерте менің, жап-жастай жан балқыттым, еркеледім. Жап-жастай жүрегімді жалын басты, мен әлі сол жалыннан өртенемін. Алқынып атады әлі алаулап таң, ақ нұрын көкірегімде сан аунатқан. Маздатып, махаббатын ту ғып ұстап, қызулы күндерім бар жалаулатқан. Сен бе едің бұл өмірден өтінгенім, біргесің жарқыраған, о түндерім! Сөнбеген планета секілденіп, алысқа тарап жатыр отым менің.
Сабырхан АСАНОВ
Арман ағысы
* * *
Керек пе деп едім,
өзімді мен саған.
Шықпаса дерегім,
шырқырап аңсаған.
Таң алды жететін,
самал боп мен естім.
Сен қажет ететін,
сияқты емессің.
Жақтырмай қимылым,
жақтырмай ісімді...
Күйреді күй бүгін,
көрген соң түсінді.
Көзің де салқындау,
сөзің де салқындау.
Қуанған жүрегім,
құр босқа алқынды-ау.
Кеудемде бұлқынып,
бір сойқан басталған.
Кіл таулар сілкініп,
қылады тас-талқан.
Кеудемде жыртылып
бұлттар көгені,
өзендер тартылып,
мұхиттар шөгеді.
Жем болып алғанға
қадырсыз , киесіз,
жатырмын жалғанда,
жатырмын иесіз...
Керек пе деп едім,
өзімді мен саған.
Шықпаса дерегім,
шырылдап аңсаған.
Таң алды жететін,
самал боп мен естім.
Сен қажет ететін
сияқты емессің.
СЕНІҢ ТУҒАН КҮНІҢЕ
(Әзіл)
Өмір – өзен,
жалықпайды ол ағуға,
Жарқабақтар құлап жатыр жалп етіп...
Біздің үйдің қара пешін жағуға,
қалай ғана туа салдың жарқ етіп.
Жылдар жүйрік,
жалдан ұста, құлама!
Сенім болсын сенің әр кез сүйеуің.
Бақытты бол,
бұл жалғанда жылама,
бақыттырақ болсын сенен күйеуің!
Тірлік – күрес,
өту керек қырқысып,
деп сөзімнің мен де соңын түйемін.
Көп жаса сен бұл жалғанда тырысып,
сенен дағы көп жасасын күйеуің.
ЖҰБАТШЫ МЕНІ...
Жұбатшы мені
көңілім сенен қалғанда.
болсам бір жандай арманда.
Сабырхан АСАНОВ
Арман ағысы
Жұбатшы мені
Жұбатшы мені
ойлардан әбден талғанда.
Көзімнің жасы
сүртілмей бетте қалғанда.
Жұбатшы мені
құласа жап-жас көк терек.
Жұбатшы мені
болмасқа қалсам өкпелеп...
Жұбатшы мені
жарақат жанға батқанда,
жалғанда мынау
жалғызсырап жатқанда.
Жылар да, бәлкім күлер де
Өтер де бір күн өлмеген.
Жұбатуды білер ме,
жұбатуды көрмеген.
* * *
Бұл жүрек,
себебін кім білген,
кетеді дүрсілдеп.
Сені жұрт мақтайды, жүрмін мен
сол рас болсын деп.
Бір жүрсем, қадірлей қоймаймын,
күнұзақ шатынап.
Ұзасам,
сен жайлы ойлаймын
төсекте жатып ап.
Тап өзің келгендей, қасымнан
қарайды көздерің.
Қолдарың кетпейді шашымнан,
естіліп сөздерің.
Сыбырлап не дейсің, жарығым,
кеңес пе,
кейісің бе?
Күндізгі күйбіңнің барлығын
ұмытшы, дейсің бе?
Киім де, тамақ та табылар,
табылар қалғаны.
Дейсің бе:
жүрегім сағынар
сен болсаң болғаны.
Бар сенде:
сыйлы іні, сыйлы аға,
бекерге жасыма.
Ыза боп, жаныңды қинама,
кей жалған досыңа.
Елеме сырттағы қыс айын,
ой қумай, тоқташы,
кеудеме қысайын, құшайын,
дейсің бе, ұйықташы...
Бұл жүрек, себебін кім білген,
кетеді дүрсілдеп.
Сені жұрт мақтайды,
қуанып жүрмін мен,
сол рас болсын деп.
* * *
Хош, хош, қайың, ақ қайың, хош, ақ қайың,
ең соңғы рет мен сені құшақтайын.
Ең соңғы рет мен сені сүйіп тұрып,
жүрегіңе жүректі қосақтайын.
Ең соңғы рет елбіреп егілейін,
көкірегіңе көз жас боп төгілейін.
Сабырхан АСАНОВ
Арман ағысы
Ең соңғы рет үзіліп омыртқа боп,
қабырғадай қасыңда сөгілейін.
Хош, хош, қайың, ақ қайың, хош, ақ қайың,
ең соңғы рет мені сені құшақтайын.
Бақыт деген бұлдырап ұстатпайды-ау,
бала күнгі сағымдай қусақ дәйім.
Құшақтайын кел, жаным, құшақтайын.
Жалаң аяқ шалғында дірдектеген,
сеніменен күн неге бірге өтпеген.
Қарағайдай қасыңда тұрып алып,
қарар едім қайыспас құрметпенен.
Мынау орман,
жайнаған нұр-көкпенен,
мынау жолмен – шұбаған дүрмекпенен,
бірге тастап мен сені кетіп барам,
қайта алмас боп жағымнан бір беттеген.
Білсе-дағы бар жайды бағана аңдап,
қимас көңіл қиналмақ тағы алаңдап:
қара орманға құлаған ақша бұлттай,
көз ұшында қаларсың ағараңдап...
* * *
Мөлтілдеген, жалтылдаған таңғы шық,
жарқыраған күн көзімен аңдысып,
кеудесіне жүрек бітіп дүрсілдеп,
түні бойы тоңған тәні қалды ысып.
Көкжиектен көрініп күн-көңілің,
жайнатты-ау кеп Алатаудың өңірін.
Қызуынан күйіп кете жаздады-ау,
таңғы шықтай мөлтілдеген өмірім.
Ей, от қалқам, жанған лаулап,
лапылдап,
сені берген тағдыр қандай
ақылды-ақ,
Ғұмыр бойы қуаныш боп жүре гөр,
бірде алыстап , бірде өртей
жақындап...
* * *
Толқын бір, толқын тасқынға,
толтырып сайын өр тынды.
Төпеген жаңбыр астында,
баса салмай тұрмын өртімді.
Сонда да сөкпен өңлімді,
өңлім бір – өскен шынар-ау.
Қалдырса менің көңілімді,
қалғымай жатқан шығар-ау.
Қысқа түн қанша күйге енем,
бір өліп, бірде тіріліп.
Бетімен жердің сүйреген,
бір үміт,
жалғыз бір үміт...
