Әсет Найманбайұлының шығармалары
Әсет Найманбайұлы
Жазылымсыз режим: 20-беттен кейін жазылым беті ашылады, әрі қарай әр 10 бет сайын (ең көбі 5 рет).
Бұл кітапта есімдері елге мәшһүр, жан-жақты дарын иелері - Әріп Тәңірбергенұлы, Әсет Найманбайұлы, Бармақ Мұқанбайұлы, Дүр Оңғар Дырқайұлы, Ерімбет Көлдейбекұлы, Тілеміс Есболұлы, Сарышолақ Боранұлы, Нұралы Нысанбайұлы суырып салып айтқан өлең-жырлары мұрағаттардан, сондай-ақ түрлі жинақтардан іріктеліп ұсынылды.
ШЫҒАРМАЛАРЫ
«Нұрлы Press.kz»
Алматы
Әріп Тәңірбергенұлы
Әсет Найманбайұлы
Бармақ Мұқанбайұлы
Дүр Оңғар Дырқайұлы
Ерімбет Көлдейбекұлы
Тілемес Есболұлы
Сарышолақ Боранұлы
Нұралы Нысанбайұлы
УДК 821.512.122 ББК 84 (5 қаз)-5 Ә72 Қазақстан Республикасының Мәдениет министрлігі «Әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару» бағдарламасы бойынша жарық көрді Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті Жамбылтану және халық ақындары ғылыми-зерттеу институты Редакция алқасы С. Пірәлиев, С. Қирабаев, Т. Кәкішев, У. Қалижанов, Б. Ыбырайым, Б. Сманов «Ақындар аманаты» атты қазақтың ауызша әдебиеті жобасының авторы Бекен Ыбырайым Әріп Тәңірбергенұлы, Әсет Найманбайұлы, Бармақ Мұқанбайұлы, т.б. Шығармалары. – Алматы: «НұрлыPress.kz», 2014. – 288 б. – (Ақындар аманаты) ІSBN 978-601-7572-06-8
Бұл кітапта есімдері елге мәшһүр, жан-жақты дарын иелері - Әріп Тәңірбергенұлы, Әсет Найманбайұлы, Бармақ Мұқанбайұлы, Дүр Оңғар Дырқайұлы, Ерімбет Көлдейбекұлы, Тілеміс Есболұлы, Сарышолақ Боранұлы, Нұралы Нысанбайұлы суырып салып айтқан өлең-жырлары мұрағаттардан, сондай-ақ түрлі жинақтардан іріктеліп ұсынылды. УДК 821.512.122 ББК 84 (5 қаз)-5 ІSBN 978-601-7572-06-8 © Ыбырайым Б., 2014 © «Нұрлы Press.kz», 2014 Ә72
Әріп
Тәңірбергенұлы
(1856-1924 ж.ж.)
Әріп Тәңірбергенұлы
ҚУАНЫШБАЙ МЕН ӘРІП
Қуанышбай:
Әріпке сәлем айттым үш қайтара,
«Айтысты» деп оттапсың Біржан, Сара.
Басыңда байлауың жоқ бір ант едің,
Сайтан болып кетерсің бара-бара.
Сұрасаң менің атым – Қуанышбай,
Жау көрсем, қалған емен ту алыспай.
Бар шығар Найманда да талай жүйрік,
Қалман деп ойлаушы едім бір салыспай...
Ежелден бұзық болып туып еді,
Бәлеге жас күнінен жуық еді.
Жай жүрмей, көрінгенге соқтыққан соң,
Мектеп түгіл, Семейден қуып еді.
Сөзімді көп айтпаймын саған қимай,
Орынсыз өтірік айттың аузың тыймай.
Мың-мыңнан ауыл басы жылқы өреді,
Малы жүр Құнекемнің жерге симай.
Тұра ма сыймаған соң дер іздетпей,
Садаға сен қайтесің одан кетпей?
Уақ, Керей, Найманға отарлайды,
Төрт болып Тобықтының жері жетпей.
Баласы Құнекемнің Ыбырайым,
Найманға алдыртпаған абыройын.
Пысқырған пысығының мұрнын кесіп,
Мың-мыңнан айып алды топ бас сайын.
Әріп Тәңірбергенұлы
Абайдың әр білімі елден асты,
Әр жерде-ақ ел жауымен қарсыласты.
Болмасаң шын имансыз, өзің – куә,
Талай тантық Найманның көңілін басты.
Соларға тіл тигіздің – содырлы сөз,
Жарайды бақсы болып алсаң қобыз.
Ысқақтың бір қойшысын қорқытам деп,
Айыпқа тартып едің тоқсан тоғыз.
Абайдан құтыларлық ебің бар ма,
Сендердің көмек болар көбің бар ма?
Балқыбек, Бақанаста сыяз болса,
Аттанған айып бермей тобың бар ма?
Абайға кей дұшпаны қылар қастық,
Ойласақ оның түбі дәулет мастық.
Бәрі бар Найман оңбас – түбі оңбаған,
Талассақ мәртебеге біз таластық.
Әріп:
Елмісің естімеген Сақ, Тоғалақ,
Салам ба сөз деп құлақ, нақ сұғанақ!
«Мен Дадан Қуанышбай» депсің өзің,
Кім едің сен албасты доп-домалақ?
Адамнан артық туған Сара саңлақ,
Сарадай оңай емес ақын болмақ.
Өнері қашан кем еді Біржан салдан,
Мен емес айтыстырған оларды арбап1.
Арғынсып салғансисың салмағыңды,
Сездің бе сөзбен билеп алғанымды?
Әріп Тәңірбергенұлы
Нағыз Найман кез келсе, оңдырар ма?
Жақсың қалап алды ғой қалмағымды.
Арғынға сенен көрі өзім жуық,
Қысқартам алқымыңды сөзбен буып.
Далаға жаққан оттай бос шалқыма,
Әуелі Арғын болшы анық туып.
Анық Арғын болмайсың жалғастырсаң,
Құл-құтан сүйегіңді алмастырсаң.
Күйіп кет, жындылығың бір қалмайды,
Нәсілді болдым-ақ деп салғастырсаң.
Найманда ергенекті анық теңің,
«Бар еді, – деп айтпаймын, – одан кемің»,
Үш жылда бір жақсыңды дүрелейсің,
Болған аузыңда өсек, ұрлық жемің.
Құрысын қастық қылған дәулет масың,
Абайдай сыйламайтын кісі басын.
Сол сияқты Абайды Нұрғазы ұрды,
Болған соң жын-перуана кәрі-жасың.
Болмайсың бәрің Абай, жәһил, аңғал,
Құтырса, соған тоқтар қулық, жанжал.
Абайдан басқаң сөзді не қыласың,
Сол дана бұл заманда, биік заңғар!
Абайды ұнасады мақтағанға,
Алмас қой екі дүзді сақтағанға.
Алтынға дым тигенмен қараймайды,
Жұдырық хан артынан боқтағанға.
Әріп Тәңірбергенұлы
Ойнама, Қуанышбай, меніменен,
Сөз білсең сөйлеу керек жөніменен.
Бәрі Абай болмайсың лепіргенмен,
Сөзім зая сөйлескен сеніменен?! 1. Бір нұсқада «Екеуін айтыстырдым әдейі арбап», –
деп айтылады.
Әріп Тәңірбергенұлы
КӨКБАЙ, ӘРІП, МҰСАҒАЛИ
Белгілі ақындар Көкбай, Әріп және оларға атқосшы
лыққа Мұсағали деген жігіт үшеуі жолаушылап келе
жатып, Белтерек бекетіндегі Сопы деген кісінің үйіне ат
басын тірейді. Үй иесі қадірменді қонақтарға бір семіз
қой сойып, ақ майын алдарына тартады. Сонда Көкбай
Мұсағалиға қарап тақпақтай жөнеліпті:
Көкбай:
Арғы атаң, аты шыққан Мамай батыр,
Ту тігіп батырлықпен құрған шатыр.
Бір тайды жалғыз жеген атаң Дулат,
Мына май сені көріп неге жатыр?
Сонда Әріп: «Көке, осы өлеңіңізді сәл өзгертсем
қайтеді?» – дегенде, Көкбай: «Бірақ желісін бұзба», – депті.
Әріп:
Арғы атаң аты шыққан Мамай батыр,
Ашыққанда ашынғаннан балдай татыр.
Бір тайды жалғыз жеген атаң Дулат,
Мына май сені көріп неге жатыр?
Үнсіз отырған Мұсағали ұшып тұрып, өлеңмен жауап
бергенде барлығы таң қалыпты.
Мұсағали:
Атам мешкей болғанда, әкем мешкей,
Мешкейліктің күнәсін тәңірім кешкей.
Жасымнан сабақ оқып, биязы болып,
Қалыппын сол себепті ләпсім өспей.
Әсет
Найманбайұлы
(1867-1922)
ӨЛЕҢДЕР
Әсет Найманбайұлы
АҚЫРҒЫ СӨЗ
Болжаусыз осы екен ғой өлім деген,
Күн бұрын көзге келіп көрінбеген.
Артыма сөз қалдырмай ала кеттім,
Қаптағы дән сияқты себілмеген.
Тірліктің қызығына қызып жүріп,
Айқайға қайран даусым ерінбеген.
Абайдай арт жағына сөз қалдырып,
Жақсы еді-ау, әттеген-ай, өлу деген!
Зымырап бәйге атындай өте шықтым,
Жабығып көріп еді көңіл нeдeн?
Ертең жазып, бүрсігүн бітірем деп,
Баянсыз тіршілікке сенуменен.
Гүлдерім қайта өнер ме өрімдеген,
Жібегім кетті-ау талай өрілмеген!
Өмірдің өрге басқан жолын қумай,
Өттім-ау бос үмітке еруменен!
Қатын-бала асырау амалында,
Кеттім ғой соған көңіл бөлуменен.
Менен сорлы ақын да өтті ме екен,
Бір сөзі баспа орнына берілмеген!
Осымен өмір бітті, дәм таусылды,
Ішімде көп сөз кетті-ау терілмеген!
Тіршілікте әрекет етпеген соң,
Сүйектен не шығады кебіндеген?
Жолықтым дәм таусылар уақтысына,
Ажалдың мейірімсіз қаттысына.
Жүргенде елден ауып есім шығып,
Тұрмыстың тура келіп тапшысына.
Кеудемнен тіршіліктің оты өшіп,
Әсет Найманбайұлы
Жанымның қош айтыстым ақ құсына.
Төбемде жарқыраған сәулем сөніп,
Лақтырдым қолымдағы затты суға.
Айбарлы ұлы арыстан болғаныммен,
Тышқандай бағам бар ма жақты ашуға!
Ажалды ақша беріп сатып алдым,
Кездестім аңқау елдің бақсысына.
Әу деген үнімді ел көп тыңдаған,
Жиналып жаяуы да, аттысы да.
Сөйлесем, жүректегі шерін төккен
Арызды, армандысы, даттысы да.
Сезімді, сергек туған көзі ашықтың
Талантты, талабы зор оттысы да.
Ажал ма, арманда ма қалай өлем,
Білетін дәрігердің жоқ жақсысы да!
Алмасты мүсәтір деп татып алдым,
Дерт шалды өне бойды, жатып алдым.
Құдайдан тура келсе, арманым не,
Ажалды бес теңгеге сатып алдым.
Өлімді ойламаған сорлы басым,
Дүрмекке елтіп жүріп қапы қалдым.
Өрнекті өлеңімнің гүлі қурап,
Сөгілген ескі етіктей қақырадым,
Қоштасар мезгіл жетті ел-жұртыммен,
Найман ел, жалпақ Үйсін, қалың Арғын.
Сәлем де артта қалған туған елге,
Ту тігіп, думан құрып өскен жерге!
Жыртылып айрылған үйрек-қазы,
Самалы қоңыр салқын айдын көлге!
Көре алмай ақырғы рет өлерімде,
Мойнымды сұнып тұрмын терең көрге.
Әсет Найманбайұлы
Ел-жұрттан алыс кетіп, ақырында
Аяғын шалыс басқан мен бір пенде.
Ән-күйдің қызығының отын үрлеп,
Кез болдым кері аққан қатты селге.
Таусылып бара жатыр қауқар күшім,
Шапқанда шапшитұғын қарсы өрге.
Алашқа атым шыққан Әсет ақын,
Өлеңім – жан жолдасым болған жақын.
Ақтарып ағытқанда түйдегімен,
Мейірін тыңдаушының қандыратын.
Дәуірлеп дәурен өтті желдей есіп,
Ел-жұртым қадірлейтін сөздің парқын.
Жігіттер, өкінсеңдер әнімді аңсап,
Армандай еске түсер менің даңқым.
Сөздерді інжу-маржан ақтарғанда,
Нөсердей сорғалатып жаудыратын.
Аңыраған аспан көкке асқақ үнім,
Саған да уақыт жетті-ау қарлығатын!
Бозбала, осы әнімді үйренерсің,
Ырғаққа келтіре алмай күйзелерсің.
Білмесең сыр, мінезін жақсы өнердің,
Домбыра қайдан жорға күйге келсін?
Асау ән жетегіңе жүрмеген соң,
Біріңнен бірің көріп сүйрелерсің.
Боршалап, іреп сойып өз бетіңмен,
Тоқпақтап, найза сұғып түйрелерсің.
Оған да көнбеген соң, көңілің қайтып,
Жуымай маңайына жиренерсің.
Ішінде өсіп-өндім Қызай елдің,
Жерлерін Күнес, Текес мекендедім.
Әсет Найманбайұлы
Қандырған құлақ құршын тыңдаушының
Осы екен, қайран даусым, жетер жерің!
Дүниенің қызығына тоямын деп,
Көз жұмдың, пақыр Әсет, бітті демің.
Сыймайтын шалқығанда арнасына,
Сарқылып бара жатыр тасқын селім.
Өмірдің шыңырауына құлдиладым,
Сырғанып мойыныма кетті-ау ерім.
Өлеңмен атақ жайдым оң мен солға,
Жүйрік ем сүрінбеген терең орға.
Еркелеп ел ішінде жүруші едім,
Қапыда құтылмастай түстім торға.
Тірліктің нұры сөніп бара жатыр,
Бір Алла, сапарымды өзің оңда!
Тарылып талыс кеудем күрілдеген,
Шығады қырылдаған үнім зорға.
Дертке – дәрмен, көңілімнің гүлі болған,
Осы өлең адастырды-ау ақтық жолда!
Ел-жұртым, аға-іні, көңіл қошым,
Бұл менің арыздасқан сөзім болсын.
Даусымды ести алмай арқыраған,
Сыбырым таңдандырар шыққан тосын.
Кешегі дүрілдеген заманымда,
Бастадым өз ортаңда әннің көшін.
Барады қарауытып қос жанарым,
Тағдырым сыйға тартты күңгірт кешін.
Ақырғы айтар сөзім осы болды,
Бәрібір мейлі дұшпан, мейлі досым.
Артымда тірі қалған үлкен-кіші,
Бәріңе ақтық рет айтқан қошым!
Әсет Найманбайұлы
МАМАНҒА
Әсет ақын бірде Маманға:
Мамеке-ау, ой найманға болдың тұтқа,
Ілінер кеме барып Қазығұртқа.
Бір өзіңнен туғанның бәрі қажы,
Мұнан артық жетсін бе қолың бұлтқа? –
дейді. Сонда Маман тұрып:
– Ақын емес, әншейін-ақ екенсің ғой! – деп қысқа
қайырғанына кейісе керек. Шамырқанған ақын шырқап
қоя берген екен дейді. Сондағы айтқаны:
Жігітке қисық қылық мінменен тең,
Жайы жоқ жаман әйел күңменен тең.
Шалқия ерін билеп алған әйел
Байы өліп, бағы күйген тұлменен тең.
Жігіттің алған жары жақсы болса,
Бұлттан жайнап шыққан күнменен тең.
Шабан ат, жаман жолдас, шайпау қатын,
Қылады жігеріңді құмменен тең.
Атадан жаман болып туған бала
Саны бар, сапасы жоқ құлменен тең.
Жолдасың кішіпейіл жайлы болса,
Ішіңнен жарып шыққан ұлменен тең.
Ақылы атасынан асқан бала
Сабы жез, сағағы алтын туменен тең.
Хайламен халқын билеп алған жігіт
Терісі жуан елі пілменен тең.
Мінезі кейбіреудің ұйқы-тұйқы,
Тау Қаптан асып келген жынменен тең.
Кейбіреу ашып-жарып сөз айтпайды,
Әсет Найманбайұлы
Қараңғы тұман түскен түнменен тең.
Ақылы кейбіреудің арт жағында,
Құбылтқан сыртын бояп сырменен тең.
Жігіттер, бұл сөзімнен ғибрат ал,
Бұл сөзім – көпке бірдей сынменен тең, –
деп тоқтағанда ғана Маман: – Е, бәсе, осылай айту керек
қой! – депті.
Әсет Найманбайұлы
КӘРІПКЕ АЙТҚАНЫ
Күнқақты сұр шолақсың шыр бітпеген,
Кісідей өрт өшірген түр бітпеген.
Араққа апиынды езіп ішіп,
Бір қусың мал-басыңды өрбітпеген.
Асаудай аптық басып арындайсың,
Құр сөзге құнары жоқ жалындайсың.
Терідей шыбын жаққан жылп-жылп етіп,
Шіркін-ай, қойған жерден табылмайсың.
Әсет Найманбайұлы
ОТЫНШЫҒА АЙТҚАНЫ
Жанында Өтекемнің алтын пышақ,
Төрт Мәмбетті алдың ғой тайдай тұсап.
Төрт Мәмбетті алсаң да тайдай тұсап,
Жан-жағыңды қоймадың тажалға ұқсап.
Әсет Найманбайұлы
ЖАСБОЛАТ, КІСІ-АҚ ЕДІҢ АЛШАҚТАҒАН
Жасболат, кісі-ақ едің алшақтаған,
Бұл күнде борсық болдың ін сақтаған.
Жерінен ауып келген он екі бай,
Сай-сайдың саласында жан сақтаған.
Асуға ат шықпайтын арба шығар,
Қыранды қанды балақ қарға жығар.
Бұрынғы қопа бұзған қабыландар,
Қорғалап қоян көрсе шөпке бұғар.
Әсет Найманбайұлы
ЖАСБОЛАТ БОЛЫСҚА
Байғана күнгей Байыс, басқа жайдан,
Таныған әуелден-ақ Арғын, Найман.
Ақтабан шұбырынды ел ауғанда,
Қалыпты бір мың жылқы Бәйті байдан.
.........................................................
Қосылды зор бәйгеге атқа тайдан.
Жұтаған төрелерге қыстақ беріп,
Асып еді Әбілпейіз Көканайдан.
Әсет Найманбайұлы
ТАҒЫ ДА ЖАСБОЛАТҚА
Біз бардық бірдің айы туған кезде,
Барлықтан орын таппай одан өзге.
Кісінің әншейінде бәрі ақылды,
Көрінді зеректігі биыл көзге.
Үй басына бір қара шығын емес,
Осы еңбегі білінбес қайбір езге.
Баж бердім деп соған да қайғыланар
Саф алтынды санайды сары жезге.
Өзіміз он қарадан қысқа бердік,
Кезігіп қыс қаһары қиын кезге
Жақсылардан болады бір мархаббат,
Деуші еді ақылдыдан күдер үзбе.
Әсет Найманбайұлы
ТАҢҒЫТҚА АЙТҚАНЫ
Тәкеңді жұрт сайлаған басшылыққа,
Алты жұмық ереді атшылыққа.
Қойы он мың, жылқы екі мың, кемел дәулет,
Жалғыз-ақ ақыл-ойы, тапшылықта.
Әсет Найманбайұлы
ҚАНАҒАТҚА
Бір отырыста Кәрібай ақын Қанағат болысқа былай
дейді:
Соғады Құбыладан қара дауыл,
Найманға ұран болған жалғыз ауыл
Күңнен байтал салыпсың, құлдан айғыр,
Бір өзіңнен көп екен қарабайыр.
Сонда Әсет ақын: «Жоқ, ол дұрыс емес, мен былай ай
тамын», – дейді.
Ер қыран Қабанбайға қуат қонған,
Найманда ұран бар ма ондай толған.
Қабағын дұшпандарға қатты түйсе,
Қаңтардың аязындай сырттан тоңған.
Болады әсілі әулие бел баласы
Тентекті тезге салып, түзу жонған.
Бай Жақас орта жүзге ұйтқы болып,
Атағы алты алашқа мәшһүр болған
Мал дарып, қатын алып, бала сүйіп,
Есітіп қырғыз мұны оң мен солдан.
Әділбек айнымаған баласы екен,
Шықпаған мырза атанып түзу жолдан.
Көпшілікті билеген төбебасы
Бағыпты Қожақұлды санап қолдан.
Қанағат атасының бағын ұстап,
Кек алды заманында талай зордан.
Отырған ту түбінде Байділдажан,
Шығып ең қыдыр шалған сонша молдан.
Әсет Найманбайұлы
ҚЫЗЫР ТӨРЕГЕ
Жасболат шын досыңыз қимайтұғын,
Әр жерде басын алаш сыйлайтұғын,
Тамтығын Әліп мырза жиып апты,
Жасырын жауап емес ұрлайтұғын.
Не етейін Қонысбек пен Қанағатты,
Үстінде ұлық жоқ деп бұлдайтұғын.
Тегінде қасқыр қақын күзен жемес,
Мақал да ақ иіліп сынбайтұғын.
Байсиық Байыспенен шын жау болса,
Торғайың жалғыз күнде шырлайтұғын.
Әсет Найманбайұлы
МАМЫРБЕК БАЛАСЫ ҚЫЗЫР ТӨРЕГЕ
Нағыз ханның тұқымы Мамырбек-ті,
Шыңғыстың шын баласы асыл текті.
Көп Керей жаулық қылып бұзылғанда,
Одан да шерік құрып бұзған шепті
Қорғалап қорыққан кезде сарт мінезді,
Жығылып аяғына қадірлепті.
Жанында қанжары бар қайран төре,
Сұлтан жоқ заманында ондай бетті.
Сұрағы, топырағы жеңіл болсын,
Фәниден бақи жайға жүріп кетті.
Отырған хан тұғырға ие болып,
Қызыр төре зор молла, сөзге де епті.
Арыстандай ажарлы ханға тартқан,
Қабанбайдан аларлық жекпе-жекті.
Қажы төре Қызыржан науқас басып,
Сыр білмей Керейдің де ызасы өтті.
Оған мансап айланған заманада,
Қызыржан не заманды кісі депті.
Сүйегі көпір болып жатса дағы,
Дейтұғын басып өтпе ақ сүйекті.
Қанағат сырын білмей адам көріп,
Бай ақын не етейін мен Қонысбекті.
Қарақастан басқаның бәрі жау боп,
Күтіп жүріп күйзеліп түпке жетті.
Әсет Найманбайұлы
КЕРІМБЕК ДЕГЕН БИГЕ АЙТҚАНЫ
Арқаның нудан ұшқан алғырымын,
Кең қолтық орта жүздің Арғынымын.
Сүйінген ел мадақтаған өлеңімді,
Алдынан өткергенмін сан мыңыңның.
Найманның араладым дәмін татып,
Бастаған артына еріп тағдырымның.
Гулетер көкірегім көмейменен,
Көркем саз, сұлу әннің сандығымын.
Руым Қаракесек қарашордан,
Сұрасаң, жайын айтам барлығының.
Мойнында тазы иттің де қарғысы бар,
Маған шаңын жұқтырма паңдығыңның.
Әсет Найманбайұлы
ЕЛШІБАЙ БАЙҒА
Елшібай деген бай кісі қараша үйге түсіп, бір лақтың
етін тауыса жеп отырғанда, үстіне Әсет келіпті. Ет
желініп болған соң, Елшібай Әсетке «Өлең айт» депті.
Сонда ақынның айтқаны:
Елшекем сұғанақтау бір су бүркіт,
Кеспірі – пісілмеген саба іркіт.
Іркіттің, қымыз сынды дәмі болмас,
Елшекем ел қыдырмай мәні болмас.
Қарны ашса, қараша үйді бас салатын,
Көзге айтқан өсиеттің шамы болмас.
Мәйекті бай кісіге лайық па,
Ашқарақтау адамның ары болмас.
Әсет Найманбайұлы
ЕЛШІБАЙДЫҢ БАЛАСЫ ҚАБЫРҒА
Ассалаумағалайкум, жуан құдам,
Жұттан аман шығыпсың, қуан, құдам.
Құмға шыққан құрақтай қоқырайып,
Саптаяқтай көрінед ұмаң, құдам.
Үйіме жаңа ғана қонақ келді,
Еркек қой іздеп келдім бұған, құдам.
Әсет Найманбайұлы
ӘСЕТТІҢ АМАНДАСУЫ
Сапармен сары жазда көлге келдім,
Көрмеген өзім туып елге келдім.
Мал бағып, егін салып, кәсіп қылған
Дейтұғын Қызай ана елге келдім.
Сарыарқа менің жерім-ай,
Сағындым қалың елімді-ай!
Әй, у-гай, у-гай,
У-га-га, г-гай!
Әсет Найманбайұлы
КӨҢІЛ АЙТУ
Өмірден жастай өткен Тұрысбек Мамырбеков деген
азаматтың туыстарына Әсеттің көңіл айтуы:
Өткенге өмір зая өкінгенмен,
Артығы болмайды ғой бекінгеннен.
Адамға адам жуық, дүние алыс,
Пайда жоқ бет қадірін кетіргеннен.
Көкорай қурай болып ол да солар,
Гүлденіп жаз айында жетілгенмен.
Бір тұсау аяғыңа түспей қалмас,
Тірлікте арғымақтай секіргенмен.
Өтіпті Қаракерей Қабанбай да,
Қазақтың арыстаны секілденген.
Тұрлаусыз бұл өмірдің баяны жоқ,
Бір күн сыртын, бір күні бетін берген.
Әсет Найманбайұлы
МЕШБЕТТІ КӨРГЕНДЕГІ СӨЗІ
Ассалаумағалайкум, ағай Мешем,
Елінде анам Қызай сіз бір көсем,
Алла берген денсаулық арқасында,
Есен-сау жүрмісіңіз аман-есен?
Мейірбан түсі жылы кісі екен ғой,
Бір ойдан әлдеқандай адам десем.
Еншәлла болғандай адам екен.
Сөзім бар кейінірек айтатұғын
Дәм айдап шеттен келген мейман десең.
Ей, Мешет, туысыңмын бөтен емес,
Таралған Арғын Найман орта жүзден.
Ішінде қалың топтың көру үшін,
Әдейілеп ат өксітіп іздеп келгем.
Бұрылып қай тарапқа беттер екен,
Жұмысым тиянақты сіз деп келген.
Қызыл тіл, сен де тоқта әзірінше,
Сөзіңді соза бермей тізбектелген.
Әсет Найманбайұлы
ЖАБЫҚБАЙҒА АЙТҚАН СӨЗІ
Бұ кісі, Жабықбай ма аты шыққан,
Адуын күрескеннің бәрін жыққан?
Досың да, дұшпаның да ер болсын деп,
Қалған сөз ескі сарын жұртшылықтан.
Кісі екен дегенде-ақ байқауымша
Атадан озып туған сайыпқыран.
Сыртынан, ел аузынан естуімдей,
Көргенде болмай шықты ойда күмән.
Екі дүние бағытын тең ойлайтын,
Қолы бос болмайтындай құлшылықтан,
Ей, Жақа, қолыңды әпкел, көріселік,
Үй іші, есен-сау ма бала-шағаң?
Іленің қасиетті ауасында,
Денсаулық таза жүр ме сырқағаннан?
Мен өзім кеше күндіз Қайшыда едім,
Қайтсам деп дидарласып келдім саған.
Отырыңыз, тамақ іш бізбен бірге,
Сөзімді кейін айтам іште қалған.
Әсет Найманбайұлы
МЕШБЕТ ПЕН ЖАБЫҚБАЙДЫ
ТАТУЛАСТЫРҒАН СӨЗІ
Жалғанның кім келмеген сапарына,
Келіп дәм, жер жүзінен татарына.
Көл орны, орда орны құр тұрмайды,
Бұл сөз бар бұрынғының мақалында.
Қызайлық лабашіде кісі болған,
Кемдік жоқ абырой мен атағында.
Бұлғыншы, Жәнет болса, Далданбайлар,
Жаралған жақсылардың қатарында.
Игі сәт, Қалендер де кісі болған,
Өзінің бойға лайық мақабында.
Жарқырап жай тасындай жарып шықтың
Соңғы жас сіздер орнын басары да.
Жабықбай, Мешбет мырза, Дарабоздар,
Жұрт бақтың туыпсыздар ашарында.
Екеуің қатар жүрсең нені алмайсың,
Таңғалам бірлігіңнің нашарына.
Өнеге қандай жүйрік жон-жосыққа,
Бұларға бірлік қылса шен босап па?
Бурадай анадайдан шегінісіп,
Сыймай жүр екі қошқар бір қосаққа.
Жараспас жақсылардың адасқаны,
Бұлардың немене екен таласқаны?
Кім білсін аз ба, көп пе өмірлері,
Тірлікте жақсы емес пе жарасқаны.
Әсет Найманбайұлы
Таңданам, қайран қалам екеуіңе,
Қалай деп бір-біріне жақ ашқаны.
Жақсының қайтуы да тез болмай ма,
Бір кезден болса дағы адаспағы.
Ханы да, қазы да екеуің жұрт аспаған,
Бұрынғы бабаларың жол бастаған.
Ғибрат бұрынғыдан алмай ма екен,
Бақыттан бірліксізді кем тастаған,
Арасын қай жақсының шен ашпаған.
Арман ғып айрылған күн опық жеме,
Пендені тағдыр жемір жеп тауысқан.
«Алтынның қолда барда қадірі жоқ»,
Пікірің қалай сіздің, екі арыстан?
Екеуің жігіңді ашпай берік тұрсаң,
Ұялас төменбісің жолбарыстан.
Мұншалық тәрбиелі, тату туып,
Япырмау, мінездерің неге ауысқан?
«Тірлік күші бірлікпен болады» деп,
Сіздерге бірер ауыз айтқан нұсқам.
Әсет Найманбайұлы
АССАЛАУМАҒАЛАЙКӨМ, ЖИЫЛҒАН КӨП
Ертеректе Шар Россия кезінде Тарбағатайдағы Қазақ
елі – Еміл, Орқашар, Майлы, Жайыр сияқты жерлер
де аралас қоныстанып келіпті. 1786-жыл көлемінде
«Шәуешек келісімінде» Тарбағатайдың жонында көне
жол шекара болады. Бірақ, ел бұрынғы қалпында бола
береді. Әсіресе, жұмық елі екіге бөлініп, Тарбағатайдан
бір үкіртай, Тарбағатай, Барлық Еміл өңірінен Мәмбет елі
бір үкіртай, Дөртуыл бір үкіртай болады. (Керей елі сыр
тында) және Шәуешек, Дөрбелжінді негіз еткен орысқа
қарасты он жеті бай – Қытай мен орыс сынды екі мемле
кетке саудасын жүргізіп, өздерінің ақсақалдарын орнала
стырады.
Ол кезде Шәуешек – Дөрбелжіннің Іле аймағына
қарастылығының аяқталатын кезі жетіпті. Шәуешекте
халдайлар (қытай басшылары) бар екен. Халдайларға
жоғарыдағы айтылған онжеті бай: «Біздің саудамызға
Жайсаңға және Семейге баратын жол ашып берілсе...»
деген талабы бойынша, орыс еліне қарасты болыстар
Зейнолла, Қыдырмолла, Мәмбеттен Қанағат болыс,
Дөртуылдан – Мәлтембай, Ілгідай, Жұмықтан – Таңғыт
үкіртай, Әлібек ілгідай қатарлыларды шақыртып алдыра
ды. Осы кезде, Мәмбетке туысшылап келген Мұрын елінен
Шерубайдың Омары, Кәріби Мұрсалым дейтін болыстар
Мәлтембайлармен бірге Рамазан Шәншіптің қорасына ке
леді. Бұлардан хабар алған Халдайлар ақылдасып, оларды
ұсыныс етіп шақырады. Бәрін де Сары Қали дейтін орыс
ақсақалының қорасына зияпатқа (қонаққа) жинап, билер
тілектерін айтады. Қала байларынан Шәншіптің Қасені,
Мыраутбай және Әмірасан бастаған т.б. байлар да ке
леді. Ғұламалардан – Ешен қазірет, Мұрат әпенді қатарлы
Әсет Найманбайұлы
дін адамдарын алдырады. Қала қазағынан бала жігіт –
Әмірбай, сол жылы ақсақалдыққа тағайындалған-тұғын,
оны да алдырады. Байлардың талаптарын ұғысқанда, шека
ра – бұрынғы Тарбағатай жотасы болмай, Еміл өзені болса,
біздің Зайсан және Семейге мал айдап сауда жүргізуімізге
қолайлы болады деген тілек қойылады. Бұл орыс жағының
ішкі жоспары болса керек, орыстың губернаторы арнаулы
адам жібереміз десе де, уағында келмейді.
Осы басқосуға Қанағат, Мәлтембайлармен бірге Әсет
ақын да келеді. Көпшілік оған өлең айтып, ән шырқауды
ұйғарады. Бірақ, Ешен қазірет жақтырмай: «Ақын –
шайтанның жаршысы» дегенде, басқа да біліктілер:
– Тартынба, айт! Біз көрелік, осы топта, осы адамның
алдында айт, сосын Халдайларға, онан кейінгі кезекте
Төлегетай адамдарына өз мәніне қарай отырып айт, – деп
ті. Әсеттің сондағы айтқан өлеңі:
Ассалаумағалайкөм, жиылған көп,
Кезіктім ортаңызға дәм тартып кеп.
Ортаңда бір азырақ сөз сөйлейін,
Берген соң халқым атақ – ақынсың деп.
Бұл жерде бірнеше ұлттың адамы бар,
Тең отыр қазақ, ұйғыр, татар, өзбек,
Тысқары шәриғаттан сөз сөйлесем,
Өлеңді кейбіреулер көреді жек,
Егерде ауыс-күйіс жері болса,
Жамағат, қойылмасын сөзіме шек,
Азырақ бәйіт айтып берер едім,
Айтса егер Қазірет Ешен рұқсат деп.
Қали қажы, Мыраут, Әмірасан бай,
Бас қосқан орын екен би менен бек.
Әсет Найманбайұлы
Қазақта қос Омар мен Дәмежан бар,
Жамағат, ықыласпен сөзімді аңғар.
Мәлтембай, Төкен зәңгі Дөртуылдан,
Мәмбеттен ердің ұрқы Қанағат бар.
Жұмықтан Қыдырмолда, Зейнолламен.
Және де бір сыпыра жамағат бар.
Өлшейтін артық-кемді әділетпен,
Кәпірде заң, мұһүнде шариғат бар.
Ұлықта екі ханның Халдайы бар.
Бір мақсат бас қосудың жағдайы бар.
Ұлықтың елге айтарлық жарлығы бар,
Қасына еріткен жасауыл – саңылағы бар.
Елінің қасиетін бейнелейтін,
Ақынның бұлбұл құстай талайы бар.
Күй төккен Қайрақбайдай күйшісі бар,
Майысқан буыны наз бишісі бар.
Елітіп естіген жан сүйінетін,
Құбылтқан тамылжытып әншісі бар.
Тамызған сөздің майын шешені бар,
Сүйенген білек күшке есері бар.
Көрсетсе өз өнерін ел алдында,
Халыққа мұның қанша бөтені бар.
Мыңғырған дәулеті асқан байлары бар,
Мінезі талшыбықтай жайдары бар,
Болжайтын болар істі күні бұрын,
Не ғажап, ой иесі қайлалы бар.
Айтатын елге өнеге билері бар,
Сезетін іштегіні киелі бар.
Ел үшін басы кетсе де тайынбайтын,
Ерлердің жасқанбайтын жүрегі бар.
Ұстаған ғалымдардың Құраны бар,
Батырдың жаудан қорғар құралы бар.
Әсет Найманбайұлы
Тең болып он саусақ та жаралған жоқ,
Әр жанның арманы бар, мөралы бар.
Дүниенің ағымына көз жіберіп,
Алысты болжайтұғын қыраны бар.
Осындай ұлы жыйын, топты жерде,
Ақынның көмейінен жыр ағылар.
Ұнаса, көкірегіне сөзі қонса,
Тыңдайтын көп қауымның құлағы бар.
Және көп бұл арада басқа адамдар,
Өз тобын серкесі боп бастағандар,
Көпшілік қалаған соң мен сөйлейін,
Сөзіме ілтипат ет, дос-жарандар.
Азырақ шариғаттан сөз сөйлейін
Сөзімді сабырлықпен тос, жарандар!
Әсет Найманбайұлы
Я, АЛЛА, ХАМДУ СӘНА КӨП ИБАТЫҢ
Жаралған әуен ақыр көп сыйпатың.
Ахаду хұлһуалла және самду,
Оқшаусыз еш мәнге ұлық затың.
Сұрасын аяхари ау уәл беріп,
Құранды отыз пара қылдың хатын.
Әулеті Ибраһымның мекен еткен,
Меке мен Мәдиненің уалайатын,
Қақ жарып қарағыны туғыздың –
Мұхаммед Мұстафалап оның атын,
Әубәкір, Ғұмарменен, Молла Ғұсман,
Ұстаған Қали кезек халифатын,
Алланың он сегіз мың ғаламында,
Аятта аты мәшһүр қала мында.
Өтініп мұқтаж болмас мақұлығы жоқ,
Пері-жын айффа-алнас тәмәмінда.
Құрметті ол қожа ағам Сайдол абрар,
Ұжымақтың орыны дадарұл саламына.
Махраж түн отыру ажып болды ғоян,
Бұл тәртіп аһл Сіләм әдабында.
Бәйтолла хақ ғажайып діні ашылды,
Мүбәрақ хақ мақамы қамамында.
Рухың ұммат үшін болды қамқор,
Ықыласы ақыр заман адамында.
Аһ ұрып да аке деп тағат етіп,
Сөйлеп тұр он салауат қадамында.
Таразы тәңір алдында құрылған құн,
Қылғайсың қадір Алла самалында.
Ғаламның он сегіз мың қақ сәруасы,
Тұрады нұры балқып жамалында.
Мұратқа ластық пен айып нәзіл,
Әсет Найманбайұлы
Жан болар мұны айтқан сауабында.
Лаула қаламға халақ тұл ахлақа – деп.
Бір соның ғалам болдық сәбәбында.
«Інжіл», «Таурат», «Забұр» мен «Қалам шәріп»,
Төрт кітап осылай дейді жауабында.
Қазылар жаза берсе разымын,
Ағаттық, қате болса жауабымда, –
деп кідіргенде, көпшілік және айтуын қолқалапты. Сонда:
Атыңнан айналайын пайғамбарлар,
Қырық шілтен он екі имам шәриялар.
Өтіпті сексен сейт, төрт мазһаппен,
Ұжымақта денесімен Ыдырыс бар.
Тірідей қазірет Ғайса көкке шыққан,
Жарылқап құдіретімен пәруәдігәр.
Дүниеде Ілияс Қыдыр қазір тірі,
Көруге дидарына пенде ынтызар.
Шәһрын байтұл Махмұр періште алған,
Мұхадлдас көтерілмей жерде қалған.
Ішінде кемесінің Нұқ пайғамбар,
Қауымға он сегіз мың тұқым салған.
Жаралдым топырақтан нәсілім адам,
Сел сіләм Қожа Ахмет Ясауидан.
Рухым – Мұхаметім, дінім – ісілам,
Мазһабым Сайтұлы имам ағзам.
Жаратты топырақтан денемізді,
Денеде асыл жаратты екі көзді.
Тамырдан үш жүз алпыс қан таратып,
Етті Алла тілге бұйрық сөйле сөзді.
Бір тамшы су, салбыдан сүйек қылды,
Дененің жан тынысын жүрек қылды.
Әсет Найманбайұлы
Буынды жиырма төрт жалғастырып,
Біреуін-біреуіне тиек қылды.
Адамға ерекше ес пен сана берді,
Жер жаратты, тау берді, дала берді.
Астымыз құдіретпен бәрі теңіз,
Көтеріп Көк өгіз тұр қара жерді.
Күн берді дүние жүзін жарық қылып,
Жаратты жер бетінде халық біліп.
(Жаратты жер бетінде халық қылып)
Ай жаратты Күн менен егіз қылып,
Ризық беріп, нәпақа қарық қылып.
Сәулесі күн мен айдың бірдей емес,
Біреуінен біреуін парық қылып.
Жаратты жер мен көкті тамаша қып,
Алланың құдіретіне тұрсаң бағып.
Зейнеттен неше түрлі ұжымақты,
Тозақты таусылмастай қойған жағып.
Жаратқан соның бәрін адам үшін,
Байқасаң бір Алланың қылған ісін.
Ұқсайды жаз жаннатқа, қыс тамұққа,
Дүние мысал қылып осынысын.
Жаратты құдіретпен мұның бәрін,
Көрсетті көзбен көріп ал деп тәлім.
Иман айт, намаз оқы, ораза тұт,
Ал алдап, зекет тасын, байлар малын.
