Шал ақын шығармалары
Жазылымсыз режим: 20-беттен кейін жазылым беті ашылады, әрі қарай әр 10 бет сайын (ең көбі 5 рет).
Авторы: Шал Құлекеұлы
Шал Құлекеұлы Қобылан Бөрібайұлы Жанақ Қамбартегі Абыл Тілеуұлы Түбек Байқошқарұлы Өске Торқаұлы ШЫҒАРМАЛАРЫ Нұрлы Press. kz Алматы
УДК 821.512.122 ББК 84 (5 қаз)-5 Ш 21 Қазақстан Республикасының Мəдениет министрлігі «Əдебиеттің əлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару» бағдарламасы бойынша жарық көрді Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті Жамбылтану жəне халық ақындары ғылыми-зерттеу институты Редакция алқасы С. Пірəлиев, С. Қирабаев, Т. Кəкішев, У. Қалижанов, Б. Ыбырайым, Б. Сманов «Ақындар аманаты» атты қазақтың ауызша əдебиеті жобасының авторы Бекен Ыбырайым Ш21 Шал Құлекеұлы, Қобылан Бөрібайұлы, Жанақ Қамбартегі т.б. Шығармалары – Алматы, «Нұрлы Press. kz», 2014. – 288 б. (Ақындар аманаты) ISBN 978-601-80483-6-4 Бұл жинаққа қазақтың авторлық ауызша поэзиясының белгілі жүйріктерінің шығармалары бұрын жарық көрген басылымдар бойынша енгізілді. Сондай-ақ М. Əуезов атындағы əдебиет жəне өнер институтының қолжазба қорынан, Орталық ғылыми кітапхана мұрағатынан материалдар алынды. УДК 821.512.122 ББК 84 (5 қаз)-5 ISBN 978-601-80483-1-9
© Б.Ыбырайым © «Нұрлы Press. kz», 2014 Шал Құлекеұлы (1745-1819)
ӨЛЕҢДЕР
- * Өлеңге тоқтамайды Шал дегенің, Қойға пана болмайды тал дегенің. Жалаң аяқ, жалаң бас тоқты арқалап, Хан ата, қалай екен мал дегенің? Сыйлайды ханымыз деп үлкен-кіші, Біреудің хақын жемес жақсы кісі. Тақтағы хан, таптағы биді еңкейткен, Хан ата, қалай екен малдың күші? Шал Құлекеұлы
- * Бақытыңа кез бопты долы қатын, Мұны алған ер жанжалға молығатын, Ұрысса бар адамды жеңбей қоймас, Бір үй түгіл бір ауыл торығатын. Өзінің кесапаты бастан асып, Ері де бір пəлеге жолығатын. Албастыдан дəу дию қашты дейді, Бұл үйге қона алмаймын, пері қатын. Шал Құлекеұлы
- * Пасыл да пасыл, пасылман, Аққа құлпы жасылман, Жақсыға сырым жасырман, Жаманға, сірə, бас ұрман. Мен бір шапқан жүйрік ат, Бір желіксем басылман. Өттің бір дүние, өттің-ай, Теңселе басып кеттің-ай, Мен бір жүрген жорға тай, Жылжи да басып кеттім-ай. Домбыра қолда қарағай, Қолға да оны алған соң, Əріден бері салам-ай. Жоғары мен төменге, Ылди менен өреңге Даңқым кеткен баламын. Шын ажалым жеткен соң, Сызықтан мəлім өткен соң, Айтпасам да, жараңдар, Мен де бір күн өлем-ай. Түйе деген бір мал бар, Тамағы тойса көп кетер, Қас жаманның белгісі Жиын тойға барғанда Тамағына өкпе етер, Өкпелеймін деп кетер. Нəпсің бір көкжал бөрідей, Иманың бағлан қозыдай, Егер тыю салмасаң, Иманыңды жеп кетер. Ел елдетер, елдетер, Шал Құлекеұлы
Ашылған тұман желдетер, Жақсылардың алдында Біразырақ сөйлесем, Онан да менің нем кетер. Өлгеннен соң басыңа Топырақ үйіп белгі етер, Белгі еткеннің белгісі Көміп бір тастап ел кетер. Қайырсақ та сазда өтер, Қаңқылдаған қаз да өтер, Үш ай тоқсан жаз да өтер. Ақ бетіне қан құйған, Орамалын дəл құйған, Ерініне бал құйған Қылықты туған қыз да өтер. Домбыра қолда қарағай, Қолға да оны алған соң, Жүйрік туған ағаңыз, Арыдан бері тербетер. Базарға барсаң бақ білер, Базардағы береннің Əр бағасын сарт білер. Өткен менен кеткенді Көп жасаған қарт білер. Жолдың алыс-жуығын Белі де жуан ат білер. Біреуді жақсы демесең, Біреуді жаман демесең, Бұл дүниеден өткен соң, Шын дүниеге жеткен соң, Көтеріп көрге салған соң, Көр қараңғы болған соң .......................................... Шал Құлекеұлы
Кімнің жақсы, жаманын Бір жаратқан хақ білер. Адамзаттың белгілі Бұл дүниеден өтері, Өлгеннен соң белгілі Тірлік бір жауап бітері. Бұл айтқан сөз, құрбылар, Бір күні болар керегі. Басты бір аяқ қылады Бір алланың шебері. Бақытты жігіт қол бастар, Шешен жігіт дау бастар, Əлемнен озған ала аяқ Озып кетсе ойқастар. Күнінде артықша туған жігіттер, Жарысқа салмай кім тастар. Елінде жақсы жігіттің Алыста даңқы зор болар. Мен сөйлеймін, мырзалар, Сөйлемесем бұл жерде Қадірлі сөзім қор болар. Шал Құлекеұлы
- * Арғымақ ат кімде жоқ, Міне алмасаң атша жоқ, Ағайын-туған кімде жоқ, Сыйласпасаң жатша жоқ. Бұқарда бар бұлама, Тəшкенде бар сұлама. Ел жаманы шыға ма, Шығадан жақсы туа ма. Сыйласпасаң тіріде, Екі көзің ағарсын, Өлгеннен соң жылама. Бұқар, Тəшкен азғанын Ішіндегі сарт білер, Қамқа тонның тозғанын Көп жасаған қарт білер. Ағайынның асқанын Қарындас білмес, жат білер. Артқы қастың батқанын, Қаптал білмес, ат білер. Ел ішінде бір мола Жау келсе де үрку жоқ. Соқыр, қисық болса да Бай ұлында шіркеу жоқ. Неше мырза болса да, Жер солқылдап тұрса да, Кедейден басқа шіркін жоқ. Шал Құлекеұлы
- * Саясы жоқ бəйтерек Саздауға біткен талмен тең. Жақсы ағаңыз бар болса, Алдыңда сары белмен тең, Ағайының көп болса, Ұлық бір шеру қолмен тең. Ақылсызға сөз айтсаң, Алды бір тұйық жармен тең. Молдадан сабақ алсаңыз, Алуа, шекер балмен тең. Пайдасы жоққа жалынсаң, Семіз бір жемқор малмен тең. Жақсы қатын алсаңыз, Алланың жауған нұрмен тең. Жаман қатын алсаңыз, Маңдайға біткен сормен тең. Уайымшыл жігіттің Кең дүниесі тармен тең, Уайымсыз жігіттер Қара бұлан нармен тең, Жетесі жаман жігіттер Тоқсандағы шалмен тең. Жаманнан көрген қорлығың Көкірекке біткен шермен тең. Бір қалған соң көңілің Қаңтарда қатқан мұзбен тең. Шал Құлекеұлы
- * Құдая, құдіретіңмен сақтағайсың, Хақ деген пендең болса тастамайсың, Су құйса төгілмейтін боз жорғаның Аяғын аңдаусызда қақпағайсың. Құдая, жаманыңмен теңді қылма, Құрбымнан өзім теңді кемді қылма. Жаратқан барша жанды, пəруардігер, Өзімдей пенделерге пенде қылма. Ойнағы жын перінің Қап тауында, Пенденің ойын, күлкі ден сауында. Ер адам мақсатына жетпей қоймас, Тілеуін алып өткен перғауын да. Сөйлеп қал, қызыл тілім, жақ барында, Кеудеде – ақыл, маңдайда – бақ барында. Мың сайтан, жүз пəлекет қамаса да, Бір тəңрі қағып шығар сақтарында. Дария – сия болса, қамыс – қалам, Жер жүзі қағаз болса рахаттанам. Мұсылман қасіретімді шығара алмас, Жиылып жатса-дағы перзент табам. Аянбай мен түсейін намысыма, Қырымнан көз сала бер шабысыма. Жүлде алып келе берген жүйрігіңді, Қоса бер, аш, тоқ демей шабысына. Шал Құлекеұлы
- * Түседі өлең десе қайғы-шерім, Шығады айқайласам ащы терім. Басылмас ауызымды ашқан, мен бір көрік, Барады ықыласыңа көңілім еріп. Жел сөзді тəңірім берген неге аяйын, Шашылған несібемді жүрмін теріп. Мақтанба, малым бар деп бағыңызға, Бағыңыз тұрса жақсы тағыңызда. Саныңды ауызыңды ұстап бір соғарсың Басыңнан бағың тайған шағыңызда. Шал Құлекеұлы
ҚЫЗДАР ТУРАЛЫ Жиырмаға жеткен қыз кəрі болар, Өңі кетіп, шырайы сары болар. Ер елуге жетсе де айыбы жоқ, Əр уақытта біреудің жары болар. Қыз он беске жеткенде мау тартады, Ата менен енеге жау тартады. Екі көзі ел көшсе, төңіректе, Шарасыздың күнінен жүк артады. Қыз он беске жеткенде талма мойын, ............................................................... Он алтыда қыздардың қылса тойын. Он алтыдан асқан соң болмайды ойын. Қыз он беске жеткенде кесте алады, Жаман менен жақсыны еске алады. Жиырмаға жеткенде тəйке деген, Аюша жиған майын төске алады. Шал Құлекеұлы
КҮЛЕН ШЕШЕНГЕ Төрт ауылдың бір биі Күлен шешен, Төреңізді тура бер құдай десең. Өлсең де қабырыңда тек жатпайсың, Төре беріп біреуден пара жесең. Төрт ауылдың бір биі Күлен қозған, Қызыл тілде Қоңыратта Күлен озған. Төре беріп біреуден пара жесең, Қияметте жоқ дейді биден азған. Шал Құлекеұлы
- * Бақ көшсе, ақылыңа қарамайды. Жақсыны жаман адам табалайды. «Адам басы алланың добы» деген, Қайда айдаса, сол жаққа домалайды. Жігіттер, ат атану тым-ақ қиын, Ат атанбай болмайды құрмет сыйың. Топтағы бай, таптағы би болсаң да, Қолыңнан мал кеткен соң келмес күйің. Шал Құлекеұлы
- * Күні шолақ болған соң, түні қайтсін, Жеңі шолақ болған соң қолы қайтсін. Өзі жаман болайын деген бар ма, Білімі, өнері жоқ, оны қайтсін. Екі қатын алғанның дауы үйінде, Жаман қатын алғанның жауы үйінде. Жақсы қатын алғанның тойы үйінде, Жаман қатын алғанның соры үйінде. Салақ əйел ауы да болар тесік, Қолын тығып қасуға оңай десіп. Тағдырда маңдайыңа жазған болса, Табиғаттың ісіне амал нешік. Кез болса ер жігітке жақсы қатын, Жақсы қатын шығарар ердің атын. Жаман болса өз қылған істерімен, Еріне қалдырады жаман атын. Жақсы сол ерін күліп шаттандырса, Атқарып тапсырмасын мойнына алса. Ері жоқта күйзелтпей шаруасын, Ағайын, көршілерін жадына алса. Сапардан ері келсе үйге кіріп, Жылы жүзбен қарсы шығып, қолын алса. Шал Құлекеұлы
ТОҚТЫНЫҢ БАТАСЫ Енесі жануардың йімеген бе, Көп қойдан шөп қақтығып тимеген бе. Антұрған қатын сауып қақтаған ба, Болмаса, қойшы оңдап бақпаған ба. Алты ай жаздай бір теңі келмей жүріп, Молтыр би бізге арнап сақтаған ба, алла акпар! Шал Құлекеұлы
- * Жамандар өзін-өзі зорға балар, Бір өзінен басқаны төмен санар. Жақсылар ағын судай, асқар таудай, Жаймалап қайда жақсы орын алар. Жігіттер, сақтаныңыз жаман достан, Досыңның жаманынан артық дұшпан. Өштескен жаудан адам сақтанады, Тиеді «достық» оғы қапылыстан. Шал Құлекеұлы
ƏКЕСІ ҚҰЛЕКЕ ӨЛГЕНДЕ АЙТҚАНЫ Құлеке жиырмада арқар еді, Отызда би, қырқында дарқан еді. Кешегі дулап өткен Құлекенің Алдынан орыс, қазақ тарқап еді. Алпыс бір мүшел келді мерттей болып, Өтпедің сол мүшелден серттей болып. Кешегі дулап жүрген, ер Құлеке, Су тиген сөне қалдың өрттей болып. Астынан көк өгіздің тас көтерген, Кісіні арықтаған ас көтерген. Бəрі де туған жанның өлмей тұрса, Бұрынғы үлкен қайда бас көтерген!.. Астынан қара тастың су көтерген, Мұнарды суға түскен бу көтерген, Бəрі де туған жанның өлмей тұрса, Бұрынғы батыр қайда ту көтерген!.. Шал Құлекеұлы
- * Бұл өлім қайда жоқ? Жарқыраған айда жоқ, Күркіреген күнде жоқ. Өтері өтіп кеткен соң, Мың теңгелік қайғыдан Бір теңгелік пайда жоқ. Шал Құлекеұлы
- * Жарға біткен жантақты Жаннан безген жан жейді. Қабырғадан саз кешіп, Жүк сүйреген нар жейді. Кеудесінен оқ тисе, Уһ демеген ер дейді. Өткен қайтып келмейді, Алғанын құдай бермейді. Шал Құлекеұлы
- * Ашу – дұшпан болғанда, нəпсі – жауың, Ақыл – тұрған алдыңда асқар тауың. Жүрекке ашу келіп толған шақта, Денеңнің біле алмассың ауру-сауын. Ойласаң мың бір пəле тілден туған, Шешендер топ ішінде тілді буған. Бір адам қателікпен сөз сөйлесе, Жабылып мың бір пəле соны қуған. Жігіттер, жау алмайды ақылдасаң, Білгішке көп білетін жақындасаң. Қарап жүрген кісіге адам тимес, Сабыр қып, өз бойыңды мықты ұстасаң. Жақының жат болады алыс болса, Жат та жақын болады таныс болса. Сыртыңнан жаман туыс табалайды, Аяғың бір нəрседен шалыс болса. Əйтсе де жақсы туыс шыдамайды, Бір жерде айғайласқан намыс болса. Шал Құлекеұлы
- * Əр жерде қадір, құрмет көрген жанмын, Жақсы менен жаманды білген жанмын. Жайымды сіз білмейсіз, мен – жорға тай, Тайпалып, талай топқа кірген жанмын. Жақсылар бізді есінен тастамаған, Өнерсіз деп жаманға бастамаған. Қария қазақ, ноғай естіген жан, Ұрынбаған қалмады жас та маған. Мен өзім талай сөзді хатпен жазғам, Əзілден мерт болады артық қазған. Өткен іске өкінсем, өмірім зая, Тұяққа ілінгенді қайта жазбан. Жақсының жүрген жері той болады, Ақыл жоқ, кей адамда бой болады. Көрмеге қандай жаман болса-дағы, Парасат кей шаһбазда ой болады. Жамандар тыңдамайды жақсы сөзін, Сүйресең де жақсы іске бұрмас өзін. Надандар асыл білес сутас көрсе, Гауһардай-ақ айырмас сонан көзін. Адамды жөн білетін дана деп біл, Істерін жалқау жанның шала деп біл. Құр жасы елулерге келсе-дағы, Білімсіз сондай жанды бала деп біл. Шешен сол – сөйлер сөзден қамалмаса, Жақсы сол – істер ісін тəмамдаса. Апу-күпу дегенмен əулие емес, Күнəсы күнə үстіне жамалмаса. Шал Құлекеұлы
Жаман сол – жақсы сөзді ұға алмаса, Ғалым болмас ұстаздан дұға алмаса. Молла есімін алған жан толып жатыр, Не керек ғылым бойға жұға алмаса. Кеңес көп ести берсең іште жатқан, Бір құдай сөйлесін деп тіл жаратқан. Қызыл тіл, тіршілікте тебіреніп қал, Шешендер сендей талай жерде жатқан. Замандас құрбың келсе қадірін біл, Артында əзіл сөздің қалады зіл. Жалпылама жамандар неме керек, Шаһбазды нағыз біздей ерім деп біл. Шал Құлекеұлы
- * Кедейлік ер жігітке намыс емес, Жоқ болсаң туысың да таныс емес. Суық үй, арық соғым, жаман қатын, Үшеуі кедейліктен алыс емес. Жоқ болсаң, қызыл бүйі үйің болар, Бар болсаң күндіз-түні жиын болар. Алыстан кедейліктің алдынан шық, Төбесі көрінген соң қиын болар. Ант соқса, адам шіркін тосылады, Кері кетсе, ұйқы кеп қосылады. Құл-құтан, қарақалпақ болса-дағы, Мал шіркін абыройыңды жасырады. Шал Құлекеұлы
ШАЛ МЕН ДЕГДАР ҚЫЗ Шал ақын жолаушылап жүріп, бір байдың үйіне қонады. Байдікі қонақасыға арық тоқты сояды. Алдына табақ келгенде Шалдың айтқаны: Қысымын он екі айдың көргенбісің, Не жауыр, не қотырдан өлгенбісің. Етіңіз ата малға ұқсамайды, Не аза, не киіттен келгенбісің?! Байдың бой жеткен қызы бар екен, сонда былай деп жауап қайтарады: Малдың арық болғанын көдеден гөр, Өкпелесең етімді өзіме бер. Құлекенің баласы Шал да болсаң, Ақы, пұлың шыққан жоқ, қаужаңдай бер. Қыздың тапқырлығына риза болған Шал ақын: «Айта түс өлеңіңді, таспа бойлы торы екенсің», – деді. Таңертең қыз бір семіз тоқты сойғызып, қайта қонақасы береді. Сол уақытта Шал ақын қызды мақтап былай дейді: Дегдар қыз екенсің бір алма мойын, Ұжмақтан жаратылған жұпар қойын, Жарқырап зуһрадай екі көзің, Таранған əр тарапқа созып мойын. Сіздердің мен таң қалдым жамалыңа, Ақылға толықсыған кəмалыңа, Елшіге елу теңге бермек мақұл, Арада хат апарған адамына. Асыл ғой баға жетпес осындай қыз Əр елдің аты шыққан тарауына. Шал Құлекеұлы
Қыз: Ой, шіркін, Шалдай болсам сөзге жүйрік, Сіздер аршын болғанда, біз бір ширек, Тұлпарға топтан асқан жету қайда, Бəйгеге қосқанменен байтал сүйреп. Сөзімнің айыптама бұрыстығын, Тағы да мақтамаңыз дұрыстығын, Бір-екі ауыз сіздерге назым айтсам, Сүйткенмен бар ма менен шығар шығын. Шал: Өлеңге сен ешкімнен қалыспассың, Менімен топқа түсіп жарыспассың, Ширектен құралған соң кез болатын, Теңеліп кез болдым деп алыспассың. Шырағым, сөз сөйледің əуел баста, Бала жоқ өлең айтқан сендей жаста, Қолға алып, жалғыз мені сау көтерме, Өнерлі жігіт жоқ па менен басқа. Білерсің сен де өлеңді ойлай берсең, Əр үлгі көрсетер ем қасыма ерсең, Аузыңа түкірмей-ақ ауысар ем, Жол қылып өз шамаңша берім берсең. Дүние тілемеймін сенен тіпті, Алар деп мені дүние болма күпті, Ақыл ауыс дегендей, ырыс жұғыс, Сен-дағы көрінесің өлеңге епті. Пайдамды тигізермін келсе шамам, Қолыңа ал, ой ойланып қағаз, қалам, Шал Құлекеұлы
Ақынның аса зирек əңгімесін Жиып ал, үлгі қылып тегіс томам. Ақын бол, бөгелмейтін тіл мен жағың, Жазудан тоқталмасын он саусағың, Артылып алапатың абыройлы, Күн сайын өсе берсін, өнер бағың. Ақынның алды, артына бақпасын ба, Тасыған судай болып ақпасын ба, Үйіңе мен келгенде айтпағанда, Атаңның айтамысың қақ басында. Қыз: Əлім жоқ сіздей ермен алысуға, Сізбенен шамам келмес жарысуға, Жаңбырдың іріткісіндей біз бір шалшық, Шалшық қашан теңелген аққан суға. Өлеңді тапсам жақсы ойлай беріп, Біраз күн өнеге алсам қасыңа еріп, Көрсеттің бір нəрсені ишаратпен, Аламын мен дұғаңды нені беріп? Атыңыз сіздің жұртқа болған дастан, Өнер мен біліміңіз жұрттан асқан, Дегенің «Атаң басы» ауыр тиді, Тұлпардың баласымын, сірə, саспан. Өзімде болмаса да затымда бар, Жақсымен ата тегім араласқан. Бақытын өзі берген өзі алады, Қолыңда тастап жібер болса аспан. Шал Құлекеұлы
- * Екі арыстан жабылса, дəуді өлтірер, Ажал жетсе аурусыз сауды өлтірер, Қаныпезер бұзақы жігіт болса, Тыныш жатқан еліне дау келтірер. Дос болма майда тілді күлгенменен, Бимағына сырты жылтырап жүргенменен, Əркім де өз дегенін істеп жатыр, Итке айып сала ма үргенменен. Шал Құлекеұлы
- * Жаманға дəулет бітсе, ауа айналар, Жақсыға дəулет бітсе бақ айналар. Басыңа жазатайым бір іс түссе, Арасы дос пен дұшпан абайланар. Жақсыны алыс, жаманды жақын деме, Жақсы атансаң біреудің қақын жеме. Жақсымын деп біреудің қақын жесе, Жаман адам сол болар, мақұл деме. Шал Құлекеұлы
- * Айтайын біраз кеңес бастан кешкен, Жамандық, көрген залал кетпейді естен. Бір мағына əр жақсыда деген сөз бар, Айтқаны кейбір шаһбаз көкей кескен. Айтысқан уағдалы жеріңде бол, Достықтың асары жоқ күнде дескен. Сиырдай мұз жалаған мейрің қанбас, Жаманға жазатайым ісің түскен. Ажарға жаман адам қарамайды, Істерді келген, кеткен санамайды, Басыңа іс түскенде жаман досың, Беруге ат құйрығын жарамайды. Жүйрікті елде көрдім топтан шыққан, Бəйгеден келеді екен талмай шапқан. Қызығы жігіттіктің сол емес пе, Аралап əрбір жердің дəмін татқан. Дегенше жігіт момын, жаман деңіз, Шабан артық бола алмас жаман аттан. Түлкідей түнде жортып жүргеніңе, Алмасын аяғыңнан темір қақпан. Шал Құлекеұлы
ЖІГІТ ТУРАЛЫ Бір жігіт бар – құр жан, Бір жігіт бар – тірі жан, Бір жігіт бар – жігіт жан, Құр жан дейтін жігіт – кеудесінде жаны бар, еш нəрсені бітірмейді. Тірі жан дейтін – бар тапқанын киім мен асқа сатар, жақын көрген досын жатқа сатар, Қызыл белбеу, шоңқима етік, үкі тағып, əркімді бір сықақ қылар; Жігіт жан дейтін жігіт – сегіз қырлы, бір сырлы болар. Шал Құлекеұлы ƏЙЕЛ ТУРАЛЫ Қарауыл қана дейтін бір қатын болады: таңертең тұрады,
түндікті оңынан ашады. Кетіп бара жатқанға көз салып, өтіп бара жатқанды адал алады. Екінші əйел – қыналы бармақ дейтін: аз нəрсені көптей қылады, көп нəрсені көлдей қылды, киіміне кір жұқпайды, асына қылшық тұрмайды, дүниесінің бəрі таза болады. Ерінің бары, жоғын білгізбейді. Ер егіз, еңбекті жалғыз деген, Осы талайлы ердің қолына түседі. Үшінші əйел – ашып атар, жатып ішер... Саптама етік көрпілдек, сиыр жапасы сырпылдақ, сормаңдай ерге жолығады. Шал Құлекеұлы
КЕДЕЙЛІК ТУРАЛЫ Кедейдің үш түрі бар ойлағанға, Байлық жоқ қанағатсыз тоймағанға. Бас белгі деген бір түрлі кедей бар, Мойынын кедейлікке бұрмағанға. Кедейдің бір түрі бар – елгезегі, Жұмсасаң, тіліңді алып қолға қонар. Қызметімен əркімге жақын болып, Сол кедейдің түбі ақырда оңар. Кенже ұлы кедейліктің ұйқы мырза, Ерте жатып, кеш тұрса жаны ырза, Бір азырақ бас қосып кеңесейік, Сəлем айт, еріншекке, келсін мұнда. Алғаның жақсы болса қара жердей, Жақсыменен сырлассаң шыққан өрдей. Өтпес пышақ, шабан ат, жаман қатын, Аң алмаған күйшіл құс – бəрі бірдей. Алғаның жақсы болса қорғандай-ды, Жаман болса қайтесің, сормаңдайды, Атың жүйрік, алғаның жақсы болса Астыңда жылжып жүрген жорғаңдай-ды. Көшкенде жақсы қатын атқа желер, Жаман қатын байының сөзін бөлер. Жаман қатын белгісін тағы айтайын, Ауыл үйін тіккенде көші келер. Тындасаң жақсы кеңес құлақ құрышы, Тəтті ұйқы, қалың төсек жанның тынышы. Жүйрік ат, түзу мылтық, сұлу қатын, Мал мен перзент – адамның дəулет құсы. Шал Құлекеұлы
- * Жақсы əйел бойын түзеп сылақтайды, Өз байынан басқаны ұнатпайды, Үйіне мейман түссе, хош келдің деп, Еш адамнан рұқсат сұратпайды. Жаман əйел байымен ұрысады, Мейман келсе қабағы тырысады. Бұл үйден шай ішкенмен оңбассың деп, Мейман байғұс басқа үйге жылысады. Жақсы əйел дəулетіңе жөн келтірер, Əйелің долы болса күнде өлтірер. Жақсыдан жаман туған бала болса, Атаға үйде жатқан сөз келтірер. Жақсы əйел айтқан сөзді кектей қоймас, Осал жігіт əйелге беттей қоймас. Жауыз қатын қабаған ит сияқты, Ер жігіттің түбіне жетпей қоймас. Шал Құлекеұлы
БАСПАЙҒА Басеке, мал жануар басқа бітер, Қына шөп секілді ол тасқа бітер. Үйінен ит жаланып шықпайтұғын, Өзіндей жатып ішер насқа бітер. Өнершек жігітлікте жүрме, бекер, Бір кеңес жұрт тыңдарлық айтсаң нетер, Үлгілі жақсы сөзден тағлым берсең, Халыққа төрт-бес дуан атың кетер. Ат-аспанда, нұр-пейіште деген сөз бар, Құдайым жақсы десе ұжмақ нетер, Қанағат, амандықтың қадірін біл, Жастық өтіп, кəрілік бір күй жетер. Жастықтың қызығы бар күнінде жас, Өнер беріп, əр жерге айласаң паш, Алдына бір жаманның іс боп барсаң, Парқы жоқ көңілінде аяқ пен бас. Білімсіз уылжыған жас не керек, Болмаса ат аталған қайыру нас, Шоңқайма етік, түлкі тымақ киген жастар, Не керек жаман болса есірік – мас. Ағаның атын күтіп қызмет етпей, Насыбай атса ерніне былыққан нас, Өзі жаман жақсыны көре алмайды, Сыртынан ғайбат айтып, атады тас. Мұндай жанның əдеті осы деп біл, Өзіне дос таба алмай жинайды қас, Немере бірге туған жамағайын Бұл жанды жақыным деп айтып болмас. Шал Құлекеұлы
*** Бұрынғы бар кісілер болды жарлы, Бардан жарлы болғандар болады арлы. Күңнен – қатын, құлдардан – иесі бар, Тақа жаман демейді малы барды. Келмейді таудың көркі тас кеткен соң, Ер жігіт шау тартады жас кеткен соң, Келіспес ішіп-жеген бəйбішелер, Қолынан қара саба, ас кеткен соң. Тау толағай көрінер тасы кетсе, Əр ел жесір қалады басы кетсе, Кəрі күш не болады, уа, дариға, Асырайтын қолынан жасы кетсе. Шал Құлекеұлы
*** Жер түрлентіп жараттың Желкілдеген бозымен, Қой түрлентіп жараттың Бауырынан емген қозымен. Ағашты да түрленттің Жапырағын жайқалтып, Құстарды да түрленттің Жұмыртқасын шайқалтып. Тауларды да түрленттің Жылғалап аққан бұлақпен, Ешкілерді түрленттің Бауырынан емген лақпен. Көлдерді де түрленттің Жағалай біткен құрақпен. Бір жаратқан пендеңмін, Перзент үшін жылаттың. Балалы арқар маңырайды, Баласыз арқар зарлайды, Балалыны көргенде Екі көзім жайнайды, Ішім оттай қайнайды! Бүйтіп жүрсем, Сердеке-ау, Ғаріп бір басым не табар, Үйге келсем, қатындар Менен де жаман зар қағар!. Шал Құлекеұлы
*** Мекке менен Медине жолдың ұшы, Алыс сапар дейді ғой барған кісі. Ата менен анаңды құрметтесең, Мекке болып табылар үйдің іші. Шал Құлекеұлы Шал Құлекеұлы *** Бақ-дəулет, жеті мүният болса жолдас, Төрт бақыт бір адамға сірə қонбас, Босағасын алтыннан соқсан-дағы Перзент сүймей адамның мейірі қанбас. Лə илаһа илла алла — иманыңыз, Иманыңнан бұйырсын жиғаныңыз. Алғаныңнан ұл перзент туа қалса, Қиямет, машхарға дейін барғаныңыз, Алғаныңнан ұл перзент болмай қалса «Күн фаякун тұржағун» болғаныңыз.
