Мұнайлы Кенбай - ырысым
Ағиба Қатешова
Жазылымсыз режим: 20-беттен кейін жазылым беті ашылады, әрі қарай әр 10 бет сайын (ең көбі 5 рет).
Ағиба Қатешова - «Мұнайлы Кенбай - ырысым» шығармасы.
І ТАРАУ
ЕРЛІККЕ ТЕҢ СОЛ ЖЫЛДАР
«... Түз күмбездерінің астында,
Газ қоры бар, мүнай бар ...»
О, Адам,
Сенде екен қадір-қасиет,
Сенде екен небір нұр ойлар».
Айтуар Өтегенов
Даңғайыр дала төсі қыз-қыз қайнап жатқандай. Ауыр техникалардың небір түрлері осы жерде. Әрі-бері осқылай-осқылай жер бедері де өзгеріп кеткен. Адырлы жердің боз топырағынан жігіттердің бір-біріне қарап, ақсия күлгендері ғана көрінеді. Өңдерінде шаршап-шалдыққандық белгісі де байқалмайды. Ал кең дала, маңғаздана құлашын керіп көсіліп жатыр. «Бауырымдағыны ал, қажетіңе жарат ұрпағым!», деп назданғандай Ата мекен! Қадіріне құлдық ұрып, қасиетіне бас иетін Ата мекен. Қашан да ырыздығын елінен аямаған туған топырақ, тағы да перзенттеріне табиғат байлығын сыйға тартты. Мақат кентінің шығыс жағындағы 40 шақырымдай жерде Кенбай деген жер бар. Сол жерден үлкен мұнай қоры ашылып, кәрі Ембінің екінші тынысына айналды. Өмірлеріне мал бағуды ғана серік етіп, көшпенділердің күйін кешкен бабаларымыз, ата кәсіптерін өзгертті, жер казып, су тасыды. Сөйтіп мұнай өндірісіндегі алғашқы кадамдарын бастап, мұнайшылық кәсіпті игерушілер атанды. Міне, сол бабалар салған сара жолдан өткен бүгінгі ұрпақ мұнай өндірісінің қыр-сырын жете меңгергендері соншалық, әлемдегі мұнай алыптарымен иық тірестіре жұмыс жасайтындай халге жетті. Заман ағымымен сабақтас, өндірістегі жаңа технология, озық әдіс жергілікті мұнайшылар үшін әсте таңсық емес. «Аузымен кұс тістеген» экономикалық даму дәрежесі жоғары деген шетелдердің ірі мұнай компаниялары да, біздің мамандарымызбен санасып, олардың кәсіби тұжырымдарына да ден қоятын болды. Жоғарыдағы тілге тиек болған, өзгелерсіз өз күштерімен игерген Кенбай кен орнындағы жанды көрініс – сөзіміздің дәлелі. Кенбайдан мұнай шыкты дегенде «атынан-ақ көрініп тұрғандай кенге бай өлке болды ғой шамасы» десе, кейбірі ол жерді мекен еткен «Кенбай» атты ардақты адамның киесі десті жұрт» дейді ақсақалдар. «Аруақ сыйлаған азбайды» деген ғой халық даналығы. Ендеше есімі қара алтынды аймақка берілген Кенбай ата кім, осы төңіректе кішігірім ой толғайық. Кенбай — жер атауына айналған кісі аты. Руы — Таз. Аса білімді болмағанымен бойында қасиеті бар өте сыйлы адам болыпты. Бір кездері Бекет атаның қасына еріп, қосшы болыпты деген де деректер бар. Көнекөз қариялардың айтуынша, әуелгіде Кенбай жері Қоянды аталыпты. Кейіндері Қоянды атауы жойылып Кенбай атанып кеткен. Ата туралы бұл кісінің ұрпағы, еңбек ардагері, КСРО мұнай өндірісінің үздігі, КСРО кұрметті мұнайшысы Мақаш Рахметов ағамыз әңгімелеп берді. Мақаш Рахметов есімі атыраулықгарға өте таныс. Ол Ембі өңірінде жиырма шақты мұнай кеніштерін бірінші болып ашуға және оларды игеруге тікелей катысты. «Казақойл — Ембі» ашық акционерлік қоғамының барлау, бұрғылау алаңдарында коллектор, геолог, аға геолог, Прорва бұрғылау кеңесінде бас геолог, Балықшы барлау, бұрғылау басқармаларында ұңғыларды сынау цехының бастығы, Каспий маңы және Атырау бұрғылау, барлау басқармаларында бас геолог болып жұмыс жасаған Рахмет аға бұл күнде кұрметті демалыста. Оның «КСРО мұнайы мен газына 100 жыл» белгісімен, «Қажырлы еңбегі үшін», «Еңбек ардагері», «КСРО мұнай өнеркәсібі үздігі» атақтарымен, төрт рет «Казақстан Республикасының кен орындарын ашушы» дипломдарымен және «Қазақстан мұнайына — 100 жыл» төстік белгісімен марапатталуы, оның үлкен өмір жолының айғағы. Ата туралы ол: «Кенбай ата әрдайым Қоянды жерінің байлығын айтып мақтан ететін, үй салсаң Қотыртас пен Қоңырсайдың тасына не жетсін, оны майлайтын Акшаптың ақ тасының касиетін айтсайшы, құдығының суы бал татитынын ұмытармысың, кара тас балкытар оты бар жыңғылына не жетеді дейтін көрінеді», дейді тереңнен қозғап. Кенбай Ата аруағын, оның бойындағы қасиеттерді ұрпақтары сыр қылып шертеді. Солардьщ біреріне тоқтала кетелік. Бір жылы ата Титікенге аян беріпті (Титікен інілерінің балаларынан тараған ұрпақ). «3-4 күннен кейін қастарына Табын елінен көшіп келе жатқан екі-үш үй қонады. Олар бір арық қара атты тарыға айырбастар, соны сатып ал, сол ат сенің атыңды шығарады» депті. Айтқанды бұлжытпай орындаған Титікен «қара ала атты Титікен» атаныпты. Бәйгеден алдына жан салмаған қара ала ат пен Титікен есімін көпшілік әлі ұмыта қоймапты деген-ді. Бір жылы Кенбай ауылын арқаға көшіріп бара жатып, Сағыз бойын жайлаған. Өрісте қойын жайып, бесін намазын оқып отырғанда қойына қасқыр шабады. Сонда да намазын бұзбай оқи береді. Бір ғажабы қасқырлар қойына ауыз сала алмайды. Бұл да оның қасиеті болса керек. Кенбай ата сауаты шамалы, оқымаған болғанмен, ой санасы ашық, көңілі зерек адам болыпты. Елге тараған ұлағатты сөздерінің көпшілікке жеткендері бірен-саран: «Бөліске таласқандардың өздері бөлінеді, бөлінгенді бөрі жейді, бөрі жемесе тісі бардың бәрі жейді». «Бірлігі жоқтың беріктігі жоқ, беріктігі жоқты төстей соққан жел де құлатады, сүйкей өткен мал да құлатады». Бұл айтып отырғандарымыз жер атын иеленген Кенбай ата жөніндегі бір ғана үзік сыр. Міне, енді Кенбай ата бейітінің күншығыс жағынан 15-20 шақырым қашықтықта мұнай қоры табылып отыр. Ата табан тіреген топырақтан береке көзінің ашылуы тегіннен тегін болмаса керек. Қалай десек те, бұл тылсым дүниеде көзге көрінбейтін белгісіз байланыстардың бар екендігі рас. О баста құлағына азан шақырып «Кенбай» атын бергендігі, оның ер жетіп, ес жиғаны, осы өңірді мекен етіп, Кенбай атының жерге берілуі. Сол жерде бай кен орнының болып шыққандығы бір бірімен сабақтас дүниелер іспетті. Бойларындағы бар қасиеттерін кісілікке арнаған, жарлы-жақыбайларға шапағатын төккен рухты бабаларымыз Сұлтануәйіс, Мәтен қожа сияқты әулие-әмбиелеріміздің де осы топырақта жатқандықтары көп жайдың түп астарын айтпасақ та әйгілеп тұрғандай. «Ай ортақ, жер ортақ, ауа ортақ» дейді халық даналығы. Лайым, жорытқанның жолын оңғара гөр, пәле-жәледен қорғай гөр аруақтарым дейміз біз де. Кен орнының ашылу мерзімі 1985 жыл болып есептеледі. Деректерге жүгінсек, 300-400 метрлік терендікте құммен аралас қою мұнай бар екендігі, сонау 60 жылдарда белгілі болған. Іздестіру, барлау жұмыстарын Маңғыстау терең бұрғылау экспедициясы жұргізген. Бірақ Маңғыстаудағы мол казынаны игеру мақсатында аталмыш экспедиция сол жаққа қарай ауыстырылады да, жұмыс тоқтатылады. Тек 80 жылдары ғана жұмыс қайта жалғасып, 1990 жылы аяқталады. Геофизикалық жұмыстармен негізінен «Ембімұнайгеофизика» өндірістік бірлестігі айналысты. Бұл бірлестіктің бас директоры белгілі ғалым, геолог Талаев Жақсылық Өтетілеуұлы болатын. Жақсылық Өтетілеуұлы Алматы Қазақ политехникалық институтын бітіргеннен кейін мұнай және газ кен орындарын геологиялық зерттеу мамандығын меңгереді. Аспирантураны тәмамдап, Н.Г.Чернышевский атындағы Саратов Мемлскеттік университетінде кандидаттық диссертация қорғап геология-минерология ғылымдарының кандидаты деген атақ алады. 1976 жылы Гурьев қаласына жолдамамен келіп «Ембімұнайгаз» бірлестігіне қызметке орналасып, инженер-геолог, тематикалық партияның бастығы сияқты жауапты қызметтер атқарады. Жоғары кәсіби шеберлігі мен үлкен ұйымдастырушылық қабілеті арқасында Ж. Талаев 1980 жылы «Ембімұнайгеофизика» тресіне бас геолог болып тағайындалады. Бас геолог болып жасаған сегіз жылдың ішінде Мәтен, Жаңакөл, Айранкөл, Арман, Оңтүстік Шығыс Қамысты, Масабай басқа да кен орындарын ашуға тікелей ат салысты. Тынымсыз ізденіс, мол тәжірибе оның өндіріс саласындағы еңбегіне үлкен жетістік әкелді. Ол 1988 жылы «Ембімұнайгеофизика» өндірістік бірлестігінің бас директоры болып баламалы түрде сайлаңды. Өз мамандығын жетік меңгерген маман мұнайшылардың халықаралық ғылыми симпозиумдарына қатысып, Германия, Австрия, Америка, Венгрия, Перу сияқты іргелі мемлекеттерде білімін жетілдіріп, алған тәлімін осы кәсіпорынның жетістігі үшін пайдаланып отырды. Өзінің тікелей жұмысымен қатар ғылыми және қоғамдық жұмыстарға да белсене араласты. Елудей ғылыми жұмыстарының жарық көруі оның зеректі ғалым, білгір маман екендігін бар қырынан әйгілеп тұрғандай. Жақсылық Өтетілеуұлының салған сара жолымен көптеген шәкірттер тәрбиеленіп, ғылым кандидаттары атанды, тәжірибе жинақтады. Бүгінгі күні ортамызда жоқ, марқұм Ж. Талаев өмірінің соңғы күндеріне дейін мұнай өнеркәсібі саласында еңбек етті. «Крамдс — Атыраумұнай», «Крамдс — Мұнайгаз» акционерлік қоғамдарының президенті қызметтерін абыроймен атқарды. «Пайдалы қазбалардың кен орнын ашқаны үшін мемлекеттік сыйлықтар беру жөніндегі Ведомствоаралық комиссияның шешімімен Кенбай газ мұнай кен орнын ашқаны үшін Ж.Талаевқа «Қазақстан Республикасының кен орнын алғаш ашушы» атағының берілуі оның ерен еңбегінің нәтижесі. «Өзі өлсе де ісі өлмейді» — деген ұлағатты ұғым Жақсылықтай асыл ағаларға арналса керек. Топырағың торқа болсын, жақсы аға! Барлау-бұрғылау жұмыстары сол кездегі «Гурьевмұнай – газгеология» өндірістік бірлестігіне қарайтын «Солтүстік Ембі мұнайгазбарлау» экспедициясының еншісінде болды. Аталмыш экспедиция 1987 жьлдың жазында осы кен орнында барлама бұрғылау жұмыстарын жүргізе бастады. Аталған экспедиция директоры Береген Жоламанов болды. Ал бас инженер Шафхат Темірғалиев болды да, сол жылдың күзінде Нұрберген Балғымбаев бас инженерлік қьізметке тағайындалды. Екі-үш жылдың ішінде 35-40 ұңғы қазылып, Кенбайда мұнай қоры бар екендігіне мамандар толықтай көз жеткізді. Солтүстік Қотыртасты іске қосуға барлығы онға жуық кәсіпорын жұмылдырылды. Атап өтер болсақ: «Ембімұнайқұрылыс» тресі, Солтүстік Ембімұнайбарлау экспедициясы, Балықшы бұрғылау басқармасы, Каспий маңы мұнай-газ құрылыс акционерлік қоғамы, Күрделі жөндеу конторы, Технологиялық көлік және Жол жөндеу құрылыс басқармалары. Ал «Гурьевмұнайгазгеология» өндірістік бірлестігі мен Қазақмұнай ғылыми зерттеу институты бірлесе отырып, кен орнының қорын есептеп шығарды. Сөйтіп, төккен тер зая кетпеді, мамандар өз еңбектерінің жемісін жұмыс нәтижесінен көріп, куаныштан бөріктерін аспанға атады. КСРО мемлекеттік қор компаниясында бұл кен алаңының баланстық қоры 93,3 млн тонна деп бекітіледі. Сөйтіп, Кенбай Каспий ойпаты тұз үсті құрылымдарымен байланысқан кен орындарының ішіндегі ең ірісі болып есептеледі. Ел несібесі, халықтың ырыздығы болатын бұл қорға мамандар үлкен сеніммен қарады, «елде болса ерінге тиеді» деп қауқылдасты. Бірақ бұл куаныш лебі ұзакқа бармай, су сепкендей басылды. Кенбай шетелдіктерге сатылыпты. Ендігі қожасы американдық жекеменшік «Бидерманн — Интернэйшнл» фирмасының иесі Бидерманн Горальд деген болыпты деген хабар бұрқ етті. Бойды шарасыздық биледі. Ел байлығы шынымен де ұстағанның уысында кете бере ме? Кеудеде жалындаған намыс пен өкініш оты жалындап, жерліктер жандарын қоярға жер таппады. Япыр-ау, бұл біздің балаларымыздың болашағы емес пе еді? Талай отбасы жұмыспен қамтылады, мұнай ауылымызды шырайландырады деп жүргенде бұнысы несі? «Кісідегінің кілті аспанда» деген шетелдік ел мұңын, халық кездесіп отырған өзекті қиыншылықтарды қайдан түсінсін? — деген сан тарау сұрақтар жетегінде талай есікті тоздырды. Үшбу хаттар да жазылды. Мақат ауданының белсенді азаматтары Кенбайды шетелдіктерге бермеу жөнінде қарсылық акциясын да ұйымдастырды. Үнсіз қалуды жөн көрмеген Мақаттағы мұнайшы ардагерлер «Мұнайға араша керек» деген тақырыппен Қазақстан Республикасының халық жазушысы «Интеркаспий — Холдинг» компаниясы бақылау кеңесінің төрағасы Олжас Сүлейменовке ашық хат жазды. Хат мазмұны мынадай еді:
Құрметті Олжас -Омарұлы!
Казақстан мұнайының қара ишаңырағы атанған Ембі аймағы, соның ішінде Мақат ауданының ардагер мұнайшылары Сіздің қазақ елі үшін жасап жатқан кайраткерлік ісіңізге әркез риза болып отырады. Біз Сізге, Омарұлы, өткен жылы «Қазақстан Республикасының халық жазушысы» құрметті атағы берілгенін және «Интеркаспий Холдинг» компаниясы бақылау Кеңесінің төрағасы болып сайланғаныңызды қуана қарсы алдық. Жұмыстың осы бір жауапты саласында Сіз мұнайшылар үшін де қамқорлықты жақсартады деп сенім білдіреміз. Сізге бүгінгі күн айтар сөзіміз бір ғана мәселе төңірегінде. Ол Мақат ауданы мен Қызылқоға ауданының екі ортасына орналасқан Кенбай кен алаңын игеру жайы. Кенбай кен алаңының қорында 30 миллион тонна мұнай бары есептелініп отыр. Бұл кен алаңы негізінен 1985 — 1986 жылдары ашылған болатын Содан бері кешегі солақай саясат пен орталыктың өктемдігі бұл мәселені шешуге кедергі жасап келді. Басқасын айтпағанда, ауданымыз ауыл шаруашылығы жок республикадағы бірден-бір аудан болып отыр. Қыскасы, тұрмысы нашар, табиғаты қатал біздің ауданымыз — экономикалык және әлеуметтік жағынан артта қалған аудандардың бірі. Міне, осындай жағдайда, әсіресе, қазіргідей халықтың тығырыққа тірелген тұрмысын жақсартуға біз ескі кен алаңдарына көп үміт артып отырған жайымыз бар. Нақтылай айтсақ, шетелдік «Бидерманн — Интернейшнл» фирмасымен Кенбай алаңын игеру жөнінде бірлескен кәсіпорын құру бұл бағыттағы жұмыстарға жаңа мүмкіндіктер береді деп ойлағанбыз. Бұл шарт 1991 жылы тамыз айында жасалды. Шартты жасаушылар алдымен халықпен ақылдаспағанын айтуымыз керек. Біздің пікірімізше «Бидерманн — Интернейшнл» бірлескен кәсіпорнының шартындағы техникалык – экономикалық негіздер дұрыс емес. Яғни, 1991 жылғы тамыз айынан бері шартты іс-жүзіне асыру жөнінде ешқандай батыл кадамдар жасалған жок. «Бидерманн» фирмасы уәдесінде тұрмады. Соның салдарынан мұнайшылар оған деген сенімін жоғалтты. Бәрі бос сөз, кұрғак уәде күйінде калды. Бұған керісінше, осы соңғы екі жылда жаңадан құрылған Мақат мұнай өндіру басқармасының мұнайшылары өз күштерімен көптеген жұмыстарды тындырды. Мысалы, Солтүстік Жолдыбай алаңы игерілді. Шығыс Мақат, Мәтен кен алаңдарын игеру жұмыстары кең өріс алды. Осының бәрі бір мұнай баскармасының күшімен жасалды. Сондай-ақ осы кезеңде Кенбай кен алаңына электр желісі тартылды, автомашина қатынас жолын салу мәселесі шешілді. Өндірісті жайғастыру жұмыстарына алғы шарттар жасалуда. Сайып келгенде, 30 миллион қоры бар Кенбай алаңын игеруге, оны өз күшімізбен іске қосуға бізде толық мүмкіндік бар. Тәжірибеміз де жетеді. Сондықтан, ауданның ардагер мұнайшылары «Бидерманн — Интернейшнл» фирмасымен келісім-шарттан үзілді кесілді бас тарту жөнінде митингі жасауды ұйғарған еді. Ондағы мақсат сөзіне, уәдесіне тұрмаған «Бидерманн» фирмасының өкілдерімен бетпе-бет кездесу, осы шартты жасауға себепші болған бірқатар басшылардың ой-пікірін білу болатын. Алайда, белгілі себептермен митингі кейінге калдырылды. Фирманың басты өкілі Бидерманн өзі келіп катысам деген уәдесіне түрған жоқ. Сол себепті біз Бидерманн болсын, осы шартқа катысты басқа басшылар болсын, бәрі халык алдында, мұнайшылар алдына келіп жауап беруге тиіс, деп ойлаймыз. Құрметті Олжас Омарұлы, Сізден өзіңіз уақыт тауып, митингіге Бидерманнды, «Қазақстанмұнайгаз» ұлттық мемлекеттік компаниясының Президенті Б.Еламановты, «Интеркаспий — Холдинг» компаниясының Президенті Т.Болатбаевты халык алдына алып келуге ықпал жасауыңызды сұраймыз. Біз сізден мұнайшылардың осындай талабына деген ойыңызды білдіріп, тиісті шарасын алады, нақтылы жауабын береді деп асыға хабар күтеміз. Осылайша бозторғайдай шырылдаған жергілікті атқамінерлер Кенбай сол өңірдегі өндіріс орындарын жандандырып, жұмыссыздар санын азайтуға, әлеуметтік экономикалық проблемаларды шешуге мүмкіндік беретін бірден-бір тіршілік көзі екендігін жақсы түсінді. Ал, өз күшіңмен игере алатын пайданы басқа біреумен бөлісудің қандай қажеті бар екендігін түсіне алмай дал болысты. Бірақ халық сұранысы еш жауапсыз қалды да, келісім-шарт арқылы Бидерманн Кенбайды қанжығасына байлады. Үміт пен күдік аралас екіұдай көзқараспен қараған жергілікті халық әліптің аяғын күтті. 1991 жылдың маусымында «Интеркаспий ассоциациясы» мен калифорниялық «Бидерманн — Интернейшнл» фирмасы арасында, біріккен кеңес-американдық «Мұнай» кәсіпорнын құру жөнінде шарт жасалды, Шарт бойынша Атыраудан 200 шақырымдай жерде орналасқан Кенбай кен орнын бірлесіп игеруге тиісті болды. Қаржылық қордың 63 пайызы Интеркаспий ассоциациясының, 37 пайызы Бидерманн еншісінде еді. Сөйтіп екі жақты жоба жасала бастады. Кеңес жағынан Самараның «Гипровостокнефть» институты, американдық жақтан «WZІ» компаниясы өз жобаларын ұсынды. Сол кездегі біріккен кеңес — американдық «Мұнай» кәсіпорнының атқарушы директоры Махамбет Хакимовке жолығып, мән-жайдан хабардар етуін өтіндік. «Бидерманн төңірегіндегі әңгіме бір кітапқа арқау болатындай үлкен тақырыпқа айналды. Бізді жолдастарымыз «дети Бидерманна» дейтін қалжыңдап. «Мұнай» — кеңес өкіметі кезіндегі алғашқы шетелмен біріккен кәсіпорын. Мемлекетіміз тәуелсіздік алғаннан кейін қазақстандық кәсіпорын болып өзгерді. Бірінші атқарушы директоры Қобылан Досмұхамедов, техникалық директор Болат Таханов, бас технолог Мәлік Өмірзақ сияқты мұнай өнеркәсібінің белді мамандары бастаған 40-тан астам адам еңбек етті. Екі арада жасалған келісім-шарт негізінде Интеркаспий ассоциациясы Ембі мұнайын сатып алып Бидерманнға жіберді де, мұнайдан түскен ақшаның бір бөлігі Қазақстанға көмек ретінде кайтарылып, екінші бөлігі Кенбайға қажетті қондырғы, құрал-жабдықтар алуға уәделесті. Бірақ шетелдіктер уәдесі желге ұшқандай болды дағы, екі жылдай мүлдем хабарсыз кетті. Бұл 1993 жыл болатын. Бұдан кейін де бір жыл өтті. Бидерманнымыз әлі үн-түнсіз. Бұл аралықта қол қусырып отыруды жөн көрмей банктен несие алып, жұмысымызды бастап жібердік. Жоғарғы және шағын вольтты электр жүйелерін тартып, база салдық. Жолды қалпына келтіріп, 5 ұңғыны қазып та үлгердік. Кеңестік рубльдің төл теңгеміздің ауысуына байланысты несиеге алған қаржының мөлшері біршама азайды. Осы кезде Бидерманнмен арадағы шарт бір жақты бұзылып жатты. «Ембімұнайгаз» ашық акционерлік қоғамы Салық комитетімен бірлесіп «Мұнай» кәсіпорнына тексеру жүргізіп, комиссия шешімімен мүліктің бағасын шығарды. Сөйтіп банк несиесін «Ембімұнайгаз» ашық акционерлік қоғамы өз мойнына алып, қарызды өтеу жөнінде шарттасты. 1995-96 жылдары «Мұнай туралы», «Инвестиция туралы» заңдар шығып, күшіне ене бастады да, бұрынғыдай емес, жұмыс бағыты жүйелене түсті. Бидерманн да үнсіз қалмады. АҚШ тың ірі адвокаттық конторасының қызметін пайдаланып, Республикалық одан әрі халықаралық сотқа жүгініп, шыққан шығын, уыстан шыққан пайда, моральдық нұқсан үшін ақша талап етіп, өзіне қалай еткенде қаржы қарпып қалу жағын қарастырды. Бидерманнмен арадағы жағдай сәтсіз аяқталғанмен соңы оңғарылып, Кенбай ел несібесіне қайта оралды. Бұл мұнай өнеркәсібі үшін қорытынды шығарар үлкен мектеп болды десем, артық айтқандық емес. Өйткені адам тек жақсылықтар мен жаңалықтардан ғана емес, қателіктерден де үйренеді. Біз үшін де Бидерманн хикаясы әліпті сабақ болды». Өз ісін жетік меңгерген маман, халық, ел мүддесіне жаны ашитын азамат екендігін сөз саптауынан-ақ байқатқан М. Хакимов, бүгінгі танда «Каспий табиғаты» мемлекеттік емес мекеменің төрағасы қызметін атқарады. Экологиялық жағдай, адам денсаулығы, халықтың салауатты тұрмысы, ел байлығының кез келгенге қолжаулық болмауы — оның жұмыс төркінінің түп тамыры. Мәскеудегі Губкин атындағы мұнай институтын бітіргеннен кейін, геолог мамандығын алады. Әсіресе ол «Гурьевнефте – газгеология» өндірістік бірлестігіндегі жұмыс жасаған уақыттарын сағынышпен еске түсіреді. Бірлестік бастығы Б.Н.Хахаевтың ұйымдастырушылық касиетінің мықтылығы, білім дәрежесінің жоғарылығы өміріне үлкен сабақ болғанын жылы ілтипатпен әңгімелейді. «Әке көрген оқ жонар» деген қазақ, М.Хакимов еңбек жолында әкесі Ғалымжан Хакимовтың өмір соқпағын, сол кісінің жасаған әрбір мағыналы ісін өзіне өшпестей асыл мұра деп бағалайды. Мұнайшы деген құрметті мамандықты Мәкеңнің баласы Талғат та меңгеріпті. Осындай өмір мектебінен өткен М. Хакимовтың Бидерманнмен жұмыстас болуы тілге тиек етуге әбден болатын қызық оқиға. Ендеше сәл шегініс жасап, Бидерманн тақырыбына кайта оралайық. «Бидерманн Интернейшнл» компаниясының қожасы Горальд Бидерманн аз-маз ұңғымаларды иемденгені болмаса, өз елінде бөлке, нан тағамдарын шығарумен ғана белгілі болып жүрген жан екен. Ал қазақстандықтар үшін мәселені шұғыл шешетін, экономикалық дағдарыс тізгінін тежейтін іскерлер аса қажет еді. «Іздегенге сұраған» дегендей Бидерманн бір қарағанда іскер, барлықталапқа сай болып көрінді. Оның үстіне дәл осы тұста ол Жамбыл облысында импорт-экспорт операцияларын жүзеге асырумен сәтті айналысқан аса қабілетті кәсіпкер ретінде танылды. Үйде-төкпе көп уәде қағаз жүзінде ғана кала бастады. Жұмыс басталғалы бергі екі жыл зу етіп өте шықты. Бірақ жасалып жатқан жұмыс жоқтың қасы. Уәде еткен құрал-жабдық, қондырғылардың бірі де алынбады. Солай бола тұрса да, 1993 жылдың жазында қосымша келісім шарт жасалып, Бидерманнға сол маңнан геологиялық іздестіру, барлау жұмыстарын жүргізуге құқык берілді. Осылайша американ компаниясы барлау-бүрғылауды 30 жыл бойы жүргізіп, 40 шаршы км. аймақтан мұнай өндіруге мүмкіндік алды. Бұл уақытта ілкіде құрылған «Мұнай» біріккен кәсіпорны назардан тыс, ұмытылуға жақындады. Тежеуге келмейтін, тоқтатуға көнбейтін уақыт деген құдіретті күш өз әмірлігін қалай да жүргізді. Мезгілі келді, бірақ шарт тағы да орындалмады. Бір емес, екі рет аузы күйген қазақстандақтардың мазасы кете бастады. Жыл аяғына дейін шыдаған біздің жақтағылар шарт міндеттерінің бірде-бірінің орындалмауы себепті, 1994 жылдың ақпанында Бидерманнға Атырау облысының әкімшілігі, «Қазмұнайгаз» компаниясы және «Ембімұнайгаз» ашық акционерлік қоғамының келісімдерімен қазақстан жағы келісім-шарттың орындалысына қанағаттанбайтындығын мәлімдеп, келісім-шартты бұзуға мәжбүр екендіктерін хабарлады. Елімізге еркін кіріп, төрімізге шыққан, қазанымыздың қақпағына қол сала бастаған шетелдік кәсіпорынға осылайша тұсау салынды. Сөйтіп, 1994 жылы Бидерманнмен арадағы шарт біржақты бұзылды. Сол кездегі Мұнай және газ өнеркәсібі министрі, жерлесіміз Н.Балғынбаев Кенбайды қайтару жөнінде батыл да шалт шешім қабылдады. Мұндай шешім шығаруға Министрлік құзырлы болатын. Сол кездегі Мақат ауданы әкімінің орынбасары К. Төреғалиев көзбен көріп, құлағымен естіп, өзі куәсі болған Бидерманн оқиғасының кейбір тұстарын былайша еске алады: «Мақат ауданының әкімі Ш. Кәрімов, аудандық атқару комитетінің төрағасы К. Мырзағалиев болатын. Кенбайды шетелдіктің қолына беруге о баста қарсы болғандар жергілікті халық пен мамандар еді. Сол тұстағы «Ембімұнайгаз» ашық акционерлік қоғамының бас инженері Ю. В. Балдуев ат-тонын ала қашып, Бидерманн дегенді көзге ілмеуге тырысты. Белгілі геолог, марқұм М. Балғымбаев ағамыздың жанайқайын айтсаңызшы! Халықтың наразылығында шек болмады. Бірақ «қырық кісі бір жақ, қыңыр кісі бір жақ» дегендей, қыңырдың дегені келді де, кен орны қолдан кетіп қалды. Енді Бидерманн Атырауда өз үйіндей алшаңдай басып, өзінше «жұмысын» жүргізе бастады. Облыстық әкімшілік ғимаратынан 4-5 бөлме бөлініп, оның еркін қызмет жасауына мүмкіншіліктер жасалды. 100 млн. тонна Ембі мұнайын алып, одан түскен ақшаны инвестиция ретінде Кенбайды игеруге салуға міндеттенді. Бұл дегеніміз өзімізді-өзіміз көрінгенге жем қылу екенін ішіміз сезді. Арадағы келісім-шарт мазмұнының сауатсыздығы сондайлық, жас баланың шатпағы деуге де болатын-ды. Басқаны қоя қойып, Мақат ауданында жатақхана, үй, балабақша, мектеп құрылыстарын жүргіземіз, ауданды адам танымастай гүлдендіреміз деп, уәдені үйді де тастады. Бірақ шетелдік қожайын істі бастап кетуге асықпады. Жергілікті мамандарды Германияда орналасқан өз фирмасының қызметімен таныстыру мақсатында жиі-жиі қонаққа шақырып, болмаса баласын ертіп Атырауға келіп сауық-сайран құра берді. Ілуде бір жұмыстар жасаған болып, жол, подстанциялар салуға ынталанды. Бұдан әрі не болғанын өзіңіз жақсы білесіз. Арадағы келісім-шарттың орындалмауы, соңында Стокгольмдегі халықаралық сотта екі жыл қаралды. Бұл аралықта Бидерманн көкеміздің істеген жұмыстары быт-шыт болды. Сот процесінде ол азды-көпті істеген жұмыстарына кеткен шығынымен қоса, мамандардың барып-келу шығынын, тіпті ішкен шай-пайының да есебін ұсыныпты. Шүкір, іс біздің пайдамызға шешіліп, Кенбай өзімізге қайта оралды. Осы кен орнын қайта алу үшін еңбек сіңірген ел азаматтарының ішінде, сол кездегі облыс әкімі С. Түгелбаевтың есімін ерекше атап өткім келеді. Бидерманн оқиғасының сәтті аякталуына Сәкеңнің қажырлығының, аса білімділігінің көп пайдасы тиді деп ойлаймын. Шетелдік адвокат жалдап, қалай да ел ырысының өзіне бұйыруы үшін жарғақ құлағы жастыққа тимей қызмет жасағандардың бірі С.Түгелбаев қандай құрметке де лайық!» Жаңа кәсіпорын құрудың әлемдік тәжірибесін меңгерген «Заман тобына» кіретін «АНАКО» ЖАҚ — Қазақстандағы тұңғыш жеке мұнай компаниясы. Компания президенті кәсіпкер, мұнай өндірісі саласын жетік меңгерген маман, республикалық және халықаралық деңгейдегі ірі қоғам қайраткері — Сағат Түгелбаев. Атырау облысының экономикалық әлеуметтік дамуындағы көптеген кешенді бағдарламалар оның бастамасымен, тікелей араласуымен іске асқандығы белгілі. Қазақ политехникалық институтының түлегі С.Түгелбаевтың өмір жолы арқау болған басылымдар беттерін парақтасақ, оның өмір жолының сан-қырлылығы қайран қалдырады. Атырау қалалық жол құрылыс басқармасында, «Ембімұнай» бірлестігі, нормативтік-зерттеу станциясында механик, техник болып қызмет жасаған ол оқытушылық, комсомол, партия қызметтерінің де қақ ортасында болады. 1982—87ж.ж. Петровский атындағы машина жасау зауытының директоры, Ембі аудандық партия комитетінің бірінші хатшысы сияқты аса жауапты қызметтерді атқарады.
Жалындаған жүрекке от бергендей осы бір жылдар С.Түгелбаевтың кемелдену жылдары болды десек артық айтқандық емес. 1987—90ж.ж. Теңіз газ өндеу зауыты директорының орынбасары, «Теңізмұнайгаз» бірлестігі бастығының орынбасары 1990—92жж. ҚР Жоғары Кеңесінің қаржы және бюджет жөніндегі комитеті төрағасының орынбасары, ал 1992—94ж.ж. Атырау облысының әкімі болып тағайындалады. Боз даладан мұнайы атқылап, өзенде балығы тулаған Атырау өңірінің қол жеткен табысынан гөрі, шешімін күткен мәселелері молырақ тұста облыс басына келген С.Түгелбаевтың әр қадамынан игілікті шараларды, шұғыл шешім, шалт қимыл әрекеттерді көрген халық оны мақтан етті, ел тізгінін берік ұстаған азамат деп әркез құрмет тұтты. Жоғарыдағы тілге тиек болып отырған Кенбай кен орнына байланысты С.Түгелбаев атына айтылған ауыл азаматтарының пікірі сөзіміздің дәлелі. Ұшатын қанатқа қашанда дүние кең. «Биікке қалқып қыран да шығады, бауырмен жылжып жылан да шығады» дейді халық даналығы. Өз биігіне қырандай самғап еркін көтерілген абзал азаматқа қанатың талмасын, биіктен-биікке өрлей бер дейміз біз де. Кенбай тақырыбына қайта оралатын болсақ, осындай көптеген айтыс-тартыстардан кейін кеніш Отандық кәсіпорынға айналды. Төрт жылға жуық уақыт сергелдеңмен босқа кетті. Жұмыс жүргізілмеді. Құмға сіңген судай із-түссіз кеткен осы төрт жылда Үкімет қоржынына қанша пайда түсер еді, халықтың әлеуметтік тұрмысы қанша есе жоғарлаған болар еді, — деген сұрақтар жетегінде бұған да шүкір дескен мамандар үлкен іске бар ынта-ыждағаттарымен дайындалды. Кенбайды ешкімнің көмегінсіз, ешкіммен келіспей, бөліспей-ақ Қазақстанның өзі игергені тиімді екенін мұнайшылар жақсы білді. Бұл жердің мұнайы өндіруге де, тасымалдауға да қолайлы. Құрамы анағұрлым таза, қышқыл компоненттері парафин сияқты қоспалары жоқ, есесіне құнды фракциялары көп. Өйткені бұл жерде мұнай қорының үштен екі бөлігі 300 метр тереңдікте ғана орналасқан. Бір ғана қиыншылық — кеніштің жоғарғы бор қабатында мұнай қоюлау. Ілесіп шығатын құм ұңғы түбіне жиналып қалуы әбден ықтимал, бірақ бұдан жол табуды жергілікті мұнайшылар жақсы біледі. Құм тығындарымен күресу жолдарын олар баяғыда-ақ меңгерген. Осындай майлы қияндағы көмірсутегі шикізатын өндіру үшін 1995 жылы 8-ші ақпанында Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен «Ембімұнайгаз» акционерлік қоғамына лицензия берілді. Лицензия мерзімі — 35 жыл. «Бұны ірі кен орнын игерудегі елеулі жетістік» деп бағалаған ләзім. Кенбай кен орнын игеру кұқығына ие болу Атырау өңірінің көптеген әлеуметтік-экономикалық өзекті мәселелерін шешуге мүмкіндік алары хақ» деп сол кездегі облыс әкімі Р. Шырдабаев өз ойын ортаға салған-ды. Қашанда бүйректері ел жаққа бұрып тұратын ел азаматтары Н. Балғынбаев, Р.Шырдабаев, М. Батырбаевтардың аталмыш кен орнының тағдырын шешудегі білікті, ұшқыр іс-қимылдары халықтың көз алдында өтті. Көпшілік төл перзенттеріне ақ баталарын беріп, тілеулестігін білдірді. Сөйтіп, Кенбай кайта түлей бастады. Жаңа кенішті игеруге облыс пен «Ембімұнайгаз» акционерлік қоғамының басшылары зор ықыласпен бел шеше кірісті. «Мұнай өндірісінің білгірі» атанған «Ембімұнайгаз» акционерлік қоғамының президенті М. Батырбаев ауқымды істердің тез арада қолға алынуына тікелей басшылық жасады. Министр Н. Балғынбаевтың қолымен жаңа басқарма құруға рұқсат берілген телеграмма келді. Жұмыс қарқыны үдеген үстіне үдей түсті. Жер аумағы келіп тұрған Мақат мұнай-газ өндіру басқармасының еншісіндегі Орысказған кен орны жаңа басқарма қарамағына өтті. Орысқазған 50 мың тонна қара алтын беріп тұрған ірі кеніш болатын. 1985 жылдан Орысқазған атын иемденген кен орнына Береген Жоламанов атағы берілді. Береген — осы аймақтағы жер асты байлықтарын тұңғыш тапқан барлаушыбұрғылаушылардың бірі. Басқармаға «Қайнар» деген айдар тағылды. Қайнар сол Кенбай жеріндегі бастауы сонау Мұғаджар тауынан басталатын шағын өзен болса керек. Кезінде сол өзеннің екі беті мыңғырған малға толы, көк шүйгін жері бар берекелі мекен болыпты. Қай нәрсенің де қайнары болады ғой. Мұнай қайнары толастамасын деп ырымдады ма, әлде жергілікті атау жоғалмасын деді ме, әйтеуір «Қайнар» жаңа кәсіпорынға дәл тауып қойылған ат деді көпшілік. Кенбайдың игеруге өте қолайлы кеніш екендігін тағы бір мәрте айта кеткіміз келеді. Іргесінен Ақтөбе Атырау темір жолы өтеді. Бірнеше жыл бұрын салынған Атырау Орск мұнай кұбыры кен орнының дәл үстінде жатты. Бұрынғы әскерилер қалашығы орналаскдн Жамансор бекетіңдегі ғимараттар қайта жөнделіп, мұнайшылар қажетіне пайдаланылатын болды. Қайнар мұнай-газ өндіру басқармасы осы Жамансорға орын тепті. Жамансор — Кеңес үкіметі кезінде әскерилер тұрағына айналған жер. Ресейліктер иемденіп алған бұл жердің тыныс-тіршілігіне, қызмет ауқымына араласуға ешкімнің де құқығы болмады. Жер ауқымы өз аймағымызда болса да оған аяқ басу дегендеріңіз ешқайсымыздың түсімізге кіріп-шықпайтын. Егеменді ел болып, дербес мемлекет болғаннан кейін ғана Жамансордағы көршілес ағайындар, «ел қайдасың» деп көш басын Ресейге қарай бұрды да, Жамансор иесіз далада қаңырап бос қалды. Кезіндегі бірнеше қатар бой түзеген үйлер, малдың ықтасынына айнала бастады. Енді міне, Жамансордың қожасы Қайнарлық мұнайшылар болып шыға келді. Басқарма бастығы болып бұған дейін Мақат мұнай-газ өндіру басқармасының бастығы қызметін атқарған тәжірибелі мұнайшы Қали Нұрсұлтанов бекітілді. Мәскеудегі Губкин атындағы мұнай жөне газ институтының түлегі — Қали жаңа іске құлшына кірісті. Ұйымдастыру жұмыстары қарқынды жүрді. Жігітгер уақытпен санаспады, күн демей, түн демей еңбек етті. Арнайы штаб құрылып, апта сайын жұмыс ауқымы талқыланып отырды. Кен орнын игеруге жасалған алғашқы қадамның қиыншылықтары шаш етектен болды. Жол, байланыс жүйелері жоқтың қасы. «Қоғам әкімшілігі бар күшін баскармаға салды. Жолсызда жүретін жаңа техникаларды да ең жаңа күйінде бізге берді» деп еске алады Қ.Нұрсұлтанов. «Кенбай кеніші екі үлкен кен алаңынан тұрады. Біріншісі Солтүстік Қотыртас, екіншісі Шығыс Молдабек. Алдымен Қотыртастың мұнайын игеруге күш салынды. Алғашында 5-6 ұңғыны пайдаланып мұнай алу жоспарланды. Бір ұңығдан тәулігіне 18-25 тонна мұнай алынса, бұл 1250— 1350 терендіктегі тұз үсті қабаттары үшін аз өнім емес. Ал жыл соңына 13 ұңғы іске қосылады деп жоспарладық. Жалпы бұл жерде ұзын саны 60-тай ұңғы болуға тиісті деп межеленді. Іргелес Шығыс Молдабек кен орныньң болашағына назар аударып көрейік. Молдабек Кенбай кен орны бойынша өндірілетін өнімнің 70 пайызын беретін болады. Қотыртаста 60 ұңғы болса, Молдабек аумағындағы бұрғыланатын ұңғылар саны 600-дей. Бұл кен орнының мұнайының ерекшелігі сол — өте қою. Мұнайға ілесе құм шығады. Бұл жұмыс процесін қиындатады» деп еске алады Қалекең. Кенбайдың табиғаты да кызык. Мақатта + 4 жылылықты көрсетіп, Қотыртаста — 20°С болып тұрған кездер де болды. Мақаттан жеңіл-желпі киініп шыкқан мамандардың Қотыртасқа келіп дірдендегендерінің талай куәсі болғанбыз» деп әңгімесін одан әрі жалғады ол. Қайнар мұнай-газ өндіру басқармасының тұсауы 10 маусым 1995 жылы салтанатты түрде қиылып, үлкен болашаққа халық тілегімен жолдама алды. Бұл рәсімді Қызылқоға аудандық әкімшілігі ұйымдастырып, оған сол кездегі облыс әкімі Р. Шырдабаев, орынбасарлары А. Селбаев, Е. Нүршаев, Мақат, Жылыой аудандарының әкімдері И. Әбілғазиев, Т. Жұмағұлов, Атырау қаласының әкімі Б. Нәрегеев, «Ембімұнайгаз», «Теңізмұнайгаз» акционерлік қоғамдарының президенттері М. Батырбаев, С. Сағытжанов, Доссор, Мақат мұнай-газ өндіру басқармаларының басшылары Б. Ахметов, Т. Дүйсенов бастаған зейнеткерлер мен мұнайшылар басқа да қонақтар қатысты. «Ембімұнайгаз» акционерлік қоғамының президенті М. Батырбаев құттықтау сөз сөйлеп, жиналғандарды жаңа басқарманың бас мамандарымен таныстырды. Басқарма бастығы жоғарыда аталып өткендей Қ.Нұрсұлтанов, бас инженерлікке Төлеп Жалғасбаев, бас геологтік қызметке Аманжол Сүйесінов, бастықтың орынбасары болып Ғалымжан Имандосов тағайындалды. Бұлардың барлығы да мұнайлы ауданнан тәлім-тәжірибе алған, білікті мамандар. «Сонымен, Кенбай кен орны өмірге жолдама алды». Қазір мұнда жайғастыру жұмыстары жүргізілуде. Жаңа басқармада 330 адам вахталық жұмыспен еңбек етеді. Олар негізінен Жамансор стансасындағы экспедициядан қалған 4596 шаршы метрлік тұрғын аланда, 567 шаршы метр асхана, 150 тонналық көкөніс қоймасы, 320 шаршы метр көлеміндегі монша, кір жуу комплексі, дәрігерлік байланыс жүйелерін жөндеп, қажеттеріне пайдаланып болды. Ол үшін «Ембімұнайқұрылыс» тресінің арнайы құрылыс-құрастыру басқармасы ашылды. Мамандар Мақат, Қызылқоға аудандарынан алынады, — деп жоспарланды дейді кәсіпорын басшысы. Кенбай күннен-күнге қуаттана түсті. Алла бұйыртса, өнім беретін уақыты да кашық емес сияқты. 1996 жылдың наурыз айының басында басқарма бастығы ауысып, бұған дейін акционерлік қоғамда өндірістік мұнай өндіру бөлімінің бастығы қызметін атқарған Қ.Қуанышев тағайындалды. «Махамбет Демешұлы шақырып алып, кеніштегі ұйымдастыру жұмыстарының тәмамдала келгенін, енді мұнай өндіру процесін бастайтын уақыттың да қашық еместігін тәптіштеп түсіндірді де, былай деді:
— Қадырқожа, өзің білесің, Кенбай — барлығымыз үшін де өте бағалы кеніш. Бұның айналасындағы даудамайдан да хабардарсың. Шетелдіктер бізге әлі күдікпен карайды. Намысты қолдан бермеу — бәрімізге де сын. Үкімет аддыңда, Елбасы алдында өз күшімізбен Отандық әдіспен мұнай өндіреміз деген уәдеміз бар. Уәде үдесінен шығу — міндет. Қисымбай, Акқұдық кен орындарын, Мәтен кен орындарын ашқан тәжірибең бар. Өндірістің көптеген жауапты қызметтерін абыроймен атқарып келесің, осы басқармаға бастық болып сен барасың. Ең жауапты, ең бір қиын тұс бұл», деді.