Күші жеткен адамға қажы парыз,
Есігін барып ашу Байтолланың.
Бұл айқын бес парызы – ісіләмнің,
Санаты атқаратын мұсылманның.
Түзетер қате болса айтқанымда,
Бас болған Қазірет Ешен он бір ғалым, –
Әсет Найманбайұлы
деп тоқтағанда, Қанағат болыс: – Бұлбұлым, сайрай түс!
Естісін, ұқсын ақынның қандай адам екенін, – дегенде,
Әсет тағы:
Адамға ақыл берді, өнер берді,
Жағаттап көріп жүрміз өнерлі елді.
Басқарған Әділетпен, туралықпен,
Ойы озық елі сүйер кемеңгерді.
Әр түрлі тәсілменен елін алдап,
Жұрт ұнатпас қаскүнем жемеңгерді.
Өнерде бойға біткен талап артық,
Талапты ақыл жұмсайды оймен жатып:
Талпынып байқұс талап мал табады
Ақылға бәрі айналып келер қайтып.
Ақылсыз түк қылмайды құры қайрат,
Оған талап қосылса келеді айдап.
Екеуі тапқанменен ұстай алмас,
Келтірер баянына ақыл байлап.
Жыйылған осы араға үлкен-кіші,
Ұғады сөздің нарқын білген кісі.
Бұлбұл үнін естіген есек ұқсас,
Келмейді ұқпағанның үйге енгісі.
Күндемей, өсек қылмай бағаласа,
Бұ-дағы білгендіктің бір белгісі.
Ұқпағанды ұқтым деп бөжімесе,
Осыған өзі оңай ма күлген кісі.
Жаратты біреуді орыс, біреуді қытай,
Мұсылман қылғаныңа әлхам-дұллай.
Фаман сәйлафла танмғар деген сөз бар,
Тілеймін құдыретіңнен шәйен леллаһи, –
деп тоқтаған екен.
Сонда ақынның шариғат сөзін Құранның аятымен
Әсет Найманбайұлы
дәлелдеп, өмір шындығын жанды түрде діннің қағидасы
бойынша айтып, ақырында және аятты қосқанына дән
риза болып Ешен қазірет алтынмен зерленген қойын
сағатты ұсынып:
– Мынау менің «тәбәрігім», күтіп ұста, – деп батасын
беріп, басқа байларға және қазы мүриттерге ишарат етіп
ті. Сонда Мыраутбай бір топ шағи, Қасен бір топ дүрия,
Сары қали қажы Ләмбектен шапан және бір ат атапты.
Ал, сол жолғы жыйында екінші реткі кезек Халдайларға
келіп, отырған жұрт шылық жамбылдағы халдайларға
және болыстарға барып өлең айтып, оларды да өлеңмен,
әнмен риза етуін ұйғарыпты. «Сонда мен халдайда дүңші
(аудармашы, хатшы) едім», – деп қырғыз Сәмбілей деген
қария (1967-жылдарда қайтыс болған) 1930-жылы жатқа
айтып бергенде, Бейсенғали Садықанұлы жазып алған
екен. Сондағы Әсеттің Халдайларға айтқан өлеңі:
Саламат, амансыз ба Халдайларым,
Бақ бітіп жарқыраған маңдайларың.
Екі елдің берекесін бірлестіру –
Мен білсем бұдан бөтен бар ма ойларың.
Қос халдай Мәнжу ханның ұрпақтары,
Елімнің қадірменді ұлықтары,
Екі елдің арадағы еркелері,
Сермесе айға жеткен құрықтары.
Түзетіп бұқараны жолға салған,
Бар болса оғаш-қисық қылықтары.
Тұқымы ақсүйектің бекзадалар,
Секілді гауһар тастың сынықтары.
Елімде екі етілмей орындалған,
Шығарылған әділдікпен бұйрықтары.
Жері кең, халқы мол мәнжу ханым,
Әсет Найманбайұлы
Әйгілі дүниеге халқың қалың.
Еженнің ен жерінен қоныс алып,
Саянның панасында салқындадым.
Халықсың, Қытай елі, кең жаралған,
Нәсілі дүниеге кең таралған.
Саяңнан қысылғандар пана тілеп,
Кеңшілік сыбағаңнан пайдаланған.
Қорғаған Мәншың ханы Қазақ Елін
Болмаса кетуші еді болып телім.
Жоңғардың шапқыншылық лаңынан,
Тазарттың көмектесіп қазақ жерін.
Тығылып қысылған ел қолтығыңа,
Отырсың панайым боп бүгін менің.
Өзін-өзі басқарсын момын ел деп,
Өзіне үкіртайлық бердің шенін.
Кең қолтық, мейірімді ілияңа,
Орнатты міне бүгін халық сенім.
Ашыңдар екі ханның шекарасын,
Шешіңдер әділдікпен жер таласын.
Болыңдар елге тұтқа тапжылмастан,
Еженнің жатқа бермей босағасын, –
дегенде, тыңдаушы қауым қатты разы болып, құрметті
қадақ ұсынып еді, әрі олар екі ат және екі шапан сый тар
тады.
– Уа, шіркін! Әсеттей ақын қайда? Әр адамның
ойындағысын нақтап айтатын адам еді. Тілі мамықтай
жұмсақ, орайы келгенде қанжардай өткір, болаттай қатты
еді. Ақын болса осындай болсын! – деген үн үш күн
бойы ел аузынан түспеп еді деп, сөзін жалғаған Сәмбілей
ақсақал соңғы кезекте ақынның қазақ билері мен болы
старына арнау айтқандағы өлеңі деп, төмендегі өлеңді
жатқа айтып береді:
Әсет Найманбайұлы
Ассалаумағалайкөм, болыстарым,
Қайырлы, құтты болсын қоныстарың.
Тостырып осынша елді босқа қамап,
Жатыр ма әлі келмей орыстарың.
Қазақсың қоныстанған екі елге тең,
Емессің біреуіңнен біреуің кем.
Дейді жұрт орыс заңын – темір ноқта,
Қытайдың дейді халық етегі кең.
Халықтың қаны бірге қатар өскен,
Бірінің айтқан сөзің біріңе ем.
Таласса екі қарға бір жемтікке,
Демей ме бір құзғынға түседі жем.
Ушығып, енжарласып дау көбейді.
Шекара лайықты болғаны жөн.
Сұрасаң атым – Әсет, тегім – Арғын,
Ортаңда міне қазір мен де бармын.
Тегіміз бір туысқан адамдармыз,
Ағасы – атам Арғын – Найман шалдың.
Бақшаңда сайрап өскен бұлбұлындай,
Шырқадым, шарықтадым әнге салдым.
Ұрқысың төлегетай басын қосқан,
Мағұлым өздеріңе одан Арғын.
Еліңнің екі елдегі билерісің,
Халқының ері сүймес күйзелісін.
Әзірше тынымдырақ бола тұрсын,
Байырғы болмаса да бұл келісім.
Әділ би енжар дауды табыстырмақ,
Ақылменен жапсарды қабыстырмақ.
Кейбір билер өзінше жол шығарып,
Сөніп жатқан шаланы қағыстырмақ,
Кейбіреу екі беткей тәсіл ұстап,
Өзінің басын қорғап қалыс тұрмақ,
Әсет Найманбайұлы
Кейбіреу әзезіл боп қасауына,
Алшақтатып араны шағыстырмақ.
Ақылды адам, аразды дос қылмай ма.
Ашулыны ақылмен қош қылмай ма,
Епсіз аңшы жүрісі тас құлатып,
Атамын деп киікті бостырмай ма.
Бас қосқан елдің көбі – Қаракерей.
Бітіссең ойнап-күліп үлкен мерей.
Екі үкіртай Бәйжігіт, Дөртуыл бір.
Бәріңді кім айтады туыс демей.
Шекараға қатысы болмаса да,
Араласып Найманмен отыр Керей.
Арандағы елжарлықты жыйыстырып,
Өздерің келісіңдер орыс келмей,
Керіссең екі дәулет бітіспейді.
Біріңнің айтқанына бірің көнбей.
Өздерің қоныс үшін енжарлассаң,
Қоздайды май құйғандай шала сөнбей.
Ақылым менің айтар осы ғана,
Көз жібер өзіңе де, досыңа да,
Қанағат, Омар болыс, би Бөкенші,
Жөн айтпай бекер қарап отыра ма.
Зейнолла, Қыдырмолда – екі болыс,
Беруге елге билік қосыла ма.
Алтауың жоғары айтқан орыс елі,
Жер дауы осы өңірдің сонысы еді,
Жұмықтың Таңғыт мырза үкіртайы
Орқашар, Еміл бойы қонысы еді.
Жер шегі жұмық елі өз ішінде,
Бітісу берекемен келіседі.
Келмепті бір себеппен үкіртайы.
Жайсаңға сауда жолын ашып беру,
Әсет Найманбайұлы
Секілді осылайша істің жайы.
Дүниенің қараңыздар ағымына,
Ілесіп елеске ерген сағымына,
Қалдырып Тарбағатай күре жолын
Емілдің ауыз салды ағынына,
Емілдің бөлік түссе өзеніне,
Түбінде жайсыз болар өз еліңе.
Емілді алып бойына қала салса,
Шығарар Орқашардың кезеңіне.
Тату ел қоныс үшін түс шайысып,
Өзіңнің у жайылар өзегіңе,
Бұл істі естеріңе салмақшымын,
Келген соң айтар сөздің кезегіне.
Мұны айтқызған он жеті байдың ісі,
Олардың бар бөлікте қай жұмысы.
Жайсаңға саудаларын өткізуге,
Жол таппай қазір отыр құрып мысы.
Бұл сөзді құптайды екен орыс-тағы,
Бәрінің ойлағаны қоныс қамы.
Өз еліңмен енжар боп қайтесіңдер,
Маңырақ пен Ақжардың болыстары.
Әкелме саудагерді дау басына,
Сақина тілеп алма сау басыңа.
Жол беріңдер әзірше береке мен,
Жайсаңға апаратын саудасына.
Халықсың қатар өскен араласып,
Кішіні іні, үлкенді ағаласып,
Ағынына Емілдің бөлік түссе,
Енжар болып жатасың жағаласып.
Екі жақтың айтыңдар халдайына,
Олар да қарар елдің жағдайына.
Жер біздікі, ықтияр халықта деп,
Әсет Найманбайұлы Қағыңдар саудагерді шаужайына, Емілді шекара деп белгілесе, Балдай татыр олардың таңдайына, Үйлеспейтін ақылға іс істесе, Теңейді халық бізді саудайыға. Бөкенші, Қанағатпен екі бидің, Әңгімесін ұғыстым, сырың түйдім. Енші беріп отаулап қос көтерткен. Ақсақалы Бөкенші үлкен үйдің. Ақыныңмын ортаңда, елім, сенің Артады барлығыңа елің сенім. Айтқаныңа біріңнің-бірің көнбей Не бітеді болғанмен телім-телім, – деген екен. Осымен ел түсті асқа қарап, түстен кейін бас қосып қайта ақылдасып, мұрынның Қарғыба базар елі нен Бөкенші, Шерубайдың Омары Еміл елінен Қанағат, Мәлтембайлар қалыс билік айтып, екі жақты берекеге кел тіріп, бұрынғы Тарбағатай жоны шекара болып қалыпты. Ал, Шәуешек байларының сауда жолына Жайсаңға қарата Емілдің Тарбағатай жақ жағасынан жол берелік, бұлар да Сауырды басып Жайсаңға барсын. Шағанобасы мен Қандысудан өтіп, Маңырақ пен Тарбағатай аралығындағы есікпен Қарғыба базарды басып Семейге малын өткізсін. Сонда халықтың берекесіне тиімді болар еді, – деп билік айтып, бұлардың қалыс билігі саудагер лер мен жұмық елінің құптауымен әзіргі Жеменей жолы осылай қалыптасқан еді. Осы жер дауын қоздырушы Қыдырмолда-Таңғыт екі құдандалы адамның араз-өкпесін де осы жолы татуластырып, тындырған да осылар еді, – дейді басы-қасында болған Сәмбілей қария.
Әсет Найманбайұлы
ӘСЕТТІҢ ЕШЕН ҚАЗІРЕТКЕ АЙТҚАН ӨЛЕҢІ
1911-жылы Әсет ақын Шәуешектің Қарақабақ деген
жеріндегі қырық үй кедейдің аулына келіп үш-төрт күн
ән салып, өлең айтып жатыпты. Мұны естіп Шәуешектегі
Мырауыт бай үйіне шақырып, ән салдырған екен. Ән
тыңдау үшін жұртшылық көп жиналып, қора ішіне сый
май кетіпті. Дәл осы кезде Мырауыт бай Ешен қазіреттің
алдына әкелдіріпті.
Сәлем беріп кіріп келген Әсеттің сәлемін Ешен қазірет
алмай:
– Естуімше, ел аралап, өлең айтып жүр екенсің. «Өлең
– шайтанның азаны», оны айтқан сен де күнәлі. Мына
Мырауыт бай да күнәлі, – депті. Сонда Мырауыт бай
Әсетке бір, моллаға бір қарап:
– Тақсыр, күнәмді кеш! – деп Ешенге бас ұрыпты.
Сонда Әсет домбырасын қағып-қағып жіберіп, өлеңдете
жөнеліпті:
Келе ме ән порымы өлеңдетпей, нөсерлетпей,
Ұйытып тыңдағанды әсерлетпей.
Жүйрікті жәй екен деп ойламай ма,
Артында қалып қойса шауып өтпей.
Шариғат өлең күнә деп айта ма,
Сұмдықтың мұнда болған сырын шешпей.
Өлеңді айтар ақын жөнін біліп,
Келіншектей бізбен тартқан жібін іліп.
Домбыра ішегіндей сыңғыр қақса,
Қисынды келсе тегі мөлдір сүзік.
Жоғалтып балта сабын түстің ізіне,
Бір туып сұлу мүсін әнде күліп.
Өлшеулі кез секілді бір міні жоқ,
Әсет Найманбайұлы
Мөп-мөлдір айналайын судан тұнық.
Кейбіреу өлең қуар үзіп-жұлып,
Қисынсыз қыңыр сөйлер алып-жұлып.
Білмейді сөздің нарқын, істің жөнін,
Басы – доп, көкірегі – бейне тұлып.
Жан емен бота тірсек, бос белбеулі,
Әр сөзім жарқылдаған алтын дүзік.
Тыңдасаң әнші әнін бір жасарсың,
Аққудай шалықтаған айдын жүзіп.
Тыңдаса Ешен қазірет өлеңімді,
Берейін жорғадайын біраз жылжып, –
деп, Әсет аз кідіріпті. Сонда Ешен қазірет үндемей түнеріп
отырып алыпты. Әсет онан ары қазіреттің қитығына тие:
Өлең бір дөңгелеген майда жорға,
Қисыны қиюласар әрең зорға.
Өзіңді сөз нарқын білер деп отырмын,
Сөз салтым қор болмасын деп надандарға.
Жаралдың адам болып, мал емессің,
Ілінбе қазіретім шықпас торға,
Мысалы надан адам молламен тең
Не пайда байлығынан арам олжа.
Қазысы әділ болса нысап еткен,
Алладан шапағат болар жұрттан дұға.
Қазірет сабыр-тақат біраз тоқта,
Молла адам сенен басқа елде жоқ па.
Құс торға, балық ауға, батыр жауға
Желіккен желді аяққа тыйым жоқ па.
Аллаға күпіршілік іс қылмадым,
Қалайша келе мені тарттың сотқа.
Отырған өлең тыңдап көп халайық,
Күйер ме тегі мынау жалалы отқа.
Әсет Найманбайұлы
Алтын-күміс жамбыға дұға саттың,
Не үшін қарамайсыз бар мен жоққа.
Аллаға кім күнәлі, кімдер адал,
Төрелік айт, қазылық осы топқа.
Залалұм анфусақұм деген аят,
Ей, қазы! Осы өлеңде бар ма, жоқ па.
Ассабр шайтан деген әзіл сөз бар,
Бессабр рахман деген қайда?
Күнәсіз боламын деп ойлай көрме,
Саттың ғой дінді апарып әрбір жайға.
Алдап-арбап біреудің малын жесең,
Діні қатты демей ме, тілі майда.
Өмірден кімдер өтпейді міне осылай,
Біреу жылда, біреулер келер айда.
Сауықты сен құрасың менен бетер.
Тамағың тоқ, қайғың жоқ, төсек майда.
Жалғыз қалып барасың, сояуланып,
Сиреп қапты жолдасың, олар қайда?
Әулие-әмбиелер өтті-кетті,
Халықтан алған емес олар пайда.
Өмірде сырғақтаған сан қия бар.
Қысқасы жеген астан жан қиналар.
Уасунел хамуасы хабрхақ –
Деп өтті әулие мен әнбиелер.
Моллаға уажып екен тағылым жаймақ,
Жігіттер, уәдеден болма тайғақ,
Залалұм Әнфусақұм деген дейін,
Шығады өз бойыңнан сегіз айғақ.
Мал-басың қалыс болар мақшар күні,
Қосылып күңіреніп жанған күлі,
Айдаған бізді күнә ошағына.
Демей ме Ешен молла бізді құлы.
Ми айғақ басқаратын басыңдағы.
Әсет Найманбайұлы
Бола ма Алладан да жасырғалы.
Мойныңа қарыз болып жазылады,
Халықтың саған берген асылдары.
Сен бүгін паңсығанмен көзіңе ілмей,
Келерсің сонда кімге бас ұрғалы.
Пәни дүниеде паңмын дегеніңмен,
Қашан саған күнә таңба басылғалы.
Сегіз мүшең кектенер кегім бар деп,
Жегені рас қазірет тегін мал деп.
Тіл сөйлеп, көз – куә, құлақ құптап,
Қол шығар ұстағанда мен де бар деп.
Мақшар күні бейшара қалың харап,
Тауыса алмассың жегенді-алған түгел санап.
Құрт-құмырсқа кейде шаян болып,
Алған малың жатады түгел талап.
Сауап сұрап, қыдырып дос-жараннан.
Дұға тілеп ғарбының бар ғаламнан.
Қатын кетер қақсатып бір қарамай.
Мейір болмай берерлік өз балаңнан.
Адал еңбек тер төксең пешенеден,
Бағың жанар толықсып еселенген.
Өзің айтшы, қазірет, қазылығын,
Шәриғатқа өзіңдей шешен емен.
Өлең – қазына, алтындай қаза білсең,
Өрісің кең болар халыққа жақын жүрсең.
Өлең – еңбек, күнә емен мұным рас,
Өлең – ғибрат деп білем айта білсең.
Батырлық бойда емес, ойда деген,
Мінді емеспін ертеңді ойлар деген.
Халқың айтсын қазірет жақсылықты,
Тілегі шын пәк молла деген, –
деп, Ешен қазірет пен Мырауыт байды жеңіп тастаған
екен.
Әсет Найманбайұлы
ТАҒЫ ДА ЕШЕН ҚАЗІРЕТКЕ АЙТҚАНЫ
Жан жаралап жер шарына өсіп-өнген.
Орнына біреу кетсе, біреу келген.
Қыс пен жаз, күн менен түн, жақсы-жаман,
Меңгеруші біреу бар өзі білген.
Әмантуелла дейтін кісің бар ма?
Үктіби дегенмен ісің бар ма?
Алла бір, Алла жалғыз, Алла дана,
Тумады, тудырмады жалғыз ғана,
Ешқандай теңдесі жоқ жаһанда оның,
Он сегіз мың ғаламға өзің пана, –
деп Алланың сыйпатын өлеңмен айтқанда, жақтырмай
отырған Ешен қазірет Әсеттің кеп қолынан сүйіпті.
Әсет Найманбайұлы
ТОҚПАҚ РУЫНЫҢ БІР БАЙЫНА
Әсет Тоқпақ руының бір байынан лауға мініс ат
сұрайды. Бай «не беремін, не бермеймін» демей, «әне бе
рем, міне берем», – деп жүріп алыпты. Бір жолы кезігіп
қалғанда, Әсет оған:
Ер болды ережеге енбегендер,
Шат болды ғұмырында күлмегендер.
Тұғырға ие болып тойып жеп жүр,
Қаз тұр ғой, қараторғай ілмегендер.
Осы елдің болыстығы бекілді ме,
Қоқыр тай қорадағы қоқым жеген,
Ойнақтап жал біткен соң секірді ме?
Емілдің қаратума азы болдың,
Қарға едің болатшыға қазы болдың.
Көтерген бауырыңды күшік едің,
Ұржарға түлкі аларлық тазы болдың
Белгілі Қаратума елден азған,
Емілге не боларсың келсең, жазған.
Тәубаңнан тойып алып жаңылдың ба,
Белгілі кедей едің арық қазған.
Соғады ағаң темір, өрім өріп,
Кептеген кедейлігін кесел кіріп.
Бақпенен аума-төкпе болыс болдың,
Әркім-ақ үміт қылар сені көріп.
Әсет Найманбайұлы
ӘСЕТТІҢ ҚОНЖА ІЛГІДАЙҒА АЙТҚАНЫ
Бір жолы Әсет ақынды Тақтай жайлауында отырған
Шотай руының ілгідайы Қонжаға ертіп бара жатқан.
Таңғыт үкіртай Әсетке:
– Қонша, әкем Еңсенің тұсында ілгідай болған. Руы
– Шотай Жақсылықтың кенжесі, дәулетті деген Шотай
байларының алды, – деп сырттай тантыстырады. Олар
келгенде Қонжа үйінде екен. Аман-сәлемнен кейін-ақ
Әсеттің киінгенін ұнатпаған Қонжа Таңғытқа:
– Мына қызша киінгенің кім? – дейді. Таңғыт:
– Бұл Арғынның Әсет ақыны болады, – дейді. Қонжа
жақтырмай теріс қарап жатып қалады. Таңғыт Әсетке
өлең айт деген сыңай білдіреді.
Әсеттің, әкау, Тақа, қалай болар екен, дегеніне қарамай,
әлсін-әлі қолқалай береді. Қонжаның – қиқар, шадыр,
шәркез, дыр-думанды жақтырмайтын мінезін сезіп келген
Әсет, қалайда оны мақтап айтудың қажеттігін сезеді де,
мақтап бірсыпыра өлең айтады. Ел есінде қалған мынау
ғана:
Баласы Жақсылықтың Кенже Шотай,
Енші Алла, төрт түлігі бәрі де сай.
Қыстауы «Қызыл» менен «Сезімтай-ды»,
Жайлауы «Күреңөндір», «Сауыр», «Тақтай».
Түбекте шөгіп жатқан жолбарыстай,
Қалмаған қарсыласпен бір қағыспай.
Шотайдың ең жуаны тоғыз боран,
Бермеген елін жауға Қонжа ілгідай.
деп қоя бергенде, теріс қарап жатқан Қонжа басын жұлып
алып: – Әкау, мынауың ақын ғой, – депті. Әсетке күні-
түні өлең айтқызып ат-шапан сыйлап аттандырыпты.
Әсет Найманбайұлы
ӘСЕТТІҢ ТАҢҒЫТ ҮКІРТАЙ
ҮЙІНДЕГІ АЙТҚАН ӨЛЕҢІ
Бір жылы Тарбағатай асып, тамылжыған жаз күнінде
астында торы байталы бар Әсет Обалыда отырған Таңғыт
үкіртайдікіне келеді.
Әсет келгенде Таңғыт Қоңыроба сазында бір жиын бо
лып, соған кетіпті. Ол топтың мәні- халықтың аламанын
жеңілдету екен.
Таңғыт бір кездері шаңырақ басына бірден қой «ал
ман» төлейді деп жол шығарған-ды.
Мың қойы бар да бір қой, бір қойы бар да бір қой
төлейтін теңсіздікке шыдамаған Таңғыт ауылындағы
шінара жоқ жітіктерге көрші қалмақ ішіне көшіп ке
теді. Мұндай қылықты көрген Қызыр үкіртай құданалы
Таңғытқа:
– Таңғыт, бұл не қылығың? Алман-салық ылайықты
болғаны жөн. Өзің де, сегіз бидің де алман-шығыңды
малға қарап ылайықты бөлгені жөн. Халықты тұралатып
жіберген болмас, елің кетіп жатса, сендер кімге зәңгі кім
ге үкіртай боласыңдар? – деп қойды серкешке түсіртеді.
Таңғыт келгенше, Әсет алты күн тосып қалады. Осы
кезде Таңғыттың, жылқышысы Сыдықан деген жігіт
Таңғыттың бесінші әйелі – Күләнмен көңілдес болып
жүргенін Әсет сезіп қояды.
Таңғыт топтан қайтып үйіне келеді. Кешінде әңгіме-
дүкені құрылып, бір сөздің кезегінде Әсет:
– Е, Тәке, атамыз қазақта: «Ала қаблан жемдеген аттан
айғыр отырған байтал артық» деген сөз береді. Мен сол
байталмен келіп едім, оным болдырып қалды. Е, Тәке-
аға, бақ мынау, бақыт мынау, сізде не арман бар? –деп
бәстірте бопсалай сөз тастайды. Сонда Таңғыт:
Әсет Найманбайұлы
– Әй, ақын, басқа бақ, басқа бақытыңды қоя тұршы.
Елдің бір қатыны өзінен асып өзгемен ойнас қылады, ал
менің бес қатыным бар. Өзімнен аса алмайды, – дейді. Со
нда Әсет:
Мен келдім Таңғыт аға ордасына,
Құдайым берген бақыт бір басыңа.
Сенбеңдер ұрғашының бұзбасына,
Түрткен соң шайтан көтке қызбасын ба,
Ұрғашы қыларында жер таңдамас,
Құл-қотан қарамайды мырзасына.
Дегеннің: «Әкем байым болсын»,
– алты ойнас бар.
Сенбеңдер ұрғашының бір басына.
Жақсы мен жаман адам тең келе ме,
Жақсының тілі майда, кілті аспанда,
Атаның құдай берген дәулетінде.
Табылар алтын-гауһар шын сасқанда, –
деп өлеңнің соңын майдалап барып тоқтатады. Өлеңді
естіп отырған әлгі тоқалы есіктен шыға жөнеледі.
Әйелінің қылығын сезген Таңғыт ашуланып:
– Ел аралаған ақынға мені ұятты қылдың? – деп әлгі
тоқалын басындағы үй, бауырындағы қазанымен «талақ
етіп» тастайды.
АЙТЫСТАР
Әсет Найманбайұлы
ӘСЕТ ПЕН ЫРЫСЖАН
Аспанда ай бірдей ме жұлдызбенен?
Шын кәмшат тері бір ме құндызбенен?
Жолықпай теңдесіне ұнаспайды,
Қоңыр қаз жапалаққа ілгізбеген.
Көрінбес көмескінің бәрі бірдей,
Қараңғы тең бола ма күндізбенен?
Жарамсыз жай кісіні кім мақтайды,
Ел қостап ережеге кіргізбеген?
Ашпаған жасырынды кім біледі?
Өнер көп кей сараңда білгізбеген.
Кешегі ел қыдырған есер шақта
(Қараөткел, Қарқаралы, Қояндыда)
Айтыстым асқан жүйрік бір қызбенен.
Сөз тыңда, отырған жұрт, үлкен-кіші
Татымды сөз тамаша көңіл қошы
(Тәтті сөз, әз әңгіме – құлақ құрышы)
Көңілде, көз алдыңа көлбеңдейді,
Адамның өткен өмір көрген түсі.
Қоянды үлкен базар жәрмеңкеге
Біз бардық сауда қыла алты кісі.
Ол күнде қиын күнім татымды енді,
Әйелден сескенбейтін батымды енді.
Той қылып жәрмеңкеде Қамит Жапар,
Адамын бір дуанның шақырды енді.
Бәйге ат, балуан күрес, ақын жолын
Тұсында өзге тойдың асырды енді.
Сол тойға қыз-келіншек көп жиналып,
Не түрлі жаннан асқан ақын келді.
Әсет Найманбайұлы
Сол тойға ел шақырған біз де келдік,
Ағұс өтіп, сентябрь күзде келдік.
Құлақ түріп қайдағы жиын жерге,
Қайда өнерпаз бар болса іздеп едік.
Өткен күн арзаны мен маржаны бар,
Ұмытып бәрін қылға тізбек едік.
Халықты шағалалы көлдей қылып,
Бетінен қай дарияның жүзбеп едік.
Ырзығын түзге шашқан кім термеген,
Ұғынсын тыңдаушылар сөз пернеден!
Бір асқан Қарқаралыда қыз бар екен,
Аттыға аял, жаяуға жол бермеген.
Көз таңбалы Арғынның бәрін жеңіп,
Алты таңба Найманға қол сермеген.
Сөз дарысы басына орнағанда,
Бәйгеден басып озып кім келмеген?
Ән салған толып жатыр сөзге сақ-сақ,
Ақ мылтық адамдар бар тілге тақ-тақ.
Семейден Әсет ақын келіпті деп.
Айтыпты сыртымыздан әркім мақтап.
Болыпты Ырысжанмен айтыстырмақ,
Жүйрікті сынға алмақшы әбден баптап.
Жүруші ем сексигенсіп, сөз білгенсіп,
Бір қорқып сүмірейдім сүрең аттап.
Болыпты Ырысжанмен жарыстырмақ
Өнерін екі қыран салыстырмақ.
Ел тыңдап екі ақынның айтқан сөзін,
Бір дуан Қарқаралыға таныстырмақ.
Табылса топан асқан атақтылар,
Дұрыс қой майдан жерде алыстырмақ.
Әсет Найманбайұлы
Бұрынғы елге жаққан дана сөзді,
Дұрыс па қайта сөйлеп ауыстырмақ?
Аяңдап жетіп келді бір-екі адам,
Аяғын жебей басып маған таман
«Әсет ақын сіз бе?» деп жұбап қыла,
Сұрағанын білмедім қалайшадан.
Сол күнде он сегізге келген едім,
Жарым ес жастық жеңген көңілім алаң.
Амандасып тұрды да жөнін айтты.
Қалайша бізге келген уақиғадан.
«Өнерің болса, бала, бізге еріп жүр
Той қылған рұқсат алдық байбатшадан».
«Кетпейді терің зая, зарла!» – дейді,
Мәнісін шақырғанның барла! -дейді.
Бір қызбен осы тойда айтысасың,
Әсеке, жәрдем берсін Алла, – дейді.
«Тартатын айдаһардай ызғарлы қыз,
Әйтеуір, оқыс кетіп қалма!» – дейді .
«Шашаңа шаң жұқпаған тобышақ ең,
Шабасың бүгін сүрлеу қарға!» – дейді.
«Ырысжан – әйел заттың алаяғы,
Кім білсін кім шығарын алға», – дейді.
«Еркектің бөрік киген намысы бар,
Әйтеуір, оқыс кетіп қалма!» – дейді
«Дүбірін ғалам білген тұлпар едің,
Баяғы жүгірісіңнен талма!» – дейді.
Той десе, топшыл басым қалған бар ма,
Ұят қой қымбат бағаң арзандарға.
Сескеніп, сезіктеніп ұрғашыдан,
Ойыма қыз жеңер деп алған бар ма?
Әсет Найманбайұлы
Жасымнан сөз кестесін жаттап едім,
Жеңіліп қыздан өлсем, арман бар ма?
Бел байлап, тәуекел деп тас түйініп,
Қан жиын кірмек болдым майдандарға .
«Бара тұр, мен де артыңнан барайын», – деп
Сол келген жауап бердім бағландарға.
Шақырған шаршы топқа келдім жетіп,
Біле алмай не істерімді есім кетіп.
Ішінде сегіз қанат қызыл үйдің
Ән салған домбырамен өлеңдетіп.
Хан қара би-болыстың қатындары
Ортаға ап отыр екен сөз сөйлетіп.
Ата жөні, нәсілі нәсібі, тегін мақтап,
Сөзге ұста және дауысы әнге жетік.
Гармоньмен скрипка сұхпатындай
Дауысы сыбызғыдай сыңғыр етіп.
Тыста еркек, үйде ұрғашы өлеңге мәз,
Жаратқан құдай сондай бұлбұл етіп.
«Ой, пәле-ай, Ырысжанның жауабы-ай!» – деп.
Жұрт гулеп көтерілді ду-ду етіп.
Тысқарыдан біраз тұрдым сөзін тыңдап,
Ағындап айтып отыр анық шындап.
Інжудей елге жаққан дана сөзін,
Хош алып түшіркеніп, жұртқа бұлдап.
Айғайлап алғыс айтар тыңдаған жұрт,
Жым-жырт боп құпиялап сөзін тыңдап.
Сөйлесіп өзім көрген ұрғашыда
Оңай ма Ырысжандай адам тумақ.
Тұлпардың шын тобышық бедеуі екен,
Көресің шапса шаңын будақ-будақ.
Алдына шын қасқарса жан салмайтын,
Әсет Найманбайұлы
Қояндай құмнан қашқан кетер зымғап.
Көп түскен тайталасқа жазған көңіл,
Жүрегім арпалысып аттай тулап.
Осы кеп кең дүниені бір уыс қып,
Тастайды қолмен жиып умақ-шумақ.
Есіктен шыдай алмай келдім кіріп,
Отырдым орын берген жерге тұрып.
Құйқылжып құландыдай төңкеріліп,
Сонда қыз жалт қарады мойын бұрып.
Жақтырдым сайрап тұрған сандуғаштың,
Барабар жауабының тегін біліп.
Екі сөз теңелгенше байқала ма?
Біреуді біреу сырттан тілмен қырып.
Балалық именгенім – естің жоғы.
Шын майдан Орта жүздің жиын тобы.
«Әлгі Әсет ақынсымақ осы ма?» – деп,
Өкпеден мына қыздың атқан оғы:
– Орманда мен бір біткен шынар, – дейді.
Кім талап Ырысжаннан қылар? – дейді.
Үш жүзге ұран болған ақын Әсет,
Байқасам, түсі осыған ұнар, – дейді.
Кел, шырақ, енді аяңдап жет қасыма,
Отырмын жан таба алмай сынар, – дейді.
Алысып екі мықты, бірі жықса,
Көрген соң, жұрттың көңілі тынар, – дейді.
Сыртыңнан атағыңа құлақ салып,
Осы жұрт әуеніңе құмар, – дейді
Ысқырып атқан аңның обалы жоқ,
Көрейін, лебізіңді шығар! – дейді.
Сөзінің қайран қалдым кірін таппай,
Әсет Найманбайұлы
Кенедей лебізіңнің мінін таппай.
Жүйрік ем жеке шапсам жан салмайтын,
Адастым айтар сөздің бірін таппай.
Қамалып тұтқиылда қалдым тұрып,
Қайымның қосып айтар ығын таппай.
Басында басқындатып біраз ғана,
Қыз алды сөзбен кегін атпай, шаппай.
Сөзіне сөз таба алмай кеттім бұғып,
Біле алмай не дерімді есім шығып.
Тағы да қыз тоқталмай сөйлеп кетті:
«Жүрмін деп алысқанның бәрін жығып».
Бауыздап мақтаменен із баулайды.
Сөзбенен тұншықтырып жерге тығып.
Қақпаға қара малдай қашан көндім,
Жерім сол ылдилаған сөзден ығып.
Ырысжан:
– Бір таудың жан салмаған ақтан кері,
Шыдайды егес жерде ердің ері.
Сыпайы сынық қылмай келтіріп айт.
Болады өлеңнің де оқа, зері.
Сен – Әсет, мен – Ырысжан әлем білген,
Екеуміз тартысалық ары-бері.
Қорғалап не ғып отыр, бойын бағып,
Жұрт бұлдап тұмарлаған белгі тағып.
«Атар киік адырға» дегендейін ,
Айтпасаң нысанаға келдің не ғып?
Аянып өлеңіңді отырмысың,
Жұрт көңіліне құмарлық отын жағып?
Барабар Ырысжанмен деуші еді жұрт,
Жүр екен өсекшілер босқа лағып.
Әсет Найманбайұлы
– Осы ма атақтыңыз Әсет деген,
Бере ме өнер пайда көрсетпеген.
Топастау торы шолақтың біреуі ғой,
Мұны кім зор білгішке есептеген.
Үрейің мұнша неге ұша қалды,
Бұл жерде жалмауыз кісі жоқ кісі жеген.
Шаппайтын, желмейтұғын жорға десем,
Ақша майға семірген еккен көбең.
Көбеңдігің көрінді көлденеңнен,
Заты ұрғашы әйелден болдың төмен.
Желаяқ, жан салмайтын жүйрік десем,
Әншейін-ақ екен ғой, сығыр деген.
* * *
Қыз сөзі өңменімнен кетті-ау өтіп,
Еттен өтіп, сүйекке тұры жетіп.
Көріскен соң дұрыс па керіспеген,
Білмедім қашарымды қыздан нетіп.
Әйтеуір, тисе, күйсе бір жауап деп,
Жібердім әлгі жерде ән гулетіп.
Әсет:
Басында нұрын мақтап нәзік белден,
Сөз ұғар нәсілі таза айтқан жерден.
Сөзіңнің қатты, жұмсақ – бәрі әдемі,
Шыққандай тыңдаған жан қайғы-шерден.
Адыңнан адам шығып көрмеген соң,
Үйрендің қатаң шауып ылди-өрден.
Тірі жан менен өзге туған жоқ деп
Алыпсың күпір мінез әзәзілден.
Қыз едің естуімше, кемел ойлы,
Білетін үлгі, өнеге әрбір жолды.
Әсет Найманбайұлы
Сыйғызбай күпірлігі жер жүзіне,
Әзәзіл имам еді, шайтан болды.
Тірі жан менен өзге туған жоқ деп,
Сөзің бар қарлы-жаңбыр оңды-солды.
Шөп желке, шошаңдатпа таяғыңды,
Дәндеген бастай берме баяғыңды.
Шарам кеңнен шабылған қарашормын,
Тартармын асықпасаң табағыңды.
Соғатын албастыңды әкең менмін,
Басқайсың аңдап-аңдап аяғыңды.
Ырысжан:
Сөзің қалай шығады қардан суық,
Қасыма ақырындап келдің жуық.
Артыңнан тасымалдап әрең жеттің,
Апшыңды бір қуырдым сөзбен буып.
Бес қазылық Ойтүндік, Сарыарқамда,
Арғын теңдік алып па менен туып.
Алты ақан Аязбай мен Шашубайлар,
Артымнан жете алмаған құстай қуып.
Бағымнан құдай берген өте алған жоқ,
Жеңілмей бәрі де аман кете алған жок.
Бір шыққан Қарқаралыға қызыл гүлмін,
Ексе де бөтен баққа біте алған жоқ.
Арғынға неше түрлі өлең айттым,
Қадірін жауабымның күте алған жоқ.
Дау айтып күні бұрын керіспелік,
Майданда озса жүйрікке есептелік.
Орта жүз тегіс білген Ырысжанмын,
Жыланды үш кертсе де кесірткелік.
Әсет Найманбайұлы
Әсет:
Дәндеп қапсың Аязбай, Шашубайдан,
Болыпсың өнегелі үлгі жайған.
Қиуасыз мақтан сөз сөйлегенмен,
Қыран бүркіт жасқанбас бозторғайдан.
Бошан түгіл орта жүз түк қылмайды,
Уақ, Керей, жеңілген Арғын, Найман.
Сәуле түскен байқарсың сөздің түрін,
Аңдамай бір сынайсың елдің сырын.
Қарқаралы, Семей, Омбы, Қараөткелмен,
Білемін он дуанның ойын, қырын.
Екінші сөзін тектеп сөйлесін деп,
Көрсеттім алты қырдан әннің түрін.
Бәйгені байтал шауып алған емес,
Ырбаңдап қалжыңдама менен бұрын.
Мінезіңнен,бойыңнан мін таптырдың,
Қабағым емес еді қызға қырын.
Екі ердің ерегессе бірі өлер,
Тең тартсаң желқомыңа қойман жырым.
Ырысжан:
Осы жерге бата беріп көп әкелген,
Айтыссын Әсағаңмен деп әкелген.
Кекетіп келген жерден байтал дейді,
Бойына таудан үлкен кек әкелген.
Жар қадірін білмейтін әулекіні
Өлшемей осы жұртым неге әкелген?!
Әсет:
Бұл сөзің дұрыс емес, тәңір атқан,
Байқадым шамбайыңа сөзім батқан.
Байтал деген сөзімнің мәнісін біл,
Мал қылып мен емеспін маңыратқан?
Әсет Найманбайұлы
Тату дос шын ниетпен саған теңмін,
Асылын өлшеп сөйле артық кемнің.
Айыр көмей, жез таңдай, қаусырма жақ.
Алты арысқа білінген әкең менмін,
Сен менің бағып жүрген тоқтымдайсың.
Қасқырша қарным ашса басып жермін,
Байқарсың сөз тамырын тарсытқанда,
Жығылмай түзу кетсең ақын дермін.
Ырысжан:
Рас ақын осындай дүрден шығар,
Соқталдай сорақы сөз кімнен шығар?
Қасқыр болса қой жейтін анық сырттан,
Арлансып өз ойында жүрген шығар.
Арлан төбет сықылды аңғал ақын,
Ырылдап қотанында үрген шығар.
Арлан қасқыр екен деп жасқанам ба,
Қайдағы қу сұмдық сөз бізден шығар.
Сізді де қалай айтты деп сөкпейтін,
Жаныңа жауап барып тиген шығар.