* * *
Мүмкін емес мені есіңе алмауың,
ірге өткізген сәттерді аңсап қалмауың.
Амал тауып алдағанмен сен мені,
мүмкін емес өзіңді-өзің алдауың.
Көзге елестеп кескініміз, түріміз,
құлақтан да кетпей қояр үніміз...
Бұл өмірден өтетұғын боламыз,
құтыла алмай бірімізден-біріміз!
* * *
Жақынымсың сен менің, жүрегімсің,
ұстынымсың, сен менің тірегімсің.
Сабырхан АСАНОВ
Арман ағысы
Дейтін де сен: көңілім бірге тасып,
дейтін де сен: жас жаным бір егілсің.
Сен алғаш кеп көзіме көрінген күн,
бұрымыңа қосылып өрілгенмін.
Кемшілігіңді қалайша кешпеймін мен,
кемшілігін кешкенде көрінгеннің.
Кей сырыңды жатсам да кейін біліп,
үлгеремін мен оған дейін күліп.
Сезіктерден секемсіз сейілемін,
өзіңді де жіберем сейілдіріп.
Алдыма алам,
айналып толғанамын,
толықсыған гүлдей ғып қолға аламын.
Көзім тұнған ондайда ынтызарлы,
Тулаған қан тұла бой – толған ағын.
Қайда жүрсем өзіңе асықтырып,
өмір бойы қойдың ғой ғашық қылып.
Көріп сені көңілім тынар менің,
үй есігін асығыс ашып кіріп...
Жақынымсың сен менің, жүрегімсің,
ұстынымсың, сен менің тірегімсің.
Дейтін де сен: көңілім бірге тасып,
дейтін де сен: жас жаным бір егілсін.
* * *
Көрсетпестен қабағыңды түйілген,
Жайнап шықсаң үйімнен – өз үйіңнен,
өтсем деймін өмір бойы аялап,
өтсем деймін маңдайыңды сүюмен.
Кейде ашумен саған қатты ұрсамын,
келмегені онда әлімнің, мұршамның.
Алдап кете жаздағандай үмітті,
көз алдыңда көлбеңдеген тұр сағым.
Мына өмірде қоныс құтты, өріс кең,
күндерді сол көргім келмес керіскен.
Бұл ойларды көбінесе ойлаймын,
өзің ұйықтап жатқан кезде, періштем!
Бір кездері бермеуші едің айна алдын,
енді ол күнді ұмытуға айналдың.
Даусы қатты шыға ма деп қаймығып,
қалтыраған кірпігіңнен айналдым.
Түсіне алмай, кейде оңаша ойландым,
үйір болды деп біздерге қайдан мұң.
Жұбатпақ боп мені өзіңше қуланып,
күлімдеген көздеріңнен айналдым.
Бәлкім талай сен де өзіңше ойландың,
орны болып шықпасақ деп ойранның.
Көңілің қалып қанша менен тұрса да,
сыр бермеген сөздеріңнен айналдым.
Бермеуші ең-ау, бір кездері айна алдын...
Сол ойларды сені оңаша қинаған,
көтерейін мен-ақ бәрін, қи маған.
Маған ыңғай шаттығыңды көрсетші,
қуанышты тар кеудеңе симаған.
Қандай сұрақ көздеріңде иілген,
көкірегіңе көңілсіздеу күй ілген.
Маған ыңғай ырысыңды нұсқашы,
бақытыңды бір басыңа үйілген.
Алау баста ақыл деген сақшы жүр,
ассын десең әзірге аздау, тапшы жыр,
аудара сап бар азапты бір маған,
жабырқамай,
жатырқамай жатшы бір...
Сабырхан АСАНОВ
Арман ағысы
КЕШІР, ЖАНЫМ...
Кешір, жаным,
мен иттік еттім білем,
бақытымды басына тептіп білем.
Есебі жоқ, есі жоқ екпінменен,
Адамдықтан алыстап кеттім білем.
Кешір, жаным,
егерде кешіре алсаң,
қысыламын сол күнді есіме алсам.
Арсыз басты алдыңа тостым міне,
тостым міне, өзің біл кесіп алсаң.
Содан бері дөңгелеп жиі өтті күн,
көкіректі кернеген сияқты мұң,
Сеніміңді бір сенің ақтамаған,
алдыңда мен өлшеусіз ұяттымын.
Қыздырады лаулатып отын ішім,
қу жанымды жеп қойды өкінішім.
Кешір, жаным,
бұл менің саған айтқан,
болар, мүмкін, ең соңғы өтінішім...
КЕЛІНШЕК СӨЗІ
Мен саған еріп бақытты болам деппін-ау,
бар бақыт жерде – сендей-ақ.
Алданып көп жыл, арманнан ұзап кеттім-ау,
өзімді тұрмын енді аяп.
Дәрменсіз жанның сөзі емес бұл баж етпе,
куә оған мына от өңір.
Болары болған қатені түзеу қажет пе,
болмаған соң екі өмір.
Көмбе боп көптен кеудемде жатқан ойды аштым,
жерім де жоқ кектескен.
Өзің де бірақ, бақытты бола қоймассың,
мені бақытты етпестен...
* * *
Жүрегім жүрегіңе қатады ма үн,
кей-кейде көкірегіме батады мұң.
Айқайлап әлемге жар салмасам да,
Ішімнен атыңды атап жатамын мың.
Көктем кеп сайратты ғой бақты бүгін,
жақын кеп,
жанарымның жақшы нұрын,
жалғаннан,
жамандығы жатқан өршіп,
жан болып көрген жалғыз жақсылығым.
* * *
Айта берсек,
ашылады-ау көпке сыр,
сүйген адам болады екен өкпешіл.
Мен өзіңе өкпеледім, қарағым,
Көзім жасын көл-көсір ғып төккесін.
Күйсем-жансам жүргендей боп от кешіп,
кеткендей ме жүрегімді оқ тесіп.
Кеудем ішін жап-жарық қып жанған шам,
қара түнек орнатты да,
кетті өшіп.
* * *
Сен жек көріп кетсең де сағынамын,
тағдырдың тәлкегіне бағынамын.
Күйдірген құшағымды, ыстық дүние-ай,
көп тессең көкейімді, неғыламын.
Сабырхан АСАНОВ
Арман ағысы
Теңіз кеп қосылғандай теңізбенен,
мен сені бөлінбейтін егіз деп ем.
Көңілімді қайда қоям көп қамыққан,
көзімді қайда қоям сені іздеген.
Төгіліп кетті ырысым толып тұрып,
қайғыға,
уайымға молықтырып.
Алматы аппақ алғыс алар ма екен,
бір күні бізді қайта жолықтырып...
* * *
Өтіп кеткен күндерді ойлап,
жасарамын мен кейде,
жылдар артқан жүкті арқалап,
сен де, жаным, еңкейме.
Елу деген немене ол –
жігіт жасы, қыз жасы.
Баяғы сән, көріктерді...
