Машина жасау сызуының негіздері
А.Н. Феофанов
Жазылымсыз режим: 20-беттен кейін жазылым беті ашылады, әрі қарай әр 10 бет сайын (ең көбі 5 рет).
Оқу құралында бөлшектердің сызбалары мен кескінін рәсімдеудің жалпы ереже- лері, сондай-ақ оларды орындауға кейбір машина жасау конструкциялары үшін негізгі талаптар берілген. Машина жасауда қолданылатын базалық қосылыстардың мысалда- ры келтірілген. Оқу құралының мазмұны МЕМСТ-тің барлық өзгеріс...
МАШИНА ЖАСАУ СЫЗУЫНЫҢ НЕГІЗДЕР
А. Н. ФЕОФАНОВ
Contents
А. Н. ФЕОФАНОВ
1
Оқырманға
1 Тарау
2 Тарау
3 Тарау
Мазмұны
А. Н. ФЕОФАНОВ
МАШИНА ЖАСАУ СЫЗУЫНЫҢ НЕГІЗДЕР
Кәсіби білім беру жөніндегі сарапшылар кеңесі кәсіби дайындық бағдарламасын іске асыратын білім беру мекемелерінің оқу үдерісінде оқу құралы ретінде пайдала- нуға рұқсат берген ҰСЫНЫЛҒАН
5-ші басылым, стереотипті
«Академия» баспа орталығы
Мәскеу
2016
1
ӘОЖ 744(075.9)
КБЖ 30.11 Ф428
Ф428
«Үздіксіз кәсіби білім беру» сериясы
Пікір берушілер:
А. В. Милюков - «№ 31 политехникалық колледжі» ОКБ МБМ оқу-өндірістік жұмыс жөніндегі директордың орынбасары, Мәскеу қ.;
В.М.Полякова - «Тушин оқу комбинаты» МБМ директорының орынбасары.
Феофанов А. Н.
Машинажасау сызуының негіздері: оқу құралы /А.Н. Феофанов. — 5-ші бас., стер. — М.: «Академия» баспа орталығы, 2016. — 80 б.
ІSBN978-5-4468-3077-0
Оқу құралында бөлшектердің сызбалары мен кескінін рәсімдеудің жалпы ереже- лері, сондай-ақ оларды орындауға кейбір машина жасау конструкциялары үшін негізгі талаптар берілген. Машина жасауда қолданылатын базалық қосылыстардың мысалда- ры келтірілген. Оқу құралының мазмұны МЕМСТ-тің барлық өзгерістері мен жаңа- лықтарына сәйкес келеді және мысалдармен тиянақты толықтырылған.
Жұмысшыларды машина жасау және металл өңдеу кәсіптері бойынша дайындау, қайта дайындау және біліктілігін жоғарылату үшін арналған. Орта кәсіби білім беру мекемелері пайдаланыла алады.
ӘОЖ 744(075.9)
КБЖ 30.11
Оқу басылымы
Феофанов Александр Николаевич Машина жасау сызуының негіздері
Оқу құралы
5-ші басылым, стереотиптік
Редактор Шапауов Әліби.
Серияның әрленімі: К.А.Крюков.
Компьютерлік беттеу: Р. Ю. Волкова
Түзетушілер С. Ю. Свиридова, Т. Н. Морозова
№ 105110122 бас.2016 ж.12.02 басып шығаруға қол қойылды. Үлгісі 60 х 90/16. «Миньон» гарниту- расы. Офсеттік басу. Офс. қағаз № 1. Шарт. бас. пар. 5,0. Тираж 300 дана № тапсырыс «Академия» баспа орталығы» ЖШҚ. www.academіa-moscow.ru 129085, Мәскеу, Мир даңғ., 101В, 1 бет.
Тел./факс: (495) 648-0507, 616-00-29.
2015 ж.25.05. № РОСС RU. AE51. H16679 санитарлық-эпидемиологиялық қорытынды
Басылды: «Т8 Издательские Технологии» ашық акционерлік қоғамы. 109316, Мәскеу, Волгоград даңғылы, 42 үй, 5-корпус.
Тел.: (495) 221-89-80.
Осы басылымның түпнұсқа макеті «Академия» баспа орталығының меншігі болып табылады және оны құқық иесінің келісімінсіз кез кел- ген жолмен қайта шығаруға жол берілмейді.
ІSBN978-5-4468-3077-0
© Феофанов А.Н., 2007
© «Академия» баспа орталығы, 2007
© Рәсімдеу. «Академия» баспа орталығы, 2007
Оқырманға
Сызбаны дайындамай қандай да бір бөлшекті, механизмді немесе машинаны әзірлеу, ғимарат пен құрылыс салу мүмкін емес, себебі бұл машина жасау және металл өңдеу саласындағы мамандарға ақпарат берудің негізгі тәсілі болып табылады. Ұсынылып отырған оқу құралы сіздер сызбаның көмегімен кейін тәжірибеде жүзеге асыру үшін теориялық ойларыңыз бен техникалық идеяларыңызды көрсетуге үйрену үшін бағытталған.
Оқу құралының арқасында сіздер мынаны білетін боласыздар:
сызба рәсімдеудің негізгі ережелері;
бөлшектердің негізгі элементтерінің кескіндері;
өлшемдерді салудың негізгі қағидаттары;
бұйым, бөлшек, құрастырма бірлік, кешен, жинақтама деп нені атайды?
бұранданың негізгі параметрлері, конструктивті және технологиялық элементтері;
негізгі стандарттық бекіткіш бұйымдар, олардың мәні, өлшемдерді салу қағидаттары.
Оқу құралының арқасында сіздер мынаны үйренесіздер:
конструкторлық құжаттаманың бірыңғай жүйесі (КҚБЖ) стандарттарының талаптарына сәйкес сызбаларды рәсімдеу;
қарапайым машина жасау бөлшектерін кескіндеу;
геометриялық фигуралардың аксонометриялық кескіндерін орындау;
бұранданың түрлі типтерін кескіндеу және белгілеу;
негізгі стандартталған бекіту бұйымдарын кескіндеу;
негізгі стандартталған бекіту бұйымдарының ұзындығын есептеу.
1 Тарау
Сызбаларды рәсімдеу
1.1. Форматтары
Сызбалық формат деп конструкторлық құжат парағының өлшемін айтады. МЕМСТ 2.301—68* «КҚБЖ. Форматтар» бойынша негізгі алты (А0 — А5) және бірнеше қосымша форматтар белгіленген. А5 форматы (148 X 210 мм) қажеттілікке қарай пайдаланылады. Негізгі форматтардың өлшемдері мен белгілері 1.1-кестеде келтірілген.
1.1. -кесте
А0 негізгі форматының ауданы 1 м2 тең. Оның 841 және 1 189 мм жақтары 1:√2 болып есептеледі. А1 —А5 негізгі форматтары әр форматтың үлкен жағын біртіндеп тең бөлу арқылы құрылады.
Жақтарға үнемі қатынасу арқасында түгел негізгі форматтар бір-біріне ұқсас (1.1-сур.).
МЕМСТ 2.301— 68* ескерілген қосымша форматтар негізгі форматтардың қысқа жақтарын олардың өлшемдеріне тең көлемге көбейту арқылы қалыптасады.
Қосымша форматтардың белгісі негізгі форматтың белгісінен және оның еселігінен құралады, мысалға АО X 2; А4 X 3 және т.б. 1.2.-суретте негізгі форматтар жуан сызықтармен шартты көрсетілген (форматтардың үстіңгі оң жақ бұрыштары бүгіліп кескінделген), қосымша форматтар – жіңішке сызықтармен. Нұсқарлармен форматтарды ұлғайтудың мүмкін бағыт-тары көрсетілген. Форматтың сыртқы жиектемесін тұтас жіңішке сызықпен сызу керек. Сызба алаңының жиектемесін сыртқы жиек- темесінен сол жаққа 20 мм ішке және басқа үш жақтан 5 мм шегініп жүргізу қажет. Сызба алаңының жиектемелері
мен басты жазбалары тұтас жуан негізгі сызықпен орындалуы тиіс. Кез келген сызбаны көлемі сызу тақтасына парақты тіркеу үшін сыртқы жиектемесінің сыртында артық қалатындай етіп таңдалған формат өлшемдерінен асатын қағаз парақта орындаған жөн (1.3- сур.).
1.3. -сур. Сызба жиектемелерін рәсімдеу
1.2. Масштабтары
Сызбаның масштабы деп сызбадағы объект кескінінің сызықтық өлшем- дерінің натурал шамаға қатынасын айтады (МЕМСТ 2.302—68* «КҚБЖ. Масштабтар»). Масштабты таңдауда (1.2-кесте) объектінің немесе оның бөліктерінің көлемі мен күрделілігін, сызбаның түрі мен міндетін ескеру қажет, ең алдымен кескіндерді орындаудың және оқудың ыңғайлығын бас- шылыққа алу қажет.
1.2.-кесте
Негізгі жазбаның осыған арналған бағанасында көрсетілген мас- штаб типі бойынша белгіленуі тиіс: 1:1; 1:2; 2:1 және т.б. Көрсетіл- ген негізгі жазбадан ерекшеленетін кескіннің масштабы типі бой- ынша кескін белгісінің қасында жақшада көрсетілуі керек: А (5:1); Б-Б (2:1) және т.б. Жеке элементтердің кескінінің көрсетілген масштабынан шегінуге осы эле- менттерді сызу қиын болған немесе кескіндерін көзбен қабылдауды жеңілде- ту керек болған жағдайларда жол беріледі. Егер элемент немесе оның қалы- пы көрсетілген масштабтан шегініп салынған болса, өлшемдік санды сызып қою қажет (1.4-сур.). Барлық жағдайларда масштабқа қарамастан сызбаға бейнеленген объектінің шынайы өлшемдері салынуы керек.
1.4-сур. Көрсетілген форматтан шегініп бөлшектердің өлшемдерін рәсімдеу.
1.3. Cызықтар
Конструкторлық құжаттаманы орындауда сызықтардың үйлестігі қолданылады, оларды кескіндеу олардың міндетіне байланысты, яғни сол немесе басқа ақпаратты сызықтармен көрсетуді білдіреді (МЕМСТ 2.303— 68* «КҚБЖ. Сызықтар»). Түрлі кескінделген сызықтардың үйлестіктерінде қажетті суреттердің көрнекілігі бар.
Бастапқы сызық ретінде тұтас жуан негізгі сызық қабылданды. Қалған сызықтардың қалыңдығы негізгі сызықтың таңдалған қалыңдығына байланысты (1.3-кесте). Бір типтес сызықтың қалыңдығы осы сызбадағы бір масштабтық түгел кескіндердің барлығына бірдей болуы керек.
1.3. -кесте
Проекциялар мен кескіндерді орындауда түрлі салынған сызықтарды дұрыс пайдалану геометриялық немесе техникалық объект туралы ақпараттың басты бөлігін графикалық көрсетуге мүмкіндік береді. Осылайша проекциялар мен кескіндерді орындау олардың бейнелері мен не- гізгі міндеттерінің белгіленген стандартын ұстануда түрлі сызықтар жиын- тығының көмегімен ақпаратты кодтау үдерісі болып табылады.
Тұтас жуан негізгі сызық мынаны кескіндеу үшін қолданылады:
Тұтас жіңішке сызық мыналарды орындайды:
Тұтас толқынды сызықпен ұзын бөлшек үзігінің сызықтарын, түрі мен қиманы шектеу сызықтарын сызады. Сызықты қолмен сәл толқынды етіп салады.
Штрихті сызық көрінбейтін контурлардың сызықтарын және өткелдің көрінбейтін сызықтарын сызуда қолданылады. Штрихті сызықтар қиылы- суы және штрихпен аяқталуы керек.
Штрихтік нүктелі жіңішке сызық осьтік және орталық сызықтарды, са- лынған және шығарылған қималарға арналған симметрияның осьтері болып табылатын қима сызықтарын сызады. Штрихтердің ұзындығы 5-тен 30 мм дейін болуы мүмкін, алайда қағида бойынша 5...30 мм. Штрихтік нүктелі сызықтар қиылысуы және штрихпен аяқталуы керек.
Штрихтік нүктелі қалыңдатылған сызық қима жазықтықтың алдында орналасқан элементтерді бейнелеу үшін термоөңдеуге немесе қаптауға жа- татын беттерді белгілеу үшін қолданылады (салынған проекциялар).
Алшақ салынған сызық қима сызықтарының жағдайын көрсетеді. Күрделі қималар мен қиықтарда алшақ салынған сызықтың ұштарын штрихтік нүк- телі жіңішке сызықпен біріктіруге болады.
Сынықтары бар тұтас жіңішке сызық бөлшектің үзілген кескінінің ұзын шетін сызуда қолданылады.
Екі нүктесі бар штрихтік нүктелі жіңішке сызық жаймалардағы бүгілістердің сызықтарын белгілеу, шеткі немесе аралық қалыптарда бұйым бөлшектерін, көрініспен біріктірілген жайманы кескіндеу үшін қолданылады.
1.4. Шрифттер
Шрифт табиғи тілдің графикалық үлгісі ретінде басқа құралдармен көрсету мүмкін емес немесе көрсетуі қиын ақпараттың эпюралары мен сызбаларын- да көрсету үшін қажет.
Шрифттің әріптері, сандары мен белгілері олар көрсететін ақпараттың жыл- дам, қатесіз және бір мағынада қабылдануын және түсінуін қамтамасыз ететіндей айқын сызылған болуы керек. МЕМСТ 2.304—81* «КҚБЖ. Сызбалық шрифттер» орыс, латын және грек әліпбилерінің бас және кіші әріптерінің, араб және рим сандарының, әрқай- сының атауы көрсетілген үлкен санның жазылуы (үлгісі) және өлшемдері белгіленген. Шрифттің өлшемі h бас әріптердің биіктігін және сәйкесінше кіші әріптердің биіктігін (қосалқысыз) анықтайды с = 7/іoh.
МЕМСТ 2.304—81* көлбеу емес және шамамен 75° көлбеу қалыңдығы d =1/10h, өлшемдері 3,5; 5; 7 және 10 болатын А және Б шрифттерінің типтері белгіленген.
Бас және кіші әріптердің биіктігін, әріптер арасындағы арақашықтықты, жолдардың минимальді қадамын, сөздер арасындағы минимальді арақашықтықты және шрифт сызықтарының қалыңдығын қамтитын көрсет- кіштер МЕМСТ 2.304—81* сәйкес кестелерінде көрсетілген.
Көршілес сызықтар өз араларында параллель келмейтін әріптер арасындағы
1.5. -сур.Б типті еңіссіз шрифт
қашықтықты жартылай кішірейту (мысалға, ГА, АТ, ТЛ, РА тіркестері), сонымен қатар келесі тыныс белгісінен кейінгі сөзді осы белгіден сөздер арасындағы арақашықтыққа тең болатын қашықтықта орналастыру қажеттілігіне көңіл аударған жөн.
1.6. -сур. Көлбеу Б типтік шрифт
Орыс әлібиінің және араб сандарының көлбеу емес және шамамен 75° көлбеу
Б типтес шрифттердің орфограммалары тиісінше 1.5, 1.6-сур. келтірілген.
1.5. Негізгі жазба
Негізгі жазбаны барлық конструкторлық құжаттарда төменгі оң жақ бұрышта жазылады. А4 форматты парақтарда негізгі жазбаны тек қысқа жақтың бойына (1.7-сур.), ал басқа форматтағы парақтарда – парақтың қысқа немесе ұзын жақ бойымен оң жақтан орналастырады (1.7, 6-сур.).