*** Шəйы сиса, асыл қылыш – ердің көркі, Ер жігіт жауға аттанған елдің көркі, Жарасар əрбір нəрсе өз сəнімен, Акқу құс – айдын шалқар көлдің көркі. Гүл шешек орман өсіп желкілдеген, Биік тау, асқар төбе жердің көркі, Ағайын бір уақыт жақсы болса, Сонымен табылады елдің көркі... Шал Құлекеұлы *** Қорқақ емей немене қашқан кісі, Батыр емей немене шанышқан кісі, Мың жылқылы байлардан несі кейін Оразасын үйінен ашқан кісі. Қонбай тастап кетер ме талды кісі, Ашуланшақ болады жарлы кісі, Ашуланса қолынан түк келмейді, Орамына келтірер малды кісі. Шал Құлекеұлы
*** Сөйлеп қал, сөйле, тілім, арыс келді, Алдыңа сөйлейтұғын намыс келді, Сөйлеп қал, сөйле тілім, осындайда Қысқарып ұзын дүние қарыс келді. Сөйлеп қал, сөйле тілім, иең келді, Алдыңа сөйлейтұғын жүйең келді, Сөйлеп қал, қызыл тілім, осындайда, Қысқарып ұзын дүние сүйем келді. Сөйлеп қал, сөйле тілім, өлмей тұрып, Басыңа кезекті өлім төнбей тұрып, Сөйлеп қал, қызыл тілім, осындайда, Өзіңе жала-қауіп келмей тұрып. Сөйлеп қал, сөйле тілім, бақ барында Басыңда сөйлейтұғын жақ барында, Сөйлеп қал, қызыл тілім, осындайда Артымда мирас қалсын жастарыма. Шал Құлекеұлы
- * Жастарға бақыт, байлық ден сау болса, Тауфиқтан айрылады жемсау болса. Ер жігіт қапалықпен қартаяды, Қатын жаман, мінген ат қырсау болса. Жастарға жақсы есім молла деген, Арамға жарамайды алла деген, Беліңді тəуекелге бек байласаң, Бөрі мен ер азығы жолда деген. Шал Құлекеұлы
- * Ата-ананың қадірін Балалы болғанда білерсің, Ағайынның қадірін Жағалы болғанда білерсің. Дəулетіңнің қадірін Мал кеткенде білерсің, Маңайдағы дұспанды Түн жеткенде білерсің. Шал Құлекеұлы
Шал Құлекеұлы * Қона берсе жерің тозар, Шаба берсе елің азар, Жасай берсе ерің азар, Ерің азған кезінде, елің азар.
- * Ханнан тақыт таярда Қарашы жұртпен қас болар, Байдан бақыт таярда Дəулетіне мас болар, Кəріден абырой таярда Аңдығаны ас болар. Жетесіз туған жігіттер Жиырма бесте жас болар. Шал Құлекеұлы
- * Көкала көл, нар қамыс, Қар үстінде от жанар, Баласы жаман туғанның Əкесін түйе үстінде ит қабар. Шал Құлекеұлы
- * Біз-дағы келіп қаппыз елулерге, Ілгері көз саламыз керуенге. Алпыс барсаң, жетпіс тұр көлденеңдеп, Шақырар замандас жоқ бері кел деп. Жетпіс келсең, сексен тұр арағырақ, Барсаң тұсау салады тарағырақ, Үш жүзге басшы болып өтсең-дағы Билікті алады екен қатын, бала-ақ. Егерде тоқсан барсаң, жатқаныңыз, Мылжыңдап бала сөзін айтқаныңыз, Аяқты бір басуға халің келмей, Алаңсыз біржолата қатқаныңыз. Шал Құлекеұлы
- * Сабының сақар болсын, дені, келін, Көрмедің шыбын құрлы мені, келін, Жұрт сыйлаған басымды күлге теңеп, Жаярмын талай жерге сені, келін. Шал Құлекеұлы
БІРЕУДІҢ БАЛАСЫ ӨЛГЕНДЕ АЙТҚАН ЖҰБАТУ Уа, Қуаныш қайғыменен жұбай дейді, Үнемі қуанбассың ұдай дейді, Пəлеме риза, қазама сабыр етпесең, Бір алла қаһарланып былай дейді: «Қолына мылтық алып атсын, – дейді Болмаса қылыш алып шапсын, – дейді, Пəлеме риза, қазама сабыр етпесе, Менен басқа құдайды іздеп тапсын», – дейді. Уа, Олай болса, құдайды атпақ қайда Қылыш алып, найзамен шаппақ қайда. Пəлесіне риза, қазасына сабыр етпей, Жер мен көктің арасынан шығып кетіп, Басқа бір құдайды іздеп таппақ қайда!.. Шал Құлекеұлы
ЕКІ КЕЛІН Көшкенде көлік болмас түйе алдында, Еруде сауын болмас бие алдында, Ақырған аждаһадай аю келін Біз түгіл, құдайынан ұялды ма. Келінде де келін бар сара келін, Кей келін ас бермейтін қара келін, Кез келгенге түсіріп құрмет еткен Анамыздай болмай ма, мына келін. Шал Құлекеұлы
- * Біздерді алдап келер дүние ғаяр, Сөйтіп жүріп адамға уын жаяр. Қолыңды жарты сағат босатпайды. Бірін тапсаң, тұрады бірі даяр. Шал Құлекеұлы
ҚҮЛЕТЕЙГЕ Ешкім кетіп, қойымнан бөлінді, құл, Малы жоқтың етегі өрімді, құл, Оның несін бетіме қылдың салық, Азар болса бір жылғы төлім-ді, құл. Ешкім кетіп, қойымнан ауысқаны, Ажал жетіп тағдырын тауысқаны. Арам өлген ешкінің етін жепті, Құлетей біздің елдің сауысқаны... Шал Құлекеұлы
- * Он бесте тартып міндім аттың жалын Сол кезде айтқан сөзім от пен жалын. Бүркіттей тасқа түскен талап етіп, Сопымен біраз жүрдім ұзын сарын. Құрдым мен он сегізде жігіт салтын, Байқамай еш нəрсенің алды-артын. Басым бұлбұл, аяғым дүлділ болды, Перзент жоқ, бұзады екен ердің шартын. Жиырмаға келген соң, Жын қуалап ақтадым, Жиырма беске келген соң, Жақсыларды жақтадым, Отыз жасқа келген соң, Əр ісін сүйіп мақтадым. Қырық жастан асқан соң Артық айтқан сөздерім, Сенен де пайда таппадым. Елу жасқа келген соң, Пірдің сөзін сақтадым. Алпысқа жақын келген соң, Өлімнен хабар жетер деп, Тəуба қылып тоқтадым. Шал Құлекеұлы
- * Тоқсан баулы айтайын тор өзбек, Заманында мал біткен зор өзбек, Пайғамбардың батасы тиген дейді Соның үшін байыған сол өзбек. Өзбексіз ел бар ма тамам елді, Өзбектің өскені ол бір белде, Тоқсан баулы өзбек айрылыпты «Таңбалының моласы» деген жерде. Тілесе берер тілек бір құдайдан, Орта жүзде хан өтпес, Абылайдан, ............................................................... ............................................................... Абылайдың тұсында құтпан болған Сөйлейін Баян, Қанай, Жолдыбайдан. ............................................................... ............................................................... Құдай жақсы жаратқан нұр екіні айт, Елде жақсы бар болса бір-екіні айт, Атығайда төрт қасқа батыр өткен Жантелі, Жəпек, Құлеке, Тілекені айт. ............................................................... Шал Құлекеұлы
МЕШКЕЙ КƏРІЛЕРГЕ Айта берсе таусылмас Шал кеңесі, Мешкейдің жіліншік өтер кең өңеші. Алдына келген асты жаудай шабар, Басқаның болса-дағы несібесі. Құр мен дуадақ шөлді біледі, Қарға мен құзғын елді біледі. Ұятсызға бас пенен жамбас қойсаң, Қорқау қасқыр секілді жеуді біледі. Шал Құлекеұлы
- * Иман – қой, ақыл – қойшы, нəпсі – бөрі, Бөріге қой алдырмас ердің ері, Таяқты қатты ұстап қойшы тұрса, Жоламас ешбір пəле шайтан-пері. Арам болса қашады су кісіден, Естімеген сөз шығар сұм кісіден, Кітап – құран айтқаны рас болса, Ұжмақ көрер бір жан жоқ бұл кісіден. Жарлығы екі болмас хақ құдайым, Жанында серігі жоқ тақ құдайым, Жанымды алсаң, құдая, иманмен ал, Шайтанның қазасынан қақ, құдайым. Шал Құлекеұлы
- * Шежірелі қартың болса, Қағазға жазған хатың деген, Қарттың сөзі кітапқа жақын деген. Жер ортада өлмесін атың деген, Ер ортада өлмесін қатының деген. Жігіттің алған жары жақсы болса, Иманыңнан басқадан жақын деген. Жігіттің алған жары жаман болса, Қаншық иттей тақымдар кəпір деген. Ата-бабаң үлгісі Қазылған қара жолмен тең, Ағайының көп болса Ұлұғ əскер қолмен тең. Жігіттің алған жары жақсы болса, Жұмақтағы хормен тең, Егер де жаман болса Мына маңдайға біткен сормен тең. Уа, жігіттер, Əйел алсаң қарап ал, ақылдысын, Ол сенің ақыреттік жақын кісің. Келген мейманыңды жəне туғаныңды Бірдей тəрбиелеп, Ол жəне ұмытпасын хақтың ісін. Шал Құлекеұлы
ҚЫЗ СЫНЫ Ерімнің бір тұрманы үзеңгісі, Қыз он бесте келеді түзелгісі, «Аяғын көр, асын іш» деген сөз бар, «Шешесін көр, қызын» ал, сол белгісі. Шал Құлекеұлы
- * Бұл дүниенің мысалы Ұшып өткен құспен тең, Өмірде көрген жақсылық Ұйықтап өткен түспен тең, Атадан мирас ақылың, Түзік айтқан мақұлың, Лəзім болған іспен тең. Үлкеннен көрген зорлығың, Жаманнан көрген қорлығың, Ойлап тұрсаң, бозбала, Дұшпаннан көрген күшпен тең. Ағайының көп болса, Бірлігі оның бек болса, Жамандық жер кез келсе, Бір-біріне сеп болса, Бүтін тұрған бұзылмай Отыз екі тіспен тең. Айдынды жақсы аймен тең, Жомарт жігіт баймен тең, Шешен жігіт дүрмен тең, Имансыз көңіл кірмен тең. Ақылы жоқ надандар, Іс бітірмес жамандар, Жүз болса да бірмен тең. Мектептен сабақ алсаңыз, Алуа, шекер, балмен тең. Саясы жоқ бəйтерек Сазға біткен талмен тең, Жаман туса балаңыз, Бұғып өскен тазбен тең. Шал Құлекеұлы
Қайғы ойлаған жігіттің Кең дүниесі тармен тең, Уайымшыл адамның Алды тұйық жармен тең, Жетесі жаман бозбала Тоқсандағы шалмен тең. Жақсының айтқан ақылы Қазулы сара жолмен тең, Жаманға айтқан ақылың Ағып кеткен селмен тең. Қас жаманның орны бар, Кесек те болса көрмен тең. Жомарттық қылған жігіттің Ықыласын байқасаң, Толқып соққан көлмен тең. Жақындап келген кəрілік Жайып қойған тормен тең. Жақсы қатын алсаңыз, Жақсылығын білдірер, Ерін жөнге көндірер, Анық осы, бозбала, Жұмақтан шыққан хормен тең. Алғаның жаман жолықса Жамандығын білдірер, Ер қадірін кетірер, Оның өзі, бозбала, Маңдайға біткен сормен тең. Шал Құлекеұлы
*** Пұт болдым деп мақтанба, Одан да ауыр батпан бар, Би болдым деп мақтанба, Асқар ала тауменен Ар жағында аспан бар. Басыма бақыт қонды деп Кемімеспін енді деп, Зауалды жалған дүниеге Біле білсең таспаңдар. Қарсы жүрген адамың Басын исе достық қыл, Жеңілсе дұшпан, достық қыл, Аяққа салып баспаңдар. Шал Құлекеұлы
*** Қазаққа пайда мынау, малын бақсын, Отқа жайып, суарып, бағып-қақсын, Ұлда бір көз, жалшыда екі көз жоқ, Соқыр кісі мал жайын қайдан тапсын. Байлар малын бақса екен өзі жүріп, Кедей де өлмес еді күнін көріп, Өз малын өзі бақпай бос қаңғырар, Бір кедейді жалдайды пайда көріп. Жаман бай кімді оңдырар өзі оңбаған, Жанын қорттап, суыққа бір тоңбаған, Ішпей, жемей, киместен кетеді өтіп, Кей жаман мал бітсе де бақ қонбаған. Күт деген бұрынғылар малдың астын, Малдың астын күтпесең, мандымассың, Алдыңнан мал, үстіңнен үйің кетсе, Кеуек қып жата алмассың қардың астын. Шал Құлекеұлы
- * Ат сұлу, айғыр мықты жалыменен, Батыр мықты, бай күшті малыменен, Жеті жұртты билеген би болсаң да, Əркімді алсын құдай табыменен. Білімсізге не керек біл демесе, Сыйлағаны сол болар тілдемесе. Шақырусыз адамның қадірі жоқ, Өзі кеп, біздің үйге жүр демесе. Жаман болып, не керек тірі болып, Тірі жүрген көп жанның бірі болып, Сары алтындай толқыған қайран нұрым Бетімізге жабысты сірі болып. Шал Құлекеұлы
- * Беліме жіп буындым белбеусізден, Жігіттер, қатын алма көргенсізден, Қатынды алар болсаң көргенсізден, Ғазиз басың қор болар тергеусізден. «Біздің Шал» деп қояды тоқал атты, Тоқалменен болмассың махабатты, Қиғаштан ала көзбен қарағанда, Ұрғаннан болады екен ол да қатты. Жаз мініп, күз жайлаған боз інгенім, Жануар, жауыр қылмай көп жүргенім, (Кеудең – ана, бөксең – қыз, зайыбым-ай, Сен кеткен соң не болды, қайран күнім!.. Шал Құлекеұлы
- * Қызығын талай көрдің жиған малдың, ЬІғы жылы келетін қалың талдың, Түндік жаба шыққанда аңдып тұрып, Жəукемдеуші ек тоқалын талай шалдың. Есілді өрлей қалың тал шығатын, Тілімді менің айтқан алшы, қатын, Қырық темірдің қылауы қосылған жер, Өзіңе анық сенсең, баршы, қатын. Жігіт жатпас ел көшіп, қонған күні, Қой сойып, ақ майына тойған күні, Қызығы дүниенің осындаймен, Өлген жақсы мұндайды қойған күні. Шал Құлекеұлы
СҰРАУ – ЖАУАП Шал ақын қартайған кезде, жолаушылап келе жатып, ақын қызға ұшырасады. Сонда Шалдың айтқаны: Біз алыстан келеміз тас артқандай, Ауып, талып келеміз бос артқандай, Жасың кіші болса да құлақ кəрі, Қыздың жауабы: Кəрілікке дауа бар ма жасартқандай? Алыстан келемісің тас артқандай, Ауып, талып келемісің бос артқандай, Құлағың тыныш, төсегің қалың болса, Одан басқа дауа жоқ жасартқандай. Шал Құлекеұлы
- * Қатын шайпау болғаны – болмағаны, Келін шайпау болғаны – оңбағаны. Оған да ақ ұн менен сары май керек, Қапталдап қалың сордың қоймағаны. Тасқа неге қонайын тау тұрғанда, Судан балық құтылмас ау тұрғанда, Теңің тауып тереңге қолың серме, Он кісімен қонасың тым құрғанда. Жігіттер, шамаң келсе, шалқып, толқы, Алпыс тəнің денеңде сау тұрғанда. Шал Құлекеұлы
- * Қасыр-құсыр шайнайтын қайран тісім, Тіс кеткен соң кетті ғой менің күшім, Кесек-кесек турайды, өзі жейді, Жаны ашиды деп сенген жақын кісім. Кəрілік бізге келді кезіменен, Келін жаман қарайды көзіменен, Тұрып келіп қолымен ұрмаса да, Ұрғандай-ақ болады сөзіменен. Шал Құлекеұлы
*** Кəрілік – күлге аунаған қотыр бура, Кешегі жақсы қайда сөзге тура, Кəріні сыйлаймын деп ниет қылсаң, Көрпені қалың сал да, майды тура. Шайдың көркі – қант пен май, бауырсақта, Шай ішпей тұра алмаймыз ауырсақ та. Кəріні сыйлаймын деп ниет қылсаң, Майлы етті ұсақ турап, сарымсақта. Бұрынғы өткен дəурен қайтып келмес, Зарығып күндіз-түні сағынсақ та. Жастардың біреуіндей білгендейміз, Қартайып, əбден естен жаңылсақ та. Жастардың қолайына жаға алмаймыз, Айтқан серт, уəдеден табылсақ та. Тұсыңмен төрт құбыла боп тұрсаң-дағы Кейінгіге жақпаймыз не қылсақ та. Кемшілік бердің, алла, бір қуатқа, Бойдағы тоқтау еттің шаһуатқа, Қайтпайтын кеше жаудан, арғымағым, Түспейсің айдасам да кең суатқа. Кең суат жаның сүйіп үйренген жер, Туған ер көңіл сүйіп сүйрелген жер, Басына талай жанның ерік қоймай, Кіріптар боп инемен түйрелген жер. Бір онсыз ғашықтық жоқ ер басыңда, Керекті жəне қостым жолдасына, Хауаны Адамменен жолдас қылып, Кім қылды лайықтап ол басында. Біріне күш, біріне көрік берді, Шал Құлекеұлы
Көрікке құмар етіп ерік берді, Атадан сол сияқты мирас қалды, Аяймын күшім жетсе енді немді. Өкінем, өткен іске жоқты қарап, Отырам, орны болса барға санап. Əрине, еткен талап, ойлаған ой, Тұрса екен лайықты іске жарап. Тап деймін, талап етіп жақыныма, Қарамай тентек, қисық, мақұлыма, Басыңа келген іске шүкіршілік қыл, Дүниенің кім жетеді ақырына. Бұрынғы көп жүктерді артқан нарым, Жүрмей тұр осы күнде шақырымға. Шал Құлекеұлы
КƏРІЛІК Ұлғайып, қартаяды жастан адам, Жас қартайса қалады астан адам, Жеткенін кəріліктің ескермейді Көңілі өсіп, мейманасы тасқан адам. Кəрілік қартайғанда бастан келер, Ағарып, басындағы шаштан келер, Жасыңда қандай көркем болсаң-дағы, Қыржиған қабақ, маңдай, қастан келер. Кəрілік қартайғанда көзден келер, Белгісі алжығанның сөзден келер, Сыртылдап буындарың ебі кетіп, Белгісі аяқ жақта тезден келер. Қартайғанда мүкістеу болар құлақ, Жас ағып екі көзден тұрар жылап, Нəрсені басқа көрген көре алмассың, «О не» деп көргендерден білер сұрап. Бір жаман кəрілікте түссе тісің, Ауыздан опырайып, кетер пішін. Жасында оймақ ауыз сұлулардың Өзгертіп бұл кəрілік алар түсін. Болсаң да ханнан сұлу жаста бұрын, Салатын көрген адам көздің қырын, Қайран жас қара шаш пен қалам қастың Өзгертіп бұл кəрілік алар сұрын. Белгісі кəріліктің кеудең толар, Жөтел мен түрлі қақырық пайда болар, Жасында қандай толық болсаң-дағы, Белгісі кəріліктің мүшең солар. Шал Құлекеұлы
Белгісі кəріліктің кетер күшің, Болмайды бастағыдай ешбір ісің, Кəрілік – дауасыз дерт ем қонбайтын, Жылаймыз қартайдық деп соның үшін. Қартайсаң, аяқ, тізең ауырады, Жатудан жамбастарың жауырады, Қадірің күннен-күнге кеми берер, Жолатпай қосағың да дау ұрады. Ауырар қартайғанда бұт пен белің, Екі иық, кеуде, арқа, барлық жерің. Жатарсың салқын тисе төсегіңде, Қайталап ұстады деп ескі терім. Таяққа қартайғанда асыларсың, Төбеңнен тас ұрғандай басыларсың, Күтімсіз сол кезекте кедей болсаң, Бұтыңды отқа қақтап, қасынарсың. Əркімнен кемдік көріп қағыларсың, Қолыңнан түк келмейді, не қыларсың. Көз болып, қой, бұзауға шамаң келсе, Біреуге тамақ үшін жағынарсың. Айтқанмен пайда бермес өткен күнің, Күпілдеп шыға алмайды сөз бен үнің. Күтетін жақын керек сол уақытта, Ашылар қай-қайдағы болса мінің. Тыпыр етпей төсекте жатқаныңыз, Елеусіз сөз болады айтқаныңыз. Балаң – жалқау, келінің – шайпау болса, Құриды сол уақытта қатқаныңыз. Шал Құлекеұлы
*** Шалыңның екі көзі жайнап жатыр, Кеудемде нəпсі шіркін қайнап жатыр, Байлаулы арқаным жоқ, қазығым жоқ, Қайтейін, кəрілік шірін байлап жатыр. Шал Құлекеұлы *** Он бестегі жасым-ай, Жарға ойнаған лақтай, Жиырмадағы жасым-ай, Көлге біткен құрақтай, Отыздағы жасым-ай, Таудан аққан бұлақтай. Қырықтағы жасым-ай, Қырымдағыға көз салған, Байлаулы тұрған құр аттай. Елудегі жасыңыз Қайта көшкен ел екен. Алпыстағы жасыңыз Қоңыр салқын күн екен. Жатпіс жасқа келгенде Қараңғы тұман түн екен. Сексен жасқа келгенде Қазулы тұрған ор екен. Тоқсан тұрған көр екен, Өлімнен басқа жоқ екен! Шал Құлекеұлы
- * Бір жаста, екі жаста бесіктемін, Бес жаста тəңірі берген несіптемін, Алты жаста қайыңның тозындаймын, Жеті жаста ойпаң жер бозындаймын, Он жасымда сүт емген қозыдаймын, Он бесте жарға ойнаған лақтаймын, Бой түзеп жиырмада сылақтаймын, Отызда ағып жатқан бұлақтаймын. Қырқымда қынаптағы қылыштаймын, Елуде əр жұмысты жұмыстаймын. Алпыс жаста тай жеген бөрідеймін, Жетпіс жаста илеген терідеймін, Жетпістен сексен жасқа келген шақта Артымнан кейін кеттім кері деймін Тоқсан жасқа келгенде көр болғаным, Отқа салған мүнəйім бор болғаным. Тоқтыға асылғанда əлім келмей, Баланың баласына қор болғаным. Шал Құлекеұлы
- * Елу ердің жасы екен, Алпыс – бір сұмдықтың басы екен, Жетпіс келді төтелеп, Кəрілікті жетелеп, Сексен келді бүйірден, Қалдырып кетті үйірден. Тоқсан, сен тамам жастың зоры екенсің, Сүйегің қартайған соң бор екенсің, Тоқтының баласына əлің келмей, Балаңның баласына қор екенсің. Шал Құлекеұлы
- * Жиырма бес – кемелетке келген жасым, Қырықта қынсыз қылыш болған басым, Елуде екі көзің елең етер, Алпыста ақ сақалды шал боласың. Жетпісте жер таянбай тұра алмайсың, Мойыныңды жан-жағыңа бұра алмайсың. Бəріне көрінгеннің келін болып, Шақырмаған үйлерге кіре алмайсың. Сексенде селкілдеген шал боласың, «Қайда» деп он бес, қайран, дал боласың. Тоқсанда өлі де емес, тірі де емес, Бəріне көрінгеннің таң боласың. Шал Құлекеұлы
- * Дүния деген шолақ депті, Жан кеудеге қонақ депті, Ақырет деген бір киім Алып қайтар сол-ақ депті. Дүние деген осы, Ешкімнің емес досы, Болар еді досы, Аумаса егер қосы. Дүниеге қызығамыз несін біліп, Аз күнгі қызығына есерленіп, Жалаңаш кеп, жалаңаш қайтамыз ғой, Мойынға төрт қары бөз тесіп іліп. Шал Құлекеұлы
- * Бақ-дəулет, мал бітерде ырыс қонар, Ынтымағы ағайынның дұрыс болар, Бала пайдакүнем болар, Жалшы жауынгер болар, Қыз қылықты болар, Келін епті болар, Көп көрініп жау қашырар, Көмектеп қонақ аттандырар. Адамы қырлы болар, Малы түрлі болар, Иті үреген келер, Тіркеген малы жүреген келер. Бақ, дəулет, мал көшерде ырыс қашар. Біреуі біреуіне пəле жасар. Бала пайдасыз болар, Жалшы жалқау болар, Қыз қылықсыз болар, Келін керенеу болар, Қатыны салақ болар, Ат мінсе жалақ болар, Адамы қырсыз болар, Малы түрсіз болар, Иті үрмес, Тіркеген малы жүрмес. Шал Құлекеұлы
- * Байлауы жоқ шешеннен Үндемеген есті артық, Бəйге алмаған жүйріктен Белі жуан бесті артық. Шал Құлекеұлы
- * Санай берсең жетімді жетпіс болар, Бірақ та арманда шын үш жетім бар: Бірінші – ат жетім өрен жүйрік шабылмаған, Екінші – құс жетім саятшысы табылмаған, Үшіншісі – болады екен əйел жетім Өзінің теңін тауып қосылмаған. Шал Құлекеұлы
- * Жігіттер, жаман сөзді кəсіп етпе, Құрбыңды өзің теңді басып өтпе. Басыңа бір уақытта жұмыс түссе, Дұшпан түгіл досың да қашар шетке. Жігіттер, мал мен басым көп демеңіз, Киім бүтін, тамағым тоқ демеңіз, Дəуіттің отыз ұлын бір күнде алған, Біздерге жала-қаза жоқ демеңіз. Жігіттер, жалған дүние бізден қалар, Бір күні ажал келіп жаныңды алар, Жан шығып, дүниеден көшкеннен соң, Мал-мүлкің, қатын-балаң бəрі қалар. Шал Құлекеұлы
- * Өлімнен құтылмассың қашсаң-дағы, Атадан арыстан туып ассаң-дағы, Алладан шыныменен жарлық келсе, Жұлдыз да жерге түсер аспандағы. Жігіттер, ғибадат қыл, маған нансаң, Намаз оқы, алланы ойыңа алсаң, Қырық жыл қашқан ажалдан Қорқыт та өлген, Түбінде сөз сенікі, өлмей қалсаң. Кəрі өлсе, соққан дауыл тынғандай-ақ, Жас өлсе бəйтерегің сынғандай-ақ, Жігіттер, жас кезіңде тəубаға кел, Ажал деген көзді ашып-жұмғандай-ақ. Шал Құлекеұлы
- * Бəйгеден келе бермес малдың бəрі, Қатарға ене бермес жанның бəрі, Кешегі жиырма бестің дер шағында Келісіп тұрушы еді сəннің бəрі. Асу-асу жерлерді арыстадым, Қайда дүбір бар болса қалыспадым, Кешегі қас батырлар, қайран жақсы, Алдында хан, қараның қарыштадым, Бұл күнде көңілім ауыр – қорғасыннан Өткіздім жігіттікті мен басымнан. Сауырда су төгілмес боз жорға едім, Тарлан тарта танбайтын жорғасынан. Өткен еске түскенде құлазимын, Ақ киіктей айрылған ордасынан. Шал Құлекеұлы
- * Бір құдайдан тілеймін ғұмырымды, Ғұмыр берсең кірсіз қыл көңілімді. Имансыздың көрінде от жанады, Отқа салсаң көремін не күнімді?! Бір құдайдан тілеймін əуелі иман, Иманымнан айрылсам көрге сыйман. Бес уақыт намазымды қаза қылма, Қарынбайды жер жұтты дүние жиған. Бір құдайдан тілеймін мал-басымды, Мал менен қартайтып ал жүз жасымды. Өлерімде ауызыма иманым сал, Білгенмін бұл өлімнен қалмасымды. Бір құдайдан тілеймін иман, ғақыл, Ақылсыздан əрбір ісім өтті ғафыл. Ораза ұстап, бес намаз оқығанның Ол дүниеге барғанда ісі мақұл. Біреуге ерте келеді, біреуге кеш, Ертелі-кеш өлімнен қалмады һеш. Өлім қойса, кəрілік жас қоймайды, Екі айналып келсе де жиырма бес. Шал Құлекеұлы
- * Мен келдім алпыс жастың бесеуіне, Не жиып, не жетпейміз нешеуіне. Құдайым иман бергей, бір қаза бар, Дүниенің көз жете ме өлшеуіне?! Ұсынса қол жетпейді сермегенге, Алланың не қайла бар бермегенге?! Ауызбенен айтқан сөз бола ма екен, Қолмен ұстап, көзімен көрмегенге?! Адамның ауызы ала, ойы төртеу, Құр көңіл болғанменен болмайды екеу. Құдайым иман бергей, бір өлім бар, Қай күні дəм таусылса қаза жетер, Алланың жазып қойған жазуы екеу. Шал Құлекеұлы
