TELEGEI

Home

Алты томдық шығармалар жинағы. 3 том

Жүсіпбек Аймауытов

Оқылуы: 0%

Жазылымсыз режим: 20-беттен кейін жазылым беті ашылады, әрі қарай әр 10 бет сайын (ең көбі 5 рет).

20 px
1.85
0.30 px
0.95 em

Алты томдық шығармалар жинағы. 3 том

Жүсіпбек Аймауытов шығармалар жинағының үшінші томына повесть əңгіме жəне көркем аудармалар топтастырылды. «Күнікейдің жазығы» əйел теңдігі тақырыбына арналса, «Елес», «Əнші», «Қара бақсы» əңгімелеріне қазақ өмірінің көкейкесті мəселелері арқау болған. Əлем əдебиетінің озық үлгілерінен тəржімаланған шығармалар ХХ ғасыр басындағы көркем аударманың көркемдік кестесі мен тіл өрнектілігін байқатады. К

УДК 821.512.122

ББК 84 Қаз-7

А 31

Қазақстан Республикасы Мəдениет жəне ақпарат министрлігі
Ақпарат жəне мұрағат комитеті
«Əдебиеттің əлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару»
бағдарламасы бойынша шығарылды

Басуға М.О.Əуезов атындағы Əдебиет жəне өнер институтының
Ғылыми кеңесі ұсынған
Редакция алқасы:
С.Қирабаев (жауапты редактор), У.Қалижанов, Д.Қамзабекұлы,

Р.Тұрысбеков, Г.Орда (жауапты шығарушы).
Томды баспаға дайындаған:
Б.Мұқатай, Н.Құдайбергенов
Аймауытов Жүсіпбек

А 31 Алты томдық шығармалар жинағы. Повесть пен əңгімелер, аудар-
малар. Құраст. Н.Қуантаев. – Алматы: «Ел-шежіре», – 2013.

Т. 3: –384 б. ІSBN 978-601-7317-61-4 Жүсіпбек Аймауытов шығармалар жинағының үшінші томына повесть, əңгіме жəне көркем аудармалар топтастырылды. «Күнікейдің жазығы» əйел теңдігі тақырыбына арналса, «Елес», «Əнші», «Қара бақсы» əңгімелеріне қазақ өмірінің көкейкесті мəселелері арқау болған. Əлем əдебиетінің озық үлгілерінен тəржімаланған шығармалар ХХ ғасыр басындағы көркем аударманың көркемдік кестесі мен тіл өрнектілігін байқатады. Кітап əдебиеттанушы ғалымдар мен ізденушілер, аспиранттар мен жоғары оқу орындарының студенттеріне жəне ұлт əдебиеті мен тарихын білгісі келетін əдебиет сүйер қауымға арналған. УДК 821.512.122 ББК 84 Қаз-7 ІSBN 978-601-7317-61-4 © Қуантаев Н. құраст., 2013 ІSBN 978-601-7317-58-4 © «Ел-шежіре» ҚҚ., 2013

ПОВЕСТЬ

КҮНІКЕЙДІҢ ЖАЗЫҒЫ

Күнікей ғой бұ жатқан
Жаялықша жалпиған, жарқанатша қалқиған, жермен-жексен
шым қора, бейнеуі жоқ сұм қора. Шымқорада – жер үйде, жел-
піндірмес көр үйде, арса-арса болып сүйегі, қалақтай болып иегі,

жаңқадай жоқ жақ еттен, саусақтары шілбиіп, көлеңкедей кілбиіп,
бұ жатқан қай аруақ?
Əлсін-əлсін демігіп, тық-тық еткен жөтелі өңменіңнен
өткендей, алма еріні кезеріп Бетпақ кезіп кеткендей, кимешегі

қолқылдап қуыршаққа тіккендей, сатпақ-сатпақ жастығы жастық
емес кетпендей, сар төсек боп сарғайып – бұ жатқаның қай əйел?
Білмесеңіз айтайын – Күнікей ғой бұ жатқан.
Күзден жатқан Күнікей – жазға жетті ілініп: күдері ғой, жан

шіркін, үзілмейтін созылып.
Көктем күні күледі, күліп еді – жер түледі. Түлегені емес пе ақ
кебінін сыпырып, көк торғынға бөленді. Қызыл-жасыл, ақ-көкшіл
бейне кілем түріндей, гүлдер гүл-гүл жанады, күлкілдеген гүл-

жапырақ, сағымданған күлім бел терезеден көз салса, Күнікейдің
көңіліне жазылмас жара салады.
Аһ, дариға, дариға! Күнікей сау боп жүрер ме еді? Қырдан те-
зек терер ме еді! Қырдан қия кезер ме еді? Шырқап əнге салар ма

еді? Əнге салса, əл бітіп, қапқа қары талар ма еді?..
Жалғыз əйнек жаман үй, төсеніші – жалаң ши. Жаман шидің
төр жағы – ала сырмақ текемет, текеметте – Күнікей, жалғыз
əйнек түбінде. Алты көзден үшеу жоқ, лақтар ойнап сындырған.

Қалғаны аман қалсын деп, əйнекті жүдə жұлдырған. Күн жылыда
не керек? Бала-шаға, қозы-лақ жол ғып алды əйнекті. Лақ ойнақтап
көрпеге, жығып кетеді шəйнекті. Шəйнекте шалап сусын бар, ша-
лабын қорғап Күнікей айтып қояды: «Шай!» – деп те. Ойнақтаған

құлдыр лақ – шай дегенді біле ме? Лақ қарғыса əйнектен, запы
болған Күнікей, қолын созады шəйнекке.

Күнікейдің серігі – əйнектен ескен жел болады. Күнікей жалғыз
жатқанда, қозы-лақ пен қарлығаш – бейне бір дүйім ел болады.
Ауыл-үйден Күнікейге келушілер кем болады. Қашан жатқан
Күнікей? Қашан өлген Күнікей? Қашанғы көңілін сұрасын? Соған

қарап отыр ма? Шаруасы бар əркімнің.
Оқта-текте Күнікейге бір айналып, кіші үйдегі Айдарлым ке-
леді.
Айдарлым-ау, жап-жас боп аяуды қайдан білесің? Мүшелге

жаңа жеттің ғой... Айналайын өзіңнен!.. Сусының бар ма, апа-
тай?.. Қалайсың деген сөзіңнен!.. Сен болмасаң, қарағым!.. – деп
қояды Күнікей, деміге сөйлеп ентігіп.
Айдарлым кетсе, Күнікей жалғыз жатады күркілдеп: – Уһ...

алла-ай!.. – деп күңкілдеп.
Күнікейдің серігі – əйнектен ескен жел болады. Күнікей жалғыз
жатқанда қос қарлығаш ел болады.
Түйірлеп тасып топырақ, қыл-кыбыр, шөп-шар, жапырақ, бірі-

не-бірі жапсырып, қос қарлығаш қалбаңдап, ұя орнатты дөңбекке:
балалап, өсіп-өнбекке. Жалығу жоқ шіркінде: жаралғандай
еңбекке Күнікей жатыр бақылап, қарлығаштың өнерін жатқандай-
ақ көрмекке.

Қарлығашта дамыл жоқ: есі-дерті ұясы, бірі кетсе, бірі кеп, ақ
қанаты дірілдеп, қос құйрығын қалақ қып, құртымтай боп құн-
тиып, бұғып қана қылтиып ұясына жатады. Зайыбы ұя басқанда,
байы жүреді бəйек боп: əлсін-əлсін келгіштеп, жарының жайын

білгіштеп.
Қарлығаш екеш қарлығаш бір-біріне қайырылғыш, бірін-бірі
сыйлағыш. Адамзатқа не болды? Күнікейден безгендей, Күнікей
мəңгі өлгендей, суық топырақ көмгендей, Айдарлымнан өзгесі

шетінен түге ұмытып.
Баласы қайда Күнікейдің, «апалап» бір уақ келетін? Жұбайы
қайда Күнікейдің қияметтік жолдасы? Күнікей бүйтіп жатқанда,
жастық қойып басына, қолынан сусын беретін? Аулы қайда

Күнікейдің, келіп-кетіп жүретін?
Жалғыз перзент демесең, аулы да бар он шақты үй, байы да бар
соқталдай, бауыры да бар байының – немерелес əмеңгер. Күнікей
сауда үйінен, үйірімен шықпайтын, өңшең қортық көрген көз.

Бар болса, олар қайда жүр, бірі басын көрсетпей? Ауылды
қойшы, ауыл ғой, жайшылықта бауыр ғой. Байы қайда Күнікейдің?

Қосағы бүйтіп жатқанда, қолының ұшын бір бермей, жанына
жақын бір келмей?
Келмек тұрып сұңқа адым, жұлық жамап қаңғып жүр, қатқан
бар деп қай үйде – көкше түтін аңдып жүр, жамауменен жан

сақтап, қара басын қамдап жүр.
Қамдағаны құрысын! Күнікейдің көзі тіріде бір қатынмен сөз
байлап, алуға соны оңтайлап, төртті-бесті қараның бір-екеуін бе-
руге, бүгін-ертең қам қып жүр.

Күнікейдің көзі төрт,
Көкірегі жанған өрт.
Бəрінен де жанына
Батып жатқан осы дерт.

Ауыл-аймақ, абысын, не жақыны-алысы, не тамыры-таны-
сы, не алған серігі, жеті жылғы жолдасы – бəрі бірдей безгендей,
Күнікей сонша не жазды?
Не жазғанын бейбақтың мен айтайын, жігіттер, құлағыңды

сала бер, көкейіңе ұнаса, мəнісіне қана бер.

ОЛ КҮНДЕ

Ол күнде Күнікейдің бала кезі,
Сүю мен жек көруден таза кезі.
Сонда да:
Мені сүйген жігітте не арман бар?

Айтып тұрған секілді отты көзі.
Күнікейдің əкесі Құлтума-ды.
Құлтума құл боп туды, ұл тумады.
Құл туғанын сонан біл: Ордабайдың

Өмірі қойын бағып қолтаулады.
Шешесі Күнікейдің Шекер еді,
Өзі де Шекер десе шекер еді,
Құлтуманы «Шекердің байы» деуші еді.

Шекерді «қатыны» деу бекер еді.
Өйткені:
Ақ жаулық, қылаң ұрған, қылаң Шекер,
Етегі аяқ басса, бұлаң етер.

Мықынын қысып қалсақ: – Өй, қағынды!

– Қойшы! – деп еркеленер, бұраң етер.

Ордабайдың ауылы – өңшең боз бас.
Қолы бос, делебесі неге қозбас?
Қызды ауылды торудан торықса да,
Немесе оңайына обықса да,

Шекерден айналып кеп əйел озбас!
Күнікейдің ағасы бар: Жұматай таз.
Тамақ беріп жұмсаса, ол соған мəз.
Көп бала бұралқы итше түйе бас қып,

Желін қап тақиясын алып қашып:
«Тазым, тазым, таққан таз,
Тазды құдай қаққан таз.
Бес ешкісін баққан таз,

Үй айнала қашқан таз,
Туырлыққа тышқан таз.
Əулекі, жынды көкек, коңыр ала қаз... –
деп ажуалап, ыза қылушы еді.

Əкесі қойшы Құлтума, ағасы Жұматай таз, «қоңыр ала қаз, ал-
пыс үйрек, бір тырна, жата қалып, жер тырна» болса да, Күнікей
Құлагердің баласындай үздік туып, он үшке жетер-жетпесте
бозбаланың көзін тартып, баласынбай «сөз айтуға» жарап қап еді.

Қыз бозбала жиылып сауық құрғанда, орамалдың бетін Күнікейге
бұрғанда:
Қолыңның айналайын саласынан!
Көзіңнің көңіл қояр қарасынан.

Сүйрік боп жалғыз өзі қайдан шыққан
Қамыс пен қара өлеңнің арасынан? –
деп, бозбала көзді бір қадап қоюшы еді.
Қадаса да сұмдықты ерте сезгіш, жырынды Шекер қызына

қарлығаштай шыжбақ боп, жүрсе-тұрса көзінен таса қылмай,
тұтқындағы жаннан бетер бағушы еді.
Бірақ Шекер шеше болам деп бекер арам тер болды. Баланы
іспен емес, сөзбен, үлгімен емес, ақылмен үйретпекші адам сорлы

ғой. Шекер өзіне «құдай жұқтырмағанды» қызына оқыды. Қызы
көргенін тоқыды. «Бозбаламен өзі неге ойнайды?» деген сұрау
Күнікейдің ойына ерте бекіді. Он төртке аяқ басқан соң-ақ көзі
жанып тұрған Күнікей апасынан құрық əкетті.

– Жə, жə, өзім де білем, бала емеспін ғой... – деп, бұрымын

арқасына бір ыршытып, етегіне айнала бір қарап, шығып кететін
күйге ұшырады.
Күнікейдің ерлігіне апасы өңін бұзғанмен, көмейі бос:
өзіне тартқанын, бозбаланың көз салғанын бір есептен теріс те

көрмейді. Қай есептен екенін кім білсін, ананың мақтанышы да.
Күнікей оны сезеді.
Апасы жылтырағанды Күнікейдің үстіне жапсырады, ша-
шын жылтыратып тарайды, өреді, омырауын қызыл, жасыл жіп-

пен кестелейді, тана моншақты камзолына тағады, уақ күмістен
сылдырмақтай шашбау да істейді. Құлтуманың тыққыштап
əкелген пұшпақ жабағысына бақалшыдан айна, тарақ, жұпар са-
бын, шаш майын əпереді.

– Еһ! Кімнің қызынан кем?

Баласын оннан асқан соң-ақ Шекер тегіне атастыруды ойлаған.
Бірақ əркімдер-ақ ауызға алса да, бірінің жетесін, бірінің қабын,
бірінің сабын, бірінің малын, бірінің мұрнын, бірінің кеңірдек
сақалын жаратпай, Шекер аяғына отырғызбаған.

– Қойшының қызы деп кемсінеді ғой. Адырам! Ханның қызына

берем бе екен! – деп қоятын.
Өйткені өзін қойшының қатынымын деп Шекер өмірі ойлаған
емес қой. Қойшы – тек қол байлау, құдай бұйрығы: Анығында
Шекер өзін ана мырзалардың қатынымын деп есептейтін.

Шекер «Сырдың суын жұлығынан келтірмей» жүрсе де, енді
ойланбасқа болмады. Күнікей 14-ке келіп қалды. Енді Күнікей
небір қыздарды да отыртып кетеді. Сөйлесе – түбін түсіреді,
он қолынан өнері төгіледі, күлсе – аузынан дүр шашылады. Əн

шырқаса – сүйегіңді шымырлатады. Шекердің өзі соққан еді ғой
ана кезде. Сөйткен қызға сенім бар ма? Кім біледі...
Сөйтіп жүргенде Ордабайдікінде Тұяқ дейтін етікші жатты.
«Кебіске Шегебайдан да бұл өткін екен: өкшені бес-ақ шегемен

тұрғызады... Асауға құрық салса, тырп етер емес, өкше сіріні
тастай ғып, əшекейлеп тастайды. Тақаны қылмита мінеуге келген-
де, жер жүзінде бұдан етікші өтпес...» деп, қымызға жиылған құла
ауыздардың ауыз суы құрып жүрді.

Шекер Ордабайдікіне қымызға барғанда, ана жақта, жүктің
бұрышында: «Пұп-пұп!» деп, былғарыға су бүркіп, тықылдатып,
құжыраңдап жатқан мойны ішіне кірген бір жаманды көруші еді.

Оны кісі екен деп артық көз тоқтатпаушы еді. Жұрттың жер-суға
түсірмей жатқанын естіген соң, Шекер де тігінін көргелі:

– Былай тұршы, біз де көрейік, – деп, етікшінің пышағын,

бізін, балғасын, кемпірауызын ұстап, қамалап жатқан еркектерді
кимелеп, біреуінің қолынан кебісті жұлып алып қарады. Байдың
кебісі екен, олай-бұлай аударып көрді де, шүйкесінің қылшығын
бір тістеп алып: «Теріс емес» деп, ерніне жабысқан жүнді түкіріп

тастады. Сонымен кете барды. Қайтып оның ісіне Шекер көз
салған жоқ.
Бір күні кешке таман Күнікей Ордабай үйі жағына барып
келіп:

– Апа, сен Шəмшидің кебісін көрген жоқсың ғой. Бір түрлі

сұлу бопты! – деді.

– Ə, қойшы, несі бар дейсің!.. Қандай екен? – дегенде, Күнікей

қолымен, ернімен, қасы-көзімен көрсетіп, өзінше өте əдемілеп су-
реттеді.
Байсалды кісімсіп, Күнікейге: «Көрсе қызарсың-ау» деп отыр-
са да, аздан соң өзінің де əуесқойлығы ұстап, бір жұмысқа барған

кісі боп Шекер байдікіне жөнелді.
Келсе, сыңар кебісі Шəмшидің алдында – қолсандығында
қаздиып тұр екен. Шекер жанына барып, кебісті алып айнал-
дырып қарады, көбінесе өкше жағына көз салды. Жарма көттік

қылып, қызыл-жасыл шарың жіппен иттіс шалып, сірісін қошқар
мүйіздеп қойып, тақасын шоңқита қаза мінеп тастаған екен. Кебіс
жұтынып тұр. Шекер көріп-көріп, демін бір-ақ шығарды: кебіске
қызығып, күншілдігі қозып кетті.

– Күнікейге мен де осындай бір кебіс тіккізіп берейінші, –

деді.

– Тіккізсең, шамаң келеді ғой! – деп: «Саған арам болар» деген

кісіше, Шəмши қасын керіп, төменгі ернін бұлтың еткізді.

– Несі бар, «Ердің құны, нардың пұлы» деймісің? – деп.

Шекердің де жыны ұстап, бастырмалатып шығып кетті.
Шекер келе сала жаман əбдіресін бүйі тигендей астан-кес-
тен ақтарып «төрт қой, төрт киімнің» біреуін суырып алды. Ол
Құлтуманың байдікінен алған бас ұлтаны еді. Кебістің сайманы

онымен түгелделе ме? Шекер ауылды қыдырып жүріп, кеттік тақа,
сірі, ішпек тəрізді жабдығын тауып алды. Шарық жіп бақалшыдан,
тарамыс өз үйінен шықты. Барды да Тұяққа сөйлесті. Ордабайдың
етіктерін бітірген соң, Тұяқ Күнікейге кебіс тікпекші болды.

Он шақты күннен кейін Шекер Тұяқты төрінің алдына отырғызып, өзі – тарамыс, Күнікейге шарық жіп ширатқызып: – Қарағым, оңдап тік! Бар өнеріңді сал. Шəмшидің кебісінен асырмасаң, кем қылма... – деп тақымдап, қайрап, қадағалап отыр. – Бар өнерді аямайық, – деп Тұяқ сулаған молақ балғаның сабымен ысқылап, жаман көздің астымен Күнікейге бір қарап қояды. Қиядағыны көретін Шекердің қырағы көз құйрығы құтқарсын ба, Тұяқтың жаман қарасын сезген соң, жатарда төсек-орын жоқтығын сылтауратып, байдың қонақ үйіне жіберіп жүрді. Əйтсе де көңіліне келіп қала ма деп, күндіз кебіс тігіп отырғанда Тұяқтың үй ішін, малын, ауыл-аймағын сұрап, əлі күнге қалыңдық айттырмай жүргенін де сөз қылып: – Жігіт адамға қыз табылмаушы ма еді... – деп көңілдендіріп, есек дəмелі қылып қояды. Күнікей жоқта өзінің де жайы-күйін сөйлеп, осы бір-екі күшік болмаса, жаман қойшыға əлдеқашан тұрмайтынын, Күнікейін жыламайтын теңіне қосқысы келетінін білдіріп, ара-арасында: – Егестіргенде Шəмшидікінен асырып жіберші. Тағаң жетсе, өкшесін оныкінен пышақ сыртындай болса да артық сал. Əйтеуір өнеріңді аяма, қарағым! – деп бір ескертіп өтеді. – Бар өнер болса, сізден несін аяйық, – деп, Тұяқ ыржиған болады. – Иə, сөйт, қарағым!.. Мен де бір керегіңе жарармын... Тіпті таныс боп қояйық. Біздікіне келіп-кетіп жүрсейші. Байдікіндей ет-қымызымыз болмаса да, айран, шалабымыз, ықыласымыз болады ғой... – деп жылы сөздің де шетін сездіріп, бір-екі сиырдың ірімшігі мен қаймағын, қатығын аузына тосады. – Ет, қымыз үнемі бола бере ме... Біз енді не қылып, атқа мініп, нетіп жүрген кісі емес... Бəрінен де адамның несі керек... – дегенде Шекер тартып отырған тарамысын тісіне қыстырып, əнтек қоя тұрып, құйқылжыған көзінің құйрығымен сұмдана қарап жымияды. Оны көріп Тұяқ та жымияды, балғасын қаттырақ сермеп, тізесін қимылдатып, қутыңдап қояды. Не керек, Тұяқ бар өнерін кебіске салды, аянған жоқ. Шекердің де бұл кебістен аяғанын ит жесе болмай ма. Кебіс Шəмшидікінен аспаса, кем болмады. Тұяқ жарытып ақы алған жоқ, тек ықыласына ырза болды. Тұяқ ауылына қайтарда Шекердікіне келіп, дəм ауыз тиіп, қош айтысты.

Шекер қызымен тысқа шығып аттандырып:

– Келіп-кетіп жүр... Көрген жерде ауыл бар... Етігіміз болса

саған тіктірейік, – дегенде:

– Е, нетсек, келмей енді... – деп Күнікей екеуіне кезек қарап,

Тұяқ жүріп кетті.
Тұяқ кеткеннен кейін етік жайынан сөз қозғалса, Шекер Тұяқты
аузынан түсірмей:

– Шегебай қайда?! Тұяқтың бір шанышқанына да тұрмайды,

– деп мақтап жүретін болды.

Сөйтіп жүріп Тұяқ Күнікейді айттырды.
Тұяқ – 6-7 қаралы кедейдің баласы. Мұрны кертеш, иегі кемиек
бет-аузы құдды шөміш, мойны ішіне кірген. Бейнесіз-ақ жігіт. Сон-
да да Шекердің қолайына жақты. Шекердің айтуынша мұрнының

да «дəнеңкесі жоқ», қолы да «епсек», өзі де оны-мұныға «епті»,
мойны да «сұңғақ», өңі де «ақ құба» жігіт боп шықты.

– Со кертештен басқа кісі құрып қалғандай... – деп Күнікей

сырт айналып бұртыңдап, жамап отырған əкесінің жаман шапа-
нын лақтырып тастап көріп еді, Шекер мойнын ит ала қаздың
айғырындай созып, бүркітше түйіліп, бурадай шабынып: «Болмай-
ды деген не?..». Қарды да, жарды да боратты, жылатты, сықтатты

– ақыры көндірді. Құлтуманы қойшы, ол бір өлген кісі ғой.

Əне-міне дегенше, Тұяқ бір-екі қарасын беріп, құда түсіп,
күйеу боп, бұрынғы келе берісті сиретті.
Тұяқ күн сайын тапқан-таянғанын қалыңға тоса берсін; Күнікей
шолпы тағып, əн салып, бұлғақтап өсе берсін; енді əңгіменің бетін

өзге жаққа бұрайық.

КӨШКЕНДЕ

Ол күнге жиырма жылдан асып кетті, жиырма бес жыл да боп
қалған шығар. Ол күнде айдабол, күлік, ақбура, тұлпар, қозған,
қақсал Шідерті бойын жайлайды. Өлеңті мен Шідерті – қатар
аққан өзен. Өре басы Есіл Нұрадан келе ме, кім білсін, Өлеңті

– Ақкөлге, Шідерті Жайылмаға барып сарқады. Онда Шідертінің

суы мол кезі. Жалғыз-ақ Шиқылдақ аулы болмаса, о кезде Шідерті
бойын қыстаған ел де жоқ. Сəуірдің алашабыр бұлты арылмай-
ақ Баянауыл, Қызылтаудағы қалың сүйіндік атандарын алқынтып,
бұйдасын көш құлаш созып, Бекембай, Арқалық, Жаманадыр,

Желдіадырдан асып, Шідертіге қарай ағыл-тегіл құлай бастайды.