Мен Ырысжан екенін байқай алмай,
Әншейін бір қыз ғой деп кірген шығар.
Әсет:
Тиегін тиер сөздің айттың шенеп,
Көтермелеп өзіңді өзің демеп.
Ессіз, есірік, әйелддің ақымағы,
Екі аяқты айтады итке теңеп.
Кеудесі кең өрескел, албыт ауыз,
Әдептен аттаған соң солай демек.
Ырысжан, өзге ақыннан мазалысың,
Жел сөз бен тантық сөздің азанысың.
Әсет Найманбайұлы
Ер төбет те, ұрғашы-өлекшіні,
Болуға сен де қаншық жазалысың.
Алпыс итті еріткен, ақ қаншығым,
Әйелдің төмен етек наданысың.
Ырысжан:
Ақынның тура келмей данасына,
Соқтықтым жанып тұрған шаласына.
Қоржын толмас бойыңның кескіні бар,
Бойыңның көзім толмас қарасына.
Осы жұрт жөнін білмей соқтықтырды-ау,
Майқының жұдырықтай баласына.
Табысып татулықпен сөйлеселік,
Қыстырмай ұят сөзді арасына.
Әсет:
Топанның тура келдің тасқынына,
Тасыған Ніл дарияның басқынына.
Бұйырған қай жұмысың толмап еді,
Не кінә тағарың бар жастығыма?
Тең көрмей тексерместен бала дейсің,
Қарашы құрдым қыздың қастығына.
Сендей екі кәрі қыз жатушы еді,
Біреуі аяқ, біреуі жастығымда.
Жанарлы жар қадірін білмейтұғын,
Жетті ғой жаңа көзім настығына.
Ырысжан:
Әсеттің біліп едім бала екенін,
Жарқырап жанып тұрған шала екенін.
Жеткем жоқ жиырмаға, әдіра қал,
Ырыстың қайдан білдің кәрі екенін?
Әсет Найманбайұлы
Шалығынан әр сөзіңнің абайлаймын,
Шекеңнің ашуланшақ тар екенін.
Бағана кірген жерден байқап едім,
Бойыңда зор кесапат бар екенін.
Әсет:
Абайла қызға жігіт дәрі екенін,
Сүйкімді, сұлу болса жар екенін.
Ат жақты, албыт ауыз, көкіме қыз,
Өңіңнің жаңа көрдім сары екенін.
Мен қашан әжетіңе жарамап ем,
Әсеттің қайдан білдің бала екенін?
Ырысжан:
Жіңішке бойың нәзік, қылдырықтай,
Сөйтсе де, сөзің ұшқыр бұлдырықтай.
Қу бала-ай, бала демей, не деуші едім,
Көзіме көрінесің жұдырықтай.
Қалай қашсам мойныма түсем дейсің,
Ыңғайлы қашағанға тал құрықтай.
Қызығып қыз екен деп далбаңдама,
Тұйғынның жемін қуған кезқұйрықтай!
Әсет:
Өзіңе өзің болдың әулиедей,
Жақсыға аруақ қонбас ел сүйемей.
Кәрі ит –ау, кәрі демей, не деуші едім,
Қаңқайып көрінесің нар түйедей.
Ақ түскен самайыңа, бетіңде әжім,
Ақпанда құлын салған боз биедей.
Нәсілің, затың таза көрінбейді,
Болса да екі бетің қан шиедей.
Әсет Найманбайұлы
Ырысжан:
Қой, Әсаға, осы сөзден адасалық,
Аз ғана әзіл сөзбен жанасалық.
Біріміз үлкен, біріміз кіші болмай,
Кел енді, жасымызды санасалық!
Әсет:
Кәрі, жас айырамын беттің нұрын,
Білемін жауабыңның жаққан сырын.
Санасып-ақ көрелік жасымызды,
Жасымды мен айтпаймын сенен бұрын.
Естіп алып кетесің кішірейіп,
Қылт еткізбей білемін қыздың сырын.
Ет пен сүйек толысып түгенделіп,
Болған жоқ анық толып түгел сыным.
Ырысжан:
Қараңыз келістіріп келбетіме,
Дауа жоқ сұрап алған бейнетіме.
Әсеке анық жасым баян болсын,
Шығып ем он алтыдан он жетіге.
Жастығымды танымай бет бейнемнен,
Жұртым-ау, жолығып па ем әулекеге?
Қалайша көңілің толмай олқысындың?
Талайлар мас болушы еді сәулетіме.
Әсет:
Тағады теңге шашбау қыз артына,
Жаққанмын жас күнімнен өз халқыма.
Ырысжан, ибаменен сырласайық,
Шығып ем он бес жастан он алтыға.
Басымнан сөз асырып көрмеген соң,
Күйдірдім кәрісің деп сөз салтына.
Әсет Найманбайұлы
Орнығып ойқастамай сөйлеселік,
Екі сөз түгел келсе бір шартына.
Ырысжан:
Біріміз ойда, біріміз қырда екенбіз,
Мұқтаж көңіл, барабар мұңлы екенбіз.
Он алты, он жетіде айырма жоқ,
Арамыз бір-ақ жылдық құрбы екенбіз.
Көркем сөйле, жұрт тыңдап көңілденсін,
Отырған халайыққа үлгі екенбіз.
Шешен тіл шебердің өнері ортақ,
Әр жерде ақылдыға бұлды екенбіз.
Әсет:
Өлеңге ағып тұрған жел екенбіз,
Жиылып тыңдаушыға дер екенбіз.
Он алты, он жеіде айырма жоқ,
Арамыз бір-ақ жылдық төл екенбіз.
Көңілің баласынбай жаңа орнықса,
Қашалық Семей жаққа, кел екеуміз!
Ырысжан:
Қарқабат, Қаракесекті етпеймін бел,
Аузымнан аһ дегенде зайлайды жел.
Жігіттің қыз алатын түрі қандай,
Нарқыңды айрайын қасыма кел.
Әсет:
Мұраты қыз бен жігіт – алған берген,
Басынан дәурен өтсе, арман көрген.
Құда түсе келгем жоқ, қыз айттыра,
Түрімді көрем дейсің салған жерден.
Қасына кәрі қыздың бармаушы едім,
Бересің, барсам, орын қай жерден?
Әсет Найманбайұлы
Ырысжан:
Көшкенде жылқы айдаймын күрең кермен,
Бозбала айқайласа сүреді ермен.
Қасына қыз шақырса, қорғанбай кел,
Аласың қыздан орын сүйген жерден.
Босағада отырып үйреніп пе ең,
Жабыса кетуші ме ең тиген жерден?
Арқада Абылай, Бөкей хандарым бар,
Ел кезген кедейлікпен аңғарың бар.
Әлде сен сонан қорқып отырмысың,
Бұтыңда жыртық-жыртық шалбарың бар.
Әсет:
Өнерлі би, үлгілі хандарым бар,
Қадірлі, қасиетті жандарым бар.
Туысыма шыдамай сауды қылдым,
Әйтпесе, күн көрерлік малдарым бар.
Жақсының бір жамансыз күні болмас,
Бір киер көрушіге шалбарым бар.
Семейдің мырасымен таныс болсаң,
Осы жерде өліп кетсең не арманың бар?!
Ырысжан:
Қу бала-ай, сөз табасың не керектен,
Қай сөзің дәл тиеді зеңбіректен.
Олай десең, қасыма қорғанбай кел,
Ер сүйегін танимын кебенектен.
Әсет:
Қол қойдым осы қыздың данасына,
Көздеріңмен көрмесең нанасың ба?
Алдап айтқан сөзіне аңқау басым,
Әсет Найманбайұлы
Аңдамай жетіп бардым қыз қасына.
Дұшпаны өзі алдына келгеннен соң,
Бетімді тырнап алмай аясын ба?
Әркімнің өзі шыққан тауы биік,
Әсеттің беделіне қарасын ба?
Ырысжан:
Шапқан бірдей болмайды желгенменен,
Мен жар болман, көңіліңді бөлгенменен.
Алдағанға келесің адыраңдап,
Не бітірдің қасыма келгенменен?
Ел аралап жүрген бір сері десем,
Бар екен талай мінің жөнделмеген.
Қарасам шалбарыңа жалбыр-жұлбыр,
Алдағанға көнесің, надан қылжыр.
Әншейін келемеж қып кел дегенге,
Келуін шын өңмеңдеп, құдай ұрғыр!
Әсет:
Сүйкімсіз қай-қайдағы сөзге барсың,
Құрбыңа қызыл гүлдей ынтызарсың.
Итті де шақырып ап ұрмаушы еді,
Қос қыртыс, екі сөзді сайқал қарсың.
Кигенің аяғыңа шегелі етік,
Сылқым жаралар ма сенен өтіп,
Сүйкімсіз, шақырғанда сүйте ме екен,
Заматта бұзыласың қылт-сылт етіп.
Қасыңа сырыңды алса шайтан келмес,
Алдарсың әзәзілдей бір бұлт етіп.
Сыртың адам, шақпалы тілің жылан,
Қараң қалғыр, барасың қайда кетіп?
Әсет Найманбайұлы
Қос түйме омырауыңа жарасып тұр,
Келіп ем ұстайын деп, әуес етіп.
Ырысжан:
Қой бала, бұл сөзіңе сене алмаймын,
Сөзіңе алдап айтқан көне алмаймын.
Иесі бар түймемнің, қолқалама,
Құның жетпес қымбатты бере алмаймын.
Семейден бір салт атты келіпті деп,
Соңыңнан жолаушының ере алмаймын.
Сайда саның, құмда ізің көрінбейді,
Бір кетсең Қарқаралыдан көре алмаймын.
Әсет:
Қарашы мына қыздың айтқан сөзін,
Қадайды аудармастан екі көзін.
Жатақта нан жеп жүрген кедей қызы,
Маған түйме бермейтін кімсің өзің?
Сен құрғыр, жолаушыны менсінбейсің,
Ежелден тар болмаса сыр мінезің.
Байқағанға паңдығың толып жатыр,
Ұқсайды ібіліске бойкүйезің.
Ырысжан:
Аяулы Әсағаңнан санасы бар,
Бойымда түйме деген жаласы бар.
Түймемді ебін тапсаң ұстар едің,
Санаулы төрт-ақ жұмбақ бағасы бар.
Жол тауып жүре алмасаң көзіңнен көр,
Сөз тауып шеше алмасаң өзіңнен көр.
Төрт сөзді түгел тәмам таба алмасаң,
Түймем саған тимейді өзіңнен көр.
Әсет Найманбайұлы
Ізденіп таба алмасаң далаға кет,
Екі көзің телміріп қалаға кет.
Түймемнің төрт-ақ ауыз жұмбағы бар,
Таппасың дамбалыммнан садаға кет!
Әсет:
Ерегес майдан қылдық екеу ара,
Соқтығысып алайық жеке дара.
Қорғанып қыз жеңер деп отырғам жоқ,
Жұмбағың төрт мың болсын, сөйлеп қара.
Байлап қой, төрт сөзіңе уағдаңды,
Жоруы бірімізге бір масқара.
* * *
Қыз айтты ә дегенде бір жұмбағын:
«Аузыма ағытылып кір жұмбағым!»
Отырған Қарқаралдың хан, қарасы,
Жүйріктен екі қыран сөз тыңдағын.
* * *
Бір сарай нұрланады жалғыз «Мим» мен,
«Ра» мен «Нун», «Ха» менен «Зи» оған ерген.
Бұл бес харіп бес сөздің бесеуінде,
Білдің бе мағынасын қайдан келген?
Және де бір бәйтерек шыққан биік,
Көрінер көлеңкесі көкке тиіп.
Жемісі мәуесімен жарасулы,
Сенімді сегіз бұтақ тұрған иіліп.
Ол бұтақ қорқытады жүрек шайып,
Теректің жапырағын елге жайып.
Жұмыотқа шағып ішіп екі ителгі,
Өргізіп шығарады бір бидайық.
Әсет Найманбайұлы
Әз атаның баласы жалғыз қалып,
Сегіз-тоғыз лашындар жүрер шалып.
Ішінде отыз-қырықтай құзғындар бар,
Үш жылда бір нәр татар өліп-талып.
Баршасын таратады бір ителгі,
Жапалақ жалбаң қағып шыр айналып.
Ішінде жүзден аса күйкентай бар,
Олар да қорек қылар тышқан қағып.
Асқан ақын даңғайыр болсаң дағы,
Әсеке, таба алмассың мұны қағып.
Бір теректен осынша құс өргізіп,
Алып кел, атын атап, белгі тағып.
Әсет:
Бір сарай нұрланатын Меке де дүр –
«Мим», Хажы – парыз бай кісіге хақтан келген.
«Нун» – намаз, «Ра» – руза, «Зи» – зекет дүр,
Парыздың енді бір иман білген.
«Хи» – хажы, исламның бесіншісі,
Кәнзарах мағынасында көзім көрген.
Сұрасаң әділ кеңес көпке кеткен,
Көңіліңді сөз кемітіп өкпелетпен.
Бәйтерек жапандағы-ақ падиша,
Көңілі ұлықтықпен көкке жеткен.
Ұлық тақтан таймайды халыққа жақса,
Қатын байға еркелер бала тапса.
Иілген сегіз бұтақ – сегіз сенат,
Жайлыған жапырағы – қағаз ақша.
Алла деген пенденің тұрар бағы,
Ақынның жарамайды сыңаржағы.
Әсет Найманбайұлы
Бәйтеректе жұмыртқа шағып ішкен,
Ояз бен помощник дуандағы.
Қазақың Сарыарқада елі жиі,
Жетіп тұр қызыл тілден сөздің иі.
Бір бидайық – ел жейтін жебір болыс,
Әлгі сегіз лашын – сегіз биі.
Бақты кісі күледі бағы кемге,
Құдайдың риза бол берген демге.
Отыз-қырықтай құзғының – елубасы,
Үш жылда нәр татқаны он бес теңге.
Сайлауда шарын салып соны алады,
Оларға не пайда бар онан өңге?
Ел мазасы кетеді мұндайлардан,
Халыққа тыныштық болсас ыңғайлардан.
Жемтік жеген құзғындай желөкпелер,
Он қаршыға – страшын ыңғайлаған.
Сотқар, содырды түзеткен бір судья,
Жапалақ-жасауылдар шыр айналған.
Таппағанға жұмбағың қиын екен,
Күлкі жоқта қылатын ойын екен.
Жүзден аса күйкентай – онбасылар,
Қағып жеген тышқаны – тиын екен.
Хан – қара, би, болысты жұмбақ қылдың,
Жауабың сенің дағы сыйымды екен.
Ойда жоқ оңай сөзбен жеңем деген,
Ақын қыз шамасынша зейінді екен.
* * *
«Сөзімді сұрап әлі сөкпе, – дейді,
Әліңнен артық сөйлеп кетпе, – дейді.
Әсет Найманбайұлы
Әлгі айтқан жұмбағымды азырқансаң,
Мен санын жеткізейін көпке», – дейді.
Ырысжан:
Қос әйнек шыны да емес, темір де емес,
Жан адам түзете алмас болса көмес.
Ашылып, жабылады пружинасыз,
Ол өзі – қымбат нәрсе, тегін де емес.
Ол үйдің екі тесік бір пешінде,
Кірпіші жоқ қалаған іргесінде.
Сырттан воздух тартады магнитпен,
Қаланған кірпіші жоқ іргесінде.
Өзіндей жөнді ақыннан сұрамап ем,
Әсаға, мұның жайын білесің бе?
Ол үйде машина бар неше бөлек,
Қозғалар градуспен әр дөңгелек.
Талай жан таң қаларлық сол машина,
Бір кезде сап-сасық боп қалады өліп.
Сол үйде майсыз лаулап жанады шам,
Әр түрлі машина бар қаларлық таң.
Шам сөнсе, барша тетік бұзылады,
Жаға алмас қайта өзіндей ешбір адам.
Түгендеп осы сөзді шеше алмасаң,
Түймемнен үш айналып кет садағам!
Әсет:
Түп-түзу оқтан өткір айтқан сөзін,
Осы көп сөз шешуі жалғыз өзің.
Қос әйнек шыны да емес, темір де емес,
Ашылған қан тамырдан екі көзің.
Әсет Найманбайұлы
Әйел зат төмен етек руыңыз,
Мағлұм сөз табылса тұруыңыз.
Кірпіші жоқ қаланған екі тесік,
Ол – тыныс, дем тартатын мұрыныңыз.
Бұл сөзді сынамаққа сұрадыңыз,
Шешейін хасыл болса мұрадыңыз.
Сырттағы тамам сөзді еститұғын,
Екі үңгір түрмедегі құлағыңыз.
Адамның көре алмайсың ішін ашып,
Тәні перде болып тұр сыртын басып.
Машина – әртүрлі ішек, өкпе жүрек,
Көңілсіз көрер едің қарның сасық.
Пружинамен жаратқан пенде тәнін,
Себеп қып тіршіліктің татар дәмін,
Майсыз лаулап жамған шам кеудеңдегі-
Қан қуатпен қозғалған жалғыз жаның,
Жан кетсе, барша тетік бұзылады,
Әмірін басқа жаға алмас бір Алланың.
Бұл бір оңай жұмбақ қой көңілдегі,
Дұрыс па қыздан Әсет жеңілмегі?
Арғын, Найман алты арыс Уақ, Керей,
Сап жүйрікпін Сарыарқа өңірдегі.
Адамның бар денесін жұмбақ қылып,
Қалды ғой енді әкеңнің кеңірдегі.
Ырысжан:
Әсаға, сыртыңыздан көп естуші ем,
Халық жалған айтпаса неге естуші ем?
Әсет Найманбайұлы
Бұтып-шатқан ақынның бірі ме деп,
Күнәңді бөле-жара жеп естуші ем.
Жұмбағымның айтайын үшіншісін,
Сөзіңді түгелдеп бер жетсе күшің.
Төрт сөз түгел болғанда түймем сіздік,
Жалғанда жауап сұрап түскен ісім.
Арықтап бір түйе өлді жетіп ажал,
Алты батпан бұлы бар безбенге сал.
Сүйегі жерде де емес, көкте де емес,
Білдің бе, мұның өзі қайда өлген мал?
Артылған мәртебеңіз талай жұрттан,
Көрген жоқ сізді сөгіп біреу сырттан.
Алты батпан көтерген алып малдың,
Санасаң әр батпаны жеті пұттан.
Жілігі жиырма төрт, топайы бес,
Шамалап өлшеп байқа ертелі-кеш.
Осыны найжағайдай жарқылдатып ,
Әсаға, бас-аяғын түгелдеп шеш!
Әсет:
Ырысжан, бұлбұл құссың жаннан аса,
Сөйтсе де бір сырың жоқ менен таса.
Менен өзге адам таба алмайды,
Мұны да бір күн, бір түн ойламаса.
Домбыра саған ерген бұлбұл екен,
Ырысжан қара сөзге қырғын екен.
Әсет Найманбайұлы
Арықтап оттай алмай өлген түйең.
Ақылмен абайласам, бір жыл екен,
Ол түйе арық емес, семіз еді,
Халыққа түрлі нығмет жегізеді.
Жылды өлтіріп өтірік арықтатып,
Осынша жалған сөйлеу неңіз еді?
Болады осылайша сөздің жайы,
Ақынның жарамайды құр айғайы.
Түйеден алты батпан түскен майың,
Санаулы бір жылдағы жаздың айы.
Тамаша тапқан сөздің бар ма міні?
Болады осылайша сөздің шыны.
Әр батпаны жеті пұт деген сөзің,
Оралған бір жұманың жеті күні.
Жүрекке таппаған сөз жұда болар,
Бір үлкен жалған айтсаң, күнә болар.
Жілігі жиырма төрт деген сөзің,
Оралған алты айдағы жұма болар.
Жыл сүйегі жер менен көкте де жоқ,
Атын бар ғып жаратқан құда болар.
Белгілі маған сол мен оңқайыңыз,
Таба алмасам, өкпелеп томпайыңыз.
Бұл арадан намақұл болып жүрме,
Бес намаз бесеу деген топайыңыз,
Мен шаққанда топайды кемірерсіз,
Шетіне дастарқанның шоқайыңыз.
Әсет Найманбайұлы
Ырысжан:
Бағыма бұлбұл Әсет болған ақын,
Кім сөгер орта жүздің қолқанатын.
Сөз көшесін қыдырған көрегенсің,
Жерің жоқ бір мүдіріп толғанатын.
Мәселе бір-ақ ауыз жұмбақ қалды,
Орын жоқ мұнан ары зорланатын.
Алты мың жан иесі хайуанаттар,
Олардың қандай адам қойған атын?
Хайуанат, набататпен, нажасатпен,
Әлемнің он сегіз мың білген затын.
Есім берген ұстаздан өзі үйренбей,
Ұнатқан оймен тауып үш қажатын.
Ол өзі қай есімді таққа мінді,
Ол адам қай фирқадан, қандай дінді?
Періштелер білмеген ғылым еді,
Ойменен дейді оны қайдан білді?
Он сегіз мың әлемге ат қойған кім,
Иесі кімге «Ат қой!» – деп әмір қылды?
Онан әрі сұрайтын жұмбағым жоқ,
Ашып бер, шамаң келсе, бұл мүшкілді.
Әсет:
Айтпассыз, ағат сөйлеп, білсек қата,
Ақын деп, қазақ маған берген бата.
Әлемді он сегіз мың үшке бөліп,
Ат қойған өз ойымен Адам ата.
Әсет Найманбайұлы
Ол өзі «раһ-рап» деген таққа мінді,
Анық хақты таныған асыл дінді.
Бірі жарық, біреуі қараңғы деп,
Аспанға мәшһүр еткен ай мен күнді.
Құрт-құмырсқа, ұшқан құс, мал-хайуан,
Жан иесі адамзат, пері, жынды.
Көкте жұлдыз, ай мен күн, періште, аспан,
Жансыз нәрсе тау, ағаш, шөп пен құмды.
Қар, жаңбыр, қыс пене күз, жаз фасылы,
Оларға атап-атап, есім берді.
Айтыстық таңертеңнен күн болды кеш,
Жұмбағың түгелденді болса да бес.
Төрт сөзің түгелденсе, жол менікі,
Бер-дағы қос түймеңді,беліңді шеш!
* * *
Қыз сонда әдебінен аспай келді,
Аяғын титтей қия баспай келді.
Шетіне орамалдың жүзік түйіп,
Алдыма бір торғынды тастай берді.
Торғынға түйген екен алтын жүзік,
Майданда екі қыран қандай қызық!
Бозбала, айғай салып еркек жыныс,
Барады омыраулап үйді бұзып.
Қызыл үй мен келгенде сегіз қанат,
Туырлық, түк қалмады түндік, үзік.
Басында бүгежектеп отырсам да,
Бәйге алдым ақырында қамал бұзып.
Әсет Найманбайұлы
Осындай Қарқаралыға барған жерім,
Серуенді қыз қыранмен салған жерім.
Түбінде ақындықпен жеңгенім жок,
Уәдемізше тоқталып қалған жерім.
Серт бойынша белгі боп екі түйме,
Алтын жүзік, бір торғын алған жерім.
Заты ұрғашы демесең, уа жігіттер,
Әйелдің көрдім сондай бағлан керін.
Әсет Найманбайұлы
ӘСЕТ ПЕН КӘРІБАЙ
Әуелі сиынайын патша құдай,
Шайтанның шариғаттан жолы былай.
Жерінде тоқты сойған, түнеме еткен,
Бұлбұлы Жолымбеттің мен Кәрібай.
Табылмас жігітке ақыл жан сасқанда,
Нағыздың сабыры жерде, кілті аспанда.
Бір кісі Қожағұлдан опат болып,
Бас қосқан орыс, қытай жиынында.
Жігітке оңай емес дүние қумақ,
Нарқы бар осы сөздің талай тармақ.
Ту алып, тұлпар мінген консул Қалдай,
Тар есік күндер болды екіталай.
Ие боп екі жұртты бөліп алды,
Сүлеймен, даулы болып, ер Жамалбай.
Шығысып екі ханнан алпыс шерік,
Құрысып патшалығын тартып керней.
Жүз кісі тәуекел деп түстік жолға,
Кейі аяң, кейі мінген толық жорға.
Бас қосып төрт үкірдай, елу болыс,
Ұстады екеумізді қолдан-қолға.
Найманның шарықтаған қыраны едім,
Байқаусыз түсе жаздадым жайған торға.
Алаштың әлі бетім бейне алмастай,
Құдайым, не сапардың артын оңда!
Мұрынның ақсақалы Бөкенші нар,
Билеуші Тілепалды, Жапабай бар.
Әсет Найманбайұлы
Асылбек, Қыдырмолда, би Бексұлтан,
Омары Шерекеңнің өңшең дегдар.
Сөйледім тыңдаушының қалағанын,
Қалауға қасиет қой жарағаным.
Қырық сан, қырым топтан бәйге әпер деп,
Құрышпен Төлегетай тағаладым.
Әсетпен руы Арғын сөз сөйлестім,
Әр істің тыңдап едік даналарын.
Жаратқан арсы-гүрсі лаухыл ғалам,
Болмайды бұл сөз әлі түгел тамам.
Бал тамған бармағынан ер еді деп,
Келдім деп Сүлейменге бердім сәлем.
Сүлеймен Қабанбайдың баласы еді,
Сауыттың оқ тимеген жағасы еді.
Мыңнан жүйрік мінгізген жүкті бояқ,
Сол ердің жолдастығы рас еді.
Сүлеймен сәлемнен соң сөгіп кетті,
Көрмеді бұрынғыдай, сыртқа тепті.
«Ерім өліп, Ертісім бұзылғанда,
Кәрібай, көңіл айтпай, саған нетті?
Ақылын төре, қара жамап бер!» – деп,
Әкеліп бір домбыра жарлық етті.
Әкел деп бір домбыра қылды әмір,
Қоймады ән салмасқа Сүкем сабыр.
Ішімнен хаққа жылап тәуекел деп,
Жағынан күннің шығыс қылдым дауыл.
Ащы айғай кебір үйде тозаң болып,
Жиналып мың жарым қол болды кәміл.
Әсет Найманбайұлы
« Бір Алла таразыңды тайғызба!» – деп,
Әмин деп қол көтерді аға, бауыр.
Шақырдым Қабанбайдың әруағын,
Жерді ойнаған Төлегетай салмағын.
Отырған сиаз үйде он екі би,
Кіргіздім ата затпен сөз ырғағын.
Ерлігін Сүлейменнің көл деп айттым,
Тебірентпес талай жайдың қармағын.
Ту алып, тұлпар мінген ер Қабанбай,
Бір күнде қырық қолдың жолын ашқан.
Ту алып, тұлпар мінген Әбілпейіз,
Оралып мұсылманға жарлық шашқан.
Артынан хан Қамбардың ер Ботабай,
Жүргізген ғаділдігін әр тарапқа.
Сүлеке, ашуды қой, түс сабырға,
Ісіңді бергеннен соң шариғатқа.
Бүкенші, Мамырбекпен және он би бар,
Мал кеспей тастамайды ысырапқа.
Бұл дүние, ойлап тұрсам, қапыл еді,
Құдайға құлшылықтар мақұл еді.
Сымпиып сұр жыландай Әсет келді,
Сөз жайлап осылайша жатыр еді.
Іләмпік іші-тысы құндыз бөрік,
Өзіне өзі келді сәулет беріп.
Жиылған Керей, Найман ғашықланды,
Жүйрігі екі арыстың душар келіп.
Мен реңді Әсетті Сүлеймен сөгіп кетті,
«Сен дағы ән сал жұрт шама!» – деп әмір етті.
Әсет Найманбайұлы
О дағы әзір жауап бейбоз екен,
Қиқулап қоңыр қаздай сөйлеп кетті.
Ән салды буырқанып Әсет ақын,
Байқаған оқып-шоқып сөздің нарқын.
Төрт ұлын Төлегетайдың түгел айтты,
Жатқа да алған екен елдің шарқын.
Осындай екі жүйрік жарысқан соң,
Қалың ел басып кетті қара барқын.
Бір жазым сөзден оқыс бола ма деп,
Бойсырап көп толғанды біздің алқым.
Бір нәубет Әсет сөйлеп маған берді,
Сол сөзді Керей, Найман көзбен көрді.
Сөзінің басы мақтау, соңы кекеу,
Ішінен нығай мені сөз сөйледі.
– Сүлеке, сіз найманда мазалысыз,
Түседі жатты көрсе, ажарыңыз.
Ғайыптан қазына сөзді түгел жидым,
Жетсе де бүгін жаудан ажалымыз.
Тыңдады екі патша ел көзбен көріп,
Болмайды шіркін дүние жанға серік.
Әсет сонда домбырасын жұлып алды,
Әлгі ажал деген сөзді бөгде көріп.
Ән салды екінші Әсет шығанақтап,
Кәрібайды жамандады, өзін мақтап,
Аттың, құстың асылын өзі қылды,
Қарғаны кетейін деп жерге таптап.
Түк қоймай асты-үстімді айналдырды,
Ісмердің балғасындай мыс қып қақтап.
Әсет Найманбайұлы
Енді ел білді Әсетпен айтыстарды,
Жанжал қып, жағаласып тартысарды.
Өзінен шерік кемге өлшеген соң,
Бұл сөзге қаракерей намыстанды.
Іздеді біреу шауып бір ағашты.
Минутта алып келді қу ағашты.
Ішімнен хаққа жылап, тәуекел деп,
Дауластым жүдетпен деп қарындасты.
Тыңдады сөкпей, соқпай қытай, орыс,
Жайсаң, Күршім, Лепсі ояз, Семей облыс.
«Кәрібай, қара басып отыр ма?» – деп,
Ақ Найман түртіп қалды Кәлім болыс.
Айтыс, – деді, – мына Әсетпен арыс салып,
Отырсың неге тойпаң шалыстанып?
Шабандамай, Арғынның керегін бер,
Сөзіңнің артық, кемін қарысталық.
Осындай хан, халайық дулаған соң,
Қайткенше екі жүйрік жарыспалық.
Әсет:
Мұсылман қайтарған жоқ тауанымды,
Дағды алған көрсетейін амалымды.
Кәлім түртіп, бар Найман шулай қалдың,
Көрсетші маған қойған зауалыңды!
Билеуші, сен отырма шағыстырып,
Менімен бір байқарсың жарыстырып.
Қаңтарда қалшылдадаған қарт бурамын,
Байқарсың жас тайлағыңды алыстырып.
Әсет Найманбайұлы
Ілейін қыран құстай аш өкпеңнен,
Бар Найман, жер шұқырсың намыс қылып.
Қой болмас қорыққанмен кекесінің,
Бір зорлық көрсетейін сөз есімін.
Ербеңдеп иығыма шыға қалдың,
Үйреткен өзім тәлім текешегім.
Кәрібай:
Сонда мен ләбіз қылдым а құдайлап,
Шақырдым екі ұранды Боранбайлап.
Түйіліп бұл қашқынды бір ілейін,
Тас түлек ақиықша көзім жайнап.
Найманның екі жүзді наркескенімін,
Желкеңді қидырғалы жүрген қайрап.
Боқ-жының араласқан, бәкене құл,
Қаласың ат астында сорың қайнап.
Арғынның қаңғырғаны талай келген,
Біреуі осы Әсет қой көзің көрген.
Найманға кеп бүтіндеп кебенегін.
Таңлақсыз жалғыз жүйрік менмін деген.
Мың қойды өткіз судан серке болсаң,
Былпылдақ мың кісілік көрпе болсаң,
Қазы шайнап, қаз мойынды сұлу жайлап,
Өз еліңде жүрсең нетті ерке болсаң?
Әсет:
Әуелі мені қолда, бар жалғыз хақ!
Екінші сиынамын, жақсы аруақ!
Алмаған сөзден бәйге Сарыбайыңды,
Әсет Найманбайұлы
Жеңіпті өмірінше біздің Жанақ.
Не қарға, не ителгі ілінерсің,
Қаларсың сен де сондай жерге қарап.
Кәрібай:
Бұл сөзге куә емес пе Арғын, Найман,
Жеңілген сол Жанағың Нұрлыбайдан.
Бас қосса жеті болыс ер Тана бар,
Жеңілген Орынбайың Кеншімбайдан.
Алмаған сөзден бәйге бәдік мұндар,
Бейшара, бейнет қуып жүрсің қайдан?
Бір ауыз ән салғанға мақтанасың,
Жігітке абырой бермек іс құдайдан.
Әсет:
Алаштың жігін бөлген Сара бейбақ,
Біржаннан о да көрді талай зардап.
Не шабақ, не бір шортан ілінерсің,
Жазылды сенен қашан біздің қармақ?
Кәрібай:
Ол Сара бейбақ емес, анық саңлақ,
Бетіне бар Арғынның салған таңлақ.
Қаңғып келген Біржанды итше көріп,
Әлі сенен кеткен жоқ өткен зардап.
Сараның жауабының міні бар ма,
Айтпапты қарағайды талға жалғап.
Әсет:
Делбе ақын ұран салып ел мақтайды,
Үйірін байсалды айғыр ат жақтайды.
Қолыңды көрінгенге тарбайтасың,
Көтеріп иығына қу тақтайды.
Әсет Найманбайұлы
Кәрібай:
Қай жігіт ат қинамас пайдасына,
Алланың ырыздығын аласына,
Бетіме қу тақтай деп қылдың салық,
Қолыңдағы әкеңнің найзасы ма?
Әсет:
Арғының алшаңдаймын еліменен,
Шыңғыстың ат жүздірдім көліменен.
Ей, Кәрібай, аужайыңды байқап сөйле,
Қой жолдас болмайтұғын бөріменен.
Кәрібай:
Найманның сөзін тыңда, сөз орайын,
Жаратқан шопанды артық, бар құдайым.
Шопанның қасиетін көрсетейін,
Құланның айғырындай қаңғыртайын.
Қасқыр болсаң, қанжығада көрісерсің,
Ит қосып тірсегіңді қидырайын.
Әсет:
Кәрібай, ұзын қандай, шолақ қандай?
Қадірлі ғазиз үйіңе қонақ қандай?
Сиқымсыз, порымсыз боп қайдан келдің,
Жапанда жалғыз жауға тонатқандай?
Кәрібай:
Бар байлық, баршылық, бәрі байлық,
Байлайды ердің қолын шіркін жарлық.
Серілік, әумесерлдік неңді алып еді,
Жоқ болса үйде қажет нан мен шайлық?
Әсет Найманбайұлы
Қаңғып жүріп бұл емшат неңді алып еді,
Басыңда баспанаң жоқ бір қонарлық
Әсет:
Туысы, тұрғысы бір, заманы бір,
Тұлпардың бағы өлшеулі тауаны бір,
Ұлы жүз менің теңім Үйсін еді,
Кез келмей өз теңіне құрбысы жүр.
Сөзімді өңменіңнен өткізейін,
Жауапқа жас тайлағым, сен дайын тұр!
Кәрібай:
Менің де атағым бар, аруағым бар,
Көрген жан дабысыма құлақ салар.
Кем емес әлгі Үйсіннен тәрбиесі,
Аргы атам ер Жолымбет ілді назар.
Байқарсың, мен Найманың алтын тезі,
Бұзықты шегеге ұрып жөнге салар.
Әсет:
Шығады Арғынға ұран Қарқабаттан,
Кәрібай, сөйлемейсің парасаттан.
Болғанда Найман жалғыз, Арғын тоғыз,
Сол күннен кемшін едің тізе қаққан.
Әрдайым айтқан сөздің өлшеуі бар,
Ел болар артық сөзден ауыз тартқан.
Кәрібай:
Шығады Найманға ұран Қабанбайдан,
Жолымбет оң қанатын мыңға жайған.
Көшкенде тоқсан нарға жүгі сыймай,
Озбаған қазақ халқы Бұланбайдан.
Мүлгіген жүз жаяуға ат мінгізіп,
Әсет Найманбайұлы
Ішінен оза алмаған Арғын-Найман.
Затының қомағайлық құлдығымен,
Жеңілген Тіленші ағаң Кегенбайдан.
Бөліссе, тоқсан ауыл жоқтамайды,
Қай Арғын басқа өсімді Тоқабайдан?
Бір ауыз ән салғанға мақтанасың,
Жігітке абырой бермек іс құдайдан.
Әсет:
Есеп қыл, Арғын бай ма, Найман бай ма?
Бақ-мүлкі бар Найманның Арғындай ма?
Тоғыз қос тоқсан қапқа обороты,
Қай байың өлшеседі, Шорман байға?
Баласы сол, Шорманның кеше Мұса,
Сері еді қолы жеткен күн мен айға.
Азулы ер, айшылық жол өлеңім бар,
Қаларсың түстік жерде сілең қатып.
Қатпал тонның битіндей бір жабайын,
Аларсың сол арадан дәмін татып.
Кәрібай:
Есеп қыл Арғын бай ма, Найман бай ма?
Бар мүлкі бар Арғынның Наймандай ма?
Қаңғырған Найманда Арғын толып жатыр,
Қоңыр ат арба жеккен қолау тай ма?
Туысын сен сияқты тентіреткен,
Жақының Мұса Шорман ар қылмай ма?
Тыңдаған сөзімізді жан мысқылдап,
Сауданы тез қайраған дәл қылмай ма?
Әсет:
Ажалыңа кез болдың-ау, ау, Кәрібай,
Топтан тірі шықпайсың жалбырамай.
Әсет Найманбайұлы
Ат сауырын бермеген мұсылманға,
Ит-құсты Нұрмұхамед, Досан, Жанай.
Байлығы, батырлығы ұшан-теңіз,
Ол түгіл бір шабақтай болсаң қалай?
Қаржаста бір құтым бар Мұса Шорман,
Үзілмей келе жатқан ескі қордан.
Қазының бел баласы Садуақас,
Бағы өрлеп келе жатыр әлдеқайдан.
Кәрібай:
Ел озбас алты байыс руынан,
Айтпайын өзге Найман қырымынан.
Басы мұхит, аяғы Қара теңіз,
Дарыған ғайып берген тұқымынан.
Аттанса ертең ерте, кешке жетер,
Желіде ұзын жатқан құлынынан.
Ер Хасен, мырза Серіш, бай Мүрсәлім,
Күйзелмес алты ұлы ел ұлығынан.
Айтайын Жолымбеттен бері қарай,
Жауапқа дайын тұрмын руымнан.
Әсет:
Сүйіндік сөз сөйлейін қарашордан,
Түстікке көше алмайды дәулет молдан.
Олжабай орта жүзде батыр екен,
Не ғаріпті құтқарған түскен тордан,
Жарайсың бір сөткелік тоятыма,
Қанатым аю ілген бұған қомдан,
Арғынның осы бір аты озған жері,
Анықтап үзілместен қызыр қонған.
Әсет Найманбайұлы
Кәрібай:
Салайын Қарашорына Байжігітті,
Шаянбай, Ботабаймен екі құтты.
Малы халал қазақ жоқ Шаякемдей,
Ұстатқан бүкіл қажы жомарттықты.
Ұрығынан он кісі қажы болып,
Мақтан емес болып тұр дінге мықты.
Жақастың мына отырған Сүлеймені,
Қалмақты Құлыстайдан қойдай атты.
Еңсе үкірдай Шотайда, Қонжа батыр,
Жисаң, арғын жетпейді оған тіпті.
Барларың жоқтарыңа қайыр қылмай,
Кереку, Семей жаққа елің ықты.
Әсет:
Бір бай бар біздің елде Иса деген,
Жүз бие күздік етіп сойып жеген.
Өзге бақтың мысалын не қылайын,
Кәміл бар жылқысы да бірер түмен.
Кәрібай:
Манақтың сенде естіп қайт мың мен санын,
Кәміл бар алты жүз мың ақшалары.
Ескі ақшаны жаңаға айырбастап,
Семейдің жетпей қалған төрт дуаны.
Ақшамен самауырын қайнатқанда,
Петрдің шыдай алмай шыққан жаны.
Боғастың суы ақпай қалады екен,
Бұланның суға түссе жылқы малы.
Әсет:
Найманның тіл былғамаған делбесіне,
Көрген жоқ қазақ шыдап сермесіне.
Әсет Найманбайұлы
Алдында ақ патшаның ән салғанмын,
Сүйсінген жеті болыс кеңесіме.
Қайраулы қарқаба арғымағым,
Жүрмісің көзің жетпей өлмесіңе?
Кәрібай:
Арғынның тіл былғамаған шатпасына,
Үй тентек, қазан бұзар от басында,
Үстінде жарты ғана көйлегің бар,
Жылаушы ең Белгібайдың қақпасында.
Әсет:
Ант ұрған, құдай ұрған, тәңір атқан,
Осыған қайтіп сыйған мұнша мақтан?
Байжігіт беріп жылқы, іштің саумал,
Зәлім ең одан бұрын қулық артқан.
Көңіліне келген істің бәрін мақтап,
Менімен сөйлестің-ау әбден шатпақ.
Тоқсан сөздің тобықтай түйіні бар,
Еп болар артық сөзден ауыз тартпақ.
Кәрібай:
Әй, Әсет, сенің өзіңді сор қамаған,
Жүйрік жоқ дәл өзімдей жорғалаған.
Жылқы емес Байжігітім жамбы берді,
Арғынға мал қажет деп іздеп барман.