- * Қаракөк, жылқы ішінде биемісің, Құдай десең тамұққа күйемісің?! Тағат, ғибадат, құдайға құлшылық қыл, Дүниеде ақырда өлмей жүремісің! Арам болса қашады су кісіден, Естімеген сөз шығар қу кісіден. Құран, кітап айтқаны рас болса, Жұмақ көрер бір жан жоқ бұ кісіден. Тілеймін бір құдайдан əуелі иман, Айрылсам иманымнан көрге сыйман, Бере гөр тілегімді, хақ тағала, Құдай-ау, құдіретіңе жаным құрбан. Күнəны іздеп алдық басымызға, Жолаттық малғұнды қасымызға, Ахиретте жұмақта болмас па едік, Сəби боп дүниеден қайтсақ жасымызда. Осылай сөз сөйлеймін көңліме ала, Құдайдың құдіретіне бар ма шара?! Жатсам, тұрсам тілеймін иманымды, Бере гөр тілегімді, хақ тағала. Шал Құлекеұлы
- * Тентегің тентек десең, бұтын созар, Тентекке тізгін берсең, жұртың тозар. Мақұл менен тентекті салыстырсақ, Түбінде тентектен де мақұл озар. Кей адам өзін-өзі зорға санар, Ауаланып бақыттан құры қалар. Жақсылық асқар таудай, тасқын судай, Қайда жақсы жаймалап орын алар. Шал Құлекеұлы
- * Жолаушы ат өлтірмес ғақыл болса, Арық та жолда қалмас тақыл болса. Ұрлықпен ұры жігіт мал сіңірмес, Елінде жөнге салар мақұл болса. Шал Құлекеұлы
ШАЛДЫҢ ЖІГІТ КЕЗІНДЕ ЖЕҢГЕЛЕРІМЕН ҚАЛЖЫҢДАСҚАНЫ Жеңеше-ау, қатық берші, қатық маған, Жоқ та болса тауып бер, сатып маған. Осындайда бір аяқ қатық берсең, Қарқаралы қыздардан артық маған. Жеңеше-ау, айран берші, айран маған, Бұзау жүр сиырыңда байланбаған. Көк көлемнің шағында ас жоқ дейсің, Енді қашан тиеді пайдаң маған?? Жеңеше-ау, қымыз берші, қымыз маған, Басыңда сəукелең бар құндыздалған. Көк көлемнің шағында ас жоқ дейсің, Күзгі күнгі уақыт па су мұздаған?! Бұзауды жамыратқан аман болса, Біздерді сабап таста шамаң болса. Шіркінге айран түгіл, шалап берме, Сиырдан сүт шыққандай заман болса. Шал Құлекеұлы
- * Адамзат тірісінде мал жияды, Мал түгіл үкім келсе жан қияды. Жеті атасын білмеген обал дейді Арғы атамды деп айтам Əрмия-ды. Алты айшылық жер екен жүрген сапар, Сапар жүрген кісінің ісі ғапар. Əрмия атамыз өткен соң, Біз дəулес үшеуі Əбуғафал. Шал Құлекеұлы
АЙТЫСТАР
ШАЛ МЕН КҮЛІМЖАН ҚЫЗ Шал: Бұлақтан күнде келіп су аласың, Қайтер ең суым бермей қуаласам, Баяғы жиырма бес жас қайтып келіп, Жығып сап, тал төсіңді уаласам? Қыз: Шал ата-ау, айтқан сөз естен кетпес, Түлкіге таудан қашқан құсың жетпес, Түкті кілем түгіндей... бар, .... сірə де өтпес. Шал: Таулардың мен көрмеген аңы бар ма, Түлкінің мен көрмеген таңы бар ма, Екі аяқты... ...тастан соққан тауы бар ма!? Шал Құлекеұлы
ЖІГІТ ПЕН ШАЛ Жігіт: Насыбай ат, жаныңда қасың болса, Қайырға бер, бір аяқ асың болса, Таразыға салғанда төмен тартар, Тəубаңнан да күнə ісің басым болса. Шал: Насыбай атпағаның жарамайды, Оны атпасаң бойға қан тарамайды, Парыз, уəжіп, сүннəтті тəмам қылсаң, Құдайым насыбайға қарамайды. Шал Құлекеұлы
ШАЛ МЕН КЕМПІРІ Шал: Дүние, ойлап тұрсам, жалғаның-ай Шынымен, жалған дүние, қалғаның ба-ай, Жауырыным құрысып, шаншып отыр, Келіп сипап жіберші, алғаным-ай! Кемпірі: Бұл дүние бəрімізден кетер өтіп, Қыз күнімнен болдым ғой сізге несіп, Айында да пайдаңды бір көрмеймін, Қайтемін бостан-босқа қызмет етіп. Шал: Шал ақын Орта жүздің мен емес пе ем, Он бесте ұрғашыға кен емес пе ем, Мен саған жиырмамда болдым жолдас, Құрытқан сонан бері сен емес пе ең!? Кемпірі: Ұшады көк ала үйрек көл дегенде, Қара субал татиды шөлдегенде, Аузыңа келген сөзді ірікпейсің, Алжыған, не жының бар сөз дегенде. Шал: Дүние қызық екен жасыңдағы, Барады өтіп дəурен басымдағы, Айына бір пайдамды көрмеген соң, Қасыма не қып келсін қатын-дағы. Шал Құлекеұлы
Қобылан Бөрібайұлы (1760-1840)
ӨЛЕҢДЕР
ҚОБЫЛАН АҚЫННЫҢ ТЕРМЕ, ӨЛЕҢДЕРІ Қызығы дүнияның мал мен бас па-ай, Жақсылық табылмайды алдын тоспай. Жақсылық табылмайды сатып алмай, Жігіттер, өтірік пе, осы рас па-ай? Кедейшілік болар ма мұнша қиын, Байдың үйі айт пен той, күнде жиын. Естігенің жаман сөз – қиын жұмыс, Жұмыртқадай шайқалар күнде миың. Тіріден өлген жақсы қадір кетсе, Өлмей тірі кім жүрер, ажал жетсе. Жиған-терген малыңнан билік кетіп, «Не қылады?» дейді екен бірдеме етсе. Енді біз не болармыз тірі болып, Тірі жүрген ғарыптың бірі болып. Екі бетім табақтай, қайран нұрым, Қақ сүйекке жабысты сірі болып. Қара сақал жарасқан қайран иек, Тісім кетіп, қалыпты қызыл иек. Жетпіс асып, сексенге таянғанда, Бауырыма байладым құрым күйек. Енді біз не болармыз жүргенменен, Қызығы жоқ дəуренді сүргенменен. «Аузыңды ашып, аяғың баспа», – дейді, Қотаншы иттей қораға үргенменен. Ошағымның үш бұты – жан жолдасым, Кемпірім – жанымдағы бір мұңдасым. Кəріде кірер үй жоқ, шығар төр жоқ, Бұл сөзіме нанбаған тіріде оңбасын. Қобылан Бөрібайұлы
Əудем жер жүре алмаймын аяғымнан, Екі қолдап ұстаймын таяғымнан. Аузым – бұлбұл, аяғым – дүлдүл еді, Жетіп келдің, кəрілік, қай жағымнан? Əудем жер жүре алмаймын белім ұйып, Өздігінен кім берер жанын қиып. Бір тиынды, екі тиын қыламын деп, Өлместей боп біз жүрміз дүние жиып. Кəрілік, қарсы келдің қазған көрдей, Жігіттік, желіп өттің бəйге кердей. Əр мүшеден кемшілік табылатын, Күн-күн сайын барады көзім көрмей. Кəрілік қатты соққан жынменен тең, Көзім көрмес болғанда, құлағым кем. Кəрілікке шын дауа таба алмадым, Елден бақсы іздесем, табылмайды ем. Кəрілікке, шырақтарым, ас жарай ма, Қазы-қарта, жал-жая, бас жарай ма. Оның бəрін кəрілік ұнатпаса, Үйген кірпіш, қалаған тас жарай ма? Қобылан Бөрібайұлы
ҚОБЫЛАН АҚЫННЫҢ ҰРЫЛАРҒА АЙТҚАНЫ Тағы Қобылан ақын жатақта жатып, тауын көріп қайтамын деп келсе, күндіз ыстық, сары маса жүргізбей, кешірек жетіп, іңірде шаттың ішінен, ағаштың арасынан баспа қып, екі ұры алдынан дүрсе қоя береді. – Жұм көзіңді, кімсің? – деп. Сонда тұра қалып, қорықпастан, саспастан мынау өлеңді айтыпты: Кім екенін білмеймісің келбетімнен, Құдай, Құран, Мұхаммед үмбетімін. Кісі өлтіріп, жазықсыз ерді тонап, Тəңірі алдына барасың, антұрған, не бетіңмен? – деп айтқан соң, ұрылар атының басын тартып тұра қалып, – қой, мынау, Қобылекең екен, осыдан аулақ-ақ тұрайық, – деп жүріп кетіпті. Қобылан Бөрібайұлы
- * Қобылан ақын – өте кедей болған адам. Жайлауға елмен бірге көше алмайды. Жатақта қалады. Əкесі ақын Бөрібай өліп қалған кезі. Қобылан далаға шықса, тау жағында өрт көрінеді. Қобылан шешесіне келіп: – Өрт келе жатыр, нəрсемізді өзенге қарай сүйреп апарайық, – депті. Шешесі жас баланың сөзін бір жағынан елемейді, өртке қарайды да: – Келе қоймас, жата тұрайық, – депті. Сөйткенше өрт келіп қалыпты. Нəрселері күйіп кетіпті. Сонда Қобылан ақынның айтқаны: Кебежем күйіп кетті сөресімен, Ішінде құрт-май деген бір асымен. «Келмейді», – деп бұл өртті əжем айтты, Өзектің келіп қалды жырасымен. Қобылан Бөрібайұлы
- * Ешкі деген малымыз ұлақ қана, Сауып алса, борбайы бұлақ қана. Қаймағы мен қаспағы тым-ақ тəтті, Бағарында бағармыз жылап қана. Қобылан Бөрібайұлы
ҚОНАҚ ХАҚЫНДА АЙТҚАНЫ Қонаққа бір керегі – ет пен қымыз, Бар болса, адал дəмің, ауыз тигіз. Аз беріп, көп жалынып, құтылып қал, Қонағым тойғанменен шықпас мүйіз. Соғым арық, ет өзі қара кесек, Етхана жақтырмайды бара берсек. Əуеден жауған қар да таусылады, Бір сайдан күнде барып ала берсек. Қонағым, бабың қиын, күйің қатты, Қондырмасам, қоясың жаман атты. Сен «ет» демесең, мен «кет» демеймін, Келе бер қай озғаның жүйрік атты. Қонағым өкпелейді тоймаған соң, Неге тойсын, көп соғым соймаған соң. Ұлы-қызым ержетті, дəулетім аз, Аш жүремін уайым ойлаған соң. Қобылан Бөрібайұлы
ҚОБЫЛАННЫҢ КЕДЕЙЛІК ЖАЙЛЫ КЕЙБІР СӨЗІ Кедейлік, ер екенсің мені жеңсең, Көзіңді жоғалтар ем енді көрсем. Бар байлық сұрағаным – денсаулығым, Өз обалым өзіме аштан өлсем. Көп екен көргенімнен көрмегенім, Күнəмді көрмегенім, өлмегенім. Дүниеден көзім ашық өтер едім, Малдан зекет, көп қайыр бермегенім. Қобылан Бөрібайұлы
- * Қобыланның боталы түйесі бар екен. Ботасының атын «Қауажақ» деп қояды. Жаман бота енесіне ере алмай, өріске жете алмайды. Енесі қайта-қайта келіп, емізіп тұрса керек, соған айтқаны: Қауажақ жете алмайды өрісіне, Өлсе, томар бояу кіреді-ау терісіне. Мал-басы кей адамның өлмей өсед, Міне, қара, Құдайдың берісіне. Тағы бір сөзінде: Бəлеге мың бір атты кім жетеді, Түйені алып, сиырдан дəметеді. Қосамын ептеп-септеп уақ-суақ, Өспек түгіл, көтінен кер кетеді. Қобылан Бөрібайұлы
КЕЛІНІ МЕН БАЛАСЫ ТУРАЛЫ АЙТҚАН СӨЗІ Қобыланның жалғыз өгізі бар екен. Сол елде Даният абыз деген абыз бір жұмысына сұрай келеді. Үлкен баласы бергізбейді. Сонда Қобыланның айтқаны: Қара жорға атанған қайран күнім, Қанша жорға болсам да, шықты мінім. Бала ержетіп аяқтан алғаннан соң, Ағайынға кетеді-ау енді сыным. Үлкен баласы бөлек үй болып, кенже баласының қолы на шығады. Келін мен бала онша дүзу қарамайтын болса керек. Сонда айтқаны: Баланың ең жақсысы кенжесі екен, Тəтті, дəмді бар болса, сол жесе екен. Қатын алып, баланы үйлеген соң, Кəрісін жақтырмайды, ол несі екен?! Келініне айтқаны: Кəрілік, шіркін, келдің кезіменен, Келін жақсы көрмейді көзіменен. Тарсылдатып таяқпен ұрмаса да, Ұрғандай ғып жүреді сөзіменен. Қобылан Бөрібайұлы
ҚОБЫЛАННЫҢ МАЛЫ БАР КІСІНІ «ТƏУІР» ДЕП, КЕДЕЙДІ ЖАРАТПАҒАНЫ ТУРАЛЫ АЙТҚАНЫ: Жез тырнақтың баласы құмай-арлан, Ит те болсаң, жолды алдың жануардан. Кісіде адам болған кісілер көп, Ит те кісі болыпты малы бардан. Көбентай деген итіне айтқаны: Көбентай жезтырнақтан тума шіркін, Май мен қанға жанданып семірсең де, Ішкенің мен жегенің у ма шіркін. Қобылан Бөрібайұлы Жанақ Қамбартегі (1770-1856)
ӨЛЕҢДЕР
РҮСТЕМ ТӨРЕГЕ АЙТҚАНЫ Жанақ Қарқаралыға қараған Қамбар деген рудан. Рүстем – Абылай тұқымы, Ұлы жүзде төре болған. Соңында Ұлы жүз Қоқан хандығына, Орта жүз орысқа қарағанда, екі елден де кетіп, бағынбай Балқаш жағасында өз алдына жүрген. Кісіні көп өлтірген себепті «Қанішер Рүстем» атанған. Сол Рүстемді Жанақ əдейі іздеп келеді. Есіктен сəлем беріп келсе, Рүстем қанжар қайрап отыр екен. Домбырасын босағаға сүйеп, қол берсе, қолын алмай: – Дəу де болсаң кескегін сүйретіп жүрген ақынсың ғой, ақын болсаң, айтып жіберші? – дейді. Сонда Жанақ домбырасына қарайды. Рүстем: – Қарағай сөз үйрететін болса, алып бер? – деп домбырасын алып бергізеді. Сонда Жанақ: Ал, қолыма, тидің бе, қарағайым, Қарағайсыз керекке жарамайым. Жел желісті желмаям, саған мініп, Бұл үш жүздің баласын аралайым. Қарағайым қолыма тигеннен соң, Ажарына ешкімнің қарамайым. Беретін ақбас құндыз, ақ жамбым жоқ, Өлеңменен төрені паралайын. Ат биеден туады, алып анадан, Ел ағадан азады, тон жағадан. Өлексе – өлеңшінің аңдығаны, Арлан бөрі соғады тау сағадан. Сергелдең, сейіл-серуен кезеңінде, Ер аттан, мұқалады ат тағадан. «Балапан ұядағы ұшқанды алар», Қатын ерден, үлгі алар іні ағадан. Жанақ Қамбартегі
Бір ойын онға бөлген, онын жүзге, Сасқанда ақыл шықпас кем бағадан. Хан оңбас қарашысын қарақтаған, Нар үріксе, жүгі ауар қарқарадан. Тұлпар ақау болады аяғынан, Ақсаса оңалмайды би парадан. Рүстем, атағыңды естіген соң, Əдейі іздеп келіп ем Арқа арадан. Заман өтіп барады қилы-қилы, Қазақ болды бұл күнде елдің сұмы. Иен қалған, иесіз бір ел болдың, Екеніміз белгілі кімнің құлы. Астында тақ, аузында əмірі жоқ, Сабан құрсақ жем қылды сарттың ұлы. Ат пен түйе тарту ап келгендерге Мендей емес, Рүстем, түсің жылы. Рүстем, сен асылдан қалған қиық, Сол себептен қазаққа жүрсің сиып. Барар жерің бар ма еді, мен көрмеген, Артың ашық болғанмен, алдың тұйық. Байқамасаң, бұл дүние теңіз болды, Өткелі жоқ, түбі жоқ бір тұңғиық. Беру үшін келгем жоқ, алу үшін, Ат мініп қайтайын деп, шапан киіп. Біреу айтты: – Рүстем қастайды деп, – Жасқанбаған бетіңді жасқайды, – деп. Барсаң аман қайтпайсың, тоқта, – деді, Ашуланса, басыңды ап тастайды, – деп. Жанақ Қамбартегі
Кейбіреу: – Жанақ, тілің ащы, – деді, Бетің қайтпай, араның тасты, – деді – Ащы тілмен төрені сұғып алып, Алғызып-ай қайтарсың басты, – деді. Мен тоқтамай келіп ем: – Барамын, – деп, Озып жүрген өлеңге дарамын! – деп. Тілім ащы болғанмен, заһары жоқ, Жылан емес əншейін арамын деп. Бас алуға отырсаң кісі таппай, Бір басылсын төренің араны деп. Атаң мінген айырылған алтын тақтан, Толар болса, су алған қараны деп. Осыны айтқанда, Рүстемге Балқаш жағасында тұратын бір балықшы балық алып келіпті жəне бір аңшы бір түлкі алып келіпті. Соны көріп айтқаны: Жазықсызға тартқыздың жазаны да, Былықтырып, былғадың қазаны да. Алал тамақ өтпейді тамағыңнан, Ұрлық етін салмасаң қазаныңа. Аттандырған ұрың мал əкелмесе, Əкесі өлген ұқсайсың азалыға. Тышқанына аңшының жарналас боп, Балықшының ортақ боп сазанына. Ұрлап келген жылқыны мəзеніңдей, Кісінеттің тұсыңнан азаныңа. Қолы жеткен атаңның ұсынғанға, Бір бел еді белгілі мұсылманға. Жауға жарақ болғанда, дауға дарақ, Ақыл тауып беретін қысылғанда. Аруағын атаңның боққа былғап, Жанақ Қамбартегі
Төмен болдың тұрғылас тұсыңнан да. Ошақ басын, от қасын аңдимын деп, Бастан бақыт айырылдың құсыңнан да, – дегенде, «Таста домбыраңды!» – деп, Рүстем қылыш көтеріп алыпты. Сонда айтқаны: Тастар болсам, басында бастамаймын, Жон терімді тілсең де таспадайын. «Бас кеспек болса-дағы, тіл кеспек жоқ», Мен, сірə, домбырамды тастамаймын. Берік көктен дегенде, жылдан жылыс, Ел ұл туса, болады елге тыныс. Сөйткен ер ұл сен болсаң, тумай-ақ шөк, Сен туған соң, елімнен шайқалды ырыс. Тұқымы азып төренің тұқыл болып, Болат ағып, бұл күнде болды мырыш. Шабар болсаң, дəтімді айтқызып шап, Дəт айтқызбай шапқан жоқ атаң қылыш. Арғы тегің қанішер Абылайдан, Үш жүздің баласына қанат жайған. Абылай сенше қан ішіп көрген емес, Жаудың қанын ішетін ашып майдан. Алғалы отырғаның кімнің басы, Сен Абылай боласың, айтшы қайдан? Қара орын айырылған алтын тақтан, Адамша ішіп, аңша өскен сен бір хайуан. Бұртиясың бүйідей өңің шəйіп, Ісігіңді отырсың сыртқа жайып. Қанжарыңды көтеріп қоразданып, Өлтіретін кісідей мені шауып. Жанақ Қамбартегі
Мені өлтірсең, ойлашы, не боласың? Тұман болар басыңнан күнің ашық. Арғынның бергі шеті Жетісуда, Есіл, Нұра, аржағы Еділ, Жайық. Ботақанды Абылай өлтірем деп, Заманы бола жазған алмағайып. Сол себепті, сен түгіл атаңның да Көкшетаудан іргесі кеткен тайып. Ұрлап, тартып қазақтың алдың малын, Хан емессің, қарадан алдың алым. Ұлықпандай əкімді жерге көмген Сен секілді бір кезде патша залым. Мені бірақ сен жерге көме алмайсың, Торғайға да мен түгіл келмейді əлің. Дақ салмай кетед деме, сірə, тегін, Дар көрігім күледі шалқып жалын. Қабың қайдан жаралды, сабың қайдан, Ол арасы Жанаққа еді мəлім. Ауруды қуантпас алтын төсек, Елді жеген бір бермей кетпейді есеп. «Жел соқпаса, қозғалмас шөптің басы», Сен туарда жабысқан шешеңе өсек. «Көп ауызы – уалы» деген рас, Тұлпар шапқан биеден тумайды есек. Шынар құлап түбінде қалды шірік, Ел ұйтқысы бұзылды мəйегі іріп. Құлғын жүнді құбылдан қашыр туды, Есек шауып биеге, айғыр тұрып. Ел тентегін тиятын төреміз сен, Өз қолыңнан ұрыға бердің құрық. Жанақ Қамбартегі
Бұл мінезді қарызға алдың кімнен, Əулетіңде жоқ еді, мұндай ғұрып. Батыс пенен Шығысты кім қоршады, Жан-жағыңа қарашы мойын бұрып?! Шаншылған батыстың сары жұлдыздары, Ініңе суды құйып, алар ұрып. Қарқаралы, Аягөз, Бөкей, Торғай, Дуанын кеп ортаңнан алды құрып. Заманыңды тарылтып шəрге үңілтіп, Еңсеңді алып, іргеңді қойды сырып. Ордаңды өртеп, орнына дуан салды, Мықты болсаң, қанекей, бермеші ырық. Əлің біліп жадажай жүрмеймісің, Үй күшіктей отыңның басында үріп. Аш қасқырдай нашарды жейсің жығып, Сырт жау келсе, кетесің шиге бұғып. Өз еліңнің үрейін өзің алдың, Ұлығына Қоқанның көтің тығып. Бөденедей бас күйттеп, бүрсек қағып, Бұл жүрісің қай жүріс, елден шығып?! Төре ұйтқысын шайқаған ұры кезеп, Қайырсыз, қары қалың құтсыз өзек. Сырлас достың түңіліп сырт айналып, Сырыңды алып, сыртыңнан алды күзеп. Сенісе алмас дұшпаның сырттан болып, Қарсы тұрып, қанды оқ көрнеу кезеп. Сенен көшсе біреуге барып қонбақ, Бақыт алтын көшпелі, дүние кезек. Ұқпағанның өтемін өңсерінен, Түзейтұғын ұққанды сөзім тез ед. Жанақ Қамбартегі
Аталының дөнені бесті шықты, Буыршындар көбейді, саныңды езед. Сонда: – Ақын жоқты айтады екен десем, барды айтады екен, – деп Рүстем: «Аламын деп келіп едің ғой, сұрашы?» – депті. Ал, тақсыр, ақылға кел, ашуың бас, «Хан – қайран, дегендейін қарашы – тас». «Хан артынан – жұдырық» дегендейін, Бақыты зорға болады əркім-ақ қас. Кессе де кемімейтін кенім сенсің, Жаяуларға ат болған, аштарға ас. Алуыңа тұра ма менің басым, Бақа күндес жауың емес, мен тайталас. Мен қолыңнан келемін не қылсаң да, Кессең бас, тақсыр, төрем, кессең қалас. Қиянатсыз кеуде бас сақтай алар, Қиянатшыл кеудеден кесілер бас. Бұл кеше жыл түнеген хан ордасы, Ер өлгенмен жоғалмас ел ордасы. Баласына үш жүздің ұйтқы болса, Топ бас қосқан төрінде ел ағасы. «Аруақ!» деп аттаған бос шықпаған, Абылайдың алтынды босағасы. Қары қалың қайырсыз бел болдың ба, Асқар тауым, айдынды ел панасы. Үй жығылып, қазақтан тікті күрке, Күркеден де айырылар бірте-бірте. Сүлік, сона аралап сөлін сорып, Жайды уытын тісінің қанын бүрге. Жанақ Қамбартегі
Өзінің көлеңкесін құбыжық деп, Көк қаншық қоян болды үрке-үрке. Сиырдайын шиырлап шыр айнала, Бірін-бірі мүйіздеп түрте-түрте. Қан төгілді бұл күнде халықтан да, Ханнан мүлде халық та жалыққан ба? Халық – дария, хан – балық емес пе еді, Судан шықса, жан кетер балықтан да. Ат шалдырар қалмады айтарлық жер, Алыс жүріп келгенде талыққанда. Ит кемірсе тоймайтын, бай – қу асық, Қайырым, мейірім жоқ зарыққанда. Кедей – кер, кесел мінді кераламды, Дуа кетті қасар мен ғарыптан да. Ордан орғып түсетін өрен тұлпар, Аттай алмай арып жүр арықтан да. Шерімді шертіп əдей, сөйлейін деп, Əдейі іздеп келіп ем, барып ханға. Кімге ауыр, кімге жеңіл, айтшы төре, Ел ұйтқысын, ер күнін сарыққанда. Ханзадам, қасиетті асыл тектім, Досқа қорған болғанда, жауыңа өктем. Қатам болса алдыңда, кешір, тақсыр, Арылдым, арманымды айтып төктім. Атаң Абылай қазақтың кегін алған, Туын жығып, жауының шебін алған. Азуын айға басқан сан менменнің, Үрей түтін ұшырып, ебін алған. Түрікпеннің түбінен малын алып, Арыстанның аузынан жемін алған. Жанақ Қамбартегі
Жаудан қорғап, малы мен басын билеп, Қазақтың сары алтынын тегін алған. Ханзадам, енді кімді бу қыласың, Көлсіз жерде жая алмас қу құлашын. Дегендердің тілеуі қабыл болды, «Хан тағы төңкеріліп, ту құласын!» «Жау кеткен соң боққа шап қылышыңды», Қобы сорды құндыздай су бұласын. Дариға-ай, үлкен арман, Кене ханның Қырғыз шешті тəжі мен дулығасын. Кеш, алдияр, мінеки, болса қатам, Деп келіп ем ордаңның дəмін татам. Ер көңілді ерке өскен Жанақ едім, Айтып едім, айтқан соң өзің қатаң. «Тас түскен жеріне ауыр» дегендейін, Түскен жерім, төрем, сен, саған батам. Əдейілеп алдына келгенінде, Ердің құны болса да кешкен атаң. Жолың болса атаңның бағын берсін, Тəңір алдында мүстежап болып батам. Қай түкпірін табамын кең ойыңның, Бақайыңнан келем бе зор бойыңның. Ал, алдияр, енді айтар сөзім қысқа, Мұжысаң да, басымын өз қойыңның, – дегенде, «Е, Жанағым, айтқаныңның бəрі рас, алам деп келдің ғой, сұра?» – депті. Сонда: Ау, тақсыр, сияр қандай, симас қандай, Аран ашып, лəпсісін тимас қандай? Біріншіден, соны бер маған берсең, Жанақ Қамбартегі
Ең жақын адамыңа қимас қандай? Екіншіден, соны бер, маған берсең, Беретұғын кісіңе сыйласқандай. Үшіншіден, бересің біліп өзің, Мен Жанақ – бұраң ағаш, сенсің – тезім. «Кім берді?» десе, «Рүстем беріп ед», – деп, Жоғалтпай жүрерліктей сақтап көзін. Ол-дағы олжа алынбай қайтса басым, Көресісін көреді қалған жасым. Тоғыз алып қайтыпты деген атақ, Өзің қосып жатарсың қосымшасын, – дегенде, «Жақын адамыма қимайтыным еді», – деп, үстіне жанат ішік жауыпты. Сонда айтқаны: Жанат ішік, жабыстың иығыма, Құн жетпейтін бармақтай сиығыңа. Сені киіп көргенде күлкі келді, Өзге түгіл өзімнің миығыма. Ішік жанат болғанда, сеңсең тымақ, Бəрекелді, көн етік, тұрсың ұнап. – Ішік анау, етік пен тымақ мынау, – Деп мазақ қып күледі-ау, біреу сынап. Мата көйлек, кір кемзал, жыртық бешпет, Жамаулы шалбар-дағы тұр кес-кестеп. Сендерді жасырам деп қиын болды-ау, Бір үйге барғанымда белім шешпек. Апарып қоямын ба үйге тығып, Бар киімім үстімдегі ішікке өш деп, – Жанақ Қамбартегі
дегенде, ішті-тысты бар киімді жаңадан беріп, екінші: «сыйласқандай кісіме беретінім», – деп бір көк ала ат əкеп бергенде, айтқаны: Көкала ат, ат екенсің ерге лайық, Жаяң – Жайыр жайлау, төсің – қайық. Аяғыңда ақау жоқ, арқаңда дақ, Аяғын тас ілмейтін, мұзға тайып. Ескек желіс, емен бел, ебі1 екпінді, Омырауың арасындай Еділ-Жайық. Əлде болса, құлынды ат қылады, Шар тартып қалғанменен жасы ұлғайып. Бірақ сенің сəніңді келтіре алмай, Сенде емес, болады ғой менде айып. Ерім анау, тоқымым қырық құрақ, Сұрыңды кетіреді-ау, сенің бірақ. Сом ерге сұлу денең үйлесе алмай, Жабығып тұрасың-ау, қайран пырақ. Төреден де сұрауым асып кетті, Лайық ерді аламын кімнен сұрап? Көкала ат көрінгеннің көзін бұрып, «Кімнің аты демей ме?» біреу тұрып. Сонда сенің сұрыңды кетіреді-ау, Сом ер-тоқым, қайтейін, қалғыр құрып. Бір үйге барып түсе қалғанымда, Ер-тоқымды жүрем бе ала кіріп, – дегенде, бежін ер əкеліп ерттетіп беріпті. «Көзімдей көріп жүр», – деп бір кісе беріпті. Сонда айтқаны: 1 Ебі – отыз шұңқырдан шығатын қатты жел Жанақ Қамбартегі