Жонның қар суымен шығып, желкілдеп тұнып тұрған бидайық,
шалғын жеймін деп жанталасып күліктен алдымен Ноқаң ауылы
көшеді. Ноқаң малсақ кісі еді ғой. Ноқаң түннен көшеді, үдере
көшеді. Қатын баланың жақ жүнін үрпите, көзін іріңдете, иегін

дірілдете, көлікті зорықтыра, арықты өлтіре көшеді. Қызылтаудан
он бес көшкенде Шідертіге түседі. Ноқаң ауылы өзге ел барғанша,
жонның соны шалғынына қардай шүйгіп, аш қасқырмен арпалы-
сып, малының түгін тартса, майы шығады.

Ноқаң кеткен соң, Ордабай ауылы да қопаңдайды. Өлер-
тірілеріне қарамай, олар да айдайды. Айдағанмен Ноқаң бір сағым

– жеткізбейді.

Ордабайдың қыз-келіншектері бəт құндыз бөріктерінің үкісі
желкілдеп, жорға мен жүйрік мініп, алдыңғы көшке сыдыртып өте
шыққан, кереге, уық құрымын теңдеген ала шолақ, тарғыл шолақ
сиырының соңында күзеген көк байталмен қалықтап келе жатқан

Күнікейдің зығыры қайнайды. Тақымды бір қысып, қамшыны бір
басып, шаба жөнелгісі келеді де – талабы тас болады. Күнікей
азуын шайнайды.

– Осынша топтан бір жібі түзу мал табылмады ма? Мінбеймін

шолақ байталға, – деп Күнікей о баста-ақ азап салған, бірақ ше-
шесі:

– Қарағым-ау, сүйгеніңді мінетін өз жылқың ба? Тигенімен

жүре бер, құдай жеткізер... – деп, бастырмаған.
Шынымен дейсіз бе? Жоға, онысы əншейін ғой. Күнікей бе-
деу мініп қылаң ұрса, төбесі көкке жетпес пе еді? Күнікей тұрсын,
астындағы құлағы қалтиған, қарыны қорылдаған шобырға өз

көңілі де бейжай.
Шекер «құдай жеткізер» десе де, жеткізбесін іші сезеді. Бір
көшті, екі көшті, үш көшті. Кəне жеткізгені? Жалаң бұ жолы ма?
Жеткізбегелі қашан? Күнде көзін қызықтырып, бай қыздарының

сəнденіп, құтырынып жүргені анау. Бұл ой Шекердің басын жегі-
дей жеді. Шекер шара іздеді, оны ойлады, мұны ойлады: байдан
да, құдайдан да «жəрекім алда» болмасына көзі жетті.
Шекердің қабағы, еріні аттай тулап келе жатқанда, бай бала-

лары көп жылқыны күндей күркіретіп, қиқулап айдап, сиырды
басып кете жаздап үстінен өтті. Астындағы жаман неме де бүйірі
қызып:

– Ий-еһе-һу-о! – деп үйірсек тұлпарымсып, шіңкілдеп басы

мен құйрығын көтерейін деп еді Шекер:

– Кет əй, өлімтік! – деп бір езуін жұлқып, шолақ сабауымен

желкеден бір қойды.
Жылқы лек-легімен өтіп жатыр.
Уай, дүние шіркін-ай! Анау қара ат, торы ат, құла бие, жирен
бие, əне бір құла биелерге Шекер де, Күнікей де мінер ме еді!

Қаздия, қақия отырып тақымды жапсырып, өкшені қадап
тастап, көк көйлектің етегін, ақ шаршының ұшын делеңдетіп, ел-
пілдетіп, елеңдетіп желер ме еді? Анау боқ мұрын Шоқандардың
астындағы ақ селеуді Күнікейдің астына берер ме еді; Шекер

кедейлікті, қорлықты, қойшыны бір күн, бір сағат ішінде талақ
қылмас па еді? Бірақ оған қолы қалай жетеді? Кім жеткізеді?
Құдай ма, бай ма? Жоқ, жоқ, жоқ! Өзі, өзі жетуі керек!
Көп жылқыны еріккен балаларға айдатып, өзі Түгелбай адыры-

на мана жосып кеткен қысырақты қайырып, тымақтың желкесін
мықырайта киіп, құрығын сүйретіп, жылқышы Домбай келе жа-
тыр екен. Деңгейіне таянғанда Шекердің көзі от боп жайнап, шо-
бырын борбайға бір көміп, сиырдан оқшаулана беріп:

– Əй, Домбай! Қайырылшы, – деп, қамшысын шошайтты.

Домбай байдың көп жылқысын өз маңдайына біткендей бу-
ланып жүретін есерлеу жігіт еді, өйткені көшкенде көршілерге
ептеп өз таңдауымен де ұстап беруші еді. Анда-санда байдың,
бəйбішенің көзі түсіп: «Пəленшеге ол атты неге бердің» дегенде:

«Содан қолайлы аттың реті болмады, таң асырып жіберейін деп
ем, жылқы өріп кетіп, өзге аттың жөні келмей қап еді» деп жоқтан
өзгені сылтау қылып жұбата беруші еді.
Осы Домбай ана жылы бір түні Шекерге қол салғанда, Шекердің

онда іріленіп жүрген кезі ме, өзге себеп болды ма, кім білсін,
əйтеуір меселі қайтып еді. Содан бері Домбай түйеші Жаманайдың
жаман Тəукішін талшық қып, Шекерден күдер үзіп кетіп еді.
Енді көк көйлегі көлеңдеген, байбатшалармен айналыс қылатын

Шекер медіресін қылған соң не жаны тұрсын, қысырақты «Ви-
щит!» деп, бір ыршытып жіберіп, айғырын шаужайлай берді.

– Е, Шеке, жақсы ма?

– Жақсы емей, жаман деймісің?

– Атың келісіпті ғой.

– Ой, құдай атқыр! Осынша жылқыдан бір тəуір мал қолыңа

түспеді ме? – дегеннен-ақ Шекер мойнын былғаң еткізіп, көзін
төңкеріп жіберді, іші білді, мұрт күлді.
Шекер бірталай сөйлесіп, жымиып қайтты.

– Немене апа? – дегенде: – Саған бір жақсы ат бер деп тапсырдым. Ертең жүгенді өзің апар! – деді (бұрын атты Жұматай таз əкелетін). Ертеңгі кеште Күнікей құйрық-жалы Шəмшидің шашындай төгілген жарау тобылғы торы биені алып келді. Көк байталдың жанында дүлдүл тəрізді. Шекер бұрын да айтқан ғой, жаман шомыттарын сиырларына артып, өзі жөнеліп бара жатып, Күнікейге тағы да: – Бар, ана Шəмшилердің қасында бол! Елеңдеген мал көрінеді, жығылып қалма! – деді. Күнікей қызылшаң белбеуімен қыпшасын қылдай қып буынып, қызыл тақиясының үкісін дөңгелете сілкіп, желпілдетіп, кебісін тазалап киіп, атын жетелеп, байдың жұртына барды. Байдікі он шақты түйеге жүгін артып болған екен. Тұрғызған түйелерді салды балақ малшы қатын жетелеп тіркеп, алдыңғы түйені тау кеншіктей сирақ Қырықбайына ұстатып қойған екен. Жаулығы қоқырайған Қара бəйбіше күптей боп жұртта шалқиып тұрып, кейбір жүгі ауған түйелерді көріп: – Дүйсенбай, Дүйсенбай! Сен қайда жүрсің ана ауған түйені бұрмай? – деп шаңқ-шаңқ етеді. Дүйсенбай маңдай терін шапанының етегімен бір сүртіп, далақтап жүгіріп барады. – Сен, неғып тұрсың, бозбала жігіт боп сіресіп; қымыз ішкенде сондайсың... қолыңа жұғып кете ме? Бар, ана түйені бас арқанды тарт, атты ертте!.. – деп Қара бəйбіше көрші жігіттердің онысын оған, мұнысын бұған жұмсап, бұйырып тұр. Жігіттер үн-түн жоқ, жүгіріп қауқалаңдап, мықшыңдап, бұйрығын орындап жүр. Е, мына қыз да сəнденіп шығыпты ғой. Мынау атты бұған кім берген? – деп, Күнікейге де көзі түсіп кетті. Күнікей қыпылдап, сазарып, түк айта алмай қалды. – Апа-ау, не қыласың. Біздің қасымызда жүрейін деген ғой, – деп, Шəмши ара түспесе, Күнікей торы биеге қош айтысатын еді, Шəмшиге де нөкер керек қой. Күнікей атын көп атқа матастырып, жұртта таранып, сыланып жатқан Шəмши, Шəлкендердің жанына келді. Шəмшиден жылы сөз естігенге ме, кім білсін, жердегі белбеуін, сəлісін əперіп, шолпысын сыртына шығарып, жылпылдаған болды. Қарыны кебежедей бір можа биеге малшы қатын мінем деп, үзеңгіге аяғы жетпей мықшыңдап жатыр еді.

– Ана жаман күңді атқа салып жіберші, – деп, Қара бəйбіше

Сəрсембайды жұмсады.
Сəрсембай:

– Əй, өлімтік-ай! – деп, малшы қатынды мықынынан бір түйіп,

ашасынан алып, аттың үстіне бір қойды.

– Тоқта, қағынды! Атымды алайын, – дегенге қаратқан жоқ.

Малшы қатын ыржиған болып, критон көйлегін жуырда асты-
на баса алмай, ердің үстінде бүкшеңдеп, қопылдай берді.

– Əтшу, əтшу! – деп бəйбіше көшін жөнелтіп, бір қатынға

құман ұстатып, түзге жөнелді.
Бəйбіше келгенше нөкерлер қара пəуескеге пар атты жегіп,
дайындап тұр еді. Даяршы қатын мен екі кішкене немересін
қасына алып, бəйбіше пəуескеге мінгенде, Күнікей тажалдан

құтылғандай демін бір алды.
Оған дейін ауылдың қыз-келіншектері де көштерін мана
жөнелтіп, түзеліп киініп, аттарын жетелеп, байдың жұртына бір-
бірлеп жинала бастап еді. Ат ерттеген, ат ұстаған жігіттер байдың

қыз-келіншектерін аттандырып, етегін жөндеп, шылбырын аттың
мойнына байлап, сарыбас қамшыларын əперіп, баптап жөнелтті.
Күнікей сияқты көршінің қыздары атына өздері мінді.
Күнікейдің көзі Шəмшиде. Үлбіреген ақ мəре көйлегі аяғын

қалай жапқанын, етегін қалай жинағанын, үзеңгіге аяғын қай жері-
нен салғанына шейін байқап, өзі де сондай болғысы келді. Бұ да
үзеңгісін табаның орта кезінен салды, шапанның етегін Шəмшише
тақымына қыстырды. Бірақ өзгесін келтірсе де, көйлегін кебісінің

тұмсығына жеткізе алмады, қалай созғыласа да болмады. Əнтек
қысқалау екен.
Қыз-келіншектер жұрттан былай шығып, қатар түзеген соң,
Шəмшидің боз жорғасынан қалмасқа бəрі де желді. Күнікейдің

биесі желісті екен: жайнаңдап, резеңкедей созылып, ағызбақтай
сумаңдап барады. Алдына шығып кетсем, байдың қыздары
қызығып, ендігі жолы алып қоя ма деп, Күнікей атының басын те-
жей берді. Қашағанға, жарысқа көп салынып, желікпе боп қалған

жандар екен, қызып ала-ала жөнелді.
Шəмши боз жорғасын тайпалтып, ерден көтеріліңкіреп,
қамшыны бір басып еді, көбінің аты шоқырақтап шауып кетті.
Сүйтіп келе жатқанда артта қалып, насыбайын атып алған жігіт-

тер қуып жетіп:

– Ал, жарыстық! – деп, айғайлап өте шықты. Бұлар да жіберді

аттың басын.
Ала сəуледе жасыл шөпті жапырып, өкпек желді естіріп,
көкіректі керіп, тым-тырағай айдап келеді. Шу дегенде боз жорға
шықты алдына, оған тете Күнікей келеді құйғытып: шапқан сай-

ын ызғып барады. Шəмшиден озбайын деп, атының басын тарта
береді. Бірақ қолын сірестіріп, жұлып əкетіп барады. Əлі келген-
ше тартып бақты. Шəмши ұзап алып, артына жалт-жұлт қарап,
масаттанып қояды. Артқылар таянып қапты. Өзгесін қойшы.

Тыржықайдың шөп желке қара қызы да жетіп қапты. «Саған
озғызғанша» деп Күнікей аттың басын жіберді. Жіберіп еді, биесі
ағып кетті. Ағыны мұндай қатты болар ма? Өкпек жел дауыл боп
көзінен жас ыршып-ыршып кетті. Жығылып қалар ма екем деп

ойлайды. Бірақ тақымы сүйсініп барады. Көштегі атты, арбалы,
сиыр айдаған, түйе жетелеген жандар бір-біріне қосылып, үздіксіз
тізбек боп, құйындап, зымырап артта қалып барады. Күнікей кетті:
бəрін де артына доптай лақтырып өтті. Көк байтал да, шолақ сиыр

да, таз Жұматай да, қойшы Құлтума да естен шықты. Жалынды
жаңа, жат дүниеге кіргендей, тамыр біткені, жүрегі оттай заулап,
көтеріңкі, асқақ сезім кернеп, анау көгерген аспанмен ағып келе
жатқандай болды. Сиыр айдап келе жатқан апасы қызының қарсы

алдында үкідей ұшып бара жатқанын көргенде:

– Ойбай-ау! Жығыласың ғой! Тарт басын, тарт! – деп безектеп,

шырылдап, тебініп ұмтылып еді. Күнікей: «Жығылатын кісің мен-
дей бола ма?» дегендей қамшыны бір сермеп, құйғыта берді.
Көштің алдына таман шығып, бұдырдан асып, алдынан
Арқалықтың көлденең жотасы көрінгенде, Күнікей артына бір

қараса, Шəмши қапты далада. Манағыдай емес, енді Шəмшиден
қорыққан жоқ; бойына бір ерлік, өжеттік пайда болған тəрізді.
«Қашанғы қорғалай бергенше, бір ұрып алайын» деп ойлады.
Астындағы бедеуден өлсе айырылғысы келмейді.

Əлден уақытта қызының ойқастап барып тоқтағанын көргенде,
Шекер бір тамсанды да жымиды.

– Қарағым астына ат түспей, қор боп жүр екен ғой! Не боса, о

босын, бəрінен де озды. Тілеуің берсін, Домбай! – деп, тақымын
бір қысып қойды.

КҮН МЕНІКІ

Күнікей ойысып барып бедеуін тежеп, шашыраған етегін жи-
нап, көшке қараса, Қара бəйбішенің пəуескесі көш алдына түсіп
қалған екен.
Қара бəйбіше көштің қыр соңынан жөнелсе де, божы ұстаған

жалақ Нөкені «Айда, айданың!» астына алып, жолдағы сиыршы-
ларды кие-жара, арбаларды соқпырта, бұзауларды бүйірден түртіп
домалата, қос құласын шаптыра желдіре, көштің алдына түспей
көңілі көншімейтін.

Күнікей озғанына мардамсып, қоқиланып бұрылса да, қара
пəуескені көргенде жүрегі зырқ ете түсті. «Мына тажалдың көзі
тағы шалып қалмаса игі еді» деп қауіптенеді. Күнікейдің бағына
қарай бұ жолы Қара бəйбішенің қанталаған ала көзі сүмектей боп

танауратқан тор бедеуді шала алмай қалды. Өйткені пəуескенің
ернеуіне еңсеріле асылған бəйбішенің көзі көште келе жатыр еді.
Неге десеңіз, Ордабайдың үш баласы үш ауыл ғой. Олар
бəйбіше қатыннан. Қара бəйбіше – Ордабайдың тоқал алған

қатыны. Бəйбіше өліп, өзінен екі ұл, үш қыз туған соң, бұ да
бəйбіше атанған. Сөйтіп, Ордабайдың төрт ауылы бірге көшетін.
Бəйбіше балаларының көші бұрын жөнеліп, озып кетсе, қонғанша
Қара бəйбішенің аузында да, астында да дамыл болмайтын. Бұл

жолы да Ордабайдың үлкен баласы Омардың көш алдына түсіп,
көрші Көшербайдың жырық кемпірі күндігі қайқайып, ала биені
тебініп, жырық сары атанды қарсы алдына салып, шуда қақтырып,
жеткізбей келеді екен. Олардың қыз-келіншек, малшы, құлшылары

да Қара бəйбішенің сырын біліп алған ғой: көштің ауған-қалғанын
ат үстінен түзеп, қасақана айдатып келеді екен.
Манағы атына міне алмайтын кертанау мықыр Тұрсынға:

– Əбілет-ау, атың жүрмей келе ме? Неғып бақайын қыбырлатып

келесің? Өлімтіктің қолына шыбық та түспегенін қарасайшы!..

– деп Қара бəйбіше зығырланып, шабынса да, көштің орта кезін-

дегі қырсау қара атан мұрны созылып ауырған соң, «Не де бол-
са бəлесін бір-ақ көрейін» деген немеше кегжең етіп, бас жібін
(бұйдасын) шарт еткізді.

– Ай, ай! Ана ақ шелек тағы қалды! – деп түйе басын тартқан

биеші Дүйсенбай кейіп, баж ете түскенде, көш жетелеп келе
жатқан Тұрсын бұрылып аялдайын деп еді, Қара бəйбіше одан
жаман шарылдап:

– Тоқтатпашы көшті, тоқтатпа!.. Əй-й, салды балақ сасық күңай! Сенің шашыңды жұлмасам ба! – деп ойбай салды. Со кезде Күнікей пəуескенің ар жағын орағытып, көштің тасасымен қыздарға барып қосылды. Апасының бəсекесін жаттаған Шəмши де арттағы бір бунақ көште қара інгенді бір қызға жетектетіп, сарбас қамшымен қара терге шомылған борбайға шыпылдатып ұрып келеді екен. Жанынан Күнікейдің өткенін байқаған жоқ. Артқы көштің деңгейіне келгенде бос жүруге арланып, бір жағынан, «Бұ да болысып келеді екен» десін деп, Күнікей тартынып қалған бір түйеге жанаса кетіп, бас жібін іліп алды да, естісін дегендей: «Əтшу, əтшу!», – деп, дауысын шығарды. Шəмши артына қарап: «Е, Күнікеймісің? Тірке». – деді. Күнікейдің «немқұрайды» ғып, өтірік жарамсақтанып келе жатқанын қайдан білсін. Шəмшидің жүзінде зіл көрінбегенге Күнікейдің де көңіл жайланайын деді. «Бай балаларының бəсеке таласқаны мұндай жақсы болар ма? Бізге жалынышты болады ғой. Бізсіз бұлардың күні бар ма?..» деген ой келді. Күнікей түйені тіркеп, тақиясын түзеп киіп, оң жағына қарағанда Ордабай айналасының барлық шаңырағынан да үлкен күлімдеген қызыл жақұт күн көктің бір өңірін сары алтынға малып, екі түйенің арасынан абажадай боп адырдан суырылып келе жатыр екен. Мана Арқалықтың басын жалап тұрған алтын сəуле заматта ылди біткенге шашырап, ол сəуленің жуан ортасында Күнікей де келе жатыр еді. Өңі қашып тұрған көк шөп, қызылдыжасылды, сарылы гүлдер де аты бəйгеден келгендей, ажарланып, жылтырап, құлпырып ала жөнелді. Шарықтаған сайын үдеткен бозторғайдың шырылы, боталардың қоңыраудай сыңғырлаған жіңішке, сұлу, қаяусыз зары, енелерінің ауық-ауық қоңырлата бастап, қоюлата көтеріп, бір жоғары, бір төмен толқынтып, жіңішкерте, сүмірейте созып: «У-ү-ү-һ», – деп барып басылған ырғалаң боздасы сайын даланы жаңғырықтырып, өз алдына бір гөй-гөй тартып, біріне-бірі ұласып, қызғыштай қытқылдап, қырғидай шықырлап бара жатқан арбалардың шиқылы: «Апа, деймін, бауырсақ, ірімшік...», – деп, кебежедей басын шығарып қара қожалақ жас балалардың ызыңдаған қыңқылы – бəрі де бүгін Күнікейдің жанына майдай жағып, дүние өзіне бола жаралғандай, алтын күн өзіне бола туғандай көрініп келеді.

Күннің мұндай айбынды, сұлу екенін Күнікей бұрын көрсеші!
Мына күн тап өзінің, өз үйінің күні тəрізді. Жып-жылы, жап-
жарық!
«Əтшу-əтшу, мойнағым! Шырла-шырла, торғайым! Қарның

ашты-ау, ботақан! Мə, ірімшік берейін, қоя қой енді, қалқатай!..
Əлі-ақ ауыл қонады, ашқан қарның тояды...» деп ойлағанда, бала
күнде ауыл көшкенде айтатын:
Ертең ауыл көшеді,

Түндік бауын шешеді.
Қара қойым қашады,
Кұмалағын шашады, –
деген ойыншық өлең есіне түсті. Күнікейдің балалығы ұстап

кетті: бозторғайша аспанда, қызыл гүлді, алтын күнді мадақтап
əн салғысы келді. Сол кезде іркіс-тіркіс түйелер де біріне-бірі
жалғанып, қатар түзеп көш сəніне кірді. Қыз-келіншектердің қолы
босап, бастары қосыла бастады. Тыржықбайдың қызы:

Жосалының басынан жоса алмадым,
Жорға мініп алдыңнан тоса алмадым.., –
деп, «Ай-ай сəулем» деген əнді жөндеп сала алмай ыңырсып,
əуре ғып келе жатыр екен. Күнікей мұрнын тыржитып, жаратпа-

ды. Айтты-айтпады, кəзір сондай жай қоңыр, шобыр əн салатын
шақ па? Қорғалдақтай шымырлатып, бозторғайдай шырылдатып,
шырқап, қалықтатып, сорғалатып салатын шақ емес пе?
Қыздардың ортасына Шəмши де кірді. Көшін жөндеп

оздырғанға көңілі бір демдегені ме, кім білсін.

– Е, əн салып келесіңдер ме? Кəне айтыңдаршы! – деді.

Байдың қызы жоқта ыңыршып келе жатқан жаман-жұман
қыздар:

– Ойбай-ау... жоқ... əншейін... – деп, құты қашып, дымын қоя

қойды.
«Өңшең шірік күң! Онысы несі? Салмайтын несі бар? Соған
бола ма, өзіме бола саламын» деген кісіше, көңілі тасып келе
жатқан Күнікей ешкім «айт» деместен:

Бауырында Шұбартаудың қос балапан.
Сол таудан дария толқып су тараған.
Сұлу қыз, əсем жігіт – бəрі сонда
Япырым-ау, неге келдім сол арадан?

Сол арадан а-ай Əкуда-дай... –
деп, сайын даланы жаңғырықтырып, көшті басына көтеріп,

сұңқылдатып қоя берді. Қыздар: «Мынау қай жақтан шыға кел-
ді?!» дегендей ауыздарын ашып қарай қалды. «Өзімді қошамет
қып, əн салды ғой» деп, Күнікей бір ауыз өлеңді бітіре бергенде
Шəмши бір қопарылып, мойнын бұраң еткізіп:

– Əй, Күнікей-ай! Сен бір жанып тұрған отсың ғой! Е, көңіл

ашар деп осыны айт! – деп көпшіктеген болды. Өйткені бұрынғы
көште бүйтіп суырылып соғып жіберетін қыз қасында болма-
ушы еді. Күнікей Шəмшидің ол қошаметіне құлақ қойған жоқ,
жүдемелете-жүдемелете 2-3 əнді тастап-тастап жіберді. Сол-ақ

екен:
Біржанның төңкерілген дауысымен, «Ешкіөлмес ел жиыл-
ды бауырында!..» дегендей-ақ Күнікейдің аққудай сұңқылдап,
күмістей сыңғырлап, бұлақтай сылдырлап, бұлбұлдай құбылтып,

бұлқындай жұтынып, жүйкені босата, сүйекті шымырлата
сорғалатқан, кестедей нақысты, ботадай сүйкімді, балдай тəтті,
күндей сұлу əніне көш бойындағы қыз-бозбала, қатын-қалаш жи-
налып қалды.