Шынымен де, сол кездегі Кенбай кеудесінде ел үшін аса маңызды объекті еді. Қайтадан қолға түсіп, өзіміз «уһ» деп жүргенде, тапсырылған іске қарсы дау айту ешкімнің де ойына келмейтін, «құба – құп» деп жолға шықтым”, деп бастады әңгімесін Қ.Қуанышев. Алғашқы кенішке кіргенде көзіме түскені әлі күнге есімде, жігіттердің бәрі беттерін опалап алғандай теп-тегіс, аяғыңның асты май топырақ. Техника даусынан құлағың тұнады. Оннан астам мердігер мекеме қызу жұмысқа кіріскен. Ертілеу Рзиев басқаратын Прикаспий мұнай-газ құрылыс кәсіпорны жігіттерінің тындырған істері көңіл толтырарлық. Аз уақыттың ішінде 24 шақырымға құбыр жүргізіп, мұнай жинайтын екі қазанды пайдалануға берді. Мұнай тазартатын сеператор жұмысын да ойдағыдай аяқтады. Жаңаның аты жаңа. Қара жерге қазық қағудан бастаған соң, жетістігімізден гөрі қиыншылығымыздың көбірек кездесуі занды да. Әсіресе, ауыз су мәселесін шешу оңайға түспеді. №1, 6 ұңғыларды қазып, су ала бастадык, Бірақ су құрамында тұз көп болуы себепті күнделікті тұрмысқа пайдалануға мүмкіндік болмады. Кейінірек бұл мәселені де шештік. Мұнайшыларды азық-түлікпен қамту да жолға қойыла бастады. Бұл жерде сол кездегі акционерлік коғамның жұмысшыларды жабдықтау бөлімінің бастығы Б.Жанғалиеваның тынымсыз еңбегін айта кеткен орынды. Бригада бастығы Б. Гумладзе, шебер С. Қуанғалиев сияқты жігіттердің еңбектері де ұшан-теңіз. Жаңа басшының келе-сала назар аударған нәрсесі мұнай дайындау орталық пунктінің коммуникация жүйелерінің барлығының жер астына салғандығы. Бұл тұрбалардың пайдалану мерзімін азайтады, тез шіріп кету қаупі тағы бар. Тұрбалар жер үстінде көзге көрініп тұруы керек. Ілгеріректе Қисымбай, Аққұдық кен орындарын ашқан кезде «Волгограднипинефть» жобасы бойынша осы тәсіл қолданғаны есімде. Бұрындары Ембіде мұндай әдіс қолданылмаған. Сол істәжірибесіне сүйеніп «Казнипинефть» институтына барып, қайта жоба жасатып, тұрбаларды жер үстіне шығаруға қол жеткізеді. Бұл шараның экономикалық та, экологиялық та, техникалық та пайдасы зор болды. Еңбек шежіресі бертін келе басталса да, бұл кен орнының болашағына үлкен сенім білдірілді, сол себепті үкімет 1,2 млр теңге инвестиция бөлді. 14 айдың ішінде қайнарлықтар алғашқы ұңғыларды бұрғылап, тербелмелер мен насостар кондырды. 24 шақырымға алғашқы тұрба құбырын жүргізді. 1996 жылдың 28 мамыры күні Кенбайлықтар есінде мәңгі сақталатын күн болды. Себебі бұл күні бірінші рет мұнай бұрқағы атқылады. Мұнайшылар қуанышын айтып жеткізу мүмкін емес. «Көп бейнеттің бір зейнеті болады» — деген рас-ау сірә?! Осы жылдың 10 маусымы күні мұнайшылар үшін тағы бір айтулы күн болды. Кенбай кен орнына Елбасы Н. Ә. Назарбаев әдейілеп келіп ат басын тіреді. Алаңға қонған тікұшақтан түскен Н.Назарбаев, ҚР Мұнай және газ министрі Н.Балғынбаев пен оның қасындағы адамдарды «Ембімұнайгаз» ашық акционерлік қоғамының Президенті М. Батырбаев бастаған бір топ мамандар қарсы алды. Кенішті өнеркәсіптік тұрғыдан игерудің ресми басталуын Қоғам президенті М.Батырбаев ашты:
Құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы!
Қадірлі қонақтар!
Бүгін «Ембімұнайгаз» ашық акционерлік қоғамына қарасты Кенбай мұнай-газ кен орнының іске қосылып, алғашқы мұнай беру салтанатына қатысып, осы ұжымның тағы бір еңбек қуанышына ортақтасуға келгендеріңізге шын жүректен көптен-көп алғысымды білдіремін. Бұл табыс — барлаушылар мен мұнайшылардың көп жылдық еңбектерінің жемісі, жергілікті халықтың, соның іиіінде Қызылқоға ауданының ырысы. Атырау облысы еңбекішілерінің қуанышы мен үміті. Кенбай кен орныньщ жалпы мұнай қоры 100 млн. тоннаға жуық. Оны игеру шешімі өткен жылы қабылданған. Қайнар мұнай-газ өндіру басқармасы құрылып, оған енді бір жыл толып отыр.
Іске сәт Кенбай, алғашқы қадам құтты болсын!
Жаңа істің экономикалық нәтижесі де көңіл толтырарлықтай.
Бүгінгідей қуанышты сәтте барлық жұмысшыларды, мұнай көзін ашуда үлкен үлестерін қосқан геолог-барлаушыларды, қиыншылықты көбірек көретін нар мінезді бұрғышыларды, транспорт қызметкерлерін, ембі мұнайшыларының қара шаңырағы Мақат, Доссор кен орындарының мұнайшыларын, қысқа мерзімде қарқынды жұмыс ұйымдастыра білген қаһарман құрылысшыларды, барлық басшы инженер қызметкерлерді қол жеткен жетістіктерімен қызу құттықтап, алғыс сезімімді білдіремін.
Келесі сөз Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевқа берілді:
Құрметті ағайын!
Мынау қиын-қыстау жағдайда іргесі қаланғанына бір жыл да толмаған Қайнар мұнай-газ өндіру басқармасының табысқа жетіп, мұнай алып, Сіздерді, барлық Қазақстандықтарды қуанышқа бөлеп жатқандығына құтты болсын айтайын ден әдейі Сіздердің орталарыңызға келіп тұрмын. Мұнайшылардың жұмысы оңай емес. Мынандай ен далада күн демей, түн демей 1 жыл іиіінде қыруар қаржы игеріп, ел қорына тағы бір жаңа кен орнын іске қосып отырғандықтарыңыз жалпы Қазақстан халқы үшін өте қуанышты жағдай. Еліміз төуелсіз мемлекет болып, егеменді ел атанып, көк байрағымызды дүние жүзінің шаңырактарында желбіретіп жаткан кезде, әрбір аз табыс болсын, көп табыс болсын, біз үшін үлкен жетістік болып саналады. Сондықтан ашылған әрбір жаңа өндіріс орнын мен ыстық ыкыласпен қабылдаймын. Бүгінгі жаңалықты үлкен істің басы деп санайык Себебі Каспий өңірінің, Атырау, Маңғыстау, Ақтөбе баска да облыстардың кен беретін, май шығаратын орындары баршылық Бұл байлықты жер астынан игеріп, өзіміз үшін, келешек ұрпак үшін пайдалануға тиістіміз. Шетел инвесторлары Қазақстанға сеніп, оның саяси тррақтылығына, ұлтаралық келісімшілігіне, жүріп жатқан реформалардың дұрыстығына көз жеткізіп, өз инвестицияларын салып жатыр. Сол инвестицияны пайдаланып, біз елдің күш қуатын арттыруымыз керек. Еліміздің әр түрлі саласында химия өндірісінде, ауыл шаруашылығында, басқа да салаларда көптеген жаңалықтар болып жатыр. Еліміз ең бір қиын кезеңді аяктап, тағы бір табалдырыққа көтерілді, инфляция жөнделіп, теңгеміз нығайтылды. Бұл табыс оңайлыкпен келген жоқ. Бұл — осы тұрған барлықтарыңыздың ерен еңбектеріңіздің жемісі, бір жыл ішіндегі тынымсыз істеріңіздің нәтижесі. Сіздерді, бариіа қазақстандыктарды бүгінгі күнмен қызу құттықтаймын. Әр уақытта жаксылық болсын. Халык аман болсын. Бұл заман — еңбек еткен адамның еңбегі жанатын заман. Мемлекетіміз дүниежүзінен өзіндік орнын алып, дәрежесі биіктеп, тәуелсіздігіміз нығайа берсін. Бұдан кейін құттықтау сөз кезегі «Ембімұнайгаз» ашық акционерлік қоғамы ардагерлер кеңесінің төрағасы Ержігіт Нұрхановқа берілді. «Біздегі жаңа мұнай алаңының ашылуына байланысты үлкен салтанатқа қатысқаныңыз үшін мұнайшылар атынан көптен-кеп рахметімді айтамын», деп Елбасына өзінің ақсақалдық тілегін жолдады. «Үш мыңнан астам Ембілік зейнеткерлер де Сізге алғыстарын жолдайды. Осыдан 85 жыл бұрын біздің ата-бабаларымыз түйенің қомында, аттың жалында жүріп Доссор кен орнын ашса, бүгінгі мұнайшылар Кенбай кен орнын ашып, қара алтын өндіруге қол жеткізіп отырсыздар. Сіздер, біздің балаларымыз, немерелерімізсіздер. Ата баба жолын жалғастырып, үлгілі өнеге өнікті еңбек ете беріңіздер. Елбасына айтарым: Сапарыңыз оң болсын, бақытты ғұмыр берсін» деп ақжарма тілегін жаудырды. Н.Назарбаев алқызыл лентаны кесіп, резервуардың жылжымасын ашты. Сөйтіп, Кенбай мұнайы №3 мұнай айдайтын станцияның тұрба құбырына кұйылды. Дәл осы сәттен бастап Кенбай кеніші жас егемен мемлекетіміздің экономикасына өз үлесін қосып, жұмыс істей бастады. Осынау айтулы оқиға құрметіне кеніштің жұмысшылары президенттік рәміз ретінде Кенбай мұнайының алғашқы ұңғысынан толтырылған мұнайы бар шыны ыдысты тарту етті. Өз кезегінде мемлекет басшысы жаңа басқарманың бастығы Қ. Қуанышевқа кеніштің символикалық кілтін өз қолымен табыстап, сәтті қадам тіледі. Бұдан кейін Елбасы бастаған топ мұнайшылар жатақханаларына бет алды. Алдынан шығып «Ассалаумағаләйкум» деп кішкене қолдарын ұсынған бір топ бүлдіршін балаларға асқан мейіріммен амандасқан Президент бір сәтте жас жеткіншектермен бірге кең даланы жаңғырта «Менің Қазақстаным» әнін шырқап тұрды. Тәуелсіз мемлекетіміздің тұңғыш президентінің Кенбайға атбасын тіреуі мұнайшылардың мәртебесін биіктетіп, жігер-қайрат берді. Бітпестей жырға айналған Кенбай мәселесіне үзілді-кесілді нүкте қойылып, халық «Өзіміздің Кенбай» деген сөзді асқақтата айтатын дәрежеге жетті. Кенбайдың ашылуына ризашылық білдіргендер қуаныштарын жасыра алмады. Солардың бірі сол кездегі Доссор мешітінің бас имамы Жанас қажы Мырзағалиұлы Нұридден: «Кенбай мұнайы игеріледі екен дегенді естігенде кәдімгідей қуандым. Атамыз қазақ ежелден-ақ жөн-жосық беруді білген ғой. Ал Кенбай сияқты ата жердің кені мен байлығын игеру маңдайларыңызға жазған екен, істеріңізді құдай қолдасын, қарақтарым, деп газет арқылы жерлестеріне ақ батасын берсе, зейнеткер мұнайшы X. Дүйсенбаев «Біздей боп еңбек етіңдер» деген газет бетінде жарияланған құттықтауында былай дейді: «Мен осы аудандағы мұнай-газ басқармасын басқарған кезімде оның мұнайшылары өз күштерімен бірнеше кен алаңдарын игергенін көзіммен көргенмін. Менің сенімімше, мақаттық жігіттер Кенбай кен орнының атағын төрткүл дүниеге таратады. Оларға айтар тілегім біздей боп еңбек етіндер!». Осындай ақ тілектер мұнайшылар жүректеріне жылу болып құйылып, олардың туған ел еншісіндегі кенді аймаққа деген құрметілтипатын арттыра түсті. Орайлы сәтте Мұнайлы Ембінің кәрі шаңырағы «Ембімұнайгаз» өндірістік филиалының өткеніне бір көз жіберіп, осы өндірісті басқарған абзал ағалар жөнінде бір үзік сыр толғағанның еш артықтығы бола қоймас деген оймен әңгімемізді одан әрі жалғастырайық. Ірге тасы 1922 жылы Мәскеуде «Ембімұнай» тресі болып құрылған, алғашында Доссор кентіне, кейінірек Гурьев қаласына көшіріледі. 1940 жыл бұл трест «Қазақстанмұнай» комбинаты, 1945 жылы «Қазақстанмұнай» бірлестігі, ал 1966 жылы «Маңғыстаумұнай» бірлестігі құрамындағы «Ембімұнай» комбинаты болып, 1970 жылы «Ембімұнай» өндірістік бірлестігі болып қайта құрылады. 1992 жылдан бастап «Ембімұнайгаз» акционерлік қоғамы, 2003 жылдан бастап «Қазақойл — Ембі» ашық акционерлік қоғамы болып аталды. Қазір аталмыш өндіріс орны «Ембімұнайгаз» өндірістік филиалы деген атауды иемденген. «Әр жылдың өзіндік өрнегі, өзіндік өркені бар» деген, заман ағымына байланысты талай өзгеріске ұшыраса да, бет-бейнесі, кескін-келбеті бәз баяғы қалпында. Мұнайшылардың барлығының басын біріктіретін бұл киелі ордада С. Өтебаев, Ж. Досмұхамбетов, Б. Сағынғалиев, М. Батырбаев, М. Өмірзақ, Н. Мақашев сынды басшылардың мұнай игеругс қатысқан баска да азаматтардың табан іздері қалды. Бұл — жердегі жылжып өткен жылдар желісінде, деректер мен дәйектерге толып қатталған тарих парақтарындағы мағлұмат, небір толғаулар мен дастандарға арқау болар арқалы тақырып.
Бұған толғауы тоқсан қызыл тілдің ғана құдіреті жетердей.
Тілге тиек болып отырған аталмыш өндіріс орнын басқарған азаматтардың аты-жөндерін атап, кейбіреулеріне толығырақ тоқталуды дәл қазір мақсат етіп отырмыз. Тарихи деректер былай деп сыр шертеді: 1929—36 жылдар Лавреньтев Яков Васильевич – «Ембімұнай» тресінің бастығы 1936—37 жылдар Березин Яков Дмитриевич – «Ембімұнай» тресінің бастығы 1937 — 38 жылдар Гутин Семен Абелович – «Ембімұнай» тресінің бастығы 1938—1940 жылдар Хананянц Мелик Маркович— «Ембімұнай» тресінің баскарушысы 1940—43 жылдар Нифантов Иван Порфирьевич — «Қазақстанмұнай» комбинатының бастығы 1943—47 жылдар Пилипец Владимир Лукьянович «Қазақстанмұнай» комбинатының бастығы 1947—51 жылдар Федоров Виктор Николаевич — «Қазақстанмұнай» бірлестігінің бастығы 1951—57 жылдар Сафи Өтебаев – «Қазақстанмұнай» бірлестігінің бастығы 1957—70 жылдар Досмұхамбетов Жолдасқали Ахметұлы — «Қазақстанмұнай» бірлестігінің бастығы 1971—1986 жылдар Сағынғалиев Бөлекбай Сағынғалиұлы «Ембімұнайгаз» өндірістік бірлестігінің бас директоры 1986—87 жылдары Батыхов Ғабидолла Ақайұлы — «Ембімұнайгаз» өндірістік бірлестігінің бас директоры 1987—94 жылдар Камалов Найф Гатуфұлы — «Ембімұнайгаз» өндірістік бірлестігінің бас директоры 1995—2002 жылдары Батырбаев Махамбет Демешұлы — «Ембімұнайгаз» ашық акционерлік қоғамының президенті 2002—2003 жылдары Өмірзақ Мәлік Лұқпанұлы — «Ембімұнайгаз» ашық акционерлік қоғамының президенті 2003-2004 жылдары Мақашев Нұрпейіс Мақашұлы «Ембімұнайгаз» ашық акционерлік қоғамының президенті 2004 жылдан қазірге дейін Ізбасов Мақсым Шафихұлы — «Ембімұнайгаз» өндірістік филиалының директоры. Жүздеген жылдар өтер, тіпті мың жыл өтер, бұл ардақты азаматтардың есімі естен кетпейтін, тарих шежіресінен ойып орын алатын кейінгі ұрпақты өнеге болатын мұрағат екені сөзсіз. Қазақстан мұнайшылары арасында мұнай абызы атанған Сафи Өтебаев есімі аса құрметпен аталады. Қазақтан шыққан тұңғыш инженер, «Ембімұнайгаз» сияқты қара шаңырақты басқарған тұңғыш қазақ айдай әлемге өзін ғана емес, қазақ деген ұлттың бар екендігін, олардың мал бағып қана қоймай, өндірісте де талантты инженер бола алатынын паш етті. Сөйтіп ұлт мәртебесін биіктетіп, өзімсінген өзгелерді мойындатуға мәжбүр етті. Тоқсанның тобылғыларынан сүрінбей өткен абзал ағаның өмір деректеріне көз жіберсек, бейне ғажайып әлемге еніп кеткендей боласың. Оның өмір жолының өзі бір дастан. Бакуден мұнай институтын бітіріп келген соң, 1936 — 45 жылдары мұнайлы Ембіде инженер, Мақат, Байшонас, Комсомолск, Құлсары кәсіпшіліктерінің бастығы кызметтерінде жасайды. 1945—51 жылдары Қазақстан КП Жылыой аудандық комитетінің бірінші хатшысы болады. Бұл — Ұлы Отан соғысының аяқталып, тылдағы жұмыстардың енді-енді жандана бастаған тұстары. Мұнайшы инженер өзінің зор қабілеттілігін бұл салада да көрсетті. Ал 195157 жылдары мұнайшылар жадында ұзақ сақталары сөзсіз. Өйткені ембінің киелі шаңырағын басқаруға келген Сафи Өтебаев бұл табалдырықган аттаған тұңғыш қазақ еді. 1957—71 жылдары Атырау және Батыс Қазақстан шаруашылығы кеңесінің төрағасы, «Қазақстанмұнай» және «Маңғыстаумұнай» бірлестіктерінде директор болып, батыс өңірінің экономикасын дамытуға, соның ішінде, ақын М.Сатыбалдиев ағамыз: «Маңғыстау, сенің жеріңде тау да аңыз, тақыр тас та аңыз, Алғидың ала шөлінде өшпейтін әрбір басқан із» деп өлеңге қосқан киелі Маңғыстаудың мол қазынасын игеруге басшылық жасаған кездері ең бір қымбатты шақтары. 1971-80 жылдары Қазақ КСР інің мемлекеттік жоспарлау комитеті техникалық ақпарат ғылыми-зерттсу институтында директордың орынбасары болды. 1986 жылы жылдар салған өрнектерді тұжырымдайтын кез құрметті зейнеткерлікке шықты. С. Өтебаевтың есімі Құлсары, Комсомольск, Прорва, Кеңқияқ, Мұнайлы, Қаратон, Жетібай, Өзен мұнай кен орындарын тұңғыш ашушылар қатарында сап бастап тұрған сарбаздай анадайдан көзге түседі. Өңіріндегі жарқыраған Ленин ордені, Октябрь революциясы, Отан соғысы, екі мәрте Еңбек Қызыл Ту және Құрмет белгісі ордендері, егемендік алғаннан кейінгі Отан ордені және І дәрежелі Барыс ордені оның өмір айнасы. Ембі тарихында өзінің қолтаңбасын қалдырған абзал ағалар арасында Жолдасқали Досмұхамедовтың есімі еңсесі биік, құрмет даңққа ие. Атырауда дүниеге келген Ж. Досмұхамедов Мәскеуден мұнай институтын бітіргеннен кейін, қауырсын қиял жетегінде туған елге қарай бет алады. Еңбек жолын Байшонаста бастап мұнай өндірісінің тұз-дәмін Мәскеуде алған білімімен ұштастыра білді. Алғашында бас геолог, кейіннен директор, 1942—43 жылдары «Ембімұнай» комбинатында бас геологтын орынбасары, 1947-50 жылдары «Қазақстанмұнай барлау» тресінің бастығы, 1950-51 жылдары Мақат мұнай өндіру кәсіпшілігінде бас геолог, 1953-54 жылдары Құлсары мұнай өндіру кәсіпшілігінің директоры, ал 1954—71жылдары «Қазақстанмұнай» бірлестігінде бас геолог, кейіннен бастық, 1971 жылдан «Ембімұнай» комбинатының бас геологы қызметтерін атқарып, мұнай саласындағы өрлеу соқпақтарнан өтті. Қазақ КСР-ның еңбек сіңірген мұнайшысы, КСРОның құрметті мұнайшысы, Ленин атындағы сыйлықтың, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаттары сияқты жоғары атақтарды иеленді. Ленин орденьмен, Октябрь революциясы, екі мәрте Еңбек Қызыл ту, Құрмет белгісі ордендерімен, басқа да байрақтармен марапатталуы Ж. Досмұхамедов ағамыздың еңбегінің жарқын көрінісі, ұрпақтарға калдырған өнегесі. Ембіге еңбек сіңірген атпал азаматтар туралы әңгімелеген кезде алғашқылардың бірі болып ауызға ілінетіндердің бірі — Бөлекбай Сағынғалиұлы Сағынғалиев есімі. Мұнайлы Доссордың перзенті Б. Сағынғалиев 1946 жылы Мәскеудегі мұнай институтына түсіп, оны 1951 жылы тамамдайды. Мұнайшылық мамандығын иемденіп, өңдіріс саласына алғаш рет табан тіреген жас маман, осы сатымен бірте-бірте жоғары өрлей береді, өрлей береді. Бұл оның жетік білімінің, ізденгіш қабілеті мен тынымсыз еңбегінің жемісі. Мастердің көмекшісі, мұнай өндіру мастері, мұнай кәсіпшілігінің бас инженері, «Қазақстанмұнай» өндірістік бірлесігі мұнай өндіру бөлімінің бастығы, Қазақ халық шаруашылығы Отын өнеркәсібі басқармасының мұнай және газ өнеркәсібі белімінің бастығы, Қазақстан КП Орталық комитетінің ауыр өнеркәсіп бөлімі меңгерушісінің орынбасары қызметтері оның 1951—71 жылдар арасындағы жүріп өткен сүрлеу-соқпақгары. Бұдан әрі «Ембімұнайгаз» өндірістік бірлестігінің бас директоры, Қазақ КСР жоспарлау комитетінде мұнай-газ бөлімінің бастығы болады. Ал 1990 жылы Б. Сағынғалиев «Казақмұнайбитум» бірлестігінің бас директоры, 1995 жылдан «Мұнай ғылыми-өндіріс орталығы» акционерлік қоғамының президенті. Қандай қызметте жүрмесін ол өзінің кәсіби деңгейінің жоғарылығын, жинаған іс-тәжірибесін мемлекет тапсырмаларын ойдағыдай орындау жолдарына жұмсады. «Ембімұнайгаз» өндірістік бірлестігінде бас директор болып жүрген кезінде «Ақтөбемұнайгаз», «Теңізмұнайгаз» сияқты жаңа мұнай өндіру бірлестіктері мен басқармаларын құрды. Оңтүстік Шығыс Тәжіғали, Шығыс және Батыс Прорва, атақты Теңіз мұнай кен орындарының ашылуында ағаның салған қолтаңбасы айнадай айқын. СССР Геология министрлер комиссиясының 1988 жылғы 10 наурыздағы шешімімен Теңіз кенішін алғаш ашушы деген Құрметті атақ беріліп, диплом мен төсбелгі табыс етіледі. Ал 1995 жылы бір топ әріптестерімен бірге Б. Сағынғалиевқа осы кенішті алғаш ашушылардың бірі ретінде ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты атағы табыс етіледі. Б. Сағынғалиев инженерлік академияның құрметті академигі, ҚР Минералды ресурстар академиясының корреспондент мүшесі. Ағалар салған сара жол — кемелді болашаққа апаратын сенімді даңғыл. Өйткені олардың әрбір ісі, әрбір сөзі ізбасарлар үшін табылмас мектеп. Бұл жолда сапарларыңыз оң болсын, мұнайшылар керуені, сол керуендегі атпал азаматтар. Қылқалам шеберлерінің туындыларының нобайына карап отырсақ, бір ғасырдан астам тарихты бойына сіңірген Ембі мұнайын «қара алтынға» теңеп, оның аса құнды, бағалы қазба-байлық екендігін әңгімеге өзек қылып жатады. Мұнайдың «қара алтын» екендігінде ешкімнің таласы жоқ. Мен кейде сол «қара алтынды» өндіріп жатқан адамдарға тендесі жоқ теңеу таба алмай қиналатыным бар. Қалай десек те құрыш білекті мұнайшылар ел мақтанышы, аса құрметті мамандық иелері. Жоғарыда сөз болған аға буын мұнайшыларымыз туралы ой қозғағанда Рахмет Өтесінов есімі — елең еткізер ерекше тұлға. Қарабауда дүние есігін ашқан абзал аға ауылы аралас, малы қоралас Атырау, Маңғыстау өңірінің қазба байлықтарын өндіріп, ел игілігіне жаратуға ат салысқан азаматтардың бірі, болмаса бірегейі. Комсомольск, Қошқар, Мақат мұнай өндіру кәсіпшіліктерінде табан ізі мен мандай терінің ыстық табын қалдырған ол, киелі Маңғыстаудағы, кезіндегі алты алыптың бірі атанған «Өзенмұнай» мұнай газ өндіру басқармасының тұңғыш бастығы болды. Көзге ілінер, қара көрінбейтін жапан түзде, Жаңаөзен қаласының алғашқы қадасын қағып, мұнайшылар қалашығы атанған сол қаланың өсіпөркендеуіне үлкен үлес қосқан атпал азамат. Р. Өтесінов ағамыздың басқа мұнайшыларға ұқсамайтын тағы бір ерекшелігі оның жазушылық қасиеті. Иә, жазушылық қасиеті, өйткені жазушылық та — ана сүтімен бойға тарап, қанға сіңетін қасиет. Қиыннан қиыстырып асыл сөзді жұмырлап, түйін түю кез келгеннің қолынан келе бермейтіні ақиқат. Ағамыздың қаламының ұшынан ақ паракқа өрнек болып төгілген шығармалар қаншама! Мұнайшылар, геологтар туралы жеті кітаптың авторы. «Мұнай тегі» поэмасы, «Алыптың ашылуы» кітабы — баға жетпес бағалы мұра, құнды дүние. Рахмет Өтесінов туралы түсірілген «Испытание» деректі фильмі оның өмір жолының айшықты айғағы, ұрпақтан ұрпаққа мұра болар тағылым-ұлағаты. Үкімет аға еңбегіне келісті бағасын берді. Өңірі ордень, медальдарға толды. Атақ-даңқ марапаттау мен мақтаулар да жетерлік. Дегенмен, ол үшін халқының, ел жұрттың берген бағасы, олардың ыстық ықыластары қымбатырақ көрінеді. «Ер елімен көрікті» деген Рахмет аға қашан да халқының амандығын, елінің тыныштығын тілейді. Ал ел-жұртының да ауыз толтыра әңгіме қылар ардақтысы Рахмет Өтесіновке деген ықылас ниеттері ерекше. Оның әрбір ісін, жасаған жанды жұмыстарын жыр ғып айтады, сыр қып шертеді.
Ел мен ер арасындағы үндестік дегеніміз осы шығар, сірә?