Төренің көз жіберсе кісесіне, Ер ұлдың лайықты мүшесіне. Рүстемнің болмаса жомарттығы Оңайлықпен сен қолға түсесің бе? Сені алған Жанақ тағы иман таппас, Күнінде алып жүрмесе үш есіне. Кемітерлік міні жоқ кісең, кісе-ақ, Не қылса, бір шебердің соққан ісі-ақ. Тұрманы сонда түгел болар еді, Өзіне сай қын менен болса пышақ. «Қынсыз кісе асынба» дегендейін, Жарақсыз жауға шапқан батырға ұқсап, – дегенде, күмістенген қын мен пышақ əкеп беріп: «Енді сұрайтының бар ма?» – дегенде: Мен үйімнен жасымда безіп едім, Кедейлікпен үш жүзді кезіп едім. Аз бергенді асырмай, төмендетпей, Бермегенді сөзбенен езіп едім. Көп бергенді қопсытып көтермелеп, Кім де болса, сырты емес көзіне едім. Не өліп, не көп алып қайтуымды Үйімнен шыққанымда-ақ сезіп едім. Жасымда кедейліктен жедім таяқ, Жалаң бас, жамау дамбал, жалаң аяқ. Кедейлік қыршаңқы аттай топтан қуып, Үйірге қосыла алмай жүрдім саяқ. Қыр соңыма түсіп ап сұм кедейлік, Найзасы жетер-жетпес жүрді таяп. Ол арнаулы Жанақтың сыбағасы, Жанақ Қамбартегі
Тоғызымды береді айтқызбай-ақ. Өлеңменен құтылдым өріс алып, Есіркеп босатқан жоқ, ол мені аяп. Тоғыз басы атақты жамбы болар, Жамбыға құндыз тосса, сəнді болар. Жансыздан төрт болмаса, бесеу болар, Қазақ жолы қалғаны жанды болар. Жандының басы сонда түйе болар, Жанды да тұтам емшек бие болар. Жалаңаштық түйеге жарасымсыз, Үстіне кілем жапса жүйе болар. Шапан болса жəне де торқа болар, Торқа шапан тоғызға орта болар. Ең аяғы болса да тай-тайынша, Қонақасы күздікке сорпа болар. Сыналса жеңіл салса, «ауыр», демейтін нар, Ақылға кең, алдияр, ашуың тар. «Саны бар, сапасы жоқ» боп жүрмесе, Тоғыздың да толымды тоғызы бар. Көлеңкең зор болғанда, қолтығың кең, От болады аузыңнан шығарсаң дем. Айтып-айтпай немене бəрі бір бас, Айтқызатын сіз емес, басқаға жөн, – дегенде, айтқан тоғызын беріп: «Енді сұрайтының бар ма?» – дегенде айтқаны: Енді өлеңді айтамын ханымыма, Ханымым да жарайды алымыма. Жанақ Қамбартегі
Хан менен ханымының жөні басқа, Ханымды да балаймын хан ұлына. Сен миуалы ағашсың, көкке бейім, Аузымды ашар миуаңнан тоя жеймін. Тұлғасына ханымның көз тойғандай, «Түсі игіден түңілме» дегендейін. Ханұлы, ханымымыз, ханның қызы, Ханымды қасиеттеу – халық ізі. «Ердің көркі əйелмен» дегендейін, Хан – дəмі болғанында, ханым – тұзы. Ханымның мұнан артық қандайы бар, Лебі шəрбат, бал тамған таңдайы бар. Тілім жетпей қалмасам сұрай алмай, Жомарттыққа жаралған маңдайы бар. Бір нақ сүйер бар еді алған сүйіп, Қалың малын əркімнен берген жиып. «Сұлу, сұлу емес деп сүйген сұлу», Өз көзіме көрінер бір кер миық. Ол кір көйлек киіп жүр кіргізгеннен, Мен барам жанат пенен бұлғын киіп. «Өзіңді ойлап, алмайсың мені есіңе», Деп жүрсе, ұялам ғой бетім күйіп. Адамның жан жолдасы – жан сүйген жар, Ханымсыз айтшы, тақсыр, не сəнің бар? Сол секілді сəнім жоқ, онсыз менің, Əркімнің өзіне сай тұғыры бар, – дегенде, ханымы əйеліне түгел асылдан киім беріпті. «Енді сұрайтының бар ма?» – дегенде, айтқаны: Қасымдағы жолдасым – қара шалым, Қара шалдың қылығы маған мəлім. Жанақ Қамбартегі
Ол ілігін артады, тақсыр, маған, Мен өлеңмен əркімнен алсам алым. Қара шалда жоқ еді жал менен қоң, Деп қуанып отыр ғой сапарым оң. – Олжа сал, – деп қыңқылдап мазаны алар, А, тақсыр, сіздің үйден шыққаннан соң. Қыңқылдаса кетпей ме мұнан маза, Жолдастығын сөйлесе, түбін қаза. Бұған қиып беретін түк бермедің, Бергеніңнің бəрі асыл, бəрі таза. Жанақ бере білмеді, ала білді, Құдай «ал» деп берген соң шебер тілді. Сонда-дағы түскем жоқ ел алдына, Əркімнен-ақ бұл Жанақ үзіп-жұлды. Жақсы десін, мейлі жаман десін, Жанақты бұл үш жүздің ұлы білді. Хан-қара мен сыйлады би-төресі, Болмаса сыйлар ма еді, сөзім бұлды. Қара шалым, жан едің тілің тəйтік, Ол да олжа, аман барсақ үйге қайтып. Енді менен дəметпе, қара шалым, Арызыңды жеткіздім төреге айтып. Азға – ырза, көпке – қанағат деп, Енді бекер не керек сөзді ұзатып. «Енді не сұрайсың?» – дегенде, айтқаны: Жанақ та ұялмастан сұрай берді, Алу үшін əр сөзді құрай берді. Белге кісе, басыма тымақ беріп, Үстіне ішік, астына бір ат берді. Жанақ Қамбартегі
Он жыл айтып біреуін алмайтынын, Үйіп-төгіп барлығын бір-ақ берді. Ала берді ұялмай, бере берді, Бере берсе, кім берді, төре берді. Алған сайын ашылып араным да, Үсті-үстіне өлең де өре берді. Қолға түспес асылды берді қиып, Астымды қабаттады, үстімді үйіп. Алғанымды жүрермін қайта құсып, Төренің қытығына алсам тиіп. Бір ұрты май болғанда, бір ұрты қан, Екі мінез адам ғой түсі суық. Ықыласыммен илаһи бата бердім, Дəрежең өз тұсыңнан болсын биік! Ызғарымен бірдей ғой күн шуағы, Беті қайтпай ерке өскен, сынбай сағы. Аруақ жар боп, əулие жəрдем болса, Күн санап аса берсін дəулет-бағы. Мерейі үстем болғай да, жүзі жарқын, Ол дүние, бұ дүние де екі жағы. Қаралыққа тəңірім тию салып, Илаһи, тартса, төрем, істің ағы. Мен түгіл, Қыдыр бата берсе-дағы, Абылайдың астыңа тимес тағы, – дегенде, «Жоқ, қорғанба, тағы да сұра?» – дегенде, «Аққұмай» деген төренің тазысын сұрағаны: Он бесімнен, Рүстем, айттым өлең, Жан жабығып, бұл күнде тозды денем. Жас күндегі балалық өз алдына, «Қартайған да бір бала болад» деген. Жанақ Қамбартегі
Қыран ем ойдан ұшқан құздағы аңға, Іркілмей өлең айттым қара-ханға. Өлмей тірі кім қалды, ойла, төрем, Бұл опасыз дүниеге келген жанда. Мен түгіл, жыр теңізі Бұқар да өткен, Өлмек үшін туғанбыз, оны да аңда. Қалауым көзге түссе, көрнекті емес, Деп жүрме «Жанақ шіркін алжыған ба?» Сұлтабай да берген жоқ, тақсыр, сіздей, Қозы Көрпеш – Баянды айтқызғанда. Сұңқар едім, бір күнде болат қияқ, Тұлпар едім, мұқалды құрыш тұяқ. Көзге түсер қалауым көрнекті емес, Бермей қалсаң, саған да, маған да ұят. Мұңдасатын таусылды тұстас тұрғым, Əзілдесер таусылды тату құрбым. Жан жабығып, тəн тозып қартайса да, Үйлеспей, басында жүр көңіл қырдың. Жəне-дағы азайды кірер үйім, Үйі өртеңгір, кəрілік тиді қиын. Арманым жоқ, аз емес, көпті көрдім, Қазақтың құрметі мен көрдім сыйын. Молдасындай бақсының оқшау тұрған, Бара алмаймын бас қосқан болса жиын. Өз көзіме өрескел көрінеді, Жас күнімде жарасқан сəнді киім. Бар қызықты кəрілік алды тонап, Бет-ауызды шиырлап салды жолақ. Ошарылып келді де жатып алды, Жанақ Қамбартегі
Күндіз болса түстеніп, түнде қонақ. Тіл икемі – тісті алып, көздің нұрын, Ебі кетіп еріннің болдым олақ. Жабығады жаман бай мал тайғанда, Қара өкінер тағынан хан тайғанда. Жан кеудеде тұрғанда əсіресе, Бір ермек керек екен қартайғанда. Аңға шықсаң алғашқы жауғанда қар, Алқызылдың алыстан айбары бар. Кəріліктің арнаулы сыбағасы, Онан артық дəл бізге не қызық бар? Шұбатылып қиынға тартса түлкі, Астыңда болса сонда жылпың жылқы. Бір бет мүлде кетпей ме қып-қызыл боп, Қатын-бала, ұмыт боп жиған мүлкі. Əне салып ауызын, міне салып, Дөңгелентіп түлкіні жүрсе шалып. Тоқалыңа жеңген жау қоразданып, Кешке жақын үйіңе келсең алып. Ит-дағы ит, итін сұрап «бер?» деген – ит, Сұрағанда, ол итті бермеген – ит. Аққұмайды сұрадым қалап, төрем, Басқаға ит болғанмен, маған сол сыйт, – дегенде, итін беріп, аттандырып жатып: «Жанағым, еліңе не деп барасың?» – депті. Сонда айтқаны: Ау, тақсыр, елге барсам, шынымды айтам, Көз көріп, ой жорыған сынымды айтам. Жанақ Қамбартегі
Жетіскен, жеткеніңді айта келіп, Балтамен шабатұғын мініңді айтам. Қыс болса, қадірі өтер өткен күздің, Атаңа беріп еді қазақ тізгін. «Ханнан қайыр, қарағайдан шайыр кетті», Қазақтан біржолата күдер үздім. Бұл күнде хан мен қара тең болған кез, Бағалы бағасыздан кем болған кез. Ғаламат аспандағы жерге түсіп, Ғажайып түсте көрген өң болған кез. Қайғы – теңіз, көз жасы – сел болған кез, Сөз байлаусыз, уағда – жел болған кез. Шалқыған шалқар көлің тандыр болып, Шалшық су текпіні жоқ көл болған кез. Асқар тауды бұлт басып, мұнар алып, Теріскей тебіні жоқ, бел болған кез. Ханнан қайрат, байынан қайыр кетіп, Телмірген, теңлігі жоқ ел болған кез. Қайғың – азық, ермегің – шер болған кез, Елмен араз кетуің бір болған кез. Шеп бұзып, ту құлатқан батыр құрып, Тебінгі сауған ұры ер болған кез. Хан – қақпа, халық – қазына, батыр – қорған, Молда – сүлік, əзелден елді сорған. Шешен – шеңбер болғанда, би – таразы, Əн – сəнің, күйші – көркің, ақын – жорғаң. Хан кеткен соң, халықтан қақпа ашылды, Қақпа ашылса, табанға хан басылды. Жанақ Қамбартегі
Батыр кетті – қорғаның құлағаны, Қақпасы жоқ, қорған жоқ ел шашылды. Жуан қамшы топ бастар көсем болды, Елірмелі, екі есті шешен болды. Биі кетті байлардың айтағында, Пəленді мұқатып бер десең болды. Ақындікі сандырақ сарын болды, Күйшінікі көмескі зарың болды. Əн сəнінен айырылып, күй көркінен, Ішкенің бойға жұқпай, зəрің болды. Сондықтан мақтауыма сыймайсың да, Өтірік айтып «мақта», – деп қинайсың ба? Аруақ қонып, жыл түнеген орын ед деп, Жамандауға тағы да қимайсың да. Алдыңда күткен күнің түсі суық, Бізді соған барады өмір қуып. Көріспесек, ал, төрем, қош аман бол! Көрсем деген үміттен қауіп жуық. Жанақ Қамбартегі
- * Тыналы Тышқанбайдан алдым жетім, Өкпеледім, Қопаның көрмен бетін. Малдыбайдан алғаным – маңқа жирен, Көкшетаудың сыртында жетім етін. Қорыс бір ат болғанда, Сапақ тоғыз, Ондай –мұндай тоғызды алған қобыз. Елінкенің шапанын сұрай беріп, Тəшкент көшіп келіп пе мұндар қобыз! Манан бір ат болғанда, Тотыр бір ат, Доспанбеттен алғаным – жалғыз сұр ат. «Алып алты, жеп жеті болмайды екен», Алды деген Жанаққа о да бір ат. А, жігіттер, жігіттер, дəт қылыңыз, Қылыш берген көк дөнен ат қылыңыз. Аңғал берген көк шекпен тым-ақ жаман, Жыртып-жыртып қозызға қап қылыңыз. Жанақ Қамбартегі
ЖАНАҚТЫҢ ТӨРЕЛЕРГЕ АЙТҚАНДАРЫНАН Абайділдə, келемін бес жыл жайлап, Бес жорғасын арыттым босқа байлап. Алып берген сұлуың өліп қалып, Бір жаманмен барамын бармақ шайнап. Жіп буындым беліме белбеусізден, Қалың беріп, қыз алдым көргенсізден. Көргенсіздің бір қызын аламын деп, Əділ басым жүдеді-ау тергеусізден. Абайділдə, сұлтаным, ақ дөңбексің, Əбілпейіз, Жəнібек, малға еңбексің. Жас күніңде Қашқынбай жақсыда едің, Əбілқайыр өлген соң төмендепсің. Абайділдə төреміз хан төре екен, Өз енесін өзі ұрған қар төре екен. Бұ дүниеде енесін ұрып салып, Ақыретке барғанда қайтеді екен?! Жанақ Қамбартегі
АЙТЫСТАР
ЖАНАҚ ПЕН ТҮБЕКТІҢ АЙТЫСЫ Жанақ: Мен үйімнен шығып ем Ертіс өрлеп, Үш жүздің ортасында өлең кернеп. Хан ием шақырғанға келіп едім, Екі неме қоймайды көлденеңдеп. Түбек: Шығып ең сен үйіңнен Ертіс өрлеп, Үш жүздің үш аулына «кедеймін» деп. Жанағым, жамбы түгіл боқты алмассың, Өлең айтып не етесің бекер терлеп? Жанақ: Біздерді «əу» дегеннен өлең басты, Өлең айтсам, аруақ сенен қашты. Сенімен он сегіз күн тартысармын, Он тоғыз күн дегенде, шыдамассың. Түбек: Кəрі құл, мен шыдармын, сен шыдамассың, Шыдамаған жігітті қара бассын. Ұстай алмай қаларсың етегімнен, Жамбыңды алдыңдағы ала қашсам. Жанақ: Құдай-ау, қайдан қалдым сөз ұғарға?! Ноғай кедей болмайды бөзі барда. Мен неге олжа алудан құр қалайын, Атамның мұнда отырған көзі барда? Түбек: Мынау орыс салыпты қырға бекет, Еліңіз бермейді екен қайыр-зекет. Жанақ Қамбартегі
Жас төлін сүтін емген біз алғанбыз, Тұғырдан түсіп қалған атаңды əкет. Жанақ: Ауылы Оспан ханның Борлыағашта, Атым Жанақ болған-ды Алты Алашқа. Оспан хан шақырған соң келіп едім, Қой, бала, меніменен тайталаспа. Түбек: Ауылы Оспан ханның Борлыағашта, Кедейлігің белгілі Алты Алашқа. Оспан ханның ақыны қалай екен, Тай күнінде атпенен тайталасты. Жанақ: Ауылың Сасықсудан көшкен екен, Ырысың, балам Найман, өскен екен. Төре-қараң жиылып, кеңес қылып, «Жанақты бір жеңейік», – дескен екен. Түбек: Ауылым Сасықсудан көшіп жүрген, Ырысым жылдан-жылға өсіп жүрген. «Қамбардың кедей шалы келе қалса, Бозбала – түк бермейік», – десіп жүрген. Жанақ: Əу, балам, сенің өзің қай Наймансың? Қонағасы беруге бай Наймансың. Арғынның айналасы – алты айлық жол, Кемдігіңді, балам Найман, ойлағайсың. Түбек: А, Жəке, біздің Найман бай Найман ба? Қонағасы беруге сай Найман ба? Жанақ Қамбартегі
«Жаман-жаман», – дейсің де, еш қоймайсың, Жаман болып, жасқанып, тайғандай ма? Жанақ: А, балам, Арғын қайда, Найман қайда? Арғындығым көрсетейін осындайда. Талқан боп Тарбағатай кетер еді, Арғын дендеп жайласа жазғы жайда. Түбек: А, Жəке, Арғын қайда, Найман қайда? Арғын болсаң, Қарқаралы, дуан қайда? Бас қылып Жамантай мен Құсбегіңді, Жақсыңды құлдай қамап жалғыз сайға. Жанақ: Деген соң атым – Жанақ, ақын Жанақ, Шалбарым бес теріден сеңсең балақ. Ашуыма көп тиме, балам Найман, Ашулансам, кетермін иттей талап. Түбек: Қу кедей – тентіреген Қамбар Жанақ, Қылғындырып, қыдыртқан мешкей тамақ. Ініңді сартқа саттың кедейліктен, Құлағымды кессең де, айтқаным-ақ. Жанақ: Қақ жарып көп жақсыны өлең айттым. Қобызым қолымдағы қоймай тарттым. Мақтанба, көрмегендей, балам Найман, Жүз жылқы ұрладың да, жүз қой тарттың. Түбек: Қақ жарып, көп жақсыма өлең айттың, Қу жарғақ қобызыңды қоймай тарттың. Жанақ Қамбартегі
Өзге байлық айтса да, сен айтпашы, Бай болсаң, неге ініңді сартқа саттың? Жанақ: Мен ағаң Арғын болғанда, балам – Найман, «Кедей Жанақ», – десең де, ар қылмаймын. Ашуыма көп тиме, Найман бала, Аузыңды қобызыммен қан қыламын. Түбек: Арғын болсаң, қайтейін, Наймандаймын, Куəм бар, қай сертіңнен тайғандаймын. Ұрының өзіне лайық сойылы бар, Домбыраммен қақ басқа қойғандаймын. Жанақ: Дін, иман – жетесі жоқ алтын қын, А, балам, жеңе алмасаң, саған бір сын. Өзім кедей болсам да, аймағым бай, Алдажұман жылқысы жиырма үш мың.... Түбек: Найманда бура мінді қалған қатын, Тоқсан санды айдаған Қамбар батыр. Жүз сандық Бексұлтанда жамбы жатыр, Алпыс атан түйеге əрең артар. Жанақ: Біздерді Қыдыр дарып, өлең басты, Өлең айтсақ, аруақ сенен қашты. Кесер бас, жүрер аяқ, малды айтсайшы, Ұрыдай не қылайын жатқан тасты? Түбек: Күмістен жамбы деген тасым еді, Əр тасым бес жүз сомнан асыл еді. Жанақ Қамбартегі
Елімнен келмей жатып жамбы сұрап, Ол тас емей, атаңның басы ма еді? Жанақ: Жанаққа ас бермейді, бас тартпаса, Көзімнен түк шықпайды, жас шықпаса. Берген малын мен қашан тастап кеттім? Еліңнің берері жоқ тастан басқа. Түбек: Елхан, Əпен жатыр Ертісті өрлеп, Сейілхан, Сəбен жатыр «келсең, кел» деп. Тоқтан, Көшек, Қамбарда тоқсан мың бар, Тоқсан атпен жияды көзі терлеп. Жанақ: Құрысбай, Сапақ, Бапақ, Азынабай-ды, Оны азсынсаң, қосақта Өтебайды. Қойкелді Ордабаймен бəсеке боп, Бас-басына тоқсан сан қой айдайды. Түбек: Біз келдік өңкей төре асқа саулап, Ішінде Иса, Əлі бар, омыраулап. Қу далада қутыңдап қақсағанша, Сəдат ханымға айтсаңшы көңлін аулап. Жанақ: Адырайып не дейсің, ойпырмай, сарт?! Найманның баласы, тізгінің тарт. Қалай айтсам, еркім бар, мен – Арғынмын, Қалмағыңның қатынына өзің-ақ айт. Түбек: Елінде төрең бар ма іске жарар? Сұрасаң, біздің төре ханға жарар. Жанақ Қамбартегі
Бұл сөзді неге айттың, кедей Жанақ? Төрелер ашуланса, басыңды алар. Жанақ: Қайтейін, ашуланса, ашулансын, Ашуланса, қаямды кесіп алсын. Зəуі сайтан, басымды кесе алмас, Өзі кедей Жанақтың несін алсын? Түбек қойқаңдайын деді. Сабырбай қоя берді: А, Түбек, деп отыр ем: «Сөйлемейін», Жанақтың толтыра алар кім көмейін? Ұшқындай ұшып шыққан бір-ақ қақпай, Кедейдің неге қойдың əлгідейін? Түбек: Сабеке, даусың қалай безектеген? Күң де күнін көреді тезек терген. Кедейді іштен шалып, қайқайтайық, Екеуміз екі жақтап кезекпенен. Жанақ: Ауылым – Он Қазылық, Үйтүндік-ті, Тоқсан бие сойдырып, жүз үй тікті. Қос ақын, бұлғақтай бер, ел сенікі, Жұрттан жалғыз жүргеннен соң, Қайғылы көкірегім, көңлім күпті. Екеуің екі жақтан буындырып, Сөйткенмен, алсаң жақсы сүріндіріп. Келген жерден сусыным бір қанбады, Қара кесек ет бердің тығылдырып. Түбек: Кедейге өлең бітіп, шыр бітпеген, Атасынан бері қарай жол күтпеген. Жанақ Қамбартегі
Тоғыз саба құйса да, тоймас кедей, Өмірінде борбайына шыр бітпеген. Жанақ: Түбек маған қылады омырауын, Найман итке тағады қоңырауын. Көрмегендей мақтанба, балам Түбек, Үзігіңді ұрайын, төрт-ақ бауың. Түбек: Айтамын өлеңімді жағым тынбай. Жеңбейсің, сірə, мені, Жанақ сұмырай. Сені де қалашылар мақтамайды, Үйіңнің тесігі бар сексен мыңдай. Жанақ: Байлыққа кім тұрған-ды одан озған? Қасында Байжан, Имақ қоса тұрған. Қорадан он төрт мың қой бірдей өрген, Аламан шеннен асқан Асан тұрған, Шапса, қылыш өтпейтін Мұсам тұрған, Маған неге сөйлейді осы антұрған? Найманның отырған ақсақалдары: «Арғын ағамыз ғой. Бөтеніміз емес. Біздің Найманды ат төбеліндей төре билейді. Бұра қара одақ билейді. Арғын арғындығын қылып, төре қараның жалғызына билетпей, Мұсаның дөкей ері болып тұрғаны рас. «Аталы сөзге арсыз таласады», – деген ғой. Біздің балалар, жүзі басқаны жеңсеңдер де болады», – депті. Жанақ Қамбартегі
ЖАНАҚТЫҢ ҚАРПЫҚ-МАМБЕТ КҮНІКЕ ҚЫЗБЕН АЙТЫСҚАНЫ Жанақ: Деген соң Қамбар елмін, Қамбар елмін, Қара өлеңге салғанда Дəкең менмін. Есіл менен Нұраны қаптай қонсам, Мəмбетшем, табылмассың, қара жынмын! Қыз: Қу Қамбар, Қуандық пен Сүйіндікпен, Үстіңе салсаң үйіп ауыр жүкпін. Еліңді бір шапқанда, екі шауып, Сөкең барса, шошқадай бірақ түрткен. Жанақ: Баласы бəйбішенің Қуандығың, Жиын-тойда қоймайсың жуандығың. Бір шапқанда елімді екі шапсаң, Қылған қайда, Күнікей, туғандығың?! Қыз: Ұры Қамбар, деген соң ұры Қамбар, Жан торсығың жаныңда ірі Қамбар. Жаз жайлаған жайлау іші, күз қоймайсың, Маған десең, тұқымың құры Қамбар. Күлік Жаңа батырдың алты ала бас түйесін Қара кесек, ханды қараша ұрлап бітім болмай, екі елдің арасы керіліп, Сүйіндік пен Қара кесек жауласып жүргенде, Жанақтың айтқаны: Тіленші мен Шоң едің мақтап жүрген, Бар өнерің осы ма сақтап жүрген. Бүйтіп жүріп екеуің қас боп кетсең, Бұратана-ақ, жеп кетер жақтап жүрген. Жанақ Қамбартегі
ЖАНАҚ ПЕН СƏДІР ҚАҚТЫҒЫСЫ Бəкі төре Жанақты ат мінгізіп, шапан кигізіп, жанына ертіп жүреді де, ыңғайына көнбеген соң: – Қыңыр, қыжыр екенсіңғ, жөніңді тап! – десе, – «Төрелігіңе ақындығымды айырбастай алмаймын, «Төреге ерген ер-тоқымын арқалайды» деп, аты мен киімін өзіне беріп, айдалада жаяулап қала береді де, жөніне кетеді. Төре артынан аты мен киімін апартып берсе, алмайды. Бəкі төре енді жанына Найман Сəдір ақынды ертеді. Бір заманда Бəкі мен Сəдір Жанақтың үйіне түседі. Жанақ ту ақ ешкіні бақыртпай сойып, түгел салып, төренің алдына тартады. Табақты көтеріп тұрып, бата тілейді. Төре басын көтеріп, қолын жая беріп, ешкінің басын көріп, қисайып жата кетеді де: – Ал, Сəдір, Жанақтың екіншісінің басына бата қыл, – дейді (Бəкі төре ешкі етін жемейді екен). Сəдір қолын жайып былай дейді: Соятын қонағыңа қойың жоқ па? Əлі тоймай отырсың дүние боққа. Мал деген адамзатқа қатты дұшпан, Ақыр иесін салады жанған отқа. Естіген жоқ па еді Қарынбайды, Мал берген ұмытып еді бір Құдайды. Қораңда қойың тұрып, ешкі сойдың, Пиғылың Қарынбайға дəл ұқсайды. Сонда Жанақ табақты көтеріп тұрып, былай дейді: Уа, тоқты менен ешкінің қаны бірдей, Жаман менен жақсының жаны бірдей. Ел ақтаған есерсоқ, делбе ақын, Бет алдына сөйлейсің мұны білмей. Жанақ Қамбартегі
Қонаққа мал соям ба, сараң болсам, Құдай Жанақ қыла ма жаман болсам. Сатпай деген бір бай əні, сараң, Енегімді жер едің соған қонсаң. Кеңірдектеп отырмас па ең, «Ешкі еті» деп қомсынбай, майға тойсаң. Өз етім өзіме олжа, жемей-ақ қой, Өңешінен еті өтпес ешкі сойсам, – деп, табақты ала жөнелгенде, төрені қошаметтеген ауыл адамдары: – Мына жанды бақсының отына жылынармыз, – деп тұра жөнелгенде, төре: – Тоқта, Жанақ, сен жеңдің, Сəдір сен жеңілдің, істің ағы жеңді, сөздің шыны жеңді, «ешкі мен тоқтының қаны бірдей» деді, «жақсы мен жаманның жаны бірдей» деді, ешкі етін жемеген кінə менде, басқа бата қыламын, менен өзгелері жесін, «тойған да бірдей, татқан да бірдей», – деп құйқадан бір татып, жата кетті. Жұрт етті не жерін, не жемесін білмей отырғанда, Жанақ мынаны айтады: Баласы Санияздың атың Қамбар, Сəуірдің бұлтындай мінезің бар. Кедей ақын сыйларын менсінбейтін, Тəкаппар қып жаратты сені жаппар. Атың төре дегенмен асылың кем, Жарлы байға əрқашан болмай ма жем?! Төре деген атақты демесеңіз, Сипатыма қарасаң, қай жерім кем? «Сый сыйға, сыраға бал» деген сөз бар, Қисайып, болмаған сен, тəкаппар! Қолым қысқа болғанмен, көңілім ақ, Отырған мына бізді халық сынар. Жанақ Қамбартегі
Жұрт қадірлейді аруақтың аты үшін, Əйтпесе, Құдай сүйер қай мінезің бар?! Бүгін төре болғанмен ертең мəсен, Халайық, не де болса бір сыналар. Хан-төре, бек пен билер ақын ертер, «Кет!» деген кекті сөзің жанымды өртер. Сол сөзіңнің есесін бүгін алдым, Бір түнге аш жатқанға неңіз кетер. Таң атса түстікке тай соямын, Қисаймай, əділ төрем, басың көтер! – депті. Сонда Бəкі: – Уа, солай екен ғой, томырақ, топас сөзіме, Жанақ, ат-шапан! – депті де, – ал, əлеумет, асты суытпаңдар, – депті. Отырған жұрт: – Бұлай айтпаса, мұндай іс қылмаса, Жанақ болып туа ма? – деп, етті бас салыпты. Таң атқан соң, бір семіз тай сойып, төрені риза қып аттандырыпты. Жанақ Қамбартегі
Абыл Тілеуұлы (1777-1864)
ӨЛЕҢДЕР
АРҒЫМАҚ АТТА СЫН БОЛМАС Арғымақ атта сын болмас, Қиған қамыс құлақсыз. Азаматта сын болмас, Арты болса тұяқсыз. Айдын көлде сын болмас, Жағасы болса құрақсыз. Асқар тауда сын болмас, Бауыры болса бұлақсыз. Ақ киікте сын болмас, Арты болса лақсыз. Жеті арнада сын болмас, Аяғы болса тұрақсыз. Абыл Тілеуұлы
ҚАР ЖАУАР КҮН-ТҮН ОНЫҢ ҚАБАҒЫНАН Қар жауар күн-түн оның қабағынан, Жалбырар байтабасы балағынан. Көк шұнақ лағы өлсе көгенінен, Сол күні ас өтпейді тамағынан Тоқты өлсе қыңыр төбел көгенінен Ойлайды азаяр деп жегенінен, Ол жігіт отын алар, ошақ қазар, Шықпайды қатынының дегенінен. Ол жігіт отын алар, ошақ қазар, Отырып от басында болар мазар. Сөйлесіп азаматпен ақыл қоспас, Сөйлесіп қатынымен дертін жазар. Абыл Тілеуұлы