– Е, базар мұнда екен ғой!

– Көп жаса, шырағым!..

– Қалғып-шұлғып келе жатқанда, ұйқымызды шайдай ашты

ғой... Ой тілеуің берсін!..

– Тағы да, қарағым, тағы да... – десіп қатындар да көтермелеп:

– Шешесі Шекер ғой! Бұ қыз тегін өледі деймісің?.. – деп аңыз

қылысты.
Астындағы торы бедеудей бауыры жазылып алған Күнікей,
құдай берген өнерді аясын ба? Жұрт анталап, топ көбейген сай-
ын аруақтана, дəуірлете соқты, делебесі қозған бір-екі қыз да

Күнікейге қосылып кетті. Күнікей бірталай айтып, айызын
қандырған соң, ерігіп келе жатқан жұрт:

– Ал, бозбалалар! Сендер де айтыңдар! Қыз екеш қыз да айтып

келеді, – деп кеу-кеулеген соң Мұсатай, Əйтікен сияқты бозбала-
лар да керіліп, ырғалаңдай, көзін ашып-жұмып, айғайды салып,
бүгінгі көшті ойын-сауық қылып жіберді. Сауықтың арты «ұйқы
ашарға», «аударысқа», «көкпарға» айналып, жұрт дырду-думан-

мен қонар жерге келіп қалғанын да білмеді.
Жолшыбай шидің, қарағанның, томардың түбінен үйректің
жұмыртқасын тауып алысып, бозбалалар қаншыр қуысып, көк
шалғынды жосылтып, өңшең саусылдаған, дулаған жастар көштен

бұрын келді. Келсе, Арқалықтың бөктеріндегі Атшоңқайға көш

басшылар да жетіп, жатық көгалдан ауылдарына жұрт сайлап, көп
жұмыс тындырған немеше шіреніп-шіреніп тұр екен. Күнікейлер
де аттан түсті. Бозбалалар ат ұстап, қаңтарып, матастырды.
Ат екпіні, күн қызуымен алқынып, қызара бөртіп, ісініп келген

жастар белбеулерін шешіп, шапанын тастап, желпініп, Күнікей
сияқты көршілердің қызы көш келгенше тезек теруге жөнелді.
Көш келіп, байдың үйлері үлкен-үлкен жабасалмасын жасап
алған кезде, сиырларының тілін салақтатып, сілекейін шұбыртып,

бүйірін солықтатып, жүгіріп, сиырларын ұстап, жүгін түсіріп
жатқанда Шекерлер де келді. Түтігіп, Күнікейге:

– Сайтан-ау! Сонша шауып... астыңдағыны алып қойса

қайтесің? Маңдайыңа басқан атыңнан жаман... – дегенде, Күнікей
жайымен жұмыс істеп жатып:

– Ойбай, апа-ай! Ат беретін кісі мендей бола ма? Бүгінгі күні

менікі болған жоқ па! – деді.

– Не дейді, ойбай, мына қыз? – деген соң, Күнікей бүгінгі

əңгімесін айтып шықты.
Шекер түк айта алмады.

– Сен бе? – Сен!.. – деп тамсанып жымиды.

ТƏЙТ ƏРМЕН!

Аяңдаса – тымақты алшыдан салғызып, желсе – желдей естіріп,
шапса – құйындай ұшатын, қашағанды шебін жұтқызбай қағып
түсетін бедеу торыны ендігі көште Күнікей тағы мініп шыққанда,
өз сыбағасына өзі құлдық ұратын құла ауыздар көлденеңнен көз

салып:

– Шекердің қызы мына өнерімен əкетті-ау! Əйтпесе кедейдің

тақымына сыятын жануар емес еді, – десті.
Дей берсін. Күнікейге торы бедеу тақымына басқан атынан
бір кейін емес. Күнікей енді жылқы келгенде жүгенін алып, өзі
жүгіреді. Жүргендерде сағынып қалғандай, мойнынан құшақтап

аялайды, жіберерде бас-арқасын сипап, мамық алақанымен
қабырғаға қағып қояды. Ұлы дүсір жарыс болмаса, анау-мына-
умен жарбаңдасып шаппайды. «Қашаған қуып, қинап тастама!»
деп, күркесіне келе бергіш Домбайға да тапсырып қойды. О да

айтқанын қылып жүрді.

Атшоңқайдан асқан соң немене, Шаңды, Сарыапан, Қызыл-
құдыққа қарай құлап кеткендей, демде барып қаласың. Қызыл-
құдықтан көшіп, Əулиетастың дөңінен асқан соң, қарсы алдыңнан
жарқырап Майсор көрінеді. Майсордың бұлағына бір түнеп,

малды шалғынға шеміршектетіп алып, қалың қаулы, жауылша-
лы, жоңышқалы, бетегелі бұйрат пен белден бел асып отырып,
Шақшан адырының түбінен Шідертіге қылт ете түсесің. Жердің
бəрі Күнікейдің кеудесінде сайрап тұр. Бəрі де бала жасынан бері

қозы қуған, бұзау қайырған, тезек терген, əн салған, ат ойнаған,
асыр салған танымал жерлері.
Жолшыбай Күнікей қыздармен бірге жарысып, төбе төбеден
тарғыл жуа терді. Бозбалалармен ілесіп, қоян қуып, Құлболдының

басына да шықты. Қызылқұдықтан көшкен күні Тыржықайдың
қызына бір шəлкестеу байтал кез келер ме, мініп жүре бергенде,
байтал аяғын бір көтеріп еді, қобалақ сорлы жалп ете түсті. Бай-
тал ер-тоқымды бауырына ала сартылдатып, Қызыладырға қарай

құйрығын тігіп алып, шығандап жөнеле берді. Күнікей атына
мініп дайын тұр еді, байталды қуып берді. Бірталай ұзап кеткен
байталға үкідей ұшып барды да жетті. Қайырмалады. Болмады,
құйрықтан алды – тоқтата алмады. Содан кейін қабырғалай беріп,

байталдың тізгінінен шап беріп ұстап, алып қайтты. Артынан
Мұсатай да шауып келеді екен. Тағы бір-екеуі əр жерде шашылып
қалған ер-тоқымды жинап жүр. Мұсатай келіп:

– Əй, қарағым-ай! Сен бірдеңе боласың ғой! Əкеңнің көсегесін

көгертер едің. Əттең, ұл боп тумадың, не керек! Сенен «мынан-
дайын» (шынашағын шошайтып) аяған құдайды да тəйірі алсын!

– деп қалжыңдаған болды.

Мақтағанды іші тəуір көріп келе жатса да, Күнікей ойын-шыны
аралас:

– Кет, көргенсіз, жоқты айтпай... – деді.

– Жатқа қор қылмайтын бала едің, не керек. Кей қуат, жаман

Тұяққа қор боласың... – деп келе жатқанда Күнікей мырс етіп:

– Е, жаның ашиды екен ғой? – деді.

– Ашымай енді... Жаным ашығандықтан айтып жүргем жоқ

па... – деп, баяғысын тағы жақауратты.
Күнікей өп-өтірік түсінбегенсіп:

– Немене? – деп, шешесі құсап көзін төңкеріп қылымсып,

Мұсатайдың бетіне қарады.

Мұсатай кəдімгідей басалқы айтатын адам сияқтанып,
алақанын жайып, басын шұлғып:

– Тым болмаса оң жақта дəурен сүріп, қызық көріп қалсайшы.

Жастық екі айналып келер деймісің... өстіп бұлғақтап жүре бе-
рем деймісің... Осы күні деген шағың... Жас-жастың тілеуі бір,
жібектің түйіні бір... – деп, сүре сөзге салып бара жатқан соң,
Күнікей күліп:

– Мен бір жөні түзу сөз айта ма деп келе жатсам, баяғы

Қара тауың ба? Ондайыңды бізден өзгеге айт, шырағым!.. – деп
бірдеңенің шетін сездіріп, тежеп тастады.
Мұсатай оған да тоқтамады. Анау көпке жетпей тұрып, бір сөз
алып қалуға асығып, тікесінен:

– Бүгін түнде барамын. «Бұ қайсың?» деп жүрме! – деп көзін

қысып қойды.
Күнікей:

– Демінің сағын! – деп ернін шығарды.

– Күнікей, енді өзің білесің... – деп, Мұсатай қылмыңдап,

қиқаңдап еді. Күнікей:

– Енді тəлкектеп не қыласың? – Қатышыңды айналдыра бер!

– деп сөздің бетін ашты. Мұсатай абдырап:

– Қашан мен Қатыш... – деп келе жатқанда, ер-тоқымды жинаған

жігіттер де ұшырасып, Мұсатай есек дəмелі боп қала берді.
Қатыш Тұрғанбайдың «құрық қайтпас» сары қызы еді. Мұсатай
да одан сау емес екенін Күнікей неғып білмесін.
Ауыл Майсордың құлағына – Былқылдаққа қонды. Байдың

төрт ауылы ығы-жығы, бықыр-бықыр төрт түлік көк майсаға
көміліп бырт-бырт жұлып, бырылдап, жусатып жатыр. Лек-
лек балалар жарысып шуласып, құрақтан жұмыртқа алуға, қоға
тартуға Майсорға кетіп барады. Еркектер бие қуып құлын ұстап,

əйелдер жаппа күркесінің алдына бықсытып от жағып, самауырын,
шəйнектеріне шай қайнатып жатыр. Қыз-келіншектердің кейбірі
суын əкеліп, кейбірі жолда дем алып, шелектерін қолдасып, əн са-
лысып, жаңа бара жатыр. Жалғыз-ақ Құлтума сияқты қойшылар

көрінбейді. Өзгенің бəрі кек шалғынға аунап кенелуде, масайра-
уда.
Таң атқалы оразасын ашпаған ел шайларын ышқына-ышқына
ұрттап, маңдайдан сорғалаған терлерін алақанның қырымен сы-

пырып тастап, бойы жадырап, көйлектерін желпіп, қарындарын
ашып, борбайын қасып, күркесінен шықты. «Мынау атты, анау

өгізді жіберу керек екен ғой...» деген тəрізді, малсақ кісімсіп, суыған көліктерді қоя берді, жіберді, жібертті. Көзінің іріңі шоқпардай болған шал – түйеші Жаманай да (манағы Тұрсынның байы) байдың түйелерін жіберіп, одан бір түйеге мініп, ауылауылдың түйесін қайырып Майсордың көкпегіне апарып салып, жайрап битін қарап отырғалы: «Шөк былай!» деп, сар желіп, сойылдап жүр. Жалғыз-жарым мал көздеген қоңылтақ кедей шалдар, бұзау көздеген, ұршық иірген кемпірлер немесе тізе қап байлаған, бір балағы салпылдаған биешілер болмаса, өзгенің бəрі біраздан соң қымызға қанып, күр-күр кекіріп, қарнын сипап, итарқа шаңырақ салма, жүк күрке, арба күркелерінің астына кіріп, манаурады. Жұлдыз-жұлдыз жаман итарқасының күн жағын жауып, кимешегін қайырып, бітеленген бұрымдары сексиіп, күркесінің ауыз жағына Шекер де қисайды. Таз Жұматай байдың биесін сауғызады. Құлтума келуге қашан! Апасының ірге жағына борансоз жастыққа Күнікей де жантайды. Күні бойы атқа шауып, күрке тігіп, жүк тасып, су əкеп, тезек теріп шаршаған Күнікей, басы жастыққа тиген соң қор ете түсті дейсіз бе? Жоқ, көзі жуырда ілінбеді. Ұйықтайын деп көзін жұмса да, балдырғандай уыз дене шаршағанды елемей, местің емізігіндей бұлтиған жас көкірегін нəуетек, албырт жүрегі қайнаған шəугімнің қақпағындай бүлкілдетіп, қиялы бірден-бірге көшеді. Көкірегін қысып ыстықтата берген соң, кірлеп кеткен тартқының түймесін ағытып, жастығының астына салды. Кеудесі əнтек сая табайын деді. Жалаң қат көйлектен торсия білінген қос алмасын оңды-солды сипап, шалқасынан жатып манағыны тағы ойлады. «Манағы» мынау еді: Құлтумаға ағайын Сүлеймен деген болатын. Оның қатыны – Бəден. Күнікейдің Бəденнен жақын жеңгесі жоқ. Мана Бəден екеуі су əкеле жатып, шелектерін жерге қойып, дем алып отырып шүңкілдескен. – Еркежан, мен десең көн. Одан артық патшаның баласы керек пе? Құдайға шүкір, жас емессің. Сендей күнімізде біз талай қызықты көргенбіз. Дүниеде бозбала құшқаннан қызық не бар дейсің? Сен оның дəмін əлі татқан жоқсың, білмейсің, – деп қайдағы жоқты айтып қызықтырып азғырған. Күнікей ə дегенде: – Қойшы, жеңеше! – деп арындаса да, əрі-беріден соң жер шұқып, ойланып:

– Апатай, тіпті жаным шошиды. Жаман болады... Адам қина-

лады дейді ғой... – деп, икемге келген тəрізді болған.

– Қой енді, балалық қылма! Сырғытқаның жетті ғой. Қабырғаңа

кеңес те, бір жауабын бер! – деп жеңгесі кеткен.
Жеңгесінің айналдырғаны жалаң бұл емес, екі жылдан көр-
жерді айтып, құшақтауды, сүйісуді, қойынға жату – келіншек бо-
луды сөз қылып, баулып, қылқылдай беретін.

Бір ретте: «Бəленшені қойныңа алсаң қайтеді?» дегенде
Күнікей: «Апама айтам» деп тұра жөнелген болатын. Содан бері
жерге кіргір жеңгесі еппен айналдыруға, тана-моншаққа, иіс
сабынға қызықтыруға кіріскен. Бұл күнде Күнікейдің Құлағы он-

дай сөзге əбден үйреніп, ойын-сауықта бозбалаға бетінен сүйдіріп,
өзі де сүйіп, омырауын қыстырып, барлық сұмдықты əбден білген
еді. Жалғыз-ақ... жағына келгенде, əнтек батылы бармай, қипақтай
беруші еді.

Бүгінгі Бəден жеңгесінің айтқаны: Ордабайдың бір немересі
Мəжікен деген жігіт еді. Мəжікен қатыны да бар, жасы да жиыр-
ма екі-жиырма үшке келген үлкен жігіт болса да, қаршадайынан
көршілерінің қыз-келтіншегіне ауызданып жаман үйренген

ауыздықсыз бай баласы – бозбалалығын əлі койған жоқ еді. Қою
қара қасты, қошқар тұмсықты, қызыл шырайлы, ат жақты, кел-
бетті жігіт еді. Осы Бəденнің өзімен де, шешесі Шекермен де
Мəжікен он төрт жасынан бері айналыс қылған еді. Күнікей оны-

сын қайдан білсін? Бəденнің Мəжікенмен əрі ескі тамырлығы бар,
əрі «жеңгетайлығын» есептеп (өйткені көйлегі де тозыңқырап жүр
ғой), əрі бай баласының буына жығылып, айдынынан қорқып,
қалай да Күнікейді көндіріп беруге, бұ жолы төс табанын сала

кіріскен еді.
Міне, Күнікейді ұйықтатпай, ойландырып жатқан «манағы» –
осы еді. Күнікей: «Бозбаламен неткен... қандай болады екен?» деп,
бір ауық əуес қылады. Біресе Ұмсындықтың күйеуі қол ұстаған

түні: «Жан терге түсіп, қиналдым» дегенін есіне түсіріп, қорқады.
«Жеңешемді өкпелетіп алам ба» деп тағы ойлайды. Ойын-сауықта
омырауынан қысқанда, тамағынан сүйгенде бойы шымырлап ке-
тетінін ойлағанда: «Одан да тəтті ме екен» деп тағы қызығады.

Біресе күйеуін де есіне алады, бірақ о жағына келгенде, аяғына
боқ басып алған кісіше жеркенеді. «Оған сақтағанша, итке тас-
тасам болмай ма? Оған қара басым да көп» дегендей қылады.

Қалайда Күнікейдің ақылы алтыға, ойы онға бөлініп, көпке дейін көзіне ұйқы келмеді. Кешке таман ала сиырдың бұзауы жоқ болып, Күнікей ауылауылды қыдырып іздеп жүрді. Көз байланған қараңғы кез еді. Бидің ауылына қарай келе жатқанда аяқ астынан бір адам сораң етіп ұшып түрегелді. «Көтек!» деп жалт бергенше болмай, қолынан шап беріп ұстай алды. Бұл əлігі айтқан Мəжікенмен немерелес Қасым деген жігіт екен. Қасым да қатын-балалы, сақалды жігіт. – Немене, қоя беріңізші! – деп бұлқынғанына қараған жоқ, аш белінен құшақтай алып, бір шөптесін шұқырға түсті. Күнікей не болғанын білмеді. Жүрегі аузына тығылып, қалшылдап, дірілдеп, кеудеден, сақалдан итеріп, төбетпен жағаласқан мысықтай шақылдап, шырылдап, алыса кетті. Еңгезердей кісіге əлі келсін бе – умаштап алып ұрды. Күнікей «апатайлап» шырылдай бастап еді: – Шығарма дымыңды! – деп, аузын басты. Күнікей оған қорықпады, булығып, қақалып: – Ойбай-ай, ойбай! – деп құлындағы дауысы құраққа ұшты. Сол-ақ екен, Күнікейдің оң жақ беті де ду ете түсті: Қасым жақтан тартып-тартып жіберген еді. Күнікей күйіп кетті, бетін тырнап кеп алды. Қасым: «Ə, ə аузыңды...» – деп бетін ұстай алғанда, тулап жүрген Күнікей қоянша бұлт етіп, сытылып шыға берді. Сол кезде дүбірлетіп бір атты кісі де келіп қалған екен. Қасым қайта ұмтыла алмады. Күнікей үкідей ұшып үйіне тартты. Шаш будыраған, камзолының түймелері үзілген, көйлек жыртылған, өңі өрт сөндіргендей Күнікей күркесіне келе етпетісінен түсіп, ышқынып, солқылдап жыламасын ба? Шешесі «Ойбай-ай! Құдай атқан-ай? Не болды?» – деп жұлмалап еді, қолын итеріп тастап, бүк түсіп, жастықты құшып, одан жаман кеңкілдеді. Биенің екі сауымындай жылап, əбден сілесі құрып, мауқы басылған соң, апасын оңаша шығарып алып кетіп сөйледі. Анасы үрейленді, таңдайын қақты, күйіп пісті. Бірақ «тірі адамға ауыздан шығармайық, жабулы қазан жабуымен қалсын» деген ойға келіп тоқтады. Кімді қиратсын? Кім теңдік əпереді?.. Со күні түнде Күнікей ұйықтай алмай жатқанда, бір адам шөпті сыбдырлатып, ептеп басып, іргеге келгендей болды. Күркенің о жақ-бұ жағына шығып тыңдады. Қайта Күнікейдің іргесіне келіп біраз отырды. Бір мезгілде іргеден суық қол кіріп келді. Күнікей: – Бұ кім? – деп, шап беріп ұстай алды.

Қол ақырын ғана: – Мен, – деп еді Күнікей: – Мені кім өзі? Кет аулақ! – деп, даурығып қолды итеріп жіберді. – О қай көргенсіз өзі? Кімді тəлкек қып жүр? – деп Шекер де шаңқылдап, басын көтеріп алды. Қол жылысып жөнелді. Ол манағы жеңгесінен сөз айтқызып жүрген Мəжікен еді. Таң алды кезінде Күнікей шырт ұйқыда жатыр еді, жып жылы төсегіне бір суық қол тағы кеп тиді. Күнікей жұлқып кеп тастады. – Бұ қайсының? – Мен... Мұса... тай... – Тəйт, əрмен! Со кезде Шекер тағы ояна келіп: – Өңшең көргенсіз аузыңа с... Осы үйде əкелеріңнің көз құны қалды ма? – деп аузы-мұрнына шай қайната бастаған соң, Мұсатай итті абалата, дүрсілдете жөнелді. – О не? О не? – деп ұйқылы көзімен қоңқылдап Құлтума да бір аунап түсті... БАС БƏЙГЕ БАЙМАНДІКІ Ертеңіне Қасым бетіне орамал байлап шықты. Жұрт «аттан жығылып, бетін тас жырып кетіпті десіп жүрді. Не жырғаны Күнікей мен Шекерге аян, түндегі аттыға аян. Оның аузын Қасым тығындаған. Күнікей жеңгесінің сөзіне ойыса қалса да, түндегі оқиғадан кейін бай балаларын ит етінен жек көріп, қатайып алды. Шідертіге қонған түні тезек теріп жүріп, Бəден жеңгесі тағы да: – Ерке бала, түнде дауыстап ұят қылғаның не? – деп келе жатыр еді, Күнікей түсін бұзып: – Жеңеше, менімен тату болам десең, о жағына аузыңды ашпа! – деп шортынан кайырды. – Өкпелеймін, – десе де: – Өкпелесең, өкпелей бер, еріккен бай баласының тəлкегіне көнер жайым жоқ, – деп, теріс айналды. Содан кейін сүттей ұйып жүрген жеңгесі араз боп, Күнікей жайынан өсек таратуға кірісті.

Күнікейдің тырнағы уытты екен. Қасымның оң жақ беті тарақ
таңбалы тыртық болып кетті. Он бес күннен кейін Құлтуманың
ала сиыры далада ішек-қарыны жарқырап өліп жатқанын Кіші
ауылдың қойшысы айтып келді. Тұяқтан балалы мал үшін алған

жалғыз бұзау қашары жаз ортасында ұшты-күйлі жоғалып кет-
ті. Құлтуманікі жалғыз бұзаулы сиырға қарап қалды. Мұның
бəрі Қасымның жұмысы екенін Күнікей мен Шекер білді. Соңғы
қашары жоғалғанда: «Енді біржола кұртқаны ғой!.. – деп Шекер

жылап жіберді.

– Малыңды жау алсын! Өй, ұлы-қызыңның алдына келсін! Бізді

зарлатсаң, құдай сені бізден де жаман зарлатсын!..» деп, айтпаған
қарғысы қалмады, бірақ содан басқаға шамасы келмеді. Шешесі
зарлап, қарғап-сілеп жатқанда, Күнікей де қынжылды, іргеге қарап
көзінің жасын бұршақтай домалатты. «Осы үйді сорлы қылуға

мен себеп болдым-ау» деп, адам боп, қойшының, қоңсының қызы
боп жаралғанына өкінді. «Бай баласынан қайтсем кек алам» деп
зығырланды, толғанды – ешбір лаж таба алмады.
Əйтеуір кектің көлемі ғой, бір жағынан, Құлтума мен

Жұмабайдың еңбегін еміп, бір жағынан, қызымен екеуі байлардың
жібін иіріп, алашасын, бауын тоқып, сырмағын сырып, кестесін
тігіп, ұрттап жалап, жаз бойы тамақтан кенде болған жоқ. Құлтума
да торсығын бұрыңғыдан үлкейтіп, қой келгенде күпісімен жауып

тасалап əкеп, Шекер жалма-жан жүгіре шығып, шешіп ала қоятын
болды.
Жаз ортасында Шəмшидің қайнысы келеді, құда түсері, қол
ұстатары қабат болады деген хабар естілді.