Атадан балаға мұра болып келе жатқан мұнайшылар керуеніндегі орта буын мұнайшы мамандар, аталар салған аталы жолды жалғастырушылар, бабалар аманатын орындаушылар. Солардың ішінде Қазақстан мұнайының дамуына, оның әлемдік деңгейіндегі өсу қарқынын жетілдіруге, отандық кәсіпорын мүмкіншілігін төрткүл дүниеге танытуға аянбай күш салып жүрген еліне елеулі, халқына сыйлы тағы бір азаматымыз бар. Ол — «ҚазМұнайГаз» Ұлттық Мұнай компаниясының Президенті Ұзақбай Сүлейменұлы Қарабалин. Қосшағылда дүниеге келіп, бала болып ер жетіп, тай жалын тартып мінетін бозбала шақты бастан өткізіп, өзінің құрыптастары сияқты ол да мұнайшылық мамандықты тандады. Мәскеудегі И.М.Еубкин атындағы мұнай химия және газ өнеркәсібі институтын бітірді. Сөйтіп қалаған мамандығына қол жеткізді. Көптеген жоғары оқу орындарының академиялық профессоры, құрметті профессоры, ҚР Ұлттық инженерлік академиясының корреспондент мүшесі, «Құрметті жер қойнауын барлаушы» атақтарын иемденуі оның білімінің ұшқырлығын, өз кәсібін жетік меңгерген білікті маман екендігін көрсетеді. Алғашқы еңбек жолын Оңтүстік Ембі мұнай газ барлау экспедициясында инженер-технолог болып бастаған Ү.Қарабалин бұдан әрі өрлеу сатысына аяқ басты. Көптеген мемлекеттік маңызға ие, жауапты қызметтерді абыроймен атқарды. Солардың ішінде ҚР Энергетика және отын ресурстары министрлігі Бас басқармасының бастығы, осы министрліктің министрінің орынбасары, «Қазақойл» Ұлттық мұнай компаниясының бірінші тете-президенті, «КазТрансГаз» ЖАҚ-ның президенті, ҚР Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің тете-министрі сияқты өте жауапты жұмыстарды атқаруы оның қолынан іс келетін, оқыған-тоқығаны, білген-көргенімен сабактас мықты маман екенін әйгілеп тұрғандай. Заман талабына сай дамыған елдерде төлім-тәрбие алып оны отандық өндірісте пайдалану мамандар алдында тұрған саралы міндеттердің бірі болды. Тәуелсіз мемлекетіміздің экономикасын қуаттандыруға аса керектердің бірі де шетелдіктердің іс тәжірибесі еді. Осы орайда Ү.Қарабалин 1995-97жж. Италияның Милан қаласындағы «Аджип» мұнай компаниясында тағылымдама алады. Ұзақ жылғы еңбек нәтижесі, шетелден алған білім деңгейі, кемеліне келіп,толысқан маманды әуелетіп ала жөнелді. Ол 2003 жылдың 12 наурызынан бері «ҚазМұнайГаз» Ұлттық мұнай компаниясының президенті. Бергенімнен берерім көп, істегенімнен істейтінім басымырақ деп бар күш-жігерін мұнай өнеркәсібінің өркендеуіне арнап жүрген, Қазақстанның бас мұнайшысы, әлі де тынымсыз ізденіс үстінде. Оның талай асулардан асып, биіктерден көрінері анық. Өйткені оған оның өресі де, жігері де толықтай жетеді. Бұған күмән жоқ. Ағалар салған асаулар мен белестерге еркін еріп келе жатқан белгілі мұнайшылар арасында Тимур Құлыбаевтың есімі етене таныс. Мәскеу мемлекеттік университетінің түлегі, экономика ғылымдарының кандидаты, болашағынан үлкен үміт күттіретін жас жігіттің бүгінгі күнгі қол жеткізген жетістіктері үлгі боларлықтай. ҚазКСР экономикалық жоспарлау және нормалау ғылыми-зерттеу институтында экономист, кіші ғылыми қызметкер, ҚазКСР мәдени-әлеуметтік жөне ғылыми-техникалық ғылыми даму қорының ғылыми-консультациялық орталығында директор, «Алтын Алма» АҚ-ның бас директоры, президенті, «Алматы сауда-қаржы банкі» бақылау кеңесінің төрағасы, кредит комитетінің мүшесі, ҚР инвестиция жөніндегі мемлекеттік комитеттің директоры болып, еңбек сатыларынан өткен ол, мемлекетіміздің басты қуаты болып саналатын мұнай өндірісіне де өзіндік үлесін қосып келеді. «ҚазТрансОйл» ҰК-ның президенті қызметін абыроймен атқарған маманға үлкен сенім білдіріп, «ҚазМұнайГаз» ҮМК-ның бірінші тете-президенті қызметіне тағайындалып, күні бүгінге дейін осы қызметте абыройлы еңбек етіп келеді. Мұнайшьшардың тұрмыс жағдайын көтеру, олардың өнімді еңбек етуіне толық мүмкіндік жасауды ол ең басты мәселелердің бірі санайды. Талай жылдар халыққа қызмет етіп, бүгінгі күні көнелене бастаған ескі кен орындарын экономикалық жағынан қайта көтерілуіне, өнім өндірудің тиімділігін арттыруға, отандық кәсіпорынның әлемдік рынокқа шығуына, прогрессті технологияларды жетік пайдалануға аса кеңіл бөліп, күн тәртібінен түсірген емес. Зымыран уақыт жетегінде болып жатқан оңтайлы өзгерістер мұнай өндірісі саласында да анық көрініп отыр. Бір ғана мысал, 2004 жылдың 31 наурызында жаңа мұнай компаниясы «Қазмұнайгаз» Барлау Өндіру» акционерлік қоғамы дүниеге келді. Құрамына Қазақстан мұнай өнеркәсібінің екі ірі кәсіпорны «Ембімұнайгаз» және «Өзенмұнайгаз» ААҚ дарын біріктерген бұл компанияның құрылуындағы негізгі мақсат — өнім көлемін молайтып, іргелі мұнай компаниялармен терезесі тең дәрежеге көтерілу, жаңа кеніштер ашып, ірі-ірі инвестициялық жобаларды жүзеге асыру, халықаралық рынокқа шығу болатын-ды. Мұнай өндеу және қор көлемі жағынан Қазақстан бойынша екінші орын алатын бұл компанияның құрамында бүгінгі таңда 16 мыңға жуық адам жұмыс жасайды. Тәжірибелі мамандар аталмыш компанияның құрылуы ұлттық компанияның таза табысын молайтуға, қаражат және материалдық-техникалық ресурстарды тиімді пайдалануға, қоршаған ортаны қорғау, халықаралық стандартқа сәйкес өнім сапасын арттыру сиякты жетістіктерге қол жеткізді деп баға береді. Атынан-ақ белгілі болып тұрғандай аталмыш кәсіпорын қызметінің мұнай кеніштерінде барлау жұмыстарын жүргізу және өнім өндіруді қамтамасыз ету десек, бұл бағыттағы атқарылып жатқан жұмыстар өте қомақты дәрежеде. Соның нәтижесінде 2003 жылы өнім мөлшерін көбейтудің жаңа әдістері есебінен қосымша 237 мың тонна қара алтын өндіруге қол жетті. Инвестициялық саясат — бұл қоғамның басты бағыттарының бірі. 2007 жылға дейінгі кезеңге арналған инвестициялық кешенді бағдарлама негізгі қызмет өзегі болып саналады. Жұмыс жасайтын, жетістіктер мен табыстарға қол жеткізетін — адам күші. Сондықтан компания әкімшілігі халықтың әлеуметтік тұрмысын жақсартып, олардың тиімді еңбек етулеріне жағдай туғызу мәселелерін күн тәртібінен түсіріп көрген емес. Оның үстіне акционерлік қоғамға қарасты өндірістік құрылымдардың көбі қысы қатты, ызғарлы, жазы ыстық, экологиялық қиын аймақтарда орналасқандығы белгілі. Сол себептен де, адам денсаулығын сақтауға көңіл бөлу — бірінші кезекте тұрған мәселе. Бес саусақтың бірдей еместігі тәрізді өмірде әрбір деңгейде тұрмыс кешу — өмір заңы. Осы орайда, мүгедек, жетім-жесір жандарға көмек қолын созуды қоғам басшылығы назардан тыс қалдырмай отыр. Былтырдың өзінде Атырау және Жаңаөзен қалаларындағы қамқорлықка алынған балалар үйіне қайырымдылық көмектерін берді. Демалыс орындарына, шипажайларға жолдамалар бөлініп, 1 млн. теңге қаржылай көмек көрсетілді. Үлкенге құрмет көрсету — біздің ұлттық ерекшелігіміз. Көрегенді ұрпақ екендігімізді әйгілейтін қасиетіміз. Көп бейнеттің бір зейнетін көріп, зейнеткерлікке шыққан ағаапаларымызды қалай дәріптесек те артығы жоқ. Бұл жерде компанияның атқарып отырған жұмыстарына дән ризашылық білдіруге болады. Зейнеткерлердің демалу, емделуін ұйымдастырып қана қоймай, олардың мерекелерде бас косып, қалай еткенде де назардан тыс қалмауларын қамтамасыз етуді перзенттік парыз санайды. Әсіресе, Ұлы Жеңістің 60 жылдығына арнап, ардагерлерге көрсетілген кұрмет, қамқорлық табын өлі күнге ақсақалдарымыз сыр ғып айтып, басылым беттерінде жариялап жүр. Осындай ауқымды жұмыстардың басында жүрген «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ-ның бас директоры Жақып Марабаевтың есімі мұнайшылар салған сара жолмен еркін адымдап келе жатқан жастар арасында алғашқылардың бірі болып аталады. 1992 жылы Мәскеу мұнай институтын бітірген жас маман алғашқы еңбек жолын «Комсомолмұнай» мұнай газ басқармасында шебер болып бастады. Одан әрі осы басқармада лаборатория бастығы, ауысым бастығы, цех бастығының орынбасары, техника бөлімінің бастығы сияқты өрлеу сатыларынан өтіп, мұнай өндірісінің қырсырын жетік меңгереді. ҚР Энергия және отын ресурстары министрлігінде бас технолог, бөлім бастығының орынбасары, бөлім бастығы, теңіз жұмыстары басқармасының бастығы қызметтерін атқарады. «Қазақстанкаспийшельф» мемлекеттік компаниясының тете-президенті, Каспий теңізін зерттеу жөніндегі халықаралық консорциум операторының бас директоры, «Қазақойл» ҰМК-ның коммерциялықдиректоры, осы компанияның тете-президенті қызметтерін атқарады. Байқап отырсақ, 40-тан жаңа асқан жігіттің өмір жолы салмақты соқпақтарды артқа қалдырады. Ж.Марабаевтың жас та болса бастай жасаған ыждағатты жұмысының, оның білікті маман екендігінің нәтижесі сол, 2004 жылдың 1 сәуірінде «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» акционерлік қоғамына бас директор болып тағайындалуы. Құрылғанына 1 жылдан сәл-ақ асқан бұл қоғамның бүгінгі күнгі аяқ алысы көңіл көншітерліктей. Әсіресе мұнайшылар Жақып Нәсіпқалиұлының өндіріс басына жиі келіп, өнім деңгейін еселеу мақсатында істеп жатқан істерге, мұнайшылардың хал-ахуалдарының жай-күйіне баса көңіл бөлетіндігін ризашылықпен айта жүреді. Ж.Марабаев Кенбай кен орынында да болып оның тыныс-тіршілігімен кеңінен танысып ақыл кеңесін берді, мұнайшылардың әлеуметтік тұрмысын өз көзімен көрді. Шалғай жатқан кенішке аяқтай келген басшының бұл сапары қайнарлықтарға үлкен жауапкершілік жүктеді. Не бір жақсылар мен жайсандарды дүниеге әкелген қазақтың даласы кең де киелі-ау, шіркін. Елім деген ардақты азаматтар туралы ойланғанда бірінен-бірі бөлгісіз, сайдың тасындай азамат ағаларымыздың есімдері еріксіз қолға қалам алғызады. Қылқалам ұшынан төгілер ендігі ой-толғау кейіпкері облысқа, республикаға аты танымал қоғам қайраткері, ҚР Парламент мәжілісінің депутаты Нұрпейіс Мақашұлы Мақашев. Істеген ісінен де, сөйлеген сөзінен де шашау шығармай, қай істі болсын тып-тиянакты бастап, тиянақты аяқтауға дағдыланған Н. Мақашев облыс көлеміндегі экономикалық-әлеуметтік салалардың өркендеп қанат жаюына бір адамдай өзіндік үлесін қосты. Онын әр қимылынан тәжірибелі басшының лебі сезіліп-ақ тұратын. Кей кездері бір жұмыспен алдына екі-үш рет кіруге тура келген сәттер де болған. Талап қойғыш қаталдығынан сескеніп «енді қайтер екен, ә» деп тосылып тұрған сәтте, алдындағы жұмысын коя салып, түсінбеген сұрағынды тәптіштеп түсіндіріп, бейне шәкіртіне дәріс берген ұстазға ұқсап кететін. Мәселені бүге-шүгесіне дейін талдап беретіні соншалық, алдынан қанаттанып, рухтанып шығатынбыз. Оның өмір-тарихы жүріп өткен еңбек сүрлеуі кейінгі ұрпақка бағыт сілтер бағдаршамдай жарқырап-ақ жатыр. Қазіргі Хамит Ерғалиев атындағы ауылда дүниеге келген Н.Мақашев, 1970 жылы Ташкент инженерлік көлік институтын бітіреді. Алғашқы еңбек жолын Гурьев жол бөлімшде бригадир, жол мастері болып бастаған жас жігіт, әскер қатарына барып азаматтық міндетін өтеп келген соң өз көсібіне қайта оралады. «ГурьевҮйҚұрылысы» комбинатында жұмыс жасап, мастер, бас құрылысшы, бас инженер, бастық сияқты барлық сатылардан өтіп, үлкен өмірге мол іс-тәжірибе жинақтайды. «ГурьевМұнайХимия» тресінде партия комитетінің хатшысы, Гурьев қалалық атқару комитеті төрағасының бірінші орынбасары, «ГурьевСельстрой» тресінің бастығы, «Облагропромстрой» төрағасы сияқты аса жауапты қызметтерді атқара жүріп, мол тәжірибе жинақтап, жұмыс шебінде шыңдала түседі. 1990 жылы баламалы түрде Гурьев атқару комитетінің төрағасы, халық депутаты қалалық Советінің төрағасы болып сайланады. 1992 жылдан Атырау қаласының әкімі болды. Енді Н. Мақашевтың алдында қала болашағын, оның шешімін күткен мәселелері төңірегінде қыруар істер күтіп тұрды. Қомақты тәжірибе жинақтаған маман бұл жұмысында да мүлт жібермей, барлық мәселелерді орын орнымен шешіп отырды. Бүдан кейін «Магденли халықаралық тасымалдау» фирмасында «АТМА Атырау әуе жолы және тасымалдау» біріккен кәсіпорындарында бас үйлестіруші қызметтерін атқарып, 1999 жылы облыс әкімінің орынбасарлығына тағайындалды. Бұл кездегі Атырау облысындағы облыс әкімі Иманғали Тасмағамбетов бастаған жанды істер халықтың көз алдында. Атыраудың атын әлемге танытқан бұл жылдарда Н. Мақашевтың есімі де ел есінде мәңгілік сақталады деп ойлаймын. 2000-шы жылы «ҚазМұнайГаз» ҮМК президентінің кеңесшісі, 2002-ші жылы «Ембімұнайгаз» ашық акционерлік қоғамының президенті болып бекітіліп, қажыр-қайратын мұнай өндіру саласына жұмсады. Он бір мыңға жуық мұнайшылардың басын кұраған ежелгі Ембінің қара шаңырағын басқарып жүргенде де ол білікгі маман, шебер ұйымдастырушы екендігін іспен дәлелдеді. Ембінің ойы-қырын аралап, барлық мәселені аяқтай шешті. Көптеген жаңа объектілер салуға мұрыңдық болды. Халық — ұлы күш. Ел іші өз тағдырларын кімге тапсыратындықтарын өлшеп пішті. Сөйтіп Н. Мақашевты ҚР Парламент мәжілісіне депутат етіп сайлады. Нұрекең қазір әсем қала Астанада, Парламент үйінде өзінің депутаттық міндетін атқарып жүр. Қашан да ел жаққа құлағын түріп, сайлаушылармен жиі кездесу ұйымдастырады. Әр түрлі мәселелерді шешіп көрегендік көрсетеді. Баяғы сол тынымсыз қалпы. Әлі де ізденеді. Әйтеуір қарбалас тіршіліктің бел ортасында халық сенімінен шығуды мақсат етеді. Ал мақсат пен мүддеге жету биіктерге жетелеп, асулардан асыратыны белгілі. Кенбайды игеруге қатысқан мамандар хақында бөлек бөлек әңгіме жасап, қадау-қадау пікір алмассақ та еш сөкеттігі жоқ. Олардың әрбір істері кәсіби жетістіктері қай тақырыпқа да арқау болары сөзсіз. Осы орайдағы Жол жөндеу құрылыс басқармасының бастығы К. Төреғалиевтің әңгімесіне құлақ түрейік. «Кенбайды қайта алысымен, жұмыстарды жедел түрде бастап кеттік. Қоғам Президенті М. Батырбаев бастаған жұмысшы топ тік ұшақпен қақаған қыста Кенбай кен алаңына табан тіредік. Өз жерімізді өзіміз олжалап, алғашқы бұрғы салуға шешім қабылдадық. Сөйтіп қайнаған қызу еңбек майданы басталды. Сағатпен санасу, шаршау дегендер мүлдем ұмыт болғандай. Алғашында Мақат, Доссор, Байшонас, Ескене елді-мекендерінің адамдары жұмысқа көбірек тартылды. Оның себебі мұнайлы ауданда көбіне мамандар болды да, ауыл шаруашылықты Қызылқоға мамандарға зәру еді. Кейін бәрі орны-орнына келді. Жақсының жақсылығын айту кім-кімнің де кісілік парызы ғой. Кенбай кен орны сөз болғанда, Махамбет Батырбаев есімі қоса жүреді. Бұл пікірімізді басқалар да толық мақұлдайды. Махаңның іскерлік, білімділік, бастаған істі аяғына дейін жеткізбей бас көтермейтін ыждағаттылық, күш-қуаты айналасындағыларға дем беріп, жұмыс қарқынын үдетуге себеп болды. Сондай-ақ «Ембімұнайгаз» ашық акционерлік қоғамының тете-президенті болған Т. Байзақов, бас инженер К. Жакиев, трест бастығы Б. Түсіпқалиев, УПТОК-тың бастығы марқұм О. Омаров, транспорт басқармасының бастықтары М.Дурманов, С.Мыңбаев, жол жөндеу құрылыс басқармасын басқарған Б.Жағыпаров, № 1 құрылыс — монтаж басқармасының бастығы Қ.Жұмағалиев, Монтаждау конторының бастығы X. Нұрханов сияқты жігіттердің ауыз толтырарлыктай еңбектерін атап өткенді орынды санаймын, — дейді ол толғанып. Келдібай Төреғалиев — Байшонаста дүниеге келіп, сол топырақта өніп-өскен жігіт. Алматыдағы Қазақ политехникалық институтын бітірген соң, туған жері Байшонаста мұнай өнеркәсібі басқармасында алғашқы еңбек кітапшасын ашады. 1970 жылы Байшонас, Доссор мұнай өнеркәсібі басқармалары біріктіріліп, Доссор мұнай-газ өндіру басқармасы болып қайта кұрылады да, жас маман осы басқармаға механиктік қызметке ауыстырылады. Одан әрі Орталық өндірістік қамту базасының бас механигі сияқты жауапты қызметтср атқарып, партия жұмыстарына араласады. 1992-95 жылдары Мақат ауданының әкімі қызметіне тағайындалады. Мұнайлы Мақаттың барлық проблемаларын әкім ретінде де, мұнайшы ретінде де терең түсіне білген Келдекең қай істе болмасын алдына жан салмады. 1995 жылы «Ембімұнайгаз» ашық акционерлік қоғамының тете-президенті қызметіне ауыстырылады. Бүгінгі таңда осы қоғамға карайтын Жол жөндеу құрылыс басқармасының бастығы. Үлкен ұжымды ұйытып отырған тәжірибелі басшы, жолдасы Сара екеуі екі ұл, бір қыз тәрбиелеп, олардан екі немере сүйіп отыр. Қос ұлының өз жолын қуған мұнайшы екендіктерін мақтанышпен әңгімелейді. Ол әлі де тынымсыз, әлі де іздену үстінде... Қайнар мұнай-газ өндіру басқармасы ашылғаннан бері, күні бүгінге дейін бастықтың орынбасары қызметін атқарып келе жатқан Ғалымжан Имандосов есімі әріптестері арасында құрметпен аталады. Алматы политехникалақ институтын тәмамдаған Ғалымжан, мұнайшылық қызметіне арнаған 35 жылдың ішінде бұл саланың қыр-сырын меңгерген кәнігі маманға айналды. Әкесі Тынышбек марқұм саналы өмірін мұнайшылыққа арнаған еліне сыйлы атпал азамат болған. Мұнай өндірісіндегі көлік басқармаларын өз қолымен құрып, Доссор, Прорва, Құлсары учаскелерінің ашылуына тікелей ат салысқан. Жалпы Имандосовтарды мұнайшылар әулеті десе де болады. Апасы Қаламқас — мұнайшы. Ағасы Қуаныш көп жылдар Шегендеу басқармасының директоры, «ҚазақОйл бұрғылау» көсіпорнының бас директоры сияқты жауапты қызметтерде болған. Інісі Абылай да ағалар жолын қуған мұнайшы болса, тағы бір інісі Ғайдар — дәрігер. Міне, осындай ұлағатты от басынан шыкқан Ғалекеңнің ойлайтыны өндіріс жайы, басқарма болашағы. «Еске алсақ кешегіні ертегідей» демекші осыдан он жыл бұрынғы жаңа басқармаға алғаш барған кезім күні кешегідей кез алдымда. Басқарма бастығы Қали Нұрсұлтанов, бас инженер Т.Жалғасбаевты, бас геолог А.Сүйесіновті және мені ілестіріп қалашыққа келдік. Алғашқы жұмысымызды «Ембімұнайгеофизика» ашық акционерлік қоғамынан қалашықты қабылдаудан бастадық. Жамансорды әскерилерден қабылдап алған осы кәсіпорын болатын. Аралап көріп, әлеуметтік-тұрмыстық нысандардың өте ауыр халде екенін, оны жөндеуге аса көп күш-жігер қажет болатынын ұқтық. Келесі күні бәріміз М. Батырбаевтың алдына барып, барлық жағдайды жарыса жыр қылып айттық. Алайда қоғам президенті біздің қоңылтақ көңілімізді тез-ақ орнына түсірді. Мән-жайды өзі де жақсы білетіндігін, алдын-ала қарап, тығырықтан шығу жолдарын ойластырып қойғандығын біздің алдымызға жайып салды. Сөйтіп іске кірісіп кеттік. Ең бірінші қалашықтағы жұмысшы қызметкерлер тұратын төрт жатақхана мен асхана және жылу беру орталығын сол жылдың қазан айына дейін күрделі жөндеуден өткізіп, іске қосуды қамтамасыз еттік. Ал Солтүстік Қотыртас бөлімшесіндегі жағдай бұдан да қиынырақ болды. Жұмысшылар алғашында киіз үйлер тігіп, сонда тұруларына тура келді. Асты қарапайым қазақ дәстүрімен қазандарға пісіріп жүрдік. Бір куантатыны, осындай уақытша қиыншылықты мұнайшылар мойымай, аса жігерлілікпен көтере білді. Барлығының діттегені бір-ақ мақсат мұнай өндіріп, оны халық кәдесіне жарату еді. Ерік пен жігер, білім мен күш-қайрат беттескен тұста мақсат биігіне жетуге ешқандай қиыншылық кедергі бола алмады. Мұнайшылар өз дегендеріне жетті. Құрбы-құрдас, нағашылы-жиен болып, айналаларын әзіл-қалжыңға бөлеп жүретін жігіттер нағыз елін сүйген, туған жерін қадірлеген отанымыздың ержүректеріндей көрінетін маған. Әрине бұл айтылған ауыртпалықтар алғашқы айларда ғана кездесті. Кейін жұмысшылардың барлық жағдайларын да барлық талапқа сай қамтамасыз етуге бет алдық. 1996 жылдан бастап 20 адамдық монша іске қосылып, әр апта сайын тұрақты жұмыс істей бастады. Жатақханаларды жайлы кереуеттермен, шкафтармен қамту жолға қойылды. Іштен, кұбыр арқылы таза су беру жүзеге асты. 12 пәтерлі екі қатарлы жатахана, 27 пәтерлік жатақхананың күрделі жөндеуі ойдағыдай аяқталды. Бүгінгі танда 36 пәтерлік жатаханада жөндеу жұмыстары әлі де жалғасуда. Жұмысшы қызметкерлердің өндіріске қатынау мәселесі де талапка сай шешімін тауып келеді. Атыраумен екі ортаға арнай автокөліктер жүргізіле бастады. Ал вахталықгарды тасу үшін автобустар катынайтын болды. Міне, көзді ашып-жұмғанша 10 жыл артта қалды. Қайнар мұнайшыларының әлеуметтік-тұрмыстық деңгейін жаңарту үшін қыруар қаржы жұмсалды. Қаншама ірі объектілер жаңадан салынды. Қаншама өндірістік нысандар пайдалануға берілді. Осының бәрін көзбен көріп, қолмен ұстап отырғаннан кейін, осыдан он жыл бұрынғы кен орны ондағы алғашқы жұмысының ертегідей болып қана елестейді, — дейді Ғ. Имандосов.
Әңгімені одан әрі А. Сүйесінов жалғады. «Кен орнының іске қосылуына №5, 37, 21, 11 барлама ұңғымаларының консервациядан шығуы және Солтүстік Қотыртас кен орнындағы №63 қолданыстағы ұңғымамен триасты мұнай-газды горизонттарды бұрғылау жұмыстарының жүргізілуі зор ықпал етті. Осы ұңғымалардың іске қосылуы арқылы мұнай өндірудің тәуліктік жоспарының көлемі 50 тоннаға дейін орындалып отырды. Солтүстік Қотыртас алаңы бойынша 1998 жылға дейін 27 қолданыстағы ұңғыма бұрғыланып, нәтижесінде кен орнының геологиялық құрылымы анықталды. Бүгінгі таңда осы құрылымның солтүстік қанаты әлі де анықталып болған жоқ. Шығыс Молдабек кен орнында мұнай және газ өндірудің борлы және юралық горизонттарының қойнауқатын бұрғылау 1999 жылдан басталды. Қазіргі уақытта мұнда 200-ден аса қолданыстағы ұңғымалар бұрғыланған. Юрлық шөгіндідегі мұнай меншікті салмағының орташа көрсеткішімен, тұтқырлығымен және басқа да белгілерімен сипатталады. Дегенмсн, барлық шөгіндідегі мұнайдың тұтқырлығы жоғары болады да мұнай айдаушы коллекторлардың бойында құм көп болады. Кенбай кен орнының альб-сеноман су көп шоғырланған горизонттары туралы бөлек әңгімелеуге болады. Олар аз минералдығымен сипатталған, ол техникалық мақсатта да және әлеуметтік объектілерді сумен қамтамасыз ету үшін суды тазартқыш ретінде де қолданылады. Мен геолог ретінде Кенбайдың болашағының өте зор екендігін баса айтқым келеді. Дер кезінде талдау жүргізіліп, кен орнын игеру жолында жаңалықтар енгізіліп отырса болғаны. Әсіресе, мамандар геологиялық құрылым және 650 метрден төмен тереңдікте орналасқан мұнай-газды горизонттардың мәселесіне көңіл бөлген жөн. Бүгінгі күнгі басты мәселенің бірі Тайсойған аймағындағы май қорын игеруге қол жеткізу деп ойлаймын. Тайсойғанда алғашкы қадамдардың жасалып, барлама ұңғымаларды бұрғылау нәтижесінде Уаз, Қондыбай алаңдарының юралық шөгінділерінде мұнай-газдың бар екендігі баршаға белгілі. Сондықтан бұл жұмыс одан әрі жалғасса, Тайсойған мұнайы халыққа қызмет жасауға толық қабілетті. Әр адамның өмірінде өзіндік ізімен, өзіндік өрнегімен есте қалып санада жатталатын әсерлі кездер болады ғой. Қайнар мүнай-газ өндіру басқармасындағы өмірім, әріптестерім менің ең бір қымбат шақтарым мен қадір тұтар адамдарым болып жүрек түкпіріне орын тепті». Сөзіне де, ісіне де байыпты қарайтын байсалды мінезімен, өмірлік іс тәжірибесімен Ембінің көптеген кен орындарын игеруге өз үлесін қосқан геолог, бүгінгі күні «Ембімұнайгаз» өндірістік филиалы геология бөлімінің бастығы Рамазан Сарғұнанов ағамыз әңгіме тізгінін өзіне ауыстырды. «Өткен өмірді еске алып, өткен іске көз жүгірткеннің өзі бір ғанибет. Біріншіден, жұмыстастарыңды, жұмыс барысында кездескен алғашқы қызықтар мен қиыншылықтарды қимастықпен, сағынышпен еске түсіресің. Сол кездегі ауырпашылық дегендердің «шыбын шаққан құрлы» әсері болмайтын, әшейін ғана кедергілер екенін мойындап, еріксіз езу тартасың. Екіншіден, кейбір жіберген кемшілік, олқылықтарынды енді ғана көріп, жаныңмен сезініп «әттеген-ай» дейсің. Осылай болу керек те шығар, өлде мүмкін бұл өмір заңы ма?! Мен 1996 жылдың желтоқсанында «Ембімұнайгаз» ашық акционерлік қоғамының геология жөніндегі тете президенті болып қызметке орналастым. Жаңа басқарманың сол кездегі бастығы Қ.Қуанышевтың демалысын үзіп, жыл аяғын корытындылау мақсатында жұмыска оралған беті екен. Екеуміз «Теңізмұнайгаз» өндірістік бірлестігінде жұмыстас болғандықтан, сәлеміміз түзу-ді. Бір-бірімізбен шұрқырай жылы шыраймен кездестік. Кездесу барысында ол ұңғымалардың тәуліктік мұнай өніміне көңілі толмай, алаңдатушылық көрсетіп жүргенін баса айтты. Көп кешікпей-ақ акционерлік қоғам президенті М. Батырбаев та өткен өндірістік кеңестен кейін маған «Қайнармұнайгаз» өндіру басқармасында кездесіп отырған проблемаларды шешу міндеттерін жүктеді. Геологиялық қордағы көптеген материалдармен жұмыс жасауға тура келді. Күні-түні көз майын тауысып, шұқшия қағаз ақтарған тынымсыз еңбек өз нәтижесін берді де. Орталық ғылыми-зерттеу лабораториясының жіберген кемшіліктері көзге көріне бастады. Әртүрлі шешімдер қабылданды. Кәсіби шеберліктердің арқасында шексіз көмектерін бергенТ.Жалғасбаев, С.Намазов есімдерін әрқашан ілтипатпен еске аламын. Бұл кісілер қазір ортамызда жоқ. Болмаса да олар жүріп өткен ізгі жол кейінгі ұрпаққа үлгі өнеге болары сөзсіз. Екінші бір қиыншылық, Шығыс Молдабек пен Солтүстік Қотыртас бұрын «Мұнай» бірлескен кәсіпорнының құрамында болған. Американдық Бидерманнмен арадағы тартыс, халыкаралық сотка кеткен уақыт, бәрі де өндіріске қол байлау болды да, Шығыс Молдабекті игеру 2-3 жылға кешуілдетіп басталды. Қазір бұл алаң қарқынды түрде дамып келеді. Қайнар қалыптасқан кәсіпорын қатарында. Сол кездегі ысслы-суыққа қарамастан өзіммен бірге қоян-қолтық еңбек еткен акционерлік қоғамының тете-президенті М. Ерғалиев, көлік басқармасының бастығы С. Мыңбаев, автоколонна басшысы Қ.Әлмұқанов, геологтар А.Сүйесінов, Т.Молдағалиев есімдерін үлкен сыйластықпен атап өткім келеді. Осы Қайнарға байланысты болған бір оқиғаның есіме түсіп отырғаны. Басқарманың бұрынғы инженерлерінің бірі таңертеңгі уақытта өзінің көршісі республикаға белгілі бір журналиспен қалада кездесіп қалады. Аман-саулық сұрасқан соң журналист Қайнар қалай деп сұрамай ма? Сонда әлгі инженер: «Онда май жоқ, болса мұрнымды кесіп берейін», — дейді. Осыны естіген журналист ағамыз қас-қағым сәтте үлкен басшьшардың алдынан бір-ақ шығады. Шілденің ми қайнатар ыстық күнінде жарты сағаттың ішінде журналист ағамыз екеуміз Қайнар қайдасың деп тартып кеттік. Жамансордан басқарма бастығын ертіп алып, Солтүстік Қотыртасқа келдік. Бізден бұрын түскен журналист жанып тұрған газды көріп «Мынау ілеспе ғаз ба» — деп сұрақ қойды. Біз «иә» деп үлгерместен, «кеттік кейін» деп машинаға бет алды. Бір ауыз артық әңгіменің азабын біз осылайша тарттық. Әрине бұл оқиға қазір ойлап отырсақ, күлкілі де болуы мүмкін. Ойлап отырсам, журналистік қызметімнің он жылдан астам уақытын мұнайшылармен тікелей байланыста өткізіппін. Он бес жыл дәмін татып, адам өмірінің ең бір қымбат жастық шағым өткен әулиелі Маңғыстау, ондағы мұнайшылар өміріне бір қаламгердей араласып талай тың тақырыптарға қалам тербеппін. Одан кейінгі толыққанды саналы өмірім ембілік мұнайшылар ортасында өтуде. Сондағы бір түйгенім, осы бір аса қадірлі мұнайшы мамандығын игерген жігіттердің сөзге сараңдығы, өздерінен гөрі жолдастары туралы сөз қозғауды жандары сүйетіндіктері. Әлде бұл қарапайымдылық па? Кішіпейілділік пен қарапайымдылық тек ұлыларға ғана жарасқан” деген қанатты сөз бар ел арасында. Ұлылармен ұлықтас мұнайшылар туралы сыр толғаудың өзі бір ғанибет-ау. Қалам ұшына келген ой толғаққа дәнекер болып отырған тағы бір азамат «Ембімұнайгаз» өндірістік филиалының бас маркшейдері — Халит Маңғыбаев. Жасы елуді еңсерсе де, ұяң мінезді бұл жігіт, баяғылардың «қыз мінезді» дейтіндерінің дәл өзі. Суыртпақтап сөзге тарттық. Халекең әдеттегідей сәл ойланып алды да, әңгіме желісіне ілесті. «Еліміздің экономикасына сүбелі үлес қосып отырған мұнай жеті қат жердің астынан оңайлықпен шықпайтындығы кім-кімге де белгілі. Осы «қара алтынды» жер бетіне шығарып, өндеп, халық игілігіне жарату жұмысына көптеген мамандық иелері мандай терін төгіп араласады. Солардың бірі — маркшейдер-геодезия мамандары деп білер едім. Қай кезде болмасын табиғаттың түрлі құбылысымен бетпе-бет келіп, мұнай аландарын барлау, игеру жұмыстарына елдің алдымен жүріп қызметтенеді. Дәлірек айтқанда, шексіз-шетсіз жатқан иен далаға бірінші болып табан тіреп, барлау-бұрғылау нүктелерін анықтаудан бастап, мұнай аландарын игеру жұмыстарының бел ортасында жүреді десем қателеспеспін. Осындай қыруар жұмыстардың бірі бұдан 11 жыл бұрьш, Солтүстік Қотыртас және Шығыс Молдабек бөліктерінен тұратын Кенбай алаңында басталған болатын. Сол кездегі қоғам президенті М. Батырбаев мән-жайдан хабардар еткеннен кейін: «Нүктелерден қателесіп кетпе, мұқият бол» — деді ыждағаттап. Әлі есімде, 1995 жылдың 9 наурызы күні сол кездегі «Ембімұнайгаз» ашық акционерлік қоғамының бас маркшейдері X. Ғ. Ғүбайдуллиннің және маркшейдер геодезиялық партиясының бастығы А. Г. Шепелевтің нұсқауымен құрамы он адамнан тұратын бригадамен Солтүстік Қотыртас мұнай алаңын топографиялық кескіндемеге түсіруге іссапарға аттандық. Көздеген жерімізге Кенбай ауылы арқылы тіке шығамыз, деп жоспарлағанбыз, күн жылыда машинамыз батып, Жамансорга кері оралдық. Қазіргі мұнайшылар тұратын қалашық ол кезде әскерилерден қалған, алқа-салқа, кілең босаған үйлерді. Солардың біріне амалдап қонып шықтық. Таңертең тұрсақ күн суытып, жер қатып қалыпты. Көлігіміздің емін-еркін жүретіндігіне балаша қуанып, 20 шақырым жердегі Кенбай ауылына тартып кеттік. Аман-есен жетіп, ауыл әкіміне жолығып, кен алаңы мен екі ортадағы мал бағып отырған шопанның үйіне орналастық. Анау-мынау емес, бақандай он адамды үйлеріне жатқызып, бір қабағын шытпастан, бірнеше күн бір отбасындай болып тұрған Сейіт пен оның келіншегі екеуінің дархан көңілдеріне әлі күнге риза боламын. Құдайы қонақ келсе қорасындағы жалғыз қойын соятын қазақтың осындай кең кеуде, жайма шуақ, қонақжайлығы тек біздің ұлтымызға ғана тән-ау деймін. Содан тоғыз шақырым жердегі Солтүстік Қотыртас кен алаңында жұмысымыз басталып кетті. Қас қылғандай сол суытқан күннен бір жеті бойы боран соғып, өте қиындық туғызды. Әсіресе кен орнының басы қалың қар басып жататын бөлек жер екен. Жігіттердің бірінің қолы, бірінің беті үсіп, ыңғайсыз жағдайда жүрді. Ол кезде қазіргідей озық өлшегіш құралдар жоқ, айтқан есептерді жазып отырған адам бірде естіп, бірде естімей әбігерге түсетінбіз. Кейде жанымызға батқанда «мұндай жұмысты баламның баласына да өсиет етпеспін» деген әңгімелер де естіліп қалатын. Әрине кейіннен бәрі ұмытылды ғой. Сол жігіттер маркшейдерлер Н.Айталиев, X.Әміржанов, Е.Аманғалиев, Б.Ерғали, жүргізуші С.Есеньязов, жұмысшылар X.Торғаев, Ә.Оспановтардың табанды еңбектерінін арқасында жұмысымызды ойдағыдай бітіріп, кері қайттық» деп бір тоқтады. Отыз жылдық мұнайшылық өмірінің жиырма төрт жылын маркшейдерлікке арнаған X. Маңғыбаев Ровное, Аққұдық, Қисымбай, Ақінген, Тайсойған, Оңтүстік Шығыс Қамысты, Солтүстік Жолдыбай, Солтүстік Қамыскөл кен орындарының ашылуына тікелей араласты. Қызылбархан, Әшім, Найзамола, Торғалы, Батыс Бақсай барлау алаңдарында болып барлаубұрғылау нүктелерін берді. Теңіз кенішіне алғаш табан тірегендердің қатарында да Халекеңнің іздері бар. Алғаш рет жер картасын қолына ұстатып, жұмысқа қабылдаған маркшейдерлік партияның бастығы марқұм Намазғали Оразғалиев, боз даланы бірге кесіп, жұмыстас болған бұл күнде ортамызда жоқ Сағын Аманғалиев, Бисенбай Хасанов есімдері ол үшін қашан да құрметті. А. Шепелев, Ә. Мұқышев, X. Ғұбайдуллиндерді жұмыстың қыр-сырын үйреткен ұстаз-тәлімгер ретінде дәріптейді. Ал Ернар Аманғалиев, Қисымет Әміржанов сынды «Ембігеодезия» ЖШС інде жұмыс жасап жүрген жігіттерді шәкірттерім деп мақтан етсе, картограф апайлары Сағира Ибрагимова, Нұрзила Нұрлықожиева, әріптестері Мұрат Жардаев, Кәрімбек Солтыбаевтарды өз ісінің шеберлері деп мақтайды. Иә, өндірісті өркендету жолында талай адамдар тер төкті. Оған басшылардың да, басқалардың да қосқан үлесі аз емес. Оқта-текте бір кездескенде, мұнай өндірісін жолға қоюда елеулі еңбек еткен адамдарды еске түсіріп, бастан өткізген әртүрлі оқиғаларды әңгімелеп отырғандары сондықтан. Осы басқармада ерен еңбектерімен көзге түсіп жүрген бас инженер Халелов Тарас, бас есепші Ертілеуов Ерлан, мамандар бөлімінің бастығы Шеруенов Мұрат, еңбекті қорғау бөлімінің бастығы Қошбағанбетов Серік, күрделі құрылыс бөлімінің бастығы Қуанышев Амантай, жоспарлау бөлімінің бастығы Биғалиев Серік, заңгер Меңдіғалиев Асылбек, өндірістік-техникалық бөлім бастығы Жылқышиев Мәлік, база директоры Дәулетбаев Төреғали, бас механик Даулетьяров Ахметжан, бас энергетик Ғабдуллин Құрманбек, цех бастықтары Шыңғысов Кәрім, Зұлханов Ермек, Құтжанов Абат, Имандосов Аман, Қабдолов Серік, Қоданов Қайнар, Сәрсен Мүбарак, Өскенбай Мәлік, жабдықтау бөлімінің бастығы Алаш Калиев, аудармашы Аубакиров Хамит, әлеуметтік даму бөлімінің маманы Кәріпбеков Бағытжан, дәрігерлер Қайырлиева Балжан, Ғабдуллина Гүлсім, бөлімше бастықтары Садықов Жолдас, Әленов Сапар, Айжарықова Гүлсара, Омаров Халықберген, механиктер Ерғалиев Шафхат, Шопанов Жұмалы, Атырауов Ғазиз секілді мамандар кашан да құрметке лайық. Бұрын осы басқармада қызмет етіп тәжірибе жинақтаған кейбір мамандарымыз бүгінгі күні өндірістің басқа салаларында еңбек көрігін одан әрі қыздыруда. Атап өтетін болсақ, Мұханбеталиев Оңдас Доссор мұнай-газ өндіру басқармасының бас инженері, Сейітқазиев Махмед Жайық мұнай-газ өндіру басқармасының бас есепшісі, Ерғалиев Аймұрат Құлсары мұнай-газ өндіру басқармасында бас есепшінің орынбасары, Үмбетияров Асқар «ҚазМұнайГаз» БӨ» акционерлік қоғамының бас менеджері, Тасқынбаев Талғат «ҚазМұнайГаз» БӨ» акционерлік қоғамының бас мамандарының бірі. Басқармадан зейнеткерлікке қалған Өтегенов Думан бүгінгі күні Құлсары оқу орталығының директоры. «Баласы атқа шапса, анасы тақымын қысады» деген аталы сөз бар қазақта. Бәріміздің илеп жүргеніміз бір терінің пүшпағы болғаннан кейін, айналамыздағы көршілес өндіріс орындарында болып жатқан өзгерістерге елендеп, жақсы жақтары құлаққа шалынса куанып, кемшіліктері көзге түссе «қап, әй» деп қамығып қаламыз. Бұл біздің кәсіби ерекшелігіміз. Қатарымызға тағы бір жаңа басқарма қосылды дегенде куанып қалдық, кәрі Ембінің өрісі кеңіді деп мәз болдық. Мен онда Құлсары мұнай газ өндіру басқармасында бас инженер болып жұмыс жасайтынмын. Ауылдастың тайы озғанға куанбайтын қазақ бар ма, менің әріптестерім де ыстық ықыластарымен ақ тілекте жүрді, деп әңгімесін бастады Қайнар мұнай-газ өндіру басқармасының бастығы Ғалым Дүйсенұлы Жақаш. Орныңыз құтты болсын! Сіз Кенбай кен орнының көптеген қиыншылықтарды басынан өткеріп жатқан тұсына тап келіпсіз. Қадамыңызға сәттілік тілеймін. Рахмет, өндірістің аты өндіріс, бәрі қайдан майлы қоға бола қойсын. Мамандардың арқасында ісіміз оңғарылады деп ойлаймын. Қайткенде де өнім деңгейін төмендетпеу, өндіріс ырғағын түсірмеу бүгінгі күннің өзекті мәселесінің ең біріншісі. Екіншіден, жұмысшылар санын өсіріп, оларға жұмыс жасауға ыңғайлы және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін жағдайлар жасау, инфрақұрылымдарды дамыту да — күн тәртібінің басыңда тұрған тапсырма. Әңгіме барысын осылай өрбіткен Ғалым бұдан әрі: «Болашағымыздың үмітін жалғайтын кенішіміз — Тайсойған сынақ алаңының табанындағы мұнай көздері ашылған, Уаз, Қондыбай мен оларға қоса оннан асатын сол маңдағы анықталған құрылымдарға барлама-бұрғылау жұмыстарын жалғастырып, еліміздің, халқымыздың игілігі үшін жаратсақ екен деген арманымыз да жоқ емес. Мамандардың болжамы бойынша бұл аймақтағы 18-ге тарта құрылымның 50 мың тонна алынатын қоры бар. Алдыңғы күндердің көкжиегі куантады, шабыттандырады» деп бір тоқталды. Ісінен де сөзінен де жинақылық сезілетін бұл азамат, қай іске де бел шешіп кіріскендей тас-түйін. Ол басшылықтың бос белбеу, божырлығын көтермейтінін жақсы біледі. Сондықтан да етек жеңді жиып, жанындағы әріптестерін де түйген шүберектей ғып, жанды іске бағыттап қойған шамасы бар. Кең Жылойдың төрінде дүниеге келіп, қанаттанған Ғалым, Алматы политехникалық институтының түлегі. Қолына құжаты тиісімен өзі институтқа дейін бір жыл жұмыс жасаған Мақат мұнай-газ өндіру басқармасына бет алады. Әуелі мұнай өндіру операторы, кейін жер асты өңдеу цехының мастері болып еңбек етеді. Бірер жыл Мақат аудандық комсомол комитетінің 2-ші, 1-ші хатшысы қызметтерін атқарып, жастар лидері болып та үлгереді. 1989 жылы Құлсары мұнай-газ өндіру басқармасына жұмысқа ауысады. Ғалекеңнің кемелденген шағы осы жастан басталады десек артық айтқандық емес. Участок мастері, аға инженер, цех бастығы, басқарма бастығының орынбасары, технология бөлімінің бастығы сияқты өндіріс сатыларынан сәтті өткен маман басшылардң назарына ілікті. Ғалымды әркезде де білікті маман деп қадірледі. Сөйтіп ол 1995 жылы осы басқарманың бас инженері қызметіне тағайындалады. Содан бері 10 жыл бойы осы қызметте өндірістің қыр-сырын жетік меңгерген, өндіріс көшін алға бастаған көнігі инженер атанды. Ғалекең 2005 жылдың жазынан бері «Қайнармұнайгаз» өндіру басқармасының бастығы. Оның мұрағатындағы «Ерен еңбегі үшін» медалі, Энергетика және минералды ресурстар министрлігінің құрмет грамотасы, «ҚазМұнайГаз» Ұлттық мұнай компаниясының Құрмет грамотасы, басқа да марапаттаулардың жиналуы — оның тынымсыз еңбегінің айқын көрінісі. Раушандай анасын аялап жұбайы Алтын екеуі үш бала тәрбиелеп отыр. Қашан да кісілікті пендешіліктен жоғары қоятын адамгершіліктің асыл тінінен ешқашан да аттамаған Ғалым Жақаш бүгінгі күні ізденіс үстінде. Қайнар мұнай-газ өндіру басқармасындағы жігіттердің қай-қайсысы да Қуаныш Айтжан есімі аталғанда ризашылықтарын жасыра алмайды. Білікті маман, іскер адам, талап қойғыш, аузын ашса, көкірегі көрінер ақ жүректің өзі деседі әріптестері. Аталмыш басқармада 8 жылдан бері кәсіподақ ұйымын басқарып келе жатқан Қуекең тікелей қызметімен қоса барлық қоғамдық жұмыстардың бел ортасында жүреді. Жалған сөйлеуге, жағымпаздыққа жаны қарсы Қуекеңнің өмірде ұстаған қағидасы: «Тура биде туған жоқ». Расымен де, әділетсіздіктен жапа шеккендерді көрсе, мұқтаждықтан тарыққандарды кездестірсе арқаланып, жаны күйзеліп кетеді. Сөйтеді де қамқор қолын созып, қанатын қомдаған қыран бүркітше көмекке ұмтылады. «Жасы елуді еңсерсе де шаршауды білмейтін Куаныш Елдебайұлының жүзінен еш уакытта күлкінің табы кетпейді, қашан да тапқыр әзіл қалжыңымен жүрген жерін думанға бөлеп, керек жерінде бес-алты ауыз өлең құрастырып жіберетіні де бар” дейді ризашьшықпен жұмыстастары. Тұңғыш рет «Қайнармұнайгаз» басқармасы құрылғаннан кейін, бұрғылау жұмысында қатардағы маманнан өндіріс басшысына дейін сан салалы жолдан өткен Қ.Айтжанды жұмыстастары бір ауыздан көсіподақ ұйымына төраға етіп сайлады. Олар қателеспеді. Қуекең «тумысынан кәсіподақ төрағасы» деген атқа ие болды. Басқарманың ыстық-суығын басшылармен бірдей көріп келеді. Киелі ана тіліміздін мәртебесін биіктетуге үлкен үлес қосып «Қазақ тілі» коғамын ашуға мұрындық болған ұлт жанды жігіт, казақы салт дәстүрлердің бүгінгі күнтізбегінде үнемі орын алуының дәнекері болды. Зайыбы Қамажай екеуі бала бақытын көріп отырған берекелі шаңырақтың алтын діңгесі.
Әріптесі Хамит Әубәкіров Қуекең туралы өз естелігінде былай дейді: «1989 жылы болатын. Қазақтың ақ сұңқар ақын қызы Фаризаның шығармашылық кеші өтетін болды. Мұнайшылар атынан сөз Куаныш Айтжанға берілді. Фаризаның өлеңдерін жастайынан басына жастанып жүріп оқитын осы бір бұрғышы жігіттің сұңқылдаған сөз ұрандары бүкіл залды кернеген ду қол шапалақтауымен көміп кетті. Әдетте біраз отырыстан кейін жалыға бастайтын халық жұртшылық сөзуар шешеннен кейін қайта жанданып, ерекше тебіреніп кетті. Кеш соңында сөз алған жазушы Мереке Құлкенов: «Біз ақындар мен жазушылар ғана емес, мұнайшылар арасында да мынандай өлеңді бақалшағына дейін сөз шеберлерінің бар екендігін білмей жүр екенбіз ғой» деп асқан ризашылығын білдірді. Содан бері Фариза апамыз Қуекенді туған інісіндей жақсы көріп, оның өлең сөздің құдіретін қадірлей білетін қасиеті мен қарапайым азаматтық тұлғасын үлкен сыйластықпен айтып жүреді. Қуекенді білетіндер оны «қарап жүре алмайтын адам» деп бағалайды. Шынында да ұжымдағы жұмыстармен қатар аудандағы, облыстағы қоғамдық жұмыстардың ортасында жүреді. Ол екінші рет сайланған Қызылқоға аудандық мәслихатының депутаты ретінде ауданның әлеуметтік саяси өміріне тығыз араласып өз үлесін қосты. Биыл басқарманың келгеніне 10 жыл. Оны ойдағыдай атап өту — елге де, азаматтарға да сын. Қуекең енді сол үшін шапқылап жүр». Өзінен гөрі қоғамның мүддесін көбірек ойлайтын Қ. Айтжан осы басқарманың 10 жылдығын атап өту туралы, ұлттық мұнай компаниясының басшыларының алдына мәселе қойғандардың бірі. Енді міне жарғақ құлағы жастыққа тимей, Қайнар мен екі араны ақ жол жасаған жайы бар. Осы кітаптың жазылу барысында да суреттерді жинастырып, ақыл қосып, ой-тұжырымдарын ортаға салып, ағалықта, азаматтықта қамқорлығын аямады. Қашан көрсең де қарбалас жұмыс үстінде. Бірде күннің аптабына қарамай, Миялыға кетіп бара жатты. Қуеке, жер шалғай, күн болса мынау төбенді тесіп тұр, Қайнардан жаңа ғана келдіңіз, енді кетіп бара жатырсыз, сәл дамылдап алмайсыз ба? — десем, -Қарындасым-ау уақыты түскір көтермей тұр ғой, басқарма жанынан қор ашуым керек. Құжаттар аудан орталығында тіркелуге тиісті. Кешігуге болмайды. Ал мен кеттім, алла бұйыртса ертең кештетіп жетермін, Қызылқоғадан газет тігінділерін ала келермін, деп асыға қоштасып есіктен шығып бара жатты.
Оны алда тағы да жол, ұзақ жол күтіп тұрды.
«Жолға шықсаң жағалай
Жол болсын деп тілерсің
Жолдасыңды бағала
Жол қадірін білерсің.
Жылдар жылжып өткенін
Жол үстінде білерсің
Жолдың бәрін біліп ап
Жыр ғып айтып жүрерсің» — деп ақын жырлағандай Куаныш Елдебайұлының жұмыс сапары еш толастаған емес.
Қашан да сапарыңыз сәтті болсын, ақиық азамат.