бәрін, бәрін бұзбашы.
Кемітпеші күн күлкіні,
кемітпеші көз нұрын.
Қайта асырсын бұлғалаңдап,
қайран бұрым өз құнын.
Ауырлатпай, ауыр тартпай,
басшы аяқты жеп-жеңіл,
секілденіп қанат қаққан
жел дағы бір сен де бір.
Жанарды арбап жалт қарашы,
жайтаңдашы, елігім,
қалайын мен қайта жанып,
қайта еліріп, елігіп...
Өтіп кеткен күндерді ойлап,
жасарамын мен кейде,
жылдар артқан жүкті арқалап,
сен де, жаным, еңкеймен!
* * *
Сүйесің бе деп сұраймын мен сенен,
сүйгеніңе жылдар өтіп кетсе де.
Көзім жетпей жүрген жандай теңселем,
теңселуім, әлдеқашан жетсе де.
Бір өмірді бастап едік өлеңдей,
сенім деген бар емес пе! Ол қайда!
Шетсіз-шексіз жатқан мына әлемдей,
қызғаныштың шегі де әлде болмай ма!!
Көк тіреген көтеріңкі еңсемен,
Жүрсем дағы, қойғаннан соң аңсатып,
сүйесің бе, деп сұраймын мен сенен,
тұрғанымды білсем дағы шаршатып.
«Сенсің маған өмір берген енші тек,
көтертпей-ақ қойсын күндер күнәсін.
Сүйем, жаным, сүйем сені, сенші деп»
алқынумен абыржып бір тынасың.
Қинау көрдің сол сұрақсыз өтпей күн,
от боп өртеп, аяз боп та қарыдым.
Бұл бір азап болды ғой деп бітпейтін,
азалана көрмеші тек, жарығым.
Жаным менің жұбанышты мол сезді,
дерсің кейде талабы осы қай талап.
Сүйем деген жалғыз ауыз сол сөзді,
күнде таңғы орындалар гимндей,
тұру керек шығар бәлкім қайталап.
Сабырхан АСАНОВ
Арман ағысы
* * *
Есіңде ме,
кеткеніміз гүл теріп,
гүлдер онда еді-ау шіркін күлтелі.
Төбемізден төгілді-ай кеп ақ моншақ,
аспандағы аумақ-аумақ, бұлт еріп.
Жүгіріп кеп бір шынарды ықтадық,
Медеу-сайдың бұл мінезін ұқпадық.
Ортамызға ап оттай жанған гүлдерді
көпке дейін сол ықтан біз шықпадық.
Кезіп-кезіп келіп жүйрік ой көкті,
көкіректе жүректі үнсіз сөйлетті.
...Шың басында
өзім тоңып тұрсам да,
шешіп алып жаптым саған көйлекті...
* * *
Өзің қоңыр болғанмен, жүрегің ақ,
соның ыңғай жаныма жүреді ұнап.
Жұрт қыздардың әппағын, ағын алса,
мен бақытым тауыппын күреңін ап.
Сен ыстықсың
секілді күрең далам,
күрең тартып
барады бірер балам...
Күрең дала үстінде күрең қалқам,
күліп-ойнап жүрейік кілең аман!..
* * *
Көк ормандай көк поезды тақымдап,
көктен мына уақыттан ақымды ап,
жүйрік, ұшқыр дөңгелектерге ән салғызып,
сағат сайын келем саған жақындап.
Саған қарай келем жүйткіп күн ұзақ,
саған қарай келем жүйткіп түн ұзақ.
Жете алмастан келем, бірақ сонда да,
кеткен екем байқамастан тым ұзап.
Бір өзіңе
болып барлық аңсарым,
бір өзіңсіз
тірлік кештім қанша күн;
Сені ойлаумен
өтті барлық ымыртым,
сені ойлаумен
өтті барлық таң сәрім.
Келем жүйткіп жандай-ақ бір арманда,
сен дегенде менде дегбір қалған ба,
жүрегімді жұлқып үнсіз суырған,
сағынышым,
таусылмайтын жалғанда!
* * *
Қара көзің,
қара қасың ойнақтап,
жымыңдаушы ең кейде әлде не ойлап қап...
Сол сәтіңді көптен бері көре алмай,
алаңдайды бір нұрлы арман бойда аппақ.
Алаңдаймын көптен бері өзім де,
шоқ түскендей шоршып, әуре төзім де;
Бар бақытым
тұрғандай-ақ, қасыңда,
бар бақытым
тұрғандай-ақ көзіңде!
Ондайда отты естілетін сөзің де,
тоқтай соғып өтетұғын сезімге...
Нені болсын кейінірек аңсаймыз,
көре тұра бағаламай кезінде!
Сабырхан АСАНОВ
Арман ағысы
* * *
Бірде жаз боп
үй ішін тұрам өртеп,
бірде қыс боп
қаһарды құрам ерте.
Бірде күліп,
біресе күйіп тұрсам,
не болды деп себебін сұрама, еркем.
Ұрынарға біресе қара таппай,
жас үйірем көзіңе қарақаттай.
Біресе өткір пышақ боп ақ жаныңды,
аямастан беремін жарақаттай.
Тиісемін,
орынсыз тиісемін,
сәтте ұмытып онымды, сүйісемін.
Көп құбылған,
күніне көп өзгерген,
көңілімнің қинайды күйі сені.
Кейде, білем, кеудеңе толар кегің,
қой, қой оны,
қоймасаң, тонар мені...
Жұрт секілді
жап-жайлы жар боп тусам,
жарығым-ау,
мен ақын болар ма едім?!
* * *
Деп жатсам мен:
– «Қарағым, қарағым-ай
мына әлемнен мен сені қаладым-ай.
Көрінбесең,
күндіз-түн күңіреніп,
көрінсең, көз алмастан қарадым-ай.
Қарағым-ай,
қайдасың, қайда жүрсің,
бәлкім гүлі ырғалған сайда жүрсің,
бәлкім, гүлі құлпырған қырда жүрсің,
әлде, сонау жап-жарық айда жүрсің.
Ақ нөсерді түсіріп алшысынан,
әлде айналдың найзағай қамшысына.
Әлде мына жанарды жаспен сызып,
айналдың ба мөп-мөлдір тамшысына.
Қайда жүрсің,
боп кетті күйбеңім көп,
қалам кейде түстегі күйді өңім деп...»
Сонда әйелім ас үйден дауыстайды:
– «Не ғып зарлап отырсың, үйдемін!» – деп.
* * *
Алтынбасым,
ай жүзіңе таң қалдым,
жалғыз сені сүйеді екем, – аңғардым.
Сен деп қана өтіп жатыр
аңсаулы
армандардан тұратұғын аңғал күн.
Таңдар күнде сен боп күліп атады,
қуаныштан көңіл көл боп жатады.
Ақ тілектер андыздайды-ау ал, сонда,
ақ тілектер алқынып тіл қатады.