Бұл хабарды естіген соң Ордабай айналасындағы төрт-бес
ауылдың əйелдері өз күйеуі келетіннен жаман шала бүлініп,
қыдырмашыдан көйлек-жаулық алып, кірі-қоңын жуып, көк
моразға малып, əркім өз əлінше тыраштана бастады. Қашаннан

бері шаң басып, боқжама болып жатқан байдың кілем-киіздері деп
көп малайдың күші, Қара бəйбішенің əмірімен қағылып-сілкініп,
үй сыртына жайылды. Бұрын өңезі туырылып тұратын шелектер де
түледі. Базданып жатқан іркіт сабалар да аузы төмен қарап, бақан

бастарында салбырады. Аузы құрттаған қарындардың да жіңішке
ақ құрттары іргеде жыбырлады. Борбайы бөксеріліп, жалт-жұлт
етіп жүретін таз Жұматай, қазаншы Дүйсенбай сияқтыларға да: ақ
домнан тылтиған көйлек-дамбал пайда болды. Əсіресе бұл науқан

ауыл артында ақ шатырда маңайы қара май сасып жататын Ахмет,

Риза сияқты қырманшы абзилардың шекесін шылқылдатты: жүнжұрқа, қыл-қыбыр, тері-терсекке арбаларын таудай қып тиеп, қойды қотаннан айдап, бауырмал кісімсіп, қайта-қайта қош айтысып, ырғап-жырғап жөнелді. Жалғыз-ақ бұл науқан биттерге бапты болмады: көптен жуылмай, таралмай, кірлеп, терлеп, қайызғақтанып жүрген шаштарға ыстық су, ақ сабын тие бастады. Қордаланып, оңалып, етек алып кеткен шіркін, қайнап тұрған су болмаса, анау-мынауыңды қырау құрлы көрсін бе, қанша тарақтағанмен берекелі неме таусылмады. – Ойбай-ау! Бұ құрып қалғыр арылар емес қой... мүлде құжынап кетті... Күйеу келгенде самайымыздан битіміз сорғалап отырса, тірідей масқара ғой, – десіп, əйелдер биттің жауын іздеп сұрау салысты. Іздей берсе, не табылмайды, біреуден біреу құлақтанып, сақармен, күлмен, керосинмен жуатынды, майға өлтірген сынап жағатынды тауып алды. Əсіресе, керосин мен сынап мың да бір дəрі екен: бит біткенді қасқыр тиген қойдай дүркіретіп, ана шаштың да, мына шаштың да түбінен андағайлатып айдап шықты. Ақ жаулықтың етегіне тарыдай төгілген қара жорға, боз жорғалар бірін-бірі жаныштап, қойдай маңырап, қозыдай шуласып, аяғында жер ошақ біткенді бытырлатып: «Өй, күйеуің құрысын» деп, жоқ болды. Күні-түні тықырлатудан көз ашпайтын бастарға да, қолдарға да бірталайға дейін бостандық берілді. «Тым құрығанда жұмасына бір қыздың күйеуі келіп тұрсайшы!» деп, жалыққан қолдар тілек тіледі. Оған қыз шақ келетін-ау! Құдалардың келу қарсаңына бозбалалар да дəмелі аттарын таң асырып, ер тоқымын, айыл-тұрманын түзеп, қам қылысты. Анадай жерге сегіз қанат ақ отау тігіліп, іші кілем, киіз, алаша, көрпе жастық, түс киізбен безелді. Құдалар келетін күні үш жерден қарауылшы қойған. Шақшан басындағы қылаң атты қарауылшы тымағын қолына алып, атой беріп шапқанда, ықшам киімді жалаңдаған бозбалалар қылаң ұрған саңдақтарына міне сала дүрсілдете жөнелді. Сол шапқаннан шауып, андағайлап, Шақшаның басына шықты. Алыстан қатар тізіліп келе жатқан құдаларды санап алып, қырық құдаға қырық жігіт іріктеліп шығып, алдынан шықты. Қалғаны адыр басында қарап тұрды. Шақшаның арғы тепсеңінде жігіттер кұдаларға жолығып, ат басын тиістіріп тұрып бірталай сөйлесті. Құдалардың ақсақал жағы:

«Күш сынаспай-ақ, жолдарыңды беріп құтылсаңдаршы...» десе
де, желөкпе жастары намысқа қызып: «Біз де қатыннан тудық қой,
біздің мінгеніміз де сиыр емес, жылқы», – деп, қолдарын сермеп,
қоқаңдап болмады. «Ал, ендеше...» деп, құданың бас ақсақалы,

ауылдың бес жігітін ертіп, төбеге шықты. Тепсеңде іркіліп қалған
жетпіс жігіт аттарынан түсіп, айылдарын тартып, белдерін қатты
буынып, білектерін түрініп, қайта атқа қонды.
Мінуі-ақ мұң екен. «Ал қимылда?» десіп, бірін-бірі қуып, сай-

ын далада салды аударыспақты. Отыз бес құдаға отыз бес ауыл
жігіті жекпе-жек келіп тұрмады. Аты да, өзі де шалымды жігіттер
онысын олай, бұнысын бұлай қуып, қолы тиген жерінен еңсеріп,
доптай түсіріп жатыр, кейбірі жан сауғалап қашып, кейбірі атының

басынан аса домалап, кейбірі сүйретіліп атын бермей жатыр. Екі
жақтан бірталай кісі аударылды. Құдалардың ішінде үш мықтысы
бар екен. Олардың ауыл жігітінен үш-төртеуін аударып кеткенін
көріп, Байман деген жігіт біреуін қуып берді. Бара жауырыннан

алып төңкеріп кетті де, қалған екеуін кезекпе-кезек аударысып,
жұлысып жүріп тағы түсірді. Байман болмаса ауыл жігіттері
масқара болып еді: қымызға тойып шыққан кісі алқынып, құсып,
берекесі кетіп еді. Биенің бір сауымында отыз бес құданы түгел

түсіріп, Баймандар бəрін жаяу айдады. Ауылдың қалған жігіті
құдалардың аттарын қуып, қайырып келе жатты. Құдалар жеңілді:
ауыл жігіттерінің жолын беріп, ырза қылды.
Бұл жолы қайрат көрсеткен Байман болды. Байманның

қайратына ауыл да, құдалар да сүйсінді. «Байман, Байман» деген
лақап бес жасар баланың да аузына тарап, ол жүрген жер базар
бола бастады.
Əйелдер құдаларына сый көрсетуге əзірленіп тұр екен: есік-

тен кіре берген кұданы босағада тұрып, көзге ұнмен ұрып, бірта-
лайын соқыр қылуға таяды. Ертеңіне ойын басталғанда одан да
сорақысын көрсетті.
Əңгіме «Кəне, құда, айттан» басталды. Онысы тек сылтау. Айта

алмай əнтек бөгелсе, аяқтан дырылдата жөнеледі. Төрдегі қадірлі
құдаларға жаулық салындырды, қошқардың енін, қамшысын,
түйенің құмалағын саусылдатып қадаған құрым киіз сəукелесін
кигізді. Олардың жолы сонымен бітті, өйткені бауыздау құдаларға

ауыл адамдары да ара түсті. Əңгіменің үлкенін аяқ жақтағы аяу-
сыз, кедейлеу құдаларға көрсетті.
Борбайын жоғары көтеріп, екі балағынан су құйған, киімшең
өзенге тоғытқан, арба жеккен асау өгізге қол-аяғын буып, домала-

тып, теңдеген, күл төккен киізге салып, жоғары-төмен домалатып, ыршытқан əншейін ойыншық екен. Тойдың қызығы шығырға мінгізгенде болды. Шығыр – бір құдайдың пəлесі. Дөңгелек кигізген жалғыз бақанды тікесінен жерге орнатып, бақанның басынан үш жігіт салбыратып дөңгелектің үш жағынан байлайды да құданы дөңгелекке мінгізіп, шыр көбелек айналдырып, басына шығарып қоя береді. Шиыршақ атқан дөңгелек ұршықтай зырылдап жерге жеткенше, құданың зықысын əбден шығарады: зырылдағанына шыдай алмай, ұшып кетеді басы айналады, құсады, өлмесе де өлімші болады. Бұл азап құдаларға тамұқ азабынан бір кейін болған жоқ. «Өзгеңді істесең де шығырыңа апарма!» деп жалынады. Оған қарайтын қатындар ма? Одан да сорақы бір жұмыс: «Өлең айт» деп сүйреп жүргенде, кейбір қатын əлгінің дамбалын шешіп жіберіп, жанды жерінен ұстап, лақша бақыртып, тартып тастауды шығарды. Əсіресе ондай жұмысқа қолы оташының қолындай сумаңдаған Шекер болды. «Ит ашуын тырнадан аладының» керін қылып, Қасымның кегін жазықсыз кедей құдалардан алды. Ордабай ауылы бес ту бие, жиырма қой сойып, Өлеңті, Шідерті, Жон бойындағы елді түгел шақырып, той қылды. Шапқызған жетпіс аттың отызына бəйге тігілді: алды – қасқа тоғыз, арты – он сомға дейін. Он бес балуан бəйгесі: алды – жамбы бастатқан тоғыз, арты – төрт кез мата. Сонша төгілген мал, өлген, зорыққан ат, еркектігінен айрылған, мертіккен, жарым-жан болған адам! Не үшін, кім үшін? Екі ауыз сөздің басын қосып айта алмайтын мыңқылдаған шотпақ қара күйеу мен көзі біттиген, былшиған сары қыздың шашыратқысы үшін. Шекерді, Күнікейді қан қақсатқан, Құлтума, Жұматай, Дүйсенбайлардың көзіне көк шыбын үймелеткен екі байдың атағы, мақтаны үшін. Бекер ме? Кім айтады бекер деп? Ешкім айта алмайды. Байдың тойындағы күресті, көкнарды, ат жарысты, төбелесті жазбаймын: оларды мадақтау біздің мақсатымыз емес. Жалғыз-ақ бұл тойда күрес, көкпар, жерден күміс алудың бас бəйгесі Баймандікі болғанын ескертеміз. Ардақты оқушылар, «Байманның бəйге алғаны бізге не керек? Ондай бəйгені кім алмайды?» деп күн бұрын сөге көрмеңіздер. Байманның сіздерге керегі болмаса да, бізге керегі болғалы тұр. Байман кім еді? Не істеді? Бұл əңгімеге қандай қатысы бар? Оны кейінгі жағынан қарай беріңіздер.

ӨЗ ЕСЕБІ – Ат бастатқан тоғыз болса керек... – Саған кім айтты? Жамбы бастатқан дегені қайда?.. – Бұйырмасын, тай тұяқ, оған өңештемей-ақ қойыңдар!.. Сақау Іңкарға айтқан екен, Іңкар біздің Несібелдіге айтыпты. Несібелді аузы-мұрны қисаймастан маған айтты. Өтірік айтса, жаны шықсын, – деп түзге барған үш қатын көйлектерін тізесінен асыра түріп қойып, ыстандарын қызартып, беті-қолдарын жуып жатып, біріне-бірі бой бермей, Дəмегөй: – Бұйырмасын, мұрнымды кесіп берейін, – дей бергенде: – Дəмегөй-ау, құртымдай құрғырыңды кесіп беріп сымбылбайыңмен дем аласың ба? – деп, арт жағынан Қатыш келіп, иықтан бір салды. Дəмегөй: – Көтек! – деп селк ете түсті. Қатыш қастарына келе, ыстанының бауын шешіп, бөксесін алды-артына изеңдетіп, артқы етегін лақтырып тастап, жапалақша далп етті. – Е, араласып жүрген мына қатын біледі ғой! – дескен соң, Қатыш ыстанының бауын бір қолымен ұстап, шəугімді алып жатып: – О не? – деп сұрады. – Қыз ибасын айтамыз, – десті. – Шүйінші берсең, бəт құндыз бастатқан тоғыз, – деген соң таласып отырған үшеуі біріне-бірі ернін шығарды. О кезде Қара бəйбіше кілем төсегінің кемерінде Көксаумен аузы-аузына жабысып отыр ед. Əңгіме мынау: Шəмшидің қыз ибасын төрт кісі сұрап, соның қайсысына беруді Қара бəйбіше Көксаумен ақылдасып отыр еді. Көксаудың шын аты Ыбырай ма, Ысқақ па, Баймұжық па, Жүндібай ма? Кім білсін, əйтеуір өмірі күркілдеуден көз ашпаған соң, жұрт «Көксау» деп кетіп еді. Кейбір жек көретін кісілер оны «Пітне» деп те атаушы еді. Көксау мойны мықырайған, көзі бақырайған, бет-аузы жұртта қалған сірідей тырысқан, қол-аяғы шидей, бойы шүкиттей бір жарқанат еді. Көксаудың араласпайтын сөзі болмаушы еді: көбінесе əйелдер мен еркек арасына елшілікке жүруші еді. Көксау білмей-

тін ел жапсары, қатын өсегі, партия, пəле жоқ еді. «Жақсылар»
кейде аңғырт кетіп бара жатқанда Көксау қасына таман еңбектеп
барып:

– Оның бір кестесі бар, өзіңізге ұғындырайын... – деп, бірдеңені

күбірлеп, мыңқ ете қалар еді. Айтқанындай-ақ, ондай жұмыстың
«кестесі» табылып, Көксаудың топшылауы дұрыс шыға берген-
діктен, мырзалар оны: «Ін түбінде ойлап жататын байғыз» деп те
қоюшы еді. Көксаудың екі қатыны мен қызы мырзалардың аяқ

ылауы еді. Оны Көксау сезсе де сезбегенсіп жүре берер еді. Бір
есептен мырзалармен белдесерлік күші де жоқ: жаман, аз атаның
тұқымы. Анау Құлтума, Дүйсенбай, Сақаулар осының ағайыны:
оның бəрі бай тұқымының малайы, атарман-шабарманы, бір есеп-

тен мырзаларға жалынышты: өз тұқымына түскен алым-шығынды
түндік басына үлестіру, жинау, олардың арасынан мал табу
Көксаудың қолында. «Жақсыларды» жанап, жеңге болғандықтан,
алпыс үйді өзі билегендіктен, орташа ауқат бітіп, орта шарқы

үй боп қалды. Бір есептен қатын-балаға қатты сөйлеуге өзінде
пəлендей қауқар да жоқ. Жəне бай тұқымынан тұқым алғанды,
бала көргенді жаман ойы теріс көрмейді.
Қара бəйбіше Сүлейменді ауызға алғанда Көксау тыртиып,

қыржиып:

– Ой, тəйірі-ай! Баяғыда пəленшенің қара шаңырағы еді де-

месек, о бір берекесіз адам ғой. Қас болып қастығын, дос болып
достығын көрсетуге жарарлық кісі емес, не керек? – деді.
Расында Сүлеймен партияда ел аларлық, дүние шашарлық,
салдақ боларлық кісі емес, біртоға, сыпайы, шаруақор адам еді.

Қара бəйбіше Ыбырайымды айтқанда, Көксау оны да жарат-
пады.

– Шопан атаңнан қыз алғаны болмаса, о бір қарау ит емес

пе? Қайтсем малым қалады деп, партияда екі жақты кезек ал-
дап, безбеннің ауған жағына шыға кетеді. Керек десе, өзінің үш
түндігіне ие бола алмайды. Оныкі тек əншейін, бір сылтау бол-
сын, əйтпесе ол берсең де алмайды, – деді.

Анығында Ыбырай кім болыс болса, соның жемі еді. Оның
ту биесінде, еркек қойында ерік жоқ: болыс керек қылған күні
шабарман бажылдатып, ұстап əкетер еді. Болыстық осы ауыл-
да тұрғанда, тым құрыса, бір алуына кіпарат болар ма екен деп,

Ыбырай өп-өтірік тілеулестігін білдірмек еді.

– Қожбандікі ше? – дегенде:

– Жо-жоқ. Оны атақ қылма! – деп, Қара бəйбіше қолын сермеп,

безек-безек етті. Өйткені оның керім сал қара қатынымен баяғыда
байы тамыр боп, талай түнгі сыбағасынан құр қалдырғаны өлмей
есінен кетсін бе? Бəйбішенің бетін байқаған соң, Көксау да
таласқан жоқ. «Бұ кəпір əлі ұмытқан жоқ екен» деп ойлап:

– Оның ауылы да шалғай: бала-шаға шұбатылып бару да қиын

ғой, – деген болды.
Сонымен олай-бұлай екшеп келіп, қыз ибаны Рақыштікіне бе-
руді ұйғарысты. Ол ауыл əрі жақын, əрі бастас: өз тұқымы, əрі
тілмəш та сол, елдің бір тұтқасы ғой. Рақыштың кер ауыз қатыны

былтыр көш-жөнекей Шəмшилер түскенде, қой сойып бер-
мей, қатқан етпен жөнелткеніне бəйбіше ішінен наразылау боп,
бір қаржуын қайырам ба деп жүруші еді. Сонда да Көксаудың
дəлелдері басым келген соң, айтары болмай қалды. Ана бəйбіше

балаларының болыс болғанын қаламаса да, оны сыртына шығара
алмады. Өз балалары əлі жас қой. Ал былтырғы өкпесін сылтау
қылуды тым болмашы нəрсе көріп, Көксауға сыр бермейін деп ой-
лады.

Омырауында қақ сіңген, шуаш сасыған алжапқыш, бұтында
құйысқандығынан жүні көрінген, Жұматайдың көне тері шалба-
ры екенімен ісі жоқ, Шекер желкеден түйген қылаң жаулықтың
құйрығымен шалбардың жырығын жауып, кебісін шөпке үйкеп,

«сендерге осы түрім де жарамай ма?» дегендей, жан-жағына түйіле
қарап, мықынын бұлтыңдатып, сол қолын аспандатып, оң қолымен
шелек көтеріп, қосақтан байдікіне қарай жүрді. Жалаң Шекер
емес, қараша үйлердің қатын біткені байдың салқар алты қосақ

қойын сауысатын, əйтпесе қоңсы бола ма? Байдікінен ұрттап-жа-
лап ала ма? Қаттысын қайырып, жұмсағын жымырмаса, қойдың
пұшпақ жүнін, киімінің ескісін, етіктің сірісін, бас ауырғандағы
бір қайнатым қара шайын, малдың өкпесін, бір жөргем ащы іше-

гін, ұйқысын, сорпасын байдікі тегін бере ме? «Қолы ойнағанның
аузы ойнайды» деп Қара бəйбіше неге қақсайды дейсің?
Шекер бұрын еміне бермей, еркінсіп, былғаныш қара
жұмыстан бойын теткіп ұстаушы еді. Өйткені сомадай Жұматай

мен Құлтума, əрі көлеңдеген ақ жаулығы мен құймыр отты көзі
тұрғанда, аштан өліп, көштен қалмаспын деп ойлаушы еді. Ала
сиыр мен тарғыл қашардан жүдемете айрылған соң, бұрынғы ер-
келік, кербездік, бұрынғы ожар үміт, ер кеуде артын қысайын деді.

Күнікейге камзол, көйлек, өзіне кебіс, шапан, Жұматайға күпі ке-

рек. Құлтуманы қойшы, о түгілі Күнікейге жаңа көрпе, жастыққа
тыс, кестелі орамал, ақ шымылдық, сары қол сандық, қызыл сал
керек. Тұяқ: «Есік көрсет, малыңды алып, қалыңдығымды бер» –
деп қыңқылдағалы қашан. Қысқы азығы, соғымы тағы келеді. Үш

қанат желкөз баспаның туырлығы жұлдыз-жұлдыз: бүктеумен, жа-
зумен, артумен, тігумен сұрғылданып, өзі үлдіреп тозығы жеткен
құрымға қой сүйкеніп, лақ секіріп, сиыр мүйіздеп, сау тамтығын
тастамады. Бір жағынан бозбаласы түскір іргенің сиқын кетіріп

бітті: шиде қирамаған аяқ, үзілмеген бау қалған жоқ. Бұ жұртта
тың жерін ауыстырып келтірсе, ендігі жұртта Күнікейдің іргесі
тышқан қиғандай жырым-жырым боп шығады.
Шəмшидің күйеуі келгенге жұрт масайрап, Күнікейдің құрбы-

құрдастары атлас, торғын, жібек, бəтес, мақпал, барқыт киіп,
күміс баулы, сандық шомбал шолпылары күнге шағылысып,
құйымшағын соғып, қызылды-жасылды, оқалы, зерлі тақиялардың
шоқпардан үкілері үлпілдеп, күлтелі қос етектері күлкілдеп, он

кез бəтесті аяғымен теуіп, бұлғаңдап, сəнденіп жүргенін көргенде,
Шекердің іші қазандай қайнайды, оларды көргенде Шекердің көзі
мұзға тайғандай, сырғанап өте шығады да, көрмегенсіп, қырын
қарап кетеді.

Бұл жолы да Шекер сүт толы шелегін жамбастай көтеріп,
сол қолын əнеугі Байжұмыр құданың борбайынша ербеңдетіп,
байдың жер ошағына таяна бергенде өңшең асыл киінген қыз-
қырқындар үйден шығып, түзге жөнелді. «Үстіндегісін сыпырып

алып, ырбыңдаған сайтандарды желкеге бір түйіп, қой сауғызар
ма еді? Көрер ем сəнденгеніңді?» – деп зығырланды. Самала-
дай болып бара жатқан қыздарына қарап, насаттанып, өзінің де
қыз күні есіне түсіп, үй жанында Қара бəйбіше тұр еді. Шекер

соны аңдиды. Аңдығандағысы – көзін тасалай беріп, шелегінде-
гі сүттің түп жағын үйіне ала қайтпақ еді. Қыз күнін есіне алып,
қиялға батып тұрған бəйбішеге, тілеуің бергір, ар жағынан Қатыш
кеп шүңкілдесе қалар ма! Шекер жалма-жан жер ошақтағы тай

қазанға сүтін сыбдырсыз құйып, түбіне екі аяқтай қалдырып,
қызыл күйменің ар жағымен қосаққа қарай сызып берді. Үйіне
жеткенде, бəйбішеге бір қаралық қастық қылғандай, өзі бір қазан
сүт олжа тапқандай, əлдеқандай мардамсып, ернін жымырып,

тілін бір жалап алды.
Күнікей қара құманға су ысытып, басын жуып жатыр еді.
Шекердің келген жерден сұрағаны бұзау болды.

– Шынарбай үйінің бұзауымен бірге. Шөккенге соңыра айдай кел дедім, – деген соң, Шекердің көңілі жайланып, шелегін іргеге қойып, үстіндегі сауыс шомыттарын шеше бастады. Күнікей екі алақанымен шашын шартылдатып, бір сілкіп желкесіне тастап: – Апа-ау, «бай» деп сəнденгені болмаса, күйеу бір топас екен ғой, – деді. – Неғыпты? – Зағипа тақасын жұлып алып еді, қолға салып қалды. Зағипа ашуланып: «Аузында əзілі жоқтың, қолында тоқпағы бар» деген осы-ау, – деп еді. Сендей қызды солай сүй... үйрету керек деп қарап отыр. Бетімізден отымыз шықты. Сүйтсек, Күлтай көріп қапты: қақ төбесінде танадай жалтыры бар екен... – Ойбай-ау! Таз десеңші!.. – деп, Шекер мырс ете түсті. – Біздің Жұматайға күле беретін немелер ғой, келсін өз бастарыңа да!.. – деді. Шекер беті-қолын сабындап жуынып, Күнікейін алдына отырғызып, шашын тарап отырып күйеуді тағы жамандады: – Көзі – дəл өлетін сиырдың көзі. Мұрны – Шолақтың күйген бармағы, аузы – талыс, өзі – аумаған Түйебай... – деп, сол елдегі сұмпайы біреуге теңгеріп, əбден іске алғысыз қылды. – Апа, қойшы, байқұсты сонша құлдыраттың ғой! – деп Күнікей ішек-сілесі қатып күлді. Қызын күлдіргенге, күлдіргендей сөз айтқанына Шекер қайтақайта: – Аумаған Түйебай! Құдды сол... – деп кеңкілдеп өзі де күлді. Бірақ аяқ кезінде күйеуді сонша жамандағанына өкінгендей ой кірді. Өз күйеуі – Тұяқ қайбір жұтынып тұрған жігіт. Істі өткізіңкіреп алып, түзетем дегенше жуырда оңала ма, дереу күлкісін тыйып алып: – Еркектің түрі не керек? Ақылды, өнерлі болса, асырапсақтауға жараса, тұз-еңбегі жарасса, со-дағы... – деді. Апасының Тұяқты мақтамақ болған ойын сезе қойып, үп-үлкен кісімсіп, түсін бұзып: – «Келбет көрсең, сын сорма!», «Түсі игіден түңілме!» деп, қазақ неге айтады? Апа, кейде жоқты айтып кететінің бар-ау! Түрі шошқа кісінің сыры қай оңушы еді? – деп апасын іле түрегелді. Апасы да сұмдықты сезгіш қой.

