Мазмұнға өту
Home

Маңғыстау мирасы

Ғалым Теміртасов

Оқылуы: 0%

Жазылымсыз режим: 20-беттен кейін жазылым беті ашылады, әрі қарай әр 10 бет сайын (ең көбі 5 рет).

20 px
1.85
0.30 px
0.95 em

Маңғыстау мирасы

Ғалым Теміртасов — «Маңғыстау мирасы». ҒАЛЫМ TEMIPTACOB

/uploads/4f8ce292-fe51-5513-921d-b9290cfe767d/cover.png

ҒАЛЫМ TEMIPTACOB

(Тарихи танымдық толғаныс)

АЛҒЫ СӨЗ

Еліміз егемендік алды. Дамудың жаңа жолына түсті. Жетпіс жылдан астам уақыт социалистік, коммунистік идеямен суарылған еңбекші қауым жасаған байлық. еліміздің шоқтығын біраз жерге биіктетті. Біз өз өркениетімізге қол жеткіздік. Бір сөзбен айтқанда, мұндай шарықтаған биіктеріміз алдымен адамдарымыздың имандылыққа тәрбиеленуімен, білімдарлыққа жаппай ұмтылуымен, техника мен технологияны дамытуына, өндірістің қарыштауына кең жол ашылуымен өлшенеді. Бізде ең басты байлық - қалай дегенде де, адамдар арасындағы достық пен ынтымақ қалыптасты. Қазақ халқының салтына тән, қанымен бірге қайнаған бұл дәстүр жетпіс жылда жаңа сипат алды. Бүгін дамыған капиталистік елдердің қай-қайсының да біздің егеменді елімізді мойындап, егеменді қадамының сәтті болуына көмекке қол ұшын созуы, бірлесіп байлықты игеруге ынталарының арта түсуінің бір себебі осыдан. Еліміздің басшысы, көсемі - Президент Нұрсұлтан Назарбаев өзінің бұқара халық алдындағы ұлағатты сөздерінде мұны терең пайымдай отырып, әлде неше рет тұжырымдады. ...Біздің бәріміз де коммунистік, социалистік системаның ұрпақтарымыз. Ол кезеңде қоғам дамуының өз сипаты болды. Жақсы жақтары, біз алға қарай дамытуға тұрарлық жақтары аз емес... Әңгіме қандай қоғамды құруда емес, алдымен адамдардың шатты өмірін, сәнді тұрмысын қамтамасыз етуде... деген пікірді ол нақты мысалдармен дәлелдеп келеді. Өте орынды!

Тіпті 1877 жылы Фридрих Энгельс, адамдар үстемдік үшін күреспес бұрын, саясатпен, дінмен, философиямен айналыспас бұрын, ең алдымен тамақ жеуі керек, ішуі керек, оның тұрғын үйі, киетін киімі болуы керек. Демек, олар еңбек етуі керек. Бұл деректер естен шығарылған. Бұл деректердің тарихи правосы енді-енді мойындалды деген болатын. (Қ.Маркс, Ф.Энгельс. Таңдамалы шығармалары. М., 1979. 3 том, 91 бет).

Бұл капиталистік қоғамның да, социалистік қоғамның да адамдарының бірінші қажеті емес пе?! Тіпті социалистік идея деп жүргеніміздің түп мәні де осында болса керек. Бұл сайып келгенде, алдымен экономиканы дамытуды талап етеді. Ал, экономиканың ұдайы өсуі - адамдардың еңбекке ынтасының артуына, жауапкершілігінің күшеюіне, еңбек тәртібін нығайтуына, өндірістің өнім шығару, оны өткізу қабілетін жетілдіруге байланысты. Бұл жайында өзінің «Ресурстарды үнемдеу және нарыққа көшу стратегиясы» деген монографиялық еңбегінде экономика ғалымдарының докторы, Президент Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстанның қазіргі даму кезеңі жағдайында экономиканы қалыптастыру, оның тұрақты дамуын қамтамасыз ету ең бірінші міндет болып табылады, барлық әлеуметтік-саяси өзгерістердің тиімділігі көбіне осыған байланысты» деді. («Стратегия ресурсосбережения и переход к рынку», М., 1992 - 8-бет).

Бұл күндері еліміздің экономикасы дағдарыс қыспағында, бұл өтпелі кезеңнің тауқыметі. Бұрынғы Кеңестер одағы ыдырады. Бұрынғы, жетпіс жылдан астам уақыт бойы қалыптасқан, республикалардың бірімен-бірі тығыз байланысқан, интеграцияланған экономикасының қалыпты қатынасы үзілді. Зауыттар мен фабрикалардың өнім шығару мүмкіндіктері тежелді. Шығарылған өнімдердің өзін өткізу проблемаға айналып, тығырыққа тірелді. Мұның бәрі, сайып келгенде, халықтың әлеуметтік хал-ахуалын қиындатты, елдің экономикалық қуатын шайқалтты.

Егеменді еліміздің Президенті, ел көсемі Нұрсұлтан Назарбаев мұндай қиындықтардан құтылудың ең тиімді жолы - бұрынғы Қеңестер одағындағы республикалардың экономикалық одағын қайта қалпына келтіру жаңаша құру деп көрегендікпен тың идея ұсынды. Мұны көп ел қолдап та отыр. Бұрынғы Кеңестер одағындағы елдердің достығын, жақындастығын қайта нығайтып, әлеуметтік-саяси қатынасын жандандыратын бірден-бір тиімді бұл жол әр кімнің де көңілінен шықпақ. Өйткені Ф.Энгельстің сөзімен айтсақ, әрбір тарихи кезеңдегі идея өмірдің экономикалық жағдайымен, содан туындайтын қоғамдық, саяси қатынастармен түсіндірілетіні ақиқат. (К.Маркс, Ф.Энгельс, 3-том, 90 бет).

Бұрынғы Кеңестер одағының ыдырағанына Қазақстан да, оның Президенті де кінәлі емес. Ел болып бөлек шығуға, егемендік алуға уақыт еркі мәжбүр еткеннен кейін, өз мүмкіндігін іске жұмылдыру, экономикалық, интеллектуалдық мүмкіндігі мол республикамызды дүниежүзіндегі дамыған елдермен терезесін тең, үзеңгі қағыстырар дәрежеге көтеру - әрбір адал ниетті перзенттің міндеті болуға тиіс. Бұл жолда біз бұдан екі жүз алпыс төрт жылдан астам уақыт бұрын (Кіші жүздің Ресейге өз еркімен қосылуы жайлы актіге 1731 жылы қазанның онында қол қойылды) достасқан, содан бері достығымыз жарасқан ұлы орыс халқымен бірге, бұрынғы тарихи-экономикалық, саяси-әлеуметтік, мәдени, тағы басқа қатынастарымызды үзбей егемендік бағытпен алға баса бермекпіз.

Немістің ұлы ойшыл филологі, философы Фридрих Ницше, ...Алға қарай өмір сүруге мүмкіндік алу үшін: адам мезгіл-мезгіл өзінің күш-қуатын өткенді сындырып, қиратуға пайдаланады. Осы мақсатта ол өткенді тарихтың сотына, талқысына береді. Жан-жақты тергейді, тексереді, жауап алады. Ең соңында оған үкім шығарады. Бірақ өткен жол әрдайым талқылануға тұрарлық, өйткені, адамның барлық іс-қарекеті сондай. Мұнан адамның күштілігі де, адамның әлсіздігі де айқын байқалып тұрады деген. (Ф.Ницше, М., 1-том, 178 бет). Шынында, жетпіс жылдан астам уақыт бойы қалыптасқан өмірімізді қайта құру, қоғамдық дамудың жаңа жолына көшу процесі біздің бар болмысымызды айқындайды. К.Маркстің сөзімен айтсақ, қоғамның әрбір даму кезеңі табиғи-тарихи процесс (В.И.Ленин, 1-том, 134 бет). Ал, В.И.Ленин әр тарихи кезеңнің өз заңдылығы бар... Жануарлар мен өсімдіктердің организмдері сияқты әлеуметтік организмдердің бір-бірінен үлкен ерекшеліктері, айырмашылықтары болады... Оның өмірге келуін, өмір сүруін, дамуы және өлуін, оның жоғары сатыдағы басқа организмдермен алмастырылуын әдейі тарихи заңдылықтар реттейді, деді. (В.И.Ленин, 1-том, 167 бет). Ал К.Маркс мұндай заңдылықтарды адамның ырқынан тыс емес, қайта адамдардың еркімен, мақсатымен, пиғылымен айқындалады, деді. (В.И.Ленин, 1том, 166 бет). Демек, бұл заңдылықтарды зерттеу, әділ бағасын беру оқымыстылардың міндеті. Қалай дегенде де өткендегінің бәрін тарих талқысы, тарих соты жоққа шығара алмайды. Өйткені, коммунистік партияның басшылығымен, еркімен, бұқара халықтың еңбегінің нәтижесінде өмірдің барлық саласында жасалған байлық аға буын ұрпақтардың кейінгі ұрпақтарға қалдырған баға жетпес мұрасы. Мұнда бүгінгі ұрпақтың да өзіндік үлесі бар. Біз бүгін жоқтан бар жасап жатқан жоқпыз. Барды, жасалған байлықты жаңаша, жаңа әдіспен дамытып, жалғастырып жатырмыз. Әлбетте, жетпіс жылдан астам уақыт ішінде, табиғи-тарихи даму кезеңдерінде елеулі кемшіліктерге жол берілді. Партияның барлық буындарындағы басқару органдарында отырған адамдар социалистік идеяларды жүзеге асыру әдістерін көпе-көрнеу бұрмалады, елеулі қателіктерге жол берді. В.И.Ленин жалпы орыс коммунистері, марксизмді қолдаушылар, жалғастырушылар өздерін «социал-демократ» деп атаулары керек. Өздерінің күнделікті іс-қарекетінде демократияның аса зор маңызының барын еш уақытта естен шығаруға болмайды» деді. (В.И.Ленин, 1-том, 300-бет). Ал коммунистік партияның барлық буындарында басқару органдарында отырған адамдар алдымен В.И.Лениннің осы өсиетін естен шығарды. Демократиялық централизм принциптерін өз біліктерімен жүргізді, өздерінің өктемдіктерін жүзеге асыру үшін пайдаланды. В.И.Ленин кезінде ең басты үш дұшпан бар - комчванство (коммунистік тәкаппарлық, менмендік), сауатсыздық, парақорлық. Осылардан арылу керек. Онысыз біз коммунистік, социалистік мұраттарды жүзеге асыра алмаймыз деп сақтандырды. (В.И.Ленин, 44-том, 173-174 беттер). Ал ұлы Абай «өтірік, өсек, мақтаншақ, еріншек, бекер мал шашпақ - бес дұшпанын білсеңіз» деген жоқ па еді?! Партия органдары басында отырған адамдардың көбі мұндай өсиеттерге кезінде мән бермеді. Партия тонын жамылып, көбіне өктемдікке, өпіремдікке, коммунистік менмендікке, шамасына қарамай коммунистік тәкаппарлыққа, өздерін жоғары санап, өзгені көзге ілмеуге, орынсыз билікке ерік берді. Осыдан келіп кадрларды іріктеу, орналастыру, тәрбиелеу ісінде елеулі қателіктерге жол ашылды. Өзіндік пікірі бар, қабілетті адамдарға «ешкімді тыңдамайды», «жөнделмейді» деген сияқты айдарлар тағылып, құпия түрде ығыстырылды, қудаланды.

Басқару орындарына көбіне дарынсыз, жағымпаз адамдардың келуіне жағдай жасалынды, домалақ арыздар жазып адамдарды орынсыз қарақаттауға мүмкіндік туғызды. Мұның қырсығы қоғамның дамуына, ең бастысы экономикалық, әлеуметтік әл-ахуалға, имандылыққа кері әсер етті. Кадрлар жазықсыз жазаланды. Қолдарынан іс келетін, елім, халқым деп кеудесін қақ айырған асыл азаматтар жалған жаламен репрессияға ұшырады. Сөйтіп, партияның, социалистік идеялардың беделіне нұқсан келтірілді. Бұл жайында Президент Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстанның болашағы – қоғамның идеялық бірлігінде» деген еңбегінде нақты ашып көрсетті. «...Социалистік әлеуметтік-экономикалық және саяси қарым-қатынастар жүйесі ретінде түпсіз дағдарысқа тап болғаны айдан анық... Бұл - экономикалық дағдарыс...Бұл - саяси дағдарыс...Бұл - ұлттық дағдарыс... Бұл - имандылық дағдарыс... Бұл - экологиялық дағдарыс...» деді. («Егеменді Қазақстан» 4-5 беттер).

Қоғам жан-жақты дағдарысқа ұшырады. Ол, әсіресе, жетпісінші жылдары тереңдей түсіп, сексенінші жылдары шегіне жете бастады. Себебі, кадрға селқос қарау, тәртіп пен талаптың осалдауы осы кезеңдерде ерекше өрістеді. «Әркімнің еңбегіне қарай» деген социализмнің принципі бұрмаланды. Еңбекке ақы төлеуде теңгермешілік етек алды. Қоғамдық өмірдің барлық саласында қағаз бастылық, орынсыз мадақтау, мақтану етек алды. Орындаушылық тәртіп мүлде әлсіреді. Партия мен Кеңес органдары қабылдаған жап-жақсы қаулы-қарарлар қағаз жүзінде қалып жатты. Еңбекке енжар қарайтындарға, маскүнемдерге, тағы басқа қоғамдық тәртіпті бұзғандарға шара қолдану, тәрбие құралдарының түрлі әдістерін пайдалануда кәсіпорын, ұйым, мекеме басшылары қиындыққа душар болды. Кейбір өмірден алшақ, жасанды, пісуі жетпеген, әлі «ертерек қабылданыла салған заңдарға сүйеніп, кәсіподақтар орынсыз кемшіліктерге, кешірімдерге жол беруге мәжбүр етті. Мұның бәрі еңбек тәртібін, орындаушылық тәртіпті әлсіретті, жүгенсіз бұзақылар көбейді. Осыдан келіп еңбек өнімділігі төмендеді. Өндірілген өнімнің сапасы кеміді...

Сонымен бізге еліміздің өміріндегі бүгінгі барлық қиындықтың түп төркінінің сол жылдардағы партия, Кеңес органдарының (жоғарыдан төменге дейін) басшылықтары жіберген ағаттықтар мен қателіктерде екенін ұмытуға болмайды. Партия мен ел өміріндегі келеңсіз жайлар ұтымды өзгерістерді талап етті. Партия жұмысын реформалау қажеттігі айдан айқын болды. Қайта құру процесін еліміздің жылы қабылдағаны да содан.

Партияның он бірінші съезінде жасаған Орталық комитеттің саяси баяндамасында В.И.Ленин жыл ішінде біз өзіміздің қожалық жасай білмейтіндігіміз айдан анық, толық дәлелдедік. Бұл - негізгі сабақ. Не біз жақын жыл ішінде басқа қырынан танытамыз, не совет өкіметі өмір сүре алмайды Білмейді екенбіз, басынан бастап оқиық, үйренейік... Меніңше бұл негізгі және түбірлі қорытынды болған болар еді, деді. (В.И.Ленин, 45-том, 80 бет).

В.И.Ленин жиырмасыншы жылдардың басында айтып кеткен сабақтан толық қорытынды шығарылмады. Дей тұрғанмен, жалпы жетпіс жылдан астам уақыт ішінде партия басшылығымен жүзеге асқан ерен істерді әсте жоққа шығару мүмкін емес. Өйткені, социалистік идеяны ұсынушылар да, оны қолдаушылар да, жүзеге асыруға атсалысқан еңбекші қауым да болашаққа сенді. Олардың бар арман-мүддесі жарқын өмір орнатумен ғана шектелді... Біз бүгін ұсынып отырған тарихи еңбек жиырмасыншы жылдардан бергі кезеңде Маңғыстау жарты аралында өткен қилы-қилы өмір өткелдері жайлы толғайды. Біздің бұрын «Партия тарихы» деп бөліп алып, өз алдына оқшау ұсынған тарихи дүниелердің бәрі де шын мәнінде азаматтық тарих еді. Себебі, қоғам тек аз ғана коммунистердің күшімен емес, барлық еңбекші бұқараның қолдауымен дамыды. Партия тек бағыт берді, басқарып қана отырды. Коммунистерден алдыңғы сапта жүруді, үлгі-өнеге көрсетуді талап етті. Ел көсемі, Президент Нұрсұлтан Назарбаев өзінің «Оңшылсыз және солшылсыз» деген еңбегінде елдің тарихы жайында өз ойын әдемі баяндады. ...Бір жерден мен мынандай түйінді ойды оқыдым. Өз тарихын сыйламайтын халық - өзін-өзі сыйламайды... Өзіміздің өткенімізді түгелге жуық қаралaп, даттап, өзіміздің басымызға күл шашамыз және барлық қисынды және қисынсыз, шын және жалған күнәға, қылмысқа қынжылғымыз-ақ келіп бүкіл дүние жүзіне айқай салып, біз ештеңе жасай алмаймыз, біздің қолымыздан дәнеңе келмейді дейміз. Тарихқа айыптаушы прокурордың да, ақтаушы адвокаттың да керегі жоқ, оған зерттеушілер керек, деді. Міне, даналық сөз! Өзінің АҚШ-та Трумэннің кітапханасын, Италияда Муссолиниге қойылған ескерткіштің әлі күнге тұрғанын көргендегі жасаған ой түйіндері кім-кімді де толғандырады. («Без правых и левых», М.,1991, 143-144 беттер). Бұл жерде біз еліміздің көсемі, Президенттің елдің - өткен тарихына, ол қандайда болмасын, өзінің аса ілтипатпен қарайтынын, бұл жайында шетелден үлгі алу керектігін қатерге салып отырғандығын атап айту лазым. Бұл -көргенділік, үлкен жүректілік, патша көңілділік. Ендеше бүгін біз ұсынып отырған тарихи кітап еліміз өткен, халқымыз өткен соқпағы мол жылдардан жазылған бір үзім тарихи мағлұмат, тарихи шындық.

166,6 мың шаршы километр жерді алып жатқан 287,7 мың халқы бар Маңғышлақтың тарихы 1920 жылдан басталады. Сол жылы жарты арал біржола ақтардан тазартылды. Адай уездік партия ұйымы және Адай уездік революциялық комитеті ұйымдастырылды. 1920-1927 жылдар аралығында уездік партия ұйымы мен революциялық комитет Маңғышлақта Совет өкіметін нығайту, уезд экономикасы мен мәдениетін өркендетуде,' адамдар арасында саяси-тәрбие жұмысын өрістетуде елеулі іс тындырды. Жаппай сауатсыздық, феодалдық сарқыншақтар, білімді, тәжірибелі кадрлардың тапшылығы елдегі жағдайды революциялық жолмен қайта құру ісін ерекше қиындатты. Уездік партия ұйымы мен революциялық комитет ең алдымен кадрлар даярлауға, адамдарды коммунистік рухта тәрбиелеуге күш салды. Партиялық-ұйымдық, саяси-тәрбие, ұйымдастыру жұмыстарын өрістетті.

Адай уездік революциялық комитеті өз жұмысын 1927 жылға дейін жалғастырды. Кәсіподақ, комсомол ұйымдары партия ұйымының сенімді көмекшісі бола білді. Уездік партия комитеті қоғамдық ұйымдардың жұмысына пәрменді басшылық жасады. Қысқасы, бұл жылдар қилы-қилы оқиғаға толы, Ұлы Октябрь социалистік революциясының жеңісін баянды ету жолындағы күрес жылдары болды. Бұл кезеңде коммунистер, партия, совет активисттері творчестволық энтузиазммен, Октябрь революциясы мұраттары жолында аса зор ынта, жігермен қалтқысыз қызмет етті.

1927 жылдың аяғында Адай округі құрылды. Оның орталығы Ойыл ауданына көшірілді (қазіргі Ақтөбе облысы). Округтік партия комитеті мен округтік совет атқару комитеті уезд партия ұйымы мен революциялық комитет бастаған ұлы өзгерістерді, социалистік қоғам құрылысы жолындағы күресті одан әрі жалғастырды.

Қойны байлыққа толы қазыналы жарты арал Советтік дәуірде ғажайып түледі. Оның мол байлығын игеру, халық кәдесіне жарату одан әрі жалғасын тапты. Әсіресе, өз алдына шаңырақ көтеріп, облыс болған 1973 жылдан бері өткен мерзім Маңғышлақ облысы үшін өсу, өркендеу жылдары болды.

Маңғышлақтан мұнай мен газдан басқа темір кені, жез, көмір, тағы басқа Менделеев кестесіндегі химиялық элементтердің бәрі дерлік табылады. Бірақ Совет өкіметі орнағанға дейін оның сырлары ашылмай, құпия күйінде жатты. Он тоғызыншы ғасырдың 30 жылдарында саяхатшы Г.С.Карелин бұл өңірде мұнайдың бары жөнінде болжам айтса, жиырмасыншы ғасырдың бас кезінде академик Н.П.Андрусов оны дәлелдеп берді.

Маңғышлақ байлығын күрделі зерттеу жұмыстары Ұлы Октябрь революциясынан кейінгі жылдары қолға алынды. 1936-1941 жылдардағы геолог С.Н.Алексейчиктің жүргізген барлау жұмыстарының нәтижелері өміршеңдігін танытты. Бүкілодақтық ғылыми-зерттеу теологиялық барлау институтының жүргізген жұмыстары нәтижелі болды. 1951 жылдан бастап «Казахстан-нефть» бірлестігінің геологтары Маңғышлақ байлығын іздеуге біржола белсене кірісті. 1957 жылы Форт-Шевченко қаласында «Мангышлакнефтегазразведка» тресі құрылды. Сөйтіп, бұрын малды өңір ғана аталған Маңғышлақта өнеркәсіпті дамыту мүмкіндігі түбегейлі қолға алына бастады. 1961 жылы қаңтар-шілде айларында Өзен және Жетібай кен орындарында газ бен мұнайдың қуатты фонтандары атқылап, ғасырларға ұласқан болжам шындыққа айналды. 1965 жылы 5 шілдеде Маңғышлақ мұнайы құйылған алғашқы эшелон пойыз мұнай өңдеу зауытына жөнелтілді.

Маңғышлақ байлығын жедел игеру міндеті партиялық басшылықты өндіріске бір табан жақындату қажеттігін туғызды. Жарты аралда мұнай-газ өндіретін жаңа ірі аудан құру КПСС XXIII съезінің шешімдерінде арнайы аталып көрсетілді. 1 Өмірдің өзі ұсынған міндеттер 1973 жылдың наурызында шешімін тапты. Маңғышлақ облысы және Маңғышлақ облыстық партия ұйымы құрылды. Облыс көлемінде үш қала, төрт аудан болды. Мұнай және газ өнеркәсібін өркендету мүмкіндігі молая түсті. Қазақстан Компартиясының XVI съезінде жасалған баяндамада аталып көрсетілгеніндей, «Бозашы түбегіндегі кенішті жеделдете игеру жөніндегі тапсырма орындалды» 2. Бұл —КПСС XXVI съезінде белгіленген директиавлы құрылыстар қатарында болатын. Республика тұңғыштарының бірі - Қазақ газ өңдеу зауыты, Шевченко пластикалық массалар зауыты, жылдам нейтронмен жұмыс істейтін атом реакторы, жоғары кернеулі электр жүйелері, тағы басқа да күрделі өндірістік қорлар іске қосылды, мұның бәрі еліміздің экономикасын өрге бастыруға қосылған елеулі үлес еді. Маңғышлақта сонымен катар мал шаруашылығы да дамыды. Балық өнеркәсібі, ұлутас шығару өндірісі де өмірлік талаптар биігіне көтерілуде. 2.

Жаңа техникамен жарақтанған, озық технологияны өндіріске батыл енгізген кәсіпорындарда адам факторының шешуші рөл атқаратыны белгілі. Осынау өткен жылдар ішінде Маңғышлақта білімді, тәжірибелі, жан-жақты жетілген кадрлар қатары өсті. Халық шаруашылығының барлық саласында мыңдаған инженер-техниктер мен жұмысшылар, басқа да мамандар өндіріс қарқынын жеделдету процесін дәйекті жүзеге асыруға атсалысуда. Алғашқы нәтижелер көңілді қуантады.

Кезіндегі барлық өзгерістер мен жаңалықтардың «бастаушылары - коммунистер болған-ды. Олар аға ұрпақтың дәстүрлі ісін одан әрі жалғастырып, қоғамды жасампаздық жолмен кемелді дамытуға бұқара халықты жұмылдыруда өздері үлгі-өнеге көрсетті.

Біз бұл шағын әңгімемізде осынау ұлы өзгерістердің бастауы болған, Маңғышлақтағы алғашқы партия ұйымы - Адай уездік, одан кейін округтік партия ұйымының қаз басу, қалыптасу кезеңін Маңғышлақ облыстық партия архивіндегі нақты материалдардың негізінде баяндаймыз. Алғашқы партия ұясы, уездік партия ұйымының саяси - ұйымдық, саяси - тәрбие, ұйымдастыру жұмыстары, революциялық комитет пен кәсіподақтар, комсомол ұйымдарына басшылығы әңгімеленеді. Алғашқы қиындықтар, алғашқы коммунистердің оны жою жолындағы қызметі, жинақтаған тәжірибесі жайында да қамтылады. Соңғы сөз Маңғышлақтың бүгінгі келбеті, саяси-ұйымдастыру, бұқаралық тәрбие жұмыстары, қоғамдық ұйымдардың іскерлігі мен белсенділігіне арналады.

Кезінде біз партия басқарған ел болдық. Ол дәуірдің жақсылығы да, кемшіліктері де кездесіп жатты. Өмірде болған жайды тарихтан сызып тастаймын деу әбестік болар еді. Сондықтан біз партияның түрлі қаулы-қаралары мен съездерінің материалдарына сүйеніп отыруды жөн санаймыз.

I ТАРАУ

ЖАСАМПАЗДЫҚ ІСТЕР БАСТАУЫ

Интервенттер мен ақ гвардияшылардың жас Советтер республикасын тұншықтыру жөніндегі жоспары жүзеге аспады. Еркіндікке қолы жеткен Советтер елінің халқы Коммунистік партияның басшылығымен оларды талқандап, Ұлы Октябрь социалистік революциясының жеңістерін табандылықпен қорғай білді. 1920 жылы бейбіт үзілісті пайдаланып, елде социалистік құрылысты жүзеге асыру, бүлінген шаруашылықты қалпына келтіру ісі қолға алынды. Бұл жөніндегі жоспар РКП(б)-нің VIII-IX съездерінде белгіленді. Барлық Совет халқы сияқты Маңғышлақ жарты аралының еңбекшілері де съезд шешімдері мен партия программасын жүзеге асыруға күш-жігерімен, ынтамен кіріскен болатын.

1920 жылдың 6-сәуірінде Волга-Каспий флотилиясының әскери теңізшілері Форт-Александровскіні ақ гвардияшылардан азат етті. 7-сәуір күні қала еңбекшілерінің құрылтай жиналысы өтті. Онда Маңғышлақта Совет өкіметінің орнағандығы жария етілді. Уездік Совет атқару комитеті құрылды. Сонымен бірге Волга-Каспий флотилиясының 20 сәуірдегі бұйрығымен революциялық комитет ұйымдастырылды. Сөйтіп, алғашқы кезеңде Маңғышлақта уездік Совет атқару комитеті мен революциялық комитет шаруашылыққа қатар басшылық жасады. 3 Маңғышлақ жарты аралы Закаспий облысының қарауына енді де осы жылдың 30 сәуірінен бастап атқару комитеті мен революциялық комитеті біріктіріліп, Закаспий облыс Маңғышлақ уезінің бірыңғай революциялық комитеті болып қайта құрылды. 1920 жылдың 26 тамызында Қырғыз Советтік автономиялық республикасының құрылуына байланысты Маңғышлақ уезі Қырғыз республикасының құрамына енді де, 1920 жылғы 25 қыркүйектегі Қырғыз Орталық Атқару комитетінің қаулысымен Адай революциялық комитеті құрылды. Маңғышлақ уезі Адай уезі болып аталды. 4 РКП (б) IX съезінің шешімдеріне сәйкес революциялық комитет жарты аралда социалистік құрылысты жеделдету үшін балық және тұз өндіретін кәсіпшіліктердегі жұмысшылар мен малшы шаруалар арасында саяси-бұқаралық, ұйымдастыру жұмыстарын кеңінен өрістетті.

Маңғышлақта Совет өкіметінің орнауы және Форт-Александровскінің ақтардан азат етілуі жарты арал еңбекшілеріне тың жігер берді. Олар коммунистердің революциялық рухтағы активистердің бастауымен жан аямай жаңа өмір орнату жолында күресті. Жиналыстар мен жиындарда жұртшылық партияға, Совет өкіметіне, өздерімен қоян-қолтық бірге жұмыс істеп жүрген коммунистерге шын жүректен ризалық сезімдерін білдірді. Мысалы, 1921 жылдың 9-наурызында «Аралды» ауыл тұрғындарының жиналысы етті. Онда қабылданған қаулыда: «Біз «Аралды» ауылының тұрғындары 116 адам қатынасқан жиналыста Совет өкіметіне бірауыздан алғысымызды білдіреміз... Совет өкіметінің орнауы кедейлерді тек қана Совет өкіметі қорғайтынына көзімізді әбден жеткізді. Шынайы большевик Г.Белунин жолдасты бізге жібергені үшін балық өнеркәсібі басқармасындағы жолдастарға шын алғысымызды білдіреміз...» делінген.

1921 жылдың 6-сәуірінде маңғышлақтықтар Форт-Александровскі қаласын ақтардан тазартудың бір жылдығын атап өтті. Адай кәсіподақтары советінің осы күнге арналған салтанатты жиналысында «Форт-Александровск тұрғындарын Қызыл әскери флоттың азат етуінің бір жылдығы және кәсіподақ қозғалысының бір жылдық қорытындысы туралы» баяндама жасалды. Жиналысқа, қатысушылар Баку қаласындағы Волга-Каспий флотилиясының саяси басшылығының атына телеграмма жолдады. Ұмыт қалған өлкеде бұдан бір жыл бұрын социалистік жаңа өмір орнатуға мүмкіндік берген Қызыл- әскери теңізшілерге ыстық сәлем жолдауды өтінді. «Каспий теңізінің қаһарман Қызыл әскери теңізшілерінің,— делінген телеграммада,— бұдан былай да революция: жеңістерінің қырағы сақшылары болатындығына, нұрлы болашағымызды қорғайтындығына кәміл сенеміз». 5.

Маңғышлақта Совет өкіметін нығайту, жаңа өмір орнату жолындағы бұқаралық қозғалыстың алдыңғы сапында В.Мацкевич, Т.Әлиев, Ж.Мыңбаев, С.Жұбаев, Б.Қилыбаев, В.Ф.Комиссариенко, Ф.Ф.Холковский, Ғ.І.Сапожников, И.Демин, М.Әлібаев, Ж.Мыңбаев, Н.Мәтжанов, Холодков, Т.Үмітбаев, С.А.Пирожников, Д.Өтебаев, Н.Оңалбаев, 3.Баймұрзаев, А.Е.Баутин, А.Рукавишников тағы басқа да көптеген: коммунистер мен революциялық рухтағы жастар болды. Мыңбаев Жалау - Қазақстан Орталық Атқару комитетінің төрағасы, Адай революциялық комитетінің, Гурьев округтік аткомының, Орал губерниялық аткомының төрағасы болып жұмыс істеді.

Байбоз Қилыбаев . 1887 жылдың қараша айында Маңғыстаудың Үстірт аралында өмірге келген. Екі кластық училищені, Ташкент қаласындағы мұғалімдер семинариясын тамамдады. Адай уездік партия комитетінде бөлім меңгерушісі, финанс бөлімінің меңгерушісі, Адай уездік революциялық комитетінің төрағасының орынбасары, төрағасы болды. 1928 жылы Қызылорда қаласында өлкелік Қазақ тұтынушылар одағының инспекторы, одан кейін Алматыда «Зернотрестің» кадрлар және жабдықтау бөлімінің меңгерушісі міндетін атқарды. 1931-1935 жылдары Мәскеу қаласында сыртқы сауда институтында оқыды. Институттан сыртқы сауда, балық өнімдерін өткізу жөніндегі товаровед-экономист мамандығын алып, Қытаймен шекарада Зайсанда жәрмеңке ұйымдастыру жөніндегі Халық комиссариаты уәкілінің орынбасары болып жұмыс істеді. 1937 жылы Өлкелік партия комитетінің сұрауы бойынша Байбоз Қилыбаев Қазақстанға қайтарылады. Гурьев балық-консерві зауытында директордың экономика жөніндегі орынбасары болып жұмыс істейді. 1938 жылы репрессияға ұшырады. 1956 жылы ақталып келіп, ақтық күніне дейін өзінің туған жері Маңғыстауда өмір сүрді, еңбек етті.

Төлесін Әлиев (1892-1941 ж.ж.) 1901 жылы Форт-Александровскідегі орыс-қазақ училищесін бітірген. 1913 жылы Жанкелдин отрядының мүшесі болды. 1919 жылы Торғайда ұйымдасқан қазақ атты әскери эскадронының командирі. 1920 жылы Мәскеудегі жұмысшы-шаруа коммунистік университетінің Қызыл командирлер даярлайтын бөліміне оқуға түседі. 1922-1925 жылдары Маңғышлақ уездік революциялық комитетінің мүшесі, милиция бөлімінің бастығы, Адай уездік комитетінің секретары болды. 1925 жылы Қазақстан өлкелік Совет .атқару комитеті төрағасының орынбасары, 1927-1928 жылдары Қазақстан өлкелік партия комитетінің тексеру комиссиясының төрағасының орынбасары болып сайланды. 1923-1929 жылдары Қарақалпақ автономиялы облысында, Шымкентте, Алматыда әскери комиссар міндетін атқарды. 1929 жылы өлкелік әскери коммисариатқа жұмысқа ауысты. 1935 жылы Маңғыстау аудандық Совет атқару комитетінің төрағасы, 1938 жылы Халық комиссарлар Советі төрағасының орынбасары, одан кейін Юстиция халық комиссариатында жұмыс істеді. Жоғарғы Советке мүше болып сайланды.

Садық Жұбаев. 1886 жылы туған. Мұсылманша төрт кластық мектепті, Ганюшкино селосындағы орыс-қазақ училищесінде оқыған. 1918 жылы Әліби Жанкелдинмен Маңғыстауда кездесіп, оның өмірбаянының тың парағы ашылады. В.И.Лениннің тапсырмасымен Торғайға қару-жарақ алып бара жатқан төтенше комиссардың отрядына мүше болды, Жанкелдиннің бірінші көмекшісі жұмысын атқарды. Маңғыстау-Шалқар жорығы аяқталғаннан кейін Жұбаевқа алғыс жарияланып, партияға өтуге кепілдеме беріледі. 1918 жылы Шалқар қаласында партияға өтеді. Ақтармен шайқасқа қатысқан. Фрунзенің әдейі тапсырмасымен Саратов губерниясынан, Манғышлақ уезінен қазақтарды әскери отрядқа жинап, оларға өзі басшылық жасайды. Адай уезінде революциялық комитетінің төрағасының орынбасары, уездік партия комитетінің бөлім меңгерушісі, Адай округтік партия комитетінің партиялық тексеру комиссиясының төрағасы болып жұмыс істеді. Оның еңбегі жоғары бағаланды. Адай округтік партия комитеті Қызылту орденімен наградтауға ұсынды.

Федор Филиппович Холковский . 1920 жылы наурыз айында Өлкелік партия комитетінің жолдамасымен Адай уездік партия комитетіне бірінші хатшы болып келеді. Адай уездік партия комитетінде бір жыл бірінші хатшы болған кезінде ол өзін іскерлігімен, жоғары имандылығы, адамгершілігімен, ұйымдастырушылық шеберлігімен танытты. Партия ұйымындағы топқа бөлініп, өзара кескілесе айтысқан адамдар арасында тәрбие жұмысы өрістетіліп, партия ұйымындағы бірлікті, ынтымақтастықты қалыптастырды.

Зұлқаш Баймырзаев. 1918 жылы Фортта құрылған Қызыл рота жауынгері. Әліби Жанкелдин отрядының мүшесі. 1921 жылы Мәскеудегі коммунистік университетте оқыды. Сол жылы Адай уездік ВЧК-ОГПУ бастығының орынбасарлығына жолданылады. 1925-1926 жылдар Түркістан мен Шалқар укомының хатшысы, 1927-1928 жылдары Қарқаралы округтік Кеңес атқару комитетінің төрағалығына жолданып, қызмет істейді. 1928-1929 жылдары Гурьев округтік партия комитетінің хатшысы болып істейді. 1929 жылы Мәскеудегі Тимирязев атындағы ауыл шаруашылық академиясының балық шаруашылық институтына оқуға түседі. 1932 жылы институтты бітіргеннен кейін, сонда партия ұйымының хатшысы болып қалады. Жоспарлаушы-инженер мамандығын алады. Аспирантурада оқиды. 1933 жылы Түрікмен республикасына жұмысқа жіберіледі. Орта Азия саяси секторының нұсқаушысы, Мары мақта МТС-інің саяси бөлімінің бастығы болады. 1934 жылы Бүкілодақтық «Рыбоплодоэкспорт» бірлестігінің Ленинградтағы бөлімінде және комиссариаттың шетелдер бөлімінде қызмет атқарды. 1936 жылы Керчь мемлекеттік балық тресі бастығының орынбасары міндетін атқарды. 1937 жылы Қырым АССР-ына Балық өнеркәсібі бас басқармасының бастығының орынбасарлығына жолданылды.

Алексей Егорович Баутин. Бірінші дүниежүзілік соғыстан оралған соң ол 1917 жылы Маңғышлаққа келеді. Өзінің пікірлес-замандастарымен Николаевск селосында большевиктік топ құрады. 1918 жылы Маңғышлақта - Қызыл әскер ротасы құрылады. Баутин әскер взводын басқарады. 1919 жылы алғаш құрылған Николаевск Кеңес атқару комитетіне төраға болып сайланады. 1919 жылы мамыр айында партияға өтеді. 1919 жылы ақтардың қолына түседі. Сол жылы 15 шілдеде Алексей Баутин мен Андрей Юбканы өлім жазасына кеседі. Сөйтіп, Рязань облысы, Қасымов ауданының Балушево-Почник селосындағы шаруа жанұясынан шыққан революционер отыз жеті жасқа қараған шағында Маңғышлақта Кеңес өкіметін орнату жолындағы күресте қаза тапты.

Маңғышлақта Совет өкіметін нығайту, социалистік шаруашылықты алға қарай дамыту, еңбекшілер арасындағы ұйымдастыру және идеялық-тәрбие жұмыстарын мейлінше күшейту міндеттері - бірыңғай партиялық, саяси басшылық орталығын құруды қажет етті. Осы мақсатта Маңғышлақ уездік партия комитеті құрылды. Алғашқы мәжілісі 1920 жылы 2 маусымда өтті. Онда «Алғашқы адым және алдағы міндеттер» туралы мәселе талқыланды. Мәжіліс қабылдаған қаулыда: «Астрахань губерниялық партия комитетінен радио арқылы партиялық апталық өткізу, алдағы жұмыстарға бағыт беру сұралсын, губерниялық комитеттен нұсқау келгенге дейін коллективтер жеке-жеке ұйымдарға, фракцияларға бөлінсін, 6-маусымнан бастап партиялық апталық өткізіліп, партияға қабылдау 1920 жылдың 8 маусымнан басталады» делінген. Маңғышлақта партия ұйымының қазбасу, жасампаздық жылдары осылай басталды. 6.

Уездік партия ұйымының құрылуы саяси күштерді біріктіруге, көшпелі қазақтар арасында партиялық - ұйымдық және саяси жұмыстарды пәрменді жүргізуге, оларды Коммунистік партия төңірегіне тығыз топтастыруға зор мүмкіндік туғызды. (Ол кезде Адай уезінде 186562 адам болса, оның 162134 көшпенді қазақтар, 1824-і орыстар еді).

Уездік партия ұйымы өз қатарын революция ісіне шын берілген жұмысшылар есебінен толықтырды. «Партиялық апталықтар» өткізілді. Еңбек ұжымдарында коммунистік партияның ұлы саясаты жайында баяндамалар жасалып, әңгімелер өткізілді. Осынау ұмытылмас күндерде балық және тұз өнеркәсібінің көптеген алдыңғы қатарлы жұмысшылары партия мүшелігіне кандидаттыққа өтіп, жаңадан бірнеше партия ұялары құрылды. Мысалы, 1920 жылдың 22 желтоқсанында Долгий аралында партия ұясының ұйымдастыру жиналысы өтті. Оған 6 адам қатынасты. Олардың бәрі де сол бойда партия мүшелігіне кандидаттыққа қабылданды. Олар «Тәртіп туралы» және «Партия ұясы коммунистерінің жиналыстарын өткізу туралы» мәселелерді талқылады. 7.

Совет өкіметінің алғашқы жылдарында әрбір партия ұйымы партия аппаратының құрылымын өз ұйғарымымен белгіледі. Басқару органдарын бюро, президиум, атқару комитеті деп, оның бірінші басшыларын төраға немесе хатшы деп өз қалауынша атады. Бұл сол кезеңнің өз ерекшелігі болатын. Социалистік құрылыс міндеттерінің ұлғайып, күрделілене түсуіне байланысты партия органдарының жүйесін қайта қарау және оны бір ізге салу шаралары жүзеге асты. Маңғышлақ уездік комитетін алғашқы күннен бастап президиум басқарды. Бірінші уездік партия конференциясына дейін уездік партия комитетінің төрағасы міндетін В.Мацкевич атқарды.

1921 жылдың 9-11 қаңтарында Форт-Александровск қаласында (қазіргі Форт-Шевченко) бірінші Адай уездік партия конференциясы өтті. Ол уездік партия ұйымын ұйымдық жағынан бекітті. Конференцияға шешуші дауыспен-12, кеңесші дауыспен-7, барлығы-19 делегат қатынасты. Күн тәртібі бойынша «Қазіргі кезең туралы», «Партия ұйымының есебі туралы», «Уездік партия комитетінің құрылымы туралы» мәселелер талқыланды. Уездік партия комитетінің құрамын және партияның X съезіне, Қазақстан облыстық бірінші партия конференциясына делегаттар сайлады. РКП (б) X съезінің делегаты және уездік партия комитетінің хатшысы болып Холодков сайланды.

Уездік бірінші партия конференциясы партия құрылысы мәселелері бойынша қабылдаған қаулысында партия ұйымының сапа құрамын жақсартуға, РКП (б) VIII съезінің шешімдеріне сай партиялық тәртіпті нығайтуға ерекше көңіл бөлді. 8.

Уезд партия ұйымы партияның IX съезінің шешімдерін басшылыққа ала отырып, басқару стилі мен әдістерін жетілдірудің, коммунистердің саяси белсенділігін арттырудың, уезд партия комитеті аппаратының кұрылымын реттеудің шараларын жүзеге асырды.

1921 жылдың 21-23 шілдесінде Адай уездік екінші партия конференциясы өтті. Конференция уезд партия ұйымының жұмысы туралы есепті талқылап, алдағы міндеттерді белгіледі. Конференцияға шешуші дауыспен-14, кеңесші дауыспен-14, барлығы-28 делегат қатынасты. Бір ерекшелік конференцияда негізгі мәселеге қосымша саяси ағарту жұмысы туралы, әйелдер арасындағы жұмыс туралы, жастар арасындағы жұмыс туралы Совет құрылысының міндеттері жәйлі, уезд кәсіподақтарының міндеттері, экономикалық саясат туралы жеке-жеке баяндамалар тыңдалып, тақыланды. Мұндағы көзделген негізгі мақсат - біріншіден, әр саланың жұмысын жан-жақты талдау, талқылау, екіншіден, әр саланың жұмысын барынша жоғары талап деңгейіне көтеру үшін қызметкерлердің жауапкершілігі мен мүдделілігін арттыру еді. Конференцияда Форт-Александровск қаласын Форт-Урицкий деп, Николаевск станитсасын Баутин поселкесі деп атау ұйғарылды. 9.

РКП (б) X съезі партия құрамында жұмысшылардың санын көбейтуге түбегейлі бағыт ұстауды талап етті. РКП (б) Орталық Комитетінің бұл туралы хатында былай деп атап көрсетілді: «...Совет мекемелерінің құрамы да, біздің бюрократизмға қарсы күресіміздің табысты болуы да, шаруашылықты жолға қою ісі де, осының барлығы да біздің партия ұйымдарының құрамына байланысты. Әрбір губерниялық комитеттің, әрбір уездік комитеттің, әрбір «төменгі» буының жұмысында титтей де жеке бастың, жіктің немесе басқа да ойдың ықпалымен «есеп айырушылық» ниеті болмауға тиіс. 10 Адай уездік партия ұйымы партия нұсқауларын қалтқысыз басшылыққа алды. Съезд шешімдері негізінде белгіленген шараларды жүзеге асырудың нәтижесінде партия қатарының беріктігі нығайып, коммунистердің белсенділігі мен ұйымшылдығы артты. Партия ұйымдары саяси саналылығы төмен, партиялық тәртіпті бұрмалап, жат қылықтар көрсеткен мүшелерден арыла бастады. 1921 жылдың 1 шілдесінде 14 партия ұясында 66 РКП (б) мүшесі, 44 мүшелікке кандидат есепте тұрды. 1924 жылдың 1 қаңтарында партия ұяларының саны 3-ке қысқарып, 40 РКП (б) мүшесі және 27 мүшелікке кандидат есепте тұрды. РКП (б) Орталық Комитетінің 1924 жылғы қаңтар Пленумы «Жұмысшылар мен жұмысшы әйелдерге» Үндеу және «Жұмысшыларды станок жанынан партияға қабылдау туралы» қаулы қабылдады. Лениндік шақыруды жұмысшы табы қызу қуаттады. Партия құжаттары Адай уездік партия ұйымының да ұйымдық жағынан нығаюына айрықша ықпал жасады. Балық, тұз өндіретін кәсіпшіліктерде және басқа да кәсіпорындарда партияға жүзге жуық жұмысшы қабылданды. 1924 жылдың шілдесінде партия ұяларының саны төртке, партия мүшелігіне кандидаттар қатары 119 адамға өсті. 1927 жылдың желтоқсанында уездегі 10 партия ұясында 301 РКП (б) мүшесі, 148 мүшелікке кандидат есепте тұрды. Сонымен Лениндік шақыру жүзеге асты. Партия ұйымдарының әлеуметтік құрамы жақсарды. 11.

Сол жылдары партияға қабылданғандардың ішінде А.Кордус, К.Мәтжанов, Серегин, X.Оңалбаев, И.Кузнецова, С.Бүркітбаев, Ж.Омаров, X.Әлиев, Б.Қалыбаев тағы басқа көптеген коммунистер бар. Олардың бәрі де практикалық жұмыстарда сыналған, адал коммунистер болатын.

Маңғышлақ уезінің өзіндік ерекшелігі — мал шаруашылығындағы адамдардың үнемі көшіп-қонуы саяси-тәрбие жұмыстарын жүргізуде көптеген қиындықтар келтірді. Оның үстіне 1926 жылға дейін ауылдарда партия ұйымдары ұйымдаспады. Тек 1926 жылдың мамырында ғана Жынғылды және Ақмыш қырында партия ұялары құрылды. Соған қарамастан уезд партия ұйымы «Ауылға бетіңді бұр» деген ұранмен ауыл еңбеккерлері арасында саяси-бұқаралық жұмысты өрістетті.

Білімді, тәжірибелі кадрлардың жетіспеуі уезд партия ұйымының жұмысына елеулі нұқсан келтірді. 1923 жылғы дерек бойынша уезд тұрғындарының 99 проценті сауатсыз болды. Оған қоса көптеген коммунистердің саяси жағынан әзірлігі жетпей жатты. Уезд партия ұйымы осынау қиындықтардан шығудың жолдарын қарастырды. 1923 жылдан бастап сауатсыздықты жою қолға алынды. Мұғалімдер даярлайтын 3-4 айлық курстар ұйымдастырылды. Партиялық оқу-ағарту ісіне айрықша көңіл бөлінді. 1926 жылдың 1 қарашасына дейін қаладағы партия ұяларында 4 партиялық сауат ашу мектебі, бір сатылы совет-партия мектебі, үш айлық саяси мектеп жұмыс жасады. Тек қана 1924 жылы 30 РКП (б) мүшесі мен мүшелікке кандидаттар саяси мектеп бітіріп, олар үгіт-насихат жұмыстарына белсене араласты. Партия мүшелері мен кандидаттарына партиялық тапсырмалар беру реттелді. Уездік партия комитетінің үгіт-насихат бөлімі қабырға газеттері үшін ауыл-село тілшілерінің үйірмесін ұйымдастырды. Коммунистер саяси әдебиеттермен қамтамасыз етілді. В.И.Лениннің қазақ тілінде шығарылған шығармалары кеңінен таратылды.

Уезд партия комитеті партия ұяларын дайындығы бар кадрлармен нығайтуға бағыт ұстады. Қаладағы, селодағы және қырдағы партия ұяларының хатшылары мен бюро мүшелері болып Көбеев, Қилыбаев, Әбдіхалықов, Шмелев, Масленников, Ғизатов, Оңғалбаев, Еркеғұлов тағы басқалар сайланды. 12.

1926 жылдан бастап уездік комитеттің партия ұяларына басшылығы жетілдіріле түсті.' РКП (б) Орталық Комитетінің селолық партия ұяларының жұмысын тексеру, оған басшылықты өрістету туралы нұсқаулары негізінде партия ұяларының жұмысы жүйелі тексеріліп, оның қорытындылары уездік партия комитетінің бөлімдерінде талқыланып отырды. Мысалы, 1927 жылы 31 наурызында уезд партия комитетінің ұйымдық бөлімінің мәжілісінде уездік халық ағарту бөліміндегі №1, революциялық комитеттегі №6, тұз кәсіпшілігіндегі №4, халық сотындағы №7 ұяларының жұмысын тексерудің қорытындысы талқыланды. Партия ұялары хатшыларының кеңесі өткізіліп, жұмысты қалай ұйымдастыру керектігі жайында нұсқау берілді. Уездік комитеттің шешімімен жауапты қызметкерлер халық шаруашылығы салаларына бекітіліп, оларға партия ұяларына практикалық көмек көрсету тапсырылды. Уезд партия комитетінің бюросында партия ұяларының жұмысы туралы мәселелер қаралатын болды. Мысалы, 1927 жылы 19 ақпанында уездік партия комитетінің бюро мәжілісінде «Ауыл коммунистерінің партиялық-саяси жұмыстары туралы», «Ауылдағы партия ұяларында рушылдыққа жол бермеу туралы», «Ауыл партия ұялары хатшыларының курсын ашу жәйлі» мәселелер талқыланды. Ауыл партия ұялары қатарының өсуін реттеу, партия мүшелігіне кандидаттардың құрамын қайта қарау, село коммунистерінің саяси білімін көтеру туралы қаулы қабылдады. Нәтижесінде 1926 жылдан бастап, әсіресе қаладағы партия ұяларында партиялық ұйымдық жұмыстар жандана бастады. Коммунистердің жалпы жиналыстарында кәсіпорын басшыларының есебі тыңдалып, партиялық тәртіпті нығайту, коммунистердің белсенділігін күшейту, еңбек өнімділігін арттыру және үнем тәртібін сақтаудағы коммунистердің міндеттері туралы мәселелер жиі талқыланды.

1926 жылы өткен уездік төтенше VIII партия конференциясынан кейін уездік партия комитеті бөлімдерінің жұмысы белгілі бір жүйеге түсіп, жоспарлы атқарылатын болды. Партия ұяларымен байланыс нығайды. Бөлімдерде мәжілістер тұрақты өткізіліп, актуалды мәселелер талқыланып жатты. Мысалы, 1927 жылдың 22 наурызындағы үгіт-насихат бөлімі өткізген мәжілісте «Саяси білім беру мектебінің жұмысы туралы» мәселе қаралды. Мектеп жетекшілері баяндама жасады. Сол жылдың 31 тамызында партиялық ұйымдық жұмыстар бөлімі өткізген мәжілісте ұялардың бюро құрамдарын бекіту, қаладағы ұяларды қайта құру, оларға практикалық көмек көрсетудің жолдары туралы мәселелер шешімін тапты. Барлық мекемелерде коммунистік фракциялар ұйымдастырылды. 1927 жылдың қыркүйегінде Адай уезі округ болып қайта құрылды. Уездік партия ұйымы округтік партия ұйымы деп аталды.

1920 жылдың маусымынан 1927 жылдың қыркүйегіне дейін тоғыз рет уездік партия конференциясы өтті. Олар да партия съездерінің шешімдерін жүзеге асыру шаралары белгіленіп, уезд партия ұйымы алдында тұрған міндеттерді шешу жолдары талқыланды. Мысалы, 1926 жылы 8-11 маусымында Адай уездік партия ұйымының төтенше VIII партия конференциясы шақырылды. Партия ұйымдары мен уездік партия комитетінің аппаратында жікшілдіктің асқынуына байланысты болатын. Конференция партияның X съезі шешімдеріне сай уезд партия ұйымындағы жікшілдікті қатаң айыптады. Жікшілдіктің асқынуының басты себебі партия мүшелерінің саяси білімдерінің тайыздығынан, басшылықта жіберілгіш кейбір кемшіліктердің салдарынан, жекелеген қызметкерлердің мансапқұмарлығынан, сондай-ақ, байлардың кедейлерге ықпалының жойылып болмауынан еді. 13.

Уезд партия конференциясы алда тұрған күрделі міндеттерді шешудің жолдарын айқындады. Атап айтқанда: селоны советтендіру, «Қосшы» одағын кұру, революция заңдылықтарын нығайту, тағы басқалар. 14.

1927 жылы 5-9 қаңтарында өткен IX уездік партия конференциясы төтенше VIII партия конференциясының шешімдерін жүзеге асырудың жайын талдады. Уездік партия комитетінің хатшысы Ф.Ф.Холковский қорытынды сөз сөйледі. «Конференция жұмысы,-деді ол - аяқталды. Біз уезд партия комитетін сайладық, мұның төңірегінде ешқандай да жікшілдік көзқарас байқалған жоқ... Алға қарай да сіздерге тату, берік топтасқандық жағдайда жұмыс жасауды тілеймін...». 1920-1927 жылдардағы Адай уездік партия ұйымының партиялық ұйымдық жұмыстарының кейбір нәтижелері осындай. 15.

Дүниежүзі пролетариатының ұлы көсемі В.И.Ленин Ұлы Октябрь социалистік революциясының алғашқы күндерінен бастап барлық жерде еңбекшілер бұқарасын саяси тәрбиелеу және оқыту ісімен дәйекті айналысуды талап етті. Кітапты пайдалану үшін тұрғындарды жаппай сауаттандырмай, толық дәрежеде үйретпей тұрып бізге көздеген мақсатқа жету мүмкін емес, деп үйретті В.И.Ленин. Адай уездік партия ұйымы партия нұсқауына сай бұған ерекше назар аударды. Өйткені, жаппай сауатсыздық, мәдени жағынан артта қалуы, діни және феодалдық сарқыншақтардың ықпалы Маңғышлақ жарты аралында қоғамдық өмірді қайта құруды жеделдетуге үлкен нұқсан келтірді. 1920 жылы 22 маусымда Маңғышлақ уездік партия комитеті бюро мәжілісін өткізіп, жергілікті халық арасындағы жұмыс, үгіт бөлімін құру туралы, кітапханалар мен оқу залдары жайлы, сен-білік жөнінде, тағы басқа мәселелер қарады. Осы кезеңде Астрахань мен Орынбор қалаларынан Маңғышлаққа жұмысқа партия мүшелері мен мүшелікке кандидаттардың көптеп келуіне байланысты уездік партия ұйымы бұқара арасында саяси-тәрбие жұмыстарын өрістетуге бірқатар мүмкіндік алды. Уездік партия комитетінің бюро мәжілісі үгіт-ұйымдастыру бөлімін құру туралы шешім қабылдады. Бөлім меңгерушілігіне А.Руковишиниковті бекітті. Одан ішкі мүмкіндікке орай жұмысты жоспарлы ұйымдастыруды талап етті. Үгіт-ұйымдастыру бөлімі уездегі жағдайды талдады, бұл жұмысқа комсомол мүшелерін мейлінше қатыстыру қажет деп шешті. 1920 жылы 29 маусымда уездік партия комитетінің президиумында бөлім меңгерушісі А.Руковишиниковтің үгіт-бұқаралық жұмысты ұйымдастырудың жайы туралы баяндамасы тыңдалды. Үгіт-насихат жұмысын жандандыру мақсатында уездік партия комитетінің бөліміне көмекші ретінде Жастар Одағының жанынан да үгіт-ұйымдастыру бөлімін құруға шешім қабылдады. Оның меңгерушілігіне Трофимов бекітілді. Маңғышлақ еңбекшілерінің социалистік саналылығын өсіру жолындағы саяси идеялық-тәрбие жұмысының алғашқы қадамы осылай басталды.

1921 жылы 8-16 наурызда РКП (б)-нің X съезі өтті. Съезд жаңа экономикалық саясат кезіндегі еңбекшілер бұқарасы арасындағы идеялық-тәрбие жұмысының міндеттерін айқындады. «Главполитпросвет» пен оның органдары,— деп атап көрсетілді съездің шешімдерінде,— жұмысының басым салмағы партиядан тысқары бұқара арасында үгіт-насихат жұмысын жүргізуге және оларға мәдени жағынан білім беру жұмысына аударылуға тиіс, мұнымен бірге «Главполитпросвет»-тің аппараты мен күштері партия мүшелерінің саналылық дәрежесі» арттыру үшін де барынша пайдаланылуға тиіс...». Съезд шешімдеріне сәйкес уезд партия комитеті еңбекшілер арасында үгіт-насихат жұмыстарын өрістетудің шараларын белгіледі. Бұл жұмысқа сол кезеңдегі білімді, тәжірибелі кадрларды жұмылдырды.

Бозашы елді мекенінен тұрақты жұмыс істейін ақпараттық пункт ашылды. Нұсқаушы-үгітшілер Қадыров, Сәрсенбаев жетекшілік еткен үгітшілер тобы тұрғындар арасында Совет өкіметінің саясаты, коммунистік партия, совет заңдылықтары туралы әңгімелер өткізіп, баяндамалар жасады. Ақпараттық пункттер сол кезеңнің мүмкіндігіне қарай қажетті әдебиеттермен қамтамасыз етілді. Қазақтың облыстық (1925 жылдан бастап өлкелік) партия комитеті үгіт-насихат жұмыстарын өрістету мақсатында Маңғышлаққа мезгіл-мезгіл саяси баяндамашылар мен лекторлар жіберіп тұрды. Тек қана 1921 жылдың мамырында Орынбордан жиырма бес саяси қызметкер келіп, Маңғышлақ уезінде саяси-бұқаралық жұмыс атқарды. Уезд партия ұйымы насихатшылар мен үгітшілер даярлайтын қысқа мерзімді курстар мен саяси мектептер ашты. Ынталы кадрларды Оралдағы партия-совет мектебіне, жұмысшылар факультетіне оқуға жолдады. Оқуды бітірген соң олар Маңғышлаққа қайта оралып, насихатшы, үгітші, лектор болып жұмыс істеді. 16.

Уезд партия ұйымы үгіт-насихат жұмыстарының алуан түрі мен әдістерін пайдаланды. Еңбекшілердің жалпы жиналыстары мен митингілер жиі өткізілді. Лекциялар оқу мен баяндамалар жасау жоспарлы түрде ұйымдастырылды. Ол кезеңде жеке әңгімелесулер мен пікір алысуларға мән берілді. Мысалы, 1920 жылдың 14 шілдесінде «Құлалы» аралында еңбекшілердің жалпы жиналысы болып, оған 25 адам қатысты. Онда уездік партия комитетінің өкілі В.Комиссаренко совет өкіметі туралы баяндама жасады. 114 адам қатысқан мұндай жиналыс Долгий селосында да өтті. 1921 жылы Адай уезіндегі Қырғыз еңбекші интеллигенциясының мәжілісі болды. Еңбекшілердің жалпы жиналыстары мен, мәжілістеріне, митингілеріне уезд партия комитетінің және революциялық комитетінің өкілдері қатысып, олар халықаралық жағдай, Совет өкіметінің мәні, партия туралы, еңбекші бұқараның алғашқы табыстары жайында баяндамалар жасап отырды. 17.

Уезд партия комитетінің бюро мәжілістерінде саяси бұқаралық жұмыстың жәйі туралы мәселе жиі қаралды. Мысалы, 1920 жылы 2 тамызда лекциялық насихатты жандандыру туралы мәселе қараған комитет мәжілісі лекциялық насихат жұмысындағы кейбір кемшіліктердің бетін ашты. Аптасына екі рет екі сағатқа созылатын лекция оқу белгіленді. Әрбір лекцияның соңында міндетті түрде концерт қойып, немесе спектакль көрсету ұсынылды. Сол жылдың 31 тамызында үгітшілер туралы мәселе талқыланып, үгіт-бұқаралық жұмыстарды одан әрі жетілдірудің жолдары көрсетілді.

Уездік партия комитетінің және уездік революциялық комитеттің шешімімен уезде ауру және жаралы солдаттарға, панасыз балаларға көмек және қорғаныс апталықтары өтіп тұрды. Осындай саяси шараларды жүзеге асыруға үгітшілер мен лекторлар, баяндамашылар белсенді араласты. Апталықты өткізу алдында еңбекшілердің митингісі өткізіліп, концерттер қойылып, спектакльдер көрсетілді. Мысалы, 1925 жылы 18-25 қаңтарда В.И.Лениннің қайтыс болғанына бір жыл толуына арналған еңбек апталығы өткізілді. Апталық күндерінде В.И.Лениннің өмірі мен қызметі жайында баяндамалар жасалып, лекциялар оқылды. Осынау атаулы күндерде комсомол мүшелері, әйелдер мен кедейлер партияға, пионерлер - комсомолға қабылданды. 18.

Партияда жоқтардың конференциясын өткізуге айрықша мән берілді. Партияның қалың бұқарамен байланысын нығайту үшін В.И.Ленин партияда жоқтардың конференциясын өткізудің керектігін ескерткен болатын. «Революцияның барысында практикалық істе өмірге келген партияда жоқ жұмысшы және шаруалардың конференциясы сияқты мекемелерді біз тұтасымен қолдауға, дамытуға, кеңейтуге тырысамыз»,- деді В.И.Ленин. Партияда жоқтардың конференциясы 1925 жылдың өзінде Форт-Урицк, Долгий селосы, Қаратау, Кендірлі ауылдарында өтті. Еңбекшілер елдегі жағдайлар, «Қосшы» одақтарын ұйымдастыру, еңбек қорғау, тағы басқа көкейтесті мәселелерді талқылады. Ал, 1926 жылдың 20 шілдесінен 5 тамызына дейін уездік партия комитетінің шешімі бойынша Бозащы, Жыңғылды ауылдарында одақта жоқ жастар мен еңбекшілердің біріккен конференциясы өткізілді. Онда «Қосшы» одағының жұмысы, ауыл шаруашылығы салығы, социалистік құрылыстағы ВЛКСМ мүшелерінің рөлі туралы мәселелер талқыланылды. 19.

Коммунистер «Коммунизмнің әліппесін меңгерейік» деген девизбен марксизм-ленинизм классиктерінің шығармаларын өз бетімен оқу ұйымдастырылды. Қырдағы коммунистер үшін жылжымалы саяси мектеп ашылды. Урицк қаласындағы партиялық ағарту жүйесі бойынша саяси сауат ашу мектебі, маркстік-лениндік үйірмелер, кешкі партия-совет мектебі, ездігінен сауат ашу үйірмесі, халық университеті жұмыс жасады. Мектептердің жетекшілері болып Жұбаев, Қилыбаев, Костин, Калиновский, Шмелев сияқты тәжірибелі коммунистер бекітілді . 20.

Өзінің идеологиялық қызметінде уезд партия ұйымы баспасөз органдарының көмегіне сүйенді. 1920 жылдың 28 маусымындағы мәжілісінде уезд партия комитетінің прездиумы баспасөз органын құру туралы шешім қабылдады. Ол кезде Маңғышлақта радиостанция жұмыс жасады. Оның жанынан «Радиохабары» деп аталатын бюллетень шығып тұрды. Бірақ ол революциялық қозғалыс, партияның және Советтік Россияның күнделікті өмір тынысынан тұрғындарды толықтай хабардар ете алмады. Президиум «Радиохабары» бюллетенінің көлемін ұлғайту және оны «Партиялық хабар» деп атап, аптасына төрт рет шығаруды ұйғарды. Оның материалдарын редакциялауды уездік партия комитеті президиумының төрағасы В.Мацкевичке тапсырды. Форт-Урицк қаласында (қазіргі Форт-Шевченкода) 1913 жылы Қазақстандағы тұңғыш радиостансаның жұмыс жасағанын айта кету керек. Ал, патшалық Россияда ол кезде бар болғаны 16 радиостанса ғана қызмет еткен болатын. Мұнан басқа орыс және қазақ тілдерінде екі қабырға газеті шығарылып тұрды. Қазақ тіліндегі қабырға газеті бірнеше дана шығарылды да, Форт-Александровск қаласына тартылды және тұрғындар арасында дауыстап оқу үшін қырдағы малшы ауылдарға жіберілді. 21.

Қырдағы еңбекшілер арасында үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу үшін уезд партия ұйымы ауыл-ауылға үгітшілер мен насихатшылар тобын жиі-жиі жіберіп тұрды. РКП(б)-нің XIII съезі мен 1924 жылы қазанда өткен РКП (б) Орталық Комитетінің Пленумынан кейін уезд партия ұйымы «Ауылға бетіңді бұр» ұранымен ауыл еңбекшілері арасындағьі идеялық-саяси жұмыстарын қызу өрістетті. Ауылда саяси жұмыс атқаруға 35 коммунистке жолдама берілді. Коммунистік фракциялар құрылды. «Ауылға бетіңді бұр» деген атпен қабырға газеті шығарылды. Партияның XIII съезінің баспасөз туралы шешімінде қабырға газеттерінің рөлі жоғары бағаланғаны белгілі. «Баспасөз жүйесінде,—деп атап көрсетілді съезд қарарында, қабырға газеттерінің алатын орны зор, ол бұқараға әсер ету құралы ретінде және олардың белсенділігін ашу, айқындау ретінде де маңызды». Уезд партия комитетінің президиумы, үгіт-насихат бөлімі қабырға газеттерінің редакция алқасына практикалық көмек көрсетіп отырды. Қабырға газеттерінің мазмұнды шығуына назар аударды. Баспасөзге кадр даярлау мақсатында тілшілер курстары ұйымдастырылды.

РКП (б)-XII-XIII съездерінің шешімдеріне сай уезд партия ұйымы, әсіресе партия, кәсіподақ, комсомол мүшелерінің саяси және жалпы техникалық сауатсыздығын жоюға айрықша мән берді. Сауат ашу пункттері жұмыс істеді: мұғалімдер даярлайтын үш-төрт айлық курстар ұйымдастырылды. Уездік оқу бөлімі сауатсыздыққа қарсы күрес комиссиясын құрды. Мақсат – халыққа білім берудің бірыңғай социалистік жүйесін қалыптастыру болатын. Бұл бағытта қиындықтар да болмай қалған жоқ. Жаңаша оқу жайында діни адамдар жаңсақ пікірлер таратты. Сол себепті көптеген ата-аналар балаларын оқуға беруден бас тартты. Бұл мәселе 1924 жылы болыстық және ауылдық Советтердің III уездік съезінде талқыланды. Осы мақсатта үгіт-насихат жұмыстары кеңінен өрістеді. 1920-1922 жылдарда қысқа мерзімді курстар арқылы 85 мұғалім даярланылды. Ересектер үшін мектептер ашылды. Уезде 1920-1924 жылдары 50-ден астам жалпы білім беретін мектеп жұмыс жасады, оның 4-і орыс мектебі болатын. 38 сауатсыздықты жою пунктерінде 600 адам оқыды. Қыр қазақтарының балаларын оқыту үшін Жыңғылды ауылында жылжымалы мектеп ұйымдастырылды. Оқу жүйелерінде оқушылардың саны жылма-жыл көбейе түсті. Мысалы, 1924-1925 жылдары бірінші басқышты мектептерде-582, ал 1925-1926 оқу жылында-769, келесі жылы бір мыңнан астам оқушылар оқыды. 1926 жылы Форт-Урицк қаласында жетіжылдық мектеп ашылды. 1927 жылы онда алты топ оқыды. Оның тыңдаушылары негізінен партия қызметкерлері, мектеп жетекшілері болатын.

Еңбекшілерге идеялық-саяси тәрбие беруде мәдени-ағарту мекемелеріне айрықша міндеттер жүктелді. Бұл РКП(б)-нің XII-XIII съездерінде атап көрсетілді. Съезд шешімдеріне сәйкес уезд партия ұйымы, мәдени мекемелерінің жұмысына басшылықты күшейтті. 1920 жылы мәдени-ағарту мекемелері халық ағарту бөліміне берілді.

Клубтарда әдебиет, поэзия, музыка кештері өтіп тұрды, жастар үйірмелерге қатысып, өнер үйренді. Бұл жұмыстарды ұйымдастыруға халық ағарту саласының мамандары белсене араласты.Уезде 1923 жылы 12 мыңнан астам кітап қоры бар үш кітапхана жұмыс жасады. Бір ғана клуб халық үйі болды. Бір жылдың ішінде көркемөнерпаздар ұжымдарының күшімен 22 спектакль қойылып, 6 митингі және кеш өткізілді. Клуб саны 1924 жылы 4-ке жетіп, онда орыс-қазақ тілдерінде насихатшылар, драма, хор, физкультура және спорт үйірмелері жұмыс жасады.

Отырықшылыққа әлі айнала қоймаған көшпенді шаруалар арасында үгіт-насихат жұмыстарын жандандыра түсу мақсатында жылжымалы Қызыл отау ұйымдастырылды. Оның үгітшілері және сауатсыздықты жою, медицина, заң бөлімдері, кітапханасы болды. Қызыл отау еңбекшілерге кеңес беріп, әңгімелер өткізді, 8 спектакль қойды, дәрігерлік көмек көрсетті. Кедейлердің байға реніші, қалың мал, барымта жәйлі арыз-шағымдарын қабылдап, оны реттеп отырды. Қызыл отаудың жұмысында қиындықтар аз ұшырасқан жоқ. Жекелеген байшыл элементтердің Қызыл отау қызметкерлеріне ашық шабуыл жасаған кезі де болды.

Уездік партия ұйымы алғашқы күннен бастап әйелдер арасындағы саяси-тәрбие жұмыстарына айырықша мән берді. Бірақ белсенді, білімді әйелдердің жоқтығынан бұл іс мардымсыз жүргізілді. Алайда әйелдердің жалпы қалалық делегаттық жиналыстары жүйелі өтіп тұрды. Онда «Қалың малға тыйым салу», «Көп әйел алуды тыю», «Социалистік құрылыс жағдайындағы әйелдердің тең праволылығы туралы» баяндамалар тыңдалды. 1927 жылы әйел делегаттарының саны 56-ға жетті. Әйелдерді қоғамдық жұмыстарға қатыстыру мақсатында бірқатар шаралар жүзеге асты. А.Меликова, В.Суворова, М.Левшенко, М.Мехрадинова, X.Әлімова, А.Кордус, И.Кузнецова тағы басқа көптеген коммунист әйелдер үгіт-бұқаралық жұмыстарға араласып, уезд, партия комитетіне қолқанат бола білді. Клубтардың жанынан әйелдер үшін қызыл бұрыштар ұйымдастырылды, саяси үйірмелер жұмыс жасады. Кейіннен әйелдер арасындағы сан-салалы жұмыстарға басшылық жасап отыратын уезд партия комитетінде әйелдер бөлімі құрылды. 22.

РКП(б) X съезінің шешімдеріне сай уезд партия ұйымы еңбекшілерді интернационализм-патриотизм рухында тәрбиелеуге бар күш мүмкіндікті жұмылдырды. Халықтар достығы насихатталды. Партияның ұлт саясаты, оның интернационалдық сипаты туралы, тағы басқа тақырыптарда лекциялар оқылды. Нәтижесінде уезд көлемінде тұратын әртүрлі ұлттар өкілдерінің өзара достық қарым-қатынасы нығайды. Қатынас құралы ретінде орыстардың қазақ тілін, қазақтардың орыс тілін үйренуге құмарлығы артты. 1923 жылы революциялық комитетке, көшірмесі уездік партия комитетіне, халық ағарту бөліміне, кәсіподақ бюросына Форт-Александровскіде орыс және қазақ тілін үйрететін курстар ашуды өтінген хат түсті. Хат соңына Посюков, Шувалов, Анисимов, Малиновский, Баранов, Афиногенов, Маклецов, Калинин, тағы басқа жиырма сегіз орыс азаматы қол қойды.

Ол кезде маскүнемдікке қарсы күрес күшейді, әдейі комиссия құрылды, айлықтар өткізілді.

Жастарға әскери-патриоттық тәрбие беру ісі уездік партия ұйымының күнделікті жұмысынан айрықша орын алды. Уездік партия комитеті 1926 жылы «Қызыл Армияның қазақ ұлттық бөлімшесін құруды насихаттауды күшейту және әскери қызметке шақырылатын қазақ жастары арасындағы тәрбие жұмыстары туралы» қаулы дабылдады. • Сол жылдың ақпан айында жалпы қалалық партия жиналысы өтті. Онда «Қызыл Армияның ұлттық бөлімшесі туралы» уездік әскери комиссар Әлиев баяндама жасады. Клубтарда, халық үйінде, мектептер де әскери білімді насихаттайтын үйірмелер ұйымдастырды, спорт сайыстары өтіп тұрды. Жастарға дене тәрбиесін беруге айрықша көңіл бөлінді. Қазақ жастарын Армия қатарына шақыруға әзірлеу ұйымшылдық жағдайында өтті. Уездік партия комитеті үгіт-насихат бөлімінің шешімімен әскери дайындық курстарының саяси жетекшілері және олардың орынбасарлығына коммунистер бекітілді. Курсты уезд әскери коммиссариаты ұйымдастырды. Әскери жетекшілер даярланылды. Армияға аттанушыларды салтанатты жағдайда шығарып салу дәстүрге енді. 23.

Жиырмасыншы жылдарда дайындығы бар, білімді кадрлардың аздығына байланысты уездік партия комитетінің көптеген басшы қызметкерлері бірнеше жауапты міндетті қосып атқаратын. Ауыл мұғалімдерінің үлесіне де қыруар жұмыс тиді. Балаларға білім беру, ересектерді сауаттандырумен бірге, үгіт-бұқаралық жұмыстарға да белсенді араласты. Кадр мәселесіндегі осындай сан-алуан қиындықтарға қарамастан уезд партия ұйымы бар мүмкіндікті партиялық-ұйымдық, саяси-тәрбие жұмыстарын өрістетуге, еңбекшілерді социалистік қоғам құрылысы жолындағы күреске жұмылдырды.

СЕНІМДІ CEPIKTEP

Адай уездік партия ұйымы алғашқы күннен бастап қоғамдық ұйымдардың (совет, кәсіподақ, комсомол ұйымдары) жұмыстарына басшылықты өрістетіп, солар арқылы еңбекшілер бұқарасымен байланысты нығайтты, оларды партия саясатын жүзеге асыруға, Октябрь революциясы жеңісін баянды етуге бастады. Ең алдымен Маңғышлақта революциялық комитет уезд партия ұйымынан үш ай бұрын құрылған еді. Алғашқы кезде ол барлық мәселемен (шаруашылық, әлеуметтік-тұрмыстық, идеологиялық) айналысты. Уездік партия ұйымының құрылуымен байланысты ревком өз өкілдігін шектеді. В. И. Лениннің советтердің ісі мен қызметі туралы іліміне байланысты революциялық комитет Совет құрылысының негізгі мәселелері – еңбекшілердің қалың бұқарасын халық шаруашылығын басқаруға кеңінен қатыстыру, қабылданған заңдар мен декреттердің орындалуын қамтамасыз ету, уезд экономикасы мен мәдениетін жетілдіру ісімен айналысты. 24.

Революциялық комитеттерді Советтермен алмастыру республика бойынша негізінен 1920 жылы аяқталды. Бірақ кейбір жергілікті ерекшеліктерге, төтенше жағдайларға байланысты Адай революциялық комитетін бірыңғай мемлекеттік өкімет органына көшіру 1927 жылға дейін мүмкін болмады. Жаппай сауатсыздық, феодалдық-патриархалдық қатынастың қалдықтары, байлардың, белді ақсақалдардың кертартпа ықпалы уездің әлеуметтік-экономикалық жағынан алға басуын біраз тежеді. Осындай қиын жағдайда уездік партия ұйымының басшылығымен революциялық комитет бұқаралық-ұйымдастыру жұмыстарын өзінің салалық бөлімдері мен белсенді мүшелері, болыстық революциялық комитеттері арқылы жүзеге асырып отырды. 1922 жылы революциялық комитеттің құрамында халық ағарту, әлеуметтік қамсыздандыру, еңбек, жер шаруашылығы, денсаулық сақтау бөлімдері, жұмысшы-шаруа инспекциясы, статистикалық, бюросы болды Бозашы, Александр-Бай, Үстірт-Сам, Сенек-Сұмса, Адай-Табын, тағы басқа ауылдарда отыз болыстық революциялық комитет құрылды. Түрікмен-Адай, Жеменей, Райымберді, Түп-Қараған, Маңғышлақ, Келімберді, Әлмембет, Адай, Табын, тағы басқа болыстық революциялық комитеттер жергілікті мәні бар мәселелерді шешіп отырды. Уездік революциялық комитет оларға басшылық жасады. Уездік революциялық комитеттің мәжілістерінде ауылдық, болыстық революциялық комитеттердің, уездік комитет бөлімдерінің хабарламалары, есептері тыңдалды. Тек 1924 жылдың 1 қаңтарынан шілдесіне дейін Уездік комитеттің 35 мәжілісі өтті. Оларда жергілікті кіріс-шығыс бюджеттері, болыстық, ауылдық революциялық комитеттерді құру және олардың жұмысы туралы, болыстық революциялық комитеттердің мүшелерін бекіту, штаттың қысқаруына байланысты революциялық комитеттер бөлімдерін қайта құру, қырмен байланысты нығайту, Красноводск түрікмендері мен адайлар арасындағы жанжалды жою, мектеп қызметкерлерінің материалдық жағдайын жақсарту туралы, тұрғындарды кооперативке біріктіру, тағы басқа 180 мәселе қаралды. Барлық қаралған мәселелер бойынша шешімдер қабылданып, олардың орындалуы мұқият қадағаланылды. 25.

Болыстық революциялық комитеттердің жұмысын жандандыру мақсатында республикада өткізілген шараларға сәйкес уезде оны ірілендіру бағытында бірқатар шаралар жүзеге асты. 1923 жылы қазанда өткен уездік партия комитетінің мәжілісі «Ауыл Советтерде кемі жүз үй, ал аудандар мен болыстарда кемі бір мың үй болатын болсын» деп шешім қабылдады. 1925 жылы уезде болыстық комитеттердің саны 25-ке, ауылдық комитеттер 153-ке дейін қысқартылды. 26.

РКП(б)-нің VIII съезі жергілікті Советтердің рөлі мен маңызын нақтылы анықтап берді. Барлық Советтерде партиялық қатаң тәртіпке сөзсіз бағынатын партиялық фракциялар құру талап етілді. Соған орай 1921 жылдың наурызында Адай уездік революциялық комитетінде коммунистік ұя құрылды. Ұяның төрағасы болып Жұбаев сайланды. 1922 жылдың желтоқсанында партия ұясының есебінде 16 коммунист болды. 1926 жылдың мамырында уездің ревкомның жанында ВҚП(б) Франциясының бюросы құрылды. Бюро мәжілістеріне күнделікті өмірдің маңызды мәселелері қаралды. Тек 1926 жылдың мамыры мен қараша айлары аралығында өткен 8 бюро мәжілістерінде шикізаттарды дайындау және шет аудандарға жөнелту, қылмыскерлерге қарсы күрес, ауыл шаруашылығы салығын жинау науқаны туралы тағы басқа мәселелер қаралды.

Жергілікті революциялық комитеттерді ірілендіру нәтижесінде еңбекшілер арасындағы ұйымдастыру жергілікті Советтердің революциялық комитеттің жұмысына жете назар аударып, шаруашылық, әлеуметтік мәселелерді шешудегі белсенділігін арттырып отырды.

Советтер Ұлы Октябрь социалистік революциясының перзенті. Пролетариат диктатурасының органы ретінде оны өмірдің өзі туғызды. 1920 жылдың 7 сәуірінде Маңғышлақта құрылған жергілікті Советтер, одан кейін өмірге келген революциялық комитет алғашқы қадамынан бастап дүниежүзі пролетариатының көсемі В. И. Лениннің өсиеттеріне әр уақыт адалдығын танытты. «Мемлекетті енді сіздердің өздеріңіз басқарып отырғандарыңызды есте ұстаңыздар... Сіздердің Советтеріңіз - бұдан былай мемлекеттік өкіметтің органдары, өкілетті шешуші органдар»деп үйретті В.И.Ленин. РҚП(б) VIII съезі және партия Программасы алға қойған міндеттерге сәйкес, уезд партия ұйымының басшылығы мен Советтер Маңғышлақта Совет өкіметін нығайтуға, ха¬лық шаруашылығын қалпына келтіріп, одан әрі дамытуға және мәдени революцияны жүзеге асыруға халықты жұмылдыра білді. 27.