Кенбай кен орнының алғаш игерілуіне куә болып, бүгінгі күнгі жетістіктеріне ризашылығын білдірушілер қатарында сол кездегі «Ембімұнайгаз» ашық акционерлік қоғамының тете-президенті Т.Байзақов есімі құрметпен аталады. Бүгінгі күні Ембіден енші алып шыққан «Мәтен» біріккен кәсіпорнының бас менеджері болып қызмет жасайтын Төлеген Байзақов — мұнай саласының барлық сатыларынан сүрінбей өткен, кәнігі маман. Он алты жасынан қолына мұнай дағын жұқтырып, осы мамандықты өміріне арқау еткен Төкең бұрғышылықтың қыр-сырын жетік біледі десек артық айтқандык емес. Әсіресе Теңіз кенішін ашқандағы жұмыстары мен әріптестері туралы сүйсіне әңгімелейді. Мұнай алыбы Теңіз кенішін игеру кезінде де, қария Ембінің абыройының бір мысқалдай да кемімей, өрістей түскенін ризашылықпен әңгімеге арқау қылады. Ондағы мұнайшылардың еңбектерінің қаһармаңдықка толы екендігін тілге тиек етеді. Одақ ыдырағаннан кейінгі кездескен қиыншьшықтарды жеңе білген ембіліктердің кәсіби шеберліктеріне асқан ризашылығын білдіреді. Мұнай майталмандарының қатарында Төлеген Байзақов есімі анадайдан көзге түсіп, көңіл марқайтады. Солай болу керек те. Өйткені мұнай оның өмірі мұнайшылық ата кәсібі. Ару Жайық жағалауын жағалап бір адам келе жатыр. Ақ күмістей жарқыраған аппақ шаштарын салалы саусақтарымен әлсін-әлсін кері қайтарып, қалың ой құшағына шомған. Сөйтіп, «Ембімұнайгаз» өндірістік филиалының ғимаратына қалай келіп қалғанын да сезбегендей. «Ассалаумағаләйкум, аға» деп амандық сұрағандарға тоқтай қалып сәлемдесіп, хал-қуаттарын тәптіштеп сұрап, ұзын дәлізбен бірінші қабаттағы жұмыс бөлмесіне қарай беттеді. Бұл «Ембімұнайгаз» өндірістік филиалы ардагерлер кеңесінің төрағасы Ержігіт Нұрханов ағамыз еді. Зейнеткерлікке шыққаннан кейінгі он бес жылға жуык уақытын осы кеңестің жұмысына арнаған Ержігіт аға ардагерлер мәселесін шешуде ғана емес, өндірістік филиалда өткізілетін барлык қоғамдық жұмыстардың да бел ортасында жүреді. Сонау ел басына күн туған заманда толарсақтан кан кешіп, зұлмат жаудың бетін қайтарып, туған елге аман-есен оралған азамат бар өмірін, білген түйгенін туған ел болашағына арнауға серт берді. Сол сертінде тұрды. Сексеннің сеңгіріне жақындаса да әлі аттан түспей, еңбек етіп келе жатыр. Кенбай кен орнына байланысты әңгіме қозғалғанда жадында қалған өмірде бірер кездесетін қимас шақтарды сыр қылып шертеді. Елбасының кен орнын ашуға келгендегі кездесуді ең бір тарихи күнге бағалайды. «Президентпен бұдан кейін де бір рет кездестім. Мен өмірдің ащы-тұщысының дәмін қатар татқан адаммын. Маңдайға жазған қиындықты да, қуанышты да көрдім. Бәріне ризамын. Бүгінгі күнгі болып жатқан өзгерістерге де үнемі құлағымды түріп араласып отырамын. Біздің ізбасар інілеріміздің білімдар, қырағылықтары қуантады. Тәуелсіз мемлекетіміздің болашағы жастардың қолында. Бір-ақ тілегім ел аман, жұрт тыныш болса екен», — дейді ақсақал ағынан жарылып. Телегей теңіз тәжірибе жинақтап, білімімен қоса іс жүзіне пайдалана білген Ержігіт ағамыздың «Ембімұнайгаз» өндірістік филиалында алатын өзіндік орны бар. Қызындай қадірлеп, қарындасындай аялап, інілерім деп арқадан қағып, қашан да мейірімді жүзінен кәріліктің шуағы сезіліп тұратын абзал ағаға тілеріміз тек қана — жақсылық. Жомарт жүрекгі көнекөз кариялар елдің сәнін келтірер асыл казына іспетті. Денсаулығыңыз мықты болсын жақсы аға. Өмірге келу бар да, кету бар. Мынау тіршілік дәмі біреуге ерте, біреуге кеш бұйырады. Жас құрақтай жаңа жетіліп келе жатқан жастарды жұлып кетсе, «әттеген-ай» деп, үлкендер кетсе, «е, жарықтық» асарын алды, жасарын жасады ғой» деп тәубеге келіп жатамыз. Не десек те бұл алланың ісі. Құлдың да, ғұламаның да баратын жері біреу дейтіндері үлкендердің осыдан болса керек. Қайнар мұнай-газ өндіру басқармасының алғашқы ірге тасын қалаушылардың бірі, ыстығына күйіп, суығына тоңып, бойындағы бар қабілетін халқына арнап жүрген азамат Төлеп Ғалымұлы Жалғасбаев еді. Бойында қайраты тасыған, нағыз дер шағында бауыры катты қара жер өз қойнына алды. Ол «Ембімұнайгаз» ашық акционерлік қоғамының 1995 жылғы 15 мамырдағы №185 бұйрығына сәйкес, Қайнар мұнай-газ өндіру баскармасына бас инженер болып жұмысқа тағайындалып, өмірінің соңғы сәттеріне дейін осы кызметте абыройлы еңбек етті. 1958 жылы Қызылқоға ауданының Кенбай селосында дүниеге келген Т.Жалғасбаев Алматы қаласындағы Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтын тәмамдап, тау-кен инженері мамандығын алып шығады. Институт жолдамасымен Жайық мұнай-газ өндіру басқармасына қызметке келген жас маман, бірден өзінің алғырлығымен көзге түседі. Бірден жер асты жөндеу участогінде аға оператор болып, алғашқы еңбек жолын бастайды. Одан әрі Төлептің өрлеу жылдары басталады. Жер асты қабат қысымын сақтау учаскесінің шебері, өндірістік-техникалық бөлімнің инженері, аға инженер, он жыл қатарынан бөлім бастығы болып еңбек етеді. Ердің жасы елуге де жете алмаған абзал азаматтың бар өмірбаяны — осы. Өзі жоқ болса да, атқарған істері, жарқын кескін-келбеті әлі күнге көз алдарында тұрған қайнарлық әріптестері Т. Жалғасбаевты сағынышпен еске алады. Он жылдық мерекенің төрінде отырар абзал азаматтың дүниеден ерте озғанына өкініш білдіреді де, сабыр етеді, қалған ұрпақтарына ғұмыр тілейді. Бүгінгідей салтанатты сәтте Төлеп есімін атап өтуді өздеріне азаматтық парыз санаған мұнайшылар тілегі осындай. Тағдыр тауқыметі де, дүние рахаты да, о бастан маңдайға жазылады екен. Бұлардың қай-қайсысын да көтере білу — адамзат үшін парыз. Бұл Қайнарда Төлеп сияқты армандарына жете алмай кеткен мұнайшыларымыз Жайкин Ақеділ Айдарұлы, Иманғазиев Қайырлы Құрманғалиұлы сияқты атпал азаматтар да бар. А. Жайкин 1963 жылы дүниеге келген. 1996 жылдан өмірінің соңғы сәттеріне дейін Орысқазған кен орнында оператор болып қызмет жасады. Қазақтың қарапайым қызына адал жар, төрт балаға асыл әке атанды. Бірақ әмірі күшті алла, тепсе темір үзетін, нағыз толысқан шағында ортасынан алып кетті.
Қ. Иманғазиев 1951 жылы туылып, 2003 жылы қайтыс болды.
Алматыдағы политехникалық институтты бітіріп, 1974 жылдан бастап «Ембімұнайгаз» өндірістік филиал саласында, 2002—2003 жылдары Қайнар мұнай-газ өндіру басқармасында инженерлік қызметтер атқарды. Сол «Ембімұнайгаз» саласында қашан да абырой биігінен көрініп, жұмыстастарының арасында беделге ие болған қос азамат есімдерін қайнарлықтар ешқашан да естен шығармайды. Өздері өмірлерінің соңына дейін еңбек еткен ұжымдарының он жылдығына орай көңілдеріндегі қимастық сезімдерімен еске түсіреді. Топырақтарың торқа болсын, қайнарлық арыстай азаматтар. Он жыл, тарих үшін аса үлкен мезгіл емес. Бірақ осы жылдарда халықтың есінде қалатын күрделі істер жасалды. Еліміздің тәуелсіздігінің өкшесін баса дүниеге келген Қайнар мұнай-газ өндіру басқармасы әлі де талай мұнай тұнбаларын ашып, ел игілігіне айналары сөзсіз. Жоғарыдағы тілге тиек, әңгімеге арқау болып отырған да осы ойлар. Кәсіпорынның жетістігі — адамның, яғни маманның еңбегі. «Еңбегіміз өлшеусіз, Қазақстан мұнайының қайнар бұлағы толастамаса болды» деген сезіммен ерлікке толы ерен еңбек, соны серпін көрсеткен мұнайшылар есімдері құрметпен аталуы, еңбектерінің еленуі. Осы он жыл ішінде басқарманың қырыққа жуық адамы Үкіметтің орден-медальдарымен, Елбасының, Министрліктің, акционерлік қоғамның алғыс хаттарымен марапатталды. Жаңа заман қағидасын терең меңгерген жастардың қатар толтырып келе жатқандығы да жанынды жадыратып, болашакқа деген сенімінді нықтай түскендей. «Сүрінуіміз де болар, жығылмасақ екен. Адасуымыз да болар, алжаспасақ екен», — деп бұрындары таныс болмаған мұнайшылық жолға түсіп, талай «тар жол тайғақ кешуді» бастарынан өткізген ата-баба салып кеткен даңғыл жолды олардың ізбасарлары дәл осылайша жалғастырып келеді. Мұнайлы өлкенің ұрпақтары «міне, осындай» деп көкірек кере мақтанасың. Мәртебелерің биік болсын, мұнайшылар. Баяғыда бабаларымыз «Жаратқан, қош бастағандардың көңілдеріне даналық, жолдарына саралық бергей» деп алғаш қадам басқандарға тілек тілейді екен. «Өзімдікі деп басын ұстайтын» нәрселердің бәріне иелік жасауға алғаш рет талаптанғандарға нұр тілейді екен. Демек, «алғашқы» деген ұғымның өзі астарына сыр бүккен мән-мағынаны айқындай ма деп қаласың. Бұны айтып отырған себебіміз, Кенбай кен орны алғаш ашушылар есімдеріне тоқталсақ деп едік. Тарих парақтарына алғашқылар болып енген есімдер ұрпақтанұрпаққа мирас болып қалатын, олардың жадында сақталатын құнды мұрағаттай. Батыс Қазақстан геология және жер қойнауын пайдалану басқармасы біздің сұрауымыз бойынша Кенбай кен орнын алғашқы ашушылардың аты-жөндері туралы мағлұмат жіберіпті. «ҚР Пайдалы қазбалар кен орнын алғашқы ашушылар» кітабынан алып, біздің сұрағымызға уақтылы жауап ұйымдастырған аталмыш басқарма бастығының міндетін атқарушы А.А.Надырбаев мырзаға алғысымызды айтамыз. Сонымен, Кенбай кен орнын алғашқы ашушылар:
Арысов Рысқали Нәбиұлы
Бабашева Мансия Нұрғалиқызы
Бисекенов Серік Әминұлы
Жоламанов Береген Жексенұлы
Жұмағалиев Құлымжан
Искужиев Базар Аташұлы
Қабышов Патиғолла Зенетұлы
Қалбаев Кенжебек
Куандықов Балтабек Мұханұлы
Қуантаев Нысанбай Есіркепұлы
Маджанов Қуаныш Қабдолұлы
Талаев Жақсылық Өтетілеуұлы
Оразалин Құбай Ахмедиұлы
Өтеғалиев Саламат Өтеғалиұлы
Өтеев Нағанғали
Хайров Ғали Бақытжанұлы
Қазақ — ежелден философ халық. Өткен-кеткенді болжап, бағдарлап, жақсыны да жаманды да саралап баға беріп, байыпты пікір айтып отырған. Ел арасына тараған мына бір тұжырымға назар аударып көріңізші: «Өзің біреуден қалып қойсаң, оған өзіңді ғана кінәла. Біреуді неге озды деп айыптаудың арғы жағында іштарлық тұрады. Іші тардың ісі тар. Ал өзің біреуден озып кетсең, айдарыңнан жел естіріп желпілдеме. Желпілдеуден соң желік келеді, желіктің арты менмендік, мақтаныш. Мақтаншақтықтың марқадам тапқанын көрмеппін». Не деген ұлағатқа толы терең ұғым. Еңбектен бақыт тауып осындай даналық айтатын жасқа келіп, бала-шаға, ағайын-туыс ортасында бақытты өмір сүріп жүрген кайнарлық зейнеткерлер — Құлбаев Ахмет Зейінұлы, Өтеғалиев Думан Әбілхайырұлы сияқты ағалар есімін атап, құрмет көрсетсек, ежелден қанымызға сіңген үлкенге көрсететін ыстык ықылас болары сөзсіз. Кенбайдың келешегі жарқын. Бұл орайдағы негіздер мен себептерді, деректер мен дәйектерді сәл кейінге калдырдық. Ендігі әңгіме төркіні заманымыздың жасампаз көрінісіндей болған, қазыналы аймақтағы «Қайнармұнайгаз» өндіру басқармасының тізгінін ұстаған басшылары жөнінде тағы бір ой толғасақ. Талай адамдар қызметтенді бұл өңірде. Басшылыққа келген қай маман болмасын басқару саласына оңтайлы өзгерістерді ала келді. Озық технологиялық әдістерді өндіріске түбегейлі енгізді, мұнайшылардың әлеуметтік өмірлерін жақсарта тұсуді алдарына үлкен мақсат етіп қоя білді. Солардың бірі — Қонысқалиев Ардақ Аманиязұлы. Тюмень индустриялық институтын бітірген жас маман, алғашқы еңбек жолын Кеңқияқ мұнай өндіру басқармасында мұнай өндіруші оператор болып бастаған. Он жылға жуық «Жайықмұнайгаз» басқармасында түрлі басшылық қызметтер атқарған Ардекең 1997 жылы «Қайнармұнайгаз» өндіру басқармасының бастығы болып тағайындалады. Ісін жетік білетін адамға қашан да жол ашық, жаңа жетекші тың жаңалықтарымен көрінері хақ. Ол өзіне тән жауапкершілікті жоғары сезіну, ұстамдылылық пен сабырлылық, кішіпейілділік бүгінгі істі тындырмай ертеңнің еншісіне қалдырмау сияқты қасиеттерді өзінен де өзгеден де талап етті. Қандайма іс болмасын тәуекелге бел байлады. Бірақ сол тәуекелден ұтылған жері болған жоқ. Әр тәуекелі әрдайым жеңіспен аяқталып отырды. А. Қонысқалиев басқарған жылдардағы жылдық жоспардан тыс 5415 тонна қара алтын өндірілді. Осындай басқару баспалдақтарынан өтіп, Қайнармұнайгаз өндіру басқармасын басқарған жылдарының ішінде халқымыздың қазыналы байлығын игеруге мұнайшылардың нысапсыз ынта-жігерін жұмылдыра білген А. Қонысқалиев бұл күндері «Мақатмұнайгаз» өндіру басқармасының бастығы. Адам баласының жастайынан жетсем деп қол созатын ал қызыл желкені болады. Адам сол үшін өмір сүреді. Сол жолда кездескен қиыншылыққа да ауырлыққа да төзеді. Бұл — адамның мақсатты өмірінің шығар бір биігі. Бұл биіктік елге тигізетін көмек салмағын сезінумен өлшенеді десек, А. Қонысқалиев өз өмірінің мән-мағынасын өз ісінен көріп, қанағат алып жүрген жан. 2000 жылы кәсіпорын басшылығына М. Өмірзақ келді. Әлі 25-ке де толып үлгермеген жас инженер қос өзен арасындағы «Жайықмұнайгаз» басқармасында қатардағы оператордан бастап барлык еңбек сатыларынан өтті. №2 Қамысты цехында аға инженер, цех бастығының орынбасары қызметтерін атқарып, осы мұнай алаңында жоғарғы технологияны дамыту, өнім көлемін арттыру, кен қабаттарына су айдау, мұнайшылардың әлеуметтік жағдайын жақсарту бағытында іскерлік танытып, қыруар істер атқарды. Акционерлік қоғамда бөлім бастығы, Орталық ғылыми-зерттеу лабораториясында бас инженер қызметтерін атқарған М.Лұқпанұлы 2001 жылы «ҚазақойлЕмбі» ашық акционерлік коғамының президенті болып тағайындалды. Бір ғасырлық тарихында мемлекет казынасына 130 млн. тонна мұнай құйған бұл акционерлік қоғамға басшы болу, оның өндірісті әбден меңгерген білікті маман екенін айқындаса керек. М.Өмірзақ Қайнарды басқарған жылдары өндірісті қуаттандыру бағытында кәсіби шеберлікпен біршама жұмыстар ұйымдастыруға мұрындық болды. Мәселен, бұрын мұнайды сору әдісімен станок-тербелмелер құмды бірге сорып, істен жиі шыға беретін. Сондықган өндіріске жаңа технология енгізу керек болды. 2000шы жылдан бастап «ВРП – 12» қондырғысы қондырылды. Молдабекке осындай 80 қондырғы орнатылды. БұларДЫҢ тиімділігі сол, салмағы да мардымсыз — 570 кг ғана. Ал станок — тербелмелер салмағы 3-4 тоннаға тартады. Электр энергияларына да үнемді. Станок — тербелмелер кВт электр қуатын алса, ВРП 12 4,5 әрі кеткенде кВт тоқ қуатын алады. Экологиялық жағынан да тиімді тұстары көп болды. Бұрын тербелмелердің айналасына мұнай ағып, қоршаған ортаға қауіп төндірсе, енді айнала тап-таза. Аса қауіпті жағдай болады деп алаңдамайсың. Міне, осындай оңды өзгерістер, тек бұл ғана емес Мәкең басшылық жасаған тұстарда көп болды. Бұл да басшының жаңашыл, ізденгіштігін көрсстеді. Өндіріс саласында оңтайлы өзгерістер, кайта құрылымдардың жиі кездесетіндігінің еш таңсыктығы жок. Бұдан кейінгі Қайнар тізгіні белгіді мұнайшы Ғазиз Қаукеновке тапсырылды. Қылтиып шықкан көкке күзде жауған ақ жаңбырдан гөрі көктемде тамған тамшы көп әсер етпеуші ме еді, Ғазекең баскармадағы орнықкан, әбден қаныққан халахуалды сол калпында сақтап, өндіріс деңгейін төмендетпеуге бар күш-жігерін салып бақты. Мұнайшылар жігерін жанып, келелі іске жетелей білді. Басшы үшін өндірісті дамыту бар да, халықтың қамын ойлау тағы да бар. Оның бірі ақсаса, іс оңғарылмайды. Ал тең алып жүру екінің бірінің қолынан келе бермейді.
Қазір Ғ. Мұхтарұлы «Жайықмұнайгаз» өндіру басқармасының бастығы. Өндіріс керуені осылайша ілгері жылжуда. Бұл — өмір заңы, тіршілік кағидасы. Тұнығы тереңде жатқан Кенбай мұнайының етек-жеңі әлі де жинақталған жоқ. Ол — келешектің ісі. Ең бастысы «қара алтынды» дарияның ағысының бар екеніне ешкім де күмән келтіре алмайды. Бұл тұрғыдағы әңгімемізді соңғы нүктеге таялар тұста жалғастырайық. «Қазақтың түп тамыры ауылда» — деген сөз бар халық арасында. Төрт-түлік малды мыңғыртқан, мамыражай момақан ауыл келбетін еске алғанда елжіремейтін жан, кемде-кем шығар, сірә. Өз күндерін өздері көріп қоңырқай тіршіліктерін сеулелендіруге ұмтылған ауылдық жерге, соның ішінде ауыл шаруашылық саласында 1995—96 жылдар күрделі реформалар жасау кезеңі болды. Кеңшарлар жабылып, кенттер меншіктің алуан түрлеріне ауыса бастады. Баяғыда әр отбасынан мал жиналып, колхоз құрылып, ортақ мүддеге жаратылғаны білгілі. Енді бірнеше жылдардан соң сол үлес әркімнің еңбегіне қарай қайтадан бөлініп бере бастады. Жер де қожалықтардың иелігіне көшті. Осындай тарату науқанының көктем мезгіліне тұспатұс келуі адамдардың өздеріне берілген малдарын аман сақтап қалуларына үлкен қиындықтар әкелді. Мал шығынының көп болуы қиындық үстіне қиындық жамады. Пәленбай жыл пайдаланып, жөндеуден өтпеген техниканы пайдалану мүмкіндігі мүлде аз болды. Қаймағы бұзылмай сүттей ұйыған ауыл тоқырауға тап болып, негізгі талшығы болған малдарын онды-сол сатып, қолдағы бар арық-тұрақтарынан айырыла бастады. Дәл осындай қиыншылық Қызылқоға ауданының да басынан өтті. Қызылқоға ауданы туралы сөз қозғамастан бұрын оның тарихына тоқтала кеткенді жөн көрдік. Бұл аудан 1920 жылдың қазан айында қарамағында 34 болысы бар Гурьев уезі Орал облысының құрамында шаңырақ көтерген. Осы 34 болыс ішінде қазіргі аудан көлемінің негізінен құралған Қызылқоға Қарасемсер облыстары да болды. 1923 жылдың шілдесінде Қазақ АССР атқару комитетінің шешімімен Тайсойған облысы Ақтөбе облысы Темір уезі қарамағынан алынып, Гурьев уезіне қосылды, ал бұл облыс 1924 жылы қаңтарда Қызылқоға облысымен біріктірілді. 1928 жылғы қыркүйекте Бүкілодақтық Орталык атқару комитетінің Қаулысымен Гурьев уезі округ болып қайта құрылды. Оның құрамына кірген алты ауданның бірі — Қызылқоға ауданы болатын. Ауданды құру туралы шешім 1928 -ші жылы 27 наурызда қабылданды. Қызылқоға ауданына Қызылқоға, Саркөл облыстары, бұрынғы Гурьев уезінен, Қаракөл облысы Орал облысының Жымпиты уезінен қосылды. Аудан орталығы болып Қызылқоға елді-мекені белгіленді. Ауданның негізгі экономикалық күші ауыл шаруашылығы болатын. 1928 жылы тамызда Қазақстан Орталық атқару комитеті мен Халық Комиссарлар Советінің декретіне сәйкес ірі байларды конфескелеу жөнінде аудандық комиссия құрылды. Конфескеленген мал-мүлік «Қосши» қоғамына берілді. 1928 жылдың аяғында 663 мүшесі бар мал шаруашылық бағымында алты колхоз ұйымдастырылды. 1930 жылы ауданда 4250 жеке шаруашылық немесе барлық отбасының 54 пайызы қарапайым мал шаруашылық серіктестіктеріне топтастырылды. Бұл жылдары ауданда 8013 отбасы, ол 34 ауылдық Советтер құрамына кірді. 1930 жылғы қыркүйекте Қызылқоға ауданы Доссор ауданына қосылды. Аудан екінші рет Ұлы Отан соғысы жылдарында Қазақ ССР Жоғары Советінің 1944 жылғы 11 мамыр күнгі қаулысы негізінде құрылып, ауданның қарамағына бұрынғы Гурьев облысының Амангелді, Молотов атындағы колхоздары, Қызылкоға, Социал, Коммуна, Тайсойған, Алғабас колхоздары, Былқылдақты, Гурьев совхоздары, Мұқыр ауылдық советтері, Батыс Қазақстан облысының Мәдениет, Молотов, Сталин атындағы колхоздары енді. Миялы ауыл советінің 2488,4 мың гектар жері бекітіліп берілді. 1961 жылдан бастап колхоздар совхоздарға айналдырылды. Махамбет ауданындагы Заурал совхозынан бөлінген Энгельс атындагы совхоз ауданның қарауына берілді. Қызылқоға ауданы бірнеше рет Одақтык, республикалық жарыстардың жеңімпазы болып ауыспалы қызыл туларды жеңіп алды. Ел басына күн туған сонау Ұлы Отан соғысы кезінде қызылқоғалықтар ерлікпен шайқасты. Неміс фашистерінің басқыншылық саясатына қарсы күрескен Кеңес Одағының батыры Муса Баймұханов, үш дәрежелі даңқ ордендерінің иегері Шүкір Еркінов, Берлиндегі ратушаның төбесіне жеңіс туын қадаған командир Кенжебай Мәденов, авиация майоры, ұшқыш Ермұқан Ідірісов, Т 34 танкісінің командирі Орынғали Өтепов, партизаңдар қатарында ерлікпен шайқасқан Әбужан Айтпаев пен Бисен Отарғалиевтар осы Қызылқоға топырағының перзенттері. Осындай ғажайып шежіре — тарихқа толы Қызылқоға ауданы облыс орталығынан 300 шақырым қашықтықта орналасқан шалғай аудан. Қысы боранды, аязды, жазы аптап табиғаты өте қатал. Жол қатынасы нашарлығы, отын, ауыз су мәселесі де кезек күттірген өзекті мәселелердің бірі болды. 33 мыңдай халық мекен етіп, жайыла қонысқа айналдырған бұл аудан — таза қазақы. Аузын ашса көкірегі көрінетін, ұлтымызға ғана төн қонақжайлық, қарапайымдылық бұл ауданда анық сезіліп тұрады. Тұрғылықты халықтың ұйымшылдығы сол бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып қандай қиыншылықтарды болсын иық тірестіре бірлесіп көтеретін жайлары бар. Ел басынан өтіп отырған өтпелі кезенде де Қызылқоғалықтар бір адамдай төзімділік көрсетті. Аудандағы сегіз кеңшардың есебінен 6 өндірістік кооператив, 70-тей шаруа қожалықтары құрылды. Кезіндегі гүрлеп тұрған «Гурьев», «Қызыл ту» шаруашылықтары акционерлік қоғамдарға айналды. Халықтың бастан кешуге мәжбүр болып отырған қайта кұру процесін реттеу үшін аудандық комиссия құрылып, әр шаруашьшықтың есеп-қисап жұмыстарын жүргізді, алажақ-бережақтарын шығара бастады. Мемлекеттік бюджетке бережақтардың есебі бөлек алынып, оған тиесілі техника селолық округі жанынан құрылған шаруашылық құрылымдарына берілді, сөйтіп бюджеттік мекемелерше кызмет көрсете бастады. Осындай тапа-тармағай тұста жай отындай жарқ еткен жақсы жаңалық қызылқоғалықтарды шырт ұйқыдан оятқандай әсер етті. Ауыл халқы бір-бірінен сүйінші сұрасып, қауқылдасып жатты. Көл-көсір куаныш дәнекері Кенбай кен орнының ашылуы еді. Еліміз егемен алып дербес мемлекет аталғаннан кейінгі ашылған бұл кен орны аудан тарихындағы үлкен елеулі оқиғаға айналды. «Кенбайдың ашылуы аудан жұртшылығының тынысын кеңейтіп, иіндерінен ауыр жүкті сылып түскендей болды. Күнделікті тұрмыс тауқыметі, балаусадай өсіп келе жатқан бала-шаға қамы күні ертең қанаттанып жаңа өмірге қадам басқалы отырған жастар болашағының күңгірттігі, жандарын жегідей жеген ауыл халқы бір сілкінді. Сөйтіп, таза ауыл щаруашылықты аудан өнеркәсібі қоса дамитын іргелі аймаққа айналып шыға келді. Іс тетігін басқарған білікті мамандар тұжырымының дәл осылай болып шыққандығы нұр үстіне нұр жаудырды. Бұл тұрғыда сол кездегі облыс әкімі Р. Шырдабаевтың еңбегі орасан зор. Жаңа басқарма құру, оны бірнеше жыл бойы ескерусіз жатқан, әскерилердің пайдалануынан қалған Жамансор елді -мекеніне тұрақтандыру, ешкім күтпеген шешім еді», — деп әңгімесін бастады сол кездегі аудан әкімі М. Бейісқалиев.
Мәке, Кенбайдың ашылуы жұмыспен қамту мәселесін де шеше бастаған шығар? Әрине, жұмысқа орналасу дегеніміз бір отбасының тұрмыс дәрежесінің көтерілгені деген сөз ғой. Осы орайда Қызылқоғалықтар жұмысқа көптеп тартыла бастады. Мұқыр, Сағыз елді мекендерінен, темір жол бойынан көптеген адамдар жұмысқа орналастырылып, напақаларын өз еңбектерімен тапты. Жастарымыз облыс орталығындағы оқу комбинатында білім алып, жаңа кәсіпке мамандандырылды.
Өндірістік кәсіпорынның көмегі әп дегенде байқалды ма?
Өзіңізге белгілі бұрын аудандардың барлығы да дотациялы болды ғой. Сондықтан да өзекті мәселе шаш етектен еді. Біз жоғарыға қарап, күтумен ғана күн кештік. Жоғарыдағылар да аянып қалып жатпады. Бірақ табиғаты да ерекше, шалғай аудан көмек қорына зәру болғаны жасырын емес-ті. Әсіресе қордаланып қалған мәселелердің бірі қысқы сұйық отынмен қамтамасыз ету жайы еді. Өзіміздің бел баламыздай болған Қайнар мұнай газ өндіру басқармасы бұл жағдайды тез арада қолға алып, елді мекендердегі көптеген от жағу орындарына сұйық отынмен көмектесті. Өндірістің өлшеусіз көмегін біз талай рет көрдік. Табиғат ана жұмыр жердің әр бұрышына алуан түрлі кескін-келбет, әртүрлі ауа райын сыйлаған ғой. Көктемдегі асып-төкпе, ағыл-тегіл су тасқынын айтпаңыз. Қыстағы жол ашу, сол тасқын кезіндегі кәсіпорынның берген көмектері ұшан-теңіз болды. Кенбай кен орнының салтанатты ашылу рәсіміне Елбасының арнайы келіп катысуы бұл кеніштің аса маңыздылығын тағы да айқындай түсті. «Президент келеді дегендегі» халықтың куанышын көрсеңіз. Қазақстандай алып аймақты басқарып отырған мемлекет басшысының сонау батыстағы ақ нүктедей ғана болған Кенбайға мойын бұруы шынымен де мәртебенді биіктетіп, мерейіңді үстем ететін оқиға еді, — дейді М. Бейісқалиев. Ғасырлар бойы ата-бабаларымызға құтты мекен болған жері құт, шөбі шүйгін Қызылқоғаның тіршілік нәрі ауыл шаруашылығы болды да, нарық тұсында Республикадағы артта қалған аудандар қатарынан орын алды. Енді міне, өндірістік аймаққа айналған ауданның бүгінгі көркі көз тартарлық. Күні кеше ғана 60 жылдығын тойлап өткен кұтты мекен адам танымастай өзгерген. Миялы жасарып, жаңарған. Бұрынғы «Үкімет өлтірмейді» деген теріс пікірден арылған, өрісі малға толып, жастар арасынан шыққан кәсіпкерлер саны көбейіп, заманына сай жаңа келбеті қалыптасқан. Береке бастауы болған Қайнармұнайгаз өндіру басқармасының өндірістік даму шекарасын Қызылқоғалықтар әріден болжайды. 1999 жылдың 7-ші қаңтарында «Ембімұнайгаз» ашық акционерлік қоғамына Қызылқоға ауданынан көлемі 9517 шаршы шақырым жер қойнауын пайдалануға лицензия беру туралы Қазақстан Республикасы үкіметінің №14 қаулысы жарық көргені, сол кездегі Үкімет басшысы жерлесіміз Н. Балғымбаевтың осы орайдағы елеулі еңбегін ауыл тұрғындары жыр ғып айтады, сыр ғып шертеді. Уаз, Қондыбай кен орындарының ашылып, май бере бастағандығы Тайсойған өңіріндегі барлау жұмыстарын тікелей басшылыққа алған Н. Балғымбаевтың еңбегі де көңіл көншітеді. Осындай келелі іс Миялыға жақын «Қазанғап» жерінде де жүргізілді, әзірге нәтиже шамалы. Дегенмен, Қазанғапта да, Мәтенқожа басында да бір күндері алып мұнай бұрқағы атқыларына Қызылқоғалықтар әбден сенеді. Ел игілігіне асатын алтын қордың ашылар күні алыс емес деп үміттенеді. Үкілеген үмітке сәттілік тілейміз біз де. Ақылдының зердесі жүрегінің қалауында, туған жерінің тағдыры оның тамырластығында жатады деген рас-ау, сірә. Келер ұрпаққа өзіндік ізгілік іздерін, парасат баспалдақтарын қалаған ауыл азаматтарының бірі ауданды 8 жыл бойы басқарған есімі елге танымал, асыл сөзден түйін түйген Есенгелді Нұршаев. Жасынан мақсат қойып әріден оянған сұңғыла азамат өзі басқарған тұста ауданның бет бедерін, суы мен ауасын, алыстан көз тартатын сағымына дейін жанымен сезінді, жүрегімен түсінді. Жыл деген жылғадан аққан сумен тең. Жылдар берген бай тәжірибе оның өміріне азық болды, шықкан тауын биіктетті. Облыс әкімінің орынбасарлығына дейін көтеріліп, облыс өңірінің әр саласында әртүрлі жауапты қызметтер атқарды. Оның ақыл-кеңесімен сусындап, тәжірибесінен тәлім алған шәкірттерінің мерейлері үстем. Есенгелді ағаның салмақты айтылған сөзі жастарды алға жетелей түсетін үлкен мектеп. Е.Нұршаев ағамыздың ізбасарларының бірі ел сенімін ақтап жүрген азаматтардың қатарында бір кезде сол ауданда әкім болған Әлібек Нәутиев есімі құрметпен аталады. Әңгімені Әлібек Ибатоллаұлы жалғады. «Қызылқоғадай киелі аймақ 1997—2003 жылдары басшылық қызметте болып, алты жыл бойы аудан халқымен тонның ішкі бауындай біте қайнасып кеттім. Жұмысқа келген алғашқы жылдар өте ауыр тиді. Аудан бюджетінің 96 пайызы жоғарғы бюджеттен алынатын дотация болды. Аудан көлемінен жиналатын бюджеттің көлемі 4 пайызды ғана кұрады. Әрине теңізге тамшыдай болған бұл көрсеткіш аудан экономикасының дамуына кері әсерін тигізді. Жастар арасындағы жұмыссыздық, ауданда өнеркәсіп орындарының болмауы болжамдалған мәселелерді шешуде үлкен қолбайлау болды. Оның үстіне ауыл шаруашылығындағы өзгерістер аудан тынысына ызғарын тигізбей қоймады. Мал басының төмендеуі, тауарды бартерге жіберу, малдың азаюына әкеп соқты. Нәтижесінде шаруашылықтар тарап, жаңадан құрылған шаруашылық субъектілері төмен пайызбен несие ала алмады, берілген несие пайызы өте жоғары болды. Міне, осындай келеңсіздік етек алып, ел еңсесі түсе бастаған кезде Кенбай кен орны ашылып, ең бірінші аудан экономикасына зор серпіліс берді. Қайнар мұнай-газ өндіру басқармасының аудан бюджетіне беретін салық мөлшері күрт өсіп, бюджет түсімі 75 — 85 пайызға көбейді. Сондай-ақ 1997 жыл ауыл шаруашылығын түбегейлі реформалау бағытында жаңа кұрылымдар, өндірістік кооперативтер, серіктестік және шаруа қожалықтарының қатары көбейіп, орта және шағын бизнесті дамыту жөнінде нақты шаралар алған жыл болды. 2 акционерлік қоғам, 5 өндірістік кооператив, 1 толық серіктестік, 96 шаруа қожалықтары құрылып, жұмыс істей бастады. Алға қойған мақсат өте жоғары болды. Жоғарыда сөз болған қожалықтардан малды өз төл есебінен көбейту арқылы олардан өндірілетін өнімді, әсіресе қаракүл елтірісі мен ет алу көзделді. Енді бір өзекті мәселе — салауатты өмір салтын қалыптастыруда 13 баптан тұратын шаралар жасақтап, барлық жергілікті округ әкімдерімен мекеме, кәсіпорын басшыларына жіберіліп, орындалуы бақыланды. Әсіресе, шағын және орта бизнесті дамытуға ерекше назар аударылды. Аудандық маркетингтік қызмет бөлімі арқылы кәсікерлік субъектілерін жаңа технологиямен қамтамасыз ету мақсатында 12 бизнес-жоспар жасақталып, несие қорларына тапсырылды. Жоспарланып отырған осындай игі істер мен жақсы жетістіктерді жүзеге асыруға талаптанған Қызылқоғалықтарға жаңа басқарма көш бастаған көшбасшыдай болды. Кен орны ашылғанда аудан халқы үлкен үмітпен қарап еді, сол үміт ақталды. Басқарма өзі орналасқан ауданға қашан да оң көзімен қарады. Мысалы, көптен бері жұмыссыз жүрген жастар өз кәсіптерін осы Қайнардан тапты. Мұның озі жұмыссыздық белең алған ел үшін едәуір көмек еді. Бір айтарлығы басқарма басшылығы жұмысқа адамдарды басқа жақтардан емес, осы Қызылқоға ауданынан алуға тырысты. Бұрындары мал шаруашылығымен ғана айналысқан ауданда мұнайшылар жоққа жақын болатын. Енді ауыл жігіттері “Ембімұнайгаз” ашық акционерлік қоғамы жанындағы оқу комбинатына түрлі мұнайшылық мамандықтар бойынша оқуға шақырылып, басқармаға жұмыс жасай бастады. Сөйтіп, малшы ауылдан да мұнайшылар шықты. Өндіріс ұлғайған сайын бұл жанды істің жалғаса беретініне халық өте сенімді болды. Солай болды да. Аудан халқының 51 пайызы жұмыспен камтылды. Бүгінгі Қызылқоға күннен-күнге өркендеу, даму үстінде. Жаңалыкқа жандары жақын аудан халқының несібесіне Тайсойған өңірі көлеміндегі қазба байлықтар игерілсе, нұр үстіне нұр болар еді. Биыл Ресей мен Қазақстан арасындағы Қызылқоға ауданындағы полигон жерін жалға беру туралы келісім шарттың уақыты бітуге тиісті. Демек тағы бір ұлан-ғайыр қуаныш алда деп есептеймін. «Күннен күнге биіктеген айбары, Жарқырай бер Қызылқоға «қайнары» деп өлеңдеткен, ежелден қойнауы кұт, жері шүйгін адамдары жомарт та еңбекқор Қызылқоғаның болашағы жарқын да келбетті» деп Ә. Нәутиев толғанысқа толы көзқарасын осылайша бөлісті.
ІІ ТАРАУ
ІСКЕРЛІК ИІРІМДЕРІ
БІРІНШІ СҰХБАТ
«Мекеніміз тау мен тас, құм да, шөл де,
Табамыз деп қалай да су ма, кен бе.
Кең Отанның көсілген кеудесінен,
Мол казына іздейміз, туған елге».
М. Мақатаев Адамдардың тегеуірінді күшімен тұнба қабаттары ашылып, халық игілігіне жарап жатты. Осыдан бір ғасырдан астам уақыт бұрын Қарашүңгілден бастау алған алтын дарияның арналы ағысы бәсеңсіместен, сол қалпында келеді. Кемшілік кеткен жері жоқ, өмір өзені, ендіріс керуені алға жылжыған бәз-баяғы ырғақты күйінде. Бұрындары көшпенді атанып, ғасырлар бойы мыңғыртып мал баққан қазақ «мұнай», «мұнайшы» деген сөздерге жатсына қарайтын.
Ал бүгін ше?!
Бүгін мұнай алып өндірістік индустрияға айналды. Ел экономикасының қарышты дамуына, халықтың әлеуметтік тұрмыс жағдайының жақсаруына қызмет ете бастады. Мұнай өнеркәсібінің дамуы төрткүл дүниенің назарын өзіне аударып отыр. Солардың бел ортасында Қазақстандай тәуелсіз мемлекетіміздің көк байрағы желбірейді...
Ал, мұнайшы дегенде ше?!
Ұзыннан шұбақ созылып жатқан боз дала. Жүгірген аңы да, ұшқан құсы да жоқ, меңіреу тыныштық. Тіршілік қимылы сезілмейтін сол далаға жан бітті. Алып мұнаралар тұрғызылып, адам бейнелері қыландап, Жер ананы ұйқысынан оятқандай ауыр техникалар айналаны азан-қазан шуға бөледі. Міне, бұлар — бұрғышылар, барлаушылар, жалпылама айтқанда, мұнайшылар. Олар туған жер тарихында халқымыз ешқашан да естен шығармайтын ұлы істер жасады. Сол ұлы іс үрдісі күні бүгінге дейін жалғасып келеді. «Күшіңе сенбе, адал ісіңе сен», деп М.Әуезов айтқандай, мұнай өндірісінің алғашқы тұсауын кескен, аға буынның іздерін өшірмей, кейінгілерге мирас етіп қалдыруды әр мұнайшы өзіне парыз санады. Ал, қарыз бен парыз ананың ақ сүті мен туған топырақтың киесі алдында өтелуге міндетті. Осы бір ұлағатты адал ақтап, қисапсыз ынта-жігермен екпінді еңбек етіп жүрген азаматтарымыз еліміздің мақтанышы, марқайтып көз тойдырар қуанышы. Солардың арасында жерлесіміз, айбынды да абыройлы Н.Балғынбаев есімі — шоқтығы биік, тұғырлы тұлға. Атырау қаласында дүниеге келіп, түлеп ұшқан төл перзент ес жиғалы әкесінен, айналасындағы аға-бауыр, ағайын туысқандарынан естігені тек қана мұнай төңірегіндегі әңгімелер болғасын ба, көп ойланбастан мұнайшы мамандығын таңдады. 1973 жылы Қазақ политехникалық институтын бітіріп, Тау-кен инженері деген диплом алды. Алғашқы еңбек жолын қатардағы бұрғышылықтан бастаған ол, әулиелі Маңғыстаудың мол қазынасын игеріп, халықтың кәдесіне жарату жолында еңбек етті. Қос өзен аралығындағы Жайық мұнай-газ өндіру басқармасыңда жұмыс жасап, бас инженерлік қызметке дейін көтерілді. Кезінде жұмыстас болған Жайықтық әріптестері Нұрлан Өтепұлы есімін әрқашан құрметтеп, ыстық ілтипатпен еске алады.
Бұдан кейінгі еңбек жолы «Ақтөбемұнай» өндірістік бірлестігінде жалғасты. Мәскеу қаласындағы СССР Мұнай және газ өнеркәсібі бас басқармасында жұмыс жасаған кездерінің өзі бір төбе. Қай жерде болмасын біліктілігімен, алғырлығымен көзге түскен маманның бұдан әрі біртіндеп даму, өрлеу жылдары қалыптасты. 1992-94 жылдары АҚШ-тағы Массачусетс университетінде және Сан — Рамон қаласындағы «Шеврон» компаниясында білімін жетілдіреді. Сөйтіп ол туған жерге әртүрлі жұмыс тәсілдерін зерделеген ірі маман ретінде оралды. Жай оралмады мұнай өндірісінің барлық кұпия сырларын терең білетін көрнекті маман ретінде келді. Бұл оның көрген-түйгендерін өз еліне келіп іске асыруды уақыттың өзі қажет етіп тұрған кезі еді. Солай болды да. Н. Балғынбаев 1994 жылдың қазанында ҚР Мұнай және газ өнеркәсібі министрі болып тағайындалды. Тәуелсіз мемлекетіміздің тұңғыш Президентінің бұл шешімі Н. Балғымбаевқа көрсетілген үлкен құрмет, үлкен сенім болатын-ды. Қандай жұмыстан да тайсалмайтын жаңа министр, бұл қызметтің аса жауапты екенін түсінді, түсінді де жаңа іске жаңаша көзқараспен кірісіп кетті. Нарық талаптарын еңді-енді меңгеріп келе жаткдн өндіріс салаларындағы қиыншылықтарды жеңе отырып, сапалы жұмыс нәтижесін алу, шетелдік компаниялармен ынтымақты жұмыс жасауды күн төртібінің ең басына қойды. Өнім өндіру, оны Отан қазынасына құю — мемлекет алдыңдағы міндет. Десек те, жер асты байлығын игеріп, Қазақстандай егемен елді жер-жаһанға танытып жатқан — мұнайшылар еңбегі. Сондықтан әр адам өз еңбегінің жемісін көріп, тарата айтқанда мұнай адам үшін қызмет етуге тиісті.
Бұл — Н. Балғымбаевтың жұмыс барысында ұстанған қағидасы.