– Е, қойшы əрман, кəрі кісіше мақалдамай! Көксауда не келбет

бар? Бір жұрын. Сонда да алпыс үй Жаманқұсты си десе, сигізіп...
отыр. Көктұмсықта не түр бар? О да ауылнай боп пəлен етіп, түген
етіп жүр... деп елдегі атқа мінер, пысықтарды, сұмдарды санай
бастады.

Оған Күнікей жеңістік бермеді.

– Өсек айтқан да, жыбырлаған да, кедейді жеп зарлатқан да

өнер боп па? – деп тайталасты.
Айтыстан мəн шықпасын білген соң Шекер сөзді басқа жаққа
бұрғалы үндемей аз кідіріп, есік алдына қарап:

– Кебісіңді жуып, майлап алсаң етті, – деген болды.

– Май кісінің үстін былғайды: түкіріктеп киізбен сүртем, –

деді.

– Барғанда аяғыңнан тастама: мұндай қара құртта ұрлап ке-

тетін, – деп апасы ақылын үйретті.
Алдағы ойынды ойлағандікі ме, əйтпесе апасын сөзден
тосқанына ішінен мардамсығаны ма, Күнікей тарақты тырнағына
тырсылдатып, ыңырсып əн сала бастады. Шекер шолпысын ша-

шына қабат өре байлап жатып:

– Шолпыңды қалтаңа салып қой. Есің шығып желеңдемей,

байқап отыр: қиып əкетеді... «Өлең айт» дегенде, жар дегенде
сен қоя берме! Əуелі анау үкілі Айшалар-ақ айтсын... арттан асы-
рып салсаң да болар... Салғаннан қатты бастап, тығылып қалма!..
Аузыңды аңқитып ашып жіберме. Айшаға ұсап, көмекейіңді

көрсетіп... – деп білгенін үйретіп отырғанда, Күнікей ыңырсыған
əнін қоймастан, жауырынын қиқаң еткізіп:

– Қойшы, апа! Жоқты айтпай! – деп қыржыңдап жаратпады.

– Кет, сайтан, о несі? – деп, апасы қолымен арқаға түртіп қалып

отырды.
Əйтсе де апасын ренжітіп алам ба дегендей, қыржыңдап
отырған Күнікей замат жайраңдап:

– Апа-ау! Мен Жұмабектің тағы бір əнін үйреніп алдым ғой!

– деп, мойнын былғаң еткізді.

– Кəне, салшы! – деген соң Күнікей ақырын сыңсыған дауысы-

мен «Ысматты» айтты. Апасы тыңдап болып:

– Жақсы екен!.. Бірақ жаңа əндеріңді əбден жаттап, жаттығып

алмай, айтпа! Жаңылып қаласың, – деді.

– Е, өзім де айтпаймын... Уай, шіркін, Жұмабек не деген əнші!

Дауысы бір қарлықпайды, бір жарықшақ жоқ, əні таң атқанша та-
усылмайды. Өзі де көңіл ашар, ойыншы жігіт екен! – деді.
Соны айтқанда, апасы мойнын бұрып, қызына түйіле қарап:

– Ойыншы екенін қайдан білдің? Ойнадың ба? – деп сұрады.

Күнікей көзін бажырайтып, тілін шығарып:

– Əшейін айтам, – деді.

– Қарағым, мықты бол, мықты бол! Айтып ем ғой. Жас құда

құдашаны қатты айналдыратын: масқара боп жүрме! – деп, қамқор
ананың қалпын қылып, қызын арқаға қағып, құлағының түбінен
иіскеді.
Күнікей пəлен деген жоқ:

– Болдың ба, апа? – деп, қаздиып түрегеліп, көйлегінің етегін

сілікті.

АЛ СОНДА...

Қой-қозының беймаза ызыңы басылып, көгенде жалғыз-жа-
рым лақтар ғана шырылдайтын мезгіл болды.
Күйлеген қызыл құнажынның соңында «көптікі, көптікі» деп,
өгіздер өңкеңдейді. «Маған да, маған да» деп тайынша бұқалар

томпаңдайды. Қаға берісте біреуі шылтың етіп артыла кеткен-
де, қу мүйіздің бірі жайқап қалса, домалаң ете түседі. Бір аунап
тұра сала тайынша бұқалар тағы ұмтылады. Өгіздер, тайыншалар
қырқысып, қызыл құнажынға кім көрінгені бұқалық қып жатқанда,

ауылдың ана шетінен: «Өзімдікі, өзімдікі» деп күжілдеп, бүйірлері
сартылдап, тұяқтары сыртылдап, ұмтылып көк бұқа бара жатыр.
Өзге сиырлар үй жанында, қотан жиегінде: «А, құдай, бергеніңе
шүкір?» дегендей, əуелі алдын, содан артын шөгеріп, тыныш-

танып жатқанына бір күрсініп, тұмсықтарымен жұлдыз қарап,
қараса да түк көрмей, дүрдек ауыздары малжаңдап күйіс қайыруға
кірісті. Қанды көз, қызыл езу қаншықтар жол шолып, ауыл қорып,
күн бұрын қызғыш боп, шəуілдеп, шала бүлініп жүргенде, дүрдей

көк қасқа, сары ала төбеттер қотан шетінде жайымен аяңдап келе
жатып, анда-санда ауыздарын толтыра, «оһ! оһ!» деп қояды.
Жаман үйінің жанына сүйене шалқалап, санына шейін түрілген
қара қайық, қотыр борбайын қос қолдап тыр-тыр қасып, «еһ, еһ!»

деп, қышуы қанғанда түшіркеніп Құлтума жатыр. Манағы олжа

сүтіне жалғыз сиырдың сүтін қосып, жер ошаққа асып, анда-санда астын бір көсеп қойып, отқа талтая табынып Шекер отыр. Үлкендер, еркектер тойған сиырдай тырайып дамыл алуға кіріскенде, қыздар қызыл құнажындай қылаңдап, сылаңдап, шоқтанып, топтанып, сылдырлап, былдырлап, Шідертіні өрлей Рақыш ауылына бет қойды. Олардың соңынан «өгіздер де, тайынша бұқалар» да шұбырды. Деген алтыбақан, ақсүйектің айсыз қара көк аспанды тұңғиық түні. Шідертінің кейде тастақ қыл буып, кейде құмдық шүңейт суы сылдыр-сылдыр ағады. Жиегінде келе жатқан қыздардың күлкісі мен шолпысы да сылдыр қағады. Өңшең ақ көйлектердің жерге төгілген етектері тұтасып, қара барқын қынамалар қараңғыда ақ селеу мінгендей толқынып, шоқшоқ үкілер орман басындай жайқалып, жарасып келеді. Жүрген іздері иіссу, жұпар аңқиды. Жұматай таз сықылды жалаң аяқ, жаман саяқ малайлар ықжағында келе жатып, «ым, ым, ай дүниеай!..» деп, мұрындарын тыжыра-тыжыра иіскелейді. Ана ауылдан да, мына ауылдан да дауыстары күмістей сыңғырлап, бірін-бірі шақырысып, айғайласып, шуласып, «қой əрі!» десіп, əндетісіп, қара көк түнді шыңылдата жаңғырықтырып, бала-шаға, қыз-келіншектер ағылып барады. Кіртің-бұртың, кірбең-күйбең, күйкі өмірден бəрі де жалыққан, іші пысқан. Бəрінің де есі-дерті: бір түн, бір сағат болса да, осындайда ойнапкүліп, көңіл көтеріп қалуда. Өзгесі не керек? Күнікейді айтсайшы! Аяғы жер басып келе жатқанын, сағым құшып келе жатқанын білмейді. Жүрек кеткен лепіріп, көкірегін көтере, тамағын кенеп қояды. Тамыр біткені ұшқын түссе, мылтық дəрісіндей лап еткелі келеді. Тамырында, жүрегінде, тұла бойында жарылып сыртқа шығуға арпалысқан, қамаулы қайнаған, быжылдаған əлдебір жалын, шарап, күш бар секілді. Қандай күш екенін өзі сезбейді, əйтеуір мас кісі тəрізді. Жұлдыздары жыбырлаған жарқ-жұрқ көк болат аспан жамылып, аяғымен бұйра бетеге, тырбық жауылшаны жантайта жапырып, бытбылдықтай шіп-шіп еткен, шыныдай мөлдір, құрыштай шымыр, қымыздай жұтымды ауаны сіміріп, мастанып келеді. Келсе, сегіз қанат ақ орданың оң жағына недəуір қыз-келіншек жиналып, төр жақ қана олқы тұр екен. Қарлығаштай қалбалақтаған жалаң аяқ жас балалар ғана төрге қораздана отырған боп, атып тұрып шоқалаңдап жүр. Ана жақтағы бозбала емес, сымақтар

екен, төрге бата алмай, көбі босаға жақта үйме-жүйме көрінді.
Күнікейлер жұпар иісін аңқытып, жайнап, саусылдап кіріп келген-
де, бəрі бастарын көтеріп, кесілген аяқтарын жинап алды: топты
нөкерлермен салауаттана Шəмши келді ғой. Күнікей Шəмшилерге

таяу, көрнекті жерде отырғалы бүкшиіп жатқан бір-екі қызды
итеріп жіберіп: «Ой, бұ қайсың?» – дегенде, дым сезбеген боп
тымырайып отыра қойды. Төменгі жақтағылар сыйыса алмай,
бірінің үстіне бірі отыра жаздап, жуастарды шеттете, озбырлары

омыраулай ығы-жығы отырысты.
Шəмшилерді аңдып тұрғандай-ақ ауылдың сорпаға шығар
бозбалалары да, жас құдалар да лек-легімен келіп, төрді толтыра
бастады.Төрден босағаға дейін үй лық толып, түндік қайқита тар-

тылып, көздер оңды-терісті құйрықтасып, еріндер қыбырласып
басылған кезде:

– Кəне! Не отырыс бар? Ойын бастаңдар! – деген қадау-қадау

сөздер шыға бастады.

– Е, бастаңдар!.. Ойнағалы келді ғой жұрт... Пəленше, сен неғып

отырсың?.. Е, өзің неғып отырсың?.. – деп, біріне-бірі сілтеп,
тоғытатын қойдай ұйлығып, шегіншектей берді. Өйткені көсем
серкедей алдына түсе кететін өжеттер кем еді. Жайда өжетсініп
жүрсе де, топ алдында бір жерімнен дəнекүс шығып қала ма,

əлдебіреу тілімді алмай, бетім қайта ма, көптің бабын таба алам
ба.., деп бірі жүрексініп, бірі сыпайысып, бірі ақылдымсып, бір-
талайы жантайып жатып қызға көз салған-ды, қасына қыз əкеп
берсе, айналдырғанды тəуір көріп, ырың-жырыңмен бірқыдыру

уақыт өтті, біраз отырысты.
Сол отырыстың үстіне төрт-бес жігіт – Баймандар келді. Оларға
серпіліп орын берісті. Неге екені белгісіз, найзағай ұшқыны зулап
өткендей, Күнікейдің тамыр біткені шым ете түсті.

– Ойын басталды ма? Неге аңтарылып отырсыңдар? – деп

Байман жайнаңдай, жалақтай келді.

– Жоқ əлі... Өзің қыздырмасаң... – деген соң, Байман:

– Ал ендеше, мен бастайын. Айтқанымды істейсіңдер,

істемегенің ойын бұзар бересің, – деп, кеудесін ашып, білегін сы-
банып, түрегелді.

– Е, бəрекелді!.. Ой, сабазым-ай!.. Топтың гүлі жаңа келді ғой!..

– деп, өзінен өнер шықпайтын тоғышарлар қошамет қылысты.

– Бəрің де ойнауға келдіңдер ғой?.. Ендеше, бұлай отырып

ойнауға болмайды. Əйда, қыз-бозбалалар, араласа отырасыңдар.
Кəне, пəленше, сен бері кел, сен мұнда отыр! – деп қыздарды да,
жігіттерді де жетелеп, сүйреп, көтеріп, заматта опыр-топыр қып,
бір қыз, бір жігіттен, қыз жетпегеніне келіншектен аралатпа қып

отырғызды.
Кеуделеу орынға Күнікей де ие болды. Байманның тегеуірін-
ді қолы қолын ұстағанда, əлгі найзағай тамырын тағы бір аралап
өтті:

– Жаным, ағатай! Өзім барайын... Қай жерге, қай жерге, – деп,

елбектеп ере берді. Байман дедектетіп апарып, екі құданың арасы-
на сыналап жіберді.
Қыз-бозбала реттеліп отырған соң, Байман домбыраны қолына
алып, əуелі ауыл əншілеріне, одан кейін Жұмабек құдаға əн

салғызды. Бозбаладан үшеу айтқан соң, домбыраны қыздарға
қыдыртты.
Бұл елде «Үкілі Айша» деген келте мұрын, кербез, домбыра-
шы, əнші, даңғойлау, мақтаншақ, көңілшек қыз бар еді. Со қызды

шүу дегеннен сый құданың қасына, қақ төрге отырғызуы тегін
емес екен: домбыра алдымен соған барды. Үкілі Айша:

– Ойбай-ау! Енді не айтам?– деп өтірік сынықсып, домбыра-

ны жуырда баурамай, бұлданған болды. Күнікей ішінен: «Əдірам
қалайын» деді. Үш ауыз өлең мен үш түрлі əн саласың деген соң,
Айша үкісі бұлғаңдап, көзін ашып-жұмып, көмекейін көрсетіп,
таңырандап, дағдылы «Еркем-ауын», «Зұлқиясын», «Əліп-би,

нəпсің тый, лə-мə-си-ли, титұр-тусын» айтып маңдайын ора-
малымен бір сипап, домбыраны оң жағындағы құданың алдына
қойды:

– Е, дұрыс-ақ! Пəлі! Айша домбыраның жөнін тапты! – деп,

қошаметшілер пұшпақ бөрікті, барқыт жағалы, ашаңдау қара торы
жігітті айналдыра бастады.
Құда қипақтап, терлеп, мойнын ит аланың айғырындай
қылқыңдатып, дауысын өлімсіретіп, кезегінен əрең құтылды. Дом-

быраны қарындасы Шəмкенге жылжытып еді, үлде мен бүлдеге
бөленіп танауын көтеріп отырғаны болмаса, мəні кем екен, ол
домбыраны ар жағындағы Күнікейге ұсынды. Күнікей домбыра-
ны итеріп тастап, алмады. Түнеугі өзін бас салатын, екі сиырын

бірдей жоқ қылған Қасымның қарындасы ұсынды екен деп, бүгін
айдатып жіберсе де, неге алсын? Оның кезегіне бола өлең айту

Күнікейге намыс емес пе? Құдалардың бірі немесе ойын бастаушы Байман əкеп берсе, айтқалы-ақ отыр. Шəмкен: – Сəнденбай айтсаң-шы! – деп тікірейіп еді, Күнікей: – Айта бер өзің! Кезегім келгенде айтам, – деп безеріп отырып алды. – Ол зəр шөп бір безергенде, болар дейсің бе? – деп, ана жақта отырған түнеугі Бəден (Мəжікенді... алмадың деп, араз боп кететін сол), домбыраны алып қасындағы бір келіншекке əн салғызды. Екі-үш кісі аралаған соң, домбыраны Байман Күнікейге бергенде, жымың етіп, тамағын кеней бастады. Күнікей үш ауыз өлең айтты: «Балқадиша», «Сұлушаш», «Əлди, бөпем» деген, үшеуі де теңіне қосыла алмаған əйелдің өлеңі еді. «Ағалар, осындайда ойна да күл»,– деген үкілі Айша сияқтылардың жалғыз-жарым салдаман өлеңдері болмаса, жалпы əйелдердің өлеңі, көбіне, теңіне тие алмағанын, малға, шалға сатылғанын, қорлық көргенін, оң жақтағы дəуренін, тым болмаса бір жылша ұзатпай тұруын жырлаған, сұраған, еріксіз, көріксіз өксіген өмірлерін суреттеген, мұң-зарлы, қайғы, шерлі еді. Байқаған адам ол мұң-зарды сезген еді. Бірақ қызық көруді ойлап, арсалаңдап, қолдары, тізелері айқасып отырған есірік жастар, ол мұң-зарға құлақ қоймады. Тұйғыным-ай, дегенде тұйғыным-ай! Болдым ғашық көзіңнің құйрығына-ай! Мал бердім деп бір жаман алып кетсе, Шара бар ма алланың бұйрығына-ай? Немесе: Бір жұлдыз ай астында сəулеленген, Көп дұшпан сырттан асық, əуреленген, Басында қап тауының сіз бір пері: Тұра алмас тағат қылып, сізді көрген. Немесе: Көрінер алыстан тау мұнарланып, Қосылар екі ғашық құмарланып, Ақ үйдің оң жағында жатар ма еді, Түлкі алған ақ иықша жұмарланып... – дегендей, жастық, мастық өлеңдерімен қыздарды өздерінше үгіттемек, сүйіспек, сүймек боп қызуланды, қызықты, буланды.

БЫЛАЙ

Өлеңнен кейін «орамал тастамақ» болды. Бұл елдің əйелге
бар көрсететін бір артық сыйы: жігіт орамал тастаса, қыз үн-түн
жоқ барып сүйер еді, қыз тастаса, жігіт үш ауыз өлең айтып сүйер
еді. «Орамал тастамақтан» өлең білмейтін топастардың мысы

шықты. Айтайын десе, əрі жұртқа естіртерлік дауысы, өлеңі жоқ,
əрі қыз сүйе алмау намысы. Өте-мөте жамбастап жатып, қызға
қылжыңдаған «мырзаларды» құдай ұрды. Кейбірі: «Қара таудың
басын», енді бірі: «Арияйдай дегенге арияйдай, ақ серкенің мүйізі

қарағайдайды» айтып, тағы бірі жаңылып, тұрып қап, жұртқа
күлкі болды. Төменгі жақта отырған жағымпаздар: «Со да болар»
деп, жуып - шайды.
Бір реті келгенде, Күнікей орамалын Байманға тастады. Бай-

ман қақ ортада ойын басқарып жүріп, орамалдың кімнен келгенін
білмей:

– Бұ кім? Бұ кім? – дегенде, Күнікей қызараңдап, қасындағы

құданың артына бұғып кетті. Күнікей екенін білген соң, Байман
домбыраны қолына алып:
Дүние бір қисық жол бұраңдаған,
Бақ тайса, ерге дəулет құралмаған.

Меңзеген асқар тауға есіл көңілім,
Дүниеде еш нəрсеге тына алмаған, –
деп, өзінің бақсыз, дəулетсіз, бірақ көңілі көп жерде екенін
аңғартқандай болды. Өзі шығармаса да, өзіне лайықтап жаттап

алған өлеңі ме, кім білсін, содан кейін көзін Күнікейден алмай
отырып:
Бір түлкі шұбарланған қашар шыңнан,
Көңілім əлдеқалай жауабыңнан

Жібек пен түрлі перен белін буған
Казақта бала бар ма сендей туған?
Бұлтпен аспандағы бетін жуған,
Сықылды ақ балапан, тұйғын қуған.

Құдайға сонда риза болар едім,
Баланы бір көрсетсе, сенен туған, –
деп, келіп, Күнікейдің бетіне таянды. Бұл өлең əркімдерге-ақ ай-
тылатын өлең болса да, «Жібекпен өмірі белін бумаса» да, Күнікей

өзіне арнап шығарылған өлеңдей көріп, əрі насаттанып, əрі өзіне
көпсініп, əрі «тұйғын қуған ақ балапандай» сасқалақтап, ұялып,

Байманның қолы тигенде денесі шімірігіп қытықтанып, қараңғы
жерге қарай тығыла берді. Жұрт мақтап жүрген балуан, ер, өлеңші,
өнерлі, топ басы Байманға не бетінен, не тамағынан, не аузынан,
не тілінен сүйгізерін білмей, қай жерінен сүйсе де аяғандай емес,

буыны босап кетті. Байманның отты лебі бетін жыбыршытып, тая-
на бергенде, жалт қараймын деп аузына дəл келіп қалды. Қараңғы
жерде ернін емізе түсіп қайрыла бергенде, өзі де құшырлана шөп
еткізді.

– Міне, бізге ұқсап сүйіссеңдерші? – деп Байман басын көтерді.

Тегін сүйіс емесін сезді: бір күрсініп қойды. Мана сұңқылдатып
əн салғанда, дауысында бір соны күш, бір түрлі нақысты ырғақ,
бір «қитұрқы» барлығына сүйсіне: «Уа пəлі!» – деп, бір айғайлап,
көтеріп тастап еді. Енді еті тығыршықтай жұп-жұмыр денесіне

қолы тиіп, дөңгелектеу жанарлы қара көзі мен көзі айқасып, уыт-
ты, тəтті ернін татқан соң, сарт айтқандай: «Мұнысында бір гəп
бар екен» деп, түйді де қойды.
Ойын созыла берді. «Хан қалай?», «Белбеу соқ», «Тақия

жүгіртпек», «Сақина тықпақ», «Мыршым», «Ондай қылма, мұндай
қыл», «Лəпи молда», «Қалдырма қақи», «Балтам тап...» сияқты
сүйісетін, белбеумен ұрысатын, жұдырық жұмсайтын, емшек
ұстайтын, қол қысатын, тағы талай қол жұмысы аралас ойындар-

ды адақтаған кезде, жігіттер түрегелісіп, «құр-құр» қалмақ ойы-
ны сияқты жақтан ұратын, күш сынасатын ойындарды да істеді.
Шалқасынан сіресіп жатқан жігітті аяғынан көтеріп тұрғызуға, екі
аяғын айқастыра ұстап, бүкшиген жігітті бір қолтығына қысып,

иығынан асыруға, белбеуден ұстасып, бірін-бірі басын төмен сал-
быратып, шалқая бергенде, дөңгелекше айналдыруға келгенде
Байманға тең келер жігіт болған жоқ.
Жігіттер ойыннан жалығып, Жұмабек құданың əнін тыңдауға,

көбі қасындағы қыздарымен шүңкілдесуге кіріскен кезде
Күнікейден жарымады ма, кім білсін, сол жағындағы құда тұрып
тысқа шығып кетті.

– Мен де бір дамыл алайыншы, – деп, ашық орынға Байман

барып жантайды, Күнікей қымтырылып орын берді. Оң қарап,
қылымсып, мойнын тұқырта, көзін қырындата, құбылта, қайта-
қайта «ə» деген майда даусын созып, жоқтан өзгеге күліп сөйлесе
бастады.

– Мен байқамай жүр екем ғой, – дегенде, Күнікей шұғылдан

қоюлана біткен қою қара қасының қақ жылғасын өбістіре көтере
қойып:

– Кімді? – деп, көзін төңкере қарады.

– Сені.

– Оны неліктен айттыңыз?

– Жақын адам екенбіз ғой.

– Е, со ма? – дегенде, жаратпаған адамша тұмсығын көтерді.

Онысы Тұяқты күйеуім деуге қорланған еді. Байман Тұяқтармен
ағайын ғой. Осы ауылда бір қойшының қызы – Тұяқтың қалыңдығы
бар деп естігені болмаса, «қойшының қызы» деген соң, қай бір
тəуір қыз дейсің деп, оны елеп, сұраған да емес еді. Жəне Байман

бұл ауылмен биыл үйір боп, топтан, ойын-сауықтан, дүрмектен,
қымыздан қолы босанбай, көбінесе, «мырзалармен» ат үстінде
жүрген жігіт қой. Құда, күйеулер үйінде, қыздардың арасында
жаңа өспірім қайқы төстеу қара торы қызға көзі түсетін, бірақ

тым жас қой деп, көз тоқтатпайтын. Сол қайқы төс, қара торы қыз
өзінің жақын жеңгесі екенін манағы сүйістен соң біліп, қасына
келгенде, бастаған əңгімесі сол еді.
Күнікейдің: «Е, со ма?» деп, жаратпағанын Байман байқаған

да, елеген де жоқ.