ЕСТІРТУ Адайдың Тілеумағанбет деген бір азаматы өлгенде, əкесі Бектұрлы ауылда жоқ екен. Абыл Бектұрлының алдынан шығып, ұлының қазасын толғаумен естіртіпті: Асқар, асқар, асқар тау, Асқар таудың басына Балапан ұшып шыға алмас. Сұңқардан қыран құс болмас, Соқтасы қатпай аң алмас. Айдын, айдын, айдын көл, Асарлап төксең, суалмас. Қабырғасы қатқан кəрі боз Қаржалған күні жүгіре алмас. Алғыншы2 алсаң, аруды ал, Артыңда жылап қалса, кім алмас. Желбезекке жебе дарыса, Өрге балық жүзе алмас. Əркімдер жеткіншектен айрылса, Жер таянбай тұра алмас. Жез қанаты қайрылса, Лашын тырна іле алмас. Ер жолынан адасса, Не боларын біле алмас, Біле алмаспен тұра алмас, Тең құрбының ішінде Қасқая күліп жүре алмас. Таудағы тарлан қарт марал Таямын деп қайғы етсе, Табандап басар қиядан. Екі даугер келгенде, Төресін əділ береді 2 Алғыншы – алғаш, əуелгі Абыл Тілеуұлы
Ақылға кəміл би адам. Əспенттен биік қарағай, Қарағай басын жел соқса, Қаршыға құс қайғы етер Балапаным өлер деп Мамығын төккен ұядан. Қалыңда жүрген қасқалдақ Қара құсқа жем болар, Өртенсе көлдің қоғасы. Қайраңда жатқан нəн балық Шағала құсқа жем болар, Су алса көлдің сағасы. Арғымаққа тартқан ығыршық Арқасына бекімес, Үзілсе айыл тоғасы. Атадан қалған ақ сауыт, Шығыршығы шірісе, Жегдедей3 болмас панасы. Аруана түйе күңіренер, Бауырынан өлсе баласы. Ай тұтылды ұлысынан, Күн тұтылды шығысынан. Емен сапты болат найза Сынды дейді ұңғысынан. Тау құлады шынарынан, Айырылып, шықты көзің, шырағыңнан, Айрылдың Жиреншедей ділмарыңнан. Көрсең – көзіңнің раушаны, Көңіліңнің күш-қуаты, Жүрегіңнің ол дидары, Көзіңнің ол жанары, Айрылдың əспеттеген перзентіңнен. 3 Жегде – жейде Абыл Тілеуұлы
ОРҒИ-ОРҒИ ЖҮГІРГЕН Тілеумағанбет өлгенде, əкесі Бектұрлыға тұспалдап айтқанына түсіне қоймағасын, Абыл осылай айтуға мəжбүр болыпты: Орғи-орғи жүгірген Ор қояннан жүйрік жоқ. Сəті түсіп кездессе, Ұстайын десең, құйрық доқ. Өлшеулі күні біткен соң, Ажал келді, тиді оқ. Пешенттеп жазған ақ қағаз Енді оқуға бұйрық жоқ. Абыл Тілеуұлы
ТІЛЕУМАҒАНБЕТПЕН ҚОШТАСУЫ Тілеумағанбет Абыл ақынмен əрі ағайын, əрі қадірлес адам екен. Тілеумағанбет өліп, соған там тұрғызып жатырған кезде, Абыл келеді. Ескерткіш біткесін, дұға оқып, қимас ағайынымен қайғыра қоштасыпты: Жарылар – сегіз арыс ауылың қалды, Құдайберген, Майлан, Шотан бауырың қалды. Шығарған төрт шаңырағың, Тастемір қалың қара сауырың қалды. Абыл Тілеуұлы
ТОЙБАСТАР Əліпте жиырма тоғыз бірі – мим, Білгенге өлең деген емес қиын. Алқада қызыл тілді сайратайын, Əлеумет, күнде болмас мұндай жиын. Жарқыным, айттым өлең жиыныңда-ай, Өлеңім тал құрықтың қиынындай. Жел сөзді Тəңір берген не қылайын, Өзгедей отыра алман тыйылып-ай. Əркімнен пелде-пелде өтер заман, Жүргенде жанұяда есен-аман, Тойыңды біз басталық, риза бол, Іркіліп, айта алмайды кейбір жаман. Өлеңім айтсам тəтті шекер балдай, Дем берсе, тіл мүдірмес, Жаббар Алла-ай. Қарасам бедеріңе, əдемі екен, Ен нудан кесіп алған құба талдай. Қай жалған мына жалған, дүние жалған, Дүниеден мынау пəни кімдер қалған?! Сəтіне сəрсенбінің той жасапсың, Тілекті қабыл еткей Жаббар Аллаң. Дүние диірменнің бұрғысындай, Барасыз сіз бір елге жыл құсындай. Көркіңе көрген адам тояттаған, Басыңның естуші едім бұлдысын-ай. Бəрін де білуші едім əр нұсқаның, Сыртыңнан сөз айтпаған дос, дұшпаның. Салғанда таразыға тең құрбыңнан, Артық-ты өзге қыздан қырық мысқалың. Абыл Тілеуұлы
Жылжыған көзді судың ағынындай, Боз бұлттың жерге түскен сағымындай, Отырсыз сіз бір елге ниет етіп, Жас дəурен, шолақ болдың неғылып-ай?! Жалт етіп көрінгендей алтын сырғаң, Дүние қызыл түлкі асқан қырдан. Жалғанның жылыстаған жылы4 сондай, Əлеумет, аз да болса, болың риза. 4 Жылы – түрі. Абыл Тілеуұлы
ҮШ АҚЫННЫҢ ӨЗДЕРІН ТАНЫСТЫРУЫ Бірде Абыл, Есенбақ, Шернияз үшеуі болыс, байлармен сапарлас болады. «Халыққа ақын, жыршы қадірлі ме, би, болыс-хəкім қадірлі ме?» деген араларында пікір таласы туады. Халық кімді құрметтейтінін көреміз деп, болыстар қойшылар ауылына, ақындар қозышы ауылға түседі. Киімдері де жұпыны, арық атты үш ақынды сойып тастары жоқ қозышы ауылы шəйімен ғана қонақ етеді. Асылған қазан көрінбейді. Шонжарлардың табасына қалмау үшін, ақындар өздерін бір ауыз өлеңмен таныстырып, мəн-жайды баян етеді. Шернияз: Жарылғас – əкем аты, шешем – Тойлан, Есенбақ: Жоқ па екен сыңар қозы егіз қойдан? Абыл: Шернияз, Есенбақ пен Абыл ақын, Болыс, би табаласа, неғыласың, Қайнаса, сенің сорың қайнап жатыр, Ана ауыл қонағына қойын сойған. Осыдан бастап өлең, жыр толастамай, қозышы ауыл ақындарды екі күн жібермей қонақтап, жыр айтқызған екен. Абыл аттанарда: – Болыс, байлар ас ішіп, аяқ босатқандарына мақтанса, ақындар халыққа алтын сөзімен қадірлі екен деп ана ауылдағы əкімдерге айта барыңдар, – депті. Абыл Тілеуұлы
ОТЫРҒАН ҚАРСЫ АЛДЫМДА ҚАНЫМ-АЙЫМ Абылдың əйелінің аты Қаным екен. Оны ағайындары босаңдау, ұқыпсыздау деп, Абылға тең көрмей, өзге əйел алып бермек болып, ақынға келеді. Сонда Абыл айтыпты: Отырған қарсы алдымда Қаным-айым, Алдымда – ас, үстімде – киім, бəрі дайын. Арыстан, Артығалыдай ұл туғасын, Қырмызы, Қытайыдай қыз туғасын, Ол барда хор қызын да танымаймын, Басқаны ал десең де мен алмаймын. Абыл Тілеуұлы
ШЕРНИЯЗҒА АЙТҚАНЫ Абыл кете Шернияз ақынның ауылына келеді. Шернияз атақты ақынға сөз айтуға жүрексінеді де, Абылдың ақындық дарынын байқамақ болып, жеңгесіне бір ауыз өлең үйретіп, өзі бой тасалайды. Ат туар айғыр салса асыл тектен, Бай, батыр, ақын, жыршы – бəрі де өктем. Құрмаға мырза, шора жиналса да, Айтайын шындық сырын бұрын өткен. Нəсілін атаңыздың білемісіз, Шығыпты Адай ағам қыздан еппен, – дейді. Сонда Абыл: Ат туар айғыр салса асыл тектен, Бай, батыр, ақын, жыршы – бəрі де өктем. Құрмаға мырза, шора жиналса да, Айтыңыз шындық болса бұрын өткен. Біреудің жаттамалы сөзін айтып, Япырым-ай, мұнша неғып есің кеткен? Бұл сөзді бір-екі ауыз кім үйреткен, Шернияз соны үйреткен қайда кеткен? – деп, сөздің төркіні Шернияздан келгендігін бірден сезіпті. Сол кезде Шернияз шыға келіп, сəлем береді де, Абылды арашалаған болып былай дейді: Ат туар айғыр салса асыл тектен, Асауды үйретеді күші жеткен. Айғыр салмай үйірге Адай ағам, Қыздан туа салыпты жеңгесі еткен. Қайдан білсін Абекең кім екенін, Тұқым шашып ананың өңіріне, Құмартып өніміне егін еккен. Абыл Тілеуұлы
Шернияз екі сөзінде де Адай некесіз қыздан туыпты дейтін аңызды тілге тиек етіп, Абылды қағыта өтеді. Оны сезген Абыл: Өзгеге тартқан жерім жоқ, Қушық маңдай, шекесіз, Өзіңмен өзім тең болсам, Атамды сұрап не етесіз?! Заманында өзі болған жігіттің Жеті атасын сұраған жетесіз, – депті. Абыл талантына риза болған Шернияз аға ақынмен бірге ел аралап, одан өнеге алыпты. Абыл Тілеуұлы
АБЫЛ МЕН ОРАҚТЫҢ ҚЫЗБЕН СӨЗ ҚАҒЫСТЫРУЫ Орақ ақын мен Абыл ақын хан-сұлтанға тілі тиіп, қуғын көріп, сол сапардан азып-тозып келе жатып, Орта жүз жерінде бір ақбоз үйге кезігеді. Үйде домбыра тартып отырған қыз бұлардың ұсқынын көріп, əрі сескене, əрі кекете өлең айтады: ...Өлеңге сен де дүмді, мен де дүмді, Айтысса екі дүмді, қазар мінді. Жүлдені шаппай алған жүйрік едім, Талайдың айтысам деп сағы сынды. Сіздерді бұрын-соңды көргенім жоқ, Жол болсын, жолаушылар тағы сынды. Сонда Орақ айтады: ...Өлеңге сен де дүмді, мен де дүмді, Қағысса екі дүмді табар мінді, Отырған ақбоз үйде қарындасым, Бермесін бізге берген саған күнді. Шөлдеген жолаушыға сусын бермей, Салқам қыз салған жерден неге күлді? Шалдырмас шаппай бердің өзі болсаң, Жайланып, сөйлесейік келер күнді. Орақтың орайлы да тегеурінді жауабынан кейін қыз сөз жарыстырмай, сабыр етеді. Сонда Абыл екі жастың түсінісе бастағанын сезіп, сөзбен сипай өтеді: Екеуіңіз үйдестіңіз, бүйдестіңіз, Сыпайы сыр айтысып сөйлестіңіз. Адамның аңырғаны – жусағаны, Манағы келер күнді не дестіңіз? Абыл Тілеуұлы
СҮЙЕКЕМ САПАР ШЕКТІ СЕКСЕН БЕСТЕ (Батыр, би Сүйінқара Үргешбайұлы өлгенде айтқаны) Нағашың Ер Табынай – Аққұл, Айбас, Қайының – Байбақты батыр Шолан тапа тайлас. Ақылыңа өр мінез ерлігің сай, Көрген жан бір өзіңе кінə қоймас. Сен барда сүйеулі еді арқам жарға-ай, Қатепті қайыспайтын қара нардай, Адайда бір жан едің ар қуардай. Аузына байтақ жұрты анталаған, Сүйекем сөйлер еді-ау қарқуардай. Сүйекем сапар шекті сексен бесте, Сейсемде қалды жатып Аютөсте. Қорлыққа көнбен деген бір пенде еді, Ажалға о да көнді – салған іске. Абыл Тілеуұлы
ҚҰЛБАРАҚ БАТЫРҒА Аржағың ер Есболай, Итемгеннен, Келеді айқын жүйрік ит өлгеннен. Қайтпады қайран ерлер қауымына, Ажалға өзі барып сүйкенгеннен. Құлбарақ туып еді Табылдыдан, Жау көрсе, жаман қашар жабындыға. Барды да, батыр жауда қапыда өлді, Тиді де ажал оғы қағындыдан. Абыл Тілеуұлы
АБЫЛ МЕН БАЛДАЙ ҚЫЗ Абыл айтысқандарын шөптей түсіріп жүрсе де, Балдай дейтін қызды жеңе алмапты. Оның мінін іздеген ақын: «Осы қыздың көңіл жақын адамы бар ма?» – деп қыз ауылындағы жігіттерден сұрайды. Жігіттер Қабылдың Тіленшісі дегенді атайды. Абыл соны тілге тиек етіпті: Отырған қарсы алдымда Балдайымыз, Бал татыр жесе секер таңдайыңыз. Сендерді жақын-жақын дей береді, Қабылдың Тіленшісі қандайыңыз? Балдай: Жаз болса – ауылдасым, сусындасым, Қыс болса – қораласым, қызылдасым. Қабылдың Тіленшісін бізге қосып, Басыңыз, Абыл-еке, ауырмасын, – деп жеңіп кетеді. Абыл Тілеуұлы
*** Балдай қызды Абыл күйеуге ұзатылғаннан кейін де іздеп барып, талай айтысып, жеңіледі. Енді бірде Абыл Балдайдың күйеуінің көзінің мінін біліп, соны ілік етеді. Абыл: Ақ Балдай, отырмысың ісіңді істеп, Кісіге «сөйлес» деген «үйге түс» деп. Қолыңа қонған құсың құтты болсын, Болыпты көзі тыртық, түлкі тістеп. Жарасар салсаң тоқым қара көкке, Құсыңыз қыран ба екен, салшы жеке, Құсыңның оң көзінің жиегі жоқ, Алмасақ жиектетіп Сегізекке. Күйеуінің мініне қорынған Балдай сөз қайтара алмапты. Абыл Тілеуұлы
ЕКІ АҚТАН КІМ ТУАДЫ Бірде сөз қағыстырып отырып Балдай қыз Абылға сұрақ қояды: Екі қарадан сұр туады, Екі сарыдан сұм туады, Бір ақ, бір қарадан нұр туады, Екі ақтан кім туады? Сонда Абыл ойланбастан: Екі ақтан шамдай туады, Суырылған таңдай туады. Көзді ұялтып, жанды мүжіп, Ай жүзді Балдай туады, – дегенде, Балдай сұлу үнсіз күле беріпті. Шынында да, Балдайдың əке-шешесі аққұба, ажарлы адамдар екен. Абыл Тілеуұлы
БАСЫНДА МИУА АҒАШТЫҢ САЙРАР БҰЛБҰЛ Қайыпалды егдерген шағында жас əйел алады. Тойға кезіккен Абылға Қайыпалды: – Замандас, келіншегім көңілсіз отыр, осыған арнап сөз айтып жібер, – дейді. Сонда Абыл айтыпты: Басында миуа ағаштың сайрар бұлбұл, Жігіттік – өтер, кетер бір қызыл гүл. Қусаң да қос ат алып бір шалдырмас, Қамшылап, Əбу, жылан мінсең дүлдүл. Қусаң да қос ат алып бір шалдырмас, Алтайы беріктен қашқан итке алдырмас. Ау, тақсыр, алған жарың жақсы болса, Көңіліңді дүниеде бір қалдырмас. Алғаның жаман болса, басың күтпес, Кей пенде, Тəңір салса, тастап кетпес. Жігіттер, болсаң тату, жақсымен бол, Дүниенің асылындай баға жетпес. Ел болмас мақтаса да кісі еліндей, Жіп тұсау – жаман жолдас – кісеніңдей. Қанша жақсы десең де соңғы жолдас, Бола алмайды əуелгінің мүшеліндей. Ханымды сен айтасың келіншек деп, Ханды ханым айтпағай еріншек деп. Тіліңді халқың алса да, қатының алмас, Бұзаудай ноқта тартқан шегіншектеп. Абыл Тілеуұлы
БАЙМАҒАМБЕТКЕ АЙТҚАНЫ Бірде Баймағамбет сұлтан ауырып жатып, Абылды алдырады. – Сен хан, сұлтанды қаралап өлең шығарады дейді. Мықты болсаң, бұлтармай, маған өлең шығаршы, жақсыласаң – жарылқаймын, өле кетсем – өшпес сөз болсын, – дейді. Сонда Абыл былай депті: Бопайдан туған əкең Айшуақ хан, Табаның таймай тұр-ау мінген тақтан. Дəлірген дажал сынды дəрежеңді Деп жүрсің Құдай қорып, Қыдыр баққан. Толы ел – толықсыған көлін тастап, Қаңғырған Қайыпалды Тəңір қаққан. Ер өлді деп етек бұлап жылайтұғын, Байеке-ау, қай ісің бар елге жаққан?! Бұдан кейін Баймағамбет жəне басқа ел əкімдері Абылды ханға халықты қарсы қоюшы деп біраз қуғындапты. Абыл Тілеуұлы
ҚАЙЫПАЛДЫҒА АЙТҚАНЫ Қайыпалды бірде Абылға кездесіп: – Мен туралы сыртымнан сөз айтатын көрінесің, көзімше айт, – депті. Сонда Абыл тайсалмастан балай дейді: Қызыл тіл Жиреншедей тілім, тақсыр, Қызыл тіл – өнер алды, білім, тақсыр. Баймағамбет өзіңнен артты десе, Ұстайды сонда сенің жының, тақсыр. Қолдаған сол сұлтанды губернатор, Өзгеден артық па еді дінің, тақсыр. Хиуаның қонышына кіріп кеттің, Бір уыс болмаса игі ед күнің, тақсыр?! Қайыпалды мені тілдедің деп, Хиуа үкіметінің салған салығына қоса Адай руына 60 атан айып тартқызамын депті. Себебі Хиуа үкіметінің салық жинаушы əкімдерінің бірі Қайыпалды болған. Халық оны хан деп ұққан. Абыл алпыс үйден алпыс адам ертіп, Қайыпалдыға қайта барыпты. Өзі былай депті: Заманақайым болар жер зыңыранса, Тау құлап, тас қаңбақтай жұмаласа. Алдыңа алпыс Адай келіп тұрмыз, Келе ме ханнан қорқып, қорғаласа?! Арғы атаң – хан Нұралы, əкең – Есім, Кетірдің бұйқыт елдің берекесін. Құландай қырда өскен Адай едік, Адайға салық деген салдың кесім. Адайдың салық салдың мойынына, Шыдамай Адай сенің ойыныңа, Алпысы адуынды атқа мініп, Абыл Тілеуұлы
Жармасты жарақтанып сойылына. Оу, тақсыр, тура қарап, дұрысыңды айт, Абылға алпыс атан салдым деген Əзілің əнеукүнгі қойылды ма? Жасанып келген жігіттерді көріп, Абылдың сөзінен сескеніп, Қайыпалды: – Адаймен əзілдесер жəйім бар еді, жорта айтып едім, – деп құтылыпты. Абыл Тілеуұлы
АҚСҰҢҚАР СЫНДЫ ШАЛҒЫН ҚАУЫРСЫННАН Абыл Баймағамбетті де əшкерелейтін сөз айтып, ел əкімдерінен біраз қуғын көреді. Сол кезде Қайыпалды тағы кездесіпті. Қасында Хиуа нөкерлері бар екен. – Сен мені тілдеуді əлі қоймапсың, күнəңді талай кешіріп едім, сен уəдеңде тұрмадың, уəде жұтқан ұрымен тең, Хиуаға апарып, дар ағашына байлатамын, – десе керек. Сонда Абыл Қайыпалдыға тағы да өлеңмен жауап беріпті: Ақ сұңқар сынды шалғын қауырсыннан, Тырна ілер қара лашын баулысынан. Шақырса тауда тарлан таң сəріден, Еділде бұғады үйрек дабысынан. Қатарда нар сүрінсе, халқы сүйер, Болса да қандай жазаң, ауырсынбан. Жүр едім, тақсыр, сені дара біліп, Халыққа жазықсыздан салдың бүлік. Бұланның бүйірінен жебе тисе, Бұл оны қайғырмайды жара біліп. Əкең Есім, арғы атаң хан Нұралы, Нұралы таққа мініп хан тұрғанда, Алаштың болған емес бір мұрады. Алашты тарықтырды Нұралы хан, Хан болды аз ғана жыл Есім сұлтан, Хиуадан Нұралыны хан көтерді Бес баулы Есенұлы, он Сейілхан. Жүк қалмас артсаң ауыр қара нарға, «Ұрының» бұл күндері құны бар ма? Өлеңім қартайған сон қалжыраңқы, Сөзімнің сына, тақсыр, міні бар ма?! Абыл Тілеуұлы
Сайраған бұлбұл құстың бұлы бар ма?! Арыса, арғымақтың сыны бар ма?! Сөйлейін, сөйле десең, сөзге жетік, Тіл мүлтік, қарлыққаннан тісім кетік. Бастаған жас кезімнен өнерім ед, Отырмын бұл күндері жасым жетіп. Дүниеде дертті кісі ойнап-күлмес, Ел білер қадіріңді, сұлтан білмес. Кірпігі арғымақтың кіржік тартса, Жабыдай ол жазылып көтерілмес. Баласы шаруаның егін екпес, Жер жыртып, өгіз айдап, арба жекпес. Шалғысы лашынның шалғырт тартса, Ілер деп қаз баласы қайғы шекпес. Асуды арманым көп сүрдім, тақсыр, Құржыңдап құр көкірек жүрмін, тақсыр, Атадан қалған мұра таққа отыру Жойылмай, түзелмесін білдім, тақсыр. Жетпістен аяқ басам жетпіс бірге, Теңелді көңілім енді қара жерге. Қадірін қартайғанның хан білмеді, Айдады арба салып өгіздерше. Абыл Тілеуұлы
СУШЫ ҚЫЗБЕН СӨЗ ЖАРЫСТЫРУЫ Абыл ақкөңіл, əзілқой адам екен. Қарт кезі болса керек. Су алып келе жатқан бір топ қызға қарап былай депті: Арқаның атып алдым ақша қуын, Қамысы Атыраудың буын-буын. Қолында темір шелек, таси-таси Барады қыздар құртып көлдің суын. Үлкен қыздар иба сақтапты да, кіші қыз жауап беріпті: Қызады-ай бұқа – буға, тентек – дуға, Қайғысыз семіреді қара суға. Атаның сатып алған құлы ма едің, Болар ма жігіт итаршы қара суға. Абыл Тілеуұлы
БІРЕУ БАР... Біреу бар жоқшылықтан өле алмайды, Біреу бар аяқ басып жүре алмайды. Біреу бар буаз аққу сияқтанып, Назданып аяқ-басын бүге алмайды. Сұлу бар бидай өңді, кылымсыған, Еркелеп, сөйлей алмай, ыңырсыған. Арадан айлар өтіп көргеніңде, Дəт көңіл шыдай алмай, тыпыршыған. Ақ маңдай, ителгі көз, алма мойын, Қанды бет, жазық маңдай, ыссы қойын, Алыстан ат арытып келгеніңде, Балқиды қорғасындай тұла бойың. Абыл Тілеуұлы
БИЛЕР МЕН БЕКТЕРГЕ АЙТҚАНЫ Абыл бірде билер мен бектердің алқасына кездеседі. Олар ақыннан өсиет, насихат өлең сұрайды. Сонда Абыл айтыпты: Өлеңім сұр жорға аттың сүргініндей, Қаңтардың қар бораған үргініндей. Жаманмен мың күн жолдас болсаң-дағы, Жақсының болмайды екен бір күніндей. Өмірің бір жаманмен өтсе болмас, Өксітіп ерден дəулет кетсе болмас. Ағайын сыйласпаса, тіріде оңбас, Үдере бірге көшіп, бірге қонбас. Онда – ойын, жиырма бесте желсің, бегілер, Отызда ой тоқтатқан сенсің, бегілер, Қырықта қыр басына шыққан, бегілер, Елуде еңкеу тартпай ма, білсең, бегілер. Албөрі алпысында толған, бегілер, Желкектей жетпіс жаста солған, бегілер, Базарда басы шыққан боз жорғадай Сексенде селкілейді басың, бегілер. Тоқсанға рə жетсе жасың, бегілер, Кіртиер кірпігің мен қасың, бегілер, Қайтарсың жүз жасыңда райыңнан, Жас кезгі даңқың қалмайды сол ойыңнан. Абыл Тілеуұлы
БАТЫРЛАРДЫ ЖОҚТАУЫ 1832-жылы Хиуа нөкерлері Сүйінқара ауылдарын шауып, Маңғыстау елдерін тонап, малдарын айдап кеткен. Соңынан қуып жеткен батырлар қаптаған жауға төтеп бере алмай, шайқас даласында қаза болады. Сонда Абыл айтқан екен: Мырзатай өлерінде налып өлді, Қылышын қия жауға салып өлді. Өлсе де Мырзатайдың арманы жоқ, Жастығын өлерінде алып өлді. Мырзатай өлерінде өрлеп өлді, Қылышын ит дұшпанға сермеп өлді. Мырзатай кім-кімнен де батыр еді, Тіріде жауға намыс бермеп еді. Бұл жаудан жақсы да өлді, жаман да өлді, Мырзатай, Дулатұлы Қабан да өлді. Тигесін ажал оғы, амал бар ма, Маңдайын еш аудармай, табанда өлді. Жау шапты, көрген жан көп көзіменен, Ер өлді Бүркітəлі, Кежіменен. Біз пенде алай-былай десек-дағы, Алладан ажал жетті кезіменен. Көп Адай жауға аттанды білісімен, Жанақтан Жанкел өлді інісімен... Абыл Тілеуұлы
АРАБ ƏЛІППЕСІ Əріпте жиырма тоғыз келеді Əліп Атасы Əзірет-Əлі Əбутəліп. Жан беріп, күнəһарды тірілтіп ап, Тарттырар көр азабын отқа салып. Əріпте жиырма тоғыз келеді Би Көреді иманды құл Алладан сый. Қылығы бұл дүниеде жақындардың Сайланар сегіз жұмақ ішінен үй. Əріпте жиырма тоғыз келеді Ти Көңілді беріп Хаққа, нəпсіңді тый. Құдайдан шыныменен қорықсаңыз Таста да харам нəпсі, адалдан жый. Əріпте жиырма тоғыз келеді Си Пəк тұтып киіміңді тазадан ки. Алланың ақ бұйрығы келген күні Еркіңмен мойыныңды ұсын, жаныңды қый. Əріпте жиырма тоғыз келеді Ки Озады ошағына тер төккен үй. Ас ішсең бір қазаннан бір қауым жан, Меймансың, бір-біріңе көрсетші сый. Əріпте жиырма тоғыз келеді Жұм Малынан зекет бермес кей жаман сұм. Зекетін көзін қиып бермегенмен, Өлгенде көзіне толар топырақ құм. Əріпте жиырма тоғыз келеді Һай Жаманға жанап кетсең салар айқай. Шайтанның мейманасы тасымасын – Жақсыны хан көтерші даңқына сай. Абыл Тілеуұлы
Əріпте жиырма тоғыз келеді Дал Ғалымға көпті білген құлағың сал. Тоқысаң ғалым сөзін бойға жиып, Ақылдан жұтамайтын құрадың мал. Əріпте жиырма тоғыз келеді Зал Иеңді жан бітірген жадыңа ал. Шыбының тастап сені кеткен шақта Қалмайды ара тұрып жинаған мал. Əріпте жиырма тоғыз келеді Шын Пендеге махшар күні болады сын. Қарындас, ораза ұста, намаз оқы, Жаныңның тазалығы – дінің үшін. Əріпте жиырма тоғыз келеді Ре Жүреді желеп-жебеп ердің пірі. Тірлікте Алла деген ақ пенденің Жанында өлген күні қалмас кірі. Əріпте жиырма тоғыз келеді Зе Мұсылман, көңіл тазарт, дінің түзе. Періште махшар күні жауап алар, Жасаған, жаңсақ кетсем, жөнім түзе. Əріпте жиырма тоғыз келеді Тай Сүйектен өлсең кетер ет пенен май. Жаныңа періштелер ие болар, Күнəсін бар мұсылман кешір, Құдай. Əріпте жиырма тоғыз келеді Зай Көрінде иманды жатады жай. Қылығы бұл дүниеде жаққан құлдың Жаны да о дүниеде иманға бай. Абыл Тілеуұлы
Əріпте жиырма тоғыз келеді Сат Адамға өлсе дайын болады зат. Жақсылық, жамандықтың арасында Періште екі иінде жазады хат. Əріпте жиырма тоғыз келеді Зат Кебіні нəрестенің жалаңқабат. Тақылдап тілін безеп жүргендерден Сұрасаң бере алмайды дұрыс жауап. Əріпте жиырма тоғыз келеді Айын Сыйламас жаман қатын келген байын. Абалап ел көзінше шаптығады Өлтіріп мың сан рет өлген сайын. Əріпте жиырма тоғыз келеді Ғайын Һұр қызы имандыға болар дайын. Əйелге бұл дүниеде ерін күткен Төрінен сегіз жұмақ қылар жайын. Əріпте жиырма тоғыз келеді Пи Пенделер, ізетпенен иманды жый. Жетімнің жұлып-тартып ауызынан Боқтықты дүние деп жиғанды тый. Əріпте жиырма тоғыз келеді Кеп Жүреді періштелер қамыңды жеп. Жаратқан бар əлемді Құдіретке Табыншы қасиетке бір Алла деп. Əріпте жиырма тоғыз келеді Қап Тірінің о дүниеге бармағы хақ. Жүрегі адал жанға ары алдында Болады махшар күні Алласы жақ. Абыл Тілеуұлы
Əріпте жиырма тоғыз келеді Нұн Алланың əміріне мойыныңды ұсын. Күнəлі іс ақыретте жаман дейді – Мəңгілік күтер алдан қараңғы түн. Əріпте жиырма тоғыз келеді Уау Өлгенде жеті мүшең өзіңе жау. Қылығың бұл дүниеде жақпаса егер Қимылдап аузы-басың қылады дау. Əріпте жиырма тоғыз келеді Иай Күтеді сегіз жұмақ жаратқан жай. Ақылға, шарапатқа бейіл болсаң Иманды осы əріптер таратқандай. Əріпте жиырма тоғыз келеді Лəм Жұмақтың бəріне ие иманды жан. Бес парыз мұылмандық бойда болса Алланың нұры шашып атады таң. Əріпте жиырма тоғыз келеді Мим Садақа əруаққа берген сыйың. Тазартар ниетіңді пітір, зекет – Оларсыз дүниеде жайың қиын. Əріпте жиырма тоғыз келеді Вав Тұрмасы бұл дүниенің басыңда хақ. Көрсет те шыдамдылық тауқыметке, Пəниден кетпей тұрып қанағат тап. Əріпте жиырма тоғыз келеді Иа Адамның көзі тоймас дүнияға. Құнықпа келген олжа табысыңа, Жүгінші ұят пенен қайырына. Абыл Тілеуұлы