Көз ашқалы көрмегендей түк қайғы,
кеудем қазір, кімнен болсын ықпайды:
жақсылығым,
сен жер басып жүргенде,
жаманшылық бар екен деп ұқпайды!
* * *
Жылап ал, жаным,
кеткен сол жырақ жыл үшін,
Сабырхан АСАНОВ
Арман ағысы
келеді жасың сүйретіп қыстай қылышын –
қырықтан астың,
елу де міне таяп тұр,
жылап ал, жаным,
жаралған мөлдір жыр үшін.
Жылап ал, жаным,
жылап ал, жаным, жылап ал,
жаныңнан жүйрік составтай болып жыл ағар.
Жылап ал, жаным,
жылап ал ұзақ
кезді ойлап
құлпырған гүлдей...
деміңді сөйтіп бір-ақ ал.
Жылап ал, жаным,
қосылып мен де жылайын,
кеудемде мынау бір өксік көптен жүр дайын;
гүлдерім қайда,
жапырақ қайда жап-жасыл,
күз күні әбден тоналған бақтай жұрдаймын.
Жылап ал, жаным,
қапалық қатты кемісін,
мұз болып қатқан мұң-қайғың біраз ерісін.
Жылап ал, жаным,
көзіңнің жасын көл қылып,
бір өзің үшін,
бір өзің үшін, мен үшін...
* * *
Арқаңда сенің
қыран боп көкте жиі ұштым,
арқаңда сенің
ақ таңмен талай сүйістім.
Аспан бір аунап,
жерге бұл түсіп кетсе де,
мен сені, жарым,
бақытты етуге тиіспін.
Арқаңда сенің
Алатау астым, гүл тердім,
мекен де еттім
таң алды қасын үркердің.
Арқаңда сенің
кішіге күнде пана боп,
қарғысын емес,
алғысын алдым үлкеннің.
Арқаңда сенің
еліме еттім мен еңбек,
еңбегімменен
келешек күнге енем деп.
Осының бәрі
боп жатса сенің арқаңда,
қабағың бағып,
елеңдеп тұрам, елеңдеп.
Рақмет, жаным,
ұл бердің маған, қыз бердің,
өшпейтін мәңгі
өлмейтін мәңгі із бердің.
Көңіл де бердің,
өмір де бердің шуақты,
азсынып мұны,
үлесті басқа іздер кім?!
Арқаңда сенің
аймағым гүлдеп, көктеді,
алдыма түсті
арманым құлап көктегі.
Арқаңда сенің
аз басым асып, көбейіп,
бауырларым да
бөтен боп, жат боп кетпеді.
Қатем көп болса,
күн сайын кештің, сүйіктім,
татсаң да жиі
Сабырхан АСАНОВ Арман ағысы кермек бір дәмін күйіктің. Бара ма аузым сенде де болды-ау деуге әсте, сен биік болсаң, мен де әркез, жаным, биікпін. Жаралсам-дағы жүрегі жүрегі жалын ақын боп, көктемде ойнап көктегі отпен жақын боп, ер ғой деп біліп ұстасаң өзің етектен, ер болмауға тіпті де менің қақым жоқ. Арқаңда сенің қыран боп көкте жиі ұштым, арқаңда сенің ақ таңмен талай сүйістім. Аспан бір аунап жерге бұл түсіп кетсе де, мен сені, жарым, бақытты етуге тиіспін. * * * Мен өзіңді гүлге нәзік теңедім, есейсем де сол ойда әлі келемін. Бұл адамдар үмытшақ қой, сен жайлы Ай мен Күнге айтып кетсем деп едім. Тау мен белге айтып кетсем деп едім, бау мен желге айтып кетсем деп едім. Өкіре аққан өзендерге ескертіп, саумал көлге айтып кетсем деп едім. Ақ таңдарға айтып кетсем деп едім, шатқал, жарға айтып кетсем деп едім. Өзің жайлы айтып-айтып болған соң, келген ізбен қайтып кетсем деп едім... ЖАР Жар дейді ме, тап-таза ар дейді ме, осындай жан әр үйде бар дейді ме? Көңлі егер түспесе, қылдан нәзік, көңлі түссе, жүк тартар нар дейді ме. Ақыл дей ме, қимайтын жақын дей ме, сыйлай білсең, кетпейді ақың дей ме. Қаласа егер, қызығың, қуанышың, қаламаса, қайғыртар жатың дей ме. Гүлің дей ме, лаулаған күнің дей ме, естілетін шаттанып үнің дей ме. Жақтырса егер, сөнбейтін жарығың да, жақтырмаса, қап-қара түнің дей ме... Өткелдерден демейміз аз өтіп ек, қашан болсын көңілде – таза тілек. Жарың жақсы болғаны дұрыс шығар, өзің жақсы болғаның – қажеттірек! * * * Басыңнан айналайын, қара алтыным, өзіңді ойласам, жан алар тыным. Сен бе едің алып жүрер ақ періштем, астына аман сақтап қанатының. Біреулер сап-сарым дер, аппағым дер, сонымен ақ-сарысын мақтадым дер. Мен үшін жетіп жатыр қарасы да – өзіңсіз атпа таңдар, батпа күндер!
Сабырхан АСАНОВ
Арман ағысы
Отырған жоқпын қайғы, аза тілеп,
өзіңсіз мына өмірдің қажеті не?!
Өзіңмен күлім қағып көктем өтіп,
тап келіп тұрмын аптап жаз өтіне...
Кіргізер тірлігімнің берекесін,
сен ғана маған қуат, бел екенсің,
жадырап жайнаң қағып күлсем, күліп,
жыласам, жылайтын да сен екенсің.
* * *
Күлкің бар сенің, күлкің бар,
күлкің бар өзім байқаған.
Күн бар ма оны бір тыңдар,
бір тыңдар, жаным, қайтадан.
Шалқалап, шалқып күлгенде,
аппақ бір тістер ақсиып,
қас қағым сәтте, бір демде,
кеудеме кеткен бақ сиып.
Балбырап балғын жас қылық,
ақ бұлт боп ұшып ойда арман,
буынға түсіп, мас қылып,
ақ ләззат сонда бойды алған.
Асыққам,
қатты аптыққам,
қызыл тіл жіпсіз байланып,
адамға бітпес шаттықтан,
жұмыс бас кеткен айналып.
Қанша жан бәлкім аңсаған,
сәт кештім бастан қиялдай.
Мен сонан соң-ақ,
мен сонан
есімді кеткем жия алмай...
Күлкің бар сенің, күлкің бар,
күлкің бар өзім байқаған.
Күн бар ма оны бір тыңдар,
бір тыңдар , жаным, қайтадан.
* * *
Бұл жастық шақ тауысқанда төзімді,
жағып қойып оттай екі көзімді,
Алматыда толып жатқан қыздардың
арасынан тауып алдым өзіңді.
Көңіліміз көктемдей бір күйге еніп,
қол ұстасып жүруге әбден үйреніп,
көп кешікпей бір кісіге айналып,
алдық сосын біздер тез-ақ үйленіп.