– Уа, Тұяқ біздің ағамыз болады, – деді.

– Ағаңыз келіскен екен, – деп Күнікей ернін шығарды.

Байман қарқылдап тұрып күлді. Тұяқтың сыры өзіне мəлім
ғой.
Жұрт:

– О, немене, Байман? – деп қарай қалды.

– Əншейін бір сөз, – деп Байман аңғырт күлкісін тоқтатып,

қайта əңгімеге кірісті.

– Өлгенше күлдіңіз, тегі, ағаңыздың бір ақауы бар ғой, – де-

генде.
Байман:

– Жоқ, ойбай! Түгі де жоқ... Ол қолы іскер жігіт, – деп жұбатпақ

болды.
Содан кейін Байман: «Жеңешем екенсің ғой... Ойбай, жеңеше-
тайым-ай! – деп, Күнікейдің қолын екі алақанының арасына са-
лып, аялап отырды. Бір сөздің кезегінде Байман:

– Жеңгейдің бір бұты адал... – деп келе жатқанда, Күнікей ер-

нін тістеп, қолын қысып қалды. Байман тым ожар кеткенін сезіп
аузын жұма қойды.
Əлі беті ашылмаған нəуетек Күнікейге добалдай Байманның
«жеңгей» дегені əрі ерсі, əрі қызық, жода, жат көрініп, Күнікей

бой жетіп қалғандығына көзі жеткендей дардиып қалды. Байманмен əзілдесу, күлісу, еркелей қылымсу жанына жағымды тиді. Күнікей Байманды əнеугіден бері білетінін, құда аударғанда, күресте, көкпарда оның бас бəйге алғанын, жұрттың оны мақтап жүргенін анда-санда үзіп-үзіп, алқынып, аз сөзбен еріксіз айтып қап отырды. Күнікей сөйдегенде, Байман: – Солай ма? Мен білсемші! Жеңгетайым сырттан бəрін байқап жүр екенсің ғой? – деп, Күнікейдің қолын бауырына тартып, жүрегіне басып, сипап қояды. – Əнеугіден бері жеңешеңізге бір келіп амандасуға жарамай, ағаңыздың қадірі барлығы ғой... Кісі көргендей үйіміз де, күйіміз де жоқ, сонда да... – деп, Байманды бір састырды. – Құдай ақына, құдай ақына! Бұл ауылда деген есімде жоқ... – деп, Байман қалбалақтай берді. Манағыдай емес, байқап сөйлемесе, əр жерден-ақ шалдыратынын сезді. Байман басымен өзінен ұтылып, кішірейгені, қалбалақтап, көзін жыпылықтатып, жалынған іспетті болғаны Күнікейге одан бетер қызық, ермек сияқты көрінді. Жұрт əлдеқандай қол жетпес қып көтеріп жүргені болмаса Байман бала мінезді аңқаулау, ақ көңіл, салдыраған жігіт екен. Сол мінезіне елігіп, ерленіп, желденіп, Күнікей не сөйлеп, не қойып отырғанын да білмеді. Оған сенгендігі сонша – барлық сырын айтып салудан да тайынатын емес еді. Дəл бір құда болатын кісіше, оның ауылына баруға асыққан кісіше, Байманның неше ағайынды екенін, əке-шешесін, малын да сұрады. Байман кедей кемпір-шалдың жалғыз баласы екен. Əкесі құдай деген бірəдар адам екен. Байман қалтқысыз аңқылдап, сұрағанын айта берді. Күнікей бірталай қипақтап, сөз аралатқан болып отырып, Байманның қатыны бар-жоғын да сұрады. Байман балаша ыржиып, бетіне жымия қарап, басын шайқап: «Жоқ» деді. Байманның өтірік айтады дерлік түрі жоқ. Қасы-көзі, аузы – бəрі татаусыз сайрап шын айтып тұрған тəрізді. «Жоқ» дегенде Күнікейдің көңілі бірдеме дегендей, албырт кеудесінен лебін бір шығарып қойды. Таң таяу болса керек: сол əңгімемен жатқанда, қатындар қайтамыз деп қозғала бастады. Өзге қыздарға қыбыржу кірген соң, Күнікей де қолын Байманның қолынан суырып тұруға оқтанып еді, Байман қолынан тартып отырғызды. Қыздар ереуілдеп түрегеліп, шам тасаланып, қараңғы болған кезде Байман мойнынан құшақтап, өзіне тартып, аузынан бір сүйді. Күнікей тілінен

сүйгізіп, тұра беріп еңкейіп бетінен бір «шөп» етті де, жарықтағы
қыздарға қосылды. Байман есеңгіреп кеткендей əнтек сұлық жат-
ты да, дереу ұшып түрегеліп:

– Ой, немене, қайтпайсыңдар! – деп ақырды. Жігіттерді

шақырып, есікті бастырып, қатындарды қамап алды. Қатындар
шығамыз деп омыраулады. Оларға құдалар қосылды. Ауыл жігіт-
тері: «Шығармаймыз, жол аламыз» деп бірін-бірі итермелесіп,
опыр-топыр тартыс басталды.

Байман ауыл жігіттеріне даурығып жүрсе, бірсыпырасы
қатындарға қосылып, түсін суытып: «Жіберу керек» дегенді айт-
ты. Байман онысына түсінбеді. Оны айтушылар: мана қыз-боз-
балаларды аралатпа отырғызғанда, көңіліндегі қызы қасынан

табылмағандар, бай балаларының ішіндегі бір-біріне күндестер,
Байманды бұралқы көрушілер, оның ауызға ілініп, бай балалары-
на жаққанын көре алмаушылар, өздерін маңына дарытпай жүрген
Күнікейді меңгеріп əкеткенін қызғанушылар немесе құдалардан

өздері жол алып, пайдакүнем, өнерсіз күншілдер, тоғышарлар еді.
Байман арсалаңдап жүріп, ондай сасық ойларын сезбеді.

– Сендерге не болған? Ауыл намысымызды жібергеніміз бе?

Жолды келістіріп алайық та, – деп те көрді. Ол сөз құлағына кір-
мей, əлгілер өзді-өзі күбірлесіп, біреулері:

– Майлыбай, сен барсайшы, сөйлессейші! Құдалардың бере-

тіні не екен?– деп өз араларынан біреуді жұмсады.
Майлыбай барып сөйлесіп «бітістік» деп келді.

– Ал енді қайтесіңдер? – деп, қатындар өздері жеңгендей ма-

сайрап, кимелеп, Шəмшиді ортаға ала, есікке лап берді.

– Бітіссеңдер болғаны, – деп Байман тұрып қалды.

Майлыбай қалтасын қамти ұстап, жаудан түсіріп алғандай
одыраңдап, өңшең Байманға қарсыларды соңынан шұбыртып,
қызыл көрген құзғындай анталатып, олжаны бөліске салуға үй ар-
тына жөнелді:

Өзіне қарсылар екенін білмей:

– Уай, уай! Біз де бір атаның ұлы едік қой! – деп, Байман да

омыраулап барса да, Майлыбайдың уысындағы күміске өзді-өзі
таласып, қырылысып, төбелесіп, өліп қала жаздағанын көрген
соң, аяғында арашашы боп, олжаны ұмытып, жігіттерді боқтап,
жөніне кетті.

Қатындар қалыңдықты ортаға алып, оң жаққа шымылдық
құрып: «Шымылдық құрар», «қол ұстатар», «шаш сипар», «төсек

салар», «етік шешер», «ірге тебер», «көрпе қимылдатар» кəделерін «жол менікі, сенің жолың анау жолы біткен» десіп, керілдесіп, керісіп, таласа-тармаса бір жапырақтан жырымдап алысуға, оның артын ала жаздай өсекке, пыш-пышқа, араздыққа айналдыруға байдың үйіне қарай ентелесті. «Біз де осындай боламыз ғой, Шəмшидікі қандай болар екен?» деп таңырқаған қыздар сол дырдудың ішінде бара жатты. Олармен бірге Күнікей де кетті. Дүрмекпен келе жатқаны болмаса, Күнікейдің қиялы сағымдай бұлдырап, сол сағымның ішінен біресе екі тірсегі ботанікіндей майысқан, басы бір бөлек, кеудесі бір бөлек кейқуат Тұяқ елестеді, біресе екі иығына екі кісі мінгендей, көзі алақандай, шүйдесі тоқпақтай Байман елестеді. Елес кейде алыстағы мұнарланған жалғыз ағаштай елбеңдеп, үзіліп-созылып, кейде самауырда көлденеңнен көрінген беттей екі езуі жырта қарыс, басы сиырдың жапасындай боп көрінді. СОНЫҢ АРТЫНАН Шəмшиді шырғалаған қыз-келіншек үлкен үйдің ығында үймежүйме боп тұрғанда, желеңдеген жеңгелері күйеуді ертіп, үйдің оң жағын орап, «алтын босағасын» аттатты. Шабар қатындар алқынып: «Жүр-жүрдің» астына алып, жалма-жан Шəмшилерді үйге кіргізді. Екі ашпалы пайы шымылдықты оң жаққа құрып, жібек көрпеге күйеулерді отырғызған екен. Күйеудің жанында үш жолдасы бар. Олар – төр жақта. Күйеу – төменірек. Қатындар Шəмшиді: «Қарағым, шырағымдап», өліп-өшіп сүйемелдеп, қолтықтап, күйеуінің қасына апарып шөгерді. Шəмши бет-аузын атлас шапанмен тұмшалап алыпты. Өзге қыз-келіншектер де жеткен жеріне жалп етті. Дүниеде болмаған бір зор оқиға қазір болатындай, бəрінің тағдыры осы шымылдық ішінде шешілетіндей, көздері күйеу, қалыңдықты ішіп-жеп, анталауда. Күйеу соғымға соятын өгіздей, мойнын ұсынып, тымағын көзіне түсіре киіп құдиған, Шəмши де пірге қол тапсырғалы отырғандай бүгжиіп, сүлкиген. – Кəне, отырасыңдар ма? Кім ұстатушы еді?.. – деп қатындар танауы желпеңдеп, желкілдетіп жүр.

Ана жақтағы Қара бəйбішенің жарлығымен Қатыш деген қатын
омыраулап, күйеу, қалыңдықтың алдына келіп отырып, екеуінің
оң қолдарын екі қолымен ұстап:

– Кəне, шырақтарым, ата-ененің жоралғысы... бір-біріңе жі-

бектей жұмсақ, балдай тəтті боп өмір сүріңдер! Өмір жастарың
ұзақ, үбірлі-шүбірлі болыңдар! – деп, күйеудің жібек орамалымен
ұстаған қолын қалыңдықтың қолына айқастырды да, жібек ормал-
ды қалтасына салды.

– «Шаш сипардың» жөні менікі емес пе? – деп қатындар Қара

бəйбішені қамалап жатыр еді. Орынбасар деген қатын маңдайы
жарылғандай: «Былай тұрлап», екі қолын ербеңдетіп кимелеп
келіп, күйеудің асыл шүберек ұстаған қолымен Шəмшидің ша-
шын сипады да, шүберекті ол алды.

Содан кейін күйеулердің алдына төс салынған бір табақ ет тар-
тылып, татпаса қысыр қалатыннан жамап, бəрі де таласа-тармаса
жесті.
Бұрын «қол ұстатқанды» көрмегендігі ме, мынау жібек

шымылдық, күлім сəуле, қызылды-жасылды киім, сыпайы ырым-
жырымдардың жаттығы ма немесе өз көңілі де қызылды-жасылды
боп кетті ме, қалайда бұл істеліп жатқан жоралғылар Күнікейге
əлдебір ертегі əлемінде елбелектеген жанды сурет тəрізді боп

көрінді. Кешегі шотпақ қара, төбел таз, ұрт мінез күйеудің бұ
жерде əп-əдемі, жібектей жатық жігіт бола қалғаны, анаған
да, мынаған да арсылдап отыратын, малшы-құлшымен есекке
таңылып жүретін, тау көкірек, мақтаншақ, сиырдай сары қыздың

қой аузынан шөп алмас мүп-мүлəйім, нəуетек, науша қыз бола
қоюы Күнікейге торғын қағазға ораған сасық сабындай немесе
алтын жалатқан мыс сақинадай, алдауыш, бояма болып көрінді,
тыржиды, жиренді, тезірек кеткісі келді. Қатындардың төсек

салуға қамданғаны сылтау болып қыздар тарай бастағанда, алды-
мен Күнікей жөнелді. Көп қатынның арасында отырған апасына,
шығып бара жатып:

– Жүрмейсің бе, апа? – деді.

– Жүре бер, қазір қайтам, – дегенсін, Күнікей үйіне жалғыз

қайтты.
Жаздың тұтам таңы күйеу, қалыңдық найқалсын деп аялдап
тұра ма, бай үйінің тұсындағы шапақ жылжып келіп, Шекердің

алдына қарай итінген құмандай қара тоңқаймасының ар жағынан
ақ таңдақтанып қалыпты. Күнікей таңның тез атқанын да теріс
көрген жоқ; жаман күйеуге жаны ашымақ тұрсын, «өлмесең,
өлем қап» дегісі келді. Алдыңғы жағын көтермесе жабылмай-

тын, қиюы қашқан, таспалаған жаман есігін керегенің көзінен қол
жүгіртіп ашып, Күнікей үйіне кірді. Терінің, тердің, құрымның,
Құлтуманың, жаман тонның, шуаштың, өңездің иістері қосылып,
күлімсілеу боп мүңкіп тұрған өз үйіне кіргенде Күнікейдің мұрны

тосаңсиын деді... «Бұф, бұф!» деп қатты қорқырап жатқан əкесі
есік шықыр етіп шалқасынан түскенде, «һүу-һүуэһүу» деп аунап
түсіп, борбайын тыр-тыр қасынды.
Апасы төсегін салып қойған екен. Күнікей шашбауын сылды-

ратып, шешініп, есікті іліп жантайды. Жантайды да жас ботадай
ыңырсып, ақырын, тəтті «ымһ» деді.
Ол «ымһ!» деген лепте көп мəн бар еді. Түні бойы ойнап,
шаршаған балдырған денесінің əнтек дамылдап сая тапқаны да,

ойында Байманмен сөйлескені де, оның артынан қиялына келген
шіли-міли сұлу елестер де, жаңағы «қол ұстатардың» сəн-сал-
танатына қызыққаны, жек көргені, күңіркегені де, содан барып
жаман Тұяқпен қол ұстаймыны есіне түсіп, оған мойны жар бер-

мей, қапастағы торғайдай жүрегінің бұлқынғаны да, – бəрі де
сол толған көкіректің «ымы» деп қыңқ еткен жалғыз дыбысымен
сыртқа шығарған лебізі еді.
Одан кейін Күнікейдің көзіне көпке дейін ұйқы келмей, аунақши

беруі, көзін бір ашып, бір жұмып керіліп-созылуы, кейде оймақ
аузының бір шеті əнтек шұңқырайғаны несі екен? Əлденені ойлап
жатыр ма екен? Ол Байманды ойлағаны, оны сөзбен қамағанына
өзінің сүйсінгені, оның жалынғаны, оның саудыраған ақ көңіл мі-

незі ұнағаны, онымен тағы да жолыққысы, сөйлескісі, сүйіскісі
келгені, оған жолығатын қызық күндерді қиялымен суреттегені
еді...
Ұлы сəске кезінде Күнікейдің сілекейі қызыл жастығына

шұбырып, оймақтай аузы əнтек ашылып, ұйықтап жатқанда,
құлағының түбін шыбын жыбыршытты. Ұйқылы-ояу жатып
қолымен екі-үш рет сипаса да, ақыры оятты. Күнікей «құрып
қалғырлап» кейіп оянды, өйткені бір тəтті түс көріп жатыр еді.

Тыстан кірген апасы:

– Шай да қайнады: тұр енді, қарағым! – десе де, Күнікей керегенің көгіндегі сағызға қарап, əлгі түсін есіне түсіре алмай, жауап қатпай, ойланып біраз жатты. Көгендеулі қозыдай тізбектелген сұлу түсінің көп жері ескі текеметтің түріндей көшіп, үзікүзік сыңар мүйіз, түйе мойнақ, мот аяқ, теңбіл-теңбіл бірдеңе сияқтанып кетті. Күнікей «Өлі арыстаннан да тірі тышқан» дегендей ойға мініп, сұлу түсті тастап, жаман көрпесін сырғытып, басын көтерді. Аяқ жағында жатқан көне мəсісін киерде, көйлегінің етегін қайырып, етті жұмыр жіліншігін жоғары-төмен ысып-ысып жіберді. Аяғын жаңа көргендей балтырын қысып, бөрткенін шұқылап, азырақ айналды да, сауыс қызыл шұлғауын керіп ұстап қағыпқағып, мəсісін тарс еткізіп киіп алды. Күнікей тысқа шығып, есік алдында тұрып, ауылға барлай қарады. Содан кейін бармағының ұшымен шапанның жағасын көтеріп, шашының жарымына дейін жауып, сəулімдерше сызылып, түп-түзу аяңдап, Шідертінің бер жағындағы өзекке түсті. Өзекте бірталай отырып, асықпай қайтып келе жатқанда аяқ басуы «бұ келе жатқан мен емес пе?» дегендей еді. Күнікей үйіне келіп, оң босағада жүресінен отырды. Жаздың жайдары күні маңдайынан түсіп қыз-қыз қайнатады. Маңдайдан түскен қызу арқасынан өтеді. Ұйықтап тыңайып қалған жас денесі ширатқан қыл шылбырдай шиыршық атады. Ой жағалап ойнақтаған шұнақ қара қасқа лақша ыршып-ыршып түскісі келеді. Бірақ Күнікей ыршымайды: ол енді өзінің сəулім болғанына көзі жетті. Сəулім болса, бала қаздай байпаңдап, салмақпен жүру керек. Күнікей кіріп боқжаманың бұрышында қыстырулы тұрған жұпар сабынын алып шығып, иығына дейін түрініп, əуелі тығыршықтай жұмыр білегін көпіртіп жуды. Сонсоң сабынды екі алақанына езіп алып, бетіне, мойнына, құлағына шейін баттастыра жағып, аппақ қып бір қойды, бетіндегі ақ көбікті əуес қып, көпке дейін су тигізбеді. Сабын сіңді-ау деген кезде бетін, құлағының іші-тысын, мойнын айналдыра бипаздап, баптап жуынды. Содан кейін бір бұрышы сынған, төрт бұрышты қаңылтыр айнасын керегенің басына іліп қойып, қасын керіп, көзін бажырайтып, тісін ақситып, бұғағын бұлтитып, таранып-таранып, сүртініп, ша-

штарын сылап жатқызып, ашық омырауына қолын салып, олай-
бұлай қимылдатты, енді омырауына тартқысын байлап жатқанда,
анасы қарап:

– Немесе, күн ұзын бипазданып болмағаның? – деп шайын

ұрттай бастады.

– Неге асықтың, апа? – деп Күнікей жылы-жұмсақ жымиып,

шайға отырды.
Күнікейдің бүгінгі жүріс-тұрысында, қозғалысында байқаған
адамға бір түрлі жаңа өзгеріс бар секілді еді. Əлде көптен күтіп
жүрген арманына қолы жеткендей, əлде алдынан бір қызық дəурен

күткендей, өзін бір нəрсеге арнағандай, ол арнағанына жан-
тəнімен сенгендей, əйтеуір мəлімсіз бір күш бойын билеп, қанын
кернеп, еркін алып, «мейлің» дегізгендей бір күйге түсіріп еді.
Бұрынғы «өзі» – өзі емес, өзіне бірдеңе пайда болған, жамалған

іспетті. Қарап отырып ойланады. Ойына əлденелер келеді, бірақ,
неге ойланғанына өзі де түсіне алмайды, өзіне-өзі есеп бере ал-
майды. Неліктен бүгін бүйтіп бипазданып кеткенін де сезбейді.
Ойы əлдеқайда қыдырып отырып, шыны аяқ деп, қасықты аузына

апарды, ірімшік екен деп, тұзды тістеп қалды. Сөйтті де сақылдап
тұрып күлді. Апасы:

– Жаймысың? Немене алаңдап отырғаның?– дегенде:

– Білмеймін... – деп тағы күлді. Əйтсе де апасына сездірмей-

ін деп, түндегі «қол ұстатардың» ерсілігін сөз қылды: күйеудің,
Шəмшидің өп-өтірік мөлие қалғанына күлген кісі болды.
Күнікей күліп отырып, томсарып қалады, томсарып отырып,
күліп жібереді, біресе апасымен шартпа-шұрт келіп қалады; біре-

се жайдарымсып, апасының мойнынан құшақтайды, бір сағаттың
ішінде күзгі күндей қырық құбылады. Бір жерде байыз тауып оты-
ра алмайды: кіреді, шығады, жантаяды, айнаға қарайды, кестесін
бір тігеді, бір қояды... сағыз шайнайды, бізін тістелейді...

Қара сабаның ауыр піспегі дүкпілдеп дабыл қаққан кезде,
Күнікей апасынан сұранып, күйеу жаққа баруға үйінен шықты.