МЕМСТ 2.104—68* «КҚБЖ. Негізгі жазбалар» негізгі жазба бағаналарын орналастыру және мазмұны бекітілген (1.8-сур.), онда мына деректер көр- сетілген:
1.7.-сур. Суреттегі негізгі жазба орны: а - A4 форматында; б - басқа форматтар
1.8.-сур. Сызбаның негізгі жазбасы бағаналарының өлшемдері мен мазмұны (жақшаларда бағана нөмірі көрсетілген)
Негізгі жазбаның қосымша бағанасында (1.7-сур.) 180 немесе 90° бұрылған құжат белгісі көрсетіледі.
2 Тарау
Кескіндерді орындаудың негізгі қағидалары
2.1. Жалпы ережелер
Сызба кескіндерден тұрады, олар мазмұнына қарай көріністерге, қималар мен қиықтарға бөлінеді (МЕМСТ 2.305—68* «КҚБЖ. Кескіндер – көріні- стер, қиықтар, қималар). Заттың кескіні оның жеке беткі бөліктерінің ны- сандарын бекітуге мүмкіндік береді. Бұйымның, оның бөліктерінің көлемін және сәйкес кескіндерде өзара орналасуын анықтау үшін өлшемдер салады. Заттың кескінін заттың проекциялардың бақылаушы және сәйкес жазықтық арасында орналасқанын болжай отырып, тікбұрыш проекциялау әдісін қол- данып орындайды. Проекциялардың негізгі жазықтықтарына үш 1,2 және 3 өзара перпендикуляр жазықтық (2.1-сур.), сондай-ақ оларға параллель жазықтықтар 4, 5 және 6. Барлық аталған проекция жазықтықтары кубтың шектерін қалыптастырады.1, 2 және 3 шектер тиісінше маңдайлық, көлде-
нең және бейінді (профильдік) проекция жа- зықтықтарын қабылдайды. Кубтың шектерін оларға орналасқан кескіндермен бір жазықтыққа қиыстырып, алты кескіннен тұратын заттың сызбасын алады (2.2-сур.). Проекциялардың маңдайлық жазықтығындағы кескін сызбада басты көрініс ретінде қабылдайды.
Затты проекциялардың маңдайлық жазықтығына ондағы кескін заттың нысаны, өлшемдері мен қызметтік міндеті туралы анағұрлым толық көрініс беріп, бұйымды әзірлеуде сызбаның пайдаланылуын жеңілдететіндей етіп орналастырады.Түрлі бөлшектерді құру тәжірибесімен бөлшектің конструктивтік және технологиялық ерекшеліктеріне байланысты сол немесе басқа бөлшектің басты кескінін және қалған кескіндерін таңдау жөніндегі ұсынымдар орнатылды.
2.2. Көріністер
Көрініс деп — заттың бетінің бақылаушыға көрінетін бөлігіне қаратылған кескінді айтады. Зат бетінің көрінбейтін бөліктерін көріністе штрихтік сызықтармен көрсетуге рұқсат беріледі (2.1, 2.2-сур.). жеке жағдайларда штрихтік сызықтарды қолдану сызбаынң айқындығын бұзбай, қажетті ке- скіндердің санын азайтуға мүмкіндік береді.
Орындалу сипаты және мазмұны бойынша көріністерді негізі, жергілікті және қосымша деп ажыратады.
Негізгі көріністер — проекциялардың негізгі жазықтықтарында алынған көріністер. Негізгі көрініс алынған проекциялар жазықтығына тәуелсіз олардың тиісті атаулары орнатылған (2.1-сур. қар.): 1 – алдыңғы көрінісі (негізгі көрініс); 2 – үстіңгі көрініс; 3 – сол жақтан көрінісі; 4 – оң жақтан көрінісі; 5 – төменгі көрінісі; 6 – астыңғы көрінісі.
Негізгі көріністерді әдетте өз арасында проекциялық байланы- ста жайғастырады (2.2-сур.). Бұл жағдайда ешқандай түсіндіруші көрініс атауларын бермейді. Артқы көріністі көріністің оң жағынан солға қарай орналастыруға болады.
Егер қандай да бір көрініс қалған көріністермен бірге проекциялық байланыстан тыс сызбаға жайғастырылған болса, жазба осы көріністің үстінен мына тип бойынша орындалады: А (2.3-сур.) (А көрінісін қосымша көрініс деп санаймыз). Бір уақытта көрініспен байланысты кескінде шолу бағытын көрсетеді (проекциялау бағы- ты), соның нәтижесінде жазбамен белгіленген көрініс алынды. Шолу бағытын нұсқар көрсетеді, оның үстіне жазбадағыдай орыс әліпбиінің бас әріпін қояды. Шолу бағытын көрсететін нұсқарлар тұтас жуан негізгі сызықтың қалыңдығына тәуелді, 2.4-суретінде келтірілген ара қатынасына сәйкес орындалады. Шолу бағытын нұсқайтын және сәйкес көріністі білдіретін әріптердің шрифтінің көлемі осы сызбада қолданылған өлшемдік сандар шамамен 2 есе үлкен болуы тиіс. Егер көріністер өз араларында проекциялық байланыста, бірақ қандай да бір кескіндермен бір-бірінен бөлек болса, онда көріністердің үстіндегі жазбаларды тура солай рәсімдейді. Көріністердің үстіндегі жазбалар көріністер әртүрлі парақтарға жайғасқан жағдайда сол жолмен орындалады.
Жергілікті көрініс деп заттың бетіндегі жеке шектелген орынның кескінін айтады. 2.5-суретте жергілікті көріністердің сызбасында рәсімдеу мысалда- ры келтірілген.
Егер жергілікті көрініс сәйкес кескінмен тікелей проекциялық бай-
ланыста орналасса, оның үстінен ешқандай түсіндіруші жазбалар салынбайды (2.5-сур. Сол жақта көрініс орнында жайғасқан жер- гілікті көрініс). Егер жергілікті көрініс оған сәйкес келетін проекциялық байланы- стан тыс орналасса, оның үстінен жазба жазылады, ал сызбада шолу бағыты көрсетілсе, соның нәтижесінде жергілікті көрініс алынды (2.5-сур., А, Б көріністерін қар.). Жергілікті көріністі тұтас толқынды сызықпен сызылатын үзік сызықпен шектеуге (2.5-сур., А көрінісін қар.) немесе үзік сызықпен шектемеуге (2.5- сур., Б көрінісін қар.) болады. Тұрақты (2.6-сур. а) немесе заңды өзгеретін (2.6-сур. б) көлденең қиығы бар ұзын немесе биік заттарды (сондай-ақ олардың бөліктерін) кескіндегенде
2.7. -сур. Кескін (а), үзіктері бар кескін (б), бұйым элементінің үзігі мен көрінісі бар кескін (в)
2.8. -сур. Бұйымдардың қосымша көріністері мен қималарын кескіндеу мысалдары
жергілікті көріністер үзіктері бар көріністер болатындай (2.6-сур. в, г) етіп қолданылуы мүмкін.
Қосымша көріністер сызбаны оқу не орындау негізгі көріністердегі заттың жеке элементтері олардың нысандары мен өлшемдері бұрмалануы мүмкін болатындай күрделенген жағдайда қолданылады (2.7-сур.). Қосымша көріністер затты проекциялаумен проекциялар жазықтығында негізгі жазықтыққа параллель емес проекциялар алынады.
Қосымша көріністе заттың бетінің жеке шектелген орны кескінделген болса, қосымша көрініс жергілікті көрініс ретінде рәсімделеді. Егер қо- сымша көрініс тиісті кескінмен тікелей проекциялық байланыста орна- ласса, сызбада ешқандай жазба жасалмайды (2.7-сур. б). Егер қосымша көрініс кескіні бар проекциялық байланыстан тыс орналасса, қосымша көріністің үстінде жазба орындалады, ал сәйкес кескінде шолу бағытын көрсетеді (2.7-сур. а, в). Орналасқан қосымша көріністердің ішінен 2.7-сур. б, в келтірілген нұсқаларды қолданған дұрыс. Қосымша көріністі (2.8-сур., а) ережедегідей негізгі кескінде берілген зат үшін қабылданған қағидаларды ұстанып айналдыруға (бұруға) болады (2.8-сур., в). Бұл жағдайда қосымша көріністің үстінен жасалған жазбаға жазбамен бір қатарда жазылатын және сызылмайтын О белгісін қосады.
2.3. Қималар
Көрінбейтін бет бөліктерінің контурларын бейнелеу үшін қолданылған штрихтік сызықтардың анағұрлым саны сызбаның оқылуын күрделетуі мүмкін. Осы жағдайларда сызбаның жақсы оқылуы үшін қималарды қолдануға болады.
Қима деп проекция жазықтықтарына перпендикуляр орналасқан бір немесе бірнеше қиық жазықтықтармен ойша қиылған заттың кескінін айтады. Бақы- лаушы және қиық жазықтықтың арасындағы заттың бөлігін ойша жояды, соның нәтижесінде осы бөлікпен жабылатын беткі бөліктер көрінетін бола- ды. Қима қиық жазықтықтың артында орналасқан (2.8-сур.) зат бөліктерінің кескіні бар заттың қиықтарын біріктіруді (қиық жазықтықпен затты ойша қиғанда алынатын фигура) білдіреді.
Затты ойша қию тек нақты қимаға қатысты және сол заттың басқа кескін- деріне соқтырмайды. Қиылған жазықтықтарды санына байланысты қима- ларды дара және күрделі деп ажыратады. Сонымен қатар жергілікті қималар қолданылады. Егер қиылған жазықтықтар заттың ұзындығы немесе биіктігі бойымен бағытталған болса, қималарды бойлық деп атайды, ал қиылған жа- зықтықтар заттың ұзындығына немесе биіктігіне перпендикуляр орналасса, көлденең деп аталады.
Дара қималар – бір қиылған жазықтықты қолдану нәтижесінде алынған қи- малар. Проекциялардың көлденең жазықтықтарына қатысты қиылған жа- зықтықтың жағдайына байланысты қималар көлденең (қиылған жазықтық проекциялардың көлденең жазықтығына параллельді), тік (қиылған жа- зықтық проекциялардың көлденең жазықтығына перпендикуляр) және көл- беу (қиылған жазықтық 90°-тан ерекшеленетін бұрыштардың көлденең жа- зықтықтарымен құралады) деп бөлінеді.
Егер қиылған жазықтық маңдайлық жазықтыққа параллель болса, тік қима маңдайлық деп аталады, ал егер қиылған жазықтық проекциялардың бейінді (профильдік) жазықтығына параллель жатса, бейінді деп аталады. 2.9. -суретте көлденең, бейінді және маңдайлық қималарды білдіретін бөл- шектердің кескіні келтірілген. Қималар сәйкес негізгі көріністердің орнында (үстіңгі көрініс, сол жақ көрініс және алдыңғы көрініс орнында) орналасқан, бұған МЕМСТ 2.305—68. жол береді. Жалпы жағдайда қима жазықтықтың орналасуын сызбада қиық сызықпен көрсетеді, бұл үшін алшақ салынған сызық қолданылады. Қима сызығының штрихтерін 8...20 мм ұзындығымен орындайды (2.10-сур.) және оларды кескіннің контурларын кесіп өтпейтіндей ор- наластырады. Осы штрихтерге перпендикуляр шолу бағытын көрсе- тетін нұсқарларды салады. Нұсқарларды қиық сызық штрихінің сы- ртқы шегінен 2.3 мм қашықтықта салады. Нұсқарлардың жанынан қиық сызық штрихінің сыртқы шегіне орыс әліпбиінің бас әріпін салады. Қиық сызық штрихтерінің орналасуынан тәуелсіз әріптерді көлденең жолақта орналасқандай етіп салады (2.9 – 2.11-сур.). Қима қиылған жазықтықтың орналасуын білдіретін және тире арқылы жазылған (мысалға А—А, Б—Б, В—В және т.б.) сәйкес әріптерден тұратын жазбамен сүйемелденеді. Жазбаны қиманың үстінен жайғастырады. Қиықтарды белгілеу үшін көлемі көріністерді белгілеу үшін қолданылатын көлеммен бірдей нұсқарлар мен әріптер қолданылады. Егер қиық жазықтық зат симметриясының жазықтығына сәйкес келсе, ал тиісті кескіндер тікелей проекциялық байланыста орналасса және қандай да бір кескінмен бөлінбесе, көлденең, маңдайлық және бейінді қималар үшін қиық жазықтықтың орналасуын белгілемейді, ал қиманың өзі жазбамен сүй- емелденбейді (2.9-суретіндегі маңдайлық қима). 2.11-суретінде бөлшектердің элементтерінің ішкі нысандарын анықтау үшін қиық жазықтықтың көмегімен алынған, проекциялардың не маңдайлық, не бейінді жазықтығына параллельді емес, тік қима қолданылды. Мұндай қима-
2.11.сур. Бөлшектердің қималарын белгілеу
қиық сызықтарындағы нұсқарлармен көрсетілген бағытқа сәйкес құры- лады және жайғастырылады (2.11-сур. а). Осы қималарды сызба алаңының кез келген орнында жайғастыруға, сондай-ақ негізгі көріністе берілген зат үшін қабылданғанға сәйкес жағдайға дейін бұруға жол беріледі. Бұл жағдай- да қима үстіндегі жазбаға О белгісі қосылуы тиіс (2.11-сур. б). Көрініс бөлігін және сәйкес қиманың бөлігін тұтас толқынды сызықпен араларын бөле отырып, бір көріністе біріктіруге болады (2.12-сур.). Көрініс пен қиманың біріктірілетін бөліктерде әдетте штрихтік сызық, сәйкес көрінбейтін контурмен жүргізілмейді. Егер көрініс пен қиманың біріктірілетін бөліктері симметриялық фигуралар- ды білдірсе, оларды біріктірілетін кескіндердің симметриясының осі болып табылатын бір-бірінен жіңішке штрихтік нүктелі сызықпен бөледі (2.13- сур.). Қиманы білдіретін кескіннің бір бөлігін әдетте біріктірілген кескінді бөлетін симметрия осінен оңға (2.13-сур., а) немесе солға (2.13-сур., б) қарай орналастырады. Кескін симметриясының осіне қандай да бір сызық сәйкес келсе, мысалға қабырға проекциясы (2.14-сур.), көріністі қимадан симметрия осінен солға не оңға қарай жүргізілетін тұтас толқынды сызықпен ажыратады. Жергілікті қималар — жеке шектелген жерде заттың конструктивтік ерекшеліктерін анықтау үшін арналған қималар. Жергілікті қиманы кескіннің қандай да бір басқа сы-
2.13.-сур. Бөлшектердің біріккен көріністері мен қималарының кескіні
зықтарымен сәйкес келмеуі тиіс тұтас толқынды сызықпен көріністе ерек- шелейді (2.15-сур.). Егер жергілікті қиманы айналу денесін (2.16-суретіндегі цилиндрлік эле- менттер) білдіретін заттың бөлігінде орындаса, мұндай қиманы көріністен осы заттың бөлігі осінің кескіні болып табылатын жіңішке штрихтік нүктелі сызықпен бөлуге болады. Көлбеу қималарды сол не басқа бөлшектің конструкциясының ерекшелік- терін түсіндіру үшін қолданады. Көлбеу қима 90°-тан өзгешеленетін бұрышпен проекцияның көлденең жазықтығына көлбеу қиылған жазықтықпен жүзеге асырылады. 2.17-су- ретіндегі бөлшектің конструктивтік ерекшеліктері А – А көлбеу қимамен анықталған. Көлбеу қиманы қима сызығында нұсқарлар көрсеткен бағытқа сәйкес сызбада құрады және орналастырады (2.17-сур., а). Көлбеу қиманы сызба алаңының кез келген орнында жайғастыруға болады (2.17-сур., б).