Сол себепті де ол еңбекшілердің әлеуметтік қорғалуын, хал-ахуалдарының жақсарып, еңбек етуге кажетті жағдайлар жасалуына үнемі көңіл бөлді, осы мәселелердің толықтай шешілуін өндіріс басшыларынан қатаң талап етті. Қажет жерінде пайымды пікірін айтып, салиқалы ұсыныстарын жасады. Іс тетігін жаңаша меңгерген мұнайшы — министр бойындағы мүмкіншіліктерінің бәрін осы саланың өркендеуіне, егемен елдің жарқын болашағына арнады. Іргесі 1990 жылдары қалана бастаған Қаратон поселкесінің құрылысы мардымсыз жүріп, алаңдатушылық туған сәтте ел ағалары жазған сәлем хат Н.Балғымбаевтың қолына тиді. Қашанда ел жаққа елендеп тұратын атпал азамат атбасын Қаратонға қарай бұрды. Келді де көзбен көрді, барлық сырды ішіне бүкті. Шарасыздық танытқан ел-жұртпен кездесті, уәдесін берді. «Нұрлан айтты, енді орындалар» деп халқы оған сенді. Сенімнің ақталғаны сол Қазақстан картасынан Жаңа Қаратон деген елді мекеннің жаңа атауы орын алды. Батасын берген көпшілік өз ұлдарына ақ жол тілеп кауқылдасты. Осы тұста Қазақстан мұнайының болашағына шет мемлекеттер, шетелдік компаниялар көптеп көңіл бөле бастады. Тәуелсіз мемлекетімізді алға апаратын экономикалық шешуші күш мұнай өндірісі екендігіне ешкім дау айта алмады. Өндірісте кездесіп отырған нарық қиыншылықтары, өндірістің даму процесіндегі жаңалықтар, Қазақстандай үлкен мемлекетке іріленген тұғыры берік мұнай ордасының қажет екендігін көрсетті. Бұл уақыт талабы еді. Сөйтіп 1997 жылы «ҚазаОйл» Ұлттық мұнай компаниясы дүниеге келді. Оның тұңғыш президенті болып Н. Ө. Балғымбаев тағайындалды. Жаңа компанияның алдында тұрған басты мақсат отандық өндірісті дамыту, өнімді әлемдік рынокқа шығарып еліміздің түкпір-түкпірінде бытырап жатқан өндіріс ошақтарын бір жерге тас түйін етіп біріктіру, сөйтіп Қазақстан мұнай өнеркәсібінің өркендеуін толықтай жолға қою. Бұған қоса теңіз қайраңындағы барлау жұмыстарын жүргізу, Қарашығанақ кен орнының жұмыстарын бастау, Теңіз — Новороссиск экспорттық құбыр құрылысын аяқтау сияқты жұмыстар да кезек күтіп тұрды. Жаңа компания құрамына «Ембімұнайгаз», «Теңізмұнайгаз», «Маңғыстаумұнайгаз», «Өзенмұнайгаз», Атырау мұнай өңдеу зауыты сияқты ірі-ірі акционерлік қоғамдар кірді. Осы тұстағы Н. Балғымбаевтың жасаған еңбегі өте көп. Солардың ішінде әбден тозығы жетіп тоқтап қалу қаупі төнген Атырау мұнай өндеу зауытын күрделі жөндеуден өткізу мәселесін көтеріп, оны шешуге тікелей араласқандығы оның көргенділігін, білімдарлығын паш етті. Себебі Одақтарап, өнген өнімді кайда жіберерлерін білмей өндіріс орындары тығырыққа тірелген тұста бұл шешімін күткен өте маңызды іс еді. 1997 жылы Н. Балғымбаев Қазақстан Рсспубликасының Премьер-министрі болып тағайындалды. Өндірісті қамшының сабындай ғып ұстаған нар жігіт бұрын тек бір саланы ғана басқарса, енді Республика өміріне тікелей араласып Алтайдан Атырауға дейін созылып жатқан байтақ Қазақстанның саяси өміріне басшылық жасауға тиісті болды. Бұл қызметте де ол, дербес мемлекетіміздің бейбітшілігі, саяси даму дәрежесінің озықтығы бағытында қомақты-қомақты жұмыстар атқарды. Экологиялық жағынан зардапты аймақта орналасқан Сарықамыс елді мекенін көшірудің каншалықты маңыздылығы сол кезде кеңінен әңгіме болды. Бүгінгі күнгі Атырау қаласында бой көтеріп қаздай тізілген әсем үйлері көз тартатын шағын аудан осы Сарықамыстықтарға арналған. Жайық жағалауындағы денешынықтыру кешені, «Мұнайшы» стадионы, Атырау мұнай өңдеу зауытының мәдениет сарайы, Д. Нүрпейісова атындағы Мұнайшылар мәдениет сарайларын күрделі жөндеуі, осылардың барлығында Нұрлан Өтепұлының қамқор қолынын ыстық табы жатыр. Сұлу Көкше баурайындағы 80 көлдің бірі Зеренді жағасындағы қирап, қажетке жарамай калған ғимаратты жөндеп, талапқа сай қажетті қондырғылармен қамтамасыз етіп, мұнайшылар балалары үшін демалыс орнына айналдырғандығын, кәрі Каспийдің Кендірлі қолтығында екінші «Анталия» атанған сәнді демалыс орнын ашуға мұрындық болғанын біреу білсе, біреуі білмес пе екен, жоқ, меніңше барлығы да халықтың көз алдында, аялы алақандарында. Әлемдік деңгейдегі «ғасыр жобасы» атанған «Шеврон» компаниясының Каспий теңізі қайраңынан мүнай өндіру, Каспий тұрба консорциумы сияқты ірі-ірі кешенді бағдарламаларды іске асыруда да оның өзіндік үлесі бар. Назардан тыс қалған Кентау, Арқалық, Жаңатас, Шахтинск сияқты шағын қалаларға екінші өмір беріп, ондағы тұрғындардың қалыпты өмір сүру деңгейін арттыру бағытында жасаған қыруар істерін қалайша атап өтпеске? Бірін-бірі батыр дескен өсер елдің ұрпағы бөтен елге көз тігіп жақсыларды өзгелердің ішінен емес, өздерінің арасынан іздесе керек-ті. Н. Балғымбаев өмірінің әр қырына зерделеп көз жүгірткен адамның көңілі шуақтанып, «Менің елімнің азаматы» деген мақтаныш сезімі ұялайды. Н. Балғымбаев министр болып тұрған жылдары Қызылқоға ауданындағы Кенбай жерінен мұнай көзі ашылып, ол шетелдікке сатылып, айналасы толған дау-дамайға айналғаны бар-ды. Өз жерінің байлығы өзіне бұйырмай біреудің қоластына кете салудан асқан сорақылықты көрмеген қайран халық, тығырықтан шығу жолдарын іздеп дал болды. Алладан кейінгі сыйынары да, сүйенері де, Нұрлан екендігін сезінген ел-жұрт тағы да бел баласын көмекке шақырды. Елім деп тұратын еңселі азамат кең кеудесін тағы да туған топыраққа қарай бүрды. Сұрақ: Нұрлан Өтепұлы! Қашан да көңілдің көк дөнені ел жаққа елендеп тұратын туған топырақтың төл перзенті ретінде Кенбай кен орнының отандық кәсіпорынға айналуына бірден-бір себепші болдыңыз. Сол кездегі министрлік көзқараспен, тәжірибелі мұнайшылық көзқараспен «Бидерманн — Интернейшнл» компаниясы арасындағы келісім-шарттың бұзылуына қандай баға бересіз? Жауап: Заманның әр сатысының өзіндік арқалаған жүгі кемшілік-жетістіклері болады. Бұл — заңды құбылыс. 1991 жылы «Интеркаспий» ассоциациясы мен «Бидерманн Интернейшнл» компаниясы арасында «Мұнай» кеңес американ біріккен кәсіпорнын құру жөнінде шарт жасалды да Кенбайдың басыңдағы барлық жұмыс осы кәсіпорын арқылы жүзеге асуға тиісті болды. Бірақ шарт талаптары орындалмай, кен орны төрт жыл бойы ескерусіз калды. Қазақстан жағы шарт талаптарының орындалмауы себепті келісім-шартты бір жақты бұзатынын мәлімдеп Бидерманн мырзаны хабардар етті. Істің бұлай оңғарылуын күтпеген Бидерманн ілкіде шарасыздық танытқанмен, есін тез жинады. Шамасы ақыл қосушылар көбейіп кетті білем, кен орнын өзіне қалдыру үшін әртүрлі айла тәсілдерді ойластыра бастады. Халықаралық сотқа дейін жүгініп, екі арадағы сот процесі Стогкольм қаласында екі жылға уақыт жүргізілді. Шыққан шығын, моральдық нұқсан дей ме, әйтеуір қалай еткенде де қаржылық жағын қомақты алып калуға тырысты. Бұл кезде мен министрлік қызметте болатынмын. Кенбайдай келешегі зор кен орнының халыкқа қызмет етудің орнына бостан-босқа жатқандығы, әрі ел несібесінің шетелдіктерге тәуелді болуы мені қатты аландатты. Жан жақты қарастыра келгенде сырттан көмек күтпей-ақ өз күшімізбен игеруге толық мүмкіндік бар екені анықталды. Сөйтіп біз өз жеріміздің кенішін қайткенде де өзімізге қайтарып алуға күш салдық. Кенбай кен орнындағы көмірсутегі шикізатын өңдіруге «Ембімұнайгаз» ашық акционерлік қоғамына лицензия беру туралы Үкімет шешімі шықты. Құнды кұжат қолға тиісімен шұғыл жұмысқа кірістік. Осы кен орны негізінде Қайнар мұнай-газ өндіру басқармасын кұру жөнінде жарлық шығардық. Сөйтіп Кенбай кен орны өз күшімізбен игеріле бастады. Кеніштің өз қолымызда қалуының көптеген ұтымды жақтары болды. Әсіресе мал шаруашылығымен ғана айналысқан орталықтан шалғайда орналасқан Қызылқоға ауданы түлеп сала берді. Өнеркәсібі қоса дамып аудан экономикасында, әлеуметтік тұрмысында әжептәуір ілгерілеушіліктер бірден назарға ілікті. Үзақ жылдар бойы етек алған жұмыссыздық легі сейілді. «Ештен кеш жақсы» дейді атамыз қазақ, Кештетіп болса да қайта оралған Кенбай кен орнын халық үлкен олжа деп есептеді. Мен де осыған қосыламын. Ал Бидерманн мырзамен арадағы келісім-шарттың бұзылуы кұзырлы орындардың дер кезінде жасаған дұрыс шешімі деп бағаланды. Әр халықтын, маңдайына жазылған тағдыр-таңбасы болады, Сол сияқты Атырау жұртшылығының несібесі мұнайда. Мұнай — олар үшін атадан балаға мирас болып келе жатқан асыл мұра. Ендеше, бабалар аманатын төкпей-шашпай, талан-таражға түсірмей кейінгілер үлесіне қалдыру бәріміз үшін азаматтық міндет. Сұрақ: Өзіңіз Үкімет басында жүргендегі тағы бір ірі бастама Тайсойған аймағынан мұнай көзінің табылғандығы болатын. Осы тұрғыда ой бөліссек. Жауап: Тайсойғанды Ембінің болашағы десек, артық айтқандық емес. «Қайнармұнайгаз» мұнай-газ өндіру басқармасының құрылуы көп жағдайдың басын шешсе, оны әрі қарай дамытудың бірден-бір жолы Тайсойған өңірінде геофизикалық зерттеу жұмыстарын жүргізу болатын. Деректерге жүгінсек, бұл алқаптың сейсмикалық барлау жұмыстары әріректе, 1930 жылдары басталыпты. Алайда отаршылдық саясат өз дегенін жасады емес пе? Тәуелсіздік алғаннан кейін ғана өзіміздікін түгелдейтін бастайтын халге жеттік. Сөйтіп 1999 жылдың 7 -ші қаңтарында «Ембімұнайгаз» ашық акционерлік қоғамына Қызылқоға ауданынан көлемі 9517 шаршы шақырым жер қойнауын пайдалануға лицензия беру туралы ҚР Үкіметінің №14 қаулысы жарық көрді. Сол жылдың 2 ші қаңтарында Қондыбай, Уаз кен орындарында қазылатын ұңғылардың орны анықталып, қазықтары қағылды да, барлауға байланысты дайындық жұмыстары қызу жүріп кетті. Нәтиже көп күттірмеді. Бұрғыланған үш құрылымның ішінде Қондыбай, Уаз мұнай аландарынан алғашқы мұнай бұркағы атқылады. Бұл жердің мұнайының сапасы өте жоғары, майлы, Доссор, Мақат көмірсутегі топтарына ұқсас. Өзіңіз білесіз, Тайсойған 50 жылдан астам уақыт Ресейдің қоластында болып, әскери сынақ аймағына айналды. Қазір сол келісім-шартгың бітпеуі себепті жұмыс легі тоқтатылған. Шарт биыл бітіп, Тайсойған өз еншісін өзі алады деп отырмыз. Кенбай кеніші сияқты Тайсойғанның да қайта оралып, халқы қызмет ететін уақыты қашық емес.
Сұрақ: Кәнігі мұнайшы ретінде өндіріске байланысты Сізді не толғандырады? Жауап: Бұл өмірде ештеңе де мөңгілік емес. Ұлы Абайдың «Әр нәрсенің өзіндік өлшемі бар» деген ұлағатты сөздерінің астарында үлкен мән жатыр. Шынымен де бәрі де өлшеулі дүниелер.
Жасыратыны жоқ экономиканы дамытудың қайнар көзі өндіріс.
Ал осы өндірісті өркендету жолында туған табиғатқа қаншама зиян келіп жатыр. Бір кездері адам бойы жусан өсіп, кең даланы жұпар иіске бөлеген боз даланың ақ сортаң сорға айналған жерлері қаншама? Осындай экологиялық өзгерістер сайып келгеңде адам денсаулығына әсерін тигізері сөзсіз. Қарышты дамыған мына заман ағымында өнімді көбірек алу технологиясы жетерлік. Бұл үшін әлемдік дәрежеде пікірлесуге біздің өреміз де білім деңгейіміз де жетеді. Адамзатқа ортақ нәрсе аспан, жер және ауа. Осы үш ендіктегі зиянсыз-зиянды заттардың барлығын адам ағзасы бойына сіңіреді. Сондықтан экологиялық залалсыздандыру жолдарын табу, оны дамыған елдер деңгейіне көтеру бүгінгі күннің өзекті мәселесі ретінде күн тәртібінен түспеуі керек.
Сұрақ: Қайнарлықтарға деген кандай тілегіңіз бар?
Жауан: Кенбай — Мақат, Доссор, Қосшағыл сияқты 90 жыл өмір сүрген қария кеніш емес, бұғанасы бекіп, қабырғасы қатпаған жас кеніш. Жеткен жетістігінен гөрі алар асулары, шығар биіктері көбірек. Сондықтан «Қайнармұнайгаз» өндіру басқармасы ұжымына тың жетістіктер, толағай табыстар тілеймін. Адам өмірге бір-ақ келеді, бір ғана ғүмыр сүреді. Оның өзі қамшының сабындай қысқа, сол себепті де елге бейбітшілік, халық арасында ауызбірлік болса екен деймін. Ақсақалдарымыз аман болсын, жастарымыз саналы, ойлы болсын.
* * * «Өткен күнде белгі бар» деген қазақта қанатты сөз бар. Белгілі қоғам қайраткері Нұрлан Балғынбаевтың өмірі — тереңдей түсетін тұңғиық. Оның әрбір ісінің соңында жас ұрпақ жадында мәңгі қалар терең із жатыр. Ол өзінің білімдар дарындылығымен, нар мінезді қайсарлығымен тәуелсіз еліміздің тұғырының берік болуына өзіндік қолтаңбасын қалдырды. Тәуелсіз мемлекетіміздің туы астында өмірге жаңа ұрпақ келуде. Өскелең жас талап аға ісін жалғастырар жас буын. Етек-жеңі кең келісті келбеті, ақ адал ниеті мен өрлігі қашан да сенім үдесінен шығара білді. Әр минуты есептеулі жауапты қызметтерінің қайсысында жүрсе де кіндік кесіп кір жуған Атырауын естен шығармады. Ел жағдайын өз көзімен көругс әр кез уакыт тапты. Туған алабына деген шексіз сүйіспеншілік оны үнемі алға жетеледі. Баязы заманнан бергі катталып келе жатқан тарих парақтарына Н. Балғымбаев есімі де үлкен харіптермен жазылары хақ. Жомарт жүректі азаматқа мың мәрте алғыс, келер жері кең болсын дейміз біз де.
ЕКІНШІ СҰХБАТ
Келесі әңгіме кейіпкері — Равиль Тәжіғараұлы Шырдабаев. ҚР Парламент мәжілісінің депутаты, белгілі қоғам қайраткері. Сұрақ: — Сіз мұнайлы өлкенің перзентісіз. Кәнігі мұнайшысыз. Басқасын былай қоя тұрғанда, Қазақстан мұнай өнеркәсібінің қарышты дамуына Сіздің қосқан үлесіңіз өте көп. Сондықтан да «Мұнайлы астана» атанып жүрген Атырау мұнай өндірісінің тыныс-тіршілігі сізге бес саусақтай таныс деп ойлаймын. Әсіресе, көпшілік көңілін жүз жылдан астам тарихты қойнауына бүккен Ембі мұнайының болашағы толғандырады. Бұл бағыттағы сіздің пікіріңіз. Жауап: 1997 жылы қараша айында Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевпен бірге АҚШ-тың Вашингтон қаласында Қазақстан мен Американың мемлекетаралық экономикалық қарым-қатынасы жөніндегі комиссияның кезекті отырысына қатысқан болатынбыз. Нұрсұлтан Әбішұлы АҚШ Президентінің орынбасары және Америка жағынан аталған комиссияның төрағасы Альберт Горға мені таныстырған кезінде «Бұл — Равиль Шырдабаев — Атырау облысының әкімі, яғни, Қазақстан мұнайының астанасын басқаратын басшысы», деп алғаш рет айтқан болатын. Қазақстан Президентінің бұл сөзін сол жерде-ақ бірге барған отандық және шетелдік журналистер қағып алып, бар әлемге жариялап жіберді. Сол кезден бастап Атырау өңірі мұнайлы астана деп аталып кетті. Мұнайлы астана деген атақ тектен-текке келмейтіні белгілі. XX ғасырдың басынан бастап аға ұрпақтың өкілдері, біздің аталарымыз бастаған еңбек жолдары бір ғасырдан астам уақыт мұнай өндірісінің негізін қалап, оны заманына сай өркендетіп, халқымызға бірнеше жүздеген миллион тонна қара алтын өндіріп, еліміздің экономикасын, әлеуметтік жағдайын жақсартуға орасан зор үлес қосты. Мұнай өндіру саласында мыңдаған білікті мамандар дайындалды, олар тек қана Қазақстан емес, ТМД және көптеген шетелдерде кәсіби маман ретінде өздерін керсетіп, абыройлы еңбек етіп келеді. 1993 жылдан бастап дүние жүзіне белгілі «Шеврон», «Эксен», «Мобил», «Шелл», «Бритиш петролиум» т.б. мұнай компанияларының Батыс Қазақстан өңіріңде және Солтүстік Каспийдің жағалауында еңбек етуіне біздің мемлектіміздің саяси тұрақтьшығы, заңдарымыздың халықаралық деңгейдегі талапқа сай екені жөне Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың көрегендік саясатына сенімі молдығына байланысты болды деп есептеймін. Дүние жүзіне белгілі компаниялардың біздің мемлекетімізге келуі мол инвестиция тартуға айтарлықтай ықпал етті. Соның нәтижесінде Қазақстан Орталық Азия және ТМД елдерінің ішінде шетелдік инвестиция тарту жөнінде алда келеді. Оның тек қана мұнай саласы емес, еліміздің экономикалық, әлеуметтік жағдайын жақсартуға түбегейлі әсер еткені анық. Егерде мемлекетімізде мұнай саласында ғасыр бойы жинақталған тәжірибе мен білікті мамандар болмағанда дүние жүзіне белгілі Теңіз, Қарашығанақ, Қашаған, Құрманғазы т. б. мұнай алаңдарын тез арада игеру мүмкін емес еді. Бұл ойымды қорыта айтсам, мұнай атасы және қарашаңырағы — Доссор-Ембі мұнайшыларының салып кеткен еңбек жолы жалғасын табуда. Еңді сіздің Ембі мұнайының болашағына қатысты сұрағыңызға жауап берейін. Сөз жоқ, Қошқар, Комсомолск, Ескене т.б. сол сияқты көне мұнай алаңдары өзінің мүмкіншілігін сарқа келді. Дегенмен де ол жерлерде көптеген тұрғындар бар. Менің есебім бойынша, қазір сол елді мекендерде 3 мың жарымнан астам халық тұрады. Соның тек 17 пайызы ғана мұнай саласында еңбек етеді. Қалғандары — зейнеткерлікке шыққан мұнайшьшар, олардың отбасылары, мемлекеттік қьізметте жүрген азаматгар мен азаматшалар. Қазіргі ұстанып отырған бағыт — бұл елді мекендерді сақтап, сол жердегі мұнайшыларды өзге мұнай алаңдарына вахталық әдіс бойынша қызметке орналастыру. Содан соң мамандар дайындап, жаңа кен орнын игеруге пайдалану керек. Ал сол жердегі жалпы тұрғындарды бірте-бірте Атырау немесе Доссор сияқты тағы баска ірі мекендерде тұрғын үй құрылысын дамыту арқылы көшіру қажет. Екіншіден, ескі мұнай аландарына тағы да геофизикалық жетік зерттеулер жүргізіп, егерде сол жердің қойнауында әлі де игерілмеген мұнай корлары болса, оны өндіруді озық технологиямен жалғастыру керек деп есептеймін. Себебі жаңа мұнай алаңдары дамып келе жатқан жерлерге қарағанда аталған мекендерде мамандар артта қалып қоймасын деген оймен қазір бағдарлама жасап, оны жүзеге асыру қажет деп есептеймін. Мен осыны Парламент депутаты ретінде Үкіметтің және тиісті министрліктің алдына қоямын деген мақсат ұстанып отырмын. Сұрақ: — Әңгіме арнасын бүгінгі сұхбатымыздың негізгі арқауы болып отырған Кенбай кен алаңына бұрсақ. Аталмыш кен орны дүниеге келер тұста Сіз облыс әкімі болатынсыз. Бұл алаңның иелігі шетелдіктердің меншігінде кете жаздағаны жайлы дау дамай да жеткілікті болды ғой. Жауап: — Басқа мұнай алаңдарымен бірге 1980 жылдары Кенбай кен алаңы да ашылған болатын. 1990 жылдардың басында бұл Кенбайды игеру жөнінде әр түрлі компаниялардан ұсыныстар болды. Сол кездегі әкімшілік пен министрліктің келісуімен Бидерманн деген АҚШ-тың азаматы сол кен орнын игеруге қатынасқысы келіп, қажетті құжаттарға қол қойдырып, келісім алған. Бидерманн басқаратын компания өзінің көптеген уәделерін берген. Бірақ мен облысқа әкім болып келгенше ол мәселенің нақты шешімі табылмай, қозғалыс болмаған. 1994 жылы қазан айында Атырауға әкім болып келдім. Сол кезден бастап бұл мәселені көтердім. Себебі ол да ірі мұнай алаңы, оның өте маңызы бар және Қызылқоға ауданының аумағында орналасқан. Ал Қызылқоға бірыңғай ауыл шаруашылығымен айналысатын аудан, ендіріс орындары дамымаған. Сондықтан да кен орнын қайтадан қалай да өзіміздің мұнай компаниясының қарамағына алып, игеру қажет болды. Сол кезде Елбасының қолдауын тауып, Үкімет пен мұнай және газ министрлігінің алдына мәселе қойып, нақты ұсыныстар ұсындық. Сол кездегі Ембімұнайгаз компаниясының президенті М.Батырбаевпен бірге күш салып, Кенбай кен орнын Ембімұнайгаз компаниясына қаратып алдық. Сол жерде мұнай басқармасын құру жөніндегі біздің ұсынысымыз қабылданды. Сөйтіп, «Қайнармұнайгаз» өндіру басқармасы құрылып, оның орталығы етіп бұрынғы әскери мекен болған Жамансор атты жерді бейімдеп, орталығын орналастырдық. Мұнайшылар тек қана мұнай өндірмейді, олардың әлеуметтік жағдайына қатысты мәселелер туындайтыны анық. Олардың балаларын оқыту қажет, тамақтандыру керек, көптеген коммуналдық шаруашылық қызметтері бар. Осыған байланысты сан салалы жұмыс орындары ашылды. Сұрақ: — Сөйтіп, отандық кәсіпорын «Қайнармұнайгаз» басқармасы құрылды. Бұл төл тіршілігі мал шаруашылығы болып келген Қызылқоға ауданы үшін қараңғыда шам жаққандай болды емес пе? Егер бұл іс қолға алынбағанда ауданның хал-ахуалы қандай болар еді? Жауап: — Егер де сол «Қайнармұнайгаз» өндіру басқармасы құрылмағанда ол ауданның қазіргі талапқа сай аудан болып қалуы екіталай. Себебі сол жерде жүздеген жастар өндіріске тартылмаса, аудан өзін-өзі қаражатпен қамтамасыз етпесе, көптеген мемлекеттік ұйымдарды сақтап қалу мүмкін емес еді. Зейнетақы төлеу қажет, мектеп, аурухана сияқты әлеуметтік саланы ұстап тұру қиындап, оны облыстық бюджеттен қаржыландыру мүмкін болай калатын еді. Отандық жаңа кен орнының ашылуы сол ауданның тағдырын шешкен бірден-бір шешім болды деп есептеймін. Сұарақ: — Ұшқыр заманның бүгінгідей күн сайын емес, сағат сайын өзгеріске ұшырап отырған тұсында қай іске болмасын болжам жасап, екіұдай пікір айту оңай емес екенін түсінемін. Дегенмен, Ембінің екінші тынысы деп есептелген Тайсойған аймағында осыдан бірнеше жыл бұрын мұнай көзі табылып, мұнайшылар мәре-сәре болған-ды. Өкінішке орай басталған іс аяқсыз қалды. Бұл жөнінде ел ішінде алып-қашпа әңгімелер ғана. Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, тәжірибелі мұнайшы ретіндегі сіздің көзқарасыңыз. Жауап: — Бұл дер кезінде қойылған маңызды сұрақ. Тайсойған сынақ аймағының тарихы тереңде жатыр. Кеңес үкіметі кезінде сынақ жүргізілді. Кеңес одағы тараған соң, тәуелсіздік алғаннан кейін еліміз Тайсойғанда барлау жұмысын жүргізуге мүмкіндік алды. Соның арқасында 6 млн тоннаға жуык мұнай қоры бар екені байкалды. Және де бұрғылау жұмысын жалғастырса, оның келешегі зор екенін сездік. Дегенмен Тайсойған сынак аймағын пайдалану туралы 2000 жылғы Қазақстан мен Ресейдің үкіметаралык келісіміне сәйкес ол жер көрші мемлекетке 5 жылға жалға берілді. 2005 жылы аталған келісімнің мерзімі бітуі тиіс. Соған байланысты жуырда мен ҚР Премьер-министрі Даниал Ахметовке депутаттық сауал жолдап, Тайсойғанда сынақ жүргізуді тоқтату туралы мәселе қойдым. Сынақ тоқтатылған жағдайда бірнеше мәселенің шешілетіні анық. Атап айтқанда, мұнай кен орны игерілетін болса, экономикалық-әлеуметтік, қауіпсіздік және экология мәселелері шешімін табар еді. Премьер-министрдің тапсырмасына сәйкес қазір екі елдің Қорғаныс министрлігі арасында келіссөздер жүріп жатыр. Сұрақ: — Өзіңізбен үзеңгілес жүрген, ел ертеңіне елеулі үлестерін қосқан әріптестер, ізбасарлар хақында бірер сөз. Жауап: — Қазіргі замандағы мұнай саласын дамытудағы адамдардың еңбегін бір ауыз сөзбен жеткізу қиын. Мұнай өндірісін дамытудағы аға ұрпақгың жолын жалғастырған замандастарымды мақтаныш етемін. Тәуелсіздік алған кезімізден бастап осы күнге дейін Елбасы Н.Назарбаевтың басшылығымен және әр жылдары Үкімет пен мұнайлы өңірдегі облыстарды басқарған, сондай-ақ Мұнай және газ министрлігіне, мұнай компанияларына жетекшілік жасаған азаматтардың еңбегі өте зор. Әсіресе, көп жылдар бойы М.Батырбаевпен оның «Өзенмұнайгаз», «Теңізмұнайгаз», «Ембімұнайгаз» және «Қазақойл» компанияларын басқарған кезінде қызметтес болдым. Мен оны өте іскер, адамгершілігі мол, халқына аянбай еңбек етіп жүрген азамат ретінде бағалаймын. Ол қазір «ҚазМұнайГаз» Ұлттық мұнай компаниясында тете-президент болып қызмет жасайды. Қазақстан мұнай өнеркәсібінің дамуына қомакты үлес қосып жүрген, білікті маман қашан да ізденуден танған емес. Сұрақ: Сіз, өндірісте де, саясатта да алдыңғы қатарлы еңбек үлгісін көрсеткен адамсыз. Сіздің өмір мектебіңізден өткен сан мындаған шәкірттеріңіз өзіңізді үлкен құрмет тұтады. Әрбір сөзіңізді, әрбір қимыл іс-әрекетіңізді дәріптеп, мақтан етеді. Солардың қатарында Сіздің тәрбиеңізден өткен өзім де бармын. Жылдармен таласа жинақтала түскен өмірлік тәжірибеңіз әлі де ұрпақ кәдесіне асатын құнды дүние деп білемін. Орайлы сәтте бүгінгі күннің жастарына, жас мұнайшыларға айтарыңыз бар ма? Жауап: — Бірінші айтарым, жастар аға ұрпақтың ғасырлар бойы жинақтаған тәжірибесін жақсы білуі керек. Олжас Сүлейменовтың бір айтқаны бар: «Настоящее будет плоским, без глубиный прошлого и без вершины будушего»,— деген. Егерде жастар аға ұрпақтың қандай асулардан өткенін жетік білсе, қиын мәселелерді қалай шешкенін, сол кездегі қоғамда қандай бағыт ұстанғанын ұғынса, неге ондай шешімге келді және де осындай жетістіктерге қалай қол жеткізілді — соның бәрін зерделей білуі қажет. Екіншіден, кейінгіні білумен қатар қазір халықаралық деңгейде білім алып, озық технологияны игеріп, жылданжылға қарқынды дамып келе жатқан компьютерлік жүйені, әлемдік деңгейдегі қаражат, немесе менеджмент, маркетинг т.б. салаларды жетік біліп, шет тілдерін толық меңгеріп, еліміз үшін қызмет аткаруы қажет. Ол үшін елімізде жоғарғы және орта буын мамандарын дайындайтын жоғарғы оқу орындарын, кәсіптік-техникалық колледждер мен оку комбинаттарын ашу керек. Осы саланы ең жоғары деңгейге қойғанда біздің өз байлығымызды игеруге мүмкіндігіміз болады. Және де біз өмір бойы тек қана өнім өндіруші мемлекет болмай, шикізатты өндеп, ең қажетті әрі сапалы тауарларды дайындап шығаратын деңгейге жету мақсатын көздегеніміз жөн. Қазір Дүниежүзілік Сауда Ұйымына кірер тұста алдын ала дайындалып, ДСҮға енген кезде өзгелерге жем болмауымызды ойлауымыз керек. Шикізатты өзіміз өндеп, тауарлар шығару үшін көптеген озық технологиялы өндіріс орындарын ашып, ауаға зиынды қалдықтар шығармайтын, экологияны ластамайтын химиялық зауыттарды іске қосқан жөн болар еді. Мұндай өндіріс орындарын ашу мол қаражатты талап етеді. Ол үшін үлкен мемлекеттік бағдарлама болуы керек. Жастар ана тілін, елдің тарихын, ұлттық салт-дәстүрін, халқының өнері мен мәдениетін қадір тұтып, өзінің қалаған мамандығын халықаралык деңгейде меңгерген азамат болуы тиіс. Мен әрдайым еліне деген патриоттық сезімі күшті жас ұрпаққа үлкен сенім артамын. Сұрақ: — Өзіңізге белгілі, өмір дегеніміз өзі қат-қабат шытырман оқиғаларға толы болады ғой. Кейде қиналып отырып та езу тартар сәттер кездеседі. Толағай тіршілік тауқіметінің бірде жаныңды жадыратып, бірде күйзелте күрсіндіретіні де сондықтан шығар. Өткенге көз салып, ерекше есіңізде қалған қимас шақтарды, әрине, Атырау өңіріне байланысты тілге тиек етсеңіз. Жауап: — 1977—87 жылдар аралығында Атырау (Ол кезде Гурьев) қаласын басқардым. Сол кездегі Кеңес одағы мен республиканың басшылары алдына қойылып, бірақ шешімін таппай қалған мәселе болды. Біріншіден, Гурьев Каспий теңізінің тартылған табанына салынған қала. Соған орай жерді 10-20 см қазсаң болды, теңіздің ащы суы шығады. Тал-теректер Жайық өзенінің бойында ғана өседі. Ал өзеннен 40-50 метр алыстаса-ақ ағаштың тамыры ащы суға жетеді де, өліп қалады. Екіншіден, Кеңес кезінде тұрғын үй мемлекеттік стандарттарға сәйкес салынды, одан ауытқуға болмайды. Үй салғанда астына 15 20 метрлік свай қағамыз. Жүз пәтерлік бес қабатты үйді салу үшін 500 свай керек! Дегенмен жерасты суы свайларды жыл сайын үгітіп, жертөлелерді толтырады. Ал жертөледе жылу жүйесінің, ыстық және салқын судың құбырлары болатыны белгілі. Құбырлар да тез шіриді. Құбырларды үйдің жанынан, жердің бетінен салуға стандартқа сәйкес келмейді деп Мәскеу рұқсат етпейді. Сондай-ақ жол салудың да стандарты бар, оған белгілі бір мөлшерде қаржы бөлінеді. Одан артық қаражатты сұрауға тағы болмайды. Біздің жеріміздің өз ерекшелігі бар, бір жері саз болса, келесі аумағы құмайт болып келеді. Тас жолмен үлкен жүк машиналары жүргенде, асты құмайт жерлерді ойып кетеді. Ол жерге ащы су тиген соң бәрі бүлініп, салып тастаған асфальтің үш-төрт айда жарамсыз болып қалады. Осындай қиыншылықтарды ескере келіп, менің сол кезде Атырау қаласын қазіргі орнынан Орал қаласына қарай 30-60 шақырымдай жерге Жайык бойына салып, дамыту туралы ұсынысым болды. Өкінішке орай бұл ұсынысым қолдау таппады. Екіншіден, 1979-80 жылдары Атырау қаласының астындағы ащы суды канализация құбырын салып, дренаждық су ағызу жүйесі арқылы ащы суды 1-2 метрге төмендетіп, суды басқа жаққа ағызып жіберу тәсілін қолдану қажет деген үлкен жоба жасап, ұсыныс жасадық. Сол кездегі Кеңес ақшасының құнымен ол жоба жүз миллиондай сом (рубль) болатын. Ол жоба да тағы іске аспай қалды. Себебі оған қаражат бөлінген жоқ. Егерде қаланы өзгертіп салғанда балшық, батпақ, су кұбырларының тез істен шьнуы сияқты келеңсіздіктер болмас еді. Аталған жобалардың жүзеге аспауынан көптеген қаражат далаға босқа кетіп жатыр. Қалаға байланысты шешілмеген ең көкейкесті мәселелер осы екеуі деп ойлаймын. 1977 жылы қалаға басшы болып келген кезімде Атырауда жылына тек 13 мың шаршы метр тұрғын үй салынатын еді. Біз сол межені сегіз жылдан кейін жылына 120 мың шаршы метрге жеткіздік. Сондай-ақ жылына екі-үш мектепті, екі-үш бала бақшаны пайдалануға беріп отырдық. Сол кезде үй құрылысы комбинаты, есік-терезе жасайтын комбинаттар, бетон шығаратын, кірпіш жасайтын зауыттар іске қосылды. Яғни сол кезде құрылыс индустриясының негізін қаладық десек, артық айтқандық емес. Еуропа мен Азияны қосатын автокөлік көпірі салынды. Сол кезде жоғарғы білім беретін мұнай-газ институтының негізін қаладық. Педагогика институтының базасын ұлғайттық. Ал 1990—99 жылдар аралығында облыс әкімшілігінде қызмет еткен кезімде «Теңіз-Шевройл» бірлескен кәсіпорны, «ҚазақстанКаспийшельф» т.б. көптеген мұнай компаниялары құрылып, жаңа мұнай алаңдары ашылып, «Теңіз-Новороссейск» мұнай құбыры салынды. Нарық экономикасының талабына сай облыста түрлі салада реформалар жүргізілді және экономикалық-әлеуметгік табыстарға қол жеткіздік. Сол кездегі басталған жұмыстар заңды жалғасын тауып, Атырау облысы тәуелсіз мемлекетіміздің нығаюына сүбелі үлесін қосып келеді. Сұрақ: — «Сананы тұрмыс билеген» қазіргідей заманда, оның үстіне аса маңызды қызметіңізге қарамастан уақыт бөліп, әңгімелескеніңізге рахметімді айтамын. Ертеректе бір ақсақал (онда Сіз Жаңаөзен қалалық партия комитетінің бірінші хатшысыз) Сіз туралы «қырғи қабақ, жал мінез, нар тұлғалы» деп тебіреніп еді. Бұл халықтың Сізге берген бағасы деп білемін. Қашан да биіктерден көріне беріңіз. Сізге жарасатыны тек қана — Биіктік. Жауап: — Өзіңізге де рақмет. Мен өз тағдырына риза адамдардың қатарындамын. Өз мамандығым бойынша еліміз егемендік алған тұста халыққа қызмет етуіме мүмкіндік жасаған Елбасына ризамын. Біз ата-бабаларымыздың жолын жалғап, жасымыздан-ақ мұнайшы болуды қаладық. Осы мамандықты тандаған соң, оны жетік меңгеруге күш салдым. Әр адам бір саланың білгір маманы болған жөн. Сонымен бірге, менің тағдырыма саяси жұмыстарға араласуға, жастарды басқаруға, партия, совет жұмысына араласуға, әкімшікте, министрлікте болуға, Парламент депутаты болып сайлануға жазыпты. Батыс Қазақстан аймағы, оның ішінде Атырау өңірі — менің атажұртым. Жерлестеріме және барша Қазақстан тұрғындарына бейбітшілік, амандық және нәтижелі еңбек тілеймін. Басты тілек бас аман болсын. Бір ғасырдан астам уақыт бойы «Мұнайшылар» деген атаққа дақтүсірмей, ата-баба мұрасын одан әрі жалғастырып келе жатқан, көненің көзіндей Ембі мұнайы әлі де халықка қызмет жасай береді. Ал оның қаһарман мұнайшыларының абыройы арта түседі, оған күмән жоқ. Қайнар мұнай — газ өндіру басқармасы жас ұжым. Болашағынан үміт күттіретін үлкен ұжым. Әлі де шындалу, даму үстінде. Қайнарлық мұнайшыларға қажымас қайрат, мол табыс тілеймін.
Төл мерекелеріңіз құтты болсын.