Əріпте жиырма тоғыз келеді Лəм-Əлиф Жаратқан күллі əлемді Алла халиф. Түйіні бар əліппе тоғыз торап, Түйсініп ұққандарға бұл бір ғажап!!! Абыл Тілеуұлы ӨГІЗБАЙҒА АЙТҚАНЫ Адайда түрікмен адай Өгізбай деген ақын болыпты. Ол Төребек ақынды жеңіп, кеуде қағып жүрсе керек. Бір күні Абылға келіп: – Кетеде Шернияз, Тазда Есенбақ, Адайда өзім-ақ, – депсің, – деп ашуланған екен. Сонда Абыл оның мақтаншақтығын біліп: – Кетеде Шернияз, Тазда Есенбақ, Адайда Өгізекең-ақ! – Осылайша айтып едім, – деген екен. Өгізбай риза болыпты. Абыл Тілеуұлы
СЕКСЕН БЕС ЖАСЫНДА АЙТҚАНЫ Жасымыз бар сексеннің бесеуінде, Сексен бес наурыз көрдім есебімде. Біз қайта қалтақ-құлтақ етіп жүрміз, Біздей шал бүлдірулі төсегінде. Абыл Тілеуұлы КƏРІЛІК Жалғыздық жаман, Жарытып ісі өнбейді. Жарлылық кұрысын, Əйтсе де кісі өлмейді. Кəрілік бəрінен де жаман екен, Адамды ұрмай-соқпай кісендейді. Абыл Тілеуұлы СЕКСЕННІҢ БІЗ ДЕ КЕЛДІК ЖЕТЕУІНЕ Сексеннің біз де келдік жетеуіне, Жаманның ергенім жоқ жетегіне. Біз байғұс калтаң-құлтаң етіп келдік, Біздей шал жатып қалды төсегінде. Абыл Тілеуұлы
ӨМІРМЕН ҚОШТАСАР СƏТТЕ АЙТҚАНЫ Лə Иллəһа Иллалла5 – иманымыз, Бір имандай болмады жиғанымыз. Күн6 деген бір əмірге жолыққасын, Паякун7 енді біздің болғанымыз. 5 Лə Иллəһа Иллалла – Алладан басқа Алла жоқ 6 Күн – көне сенім бойынша күнді Тəңірі тұту уақыт болды деген ұғымды да береді 7 Паякун – жеткен, келген, тоқтаған деген мағынада Абыл Тілеуұлы Түбек Байқошқарұлы (1780-1870)
АЙТЫСТАР
АЙЫМ, ЖЕКЕЙ МЕН ТҮБЕКТІҢ АЙТЫСЫ Əуеден ұшып жүрген лашындар, Қыбыладан борап жауып, күн ашылар. Алыстан ат терлетіп келгенімде, Қолыма қағаз берді ұрғашылар. Қағазды ұрғашы берген қолыма алдым, «Қағаз, – деп, – бұл не қылған?» – аң-таң қалдым. Ішінде жау орыстың мұны көріп, Жылқыдағы Сабырбайға алып бардым. Қағазды Сабыр ағам қолына алды, Шежіре дана туған өңге салды. «Қағазды бұл салған мен – Сəлті құсшы, Аламыз қайтып жеңіп арсыз қарды?». – Қиссаны айтқан екен Иман сері, Қаламыз, қаза жетсе, бір күні өліп. Келмейді барғаныммен менің əлім, Сабырбай, жүр, екеуіміз екеулейік. – Семейдің көріп пе едің мұндай тобын? Қарағым, жалғыз барсаң, болар жолың. Бір тықыр мына жақтан келді-ай бүгін, Тимейді, нансаң, менің қолым. – Семейдің көріп едім мұндай тобын, Əрқайда көріп едім атқан оғын. Сыйынып бір Құдайға барар едім, Қайтейін, кедейшілік, аттың жоғын. – Сөзіңді «ат жоқ» деген қойшы əлгі, Алладан бұйрық келсе, баршы тағы. Сөзіңді «ат жоқ» деген айта берме, Үкілі үй жанында атты мінші. Ат берді Сабыр ағам, міне кеттім, Құрбымен, құрдастармен көлеңдеттім. Дегенде үш күн, үш түн ұдайы жүріп, Түбек Байқошқарұлы
Жоламан қақпасына келіп жеттім. Келдім де Жоламанға, өлеңдеттім, Өлмеген тірі жанға үкім еттім. Келген соң босқа қарап жатайын ба? Іздетіп екі арсызды əлектендім. Аттандым Жоламаннан Шыныбайға, Ақынның бағасы үлкен Шыныбайда. Ішінде татөжінай бердім сəлем, Баласы Құрманғали Мендібайға. «Бұл жерде, ойлап тұрсам, көпесі қайда, Ақыным, арып-ашып келдің қайдан? Ақыным арып-ашып келген екен, Қатын-ау, қайната гөр қара шайды-ай». Есігі Шыныбайдың сықыр етті, Қақпадан кірмей жатып өлеңдетті. Ол-дағы елден шыққан жүйрік екен, Тайкөкке шана жегіп, келіп жетті. «Қызығын екі ақынның көреміз», – деп, Артынан орыс, қазақ түгел ерді, Атыңнан айналайын, бір Құдайым, Ішіме-ай, көкірегім, салма уайым. Қақпадан кірмей жатып өлеңдетіп, Кəпір ме, мұсылман ба? Жөн сұраймын. Айым, Жекей: Ей, Түбек, жеңем деме, күдеріңді үз. Дейтұғын Айым, Жекей қыздарың – біз. Шоқыншық əкем атын демесеңіз, Иншалла, дін мұсылманбыз. Түбек: Екенсіз Айым, Жекей, күтудемін, Екенім менің Түбек қайдан білдің? Иллаһи, иншалла, сен – мұсылман, Қайда бар, онда барсаң, еркің білсін. Түбек Байқошқарұлы
Айым, Жекей: Бақсыға, олай десең, бақтырамын, Тышқанмен балалаған қақтырамын. Ақынға, ақын Түбек, тие берме, Апарып, абақтыға жаптырамын. Түбек: Менің де міне отыр ғой Шыныбайым, Біледі, өзі көпес, жанның жайын. Айырып сен қаншықтан ала алмаса, Мен мұны «көпесім» деп не қылайын? Айым, Жекей: Менің де міне отыр ғой Метрейім, Бетіме, жүзіқара, тесірейдің. Көргенде жау орысты, байғұс қазақ, Жүрегің тоқтай алмай, дірілдейді. Түбек: Екі қыз – Айым, Жекей, қарсақтайсың, Көргенде бозбаланы, алшақтайсың. Татарға, орыс, қазақ бірдей жетіп, Кіммен содан жан сақтайсың? Айым, Жекей: Ей, Түбек, амалың көп, қасқырдайсың, «Ораза, намаз», – десе, бас ұрмайсың. Үйің де, малың да жоқ, қу кедейсің, Атыңмен сұрап мінген қашқындайсың. Түбек: Екі қыз, Айым, Жекей, күлімдейсің. Танауың үкі, тышқан ініндейсің. Татарға, орыс, қазақ бірдей жатып, Тамақпен содан ішкен білінбейсің. Түбек Байқошқарұлы
Айым, Жекей: Ей, Түбек, амалың көп, түлкідейсің, Сəуірдің сен бұлтындай дүркірейсің. Үйің де, малың да жоқ, қу кедейсің, Атыңмен сұрап мінген дүрілдейсің. Түбек: Ар жақта Сəмеке мен Маманым бар, Білмейсің оны неге сен, шұнақ қар? Үйіне қонақ түссе, күтеді екен, Аруағыңа, алдияр, басың байлар. Айым, Жекей: Семейдің алды – сарай, арты – кеніш, Жағалай бау-шарбаққа бітер жеміс. Төренің аруағына, алдияр бас, Көк жылқы, көк аланы естігенбіз. Түбек: Екі қыз – Айым, Жекей, тышқандайсың, Аспанға, қанат бітсе, шыққандайсың. Екі қыз, сен Түбекті жеңем деме, Көтіңді мықтап, қарлар, қысқандайсың. Айым, Жекей: Көріп ең қашан пайда ақылыңнан? Сен көрдің отқа жуық жақыныңнан. Көргенде ұрғашыны икемдейсің, Шекпеп пе ең кеше зиян қатыныңнан? Түбек: Ұрғашы, қайбіріңе қуанғаным? Қуанып, қайбіріңе жалынғаным? Қастығы ұрғашы иттің жерде қалып, Қарыға-ай мұзға соққан қайрылғаным. Түбек Байқошқарұлы
Айым, Жекей: Атыңнан айналайын, бір Құдайым! Шыныбай, көкірегіме салма уайым. Келгенде қара өлеңге, сен болмадың, Жұмбақпен тоғыз ауыз тоқтатайын. Түбек: Қыз-дағы қызыл изен қонағындай, Қоянның тоғайдағы жымағындай. Айтсаң да қандай жұмбақ, мен білемін, Айта ғой өзің сүйген жұмбағыңды-ай. Айым, Жекей: Жұмбағым біреуден соң екеу болмас, Жаманды не қылайын қоржын толмас? Жұмбағым тоғыз ауыз түгел айтсаң, Иманың өткен күні болсын жолдас. Жұмбағым екеуден соң үшке жетпес. Бар ақыл қайрат-күшке жетпес. Жұмбағым тоғыз ауыз түгел болсын. Ойда орыс, қырда қазақ ештеңе етпес. Түбек: Жұмбағың екеу деген – ай менен күн, Жаңылсам, сен, қаншықтар, мойныма мін. Төбеңе қырда жатқан қағаз салып, Бар еді менде не ақың, шұнақ күң? Жұмбағың біреу деген – бір Құдай-ды, Жасаған, жарлығы үлкен, жылжымайды. Кəпірмен араласқан қыз тозақта, Қоймасаң сен көбейтіп осыларды. Жұмбағың үшеу деген – үтір уəжіп, Барады намаз қайда одан озып? Кəпірмен араласқан қыз тозақта, Түбек Байқошқарұлы
Сендей қар өлгеннен соң бордай тозып. Жұмбағың төртеу деген – төрт шадияр, Шадияр бірі – Сыдиық, бірі – Құмар. Кəпірмен араласқан қыз тозақта, Сендей қар өлгеннен соң бордай тозар. Жұмбағың бесеу деген – бес намаз-ды, Сауабы бес намаздың көпке аян-ды. Жақсыны білмес жаман өкпелетер, Кəпірмен араласқан қыз тозақта, Сендей қар өлгеннен соң заннам кетер. Жұмбағың алтау деген – алты иманың, Бар ма еді иманыңдай бар жиғаның? Татарға, орыс, қазақ бірдей жатып, Жайылып көлденеңің, тарбиғаның. Жұмбағың жетеу деген – жеті пейіш, Жақсының алды – сарай, арты – кеніш. Жұмбағың тоғыз ауыз түгел тапсам, Аларсың қазылардан үлкен сөгіс. Жұмбағың сегіз деген – сегіз ұжмақ, Барады намаз қайда одан ұзап? Кəпірмен араласқан қыз тозақта, Көрерсің өлгеннен соң қатты қыспақ. Жұмбағың тоғыз деген – тоғыз пейіш, Жақсының алды-сарай, арты-кеніш. Жұмбағың тоғыз ауыз түгел таптым, Аларсың төрелерден үлкен сөгіс. Айым, Жекей: Түбек-ау, айналайын, күн мен айым, Кім білер, сен білмесең, менің жайым. Кітаптан айтқан сөзің бұрыс емес, Молладан сізді оқытқан айналайын. Түбек Байқошқарұлы
Түбек: Айымжан оң қолынан жүзік берді, Жекежан түйме бауын үзіп берді. Жиылған хан Семейдің шаршы тобы Ақынға сол арада қызықты енді. Түбегің асып тұр ғой өлең-жырға, Немене өлең деген білген құлға? Семейдің көп көпесі мақтаған соң, Төбемнен асып кетті жиған олжа. Түбек Байқошқарұлы
АТ ДЕЙТІН АТ ЖОҚ МЕНДЕ, АТЫМ – ТҮБЕК Байғараның он жеті ақыны бірімен-бірі қалжыңдасып, сынасып айтыса береді екен. Ақтайлақтан соңғы күштісі Сабырбай болыпты да, өзгелері одан өлеңге артыла алмапты. Сол туралы Түбек: Ат дейтін ат жоқ менде, атым – Түбек, Байғарадан шығып ем аттай үдеп. Байғарадан шығып ек он жеті ақын, Сабырбайды жеңе алмай жүрмін жүдеп. Домбыра екі ішекті, бір тиекті. Аулыңа Түбек деген ақын кепті. Ақынның өзі кетсе, өлеңі бар, Бозбала, үйреніп ал, аузың епті. Түбек Байқошқарұлы
АТЫҢНАН АЙНАЛАЙЫН, ҚОСЕКЕМ-АЙ Түбек ақын ел қыдырып, өлең айтып, күн көретін ақын болған екен. Бір жылдары өрдегі елді аралап жүріп, 96 жасқа келген Қаракерей ішіндегі Қосы деген білікті адамға өлең айтам деп іздеп барыпты. Түбек барса, қария əл үстінде жатқан ауру екен. Қарттың хал-жайын сұрай отырып, Түбектің айтқаны: – Атыңнан айналайын Қосекем-ай, Пайғамбар бір Алланың досы екен-ай. Тоқсан алтыда ақылың жаңылмаған, Əулиенің сарқыны осы екен-ай, – дегенде, қария иегін қағып, қолын сілтеп: «Енді айтпай-ақ қой, болады», – деп ишара қылады. Түбек өлеңін тоқтатыпты, сый, тарту-таралғымен қайтыпты. Түбек Байқошқарұлы
ТҮБЕКТІҢ ТІНІБАЙ КӨПЕСТІҢ ҮЙІНДЕ АЙТҚАНЫ Енді бір кезекте Семейде өлең айтып жүріп, Тінібай көпестің үйінде болады. Көрші-қолаңдардан ақынның өлеңін тыңдаушылар көбейеді, мəжіліс қызады. Тінібай байлықпен қолы жеткен адам болғандықтан, мұндай басты мəжілісте тəуір көрген адамдарын шақыртатын əдеті болады екен. Сол əдет бойынша мəжіліске Семейдің жандаралы ның ұл-қыздарын шақыртып, кісі жіберіпті. Түбек бұл күнге дейін бірлі-жарым орыстың елге барғанының ғана төбесін көрмесе, жүздесіп, мəжілістесіп көрмеген. Жандаралдың қызына жіберілгенге асығып айтқан өлеңі: – Тінеке, мен келгелі намаздыгер, Босқа отырма, қызға тағы біреу жібер. Жалғыз өзім бұл жерде не боламын? Арғын, Найман аруағы, көтере көр, – депті. Бірақ жандаралдың қыздары қоңыраулы пəуеске жек кен тройкамен музыкалатып, оқалы киім, сары ала түймелі қыз-қырқындар жын-перідей желпінісіп, мəжіліске еніп келгенде, асығып күткен ақын жынын алдырған бақсыдай булығып, тілі күрмеліп, үні шықпай қалыпты. Əйтсе де ол мəжіліс өтіп кетеді. Артынан қошеметшілер: – Қыз келгенде қылығың неге өзгерді? – десе, Түбек: – Мен бұрын орыстың ондай салтанатын көріппін бе? Тілім байланып, аузыма сөз түспей қалып еді, қайта Сабырбай болып кеп, біреу сары ала қамшымен тартып кеткенде, тілім шығып, тағы да сайрап кеттім емес пе, – депті-мыс. Түбек Байқошқарұлы
ТҮБЕКТІҢ БҰҒЫБАЙҒА АЙТҚАНЫ Садыр Ерші Бұғыбай батыр бір жолы Қаракерей Түбек ақынды іздеп барады амандасып қайтуға, жүз көрісіп. Бірі – ақын, бірі – батыр, тəтті замандас. Бұғыбай қасына атқосшы алып, Түбекті іздеп үйінен шықты. Араға неше қонып, Түбектің еліне келді. Ел шетіне келгенін естіген соң, алдынан шығып, амандасып қарсы алды. Түбек пен Бұғыбай бас қосып, Қаракерейді аралап, мəжіліспен, тамашамен өткізді. Бірнеше күн жүріп, Бұғыбай еліне қайтты. Түбек разы қылып, ел ішінен шығарып салды. Түбекті Бұғыбай «кел» деп шақырып кетті. Бір жыл өткен соң Түбек шықты Бұғыбайға баруға. Түбек Бұғыбайдың елі – Садырға келді. Келсе, Бұғыбай қайтыс болып кетіпті. Бұны Түбек естіген жоқ еді. Естіген соң, Құран оқып қайтуға Бұғыбайдың аулына жүрді Түбек. Бұл ел жайлауға көшіп жатқан мезгіл еді. Бұғыбайдың бейітін соғып, жайлауға көшіп кетіпті. Түбек Бұғыбайдың бейітіне бір түнеп кетуге, іздеп соған келді, басына Құран оқуға. Қасында бірнеше жолдасы, артқан қосы бар, айдаған малы бар, келіп, Бұғыбайдың басына қонды. Түнімен Түбек бұрынғы Бұғыбаймен жүрген күні есіне түсіп, Бұғыбайды «өлді» демей, бұрынғы тірісіндей, өлең айтты Түбек. Түн ортасы ауғанша өлеңді айтып, шаршаған соң, демалып жатты. Таң атқан соң тұрып, жүрмек болды. Күн де сəске болып, көтерілді. Ел арылып кеткен құлазыған далада жүріп келе жатқан жолаушыдан басқа ешкім жоқ. Сонда Түбектің қасындағы жолдастары: «Түбектің қартайғаны. Өлген аруақ не біледі?» – деп, біріне-бірі айта бастады есіттірмей Түбекке. Түбек қасындағы жолдастарының мұнысын біліп, домбырасын қолына алып, айтқаны мынау екен: Түбек Байқошқарұлы
Түбек: Ассалаумағалейкүм, Бұғыбайым! Кімді алмай қояр дейсің бір Құдайым? Тірі күнде шақырып: «Кел!» – деп едің, Батыр-ау, жолыға алмай болды уайым. Батыр-ау, жатырмысың мені көріп? Басыңа түнеп жаттым сенің келіп. Тірі болсаң, бір атты мінгізер ең, Жіберші сол атыңды енді беріп. Түбек бір жігітті жұмсады: «Төбеге шық», – деп. Айтқан жігіті төбеге шығып, қайта түсті, «Тау жақтан бір жалғыз қара келеді», – деп. Мұны естіген Түбек: «Сол келген соң көшерміз», – деп жауап береді жолдастарына. Бұлар: «Не қылған қарайған?» – деп, қарап тұрғанда, жақындап келгенде қараса, жақсы құла қасқа ат, аяғында күміс шідер бар, семіз, жарап қалған. Ат келген соң, Түбек жүрмекке қамданды. Атты «Батырдың жіберген аты», – деп, байлатып қойды. Енді біраздан соң аттың артынан бір қарайған шыға келеді. Оған тағы қарады. Қараса, аттың артынан бір кісі келе жатыр. «Е!» – дегенше, келіп қалды жүгіртіп. Қараса, Бұғыбай батырдың Бекбосын деген баласы келіп, атынан түсіп, Түбекке сəлем берді. Түбек: – Балам, қайдан келесің? – деп жөн сұрады. Бекбосын: – Жақында жайлауға барып қонып едік. Мынау ат тұрмаған соң, шідерлеп қойып едім. Үш күн болды осы аттың кеткеніне, – деді. Түбек: – Жарайды, балам, батыр тірі күнінде маған бір ат бермек болып еді. Сол атымды алайын деп кешеден бері түнеп жатырмын, – деді. – Осы батырдың берген аты ғой Түбек Байқошқарұлы
сен қуып келген. Аяғындағы күміс шідерді ал да, қайт, – деді. Сонда Бекбосын тұрып айтты Түбекке: – Арғы беттен қалмақтан келгенде, көп жылқыдан таңдап, батыр еркекке алып еді. Жарайды, өзіңе бұйырған екен. Алыңыз, – депті. Бекбосынды Түбек тамақ беріп, құрметтеп, түске шейін ерулеп, түстен кейін көшіп, Бекбосынмен қош айтысып, жүріп кетерде айтқаны: Түбек: Бұғыбайдың бергені – құла қасқа ат, Қалсын, балам, артымда жазылған хат. Қияметте, Бұғыбай, жолығайық, Жолдас болсын иманың! Жат саламат! Жылап, қош айтысып, атқа мінді Түбек ақын батырға. Түбек Байқошқарұлы
ТҮБЕКТІҢ ОРЫНБАЙМЕН ҚАҒЫСУЫ Орынбай: Құлдық қылып жүрмісің жастан байға? Хасыл болып жүр екенсің бір Құдайға. Шариғаттан бір ауыз сөз сұрасам, Не деп жауап бересің Орынбайға? Түбек: Шыңғыс ханнан сұранып, алдым сауға, Сауға сұрап, қалдым ба үлкен дауға? Шариғаттың жайымен жүрген болсаң, «Мəдина» деп келдің бе Алатауға?! – деп, Орынбайды тоқтатып кетіпті. Түбек Байқошқарұлы
ТҮБЕК ПЕН БАЙҚАДАМНЫҢ КЕЗДЕСУІ Түбек: Əй, Бəке, толып жатыр ақыл-айлаң, Тигізші ақылыңнан бізге пайдаң. Қашанғы сенен қорқып күнелтеміз? Кім артық осы күнде Кеңесбайдан? Байқадам: Кеңесбай артық па еді тірі жаннан, Мəмбеттің малы артық түздегі аңнан. Көшіңді Кеңесбайға орай қылса, Байқараң қалай озбақ Алханнан? Түбек: Баласы Аққайдықтың – он екі ауыл, Бойында үлгісі бар, əні тəуір. Көшіңді Кеңесбайға орай қылдық, А, Бəке, мына сөзің тиді ауыр. Байқадам: Баласы сұлтанымның бес тап елдей, Дəулеті өзіне сай, шалқар көлдей. Менімен дəулет жағын көп санаспа, Сындырар домбыраңды соққан желдей. Түбек: Сен Сарыжомарт болғанда, Байғарамын, Ақылым толып жатқан, дəп даламын. Менімен дəулет жағын көп санаспа, Ағаң артық жаратқан мен боламын. Байқадам: Сен – Байғара болғанда, мен – Мəмбетпін, Еліңнің байын айтшы менен өткен? Түбек Байқошқарұлы
Арғын, Найман жиылып, тең болмайсың, Байлығы дəулетімнің Мекке кеткен. Түбек: Əкем аты – Құттыбай, ұлылық менде, Тиістің бе, Сарыжомарт, келген жерде. Келбетіңе жауабың орай емес, Мырзам бар Кеңесбайдай біздің елде. Байқадам: Кеңесбай қандай мырза еді біздің елде? Солай деп айтты дерсің көрген жерде. Кедей болсам, еліңе бармас па едім? Домбыра алып жүрсің ғой біздің елде. Түбек Байқошқарұлы
ТҮБЕК ПЕН ЖƏМШІБАЙДЫҢ АЙТЫСЫ Найман Бояубай байдың аулында Жəмшібай өлең айтып, əн шырқап отырған үстіне кіріп келіп, өлеңді қоя берді Түбек. Түбек: Өлеңді айтушы едім жылқылдатып, Сөйлеуші ем шаршы топты дуылдатып. Баласы Сүйіндіктің неме керек? Шіркінді мұнша қолдап, сұңқылдатып. Жəмшібай: Кей адам, айтса-дағы, сөзге көнбес, Мен сөйлесем, қай адам құлақ салмас? Арғын – аға болғанда, Найман – іні, Арғында жүйрік туған мен-ақ алмас. Түбек: Өлеңнің текшелеулі қоймасымын, Ақынның өзім сынды данасымын. Байқарадан он алты ақын шыққан, Ақтайлақ, Қарабайдың баласымын. Жəмшібай: Сұрасаң, менің бабам – ақын Көтеш, Тиген жоқ Жəмшібайдай ешкімге өңеш. Атам Көтеш болғанда, ағам – Сақау, Алдыма жанды қара түскен емес. Түбек: Ақылдының кім біледі жақсы жолын, Шіриді-ау, өлгеннен соң, қызыл тілім. Көтешті қасқыр жеген несіне айттың? Тантиды Арғын мақтап өлген құлын. Түбек Байқошқарұлы
Жəмшібай: Сен – Найман, жаулықпен тонап алдың, Тұманға ашылмастай сөйтіп қалдың. Найманның сендей шалы текке өледі, Бір өзіне он ердің құнын алдым. Түбек: Ашулансам, алармын айлығыңды, Шындасам, қойға алмаймын тайлығыңды. Көтенің сонда ашылар, Арғын бала, Менімен салыстырсаң байлығыңды. Жəмшібай: Ертеңгісін қожа тұрар азанменен, Пенде барар дозаққа жазаменен. Байлығыңды, ел Найман, көріп тұрмын, Қайнатасың шайыңды қазанменен. Түбек: Мен барып, сіздің елге келгенім жоқ, Жамандық көрсем-дағы, өлгенім жоқ. Үйіне Қуан байдың барып едім, Самаурын, аяғын көргенім жоқ. Жəмшібай: А, Түбек, олай десең, болдың мешеу, Пұлына жарамайсың енді көсеу. Қуанның айналасы – алпыс ауыл, Самаурын бір үйінде төртеу-бесеу. Түбек: Жəмшібай, меніменен таласасың, Өз мінің мен сөйлесем, жарасарсың. Үйіне Əлі төрем кіріп барсаң, Жол таппай самауырдан, адасарсың. Түбек Байқошқарұлы
Жəмшібай: Ар жағы ұлы Ертістің – Қара терек, Өлеңнің білуші едім барлық сырын. Найманнан бір жақсы үйді таба алмадың, Түбі естек неме керек кірме төрең? Түбек: Жəмшібай, білгендейін көки берме, Еліңнің аса жиған мүлкі бар ма? Кетіпті Бояубайым сенен асып, Елінде бұл сықылды жылқы бар ма? Жəмшібай: Өлеңім, аққан судай толқығансың, А, Түбек, ақын болсаң, өлеңмен жең. Қара мал жылқы малды таппай ма екен? Қойы бар Байқұнанның он екі мың. Түбек: Сыйынар дін мұсылман бір Құдайға, Кіреді иманды құл кең сарайға. Құдай берген көп малдың есебі жоқ, Жетеді қандай адам Наурызбайға? Жəмшібай: Сөйлеткен мені мұндай Жаппар Құдай, Мен шыққан Сүйіндіктен бір сұр таңдай. Көкдомбақтың сыртында шыр айналып, Толықсып сыймай жатыр Атығай бай. Түбек: Үкі таққан жарасар қара көкке, Түбек атым жайылған талай көпке. Құдай берген көп малдың есебі жоқ, Еліңде жетер кім бар Найзабекке? Түбек Байқошқарұлы
Жəмшібай: Сөйлеткен жастан мені бір Құдайым, Мен неге, байлық айтсаң, тоқталайын? Мəшін, Туғанбайым бар Айдаболда, Пиғыл бар, Мəлік пенен Ақпан байым. Түбек: Темірден аяғыма салған таға, Артылған көп ақыннан біздің баға. Құдай берген көп малдың есебі жоқ, Алаштан асып шыққан Серғазы аға. Жəмшібай: Жылқысы Темірболат қара көктен, Найманға мен сөйлеймін өктем-өктем. Береді үйір-үйір қысырақ матап, Байыңды айт, қане, асарлық Əлімбектен. Түбек: Ойға алар дін мұсылман бір Құдайды, Өлеңге Түбек қардай бұрқырайды. Жүз алпыс түйе өзінен боталайды, Айтамын, ашулансам, Əңгірбайды. Жəмшібай: Жайлауға, ыстық түспей, ел келмейді, Дауысым, өлең айтпай, жөнделмейді. Қабылдың көп жылқысы суға түсіп, Басқа малы Ертіске жол бермейді. Түбек: Жəмшібай, менімен ісің бар ма? Таласарлық менімен күшің бар ма? Елімде Көшелектей шонжарым бар, Соған лайық табарлық мінің бар ма? Түбек Байқошқарұлы
Жəмшібай: Сыйынары дін мұсылман – жалғыз Құдай, Құдайдың кім таласар берген бағына-ай. Күнтайдың немересі Əйтімəлі, Япырмай, сол кəріңнен кейін-ақ па?! Түбек: Сөйлеткен мұнда мені Жаппар Құдай, Тіліңді тарта сөйле, əй, Жəмшібай. Өзінен ат-шананы алып тұрсың, Осы отырған алдыңда Əйтім қалай? Жəмшібай: Тіліме қуат берген бір Құдайым, Несіне, «Тай алдым» – деп, қорғалайын? Əйтімді сырттан сатып жібермей ме, Қуанның ортаншысы – Молдабайым? Түбек: Елінде байың жоқ боп Əзірбектей, Сөйлейсің Найманға кеп сен Қуанды-ай. Үш мың өгіз сомасын қолға ұстаған, Бұл күнде болды көпес бос темірдей. Жəмшібай: Мұсылман жалбарынар жалғыз Хаққа, Тəңірінің кім таласар берген бағына? Байлықта көпес болып кім жетеді – Алты əлем атын білген Қазанғапқа, Түбек: Мінгенім дəйім менің қара кер-ді, Мінгенде, əсем басып жүрер еді. Найманның тағы да бір байын айтсам, Байым бар көше алмайтын Тілеуберді. Түбек Байқошқарұлы
Жəмшібай: Қарап тұрсам, бұл Түбек сөзден сасар, Сөздері Жəмшібайдың судай тасар. Бəріміз – бір Арғынның баласымыз, Байым бар Қарауылда Жабар Шаншар. Түбек: Сыйынар дін мұсылман бір Құдайға, Барады иманды құл кең сарайға. Найманның ар жағынан байлық айтсам, Жетеді қандай жаның Қазытайға? Жəмшібай: Мінгенім – дəйім менің қара көк-ті, Білерсің, таныр болсаң сөздің тегін. Алдажұман байым бар Алтай-Қарпық, Тағы бар Мұрат пенен Игілігім. Түбек: Сыйынар дін мұсылман бір Құдайға, Кіреді иманды құл кең сарайға. Бір шеті Алатауда шаруасының, Елінде кім жетеді Момын байға? Жəмшібай: Ел Найман, тіпті Арғыннан асқаның жоқ, Байлығың неге керек? Бас қамың жоқ. Татырлық Момын байға Сайдалым бар, Аймағын Аққошқардың басқаның жоқ. Түбек: Сыйынар дін мұсылман бір Құдайға, Құдайдың кім таласар берген бағына? Қарыға нақ Найманнан сөз сөйлейін, Келейін Бəтші ұлы Жүсіп жаққа. Түбек Байқошқарұлы