Күрделі қималар — бірнеше қиылған жазықтықтарды пайдалану нәтиже- сінде алынатын қималар. Күрделі қималарды дара қималар заттың нысанын және оның элементтерін түсіндіре алмаған жағдайларда қолданады. Егер күрделі қиманы қалыптастыратын қима жазықтар өзара параллельді болса, оны сатылы деп атайды. 2.18-суретте саңылау нысандарын анықтау үшін бөлшек элементтерінде проекцияның маңдайлық жазықтығына параллельді екі қиылған жазықтық қолданылған. Қиылған жазықтықтың орналасуы сызбада қиық сызықпен белгіленген. Кескіннен тыс орналасқан қиық сызықтардың штрихтері бастапқы және соңғы болып шартты қабылданады. Бастапқы және соңғы штрихтерде шолу бағытын көрсететін нұсқарларды қояды. Өткелдің әр жерінде бір қиылған жазықтықтан басқасына тікбұрышты нысанға ие қиық сызықтың бүгілісін салады. Қиық сызықтардың бүгілістерін қиық сы- зықтың штрихінің қалыңдығымен бірдей сызықпен орындайды. Қиық сызықтың бастапқы және соңғы штрихтеріне орыс әліпбиінің бас әріпін салады (дара қимадағыдай). Сатылы қиманы орындауда параллельді қиық жазықтықтарда орналасқан барлық қиықтарды бір жазықтыққа қиыстырады.
Сатылы қимада қиық сызықтарының бүгілістерінің болуын көрсетпейді (яғни күрделі қиманы дара тәріздес рәсімдейді). Алынған қиманың үстінен осы қима қай қиылған жазықтықтардың көмегімен орындалғанын көрсе- тетін жазба жасалады. Проекциялардың көлденең жазықтықтарына қатысты қиық жазықтардың орналасуына байланысты сатылы қималар көлденең, тік (соның ішінде маңдайлық және бейінді) және көлбеу болуы мүмкін. 2.18-суртте көрсетіл- ген сатылы қима негізгі көріністің орнында орналасқан. Сатылы қималарды сызба алаңының кез келген жеріне орналастыруға болады. Егер күрделі қиманы қалыптастыратын қиылған жазықтықтар 90°-тан өз- гешеленетін бұрыштан өзара қиылысатын болса, күрделі қиманы сынған деп атайды (2.19-сур., а). Сынған қималарды құрғанда әдетте қиылған жа- зықтықтардың бірін проекциялардың қандай да бір негізгі жазықтығы- на параллель орналастырады, ал екінші қиылған жазықтықты біріншімен қиылысқанға дейін бұрады. Қиылысқан жазықтықтар проекция жазықтықта- рына параллельді болғанда, сынған қиманы сәйкес көріністің орнында қиыстыруға болады. Қиылған жазықтықпен бірге ондағы қиықты бұрады. Сынған қиманы рәсімдеуде сызбада 2.19, а суретінде келтірілген қосымша құрылыстарды орындамайды. Қиылған жазықтықтың бұрылыс бағыты (2.19-сур., б) қиық сызығының штрихтерінде
2.19-сур. Бөлшек сынған қимасының мысалдары.
нұсқармен көрсетілген шолу бағытына сәйкес келуі немесе келмеуі мүмкін. Бұрылатын қиылған жазықтықтың артында орналасқан зат бөліктерін проекция жазықтығына проекцияланатындай кескіндейді, оларға қиылған жа- зықтық параллельді бұрылады (мысалға 2.19. б суретіндегі ойық кілтек).
2.4. Қиықтар
Қиық - затты бір немесе бірнеше қиылған жазықтықтармен ойша қиған кез- де алынатын фигураның кескінін айтады. Қиылған жазықтықтарды қиық фигурасының ең кіші алаңын алатындай негізгі проекция жазықтықтарына перпендикуляр орналастырады (әдетте бұл қиылған жазықтықты көрінетін контур сызықтарына немесе қиық орнындағы беткі бөліктеріне перпендику- ляр орналастырады).
Қиықта тура қиылған жазықтықта орналасқанды ғана көрсетеді. 2.20-суретінде ортаңғы бөлікпен біріктірілген соңғы цилиндрлік элемент- терден тұратын бөлшек бейнеленген. Ортаңғы бөліктің нысанын түсіндіру үшін қима жасалған (2.20-сур., а). Қиылған жазықтықтың артында орна- ласқан бөлшек бөлігінің қиығындағы кескін бөлшек конструкциясы туралы қосымша мәлімет бермейді, сол себепті графикалық жұмысты қысқарту мақ- сатында қиманың орнына А – А қиығын ғана кескіндеуге болады (2.20-сур., б).
Қиықтың нысаны бойынша симметриялық (2.21-сур.) және симметри- ялық емес (2.22-сур.) деп ажыратуға болады. Сызбада орындалу сипатына қарай қиықтарды салынған (2.21, а, 2.22, а сур.) және сыртына шығарып салынған (2.21, б, г, 2.22, б сур.) деп бөледі. Таңдауды шығарып салынған
2.21-сур. Бөлшектің симметриялық қиықтарын кескіндеу мысалдары
қиықтарға берген дұрыс. Шығарып салынған қиықтарды бір көріністің бөліктері арасында орналастыруға болады (2.21, б, 2.22, б сур.). Шығарып салынған қиықтың контурын тұтас жуан негізгі сызықтармен ке- скіндейді, ал салынған қиықтың контурын – тұтас жіңішке сызықтармен, бұл ретте кескіннің контуры салынған қиықтың орналасқан жерінде үзілмейді. Жалпы жағдайда қиықтарды қималар сияқты рәсімдейді: қиық жа- зықтықтың орналасуын сызбада қиық сызықпен көрсетеді, оған шолу бағытын көрсететін және кириллица әліпбиінің бірдей бас әріптерімен белгіленген нұсқарлар салынады, қиықтың үстіңгі жағынан сол әріптерден тұратын жазбаны орындайды (2.20, б,2.21, г, 2.22, в сур. қар.). Симметриялық емес салынған қиықтар (2.22-сур. а) көріністің қимасында орналасқан қиықтар (2.22-сур. б) үшін нұсқарларымен қиық сызығын жүргі- зеді, бірақ әріптермен таңбаламайды.
2.22-сур. Симметриялық емес қиықтарды кескіндеу мысалдары
Симметриялық салынған қиықтарды қиық сызықтарын салусыз рәсімдей- ді (2.21-сур., а). Көріністің қимасында орналасқан симметриялық шығарып салынған қиық та (2.21-сур., б) қиық сызығын салусыз рәсімделеді. Қиық сызығын егер шығарып салынған қиық кескінге тура жақын орналасқан, ал оның симметриясы осінің жалғасы кескін контурын кесіп өткен (2.21-сур., в) немесе қиылған жазықтың проекциясына сәйкес келмеген жағдайда жүргізбейді. Ереже бойынша сызбада құрылуы және орналасуы бойынша қиық сызығының штрихтеріндегі нұсқарлармен көрсетілген шолу бағытына сәйкес келуі тиіс (2.23-сур., А – А, В – В). Қиықты сызба алаңының кез келген жерінде, бұрылыспен, жазбаның үстіне О белгісін қоса отырып орналастыруға бола- ды (Б – Б қиығы). Бір затқа жататын бірнеше бірдей қиықтар үшін қиық сызықтарын бір әріп- пен белгілейді және бір қиықты сызады. Егер қиық жазықтықтар әртүрлі бұрыштармен орналасса, О белгісін салмайды (В – В қиығы). Егер қиылған жазықтық саңылауды немесе тереңдікті шектейтін айналдыру бетінің осі арқылы өтсе, қиықтағы саңылаудың немесе тереңдіктің контурын толық көрсетеді (2.24-сур. қиықты белгісіз және А – А жазуынсыз). Егер қиылған жазықтық домалақ емес тесік саңылау арқылы өтсе және қиық жеке дербес бөліктерден тқратын болса, қиықтың орнына қима орындаған жөн (Б
– Б қимасы), қиықты бірнеше қиылған жазықтықтармен орындауға болады (А – А қиығы).
2.5. Аксонометриялық проекциялар
Аксонометриялық проекция (немесе қысқаша аксонометрия) — парал- лельді проекциялауда пайда болатын нысандардың көрнекі кескінінің бір көрінісін білдіреді. Бұл әдістің мәні осы объект оған бірітірілген тікбұрышты координаталардың осьтерімен кеңістікте аксонометриялық проекциялардың жазықтығы деп аталатын кейбір еркін таңдалған жазықтыққа параллельді сәулелермен проекцияланады.
Аксонометриялық проекция екі не үш жазықтықтағы тікбұрыштыларға қарағанда анағұрлым айқын болады, себебі бір жазықтықта бір проекциямен бірден нысанның үш жағын (алдыңғы, жоғарғы және сол жақ) жеткізеді, бұл оның шынайы нысандары мен көлемдерін ұғынуды жеңілдетеді. Осылайша, аксонометрия кеңістіктегі кез келген нүктенің проекциясы аксонометриялық осьтерге байланған кескінді білдіреді, бұл кескінді метрикалық айқын көр- сетеді. Координаталар жүйесінің нысанына қосылған осьтердің кесіктері аксонометриялық проекциялар жазықтығында қысқартулармен проекцияланады, оның көлемі осы осьтер мен жазықтықтың арасындағы бұрышқа тәуелді және бұрмалау коэффициенті деп аталады. Егер k —Ax осі, m—Ау осі жә- неn —Az осі бойынша бұрмалау коэффициенті болса, онда тікбұрышты аксонометриялық проекциялар кез келген аксонометриялық осьтердің бағдары жағдайында бұрмалау коэффициенттерінің шаршы сомасы екіге тең болады:
k2+ m2+ n2= 2.
Аксонометрия негізгі ережесіне сәйкес жазықтықтың бір нүктесі арқылы өтетін және өзара сәйкес келмейтін кез келген үш тік ось аксонометриялық осьтер деп, яғни тікбұрышты координаталар осьтерінің нысанына біріктірілген проекциялар ретінде қабылдануы мүмкін. Осыдан аксонометриялық осьтер нысанның аксонометриясын құруда еркін таңдалуы, ал сәйкес бұрмалау коэффициенттері графикалық әдіспен анықталуы мүмкін. Алайда проекцияның аксонометриялық жазықтықтарына қатысты нысанға біріктірілген координаталардың тікбұрышты жүйесінің осьтерін тиісті түр- де бағдарлау жағдайында алдын ала аңдалған бұрмалау коэффициенттермен аксонометриялық осьтердің еркін жүйесін алуға болады. Проекциялау бағытының нұсқаларынан, аксонометриялық осьтердің бағдар- ларынан және оларға сәйкес МЕМСТ 2.317—69* «КҚБЖ. Аксонометриялық
проекциялар» стандартымен регламенттелген коэффициенттерден тек еке- уін пайдаланамыз – тікбұрышты изометриялық және диметрикалық проек- циялар, себебі қиғашбұрышты проекциялар бұрмаланып кескінделу ныса- нын жеткізеді.
Изометриялық проекция (изометрия) – келесі жолмен құрылады. Коорди- наталар жүйесінің нысанына біріктірілген осьтер аксонометриялық проек- циялардың жазықтығымен бірдей бұрыштар қалыптастырады. Сол себепті барлық үш ось бойынша бұрмалау коэффициенттері тең, яғни k = m = n = 02/3 ~ 0,82, сонымен қатар Ax, Ay, Az аксонометриялық осьтердің арасындағы бұрыштар (120°) тең болады.Azаксонометриялық осьті тік орналастырады.
2.25-суретте Изометриялық проекциядағы осьтерін тура құру келтірілген, 2.26-суретте – жақындатылған. МЕМСТ 2.317—69* сәйкес изометриялық проекцияны құруды жеңілдету мақсатында бұрмалау коэффициенттерінің мәнін 0,82 ор- нына 1-ге тең деп қабылдау ұсынылады, бұл изометриялық проек- цияның 1,22 есе ұлғаюына әкеледі.
Диметриялық проекция (диметрия) - нысаннын алдыңғы жағы тура- лы ақпараттың анағұрлым ауқымды көлемінің көрсетілуін қамтамасыз етеді. Диметриялық проекция үшін Ах және Az: k = n = 2√2/3 ≈ 0,94 екі аксонометриялық ось бойынша бұрмалау коэффициенттерінің теңді- гі қабылданды, Ау m = 0,5k = √2/3 ≈ 0,47 осі бойынша бұрмалау коэффи- циентінің мәні. Ax, Ау және Az аксонометриялық осьтердің арасындағы
бұрыштар 2.27-суретте көрсетілген. Az аксонометриялық осін тік орналасты- рады. 2.27 суретінде диметриялық проекциясындағы осьтерді тура құру келтіріл- ген 2.28-суретте – жақындатылған. МЕМСТ 2.317—69* сәйкес диметриялық проекцияны құруды жеңілдету үшін 1-ге тең Ах жәнеAz, ал 0,5-ке тең Ау аксонометри- ялық осьтер бойынша бұрмалау коэффициенттерінің мәнін қабыл- дау ұсынылады, бұл диметриялық проекцияның 1,06 есе ұлғаюына әкеледі. Объектінің аксонометриялық проекциялары төбенің координаталары, негіз- деме орталығы және нысанның сыртын құрайтын сол сияқты басқа нүкте- лер бойынша орындалады. Аксонометрияда беткі бөліктердің контурларын, очерктік қабырғаларды, бетін қалыптастыратын айналдыруды бейнелейді. Әдепкі қалпы бойынша аксонометрияда жазықтардың бөліктері және бөлік- тердің ішкі контурларында орналасқан басқа беткі бөліктері көрсетілмейді. Нысанның сызықтық өлшемдерін бұрмалау коэффициенттерін есепке алып, аксонометриялық осьтерге тек параллельді алып қояды. Қажет болғанда саңылауларды, ішкі қуысты, ойықты және объекті нысаны- ның басқа бөліктерін көрсету үшін қималар қолданылады. Қима жазықтықта- рын үнемі координаталардың біріктірілген жүйесінің екі осіне параллельді бағдарлайды.
Қималардағы штритеуді 2.29-сур., а (изометриялық проекция) немесе 2.29-
2.29-сур. Қималардағы изометриялық (а) және диметриялық (б) проекцияларда штрихтеу мысалдары
сур., б (диметриялық проекция) сәйкес орындайды. Штрихтеуді бағыттауға координаталардың біріктірілген жүйесінің екі осінің жазықтығында орна- ласқан шаршының бір немесе басқа диагоналі көмектеседі.
Нысанның аксонометриялық проекциясына МЕМСТ 2.307—68* «КҚБЖ.