1920жылдың 11-15 маусымында Буракөл деген жерде Адай руының, олармен бірге көшіп-қонып жүрген Табын және басқа рулардың, Ақтөбе облысына қарасты Темір уезі қазақтары өкілдерінің, Түрікменстан АССР-ына қарасты Закаспий облысының Красноводск уезінен адамдар қатынасқан бірінші делегаттық съезд өтті. Съезге бір мыңға жуық делегат қатынасты. Онда қазіргі жағдай, Совет өкіметінің мәні, Адай уезін, революциялық комитет құру туралы, тағы басқа мәселелер қаралды. Съезд делегаттары В.И.Ленинге және ВЦИҚ- ке партия мен мемлекетіміздің саясатын терең мақұлдайтынын, партия ісі үшін, Маңғышлақта Совет өкіметін нығайтуға барынша атсалысқандықтарын білдірген құттықтау телеграмма жолдады. Телеграмма «Дүниежүзі пролетариатының көсемі жасасын!», «Қызыл армия жасасын!», «РСФСР жасасын!» деген сөздермен аяқталды. Съезд уез өмірінде саяси зор маңызы болған және Совет өкіметін нығайтудың жолдарын белгілеген тиісті қаулылар қабылдады. Съезд революциялық комитеттің төрағалығына Тобанияз Әлниязовты, оның орынбасарлығына Сыдық Жұмаевты сайлады.

1920 жылдың 27 маусымына дейін Маңғышлақта жергілікті Совет атқару комитеті мен Волга-Каспий флотилиясы ұйымдастырған революциялық комитет қатар жұмыс жасады. Маңғышлақ уезінің Закаспий облысының құрамына енуіне орай жергілікті Совет атқару комитеті таратылды. Маңғышлақ уезінің жаңа революциялық комитеті құрылды.

1920 жылы 25 тамызда Бүкілроссиялық Орталық Атқару Комитеті мен РСФСР Халық Комиссарлар Советінің В.И.Ленин мен М.И.Калинин қол қойған Қырғыз (Қазақ) Автономиялық Советтік Социалистік Республикасын құру туралы декретінің қабылдануы партияның ұлт саясатының жүзеге асуының жарқын көрінісі болды. Қазақ халқының өмірінде зор тарихи рөл атқарды. Лениндік декреттің арқасында Адай уезін территориялық-әкімшілік жағынан реттеуге мүмкіндік туды. 1920 жылы 4 қазанда өткен Советтердің бірінші қазақстандық съезінің шешімімен Адай уезі Қырғыз (Қазақ) Автономиялық Республикасының құрамына енді. 1920 жылы 25 қазанда КирЦИК-тің Маңғышлақ уезін және Закаспий облысының қарамағындағы Красноводск уезіндегі төртінші және бесінші Адай болыстарын уезге біріктіру және оны Адай уезі деп атау жөнінде, сонымен бірге кұрамында бес адамы бар революциялық комитет құру туралы шешімі күшіне енді. 28.

1926-1927 жылдары уезде 14898 мүйізді ірі қара, 53074 жылқы, 103499 түйе, 918963 қой-ешкі болды. «Бетіңді ауылға бұр» деген ұранмен уездік партия ұйымы мен ревком мал шаруашылығын одан әрі дамытуды ұйымдастыру, көшпелі малшыларды отырықшылыққа айналдыру, кедейлерді «Қосшы» одағына, қоғамдық жұмыстарға, кооперативтік ұйымдарға тарту сияқты сан-салалы жұмыстар атқарды. Озат тәжірибелер таратылды, үгіт-бұқаралық жұмыстар жүргізілді. Осы мақсатта төрт үлгі-тірек участогы ұйымдастырылды. Мал дәрігерлік қамту қолға алынды. 1927 жылы уезде «Қосшы» одағының 26 болыстық комитеті, 98 ауылдық комитеті, 227 ұялары жұмыс жасады. Олардың 9353 мүшесі болды. 1926 жылдың мамырында уездік партия комитеті мен" ревкомның мәжілісінде «Қосшы» одағын одан әрі нығайту жөніндегі шаралар бекітілді.

1927 жылдың ақпанында өткен партия комитетінің бюросында «Қосшы» одағының жұмысы қаралды. Бюро одақ мүшелері қатарының баяу өскенін, сонымен бірге оның мүшелігіне жат элементтердің-бай адамдардың еніп кету фактілерінің барын атап көрсетті. Бұл кемшіліктерді дереу жоюды бюро ревкомынан талап етті.

Уездің Ақтау, Қаратау, Бозашы, Ойыл ауылдарын мекендеген тұрғындары жүгері, сұлы, тары, бидай егісімен айналысты. Егінді жер асты суымен суарды.

Ревком уезде өнеркәсіпті дамытуға көңіл бөлді. Баутин, Долгий поселкесі, Құлалы аралы тұрғындары балық аулады. Октябрь революциясынан кейін-ақ балық кәсіпшіліктері халықтың қолына берілді. Олар «Қиррыб» тресіне бағындырылды. 1921 жылы Совнаркомның декретіне сай балық аулау ісін өрістету мақсатында Заворотинск, Қалпынск, Савринск сияқты бірнеше балық кәсіпшіліктері арендаға берілді. Уездегі балық өнеркәсібінің шындап дамуы 1922 жылдан басталады 1921 жылдың басында барлық балық кәсіпшіліктері Волга-Каспий балық тресінің қарамағына кешірілді.

«Қатық бұлақ» және «Қарабұғаз» көлдерінен тұз дайындалды. 1927 жылға дейін «Қатық бұлақ» келін Дағыстан балық тресі арендаға пайдаланып келген болатын. Жыл сайын одан 1 миллион тоннаға дейін тұз өндірілді. Науқанмен жұмыс жасаған адамдар саны онда 250-ге жетті.

Жергілікті өнеркәсіпті дамыту мақсатында 1921 жылы уезде халық шаруашылығы советі құрылды Ол 1922 жылдан бастап өнеркәсіп бөлімі деп аталынды Тері илеу цехы, тоқыма, тігін цехтары жұмыс жасады.

РКП (б). IX съезінің шешімдеріңе сай ревком тұрғындарды еңбекке қатыстыру туралы насихат-үгіт жұмыстарын жүргізді. КазЦИК-тің тұрғындарды еңбекке қатыстыру туралы декретін таратты. Уездік еңбек камерасы ұйымдастырылды. 1924 жылдың наурызынан бастап ол өз алдына жеке бөлім болып қайта құрылды .Оларды жұмысқа орналастырумен, әйелдер мен балалардың еңбегін қорғаумен ұдайы айналысты. 1924 жылдың наурызындағы есеп бойынша уезде жұмыссыз 422 адам болды. Олардың 191-і жұмысқа орналастырылды 2 Кооперативтік ұйым уезде 1924 жылдың қарашасында құрыла бастады. Әуелі байланыс, одан соң ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің кооперативтері құрылды Олардың жұмысына ревком басшылық жасады, жаңадан мүшелер қабылдады. Нәтижесінде кооперативтердің және оларға мүшелердің саны жыл сайын көбейіп отырды. 1927 жылы Форт-Александровскіде 7, Ойыл ауданында кооперативтік бірлестік болды. Олар өнім дайындады және оны өсірумен шұғылданды. 1924 жылдың қыркүйегінде Баутин поселкесінде балық және ауыл шаруашылығымен айналысатын «Қосшы» одағы құрылды 160 адам мүшелікке өтті. Оның 90 проценті балықшылар еді. «Қосшы» одақтарының мақсаты – балық аулап, оны дүкендер арқылы халыққа сату болды Тек -1У1Ь жылдың I қыркүйегі мен 1 қазаны аралығында «Қосшы» одағы күшімен 44815 сомның жас және өңделген балығы дайындалып, өткізілді.

Кооперативтік ұйымдардың қызметі мен оған ревком тарапынан жасалатын басшылық жайын уездік партия комитеті қадағалап отырды. Өз бюролары мен пленумдарында кооперативке мүше тарту, мүшелік жарна жинауға назар аудару, наубайханның жұмысын жақсарту, нанның бағасын арзандату, шикізат дайындау-қаралық жұмыстарды күшейтуге жағдай жасалынды. Ревкомдардың штаты қысқартылды. Олар аз адаммен көп, әрі нәтижелі жұмыстандыруды үйренді, өз құрамдарына еніп кеткен байшыл элементтерден тазарды.

РКП(б)-нің VIII съезі «..Партия өзінің шешімдерін Советтік органдар арқылы, Советтік Конституция шеңберінде іске асыруға тиіс. Партия Советтердің жұмысына басшылық етуге тырысады, бірақ оларды алмастырмайды» деп атап көрсетті. Уезд партия ұйымы съезд шешімдерін қатаң басшылыққа алды. Ревкомдардың қызметін партия ұйымдары мен жеке коммунистер арқылы басқарды. Уездік партия комитеті мен ревкомының біріккен мәжілістерінде халыққа білім беруді, денсаулық сақтауды, сот ісін одан әрі жетілдіру сияқты маңызды мәселелер қаралып отырды. КирЦИК пен республика Жоспарлау комитетінің алдына жер бөлу, Ойыл ауданын Адай уезіне беру, Закаспий облысындағы Красноводск уезі мен Адай уезінің шекарасын реттеу сияқты мәселелер шешімін тапты. Уезд партия ұйымы және ревком ауыл еңбекшілерін отырықшылыққа айналдыруды тездетті. Ол кезде уездің 200 мыңнан астам тұрғындары мал шаруашылығымен айналысты. Олар бір орыннан екінші орынға көшіп-қонып жүрді. Жазда Ақтөбе уезінің Ойыл, Темір аудандарының, Орал губерниясы мен Гурьев уезінің территориясын жайлады. Кейде тіпті Түрікмен республикасының Красноводск уезіне, Хорезм жеріне көшіп-қонып жүрді. Олар Адай уезіне қыста ғана қайтып оралатын.

Уездік партия комитетінің бюросы мен пленумдарында ревкомның жұмысы туралы есеп жиі тыңдалды. Мысалы, 1924 жылдың 26 наурызында өткен уездік партия комитетінің Пленумында ревкомның жұмысы туралы мәселе қаралды. Пленум уездік революциялық комитеттің құрамын толықтырды. Қаралған мәселе бойынша қаулы алды.

Партия комитеті болыстық ревкомдарды кадрлармен нығайтып отырды. Тек 1924 жылы ғана совет-әкімшілік жұмыстарына 25 коммунист жіберілді. Қыр еңбекшілерімен байланысты жақсарту мақсатында уездік партия комитетінің, революциялық комитеттің жауапты қызметкерлері жиі-жиі командировкаға жіберіліп тұрды.

Азамат соғысының зардаптарынан арылу, халық шаруашылығын қалпына келтіру ісі Маңғышлақта, да қиын жағдайда өтті. Әсіресе, қуаңшылық-жұт малды ауыл еңбекшілерінің тұрмыс жағдайын нашарлатты. 230 мың уезд тұрғынының 40 мыңы ашаршылыққа ұшырады. Уезд партия ұйымының басшылығымен ревком төтенше шаралар алып, жан-жақты ұйымдастыру жұмыстарын жүргізді. 1920 жылдың желтоқсанында уезд тұрғыны өкілдерінің жалпы жиналысы өтті. Жиналыс уезд тұрғындарын азық-түлікпен қамтамасыз етудің жолдарын белгіледі. Аштыққа қарсы күрес жөнінде комиссия және азық-түлік комитеті құрылды. Ол азық-түлікті бөлу, кооперативтік бірлестіктер құру, мемлекеттік товар айналымын ұйымдастыру сияқты мәселелермен айналысты. Бұл 1922 жылдың қаңтарында уезд партия конференциясында әдейі талқыланылды. Сол жылдың 25 қаңтарында уездік партия комитетінің Пленумы «Ашық-қандарға көмек туралы» қаулы қабылдады. Ревком мәжілісінің шешімімен Адай уезі үш азық-түлік ауданына - Маңғыстау, Адай-Табын, Үстірт-Қарақұм бөлінді. Олар халықты азық-түлікпен қамтамасыз етудің нақтылы шараларын белгіледі. 29.

Уезд экономикасының басты саласы – мал шаруашылығы артта қалды. Егістік жерлер мен шабындықтар жетіспеді, мал азығы тапшы болды. Уезд территориясында қуаңшылық жиі қайта ланды. 1927 жылғы қуаңшылық 87832 бас ірі қара мен 507301 қой-ешкісі бар 17 болысты, 12532 шаруашылықты, шамамен уезд тұрғындарының 44 процентін қамтыды. Уезд партия, революциялық комитеттері жұтқа қарсы күрес және оның зардаптарын жою жөнінде «Төтенше үштік» деп аталатын комиссия құрды. Оны ревкомның председателі Қилыбаев Байбоз басқарды. Комиссияның 1927 жылдың тамызында өткен мәжілісінде Астрахань территориясынан мал азығын дайындау, малды және оның енімін сыртқа шығарып сату, жұттан зардап шеккендерге қаржы бөлу мәселелері шешілді. Уезд малшылары Ойыл ауданына және алыс Сібір жеріне көшірілді.

1924 жылы алты емдеу мекемесі болды, оның біреуі аурухана, екеуі емхана. Уезде дәрілер болмады, бес фельдшер ғана жұмыс жасады. Кейінірек республика денсаулық сақтау халық комиссариаты тұрғындарға медициналық көмек көрсету үшін дәрігерлер жіберді. 1926 жылы уезд тұрғындары арасында шешек ауруы тарады. Ревком және денсаулық сақтау бөлімі жұқпалы ауруға қарсы төтенше шаралар қолданды. Форт-Александровскіде медициналық лаборатория ашылды. Қазақстан денсаулық сақтау халық комиссариатының жолдамасымен Маңғышлаққа дәрігерлер тобы келді, олар қырдағы тұрғындар арасында болып науқастарды емдеді.

Ревком денсаулық сақтау, мәдени-ағарту мекемелері мектептердің құрылысына жыл сайын жергілікті бюджеттен қаржы бөлді және оның орындалуын бақылап отырды.

Социализм құрудың тарихи міндеттерін жүзеге асыруда «Ауылды советтендіру» ұранының маңызы зор болды Сондықтан, уездік партия ұйымы мен ревком бұл ұранның идеясын халық бұқарасы арасында таратуға күш салды. 1926 жылдың мамырында өткен кеңесте «Көшпенді тұрғындар арасында атқарылатын партия және совет жұмыстарының түрі мен әдістері туралы.» мәселе талқыланды. Онда активисттердің саяси сауатын көтеру үшін қысқа мерзімді курстар ашу, саяси сауат ашу және жалпы сауатсыздықты жою мектептерінің жұмысын жолға қою және тағы .басқа қаулылар алынды Бұл үгіт-насихат жұмыстарының пәрменділігін арттыру идеологиялық кадрларды көптеп даярлау мақсатынан туған болатын. Мұндай маңызды жұмысқа мәдени-ағарту мекемелерін -клубтар мен штапханаларды, қызыл отауларды кеңінен қатыстырды Олардың жұмысын жақсартуға көмек көрсетіп отырды. Материалдық базалары нығайтылып, тәжірибелі, білімі бар кадрлармен толықтырылды.

Ревком жоспарлы жұмыс атқарды. Көптеген мәселелер бұйрық түрінде шешіліп отырды. Мәжілістер шақырылды онда бөлімдердің, болыстық ревкомдардың есептері тыңдалды. Болыстық ревкомдар әр кезеңнің проблемалық мәселелерін көтерді. Мысалы, Ұлусам, Доңызтау-Аққұлы болыстық ревкомдарының төрағалары ВҚП(б) Өлкелік комитетінің, Қазсовнаркомңың және уездік партия, революциялық комитеттерінің алдына егін салу, тоғыз жылдық мектеп, фельдшерлік пункт ашу туралы мәселелер қойды.

Уезд партия ұйымы тарапынан ревкомдардың инициативалары әрқашанда қолдау тапты. Совет құрылысының мәселелері партия комитетінің бюроларында пленумдарында, партия конференцияларында талқыланып, шешілді. Уездік ревкомның төрағасы уездік партия комитеті бюро мүшесі болды. Халық шаруашылығының әлеуметтік-тұрмыстық мәселелердің көпшілігі партия және революциялық комитеттің біріккен мәжілістерде қаралып, шешімін тауып отырды. Уездік және болыстық ревкомдар тәжірибелі кадрлармен нығайтылды Уездік ревкомның төрағалары болып Холодков, Мацкевич Мыңбаев, Қилыбаев, тағы басқалар жұмыс жасады олардың қай-қайсысы да нұрлы болашақ үшін күш-қуатын аяған жоқ.

«Ауылды советтендіру» деген ұранмен уездік партия комитеті ревкомдардың қызметін демократияландырудың жолдарын белгіледі. Жергілікті Советтердің сайлауы өткізілді. Ал айда, 1923-ші және 1926 жылдарда өткен Советтер сайлауы нәтижесіз аяқталды. Оның съезі сайлауға әзірлік өз дәрежесінде жүрмеді Сайлаушылар дауыс беруге толық қатыстырылмады. Тек қана 1927 жылы уезде бірінші рет Советтер сайлауы ұйымшылдық жағдайында өтті. Сайлаушылардың 37-ден 90 процентке жуығы дауыс беруге қатысты.Уезд бойынша ауылдық Советтердің мүшелігіне 3349 адам сайланды.

Сайлаудан кейін 1927 жылғы 15 қыркүйегінде Адай округтік Советтің бірінші съезі өтті. 1923-1927 жылдардағы уездік революциялық комитеттің жұмысы туралы Байбоз Қилыбаев баяндама жасады.

Съезге шешуші дауыспен-165, кеңесші дауыспен-27 делегат қатысты.

Советтердің бірінші съезі Адай уезінің округке айналғанын, округтік совет атқару комитетінің құрылғанын жариялады. Кооперативтік ұйымдардың жұмысына бақылауды күшейтуді ревкомға тапсырды.

Уезде 1926 жылға дейін жеке сауда үстемдік алды. 1923 жылы мемлекеттік сауданың үлес салмағы тек 10 процент қана болатын. Партком мен ревкомның мәжілістерінде мемлекеттік және кооперативтік сауданы дамыту мәселесі әлденеше рет қаралды. Форт-Александровскіде «Казгосторг» шикізат дайындау жөніндегі республикалық басқарманың қабылдау пункті құрылды. Ол товар айырбастап, өнімдер дайындады. Тұрғындар тері, жүн, аң терісі мен елтірі тапсырды да орнына кездеме,. шәй, былғары, тағы басқа заттар алып тұрды. 1926 жылы уезде 6 мемлекеттік, 3 кооперативтік сауда мекемелері жұмыс жасады. Сөйтіп, 1927 жылы уезде мемлекеттік сауданың үлесі 34,4 процент болды. Нәтижесінде товарлардың құны арзандады. Мысалы, дүкендер ашылғанша 1 метр шыттың құны-70, бөз-60, мақтадан тоқылған кездеме 80 тиын тұрса, дүкендер ашылғаннан кейін олар тиісінше 55-52-55 тиынға арзандады. Сонымен,. мемлекеттік және кооперативтік сауданы ұйымдастыру базардағы бағаны реттеуге мүмкіндік жасады.

Революциялық комитет жергілікті бюджет жөніндегі жоспардың орындалуын тұрақты бақылауға алып отырды. 1924 жылы жергілікті бюджеттің кірісі 204453, ал 1926-1927 жылдары 360 мың, 1927-1928 жылы 558 мың. сом құрады. Сөйтіп, жергілікті бюджет көлемі жылма-жыл өсіп отырды. Дегенмен шығынды толығымен өтей алмады. Оның себебі уезде ірі кәсіпорын болмады. Жергілікті бюджетке қаржы аз түсті. Сондықтан уезге мемлекет тарапынан жәрдем берілді.

Қыр тұрғындарынан салық жинау 1922 жылы басталды. Болыстық ревкомдарда салық жинау жөніндегі ұйым құрылды. Алайда, ауыл шаруашылығы салығын жинау аса қиын жағдайда өтіп отырды. Тұрғындардың. шалғай қоныстарда орналасуы, оған қоса еңбекшілер¬дің ақшасының болмауы салық жоспарының уақтылы орындалмауына әкеп соқтырды. Бұған қоса жекелегіш тілегі бөлек адамдардың ықпалы да болмай қалған жоқ.. Болыстық, ауылдық ревкомдар көшпелі тұрғындармен ілесіп жайлауға көшті. Уездік ревкоммен хабарласып тұру қиындады. Ауыл шаруашылығы салығының жоспары бар болғаны 1923-1924 жылы -30,9, 1924-1925жылы-50, 1925-1926 жылы-73,8 процентке орындалды. Еңбекшілер арасында салық жинаудың маңызын насихаттайтын үгітшілер мен салық жинаушы агенттер даярланды, әдейі курстар ұйымдастырылды. Олардың бәрі де белсенді қызмет атқарды.

1924 жылы наурызда болыстық, ауылдық ревкомдардың III съезі өтті. Онда В.И.Лениннің қысқаша өмірбаяны мен қызметі, халыққа білім беру, жер құрылысы, жылқы мен басқа да малдардың есебін алу туралы, тағы басқа баяндамалар тыңдалып, талқыланды.

Съезге шешуші дауыспен-80, кеңесші дауыспен 27 делегат қатысты. Қаралған мәселелер бойынша қарар қабылданды. Съезд әрбір болыс бойынша оқу жылы ішінде бір-бірден мектеп ашу, оны оқулықтармен қамтамсыз ету міндетін қойды. Сонымен бірге барлық ауылдық, болыстық ревкомдарға халық арасында жер кодексінің негізі принциптері жайында түсінік жүргізуді, бұрынғы Ойыл ауданы территориясынан Адай уезіне жер бөлу жөнінде Қазақ Орталық Атқару комитеті алдына мәселе қойды, болыстардың санын азайту арқылы аппаратты ықшамдап, арзандатуды тапсырды.

Болыстық, ауылдық революциялық комитеттер өздерінің III съезінің қарарларын жүзеге асырудың шараларын алды. Ревком төрағаларының кеңесі, ревком өкілдерінің қатысуымен партияда жоқтардың конференциясы өтті. Халықтың сауатын ашу жұмыстары күшейтілді. Жыңғылды жерінде жылжымалы мектеп ашылды, сауатсыздықты жою жөнінде 25 пункт жұмыс жасады. Екі мектеп-коммуна ұйымдастырылды. 1926-1927 оқу жылында бірінші басқыш мектептегі оқушылардың саны бір мыңнан асты. Мұғалімдер даярлайтын курстар ашылды. Бұл жерде олар В.И.Лениннің «Жұрт тегіс сауатты болмайынша кітапты пайдалануға халықты жеткілікті дәрежеде дағдыландырмайынша, бұзған материалдық негіз болмайынша өз мақсатымызға жете .алмаймыз» - деген даналық сөзін басшылыққа алды.

Уездік ревком денсаулық сақтау ісін дамытуға ұйымының пленумдары мен бюро мәжілістерінде бұл мәселе әлденеше рет қаралды. Мысалы, Форт-Александровск қалалық партия комитеті 1920 жылы 2 қарашада уезде кәсіподақ қозғалысының даму барысы жайында мәселе қарады. Қала партия комитетінің бюросы ұйымдастыру жұмыстарындағы кемшіліктерді атап көрсетті. РКП (б) IX съезінің шешімдеріне сай барлық мекемелерде кәсіподақ қозғалысының маңызын кеңінен насихаттауды тапсырды. Өндірістік тәртіпті сақтау жөнінде батыл күрес жүргізуді, жұмысшы инспекциясына еңбек адамдарын қатыстыруды, еңбек тәрбиесіне ерекше мән беруді талап етті.

1921 жылы шілде айында өткен Адай уездік партия ұйымының екінші конференциясында уезд кәсіподақ ұйымының міндеттері жайында арнайы баяндама талқыланды. «Уезде кәсіподақ қозғалысы, — деді баяндамашы В.Маңкевич,- бұдан бір жыл бұрын басталды. Тек Форт-Александровск қаласында ғана қолға алынды. Партияның X съезіне дейін кәсіподақ ұйымының жұмысы мардымсыз жүргізілді. Қазір реттеліп келеді...»

РКП (б)-ның IX сьезінің қарарларында «Еңбекшілердің партияда жоқ қалың тобына партия өз ықпалың барлық басқа жұмысшы ұйымдарындағы, ең алдымен. кәсіподақтардағы коммунистік фракциялар мен ұялар арқылы жүргізеді»,-деп атап көрсетілді.

Партияның IX съезі шешімдеріне сай Адай уездік партия ұйымы кәсіподақ ұйымдарының жұмысына онда қызмет ететін коммунистер арқылы басшылық жасады. Кәсіподақтарда партия фракциясы ұйымдастырылды. Кәсіподақтар өмірінің негізгі мәселелері ең алдымен партия франкциясының мәжілістерінде шешімін тауып отыр. Кәсіподақ ұйымдары алғашқы жылдарда еңбекшілерді Маңғышлақта Совет өкіметін нығайтуда алынып жатқан шаралар, кәсіподақ қозғалысының барысы жайында хабардар ету мақсатында партиялық фракцияның басшылығымен еңбекшілердің бұқаралық митингілерін өткізді. Тек 1921 жылдың қаңтар мен мамыр айларының аралығында 45 митинг өткізілді. Оның әрқайсысына орта есеппен үш жүзге жуық адам қатысты. 1921 жылы 23-31 мамырда уезде қасшодақ қозғалысының апталығы өтті. Кәсіподақ қозғалысы апталығының барлық жұмысын уезд кәсіподақтар Советінің партиялық фракциясы жанынан құрылған арнаулы комиссия басқарды. Мұндай комиссия кәсіподақтар ұяларында да құрылды. Комиссияның мәжілісінде кәсіподақ қозғалысы апталығын өткізу туралы ереже бекітілді. Апталықты өткізудің мақсаты - кәсіподақ ұйымдарын еңбекшілер бұқарасын тәрбиелейтін және ұйымдастыратын қуатты арсеналға айналдыру еді. Апталық күндерінде кәсіподақ қызметкерлері еңбек коллективтерінде болып, кәсіподақ қозғалысының маңызы жайында лекциялар оқыды. Озат жұмысшылар мен қызметкерлер кәсіподаққа мүшелікке тартылды. РКП(б)-ның IX съезінің шешімдерінде: «...Қалың жұмысшы бұқараны тарту, оларды оқыту, еңбек насихаты және басқалары бұрынғыша бірінші орында қалады, өйткені, бұл міндеттерді шешпейінше еңбек өрлеуі мүмкін емес, ал еңбек өрлеуінсіз шаруашылық өмірді социалистік арнада өркендету мүмкін емес» деп көрсеткеніндей, апталық күндеріне уезд экономикасының жайы, оны дамыту жолдары туралы еңбекшілерге кең де терең әңгімеленіп берілді.

Кәсіподақ қозғалысының апталығын өткізу жақсы нәтиже берді. Еңбек және кәсіби тәртіпті бұзушыларға қарсы күрес күшейе түсті. Жолдастық соттың жұмысы жанданды. Кәсіподақ ұйымдарының аппараты ықшамдалды. Кәсіподақ ұйымдарының құрамы, мүшелік жарнаны төлеу тәртібі тексерілді. Кәсіподақтардың жаңа комитеттері құрылды, делегаттарды сайлау жүзеге асырылды. Сайлауды дұрыс өткізуге ерекше көңіл бөлінді. Жұмысшыларды материалдық жағынан қамтамасыз ету мәселесіне ерекше назар аударылды. Азық-түлікті бөлу нормасының дұрыстығы, коммуналдық қамтудың жайы тексерілді. Мүмкіндігіне қарай асхана, шайхана ұйымдастырылды, монша салу мәселесі шешілді, азық-түлікпен қамтамасыз еу және оны үлестіру жүйесі бекітіленді. Мәдени-ағарту мекемелері-клубтар мен кітапханалардың жұмыстары жандана түсті. Өнеркәсіп кәсіпорындарында еңбекті қорғау және нормалау жөнінде біраз жұмыс атқарылды. Еңбекақы тарифінің жүйесін, сыйлық беру, жұмысшылардың демалысы жайындағы бұл кезеңде Адай округінің құрамына бес отырықшы, 22 көшпелі болыстан құрылған Ойыл ауданы, Темір уезінің Ембі-Байсары болысы енді. Сонымен округтің аумағы кеңейіп, жер көлемі ұлғайды.

1927 жылдың қарашасында Адай округі X партия конференциясы өтті. Онда жергілікті Советтер сайлауының қорытындылары туралы арнайы мәселе талқыланды. Сайлауды әзірлеуге, өткізуге белсене араласқан Байбоз Қилыбаев баяндама жасады. Конференция сайлаудың қорытындысын қанағаттанарлық деп бағалады.

Партияның өлкелік комитеті, КазЦИҚ Адай уезі экономикасын өркендетуге көп көмек берді. Әртүрлі жұмысқа тәжірибелі қызметкерлер жіберді. Революциялық комитеттің жұмысын одан әрі жетілдіру мақсатында өлкелік партия комитеті мен КазЦИК-тің жолдамасымен 1922 жылы Маңғышлаққа Ә.Жангелдин келіп, практикалық көмектер көрсетті.

Сонау отты жылдарда негізі қаланып, социалистік экономиканы басқаруға, халықтың тұрмысы мен әл-ауқатын жақсартуға өз үлесін аямай қосқан Советтер талай сындарлы кезеңдерден өтіп, қабырғасы қатайды. Советтердің заман ағымына қарай халықтың әркез өсіп отырған талап-тілектеріне сай елеулі ұйымдастыру жұмыстарын жүргізіп, ел тарихында лайықты орын алғандығын атап айту орынды деп санаймыз.

Адай уездік партия ұйымы ең бұқаралық ұйымның бірі - кәсіподақтардың жұмысына басшылықты жетілдірді. Еңбекшілердің жаңа қоғам орнату жолындағы жалынды іс-қимылын дамыта, күшейте түсулеріне жағдай жасағанда кәсіподақтардың ұйымдастырушылық, тәрбиелік рөлін арттырды, соған арқа сүйеп отырды.

Пролетарлық партия мен кәсіподақтар арасындағы өзара қатынастың В.И.Ленин жасаған негізгі принциптері коммунистік қоғам құрылысы жолындағы міндеттерді жүзеге асыру ісінде кәсіподақтарға жол сілтер жарық жұлдыз болды. В.И.Лениннің Бүкілроссиялық съездердегі және салалық кәсіподақтардың съездеріндегі ұлағатты сөздерінде кәсіподақтардың алдында тұрған ең басты міндеттер айқындалды. Ол партияны VIII-IX-X-XI съездерінде одан әрі жан-жақты терең дамытылды.

В.И.Ленин социализм және коммунизм құрылысы жағдайында кәсіподақтардың жұмысындағы ең басты бағыт-тәрбиелік және ұйымдастырушылық қызмет деп атап көрсетті. «Бұл, — деді В.И.Ленин,- Советтердің VII съезінің делегаттарының, МГСПС, ВЦСПС мүшелерінің РКП (б) мүшелерінің біріккен мәжілісінде сөйлеген сөзінде тәрбиелеуші ұйым, іске тартушы, үйретуші ұйым, бұл – мектеп, басқару мектебі, коммунизм мектебі...»

Адай уезінде кәсіподақтар қозғалысы 1920 жылдың орта кезінде басталды. 1920 жылы 8 шілдеде уездік партия ұйымының Преиздиумының мәжілісінде Трофимовты кәсіподақтар қозғалысын насихаттау және кәсіподақтар ұйымын құру жөніндегі нұсқаушы етіп бекітті. Тұңғыш кәсіподақ ұялары сол жылдың шілде айында медицина мекемелері мен уездегі мектептерде құрылды. Сонан кейін Совет қызметкерлерінің кәсіподағы өмірге келді. Әрине, алғашқы кезде кәсіподақ мүшелерінің саны аз болды.

Кәсіподақ ұялары коммунизм мектебі ретінде алғашқы қадам басқан сәттен бастап-ақ кәсіподақ қызметкерлерін кадрлар даярлауды және солар арқылы еңбекшілер бұқарасымен қоян-қолтық байланыс жасап, партия идеяларын солардың арасында насихаттауды қолға алды.

Уезд партия ұйымының тікелей басшылығымен кәсіподақ ұялары медицина қызметкерлері мен мұғалімдерді еңбек тәртібін сақтау, өндіріс мәдениетін нығайту жолындағы күреске жұмылдырды. Кәсіподақтар қозғалысының маңызын кеңіне насихаттады. Кәсіподақ мүшелерінің инициативасымен қалада сенбіліктер ұйымдастыруды, майдандағы жауынгерлерге көмек он күндігін өткізуді ұйғарды. Мысалы, 1920 жылы 18 шілдеде мектеп қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымының мәжілісінде майдандағы жауынгерлерге көмек қорына әрбір кәсіподақ мүшесінің шілде айындағы еңбекақысының үш процентін аудару туралы шешім қабылдады.

Айта кеткен абзал, ол кезде Адай уезінде кәсіподақ қозғалысы өте баяу дамыды. Сондықтан да уезд партия мәселелер қайта қаралды. 1918 жылы сәуірде ВЦСПС қабылдаған еңбек тәртібі жайындағы ереже, 1919 жылдың басында қабылданылған еңбек қорғау тұрақты комиссияларының ережесі уезд кәсіпорындары мен мекемелерінің жұмысшы, қызметкерлерінің арасында кеңінен насихатталды.

РҚП(б)-ның IX съезінің қарарларында «Сенбіліктерге жергілікті жерлерде қазіргідей емес, анағұрлым көбірек көңіл бөлінуге тиіс...» - делінген. Осыған орай уезд кәсіподақ ұйымы уезд партия ұйымының басшылығымен сенбіліктер мен жексенбіліктерді тұрақты өткізді және оған еңбекшілердің басым көпшілігін қатыстыруды қамтамасыз етті. Бірінші сенбілік 1920 жылы 22 маусымда ұйымдастырылды. Алғашқы сенбіліктерге негізінен коммунистер ғана қатысты. Мысалы, 1920 жыл 22 маусымнан 18 шілдеге дейін өткізілген сенбіліктерде партияда жоқ 30 адам ғана еңбек еткен. Олар 550 пұт бидай, 225 пұт балық тиеді, ағаш жарды, 25 пұт металл сынықтарын жинап, текшеледі. 40 терезе рамасын жасады, тағы басқа да жұмыстар атқарды.

Сенбіліктерді бастамас бұрын митингілер ұйымдастыру дағдыға айналды. Астрахань қаласынан келген саяси қызметкерлер сенбілікке қатысушылар арасында әңгімелер өткізіп, газеттер таратты. 1920 жылы 28 маусымда уезд партия комитетінің бюросында партия комитетінің үгіт-ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі А.Рукавишниковтың алғашқы сенбіліктердің қорытындылары және оны алға қарай жалғастырудың міндеттері жайында баяндамасы тыңдалды. Бюро сенбіліктердің бұқаралылығын қамтамасыз етуді, оған партияда жоқ еңбекшілерді кеңінен қатыстыруды тапсырды. Осыған орай тұрғындар арасында, әсіресе, мекеме қызметкерлері арасында сенбіліктің маңызы және оны өткізудің қажеттігі жайында түсінік жұмысын жүргізу талап етілді. Партия, кәсіподақ ұялары бюро қаулысына сай еңбек коллективтеріне үгітшілер мен насихатшылар жіберді. Олар кәсіпорындар мен мекемелердегі жұмысшы, қызметкерлер арасында әңгімелер өткізіп, оларды сенбілікке-коммунистік еңбекке шақырды. 1921 жылы 23 ақпанда уезд партия комитетінің қаулысымен сенбілікті өткізу бюросы құрылды. Оның құрамына уезд партия комитетінің, кәсіподақтардың және еңбек бөлімінің уәкілдері енді. 1921 жылы 21 желтоқсанда уезде өзара көмек комитеті құрылды. Ол кәсіподақ мүшелеріне материалдық көмек көрсетті. Уезд кәсіподақтар Совет өзара көмек комитетінің жұмысына басшылық жасады. Адай уездік кәсіподақтар ұйымының жұмысы тек 1923 жылдың аяқ жағында ғана жандана бастады.

РКП (б)-нің XI съезі (наурыз-сәуір 1922 ж.) жаңа экономикалық саясатты жүзеге асыру кезеңіндегі кәсіподақтардың міндеттерін айқындады. Съезд «кәсіподақтар социалистік өнеркәсіпті басқару мектебі, тұтасынан алғанда коммунизм мектебі болуға тиіс» - деп атап көрсетті. Съезд шешімдеріне сай уезд партия ұйымы кәсіподақтардың жұмысына басшылықты күшейте түсті. Уездегі ол кездегі негізгі кәсіпорындар тұз өндіру мен балық аулау, өңдеу кәсіпшіліктеріндегі кәсіподақ ұйымдарының ұйымдастырушылық, саяси-тәрбие жұмыстарына көңіл бөлуі талап етілді. 1924 жылы ақпан айында өткен V уезд партия конференциясында Адай уезіндегі кәсіподақтар қозғалысының жайы туралы мәселе талқыланды. Конференция кәсіподақ ұйымдарының жұмысын жаңа сатыға көтеруді, одаққа жүмысшыларды, партияда жоқ адамдар мен жастарды көптеп тартуды талап етті. V уездік партия конференциясының шешімдерін жүзеге асырудың нәтижесінде 1924 жылдың аяқ кезінде уезде бес кәсіподақ ұйымы: Совет қызметкерлерінің, халық ағарту қызметкерлерінің, тау-кен, азық-түлік және медицина қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымдары құрылып, олардың есебінде 517 кәсіподақ мүшесі тұрды. Ал 1925 жылы кәсіподақ ұйымы сегізге жетті, 736 мүшесі болды. Жаңадан су шаруашылығы байланыс және «Рабземлес» ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің кәсіподақтары құрылды.

«Рабземлес» кәсіподақ ұйымы ауыл шаруашылық еңбеккерлері арасында саяси-тәрбие жұмысын пәрменді жүргізуді қолға алды. 1925 жылы оның құрамында 200 мүше болды. Бұл кезеңде кәсіподақтардың мүше кұрамында коммунистердің саны көбейе бастады. Егер 1924 жылы барлық кәсіподақ мүшелерінің 20 проценті ғана коммунист болса, 1925 жылы коммунистер құрамы 46 процентке жетті. Сөйтіп, Адай уезінде 1925 жылдың орта шенінде кәсіподақ ұйымдарын құру ұйымшылдықпен аяқталды. 1926 жылы кәсіподақ ұйымдарында 887 мүше есепте тұрды. Барлық кәсіподақ мүшелерінің 5 проценті кооперативке мүше болды. Ал 1927 жылдың аяқ кезінде 1926 жылмен салыстырғанда уезд кәсіподақ мүшелері 35 процентке өсті.

1924 жылдың қараша айында уездегі жергілікті комитеттерді қайта құру жұмысы басталды. Совет, халық ағарту қызметкерлері кәсіподақ комитеттерінде аз адам жұмыс істеп, көп іс тындырды. Жергілікті комитеттер демократиялық централизмнің негізгі принциптерін қатаң сақтады. Бұл жергілікті комитеттердің рөлі мен беделінің артуына жағдай жасады. Еңбек коллективтерінде өндірістік және кәсіподақ жиналыстары ұдайы өтіп тұрды. Уездік кәсіподақ бюросының кәсіподақ ұяларына басшылығы күшейді. Жергілікті комитеттердің біріккен мәжілістеріне бюро мүшелері қатысып, кәсіподақ қызметкерлеріне нұсқау-бағыт беру ісі жолға қойылды.

Ол жылдарда уезд кәсіподақ ұйымдарының басты міндеті — экономиканы ұйымдастыру, еңбек өнімділігін арттыруға күш салу, жұмыссыздықты, кәсіподақ мүшелерінің сауатсыздығын жою болды.

Маңғышлақта жұмысшы табы балық аулау және тұз өндіру кәсіпшіліктерінде қалыптасты. Бұл кәсіпшіліктерде жұмыс маусымды жаз кезінде ғана ұйымдастырылды. Қыс айларында жалдаушылар жұмысшыларды жұмыстан босатып отырды. Маңғышлақта Совет өкіметі орнағаннан кейін кәсіпорындар халық меншігіне айналды. Жұмыссыздарды еңбекке араластыру, маусымдық жұмысшылардың арасында саяси-тәрбие жұмыстарын өрістету уездік кәсіподақ бюросының үнемі назарында болды. РКП(б)-ның IX съезінде «Күллі маманданған жұмысшыларды есепке алу үшін кәсіподақтар мен еңбек бөліміне партия ұйымдары барлық шаралармен көмектесуге тиіс»,- делінген. Уезд кәсіподақ ұйымдары мен еңбек инспекциясы уезд партия ұйымының басшылығымен жылма-жыл жұмыссыз отырған адамдардың есебін алып, оларды еңбекке араластырып отырды. Мысалы, 1923 жылы 249 жұмыссыз маман жұмысшы болды, оның 211-і сол жылы еңбекке тартылды. Кейінгі жылдары жұмыссыздар саны азайды. 1927 жыл тек 36 адам ғана жұмыссыз болды. Олардың көбі өндіріске өз қалаулары бойынша орналастырылды.

РКП(б)-ның IX съезі «Еңбек өнімділігін өрлететін құдіретті күш – жарыс болып табылады»- деп атап көрсетті. Съезд шешімдеріне сай социалистік жарысты ұйымдастыру кәсіподақтарға жүктелді. Осыған орай уезд кәсіподақтары кәсіпшіліктердегі жұмысшылар арасында өзара социалистік жарысты кеңінен өрістетті. Ол жылдарда уездегі алты өнеркәсіп кәсіпорыны: 2 балық аулау, 2 тұз өндіру, 2 ішек-қарын өңдейтін кәсіпшіліктерде жыл сайын орта есеппен 400-500 жұмысшы еңбек етті. Мысалы, 1923 жылы 434 жұмысшы болды. Олардың 381-і тұз өндіретін кәсіпшілікте еңбек етті. Олар өзара социалистік жарысқа қосылып, көтеріңкі міндеттемелер қабылдады. Әрбір жұмысшының күндік нормасы белгіленілді. Мысалы, тұз өндіретін кәсіпшіліктерде әр жұмысшының күндік нормасы 200-ден 300 пұтқа дейін тұз өндіру еді. Коллективтік және жеке социалистік жарыс шарттары жасалды. Бір ғана 1926 жылдың бірінші жартысында 215 коллективтік социалистік жарыс шарты жасалды, оған 700-ден астам кәсіподақ мүшесі қатысты. Есеп кітапшасы енгізілді. Ол жұмысшы-қызметкерлердің еңбек тәртібін нығайтуларына көмектесті. Осы сияқты көптеген шаралардың жүзеге асуы еңбек өнімділігінің артуына септігін тигізді. Тұз өндіретін кәсіпшіліктерде орта есеппен жылына 1500 мың пұт тұз өндіріліп, тапсырма асыра орындалып отырды. Балық аулау және оны өңдеу кәсіпшіліктерінде де еңбекті ұйымдастыру жолға қойылды. Тек 1927 жылы Баутин балық өндіріс және ауыл шаруашылығы серіктестігі 56938 сом табыс тапты. 1927 жылдың көктемгі аулау кезінде 8912 пұт майшабақ, 1790 пұт көксерке ауланды. Бұл тапсырмадан едәуір көп еді.

Жиырмасыншы жылдарда еңбекшілердің жалпы жиналыстарында уездік кәсіподақтар бюросының есебін тыңдау тәжірибеге енді. Мысалы, 1922 жылы 22 ақпанында қалалық жалпы жиналыста Адай уезінде кәсіподақ қозғалысының барысы туралы есеп талқыланды. Жиналыста уезде кәсіподақтар қозғалысының әлі де нашар дамып келе жатқаны ашып айтылды. Сондықтан да оны күшейтуді, жаңа экономикалық саясатқа байланысты кәсіподақтардың шешуші рөл атқаруын талап етті. Барлық партия мүшелері мен мүшелікке кандидаттарға кәсіподаққа мүше болу ұсынылды.

1924 жылдан бастап кәсіподақтардың ішкі ұйымдық жұмыстары тәртіпке келтірілді. Кәсіподақ бюросының мәжілісі тұрақты етіп тұрды. Тек 1924 жылдың қарашасынан 1926 жылдың сәуіріне дейін 35 бюро мәжілісі етіп, 77 мәселе қаралды.

Жұмыс жоспарлы жүргізілді. Бұл барлық сала бойынша істі нақтылы, мақсатты өрбітуге жағдай жасады. Мысалы, 1926 жылдың 1 шілдесінен 1927 жылдың 1 қаңтарына дейінгі жоспарда жастарды кәсіподақ жұмысына көптеп қатыстыру; кәсіподақ және еңбек тәртібін нығайту шараларын алу; кәсіподақтар бюросында бөлім меңгерушілерінің өз бөлімдерінің жұмысы туралы есебін тыңдау; экономикалық комиссия құру; өндірістік комиссиялар жайында ережелер дайындау; жұмысшылар мен қызметшілерді кооперацияға тарту; еңбек қорғау жұмысын күшейту; одақ аралық жұмысшы клубын ұйымдастыру, тағы басқа өмірлік маңызы зор мәселелер қамтылған.

Уезд кәсіподақтар ұйымы ұйымдастыру және тәрбие жұмыстарын жандандырды. Еңбек тәртібі нығая бастады. Кәсіподақтар ұяларының жұмысына басшылық тұрақты әрі пәрменді бола түсті. Барлық кәсіподақ мүшелерінің 30 процентке жуығы техникалық сауатсыз болатын. Кәсіподақ ұйымдары олардың техникалық және кәсіби сауатын ашудың жолдарын қарастырды. Сауат ашу пункттері ұйымдастырылды 1923-1924 жылдары сауат ашу мектептерінде 185 кәсіподақ мүшесі оқыды. Кәсіподақтың бес мәдени-ағарту мекемесі жұмыс істеді. Оларда тұрақты көркемөнерпаздар және қолөнер шеберлерінің үйірмелері құрылды.

Ірі кәсіпорындарда комиссиялар жұмыс істеді. Олар өнім сапасын бақылады, тәртіпті нығайту жолында күресті. 1925 жылдан бастап кәсіпорындарда әкімшілік-шаруашылық жиналыстары өтіп тұрды. Онда шаруашылық, экономикалық мәселелер талқыланды. Кәсіподақ мүшелері «Үнем тәртібі үшін» деген ұранмен жұмыс істеуге жұмылдырылды. Кәсіпорын басшылары, партия қызметкерлері коллективтер алдында «Үнем тәртібі», «Шаруашылық есеп және оның пайдасы», тағы басқа тақырыптарда баяндамалар жасады.

Кәсіподақтар ұйымдары еңбек инспекциясымен бірлесіп, уездің кәсіпорындарында жұмысшылардың тұрмыстық жайын тексеріп тұрды. Тұз өндіру, балық аулау, оны өңдеу кәсіпшіліктерінде жұмысшыларға жұмыс киімдерін беруді қамтамасыз етті. Кәсіпорындар мен мекемелерде жұмысшы - қызметкерлерге еңбек демалыстарын уақытылы беруді реттеді.

Адай уездік партия ұйымы пленумдарда, бюро мәжілістерінде уезд кәсіподақ бюросының жұмысы жайында есеп тыңдап отырды. Мысалы, 1926 жылы сәуірде уездік партия комитетінің пленумында Адай уездік кәсіподақтар бюросының жұмысы жайында мәселе талқыланды. Пленум бұқаралық жұмысты өрістетуді, одақ аралық конференция өткізуді, уездік кәсіподақ бюросында кәсіподақ ұйымдары басшыларының есебін тыңдауды, өзара көмек кассасының жұмысын реттеуді, кәсіподақ мүшелеріне қарыз беруді жөнге салуды, «Рабземлес» кәсіподақтарының жұмысына ерекше назар аударуды талап етті.

Кәсіподақтар бюросы уездік партия комитеті пленумының шешімдерін орындаудың нақты шараларын жүзеге асырды. 1926 жылы мамырда Адай уездік одақ аралық бесінші конференциясы өтті. Ол кәсіподақ бюросының жұмысына сындарлы баға берді. Баяндамада және жарыссөзде уездік кәсіподақ ұйымының жұмысындағы кемшіліктердің беті ашылды. Тәртіптің осалдығы, мәдени-ағарту жұмысының төмендігі, тәрбиенің пәрменсіздігі көптеген өндіріске зиянды әсер етті. Жекелеген учаскеде кәсіподақ ұялары жанды басшылық жасай алмады. Делегаттар «уездік кәсіподақ бюросының беделі әлі де болса осал. Кәсіподақ ұйымының бұқара арасындағы ықпалын күшейту керек»,-деді. Сондай-ақ, олар мәдени-ағарту мекемелерінің жұмысын сынай отырып, оларға басшылықты күшейту керектігіне ерекше тоқталды.- Клубтар мен кітапханалардың жұмысын қалыпқа келтіру керек. Халыққа кинофильм көрсетіп, радио орнату қажет,-деді олар.

Кәсіподақ ұйымдары одақ аралық конференцияның шешімдерін жүзеге асыру үшін шаралар жасап, бекітті. Нәтижесінде үнем тәртібі жөніндегі және пенсия белгілеу, дәрігерлік - бақылау комиссиялары құрылды. Клуб жұмысын жандандыру мақсатында кәсіподақ клубының басқармасы сайланды. Кәсіподақ ұяларының жұмысы тексеріліп отырды.

1926 жылы қыркүйекте уездік кәсіподақ бюросының кезекті пленумы өтті. Онда одақ аралық бесінші конференциядан кейінгі мерзім ішіндегі уездік кәсіподақ бюросының жұмысына талдау жасалды. Пленум уездік кәсіподақ бюросының жұмысын жаңа тәртіпке кешіруді талап етті. Ол - барлық учаскеде еңбек тәртібін нығайту, жас жұмысшылардың мамандығын жетілдіру, үнем тәртібін күшейту, техникалық сауатсыздықты жою. Пленум қаулысына орай күрделі ұйымдастыру жұмыстары жүргізілді. Байқалған кемшіліктерден арылу үшін соңғы қадамдар жасалды. Тоғызыншы уездік партия конференциясында бұған ұнамды баға берілді.

Адай уездік кәсіподақтар ұйымы үшін 1926 жылдың аяғына дейінгі кезең ішкі одақтық жұмысты қалпына келтіру кезеңі болды. Кәсіподақ мүшелері арасында тәртіп нығайды, кәсіподақ ұяларында жұмысты жоспармен атқару дәстүрге айналды, кәсіподақ мүшелерінің белсенділіктері арта түсті. Кәсіподақ ұйымына партия басшылығы күшейтілді. Мұның бәрі уезд кәсіподақ ұйымдарының беделінің өсуіне ықпал етті. Алайда, алда үлкен міндеттер тұрды. Кәсіподақтардың бұқаралық жұмысының сапасын күшейту қажет болды. Сондай-ақ, әйелдер мен жастардың, маусымдық жұмыстағы және қырдағы жұмысшылардың арасындағы идеялық-саяси тәрбие жұмыстарын өрістету, кәсіпорындардағы тарифтік-экономикалық қызметті тәртіпке келтіру, еңбек қорғауды күшейту, мәдени-ағарту мекемелерінің жұмысын жақсарту да кезек күттірмейтін міндеттер болатын. Осыған байланысты Адай уездік партия комитеті тағы да уездік кәсіподақтар ұйымының жұмысын комплексті тексеруді ұйғарды. 1927 жылы 26 ақпанда уездік партия комитетінің бюросында арнайы мәселе қаралды. Бюро кәсіподақ активистерімен жұмысты күшейтуді, оларды ұйымдастыру, саяси-тәрбие жұмыстарына кеңінен қатыстырудың, кәсіподақтың жауапты қызметкерлері үшін курстар ұйымдастыруды, практикалық көмек көрсету арқылы кәсіподақтар ұяларының жұмысын жетілдіре түсуді ұсынды.

Ол жылдарда уезд партия ұйымдарындағы сияқты кәсіподақ ұйымдарында да үлкен қиындықтар болды. Тәжірибелі, білімді қызметкерлердің жоқтығы, қаржының тапшылығы, халықтың шашыраңқы орналасуы, қырдағы көшпелі өмір - бәрі-бәрі кәсіподақ қозғалысының уезд территориясында қанатын кеңге жаюына кедергі болды. 1926 жылға дейін қырда кәсіподақ ұялары құрылған жоқ. Тек 1926 жылдан бастап еңбек шарттарын жасау арқылы қырдағы кедейлер арасындағы ұйымдастыру, саяси-тәрбие жұмыстарын біршама өрістетуге мүмкіндік туды.

Кәсіподақ мүшелерінің бұқаралық жұмысқа қатысы, еңбек бөлімін күшейту, еңбекті қорғау және өнімді еңбек етуге жағдай туғызу, мәдени мекемелердің жұмысын жандандыру, кәсіподақ мүшелерінің қатарын толықтыру, кәсіподақтардың ішкі жұмысын реттеу – уезд партия ұйымының үнемі назарында болды. Коммунистер және партия фракциясы арқылы кәсіподақ ұйымдарындағы осынау маңызды жұмыстарды жолға қоюды үнемі бақылап, бағыт беріп, талап етіп отырды.

Адай уездік кәсіподақ бюросының төрағалары болып әр жылдары С.А.Пирожков, Рымшин, Б.С.Калман тағы басқалар қызмет атқарды. Олар Маңғышлақта кәсіподақтар ұйымының құрылып, қалыптасуына көп еңбек сіңірді. Сөйтіп, кәсіподақ қозғалысы 1927 жылдың басында Адай уезінде кеңінен канат жайды. Ол уезд партия ұйымының белсенді көмекшісіне айналды.

Уезд партия ұйымы комсомолецтер мен жастардың жаңа өмір орнатуға белсене араласуын қамтамасыз ету үшін қамқорлығын аяған жоқ. Комсомолға басшылық, уезд партия ұйымы жұмысының негізгі саласына айналды. Өйткені, қоғамда жастардың атқаратын рөлі аса зор. Оған дәлел дамудың барлық кезеңінде шешуші тарихи оқиғалардың басында үнемі жастар жүрді. Дүниежүзі пролетариатының ұлы көсемі В.И.Ленин жаңа, социалистік қоғам құрылысындағы жастардың орнын айқындай отырып, оларды идеялық жағынан тәрбиелеудің тиянақты ілімін жасады. Бұл жайында комсомолдардың III съезіндегі «Жастар Одағының міндеттері» атты сөзі ерекше маңызды. Ұлы Лениннің комсомол жайындағы, партия мен комсомолдың арақатынасы партия басшылығы жайындағы ілімі партияның барлық съездерінің қарарларында лайықты орын алды. РКП(б)- ның VIII съезі «Жастар арасындағы жұмыс туралы» қаулы қабылдады. Онда комсомолға басшылықты коммунистік құрылыс рухында, социалистік революция мұраттарына берілгендік дәстүрінде жүргізудің басты бағыттары белгіленді. «Партияның өзінің жақсы даярланған резервтері болуға тиіс делінген. РСДРП-ның VIII съезінің қарарында, партия бұл резервтерден бойында жаңа революциялық энтузиазм бар, адал және саналы қызметкерлер алып отыра алатын болуы керек. РКП (б) Россиялық коммунистік жастар одағына ең жігерлі идеялық және материалдық жәрдем көрсетіп отыруы тиіс»

Адай уездік партия ұйымы съездің осынау шешімдерін қатаң басшылыққа алды. Жастар арасында идеялық тәрбие жұмыстарын өрістетті. Оларды революциялық дәстүрде тәрбиелеп, резервтер дайындады. 30.

1920 жылы маусым айында уезде тұңғыш комсомол ұясы құрылды. Ол қырғыз жастарының одағы деп аталынды. Уезд партия ұйымы жастар ұйымының алдына жастар арасында саяси-бұқаралық жұмысты өрістету, мәдени-техникалық, жалпы білім көтеру міндетін қойды. 1920 жылы 29 маусымда Адай уездік партия комитетінің президиумі қырғыз жастар одағының жанынан үгіт-насихат бөлімін кұрды және оны партия комитетінің үгіт-насихат бөліміне көмекші деп қарауды ұйғарды. Бөлім меңгерушілігіне Трофимов тағайындады.

Комсомол ұйымының жұмысын жандандыру қажеттігі туды: Форт-Александровск қалалық партия ұйымы (кейіннен ол қайтадан уездік партия ұйымы деп аталды) 1920 жылы 20 тамызда өзінің қатарында 30 комсомолеці бар қырғыз жастар одағын уезд комсомол ұйымын қайта құруға шешім қабылдады. Дайындық және ұйымдастыру жұмысын жүргізу комсомол мүшелері К.Қыдыров пен 3.Баймұрзаевқа тапсырылды.

1920 жылы комсомолдың үшінші съезінен кейінгі РКП (б) Орталық Комитеті барлық губкомдар мен уездкомдарға «РКСМ-нің жұмысы туралы» хат жолдады. Онда партияның комсомолға басшылығы туралы программалық бағыт берілді. Хатта Бүкілроссиялық 11Г1 КПСС қарарлары... 1972 ж., 2-том, 86-бет.

Съезд одақтың ішкі жұмыстарының өте босаңсып кеткенін, қазіргі кезеңде одақтың дағдарысқа ұшырап отырғанын көрсетті... «Бұл дағдарыс, делінген онда,- одақ мүшелерінің сан жағынан өсуі мен олардың саналылық дәрежесінің бір-біріне сай болмай отырғандығынан, РҚСМ-ның белсенді қызметкерлер кадрының өте азайып, нашарлап қалғандығынан және жастар ұйымдарындағы тәртіптің құлдырауынан көрініп отыр...» РКП (б) Орталық Комитеті партия ұйымдарының жастар ұйымына іскерлік ақыл-кеңестері мен нұсқаулықпен көмектесулері керек екенін, партияның 20 жасқа дейінгі жас мүшелерін Одақ қатарына енгізіп, олардың барлық жұмысқа белсене араласуы керек екенін қатаң ескертті. «Партияның жаңа мүшелерін жастар қозғалысына енгізу арқылы,— делінген хатта,- біз негізгі коммунистік ұйытқыны күшейте түсеміз... Олар Одақ қатарына, темірдей берік партиялық тәртіп әкеледі...». Партия тапсырмасына сай Адай уездік партия ұйымы 1921 жылы 9-11 қаңтарда өткен өзінің бірінші конференциясында жастар арасындағы жұмыс туралы баяндама тыңдап, талқылады. «1921 жылға дейін,- делінген баяндамада,- ұйым жаман жұмыс жасаған жоқ. Содан кейін төмендей кетті. РҚП(б)-ның X съезі шешімдеріне сай үгіт-насихат арқылы әсіресе, қырдағы ұйымдарға саяси ұйымдастырушылар жіберу арқылы жастар арасындағы саяси-тәрбие жұмысын өрістету керек». Жарыс-сөзге қатысқан делегаттар комсомол ұяларындағы ұйымдастыру жұмыстарын өрістетуді, қырда комсомол ұяларын құруды ұсынды. Конференция РКП(б)-ның Х съезі шешімдеріне орай 20 жасқа дейінгі азаматтарды партия мүшелігіне комсомол ұйымы арқылы қабылдауды, олардың ұйым жұмысына белсене араласуын қадағалауды талап етті. Комсомолға басшылықты күшейту мақсатында жастар арасындағы жұмыс жөніндегі нұсқаушы етіп уездік партия комитетінің мүшесі Матчанов бекіді.

Уездің комсомол ұйымы алғашқы жылдарда қиын жағдайда жұмыс істеді. Комсомол қатары баяу өсті. Қырмен байланыс болған жоқ. Жаппай сауатсыздық, ескіліктің сарқыншағы жастарды, әсіресе, әйелдерді комсомолға тартуға кедергі жасады. Мұның бәрі комсомол ұйымының ұйымдық құрылымын әлсіретті. 1922 жылдың желтоқсанында уезде үш-ақ комсомол ұясы болды. Онда есепте 63 комсомолец тұрды. Кейіннен Долгий аралығындағы комсомол ұясы ыдырап кетті. Уезд партия ұйымының комсомолды басқарудағы тәжірибесінің аздығынан кейбір ағаттықтарға жол берілді. Комсомол ұйымының уездегі оқиғалардан көп ретте хабары болмады. Уездік партия комитетінің бюро мәжілісіне комсомол комитетінен ешкім қатыспады. Уездік комсомол комитетінің секретарының Қырғыз Орталық комитеті мен РКП (б) қырғыз облыстық комитетінің уәкілі Ә.Жангелдиннің атына жазған баяндамасында уездік комсомол ұйымының жұмысындағы кемшіліктердің болу себебі, оны жоюдың жолдары айқын көрсетілген.

1923 жылы қарашада РҚСМ Қырғыз облыстық комитеті РКСМ Адай уездік комитетінің жұмысы туралы мәселе қарады. РКСМ облыстық комитетінің мәжілісі РКСМ Адай уездік комитетінің жұмысын қанағаттанғысыз деп бағалады. Басшы кадрларды жиі ауыстыру күткендей нәтиже бермеді, керісінше жағдайды қиындатты. Жоспарлы жұмыс жасалмады. Облыстық комсомол комитеті РКСМ Адай уездік комсомол комитетін таратып, уездік ұйымдастыру бюросын құрды.

Ұйымдастыру бюросы РҚП(б)-ның XI съезінің шешімдеріне орай жастар арасында аса зор ұйымдастыру, саяси-тәрбие жұмыстарын жүргізді. Съезд қаулысында: «Коммунистік тәрбие берудің бұқаралық ұйымы болып табылатын РКСМ партия үшін жұмысшы және шаруа жастарының қалың топтарына коммунистік ықпал жасап, әсер етудің қуатты құралы болып қызмет етеді» - деп атап көрсетілген еді. 1923 жылы 16 желтоқсанда РКСМ ұйымдастыру бюросының президиумының мәжілісінде РСКМ ұяларының жұмысы жайында есеп тыңдалды. Әңгіме өткір әрі іскерлік жағдайында, өзара сын үстінде өтті. РКСМ мүшелері арасында тәртіптің осалдығы ашық, бүкпесіз айтылды. Олармен саяси тақырыпта әңгімелер өткізілмеген, комсомол ұяларының секретарларына жанды нұсқаулар берілмеген. Мәжіліс ұйымдастыру бюросына комсомол ұяларының жұмысына нақты басшылық жасауды тапсырды. 1923 жылы тамыз айында құрылған РКП (б) және РКСМ мүшелерінің арасындағы саяси сауатсыздыққа қарсы күрес комиссиясының жұмысын жандандыруды талап етті.

Уезд партия ұйымының басшылығымен РКСМ ұйымдастыру бюросы жұмысшылар мен шаруалардан комсомолға жаңа мүшелер қабылдаумен, олардың арасында саяси-тәрбие жұмысын өрістетумен айналысты. Нәтижесінде 1924 жылы мамыр айында Адай уездік комсомол ұйымында төрт комсомол ұясы болды. Оның есебінде 128 мүше, 1 кандидат тұрды. 1924 жылы наурыз айында РКСМ клубы ашылды. Оның жанынан ғылыми-саяси драма, дене тәрбиесі үйірмелері ұйымдастырылды. Сонымен бірге комсомолец Нығымет Шымыров атындағы Мәдениет үйі де жастардың рухани талап-тілектерін өтеуде жақсы қызмет істеді. Комсомолецтер жалпы білім алу және саяси сауат ашу мектептерінде оқыды. Комсомол ұяларында РКСМ мүшелерінің саяси үйірмелері ұйымдастырылды.

1924 жылы Лениндік қабылдау ұранымен уезд комсомол ұйымы мүше қабылдау және комсомол ұяларының құрамын реттеуде үлкен жұмыстар жүргізді. 1924 жылы 14 мамырда ұйымдастыру бюросы президиумының мәжілісінде «Одаққа жастар тартуда Лениндік апталық өткізу туралы» мәселе қаралды. Мәжіліс шешімі бойынша 17 мамырда одақта жоқ жастардың қатысымен жалпы қалалық РКСМ мүшелерінің жиналысы өтті. Жиналыс алдында ұйымдастыру жұмысы жүргізілді. Кәсіпорындарға Огневенко, Анисимов, Баринов, Даулов сияқты белгілі, белсенді баяндамашылар жіберілді. Олар жастар одағының міндеттері туралы баяндамалар жасады. Жалпы қалалық комсомолецтер мен жастар жиналысында уездің барлық жастарына арналып үндеу қабылданды. Онда Лениндік қабылдау апталығы күндерінде комсомолға өтуге шақырды. Уезд жастары үндеуді қызу ықыласпен жылы қабыл алды. Уезд комсомол ұйымының қатарына жаңа күш жастар көптеп келе бастады. Жыңғылды елді мекенінде комсомол ұясы ұйымдастырылды. 18 комсомолец есепте тұрды. Долгий аралында қайтадан комсомол ұясы құрылды.

Маңғышлақтағы жиырмасыншы жылдардың комсомолецтері Ерболатов Қонарбай, Белунин Сергей, Қадірешев Сағын, Белунин Василий, Қайрлаиов Қанарбай және басқа да көптеген комсомолецтер уездік ұйымының өміріне белсене араласып, елеулі істер тындырды.

1922 жылдың қараша айына дейін уезд комсомол ұйымы толық күшінде жұмыс істей алмады. Ішкі одақтық жұмыс дұрыс жолға қойылмады. Тек 1923 жылдан бастап комсомол ұйымы жұмысын қалыпқа келтірді. Ұйымдастыру бюросы президиумының мәжілісі мен комсомол ұяларының жиналыстары мезгілімен өте бастады. Ұяларда жалпы жиналысты айына 2-3 рет өткізу белгіле нілді.

Ұйымдастыру бюросы президиумының мәжілісінде РСҚМ-нің клубын ұйымдастыру, Долгий аралында, қырдағы отырықшы ауылдарда комсомол ұясын құру, Форт-Урицк қаласында В.И.Ленинге ескерткіш орнату, РКСМ мүшелері арасындағы сауатсыздықты жою туралы, үгіт-бұқаралық жұмыстарды өрістету, комсомолецтерді уездің қоғамдық өміріне араластыру, тағы басқа өзекті мәселелер шешімін тауып отырды.

Комсомол ұйымы еңбекшілер арасында саяси үгіт-бұқаралық жұмысты өрістетуге белсене араласты. 1924 жылы наурыз айында қырға қызыл керуен ұйымдастырылды. Оның құрамында уездік партия комитетінің, РКСМ ұйымдастыру бюросының 15 активистері болды. Қызыл керуен кітаппен, газетпен қамтамасыз етілді. Оның жұмыс жоспарын, жүру маршруттарын жасау үшін комиссия құрылды. Уездік партия комитеті мен РКСМ ұйымдастыру бюросы құрған қызыл керуен қырдағы сауатсыз халықтар арасында үгіт-насихат жұмыстарын пәрменді жүргізіп, оларды алда тұрған әлеуметтік-экономикалық міндеттерді шешуге жұмылдыруға ерекше ықпал жасады.

1924 жылы қазанда РЛКСМ-ның уездік екінші конференциясы өтті. Ол жылы Адай уездік комсомол ұйымында 7 комсомол ұясы болды. Оның есебінде 200 комсомол мүшесі, 17 мүшелікке кандидаттар тұрды. Уездік екінші комсомол конференциясы РЛКСМ қатарына жастарды көптеп тарту, сауатсыздықты жоюда комсомол ұяларының белсенділігін арттыру міндеттерін қойды. Конференция шешімдерін жүзеге асыру нәтижесінде уездік комсомол ұйымының ұйымдастыру, саяси-тәрбие жұмысы біршама жақсара түсті. 1927 жылдың желтоқсанында комсомол ұяларының саны 24-ке жетті. Есепте тұратын комсомолецтер 615-ке өсті.

Комсомол ұйымының құрамы негізінен қырдағы жас кедей-шаруалар есебінен өсті. Жыңғылды елді мекендерінде тұз өндіретін, балық аулап, өңдейтін кәсіпшіліктерде комсомол ұялары ұйымдастырылды. Ауылдарда бұрын болыстық ұйымдар орнына комитеттер құрылды. Бұл қырдағы жастар арасында ұйымдастыру, саяси-тәрбие жұмысын жаңа сатыға көтеруге мүмкіндік берді. 1925 жылға дейін Адай уездік комсомол ұйымы қатарында қыздар мүлде аз болатын. Комсомол ұялары қыз-келіншектер арасында үгіт-насихат жұмысын жеткіліксіз жүргізді. Өлкелік комсомол комитетінің үшінші пленумы бұған ерекше назар аударды. Уезд комсомол ұйымы бұл саладағы қателіктерді жоюдың жолдарын қарастырды. Егер 1924 жылы уезде комсомол қатарында тек 9 қыз болса, ол 1927 жылы 42-ге өсті.

Көсеміміз В.И. Ленин жастар арасындағы жұмысқа қарт коммунистерді белсенді араластырудың қажеттілік үнемі ескертті. РКП(б)-ның XII съезінде ол жөнінде нақты айтылды. «Партияның Одаққа басшылық етуі одақтың тәрбиелік жұмысына қай кездегіден гөрі де көбірек практикалық көмек жасауы негізінде болуға тиіс...» делінген қарарда. Уезд партия ұйымы съезд шешімдеріне орай комсомолға белсенді коммунистерді жіберді. Мысалы, 1924 жылы комсомол ұйымдарында 5 коммунист жұмыс істесе, ол 1927 жылы 92-ге жетті.

Жастардың сауатсыздығын жою комсомол ұйымының кезек күттірмейтін ең маңызды міндеттерінің бірі болды. Екі сауаттандыру пункті ашылды, төрт клуб жанынан 3 хор, 5 драма, 2 саяси және дене тәрбиесі үйірмелері ұйымдастырылды. Комсомолецтер бұған асқан ынтамен көптен қатысты. Тек саяси үйірмеге 40 комсомолец мүше болды. Ол жылдарда комсомол ұйымынан бөлінген насихатшылар мен баяндамашылар, үгітшілер еңбекшілер арасында әңгіме өткізу, дауыстап газет оқу әдістерін кеңінен қолданды.

Комсомол ұйымы 5 қабырға газетін шығарды. Оның үшеуі қазақ тілінде, екеуі орыс тілінде шығарылды.

«Адай жастары», «Молодая сила», «Молодой рыбак», «Ауылға бетіңді бұр », «Алғашқы адым» қабырға газеттерінде комсомол ұйымдарының өмірінен толғағы жеткен мәселелер көтеріліп, жекелеген озат комсомолецтер жайында мақалалар жарияланып тұрды.

1925 жылдың ақпанында РЛКСМ уездік комитетінің пленумы болды. Уездік комсомол комитетінің 1924 жылдың қазанынан (немесе екінші комсомол конференциясына дейінгі мерзім ішіндегі) 1925 жылдың ақпанына дейінгі жұмысының есебі тыңдалды. Пленум Кендірлі, Жыңғылды елді мекендерінде комсомол ұяларын құруды, комсомол мүшелерінің санын 400-ге жеткізуді, оның 60 процентінің кедейлерден болуын қамтамасыз етуді, ауылдағы комсомол ұяларына басшылықты күшейтуді, бай-манаптарға қарсы батыл күрес жүргізуді, клуб жұмысын экономикалық жұмысты жандандыруды бюроға тапсырды. Пленум уездік комсомол комитетінің 1925 жылы 18-25 қаңтарда В.И.Лениннің қайтыс болғанының бір жылдығына қаралы аптаны ұйымшылдықпен өткізгендігін атап өтті. Апталық күндерінде жастар арасында саяси-тәрбие жұмыстары пәрменді жүргізілді. Комсомолецтер-өндірісте еңбек өнімділігін арттырды. Апталық күндерінде комсомолецтерді партияға, пионерлерді комсомолға қабылдады. Еңбекшілер арасында «Ленин және комсомол», «Лениндік ұлт саясаты», «Ленина және кәсіподақ» деген тақырыптарда лекциялар оқылып, баяндамалар жасалды. Пленум апталық күндеріндегі жұмыс тәжірибесін қорытып, оны алға қарай жалғастыруды тапсырды.

1925 жылы 25 мамырда РЛКСМ Адай уездік конференциясы өтті. Халықаралық және СССР-дің ішкі жағдайы туралы, өлкелік комсомол комитетінің III пленумының қорытындылары жайлы, РЛКСМ уездік комитетінің есебі, РЛКСМ-ның кезектегі міндеттері туралы, ауылдағы комсомол, саяси-ағарту жұмыстары саласындағы міндеттер, кедейлер арасындағы жұмыс, балалар қозғалысы, халық ағарту бөлімінің кезектегі міндеттері, оған комсомолдың қатысы жайлы баяндамалар тыңдалып, талқыланды.

Конференция уезд комсомолының жұмысын қанағаттанарлық деп бағалады. Ұйымның «Ауылға бетіңді бұр» ұранын жүзеге асырудағы міндеттері белгіле нілді. Бұл салада олар РКП (б) XI съезінің РЛКСМ туралы шешімдерін басшылыққа алды. Съезд қаулысында «РКСМ-ның деревнядағы негізгі міндеттері - деревняның ең кедей бөлігін кулактардың идеялық ықпалынан сақтау мақсатымен, олардың арасындағы жұмысты күшейту, шаруа жастарын деревняның қоғамдық өміріне белсенді қатыстыру, олардың мәдени тілектерін қанағаттандырып отыру болып табылады» деп атап көрсетілген.

Уездік комсомол конференциясы ұйымдағы жұмыстың стилі мен әдістерін жетілдірудің қажеттігін айтты. Бұрынғы болыстық ұйымдастырушылардың орнына жаңадан құрылған комсомол комитеттерінің жұмысын жаңа сатыға көтеру керек болды. Сондықтан да қалалық комсомол комитетінің болыстық комитетке көмегін ұйымдастыру ұсынылды. Ақмыш болыстық комсомол комитеті негізгі орталық комитет болып қайта құрылды. Қалалық ұйымның көмегімен еңбекшілерге спектакль қойылды, комсомолдың маңызы, жастар қозғалысы жайында лекциялар оқылды, баяндамалар жасалды. Олар Жыңғылды, Кендірлі, Қаратау елді мекендеріндегі тұрғындарды да қамтыды. Комсомол ұйымы жаз кезінде каникулға келген Орал, Орынбор қалаларының жұмысшы факультеттерінің курсанттарын үгіт-насихат жұмысына пайдаланды. Балықшылар арасында табиғат тану үйірмесін ұйымдастырды. Комсомол ұялары секретарьларының курстары жұмыс істеді. Жастарды спорт ерікті қоғамдарына - ОДН, МОПР, Осоавиахимге мүшелікке тартты. Уезд жастары физкультура мен спорттың бұқаралығы үшін күресті. Клуб жандарынан физкультура және спорт үйірмелері ұйымдастырылды.

Уезд жастары Қара теңіз әскери флотына қамқорлық көрсетуге белсене атсалысты. Көмек комиссиясы құрылды. Комиссия мәжілісінің шешімімен 1926 жылы 23-26 мамырда Қара теңіздің Қызыл әскери флотына көмек көрсетудің үш күндігі өткізілді. Осыған арналған жалпы қалалық жиналыс өтті. «Қызыл әскери флот және оған шефтік көмектің маңызы» деген тақырыпта еңбекшілер арасында баяндамалар жасалды. Көркемөнерпаздар халыққа спектакль қойып, қызыл әскери флотқа көмекке қаржы жинады. Қабырға газеттерін шығарды, «Красная звезда», «Красный Черноморец» газеттеріне жазылуды ұйымдастырды.

1926 жылы қазанда Маңғышлақтың комсомолецтері Қара теңіздің қызыл әскери флотына көмектің төрт жылдығын салтанатты атап өтті. Жалпы қалалық жиналысқа 130 адам қатысып, әскери флотқа көмектің маңызы жайлы баяндама тыңдады. 31.

Уездік комсомол ұйымының жұмысында экономикалық заң құқықтарын насихаттау ерекше орын алды. Комсомол комитетінде ұйымдық-нұсқау және үгіт-насихат бөлімдерімен катар экономика-заң құқықтары бөлімі жұмыс істеді. Бөлім қызметкерлері «Үнем тәртібі үшін» деген ұранмен кәсіподақ ұйымдарымен бірлесе отырып, коллективтерде еңбек шарттарын жасауға көмектесті, еңбек тәрбиесін кеңінен насихаттады. Тек 1926 жылы кәсіпорындарда «Үнем тәртібі үшін» ұранының маңызы туралы 11 рет баяндама жасалды. Экономика және құқық мәселелері бойынша арнаулы комиссия жұмыс істеді. Ол мезгіл-мезгіл өзінің мәжілісін өткізіп, келелі мәселелер қарап, шешім қабылдап отырады. Тек 1924 жылдың қарашасынан 1925 жылдың қарашасына дейін комиссияның бес мәжілісі өтіп, 11 мәселе қаралды. Мысалы, 1926 жылы наурызда комиссияның мәжілісінде экономика және құқық бөлімінің жұмысы туралы мәселе талқылады. Мәжіліс еңбек инспекциясымен, уездік кәсіподақтар бюросымен бірлесе отырып, жұмыссыз жастарды еңбекке орналастыруға күш салуды талап етті.

Адай уездік партия комитеті комсомол жұмысына басшылықты негізінен бюро мәжілісінде, пленумда укомолдың жұмысы туралы мәселе қарау, нақты шешім қабылдап, жүйелі бағыт беріп отыру арқылы жүргізді. Партия конференцияларында да комсомол жұмысы туралы баяндамалар тыңдалып, талқыланды. Мұның бәрі уезде комсомол ұйымының белсенділігін арттырып, жастардың шынайы ұйтқысы, ақылшысы болуына жағдай жасады. Мысалы, 1924 жылы 2 мамырда уезд партия комитетінің пленумында РКСМ ұйымдастыру бюросының жұмысы туралы мәселе қаралды. Пленум жастар арасында саяси-тәрбие жұмысын өрістетуді, комсомол ұяларымен, сондай-ақ орталықпен байланысты нығайтуды, РКСМ қатарына жастарды көптеп қабылдауды талап етті. РКСМ ұйымдастыру бюросы сыннан қорытынды шығара білді. Пленум шешімдерін орындаудың нақты жолдарын белгілеп, оны жүзеге асырды VI—VII уезд партия конференцияларында укомолдың жұмысы туралы баяндамалар талқыланды. Партия конференциялары комсомол, пионер ұйымдарының жұмыстарына арнайы назар аударуды, ауылдардағы комсомол ұяларының жұмысын жандандыруды талап етіп, қаулы қабылдады. 32.

1925 жылы 20 қарашада РЛКСМ-ның IV уездік конференциясы өтті. Укомолдың есебі, ауылдағы саяси-ағарту жұмысы, пионерлердің уездік бюросының есебі туралы баяндамалар тыңдалып, талқыланды. Конференция уезд комсомол ұйымының таяудағы міндеттерін белгіледі. Ауыл жастары есебінен комсомолдың қатарын толықтыру, ауылдағы комсомол ұяларының жұмысын жетілдіру, әр ай сайын комсомол ұялары секретарьларының саяси-бұқаралық жұмыс жайындағы баяндамаларын тыңдау - уезд комсомол ұйымының басты міндеттері деген қорытынды жасалды. Комсомол конференциясының шешімдерін жүзеге асырудың жайын уезд комсомол комитеті ұдайы бақылап отырды.

VIII төтенше Адай уездік партия Конференциясы күн тәртібіне уездік комсомол комитетінің жұмысы жайында арнайы баяндама қойып, талқылады. Айта кету керек 1926 жылы маусым айында өткен төтенше VIII партия конференциясы тек қана уезд партия ұйымы үшін емес комсомол ұйымы үшін де ерекше маңыз алды. Ол комсомол ұйымының жұмысындағы елеулі кемшіліктердің бетін ашты. Партия ұйымындағы ашық жікшілдік уезд комсомол ұйымының жұмысына да әсер етті. Төтенше партия конференциясы комсомол активисттері арасында тәртіптің жоқтығын, арақ ішу, карта ойындарының тиылмағанын, комсомол-ұяларына секретарьлыққа лайықсыз, дайындығы жоқ адамдардың жолданғанын активисттердің бір бөлігінің жікшілдікке бой ұрғанын, пионер ұйымының жұмысының осал сып кеткенін ашық атады. Конференция комсомолға партиялық басшылық өз дәрежесінде болмағанын нақты дәлелдермен көрсетті. Жағымсыз құбылыстармен батыл күресуді, комсомолға партиялық басшылықты өрістетуді, комсомол ұйымын кадрмен нығайтуды талап етті.

1926 жылдан бастап Адай уездік партия комитеті өзінің VIII төтенше конференциясы шешімдерінің орындалуын қатаң бақылауға алды. 1926 жылы 12 қарашада уезд партия комитетінің бюросы укомол жұмысының жайы туралы есеп тыңдады. Бюро соңғы кезде уезд комсомол комитетінің жұмысы біршама қалыпқа келіп, комсомолецтер арасында тәртіптің реттеле бастағанын, комсомол ұяларына басшылықтың жақсарғанын атап өтті. Бюро партиялық басшылықты әлі де жетілдіріп, комсомол ұяларымен байланысты нығайтуды ұсынды.

1926 жылдың екінші жартысынан бастап уезд комсомол ұйымының жұмыс жоспарын бюросында бекіту тәжірибеге енді. Бұл жоспарды жасауға және оның орындалуын қадағалауға жауапкершілікті арттыруға ықпалын тигізді. Укомолдың жұмыс жоспары нақтылы бола түсті, таяудағы міндеттерді түгел қамтитын болды. Мысалы, укомолдың 1927 жылдың наурыз-тамыз айларындағы жұмыс жоспарында аптасына бір рет бюро мәжілісін өткізу, комсомол қатарын өсіруді үнемі назарда ұстау, комсомол ұяларының жұмысын тексеру, әр екі ай сайын ұя секретарьларының жиналысын шақыру, болыстық, ауылдық комсомол комитеттерін құруды аяқтау көзделінген.