АҢДАТУШЫЛАР Күйеудің қабағы жабыңқы: қалыңдыққа ырза болмаған секілді... Қасындағы балдыздары өзара шүңкілдесіп, бірінің бірі қос етегін, шырғасын, қалтасының қақпағын шұқыласып, киім, кесте жайын сөз қылып отыр. Құдалардың бірсыпырасы тыста жүр. Алтау-жетеуі ана жақта жантайысып, біріне-бірі сүйеніп, шалжиып, домбыра дыңғылдатып жатыр. Күнікей құда-күйеуге, қыздарға қыдыра қарап қояды. Есіктен біреу кірсе, мойны бұрылып қалады. Қарайды да: «Тəйірі сен екенсің ғой» деген адамша теріс айналып кетеді. Күтіп отырғаны Байман еді. Күйеудікіне күнде келіп-кетіп жүретін Байман бүгін қайда жоғалып кеткені мəлімсіз. Бұл үйде отырғандар Күнікейдің көзіне адам сияқты көрінбейді: көлеңкедей, елестей бірдеңелер. Байман кешіккен сайын Күнікей оны көруге ынтығады. Ол жайраңдап, апыраңдап кіріп келсе, осы үй толып кететіндей, жұрт ойнапкүліп, көңіл көтеретіндей көрінеді. Бірақ Байман келмеді. Көрінер ме екен деп бір ауық Күнікей тысқа шығып, сіңбірген болып, ауыл жаққа көз салып келді – көрінбеді. «Байман отырған үйге бірдеңені сылтауратып, өзім барсам қайтер екен?» деген де ой келді. Бірақ өзге қыздардан сытылып шығып, ауыл қыдыру – жеңілдік болатынын ойлап, тағы тоқтады. Əлдебіреу Байманның қайда жүргенін айтар ма екен деп: – Құдалармен ойын қылып отырмай, осы ауылдың көп бозбаласы қайда жүр? – деп, қасындағы қыздарға қарап сөйлеп еді, олардан жарытымды жауап шықпады: – Айтты-айтпады қайда жүр?.. – Қымыз аңдып жүр дағы... – деген сияқты бірдеңе дегені болмаса, Байманды ешқайсысы ауызға алмады. Құда-күйеулер қымыз ішіп жайланғанша Байман көрінбегенсін, енді отыра беруін мəнсіз тауып, Күнікей үйіне қайтты. Апасы үйде жоқ екен. Күнікей үйіне келіп, жантайып, керіліп, созылып, күрсініп жатты. Көзін шаңырақтан көрінген көгілдір аспанға салып, əнтек сығырайтқанда, Байманның түндегі сөйлескені, күлгені, сүйгені одан да қызық, одан да тəтті бір сұлу түрде көз алдына елестегендей болды. Денесі тағы да сондағыдай қытықтанып, шымырлап, қызып, ұшқынданып, жүрегі де сонда-

ғыдай лепірсе екен деп тіледі. Оңаша үйде жалғыз жатса да əлденеше адамдармен сөйлескендей өз ойы өзіне өте қызықты болып көрінді. Апам келіп, ойымды бөліп жібере ме деп қорқып, мысықша басып, есіктен сығалап келді. Ойлаған сайын Байманның қолын қысқаны, көзіне қарағаны, кірпік қаққанына шейін көңілінде сайрап, анықтала берді. Енді Байманды ойламаса, көрмесе, тұра алатын сияқты емес. Онсыз өмір өгей сияқты, ойлап-ойлап, кешке жақын Күнікей күйеулер жаққа тағы кетті. Жанына қыз-қырқын нөкерлерін ертіп, күйеу серуендеп, даладан келе жатыр екен. Күнікей олардың алдынан баруға арланып, құдалар үйінің босағасынан сығыр көзімен сығалады. Үйден шыққан бір жас құда Күнікейдің білегінен ұстай алып: – Құдаша, кімді қарап тұрсың? – деп еді, Күнікей: – Күйеулерді... – деп қолын тартты. – Əй, құдаша-ай, өзің бір болайын деп тұрған құдашамсың-ау... Менің бір сөзім бар еді... – деп келе жатқанда: – Жоқ, шырағым, біз ондайыңды білмейміз, – деп, Күнікей қолын суырып алды. Анау-мынау деп тəжікелесіп тұрғанда балдыздары мен күйеу де келіп, Күнікей солармен бірге үйге кірді. Күнікей іңірде бір рет тысқа шыққанда, үй жанында Мұсатай ұстап алып, баяғы «Қара тауын» тағы қозғап еді: – Тəтті аузыңның дəмін кетірме, – деп, Күнікей оған да болмады. – Болмағаныңды көрермін!.. Басқа біреуге неттің бар ғой? Онсын өкпелеме! – деп, кіжініп ол кетті. – Көрсек, көреміз, – деп қала берді. Ай қорғалап туатын іңір қараңғысы. Күнікейді қыздар шамға жұмсап, қараңғыда жалғыз келе жатыр еді. Көп арбаның деңгейіне жеткенде арбаға атын байлаған біреу төтеден қосылып, бір қолтығына қаусырмалай, құшақтай алды. – Бү кім? – деп селк ете түсті Күнікей. – Жолы болар жігіттің жеңгесі алдынан шығар деген осы ма? – дегенде, Байман екенін тани кетті. Күнікей бұлқынған жоқ: – Көрінген жоқ едіңіз... қайдан келдіңіз? – деді. – Шықаң ауылынан бір жұмысқа барып... Өзің немене?.. – Жай... Құдаларға шам апарайын деп...

– Апарарсың: бері таман жүр, – деп Байман арбаға қарай икем-

деді. Алғашқыда:

– Қойыңыз, ойбай! — деп, денесі дір ете қалса да, Күнікей

тірескен жоқ, ерді.
Екеуі бұзау байлаған, сиыр қамалаған қара-құралы көп арбаның
тасасына тоқтады. Күнікейдің жүрегі қаттырақ соғып, буындары
дірілдеп барады, əйтсе де панасы үлкен таудың қойнына енгендей.

Жау батпас жанның соңына ергендей, өзінен ерік кетіп, қасында
тығылып тұрғанын тəуір көрді. Байман бір қолымен қолын ұстап,
бір қолымен иығынан құшақтап тұрып, бетіне аузын таяп:

– Кеше мен сені жақсы көріп кеттім ғой, оны білдің бе? – деді.

– Сүйттіңіз бе?

– Сүйттім... сен ше?

– Мен бе?.. білмеймін... – деп Күнікей тұқырып мырс етті.

– Білмесең, түнде кетіп бара жатып, неге сүйіп алдың?

– Кісі қайнысын сүймей ме?

– Жарайды... сүйсең, шын сүй...

– Сіз əлде өтірік сүйесіз бе?

– Жоқ, тегін айтқаным ғой.

– Мен ендеше, өтірік сүюді білмеймін... Сүйіп көргем де жоқ.

– Кешегің шын ба?

– Шын болса, қайтер едіңіз?

– Шын болса, сені: «Жаным, күнім» деп жүрер ем... Сенің

жолыңа басымды берер ем.... – деп, Байман белінен қысып, беті-
нен сүйді.

– Көптің бірі боп кетпесем... – деп, Күнікей көп қарады.

Байман «Болмассың» деп уəде берді. Екеуі де емін-еркін
құшақтасып, қалтқысыз сүйісті. Біраздан кейін «қашан, қайда
жолығамызға» келді, Күнікей:

– Қоя тұрыңыз, мен əлі жаспын ғой, – десе де Байман:

– Сүйгенің шын болса, несиеге қаратпа, – деді.

Күнікей недəуір бұлтақтап, апасының сақтығын, ауыл
жігіттерінің өштігін айтып көріп еді, Байман: «Көңіл болса, көш-
жөнекейге» салып, жайға қаратуға көнбеді. Ақырында Күнікей
ойланып тұрып:

– Жарайды... енді... – деді.

– Қай жерде? – дегенде:

– Ретін таба алсам шығайын, кешке іргеден келіңіз, – деді.

Соны айтуы-ақ мұң екен, қара сиырдың ар жағынан бір адам сопаң етіп шыға келді. Күнікей жалт берді. Байман ол адамға қарсы жүрді. – Бұ қайсың? – Бұ қайсың? – десіп, олар сөйлесіп қала берді. Күнікей тез аяңдап үйге кіріп кетті... Ауылдың көзі ұйқыға барған кезде, іргенің шиін сытырлатып, бір қол керегенің көзінен өтті. Күнікей ояу жатыр еді, қолды ұстай алып, сипады да қысып қойды. Қозғалмай тұра қалды. Күнікей басын көтеріп, ар жағына бұрылып, тыңдады. Əкесінің жуан қорылы – апасының ұйқылы-ояу екенін естіртетін емес. Біраз тыңдап отырған соң қолды кейін итеріп, «күте тұр» дегендей ғып, өзі ептеп орнынан түрегелді. Есікте құлып бар, бірақ құлып сияғы жоқ, бізбен де, шегемен де ашыла береді. Күнікей күндізден əкесінің ұлтару бізін тауып алып, ашып-жауып көрген. Кілтті апасы жастығының астына салып жататын. Оны ұрлауға оянып кете ме деп қорыққан: апасының ұйқысы сергек қой. Қара бізді қолына алып шапанын жамылып, Күнікей есікке барды. Құлыпты сылдырлатпайын-ақ деп ептесе де, мұндайға үйренбеген епсіз қолы дірілдеп, сылдырлатып алды. Болар-болмас сылдыр тіпті салдыр-гүлдір сияқтанды. Жалма-жан қоя қояды да, апасы жаққа құлақ салады. Ұйықтап жатқан тəрізді. Құлыпты тағы ұстайды. Сылдыр шықса, тағы тұра қалады. Не керек, əбден қысылып, қиналып, жан дəрмен күйі бір заманда құлыпты аштыау. Енді шығуы бір қиямет: итеріп қалса, қажыған жаман есік қираң етіп, шықыры бүкіл ауылға естіледі, көтерсе, көтерген жағының тақтайлары жоғары сусып, топса жағы жерде қалып, тағы шықырлайды. Бұ бір «құдайдың пəлесі» болды. Күнікей біржола ашып қалудың да, саумалап ашудың да есебін таба алмай, түйіншекті тұтқа жіптен ұстап, дағдарып, бірталай тұрды. Кешіккенге Байман кетіп қала ма, өкпелеп қала ма деп, бір қыпылдап барады. Апам оянып кетіп, ұшып түрегелсе, не айтам деп тағы қысылып барады. Есік көзінде тұрғанына талай заман өткен сияқты. Əбден азапты шегіп, бір уақта «тəуекел» деп есікті саумалаңқырап аша берді де, шықырлап бара жатқасын тезірек ашып, өзі сыйғандай жерден кебісін ұстап жалаң аяқ шықты да, есікті қайта жапты. Əбиір беріп, апасы оянған жоқ. Есік алдында елу адымдай жерде өзек бар. Оның ар жағы – өзен. Со жақта шығар деп, аяғына кебісін іліп, ақырын басып алақтап жөнелді.

Өзектің қабағына жетер-жетпесте, айдың жарығында ағараңдап, алдынан бір адам түрегелді. Сол екенін таныды: аяғын тезірек басты. Жолығуға бес-ақ адымдай жер қалды. Сол кезде: – Ұста, ұста! – деп шаңқылдап, өзен жақтан төрт-бес жігіт дүрсе қоя берді. Күнікей үйіне қарай қашты. Байман айдалаға қашты. Қуып берді. Күнікей үйіне сүңгіп жоқ болды. Бұ жолы есіктің шықыры қатаң шықты. Шекер оянып кетіп: – Бұ кім? – деп басын жұлып алды. Күнікей ақырын ғана: – Мен, – деп еді, апасы: – Қайда бардың?.. Қалай аштың? – деп, тергей бастады. – Түзге отырғым келді... Тартып қалып едім, өзі ашылып кетті, – десе де, сұмдықпен көзі шыққан апасы нану қайда: – Дүзі қара, дүзі қара-ай! Бір сойқан ғып жүр екенсің ғой!.. Ойбай-ай! Енді қай жаққа барайын?.. Шашыңды бір талдап жұлайын!.. Пəлен-түген деп ұрсып, бірталай жерге апарып тастады. Күнікей апасының ызыңдап, құлағына маза бермесін сезді... Амал жоқ, өтірік айтып, ақталмақ боп қарсы сөз айтып, шырылдады. Ертеңіне апасы тағы ұрысты. Күнікей шынын айтсын ба, жолатпады. Енді ауылдың жаман-жəутік бозбалалары аңдитын болды. Олардікі: «Бізді менсінбедің. Байманды таңдадың. Əрі Байманды бұралқы көріп күндеу». Сөйтіп, Күнікейге үйден де, түзден де аңдушы табылып Байманға жолықтырмады. Түнде жолыға алмасына көзі жеткенсін, Байман «құдалығын» сылтауратып, Шекердікіне күндіз келіп жүрді. Шекер оның келгенін теріс көрген жоқ: əрі құдасы, əрі құрдасы, əрі ауызға ілініп жүрген, өзі əнші, өзі балуан, ер, өнерлі жігіт. Тəуір бозбалаға өзінің де жыны қозып тұратын адам ғой. Бірақ Шекердікіне Байман барса, ауылдың Əйтікен, Мұсатай сияқты бозбалалары да ере барып, Күнікей мен Байманды оңаша бір сөйлестірмей-ақ қойды. Аңду күшейген сайын екі жастың бірін-бірі аңсауы да күшейді. «Сүйемін, қайтейін? Болмайды...» деген ойларын көздерімен ғана білісті. Сөйтіп жүргенде Күнікейдің күйеуі Тұяқ «мырзаның» да қол ұстайтын мезгілі жетті.

ҚОЙ ҚАЙДА

Бір тамса да, соған тамсын деп, Тұяқ бір шеге қақса да: «Илаһи
ниет қылдым Күнікейдің қалың малын өтемекке...» – деп қағып,
тапқан-таянғанын тамызықтап төлей берді, төлей берді. Əйтеуір
бере берген соң еңбек қой, малынан құтылуға таяп еді.

Ол «есік көрсет» деп қыңқылдағалы қашан. Əдейілеп адам
жіберіп үзілді-кесілді хабар алайын дейтін Тұяқ қайбір көшебелі
кісі? Тек өткен-кеткеннен əлгі қыңқылын қайталай берді. Шекер:
«Қойсын əрі, балам жас» деп аяғына отырғызбай жүретін.

Сөйтіп жүргенде Тұяқтан əдейілеп елші келді. Кəдімгідей
адам сияқтанып амандасып, жөн-жапсарын, құда екендігін айтып
отырды.
Тұяқты кемсінген соң, Күнікей о жақтан келген қайындарынан

да пəлендей қаймыға қоймайтын. Бұ жолы да «Кейқуатқа көп
екенімді көр» дегендей, міз бақпай отырып алды. Тасалана-
тын көзінің соқыры, мұрнының пұшығы жоқ. Жə, барып отыра
қоятын жау байлардікіндей оң жағында ағасының ақ отауы тұр

ма? Жасық адамша несіне бетін басып, жас балаша қайдан үй ай-
налып жүрсін.
Елші де пəлендей епті жігіт емес. Екі ұрықты, періп кетпелеу
мінезі болушы еді. «Отырсаң, отыр. Əкеңді танытайын» деген не-

меше шешесі мен екеуі отырған жерде:

– Құдаларыңыз сəлем айтты. Күйеу балаңыздың ішкені ас

болатын емес. Не қылса да, ел жайлаудан қайтпай тұрып мені
бірдеңе қылсын дейді. Ендігісін өздеріңіз білесіз, мен мойнымнан
түсірдім, – деп, тосыннан тосын қойып қалды.
Күнікей түк естімегенсіп, төмен қарап сұрланып, инесін жыл-

дам-жылдам шанша берді. Шекер көзінің астымен қызына бір
қарап, құдаға бір қарап, азырақ кідіріп қалды. Соңғы кезде Шекер
бұрынғысынан ойысып, икемге келейін деп еді, өйткені баласының
жас еместігіне көзі жеткендей болды. Құлыпты өзі ашып, түнде

өзі шығып жүрген «жүрек жұтқан» қыз қатқаны жас болсын ба?
Қаршадайынан ауызға ілінген, өзіне тартқан «зəр шөп» бір күні
жер соқтырмасын кім біледі? Сондықтан құданың сөзіне үндемей
қоюдың жөнін таба алмай, бір есептен Күнікей естісін деп:

– Сəлем айтса, енді несі бар?.. Жөні бар сөз... Өз қызығымыздан

өзіміз қашқанмен бола ма?.. – деп сипай салды, есек дəмелі жауап
берді.

Соны айтқанда Күнікейдің қабағы түсіп, томсырая қалды. – Құдайдың бұйрығы. Əйтеуір жат жұрттық боп жаралғасын, қимағанмен қайтейік енді... – дегенде, Күнікей ұшып түрегеліп, тарс-тұрс етіп шыға жөнелді. Қызының бұл қылығына Шекер ə дегенде: – Ойбай-ау, мынанікі не? – деп, өтірік мырс еткен болса да, артынан баласының жастығын, жабдығының сай еместігін, жоқшылығын айтып, өзі де қамығып, көзіне жас ірікті. Құдасы кеткесін, Шекер қызына доң айбат көрсетіп, ұрысқан болды: «Жеңілсің, баласың, есің жоқ» деді. «О несі екен, кісінің көзінше тарс-тұрс етіп» деді. «Несі бар оның?» деп, Тұяқты мақта білтелеген болды. Бірақ оның бəрі тек шеше болған соң айтылған, қара судай кенеуі жоқ, бос сөз екенін Күнікей де ұқты, шешесі де сезді. Күнікей күйеуінің келуіне түк айтпады. Көңіл білдірмеді, бітеу жара болды да қойды. Күнікейдің үндемегенін апасы көнгенге жорыды. Бір күні кешке таман байдікінен алған жамандаттың сүйексаяғын асып, орталарына қойып, жеп болған кезде, төрт көзі түгел отырғанда, Шекер құда-күйеулерінің келетінін естіртті. Өзгеден бұрын: – Немене тығыл-таяңдатып? – деп Жұматай түксінді. Онысы – қарындасын қимағаны, Тұяқтан қызғанғаны еді. – Сен не білесің? Малын беріп, бітіріп қойды. Оның жазығы не? Жайға қаратқанымыз жеткендей болды... – деп, Шекер бастырмалатып тастады. Құлтума тоқпақ жіліктің жуан басын мүжіп болып, кішкене басын өзіне қаратып алып еді, жықпылындағы жылтаң қараққа алтын тауып алғандай шұқшиып, апармай жатып аузы бүлк-бүлк етіп, істік пышағын тісіне шақырлатып сұғып қалып, жылтың еткізіп суырып алып жатыр еді. Жылтаң қарақты құтты жеріне қондырып, көңілі дауалаған соң, жайымен отырып: – Оған бір қой сою керек, – деп қоңқ етті. – Е, қой соймай... бір түгілі екі қой соярсың. Бір қойды ауылүйге берем: ырым істеймін. Бір қойды құдаларыңа қонақ асыға бересің... – деп Шекер соқты. – Ненің ырымы? Қой айда? – деп Құлтума қоңқылдады. – Қайда болсын? Табасың? Екеуің бірдей сомадай боп отырып, жалғыз қызымды қуартқаным ба? – деп, Шекер қызының шашбауын көтерген болды.

– Ауыл деп, ауылды тойғыза аламыз ба? Жылқы сойып берсең

де, жұқ болмайды, – деп Құлтума сіресті. О байғұстікі борыш-
қарыштан қашқандық қой.
Құлтуманың тайталасқанына Шекердікі де ұстап кетті:

– Сенің не білгенің бар? Немене аузыңа келгенінді күйсеп

отырғаның... Малға ие жігіт боп... Мал тұрсын, басыңда билік бар
ма? Шірік-ау! Сен Көксаудың қара табан құлы емеспісің? Қырық
қарасы бар Дүймағамбеттікі де он бес сом, сен де он бес сом алым
төледің. Бір ауыз лəм деуге жарадың ба? Аузың кепердей боп,

қара басып отыруың... Осындайда бір пысық жігіт бола қалатыны
бар дейім өзінің. Бұл пысықтығыңды Көксауға неғып көрсетпей
жүрсің? Өл де маған... Қайта өз қызығыңа, өз қызыңа өзім соям
дейтін кісі емеспісің? Ə-əй, шірік-ай, қайтейін сені, қайтейін...

Əуелі сыбағалы көтеніңе ие бола алмай Жаңылға жегізіп отырып,
сен билік соққанды не қыласың? Саған неткен билік? Жүре бер
қойыңды құрттап, қойыртпағыңды ұрттап. Сенде түйсік, сен-
де мынамдай сана болса, Күнікейден мал аяр ма едің? Жұрттың

басынатыны – сенің қортықтығың ғой... Əйтпесе Күнікейім қай
байдың қызынан кем?.. Сенде сүйек жоқ, намыс жоқ. Кісі емессің,
білдің бе? Қысып отыр, аузымды қыздырмай... – деп, Құлтуманы
біржола орнынан тұрғысыз қылды.

Құлтуманың аузы-мұрны маймылдың тұмсығындай қомпайып,
сорайып, аңырайып, ақымақ болды да қалды. Мына сияқты көк
айыл, кер ауыз қатынға неғып шыдап жүргеніне өзі де таң қалды.
Ішінде бірдеңе түйіртпектеніп тұрғандай болса да, бірақ оны шеті-

нен тарқатып, ашудың аузын ағытып, құтырып төгуге тілі түскірі
жетпеді. Ол түйіртпек өңешімен өрлеп келіп, дəл жұтқыншағының
түбіне тоқтағанда, ернін сылп-сылп еткізіп, екі-үш тамсанып, ке-
зеніп, отырып-отырып:

– Осы елге неғып болыс болмай жүргенсің? – деді.

– Əдірам қал! Тілінің ащысын жаман ш-ш-шіріктің! – деп

Шекер тағы бірталай жерге апарып тастады.
Құлтума бұ жолы қомпайған тұмсығын жинастырып, сабасы-
на түсіріп, пышағының майын бармақтарымен сыпырып жалап,
тізесінің астына қойды да, Жұматайдың қолындағы шоқпытты

шетінен тартып, икемсіз қара қайыс қолын үйкей берді.
Таз Жұматай алғашқыда: «Немене тығыл-таяңдатып?» деп
арындап қалса да, артынан əкесінің қойға саудаласып отырғанын
есітіп: «Бір қой жетпейді... Той ырымын қылмай бола ма?» деп

Шекермен қабаттасып, бір-екі айтып қалды. Жұрт қызының
күйеуі келгенде той қылушы еді деп, о да тыраштанбақ болғаны
ғой. Шекердің Құлтуманы құдай аманаты жосып тастауына
Жұматайдың сөзі де қамшы болды.

Жалғыз-ақ бұл сөзге Күнікей қатысқан жоқ: шешесі шаптығып
жатқанда, қолын жуып, сүртініп, тысқа шығып кетті.
Құлтума сыбағасын алып, жайланып, жантайып, бір борбайын
көтеріп, тыр-тыр қасынып жатып, «қой қайдан табылар екен» де-

ген ойға батты. Бұл ой Құлтумаға мемлекет мəселесін шешкеннен
бір кейін соқпады. Алты-жеті жүз қойды қысы-жазы өзі бағып, өзі
қағып, суығына тоңып, ыстығына күйіп жүрсе де, өзінде бір қой
болмау деген не деген сұмдық? Далада өзге қоймен шендескенде,

алдындағы қойды өз қойындай көріп: «Қайтар, қойым қосылады»
деп бақырушы еді. Бөтен қойға бір қойы кетсе, өз қойынан жаман,
«бір қойым жоқ» деп, қотаннан қотан қоймай іздеуші еді. Қойы аз
қойшыларды: «Көтен басындай немеңді əрі айда» деп кемсітуші

еді. Сол «өз қойым жоқ» деп жүрген қойдан бір қойға билігі кел-
мейтінін жаңа білгендей болды. Мұны, сірə, бұрын ойласайшы!..
Япыр-ай, ə!! Бұ қалай!
Байдың бір қойын сұраусыз сойып тастаса ғой: «Ұрлап

сойдың» деп, төбесіне əңгір таяқ ойнатып, басына қосақ, көтіне
тіркеуімен төлетіп алады, өзін көтке бір теуіп шығарып жібереді.
Бір қой емес, пəлен жүз қойды оңалтамын, қасқырға жегізбеймін,
ұрыға алдырмаймын, ұраға жықпаймын, шұқанаққа үйелетпеймін,

бір қозысын далада қалдырмаймын, бір тоқтыны құрттатып
өлтірмеймін деп, Құлтума қанша шыжақ болады: екі көзі төрт
болып, қадағалап қарайды. Құлқын сəріден ымырт жабылғанша
жалғыз өзі құла түзде сарылып, қоймен қой боп жүргені. Сонда да

бір тəңір жарылқасын жоқ. Сонда да бір қойдың қанына ортақ бола
алмайды. Бұ не деген жұртшылық? Бұ не деген қорлық, құлдық

– адам емес, қой болғандық?.. Япыр-ай, ə?! Бұ қалай болды?..

Сол дəулет басы, жатып ішер мырзаларға бір күн өз қойын
өзіне баққызып байқар ма еді? Білер еді сонда қой баққанды!..
Құлтуманың бұл ойлары қансонардағы қоянның ізіндей сай-
рап келе жатып, қойдың шарлауына соққандай шатасып, быты-

сып, алғашқы бет алысынан көз жазып қала берді. Қазір бір қойды
борыштанып тауып алып, соңыра байдың бір қойын далада ұрлап
беріп жіберген дұрыс па? Немесе анау қойшылармен айлалас бо-
лып, біреудің бір қойын қақтырып əкеліп, сойып тастаған жөн бе?