Енді, міне, әжеміз де, атамыз,
құрандай боп естіледі батамыз.
Балалардың қамын ойлап келісіп,
керісіп те қалып, кейде жатамыз.
Сондадағы сөгілген жоқ іргеміз,
біз біргеміз,
шүкір, әлі біргеміз –
ақ отауға алғаш рет кіргенде,
мәңгі тұрып қалу үшін кіргеміз!
Еркекке ерте енбесе егер ес деген,
қателігім қалды ма сен кешпеген.
Алматыда арманға қол созғанда
Сені қайдам,
менмін қателеспеген.
Сені өсірсе Жетісудың ен бағы,
аспанымен ұшып кеп ем мен дағы.
Мен өзіңмен бірге жүріп қуансам,
өкінбесе екен деймін сен дағы...
Сабырхан АСАНОВ
Арман ағысы
* * *
Ай мен Күннің арасындай, қарашы;
Жүрегің мен жүрегімнің арасы,
бір-біріне сәуле жолдап, нұр шашып,
күндіз-түні тұрар жайнап жарасып.
Тілегің мен тілегімнің арасы,
Ай мен Күннің арасындай, қарашы;
бір-бірінен аулақ жүріп, шет кетіп,
бір рет те көрген емес адасып.
Жалын атып жаныңмен де, тәніңмен,
сен бір шетте,
мен бір шетте жанып ем...
Бекіп берік,
байланғанбыз біз мәңгі,
бар әлемдік тартылыстың заңымен!
ҚЫЗҒАНЫШ
Келсін кезің ақылды да саналы
шүкір-шүкір – қызғанасың сен әлі.
Көкешім-ау, қорғаштайтын әркімнен,
қалған жоқ па сиқым менің шамалы.
Өз бойымда секілді бір аздай мін,
мен де өзіңнен екі көзді жазбаймын.
Қапылыста қарап қойса біреулер,
өртенгеннен өліп кете жаздаймын.
Сезіп қалсаң,
көзді жасқа була да,
мендегі сол іштарлықты сұрама?!
Қызғаныштан жұрдай мына заманның,
Отеллосы мен болармын сірә да.
Екеумізді жаратқан ба бірдей ғып,
жатқанымыз бір жарылқап, бір кейіп.
Күнәсі жоқ Дездемона секілді,
бостан босқа мерт боп кетіп жүрмейік.
Абай айтқан ақыл сөзде арай мол,
сабырлылық сақтай дейді қалай да ол!
Жұрттың бәрі Абай бола бере ме,
мен сияқты дүлейден сен абай бол.
Өтсін мейлі жастық өмір асыға,
азды-көпті бақыт сыйлап басыңа.
Үлкенсің бе,
кішісің бе – ісі жоқ,
бұл қызғаныш қарамайды жасыңа...
* * *
Күлімдеген, жаным-ай, күлімдеген,
көңілсізбін көрмесем күнінде мен.
Сен үйімде жүрмесең жарқыл қағып,
бақытым да,
бағым да – білінбеген.
Көңілім әбден қалса да елден кей көп,
бірін көздеп атқам жоқ мергендей боп.
Сен бір жақтан оралсаң, қуанамын,
әке-шешем тіріліп келгендей боп.
Бір өзіңе теңеймін ауыл бағын,
өзің барда – самал да, дауылдамын.
Өзің барда әп-сәтте көбейемін,
үйге толып кеткендей бауырларым.
Отбасымның ардағы, ары да сен,
өзің болсаң үй-іші – жарық, әсем.
Көңілімді аулайтын достарым да,
алыс-жақын жекжатым – бәрі де сен.
Сабырхан АСАНОВ
Арман ағысы
Зар емеспін сен барда күтімге мен,
біздің үйде тік ұшар түтін деген.
Мына жыртық дүниеде сеніменен,
сеніменен ғана мен бүтінденем!
* * *
Елуге келдім, өсірген мені елім-ау,
елуге келдім, көкорай шалғын, белім-ау.
Елуге келдім, ақ басты боран тауым-ау,
елуге келдім, толқыған мөлдір көлім-ау.
Елуге келдім, күндізім-ау, күнім-ау,
елуге келдім, жұлдызға толған түнім-ау.
Елуге келдім, өтіп бір кеткен ата-анам,
елуге келдім, өскен бір қызым, ұлым-ау.
Елуге келдім, жақыным-ау, досым-ау,
елуге келдім, ақ таңым-ау, кешім-ау.
Елуге келдім, бар болсаң егер, қасым-ау,
елуге жыл тұрдым әлемде жарық осынау.
Елуге келдім, қаһарлы қырау, ызғар-ау,
құлатқан тасқын терең бір шатқал,
құздар-ау.
Елуге келдім, қап-қара шашым аппақ боп,
қайтіп бір айттым сендерге мұны, қыздар-ау.
Елуге келдім, жалғыз бір інім, жаным-ау,
әпкелерім-ау – анамнан соңғы кәрім-ау.
...Қызығы біткен күзгі бақ суып кетті ме,
қайтайық үйге,
қолтықтан алшы, жарым-ау...
* * *
Жазығым не,
өзіңді сүйгенім бе,
сүйгенім бе, отыңа күйгенім бе.
Жүрегіңнің жұрт ұқпас сырын ұғып,
ешкімге айтпай,
ішіме түйгенім бе.
Жазығым не,
балқып тіл қатқаныңда,
аш беліңнен ақырын тартқаным ба,
құлап кетер секілді көрінген соң,
ақ білекті мойныма артқаныңда.
Жазығым не,
жаныңа ергенім бе,
жанына еру арудың ерге мін бе.
Тау басынан түрлі гүл тергенімде,
түгел бәрін өзіңе бергенім бе.
Жазығым не,
айтқанда бұлақ әнін,
айыра алмай, күлгенін, жылағанын,
бар дүниені ұмытып сенен басқа,
қалжырап кеп қасыңа құлағаным...
Жазығым не,
мен әлі түсінбеймін,
бар ма әлде жазған бір ісім деймін.
Өзің – жұмбақ,
шеше алмай өзім – жұмбақ,
өтіп жатыр бұлдырап түсімдей күн.
Қара асфальт жол секілді көші алмасқан,
қилы өмірді бұл адам кешер бастан.
Мені әрдайым қинайтын сол жұмбақты,
өзің де әлде жүрмісің шеше алмастан?!
* * *
Күткен жаман өмірде, күткен жаман,
күте-күте шыдамың біткен жаман.
Сабырхан АСАНОВ
Арман ағысы
Күлімдеген көздері сол бір жаным,
келместей боп көрінер тіптен маған.
Түн де өтер,
жарқырап таң атқанда,
бітер-ау бұл азапты сағаттар да.
Күнмен бірге келер-ау қалқам менің...
бірақ соны тосуға тағат бар ма?!.