2.30-сур. Изометриялық проекциядағы шеңбердің проекциясы
2.31.-сур. Диметриялық проекциядағы айналаның проекциясы
Өлшемдер мен шекті ауытқулар салу» ережелері бойынша нысан өлшемдері салынуы мүмкін, сыртқа шығатын және өлшемдік сызықтар координаталар- дың біріктірілген жүйесінің осьтеріне параллель орналасуы тиіс. Аксоно- метриялық кескіндегі нысанының сызықтық көлемдерін өлшеу аксономе- триялық осьтердің проекцияларынапараллельді бағытта ғана орындалады. Басқа бағыттардағы нысандардың көлемдерін өлшеу осындай көлемдегі проекциялары олардың шынайы көлемдерінен өзгеше болуымен күрделе- неді. Аксонометриялық проекциялардағы бұрыштық көлемдер өлшенбейді, себебі бұрыштардың проекциялары олардың натуралдық көлемдеріне сәй- кес келмейді.
Шеңбердің аксонометриялық проекцисы – эллипсті білдіреді. Көптеген геометриялық және техникалық нысандардың сыртқы нысандары шеңберінен тұрады, олардың жазықтықтары координаталардың біріктірілген жүйесінің екі осіне параллель- ді болады. Изометриялық проекцияда осын- дай шеңберінің проекциялары 2.30-сур. кел- тірілген, ал диметриялық – 2.31-сур. Барлық шеңбер үшін d = 1 шарттық диаметрі қабыл- данған. Айналаның проекциясын көрсететін эллипстерге олардың үлкен және кіші ось- терінің, сондай-ақ координаталардың біріктірілген жүйесінің екі осіне параллельді екі түйіндес диаметрдің сандық мәні салынған. Әрбір эллипстің кіші осі параллельді, ал үл-
2.33.-сур. Диаметриялық проекциядағы эллипсті алмастыратын төрт ортасы бар сопақша:а —XOZ жазықтығында; б —XOY немесе YOZ жазықтығында.
кені – шеңбер жазықтығына перпендикуляр жатқан координаталық осьтің проекциясына перпендикуляр. Аксонометриялық проекцияларды жеңілдету мақсатында эллипстердің орнына циркульдің көмегімен 2.32-суретінде (изометриялық проекция) және 2.33-суретінде (диметриялық проекция) келтірілген оларды жақын алмастыратын төрт ортасы бар сопақшалардың көме- гімен құру ұсынылады. 2.1-кестеде d = 1 шартты диаметрімен шеңберін бейнелейтін сопақша пара- метрлерінің көлемдері келтірілген.
Саңылауы бар геометриялық денелердің аксонометриялық проекция- лары геометриялық дене кескінінің көрнекілігі анағұрлым көрнекі болатындай етіп құру қажет.
Геометриялық дененің аксонометриялық проекциясын құрмас бұрын сызба- да оған біріктірілген координаталар жүйесінің осьтерін белгілейді. Аксонометриялық проекция құрудың бірізділігі геометриялық дененің ны- санымен анықталады. Аксонометриялық проекция құруды бүтін геометри- ялық дене табанын немесе табандарын және сыртқы контурын кескіндеуден бастаған жөн. Содан кейін тесік саңылаудың немесе ойықтың сыртқы және ішкі кескіндерінің проекцияларын құру қажет. Аксонометриялық проекцияда барлық құрылыстарының аяқталуы бойынша алынған кескінге анағұр- лым көрнекілік беру үшін контурдың көрінетін сызықтарын ғана сызып өту ұсынылады.
2.1-кесте
Тесігі бар геометриялық дененің аксонометриялық проекциясында оның тесік екені үнемі көріне бермейді. Мұндай жағдайларда екі қиылған жазықтықтың көмегімен ішкі беттерін көрсету үшін геометриялық дененің бөлігін жояды. Қиылған жазықтықтарды әдетте координаталық жазықтықтармен қиысты- рады. Көлденең саңылаулы терезесі бар дұрыс үшбұрышты пирамиданың аксоно- метриялық проекциясының құрылысын қарастырамыз (2.34-сур.). Берілген пирамиданың сызбасында оған біріктірілген координаталар жүйесін бел- гілейді және аксонометриялық проекция құру үшін қажетті өлшемдер са- лынады (2.34-сур.). Мысалдың шешімін пирамиданың анағұрлым көрнекі кескіні қайсысында құрылатынын анықтау үшін изометриялық және диме- триялық проекцияларда бүтін пирамида құрудан басталады.
Изометриялық проекцияның құрылысы 2.34-суретінде көрсетілген. Z осінің басында Н пирамида биіктігін қалдырады және S төбесінің проекциясын алады. Содан кейін пирамиданың негізін құрады. Y осінде дұрыс және кері бағыттарда сәйкесінше L1 және L2 кесіктерін қалдырады және 1 және 2 нүк- телерін алады.
2 нүктесі арқылы тік, Х осіне параллельді жүргізеді, және оның үстінен а/2 тең болатын кесіктің екі жағына қалдырады. Осы кесіктердің ұштарын – 3 және 4 нүктелерін – 1 нүктесімен тік біріктіреді және пирамида табанының проекциясын алады. Кейін пирамиданың бүйір қабырғаларын сызады: S — 1, S — 2 және S — 3.
Бүтін пирамиданың диаметриялық проекциясын (2.34-сур.) изометри-
2.34-сур. Саңылауы бар геометриялық дененің аксонометриялық проекциясының құрылы- сы:
а — сызба; б — изометриялық проекция; в — диметриялық проекция; г — тесік саңылауы бар диметриялық проекция.
ялықтың бірізділігіндей құрады. Өзгешелігі тек Y осі бойынша қалдыратын L1 және L2, кесіктері 2 есе кішіреюінде.
Пирмаиданың құрылған аксонометриялық проекцияларын салыстырғанда онда саңылаулы тесік кескіндеу үшін анағұрлым көрнекі және қолданбалы диаметриялық проекция болды, себебі онда екі алдыңғы қырлары көрінеді.
Саңылаулы терезенің диаметриялық проекциясын (2.34-сур) салуды пирмаиданың негізіне ұқсас екі үшбұрыштың h1 және h2 биіктігінде бастайды. Әрі қарай Х осіне параллельді қабырғада әр үшбұрышта терезе енін, b тең кесі- гін қалдырады және 1 және 2 нүктелерін алады. Осы нүктелер арқылы тең Y параллельді осьтерін жүргізеді және оларды құрылған үшбұрыштардың қабырғаларымен қиылысқанға дейін жалғастырады. Содан кейін пирамида- ның бір бүйір қырларына тиесілі терезенің алынған үстіңгі және астыңғы кесіктерін тік сызықтармен қиыстырады.
Пирамиданың диметриялық проекциясын сыртқы және ішкі – көрінетін кон- тур сызықтарымен қоршайды. 2.34-суретіндегі г құру сызықтары сақталды.
2.6. Өлшемдерін салу
Бейнеленген бұйым мен оның элементтерінің көлемін сызбада өлшемдік сандармен, өлшемдік және шығарып салынатын сызытармен көрсетілетін өлшемдер береді. Өлшемдерін салудың негізгі ережелері МЕМСТ 2.307— 68* стандартында берілген. Сызбалардағы сызықтық көлемдер өлшем бірлігін белгілеусіз, миллиметрде көрсетіледі. Егер сызықтық өлшемдер басқа өлшем бірлігінде жазылса (сантиметр, метр), оларды шамалық саннан кейін белгілейді, мысалға 20 см.
Өлшемдік сызықтар - өлшем шектерін айқындайды және нысаны тік сы- зық, сондай-ақ шеңбер доғасы бола алады. Өлшемдік сызықтарын әдетте толық кескіндейді және кейбір жағдайларда ғана бір жақтан нұсқардың үзі- гімен орындайды.
Өлшемдік сызықты көлемі мүмкіндігінше кескіннің контурынан тыс орнала- сатын бөлшек элементінің тік сызықты кесігіне параллельді жүргізу қажет. Өлшемдік сызықтарды көрінетін контурдың, осьтік және шығарып салына- тын сызықтарына жүргізуге болады (2.35-сур.).
Өлшемдік сызықтардың екі ұшын сәйкес сызықтарға тірелетін нұсқарлармен шектейді.
Нұсқардың нысаны, оның элементтерінің шамамен алынған қатынасы және көрінетін контур сызықтарының қалыңдығы 2.37-суретте көрсетілген. Бұл қатынастарды түгел сызбада сақтаған жөн. Егер нұсқарларды өлшемдік сы- зықтың ұшына орналастыру мүмкін болмаса, оларды шығарып салынатын сызықтардың немесе сәйкес контурлық, осьтік, орталық сызықтардың сыр- тына жайғастырады (2.38-сур.). Егер тізбектеліп орналасқан өлшемдік сызықтарда нұсқарлар салуға орын жеткіліксіз болса, нұсқарларды өлшемдік сызықтарға 45° бұрышпен салынатын кертіктермен немесе қара нүктелермен алмастыруға болады (2.39-сур.).
Нұсқардың орналасқан жерін шектей-
тін контурлық не шығарып салынатын сызықты үзуге рұқсат беріледі (2.40-сур.).
Шығарып салынатын сызық қосымша болып табылады, оларды өлшем шектерінен жүргізеді. Шығарып салынатын сызықтардың арасынан өлшемдік сызықтармен жүргізеді. Шығарып са- лынатын сызықтарды өлшемдерін мүмкіндігін- ше кескін контурынан тыс орналасатын бөлшек элементінің тік сызықты кесігіне перпендикуляр сызу қажет (2.41-сур.). нұсқарлардан тыс шыға- рып салынатын сызықтардың ұштары түгел сыз- бада бірдей және 1...5 мм тең болуы қажет (2.39, 2.40-сур.).
Шығарып салынатын сызықтар басқа сызықтар- мен айтарлықтай тұтасып кеткен немесе қалып- ты жағдайда шығарып салынатын сызықтар өлшемдік санды айқын қоюға кедергі жасаған жағдайларда шығарып са- лынатын сызықтарды өлшемдік сызыққа тік бұрышпен емес жүргізуге жол беріледі. Мұндай шығарып салынатын сызықтарды ең алдымен бөлшектердің кону- стық және сына тәрізді элементтеріне қолданады (2.38-сур.). Шығарып салынатын сызықтарды қосымша кескін салу қажеттілігі бол- маған жағдайларда көрінбейтін контур сызықтарынан жүргізуге болады.
Өлшемдік сандарды жалпы жағдайда өлшемдік сызықтың үстінен мүмкінді- гінше оның ортасына жақын салу керек (2.41, 2,42-сур.). Сызбада өлшемдік сызықтар мен нұсқарлардың әртүрлі орналасуы жағдайында өлшемдік сан- ды салу әдісін оқылудың анағұрлым ыңғайлығына қарай таңдау қажет. Өл-
2.44-сур. Орын жеткіліксіз болғанда өлшемдік сызықтарға нұсқарлар қою мысалы
шемдік сызықты тік орналастырған жағдайда өлшемдік сандарды сызықтың сол жағынан салады. Егер өлшемдік сызықтар көлбеу болса, өлшемдік сандарды 2.41-суреттегідей орналастырады. Егер өлшемдік сызық штрихтелген аймақта болса, өлшемдік санды осы аймақтан шығарып, шығарма-сызық текшесіне салу қажет, текшені негізгі жазбаға параллельді орналастыру қажет. Егер өлшемдік санды салу үшін өлшемдік сызықтың үстінде орын жеткіліксіз болса, бұл өлшемдік санды өлшемдік сызықтың жалғасына неме- се шығарма сызықтың текшесіне қояды (2.43-сур.). Егер өлшемдік сызықта нұсқар салуға орын жеткіліксіз болса, тура осылай жасайды (2.44-сур.). Өлшемдік сандарды сызбаның қандай да бір сызықтарымен бөлуге не қиып өтуге болмайды. Өлшемдік санды жайғастыру үшін контурлық сызықты үзу- ге болмайды. Сондай-ақ өлшемдік сандарды өлшемдік, осьтік және орталық сызықтардың қиыстарына қоюға болмайды. Орталық, осьтік және штрихтік сызықтар өлшемдік сандарды қиып өтетін жерлерде үзеді (2.42-сур.). Өлшемдік сандарды көрсету үшін қарапайым бөлшекті дюйммен көрсетілген өлшемдерден басқа кезде қолдануға рұқсат берілмейді.
Конфигурациясын анықтайтын проекциялар болмаған жағдайда шаршыны □ белгісімен таңбалайды, оны шаршы қабырғасының өлшемдік санының ал- дына салады (2.47-сур.). Бүйір қырдың проекциясында сызбаны оқу ыңғайлығы үшін қалыңдығы s/3 бастап s/2 дейінгі диагональді сызықтармен жүргізеді. Егер шаршының екі проекциясы берілген болса, оның өлшемдерін 2.48-сур. көрсетілгендей қояды.
Дөңгеленетін бұрыш төбелерінің немесе дөңгелек доғасы ортасының координатын белгілеуде шыға- рып салынатын сызықтарды бұрыш қабырғалары- ның қиылысу нүктелерінен немесе дөңгелек доға- сының ортасынан жүргізеді (2.50-сур.).Дөңгелек радиусын R бас әріпімен белгілейді, оны радиус көлемін көрсететін өлшемдік санның алдына қояды. 2.49-сур. радиус өлшемдерін салу нұсқалары көр- сетілген.Доға радиусының ортасыныңорналасуын қалыңдығы s/3 бастап s/2 дейінгі сызықтан айқар- шықпен белгілейді (2.51-сур.). Радиустың көлемі(-сызбамен салыстырғанда) үлкен болғанда оның ортасын 90°бұрыштағы екі сынығы бар өлшемдік сызықпен кескіндей отырып, белгіленген доғаға жақындатуға болады. Сыртқы және ішкі дөңгелектер радиусының өлшемдерін не өлшемдік сызыққа, не өлшемдік сызықтың текшесіне салады. Бұл ретте өлшемдік сы- зықтардың штрихтеу сызықтарына сәйкес келуін болдырмаған жөн. Өл- шемдік сызықтардың түрлі орналасуы жағдайында өлшемдік сандарды салу әдістерін сызбаны оқу ыңғайлығына қарай таңдау қажет (2.49-сур.). Егер дөңгелектердің радиусы түгел сызбада бірдей болса, оларды белгілеме- уге, ал техникалық талаптарда «Көрсетілмеген 5 мм радиустар» жазбасын жасауға болады.
сететін өлшемдік санның алдына салады.
Дөңгелектің ішіне диаметр көлемін салғанда, өл- шемдік сандарды өлшемдік сызықтардың ортасынан шығарып, осьтік сызықтар қиылысатын нүктеге қой- мау керек. Дөңгелектің диаметрін көрсеткенде дөңгелек толық немесе оның бөлігі ғана кескінделгеніне тәуелсіз үзігі бар өлшемдік сызық жүргізуге болады, өлшемдік сы- зықтың үзігін бұл жағдайда дөңгелек ортасынан әрі орындайды (2.53-сур., а).
Сфераның радиусыжәне диаметрін сәйкес R немесе 0 белгісімен таңба- лайды, оны радиустың не диаметрдің өлшемдік санының алдына қояды (2.53-сур., б). Сфераны сызбада қандай да бір басқа беткі бөлікпен шатасты-рып алуға болатын жағдайда R белгісіне О сфера белгісін қосуға болады, мысалғаOR16 (2.54-сур.).