1927 жылы қаңтарда өткен уездік IX партия конференциясында есепті баяндамада укомолдың жұмысына кейбір талдаулар жасалды.

VIII төтенше партия конференциясынан кейін уездік комсомол ұйымының жұмысында елеулі өзгерістер болды. Әсіресе, комсомол мүшелерінің тәртібіне көп көңіл бөлінді. Саяси-тәрбие жұмыстарын өрістетудің шара-жоспары жасалып, жүзеге асты. Қырда жаңадан комсомол ұялары құрылып, жастар арасындағы саяси-тәрбие жұмысының өрістеуіне қолайлы жағдай жасалды. ВКП(б) мүшелері мен BJIKCM мүшелерінің біріккен жиналыстарын өткізу тәжірибеге енді. Мысалы, 1927 жылы 19 ақпанда Баутино поселкесінде №8 ВКЩб) ұясы мен №8 ВЛКСМ ұясының біріккен жиналысы болды. Онда шикізат дайындау басқармасының жұмысы, оған комсомолецтердің үлесі, тұрғындар арасындағы саяси-бұқаралық жұмыстың жайы туралы мәселелер талқыланды. Коммунистер мен комсомолецтердің біріккен жалпы жиналыстарының өтуі өте ұтымды болды. Уездің экономикасы мен мәдениетін өркендетудің актуальды мәселелерін бірге шешеді, бірін-бірі қайталамайды. Жалпы жиналыс коммунистердің де, комсомолецтердің де әр кезеңнің өзекті мәселелерін бірлесіп, байыпты шешуіне мүмкіндік берді.

1927 жылы 23 тамызда уездік партия комитетінің бюросы укомолдың жұмысы туралы мәселе қарады. Ондағы мақсат IX партия конференциясының шешімдерін орындаудағы комсомол ұйымының жұмысын тексеріп, нақты бағыт беру еді. Партия комитетінің бюросы конференциядан кейін атқарылған ұнамды істерді көрсетті, комсомол ұяларының жұмысын әлі де өрістете түсудің қажеттігін ескертті. Ол үшін ұялардың секретарьлары мен комсомол активінің жиналыстарын шақырып, өзара тәжірибе алмасуға мүмкіндік беруді ұсынды. Комсомолдардың саяси оқуларында комсомол тұрмысының мәселелерін оқып-үйрену, ұйым алдындағы міндеттерді сараптап түсіндіру, сондай-ақ комсомолдарды жаңа салт-дәстүрлерді насихаттауға, мәдениеті кенжелеп қалған ауылдарда жаңа өмір орнатуға күш салып, жастарды экономикалық біліммен қаруландыруға шақырды. Шынында бұл кезек күттірмейтін, күн сайын атқарып отырған жұмыс болатын. Бірақ сол кезеңнің міндеттері бұл шараларды жеделдетуді талап етті.

1927 жылы ақпанда V-Адай уездік комсомол конференциясы өтті. Онда IX уездік партия конференциясының қорытындылары, ВЛКСМ өлкелік комитетінің, ВЛКСМ Адай уездік комитеті бюросының, комсомол ұяларының жұмыстары туралы мәселелер талқыланды. Конференция уезд комсомол ұйымында саяси-ұйымдастырушылық, саяси-тәрбие саласында елеулі өзгерістердің болғандығын атап өтті. Уездік комсомол комитетінің ұяларға басшылығы жоспарлы жүргізілді. Комсомол ұялары өндірістік принципке бейімделіп, қайта құрылды. Бұл комсомолецтердің кәсіподақ қозғалысына араласуын күшейтті. VIII төтенше партия конференциясында атап көрсетілген, әсіресе, жікшілдік жайындағы кемшіліктерден бірте-бірте арыла бастады.

Комсомол ұялары алғашқы жылдары кәсіпорындар мен мекемелердің атына қарай аталатын еді. 1924 жылдан бастап номерлеу қолға алынды. Мысалы, укомол жанындағы комсомол ұясы №1, оқу бөліміндегі ұяны №2 деп атады. 1925 жылдан бастап комсомол ұяларында жұмыс жоспарлары жасалып, бір данасы уездік комсомол комитетіне жолданып отырды. Одақтан тыс жастармен жұмыс жолға қойылды. Олармен байланыстың негізгі құралы ретінде одақта жоқ жастардың конференциялары өткізілді. Көбіне мұндай конференциялар партия ұйымымен бірлесе өткізілді. Онда уезд өмірінің өзекті мәселелері талқыланып, партия, комсомол ұйымдарының, жастардың міндеттері айқындалып отырды. Бұл - комсомолецтер мен жастарды жаңа қоғам орнату жолындағы күреске белсенді әрі жаппай жұмылдыруда, патриотизм, интернационализм рухында тәрбиелеуде үлкен тәрбие мектебіне айналды.

1924 жылы 27 қарашада дүниежүзінің комсомолы КИМ-нің құрылғанына бес жыл толған күні аталып өтті. Маңғышлақтың комсомолецтері де бұл күнді еңбектегі табыстармен қарсы алды, салтанатты мерекеге айналды. 1924 жылы РЛКСМ-нің VI съезінде комсомолецтер алты су самолеті бар бір гидроплан отрядын құруға міндеттенді. Бұл отряд бір жыл ішінде құрылып, комсомолдың кезекті съезіне сыйға тартылатын болды. Міндеттемені абыроймен орындау үшін еліміздің әрбір комсомолеці өз еркімен жарна төледі. Бұған Маңғышлақтың комсомолецтері де белсене араласты. Барлық комсомол ұяларында жиналыстар өтіп, комсомолецтер бұл инициативаны қызу қуаттады.

Комсомолецтердің оқуы, олардың саяси сауаттылығы үнемі уездік партия комитеті мен комсомол комитетінің назарында болды. Әрбір комсомол ұясында саяси үйірме ұйымдастырылды, саяси мектеп, сауаттану пункті жұмыс істеді. Комсомолецтер РЛКСМ тарихын, РКП (б) тарихын, СССР Конституциясын, В.И.Лениннің өмірбаянын оқып үйренді.

Комсомолдың күші - партияның басшылығында. Ол жайында көсеміміз В.И.Ленин әлденеше рет айтқан болатын. Комсомол мен РКП(б)-ның өзара қатынасы туралы сұраққа жауап бере отырып, В.И.Ленин «Егер шын мәнінде коммунист болғысы келсе, РЛКСМ партияның басшылығымен жұмыс істеуге тиіс» деген болатын. Адай уездік комсомол ұйымы партия тарапынан үнемі басшылық пен көмекті сезініп отырды. 1925 жылдан бастап, уездік партия комитеті әрбір партия ұясына бір-бірден комсомол ұясын бекітуді ұйғарды. Сонымен бірге партия ұялары өздерінің жастармен жұмысының жайы туралы есеп беріп отыратын болды. РКП (б) мүшелері мен РЛКСМ мүшелерінің жалпы қалалық жиналыстары жиі өтіп тұрды.

Қабылданылған қарарлардың орындалуын бақылауды және басшылықты күшейту мақсатында 1926 жылдан «бастап укомолдың бөлімдерінде мәжілістер өтіп, жос-парланған мәселелер шешімін тауып отырды. Мысалы, 1927 жылдың қаңтарынан желтоқсанына дейін ұйымдастыру бөлімінде 22, үгіт және насихат бөлімінде 15 мәжіліс өтті. Оларда бөлімдерге қатысты мәселелер қаралып, нақты шешімдер қабылданды.

Уезд комсомол ұйымының пионерге басшылығы жетілдірілді. РЛКСМ ұйымдастыру бюросы Президиумының шешімі бойынша тұңғыш пионер тобы 1924 жылы наурыз айында балалар үйінде құрылды. Уезд пионер ұйымының жұмысы осы күннен басталды. Содан кейін Степан Халтурин атындағы, М.И.Калинин атындағы, А.В.Луначарский атындағы, А.Б. Баутин атындағы пионер отрядтары дүниеге келді. Пионерлер арасындағы жұмысқа тәжірибелі комсомолецтер тартылды. Уездік партия комитеті бюросының шешімімен қабілеті мол, балалармен жұмыс істеуге икемді комсомолецтер Орынбор қаласына балалар қозғалысы курстарына оқуға жіберілді.

Совет өкіметінің алғашқы күндерінен бастап партия балалар қозғалысына ерекше назар аударды. Осыған орай Адай уездік партия және комсомол ұйымдары пионерлер ұйымын қамқорлыққа алып, жұмысының жандануына жағдай жасады. Бюро мәжілістерінде, пленумдар мен конференцияларда пионер ұйымының жұмысы жайында мәселелер қаралып, ұйым жетекшілерің есебі тыңдалды. Нәтижесінде 1927 жылы пионерлер саны 303-ке жетті, 8 пионер отряды болды. Пионерлер ұйымдарында 45 комсомолец жұмыс істеді.

Уезд партия комитеті өзінің көмекшісі комсомолецтерді жауапты қызметтерге батыл жоғарылатып отырды. Мысалы, 1925 жылы сәуірде РКП (б) уездік комитетінің бюро мәжілісі уездік комсомол комитетіне 20 белсенді комсомолецті болыстардағы революциялық комитеттерге секретарь етіп жіберуді ұсынды. Уездегі барлық мекемелер мен кооперативтерде, кәсіпорындарда комсомолецтер басқарма, президиум мүшелері болып сайланды. Комсомол мүшелері Совет өкіметінің алғашқы жылдарында ашаршылыққа қарсы күресте белсенділік көрсетті. Ашыққан жанұяларға көмектер ұйымдастырды. Балық өнеркәсібін мемлекет меншігіне алып, кейіннен оны қалпына келтіру барысында комсомолецтер балықшылар арасында саяси-бұқаралық жұмысты белсенді жүргізді. Комсомолецтер өздері оқып, сауат танып, қарапайым халықты оқытуға атсалысты.

Уезд партия, комсомол ұйымдары комсомол қызметкерлерін даярлау үшін жыл сайын курстарға, техникум мен жұмысшы факультеттеріне жас жігіттер мен қыздарды оқуға жіберіп отырды. Тек 1926 жылы Орал, Алматы, Қызылорда, Ташкент, Орынбор қалаларына 21 жас жігіт оқуға аттандырылды.

Уезд комсомол ұйымын кадрмен нығайтуға облыстық, кейіннен өлкелік комсомол комитеті көмектесіп отырды. Дайындығы мол, білімді, тәжірибелі комсомол қызметкерлерін Адай уезіне басшы қызметке жолдап отырды.

1927 жылы желтоқсанда Адай округтік VI комсомол конференциясы өтті. Бұл Адай уезі округ болып қайта құрылғаннан кейінгі бірінші конференция болатын. Ол уезд комсомол ұйымының жеті жыл ішіндегі 1920-1927 жылдардағы жұмысын толық қорытындылап, округтік комсомол ұйымының алдында тұрған міндеттерді саралады. Конференция комсомол ұйымының жұмысын қанағаттанарлық, саяси бағытын дұрыс деп бағалады.

Уезд комсомол ұйымы бұл жылдар ішінде ұйымдық жағынан нығайды. Комсомолецтер қатары негізінен ауыл жастары есебінен өсті. Комсомолецтер жергілікті Советтердің сайлауына белсене араласты. Комсомол ұяларына басшылық өрістеді, жалпы комсомол ұйымының жұмысы мақсатты, жоспарлы жүргізілді. Комсомол мүшелерінің сауатын ашу үшін көптеген шаралар жүзеге асты. Комсомолға партия басшылығы талапқа сай жүргізілді. Уезд комсомолецтері халық шаруашылығы мен мәдени құрылыстың барлық саласында асқан белсенділікпен еңбек етті.

Адай уездік партия ұйымы 1920-1927 жылдарда ұйымдық жағынан қалыптасып, еңбекшілер бұқарасын социалистік қоғам орнату жолындағы күреске жұмылдырушы күшке айналды. Уездік партия комитетінің басшылығымен экономика және мәдениет саласында, сол кезеңнің өз мүмкіндігіне қарай үлкен ілгерілеу жүзеге асты. Қоғамдық ұйымдардың белсенділігі артты.

1927 жылдың аяғында уезд Адай округі болып қайта құрылды. Соған орай партия ұйымы округтік партия ұйымы деп аталды. Сонымен Маңғышлақ партия ұйымының тарихы 1920 жылдан басталды. Оның әсіресе 1920-1927 жылдар аралығындағы жұмысы партия ұйымының, коммунистердің ерен ерлігін паш етеді. Жол салып, барлық қиындықтарды жеңе отырып, халықтың шын мәніндегі саяси басшысы, рухтандырушы күші бола білді.

II ТАРАУ

СЫНДАРЛЫ КЕЗЕҢ

Қазақстан Орталық атқару Комитетінің 1927 жылғы 28 маусымдағы қаулысы бойынша Адай уезі округ болып қайта құрылды. Осыған орай уездік партия ұйымы округтік болып аталды.

Адай округінің жер көлемі кеңейді. Бұрынғы уездің көшіп-қонып жүретін халқын біржола отырықшылыққа айналдыру үшін өлкелік партия комитеті мен халық комиссарлар Советі Адай округіне көрші Ақтөбе, Гурьев округтерінің біраз аудандарын қосып берді. 1928 жылғы дерек бойынша округ 345200 шаршы километр жерді алып жатты. 170 мыңнан астам халқы болды. 33.

Округтік партия ұйымы партиялық дәстүрге орай Маңғышлақта Совет өкіметін орнату және нығайтудағы 1920-1927 жылдарда қоғамдық өмірді барлық жағынан социалистік бағытта қайта құру жөніндегі уездік партия ұйымы атқарған келелі жұмыстарды одан әрі жалғастырды.

1927 жылдың 25 қазанынан 1 қарашасына дейін. Адай округтік оныншы партия конференциясы өтті. Шын мәнінде, бұл Адай округтік партия ұйымының бірінші конференциясы еді. Ол Адай уездік партия ұйымының жеті жыл ішінде атқарған жұмысына қорытынды жасады, жан-жақты талдады.

Жергілікті Советтердің сайлауы ұйымшылдықпен өтті, партия ұйымының қоғамдық ұйымдық Совет пен кәсіподаққа, комсомолға, шаруашылық пен кооператив органдарына басшылығын көрсетті.

Дей тұрғанмен, Адай уездік партия ұйымының тоғызыншы конференциясынан кейін партия ұяларында партиялық-саяси, идеялық тәрбие жұмыстар белгілі дәрежеде болды, жиналыстары мезгілімен өтті де коммунистер арасында партиялық тәртіп әлсіреді. Үнем тәкапарлыққа қарсы күрес пәрменді жүргізілмеді. Партия ұялары аталмыш кемшіліктерді кезінде жоюдың шараларын алмады. 34.

Адай уездік партия ұйымында бұрын болған, сонан соң сегізінші және тоғызыншы партия конференцияларында кеселді іс-әрекетін тоқтатқан жікшіл қайтадан жанданды. Оныншы партия конференциясының он алты делегаты «құнан орыс» руы өкілдерінен құрылған топтың жақтаушылары партия комитетінің басқару кұрамына сенімсіздік білдіріп, конференция президиумына мәлімдеме жазды. Округтік оныншы партия конференциясы, уездік партия комитетінің одан кейінгі бірінші және екінші пленумдары олардың тәртібін қатаң айыптады және рулық жетекшілеріне шара колдануға шешім қабылдады.

Адай округтік оныншы партия конференциясы ВКП(б) XIV съезі мен XV партия конференциясының қарарларына сай экономика мен мәдени құрылысқа басшылықты күшейтудегі, идеялық-тәрбие жұмысының ықпалын арттырудағы ішкі партиялық жұмыстың нақтылы міндеттерін айқындады. 35.

1927 жылдың қазан, қараша айларында ВКП(б) Орталық Комитеті санақтың қорытындысына байланысты партияның қатарын өсіруді реттеу туралы, Октябрь социалистік революциясының он жылдығына орай жұмысшылар мен қызметші әйелдерді партияға тарту жөнінде қаулылар қабылдады. Адай округтік партия ұйымы осынау партиялық құжаттарды басшылыққа ала отырып, «Барлық озат жұмысшылар мен қызметші әйелдер партияға!» деген ұранмен партияға мүше қабылдауды пәрменді жүргізді, округтік партия ұйымының құрамын реттеді.

Округтік оныншы партия конференциясы қарсаңында округтік партия ұйымының құрамында 515 коммунист болды, оларды он партия ұялары біріктірді. Оның ішінен 90 коммунисті партияға 1927 жылдың қаңтарынан қазанына дейін қабылданылды. 36.

Дегенмен партияға мүше қабылдау ісінде үстірттікке жол берілді. Мысалы, 1928 жылы Маңғыстау аудандық партия ұйымы округтік бірінші конференцияға әзірлік күндерінде бір ғана бюро мәжілісінде «Карабугаз-сольпром» партия ұясында есепте тұратын 89 мүшелікке кандидатты түгелдей партияға қабылдаған. Бұл кезінде Адай округтік оныншы партия конференциясында айыпталды.

1927 жылы желтоқсанда ВКП(б) XV съезі өтті. Ол елімізді социалистік жолмен өркендетудің басты бағыттарын белгіледі.

Халық шаруашылығы саласында - елімізді индустрияландыруды одан әрі дәйекті өрістету және соның негізінде ауыл шаруашылығын шұғыл өркендету көзделді. Съезд социалистік құрылысты халық шаруашылығының барлық саласында комплексті дамытуды көздейтінін атап көрсетті. Сонымен бірге съезд коллективтендіру және ұсақ шаруашылықтарды ірілендіру, жаңа техникамен жарақтандырылған, тәжірибелі, білімді ұйымдастырушы -кадрлары бар социалистік ірі ауыл шаруашылық өндірістік кәсіпорындарын құру арқылы өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығы арасындағы сәйкессіздікті жоюдың жолдарын көрсетті.

— Партия құрылысын жетілдіруді, алдымен ауылдағы, партиялық-саяси жұмысты шаруашылық және мәдени-ағарту істерімен ұштастыруды талап етті.

— Совет жұмысының пәрменділігін арттыру үшін Советтердің ұйымдастырушы орталық, басқару мектебі, жаңадан кедейлер мен орта шаруадан шыққан кадрлар рөлін күшейтуді

— Комсомолдың өмірлік мұраттарын айқындай түсті. Комсомол ұйымының құрамын реттеуге, оның жаңа кадрларын тәрбиелеуге, партияның белсенді көмекшісі болуға жастар арасындағы саяси тәрбие жұмысын күшейтуге бағыт берді. 37

ВКП(б)-ның XV съезі мен өлкелік VI партия конференциясының шешімдерімен жігерленген Адай округтік партия ұйымы партиялық саяси, партиялық-ұйымдастыру жұмыстарын өрістетудің шараларын алды. 38.

1928 жылы Адай округінің орталығы Ойыл поселкесіне көшірілді. Бұл ВҚП(б)-нің XV съезі шешімдеріне сай экономикаға және тұтасымен алғанда қоғамдық қайта құру мәселелерін шешудің бір шарасы деп есептелінді. Бірақ күткендегідей өзгеріс бола қоймады. Басшы органдар-округтік партия комитеті мен округтік совет атқару комитеті округтің негізгі экономикалық ауданынан, Маңғышлақтан қашықтады. Маңғыстау ауданының экономикасы мен мәдени құрылысына басшылық жасау аса қиындады. Мұның өзі округтік бірінші партия конференциясына әзірлік барысында айқын байқалды.

1928 жылы 27 қазанда өткен Маңғыстау аудандық бірінші партия конференциясы аудандық партия комитетінің, партия ұяларының жұмысын талқылаудың коммунистердің белсенділігін арттырудың, съезд шешімдерін орындауға аудан еңбекшілерін жұмылдырудың орнына округтік партия ұйымының жұмысын талқылады, айыптады. Маңғыстау аудандық партия ұйымына үлкен нұқсан келтірген өзара рулық жікшілдік тартысқан принципті баға бермеді. 39.

Ойыл ауданынан өрескел кемшіліктердің беті ашылды. Аудандық партия ұйымының жұмысын тексерген арнайы үкімет комиссиясы Адай округтік партия ұйымының Ойыл аудандық партия ұйымына басшылығы жеткіліксіз, нашар болған деген қорытынды жасады. 40.

Бұған «шалбар», «құнанорыс» және басқа да рудан шыққан сол кездегі білімді, округтің партия, Совет органдарында басшы қызметке жоғарылатылған адамдар арасында өрістеген рулық топтардың өзара жанжал таласы елеулі ықпал етті. 1928 жылы 1 тамызда ВКП(б) Қазақ Өлкелік комитеті мен Өлкелік тексеру комиссиясы Ойыл аудандық партия ұйымының жұмысын тексерудің қорытындысы жайында мәселе қарады. Бюро партия ұйымында жікке бөлінушіліктің барына, партия-совет органдарының басшы қызметкерлерінің байшыл, алашорда элементтерімен тығыз байланыста болғанына, олардың ықпалына ергендіктеріне назар аударды. Соның салдарынан өз пайдалары үшін алып-сату мақсатында кооперативтер ұйымдастырған. Адай округтік партия комитеті мен округтік бақылау комиссиясы Ойыл аудандық партия комитетіне жанды басшылық жасамаған. Бюро көрсетілген кемшіліктерді жоюды талап етті. Алайда, бюроның қаулысынан тиісті қорытынды шығарылмады. Адай округтік партия ұйымында ішкі партиялық тәртіп реттелмеді. Осыған байланысты ВҚП(б) Қазақ Өлкелік комитеті 1928 жылы 22 тамызда Адай округтік партия комитетінің жағдайы туралы мәселе қарап, округтік партия комитетін таратуды ұйғарды. Округтік партия конференциясына дейін жеті адамнан округтік партия комитетінің уақытша бюро құрамын бекітті. 41.

1928 жылы 18-24 қарашада Адай округтік бірінші партия конференциясы етті. Оған 54 делегат шешуші дауыспен, 9 делегат кеңесші дауыспен қатысты.

Делегаттар өлкелік партия комитетінің саяси баяндамасын, өлкелік тексеру комиссиясының баяндамасын, ВҚП(б) округтік комитетінің есебін, округтік тексеру комиссиясының баяндамасын тыңдап, талқылады. Басқару органдарын сайлады.

Конференция делегаттары Форт-Шевченко қаласынан оралу сапарында қазаға ұшыраған Шабден Ералиевті еске түсірді.

Шабден Ералиевтің қазасы Адай округтік және Маңғыстау аудандық партия ұйымдарының жағдайын біраз қиындатты. Ондаған коммунист бұл оқиғаға байланысты кезінде айыпталды. Бірақ бұған Адай округтік бірінші партия конференциясының Маңғыстау ауданынан сайланған делегаттарының кінәсінен жол берілді деген факті анықталмады. Кезінде айыпты саналған коммунистер ақталды. 42.

Конференцияда ВҚП(б) Қазақ Өлкелік комитетінің округтік бірінші партия конференциясы делегаттарына хатын талқылады. Онда Адай округтік партия ұйымының жағдайына толық әділетті баға берілді, коммунистерді социалистік құрылыс жолында тығыз бірлікте іс-қимыл жасауға шақырды. «...Өзара топ-топ болып күресу,- делінген хатта,- бүкіл ұйымды қамтыды. Өлкелік партия комитеті конференцияның әрбір делегаты өзінің Адай округіндегі және барлық партия ұйымындағы жағдайға жауапты екендіктерін сезінеді, ал конференция тұтасымен алғанда топтардың «көсемдеріне» шешімді соққы береді, өйткені жікшілдік топ орын алып отырғанда қалыпты жұмыс та, дұрыс ұйым да болуы мүмкін емес деп есептейді. Конференцияның барлық жұмысы негізінен: «Топшылдықты түбірінен жою үшін, жаңа кадрлар үшін, ауылды Советтендіру үшін, тәрбие жұмыстарын кең көлемде жүргізейік, партияға батрақтар мен кедейлерді тарту қарқынын күшейтейік, ауыл шаруашылығын коллективтендіру үшін деген ұрандап астында өтсін». 43.

Адай округтік бірінші партия конференциясы жікшілдік топтардың өзара күресін (әсіресе, «шалбар» және «қүнанорыс» рулары өкілдері арасындағы) айыптады және басшылық орынға таласты біржола тоқтатуды талап етті. Дей тұрғанмен, округтік партия конференциясында демократиялық принципті кейбір бұрмалаушылыққа жол берілді. Мұны өзінің сөзінде Маңғыстау ауданынан келген делегат Әбдіхалықов әділ де тура айтты. «...Сөз алған делегатты қорқыту,- деді ол, оған нені айту, нені айтпау жөнінде тәртіп, нұсқау беру - кешірімсіз. Сөйлеп тұрған кезде жан-жақтан қақпалау дұрыс емес деп есептеймін». Мұнан кейін делегат Әбдіхалықов Маңғыстау аудандық бірінші партия конференциясының жұмысына сын көзбен баға беріп, әділ қорытынды жасады. «...Аудандық партия конференциясында жіберілген кемшіліктер біздің саяси-мәдени жағынан артта қалғанымызды көрсетеді. Бұған Маңғыстау аудандық партия ұйымынан округ орталығының алшақтығы да әсер еткені сөзсіз» деді ол. 44.

Адай округтік партия конференциясының қаулысында партия ұяларының партиялық-ұйымдық жұмыста кемшіліктерге жол бергені атап көрсетілді. Сонымен бірге партиялық ішкі жұмыстарды реттеуді, партия мүшелерінің есебін жолға қоюды, партиялық тәртіпті нығайтуды, ауылдық Советтердің атқару комитеттеріне тұрақты жұмысқа коммунистер жіберу, онан партия ұяларын құру арқылы партиялық-саяси, партиялық-ұйымдастыру жұмыстарын жандандыруды талап етті. 45.

Округтік партия ұйымы партиялық тәртіптің осал суынан, негізгі экономикалық аудан -Маңғыстаудан округ орталығының алшақтығынан туған қиындықтарға қарамастан округтік бірінші партия конференциясының шешімдеріне сай, ішкі партиялық жұмысты қайта құрудың нақты жолдарын қарастырды. Партия қатарынан мүшелер округтік партия комитетінің қабылдау комиссиясы арқылы қабылданды. Оның мәжілісі уақытылы өтіп тұрды. Мысалы, 1928 жылы желтоқсанда округтік партия комитетінің қабылдау комиссиясының мәжілісінде Адай округтік партия ұйымының құрамын реттеу туралы мәселе қаралды. Бұған себеп болған жай, партия ұясы қатарының жөнсіз өсуіне жол берілді, партияға қабылданатын адамдар тиісті дәрежеде сыннан өтпеді. Қызметкерлер көп қабылданылды да, партия құрамында кедейлер мен батрақтар мүлде азайып кетті. Мәжіліс партия ұяларынан партияға қабылданылатын қызметкерлер санын 30 процентке дейін қысқартуды және саяси жағынан ең ұстамды қызметкерлерді ғана қабылдауды талап етті.

1928 жылы желтоқсанда ВКП(б) қазақ өлкелік комитетінің секретариаты бірінші округтік партия конференциясының Маңғыстау аудандық партия комитетін тарату туралы қаулысын мақұлдады және ұйымды сауықтыру мақсатында шұғыл жұмыстар жүргізу үшін онда әдейі партия, совет комиссиясын жіберу туралы шешім қабылдады.

1929 жылы 27 ақпаннан 1 наурызға дейін Маңғыстау аудандық төтенше екінші партия конференциясы өтті. «Қазақ өлкелік партия комитетінің «Адай округінің жағдайы туралы» қаулысы және «Арнайы комиссия жұмысының қорытындысы жайында» партия-совет комиссиясының председателі Сырғабеков баяндама жасады. Сонымен бірге Адай округтік бірінші партия конференциясының қорытындысы туралы мәселе талқыланды. 46.

Арнайы партия совет комиссиясы партия ұйымының жұмысындағы біраз кемшіліктің бетін ашты. Аудандық партия конференциясы кемшіліктерден арылу туралы шешім қабылдады. Көптеген коммунистер партиядан шығарылды, біразының партия ұясымен еш байланысы болмаған формальды ғана есепте тұрған. 47.

1929 жылдың басында Маңғыстау ауданының партия ұяларында 541 коммунист есепте тұрса, ал сол жылдың қарашасында 109 партия мүшесі мен 43 мүшелікке кандидат қана есепте тұрды. 48.

Маңғыстау ауданының сол кездегі білімді, тәжірибелі аз ғана кадрлары арасындағы топтасқан өзара жанжал, тартыс зияннан басқа ешкімге еш пайда берген жоқ, қайта партия ұйымының әлсіреуіне әкеліп соқтырды. Өмірдің бұл ащы сабағы, ешуақытта қайталанбауға тиіс.

1928 жылы әкімшілік-шаруашылық жағынан аудандастыру жүйесін жетілдіру бағытында жүзеге асырылған шаралар Адай округі үшін аса тиімді болды. Округ бойынша Маңғыстау, Үстірт-Сам, Ембі-Бай-Сары, Ойыл, Алтықарасу аудандары, ауданның партия ұйымдары құрылды. Жаңадан құрылған аудандық партия комитеттерінің алдында партиялық-саяси, партиялық-ұйымдастыру жұмыстарын жаңа талаптар дәрежесінде өрістету міндеттері тұрды. Алайда, білімді тәжірибелі кадрлардың жоқтығы белгілен ілген шараларды түбегейлі жүзеге асыруға үлкен кедергі болды. Адай уездік партия комитеті мен революциялық комитеттің бұрынғы көптеген белді қызметкерлері жұмыстан босатылды, дені айыпталды. Олардың орындарына тәжірибесі жоқ, әлсіз кадрлар келді. Сөйтіп, біраз қиыншылыққа душар етті. 1929 жылдың қаңтарында округтік партия комитетінің секретарьлары Өтеулиев пен Бектұрғановтың өлкелік партия комитетіне жолдаған хаттарында осынау қиындықтар жайында ашық айтылды. Олар округтің партия совет аппаратын кадрмен нығайтуға көмектесуді сұрады. Осыған байланысты округтік партия комитеті округтің халық шаруашылығы үшін қажетті кадрлар даярлау, тәрбиелеу ісімен шұғыл айналысты. Тек 1928-1929 жылдары Қазақстанның, Орта Азияның, РСФСР-дің әр-түрлі қалаларына елуден астам адамды оқуға жіберді. Олар зоотехниктер, мал дәрігерлері, есеп қызметкерлері, мұғалімдер мен мәдени мекемелер қызметкерлері болатын. 1928-29 жылдары Орынбор қаласындағы жұмысшы факультетіне оқуға бір топ коммунистер кетті. Олардың ішінде А.Батықов, И.Өтегенов, Ділмағанбетовтер болатын. Сонымен қатар округте 3 және 6 айлық мұғалімдер мен мәдени мекемелерінің қызметкерлерін даярлайтын курстар жұмыс істеді. Округтік партия комитеті бюросының шешімі бойынша жоғары оқу орындарына түсетін абитуриенттерді даярлайтын курстар ұйымдастырылды. 49.

Округтік партия комитеті коммунистердің, кадрлардың саяси білімін көтерулеріне ұдайы қамқорлық жасады. Бұл мәселе бюро мәжілісінде қаралып отырды. Мысалы, 1928 жылдың алты айы ішінде округтік партия комитетінің үгіт және насихат бөлімінде 12 рет мәжіліс өтіп, 47 мәселе қаралды, оның он бесі коммунистердің саяси оқуы жайына арналған болатын. Саяси мектептердегі оқудың жайы, саяси сауат ашу мектептері мұғалімдерінің құрамын толықтыру, саяси мектеп тыңдаушыларының құрамы жайында, тағы басқа мәселелер жедел қаралып, шешімін тауып отырды. Насихат және үгіт бөлімі саяси мектеп жетекшілері мен партия ұялары секретарьларының жиналыстарын өткізіп тұрды. 1928-1929 оқу жылында округте бес саяси мектеп, кешкі партия, совет қызметкерлерін даярлайтын мектеп, жылжымалы саяси оқу мектебі және Ақмыш, Жыңғылды. елді мекендерінде партия тарихы мен ағымдағы үйірмелері жұмыс істеді.

ВҚП(б)-ның XV съезі жалпыға міндетті бастауыш білім алуды толық жүзеге асыруды талап етті. Осыған орай округ партия ұйымы ересек адамдар арасындағы сауатсыздықты жоюға, жалпы білім беретін мектептердегі оқу-тәрбие жұмысын жақсартуға ерекше көңіл бөлді. 1928-1929 оқу жылында 17 сауатсыздықты жою пункті жұмыс істеді, оның бесеуі Маңғыстау ауданында еді. Әрбір пункт жылына 90 адамды сауаттандырды. Мұнан басқа кәсіподақ ұйымдарының инициативасымен кәсіподақ мүшелерінің сауатын ашатын мектеп, малшылар үшін екі жылжымалы мектеп ұйымдастырылды. 50.

1927-1928 оқу жылымен салыстырғанда 1928-1929 оқу жылында жалпы білім беретін мектеп, оқушылар мен мұғалімдер саны екі есе өсті. 61 бірінші басқышты екі жетіжылдық мектеп, үш мектеп-коммуна жұмыс істеді. Онда үш мыңнан астам оқушы оқыды. Оларға 200-ден астам мұғалім сабақ берді. 1928-1929 оқу жылынан бастап округ мектептерінде латын алфавитін оқып-үйрену басталды. Форт-Шевченко қаласында, Алтықарасу поселкесінде латын алфавитін үйрететін мұғалімдер даярлайтын курстар ашылды.

Округте халық ағарту ісін дамыту мақсатында жергілікті бюджеттегі қаржының 1928 жылы 27 проценті, 1929 жылы-35 проценті жұмсалынды.

Мәдени мекемелерде өз жұмысын жандандыра түсті. Олардың материалдық-техникалық базасы нығайды. 1928-1929 жылдары тоғыз оқу үйі ашылды, оның бесеуі Маңғыстауда еді. Малшыларды қамту үшін екі қызыл отау жұмыс жасады. Округтегі үш клубтың екеуі, екі кинозалдың біреуі Маңғыстау ауданында қызмет істеді. 51.

Ол жылдарда Маңғыстауда әскери-патриоттық, интернационалдық тәрбие жақсы жолға қойылды. Бұған партия, комсомол активистері белсенді араласты. Округтік партия, комсомол комитеттерінің насихат және үгіт бөлімдері арнайы шаралар белгіледі. Әрбір салтанатты оқиға, есте сақтар күндер патриоттық, интернационалдық тәрбиені өрістетуге ұтымды пайдаланылды. Мысалы, 1928 жылы тамызда округ бойынша Отанды қорғау апталығы етті. Аудандардың партия, комсомол ұйымдарына өтетін салтанатты шараларды 1906 жылы туған қазақ жастарын әскери қызметке шақыру ісімен ұштастыру тапсырылды. Округ аудандарында осыған орай еңбекшілердің 76 жиналыстары өтті. Аудандық партия, комсомол комитеттерінің өкілдері еңбекшілер арасында Қызыл Армия туралы, еліміздің қорғанысын күшейту жайында лекциялар оқып, баяндамалар жасады. Апталық күндерінде Осоавиахимнің 20 ұясы құрылды, оған 440 мүше қабылданды. Аудандардың тұрғындары қорғаныс қорына 144 сом ақша, 2807 пұт тары, 30 бұзаулы сиыр, 70 бие, 20 қой берді.

Әскери қызметке алынатын жастарды дайындауға аса зор саяси мән берілді. Округтік партия комитетінің насихат және үгіт бөлімі мәжілісінің шешімімен әскери жастар келетін пунктте оқу залы, В.И.Ленин бөлмесі ұйымдастырылды. Әскери қызметке қабылданатын жастар арасында саяси жұмыс жүргізуге партия ұйымдары, «Қосшы» одағы комсомол комитеті, мәдени мекемелер қызметкерлері белсене араласты. «В.И.Ленинді еске түсіру күні», «Париж коммунасының күні», «Қызыл Армия мен Қызыл флоттың күні», «Шаруа күні» барлық кезде де салтанатты аталып өтті. Бұл күндерде еңбек ұжымдарында лекциялар оқылып, баяндамалар жасалды, салтанатты жиналыстар өтті. 1928 жылы тамызда Форт-Александровск қаласында Каспий теңізі Қызыл флотилиясының теңізші әскерлерін қарсы алу салтанаты өтті. Қала тұрғындарының жиналысында партия қызметкерлері құттықтау сөз сөйледі. Қызыл флоттың теңізші әскерлері халықаралық жағдай, флот жайында баяндамалар жасады. 52.

Осоавиахим, МОПР ерікті қоғамдарының жұмысы жолға қойыла бастады. 1928 жылы қаңтарда Осоавиахимның бірінші округтік конференциясы өтті. Бұл кезде округте Осоавиахимның тоғыз ұясы құрылғанды, есепте 281 мүшесі бартұғын. Әскери самолет жасауға қаражат жинау науқаны өтті. Коммунистер мен комсомолецтерді әскери өнерге үйрететін төрт айлық курстар ұйымдастырылды. 53.

1928-1929 жылдары Адай округінің территориясын мекендейтін барлық тұрғынның үш проценті өзге ұлттар мен халықтардың өкілдері болды, оның ішінде 1,7 проценті орыстар еді. Олардың жергілікті халықтарымен еркін сөйлесуі, тілдік қатынас кедергісіне жол бермей, ұлттар достығын нығайту үшін қазақ және орыс тілдерін үйрететін мектептер мен үйірмелер ұйымдастырды. Мысалы, Ойылдағы нұсқаушы мектепте орыс және басқа ұлт өкілдеріне қазақ тілін үйрететін алты айлық үйірме жұмыс істеді. Әр ұлттың талапкер өнерпаз жастары көркемөнерпаздар үйірмелеріне қатысып, өзара достық қатынасты нығайтуға, мәдениетті өркендете түсуге жағдай жасады. 54.

Ол жылдарда әйелдер арасындағы саяси-бұқаралық жұмыстарды ретке келтіру, өрістету ерекше маңыз алды. Округтік партия комитетінің әйелдер бөлімі жоспарлы жұмыс жасай бастады. Айталық, бөлімнің 1928 жылдың тамыз-қараша айларына жасаған жұмыс жоспарында-тұрмыстағы ауытқушылықпен күрес, сауатсыздықты жою, жетім балаларға қамқорлық, тағы басқа мәселелер қамтылды. Округтік партия комитетінің әйелдер бөлімінің инициативасымен Ойыл, Алтықарасу және Маңғыстау аудандарында «Қалың мал мен көп әйел алу жойылсын» деген қоғам ұйымдастырылды. Округтік партия комитетінің әйелдер бөлімінің басты мақсаты – әйелдерді қоғамдық пайдалы еңбекке тарту, оларды бай-феодалдық әдет-ғұрыптың зорлық-зомбылығынан құтқару болды.

Адай округтік партия ұйымы экономика мен мәдени құрылысқа басшылықты жергілікті Советтер арқылы жүргізді. Жергілікті Советтердің рөлін, онда қызмет істейтін коммунистердің белсенділігін арттыра отырып, округтік партия комитеті еңбекшілерді ВКП(б)-ның съезі алға қойған міндеттерді орындауға жұмылдырды.

1927 жылы 15 қыркүйекте Адай округтік Советінің бірінші съезі өтті. Округті қайта аудандастырудан кейінгі жергілікті Советтердің міндеттері талқыланды. Аудандардың экономикасы өте әлсіз, мәдениеті төмен болатын. Осы жағдайлар ескеріліп, ВКП(б) XV съезінің шешімдеріне сай округтік Советтің съезі округтің әлеуметтік-экономикалық дамудың жақын жылдардағы бағдарламасын белгіледі. Онда мал шаруашылығын дамыту, жұтқа қарсы күресті күшейту, ауыл шаруашылығын коллективтендіру қарқынын өрістету, жартылай және тұтас көшпелі халықты отырықшылыққа айналдыру, озат тәжірибені насихаттау, сауатсыздықты жою, жергілікті Советтердің экономика мен мәдени құрылысқа басшылығын жетілдіру, тағы басқа көзделген.

Жергілікті Советтердің жаңа сайланған 3349 мүшесі өз съездерінің шешімдерін орындауға белсене кірісті. Еңбекшілер арасында бұқаралық-ұйымдастыру жұмыстары пәрменді жүргізілді. Оларға алда тұрған күрделі міндеттер түсіндірілді. 55.

Әкімшілік-шаруашылық қайта аудандастыру жұмысы аяқталғаннан кейін 1928 жылы жаңа құрылған ауылдық Советтерде қайтадан сайлау өткізілді. Бұрынғы Адай уезі болыстарының негізінде Маңғыстау ауданында 17 ауыл Советі құрылды. 1928 жылы тамызда Маңғыстау аудандық ұйымдастыру бюросының мәжілісінде аудандастырудың және жаңадан құрылған ауылдық Советтердегі сайлаудың қорытындылары туралы мәселе талқыланды. Ол ауыл кедейлері мен орта шаруаларының жүргізілген шараларға өте риза екендіктерін білдірді. Ауылдық Советтерге халық өздерінің ең қалаулыларын сайлады. Алғашқы ауылдық Советтердің төрағалары болып Ж.Шманов, Ш.Есов, С.Қожабеков т.б. сайланды. 56.

Жаңадан сайланған ауылдық Советтер өз территорияларында колхоз құрылысын өрістетуге, еңбекшілердің әлеуметтік жағдайын жақсартуға, сауатсыздықты жоюға, ауыл мәдениетін өркендетуге күш жұмсады, ұйымдастыру-бұқаралық жұмыстың мазмұнын байыта түсті.

ВКП(б)-нің XV съезінің шешімдеріне сай Адай округтік партия, совет органдары ауыл шаруашылығын коллективтендіруді шұғыл қолға алды. Маңғышлақта колхоздастыру қозғалысы 1925 жылы басталды. Бірақ ол қарқынды жүрмеді. 1928 жылы 71 коллективті шаруашылық болды. Оның 31 проценті кездейсоқ түрде құрыла салған, заңдандырмаған, өте ұсақ шаруашылықтар болатын. 1928 жылдың қүзінде өткен Қазақстан колхозшыларының бірінші съезінің шешімдеріне сай ұсақ шаруашылықтарды біріктіріп, ірілендіру шаралары жүзеге асырылды. Мысалы, Маңғыстау ауданында «Алғабас» артелінде 10 мүше, «Бақыт-11» артелінде 17 мүше ғана болды. Маңғыстау аудандық партия комитеті мен аудандық Совет атқару комитеті осындай ұсақ шаруашылықтарды ірілендіру, ауыл шаруашылығын коллективтендіруге байланысты басқа да мәселелерді шешіп отырды.1929 жылдың қаңтарында округтік жер шаруашылығы басқармасының жанынан «Колхозсекциясының» бюросы құрылды. 57.

ВҚП(б) Орталық Комитетінің «Қазақстанның жер құрылысы туралы» қаулысына сай және колхоз құрылысының біршама дамуына байланысты округте жерді дұрыс пайдалану бағытында біршама тәуір жұмыстар жүргізілді. 1928-1929 жылдары 500 гектар егістік жерді қоғамдастыру және 30 мың гектар жерді тыңайту белгіленді. 58.

Малды аудандарды түгел қамтыған қуаңшылық округте мал шаруашылығын дамытуға айтарлықтай кедергі жасады. Әсіресе, 1928 жылы Маңғыстау ауданының шаруашылықтары қуаңшылық зардабын мықтап тартты. Малдың өлімі 77,5 проценттен 83 процентке дейін жетті. Округтің бұл апатқа қарсы күресті ұйымдастыру комиссиясы жұтқа ұшыраған шаруашылықтарға көмек ұйымдастырды. Округтік партия комитетінің бюросында жұтқа ұшыраған аудандардың жағдайы туралы мәселелер әлденеше рет қаралды. Астрахань қаласы, Дағыстан аудандарынан, басқа да көрші округ терден халыққа тағам, малға жем-шөп әкелінді. Әсіресе, көп шығынға Кендірлі, Бозащы өңіріндегі малшылар ұшырады. 1928 жыл Маңғышлақтың малды ауылдарына ерекше сұрапыл жұт әкелді. Ең ауыр деген 1910-1911 жылдардағы қуаңшылықта олар малдарының тек 40 процентінен ғана айрылған еді.

1928 жылы шілдеде округтік партия комитеті қуаңшылықтың зардабынан құтылудың жолдары туралы мәселе қарады. Округтік Совет атқару комитетінің председателі Б.Қилыбаев баяндама жасады. Округтік комитетінің ұсынысы бойынша қуаңшылықтан құтылудың 1928-1932 жылдарға арналған перспективалы жоспары жасалынды. Онда мал азығын дайындауда ішкі мүмкіндіктерді пайдалану, Ойыл ауданында жем-шөптік егіншілікпен айналысу көзделді. Округтік партия және атқару комитеттері округтік жер басқармасынан шаруашылықтарда мал дәрігерлік қамтуды жақсартуды талап етті. 1929 жылы Маңғыстау ауданында бір ғана ветфельдер жұмыс істеді. Форт-Александровскідегі ветеринарлық пунктті кадрмен нығайтудың қажеттігі туды.

Адай округі екі экономикалық аймаққа бөлінді. Оңтүстігіне - Маңғыстау және Үстірт-Сам аудандары енді. Бұл аудандардың тұрғындары тек қана мал шаруашылығымен айналысты. Солтүстігінде-Ойыл, Алтықарасу, Табын аудандары болды. Ол аудандардың тұрғындары мал шаруашылығымен де, аздаған егіншілікпен де шұғылданды. 1927-1928 жылдары Адай округі мемлекетке 96159 пұт жүн, 402885 дана былғарлық шикізат, 2944 пұт ет, 240 пұт ет тағамдарын тапсырды. 59.

Адай округінің экономикасында балық өнеркәсібінің өзіндік үлесі бар. Сондықтан да округтік партия комитеті мен Совет атқару комитеті балық аулайтын және оны қабылдап, өңдейтін кәсіпшіліктердің жұмысын зерттеп, оны алға қарай дамытудың жолдарын қарастырды. 1928 жылдың ақпанында бұл жұмыстың қорытындысын бюрода қарады. Ұсақ балықшы колхоздарды біріктіретін, оларға басшылық беретін округтік балықшылар одағын құру ұйғарылды. Балық өнеркәсібі тресінің алдына итбалықты механикалық жолмен аулауды ұйымдастыру және ол үшін 1929 жылға дейін мұзжарғыш жеме жасауды ұсынды.

Бесжылдық жоспар бойынша округте балық аулауды өрістету, сөйтіп, 1928 жылы-6,800 пұт, ал, 1932 жылы-10 мың пұт балық аулап, тапсыру көзделді. 60.

Бесжылдық жоспарды орындау жолындағы еселі еңбек өз нәтижесін берді. Мысалы, Баутин балық өнеркәсібі серіктіктері 1928 жылмен салыстырғанда 1929 жылы балықты екі есе артық дайындады, өз күшімен аулау жоспары 175 процентке асыра орындалды.

Жергілікті Советтер экономикаға басшылықты өрістеткенде «Қосшы» одағының көмегіне сүйенді. Оның жұмысына басшылық беріп отырды. «Ауылды Советтендіру» ұраны күн тәртібінен түскен жоқ. Округтік Совет атқару комитеті жергілікті бюджетті құрау, оны тиімді пайдалануды қатаң бақылап отырды.

Жылма-жыл Адай округінің орталығы Ойыл поселкесінде көктемгі және күзгі жәрмеңке өтіп тұрды Жәрмеңкені өткізу жөніндегі комитет округтік Совет атқару комитетінің басшылығымен оны қажетті товарлармен қамтамасыз ету, оған қатысушыларды көптеп тарту үшін қызметтенді. Мысалы, 1928 жылдың күзіндегі жәрмеңке 20 қыркүйектен 31 қазанға дейін созылды. Оған 111 ұйым қатысты. Республиканың сауда ұйымдарымен бірге Москва қаласының, басқа да губерния мен округ мекемелері өздерінің товарларын алып келді. 695558 сомның тауары сатылды. Сауда айналымы 36,5 процентке өсті ВКП(б)-ның XV съезінің қарарларында партияның сара бағытын жүргізу үшін Совет органдарын жаңа күшпен нығайту керек делінген. Осыған орай жергілікті Советтерде тұрақты жұмыс жасау үшін коммунистер жіберілді. 1928 жылдың аяғында атқару комитеттің партия фракциясында (ұйымында) 31 партия мүшесі 16 мүшелікке кандидат есепте тұрды. 61.

1928 жылы Қазақстан Орталық атқару комитеті аудандастыруды жүзеге асыруға байланысты Қазақстанда мемлекеттік аппаратты байырғыланды ру (коренизация) туралы-шешім қабылдады. Онда аудандастыру түбегейлі аяқталғаннан кейін Теңіз, Адай округтарындағы барлық округтік органдарда жұмыс байырғы (қазақ) тілде, ал қалған округтерде іс қағаздары екі тілде (қазақ және орыс) қатар жүргізілсін делінген. Осыған орай Адай округтік Советі партия басшылығы мен елеулі жұмыстар жүргізді. 1929 жылы мамырда округтік партия комитетінің пленумында бұл туралы әдейі мәселе қаралды. «Байырғыланды рудың жайы және алдағы міндеттер туралы» қаулы қабылданды. Онда алдағы атқарылатын жұмыстың бағыты белгіленіп, әдейі комиссия құруды ұйғарды.

Округтік партия комитеті жергілікті Советке басшылықты ондағы коммунистер мен партия фракциясы арқылы жасап отырды. Бюрода, коммунистердің жалпы жиналыстарында атқару комитеті партия фракциясының. жұмысы туралы есебін тыңдады. Онда байлардың малай алуда коммунистердің белсенділігін арттыру, округтік жер шаруашылығы басқармасының жұмысына басшылықты күшейту, тағы басқа жайлар талап етілді.

Бұқаралық ұйым - кәсіподақтарға да партия басшылығы жүйелі әрі нақтылы бола түсті. Соның арқасында кәсіподақ комитеттері социалистік жарысты өрістетуде, еңбек тәртібін нығайтуда, үнем жолындағы күресті күшейтуде біршама жұмыстар жүргізді. 1928 жылы наурызда округтік комитеттің бюросы округтік кәсіподақтың жұмысы туралы мәселе талқылап, нақты бағыт берді. Жаңа мүшелер тартуды, 1928 жылы оның қатарын 40 процентке өсіруді, Ойыл поселкесі мен «Қарабұғаз» тұз өндіретін кәсіпшілікте кәсіподақ ұяларын көбейтуді, ұжымдық шартпен барлық жұмысшының 90 проценттік қамтуды талап етті. (1927 жылы ұжымдық шартпен жұмысшылардың тек 75 проценті ғана қамтылған еді).

1929 жылы Адай округтік кәсіподақтар бюросы сегіз салалық кәсіподақтар ұйымын, 25 ұяны біріктірді. Онда есепте 2794 мүше болды. 62.

1928-1929 жылдары кәсіподақ ұйымдарының жұмысында кейбір жаңалықтар пайда болды. Тұз шығаратын, балық өңдейтін кәсіпшіліктерде уақытша бақылау комиссиялары құрылды. Бұл жұмысшылардың өндіріс жайын жан-жақты біліп отыруларына мүмкіндік туғызды.

Өндірістік жиналыстар, кәсіподақ активінің жиналыстары уақытылы өтіп тұрды. 1929 жылы үш рет актив жиналысы өтіп, сынмен өзара сынды өрістету кәсіподақ мүшелеріне жаңа алфавитті үйрету тағы басқа мәселелер қаралды. Алайда, кәсіподақтағылардың жұмысында елеулі кемшіліктер болды. Кәсіподақ мүшелерінің жалпы жиналыстарында өндіріске, ұжымның өміріне қатысты мәселелер өте аз қаралды, жиналыстың күн тәртібіне қойылған мәселелерде жалпыламалық басым болды. Көмек кассасы нашар жұмыс істеді.Съез шешімдеріне сай кәсіподақ ұйымдары өндірістік комиссиялар арқылы кәсіпорындардағы процестердің жайына бұқаралық байқаулар ұйымдастырды. 1928 жылы сегіз кәсіпорын мен мекемеде еңбекті қорғаудың жайына байқау өтті. Оның қорытындысы бойынша жұмысшыларға арнаулы киім беру ерікті түрде өмірлерін қауіпсіздендіруге шарт жасауға шешім қабылданды.

1929 жылы ВКП(б) Орталық Комитеті барлық партия ұйымдарына еңбек тәртібін нығайту жөнінде хат жолдады. Онда «еңбек өнімділігін арттыру, еңбек тәртібін нығайтуда кәсіподақтардың мәдени-ағарту, экономикалық жұмыстары, әсіресе, өндірістік жиналыстар мен уақытша бақылау комиссиялары айтарлықтай рөл атқаруға тиіс»,-делінген. Осыған орай Адай округтік кәсіподақтар бюросы еңбекшілерді өндірістің тиімділігін арттыру, шикізат пен материалды үнемдеу және ұқыпты жұмсау жолындағы күреске жұмылдырды. 1929 жылы жұмысшылардың 95 проценті ұжымдық шарт жасады.

Кәсіподақ ұйымдары жұмыссыз адамдарды еңбекке араластыруға қамқорлық жасады, еңбек биржасымен тығыз байланыста болды. 1929 жылы 180 жұмыссыздың 59-ын жұмысқа орналастырды.

Кәсіподақтардың мәдени мекемелерінің жұмысы да жанданды. Үш клубтың екеуі Маңғыстау ауданында еді. Оларға басшылықты күшейту үшін клуб басқармасы құрылды. Әрбір салалық кәсіподақтар ұйымы өзінің мәдени-бұқаралық шараларға бөлінген қаржысын ұқыпты жұмсауға тырысты. Кәсіпорындарда қызыл бұрыш, оқу залдары ұйымдастырылды. Одақаралық «Жас кәсіпші» қабырға газеті шығарылып тұрды. Кәсіподақтардың жылжымалы киноқондырғысы болды. Клубтар жанынан радиоәуесқойларының бюросы құрылды, оған 144 адам қатысты. 63.

Партия ұйымының комсомолға басшылығын жетілдірудің жолдары қарастырылды. 1929 жылы комсомол ұяларында жұмыс істеп жүрген партия мүшелерінің саны 36 процентке өсті. Бұл партияның комсомолға ықпалының едәуір артқанын көрсетеді. Дегенмен округ комсомол ұйымы әлі де терең, жан-жақты басшылыққа ділгір болды. Комсомол ұяларында жиналыстар мезгілінде өтпеді. Басшы комсомол қызметкерлері жетіспеді. Комсомолецтерді дінге қарсы насихатқа, тұрмысқа озық әдет-ғұрыпты енгізуге атсалысуға шақыру қажеттігі туды. Осыған орай 1928 жылы наурызда округтік партия комитетінің насихат және үгіт бөлімінің мәжілісінде округтік комсомол комитеті секретарының баяндамасын тыңдады. Бөлім мәжілісі комсомол ұяларының секретарьларының жиналысын уақытылы шақыруды, саяси мектеп насихатшыларының семинарларын өткізуді, жастар арасындағы саяси-тәрбие жұмыстарын өрістетуді, мезгіл-мезгіл одақтан тыс жастардың жалпы жиналысқа қатыстыруды талап етті.

Округтік комсомол ұйымы комсомолецтердің саяси оқуымен шындап айналысты. Саяси мектептер мен саяси оқу үйірмелерінің, жылжымалы саяси мектептің жұмысын, насихатшылардың шеберлігін бақылап, бағыт беріп отырды. Комсомол активімен жұмыс жолға қойылды, оларды қоғамдық жұмысқа тарту жақсарды.

1928 жылы комсомол комитетінің инициативасымен мәдени жорықтар ұйымдастырылды. Бригаданың құрамына мәдениет мекемелерінің, партия, совет органдарының қызметкерлері, лекторлар тартылды.

Мәдени жорықшылар елді мекендерге барып еңбекшілердің жиналыстарын өткізді, лекция оқыды, баяндамалар жасады. Мысалы, 1928 жылдың екінші жартысында олар 35 рет еңбекшілердің жиналысын өткізді оған 2500 адам қатысты.

1929 жылдың қаңтарында округтік партия комитетінің насихат және үгіт бөлімі мәдени жорық бригадаларының жұмыс қорытындысын қарады. Бөлім бригаданың ұнамды тәжірибесін мақұлдады. Мәдени жорықты комсомол ұйымы жұмысының құрамдас бөлігі, оны алға қарай өрістету керек деген шешім қабылдады 64.

Округ комсомол ұйымы жастардың арасында патриоттық, интернационалдық тәрбиені өрістетуге атсалысты. Жастардың МОПР, Осоавиахим, ОДН, тағы басқа қоғамдық ұйымдардың жұмыстарына белсене араласуын қамтамасыз етті.

Адай округі мен округтік партия ұйымы құрылғаннан кейін өткен уақыт ішінде ВҚП(б)-ның XIV және XV съездерінің шешімдерін жүзеге асыру жолында көптеген жұмыс атқарылды. Округ экономикасы мен мәдени құрылысы едәуір ілгері басты. Солай бола тұрса да округ орталығының негізгі экономикалық аудан-Маңғыстаудан жырақта болуы оның қоғамдық өміріне жан-жақты басшылық беруге қиындықтар келтірді, экономикасын өрге бастыруда көптеген ішкі резервтер пайдаланылмады. 1928-1929 жылдарда округтің өз табысы жалпы бюджеттің тек сегіз процентін ғана кұрады Ал, мемлекеттен алынған жәрдем (дотация) 612 процент болды.

Тұтасымен алғанда, округтің экономикалық қуаты әлсіз еді, Балық өнеркәсібі уақыт талабынан көп төмен жатты. Қуаңшылық мал шаруашылығын өркендетуге мүмкіндік бермеді. Сондықтан 1929 жылы наурызда округтік Совет атқару комитетінің партия фракциясының мәжілісінде Адай округін қысқарту туралы мәселе қаралды. Мәжіліс округтік жоспарлау комиссиясының алдағы кезде округті ез алдына ұстаудың экономикалық жағынан тиімді емес екендігі жөніндегі негіздемелерімен, қорытындыларымен келісті.

Сөйтіп, Адай округі 1929 жылдың бірінші жартысында таратылып тынды. Жерінін бір бөлегі Қарақалпақ автономиялы болысына, бірқатары Ақтөбе округіне берілді, ал Маңғыстау ауданы, аудандық партия ұйымы Гурьев округінің құрамына енді. 1973 жылы Маңғышлақ облысы құрылғанға дейін Гурьев облысының құрамында болды.

III ТАРАУ

ЖАРТЫ АРАЛ ҚАРА ШАҢЫРАҒЫ

ШЫРҒАЛАҢ ЖЫЛДАР

Табиғаттың бұл жолғы қатыгездігі Маңғыстау өңіріне тізесін қатты батырып, үлкен әбігерлік әкелді. Аспаннан жалғыз тамшы тамбай, Жер-ананың таңдайы кеуіп, кезерген ернінің тілім-тілімі шыққалы қашан! Шөп атаулы қылтиып шықпай жатып, сабағынан солып талшық таппаған мал күн санап азып-тозып, иелері мал емес қаңқа санауға айналды. Қолындағы бар күнелтісінен айырылған жұрт енді өлместің қамын іздеуге көшкендей. Қарманды, қамданды. Қиналған жұрт басы ауған жаққа көшіп, жайлы қоныс іздеуге бет алды осындай алмағайып кезеңде халықтың басын қосып бағыт-бағдар сілтеп отырған Адай округінің орталығы Маңғыстаудан ірге көтеріп, Ойылға көшті...

1928 жылы құрылған Маңғыстау аудандық партия комитеті мен аудандық совет атқару комитетінің буыны бекіп, қабырғасы қатая қоймаған шақты бұл. Уезд округ деп аталып, әкімшілік орталығы Маңғыстауда тұрғанда елдің тізгінін ұстаған белді-беделді деген қоғамдық ұйымдарды басқаруды қолдарына алған азаматтар арасындағы алауыздық ел іргесін қопсытып береке кете бастаған. Сол жылдың тамыз айында Қазақстан өлкелік партия комитеті Адай округтік партия ұйымындағы жағдай туралы арнайы мәселе қарады. Адай округтік партия комитетінің бюросын таратуға округтік партия конференциясына дейін округтік партия комитетінің уақытша бюросын құруға шешім қабылдады.

Уақытша бюро мүшелері бар билікті қолдарына алып, әкімшілік-әпіремдік заманның ағымына орай әрекет жасады. Орталықты Ойылға көшіру әрекетінің түбегейлі үстемдік етуі де содан еді.

Бұл қалай болды, өзі? - Жөн білетін ауыл адамдары осылай таңданып, өз-өздеріне сұрақ қойысып, тарыға бастады.

Жұт жеті ағайынды деген екен ертеде. Соның кері де, өзі де, мейлің,- деген жауап алатын да, «апыр-ай, ә» дегеннен ары асып кете алмайтын. Өйткені, қолдан күш кеткен, еріктің өзгенің қолына көшкен, талқы жоқ, орынсыз талап өктем, өзге пікірлермен санасудан гөрі әмірлі үкім басым кезең емес пе еді ол. Жаңадан құрылған Маңғыстау ауданының әкімшілігі - тәжірибесі аз, білім тайыз жігіттер қолдан келгенше жұмысты жаңаша бастауға талпынды. Аудандық партия ұйымын ұйымдық жағынан бекітіп, заңдандыру үшін аудандық бірінші партия конференциясын өткізуге әзірлік жасады.

1928 жылдың күзі ызғарлы болды. Бойын үрей билеген ел адамдары ашаршылықтың азабын тартып, жүдей берді. Аупартком мен ауаткомдағы әкім қаралар үкіметтен алған көмекті елге бөліп, таратып, кедейлерді қамқорлыққа алды. Аудан партия ұйымының алдағы алқалы жиыны - бірінші партия конференциясынан үлкен үміт күтті.

Ойылдан Адай округтік Совет атқару комитетінің төрағасының орынбасары Ерәлиев Шәбден ауданға келді. Ол аудан орталығы - Форт-Александровскіні, жақын елді мекендерді аралады. Конференцияға қатынасып, округтік партия комитетінің жұмысы жайлы баяндама. жасамас бұрын, өзге елден өлкелік партия комитетінің, жолдамасымен келген жігіт балықшылар мен ауыл кедейлерінің арасында болып, танысып, тың деректермен толықтыру мақсатын көздеді. Әлсіз шаруашылық пен жоқшылықтың тақсы ретін тартқан адамдардың ынталы еңбегін көргенде көңіл қобалжып, революция жеңісін баянды ету жолында Қазақстанның өзге өңірінде белсенді еңбек еткен 1919 жылдан партия мүшесі Шәбден тың байлам жасап, өз тұрғы ластарына, ауылдың ағасы болып жүрген жігіттер жіберген ағаттықтарға іштей күйзелді. Жиырма жетінші қазанда өткен аудандық. бірінші партия конференциясына жасаған баяндамасында өз көзімен көргендерін, алған әсерлерін өзек етті. Конференция делегаттары - ауыл коммунистері жаңадан құрылған аудандық партия комитетінің келешегі жайлы әңгімелеп, кемшіліктерден қорытынды шығаруға шақырудан гөрі, округтік партия ұйымының жұмысына арнайы тоқталды. Сын бір жақты өріс алды. Маңғыстаулықтардың округтік партия ұйымына өкпе айтуларына себеп болған негізгі жай - алдымен кадр саясатын жүзеге асырудағы көпе-көрнеу сыңар жақтықтар еді. Байбоз Қилыбаев сияқты ұйымдастыру қаблеті мол кадрлардың басқа жаққа кетуіне олар өз наразылықтарын білдірді. Алайда, олар Адай округтік партия комитетінің бюросын ыдыратып, округтік партия комитетінің уақытша бюросын құрудағы негізгі себепке саяси баға бере алмады. Бұл конференцияға дейінгі теріс насихаттан, саяси сауаттың кемдігінен болған жай еді.

Маңғыстау аудандық бірінші партия конференциясы өз жұмысын аяқтады. Қорытындысы күткендегідей болмады. Рулық жіктен туған алауыздықтың кесірі өз зиянын тигізіп бақты. Әр кім-ақ іштен тынды. Алда болатын округтік бірінші партия конференциясына аттануға делегаттар әзірленді. Олар Гурьев арқылы Ойылға бармақ болды. Ерәлиев Шәбденнің де солармен бірге жүруі мақұлданды.

Жолаушылар мінген мотобаркастың шәлкесін Форттағы аялдамадан ағытқан сәтте күлімдеп тұрған күз күнінің көзін лезде бұлт шалып, жел көтеріле бастады. Тентек Каспий қаһарға мінді. Асау толқындар жалданып, теңізді етектеп, тайыз деген маңды бетке ұстаған шағын моторлы кемені тостағандай төңбекшіте бастады. Ол кезде транспорт тапшылығының тақсыретін жолаушылар осылай тартатын. Жолаушыларды қорқыныш, үрей биледі, Шәбден сапар алдында қатты қателескенін сонда барып сезсе керек.

Теңіз аласапыраны алқымын ап алып, тік тұруға мүмкіндік бермеді. Бас мең-зең, жүрек лоблып, ауызға тығылды. ішек-қарынның астаң-кестеңі шығып, лоқси береді, лоқси береді. Бір ол емес, теңізде бұрын болып көрмеген басқа жігіттердің хәлі де солай... Әйтседе, моторлы кеме алған бағытынан таймады. Өзге жол да жоқты. Ертесіне жел толастап, жолдастары бастарын көтергенде Шәбденді орнынан таппай зар қақты. «Қайран, азамат-ай!»

«Бұл қайда кетті? Кім қастандық жасады?» Сұрақтан сұрақ туындап, шүбә да, сезік те көбейе берді. Жиырмаға тарта делегаттың бәрі жауапқа тартылды. Жұрт аңтарылды.

— Менің кінәм не?

— Мен конференцияға делегат болайын деп сұранған жоқ едім. Сайлады, көндім, жолға шықтым. Шәбденмен бір кемеде теңізге шыққаным рас. Соныма кінәлімін бе?

Айыпталған адамдар осылай ашынды. Қалай дегенмен де жұмбақтың сыры ашылып, жауабы табылған жоқ еді. Қайта маңғыстаулық делегаттарға көзқарас өзгеріп сала берді. Сенімнен гөрі сезік үстемдік алды. Қараша айының он сегізінен жиырма төртіне дейін өткен Адай округтік бірінші партия конференциясының жүру тәртібіне әсер етті. Өз пікірін ашық айтқан әр делегат сол бойда жауапқа алынды. Шара қолданылды. Өлкелік партия комитетінен келген өкілдер Байділдин, Глазов, Сұлтанов конференция жұмысын өздері басқарып, демократия принциптері мүлде бұзылды. Маңғыстау ауданынан келген делегат Әбдіқалықов мұны ашына әшкереледі. «Сөйлеген делегаттарды қорқыту, ананы айт, мынаны айтпа» деп нұсқау беру, — деді Әбдіқалықов, — мүлде дұрыс емес. Ал, сөйлеп тұрған адамға жан-жақтан жөнсіз, жанамалап сөз айтып, сұрақ жаудырып, сөйлеуге мүмкіндік бермеуді қалыпты жай деуге болмайды». Ол Маңғыстау аудандық бірінші партия конференциясының жұмысында жіберілген кемшіліктерге дұрыс баға берді. «Аудандық партия конференциясында жіберілген кемшіліктер,- деді ол,- біздің саяси мәдениетіміздің төмендігінен, округ орталығының Маңғыстаудан алшақ кетуінен».

Алайда, сөйлеген делегаттардың әділ бағасы өлкелік партия комитетінен келген өкілдерге әсте ұнамады. Сол бойда сөз алған өлкелік партия комитетінен келген өкіл Глазов: «...Өлкелік партия комитетінен келген комиссия Әбдіқалықовтың конференция делегаттарына іріткі салу мақсатын көздеген сөзіне қатаң назар аударуды талап етеді. Егер конференция өлкелік партия комитетінің комиссиясы тарапынан шынайы көмек күтсе, өз жұмысының іскерлікпен өтуін қаласа, қазір біз, Әбдіқалықовтың сөзін іріткі салушы, партиялық саясатқа жат, ашық жікшілдік мақсат көздейді деп бағалауымыз керек.

Әбдіқалықовтың ісі осы бойда округтік партиялық бақылау комиссиясында қарауға тапсырылсын» — деді. Үзіліске шығар алдында Сұлтанов округтік партиялық бақылау комиссиясының мәжілісінің болатынын, оған өлкелік партия комитеті мен өлкелік партиялық бақылау комиссиясының өкілдерінің қатысатынын, сондай-ақ. партияға жат қылығы үшін конференция айыптаған Сатыбалдиев, Әбдіқалықов... тағы басқалардың залда қалуы керек,- деп хабарлады.

Партиялық бақылау комиссиясының мәжілісінде Глазов тағы да қорытынды сөз алды. «...Көбеев және Сатыбалдиев, — деді ол,- нағыз жікшілдер. Саналы іріткі салушылар және партияға жат элементтер ретінде ВКП(б) қатарынан шығарылсын, Әбдіқалықовқа түзелер деген үмітпен ең соңғы рет ескерту мен қатаң сөгіс берілсін». Шара қолдау тапты. Конферернция үстінде өзге пікір айтқандармен күрестің алғашқы қорытындысы жайлы сол бойда Қызылордадағы өлкелік партия комитетіне, өлкелік партиялық бақылау комиссиясына телеграммалар жолданды.

Адай округтік бірінші партия конференциясынан кейін Шәбден Ерәлиевтің қазасына орай біраз коммунистер тұтқынға алынды. Солардың бірі Хаби Ташекенов 1930 жылы ақпан айының он тоғызында Маңғыстау аудандық партия комитетіне жазған өтінішінде: «Адай округтік бірінші партия конференциясынан кейін Ерәлиевтің. ісі бойынша 1928 жылы он сегізінші желтоқсанда мені тұтқынға алды. 1930 жылдың қаңтар айының жиырмасына дейін тұтқында, тергеуде болдым. Сол жылдың жиырма бірінші қаңтарында Москва қаласында ОГПУ коллегиясының шешімі бойынша іс доғарылып, қамаудан босатты. Мен жұмыс үстінде тұтқындалдым. Барлық уақытта тек тергеуде болдым. Сондықтан өзімді ВКП(б) қатарынан шықтым деп есептемеймін. Аса зор өкінішпен өзіңізге шағым жаза отырып, менің 0948004 нөмірлі партия билетімді қайтарып беруіңізді сұраймын» деген. Қандай аянышты? Партияға шын берілгендіктің айқын куәсі емес пе? Жаламен жаны жараланған мұндай адамдар аз емес. Бәрі де ақталды. Алайда, Шәбден Ерәлиевтің қазасының сыры ашылмады. Медициналық экспертизаның қорытындысында «өмірден адам қолынан озды» деген тұжырым айтылмаған. Мұны кезінде Маңғыстаудың белгілі тарихшысы, марқұм Есбол Өмірбаев Маңғышлақ облыстық «Коммунистік жол» газетінің бетінде жан-жақты жазған болатын. Асыра сілтеу етек алып, әділетсіздік үстемдік еткен кезеңнің, тақсы ретін тартып, жапа шеккен абзал азаматтардың шынайы коммунистердің тағдыры жанды күйзелтіп, кінәлі кім деген сұрақ еріксіз ойға оралады. Расында да, кім кінәлі? Елдікке, ерлікке нұқсан келтірген, өсу-өркендеу жолына кедергі болған, етектен тартқан ауыл азаматтары арасындағы алауыздық өктемдікті көксегендердің қоламтаны үрлеп қоздатар, қопсытар қолындағы көсеуіне, ел берекесін алар шолақ белсенділердің қол шоқпарына айналды. Ойыл оқиғасынан кейін өршіген жағдайсыздық жайсаң ардагерлердің арын төгіп, тырнақ астынан кір іздеген қараниет тілердің жаласынан тарыққан есіл ерлер әділдік іздеп өздерінің бар болмысын, көңіл-күйін, өзекті өртеген күйініш сезімдерін шағып, арыз жазу үшін қолдарына қалам алуға мәжбүр болды. Әліби Жанкелдиннің серігі, көмекшісі болған, Фрунзенің тапсырмасымен революция жеңісін баянды ету жолында бел шешпей күрескен революционер Садық Жұбаевтың шағымын оқығанда көңіл жібіп, көз мұнартып, өксікті ой жанды жаралайды. «Ойылдағы атқа мінерлердің жаласымен мені жұмыстан босатты. Мен бюро мәжілісінде өлкелік партия комитетінің нұсқаушысы қатысып отырғанда өзімді ақтауға тырыспаймын. Себебі ол әділ қазы алдында анықталар. Мен өлкелік әскери комитеттің тапсырмасымен Адай округінен әскери жасақшылар ұйымдастыруға Ойыл арқылы аттанғанымда менің келе жатқанымды естіп, Құбашевтің бастауымен революция ісіне жат адамдар артымнан қуып, қолға түсіруге тырысты. Солар қазір менің үстімнен жала материалдар дайындап, жұмыстан босаттыруға қызметтенуде. Ойыл жағдайын бір жақты түсініп, асығыс шешім қабылдауы, округтік партия комитетінің келісімінсіз өлкелік партия комитетіне Тәтібаевтың телеграмма жолдауы мүлде дұрыс емес... Осыдан келіп, Тәтібаев жолдас атқа мінер -алашордашыларды есіркемей ме екен деген күдік менің ойымнан кетпейді» десе, 1928 жылы шілде айында округтік партия комитетінің бюро мәжілісінде, сол жылы тамыз айында округтік партия комитетіне жолдаған өтінішінде хал-ақуалының мүлде нашарлағанын айтып күйзеледі, қаражатпен көмектесуді сұрайды. «1918 жылдан күні бүгінге дейін коммунистік партияның қатарында жүріп өзіме жүктелген міндетті абыроймен орындадым. Азамат соғысы жылдарында, Совет өкіметі жайында адамдардың бәрінің бірдей біле бермейтін кезінде, Толстов отрядының қалдығын құрту үшін Адайдан жасақ құру жөнінде жоғары командованиенің тапсырмасын орындадым. Қатерлі жайда жүріп, тапсырмаларды орындау үстінде сансыз кеселдерге кездестім. Бейбіт өмірге көшкен соң әртүрлі әкімшілік және партия жұмыстарында болдым. Міне, енді қазір бәрінен қақас, шетте қалдым. Күні бүгінге дейін тек еңбек ақымен ғана күн көрген біз, одан айырылған шақта мүлде қиын-қыстау жағдайға душар болдық. Өз Отаным - Форттан алшақ кетіп, материалдық жағдайдың қиындығы шаршатты... Менің осынау мүшкіл хәлімді ескеріп, екі айлық еңбек ақы мөлшерінде материалдық жәрдем беруді сұраймын»,-деген шағымында.

Ол кезеңнің белді-белді ұйымдастырушы кадрлары осылайша жаланың құрбаны болды. Елді басқарып, экономика мен мәдени-құрылыс саласындағы кезек күттірмейтін мәселелерді шешуге халықты жұмылдыратын, қиындықтардан құтылудың жолдарын меңзеп, елдің, жердің, халықтың бар мүмкіндігін пайдалануға бастайын азаматтар қатары мүлде сиреп, кадр тапшылығы қыспаққа алған сәтте Адай округтік партия комитетінің бірінші хатшысы Өтеулиев өлкелік партия комитетіне жолдаған қатынас қағазында «...Барлыққа жуық актив жікшілдік пен қылмысты іске араласқан. Бір бөлегі айыпталды, бір бөлігі тергеуде, тағы басқа... Жағдайымыз аса қиын. Қызметкерлермен көмектессеңіздер... Округ осы күйінде қалатын болса, Темір ауданын қосып беріп, біздің округ орталығын Темірге көшіруге келісім беріңіздер»,—деп сұраса, округтік партия комитетінің екінші хатшысы Бектұрғанов өлкелік партия комитетіне, жолдаған хатында адайлық кадрларға үстірт баға беруден қашпаған. «Округтік партия активі мүлде әлсіз. Меніңше бұл Адайдағы етене дәстүр мен жауапсыздықтың салдары. Оларға тек қалың портфель мен салиқалы бастықтық дәреже бер. Ал жұмысқа мүлде жаны ашымайды. Бұл шалапайлық пен жауапсыздықтың тамыры тереңде, ол мықты сақталған» деген. Ел болған соң естісі де, есері де болуы ықтимал. Ал, үзілді-кесілді мұндай ұшқары байлам айту - өз кінәларын мойындамай, кезеңнің талабына сай кадрлар даярлау ісіндегі, қолда бар, бұрыннан танылған ұйымдастырушыларға сергек қарамай, көпе-көрнеу жіберген қателіктерді бүркемелеуге жасалған әрекет еді.

Жоқтықтың, қолдан шығарып алған мүмкіндіктердің қайткенде де орны толмады. Аудан экономикасы төмен құлдырап, Адай округтік партия комитеті мен округтік-совет атқару комитетінің басшылығынан күткендегідей нәтиже болмады. Бір ғана ұтымды жолы -округті ажыратып, Маңғыстау ауданын Гурьев округіне қосу, сөйтіп, кенересі сөгілген шаруашылық саласын қалпына келтіру деп танылды. 1929 жылы ұтымды ұсыныс қолдау тауып, Маңғыстау ауданы Гурьев округінің құрамында дамудың жаңа кезеңін бастады.

КЕЗЕҢ КЕЛБЕТІ

Қараша айының аяғы қақаған қара суыққа жалғасып келе жатқан желтоқсанның едәуір әлсіреуге айналған ауыл адамдары үшін оңайға соқпайтынын алдын-ала-ақ байқатты. Оның үстіне Ойылдан оралған ауыл активистері де көпшілікті алаңдатар жайсыз хабар ала келді. Онда барған азаматтар абақтыға қамалып, жөн-жосықсыз жазаланды. Адай округтік партия конференциясының, одан кейінгі округтік партия комитеті бюросының Маңғыстау аудандық партия комитетін таратып, төтенше партия-совет комиссиясын құру туралы қаулыларын ВКП(б) Қазақстан өлкелік комитеті өзінің желтоқсанның он бірінші жұлдызында өткен секретариатының мәжілісінде мақұлдады. Шаруашылықтың төрт аяғынан бірдей ақсап, осының алдында жайпап өткен жұт елді қатты жүдетіп, халық теңселіп, ел даладан қалаға көшіп, кейбіреулері шекара асып, абыр-сабыры шығып жатқанда саяси басшы органның жұмысына берілген мұндай қолайсыз баға еңсені езіп, назарды тым төмендетіп жіберді. Осының артынша Өлкелік партия комитетінен Сырғабеков бастаған төтенше комиссия келіп, коммунистерді тергеп-тексеріп, қайтадан тіркеуге кірісті. Бұл кезде Маңғыстау да Совет өкіметінің орнағанына жеті жарым жыл ғана уақыт өткен еді. Ауыл адамдарының жалпы және саяси сауатының төмен кезі емес пе?! Олардың бәрі бірдей комиссияның келген мақсатын лайықты ыңғайда түсініп жатқан да жоқ. Алып-қашпа сөздер де көбейіп тұрды. 65.

Обай-ай, енді не бетімді айтайын? Әлгі біздің шешейдің өзі барып, мені партияға сыртымнан жазды, шығарыңдар деп комиссиядан сұраған көрінеді.

— Жәй сөйле, біреу-міреу естіп қалар, ол-ол ма, қара қайнағаны да шығарып тастапты.

— Не дейді?!

— Рас, кеше кішкене қайным естіп, қатты қайғырып келді.

— Кінәсі не екен?

— «Бәлес» дей ме, «талас» дей ме, әйтеуір бір құлаққа жағымсыз кінә тағыпты.

Сумаңдаған қараторы келіншектің еріні сылп ете түсті. Қояйық, шешей, қояйық, мұның арты бір бәлеге соқтырмаса жарады... Ол табанымен ыстық қоламта басып алғандай белі қайқаң етіп барып орнынан ыршып тұрғанда бөксесіне түскен тоқ бұрымының ұшындағы шолпысы сылдыр етті. Үй ішіне орнаған сәл ғана бейкүнә тыныштықты есіктің сықыры бұзды...

Бұл өсек емес-ті. Жоғарыда айтқан комиссия Маңғыстау ауданына келгелі ел ішіне еміс-еміс тараған алып-қашпа әңгіменің шет пұшпағы ғана осылай гулеп жатты, Бірақ қалай айтқанмен шындықтың жайы да осылай еді. Комиссияға бірнеше әйел өз еркімен келіп, арыз айтып, коммунист жүгін алып жүруге жағдайларының келмейтінін, партияға сырттарынан алғандығын айтып, шығаруларын өтінді. Жиырмаға жуық әйел-ананың ақ-адал өтініштерін комиссия қанағаттандырды. Олардың ішінде Бисенбаева Жалқия, Қарабаева Нұрошхан, Келдібаева Сейілхан, Құбаева Үміт, Шахаева Ирия, тағы басқалар бар еді. Ол-ол ма, Адай округтік бірінші партия конференциясы алдында, сол 1928 жылдың сәуір айында Қарабұғаз тұз өндіру кәсіпорнының партия ұясындағы басшы жігіттер алдыарттарына қарамай бір мәжілістің өзінде он алты адамды партия мүшелігіне кандидаттыққа, тоқсан алты адамды партия мүшелігіне қабылдап жіберген. Мұны округтік бірінші партия конференциясында айыптаған да. Бұл орынды да еді. Өлкелік партия комитетінен келген комиссияның мүшелері іздестіріп жүріп, партияға әлгіндей қабылданған адамдардың жиырма төртімен ғана кездесті. 66.