Атамыздың байлығы сол емес пе,
Қойныма сендей жетім қорғалаған.
Қырып бәйге қырымнан алдым дейсің,
Әкеңді Көктұмада ит талаған.
Әсет Найманбайұлы
Әсет:
Ей, Кәрібай, оқымаған сен бір надан,
Хат білмеген адамның көңілі қараң.
Бір Алла, екінші хақ пайғамбар,
Менімен айтысасың кай арадан?
Кәрібай:
Ей, Әсет, молла болман сенен оқып,
Айтайын өз дауымды ішке тоқып,
Қари болсаң, күтсеңші ата-анаңды,
Жүр әкеңнің өкпесін кене шоқып.
Әсет:
Ей, Кәрібай, сөйлеселік шариғаттан,
Тарих пен тілдеселік мағрипаттан.
Саудасы әлгі сөздің бұл емес қой,
Барасың қайда лағып, тәңір атқан?
Кәрібай:
Баққаны патшаның жаяу солдат,
Жегені – құйрық, мінгені – сұлу жалды ат.
Әкең мен шешеңізді күтпеген соң,
Көрмеймісің туысың келсе жаннат.
* * *
Ұста, – деді, – мына дауды, – Би Тілеген,
Төресі Жетісудың Қоңыр деген.
Имамға бар екеуің, жүгініс, – деп,
Қой, – деді, – ерегеспей, – хан Сүлеймен.
Әсет:
Сүлеке, жолдастықтан тайғандығын,
Әсеттің сырын сыртқа жайғандығың.
Әсет Найманбайұлы
Дау емес өлең сөзді имамға айдап,
Болысқан ақырында Наймандығың.
Кәрібай:
Ежелден сөзге жуан арғындығың,
Палуансып Тарлан мінген Тарғындығың.
Әкең мен шешңізді жекжат етіп,
Сұраған менен қисап малғұндығың.
Шақшамен әкең сатқан насыбайды,
Бұл сөзді Айтмұхамед елге жайды.
«Мен Арғыннан Найманға келгеннен соң,
Депсің ғой, сөйлетпеймін Кәрібайды».
Баянды пайда келер абайламай,
Мына Әсет серілікпен жалтырайды.
* * *
Жігіттер Көктұмаға барған жерім,
Дәміне Шұбарағаш қанған жерім.
Ер өнері кем болмай, тауып ебін,
Әсетті сүріндіріп шалған жерім.
Әсет тоқтап, Кәрібай жеңді деген,
Атақты хан сиазда алған жерім.
Әсет Найманбайұлы
ӘСЕТ ПЕН БАҚТЫБАЙ
Ақын Әсет, ұраным қарашордан,
Тұқымы өскен Арғыннан шықтым молдан.
Жеті жыл Қараөткелде оқып едім,
Бұл өлең адастырды орта жолдан.
Ғылымнан махрұм қалдым өлең дарып,
Өмірді өлең үшін етіп сарып.
Желіккен жел сөзбенен қайран өмір,
Өмірді зая қылған мен бір ғаріп.
Байжігіт, Тума, Тоқпақ, Байсиықты,
Үш-төрт жыл қоныс қылдым іздеп барып.
Секілді Семей, Омбы бәрі таныс,
Адамзат қайда бармас дәм аударып.
Көрінер сөз үлгісі порымында,
Аузымның ағаты жоқ қиюында.
Шақыртып Дулат болыс алып барды,
Садырда Жақанбайдың жиынына.
Жүз жылқы, тоғыз құндыз – бас бәйгесі,
Торт болыс қауымының ұйымында.
Тарқатты сол жиында татулықпен,
Ел екен аласы жоқ пиғылында.
Жаратқан Арғын, Найман арыс қылып,
Арасын өскен елдің алыс қылып.
Садырдың бұл жиыны болды ұран
Ұлы жүз, Орта жүзді таныстырып.
Садырдың Мұқаншыда аса қосы,
Қазақтың ас мұра ғой бір пормысы.
Әсет Найманбайұлы
Баласы Үйсін атам Жалайырдан,
Келіпті Жәлменді атты бір болысы.
Бақтыбай ақыны бар, Үйсін асқан,
Қапалға, Басқан, Сарқан лебізін шашқан.
Әкепті өз Матайым Төлек атай,
Сонысын ақынсынып ұялмастан.
Айтыстым амал бар ма Бақтыбаймен,
Көңілін көпшіліктің қия алмастан.
Қозатын айғай шықса қу делебем,
Тоқтатып өзімді өзім тыя алмастан.
Аға баласы деп, жұрт айтысты бастауды Бақтыбайға
ұйғарысады.
Бақтыбай:
Уа,менің атым Бақтыбай,
Домбырамды қақтым-ай.
Сөз нақысын таптым-ай,
Үйсін, Найман бас қосты.
Тыңлатайын жақсыма-ай,
Туралы тұлпар дуда озар.
Өлеңнен оқты аттым-ай,
Ағын судай ақтым-ай.
Қатарын малдай бақтым-ай,
Арғыннан келген ақын кім.
Зікір салған бақсыдай?
Әсет:
Бақтыбай, тең болмайсың меніменен,
Қатынның дауыс айтқан сөзіменен.
Кісідей ақсақ басқан оралаңдап,
Әсет Найманбайұлы
Шырмалып отырам ба сеніменен?
Аузыма анық тартсам, кірмес пе едің,
Лебіндей айдаһардың деміменен.
Әй, сорлы, салындыға ораласың,
Ағынды иірімнің жылымымен.
Үзінді шұқанақтың шалшық суы,
Тең болып па арқыраған дария көлмен?
Қайнасам асхананың қазанындай,
Сорпамның жоғаларсың көбігімен.
Бақтыбай:
Ақынмын мен Бақтыбай Үйсіндегі атақты,
Кім теңер менімен арғы жатақты?
Айталық әдеппенен сыпайласып,
Қоспалық бұл айтысқа көп шатақты!
Қанша жүйрік болсаң да,
Тарта сөйле тіліңді!
Ұлы жүз тең туыпты орта жүзбен,
Кездестік екеуміз екі жүзден.
Арқадан сен келіпсің Жетісуға,
Арғына не себепті күдер үздің?
Қанша жүйрік болсаң да,
Тарта сөйле тіліңді!
Әсет Найманбайұлы
ӘСЕТ ПЕН КЕМПІРБАЙ
Кемпірбай ақын қатты науқас дегенді естіп, Әсет ар
найы көңілін сұрауға келіп былай дейді:
– Ассалаумағалейкум, нар Кемпірбай!
Науқасқа шипа берсін патша құдай,
Сырқат деп Сарыарқадан естіп келдім,
Жақсы ма, қандай боп тұр хал, Кемпірбай?
Аспанда айнала ұшқан сұңқар едің,
Кез болдың жайған торға бүгін мұндай.
Науқасың меңдеу тартты дегеннен соң,
Жыладым бәйіт айтып үш күн ұдай.
Даусымды танимысың, атым Әсет,
Мен келдім әдейі іздеп көңілің сұрай.
Апырай, жауап қатпай кеткенің бе,
Алашқа атың шыққан қыраным-ай!
Сәлем ал, басың көтер, кешуіңді айт,
Адамның бірі емессің әншейін жай.
Жеті күн жолаушылап келіп тұрмын,
Шырайлы көркем жүзің көріп тұрмын.
Бір көтер тым болмаса басыңызды,
Інілік сәлемімді беріп тұрмын!
Қосылып жүруші едік жасымызда,
Хал сұрап Әсет кеп тұр қасыңызға.
Бір ауыз тым болмаса сөзіңменен,
Көтерші бері таман басыңызды!
Сен кетсең, өзіңдей боп ұл туар ма-ай!
Қою сөз қояр ма екен бұлқына алмай?
Сырқат деп Сарыарқадан естігенде,
Үйімде үш күн жаттым тыншыға алмай.
Әсет Найманбайұлы
Сонда Кемпірбайдың айтқаны:
Көңілді Әсет келді-ау көтергелі,
Қысады кеуде шіркін жөтелгелі.
Артыма бір-екі ауыз сөз тастайын,
Басымды жастықпенен көтер бері!
Өлсем де «Көк кептерге» бір басайын,
Қу тақтай қос ішекті әпер бері!
Аузыма өлерімде сөз салмасаң,
Қонғаның өлең шіркін, бекер ме еді? –
деп, төсектен басын көтереді. Одан ары өлеңін былай
жалғастырады:
Ал енді, шіркін көмей былпылдасын,
Сөзімді мен өлген соң кім тыңдасын?
Ішінде Арғын, Найман салдым айғай,
Қалайша шіркін көмей жыртылмасын?
Тірліктің тиянағын көру үшін,
Кім мендей боламын деп ұмтылмасын?
Суырған қынабынан наркескендей,
Қызыл тіл әр-әр жерде қылпылдасын.
Көңілді Әсет сұрай келгенінде,
Шаба алмай кәрі тарлан сылпылдасын.
Тыңдайтын келешегім – балалар бар,
Әйтеуір, артқы жағым құр тұрмасын.
Мойынға ғазірейіл салса құрық,
Білемін енді өзімдей ұл тумасын.
Боз шапса, боз озбай ма буырылдан?
Мен шапсам, жер танабы қуырылған.
Жай тастап құлашымды, жылдам алып,
Әсет Найманбайұлы
Жабының күнде озушы ем тұғырынан.
Адаммен алтын жүзді душар болмақ,
Өзіңнің бойға біткен пиғылыңнан.
Сұрасаң хал-жайымды, Әсет жаным,
Жатырмын ұшайын деп тұғырымнан.
Тереңдеп сырдың суы қаптаса да,
Сонда да келмеуші еді жұлығымнан.
Әй, Әсет, осы аурудан өлем білем,
Науқасым меңдеу тартты бұрынғыдан.
Ұшсаң да қанат байлап аспанменен,
Ажалдың кім құтылар құрығынан?
Ер Дәуіт жеті жаста иектеген,
Қыдырдың суын ішіп құдығынан.
Келсе де тоқсан ақын торай бермей,
Мен дағы озып жүрдім Бұғылымнан.
Әсетжан, осы аурудан өлем білем,
Алланың аманатын берем білем.
Кеудемнен көк ала үйрек «хош»деп ұшты,
Сол, шіркін, кәрі жолдас өлең білем.
Кеудемде біраз тұрды қимай тоқтап,
Кете алмай бөтен жаққа айналсоқтап
«Серігім хош, аман бол, Кемпірбай!» – деп,
Жылады-ау, бұрынғы өткен күнді жоқтап.
Әсетжан, осы ауру қоймас білем,
Алланың өмірі екі болмас білем.
Қайғымен қапаланып ұшып кетті
Осы өлең Серкебайға қонбас білем.
Әсет Найманбайұлы
Ә, құдай, иманымды сал аузыма!
Кәллимат кәмал, өзің кел аузыма!
Елімді қайтып келіп қайта көрмес
Жатырмын барайын деп көр аузына.
Құдайым бірнеше жыл берген өмір,
Бұл елдің бір шал өлсе несі кемір?
Қуанбас кемпір байғұс жалғыз жатып,
Баламның келін менен жері кеңір.
Келдің бе, ажал, шіркін, алайын деп,
Құрықты ала баулы салайын деп.
Тұра тұр асықпай-ақ, ажал шіркін,
Жатырмын өзім дағы барайын деп.
Беу өмір, еске түсіп жасымдағы,
Хал сұрап Әсетпісің қасымдағы?
Қарауытып қара көр келді білем,
Аласарт жастығымды басымдағы!
Сәлем де Арқадағы хан, қараға,
Қара Ертіс, Қарқаралы жандаралға.
Атығай, Қарауыл мен өрдегі Үйсін,
Қараөткел таныс едім екі араға.
Семейде топырағым қалар білем,
Дұға қыл Кемпірбайдай бейшараға!
Әсет Найманбайұлы
ӘРІПЖАНМЕН ЖҰМБАҚТАСУ
Әсет:
Дүниеде бір нәрсе бар көрінбейтін,
Қарасы көрінбестен дүрілдейтін.
Адамды арқаға ұрып, желкеге ұрып,
Соғады денесі жоқ білінбейтін.
Ұшады төмен қарап топ бөдене,
Кейде толы, кейде орта бір тегене.
Лай менен тұнықтың ортасынан,
Бір аққу шыға келді, ол немене?
Әріпжан:
Бұл әлем алуан түсті, түрлі емес пе,
Көз жетпес мың құбылған сырлы емес пе.
Айтқаныңыз тұтқиыл ойластырып,
Көрінбестен соғатын жел емес пе?!
Топ бөдене топталған үркер болар,
Басында орта, ай он төртте толық болар.
Лай менен тұнықтан шыққан аққу,
Таң жаршысы кәдімгі шолпан болар.
Әсет:
Әріпжан, шабыттысың сайып қыран,
Шештің бұл жұмбағымды баспай бұраң.
Тапсырдым дамыта бер өлең сөзді,
Өтейік бұл өлеңге болмай алаң.
Ақын, бұл ой пернесін баса алатын,
Әншейін құрғақ сөзді болмай жалаң.
Әсет Найманбайұлы
Шабыт ал сайда тұрып тау басынан,
Ақиық, темір қанат болсаң қыран.
Келсеңде Бақтиярдай дар түбіне,
Жолықпан тайсалмай өт баспай бұраң.
Барлығың өз қолына табыстадым,
Десең де мейлі жомарт, мейлі сыған.
Үмітім ел есінде жүрсем болды,
Өткен деп кеше арадан бұл бір думан.
Бақтиярдай көгені байымады-ау,
Қосақталар қалғаны сіздің қолдан.
Желді әлемнен бұлт болып көшер болсам,
Кетпесін бұл қисалар болып тұман!
Әріпжан:
Ақынның жаны басқа тілі бірге,
Тілі бірдің меніңше нілі бірге.
Тілдестің белгісі сол емес пе,
Толғаған Бақтиярдай жыры бірге.
Балақ таудан бау тағып сіз ұшырған,
Құсыңыз қағып түсер келді күйге.
Қасқыр алар, түлкі алар түлегінде,
Қоян алса оны көрмейді соны жүлде.
Әсет Найманбайұлы
ӘСЕТ ПЕН ҚАЛИДЫҢ ҚАҚТЫҒЫСЫ
Қали Әлібекұлы деген атақты ақын ағасы Қанағат
деген болыстікінде қымыз ішіп отырғанда, Әсет үстіне
келіпті. Оны жақтырмаған Қали:
– Шелтиіп осы елге Әсет келді қайдан?
Ит құтырса, семірер, тамақ-байдан,
Қолында Найманбайдың сексен шақша,
Тұқымың құрып па еді насыбайдын? –
дейді. Сонда Әсет тұрып былай жауап қатады:
– Келгенде шайпау сөзге желмаясың,
Бұл Қали өзі шата, кімді аясын.
Біреудің қисық ісін түзеткенше,
Өзінің жөндеп алсын қолбаласын.
Ел ішінде Қалидың айттырған қыздың ішінде келген
дігі жайында күңкіл сөз бар көрінеді және өзі біреудің
жас қызын тоқалдыққа алып отырса керек, Әсеттің соны
мезгегеніне Қанағат болыс та намыстанып: «Сен мені де
жамандап тастарсың», – депті. Әсет іркілместен:
– Жоғарыдан соғады қара дауыл,
Найманға ұран болған жалғыз ауыл.
Болғанда күңнен –байтал, құлдан айғыр,
Өзіңізден көп екен қарабайыр, – деп салады.
Кек сақтаған Қали қымыздан кейін Әсет далаға шығып
кеткенде, көріксіздеу бір әйелге өлең үйретіп қояды. Әсет
үйге қайта кіргенде: «Мына әйелмен айтысамысың?» –
Әсет Найманбайұлы
дейді Қали. «Мынаумен бе?» – дейді Әсет менсінбей. Со
нда әлгі әйел жаттаған өлеңін айтып жібереді:
Ей, Әсет, мал біткен соң кеттің паңсып,
Бір күнде тұрушы еді үйің қаңсып.
«Ғайбатшының орыны тозақ» деген,
Ақымақ, ақындығың кімге таңсық?
Әйелмен айтысуға намыстанған Әсет: «Бұл өлеңді
үйретіп отырған Қали ғой» – депті де, үндемепті. Бірақ
сонда отырған бір апшиын шал: «Сені жеңген Қали емес,
қатын», – деп намысына тиеді. Ызаланған Әсет әлгі шалға:
– Күн қақты көк шолақсың шыр бітпеген,
Жіберсе ала жаздай, қор бітпеген.
Арақкеш, апиыншы, пәңгі шайтан,
Кесел қып мал мен басын өрбітпеген, – деп тастайды.
Әсет Найманбайұлы
ӘСЕТ ПЕН ҚОСЫМБАЙ
Әсетпен айтысқан ақын Кәрібай Таңатарұлы Сасанов
тың немере інісі Қосымбай да ауыл арасында өлең айтып,
домбыра асынып жүреді екен. Бір күні Әсет ақын Нұғман
деген болыстікінде түстеніп отырса, үстіне Қосымбай
кіріп келеді. Әсет отырғандардан:
– Бұл кім? – деп сұраса керек.
– Әлгі өзіңізбен айтысатын Кәрібай ақынның інісі
Қосымбай, – десіпті.
Әсет сол арада Қосымбайға арнап бір шумақ өлең су
рып салып айтыпты:
Қосымбай мынау етке хоштағандай,
Сөзіңді сасқан адам қостағандай.
Сүйегің ақындыққа біткен екен,
Шиге шанышқан құмалақ бастағандай.
Домбырасын қағып жіберіп, Қосымбай да қарсы жауап
беріпті:
– Әй Әсет, мен не қылдым қырындайтын,
Ит пе едің ет жеп жатып ырылдайтын?
Немесе шалшықтағы шымшықпысың,
Жаныңа таяп келсе шырылдайтын.
Даусыңды тарта шығар, бәлем, Әсет
Бұл жерде Арғының жоқ жырымдайтын.
Жас жігіттің бірден Әсеттің ақындығына тиісіп сөз
бастағаны үй иесіне ұнамайды. Әсетке жауап сөз айттыр
май, жігіттің мінін отырғандар өзі айтқан соң, Қосымбай
үйден шығып кеткен көрінеді.
Бармақ
Мұқанбайұлы
(1866-1942)
ДАСТАН
Бармақ Мұқанбайұлы
ҚАМБАР БАТЫР
(Б. Мұқамбайұлы нұсқасы)
Бұрынғы өткен заманда,
Ескілікті адамда
Әзімбай атты бай болды
Нашарлар келген саламға
Бұл секілді адамды
Нашарлар іздеп табар ма?!
Жатар екен осы бай
Ақ теңіз деген аралда.
Жан-жағына хат жазып
Жіберді кісі шабарға.
Үш жүзді тегіс шақырды
Ақылдаспақ адамға.
Алты ұғлы бар арландай,
Жалғыз қызы ардақты
Жақсы порым бағар ма?!
«Таңдауыңа бердім, – деп,
Жалғыз қыз осы балама.
Малым көп, бәрің билесең,
Малымды айдап көріме
Өліп кетсем сала ма.
Ерік бердім қызыма,
Үлкен-кіші, жанаға.
Не дейсің мына сөзімді,
Кеп отырмын араңа».
Әзімбай жаяуға ат, жалаңашқа киім болатын жомарт
адам еді. Жалғыз қызын мал үшін қызығып тең емес ада
мына беруге қарсы еді. Әзімбай бай «қызым кімді сүйсе,
соған барсын, мал алмаймын» деуші еді.
Бармақ Мұқанбайұлы
Әзімбай деген бай болған,
Төрт түлігі сай болған,
Жегендері жал-жая,
Ішкендері шай болған.
Қызығын көріп дәулеттің,
Жалғанда көңілі жай болған.
Бұл секілді жоқ па үлкен бай
Ниеті түзу бар болған.
Жақсы етіп үйді салдырып,
Үйінде жақсы шам болған.
Дастарханын көргендер
Ішіп-жеп, тойып таң болған.
Алты ұлы бар еді,
Алтауы бірдей бөрі еді,
Күрсілдеген неме еді,
Нашардың ақын жеп еді.
Ең кенжесі Алшыораз
Тәуірсымақ деп еді.
Бес ағасы бес тентек,
Әрбірінде бір келтек.
Бірінің аты – Арыстанбек,
Құдай ұрған ду тентек.
Бірінің аты – Қараман,
Бойын өрге балаған.
Тентектігі болғаннан
Жуымайды әр адам.
Мінезі жаман неме еді,
Өсек айтқан жаламен.
Бармақ Мұқанбайұлы
Бірінің аты – Оймауыт,
Нар түйедей бойлауық.
Арамға жақын неме еді,
Жаман жұмыс ойлауық.
Бірінің аты – Есқара,
Бұ да тентек масқара.
Батырсынып өзінше
Сөйлейді екен қасара.
Кішісі – тентек Ақтабан,
Ешбір адам жақпаған.
Күң-күң етіп әркімді,
Көрінгенді боқтаған.
Бұ да бір мылжың оттаған,
Дәулеті бар деп сыйлайды,
Бұл секілді жоқ па адам?!
Ең кенжесі – Алшыораз,
Секілденген шын қораз.
Жаман менен жақсының
Арасын жігіт білетін,
Қатарымен жүретін.
Таланты бар неме еді,
Жайдарысынып күлетін,
Құлаққа сөзді ілетін.
Жігіттіктің дәуірін
Өткізбейтін мүнетін,
Тәуірлеп киім киетін,
Жаратып жылқы мінетін,
Сұлу іздеп сүйетін.
Бармақ Мұқанбайұлы
Адамшылық ойлаған,
Халыққа бөлген ниетін,
Көпшіл жігіт мырза еді.
Алты ұлының ішінде
Назым деген жалғыз қыз,
Нұр секілді пішіні,
Адам тоймас түсіне.
Өз табында, қатарда
Елден озған сұлу еді,
Пар келмеген өзіне
Пішін менен ісіне.
Назым сұлу ер жетті,
Күйеуге бермей күні өтті.
Әкесі оның Әзімбай
Тоты құстай түлетті.
Жорғадан басқа мінбеді,
Торқадан басқа кимеді.
Табаны жерге тимеді,
Маңдайы күнге күймеді.
Білімі қыздың бар еді,
Сабақ оқып білгені.
Секілденген қырғауыл
Сілеусінде жүргені.
Ат кекілін термекке,
Адамдарын көрмекке,
Елдің бәрі қимылдап,
Табылды бір іс өрмекке.
Бармақ Мұқанбайұлы
Аққудай мойны құрықтай
Назым сұлу ер жетті.
Елдің бәрін шақырып
Порымдарын жөндетті.
Ешкім қалмай келсін деп,
Әзімбай кәрия сөйлепті.
Әзімбайда сөз мынау:
– Ноғайда сәлде бек, – деді,
Назым, тұр мұнда кеп, – деді,
Назым қыздың алдынан
Бәрің тегіс өт, – деді.
Қызым сүйсе біріңді,
Мал алмай берем тек, – деді.
Елдің бәрі таласты
Алдынан шулап өткелі.
Не мырзалар қылтылдап,
Маңызданып бектері.
Тәртіп қылды бір адам,
Сарамжалды ептеді.
Белі кеткен бүкшиіп,
Көзі кеткен түкшиіп.
Таяғы бар қолында
Қарттар келді түксиіп.
Таяқтарын таянып,
Сақалы аққа боялып,
Қалмаймыз деп аянып,
Көкірегі кірілдеп,
Көзінің алды іріңдеп,
Буындары дірілдеп,
Бармақ Мұқанбайұлы
«Көтере гөр, пірім», – деп,
Қақыранып қояды
Қызға қарап күлімдеп.
«Атаңыздың жолы осы,
Осы қыз болды мұңым», – деп,
«Өтірік емес, шыным», – деп.
«Айналайын,Құдай-ай,
Көтере гөр», – деп күбірлеп.
Қарамады бұларға,
Сүйгенімен қосылмай
Назымның көңлі тынар ма?!
Жиылды молда, қожалар,
Сүйегі асыл тазалар.
Сәлделерін қиғаштап,
Назымға қарай бой тастап,
Жан-жағын қарап байқастап,
Аяңдайды жай тастап,
Көрініп жүр ойқастап,
Ақ шапаны көлкілдеп,
Сақал-мұрты желпілдеп,
Тәсбиғы бар қолында,
Әулие болып селкілдеп,
Жеңіл сініп елпілдеп,
Бұлар да жүрді еркіндеп.
«Секілді екен нұр қызы,
Тілегімді берсін», – деп,
«Тисең маған, теңсің», – деп,
«Секілді жұпар исің», – деп.
«Ішің мені білсін», – деп.
«Баяғы қожаң мен едім,
Танымай қойма кімсің?!» – деп.
Бармақ Мұқанбайұлы
«Сенің аман жүргенің,
Назымжан, менің ырысым», – деп.
«Қылқиған жаман қожа», – деп,
«Керегі жоқ, құрысын», – деп,
Елдің бәрі айтып тұр:
«Назымға да бір сын», – деп.
Қиғаштап басып бұттарын,
Іреңдетіп сырттарын,
Жоғары таман таңқитып,
Тастаған түріп мұрттарын.
Неғылар екен құтбаным,
Қарамай қойды қыз Назым,
Бұларды көргін құртқанын.
Болыс пен датқа, би келді
Ат құйрығын түйініп,
Аламыз деп сүйініп,
Тәуірлеп киім киініп,
Назым қыздың алдынан
Өтпек болды жиылып.
Өзінен басқа кісі жоқ,
Тұр ғой дейді бұйырып,
Назым қыз мұны жек көрді
Қасы-көзі қиылып.
Бұлар тағы жақпады,
Бұларға Назым бақпады.
Бұлар озып кеткенде
Жас жігіттер қаптады.
Келе жатыр мырзалар,
Қоңыр қаздай ырғалар.
Бармақ Мұқанбайұлы
Бәйшешектей түрленген,
Опасы жоқ дүниеден
Ойланшы, ерлер, кім қалар?!
Жете алмаған арманда
Ішінен қатты мұңланар.
Бедеу атын мінісіп,
Қатарын түзеп жүрісіп,
Қалжыңдасып күлісіп,
Ат үстінен бұраңдап,
Бірін-бірі ілісіп,
Жігіттік жолын білісіп,
Қолтықтарын көтеріп,
Ат үстінде шіреніп,
Құйрығынан тіреніп.
Қыздың жайын білейік,
Қалжыңдап сөйлеп тиелік,
Бұйырса мұны сүйейік.
Мырзалар тағы жақпады,
Бұларға Назым бақпады.
Өзбек келіп қаптады,
Кеудесінде жүні көп,
Омырауын атқаны,
Өмірі бөрік кимеген
Тақияшаң бастары,
Кілең айғыр мінгені
Үш жерден тартқан тартпаны.
Қызға қарап қиғаштап,
Олар да өлең айтқаны.
Бармақ Мұқанбайұлы
Назым бұны парықтады,
Келгенін бұлар анықтады.
Бұлар да көзге ілінбей
Санаусыз боп қалып қалды.
Қызыл шапан жауырында,
Белбеулері сауырында
Бар еді мырза аулында,
Маған келсең тоясың
Әңгелек пенен қауынға.
Моншақпен атын тұлдаған,
Өзбектер де өтті қатарлап,
Бұны да көңіл қылмаған.
Қайсыбірін айтайын
Мұнан да пайда қылмаған.
Біреуі де жақпады
Сорлы екен деп қураған.
Жігіттер де боп жатыр
Өкпелеп қатты тулаған,
Басында талас көп болды
Біріне-бірі қимаған,
Жаман қыз деп ойлады,
Атадан жақсы тумаған,
Шалдарда да көп болды
Көзін қысып ымдаған.
Мұнысын айтсам бола ма,
Бұған көңілің тола ма?!
Жек көрсең деп жолама.
Бармақ Мұқанбайұлы
Бұлар тағы өтеді,
Жақтырмай бәрін кетеді,
Кедейлер келіп жетеді,
«Бізде шұбап өтелі,
Нәсіп болса, Назымжан,
Бұйырса алып кетелі».
Жоқшылыққа өкпелеп
Бүйірден қайтып нетелі.
Мәлім болған халыққа
Таңлау берген екені.
Сүйтіп ақыл салады,
Аты шабан байғұстар
Аулақта атын сабады.
Назым қыздың алдынан
Қойқаңдап өтіп барады,
Жан-жағына қарады.
Бұл секілді сұлу қыз
Іздесе қайдан табады?!
Қатқан тоны қаудырлап,
Ілгері аты бауырлап,
Құйысқан мен жүгені
Шегелері саудырлап,
Қарамаса қыз Назым
Қалады көңілі ауырлап,
Жиылды сонда ақсақтар,
Бір бөлек болып арт жағы
Жоғары басы қақшақтар,
Соқырлар да келеді,
Оның да көзі бақшақтар.
Бармақ Мұқанбайұлы
Бәрі тегіс өтіпті,
Жақтырмай Назым кетіпті,
Киініп келген көбісі
Жұмысы келмей орынға,
Қарыздар қылып орынға,
Тимей қойды біріне,
Өзін мұнша бекітті.
Сонда Назым ешкімді жиылған адамдардан сүймеген
соң, әкесі Әзімбай ашуланып: «Осынша көптен бір тең
адамы табылмай ма? Қызым ақымақ, адам кәдірін білмей
ді» деп, қызына қарай айтқаны:
– Мұсылманның бәрін жидырдым,
Тамаша ойын қылдырдым.
Осынша көптен тең таппай,
Ақылсыздық білдірдің.
Бұл Ақарал қалаға
Көрсін деп бәрін шақырдым
Сіз сияқты балаға.
Өтіп кеткен күніне
Ішің толар сәнаға.
Бәрі тегіс жиылды
Үлкен-кіші, жанаға.
Атасы бөлек халықтан
Ноғай менен өзбек,
Түрікпен де кірді араға.
Тойға келді сап басқа,
Көзің түсті әр жасқа,
Ақылсыз болып туыпсың
Бір ерді таңдап таппасқа.
Бармақ Мұқанбайұлы
Сонда Назым әкесіне қарай айтқаны:
Құйрық-жалым күзеліп,
Базарға түстім байталдай.
Еркін аузым бармайды
Сізге жауап айтарға.
Бәрін тегіс біз көрдік,
Қалған жігіт байқалмай.
Мырзалар келді бұралып,
Әр жерден басы құралып,
Осы келген мырзаның
Бәрін де байқап сынадық.
Әйел де болсам, жан ата,
Ешбіреуін бойыма
Көре алмадым ылайық.
Ішінде ешбір батыр жоқ
Шауып шығар төбеге.
Ешқайсысы, жан ата
Ылайық емес денеме.
Тіліңізді алмадым,
Назарымды салмадым
Нәсілі жоқ немеге.
Мұсылман аз, қалмақ қау,
Бір күні келер қалмақ жау.
Жаман болса барғаным,
Екі ноқта өріліп
Қалмай ма басым пәлеге.
Бармақ Мұқанбайұлы
Сонда әкесі қайталап айтқаны:
Айқайлап кәрия ақырды,
Ашуланып бақырды.
«Келмеген тойға кім бар?» – деп,
Шақырушыны шақырды.
– Қалдырма деп біреуді
Айтып едім ақылды.
Шақырушының жауабы:
– Алпыс үйлі Арғын бар,
Жетпіс үйлі жебір бар,
Тоқсан үйлі тобыр бар,
Тама, қыпшақ, қоңырат бар.
Бесжүз үйге толады,
Бекқожаның баласы
Қамбардың елі болады,
Қалмаққа барып жылқы әкеп
Бес жүз үйге сояды,
Кедейлері тояды,
Талай қалмақ ұрысқан
Абыройын жояды,
Батырларын өлтіріп,
Найзасын қанға бояды.
Шақырдым барша жандарды,
Шақырмадым бұл тойға
Кедейдің ұлы Қамбарды.
Шақырушының бұл сөзін
Отырған адам аңғарды.
Бұны естіп ер Қамбар
Қалғанына ыза боп,
Бармақ Мұқанбайұлы
Бір шатақты салмаққа
Ойланып батыр қамданды.
Қамданбақ түгіл арланды,
Жолдастарын жиып ап,
Бұлар айтты арманды.
Бес жүз үйге жетеді
Төңірегі ауданды,
Ескермеді адам деп
Қамбар батыр балуанды.
Бұл ісіне Әзімбайдың
Естіп Қамбар шамданды,
Жүгірмек болып өлген жөн
Мұнан құры қалғанды.
Мылтығын салып мойнына,
Қылышын байлап беліне,
Барайын деп еліне,
Тұйғын салмақ көліне,
Жүріп кетті Қамбар ер
Көрінбек болып Назымдай
Қатар өскен теңіне.
Келерсің деп жөніңе,
Көрсетермін көзіңе,
Нан пісіп тұрған деміңе.
Бір жігіт ерді қасына,
Атын ұстап еріне,
Әзімбайдың ауылының
Қасынан жүрді көріне,
Қаттырақ басып қарамай
Қиналған аттың теріне.
Жолықпады бір кісі
Еңгізбек еді көріне.
Бармақ Мұқанбайұлы
Мінгені жүйрік өкімді,
Сұлу Назым сүйкімді,
Алтын құмған қолында,
Қамбардың келер жолында
Дәретке шыққан секілді.
Жеңгесі жоқ қасында
Сөйлесе алмай өкінді.
Ғашық болып Қамбарға
Мазасын жаман кетірді.
Тұра тұр деп батырға
Жөнін айтып өтінді.
Қоғадай болған шашы бар,
Алтын түйме басы бар,
Ақ маңдайы жалтылдап,
Әйнектей көзі жалтылдап,
Қиғаш біткен қасы бар.
Назым сұлудың Қамбардың жолын тосып, Қамбар
келіп қалғанда айтқаны:
– Қарақасқа атты Қамбар-ай,
Қара атыңда жал бар-ай,
Біздің үйге түсе кет,
Көбікті саумал іше кет,
Қайнап тұрған шай бар-ай.
Батыр, саған сақтаған
Жарылмаған май бар-ай.
Қамбар батыр, келе кет,
Келіп мені көре кет,
Ақ төсімнің үстінде
Бармақ Мұқанбайұлы
Бір кісілік жай бар-ай.
Замандас Қамбар батырсың,
Қай жаққа бара жатырсың?
Көңлім қошы шатымсың.
Қарамай Қамбар жөнеді,
Назым үйге келеді,
Өкпелеп қалған тойына
Намысы бар ер еді,
Кедейлігі болмаса
Несі кімнен кем еді?
Назым қылды өкпені:
– Қамбар маған не үшін
Бір қайрылып кетпеді?
Мен ойласам Қамбарды
Ішсем тамақ өтпеді,
Бақайыңнан келмейді
Ноғайлының бектері.
Қаршығасы сен құстың,
Мен – бөдене кептері.
Көшкенде көшті билейді
Қомы сиған түйелі,
Көк орайға қонады
Саумал ішкен биелі.
Жібектен қылған киімді
Тапқан кісі киеді,
Менсінбей Қамбар кеткенге
Ішім оттай күйеді.
Қол ұстасып жолдас боп
Қандай адам жүреді?
Бармақ Мұқанбайұлы
Ақылы бар адамдар
Айтпай сырды біледі.
Сөйлесе алмай арманда,
Бір оңаша күн еді.
Не болды менің өзіме,
Күндей болған дүзіме,
Қанша зарлап айтсам да,
Елікпей кетті сөзіме.
Қисыны кетсе қашады,
Келсе жұмыс кезіне.
Айнамды алып қарайын,
Айнаға көзім салайын,
Кешке қайту жолында
Бір жолығып қалайын.
Батырдың көрдім талайын,
Әруағыңды бағайын,
Өзіңдей берен болмаса,
Назымды кімге шағайын.
Алты құлаш ақ өрмек
Ақ өткелге құрады,
Сол жерде Назым тұрады,
Ғашық боп көңлін бұрады.
Бір сөйлесіп қалсам деп
Қыз Назымның мұрады.
Он сегізде жасы бар,
Пісіп тұрған уағы.
Судың қуат ағындай,
Өзен-судың құрағы.
Бармақ Мұқанбайұлы
Қамбар мергендіктен қайтып, төрт құланды екі жағына
бөктеріп, бір түлкіні қамшы етіп қолына ұстап, жолда
өрмектің үстіне жетіп келеді. Құрулы тұрған өрмекті ат
тан түсіп жіберіп қылышпен кесіп өтіп жүре береді.
Аттан түсіп батыр кеп,
Өрмекті бөліп турады,
Мойнын қызға бұрмады.
Қанша зарлап тұрса да,
Ешбір назар қылмады.
Мың күн тұрған шөлмектің
Бір-ақ күн болар сынбағы.
Әр сөз айтса бақпады,
Назымның жаны тынбады.
Айбынды туған ер Қамбар
Сыртынан мас боп Назым қыз
Ішкендей арақ улады,
Арыстандай сүйегі
Түбірлердің буданы.
Көрді Назым батырды,
Өткіздім деп ғапылды.
Аң-таң болып Қамбарға,
Тағы да Назым шақырды.
– Мен сияқты, батыр-ау,
Табасың қайдан жақынды.
Бес жүз үйдің қамқоры,
Естуші едім атыңды,
Бекқожаның баласы,
Білуші ем арғы затыңды.
Жиырма беске келгенше
Бармақ Мұқанбайұлы
Алмапсың, мырза, қатынды.
Қара қасқа атты Қамбар-ай,
Қара атыңда жал бар-ай,
Қамбар десем қайтпайсың,
Бейәдеп өскен заңғар-ай.
Айтпасам да білмейсің,
Ашпағанды көрмейсің,
Некелі жұпты адал деп
Жол қылған жақсы жандар-ай.
Келмесең, батыр, қайтейін,
Мен сырымды айтайын,
Тағы біреу табылар,
Кедейде қалың сор бар-ай.
Сонда Қамбар батырдың Назымның сөзіне қарай,
атының басын бұрып тұрып айтқаны:
– Сен бір жүрген жек, – деді,
Ноғайлы бәрі бек, – деді,
Саған қалың беруге
Менің малым жоқ, – деді.
Сандалған сіздей мас пенен
Сөйлеспеймін көп, – деді.
Кедейліктің зарпынан
Тойыңа тобыр кеп пе еді?
Әзімбайдың үйінен
Ешбірі тамақ жеп пе еді?
Кедей деп бізді шақырмай,
Кедей заңғар депті енді.
Шақырмасаң тойыңа
Кедейден көрер тепкенді,
Бармақ Мұқанбайұлы
Білмесең пасық сөккенді,
Көрерсің абыройын төккенді.
Ақырында байқарсың
Іскен менен кепкенді.
Сонда керек қыларсың,
Түбіңе қалмақ жеткенде,
Жанған отың өшкенде,
Басыңнан бағың көшкенде,
Нәсіп берген Жаратқан,
Ескермесең, ескерме.
Ақылы жоқ сасықбай
Көрерсің арттан жеткенде.
Қарамай Қамбар жөнелді,
Сонда Назым сөйлейді,
Сөйлегенде бүй дейді:
– Рас айттың, жұртқа бас,
Ерінбеген ұйықтамас,
Қосылса сауап екі жас,
Батыр, сізге не қылдым
Көңілімді қылдың мұнша мас.
Не демейді дұшпан-дос,
Қайратың тиген кедейге
Сен бір жарық гауһар тас,
Тым болмаса, қалқам-ау,
Жақсы сөйлеп көңілді аш.
Сонда да Қамбар батырың
Қарамай кетіп барады.
Бұны көріп Назым қыз
Мұңайып көзден төкті жас.
Бармақ Мұқанбайұлы
Қарамай Қамбар жөнелді.
Назым үйге келеді,
Әзіл қылып тұрғанын
Ағалары көреді.
Ызаланып жиналып
Сырттан даттап сөгеді.
Әзімбайдың бес ұлы
Күрсілдеген неме еді.
Ашуланды Арыстанбек,
Балдарына бас тентек.
Қолына ұстап бір келтек,
Айқайлады жерді өртеп.
Ашуланды Қараман:
– Соғысуға Қамбармен
Артынан іздеп барамын,
Түбірге ойран саламын.
Жалғыз атты Қамбардың
Атымен өзін жарамын.
Осылай кегімді аламын,
Есебін сүйтіп табамын.
Түбірлерді құл қылып,
Сүйегін иттің шағамын.
Қараманның соңынан
Ашуланды Оймауыт,
Нар түйедей бойлауық.
Зіркілдейді Есқара,
Ашуы келіп масқара
Ойнай ма ол, шындай ма
Секілденген жас бала.
Бармақ Мұқанбайұлы
Жүгіріп келді Ақтабан,
Тентекті көрсе жақтаған,
Қамбардан асып қайраты,
Ызасы келіп қаптаған.
Озып жүрген елінде,
Ешкім тура жақпаған.
Өңкей тентек жиылып,
Шоқпарына сиынып,
Алшыоразға айтады
Мына сөзді баяндап,
Дірілдейді тұтығып
Тұралмайды аялдап:
– Қамбар келіп нағып жүр
Жүрегім келді қаяулап,
Атын тартып алғанда
Кететін еді жаяулап.