Дөңгелек доғасының ұзындығын шоғырланып белгіленетін доғаға жүр- гізетін доғалық өлшемдік сызықпен белгілейді, шығарып салынатын сы- зықтарды бұрыш биссектрисасына параллель сызады, ал өлшемдік санның үстіне — белгісін салады (2.55-сур.).
Шығарып салынатын сызықтарды радиалды орналастыруға болады. Бұл ретте шоғырланған доғалар бар болса, көрсетілген өлшем нақты қайсына жататынын көрсеткен жөн (2.56-сур.). Бұрыш өлшемдерін градуспен, минутпен және секундпен өлшем бірлігімен көрсетеді, мысалға 30°35/45//. Бұрыш өлшемін белгілегенде өлшемдік сызықты дөңгелек доға түрінде ор- тасымен бірге оның төбесінде сызу керек, бұрыш қабырғалары шығарып са- лынатын сызық ретінде болады (2.57-сур.). Көлденең осьтік сызықтың үстінде орналасқан өлшемдік сандар бұрыштың өлшемін белгілегенде шығыңқы жағынан өлшемдік сызықтың үстінен қоя- ды; ал көлденең осьтік сызықтан төмен орналасқан өлшемдік сандарды доғалық өлшемдік сызықтардың ойыстығы жағынан қояды (2.58-сур.). Штрихпен белгіленген аймақта өлшемдік сандар көлденең салынған текшелерді көрсетеді.
Егер кіші көлемді бұрыштарды белгілегенде өлшемдік сандар үшін орын аз болса, соңғысын кез келген аймақтағы шығарма сызықтарының текшелеріне орналастырған жөн (2.59-сур.). 0 белгіленген бір базадан бірнеше бұрыштардың көлемдерін салғанда нұсқарларды бір доғалық өлшемдік сызыққа бірізді салады, өлшемдік сан- дарды шығарып салынатын сызықтардың ұштарына қояды (2.60-сур.). Көлбеуді сипаттайтын және қандай да бір басқа тік сызыққа берілген тік сы- зықтың көлбеу бұрышының тангенсы болып табылатын өлшемдік санның алдына ^ белгісін (көлбеу белгісін) салады, бұл ретте осы белгінің үшкір бұрышын көлбеу жаққа қарай бағыттайды (2.61-сур.). Сәл көлбеуді сызбада ұлғайтып кескіндеу ұсынылады.
Сызба алаңындағы өлшемдердің орналасуы мүмкіндігінше тең көлемді болуы керек
Өлшемдік сызықтың оған параллель жатқан контурлық, осьтік, өлшемдік, шығарып салынған және басқа сызықтардан арақашықтығы 6....10 мм шамасында бо- луы қажет (2.64-сур.).
Егер бұйым үзікпен кескінделсе, өлшемдік сызықты үзбейді.
Симметриялық контурды толымсыз кескіндегенде, сонымен қатар көрініс пен қиманы қиыстырғанда өлшемдік сандарды бұйымның сыртқы және ішкі элементтері үшін бөлек қояды. Бұл ретте өлшемдік сызықты симметрия осінің артында немесе толымсыз кескіннің үзілу сызығынан әрі үзеді (2.65- сур.). Бұйымның өлшемдерін таңдауда оларды машина жасауда өлшемдер белгілеу кезінде қолданылуы тиіс 0,001 бастап 20 000 мм дейінгі қашықтықта төрт қа- тарлы қалыпты сызықтық өлшемдерді бекітетін МЕМСТ 6636—69* «Өзара алмастырудың негізгі нормалары. Қалыпты сызықтық өлшемдер» стандар- тымен келістіру ұсынылады. Стандарттық сызықтық өлшемдерді қолдану тура механикалық өңдеуге ұшырайтын беткі бөліктер үшін орынды, себебі бұл кесетін және өлшейтін аспаптың номенклатурасын қысқартуға көмек- теседі, білдектің күйге келуін жеңілдетеді. Сызықтық өлшемдердің қатары қолайлы сандардың қатары негізінде орнатылған. 1,0 бастап 600 мм дейінгі қашықтықта өлшемдік сандардың қатары келесідей болады.
2.65-сур. Симметриялық контурдың толымсыз кескін үлгісі
Бірінші қатар: 1,0; 1,6; 2,5; 4,0; 6,3; 10,0; 16; 25; 40; 63; 100; 160;250;400; 630. Екінші қатар: 1,2; 2,0; 3,2; 5,0; 8,0; 12; 20; 32; 50; 80; 125; 200; 320; 500. Үшінші қатар: 1,1; 1,4; 1,8; 2,2; 2,8; 3,6; 4,5; 5,6; 7,1; 9,0; 11; 14; 18;22; 28; 36; 45; 56; 71; 90; 110; 140; 180; 220; 280; 360; 450; 560. Төртінші қатар: 1,05; 1,15; 1,3; 1,5; 1,7; 1,9; 2,1; 2,4; 2,6; 3,0; 3,4;3,8; 4,2; 4,8; 5,3; 6,0; 6,7; 7,5; 8,5; 9,5; 10,5; 11,5; 13; 15; 17; 19;21; 24; 26; 30; 34; 38; 42; 48; 53; 60; 67; 75; 85; 95; 105; 120; 130;150; 170; 190; 210; 240; 260; 300; 340; 380; 420; 480; 530; 600. МЕМСТ 8908—81 «Өзара алмастырудың негізгі нормалары. Қалыпты бұрыштар және бұрыштардың шектері» стандартында 0 бастап 360°дейін- гі қашықтықта қалыпты бұрыштар қатары бекітілген, оларды машина жа- саудың түгел бөлшектерінің бұрыш өлшемдерін белгілеуде қолдану қажет. МЕМСТ 8908—81 талаптары басқа қабылданған өлшемдермен есептік тәу- елдікпен байланысты бұрыш көлемдеріне таралмайды.
3 Тарау
Кейбір бөлшектер мен олардың қосылыстарының сызбаларын орындау қағидалары
3.1. Жалпы ережелер
Бұйым деп (МЕМСТ 2.101—68* «КҚБЖ. Бұйымдардың түрлері») кәсіпо- рында әзірлеуге жататын өндірістің кез келген затын немесе заттар жинағын айтады. Міндетіне қарай бұйымдарды жеткізуге (іске асыруға) арналған не- гізгі өндіріс және өндіруші кәсіпорынның өз мұқтажы үшін арналған қосым- ша өндірістік деп ажыратылады.
Бұйымдардың келесі түрлері бекітілген.
Бөлшек — жинау операцияларын қолданусыз біркелкі материалдың атауы мен маркасы бойынша әзірленген бұйым, мысалға бұрандама, сомын, құй- малы корпус.
Құрастырма бірлік — құрамдас бөліктері әзірлеуші кәсіпорында түрлі жинау операцияларының (бұрап нығайту, шегелеу, дәнекерлеу, қысу, шырайналдыру) көмегімен өзара бірігуге жататын бұйым, мысалға автомобиль, дәнекерленген корпус, редуктор, шарлы мойынтірек.
Кешен — әзірлеуші кәсіпорында түрлі жинау операцияларының көмегімен өзара біріктірілмеген, бірақ өзара байланысты функцияларды атқару үшін арналған екі не одан көп айрықшаландырылған бұйым, мысалға цех-авто- мат, автоматты телефондық станция, бұрғы қондырғысы.
Жинақ — жинау операцияларының (бұйымдарды жинау) көмегімен өзара біріктірілмеген және қосымша сипаттағы жалпы пайдалану міндеті бар екі не одан көп бұйым, мысалға қосалқы бөлшектердің, өлшем аппаратуралары- ның, ораушы ыдыстың және т.б. жинақтары.
Бұйымдарды құрамдас бөліктері жоқ; екі не одан көп құрамдас бөліктен тұратын айрықшаландырылмаған (бөлшектер) және бұйымдар; айрықша- ландырылған деп ажыратады (құрастырма бірліктер, кешендер, жинақтар).
Бұйымның немесе құрастырма бірліктің жеке бөлшектерін қосу өзара жылжымалы және жылжымалы емес болуы мүмкін. Жылжымалы қосылы- ста машинаның жұмыс істеу үдерісінде бөлшектер салыстырмалы орын ауыстыруы мүмкін, ал жылжымалы қосылыста – мүмкін емес.
Технологиялық және пайдалану талаптарына қарай қосылысты ажырамайтын және ажырайтын деп бөледі. Ажырамайтын қосылысты қосылыс бөлшектерін зақымдамай әзірлеп шыға- ру мүмкін емес (дәнекерленген және жамалған қосылыстар; дәнекерлеу, жабыстыру және шырайналдыру қосылыстары; жинағанға дейін біліктің көлемі саңылаудан үлкен және қозғалып кетпеуі бөлшектердің шымыр пла- стикалық деформациясынан қамтамасыз етілетін тартылысы бар қосылыс).
Ажырайтын қосылыстарды қосылыс бөлшектерін зақымдамай (бұрандалық, буатты, оймакілтекті, штифтік және сына қосылыстар), бірнеше рет бұзып жинауға болады.
3.2. Бұранда
Бұранданың негізгі параметрлері. Стандарттармен анағұрлым таралған бұрандалардың нысаны, бейін көлемдері, диаметрі мен қадамы орнатылған.
а бұрандасы бейінінің бұрышы – осьтік қиықтың жазықтығындағы оның шектес бүйір қабырғалары арасындағы бұрыш.
Сыртқы бұранданың жырашығының нысаны дөңгелек те, сыдыра да болуы мүмкін.
Цилиндрлік бұранданың сыртқы диаметрі — сыртқы бұранданың төбелерінің (d) немесе ішкі бұранданың ойыстарының (D) айналасында сипат- талған ойдағы айналма цилиндрдің диаметрі. Көптеген бұрандалар үшін ци- линдр бұрандасының сыртқы бұрандасын бұранданың көлемін сипаттайтын және оны белгілеуде пайдаланылатын номиналды диаметр ретінде қабылдайды.
Цилиндрлік бұранданың ішкі диаметрі — сыртқы бұранданың ойыстары- ның (d1) немесе ішкі бұранданың төбелерінің (d3) айналасында сипатталған ойдағы айналма цилиндрдің диаметрі (сыртқы бұранданың дөңгелек ойыстарының төменгі шекті бейіні).
Цилиндрлік бұранданың орта диаметрі (d2, D2)— бұранданың шығыңқы жерлерінің ені мен ойыс ені қиықта тең болатындай бұранданың оралымда- рын қиятын бұрандасы бар ойдағы ортақ білікті цилиндрдің диаметрі.
Бұрандының номиналды көлемдері сыртқы (бұрандама, винт және т.б.), сондай-ақ ішкі (сомын, бұрандалық ұяшық және т.б.) бұранда үшін жалпы болып табылады.
Р бұрандама қадамы — бұранда осінен бір қабырға бойынша бір осьтік жа- зықтықта жатқан бұранда бейінінің жақын тұрған аттас бүйір қабырғалары- ның орта нүктелері арасында бұранданың түзу параллельді осьтері бойынша қашықтығы. Орта нүктелер ойдағы цилиндрде орналасады, оның диаметрі бұранданың орта димаетріне тең боладыd2 (D2).
Ph бұранда жүрісі— жылжымайтын сомын жағдайындағы винттің немесе қозғалмайтын винт жағдайындағы сомынның бір айналымда салыстырмалы осьтік орын ауыстыру қашықтығы. Бір рет кіретін бұрандаданың жүрісі қа- дамға тең (Ph= P), ал бірнеше рет кіретінде – Р қадамының n кірістер санына көбейтіндісі (Ph = nP).
Өлшемдері стандартқа жатпайтын бұрандалар арнайы деп аталады.
Цилиндрлік бұранда. Бекіту бұрандасының негізгі типі бейіннің 60° бұрышымен метрикалық цилиндрлік бұранда, бұл бұранда бір рет кіретін, басымды оң болып табылады. оның бейіні МЕМСТ 9150—81* «Өзара ал- мастырудың негізгі нормалары. Метрикалық бұранда. Бейін» стандартымен бекітілген (3.1-сур.).
Шығыңқы жерлерінің төбелері мен ойыстары кесілген, бұл бұранданы әзір- леуді жеңілдетеді, кернеудің шоғырлануын азайтады және бұранданы пай- далануда зақымдардан қорғайды. Сыртқы бұранданың бейіні ішкі бұранда бейінінен оның төбелерінің кесілген бөлігінің көлемімен өзгешеленеді. Метрикалық бұранданы осы диаметр үшін бірнешеу болуы мүмкін үлкен (бұранданың осы диаметрі үшін жалғыз) және кіші қадамдармен орындайды (МЕМСТ 8724—81* «Өзара алмастырудың негізгі нормалары. Метрикалық бұранда. Диаметрлер мен қадамдар»). Шағын қадамдарды жұқа қабырғалы бөлшектерде, сондай-ақ бұранданың ұзындығы кішкентай болғанда басымды қолданады.
3.1. -сур. Цилиндрлік бұранданың бейіні:
d, D— сәйкесінше сыртқы және ішкі бұранданың сыртқы диаметрі; d1 (немесе d3), D1— сәйкесінше сыртқы және ішкі бұранданың ішкі диаметрі; d2, D2— сәйкесінше сыртқы және ішкі бұранданың орта диаметрі; H— бастапқы үшбұрыштың биіктігі; P— бұранда қадамы; R—бұранданың дөңгелек ойыстарының радиусы; а — бұранда бейінінің бұрышы. Пластмассадан жасалған бөлшектердегі метрикалық бұранданың диаметрі мен қадамдарын да МЕМСТ 8724—81* бойынша таңдайды, бірақ МЕМСТ 11709—81* «Өзара алмастырудың негізгі нормалары.Пластмассадан жасалған бөлшектерге арналғанметрикалық бұранда» кейбір шектеулермен. Метрикалық бұранданың сыртқы, ішкі және орта димаетрлерінің негізгі өл- шемдерін (номиналдық белгісі) МЕМСТ 16093—81* «Өзара алмастырудың негізгі нормалары.Метрикалық бұранда. Негізгі өлшемдер» белгілеген. Саңылауы бар диаметрі 1...600 мм метрикалық бұранданы қондыру үшін рұқсаттар жүйесін МЕМСТ 16093—81* «Өзара алмастырудың негізгі нор- малары.Метрикалық бұранда. Рұқсаттар. Саңылаумен қондыру». Бұранда диаметрінің рұқсат алаңын бегілеу нақтылық деңгейін көрсететін цифрден, және негізгі ауытқуды бел.гілейтін әріптен тұрады. Рұқсаттардың келесі алаңдары анағұрлым таралған: 6g және8g сыртқы бұрандасы үшін; 6Н және 7Н ішкі бұрандасы үшін. Оқу сызбаларында рұқсат алаңдарының белгілерін салмауға болады.
3.2. -сур. Трапецеидалдық бұранданың бейіні: D 4— ішкі бұранданың сыртқы диаметрі; қалған белгілерді 3.1-сурет қар.
Трапецеидалдық бұранда қайтымды ілгерілеме қозғалыстар мен осьтік күштерді беру үшін қызмет етеді, бір және бірнеше рет кіретін, оң және сол болып бөлінеді. Оның бейіні мен оның элементтерінің өлшемдері (3.2-сур.) МЕМСТ 9484—81 «Өзара алмастырудың негізгі нормалары. Трапецеидал- дық бұранда. Бейіндер» стандартымен белгіленген.Трапецеидалдық бұран- даның бейіні а = 30° бұрышымен тең бүйірлі трапеция болып келеді. Сыртқы және ішкі диаметрлері бойынша бірдей саңылаулары жағу үшін жағымды жағдай жасайды.