ҮШІНШІ СҰХБАТ
Адамның жеке тұлға ретіндегі қалыптасуы, оның өмірде тәлтіректемей, табанынан тік басып мығым тұра білуі еңбекке байланысты. Ол өзінің өндірістік қимыл харекеттерінде бойына туа дарыған қабілет бейімділіктерін жұмсап, кәдеге жаратады және кәсіби іс -тәжірибелерін пайдаланады. Ежелгі дүниенің кемеңгер ойшылдары Гиппократ пен Аристотельдің өзі, іскерлік пен икемділік кәсіби шеберлікке сәйкес келіп жатса, соның өзін нағыз бақыт деп есептеген. Осындай еңбек бақытын еншілеген адамдардың бірі — М.Батырбаев. Халық арасында «тынымсыз еңбек тарланбозы», «мұнай ісінің білгірі» аталған М. Батырбаев өзінің бар өмірін тек мұнай өндірісі саласына ғана арнап келе жатыр. Білімі мен білігі сай азаматты талай рет партия, совет, әкімшілік қызметтеріне шақырып, тіпті жұмсаған сәттері де болған. Бірақ ол жастайынан мұнай селін телегей-теңіз ағызуды, оны ел игілігіне айналдырып, халық куанышын бөлісуді өзіне мақсат қып қойған-ды. Сол мақсат жетегінде Махаң әлі келе жатыр. Атақ-абыройды да осы жолдан тапты, өндіріске жастайынан келді, сүрінді, жығылды, қателесті, үйренді, өзі де үйретті. Сөйтіп қанаты қатайып, ой өрісі жетіліп, солардын бәрін басынан өткере жүріп кәнігі мұнайшы атаңды. Ару Ақжайық бойын қуалай жүріп ержеткен Махамбет көгілдір арман жетегінде Гурьев политехникалық техникумына түсіп, оны аяқтап, одан әрі Мәскеудегі поли техникалық институтты бітірді. Алғашқы еңбек жолын, жер асты қазынаға, жер үсті әулие-әмбиелерге толы қасиетті Маңғыстау топырағында бастап, Маңғыстау геофизика партиясында жас маманның тұсауы кесіледі. 1966—68 жылдары кәсіпшілік — геофизика партиясының инженері, 1968—78 жылдары Қазақ мұнай жобалау ғылыми-зерттеу институтында мұнай-газ кен орындарын жобалау және талдау лабораториясының меңгерушісі қызметін атқарды. Тапжылмастан жұмыс жасаған он жыл М. Батырбаевқа үлкен мектеп болды. Институт директоры Л. Любенко, бас инженер Ө.Балғымбаев сияқты мұнай саласының ірі мамандары жас жігіттің болашағынан үлкен үміт күтті. Оның бойындағы талабын ұштай білді. Тәжірибелі басшылар өздерінің тәрбиесінен шыққан М.Батырбаевты Маңғыстау облысының «Өзенмұнайгаз» өндіру басқармасына бас геолог етіп жіберді. Тәлімгерлері сенді, ал шәкірті сенім үдесінен шықты. Күн, түн демей еңбек етті. Маңғыстаудың суығына тоңды, ыстығына күйді, бар білімін өндіріс деңгейін арттыруға арнады. Нәтижесі жаман болмады. Бұдан әрі осы басқарманың бас директоры қызметіне жоғарылады. Махаң «Өзенмұнайгаз» басқармасын басқарған қарбаласқа толы он жылдың қалай өткенін білмей қалғандай, бірақ ізсіз емес, ол атқарған істер өмір өткелінде ақтаңдақ болып аңқып-ақ жатыр. Күркіреген дауыл мінезі жоқ, қашан да сабырлылыкқа, ақылға бой алдыратын ол, қандай жағдайда болмасын тығырықтан жол тапты, іс тетігін меңгерген мамандарды жанына жинай білді. Ғылыми жұмыстарды, жер асты жұмыстарын бес саусақтай білетіндігі сондайлық, «енді не істер екенбіз» деп қиналған тұста М.Батырбаевтың бір ауыз ақылы іс тегершігін ағытып-ақ жіберетін» — деп еске алады әріптестері. Өзен кен орнында бұрындары болып көрмеген, қабатқа ыстык су айдау, ыстық суды үлкен және кіші кысыммен іріктеп талкылап айдау сияқты жаңа тәсілдерді әкелген де Махаң. Бұл дүниежүзілік тәжірибеде тұңғыш рет Өзен кен орнында жүргізілген әдіс еді. 1991—92 жылдары «Маңғыстаумұнай» өндірістік бірлестігінде өндіріс-техника бөлімінің бастығы, бас инженердің орынбасары қызметтерін атқарады. 1992 жыл Атырау аймағы үшін аса маңызды кез еді. Ембі мұнайының өсу деңгейін арттыру, жаңа технологияларды енгізуді аса қажет етіп тұрған тұс. Әсіресе Теңіз кен орнының «Теңізшевройл» бірлескен кәсіпорнының еншісіне берілген мезгілі. М. Батырбаев дәл осындай қиы-қыстау шақта «Теңізмұнай» өндірістік бірлестігіне бас директорлық қызметке тағайындалады. Бірлескен кәсіпорынға дейін 3500 мың тонна өнім беріп отырған бірлестік бұл көлемнің 80 пайызынан айырылып қалды. Жігерді жанып, намысты қолдан бермейтін кез енді келді. Тағы да тынымсыз ізденіс, толассыз іс-қимыл, ұйқысызкүлкісіз түндер. Мұнайшылық мамандықтың түпсіз тереңіне бойлап, ұшан-теңіз тәжірибе жинақтаған ембілік мамандар, басшының жанына біріктірілді. «Кісіні танымақ болсаң ісіне қара» деген, жаңа басшының ауқымды аяқ алысы, шұғыл шешім кабылдайтын өжеттігі, басталатын істі алдын-ала сезіп тұратын ыждағаттылығы айналасын тәнті етті. Бұрынғы қазылған аландарды қайта жандандырып, жатық жерден қазу жұмыстары қолға алына бастады. Қисымбай, Аққұдық, Ақінген мұнай кен орындары іске қосылды. Өнімді еңбек келімі жұмысшылардың әлеуметтік жағдайын жақсарту екенін жақсы түсінген басшы, мұнайшылар өміріне де аса ден қойды. Көптеген әлеуметтік маңызды нысандарды іске қосты. «Қамыскөл» шипажайы, Қосшағыл поселкесіндегі 10 коттедж салынып, түгелдей газдандырылды. Бірлестік құрылысшыларының күшімен 2 пәтерлік 20 үй салынды. 1994 жылы «Мұнайгаз» мемлекеттік холдинг компаниясының бірінші тете-президенті қызметіне ауысып, сол жылдың қазанында Кәрі Ембінің қара шаңырағы «Ембімұнайгаз» акционерлік қоғамының президенті қызметіне тағайындалады. «Берекені көктен тілеме, еткен еңбектен тіле» деп Абай айтқандай, М.Батырбаев Қазақстан мұнайының негізі қаланған қария Ембінің бас кәсіпорнында, өзіне тән игі қасиеттерімен еңбек көрігін одан әрі кыздыра түсті. Заман ағымына орай өндірісте де, басқа салаларда да онды өзгерістер болып жатуы заңды құбылыс. Өйткені, әр мезгілдің өзіндік жетістігі, озық үлгі-өнегесі бар. 1999 жылы «Ембімұнайгаз» акционерлік қоғамы мен «Теңізмұнайгаз» акционерлік қоғамы біріктіріліп, нәтижесінде өндіріс аукымы іріленген «Қазақойл — Ембі» ашық акционерлік қоғамы дүниеге келді. Қоғам акционерлері, директорлар кеңесі, ұжым мүшелері бір ауыздан Махамбет Демешұлын осы жаңа коғамның Президенті етіп сайлады. Сол кездегі «Қазақойл» Ұлттық мұнай компаниясының президенті Н. Қапаровтың аузынан жаңа акционерлік қоғамға басшы болып сайланған М. Батырбаевтың аты жөнін жариялай бастағанда-ақ ұзақ уақыт басылмай сатырлата қол соққан мұнайшылардың куаныштарына куә болғанымыз бар-ды. «Ембімұнайгаз» ашық акционерлік қоғамын Қазақстан мұнайының бесігі деуге болады. Бүгінгі күнгі республика көлемінде әйгіленген «Маңғыстаумұнайгаз», «Құлсарымұнайгаз», «Ақтөбемұнайгаз» сияқты ірі-ірі кәсіпорындар — Ембінің «шапанынан» шыққандар. Алғашында трест «Ембімұнай», одан кейін «Қазақстан – мұнай» комбинаты, «Ембімұнай» өндірістік бірлестігі болып, бүгінгі күні «Қазақойл – Ембі» деген жаңа атауға ие болып аты өзгерсе де, заты сол қалпында тұрған бұл қасиетті орда талай тарихты ішке бүккен. Мұнайшылық сүрлеуімен жүріп өткен ағаларымыздың жасап кеткен жалынды істері, орындалмаған мақсаттары, жастардың жарқын болашағына жасаған қадамдары — бәрі бәрі осы қабырғада сыр боп тұнып мүлгіп тұрғандай. «Қазақойл — Ембі» әлемдік деңгейдегі кен орындарын игеру әдістерінің жаңа түрлерін пайдаланатын куатты кәсіпорынға айналса деймін. Бізде алынуы қиын мұнай қорларынан мұнай өндіру туралы бағдарлама бар. Оны іске асыру да міндеттеріміздің бірі, деп әріден ой қозғайды ол. Өзі келген алғашқы жылдары ол мұнай беру мүмкіншіліктері аз деп есептелетін ескі кен орындарын қайта жандандыруға баса назар аударды. Мүмкіншіліктерді іздестіріп, қолдағы бар резервтерді қайта қарады. Әсіресе көненің көзіндей болған Доссор мұнай-газ өндіру басқармасының жай-күйі оның үнемі бүйрегінің бір түкпірінде жүретін. Басқармаға қарасты 12 кен орнының ескілігі пайдаланудың соңғы сатысында тұрды. Жолсызда айналандағыларға жол сілтеу, еңсені езетін бойкүйездіктен арылту, басшының ең басты кағидаларының бірі. Осыны түсінген Махаң тектен-тек отырмады. Баска жақтан көмек күтпеді. Кім не айтар екен деп жоғарыға жаутаңдамады. Мамандарды жинады да өлшеп-пішті, сөйтіп бір мәмілеге келді. Бір кездері Балықшы барлау баскармасы тастап кеткен Оңтүстік Таңатар кен орнын игеруге рұқсат алды. Бұл жұмысты тәжірибелі мұнайшы Доссор мұнай-газ өндіру баскармасының бастығы Б. Ахметовке жүктеді. Дәл осы тұста ескі кен орындарын жабу немесе ұзақ мерзімге тоқтатып қою мәселесі көтерілді. Бұл жолы нысанаға іліккендер Мақат ауданындағы Комсомол, Бек беке, Ескене, Қошқар көне кеніштер еді. Тәртіптің аты тәртіп, айтылды орындау міндет. Мұнай беру мөлшері өте төмен Ескене, Комсомол, Тасқұдық, Таңатар кеніштері жабылды. Комсомолдың аландары Алтыкөл, Бекбеке алаңдарына ауыстырылды. Қайткенде халықты жұмыссыз қалдырмау жағы жанын жегідей жеген қоғам басшысы басқарма жанынан жаңа жұмыс орындарын ашуды қолға алды. Тұрмыстық қызмет тігін, шаштараз, аяқ киім жөндейтін орындарды ұйымдастырды. Қаражат бөліп егін егуге жұмылдырды. Әйтеуір қалай еткенде де халықтың тарығып қалмауы үшін жағдай жасады. Доссордың 90 жылдығы аталып өтер кездегі жұмыстарды айтсаңызшы. Сол аудандағы «Мұнайшы» газеті «М.Батырбаев даңқты Доссордың екінші тынысын ашады», «Тойға әзірлік барысын «Қазақойл — Ембі» ашық акционерлік қоғамының президенті нақтылады», «Доссорда революция жүріп жатыр» деп жазды. Осының өзі М. Батырбаевтың абыройының асқақтығын, елім деп соққан жүрегінің жомарттығын көрсетсе керек. Оның бір арманы Қызылқоға ауданындағы Кенбай кен алаңын игеру еді, оған да қол жеткізді. Зулап өткен жылдар соңында көңілің толар еңбегіңнің болғаны қандай бақыт. Ұятты ұран, арды айбын көрген Махамбет Демешұлының есімі Кенбай аты аталғанда қоса айтылады. Оның да өзіндік сыры, өзіндік себебі бар. Талай рет тілге тиек, тақырыпқа арқау болған Кенбай төңірегіндегі әңгіменің соңы Қазақстан пайдасына шешіліп, кен орны «Ембімұнайгаз» ашық акционерлік қоғамының еншісіне тигеннен кейін, бұл жердегі қызу жұмыс екпінді еңбекке ұласты. «Кенбай кен орны дегенде Махамбет Демешұлының шығарға жаны бөлек болды. Үкімет алдында, Елбасы алдында берген уәде ме, әлде күмәнмен қараған шетелдіктердің назары намысын қамшылады ма, өзіне де өзгеге де тыным беру дегенді ұмытып еді» деп сол кездегі тете-президент К. Төреғаливтың да еске алуы тегіннен тегін емес. Ендігі әңгіме осы кен орны туралы. Сұрақ: Кенбай кен орны төңірегінде сөз қозғасақ және «Тайсойған — Кенбайдың заңды жалғасы» деген ұғымға қалай қарайсыз? Жауап: Кезінде Кенбай екінші Теңіз деп бағаланды. Үлкен даудан кейін осы кен орнынан көмірсутегі шикізатын өндіру үшін «Қазақойл – Ембі» ААҚ на ҚР Үкіметінің 1995 жылғы 8 ақпандағы шешімімен лицензия берілді. Бұл фактіні «ірі кен орнын игерудегі елеулі жетістік» деп бағалаған жөн. Кеніштің игерілуіне орай жаңадан Қайнар мұнай-газ өндіру басқармасы құрылды. Мақаттың карамағындағы Береген Жоламанов атындағы кен орны жаңа басқармаға берілді. Сөйтіл оған 300-ден астам адам жұмыскд тартылды. Кенбайдың кен орнының ашылуының аса маңызды бір жағы тоқсаныншы жылдардың басыңда тоқырап кеткен ауылшаруашылық ауданы Қызылқоғаның қайта түлеуіне себепші болды. Кенбай кен орны — Ембідегі ең жас, болашағынан үлкен үміт күттіретін алаң. Сол себепті ол алаңға басынан бастап жаңа техника, технология енгізуді қолға алдык, Жаңа үлгідегі кен орны ету мақсатында барлық ұңғыларға элекгр бұрандалы сорапты енгізуді қолға алып іске асырдық. Бұл кен орны көлемі жағынан мұнай қорының көптігімен ерекшеленеді. Оның алғашқы мұнай беру салтанатына Елбасының арнайы келіп қатысуы мұнайшылар еңбегінің өте жоғары бағалануынан деп түсінемін. Кен орнының Отандық кәсіпорынға айналуына тікелей атсалысқан сол кездегі ҚР Мұнай және газ өнеркәсібінің министрі Н. Балғымбаевтың еңбегі орасан зор. Сондай асыл азаматтардың арқасында Кенбай ашылды, бүгінгі күні 500 мың тонна өнім беріп тұрған кеніш әлі де халыққа қызмет көрсетері анық. Ал Тайсойған — «қақпақты қара алтын» атанған қасиетті жер. Асан қайғы бабамыз осылай атағанда, ол жерде жер асты қазынасының бар екендігіне көзі жеткесін айтса керек. Шынымен де бұл алаң — Кенбайдың занды жалғасы. Өйткені орналасу аумағы да бір ауданға қарайды, аралары да жақын. Тайсойғанға алғашқы қадам жасалып, алғашқы өнім алынды. Ендігі кедергі Ресеймен екі арадағы келісім шарттың біту мерзімін күту. Рас, Уаз бен Қондыбай кен орындарының қор көлемі көп болмауы мүмкін, бірақ қолда бар деректер, Тайсойғанда мұнай алаңдарының біреу-екеу емес, бірнешеу екендігін білдіріп отыр. Демек Тайсойған алаңы бір ғасырлық ғұмыр кешкен Ембі мұнайының жаңа тынысы, өмірінің жалғасы деп айтуға әбден негіз бар. Жалпы мейлі мұнайшы бол, мейлі құрылысшы бол кай жұмыстың болмасын өзіне тән қиыншылығы, қызығы болатыны белгілі. Соның ішінде ен далаға қазық қағып, сол даланың ой-шұқырын, жеті қат жердің асты-үстін зерттеп, табиғат байлығын игеру, сол қазынаның көлемін біліп, болашағына бағдар жасау оңай шаруа емес. Оны бастарынан өткізген, қолдарымен ұстап жан-тәндерімен сезінген мұнайшылар ғана білері хақ. Сондықтан да Қазақстан мұнай өнеркәсібі туралы сөз қозғалғанда, менің көз алдымда үнемі жүздері тотыққан, табиғаттың сан алуан дүлей күштерімен күрескен, бастарында темір қалпақтары бар, білікті де жүректі мұнайшылар бейнесі елестейді. Олардың ерен еңбектерін тілмен айтып жеткізу мүмкін емес. «Мұнайшы» деген сөзге халықтың аса құрметпен қарауы сондықтан болса керек. Биыл, Кенбай кен орнын игеру мақсатында ашылған жас басқарма Қайнар мұнай-газ өндіру басқармасының құрылғанына 10 жыл толып отыр. Бұл аз уақыт па, көп уақыт па оны әркім өзінше өлшеп-пішер. Менің ойымша 10 жыл, ол да тарих, қазақ мұнайының шежіресіне қосылатын үлкен үлес. Артта қалған бұл он жылда атқарылған қаншама жұмыс көлемі, қаншама мамандардың төккен терлері жатыр? Оны кейінгі ұрпақ білуге тиісті. Тарих қиянатты көтермейді. Ендеше, қайнарлықтардың бұл төл мерекелері құтты болсын деймін. Денсаулық мықты болсын!
ТӨРТІНШІ СҰХБАТ
«... Атыраулап ұлдарың атқа мінді, Құмнан сая, шағылдан бақ табылды. Мұң арманың көзіңнен мұнай болып, Жалын болып кеудеңнен ақтарылды».
М. Мақатаев Тер төгумен, қарбалас шақтармен әр істі таразылап пайымдаумен келетін абырой болашақтың несібесінде десек, келер күннің келбетін сәулелендіріп, арыстай ағалар салған сүрлеу-соқпақтардан өтіп, жалынды істерін жалғастырып жүрген азаматтарымыз ортамызда баршылық. Солардың бірі «Ембімұнайгаз» өндірістік филиалының директоры Мақсым Шафихұлы Ізбасов. «Тау басынан басталған бұлақ әдетте кемері кең айбынды асау өзендерге барып жалғасады» деген қашан да сарабдал сабырлы қалпынан танбаған Мақсым Шафихұлы Қазақстан мұнай өнеркәсібінің өркендеуіне өзіндік үлес қосып жүрген белгілі мұнайшы.
Ендігі әңгіме мұнай мен мұнайшы хақында.
Сұрақ: Әдетте мұнайшымен сұхбаттасқанда мұнайшылыққа қалай келдіңіз деген дәстүрлі сұрақ қойылады. Бірінші ата-баба, өскен орта жөнінде ой қозғасақ, ал мамандық мәселесі содан кейінгіге қалдырылса. Жауап: Қарсылығым жоқ. 1954 жылы Қызылқоға ауданындағы Сағыз станциясында дүниеге келіппін. Ата-бабамыздың мекен еткен жері Кеңжылыой топырағы, соның ішінде қазіргі Теңіз кеніші орналасқан жер болса керек. Әкем барлық саналы өмірінде ауыл шаруашылығымен айналысты, Ұлы Отан соғысына қатысты. Атамыз да мал шаруашылығын кәсіп еткен, етікшілік өнері бар адам болыпты. Байдың қыздарына, келіншектерге етік тігіп беретін, елге билік айтқан ауызы дуалы, халық жүгініп келетін би кісі болыпты. Әкем де соның жалғасы десем артық айтқандық емес. Қысылған мен қиналғандар, ақьілкеңеске зәру болғандар әкеме келіп маңдай тірейтін. Колхоз төрағасы, совхоз директоры, ауыл шаруашылық басқармасының бастығы сияқты жауапты қызметтер атқарды. 2000 жылы әкем дүниеден өтті. Өмірінің соңғы сәттеріне дейін дос-жолдасқа адалдық, ағайын-туысқа мейірімділік, мұқтаж адамдарға қамқорлық жасау сияқты қанына сіңген қасиеттерден арылмады. Менің мамандық тандауыма да әкем көп себепкер болды. Мектепті бітіретін жылы «мектепті аяқтайын деп жатырсың, қандай окуға барасың» деп сұрады. Мен баяғы көз ашқалы көргенім мен естігенім бе әйтеуір әке жолын, ата кәсібін қуамын, ауыл шаруашылығы маманы боламын деп тақ еттім. Сонда әкем «облыстың, жалпы республиканың болашағы мұнайда, түбі мұнай экономиканың түп тамырына айналады, мұнайшылыққа барғаның жөн» деп ақыл-кеңесін берді. Болашақты дәл болжаған әкемнің кемеңгерлігіне әлі күнге таң қаламын. Сөйтіп шабаданымды жиып алып сол кездегі Қазақстандағы жалғыз техникалық оку орны Алматыдағы Қазақ политехникалық институтына тартып кеттім. Жолым болып, бәрі оңынан оңғарылып оқуға қабылдандым. 1976 жылы ойдағыдай аяқтап, елге қайта оралдым. Ол кезде жас мамандарға қолдарына дипломдарын алғаннан кейін жұмысқа жолдама беретін. Сол сияқты мені де жолдамамен Қазақ ғылыми-зерттеу және жобалау институтына жіберді. Бірақ көңілі түскір өндіріске тартты да тұрды. Тағы да ақылшы әкеммен кеңестім, ол кісі менің ойымды мақұлдады. Сөйтіп Құлсары мұнай-газ өндіру цехына оператор болып жұмысқа орналасып, мұнайшылық өмірдің алғашқы баспалдағына қадам бастым. Одан әрі өндірістік техника бөлімінде инженер, аға инженер, жер асты жабдықтарын жөндеу цехының бастығы қызметтерінде шыңдалып, мұнай мектебінен алар тағылым аясы кеңи берді. Әсіресе жер асты жабдықтарын жөндеу цехындағы жұмыс өте ауыр болды. Мұнайды бұрқақты әдіспен өндіру ол кезде жоқ. Жер асты жабдықтарының бәрі механикаландырылған, оның үстіне 96 пайызға дейін суланған жерден мұнай алу оңай шаруа емес. Терең насостармен жұмыс жасаудың да өзіндік қиыншылықтары кездесті. Жас маман ретінде кездескен кедергілерді қайткенде жеңіп шығуды өзіме міндет етіп қойдым. Маған сенім артып, осындай жауапты жерге жұмысқа жіберген сол кездегі Құлсары мұнай газ өндіру басқармасының бастығы С. Қ. Дүзбаев болатын. Сенім жүгі өте ауыр жүк, сол сенімнен шығу жолында бар күш жігерімді аямадым. Бұдан кейін Құлсары мұнай газ өндіру цехының бастығы болып тағайындалдым. Ол кезде мұнай газ өндіру цехының бастығы өндірістегі үлкен фигура болатын. Қазірде солай деп есептеймін. Менің кандидатурамды өндірістік бірлестік бастығы қарап, аудандық партия комитетінің бюросы бекітті. Өндірістің қат-қабат жұмыстары мен үшін басқа қырынан басталып кетті. Себебі мұнай-газ өндіру цехы өндірісте іске асырылатын ұйымдастыру техникалық және геологиялық-техникалық шараларды жүргізуде басшылық жасап, барлық қосалқы бөлімшелердің жұмыстарына тікелей араласып отыратын. Құлсары кеніші пайдаланудың соңғы сатысын басынан кешіп, осыған тән қиыншылықтар көп кезең болатын. Бұл жұмыстарды «жұмыла көтерген жүк жеңіл» дегендей абыроймен атқарғанымызға куаныштымыз. 1985 жылы елімізде қайта құру саясаты басталды да, жас мамандарды партия жұмысына тарта бастады. Ол кезде тәртіп солай, партия талабы сөзсіз орындалуға тиісті. Сөйтіп мені Құлсары мұнай-газ өндіру басқармасы партия ұйымының хатшысы етіп сайлады. Құрамында 360-тан астам мүшесі бар үлкен ұйым басқарманың ғана емес, жалпы ауданның қоғамдық өміріне белсене араласты. Теңіз кеніші игеріле бастаған тұста әлемнің түкпір түкпірінен мамандар келе бастады, көршілес Маңғыстауда Өзен оқиғасы болды — осының бәрі Жылыойға да әсерін тигізді. Сондықтан халық арасында түсінік жұмыстарын, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу бірінші кезекте тұрды. Ауданның барлық әлеуметтік-тұрмыстық объектілері су, жылу, канализация тағы сол сияқтылар басқарманың мойнында болды да, мәселенің уақтылы, нәтижелі шешілуін үнемі бақылауға алып отырды. 1989 жылы мені Саясаттану және басқару институтына оқуға жіберді. Сол кездегі өкіметтегі, нарықтағы саясаттарды осы институтта оқып үйрендім. Оны бітірген соң аудандық кеңестің төрағасы, аудандық атқару комитетінің бірінші орынбасары қызметтеріне шақырды. Бірақ өндіріске баруға бел байладым. Сөйтіп, алғашында экономикалық жоспарлау бөлімінің бастығы, кейін басқарманың бас инженері қызметіне тағайындалдым. Бұл Құлсары мұнай-газ өндіру басқармасының кедергілерге толы, өндірістік қиыншылықтары шаш етектен болып тұрған кезі еді. Себебі басқармадағы «Қара арна» кеніші «Казпромстава» кәсіпорнының қарамағына өтті. Сол кеніштің кетуімен басқармадағы өнім деңгейі күрт төмендеді. Себебі ол жылына 180 мың тонна өнім беріп тұрған ірі кеніш болатын. Енді ескі кеніштермен қоса жаңа кеніштерді де игеру қолға алына бастады. Атап айтқанда, қоры аз болашағы шамалы деп біркездері тастап кеткен Ақінген кенішінің консервациялық ұңғымаларын іске қосып, жұмысы қайта басталды. Бүгінгі күні бұл кеніш 140—150 мың тонна мұнай өндіріп тұрған келешегі зор кеніштердің қатарында. Шешімін күткен ірі проблемалары бар Тереңөзек кен орнында да қыруар жұмыстар жасалып, тұрақты деңгейде мұнай бере бастады. Осындай игі жұмыстар негізінде басқарма көздеген меже биігінен көрініп, өнім өндіру жоспары орындала бастады. 1993 жылы «Теңізмұнайгаз» өндірістік бірлестігіне өндірістік-техникалық бөлім бастығы болып жұмысқа ауыстым. Бұл «Теңізшевройл» бірлескен кәсіпорны құрылып, Теңіздің бізден кете бастаған мезгілі. Енді Теңіздің басқа кеніштерімен жұмыс жасауға тура келді. Сол тұстағы келелі жұмыстардың бірі Қисымбай кен орнын игеру болды. Бұл кезде өндірістік бірлестіктің бастығы М. Батырбаев болатын. Сөйтіп 1993 жылдың ақпанында Қисымбайға алғашқы десант болып түсіп, дайындық жұмыстарын жүргіздік те, сәуірде жайғастыру жұмыстары басталып кетті. Сөйтіп бес айдың ішінде кеніш іске қосылды. Бұл дегеніңіз әлемдік рекордпен тең өте үлкен жұмыс еді. Ашылу салтанатына Қазакстан мұнайының абызы атанған Сафи Өтебаев атамыз қатысты. Тәуелсіздік алғаннан кейінгі ашылған кеніштердің бірі Қисымбай осылайша өмірге жолдама алды. Ен далада бораған құмның ортасында 1995 жылы Аққұдық кеніші де іске қосылып, өндіріс ауқымын кеңіте түсті. Бұны да атпал мұнайшы азаматтардың арқасында өте қысқа мерзімде игердік. Бірлестікте жұмыс жасаған 1993—99 жылдар менің есімде әр түрлі қыр-сырларымен қалды. Әсіресе Одақ ыдырап дербестік алғаннан кейінгі алғашқы қиыншылықтарды ұмыту мүмкін емес. Басқаны айтпағанда еңбекақы бере алмадық, бартер деген шықты. Бір куанарлығы мұнайшылар қандай жағдай болса да өздеріне тән қырағылық, кісілік қасиеттерін жоймады. Барлық жағдайға түсіністікпен қарап, уақытша қиыншылыққа төзді болашакқа үлкен үмітпен қарады, жақсылықтар күтті. Одақ ыдырағаннан кейінгі көрген қиыншылықтардың бірі Ресейлік мұнай өндеу зауыттарының бізге өте қатаң талап қоюымен байланысты болды. Әсіресе мұнайды кондицияға жетпесе қабылдамайтындықтарын ескертті. Ал біздің мұнай дайындау, айдау пункттеріміз оған мүлде дайын емес еді. 1995 жылғы жағдайды еске алсам, осы күнге дейін жүрегім сыздайды. Қазандардың барлығы толған мұнай, ал өткізетін жер жок. Қаншама еңбек, каншама байлық ысырап болуы мүмкін. Тіпті, өндірістің тоқтап калу каупі де болды. Бірақ қол қусырып қарап отыруды уақыт көтермеді. Көптеген ғылым зертгеу мекемелерімен кездесіп, іс-тәжірибелерімізді екшелеп химиялық реагенттер іздедік. Әсіресе Прорва мұнайгаз өндіру басқармасындағы жағдай өте киын болды. Прорва мұнайының бір ерекшелігі ол тек бұрқақты әдіспен жұмыс жасады. 40—50 пайыз сулылықпен өнім беріп тұрған ұңғымаларды тоқтататын болсақ, кейін іске қосыла алмай қалады. Досмұхамбет кен орнының мұнайды дайындағанға дейінгі кұрамындағы тұз 130000 мг/л болды. Ал мұнайды өткізу үшін бұл көрсеткіш 100 мг/л дейін төмен түсірілуі тиіс. Бұл қиындықгардан жаңа реагенттер табу арқылы және мұнайды ыстық сумен эжектор арқылы жуу технологиясын және пешпен қыздыру арқасыңда шыға бастадық. 1999 жылы «Теңізмұнайгаз» акционерлік қоғамы мен «Ембімұнайгаз» акционерлік қоғамы біріктіріліп, «Қазақойл — Ембі» ашық акционерлік қоғамы ұйымдастырылды. Бұл жаңа қоғамның президенті болып танымал мұнайшы М. Д. Батырбаев тағайындалды. Мені жаңа құрылған кәсіпорынға жұмысқа шақырды. Мен отбасының жағдайына байланысты алғысымды білдіріп, қалаға ауыса алмайтындығымды айттым. Сонда Махамбет Демешұлы «сенің қабілетіңнің қандай екені, білім дәрежеңнің қаншалықты екені бәрі менің алақанымда. Мен соған ылғи да көңіл бөліп жүремін. Ендеше сен Құлсары мұнай-газ өндіру басқармасына басшы болып бар. Бұл жұмыс әлі де сені ширатады» — деп оң батасын беріп шығарып салды. Сөйтіп бұрынғы «Теңізмұнайгаз» акционерлік қоғамының жұмыс көлемі түгелдей Құлсары мұнай-газ өндіру басқармасына өтті де, басқарма емес, бірлестік көлеміндегі жұмыстарды атқаруды маған жүктеді. Сұрақ: Сіздің Құлсары мұнай-газ өндіру басқармасын басқарған жылдарыңыздағы қыруар еңбегіңізді көпшілік айта жүреді. «Халық айтса қалт айтпайды» дейді ғой, осы тұрғыда әңгімені кеңірек таратсақ. Жауап: «Ойды ой қозғайды» деген, адам үшін өткеннің сүйінішінен гөрі, бүгінгінің куанышы жақынырақ. Халықтың тілегі, олардың берген батасы — мен үшін баға жетпес байлық. Бұл уақыттағы Құлсары халқының арқа сүйейтін кәсіпорны Құлсарымұнайгаз болды. Ел ішін жұмыссыздық жайлаған кез. Ауданда төрт мыңнан астам адам жұмыссыздар қатарына тіркелді. Жас та, кәрі де келіп бізден көмек күтті. Жеке қабылдауға 60—70-тей кісі келген күндер де болған. Беттерін қайтармай, бәріне де қолұшын бергің келеді. «Қысқа жіптің күрмеуге келмейтіні» тәрізді кейде мүмкіндік те болмай қалып жатады. Ондайда өзім кінәлідей қаналып қалатынмын. Тығырықтан жол табудың бір жолы жаңа жұмыс көздерін ашу болды. Осы орайда автоматика цехын аштық, кейін «Ембімұнайавтоматика» кәсіпорны осы цехтың жұмысын негіз қылып пайдаланды. Жаңа Қаратондағы құрылыс жұмыстарының да қызу жүріп жатқан кезі. Осыны пайдаланып, М. Батырбаевқа кұрылыс мекемелерін ашу жөнінде ұсыныс жасадым. Ұсынысым қабылданды да, Жаңа Кдратонға 100 адамдық құрылыс учаскесін құрдық. Екі жыл жарымда 41 үй салдық. Қосшағыл халқы үшін 20 үйдің құрылысын аяқтадық. Құрылыс жұмыстары өте сапалы жүрді. Бұрынғы құрылыс мекемелеріне қойылып жатқан сын-ескертпелер бізге қойылған жоқ. Жем жағасындағы Ақмешіт деген жерден 15 га жерге бау-бақша өнімдерін егіп, оны өсіретін адамды жұмыспен қамтып қосалқы шаруашылық ұйымдастырдық. Аудан халқы дәрумендік тағамдарды емін-еркін, арзан бағамен пайдалануға мүмкіндік алды. Сонымен қатар, өнім бермей тұрған ұңғыларды жою жұмыстарын жүргізіп, ол жерге 50-дей адамды алдық. Медициналық пункттер ашылды, ыңғайлы жатақхана салынды. Жатақхананың талапқа сай, жоғары сапамен салынғандығы сондайлық 3,4 жұлдызды қонақ үйден бірде бір кемдігі жоқ деп баға берді көпшілік. Орталық газеттің бір жауапты қызметкері бұл жерге мұнайшылар жұмыс жасауға емес, демалуға келетін сияқты екен деді. Осындай ірілі-ұсақты жұмыстардан кейін халықтың жұмысқа деген көзқарастары өзгеріп кетті. Тәртіп түзелді, төрбие жұмыстарының, қатаң талаптың арқасында ұйымшыл үлкен ұжым қалыптасты. ЦНИПР мекемесін, жобалау — сметалық топты өз қарауымызға алдық. Бұлардың өндіріске тигізген пайдасы өте зор болды. Прорва, Мақат, Доссор мұнай-газ өндіру басқармаларының және күрделі жөндеу басқармаларына жобалау жұмыстарын өз күштерімізбен жүргіздік. Соңғы жылдары өндірістің 95—98 пайызы жаңартылды. Ескінің бәрі құлатылып, қайтадан құрылды десек артық айтқандық емес. Бұл оңды өзгерістер жұмысшылар психологиясына өте онды әсер етті. Жалпы Құлсары халқы негізінен жақсыға, жаңаға құмар халық. Кішкене ғана жетістік, жақсылық болса қабылдап алуға өте қабілетті. Міне, енді аудан халқы көзге көрінген игі өзгерістерді өз мүдделері үшін пайдалана бастады. Басқармадағы сияқты үйлерін фасадтық бояулармен әктеп, тал отырғызып, үйлерінің айналаларын тазалап өздерінің көз қуаныштарына айналдырды. Тұрғындардың осындай игі бастамаларын, біз бастаған жанды іске көрсетілген қолдау, құрметтеу деп түсіндім. 2000-шы жылы басталып, 2001-ші жылы іске қосылған Мұнайшылар саябағы мұнайшылардың бас біріктіретін қасиетті орнына айналды. Бұрында да мұнайшылар саябағы болған, бірақ келеңсіздіктер салдарынан ол жерлер тұрғын үй тұғырларына айналды. Содан кейін бұрынғы «Теңізмұнайгаз» акционерлік қоғамының қазіргі «Құлсарымұнайгаз» ғимараты алдында осы жұмысты бастап кеткен болатынбыз. Бұл бақтың үлкен тәрбиелілігі, саяси мәні болды. Жылыой ауданындағы Қарашүңгілден бастап 20 кеніштің, 600-дей адамның тарихы, кім алғашқы игерді, алғашқы бұрғышылар кімдер болды бәрі қамтылып, аты-жөндері жазылған тізім ілінді. Ол ашылғандағы үлкен кісілердің қуанышын айтсаңызшы. Кейбір өмірде жоқ ағайындарының аты-жөндерін көріп, үлкен толқу үстінде болды. Саябақ ортасында шаңырақ көтеріп тұрған мұнара макеті орнатылды. Бұл көрініс Қазақстан мұнайының қара шаңырағын, жалпы қазақтың шаңырағын, мұнайшылар биікке көтеріп тұрғандай әсер қалдырды. Алғашқы фонтан жасадық, аттракцион құрдық, дәл Алматыдағы бүкілодақтық «Азия дауысы» фестивалін өткізіп жүргендей сахна алаңын жасадық. Кең Жылой — әулие-әмбиелер мекен еткен қасиетті жер. Пірдің соңы аталған Бекет атаның туған топырағы, кіндік кескен киелі мекені. Сол Атамыздың малы арқар болған. Бұл орайда ата аруағы елге, халыққа пана болсын деп саябақ төріне арқардың символикалық бейнесін қойдық. Қазақстанның даму, өркендеу символикасы барыс бейнесін де орнаттық. Бейбітшілік құсын көтеріп тұрған қыз баланың бейнесі бейбітшілік жаршысындай болып, осы саябақтан орын тепті. Халық дем алатын жер болғасын бильярд, теннис алаңдары, балалар аттракциондарын салу да қалыс қалдырылмады. Міне, осындай әсем безендірілген саябақ, қала халқының бір қастерлі орнына айналды. Жаңа Қаратон кенті көшіп кеткеннен кейін Ескі Қаратон орнына ескерткіш — белгі қойылды. Себебі 1949 жылы Қаратон кенті алғашқы пайдалануға берілді. Халқы көшіп кеткенмен бұл тарихи орын ұрпақтар жадында қалу керек қой. 4000 мыңдай халық мекен еткен кезінде. Тереңөзек кенішінде жатақхана, асхана тұрғыздық, Қосшағылда европалық стандартпен ғимарат құрьшысын жүргіздік. Насос станцияларын салдық. Осының бәрі Құлсарылықтардың несібесі, олардың жарқын келешектерінің көгілдір көкжиегі болды деп есептеймін. Сұрақ: Кенбай кен орны ашылып, кәрі Ембі тағы бір сілкініп жатқан кезде Сіз, «Теңізмұнайгаз» акционерлік қоғамында болдыңыз ғой. Тағы бір еншілес кәсіпорынның дүниеге келуі туралы пікіріңіз. Қайнар мұнай-газ өндіру басқармасының бүгінгі жағдайы туралы. Жауап: Қазақстан егемендік алғаннан кейін де мұнай өнеркесібі өркендеп,өркениетті елдермен қатарласа қарышты дами түсті. Тәуелсіздігіміздің жеңісіндей болып ашылған Солтүстік Қотыртас пен Шығыс Молдабек кен алаңдарын біріктірген Кенбай кен орны кәрі Ембінің қайнар көзі десем артық айтқандық емес. Бұл кеніштердің алғашқы бастауы сол кезіндегі Геология министрлігінің қатынасуымен іздестіру-барлау жұмыстары нетижесінде дүниеге келді. Бұл кеніштің алғашқы мұнайының ашылуына Елбасының келіп қатысуы Қазақстан мұнайшыларының мәртебесін көтеріп тастады. Кенбай кен орны Атырау облысының ішіндегі ең шалғай Қызылқоға ауданының аймағында орналасқан. Егеменді ел болғаннан кейінгі ауыл шаруашылығымен айналысқан аудандардың жағдайы қиын жағдайда болды. Бұл кен орны Қызылқоға өңірін тығырықтан сүйреп шығар күшке айналды. Ауылдың экономикасын жақсартып, халықтың әлеуметтік тұрмысының түзелуіне игі әсерін тигізді. Бұл жерде бүгінгі күні алты жүзден астам адам жұмыс жасайды. Соның көбі Мұқыр, Сағыз, Жамансор елді мекендерінің тұрғындары. Кенбайдың ашылуына мен тікелей араласқан жоқпын. Жалпы шетелдіктердің біздің жеріміздің жер ырыздығын жырмалап кетуге шақ қалғанынан хабардармын. Дегенмен кеніштің өзімізге бұйыруы, өзіміздің игілікке жаратылуы дұрыс шешім болды. Соның ішінде «Ембімұнайгаз» ашық акционерлік қоғамының еншісіне берілуі де көңіл көншітті. Кенбайдың қайта оралуына, халық үшін толықтай жұмыс жасауына көп еңбек сіңірген жерлесіміз Н.Балғымбаев бастаған ел азаматтарының еңбегін ел біледі. Кенбайдың бастапқы мұнай қоры 70—80 млн. тонна деп есептелді. Дей тұрғанмен алынатын қор өзгеріске ұшырады. Бізге келіп түскен соңғы мәлімет бойынша алынатын қор 27 млн. тонна деп көрсетілді. Бұның өзі де үлкен күмән туғызып отыр. Себебі кеніш еншісіндегі 7 объектінің бұған дейінгі өнімі юра қабатынан өндірілген. Бұл қабаттың өнімі салыстырмалы түрде алып қарағанда тәуірлеу. Соңғы 1-2 жылдан бері жоғары 300 метр тереңдіктегі бор жиегіне ауыстық, негізгі бұрғылау жұмыстары қазір осы бор қабатында жүріп жатыр. Шығыс Молдабектің бір ерекшелігі мұнайдың құммен араласып шығатыны. Бұл біздің жұмыс барысымызға көп қиындық келтіруде. Мысалы, Атырау ұңғыларды күрделі жөндеу басқармасы осы ұңғыларды қазумен айналысады. Бір ұңғыны қазуға 15 күн уақыт кететін болса, соны игеру үшін тағы да 10-15 күн тұруға мәжбүр болып отыр. Ұңғыларға жіберілген насостардың терең насос болсын, электрлі насостар болсын қай-кайсысы да бірден құмығып қалады. Сосын 3-4 рет ауыстырылғанға дейін ұңғылар дұрыс жұмыс жасамайды. Бұған қоса ұңғылардың сулану фактісі де артыққа шығып отыр. Бекітілген жобамен салыстырғанда сулану 14 пайызға дейін көтерілді. Демек, мұнаймен бірге ілеспе су көбейіп отыр деген сөз. Бұл бір. Екіншіден, мұнайдың көлемі жаңа бұрғылдаудан шыққан жаңа ұңғымалардың өзінде тәуліктік жобалық өнімді ала алмай отыр. Мысалға бір ұңғыма жоба бойынша 2,9 тонна өнім беру керек болса, бүгінгі таңда 2 тоннаға жетер-жетпес өнім алып отырмыз. Яғни бір ұңғыдан 1 тоннаға жуық шығын бар. Жылына Кенбайда 70-80 ұңғы қазылатын болса, оның әрқайсысынан 1 тоннадан май жоғалтып, оны күнге шаққанда едәуір деңгейде өнім алынбай тұрғаны көрініп тұр. Сулануы, ілеспе құмның шығуы, жобалық өнімнің төмен болуы аяққа тұсау болып отырған бүгінгі күннің басты себептері. Әрине Кенбай кеніші — жас кеніш. Оның төменгі, орта буын мамандарының көпшілігі жан-жақтан жиналған тәжірибелері аз, дені — жастар. Мұның да өзіндік кедергілері бар екендігі шындық. 2004 жылдың қараша айының соңғы күндерінде «Ембімұнайгаз» өндірістік филиалдың директоры болып тағайындалдым. Желтоқсаннан бастап Қайнар бекітілген жоспар көлемін орындай алмай келеді. Бұрынғы басшылар бұл құбылыстың бұрыннан келе жатқан жағдай екендігін қатерге берді. Бірақ басқарманың бүгінгі келбеті өте аландаушылық туғызып отыр. Сондықтан да қол кусырып карап отырмай, желтоқсаннан бергі уақыттың ішінде тәуліктік өнімді 150-200 тоннаға дейін көтердік. Кеніш бойынша кешенді шаралар жасақталды. Құлсары, Жайық, Доссор, Мақат, Прорва МГӨБ -ның тәжірибелі мамандарын қосып, мәселені бірігіп шешу жолдарын қарап жатырмыз. Бұл бастама өз нәтижесін беруге тиісті. Біз жоғарыда алынатын қор 27 млн. тонна деп атап өттік. Бірақ негізгі жоба бойынша қор мөлшері 17 млн. тоннаға дейін төмендеуі ғажап емес. Оны біздің геологтарымыз да шамалап отыр. Бұған негіз де бар сияқты. Қазіргі өнім алу, оны өндіру бағытындағы кедергілер осыған меңзейді. Кезінде геология министрлігі Кенбай алаңындағы мұнай қорын есептегенде, бор және юра мұнай қабаттарына және жеті объектіге бөлген. Алдымен юра қабаты іске қосылған. Сөйтіп, орташа есеппен бір ұңғыдан 10 тонна, кейбір жоғарғы өнім беретін ұңғылардан 20-30 тоннаға дейін мұнай алынған. Бірақ, соңғы екі-үш жылдықта бор қабаты іске қосылып, бір ұңғымадан алынатын өнім жоба бойынша 5 тоннаның шамасы болса, бүгінгі таңда бұл көрсеткіш 1,5 тоннадан аспай отыр. Біздің байкауымызша геологиялық құрылымда өзгерістер бар. Мұнайлы қабаттың тиімді бөлшегі жобалық мөлшерден аз екендігі байкалып отыр. Бұның өзі кенішке жаңа көзқараспен қарау керек екендігін көрсетуде. Жалпы, геологиялық қордың бөлінуі бор қабаты бойынша 21 миллион тонна, ал юра қабатында 6 миллион тонна құрайды. Бірақ, бүгінгі күні бор мұнай қабатындағы мұнай қорының көлемі жалпы қордың 80 пайызын, юра қабаты 20 пайызын құрағанмен мұнай алынған кезде өнім көлемі керісінше болып отыр. Яғни, бор қабатынан 20 пайыз, юра қабатынан 80 пайыз болып отыр. Бұл дегеніміз жылына 500 мың өнім беретін кеніштің 100 мың тоннасы бор, 400 мың тоннасы юра қабатынан алынады деген сөз. Әрине, біз бұл қиыншылықтарға қарамастан өндірістің негізгі субъективті кемшіліктерін жоюға, кеніштің мұнай беру потенциалын жоғары дәрежеде пайдалануға жұмыстанатын боламыз. Кенбай 500 мың тонна мұнай беріп отырған кеніш, “Ембімұнгайгаз” өндірістік филиалы құрылымында алатын өзіндік орны бар. Көлемі жағынан Жайық, Прорва мұнай-газ өндіру басқармаларынан кейін келе жатқан осы Қайнармұнайгаз өндіру басқармасы. Солтүстік Қотыртас, Шығыс Молдабек, Б. Жоламанов атындағы кен орындарымен ғана шектеліп қоймай, болашақта Тайсойған аймағы да игерілуге тиісті. Биылғы жыл Ресеймен екі арадағы келісім-шарттың бітетін жылы. Қазір бұл бағытта Үкімет те Ұлттық мұнай компаниясында, Барлау Өндіру акционерлік қоғамында жоғары дәрежеде жұмыстар жасалып жатыр. Бұл аймақта мұнай көзінің бар екендігін Қондыбай, Уаз кен аландарынан алынатын өнім анықтап берген. Оның қоры өте көп емес, бар болғаны 1,6 млн. тонна. Әлі де мұнай аландары бар деп есептеліп отыр. Сондықтан зерттеу жұмыстары жүргізілген жағдайда ғана біз оның нәтижесін біле аламыз. Биыл Кенбайдың игерілгеніне 11 жыл, басқарманың ашылғанына 10 жыл толып отыр. Өндіріс саласында бұл көп уақыт емес. Мерейлі мерекелер негізі 50 жылдықтан әрі қарай басталады ғой, 500 мың тонна мұнай өндіріп, мердігер мекемелерді қосқанда 600 ден астам адам жұмыс жасайтындығын, тәуелсіздік алғаннан кейінгі іске қосылып қазақ елінің дамуына өзіндік үлесін қосып жүрген жас кеніштің 10 жылдық өмірін саралап, талдау жасап алдағы міндеттеріміз қандай, осы бағытта атап өтуді жөн көріп отырмыз. Биылғы жылы көптеген өндірістік объектілерге қаржы қаралды. Мәселен, 100 орындық жатақхана, Қайнардан Кенбайға дейінгі 19 км жол қатқылданады, жұмысшылардың бос уақыттарын тиімді өткізуге орталық орын жасалады. Көп жылдан бері шешімін күткен ауыз су мәселесі де шешіледі. Үш вагон цистерна қойғымыз келіп отыр. Су тұшытатын қондырғының куатын күшейту үшін де қаражат бөлінді, бұл жұмысты да қолға алдық. Вахталық поселкенің айналасын одан әрі көгалдандырамыз, су бұрқағын саламыз. Мұның бәрі — мұнайшылардың әлеуметтік жағдайларының жақсы болуы үшін жасалып жатқан шаралар. Сұрақ: Қайнар мұнай-газ өндіру басқармасы бүгінгі күні кездесіп отырған тығырықтан шығару жолдары бар ма? Жауап: Өндіріс болсын, басқа салаларда болсын қиыншылық, кедергі дегендер кездесіп отыратын құбылыс, мұнсыз болмайды да. Сол сияқты біз де бүгінгі жағдайларды уақытша деп есептейміз. Мамандар жарғақ кұлақтары жастыққа тимей Қайнар мәселесімен күні-түні айналысуда. Қайткенде де тығырықтан шығуды міндет етіп қойдық. Осы орайда өндірістік бағыттағы ұйымдастыру жұмыстары басталды. Арнайы шара бекітіліп, оның орындалуы ай сайын тексеріліп отыр. Көптеген жұмыс қабат қысым арттыру цехына байланысты болып отыр. Сол себепті жер асты жабдықтарын жөндеу, жер асты қысымын сақтау цехтары құрылды. Жер асты жабдықтарын жөндеу цехы ұңғымалардың құмығуына байланысты жуу, тазарту жұмыстарын жүргізеді. Бұл цехта 12 вахта жұмыс жасайды. Ал жаңадан құрылған мұнай дайындау және айдау цехында мұнайды дайындау, кондицияға жеткізу жұмыстары жүргізілуде. Биыл мұнайды жинап әрі қарай тапсыруға дайындау объектісі үшін миллиардтың үстінде қаржы қаралып, игеріліп жатыр. Оны “Жігермұнайсервис” сияқты өзіміздің мердігер кәсіпорындар жүргізуде. Ірілі-ұсақты жұмыстар төңірегіндегі қолға алынған іс төркіні осындай. Ежелден мұнайшылар алға қойған мақсаттарына жетпей жандары тыншымайтын тынымсыз халық. Бұл жолы да бойға сіңген әдеттерінен танбайды деп есептеймін.