Жəмшібай: Базардан алып келген жасыл маңдай, Талай жан қолын артып асылғандай. Мақтама қу қайымға жүйрігіңді, Зəкөншік азар болса Жүсібіңді-ай. Түбек: Өлеңді айтушы едім егілдіріп, Сөйлейін бастан-аяқ төгілдіріп. Өрдегі Найманға кеттім көшіп, Бір жағын қабырғаның сөгілдіріп. Жəмшібай: Əуеде ұшып жүрген сары шымшық, Келеді шырайлы өлең жаңа түсіп. Шорманның барсам көшіп Мұсасына, Тапжылтпас, алқымыңнан бір-ақ қысып. Түбек Байқошқарұлы
ҚАРҚАБАТ ПЕН ТҮБЕК Түбек, елге мəлім, Найман, Орта жүз. Қарқабат – Ұлы жүз ішінде Ысты деген ел – руы. Екеуінің дос болуына мынандай себеп болды: Ыстының ішінде бір ауыл Арғын көрші болып бірнеше жыл жүреді. Ол Арғынның ауыл ақсақалы Ақылбек деген кісі болады. Осы Ақылбек пысық ауыл жігіті болып жүреді. Бір нəрседен ыза болып: «Тұлпар түбін табады», – деген, – деп, Арқаға – еліне көшпек болады. Қарқабат сол кезде жиырма бір жаста, үйленбеген. Тойда өлеңді тартып айтып жүрген кезі еді. Өзі қызбалықты, жастарға жағымды, сері жігіт болады. Ақылбектің Сұлушаш деген қарындасымен көңілі жақын болып жүреді. Сол Сұлушашты Қарқабат алайын десе, «Ішіміздегі көршімізді ауыл жақтықпен алғанымыз ұят қой», – деп, «Өз жеріне барып алам», – деп, Ақылбек Арқаға көшкенде, сол көшпен серілікпен ілесіп, бірге кетеді. Сол Арқада бірнеше жыл жүріп, Ақылбекпен еншілес болып, баяғы Сұлушашты алып, бала-шағалы болып, Орта жүздің көп жігіттерімен таныс болып, араласып жүреді. Атақты əрі ақын болып, жиындарда көптеген жігіттермен араласып, таныс боп кетті. Түбекпен танысып, дос болып, ұстаз етіп, дегеніне жетіп, бірнеше жылдарда елге қайтады. Сонымен Қарқабат бірнеше жылда баяғы үйренген Сарыарқаның елін сағынып, досы Түбекті сағынып, сол елге бір барғысы келіп, жаз айларында жүріп кетті. Қасына екі жарамды жігіт алып, бара жатып Арқаны суреттеп, Түбекті сағынып, əн қосып жырлағаны: Сағындым Сарыарқаның сары белін, Той тойлап, жиын іздеп жүрген жерім. Түрленген тар кілемдей қайран сабаз, Түбек Байқошқарұлы
Сарыарқа сағынатын сары көлін, Кең қолтық, келте шапан өңкей ерім, Жасымнан көкпар тартып, сайрандаған, Көзіме елестейді өскен елім. Аңқылдаған иісі жұпар, денең балқып, Үйректей жүзіп қайтам, қаздай қалқып. Үйренген өрісіне барғанынша, Мамада тұра алмайды, тұлпар тарпып. Тумаппын Сарыарқада кіндік кесіп, Осы жерде ел таныдым, бақытым өсіп. Бір көрмесем, тарқамас іштегі арман, Бір күні тағдыр жетіп, кетсем көшіп. Сағындым достым Түбек – ұстазымыз, Бір көріп, қолыңды алмақ – мұқтажымыз. Мұхиттың дариясындай сөзің терең, Өлеңге болмаушы еді қыспағыңыз. Тіліңнен бал тамызған, қайран Түбек, Айқасқан достым едің күнде білек. Естимін, ұзынқұлақ рас болса, «Жатыр, – деп, – қауіпті ауру, қатты жүдеп», – деген жырды айтып, жүріп кетті. Сонымен, Найманның шетіне кіргеннен: – Түбек аман ба? – деп сұрай бастады. Найманның бірқатар жеріне барғанда, анық жайын білді. – Түбек бір сұлу қатын алып еді. Сол қатын жады қылып, жеті жыл болды, ауырып, жадысы ішіне түсіп, шемен болып, іші басынан асып, жарылуға жақын болып, жүктей жастыққа сүйеніп отырады. Өзі кісі танымайды. Басына кебінін жастап, аузына мақтамен су тамызып жатыр, – деді. Сонда Қарқабат: – Уа, дариға! Көп жолдас болған досым еді. Көзінің тірісінде бір барып көрейін, – деп, жедел жүріп, Түбектің Түбек Байқошқарұлы
үйіне түсе қалады. Келсе, жастықты арқасына қойып, көзін жұмып жатқан екен. Қарқабат сəлем беріп, қолын ұстады. Түбек танымады. Қарқабат таныту үшін ақырып, ашулы дауыспен сөйлегені: – Апырым-ау, ана тау ма, мына тау ма? Көрінген басы биік қара тау ма? Қарасам, жүзің солғын көрінеді, Басыңды көтерсеңші. Денің сау ма? Жатқаның, қайран достым, мақұл емес, Баяғы өзім көрген ақын емес. Тірлікте бір сөйлесіп, аттанайын, Дүниеден көшкен адам екі келмес, – деді. Сонда халі кетіп жатқан Түбек көзін ашпаған бойынша жүкке қолын созды. – Домбырамды əпер, – дегендей болды. Домбыраны əпергенде, сөйлеуге əлі келмей жатып, шалқасынан жатқан бойынша ыңыранып: «Басым, досым», – деп, əн салып, сөйлей бастады. Түбектің сөзі: Жасымда талай жедім бай баласын, Шырағым, дүние қусаң, айналасың. Танимын, даусыңнан шырамытып, Айтсаңшы аты-жөнің. Қай баласың? Қайырмасы: – Басым, досым, шабыт, қайтем! – деп тоқтады. Қарқабаттың танытып сөйлеген сөзі: Құлпырып, серіліктен келдің мақат, Өлеңді соқтырушы ең жүндей сабап. Көңліңді сұрай келдім, естіген соң, Түбек Байқошқарұлы
Ақыны Ұлы жүздің мен – Қарқабат. Айлық жол, Ұлы жүздей елден келдім, Алатау алабындай елден келдім. Тиген соң суық хабар құлағыма, Өзіңді өлмей тұрып келді көргім. Түбек: Белгілі Алты Алашқа салған əнім... Кетіп тұр осы күнде менің сəнім. Көңлімді сұрап келсең, рахмет, Жамандық, жағың түспей, көрме, жаным! Қарқабат: – Ұшушы ең ақ тұйғындай қатты түлеп, Өміріңе кім қас қылды, сені билеп? Аурудың түрі жаман көрінеді. Қалайша жүдеп қалдың, ойбай, Түбек?! Бұл жерге, он жыл болды, келгенім жоқ, Бас қосып, сізге сəлем бергенім жоқ. Шошыдым, халің қашып, жүдеп қапсың, Өмірімде мұндай ауру көргенім жоқ. Түбек: Атым жоқ ат дейтұғын, атым – Түбек, Ұшушы ем қыран құстай қатты түлеп. Алланың, бұл да болса, құдіреті, Жатырмын жады аурудан қатты жүдеп. Қарқабат: Өтті ғой талай кəрі, талай бала, Сыйласып жүрмек едік, келсе шама. Қатының екеу десем, біреу екен, Бұл пəле əлдекімнен болды жала. Жөніңді айт, қайран Түбек, адал досым, Қосылды жаның барда бүгін басым. Түбек Байқошқарұлы
Сізбенен амандаспай қалған болсам, Қан болмақ еді көзден аққан жасым. Түбек: Қарқажан, балалықтай заман бар ма? Заманды əркім құмар амалдарға. Қасымда жолдасымнан зиян тарттым, Көңлін шайтан бұзса, амал бар ма? Қарқабат: Қиядан сөзбенен жол қазып салдың, Алаштан қызыл тілмен азықтандың. Халыққа алтын нұрлы, қайран Түбек, Шіркінге қай жеріңнен жазып қалдың? Осының анық маған шынын айтшы, Жолдасың не себептен қайғы салды? Сыншы едің бір кісідей көпті көрген, Қай жерден бұл пəлені тауып алдың? Түбек: Сөзбенен бұзушы едім таудың тасын, Өтті ғой тамашамен талай жасым. Білмеймін қай жерімнен тапқанымды, Күнінде ат пен шапан тапқан басым. Қарқабат: Түбегім, сен болмасаң, келер ме едім? Ажалсыз оқ атқанмен, өлер ме едім? О, шіркін, Түбек өліп, байға тисең, Мен кепіл, сонда сені көрер ме едім. Түбегім, дос болып ең аруақтыға, Бір залым кездесіпсің күн қақтыға. А, Түбек, осы аурудан жаның қалса, Шіркінді сатып жібер бір тоқтыға. Түбек Байқошқарұлы
Түбек: Ақ қошқар, ай мүйізді қойым да бар, Жазылсам осы аурудан, тойым да бар. Жаныма бір шыбындай себеп болса, «Шіркінді сөйтсем», – деген ойымда бар. Сонда қатын: «Үйге келген кісі тыныш келіп, тыныш кетпейді екен», – деп күңкілдеп, үйден шығып кетті. Қатын жақтырмады. Түбек өлгелі жатыр. Қарқабат аттануға тура келді. Қарқабат аттануға рұқсат сұрап айтқаны: Қар жауса, теріс жақтан соғады жел, Алдымда көрінуші ең, асқар тау, бел. Алысқа талап қылған мен – жолаушы, Ер достым, көңліңмен рұқсат бер. Құдайға мал да – аманат, жан да – аманат, Ажалдан кім алады арашалап? Түбегім, осы аурудан жаның қалсын, Егер де өліп кетсең, сол – жаман ат! Жасыңнан үлгі болдың бозбалаға, Шын жүйрік өзі шаппай, олжа ала ма? Түбегім, аман-есен жазыларсың, Ауырған өле берсе, жан қала ма? Түбек: Қарқажан, оңалады сенің қосың! Жан достым дəл өзіңдей қайдан болсын? Мың рахмет басып келген қадамыңа! Рұксат, қайда барсаң, жолың болсын! Жыланнан жылдам ойла жүрісіңді, Ешкімге білдірмегін сыбысыңды. Бір ойдан шерім де жоқ, шемен де жоқ, Барады өлең жарып қу ішімді. Рұқсатын алып, қоштасып, сонымен Қарқабат аттанып кетті. Түбек үйінде қалды. Дүбірге шыдай алмайтын жүйрік Түбек Байқошқарұлы
қолына таяқ ұстап, далаға шығады. Белдеуді ұстап, үйге сүйеніп отырады. Сол заманда Найман Тəнеке батырдың жиыны болып, ат шауып жатқан. Соған бірқанша кісілер кетіп бара жатып, Түбектің аулының тұсынан өтіп бара жатып: «Уа, қайран Түбек! Сау болса, осы жиынға елден бұрын баратын еді. Біз келгенше бар ма, жоқ па? Көңлін сұрап кетейік», – деп, көп жігіттер түсе қалды. Сонда Түбек далаға шығып отырған кезі еді. Амандасқанда, барлығын таныды. Шулаған көп жолдасы Түбекке: – Сіз «кісі танымайсыз» деп естіп едік. Қашаннан бері жақсы болдыңыз? – деді. Түбек: – Нашар-ақ едім. Ұлы жүздің ақыны – Қарқабат деген досым бар еді. Арқаға кетіп бара жатыр екен. Көңлімді сұрап, қазір аттанды. Көңілімнің жарымы соған ілескендей болып, далаға шығып отырмын, – деді. Сонда келген көп адамдар: – Көп жиыннан бір тəуіп табылар ма екен? Сол жиынға апарайық, – деп бір атқа таңып, алып барды. Түбектің шинəда жатып, жиналған елге амандасқаны: Дүниенің көріп өттім ылди-өрін, Ал, жəне талай көрдім артық-кемін. Сендерді көрмегелі көп жыл болды, Жүрмісің аман-есен, қайран елім? Айқаймен қандырушы ем құлақ құрышын, Көрмедім жеті жылдай жанның тынышын. Сағынып, екі көзім телмірді ғой, Жүрмісің аман-есен, қайран жұртым? Шын тұлпар етке түспей, шабылар ма? Шешендер шаршы топта жаңыла ма? Жаныма бір шыбындай себеп болар, Бір кісі көпті көрген табылар ма? Түбек Байқошқарұлы
Сонда бір жігіт: – Жаңа мен көрдім. Осы жиында бір Қолаба деген шал бар екен. Сол үлкен тəуіп көрінеді. Соған көрсетіңіздер, – деді. Түбек сол жігітке қарап айтқан сөзі: – Ей, жігіт, тəуіп айтқан бермен келші, Тəуіпке өзің көрген өзің баршы. Əпкелсең сол тəуіпті жылдамырақ, Ақыңа бір ат пенен шапан алшы, – дегенде, баяғы жігіт аттың басын бұрып, Қолабаны алып келді. Қолаба білегін ұстай салып, жиналған көп кісіге көзін қысып қойып: – Бұл жады емес. Жады деген кісінің өзі жады болсын. Аман-есен жазылады, – деді. Көпшілік сонда: – «Аурудың атын тапқанға бақтыр», – деген, сен бағып, ақысын ал. Өлсе, Құдайға аманат, – деп тапсырады. – Жарайды, – деп, Түбекті үйіне алып қайтты. Үйіне апарып, үш жылғы ту биені сойып, қазысын сылып алып, арақ беріп, мас қылып, жарып, жадысын алды. Жібекпен тігіп, жылқының қазысына бөлеп қойып, үш айда жазып, атқа мінгізді. Түбек жазылып, той жасап, бір байдың сұлу қызын алды. Баяғы қатынды бірқанша мал қосып, жазған тəуіптің ақысына беріп жіберді. Сол үш айда Қарқабат көп малдар тауып, Арқадан қайтқан екен. Мерзімді жерге жеткенде, Түбектің жайын сұрай бастады: «Жазылды ма, өлді ме?» – деп. Бір кісі баяғы жағдайды толық түсіндірді. Сонда Қарқабат: – Уа, шіркін! Ашумен бір сөзді айтып едім. Сол істі орындаған екен ғой. Мұсылман екеуі екі жақта өлсе, обал болатын болды. Сол тəуіпті қусам, жете алар ма екем? Қатынын алып келіп, өзіне қайтадан қоссам немесе бірТүбек Байқошқарұлы
бірінен ырзалық əперсем, мен жетем бе? – дегенде, баяғы кісі: – Жетесің, – деді. Қарқабат айдаған малын бір ауылға тығып қойып, тəуіпті қос атпен қуады. Еркімен бара жатқан тəуіпті жол үстінде қуып жетті. Тəуіптің қолын алып амандасып, Қарқабаттың сөйлеген сөзі: – Мағалайкүм ассалам, дəрігерім! Береке кісі екенсің жүрген жерің. Нəпсіге ермейтұғын адам бар ма? А, шіркін, дүниеге бармас едім. Иман күт, кəрия болдың, барғын Мекке, Тау-тауға құлжа құсап шықтың жеке. Түбектің тандап алған қатыны еді, Барасың қай жаққа алып, тəуіпеке? Баяғы Қолаба тəуіп жасында ақын екен. «Қартайдым», – деп, өлеңді қойған кезі екен. Бірақ ақылмен тəуіпшілікті кəсіп қылып кеткен екен. Айқайлауға шамасы жоқ, көкірегі сырылдап, өлеңмен жауап береді. Тəуіп: Үш жүздің таныс болдым жақсысына, Кез болдым Қолабадай бақсысына. Түбекті жады болған үш ай бағып, Көп мал мен қатын алдым ақысына. Қарқабат: Тілі ұзын болады өнерпаздың, Даусы əдемі келеді қоңыр қаздың. Түбектің дерті жаман, шошып едім, Айтсаңшы, тəуіпеке, қайтіп жаздың? Тəуіп: Асына Тəнекеңнің алып барды, Шақырған соң, білегін ұстай алдым. Түбек Байқошқарұлы
«Жады емес, жады деген – өзі жады», – Дедім де, елге көзім қысып салдым. Көпшілік: «Сен баққын», – деп, барған соң, Кешікпей, тез үйіне алып бардым. Мас қылып, арақ беріп, жығып тастап, Жадысын ішіндегі жарып алдым. Құдайым абұйырын берді маған, Түбекті жады болған сөйтіп жаздым. Қарқабат: Бұл емес, кəрия, сенің тең құрдасың, Дүниеге мұнша неге қызығасың? Қолыңызда аз емес алған олжа, Қатынның маған байла жалғыз басын. Тəуіп: Менің де ойлағаным – қызықшылық, Салмағын арамызға бұзықшылық. Сұрасаң, мына малдың бəрін берем, Келісіп қалып едім, ойнап-күліп. Жас қатын аз өмірге жаңа тауып, Жақсы боп қалып еді, тізем жылып. Міндет қып жастығыңды жол үстінде, Бұл сөзің – маған салған бүліншілік. Қарқабат: Қиядан жөнін тапқан жол қазады. Шын тұлпар шаба берсе, күнде озады. Қол жетпес мəуеге əуре болып, Надандықпен кейбіреу қол созады. Қартайып, өзі тұлпар болғанменен, Ойлашы келешекті, қай озады. Түбекті жады болған сен жазыпсың, Өзіңді жады қылса, кім жазады? Түбек Байқошқарұлы
Тəуіп: Достастық бұның сөзін бұза алмаймын, Ауруды жеңіл-желпі ырымдаймын. «Түбек жөн жүрмейді», – деп жады қылды, Ол құсап басқа жаққа бұрылмаймын. Жетеді аз өмірге, қыз алмаймын, Мен жүріп, алыс жерге ұзамаймын. Қиырдан кінə тауып, өкпелейді, Қасынан өлгенімше ұзамаймын. Қарқабат: Жарай ма ел бірлігін ұмытқаның? Өлімге, жасың жетіп, жуықтадың. Аразды тату қылып кетсең етті, Ұят қой жас қатынға қызыққаның, Кетпейді иман ұзап тобалыдан, Дүниенің қызық көрдім талайынан. Балаңның қатары екен, байқап қара, Қаларсың жас адамның обалына. Досың – сол, кемшілікті атап келсе, Жамандық алыс емес, тақап келсе. Қайтесің, көпке бірдей тəуіпсің ғой, Алыстан өзіңді іздеп қос ат келсе? Тəуіп: Шықпаймын алысқа ұзап өлгенімше, Бағамын əл-шамамның келгенінше. Қоямын бақсылықты бұдан былай, Сертім сол ең ақырғы өз көзіңше. Қарқабат: Келмейді өткен өмір орынына, Дүние əбден жетік торуына. Жүрсің бе «өлмеймін» деп, Қолаба шал? Түбек Байқошқарұлы
Қара жер ақыр алар қойынына. Өмірдің қысқарғанын осыдан біл, Күніңнің қанша өткенін таныдың ба? Маңдайдан нұр құйылып, гүл төккенде, Ат терлетіп келгенге бармай қойсаң, Аттың тері, ердің обалы болмасын мойыныңа. Құдайдан қорыққан жан қауіптенер, Қызықпа қартайғанда жас адамға, Сыр бермей, ажал бір күн соғып салар. Сенбеу керек əр істі кездеспейді деп, Алдына ұл-қызыңның келіп қалар. Тəуіп: Шырағым, жақсы екенсің амалдарға, Жас күндей ерегісер заман бар ма? Сен де бір назар керде жігіт едің, «Алдына ұл-қызыңның келеді», – дейсің, Зиян болып кетпесін балаларға. Мынау айткан сөзіңе мен жығылдым, Қайтейін? Алсаң алшы. Амал бар ма? Қарқабат: Кəрия, жақсы болды-ау думанымыз, Жол үстінде амандасып тұрғанымыз. Əзілмен жақсы-жаман қалжыңдасып, Қыздырып біраз дүкен құрғанымыз. Адамның бала деген бауыр еті, Ақыры шын сөзімді сыйладыңыз, Айтқан сөзге түсініп, көңлің жұмсап, Қош, қайыр, рахмет! Сыйладыңыз, Көп өмірде бірталай қызық көрдің, Өлгенде болсын жолдас иманыңыз. Сол сөзбен Қарқабат Қолабаны жолға салып, қатынды алып қайтты. Түбектің үйіне тура келтірмей, бір ауылға Түбек Байқошқарұлы
тығып қойып, ештеме білмеген кісі құсап, өзі жалғыз келіп, Түбекке көрісіп қалды. Түбек баяғыдай нұры жайнап, жақсы сұлу алған, ортекедей ойнап тұрған жеңгесін көрді. Көңлі шаттанып Қарқабат: «Қайран, досым!», – деп жырлай бастады: – Жаһанға жарқ айналып, болдың көсем, Мойны озған үш жүздегі сен бір шешен. Аурудың түрі жаман, шошып едім, Уа, достым, жазылдың ба аман-есен? Көргенде алтын жүзің, шошып едім, Көзімнен қанды жасым жосып еді. Аман-есен көргенде, «Шүкір!» – дедім, Жоғалсаң, табылмайтын асыл едің. Түбек: Дұрыс. Қуғанменен, болмас тамам, Тең емес, өлшегенмен жүйрік-шабан. Алдымда терең жарға жығылмады, Байқамай, абайсызда басса қадам. Тірліктен күдер үзіп қалып едім, Лажсыз, көзім жайнап, қалмай шамам. «Көргенге мың шүкірлік», – деп отырмын, Қарқажан, ат-көлігің келдің бе аман? Қарқабат: Заманға қай пенденің көзі жеткен, Жан бар ма тура жүрген əділетпен? Шақыршы, бері келсін, амандасам, Баяғы біздің жеңге қайда кеткен? Еске алдым қайран жеңге сағынғаннан, Үйреніп көз көрген ғой, не қылғанмен. Қапа боп, ашуланып ұрысып ем, Өкпелеп, келмей отыр тарынғаннан. Түбек Байқошқарұлы
Түбек: Өткен күн, балалықты сағынасың, Кісіге ақылы озған бағынасың. Жаныма бір шыбындай қастық еткен, Бетпақтың атын атап, не қыласың? Қарқабат: Өкпелеп келмей отыр, шақыр бері, Түзеліп қалар істің артық-кемі. Шыдамай беті құрғыр тұрған шығар, Біле ме надан пенде өлер жерін. Түбек: Үш жүздің таныс болдым жақсысына, Кездестім Қолабадай бақсысына. Жаныма себеп болды сол азамат, Мал қосып бердім соның ақысына. Қарқабат: Əркімнің көңілінде көп арман екен, Өзіне-өзі қайғы салған екен. Ашумен бір ауыз сөз айтып едім, Шіркіннің обалына калған екем. Түбек: Дүниеге əркім келіп, қайтып кеткен, Шерменде өз жазасын тартып кеткен. Өзімнің бір басыма қастық етті, Кім үміт қылар дейсің қарабеттен? Қарқабат: Көңілдің досың жетер жарасына, Достың дос қарамақшы шамасына. Кектескен мұсылманға жараспайды, Əпкелсем қатыныңды аласың ба? Түбек Байқошқарұлы
Түбек: Тең қылып жаратқан жоқ жанның бəрін, Азаптың көрдім қанша кеңі-тарын. «Жадыбас еткен қатын қайта алдың», – деп, Бетіме салық қылар құрбыларым. Ұятсыз дүниедегі масқарасы, Залымның көрсетпегін сұм дидарын. Қарқабат: Тыңдағын, қайран достым, құлақ салып, Кетпегін бұл сөзіме ашуланып. Көңлің бұрынғыдай болмаса да, Жүреді қызметкер боп, отын алып. Кек кеткен мұсылманға жарамайды, Қайта алғын қатыныңды, келдім алып. Жаны басқа болғанмен, тəні бірге, Мен келдім бір ашуға қолқа салып. Көнбеймін, досым, сенің алмасыңа, Қоймаймын осы жолы болмасыңа. «Қатынды қоя берген қайта алды», – деп, Айтқаны келе берсін өз басына. Көңлім, сыйламасаң, қалады ғой. Ей, досым, бір ашуды байламасаң, Достық пен жолдастыққа саламын ғой. Бұл сөзім – анық сырым, емес бекер, Сертіме, қайтсем-дағы, тегі, жетем. Бұл сөзді орынына келтірмесең, Болса да таңда махшар, көрмей кетем. Сонда Түбек достықтан қысылып, жылап тұрып, қатынын алмақ болып сөйлегені: Сөйледі сонда Түбек құлдық ұрып, Көзінен сасқанынан жас төгіліп. Түбек Байқошқарұлы
Бəрінен достық жолы қымбат екен, Ақыры алмақ болды, дымы құрып. Баяғы қазақшылық əдетімен Өзіне қосқан екен, неке қиып. Қарқабат үлгілі сөз көп сөйледі, Достықпен шын жарын бетке берді. Жол күтпеген жаман дос əр жерде бар, Жаман дос болса, бекер кетпек еді. Қарқабаттын ең соңғы сөзі: Біреуді қойды көпке қалыс қылып, Біреуді жаратты Алла шалыс қылып. Жаманнан досың болса, азаматтар, Кетеді жақыныңмен шағыстырып. Оттағы жанбай жатқан шала құсап, Кетеді, көсеу алып, қағыстырып. Жақсы адамменен дос болсаңдар, Кетеді, араз болсаң, табыстырып. Қарашы Қарқабаттың кемеңгерін, Ақыры кеткен екен табыс қылып, «Мен – адал, мен де сондай пендемін!» – деп, Кейбіреу сөзді шашар жарыстырып. Түбек Байқошқарұлы
ҚҰЛМАМБЕТ, ТҮБЕК, ТЕЗЕК АҚЫНДАРДЫҢ АЙТЫСҚАНЫ (Ə. Нұрлыбаев нұсқасы) Құлмамбет: Хан Теке, қасиетің ұшқындаған, Жан едім өз бетіммен іс қылмаған. Тұлпардың тұяғындай асыл едің, Ышқынып жау келгенде, пысқырмаған. Ежелден темір сауыт жігіт едің, Найзаны қиясына қыстырмаған. Тұлпардың озып жүрген біреуі едің, Шапқанда шылауына шаң жұқпаған. Тезек: Ақын деп, шіркін, сенің неңді мақтар? Көк мұзға тағасыз ат сырғанақтар. Ақыннан сондай үлкен қаупің жоқ па, Жүрмей ме сырттан сұрап зəнталақтар? Құлмамбет: Бетіне мысықтай-ақ бір шабайын, Түбектің барлық жайын ұқтыр маған. Адамның қара тілді бұлбұлысың, Сөзіңді адамзатқа ұттырмаған. Болғанда ер ағадан, тон жағадан, Соғады арлан бөрі тау сағадан. Кепəрат сондайыңа болайын деп, Алтынды аттап жүрмін босағаңнан. Қаптаған қалың өртке қарсы шаппай, Қатын боп қашалық па осы арадан? Ордаңның халімізше қызметі үшін Айналып қорғап жүрміз қанша бір жан. Түбек Байқошқарұлы
Кұлмамбет – менің атым – Құланаян, Екенім Құланаян Құдайға аян. Түбектің сарындары жаман еді, Тақсыр-ай, мұның жайын қылшы баян. Мұндайда сөз табады ердің ері, Хан Тезек, болып тұрсың елдің белі. Тақсыр-ай, біз жеңілсек, өз намысың, Бар ма еді бұл Түбектің кемдіктері? Тезек: Арқадан Найман ауып келген деймін, Дəулеті біздің елден төмен деймін. Аштықты доңыз жылғы көтере алмай, Нан алып, кісі сатып, жеген деймін. Бəрің де бұл Түбектен бұрын сақтан, Түбекті ұшан-теңіз өлең деймін. Біреуі қатынының жады қылып, Жеті жыл шөгіп жатқан шемен деймін. Болмасын тəкаппарлық, мақтан деймін, Түбектен күні бұрын сақтан деймін. Арқадан Қаракерей ауып келіп, Доңызда біздің ел шапқан деймін. Сонда хан ордасына кіріп келген Түбек: Ассалаумағалейкум, хан ордасы, Жаратқан Құдай артық нəн ордасы. Қызырдың шылауына қызмет қылған, Желаяқ үш жүздегі мен жорғасы, Қызырың қыз ойнамас болып жүрген, Жүрмісің аман-есен, жұрт ағасы? Келмейтін мұсылманның шегіндегі, Абылай бақыт қонған мұнарасы. Пері ме, періште ме, адамзат па, Түбек Байқошқарұлы