Алшыораз сөзі:
– Арбаңдаған бесеуің
Жиылып келдің елеңдеп,
Адырайып жүресің,
Сөйлемейсің төмендеп,
Дірілдейсің талқан боп
Бура құсап шөмеңдеп.
Әкем қылған уәде,
Назымдай жалғыз қызымды
Сүйгеніне берем деп.
Ауылда жүріп сандалма, –
Айтады сөзді шеберлеп.
Бармақ Мұқанбайұлы
Кет,– деді, – бәрің жөнеліп.
Қамбардай батыр табылмас,
Сол себептен сөгем, – деп.
Енді келсең қасыма,
Абыройыңды төгем, – деп.
Ақылсыз туған ағалар,
Ер қолынан мал тайса,
Өзен-суды жағалар.
Жақсы менен жаманды
Жаратқан бәрін Құдайым,
Жақсыны жаман табалар,
Ірі қылып сөйлесең,
Ғаріптің көңлі шамалар,
Қамбарға Құдай бақ берсе,
Әр жерден дәулет жамалар.
Алла бағын тайдырса,
Байдың көзі ағарар.
Қалмақтар келіп жай салған,
Сүйдім деген қала бар,
Мақтым деген ханы бар,
Оның ерлік дабысы
Қамбарменен барабар.
Олар да есітіп қалыпты
Әзімбайда бір сұлу
Назым деген бала бар.
Назымның атағы қалмақтың ханы Мақтымға жет
ті. Мақтым Назымның атағына ғашық болып, қалай алу
жағын қарастырды. Әуелі алдынан сұрап, беделімен
алайын, егер бермесе күшпен тартып алармын деп, елші
Бармақ Мұқанбайұлы
жіберуді мақұл көріп, өзінің тілмаш молдасы шалақазақ
Келмембетті шақырып айтқаны:
– Су атасы бұлаққа,
Жол атасы тұяққа.
Әзімбай деген бір байдың
Назым деген қызы бар,
Сөйлесіп маған әпер,– деп,
Қалмағын, – деді, – ұятқа.
Он жігіт ал қасыңа,
Дәулет құсым басымда.
Қорықпай сөйле тартынбай,
Нашарлық қылып жасыма.
Бірнеше күн жол жүріп,
Аз ғана емес, мол жүріп
Келіп қалды Келмембет
Әзімбайдың жұртына.
Жалғыз келді Келмембет,
Жолдасын қойып сыртына.
Мұны көріп бес тентек,
Нағып жүрген адам деп,
Шыға келді алдынан
Қаһарланып жұлқына.
Сөйлейін деп Келмембет
Жауап қылды ұмтыла.
Келмембеттің сонда айтқаны:
– Аманбысың, жарандар,
Өздеріңе белгілі
Бармақ Мұқанбайұлы
Сүйдім деген қала бар,
Сүйдім елдің патшасы –
Мақтым деген дана бар,
Әзімбайдың үйінде
Назым деген бала бар,
Айттырып келдім бұл қызды,
Қалай дейсің, ағалар?
Арғымақ ат бізде бар,
Алтынды кежім сізде бар,
Жаптыртқалы келгенім.
Ханды қабыл көрмесең,
Қыздарыңды бермесең,
Ноғайлының бәрінде
Шаптыртқалы келгенім.
Бұқара қылып бәріңді,
Қасқитқалы келгенмін,
Ерегіссең көзіңді
Бақшитқалы келгенмін.
Алмас кездік бізде бар,
Піскен қауын сізде бар,
Тілдіргелі келгенім.
Ханның айтқан жауабын
Білдіргелі келгенім,
Жақтырмасаң сөзімді,
Бүлдіргелі келгенім.
Құда болып сіздермен
Бір жүргелі келгенім.
Қылыш түспей білектен,
Аузы кетпей тілектен,
Бармақ Мұқанбайұлы
Үйде отырған Алшыоразға
Өтті сөзі сүйектен.
Алшыораз да ер еді
Талайларды жүдеткен.
Шыға келіп Алшыораз
Жағадан келіп алады,
Келмембетті білектен.
– Не дейсің маған, Келмембет,
Малайлықпен күні өткен.
Аударып алып атынан,
Тепті келіп жүректен.
Талып қалды Келмембет
Жігіттерге сүйеткен.
Құлағын кесті құнтитып,
Мұрнын кесті шұнтитып,
Сақал-мұртын күзеді,
Он жігітін өлтіріп,
Қалмақты мықтап түзеткен.
Алшыораз он қалмақты өлтіріп, Келмембеттің құлақ-
мұрнын кесіп, «бар, елдің ханына сәлем, Назымнан
дәметпесін, кет» деп Келмембетті қайтарды.
Ер Келмембет қайтады,
Беті-басын уалап,
Маса, шыбын келеді
Соңынан қалмай қуалап,
Амалы жоқ бейшара
Көзінің жасы домалап.
Арада неше қоныпты,
Өзінен-өзі торықты,
Бармақ Мұқанбайұлы
Сөйлеймін деп сандалып
Шерменде мұндай болыпты.
Құлақ пенен мұрны жоқ
Мақтымға келіп жолықты.
Мақтым хан көріп шошып, жолдастарың қайда
деп Келмембетке қарай сөйлегені:
– Келдің бе, Келмембетім, бөрі болып,
Басында жүруші едің сері болып,
Құлақ пенен мұрын жоқ жолдасыңмен,
Тіріден әрі, өлімнен бері болып.
Өздеріңнен болды ма осы жұмыс,
Болмаса жабылды ма елі болып?
Келмембет пұшықтың берген жауабы:
– Менде бір бұл жалғанға үлгі болдым,
Кей жерде бөрі, жортатын түлкі болдым.
Бөрің де құрсын, түлкің де құрсын,
Айрылып құлақ-мұрнымнан күлкі болдым.
Құлақ пенен қарашы мұрынымды,
Кіржиген анық сорлы кірпі болдым.
Сөзімді айтқаннан-ақ жақтырмады,
Қарсы алып айтқаныма тақ тұрмады.
Әзімбайдың құрысын балалары
Мылтықпен он жігітті атқылады.
Өзім жалғыз бұл жаққа қайтарғаны,
Жігітім қаза тауып жатты бәрі.
Бармақ Мұқанбайұлы
Мақтым хан Әзімбайдың бұл ісіне қатты ашуланып;
«Жиырма жігіт қасыңа қоса тағы бар, ер кезегі үшке
шейін деген, егерде енді қош алмай тағы да өлтірсе, онда
елін барып шауып алам, аттан, Келмембет», – деді.
Жиырма жігіт жөнелді жолдас алып,
Келмембет қапаланған көңілі жарық.
Келмембет Әзімбайға Мақтым ханның хабарын
айтқаны:
– Амалым жоқ, кеп тұрмын бұйрықпенен,
Байлаулы қызметте мен бір ғаріп.
Азар болса қоярсың мені өлтіріп,
Қалмақ келіп шаппасын мазаңды алып.
Қызыңды беремісің, бермеймісің?
Айт деген ханның сөзі хабар салып.
Ноғайлы елінің жақсылары кеңесіп, «бір қыз үшін елі-
жұртымыз қырыламыз ба, Мақтым ханға Назымды бе
рейік» деп тоқтам етіп, «құда боламыз, ханың келсін»,–
деп Келмембетті разы қылып кейін қайтарады.
Келмембет пұшық қайтады,
Ноғайлының сәлемін
Мақтым ханға айтады.
Келіп қалған жүйеге
Сөз мәнісін байқады.
Басында қазақ тасса да
Басылған екен сайтаны,
Екі жүз жігіт жиып ап
Бармақ Мұқанбайұлы
Керней-сырнай тартады.
Күйеу болып барам деп
Құмары жаңа тарқады.
Дүрсілдейді жүрегі
Көрсем деп Назым қалқаны.
Бармаққа енді жиналып,
Мақтым хан мінді арбаға,
Парды жегіп жорғаға.
Екі жүз жігіт қасында,
Бұлар келіп түседі
Ақарал деген ордаға.
Шақырды тегіс жақсысын,
– Жаманшылық ойлама,
Жұмысым бар артымда
Тезірек алып қайтамын,
Некесін қисын Назымның, –
Деп айтады Мақтым хан, –
Жібер кісі молдаға.
Аттарын жайып далаға,
Тиісе жатты қалаға.
– Келтірсін, – деп, – Назымды,
Жеңгесіне хабар ет,
Күйеудің көңлін таба ма,
Барып кел, – деп бұйырды
Бір жасауыл балаға.
Мұны естіп қыз Назым
Көңілі қалды налада.
Қамбарға жаман өкпелеп
Қамығып келіп жылайды:
Бармақ Мұқанбайұлы
– Хабарсыз Қамбар қала ма?!
Жеңеше, тезірек айт хабар,
Жіберсін кісі Қамбарға,
Айтқын барып ағама.
Несібеме жазбаған,
Қалмақ Мақтым шынымен
Мені енді ала ма,
Колтығына сала ма,
Елі-жұртым қайда жүр,
Обалыма қала ма?!
Ақылдасып бұл жерге
Үлкен-кіші жиналды,
Қыздың зары тыңдалды.
Қайтеміз деп бұл істі
Кеңінен шешіп ойланды.
– Бүгін мұны қалдырсақ,
Қамбар мұны есітсе,
Салар бізге думанды.
Мақтымнан да жаман іс қылар,
Салар елге ойранды.
Қазақта Қамбар ер еді,
Жауға лайық бөрі еді,
Қамбардың ата-бабасы
Бекқожа батыр дер еді.
Мақұл көрді көпшілік
Шікіліктеп жылқыдан
Қамбарға тарту берелік,
Халықтың батыр көмегі,
Нашарға тиген себебі,
Өкпесі бар басында
Бармақ Мұқанбайұлы
Ел екен бізді демеді.
Жығылмаққа алдынан,
Мың жылқыны алға айдап,
Отыз кісі жақсыдан
Қамбарға қарай жөнелді.
Мұны есітіп қыз Назым
Қайғы тарап бойынан
Күлімсіреп келеді.
Үйде жатып Мақтым хан
Екінші хабар салады,
Жеңгелерін шақыртып
Күйеудің қылған хабары.
Не қыларын біле алмай
Тарылып отыр танабы.
Назымды көру мақсатым
Қазіргі жігіт талабы.
Қасында бар мұның да
Ақылдасар адамы.
Қыз Назымды көргенше
Іші оттай жанады.
Қызды барып әпкел деп,
Жеңгесіне ақшиып
Зәресін жаман алады.
Қыз келгенше қасына
Ашылмай отыр қабағы.
Ғашықтық өртеп жүрегін
Батпайды ішкен тамағы.
Қолына тисе осы қыз
Не қылмақ еді арамы /күлкі/.
Бармақ Мұқанбайұлы
Қыз бикешке жүгіріп
Жеңгесі келді асығып,
Бетінен қанын қашырып:
– Айналайын, қыз бикеш,
Айтамын саған жасырып,
«Бикешіңді әпкел» деп
Зәремді алып Мақтым хан
Мазамды алды асығып.
Аюдай қара күржиген,
Таңқы мұрын, бұжыр бет,
Көргенде көңілім суыды,
Жүрегім қалды басылып.
Садаға кетсін Қамбардан,
Болса да айтам асылық.
Арбаңдаған неме екен,
Қисық көзі ақиып.
Айналайын, қыз бикеш,
Әзіріне көнейік,
Қамбар да келер тезірек,
Болып қалар жақсылық.
Жеңгесіне айтады:
– Дұрыс екен жауабың,
Түк көрмеген боламын,
Күймелі арба жегіңдер,
Соған мініп барамын,
Қайтқан жоқ еді талабым.
Жеңгесіне ер деді,
Есебін өзім табармын.
Қамбар келіп болғанша,
Ақылыммен айлалап
Қалмақты алдап қарармын.
Бармақ Мұқанбайұлы
Әйнектей көзі жалтылдап,
Жүрегі шошып тарсылдап,
Күймеге мініп түймелеп,
Атпен жүрді аршындап,
Не болып кетер жолым деп,
Қорқыңқырап қалшылдап,
Сырғытып келді күймемен
Қалмақ жатқан ордаға.
Сырттан жауап қылады,
Жымия күліп толғана:
– Мен сіздік болдым ғой,
Кешікті деп ойлама.
Тоқтатты Назым жүрегін,
Арыз айтып Мақтымға
Сұрап алды тілегін.
– Сыртыңыздан құмар боп
Бір көрсем деп жүр едім,
Сүйдім де сізді, хан, – дейді.
Сыртыңыздан білемін,
Қасына таман кел деді,
Жеңгесінің біреуін.
Мақтым көріп мас болды
Шыныдан аппақ иегін,
Қол алысып көрісіп
Ұстамақ болды білегін.
Назым айтты: – Мақтым хан,
Алдыңа келді жалғыз жан,
Құдай біреу, дін басқа,
Сен қалмақ, мен мұсылман.
Бармақ Мұқанбайұлы
Қай жаққа қашып кетемін,
Бұйрық болса басынан.
Сүйегі зат хан болсаң,
Кейін тұр, тақсыр, қасымнан.
Біздің елге келдіңіз,
Несібеңіз шашылған.
Құс төресі – бидайық,
Күндіз келмек күйеуге
Біздің заңда көп айып.
Бұл жерден, Мақтым, кеткен соң
Сіздің заңды қылайық,
Сайтан жолды ойламай,
Сабыр қылып тұрайық.
Хан жолымен іс қылу
Болар бізге ылайық.
Мұндай болар біздің жол –
Күйеу іштен, қыз тыстан
Ұстар еді білсең қол.
Кеткенше күйеу қыз келмес,
Осыған, тақсыр, разы бол.
Бұдан кейін әкеміз
Отыз күн ұдай той қылып,
Аз ғана емес, мол қылып.
Қызды күйеу шақырмас
Бері кел деп ой қылып.
Некесін қиып молдасы
Береді қызын жөн қылып.
Отыз күн тойы біткен соң,
Бармақ Мұқанбайұлы
Қыз күйеуді жаттырып,
Ұзатады атамыз
Алтын-күміс арттырып,
Өз заңыммен бұл жерде
Көңілімді көтер шат қылып.
Білгіш екен ақылың,
Сабырыңыз мол екен,
Қаладым сізді жақтырып.
Көңілі тасып бұл сөзге,
Мақтым жүрді керіліп,
Сыпай мырза боп қалды,
Айтатын сөзге ерініп,
Жүрегі кетті еліріп.
Разы боп қыздың сөзіне
Кетті көңілі беріліп,
Керіліп Мақтым сөйлейді
Көтеріліп желігіп:
– Назым, менің қатыным,
Қатынымның көрдің бе
Ұшан-теңіз ақылын.
Әдейі іздеп келгенде,
Осы болар сұрауың.
Бердім, қалқам, жарқыным,
Нәсіп етпес әр қызға
Мендей мырза батырын.
Жұрт айтқан соң ғашық ем,
Айтқанындай бар екен.
Жаңа толды тақымым,
Бердім тілек, жүре бер,
Күттім сабыр ақырын.
Бармақ Мұқанбайұлы
Назым қайтты күлімдеп,
Мақтым қалды дүрілдеп.
– Мүшел болар адамға
Жазым болып сүрінбек.
Орнына келді, – деп айтты
Арман менен мұңым, – деп,
Жұмыстың көрсе шынын кеп,
Кім болжаған бұл істі,
Кім байқайды бұрын деп.
Әзімбай бұны есітіп,
Той қылады қуанып,
Көңлі қалды жұбанып.
Ақыл ойлап қыз Назым
Үйінде отыр бұралып,
Ойын-сауық сырнаймен,
Мәжіліс болып құралып.
Бұлар тұрсын осылай,
Азғантай әңгіме Қамбардан
Бастап енді құралық.
Басында қалды байланып,
Жұмысы келіп орнына
Көңілі бітіп жайланып,
Отыз би барды Қамбарға
Ауылдан шыққан сайланып.
Тартуға барған жылқы алып,
Мың қаралы айдалып,
Қорқып қалған ноғайлы
Көңіліне бұрын қайғы алып.
Кеңшілікті таба алмай
Бармақ Мұқанбайұлы
Жүрген қулар сандалып,
Бұлардың ісі осылай,
Қамбар отыр олжа алып,
Ноғайлының ісіне
Дос-дұшпан отыр таң қалып.
Ат-айғырды жетелеп,
Келді билер төтелеп.
Ит жүгіртіп, құс салып,
Батыр Қамбар жүр еді
Шамбол көлде бопалап.
Тобырмен келді ноғайлы
Сөйлесе алмай жекелеп.
Сонда Қамбар ноғайлы елінің келген кісілерін кекетіп:
– Мырзалар, қай жаққа жылқы айдап барасыңдар, сатуға
әкеле жатқан мал болса, маған да біреуін сата кетіңдер, –
дейді. (Қамбар ноғайлы елінде болып жатқан уақиғаларын
тегіс біліп отырған еді).
Қамбардың айтқаны:
– Ақарал еді жерлерің,
Сәлем бердім, ерлерім,
Жылқы айдаған бегілерім,
Сыртта жүріп есіттім
Еліңе қалмақ келгенін.
Қайғылы болып қалды ма
Қатын-бала, елдерің?
Жөндеріңді айта тұр,
Жоқ еді бұрын көргенім,
Өзім тірі тұрғанда,
Бармақ Мұқанбайұлы
Далаға кетпес еңбегің.
Азырақ өкпем бар еді,
Аяғын келіп жөндедің.
Хабардар едім сыртыңнан,
Алшыораз деген сен бе едің?
Сонда бір би сөйледі:
– Рас айтасың, Қамбаржан,
Қорлық көріп біз қалдық
Қалмақтың өкім хандардан.
Уайым-қайғы көбейді
Кемпірменен шалдардан.
Қайрат кетті бұл күнде
Балуансынған жандардан.
Несін айта берейін,
Біледі сөзді аңғарған.
Ат-айғырды жетелеп,
Келдік сізге төтелеп,
Үміт қып батыр даңғардан.
Сонда Қамбар сөйледі:
– Сіздердің бәрің бек, – деді,
Қанша жылқы берсең де,
Дүние сізде көп, – деді.
Кедейліктің жөнінен
Ауылыңа түбір кеп пе еді?
Елдің бәрін шақырып,
Атың бізге жетпеді.
Алшыораз сонда сөйледі:
– Олай деме, Қамбаржан,
Жалған дүние айланар,
Бармақ Мұқанбайұлы
Кедейге де бақ қонса,
Алдына әрне айдалар.
Дін қылышын шапсаңыз,
Бір жаныңа пайда бар.
Тарту тартып кеп тұрмыз,
Қайтсек көңіл жайланар.
Білмегенді кешпесең,
Білгендігің қайда бар?!
Елдің іздеп келгені
Ақыл сенде, айла бар.
Билердің айтқан бұл сөзін
Құлаққа, батыр, алыңыз,
Сізден көмек болмаса,
Қалмақ болды ханымыз.
Қатынымызды алып кетсе де,
Ұрсуға жоқ боп әліміз,
Алдыңызға сәлемге
Жығыла келдік бәріміз.
Қалмаққа ойран салыңыз,
Жәрдем болса бабаңыз,
Сұлу туған қыз Назым
Болмай да қалмас жарыңыз.
Адасқанда айып жоқ,
Бұл жұмысқа наныңыз.
Сонда Қамбар сөйледі:
– Қонақ болып кетіңдер,
Қаз еті бар қақтаған,
Құланның етін сүр қылып,
Бармақ Мұқанбайұлы
Мейман үшін сақтаған.
Жүріңіздер ауылға,
Кедейім көрсін ақ табан.
Саяпкер жігіт менде бар
Айтқаныңдай мақтаған,
Кедей де болса бұларды
Әркім келіп жақтаған.
Көмегім менің осылар,
Сыртымнан дұшпан батпаған,
Ынтымағы кетпеген,
Жауды көрсе қаптаған.
Мақтанды деп айтарсың,
Бәрің өзің көрдіңдер,
Қалмағым бар ма шаппаған.
Тікіленсем шынымен
Қашып жолын таппаған.
Жеті күнде барайын,
Қалмады сөзің айтпаған.
Алшыораз сонда сөйлейді,
Разы болып сөзіне,
Көңілі тасты бәрінің
Жолыққан соң өзіне.
Татуласты айқасып
Келіп жұмыс кезіне.
Қош айтысып Қамбарға
Қайтпақ болды еліне.
Малды тастап жеріне,
Жылдамырақ кел деді,
Реті келсе жөніне.
Кетті Қамбар жылқы айдап,
Бармақ Мұқанбайұлы
Құсты тастап көліне.
Мың сан жылқы алдында
Келді ауылдың шеніне.
Ойланып Қамбар келеді,
Жан-жағындағы кедейге
Малды бөліп беруге.
Келген малды кедейлер
Бірдей бөліп алады,
Жарымай жүрген сорлының
Көңілі толып қалады.
– Қалайша келді мұнша мал,
Жөнін айтшы, – деп, – Қамбар,
Білмек үшін мән-жайын
Жігіттердің талабы.
Мына сөзге ер Қамбар
Толғана мойнын бұрады.
Жолдастарын жинап ап
Көлденең қарап тұрады.
«Ноғайлыдан келген тарту» деп
Батырдың берген жауабы.
– Мұның жайын айтайын,
Жолдас-жобам, құлақ сал,
Тыңдап мұны, ұғып ал,
Ноғайлының елінде,
Той қылып жұртты шақырған
Әзімбайдың баяғы
Сұлу Назым қызы бар,
Даңқы кеткен әр жерге
Есіткен жан қызығар.
Әр атаның ұлы бар,
Бармақ Мұқанбайұлы
Айтып тұрған сөзімнің
Кейінгі жақта түрі бар.
Қалмақ кепті алғалы,
Білмегенің біліп ал,
Шақырмаған тойына
Біздің елдің құны бар.
Сасып кепті қалмақтан,
Жәрдем тілеп біздерден,
Қарап тұрсаң, мырзалар,
Бізден басқа кімі бар?!
Назымды беріп отырған
Құда түскен сыры бар.
Аттарыңды суытқын,
Өткен істі ұмытқын,
Жұртым үшін туыппын,
Өзім үшін күйіппін.
Тезірек жүріп кетуге,
Баратын қалмай түрі бар.
Аттарыңды жаратқын,
Дайындалып қамданып,
Назым қызды алуға
Қалмақ кепті дегенге,
Отырмын қатты шамданып.
Азық-түлік дайында,
Жүрмеңіздер сандалып.
Жұрт үшін жүрдім намысқа,
Білдің бәрің аңғарып.
Осыны айтып ер Қамбар
Шамырқанды, шамданып.
Бармақ Мұқанбайұлы
Уәде қылды баршасы:
– Сіз бастасаң, біз дайын,
Жаным, сізден қалмалық,
Кедей едік, бай болып,
Арқаңызда толдық, – деп,
Қой орнына жылқыны
Қонаққа әкеліп сойдық, – деп,
Уәде қылды баршасы
Артында батыр болдық деп.
Қамбар жолдастарымен бармаққа уәде етіп, әзірлік жа
сап, дайындықты істей берді.
Отыз кісі риза боп
Аулына қарап барады,
Көңілденген бұл билер
Жүйріктей қызған табаны.
Жол үстінде бұларда
Ақылдасқан шамалы.
Әзімбайға келіп Алшыораз
Міне берген хабары:
– Ісіміз болды оңынан,
Жеті күннен соң ер Қамбар
Қалмақты келіп шабады.
Мақтым келіп жатқалы
Ноғайлының елінде,
Болған екен бір жұма,
Ұзаңқырап барады,
Жұмыс болды жылжыма.
«Жатамын ба мен мұнша,
Бармақ Мұқанбайұлы
Кетемін енді тезірек.
Той-тамаша қылды ма,
Қатуланды Мақтым хан,
Шаруаларың тынды ма?»
Назым қыз жоқ қасында,
Қабағы отыр түнеріп,
Алшыоразды шақырды
Жасауылын жіберіп.
Жылдам келсін деп айтты
Кешігіп қалмай кідіріп,
Жұмысы келмей орнына,
Ішінен отыр бүлініп.
Қандай жұмыс болды деп
Ұйықтамай көзі ілініп,
Жасауылдың сөзімен
Сыртта жүрген Алшыораз
Атпен келді бұрылып.
Отырды келіп қасына
Әңгіме-дүкен құрылып.
Сонда Мақтым сөйлейді:
– Жатамын ба, жүрем бе,
Тойларыңыз әлі жоқ,
Мәнісін бұның білдің бе?
Артымда талай жұмыс бар
Мені көзге ілдің бе,
Шабандап кеттің қалайша?
Осыны Мақтым айтады,
Ойланып басын шайқады,
Ұстап отыр сайтаны.
– Тезірек істі бітіргін,
Бармақ Мұқанбайұлы
Бүгін-ертең қайталы.
Келіп едім күйеу боп
Ноғайлының халқына,
Кімдер ғашық болмаған
Қыз Назымның даңқына.
Апта-күн жатып кешігіп,
Қарай алмай артыма,
Ақылсыз шатпақ ел екен,
Жетпейсің бе парқыма.
Үлкен-кіші сөйлесіп
Жасы үлкен қартыңа.
Кешіктіру күйеуді
Қазағыңның салты ма?!
Асыл туған Алшыораз
Жауап қылды осындай,
Айтатұғын жер келсе
Сөйлеуші еді шошынбай.
– Қазақтың бәрін шақырдық
Той болсын деп осындай.
Қамбар деген ақын бар,
Шақыртып соны алыңыз
Қолыңыздың босында-ай.
Шақыртып мұнда ақынды алдырыңыз,
Келмесе үкім қылып жазғырыңыз.
Жұрт көрмеген көрсетіп жақсы ойын,
Халықты тамашаға қандырыңыз.
Мақтым хан айтқан сөзін қабыл көрді,
Қасына Келмембетті шақырды енді.
Бармақ Мұқанбайұлы
Екі қоржын, қос көзді жамбы беріп,
«Қамбар деген ақын бар, барғын», – деді.
– Тоқталмай Қамбар ақын келсін мұнда,
Халқына тамақ болар мынау ділдә.
Бастасын мына тойды сәніменен,
Деп айтты, – менен сәлем, – Мақтым мырза.
Айтады Келмембетке: –Шапшаң барғын,
Айналып кетпейсің бе, мұнда тұрма.
Қамбарды жақсы ақын деп ел айтады,
Тура келсе көрерміз біздің сынға.
Жылдам кеп Қамбар ақын ойын қылсын,
Алдымда қызмет қылып шайым құйсын.
Менмендігі болмасын көңілінде,
Есі болса сөзімді пайым қылсын.
Шақырғанға келмесе жалқауланып,
Сол себепті нәсіптен тайып жүрсін.
«Жалқау адам еріншек» жақсы болмас, –
Даңқында осылайша жайып жүрсін.
Біз де есітіп қалалық қызықтарын,
Жұртында көрінгені қалып жүрсін.
Осы сөзді тура айтқын барысымен,
Көзіне іліп бізді де танып жүрсін.
Адамды есіртеді қолда барлық,
Жоқшылық ұзатпайды жолы тарлық.
«Қамбар ақын кешікпей жылдам келсін» –
Осылай деп бұйырды етіп жарлық.
Күрсілдеп, ашуланып қылды паңдық,
Қамбарды дереу барып әкелмесең,
Бармақ Мұқанбайұлы
Көзіме көрінбестен кеткін қаңғып.
Келмембет анық «пысық» жігіт еді,
Ханның айтқан сөзін қорқып кетіп,
Атына мініп алып, кетті заңғып.
Кешікпей жүріп арада
Жылдамдатып барады,
Атқа қамшы салады,
Көз жіберіп жолына
Қараса мойны талады,
Атты бұтқа сабады.
Жылқы аралап жүргенде
Қамбарға келіп кез болды,
Ауылдан аулақ далада:
«Амансың ба, ақын?» –деп,
Елшінің берген сәлемі,
Мақтымның сөзін қалдырмай
Бәрін айтып қарады.
Қоржындағы жамбыны
Алдына төгіп салады,
Жамбыны ақын «нәсіп» деп,
Бәрін жиып алады.
«Екі күнде барам»,–деп
Ақынның берген хабары.
Есітіп алып сөздерін
Келмембет қайтып барады.
Нәсібі зор Қамбар ер:
– Жамбы берем сіздерге,
Жеңгелерім, бәрің кел.
Қаладан қашық біздің ел,
Бармақ Мұқанбайұлы
Сіздерге берген олжаны
Ынтымақ етіп түгел бөл.
Тілеулес болған, жеңгелер,
Тәуекел болды осы жол.
«Аман бол!» –деп бәрі де
Бата беріп, созды қол:
– Қайырлы сапар, болсын жол!
Қамбар айтты: – Жеңгелер,
Бәрің тегіс ырза бол!
Жамбыны алды бөлмелеп,
– Батыр қайным, өлме, –деп,
Бата қылды баршасы:
– Ісіңді Алла жөнде!–деп.
Жабдықтарын түзетіп
Талабы мықты өрмелеп,
Біріне-бірі сынатып
Тәртібін түзеп жөндемек.
Сайманын түгел дайындап
Жиып алған термелеп.
Аттарын тегіс суытып
Саяпкерге көр демек.
Қара қасқа тұлпарын
Қамбар бағып күттірген,
Саяпкерге бақтырып,
Асылдан жабу жаптырып,
Сұлы менен сүт берген,
Тұлпардың көңілін шат қылып.
Ащы терін шығарған,
Таң асырып шаптырып,
Бармақ Мұқанбайұлы
Тобыры қалмай артынан,
Талаптарын жақтырып,
Атағы шыққан ер еді,
Дұшпанын жеңген азамат,
Қаратпай бетке сап қылып.
Үйреткен жолдас-жобаға
Садақ тартып аттырып,
Жабдығын алды таптырып.
Түзетіп тобыр кедейді,
Састабын түзеп сап құрып.
Киімін түгел киюге
Шығарып алды аштырып.
Атына тегіс мінеді
Асықтырмай састырып,
Жігіттерін байқады
Әрі-бері бастырып.
Жүрмек болды жігіттер
Жанын Хаққа тапсырып.
Қатын-қалаш жылап тұр,
Екі көзін жас қылып.
Қамбар үйден шыға кеп
Аттың терін сүртіпті,
Соғысуға Мақтыммен
Қамбар батыр ынтықты.
Қару-жарақ асынып,
Мойнына ілді ер Қамбар
Атасынан қалған мылтықты.
Атасынан қалған бұл мылтық
Талайды жоқ қып құртыпты.
Сарамтал етті жұмысты,
Бармақ Мұқанбайұлы
Сайланып салу ұрысты,
Аш беліне байлады
Балдағы алтын қылышты.
Киді қымқап мауытты,
Сиынған пірі Дәуіт-ті.
Киіп алды ер Қамбар
Айналасы бес қабат
Атасынан қалған сауытты.
Атадан қалған мирасқор
Талайды бұрын шауыпты.
Жақтыратын ер еді
Ойын-күлкі сауықты.
Ескермейтін ер еді
Жүрмейтұғын қауіпті.
Кететінін білген соң
Анасы жылап зарықты.
Беруге бата ұлына
Әруаққа тапсырып
Екі қолын жайыпты.
Қамбар кететін болған соң, шешесі жылап тұрып, ба
ласына бата бергені:
– Хақ Жаппар-ай, Жаппар-Хақ,
Хандар мінген алтын тақ.
Жалғыз ұлым Қамбарға
Жау жерінде бергін бақ!
Атадан жастай жетім қап,
Қамбарым жетім құлыншақ!
Шүкір қылдым, Жаратқан,
Астына мінді арғымақ,
Бармақ Мұқанбайұлы
Әруақтар, сенен тілеймін
Қамбар үшін зар жылап!
Сүрінсе қолдан алып жүр,
Адаспас жолға салып жүр.
Жаман емес талабы,
Тәуекелдеп барып жүр.
Жас көдек балам ержетті,
Бекқожа батыр келбетті.
Аман қылып ел-жұртын
Абиыр бергей нәубетті.
Орната көр, ғайып ерен,
Қызыр түнеп дәулетті.
Ат үстінде ер Қамбар
Анасының сөзіне
Жүрегі кетті елжіреп.
– Не болса да көреміз
Соғыс майдан жерінде,
Ноғайлының елінде.
Бір жақсы түс көріп ем,
Жолбарыспен алысып
Өлтіріп едім бір күні,
Жүрмеген дұшпан шеніме,
Талғардың шықтым басына,
Байлап қылыш беліме.
Дұшпанға бой бермейім,
Жүрсе де ол сенімде.
Жар болса бабам әруағы,
Енгізермін көріне.
Бармақ Мұқанбайұлы
«Тәуекел түбі – жел қайық,
Мінесің де өтесің;
Уайым түбі – тұңғиық,
Түсесің де кетесің».
Талабым алда ілгері,
Жау түбіне жетемін.
Өлсем басым сүйейтін
Жолдас-жоба ертемін.
Қара қасқа тұлпарын
Беренменен белдіктеп,
Жонаменен желдіктеп,
Мақпалменен терліктеп,
Жібектен айыл салады,
Байлап қамшы алады.
Күн тимеген бауырдан,
Жел тимеген сауырдан
Қара қасқа тұлпарды
Қамшыменен салады.
Атымен «шу!» деп кеткенде
Тау жаңғырып қалады.
Айбынына қарасаң
Тіктеп көзің талады.
Бес жүз жігіт жолдаспен
Алды-артына қарады.
Қылыштарын асынып,
Байлаулы жанда садағы,
Жолдастары арынды
Артынан қалмай барады.
Түгелдеп алған қолында
Құрал-сайман жарағы.
Бармақ Мұқанбайұлы
Ойпаң жерден орғытып,
Жарлау жерден сырғытып,
Арынын аттың баса алмай
Келе жатыр сорғытып,
Ат үстінде алысып,
Бірін-бірі қағытып,
«Жай жүр» деп Қамбар бұйырды,
Желіңкіреп сырғытып,
Аттары суып жараған
Келе жатыр жылжытып.
Алабыртқан жігіт көп
Құрыстап жауырыны жын бітіп.
Көбік шығып сауырдан,
Тер тамшылап бауырдан.
Қарауылдап Назым қыз
Шыққан екен ауылдан.
Амандасты Қамбарға,
Жақсы көзбен қарайды
Тәрізденіп сағынған.
Аққудай мойны созылып,
Қайысқандай қабырғаң,
Екеуі де сымбатты
Қалай сәйкес табылған?!
«Аман ба – деп, – анаңыз» [сұрады]
Жері жоқ сөзден жаңылған,
Батырға қолын қусырып
Мінезі майда жібектен.
Жалт етіп көрсең жаныңнан.
Қайырылып Қамбар сөйледі,
Бармақ Мұқанбайұлы
Мойнын бұрып Назымға:
– Тоқтамас көңлім әзілге,
Кетпесін тілеу жазымға,
Жаманға жүрмес базына,
Лайық туған кісі едің,
Замананың сазына.
Жауға кетіп барамын
Соғысуға қалмақпен,
Тілеуіңді бұзба, – деп,
Амандасты қызға кеп, –
Аман-есен жүрмісің,
Қу қалмақты мырза деп
Бет алып кетіп барамын, –
Деп айтады ер Қамбар,
Жолыма менің тұрма, – деп.
Мен сенікі түбінде,
Тілеуіңді бұрма, – деп,
Қош айтысып жөнелді.
Алам деп сені кеп жатқан
Мақтым қалмақ шын ба?–деп.
Қыздан әрі өткенде,
Ордаға таман жеткенде,
Ысқырады аспанға
Садағын тартып шерткенде,
Алдынан шығып Келмембет
«Осынша жұртты күттіріп»
Кейіп келіп сөккенде,
Батырдың аты осқырып,
Жолдастары қасында
Бармақ Мұқанбайұлы
Келмембетке ақырды,
Шығарып есін састырып.
– Ханыңа барып хабар қыл,
Жолдас қылған жақтырып,
Тез барғын, – деп жекіріп
Алдынан жіберді шаптырып.
Мақтымға барды Келмембет,
Пұшық мұрны қасқиып:
– Батыр деп Қамбарды есіттім,
Ақын емен, батырмын,
Сәлем айт, – деп жіберді,
Маған мұны тапсырып.
Мұны естіп Мақтым хан:
– Қазағыңды мақтайсың,
Көрінбе, – деп, – көзіме.
Ашу қысып еліріп,
Қуып шықты ордадан
Келмембетті басқа ұрып.
Келмембет сонда сөйледі:
– Хан емессің, қабансың,
Тамам ханнан жамансың.
Жақсылықты білмеген
Адамзаттан надансың.
Бет-аузыма қарашы,
Мендей көзің ағарсын.
Жолдасыңды сабайсың,
Жақсылық қайдан табасың?!
Хан емессің, қасқырсың,
Бармақ Мұқанбайұлы
Қара албасты басқырсың.
Көк есектей тепкілеп
Қамбар сені басқа ұрсын.
Абиырыңды кетіріп,
Өзіңді ұстап өлтіріп,
Жаныңды жаһаннам жіберіп,
Тиісті жерге тапсырсын.
Құлақ-мұрның кестіріп,
Абиырыңды мендей аштырсын.
Келмембет шықты сілкініп,
Қорықпай сөйлеп іркіліп.
Қамбар келді күркіреп,
Елдің бәрі жүгіріп
Алдынан шықты дүркіреп.
Қамбарға келіп Келмембет,
Өксіп сонда жылады:
– Тегі жаман ит қалмақ,
Соқты деп мені сілкілеп,
Осындай итке тілмаш боп
Болдым жұртқа күлкі, – деп.
Камбар: – Жарайды, Келмембет, екі жүзді қарабет
адам болмасаң, сенің зарыңды, теңдігіңді алып берермін,
асықпа, сабыр ет,– деді. Қамбардың жолдастары ауылды
қоршап тойға келген кісідей түсіп жатты.
Ордаға түсіп Қамбар ер,
Отырған соң жайланып,
Ақтабанды шақырды,
Бармақ Мұқанбайұлы
Осылай істеп ақылды.
– Ақын деп бізді шақыртқан
Мақтым ханға хабар ет,
Көрсін мендей батырды,
«Шайымды құйып берсін», – деп,
Тапты қайдан қатынды?
Ноғайлының еліне
Мұнша неге басынды?!
Ақтабан, тезірек барғын, – деп,
Қамбар қылды ашуды:
– Барып айтқын, Ақтабан,
«Келдің, қалмақ, алыстан,
Сені сөзбен тоқтатқан –
Алшыораз біздің данышпан.
«Қоян өлер қамыстан,
Ер өледі намыстан»,
Сізді іздеп келіпті
Бекқожаның баласы
Батыр Қамбар дабыспен.
Онан да басқа жерлерде
Көп жүйрікпен жарысқан.
Әнжімен де соғысып,
Оның да ақылын тауысқам.
Екі күнде барам деп,
Айламенен аңдысқам.
Әркімнің ата-тегі бар,
Ел ішінде бегі бар,
Батырды «ақын» деп айтқан
Жүрегімде кегі бар.
Қарамайсың өзіңе,
Бармақ Мұқанбайұлы
Бұл сөзімнің жөні бар.
Батыр болсаң шабысып,
Найзаменен қағысып,
Ғашық болсаң Назымға,
Күшіңменен жеңіп ал. –
Деп айтты, – де, – ер Қамбар»
Енді бар, – деді, – Ақтабан!
Ақтабан барып Мақтымға
Ер Қамбардың сөздерін,
Турасынан қақсаған.
Бұны естіп Мақтым хан,
Ашуланды, арланды,
Шамырқанды, шамданды,
Айқай салды әскерге:
– Алып кел, – деп, – тарланды,
Алдап мені шақырған
Ноғайлының еліне
Қылайын енді ойранды.
Тобыңменен қырайын,
Енді салып жанжалды,
Көрмеген шығар Қамбарың
Мақтым батыр палуанды.
Құтырған екен ноғайлы,
Қандайын бүгін найзамды,
Шықсын Қамбар шапшаң, – деп,
Әзірленіп сайланды.
Барады сөзім төтеге,
Ер болса шықсын жекеге,
Бармақ Мұқанбайұлы
Күшім бүгін кетпесе,
Тиермін майдай шекеңе,
Қамбарды бүгін жоқ қылмай,
Мақтым тегін кете ме?
Тобыр менен ноғайлы
Ынтымағы бір болды,
Неғып кетер екен деп,
Екі жағы кеңесіп
Бір құпия сыр болды.
Жиналысып екі жақ
Орта ашық ду болды.
Жиылып батыр келгенше,
Майдан жерге екі ел
Жабырласып шу болды.
– Жеке, батыр, жеке, – деп
Қамбар батыр алдында,
Артында бес жүз әскері
Ортасында ту келді.
Қара қасқа тұлпары
Арандай аузын ашады,
Ілгері қарай басады,
Түрін көріп Қамбардың,
Мақтымның тұрған әскері
Таңырқап жаман сасады.
Әскерін тастап артына,
Жеке тұрған Мақтымға,
Іркілместен Қамбар ер
Қасына келіп Мақтымның:
Бармақ Мұқанбайұлы
– Тегіңді айт, кім болдың?–
Деген сөзді қатады.
Мақтым:
Толғанып мойнын бұрады,
Адырайып тұрады:
– Маған қарсы келгендей,
Кім едің? – деп сұрады.