3.3.-сур. Метрикалық конустық бұранданың бейіні: ф/2 — көлбеу бұрышы; қалған белгілерді 3.1.-сур. қар.
3.4. -сур. Негізгі жазықтықтың құбырдың бүйіржағының орналасуы:
1г — негізгі жазықтықтан құбырдың бүйіржағына дейінгі қашықтық; l2— негізгі жазықтықтан муфтаның бүйіржағына дейінгі қашықтық; қалған белгілерді 3.1.-сур. қар.
Бір рет кіретін трапецеидалдық бұранданың әр номиналдық диаметрі үшін түрлі қадамдар қарастырылған (МЕМСТ 24738—81 «Өзара алмастырудың негізгі нормалары. Бір рет кіретін трапецеидалдық бұранда. Диаметлер мен қадамдар»). Бұранданың негізгі өлшемдері МЕМСТ 24737—81 «Өзара ал- мастырудың негізгі нормалары. Бір рет кіретін трапецеидалдық бұранда. Негізгі өлшемдер» стандартында белгіленген, рұқсаттар жүйесі – МЕМСТ 9562—81 «Өзара алмастырудың негізгі нормалары. Бір рет кіретін трапецеидалдық бұранда. Рұқсаттар».
3.5.-сур. Сыртқы конустық бұранданың ішкі бұрандамен қосылысын кескіндеу мысалы: белгілерін 3.1, 3.3, 3.4 сур. қар.
Көп рет кіретін трапецеидалдық бұранда үшін диаметрлерді, қадамдар мен рұқсаттарды МЕМСТ 24739—81* «Өзара алмастырудың негізгі нормалары. Көп рет кіретін трапецеидалдық бұранда» бойынша атңдайды.
Метрикалық конустық бұранда. Мұндай бұранданы қысымы жоғары құ- быр желілерінің герметикалық қосылыстарында қолданады. Метрикалық конустық бұранданы 1: 16 (конустың төбесінде бұрыш 2ф = 3°34’48») стан- дарттық конусты конустық білікте кеседі.Метрикалық конустық бұранданың бейіні (3.3-сур.), диаметрі, қадамдары, негізгі өлшемдері мен рұқсаттары МЕМСТ 25229—82 «Өзара алмастырудың негізгі нормалары.Метрикалық конустық бұранда» стандартымен бекітілген.
Номиналдық сыртқы, орта және ішкі диаметрлердің өлшемдерін бұранда осі- не перпендикуляр негізгі жазықтықта көрсетіледі. Негізгі жазықтықтың ор- наласуын lxжәнеl2( 3.4-сур.). өлшемдері айқындайды. Негізгі жазықтықтағы бұранда МЕМСТ 9150—81* бойынша метрикалық бұрандамен жалпы өл- шемдерге ие, бұлсыртқы конустық бұранданың ішкі цилиндрлікпен қосылы- сын қамтамасыз етеді (3.5-сур.).
Бұранданың конструктивтік және технологиялық элементтері. Бұран- даны материал мен басқа шарттарға байланысты винттік шығыңқы жерлерді сығу (илеп), құю, қысу, штамптау жолымен материалдың қабатын жойып, кесуші аспаппен әзірлейді.
Бұранданың басында оны кеспес бұрын шеткі орамдарды зақымданудан қорғайтын және бөлшектерді бұрандамен қосуда бағыттаушы болатын жүзді шығарады (3.6, 3.7-сур.). Жүз бұранда осімен 45° бұрышты құратын қиық конустың нысанына ие. Жүздердің өлшемдері МЕМСТ 10549—80* «Бұран- даның шығуы. Бұранданың кетуі, шалакесу, бунақтары мен жүздері» стан- дартында көрсетілген.
х бұранданың кетуі деп бұранданың бөлшектің тегіс бөлігіне өту аймағын- дағы учаскені айтады, мұнда бұранданың нысаның бейіні толымсыз болады. Бұранданың кетуі бейіні өзгеріп тұратын, аспаптың бірнеше кесуші тістері бойынша шешілетін материалдың үлесуін қамтамасыз ететін өзгеруші бей- інге ие кесуші аспаптың (таңбалаушы, бұранда кескіш) дуал бөлігінен құры- лады. Бұранданың кетуі кескіштің бұрылуы жағдайында қалыптасады.
А шалакесу бұранданы тіреп орындағанда болады. Аспаптың бөлшек беті-
3.6.-сур. Сыртқы метрикалық бұранданың кескіні:
a, c, x— шалакесудің, жүздің және бұранда кетуінің сәйкес өлшемдері; l— толық бейін бұрандасының ұзындығы; а — бұранда бейінінің бұрышы; қалған белгілерді 3.1-сур.қар.
3.7. -сур. Ішкі метрикалық бұранданың кескіні: белгілерді 3.1, 3.6-сур. қар.
не тиіп кетуін болдырмау үшін шалакесу бұранданың кетуінен үлкен болуы тиіс.
Бунақты (3.8-сур.) біліктің немесе саңылаудың түгел ұзындығы бойынша толық бейіннің аспабын шығару және бұрандасын алу үшін жасайды. Сы- ртқы бұранда үшін бунақ диаметрі бұранданың ішкі диаметрінен кішірек, ал ішкі бұранда үшін – бұранданың сыртқы диаметрінен үлкенірек болуы керек.
3.8. -сур. Сыртқы (а) және ішкі (б) бұранданың технологиялық элементтері
df— бунақ диаметрі; f— бунақ ені; R— өңделетін бөлшектің денесімен түйіндесу радиусы; Rj— бұранданы кескеннен кейін аспаптың шығуы кезінде дөңгелектің радиусы; қалған белгілерді 3.1, 3.6 сур. қар.
Бұрандалардың кетуі, шалакесулері мен бунақтарының өлшемдері (МЕМСТ 27148—86 «Бекіту бұйымдары. Бұранданың шығуы. Бұрандалардың кетуі, шалакесулері мен бунақтары. Өлшемдері»). МЕМСТ 2.311—68* «КҚБЖ. Бұранданы кескіндеу» стандартына сәйкес бұранданы сызбада кескіндеу бұранданың бейініне тәуелсіз шартты: білігін- де тұтас негізгі сызықтармен бұранданың сыртқы диаметрі бойынша және жіңішке тұтас сызықтармен – ішімен, жүзін қоса алғандағы бұранданың түгел ұзындығы бойынша (3.6-сур. А). Білік осінің перпендикуляр, жазықтыққа проекциялаудан алынған кескін- дерде бұранданың ішкі диаметрі бойынша ¾ дөңгелекке тең, осьтік сы- зықтардан басқа кез келген жерде алшақ салынған тұтас жіңішке сызықпен доға жүргізеді (3.7-сур., Б, В). Осы көріністе жүзді көрсетпейді. Саңылау- дағы бұранданың кескініндерінде тұтас негізгі және тұтас жіңішке сызықтар орындарымен ауысады. Тұтас жіңішке сызықты негізгі сызықтан кем деген- де 0,8 мм қашықтықта, алайда бұранда қадамынан асырмай салады.
Штрихтеуді қималарда білігінде бұранданың сыртқы диаметрінің сы- зығына дейін және саңылаудағы ішкі диаметрінің сызығына дейін, яғни екі жағдайда тұтас негізгі сызыққа дейін жеткізеді.
3.9.-сур. Бұранданың шектерін кескіндеу
Бұранда шегін білігінде және саңылауында бұранданың толық бейінінің соңында (бұранда- ның кетуіне дейін) негізгі сызықпен жүргізеді (3.6, 3.7-сур. қар.), оны бұранданың сыртқы ди- аметрінің сызықтарына дейін жеткізеді. Бұранда шегін (көрінбейтін) штрихтік сызықпен көрсетеді (3.9-сур.). әдетте сызбаларда І бұранданың ұзындығын толық бейінмен көрсетеді (3.6, 3.7- сур. қар.).
Саңылаусыз бұранда тесігінің түбі төбесі 120° жақын болғандағы бұрышы бар конустың нысанына ие (сызбада бұрыштың көлемін көрсетпейді). Бұл конус бұрандаға келтіріп тесік жасағанда бұрғының кесуші бөлігімен құры- лады. Бұрғылау тереңдігінің көлемін (1 + а) ұяның цилиндрлік бөлігін есеп- ке алып, сызбада есептейді және салынады (3.7-сур.).
Бунақтар бөлшектердің сызбасында тікбұрышты нысанын жеңілдетіп ке- скіндейді (3.8-сур.). олардың ені 1 бұранданың ұзындығына қосылады (3.8- сур.). бунақтардың шынайы нысанын өлшемдерін салып, шығару элемент- терінде көрсетеді (3.8-сур., б).
Бұранданың кетуін қажет болған айда оське шамамен 30° бұрышпен жүргізілетін жіңішке сызықтармен бейнелейді (. 3.6, 3.7-сур.). Тірелгенге дейін орындалған бұранданың шалакесуі 3.6-сур.келтірілген.
3.10-сур. Сыртқы конустық бұранданы кескіндеу: белгісін 3.1-сур. қар.
3.11.-сур. Ішкі конустық бұранданы кескіндеу: белгісін 3.1-сур. қар.
Конустықтың бұрышын конустық бұрандаларды кескіндегенде негізгі жа- зықтықта өлшемдерін сақтап аздап ұлғайтады (3.10, 3.11-сур.).
Бұранданы белгілеу. Жұмыс сызбаларында бұранданың белгісі мынадан тұрады:
Бұранда типтерін белгілеу үшін әріптер пайдаланылады:
Оқу сызбаларында үлкен қадаммен метрикалық бұранданы белгілеу тек бір анықтаушы өлшемнен тұрады – номиналдық (сыртқы) диаметр, мысалға М20, ал шағын қадамды метрикалық бұранда үшін трапецеидалдық, кону- стық және тірелген M20 X 1,5; Tr40 X 6; MK20 X 1,5; S80 X 10 номиналдық диаметрін және қадамын көрсетеді.
3.12. -сур. Бұрандалардың белгісі:
а — машина жасауда анағұрлым пайдаланылатын; б — конустық және цилиндрлік құбырлық
Конустық дюймдік және құбырлық бұранда белгісіне дюймдердегібір шарт- тық көлем кіреді (1'' = 25,4 мм), мысалға K1», G11/ , R2, Rc2. Бұл өлшем бұранданың сыртқы диаметріне сәйкес келмейді, шамамен бұранда кесілетін құбырдың ішкі диаметріне тең болады. Егер арнайы бұранда стандарттық бейінге ие болса, бірақ диаметрі неме- се қадамының өлшемдері стандарт бойынша қабылданғаннан ерекшеленсе, онда бұранданың белгісіне Сп әріптері қосылады, мысалы Сп М64 X 5 — 6g. Бұранда белгілері, конустық және цилиндрлік құбыр бұрандасынан басқа- сын сыртқы диаметрге жатқызады (3.12-сур, а).Конустық және цилиндрлік құбыр бұрандасының белгісін негізгі сызықта нұсқармен аяқталатын шығар- ма-сызық текшелеріне салады (3.12-сур., б).
3.3. Бекіту бұйымдары
Жалпы мәлімет. Бөлшектердің ажырайтын қосылыстарын орындау үшін түрлі стандартталған бұрандалық бекіту бұйымдарын қолданады: бұранда- малар, винттер, түйреуіштер, сомындар, сонымен қатар оларды тоқтату үшін бөлшектер: шайбалар, сірге, штифттер, сымдар. Стандартталған бұрандалық бөлшектерді қолдану механзимдер мен машиналарды жобалауды тездетеді, себебі осы бөлшектердің сызбаларын жасау қажеттілігі болмайды, және ма- шинаны жөндеу кезінде қосымша қиыстырып келтірусіз толық өзара алма- стыруды қамтамасыз етеді.
Бекіту бөлшектерінің нысанын, көлемі мен басқа сипатын (матери- ал, жабын, беріктік классы және т.б.) МЕМСТ 17590— 87 «бұранда- малар, винттер, түйреуіштер мен сомындар. Техникалық шарттар» айқындайды. Көміртекті және қоспалы болаттан жасалған бұрандамалар, винттер, түйре- уіштер мен сомындардың механикалық қасиеттерін сипаттау үшін екі сан- мен белгіленетін беріктіктің 12 классы бекітілген: 3.6; 4.6; 4.8; 5.6; 5.8; 6.6; 6.8; 6.9; 8.8; 10.9; 12.9; 14.9. Көміртекті және қоспалы болаттан жасалған сомындар үшін беріктіктің 7 классы бекітілген: 4; 5; 6; 8; 10; 12; 14.
Бекіту бұйымдарын жасау үшін беріктіктің әр классы үшін стандарт болат- тың белгілі маркасын пайдалануды ұсынады. Бұрандамалар, винттер, түйре- уіштер мен сомындар үшін пайдаланылатын материалдарды топтарға ажы- ратады. Келесі материладарды анағұрлым жиі пайдаланады: көміртекті болат (0-топ), қоспалы болат (1-топ), тотығуға төзімді болат (2-топ).
Қарапайым шайбалар бұрандамалар, винттер, түйреуіштер мен сомындарды әзірлейтін болаттың маркасынан жасайды, ал серпінді шайбаларды – 65Г бо- латынан, 30X13 болатынан және жұмыр қасиетке ие т.б. болаттан әзірлейді. Сіргелерді Ст1 және Ст2 типті жұмсақ болаттан жасайды.
Бекіту бөлшектерінің жарамдылығын жоғарылату үшін түрлі жабындардың түрлерін пайдаланады, оларды қолдану осы бөлшектер жұмысының шарт- тарымен айқындалады: жеңіл жұмыс шартына – мырыш пен никель көпқа- батты жабын, орташаға – кадмий және көпқабатты (мыс – никель – хром), күрделі үшін – оксидтік, майлаумен фосфоттық және т.б. Жабынның мини- мальді қалыңдығы: 3; 6; 9 мкм.
Бекіту бөлшектерінің шарттық белгілеу құрылымын бұрандама мысалын- да қарастырамыз.
Бұрандаманы орындау белгісі 2, диаметі 20 мм метрикалық бұран- дамен, 1,5 мм кіші қадамдармен, 6g бұранда рұқсатының алаңымен, ұзындығы 70 мм, беріктік классы 109, 40Х болатынан, мырышпен хромдалған жабынмен 01 және жабу қалыңдығы 6 мкм мына көрініске ие:
Бұрандамалар. Бұрандама (3.13-сур) бір ұшында басы бар цилиндрлік білікті және басқасында сомынмен нығайту үшін арналған бұрандаманы білдіреді.
Түрлі сомындардың түрлері болады, олар басы- ның нысаны мен көлемі бойынша, білік нысаны, әзірлеу туралығы, орындалу сипаты мен бұранда қадамы бойынша ерекшеленеді.сомынның басы алтықырлы, шаршы, тікбұрышты, жартылай до- малақ, шаршы тірегіші бар конустық және басқа нысанда болуы мүмкін, бұранда – метрикалық ірі және ұсақ қадамдар. Машина жасауда ең көп таралған – алтықырлы бұрандамалар (МЕМСТ 7798—70* «Нақтылық классы В алты қырлы басы бар бұрандамалар. Конструкциясы мен өлшемдері»), негізгі параметрлері 3.1-кестеде келтіріл- ген.