Адамға мəлім емес бұл арасы. Бұлардың қай нəсілден жаралғанын Арабтың аша алмаған ғұламасы. Бұлжытпай сұрағанын берді істеп, Бұлардың құдасындай бір Алласы. Ішінде көп ағаштың бау жидесі, Секілді тіл үйірген тау шиесі. Ақ сүйек, алтын жүзді, даңғыл жүрек, Адамның бұл жақтағы əулиесі. Жарасқан ақ боз атқа, Асан тамға, Жігітсің саяң түскен мұсылманға. Атаңның ақ аруағына нары келді, Кеткелі сəлемдесіп Тезек ханға. Самұрықтың екі басты балапанын, Өлсем де, теңгермеспін тірі жанға. Атаңның қанды бармақ құсы келді, Тиіскен қиясынан қашқан аңға. Жау шапқан қиясынан айбалтасы, Атаңның бақ қонғаннан басып санға. Атаңның Алтай інді ақ бүркіті Айналып келіп отыр осы таңға. Бар еді қонақтайтын бір тоғызым, Көрінген мұнарландым мына жолда. Олжа алған, оза шауып, кер маралым, Қазақтың мекен еттің Кеңаралын. Баршасын жер-дүниенің өрт алғанда, Қорғалап бір бұтаға паналадым. Қырандай аспандағы көз жіберіп, Келешек болар істі аңлағаным. Затыңа зиярат қылып келейін деп, Атаңның аруағы еді арнағаным. Пері емес, періште емес, азамат-ақ, Түбек Байқошқарұлы
Қасиет Алла берген қолда барым. Адамның баласынан артық туған, Пөлкендік, өз əлінше жандаралым. Хан Тезек, манаурамай, байқап отыр Түбектің ұрандаған бар хабарын. Тұяғы ақ бүркіттің сая тисе, Демегін: «Келгеніңді аңламадым». Абылай аққу еді өрге жүзген, Секілді ақ балапан көлге жүзген. Дəулеті Абылай хан қонғаннан соң, Ағыздың сүттен бұлақ іргеңізден. Сайтанның, кесірленіп, тілін алсаң, Бақ-дəулет, айрыларсың дүниеңізден. Ішінде көп ағаштың екпе алмадай, Дабыспаз жігіт едің көк қарғадай. Дəулеті Абылай хан қонғаннан соң, Кетіпсіз Құдайды да еске алмай. Дабысың тау көріктей гуілдеп тұр, Сартылдар қылған ісің төс балғадай. Тартасың аяғыңды, хан Тезегім, Тұрғанда бақытың борап жауған қардай. Түбекті кеп отырған көремісің, Алдыңа Түбек келді шөккен нардай. Бала емес Түбек саған анау-мынау, Аруақтың ескі құры, аты дардай. Түбекті кеп отырған көремісің, Жігіттің ұшқындаған желеңісің. Құтылып оқталғаның кетпейтұғын Адамның қара сырттан берені – сен. Сөзінді жақтырмаған естімейтін Құлақсыз заманның кереңі – сен. Жұтса да дүниені, тоймайтұғын, Түбек Байқошқарұлы
Жалмауыз, бұл дүниенің тереңі – сен. Үш жүзден асқан Түбек келіп отыр, Бір нəрсе бұл Түбекке беремісің? Қисыққа барып келдім, тоғыз алып, Қарғап па сені Құдай, онан қалып? Төре емес, құл да берді алты тоғыз, Бересің он тоғыз қып, ашуланып. Есерден осы келген қауіп етсең, Сүйекке бір тамғаны басуы анық. Хан Тезек, қимадым-ай атыңды, атағыңды, Кез келіп Түбек отыр ашып-арып. Мен соның, кім хан болса, торғайымын, Ез болсаң, тастап көрші басымды алып. Енді Құлмамбет айтады: Құлмамбет – менің атым – Құланаян, Дегенім менің Құлан Құдайға аян. Құлмамбет – менің атым Құлан еді, Бəйдібек атамыздың ұраны еді. Арғы атам – Төбей бидің төрт баласы, Ұрандап төрт биікке шығар еді. Майқы би Абылайды меншіктеніп, Ханымнан құндыз қияқ сұрап еді. Ешкімнің сұлтанымда таласы жоқ, Осының меншіктеген мұрагері. Қаламды бытыраңқы тарап жүрген Əулеті Абылайдың сұрап еді. Керейдің қаңғып жүрген шемен шалы, Ие боп мынау қайдан шыға келді? Бай болсам, бұл ордаға келемін бе? Таң қалған Алаш ұлы өлеңіме. Керейдің қаңғып жүрген шемен шалы, Түбек Байқошқарұлы
Бұл жаққа тамашамын келгеніңе. Мал іздеп əлі күнге қаңғып жүрсің, Өзіңнің жақын қапты өлеріңе. Қаңғыру қартайғанда жөн бе саған, Ішіңнің қарамастан шеменіне? Жасың да жүзден асып кетіп қапты, Шыдамай жүр дейтұғын өтеріне. Керейдің қаңғып жүрген кəрі айғыры, Үйсіннің шайнатарсың дөненіне. Алтайдан алжып ұшқан кəрі бүркіт, Мəз болып тышқан алып жегеніңе. Қисық құл, барғаныңда, тоғыз берсе, Шіркін-ай, келтіріпті кемеліңе. Төрені құл құсатып ала алмайсың, Дəндеген кете бергін сол еліңе. Төремді, айтыс-тағы, жеңсең, алғын, Төремді, жеңілмесем, беремін бе? Түбек сонда былай дейді: Құлмамбет, осы сөзің жөн бе деймін? Құдайға бəріміз де пенде деймін. Менімен айтысуға, таз Құлмамбет, Басыңа қайдан бітті кеуде деймін? Жігіттің селтеңдеген серкесі өлер, Шырағым, шыға қапсың дөңге деймін. Əуелі, сен менімен айтыспай-ақ, Кемдігін өз басыңның жөнде деймін. Тапқансың сұмырайлық мінезіңнен, Басыңда бір қылшық жоқ емге деймін. Күшіңді маған қылар жұртқа қылып, Басыңды тұзды сумен емде деймін. Түбі осы жота жердің қаңбағысың, Түбек Байқошқарұлы
Кетерсің қазір ұшып желге деймін. Қызғыш құс қара жағал, к...і күйген, Ие бола қалыпсың көлге деймін. Қарашы көзінді ашып, таз Құлмамбет, Адамың қалжыңдайтын мен бе деймін? Əліңді байқамастан, айға шауып, Мүсəпір боп қалыпсың демде деймін. Халықтың несібесін ала берген Ешкімнен қала алмайды кенде деймін. Сен өзің байқап көрші, байғұс бала, Біздің бақ сіздің бақтан кем бе деймін? Адамды көп жасаған жақтырмасаң, Жасыма менің келген келме деймін. Егер мен шыныменен назалансам, Шықпассың мұнан былай дөңге деймін. Қаптатсам қара боран, кəрі жынды, Кетерсің қазір кіріп жерге деймін. Құлмамбет деген ақын сен бе деймін, Болғансың қашан ие көлге деймін? Басыңның қыршаңқысы жұғып кетер, Қасыма менің жақын келме деймін. Құрысын хан орданың сақабасы, Тимесін кесапатың елге деймін. Қорыған байдың асын сорлы екен, Шын қолыңнан келе қойса, берме деймін. Қолыңнан, байғұс, сенің не келмекші, Мұрныңды соза берме өрге деймін. Жарасқан ақ боз атқа, Асан тамға, Хан Тезек – алтын есік барша жанға. Ұжмақтың дүниедегі есігіндей, Тең ортақ алтын есік хан-қараға. Қараңғы түннің ішін жарып шыққан, Түбек Байқошқарұлы
Сен бөгет бола алмайсың атқан таңға. Құлмамбет, сен, білемісің төре сырын, Білмейсің, мəңгүрттеніп, кімнің кімін. Алған соң біздің қызды хан атанды, Сарт еді сары құлақ онан бұрын. Қаздырып ата тегін алмадың ба? Кетпесін, байғұс бала, ісің қырын. Мен алсам, ұрлық жеген ханды аламын, Сен əлі қажап жүрсің айыл жібін. Жын қақты сен сияқты қотыр тайға, Қандайынан сөз айтпақшы мынау сорың? Өзіңнің қатарыңа соқтықпастан, Байғұс-ай, отырсың-ау қылғалы ырым. Ырымың қырын кетіп, құрымағын, Байқамастан сорлы бала өлетұғын. Алаштан бидай терген мен бір тауық, Отыр ма айтысуға көңлің ауып? Əнім мен өлеңімді үйреніп ап, Өлтірді-ау осылар-ақ бетке шауып. Алыстан аң іздеген арыстан ем, Бір күшік к...і күйік алды қауып. Ойлама қартайды деп бұл Түбекті, Бұл Түбек, əлі болса, темір сауыт. Апыр-ай, Құлмамбеттің кеудесін-ай, Өзінің сөйлеспестен теңін тауып. Еңкейіп, өз к....е қарамастан, Біреудің сөйлемекші кемін тауып. Сөйледің кімді мақтап, кімді боқтап, Сөйледің кімді сүйеп, кімді жақтап? Сөзіңді алда келер артта айтып, Басқармай, сандаласың тапырақтап. Сөзіңді бұдан былай байқап сөйле, Түбек Байқошқарұлы
Ұрынбай соқырларша апырақтап. Бекітпей буыныңды, босқа ұрынсаң, Бір жерге жоғаларсың қалтырақтап. «Қайтпасын жас жүрегі», – деп отырмын, Қазақтың аруағы мен рухын сақтап. Болмаса, тереңменен қойып тұрып, Шаң қылып, кетер едім жерге таптап. Үш жүздің жанып тұрған шаласына, Ұрынар жаннан безген қай ақымақ? Хан Тезек ырғалады қайыңдайын, Судағы Түбек жүзер жайындайын. Тезекке тағы біраз болысып көр, Сені мен Тезегіңнен айырмайын. Қимылдап, тағы біраз қарсы шапшы, Жеріңнен төстеп тұрған қайымдайын. Шаптығып, шатқаяқтап қарғып көрші, Иінді ішіңдегі пайымдайын. Көңліңде сөзің болса, тағы айтқын, Көңілін жас баланың қалдырмайын. Құлмамбет: Құлмамбет – менің атым, Құлан деген, Сес қылып кұтылмассың бұдан менен. Құтылып кету саған оңай емес, Сапырып борандатқан тұманменен. Алжыған күшігенім, ойнап көрші, Біз тұяқ, жас балапан қыранменен. Алжыған сендей шалдың керегі не? Саялы қондырмаймын терегіме. Аюдай «Сондаймын!», – деп ақырсаң да, Төремді, тірі тұрып, беремін бе? Қалмапты қу құлқының əлі күнге, Жақындап жүрсең-дағы өлеріңе. Түбек Байқошқарұлы
Бір тоймайсың, жесең де, Кісі сатып көрінгенге. Төремді арашалап ала алмасам, Бұл жерге Қарқарадан келемін бе? Қисық құл, барғаныңда, тоғыз берсе, Шіркін-ай, келтіріпті кемеліңе. Сөйлейсің, алжып тұрып жасаңдайын, «Үш жүзден асқанмын!» – деп айтпай-ақ қой, Қаңғырған дуанасың, асауланып. Керейдің қаңғып жүрген шемен шалы, Өлеңіңе қоңсы қондым қашан барып? Əркімнен қайыр сұрап дуанаша, Ат пенен киіп жүрсің, шапан алып. Бəйгеге құйрық сызып қосылатын, Құрыған қу заманың қашан қалып. Баяғы доңыз жылғы ашшылықта, Баласын нанға сатқан атаң ғаріп. Бір табақ қара бидай салып беріп, Жалайыр қалмап па ед апаңды алып? Тұқымың сонда-ақ құрып қалмақ еді, Ап қалды тұқымыңды атам бағып. Керейдің алжып жүрген шемен шалы, Кім сенің күн көріп жүр батаңды алып? Тастай түс тіреп тұрған аспаныңды, Жасқанып бұл сөзіңнен, шошынбадық. Айтасың мұны не деп, алжыған шал, Кемшілік бұл Тезектің қай жері бар? Үйірге бір байталды қостым дейсің, Биеңді міндет қылсаң, қайтарып ал. Керейдің нанға сатқан қыздарының, Төре алса, қай жеріңде арманы бар? Ашынды, қызын алып, асырадық, Түбек Байқошқарұлы
Əкеңнің енді қандай қалғаны бар? Міндет қып неменеңді келдің, Түбек, Көтерем секілденіп қотыр үлек? Дау іздеп, қайыр сұрап жүруменен, Қалыпсың сұқсырдай боп, мұнша жүдеп. Керейдің Үйсін шауып алған малын Келдің бе алайын деп, соны тілеп? Қадірлеп, басың сыйлап шақырғандай, Күшенесің, аяғыңды сонша шіреп. Аузыңнан отты жалын сөз шығады, Аспанды тұрғандай-ақ қолмен тіреп. Өлерсің күл-талқан боп, жардан ұшып, Көңліңмен азуыңды айға білеп. «Үш жүзден асқанмын!» – деп, шіренесің, Болмақсың алжып жүріп кімге тірек? Түбек айтады: Құлмамбет, талай жерде сенің кеудең, Таппақсың қанша пайда бұлай деуден? Бұрыннан келе жаткан із бар ма екен, Баласын бір қазақтың ұлтқа бөлген? Атаңның аруағына ит қосасың, Ақын деп сені айтуға үлгі көрген. Қолына мылтық беріп, қоя берсе, Өзінің итін атар жаман мерген. «Биеңді, аштан өлдің, қайтып ал», – деп, Түбекті ұстадың-ау жаман жерден. Шаптығып, алас ұрып отырғанда, Осы ма айтар сөзің барлық сенген? Арқада доңыз жылы аштық болып, Шын айтасың, Наймандар ауып келген. Ел болып осы жақтағы туысқаным, Түбек Байқошқарұлы
Жаны ашып, жайлы қоныс тауып берген. Халықтың бір шеті – бай, бір шеті – май, Қазақпыз бірге туған, бір бауырлас, Осындай сыйласуды сауық көрген. «Кетті, – деп, – дінін бұзып, кəпір болып», Албанды неше мəрте шауып берген. Қыз беріп қалмақтарға, дінін бұзып, Сақтанар біздің қазақ қауіпті елден. «Аш итті бір шолақ ит қуып жүр», – деп, Бұл жерді бұл қу қайдан тауып келген? Хан Тезек, күдер үздім ақыныңнан, Тайыпсың мұны «ақын» деп ақылыңнан. Қарашы Құлмамбеттің ғазазілін, Тезекті айырмақшы қатынынан! Сарттығы сары құлақ білінеді, Көргеніңмен ұрлық жақыныңмен. Күшікті еркелетіп қоя берсең, Бір күні тістей алар тақымыңнан. Қызымды, ашулансам, кетем алып, Байлап қой есегіңді, арқан тағып. Айырылған үйірінен сəуірік оңбас, Жайласын құл мен құтан, тоқым салып. Құланның пəңгі айғыры секілденіп, Бас салар еркегіңді оқыранып. Сарттардың байлап қойған есегіндей Алысып, жұрт жабылып, жүрсін бағып. Ақырып, пəңгі сартың жылап жүрсе, Əкеңді байқайсыңдар, сонда танып. Асылып, оқыранып, еркегіңе, Аулыңда мазаңды алар əңгіленіп. Мұрнына жылауықтың иісі тисе, Сонан соң пəңгі төрең кетер қаңғып. Түбек Байқошқарұлы
Төре емес, сенің мұның – апиыншы, «Төре», – деп, мұны сендер жүрсің сан ғып. Сонда Тезектің айтқан өлеңі: Арасы үш мың жылдың сират деймін, Ұжмақта иманды құл тұрад деймін. Айтысу мұндай жерде жарамайды, Құлмамбет, айтпай-ақ қой, шырақ, деймін. Байғұс-ау, жас айғырмен таласасың, Кетерсің бір күн жардан құлап деймін. Төрені келе сала омырауладың, Осы жер келіспейді бірақ деймін. Жазаңды, мен сөйлесем, берер едім, Айтуға төре өлең ұят деймін. Абылайдың ордасында кез кеп қалдың, Əйтпесе көрер едім сынап деймін. Келіпсің қартайғанда Құдай айдап, Он түйе, айдап кеткін, бір ат деймін. Келгенде, алжып жүріп, түк бермесем, Кетесің наза болып, жылап деймін. «Тезекпен өлең айтып алдым», – деме, «Əншейін алдым, – дерсің, – сұрап» деймін. Түбек Байқошқарұлы
ҚҰЛМАМБЕТ-ТҮБЕК (Фатима Ғабитова нұсқасы) Тезек: Албанның көрдіңіздер Тезек ханын, Тезектің бір жағы – хан, бір жағы – ақын. Айтқаны патша өлең ұятырақ, Болмаса, сенің сөзің – бойдай талым. Үш жүзден асқан Түбек келеді дейді, Ол келгенде, не дейсіңдер, ақындарым? Тезекті «шалқып жатқан көл» дейсіңдер, Ордама əр кезеңде келмейсіңдер. Бұл Тезек – шынар ағаш, сіз – бір тұйғын, Келгенде сағындырып, жем жейсіңдер. Үш жүзден асқан Түбек келеді дейді, Ол келсе, ақындарым, не дейсіңдер? Сөз сөйлесе, келеді сөзден ырғақ, Құлмамбет, тындап отыр мұны, шырақ. Егер де кəрі Түбек келе қалса, Ұзақтай тұрып қалма бəрің шулап. Құлмамбет: Е, тақсыр, болып тудың ердің ері, Үш жүздің алып жатқан шалқар көлі. Ей, тақсыр, біз жеңілсек, өз намысың, Бар болса, айтып бергін, кемдік жері. Тезек: Бұл елге Найман ауып келген деймін. Дəулеті өзімізден төмен деймін. Біреуі екі қатын жады қылыл, Жеті жыл болып жатқан шемен дейді. Жайлау қып Сарыарқаны жатқан деймін, Түбек Байқошқарұлы
Қыздарын қара нанға сатқан деймін. Доңызда қалың Найман ауып келіп, Олжаға біздің ел батқан деймін. Ақыннан мұндай үлкен қаупің жоқ па, Сыртынан, бұрын сұрап, сақтан деймін. Көк мұзда тағасыз ат тайғанақтар. Сөзіңді мынау сенің не деп мақтар? Ақыннан мұндай үлкен хабарың болмаса, Бұрыннан сұрап қоймай, зəнталақтар. Бұл екі арада Түбек келіп қалып, Тезектерге сəлем беріп айтқаны: Алейкум ассалам, жұрт ағасы, Білінер топ ішінде ат жорғасы. Алдыңа сəлем бере Түбек келді, Жүрсің бе сау-сəлемет, хан ордасы? Санында қызыл аттың Асан таңба, Көлеңкең тегіс түскен мұсылманға, Руым – Қаракерей, атым – Түбек, Кеп тұрмын сəлем бере Тезек ханға. Ішінде екпе бақтың бау жидесі, Тезектің жолда жатыр жүз теңгесі. Алдыңа сəлемдесе Түбек келді, Жүрмісің аман-есен, жұрт иесі? Алейкум ассалам, Тезек төре, Қоймаған елде жылқы, кезеп төре. Жалды ат, қомды түйе түк қоймаған, Бір келер өзіңе де кезек, төре. Хан Тезек, қарамысың төремісің, Қылмасаң ұрлық-қарлық, өлемісің? Момынның зар жылатып малын жейсің, Мақшарда бəрін жинап беремісің? Жұтсаң да Алатауды, бір тоймайсың, Түбек Байқошқарұлы
Түбі жоқ бұл дүниені теремісің? Айтқан сөз құлағыңа бір кірмейді, Адамның бұл дүниедегі кереңісің. Абылайдың аруағы қонғаннан соң, Төренің бұл күндегі перімісің, Хан Тезек Үш Алашқа алтын басты, Шаңына ақын Түбек араласты. Төреден сенен кейін алдым тоғыз, «Үш тоғыз бермеспін», – деп ойлама əсте. Көріндің екпе ағашта бау алмадай, Басасың қара жерді жауған қардай. Аруағы Абылайдың қонғаннан соң, Барасың Құдайды да аузыңа алмай. Хан Тезек, бала қаздай өрге жүздің, Секілді ақ балапан көлде жүздің. Аруағы Абылайдың қонғаннан соң, Ағыздың сүттен бұлақ іргеңізден. Бір тоғыз Əбілезден келдім алып, Алып па сені Тəңір, одан қалып? Төреден сенен кейін тоғыз алдым, Бересің екі тоғыз, ашуланып. Құлмамбет: Таң қалды Алаш ұлы өнеріме, Жеңілсем, бұл араға келемін бе? Керейдің қаңғып жүрген жаман шалы, Аз қапты кəріліктен өлеріңе. Тіліңді тарта сөйле, Түбек шалым, Төремді, жеңілмесем, беремін бе? Түбек: Құлеке, осы сөзің жөн бе деймін? Ойласаң, мен де өзіңдей пенде деймін. Түбек Байқошқарұлы
Қара көт қызғыш құстай, құйрығы жоқ, Қалыпсың бауыр басып көлге деймін. Қаңбақтай жұртта қалған салмағы жоқ, Кетерсің қазір ұшып желге деймін. Алаштан тары терген мен бір тауық, Отырмын айтысқалы көңлім ауып. Əнімді сөзім менен үйреніп ап, Қылдың-ау сен де бəле, шетке шауып, Алаштан ауып келген арыстан ем, Бір күшік көті күйік алды қауып. Түбекті «қартайды» деп ойламаңдар. Бұл Түбек қартайса да, алтын сауыт. Құлмамбет: Бай болсаң, бұл арада жүрсің не қып, Мал іздеп, қартайғанда, азаптанып? Керейдің қаңғып жүрген жаман шалы, Өлеңге қарсы қондым қашан барып? Алашта жақын туған жалғыз сен бе, Сөйлегін Құдайды да аузыңа алып. Үйсіннің менен артық ақыны жоқ, Жібергін, шамаң келсе, жерге қағып. Түбек: Құлмамбет, сенің мендей түрің бар ма? Түбек – тұйғын, Құлмамбет – ала қарға. Жетесің келген жерден кəрілікке, Қайтқан кісі секілді жының бар ма? Бар еді менсіз сенің қандай күнің, Баратын менсіз сенің жерің бар ма? Түбектің мұнда келген көрдің түрін, Қорыған айдын көлді – жаман ырым. Хан болған бұл батырың қызымды алып, Түбек Байқошқарұлы
Сарт еді сары құлақ бұдан бұрын, Түбектің Үш Алаштан асқаны анық. Түбінде бұдан бұрын төре ме еді, Хан болған бұл батырың, қызымды алып. Құлмамбет: Сөзіңнің қалай айтсаң, өрнегі жоқ. Еліңнің Қаракерей дерегі жоқ. «Үйірге бір байталды қостым», – дейсің, Алып кет, байталыңның керегі жоқ. Түбек: Құлмамбет, сөз шығады ақылыңнан, Көрінер Тезек төре шатырынан. Қарашы Құлмамбеттің шермендесін, Төрені айырмақшы қатынынан. Сарттығың сары құлақ білінді енді, Қызымды, ашуланып, алып кетсем, Байлап қал есегіңді ақырынан. Құлмамбет, сөйлесеңші сөзді бағып, Кетесің біраздан соң сүре қағып, Байлап қал есегіңді, арқан тағып. Құланның, мас боп қалып, əңгісіндей, Мазаңды алып жүрмесін оқыранып. Сонда Тезек төренің Құлмамбеттің сөзіне көңілі толмай айтқаны: Қылдан тар қияметте сират деймін, Ұжмақта иманды құл тұрад деймін. Бір келген алыс жолдан мейман шығар, Құлмамбет, айтпай-ақ қой, шырақ, деймін. Кетесің келтеліктен жарға ағып, Бұрыннан алсаң-дағы сұрап деймін. Байғұс-ау, жас ақынмен тайталаспа, Түбек Байқошқарұлы
Кетпегін терең сайға құлап деймін. Мен айтсам, ширегіме келмес едің, Айтқаны патша өлең ұят деймін. Келтірсе, қартайғанда, нəсіп айдап, Төрт түйе мен алғын бір ат деймін. О-дағы аруаққа болар намыс, Ордамнан құры қайтсаң, жылап деймін. Түбек Байқошқарұлы
ҚҰЛМАМБЕТ-ТҮБЕК-ТЕЗЕК (Кенен Əзірбаев нұсқасы) Тезек: Үш жүздің көріп пе едің Тезек ханын, Тезектің бір жағы – ақын, бір жағы – əкім, Айтуға төрең өлең ұятырақ, Сендердің өлеңдерің – «бойдай талым». Бəрің де түйем менен атымды алдың, Қырсағын кестім талай ақындардың, Үш жүзден озған Түбек келе жатыр, Бересің не жауап, ақындарым? Тезекті шалқып жатқан көл дейсіңдер, Ордаға, өкпелесең, келмейсіңдер. Үш жүзден озған Түбек келеді дейді, Келгенде, ақындарым, не дейсіндер? Ұзаққа, қайсың шауып, сермейсіңдер? Түбекке, қайсың ер боп, бермейсіңдер? Бұл Тезек – миуалы жеміс ағаш, Келгенде сағындырып, жем жейсіңдер. Егізақ Тоғызақ пен, тыңда, шырақ, Түбектің келе жатқан жері жырақ. Құлмамбет, Шаншар ақын, Түбек келсе, Қарғадай тұрып қалма, бəрің шулап. Құлмамбет: Арқада ол Түбектің өскен жері, Кір жуып, кіндігін кескен жері. Ей, Тезек, біз жеңілсек, өз намысың, Бар болса, үйретіп қой кемдік жері. Мен өзім – Құланаян Құлмамбетпін, Алдыңа айдап келген мұндай екпін. Түбек Байқошқарұлы
Тақсыр-ау, біз жеңілсек, өз намысың, Түбектің кемдік жерін бізге үйреткін. Тезек: Көк мұздан тағасыз ат тайғанақтар, Мұндайда жаман ақын сипалақтар. Ақыннан сондай үлкен қаупің жоқ па, Болмай ма сұрап жүрсең, зəнталақтар? Ол Түбек Сарыарқада жатқан деймін, Тəбін боп, орыс малын баққан деймін. Қалыңдар, жеңілсең де, бір ұстасып, Қара нан, малай болып, татқан деймін. Байлығы біздің елден төмен деймін, Бай болса, мұнда неге келген деймін? Біреуі қатынының жады қылып, Алты жыл тең жастанып жатқан деймін. Түбек: Ассалаумағалейкум, жұрт иесі! Тезектің жолда жатыр жүз түйесі. Сен едің Алатаудың бау жидесі, Табылар, айта берсем, сөз жүйесі. Бəйгеден күнде келген көк маралым, Алты Алаш қоныс қонған Кеңаралым, Жүзіңді көрейін деп, іздеп келдім, Бəлкөндік, өз əлінше жандаралым. Хан Тезек, қарамысың, төремісің, Қылмасаң ұрлық-қарлық, өлемісің? Еліңнен қомды түйе, жалды ат қоймай, Барғанда тозаққа, шар беремісің? Сөзіңді жақтырмаған естімейсің, Адамның аңқаусыған кереңісің. Жұтсаң да Алатауды, қақалмайсың, Түбек Байқошқарұлы
Төренің жеті басты тереңісің. Хан Тезек, атың шықты мұсылманда, Түспейді ақ дидарың тірі жанға. Төресің түлкі мінез шыр айналған, Қоясың ақыл айтып, қысылғанда. Мен келдім Əбілезден тоғыз алып, Сені Тəңір алып па, одан қалып? Сенен жаман төреден тоғыз алдым, Екі тоғыз бересің, ашуланып. Құлмамбет: Келіпсің Сарыарқадан, Түбек аға, Келіп пе ең балапандай түлеп, аға? Келгеннен сыр бердіңіз, жүдеп, аға, Төреден келе салып тілеп, аға. Алыстан ат арытып келгеннен соң, Төренің өзі-дағы біледі, аға. Тілемей-ақ өлеңді айтсаңызшы, «Бұл Түбек алжыған», – деп күледі, аға. Ұлы жүз құлақ салған өлеңіме, Бұл жерге, өкпелесем, келемін бе? Төреден келе салып сұрай кеттің, Қарамай ішіңдегі шеменіңе. Арқасын қайтқан айғыр алдырады, Тезектің душар болдың дөненіне. Төремнен келе салып сұрай кеттің, Оп-оңай, жеңілмесем, беремін бе? Түбектің айтқаны: Құлмамбет деген ақын сен бе деймін? Қарағым, мен өзіңдей пенде деймін. Қызғыштай қара жағал, құйрығы жоқ, Қалыпсың ие болып көлге деймін. Түбек Байқошқарұлы
Алаштан тары терген мен бір тауық, Отыр ма айтыспаққа көңлің ауып? Алыстан іздеп келген арыстанды, Бір күшік к....і күйік алдың қауып. Түбекті, қартайса да, жыға алмайсың, Əлі де оқ өтпейтін темір сауыт. Жығымтал тай-құнандай бала екенсің, Шырағым, тоқтат сөзді, жылы жауып. Демеңдер ажал қайдан, қатер-қауіп, Мен келдім хан Тезекке көңлім ауып. Əнім мен өлеңімді үйреніп ап, Қылдың ба сен де мазақ, бетке шауып? Бұл Тезек – дария шалқар, білем сырын, Құртқаның шалқар көлді – жаман ырым. Тезегің қызымды алып, төре болған, Сарт еді сары құлақ бұдан бұрын. Құлмамбет: Салғаным садағыма ақ қайың оқ, Шапқанда «Əжібайлап» тоқтауым жоқ. Түбеке, «ақынмын» деп мақтанасың, Бұлбұл да сайрап-сайрап, шұқиды боқ. Жеріңде тік сандалдай терегің жоқ, Еліңде Тезегімдей зерегің жоқ. «Үйірге бір байталды қостым», – дейсің, Байталыңды өзің ап кет, керегі жоқ. Түбек: Болмаса кəрілігім, мінім бар ма, Ақырған жас күндегі үнім бар ма? Кетесің салған жерден кəрілікке, Дегенде кəрі кісі, жының бар ма? Кетемін, ашулансам, қызымды алып, Түбек Байқошқарұлы
Пікірлер (0)
Пікір жазу үшін аккаунтқа кіріңіз. Кіру