Ауылдың алдыңғы қатарлы саналы активистері аудан Партия ұйымында жіберілген мұндай кемшіліктерді шын мәнінде жан-тәнімен сезінді. Партиялық принциптердің бұлайша бұрмалануына жол берушілерді іштей айыптады да. Амал не, мұның бәріне саяси сауаттың кемдігі кінәлі еді. Сол күндері Қарабұғаздағы партия ұясында аудандық партия комитетінің тапсырмасымен болған Боранбаев та, Аманшиев те тапсырманы адал коммунист ретінде орындауды ғана мақсат етсе, солай ұйғарым жасап, солай тапсырма берушілер де аудан абыройы мен аудан мерейінің жоғары болуын көздеген. Ал, партия ұясының жетекшілері сауаттылықтары, біліктіліктері жетіспегендіктен көбіне қызбалық сезімдерге жеңдіріп, «округтік конференцияға делегаттардың санын көбейтсек» деген ұшқары мақсаттың жетегінде кеткен еді... Осыдан келіп, «мұнымыздың аяғы насырға шабады-ау» дегенді ойлап та жатпады. Олар кейін бұған саяси сауаттарының жетпегеніне іштей қатты күйзелді де. Өлкелік партия комитеті комиссиясының мүшелері аудан партия ұйымының ішкі партиялық жұмыста жіберіп алған осындай қателіктерін дер кезінде түзетіп, дұрыс бағыт беруді көздеп, мүмкіндігіне қарай эр коммуниспен кездесіп, жеке-жеке әңгіме өткізді. Шындығын айтсақ, мұндай дұрыс ниеттің көлеңкесінде асыра сілтеу де аз кездескен жоқ еді. Оның да себеп-салдарының. «болғандығы даусыз. Жоғарыдан берілген тапсырма да сондай қатал болған шығар. Дегенмен, комиссия мүшелері сол кезеңнің деңгейімен, қарапайым халықтың сауатының дәрежесімен, партияға деген ақ-адал жан сырымен санасуы керек еді. Амал не, үстірттік, шамадан тыс әкімшілдік, әсіре билік құмарлық үстемдік етті. 67.

Айталық, 1929 жылдың қаңтар айының жиырма сегізінші жұлдызында өткен Қазақстан өлкелік партия комитеті мен Тексеру комиссиясы ерекше комиссиясының кезекті бір мәжілісінде нөмері бірінші партия ұясы коммунистерін тексеру және қайта тіркеу мәселесі қаралды. Сонда тек сегіз коммунист қана сол кездің талабына жауап бере алатын адамдар деп табылды. Жиырма үш партия мүшесі мен мүшелікке кандидат партияда-ақ шығарылды. Он коммунистке сөгіс беріліп, алты айдан бір жылға дейінгі сынақ мерзімі мен партияда қалдырылды. Партия қатарынан шығарылғандарға қойылған кінә -«партбалласт», «партия қатарында кездейсоқ. жүргендер», әрі түсініксіз, әрі жалпылама сөздер болды. Сол айдың жиырма тоғызыншы жұлдызында өткен комиссия мәжілісінде он адам «партбалласт» ретінде партиядан шығарылса, қырық төрт адам партия қатарынан өзінен-өзі шығып қалғандар деп танылды. Бес коммунистке алты айдан бір жылға дейін сынақ мерзімі белгіленіп, сөгіс берілді. Партия қатарында сегіз коммунист қана қалдырылды. Комиссия мәжілісінің осынау тұжырымдарымен танысып отырғаныңызда жөнсіз қатыгездіктің орын алғандығы бірден сезіледі.

Тағы бір келеңсіз жайды қараңыз. Сол тұста Бүркітбаев Сүгір деген азамат та партиядан шығарылады. Осы жай туралы комиссия мәжілісі: «Бүркітбаев Сүгір 1894 жылы туған. Жалпы шала сауатты. Саяси сауатсыз. Мәжіліске қатысқандар оның партия жиналысына келгенін көрмеген. Тексеру кезінде «Казторгте» агент болып жұмыс істейді. Партбалласт, партиядан қол үзген ретінде партиядан шығарылсын» деген шешім қабылдаған. Ал, ауыл мұғалімі, білімі темен Тұрниязов Әбдіразақты «шығу тегін комиссиядан жасырғаны үшін партбалласт, партияда кездей соқ элемент ретінде» партиядан шығарды. Осындай айыппен Қазбаншаев Әбдіжапарды да партия қатарынан аластайды. 68 Мұнан басқа да дәл осындай мысалдар аз емес. Жаны мен ары таза бүл адамдармен тиісті жұмыстар жүргізіп, тәрбиелеп,. партия қатарында қалдыруға болмас па еді? Әрине, болатын еді. Амал не, комиссия мүшелері әділдік пен жанашырлыққа бара қоймады. Сөйтіп, 1929 жылдың қаңтар айында аудан партия ұйымдарының есебінде тұратын бес жүз қырық бір коммунистің тексеруден, қайта тіркеуден өткеннен кейін сапта бір жүз он үші ғана қалды.

Сол жылдың ақпан айы қатыгездік танытты. Иә, бұл шаруашылықтардың жайы шайқалып, ел тынысы мүлде тарылып тұрған шақты. Осындай жағдайда ақпанның. жиырма жетінші жұлдызында Маңғыстау аудандық. екінші төтенше партия конференциясы өз жұмысын бастады. Онда төтенше комиссия төрағасы Сырғабеков-«Өлкелік партия комитетінің Адай округінің жағдайы жөніндегі» қаулысы мен комиссия жұмысының қорытындысы туралы» баяндама жасады. Әрине, делегаттар мұндай маңызды мәселені бар ынта-ықыласымен тыңдап,, оны талқылауға белсене қатысты.

— Сырғабековтің баяндамасында айтылғандардың. бәрі дұрыс, — деді Мақанұлы өз сөзінде.

— Адай елінің мұндай халге душар болуы басты азаматтардың бұзылғандығынан екені анықталды, — деді Қиззатұлы.

— Басшыны басқа жақтан әкелу керек, — деді Семенов.

Сырғабековтің қорытынды сөзі алдағы уақытта бірлікке, әділдікке, әпербақандық сезімнен гөрі парасатты» ой, салиқалы ақылға жүгініп, барлық кезде де мәселені байсалды шешуге шақырды. Округтік партия конференциясының жікшілдікке берген лайықты бағасы мен арнайы комиссияның жұмысының қорыт ыңдысы жайлы. халыққа кеңінен әңгімелеп, түсінік беруді сұрады.

Конференциядан кейінгі алғашқы ұйымдастыру пленумында бюро мүшелігіне Құбайұлы, Елібекұлы, Қизатұлы, Төлей ұлы, Сағындықұлы, бюро мүшелігіне: кандидаттыққа Мақанұлы, Алдабергенұлы, Семеновтар бекітілді. Аудандық партия комитетінің хатшысы болып Құбайұлы сайланды. Сол күні өткен бюро мәжілісінде Елтібекұлы аудандық комитеттің үгіт-насихат бөлімінің. меңгерушілігіне, Сағындықұлы аудандық совет атқару комитетінің төрағалығына бекітілді. Бұл жұмыстан Сарқожаұлы босатылды. 69.

Аудандық партия комитетінің жаңа құрамы іске құлшына кірісіп, шама-шарқының келгенінше партиялық-ұйымдық жұмыстарды жаңа белестерге көтерудің жолдарын іздестірді. Ендігі жерде партия қатарына адамдарды жан-жақты сарапқа сала қарап, іріктеп қабылдауға, кадрлардың саяси білімдерін барынша жетілдіруге көңіл беліне бастады. Дегенмен, партия ұйымдарының қай саладағы жұмыстарында да шұғыл да айта қаларлықтай өзгерістер бола қоймады.

1929 жылдың тамыз айының жиырма жетінші жұлдызында өткен Гурьев округтік партия комитеті мен округтік тексеру комиссиясының біріккен пленумында округтік партия комитеті бюросының тарапынан бірқатар шаралар жүзеге асырылып келе жатқанымен Маңғыстау ауданында саяси жағдайдың әлі де қиын қалпында қалып отырғандығы, мұндай ахуалдың тұтас ұйым жұмысы мен өміріне залалды әсер етуінің мүмкін екендігі ескертілді. Жан-жақты талқылаудан кейін округтік комитеттің Маңғыстау ауданына байланысты белгілеген шаралары мақұлданды.

Сол жылдың аяғында Маңғыстау ауданына Гурьев округтік тексеру комиссиясының өкілдері келіп, партия ұйымының ішкі жұмыстарын зер сала отырып, біраз тексерді. Бұл комиссия өзінен бұрын өлкелік партия комитетінен келген арнайы комиссия тазарту және қайта тіркеу өткізіп кеткеннен кейінгі өткен уақыттар ішінде аудан партия ұйымының сан жағынан өспегенін, аппарат қызметкерлері арасында қорқынышты үрей барын, түрлі ұйымдастыру жұмыстарының нашарлағанын, партия жиналыстарының уақтылы өткізілмейтінін, коммунистердің жалпы және саяси сауатының төмендігін, үгіт-насихат бөлімі бұл бағыттарда лайықты жұмыстар жүргізбей отырғандығын атап көрсете отырып, кең ауқымды қорытынды жасады.

Округтік партия ұйымы тарапынан жүргізілген мұндай егжей-тегжейлі тексеру аудандық партия комитетінің ұйымдастыру жұмыстарын жандандыруына елеулі - түрде ықпал етті. Дегенмен, бұл кездерде партия қатарының өсуінде кейбір аумалы-төкпелі жайлар орын алды. Енді сол тұрғыдағы кейбір деректерге көз жіберетін болсақ, 1929 жылдың қараша айында аудан партия ұйымдарында жүз тоғыз мүше, қырық үш мүшелікке кандидат есепте тұрса, 1937 жылы қаңтар айында тоқсан тоғыз мүше, сексен алты мүшелікке кандидат, ал, 1939 жылы қаңтар айында жүз бес мүше, жетпіс екі мүшелікке кандидат есепте тұрды Кей жылдарда коммунистер санының мүлде азайып кетуіне де жол берілді. Мұндай жағдайға сол кезеңнің әртүрлі себептері душар етті. Партия билетін ауыстыру, коммунистерді тексеріп, қайта тіркеу сияқты талай шаралар үздіксіз жүзеге асырылып жатты ғой. Партия ұйымдарында жұмысты неден бастап, неден қоюды білмей дағдару, қай нәрсенің де артын күтіп отырып қалу тәрізді тоқырау да кездесті. 70.

1935 жылдың желтоқсанының сегізінші жұлдызында ВҚП(б) Батыс Қазақстан облыстық комитетінің бюросы «Манғыстау партия ұйымындағы партия құжаттарын тексерудің қорытындысы туралы» мәселе қарап, қаулы қабылдады. Онда аудандық партия комитетінің пленумы мен Гурьев округтік партия комитетінің бюросының он жеті партия мүшесі мен он сегіз партия мүшелігіне кандидатты партиядан шығару жөніндегі қаулыларын бекітті. Бір жүз он бір партия мүшесі мен тоқсан үш мүшелікке кандидаттың құжаттарының дұрыстығы және ұстамдылығы анықталды деп есептелді. Облыстық партия комитетінің бюросы сонымен қатар партия құжаттарын тексеруге байланысты ұйымдастыру және тәрбие жұмыстарының жандана бастағанын аттап өтті. Коммунистердің партия жиналысына, партия оқуына қатынасуы мен белсенділігі едәуір арта түсті. 71.

Бюро мәжілістерінде жекелеген цартиялық ұйымдастырушылардың, насихатшылардың, коммунистердің есептерін тыңдау тәжірибеге енді. Ұйымдар жұмысындағы елеулі кемшіліктер де назардан тыс қалмады. Кейбір игілікті де ұтымды тәжірибелер қорытылып, басқа партия ұйымдарының кәдесіне жарату жағы ескеріле бермеді. Жекелеген ұйымдарда, тұтас аудандық партия, комитетінде атқарылған жұмыстарды талдау жағы да назардан тыс қалып жатты. Насихатшыларға әдістемелік көмек көрсетілмеді.

Партия құжаттарын ауыстыру - қай кезде де партия өміріндегі аса маңызды оқиғалардың бірі екендігі белгілі. Кезекті осындай шара қолға алынған тұста облыстық, округтік партия ұйымдарынан жергілікті партия ұйымдарына келген комиссиялар алдымен осынау науқандық шараға әзірліктің жай-жапсарына көңіл бөліп, ыңғайына қарай жүйелі бағыттар беріп отырды. Күн тәртібіне қойылған қандай шаралардың барысында да ұйымдық, саяси-тәрбие жұмыстарын өрістету арқылы уақыт талаптарына сай коммунистердің белсенділігік арттыру мақсаты көзделді. Тағы бір маңызды мәселе елдің сауаты көтеріле бастаған осынау шақта тиісті партиялық тапсырмаларға немғұрайлы қарап, оралымсыздық көрсеткен коммунистерге түсіндіру, олардың, саяси және жалпы сауатын көтеру кезек күттірмейтін міндеттердің біріне айналды. Осындай түбегейлі әрі тиянақты шаралардың арқасында Маңғыстау ауданы бойынша коммунистердің партия Жиналысына қатынасуы 1935 жылғы алпыс-жетпіс проценттен келесі жылы тоқсан екі, тоқсан бес процентке дейін өсті. Әрбір коммунист тиісті мәселелер бойынша шешім қабылдауға белсене араласатын болды. Сондай-ақ саяси мектептердің сабақтарына қатынасуының дәрежесі алпыс бес-жетпіс проценттен сексен тоғыз, тоқсан алты процентке дейін көтерілді. Осындай аса жауапты кезеңде Қосмағанбетов, Қожанов, Лайдашев сияқты шебер насихатшылар топ жарып шыға бастады. Дей тұрғанмен, көпшілік арасындағы саяси-тәрбие жұмыстарының деңгейі мүлде төмен жатты. Коммунистер бойында саяси мәдениеттілік ақсаулы еді. Партияға қабылданатын адамдар арасында жүргізілетін саяси жұмыстар да көзден таса, көңілден селкеу қала берді. Сол уақыттың аса маңызды: оқиғасы стахановшылар қозғалысының мәнін көпшілік арасында кеңінен түсіндіріп, халықты қажырлы еңбекке жұмылдырудың ұтымды әдістері қолданылмады. 72.

Аудан партия ұйымдарында партия құжатын ауыстыру барысында осындай өмірлік маңызы зор жайларға көңіл бөлініп, тиісті дәрежеде талқыланып та отырды. 1936 жылғы тамыз айының жиырма үшінші жұлдызында Гурьев округтік партия комитетінің бюросы «Маңғыстау ауданы партия ұйымдарында партия құжаттарын ауыстырудың қорытындылары туралы» мәселе қарап, аупартком хатшысы Хангереевтің баяндамасын тыңдады. Бюро бұл мәселені мейлінше мұқият қарай отырып, аудандық комитеттің пленумы бекіткен партия ұйымдарында өткен партия құжаттарын ауыстырудың қорытындыларын мақұлдады. Осынау маңызды шараны жүзеге асыру барысында ауданда сексен партия мүшесіне, сексен төрт мүшелікке кандидатқа партия құжаттары табыс етілген еді. Уақыт талабына сай келмегендіктен үш партия мүшесі, алты мүшелікке кандидат ұйым қатарынан шығарылды. Бір партия мүшесі кандидаттық, екі кандидат тілектестер қатарына көшірілді. Міне, бұл келтірілген деректер партия ұйымдарының өз қатарын толықтыру мәселесімен өз дәрежесінде айналыспағандығын көрсетеді. Ол-ол ма, сол өткен бір жылдың ішінде тілектестер қатарына екі-ақ адам қабылданған.

Партия қатарын толықтыруда жіберілген қателіктерді ретке келтіруде ВҚП(б) Орталық Комитетінің 1936 жылғы қыркүйек айының жиырма тоғызыншы жұлдызында және сол жылғы қазан айының жиырма бірінші жұлдызындағы «Партияға қабылдауды қайта бастау туралы және кейбір жергілікті партия ұйымдарының аталмыш қаулыны бұрмалаулары туралы» Қаулыларының ерекше маңызы болды.

Партия ұйымдарында жүргізілген тексеру, партия құжаттарын ауыстыру кезінде жіберілген асыра сілтеу шіліктер біраз адамның жанын жаралады. ВКП(б) Орталық Комитеті мұндай жорық сыздықты ретке келтіруді ғана талап етіп, партия ұйымдарына жабық хат жолдады. Батыс-Қазақстан облыстық партия комитеті 1936 жылғы шілде айында осынау хатты және соған орай Қазақстан өлкелік партия комитеті қабылдаған қаулыны жүзеге асыруға бағытталған шаралар белгілеп, партия ұйымдарынан жіберілген қателіктер мен орын алған асыра сілтеулерді тез арада түзетуді талап етті.

Амал не, партия өміріндегі өрескел қателіктер оңай кейінгі жылдары да орын алған еді. Кейбір жеңіл-желпі кемшіліктерді желеу етіп, көптеген ақ-адал азаматтар партия қатарынан шығарылып, тұтқындала бастады. Осы тұста мына бір келеңсіз деректі келтіре кеткеннің еш артықшылығы жоқ сияқты. 1924 жылдан партия мүшесі Мендалиев Алшынды ұйым қатарынан шығарғанда «Саудагердің баласы. Қазір едәуір шаруашылығы бар. Шалбар руынан шыққан Қилыбаевтың тобында белсенді жұмыс жасады. Өзінің жікшілдік мүддесінің қамын көздеп, «Ақмыш» елді мекенінен партияға мүшелер тартты, рулық, тұқымдастық принциппен партия ұясын кұрды. Мансапқорлық бағытпен партияны мойындамады, байларды жақтау мақсатымен жарамсақтықпен айналысты» деген кінәлар тағылған.

Заман өзгеріп, жаладан ақталар күн де туып, еліне оралып, күні кешеге дейін өмір сүрген Алшекең қарияның шын мәнінде қандай адам екендігін өз тұрғыластары түгілі кейінгі толқын іні-балалары да көріп-білгенді. Ал, Бошақов Ұрпабекті партия қатарынан шығарғандағы тағылған кінәнің сорақылығын оқығанда өмірге сол сойқанды жылдардан кештеу келгеніне іштей қуанасың. «Халық жауы Мендалиевпен байланысты болып, соның басшылығын іс жүзіне асырып келген халық жауы Мендалиевтің ауылға барғанда берген теріс басшылықтарын жасырын орындап келген және Мендалиевтің қылмыстарын, көп әйел алғандықтарын, тағы басқа, жасырып келген. Туған ағасы Мырзабектің. және немере ағасы Қойшыбаев Нәбидің екі әйелі барлығын бүркеп, жасырып келген. Олар сотқа тартылған соң сырттан ағартып алуға шара істеген. Жат адамдармен байланысты және идеялық жағынан жат, екі бетті адам деп партиядан шығарылсын» деген сөздерді оқығанда төбе шашың тік тұрады. Осыншама түкке тұрғысыз жаланы жинаған адамдардың да, соған сүйеніп, таза адамдарды күнәхар жасап, сорақы қаулыға қол қойғандардың да ардан аттаған күйкі қылықтары бұл күндері тұла бойыңды тітіркенткен жиіркеніш тудырады.

1938 жылы наурыз айында аупартком бюросында Бошақовтың шағымы қаралып, өткен жылғы аупартком бюросының оны партия қатарынан шығару жөніндегі. қаулысы бұзылып, оған сөгіс беріліп, партия қатарында қалдырылады. Алайда, сол жылдың шілде айының отыз бірінші жұлдызында аупартком мен аупарткомның бірлескен бюросында «Бошақов Үрпабек халық жауы болып тұтқынға алынғандықтан партия қатарынан шығарылсын» деген қаулы қабылданған. 73.

Жанды күйзелтіп, көңілді құлазытар тағы бір мысал. 1932 жылдан партия мүшесі, Мектеп-интернаттың тәрбиешісі болып қызмет істеген Қенжалиев Шыртанды «Көп жылдар халық жауы Мендалиевпен байланыста болған. Мендалиевтің немере інісі. Мендалиевтің қолында бірге тұрған. Оның істеген қылығын жауып келген. Мендалиевтің көп әйел алғанын жасырып, тек жағынан таза деп жақтап келген. Мендалиевтің ұсталғанына қайғырып, жақын-жуықтарын жинап, қайғылы көңіл айтқан» - деп партия қатарынан шығарған. 74.

Жарты аралдың белді де беделді азаматтарының бірі, 1928 жылдан партия мүшесі Қызылбаев Жазмағанбетке тағылған кінә де түкке тұрғысыз, осындай ойдан құрастырылған тұрлаусыз сандырақтар. «Қызылбаевтың туған әкесі Ізмамбетов Алыпсатар сәудегер болған. Мұны партияға кіргенде жасырған. Бұрын Маңғыстау ауданында болған буржуазияшыл-ұлтшыл жікке қатысқан. Мұны осы күнге дейін партия орнынан жасырып келген. Халық жауы Хангереевпен байланысты болғаны арқасында 1933 жылы продпомощты жойған ісі қысқартылып, партияға қайта алынған. Халық жауы Құрамысов ауданға келгенде Қызылбаевтың үйінде қонақ болып, арақ ішіп, ол да Қызылбаевтың партияға қайта алынуына көмек жасаған. Хангереев пен Құрамысовтың шәйкісі Қызылбаев партия қатарынан шығарылсын, материалы аудандық прокурор Бекжановқа беріліп, ауаткомның жоспар бөлімі бастығынан және президиум мүшелігінен алынсын». Міне, мұндай сөлекет қаулы аупарткомның 1937 жылғы қаңтар айында өткен бюросында қабылданған. Кезінде билік басында болған арамза дәрежелілердің осындай озбырлығынан ешкімге ешқандай залал жасамаған, ешбір қастандыққа жоламаған адамның жанын жаралап, саналы өмірін рәсуа» еткен озбырлықты қалай түсінуге болады? Көрінеу жала, ақты қара деген қаулыларға қол қойып, жазықсыз коммунистердің шыбын жандарын шүберекке түйіп жіберген сол кездегі аупартком бюросы мүшелерінің іс-әрекеттеріне күйзелесің де сол кездегі ел тағдыры, адамдар тағдыры кімдердің билігінде болған деп қайран қаласың. Мансаптары мен лауазымдарын сақтап қалу үшін жанталасып, өзінен басым, немесе сәл де болса үзеңгі қағыстыруға жарайтындардың өмірлерін ойыншыққа айналдырып, ойына келгендерін істегендердің көзсіздігіне төбе шашың тік тұрып, жазықсыз жапа шеккен адамдардың жарқын бейнелері көзіңнің алдына келеді.

Иә, сол кездегі кезең келбеті осындай болып еді.Сондықтан отызыншы жылдардағы адал адамдарға жасалған осындай жөнсіз озбырлық, рақымсыздық пен қастандық ендігі жерде қайталанбауға, тарихи шындық кейінгі ұрпаққа сабақ болуға тиіс.

БЕДЕЛ

Маңғыстау жұртын кезінде уақыт әміріне қарай сарғайып, көмескі тартуға айналған аудандық екінші төтенше партия конференциясының шешімдері терең толғандырған. Гурьев округінің құрамына еніп, жоғарғы басқару жүйесінің шалғайда болуы өздеріне ерекше міндеттер жүктейтінін ол кездің адамдары да бар жан-тәнімен сезіне білген. Сондықтан да бұрын етек алған кемшіліктер мен олқылықтардың орнын толтырып, аудан партия ұйымдарының жұмысын қалыпқа түсіру үшін көпшілік қолдарынан келгенін аяған жоқ еді. Ең алдымен партия ұяларының жұмыстары жан-жақты тексеріліп, терең талданып, нақтылы көмек көрсету қолға алынды. Ол кездің коммунистері де аудан партия ұйымының күші төменгі буындардағы партиялық ұйымдастыру, саяси-тәрбие жұмыстарының деңгейіне байланысты екендігін білді де, түсінді де. Соған орай мұндай маңызды мәселелер аудандық партия конференцияларының қарарларында әлденеше жазылғанды. Гәп сондай маңызды шаралардың орындалуына мән берілмеуінде еді.

1929 жылғы қарашаның жиырма екінші жұлдызында Баутино поселкесіндегі үшінші партия ұйымының жұмысы жайында мәселе талқыланды.Бұл ұяның мүшелері поселкедегі әйелдер арасындағы саяси-тәрбие жұмыстарын өрістетіп, олардың қоғамдық өмірге белсене араласуын қамтамасыз етуге, клубта мәдени-бұқаралық шараларды өткізуге, МОПР, Осоавиахим, спорттық қоғамдық ұйымдар құрып, оған жастарды көптеп тартуға көңіл бөліне бастағаны аталып көрс е тіледі. Ниет те , талпыныс та дұрыс болғанымен социалистік сананы қалыптастыру жолындағы күресте кадрлар тәжірибесінің жоқтығы да, саяси білімдерінің тапшылығы да елеулі түрде әсер етпей қоймады. М ұ ның үстіне селолық Совет кей партия ұйымының арасындағы байланыс та ойдағыдай болмады. Кедейлердің құқығын қорғап, оларды алдыңғы сапқа шығару жолында селолық совет пәрменділік таныта алмады. Партия ұясы кәсіподаққа сонда жұмыс істейтін коммунистер арқылы ықпал етіп, басшылық жасап отыру сияқты ыңғайлы, икемді әдістерді ұтымды пайдалана алмады. Аудандық партия комитеті ұя жұмысындағы осынау кемшіліктерді ашып көрсетті, бұларды жоюдың лайықты жолдарын белгіледі. Бұл талқылау осы ұйым өмірімен ғана шектеліп қалған жоқ, ыңғайына қарай басқа ұяларға да бағыт-бағдар берді. Өзара сынды өрістету, оған қысым жасауға ұмтылушыларға ымырасыз күресу әйелдер арасындағы саяси-тәрбие жұмыстарын бұрынғыдан да жетілдіре түсу совет өкіметі, ұлт саясаты жайында халыққа терең түсіндіру талап етілді. 75.

Жарты арал партия ұйымы өміріндегі орын алған кеселді көріністер халық арасындағы оның беделіне нұқсан келтіріп, ел сенімін ақтамағаннан кейін оған шүбәлана қараушылардың қатарының көбейе түскендігі анық байқалып, көп жайды қайта құру қажеттігі, ең алдымен ұйым беделін көтеруге күш салудың қажеттігі күннен-күнге айқындала түсті. Осыдан келіп, партия қатарына тың күштер тарту, еңбекші қауымға партияның сара жолын барынша тиянақты түсіндіру - партия ұйымдары жұмысының негізгі арқауына айналды. Партия қатарына жүмысшылар мен шаруалардың, ауыл интеллигенциясының жаңа легін қабылдау арқылы ұйымды нығайту, сол арқылы партияның халық арасындағы беделі мен ықпалын арттырудың сан-аулақ жолдары қарастырылды. Ұялардың партиялық ұйымдастыру және саяси-тәрбие жұмыстарын зерттеп, талдау жасау барысында осындай маңызды мәселелерге ерекше назар аударылды.

1929 жылғы партия ұйымдарын тазарту, мүшелер мен мүшелікке кандидаттарды қайта тіркеу шарасынан кейінгі төртінші тоқсандағы есеп бойынша аудан партия ұйымының есебінде бір жүз елу екі коммунисті тұрды. 76 Ал, арада он жыл өткенде, 1939 жылдың төртінші тоқсанында оның қатары үш жүз он адамға өсті. Бірақ бұл он жыл Маңғыстау партия ұйымының өміріндегі ең қиын қилы-қилы кезең болғандығын байқаймыз. Әйтеуір бір аласапыран тіршілік, көптеген коммунист бұл жылдарда да партия қатарынан шығарылып, тұтқындалған. 1937 жылдың қаңтарында партия ұйымдарының есебінде тоқсан тоғыз партия мүшесі, бір жүз сексен бес мүшелікке кандидат тұрса, келесі жылдың қаңтарында тоқсан үш мүше мен жетпіс сегіз мүшелікке кандидат қалған. Бірақ бұл жай партия ұйымдарын қажыта, мұқалта алмады. Мұндай жағдайда еңбекшілер арасындағы партияға деген сенімді қалпына келтіру жолындағы шаралар іздестіре берді. Сондай тиянақты жұмыстардың арқасында партияға өтуге тілек білдірушілер легі барған сайын көбейе түсті.

1939 жылғы мамыр айының жиырма бес, жиырма тоғызыншы жұлдыздары аралығында Гурьев облыстық партия комитетінің бесінші пленумы өтті. (1938 жылы Гурьев округі Гурьев облысы болып қайта құрылғанды). Пленумда Жылой, Маңғыстау аудандық партия комитеттерінің жұмыстары туралы мәселе талқыланды.

ВКП(б) Орталық комитетінің сол жылғы ақпан-наурыз Пленумдары мен республика партия ұйымының екінші съезінің шешімдеріне сай аудан партия ұйымында біршама елеулі шаралар жүзеге асқанды. Бұл кезде партиялық-ұйымдық және саяси-тәрбие жұмыстарының деңгейі де, мазмұны да сомдала, байи түскен еді. Кадрлар даярлап, оларды іріктеу, орналастыру, тәрбиелеу істеріндегі жиырмасыншы жылдардағы қателіктерді қайталамауға бағыт ұстаған аупарткомның бұл тұстардағы аяқ алысы өз дәрежесінде бола бастаған. Еңбек ұжымдарында қырықтан астам кадр өсіп, шынықты соған орай лайықты орындарға жоғарылатылды. Біз ұйым өміріндегі мұндай жақсы құбылысты партия қатарының өсуі сияқты маңызды мәселеден де байқаймыз. Айталық, 1938 жылдың қаңтарынан 1939 жылдың мамыр айына дейін бір жүз он үш адам кандидаттыққа қабылданып, алпыс жеті кандидат партия мүшелігіне өткен. Бір жүз алпыс үш белсенді өз беттерімен түрлі саяси үйірмелерде, екі жүз сексен алты белсенді өз беттерімен оқып, саяси және жалпы білімдерін көтерген. Облыстық партия комитетінің пленумында мұндай лайықты қадам, игілікті істер өз бағасын алды да. Дей тұрғанмен, негізгі бағыттан таймау, партиялық ұйымдық жұмыстарды жан-жақты өрістету тұрғысынан алып қарағанда әлі де кейбір кемшіліктердің орын алып келе жатқандығы байқалды. Партия қатарына қабылданғандар арасында әйелдер әлі де аз болса, ұйым қатарына жаңа келген жас коммунистермен саяси жұмыстарды жүргізу өз дәрежесінде болмады. Партиялық насихат та ақсап жатты. Облыстық партия комитетінің пленумы мұндай маңызды жайларды назардан тыс қалдыра алмады. Сол уақыттың талабына сай өзінің бағдарлама байламдарын меңзеді. 77.

Осынау қилы кезең жауапкершілігі аудандық партия комитеті алдына бастауыш ұйымдарға басшылықты бұрынғыдан да жетілдіру міндетін қатаң қойды. Осы талапқа орай ауданды үш бөлек бірлестікке бөліп, әр қайсысына нұсқаушы бекітті. Олар бір ай, тіпті екі айға дейін сол өздері бекітілген бірлестікте, немесе бөлімшеде жүріп, бастауыш партия ұйымдарына нақтылы іс жүзіндегі көмектерін көрсетті. Сонан кейін барып аудан орталығына оралып, он-он бес күн аупарткомдағы жұмыстармен танысып, өздерінің біліктіліктерін арттырды . Бірлестіктерге бекітілген нұсқаушыларға хатшылар басшылық жасап отырды.

Аудандық партия комитеті отызыншы жылдарда нұсқаушылардың жұмысын олардың жауапкершілігіне бастауыш ұйымдардағы партиялық-ұйымдастыру, саяси-тәрбие жұмыстарының жанды көмегіне, тәуір тәжірибелерді жүйелі насихаттауына, ондай тәжірибелердің басқа ұйымдарда да кеңінен өрістеуіне қарай бағалауды қолға алып, дағдыға айналдыра бастаған еді. Демек, партияның сан-салалы жұмыстарындағы тиімді әдістерді жетілдіре түсуге, қай жерде де қылаң берген соны пікірлер мен ой-толғаныстарды жинақтап, көпшілік арасына кеңінен таратып отыруға күш салынды. Бірақ сол кезеңдегі партия өміріндегі дүрбелең мұндай жақсы қадамдардың кеңінен қанат жаюына мүмкіндік бермеді. Әрине, бұл үлкен өкініш. Сол жылдарда нұсқаушыларды тек ақпарат жинаушы, мәжілістерге материалдар дайындаушы ретінде ғана пайдаланбаған, қайта партиялық-ұйымдастырушылық жұмыстарға араластырып, олардың іскерлігін қалыптастыру шынында да өте ұтымды тәжірибе еді. Басшы партия органдары, сонымен қатар, орын алған қателіктер, кемшіліктер болса, оларды мәжілістерде тыңдап, дұрыс бағыт беріп отырған.

Отызыншы жылдардың орта шенінде күллі ел бойынша одақтық маңызы бар кәсіпорындарда, құрылыстарда ВКП(б) Орталық Комитетінің партиялық ұйымдастырушылары тағайындалды. Бұл сол кезеңнің қажеттілігінен туған қадам еді. Партиялық басшылықты нығайту, кадрлардың жауапкершілігін арттыра түсу үшін дәл осындай орталықтан тікелей уәкілдік алған басқару буыны керек болды. Ол жылдардағы Маңғыстаудағы ең күрделі кәсіпорын - Каспий теңіз аңдары мен балық аулап, қабылдайтын, оны өңдейтін трест болатын. Елімізді балық және балық өнімдерімен қамтамасыз етуде оның орны бөлекті. Соған орай 1937 жылдың, ақпанында мұнда да ВКП(б) Орталық Комитетінің партиялық ұйымдастырушысы белгіленген еді. Батыс Қазақстан облыстық партия комитетінің бюросында (ол кезде Гурьев округі Батыс Қазақстан облысының құрамында еді) құрамында бес қызметкер бар партия ұйымдастырушысы тобының жетекшілігіне М . Шахабаев бекітілді. Бұл топтың құрамына BJIKCM Орталық Комитетінің ұйымдастырушысы да енді.

ВКП(б) Орталық Комитетінің партиялық-ұйымдастырушысы Баутин, Ералиев балық зауыттары мен трестегі бастауыш партия, комсомол ұйымдарын біріктірді. 1937 жылдың орта шенінде оларда отыз алты партия мүшесі мен мүшелікке кандидат, он бес тілектестер, елу бір комсомол мүшесі есепте тұрды. ВҚП(б) Орталық Комитетінің партиялық ұйымдастырушысы бастауыш партия ұйымдарының саяси-ұйымдастыру жұмыстарын жетілдіре түсуге, балық тресіндегі алты жүз алпыс алты жұмысшыны түгел қамтып, олардың арасында саяси - тәрбиелік шаралардың кең көлемде өрістей беруіне үнемі назар аударып отырды. Мезгіл-мезгіл трест бойынша жалпы партия жиналыстары өткізіліп, оған комсомол мүшелері де қатыстырылды. Ондай көп адам қатынасқан жиналыстарда балық аулау маусымдарындағы партиялық-саяси жұмыстардың қорытындысы, алдағы міндеттер, комсомол ұйымы жұмысының жайы, қабырға газетінің идеялық ықпалын күшейту, тағы басқа маңызды мәселелер қаралып, талқыланды. Бастауыш партия ұйымдарының жиналыстарында жекелеген коммунистердің есептері тыңдалып, олар өздерінің өмірдегі жауапкершілігін бұрынғыдан да айқын түсініп отырды. Мұның бәрі кезінде Каспий теңіз аңдары және балық аулау, қабылдау, өңдеу тресінің экономикасына, ондағы жұмысшылардың саяси санасын қалыптастыруға елеулі ықпал етті. Бірақ жалпы алғанда партия ұйымының жұмыс тәсілдерінде әміршілдік-әкімшілдік әдістерінің де орын алға н дығын айтуымыз керек. Отызыншы жылдарда аупартком жанынан «Саяси үштік», «Балықшы үштік», тағы басқа топтар ұ йымдастырылды. Олар саяси, шаруашылыққа байланысты мәселелерді шешті, кейде демократиялық принциптер бұрмаланып та жатты.

1931 жылы мамыр айында аудандық партия комитеті мен аудандық совет атқару комитетінің шешімімен «үштіктер жұмысы доғарылып, әрбір ауылдық советке әр түрлі саяси науқандарды ұйымдастыру және өткізуге байланысты саяси уәкілдер бөлінді. Олар тек аудандық штабқа, аудан орталарындағы басшы қызметкерлер алдында ғана жауап береді деген өкілдік алды. Өмірге қажетті осындай буындар ұйымдастырылғанымен әміршілдік-әкімшілдік әдіс өз үстемдігін жүргізуін қоймады . 1933 жылы партия ұйымының құрамы үш жүз жиырма бір коммунистке жетті. Он жеті партия ұясы, отыз үш партия тобы құрылды. Әйгілі зобалаңға ұшыраған 1928-1929 жылдардан кейінгі коммунистер қатарының толыға түскен кезеңі болып еді бұл. Бірақ партиялық ұйымдастыру жұмыстарында әлі де сылбырлықтың, орын алып келе жатқандығы байқалды. Әсіресе, ең төменгі буын - партия топтарында түрлі жұмыстар мазмұнды, нәтижелі бола алмады. Партиялық жұмыстарды қайта құру жөніндегі жоғарыдан берілген нұсқаулардың орындалуы өз дәрежесінде еместі. Ол кездегі Маңғыстаудың жағдайында ауыл мен ауылдың ауасы тым шалғай, қатынас жағы істе қиынға түсетін. Мысалы, «Жаңа жол» артелі бірнеше шағын ауылды біріктірді. Ондағы 13 партия ұясы мен кейбір ауылдардың арасы елу километрден екі жүз километрге дейін, ал, аудан орталығынан төрт жүз километрге дейін қашықтықта жаты . Осыдан келіп, партиялық ұйымдастыру жұмыстары жайлы нұсқаулар дер кезінде жетпейтін еді. Аудандық, округтік, облыстық партия комитеттерінен келген қаулы-қарарлар орыс тілінде жазылатындықтан ешкім пайдалана алмаған. Тоғызыншы ауылдан жиырма бірінші ауылға дейінгі партия топтары саяси жұмыстарды әкімшілік айналысатын жұмыстармен алмастыра жүргізуге барып отырған. Коммунистерді өндірістің шешуші буындарына орналастыруға көңіл бөлінбеген. Қайта кейбір коммунистерді жөнсіз жұмыстан шығарып жіберуге дейін жол берілген. Фетисова кәсіпшілігіндегі П-партия ұясында есепте тұратын жиырма бес Коммунистің бесеуінің жұмыс орны қысқарып, өздерін босатып жіберген. Ол кезде бұл кәсіпшілікте жұмысшы күші жетіспейтін еді.

Ол жылдарды тағы бір кемшілігі аудандық партия комитеті мәжіліс құмарлыққа да: жол берген. Мысалы, 1933 жылы ақпан айында өткен аупарткомның пленумы он үш күнге созылған. Ал, кейбір бюро мәжілістері үш, кейде тіпті төрт күнге дейін өткізіліп отырған. Ол кезде осылайша уақыттың құндылығына ешкім назар аудармаған. Актив жиналыстары тіпті түнде де өткізіле берген. Округтік, облыстық партия комитеттері партиялық ұйымдық жұмыстағы мұндай кемшіліктерді дер кезінде байқап, жөнге салып отыруға назар аудармаған . Әрине, уақыт өз талабын орындатпай қоймайды. Отызыншы жылдардың орта шенінен бастап, аудан партия ұйымдарында партия жиналыстарын дер кезінде әрі мазмұнды өткізуге күш салына бастады. Бюро мәжілістерінде партия ұйымдарының жиналыстарды дайындау, өткізуі жайынан мәселелер қарау тәжірибеге енгізілді. Әсіресе, Маңғыстау балық аулау стансасы мен балықшылар кооперативі бастауыш партия ұйымдарындағы кейбір кемшіліктер елеңдетпей қоймады. Аудандық комитеттің бюросы бұл кемшіліктерді талдап, елеп-екшеп, мейлінше көрсетіп, қайталамауды және басқа партия ұйымдарына да бұл мәселелерге ерекше мән беруді тапсырды. Осылайынша, партия жиналыстары коммунистер мен партияда жоқтардың шыңдалу, шынығу мектебіне айналдыру талап етілді. Үнемі байыпты қадағалаудың нәтижесінде партия жиналыстары айына екі реттен өтетін болды. Күн тәртібіне «енгізілетін мәселелерді көпшілікке күні бұрын хабарлау дәстүрге айналды, Халық арасында белсенділіктің кеңінен өрістеуі арқасында 1936-жылы ұйым мүшелерінің жиналыстарға қатынасуы бірінші тоқсандағы сексен проценттен төртінші тоқсанда тоқсан төрт процентке дейін өсті. Жиналыста белсенділік көрсетіп, сөйлеушілердің қатары да күрт көбейе бастады. Сол кездердің тарихына кең көлемде барлау жасағандықтан бұл жерде де нақтылы деректерді келтіре кеткен жөн ғой деп ойлаймыз. Партия жиналыстарында сөйлеушілердің қатары бірінші тоқсандағы елу бес проценттен жыл аяғына қарай сексен сегіз процентке дейін көтерілді. Дегенмен кейбір партия ұйымдарында жарғылық талаптарды бұрмалауға да жол беріліп жатты, Жиналыстардың төрағалығына, тіпті партия бюросының кұрамына кандидаттарды сайлаған кездер де орын алды. Солай бола тұра отызыншы жылдардың орта шенінде партия ұйымдарында болған кейбір оң өзгерістер Батыс Қазақстан облыстық партия комитетінің 1935 жылдың желтоқсанының сегізінші жұлдызында өткен бюросының мәжілісінде аталып көрсетілді. Маңғыстау аудандық партия ұйымдарында партия құжаттарын тексерудің қорытындылары туралы қабылданған қаулыда бұл науқанның жиналыстарды уақтылы өткізуге, коммунистердің оған қатысуы мен белсенділігін арттыруға елеулі ықпалы болды деген тұжырым жасалған. 78.

Отызыншы жылдарда партия қатарына тілектестер де көптеп қабылданды. Соған сәйкес ұйымдарда тілектестер топтары құрылды. 1937 жылы ауданда осындай жеті топ болып, онда елудей тілектес есепте тұрды. Олардың көбі сауатты болғандықтан қоғамдық жұмыстарда ерекше белсенділік танытып жүрді. Уылдырық жасау шеберінің көмекшісі Ерманова, стахановшы Жарасов, Гурьев қаласындағы Совет қызметкерлерін даярлайтын сегіз айлық курсты тәмәмдаған Шахаев„ ғылыми қызметкер Роганов, Киров атындағы мектептің, директоры Танкебаев, тағы басқа тілектестер тобының мүшелері кейіннен партия қатарына қабылданды. Олар өздеріне кезінде көрсетілген сенімге лайық коммунист жүгін мінсіз көтерді де.

Уақыт ағымына қарай бұл кезде партия ұяларын-ақ тілектестер арасындағы жұмысты мейлінше пәрменді жүргізу талап етілді. Олар үнемі партия жиналыстарына қатыстырылып, жауапты қоғамдық тапсырмалар беріп отыру тәжірибеге енгізілді.

Білікті кадрлардың тапшылығы Маңғыстау жарты аралында жиырмасыншы жылдардың аяғында-ақ әлеуметтік-экономикалық жағдайға да, саяси бұқаралық. жұмыстарды өрістетуге де елеулі нұқсан келтірген еді. Отызыншы жылдардағы әрқалай дүрбелеңдер білікті кадрлардан айырылып қалуға әкеліп соқты. Осыдан келіп, аудандық партия комитеті кадрлар даярлауды ерекше қолға алды. Белсенді әрі ұйымдастыру қабілеті бар жастардың оқуына, тиянақты біліммен қарулануына жағдай жасады. 1936 жылдың өзінде ғана Маңғыбаев Еркебай, Тұмышев Сейдеш, Смағұлов Шертай, Бәлдеков Орынбай Орал қаласындағы жоғары ауыл шаруашылығы мектебіне оқуға жіберілді. Аудан орталығында қысқа мерзімді курстар, кешкі мектептер ашылды. Балық өнеркәсібіне қажетті есепшілер, хатшылар, бригада жетекшілері, кеме командирлері мен жүргізушілер, сондай-ақ мектеп мұғалімдері, мал мамандары, медицина қызметкерлері даярланды. Осылайша 1937 жылы екі жүзден астам адам әр түрлі курстардан етті. Осы жылы жиырма екі коммунист аудан көлеміндегі басқару жұмыстарына жоғарылатылды. Құлшыманов қалалық совет атқару комитетінің төрағалығына Байнекеев Исаев атындағы колхоздың төрағалығына сайлайды. Сонымен қатар он бес партияда жоқ адам, он бір комсомолец балық кәсіпшіліктеріне, мәдениет мекемелеріне, сауда орындарына, серіктестіктер мен балықшы колхоздарға әр түрлі жұмыстарға аттандырылды. Дегенмен партиялық қызметтерге қажетті кадрлар өте аз даярланды. Партия қызметкерлері үшін курстар мен семинарлар ұйымдастырылмады. Отызыншы жылдардың бас кезінде білікті кадрлардың жеткіліксіздігі көпшілік арасында саяси жұмыстарды өрістетуде елеулі қиындықтар туғызды. Күрделі жағдайларға байланысты кадрлардың жауапкершілігін арттыру мақсатында аудандық партия комитеті өзінің бюроларында олардың есептерін тыңдап, бағыт беріп отырды. Айталық, 1936 жылғы желтоқсанның екінші жұлдызында партия мүшелері Хайроллин мен Есовтың есептерін тыңдады. Бюро оларға саяси білімдерін көтеруді, тарихи және әдеби кітаптар оқуды, ағымдағы саясаттан хабардар болуды тапсырды. 79.

Отызыншы жылдардың орта кезінде әйелдерді қоғамдық жұмыстарға кеңінен қатыстыру, олардың арасында саяси шараларды өрістету жөнінде бұрынғыға қарағанда анағұрлым елеулі қадамдар жасала бастады. Соған орай тек 1936 жылдың өзінде әйелдердің сексен жеті жиналысы өтті. Оған үш мың жеті жүз жиырма жеті әйел қатынасты. Жиналыстарда өнеркәсіп пен транспорттағы озат жұмысшылардың слетіне қатынасқандардың мәлімдемелері, Қазақстан қыздары съезінің қорытындылары туралы, тағы басқа көптеген маңызды мәселелер талқыланды. Бұл бас қосуларда екі жүз сегіз әйел сөйлеп, өздерінің тұрмыстары, қоғамдық жұмыстарға белсене араласуларына жағдай туғызу, жалпы әлеуметтік әл-ахуал жайында өз пікірлерін ортаға салды Ол жылдард а Балжан Бергібаева, А.М.Борисова, Ұлмаш Қарабалаева, Жұма Алтаева, Анна Гребенкова, Балбибі Бекжанова, Клавдия Митрофанова сияқты көптеген әйелдер еңбекте де, тұрмыста да өнегелілік танытып жүрді. Әйелдер басқару жұмыстарына да жоғарылатыла бастады. 1935-1936 жылдары жиырма бес әйел басқару жұмыстарына қойылды . (Ау дандық партия комитеті жанында әйелдер секциясы жұмыс істеді. Бұл секция мерзімді уақыттарында өзінің мәжілістерін өткізіп отырды. Секция айталық, 1932 жылы сәуір айында өткен бір мәжілісінде «Әйелдер бұқарасының және әйел активистердің алдында тұрған кезектегі міндеттер, орыс әйелдері арасында делегаттық жиналыстар өткізу туралы» мәселелер қарады. Дегенмен коммунистер арасында әйелдердің қатары әлі де тым аз еді. Оған мына бір мысал айқын дәлел. 1930 жылы аудан партия ұйымында. жиырма коммунист әйел есепте тұрса, 1939 жылы он үш партия мүшесі мен жиырма алты мүшелікке кандидат есепте тұрды.

1928-1939 жылдар арасында аудан партия ұйымының оныншы партия конференциясы өтті. Аудандық комитеттің пленумдары да уақтылы өтіп тұрған. Осындай желелі басқосуларда коммунистер сын мен өзара сынды істетуге күш салды. Сол кезеңнің жағдайы солай болған шығар, аудандық партия, комитетінің хатшылары, жиі ауысып тұрған. Олардың кейбіреулеріне аудандық конференцияның делегаттары. сенім көрсетпей, сайламай тастап отырған. 1939 жылы Маңғыстау ауданынан Форт-Шевченко ауданы бөлініп, өз алдына енші алды. Сөйтіп, Маңғыстау жарты аралында екі аудан және аудандық партия ұйымдары қатар, тең дами бастады.

Маңғыстау ауданының коммунистері отызыншы жылдардың ауыртпалығына қайыспады. Еңбекші қауымды алда тұрған әлеуметтік-экономикалық міндеттерді орындауға жұмылдырып, үлкен беделге ие болды...

РУХАНИ ӨМІР

Ол кездегі ауылдың кейбір атқамінер азаматтарының арасында болған алауыздықтың төркіні тек пендешілікте ғана емес еді. Мұндай келеңсіздіктің тамыры тереңде, сауатсыздық, әсіресе, саяси сауаттың кемдігі ойдың мүгедектігін туғызған, адам жаны экологиясының бүлінуіне әкеліп соққанды. Аудан партия ұйымы осынау қиындықтардан құтылудың жолдарын қарастырумен болды. Ендігі жерде жылт еткен сезімнің сананы билеуіне жол бермеу үшін тәрбие жұмыстары қолға алды. Сонда неден бастау керек еді? 80.

Партия ұйымдары біраз қиыншылықтарды бастарынан кешіре отырып, едәуір тәжірибе жинақтаған болатын. Соған орай жиырмасыншы жылдардың табалдырығында,жарты аралда партия ұйымы алғаш құрылған шақта-ақ күн тәртібіне қойылған оқу, сауат ашу, білімге талпыныс өзінің маңыздылығын жоймай келе жатты. Жан тазалығы мен жүрек сергектігінің төркіні - білімде, ғылымда, саяси сауаттылықта екендігіне жұртшылықтың көзін жеткізуді әрбір коммунистің мұратына айналдыру партия ұйымдары жұмысының басты қайнары болып табылды. Ол үшін ең алдымен әрбір коммунистің білім құмарлығын, жалпы дүниетанымын ояту қажет еді. Міне, осындай жағдайда 1930 жылдың наурыз айының жиырма бесінші жұлдызында Маңғыстау аудандық төртінші партия конференциясы делегаттар округтік партия комитеті мен аудандық партия комитетінің есептерін тыңдады. Аудан Гурьев округіне қосылғаннан кейін өткен мерзім ішінде әл-ахуал„.мәдени-тұрмыс, тәлім-тәрбие жұмыстары салаларындағы жасалған алғашқы игі қадамдар өзінің лайықты жалғастарын тапса екен деген тілек әр делегаттың сөзіне тиянақты арқау болды.

— Біздің ұйым саяси жағынан әлі әлсіз, ал ұйымдық жағынан өтпелі кезеңдерді бастан кешірудеміз. Бюрократтықтың қылаң беруі кездейсоқ емес. Біз кадрлар даярладық. Енді аппараттың мүмкіндігін тезірек ұлғайтып, бұқараның саяси сезімі мен сенімін оятуымыз керек,- деді делегат Венедикнов.

— Ауыл адамдары арасындағы мәдени-ағарту ісі ойдағыдай болмай отыр,- деді делегат Шынтеміров.

Міне, көріп отырсыздар, ауылдың рухани өмірін қайткен күнде де келеңсіз жәйттерден қорғап, мазмұнын байыта түсу, кезең талаптарына сай келісті келбет беру қамы сол дәуірдің белсенді азаматтарының жүрегінің төрінен берік орын алды. Берік орын алып қана қойған жоқ, нақтылы істерге бастады.

Осы кезде Форт-Шевченко қаласы орыс ұлты тұрғындарының жалпы жиналысы өтті. Онда аудандық партия комитетінің өкілі Венедикнов шіркеу туралы хабарлама жасады. Жиналысқа қатысушылар шіркеуді жабу, оның дүние-мүлкін ойын-сауық үйірмелеріне, ал қоңырауын өнеркәсіпке беруге шешім қабылдады. Арнайы комиссия құрылып, құрамына Эриванцев, Калмықов, Никоноровтар енді. Кезінде,бұл шара идеология саласында тындырылған елеулі істердің қатарына жатқызылды. Оны айтасыз, аудандық төртінші партия конференциясында жасалған баяндамада аудандағы үш шіркеудің (Форт-Шевченко қаласында, Құлалы және Долгий аралдарында болатын) жабылып, олардың дүние-мүлкінің мәдени-ағарту мекемелерінің қажетіне жаратылуын серпіле сөз етті.

Рас, әрбір тарихи оқиға өз кезеңінің талғам талабымен өлшенуі керек. Дегенмен адамзат өмірге әкелген туындылардың қай-қайсысына да жанашырлықпен қарау, оның ұнамды жағын мейлінше пайдаланудың жолы қарастыру сол кезеңде ескерілмей, діни ғимараттардың науқаншылдықпен, қоғамдық шешім деген желеумен бүлдірілгені өкінішті-ақ еді. Кейінгі кездері заманның ағымына қарай ондай келеңсіздіктердің айыпталып жатуы да тегін емес.

1930 жылғы қыркүйек айының он екі-он төртінші жұлдыздары аралығында Маңғыстау аудандық кезектен тыс бесінші конференциясы болып өтті. Мұндай кезектен тыс конференцияның өту себебі сол жылдың маусым, шілде айларында ВКП(б)-нің он алтыншы съезі өз жұмысын аяқтағанды, «Барлық майдан бойынша социализмге ауқымды шабуыл съезі» деп аталған бұл съездің шешімдерінен туындайтын аудан партия ұйымдарының міндеттерін белгілеген конференцияда сан-алуан пікірлер тоғысып, бар шындық шегіне жеткізіле шертіліп, «берік байламды пайымдаулар жасалды.

— Жергілікті тұрғындардың мамандық алып, олардың білімдерін жетілдіру курстарын ашуға, мәдени жорықтар ұйымдастыруға аудандық партия комитеті көбірек көңіл бөлсе екен, — деді делегат Несіпбеков.

— Сауатсыздықты жою жолындағы жұмысты мардымды дей алмаймыз, — деді делегат Аманкелдиев.

— Тұз өндірісіндегі жұмысшылардың тұрмысы мен мәдениеті көңілдің көлеңкесінде, көзден таса қалып отыр,- деді Төлеев.

— Біз партия ұйымын нығайту кезеңіне аяқ басқалы отырмыз. Дегенмен бюрократтықтан арыла алмай келеміз. Біз аппаратты бұқараға жақындастыра алмай отырмыз. Мұнан тез арада арылуымыз керек. Ауылға басшылық тікелей қатынас арқылы болса екен, — деді Венедикнов. 81

Венедикнов ол жылдарда аудандық партия комитетінің үгіт-насихат бөлімінде меңгеруші болып қызмет атқарды. Оның әртүрлі жиындардағы сөздерінде келешек тұрғысынан ұнамды саясат насихатталып, саяси табандылық таныта бастады. 82.

Отызыншы жылдардың басында жылт етіп көрінген осындай биік талаптардың ұшқыны кейінгі жылдары өрісті жалғасын таппағаны әрине, бүгінгі ұрпақты қапаландырады. Бүкіл қоғам, партия өміріндегі бұл дағдарыстың түп тамыры - жиырмасыншы, отызыншы жылдар коммунистерінің партия тұрмысының ұстамды талаптарына құлақ аспағандығында, кейінгі жылдарда оны көпе көрнеу өрескел бұрмалауында екендігін нақты деректер дәлелдеп, көзді жеткізе түседі. Қазір күн тәртібіне қойылып отырған өмірдің қатал талаптары, жеке адамға табыну және одан кейінгі тоқырау кезеңдерінде орын алған өрескел жайларды қайталамауды талап етеді.

Маңғыстау өңірінде халыққа білім беру мақсатында 1929-1930 жылдары партия оқуы үйірмесі, екі саяси сауат ашу мектебі жұмыс істей бастады. Аудандық партия ұйымы кейінгі жылдары оның саласын кеңейтіп коммунистер мен партияда жоқ активисттердің саяси білім алуларына жағдай туғызудың жолдарын қарастырды. 1937 жылы әртүрлі саяси мектептерде алты жүз жиырма тоғыз коммунист пен активист отыз бір комсомол мектебінде бес жүз алпыс бір комсомолец пен жастар оқыды. Насихатшылар даярланды. Осындай шаралардың арқасында аудан еңбекшілерінің оқуға білім алуға құмарлығы арта түсті. 1930 жылы тоғы кедей жұмысшы жоғары оқу орындарына оқуға жолдама алды. Зоотехниктер мен колхоз басшыларының, мал шаруашылығы өнімдерін дайындаушылардың аудандық курстары ұйымдастырылды. Сегіз жүзге жуық адам сауат ашу мектебінде оқыды. Тағы бір көңілсіздеу дерекке зер салатын болсақ, 1937 жылы ауданда бес мың жиырма жеті сауатсыз, екі мың шала сауатты адам болған екен. Осыған орай еңбекшілерді қараңғылықтан құтқару үшін сауат ашу мектептерінің қатары көбейтілді . Бір ғана 1937 жылдың өзінде екі мың он адам оқып, сауаттанып шықты.

1934 жылы аудандық партия комитетінің жанынан партия кабинеті құрылды. Ол аудандағы барлық саяси жұмыстың орталығына айналды. 1932 жылдан бастап әр айдың он төртінде және жиырма сегізінде партия күні өткізіліп тұрды. Ол күндері ұйымның ішкі партиялық мәселелері және идеологиялық, саяси-тәрбие жұмыстарына талдау жасалды.Партиялық насихат, үгіт бұқаралық, жалпы саяси жұмыстардың жайы туралы. аудандық партия комитетінің бюросында, пленум дары мен конференцияларында мәселелер қаралып, нақтылы шаралар белгіленді. Айталық, 1937 жылы желтоқсанның он төртінші жұлдызында өткен кезектен тыс аудандық партия конференциясында Саяси-үгіт жұмысын қайта құруға байланысты аудан партия ұйымының міндеттері жайында арнайы мәселе талқыланды. Ал 1939 жылы маусымның он бесінде еткен аудандық партия комитетінің үшінші пленумында Партиялық насихат жұмысы және алдағы міндеттер туралы мәселе қаралды. Онда қабылданған қаулылар кезінде ауданда идеологиялық, саяси-тәрбие жұмыстарын өрістетуге елеулі ықпал жасады.

Маңғыстау ауданының рухани өмірінің кемелдене түсуіне Гурьев округтік, одан кейін облыстық партия комитеттері ерекше назар аударып отырды. Әсіресе, 1939 жылғы шілде айының он төртінде Қазақ ССР Халық Комиссарлар Советі мен ВКП(б) Қазақ өлкелік комитеті «Маңғыстау ауданының шаруашылық және мәдени құрылысын көтеру шаралары туралы» қаулысының ерекше маңызы болды. 83.

1931 жылы аудандық «Колхоз жолы» газетінің өмірге келуі ауданның рухани өміріндегі елеулі жаңалықтардың бірі болғандығын атап айтқан жөн. Газет 1931 жылдан 1934 жылға дейін сирек, жылына отыз-отыз бес рет қана, төрт жүз, жеті жүз таралыммен жарық көріп отырды. 1934 жылдан бастап, үш мың дана таралыммен айына он екі реттен шығып тұрды. Аудандық газет сол кезеңнің талабына сай барынша өткірлік танытты. 1933 жылы қарашаның бірінен 1934 жылы наурыздың біріне дейін газет беттерінде алты жүз жиырма төрт мақала жарияланды. Оның бір жүз жетпіс сегізі қылмысты істерді әшкереледі. Жеті іс халық сотында қаралды. Газеттің алпыс ауыл-село тілшілері болды. Газет солардың көмегіне арқа сүйеді, олармен лайықты жұмыстар жүргізіп отырды. Қабырға газеттеріне көмек ұйымдастырды. Қабырға газеттері редакторларының курстары жұмыс істеді (ол жылдары аудан бойынша елу тоғыз қабырға газеті шығарылып тұрды).

Аудандық газеттің редакторы болып Қызылбаев кейіннен Мұхамбетов, Нұрышов, тағы басқалар қызмет істеді. Олар өздерінің шамалары келгенше газеттің мазмұнды шығуына, оның төңірегіне талапты жастарды топтастыруға көп еңбек сіңірді. Мен Нұрышев Ғалымжанмен қаламдас ретінде жақсы таныс болдым. Отызыншы жылдардың орта шенінде Орал қаласындағы екі жылдық ауыл шаруашылық мектебін тәмәмдаған, 1932 жылдан партия мүшесі Ғалекең Ұлы Отан соғысынан бір қолынан айырылып елге оралды. Гурьев облысы Теңіз ауданындағы Киров атындағы колхоздық беделді азаматы болып, басқару жұмыстарында жүрді. Аудандық, облыстық газеттердің белсенді тілшісі, өзінің жалынды да мазмұнды мақалаларымен, хабарларымен оқушысын тамсандырып, газетке үлкен жүректі жанашыр, шынайы көмекші бола білгенді. Ол өмірінің соңғы күндеріне дейін қаламынан қол үзбеген, ақжарқын, адал, абзал азамат еді. 84.

Аудандық партия комитеті халыққа жалпы білім беретін мектептердің жұмысын жетілдіруді, мүмкіндігінше олардың материалдық игіліктерін молайта беруді үнемі назарда ұстап отырды. 1929-1930 оқу жылында аудандағы тоғыз мектепте алты жүз жетпіс екі бала оқыса, 1937 жылы елу мектепте төрт мың тоғыз жүз елу үш бала оқыды. Балалар үйі, мектеп-интернаттар ұйымдастырылды. Мұғалімдер қатары өсті. 1929-1930 жылдары жиырма жеті мұғалім жұмыс істесе, 1937 жылы бір жүз жиырма екіге өсті. Олардың он төртінің ғана ұлты орыс еді. Жетеуінің жоғары, он екісінің орта дәрежелі білімі барды.

Маңғыстауда малшылар үнемі жайлауға көшіп отыратындықтан жылжымалы мектептер де ұйымдастырылды. Отызыншы жылдардың бас кезінде оқуға тартылмай қалған ересек балалар үшін де арнайы мектептер ашылды. ВКП(б) Маңғыстау аудандық комитетінің 1932 жылғы "қыркүйек айының жиырма бірінші және жиырма алтыншы жұлдыздары аралығында, бес күнге созылған кеңейтілген үшінші пленумында «Ауданның мәдени құрылысы жайында» мәселе талқыланды. Мұнда жарты аралда оқу-ағарту ісін жолға жою үшін қажетті маңызды мәселелерге талдау жасалды. Нақтылы шешімдер қабылданды. Гурьев, округтік комитетінің 1929 жылғы тамыз айының онындағы жаңа алфавитті ауыл мектептеріне енгізуді жеделдету жолдары туралы қаулысының орындалу барысына ерекше көңіл бөлінді. 85.

1938 жылы Маңғыстау ауданында мұғалімдерді аттестациядан өткізу шарасы жүзеге асырылды. Бір жүз он сегіз мұғалім лайықты бағасын алды. Қырық бір мұғалімнің білімі талапқа сай келмеді. 1939 жылы ақпанның он алтысында ҚПК (б) Орталық Комитеті қазақ мектептерінде орыс тілін оқытудың жайы туралы қаулы қабылдады. Бұл қаулының қазақ мектептерінде орыс тілін оқытуды жолға қоюға үлкен септігі тиді. Дегенмен, отызыншы жылдарда мектептердің материалдық базалары мүлде нашар еді. Оқулықтар мен оқу құралдары жетіспеді. Балалар үйі мен мектеп-интернаттарда да жағдай ойдағыдай болмады. Киім-кешек, төсек-орын да тапшылық етті. Аудандық партия комитетінің бюросында мектеп пен мектеп-интернаттың, балалар үйінің жағдайы туралы мәселелер қаралып, көмек көрсетіліп тұрды. Бірақ бұл шаралардың бәрі де әлі жеткіліксіз еді. Мектептердегі оқу-тәрбие ісінде де өзін-өзі ақтамаған ескі әдістерді қолдану деректері байқалып, сол кездегі газет беттерінде сынға да алынды. 86.

Ауыл-селоның мәдени өміріне жаңа сипат беру мақсаты ауыл интеллигенттерін де, партия-совет қызметкерлерін де аз толғандырған жоқ. 1930 жылы қаңтардың он төртінде ауданның саяси, мәдени, кәсіби активінің жалпы жиналысы өтті. Онда еңбекшілер арасында мәдени-саяси жұмыстарды өрістету, бюрократтықпен, төрешілік былықпен, бос белбеулікпен, жағымпаздықпен күресті күшейтуді, ол үшін алдымен мәдени-саяси тәрбие жұмыстарын өрістету талап етілді. 1929-1930 жылдары ауданда еңбекшілерге екі клуб, бір оқу үйі, бір кітапхана, бір қызыл отау қызмет көрсетті. Мүмкіндігінше мәдениет мекемелеріне кадрлар даярлау, олардың шеберлігін шыңдап, төңірегіне ауыл өнерпаздарын топтастыру қолға алынды. Мәдениет мекемелерінің жүйесі кеңейтілді. 1936 жылдың өзінде ауданда бір халық үйі, алты клуб, сегіз оқу үйі, жиырма сегіз қызыл бұрыш, бір аудандық кітапхана жұмыс істеді. Отыз үш патефон, сегіз жүз алпыс күйтабақшалары сатылып алынып, халық мәдениет ошақтарына топ-топ болып жиналып, ән-күй тыңдауларына жағдай жасалды. Ол жылдарда бұл қадамның өзі едәуір жетістік еді.

Аудандық партия комитеті мүмкіндігіне қарай аудандағы мәдени-бұқаралық жұмыстарды кеңінен өрістетуге ұдайы қамқорлық жасап отырды. Айталық, 1937 жылдың ақпаны мен шілде айларында аудандық балықшылар одағы мен Каспий теңіз аңдары және балық аулау тресінің кәсіпорындарындағы мәдени-бұқаралық жұмысқа кадр даярлау, өткізілетін мәдени шаралардың он күн сайынғы жоспарларын жасау, мәдениет мекемелерің қызметкерлеріне тұрмыстық жағдай туғызу Баутин поселкесінен клуб салу, қызыл бұрыш ұйымдастыру, оларға кәсіподақ комитеті тарапынан ұтымды басшылық жасау, ұйымдастыру жұмыстарын тікелей өз қолдарына алу ұсынылды. Аудандық партия комитетінің ол кездегі аудандағы ең ірі өндіріс орталығы — балық өнеркәсібі кәсіпорындары мен балықшы колхоздардағы мәдени-бұқаралық жұмыстарды жан-жақты жетілдіруге бағыт ұстауы құптауға тұрарлық қадам еді. Өйткені, ауыл шаруашылығына қарағанда олардың материалдық жағынан мүмкіндіктері молдауды. 1936 жылы желтоқсанның отызында аупартком бюросында «Қызыл өзен» балықшы колхозының төрағасы Белуниннің «Шаруашылық - қаражат және мәдени-бұқаралық жұмыстың жайы туралы» баяндамасын тыңдады. Бюро колхозда мәдени-бұқаралық, саяси-тәрбие жұмыстарының деңгейінің әлі де төмен екенін, стахановшылар қозғалысына басшылықтың нақтылы болмай отырғандығын атап көрсетті. Бюро қаулысының кезінде аудан колхоздары мен балықшы кәсіпорындарында мәдени шараларды мазмұнды да жоспарлы жүргізуге біршама ықпалының болғанын атап айтқан орынды. Ол жылдары мәдениет мекемелерінің жанына үгітшілер де топтастырылды. Ұйымдасқан үгітшілер халық арасында әңгімелер өткізіп, баяндамалар жасады. Әсіресе, СССР Конституциясының жобасын талқылау барысында жиналыстар өткізуді ұйымдастырды. Конституция жобасын талқылауға аудан бойынша алты мың бір жүз тоқсан бес адам қатынасып, жүздеген адам сөйлеп, өз ұсыныстарын білдірді. Қызыл отаулар үнемі алыс-алыс ауылдарға сапарға шығып тұрды. Олар 1936 жылғы қараша-желтоқсан айларындағы сапарларында бес балықшы колхозда, он сегіз кіші серіктестіктерде болып, саяси тақырыптарда әңгімелер өткізіп, өнер көрсетті. Қызыл отаулар құрамындағы үгітшілер, белгілі домбырашылар мен әншілер қарт ақын Сәттіғұл Жаңғабыловтың басшылығымен халық жүрегіне жол тауып, көпшілікті қатты риза етіп қайтып жүрді. Ол жылдарда өнерпаздардың еңбеккер қауымның ортасына баратын мұндай сапарлары жиі ұйымдастырылып тұрды. Әлбетте, ол кездерде елді мекендер толық радиоландырыла қоймағанды. Ауданда бар болғаны қырық бес нүктені қамтитын бір ғана радио торабы жұмыс істеді. Кино жүйелері де дамымағанды. Ауданда үш-ақ шағын кино қондырғы болды. Осындай қиыншылықтар ортасында отырған халық қалай дегенде де алдан үлкен үміт күтті. Насихат пен үгіттің күші халықтың партияға деген сенімін еселеп арттырып, ешбір қиындықты елемей, шықтан жаншыған кедейлікті, ауыртпалықты қайыспай кетеріп, қоғамдық еңбекке жұмыла кірісіп, тек алға ұмтыла берді. 1936 жылы ақпанның бесінде Қазақстан өлкелік партия комитетінің шешімі бойынша аудандық партия комитеті жанынан мәдениет бөлімі құрылды. Бұл ендігі жылдары ауданда мәдени-бұқаралық жұмыстар мен шараларды жүйелі жүргізуге қолайлы жағдай жасады. 87.

Отызыншы жылдардағы бұл өлкедегі тағы бір есте қаларлық жай Маңғыстау-Мәскеу түйе жорығына әзірлік еді. Түлік төресі - түйенің ең асылы осы жарты аралда өсірілді. Бұл жорыққа әзірліктің экономикалық та, саяси да маңызы өзге шаралардан кем түспеді. Түйенің экономикалық та, экзотикалық та қасиеттерін түсіндіре, насихаттай отырып, оны өсіріп отырған қазақстандықтардың еңбегін паш ету мақсатында бұл жорықты мейлінше ұйымшылдықпен өткізуге күш салынды. Аупартком бюросының қаулысымен 1936 жылы шілденің он алтысында жиырма адамнан жорықшылар тобы құрылды. Оның құрамына әртүрлі мамандықтың иелері енді. Олардың асыл тұқымды қырық алты түйені бес атпен Маңғыстау-Мәскеу сапарына алып шығуы ұйғарылды. Сағатына он төрт шақырымнан күніне он сағат жол жүріп, Үстірт, Қарақұм, Жем өзені арқылы Мақат өндірісі, Қызылқоға, Орал өзені, Қалмыково поселкесі, Алғай стансасы, немесе Орал қаласы арқылы темір жол бойымен, Еділ өзенінен өтіп, Саратов қаласы арқылы жүретін жол сапарлары жоспарланды. Маңғыстаулықтар кезінде осындай бір аңыз боларлық шараны жүзеге асыруға әзірлікті өздеріне көрсетілген елеулі ілтипат деп бағалады. 88.

...Бәйгеге қосқан аты мәреге бірінші жетіп, Әтеғұловтар жанұясына қуаныш әкелді. Елі мақтап, құттықтап жатты. Бірақ атбегі көңілінің төрінде әлде қалай күдік табы білінді де қанша сабыр сақтағанымен маза бермей-ақ қойды. Ұлан бәйгеде топжарған сәйгүлігін өрістен көрген сайын неге екені белгісіз, жүрегі сыздап қоя беретін бір жайсыз қалып тапқандай.

Сезім шіркіннің сезгіші-ай, десеңші! Көп кешікпеді. Көктен түсе қалғандай жетіп келген хабаршы апшыны қуырмасынба?

— Атыңды алып жүр, немесе бізге бер, колхозға тапсырамыз. Аудан басшыларының әмірі солай, — деп дігірледі хабаршы.

— О, тәңірім, Бекет әулие! Не дейді мына бәлекет?

Бұл көңілінің жалғыз медеуі, мақтанышы, күллі жұрт жұттан жамсап жатқанда өзіне тәңірі сыйлағандай аман қалған кербесті мәстегі еді, бүгінде нағыз сандал кер, кездің жауын ала ойнақ салған сәйгүлік еді. Оның үстіне сол соңғы көздердің өзінде бәйгеден талай дара келіп, дүйім жұртты тамсандырғанды. Бәйгесі түскірлерге аттың бағын, өзінің бағын сынайын деп қана қосып еді. Бәрі бекер болған екен. «Қап, әттеген-ай, қайдан ғана қосып едім?» Ол осындай сан-сапалақ опық ойлар үстінде әлгі хабаршыға жақындап келе жатты. Қолындағы жүгенін сан қайтара бұрап-бұрап, қарулы білегіне орап алыпты.

— Қәне, қайта айтшы әлгі сөздеріңді, — деді тістері тістеріне тимей, өткір жанары шарасынан шығып кетердей кейпі алабөтен сұстанып кеткен. Хабаршы сескеніп,кейін шегіне берді. Шегіне тұра атына қарғып мінді де - Тоқтай тұр, тәңіріңнің көкте емес, жерде жүргенін көрерсің әлі,— деп қамшысын шошаңдатқан күйі шаба жөнелді.

— Қап, мына қорқаудың қылғаның-ай, ә...- Атбегі әбігерге түсті... — Болмас, мен кербестіні көзден тасалайын...-Атбегінің әйелі жүкті еді. Ол бір жағынан шырылдап аяғына орала кетті, — Барма, бер атыңды, құрсын, бер. Олар бәрі бір қоймайды...

Атбегі кербестіні ауылдан алып кеткен күні суық жолды хабаршылар қайтадан сау ете түсті.

— Күйеуің қайда, ат қайда?

— Білмеймін.

— Білесің, айтасың, әйтпесе біз сені абақтыға жаптырамыз.

— Білмеймін дедім ғой, білмеймін.- Аяғы ауыр келіншек егіл-тегіл.

— Кәні, айт шыныңды...- Хабаршы қолындағы мылтығын жүк-аяқ үстінде жинаулы тұрған төсек-орынға кезеп, шаппаны басып қалды. Мылтық гүрс етті. Аяғы ауыр келіншек есінен танып, етпетінен сұлық түсті. О, жасаған! Жүннен жасалған көрпе-жастық бықсып жана бастады...

Ұзынқұлақтан дерек алған атбегі аулына оралды... Бәрі тас-талқан...Ол таңмен таласа келіп, аупарткомның есігін күзетіп, басшыларды күтті... Олар келе салысымен болған жайды айтып та үлгіртпей атбегіні абақтыға жаптырды, атын колхоздың табынына қостырып жіберді.

Жазықсыз Өтеғұлов босанып шығысымен Мәскеуге, Сталинге телеграмма жолдады. Сымхатта болған оқиғаны түгелге жуық баяндады. Атын қайтартып беруге көмектесуді өтінді. Енді қайтесің? Тексеру келді. Елдегі басшылар тағы да ебін тапты. «Ат Өтеғұловқа қате сатылған, колхозда қалуы керек» деген жалған шешім шығарып үлгеріпті.

Міне, отызыншы жылдардағы ел арасындағы озбырлықтың бір көрінісі осындай еді. Ел рухани мешеуліктен қайтсек құтыламыз деп жанталасып, ол бағытта түрлі шаралар да белгіленіп жатса, ауылдың механикалық жолмен тартудың мүмкіндігі қарастырылды. Жер суландыру үшін қаражат бөлінді. Балық шаруашылығын дамытуға байланысты соны қадамдар жасау көзделді... Бұл қаулы кезінде Маңғыстау ауданының әл-ахуалын, мәдени-тұрмысын, әлеуметтік жай-жапсарын елеулі деңгейге көтеруге жағдай жасады. 89.

1929 жылы тамыз айында Гурьев округтік партия комитеті мен округтік тексеру комиссиясының біріккен пленумында «Округтік партия комитетінің бюросы тарапынан біраз шаралар жүзеге асырыла тұрса да Маңғыстау ауданының саяси жағдайы қиын қалпында қалып отыр» — деген тұжырым жасалды. Саяси жағдайды сауықтыруға бағытталған округтік партия комитетінің іс-әрекеттері дұрыс деп танылды. Мұны аудан партия ұйымы кейінгі жылдардағы жұмысында басшылыққа алды. Саяси жағдай мен әлеуметтік аяқ алыс, әл-ахуалдың халықтың көңілінен шығып, жүдеген шаруашылықты көтеру үшін ұйымдастыру жұмысын ілгері қарай өрістете беру ұйғарылды. Сол жылдың қазан айында ауданның әл-ахуалының негізі - мал шаруашылығын өрге бастыру қамын, ауыл адамдары арасындағы саяси-ұйымдастыру жұмыстарын сол кезеңнің талабы деңгейіне көтеру мүддесін көздеп ауыл партия активінің кеңесі шақырылды. Онда «Ауылдағы партия ұйымдарының кезектегі міндеттері туралы» мәселе талқыланды. Партияның XV съезі мен XVI партия конференциясының, ВҚП(б) Орталық Комитеті мен республика өлкелік партия комитеті планумдарының шешімдеріне сай ауыл мен деревняны әлеуметтік жағынан қайта құру күресінің нәтижелерін баянды етуге ауылдардағы партия ұйымдары барлық күшті жұмылдырып, жаңа бастамаға қарсылық көрсеткендермен терең де мазмұнды жұмыс жүргізу талап етілді. Ауылдардағы партия ұйымдарының біразының әлі де болса шаруалардың шын мәніндегі ұйымдастырушысы, ұйтқысы бола алмай отырғандығы сынға алынды. Ол жылдарда сонымен қатар ауыл азаматтарының кеңесі де жиі шақырылып тұрды. Өйткені, ауылды социалистік жолмен жаңаша құру мақсаты ауыл белсенділерінің күшін еңбекшілерді келелі істерге бастауға мейлінше пайдалануды күтті. 1929 жылдың аяқ шенінде ауданда екі жүз төрт мың жеті жүз отыз бір мал болды. 1932 жылға дейін созылған қуаңшылық мал өрісін тарылтты. Көші-қон сергелдеңі басталды. Мал өліп, адамдар ашаршылыққа ұшырады. Оның үстіне сол жылдарда шаруаларды жаппай коллективтендіру науқаны өріс алды. 1930 жылы сәуір айында Қазақстан өлкелік партия комитетінің бюросында «Ауылдағы шаруашылық шаралар жөнінде» мәселе қаралып, көшпелі малды ауылдарда шаруаларды жаппай коллективтендіруге, әсіресе, әкімшілік қысыммен, коллективтендірудің міндеттерін теріс түсіндіру жолымен құрылған колхоздардың ілгері қарай өмір сүруіне, дамуына ешқандай жағдайдың жоқтығы, ондай колхоздарды тарату керектігі айтылды. Сонымен қатар орта шаруалардың конфискеленген малдарын қайтарып беру округтік партия комитеттеріне тапсырды. Дәл осы тұста Гурьев округтік партия комитеті барлық қалалық, аудандық партия ұйымдарына хат жолдады. Онда «...Біз бесжылдықтың аяғына дейін коллективтендіруді аяқтауымыз керек. Новобогат, Жилокосинский, Маңғыстау аудандары «қағаздан» колхоздар жасауда... Ондай колхоздарды тарату жөніндегі шешімнің дұрыстығын қуаттаймыз» делінген. 90.

Коллективтендіру кезінде аудан көлемінде асыра сілтеу болмай қалмады. 1931 жылы мал тапсырушылардан жүз алпыс мыңнан астам сомның ордері конфискеленді. Ауыл еңбекшілері мұндай жөнсіздіктерге ашынып, үш жүз тоқсан төрт шағым түсірді. Оның бір жүз қырық алтысы қанағаттандырылып, тоқсан бесі тергеуге жіберілді. Конфескеленген ордерлер иелеріне қайтарылып берілді. Қалай дегенмен де ауданда коллективтендіру ісі жалғасын тапты. Отыз кіші серіктестік, екі ауыл шаруашылық артелі, он балықшы колхозы шаңырақ көтерді. Алайда, ауданда мал шаруашылығы мардымсыз дамыды. Малды орынсыз сойып, талан-таражға салу етек алды. 1934 жылдың ақпанында өткен аудандық партия комитетінің төртінші пленумы бұл жайға ерекше назар аударды. Ауылдарда малдың зұлымдықпен орынсыз шығын болуына қарсы күресті күшейтуді, мал тұқымын асылдандырып, әр түрлі аурулардан сақтандыру шараларын жүзеге асыруды, балықшы колхоздарда құс өсіруді ұсынды. Осындай маңызды қаулының орындалуы қатаң бақылауға алынбады. Басталған істің баянды болуының қамын көздеушілер өте аз болды. Мал дәрігерлік, зоотехникалық шаралар уақтылы жүзеге аспады. 1930 жылы ауданда жалғыз ғана мал дәрігерлік пункт жұмыс істеді. Кейінгі бір деректерге зер салсақ, 1938 жылы ауданда жетпіс жеті мың сегіз жүз сексен екі мал болған екен. Жеке шаруалар арасында малдарын есепке бермей тығып ұстаушылардың да деректері байқалды. Сөйтіп, 1929 жылмен салыстырғанда малдың саны тіпті кеміп кетті. Қазіргі кезең талабы тұрғысынан қарайтын болсақ, бұл шаруаны жерден, малға ие болудан айырғандық тың салдары еді. 91.