Қамбар:
– Бекқожаның ұлымын,
Алланың сүйген құлымын.
Қамбар батыр мен едім,
Көрінбей ме түрімнен
Қарсы келіп тұруым.
Мақтым:
– Қамбар деген сен бе едің,
Екі күн өтті уәдеден,
Тәуір ме енді өлгенің?!
Майданға неге шақырдың,
Не қайратқа сенгенің?!
Менен бұрын майданды
Бар ма еді сірә көргенің?
Алайын ба басыңды,
Кешігіп неге келгенің?!
Сонда Қамбар сөйлейді:
– Мақтым деген сен болсаң,
Қамбар деген мен едім,
Бармақ Мұқанбайұлы
Екі күн уәде деп едім.
Егер сенің қолыңда,
Ажалым жетсе өлемін,
Сен сияқты бұл жерде,
Асылық сөз демейім.
Қайратым сенен пәс болса,
Желкеңнен шығар көмейің.
Айналғаным бұл болды:
Бір әдемі қырғауыл
Алдымнан шықты жорғалап,
Бір бүркіт шапты алдынан,
Тығылды маған қорғалап.
Және топтап қара құс
Жиылған екен қамалап.
Тағы жалғыз бидайық
Ұшып келді қасыма,
Қос қанатын сабалап.
Қырғауылды тастадым
Қай жеңгені ілсін деп.
Бүркіт те шапты күрсілдеп,
Сабыр қылып отырдым
Екеуіне бір сын деп.
Бір уақытта бүркіттің
Желкесін қиды бидайық,
Жерге түсті денесі
Аяқ-басы қылжайып.
Қара құстар жиылды
Бидайыққа қоңқайып,
Оның да қиды желкесін,
Әр жерде қалды тоңқайып.
Бармақ Мұқанбайұлы
Оның бәрін қырған соң,
Қасыма келіп тұрған соң,
Қырғауылды мен көрдім
Бидайыққа ылайық.
Мақтым:
– Қара бүркіт мен, – деді,
Бидайық құс сен, – деді,
Көтерілме көкиіп,
Бұл ісің болмас жөн, – деді.
Қырғауыл құс дегенің –
Назым қалам қас жарым,
Көп қара құс дегенің
Менің мынау әскерім.
Талайдың қанын шашқаным,
Сен болғанмен бидайық,
Келмейсің маған ылайық.
Осыны айтып Мақтым хан
Қамбарға қарай шабады,
Айқасып екі батырлар
Қылыш, найза салады.
Тозаңы аттың бұрқырап,
Айқайласып, салысып
Ұлы майдан қылады.
Қылышпенен салғанда
Мақтым ханның найзасы
Ортасынан сынады.
Найзасы Мақтым сынғанда,
Қамбар салды найзаны.
Бармақ Мұқанбайұлы
Найзамен Қамбар салғанда,
Мақтым ханның атының
Табаны жерден тайғаны,
Қоя салып найзаны,
Қылышты қолға алғаны.
Желкеден қылыш шапқанда
Басы кетті домалап,
Аты шауып жөнелді,
Аударылып қалады
Қалмақтың Мақтым палуаны.
Сүйегіне ат қойды
Қалмақтың жолдас қалғаны.
Қазақ та шауып жабылды,
Келмей қалды дәрмені.
Тобырлар шапты айқайлап
«Бекқожа» деп ұран шақырып,
Талқандады қалмақты
Бет алған жерін жапырып.
Майдан іші қан болды,
Шошынған адам көп болды,
Садақ, мылтық атылып.
Қалмақ қашты жеңіліп,
Жүректің оты басылып,
Қашқанын қуып ұстады
Көңілі тасып ашылып.
Бірін қоймай қырады
Көрінгенін басынып.
Олжалаған көп болды,
Аттарын ұрлап жасырып.
Бармақ Мұқанбайұлы
Басшылыққа алмаққа
Келмембетті шақырып,
Алшыоразды ертіп қасына,
Сүйдінге қарай жөнелді,
Батыр Қамбар тасынып.
Қалмақтың атын түсіріп
Атқа жарып кенелді.
Аралаған Келменбет,
Жоғары мен төменді,
Естімей қазақ қалған жоқ
Қамбар батыр дегенді,
Турашыл болып уақтында
Басқарып өтті көп елді.
Сегіз күн бұлар жол жүріп,
Сүйдін деген қалаға
Қаптап тобыр барады,
Түнде келіп қамады
Бейқам жатқан қаланы
Келістіре шабады.
Қазынасын ханының,
Алтын-күміс көп екен,
Қалдырмай бәрін алады.
Өрістегі малдарын
Қалдырмай айдап барады.
Төрт кісісі өліп тобырдың,
Бұлардан шығын шамалы.
Мақтым хан өліп майданда,
Тарылды қалмақ заманы.
Бармақ Мұқанбайұлы
Ойран болып қаласы,
Көңілдері жаралы.
Жиып алып жолдасын
Батыр елге қайтады.
«Есебін ал, – деп, – бұл малдың»
Батыр Қамбар тобырға
Өсиет қылып айтады.
Қайнап, өршіп қайраты,
Құмары ердің тарқады.
Қазақ, қалмақ – екі жақ
Қайратын ердің байқады.
Қалмақтың сүйтіп дәулетін
Судай төгіп шайқады.
Бұлар қалмақты шауып, өз елдеріне жақындағанда,
тобырдың Тоқмамбетін батыр мен Алшыораз елге хабар
беруге шаптырады.
Әзімбай жазған жолдас қып
Елу кәрия қасында,
Қарауылдап отырды
Бір төбенің басында.
Қамбар менен Алшыораз,
Жолдас-жоба баршасы
Аман келсе осында,
Шет жерге жақсы үй қондырды
Қолымыздың басында.
жігіт көрінді
Тамаша мен пошымға.
Бармақ Мұқанбайұлы
Қамбар менен Алшыораз
Тоқмамбетті жіберді,
«Амандықты айтқын»,– деп,
«Қалмақты шауып қайттым»,– деп,
«Бізден сәлем айтқын», деп,
«Біз барғанша дем алып,
Тыныштық алып жатқын», – деп,
Мақтанбайды ер Қамбар
Дұшпанның көңлін бастым деп,
Сүйдіннің халқын қаратып,
Сөз кірісін аштым деп.
Әзімбай ертеменен тұрып, көңілі тасып, жақсылықты
сезгендей, жүрегі алып-ұшып тыныштық ала алмай,
төбенің басына шығып қарап тұрғанда, шауып келе
жатқан бір адамды көреді.
Ертемен тұрып Әзімбай,
Ұйқысынан оянып,
Тұрғанында төбеде,
Біреуді көрді алыстан
Келе жатқан шапқылап,
Аты терге боялып.
«Сүйінші!» – деді келді де,
Әзімбай қалды қуанып.
Бастан-аяқ сөйледі
Көргенін тегіс қалдырмай,
Тоқмамбет те ер екен
Екпіндеп сөйлеп сыбанып.
– Қимылдағын, кәрия,
Бармақ Мұқанбайұлы
Енді болды құдалық.
Қуанғанның белгісі,
Айтып салды Әзімбай:
– Той тамаша қылалық,
Қалағаның ал! – деді,
Тоқмамбетке сұранып.
Қимылдаңдар, ағайын,
Кетпесін бұл іс шұбалып.
Әзімбай келіп қарсы алды
Екі жүз кісі шығарып.
Жүремін десе ауылына,
Жібермеді батырды
Үлкен-кіші жабылып.
Жеңгесі мен балдызы
Алдынан шықты бұралып,
Қыз-келіншек шулайды
Жан-жақтан келіп құралып.
Емшегі шыққан балдыздар
Төсін басып ұялып,
Жақсы-жаман жігіттің
Бәрі де болды сыналып.
Кілем төсеп есікке,
Кіргізді үйге құрметтеп,
Ізеттік іс бір өрге?
Назым келіп қол алды
Ғашықтарша бұрынғы,
Солардан қалған сүндет деп,
Дастарқан жайып сылдырлап
Бармақ Мұқанбайұлы
Жеңгелері көлбектеп,
Құйылып қымыз, ет келді,
Үстін-үстін өрнектеп,
Қыз бен күйеу қалжыңдап,
Отыра берді ермектеп.
– Шаршап келдім, ұйықтаймын,
Төсек сал, жеңге, жөндеп, – деп.
Тамашамен таң атты,
Күлкіменен күн баты,
Батыр көріп құрметті,
Үш күн өтті сәулетпен.
Әзімбай балаларын қасына алып, қызын дәулетіне
сәйкестеп жөнелту қамына кірісті. «Барлық не дегіз
бейді, жоқтық не жегізбейді» деген емес пе, барлықтың
арқасында жұрт сүйініп, дұшпан күйінгендей етіп, батыр
мен қызын ел көшкендей етіп, еншісін толықтап жөнелтті.
Осындай дәулетпен батыр еліне келіп, тоқсан үй тобырын
қуантып, алып келген дүниесін ортаға салып, аяқ жетер
жердегі елге хабар беріп, бір үлкен ат шауып, жамбы
атқызып, сайыс-күресі бар – тамашалы той істеуге кірісті.
Қамбар айтты: – Алшыораз,
Сендер маған той қылма.
Үш күн жаттым күйеу боп
Назым сұлу қойнында.
Қайтамын, – деді, – еліме.
Көңлімдегі өзімнің
Бір той қылмақ ойымда,
Өзің білгін, тобырым,
Бармақ Мұқанбайұлы
Қанша мал жетер союға.
Еліне хабар береді
Әзірленіп тұруға.
Қимылдаңдар, тобырлар,
Той қылмақ болса ойыңда,
Батыр қашан келед деп,
Тосып жүр тобыр жолында.
Күйеу мен қызды байдың қайтаруы:
Назымға тіккен отау деп,
Кең сазға жайлап қондырып,
Жасаймыз деді бір үлкен
Ел көрмеген той қылып.
Мың үй тікті қатарлап,
Арасын көше жол қылып,
Мейманды тосып тұрсын деп,
Парлап жігіт қойдырып.
Тобыр сондай той қылды,
Есепсіз мал сойдырып,
Риза қылды көп елді
Сыйлауменен тойғызып.
Батыр Қамбар елге айтты: Ат қонаға жіберіліп, тарту
сый болады, тоғыз күндей тамаша болады деп айтты:
– Тоғыз күн қонақ болады,
Қонаға атты жөнелтіп,
Есебін аттың алады.
Тура бес жүз шамалы.
Бармақ Мұқанбайұлы
Тоғыз жүз алтын, жүз жамбы, –
Бас аттың болды бәйгесі,
Тоғыз құндыз, он бір сілеусін,
Арыстан, жолбарыс терісі
Алдыңа алып салам деп,
Алтайы түлкі тоғыздан
Қарасаң көзің талады.
Отыз атқа бәйге бар
Озғандары алады.
Осылай болды батырдың
Жұртқа берген хабары.
Атты былай жөнелтіп,
Күреске шықты сайыспен,
Қандай қиын күресу,
Қабырғасы сытырлап,
Бақайшағы майысқан
Талай палуан келіпті.
Күреспекке алыстан.
Тоқмамбет деген жығыпты,
Жігіт екен арыстан.
Он түлкі берді алтайы,
Ел сүйініп қалысқан.
Бес құндыз болды бәйгесі
Қатындардың жарысқан.
Сайысшылар да сайысып,
Тобырдан шығып Ақпамбет
Алыпты оның бәйгесін.
Найзаменен қағысып,
Бармақ Мұқанбайұлы
Бұған да тіккен бәйгесі
Жеті құндыз болыпты,
Бес тай, тағы сілеусін.
Төртіншіде кезекпен
Мергендер келді талаппен,
Байлаулы тұрған ағашта
Жамбыны бұлар қарапты,
Жамбыны атып алмаққа
Ысқыртады садақты.
Тигізе алмай көбісі,
Көріп жатыр азапты.
Табан тіреп тұрғызбай
Аттарын қуып сабапты.
Тоқмамбетпен немере
Жобадай атып түсірді,
Жігіт еді талапты.
Сырттан қасқыр терісі
Он екі болған бәйгесі,
Бұған да жұрты қарапты.
Ертеңгі күн түс қайта
Бір шаң шықты бұрқырап,
Бөкендей ағып зырқырап.
Елдің бәрі «қайсы ат?» деп,
Асығып тұрды шұрқырап,
Шыңылдаған дауысқа
Сай-сүйегі сырқырап.
Көрінді сонда қасқаның
Маңдайы күндей жарқырап,
Бармақ Мұқанбайұлы
Сауырдан тері тамшылып,
Төрт аяқтан шыққан от
Шақпақ тастай жалтылдап.
«Бекқожа» деп ұрандап
Баланың даусы шаңқылдап.
Маядай мойнын созады,
Шү дегенде жануар
Ұшқан құстан озады.
Келе жатыр арындап
Бұрқылдаған тозаңы.
Тастағанда құлаштан
Арқаң жаман қозады.
Төрт тұяғы шарадай,
Ерні кеткен салпылдап,
Аузында тісі арадай.
Кекілі сұлу жібектей,
Шырақтай көзі жанады,
Алдынан зулап өткенде
Батырдың көңілі болыпты
Сүйсінгеннен баладай.
Дауыстап қуып барады
Аттары жетіп шаба алмай.
Енді артына қараса,
Тағы бір ат көрінді
Бұлаңдаған шабысы.
Оны байқап қараса,
Мақтымнан түскен Тарлан ат.
Тоқмамбет көріп мұны да,
Бармақ Мұқанбайұлы
Жете алмай атқа қамшылап,
«Ия, Әруақ!» – деп қуанып
Тоқаң да айғай салады.
Екіншінің артынан
Үшінші қылып Алшыораз
Күреңін қуып барады.
Ендігі атты шұбатып
Даяшы қосып санады-ай,
Бірқатар ат зорығып,
Көбі жолда қалады-ай.
Ұрыс-жанжал жоқ болып,
Жақсы болып тойы тарады-ай.
Дабысы шығып Қамбардың
Мұнша жұртқа білініп,
Қалмаған сөзден сүрініп,
Дұшпаны сырттан түңіліп,
Басшы болып тобырға
Көрсетті жұмыс ірілік.
Бармақ Мұқанбайұлы
БАРМАҚ ПЕН ЖАНАТ
Жанат:
Ей, Бармақ, айтшы неге қойдан қаштың?
Ұйықтап жатқан бір қыздың бетін аштың.
Жанат сенің теңің бе, сорлы қойшы,
Шыдамасаң, бұл тойдан тұра қашқын.
Бармақ:
Келгенім рас еді қойдан қашып,
Айыпты болып қаппын бетіңді ашып.
Тәртіпсіз, Жанат, сенің сол жігітің.
Жатқанда тұншықтырды мені басып.
Айқайлап ажыратты шал жаны ашып,
Дүре жеп күйеу бала кетті қашып.
Шып-шып боп құйрығынан май шыққанда,
Кетті ме, жазған Жанат, жаның ашып?
Жанат:
Ал, қойшым, келе алмайсың ширегіме,
Біреудің әуес болма үйрегіне.
Біреуді орға жығып жүргенінде,
Сенің де бәле кірсін бүйрегіңе.
Бармақ:
Жанат қыз, кемсіткенің естен кетпес,
Жастықпен бетіңді аштың, ештеңе етпес.
Жігітке қыз қарғысы майдай жағар,
Десең де ішің кепкір, ештеңе етпес.
Жанат:
Ей, Бармақ, кімге дәрі қойшы басың,
Сенімен теңемеймін бай баласын.
Бармақ Мұқанбайұлы
Сен бізге жарты жылға жалданарсың,
Аулымның сыпырасың айналасын.
Бармақ:
Жанат, сен неменеге шаттанасың,
Жарты жыл жалшы бол деп мақтанасың.
Үйіңде өмірлікке жүрмекпісің,
Бір күні басқа жұртқа аттанарсың.
Жанат:
Қасыңда-ай, ау, қойшы, жарың да жоқ,
Бетіңде ұялатын арың да жоқ.
Қойшыға қойшы жаны ашымай ма?
Бастым ғой сен қойшыға қып-қызыл шоқ.
Бармақ:
Қойшының біледі ғой қойшы жайын,
Қойшыны жұмсап жүрген сенің байың.
Болса да бай баласы құнын тартар
Сол қойшы өліп кетсе жазатайым.
Қыз Жанат, өлеңім бар, өнерім бар,
Сондықтан деп жүрмін мен, жарым дайын.
Жанат:
Жігітім ашуланды сені боқтап,
Сен неге айқай салдың босқа оттап.
Өлсе біздің қойшы өлер, жұмысың не,
Кімнің жүрсің сонда сен құнын жоқтап?
Бармақ:
Деуші еді әйелдердің жолы нәзік,
Сөйледің кедейліктің бәрін жазып.
Бармақ Мұқанбайұлы
Алдыртқын жігітіңді осы тойға,
Мен — тәуіп, бір дем салып кетем жазып.
Жанат:
Бармақ, сен ақын емес қу баласың,
Қу баласың дегенге қуанасың.
Еліңнен асып жүрген тәуіп болсаң,
Шешеңнің жазып алғын құлғанасын.
Бармақ:
Шешемнің құлғанасын әкем баққан,
Жазған соң сонан шешем мені тапқан.
Әкемнің сол дәрісі менде де бар,
Сатып ал шамаң келсе, сауап татқан.
Бармақ Мұқанбайұлы
БАРМАҚ ПЕН КЕНЖЕҚОЖА
Бармақ пен Кенжеқожа Қордайдағы мал базарда
кездесіп қалады. Кенжеқожаның шеткірек бір биіктеу
жерде тон киіп отырғанын бірінші көрген Бармақ өлеңмен
сәлемдеседі:
Бармақ:
Ассалаумағалайкүм, тонды қожа,
Алып кел берегірек қолды, қожа.
Сәлемді іздеп барып бере алмадым,
Кезегі осылайша болды, қожа.
Қожаның қаңғып жүрген біреуі едің,
Атаңның әруағы қонды, қожа.
Деп жатыр біреу олай, біреу былай,
Біреулер деп айтады оңды қожа.
Екі елдің үстіне емші болып,
Шекпен тауып кимеген сорлы, қожа.
Кенжеқожа:
Осынша жанның ішінде
Түсті ме көзің тондыға.
Көтеріңкі ғой көңілің,
Бермедің жөнді қолды да.
Өзіңше бөсіп сөйлейсің
Елдегі нашар сорлыға.
Такаппар болды әзәзіл,
Ақыры оның оңды ма?
Мүсәпір болды пайғамбар,
Сонымен жаман болды ма?
Ақылды болды Аплатон,
Ажалдан аман қалды ма?
Бармақ Мұқанбайұлы
Ибраһимді намарт отқа атты,
Сонымен отқа жанды ма?
Отыз ұл беріп Дәуітке,
Түсірді жаһан алдына.
Қарынбайды жер жұтты,
Ешбір жан назар салды ма?
Солардай-ақ боларсың,
Салтанат құрып сән қылма.
Әлемге ұстын болғандай
Өзіңді-өзің даң қылма.
Шарпуың тиіп шап сөйлеп,
Жаһанның жүзін шаң қылма.
Есірік болған құландай,
Ылдидан өрге қарғыма.
Шүкірлік қылып сөйлегін,
Жоқ қылад тағдыр барды да.
«Ой, қожеке, мен әзілдеп сәлем беріп ем, сен шындап
кеттің ғой, түбі бір белдесуіміз бар екен» — депті Бармақ
ақын. Сонда
Кенжеқожа:
Е, сен дағы мен шындасам шындаймысың,
Тиетін көрінгенге жындаймысың?
Сөзіңе қару сөз де айтар едім,
Бірақ сен сөз мәнісін құндаймысың.
Өзіңе өзге жанның сөзі тисе,
Құрт жеген ағаштай-ақ сынбаймысың.
Бар сөзді бағалы қып айта алмастан,
Тұңғиық томырайып тынбаймысың,—
деген екен.
Дүр Оңғар
Дырқайұлы
(1859-1902)
АЙТЫС
Дүр Оңғар Дырқайұлы
ОҢҒАР ЖЫРАУ МЕН ЫРЫСТЫ ҚЫЗ
Оңғар жырау:
Етікші етік тігер бізіменен,
Бізден соң ине жүрер ізіменен.
Түрленіп түспес қолға дүние шіркін,
Сағымдай алдап жұртты жүзіменен.
Бір жылша кіре салдым күзіменен.
Басынан Қаратаудың көшкен күні,
Қалыпты бір ат дорба тұзыменен.
Сол тұздың түсіп қалған себебінен
Айтыстым бір төбеттің қызыменен.
Атыңды мен білмеймін, қарағым қыз,
Келе жатқан ұзақ жолдан жолаушымыз.
Ағаңның арнап келген жұмысы бар,
Қайырға болар ма екен бір салым тұз?
Ырысты қыз:
Сұрасаң, менің атым — Ырысты қыз,
Айтайын керек болса ат-есіміміз.
«Тұз» деген қажетіңді, жеңгем білед,
Болмаса одан өзге жұмысыңыз?
Көмірші кіре айдаған толып жатыр,
Өзің де айт, аты-жөнің кім боласыз?
Оңғар жырау:
Баласы ата- ананың жат жұрттық — қыз,
Кететін бөтен елге айдап дәм-тұз.
Білмесең, атымды Оңғар деп айтады.
Дүр Оңғар Дырқайұлы
Бозғұлда қаратамыр, аты-жөніміз.
Жұмысым тұздан да өзге толып жатыр,
Айтайын, қарындасым, бітірсеңіз.
Ырысты қыз:
Базардан алып келген қызыл көрсен,
Керсеннен кім дәм татпас, тегін берсең.
Қажетің ия табылар, ия табылмас,
Мән-жайын білер едік, айтып көрсең.
Оңғар жырау:
Адамзат қайда жүрмес, айдаса тұз,
Талпиды әр тарапқа көңіліміз.
Айтайын «айт» десең мен жұмысымды,
Өзіңдей іздегенім бір сұлу қыз.
Ырысты қыз:
«Бір салым іздегенім тұз» деп едің,
«Жолаушы, шын мүсәпір біз» деп едің.
Сөзіңнің алғауы көп жан екенсің,
Қаруы қайтпайтындай ештеңенің.
Жолыңнан қалмай-ақ қой дәмеленіп,
Алдыңнан шыға берсін іздегенің.
Оңғар жырау:
Керуен күн-түн қатар сүргін болып,
Көңілімде қалды айтқаның кірбің болып.
Істерсің, істемессің айтқанымды,
Үйіңе кетсем қайтед бір күн қонып!
Ырысты қыз:
Үйімді қызғанбаймын «қонам» десең;
«Жай жатып, жақсы қонақ болам» десең.
Дүр Оңғар Дырқайұлы
Кісідей ұстамалы ауруы Сар,
Орныңнан түнде тұрып елірмесең?
Оңғар жырау:
Кей-кейде әдетім бар елеурейтін,
«Бітір, – деп, – қажетімді» жеделдейтін.
Күтініп, кең салып жат төсегіңді,
Қонақтан дәмең болса, «келер» дейтін.
Қалмасын қатарыңның көңілі ренжіп,
Нәрсе жоқ өзгеріліп «кенермейтін».
Ырысты қыз:
Күте бер, олай десең, «көнергенше»,
Тілеуқор болып сырттан өле өлгенше.
Болмаса адал жолмен ізденсейші,
Қол жайын көрінгенге, тіленгенше.
Оңғар жырау:
Көбейер, күз басталса, жел менен күз,
Кеткен соң қырық күн шілде, сарша-тамыз.
Секілді олжа малы қардың суы,
Қашаннан жұртқа жеңсік қыз бен қымыз.
Несіне білмейтіндей бұрмалайсың.
Болмап па ед атаң – жігіт, анаңыз – қыз?
Ырысты қыз:
Алты айдың – үшеуі жаз, үшеуі күз,
Екі елу – ердің жасы болады күз.
Кездестің келе жатып көш жөнекей,
Отырсаң, үй тіккенше кідіріңіз.
Дүр Оңғар Дырқайұлы
Оңғар жырау:
Болғанда үш ай тоқсан, қатады мұз,
Қар жауып, қара жерде болады сыз.
Үйің тік, олай десең, малыңды сой,
Бір қоста, жолдасым бар, он кісіміз.
Ырысты қыз:
Шаруаның қар жалаған, малы семіз,
Туады мал семірсе, төлдеп егіз.
Қонаққа қойымыз жоқ соятұғын,
Шұбыртып сонша бәрін, біздің неміз?
Оңғар жырау:
Қолыма, жырла десең, домбыра бер,
Менманға назарыңды оң бұра бер.
«Қырықтың бірі — қыдыр» деген сөз бар,
Он түгіл, жүз де болса қондыра бер.
Ырысты қыз:
Қыс болса, түлкі, қарсақ жортар саймен,
Санаспас, білмеген жат, жай-жағдаймен.
Күніне жүз кісіні сыйлайтұғын,
«Жомарт бар» деп пе едің тең Атымтаймен?
Оңғар жырау:
Қашаннан хан мен төре — ел ағасы,
Шығады жоғарыдан су сағасы.
Жомарттық етпесең де Атымтайдай,
Ағаңа бермеймісің қонақасы?
Ырысты қыз:
Бұл кезде, би мен болыс — төр ағасы,
Жылқының көзге қораш көк аласы.
Дүр Оңғар Дырқайұлы
Қыс болса шаруаның жайы мәлім,
Көп болмас, көңіл-қоштық ырадасы.
Қар жауып, үй тігілмей жатқанында,
Қой, жаным, қонақасы сұрамашы.
Оңғар жырау:
Дау болды-ау қонақасы арамызда,
Бар болса, түсінер ең санаңызда.
Еншіміз қонақасы айрылмаған,
Айрылып көре тұра қаламыз ба?
Құдайым, қайдан бізді кез келтірді,
Кескенде қан тамбайтын сараң қызға?
Ырысты қыз:
Қонағым, ақырында қас болдың ба?
Білместей жай-жағдайды жас болдың ба?
Мен, саған «жөн сілте» деп тұрғаным жоқ,
Айта бер ақылыңды басқа орныңда!
Аузыңа келген сөзді қайтармайсың.
Базаршым тентіреген, мас болдың ба?
Оңғар жырау:
Ау, жаным, мына сөзің тиді жаман.
Айтасың ашындырын қалай маған?
Кемді күн қыз да қонақ, бір секілді,
Бұтына ошағының болмас таған.
Сөгесің неге бізді жүрген түзде,
Далаға шықпайтын ба ед сенің ағаң?
Ырысты қыз:
Қолында құсбегінің биялай-ды,
Атады мерген тосып құралайды.
Айтылған ишаратқа түсінеді
Дүр Оңғар Дырқайұлы Жақсы адам жайды білген, сынамайды. Далаға менің ағам шықса-дағы. Тентіреп қонақасы сұрамайды. Оңғар жырау: Болмады айтпасқа сөз саған тағы, Шымшыған тиді тілің маған тағы. «Атаңнан мейман ұлық» деген қайда? Білмесең, ол — кемістік, шалаң тағы. «Қайырды қабаған ит байлар» деген, Ауылды сен билесең, қараң-дағы. «Тентіреп, қонақасы сұрадың» деп, Тек жапқан сылтауратып жалаң-дағы. Бетінше кеткеніңіе қайырусыз, Жеңген мен жақсы ат алмас ана-дағы. Бола алмай ауылға – ие, әйелге – ер, Ойлап көр, не болғаны ағай-дағы, Қыдырып қонақасы іше алмаса, Атаң да бір нәсілсіз жаман-дағы. Осымен тоқталарсың тілімді алсаң, Болмаса, бұдан да өзге табам тағы. *** Сол жерде қыз жауаптан кідіріпті, Деп айтқан: «Аға тілін алам-дағы». Қоштасып тарасыпты жөн-жөніне, «Сау бол – деп, көріскенше, аман-дағы». Оңғардың Ырыстымен айтысының Аяғы осыменен тамам-дағы.
Ерімбет
Көлдейбекұлы
(1844-1916)
АЙТЫС
Ерімбет Көлдейбекұлы
ҚАРАСАҚАЛ ЕРІМБЕТ ПЕН ЖЕКЕЙ ҚЫЗ
Қарасақал Ерімбет:
Елібай Шықырауқұдық, жерің байтақ.
Көп екен байтақ жерде Елібай-ақ.
Бұл үйде жоқ сұрайтын адам бар ма?
Жоғалттым бүгін он күн, екі саяқ.
Жоқ еді ен-таңбасы бөтен түрлі,
Саяқтың бірі – шалбас, бірі – ала аяқ.
Мал деген адамзаттың бауыр еті,
Тұтынған тірілікте жанға таяп.
Шыдамай сұрау салып іздеп шықтым,
Қарауға жатыр едім атымды аяп.
Жекей қыз:
Бұл елдің бөтен мал жоқ саяғында,
Бар ма еді бекітуі аяғында?
Өлеңді бас жоқ, көз жоқ қоя берген,
Сүйенген бұл кім еді, тіл-жағына?
Елібайда мен білмеген жігіт бар ма ед,
Сен менің жүруші едің қай жағымда?
Қарасақал Ерімбет:
Әуелі сиынамыз пірімізге,
Сиынсақ медет берер тілімізге.
Кеңітпей, тар төсекке сия қалман,
Абайлап көзің салсаң түрімізге.
Бір қолым Еділ, Жайық саласында,
Ей, жаным, ұнаймын ба көңіліңізге?
Ерімбет Көлдейбекұлы
Жекей қыз:
Сиынсаң, сиына бер, пірлеріңе,
Көтерген ауыр жүкті пілдеріңе.
Елібай бөрік кимей, сәлде орай ма?
Қарасам Әлімсің ғой, түрлеріңе.
Қоншыма сиғызамын, қойным түгіл,
Симасаң неге келдің жерімізге?
Қорғалап Елібайға жаның қалған,
Сын тақпа, қашақ Әлім, елімізге!
Еркіне қашағанның жүйрік қоймас,
Кіре бер тығылатын көріңізге.
Қарасақал Ерімбет:
Жекей қыз, мұның қалай, келген жерден,
Кім келді Елібайға біздің елден?
Жақсының ісі осындай бола ма екен?
Сөзің бар әжептәуір бежірейген.
Әуелден хақтың ісі бұл оқиға,
Тұз айдап шығып жүрміз елімізден.
Қайғылы көкірегім халық сағынып,
Ей, жаным, көрісейік, шықшы бермен!
Жекей қыз:
Біліп ем, сөйдеріңді сөйлегеннен,
Жақтайсың жауап айтып келген жерден.
Нағашым, я жиенім емессің сен,
Көрісіп жын ұрып па көрінгенмен.
Әуелі сыр алысып, сын түйіспей,
Сыпайы сүйте ме екен бір көргеннен?
Ерімбет Көлдейбекұлы
Қарасақал Ерімбет:
Тұз айдап шығып жүрміз елімізден,
Үй десең біз де қайттық пейілімізден.
Баяғы бақыт қолда тұрған шақта,
Сен қызды түсірер ем деміңізден.
Азғырып әзәзілдің тіліне еріп,
Сөйлер сөз көрініп тұр лебіңізден.
Ей, жаным, аударылмай тура сөйле,
Мен ондай жолдас емен шайтаныңмен.
Азғырған адамзатты әзәзілдей,
Отырмын шайтаныңды көріп көзбен.
Жекей қыз:
Молдеке, жаңа келді айтар сөзім,
Мен сірә мезгемеуші ем шайтанға өзім.
Барғанда ақиретте орным қай жер?
Білсең айт, қашақ Әлім, жетсе көзің.
Сөйлесіп көзі ашықпен болды жолым.
Қырық шілтен қыдырмысың сенің өзің?
Кісіге келмей жатып «үйден шық» – деп,
Жөн-ақ па, өз көңіліңе осы сөзің?
Қарасақал Ерімбет:
Айрылған үйірінен мен бір марал,
Бәйтерек басын шаңдап, құс ұялар.
Әр жерде бұл жел сөзді айтып жүрмін,
Сөзімнен жүргенім жоқ көріп залал.
Жабыққан жарым көңіл жан болған соң,
Ойлап ем қыз шығар деп көңілге алар.
Ерімбет Көлдейбекұлы
Ей, жаным, аза арулы, сый сатулы,
Сенің де жаман айтсам көңілің қалар.
Жекей қыз:
Ей, Әлім, байқап сөйле, тарт тіліңді,
Өзіңе көп қылармын бұл күніңді!
Атымды, затым түгіл жаңа есіттің,
Сен менің біліп едің не мінімді?
Ей, Әлім, жер кімдікі, су кімдікі,
Қай жерде абайлашы жүргеніңді?!
Қарасақал Ерімбет:
Жекейжан, сен де абайла, тарт тіліңді,
Айтасың маған тауып барлық мінді.
Шаян-тіл, шағып айтқан өз елімде,
Кетуші ем келеке ғып сендей күңді.
Жекей қыз:
Молдеке, сөз айтасың қатты тасып,
Кісі жоқ қорғалайтын, сенен сасып!
Еліңде күң сөйлетпес мырза болсаң,
Жұртыңнан не ғып жүрсің мұнда қашып?
Қайырып түсіруге пұрсатым жоқ,
Басымнан мына сөзің кетті асып.
Кісіні кеміткендей келмей жатып,
Қай жерден су ішіп ең, сонша адасып?
Қарасақал Ерімбет:
Жекейжан, қайтып білдің қашқанымды,
Елібайда қашып жүріп сасқанымды?
Ерімбет Көлдейбекұлы
Бойыңда айтар мінің сенің де тұр,
Басайын мініңді айтып шайтаныңды.
Алдымнан бүйтіп сірә аса берме,
Бекер-ақ айтпас болар құр сағымды.
Жекей қыз:
Ей, Әлім, «қу бас» десем келер кәрің,
Қашуға жетпес еді сенің әлің.
Біреудің ақ балалы жарын алып,
Кететін жұрт бүлдіріп сендей залым.
Көзіңді аш, жұрттан шыққан, не сөйлейсің,
Болды ма менің жайым саған мәлім?
Қарасақал Ерімбет:
Мен бұрын естіп едім сенің жайың,
Мін тапсам өз басыңды баяндайын.
Жалайыр өзі жаман, Қырықбай сақау,
Мен білсем, сол емес пе сенің байың?
Жүрсем де жұрттан шығып, теңім таптым,
Мен айтып өз мініңді аңғартайын.
Мен емес біліп айтқан сенің сөзің,
Мін айтқан әуел бастан едің өзің.
Мәскеудің пұлы қымбат қамқасына
Бұқардың теңгересің ақша бөзін.
Білмесең әйел жайын мен айтайын,
Ойылсын жылауменен екі көзің.
Жекей қыз:
Молдеке, болдыңыз ба мінімді айтып?
Айтуға ұяларсың енді қайтып.
Ерімбет Көлдейбекұлы
Тұзындай жақсы кеннің тілі тәтті,
Көрмедім сірә сендей адамзатты.
Алты Әлім, бес Шектілі елің болса,
Сен маған білдіруге жөніңді айтшы?
Қарасақал Ерімбет:
Әлімде алты жүйе, бес Шекті көп,
Айтатын әдетім жоқ сөзімді ептеп.
Екеуі алты Әлімнің Қарасақал,
Ішінде бізді айтады Сарыбас деп.
Ей, жаным, мен де сенен сөз сұраймын,
Айтады арғы атаңның атын кім деп?
Жекей қыз:
Мен сенің тоқталмаймын бұл сөзіңе,
Жарқыным, қарай сөйле сен де өзіңе!
Әуелі өз атыңды айтпай жатып,
Атамның менің саған керегі не?
Қарасақал Ерімбет:
Сұрасаң, менің атым ақын Ержан,
Сөзім жоқ, сенен қорқып, кейін қалған.
Анықтап арғы атаңды айта алмайсың,
Түйедей төрт тағандап тұрып алған.
Атын айт өз әкеңнің, есітейін,
Айтпасаң арғы атаңды онан әрмен.
Жекей қыз:
Сүйретер орыс шана қатқан сеңнен,
Мінемін Кершабақты жайлап жеммен.
Ерімбет Көлдейбекұлы
Ниетің мысық тілек кісі екенсің,
Сен-дағы не айта қойдың сұрағанмен?
«Өзіне шымшық батпан» деген сөз бар,
Құлмысың, құтанбысың, жөнің білмен.
Молдеке, ата текті не қыласың,
Абайла, өзім қандай, өзіңменен?
Қарасақал Ерімбет:
Шырағым, кемітпеймін өз басыңды,
Еркекке теңеймісің ұрғашыны?
Көтеріп көңіліңді айтып едім,
Баладай кім үйретті жармасуды?
Әріптес мұнан былай болмасақ та,
«Тастама,– деген сөз бар,– жолдасыңды».
Қыз Жекей, келген жерден мінімді айтып,
Не жаздым, мұнша әлектеп бір басымды?
Тең ғой деп Елібайға келіп едім,
Білгенде келемін бе симасымды?
Жекей қыз:
Елібай арамза емес, аңқау елі,
Көңілдің көтере айтса, шығар желі.
Манағы өзің айтқан керісудің
Ереке, енді лайық келді жөні.
«Сыпайы сыр бермейді» – деген сөз бар,
Көріссең, қолыңды бер, келші бері!
Ерімбет Көлдейбекұлы
Қарасақал Ерімбет:
Қыз Жекей, мүдірмейсің, тілің жорға,
Сөзімді қадір тұтсаң, шықшы мұнда.,
«Атаңнан қонақ ұлық» деген сөз бар,
Жарамас такаппарлық, жақсыларға.
Жекей қыз:
Сөзіме тілім айтқан, тісім куә,
Жел сөзді жетіліпсің қуа-қуа.
Елібай жақсылығын ұмытсаң сен,
Қайраты ердің қылған кетер зая...
Қарасақал Ерімбет:
Қазанда қар ұшады, қауылдырық,
Келеді құбыла жақтан дауыл тұрып.
Жолаушы жалғыз атты жолым үлкен,
Сенің де тұр ма келсең жүйкең құрып?
Алыстан ғашық болып келгенімде
Жапсардан сөз сөйлейсің мойның бұрып.
Алдыңда көлбеңдеген мен қоңыр қаз,
Шөлдегі қара бауыр сен бұлдырық.
Таста өсіп, тауда туған сен бір марал,
Сен мені шақырасың үйде отырып.
Жекей қыз:
Молдеке, қайда қалған сенің көңілің?
Қызыл үй орыс салған бөлім-бөлім.
Он үйге «ондық» деген төре қойып,
Бес теңге айыбы бар жесең шөбін.
Ерімбет Көлдейбекұлы
Алты ай қыс Атырауда малың жұтап,
Жаз малың жерден оттап үзбес көгін.
Мақтанып құр өтірік, өкпелейсің,
Білмейсің, ақылыңның азын-көбін.
Неке жоқ қатыныңда, малда зекет,
Айтамын шариғаттың арғы тегін.
Мінгенім дәйім менің асау керім,
Керменен көрдім Сырдың талай жерін.
Адамның келген жерден мінін айтып,
Жекейдің бір сындырдың басып белін.
Жасымда Жалайырға әкем берген,
Ол емес, енді ойласам, менің теңім.
Әр жерде есі бүтін елден шықпас,
Қарашы, бұл жарымес, антқан сөзін.
Теңіне сіздің Әлім тек бере ме?
Әлімге мені де апар, тапсаң ебін.
Әлімнің ақылы жоқ, түйе заңдас,
Өлтірткен Жанқожадай асыл ерін!
Қайран ер нахақ өліп, құнсыз кетті,
«Әлімнің қорғаймын,– деп,– бүлген елін!»
«Төрт жағым – төрт құбыла!» десең-дағы,
Аз емес, санаң болса, қайғы-шерің.
Молдеке, ақылың артық, дүр – данасың,
Орынсыз жаппа маған сөз жаласын!
Соқтықпай жөніңе жүр, тілімді алсаң,
Болмасқа әуреленіп, не қыласың?
Қалдырып халқын дауға, жұрттан шығып,
Ерімбет Көлдейбекұлы
Қорғаған не болады жалғыз басын?
Өлгенде ол баладан не көреді,
Тірідей отқа салса ата-анасын?
Кел, енді көріселік қолыңды бер,
Бастаған үлкен едің сөздің басын!
Тілемес Есболұлы
(1846-1933)
ӨЛЕҢ
Тілемес Есболұлы
ШАБДАННЫҢ ҮЙІНДЕ АЙТҚАНЫ
Домбыра екі шекті қолға алайын,
Азырақ тамаша етіп ән салайын.
Арғы атам аты шулы ер Өтеген,
Мен неге бұл арада қорғанайын?
Бабамның белгілі аты бар қазаққа,
Ұлы жүз, Қоңырат, Үйсін, көп Дулатқа.
Орта жүз – Уақ, Керей, Арғын, Найман,
Кіші жүз – Алшын-Жаппас, кең аймаққа.
Бабамды құрметтейді барлық қазақ,
Әңгіме, жыр етеді, есіне ап.
Ерлігін, батырлығын мақтан етіп,
Мың ақын Жетісуда жүред жырлап.
Соның бірі екейде –
Қырғыз білер Сүйінбай.