Көкірекке шоғыңды үйіп алып,
төсекте аунап жатқаның күйіп-жанып.
...Басар ма едің мауқыңды құшақтай ап,
өшірер ме ең өртіңді сүйіп алып!
* * *
Ыстық-ыстық кеудеме басқым келер,
сонда бойға бір қуат, тасқын келер,
есіме сап кезімді жалын атқан,
есіме сап кезімді жаспын деген.
Сен де, сәулем, есіңе ал сол шағыңды,
қуаныш пен қызығың мол шағыңды.
Жайтаң қағып жанарың жанып қара,
қуып таста кеудеңнен болса, мұңды.
Тұрмасақ та еңкейіп, ерте өлейік,
еркелейік,
тірлікке еркелейік;
баяғыша күл қалсын орнымызда,
баяғыша және бір өртенейік...
* * *
Қап-қара көзің неге,
жұлдызсыз түндей көркем.
Бір мін жоқ өзіңде де,
өзің де, күндей еркем!
Сенімен бірге өткен күн,
қалды ғой ұсады да ән.
Құлпырған гүл көктемнің,
шықтың ба құшағынан?
Құс қонып көк талдарға,
жырлап тұр уақыт бүгін.
Өзің,
күн,
көктем барда,
мен қандай бақыттымын!
* * *
Арман ба, ей?!
Арман ба, ей, бұл бір мендегі,
қасымда қора қыздың жүрген жері.
Балғын шақ басылмастан,
жасырмастан
тістерін ақситып кеп күлгендері.
Қарасы...
Келіп тұр деп шақырғаны...
Бекер боп қазір бара жатыр бәрі.
Құдай-ау, кетер ме естен
қасыңа кеп,
етегін басып төмен отырғаны.
Жас күнім, өткен ыңғай сенделмемен,
мен саған ешнәрсені тең көрмеп ем...
Сол кезгі жалын атқан жақсы қыздар,
кетті ме бар бақытым сендерменен?!
* * *
Өмір, өмір, сен барда алаңдаман,
сен алдамшы емессің жалаңдаған.
Айнымаған,
айнымай тартып туған,
Сабырхан АСАНОВ
Арман ағысы
мен әкеме ұқсасам,
балам – маған.
Бойдақ күнгі лап етпе ұят қалып...
Көкіректен құбылтып күй ақтарып.
Балам жатыр жап-жайлы төсегінде,
менің құйттай макетім сияқтанып.
Жұтамын да құмарта исі-демін,
өлмес өмір жалғасын түйсінемін.
Әкем маған қарай сап, шүкір десе,
мен балама қарай сап сүйсінемін.
КІМ АЙТТЫ?
Келген күндер күлкісімен тыңайтты,
кейде, рас, қайғы ұсынды мұңайтты.
...Ұлы ақындар ерте өледі дейсің сен,
мені саған ұлы ақын деп кім айтты?!
* * *
Қарап едің, қалқам, талай алқынып,
жанарымда жанарыңның жарқылы...
Жалғандығын мына жарық дүниенің,
білем деп пе ем бірақ өзің арқылы.
Сипап тұрып шаштарыңды талданған,
бәрі, бәрі менікі деп малданғам.
Жаныңды жат жараласа мейлі ғой,
жаман екен жақыныңнан алданған.
Кез боп қалсаң, іркілесің, іркесің,
бұрын мені білмегендей үркесің.
...Баратын жер,
бағдарынан айырылып,
Сағым буған сахарада тұр көшім...
* * *
Көктем келе жатыр ма,
тауға, жаным, қарашы,
күттірді ғой көп мені,
көрінбестен қарасы.
Соншама ұзақ болып па
Алатау мен ағарған
Алматының арасы.
Алатаудан аспаса
неге сонша жүрді екен,
ағаштарда ашылмай
жатқан әлде бүр ме екен.
Күтулі ғой көктемін,
күткендей-ақ бақытын,
жарқыл қақпақ бұл мекен
Күтуліміз бәріміз,
кешікпестен келер деп,
лүпілдеген жүректі,
көңілді де елер деп.
Үлпілдеген гүл болып,
үлбіреген қыз болып,
құшақтарға енер деп...
* * *
Күндер өтіп,
түндер өтіп не түрлі,
басып тұрмын мына жиырма жетіңді.
Балаларым жүр мені айналып, «папалап»,
жерді айналған спутниктер секілді.
Біреу емес,
екеу емес,
үш боп тұр,
әкелікті мойындамау күш боп тұр.
Сабырхан АСАНОВ
Арман ағысы
Қайран көңіл,
жүріп қалған алаңсыз,
бас бармақты азуға сап тістеп тұр.
Паспорттағы жастың саны асса да,
үлкендікті білдірмеуші ек басқаға.
Жап-жас болып қарай ғана қалушы ек,
көрінсе бір тәп-тәуір қыз-жас бала.
Енді соның бәрі біткен секілді,
қарау қайда.
Бұра алмаймын бетімді.
Динам, Алмам, Әзілханым, өздерің,
алдыңдар да, биледіңдер еркімді.
Бірің – маған сана болып ендіңдер,
бірің – маған дана болып келдіңдер,
бірің – енді көн, деп кеңес бердіңдер,
жеңілмеп ем мезгіл деген мықтыдан,
әй, тентектер, сендер мені жеңдіңдер.
ЖЕТІСУ – МЕНІҢ
ҚАЙЫН ЖҰРТЫМ
Жетісу – менің ыстық қайын жұртым,
Әр көркі – арқауындай дайын жырдың.
Жарықтық қарлы Алатау баурайы кең,
Сағынып барамын да, аунай кетем.
Өзендер мұнда аттарша заулайды екен,
бұлақтар түлкідей боп аунайды екен.
Көп тауға тірей салған көк төбелер,
Көкпеңбек көк пүліштен аумайды екен.
Көптігі асқартауда арқарлардың,
Қозыдай қуып жүріп аулайды екен...
Көк шыңдар көктің төсін сүйер барып...
Көп шырша бір-біріне сүйеу болып...
Қызы ма?
Қыздарының несін айтам,
Тынасың ақырында күйеу болып.
ЖЕНПИ ЖАҚҚА БАРЫҢЫЗ
Әзіл
Оңға қара,
солға қара,
алға қара –
айналаңның бәрі қыз.
Дәл осыны көргің келсе,
ЖенПИ жаққа барыңыз.
Бірінші этаж,
екінші этаж,
үшінші этаж –
этаждардың бәрі қыз.
Дәл осыны көргің келсе,
ЖенПИ жаққа барыңыз.
Келеді қыз,
кетеді қыз – жүргендердің бәрі қыз.
Дәл осыны білгің келсе,
ЖенПИ жаққа барыңыз.
Мүмкін сонда болар сіздің
іздеп жүрген жарыңыз.
* * *
Жол бермейді тар көшеде бұлғаңдаған екі жас,
жол бермейді тар көшеде бұлғаңдаған екі «мас»:
қыз бен жігіт, қыз бен жігіт,
жол бермейді қыз, жігіт
жол бермейді он алты, он жеті жас.