Маңғыстау жерінде отызыншы жылдардың орта кезіне дейін коллективтендіруге риза еместер қолдарынан келген әрекеттерін, қарсылықтарын жасап бақты. Әрине, олардың жөнсіз әрекеттерін еш уақытта ақтауға болмас еді. Ондай қадамдарға кезеңнің келеңсіз қылықтары барғызғаны да даусыз.

Содан бері талай уақыт өтті. Ел небір қиындықтардан шықты. Біраз биіктерге көтерілді. Бірақ әлі де болса көңілді күпті ете беретін кемшіліктердің бар екендігін мойындауымыз керек. Айталық, бұл күндері Маңғыстау ауданының малын 1929 жылғы, одан кейінгі халықты қатты қинап кеткен жұт жылдармен салыстырсақ, қырық мыңның о жақ бұл жағында ғана артық. Бұған сенгің де келмейді. Бірақ нақтылы жағдай солай. Демек, облыста мал шаруашылығының келешегі үлкен өзгерісті талап ететін сияқты. Маңғыстау өлкесіндегі өнеркәсіп пен ауылшаруашылығының өзара қарым-қатынасын да жаңаша сипатта дамыту керектігі даусыз ақиқат. Бұл сайып келгенде, ауыл еңбеккерлерінің әлеуметтік әл-ахуалының ертеңгі қамы болмақ.

Жарты аралдың еңбеккерлері егіншілікпен 1932 жылдан бастап шындап айналысты. Сол жылы ауданда бір мың сегіз жүз төрт гектар егістік алқап болды. Шаруашылықтар егіншілік құрал-жабдықтарымен өте әлсіз жарақ танылды. Сол кездегі аудандағы бар құрал-сайман алпыс тоғыз соқа, отыз тоғыз тырма, алты дән сепкіш қана екен. Сол жылдан бастап, Маңғыстау ауданы ауыл шаруашылығын, оның ішінде егіншілікті шұғыл өрге бастыруға бағыт ұстады. Шөп шабатын машине стансасы құрылды. Ауыл еңбеккерлеріне үйлер, малға жайлы қора салу, жерді суландыру қолға алынды. 1936 жылы маусым айында Батыс Қазақстан облыстық Совет атқару комитетінің президиумі мен облыстық партия комитетінің бюросы «Маңғыстау ауданында жерді суландыру және ауыл шаруашылығын сумен қамтамасыз ету туралы» қаулы қабылдады. Онда 1934 жылдан бастап аудан көлемінде жер суландыру жұмысының жүйелі жүре бастағаны, тау қатпарынан ұзындығы үш жүз метр су жолы, су жинайтын құбыр жасалғаны, бұл мақсатқа бір жүз тоғыз мың сом қаржы жұмсалғаны айтылды. Қаулыда сондай-ақ 1938 жылдың аяғына дейін суландырылған жер көлемін екі мың гектарға жеткізу көзделді. 1936 жылы суландырылған жердің көлемі екі жүз сексен алты гектарға, су құятын жап бір жүз бірге жетті, отыз жел диірмен орнатылды. Сол жылы сегіз гектар жерге жеміс ағаштары отырғызылды. Бұл қаулының да кезінде жарты аралда егін шаруашылығын дамытуға едәуір ықпалы болды. 92.

Жиырмасыншы, отызыншы жылдары балық шаруашылығы жарты арал халқы әл-ахуалының негізгі саласына айналды. Долгий, Құлалы аралдары мен Баутин поселкесінің тұрғындары колхоздарға мүшелікке өтті. 1930 жылы он балықшы колхоздың үш жүз отыздан астам мүшесі балық аулады. Еділ-Каспий балық тресі ұйымдастырылды. Бегдаш, Апан, Қызыл балық қабылдау пункттері ашылды. 1928 жылы «Маңғыстау» деп аталатын серіктестік өз алдына дербестік алды. Ол 1930 жылы трест деп аталып, Бірлік, Бақыт, Талап, Қызылөзен, Рыбак, тағы басқа жиырмаға жуық ұсақ артельді біріктірді!. Балық шаруашылықтарына басшылықты күшейту үшін сол жылы «Балықшы үштік» деген жедел ұйымдастыру органы өмірге келді. Оның құрамына Құндақбаев, Водениктов, Рубцов енді. Ол 1931 жылы «Путен комитет» деп қайта құрылды. Олар өздерінің мәжілістерін өткізіп, балық шаруашылығының жай-жапсарын қарап, қарарлар қабылдап отырды. 93.

1930 жылы наурыз айында өткен аудандық партия конференциясында Маңғыстаудағы балық өнеркәсібінің бүгінгі жайы және оны алдағы уақыттарда дамытудың жолдары туралы мәселе қарап, сол тұстағы істің мүддесін көздеген қаулы қабылданды. Онда балықшы колхоздарын құру тәжірибесін жетілдіру, колхоз активін топтастыру, жаңа мүшелер тарту, олардың арасында саяси-мәдени жұмыстарды өрістету міндеттері қойылды.

Балық аулаумен балықшы колхоздар, кооперативтер, мемлекеттік кәсіпшіліктер айналысты. 1931 жылы оңтүстік экспедициясы құрылды. Ол Каспийдің Иран жақ жағалауынан майшабақ аулады. Бұл экспедицияның кейінгі жылдардағы еңбек көрсеткішіне зер салып қарайтын болсақ, біраз табыстарға жеткенін байқаймыз. Мысалы, тек 1934 жылдың қараша айынан 1935 жылдың сәуір айына дейін экспедиция балықшылары үш мың үш жүз елу центнер майшабақ аулап, «Туркменрыбтресінің» қабылдау пункттеріне тапсырған. Бұл саладағы арғы-бергі деректерді салыстыра қарайтын болсақ, 1929 жылы мемлекеттік кәсіпшіліктер қырық мың бес жүз жиырма тоғыз центнер, балықшы кооперативтер он үш мың үш жүз центнер, ал 1936 жылы балықшы колхоздар жеті жүз мың бір жүз тоқсан үш центнер балық аулаған.

1932 жылдың аяқ кезінде моторлы балық аулау стансасы, келесі жылы «ВНИРО-ның» Жайық-Каспий стансасын жарақтандырған, механикалық шеберхананың стансасының бөлімшесі құрылды. Оларда балық өндірісін ұлғайту жолында елеулі қадамдар жасады. 94.

Ол кезде Маңғыстау аудандық партия комитетінің бюросында балық шаруашылығын өрге бастыру мақсатындағы мәселелер жиі қаралды. Жекелеген колхоздардың жұмыстары жан-жақты зерттеліп, тәжірибелері қорытылды. Нақтылы бағыттар беріліп отырды. 1936 жылы маусым айында аудандық партия комитетінің бюросы мен аудандық Совет атқару комитеті президиумының біріккен мәжілісінде «Маңғыстау моторлы балық аулау стансасының жұмысы жайлы» мәселе талқыланды. Біріккен мәжілісте СССР тамақ өнеркәсібі халық комиссариаты Микояниан Маңғыстау моторлы балық аулау стансасын жарақтандыруға, механикалық шеберхананың құрылысын аяқтауға көмектесуді сұрау ұсынылды. Сонымен катар қызыл балықты жыл бойы аулау мәселесін шешу ұйғарылды. Гурьев округтік, Батыс Қазақстан облыстық партия комитеттерінен мәжіліс шешімін қолдауды өтінді. Сол жылы шілде айында аудандық партия комитетінің хатшысы мен моторлы балық аулау стансасының директоры республика Халық Комиссарлар Советінің төрағасы Исаевтың атына сымхат жолдап, Маңғыстау моторлы балық аулау стансасының материалдық-техникалық базасының нашар екендігін баяндап, оны толық жарақтандыру үшін екі жүз елу мың сом қаржы керек екенін, СССР Тамақ өнеркәсібі Халық Комиссары Микоянға ауданның әл-ахуалын көтеру үшін өтінішпен шығуды сұрады.

Батыс Қазақстан облыстық партия комитетінде Маңғыстау ауданындағы балықшы колхоздар мен балық өнеркәсібі кәсіпорындарының-трестің, қабылдау пункттерінің жұмыстары туралы баяндамалар, хабарламалар тыңдалды. Нақтылы көмектер ұйымдастырылды. Облыстық партия комитетінің 1937 жылы ақпан айында өткен бюросында «Маңғыстау балықшы колхоздарының жұмысы жайында» келелі сөз болды. Ол жылдары ауданның балықшы қолхоздарында жағдай біршама жақсара түскен еді. Балық аулауға екі мыңнан астам адам қатысып, жоспар асыра орындалғанды. 95.

Балықшылар аулау құрал-жабдықтарымен де біршама қамтамасыз етіле бастаған. «Интернационал», Құрамысов атындағы, «Қызылөзен», Мирзоян атындағы, Ленин атындағы колхоздардың (төрағалары Ермилов, Байтов,. Белунин, Теңізбаев, Жантиев) балықшылары жарыс жүлдегерлері атанған. Ол жылдары балықшылар арасында стахановшылар қозғалысы өрістей түскен. Облыстық партия комитетінің бюросында өткен жылдардың мұндай оңды нәтижелері ескерілді. Сөйтсе де балық аулау, оны қабылдау және өңдеу істерінде әлі де елеулі кемшіліктер бар еді. Колхоздар механикаландырылған аулау кемелерімен қамтамасыз етілмеді, балық өңдейтін орындардың жағдайы да мәз емес-ті. Колхозшылардың техникалық сауаты да мардымсыз, олардың арасында мәдени-бұқаралық жұмыстар өз дәрежесінде жүргізілмеді. Балықшылар жанұяларындағы еңбекке жарамды адамдарды еңбекке орналастырудың жәйі де сын көтермейтін. Облыстық партия комитетінің бюросы мұндай кемшіліктерден арылудың жолдарын нұсқады. Аудандық партия комитетіне колхоздардағы ұйымдастыру жұмыстарын күшейту, ішкі демократияны нығайту, балықшы шаруашылықтардың жарғысын қабылдату, соның негізінде еңбек тәртібін нығайту ерекше тапсырылды.

Бұл күндері Каспий теңізі қорыққа айналды. Тайызынан балық ауланбайды десе де боларлық. Бұрынғыдай балықшы колхоздар да жоқ. Пирс ағат пен Сильяннан ауланған ергежей балықтан өзге де теңіз байлығын: ең болмағанда жергілікті халықтың игілігіне айналдыру мәселесін шешуді қолға алатын уақыт жеткен сияқты. Бағалы балық қамбасы кәрі Каспийдің жағасын мекендеп отырып, мұхиттардан ауланатын балықты тасып әкеліп жеуімізге жол болсын? Біздің мұндай оралымсыз әрекеттеріміз келер ұрпақтың көздеріне өкініш күлкі үйіріліп, кеуделеріне реніш отын маздатары қақ. Ендеше бүгінгі облыстық әкімшіліктің қолға алар келелі бір мәселесі осы-ay деген де ойға қаласың. Каспий теңізінің тайызынан балық аулауға рұқсат алу, балықшылардың жаңа да іскер буынын даярлау, оларды осы заманғы техника, құрал-жабдықтармен, кемелермен қамтамасыз ету, сондай-ақ тоған шаруашылықтарын ұйымдастыруда бүгінгі күннің келелі істері болмақ. Қалай дегенде де қазіргідей жаңа экономикалық саясаттың жүзеге асырылып жатқан шағында мұндай қадамның аса қажеттілік ескерген абзал.

Маңғыстауда отызыншы жылдарда көмір өндірісі қолға алынды. Тек 1934 жылы жеті жүз тонна көмір өндірілді. Одан кейінгі жылдары жоспарлар мүмкіндігіне қарай ұлғайтылып отырған. 1935 жылы мұнда Лединградтың ғылыми-зерттеу институтынан арнайы геологиялық барлау экспедициясы келді. Олар бұл сапарда Маңғыстаудың геологиялық құрамын тереңірек зерттеуді мақсат етті. 96.

Сульфат өндіру жұмысы одан әрі жалғастырылды, Қатыбұлақ, Қарабұғаз тұз көлдерінде жүздеген адам жұмыс істеді. 1930 жылы «Сульфаттрест» құрылды. Аудандық, округтік, облыстық партия комитеттері тұз және көмір өндірістерінің жайы мен онда еңбек ететін жұмысшылардың тұрмыс жағдайларына мейлінше көңіл бөліп, тиісті көмекті де аяған жоқ. Айталық, 1934 жылдың шілде айында Батыс Қазақстан облыстық партия комитеті «Қарабұғазхимстрой» тресінің жұмысы жайында» хабарлама тыңдады. Одақтық маңызы бар кәсіпорындардың бірқалыпты жұмыс істеуін қамтамасыз етуге, жұмысшыларға тұрмыстық жағдай туғызуға бағытталған нақтылы байламдар жасалынды. Қарабұғаз химия комбинатын іске қосуға әзірлік туралы келелі сөз қозғалды. Оның жүзеге асуы кейін де қадағаланып отырды. Ақыры, іс нәтижелі де болды. 1939 жылы қыркүйек айында аудандық партия комитетінің бесінші пленумында «Шахта құрылысының хәлі және алдағы міндеттер жайында» мәселе қаралды. Пленум шахта құрылысы басшылығына қолда бар жабдықтар мен жұмысшы күшін тиімді пайдалануды, тәуліктік жұмыс мөлшерін орындауды тапсырды.

Аудандық партия конференцияларында, партия комитеті планумдарында, бюро мәжілістерінде, партия-шаруашылық активінің жиналыстарында ауданның әл-ахуалы жайында түбегейлі әңгіме қозғалғанда ең алдымен адамдарға қамқорлық жасау, әртүрлі тауқыметті әбігерден құтқару қамы бірінші кезекке қойылды. Бұқара арасында саяси-ұйымдастыру, тәрбие жұмыстарын өрістету, кадрлар даярлау, оларды іріктеу, тәрбиелеу істеріне үнемі назар аударылды. Шикізат пен ресурстарды үнемдеу, еңбек тәртібін нығайту талап етілді. Маңғыстау өңірі халқының бұрынғы-соңғы әл-ахуалы жайлы ой толғағанда көкейге мынандай пайымдау келеді. Қай тарихи кезең болмасын — мейлі әкімшілік-әміршілдік, мейлі валюнтаризм, одан кейінгі тоқырау кезеңі болсын оның қай-қайсысының да кемшіліктерімен қатар өмірге пайдалы тәуір тәжірибелері, ұнамды қадамдары болғаны анық. Сондықтан да бұрынғы істелгендердің бәрін жоққа шығара бермей, өмірге пайдалы, икемді жақтарын қажетке жарата білу әр ұрпақтың парызы болмақ.

ҚАУЫМДАСУ ҚАМЫ

...Красноводск аудандық Совет атқару комитетінде жиналыс өтті. Қазақстан Халық Қоммисарлар Советінен Құлжанов, Маңғыстау аудандық Советі атқару комитетінің төрағасы Құндақбаев қатысты. Жиналысты Красноводск аудандық Советі атқару комитеті төрағасының орынбасары Батилло басқарды. Түрікмен республикасы Халық Комиссарлар Советінен Моисеенко қатынасып, сөз алды. Мәселе Қазақстанның Маңғыстау ауданынан көшіп барған жеті жүз отыз жеті жанұяның жай-жапсары кақында еді. Республикадан келген өкілдерді тағдыр тәлкегіне қарай Түрікменстанға қоныс аударған маңғыстаулықтардың мұндағы тұрмыс-халі мен жұмысының жайы толғандырды. Ортақ мәміле төркіні - қайтадан өз еліне көшіп баруды қаламаған қазақтарды жұмысқа орналастырып, бұған дейін өкімет тарапынан беріліп келген тегін көмекті доғару болды. Түрікменстан өкіметі оларды Қарақұмдағы күкірт зауыты құрылысы мен Қарабұғаздағы сульфат өндірісіне жіберуді ұйғарды. Көшіп келгендердің кейбіреулері өздеріне көрсетілген көмекті теріс түсініп, еңбек етуге енжар қарады. Ал олардың Маңғыстауда қалған ағайындарының ішінде осылай қарай көшіп келуге ұмтылушылар да көбейді. 97.

1929-1932 жылдардағы күллі елді жайлаған ашаршылық талай жұртты азапқа салды. Соның салдарынан Иран мен Ауғанстанға көшкен ел де сай-сүйекті сырқыратты. Бірақ қанша қиналғанмен ауданда азын-аулақ жәрдемнен басқа мүмкіндік болмады. Кейін есін жиғаннан соң «елім-жерім» деп қайтып көшіп келгендер де болды. Оларға жер, үй бөлінді. Балықшылар қауымына қосылып, өмір сүруге лайықты кәсіпте тапты.

Жұт әкелген әбігер, шаруаларды коллективтендіру, байлардың малын конфискелеу сияқты саясатқа қарсы бас көтерушілер көбейіп тұрған шақта - 1930 жылдың ақпан айында Гурьев округтік партия комитетінің мәжілісінде «Советтердің жаңа міндеттері туралы» мәселе талқыланды. Ауылды жаппай коллективтендірудің мәнін түсінбей және ауылдық, селолық Советтердің ұйымдастырушылық рөлін дұрыс бағаламай, бұларды жоюға әрекеттену, жалпы елді советтендіруге қарсылық, тап жауларының ыңғайын қоштаушылық сияқты пиғылдарға тез арада тойтарыс беру жөнінде шешім қабылданды. Сонымен Чатар ауылдық Советтерді кадрлармен нығайту мақсатында Совет қызметкерлерін даярлайтын курстар ашу ұйғарылды. 98.

1926 жылғы санақ бойынша Маңғыстауда елу бес мың бес жүз жиырма бес адам мекендеген. Ғылым академиясының деректері бойынша сол халықтан 1930 жылы отыз сегіз мың он екі-ақ адам қалған. Мал шаруашылығы да тым құлдырап кеткен. Ғылым академиясының деректерге жүгінсек, 1908 жылы жарты аралда бір миллион жеті жүз сексен алты мың мал болған. Ал, 1930 жылы, сұрапыл жұттан кейін оның тек жиырма проценті, немесе үш жүз елу төрт мың екі жүз қырық үші ғана қалған еді. Ал қазір облыста сол 1908 жылғы малдың те үштен біріне жуығы ғана бар.

Қаншама тұйыққа тіреген жоқщылық пен қиыншылықтар жарты арал адамдарының жігерін мұқалта алмады. Одан құтылудың жолдарын іздестірді. «Кедей» қоғамы құрылды. Оның он бір ұясы болды. Олардың шаңырағының астында бір мың төрт жүз адам ниеттері мен (мақсаттарын біріктірді. Мүшелікке енді, тұтынушылар қоғамында бес жүз мыңға жуық адам мүше болды.

Сол кезде аудан бойынша он жеті ауылдық, екі поселкелік Советтің атқару комитеттері ауыл еңбеккерлерін бес жылдық міндеттерін орындауға жұмылдырды. Елдің әл-ахуалы, мал және балық шаруашылықтарың дамыту қамы аудандық, қала берді ауылдық, поселкелік совет атқару комитеттерінің күнделікті бұқаралық- ұйымдастыру жұмыстарының негізіне айналды. Аудандық қаражат қорындағы қаржыны орынды пайдалану, финанс тәртібін нығайту мәселесі де назардан түспеді. Айталық, 1929 және 1930 жылдарда ауданның қаражат қорыңда бір жүз алпыс төрт мың екі жүз сексен бес сом болды. Оның елу проценті халық ағарту жиырма бес проценті денсаулық сақтау ісіне жұмсалды. Мұндай шаралар уақыттың талабынан туындап отырды. Заман ағымы түзеліп, ел мұраттарын жүзеге асыруға қол жете бастағанда адамға қамқорлық жасау бірінші кезекке қойылған.

Ауданда 1930 жылдың қарашасынан 1931 жылдың қаңтарының орта шеніне дейін жергілікті Советтердің сайлауы өтті. 1930 жылы сайлауға жиырма бір мың елу алты адам қатынасты. Бірі мың екі жүз елу бес адамды дауыс беру құқығынан айырды. Мұның ішінде төрт жүз тоқсан үш адам бұл үкіммен келіспей шағым берді. Арнайы комиссия қарап, бір жүз жиырма сегіз сайлаушының дауыс беру құқығын қалпына келтірді. Ауылдық Советтерге президиум мүшесі болып бір жүз бес адам сайланды. 1931 жылы ауылдық совет саны жиырма бірге өсті.

1931 жыл Маңғыстау аудандық совет інің екінші съезі шақырылды. Онда ең алдымен аудандық атқару комитетінің есебі тыңдалды. Съезд сонымен қатар аудан еңбекшілерінің алдында тұрған міндеттерді белгіледі.

Өнеркәсіп бойынша - таскөмір, тұз өндірісін ұлғайту, жер асты байлықтарын іздестіре беруді кең көлемде жүргізу міндеттелді. Балық шаруашылығы саласында - моторлы және діңгекті балық аулау кемелерін көбейту, балықты механикалық жолмен аулауға көше бастау, балықшы колхоздарды материалдық жағынан нығайту көзделді. Мал шаруашылығын жедел қарқынмен дамыту, ол үшін ветеринарлық-зоотехникалық шараларды жүзеге асыру, мал тұқымын асылдандыруды қолға алу, бау-бақша өсіру, мұның бәрі елді тұрақтандыру ісімен қатар жүргізілуі керек деген тұжырым жасалды.

Аудандық советтің бұл съезінің шешімдерін орындау жолындағы ұйымдастыру жұмыстары жан жақты өріс алды. Советтер жұмысындағы кеңсешілдік пен төрешілдік былыққа қарсы төтенше күрес жүргізу, «Кедей» одағының жұмысын жандандыру, коллективтендіру ісін тиянақты қолға алу, ауылда заңдылықты қалыптастыру, колхоздар мен кәсіпшіліктерде қоғамдық, өндірістік жолдастық соттар ұйымдастыру, жұмысшылардың еңбегін қорғау, әйелдер арасындағы жұмыстарды дамыту, тағы басқа шараларды жүзеге асыру міндеті қойылды. Әрбір ауылдық Советке саяси уәкіл бөлінді. Олар ауыл белсенділерінің көмегіне сүйене отырып, сол жердегі барлық науқандық жұмыстардың ұйымшылдықпен өтуіне көмекші, кеңесші қажет болса жауап беретін де болды. Әрине, мұның бәрі сол кезеңнің талаптарына сай қолға алынған шаралар дегенмен демократиялық принциптерден көпе-көрнеу ауытқудың алғашқы белгілері еді. 99.

1931 жылға дейін ауданда бұқаралық-ұйымдастыру жұмыстарын пәрменді жүргізу аса қиынға соқты. Аудан халқының он жеті проценті ғана отырықшы, қалғаны көшіп-қонып жүрді, олардың көші-қондары сонау Ресей, Түрікменстан жерлеріне дейін созылып жатты. Ал, елді тұрақтандырмай тұрып, әл-ахуалды, мәдени-тұрмыстық жағдайды биікке көтеру, елдің саяси өмірін жетілдіру мүддесін жүзеге асыру мүмкін емес еді. Бұл бағытта өлкелік партия комитеті мен республика халық комиссарлар Советінің көшпелі және жартылай көшпелі шаруашылықтарды отырықшыландыру шараларын жүзеге асыру және оны шұғыл аяқтау туралы шешімінің елеулі ықпалы болды. Ауданнан қырдағы елге арнайы бригада жіберілді. Оның құрамына әр түрлі мамандықтың адамдары енгізілді. Олар еңбекшілер арасында жан-жақты түсінік жұмыстарын жүргізіп, халықты тұрақты қоныстандыруға лайықты жер іздеді. Елдің тұрмысына қолайлы деген жерлер картаға түсіріліп, әр учаскенің қысқаша анықтамасы жазылды. Құрылыстар салатын материалдар табу және пайдалану реттері де қарастырылды. 1932 жылы осындай әртүрлі мамандық иелерінен құрылған арнайы бригада қырға жіберіліп, Жыңғылды, Жарма, Шайыр, Шетпе, Ақмыш, Таушық бойларын зерттеп, халықтың мекендеуіне осы маңайлар лайықты деген қорытынды жасады.

Елді тұрақтандыру процесі ұзаққа созылды. Себебі малға өріс іздеп, көшіп-қонып үйреніп қалған ел отырықшылыққа бірден көне алмады. Тұрғын үйлер салу, малдың қорасы мен жемшөбі, халықты азық-түлік, киім-кешекпен қамтамасыз ету мәселелерін шешу көптеген қиыншылықтармен жүзеге асып отырды. 1936 жылы тұрмыс жағдайлары нашар көшпенділерге жәрдем беру комиссиясы құрылды. 1937 жылы бұл комиссияға жергілікті жағдайларға байланысты өзгерістер енгізілді. 100.

Аудандық партия комитеті мен аудандық Советтің атқару комитеті жылма-жыл бұл саладағы жұмыстардың қорытындысын талдап, келер жылдың міндеттерін белгілеп отырды. Мемлекет тарапынан да көптеген көмек көрсетіліп жатты. Тек 1931-1932 жылдардың өзінде бұл шараларға бір жүз жиырма сегіз мың сомға жуық қаржы жұмсалды. Ал, 1934 жылы аудан көлеміндегі аса мұқтаж шаруаларға бес мың екі жүз тоқсан жеті центнер астық, үш мың алты жүз отыз бір мал, балықшы колхоздар құрылып, оларға көшпенділерді орналастыру үшін екі жүз қырық мың сом қаржы, көктемгі егіске қажетті бір мың екі жүз центнер астық тұқымы жәрдемге берілді. 1936 жылы желтоқсанның он бесіне дейін жеті жүз қырық тоғыз үй тұрақтандырылды. Оның төрт жүз тоқсан алтысы мал шаруашылығы серіктестіктеріне, бір жүз қырық екісі балықшы колхоздарға, бір жүз он бірі балық тресіне жұмысқа орналастырылды. Малы жоқ жанұяларға бір жүз сексен қой, екі жүз жиырма сиыр берілді. Ауылдық Советтер үкімет тарапынан болған көмекті дұрыс бөлуді, ойдағыдай орналастыруды ұйымдастырды, бақылауға алды. Азық-түлік тапшылығына байланысты ауданда карточка жүйесі енгізілді. Ол тек 1935 жылы қаңтар айының бірінде ВКП (б) Орталық Комитетінің қараша Пленумының шешімінен кейін ғана Маңғыстау ауданының көлемінде тоқтатылды.

1931 жылдың қазан айының бірінде бұл өңірде ауылшаруашылығын коллективтендіру жұмысы басталды. Аудандық, ауылдық Совет атқару комитеттері бұл шараны қолдарына алды. Партия ұйымдары өз тараптарынан нақты көмек беріп отырды. 101.

Желтоқсан айының он сегізінде коллективтендірудің алғашқы қорытындылары шығарылды. Аудандық мал колхоздары одағының ұйымдастыру бюросының мәліметі бойынша бұл күнге дейін жеті жүз сексен бес жеке шаруашылық коллективтік шаруашылықтарға біріккен. Бір мың үш жүз тоқсан ірі қара және көптеген майда тұяқ малдар бір орталыққа топтастырылған. Аудандық ұйымдастыру бюросы колхоздастырудың бұған дейін қолданылып келген әдісін өзгертіп, қоғамдастырылған малдың ойдағыдай өнім бермейтіндігі еске алынып, ендігі жерде тек мамандандырылған шаруашылықтар құрып, ұсақ малдарды колхозшылардың өз меншігінде қалдыруды ұсынды.

1932 жылы қыркүйектің жиырма бірінен жиырма алтысына дейін аудандық партия комитетінің пленумы өтті. Бес күнге созылған бұл жиында аудандағы мәдени құрылыстың жайы талқыланды. Ол жылдарда мәдени ағарту мәселесіне ерекше назар аударыла бастаған. 1930-1931 жылдармен салыстырғанда 1931-1932 жылдары мәдени құрылыстарға жергілікті қордан бөлінген қаражаттың мөлшері бір жүз тоқсан жеті мың сомға артқан еді. Ашылған мектеп саны, мұғалімдер құрамы екі есеге жуық, ал, оқуға тартылған балалар елу бір процентке өскен болатын. Бұл сол кезеңнің жалпы жағдайына қарағанда аудан мәдени өмірдің алғашқы нәтижелі қадамдардың бірі еді. Ауылдық, поселкелік Советтердің бұған қосқан үлестері аз болған жоқ. Дегенмен алдағы алынар асулар әлі оңайлықпен жүзеге аса қоймайтындығы пленумда аталып көрсетілді. Қол жеткен табыстарды баянды ету жолындағы ұйымдастыру жұмыстарын өрістете түсу міндетін қойды. Сол кездегі маңызды бір мәдени шара 1932 жылы Маңғыстауда Тарас Шевченко атындағы бақ пен мұражай ашылды. Бұл жаңалық ауыл тұрғындарына лайықты әсер еткені де белгілі. 102.

Жергілікті Советтер ауыл белсенділерінің беделін көтеру жолындағы күресті күшейтті. Олардың өнегелі еңбек етіп, қоғамдық жұмыстарда көш бастауы қаланды. Аудан көлемінде бұл мәселенің ауқымды сипат алуына өлкелік партия комитетінің 1932 жылы тамыз айында ауылдағы өтірік белсенділер туралы қабылдаған қаулысының мәні айта қаларлықтай болды. 1933 жылы ақпан айында өткен аудандық партия комитетінің бюросында аталмыш қаулыны жүзеге асырудың жайы туралы мәселе қаралды. Бюро «белсенді деген қадірлі ат кім көрінгенге берілмесін. Тәртіп бұзатын, міндетті жұмысына жауапкершілікпен қарамайтын, тапсырманы орындамайтын, төрешілдік көрсететін басшы коммунистерге қатаң ескертулер жасалсын. Сонымен қатар жұмысты тастап кететін немесе келмей қалатын басшылар жұмыстан босатылсын» деген шешім қабылдады. Аудан көлемінде қоғамдық тәртіпті күшейтуге, кадрлардың жауапкершілігін арттыруға бұл қаулы елеулі түрде әсер етті. Әрине, жауапкершілікті күшейту мәселесі бір ғана бұйрықпен, әкімшілік жолмен шешіле салмағанымен кезіндегі жағдай осындай төтенше шаралар белгілеуді талап етті. 103.

1936 жыл ерекше жаңалығымен тарихта қалды. Бұл жылы елімізде жаңа Конституция қабылданды. Оның жобасын талқылау кезінде бүкіл еліміздің халқы сияқты маңғыстаулықтар да үлкен белсенділік, ел, халық қамына мүдделілік танытты. Қыркүйектің бірінен он бесіне дейін жетпіс елді мекенде, жұмыс орындарында жиналыстар өтті. Коллективті түрде талқылау ұйымдастырылды. Оған алты мың бір жүз-тоқсан бес адам қатысты. Жүз деген адам сөйлеп, өз пікірлерін ортаға салды. 104.

1936 жылы қарашаның екінші жұлдызында аудандық партия комитетінің бюросы «Ауылдық, қалалық Совет пленумдары мен аудандық Советтің төртінші съезінің қорытындысы туралы» мәселе талқылады. Бұл жылы ауылдық, қалалық Советтердің сайлауы өткенді. Сайлау алдындағы жиналыстарда халық қалаулыларына аманат ретінде алдымен Совет жұмысын жаңа сатыға көтеру тапсырылған. Осы мәселеге байланысты ауданда алпыс төрт жерде жиналыстар өтіп, алты мың алты жүз сексен тоғыз сайлаушы қатысқан. Совет жұмысын атқара алмаған біраз атқару комитеттерінің төрағалары мен хатшылары жұмыстарынан босатылды. Олардың орнына істің жайын білетін адамдар сайланды. Мысалы, Сығынды ауылдық Советінің төрағалығына Омаров, хатшылыққа Жұбаниязов, Шайыр ауылдық Советі аткомының төрағалығына Балманов, Ауыздыбас ауылдық Советі аткомының төрағасына Масатовты, Шетпе ауылдық Советі аткомының хатшысына Жұмыров, тағы басқалар сайланды. Аудандық партия комитетінің бюросы сайлаушылар жиналысы мен Советтер пленумдарының шешімдерін мақұлдады.

Аудандық Советтің төртінші съезіне жергілікті Советтерінің президиумында сайланған бір жүз жиырма үш делегаттың бір жүз он бірі қатысты. Съезде елу тоғыз адам шығып сөйледі. Советтер жұмысындағы игілікті қадамдар мен кемшіліктер, әсіресе, елдің әл-ахуалының жай-жапсары кеңінен талдау жасалынды. Алдағы өтетін округтік съезге шешуші дауыспен он төрт, кеңестік дауыспен бір делегат сайланды. Ауаткомның он екі мүшесі мен бес мүшелікке кандидат толықтырылып, қайтадан сайланды. 105.

Отызыншы жылдардың басында ауыл тіршілігіне кірбің әкелген аса бір қиын оқиға — сол кездегі саясатқа қарсы шыққандарды тежеу, тойтарыс беру болды. Ондай шаралар қолданбасқа амал қалмады. Ондап-жүздеп топтасқан көпшілік жағдайда ашынған қарулы қолдар коллективтік шаруашылықтарға ортақтастырылған мал қораларына шабуыл жасады. Айталық, 1931 жылы мамырдың жиырма тоғыз, отызыншы жұлдыздарында үстірт жақ беттен үш жүзге жуық қол тыныш жатқан елге тап берді. Бес мың малды алдарына салып айдап, кооперативтік пункті, тағы басқа қоғамдық орындарды тонап кетті. Маусымның сегізінші, он төртінші жұлдыздарында тағы да үстірттің терістігінен қарулы қолдар келіп, екі жүз жылқыны айдап кетті. Кооператив пункті тонады. 106 Ал, маусымның жиырма екісі мен жиырма үшіндегі Форт Шевченко қаласына жасаған шабуыл сай сүйекті сырқыратты. Көпшілігі қаруланған, мыңға жуық адам мемлекеттік банкті, радио-стансаны, кооператив қоймаларын басып алды, тонады. Ел жеке меншігіндегі малын да қорғай алмады. Жиырма бір мың уақ мал, бір мың бес жүз ірі қараны алып кетті. Сегіз тұрғын үйді тонады. Мал шаруашылығының кеңсесін өртеді. Қаладан тоқсан шақырым жердегі балық тресінің кәсіпшіліктерін өртеді. Елу мың сомдық мүлкі бар кооператив пунктін тонады. Ауыл-ауылдың халі мүлде ауырлап кетті. Қорыққан адамдардың көші-қоны» үргін-сүргіні тағы да басталды. Шапқыншылардан қорыққан көп адам солармен бірге ілесіп кетті. Жергілікті басшылар Баку қаласы әкімшілігінен көмек сұрады. Қарулы отряд келіп, қаланың жан-жағынан елу километрге дейінгі қашықтықты күзетуді қолға алды. Қалаға шабуыл жасаған қарулы қолдар жыл ой, Табын, Ойыл, Маңғыстау аудандарының жаңа саясатқа қарсы көтерілген өзге ойлы адамдары еді. Олар қырда қарсылық көрсеткен екі белсенді кедейді оққа ұшырды. Қаны қарая көтерілген топтардың қыр еліндегі аудан, ауыл белсенділеріне жазықсыз азап көрсеткені жайындағы хабарлар үсті үстіне жетіп жатты. Форт Шевченка қаласына шабуыл жасаған кезде бір адам жеңіл жарақаттанды. Ал шапқыншылар жағынан отызға жуық адам өлді және жарақаттанды. 107.

Сәуір айында да бірнеше қарулы қарақшылар ел тыныштығын бұзды. Гамрекели, Енәлиев бастаған жедел әскери топ оларды Бишақты, Боздақ маңдарында талқандады. Жетпіс бес адам жарақаттанып, жиырма екі адам оққа ұшты, бірнеше қару-жарақ қолға түсті.

Елге маза бермеген қарулы қарақшыларға ауыл адамдары да наразылық білдіре бастады. Олар өздерін қорғайтын жасақшылар құрды. Караағашты, Ойра, Үлкенханға елді мекендерінен он алты адамнан жасақшылар тобы құрылып елге бірде-бір қарақшыны жолатпауға серттесті. Он бірінші ауылдың адамдары Долгий аралына шабуыл жасаған қарақшыларды алып, жүре алмаған соң, жолға тастап кеткен жиырма қап астығын жинап, сол далаға қойып, қарақшылардың келуін аңдыды. Түн қараңғылығын жамылып келген бір топ қарақшыны ауылдың отыз-қырық адамы, ішінде әйелі де ерлері де бар, қолдарына түскен қаруларын алып, тым-тырақай қуып шықты.

Қарақшылар ел адамдарынан да, әскери топтан да қатты тойтарыс алып, ауылдар сәл-пәл саябыр тапқан кезде мемлекеттік комиссия төрағасы Құлымбетов қол қойған сымхат аудан-ауданға тарады. Онда ауылдарды қарақшылардан тазартқаннан кейін жүргізілетін үгіт-түсік жұмыстарымен бірге жұрт арасында осы жеңістерін баянды ету мақсатында тиісті шараларды жүзеге асыру қажеттігі, ауылдарда ұйымдастыру бюросын құрып, оған ауылдық Совет мүшелерін енгізу, қыр қазақтарына өндіріс тауарларын сатуды, дайындау органдарының халықтан жүн, мал қабылдауын, артық мал өнімдерін тапсырғандарға сыйлық беру, сонымен қатар кедейлерге, ауыл активисттеріне бар тауарлардың жиырма процентін бөлу, саяси-шаруашылық науқанын жүзеге асыру кезінде асыра сілтеуге жол берілсе, дереу большевиктік сын, өзара сын арқылы түзету, ұсталып, қамалғандардың құрамын қарау, кедейлер мен орта шаруаларды босату ұсынылды. Бұл мәселелер жергілікті Советтердің алдағы уақыттарда атқаратын істерінің арқауына айналды. Бұл бағыттағы бірінші кезекте атқарылатын шұғыл шаралар қолға алына бастады. Жаңа сайланған жергілікті Советтердің құрамдары жұртшылық арасында жүргізілетін жұмыстарды жандандырудың қамын ойластырды. 108.

1931 жылы маусым айының отызында Баутин поселкесінде тұрғындардың жалпы жиналысы өткізіліп, онда сол кездегі тіршілікке қарсы тұрушылармен күрес, саяси жағдай туралы мәселе талқыланды. Онда мұндай қарақшылықтың неден туғандығы, кедейлер мен орта шаруалардың толқуын туғызған себептер ашық айтылды. Қаулыда бұрынғы Адай округіндегі жарамсыз әрекеттерді қолдаушылармен аяусыз күрес жүргізу талап етілді. 109.

Аудандық Совет атқару комитеті де ауылдық Советтердің жұмысына басшылық жасағанда алдымен елдің тыныштығын сақтауға ерекше назар аударды. Сонымен бірге елдің әл-ахуалы, мәдени-тұрмыс мәселелерін шешуге, бұқаралық-ұйымдастыру жұмыстарын кеңінен өрістетуге үндеді. 1937 жылғы мамыр айында аудандық Совет атқару комитетінің президиумында Онды ауылдық Советінің 1936 жылғы саяси-шаруашылық, мәдени шаралардың орындалуын және 1937 жылдың бірінші тоқсанындағы осы бағыттағы жұмыстарының барысы жайлы есебін тыңдады. Ауатком президиумы ауылдық Советтің елді социалистік жолмен қайта құрудағы табысты жұмыстарын атап көрсетті. Сонымен катар әлі де қолға алынар жайларды көп екендігі ескертілді. Оған барар жолдар нұсқалды сол жылғы қаңтар айындағы мәжілісінде Тұщықұдық аулындағы Елтай артелі мүшелерінің колхоз жарғысына көшу және қой фермасын ұйымдастыруды сұраған хаты туралы мәселе талқыланды. Бұл хат сол кезеңдегі ауыл еңбекшілерінің саяси санасының оған ел де, президиум мүшелері де сүйсіне баға берді. Аудандық Совет атқару комитеті ауданның балық және мал, егін шаруашылықтарын өрге бастырудың жолдарын қарастырып отырды. Аудан бойынша ет, жүн дайындаудың жайы, егін шаруашылығын дамыту, балық аулау тапсырмасын орындаудың барысы ауаткомның президиумының күн тәртібінен түспеді десе де болғандай. Президиум 1936 жылдың қазан айында балық аулаудан стахановтық екі айлық өткізу туралы шешім қабылдады. Бұл сол жылы балық аулау және өңдеу кәсіпшіліктері мен балықшы колхоздарда еңбек өнімділігін арттыруға, мемлекеттік жоспардың орындалуына айтарлықтай ықпал жасады. 110.

Жергілікті Советтердің, депутаттар мен активисттердің белсенділігі, аудан шаруашылық органдарының бастамасымен әлеуметтік саланы көтеруге, әсіресе, 1936 жылы біраз талпыныстар жасалды. Ауданда жергілікті өнеркәсіп бөлімі құрылды. Қалалық монша, тас күйдіретін пеш салынды. Тас зауыты, санитарлық-эпидемиялық станса құрылды. Өндірілген тас көмірді тасу, жол құрылысының мәселелері кезең мүмкіндіктеріне қарай шешімін тапты. Медицина, халық ағарту, мәдениет мекемелерін құруға, олардың материалдық базаларын нығайтуға күш салынды. Отызыншы жылдардың аяқ кезінде ауданда бар болғаны қырық бес төсектік екі аурухана, үш фельдшерлік пункт жұмыс істеді. Оларда жоғары білімді медицина қызметкерлері болған жоқ. Үш балалар бақшасы мен бір балалар алаңында жетпіс бір бала тәрбиеленді. Бір кітапхана мен төрт оқу үйі, жиырма сегіз қызыл бұрыштың да материалдық базасы әлсіз еді. Аудандық және жиырма бір ауылдық, бір қалалық Совет атқару комитеті бұл мәселемен үнемі айналысып отырды. Сайып келгенде аудан көлемінде тұратын жиырма жеті мың алты жүз елу сегіз адамның 1937 жылғы есеп бойынша қамы еді. Сол мезгілде барлық жеке шаруашылықтың сексен тоғыз проценті коллективтік шаруашылыққа көшкен болатын. Он бір балықшы колхоз бен отыз үш кіші серіктестікте аудан еңбекшілері қауымдасып, балық және мал шаруашылығын дамытуға бар мүмкіндіктерді жұмылдырды.

1938 жылдың шілде айында облыстық партия комитеті Маңғыстау аудандық партия комитетіне хат жолдады. Онда колхозшылардың, жеке шаруалардың, еңбек бригадаларының жалпы жиналыстарында Қазақ ССР Халық Қомиссарлар Советі мен Қазақстан большевиктік коммунистік партиясы Орталық Комитетінің 1938 жылғы сәуір айының он тоғызындағы колхозшыларды колхоздан шығаруға тиым салу туралы, колхоздардағы табысты теріс бөлу және жеке шаруаларға салынатын салық басқа да міндеттемелер жайындағы қаулылары мен Одақтық Халық Қомиссарлар Советі мен Орталық Комитетінің «Колхоздан шығарылғандардың шағым арыздарын қарау туралы» қаулысын кеңінен талқылап, түсіндіру міндеттелген. Ауатком мен ауылдық Совет атқару комитеттері аталмыш қаулыларды талқылауды ұйымдастырды. Коллективтендіру саясатын жүзеге асыруда жіберілген қателіктерді кешендеу де болса түзету шаралары алынды. Сонымен бірге мал шаруашылығын дамытуда кеткен кемшіліктердің орыны бөтен еді. Малды шамадан тыс сою ауданда мал басын өсіруге нұқсан келтірді. Ауылдық Советтер атқару комитеттері өз жеріндегі өрескелдікке жол бергендермен түсінік жұмыстарын жүргізді.

1938 жылғы бүкіл республика өміріндегі елеулі оқиға - республика Жоғарғы Советінің сайлауы өтті. Маңғыстау ауданында сайлауға он алты мың екі жүз жиырма бес адам қатысты. Бұл дауыс беру жасындағы барлық сайлаушының тоқсан сегізден астам проценті еді. Республика Жоғарғы Советіне депутаттыққа Маңғыстау аудандық Совет атқару комитетінің төрағасы Тұралиев Ұзақбай, облыстық Советке депутаттыққа «Красный Кулалынец» колхозының балықшысы Бисенбекова Моншақ тағы басқалар сайланды.

1939 жылы жергілікті Советтердің сайлауы өтті. Қазақстан большевиктік коммунистік партиясының Орталық Комитетінің «Бұқаралық саяси-үгіт және жергілікті Советтердің сайлауына әзірлік пен оны өткізу кезеңіндегі республика партия ұйымдарының міндеттері туралы» қаулысын басшылыққа алып, ауданда Советтер мен депутаттардың есептері тыңдалды. Сайлаушылардың аманаттарының орындалу барысы тексерілді. Сайлаушылар жиналыстарында сын мен өзара сынды өрістетуге назар аударылды. Еңбекшілер бұқарасын алда тұрған шаруашылық міндеттерін, ВКП(б) он сегізінші съезі шешімдерін орындау жолындағы күреске бастады. Бұл ел өміріндегі елеулі кезең болатын. Халықаралық жағдай да қиындап, еліміздің экономикалық жағдайын, қорғаныс қабілетін нығайту міндеттерін шешу кезек күттірмейтін шақ еді. Маңғыстау аудандық, ауылдық, поселкелік Советтері еңбекшілерді уақыт талабына сай еселі еңбекке бастады.

IV ТАРАУ

ЖАУ ЖАҒАДАН АЛҒАНДА...

ОТАН ҮШІН АЛҒА! ШЕВЧЕНКОЛЫҚТАР ЖОРАЛҒЫСЫ

Шегініс. 1939 жылы қазан айында Қазақ ССР-ы Жоғарғы Советі Президиумының жарлығымен жарты аралда жаңадан Шевченко ауданы құрылды. 111 Маңғыстау ауданын ықшамдау мақсатында көтерілген жаңа шаңырақтың жүгі жеңіл болған жоқ. Оның құрамына Құлалы, Қалмыш, Қызыл өзен, Ерәлі, Сығынды, Фетисов ауылдық, селолық Форт-Шевченко қалалық кеңестерінің көлеміндегі он алты колхоз, моторлы балық аулау стансасы берілген еді. Олар негізінен балық аулады, мал шаруашылығымен айналысты. Жергілікті кәсіпорындар - балық қабылдайтын, өңдейтін, тоңазытатын Саура, Баутин, Ерәлиев атындағы зауыттар, мемлекеттік аулау базасы, жүзбелі балық зауыты, Каспий теңіз аңы мен балық аулау және қабылдау тресі жұмыс істеді.

Аудандық партия комитеті мен еңбекшілер депутаттары аудандық кеңесінің атқару комитеті алғашқы күннен бастап, балық аулау, өндеу, оны мемлекетке тапсыруды ұйымдастырумен пәрменді айналысты. Олардың біріккен бюро мәжілістерінде мұз астынан балық аулау, итбалық соғу маусымына және 1940 жылдың көктемгі науқанына әзірлену мәселелерін қарап, жоспарды қалай да орындау жолдарын белгілеп отырды. Осы орайда кейбір сандық деректерді келтіре кетудің артықшылығы жоқ сияқты. 1938 жылы аудан балықшылары 67812 центнер балық аулаған екен. 1939 жылы белгіленген жоспарды 105,1 процентке асыра орындады. Жекелеген балықшы колхоздар жүлделі орындарға не болды. Мысалы, Голощекин атындағы колхоздың балықшылар 15504 центнер аулап, жоспарды 128,2 процентке асыра орындады. Аудан бойынша тек бірінші тоқсанда 53 адам балық аулауға қатысты. Олардың 270-і жоспарларын асыра орындап шықты. Мысалы, И.И.Сухорукое, М.И.Переплюков, Ерғазиев, Сақтағановтардың басқаруындағы бригадалар тапсырмаларын 202-328 процентке дейін асыра орындаған. Баймағанбетова, Жансара Абдоллаева, Пелагея, Белуцина басқарған әйелдерден құралған аушылар бригадалары тапсырмаларын 128-130 процентке орындады.

1940 жыл күткен көңілдегідей шықпады. Наурыз айында Шевченко аудандық партия комитеті мен ауаткомның біріккен мәжілісінде Каспий теңіз аңы мен балық аулау, қабылдау тресі, аудандық балықшылар одағының моторлы балық аулау стансасының (МРС) басшыларының бірінші тоқсанның қорытындысы және көктемгі аулауға әзірліктің барысы жайындағы баяндамаларын тыңдап, қаулы қабылдады. Онда ішкі мүмкіндіктерді сарқа пайдаланудың жолдары көрсетілді. Балық шаруашылығындағы еңбеккерлер қауымы қолдан келгендерін аяған жоқ. Бірақ жыл бойы дүркін-дүркін айлап соққан қатты жел ырық бермеді. Кездеген межеге жетуге кедергі жасады.

Көктемгі аулау басталысымен ауа райы бұзылып кәрі Каспий бұлқан-талқан күйге түсті. Он сегізінші сәуірден он сегізінші мамырға дейін созылған теңіздің қаһарлы аласапраны балықшылардың қолдарын байлап, адымдарын аштырмады. Сеткі-жарақ жиі-жиі ығып кетіп жатты. Ол аз болғандай, Баутин, Саура, Ерәлиев атындағы зауыттарда адам күші жетіспеді. Әр зауытқа қажетті кемінде отыз-қырық жұмысшы орнына жиырма-жиырма бес жұмысшы ғана балық қабылдап және оны өңдеді. Қабылданған балықты сақтайтын ыдыс та тапшылық жасады. Зауыттардың балықшы колхоздармен жасаған шарттары орындалмады. Айталық, Интернационал атындағы, «Құлалы» колхоздары зауытта жұмыс істеуге тиісті отыз-қырық адамның орнына үш-үштен ғана адам бөлген.

Қырқыншы жылдың күзгі балық аулау науқаны да оңайға соқпады. Новинск маңынан уақ балық аулауға бір жүз сексен қайық, он екі аумен аттанған жеті жүзден астам балықшы табиғат апатына ұшырады. Отыздаған қайық, он мың тор-жарақ теңіз құшағына кетті. Тек қарашаның он екісі мен он үшіндегі соққан қатты желде жиырмаға жуық қайық талқан болды. Бұл жай аудан экономикасына зор зиян келтірді. Шевченко ауданының балықшылар одағы бойынша жоспар орындалмады. Дей тұрғанмен, сол маусымда 54330 центнер балық аулап, мемлекетке тапсырды.

Колхоздар мен кәсіпорындардағы қоғамдық ұйымдар қырқыншы жылдың қиындығын алдын-ала болжағандай ерте қамшылап, алқалы жиындарында кең ауқымды әңгіме қозғап, тиісті байламдар жасады. Айталық, 1940 жылдың ақпан айының аяғында Каспий теңіз. аңдары мен балық аулау, қабылдау тресінің жалпы партия жиналысында бастауыш партия ұйымының хатшысы Александрованың ұйым жұмысы туралы есебін тыңдады. Коммунистер орын алған кемшіліктерді бүкпесіз ашық сынады.

Партия ұйымы,- деді коммунист Шақабаев,- ескі әдіспен жұмыс істеп отыр. Кемшілік көп. Партия ұйымы оны түзетумен шындап айналысып отырған жоқ. Коммунистер Левагин, Толмачевтар да ұйымның партиялық ұйымдастыру жұмысын қатаң сынға алды. Жиналыста қабылданған қаулыда ұжым арасындағы саяси-тәрбие жұмыстарының осалдығы, жастар ұйымына басшылықтың мардымсыздығы, стахановшылар қозғалысымен айналыспайтындығы аталып көрсетілді. Сонымен қатар партия ұйымының қорғаныс жұмысына мән бермейтіндігі, Осоавиахим, МОПР үйірмелерінің жұмысы тек қағаз жүзінде екені ашынған райда айтылды. Ұлы Отан соғысының алдындағы жыл ішінде айтылған бұл сын-ескертпелер аудан партия ұйымдарының бәріне де қозғау салды. Аупартком бұл қаулыны арнайы бақылауға алды. 112.

Аудан өз алдына шаңырақ көтерген алғашқы жылдарда балық шаруашылығының көптеген ардагерлері еселі еңбектерімен көзге түсіп, жерлестеріне үлгі-өнеге көрсетті. Шевченко атындағы колхоздан Ұзақбай Сүйербаев, У.Байытов, Оңай Аяпов «Құлалы» колхозынан Тәжік Жексенбаев, Абдолла Ізтілеуов, Медеу Нұржанов, Ақназар Рахметов, Күнтеш Тұрғанбаева, Киров атындағы колхоздан Қауқар Сараев, Көшербай Баебаев, Нәби Қылышбаев, Тельман атындағы колхоздан Д.Абдоллаева, К.Боранғұлова, С.Бекбаев, Калинин атындағы колхоздан Н.Разақов, Ж.Ерғазиев, Ә.Қүлиманов, Фетисов атындағы колхоздан Б.Ондағанов, С.Өтепбергенов, С.Қожабаев, Баутиндегі тоңазытқыш жұмысшылары Н.Доронина, В.Партова, Н.Тұрақбаева, Е.Заболотных, Н.Кузнецова, Баутин және Саура балық зауыттарынан Қосмағанбетов, Елешев, Мұратов, Григорьев, кеме жөндеу зауытынан Шилов, Лазарев, тағы басқа ондаған еңбек озаттары жоспарларын асыра орындады.

Мал шаруашылығын дамыту арқылы аудан экономикасын нығайту бірінші кезекке қойылды. Балықшы колхоздар мал өсірді, егін салды. 1938 жылы бұл ауданның үш колхозында-Тельман атындағы, «Интернационал», Шевченко атындағы — үш-ақ ферма болды. Онда 1394 қой мен ешкі өсірілді. Жылқы, сиыр болған жоқ. 1938 жылмен салыстырғанда 1940 жылдың мамыр айында ауданда мал саны тоғыз есе, ферма саны он алты есе өсті. Ауданның он бес колхозы түгел мал өсіре бастады. Малдың саны 12808-ге, ферма саны 48-ге жетті. Аудан колхоздары мен жеке қожалықтар бойынша міндетті түрде мемлекетке мал шаруашылығы өнімдерін тапсыруға елеулі көңіл бөлінді. 1939 жылы мемлекетке 51295 центнер ет, 15786 центнер жүн тапсырылды. 113.

1940 жылы қазан айының 11-13 күндерінде аудандық партия комитетінің төртінші пленумы өтті. Онда қоғамдық мал шаруашылығын өркендетудің жайы туралы мәселе қаралды. Пленум ауданда мал шаруашылығының жетекші салаға айналмай отырғандығын сынады. Колхоздардағы қой, сиыр фермаларын толықтыру кеш қолға алынды. 1939 жылдың қараша, желтоқсан айларында ВКП(б) Орталық Комитеті мен СССР Халық Комиссарлар Советінің қаулысына сай әлі де мардымды іс тындырылмай жатты. Қызыл өзен ауылдық Кеңесі көлеміндегі «Қарақұм» колхозында түйеден, сиыр мен қой-ешкіден шығынға жол берілді, деп тұжырым жасады.

Еңбекші қауым арасында стахановшылар қозғалысы кеңінен дамыды. 1939 жылы өткен жылмен салыстырғанда, стахановшылар қатары отыз процентке өсті. 1940 жылдың қаңтарында ауданда 202 стахановшы еңбек етті. Оның елу екісі ауыл шаруашылығының ардагерлері еді. Стахановшылардың жеке табыстары да шарықтай түсті. Мысалы, стахановшылар Ишмағамбетов Ақмырза, Ишмағанбетов Марқабай, Шахатов, Дархан, Сағынов Адындардың орта табыстары төрт-бес мың сомға жетті.

Стахановшылар қозғалысына партия ұйымдары кәсіподақтар арқылы басшылық жасады, ұйымдастырды. 1940 жылы ауданда 25 бастауыш партия ұйымы жұмыс жасады. Оларда 214 партия мүшесі, 148 мүшелікке кандидат есепте тұрды. Он бір кандидат стахановшылар атағына, 139 кандидат еңбек екпінділері атақтарына ие болды.

Ауданда Қазақ ССР-ының жиырма жылдығы қарсаңындағы социалистік жарыс өріс алды. І940 жылдың қазан айында аупартком бюросының мәжілісінде республиканың жиырма жылдығын табысты қарсы алу мақсатында екі екпінді апталық ұйымдастыру жөнінде шешім қабылданды. Апталықтар табысты өтті. Аудандық жарыстың қорытындысына қарай аупартком бюросы Каспий теңіз аңы мен балық аулау, қабылдау тресінің директоры Жазықбаев Елеусінді, моторлы балық аулау стансасының токарі Жанжігітов Бердіғалиді, аудандық байланыс бөлімінің бастығы Бисенов, Жаңбырбайды мемлекеттік наградаға ұсынды. 114.

1940 жылы ауданда жиырма бес орындық екі аурухана, үш емхана, бес фельдшерлік пункт, бір денсаулық сақтау пункті, бір акушерлік пункт, бір балалар мен аналарға арналған консультациялық пункт жұмыс жасады. Жетпіс орындық балалар яслиі болды. Мектеп жасындағы балаларды оқуға тарту ісі қызу қолға алынды. Мектептер үшін тек 1940 жылы ғана үш миллион 134 мың сом қаржы жұмсалды. Сауда айналымының жоспары 140,3 процентке орындалды. Аудан халқының тұрмысы біртіндеп жақсарып, бейбіт еңбек құлашын кеңге жайды. Бесжылдық тапсырмаларын орындау жолындағы еңбек бәсекесі қыза түсті. Аудандық партия ұйымы, еңбекшілер депутаттарының аудандық кеңесі әлеуметтік-экономикалық саясатты жүзеге асыру еңбекші қауымды жұмылдырған үстіне жұмылдыра түсті. Бірақ 1941 жылы маусымның жиырма екісінде неміс басқыншылары тұтқиылдан соғыс ашып, қасиетті шекарамыздан баса-көктеп өтті. Бейбіт өмірдің шырқы бұзылды. Еліміздің күллі халқы партияның Совет халқына арнаған үндеуін радиодан тыңдап, қызу қолдады. Партия шақыруына сай еліміздің барлық халқы бұрынғыдан да берік топтасып, тәртіпті, ұйымшылдықты нығайтты. Жеңіске жету үшін Қызыл армияның, әскери флот пен авиацияны барлық керек-жарақтарымен толық қамтамасыз ету жолында аянбай еңбек етуге кірісті. Шевченко ауданының еңбекшілері де бүкіл Совет халқымен бірге берік тұрып, ұлы Отан соғысының алғашқы күндерінен бастап, аудан экономикасын соғыс жағдайына сай қайта құрып, алдымен тәртіпті нығайтуды мықтап қолға алды.

Шевченко аудандық партия комитеті мен аудандық кеңес атқару комитеті Гурьев облыстық партия комитеті мен облыстық кеңес атқару комитетінің 1941 жылы шілде айының онында өткен біріккен бюро мәжілісінде Жайық-Каспий мемлекеттік балық тресі кәсіпорындарының 1941 жылдың бірінші жартысында атқарған жұмыстарының қорытындысы және алдағы міндеттер туралы қабылдаған қаулысына орай аудандағы балық өнеркәсібі кәсіпорындары мен балықшы колхоздарда ұйымдастыру жұмыстарын қайта құрды. Балықшылар арасында социалистік жарыс пәрменді ұйымдастырылды. Нәтижесінде аудан колхоздары жоспарды 112,5 процентке орындады. Сол жылы 63648 центнер балық ауланды. Бұл өткен жылмең салыстырғанда 11801 центнерге артық еді. Киров атындағы, «Долгий», «Құлалы», Ленин атындағы колхоздар (төрағалары Сәрсенов, Тапалов, Ишмағанбетов, Теңізбаев) жоспарларын 110-130 процентке орындады.

СССР Халық Комиссарлары Советі мен ВКП(б) Орталық Комитетінің 1941 жылғы қараша айының алтысында «СССР балық өнеркәсібі халық комиссариатының Азов, Қаратеңіз және Каспий, Қиыр шығыс және Солтүстік бассейндердегі флоттарды әскери қызмет жағдайына - көшіру туралы» қаулысына сәйкес Каспий бассейінінде әскери флотилия құрылды. Оған басшылық ету Астрахань қаласында ұйымдастырылған әскери флотилия басқармасына жүктелді. Флот пен оның жеке құрамына басшылық балық өнеркәсібі флотының ішкі қызмет жарғысы мен теңіз әскери флотының кемелеріндегі әскери жарғыға сәйкес жүргізілді. Шевченко ауданында Каспий балық және теңіз аңдары мен балық аулау, қабылдау тресі жүйесінде флотилия базасы басқармасы құрылды. База құрамына жекелеген дивизиондар, отрядтар мен кемелер тобы енді. Балықшылар арасында әскери тәртіп орнатылды және балықшылар броньмен елде қалды, әскерге шақырылмады.

1942 жылы аудан балықшылары балық аулау қарқынын бұрынғыдан да арттырды. Он бір ай ішінде 1941 жылмен салыстырғанда 21600 центнер, 1940 жылмен салыстырғанда 33200 центнер балық артық ауланды. Бұл жылы сегіз колхоз жылдық жоспарын асыра орындады.Үшінші тоқсанның қорытындысымен балық өнеркәсібі халық комиссариаты мен ВЦСПС ұйымдастырған бүкілодақтық социалистік жарысқа қосылып, ауданның балық өнеркәсібі кәсіпорындары мен балықшы колхоздары алты сыйлыққа ие болды. «Интернационал», Киров атындағы «Долгий», Тельман атындағы, «Құлалы» колхоздары, мемлекеттік аулаудың 10-балық аулау кемесі жоспарларын 102,1 проценттен 400 процентке дейін асыра орындады. Жекелеген озаттардың көрсеткіші одан да жоғары болды. «Құлалы» колхозынан Мансүров Сәлік, Өтегенов Қибас, Шортанов Сартай Киров атындағы колхоздан Қосмағанбетов Қалжан, Бектемыров Қали, Тельман атындағы колхоздан - Қафурова Данай, Есбосынов Қали, Калинин атындағы колхоздан Сәрпенов Бисенбі, Баутин тоңазытқышынан Шувалова, М.Кузницова, Н.Павленко, Р.Сағынбекова биік межеден көрінді.

1942 жылы ауданға эвакуацияланған қалмақ балық тресінің жүзбелі консерві зауыты, Лаган консерві зауытының құрал-жабдығы, Оранжерильден екінші кеме жөндеу алаңы, «Красный моряк» балық зауыты және Кизляр балықшы колхоздарының балықшыларымен келді. Баутинге Октябрьдің он жылдығы атындағы зауыт, Астрахань кеме жөндеу зауытының құрал-жабдықтары орналастырылды. Оларды тез іске қосып, өнім шығару міндетін уақтылы жүзеге асырды. Эвакуацияланып келген зауыттардың негізінде аудандағы бұрынғы кеме жөндеу шеберханасы кеме жөндеу зауыты болып қайта құрылды. Бес ірі цех ұйымдастырылды. Бұрынғы Аташ поселкесіндегі балық тоңазытқыш орнына кұрамыңда үш зауыты бар (консерві, балық майын шығаратын зауыттар, жәшік зауыты, тоңазытқышы бар) ірі балық консерві комбинаты құрылды.

Аудан балықшылары 1943 жылы еселі еңбектерімен биік межелерге жетті. Балық аулаудан және дайындаудан жоспар 110-111,4 процентке орындалды. Бұл жылы балық аулаудан алдындағы жылмен салыстырғанда 37000 центнерге, 1941 жылдан 31000 центнерге, 1940 жылдан 43000 центнерге артық орындалды. 1944 жылы ауа райының қолайсыздығына байланысты. 1943 жылмен салыстырғанда 13500 центнер балық кем ауланды. Келесі жылы да аудан бойынша балық аулау, дайындау жоспарлары орындалмады. Каспий теңіз аңдары мен балық аулау, дайындау тресі 1944 жылмен салыстырғанда 20 мың центнер балықты кем қабылдады. Аудандық балықшылар одағы мен моторлы балық аулау стансасы (МРС) бойынша 1944 жылмен салыстырғанда 18 жыл центнер балық кем ауланды. 1946 жылы бұл кемшіліктердің орны толтырылды. Бұған бұл жылы ауа райының қолайлы болуының елеулі ықпалы тиді. Каспий теңіз аңдары мен балық аулау, дайындау тресі жоспарды 108 процентке орындады. Жоспардан тыс 18 мың центнер балық дайындады. Ал, аудандық балықшылар одағы мен МРС-ның қарауындағы колхоздар жоспарды 109,7 процентке орындады. Жоспардан тыс 32 мың центнер балық аулады. Бұл жылы Киров атындағы, «Құлалы» «Долгий», «Путь к коммунизму» колхоздары жарыстың алдыңғы сапынан көрінді. Жылдық жоспарларын 139-160 процентке дейін асыра орындады. 115.

Балық аулау қарқынын арттыру, балықшыларды жігерлендіру мақсатында 1942-1943-1944 жылдары көктем, күз айларында майдандық айлық жарияланды үстеме тапсырмалар берілді. Бұл балықшыларды өзара бәсекеге шақырды, жоспарды орындауға ұмтылдырды. 1942 жылы қазан айының жиырма алтысында аупартком бюросында Еділ-Каспий мемлекеттік тресінің Верхно-Бузанск балық зауыты жұмысшыларының «Майдандық айлық өткізу туралы» үндеуін мақұлдаған қаулы алды. Каспий теңіз аңдары мен балық аулау, дайындау тресі қызметкерлеріне, жұмысшыларына айлыққа қатысу, «Майдан мен тылға балықты көп берейік!» деген ұранмен қазанның жиырмасынан қарашаның жиырмасына дейін айлық өткізу тапсырылды. Жиырма мың центнер балық және теңіз аңын аулау, қабылдау міндеттелді.

Ұлы Отан соғысы жылдарында мал шаруашылығын дамытуға ерекше мән берілді. Аудан малшылары бар мүмкіндікті пайдаланып, малдан орынсыз шығын бермеудің жолдарын қарастырды. Колхоздарда 1941 жылы қаңтар айында 20140 мал болды. Оның 16418-і қой мен ешкі еді. Бір жыл ішінде, 1942 жылдың қаңтарында мал саны 30231-ге жетті. Оның ішінде, қой мен ешкі 25486 еді. Колхоздарда мал санының өсуіне байланысты жаңадан мал фермалары ұйымдастырылды. Соған орай, фермалар мен бригадаларды басқаратын кадрларды іріктеу, орналастыру қажеттігі алға тартылды. 1940-жылы 18 ферма меңгерушісі болды. 1941 жылы ол 51-ге жетті. Колхоздарда төрағаның мал шаруашылығы жөніндегі орынбасары қызметі штатқа енгізілді.

Аудан малшылары 1942 жылы өз салаларын өркендету жолындағы социалистік жарыста жүлделі орынға шығып, республиканың ауыспалы Қызыл туына ие болды.

Қоғамдық малға жайлы қоныс, сулы, нулы жайылым жер іздеп, аудан малшылары 1943 жылы Сенек-Сумса шалғай жайылым учаскесін игерді. 1944 жылы Үстірттегі Ешкі қорған, Уәли қатшы аудандарындағы жазғы жайылым жерлерді игерді. 1944-1945 жылдары «Жоғары Маңғыстау», «Ащы сан құдық», «Тұщы сан құдық», «Ақ құдық», «Қара ішік», «Түйесеңгірлі» қысқы жайылым учаскелеріне қоныстанды. Осындай шараларды жүзеге асыру нәтижесінде колхоз малшылары малдан шығын бермей, өз төлі есебінен өсіруге мүмкіндік алды.

1944 жылы шілденің он алтысында аупартком бюросы шалғайдағы жаңадан игерілген мал жайылым учаскелерінде шаруашылықаралық орталық жасау жөнінде қаулы қабылдады. Аудан орталығынан 500-600 километр қашықтағы мал жайылым учаскелеріндегі малшыларға қолайлы жағдай туғызудың қамы көңілден шықты. Бұл жайында Гурьев, облыстық партия комитетінің оныншы пленумының қаулысында да облыстың барлық аудандарының басшыларына қатаң тапсырылған. Қолхозаралық жайылым учаскесінің орталығын «Сенек» деп атады. Орталық меңгерушісінің міндетін атқаруды Әлиевке тапсырды. Орталықтан медициналық, мал дәрігерлік пункттер, бастауыш мектеп, байланыс пункті, дүкен ашылды. Малшылар арасында саяси бұқаралық жұмыс өрістеді.

Ұлы Отан соғысының отты жылдарында майдандағы жауынгерлер мен тылдағы бел шешпей еңбек етіп жатқан ардагерлерді азық-түлікпен қамтамасыз етуге мүмкіндігінде өз үлестерін қосуды басты парызымыз деп санаған аудан малшылары жоғарғы қолбасшы В.И.Сталинге 1943 жылы хат жолдады, өздеріне көтеріңкі міндеттемелер қабылдады. Олар хатта жылқыны 16 процентке, түйені 8 процентке, сиырды 20 процентке, қой мен ешкіні 40 процентке өсіруге міндеттенді. Аудан малшылары серттерінде тұрды. Қоғамдық малды өсіруден, барлық түлік бойынша жоспарды 105-107 процентке орындады.

Гурьев облысы Новобогат ауданының малшылары 1944 жылы үндеу қабылдады, республика малшыларын малды өз төлі есебінен өсіруге, өнімділігін арттыруға шақырды. Шевченко ауданының малшылары әріптестерінің үндеуін қызу қолдады. Жылқыны 22 процентке, түйені 10 процентке, сиырды 20 процентке, қой мен ешкіні 40 процентке өсіруге міндеттенді. Тұтасымен алғанда бұл міндеттемелерінен де шыға білді.

Алматы облысы Калинин атындағы колхоз колхозшыларының да үндеуін талқылауға арналған жиналыста аудан малшылары тағы да үстеме міндеттеме қабылдады. Барлық түлікті 8-20 процентке дейін өсіруге уәде берді. Мұны да орындап шықты. Міндеттеме жылқыдан - 104,4 процентке, сиырдан - 100 процентке, түйеден-103 процентке, қой мен ешкіден - 106,6 процентке орындалды.

Ұлы Отан соғысының төрт жылы ішінде ауданда мал саны үш есе өсті. Бірақ жекелеген колхоздарда қоғамдық мал саны өз төлі есебінен емес, сатып алу жолымен өсті. Кейбір колхоздарда қоғамдық мал шығынына жол берілді. Айталық, Каганович атындағы колхозда 1943 жылы бар болғаны төрт-ақ бота алынды. Оны да сақтай алмай, шығынға ұшыратты. Мал шаруашылығы өнімдерін өндіруде де кейбір кемшіліктерге жол берілді. Етке арық салмағы жеңіл малдар тапсырылды. Сүт өнімі де мәз болған жоқ. Мұның өзіндік себептері де бар еді. Жайылым құнарсыз, жем-шөп дайындау, қыстауларға тасып жеткізу қиындықтары, шабындық және жайылымдық жерлердің қуаңдығы етектен тартты, мақсатқа жетуге кедергі жасады. Дей тұрғанмен, Ұлы Отан соғысы жылдарында аудан малшылары еңбектің ерен үлгісін таныта білді. Калинин атындағы колхоздың Қонысова басқарған фермасының ұжымы, Ленин атындағы колхоздың Қарақұлова басқарған ферма ұжымы міндеттемелерін асыра орындады.

Үкімет пен партия аудан малшыларының Ұлы Отан соғысы жылдарындағы еңбектерін жоғары бағалады. 1947 жылы ауданның сегіз малшысы: Нұрсейіт Бейнеуов, Дүйсен Бердібеков, Ұзақбай Есқожаев, Баланжан Қожашева, Кенған Қошақанов, Тұржан Құлбеков, Дүйіш Сатыбаев, Сатыбалды Сисенбаев Социалистік Еңбек Ері атағына ие болды. Алты колхозшы Ленин орденімен, бір колхозшы Еңбек қызыл ту орденімен наградталды.

Аудандық партия комитеті төменгі буын - бастауыш партия ұйымдарының партиялық-ұйымдық жұмыстарын жетілдіру жолдарын қарастырды. 1940 жылы ақпан айында аудандағы жиырма бастауыш партия ұйымында есеп беру сайлау жиналыстары өтті. Оған партия ұйымдарында есепте тұратын 143 партия мүшесі мен 146 мүшелікке кандидаттың 232-сі қатысты. 109 коммунист сөйледі. Партия ұйымдарының құрамы жаңарды, саяси-бұқаралық жұмыстарды кеңінен өрістету міндетін атқаруға бұрынғыдан да құлшына кірісті. Аудандық партия комитеті бастауыш партия ұйымдарына басшылықты жетілдіру жолдарын қарастырды. 1940 жылы қазан айында өткен аупарткомның төртінші пленумында ауданда партия ұйымдарында партия шаруашылығының жайы партия ұйымының өсу деңгейі және жаңадан қабылданған партия мүшелері мен мүшелікке кандидаттар арасындағы саяси-тәрбие жұмыстарының жайы жөніндегі мәселе қаралды. Аупартком хатшысы Жұмағалиев баяндамада партиялық-ұйымдық жұмыстың әлі де өз дәрежесінде емес екендігін сынға алды. Пленумда сөйлеген коммунистер Табылдиев, Нұрышев баяндамада айтылған сынды орынды деп бағалады. «Партия шаруашылығын жақсарту туралы, — деді Нұрышев, - талай рет әңгіме болды. Бюрода да, пленумда да қаулылар қабылданды. Бірақ бүгін олардың орындалмағанын, кемшіліктердің түзелмегенін көріп отырмыз. Партия құжаттарына маңыз беру керек».

Пленум бастауыш ұйымдардың партияға қабылданатын адамдарды жан-жақты зерттемейтіндігін, соның салдарынан аупартком бюроларында кейбір бастауыш партия ұйымдарының қаулыларын бекітпей, қайтарып жіберетінін айтып, сынады. Жекелеген партия ұйымдарының, әсіресе, Каганович атындағы, Ленин атындағы колхоздар мен аудандық балықшылар одағында, тағы басқа кәсіпорын, мекеме бастауыш партия ұйымдарының бір де бір адамды партияға қабылдамағанын ашық айтты. Пленум қаулысы бастауыш партия ұйымдарының жұмысына үлкен қозғау салды. 1941 жылдың қаңтарында аудандағы 26 бастауыш партия ұйымында 214 партия мүшесі, 148 мүшелікке кандидат есепте тұрды. Олардың 29-ы әйелдер, 60-ы колхозшылар, 23-і жүмысшылар еді.

Ауданда партия ұйымдарының экономикаға басшылығын жетілдіру, кадрлармен жұмысты жолға қою міндеті тұрды. Ол үшін партия ұйымдарын әлі де нығайта түсу қажеттігі туды. 1941 жылы сәуір айының жиырма бесінен мамыр айының жиырма бесіне дейін партия ұйымдарында сайлау өтті. 25 партия ұйымындағы 213 партия мүшесі, 121 мүшелікке кандидат жиналысқа қатысты. 131 коммунист сөйледі. Партия ұйымдарындағы, кәсіпорындар мен колхоз. шаруашылықтарындағы кемшіліктерді бүкпесіз сынады. Баутин балық зауытының коммунисі Ерменов кәсіпорындағы елеулі олқылықты, ұйымның дәрменсіздік көрсетіп отырғанын ортаға салды. «Партия ұйымының хатшысы және бюро, — деді Ерменов, - өндіріске партия күшін дұрыс орналастырумен айналыспады. Соның салдарынан бірқатар қабілетті коммунистерге жөнді жұмыс берілмеді, дұрыс пайдаланбады, оларды екінші қатардағы, жеңіл желпі жұмыстарда ұстады, олардың тіпті бос жүрген кездері де аз болған жоқ. Ашығын айту керек, цех тар мен учаскелердегі жұмыс көлемін еске алмай жұмысшы күшін жөн-жосықсыз бөледі. Осыдан келіп, зауытта еңбек өнімділігі төмендеді. Зауыт сайлауға дейін жарты жылдық жоспарды орындады. Бірақ табыс одан да көп болатын еді. Егер партия ұйымы, коммунистер еңбек өнімділігі жайында, еңбекақы қорының жаратылуы туралы зауыт дирекциясы алдына принципті мәселе қоя білгенде.

Бірқатар партия ұйымдарындағы коммунистер аудандық партия комитеті мен оның үгіт-насихат, партиялық-ұйымдық нұсқау бөлімдерінің жұмысын сынады. Әсіресе, бастауыш ұйымдардың үгіт-насихат және партиялық-ұйымдық жұмыстарына қажетті көмек беріп басшылық жасай алмай отыр,- деді олар.

Есеп беру сайлау жиналыстары аудандағы түгелге жуық бастауыш партия ұйымдарында өздері қабылдаған және жоғарғы партия органдарының қаулы-қарарларының орындалуының бақыланылмайтыны, саяси-бұқаралық, үгіт-насихат жұмыстарының деңгейінің төмен екені, партия ұйымдарының партияға жаңа қабылданған коммунистермен жұмыстарының нашарлығын, комсомол ұйымдарына басшылықтың, көмектің мардымсыздығын ашып берді. Бұл жиналыстар Ұлы Отан соғысы алдында аудан партия ұйымдарына жасалған партиялық-саяси байқау іспетті болды. Аудандық партия комитеті бастауыш партия ұйымдарында өткен есеп беру-сайлау жиналыстарында айтылған сын-ескертпелерді жинап қорытып, шаралар белгіледі.

Ұлы Отан соғысы басталған күні аудан партия ұйымы уәкілдері еңбекші ұжымдарында болып, митингілер өткізді. Соғыс жағдайына сай жұмысты кайта құрудың жолдарын қарастырды. Тәртіп пен талап күшейтілді. 1942 жылы барлық бастауыш партия ұйымдарының есебінде 215 партия мүшесі, 50 мүшелікке кандидат болды. Ұлы Отан соғысы басталғаннан кейін өткен біржарым жыл ішінде 74 партия мүшесі, 34 мүшелікке кандидат әскер қатарына алынды. 116.

Аудандық партия комитеті барлық күшті аудан экономикасының негізі - балық, мал шаруашылықтарын дамытуға, елдің әлеуметтік жағдайын төмендетпеуге майданға көмекті күшейтуге жұмылдырды. Ол үшін алдымен кадрлармен жұмысты жолға қоюдың шараларын белгіледі. 1941 жылы 411 кадр, 1942 жылы 446 кадр арнаулы есепте тұрды. Ұлы Отан соғысы басталғаннан кейінгі өткен бір жарым жыл ішінде 263 адам партия, кеңес, комсомол, кәсіпорындар мен шаруашылықтарға басқару жұмысына жіберілді. Олардың 78-і немесе 296 проценті әйелдер еді. Нұрғали Бисенбаев аупарткомның партиялық-ұйымдық бөлімінің меңгерушілігіне, Ізтұрған Ізбасаров аудандық жоспарлау комиссиясының төрағалығына, Вера Макарова Осоавиахимның аудандық кеңесінің төрағалығына, Қенже Ағжанова «Долгий» ауылдық кеңесі атқару комитетінің төрағалығына, Шүкір Битанов «Қарақұм» совхозының директорлығына жоғарылатылды. Ал, 1943-1945 жылдар ішінде 229 жас кадр басшы қызметке жоғарылатылды. Бұл жылдар ішінде 186 адам партия қатарына алынды. 1945 жылдың маусым айының бірінде аудан партия ұйымдарында 281 партия мүшесі, 103 мүшелікке кандидат есепте тұрды. 1943 жылмен салыстырғанда партия ұйымы 43 процентке өсті.

Ұлы Отан соғысы жылдарында ауданда саяси-бұқаралық, үгіт-насихат жұмыстары біршама өрістеді. 200 үгітші, ондаған баяндамашы, лектор еңбекшілер арасында митингілер мен жиналыстар өткізіп, онда баяндамалар жасап, лекция оқып, әңгіме өткізіп, жабырқаған көңілдерге медеу болды. Майдан жайында тың хабарлар беріп тұрды. Майдандағы жауынгерлерге көмектер ұйымдастыруда белсенділік көрсетті. 1945 жылы 37 үгіт ұжымы, 350 үгітші, 35 баяндамашы ауданда идеологиялық майданға шынайы белсенділікпен араласты. Үгітшілер мен насихатшылар бригадалары құрылды. Олар мал жайылым учаскелерінде, теңіз үстінде балықшыларға, малшыларға барып, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді. Аудандық партия комитеті үгітшілердің білімдерін жетілдіру, шеберліктерін шыңдауға көңіл бөлді. 1944 жылы колхоз үгітшілерінің курстары ұйымдастырылды. Ауданда үгіт-бұқаралық, насихат жұмыстарын өрістетуге аудандық партия комитетінің үгіт және насихат бөлімінің меңгерушісі Нәдір Нұрғалиев айтарлықтай еңбек сіңдірді. Ол аупартком бюросында үгіт-насихат жұмыстарының келелі мәселелерін көтеріп отырды. Өзі үгітшілер курстарында сабақ берді.

Аудандық «Колхоз Жолы» газеті шығып тұрды. Газет қызметкерлері ауыл-село тілшілерінің, белсенді авторлардың көмегіне сүйеніп, Ұлы Отан соғысы жағдайында аудан өмірін мүмкіндігінше толық қамтуға тырысты. Тек 1941-1942 жылдары аудандық газет редакциясы еңбекшілерден, тілшілерден 951 хат алды. Газет бетінде 1816 мақала жарық көрді. Партия тұрмысы, үгіт-насихат жұмысы жайында 1-48, майданға көмек туралы -106 мақала, социалистік жарыс барысынан-99 алқа, малшы мен балықшылар өмірінен 250 мақала жарияланды. Аудандық газеттің авторлары-аупартком хатшысы Досжанов, Мырзағалиев, ауаткомның төрағасы Төрәлиев, Баутин флотилиясының база комиссары Айсин, аупартком бөлім меңгерушілері Сүтенов, Н. Нүрғалиев, Бисенбаев, нұсқаушылар Тұмышпев, Тайманова, кеме жөндеу зауытының директоры Гришков, Ерәлі балық зауыты бастауыш партия ұйымының хатшысы Дүйсенбаев, Тельман атындағы Ленин атындағы колхоздардың төрағалары Өмірбаев, Теңізбаевтар белсене араласып, газет жұмысына көмектесіп отырды.