Қара шаңыракқа басшы болып келгеніне жарты жылдан сәл ғана асқан М. Ізбасов бүгінгі күні ізденіс үстінде. Мұнай өндірісінің қыр-сырын жетік меңгерген маманның көздеген меже биігінен шығып, кедергілерді жеңетініне күмән жоқ. Өйткені ол жақсылардан ұлағат алған, мақсат-мұраты биік, білікті де білімді, парасатты жан. Жұмыс барысында қызбалық көрсетпей, ақыл безбеніне салып, өлшеп-екшеу оның ежелгі дағдысы. Демек сары алтындай сабырлылығы оны талай белестерден асырып, талай асуларға жетелейді. Қай мамандықтың болмасын өзіндік қадірі, ой-шұқыры болатыны рас. Соның ішінде жүрек қалауыңмен жаныңа азық етіп тандаған кәсібіңнен артық ештеңе жоқ емес. Мен қашан да мұнайшы деген ардақты атты иемденгенімді мақтан етемін, туған елімнің ертеңгі болашағы үшін титтей де болса өз үлесімді қосқаныма марқаямын. Мұнай өндірісі саласындағы еңбек еткен жылдарым, менің өмір белестерімнің айшықты тұстары деп есептеймін. Өйткені, талай жақсылар мен жайсаңдардың жанында жүрдім, дәмдес болдым. Олардан үйреніп, өз білгенімді өзімнен кейінгіге айтатындай дәрежеге жеттім. Әсіресе, Қайнар мұнай-газ өндіру басқармасын басқарған үш жыл менің өмір мектебімнің шыңдалған, жетілген тұстарының бірі еді. 1997 жылы Мақат мұнай-газ өндіру басқармасыңда бас инженерлік қызметте болатынмын. Осы жылдың наурызында мені Қайнарға басқарма бастығы қызметіне тағайындады. Бұғанасы қатпаған, аяғын енді-енді қаз басып келе жатқан бұл ұжымның мүйізі қарағайдай шешімін күткен мәселелері қиын асулары бар екендігін біле тұра келісімімді бердім. Құрғақ әңгіме айтып, сылтау іздеп жауапкершіліктен қашқақтауды жаны сүймейтін қоғам басшысы маған ақ жол тіледі. Кеңсе жиһазы дегендегі жалғыз стол, алты отырғыш, үгіліп жатқан еденді бөлме әлі күнге көз алдымда. Демек, тұрмыстық объектілердің жәйі мәз емес деп тұйдім. Біздің қоғамда адам факторы бірінші кезекте. Екінші еңбек нәтижесі жұмысшылардың әлеуметтік жағдайын шешкенде ғана көрінуге тиісті. Сондықтан жаңа жұмыстың жаңа бастамасы мұнайшылардың тұрмыс-тіршілік деңгейін жақсартудан бастағанды жөн көрдік. Он шақты күннен кейін басқарма бастан өткізіп отырған кезек күттірмейтін өндірістік-әлеуметтік мәселелерді жинақтап қоғам басшылығына ұсындым. Махамбет Демешұлы орынбасарлары мен бөлім басшыларын жинап, нақты тапсырмалар берді. Ұсыныс-тілегімді басшылар толық мақұлдап, қолдау керсетті. Нәтижесінде 7,5 млн. теңге қаржы бөлініп, қаламен екі араға байланыс жүйесі орнады. Мұқыр—Орысқазған арасындағы алты шақырым жолды қалпына келтіруге 10 млн. тенге, Жамансор Қотыртас автокөлік жолы үшін 67 млн. теңге ақша бөлінді. Бұл караңғыда шам жаққандай еңсемізді көтеріп, мұнайшылардың көңіл-күйіне онды әсер етті. Бұған қоса кұны 182 мың АҚШ доллары тұратын Словакиялық «Попрад» фирмасының 48 орындық сәнді асханасы, сол фирманың заман талабына сай лабораториясы салынып, осындай өзекті мәселелер шұғыл шешімін таба бастады. Осы жылдың өзінде екі бу қазанының құрылысы аяқталып, 100 орындық жатақхананың іргетасы қаланды. Монша, 4 бокс, операторлық кұрал-жабдықтар сақтайтын орын, су жылытатын қондырғылар тағы басқа көптеген объектілер салынды. «Тобықтан келетін судан да балықты оңайлықпен шығара алмассың» дегендей, жеті қат жер астынан мұнай алу оңай шаруа емес.
Жасыратыны жоқ, одақ кезінде жоғарыдан келген басшылар «осындай адам төзгісіз жағдайда тұрып жатқандарыңыз үшін Сіздерге орден беру керек, бұл іс тетігін кадр шешеді, материалдық игілікті жасаушы жұмысшылар» — деп ұрандатқанды жақсы көретін. Бірақ бұл мұнайшылардың өнімді еңбек етуі үшін қолайлы жағдай туғызбай, мардымды іс күту күпірлік екенін түсіне бастаған шағы еді. Сондықтан да қол қусырып қарап отыруды уақыт көтермеді. Қазақ халқына тағдырдың берген үлкен сыйы — тәуелсіздігімізді баянды ету жолында аянбай еңбек ететін кез жетті. Осы ретте күнделікті өмірге аса қажетті су, жылу жүйелерін, канализация, монша сияқты нысандарды қалыпқа келтіруде қыруар жұмыстар қолға алынды. Бос қалған нысандар жөнделіп, бұрынғы совхоз кезіндегі шаруашылықтардан қалған ағаш, темір жонатын станоктарды құрап шеберханалар жасақталды. Коммуналдық және жылу учаскелерін құрып, оған осы саланың кәнігі маманы атанған Базарбай Нұржігітов деген азаматты шақырдым. Ол жарғақ құлағы жастыққа тиместен күні-түні демей өзіне тапсырған жұмыстарды абыроймен орындап шықты. Жұмысшыларды тамақтандыру мәселесіндегі басты қиыншылық көкөніспен және сүт тағамдарымен қамту еді. Мұнайшылар ала жаздай құнары мол тағамдарға өте зәру болды. Бұл мәселе де тез арада жолға қойыла бастады. Бұл орайда осы салада ұзак жылдық тәжірибесі бар маман Мәлік Өскенбаев басшылық жасап, іс барысын сапалы да тиімді ұйымдастыра білді. Басқарманың аудан орталығынан шалғай болуы себепті тәртіп ахуалы да ақсап тұрды. «Адам аласы ішінде» демекші ұрлықтың белең алғандығы соншалық, жол бойындағы жүріп тұрған качалкалардың электрлік моторларын түсіріп алып кеткен фактілердің де кездескендігі ащы болса да шындықты. Ел ырыздығын төкпей шашпай ел игілігіне жарату еш жерде жазылмаған заң, бұлжытпай орындалар қағида. Көшімізді түзету, бұзақылықты жүгендеу — ол да қоғам талабы. Сол себепті Қоғам басшылығының үлкен көмегінің арқасында бізде бірінші болып күзет қызметі ұйымдастырылды. Оған жетекшілікке осы саланың білікті қызметкерлері шақырылып, жұмыс бағыты біршама ретке келтірілді. Нәтижелі жұмыстың басты талаптарының бірі тәртіп мәселесі десек, осы бөлімге қызметке арнайы шақырылған милиция полковнигі белгілі спортшы, Нұрлыбай Оңғарбаевтың еңбегі айтуға тұрарлық. Өндіріс басында кездескен әртүрлі келеңсіз жағдайлардың кездесіп қалуы, тәрбие жұмыстарының осалдығынан, жұмысшы жастардың бос уақыттарын мазмұнды өткізуге жағдай жасамағандықтан деп түсіндім. Сол себепті жоғарғы кәсіподақ ұйымдарының басшылары М.Нысанбаев, А.Бисенов мырзалармен ақылдаса отырып, босатылған кәсіподақ ұйымын ашуға ұйғардық. Оған жетекшілікке ұжымның таңдауымен, кәсіби мұнайшы, «орақ ауыз, от тілді» Қуаныш Айтжан сайланды. Сөйтіп, ұжымымызда тың көзқараспен жанды жұмыстар жүре бастады. Қай салада жұмыс жасамайық, іс тетігін білетін мамандар сол саланың қайнар көзі, мықты діңгегі. Бұл жерде өзіңмен үзеңгілес жұмыс жасаған бас инженер, марқұм, Т.Жалғасбаев, бұрынғы бас инженер О.Мұхамбетәлиев, бас геолог А.Сүйесінов, бастықтың орынбасары Ғ.Имандосов, экономика бөлімінің бастығы М.Шеруенов, сол кездегі өндірістік техникалық бөлімнің бастығы М.Кәрім, күрделі Құрылыс бөлімінің бастығы А.Қуанышев, бас механик Е.Кенжебаев, цех бастығы Е.Зұлқашев, база бастығы Т.Дәулетбаев, жетекші инженерлер Т.Тасқынбаев, Қ.Ғабдуллин тағы басқа әріптестерімнің есімдерін ыстық ілттипатпсн, үлкен құрметпен атап өткім келеді. Тілге тиек болған мұнайшылардың әлеуметтік хал-ахуалы төңірегіндегі жағдайлар. Әңгіме желісін өндіріске қарай бұралық. Кенбай ашылғалы бұл кәсіпшіліктегі атқарылған істерді, ол жердегі мұнайшылардың ерен еңбектерін саусақпен санамалап жеткізу мүлдем мүмкін емес. Қалай десек те елсіз жерге ел тұрғызу, тыңнан жаңа іс бастау айтуға ғана жеңіл. Кенбайдан мұнай табылып, жаңа басқарма ашылғалы, бұл жерде қаншама білікті басшылар, тәжірибелі мамандар жұмыс жасамады дейсіз. Бәрі де туған жер байлығын игеру жолында аянбай тер төкті, кәсіби шеберліктерін ортаға салды. Нәтижені қолмен ұстап, көзбен көріп шаттыққа бөленген әріптестер есімдері кашан да құрметті. Жетістік пен кемшіліктің қатар жұретіні белгілі. Әрбір басшы жаңа иелі жеріне жаңа көзбен, тың көзқараспен қарайды емес пе? Менің алғашқы назар аударғаным шешімін күткен істер болды. Әсіресе, мұнай дайындаудағы жіберілген олқылықтар мұнайды тапсыруға кері әсерін тигізбей қоймады. Мұнаймен қоса өндірілетін су дұрыс бөлінбегендіктен су айдайтын ұңғымаларға мұнай қайта айдалып, өнімнің есебін жүргізуде қайшылықтар кездесіп, тіпті технологиялық бұзылу фактілері де кездесті. №3 НПС -та тапсырылатын мұнайдың құрамына 5 % дейін су өтіп кетті. Оларда нені айдауға мүмкіндік болмағандықтан, амбарлар ағын суды соған жіберуге мәжбүр болдық. Мұның экологиялық зиянды тұстары да бар еді. Әр маман жүре-бара іс-тәжірибе жинақтап, сомдала түседі ғой. Менің тәжірибемде бұндай жағдай бұрын кездескендіктен, оның шешілуі өте қиынға түспеді. Шикі мұнай түсетін қазандарға мұнай мен судың аражігін көрсететін түтікше әйнектер қою арқылы бұл процесс ырыкқа көндірілді. Осылайша мұнай тапсыру ретке келтіріліп, барлық кен орындарындағы амбарлар төгілген мұнай аралас судан тазартылып, рекультивация жасалды. 1998 жылы Қайнар мұнай-газ өңдеу басқармасы алғаш рет жоспарлы деңгейге көтеріліп, мұнай өндіру және оны тапсыру жоспарын 124,7 пайызға артығымен орындады. Әрине мұның бәрі өздігінен келген жоқ. Бұл басшылардың уақтылы көңіл бөлгендіктерінің, мұнайшылардың жасампаз іс-қимылдарының нәтижесі. Ежелгі Ембінің өзге кен орындарымен салыстырғанда Солтүстік Қотыртас, Орысқазған кеніштерінің өзіндік қиыншылықтары, ерекшеліктері болды. 1986 жылы пайдалануға берілген Орысқазған кенішінің І, ІІ қабаттарындағы құм жыныстары ұңғының мұнай көздерін бітеп тастап отырса, ІІІ қабатындағы мұнай құрамында 4 пайыз шамасында парафин қалдықтары кездесті. Мұның өзі едәуір қиындықтар туғызды. Сөйтіп, Қотыртастағы газдың тойымдылық қысымының қабат-қабат қысымымен тепе-теңдігі осы жаңа кен алаңынан тиісті деңгейде өнім алуға кері әсерін тигізді. Жайбарақаттықты уақыт көтермеді, ізденіс, шұғыл іс қимыл танытуға тура келді. Сөйтіп, Дендердегі «Бор» кәсіпорны дайындаған фильтрлерді көбірек пайдалана бастадық. Нәтижесі өте жақсы болды. Жөндеу аралық мерзімі ұлғайып, тәулігіне қосымша 10 тонна мұнай өндіруге қолымыз жетті. Бұған қоса, мұнай өндірісіңдегі сыналған әдіс кен қабаттарына су айдау нақты қолға алына бастады. Қотыртас кенішінде көрші мемлекеттердің істәжірибесін өндіріске енгізуді де тәжірибеге ала бастадық. Бұл орайда Башқұртстаннан келген техника ғылымдарының кандидаты Гайсар Мустафиннің ұңғылардың түбін қоқыстардан тазарту мақсатындағы әдісі еміршеңдігін көрсетті. Бұл әдіс нәтижесінде екі ұңғы «сауықтырылып», қосымша мың тонна май алынды. Сонымен қатар, бұл әдіс бұрғылау кезінде жеңілдетілген гидрофобты эмульсиялық ерітінділерді ұдайы қолдану қажеттілігін айқындап, оны іс жүзіне асыруға ықпал етті. Мұнай дайындау барысында да бірқатар шаралар қолға алынды. Орталық мұнай дайындау паркінде ілеспе суды бөліп алу мақсатында реконструкция жұмыстары жасалып, мұнайды түгелге дерлік І санатпен тапсыруға мүмкіндік алды. Айта берсең осындай жалғасын тауып жатқан оң өзгерістер мол болды. Тарихқа кәрі Ембі болып енген Ембі жер қойнауы мол қазынаға толы, қасиетті мекен екендігін жүз жылдан астам уақыттан бері дәлелдеп келе жатыр. Жеті қат жер астында қазына байлықтың әлі де мол екендігі даусыз. Бұл ойымыздың тоқ етері қалың жұртшылықгы елең еткізген елеулі оқиғалы күн болды. Ол 1999 жылдың 7-қаңтарында «Қазақойл – Ембі» ААҚ-на Қызылқоға ауданынан көлемі 9517 шаршы шақырым ұлы жаһангер Асанқайғы бабамыз «қақпақты қара қазан» атаған Тайсойған қойнауын пайдалануға лицензия беру туралы Қазақстан Республикасы үкіметінің №14 қаулысының жарық көруі болатын. Аудан халқына соны серпін берген бұл қаулының шығуына сол кездегі Үкімет басшысы, біртуар азамат Нұрлан Балғынбаевтың ұланғайыр еңбегін атап өту ләзім. Сонымен Махамбет Демешұлының тікелей басшылығымен Тайсойғанның мұнайын анықтауға байланысты жұмыстар қарқынды жүре бастады. Сол жылдың 5 ақпанында Қондыбай, Уаз кен орындарында қазылатын ұңғылардың орны белгіленіп, қазығы қағылды. Ырымшыл халықпыз ғой, облыс әкімі И. Тасмағамбетов мырзаға Тайсойған киесі Сұлтануәйіс әулие басына дұға етіп, келешектегі өрелі іс үшін аудан, ауыл карттарының батасын алғызу деген ойымызды жеткіздік. Қашанда имаңды іске шырай беріп жүретін Имекең ниетімізді қабыл алды. Сөйтіп, 5 мамыр күні Тайсойған көкжиегінен көрінген әкімшілік тікұшағы Ата қорымындағы алаңға келіп қонды. Көкжиектің сол бір мамыражай күні біздің игілікті бастамамызға Ата аруағының ризашылығын сездіргендей тамылжып тұрды. Осындай көтеріңкі көңіл-күймен Қондыбай кен алаңына бет алдық. Мұнда бұрғылауға тапсырыс алған “Қазақойл — Бұрғылау” ЖШС -нің бастығы А. Тілегенов бастаған мамандар, акционерлік қоғам мен аудан өкілдерінің қатысуымен конференция болып өтті. Осы жиынға атышулы Теңіз кенішін ашушы, сұңғыла геолог, атпал азамат, бүгінгі күні ортамызда жоқ Мақаш Балғымбаев ағамыздың қатысуын жұртшылық жақсылыққа жорып, бір-біріне сәттілік тілеп тарасты. Сол жылдың 24 қыркүйегінде Уаз алаңында №4 ұңғыдан 530-533 метр тереңдіктен 31 тонна, ал 2000 жылдың 25 мамырында Қондыбайдың №3 ұңғысынан 20 тонна мұнай бұрқағы атқылады. Қара қазанның қақпағы ашылды деп қауқылдасқан жұрттың куанышында шек болмады. Өкінішке орай, қуаныш ұзаққа бармады. Ресей мен екі арадағы шарт мерзімі бітпеуіне байланысты әскери сынақ жұмыстары қайтадан жалғасты. Оның мерзімі үстіміздегі жылы аяқталуға тиісті. Демек, Тайсойғанның тағы бір дүр сілкінетін уақыты алда деп есептеймін. Тайсойғандай киелі аймақ төл перзенттеріне ғана қызмет етеді. Лайым солай болғай! Туған елдің қай бұрышында жүрсең де, қай салада еңбек етсең де халқың үшін абыроймен еңбек ету, ел батасын алу — азамат үшін үлкен парыз. Қай жерде еңбек етпейін мен де шама-шарқымша халқыма иненің жасуындай болса да пайдам тисе деп мақсат қойдым. Жұмысқа жергілікті адамдарды алуға, қарттар мен тұрмысы нашар жандарды қамқорлауға, спорт пен өнер саңлақтарына демеушілік көрсетуді өзімнің адамдық тұрғыдан алған перзенттіқ парызым деп білемін. Имандылық үрдістерін қалыптастыруда Сұлтануәйіс Ата қорымына түнек үй тұрғызу, Мұқыр селосынан мешіт ашу, Шолақсайға көпір ашу сияқты бірқатар игі істер тындырылды. Аудан халқы менің азды-көпті еңбегімді елеп, ауданның «Құрметті азаматы» атағын беріп, екі мәрте Атырау облыстық мәслихатының депутаты етіп сайлады. Бір сөзбен айтқанда Қайнарлықтармен бірге өткізген қызығы мен қиыншылығы қабаттас үш жыл өмірдерегіме қосылған баға жетпес құнды дүниедей.
Ардақ ҚОНЫСҚАЛИЕВ,
Мақат мұнай-газ өндіру басқармасының бастығы
ЕЛ ЕҢСЕСІН КӨТЕРГЕН КӘСІПОРЫН
Кешегі кеңестік мезгілде бірде-бір кәсіпорын болмаса да мал шаруашылығын өркендету арқылы Қызылқоға ауданының экономикасы, мәдениеті, халықтың әлауқаты, жастарға сапалы да саналы білім беріп, мұсылмандық, иманжүзділік тәрбие беруде, халықтың денсаулығын жақсартуда көптеген жұмыстар жасалынды. Бір топ социалистік еңбек ерлері Досымбай Кеңесов, Мырзақұл Сартов, Көлбай Сисембаев, Әли Еркалиев, Ә.Төленов, Қанаш Қожахметова, Қалыбай Жұмағалиев және Ұлы Отан соғысында Шәкір Еркінов кавалер орденінің толық иегері болып, Совет Одағының Батыры атағына ие болды және кейінгі ұрпақтың үлкен мақтанышына айналды. Жоғарыдағы аға ұрпақтардың ерлігін үлгі тұтатын, Қызылқоғалықтар ел үшін аянбай еңбек етіп, кезінде одақтың туын үш рет, республиканың туын екі рет, облыстық туларды үнемі женіп алып, ауданның атын Алтын кітапка енгізіп, қызыл тулы Қызылқоға атандырды. Егеменді ел болған, тәуелсіздіктің алдыңғы мезгілінде жекешелендіру басталған 1993-94 жылдары колхоз, совхоздар таратылып талан таражға түсті. Соның нәтижесінде қарапайым халық қайыршылық күй кешті. «Байлық бір жұттық» деген ғой, аудан аумағында жатқан әулие аталарымыз «Байбақты ата», «Сұлтануәйіс ата», «Мәтен ата», «Қазбек ата», «Сауал ата», «Кенбай аталардың» аруақтарына сыйынып, аталарға ас беріп, бастарына кесене тұрғызыла бастады. Ертеректе қарттар әңгіме қылатын, Мәтен атаның басындағы майды алуға ағылшындар келіп кіріскенде, аталардың аруақтары ұңғымаларды қиратып, май көздерін бітеп, қарсылық көрсеткен. Майды ала алмаған келімсектер кері кетуге мәжбүр болған деп. Бұл да бір жаны бар естелік шығар. Әрбір ауданның аумағында шыққан байлықтардың тиесілі мөлшері сол ауданның табысына есептелсін деген қаулы шығып, осы қаулыны басшылыққа алған облыс әкімі Р. Шырдабаев, «Ембімұнайгаз» ашық акционерлік қоғамының Президенті М. Батырбаев мырзалар дұрыс шешім қабылдап, Қызылқоға ауданын сақтап қалуға көп септігі тиген Қайнар мұнай-газ өндіру басқармасын құрды. «Халық пір тұтқанды халқы да ұл тұтар» немесе «мақсатына сай міндеті, еңбегіне сай құрметі» деген халық даналығы. Халықтың қатты қиналып, үлкен де, кіші де түгелдей жұмыссыз дағдарыста жүрген кезінде басқарма басына А. Қонысқалиев келді. Келген күннен бастап басқарма әкімшілігі жағдайлары өте төмен отбасыларына жергілікті әкімдермен келісе отырып ұн, секер, шай, макарон тағы сол сияқты аса қажетті тағамдармен көмек ұйымдастырды.
Білімдері жоқ болса да, әр отбасынан бір-бірден жұмысқа орналастырды. Осы басқарманың көмегінің арқасында Мұқыр округі тұғындарының өтініші бойынша мешіт үйі тұрғызылды. Шолақсайдан көпір салынып, Мұқыр басындағы үлкен қауым қоршалды. Дәл осындай көмектер ауданның барлық округтеріне хал қадерінше жасалды. Қайнарды басқарған Мәлік Өмірзаққа да аудан адамдары дән риза. Мұқырдағы тазалық жұмыстарына техникалар бөліп, мектепті, спорт залын жөндеуден өткізіп, Қарабауға су таситын машинаға дейін бөліп отырды. Басқарманың Үкіметке қазына түсірер салық көлемі де қомақты. Онда жұмыс жасайтын мұнайшылардың 50 пайызы Қызылқоғалықтар десем қателеспеспін. Осының бәрін айта келіп, біз Қайнар мұнай-газ өндіру басқармасының ұжымына өзіміздің аса риза екендігімізді жеткізгім келеді. Ендігі үмітімізді үкілеп отырғанымыз — Тайсойған мұнайы. Алла жазса оның да қайырын көретін күн алыс бола қоймас. Қызылқоға ауданын сақтап қалып, аудан экономикасын, мәдениетін, халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартуға күш салған бұл басқарманың арқасында күні кеше ғана ауданның 60 жылдық торқалы тойын тойлап өтті. Тойдың ерекшелігі сол, мереке аудан мұражайын ашудан басталды. Мұражай табалдырығынан аттағаннан-ақ, Бөлекаяқтан Қайнарға дейін созылып жаткан кең байтақ жері бар, шежіре тарихқа, халықтық дәстүрге бай, өркендеген өнері мен келбетті мәдениеті бар, талай ұлы адамдардың кіндік қаны тамып, топырағында ізі қалған Қызылқоға ауданының қасиетті де, киелі өңір екендігінің куәсі боласың. Әр кезеңде, әрбір жылда жұмыс жасаған азаматтар тойға таңба басқандай көз алдымнан тізбектеліп өте шығады. Тойды өз мәнінде, заман талабына сай жоғары дәрежеде өткізуге атсалысқан ауылдастарым қалай мақтауға да лайық. Міне, осындай торқалы той, жас болса да Қайнар мұнай-газ өндіру басқармасында тойланғалы отыр. Жас өспей ме деген, Қызылқоғаның жасына кел, одан да асып түс, ел еңсесін көтерген Қайнар мұнай-газ өндіру басқармасы деймін мен де ағалық ақ жүрекпен.
С. Мұқанов, Республикалық дәрежедегі дербес зейнеткер, Қызылқоға ауданының құрметті азаматы, Мұқыр округі ақсақалдар алқасының төрағасы
ТАБЫСТАРЫҢ ТАСА ТҮССІН
Қызылқоға — ауданы төрт-түлік мал өсірумен атағы шықкан аудан. Сонымен қатар, жер асты байлығының да мол екендіктері бұрындары да дәлелденген. Бірақ белгісіз бір себептермен Кеңес өкіметі кезінде біздің аймақтағы қазыналарды игеру кейінге ығыстырылып отырған. Жетпіс жыл бойы үстемдік кұрып, айдарынан жел ескен Кеңес өкіметі тарап, Қазақстан да өз алдына дербес мемлекет болғаннан кейін ғана қазба байлықтарды игеруге бетбұрыс жасалды. Соның айқын айғағы 1995 жылы Қызылқоға ауданынан Қайнар мұнай-газ басқармасының ашылуы. Кәсіпорын Жамансор бекетінде орналасты. Мұнай-кен орнының ашылуы ауданның бағын жандырды. Өйткені, бұл аудан халқы үшін үлкен сын сағаттарымен пара-пар болды. Аудандағы 8 кеңшар жекеленіп, барлық ірі мекемелер банкротқа ұшырады. Ауыл аймақты жаппай жұмыссыздық жайлады. Мал бағып қана күн көрген, тіршілік көздерін тек малдан ғана тапқан халык ілкіде аңтарылып қалды. Мүмкіндігі барлар қалаға қарай үдере көшті. Бірақ отырықшы халықтың басым көпшілігі туған топырақтарын қимай, орындарынан қозғалмады. Не болса да «көппен көрген ұлы той» деп, басқа түскен ауыртпашылықты көппен бөлісуге бел шешті. Осылайша ел қалың дағдарысқа ұшырады. Осындай қым-куыт заманда Қайнардай іргелі өндіріс ошағының бой көтеріп, «қара алтын» өндіре бастауы ауыл халқының жігерін тасытты. Олардың болашаққа деген сенімдері күшейді. Басқармаға біртіндеп Қызылқоғалықтар да жұмысқа тартыла бастады. Рас, кедергілер көп болды. Өйткені ауданда мұнайшы мамандар мүлдем жоқ еді. Сол себепті де жастарды жаңа мамандыққа лайықтап қайта даярлауға тура келді. Аудандық жұмыспен қамту орталығының жолдамасы мен «Ембімұнайгаз» ашық акционерлік қоғамы жанындағы комбинатының дәнекерлеуші, алынған өнімнен парафинді айырушы, машинист-подъемщик сияқты мамандықтарды игеріп, басқармаға жұмысқа ала бастайды. Жаңа кәсіпорынды дамыту бағытында қыруар істер күтіп тұрған шақта мұндай мамандықтар өте қажет еді. Қайнар мұнай-газ өндіру басқармасының шуақты жолдары, сәулетті болашағы алда деп күткен қызылқоғалықтар ел игілігі үшін қажыр қайраттарын аямады. Мал тұяғынан басқа ештеңе таптамаған кең далаға жан бітті. Жаңа құрылыстар бой көтеріп, бір-біріне макұлдасып бас шұлғысқан мұнай качалкалары даланы сәнді бір көрініске толтырды. Жолдар салынды, кұбырлар тартылды. Міне, содан бері арада 10 жыл уақыт өтті. Содан бергі Қайнар мұнай-газ өндіру басқармасының тындарған істерін сарапқа салатын сәт туды деп ойлаймын. Соның ішінде аталмыш басқарманың Қызылқоға ауданының жұртшылығына тигізген шапағаты қандай? Алыптардан таудай көмек күтетін халықпыз. Бүл орай да сенім ақталды, арман орындалды деп мақтанышпен айта аламыз. Өйткені нәтиже қоржыны қомақты. Атап айтатын болсақ, басқарма аудан бюджетінің 70 пайызын толтырып отыр. Бұл дегеніміз бюджеттен қаржыландырылатын мұғалім, дәрігер тағы сол сияқты мекеме қызметкерлерінің хал ахуалының жағдайы емес пе? Он жыл ішінде ауданнан 300 адам жұмысқа тартылды. Әсіресе Сағыз бен Мұқыр елді мекендерінің тұрғындарының басым көпшілігі осы Қайнарда еңбек етеді. Әлеуметтік салаға жасап отырған шефтік көмегінің өзі бір төбе. Мұқыр округін тұрақты қамқорлыққа алған. Аудандағы аз қамтылған отбасыларына жәрдемдесу жағынан «Қайнарға» теңелер кәсіпорын жоқ. Атаулы жасқа толған Қайнар мұнай-газ өндіру басқармасының болашағы өте зор. Талайларды тамсандырып, Отан қазынасын толтырып, халқының көз куанышына айналатындығына күмән жоқ.
Кейде өзінді осы даланың перзенті болып туылғаныңа шаттанасың, марқаясың. Сары даладағы қайнаған қызу еңбек еншісін көргенде бойыңдағы алпыс екі тамырың бүлкілдеп, қайраттана түскендей боласың. Жапан түздегі жеке жеке қыстақтардың орнына бой көтерген ақ қазандар елдің ырысын толтырар құтты ыдыс тәрізді. Мұнай мен газды өндіруде мол табыстарымен сүйсінтіп, аз жылда бірнеше жылға татитын берекелі іс атқарған баскарманың барлық жүріп өткен жолы біздің көз алдымызда. Кен орнының ашылу рәсіміне Қазақстан Президентінің қатысуының өзі, халық үшін мәртебе болып еді. Келер күнге үмітпен караймыз, сол күндердің кең болуын тілейміз. Қасиетті Тайсойған бауырындағы «Қондыбай, Уаз» кен орындары үмітімізді үкілеп, сенімімізді нықтағандай. Негізгі жұмыс күшінің тең жартысынан астамын Қызылкоғалықтар құрайтын «Қайнар» кәсіпшілігінен біз әрқашан мол жетістік күтеміз. Қайнар мұнай-газ өндіру басқармасы бюджет қоржынын қомпитқалы Қызылқоға елінің экономикалық әлеуметтік өміріндегі даму деңгейінің жоғары керсеткіште екендігін де айтпай кетуге болмайды. Мал саны қайта өсіп, халықтың тұрмысы түзелді. Салынып жатқан жаңа ғимараттар қаншама? Осылайша қойнауы қазыналы, құт мекен саналатын Қызылқоға ауданы күннен күнге өркендеп келеді. Аталмыш басқарма ауданның тыныс тіршілігінің тамырларына тоқтаусыз нәр беріп келе жатыр. Ауданның қорын басқармадан түсетін түсімдер есебінен толықтыру жанға демеу, көңілге куаныш екендігін қызылқоғалықтар өте жақсы біледі. Қайнарлыктарға табысың тасқындай түссін дейміз. Шалғайдағы елдің бағын ашар Қайнар мұнай-газ өндіру басқармасының мұнайшылары мерекелеріңіз кұтты болсын!
Ж. РАХМЕТҚАЛИЕВ,
Қызылқоға ауданының әкімі
ЕЛ БАЙЛЫҒЫ – АДАМ
Мен 17 жылдан бері «Ембімұнайгаз» өндірістік филиалы саласында кәсіподақ комитетін басқарып келемін. Атынан-ақ белгілі болып тұрғандай кәсіподақ ежелден жұмысшылардың занды мүддесін қорғайтын ұйым. Қазақстан мұнайының қара шаңырағы «Ембімұнайгаз» өндірістік филиалының өткен жылдардағы қайнаған өмірінің барлық тыныс-тіршілігіне кәсіподақ белсене араласып келеді. Өндіріс орындарындағы мұнайшылардың еселі еңбегі мол жемісін беріп меже биігінен көріне білсе, онда кәсіподақ ұйымдарының да табысы бар. Еңбекті қорғау және еңбек ақы төлеу, жұмыс орындарының сайлылығы, жатақханалардың қолайлылығы, асханалардағы тағамның дәмділігі, жұмысшылардың киімдері мен құрал саймандары, мәдени көпшілік спорт сайыстары кәсіподақ комитетінің араласуымен өтіп жаткан шаралар. Осындай мәселелерге тікелей араласа жүріп кәрі ембідегі Теңіз, Прорва, Жайық, Мәтен кен орындарының ашылуына куә болдым. Сол сияқты Кенбай кен орнының дүниеге келуі де күні кешегідей көз алдымда. Көптеген жағдайларды басынан өткеріп тәуелсіздік алғаннан кейін ғана игеріле бастаған бұл кеніштегі алғашқы ұйымдастырушылық жұмыстары, алғашқы мұнаралар қойылып, қазу жұмыстарының басталғаны, иен далаға бірінші рет табан тірегендегі қиыншылық, кедергілер тізбектеліп санада қатталған. Көп көріністерді қайта жаңғыртқандай. Қайнаған қызу еңбек ортасында күннің ыстығы мен суығына қарамай еңбек еткен мұнайшылар діттеген мақсаттарына жетті. Солай болу керек те еді. Себебі ғасырдан астам тарихы бар Ембі топырағында талай майталман ағаларымыздың салған іздері жатыр. Сол даңғыл жолды жалғастырушылар, ізбасарлар бастаған істі аяғына жеткізбей тынбайтын бүгінгі күннің қаһарман ұрпағы. Нәтижесі сол Кенбай игерілді. Қайнар атты жаңа мұнай-газ өндіру басқармасы дүниеге келіп, оған 300 ден аса адам жұмыска тартылды. Алғашкы қиындықтарды еске алсақ, көз ұшында қалған қызықты бір оқиғаның желісі тәрізді. Қазіргі Қайнар бұрынғы Қайнарға мүлде ұқсамайды. Жатақхана, монша, асхана керек пе, бәрі-бәрі күн талабына сай қайта түрленген. Мұнда 600 ден астам адам еңбек етсе, солардың 99,3 пайызы кәсіподақ мүшелері. Басқармада мәдени спорт жарыстары кәсіподақтың күшімен өткізіледі. Сөзіміздің дәлелі, кәсіподақтың екі республикалық, бір халықаралық спартакиадасы өтіп, мұнайшылар спорттың 11 түрінен бақ сынасты. Оның біріншісі Алматы, соңғысы Бішкек қалаларында өтті. Бұл жарыстарға Қайнарлық мұнайшылар да қатысып, жүлделі орындарды жеңіп алды. 7 жыл қатарынан өткен Ембілік мұнайшылар арасындағы төрт этаптық спорт жарысында да жеңімпаздар саны азаймады. Балалардың жазғы демалысын ұйымдастырудың да бел ортасындамыз. Кәсіподақ өз бюджетінен жылма жыл Манкент, Алматы шипажайларына балаларды жіберіп, демалтып отырады. Біздің қоғамымызда ең бастысы адам факторы. Ата заңымыздың өзінде «Ел байлығы – адам» деп жазылған. Ендеше, адам денсаулығын корғау, жұмыстағы келеңсіз жәйттерден сақтандыру — біз үшін үлкен міндет. Өндіріс болғасын әртүрлі жағдайлар кездеседі. «Жаман айтпай жақсы жоқ» деген. Осы орайдағы әлеуметтік көмек беру шаралары да біз арқылы өтеді. Зиянды цехтарда жұмыс жасайтындарға сүт тағамын беру, мұнайшылардың арнаулы киімдерінің талапка сай болуы да басты назарда. Мәдени-көпшілік шараларын ұйымдастыру, күн тәртібінен түсіп көрген емес. Өйткені иен даланы ауыздықтаған құрыш білекті мұнайшылардың тек өндірісте ғана емес, енерде де талайды тамсандырған таланттары бар екенін уакыттың өзі көрсетіп берген. «Мұнайшы аруы», «Ең сүйкімді бүлдіршін» байқаулары, «Асқақтасын әуені мұнайлы елдің» көркемөнерпаздар фестивалі, биылғы Ұлы Жеңістің 60 жылдығына арналған «Қаһарман елдің ұлдары» атты байқаулары мұнайшылардың кәнігі әртістерден кем түспейтін зор талап иелері екендігін көрсетті. Осы шаралардың кай қайсысынан да қайнарлықтар қалыс қалмады, әрі жүлдеден де құр алақан емес. Басқарманың бүгінгі тыныс тіршілігі сөзге дәнекер болғанда осы басқарманың кәсіподақ ұйымының төрағасы Қуаныш Айтжан есімін айтпай кеткеннің өзі — күнә. Кезіндегі Мәскеудегі жоғары кәсіподақ мектебі қазір Еңбек және әлеуметтік қатынастар академиясы деп аталады. Сол академияда білімін жетілдірген Қуекең, қазір де білімі мен көп жылғы тәжірибесін ұштастырып, мұнайшылар өмірінің қай қырынан болсын өзінің қолтаңбасын қалдырып келе жатқан азамат. Бұл жерде оның мұнайшылық мамандығының пайдасы өте зор. Өмірдегі көптеген өзгерістерге байланысты зандар да өзгереді. Сол заңдарды ұжым арасында насихаттау, кәсіподақтың рөлі мен маңызын түсіндіру сияқты үгіт насихат жұмыстары — Қуекеңнің қанына сіңіп, бойына тараған дағдысы. Жас кенші ретінде басқарманың болашағы әлі де алда деп ойлаймын. Кенбайдың занды жалғасындай болған Тай сойған мұнай алаңы іске қосылса нұр үстіне нұр болар еді. Жалға алу мерзімі үстіміздегі жылы реттелсе, бұл күн де алыс емес сияқты. Ойымыз іске асса, жұмыста көбейер еді, өнім деңгейі де артар еді. Халық соны күтіп отыр. Мұнайшыларымыздың, бар өмірін қара алтын өндіруге арнаған мұнайшы ардагерлеріміздің тұрмыс жағдайлары, олардың назардан тыс қалмауы қай-қайсымыз үшін де үлкен сын, осы сын жетегінде толымды жұмыс жасалады деп есептеймін.
Ал он жыл толып отырған басқарма ұжымына толағай табыстар тілеймін. Тәуелсіз мемлекетіміздің экономикасын арттыру жолында аянбай еңбек етіп ел мерейін асқақтату кім кімге де салиқалы да салмақты міндет жүктейді. Осы сенімнен шығу үшін ең бастысы мықты денсаулық, сарқылмас қажыр-қайрат. Бәрі де баянды болсын.