3.1-кесте
Ескерту. S — көлемі түпкілікті; H — басының биіктігі; D — сипатталған шеңбердің диаме- трі; r — бұрандаманың басының радиусы.
*Өлшемдік сандардың үшінші қатарынан Алтықырлы басы бар бұрандамалар қалыпты нақтылықтың үш түрлі жолмен орындалуы мүмкін (3.14-сур.): басы мен білігінде тесіксіз; сіргемен тоқтатуға арналған біліктегі тесікпен; сымның көмегімен бұрандамалар тобын тоқтату үшін басындағы екі тесік. Стандарттық бұрандамалар 6... 48 мм диаметрімен және 14...300 мм ұзындығымен әзірленеді.
3.14-сур. Бұрандамалардың кескіні:
d — бұранданың номиналдық диаметрі; D — сипатталған шеңбердің диаметрі; d3— бұрандаманың сіргесінде не білігінде жасалған тесіктің диаметрі; d4 — бұрандаманың басындағы сірге немесе сымына тесіктің диаметрі; c — жүзінің өлшемі; l — бұрандама ұзындығы; l0 — бұрандаманың кесілген бөлігінің ұзындығы; l1 — сірге немесе сымға жасалған тесікке дейінгі өлшемі; l2 — бұрандама басының тірелетін бетінен бастап сірге немесе сымға жасалған тесікке дейінгі өлшем; H — бұрандама басының биіктігі; r — бұрандама басының радиусы; S — өлшемі түпкілікті
3.15.-сур. Бекіткіш винт
Винттер. Винттерді міндетіне қарай бекіткіш және қондырғыш деп ажыратады.
Бекіткіш винт (3.15-сур.) цилиндр білігін білдіреді, бір ұшында бұранда жасалған, екін- шісінде басы бар. Бекіткіш винттерді олардың біреуіне бұранда бөлігін бұрап кіргізу арқылы бөлшектерді қосу үшін қолданады. әр бекіткіш винттің диаметрі 1... 20 мм.
Қондырғы винттер (3.16-сур.) қосындыларда саңылауларды жинау және реттеу кезінде бөлшектерді бекіту үшін қажет. Бекіткіш винттерден айыр- машылығы – олардың бөлшекпен жалғасатын біліктерінің соңы басылады. Қондырғы винттер басымен (3.16-сур. а), сондай-ақ бассыз (3.16-сур. б) орындалады. Бассыз винттер білігінің түгел бойында бұрандасы болады
Ағаштан жасалған бөлшектерді қосуға арналған винттер бұраншеге деп аталады (3.17-сур.).
Басының нысаны бойынша винттер (3.18-сур.) алтықырлы (МЕМСТ 1481— 84* «Алтықырлы басы және А және В нақтылық классының цилиндрлік ұшы бар қондырғы винттер. Конструкциясы мен өлшемдері»), шаршы (МЕМСТ 1491—80* «А және В нақтылық класының ұшы шаршы және цилиндрлік басы бар винттер. Конструкциясы мен өлшемдері»), цилиндрлік (МЕМСТ 17474—80* «А және В нақтылық класының цилиндрлік басы бар винттер. Конструкциясы мен өлшемдері»), жартылай домалақ (МЕМСТ 17473—80* «А және В нақтылық классының жартылай домалақ басы бар винттер. Конструкциясы мен өлшемдері»), жартылай жасырын (МЕМСТ 17474—80* «А және В нақтылық классының жартылай жасырын басы бар винттер. Кон- струкциясы мен өлшемдері») және жасырын (МЕМСТ 17475—80* «А және В нақтылық классының жасырын басы бар винттер. Конструкциясы мен өлшемдері») деп ажыратылады.
Винттерді белгілеуді бекіткіш бөлшектердің жалпы схемасы бойынша орындайды: А винті. М8 — 6gх 50.48 МЕМСТ 17473—80* — А нақтылық клас- сының (жоғарылатылған) жартылай домалақ басы бар винт., 1 орындау, бұранда диаметрі 8 мм және ірі қадаммен, бұранда рұқсат алаңы 6g,
3.18-сур. Винттердің нысаны мен өлшемдері:
а — алтықырлы; б — шаршы; в — цилиндрлік; г — жартылай домалақ; д — жартылай жа- сырын; е — жасырын; d— бұранданың номиналдық диаметрі
винттің ұзындығы 50 мм, беріктілік классы 4.8, жабынсыз.
В винті. М12 х 1 — 6gх 25.48 МЕМСТ 1476—93 — нақтылығы В классының тікелей ойматілекпен және конустық ұшы бар қондырғы, бұрандама диаметрі 12 мм и ұсақ қадаммен 1 мм, бұранда рұқсат алаңы 6g, винттің ұзындығы 25 мм, беріктілік классы 4.8, жабынсыз. Түйреуіштер. Түйреуіш (3.19-сур.) екі ұшында бұрандасы бар цилиндр білі- гін білдіреді. Жалпы қолданылатын түйреуіштер бір немесе бірнеше бөлшекті қосу үшін қажет. Түйреуіштің бір ұшы l1 (бұранда өлігінің кіші ұзындығымен) бөл- шектің ұяшығына бұралады, ұзындығы l0 басқа бөлігінде сомын бекітіледі. Түйреуіштің бұрандалық ұштың l1 ұзындығы ол бұралатын бөлшектің мате- риалына байланысты, яғни жұмсақ металл үшін мықтыларға қарағанда ұзын түйреуіш пайдаланылады.
Түйреуіштерді А типінде әзірлейді – бұран- даның бірдей диаметрлерімен және біліктің тегіс бөлігі және Б типті - біліктің тегіс бөлігі диаметрімен бұранда диаметрінен кіші (3.20- сур.). Түйреуіштерді шартты белгілеу үшін бекіткіш бөлшектер үшін қабылданған жалпы схеманы пайдаланады, мысалы: Түйреуіш М16 —6gх 120.58 МЕМСТ 22034—76 — нақтылығы қалыпты түйреуіш, метри- калық бұранданың диаметрі 16 мм және ірі қадаммен 2 мм, бұранда рұқсат алаңы 6g, түйреуіштің ұзындығы 120 мм, бұралатын бұранда ұшының ұзындығы 1,25d, беріктік классы 5.8, жабынсыз. Түйреуіш М16х1,5 — 6gx120.109.40X.029 МЕМСТ 22035—76 — нақтылығы жоғары түйреуіш, метрикалық бұранданың диаметрі 16 мм және ұсақ қадам- мен 1,5 мм, бұранда рұқсат алаңы 6g, түйреуіштің ұзындығы 120 мм, бұра- латын бұранда ұшының ұзындығы 25d, беріктік классы 10.9, 40Х болатынан жасалған, қалыңдығы 9 мкм 02 жабыны. 0...650 °С температурасында құбыр желілерінің, бу қазандарының корпуста- рының, аспаптар мен аппаратуралары арматурасының фланцтық қосылы- старына арналған түйреуіштерді А, Б, В, Г, Д типінде әзірлейді (МЕМСТ 9066—75* «0...650 °С ортасының температурасымен фланцтық қосылыста- рына арналған түйреуіштер. Типтері мен негізгі өлшемдер»).
3.20-сур. Түйреуішті кескіндеу:
d — бұранданың номиналдық диаметрі; d2 — сіргенің тегіс бөлігінің кішірейтілген диаметрі; қалған белгілерді 3.19-сур.қар.
Қалыпты нақтылықтың түйреуіштерінің негізгі өлшемдері 3.2-кестеде кел- тірілген.
3.2-кесте
Ескерту. d— бұранданың номиналдық диаметрі; Р — бұранда қадамы; l1— бұрап кір- гізілетін бұранда ұшының ұзындығы; l0 — бұранда ұшының ұзындығы.
Сомын. Сомын бұрандаманы, винтті, түйреуішті немесе бұрандасы ұқсас басқа бөлшекті бұрап кіргізу үшін бұранда тесігі бар бұйымды білдіреді. Со- мындар нысаны, орындалу сипаты, орындау нақтылығы мен бұранда қада- мы бойынша ажыратылады.
Нысаны бойынша сомындар (3.21-сур.) алтықырлы, кесілген, тәжді, құлақты, домалақ және т.б. деп бөлінеді. Кесілген және тәжді сомындар дірілмен жұмыс істейтін бөлшектердің қо- сылыстарында қолданылады. Өзінен-өзі бұралып шығуын болдырмау үшін
3.21-сур. Сомындар:
а — алтықырлы; б — кесілген; в — тәжді; г — құлақты; д — домалақ
сомынның кесігіне сірге қояды. Құлақты сомындарды қолмен бұрағанда қолданады. Домалақ сомындарда сомын кілтіне оймакілтектер жасайды. Стандарттық сомындар үш деңгейлік нақтылықпен жасалады: жоғары, қа-лыпты және дөрекі. кәсіпорында ең кең таралғаны – биіктігі қалыпты алтықырлы сомындар (МЕМСТ 5915—70* «Натылық классы В алтықырлы сомындар. Техникалық шарттар») үш күйде орындалған (3.22-сур.): 1-орындау – екі жүзбен, 2-орын- дау – бір жүзбен, 3-орындау – жүзсіз, бірақ бір бүйірінде цилиндр нысанды шығыңқы болады. Сомындарды ыңғайлы белгілеу үшін бекіткіш бөлшектер үшін қабылданған стандарттық схеманы пайдаланады, мысалға: Сомын 2М16 х 1,25.6Н.109.35Х.016 МЕМСТ 5915—70* — алтықырлы сомын (нақтылығы қалыпты) 2-орындау (бір жүзбен), бұранда диаметрі 16 мм және ұсақ қадаммен 1,25 мм, бұранда рұқсат алаңы 6Н, беріктік классы 10.9, 35X болатынан жасалған, 01 жабынымен (хроматильденген мырыштық) қалыңдығы 6 мкм (МЕМСТ 5915— 70*). Сомын М12 — 6Н.5 МЕМСТ 5915—70* — алтықырлы сомын (нақтылығы қалыпты) 1-орындау, бұранда диаметрі 12 мм и ірі қадаммен 2 мм, бұранда рұқсат алаңы 6Н, беріктік классы5, жабынсыз (МЕМСТ 5915—70*).
Шайбалар. Шайба сомынға, бұранда басына немесе винттің басына орнату үшін домалақ тесігі бар бүтін немесе кесілген пластинаны білдіреді
3.22-сур. Сомындар кескіні: белгілері 3.14-сур.қар.
3.23-сур. Қарапайым шайбалардың кескіні (а), серпінді (б), табаны бар бөгеткіш (в): d d —1r 2 ішкі және сәйкесінше шайбаның диаметрімен; D— табаны бар бөгеткіш шайбаның диаметрі; 1 S— шайбаның қалыңдығы; B, B— табанның және бүгілетін элементтің ені; L, L — табанның және бүгілетін элементтің ұзындығы
Шайбаның міндеті – бөлшектің бетін майысудан және жырылудан сақтау, қо- сылатын бөлшектерге күшті тең жіберу және бекіткіш бөлшектің өзінен-өзі бұралып шығуын болдырмау. Стандартты шайбалар (3.23-сур.) екі жолмен орындалатын қарапайым (МЕМСТ 11371—78* «Шайбалар. Техникалық шарттар»), серпінді (МЕМСТ 6402—70* «Серпінді шайбалар. Техникалық шарттар») және табаны бар бө- гегіш (МЕМСТ 13463—77* «Табаны бар бөгегіш шайбалар. Конструкциясы мен өлшемдері») деп бөлінеді; шайбалар көп табанды бөгегіш болуы мүмкін (МЕМСТ 11872—89 «Көп табанды бөгегіш шайбалар. Техникалық шарт- тар»), қиғаш шаршы (МЕМСТ 10906—78* «Қиғаш шайбалар. Техникалық шарттар») және т.б. Шайбадағы тесіктің диаметрі бекіткіш бөлшектің білігінің диаметрінен үл- кен болуы тиіс, бірақ шайбалардың шартты белгісінде бекіткіш бөлшектің диаметрі көрсетіледі (бұрандамалар, түйреуіштер және т.б.).
3.3-кестеде қарапйым (домалақ) шайбалардың көлемдері келтірілген.
3.3-кесте
Ескерту. d— бекіткіш бөлшектің бұрандасының номиналдық диаметрі; d1— шайбаның ішкі диаметрі; d2— шайбаның сыртқы диаметрі; S— шайбаның қалыңдығы; с — жүзінің көлемі.
Серпінді шайба (Гровердің шайбасы) жұмыр болаттан жасалған ұшта- ры әртүрлі жаққа қарайтын кесілген болат сақинаны білдіреді. Шайбаны бұрағанда бүйірлеріне кіріп қысылады, мысалы сомындар және бөлшектің өзінен-өзі бұралып шығуын болдырмайтын қосылған бөлшек.
Шайбаның шартты белгісінде бұйымның атауы, орындау түрі, бекіткіш бөл- шектің диаметрі, материал мен жабын тобы, жабын қалыңдығы мен стандар- ты көрсетіледі, мысалға: Шайба 2.12.01.019 МЕМСТ 11371—78* — қарапайым шайба, 2-орындау, диаметрі 12 мм бекіткіш бөлшек үшін арналған, 01 тобының материалы, қа- лыңдығы 9 мкм жабыны 01.
Шайба 24Л 65Г 02 9 МЕМСТ 6402—70* — бұрандамаға, винтке, түйреуішке
3.24-сур. Сіргенің кескіні:
d — сіргенің шарттық диаметрі; D — сіргенің тарамдарын қосу диаметрі; l — длина шплинта; l1— сірге басының ұзындығы.
арналған серпінді шайба, бұранда диаметрі 24 мм, жеңіл, 65Г болатынан, кадиймен жабылған қалыңдығы – 9 мкм.
Сіргелер. Сірге ілмек немесе ұзындығы әртүрлі екі ұш түріндегі басы бар, жартылай домалақ қиығы бар бүгілген сымның кесігін білдіреді (3.24-сур.).
Сіргелер сомындардың өзінен-өзі бұралып шығуын және егіс білікке кигізіл- ген бөлшектердің сырғып кетуін болдырмау үшін қажет. Сіргелерді тәжді және кесілген сомындардың 2 жолмен орындалған бұрандамаларына ор- натылады (3.25-сур., а). Кесіктің бөлшектерін қосқанда сомындар олардың біреуі бұрандма білігінің тесігіне сәйкес келетіндей етіп орналасуы керек. Сіргені сомынның кесігі арқылы бұрандаманың тесігіне қояды, және оның ұштарын нығайту мақсатында әртүрлі жаққа айырып, сомынның бұрандаға қатысты өзінен-өзі бұралып шығуын болдырмау қажет (3.25-сур., б). Сіргенің шартты белгісі бұйымның атауын, оның шарттық диаметрін, ұзын- дығын, материалдың белгісін, қалыңдығын, стандартын қамтиды, мысалға: Сірге 4 х 22.3.036 МЕМСТ 397—79* — шартты диаметрі 4 мм сіргежәне ұзындығы 22 мм, Л63 жезінен никельдік жабынмен қалыңдығы 6 мкм.
Штифттер. Штифт цилиндрлік немесе конустық нысандағы тегіс білікті білдіреді.