Ауданда 10 клуб, 1кітапхана, 1 қызыл отау, 3 кино-қондырғы жұмыс істеді. Мәдениет мекемелерінің қызметкерлері де аудан бойынша саяси-тәрбие, үгіт-насихат жұмыстарын кең көлемде жүргізуге күш салды. Көркем өнерпаздар күшімен мезгіл-мезгіл ойын-сауық ұйымдастырылды, үгіт бригадаларының жұмысы жолға қойылды.

Ұлы Отан соғысының алғашқы бір жыл алты айында саяси-бұқаралық, үгіт-насихат жұмыстарының пәрменділігінің нәтижесінде, еңбекшілердің риясыз көмегімен аудан бойынша майданға, Қызыл армияға 21 мыңнан астам жылы киім, 18 тонна ет, 6 тонна балық, 900 мың сом ақша жиналып, сыйға тартылды.

Аудан бойынша Ұлы (Отан соғысы жылдарында Бас қолбасшының резерв қорына 384280 сом, танктер, самолеттер, басқа да әскери мәшинелер жасау қорына 473853 сом қаржы жиналып берілді. Аудан көлемінде 1480015 сомның ақшалай-заттай лоторея билеттері, 7558247 сомның әскери заемі таратылды. Отан қорғау қорына аудан бойынша барлығы 9896395 сом қаржы жиналды.

Әскери қызметкерлердің жанұяларына, Ұлы Отан соғысының мүгедектеріне 3216 мың сом қаржы, 46 тоннаға жуық әр түрлі тағамдар көмек ретінде берілді.

Ұлы Отан соғысы жылдарында тылда әйелдер мен жастар ерлік еңбектің үлгісін көрсете білді. Ауданда әйелдермен жұмыс жүргізетін бөлім беделге ие болды. Колхоздар мен кәсіпорындарда, ауылдық кеңестің жандарынан он жеті әйелдер кеңестері құрылды. Олар әйелдер арасында ұйымдастыру, саяси-тәрбие жұмыстарын айтарлықтай жүргізді. Ауданның шаруашылықтары мен кәсіпорындарында, мекемелерде 2076 әйел жұмыс істеді. Оның 816-сы балық өнеркәсібінде, 1002 ісі ауыл шаруашылығында, 256-сы жергілікті кәсіпорындарда еңбек етті. 148 әйел басқару жұмыстарына жоғарылатылды. 250 әйел мал, балық шаруашылықтары бойынша мамандық алу курстарында, стахановшылар мектептерінде оқыды,техникумдар тапсырды.

Әйелдер майдандағы қызыл әскерлерге жылы киім жинауда үлкен белсенділік танытты. Лиманова, Базоева, X.Әлімова, Тәренова, Буянова, Брагина, Иванова тағы басқа әйелдер жауынгерлерге көмек ретінде өздерінің бұйымдарын беріп, өзгелерге өнеге көрсетті. Әйелдер арасында үгіт жұмыстарын жүргізді. «Интернационал» колхозының теңіз аңын аулайтын-экспедициясының бригадасы (жетекшісі Деревнина) өздерінің жеке жинақтарынан Отан қорғау қорына 9525 сом ақша, 3395 сомның заемын табыс етті. Оларға И.В.Сталин жедел хат жіберді. Онда Бас қолбасшы бригада ұжымына өз атынан сәлемін, Қызыл армия атынан алғысын жолдаған.

Аудан әйелдері өндіріс, шаруашылық салаларында еселі еңбектерімен танылып, халық құрметіне бөленді. Тельман атындағы колхоздың балықшысы Қарабасова құрмет белгісі орденімен наградталды. Зәбира Ұзақбаева қой фермасын басқарды, кейіннен Ленин орденімен наградталды. Бота өсіруші Алмаш Тілеубаева, ҚазақССР Жоғарғы Советі Президиумының құрмет грамотасымен наградталды. Баутин балық комбинатының балық сұрыптаушысы Мәрзия Қерелбаева, балық тұздаушы шебер Ханзия Алмағанбетова, Баутин балықшылар кооперативінің төрағасының орынбасары А.Палигалина, Каспий теңіз аңы мен балық тресінің кадр бөлімінің бастығы Сапожниковалар үнемі жарыстың алдыңғы сапында болды.

Аудандық партия комитеті әйелдер кеңестерінің жұмысына басшылықты күшейтті. Әйелдермен жұмыс жүргізетін бөліміне талапты жоғарылата түсті. Отан соғысы басталысымен аупартком әйелдерді мамандыққа баулуға күш салды. 1941 жылы тамыз айында аупартком бюросында әйелдерден маман кадрлар даярлау шаралары туралы қаулы қабылдады. 1943 жылы қараша айында аудандық партия комитетінің бюро мәжілісінде «Әйелдер арасындағы бұқаралық-саяси, тәрбие жұмыстарын жақсарту туралы» мәселе қарады. Бюро қаулысында әйелдердің өндірісте үлкен күш болып отырғаны, қоғамдық жұмыстарға белсене қатысатыны, Қызыл әскерлердің жанұяларына көмек көрсетуде, балалар үйінің жұмысын жақсартуға аналық жүрекпен араласып, көмектесіп жүргендері аталып көрсетілді. Сонымен қатар әйелдер арасында лекция, баяндамалар сирек оқылатыны, сауатсыздықты жою жөніндегі мектептерде сабақ өтпейтіні сынға алынды. Оны жою жолдары көрсетілді. 117.

Аудан әйелдері Ұлы Отан соғысы жылдарында табаны төселе бастаған Астрахань-Гурьев, Гурьев-Мақат теміржолдарының құрылысында да еңбек етті.

Ауданда әйелдердің актив жиналыстары өтіп тұрды. Онда Ұлы Отан соғысы күндеріндегі әйелдердің міндеті жайында кең көлемде әңгіме қозғалып жатты. Әйелдер кеңестерінің күшімен көркемөнерпаздар кештері өткізілді. Газет жаймаларын шығарды. Әйелдер майдандық айлықтардың ұйымшылдықпен өтуіне жәрдемдесті. Ол күндерде әсіресе, Баутин балық комбинатындағы әйелдер кеңесі, ондағы ұйымдастырушы Разумова, кеңес төрағасы Шепиловалардың жұмыстары мақтауға лайық болды.

Ұлы Отан соғысы жылдарында халық шаруашылығының барлық саласында жастар майданға кеткен аға,әкелерінің орындарын басып, Отан үшін қолдарынан келгенше еселі еңбек етті. Олар еңбек үстінде ерте есейді. Талапты, жігерлі 43 комсомол мүшесі басшылық жұмыстарға жоғарылатылды. Жастар комсомолға мүшелікке өтті. Бір ғана 1943 жылы 244 жас комсомол сапына қосылды. 1944 жылдың қаңтарында аудан комсомол ұйымдарында 725 комсомол мүшесі есепте тұрды. 1944 жылы 123 жас комсомолға мүше болды. Аудан экономикасының негізі балық және мал шаруашылықтарында 247, жергілікті өнеркәсіп орындарында 17 комсомол мүшесі жұмыс істеді. Аудан жастары Алматы облысы «Кеген» совхозының комсомолецтері мен жастарының республиканың малшы жастарын 1943 жылы мал шаруашылығын өркендетуге, өнімділігін арттыруға шақыру хатын қызу мақұлдады.

Ауданда 1943 жылы қазан айында жас жұмысшылардың аудандық съезі өтті. Онда ВЛКСМ-ның 25 жылдығын табысты қарсы алу аудан жастарының Ұлы Отан соғысы жылдарындағы міндеттері жайында ауқымды сөз қозғалды. Озат жұмысшы жастар съезге делегат болып қатысты. Съезд алдында барлық кәсіпорындардағы бастауыш комсомол ұйымдарында ұйым мүшелері мен жастардың жалпы жиналыстары өткізілді. Бұл шаралардың кезінде аудан жастарын келелі істерге жұмылдырғаны, жігерлерін тасыта түскені сөзсіз.

1941 жылы майдан шебіндегі аудандардан эвакуацияланған 556 адам Шевченко ауданына келді. Оларды қарсы алу, орналастыру, жағдай туғызу жөнінде аудандық партия комитеті мен еңбекшілер депутаттары аудандық кеңес атқару комитетінің біріккен бюро мәжілісінің шешімімен бес адамнан арнайы комиссия құрылды. Оның төрағасына Тоқсановты бекітті. Эвакуацияланып келген адамдар Баутиноға, Аташқа, Форт-Шевченкоға орналастырылды. Көпшілігі аудан орталығындағы мекемелер мен кәсіпорындарда жұмыс істеді. Еңбекшілер депутаттары аудандық кеңесінің атқару комитеті оларды арнайы қамқорлыққа алды. Аудандық. кеңестің 90 депутаты, тұрақты комиссиялардың 72 мүшесі, атқару комитетінің белсенділері эвакуацияланып келген жанұялармен қатынас жасап, көңіл-күйлерін біліп отырды. Қажет болғанда көмектерін аямады. Олар майданға көмек ұйымдастыруды өз міндеттеріне алды. Форт-Шевченко қаласынан Қызыл армияға арналған жылы киімдерді жинайтын және жөнелтетін арнайы қойма ұйымдастырылды. Мұның жұмысы да еңбекшілер депутаттары аудандық кеңесінің назарында болды.

Еңбекшілер депутаттары аудандық кеңесі ауылдық кеңестерге басшылықты жетілдірді. Малшылар арасында бұқаралық-ұйымдастыру жұмыстарын өрістетті. Малшыларды алған міндеттемелерін орындау жолындағы күреске бастады. Партия, кеңес органдарының бірлесіп атқарған пәрменді ұйымдастыру жұмыстары малшыларды табысқа жұмылдырды. Мысалы, Сығынды ауылдық кеңесі көлеміндегі (атқару комитетінің төрағасы Хасанов, Тельман атындағы колхоз, төрағасы Өмірбаев, бастауыш партия ұйымының хатшысы Мейіров) И.В.Сталинге жолдаған хаттарында алған міндеттемелерін 102,8 процентке, барлық түлік бойынша мал өсіру жоспарын 109 процентке орындады. Фетисов ауылдық кеңесі (атқару комитетінің төрағасы Құлмағанбетов) көлеміндегі Фетисов атындағы колхоз (төрағасы Н.Бекжанов) малшылары мал өсіру жоспарын 118,1 процентке, И.В.Сталинге жолдаған хаттағы міндеттемені 110 процентке орындады.

Депутаттар еңбекшілер депутаттары аудандық кеңесінің сессияларында, аупарткомның пленумдары мен партия конференцияларында сөйлеп, кемшіліктерді бүкпесіз талқыға салып отырды. Олардан құтылудың жолдары жайлы ұсыныс-пікірлерін де білдіріп жатты. Мысалы, аупарткомның бесінші пленумында (1943 жылы) «Қызыл өзен» ауылдық кеңесі аткомының төрағасы Ағатаев аудандық жер бөлімінің ойдағыдай жұмыс жүргізе алмай отырғандығын сынға алды. «Мал шығыны тоқтамауының бір себебі - мал дәрігерлері жетіспейді. Аудандық жер бөлімі оны даярлауға көңіл бөліп отырған жоқ» - деді ол. 118.

Еңбекшілер депутаттары аудандық кеңесі қызыл әскер жанұяларына көмек ұйымдастыруда да депутаттар мен атқару комитеті белсенділерінің күшіне арқа сүйеді. 1943 жылдың аяғында аупартком мен ауаткомның біріккен бюро мәжілісінде қабылданған шешіммен қызыл әскер жанұяларына көмек ұйымдастыру айлығын өткізді.

Гурьев облысының еңбекшілері Ұлы Отан соғысы жылдарында 198 және 81-атқыштар дивизиялары мен бірік телген Гурьев автоматшылар батальонын қамқорлыққа алды. Шевченко ауданының еңбекшілері де бұл қозғалысқа атсалысты. Еңбекшілер депутаттары аудандық кеңесінің атқару комитеті көмекті ұйымдастыруды ойдағыдай жүргізді.

Жаудан азат етілген Орлов облысын қалпына келтіруге көмек ұйымдастыруда да еңбекшілер депутаттары аудандық кеңесі жетекшілік рөл атқарды. Аудан еңбекшілері мал және мал өнімдерімен көмектесті.

Еңбекшілер депутаттары аудандық кеңесі мектептер мен денсаулық сақтау мекемелерінің жұмысына қамқорлықты күшейтті. Оларды мүмкіндігінше қаржыландырды, мұғалімдер мен дәрігерлерге лайықты қамқорлық жасады. 1941-1942 жылдары ауданда 2261 бала жалпы білім беретін мектептерде оқыды. Ауданда 1940 жылы 18 мектеп, 1945-жылы 27 мектеп шәкірттерге білім берді. Ұлы Отан соғысы жылдарында бұрыннан бар медициналық мекемелерге қосымша бір зерттеу лабораториясы, бір тіс ауруын емдейтін кабинет, бір санэпидемиологиялық станса ашылды.

Аудан бойынша әскери ұйымдастыру жұмыстары да еңбекшілер депутаттары аудандық кеңесінің негізгі міндеттерінің біріне айналды. 1941 жылы қараша айында аудандық ұлттық әскери құрамасын құру, оқыту, қалыптастыру жөнінде бес адамнан комиссия құрылды. Оны аудандық партия комитетінің бірінші хатшысы Ишкенов басқарды. Еңбекшілер депутаттары аудандық кеңесі атқару комитетінің төрағасы Төрәлиевті комиссия төрағасының орынбасарлығына бекітті. Ауданда тұрғындарды әуе шабуылынан-қорғануға үйрету жедел қолға алынды.

1941жылы қараша айында аупарткомның бюросында бұл туралы арнайы мәселе қаралды. Бюро әуе шабуылынан және химиялық қару-жарақтан қорғамауға ересек адамдарды үйрету жайының мардымсыздығын атап өтті. Кәсіпорындарда бар жұмысшының 18-47 проценті, ал кейбір колхоздарда 11 проценті ғана қамтылғаны сынға алынды. Ауылдық кеңес атқару комитеттерінің төрағаларына, кәсіпорындардың директорларына қатаң ескертілді. Қараша айының жиырмасына дейін барлық ересек адамдарды қамту қатал талап етілді. 119.

Аудан шаруашылықтары Қызыл армияға сәйгүлік өсіріп, тарту етті. Бұған да еңбекшілер депутаттары аудандық, ауылдық кеңестері тікелей араласып отырды.

1942 жылы ауданның қорғаныс ұйымдары 110 сағаттық программа бойынша Ворошилов атқыштарын дайындау жоспарын 292 процентке, қол пулеметшілер дайындауды 260 процентке орындады. 1943 жылы Осоавиахим бастауыш ұйымдарында 1141 мүше есепте тұрды.

1943 жылдың қаңтарында аудандық қорғаныс активінің жиналысы өтті. Онда 1942 жылы атқарылған жұмыстардың қорытындылары, 1943 жылғы міндеттер туралы мәселе қаралды. 1943 жылы сәуір айында он күн ішінде 25 атты әскер дайындалды. Бұл жылы автоматшылар батальонын құру жұмысының мардымсыздығы байқалып, аупартком бюросында еріктілерді тарту жұмысы, әсіресе, Тельман атындағы, Шевченко атындағы колхоздарда қанағаттанғысыз дәрежеде екені ашық айтылды. Бұл жұмысты мамыр айының орта шеніне дейін аяқтауды тапсырды. Ауданда жойғыш отряд құрылды. Оның дайындығын үнемі байқап, әзір отыру аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы Гилмановқа, жойғыш отрядтың командирі Лимоновқа міндеттелді. 120.

Қазақ ССР-ының 25 жылдығы қарсаңында облыс орталығы Гурьев қаласында әскери бөлім меңгерушілерінің, облыстық және қалалық қорғаныс ұйымдарының басшыларының мәслихаты өтті. Maслихатқа қатысушылар әскери қорғаныс жұмысы жайында социалистік шартқа қол қойды. Онда қорғаныс ұйымдары ауыл шаруашылығына көмектесуге, ұйым мүшелері, жастар малдарды күтуге, қорғаныс ұйымдары мүшелерінің күшімен кәсіпорындарда артық сағат жұмыс істеп қорғаныс қоры үшін артық өнім шығаруға, металл сынықтарын жинауға, қызыл әскерлердің жанұяларына көмектесуге олардың саяси-бұқаралық жұмыстарды өрістетуге міндеттенді. Шевченко ауданы қорғаныс ұйымдарының қызметкерлері, олардың мүшелері бұл міндеттемелерді орындауға ат салысты. 1945 жылы 4495 мүше бар еді. 0лардың, 2200-і әйел болатын. Ұлы Отан соғысы жылдарында Л40 пулеметші, танктерді жоюшы, 96 зеңбірекші, 75 велосипедші, 193 байланыс қызметкері, 25 кіші командирлер, барлығы 627 қорғаныс қызметкерлер даярланды. Бұлардан басқа оралған қызыл әскерлерді қабылдайтын пункт ұйымдастырылды. Ұйымдастыру комиссиясының мүшелері Жүсіпов, Төлепова бірден іске кірісті. Дорофеев саяси жетекшілік, Генералова үгітші міндетін атқарды. Aқпанда кәсіподақтардың 10 жергілікті комитеті есепте тұрды. Қабырға газеттерін шығарды. 1944 жылы аудандық партия комитеті мен еңбекшілер депутаттары аудандық Кеңесінің Ауыспалы қызыл Туы белгіленді. Ол социалистік жарыстың қорытындыларына қарай озат ұйымдарға табыс етілді. Бұл жылдарғы ауданда стахановшылар қозғалысы жалғасып жатты. Шевченко ауданынан майданға 6200 адам аттанды. Одан 4000 жауынгер ерлікпен Отан үшін қаза тапқан хабарсыз кетті. Елге жеңіспен оралған жауынгерлердің бәрі де айтса аңыз боларлық ерлік істердің куәгері болды. Олардың көбі жауынгерлік орден, медальдармен наградталды. Олардың ішінде Исатай Шахатұлы Сүйеубаевтың Отан үшін ұрыстағы ерлігі ересен болды. Ол жөнінде армияның саяси бөлімінің бастығы Соколов әуелі жауынгерлік листокта, кейіннен облыстық газет беттерінде былай деп жазды: «Жуырда қазақ автоматшы Исатай Сүйеубаев аңыз боларлық ерлік жасады. Ол немістер уақытша басып алған пунктте танкшілер десантына қатысты. Құрыш Танктің үстінде жатып автоматтан дәлдеп, аяусыз оқ атты. Оғы таусылған соң, жаудың дзоттары мен солдаттарына люктен жолдастары берген гранаталарды лақтырды. Танктің қасына жетіп келіп, оны өлтіруге оқталған, әбден ашынған немістің бір офицерінің басын каскасымен ұрып, тас-талқан қылды. Осы ұрыста бір қолынан жараланды. Бірақ ол саптан шықпады. Бір өзі 150 немісті өлтірді, 7 жау дзотын құртып жіберді...» Осы ерлігі үшін ол Ленин, орденімен наградталды. Осыдан кейін Исатай Сүйеубаев елге демалысқа келді. Оның осы тынығу кезінде жерлестеріне арнаған хаттары облыстық газет беттерінде жарияланды. Исатай жөнінде өздерінің естеліктеріне 21 армияның бұрынғы командирі, Совет Одағының батыры, генерал И.М.Чистяков, 1036-атқыштар полкінің командирі, Совет Одағының батыры А.П.Дешгриев, тағы басқалар өте жылы, ерлігіне сүйсіне жазды.

МАҢҒЫСТАУЛЫҚТАР ҮЛЕСІ

Маңғыстау ауданы Ұлы Отан соғысы алдында, 1939 жылы Шевченко ауданын өз алдына бөлек шығарды да, бір сала мал шаруашылығымен айналысты. 1940 жылы аудан колхоздарында 22107 мал өсірілді. Ол 85 фермаға орналастырылды. Аудан шаруашылығын жедел дамыту, малды сұрыптау, тұқымын асылдандыру, өнімділігін арттыру аудан партия ұйымы мен еңбекшілер депутаттары аудандық кеңесінің алдында тұрған басты міндеттер еді.

1941жылғы наурыз айындағы қаулысына сай шалғайдағы үстірт мал жайылым учаскесін игеру жөнінде шешім қабылдады. Он колхоздың («Жыңғылды», «Ұшқын», «Орпа», «Жаңа жол», «Алғабас», «Жаңа қорған», «Қызыл қорған», «Елтай», «Бірлік күш», «1-Май» малын жаңа жайылымға көшіру ұйғарылды. Алдымен малшыларға жағдай жасаудың жолдары қарастырылды. Қызыл отау, дүкен, бастауыш мектеп ұйымдастырылды. Арнайы мәдени жасақшылар арқылы сауат ашу мектебі жұмысын жалғастырды. Үгітшілер тобы құрылды. Олар шалғайдағы жайылымдағы малшылардың өзара социалистік жарысын ұйымдастырушылар да, қорытындысын жария етушілер де еді.

1941 жылдың қаңтарында аудан көлемінде 14 мың мүшесі бар 3373 жанұя, 27 колхоз болды. Оның біреуі балықшы колхозы еді. Әлгі колхоздар 89135 мал өсірді. 1940 жылмен салыстырғанда 109,8 процентке көбейді. Оның ішінде 34007-ісі колхоздың есебіндегі, қоғамдық мал. 1940 жылмен салыстырғанда 146,8 процентке артты. 1943 жылы 29 колхоз болды.

Ұлы Отан соғысы басталғаннан кейін майданға аттанған мал шаруашылығында жұмыс істеген қызметкерлердің орнына кадрлар даярлау ісі жедел қолға алынды. 1941 жылдың аяғына дейін 128 кадр даярланды. Оның ішінде 22 колхоз басқармасының төрағасы, 21 есеп қызметкері, 29 ферма меңгерушісі, 25 ветеринар-санитар, 14 сауыншы бар мал шаруашылығына қажетті кадрлар даярлау, бұрыннан ауыл шаруашылығында жұмыс істеп жүрген малшылардың шеберліктерін жетілдіру ісі кейінгі жылдарда да жалғасын тапты. 1942 жылы қыркүйек айында аупартком бюросында «Колхоздарға малшы кадрлар даярлау және бұрыннан жұмыс істеп жүрген малшылардың шеберлігін арттыру» туралы мәселе қаралды. Аудандық жер бөліміне 1943 жылдың қаңтарына дейін аудандағы барлық мал шаруашылығында жұмыс жасап жүрген қызметкерлердің кемінде 50 процентін, ал қалған 50 процентін шілде айына дейін аттестациядан өткізу тапсырылды. Аттестациялық комиссияның құрамын бекітті, төрағасына Аязбаевты тағайындады. 1942 жылдың екінші жартысында 126 мал маманы даярланды. Олардың көбі сауыншы, бұзау өсіруші, шопан, жылқышы болатын.

1941 жылы мал басын өсіру жоспары барлық түлік бойынша 101,4 проценттен 115 процентке дейін асыра орындалды. Ең бастысы мал өз төлі есебінен өсті. Төл алу жоспары құлыннан-112, ботадан-115, бұзаудан-136, қозы мен лақтан-118 процентке орындалды. «Жаңа жол», «Жаңа адым», «Жыңғылды» колхоздарының малшылары айтарлықтай еңбек етті. Барлық түлік түрінен жоспарды 107-112 процентке орындады.

Бұл жылы аудан колхоздарында еділбай тұқымды қойларды қаракөл тұқымды қойлармен будандастыру қолға алынды. Ең алғаш 39642 саулық қолдан ұрықтандырылды. Қызыл армияға 252 ең таңдаулы жылқы табыс етілді. 121.

Ұлы Отан соғысының алғашқы айлары. Аудан колхоздарының бәрі бірдей шаруашылықтарын соғыс жағдайына бейімдеп, бірден қайта құра алмады. Әсіресе, «Қарасай», «Орпа», «Жаңа күш» колхоздарында абыржу, шаруашылықты басқаруда шалағайлық байқалды. Соның салдарынан мал өсіру жоспары орындалмады. Малды ветеринарлық байқаудан өткізуде аурулардың алдын-алу шараларын жүргізуде салғырттыққа жол берілді. Жекелеген колхоздарда тәртіпті күшейтудің орнына әлсіретіп жіберді. Қабылданған төлдерді есепке алуда салақтық басым болды. Ауыл шаруашылық артельдерінің жарғысында көрсетілген талаптар ескерілмеді. Аудандық партия комитеті мен еңбекшілер депутаттары аудандық кеңес атқару комитеті бұл кемшіліктердің орнын толтырудың жолдарын қарастырды. Колхоздарға уәкілдер жіберу арқылы ұйымдастыру жұмыстарын жолға қоя бастады. Ұлы Отан соғысы жылдарында колхоз мүшелеріне, малшыларға қойылатын талап, ауыл шаруашылық артелінің жарғысы туралы малшылар арасында әңгімелер өткізілді, баяндамалар жасалды. Мал жайылым учаскелерін жазы, қысы дұрыс пайдалану, зоотехникалық. шаралар жайында кең көлемде мәселелер көтерілді, шешімін таба түсті. Ең алдымен малшылардың жауапкершілігі мен оларға мүмкіндігініше көмек, қамқорлық жасау аупартком мен ауаткомның басты міндеттерінің біріне айналды. Малшылар арасында социалистік жарыс өрістеді. Республиканың, облыстың жекелеген аудандарының озат малшыларының мал шаруашылығы өркендетуге, оның өнімділігін арттыруға шақырған үндеуін маңғыстаулық малшылар да қызу қолдады. Нәтижесінде аудан колхоздарында тұтасымен алғанда мал саны жыл сайын көбейді. Мысалы, 1942 жылы аудан бойынша мал өсіру, жоспары барлық түліктен 107,4' проценттен 125,7 процентке дейін төл өсіру жоспары 116 процентке асыра орындалды.. «Алғабас», «Жаңа жол», «Ақырап», «Жаңа адым», «Тұщыбек», «Жаңа», «Жаңақорған» колхоздары 1941 жылмен салыстырғанда келер жылы жылқыны-37, сиырды-46, қой мен ешкіні-59 процентке өсірді. Ал, 1944 жылы 1940 жылмен салыстырғанда барлық түлік бойынша «Жас бірлік», «Жаңақорған», «Қызылқорған», «Алғабас», «Жаңа адым» колхоздарының малшылары мал санын 530-636 процентке дейін өсірді. Дей тұрғанмен бұл жылдарда аудан колхоздарында мал шығынына жол берілді. «1-Май», «Елтай», «Бірлік күш», «Жаңа жол», Сталин атындағы колхоздарда жемшөп аз дайындалды. Сапасы нашар болды. Мал шығыны тоқтамады. Сөйтсе де малшылар ерен еңбек етті. 1944 жылы қоғамдық мал барлық түліктен 20862-ге өсті. Мал өсіру жоспары сиырдан-116, жылқыдан-110, түйеден-105,8, қой мен ешкіден-113 процентке орындалды. Гурьев облысы Новобогат ауданы малшыларының республиканың барлық малшыларына арнаған үндеуін бірауыздан мақұлдап, өздеріне көтеріңкі міндеттемелер алған аудан малшылары сөздерінде тұра білді. Міндеттеме асыра орындалды. Әр жүз аналық малдан 100 бұзау, 100 құлын, 43 бота, 103 қозы мен лақ алды. Соның арқасында ауданда малдың барлық түлігі едәуір көбейді. Демек, ауданда 1947 жылы 16392 жылқы, 7730 сиыр, 4528 түйе, 179383 қой мен ешкі болды. «Талап», «Жас бірлік», «Жаңалық» колхоздарының малшылары Кешенов Дәнебай, Ақжігітов Мұхан, Сәрсенқожаев сияқты ондаған малшылары үнемі социалистік жарыстың жүлделі орындарында жүрді. Колхозшылар Күзембаев Жаймұрат, Құрманғалиев Нәби, Метдетова Зияда, Бекболаева Зиядалар тапсырмаларын абыроймен орындап, халық құрметіне бөленді. Ауданда ауыл шаруашылық еңбеккерлері егіншілікпен де айналысты. 1941 жылы 143 гектарға, 1943 жылы 406 гектарға әр түрлі дақыл екті. Краснодар өлкесі колхозшыларының үндеуіне сай «Жыңғылды», «Ақыpaп» колхоздарының егіншілері Отан қорғау қорын арнап егін салды.

Ауданның жеке қожалықтарының 17751 малы болды. 1948 жылы Ұлы Отан соғысы және одан кейінгі жылдарда мал шаруашылығын өркендетуге қосқан мол үлестері үшін 7 малшы Ленин орденімен, 9 малшы еңбек Қызыл ту орденімен, 3 колхозшы «Еңбектегі ерлігі үшін» медалімен наградталды.

Маңғыстаудың жер асты байлықтарын зерттеген барлаушылар да, саяхатшылар да өз байламдарын ертеде айтқан. Олар өзге қазба байлықтар түрімен бірге Маңғыстау көмірі жайында да нақтылы деректер жинады. Елімізде отын-энергетика қажетін өтеу мақсатында Маңғыстау көмірін игеру жөніндегі нақты шешім 1939 жылы алынды. СССР Халық Комиссарлар Советі мен ВҚГ1(б) Орталық Комитетінің 1939 жылы сәуір айының 19-ында қабылдаған қаулысына сай СССР отын өнеркәсібі Халық Комиссариаты өзінің бұйрығымен одақтық шахта құрылысы басқармасына Маңғыстаудан тәулігіне бір мың тонна көмір өндіретін алты шахта салуды, үшінші бесжылдықтың аяғына дейін жылына бір миллион тонна көмір шығаратын 12 шахтаны толық іске қосуды тапсырды. Шахтерлер поселкесін салу үшін 234 гектар жер бөлді. Шамамен алғашқыда он мың адамдық тұрғын үйлер салу, парк орнату үшін терек отырғызатын алаң болады деп белгіленді.

Бұйрықты жүзеге асыру үшін Маңғыстауда шахта құрылысы басқармасы құрылды. Басқарманың басқару аппаратындағы басшы кадрлар негізінен Мәскеуден келді. Шахта құрылысына жергілікті тұрғындардан жұмысшылар қабылданды. Сондай-ақ, Махачкала мен Орлов облысынан көптеген жұмысшылар келді. 1941 жылдың бірінші жартысында шахта құрылысында 1318 адам жұмыс істеді. Забойшы Айтбаев, ағаш шебері Басаров, тас қалаушы Елеуов, Жанбауыров сияқты бірнеше ондаған саңлақтар күндік тапсырмаларын асыра орындады. Дегенмен құрылыс жұмысы баяу жүрді. ұжымдастыру, саяси-тәрбие жұмыстарының өз дәрежесінде кадрлар тұрақтамады. 1939 жылы «Қызыл қабақ», «Айыржал» аудандарынан жалпы қоры 35 миллион тоннадай көмір кенінің орны табылды. Сол жерден 5 шахта құрылысы салынды. Оның үшеуі 1940 жылы пайдалануға берілді де, одан жыл аяғына дейін 7182 тонна көмір өндірілді. Шахта құрылысында қосымша шаруашылық ұйымдастырылды. Мал өсіру, егін салу онан өнген өніммен жұмысшылар асханасын қамтамасыз ету көзделді.

1941 жылы Маңғышлақ шахта құрылысы басқармасы өз жұмысын одан әрі жалғастырды. Осы жылдың қазан айында Гурьев облыстық партия комитеті «Маңғышлақ шахта құрылысы басқармасының жұмысы жайында» бюрода мәселе қарады. Бюро сегіз ай ішінде шахтаны пайдалануға беру жоспары бар болғаны 17,8-процентке орындалған, Маңғыстау аудандық партия комитеті шахта құрылысына басшылықты жақсартқан жоқ, көмір өнеркәсібі Халық Комиссариаты шахта жұмысына дұрыс көңіл бөлмей отыр, екі жыл бойы өндірілген көмірді тасу мәселесі шешілген жоқ - деп кемшіліктерді нақтылап көрсетті. Оны жою жолдары белгіленді. Басқарма басшыларынан теміржол құрылысын тездетуді, тәулігіне 330 тонна көмір өндіруді, забойшылар санын өсіруді талап етті. Қаулының көшірмесі СССР көмір өнеркәсібі Халық Комиссариатына жолданды. Желтоқсан айының онында комиссариат орынбасарының Гурьев облыстық партия комитетіне жолдаған хатында: «Облыстық партия комитетінің бюросы Маңғышлақ көмір шахтасы құрылысы басқармасының жұмысындағы кемшіліктерді дұрыс көрсеткен. Жұмысты жақсарту мақсатында Маңғышлақ көмір тресі құрылатын болды», - деп хабарлады.

1941 жылдың бірінші тоқсанында жекелеген шахта қызметкерлері өнегелі еңбектің үлгісін көрсете бастады. Алтыншы шахтаның стахановшылары Нетесов, Шалтықов, Утеренов, Төребаев, Көшеновтер күндік. нормаларын 180-265 процентке дейін асыра орындады. Осыған орай шахта ұжымы өз мүмкіндіктерін қайта қарады. 1941 жылға әкімшілікпен өзара шарт жасады. Онда көмір өндірудің кестесін бұлжытпай сақтау, еңбек өнімділігін 150-200 процентке дейін өсіру, тәулік сайын 96-100 тоннадан көмір өндіру, жұмыс уақытын босқа жұмсауға жол бермеу, забой бойларын үнемі бақылап отыру, техника қауіпсіздігін сақтау жөніндегі ережелерді бұлжытпай орындау көзделді. Бұл шарт өзге шахталардың ұжымдарына үлгі етіліп ұсынылды.

1942 жылы Маңғышлақ көмір тресі өз жұмысын бастады. Оған құрал-жабдықтар мен локомобильдерді Қарағанды темір жолынан және Ашғабадтан алып келді. Алайда, шахта жағдайы өзгермеді. Белгіленбеген жоспар жыл сайын орындалмады. 1941-1944 жылдары 83644 тонна көмір өндірілді. Шахта маман кадрлармен қамтамасыз етілмеді. Көп жұмыс қолмен атқарылды. Өндірілген әр бір тонна көмірдің өзіндік құны 1942 жылы жоспардағы 72 сомның орнына 114 сом 17 тиынға қымбаттады. Еңбек өнімділігі бар болғаны 51,7 процентке орындалды. Маңғыстау аудандық партия комитеті 1942 жылы шілде айында Маңғышлақ көмір тресінің жарты жыл да атқарған жұмысының қорытындысы жайлы трест бастығы Пономоревтің есебін тыңдады. Трест бойынша 930 жұмысшы социалистік жарысқа қосылды. Стахановшылар саны 88-ге жетті. Бірақ сол жылдың бірінші жартысыңда өнім өндіру жоспары 32,8 процентке ғана орындалды. Шахталарда жұмысшы кадрлар жетіспеді. Қажетті жұмысшының 65 проценті ғана болды. Аудандық партия комитетінің бюросы трест басшылығына қатаң талап қойды. Бірақ Ұлы Отан соғысы жағдайыңда шахта жұмысын жедел жақсарту мүмкіндігі тежелді. Инженер-техник қызметкерлер де жетіспеді.

1942 жылдың қараша айынан 1943 жылдың шілде айына дейін шахта өз жұмысын тоқтатты. Осы мезгілде талап пен тәртіптің осалдығынан темір жолдың біраз бөлігі бұзылып, істен шықты. Электр желілері бақылаусыз қалды. 1943 жылы шілдеде шахта қайтадан іске қосылғанмен жұмыс оңға баспады. Аудандық партия комитеті 1943 жылдың қараша айында Маңғышлақ көмір тресінің 1943 жылдың соңғы төрт айының жұмыс қорытындысы жайында мәселе қарады. Көмір өндіру жоспары бар болғаны 2,7,5 процентке орындалды. Өндірісте еңбекті ұйымдастыруда үстірттік етек алды. Техникалық-технологиялық процестерді дұрыс қадағаламады. Шахталарда орынсыз кідірістерге өте көп жол берілді. Жоспарды горизонттар игерілмеді. Шахталар құлаған үйінділерден тазартылмады. Аупартком бюросын бұл кемшіліктерден арылуды, шахта жұмысын дұрыс жолға қоюды трест басшыларынан талап етті.

Амал не іс оңға баспай қойды. Жағдай ауырлай берді. 1944 жылы он шағын электростансаның төртеуі, 36 автомәшиненің бесеуі, бес мотордың екеуі ғана жұмыс істеді.

Қалай дегенде де Ұлы Отан соғысы жылдарында Маңғыстауда көмір шахтасы жұмыс істеді. Көмір өндірілді. Көптеген еңбек озаттары айта қаларлықтай іс тындырды. Екінші шахтаның забойшылары Күзембаев, Әмірханов, Кеуелов, Өтебаев, Өтесінов, Нұрлыбаев бесінші шахтаның озаттары Өтенов, Айтбаев, Дербісов, Әбішев, жетінші шахтадан Сатыбалдиев, Сақалов, Мұрынбаев, тағы басқалар күндік нормаларын үнемі 200—300 процентке дейін асыра орындады.

Аудан партия ұйымы Ұлы Отан соғысы жылдарында аудан өмірінің барлық саласына басшылықты өз қолына жинақтады. Соғыс кезеңінің талабына сай ең алдымен тәртіпті нығайтуға күш салды. Қиындыққа қарамастан аудан экономикасының негізі - мал шаруашылығы бірқалыпты дамыды. Отан қорғау қорына қаржы жинау, майданға көмек ұйымдастыру жұмысы пәрменді де ықпалды жүргізілді. Әскери-ұйымдастыру жұмысына басшылық өрістеді. Коммунистерді аудан экономикасы мен мәдени-құрылыс саласындағы соғыс әкелген ауыртпалықты иығымен көтеріп, бұқара халыққа үлгі-өнеге болуға шақырды. Аудандық партия ұйымы сонымен бірге партиялық-ұйымдық жұмысты да назардан тыс қалдырған жоқ. 1941 жылдың қаңтарында ауданда тоғыз бастауыш партия ұйымы, алты кандидаттық топ болды. Онда 104 партия мүшесі, 77 партия мүшелігіне кандидат есепте тұрды. Ұлы Отан соғысы басталысымен көптеген коммунистер майданға аттанды. Партия ұйымдары өз қатарын жастар мен әйелдер есебінен толықтырды. Партияға тек еңбек үстінде сыналған, алдыңғы қатарда жүрген еңбек озаттары қабылданды. 1945 жылы қаңтарда ауданда 19 бастауыш партия ұйымы, 1 партия комитеті, төрт кандидаттық топ 136 партия мүшесі мен 85 мүшелікке кандидатты біріктірді.

Аудандық партия конференциясымен аудандық партия комитетінің пленумдарында, бюро мәжілістерінде Ұлы Отан соғысы жағдайындағы шаруашылық, әлеуметтік-экономикалық, саяси-бұқаралық, үгіт-насихат жұмыстары жайында, тағы басқа да мәселелер қаралып, шешімін тауып отырды.

Аудан партия ұйымы аудан халық шаруашылығының барлық саласы бойынша кадрлар даярлауды бірінші кезектегі міндеттер қатарына қойды. Өйткені, барлық сала бойынша еңбек адамдары майданға, Отанды қорғауға аттанды. Қысқа мерзімді курстар ашылды. Стахановшылар мектебінің жұмысы жандандырылды. 1941, 1944 жылдары 1772 адам әр түрлі мамандық алды, өздерінің таңдауы бойынша, аудан қажетіне қаражат жұмысқа орналастырылды. Басшылық жұмыстағы қызметкерлер арнайы есепке, номенклатураға алынды. Сол жылдарда 465-510 кадр аудандық партия комитетінің наменклатурасында тұрды. Ұлы Отан соғысы жылдары ішінде 368 кадр басқару жұмыстарына жоғарылатылды. Олардың 128-і әйел болатын.

Қазақстан Қомпартиясы Орталық Комитетінің 1942 жылдың қараша айындағы қаулысына орай аудандық партия комитетінде штаттан тыс нұсқаушылар тағайындалды. Бірақ олардың жұмысына аудандық партия комитетінің тарапынан көмек өз дәрежесінде болмады. Мұны республика Қомпартиясы Орталық комитетінің, партиялық-ұйымдық бөлімі меңгерушісі Твердовтың, Маңғыстау аудандық партия комитетінің хатшысы Бақыраевтың атына жазған хатында ашық айтылып, кемшіліктерді түзетуді талап етті. Аудандық партия комитеті штаттан тыс нұсқаушылар құрамын қайта қарады. Әр бөлімде штаттан тыс 3,5 нұсқаушы болды. Олармен семинар өткізіліп тұрды. Міндеттері мен атқаратын жұмыстарының маңызы туралы кең көлемде әңгіме қозғалды.

Аудан партия ұйымы бұқара арасындағы идеологиялық жұмысқа Ұлы Отан соғысы жағдайында ерекше мән берді. 1943 жылы ауданда 35 үгіт ұжымы, 295 үгітші жұмыс істеді. 58 қабырға газеттері шығарылып тұрды. 17 жерде газет көрмесі ұйымдастырылды. Бірақ Гурьев облыстық партия комитетінің хатшысы С.Төлебаевтың аупартком хатшысы Бақыраевтың атына жолдаған хатында аудандағы әрбір үгітшіге 48 адамнан келеді екен. Ұлы Отан соғысы жағдайында үгіт жұмысын бұлай өрістету мүмкін емес. Ауданда кемінде 595-үгітші болуы керек деп жазды. Аупарткомның идеология бөлімі облыс партия комитетінің пікірімен санасты. Үгітшілер кұрамы толықтырылды. 1944 жылы 326 үгітші, 14 баяндамашы болды. Нұрымов, Асарбаев басқарған үгітшілер ұжымының мүшелері малшылардың аңсап күтіп отыратын сүйікті қонағына айналды. «Сталин жолы» аудандық газеті шығып тұрды. 1946 жылы 40 үгіт ұжымы, 480 үгітші жұмыс істеді. 1941 жылы қазан айында аудандық партия комитетінің бюросында аудандық радио торабының жайы туралы мәселе қаралды. Аудан орталығына төрт жерге радио орнатылды. Аудан орталығының халқына майданнан хабар біліп тұруға мүмкіндік әкелді.

Қабырға газеттері редакторларының екі күндік семинары өткізілді. Гурьев облыстық партия комитетінің бірінші хатшысы Кругдовтың аудандық партия комитетінің бірінші хатшысы Бақыраевқа жазған бір хатында аудандағы көрнекі үгіттің жайына талдау жасап, сын ескертпелерін айтты. «Сіздің ауданыңызда, - деп жазды Қруглов,- көрнекі үгіттің жайы қанағаттанғысыз. Социалистік жарыстың қорытындылары, қабылданған міндеттемелер қабырға газеттерінің беттерінде, жауынгерлік белшелерде жарияланбайды. Радио арқылы эфирге берілмейді. Ауданда плакат шығарылмайды. Еңбекшілерді жігерлендіретін ұрандар жоқ. Бастауыш партия ұйымдарында, аудандық газет беттерінде құрмет көрсеткіш тақталары ұйымдастырылмайды. Социалистік жарысқа қосылған колхозшылар мен жұмысшылардың тізімдері жарияланбайды. Сіздің өзіңізге осы мәселемен шындап айналысуды тапсырамын» Облыстық партия комитетінің бірінші хатшысының хатындағы бұл ескертпе аудан партия ұйымдарында талқыланды. Дереу шаралар жасалды. Оны жүзеге асырудың нәтижесінде ауданда көрнекі үгіт біршама биік деңгейге көтерілді.

Еңбекшілер депутаттары аудандық кеңесі депутаттар мен тұрақты комиссиялардың күші, көмегімен Ұлы Отан соғысы жылдарында ұйымдастыру-бұқаралық жұмыстарын жаңа сапада құрып, жүргізді. Аудандық кеңес атқару комитеті ауылдық кеңес атқару қеңестерінің жұмысына басшылықтың пәрменділігін арттыруға күш салды. Ең алдымен шаруашылық және ауыл тұрғындарының әлеуметтік мәселелерін шешіп, хал-ахуалына үнемі көңіл бөліп отыруларын қадағалап, беделдерінің арта түсуіне көмектесті. Ауданда 14 ауылдық кеңес болды. Олар мал шаруашылығын өркендетуге күш салды. Себебі аудан экономикасының негізі - мал шаруашылығы. Оны дамытпай тұрып, хал-ахуалды қалыпты ұстау мүмкін емес еді. Мысалы, Тұщықұдық ауылдық кеңесінің көлеміндегі «Бірлік күш», «Елтай», «Ақорда» колхоздары қоғамдық малды өсіру жоспарын 107-118 процентке дейін асыра орындады. Ауылдық кеңестің бастауыш партия ұйымы да колхоз малшылары арасындағы саяси-тәрбие жұмыстарын жандандыруға елеулі ықпал жасады. Қаратөбе, Ақтөбе ауылдық кеңестері де ауыл еңбекшілері арасында бұқаралық-ұйымдастыру жұмыстарын талапқа сай жүргізді.

Ауданда аудандық кеңестің 220, ауылдық кеңестердің 67 депутаты болды. Олардың ішінен аудандық, ауылдық кеңестердің аппаратында жұмыс істейтін депутаттардың 93 проценті майданға аттанды. Аудандық қеңестің жанынан 9 тұрақты комиссия құрылды. 88 депутат ауыл шаруашылығында жұмыс жасады. Аудандық, ауылдық кеңестердің депутаттары мен атқару комитеттерінің 83 белсендісі ауыл шаруашылық еңбеккерлерінің еңбек минимум дарын қалай орындап жүргендерін бақылап, қажет болса көмектесті. Бастауыш партия ұйымдарынан бөлінген үгітші-баяндамалармен ынтымақтасып, тәрбие жұмыстарының ықпалын арттырды. Мысалы, 1944 жылы 3247 еңбеккердің 111-і еңбек минимумын орындамады. Депутаттар олармен кездесті. Алға қарай өнімді еңбек етулеріне көмектесті. Колхоздардың басқармаларына өздерінің бұл жайындағы ұсыныс-пікірлерін айтып отырды. Майдандағы жауынгерлердің жанұяларында болып, олардың тұрмыстарымен танысты. Қамқорлыққа алып, көмектесті. Аудандағы 2409 майдангер жанұяларының тұрмысын көріп, әл-ахуалы шамалы деген 1696 жанұяға 126836 сом ақшалай, 219 мал, 113370 кило әртүрлі тағам, 1330 кило жүн, 968 әртүрлі киім-кешек, 110 метр мата, 7027 литр сүт үлестіріп берді. 2267 жанұя мүшелері жұмысқа орналастырылды. 447 жанұяға жәрдем тағайындалды.

Еңбекшілер депутаттары аудандық, ауылдық кеңестері мен олардың атқару комитеттері майдандағы жауынгерлерге көмек ұйымдастыруда айта қаларлықтай іс тындырды. Партия, кеңес органдарынан бөлінген депутаттар мен коммунистердің, белсенділер, үгітшілер мен баяндамашылардың жұмылдырушы күші, әсерлі үгіті мен насихаты аудан еңбекшілерінің жүрегіне жол таба білді. Еңбеккерлер Отан үшін қолдан келгендерін, қолда барларын аяған жоқ. Олар «Советтік Қазақстан», «Қазақстан әйелдері», «Қазақстан пионері», «Қазақстан колхозшылары» танк колонналарын, басқа да әскери техника, авиаэскадрилья жасасу қорларына қаржы жинап тапсырды. Қорғаныс қорына 27845 сом қаржы берді. Майдандағы қызыл әскерлерге жүз мың данаға жуық жылы киім, жамылатын көрпе, мал, терісін, орамал, қолғап, шұлғау тағы басқа заттар жинап, сәлемдеме ретінде жолдады.

Әскери-ұйымдастыру жұмысы Ұлы Отан соғысы жылдарында аудандық, ауылдық кеңестердің негізгі міндеттерінің біріне айналды. Аупартком мен ауаткомның бюро мәжілістерінде әскери-ұйымдастыру жұмыстарының жайы жан-жақты талданып, нақты шешімін тауып отырды. Ауданға бес жүзден аса майдан шебінен эвакуацияланған жанұя келді. Оның төрт жүзі жетінші шахта көлеміне орналастырылды. Аудандық кеңес атқару комитеті мен аудандық партия комитеті бұл жанұяларды ерекше қамқорлыққа алды. Мезгіл-мезгіл депутаттар мен белсенділерден арнайы комиссия шығарып, хал-жайларын біліп, көмек ұйымдастырды. Мысалы, 1942 жылы ақпан айында өткен бюро мәжілісінде эвакуацияланып келген жанұялардың тұрмысы жайында мәселе қаралды. Бюрода комиссияның төрағасы Қарабасова баяндама жасады. Бюро Маңғышлақ көмір тресінің бастығы Пономаревке, арнаулы кеңсенің директоры Ангуринге келген жанұяларға қамқорлықты күшейтуді міндеттеді. Еңбекшілер депутаттары аудандық кеңесіне колхоздар арқылы көмей ұйымдастыруды, олар үшін аудандық аурухана ашуды, моншаны. іске қосуды ұсынды.

Ауданда Қазақстан Қомпартиясы Орталық Комитеті мен Гурьев облыстық партия комитетінің 1941 жылғы қараша айындағы қаулыларының негізінде Қазақ ССР ұлттық әскери құрамасын қалыптастыру жөнінде арнайы бес адамнан комиссия құрды. Оның төрағасына аудандық партия комитетінің бірінші хатшысы Жантасов бекітілді. Комиссия алғашқы күннен бастап аудандық әскери комиссариатпен бірлесіп, еріктілерден ұлттық әскери құрамаға жастарды қабылдады. Оларды дайындықтан өткізді.

Аудандық кеңес атқару комитеті мен аудандық партия комитеті майдандағы жауынгерлермен мүмкіндігінше байланыс жасауды дағдылы іске айналдырды. Аудандық басшы органдарға майданнан жиі-жиі хаттар келіп тұрды. Оған кезінде жауап қайтарылды. Қажетті көмектер ұйымдастырылды. Мысалы, қызыл әскер Жұмалиев Қалмырза ауатком мен аупарткомға хат жазып, өзінің артында қалған жанұясына көмектесулерін сұраған. Хатты алысымен ауатком мен аупартком Қалмырзаның жанұясына арнайы комиссия жібереді, жағдайын біледі, тиісті көмек ұйымдастырды. Қалмырзаның өзіне жауап хат жазды. Мұндай хаттар ауданға жиі келді.

1939 жылы аудандағы осоавиахимның 19 бастауыш ұйымында 706 мүше есепте тұрды. Келер жылы ұйым саны 40-қа жетті. Оның 2666 мүшесі болды. 1940 жылмен салыстырғанда 1944 жылы бастауыш ұйым саны 330 процентке мүшесі 426 процентке өсті. Он алтыдан алпыс жасқа дейінгі аудан азаматтары түгелдей 28 сағаттық бағдарлама бойынша ПВХО-ның нормасын тапсырды. Ұлы Отан соғысы жылдарында алғаш рет 110 сағаттық бағдарлама бойынша жалпыға бірдей әскери оқу өткізілді. Аудандағы қызыл крестің 41 бастауыш ұйымында 1745 мүше есепте тұрды.

Отан қорғауға аттанған ауданның жауынгер жігіттері майданда жаумен қас батырша шайқасып, ерлік көрсетті. Ленинград майданында жаумен соғыста Ербөлеков Олжа Қызыл жұлдыз орденімен, Базарақов Ораз Қызыл ту орденімен наградталды. Садуақасов, Исабековтер де әскери наградаларға ие болды. Аудандық кеңес атқару комитеті мен аудандық партия комитеті, жауынгер ұлдарының ерлігін үгітшілер мен белсенділер арқылы аудан халқы арасында кеңінен насихаттады, кейінгі жас ұрпаққа үлгі-өнеге етіп отырды.

Еліміздің барлық жерлеріндегідей Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы ауыртпалық әйелдер мен жастардың иығына түсті. Олар әке мен аға, асыл жарларын майданға аттандырып, өздері еңбек сапына тұрды. Олардың орындарын жоқтатпауға тырысты. Маңғыстауда бұл жылдары екі мыңнан астам әйел халық шаруашылығының шешуі салаларында еңбек етті. Өнеркәсіп орындарында 397 әйел жұмыс істеді. Оның 49-ы стахановшы атағын алды. Маңғышлақ көмір тресінің бесінші шахтасының жұмысшылары Кеуелова, Есполаева, Көпбаева, Нүрмағанбетовалар күндік нормаларын жетінші шахтадан Кециючаева, Бекниязовалар 100-125 процентке орындады. Әйелдер арасындағы саяси-ұйымдастыру, тәрбие жұмыстарын өрістету мақсатында аудандық партия комитетінде әйел арасында жұмыс жүргізетін бөлім ашылды. Колхоздар мен кәсіпорындарда, ұйымдар мен мекемелерде 32 әйелдер кеңесі құрылды. Оның сапына 158 әйел тұрды. «Елтай», «Жас бірлік», «Еңбек», «Талап» колхоздарындағы әйелдер кеңесі (төрағалары Құрманбаева, Әділханова, Медетова, Теңізбаева), аудан орталығындағы кеңес қызметкерлері Куча, Сұлтангелдиева, Сүлейменова, Салахиденовалар қызыл әскерлердің жанұяларына көмек, заем, лотерея тарату, тағы басқа жұмыстарды ұйымдастыруда белсенділік көрсетті.

1944-1945 жылдары ауданда 295 шала сауатты, 278 сауатсыз әйелдер болды. Әйелдер кеңесі оларға жаңа алфавитті үйрету, сауат ашу мектептерінің жұмысын қайта жандандыру ісін қолға алды. Жаңадан сауат ашу мектептері ашылды.

Әйелдер кеңестері өздерінің жұмыстары жайында халық алдында есеп беріп отырды. Үй шаруасында отырған әйелдердің басын қосып, жіп иіру, жылы киім тоқу, тігіншілер үйірмелерін ұйымдастырды. Майдандағы жауынгерлерге жіберілген жылы киімдер ауыл әйелдерінің қолдарынан шыққан. Солар тіккен, тоқыған бұйымдар еді. Аудандық партия комитеті мен аудандық кеңес атқару комитеті 1941 жылы тамыз айында әйелдерден маман кадрлар даярлау жөнінде қаулы қабылдады. Қызыл армияға шақырылған шахта құрылысының, басқа да ұйымдар мен мекемелердің жұмысшы-қызметкерлерінің орындарына әйелдерден маман кадрлар даярлау үшін курстар ұйымдастырылды. Онда оқуға комсомолецтер мен жастарды тарту, үй ымдастыру жұмыстарын жүргізу аудандық комсомол комитетіне жүктелді. Балалы жас келіншектерді оқыту, содан соң еңбекке араластыру үшін балалар яслиі, алаңдар ашылды. Сталинград майданы кезінде құрылысы қолға алына бастаған Астрахань-Гурьев темір жолын салуға Маңғыстаудан қыз келіншектер аттанды. Олардың арасында саяси-үгіт, насихат жұмысын жүргізу үшін аупартком мен ауаткомның біріккен мәжілістерінде Шапихов Әділ мен Гусманов Каристі саяси ұйымдастырушы етіп тағайындады.

Аудан комсомолецтері мен жастары еңбекте табандылық таныта білді. Олар бүкіл елімізге төнген қатерге қарсы тұру үшін күресті. Ауданның 67 бастауыш комсомол ұйымындағы 598 комсомол мүшесінің 253-і ауыл шаруашылығында, 52-ісі өнеркәсіп орындарында еңбек етті. Бәрі еңбекте үлгі болып, біразы стахановшылар қатарына қосылды. Жастар Отан қорғау қорына қаржы жинады. Елдегі қызыл әскер жанұяларына, әскери мүгедектерге, кәрі адамдарға көмектесті. Қысқасы, Ұлы Отан соғысы жылдарында қоғамдық өмірдің барлық саласына араласты.

Маңғыстау облысының еңбекшілері Ұлы Отан соғысының отты жылдарында жеңіс күнін жақындата түсуге өз үлестерін қосты. Ерен еңбек етіп, майданға қолдан келген көмегін барынша берді.

V ТАРАУ

ЕСЕЮ ЖЫЛДАРЫ

1973 жылы 20 наурызда Қазақ ССР Жоғарғы Советі Президиумының Указы бойынша Маңғышлақ облысы құрылды. Сол жылдың 21 наурызында жаңа облыс орталығы Шевченко қаласында облыс партия активінің бірінші жиналысы өтті. Сөйтіп, Маңғышлақ жарты аралының саяси және әлеуметтік-экономикалық өмірінде жаңа тарихи кезең басталды.

Алпысыншы жылдары кәрі Маңғышлақ жаңа мазмұнға ие болды. Қойнындағы кең-байлықты жедел игеруге байланысты бұрынғы ауыл шаруашылықты Маңғышлақ еліміздің мұнай өндіретін ірі өнеркәсіп аудандарының біріне айналды. Өндіргіш күштер жедел дамыды. Байтақ еліміздің түкпір-түкпірінен, әсіресе, мұнайлы аудандардан -Азербайжаннан, Түрікмениядан, Татарстаннан, Россиядан, Чечено-Ингушетиядан, Кавказдан инженер-техниктер мен жұмысшы табының көптеген өкілдері келіп, жергілікті халықпен иыққа-иық тіресіп, байлықты халық кәдесіне асыру үшін аянбай еңбек етті. Шевченко, Жаңа Өзен қалалары өмірге келді. Жаңа мұнайлы, газды ауданды тез игеруге күллі еліміздің халқы аса зор қамқорлық жасады.

1973 жылы 13 сәуірде Маңғышлақ облыстық бірінші партия конференциясы өтті. Оған шешуші дауыспен 297 делегат, кеңесші дауыспен 14 делегат қатысты. КПСС XXIV съезі мен КПСС Орталық Комитетінің желтоқсан (1972 ж.) Пленумының шешімдеріне сай шаруашылық пен мәдени құрылысқа партиялық басшылықты күшейтудегі облыс партия ұйымының міндеттері туралы Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің Маңғышлақ облысы бойынша ұйымдастыру бюросының председателі Тұтқабай Әшімбайұлы Әшімбаев баяндама жасады. Конференция жұмысына Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің екінші секретары В.К.Месяц Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің ұйымдық-партия жұмысы бөлімінің инспекторы И.Қ.Қанапиянов қатысты. 122.

Облыстық бірінші партия конференциясы Маңғышлақ облыстық партия ұйымын ұйымдық жағынан бекітті. 91 адамнан облыстық партия комитетінің мүшесі, 27 адамнан мүшелікке кандидат, 15 адамнан тексеру комиссиясының құрамы сайланылды. 123.

Облыстық партия комитетінің бірінші пленумында тоғыз адамнан бюро құрамы сайланды. Облыстық партия комитетінің бірінші секретарына Т.Ә.Әшімбаев сайланды. 124.

Тоғызыншы бесжылдық жылдарында Маңғышлақтың (облыс және облыс партия ұйымы құрылғанға дейін) өнеркәсібі дами бастады. 536 мұнай және газ скважиналары іске қосылды. Өнеркәсіп көлемі 50 процентке өсті. Шевченко қаласындағы өнеркәсіп орындары қуатты техникамен жарақтандырылды. Сол бесжылдықтың екі жылының ішінде 92 мың тонна химиялық тыңайтқыш өндіріліп, ауыл шаруашылығына жөнелтілді. Маңғышлақ энергозауытында электр қуатын өндіру 122,5 процентке, жылу беру -74 процентке, тұщытылған су өндіру-40 процентке өсті. Ол кездегі және қазіргі ең қуатты кен көзі Жаңа өзенде мұнайлы қабаттардың қысымын арттыра түсу үшін пласталарға су айдау әдісі кеңінен қолданыла бастады,. «Узеннефть», «Жетыбай-нефть» мұнай-газ өндіру басқармаларында ұйымдастыру жұмыстары өрістеді. Техника мен технология жаңалықтарын өндіріске енгізу сол кездің деңгейінде батыл қолға алына бастады. Скважиналардан мұнайды механикалық әдіспен өндіруге көшу жеделдетілді. Мұнайлы алаңдарды игеру, халыққа тұрғын үй, әлеуметтік объект ілер салуда «Манғышлакнефтестрой» тресі көрнекі жұмыс атқарды. Байлықтың Жаңа көздерін ашуда «Мангышлакнефть» бірлестігінің бұрғылау басқармаларының бұрғышылары бұрғылаудың коммерциялық шапшаңдығын арттырып, жоспарды асыра орындап отырды. Тоғызыншы бесжылдықтың екі жылында 869 мың метр скважина бұрғыланды. Республика алыбы, тоғызыншы бесжылдықтағы директивалы құрылыс — Қазақ газ өңдеу зауытының құрылысы басталды. 125.

Маңғышлақта балық өнеркәсібі де бар. Бұл өңір тұрғындарының байырғы кәсібінің бірі — балық аулау және оны өңдеу процестеріне елеулі өзгерістер енгізілді. Баутин балық консерві комбинаты, кеме жөндеу зауыты, «Рыбхолодфлот» басқармасы жұмыс істеді. Форт-Шевченко қаласы экономикасының негізі - балық өнеркәсібін дамытуда күрделі қадамдар жасалып, жаңа техникамен жарақтандырылған ірі моторлы кемелер, рефрежераторлар сапқа тұрды. Облыста тевдр жол транспорты, автотранспорт дамыды. Әуе қатынасы жолға қойылды.

Маңғышлақта құрылыс материалының кезі де мол. Шетпеде, Жетібайда, Шевченко қаласы маңындағы мәр-мәр тас қоры бірнеше ондаған миллион текшеметрден тұрады. Тоғызыншы бесжылдықтың тек екі жылында 140 мың шаршы метрге жуық тұрғын үй, балалар комбинаты, нәрестехана, қон'ақ үй, төрт дүкен, екі кәсіптік техникалық училище, тағы басқа мәдени-тұрмыстық объектілер пайдалануға берілді. Ол жылдарда Маңғышлақта сегіз совхоз болды. Шаруашылықтарда 315 мыңға жуық қой, 16 мыңнан астам жылқы, 12 мыңнан астам түйе өсірілді. Облыс құрылғанға дейінгі Маңғышлақтың экономикалық қуаты осындай болатын.

Қазыналы аралдың экономикасы мен мәдени құрылысы саласында мүмкіндіктің шегі бұл ғана емес еді. Тұтасымен алғанда «Манғышлакнефть» бірлестігі бойынша жоспар орындалмады. Мемлекетке төрт миллион тоннаға жуық мұнай берешек болды. Мұнай қорын жасау да артта қалды, ірі кен орындары баяу ашылды. Құрылыста да кемшілік көп еді. Мал шаруашылығы дамымады десе боларлық. 1973 жылдың қаңтарында 1963 жылдың сол мерзімімен салыстырғанда қой саны 107 мыңға азайып кетті. Жылқының саны да кеміді.

Жаңадан құрылған облыс партия, Совет, кәсіподақ, комсомол органдарының алдында осынау кемшіліктерді жою, жарты аралдың әлеуметтіқ-экономикалық, мәдени құрылысы саласында жедел өзгерістер. енгізу міндеті тұрды. Ол үшін ең алдымен адамдар арасындағы тәрбие жұмысын олардың жауапкершілігін арттыру керек болды. Басқару органын, облыс партия ұйымға бір табан өндіріске жақындату жөніндегі байлам осындай өмірдің өзі ұсынған қажеттен туған еді.

Облыс партия ұйымы барлық партия конференциялары мен партия комитетінің пленум дарында, партия шаруашылық активінің жиналыстарында, бюро мәжілістерінде облыс экономикасына мейлінше жан-жақты талдау жасап, кемшіліктерді бүкпесіз ашық айтып, оны жою жолдарын айқын белгілеп отырды. Бұл жолда В.И.Лениннің «Осы уақытқа дейін мерт болып келген революциялық партияның бәрінің де түбіне жеткен нәрсе —олар дандайсып кетті, сөйтіп өз күштерінің нендей екенін көре білмеді. Ал біз мерт болмаймыз, себебі біз өзіміздің осал жақтарымызды айтудан қорықпаймыз, бұл осалдықтардан арыла білуге үйренеміз» деген өсиетін қатаң басшылыққа алды.

Облыс партия ұйымы коммунистерді, барлық еңбекші қауымды алда тұрған міндеттерді орындауға жұмылдырды және жұмылдырып келеді. КПСС Орталық Комитетінің 1985 жылғы сәуір Пленумы мен KПCС-тің XXVII съезінің, Қазақстан Компартиясының XVI съезінің КПСС Орталық Комитетінің қаңтар, маусым 1987 ж, ақпан (1988 ж). Пленум дарының шешімдері облыс партия ұйымына жұмысты жеделдету, қайта құру процесіне сай жаңаша, мейлінше творчестволық пен жүргізуге мүмкіндік берді. «Партияның күші сонда,- деген КПСС XXVII съезіне жасалған баяндамада,- ол уақытты, өмір тынысының дүрсілін сезінеді әрдайым бұқараның қалың ортасында іс-қимыл жасайды. Сондықтан әрқашан елдің алдына жаңа міндеттер қойылған кезде, партия оларды шешудің жолдарын табады, басшылықтың әдістерін қайта қарап, түрін өзгертеді, сөйтіп, өзінің ел тағдыры үшін, социализм мен коммунизм ісі үшін тарихи жауапкершіліктің биік деңгейінде бола алатын қабілетін «паш етеді». Маңғышлақ облысы партия ұйымы съезд алға қойған күрделі міндеттерді істеуде биік дәрежеге көтерілудің барлық шарасын алды. 126.

Маңғышлақтың келбеті мүлде өзгерді. Күніне сол кездегі 264 мыңнан астам сомның өнеркәсіп өнімін, 471 мың тоннадан астам мұнай, 7,6 миллион текше метр табиғи және ілеспе газ, 440 мың шартты данаға жуық кірпіш шығарып, 340 мыңға жуық сомның құрылыс монтаж жұмысын жүргізу Маңғышлақтың еңбекші қауымның жігерін тасытып, еңбек шабытын шарықтатып отырған партия ұйымының ұйымдастырушылық, келелі іске жұмылдыру лық күшінің нәтижесі еді. Бұл күндері Маңғышлақты 95 ұлт пен халықтардың өкілдері мекендейді. Олардың өзара ынтымақтастығы, достық қатынасы еселі еңбектің негізгі арқауына айналды. 1980 жылмен салыстырғанда 1985 жылы облыс бойынша өнім өткізу-140,2 процентке, мұнай және газ конденсатқа өндіру-114,7 процентке өсті. Ал, халыққа тұрмыстық қызмет көрсету 1973 жылмен салыстырғанда 1980 жылы 223,1 процентке, 1985 жылы-341,8 процентке, сауда айналымы сол жылдарға сәйкес-180,1 және 225,4 процентке артты.

Ал, он екінші бесжылдықтың екі жылында өнеркәсіп өндірісінің көлемі 9,6 процентке артты, бұл жоспардағыдан 3,4 процентке көп. Еңбек өнімділігі 5,9 процентке өсті. Азық-түлік программасы бойынша екі жылдың жоспары орындалды. 1985 жылмен салыстырғанда мемлекетке етке өткізілген әрбір қойдың салмағы килограммға, жылқы-34, түйе-31 килограммға ұлғайды. Тек 1987 жылы халық тұтынатын тауарлар шығару көлемі сол кездегі 3,3 миллион сомға өсті. Халыққа тұрмыстық қызмет көрсету жақсара түсті. Әрбір адамға көрсетілетін ақылы қызмет көлемі 5 сом 50 тиынға, оның ішінде тұрмыстық қызмет 3 сом 30 тиынға өсті.

Құрылыс жұмысы өріс алды. Әлеуметтік объектілерді салу үшін он екінші бесжылдықтың екі жылында 60 миллион сомнан астам күрделі қаржы игерілді. Тұрғын үй құрылысы жақсы дамыды.

Мұнда мұнай өнеркәсібі өркендеді. Он екінші бес жылдықтың екі жылы ішінде жоспардан тыс 247 мың тонна мұнай өндірілді. Жаңа кен көздері ашылды. Ала төбе маңынан ашылған жаңа кен орны болашағынан үлкен үміт күттіреді. 1988 жылдың басында-ақ мұнайшылар шаруашылық есеппен, өзін-өзі қаржыландыруға көшті. 127.

Қазыналы аралдағы көптеген кәсіпорындар қайта құру, жеделдету, жаңа бетбұрыс процесін жүзеге асыруда табандылық танытуда. Олар «Интинцификация- 90», «Сапа» бағдарламалары бойынша қарқынды еңбек етті. Мысалы, Шевченко қаласының өнеркәсіп орындары 1987 жылы 1050 адамды қысқартып, 1985 жылмен салыстырғанда өндіріс көлемін 15 процентке, еңбек өнімділігін 20 процентке ұлғайтты. Осыған орай еңбекақының мөлшері бұл кәсіпорындарда 9,4 процентке артты. Бұл коллективтерде жылма-жыл жоспар да, міндеттемелер де асыра орындалып келеді. 1989 жылдың басынан бастап өзін-өзі қаржыландыруға көшеді.

Дей тұрғанмен, жаңа талап тұрғысынан экономиканы дамытуда әлі де елеулі олқылықтар орын алып отыр. Бозашы түбегіндегі Қаламқас, Қаражанбас және Жетібай кен орындарын жаңа техника, технология мен жарақтандыру жағы мардымсыз. Жаңадан бұрғыланған скважиналар пайдалануға сақадай-сай дайын күйінде табыс етілмейді. Жекелеген құрылыс ұйымдары мердігерлік жоспарды орындамайды. «Манғышлақсельстрой-12» тресі, «Мангышлакнефтегазстрой» тресі, тағы басқа құрылыс ұйымдарындағы жұмысты қайта құру процестерінің баяу жүруінен негізгі қорларды пайдалануға беруде үлкен кідірістерге душар болып отыр. 1987 жылдың жоспары бұл салада 78 процентке ғана орындалды. Аграрлық өнеркәсіпті дамытуда да түбегейлі өзгерістер енгізетін жайлар көп. Өнімнің өзіндік құны қымбат. Мал тұқымын асылдандыру жайы мардымсыз. 1987 жылы облыстың алты совхозы екі миллион сом зиянға жол берді. Қазір мұндай кемшіліктерден құтылудың жолдары қарастырылуда. Село еңбеккерлерінің экономикалық сауатын тереңдетіп, шаруашылық есепке толық көшу, тағы басқа көптеген ұйымдастыру жұмыстары қолға алынды.

Сонымен бір кезде байлығын қойнына тығып жатқан Маңғыстау бұл күндері ұйқыдан оянған арудай бой сылап, әлемге танылды, егеменді республикамыздың индустриалы аудандарының біріне айналды. Ол, ең алдымен, Маңғыстау байлығын игеруге атсалысқан ардагер азаматтардың ерен еңбегінің нәтижесі С.Жалғасбаев, Е.А.Болдышев, Н.Н.Гордиенко, Т.Қадыров, Т.Қазыбеков, С.Рысқалиев, I.Оразбаев, B.Т.Сухопос, Г.Б.Померанцев, Ж.Байболов, А.Жалмағанбетов, С.Жүсіпбеков, Д.С.Юрченко, А.Амантурлиев, X.Ихсанғалиев, Қ.Қалиев, Ғ.Әбдіразақов, Ә.Айтниязов, М.Баритов, А.Кәдімова, В.И.Дорофеев, Қ.Басшиев, Б.Бегішев, Қ.Дауылханов, Ш.Құдияров, C.Салманов, С.Таянов, Г.Дряпак, А.Бекешов, Н.Қалдәулетов, Б.Бекқалиев, Е.Бекқалиев, Б.Мақсымбаев, В.Токарев, Қ.Үмбетәлиева, X.Тәжиев, Қ.Мырзалиев, А.Каширский, И.Жұбанов, Б.Садықов, К.Қалиев, А.Ғинаятов, Т.Опиев, И.Вовк, Н.Мейіров, Р.Үсенов, О.Шамғонов сияқты жүздеген мұнайшы, құрылысшы, энергетик, физик, инженер, бұрғышы, геолог-барлаушы, малшы, балықшы, транспортшылардың қалтқысыз еңбегі бүгінгі сәулетті де шаттыққа толы еңбегіміздің арқауына айналды. Бұлардың бәрі де жоғары үкімет наградаларына ие болған. Бірқатары Социалистік Еңбек Ерлері. Бұл ар еңбегімен еліміздің көсегесін көтертті. Сол үшін де елі оларды мақтаныш тұтады. Бұлар -елдің ерен еңбек ардагерлері.

ӨЗЕКТІ БУЫН

Облыс партия ұйымы алғашқы күннен бастап ұйымдық-партиялық жұмысты нығайтуға, аудандық, қалалық партия комитеттері мен кәсіпорындардағы бастауыш партия ұйымдарының авангардтық рөлін арттыруға, солар арқылы экономика мен мәдени құрылысқа басшылықты күшейтуді қолға алды. Бұл жұмыс әсіресе КПСС XXVII съезінен кейін жаңа сипат алды. Сол. съезде «Егер партия ұйымдары принципті қатынастарға негізделген толыққанды өмір сүретін болса, егер коммунистер жалпы тақырыптағы қысыр кеңеспен айналыспай, нақты істермен шұғылданатын болса, онда табыс қамтамасыз етіледі. Коммунистің жалпы алғандағы авангардты рөлі болмайды, ол практикалық істерден көрінеді» деп атап көрсетілді. Облыс партия ұйымы бұл бағытты қатаң басшылыққа алып, оны күнделікті ұйымдастыру, саяси-бұқаралық жұмыстардың өзекті буынына айналдырды. 128.

Облыс алғаш құрылған 1973 жылы облыс партия ұйымының құрамында үш қалалық, үш аудандық партия комитеті, 208 бастауыш, 247 цехтық партия ұйымдары, 244 партия топтары болды. Олардың есебінде 9331 коммунист тұрды. Облыс партия комитеті партия ұйымдарын ұйымдық жағынан әлі де нығайту, құрамын өсіру және сапа жағынан реттеу мәселесін үнемі назарда ұстады. Соның нәтижесінде партия ұйымдары партия қатарына еңбек үстінде сыналған озаттарды қабылдап, олармен жұмысты жетілдіріп келеді. Бұл орайда КПСС Орталық Комитетінің «Қырғызстан партия ұйымдарының партияға қабылдау және КПСС мүшелігіне кандидаттарды тәрбиелеудегі жұмысы туралы» қаулысын қатаң басшылыққа алды. Облыстық партия комитетінің бюросы КПСС Орталық Комитетінің осынау қаулысын жүзеге асыру жайындағы шараларды бекітті. 129 Кейбір жекелеген кемшіліктерді жоюдың жолдарын белгіледі. Партия ұйымдарында жас коммунистер мектебін құрды. Оның жұмысы партия комитеттерінің ұйымдастыру партиялық жұмыс бөлімдерінің үнемі назарында болды. Олар мектептегі сабақтардың талап дәрежесінде өтуіне қамқорлық жасап, бағыт беріп отырды.

1980 жылы 29 мамырда облыстық партия комитетінің бюросы «КПСС Орталық Комитеті секретариатының 1980 жылғы 22 сәуірдегі «КПСС қатарын алға қарай өсіруді жақсарту және жас коммунистермен тәрбие жұмысын күшейту туралы» қаулысына сай облыс партия ұйымдарының қатарын толықтыру және жас коммунистерді тәрбиелеудегі жұмысы жайында» қаулы қабылдады. Бұл кезеңде облыс партия ұйымының партия қатарын толықтыру және жас коммунистермен жұмыс жүргізу саласында көптеген ілгерілегендік барды. Облыстық партия комитетінің бюросы 1976 жыл мен 1980 жылдың аралығында, немесе КПСС Орталық Комитетінің осы мәселе бойынша Қырғызстан партия ұйымының жұмысы туралы қаулысынан кейін атқарылған жұмысқа талдау жасады. Бұл жылдарда партия комитеттері партияға өнеркәсіптің басты салаларынан адамдар қабылдауды қолға алған. Мысалы, партия қабылданғандардың 17 проценті мұнай өнеркәсібіндегі, 14,3 проценті – құрылыстағы, 8,5 проценті – транспорттағы жұмысшылар болатын. Облыс партия ұйымдарындағы коммунистердің құрамында жұмысшылардың саны 992 адамға өсті. Облыс партия ұйымдары партияға жастар мен әйелдерді алуға көп көңіл бөлді. Партияға қабылданылған адамдардың 66,6 проценті комсомолецтер, 32 проценті әйелдер еді. Дегенмен партия қатарын толықтыруда жекелеген кемшіліктерге жол берілді. Айталық, Шевченко қалалық партия комитеті партияға бұл жылдарда жұмысшыны аз қабылдаса, Жаңаөзен қалалық партия комитетті қабылдаған адамдардың құрамында құрылысшыны 1,2 процентке, ал Маңқыстау аудандық партия комитеті малшыны-5,9 процентке кемітіп жіберді. Ең басты кемшілік кейбір партия ұйымдары партияға қабылданатын адамдардың іскерлік, саяси, моральдық сапасын, жан-жақты зерттемеді. Соның салдарынан төрт жыл ішінде елу кандидат КПСС мүшелігіне өтпей қалды.

Облыстық партия комитетінің бюросы партия қатарын толықтыру, жас коммунистермен жұмысты әлі де жолға қоюды талап етті. Жас коммунистер мектебінің жұмысын жетілдіру үшін нақты шаралар белгіледі.

Облыс партия ұйымы соңғы бес жылда орта есеппен әр жыл сайын партия қатарына 650-ден астам адам қабылдады. Олардың басым көпшілігі жұмысшы, ВЛКСМ мүшелері мен әйелдер . Бұл облыс партия ұйымының партия қатарын толықтыруға талапты күшейте түскенін байқатады. Партияға қабылданғандардың бәрі коллектив құрметіне бөленген, өз аудандары мен қалаларында, тіпті облыс көлемінде танымал, беделді еңбеккерлер. Олардың мерейін өсірген риясыз атқарған еселі еңбектері. Олар партияға өткенде өздеріне ерекше жағдай жасауды көздеген жоқ, қайта оларды мол жауапкершілікті сезіну мүддесі биледі. Әрдайым КПСС уставының программасының талаптарын бұлжытпай орындауға белді бекем буды.

1980 жылы Мұнайлы аудандық партия ұйымы құрылды. Сонымен жарты аралда 1988 жылдың мамыр айына дейін үш қалалық, төрт аудандық партия комитеті, 432 бастауыш партия ұйымы, 567 цехтық партия ұйымы, 543 партия тобы жұмыс істеді. Оларда 15577 коммунист есепте тұрды. Бұл, 1973 жылмен салыстырғанда 1,8 есеге көп. 1988 жылы мамыр айында мұнайлы ауданы қысқартылды. 130.

Қазақстан Компартиясының XVI съезіне жасаған баяндамада «...Партияға сапалық тұрғыдан іріктеп алу мәселелеріне әрдайым бірдей мән беріле бермейді ...Бұдан біз елеулі қорытынды жасауымыз керек. Партия мүшелігіне қойылатын биік талаптарды қатаң сақтау оның қатарының идеялық және ұйымдық беріктігінің, коммунистік құрылыстағы партияның рөлінің одан әрі өсуінің негізі болып табылады» - делінді. Облыс партия ұйымы партия талабын бұлжытпай орындауға күш салды. Партия қатарына іріктеп қабылдау, жас коммунистермен жұмыс барлық партия комитеттерінде» бастауыш партия ұйымдарында жаңа сатыға көтерілді. Бұған Бейнеу аудандық партия комитетінің жұмыс тәжірибесі дәлел бола алады. Мұнда жас коммунистерді тәрбиелеудің әдістемелік Советі құрылған. Оның құрамында білімді, тәжірибелі, партия тұрмысының мәселелерін жақсы білетін партия, совет қызметкерлері болатын. Совет мәжілісі мерзімді уақытта өтіп, бастауыш партия ұйымдарындағы жас коммунистермен жұмыстың жайы талқыланды, әдістемелік кеңес берілді. Аудандық партия комитетінің қызметкерлері, совет мүшелері бастауыш партия ұйымдарында болғанда жас коммунистермен жұмыс, партияға жаңадан қабылдайтын адамдарды іріктеудің жайымен танысып, нақты практикалық көмек көрсетті. Бұл салада жинақталған тәжірибені пайдалануды ұсынды. Аудандық партия комитетінің бюро мәжілісінде бастауыш партия ұйымдарының секретарьларының жас коммунистермен жұмысы туралы есебін тыңдады. Айталық, Бейнеу тораптық-өндірістік басқармасы партия ұйымының жас коммунистермен жұмысы жайлы ұйым секретарының есебі тыңдалды. Байқалған жекелеген кемшіліктерден құтылудың жолдарын көрсетті. Мұнда жас коммунистермен, КПСС мүшелігіне кандидаттармен жұмыс Советі құрылды. Совет мүшелері жас коммунистердің КПСС Уставы мен программасын, КПСС XXVII съезі мен Қазақстан компартиясының XVI съезінің, КПСС Орталық Комитетінің одан кейінгі Пленумдарының материалдарын толық меңгерулерге күш салды. Бұл жерде облыстық партия комитеті бюросының «Партияға қабылданушыларды іріктеуде, жас коммунистермен жұмысты жақсартуда, олардың авангардтық рөлін күшейтуде Бейнеу аудандық партия комитетінің жұмысы туралы» қаулысының елеулі маңызы болғанын айтқан лазым. Облыстық партия комитетінің бюросы Бейнеу аудандық партия комитетінің бұл саладағы ұнамды тәжірибелерін қорытты. Жұмысты әлі де жақсарта түсудің жолдарын белгіледі. Бұл қауды облыстың өзге де қалалық, аудандық партия комитеттеріне осы бағыттағы өз жұмыстарын сараптап, жаңаша құруға жағдай жасады. Мұны Жаңаөзен, Шевченко қалалық, Ерәлиев аудандық партия комитеттерінің жұмысынан да айқын байқауға болатын еді. Жас коммунистердің қарт коммунистер мен партия және еңбек ардагерлерімен кездесулері жиі ұйымдастырылды. Жас коммунистер мен партия мүшелігіне кандидаттардың қоғамдық жұмысқа қатысы қадағаланылды. 131 Олардың бірқатарына әдейі партиялық тапсырмалар берілді, басқару ісіне қатыстырылды, партиялық жұмыс әдістерін үйретіп отырды. Шевченко қалалық партия комитеті жас коммунистердің 16 мектебін ұйымдастырды. Мектептердің жұмысына қаладағы кәсіпорынның партия комитеті де басшылық жасады. Мектептің 500 тыңдаушысы бар еді. Бәрі де жас коммунистер. Олар КПСС XXVII съезі мен Қазақстан Компартиясының XVI съезінің материалдарын, КПСС Уставы мен Программасын оқып үйренді. Бір назар аударарлық жай, мектептерде әрбір жаңа сабақты бастар алдында тыңдаушылардан өз ұйымдарында қайта құру процесінің қалай өтіп жатқаны және оған оның қатысы жайында хабарламасын тыңдады. Сабақтың өмірмен байланысын нығайтып, тыңдаушылардың белсенділігін арттыруға мұның үлкен септігі тиді. Осынау әдісті алғаш насихатшы Н.В.Бережная өз тәжірибесінде қолданған. Кейін өзге насихатшыларға пайдалану ұсынылды. Айталық, кезекті бір сабақта тігінші Т.И.Асабинаның, №10 орта мектептің кластан тыс жұмысты ұйымдастырушысы С.Тілеуғұлованың хабары тыңдалды. Ол тыңдаушыларға үлкен әсер қалдырды.