Қатағанды қатырған,
Төбеден ұрып өлеңмен,
Тал түсте соққан құйындай,
Қырғыздар бізге белгілі,
Бұдан да өткен бұрында-ай.
Ел сөзінен бастайын,
Басқа жаққа бұрылмай.
Батыр көп-ті қазақта,
Қайрат еткен елі үшін.
Басын қиған өлімге,
Сайлы сала, ен дала,
Адырлы қырға бел үшін.
Сарқыраған ағын су,
Тілемес Есболұлы
Мөлдірей тұнық көл үшін,
Биік таулы кең алқап,
Туып өскен жер үшін,
Сахарада сайраңдап,
Еркін өскен ел үшін.
Осындай ердің бірі еді,
Халық аузына ілінген,
Еңбегі жұртқа білінген.
Құрметті өткен бабамыз,
Дулаттан шыққан Өтеген.
Аты-жөнін сұрасаң,
Дулаттан бастап таралған,
Жаныстан бастап саналған,
Жарлығамыс, Бәйдібек,
Таралғанның Бұқардан,
Біреуі еді Сырымбет.
Жетісудың көк орай,
Айдында сала алқабын,
Өсті ұрпағы мекендеп,
Ел аузында мақал болып,
«Қамыс көп пе, болмаса,
Жаныс көп пе?» – дегендей,
Сырымбеттің ұлдары,
Жеке-жеке ауыл боп,
Өсіп еді желілеп.
Сырымбеттен таралған,
Жылқыайдар мен алтау ед,
Барлығынан ішінде,
Өтеғұлдың ұлы көп.
Айтушы еді ағайын,
«Мал мен басты бірдей қып,
Тілемес Есболұлы
Құдай бұған берді», – деп.
«Тіл тас жарар» – дегендей,
Ауыр іске жолығып,
Бір жетінің ішінде,
Оба деген аурудан,
Он екі ұлы қырылып,
Өтеғұл зарлап жылап ед,
«Өткен іске өкінбе,
Туған адам өледі.
Жазуы деп алланың» -
Күйігіне шыдап ед.
Жүргенде солай зарғығып,
Кең дүниесі тарылып,
Келгенде жасы алпысқа,
Уайымға алынып,
Қабыл болып тілегі,
Жарылғандай жүрегі,
Бір ұл көріп артынан,
Жайнайды гүлдей жер-кегі.
Елдің салты ежелгі,
Келе жатқан ертеден,
Шақырды елді тойына,
Ылғи құда, бөртеден.
«Өтелді, – деп, өлгенің» -
Жиналған халық ұйғарып,
Атын қойған Өтеген.
Өтеген өсті дүрілдеп,
Өмірге жайып құлашын.
Айрықша адам ед,
Сүйегі ірі, шын асыл.
Тік қабақты, үлкен кез.
Тілемес Есболұлы
Жанары өткір болатын.
Төбесінде мүйізі,
Көрсетер еді өзгеше,
Ажарлы етіп нұсқасын.
Он жасына келгенде,
Сыртынан көрген адамдар,
Балаға оны қоспайтын.
Қара торы, қыр мұрын,
Дейді халық сипатын.
Оннан аттап асқанда,
Он бірге аяқ басқаңда,
Қаза болып әкесі.
Жас Өтеген айрылды,
Мәпелеген әкеден.
Әкесінің інісі,
Өтеп еді жаны ашыр.
Бірге туған екеуі,
Бір әке, бір шешеден.
Көрсетпеді жетімдік.
Өтегенге ер Өтеп,
Қабағына қарады.
«Жетім ісі қиын», – деп,
Тел өсірді батырды,
Жас ботадай мәпелеп.
Жігіт болды Өтеген,
Он алтыға жасы кеп,
Сауық етті ауылда,
Тамашалы сылқым боп.
Ертелі-кеш жүргенде,
Жылқы жаққа барып кеп.
Аралаушы ед жылқыны,
Тілемес Есболұлы
Көңіліне жағар ат іздеп.
Қоя берді еркіне,
Үндеместен ер Өтеп:
«Атын өзі тапсын», – деп.
Талабына разы,
Қуанады ішінен,
Ойында оны сынау тек.
Бауырының талабын,
Қайткенде Өтеп көрсін жек?!
Кездесті бір күн жылқыда,
Бас жылқышы шал Құсеп.
Жақын келді Өтеген,
Көпті көрген ата деп.
Түсіндірді бар ойын.
Аралайтын жылқыны,
Жанына серік ат іздеп.
Қабыл алып тілегін,
Ертіп жүрді баланы,
Түсінген соң қарт Құсеп.
«Біраз саяқ Қараойда,
Жайылушы еді – деп бөлек.
Ат жүргізбес оралып,
Қараойдағы қалың шөп,
Жаны сүйер жылқының,
Белесінде қырауыт,
Бөріктей топ-топ ебелек.
Жайылып жүрген жылқыдан,
Көрсетті қартың бір тайды,
«Берер атым мынау», – деп.
Беткейде жусап тұр екен.
Ұзын мойын, қысқа бел,
Тілемес Есболұлы
Марал құлақ Қаракөк.
Байқап әбден көрген соң,
Жауап берді Өтеген.
«Көңіліме ұнайды», – деп.
Естіген соң ол сөзін,
Жылқыны топтап жинады.
Шошытпай жайлап қарт Құсеп.
Өтеген салды бұғалық,
Қыл арқанды ілгектеп.
Сескенген бойы асауың
Секіргеуде атыла,
Қос қолдап тартты Өтеген,
Үзеңгісін нық тіреп.
Қылқынған асау тоқтады,
Қақпанға түскен қасқырдай,
Қолтық еті дірілдеп.
Арқанды орап білекке,
Тартты өзіне біртіндеп.
Долданған асау міз бақпай,
Төрт аяқтап тұрды тек.
Жүгендеді Өтеген,
«Іздегенді таптым», – деп.
Жалынды жүрек арыстан,
Іздегенін тапқан соң,
Мініп алды ер ерттеп.
Астына аты тиген соң,
Райымбек қасында,
Қордайдың келіп басына.
Ұстатып атын досына,
Жаяу барып сиынды,
Үйілген мола тасына.
Тілемес Есболұлы «Жауыңа мен барам», – деп, Жедел мінді атына. ІІ Алатаудың ар жағы, Қалың жатқан қалмақтар. Дулатқа көзін алартып, Күнде шауып мазалар. Тиіпті батыр шетінен, Қырандай самғап түлкі алар. Қасына ерді серік боп, Бір інісі Тауасар. Райымбек, Наурызбай, Басқалары тағы бар. Жаудың бетін қайырып, Беттетпеді көп жылдар. Тыныш жатқан бұл кезде, Жалайыр, Албан, Наймандар. Қорыққанын көрген соң, Аттанды солай қалмақтар. Қарғадай қалың көп екен, Зеңбірегі тарсылдап, Қаптады кәпір құрғырлар. Көрген соң мұны Орта жүз, Үйсінге қарай сырлықты, Екі жүздің баласы, Төмен қарай бір ықты. Елін қорғап өлімнен, Жауға қарсы қол шықты. Қолды бастап, найза ұстап. Өтеген батыр ол шықты.
Тілемес Есболұлы
Қалың қазақ жабыла,
Жауға қарай оқ атты.
Талай жауды Өтеген
Садақпен атты, құлатты.
Жаудың алдын кес-кестеп,
Көшкен елді ұзатты.
Қасындағы батырлар,
Райымбек, Сәмен, Наурызбай,
Райымбек, Мінет, Тауасар,
Жаңа өспірім Молдабай.
Бір жағынан килікті.
Қаракерей Қабанбай,
Қанжығалы Бөгенбай,
Шақшақ ұлы Жәнібек,
Ыстыдан шыққан ер Төлек.
Батырлар қайрат етсе де,
Ығыстырды аз қолды,
Қара қорым жау кептеп.
Сонда да ерлер саспады,
Қорқып ешкім қашпады.
Қарсы шауып Өтеген,
Жауға жолды ашпады.
Қаратаудан өткенде,
Жердің бетін шаң басты.
Қамауда қалып Тауасар,
Өтеген сонда бір састы.
Бауырдың ісі қиын-ды,
Қамшы басып атына,
Топты бұзып, жол ашты.
Қайткенде жауға тастасын,
Жаңа өспірім ол жасты?!
Тілемес Есболұлы
Қалың топта батырға,
Қара күрең ат мінген,
Денесі зор өңгеден,
Қалмақтың мықты батыры,
Сабан Тайшық кездесті.
Өлтірген бұрын Өтеген,
Бірге туған ағасын,
Сондықтан Тайшық егесті.
Ойлағаны бар оның,
«Алсам», – дейді сол кекті», –
«Жекпе-жек, батыр, жекпе-жек» – деп,
Келе сала сұрады
Алғашқы ұрыс кезекті.
Қорықсын ба Өтеген,
«Жасың үлкен көрінед», -
Алғын деді кезекті.
Сол арада жарылды,
Қазақ, қалмақ – екі қол.
Жекеге шығу – ерлерге,
Ежелден бергі ескі жол.
Жұрт көзіне көрініп,
Сондайда қайрат жетпесе,
Жауға шабар батыр ма ол?
Батырлықтың бағасы,
Жекпе-жекте алысып,
Жауды жеңсе, әні, сол.
Орындайтын алдында,
Батырлар қырып қалмақты,
Қаратауды қан қылды.
Кешке дейін ұрыс боп,
Жаудың бетін қайырды.
Тілемес Есболұлы ІІІ Қоныстан ауған қалың ел, Тоқтамай көшіп жөнелді. Олай етпей қайтеді? Қарақұрым қалың жау, Артынан қуып келеді. Үш күн, үш түн өткенде, Көш бастаған Қарабек, Сырға әкеліп тіреді. Сырдың бойы қапырық, Суы ылай кір еді. Маса мен сона ызылдап, Малдың тұрған соры еді. Тоқтай алмай баяндап, Арқалай ел өтеді. Күні ыссы, жері құм, Енді қайда кетеді? Соңынан естіп бұл істі, Өтеген батыр жетеді. Салалы жері тұрғанда, Құмды-шөлді қыдырып, Қазақ қайда кетеді. Жетісу қалса алыста, Қонысына Дулаттың, Сарысу бойы жетеді. Тілін алып батырдың, Халық қайта көшеді, Басында солай беттесе, Жүрер жолы төте еді. Енді мына күз жетті. Қынаптан қылыш суырып,
Тілемес Есболұлы
Жаумен бірге қыс жетті.
Қаңтардың қысы басталып,
Қалың қарлы боранда,
Судан халық зорға өтті.
Біресе сүйреп сал тартып,
Біресе жауға оқ атып,
Өтеген қайрат көрсетті.
Судан халық өткен соң,
Оңына беттеп кеткен соң,
Батырдың қолы шешілді.
Еркімен шауып қаракөк,
Аяғын әбден көсілді.
Бүркіттей самғап тиген соң,
Шыдай алмай Торғауыт,
Кейін қарай жосылды.
Қашып келіп Ташкеннің,
Қорғанына бекінді.
Жусаған қойдай қырылып,
Келгеніне өкінді.
Қираған қалың өліктің
Құзғындар көзін шоқыды.
Келген екен көп кәпір,
Көрейін деп осыны.
Жау қашқан соң жосылып,
Қамалға кіріп бекініп,
Кірмек болды Өтеген,
Тас есігін сындырып,
Сұрады келіп батырдан,
Жаңа өспірім Тауасар,
«Қойыңыз», – деп өтініп,
Райымбек, Наурызбай,
Тілемес Есболұлы
Жолбарыс, Сәмен, Бөгенбай,
Арсары мен Байсары.
Олар да келді жиылып.
Сөз сөйледі батырға,
Артын ала Төле кеп,
Заманында кім жеткен,
Бұлбұлдай шешен Төлеге.
Айтқан сөзі үлгілі,
Жалпыға болған өнеге,
Әділдігі, ақылы,
Атағын жайған бар жерге,
Халқы үшін іс етіп,
Билігі жүрген үш жүзге.
«Ой, Өтеген, Өтеген,
Батыр едің ер жүрек,
Озып туған өзгеден.
Тілін алып үлкеннің,
Залал жоқ сабыр етуден.
Әлә де алда талай бар,
Бармауыңды өтінем.
Елің кетті шұбырып,
Ақ қар, көк мұз суықта.
Ақ табан болған алыс жол,
Бұл сапардан сескенем.
Аш-арыққа қараған,
Бізге пайда өзгеден.
Атыңның басын кейін бұр,
Күтеді көмек ел сенен,
Сөзін естіп Төленің,
Өтеген кейін бұрылды.
Шұбаған елдің артынан,
Тілемес Есболұлы
Батыр енді жөнелді.
Сыр мен таудың арасы,
Құлазыған дала еді.
Түйе шалар түні жоқ,
Жылқы тебер қыртыс жоқ.
Сусын болар сусын жоқ,
Бет қаратпас желі бар,
Ұшан-теңіз дала еді.
Сондықтан халық бұрыннан,
«Бетпақ» – деп оны атады.
Құдай басқа салған соң,
Қоныстан ауып көп Дулат,
Ақ қар, көк мұз аязда,
Басқалармен қосылып,
Солай қарай шұбады.
Алыс жолға жүре алмай,
Қара боран суықта,
Талайлар жолда құлады.
Орта жолға келгенде
Көл кездесіп кішкене,
Шаршаған халық қуанды.
Айнала көлді жағалап,
Алқа-қотан қонады.
Аз ғана күн аялдап,
Арттағыны жияды.
«Көшеміз ертең» – дегенде,
Қатты боран соғады.
Қорғаларға пана жоқ,
Қайда барып бұғады?
Арық мал мен аш адам,
Сол жерде қатып сұлады.
Тілемес Есболұлы Артынан келген батырлар, Тірілерін жияды. Басын құрап халықтың, Біраз сабыр қылады. Осы жерде азғантай, Үш жүзден бүлік шығады. Орта жүз кетіп Арқаға, Кіші жүз кетіп Шалқарға, Ұлы жүз ғана қалады. Көшті бастап Өтеген, Бораннан алып шығады. Аман-есен Ұлы жүз, Хантауына келеді. Өтегеннің бұл ара, Өзінің туған жері еді. ІV Кейін қалған Үйсінді, Төле би құрап жинапты. Білуші еді бұлбұлдың Бетіне келер ұятты. Жолбарысты хан сайлап, Жұрттың басын құрапты. Қаратау мен Хантауы, Саласына орнапты. Дулаттың қолы күшейіп, Қалмақты қайта айдапты. Жауды қуып қаладан, Ташкенді Дулат қайта апты. Қырғыздар оны көре алмай, Іштері күйіп қайнапты.
Тілемес Есболұлы
Сарт пен Қырғыз бірігіп,
Абайсызда бір күні,
Жолбарыс ерді өлтіріп,
Хан көтеріп қалаға,
Қоқым биін сайлапты.
Қатыннан қорқақ Қоқым би,
Соғыспай жауға қарапты.
Кейінгі мына Қынайың,
Жанғараш, Бәйтік, Жантайың,
Қоқым биден үлгі апты.
Түсінер өзі ер Шабдан,
Салыстырса ойланып,
Ар жақ пенен бер жақты,
Біле тұра осыны,
Шабдан қалай жамандар
Ежелден батыр қазақты.
Сол қазақтың баласы -
Әйгілі аты әлемге,
Менің атым Өтеген.
Жолын қуған қазақтың
Келе жатқан ертеден.
Көрсе де талай азапты.
Қайтпаған батыр сертінен.
Абылаймен екеуі
Жауды қуған жерінен.
Хантауы мен Қаратау,
Адырлы-қырқа белінен.
Туып-өскен кең алқап,
Жетісудың жерінен.
Ары қарата асыра
Тілемес Есболұлы
Алатаудың белінен.
Көрген соң мұны ар жақтан,
Қытай, Шүршіт патшасы,
Қаптаған қалың көп әскер,
Ашылған соң құс ұшпас,
Биік қорған қақпасы.
Қаулаған қара шыбындай,
Шүршіттің қолын көрген соң,
Өтеген қарсы шауыпты,
Елден бұрын шыдамай.
Жаудың қарап алдына,
Бас иіп батыр тұра ма
Бекерден-бекер қарап жай?
Кіріскен жаудың шетінен,
Бас-көзіне қарамай.
Ығыстыра бір жағын,
Шүршітті қырған аямай.
Абылай қорқып, бұл кезде,
Тұрып қапты алыста,
Ілесуге жарамай.
Жалғыздығын көрген соң,
Шүршіттің бәрі жабылған,
Жан-жағынан қамалай.
Келіп серік болмаған,
Қол бастаған Абылай.
Шүршіттерге бас иіп,
Бағыныпты кәпірге,
Оқ шығарып ұрыспай.
Көрген соң мұны Өтеген,
Ол жерде енді көп тұрмай,
Қамауды бұзып жол ашып,
Тілемес Есболұлы
Ауыл жаққа бет қойып,
Жүріп кеткен бұрылмай.
Өтеген батыр өкпелеп,
Абылайға келмеді.
Жалынса да өзі кеп,
Қасына енді ермеді.
Бір кеткен соң бөлініп,
«Халық иесі – ханым» – деп,
Бетін қайтып көрмеді.
Даярланып сапарға,
Іздеуге қоныс беттеді.
Қара қазан, сары бала,
Қамын ойлап, батырың,
Ешбір тыным көрмеді.
Анталаған қалың жау
Батырға ұйқы бермеді.
Ыза қысып жүректі,
Маңдайы шып-шып терледі.
Ақыл сұрап үлкеннен,
Төле биге келеді.
Жасы жетіп Төле би,
Шөгіп қалған кезі еді.
Кәрілігі болмаса,
Аузына үш жүз қараған,
Ақылды ердің өз еді.
Батырдың сөзін есітіп,
Қарт Төленің сондағы,
Айтқан сөзі бұл еді:
«О, Өтеген, Өтеген,
Артық еді туысың
Өз қатарың ерлерден.
Тілемес Есболұлы
Шығып қапсың сапарға,
Жолың болсын, қарағым!
Еліңе қоныс іздесең,
Жоғарыда жерлердің
Жазы қысқа, қысы ұзақ.
Теріс болмас, сонда да,
Көзбен көріп, байқасаң,
Төмен барсаң Қап тауы,
Қалай болар жан-жағы.
Ол болмаса, оң жақта,
«Жиделі – Байсын» – кең сала.
Істің байқап алды-артын,
Қимыл ет, ерім, ойлана.
Болмаса артық бұл жерден,
Елді орнынан қозғама».
Төленнің алып батасын,
Жолға шықты Өтеген.
Асыл туған ер еді,
Артық болып өңдеген.
Айта берсем таусылмас,
Тоқтатайын осы жерден.
Ендігісін айтармын,
Керек болса, тағы ертең.
Білер енді хан Шабдан
Менің атым кім екен.
Сарышолақ
Боранұлы
(1858 — 1929)
ӨЛЕҢДЕР
Сарышолақ Боранұлы
ӘР СӨЗІМ ҚЫМБАТ ПҰЛҒА АЛАР
Тас үгілсе, құм болар,
Сайқалдан туған жалдабың
Соңға түсер сұм болар.
Аз күн тойса көбеңің,
Өз-өзінен пұлданар.
Күнің түссе сондайға,
Қарт бақсыдай жынданар.
Сөз тимеске тисе сөз,
Үлгілі бидей ырғалар.
Мүлтігің сел сәт көрінсе,
Ата жаудай сұрланар.
Қас әуейге сенсеңіз,
Алападан құр қалар.
Қарны тойса кей міскін,
Уәж еместі пұлға алар.
Жымысқы болса күзетің,
Тас қамал да ұрланар.
Серік болса нәсілсіз,
Адал арың былғанар.
Ұрыға сеніп мал берсең,
Өсекпен басың былғанар.
Сөз ұқпаста уәде жоқ,
Жылбысқы мұздай сырғанар.
Тексізден болса алғаның,
Тегіне тарта құл болар.
Қас шайпаудың белгісі –
Тұрлаусыз сөзбен сырланар.
Тыңдаушым, сөзді парықта,
Әр сөзім қымбат пұлға алар.
Сарышолақ Боранұлы
Байыппен барлай болжасаң,
Қол жетпейтін тұлға бар.
Бастауы таяз бұлақтар,
Шілде туса, құрғалар.
Парқы жақсы пішілсе,
Алынбастай сыңды алар.
Қисынды сөзге көңіл шат,
Орныменен іс қылсаң,
Қол қусыра пірге алар.
Әр істің бар кезегі,
Түбінде жырым тыңдалар.
Бабына түсіп сол сәттер,
Су жорғадай ырғалар.
Сөз ұғатын жандар бар,
Ретті жерде жырланар.
Сарышолақ Боранұлы
ҮМІТТІҢ ОТЫ СӨНБЕДІ
Мен толғасам тереңнен,
Артық тұрам көлемнен.
Жақсыменен жандасып,
Жағаластым кереңмен,
Көп сырластым тереңмен.
Арпалысып залыммен,
Бірге жүрдім өлермен.
Сүйене сөйлеп әруақпен,
Додалы топта сыйласқа
Орын бердім төбемнен.
Арпалысқан жауменен
Әлім елі неден кем?!
Сары-сақыр аязда
Қара тоғайдай көгерген.
Тереңге жайған тамырын
Айырма қайсы еменнен.
Қаумалаған көп қауым,
Жырыма талай кенелген.
Шалқыған Жайық секілді
Асатұғын кемерден.
Мәрттігім тағы менің бар
Тайынбайтын берерден.
Озатын жолым тағы бар
Балды бармақ шеберден.
Жырау, шайыр жетеді
Елімде озған өнермен.
Мәрттігі сондай Әлімнің,
Кедейі де берермен.
Қасарысқан дұшпанға
Сарышолақ Боранұлы
Бас кетсе де өлермен.
Алқалы топтың алдында
Маржан шашты көрермен.
Мақтасам және шақ қалам,
Шаттанған сайын шаттанам.
Бүгежектеп не қылам,
Тосылған жерім және жоқ,
Қияннан қиып жол салам.
Мен сұңқармын қалқыған,
Жез қанатын оқтаған.
Таласам деп менімен,
Талайлар артын боқтаған.
Қасарысса ретсіз,
Артымда ерлер топтанған.
Кезекті жері соққанда,
Кезім жоқ және тоқтаған.
Қаусырма жақтың арқасы
Мен жүйрігің баптаған.
Сыртымнан айтса өсегін,
Қолымнан ешкім қақпаған.
Қу жанымды алатын,
Алла емес пе сақтаған.
Көп ішінде кездесер
Неше түрлі шөп-шалам.
Сұңғыла туған ерлер бар
Жауына найза саптаған.
Ақын, жырау жетеді
Еңсесін биік шоқтаған.
Бұрынғының жолымен,
Көргендінің ізімен,
Асылдардың жүзімен,
Сарышолақ Боранұлы
Өнеге сөзді топтаған.
Сөз басталса Балқыдан,
Әр сөзі артық жұпардан.
Шернияз өксір ел үшін,
Нұрпейіс озған қатардан.
Жыраулықта кім озған
Ығылман мен Айсадан?!
Тәңірберлі, Молдабай,
Кенелген талай олжаға-ай.
Жақайымда Олжабай,
Жаңғылышта Ақпан бар,
Сарының салған әндері-ай!
Бір жұмаға шыдаған
Мұрын еді жырауым,
Әкесі оның Сеңгірбай.
Көп оқыған зерделі
Әбубәкір Кердері,
Алғанынан көп еді
Қалың топта бергені.
Беріште бар талайлар
Лебізіне тұрақтар.
Қараның ұлы Есет пен
Мөңкенің ұлы Мұрат бар.
Махамбет – елдің кеудесі,
Шернияз – жырдың өрнегі.
Осылардан сөз терген
Сарышолақ та кем бе еді?
Қаймықпай сөйлеп кәріңе,
Ретті жерде сермеді.
Аналардан тәрбие,
Үлкендерден өнеге,
Сарышолақ Боранұлы
Қисынды жерде жөн деді.
Сыйлағанның арқасы
Түсіп атын бергені.
Құрметтегеннің арқасы,
Әйтпесе, олар кем бе еді.
Әрқайсысы білеген,
Әр ауылдың ерлері.
Алдында бар тоқтауы,
Соңында бар ергені.
Қаншама шалқып жүргенде
Сарышолағың шерлі еді,
Өткен күнді еске алып,
Қисынсыз жерде терледі.
Сөз білмейтін топастар
Тірілей көміп жерледі.
Қиянға салған қаршыға
Қарғаның болды ермегі.
Кешегі жүрген көп міскін
Кәделі бидей көлбеді.
Қарын тойса болдымен,
Ас ішу болды ермегі.
Болысқа ғана күпсінген,
Ісінің болмай өнгені.
Шалқып жатқан байтаққа
Қасірет неге төнгені?!
Бабамның бәрі батыр ед,
Тереңнен тартар зерделі.
Соларға ғана сыйынып,
Үміттің оты сөнбеді.
Сарышолақ Боранұлы
НАЙЗА АЛАТЫН КҮН ТУДЫ
Жайықтан бергі өрісті,
Ну тоғайлы қорысты,
Сай-саланы келісті,
Кірмелер келе шұбала,
Зорлықпен алып қойысты.
Кірме деп қалай айтайын
Елінен ауған мұжық-орысты.
Құдамыздай ежелгі
Шұрайлы мекен бөлісті.
Қада қағып аршындап,
Болыспен сырттай келісті.
Ойыл менен Қиыл-ды,
Өңшең бұзық жиылды.
Кері итеріп көңілді,
Місе тұтпай сыйыңды,
Мылтығын тіктеп еліме,
Дардан безген қиын-ды.
Айтар сөзің зая-ды,
Тыңдамады биіңді.
Өзінше жазып заң-зәкөн,
Орында деп бұйырды.
Салақтатып қылышын,
Кәріге қамшы үйірді.
Топастар шығып күндікшіл,
Ашытты күнде миыңды.
Шолжаңдаған жиендей
Еш көрмеді тыйымды.
Жерімде жүріп шалқыды,
Мұрнын көкке шүйірді.
Іс қыларға дәрмен жоқ,
Көп жұртым Тәңірге сыйынды.
Қарғалы, Елек бойында,
Сарышолақ Боранұлы
Кірмелерім еліріп,
Не болса, сол ойыңда,
Тірескенді қарсылап,
Жығып салды сойылға.
Басты сөйтіп қаңғылар,
Тышқан да мысық ойынға.
Шімірікпей іс қылды,
Жүргендей-ақ балдызының тойында,
Малды айдап аз пұлға,
Шіркінде болмай тойым да.
Қобдадан асып Ырғызды,
Тас қамалын тұрғызды.
Қарсы келген сойларды
Сұраусыз және қырғызды.
Өріс болды соларға
Атжақсы менен Құндызды.
Ат ойнатып үстінде,
Үрейлі қылды ұл-қызды.
Қопа менен Қайыңды,
Қаулай біткен сайыңды,
Үдере көшкен ел үрку,
Үрей билеп байыңды.
Кектенген ерлер қамыға,
Істерінен тайынды,
Түсінбейд айтқан жайыңды.
Үйірлеп алып жылқыны,
Қоралап айдап қойыңды.
Қариядан құт қашып,
Ыза буды бойыңды.
Шүлдір болды сөз ұқпас,
Ұқпайды айтар ойыңды.
Тегіндікке үйреніп,
Қаңғылар солай тойынды.
Тіресерге дәрмен аз,
Сарышолақ Боранұлы
Ұстасқандар жойылды.
Үш Қарасай, Сырлыбай,
Жайыңды менен Мойылды–
Әлімнің ескі қонысы-ай!
Тентіреп келіп іш жақтан,
Иемденді қаба да сақал орыс-ай.
Сұраусыз қырып балығын,
Жемірдей отап түскенін,
Шайтаннан туған мәліғұн –
Ояздары ойраңдап,
Старшыны тайраңдап,
Өз бетінше сайрандап,
Үстемелеп салығын,
Бүтінделіп бойлары,
Ұмытты жөке шарығын.
Шықпаған соң, жан тәтті,
Буырқанды халығым.
Үмітпенен болжады,
Естілер білмей анығын.
Бұғуменен күн өтті,
Ұрынад деп тағы кім.
Жемнің бойы ырғын-ды,
Байыз таппай былайғы,
Орыс салды қырғынды.
Қарсыласар дәрмен аз,
Көрер күнің бұлдыр-ды.
Айтаққа еріп әумесер,
Елдің ішін бүлдірді.
Бекіресін бес тайлақ
Асамай-ақ қылғытты.
Жайынын шаншып мазаққа,
Өзенімді бүлдірді.
Басынғаны соншалық,
Сағымды сөйтіп сындырды.
Сарышолақ Боранұлы
Пәтуа қашып береке,
Ел ішіне жын кірді.
Сөз ұқпастар мәз деме,
Бекерге басын шұлғыды.
Саралай бәрін қарасақ,
Қу көмейі құрғырды.
Сағыздың бойы салалы,
Күнде қиқу қаралы.
Жүрегің шаншар көргенде,
Көкірегің жаралы.
Дерек айтқан жақсылар
Бостан-босқа жалалы.
Ерлерімнен ол қашып,
Кесілгендей талабы.
Шен ұсынад салпыншақ,
Алдағандай баланы.
Желқұрттай жеген тісіңді
Жайменен үңгіп барады.
Осыларды көргенде,
Ойдан бойың талады,
Қиялға түсіп амалың,
Торығыс билеп сананы.
Ойлайық кейінгі баланы.
Кекке қайрап намысты,
Ояталық қараны.
Көзбенен көріп бұл ісін,
Зығырданың жанады.
Беркініп іске көшпесек,
Қиын кәпір талабы.
Ит ғұмырды кешкенше,
Болып тынсын болары.
Мырзағұлдан артық па,
Жібермесін обалы.
Талай ерім баз кешкен,
Сарышолақ Боранұлы
Барлай байқап жобаны.
Жүрмеспіз бұлай жабырқап,
Шындық түбі соғады.
Бостандық үшін қан кешіп,
Жастаналық моланы.
Түк өнбес деп ойланба,
Елімнің көп қой қарамы.
Аққа Тәңір өзі жақ,
Құлықты болса талабы.
Арт жағында орын жоқ,
Қол жайып тағы барары.
Басынған сайын үстеме
Қолданалық шараны.
Тізесі батты шымбайға,
Көрер күнің қаралы.
Тура шапсаң бет түзеп,
Бұзылар сордың қамалы.
Көп асқанға – бір тосқан,
Таусылар менмен амалы.
Кеуде соққан міскіннің
Жойылар солай залалы.
Әділдік ісі айқын-ды,
Теңдіктен болса хабары.
Орыстың ісі зорайды,
Қайыңды сай мен Орды алды,
Бұрынғы ісі жай екен,
Қайғысы сансыз торланды.
Шама келмей тіресер,
Жабыға көңіл қорланды.
Жағымпаз қаптап арнайы,
Жарымастан олжа алды.
Жайлап алған жіміскі
Сөз тоқтайтын ордаңды.
Өзіңнен шыққан жау жаман,
Сарышолақ Боранұлы
Ұқпайтұғын болжалды.
Төменшігім шен құмар,
Айдап берген мал-жанды.
Есебі болмай алғанның,
Қалың қауым зарланды.
Тұйыққа тіреп кемесін,
Алладан күтіп салғанды.
Бұрынғы күнің күн емес,
Болашақ таңың арман-ды.
Найза алатын күн туды,
Қас жүйрік мініп ақжалды.
Көкесіне көріссін,
Бір шайқалық жалғанды,
Тәуекел түбі – желқайық,
Бір сыналық қу жанды!
Жүргенше төмен бұқпалап,
Содан басқа не қалды?
Бұл айтқанға көнбесең,
Сырылған кеудең сыриды.
Көрермін бәрін, өлмесем,
Тұқымың босқа құриды.
Талапты ерге нұр жауар,
Мойымай салсаң төтеге,
Шындықтан болар бір хабар.
Айтқаным түбі соғады,
Бес қаруды құрсанар,
Дауылдата, селдете,
Буырқана бұрсанар,
Қарашада соққан жауындай
Сарышолақ жырға бір салар!
Сарышолақ Боранұлы
АЗАТТЫҚ ЕДІ АҢСАҒАН
Сәлем де артта қалған көбіме,
Қатар-құрбы теңіме,
Аңсаған шаршай сағына,
Шұрайлы мекен еліме.
Бұрыннан қалған сөз бар-ды,
Туғаныңнан жеріме.
Өз жеріңнен артылмас,
Қанша шықсаң өзгелердің төріне.
Болмашыдан баз кештік,
Жала тиіп еріме.
Әулие жерден безіндік,
Билік тиіп періге.
Оқшантайға қол салмай,
Қапылыс қылды шеріге.
Лайықсыз күн туды
Біз секілді серіге.
Жазғанда сұрау болар-ды
Босқа төккен теріме.
Келер күндер қайран-ды,
Өршеленіп құтыра,
Жауыздар салды ойранды.
Бұғынды деп ойлама,
Бір тигізем пайдамды.
Азаттық еді аңсарым,
Тап болған пәле қайдан-ды.
Күні туған сәтінде
Біз салармыз майданды.
Әзірге, сірә, шама кем,
Дұшпан сезіп айламды.
Сезгендіктің белгісі –
Сарышолақ Боранұлы
Ішімнен салды ойранды.
Бірді бірге айтақтап,
Көтермеді тойғанды.
Несібем солай ортайды,
Шемен көңіл есіріп,
Дұшпандарым марқайды.
Шынжырлап айдап асылды,
Бітіріп ісін шалқайды.
Жалаға күйіп өртендік,
Дуға қосып айқайды.
Назары төмен шерменде,
Қас асылдай қайқайды.
Осыларды көргенде,
Буынымнан әл тайды.
Қошеметші безінді,
Шіркіннің жүзі сұрқай-ды.
Ойында жоқ түйткіл,
Қарақшы болып қалқайды.
Сұрауы болар әріден,
Кімнің қорқам зәрінен.
Әр істің болар қисыны,
Қорқатын тағы қисын жоқ
Қоян естің кәрінен.
Ел болам десең біріккен,
Топтаспай тіпті болмас-ты,
Кез келген мәйегімді іріткен.
Ойраны батты ойсыздың
Тектілерді шіріткен.
Шеңгелін салды асылға,
Көргендер былай үріккен.
Қисыны тайып кебімнің,
Көз ашпадық бүліктен.
Сарышолақ Боранұлы
Шаң жұқпаған қас жүйрік
Қыл мойыннан іліккен.
Сөзге еріп түсінбес,
Ісін бүркеп былыққан.
Сорлаудың басы осы екен,
Сенсең де қанша үмітпен.
Зарланып қанша айтсам да,
Тыңдамады құлықпен,
Сорымыз, сірә, ашылмас,
Сіңір шығып жіліктен.
Зарланды деп ойлама,
Салыстырма тұнықпен.
Тұнығымды шайқады,
Ішіме кіріп әуелі,
Алды-артымды байқады.
Байқағанның белгісі –
Шалғынымды жайпады,
Сыр тартып іштей сыбыспен
Араға кіріп шайтаны.
Дос болып кіріп ішіме
Қаңғының бүлік қайқаңы,
Көрерімді көп қылды,
Артынан шығып сойқаны.
Тереңде жатты тамыры,
Таусылған соң айтары.
Әніміз болды жоқтаулы,
Кейінгілер төменшік,
Кірмелер ұқпай тоқтауды,
Төбелі бидей сұрақсыз,
Өзінше шығарды соттауды.
Түсінбедік дал болып,
Күнде қиқу шаң болып,
Сарышолақ Боранұлы Сөз түсінбес оттаулы. Ішім толып шерленіп, Аш бөрідей сенделіп. Назар-Шүрен паналап, Қу домбыра өңгеріп, Қасыма ерген айымның Бірін мыңға теңгеріп, Алысқа тарттық осылай, Болмашыменен күн көріп, Кешегі тілім сайраған Кібіртікпен күрмеліп. Әлі таппас біздейді, Қисабы жетпес пұл беріп, Адамы ала болған соң, Заманы неше түрленіп. Күнірене шер қозғап, Болдық па неше боркемік. Талайды бастан кешіріп, Тірілдік талай «мың өліп». Қырық жыл қырғын болса да, Өлермін көресімді бір көріп! *** Өзен де өзен, өзенім, Жағалай көшіп бұйратты, Шалқыған кемел өз елім. Соларға кірме бас қойды, Өртенді күйіп өзегім. Кәпірдің сұрқы сұстылау, Ырықсыз қалай төземін. Басар тау қалмай басарға, Жерімнен қалай беземін.
Сарышолақ Боранұлы
Әр істің болса байыбы,
Тәңірім жазғай кезегін.
Ашынғаңда жазық жоқ,
Қызыл тілді безедім.
Тартына кімнен шошынам,
Шындық жеңер, сеземін.
Кәпірге жайған дастархан,
Сылайы ұрсын көженің.
Тұнығымды лайлап,
Асылға найза безедің.
Дәм атсын, өңшең шоқайлар,
Сөз түсінбес безерім.
Жылдағы сайлар жылғалым,
Бойын түзеп масайып,
Кәпірдің торды құрғанын,
Іш мерезге сеніп ап,
Ауызды сөйтіп ұрғанын!
Өз жеріңде билік жоқ,
Кібіртіктеп тұрғаның.
Қоғалы көлдер, қоғалым,
Байыппен барлай шоламын.
Сүмеңдей кіріп араға,
Билеп кетті қонағым.
Тежеу болмай көбіне,
Түптен сарқа тонадың.
Күнім туса кезекті,
Тартарсың әлі-ақ обалын.
Қолдан келер шамалы,
Шайқалған босқа шалабым.
Сұраусыз, сірә, қалмаспыз,
Келтірер Тәңір амалын.
Боз селеулі қырларым,
Сарышолақ Боранұлы
Жайқала тоғай тұнғаным,
Өзіңде туған асылдар,
Нелер шықты тұлғалым.
Түсімдей қазір көрінер
Сауық-сайран құрғаным.
Әңгімем сенде айтылып,
Шешілген түйін сырларым.
Көрнекті бұйрат, ойларым,
Шілдеде жазар бойларын.
Араласып киікпен,
Бірге өретін қойларым.
Шат-шадыман күн еді,
Қырық күн өткен тойларым.
Көк селеулі жосалым,
Бор үгілген босаңым,
Томар бояу тон бояр
Сәндік үшін қосарым.
Тірлікте керек барлығы,
........................................
Көлбейде жатқан тауларым,
Ауасы бал-саумалым.
Астық толған кенішке
Қызыққаннан көз сүзер
Төңіректе жауларым.
Ақшаңдақты сорларым,
Артқа жиған қорларын.
Сорыңнан сүздім тұзыңды,
Көрген жандар қызыңды.
Алақан жайған келімсек
Өз-өзінен бұзылды.
Сенгенменен соларға,
Терең үміт үзілді.
Сарышолақ Боранұлы
Аларында жылмаң көп,
Айттырған қыздай сызылды,
Теріс айналып біткен соң,
Тереңнен қозғап қыжылды.
Көрмейтіндей жүзіңді,
Аңдымалап ізіңді.
Бірте-бірте шор болып,
Кекпенен жүрек мүжілді.
Бел-белесті құмдарым,
Қыста қамал малыма,
Паналай сенде тұрғаным.
Өркештенген шағылым
Мекені еді тағының.
Жидесі мен шеңгелім
Отын еді ең керім.
Көлмегі қалқан малыма,
Қысында солай сенгенім.
Тобылғылы сайларым,
Шілдеде бие байларым.
Көктемем және жайлауым,
Шыққыр көзім көріп ед
Түйе мен тайлақ тойғанын.
Ұялы жал биелер,
Айғыр шашып айбарын,
Наз бедеулер сайланған,
Бәйгіден озған тайларым.
Ішкені мас, жеген тоқ,
Жел бір ескен айдарын.
Өзгеден жоқ алапа,
Ел түзетсін бойларын.
Құмайты шалқар тегісім,
Жылғаңнан тердім жемісін.
Сарышолақ Боранұлы
Шалқыған сағым мұнартқан
Ен жайлау еді ел үшін.
Бәйгіге қосып жүйрікті,
Артық күн еді мен үшін.
Жоқтығын ешкім сезбеген,
Білдірмейін кемісін.
Айдынды шалқар көлдерім,
Айырып ешкім бөлмедің.
Құрағың кілем секілді,
Шілдеде аунай көлбедім,
Аққуменен ән қосып,
Додалы топта сермедім.
Құс біткенің шуылдап,
Тыңдау болды ермегім.
Қанат алып өзіңнен,
Жырдың құрдым өрнегін.
Ретті жері келгенде,
Талайға есе бермедім.
Артымда бар қалың ел,
Сол еді менің сенгенім.
Өз жеріме өзім би,
Халқымнан қағу көрмедім.
Томағасын сыпырған
Қас сұңқардай өрледім.
Өзіңнен қуат алған соң,
Кеңге құлаш сермедім.
Кәрі бидей толғансам,
Көп еді жұрттан көргенім.
Иі қанған таспадан
Дойырдай сөзді өргенім.
Тентіреп, сірә, көрмедім,
Қаным тамған жерде едім.