Сабырхан АСАНОВ
Арман ағысы
Олар үшін жаңа атып тұр алтындай боп күліп таң,
Олар үшін жас тамбайды көктегі сұр бұлттан.
Олар үшін бұл дүниеде жалғыз ғана екеуі,
жолды, мені, басқаларды ұмытқан.
Жұмысы жоқ ешкімменен, аяқтарын майда алып,
барады олар, барады олар ойланбай да, ойланып.
Жүрістерін бұзғаным жоқ, бұзуға да батқам жоқ,
өтіп кеттім тез-тез басып, айналып.
Кім біледі, қайта айналып қараған да болармын,
дір-дір етіп жасқа толып бұлдыраған жанарым,
кең дүниеде мас боп келеді
алғашқы ақ махаббат,
қақысы бар, қақысы бар жүруіне олардың.
Ей, адамдар, қатал болмай, рақымдылық етіңдер,
кезім кеп тұр бір нәрсені өздеріңнен өтінер:
Жол үстінен дәл осылай келе жатқан жас көрсеңдер,
жүрістерін бұзып алмай, айналып-ақ өтіңдер.
ЖАТАҚХАНАЛАР
Мұнда ылғи тек бойжеткендер,
ержеткендер тұрады.
Мұнда жүрген жігіт көзі,
қыздың көзі қырағы.
КазГУ болсын, ЖенПИ болсын,
қайда болсын, бәрібір,
жатақхана, жатақхана –
жастық шақтың пырағы.
Мұнда іңгәлап жылайтұғын
бала деген болмайды.
Кемпір-шал да кездеспейді,
(бірақ, болмас ол қайғы).
КазГУ болсын, ЖенПИ болсын,
барлығында бас қосып,
жатақхана, жатақхана –
жастық шақты толғайды.
Кел, кел мұнда, болсаң егер
махаббаттан үміткер,
жатақхана үйлерінен
қыздарды көр, жігіттер!
Мықты болсаң, қыздарының
жүректерін жұлып көр,
әлсіз болсаң, қыздарына
жүрегіңді жұлып бер!
ӨТТІ ҒОЙ
Өтті ғой күндер, көзді сүзіп жүрген,
құрбының көңіл күйін біліп жүрген.
Қыздарды қызыл-жасыл қырғауылдай,
қиғаштап қыран құстай іліп жүрген.
Өтті ғой, өтті күндер күліп жүрген,
асаудай арқан-жіпті үзіп жүрген.
Зымырап ұлы-кіші айдындарда,
кемеміз қайырылмай жүзіп жүрген.
Өтті ғой, талай таңдар алаулаған,
өтті ғой, талай кештер талаураған.
Өтті ғой, өтті-ау, пай-пай, болған күндер,
қыздарға көп ішінен қалаулы адам!
Езіліп қалған қазір еріншектеп,
елеусіз жайын-күйін көңіл шертпек,
әттең-ай, сызылған сол, сол қыздардың,
бүгінде кетті-ау бәрі келіншек боп.
Бұл мезгіл
көктегі ұшқан бұлттардай,
өтерін біліп бір күн, жүріпті алдай.
...Шіркін-ай!
неге асып кетті бұл жас,
шіреніп жиырма бесте тұрып қалмай!
Сабырхан АСАНОВ
Арман ағысы
БОЙДАҚ КҮНІМ
Қайдасың сал боп өткен бойдақ күнім,
көңілім көптен бері қойды аптығын.
Үстінен дауыл өткен ормандай боп,
жатырмын сені алыстан ойлап бүгін.
Қайдасың, көптен бері таппай қалдым,
кермеңе келіп еді ат байлағым.
Қанаты талмай өткен қыран құсым,
ойнақтап өткен ерке ақ тайлағым.
Кіріп ең ерте-ақ жігіт санатына,
жастай мен күйіп едім сан отыңа...
Алматы қайдасың деп ұшқан күні,
кеттің бе, самолеттің қанатында.
Студент боп жүрсің бе күлімсіреп,
жатағың – жайлы орның боп бірінші рет.
«Қалдық деп, лекциядан» жүрсің бе әлде,
бозарып таң шығыстан білінсе тек.
Сен онда, сақал, мұртсыз балғын жас ең,
көрінген айдарынан талдың да әсем...
«Пирожки» алмақ болып, үзілісте
тұрсың ба көк буфеттің алдында сен.
Жас көңлің жадыраса, жыр жайып қап,
қарамай алды-артыңа бір байыптап,
ауылға ақша сал деп жүрсің бе сен
стипендия алған сайын бір байып қап.
Думанға дуылдаған үйір едік...
Мандолда тыңқылдатып күй үйреніп.
Құлағы ауырлау сол Ивановтан,
жүрсің бе ақша төлеп би үйреніп.
Білгенмен, бидің нәшін таба алмасақ,
тасты әкеп таптағандай табанға сап...
Ауылдан ет келген соң,
тұрсың ба әлде,
қыздармен қатар тұрып тамақ жасап...
Шаңытқан жердің мына сиқын көріп,
жауды күн...
Жау, жау, тағы!
Құй, күн келіп,
Жатақтың оқу залы...
отырсың ба,
ауғанда түн ортасы ұйқың келіп...
Жай кезде үсті қағып, шашты сипап,
аз күндік семестрде басты қинап...
Жаз шықса, жайраң қағып жүрсің бе әлде,
«Үрлітүп», «Шоқпарларда» астық жинап.
Әйтеуір, кеттің ғой, сен еш көрінбей,
Кеттің бе қыз шіркіннің естерінде...
Жарқырап жана жаздап тұрсың ба әлде,
Қараша, Жаңа жылдың кештерінде.
Табысып таныстары,
жат танысып,
қарасқан қара көздер оттан ыстық...
Күлімдеп қолың тынбай той, жиында,
қыздармен отырмысың хат жазысып.
Достармен тайдай ойнап, тебісіп ек,
қасымда қазір соның көбісі жоқ.
Жүрсің бе, дос көйлегін тартып киіп,
жүрсің бе, достың нанын бөлісіп жеп.
Бір ойлар топырлап кеп састырардай,
бір үміт көкіректе қаз тұрардай...
Есігін газет, журнал қымсына ашып,
жүрсің бе өлеңіңді бастыра алмай.
Сабырхан АСАНОВ
Арман ағысы
Не жетсін ат білісіп, жүз көргенге,
сен солай боз бала ең-ау біз көргенде...
...Жатаққа келе жатып қуанушы ең,
қасынан қызыл-жасыл қыз көргенде.
Қарамай ыстығына, ақпанына,
құбылған қызыл кеші, ақ таңында,
қыздармен қол ұстасып жүрсің бе, сен,
Алматы көшесінде, бақтарында.
Барушы ек үйді айналып, дуал асып,
есікті қыз тұратын қуана ашып...