Партия комитеттері коммунистердің, партия мүшелігіне кандидаттардың саяси білімдерін көтерулеріне үнемі қамқорлық жасап отырды. Коммунистер саяси және экономикалық оқудың белсенді тыңдаушылары. 1987-1988 оқу жылында тек саяси оқуға 9946 коммунист партия мүшелігіне кандидаттар қатысты. 2895 коммунист насихатшылық міндетті атқарады. Экономикалық оқу жүйесінде 2321 коммунист тыңдаушы болды. 197$ жылы облыс партия ұйымында есепте тұратын коммунистердің 89,7 процентінің жоғары, аяқталмаған жоғары, орта дәрежелі білімдері болса, кейін ол 96,3 процентке жетті. Олардың ішінде екі ғылым докторы, 36 ғылым кандидаты бар. 132.

Партия ұйымының беделі онда есепте тұратын коммунистердің сапа құрамына, жауапкершілігіне, тәртібі мен іскерлігіне, білімі мен тәжірибесіне, қоғамды дамытуға өзіндік мол үлес қосуға ынталылығына, жоғары идеялық рухта өмір сүріп, еңбек етуіне байланысты. Бұл жайында КПСС XXVII съезінде жасалған баяндамада нақты тұжырым жасалды. «Коммунистік партия - сөз бен іс бірлігінің партиясы. Мұны әрбір басшы, әрбір коммунист, қала берді тұтас партия ұйымының есте ұстауға тиіс» деді. Әрбір коммунистке тән қасиет, партия беделінің басты өлшемінің бірі — сөз бен істің бірлігін қамтамасыз ету үшін күресу әрбір коммунистің, қала берді тұтас партия ұйымының басты міндеті еді. Маңғышлақ облыстық партия ұйымы бұған ерекше мән беріп келді. Облыстық партия комитетінің бюро мәжілістерінде, пленумдар мен актив жиналыстарында бұл жайында әрдайым кең көлемде сөз болды. Мысалы, облыс партия ұйымы алғаш құрылған 1973 жылы 13 маусымда облыстық партия комитетінің бюросында «Узеннефть» мұнай-газ өндіру, басқармасы парткомының КПСС Орталық Комитетінің социалистік жарысты ұйымдастыруды алға қарай жақсарта беру туралы» қаулысын орындаудағы жұмысы туралы» мәселе қарады. Социалистік жарыстың жариялылығын, оның тәрбиелік мәнін күшейту, социалистік жарысқа қосылып, көтеріңкі міндеттеме алғандардың өнімді еңбек етуіне жағдай туғызу, сол арқылы сөз бен істің бірлігін қамтамасыз ету, еңбекшілердің өз ісіне жауапкершілігін арттыру талап етілді. Бюро қаулысы бір ғана «Узеннефть» мұнай-газ өндіру басқармасы емес, барлық партия ұйымдарына да қозғау салды. Сол жылы 27 қыркүйекте «Маңғыстау» совхозы партия ұйымының КПСС XXIV съезі шешімдерінен туындайтын міндеттерді орындаудағы жұмысы туралы» «Маңғышлақ бұрғылау жұмыстары басқармасы партия ұйымының бұрғылауда ғылыми-техникалық прогресті жеделдетудегі жұмысы туралы» мәселелер қаралды. Облыстық партия комитеті алғашқы қадамында-ақ бастауыш партия ұйымдарына жанды басшылық жасап, саяси-ұйымдастыру, тәрбие жұмыстарын өрістетуді талап етті, нақты көмек көрсетті. Одан кейінгі жылдарда жалғасын тауып, бастауыш партия ұйымдарының жауынгерлік қабілетін арттыру, олардың еңбекшілер бұқарасының шын мәніндегі саяси басшысы болуын қадағалап отырды.

Тәртіп пен жауапкершілік қатар айтылатын егіз ұғым. Өйткені, тәртіп пен парасаттылық болмайынша жауапкершілік болуы мүмкін емес. Жауапкершілік тәртіптіліктің шынайы көрінісі. Ал адамдардың тәртібі мен парасаттылығын, жауапкершілігін тәрбиелеуде партия ұйымдарына үлкен міндеттер жүктелді. Сондықтан да облыстық партия комитеті Шевченко кәсіпорны партия комитетінің коллектив мүшелерін адамгершілік рухында тәрбиелеудегі жұмысы жайында мәселелер қарады. Облыстағы ең күрделі кәсіпорында қоғамдық тәртіпті бұзушылармен ымырасыз күрес жүргізу аса қажет болды. Өйткені, бүкіл облыс көлеміндегі кәсіпорындарға үлгі-өнеге боларлық, олардың социалистік өмірдің салтына жат қылықтарды болдырмау жолында пәрменді жұмыс жүргізулеріне көмек болар, қозғау салардай шешімді шара алуды сол кездегі жағдай талап етті. Бірақ жағымсыз қылық, етектен тартар, сол кездегі өмірімізге жат іс-әрекет бой көрсетіп, өндіріске, бүкіл қоғамдық өмірімізге кеселін тигізіп жатты. Күрес толастамады, жалғасын таба берді. Өйткені, адам санасындағы кем кетікті бір күнде жою мүмкін емес екені белгілі. Қоғамдық ұйымдар бұл жолда табандылық көрсетіп, жалықпай еңбектенді. Әсіресе, КПСС XXVII съезінен кейін бұл кеңінен өрістеді. Облыстық партия комитеті атқарылған істі талдап, алдағы міндеттерді белгілеуді ұйғарды. 1986 жылы қарашада облыстық партия комитетінің пленумында облыс партия ұйымдарының еңбекшілерге адамгершілік тәрбие беру ісін жақсарту, кінәратсыз тұрмыс үшін күресті күшейту жөніндегі міндеттері туралы мәселе талқыланды. Баяндамада КПСС XXVII съезі белгілеген қайта құру процесінің адам факторына тығыз байланысты екенін, бұл өзгерістерді күткен дәрежеде, неғұрлым нәтижелі жүргізу үшін идеологиялық және ұйымдастырушылық, шаруашылық жұмыстардың ажырамас бірлігін қамтамасыз ету қажеттігі ерекше айтылды. «Онысыз табысқа жету мүмкін емес. Бұл - әрбір коммунистен, әрбір басшыдан, барлық қоғамдық шаруашылық ұйымдардан қайта құру процесінің мазмұны мен маңызына түсініп, творчестволық пен жұмыс жасауды талап етеді»,— деп тұжырымдалды баяндамада. Облыс партия ұйымдары өз жұмыстарын осы талап деңгейінде құрды. Олай болмаған жағдайда он екінші бесжылдықтың тапсырмаларын орындау қиынға түсетін еді. Шевченкопластмасса зауыты, «Мангышлакнефтегазразведка» комплексті экспедициясындағы, құрылыс ұйымдарындағы жағдай он-екінші бесжылдықтың он айының қорытындысымен бағалағанда күткен дәрежеде болмады. Басқару стиліндегі оралымсыздықтан жекелеген ұйымдар мен кәсіпорындарда жоспар орындалмады. Адамдар арасындағы тәрбие жұмысы, тәртіп нашарлады. Облыс партия комитетінің пленумының қаулысын орындау жолында барлық партия ұйымдарында нақты шаралар жасалды. Кәсіпорын, ұйым, шаруашылық басшыларынан тек жоспардың орындалуы ғана емес, адамдар арасындағы тәрбие жұмысының жайы қатаң сұралатын болды 133 .

Облыс партия ұйымы жаңа процестің өмірге батыл енуі әрбір коллектив басшысының, әсіресе бұрыннан жұмыс жасап, бұрынғы бірізділік стильге үйреніп қалған басшылардың өздерінің ұйымдастырушылық әдістерін қайта қарауларына байланысты екенін қатаң ескертті. Сонымен бірге коллективтің әрбір мүшесінің қоғам мүддесіне жанашыр көзқарасын қалыптастыру, жауапкершілік сезімін күшейту қажет екенін де назарда ұстады. Сондықтан алдымен өндіріске бір табан жақын, бастауыш партия ұйымдарына саяси басшы ретінде, өз рөлдерін қалтқысыз атқаруын, есепте тұратын коммунистердің әрдайым ұйытқы болуын, өнеге көрсетуін бұқара халықты жаңаны қолдауға жұмылдыруын талап етті. Әрине, мұны біз тың жаңалық деп отырғанымыз жоқ. Айталық, 1979 жылы мамырда облыстық партия комитетінің бюро мәжілісінде Форт-Шевченко қалалық партия комитетінің бастауыш партия ұйымдарына басшылығы және олардың КПСС XXV съезі мен КПСС Орталық Комитетінің қараша (1978 ж.) Пленумының шешімдерін орындаудағы рөлін арттырудағы жұмысы туралы мәселе қаралды. Бюро қаулысында сол кезеңнің талабына сай орын алған кемшіліктерді жоюдың нақты жолдары көрсетілді. Қалалық партия комитетіне, бастауыш партия ұйымдарына, әсіресе, «Мангышлакрыбхолодфлот» басқармасы партия ұйымына басшылықты күшейтуді қатаң тапсырды. Бұл қаулының бүкіл облыс үшін бастауыш партия ұйымдарына басшылықты жетілдіруде елеулі әсері болғаны сөзсіз. Ал талап одан да биік дәрежеге көтерілуге тиісті еді. Өйткені, КПСС Орталық Комитетінің сәуір (1985 ж.) Пленумы мен КПСС XXVII съезінің, КПСС Орталық Комитетінің одан кейінгі Пленумдарының шешімдеріне сай қойылған талап бұрынғы қай кездегіден де әсте өзге, жаңа сапада еді. Бұл облыстық партия комитетінің 1986 жылы сәуір айында өткен пленумында нақты көрініс тапты. Онда «КПСС XXVII съезінің қорытындылары және оның шешімдерінен туындайтын облыс партия ұйымының міндеттері туралы» мәселе талқыланды. Пленум бастауыш партия ұйымдарына басшылықты әлі де жетілдіре түсуді талап ете отырып, шаруашылық және мәдени құрылыстың барлық мәселелерін партия ұйымы жұмысының дәрежесі тұрғысынан қарау керектігін қатаң ескертті. Бұл ретте Жаңаөзен қаласындағы технологиялық сұйықтық дайындайтын басқарманың партия бюросының жұмысын мысалға алуға болатын еді. Жалпы аталмыш басқарманың жұмыс сапасы облыс бойынша мұнай өнімінің деңгейіне тікелей әсер ететін. Өйткені, Маңғышлақта мұнайдың 70 проценті қабатқа су айдап, қысымын арттыру арқылы өндіріледі. Демек, бұл басқарма коллективі мұнай өнеркәсібінде шешуші рөл атқарады. Технологиялық сұйықтықты уақытында даярлау, сапасын арттыру, кәсіпшіліктерді мерзімді уақытында, қажетінше қамтамасыз ету үлкен жауапкершілікті, еңбек тәртібін талап етеді. Он бірінші бесжылдықтың алғашқы жылында бұл басқарма жұмысында кейбір немқұрайлылықтар байқалды. Мұның мұнай өндірісіне әсері болмай қалмады. «Мангышлакнефть» өндірістік бірлестігі бұған назар аудармай тұра алмады. Басқарманы қажетті техникамен жарақтандырды. Жөндеу пунктін ұйымдастырды. Жұмыс алға басты. Жоспар орындалып, адамдардың еңбекке ынтасы арта бастады. Бірақ бұл әлі де жеткіліксіз еді. Ұйымдастыру саяси-тәрбие жұмысында осал жерлер аз болған жоқ. Өндірісте кідірістер мен сапасыздыққа жол беріліп қалып жүрді. КПСС XXVII съезінен кейін коллектив жетекшілеріне де, коммунистерге де, барлық қоғамдық ұйымдарға да ұйымдастыру жұмысын қайта қарауға тура келді. Бұрынғыдай бірыңғай өндіріс мәселесі, жоспардың орындалу жайымен шұғылданбай, оны жүзеге асырушы коллектив мүшелері арасындағы тәрбие жұмысына, адамдардың көңіл-күйіне көбірек көңіл бөлінетін болды. Басқарма басшыларының жұмыс күні бұрынғыдай өз кабинетінде емес, өндірісте, коллектив мүшелерінің арасында басталды, коллективпен кездесті. Олардың алдында, партия бюросында атқарылған жұмыс жайында есеп берді. Басқармада өндірісте еңбекті ұйымдастырудың бригадалық әдісі кеңінен енгізілді. Осының негізінде бригадалар мен звеноларда еңбек тәртібінің, орындаушылық тәртіптің нығаюына қолайлы жағдай туды. Еңбек уақытының рәсуә болуына тосқауыл қойылды. Технологиялық шарттардың толық орындалуы қадағаланылды. Бірақ бұдан басқармада ұйымдастыру мәселесі түбегейлі шешілді деуге болмайды. Жабдықтарды жөндеуде бірлестіктің орталық базасы көптеген кемшіліктерге жол берді. Ішкі резервтерді толық пайдалануда кейбір ағаттықтар бой көрсетеді. Партия бюросы, коммунистер осы мәселелерді реттеудің жолдарын қарастырды.

Он екінші бесжылдықта қазыналы арал еңбекшілері алдында күрделі міндеттер тұрды. Бес жыл ішінде өнеркәсіп өндірісінің көлемі 24 процент өседі. Ауыл шаруашылығы өнімі жылына 14 процент артады. Ғылыми-техникалық прогреске кең жол ашылады. Техника мен технология жаңалықтарын өндіріске енгізуден экономикалық тиімділік бір жарым есе артады. Бес жыл ішінде 90 миллион тоннаға жуық мұнай және газ конденсаты өндіріледі. Әлеуметтік салада да күрделі өзгерістер болады. Мұның бәрі еңбек тәртібін әлі де нығайту, өндірісті жеделдету процесіне сай кайта құру техникалық прогрестің жетістіктерін, ішкі резервтерді жан-жақты пайдалануды талап етеді. Соған сай партия ұйымдарының экономикаға басшылығын күшейту қажеттігі бұрынғыдан да арта түсті. 134.

Партия ұйымдары коммунистерді халық шаруашылығының шешуші салаларына орналастыруға көбірек көңіл бөлді. Барлық коммунистердің 39,8 проценті – өнеркәсіпте, 9,1 проценті – транспорт саласында 11,9 проценті – құрылыста, 8,6 проценті – ауыл шаруашылығында, тағы басқа жұмыстарда істеді. Осыған орай партия ұйымдары да өндіріс саласы бойынша құрылғанды. Айталық, өнеркәсіпте-63, транспортта-54, құрылыста-36, совхоздарда-21 бастауыш партия ұйымы жұмыс істеді. Бұлар шын мәнінде саяси басшылық органына айналып, халықты КПСС XXVII-съезі мен Қазақстан Компартиясының XVI съезі алға қойған міндеттерді орындауға жұмылдырушы пәрменді күшке айналды. Сонымен бірге өндірістің ретіне қарай цехтық партия ұйымдары, партия топтары құрылған еді. Бастауыш партия ұйымдарында цехтық ұйымдарын құрған кезде өндірістің саласымен қоса, нақты жағдайлар да ескерілді. Айталық, Мұнайлы ауданының Қаражанбастағы скважиналарды күрделі жөндеу және пласталардың мұнай беру қабілетін арттыру жөніндегі басқармасында жұмысшылар ауысыммен жұмыс істеді. Вахта айына екі рет ауысады. Сондықтан вахталарда цехтық партия ұйымдарын құру ұйғарылды. Бұл өз нәтижесін берді. Әрбір ауысымдық вахтаның өз цехтық партия ұйымы, партия тобы болды. Коммунистер өздерінің сменалық вахтасы кезіндегі барлық өндірістік, әлеуметтік, тұрмыстық, саяси жұмыстардың жайын талдады, проблемалық мәселелерді шешті. Ал, осы ауданның №2 кәсіптік-геофизикалық кеңсесінде бірнеше ұсақ бөлімшелер бар, оларда коммунистердің саны да аз болатын. Мұнда бастауыш партия ұйымын цехқа бөлмей тұтасымен қалдырып, партия ұйымдастырушылары тағайындалды. Белгілі шеңбердегі мәселелер солар арқылы шешілді.

Қысқасы, облыс партия ұйымдарында ұйымның құрылымын жаңа талаптарға сай жетілдіру, оның өндірістің ілгері басуына, адамдар арасындағы саяси-тәрбие жұмыстарын өрістетудегі рөлін арттыруға күш салды.

Партия топтарының ұйымдастырушылық қабілеті арта түсті. Мұның өзі сайып келгенде өндірістің съезд талабына сай ілгері жедел қадам жасауына аса қолайлы болды. Мысалы, Жетібай бұрғылау жұмыстары басқармасында А.Махтиев басқаратын партия тобының жұмысы көңіл аударарлық еді. 1986 жылы бригада коллективі айына 3848 метр тереңдік бұрғылап, рекорд жасады. Осы үшін сыйлыққа берген 400 сомды Чернобыль АЭС-інде апатқа ұшырағандарға көмек қорына аударды. Бұл бригада мүшелерінің, коммунистердің еңбекке коммунистік көзқарасынан, КПСС XXVII съезі шешімдерін орындау жолындағы жауапкершілігінен туған жай еді. Олар он екінші бесжылдықтың алғашқы жылының бірінші жарты жылдық жоспарын 19 мамырда орындап, ал жылдық жоспарды Ұлы Октябрь социалистік революциясының 69 жылдық торқалы мерекесі күніне орындады. Ұлы Октябрьдің 70 жылдығы алдындағы міндеттемелерін де ойдағыдай орындады. Олар бесжылдық жоспарды төрт жыл алты айда орындауға серт берді. Бұған коммунистердің, партия тобының елеулі ықпалы болды. Олар инициативаны өз қолдарына алып, өндірістік жоспардың орындалу жолдарын қарастырды. Өздерінің жиналыстарында құнды-құнды ұсыныстар жасап, мәселелер көтеріп отырды. Айталық, жұмысшылардың көптеген уақыты вахталық поселкеден жұмыс орындарына келгенге дейін кететін еді. Коммунистер «бұдан құтылу керек, бұрғышылар бұрғылау станогының жанында, буровойда болуы керек» деген шешімге келді. Басқарма бастығының алдына мәселе қойылды. Буровой қасына үш вагон әкелінді, жатақхана, асхана, кітапхана ұйымдастырылды. Сөйтіп, еңбек өнімділігі артты. Әрбір вахтаның мүшелері жыл ішінде бір-бірден рационализаторлық ұсыныс беруге міндеттеме қабылдады. Бригада мүшелері қарағандылық шахтер Қошқаровтың бастамасын қызу қолдап, «Бізге сеніп тапсырылды, біз бәріне де жауап береміз» деген лебізбен еңбек етті.

«Манғышлакрыбхолодфлот» басқармасына қарасты балық майы мен ұнын шығаратын «Ангара» жүзбелі балық зауытындағы партия тобының жұмысы да тәлім аларлық еді. Форт-Шевченко қаласындағы ең озат коллектив он екінші бесжылдықтың тапсырмаларын төрт жыл алты айда орындау үшін «Каспий балықшыларының басты бағыты-жеделдету» деген лебізбен еселі еңбек етті. Жүзбелі балық зауыты коллективінің өнімді еңбек етуіне, тәртіп пен парасаттылық нормаларын қатаң сақтауларына барлық жағдай жасалып, сонымен бірге талап та күшейді. Партия тобы саяси тәрбие жұмысын өрістетті.

Облыстық партия комитеті цехтық партия ұйымдары мен партия топтарына басшылықты талап деңгейінде жүргізу, оған дұрыс бағыт беру, ұйым, топ жетекшілерінің партия өмірінің өзекті мәселелерін білулеріне, үйренулеріне қамқорлық жасауды бастауыш партия ұйымдары мен партия комитеттерінен талап етіп отырды. Партия ұйымдарының бұл бағытта тындырған жұмыстарын зерттеп, қорытты. Мысалы, облыстық партия комитетінің бюросы 1977 жылы қаңтар айында «Ақшыңырау» совхозы парткомының цехтық партия ұйымдары мен партия топтарына басшылығы жайында мәселе қарады. Бюро партия комитеті тарапынан жіберілген бірқатар кемшіліктерді атап көрсетті. Әсіресе, цехтық партия ұйымының секретары партия топтарының жетекшілерін іріктегенде үлкен қателіктер жіберген. Бұл жұмысқа дайындығы жоқ, білімі тайыз адамдар ұсынылған. Оның үстіне олармен семинар өтпеген, нұсқау берілмеген. Бюро партия комитетіне, цехтық партия ұйымына, партия топтарына совхоз экономикасы мен мәдени құрылысқа басшылық жасау, инициатива көрсету, еңбек өнімділігін арттыру, техниканы тиімді пайдалану, ішкі резервтерді толықтай іске қосуды тапсырды. Уақытылы партия жиналыстарын өткізу, сын мен өзара сынды өрістету, коммунистердің еңбекке саналы қарауларына жету талап етілді. Сондай-ақ, Каспий аймақтық құрылыс басқармасы партия комитетінің цехтық партия ұйымдарына басшылығы туралы мәселе қарады. КПСС XXVII съезі мен Қазақстан Компартиясының XVI съезінен кейін бұл мәселе жаңаша қолға алынды. Цехтық партия ұйымдарының жұмысына басшылық соны серпінмен жүргізілді. 135.

Партия ұйымы жұмысының талап деңгейінде болуы оның жетекшісінің білімі мен тәжірибесіне, іскерлігіне байланысты екені белгілі. Облыс партия комитеті қалалық аудандық партия комитеттерінен бастауыш партия ұйымдарына секретарлыққа коллектив алдында беделді, партиялық жұмыстан хабары бар, білімді, тәжірибелі кадрларды ұсынуды, оларды алдын-ала тәрбиелеуді, партия құрылысының негізгі мәселелерін үйренулеріне жәрдемдесуді талап етіп отырды. Сол кезде партия ұйымының секретарларының 254-нің жоғары, 14-нің аяқталмаған жоғары, 173-нің жалпы және арнаулы орта дәрежелі білімдері бар еді. Көптеген партия ұйымдарының секретарлары облыстық партия комитетінің жанындағы марксизм-ленинизм университеттерінде оқыған, саяси білімді кадрлар болатын. Қалалық, аудандық партия комитеттерінде секретарь күндері өтіп тұрды. Олар үшін тұрақты семинарлар ұйымдастырылды. Мұнайлы ауданында Бозашыдағы жұмыс вахтамен атқарылатын болғандықтан цехтық партия ұйымының секретарьларының, топ жетекшілерінің, партия ұйымдастырушыларының жылжымалы оқуын ұйымдастыру қолға алынды. Мұның бәрі партия ұйымдары секретарьларының өзара тәжірибе алмасуларына, партиялық ұйымдастыру, идеологиялық жұмыстардың теориясы мен практикасын жақсы меңгерулеріне жәрдемдесті.

Тағы бір айта кететін жай, бастауыш, цехтық партия ұйымдары секретарьлары мен партия топтары жетекшілерін іріктеуде, сайлауда демократиялық принцип кеңінен енгізіле бастады. 1987 жылы облыс партия ұйымдарында өткен есеп беру, сайлау жиналыстарында 154 ұйымның әрқайсысында екі немесе одан да көп адам, ұйым жетекшілігіне ұсынылды. Коммунистер әрбір кандидаттың іскерлігі, білімі, адамгершілік әл-ахуалы жайында терең талдау жасады. Сөйтіп, коммунистердің өздері өз ұйымдарына лайықты жетекшілерді таңдап алып, бірауыздан дауыс берді. Бұл оңды тәжірибе одан әрі жалғасын тапты.

Партия ұйымдарында коммунистерді тәрбиелеу мектебі – партия жиналыстарын уақытылы және ұйымшылдықпен өткізу ең кезек күттірмейтін міндеттердің бірі. Партия комитеттері жекелеген партия ұйымдарының жиналысты өткізу тәжірибелерін зерттеп, бюро мәжілісінде талқылап отырды. Мысалы, №1831 автотранспорт кәсіпорны коллективі өндірістік тапсырманы орындап отырды. Мұнда коммунистердің қала берді партия ұйымының үлесі бары сөзсіз. Бірақ партия ұйымы ұйымдық-партиялық жұмысқа салақ қарады. Партия жиналысы жарғыда көрсетілген мерзімде өтіп тұрмады. Оған тыңғылықты, жан-жақты әзірлік жасалынбады. Мәселе үстірт қаралып жатты. Коммунистердің толық қатысуы қамтамасыз етілмеді. Коллективте жұмыс ауысыммен атқарылатын болғандықтан партиялық-ұйымдастыру, саяси-тәрбие жұмысын соған үйлесімді жүргізуді ойластырмады. Партия жиналысында көбіне біртекті мәселелер талқыланды. Еңбек өнімділігін арттыру, коммунистердің авангардтық рөлі жайында, цехтық ұйымдардың жұмысы туралы мәселелер даралмады. Партия мүшелерінің жарғылық талапты қалай орындап жүргені туралы есебі тыңдалмады. Бұл кәсіпорынның жалпы жағдайына әсер етпей қоймады. Облыстық партия комитеті кәсіпорын партия ұйымының партия жиналысын әзірлеу және оны өткізу жөніндегі тәжірибесі туралы мәселе қарауды ұйғарды. Бюро партия ұйымында орын алған кемшіліктердің бетін ашты. Ұйымынан партия жиналысының рөлі мен беделін арттыруды талап етті. Партия бюросында, цехтық партия ұйымдарына жиналысты тиянақты әзірленуді, коммунистердің толық қатысуын қамтамасыз етуді, мәселені, талқылауға қатардағы коммунистердің белсенді қатысуын қамтамасыз етуді, сын мен өзара сынды өрістетуді1 тапсырды.

Облыстық партия комитетінің бюро мәжілісінің қаулысы өзге партия ұйымдарына да қозғау салды. Партия жиналыстарын өткізу тәжірибесін жетілдіре түсуге көмектесті. Дей тұрғанмен, жекелеген партия ұйымдары партия жиналыстарын талап дәрежесінде өткізе алмады. КПСС Орталық Комитетінің 1985 жылғы сәуір Пленумы мен КПСС-тің XXVII съезі, Қазақстан Компартиясының XVI съезінен кейін партия жиналыстарын өткізу тәжірибесіне елеулі өзгерістер енгізілді. Мысалы, Маңғышлақ барлау-бұрғылау басқармасы партия ұйымы бұрын партия жиналысын әзірлеу, өткізудің жеңіл жолын іздеуге бой ұратын. Кейін әңгіме нақты, күрделі мәселелер төңірегінде қозғалып, өндірістік, әлеуметтік-экономикалық мәселелер терең талқыланатын болды. Партия комитетінде жалпы партия жиналыстарында коммунистердің есебі тыңдалды. Мұның бәрі қалыпты жайға айналып, қайта құру процесінің пайдасы нақты ісі үстінде дәлелдене түсуде. Партия ұйымында машинист В.Смик басқаратын партия тобының жұмысы жоғары бағаланатын. Топта бес коммунист бар. Бәрі де партиялық тапсырма алған. Олар өздерінің ісі мен тындырымдылығы, тәртібімен бригаданың қалған мүшелеріне үлгі болды. Бұрғышы-шебер Ғ.Төлесінов, моторист Г.Жүровтар еңбекқұмар, бір сырлы азаматтар. Бригадада тәртіп нығайды. Әрбір мүшесі өз орнын, өз жұмысын қадірлейді, коллектив атына сын келтірмеуді ойлады. Партия жиналысы сын мен өзара сын үстінде өтеді. Кемшілік атаулы елеусіз қалмайды.

Бірде партия жиналысында №2 РИТС бастығының есебін тыңдады. Коммунистер оның бойындағы жекелеген кемшіліктерді ашық айтты. Ең бастысы, ол жұмыста жолдастарына сене білмеді. Барлық жұмысты өзі атқаруға тырысты. Бірақ бір адамның бірнеше адам атқаратын қызметті тиісті дәрежесінде жасай алмайтыны белгілі. Сондықтан ол қателіктерге жол берді. Коммунистер жиналыста мұны ашық айтты.

1986 жылы партия ұйымдарында өткен есеп беру жиналыстары партия ұйымдарында коммунистердің белсенділігінің арта түскендігін танытты. Барлық бастауыш, цехтық партия ұйымдарында жиналыс коммунистердің түгелге жуық қатысуымен, сын мен өзара сын жағдайында өтті. Коммунистер кемшіліктерді батыл сынай отырып, өз ұсыныстары мен пікірлерін де айтты. Мысалы, «Мангышлакнефтегазстрой» тресінің №4-ші құрылыс басқармасының партия бюросының есеп беру жиналысында коммунистер қабылданған қаулының орындалуы барлық кезде бақылауға алынбайтынын сынға алды. Онда құрылыс материалдарының сапасына бақылауды күшейту, вахталық поселкеде күз, қыс айларында жуылған киімдерді кептіретін орынның керектігі, тұрмыстық қызмет көрсетуді жақсарта түсу қажеттігі жайында құнды-құнды ұсыныстар жасады.

Жетібай бұрғылау жұмыстары басқармасында өткен есеп беру жиналысында коммунистер әрбір бригадаға берілетін көтермелеу сыйлығының мөлшерін үнемделген қордың, қаржының көлеміне қарай белгілеу керек деді. Ал «Ангара» жүзбелі балық зауытының коммунистері «жағадағы, порттағы қызмет көлемі теңізшілердің талабын қанағаттандырмайды. Теңізден оралып, жағаға келгенде көп уақытымызды жүкті жедел түсіре алмай, босқа жоямыз. Порттағы қызметті реттеу біздің өнімді еңбегіміздің кепілі болады» деді. Бұл сынақ тиісті ұйымдар нақты қорытынды шығарды. Мұның бәрі жеделдету процесіне жақсы ықпал етті.

1987 жылдың аяқ кезінде өткен облыс партия ұйымдарындағы есеп беру сайлау жиналыстары да ұйымшылдықпен өтті. Коммунистер КПСС XXVII съезі мен КПСС Орталық Комитетінің одан кейінгі Пленумдарының шешімдеріне сай демократия принциптерін қатаң сақтау, одан әрі дамыту, қайта құру, жеделдету процесін дәйекті жүргізу жайында құнды-құнды ұсыныстар жасады. Айталық, республика тұңғышы қазақ газ өңдеу зауытында өткен есеп беру сайлау жиналыстарында коммунистер зауытта қайта жарақтандыру жұмыстарын жеделдету, шаруашылық есепке, өзін-өзі қаржыландыруға көшуді тездетуді талап етті. Бұл жайында өз пікірлерін ортаға салды.

Есеп беру-сайлау жиналыстарында 3300-ден аса сын-ескертпелер мен ұсыныстар айтылды. Олардың үштен-бірі сол жиналыстар өтіп жатқан кезде-ақ жүзеге асырылды. Өйткені, облыс партия комитеті тарапынан саяси науқан басталар алдында сондай тапсырма, бағыт берілген болатын. Қалалық, аудандық, облыстық, республикалық органдар атына 425 сын-ескертпелер мен ұсыныстар айтылды. Олардың 131-і сол бойда-ақ орындалды. Мұның бәрі демократиялық принциптерді, жариялылықты шын мәнінде қамтамасыз етудің нәтижесі.

Қазақстан Компартиясының XVI съезіне жасалған баяндамада «Қазақстан Компартиясының аудандық, қалалық, облыстық комитеттері, Орталық комитеті бастауыш партия ұйымдарының творчестволық жұмыс стилі қалыптасуына барған сайын табанды түрде ықпал етуге, саяси басшылық формалары мен әдістерінің бүкіл байлығының неғұрлым жақсы пайдаланылуына көмектесуге тиіс» делінді.

Партия комитеттері съезд талабына сай өндіріске бір табан жақын, коллективтермен қоян-қолтық жұмыс істеп отырған бастауыш, цехтық партия ұйымдар мен партия топтарына саяси басшылықты жетілдіре түсті.

Ұйым беделі есепте тұратын коммунистерге, жалпы кадрға байланысты. Олардың іскерлігі, коммунистік қоғам идеалына адалдығы, тапсырылған жұмысқа жауапкершілігі, рухани биік тұлғасы, адамгершілік парасаты тек өзінің емес, бүкіл ұйымның беделін арттырады. Сондықтан да Лениндік Коммунистік партия барлық кезде де кадр мәселесін бірінші қатарға қойды. КПСС XXVII съезінде жасалған баяндамада: «Біз назарды істің практика жүзінде ұйымдастырылуына, Кадрларды, партия активін орналастырып, тәрбиелеуге шоғырландыруымыз, өзіміздің бүкіл қызметімізге, барлық деңгейлерге, барлық эшолондарда — қырағы партиялық көзбен қарауымыз керек» — делінген. Партияның қазіргі кезеңнің талаптарына сай кадр саясатын жан-жақты белгілеген КПСС Орталық Комитетінің қаңтар (1987 ж.) Пленумында бұл идея одан әрі дамытылды. Жарты аралдағы партия ұйымдары кадр мәселесіне партия қойған осынау талап дәрежесінде назар.аударып, еңбек үстінде сыналған, іс тағдырын білетін адамдарды, әсіресе жастар мен әйелдерді жоғарылатуға бағыт ұстап келді. Кадрларды іріктеу, орналастыру және тәрбиелеуде партияның кадрлар жөніндегі саясатына сай дәйекті жұмыс жүргізу қалалық, аудандық партия комитеттерінен, бастауыш партия ұйымдарынан талап етіліп отырды.Облыстық партия комитетінің бюросында Бейнеу аудандық партия комитетінің КПСС Орталық Комитетінің «Белоруссия партия, ұйымының идеологиялық кадрларын іріктеу және тәрбиелеу жұмысы туралы» қаулысын орындаудағы жұмысы жайында», Маңғыстау ауданы партия ұйымының «Совхоздардағы орта буын кадрлармен жұмысы туралы», «Узеннефть» мұнай-газ өндіру басқармасы парткомының «Кадрларын тапсырылған іске жауапкершілігін арттырудағы жұмысы туралы», Ералиев ауданында «Кадрларды іріктеу, орналастыру және тәрбиелеуді жақсартудың жайы және шаралары туралы», тағы басқа мәселелердің қаралуы соның дәлелі болса керек. Сонымен бірге бұл мәселе облыстық партия комитетінің пленумдарында да әлденеше рет қаралды. Партия конференцияларында кең көлемде әңгіме болды. Кадрларды дұрыс іріктеу және орналастыру, тәрбиелеу процесінде қателіксіз, таза жұмыс істеуді талап еткен қаулылар қабылданды. Ұтымды тәжірибелер қорытылды. Нәтижесінде Маңғышлақ облысы қажетті кадрлармен қамтамасыз етілді. Облыс жаңадан құрылған кезде көптеген басшы кадрлар басқа облыстардан партиялық жолдамамен келді. Одақтас республикалардың көптеген облыстарынан, қалалары мен селоларынан инженер-техниктер, жұмысшылар көптеп келіп, Маңғышлаққа біржола қоныстанды. Бұл Лениндік ұлт саясатының жүзеге асқандығының айқын куәсі еді. Облыс партия ұйымы достық көмекке келген кадрларды ұқыпты пайдалана отырып, жергілікті кадрларды даярлауды қолға алды. Партия мен совет қызметкерлерін даярлау үшін көптеген адамдар Москва қаласындағы, КПСС Орталық Комитеті жанындағы қоғамдық ғылымдар Академиясына, Алматыдағы жоғары партия мектебіне оқуға жіберілді. Біраз басшы қызметкерлер сырттай оқыды. 1973-1985 жылдар ішінде бұл оқу орындарын 163 адам бітірді. Олардың бәрі дерлік лайықты орындарын алды. Алматы жоғары партия мектебі жанындағы республика аралық партия және совет қызметкерлерінің білімін көтеру курстарында 261 адам, Гурьев қаласындағы облысаралық партия және совет қызметкерлерінің білімін көтеру курстарында 787 адам оқыды. Облыстық партия комитетінің жанынан құрылған марксизм-ленинизм университеті облыс үшін идеология кадрларын даярлаудың шеберханасына айналды. Жылына орта есеппен марксизм-ленинизм университетінің 200-ден астам адам тәмәмдады. Олар қалалық, аудандық партия комитеттерінің жолдамасымен келген, болашағынан үлкен үміт күттіретін, жоғары дәрежелі білімдері бар маман кадрлар. Облыста жұмысшы кадрларын даярлау проблемасын шешу үшін де біраз жұмыстар атқарылды. Бұл ең алдымен кәсіптік-техникалық училищелердің жұмысын жақсарту, олардың санын көбейту арқылы жүзеге асты. Бұл күндері жарты аралдағы халық шаруашылығында кәсіптік-техникалық училищелердің түлектері-15 мыңға жуық жас жұмысшылар еңбек етеді. Он бірінші бесжылдық жылдарында ауыл шаруашылық кәсіптік-техникалық училищені 9,8 мың жас жігіттер мен қыздар тәмәмдап, мамандықтары бойынша жұмысқа жолдама алды. Орта мектептерде кәсіптік бағдар беру жұмысы жандана түсті. Орта мектепті бітірген көптеген жас жігіттер мен қыздар туған «өлкесінде өндірістерде жұмыс істейді. Жоғары, арнаулы орта дәрежелі білімі бар инженер-техник және басқа мамандық иелерін даярлау үшін орта дәрежелі білімі бар жастардың жоғары және арнаулы орта дәрежелі оқу орындарына оқуға түсулеріне жағдай жасалды. Жылма-жыл орта есеппен 400 жас жігіттер мен қыздар жоғары оқу орындарына оқуға түседі. Шевченко қаласында Алматы политехникалық институтының жалпы техникалық факультеті ашылды. Мұнда техникум, мед училище, педучилище жұмыс істейді.Сол кездері Маңғышлақта халық шаруашылығында 14 мыңға жуық жоғары дәрежелі білімі бар маман кадрлар белсенді еңбек етті. Олардың 30,4 проценті коммунистер. Үлкен күпі. Партия үй ымы оларды аялап, халық мүддесі жолында еселі еңбек етулеріне жағдай туғызды. Олардың арасынан ұйымдастырушылық қабілеті мол талантты жас, мамандар лауазымды жұмыстарға жоғарылатылды.

КПСС Орталық Комитетінің қаңтар (1987 ж.) пленумы нан кейінгі мерзімде облыстың партия комитеті, оның бөлімдері кадрды іріктеу, орналастыру және тәрбиелеу, сонымен бірге кадрдың резервін дайындауда елеулі жұмыс атқарды. Бұл жұмыстың қалалық, аудандық партия комитеттерінде де талап дәрежесінде болуы қатаң бақылауға алынып, нақты басшылық берілді. 136.

Кадрмен жұмыста демократиялық принципті кешінен қолдануға жол ашылды, жариялылық қамтамасыз етіле бастады. Мұның өзі сайып келгенде қателіктен арылуға немесе, бұрынғыға қарағанда аз жіберуге мүмкіндік туғызды. 1977 жылдың қаңтарынан 1978 жылдың қаңтарына дейін 733 басшы қызметкерді еңбек коллективтерінің өздері сайлады.

Облыстық партия комитетінің номенклатурасындағы-587 басшы қызметкердің 11-і республикалық және еліміздің орталық органдарына жұмысқа жоғарылатылды.

Маңғышлақ территориялық-өнеркәсіптік комплексінде Жаңаөзен қаласының алатын орны ерекше. Ол жарты аралда өндірілетін мұнайдың 50 процентін береді. Жаңаөзендік мұнайшылар мен бұрғышылар, халық шаруашылығының басқа саласындағы кадрлар өз қаласының, қала берді тұтас облыс мерейі үшін барлық кезде де аянбай, еселі еңбек етіп, көзге түсті. Мысалы, он бірінші бесжылдықта олар өнеркәсіп өнімін өткізуден жоспарды мерзімінен бұрын орындап, мемлекетке бесжылдық жылдарында сол кездегі 2 миллиард сомның өнімін өткізді. Ол жоспардан 38 миллион сомға артық. Немесе мұнайшылар мен газ өндірушілер бес жыл ішінде жоспардан тыс 500 мың тонна мұнай және газ конденсатын, 800 миллион текше метрге жуық табиғи газ өндірді. Қалада әлеуметтік мәселелер де ойдағыдай шешімін тапты. Қалалық партия комитеті, қалалық совет атқару комитеті еңбекшілерге мәдени қызмет көрсету, олардың жақсы тынығуын қамтамасыз ету жайлы үйлерге орналастыру жағын назардан тыс қалдырмады. Он бірінші бесжылдық жылдарында 29,5 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Екі арнаулы орта оқу орны - мұнай техникумы мен медицина училищесі ашылды. Ұлы Отан соғысы және еңбек ардагерлері үшін гүлзар, балалар үшін «Балдырған» қалашығы жасалды. Каспий теңізі жағасынан демалыс алаңы пайдалануға берілді. Мұнан басқа да қолға алынып, еңбекші қауымға сыйға тартылған көңіл қуантар жайлар аз емес. Қаланың мәдени өміріне елеулі өзгерістер ,әкелген он бірінші бес жылдық жылдарындағы I қарқын он екінші бесжылдықта жалғасын тапты. Бес жылдықтың алғашқы жылының өзінде 9 миллионнан астам тонна мұнай, 2137 миллион текшеметр газ өндіру, 5,5 миллион тонна халық шаруашылығы жүгін тасымалдау міндетін атқарды. Мұның бәрі белгіленген меже, қаланың еңбекші қауымының КПСС XXVII съезі мен Қазақстан Компартиясы XVI съезінің шешімдеріне сай қайта құру процесін дәйекті жүргізе отырып, қолдары жеткен табысы. Сайып келгенде, Жаңаөзендік f кадрлардың іскерлігінің, сөз бен істің арасында алшақтыққа жол бермеу жолындағы табанды күресінің нәтижесі. Бұл жерде Жаңаөзен қалалық партия комитетінің бұрынғы бірінші секретары, кейінгі «Мангышлакнефть» бірлестігінің бас директоры Нұрлыхан Бекбосыновтың саяси басшы ретінде қосқан үлесі жайлы айтқан лазым. Иваново қаласындағы энергетиктер - даярлайтын институтты, Москвадағы политехникалық институтты, КПСС Орталық Комитеті жанындағы бағамдық ғылымдар академиясын тәмәмдаған білімді, тәжірибелі жігіт Жаңа өзен қалалық партия комитетінде сегіз жыл бірінші секретарь болып істеген кезінде қала экономикасы мен мәдениетін көтеруде елеулі іс тындырды. Оның ұйымдастырушылық қабілетін партия жоғары бағалады. «Мангышлакнефть» өндірістік бірлестігіне бас директорлыққа тағайындады. Мұнда да ол зор қабілеті танытып, мұнай өнеркәсібін одан әрі дамытуға мол үлес қосты.

Жаңаөзен қалалық партия комитеті кадр мәселесіне аса сергек қарады, КПСС XXVII съезінен кейін кадрларды іріктеу, білімді, тәжірибелі жастарға сенім арту,жауапты жұмыстар тапсыру, сонымен бірге оларды дәйекті тәрбиелеуге ерекше мән беріп отырды. Кадрлардың резервтерін жасады. Оларды жоғарылатқанда коллектив пікіріне ден қойды. Бірақ оны тексереді. Кейде коллектив пікірінің де жаңсақ болу фактілерін байқап, оны түзетуге күш салды. Мұны қалалық, партия комитетінің кадрлар резервіне берген еңбек коллективтері бағасының 25 процентінің үстірт, жаңсақ болғаны, сөйтіп, ол адамдардың резерв құрамынан шығарылып қалғаны дәлел. Аудандық партия комитеті бұрыннан келе жатқан, кейбір себептермен көтерілген, кейіннен Міндетті жұмысын атқаруға шамасы келмей жүрген басшыларды батыл ауыстырып, орнына жігерлі, инициативалы, іс түйінін білетін кадрларды тағайындады. Мысалы өзен үйлестіру басқармасына бастық етіп коммунист В.Бердинді тағайындады. Өйткені, бұрынғы бастығы Е.Луков қоғамдық ұйымдардың, коллектив мүшелерінің орынды пікірлерімен санаспай, өндірісті ілгері басуына кедергі жасады. Қалалық партия комитеті оны орнынан алуға шешім қабылдады. В. Бердик ұстамды, тәжірибелі инженер, қалалық партия комитетінде жұмыс жасаған, адамдармен тіл табысып, өндірістік қатынастарды, коллективте өзара түсіністікті қалыптастырды. Нәтижесінде өндіріс ілгері басты, кәсіпшіліктердегі автоматика жүйелерінің қызметін қалыпқа келтірді. Қала тұрғындары нан зауыты шығарған өнімге реніш білдірді. Қалалық партия, комитеті жағдайды талдады. Зауыттың директорлығынан Н.Нечаевты босатып, орнына К.Көшкінбаевты тағайындады. Зауыт коллективі жаңа басшының басқару стиліне разы. Олар аянбай еңбек етті. Соған жағдай жасай білген басшы беделге ие болды. Өнім сапасы жақсарды, көлемі ұлғайды.. Зауыт коллективі социалистік жарыстың қорытындысы бойынша қаланың ауыспалы Қызыл Туына ие болды. Қала кәсіпорындары мен ұйымдарының басшылары өз коллективтері алдында есеп беріп отырды. Қалалық партия комитетінің бюросында, кейде пленумда олардың жұмыс жайында баяндамалары тыңдалып талқыланды. Бұл кадрлардың жауапкершілігін арттырып байқалған кемшіліктерді түзетуге көмектесті. Бейнеу аудандық партия комитетінің бірінші секретарь, болған Дүйсенбі Әріпов те өмір жолынан өткен, білімді, тәжірибесі мол, талантты ұйымдастырушы Ол республикалық жоғары партия мектебін, Қазақ мемлекеттік университетін, Алматы зоотехникалық мал дәрігерлік институтын бітірді. Бірнеше мамандық иесі Көп жылдар бойы партия-совет қызметінде ысылған, алымды да алғыр басшы қызметкер. Ол Бейнеу аудандық атқару комитетінің төрағасы,кейіннен аудандық партия комитетінің бірінші секретары міндетін атқарған жылдар ішінде ауданның барлық экономикасы мен мәдени-құрылыс салаларында ілгері басуға ұйтқы бола білді, Қазақ ССР Жоғарғы Советіне депутаттыққа сайланды Аудан еңбекшілері он бірінші бесжылдық жылдарында Бүкілодақтық социалистік жарыста үнемі жүлделі орындарға ие болып отырды. Бес рет КПСС Орталық Комитетінің, СССР Министрлер Советінің, ВЦСПС-тің және ВЛКСМ Орталық Комитетінің ауыспалы Қызыл туын жеңіп алды. КПСС XXVII съезі қарсаңында ол ту ауданға мәңгі ескерткішке қалдырылды. Бүл аудан он бірінші бесжылдықтың қорытындысымен Одақ бойынша осынау зор құрметке ие болған алты селолық ауданның бірі, республикадағы бірден-бір аудан екендігін айтқан орынды. Аудан еңбекшілері он екінші бесжылдықта да еселі еңбек етті.Облыс орталығы — бұрынғы Шевченко, қазіргі Ақтау қаласының қазыналы жарты аралдың экономикасы мен мәдениетін өpгe бастыруда орны бөлек. Қалада республикалық маңызы бар бірнеше ірі-ірі кәсіпорындар, құрылыс ұйымдары, транспорт, өнім ұқсату мекемелері бар. Республика тұңғышы — пластмасса зауыты, энергокомбинат, «Каскор» акционерлік қоғамы, бұрынғы Каспий аймақтық металлургия комбинаты, Маңғыстау мұнай-газ басқармасы, ғылыми-зерттеу институттарының бөлімшелері мен филиалдары, мәдени, медициналық мекемелер, оқу орындары, сауда орталықтары облыс мерейін өсіруге өлшеусіз мол үлес қосып келеді. Қаланың әлеуметтік-экономикалық жағдайының жақсаруына, нарықтық экономикаға көшу кезеңіндегі қиындықтардан құтылу жолында қаланың бұрынғы партия комитетінің бірінші хатшысы, қалалық атқару комитетінің төрағасы, облыстық партия комитетінің бюро мүшесі, кейіннен қаланың әкімі болған, қазір республика Жоғарғы Кеңесінің депутаты Николай Иванович Баевтың атқарған жұмыстары атап айтуға тұрарлық.

Николай Иванович Баев 1969 жылы Мәскеу қаласындағы геологиялық-барлау институтын тәмәмдап, тау-кен инженері мамандығын алады. Отан алдындағы,әскери борышын өтеп, 1972 жылы әскери бөлімшеден бірден Шевченко қаласына жолдамамен келді. Еңбек жолын Каспий аймақтық тау-кен комбинатында шеберліктен бастады. Талапты, білімді маман учаске бастады, аға инженер, кен карьерінің бастығына дейін жоғарылады.1988 жылы қала коммунистері ұйымдастыру қабілеті мол, саяси ұстамды, білгір коммунисті .Шевченко қалалық партия комитетіне хатшылыққа сайлады. Ол сенімге сай тапсырылған жұмыстарды белсенділікпен әрі біліп атқарды. Қазір халық депутаты ретінде демалысқа келген сайын сайлаушылармен, кездесіп, ұйымдастыру-саяси жұмыстарына араласады.

Маңғыстауда өздерін еңбек үстінде танытқан, басқару жұмыстарында жүрген әйел кадрлар да бар. Айталық, бұрынғы Каспий аймақтық тау-кен комбинатының, қазіргі «Каскор» акционерлік қоғамының жұмысшылары жабдықтау басқармасының бастығы Раиса -Федоровна Макарович осы басқармада қарапайым жұмыста жүріп, басқарма жетекшілігіне дейін көтерілді. Бірнеше дүркін облыстық кеңеске депутат болып сайланды. Қазір облыстық мәслихаттың депутаты. Тек комбинат жүмысшылары емес, бүкіл Ақтау қаласының тұрғындарын азық-түлік, өндіріс тауарларымен қамтамасыз етуде, сауда орындары қызметкерлерінің халыққа мәдениетті қызмет жасауына жету жолында бар тәжірибесі мен білімін, ұйымдастырушылық қабілетін пайдаланып келеді. Басқарма қазір «Арна» акционерлік қоғамы болып қайта құрылды. Бүл орайда комбинаттың директоры болған, қазір «Каскор» акционерлік қоғамы директорлар Советінің төрағасы, Социалистік Еңбек Ері кезінде КПСС Орталық Комитетіне мүше болып сайлаған Юрий Владимирович Кузнецовтың ұл ұғатты көмегін, қолдауын өнегелі ісін еске алған лазым.

КПСС XXVII съезінде жасалған баяндамада «Жауапсыздықтың келмеске кетуі үшін әр нәрсені өз атымен атауды ережеге айналдыру керек. Талапшылдық пен адалдық, партиялық ар-ождан көрсетілуге тиісті жерде орынсыз сыпайылықпен әуестенуді тоқтататын мезгіл жетті»,- делінді. Қазанлы аралдағы партия ұйымдары осынау тұжырымды басшылыққа алды. Кадрлармен жұмыста жіберілген қателіктерден қорытынды шығарылды. Кадрлардың резервін жасауға жауапкершілікпен қарау талабы күшейтілді. Кадрларға берілетін мінездеме зерттелін етін болды. Кадрлардың есебін тыңдау, олардың саяси шыңдалуын, іс үстінде жан-жақты жетілуіне қамқорлық жасау шын мәнінде қолға алына бастады. Өйткені, КПСС-тің XXVII съезі әлеуметтік-экономикалық дамуды жеделдету процесін толық жүзеге асыру адам факторының рөлін арттыруға байланысты екенін ерекше атап көрсетті. «Өмірдің барлық саласында,- делінген КПСС программасында, - бұқараның творчестволық қызметін дамытудың жаңа жолдарын таппайынша, социалистік қоғам тиімді түрде тіршілік ете алмайды. Тарихи мақсаттар неғұрлым ауқымды болған сайын оларға жету ісіне миллиондардың шаруақорлықпен мүдделі, жауапты саналы және белсенді түрде қатысуы солғұрлым маңызды». Маңғышлақ облыстық партия ұйымы программадағы қағидаларға сай адамдардың творчестволық пен еңбек етуін, олардың белсенді өмір позициясын қамтамасыз етудің жолдарын қарастырды.

Кадрлармен жұмыс нәтижесі адамдар арасындағы еңбек тәрбиесін өрістетуге тығыз байланысты екені белгілі. Сол үшін де облыс партия ұйымы ең алдымен социалистік жарыстың тәрбиелік мәніне оған барлық еңбек адамын тартуға назар аударды. Айталық, 1975 жылы социалистік жарысқа 20 кәсіпорын, ұйым коллектив, 927 бригада, 18 мың 378 жұмысшы, қызметкерлер немесе барлық еңбекші қауымның 74,7 проценті қатысса, 1985 жылы 68 кәсіпорын және ұйым, 1989 бригада, 47 мың 834 жұмысшы, қызметкерлер немесе барлық еңбекшінің 95,6 проценті қатысты. Коммунистік еңбек екпінділерінің саны 7691 болса, 18020-ға, коммунистік еңбек бригадалары 375 болса 603-ке жетті. Социалистік жарысқа қосылған еңбек коллективтері мен жеке еңбек озаттары көтеріңкі социалистік міндеттемені қабылдағанда өздерінің ішкі мүмкіндіктері мен резервтерін толық есептейді. Оны орындаудың мүмкіндігін қарастырады. КПСС XXVII съезі атап көрсеткендей, сөз бен істің тығыз бірлігін қамтамасыз ету жолындағы күрес қай кездегімен салыстырғанда да күшейе түсті. Мысалы, өзен бұрғылау жұмыстары басқармасының коллективі он екінші бесжылдықтың үшінші жылының жоспарын мерзімінен бұрын орындаймыз деп міндеттеме қабылдады. Басқарманың партия, кәсіподақ комсомол ұйымдары, басқарма әкімшілігі «міндеттемені орындау мүмкіндігі бар ма» деген сұрақ төңірегінде коллективпен пікірлесті. 1987 жылдың он екінші бесжылдықтың екінші жылының қорытындысын талдады. Социалистік жарыс нәтижесі ойдағыдай. Басқарма коллективі он екінші бесжылдықтың екі жылының тапсырмасын Ұлы Октябрьдің 70 жылдығына асыра орындады, 548 скважинаны пайдалануға тапсырды. Ал, он бірінші бесжылдықта басқарма бойынша еңбек өнімділігі 8,7 процентке өскен. Бұрғылау жұмысының өзіндік құны кеміген. Бес бұрғылау бригадасы мен өндірістік қызмет базасының 5 цехы бесжылдық жоспарларын мерзімінен бұрын орындаған. Басқармада рекорд иелері аз болған жоқ. Бұл қарқын он екінші бесжылдықта да жалғасын тапты. Атақты бұрғышы социалистік Еңбек Ері А.П.Ереминнің басқаруындағы бригада жоспарда көрсетілген 37 мың метр орнына 50 мың метр тау жынысын бұрғылаған. Ал ол бригада коллектив он екінші бесжылдықтың тапсырмасын Ұлы Октябрь жылдығы күш асыра орындағаны жайында рапорт берді. Он екінші бесжылдықтың міндеттемелерін орындауға мүмкіндіктің барына сенімді арттыра түсті.

Міндеттемелер талқыланып, түзетулер енгізіледі. Ол қабылданғаннан кейін арнайы плакат шығарылып, барлық еңбек коллективіне таратылады Бастауыш, цехтық партия, кәсіподақ, комсомол ұйымдары міндеттемені орындау үшін ұйымдастыру, саяси-тәрбие жұмыстары өрістеді. Бұл орайда совхозда №1-ші ферманың цехтық партия ұйымының жұмысы айтуға тұрарлық. Ұйымдастыру, саяси-тәрбие жұмысы жалаң әңгіме емес, нақты іс, қойылған мәселені уақтылы, дереу және дұрыс шешумен ұштастырылады. Социалистік жарыс озаттарын моральдық, материалдық жағынан көтермелеу жайы да жан-жақты оюластырылады. Жарыс қорытындысы жария етіледі де, озаттарға құрмет салтанатты түрде көрсетіледі. Сыйлық пен награда бүкіл коллективтің қатысуымен үлкен жиында табыс етіледі. Мұның бәрі коллектив мүшелерінің жігерін тасытып, табыс биігіне бастайды. Соның нәтижесінде он бірінші бесжылдықта ферма шопандары орта есеппен әр жүз саулықтан 122-ден қозы алуды қамтамасыз етті.

1985 жылы он бірінші бесжылдықтың соңғы жылы әр жүз саулықтан 125-тен қозы алды. Ал, он екінші бесжылдықтың екі жылында ферма коллективі қол жеткен табысты баянды ете білді. Міндеттемелер асыра орындалды. Совхоз партия комитеті озат коллективтің тәжірибесін кеңінен таратты. Совхоз жұмысшыларының 90 проценті социалистік жарысқа қатысады. «Коммунистік еңбек бригадасы, екпіндісі» атағын алу жолындағы күрес те өрістеген. Мұндай атаққа 6 бригада, 194 жеке еңбек озаты ие болды. Ұйымдастыру жұмысының биік дәрежеге көтерілуі, партия, басқа да қоғамдық ұйымдардың социалистік жарысты ұйымдастыру, оның тәрбиелік мәнін күшейтулерінің, соған сай жұмысшылардың ерен еңбектерінің нәтижесінде совхоз бойынша он бірінші бесжылдықта әр жүз саулықтан орта есеппен 115-тен қозы алынды. Жоспардан тыс мемлекетке 200 тонна ет, 13,7 тонна жүн, 1 тонна сүт, 4 мың 144 дана қаракөл елтірісі өткізілді. Совхоз еңбекшілері он екінші бесжылдықтың алғашқы екі жылын да табысты аяқтады. Әр жүз саулықтан совхоз бойынша 106-113-тен қозы алды. Мемлекетке өнім өткізу жоспары асыра орындалды. Айталық 1987 жылы мемлекетке мал өнімін тапсырудан жоспарды ет өндіруден-124,5, сүттен-112,8, жүннен-114 процент орындағаны үшін совхоз коллективі социалистік жарыстың жеңімпазы атанып, облыстың құрмет тақтасына жазылды. Бесжылдықтың үшінші жылы да табысты аяқталды.

Социалистік жарыстың халық шаруашылығының барлық саласындағы еңбекші қауым арасында өрістеуіне облыстық партия комитетінің қалалық, аудандық партия ұйымдарына кәсіпорындардағы шаруашылықтардағы партия комитеттері мен бастауыш партия ұйымдарына жанды басшылығы ұнамды тәжірибелерді қорытуға, оны жаратуға жасап отырған қамқорлығының ықпалы мен әсері мол болды. Облыстық партия комитетінің бюросында, партия-шаруашылық актив жиналыстарында социалистік жарысты ұйымдастыру, оның жариялылығын қамтамасыз ету, тәрбиелік рөлін күшейту жайында мәселелер талқыланып, қаулылар қабылданды. Оның орындалуы қадағаланды. Партия конференциялары мен пленумдарда бұл жайында жүйелі сөз болды. Облыстық партия комитетінің бюросында қазақ газ өңдеу зауыты-партия ұйымының өндірістің тиімділігін арттыру және шығарылатын өнімнің сапасын жақсарту үшін социалистік жарысқа басшылығы туралы «Узеннефть» мұнай, газ өндіру басқармасы партия комитетінің социалистік жарысқа басшылығы Ералиев атындағы совхоз партия комитетінің жылдық жоспарды мерзімінен бұрын орындау үшін социалистік жарысты ұйымдастырудағы жұмысы туралы, тағы басқа мәселелердің қаралуы бұған дәлел.

Облыстық партия комитеті озат коллективтің бастамасын қызу мақұлдап отырды. Мысалы, №7 құрылыс монтаж басқармасының В.А.Суржиков басқаратын монтажшылар бригадасының барлық объектіні «жақсы» және «өте жақсы» деген бағамен тапсырып, «Әрбір I ауысымға – екпінді еңбек» - деген девизбен еңбек ету жөніндегі «Узеннефть» мұнай-газ өндіру басқармасының №2ші комсомол-жастар бригадасының «Әр скважинадан – мол қайырым» девизімен еңбек ету туралы, тағы басқа да бастамаларды облыстық партия комитеті мақұлдады. Олардың тәжірибесін таратуды, қолдаушылардың қатарын өсіруді партия, кәсіподақ, комсомол ұйымдарынан, кәсіпорын әкімшілігінен талап етіп отырды. Әр тоқсан жыл сайын облыс бойынша социалистік жарыстың қорытындылары шығарылып, қаулылар қабылданды. Онда кімнің неден ұтып, неден ұтылғаны, алдағы міндеттер айқын көрсетілді. Жүлделі орындарға ие болған коллективтерге ауыспалы Қызыл Ту сыйлықтар табыс етілді. Облыстық Құрмет тақтаға жазылды. Облыс орталығында «Социалистік жиналысты ұйымдастырудағы Лениндік принциптер ғылыми-практикалық конференция өткізді.

Облыстың кәсіпорындары мен шаруашылықтарын құрылыс ұйымдарында, халық шаруашылығының салаларында жаңа шлепка сай социалистік жарысты ұйымдастырудың оның тәрбиелік мәнін күшейтудің бай тәжірибесі жинақтала бастады. Айталық «Манғышлакнефтехимпром» территориялық өндірістік басқармасында бұрын социалистік жарыс жеңімпазы көрсеткіш-жоспардың орындалу проценті болатын жарыс қорытындысының жариялылығы да бәсең еді. Партия, кәсіподақ, комсомол ұйымдары басқарма әкімшілігі өзара пікірлесіп, социалистік жарысты ұйымдастырудың, оның тәрбиелік рөлін күшейтудің жаңа әдістерін іздестіруді ойластырды. Мұның басқарма коллективі, коммунистер қолдады. Ең алдымен жарыс шарты қайта қаралды, толықтырылды. Еңбек тәртібін нығайту, адамгершілік пен парасаттылық нормаларын сақтау басты көрсеткішке айналды. Социалистік жарыс қорытындысы цехтық кәсіподақ ұйымынан бастап, басқарма кәсіподақ комитетіне дейін сатылы қаралып, нақты шешім қабылданды. Оны талқылауға партия ұйымының, басқарма әкімшілігінің уәкілдері катысады. Бір мысал: үшінші тоқсанның қорытындысы бойынша өзен химияландыру цехының коллективі тапсырманы 124 процент ал, онымен жарыстас Жетібай химияландыру цехының коллективі 108 процентке орындады. Бірақ төрешілер алқасы жүлделі орынды жеті байлықтарға берді. Өйткені, өзендіктердің арасында қоғамдық еңбек тәртібін бұзушылар табылды. Социалистік жарыс жеңімпаздарын осылай бағалаудың үлкен тәрбиелік мәні болды. Еңбек тәртібі барлық цехтық коллективтерде нығайды. Әрине, бұдан тұтас коллективтің ақырғы еңбек нәтижесі жоққа шығарылмайды. Етектен тартар некен-саяқ бұзақыларды тезге салуға, саналылыққа тәрбиелеуге үлкен септігін тигізді. Мұнда жарыстың жариялығын қамтамасыз ету үшін әдейі жауапты адам белгіленді.. Ол құрмет тақталарының уақытылы толтырылуына, «Жарыс экраны», «Молния» қабырға газеттерінің шығуына жауап береді. Міндетті түрде жарыс қорытындысымен үгітшілер, саяси хабаршылар танысады. Оны өздерінің кезекті әңгімелерінде пайдаланып отырады.

Еңбекшілерді алда тұрған міндеттерді орындауға жұмылдырушы, жігерлендіруші күш-социалистік жарысты ұйымдастыруға, оның тәрбиелік мәнін күшейтуге, жасалған қамқорлықтың нәтижесі облыс еңбекшілерінің әр жыл сайынғы еңбек нәтижелерінен айқын көрініс табады. Он бірінші бесжылдықта облыста өнеркәсіп өндірісінің көлемі бір жарым есе ұлғайды. Бесжылдық жоспардан тыс сол кездегі 54 миллион сомның өнеркәсіп өнімі сатылды. Еңбек өнімділігі бесжылдықта 27,6 процентке артты. Мал шаруашылығы да өркендеді. Он бірінші бесжылдықта мемлекетке жоспардан тыс 2700 тонна ет, 400 тонна жүн, 506 тонна сүт тапсырылды. Мал саны өз төлі есебінен өсті. Бес жыл ішінде жаңадан үш совхоз, мемлекеттік тәжірибе стансасы ұйымдастырылды. Село мәдениеті мен тұрмысын жақсартуда біраз жұмыстар атқарылды. Облыс совхоздары он бірінші бесжылдықты 18 миллионнан астам сом таза пайдамен аяқтады.

Маңғышлақтықтар он екінші бесжылдықтың алғашқы жылын-1986 жылды зор еңбек өрлеуі үстінде бастады. КПСС XXVІІ съезі алдындағы бүкілхалықтық социалистік жарысқа қосылған облыс еңбекшілері еңбек қарқынын бұрынғыдан да еселеп арттырды. Съезд ашылу күніне 90 кәсіпорын, құрылыс ұйымдары, совхоз, 2300 цех, учаске, ауысым және бригада, 27 мың жекелеген еңбек озаттары екі айлық жоспарды орындауға қабылдаған міндеттемелерінің үлесінен шыққандығы жайында рапорттар берді.

Осылайша озат коллективтер сертте тұра білді. Ұлы Октябрьдің 70 жылдығына қабылдаған міндеттемелерін орындады. Өзен бұрғылау жұмыстары басқармасы, Маңғышлақ газ өндіру басқармасы, Қазақ газ өңдеу зауыты, «Мангышлакнефтегазгеофизика» тресі, Ақтау теңіз порты, Бейнеу ауданының «Қарақұм» совхозының, тағы басқа да коллективтер ұлы мереке құрметіне қабылдаған міндеттемелерін орындағандықтары жайында мерзімінен бұрын еңбек рапорттарын беріп жатты.

Социалистік жарыс ықпалының нәтижесінде он екінші бесжылдықтың екінші жылының тауарлы өнім шығару жоспары мерзімінен он күн бұрын орындалды. 1986 жылмен салыстырғанда 1987 жылы еңбек өнімділігі 6,9 процентке артты. Өнеркәсіп өндірісінің өсу көлемі жоспарда көрсетілген 3,7 проценттің орнына 7,4 процент болып асыра орындалды.

Ұлы Октябрьдің 70 жылдығы алдындағы социалистік жарыста аса үздік шыққан 10 коллектив КПСС Орталық Комитетінің, СССР Министрлер Советінің, ВЦСПС-тің және ВЛКСМ Орталық Комитетінің мерекелік құрмет грамоталарымен, 13 коллектив республиканың юбилейлік құрмет дипломдарымен, 25 коллектив құттықтау адрестерімен наградталды. Еселі еңбек адамды әрдайым осылайша даңққа, сый-құрметке бөлейтіні белгілі. Он бірінші бесжылдық жылдарында Маңғышлақ облысы үш рет одақтық ауыспалы Қызыл Туға ие болды. КПСС XXVII съезі алдында 1985-ші жылы және тұтас он бірінші бесжылдықта экономикалық және әлеуметтік дамудың мемлекеттік жоспарын орындаудағы бүкілодақтық социалистік жарыстың қорытындысымен облысқа КПСС Орталық Комитетінің, СССР Министрлер Совет інің, ВЦСПС-тің және ВЛКСМ Орталық Комитетінің ауыспалы Қызыл Туы табыс етілді. Бейнеу ауданының еңбекшілері он бірінші бесжылдықтың барлық жылдарында да бүкілхалықтық социалистік жарыста жүлделі орынға ие болып, одақтық ауыспалы Қызыл Туды бес рет жеңіп алды.

«Сам» совхозының еңбекшілері 1985-ші жылғы Бүкілодақтық социалистік жарыстың қорытындысымен жүлдегер атанды. Жаңа өзен қаласы, Мұнайлы ауданы № 88-ші монтаж-құрылыс басқармасы, Ақтау теңіз порты, «Жаңа жол» совхозы коллективтері Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің, республика Министрлер Совет інің, Кәсіподақтар Совет інің, Қазақстан ЛКСМ Орталық Комитетінің ауыспалы Қызыл Туларымен наградталды.

Қол жеткен табыс қай кезде де келешектің өлшемі бола алмайды. Ол алдағы міндеттерді орындауға мол мүмкіндіктерінің барын әлі де пайдаланылмай жатқан резервтердің өте бай екенін аңғартады. Он екінші бесжылдықтың жүгі ауыр еді. Бұл жайында Маңғышлақ облыстық партия комитетінің 1986 жылы сәуір айында өткен пленумында ашық айтылды.

Он екінші бесжылдықта Маңғышлақта өндіріс көлемін 18,4 процентке ұлғайту көзделді. Бұл еңбек өнімділігін арттыру есебінен болады. Ол үшін техника мен технология жаңалықтары өндіріске батыл енгізіледі. Он екінші бесжылдықта мұнай өнеркәсібі одан әрі дамиды. Ол үшін жаңа кең көздерін ашып, пайдалануға беру, бұрыннан пайдаланылып келе жатқан скважиналардың мұнай беру қабілетін арттыру, пластылардың қысымын күшейту, тағы басқа арқылы өсіре түсу міндеті тұр еді. Доңға, Бұрмаша, Түрікменой, Ақтас, Солтүстік Қарақия, басқа да кен орындарын игеру, Каспий шельфіндегі кен орындарын зерттеу жұмысы жедел жүргізілді. Жарты аралда мұнай 15 кен орнынан өндіріледі. Бірақ геологиялық шаралардың өз дәрежесінде болмауынан қабаттардың қысымын арттыруға, өнімді бірқалыпты ұстауға жете алмай келеді. Скважиналардың жерасты жабдықтарын жөндеу жұмысы да бір деңгейде емес. Өзен кен орны — облыс мұнай өнеркәсібінің алыбы. Өндірілетін барлық мұнайдың тең жартысынан астамы осы кен орнынан өндіріледі. Сондықтан өзендік мұнайшылар мен партия, совет органдары бұрыннан пайдаланылып келе жатқан скважиналардың жұмысын реттеу, өнімді аз беретін қабаттардың қысымын арттыру, скважиналардың кідіріссіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету арқылы мұнай өнімінің көлемін, кемітпеу үшін тынбастан еңбек етуде.

Облыста мұнай және газ өнеркәсібін алға қарай дамыту Маңғышлақ территориялық-өндірістік комплексін игеруді жеделдетудің ең басты шарты. Сондықтан да 1986 жылдың мамыр айында Маңғышлақ облыстық партия комитетінің пленумында мұнай және газ өндірудің тиімділігін арттыру жөнінде арнайы мәселе қаралды. Сол жылдың сәуір және шілде айларында «Мангышлакнефть» өндірістік бірлестігінің партия шаруашылық активінің жиналыстары өтті. Онда мұнай және газ өнеркәсібінде жеделдету процесінің қалай өтіп жатқандығына талдау жасалды, кемшіліктер батыл сынға алынды. Маңғышлақ облыстық, партия комитетінің пленумы мен мұнайшылар активінің жиналыстары өткізіледі.

Мал шаруашылығын интенсивті өркендетуде алда көптеген жұмыстар күтіп тұрды. Он бірінші бесжылдықта мал етке жеңіл салмақпен өткізілді. Етке тапсырылған қойдың 32 процентінің күйі орташа болды. Қазір малдың санын өсіру арқылы емес, сапасын жақсартуды, өнімді арттыру есебінен мал шаруашылығының рентабельділігіне жету, қор қайырымын арттыру көзделді. Мемлекетке өткізілетін әр қойдың орташа салмағы 40-45 килограммнан айналуға тиіс. Облыстық мал шаруашылығын өнімді салаға айналдырудың бас мақсаты мал тұқымын асылдандыру, сұрыптау. Мал мамандарының, малшылар жауапкершілігін, шеберлігін арттыру, совхоздарды шаруашылық есепке көшіру, өндіріске мердерлік әдісті енгізу. Бұл салада облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы біршама ұйымдастыру жұмысын жүргізуде. 1986 жылы облыс бойынша төлдейтін әр жүз малдан 105 қозы, 69 құлын, 38 бота, алынды. Мемлекетке мал шаруашылығы өнімдерін тапсыру жоспары орындалды. Демек, он екінші бесжылдықтың алғашқы екі жылын Маңғышлақтың ауыл шаруашылық; еңбеккерлері біршама табысты аяқтады Бірақ бұл мүмкіндік шегі емес. Озат шаруашылықтардың, фермалардың, жеке еңбек озаттарының тәжірибесі, еңбектері.

Түйе шаруашылығын жан-жақты өркендету мүмкіндігі бола тұрса да оны қажетке асыра алмай келеді. Інген маялардың қайымай қалуына жол беріледі. Түйе сүтін өндіруде де ойланар жайлар көп. Мамандандырылған «Қызылөзен», «Жаңа жол» совхоздарында шаруашылықты басқаруды түбірімен қайта құрудың жайы ойдағыдай емес. Маңғышлақ облысы жағдайында мал азығының берік қорын жасау проблемасы шешімін күтеді. Шабындық жер тапшы, жауын-шашынның аздығынан көп ретте қуаңшылық шаруашылықтарды қиындықтарға ұрындырды. Қазір жерасты су көздерін пайдаланып, екпе шөп егісінің көлемін ұлғайту, әр гектарынан мол өнім алуға жету үлкен жауапкершілікпен еңбектенуді талап етеді. Мал шаруашылығындағы жұмыс түрлерін механикаландыру ісі де кезекте тұрған мәселе. Облыс совхоздарының партия, кәсіподақ, комсомол ұйымдарына совхоз экономикасына басшылықты күшейтіп, шаруашылықты басқарудың формалары мен әдістерін жетілдіруде совхоз әкімшілігімен бірге терең ойлану міндеттері тұр. Құрылыс, транспорт, балық өнеркәсібі саласында да шешімін таппаған жайлар аз емес. Қорыта айтқанда, облыс халық шаруашылығының мәдени құрылысының барлық саласында заман талаптарына сай, күрделі бетбұрыс жасау қажеттігі туды. Осыған орай алғашқы қадамдар сәтті басталды да, ал мұны толық жүзеге асыру адам факторының рөлін барған сайын арттыра түсуге байланысты. Бұл жайында КПСС XXVII съезіне жасалған баяндамада нақты тұжырымдалды. «Партия адамдардың қабілеттерін ашып, олардың өмірін рухани бай, сан қырлы ету үшін мейлінше кең өріс ашуды, өзінің мәдени саясатының басты міндеті деп біледі...». Осынау қағиданы жүзеге асыру идеология майданы қызметкерлеріне жүктелген. Сондықтан да Маңғышлақ облысы партия ұйымдары идеологиялық жұмысты мейлінше өрістетудің жолдарын қарастырып отырды.

Ең алдымен еңбекшілерге саяси және әлеуметтік-білім беру ісін жаңа талапқа сай жетілдіруді қолға алды. 1973-1974 оқу жылында экономикалық мектепте 35015 адам оқыса, 1986-1987 жылдары 57657 адам оқыды. Кейін 1204 саяси мектеп, 2452 экономикалық 1 мектеп, 9 халық университеті жұмыс істеді. 1987-1988 оқу жылында саяси және экономикалық оқу жүйелерінде 84314 адам оқыды. Саяси және экономикалық оқудың насихатшылары іріктелген, білімді, тәжірибелі адамдар партия комитетінің саяси ағарту үйі насихатшылардың шеберлігін шыңдау үшін қолдан келгенді аямады. Насихатшылармен семинарлар өткізілді. Сабақтарға қатысып, талдау ұйымдастырылды. Қалалық, аудандық партия комитеттерінің саяси-ағарту үйлерінің жұмысына басшылық берді. Насихатшыларға әдістемелік кеңес ұйымдастырылды. Барлық партия ұйымдары саяси, экономикалық оқулардың уақытында өтуін, оған тыңдаушылардың түгел қатысуын, сабақтың сапалы өтуін қадағалады. Мысалы, Қазақ газ өңдеу зауытының партия бюросы оқу жылы алдында кезекті мәжілісінде саяси. ағарту кабинетінің, методикалық Советтің және экономикалық білім беру жөніндегі Советтің бағаларының есебін тыңдайды. Оларға сабақтарға қатысу, насихатшыларға әдістемелік көмек беру сабақтарды талдауды ұйымдастыруды тапсырды.

Қалалық, аудандық партия комитеттері оқу жылы кезінде саяси, экономикалық оқудың жайын, шаралары туралы мәселелерді қарады. Әр оқу жылының аяғында насихат және үгіт бөлімінің оқудың қорытындысы туралы ресми хатында жетістіктер мен кемшіліктер талданды. Оқу жылы аяғында саяси, экономикалық мектептерде өтетін қорытынды сабақтар келесі оқу жылына әзірліктің бастамасы іспетті. Онда барлық жай ашық айтылады, терең зерттеледі. Бұл тыңдаушылардың алған білімдеріне байқау іспетті. Ал жаңа оқу жылында алғашқы сабақтарға саяси ағарту ұйымынан адамдар қандай әзірлікпен келгенін байқайды. Бұлардың қай-қайсысы да насихатшы мен тыңдаушыға жасалған сынақ. 1986-1987 оқу басталмас бұрын насихатшылар аттестациялаудан өтті. Бұл білімді, тәжірибесі мол насихатшыларды ғана іріктеп алуға жағдай жасады. Насихат жұмыстарының нақтылы өмірмен байланысты жүргізілуіне көңіл бөлінді. Мысалы, Өзен бұрғылау жұмыстары басқармасындағы озат тәжірибе мектебінің бір сабағы Социалистік Еңбек Ері А.Еремин басқа батыс бригадада өтті. Тыңдаушылар бригададағы еңбекті ұйымдастыру ісімен танысты. Табыс сырының жауапкершілікте өз мамандығын жетік білуде екеніне олардың көздері жетті. Бригада жетекшісі Еремин өздерімен жарыстас В.Тақиров басқаратын бригаданы қатарларына тарту үшін бригада мүшелерінің қолға алған шешімді шарасын айтып, тыңдаушыларды таңдандырды. Ереминнің бригадасындағы бұрғышылар Такировтың қарауындағы бұрғылау станогымен бұрғылаған. Норма да, тапсырма да орындалған. Артта қалған бригаданы қатарға қосуға болатынын дәлелдеп берген. Бар күш бұрғышылардың жауапкершілігінде екеніне көздерін жеткізген. Міне, социалистік жарыстың тәрбие дегеніңіз осы болса керек. Такировтың бригадасындағы бұрғышылардың намысы қозып, бұрынғы ағаттықтарынан арылған. Оған қоса бригададағы ұйымдастыру жұмысындағы оралымсыздықтар жайында да ашық айтылған. Ереминнің бригадасында қажалған қаша трубобурдан дереу алынады да жөндеуге жіберіледі. Қалған қашау істен шыққанша ол дайын болады. Ал өзге бригадаларда ондай жеделдік жоқ. Запастағы қашаулар біткенде санды бір-ақ соғады. Сөйтіп бұрғылауда кідіріске өздері жол береді. Бұл норманың орындалмауына әкеліп соқтырады. Мұндай нақты мысалдар көп келтірілді. Сабақ мақсатына жетті. Тыңдаушылар тәлім алды.