Сарышолақ Боранұлы
Атам Тілеу болғанда,
Мен өзгеден кем бе едім?!
Ауыздыға сөз бермей,
Өрлеген сайын өрледім.
Қамауын алған жүйріктей,
Шүмектей ақты терлерім.
Таудан аққан бұлағым,
Сусылдаған жібек құрағым,
Мөлдірін жұттым сіміре,
Көңілдің тауып тұрағын.
Сыңғыры көкей қозғаған
Кеудемді керіп жыр ағын,
Аққуға қосып әуенді,
Күй арнасын бұрадым.
Шалқыған қиян жерімнің,
Ұшаны қия белімнің
Асты толған жауһар-ды,
Үсті мекен көбімнің.
Дарулы, шипа, дауалы
Қасиеті керім шөбімнің.
Кермиықтай алау гүл
Сазын шертер көңілдің.
Ауасы таза жұпардай,
Бастауы болар өмірдің.
Туған жерім осындай,
Келімсектер, не білдің?!
Осындай жер шұрайлы
Көздеріңе құрт болды
Көре алмасқа былайғы.
Бос жатқан өлке көрінді
Тегін алмақ сыңайлы.
Әуелі жаймен барлап ап,
Сарышолақ Боранұлы
Көтеремі тыңайды,
Көк соққаны тойынып,
Құзғын жалмап құмайды.
Сүргін келсін бәріңе,
Ұмытсаң Жаппар Құдайды!
Тас тесетін тамшы бар,
Қылыштан өткір қамшы бар.
Шын бабына келгенде,
Тереңнен тарта ән шығар.
Құстан ұшқыр жебе бар,
Шежіре өткен көне бар.
Айтқаның көпке жетпесе,
Қу дүниеде не қалар.
Қол қысқаға найза бар,
Топастарға айла бар.
Байлығың тұрса шалықтап,
Кімнің қолы байланар.
Көп жортқанға бұғау бар,
Ширатпаға бұрау бар.
Жалтарып қанша жүрсең де,
Әр ісіңе сұрау бар.
Көкіректе арман бар,
Тұрлауы жоқ жалған бар.
Жақсы жолменен тартады
Тектіден тәлім алғандар.
Көңілімде құса бар,
Қашан жөнге түсе алар?!
Тамырым менің тереңде,
Тез жиылып, күш алар.
Қашағанға жүйрік бар,
Жеңерменге сыйлық бар.
Шын ниеттенсең, сұс түзеп,
Сарышолақ Боранұлы Қараға тиер билік бар. Барын бардай қолдансақ, Жоғын Тәңір жеткерер. Кейін тарта қорлансақ, Қанжығалы сұм бөктерер. Сары уайым зарлансақ, Кім демеулеп сеп берер? Шындығын айтсаң ашына, Көңілге алып, жек көрер. Теріс бұтақ секілді Шуақта да көктемер. Күнім туса оңымнан, Айтқандарым деп келер. Жаманға қылсаң жақсылық, Шалқайып тексіз көп керер. Алапасы ортайса, Түлен түрте өкпелер. Ата жаудай өштесіп, Болмашыға кектенер. Зауалын тапсын сондайлар, Күні туса шектелер. Келді кезек ретпен Тура жолға ниеттенер. *** Шерлерім менің, шерлерім, Күн туғанда тартынбай, Қиынға салар ерлерім, Қысылғанда тарығып, Намысты бермес өрлерім! Қиын-қыстау, баз кешу, Сескенгенін көрмедім.
Сарышолақ Боранұлы
Келелі нардай жампоздар,
Жауға тыншу бермедің.
Ажалға қарсы бет қойып,
Алдаспанды сермедің.
Өзгенің қонысы не керек,
Қорғаған кіндік өз жерің –
Айдын шалқар көлдерің,
Нуға тұнған белдерің,
Ормаңды-тоғай өрлерім,
Құт мекенді өз жерім!
Тартынбай, кәпір бас қойды,
Істеп ойына келгенін.
Дүние тегіс теңселді,
Үркінді байлар малымен,
Жанталасқа бой беріп,
Артынып, ауып барымен.
Тыншулы жатқан қалың ел,
Ойлағаны бейбіт күн,
Зарыққандар жанымен.
Кәпір тыныш қоймады,
Жөніне жатқан бақуат
Бұзылды елдің қаймағы.
Ісін істеп хайуанның,
Құртып тынбақ ойлары.
Жауыздықка үйреніп,
Жеркенбеді тіпті бойлары.
Кешу де кешу, кешуім,
Сыйлағанның несі мін.
Жөн-жосықты білердей,
Шерменденің бөсуін.
Әлжуазды әурелеп,
Тас жұтқырдың кесібін,
Сарышолақ Боранұлы
Құр қолға салып ойраңды,
Көңілінің өсуін!
Үркінгеннен тентіреп,
Тыйылмады көшуім.
Саланы бойлап сәм тіреп,
Жөн алды құладүз босуын.
Белгіленбей тұрағым,
Түзден болды несібем.
Ұйлығысқан момындар,
Таба алмай тура шешімін.
Жайықта да жандасу,
Жемнің бойы қандасу.
Сырдың бойы сыралғы
Әбжыланмен арбасу,
Ырғыздың бойы ылаң-ды,
Қылыш пен найза қармасу.
Одан әрі Торғайда
Жақсыға жаман жармасу,
Қорқаумен ері қырқысып,
Сойқанды сұммен арбасу.
Қорқаудың ойы бүлдіргі,
Жазықсыз салып қырғынды,
Ат жалын тартар кім бар-ды,
Ойға түйіп бұл күнді?
Сонда кәпір не тілер,
..................................
Жерімді жайлап бекінер.
Сұр құзғынның тілегі
Ерлерім аман тұрғанда,
Жер бастырмас бір елі.
Кек қылышын қайраған,
Түкті кілең жүрегі.
Сарышолақ Боранұлы Бабамның қонысы ежелгі Сүйенген тірлік тірегі. Кәпірдің бізден несі артық, Қиынды менен жиынды, Көн шоқайы сіре еді, Телмеңдеп кеше жүр еді. Ышқырдан биті төгіліп, Қасырланған кір еді. Құс табаны қан шығып, Үстінде жалба шоқпыты, Бұтында лыпа бір елі, Қолаңса сасып маржасы Албастыдай сүреңі. Ұсындық төрді тартынбай, Кең екен қазақ жүрегі. Намысым қайда, намысым, Жерім керек мал үшін, Малым керек айдаған, Шүберекке түйген жан үшін, Көпті көрген шал үшін, Байлар менен қара үшін, Жеткіншек артта бала үшін, Барлығының қамы үшін! Осыларды ойға алсам, Сүргін болды шабысым, Қимылдайтын жетті кез, Айтқанымның бәрі шын! *** Қалмақтан қиын болды да Орыстың салған ойраны, Біз секілді сорлыға
Сарышолақ Боранұлы Батып жүр қылған сайраны. Жайлауда сән жоқ бұрынғы, Бір үрей билеп қырынды. Болыстықты шен көріп, Бүлінді ерлер, бүлінді. Мезгілсіз соққан зауалдан Талай да қыршын жұлынды. Алшаң басып жүргендер Мылтықты көрсе, бұғынды. Атжақты менен Жайынды, Ұлы Ырғыз бен Қайыңды, Ұлы Борсық, Біршоғыр, Тобылғылы сайыңды Орыс еркін жайылды. Қылп еткенге – түрмесі, Шынжырлы бұғау сіргесі. Шен үшін талас елімде, Бүлінді елдің іргесі. Ояз салып ойранды, Халқыма қылды дегенін, Қол болып толқи бірікті Әлімдей менің көп елім! Күнде жасып жүргенше, Көздегі шерлі жас кепсін, Құлдықпен өмір сүргенше, Қанжығада бас кетсін!.. *** Әй, Мәкәлай, Мәкәлай, Асылдардың сынығы-ай Патша болған бірталай! Халқыңды көрмей тең бәрін,
Сарышолақ Боранұлы
Ойлашы осы, бұл қалай?
Көңіл шіркін көк дөнен,
Әркімнің жері – кең сарай,
Сен – шақпақ болғанда,
Мен – тұтанып кетер лампы май.
Қазақ тұрып сертіне,
Патша, тұрмадың антыңа-ай.
Дегенін істеп солардың,
Қырыла ма халқым-ай.
Тіріде жоқ жұмақты
Өлгеннен соң іздеме.
Сөзіме бүр құлақты,
Жердегі артық біз деме.
Осы айтқанға көнбесең,
Сызылатын қайтып келген қыз деме.
Жуастан шығар жуан-ды
Билікті еркін бермесең,
Намысты түптен қуам-ды,
Тәңіріме сыйынып,
Серттесіп белді буам-ды.
Жылай да жылай бұғынып,
Екі көзді су алды.
Бұл ісім қалмас аяқсыз,
Мерт кетсем, ерлер туар-ды,
Қанымен қылыш жуар-ды!
кебер сонда терлігім,
Дәлелденер ерлігім,
Арынын басар желдінің,
Толысар жетіп кемдігім,
Жетісер көктеп көбдігім,
Кем-кетікке күн туып,
Ақталар сонда ерлігім!
Сарышолақ Боранұлы
Бас-басына отау боп,
Көрінер сонда елдігім!
Ақ тоқаш болар үйілген,
Бал жемес үрер барағым.
Асау шықпас үйірден,
Еркелеу болар қарағым.
Домбыра сонда қолға алам
Алтындатқан шанағын.
Жыр төге мен де толғанам,
Ешкімнің бақпай қабағын.
Елім ел боп ұйлықса,
Жырдан маржан тағамын,
Жеткізсе Құдай сол күнге,
Сүйінші сұрап шабамын,
Теңдей көріп халқымды,
Ұстаймын берік салтымды,
Табылмасты табамын!
Сарышолақ Боранұлы
МЕН ДЕ ӨЗІҢДЕЙ ЕМЕС ПЕ ЕМ
Әй, орыстар, орыстар,
Биік тең бе дөңіспен?
Еліме келдің қоныстап,
Патша құрған кеңеспен.
Аштарыңа той қылып,
Мекен берген емес пе ем?
Тойындың ба, бұл қалай,
Мен де өзіңдей емес пе ем?
Дос қайғысы ортақ-ты,
Бірігіп қам жемес пе ең?
Сендерде бар қайыршы,
Біздерде де жетеді.
Терең ойлап айыршы,
Адамның жоқ бөтені.
Адам ата ұрпағы
Алыс қайда кетеді,
Тату болса не етеді?
Адамзаттың бәрі бір,
Тәңірге жоқ бөтені.
Кей кещелер айырып,
Сөз таптым деп бөседі.
Алакөз болса ағайын,
Күнде қырғын мекені.
Ібіліс шығып ішінен,
Достықтың білмес не екенін.
Басын бассаң ашаның,
Сабы жарар шекені.
Бұлай тұрар өмір жоқ,
Кезектесіп өтеді.
Нұралы
Нысанбайұлы
(1857-1930)
АЙТЫС
Нұралы Нысанбайұлы
НҰРАЛЫ МЕН МЫҚАН
Шымкентте үлкен жиын болыпты. Сонда Сиқымның
болысы Сейітжаппар Дулат елінен шыққан Нұралы
ақынды, Қосай Найман елінен шыққан Мықанды күшті
деп мақтап, осы екі ақынды алдырады. Шайханада халық
жиналады, барлық халыққа шай, нан, қант, жемістер
үйіп, дастарқан жаяды, палау жегізбекші болады. Қай
ақын жеңілсе, барлық тамаққа кеткен шығынды жеңілген
ақынды қолдаған жағы төлемекші болады. Әуелі жасы да
үлкен, жолы да үлкен деп, Нұралыға кезек береді.
Нұралы:
Ал, Мықан, сөз сөйлейін жәннәбыңа,
Парқы бар інінің де, ағаның да.
Сыртыңнан көрмесем де, есітуші едім
Деуші еді тәуір жігіт қатарыңда.
Нәпсісіз, шаһуатсыз айы кәрім,
Нәпсінің әммэ махлұқ талабында.
Алдыңа соны салып нұсқалайын,
Бар еді бір мәселе жоғарыда.
Уә, және жасым үлкен, сақалым ақ,
Сыртымнан ғайбат, мысал айтыпсың кәп.
Күнәсі шариғатта қайсымызға
Паһимлеп, Мықан ақын, маңызын шақ.
Көңілім Бөпежанның талабында,
Азырақ жазып едім рұқият.
Бөпе қыз беидаһат іс қылған жоқ! – деп,
Тартайын мен таһазір алсаң ақтап.
Геһналар:– басқа пәле тілден депті,
Үлкені әдептердің аузын бақпақ.
Нұралы Нысанбайұлы
Бақтияр, жасым үлкен, нәсілім кәтте,
Сыйламай жасымызды сапсың кепке.
Ағаңа беріп тұрған сауалың жоқ,
Шырағым, кебе ме ішің, тұрсаң текке.
Ішінде бір адамның бір аяқ ас,
Бір өзің пәһим етпе, ойлат көпке.
Болмайды буынсызға пышақ ұрып,
Қайсымыз жарасады қылсақ өкпе?
Алайық аспандамай мойнымызға,
Таһазір қайсымызға келеді өкпе.
Ағына сақалымның қарамайсың,
Өзіңді дәрежелі шамалайсың.
Бір нұсқада болсаң да орта бойлы,
Бей сақал бір нұсқада домалайсың.
Көрсетіп тура найза салмасаң да,
Мүштіңді сырттан түйіп жағалайсың,
Мерт болған айға шауып арыстандай,
Өзіңнің мықдарыңа қарамапсың.
Мықан:
Ағамыз жауап берем Нұралыға,
Біз қандық баһас іске құмарыңа.
Өлеңді тәуір айтады деп есітуші ек,
Ауылыңыз алыс болды сыр алуға.
Ініңді жазығы жоқ қылыпсыз сөз,
Сөзді алып шағыстырған құлағыңа.
Жіберген сөзіңізге сөз айтпасақ,
Молдеке, көңіліңіз тынады ма?
Я оңға, яки солға бірі болар,
Қылалы сіздің жауап жауабыңа.
Сыйламақ үлкендерді жақсы жұмыс,
Нұралы Нысанбайұлы
Білеміз ілгеріден қалған бұл іс.
Ермелік екеуміз де ара сөзге,
Қария, ақылың болса бізбен шығыс.
Әдістен жол көрсетіп, сөз жазыпсыз
Келмейді шариғатқа бәлле дұрыс.
Біз сізді осы жолы бір-ақ көрдік,
Қол алып көрген заман сәлем бердік.
Сіз соны сыйлады деп айтасыз ба?
Бұл берсе өлең алып, атқа жемдік.
Нанбайсыз мен айтпадым дегеніме,
Айтылған қарағанда өлеңіңе
Әуелі сіз айтыпсыз жабағыға,
Сиқымда Асандардың манабына.
Ап жүрген бізден өлең бала еді! – деп,
Болыпсыз күншіліктің талабында.
Осындай шұғыл сөзге ере қалдың,
Қанықпай анығына неге нандың?
Не деген жалғаншыны қақтағала,
Мен сенен қашан барып өлең алдым?
Түрімді көріп едің қашан менің?
Мен сенен өлең алған бар ма жерім?
Алғанға менен өлең мал бердік! – деп
Дулаттың тия кепсің үмбеттерін.
Момынның қара ағаштай малын қорғап,
Алдым ба несібеңді алсам сенің?
Князь болсаң мен сенен шен алмаймын,
Өзге алса, сенен өлең, мен алмаймын.
Кісіге қарап жүрген тидің өзің,
Біреудің несібесін көре алмаймын.
Жасырма, тапсаң, аға, айыбымды,
Сөзге сал, дана болсаң пайымыңды.
Нұралы Нысанбайұлы
Ойлайсың күншілдік қып тоқтатуға
Халықтың азаматы қайырымды.
Ырзамын барып едім аруаққа,
Бұл емес алып жүрмін аруақта.
Жалғыз-ақ Дулат емес алған жерім,
Неше хан, таныс болдым, неше датқа.
Емшекті ана, нәсіпті құдай бермек,
Қарасаң кітаптарда жазған хатқа.
Біреуге алла берген несібесі,
Көрінер адам берген кей ақымаққа.
Дулатқа құдай артық пейіл берген,
Азамат адамына мейір берген.
Нұреке, өкпеңізді құдайға қыл,
Қатардан несібеңді кейін берген.
Аға-іні демесе, іні не дер?
Мінезден қауіпіміз жоқ зейілденген.
Аға жұрт берді дүние-көкі құнан
Барғам жоқ мен де кезіп жоқтығымнан.
Жасымнан жақсылардың жүйрігі боп,
Жем жедім биік адыр оттығынан,
Кетерсің сүрінбесең жұлып шығып,
Көрейін бірер басып шоқтығыңнан,
Кәрінен күншіліктің тидің бізге,
Мысалы көбелектей отқа ұрынған.
Ақынның князі деп қаупіміз жоқ,
Көрерміз жұмысыңды сотты қылған.
Аяма меһиман! –деп мені, Жәке,
Айта бер келсе сөздің жөні, Жәке.
Аядым меһиманды дегеннен соң,
Шымкенттен жылыстадым бері, Жәке.
Аямай барың болса бір сөйлеп қал,
Нұралы Нысанбайұлы
Көптен көп аяп кеттім сені, Жәке.
Аяма шамаң келсе сіз де бізді,
Біз де сізден қорықпадық тегі, Жәке.
Құдай сізге бергеннен берді бізге,
Бата алар деп ойлама көңіліңізге.
Мен сізден өлең үшін бата алмаймын,
Тастай бер аспаныңды енді бізге.
Молдеке, Бөпе еді ғой қатарыңыз,
Өзіңді жігітпін! –деп атадыңыз.
Қызға жігіт, еркекке – шалмын! – дейсіз,
Нұреке, осы жеріне қапалымыз.
Бөпе қыз ата! – десе тауып айтқан,
Бурыл тартып қалыпты сақалыңыз.
Сөзді айтсаң жарасады жөні келген,
Қыз болып, өзің болып жаздың өлең.
Бөпенің өз басы да жетпеді ме,
Жай жатқан екі жүзге тидің неден?
Екі жүзде бар талай аруақты орын,
Өзің боп, қыз боп жаздың бәрін соның
Аруағы екі жүздің ұрып кетіп,
Жүрмесін, жазған молда, қайнап сорың!..
Сыйлағанда қызды сен ақта! – депсің,
Әңгімең қандай екен қалған сақтап?
Қай қызыңды ару деп ақтар едің?
Өзің үлкен болсаң да, сөзің ақымақ.
Тумай кет, Бақтиярдан туа шөгіп,
Нетеді тірі жүрмей, кетсең өліп?
Бір қызбен айтыстым! –деп жұртты былғап,
Сөйлепсің екі жүзді қанша сөгіп...
Сөзіңіз жұртқа тиген мінегенім,
Мен сізден зор-ақпын! – деп жүдемедім.
Нұралы Нысанбайұлы
Және жоқ қошеметім сақал берер,
Мен сізден өлең бер деп тілемедім.
Мен сізге не іс қылдым өкпе қылар?
Сөзіңіз тәзір деген неге тұрар?
Қызға арзан сақалыңды, маған пұлдап,
Жөнің жоқ, молда, бұған әзір сұрар.
Біз емес, сіз болыпсыз аспандаған,
Біз ғарып білген сөзге мастанбаған.
Аузыңа келген сөзді қайтармайтын
Баладай ешнәрсені басқармаған.
Болыппыз біз бей сақал, сіз ақсақал,
Болыппыз сіз биік те, біздер тапал.
Жүрер ме ең тәуір бала сол жігіт! – деп,
Азырақ тапқаным деп берсем сақал.
Біз жерде, сіз көктегі Ай болыпсыз,
Біз кедей, сіз өлеңге бай болыпсыз.
Өзіңнің мағрұр болып өнеріңе,
Кәміл жоқ ешнәрседен жай болыпсыз.
Нұралы:
Мынадай сөз сөйлейік інімізге,
Бар екен қара ниет тіліңізде.
Дулаттың аруағын сыйламадың,
Бір нұқсан келер енді дініңізге.
Үлкенді – үлкен, кішіні – кіші білмей,
Күйдіргі түсерінде тіліңізге.
Тызаңдап шыдамсыз боп шамданасың,
Бойыңа таққан ағалық мінімізге.
Бұл сөзден ұяларсың есің болса,
Аңғарып байқасаңыз ізіңізге.
Арқадан қолқа салып келтірдік пе?
Нұралы Нысанбайұлы
Дөңгелек көл боп жүрген күніңізде.
Сен ондай мақтаныш қып демікпегін
Жел сөзге кім озар? –деп желікпегін.
Әзәзіл шайтан болып жарға итерер,
Арада шоғал сөзге елікпегін.
Сыртыңнан хабардар боп естуімше,
Би менен болыс бопты серіктерің.
Бүгінде қайырсыз бай бұлт секілді,
Мас болып көлеңкесінде елітпегін.
Солардың марқабатын мадақтаумен,
Ерігіп сөз қуудан зерікпедің.
Арқадан ел қыдырып келіп жүрсің,
Дулаттың напақасын көріп жүрсің.
Мақтаншақ байлар менен манапты іздеп,
Соңына болыстардың еріп жүрсің.
Аянбай қызмет істеп сөзін сөйлеп,
Бір нәрсе бере ме деп өліп жүрсің,
Бірді мақтап, мың адам жамандаумен,
Елді де екі жар ғып бөліп жүрсің.
Дұшпандай ызыңдаған ішіне кек,
Он үйге бір үйден кеп еніп жүрсің.
Пәлен ондай, түгенше мынадай! – деп,
Абройын айрандай төгіп жүрсің.
Кейбірің жалданумен мал табам деп,
Әр түрлі ауыр бейнет шегіп жүрсің.
Азғындап жылдан жылға кері кетіп,
Күні кеткен кемпір, шалдай шөгіп жүрсің.
Әрбірің ересекте тентіреумен,
Қожаңның дегеніне көніп жүрсің.
Бірлік жоқ, әрекет жоқ, берекет жоқ,
Бытырап шыл боғындай өріп жүрсің.
Нұралы Нысанбайұлы
Көре алмай ел-жұртыңның ақтық жүзін,
Әр жерге сүйегіңді көміп жүрсің.
Сандалып елден безіп нағып жүрсің,
Тентіреп бет-бетіңмен лағып жүрсің.
Бір жерде тұрақ етіп, мекен қылмай,
Әр жерге бір жылыстап ағып жүрсің.
Шұбыртып қатын менен балаңды ертіп,
Қолға қарап ауызына бағып жүрсің.
Халықтың бергендерін ынсап қылмай,
Әркімге бір өсекті тағып жүрсің.
Жетім менен жесірді түк көрмеген,
Жыландай улы тілмен шағып жүрсің.
Өзін мақтап, өзгені боқтаған соң,
Болыс пенен билерге жағып жүрсің,
Қаңғырып өз бетіңше барып жүрсің,
Жиында айқай-сүрен салып жүрсің.
Көп түкірсе көл болар! – дегендейін,
Бергенін азды-көпті алып жүрсің.
Дәмді ауқат жеп, бүтінді кимеп едің,
Тамақ пенен лыпаға жарып жүрсің.
Қылғаның тұз арамдық бұл емес пе?
Сырттан аңдып, ішінен шалып жүрсің.
Біреуді біреуге айтып шағыстырып,
Күнаға кешірімсіз қалып жүрсің.
Халықтан ат та ап жүрсің, тон да ап жүрсің
Шапан киіп, азық пен сом да ап жүрсің.
Бүтінде жыртығыңды тазаланып,
Семіртіп арығыңды оңдап жүрсің.
Жақсылық өз басыңа қылған елді,
Сыртынан ғайбат сөйлеп, қорлап жүрсің.
Бір күнде ашулансаң он түрленіп,
Нұралы Нысанбайұлы
Түйеңді кетпекші боп қомдап жүрсің.
Кең жерден таппай қоныс, әр елге ауып,
Бес-алты ай әр төбеге орнап жүрсің.
Көрместен мың бейнетке бір рахат,
Еңбек еш, маңдай тер бос сорлап жүрсің.
Безектеп елден елге қашып жүрсің,
Білместен нетеріңді сасып жүрсің.
Бау, басқұр, күбі, бесік, қом-шомындай,
Мүлкіңді қырқаға шашып жүрсің.
Өзіңнің міндеріңе қарамастан
Арқадағы әуенге басып жүрсің.
Өзіңнің өнеріңе мағрұр болып,
Әддіңнен шамаң білмей асып жүрсің.
Келешек өміріңе көзің салмай,
Аңғал боп ақмақтықпен тасып жүрсің.
Теперші әркімнен бір көргеннен соң,
Қаймығып жүзі пәс боп жасып жүрсің.
Көшумен елден-елге ауып жүрсің,
Шапаттап сандарыңды шауып жүрсің,
Сөзді сүт, қызыл тілді емшек қылып,
Жағыңды сиыр қылып сауып жүрсің.
Қарғылы қара төбет тәрізденіп,
Әркімді беттен алып қауып жүрсің.
Осындай өз пейіліңнен тауып жүрсің.
Жер, судан, мекеніңнен безіп жүрсің,
Аралап біздің елді кезіп жүрсің.
Сөз емес, сөзді сөз қып жау мұңдалап.
Малтаңды аузыңа сап езіп жүрсің.
Өзіңді асқар тауға балап жүрсің,
Теңі жоқ зор ақынға санап жүрсің,
Қожа менен ишанды пір тұтынып,
Нұралы Нысанбайұлы
Молданың ыңғайына қарап жүрсің.
Болса да теріс, тентек қошамет қып,
Билер менен болысты жанап жүрсің.
Жұтқаным жұғын болсын жұмырға! – деп,
Байлардың итаяғын жалап жүрсің.
Кезі келген жерлерде ұрлық та қып,
Нашарды жалғыз-жарым талап жүрсің.
Сен қашан басың қосып ел боп жүрсің?
Қай жерде басқа елменен тең боп жүрсің.
Жерінен ауған адам мәз бола ма,
Әр жерде-ақ басқа елдерден кем боп жүрсің.
Алдың барып тәжік пен түрікпенге,
Онан да ит пен құсқа жем боп жүрсің.
Көпсітіп өзіңді-өзің мақтағанда
Етегің мол жайлаудай кең боп жүрсің.
Соншалық пәлен дегендей шіренетін,
Сен кімнің жарасына ем боп жүрсің?
Еліңде ит болдың ба, құс болдың ба?
Мұнда кеп ақынсынып ер боп жүрсің.
Жат елде дуана боп қақсасаң да,
Өзіңше бақ, дәулетке сел боп жүрсің.
Еліңнен безерлікпен үркіп жүрсің,
Әр жерге күшің бөгеп іркіп жүрсің.
Шұрық тесік, құмыт-шомыт киіміңнің
Тозаңын осында кеп сілкіп жүрсің.
Шаланың тұтануын қағыстырып,
Біреуді біреуге сап түртіп жүрсің.
Жер майды толтырып ап екі ұртыңа,
Себелеп, өшірем! – деп бүркіп жүрсің.
Өртеніп екі жағың кеткеннен соң,
Арт жағын тіміскілеп тінтіп жүрсің.
Нұралы Нысанбайұлы
Бәрін де жүрген жердің жаппай сыбап,
Мені де тістемек боп шешіп жүрсің.
Айтып ем алғашқыда мысал қылып,
Насихат сөзді еске алмай ұмытып жүрсің.
Айтсам да түсінбедің ертекпенен,
Жүрмей ме жөнін тауып еркек! деген.
Жақсыға ишарат, наданға келтек! – деген.
Көшерін жел, қонарын сай білген ебелектей.
Түбің бос жұрт екенсің селтектеген.
Тұлпар ғып есегіңді ардақтайсың,
Сұңқар қып көк қарғаңды сен мақтайсың.
Қолыңда жоқ алтынмен жұмысың жоқ,
Қолаңды қорғасын деп салмақтайсың,
Жел аударған жеп-жеңіл қаңбақтайсын...
Халқыңды бүйтсең кәйтіп зарлатпайсың,
Туып-өскен жеріңе кетпейсің бе?
Дулаттан көрген үлгіңді алып барып,
Өз еліңде тіршілік етпейсің бе?
Диқаншылық айналсаң жақсы кәсіп,
Бидай, қонақ, тары, арпа екпейсің бе?
Еккеніңді орасың деген сөз бар,
Дәнді дақыл тұқымын сеппейсің бе?
Кәдеуілгі жабайы күніңді ойлап,
Астық пенен жемісті шөп дейсің бе?
Қауын менен жүгері, өрік, алма,
Өніп тұрса мол болып көп дейсің бе?
Жалғанда мәңгі-бақи тұрған бар ма?
Дүниеден ажал жетіп өтпейсің бе?
Басыңдағы кемшілік мініңді айттым,
Ер Мықан, мұнымды да кек дейсің бе?
Отырмыз табан аумай елімізде,
Нұралы Нысанбайұлы
Бабамыз мекен еткен жерімізде.
Бір жерде көгереді дарақ деген,
Салайын бұл нақылды көңіліңізге.
Екі жүз ауып келсе сиып кетер,
Жақсылық қасиеттің дені бізде.
Шұбырып аш-жалаңаш келгендерің,
Жан сақтап күнелтеді жеңімізде.
Отырған тау-тас салып тұрақты боп,
Жарасар қалап айтсақ жөнімізге.
Балта да мұртымызды кесе алмайды,
Көрмейміз ашаршылық өңімізде.
Бір жылына жан сақтауға сиыса алмас,
Ұлы жүз ауып барса шеніңізге.
Қоңсы боп ерулікке-ақ шыдас бермес,
Шөп пенен тозып кетер жемімізге.
Малдарың бір жұттың боп қырылған соң
Тақалып қаласыздар күніңізге.
Қолайсыз көшіп-қону егін салмай,
Келмейді шаруаңыз ебіңізге.
Менімен сөйлес болсақ сыр қыларсың,
Халыққа хикаят қып жыр қыларсың.
Сенен зор ақын кеп түк қылмағанда,
Мұқатып қақ шекеңді тындырарсың.
Байқамай алды-артыңды соқтығысып,
Абайла қабырғаңды сындырарсың.
Күншілік өгізге еткен бақадан боп,
Қарныңды желге керіп жыртыларсың.
Бұл болса үлкендерді сыйлағаның,
Болып тұр тасқынында меймананың.
Көрсетіп әдістен жол сөз жазды! – деп
Бір көрген ағаңды онша қинағаның.
Нұралы Нысанбайұлы
Өзіңе қаталығың көрсеткенім,
Әлі де жамандыққа қимағаным.
Боп қап ем ақындардың ұстазындай,
Жарай ма айылыңды жимағаның?
Араның қатты ашылып алған сайын,
Ләпсіңді кенеуі жоқ тыймағаның.
Ағаттықпен, көпірме менмендік қып,
Теріңе ісіп-кеуіп симағаның.
Мен айтсам, сен айтыпсың жабағыға
Онымен жете алмайсың талабыңа.
Сыртымнан доғал сөзді өсек қылып,
Айызың соныменен қанады ма?
Не біліп жел сөзіме күле қалдың,
Дарытқан құдай беріп қаламыма.
Әзелден жақсы жұмыс аузын бақпақ,
Талаптың жарамайды бетін қақпақ.
Сен менен іздеп кеп сөз алмасаң да,
Біраз сөз шәкірттерден апсың жаттап.
– Нұралы өтірікті көп жазад деп,
Болыс, би, бай қожаға жүрсің даттап.
Серпіліп ақыл-ардың құшағында
Сөзіңді айтсаң болмай ма бойға шақтап,
Алыпсың бізден ұрлап көп өлеңді,
Айтайын онан басқа тағы неңді?
Мықанға мал берме! –деп кімге айтыппын?
Қызғанып мен не қыппын несібеңді?
Өзіңді бай, біздерді кедей көріп,
Болыпсың санаспақшы артық-кемді.
Жарамазан айтушы азаншыға
Дулаттың кең пейілі мейірленді:
Асын ішіп, тұзына түкіретін
Нұралы Нысанбайұлы
Көрмедім сірә сендей өлерменді.
Тілеген шоқтығыңды ұстатқызып,
Көрейін мен де сенің әуселеңді.
Шоқтықтан аламын! – деп тап беріпсің,
Қолыңды болмас жерге ап келіпсің.
Шоқтығы айуанаттың желкесінде
Адамның шоқтық дейді шап терісін.
Әлқысса, осыны айтқанда тыңдап отырған жұрт ду
күлісіп: – Нұралы жеңді! – деп шуласады. Қосай тілмаш
та:– енді шығынның бәрі де бізге тән болды! Тоқтаңыз!
– деп ығысып, сыртқа шыға бастайды. Мықан да кетуге
ыңғайланады. Нұралы тоқтамай айта береді:
Шымкенттен ары қашып жылыстадың,
Барсаң да ешбір жерге сиыспадың.
Кетуге Мықан ақын ыңғайландың,
Бар ма еді сонша асығыс жұмыстарың.
Қосанық сыртқа шығып кеткеннен соң,
Адамдай безгек болған құрыстадың.
Бөпенің арын жоқтап тырысқаның.
Араң қашық елдерің қыз алысады,
Бөпе қыз қандай сенің туысқаның?
Исі Найман болған соң намысың бар?
Қиын ғой туыс болып жуыспағың.
Қолыңа түссе өзің де аянбас ең,
Бөпеге жете қалса уыстарың.
Әбдіқадыр қожа да жеріп кетіп,
Біліп пе ең Бөпе қыздың суысқанын?
Бөпе қыз айтысқалы он жыл өтті,
Жаңартып көне сөзді қуысқаның.
Айтып ем сөзара қып мақалымды,
Нұралы Нысанбайұлы
Сөз айттың қатты кейіп сақалымды.
Мен қырық сегіз, ол кезде ол он жетіде,
Бөпеге білдіріп ем мағамымды.
Бір сөзді бастай салып:– ата! – деді,
Ата боп ерсі көрдім атануды.
Жасым үлкен болса да заманым бір,
Әзілмен өлең қып ем қатарымды.
Бетпе-бет Бөпе қызбен айтысқан соң
Бір дастан көлеміне тақалынды.
Халыққа сәлден кейін тарап кетіп,
Бұл айтыс шәкірттерге жат алынды.
Ыстыда Сауқымбайға келін болып,
Бөпе қыз балалы боп маталынды.
Ерте туып, кеш қалған, Мықан інім,
Ертеден неге етпедің шатағыңды.
Айтып ем екі жүздің болыстарын,
Мекемдеп қона алмаған қоныстарын.
Бақ үшін малын шашып, арын тегіп,
Сайлауда екі жақ боп тоғысқанын.
Сайлаудың шығындарын төлетуге,
Халықты қан асат қып обысқанын.
Жер дауы, жесір дауы араласып,
Белгілеп ала алмайтын қоныстарын.
Ұрлықпен, барымтамен мал қуысып,
Екі болыс дырдумен соғысқанын.
Сен жүрсің әулие! – деп мансұқ көріп,
Болыстың аруаққа шет болысқанын.
Көп көргенбіз шарласқан майдандарын,
Тұқым қуып ұласқан жанжалдарын.
Жеңілгеннің желкесі шайналғанын.
Жетім, жесір, кедейлер, жарлы-жалшы,
Нұралы Нысанбайұлы
Ол сайлаудан қуылып айдалғанын.
Әркімге тарту үшін екі тоғыз
Желіге нар, белдеуге ат байланғанын.
Пара алып қойны менен қоныштары,
Ақшаға толып көңілі жайланғанын.
Қанды көбік ұрттары майланғанын.
Неше түрлі айламен, арсыздықпен
Байлардың болыс болып сайланғанын.
Сенің де дүние үшін жорытқаның,
Жортқанда оң болып жүр жорықтарың.
Мені ұрып, сені аман қып қойса аруақ,
Мен үшін уайым жеп зорықпағын.
Қолдан келсе қоныштан баса қойсын,
Болысты, аруақты деп қорықпадым.
Мені де Сібір қылып, высылка еткін,
Тезірек бір болысқа жолықтағын.
Бір тиын тапқаныңнан шығармастан,
Қарқ болып, сақалыңмен молыққанық.
Тарттағы тәуіріңді бауырыңа,
Опқа қосқан өгіздей солықтағын.
Сенен шай ішпедім! –деп торықпадым.
Ылажсыз мүһім болып отырсам да,
Қаһналық сөзді осылай қорытқаным.
Дегенім домалақсың – аласасың,
Қиқарлық мінезіңмен тамашасың.
Салмағың оннан бірін баспаса да,
Әкеңдей кісілермен таласасың.
Ойнақтаған от басар! дегендей-ақ
Айтар сөз, жүрер жолдан адасасың.
Есіктен көп төр жаққа тырмысасың,
Беттен алып жағаға жармасасың.
Нұралы Нысанбайұлы
Жөнді менен жөнсіздің маңызын шақпай,
Күндес қатын секілді салғасасың.
Ақыр заман уақыты әлі алыс,
Бірақ сен нышанындай далбасасың.
Уәжден ұтылсақ да сөзің бермей,
Разы боп жан беруге жандасасың.
МАЗМҰНЫ Әріп Тәңірбергенұлы Қуанышбай мен Әріп...........................................................4 Көкбай, Әріп, Мұсағали......................................................8 Әсет Найманбайұлы Өлеңдер...................................................................................10 Ақырғы сөз ........................................................................ 11 Маманға .............................................................................15 Кәріпке айтқаны ................................................................17 Отыншыға айтқаны...........................................................18 Жасболат, кісі-ақ едің алшақтаған...................................19 Жасболат болысқа .............................................................20 Тағы да Жасболатқа ..........................................................21 Таңғытқа айтқаны .............................................................22 Қанағатқа ...........................................................................23 Қызыр төреге......................................................................24 Мамырбек баласы Қызыр төреге......................................25 Керімбек деген биге айтқаны............................................26 Елшібай байға....................................................................27 Елшібайдың баласы Қабырға...........................................28 Әсеттің амандасуы.............................................................29 Көңіл айту...........................................................................30 Мешбетті көргендегі сөзі..................................................31 Жабықбайға айтқан сөзі....................................................32 Мешбет пен Жабықбайды татуластырған сөзі ..............33 Ассалаумағалайкөм, жиылған көп...................................35 Я, Алла, хамду сәна көп ибатың.......................................39 Әсеттің Ешен қазіретке айтқан өлеңі...............................49 Тағы да Ешен қазіретке айтқаны .....................................53
Тоқпақ руының бір байына...............................................54 Әсеттің Қонжа Ілгідайға айтқаны....................................55 Әсеттің Таңғыт Үкіртай үйіндегі айтқан өлеңі ..............56 Айтыстар................................................................................58 Әсет пен Ырысжан............................................................59 Әсет пен Кәрібай................................................................86 Әсет пен Бақтыбай ..........................................................101 Әсет пен Кемпірбай ........................................................104 Әріпжанмен жұмбақтасу.................................................108 Әсет пен Қалидың қақтығысы........................................ 110 Әсет пен Қосымбай......................................................... 112 Бармақ Мұқанбайұлы Дастан.................................................................................... 114 Қамбар батыр................................................................... 115 Бармақ пен Жанат............................................................188 Бармақ пен Кенжеқожа....................................................191 Дүр Оңғар Дырқайұлы Айтыс....................................................................................194 Оңғар жырау мен Ырысты қыз.......................................195 Ерімбет Көлдейбекұлы Айтыс....................................................................................202 Қарасақал Ерімбет пен Жекей қыз................................203 Тілемес Есболұлы Өлең.......................................................................................214 Шабданның үйінде айтқаны ..........................................215
Сарышолақ Боранұлы Өлеңдер.................................................................................234 Әр сөзім қымбат пұлға алар............................................235 Үміттің оты сөнбеді ........................................................237 Найза алатын күн туды....................................................241 Азаттық еді аңсаған.........................................................247 Мен де өзіңдей емес пе ем .............................................264 Нұралы Нысанбайұлы Айтыс....................................................................................266 Нұралы мен Мықан.........................................................267
Әріп Тәңірбергенұлы
Әсет Найманбайұлы
Бармақ Мұқанбайұлы
Дүр Оңғар Дырқайұлы
Ерімбет Көлдейбекұлы
Тілемес Есболұлы
Сарышолақ Боранұлы
Нұралы Нысанбайұлы
ШЫҒАРМАЛАРЫ
Редактор
Ш. ЖҰБАТОВА
Мұқабаны көркемдеген
Ж. БОЛАТАЕВ
Беттеуші:
С. ЯГОВКИНА
ИБ 19(21) Теруге 25. 07.2014 ж. берілді. Басуға 27. 10. 2014 ж. қол қойылды. Пішімі 84х1081/32. Әріп түрі «Tіmes New Roman», кегль 11,5. Офсеттік басылыс. Қағазы офсеттік. Көлемі 15 шартты баспа табақ. Таралымы 2000+10. Тапсырыс № 275. «Полиграфсервис» ЖШС. 050050, Алматы қаласы, Зелёная көшесі, 13 «А». «Нұрлы Press.kz» ЖШС 050009, Алматы қаласы, Абай даңғылы, 143
Пікірлер (0)
Пікір жазу үшін аккаунтқа кіріңіз. Кіру