Ентігіп сол қалпыңмен жүрсің бе әлде,
төсінде Алатаудың қуаласып...
Кезігіп бұл өлеңді оқырсың ба,
ұшқындап сонда бетке от ұрсын да...
Жастық шақ жайлы әлде кино көріп,
қараңғы залда қызбен отырсың ба.
Ой, кез-ай, сырларды анық білдіретін,
байқайтын келіп оны жүрді реті...
Жазықсыз жанар толған жасқа айналып,
кеттің бе қыз көзінде дір-дір етіп.
Жер бетін шола жүріп кезіп келем,
Айыпты жандай және сезіктенем.
«Жар бол» – деп мен бір қызды құшқан күні,
кеттің бе бір жолата безіп менен...
Қайдасың сал боп өткен, бойдақ күнім,
көңілім көптен бері қойды аптығын.
Үстінен дауыл өткен ормандай боп,
жатырмын сені алыстан ойлап бүгін.
* * *
Ақша бұлт Алатауға жал боп тұрды,
қыздырды күн сүйгіштеп жалпақ қырды.
Биікте жүрген қыран көлеңкесі,
болмады бір басыма қалпақ құрлы.
Көктем кеп сүйреген соң тракторды,
үніне ауыл сырты құлақ түрді.
...Кең дала бір шалқайып қалды-дағы,
төсінен маған бір гүл лақтырды.
* * *
Елі үшін белі талмай арқалап құт,
келеді нөсер тілеп жарқабақ бұлт...
Бұл көктем жылдағыдан кеш келсе де,
қарап жүр көзін қолмен қалқалап жұрт.
Қуатты күн көзінде алтын дақ бар,
көк аспан, бұл шағыңда жарқылдап қал!
...Ағаштың бұтағында әрең отыр,
қанатсыз балапандай қалтылдап қар.
* * *
Шаттыққа жаным кенеліп,
жүріп те келем бөгеліп.
Көбейіп қапты танысым –
бүгін де жаңа көк өніп.
Қарайлатып өткенді,
қаулап өсер көк те енді.
...Қалқиған әлсіз құлақтар
көтеріп тұрды көктемді.
АЛҒАШҚЫ КӨКТЕМ ӘСЕРІ
Жарқырап Алатаудың басы жанып,
жайнайды аспан асты асылданып.
Бояуын көктем әр күн қалың жағып,
барады қала бағы жасылданып.
Сабырхан АСАНОВ
Арман ағысы
Бір шетте ағараңдап алма гүлдеп,
бұртияр маған көзін салмады-ау деп.
Қыдырып жүрген жандар толып кетті,
мен жүрмін үйлерде ешкім қалмады-ау деп.
Көшеге көктем құрған парад қандай,
өзіне күн көзін де қаратқандай.
...Жүруге жеңіл аяқ, жеңіл денем,
көтеріп біреу мені баратқандай.
* * *
Бірде демін тартқандай, біресе үріп,
шәлкес мінез самал-жел тұр есіріп.
Қуғын көрген ала бұлт тыным таппас,
Айдың шамын бір жағып, бір өшіріп.
Бір өзі елден ерек құлшынып ап,
арықта тынбай жатыр су шуылдап.
Көктегі сирек жұлдыз көбейеді,
аспандап өте берсе «ТУ» суылдап.
Жас шыбық жас көңілдей алабұртар,
көрінер ауыл-аймақ алабы тар.
Күндізгі көлеміне көлем қосып,
алыста тұрған қора қарауытар...
Көктем, көктем, тым жап-жас, аңғал әлі,
осы бір сәт, осы сәт жанға жайлы.
...Мен сыртта жүріңкіреп қалсам керек,
қайда болдың деп жарым таңғалады.
* * *
Жасармай қалған бар ма ағаш,
жапырақ жаймай бүрінен.
Ақбурыл тартты алма ағаш
өзінің жарған гүлінен.
Созылып солтүстікті ап,
бір жазық жатса шалқалап,
Алатау тұрды ыстықтап,
ақ бұлтын күнге қалқалап.
Көп айдың қалмай бірі боп,
өзгеше келді май айы.
Аяқтың асты тірі көк,
басуға адам аяйды.
* * *
Кең аспанның көкірегіне сүйенген,
кең аспанның көкірегінен күй емген,
аласы жоқ ақ отаудай шаңқиған,
аумақ-аумақ ақ бұлттарды сүйем мен.
Киіп кетіп жатпаса да ой көлденең,
әлге дейін айыра алмай мен келем!
Ақша бұлттар менің аппақ жаным ба,
ақ бұлттардың жанымын ба әлде мен.
Көктем, көктем, көгіңнен көз талмайды,
көк аспаның құбылады, алдайды.
...Аумақ-аумақ ақша бұлттар арасын
аппақ-аппақ самолеттер жалғайды.
* * *
Тына қалып ызғарлы жел кешегі,
бір жылы леп,
бір жылы леп еседі.
Қобалжыған көңілдей боп қозғалып,
қою бұлттар қопарылып көшеді.
Жұрт көңілді,
Жатқандар жоқ жазғырып.
Жер бетінде дей алмайсың аз қылық.
Сабырхан АСАНОВ
Арман ағысы
Жалғыз бойын билей алмай ағаштар
бұраңдайды бой жеткендей наз қылып.
Оны-мұны әңгіме ғып, сұрасып,
қыз бен жігіт кетіп қалды қыр асып.
...Өз сезімін ұстай алмай барады,
бүтін шыбық бүршік жарып – сыр ашып...
* * *
Белгісіз қайда апарды, қайда ап кетті,
жел тұрып ала бұлтты айдап кетті.
Кір-шаңы тазаланған терезедей,
көкпеңбек аспан шіркін жайнап кетті.
Сүйрелеп өссем деген шынар тілек,
раң көк жауыннан соң шығар түлеп.
...Жарқырап күн өзіне қаратпайды,
жатқандай көктің төсін «сваркілеп».
* * *
Қалай ғана шырқалмастан жатпақ ән,
қызыл-жасыл гүл көтерген шат далам.
Ойхой, шіркін, апрельдің аспаны-ай,
ақ бұлттар мен ақ самолет қаптаған.
Жер мен Аспан...
Ақын талай мақтаған.
Қарай бергің келеді екен сәтте оған.
Талай ғасыр тамылжытып, бүлдірмей,
бар қызығын маған қалай сақтаған?!
* * *
Күн ыстық.
Хабар да жоқ самал жайлы.
Апрель бұл жақта әрең амалдайды.
Тынысын тартып ішке тынып қалған
аспанда ақша бұлттар дем алмайды.
Мал жатыр,
жай кезде бас ірікпеген.
Қомданбай құстар да отыр үрікпеген...
Көктегі Күнге серік болайын деп,
көсілген кең даламен жүріп келем.
Пікірлер (0)
Пікір жазу үшін аккаунтқа кіріңіз. Кіру