Облыс партия ұйымдары саяси, экономикалық оқудың тиімділігін арттыру үшін өндірістің, ондағы адамдардың еңбек жағдайына байланысты оқуды ұйымдастыру жағына кейбір өзгерістер енгізіп, қайта құрды мысалы, Маңғыстау ауданы партия ұйымдары коммунистердің өздігінен оқуына көп көңіл бөлді. Өйткені малшылар бөлек-бөлек, бірінен-бірі алшақ, қашыққа қоныстанған. Оларды сабақ болатын күні бір орталыққа жинау қиын. Шаруа жағдайы көтермейді. Қазір малшылардың көбінің орта дәрежелі білімдері бар. Оқу бағдарламасына қажетті оқулықтарды кітапханалар арқылы тауып беріп отырса, өз бетімен оқу олар үшін қиынға түспейді. Осыған байланысты насихатшы бұрынғыдай сабақ өткізбейді. Ол консультант міндетін атқарады. Насихатшы-консультант болып жоғары, арнаулы орта дәрежелі білімдері бар мамандар бекітілді. Олар отарларда белгілі мерзімде өз бетімен оқитын тыңдаушылармен жеке-жеке кездесіп, консультация берді. Мұның тиімділігі көзді жеткізе бастады. Ал, оқудың сапасы бұдан әсте кеміген жоқ. Осы ауданның «Тұщықұдық» совхозының партия комитеті саяси және экономикалық оқуды екі маусымға-қысқы және жазғы маусымға бөліп өткізуді тәжірибеге енгізді. Мұның да өзіндік реті бар. Төл алу, қой қырқу, жайлауға көшу кездері шопандар ауылында аса бір қарбалас шақ екені белгілі. Ал, бұрынғы бағытпен жалғастыра берсе, осынау науқанды айларда сабақтың өтпей қалуы ықтимал. Шындығында өткен жылдардың бәрінде де бұл маусымда шопандар сабаққа мүлде қатысқан емес. Ал, партия ұйымдарына сабақ өтті деген жалған ақпарлар беріліп жатты. КПСС XXVИ съезінен кейін партия комитеті осы жайларды ескеріп, саяси оқу жылын екі маусымға бөлуді ұйғарды. Бұл ретте тұщықұдықтықтардың тәжірибесі құптауға тұрарлық. Оқу жылы шопандар қыстаққа келгенде басталады да барлық науқандық жұмыстар атқарылып болғаннан кейін, жаз жайлауға шыққан соң, сабақ жалғасын тауып, оқу жылы аяқталады.

КПСС Орталық Комитетінің 1979 жылғы 26 сәуірдегі «Идеологиялық, саяси-тәрбие жұмысын одан әрі жақсарту туралы» қаулысына сай облыста еңбекшілер арасындағы идеологиялық, саяси-тәрбие жұмыстарын өрістетуде елеулі жұмыстар атқарылды. Шевченко қаласындағы кәсіпорында, жылумен қамтамасыз етіп, тазартылған су дайындайтын зауытта, тағы басқа да кәсіпорындарда әр апта сайын идеологиялық жұмысты жоспарлау тәжірибеге енді. Қалалық, аудандық партия комитеттерінде идеологиялық комиссиялар, ал «Узеннефть» мұнай-газ өндіру басқармасы партия комитеті жанынан саяси-тәрбие және мәдени-бұқаралық жұмыстарды кешенді жүргізуге басшылық жасайтын үйлестіру советі құрылды. Шевченко, Жаңаөзен қалаларында үгіт алаңдары жасалып, пайдалануға берілді. Идеология кадрларын тәрбиелеуге, даярлауға біраз көңіл бөлінді. 9412 саяси хабаршы, үгітші, саяси баяндамашы бар. Партия ұйымдарында үгітшілер мектебі жұмыс істеді. Шебер үгітшілердің тәжірибелері қорытылып, таратылады. Мысалы, Қазақ газ өңдеу зауытының партия бюросы үгітші Қ.Аманжоловтың, саяси хабаршы Б.Жантасованың тәжірибелерін қорытты. Олар өз кәсіпорны мен шаруашылығы, өз коллективі өмірінен алынған нақты мысалмен бүгінгі шындықты қайта құру, жеделдету процесінің мәнін тыңдаушыларына нанымды түсіндіруде Е.С.Тимофеев, Г.Өтегенов, С.Қапышев сияқты үгітшілер мен саяси хабаршылардың әңгімелері әрдайым әсерлі, тыңдаушыларының көңілінен шығады. Лекциялық насихатты өрістетуде «Білім» қоғамының бөлімшесі елеулі іс тындырып келді. Оның құрамында 2358 лектор бар. Жылына орта есеппен 16-17 мың лекция оқылды. Оның тақырыбы әр алуан. Соңғы кезде адамгершілік, лайықты өмір салты туралы лекция жиі оқылатын болды. С.Асылханов, Ғ.Сейтжанов, В.Шугеевский сияқты лекторлар еңбекшілерді заман рухында тәрбиелеуге белсене араласты.

Адамдардың эстетикалық талғамдарын өсіруге көркемөнерпаздыққа баулуға, шеберлігін шыңдап ой-өрісін байытуға, бойына бүгінгі өмір салтын сіңіріп қоғамға лайықты тәрбиелеуге бірден-бір ықпал ететін тәрбие орындарының бірі - мәдени мекемелер. Сондықтан да мәдени мекемелерге қазір қай кездегіден де биік, жауапты міндеттер жүктеледі. 197 кітапхана, 114 клуб, мәдениет сарайы, 4 музей, облыстық филармония, қуыршақ театры, көрме залы жұмыс істейді. Көркемөнерпаздар қатарының өсуіне елеулі қамқорлық жасалып келеді. Қалалар мен аудандардағы клубтардағы 4/4 көркемөнерпаздар коллективінің жұмысына мың өнерпаз қатысады. Олар өздерінің бос уақыттарын көркемөнер жолына арнаған, талапкер өнер иелері. 16 көркемөнерпаздар коллективіне «халықтық» үш коллективке «үлгілі коллектив» атағы берілді. Ән-би фольклорлық ансамбльдері құрылды. Г.Ералиев ауданының «Маңқыстау маржандары» атты ән-би фольклорлық ансамблі Алжирде өткен халық творчествосының X фестиваліне қатысып, дипломмен наградталып қайтты. Ұлт аспаптар оркестрі, мәдени-үгіт бригадалары, совхоздарда автоклубтар бар. Мұның бәрі қазыналы арал еңбекшілеріне қызмет етіп, олардың мәдени-рухани қажеттерін өтеуде біраз еңбек сіңіріп келеді.

1986 жылы қараша айында Маңғышлақ облыстық партия-комитетінің пленумында облыстық партия ұйымдарының еңбекшілерге адамгершілік тәрбие беру ісін жақсарту, кінәратсыз өмір үшін күресті күшейту жөніндегі міндеттер туралы мәселе талқыланды. Салауатты өмір бейнесі үшін күрес қоғамы құрылды. Барлық еңбек коллективтерінде оның бастауыш ұйымдары бар. Облыстағы еңбекші қауымның 29 проценті оның белсенді мүшесі. Қазір облыс көлемінде ішімдікке салынып, еңбек тәртібін бұзу фактілері мүлде азайды. Еңбек коллективтерінің әрбір мүшесі, қоғамдық ұйымдар маскүнемдікке қарсы күресті күшейтті. Мұның әлеуметтік өмірдің салауаттылығын қорғау күресі екеніне әрбір адамның көзі жетті. Бұған идеология майданының жауынгерлері-насихатшылар мен лекторлар, үгітшілер мен саяси хабаршылар, баяндамашылар, мәдени мекемелердің қызметкерлері белсене араласуда. Дей тұрғанмен, облыс партия ұйымдарының идеологиялық, саяси-тәрбие жұмысы саласында кемшіліктер де баршылық. Үгіт-насихаттың пәрменділігі әлі де болса өз дәрежесінде емес. Өмірмен байланысы аз, құрғақ әңгімелер, баяндамалар, лекциялар бой көрсетеді. Мәдени мекемелер барлық жерде бірдей өз дәрежесінде жұмыс істеп отырған жоқ. Олардың ісінде науқандылық басым. Газеттердің мақалалары мен радио-телевидение хабарларында өткірлік жетпей жатады. КПСС программасында: «Сөз бен істің бірлігі бүкіл партиялық және мемлекеттік қызметтің аса маңызды принципі - бұл идеялық тәрбие жұмысына да қойылатын сөзсіз талап. Оған белсене қатысу — барлық басшы кадрлардың міндеті, әрбір коммунистің парызы» делінген. 137 Облыс партия ұйымдары өздерінің күнделікті жұмыстарында мұны қатаң басшылыққа алды.

ҰЙЫМ ТІРЕГІ

Облыс партия ұйымдары өздерінің күнделікті ұйымдастыру, идеялық саяси-тәрбие жұмыстарында мемлекеттік, қоғамдық ұйымдарға, алдымен жергілікті Советтер мен кәсіподақ, комсомол органдарына арқа сүйеді. Олардың күнделікті іс-қимылына, партия алға қойған күрделі міндеттерді шешудегі бұқара-халықты жұмылдырушы күшіне дем берді, нақты бағыт сілтеді. Маңғышлақта үш қалалық, төрт аудандық Совет, 31 поселкелік, селолық Совет болды. Олар партия ұйымының басшылығымен өз территорияларындағы кәсіпорындар мен шаруашылықтар жұмысына, халықтың әл-ахуалы мен тұрмысына, жалпы әлеуметтік-экономикалық мәселелерге жан-жақты көңіл бөліп отырды. Бұл жайында КПСС XXVII съезінде жасалған баяндамада жергілікті Советтер назар аударатын ең негізгі проблемалар талдап көрсетілді. «Бүгін таңда олар бұқараны еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуын жеделдетуге жұмылдырудың ең тиімді буындарының бірі бола алады және болуға тиіс», — делінді. Жергілікті Советтер өздеріне берілген зор баға мен үлкен сенімге сай бұқаралық ұйымдастыру жұмыстарын жаңа талап дәрежесінде құрып, халық шаруашылығы мен мәдени побябрарлық буындара жанды, басшылық жасап проблемаларды түбегейлі шешудің жолдарын белгіледі. Олар бұл игілікті істе Совет депутаттары атқару комитеті активисттерінің, депутат топтарының белсенділігін арттырып олардың инициативалы жұмыс істеуіне жағдай жасады.

Халық шаруашылығы мен мәдени құрылыс саласында бұқараны он екінші бесжылдықтың тапсырмаларын орындау жолындағы ЭТХ келді. Олар техника мен технология,өндіріске батыл енгізіп, еңбек адамдарының кәсіби шеберлігін шыңдау, сол арқылы жоғары еңбек өтімді жету мәселелерін бірінші кезекке қойды Манғышлақтықтар үшін өнім сапасын арттыру едәуір күрделі еді мұнда шығардан өнімнің 8 проценттен астамы ғана ең жоғары сапаға ие.

Жергілікті Советтер, олардың депутаттары мен комиссиялары, депутат топтары өндірілген өнімнің сапасын бақылауға алды. Мұның бәрі сайып келгенде, еңбек тәртібін нығайту, еңбек адамдарының жауапкершілігін арттырумен тығыз байланысты екендігі белгілі.Жергілікті Советтердің депутаттары мен активистері мұнымен шындап айналысты. Олар Алматы қаласымен Алматы облысының бір топ депутаттарының «Сапасы жақсартылған және тұтыну қажеттері жоғары тауарлар әзірлеп, игеруді және шығаруды өзіміздің депутаттық қамқорлығымыз бен бақылауымызға алайық» деген девизбен жұмыс істеуге шақырған ашық хатын қызу қабыл алды. Мысалы, Шевченко пластмасса зауытындағы Ю.А.Мехайленко басқаратын депутаттар тобы зауыт шығаратын халық тұтынатын тауарлардың сапасын жақсартып, түр-түрін көбейтуге бақылау жасады. Топта 13 депутат бар. Бірде олар соққыға төзімді полистирол цехына тексеру жүргізіп, шикізат пен отынның үнемделу жайын зерттеді. Тексеру қорытындысы топ мәжілісінде қаралды. Цех бастығы В.И.Синкеевичтен байқалған кемшіліктерді жоюдың шаралары талап етілді. Цех бастығы коллективтің бұл бағытта жасаған жұмыстарын және алдағы жоспарды мәлімдеді. Зауыттың қыс айларында жұмыс істеуге әзірлігі де көкейтесті мәселе еді. Өйткені, қыс айларына әзірліктің осалдығынан кей цехтар қиындыққа душар болған. Сондықтан қыс айларында жұмыс істеуге әзірлікті депутат топтары өз бақылауына алды. Кезектегі депутаттар тобының мәжілісінде олар бас энергетик И.Шкарбуттың баяндамасын тыңдады. Депутаттар өздері байқаған кемшіліктерін айтып, оны түзету шараларын ұсынды.

Пластмасса зауыты шығаратын өнімнің түр-түрін де, көлемін де жыл сайын көбейтіп келеді. 1985 жылы халық тұтынатын 25 түрлі тауар шығарса, 1986 жылы 28 түрлі тауар шығарылды, жоспардан тыс 110 мың сомның өнімі сатылды. Мұның сапасы, қабылданған міндеттеменің орындалуы цехтардың техникамен жарақтануы, коллектив мүшелерінің еңбек тәртібі үнемі депутаттардың назарында.

Кінәратсыз, парасатты өмір жолындағы күрес Маңғышлақта жалпы халықтық сипат алды. Мұнда жергілікті Советтердің қосып отырған үлесі аз емес. Дей тұрғанмен, бұл салада қолдауды күтер жайлар да баршылық. 1986 жылы қарашада еңбекшілерге адамгершілік тәрбие беру ісін жақсарту, кінәратсыз тұрмыс үшін күресті күшейту жөніндегі міндеттер туралы мәселе қараған облыстық партия комитетінің кезекті пленумында кейбір жергілікті Советтердің атқару комитеттері жанындағы маскүнемдікпен күрес жөніндегі комиссиялардың талап деңгейінде жұмыс жасамай Отырғандығы сынға алынды. «Маңқыстау ауданының барлық елді мекендері делінді. Баяндамада азаматтардың жиынында салауаттылық аймағы деп жарияланды. Алайда, ауданда маскүнемдік үшін жауапқа тартылғандардың саны азайған жоқ. Ескі өзен поселкесінде де осындай жайлар бар». Бұл да ойлануға тұрарлық сын еді. Қалалық, аудандық партия комитеттері, халық депутаттары жергілікті Советтерінің атқару комитеттері, сонымен бірге облыстық партия комитеті, облыстық Совет атқару комитеті бұдан қорытынды шығарудың жолдарын белгіледі. Депутаттар мен активистерден сайлаушылармен жиі кездесуді, бұқара арасындағы идеологиялық жұмыстың пәрменділігін арттыра түсуді талап етті.

Облыстық партия комитеті жергілікті Советтердің жұмысына әрдайым нақты басшылық беріп отырды. Бюра және секретариат мәжілістерінде қалалық, аудандық партия комитеттерінің жергілікті Советтердің жұмысына басшылығы, жергілікті Советтердің ұйымдастыру-бұқаралық жұмыстары туралы мәселелер қаралып, басты бағыт белгіленді. Мысалы, Маңғыстау ауданының жергілікті Совет терінің бұқаралық ұйымдастыру жұмысының жайы және оны жақсарту шаралары туралы халық депутаттары Маңғыстау, Бейнеу аудандық Советтерінің КПСС Орталық Комитетінің 1971 жылғы 19 қазанда село тұрғындарын медициналық қамтуды жақсарту шаралары туралы қаулысын орындаудағы жұмысы жайлы, мал жайылымы учаскелерінде жұмыс істеп жүрген село еңбекшілерін мәдени-тұрмыстық қамтуды жақсарту шаралары туралы тағы басқа мәселелердің қаралуы осының дәлелі. Сонымен бірге облыстық партия комитеті Советтердің атқару комитеттерін білімді, тәжірибелі кадрлармен толықтырып отырды. Советтерде партия ұйымдарының, ондағы коммунистердің авангардтық рөлін арттыруға күш салды.

Облыс бойынша халық шаруашылығының барлық саласында елеулі жетістіктерге қол жеткенімен табыс тасасында қалған кемшіліктер де аз емес еді. Он бірінші бесжылдық жылдарында техникалық прогресс жеделдету, өндіріске техника мен технология жаңалықтарын енгізу жайы айтудан кенде болған жоқ. Қаулылар да қабылданып жатты, бірақ оның орындалуын бақылау өз дәрежесінде болмады. Соның салдарынан өндіріске техника жаңалықтарын енгізу жоспары он бірінші бесжылдықта 78,8 процентке ғана орындалды. Облыстағы ең ірі өнер кәсіпорындар «Мангышлакнефть» бірлестігі, мұнай өнімдерін құбырмен тасымалдау Оңтүстік басқармасы, пластмасса зауыты, «Маңгышлакрыбхолодфлот» басқармасында бұған жөнді мән берілмеді. Он бірінші бесжылдық жылдарында өндірістік қор 1,3 есе өсті. Бұл облыс кәсіпорындарының алға қарай да дамуына жасалған шынайы қамқорлықтың айғағы еді. Бірақ оны мейлінше тиімді пайдалану жағы жөнді қарастырылмады. Тек соның салдарынан 1981 жылмен салыстырғанда қор қайтарып әрбір сомға шаққанда 12 тиынға кеміп кетті.

Маңғышлақ-құрылыс алаңы. Олай дейтініміз жарты арал байлығы әлі игерілу үстіңде. Жаңа кен көздері ашылып, жаңа өндіріс алаңдарының пайда болуы құрылыс жұмысын өрістетуді талап етеді. Облыста 1973-тен кейінгі жылдарда, 9ның ішінде әсіресе, он бірінші бесжылдық жылдарында мәдени құрылыс объектілері мен тұрғын үйлер пайдалануға аз берілді деуге болмайды. Сөйтсе де, мұның мүмкіндіктен көп төмен екені баршаға аян. Себебі жылма-жыл құрылыс ұйымдарының 40 процентке жуығы жоспарларын орындай алмады. Мұны «құрылыстағы өндіріс базаларының әлсіздігінен» деп түсіндіреді. Ал оны нығайтумен айналысу жағы мүлдем мардымсыз.

Маңғышлақта мал шаруашылығы интенсивті дамымай отыр. Малды өз төлі есебінен өсіру, мемлекетке мал өнімдерін өткізу жоспарлары орындалғанымен мал шаруашылығы ғылыми тұрғыда ұйымдастырылмай келеді. Етке арық, жеңіл салмақты мал тапсырылады. Ауыл шаруашылығында негізгі қорды тиімді пайдаланып отыр деуге болмайды. Оған он бірінші бесжылдық жылдарында ауыл шаруашылығында негізгі қордың 38 процентке, ал оған керісінше жалпы өндірілген өнім көлемі тек 14 процентке ғана өскені дәлел. Селодағы әлеуметтік-мәдени тұрмыс жайы да түбегейлі өзгерісті күтеді. Мұның бәрі жергілікті Советтерге қатысты мәселелер еді. Олар өз территорияларындағы кәсіпорындар мен шаруашылық ұйымдардың бүгінгі талап деңгейінде дамуын қамтамасыз етуге барынша ықпал жасауға тиісті. Бұл күндері осынау бағытта елеулі жұмыстар атқарылып жатыр.

Жергілікті Советтердің тұрақты комиссияларының жұмысы жандана түсті. Мысалы, облыстық Советтің денсаулық сақтау, физкультура және әлеуметтік қамсыздандыру жөніндегі тұрақты комиссиясы мәжілісінде облыстық денсаулық сақтау мекемелерінің аурулардың алдын алу, тұрғындарды диспансерлік байқаудан өткізудің жайы туралы мәселе қарады. Шынында бұл еңбекшілерді медициналық қамтудағы ең күрделі де басты мәселе еді. Депутаттардың кең көлемде қатысуымен облыс қалалары мен аудандарында, елді мекендерде болып, медициналық мекемелердің жұмысымен жан-жақты танысып, тұрғындардың кварталдарыңда, кейбіреулердің үйлерінде, жұмыс орындарыңда болуы, адамдармен жүзбе-жүз әңгімелесу іс түйінін шешуге нақты шаралар қабылдауға мүмкіндік берді. Байқау бригадалары құрылды. Оған инициативалы, білімді мамандар тартылды. Байқау кестесі жасалды.Оның еңбек коллективтерінің жағдайына сәйкесімді болуы қатерге алынды. Тұрақты комиссия облыстық медициналық мекемелердің мұң мұқтажына да назар аударды. Оны тиісті орындар алдында мәселе етіп қойды. Айталық, балалар дәрігері аз емханалар мен ауруханаларда кейбір медициналық құрал түрлері биохимиялық тексеру жабдықтары, флюорографиялық пленкалардың жетіспейтіндігін анықтап, мұны ретке келтіруге жәрдемдесті. Тұрақты комиссия медициналық мекемелерді салу, бұрыннан бар ауруханалар мен емханаларды, медициналық, фельдшерлік пункттерді жөндеуден өткізу, медициналық кадрлармен толықтыру, оларға қамқорлық жасау, шефтік кәсіпорындар мен ұйымдардың белсенділігін арттыру жайында жиі-жиі әңгіме қозғап, тиісті орындардың, қалалық, аудандық Советтердің назарын аударды. Бұл тұтасымен алғанда, Маңғышлақта медицина мекемелерінің жүйелерінің кеңейіп, білімді, тәжірибелі маман, кадрлармен толықтырылуына, еңбекшілерді медициналық қамту ісінің жолға қойылуына септігін тигізді.

Шевченко қаласында әлеуметтік-экономикалық дамуды жеделдетуде біраз жұмыстар атқарылды. Қаладағы кәсіпорындар өндірісті интенсивті дамыту жолына көшті. Дей тұрғанмен, мұны әлі де тездете түсу үшін қозғау салу керек болды. Қалалық Советтің кезекті сессиясында атқару комитетінің есебі және КПСС Орталық Комитетінің, СССР Жоғарғы Советі Президиумының, СССР Министрлер Советінің «КПСС XXVII съезінің шешімдеріне сай әлеуметтік-экономикалық дамуды жеделдетуде халық депутаттары Советтерінің алға қарай да рөлін арттырып, жауапкершілігін күшейту шаралары туралы» қаулысын орындауда қалалық Советтің міндеттері туралы мәселе қаралды. Депутаттар қала өміріндегі толғағы жеткен мәселелерді терең талдады. Тұрғын үй құрылысын жеделдету, халықты тұрмыстық, мәдени, медициналық қамтудың жайы, жаңа аурухананың құрылысын тездету, қаланы көркейту тағы басқа мәселелер депутаттар сөзіне негізгі арқау болды.

Жергілікті Советтер мектеп реформасын жүзеге асыру жөнінде де қамқорлық жасап, бақылауға алды. Мектептердің материалдық-техникалық базасы нығая түсті. Тек бір ғана Шевченко қаласында он бірінші бесжылдық жылдарында 4 орта мектеп, 7 мектеп жасына дейінгі балалар комбинаты, оқу-өндіріс комбинаты, орта кәсіптік-техникалық училищенің қосымша құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді. Қалада 15 орта мектеп, 45 мектеп жасына дейінгі балалар мекемесі бар. Оларда 24400 бала оқыды, 13800 бүлдіршін тәрбиеленді. КПСС Орталық Комитетінің ақпан (1988 ж.) Пленумының шешімдеріне сай облыс мектептеріндегі жастарды оқыту мен тәрбиелеу ісіне күрделі өзгерістер енгізді. Мектеп пен ата-ананың байланысы нығая түсті. Мұғалімдерге қойылар талап пен оларға қамқорлық күшейді. Мұғалім беделі жайында кең көлемде әңгіме болды. Мектептегі еңбек тәрбиесі, оған кәсіпорындар мен ұйымдардың, шаруашылық коллективтерінің көмегі мектеп өмірінің, партия ұйымдары басшылығының негізгі арқауына айналды. Жергілікті Советтер Пленум шешімдерін жүзеге асыруға бағытталған шаралардың орындалуын қатаң бақылауға алды. 1986 жылдан бастап мектептерде балалар оқуға алты жастан қабылданды. Мұның бәрі жергілікті Советтерге де, мектеп пен оқу-ағарту бөлімдерінің алдына да тың міндеттер қойып отыр. Оны толық орындау бүгінгі күннің талабы.

Жергілікті Советтер сайлаушылардың аманаттарын орындаудағы депутаттардың белсенділігін үнемі зерттеп, бағыт беріп отырды. Жергілікті Советтердің соңғы сайлауында халық қалаулыларына мыңнан астам аманат табыс етілді. Оның 147-і облыстық Советтің депутаттарына жүктелген.

Маңғышлақта сайлаушылар аманаттарымен жұмыс жүргізуде белгілі дәрежеде жинақталған тәжірибе бар. Аманаттар тұрақты комиссиялар мәжілістерінде қаралды, сұрыпталады. Одан кейін атқару комитетіне, сессияға бекітуге ұсынылды. Аманаттар бекітілгеннен кейін орындаушыларға жолданады. Жергілікті Советтер, партия ұйымдары депутаттардың өздеріне сеніп тапсырған сайлаушылар аманаттарын орындауларына жағдай жасайды. Сайлаушылардың аманаттарымен жұмыс Шевченко, Жаңа өзен қалаларында жақсы жолға қойылған. Жаңа өзен қаласында соңғы жылдары әлеуметтік-мәдени құрылыс саласында тың қадамдар жасалды. Мұнай техник училищесі, техникумдер, медицина училищесі, мұнайшылардың демалыс алаңы, ет комбинаты, «Балдырған» атты балалар қалашығы тағы басқа құрылыстар пайдалануға берілді.Шевченко қаласында орталық аэропорт комплексінің құрылыстары аяқталды.

Совет атқару комитеті қалалық, аудандық, поселкелік, селолық Советтерден аманаттардың орындалуын талап етумен қатар өздері де оған көмектесіп отырды. Өйткені, кейбір мәселелерді шешуге жергілікті Советтердің мүмкіндігі мен өкілеттілігі жетіспей жатады. Мұның жергілікті Советтердің ұйымдастыру-бұқаралық жұмысында кемшілік жоқ деген ой тумайды. Әлі де болса халықтың мәдени-тұрмыс қажеттерін өтеуде, Советтердің территорияларындағы кәсіпорындар мен шаруашылық ұйымдарының жұмысына депутаттардың қатысып, айналысу жағы жеткіліксіз Советтердің атқару комитеттерінің басқару стилін жетілдіруде, партия ұйымдары мен Советтердің жұмыстарының ара қатынасын шектеуде шешетін жайлар бар. Қазақстан Компартиясының XVI съезінде жасалған баяндамада: «Партия комитеттері жергілікті Советтердің қызметіне басшылықты едәуір күшейте түсуі қажет. Олар Конституциялық праволарын толығырақ пайдалануға, демократиялық негіздерді дамытуға депутаттар мен сайлаушылардың байланысын нығайтуға тиіс» делінген. Партия ұйымдары да, жергілікті Советтер де осынау бағытты ұстап отырды. 138.

Облыс партия ұйымы еңбекші қауыммен қатынасты нығайтқанда, олардың әлеуметтік-тұрмыс жағдайларына зер салғанда, еселі еңбек етулеріне, тынығуларына, бос уақытты ұтымды пайдаланып, білімдерін тереңдетіп, кәсіби шеберліктерін шыңдауларына қамқорлық жасағанда алдымен кәсіподақтардың жұмысына, ұйымдастырушылық, тәрбиелік ықпалына арқа сүйеді. Әсіресе, қазіргі жеделдету процесі кеңінен етек алып, техникалық прогресс бұрын-соңды болмаған дәрежеде дамып, адам факторы ең шешуші буынға айналған дәуірде кәсіподақтардың міндеті қай кездегіден де ауқымдырақ болып, рөлі күшейе, өсе түсуде. Ол партия ұйымының әлеуметтік-экономикалық саясатты бүгінгі күн талабы негізінде жүзеге асыруына көмекші бола білуге тиіс еді. Бұл жайында КПСС XXVII съезінде жасалған баяндамада дәл айтылып, кәсіподақтар жұмысына жоғары баға берілді. «Кәсіподақтар үшін, - делінді баяндамада, - әлеуметтік саясат, еңбекшілердің мүдделері әрқашан да бірінші орында болуға тиіс». Кәсіподақтар қоғамдық өмірдің барлық саласымен айналысады. Бірақ халық игілігін жасап жатқан еңбек адамдарына деген қамқорлық олардың ең жарқын борышы болып қала береді. Маңғышлақтағы кәсіподақтар ұйымдары осы тұрғыдағы жұмысын жалғастырып келеді. Ең бұқаралық ұйым кәсіподақтардың 90 мың 890 мүшесі бар. Оларды 651 бастауыш ұйымы, 16 салалық кәсіподақтар біріктіреді. Облыс құрылғаннан бері өткен жылдар ішінде кәсіподақтардың сапа құрамы біраз реттелді. 1973 жылы оның барлық мүшесінің 48,9 проценті жұмысшы болса, 1988 жылы ол 50,4 процентке, ал 49,8 проценті әйел болса, ол 51,5 процентке өсті. Кәсіподақ мүшелерінің білім дәрежесі арта түсті. 1973 жылы олардың 41,7 процентінің жоғары, 50,4 процентінің орта дәрежелі білімдері болса, 1988 жылы ол 47,1 және 50,9 процентке өсті.

Кәсіподақтардың 33 мың 901 активисті бар. Олардың курстарда оқып, білімдерін жетілдірулеріне жағдай жасалған. Кәсіподақ ұйымдары жұмысының запасы көбіне-көп оның жетекшілерінің іскерлігі мен біліміне, тәжірибесіне байланысты екені белгілі. Сондықтан да партия ұйымдары кәсіподақ ұйымдарына басшы қызметке барлық жағынан сай келетін, ұстамды ұйымдастырушыларды ұсынып отырды. Облыс құрылғаннан бері өткен мерзім ішінде кәсіподақ комитеттерінің төрағалығына жастар мен әйелдерді жоғарлатуға бағыт ұсталды. 1973 жылы барлық ұйым мүшелерінің 43,6 проценті әйел болса, 1986 жылы ол 62,9 процентке өсті.

1986 жылы мұнай өнеркәсібі министрлігінің, бұрғылау кәсіпорындары арасындағы социалистік жарыста екі рет жеңіп шықты. Басқармада еңбек саңлақтарының қалың тобы өсіп жетілді. Басқармадағы 46 бригаданың 14-і 1986 жылы бригадалық-мердігерлік әдіспен еңбек ете бастады.

Қазақ газ өңдеу зауытында кәсіподақ ұйымының инициативасымен зауыт әкімшілігі мен партия ұйымының қолдауымен жұмысшыларды жұмыс киімімен қамтамасыз ететін болды. Бұл зауытта техникалық қауіпсіздік нормаларын сақтауға мүмкіндік берді. Зауыттың өзінде арнаулы салон дүкені ашылды. Жұмысшы жұмысқа қабылданғанда басына, үстіне, аяғына қай өлшемді киім керек екенін айтып, арыз жазады. Жұмысшы арнаулы киімін алмай қызметке жіберілмейді. Еңбекшілердің өнімді еңбек етулеріне осы сияқты жағдай туғызып отырған кәсіподақ ұйымдары Маңғышлақта аз емес.

Кәсіподақ ұйымдары еңбек коллективтері арасындағы он екінші бесжылдықты мерзімінен бұрын орындау жолындағы социалистік жарыстың өрістеуін қамтамасыз етті. КПСС XXVII съезінен кейін көптеген еңбек коллективтері тың бастамалар көтерді. Мысалы, магистралды құбыр бойымен мұнай тасымалдау. Оңтүстік басқармасының орталық өндірістік базасының коллективі жұмысшының сайын өсірмей станок жабдықтарының пайдалану коэффициентін арттыру жөнінде міндеттенді. Ұлы Октябрьдің 70 жылдығы алдында қазыналы аралда 436 бригада, учаске, ауысым және цех, 3 мың жарымнан астам жеке еңбекшілер бүкілодақтық социалистік жарысқа қосылды. Олар мереке күніне бесжылдықтың екі жылының тапсырмасын орындап шығуға міндеттенген еді. Олар міндеттемеге сай еңбек етті. 1987 жылы өнеркәсіп өнімін өндіру қаржысын 3,7 процентке арттырды. Ол екінші бесжылдықтың екі жылында жоспардан тыс 244 мың тонна мұнай және газ конденсаты өндірілді. Құрылыс монтаж жұмысының көлемі 14 процентке өсті. Ұлы Октябрьдің 70 жылдығына тұрғын үй салуда жылдық жоспар орындалды.

КПСС XXVII съезі мен КПСС Орталық Комитетінің одан кейінгі Пленумдарының шешімдерінен қуат алған Маңғышлақтықтар XIX Бүкілодақтық партия конференциясын табысты қарсы алу жөніндегі социалистік жарысқа қосылып, өздері де қабылдады. Көтеріңкі міндеттемелер қатарын орындауға, жоспардан тыс 270 мың тонна газ конденсатын өндіруге міндеттенді.

Ғылыми-техникалық қоғамның облыстық Советі 107ғылыми-техникалық конференциялар мен жиналыстар, 75 рет творчестволық жұмыстың конкурстары мен байқауларын өткізді. 350 ғылыми-техникалық жұмыс әділ төрешілердің сараптауынан өтті. 1986 жылы өнертапқыштар мен рационализаторлардың 1951 ұсынысы өндіріске енгізіліп, 861 миллион сом мемлекет қаржысы үнемделді. Облыс кәсіподақтары кәсіпорындарда ғылыми-техникалық прогреске кең жол ашылуын, жаңашылдар мен рационализаторлардың қатарының өсе түсуін, олардың пайдалы еңбектерінің қолдау табуын үнемі бақылап отырды. Манғышлақ облысына 1985 жылдың қорытындысымен өнертапқыштық, рационализаторлық жұмыста жақсы нәтижеге жеткені үшін өнертапқыштық және жаңашылдық істері жөніндегі СССР Мемлекеттік комитетінің және ВОИР- дің Орталық Советінің ауыспалы Қызыл Туы берілді.

Құрамында 39 мың 811 мүшесі бар мұнай және газ өнеркәсібі жұмысшыларының кәсіподақтары мен 12 мың 480 мүшесі бар агроөнеркәсіптік кешені қызметкерлерінің кәсіподақтары ең күрделі ұйымдар. Олар Маңғышлақта мұнай және газ өнеркәсібі мен мал шаруашылығын жан-жақты дамытып, Маңғышлақ территориялық-өндірістік кешенін жедел игеру міндетін шешуге өз үлестерін қосып келеді.

Әлеуметтік саясатты жүзеге асыруда біраз ілгері қадамдар жасалды. Әрбір адамға 1191 сомның тауары сатылды. 21 сомның тұрмыстық қызметі көрсетілді. Он бірінші бесжылдықта адамдардың еңбек және тұрмыстық жағдайларын жақсарту мақсатында елеулі жұмыстар атқарылды. 42 мыңнан астам адам бұл бағытта қажетті көмек алды. Еңбекті қорғау шараларын жүзеге асыру мақсатында 8,1 миллион сом қаржы игерілді.

Заман талабына сай кәсіподақ ұйымдары өз жұмысын қайта құруда. Жұмысшы коллективтерінің арасында жұмыс уақытының себепсіз, өнімсіз шығыны азаймай келеді. Әсіресе, маскүнемдіктің салдарынан жұмыс уақытының босқа рәсуә болуы жойылмай отыр. Жекелеген кәсіпорындар басшылары тарапынан оған тиісті шаралар алынбауда. Еңбекті қорғау, техникалық қауіпсіздікті сақтау жөнінде бірқатар кәсіпорындарда самарқаулық басым. Мысалы, 1986 жылы «Мангышлакнефть» өндірістік бірлестігінде бұл жайындағы жоспар бар болғаны 22,8 процентке орындалды.

1988 жыл Маңғышлақтың халық шаруашылығы саласында да ерекше маңызы бар кезең болды._ Мемлекеттік кәсіпорындар туралы заң күшіне енді. Кәсіпорындардағы әрбір еңбек коллективі заң қағидаларын бұлжытпай орындау үшін күресуде. Демократиялық жариялылық принциптері жүзеге аса бастады. Экономикалық реформаны толық күшіне енгізу батыл қолға алынды. «Интенсивтендіру 90», «Сапа» бағдарламалары жасалып, жүзеге асуда. 1988 жылы мұнайшылар толық шаруашылық есепке, өзін-өзі қаржыландыруға көшті. Жоспарлаудың жаңа әдістері терең қолданыла бастады. Ал, бұл алға қарай жан-жақты дамып, әрбір - еңбек адамының оған мүдделілігі артуы керек. Мұның бәрі кәсіподақ ұйымдарынан басқа да қоғамдық ұйымдармен бірлесе отырып, еңбек адамдары арасындағы, тәрбие жұмысын өрістетуді, озат кәсіпорындар мен жеке коллективтердің, тәжірибелерін қорытып, көпшілік игілігіне айналдыруды, социалистік жарысты мейлінше өрістетуді, оның тәрбиелік мәнін күшейтуді талап етеді. Сонымен бірге социалистік жарысқа қосылған 5061 еңбек адамның, 2127 бригада, 75 кәсіпорын мен ұйымдар коллективтерінің 18693 коммунис тары, еңбек екпінділері мен 664 коммунистік еңбек бригадасы коллективтерінің міндеттемелеріне сай еңбек етулеріне жан-жақты қолайлы жағдай туғызу арқылы олардың нұрлы болашаққа сенімін арттыра түсу қажеттігі күннен күнге айқындала түсуде.

Қазыналы аралдың партия ұйымдары жастар арасындағы тәрбие жұмысын өрістете отырып, оларды шұғыл бетбұрыс, ұлы өзгеріс кезеңінің мұраттарын жүзеге асыруға кеңінен араласуларына жағдай туғызып, жастар ұйымының жұмысын үнемі назарда ұстап, оған бағыт, басшылық беріп отырды. КПСС XXVII съезінде жасалған баяндамада: «Біздің жастар еңбекқор, олар ерлік пен жанқиярлыққа әзір, Социализмге берілген. Бірақ аға ұрпақтардың борышы сондай жеткіншектер одан сайын ақылды, білімдірек болу үшін, ол Ұлы Октябрь өсиет еткен әділеттік пен бостандық мұраттарының эстафетасын болашаққа лайықты түрде апару үшін қажетті нәрсенің бәрін істеу» — делінген. Маңғышлақ облысы партия ұйымы өзінің осынау қасиетті борышын абыроймен өтеді. Оның бюросында Шевченко қалалық партия комитетінің комсомолға басшылық етудегі жұмысы туралы облыстық комсомол комитетінің қабылдаған қаулылардың орындалуын бақылаудағы жұмысы туралы тағы басқа мәселелер қаралып, комсомол жұмысына партия басшылығын жетілдірудің комсомол ұйымдарының жұмысын талапқа сай ұйымдастырудың жолдары белгіленді. Кезеңнің талабына сай бағыт берілді. Сондай-ақ, партия ұйымдары комсомол ұйымдарының жұмысын ұдайы зер салып бақылап отырды. Байқалған кемшіліктерді дереу жоюға күш салды. Мысалы, облыстық партия комитетінің ұйымдық-партиялық жұмыстары бөлімі кейбір комсомолға жастарды қабылдау мүшелерін тәрбиелеудегі, финанстық шаруашылықты жүргізудегі кемшіліктері туралы бюроға ресми хат жолдады. Оның кезінде комсомол ұйымдарының ішкі ұйымдық жұмыстарды талап биігіне көтерулеріне жақсы жағдай жасағаны сөзсіз.

Коммунистік Жастар Одағының Бүкіл россиялық III съезінде сөйлеген сөзінде «Коммунистік Жастар Одағы қай жұмыста болса да өзінің көмегін көрсететін, өзінің инициативасын, бастамасын ұсынатын екпінді топ болуға тиіс» деген болатын. Маңғышлақтың комсомолецтері мен жастары көсем өсиетке лайықты еңбек етіп, өмір сүруі үшін күресті. Қалалық шаруашылығы саласында 40684 комсомолецтер мен жастар еңбек етті. Олар он бірінші бесжылдықта «екпінді еңбегіміз, біліміміз, инициативамыз бен жастық творчествомыз - он бірінші бесжылдыққа» деген девизбен бүкілхалықтық социалистік жарысқа қосылып, еселі еңбек етті. Комсомолға В.И.Лениннің есімі берілуінің 60 жылдығы алды еңбек вахтасына тұрған 1мың жас, 200 комсомол-жастар бригадасы міндеттемелерін асыра орындады. 43 комсомол-жастар коллективі он бірінші бесжылдық тапсырмаларын мерзімінен бұрын орындап, тамаша табысқа ие болды. 10 мың комсомолец пен жас «Коммунистік еңбектің екпіндісі» атағына ие болды. 20 мыңнан астам комсомолецтер мен жастар бұл құрметті атақ үшін күресті. Он бірінші бесжылдықтың қорытындысымен «Мангышлакнефтегаз-разведка» комплексті экспедициясының Сейтов басқаратын комсомол-жастар бригадасына «Бесжылдықтың жастар коллективіне» атты .БЛҚСМ Орталық Комитетінің. ауыспалы Қызыл Туы ал Бейнеу аудандық комсомол комитеті мен Шетпе автотранспорт кәсіпорны бастауыш комсомол ұйымына жастарға коммунистік тәрбие берудегі үздік ұйымдастыру, саяси тәрбие жұмыстары үшін ВЛКСМ Орталық Комитетінің ауыспалы Қызыл Тулары мәңгі сақтауға қалдырылды. КПСС XXVII съезі алдындағы социалист жарысқа қосылған 187 комсомолец-жастар коллективі, 19 мың жекелеген озаттар съезд ашылу күніне екі шықтыЖӘН6 бірінші тоқсан тапсырмаларын орындап Облыс комсомолецтерінің инициативасын облыс партия ұйымдары әрдайым мақұлдап, оның дамуына көмектесіп келді. Мысалы, Маңғышлақ облыстық партия комитетінің бюросы «Узеннефть» мұнай-газ өндіру басқармасының № 2-ші комсомол-жастар бригадасының «Әрбір скважинадан-мол қайтарым» девизімен еңбек туы жөніндегі бастамасын мақұлдады, оны облыстың барлық мұнайшы коллективтеріне кеңінен таратуды ұсынды. Он бірінші бесжылдық жылдарында облыста мұнайды мүмкіндігінше мол өндіруге бұл бастаманың елеулі ықпалы болғанын айтқан жөн. Бастама барлық мұнайшылар арасында қолдау тапты. Скважиналардың Тиімділігін арттыру жолындағы күрес күшейді.

Комсомолецтер мен жастар мал шаруашылығында да табысты еңбек етіп келеді. 17 комсомол-жастар шопандар бригадасындағы 200-ге жуық жас қой шаруашылығын өркендетуге өзіндік үлес қосты. Мысалы, Октябрьдің 50 жылдығы атындағы совхоздың М. Мүлкібаев басқаратын жас семьялық шопандар бригадасы 1986 жылы әр жүз саулықтан 144-тен қозы алып, өзара социалистік жарыста үздік алға шықты. 1987-1988 жылдарда да озат шопандар семьясы міндеттемелерін орындады.

Мұндай жүлдегер озат комсомолецтер мен жастар қатарын күн санап толыға түсті. «Екпінді еңбегіміз — он екінші бесжылдыққа» девизімен 46300 комсомолец өзара социалистік жарысқа қосылды. Олардың көбі Октябрьдің 70 жылдығына бесжылдықтың екі жылының тапсырмасын орындап шықты.

1986 жылы комсомол ұйымдарында есеп беру сайлау жиналыстары өтті. Бұл комсомол ұйымдарының жұмысына жасалған байқау іспетті болды. Комсомолецтер есеп беру-сайлау жиналыстарында, қалалық, аудандық комсомол, комитеттерінің конференцияларында зор белсенділік көрсетіп, саяси өскендіктерін комсомол ұйымдарының ұйымдық жағынан нығайғандығын танытты. Облыста 6 қалалық, аудандық комсомол комитеті, 389 бастауыш, 1576 цехтық комсомол ұйымы, 356 комсомол тобы бар еді. Оларда 46 мың ЗОФ комсомолец есепте тұрды. Комсомол ұйымдары өз қатарларын еңбекте, оқуда сыналған, тәртіпті жастармен толықтырып отырды. Комсомол, ұйымдары комсомолецтер мен жастардың саяси, экономикалық білім алуларына қамқорлық жасап, қадағалады. 1987-1988 оқу жылында комсомол саяси оқуы жүйесінде 6012, экономикалық оқуда 29329 жас пен комсомолец: оқыды. Саяси; оқудың сапасына жан-жақты көңіл бөліп отырды. Жыл; сайын насихатшылар құрамын қарап, аттестациядан. өткізді.

Маңғышлақ облысы комсомол ұйымы құрылғаннан бері өткен жылдар ішінде ұйымдастыру, саяси тәрбие жұмыстарын өрістетуде мол тәжірибе жинақтады. Заман талабына сай комсомолецтер ұйым жұмысына өздерінше күнделікті іс-қарекеттеріне сын көзбен қарап, кайта құру, жеделдету процесін ұйымшылдықпен жүргізуге өз үлестерін қосты. Бастауыш комсомол ұйымдарының беделі мен іскерлігін көтеруге оларды шын мәнінде жастардың идеялық, саяси басшысы, ұйымдастырушысы дәрежесінде болуы үшін қызмет жасады. Мысалы, «Комсомольскнефть» мұнай-газ өндіру басқармасы комсомол ұйымы жастар мен комсомолецтердің жан-жақты өсуіне қамқорлық жасап келді. Комсомол жиналыстары уақытылы өтті. Онда өндірістің өзекті мәселелері, жастардың өмірі мен тұрмысы, олардың рухани дүниесін байыту жайында мәселелер қаралып, шешімін тапты. Басқармаға жаңадан келген жас жұмысшылар ұстаз жетекшілердің көмегімен жұмыс істеді. Партия, комсомол ұйымдары бірлесе отырып, ұстаз-жетекшілердің құрамын қайта қарады. Білімді,тәжірибелі, өнегелі мамандарды ұстаз жетекші етіп,қайтадан бекітті. Еңбек тәртібі қатаң қолға алынды! Бұл жұмыста комсомол-жастар бригадасының мүшелеpi комсомол ұйымына үлкен көмек көрсетті. Олар бір жыл ішінде 12 рет рейд өткізді. Комсомол прожектор штабының мүшелері рейд жасаған кезде барлық мәселеге жеңіл аударды, Еңбек тәртібі, үнемшілдік, қоғам мүлкін сақтау, тағы басқа мәселелерді үнемі назарда ұстады. Мысалы, олар № 3-ші жылжымалы механикаландырылған колоннаның базасына рейд жасап, тексеру жүргізгенде үш жыл ішінде качалка станоктың бөлшектерінің талан-таражға түскенін анықтап, тиісті орындарға хабарлады. Кінәлі адамдар айыпталды. Комсомолецтер инициативасымен вахта поселкесінде жұмыстан бос уақыттарында мұнайшылардың спортпен айналысуларына, мәдениетті демалуларына жағдай жасады. Спорт залын тұрғызып, пайдалануға берді. Басқармада 150 адамның спорттық разряды бар еді, 400 мұнайшы ГТО-ға мүше болатын. Басқарма жастары ,көркемөнерпаздар үйірмесін құрды. Көптеген мұнайшы,әнші, домбырашы. Олар көрші кәсіпорындарға барып, өзге әріптестеріне өнерлерін көрсетіп тұрды. Жастар мен комсомолецтердің оқуына, мәдениетті тынығуына жасалған қамқорлық оларды творчестволықпен жұмыс жасауға жігерлендірді. Айталық, басқармадағы К. Назаралиев, М. Меңдіғазиев, Ж.Иманбаев, Қ. Ерденбеков басқаратын комсомол-жастар бригадасы социалистік жарысқа қосылып, күніне 11 мың тонна мұнай өндіруге міндеттенді. Бұл бастама бүкіл басқарма коллективі арасында қызу қолдау тапты. Комсомол ұйымдары комсомолецтердің творчестволықпен еңбек етулеріне, олардың рационализаторлармен өнертапқыштар қоғамының мүшелері болуларына көңіл бөлді. Рационализаторлардың Бүкілодақтық қоғамының облыстық бөлімшесі мен облыстық комсомол комитеті жылма-жыл рационализаторлардың конкурсын I ұйымдастырды. Оның мақсаты - облыстың кәсіпорындарындағы еңбекті көп тілейтін жұмыс процестерін механикаландыруға, автоматтаңдыруға, жастардың творчестволық ой-өрісін, білімін пайдалану. Әсіресе, «Ең жас рационализатор» конкурсының еңбек жолын жаңа бастаған жас инженер-техниктермен. қарапайым жұмысшылардың талантын ашып, жетілдіруге елеулі ықпал етті. Бұл конкурске жасы 33-тен аспаған адамдар, жастардан құралған тұтас коллективтердің ұсыныстары қабылданады. Сыннан өткен ұсыныстар бәйге алды, өндіріске енгізуге қамқорлық жасалды. Өткен жылдарда бұл конкурсқа қатысқан радионализатордың 35 ұсынысын қабылдады, 311,2 мың сом экономикалық пайда берді. Облыстың біраз жас рационализаторларының есімі республика, Одақ көлеміне танымал болды. Мысалы, ең жас рационализаторлар конкурсының жүлдегерлері, Өзен мұнай-газ өндіру басқармасының аға геологы А.Шаплыгин жерасты жабдықтарын жуып, тазалайтын жаңа қоспа ойлап тапқаны үшін ВЛКСМ Орталық Комитетінің «Алтын қолды шебер» белгісімен наградталды, 150 сом ақшалай сыйлық алды. Бұл ұсыныс өндіріске енгізіліп, кәсіпорынға көп пайда келтірді. Геофизик Е. Ким бұрғылауға қажетті ертіндіні аз уақытта дайындау мүмкіндігін ойлап тауып, өндіріске ұсынды. Ол бұл табысы үшін ВЛКСМ Орталық Комитетінің «Алтын қолды шебер» белгісімен наградталды. «Спутник» туристік базасына жолдама қоса берілді.

Комсомол ұйымдарының алдында жастар мен комсомблецтерді рационализаторлык, өнертабыс жолына баулу, творчестволықпен. еңбек ететін жігіттер мен қыздарға мүмкіндігінше қамқорлық жасау міндеті тұрды. Жоғары, арнаулы, орта дәрежелі білімдері бар жас инженер-техник мамандар қатары көбейе түсті. Сондықтан олардың білімі мен жігерін техникалық прогресті дамытуға, оның жетістіктерін өндіріске енгізуге күш салу әбден орынды еді. Дегенмен кейбір кәсіпорындарда бұл маңызды жұмысқа жастардың қатысы әлі де мардымсыз. Айталық, Шевченко пластмасса зауытында бір жыл ішінде өндіріске пайдалануға жолданылған 174 рационализаторлық ұсыныстың тек 14-і комсомолецтерден түскен, ал зауыттағы 600 комсомолецтің тең жартысынан астамының жоғары дәрежелі білімдері бар мамандар. Әңгіме оларды творчестволық еңбекке баулу, ой-өрісті ояту, ізденімпаздық қабілетін дамытуға көмектесуде болып отыр.

Комсомол прожекторларының штабы мен күзеттерінің жұмысы жандана түсті. Олар халық бақылау ұйымдары топтарымен бірлесіп, халық шаруашылығы салаларына, өндіріске байқау өткізді. Өндіріс процестерін бақылады. Олар өз жұмыстарына сын көзбен қарап, қайтадан құрды. Еңбек тәртібін бұзушылармен,қоғам мүлкін талан-таражға салушылармен ымыраса күреске белсене араласты. 2300-ге жуық комсомол прожекторлары мен күзеттері бар болатын. Олардың жұмысына 6 мыңнан астам комсомолец пен жастар қатысты.

КПСС жиырма жетінші съезінен кейін елде қайта құру бағдарламасын жүзеге асыруға кіріскен кезеңді жаңа жағдайға тосырқай да, таңдана да қараушылар болмай қойған жоқ. Партия үстемдік етіп, билік қолында тұрғанда әр аудан, қала, облыс съезд талабына сай өздерінің жоспарлары мен бағдарламаларын дайындады, талқылады, еш кедергісіз алқалы жиындарда қабылдады, бекітті.Ол кезде Маңғышлақ облысының Гурьев облысынан бөлініп, өз алдына отау тіккеніне он бес жылға аяқ басқан. Бүкіл одақ бойынша тамырын тереңге жая бастаған дағдарыс Гурьев, Маңғыстау облыстарын да қамтыды. Одан құтылудың бір жолы-екі облысты қайтадан біріктіру деген идея жүзеге асты. Еліміз егемендік алғаннан кейін, бұрынғы Маңғышлақ облысы халықтарының сұрауы бойынша, қайтадан Гурьев облысынан бөліп, өз алдына, Маңғыстау облысы деп атап, бөліп шығарды. Бұл өзгерістердің дұрысы мен бұрысын, пайдасы мен зиянын талдау-зерттеу өз алдына бір бөлек, ауқымды жұмыс. Қысқасы, қазір Маңғыстау облысы нарықтық экономикаға көшу процесін жүзеге асыруда. Тұрмыстық, сауда, өзге де кәсіпорындарда, ауыл шаруашылығы саласында жекешелендіру жұмыстары сатылы жүргізілуде. Бұл да тарихи даму кезеңінің кезіндегі кезекті өзгеріс. Мұның түп мақсаты - халықтың әл-ахуалын жүдетпеу, елдің экономикалық, саяси және әлеуметтік жағдайын түбегейлі жақсарту. Неге қол жетті? Неден ұтылдық? Осынау салмақты сауал бұл күндері әр кімді де толғандырады.

Қазақстан экономикасының толыққанды және әлеуметтік бағыттағы нарыққа көшу жолында қиындық орасан зор. Сондықтан да оның ұзақ және ауыр зардаптарына байланысты көптеген жағдаймен байланысты. Біріншіден, республикада ондаған жылдар бойына экономикалық, әлеуметтік, саяси және экологиялық көптеген проблемалар жинақталды. Олар өздерінің шешімін күтеді. Екіншіден, Қазақстан нарықтық,экономикалық дағдарыс жағдайында жатыр. Дағдарыс тек экономикалық және әлеуметтік саланы қамтып қана қойған жоқ, ол саяси саланы да қамтыды. Үшіншіден, республика нарықтық экономикаға нарықтық инфраструктурасыз өтуде. Онсыз нарық күшіне ене алмайды. Қаражат нарқын, еңбек нарқын ұйымдастыруда жинақталған қарапайым тәжірибе жоқ деді. (кн. «Стратегия ресурсосбережения и переход к рынку»

Президент бүгінгі күннің қиындығын да, одан құтылу жолын да көрсетіп берді. Жаңа жағдайда жұмыс істеуге дайын кадрдың мүлде тапшылығы, оны жедел дайындау керектігі жайында да ойланарлық пікір айтты. Дағдарыстан шығудың әдісін жергілікті жағдайға сәйкесімді ойлап табу, жүзеге асыру әр облыс, қала аудан әкімдерінен үлкен шеберлікті, шешімділікті талап етеді. Сонау жиырмасыншы жылдарда өткен кезеңнің өз ауыртпалығы болды. Маңғыстау уезі, округі мал, балық шаруашылықтарымен айналысты. Адамдар сауатсыз, экономика мүлде әлсіз. Әлеуметтік жағдай жұт жылдары әбден титығына жетіп, халық азып, тозды, Соның өзінде жаңа саясатты жүзеге асыру жолдарындағы күрес күн сайын өрістеді. Маңғыстау бұл күндері республикадағы ірі индустриялы аудандардың бірі. Дамудың жаңа кезеңіндегі қиындықтарды жеңу мүмкіндігі, бұрынғы жылдармен салыстырғанда, әлде қайда мол. Ең алдымен, интеллектуалдық, экономикалық потенциал жеткілікті. Өнеркәсіп салаларында сауатты мамандар баршылық. Кәсіпорындар техникамен жарақтандырылған. Кеңес өкіметі тұсында жинақталған тәжірибенің бүгінгі өмірге жарамды жақтары да аз емес. Қоғамдық қатынастарды дамытуға, жаңаша құруға мұның пайдасы мол. Бірақ сол бай мүмкіндіктер әлі де болса байыпты, ұтымды пайдаланылып отырған жоқ. Мысалы, сауда жүйесінде жекеменшіктендірілген дүкендерде сауда мәдениеті бұрынғыдан төмендеп кетті. Бірқатары жөнді жұмыс жасамайды да. Бұл туралы облыстық мәслихаттың сессиясында «Арна» акционерлік қоғамының төрағасы Р.Ф.Макарович орынды мәселе көтерді.

Біздің бүгінгі мақсатымыз - жекешелендірілген кәсіпорындардың қай-қайсысы да бұрынғыдан жақсы жұмыс істеуіне жету. Әрбір жеке өндіріс қожасы өз пайдасын ойлай отырып, халықтың талап-тілегіне сай жұмыс істеуі керек. Бұған жоқ бағыт беруші мемлекет мүлкі жөніндегі комитеттер, баға және монополияға. қарсы саясат жөніндегі мемлекеттік комитеттер,әкімшіліктер болуы тиіс. Кәсіпорындарды жекешелендіріп берген екен, енді оның нәтижесін зерттеп, талдап, қорытынды шығаруға жаңа бағыт-бағдар белгілеу де солардың міндеті болса керек. Бұл жағы әлі мәз емес. Егер мұны В.И.Лениннің сөзімен айтсақ, бізге «мәдениетті саудагер» керек. Олар сол баяғы «азияттарша» сауда жасауда. Бізге «европалықтарша» сауда жасайтын саудагер керек. (В.И.Ленин, 45-том, 373 бет). В.И.Ленин мұны 1923 жылы жазды. Ол мұндай саудаға жету үшін бір дәуір керек деген болатын. Ал одан бері өткен жетпіс жылдан астам уақыт та аз мерзім емес. Қалыптасқан, халық мойындаған тәжірибені бұзу, жоққа шығару дұрыс болмайды. Қайта оны дамыту, жетілдіре түсу керек.

Кеңес өкіметі дәуірінде өмірдің қай саласында да жетістіктер аз болған жоқ. Мұны мойындамау сол кезеңнің ұрпағына да, дайын байлыққа ие болған бүгінгі ұрпаққа да үлкен сын да, мін де. Экономикалық жаңа саясаттың жүзеге асыру кезеңінде дамыған капиталист елдерден еңбек етуді үйрену қажеттігін насихаттап, аса зор күш салды. «... арендаторлар мен капиталистерден үйрену байыпты да аса қажет ғылым», деді ол (В. И.Ирнин 44 том, 464 бет). Шет елдерге олар, үйрену жолдарымен барған адамдар елге кейін енгізді. Кейіннен жаңа экономикалық бұл бастама аяқсыз қалды. Оқшаулау саясаты үстемедей етіп дамуымызға кедергі болды, Бұл да кезінде экономикалық саясат саласында партияның жіберген қателіктерінің бірі. Еліміздің қазіргі даму кезеңінде Ел басы Президентіміз жаңа жағдайға сай шетелден үйрену керек екенін насихаттай отырып, жастардың шет елдерге барып үйренулеріне, оқуларына үлкен қамқорлық жасауда. Амал не, сол барып келген азаматтардың олардан елдерден ұтымды, ұнамды тәжірибелерді біздерге бас болып - насихаттап, өндіріске, өмірге енгізіп жатқанын көру қиын.

Оты мен суы тапшы Маңғыстаудың ауыл шаруашылық саласын жекешелендірудің өз қиындығы бар малдың жем-шөбі мен суын тасын берген кеңшарлардың малшыларына қуаңшылық жылдарда отарлары мен табындарынан айырылып қалу қаупі төнуі мүмкін жиырмасыншы жылдардағы жұт осындайдан пайда болған. Ол кезеңнен бүгінгі айырмашылық - облыс өнеркәсіпті аудан. Оның үстіне бұрынғы кеңшарлар техникамен аз да болса жарақтанған. Малшылар да мал мамандары да сауатты. Ең қиыны, Маңғыстауда мал шаруашылығы негізінен жазы-кысы жайылымдық , жерлерді пайдаланып, мал жайып бағуға бейімделген, бағыт ұстаған. Өнеркәсіпті қала тұрғындарын азық-түлікпен орталықтан, Мәскеу арқылы толық қамтамасыз етіп тұрғаннан кейін қалалар маңынан ет, сүт бағытындағы мал шаруашылықтарын ұйымдастыруға көңіл бөлінбеді. Ол дұрыс емес еді. Сауын сиыр фермасының кешенін салуға, ет бағытындағы қой фермаларын құруға әбден мүмкіндік болды. Ол жылдары өнеркәсіп орындарының, жалпы қаланың селоға, ауылға көмегі ерекше болғанын айтқан жөн, Бірақ облыс, қала, аудан партия, кеңес органдары бұған - мән бермеді. Ондай кешендер салынған болса, қазір бағасы арзандау ет пен сүттен халық кенделік көрмес еді.

Жаңа жағдайда кеңшарлар жекешелендірілу үстінде. Енді жеке шаруагерлерді алдағы дағдарыстан құтқару үшін, олардың кәсіпорындармен экономикалық, өндірістік қатынастарының жаңа бағытын белгілеген мақұл сияқты. Олар кәсіпорындармен тікелей шартқа отырып, қалаларды етпен, сүтпен қамтамасыз ететін болса, кәсіпорындармен келісіп, сатып алу бағасын жүйеге келтірсе, ақшалай, заттай айырбастайтын мүмкіндіктерді бірлесіп, ұтымды пайдаланатын деңгейге жетсе, екі жаққа да үлкен жеңілдік әкелер еді. Тіпті келісіммен шаруагерлер кәсіпорындардың қосымша шаруашылықтарының міндетін атқарса нұр үстіне нұр. Кәсіпорындар шаруагерлердің материалдық негізін нығайтуға жоқшылық зардабын тартпауына көмектесер еді. Ал, жеке шаруагерлер бірлесіп ауыл шаруашылық өнімдерін ұқсататын шағын кәсіпорындар ұйымдастырса үлкен жеңілдік әкелер еді.

Маңғыстау мұнайлы өлке. Маңғыстау облысының, құрылу мақсаты да, ең алдымен осынау байлықты игеру солай бола тұрса да, облыстың партия, кеңес органдары да, мұнай өнеркәсібімен айналысатын ұйымдар да мұнайдың барлық компонентін айыратын, дайын өнім беретін зауыт салуды естен шығарды. Ең болмағанда өзіне жақын облыс Атыраудағы мұнай өңдеу зауытын мейлінше қайта жарақтандырып, Маңғыстау мұнайын сонда өңдеу мүмкіндігі жасалынбады. Оның орнына қайдағы бір өзінде жоқ қоспамен өнім шығаратын пластмасса зауытын салды. Ол әлі күнге толық қуатында жұмыс істемейді.

Жаңа қоғам құрылысы қоғамдық қатынастарды қалыптастыру процесі капиталистік жүйенің де ұтымды атқаруды талап етеді. Лениннің өзі капитализмді жоққа шығарған экономикалық саясат дегеніміз,- деді. Шет елдік капиталистермен шарт жасау, жеке капиталистердің арендаға алуы - капитализмді тікелей қалпына келтіру және бұл жаңа экономикалық саясаттың түп тамырымен байланысты» (В.И.Ленин, 44 том, 159-160 беттер). Ол өзінің Н.И.Бухарине жазған хатында бұл тұжырымды толықтыра түсті. «...Мәселе,- деп жазды В.И.Ленин,- теориялық жағынан да қызықты. Пролетарлық мемлекеттік өкімет тауарды қорды және оны көтерме тасымалдау мүмкіндігін, темір жолды өз қолдарына ұстап отыр.

Пролетарлық мемлекеттік өкімет бұл қорды не істейді?

Оны сатады: а) жүмысшылар мен қызметшілерге ақшаға, немесе, олардың еңбегі үшін тегін береді - б) шаруаларға – нанға.

Қалай сатады? Кім арқылы?

Комиссионер (саудагер) арқылы комиссиондық процент үшін.

Кооперацияларға артықшылық көpceтілeді.

Неге мүмкін емес? Бұл капитализм қосу социализм: деген сөз». (В.И.Ленин, 52-том, 122 бет).

В.И.Ленин Самарханд коммунистеріне жолдаған сымхатында «...капитализм бізге қорқынышты емес, өйткені пролетариат транспорт пен ірі өнеркәсіпке билікті өз қолына мықтап ұстауда. Өздерінің бақылауымен оны мемлекеттік капитализм бағытына бұрады. Бұл жағдайда капитализм бюрократизм мен ұсақ өндірушілердің шашырандылығымен күресуге көмектеседі. Біз. нені қажет ететінімізді білеміз, сондықтан да біз жеңеміз»,-деді. (В.И.Ленин, 53 том, 1-бет). Бұдан шығатын қорытынды, әңгіме қоғамның атында емес, қоғамның. адамдарға қызмет етуінде, адамдардың өз қоғамының дамуы үшін аянбастан еселі еңбегімен күресуінде.1922 жылы В.И.Ленин: «Мемлекет капитализм коммунизм тұсында да болады. Тіпті К.Маркс цитата, бұлтартпайтын ештеме соңына қалдырмастан өмірден озды. Сондықтан да қазір біздің өзіміздің тырмысуымызға тура келеді»,- деді. (45 том, 84 бет) Бұл ең алдымен экономика тізгіні қолында отырған адамдарды, экономикалық тұжырымдама жасап, бағдар белгілеп отырған барлық ғылыми,қызметкерлерді тіпті әр адамды ойландыруы керек еді. Ең алдымен коммунизм тұсындағы мемлекеттік капитализм деген не? Мұндай жағдайда өндірістік қатынастар қалай қалыптасады? Экономикалық дамудың жолдары қандай болмақ? Меншік түрлеріне көзқарасты қай бағытта дамыту керек? Бір ғана мемлекеттік меншікті дәріптеу, бірден соған көшу дұрыс па? Өндірісті жүргізу басқару ісі қалай дамымақ? Осы сияқты экономикаға мемлекеттік капитализм туралы концепцияға қатысы әр сұрақтар төңірегінде кім терең талдады, практикалық істе дәлелдеді? Керек десеңіз, елуінші жылдардың басында ұйымдастырылған СССР-дағы социализмнің экономикалық проблемалары жайындағы кең талқыда да бұл тұжырым ескерілген жоқ. Ол бір жағынан түсінікті де. Тоталитарлық билік дәуірінде ондай байлам жасау қиын да болған болар еді. Бірақ лениндік пікірдің мәнін ашып, өмірге енгізіп, пайдаланудың жолдарын іздеу кейінгі оқымысты ұрпақ парызы емес пе еді. Одан кейінгі кезеңдердің өзінде де, «кемелденген социализм». дәуірінде де «мемлекеттік капитализм» деген тұжырымдама ауызға алынған жоқ. Рас, өндіріске, шаруашылыққа шынайы қожа, шынайы жанкүйер іздеу болды. Әсіресе, Н.С.Хрущев дәуірінде шаруашылықты басқарудың ұтымды жолдарын, нақты қожаны табуға ізденіс пен талпыныс ашық басталды. Біздің бәріміздің есімізде, Америка Құрама Штаттарына барған сапарында Н.С.Хрущев АҚШ штатындағы жүгері өсіруші, атақты фермер Ганстың жүгері плантациясында болғанда делегация мүшелері мен журналистер суретке түсіруге, сөзін жазып алуға асығып, тау болып үйіліп жатқан жүгері сабақтарының етегін таптап; басып жүргенін көрген фермер аяқ киімін шешіп алып, жүгіріп,«аяқтарыңмен таптамаңдар» деп отқа түскен көбелектей шыбын-шіркей болғанын байқаған Н.С.Хрущев -«Міне, қожа деген осындай болады. Бізге осындай қожа керек»-дегені біздің есімізде. Бұл жайында сол кезде орталық газеттер жазды да. Әттенеген айы сол Н.С.Хрущев өз ойын бір ауыз сөзбен түйіндегеннен әрі оңалған жоқ. Қоғамдық меншікті, мүлікті өзінің жеке меншігінен, мүлкінен артық сақтауға тырысу парызын әрбір еңбек адамының бойына сіңіру жөніндегі пайымдама көбіне тек ауызекі мораль ретінде қалды. Оны матернализациялаумен шыңдап айналысуға көңіл бөлінбеді десе де боларлық. Өндіріс, шаруашылық салаларында ысырапқорлыққа жол беріле берді. Мұның түп-тамыры талап пен тәрбие жұмыстарының тығыз бірлік те болмағандықта, өзара қабысып жатпағандығында да. Бұл күндері бір миллиард екі жүз миллион халқы бар ұлы Қытай еліндегі соңғы жылдардағы экономикалық өзгерістің нәтижесі дүние жүзін таңқалдыруда. Біздіңше ол елде жүзеге асып жатқан «социалистік нарықтық экономикалық» саясаттың түпкі негізі тамыры Маркстік-Лениндік экономикалық концепцияда жатса керек. К.Маркс меншіктің қай түрінде (жеке меншік, ұжымдық, мемлекеттік т.б.) жоққа шығарған жоқ. В.И.Лениннің жаңа экономикалық саясат жөніндегі ғылыми тұжырымдамалары оның партияның экономикалық саясатына эволюциялық жолмен үлкен өзгерістер енгізуді армандағанын, оны практикада қолдану арқылы дәлелдеу, қажет болса, іс барысында өзгерістер мен түзетулер енгізу, толықтыру, жақсарту, жандандыру жолдарын творчестволықпен ізденгенін, ой мұхитында жүзгенін көрсетеді деп логикалық қорытынды жасауға әбден құқылымыз. Бірақ оған бөлінген өлшеулі өмір уақыты өзінің бар болмысын толық "жүзеге асыруына ерік бермеді. Оның экономика саласында тыңнан салған жолының құрылысы аяқсыз қалды. Мұны қоғамның даму заңдарына сүйеніп, дүниежүзілік экономикалық. тәжірибеден қорытынды шығарып, өз елінің жағдайына сай бейімдеп, соңғы жылдары творчестволықпен дамытқан, қазір шындыққа айналдырып жатқан Қытай елі. Бұл өзгерістерді қытай - халқы өз елінің ұлы революционерлерінің бірі Ден Сяо Пин есімімен атайды. Ал, Ден Сяо Пин Мәскеуде оқып, білім алған адам.

Бұдан шығатын қорытынды, өткенді де, бүгінгі өмір өзгерістерін де жоққа шығаруға болмайды Қоғамның дамуы үшін алдымен іздену, армандау, қиялдау керек. В.И.Лениннің «Армандау керек!» (Надо мечтать деп жазуы да осыдан еді /(6-том, 171-бет) Содан соң арман мен қиялды шындыққа айналдыру үшін күрес басталмақ. Еліміздің бүгінгі көсемі олармен жан-жақты қатынас жасауын тек қана қоштаған қолдаған жөн. Бұл елді мешеуліктен құтқарады. Жедел даму терең, жан-жақты интеграцияны, шет елдермен экономикалық байланысты талап етеді. Біздің ел темір шымылдықтың аржағында тұрып көрді. Ендігі кезек тәжірибеге, сынауға, жан-жақты терең де дәйекті ойлауға, ізденімпаздыққа, әділ салыстыруларға дүп қорытынды жасауға берілмек. В.И.Ленин бүкіл ресейлік конференцияда сөйлеген сөзінде:-«барлық қиындық батыс европалық капиталды тартудың практикада сыналған әдісін табуда болып отыр»,- деген болатын. («-том, 305-бет). Демек, қазір шет елдік инвесторлар мен байланыс жасау, шет елдік капиталды пайдалану арқылы елдің экономикасын нығайтуға, халықтың әл-ахуалын жақсартуға күш салып жатқан шақта аяқ астынан бірден ағыл-тегіл болмады деп кінәрат жасау дұрыс болмайды. Қателікті уақыт түзетеді. Барлық қауым бірлесіп, ең алдымен экономиканы қалыпқа келтіруге күш салу әрбір адал ниетті азаматтың парызы.

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Қеңесінде сөйлеген сөзінде ел көсемі, Президент Нұрсұлтан Назарбаев: «...Қазақтан саяси тәуелсіздік алды. Бірақ біз енді өзіміздің экономикалық дербестігіміз жолында күрес жүргіземіз. Сондықтан мен Қазақстанның әрбір азаматынан, бірінші кезекте бізден едәуір күш-жігер жұмсау талап етілетінін сіздерге ашық айтамын»,- деді. Ел басының бұл сөздеріне үн қосу баршаның борышы. Партиялар мен ұйымдар, қоғамдық қозғалыстар бар күш-жігерді халықты, ең алдымен, елдің экономикасын нығайтуға жұмылдырғанда ғана бұл өтелмек. Өйткені, барлық қоғамдық құбылыстар, әдебиет пен өнердің, мәдениет пен ғылымның, философиялық,тарихи көзқарастардың шарықтауы елдің әлеуметтік-экономикалық өсу деңгейіне байланысты.Партиялар мен ұйымдар, қоғамдық қозғалыстағы бұқара халықпен осындай байланыста болғанда Отанының гүлдене беруі үшін қоғамды еңбекке, бірлікке жұмылдырғанда беделі аспақ. Партиялардың беделі тек билікке таласумен кеткен.

Қателерді, жіпке тізумен, соның негізінде қорытындылар жасаумен өспейді. Қоғам дамуының барлық кезеңдерінде де қателіктер, ағаттықтар жіберілді, жіберіледі де. В.И.Лениннің сөзімен айтсақ қателіктердің өзі де пайдалы болады, тек сол арқылы шыңдай алса қателіктер адамдарды шынықтыра.

Президент Нұрсұлтан Назарбаев алқалы жиындарда да, еңбекші қауымдармен кездесулерінде де билікті қолдарына бердік, енді өндірісті өздерің дамытыңдар, экономикалық саясатты әр жердің жағдайына сәйкес және жалпы республикалық бағытқа сай құрыңдар, өздерің басқарыңдар,- деп әлденеше рет айтты. Бұл орынды, бұл жалпы даму кезеңінің ,талабы тіпті В.И.Ленин де, көбірек бастамалар болсын, жергілікті жерлерге дербестік берілсін, еңбекке күші көбірек болсын, практикалық іс-тәжірибеге көбірек назар аударылсын,- деді. (В.И.Ленин, 44-том, 109 бет). Біздің елімізде партиялық басқарудың менмендік, өпіремдік әдістің, бар биліктің тек жоғарыдан ғана болуының салдарынан жергілікті жерлердегі басқару органдарында жалтақтық, жоғарыдан нұсқау, жәрдем күту берік қалыптасты. Әлі күнге содан арыла алмай келеді. Сондықтан жағдайға байланысты басқару аппаратына іс тағдырын дербес шеше алатын, білімді де, батыл, өндірістік қатынасты дұрыс жолға қоя білетін, шешімді кадрлар легін қалыптастыру, дайындау керек. Өндіріске бір табан жақын, халықпен қоян-қолтық қала, аудан әкімшіліктерін нығайту қажет. Оларға ынталы, инициативалы, жалтақтығы, жағымпаздығы жоқ, әділ, іс тағдырын білетін, білімді кадрлар баруы керек. Кадрлар алдымен тек іскерлігіне қарай таңдалғанда ғана қоғам алға басады. Осыған орай В.В.Вересаевтың, егер адамды бағалағың келсе, алдымен оның намысқорлығы мен атақ, мансапқұмарлығын есептен әсте шығарып тастау керек. Онсыз сен үшін қаһарман да, өз ісіне берілген сопы да, дана-ақылды да қалмауы мүмкін,- деген ақыл сөзін есте ұстаған жөн болар...

Қатаң тәртіптің барлық қоғамдық формацияларда да талап етілгені белгілі. Өйткені, онсыз даму жоқ. Бостандық пен еркіндікті тәртіптен бөліп қарау, сайып келгенде, қоғамның дамуына кедергі жасауға, тежеуге әрекет, өз халқына көрсеткен қастандығы. Мұны әркімнің есте сақтағаны абзал. Қоғамда өтіп жатқан процестердің бірі мен бірінің тығыз бірлікте, байланысты екенін барлық кезде ескермеу, біздің елімізді дағдарысқа ұшыратып, экологияны бүлдірді, партияның беделіне аса зор нұқсан келтірді.

Экономика мен экологияның бірлігі қақында қағидалар бұл күндері жиі қайталанып жатады. Өйткені, оның түп тамыры адамзаттың тіршілік-тынысымен астарлас. Өткен жылдарда республикалық теледидардың кезекті бір хабарында ол кезде Алматылық журналист, республиканың табиғат қорғау комитетінің бас маманы Өтепбергенов Сабыр хабарды жүргізіп отырып, хабарға қатысқан ол кезде «Манғышлақмұнайгаз» өндірістік бірлестігінің бас директоры, қазір министрдің орынбасары Бекбосынов Нұрлыханға «...Нұреке, Өзен кен орнына барғанымызда көп нәрсені көрмеуге тырыстық. Ал еріксіз мәжбүр еткен жерлерді киноға түсіріп алдық... Біздің байқауымызша, өзенді майға бөктіріп жатыр екенсіздер»,- деді. Бұлтартпас дерекке бас директор өздерін арашалар себеп-салдар айта алмады. Рас, бұл тек бүгінгі хал емес, байызы жылдардан, мұнай өндірісі республикамызда қолға алынғалы осылай жер астындағы тыныш жатқан мұнайды, саф алтынды ағыл-тегіл рәсуәлау орын алып келді. Анау жоқ, мынау жетпейді, тапшы деген сылтаудан арылатын кез жеткен сияқты. Құятын ыдыс өңдейтін құрал, орын, таситын көлік. Бұрынғыдай санап жоспар деп жағадан алудан гөрі мүмкіндікпен әлде қайда ұтымды екенін өмірдің өзі дәлелдеді Үнемді күшейту мен экологиялық шарттарды сақтау тек жер бетіндегі, қолда барды ғана емес, жер астындағы дүниелерге де, жалпы қазба байлық атаулыны пайдалану мәдениетіне тән. Мұндай ағаттықтар халық шаруашылығының қай саласында да баршылық. Ал онан арылмай тұрып, ойлаған мақсатқа толық жету мүмкін емес: Бұл жерде біз ел көсемі, экономика ғылымының докторы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Ресурстарды үнемдеу және нарыққа көшу стратегиясы» деген монографиясын оқып, үйренуді ұсынар едік.

Баспасөз беттерінде де, шетелдерге сапар шегіп келген азаматтар да кейбір батыс елдерінде «Социализм» әлде қашан орнаған екен деп тамсана әңгімелейді Сол шет елдердің байлығының өзінен өзі келмегені, не сырттан біреу әкеліп бергені ақиқат. Ендеше оны адамдар, дәл біздей сүйек пен еттен жаралған адамдар жасады емес пе?! Олай болса құр тамсанбай, көріп, біліп келгендерің өз жерлерінде, өз елінде өндіріске енгізуге күш салмай ма?! Олардағы артықшылық - еңбекті ұйымдастыруда адамдардың еңбек сүйгіштігінде, үнем мен еңбек тәртібінің күштілігінде, техника мен технология жағынан жедел дамығандығында, тұтасымен алғанда еңбек мәдениетінің жоғарылығында. Ал бізде осынау белгілі жайлардың кенже қалуы, дамымай отырғаны өкінішті. Сөз көп те, нақтылы іс тапшы нәтиже жұтаң. В.И.Ленин октябрь революциясының жеңісінің алғашқы жылдарында-ақ еңбек өнімділігін арттырудың басты шарттары: біріншіден, бұқараның білімі мен мәдениеттілігін көрсетуде; екіншіден, еңбекшілердің өздерінің еңбек тәртібін қүшейтулерінде, білікті, қызу инициативті еңбек етулерінде, оны жақсы ұйымдастыра білулерінде. Бұл жағынан бізде іс төмен болып отыр деген еді. (В.И.Ленин, 36-том, 188 бет).Содан бері өткен оңдаған жылдар ішінде қоғам дамуының әр кезеңінің талабына орай іс түйінін жақсарта алмай келеміз, Неге? Мұның негізі - ең алдымен басқару органдарындағы кадрларға байланысты. Біздің елде кадрларды іріктеуде, олардың жауапкершілігін басты мақсат тұрғысында тәрбиелеуде үлкен жөнсіздіктерге, қисынсыздықтарға жол берілді. Қоғамдағы бүкіл дағдарыстың, бар сыры алдымен осында.

Әл-ахуалдың болашақ тағдыры бұл күндері жергілікті әкімшіліктердің қолында. Көп жәй олардың ұйымдастырушылық қабілетіне, шеберлігіне байланысты. Демек, бәріне нақты бағыт беретін, қаулы-қарар, жарлықтардың орындалуын бақылап, тікелей басқарып отыратын әкімшіліктердің құрамдарының сапасы ерекше рөл атқаратыны сөзсіз. Сондықтан халық шаруашылығы мен мәдени құрылыс салаларындағы барлық басқару учаскелерінің басында іс түйінін жетік білуімен бірге, алдымен, халықтың әл-ахуалына сергек қарайтын, қарапайым; адамгершілікті жақтайтын, дәріптейтін (гуманист) адамдардың отырулары керек.

Халық-дана да дархан, сонымен бірге ақкөңіл де сенгіш. Осынау адамгершілік қасиетті пайдаланып, жәй сөзбен халықты жүкті жасауға шеберлер қатары молая түсті. Өмір шындығы бұл. Олай болса, өмірдегі бүгінгі өрістерге орай, адамға тән осынау дара, асыл қасиетті сақтай отырып, уәде сөзге сергек қарайтын, оған наным тұрғысынан лайықты бағасын беріп, қажет болса, той-тара талап қоятын кезең келгенін ұмытпаған абзал, Уақыт талабы-ауыр жүк, абыройлы міндет. Оны қолдан келгенінше мінсіз атқаруға талпыну, риясыз еңбекке жұмыла, орындаушылық тәртіпті, жалпы еңбек тәртібін күшейте отырып, әл-ахуалдық биікке көтерілу жолында тынбастан күресу азаматтық борыш. Өткен, көне тарих беттері де, бүгінгі болмыс та осыны құптайды, дәлелдейді.

Пікірлер (0)

Әзірге пікір жоқ.
An error has occurred. This application may no longer respond until reloaded. Reload 🗙