М. НЫСАНБАЕВ,
«Ембімұнайгаз» өндірістік филиалы кәсіподак комитетінің төрағасы
МҰНАЙШЫЛАР МЕРЕЙІ
Менің бір байқағаным Атырау топырағында дүниеге келгендердің көпшілігінің көкейінде мұнайшы мамандығына деген бір құрмет, жылы ілтипат қалыптасатын сияқты. Оның себебі туған жер, өскен ел табиғатына тән ерекшеліктерді ұғынғаңдықтан немесе ата-бабалардың салып кеткен сара жолдары туралы үлкендердің әңгімелеуінен болса керек. Ес біліп, етек жинағаннан кейін менің де көкейімде мұнайшы мамандығын игерсем деген асқақ арман өрбіді. Биік мақсат, көгілдір арман жетегінде Алматы политехникалық институтының гидродинамика бөлімінің инженері мамандығына түсіп, ойдағыдай аяқтап шықтым. Содан бері кәрі Ембінің қара шаңырағы «Ембімұнайгаз» саласында әр түрлі жауапты қызметтер атқарып келемін. Орталық ғылыми зерттеу лабораториясындағы атқарған қызметтерім іс-тәжірибе жинауға мүмкіндік берсе, Жайық мұнай-газ өндіру басқармасы маған маман болып қалыптасуыма зор септігін тигізді. Өзімді толыққанды мұнайшы қатарына қосып, сонда да болса білгенімнен білерім көп деп ізденіс үстінде жүрмін. Қайнар мұнай-газ өндіру басқармасының бастығы Мәлік Өмірзақ өндірісті жедел ұйымдастыру бөлімінің бастығы қызметіне шақырды. Бұл аталмыш басқарманың өрлеу, даму жылдары еді. Шығыс Молдабек алаңында алып бұрғылау қондырғысымен эксплуатациялық ұңғымаларды қазу басталды. Самара қаласының «Гидровостокнефть» жобалау институты орындап отырған жобалау жұмыстары аяқталмағандықтан, құрылыс жұмыстарын басқарма мамандарының өндірістік тәжірибесі және инженерлік шешімдермен құрылыс жұмыстарын жүргізуге тура келді. Сол жылдары жылына 70-80 ұңғыма қазылып, іске қосылып отырды. Әр кен орнының мұнайының құрылымдық сапасының әр түрлі болатыны сияқты, Шығыс Молдабек кен орнының мұнайы қоюлығымен ерекшеленеді. Сол себепті де оны дайындау жұмыстарына жаңа шешім қабылдауды қажет етті. Осы бағытта 100 метр тереңдіктен алынатын суды 60 -70° С дейін қыздырып мұнай дайындау технологиясына қосып, мұнайдың тұзын 100 мг/ төмендетуге қол жеткізілді. Өндіріске қажетті тұщы су көзінің жоқтығынан біздің ұсынысымызбен күрделі құрылыс жоспарына альт суын тұшытатын қондырғы жоспарға енгізілді. Сөйтіп, мұнайды жинау, тасымалдау, дайындау бағытындағы басқарма мамандарының инженерлік шешімдері дұрыстығын дәлелдеп, «Гидровосток» жобалау институтының жобасында қабылданды. 2002—2003 жылдар аралығында басқарма бастығы қызметтерін атқардым. Осылайша малды ауылдың баласынан мұнайшыға дейінгі біраз өмір сүрлеуінен өткен жайымыз бар. Қыр сырын білетін өндіріске басшылық жасау бір карағанда оңай болып көрінуі мүмкін, бірақ күннен күнге дамып келе жатқан басқармада проблема дегендер аяқ басқан сайын кездесіп отырды. Кенбайға қарайтын үш алаңның ішінде Б.Жоламанов 1985-ші жылы ашылған, қалыптасқан кен орны ғой. Сол кезде онда 40 мұнай ұңғысы жұмыс істеп тұрды. Солтүстік Қотыртас та жаман емес. Енді барлық күшті Шығыс Молдабекке салу керек болды. Өйткені ол болашағы үлкен, 90 млн. тонна мұнай қоры бар алып кен алаңы болады деп күтілді. Бұл кеніштің техникалық жағынан жоспарлау жобалау жұмыстары жүргізіліп, сол жоспар бойынша 2008 -ші жылы тек осы Молдабекте мұнай өндіру 477 мыңға жетеді, 401 мұнай өндіру ұңғысы болады және 33 су айдайтын ұңғы қазылады деп белгіленді. Басқармаға өзім басшылық жасаған тұстағы мәлімет бойынша бізде 450 адам жұмыс жасады. Соның 50 пайыздан астамы Қызылқоға ауданының тұрғындары болды. Жұмыс болғасын жетістігі, кемшілігі қабаттас жүретін әдеті ғой. Қандай жағдай болмасын іс тетігін жетік меңгерген мамандар жол тауып отырды. Өзіммен иықтас жұмыс жасаған А.Сүйесінов, Е.Кенжебаев, М.Кәрім, Т.Тасқынбаев, С.Қабдолов, Е.Зұлханов сияқты инженерлермен, Б.Қаймышев сияқты операторлармен жұмыстас болғанымды мақтан етемін. Олардың тәжірибелері, білім деңгейлері әлі де туған ел байлығын игеруге мүмкіндік беретіндеріне сенімім мол. Қайнар мұнай газ өндіру басқармасында жұмыс жасаған кездерім бай өндірістік тәжірибе жинақтауыма негіз болды. Іргесі көтерілгеніне 10 жыл толған Қайнар мұнай-газ өндіру басқармасына, ондағы әріптестеріме алда да толағай табыстар тілеймін. Мұнайшылар мерейі әрқашан да үстем болсын!
Ғ. ҚАУКЕНОВ,
Жайық мұнай-газ өндіру басқармасының бастығы
ӨРЛЕУ ЖЫЛДАРЫ
«Қайнармұнайгаз» мұнай-газ өндіру басқармасының бүкіл елдің көз алдында жыл санап емес, айлап, тіпті күн санап жаңарып, өсіп, кемелденіп келе жатқаны бәрімізді де куантады. Ал ол бар болғаны осыдан он – ақ жыл бұрын өмірге келген болатын. 1995 жылы «ҚазМұнайГаз» Ұлттық Компаниясының Президенті Нұрлан Өтепұлы Балғымбаевтың, ал одан кейін өз кезегінде «Ембімұнайгаз» Ашық Акционерлік Қоғамының Президенті Махамбет Демешұлы Батырбаевтың №185 бұйрығымен Қызылқоға ауданы аймағында құрылған жаңа басқарманың алдында кыруар жұмыстар күтіп тұр еді. Шын мәнісінде сол кезге дейін «Мақатмұнай» басқармасы құрамында жұмыс істеп келген оншақты ұңғымалардан өзге мұнда айта қалардай ештеңе де жоқ деуге де болатын. 1999 жылға дейін мұнда Шығыс Молдабек кен орны, Қотыртас кен алаңдарын даярлау жұмыстары жүрді. Оларды іске қосу, ал ең бастысы жұмысшылар мен қызметкерлердің әлеуметтік, тұрмыстық жағдайларын шешу кезек күттірмейтін мәселе болатын. 2000 жылғы маусым айында бұл араға ең бірінші рет келгенім күні кешегідей әлі күнге дейін көз алдымда. Бұл кезде басқарма бойынша ұңғымалар саны да екі еседей өсіп, соған байланысты жұмысшылар да көбейе түскен еді. Дереу күрделі жөндеу жұмыстарына кірісіп кеттік. Қайнар мұнайшылар қалашығындағы жатақханалар жөндеуден өткізілді. Жұмысшылар тамақтанатын асхана, сумен, жылумен қамтитын жүйелер іске қосылды. Соның арқасында өндірістің көрсеткіштері де артып, басқарма жұмысы бірден оңала бастады. Іске қосылған объектілерді ашып беруге «Ембімұнайгаз» Ашық Акционерлік Қоғамының Президенті Махамбет Демешұлы Батырбаев пен сол кездегі облыс әкімі Серікбек Дәукеев өздері келіп, атқарылған іске үлкен ризалықтарын білдіргені біз үшін де үлкен абырой болды. Бұл жұмысшыларға соны жігер туғызды. Олар іске бұрынғыдан да ынталана, ерекше ықыласпен кірісіп, еңбек өнімділігін арттыра түсті. Сөйтіп 2000 жылға дейін тек алтыншы орынды ғана місе тұтып келген кайнарлықтар енді үшінші орынға шықты. Басқарманың мұнай өңдіру көлемі 80-100 мың тоннаға дейін жетті. Бұл біз үшін қол жеткен алғашқы үлкен жетістік, зор жеңіс еді. Осы кезеңде Атырауға, ал одан кейін Қайнарға келген сол кездегі «ҚазМұнайГаз» Ұлттық Компаниясының Президенті Ләззәт Қиынов біздің мұнай өндірудегі осындай табыстарымызбен бүге шігесіне дейін таныса келіп, «Сіздердің мына қарқындарыңызға қарап, жылына бір мұнай өндіретін кен алаңын іске қосып тұрсыздар деп бағалауға болады екен!» дегені қайнарлықтардың да еңбегіне берілген нағыз шынайы жоғары баға болғаны сөзсіз еді. Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісінің Тито Сыздықов басқарған, құрамында қазақтың дарынды ақын қызы Фариза, жазушы Шерхан бар, бір тол депутаттары әуелі Тайсойғанға, ал содан кейін Қайнарға «ат басын тірегені» баршаға мәлім. Жаңадан ашылған басқарманың ауқымды тыныс тіршілігімен, кен орындарының өнім беру қуатымен жұмысшылар мен қызметкерлердің жай күйімен егжей тегжейлі танысқан олар үлкен ризалык сезімдерін жасыраалмағаны бізді де қуантты. Олардың өркениет жеңістері ерекше қаулаған орталықтардан тым шеткері, шалғай жатқан, байырғы қазақ ұлты мекендеген, бұрын мұнай өндіріп көрмеген, тіпті бұрын-соңды ұңғыма дегеннің де екенін көз алдына елестетіп көрмеген Қызылқоға тәрізді байырғы қазақы ауданда экологиялық тазалықты сақтай біліп, табыстарға қол жеткізіп отырғанымызға үлкен таңданыс бідіргені де біздің абыройымызды көтерген. «Мұнда бұрын мал бағумен ғана айналысқан, өмірі скважинаны көрмеген қазақтар ғана жұмыс істейді екен. Ал соған қарамастан айнала айнадай тап-таза! Қазақ өлкесінде мұнай өндіріп, экологиялық тазалықты сақтап, технологиялық тәртіптерге сай жұмыс істей біліп отырған мұндай ұжымдардың көбейе түсіп келе жатқаны қандай ғанибет!» дегені әлі күнге дейін құлағымызда тұрғандай. Бірде Қазақстан Республикасының Премьер Министрі болып тұрған кезінде Қайнарға Иманғали Тасмағамбетовтың да келгені бар. Ол кезде біраз жұмыстар жүзеге асырылып, Қайнардың келбеті едәуір жақсарып қалған болатын. Асхана, жатақханалар мұнтаздай. Бөлмелерге кілемдер жайылған. Бәрінде де бірнеше каналды теледидар, тоңазытқыш, киім ілетін шкафтар қойылған. Жатын жұмсақ кереуеттер мен тумбалар көз тартады. Осыларды көріп, қатты риза болған Премьер «Қалашықтарыңызды санаторий деп қалуға да боларлықтай екен, тіпті одан ешбір кем де емес!» деп бағалағаны да мерейімізді өсіре түскен. Иә, осынау ұшы-қиыры шетсіз-шексіз жазық жасыл кілемдей созылып жатқан, біресе еңку-еңку қыраттар мен сай-салалары ауысып, жарысып жататын кең өлкеде жер асты тұнған байлық екені әу бастан-ақ белгілі болған. Сол кездің өзінде-ақ Молдабек кен орнының 25-30 жылға дейін, тіпті 50-60 жылдарға да жетіп қалатын 30 миллион тоннадай мұнай қоры бар құнарлы өлке екені баяғыда-ақ анықталып қойған еді. Алайда сол мол байлықты кезінде игеруге мүмкін болмағаны да белгілі. Кеш те болса, сол игілікті еліміздің мүддесіне жарататын күннің туғаны және сол қасиетті игі істің басында болу бақыты біздің мандайымызға жазылғаны да тағдырдың мол сыйы ғой деп ойлаймын. Бұл күнде қазіргі Қайнарды бұрынғы Қайнармен тіпті де салыстыруға болмайды. Ең алғашқы жылдарда мұнда бар болғаны 51 мың тоннадай ғана мұнай өндірілген болса, ол бүгінде 470 мың тонна деңгейіне жеткен. Жұмысшылардың орташа айлық жалакысы 1995 жылдарда бар болғаны 15 мың теңгенің көлемінде ғана болса, ол казірде 75 мың теңгеден асты. Осынау жылдардың ішінде мұнда ондаған, жүздеген тамаша мұнайшы кадрлары өсіп жетілді. Бұрын мал шаруашылығын ғана сенімді кәсіп ретінде дамытып келген қызылқоғалықтар енді мұнайшы дейтін мамандықты да жатсынбай игеріп, өндіріс тізгінін өз қолдарына берік ала бастады. Қазір мұнда жұмыс істейтін 500-ден астам мұнайшы кадрларының 70 пайыздан астамын қызылқоғалықтар кұрайды. Жекелеген цехтардың басшылары да, мұнай сапасы мен құрамын зерттейтін лаборатория қызметкерлері де, геологиялық барлау мен есептеу мамандары да қызылқоғалықтар болып келеді. Табан аудармай қызмет істеген 5 жыл ішінде өндіріс басында шындалып, талай-талай тамаша кадрлардың өсіпжетілгенінің куәсі болғанымды мақтан етемін. Сондай білікті кадр, өндіріс басшысы деңгейіне дейін көтерілген азаматтардың ішінде Ғазиз Мұқтарұлы Қаукеновты ерекше атап айтар едім. Ол қай іске жұмсалса да сол жерде өзін алғыр ұйымдастырушы ретінде көрсете білді. Адамдармен тіл табысты. Үйретті. Дер кезінде айтылған ескертпелерден тиісті қорытынды шығара білді. Соның аркасында ол бүгінде «Жайықмұнайгаз» мұнай-газ өндіру басқармасының бастығы қызметін абыроймен атқарып келеді. Сондай-ақ жас та болса, бас бола білген алғыр да талапты жас Медет Сапиұлы Кәрімовты алғаш келген күннен-ақ көзден таса қылғаным жоқ. Ол мұнай өндіру цехында да болды. Қатардағы жай оператордан бастап шеберге дейінгі қызметте де, өндірістік бөлімнің басшысы да, бас инженер қызметтерін де абыроймен атқара білді. Оның қалыптасу үстіндегі талантты жас маман екенін таныған жоғары органдар да оған лайықты, үлкен сенім артты. Ол бүгінде «Барлау, Өндіру» Акционерлік қоғамында өз мамандығын сенімді жалғастырып отыр. Осы сияқты Тасқынбаев Талғат, Биғалиев Мұрат, Шәкіров Болат, Мединеев Жанболат, Кенжебаев Ербол тәрізді мамандар да әлі де өсу, өрлеу үстіндегі кадрлар екенін танытып келе жатқанын айтпауға болмайды. Басқарманың өркенді істерін тек мұнай өндірудегі іргелі табыстарымен ғана байланыстырып қоятын болсак, ол дұрыс болмас еді. Өзі құрылған алғашқы күннен бастап-ақ «Қайнармұнайгаз» басқармасы Қызылқоға ауданының өзі орналаскан Мұкыр селолық округі аймағындағы әр түрлі кұрылымдармен тығыз байланыста болып келеді. Әсіресе, соңғы жылдардағы ауыл-селоны көркейту, дамыту жөніндегі өрелі талаптарға сәйкес оларға деген камқорлық аясы бір сәт те бәсеңсіген жоқ десек, кате айтқандық болмас еді. Жоғары басшылық органдармен келісе отырып, 2002 жылдары Мұқыр селолық амбулаториясына бір жеңіл жедел жәрдем автокөлігімен, Қарабау селолық амбулаториясына бір су таситын және жедел жәрдем автокөліктерімен көмектесуге мүмкіндік тапты. Басқарма әркезде зейнетке шыққан бұрынғы өз кызметкерлерін де естен шығарып көрген емес. Оларды әр түрлі басылымдарға тегін жаздырып отырады. Қазақстан Республикасы мен көрші Ресей еліне санаториялар мен демалыс үйлеріне емделіп, дем алуларына жағдай жасайды. Сондай-ақ мұнайшылар балаларын да жыл сайын осындай демалыс үйлеріне жіберіп отыру басқарманың дәстүрлі шараларының бірі деуге болады. Бүгін ойлап, көз жіберіп отырсақ, он жылдың қалайша тез өте шыққанын байқамай да қалғандаймыз. Күні кеше ғана әскери техникалар ғана ойран салған тегін жатқан маң маң жазықта жеті қат жер астынан мұнай сорып, самсаған ұңғымалар катары сап түзеп, кеңейіп келеді. Ол елдің игілігі, ғасырлар бойы осы жерді мекендеген байырғы қазақ елінің байлығы. Кеше ғана мұнда «ҚазМұнайГаз» Ұлтгық Компаниясының Тете-Президенті Махамбет Демешұлы Батырбаев пен «Барлау, Өндіру» Акционерлік Қоғамының Бас Директоры Жақып Марабаев келіп, болашақ Қайнардың перспективалық мәселелерін де көкіректеріне түйіп кетті. Өйткені Кайнардың болашағы әлі де үлкен. Ол бұрынғыдан да гүлдеп, өркен жайып, тек бір ауданның, бір облыстың ғана емес, бүкіл Қазақ елінің алтын қазынасына айналуы тиіс. Сол үшін мұнда жүздеген адамдар бар жандарын салып ересен еңбек етіп жатыр. Сол үшін мұнда барлық жағдай туғызылған. Ендеше, мейлінше жарқырайтын жұлдызды сәттер әлі де алда. Оған бүгінгі кайнарлықтардың еңбегі, өндірістік филиал мен “Барлау, Өндіру” Акционерлік Қоғамының, сондай-ақ «ҚазМұнайГаз» Ұлттық Компаниясы ұжымының еңбегі куә.
Мәлік ӨМІРЗАҚ,
Қайнар мұнай-газ өндіру басқармасының 2000-2005 жылдардағы бастығы
ТӨЛ МЕРЕКЕЛЕРІҢМЕН, ӘРІПТЕСТЕР!
1997 жылы «Қайнармұнайгаз» басқармасына ұңғыларды жер асты жөндеу учаскесінің бастығы болып жұмысқа тұрдым. Ол мезгілде кұрылғанына тек қана 2 жыл болған жаңа кәсіпорынның жағдайы әлсіз, техника жетіспейтін, өндірісті жабдықтау әлі жолға қойылмаған, мамандар жас, көптеген әлеуметтік мәселелер енді-енді қолға алынып жатқан-ды. Учаскедегі сол уақыттағы 3 станок әр жерден жиналып құрастырылған ескі-құсқы агрегаттар еді. Автокөлік деген жоқ, жол қатынасы өте нашар. Солтүстік Қотыртастағы бригадаларды жаяу аралап, арасында пайдалану ұңғымаларын қазып жатырған бұрынғы әріптестеріме барып элеватор, шланга, кілт сияқты жоқтарымды алып тұрушы едім. Бірақ та сол қиыншылықтарға қарамастан көңіл күйіміз көтеріңкі, шабытты жүрушы едік. Себебі басқармаға сол жылы бастық болып ауысқан Ардақ Қонысқалиев жұмысты ұйымдастыра білетін, көпшілікті алға қойған мақсатқа жетелеп, жігерлендіріп, жұмылдыра алатын тәжірибелі басшы болғандықтан-ау деймін. Жыл басындағы кеңсенің өзі атқорадан көп айырмашылығы жоқ, елеусіз ғана жұмыс орны болатын. Орындықтар, үстелдер деген жоқтың қасы. Жыл аяғында осының бәрі жөнделіп, кеңсенің реңі кіре бастады. Екі жылдан бері орындалмай тұрған жоспар да түгенделіп, ел аузына жақсы атақпен іліне бастадық. 1997 жылы күзде басқарма бастығы А.А.Қонысқалиев маған «Қуаныш, бізде толыққанды кәсіподақ ұйымы жоқ. Сенің бұрынғы тәжірибеңді ескеріп, жаңадан комитет құрып, соған төрағалық етсең қайтеді?» — деді. Мен келістім, себебі, осынау жаңадан құрылым, бұрын өнеркәсібі дамымаған шалғайдағы ауданда мұнай кәсіпшілігін нығайту абыройлы да, қызықты да қызмет еді. Қызылқоға ауданы таза ауыл шаруашылығымен айналысатын жері от, суы шұрайлы аймақ қой. «Көлінде бақа шулаған, қырында киік тулаған» дегендей. Жұмысқа тартылған ауыл жастары бұрын-соңды бұрғылау қондырғысын, ұңғыма, станок-тербеме дегендерді алғаш рет көріп тұрғандар болғандықтан, катардағы мұнайшыларды кәсіби баулуға ерекше көңіл бөлініп, алғашқы мезгілдегі кемшіліктеріне кешіріммен қарап, үйретуге тырыстық. Қай істе болмасын, алғашқы болып із салу, бірінші болып жаңа ұңғыманың тізгінін ұстау оңай шаруа емес қой. Әсіресе басқарма ұжымының арқасында талай қиыншылықтар ауыздықталды. Бұрындары мұнда мәдени-көпшілік шаралары деген атымен болған жоқ. Д.Нұрпейісова атындағы Мұнайшылар мәдениет сарайының бір комплект ескі болса да саз аспаптарын, жүз дана орындықтарын алып, Жамансорға әкеліп, өзімізге кішігірім орын ашып алдық. Мезгілінде жер шалғайлығын, жол қиыншылықтарын елемей мұнайшыларға келіп, өз өнерлерімен төнті еткен Сенбек Жұмағалиев, Гүлмайдан Сүндетова, Айгүл Үлкенбаева, Жайлашовтар отбасы өнерпаздар есімін өркез сыйластықпен еске аламын. Әлеуметтік мәселелерді шешуге көмектескен, алдарына барып, қол қолғабыс сұрағанда түсіністікпен қарап, қашан да қайнарлықтарға оң қабақ танытқан басшыларымыз М.Батырбаев, Н.Мақашев, М.Өмірзақ, М.Ж.Сәлімгереев мырзаларға мұнайшылардың алғыстары шексіз. Жер серігі арқылы қабылданатын теледидар антеннасы, спорттық жаттығу құрал-саймандары, ұялы телефон антеннасы мұнайшыларды тасымалдайтын автокөлік сияқты мәселелер осы басшылардың қамқорлықтарының арқасында дер кезінде шешімін тауып жатты. Келгеніне жыл да болмаған өндірістік филиалдың қазіргі бастығы М. Ізбасов Қайнарға үлкен мән беріп, жиі-жиі келіп тұрады. Көпшілікпен кездесіп, мамандармен мәжіліс құрып, соңғы мезгілдегі басқарманың тығырыққа тіреліп, ақсай бастағанынан бастап, қиыншылықтарды ауыздықтау барысында көптеген жұмыстарды қолға алды. Кәсіподақ ұйымының негізгі міндеті адам құқығының бұзылмауын қадағалау десек, өзім ұйым төрағасы болған сегіз жылдың ішінде заңсыз жұмыстан босатылу фактілері болған жоқ. Еңбекті қорғау, техника қауіпсіздігі, жатақхана, асхана жағдайлары, еңбек тәртібі, теледидарды тұрақты тамашалау, адамдарды тасымалдау, балардың жазғы демалысын ұйымдастыру сияқты маңызды істердің ортасында кәсіподақ ұйымы да қызу жұмыстар атқарып келеді. Бастапқы кейпіне қарағанда, бүгінгі Қайнар мұнай-газ өндіру басқармасы адам танымастай өзгерді. Мұнай өндіру көлемі жағынан «Ембімұнайгаз» өндірістік филиалы бойынша үшінші орынға ие болдық.
Бұл — мұнайшылардың ерен еңбектерінің жемісі.
Бүгінгі тап болып отырған қиыншылықтарға қарамастан, ұжым көкжиегі арайлы, болшағы жарқын. Өндірістегі қайшылықтар, кедергілер мамандар үшін кәсіби сын. Осы сыннан сүрінбей өтіп көздеген меже жетегінде өз жұмыстарын жария етуді басқарма міндет етіп отыр. Қайнарлықтардың діттеген мақсатына жетері сөзсіз. Бұл жолда еш күмән жоқ. Уақыт деген зымыран алды-артыңа қарауға мұршанды келтірмей, алға сүйрейтін жүгенсіз нәрсе. Көзді ашыпжұмғанша он жылды артта қалдырып отырмыз. Байыптап қарасақ, осы он жылдың ішінде қанша адамның маңдай тері төгілді, қаншама жұмыс жасалды. Өз еңбектерінің нәтижесін көріп, қуанышқа бөленген сәттер қаншама. Әттеген-ай, дегізген тұстар ше? Мұның бәрі өмір заңы. Өмірдің өзі жеңілу мен шегінуден, кездесу мен қоштасулардан тұрады. Мұның бәрі тіршілікте алма кезек келіп отыратын дүние. Ендеше, Қайнарлық әріптестерім де еш жерде жазылмаған осы бір қағида жетегінде еңбек көрігін одан әрі қыздыруда. Туған ұжымымды төл мерекелерімен шын жүректен құттықтаймын. Ең бастысы денсаулық мықты болып, отбасьшарыңыз аман болсын. Өндіріс өнімін арттырып, мол табысқа кенеліңіздер.
Куаныш АЙТЖАН,
Қайнар мұнай-газ өндіру басқармасы кәсіподак ұйымының төрағасы
БАҚ ПЕН БАЯН
Басқармада алғашқы айларда бар болғаны 100-ге де жетпейтін адам жұмыс жасаған-ды. Алғашқы әзірдегі не бір қиыншылықтар мен тосын жағдайларға, мамандар мен кәнігі жұмысшы қызметкерлердің жетіспеушілігіне де қарамастан жыл қорытындысында басқарма бойынша 51 432 тонна мұнай өндіруге қол жеткізілді. 48 342 тонна мұнай мемлекетке өткізіліп, тауарлы өнім өндіру жоспары 175 миллион 240 мың теңге болып орындалған. Мұнай алынған ұңғымаларға 110 мың текше метр су айдалған. Бұл алғашқы алынған асу, алғашқы табыс биігі еді... Содан бері, міне,10 жыл да зулап өте шығыпты. Бір қараған адамға әнебір көп те уақыт емес сияқты. Бірақ бұл мұнай-газ өндіретін «Қайнармұнайгаз» басқармасы үшін нағыз қалыптасу, даму, кемелдену жылдары болғаны сөзсіз. Бұл кезге дейін басқармада басшылық та әлденеше рет өзгеріске ұшырап үлгерді. Акционерлік қоғамның белгілі білікті мамандары, әр түрлі буындарды жемісті басқарып, көзге түсіп жүрген Қыдырғожа Қуанышев, Ардақ Аманиязұлы Қонысқалиев, Ғазиз Мұқтарұлы Қаукенов, Мәлік Лұқпанұлы Өмірзақтар келді. Бұл мамандар үшін нағыз шын мәніндегі үлкен мектеппен бірдей, парапар жағдай еді. Кәсіпорынның ең алғаш құрылған күнінен бастап бірге жұмыс жасап келе жатқан басқарманың бас геологы Аманжол Сүйесінов, бастықтың оң және сол қолымен бірдей болып отырған екі орынбасары Ғалымжан Имандосов пен Асқар Әжіханов сынды азаматтардың өмір тәжірибесі мен білімі, білігі, ұйымдастыру ісіндегі шеберліктері де кәдеге асып жатты. Әсіресе, мұнай мен химия институты қабырғасынан күні кеше ғана жас қауырсын қанатын енді ғана қағып, ұшып шыққан Медет Сапиұлы Кәрімовтың талантын ұштап, тәрбиелеп, қалыптастырып шағарудың өзі бір үлкен ғанибет іс еді. Жас жігіт өте қағылез, алғыр да ересен қабілеттілігімен ұдайы көзге түсіп, басшыны да қатарлас қызметкерлерін де аса тәнті етіп, үнемі көзге түсіп жүретін. Медет барлық сатыдағы сыннан да ешбір мүдірмей, сүрінбей өтті. Мұнайды дайындау, өндіру, өндірістің басқа да қым – қуыт салаларында терең айналысып, жұмыстың барлық түрін де көріп, ысылып, шындалды. Бастықтың ешбір күдіксіз сенім артатын бірінші орынбасары деңгейіне дейін көтерілді. Сол еңбегінің арқасында ол кейін Астана қаласында екі үлкен акционерлік қоғамның бірігіп, жаңадан «Барлау, өндіру» акционерлік қоғамы болып құрылуына байланысты сол үлкен органның таңдауына ілігіп, жауапты орынға жоғарылатылды. Сөйтіп, қалашық әп сәтте «Қайнар» мұнайшылар қалашығы болып шыға келді. Қалашықтың өзі де жаңа атауына сай жаңа сәнге де ие болып, күннен күнге жасанып, жаңғыра түсті. Кеңсемен екі ортаға, асханаға, автокөлік гаражына дейін төселген тас жолдар біртіндеп қалыпқа келтірілді. Тіпті кеңсенің өз іші де адам танымастай болып өзгеріп кетті Мұнтаздай еурожөндеу, дәліздердегі Қазақстан Республикасының қасиетті рәміздері — көк байрағы мен Елтаңбасы, Әнұраны, барыс кейпіндегі символдық бейнелер көз тартты. Айналасы әдемі гүлдермен көмкеріліп, ағаш көшеттері егіліп, екі үш жыл өтпей ақ бар маңай жасыл желек жамылып, құлпырып сала берді. Кіре беріс қақпа, өртке қарсы күзет қызметі үйлері, монша мен жер серігі арқылы қабылдайтын теледидар антенналары, теле байланыс жүйесі — бәрі бәрі де қалашықтың сәніне сән қосып, ажарын келтіре түсті. Кеңсе алдына «Қайнармұнайгаздың» өз символикалық белгісі жасақталып, тұрғызылды. Осының бәрі жаңа басқарманың өмірі тарихына бірте бірте ылғи да жаңа беттер қосып, оның шежіресін ұлғайтып, байыта берді, байыта берді. Қашан да жаңаның аты жаңа. Болашақта бір ауданның бүкіл бюджет жүйесін бір өзі ғана толтырып отыратындай бірегей кәсіпорынды тыңнан қалыптастырып шығару қайдан да оңай болсын-ау. Ол үшін терең біліктілік пен жер астында бай, мол қоры бар кен орындары жеткілікті болудың өзі де аз екені белгілі. Бұл істе аса ұйымдастырушылык шеберлік пен маман жұмысшы қызметкерлердің әр қайсысын өз орындарында кемел де үйлесімді пайдалана білу, перспективалық мүмкіндіктер мен көсіпшіліктің болашағын алдын ала болжай білетіндей аса бір көрегенділік қасиет те қажет болатын. Сонымен бірге, күн сайынғы қат қабат жұмыста кездесіп отыратын қиыншылықтарды дер кезінде, дұрыс жолмен шешіп отыру да аса маңызды міндет екені белгілі. Соның арқасында басқарманың өндірістік көрсеткіштері жыл санап, өсе түспесе, кеміген жоқ. Әсіресе, 2000 жылдың аяғында кайнарлықтар өндірген мұнайдың көлемі 1995 жылғымен салыстырғанда екі еседен асты. Ал 2001 жылдың аяғында ол төрт есеге жуықтап, 2003 жылда алты еседен де астам шамаға жетті. Бұл үлкен еңбек пен ұйымдастырушылық шеберліктің және терең біліктің мәуелі жемісі десе де болғандай еді. Осы жерде айта кету орынды. 2003 жылы мұнай өндіру ісінде ойда жоқта тосын кедергілер пайда болмасы бар ма? Мұнай сорып тұрған бірнеше ұңғымалардың құмығып, оның үстіне мұнайдың құрамында су мөлшерінің де біршама көбейіп кеткендігінен өндірістік жоспардың орындалмай қалу қаупі туды. Бұған бір амал жасау қажет еді. Не істеуге болар? Бұл жерде мұндай жағдайда қолданылып жүрген бұрынғы ескі сан-сапат амалдардың бәрі бірдей пайдаға аса бермеуі де мүмкін. Жаңа технологиялық әдістердің де біразын сарапқа салып көрдік. Әсіресе, электрлі бұрандалы сораптарды пайдаланудың көптеген артықшылыктары барына ерекше көңіл бөлінді. Бұл істе сүзгінің қандай түрлерін қолданған орынды болар еді?! Міне, осы орайда дереу ең дұрыс шешімді қабылдап, өндіріс басындағы кездескен тосын қиыншылықтардан шығып кетудің оңтайлы жолын жедел табу керек болды. Сөйтіп, сыртына сым оралған қарқасты сүзгілер пайдаланыла бастады. Бұл мұнай құрамына құмның араласуын күрт азайтуға елеулі септігін тигізді. Сонымен қатар мұнайдың сапалық құрамын арттыруға да мүмкіндік туды. Оған судың араласуын шектейтін, тіпті мүлдем азайтып, болдырмайтын әдістер де табылды. Осының арқасында бұған дейінгі кездесіп келген қиыншылықтар да күрт жойылып, мұнай алудың да мөлшері артты. Ал жылдың қорытындысында барлығы 278 ұңғымадан жоспар бойынша көзделген 386 мың тоннаның орнына 390 мың тонна мұнай өндіріліп, мемлекетке 383 668 тонна мұнай өткізуге қол жеткізілді. Тауарлы өнім өндіру көлемі 10 миллиард 484 миллион 986 мың теңгені құрады. Бұл кезде басқарма бойынша өндірісте барлығы 500-ге тарта адам жұмыс істейтін. Жұмысшылар мен қызметкерлердің орташа айлық еңбек ақысы 75 мың теңгеден асқан болатын. Бұл ауыз толтырып айтарлықтай үлкен жеңіс еді. Бұл күнде мұнайлы астананың күншығысынан бой көтерген осынау жап жас кәсіпорын болашағы зор, бұғанасы қатайған, іргелі де бірегей кәсіпшілікке айналып та үлгерген. Ол нағыз шын мәніндегі бүкіл ежелгі Қызылқоға елінің бағы да, бақыты да екеніне баршаның көзін жеткізді десе де болғандай. Бүгінгі таңда ол аудан бюджетінің 75 пайызын қамтамасыз етіп отыр. Бұл зейнеткерлердің зейнетақысы, дәрігерлер мен мұғалімдердің жалақысы. Ал мұндай жағдай Қызылқоға тарихында тіпті Кеңес өкіметі тұсында да болып көрген емес. Қазір мұнда барлық жұмысшы қызметкерлердін де 70 пайыздан астамын қызылқоғалықтар құрайды екен. Демек, ауданның жұмыссыздықпен күресі саласында да қайнарлықтардың үлесі ерекше, қосып отырған көмегі өте-мөте зор деген сөз. Басқарма бойынша мұнай өндіру көлемінің арта түсуі ауданға екінші тыныс әкеледі. Мұның өзі аудан экономикасының да серпінді дамуына көмек болғанының бір айрықша айғағы десе де болғандай. Иә, қазақ айтса, айтқандай, елде болса, ерінге тиеді деген осы. Басқарма ауданның әлеуметтік саласының мұктаждықтарына да жыл сайын ұдайы көмектесіп, біте қайнаскан байланысын үздіксіз нығайтумен келеді. Қазіргі «Қайнармұнайгазды» бұрынгы 1995 жылғы алғаш құрылған кездегі басқармамен тіпті де салыстыруға болмайды. Ұжымда жұмысшы қызметкерлерге барлық жағдайды туғызу ойдағыдай шешіліп отыр. Кәсіпорындағы еңбекті ұйымдастыру ісі тіпті адам қызығарлық-ақ. Аса сәулетті, сайлы да жайлы жатақханалар, мұнтаздай тап таза асхана, монша, түрлі-түсті теледидар, спорт аландары, тіпті ұялы телефон байланысына дейін ойдағыдай шешіліп, жолға қойылған. Ал өндірісте жаңа технологиялык жаңалықтар бірінен кейін бірі енгізіліп, жұмысшылардың да шеберліктері мен біліктіліктері ұдайы арта түсіп отыр. 2003 жылы мұнда жатақхана, асхана, қойма ғимараттарына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Өткен жылы Кенбай кен орнының 50 орындық жатақханасы мен дәрігерлік орнының жөндеу жұмыстары аяқталды. Жыл сайын жұмысшылар мен қызметксрлердің демалып, шипажайларда денсаулықтарын түзеп отырулары үшін миллиондаған теңге каржы бөлініп, жолдамалар беріліп отырылады. Тек 2003 жылдың өзінде ғана осы мақсатқа 4 миллион 885 мың теңге қаржы жұмсалды. Мұның ішінде зейнеткерлер мен балалар лагерлеріне берілген жолдамалар да, маман қызметкерлер мен жұмысшылардың денсаулықтарын түзеу мақсатында шипажайлар мен демалыс орындарына берілген жолдамалар да бар. Кәсіпорында еңбек қауіпсіздігі жағдайларын сақтауға ерекше көңіл бөлініп, ұдайы мән беріледі. Өткен жылы тек осы мақсат үшін ғана 1 миллион 818 мың теңге қаржы қаралып, игерілуі қамтамасыз етілді. Жұмысшылар мен қызметкерлер түгелдей дерлік арнаулы киіммен қамтамасыз етілген. Ол үшін 5 миллион 124 мың 200 теңге қаражат пайдаланылған. Зиянды еңбек жағдайындағы цехтарда жұмыс істейтін жұмысшылар мен қызметкерлерге тұрақты түрде арнаулы сүт тағамдары үзбей беріліп отырылады. Тиісті адамдар күн сайын дерлік дәрігерлік бақылаудан өткізіліп, қажетті көмектер дер кезінде жасалып отырылуы үнемі назарда ұсталады. Кәсіпорынның осылайша жыл сайын түлей түсіп, дүйім бір елдің берік сенімі мен үмітін жалғаған, Қайнар деген атауына сай қара алтын мен миллиондаған табыс тасқынын қайната түскен үлкен де бірегей ұжымға айналуына басқарма бастығының әлеуметтік мәселелер және күрделі құрылыс жөніндегі орынбасарлары Ғалымжан Имандосов пен Асқар Әжіхановтың да қосып келе жатқан үлестері аса ерекше. Кадрлардың темірдей тәртібі мен өз міндеттерін ойдағыдай талапқа сай атқаруына және жеке еңбек келісім шарттарының орындалуын қатаң қадағалап отыруда кадрлар бөлімінің бастығы Мұрат Шеруеновтің, геологиялық барлау мен ұңғымаларды өндіріске әзірлеу ісін қамтамасыз етуде бас геолог Аманжол Сүйесінов пен геология бөлімінің бастығы Тұрлан Молдағалиевтің, өндірістік бөлімнің бастығы Жанболат Мединеевтің еңбектерін қалайша айтпай өтуге болар. Сондай-ақ мұнай өндіру алаңдарының әр кезде де талапқа сай жабдықталып, техника қауіпсіздігі мен технологиялық қызмет тәртібі жағдайларының қатаң сақталуын қамтамасыз етуде, бір де бір алаңда бір де бір мұнай дақтары тамбауына қол жеткізуде инженер-эколог Дархан Қайырлиевтің, инженерлер Серік Қошмағамбетовтың, Марғат Мәженовтың еңбектерін қалайша елеусіз қалдыруға болады. Ал басқарманың жыл санап емес, күн санап жаңғыра түсіп, сәулетті де сұлу ғимараттары мен өндірістік объектілерінің көбейіп, сұлу қыздай сыланып, бой түзей түсуіне күрделі құрылыс бөлімінің бастығы, қанігі құрылысшы инженер, ежелгі қызылқоғалық Амантай Қуанышевтың қосып отырған еңбегіне қалайша тоқталмай кетерсің? Бұл өлке күні кеше ғана бүкіл маң маң жазығында төрт түлік малы ғана мыңғырап жататын баяғы қазақи өлке емес қазір, ол келбетінен мүлдем өзгерген. Үп үп еткен кешкі салқын самалына кеуденді төсесең, жаныңды жадыратып, жан-жүйенді көл-көсір қуанышқа бөлеп, әтірден де бетер болып сезілетін мұнай исі аңқиды. Оңынан да, солынан да аспанға қарап, алып мойнын созған ұңғымалар мен жеті қат жер астынан толассыз мұнай сорып, ырғала билеп, көз сүйіндіретін, жыпырлай шашылған сансыз қондырғылар әлемінен жылан арбаған торғайша тіпті де көзінді ала алмайсың. Оларда сол жансыз техникаларға жан бітіріп, аптап ыстық пен қақаған аяздарда да бел шешпей еңбек етіп жүрген цех бастықтары Ермек Зұлханов, Қайнар Қоданов, Кәримолла Шыңғысов, Абат Құтжанов, оператор Гүлшат Атшыбаева, Автокран жүргізушілері Нұрбай Қазиев, Мұса Мұқатаев, автогараж меңгерушісі Мүбәрак Сәрсенов сынды азаматтардың еңбегін қалайша атап айтпассың! Осының бәрі кей-кейде нақ бір баяғының киял-ғажайып ертегісі тәрізді болып та көрініп кететіні бар адамға. Сонда көзіңді жұмып, бойыңды ерекше бір тебіреніс пен толғаныс билеп, мақтанышпен қиял қанатына мініп алып, қалықтай жөнелгендей әсерге бөленеді екенсің. Содан соң, бұл маңайда осы кезге дейін бұрын-сонды болып көрмеген тосын бір адам келіп, сенен жөн сұрайды екен дейсің.
Бұл кімнің жері? деп, сұрайды ол сенен.
Сен жауап бересің:
Ежелден байырғы қазақ жұрты ғана мекен етіп, емін еркін төрт түлік малын жайлаған, топырағы алтын, көлі күміс, суы шәрбәт, бүкіл аймағы «қақпақты қара қазан» атанған біздің касиетті Қызылқоғаның жері! — деп жауап бересің сен.
Бұл кімнің елі? — деп сұрайды ғой ол тағы да.
Бетегеден биік, жусаннан аласа күй кешкен, күре тамырында ата бабасының қасиетті қаны тулаған, ежелден асау жүрегінде жігері тасыған, өз бақыты мен болашағы үшін қажырлы еңбегімен осіп, өркендей білген, жаны жасыл көрмеген, қол жеткеніне масайрап, марқайып, тасып көрмеген кәдімгі, кәдуілгі Қызылқоғаның елі! дейсің сен. Мынау кімнің байлығы? дейді ол, айнала кең даланы керіп, жағалай самсап, бастарын изелеп, ырғала билеп тұрған мұнай сораптарын көрсетіп. Ал сен болсаң: Қызылқоғаның, Атыраудың, қалды бүкіл қазақ елінің, Қазақстанның байлығы! деп, мақтанышпен кеуденді кере түсесің. Міне, Атырау өлкесінің алыс бір қия бүйіріндегі өркениет пен игіліктер молшылығына енді енді ғана еркін қол соза бастаған Қызылқоға ауданының бүгінгі бағын жандырып, үмітін маздатқан, бақытын баянды етіп, нығайта түскен, өзі аудан аймағында біреу де болса, бірегей тұлғаға айналған “Қайнармұнайгаз” басқармасының бүгінгі өскелең келбеті осындай болып күннен күнге асқақтап келеді. Бұдан былай да өркенің өсіп, бағың жанып, бақытың баянды бола берсін, Қайнар, ал сол Қайнардың арқасында сенің де мерейің әрдайым үстем болып, жұлдызың биіктей берсін, қасиетті туған елім, туған жерім, Қызылқоғам! дегің келеді сонда кең әлемге барынша, бар дауыспен жар салып.
Хамит ӘУБӘКІРОВ,
Қайнар мұнайшылар қалашығы
...Кіреуке шақ өтті. Сәулелі шапағын төгіп тағы бір күн арқан бойы көтеріліп келе жатыр. Мұнайшылар жұмыс орындарына беттеді. Анадан туған ұл, ананың жеген қалжасын ақтаған азаматтар олар. Шау тарттым деген ешқайсысы жоқ. Жансебіл бабалар салған шексіз де шетсіз даңғыл жолға үңіле қарайды.
Бұл болашаққа апарар даңғыл. Ұрпаққа мирас болып қалған даңғыл.
Пікірлер (0)
Пікір жазу үшін аккаунтқа кіріңіз. Кіру