Жігіт сипаты
Ақан сері Қорамсаұлы
Жазылымсыз режим: 20-беттен кейін жазылым беті ашылады, әрі қарай әр 10 бет сайын (ең көбі 5 рет).
Ақан сері Қорамсаұлы – қазақ халқының әйгілі әнші-композиторы, ақын. Солтүстік Қазақстан облысының Айыртау ауданындағы Үлкен Қоскөл маңында 1843 жылы туып, сол ата мекеніндегі Бұлақ басы, Құлагер құдығы деген жерде дүние салған.
Жігіт боп гауhар тастай асыл болса,
Әлсізге жаны кілең ашыр болса.
Әрқашан жігіт сондай тәуір болмас,
Не пайда шүберектей жасыл болса.
Көзі де, көңіл де соқыр қараңғының,
Несі адам түк білмейтін масыл болса.
Наркескен қайрылмайтын қылыш болса,
Мінез, ақыл, өнері дұрыс болса.
Бір сырлы, сегіз қырлы болса жігіт
Жорғадай тілі майда жүріс болса.
Ақылды, сабырлы ер деп соны айтамыз,
Еткені берекелі жұмыс болса.
Бұл айтқан ақылымда жалған бар ма?
Көріңдер миға салып бұрыс болса.
Бозбала шамшырақтай фанар болса,
Ішінде қалың топтың жанар болса.
Ақиқат адамдықтың белгісі сол,
Су берсең, балдай көріп қанар болса.
Ақылсыз кейбіреудің мінезі сол,
Бір сөзді екі қылып жамар болса.
Бұл саған айтқан, досым, өсиетім,
Жүре бер тыңдамай - ақ залал болса.
Пікірлер (0)
Пікір жазу үшін аккаунтқа кіріңіз. Кіру