3.25-сур. Сіргені пайдалану мысалы: а — көрнекі кескіні; б — нобайы
3.26-сур.Цилиндрлік (а) және конустық (б) штифтердің кескіндері: d— штифттің диаметрі; L— штифттің ұзындығы; с — жүзінің көлемі
Үш типті цилиндрлік штифттердің өлшемдерін (3.26-сур., а) МЕМСТ 3128—70* «Шынықпаған цилиндрлік штифттер. Техникалық шарттар», екі типті конустық штифттер (3.26-сур., б) – МЕМСТ 3129—70* «Шынықпаған конустық штифттер. Техникалық шарттар» Сұққыштар бөлшектерді құрастыру кезінде қатты біріктіру немесе дәл орна- ту үшін пайдаланады. Конусты сұққыштардың цилиндрліктен айырмашылығы бірнеше рет пайда- лануға болады. Біріктірілетін бөлшек сұққыштарының астындағы тесіктер бірге бұрғыланады, содан соң ұңғылаумен бірге өңделеді. Сұққыштардың шартты белгілеуде өнімнің атауы, оның түрі, диаметрі, ұзын- дығы және стандарты көрсетіледі, мысалы: 10m6 х 60 МЕМСТ 3128-70 сұққышы — бірінші типті диаметрі 10 мм және ұзындығы 60 мм цилиндрлік сұққыш. 10h11 х 60 МЕМСТ 3129—70 сұққышы — екінші типті диаметрі 10 мм және ұзындығы 60 мм конус түріндегі сұққыш.
3.27-сур. Жылжымайтын бұранда қосылыстарының мысалдары
3.4.Бұрандалы қосылыстар
Қолдану үлесі 60% - дан асатын бұрандалы қосылыстар олардың жан-жақты болуынан, жоғары сенімділік, үлкен жүктемені ұстап тұруға қабілеттілігі, сондай-ақ ыңғайлы құрастыру-бөлшектеу және жасалу қарапайымдылығы салдарына байланысты кеңінен таралған.
Бұрандалы біріктірулер арқылы жалғағыш біріктірулерді түсінуге бо- лады. Бұрандалы бекіткіш бөлшектер бұрамаларды, болттарды, шпилькаларды, гайкаларды немесе бұрандалардың көмегімен орындалатын.
Қосылатын бөлшектердің жұмысының сипатына байланысты бұранда қосылыстарын жылжымалы және жылжымайтын деп ажыратады. Бекіткіш бұрандалармен бекітілетін жылжымайтын бұранда қосылыстарында қосылатын бөлшектер жұмыс барысында бір-біріне қатысты жылжыматын болып қалады; оларға бұрандама, түйреуіш, құбыр және т.б. жатады (3.27-сур.). Жүрістік бұрандалардың көмегімен орындалатын жылымалы бұранда қосылыстарында жұмыс барысында бір-біріне қатысты орын ауы- сады; оларға тисктер мен домкарталардағы винттер-сомындар қосылысы, жонғыш білдектегі винттер-супперт, крандар мен шұралардағы сүмбілер мен қақпақтар жатады.
Бекіткіш бөлшектер мен олардың қосылыстарының конструктивтік, жеңіл- детілген және шарттық кескіндерін ажыратады. Конструктивтік кескінде бөлшектер мен олардың элементтерінің өлшемдері стандарттыққа тура ке- леді. Жеңілдетілген кескінде бекіткіш бөлшектердің өлшемдерін бұранда диаметріне тәуелді шарттық қатынастар бойынша айқындайды және жүз-
3.28-сур. Бұрандама қосылысының кесіндісі:
bІ bІІ — сәйкесінше І және ІІ бөлшегінің қалыңдығы; a — бұрандама запасы; d0 — тесіктің диаметрі; d — бұрандаманың номиналдық диаметрі; l — бұрандаманың ұзындығы; l0 — кесілмеген бөліктің ұзындығы; H — сомын биіктігі; S — шайбаның қалыңдығы.
дері, оймакілтектер, саңылаусыз тесіктердегі бұранда сияқты элементтерді жеңілдетіп сызады. Шарттық кескін бекіткіш бөлшектің білігінің диаметрі 2 мм тең не одан кем болса пайдаланылады.
Бұрандамалық қосылысты екі не одан көп бөлшекті біріктіру үшін қолда- нады. Бұрандаманы барлық қосылатын бөлшектер арқылы өткізеді. Бұранда- малық қосылысқа бұрандама, сомындар, шайбалар мен қосылыс бөлшектері кіреді. Шайбаны бөлшектің беті сомынмен зақымдауды немесе өзінен-өзі бұралып шығуын болдырмау үшін сомынның астына салады (серпінді шай- баны). Бұрандамалық қосылыстың кескіні бұрандама, сомындар, шайбалар мен бекіткіш бөлшектердің бөліктерінен тұрады.
Қосылыста бұранданың өлшемдерін анықтауға біріктірілетін бөлшектердің қалыңдығы сомасы І және ІІ (b + bІІ) және бұранда диаметріне тең бұрандама білігінің диматері көмектеседі (3.28-сур.). Қосылыс конструкциясын қиықта көрсеткен анағұрлым ыңғайлы, оның жазықтығы бұрандаманың осі және қосылатын бөлшектердің тесіктерінің оған біріктірілген осі арқылы өтеді. Бұрандама бүтін дене ретінде тарамдалмағанын көрсетеді. Сомын мен шай- баны кесіксіз көрсету керек. Саңылаулы цилиндрлік тесіктердің диаметрін бұрандаманың диаметрі бойынша анықтайды (МЕМСТ 11284—75* Бекіт- кіш бөлшектерге саңылаудың тесігі. Өлшемдері). Бұрандаманың тесігініңқабырғалары мен білігінің арасындағы саңылаулар сызбада шартты ұлғайтылған күйінде көрсетіледі.
Бұрандамның ұзындығын мына формула бойынша есептеуге болады:
l ≥ bІ + bІІ + S + H + а + с,
мұндағы bІ, bІІ— сәйкесінше І және ІІ бөлшегінің қалыңдығы; S — шайбаның қалыңдығы; Н — сомын биіктігі; а — сомыннан шығатын жердегі бұранда- маның запасы а = 1—2 бұрандама қадамдары; с —білігінің бұрандама ұшы- ның жүзінің биіктігі, МЕМСТ 10549—80* деректері бойынша анықталады. Стандарттардан бұрандамаларға анағұрлым ұзындығын, есептелетінге жақынын таңдайды.
Білігінің диаметрі берілгенде бұрандамның ұзындығын есептеу мысалын қарастырайық. қалыңдығы Ь1екі бөлшек = 20 мм және Ь11 = 30 мм сәйкесінше М24 бұрандамасының көмегімен біріктіру қажет.МЕМСТ 7798—70*, гайки 2М24 МЕМСТ 5915—70* және 24 шайбаМЕМСТ 11371—78*. Бұл үшін қосылатын бөлшектерде саңылаулы тесіктер теседі, d0 диаметрін МЕМСТ 11284—75* бой- ынша таңдайды. Бұрандаманың ұзындығын есептейтін
l = 20 + 29 + 4 + 19 + 3 + 2,5 = 77,5 мм пайдалана отырып, тиісті МЕМСТ бойынша маңызы бар: S= 4 мм (МЕМСТ 11371-78*); Н = 19 мм (МЕМСТ 5915-70*); а = 3 мм (МЕМСТ 9150-81*); с = 2,5 мм шамалары анықталады. Алынған шаманы МЕМСТ 7798-70 кестесі бойынша стандартты М24 бұрама ұзындығының мәндерімен салыстырады.
Кестеде екі маңызы жақын 75 және 80 мм бар. Есепке жақыны- рағы бұрандама ұзындығының үлкені 80 мм таңдайды. Сол ке- стеде 10 = 54 мм (150 мм болғанда / дейін) бұрандама өзегінің кесіл- ген бөлігінің ұзындығын табады. Бұрандаманың кесілген бөлігінің ұзындығы l0 келесі формула бойынша есептеледі:
l0 = S + Н + а + с + 3Р, мұндағы Р — бұрандама қадамы, Р = 3 мм (МЕМСТ 9150-81*). Сонда l0 = 4 + 19 + 3 + 2,5 + (3-3) = 37,5 мм. МЕМСТ 7798-70 l0 = 80
3.29-сур. Түйреуіш қосылысының кескіні:
l— түйреуіш ұзындығы; l1— бұрып кіргізілетін ұштың ұзындығы; қалғанын 3.28–сур. қараңыз.
мм болғанда М24 бұрандама үшін жақын мәні 54 мм болады.
Бұрама сұқпалық біріктіру екі және одан да көп бөлшектерді қысты- руға, құрылымдық ерекшеліктеріне қарап бұрандамалық біріктіру мүмкін емес болғанда немесе тиімсіз болғанда, мысалы бұрама біріктіру монтажы мүмкін емес жағдайда, барлық қыстырылған бөлшектерде немесе т.б. өтпелі бұрғылағанда пайдаланылады.
Бұрамасұқпалық біріктіруге сұқыш, сом, шайба және қосылатын бөлшектер енеді.
Шайбалардың мақсаты - бұрандамалық біріктіру. Бұрандамалық біріктіру суреті жоғарыда көрсетілген бөлшектерден тұрады, және де оны сол, бұран- дамалы біріктірудегі ережелер бойынша орындайды. 3.29 суретінде І және ІІ екі бөлшегінің М24 X 70 МЕМСТ 22034—76 сұққышымен 2М24 МЕМСТ 5915-70 24 сомдарымен, МЕМСТ 6402—78*. шайбаларымен біріктірілгені көрсетіледі. М24 сұққышының екі бөлшектерін қосу үшін сұққыштың мөлшерін анықтау мысалын қарастырайық. І бөлшектің қалыңдығы bІ = 40 мм, ІІ бөлшектің материалы шойын, ІІ бөлшектің қалыңдығы 50 мм артық.
3.30-сур. Бұрандамамен қосудың кескіні:
P — бұранда қадамы; l4— шалакесу; қалғанын 3.28-сур.қар.
3.31-сур. Винтпен қосудың кескіні:
d1— винттің саңылаулы тесігінің диаметрі; d2— винт басының тесігінің диаметрі; he— винт басының тесігінің биіктігі; HІІ— бөлшектің ІІ тесігінің тереңдігі; l—винт ұзындығы; қалғанын 3.28-сур.қар.
М24 бұрандалы сұққышы үшін МЕМСТ 22034—76 бойынша оны шойынға бұраған кезде бұралғандағы ұзындығының соңы l1= 30 мм болып табылады. түйреуіштер l (бұрып кіргізілетін ұштың ұзындығы) l= bІ+ Н + 5+ а+ с формуласы бойынша айқындалады. МЕМСТ бойынша көлемдердің мәні анықталады: Н = 19 мм (МЕМСТ 5915—70*); 5 = 5 мм (МЕМСТ 6402—70*); a= 3 мм (МЕМСТ 9150—81*); с = 2,5 мм (МЕМСТ 10549—80), бұрандаманың ұзындығын есептейтінді пайдаланып отырып:
l = 40 + 19 + 5 + 3 + 2,5 = 68,5 мм.
МЕМСТ 22034—76 бойынша l мәнін таңдайды, есептікке қатысы бойынша ең жақын l = 70 мм. І және ІІ қосылыстары үшін мысалға М24 х 70 түйреуіш алынды МЕМСТ 22034—76, сомынға кесілген бөліктің ұзндығы 54 мм.
І бөлшегінде диаметрі 25 мм тесік жасалады (МЕМСТ 11284—75*). ІІ бөлшегінде саңылаусыз тесік жасайды. М24 бұрандасына тесіктің өлшемін нормаль бойынша таңдайды. НІІ тесіктің тереңдігін форму- ла бойынша таңдайды
НІІ =l1+ 2P+ l4, Мұндағы l1— түйреуіштің бұрап кигізілетін ұштың ұзындығы, l1= 30 мм; Р — бұрандама қадамы, P= 3 мм; l4— шалакесу, бұранда- маның кетіп қалу ұзындығын қамтиды, яғни бұранданың тегіс тесі- гінің ұзындығын қамтиды., l4= 9 мм (МЕМСТ 10549—80*).
Нәтижесінде алатынымыз - НІІ = 30 + (2-3) + 9 = 45 мм.
Бұрандамен не винтпен қосу екі не одан көп бөлшекті қосқанда қолданы- лады, бұрандама не винт бір немесе бірнеше бөлшектің тесігінен өткізгенде базалық бөлшекке бұрап кигізеді.
Қосылысқа бұрандама (винт) және шайба кіреді. Бұрандамаға, винтке неме- се түйреуішке арналған бұрандасы бар тесік саңылаусыз немесе саңылаулы болуы мүмкін. Қосылыс өлшемдерін біріктірілетін бөлшектердің қалыңдығы мен бұранда- маның сыртқы диаметріне тең біліктің диаметрі қызмет етеді. І бөлшегінде саңылаулы тесік жасайды (тесіктің нысаны винттің басына байланысты, МЕМСТ 13682—80* «Сомын кілттеріне арналған орындар. Өлшемдер» қараңыз.), ІІ бөлшегінде винттің бұрандасына сәйкес келетін бұранда тесігін орындайды. Бұранда (винт) І бөлшегіне бос өткізіп, ІІ бөлшегіне бұрайды. Қосылуды тарту күшін бұранданы (винтті) тартумен жүзеге асырылады. Күш бұрандма басының тірейтін беткі бөлігі арқылы беріледі. 3.30-суретте І және ІІ бөлшектерін бұрандамамен қосу кескінделген. 3.31-суретте – винтпен. Бұрандамалар мен винттердің бұрап кигізу тереңдігін ұқсас материалға түйреуіштерді бұрау тереңдігіне тең қабылдайды. Саңылаусыз бұранда тесігінің тереңдігін түйреуіштік қосылыс сияқты есептейді.
Осы оқу құралын әзірлеуде мына басылымдар пайдаланылды:
Бродский А. М. Сызу: баст. кәсіб. білім.арн. оқулық / А.М.Бродский, Э.Фазлулин, В.А.Халдинов. — М. : ИРПО : «Академия» баспа орт., 2003; Буланже Г. В. Инженерлік графика : Геометриялық денелерді проекциялау / Г. В. Буланже, И.А. Гущин, В.А. Гончарова ; ред. Ю. М. Соломенцева. — М. : Жоғ мект., 2003; Инженерлік графика: ма- шина жасаудағы конструкторлық информатика / [А.К.Болтухин, С.А. Васин, Г. П.Вяткин, А.В. Пуш] ; ред. А. К. Бол- тухина. — М.: Баспа Н.Э.Бауман атын.МГТУ, 2000.
Мазмұны
Оқырманға
1-бөлім. Сызбаларды рәсімдеу
1.1. Форматтар
1.2. Масштабтар
1.3. Сызықтар
1.4. Шрифттер
1.5. Негізгі жазба
2-бөлім.Кескіндерді орындаудың негізгі қағидалары
2.1. Жалпы ереже
2.2. Көріністер
2.3. Қималар
2.4. Қиықтар
2.5. Аксонометриялық проекциялар
2.6. Өлшемдер салу
3-бөлім. Кейбір бөлшектер мен олардың қосылыстарының сызбаларын орындау қағидалары
3.1. Жалпы ереже
3.2. Бұранда
3.3. Бекіткіш бұйымдар
3.4. Бұранда қосылыстары
Пікірлер (0)
Пікір жазу үшін аккаунтқа кіріңіз. Кіру