Бірақ «Бұ қойды қайдан алдың» деп біреу етін көріп қойса, ол барып айтып қояды-ау!.. Япыр-ай, ə! Бұ қалай болды? Қалай да қой табу керек. Бір емес, екі қой... Қатын о бір құдайдың пəлесі: ойына бірдеңе алса, өлуіне бейіл болмайды... Бұ қызы түскірдің өзі де бір пəле екен ғой... Жоқ жерде қой іздетіп... Дəнеңе ойламай, қойын бағып жүре берген де бір ғанибет екен... Япырым-ай, ə? Бұ қалай болды?.. Қалай табады, ə?! Қанша ойланса да, аяқтап келгенде: «Япыр-ай, ə? Бұ қалай болды?!» деген тығырыққа айналып кеп тіреле берді. Сол тығырықтан жол тауып шыға алмады. Ал Жұматай қойды мəз ойлап, басын қатырған жоқ. Ол ана жылы ғана тұлымшағы ербиіп, борбайы жалт-жұлт етіп жүрген қаршадай қара табан қарындасының бүгін ер жетіп, қатын болуға жарап, əлдебір бөтен еркекпен құшақтасып жататынын ойлап, əрі таңырқап, əрі қызғанып, əрі түсінбей, бір тосын жұмысқа оқыс жолыққандай, о да тығырыққа қамалды. Бірақ оның тығырығы Құлтуманікіндей бұлтарысты болмады. Күнікейді ойлап отырып, соның өз басына қарай көшті. Тұяқ келеді – күйеу боп отырады: Əнеугі Шəмшиге ұқсатып, қатындар Күнікейді əкеліп қол ұстатады. Сонсын екеуін оңаша тастайды... Бұл онда қайда жүреді? Не ойлап жүреді?.. Тұяққа ұқсап бұ да қашан оңаша үйде қыз құшақтар екен? Бұл қашан қалыңдық ойнар екен? Мұның қалыңдығы да Күнікей секілді бүлдіршіндей қара торы қыз болар ма екен? Жоқ, əлде Нысанбайдың жырық қара қызындай бір сұмпайыға тұс келер ме екен?.. Құрып қалсын! Құдай жырықты көрсетпесін!.. Шешесі əлгі Сақаудың Пішанін аузына алып жүруші еді.. Ол əлі жетісегізде. Қыз сияғы жоқ. Бір пері. Өскенде қандай болар екен? О да Күнікейге ұқсап, шашбау тағып қыз болар ма екен?.. Жоқ, сонда да танауынан қос боз аты жылтыңдап, бет-аузы сауыс боп тұрар ма екен?.. деген ойлардың аяғы кешегі өзінің Тұрсынға (түйеші шал Жаманайдың қатынына) бір жөргем ішек беріп: «Есіңе ала жүр» дегеніне соғып, соған қалай бару, қалай жанасудың амалына шауып кетті... Сол ойдың үстінде, мұрнын бір тартып, самайын бір қасып, байдікіне – жұмысына қарай аяңдады... Шекер бірқыдыру шиыршық атып, қара табақты қазан түбіне қарай итере тастап, тері дастарқанды сүйек-саяғымен саудыратып, есіктен ыршыта қағып, ақ күшікті аяғымен бүйірден бір теуіп, қайта келіп, жүресінен талтайып қолын жуып отырып, шымшуырмен алдындағы отты көсеп-көсеп жіберді. Мұның бəрі

үй ішін қыран шапқандай қылғаны, қырланғаны, ашуланғаны
еді. Құлтуманың жамандығына, кедейлігіне, кемдігіне, жайда
қабырғасы мұздай жабық боп сөйлейтін басы, ертең күйеу келген-
де, досқа күлкі, дұшпанға таба болам ба деп қауіптенгені, кейін-

гені, күйзелгені, тарылғаны еді...

КҮЙЕУ

Күйеуі Сұлушаштың ұрын келді,
Кисайып жаман тымақ қырын келді, –
дегендей-ақ, Күнікейдің күйеуі бір күні кешке таман салша жетіп
келді. Қасында үш-төрт жолдасы бар. О да ауылға келмей, анадай

жерге түсіп, атын ұстап отырды. Не дегенмен күйеу аты бар ғой.
Тымағының төбесіне селтитіп үкі де қадап апты. «Шауып келді»
алуға балалар да жүгірісті. Қараша үйдің қыз-қырқындары да ба-
рып, қастерлеген боп ертіп əкеліп, «алтын босағасын» аттатты.

Көк ала шытпен тыстаған қоңыр елтірі тымағын көзіне түсіре
киіп, танауы кержиіп, о да келіп, ақ шымылдықтың ішіне кірді.
Өз əлінше Шекер де үйінің ішін мырсындай қылып қойыпты.
Атасы өлсе, атамайтын жалғыз қара ала сырмағын төрінің алды-

на төсепті. Ноқталы кебісін, тот əбдіре, шалжақ ауыз сандығын,
шоқпыт төсегін, тон-мон, жүн-жұрқаларын текшелеп жинап, ескі
алашамен бүркеген болыпты. Бұрын жадағай-жайдақ жататын
қазан-аяқ жаққа шытпа құрыпты, жалғыз-ақ от басында тұратын

қара құман жылжып барып, босағадан орын алыпты. Əттең
қолдың қысқалығы. Əйтпесе Шекер кісіге кеудесін бастырғандай
əйел ме?
Құлтума екі қойды қайдан табарын білмей күшеніп, басын

қатырып жүргенде, Шекер қойды да өзі жайғастырып қойып еді.
Бір қойды Жұматайдың ақысына сындырып, байдікінен алмақ
болып еді. Байдың бір əдеті: күні толмай, малшыға ақы бермеу-
ші еді. Бұ жолы Шекер өзі барып, құда, күйеу келетінін айтып,

Қара бəйбішеге талақша жабысқан соң мейірімі түсіп еді. Енді бір
қойды Мақатайдан алды. Оның қырық-елу қойы бар ғой. Ана кез-
де Мақатай қатыны өліп, зарығып жүргенде Шекердің бір «сауа-
бын алғаны» болушы еді. Өзімсіне, өжеттене сөйлеген тілін жыға

алмады. Жұмсақ адамды билей сөйлесең, ырқыңа көне кететін бір
əдеті бар ғой.
Мондыбастау, мосқалдау үш құда Шекердің қақ төрінде мал-
дасын құрып, қораздана қапты! Ауыздарына тас салған адамша

үндемей, өздерінше сыпайы болғаны ғой. Оларды түріп, əңгіме
қозғап отыратын Құлтума қайбір шешен кісі: «Мал-жандарыңыз
аманбадан» кейін, сөзі таусылып қолы ышқырға таман сырғып,
сипалап, жантаюға айналған соң Шекер арт жағынан бірдеңе

алып жатып:

– Сен ненің көркіне отырсың? Барып малыңды сой! – деді.

Өзі кетудің есебін таба алмай отырған Құлтума бір мекіреніп,
орнынан тұрып, бүкшеңдеп жөнелді.
Жұматайдың бар түзелген: жаздай ілмеген жаман шоқайын
аяғына киіп алып, бір кіріп, бір шығып, балаларға: «Жолдан бы-

лай, жолдан былай!» дей береді.
Күйеудің қасында үш қыз, үш-төрт қызсымақ, екі қатын отыр.
Жоғары жағындағы жастау жолдас, не өнері барын қайдам,
тымағының бір құлағын ішіне, насыбайын ерніне жымырып

алып, керегеге шырт-шырт түкіре береді. Оның ар жағында,
төрдегі құдаларға таяу кім отыр... Əлгі осы ауылда жүре беретін
кім бар еді ғой?.. Аты аузыма түспей тұрғанын қарашы!.. Осы үйге
«құдамын» деп келе беруші еді ғой... Е, е Байман, Байман! О да

құда ғой: күйеуге жолдас болып келген ғой. Ол енді бұл ауылмен
де ашына келетін жөні бар ғой. Онсыз думан бола ма?
Бірталай қолы бос бозбалалар (қолы бос емесі де жоқ қой)
Құлтуманың жаман үйіне лық толып, қалай болса солай ығы-жығы

отырысып, шеттегі құданы қолға ала бастады. Əңгімелерінің түрі
мынау сияқты еді.

– Пай-пай, пай! Өзі де саңғырап тұр екен!

– Аумаған күніне бақпастың адыры.

– Анау жотамен қоянды қуар ма еді?

– Үңгірін қайтесің?

– Ат-матыңмен сыйып кетпейсің бе?

– Өзін таза күбі қылса, қайтер еді?

– Қыстыгүні суымыз тасымал болушы еді, деген біздің қолымыз

екен...

– Неше шелек су сыяр екен?

– Шамалап айтайын ба?.. Шамалағанда, өзінің ызботы мол жа-

тыр-ау: қырық шелегің жұқ болмас.

– Мен де ойлап отыр едім – шамаң шама-ақ екен.

– Уай, өзі қобыз болса, қандай сөйлеп тұрар еді!

– Оған дегенбайдың өзі.

– Қағып көрсе, қайтер еді өзін?

– Дəу де болса, күңгірлеп тұрған шығар-ау, ұрымтал отырсың

ғой: қақшы өзін! – дегенде, қу жақ жігіт абайсыз отырған шеткі құданы тұмсыққа шертіп қалды. Құда селк етіп, тұмсығына шап берді. Жұрт ду күлді. Манадан бері сөз қып отырғандары шеткі құданың мұрны еді. Мұрын болғанда тым рабайсыз, мұрын деуге келмейтін, қоңқиған, үңірейген бір тұмсық еді. Еріккен жігіттердің адырға, күбіге, қобызға теңейтін де жөні бар еді. Құда: – Жындымысың? – деп тұмсығын сипалап, түсін суытайын деп еді. – Жүндімін, сен тақырмысың? – деп, тағы бірінен-бірі қағып кетті. – Көргенді ауылдың жігіттерісіңдер, ұят емес пе? – дегенде, кейбірі: – Қой, тимеңдер байғұсқа! – деп, кейбірі одан жаман өшігіп: – Əкете алар ма еді? – Бас тігемін, алып кетеді. – Не тігесің? – Шақшамды тігем. – Əкете алмайды. – Əкетеді. – Шын айтасың ба? – Шын айтам, – деген кезде «əкете алмайды» деп отырған жігіт əлгі тұмсықтан тағы қапсыра ұстай алды. Тұмсық иесі жұлқынып, қолын қағып жіберді: – Кəне, əкетпегені? Кəне, əкетпегені? Əпкел шақшаны! – деп жігіттер дауласты. Отырған жұрт тағы күлкіге қарық болды. Құда қып-қызыл боп, ежірейіп келе жатыр еді: – Қарап отырғанша, ойнап-күліп отырыңдар. Ойынға ашуланбас болар, – деп Байман туысқанын тоқтатып тастады. Бір жағынан қоңқақ жолдасының қалжың білмегеніне өзі де намыстанып отыр еді. – Мынау ағасының тұмсығын кішкене балтамен қырнап əкелмей... – деп жігіттер Байманды күлкі қыла бастаған соң: – Өздерің қырнай бер! – деп күлген болып, тысқа шығып кетті. Аспан қошқыл. Жел тымық. Жолдас қара айғырына мініп, күншығыстан шыға шапқан сабалақ түн дүниені қараңғылыққа батырып, батысқа қарай ұмтылып барып қапты. Түтін тұманға оранған ауыл аттары жылт-жылт етіп, ыңыранып, маужырап жатыр. Жер ошақ басы – ырылдасқан ит. Қоңырсыған – құйқа,

мықшыңдаған – Құлтума, жайраған – жас ет, қатын-қалаш, ішек-
қарын, арбада – пысқырған аттар.
Ат жаққа барып дəрет алып, Байман Құлтуманың үйін
бөктерлеп, Сүлеймендікіне қарай жағалады. Дəуде болса, Күнікей

сонда болу керек. Бəден жеңгесі жер ошақта сүт пісіріп жатыр
екен.

– Пісірер көбейсін! – деп, Байман қасынан жанап өтіп, үйіне

таман барды. Үйде жас баланың жылаған дауысы естіледі. Дүрс-
дүрс түйіп, біреу тербетіп отыр.

– Кім бар мұнда? – дегенде, Күнікей дауысын əрең шығарып:

– Біз бар, – деді.

Үй қараңғы.

– Сіз болсаңыз, біз де бармыз, – деп Байман үйге кірді.

– Жалғызбысың?

– Жалғызбын.

– Сені мұнда қуып тастаған екен ғой... – деп жақындай оты-

рып, Байман қолын созды. Жып-жылы, мап-майда, кішкене қол
уысына ілінді, ақырын ғана қысты да, өзіне таман тартты.

– Абайлаңыз, келіп қалар, – деп Күнікей сыбыр етті.

Байман абайлаған жоқ: ұмтылыңқырап құшақтап, бетінен
сүйді. Күнікей сүйгізді, сүйді. Шүңкіл-шүңкіл сөйлесті. Ол
шүңкілді тыстағы Бəден жеңгесі естіген жоқ.

– Қараңғы үйде неғып отырсыңдар?.. Жарығымызды құдаға

алып кетіп, қараңғыда қалдық... – деп, Бəден келген соң сөздің
беті ертеңгі ойынға, қыз ибаға қарай ауды. Байман құдағиымен
біраз қалжыңдасып отырып, кешікпей кетіп қалды.
Ертеңінде бір қой сойылып, той-томалақтың ырымы істелді.

Қыз ибасын бір қараша үй алып, қыз ойнақ қылды. Өз шамасынша
жиналған қыз-бозбала ойнаған, өлең айтқан болысып, ауыл жігіт-
тері орамал, шаршы ырымдарын алысып тарасты. Қол ұстауға
асығып, Күнікейді қатындар алып қайтты.

Шымылдық ішінде Тұяқ күйеу отыр сүмірейіп, шашбауын
сылдыратып, Күнікейді қасына əкеп отырғызып, қыз, қатындар
қамалағанда Тұяқ қысылып, терлеп кетті. «Осы баққа шынымен
жеткенім бе? Осы құрмет шын менікі ме?» дегендей, өзіне-өзі

сенбеді. Басын шапанмен тұмшалап алып, Күнікей қатындардың
ырқына көне берді. Тұяқтың қолын ұстатуға бір қатын қолын
созып еді, алақанына апарып сүйкестірді. Тұяқ шірік те оңдап
ұстауды білмеді, тигізе салып тартып алды. Тұяқтың пышақ, біз,

балға жауыр қылған түрпідей алақанымен шашын сипатқызды.

Апасы Күнікейді бұлқынар, жұлқынар, балалық қылар, көнбес
деп ойлап жүруші еді. Оның бірде-бірі болған жоқ. Əнеугіден бері
айналып-толғанып: «Бата бұзған барқадар таппайды... ата-ананың
қарғысына ұшыраған қыз оңбайды... Не де болса, талайыңнан

көр... Құдайдың неден жарылқап, неден қарғарын қайдан білдің?..»
деген сияқты сөздерді құлағына құйып отыратыны босқа кет-
кен жоқ екен. «Қарағым есі бар ғой» деп ойлады. Əйтсе де іші-
нен қызғанған іспетті, қысылған іспетті, ұялған іспетті бірдеңені

сезгендей болды. Онысы: «Баяғы анау ғой». Бір күндерде өзімен
ондай болған Тұяқтың енді қызымен мұндай болғалы отырғаны,
жеме-жемге таянғанда, əзер арсыз болса да, бір ойлатпай қойсын
ба? Кім біледі. Əлде Күнікейдің де көпке дейін Тұяққа беттемей

жүрген бір себебі сол шығар. Қалай да арсыздыққа адамнан өтер
жан иесі жоқ қой. Ар да тозады екен: тұрмыс тоздырады екен.
Шекердің ары да о жағына келгенде, Құлтуманың қырық жылғы
шалбарындай тозығы жетіп, үлдіреп, ыдырап, жамауға келмей кет-

кен ар еді. Бұл жолы да тек бетіне əнтек қызғылт пайда қылғаны
болмаса, жүрегін қопара қозғай алмады.
Қатындар төсекті салды. Қызды күйеудің қолына берді. Шам-
ды сөндірді. Шықты. Есікті жапты.

Тұяқ шешінді (қатындар шешіндіріп кеткен ғой). Көрпені жа-
мылды. Жатты.
Күнікей аяқ жағында отыр. Шешінбейді. Қозғалмайды. «Қалай
дегенмен болашақ қатын ғой. Қатын өзі шешініп, байының

қойнына кіріп жату керек қой» деген ой сүресімен малданып, ер-
кек басымен əйелге жалынуды ар көргенсіп, Тұяқ біраз жатып еді.
Күнікейдің шешінерлік қалпы сезілмейді. «Өзі отыр ма? Кетіп
қалды ма?» – деп, аяғымен түртіп еді, отыр екен. Бір ауыз сөз ай-

тпай жатып, аяғымен түрткені Күнікейді жиренген үстіне жирен-
дірді. Күнікейдің қозғалмасын білген соң Тұяқ:

– Неге отырсың? Жатсайшы! – деп күбірлеп еді. Жауап

қатпады. Содан кейін Тұяқ: «Қалыңдықты əлде күйеу өзі шешін-
діретін болар ма?» деген ойға түсті. «Қалыңдық ойнаған кісілер-
ден сұрап та алмаған екем» деп өкінді. «Сұрасам қайтер еді» деген
бір ойда болғаны рас еді. Бірақ «мазақ болармын» деп, сұрамап

еді. Не дегенмен бұл əлі беті ашылмаған қыз ғой деген ой сап
ете түскенде, басын көтеріп, қолын жіберді. Шапанынан тартып
еді: қатып қалғандай илікпеді. «Мұным да жарамайды екен» деп
ойлап қолынан ұстағалы сипалап еді, қолын итеріп тастады. «Бұ

да өрескел болған екен» деп мойнынан құшақтауға ыңғайланып

еді: басы екі тізесінің арасына кіріп, домаланып қалды. Шапанын
алайын деп еді, тістесіп айрылмады.

– Өй, мұның не? Баламысың? Сөйте ме екен? – деп, өзі білген

көр-жерін айтып байқап еді, Күнікейден қайран болмады.
Со кезде іргеде тыңдап жатқан бір қатын жөтеліп қалды. «Ə-ə,
жаңа білдім! Қатындардан ұялып отыр екен ғой» деп Тұяқ қуанып
кетті. «Үндемей біраз жатамын, қатындар кетсін» деп орнына

қайта жатып, көрпесін жамылып, тындырған немеше бір күрсініп
қойды.
Қатындар аздан кейін тұрып кеткендей болды. Қалғаны болса
тағы кетсін деп, тағы біраз жатты. Сол кезде шықырлап есік ашыл-

ды. «Қатын иттердің біреуі ме? Жоқ, əлде өзіміздің жолдастар ма?
Бір түнге қуығы жарылып бара ма екен? Дəу де болса, Шелекбай
ғой. Қуығының майы кеткен бір ит ол. Қайдан ерттім соны?» – деп
зығырданды. Есік жабылып, аз уақыт өткен соң басын көтеріп,

сипаласа – Күнікей жоқ. Үйдің ішін олай бір, бұлай бір шарқ ұрып
іздеді. Күнікей үшті-күйлі жоқ. Тұяқ тамсанып, таңдайын қағып,
боғын пышақтап іздей тұрсын, біз Күнікейдің ізіне түсейік.
Тұяқ ойлағандай, Күнікей іргедегі қатындардың кетуін күтіп

отыр еді. Бірақ Тұяқ ойынан Күнікей ойының азырақ айырмасы
болды. Қатындар кеткенде, Күнікей Тұяқтың қойнына қарай емес,
есікке қарай бет алды. Əлгі шығып кеткен сол еді. Күнікей шықса,
үрген иттен басқа ың-жың жоқ. Түн түнеріп, таң қараңғысы басқан

екен. Күнікей үйдің о жақ-бұ жағына барлай қарады да, ептеп ба-
сып есік алдындағы өзекке қарай жүре берді.
Өзекке жеткенде, қалтаң етіп алдынан біреу түрегелді.
Алқынған, аңсаған көкірек карсы ұмтылып:

– Жеттің бе, жаным! – деп құшағын жайғанда:

– Жеттім-ау, қалқам! – деп құшағына кіре кетті.

– Серт пе? –

– Серт!

– Жүр, ендеше, былайырақ! – деп Күнікейді шапанына тығып,

қолтығынан қысып алып кетті.
Əнеугіден бері Күнікейдің күткені, көнгені осы серт, осы
үміт еді. Кешегі түндегі Сүлеймендікіндегі шүңкіл де осы
серттің қайрауы еді. Қыбырттаған жаман-жұман бозбаланың да,

қиқаңдаған кейқуат Тұяқтың да аузын аппақ қылып, қараңғы
түнде қапысын тауып, албырт Күнікей асыл қазынасымен ер
жігіттің қолына тиді...

ƏҢГІМЕЛЕР ЕЛЕС Қолымда қалам. Алдымда қағаз... Ел ұйқыда. Мен ояу. Отырмын. Екіні, үшті соқты... əлі отырмын. «Переброскеге» ұшыраған Н. жолдасшылап ойым байыз таппайды, бірден бірге көшеді. Ол маған шот емес, жарылып кетсем де бір мақала жазуым керек; аймақтық жастар комитеті екі күннің ішінде жазып тапсыруға мойныма бір мақаланы артқан... Басым сынып барады. Сынбай қайтсін? «Масленкенің» шелпегін жеймін деп бір жолдастың үйінде отырып қалып, «бозжорғаны» айдаңқырап жібергенмін... Қаламды шықырлатып, қайта-қайта маламын... келмейді. Жер ошаққа аяғын тығып алған боташа қаламымды сілке түсемін... Əлі түк жоқ. Ерсілі-қарсылы уқалап жын соққан торғай бастандырып, шашымды да дудыраттым. О да түкке сеп болмады. Бар бітіргенім: алабота жаққан ауылша, тұмсығымнан түтінді гу-гуімен шығарып, бықсыта беремін. Үйдің іші алай-түлей сасық тұман. Басым да тұман. Қазынаны жеп, жазаға тартылған завхоздан жаман ұнжырғам түсті, сұрым қашты, ыза болдым. Со кезде ойым көзіме көрінетін зат болса, дереу: «Саботажник!», «Контр» деп жағасынан алғандай едім. Əттең, қолыма түспеді. Үстелге шынтақтап, басымды тіреніп отырмын. Талдым білем: көзім бұлдырап қалғыған тəрізді болдым. Бірдеңе қараң етті. Сөйткенше болмады, кеудесі портпел қолтықтап, аптомобел мінген кеудесіндей кердеңдеп басып, бір жігіт сап ете түсті. Таңтамашамын. Есік ашылғандай болған жоқ еді. «Бұ қайдан келіп қалды?», – деймін. Алды-артыма қаратқан жоқ, ежелден таныс жолдасымдай: – Е, жолдас не жазып отырсың? – деді. Сасып қалдым. Əйтсе де сыр білдіргім келмеді. Жөпшенді кісіге өзім де бой бермейтін жігітпін. Газет-жорналға бір-екі сөзі басылса, «жазушы», «ақын» екенмін деп, партия комитеті қол қойып, мөр басқандай-ақ, өзіне-өзі ден қойып алатын омырау жігіттер аз ба? Сондай болудан мен де сау кісі емеспін, неғып бола қояйын? Сондықтан ақша мекемесінің билеушісі сияқтанып ызбарланып:

– Сізге не керек? – дедім.

– Іріленбе, іріленбе. Түні бойы түк жаза алмай отырып,

қатқаныңның басына көкимісің – деді.

– Жазам ба? Жазбайым ба? Онда сіздің жұмысыңыз жоқ. Менің

жазуымды тергейтін сіз емес, жорналшылар, – деп сырт бердім.
Одан жаман əкіреңдеді.

– Танымасаң танытармын. Одан да шыныңды айт!

– Өзің қалай өкім сөйлейсің? Өзің кімсің? Партийный белетің

бар ма? – деп қоқан-лоққыға салдым. Айылын да жиған жоқ,
сықақ қылған кісіше мырс етті:

– Ей, байғұс, белетіңді бетке ұстап қоқиланғың келді ме? Сон-

ша қоқиланғандай қанша білімің бар? Қандай тұтынған жолың
бар?

– Жолым бар. Жолсыз жүрген сендерден сақтасын!

– Олай болса жолыңды айтшы, тыңдайын.

– Менің жолым – төңкеріс жолы.

– Ə, төңкеріс жазушысы екенсің ғой?

– Иə.

– Менің де көп қарастырып жүрген мəселем осы еді. Төңкеріс

ақынын жолықтыра алмай жүр едім: жақсы киліктің ғой. Олай
болса əңгімелесейік, пікір алысайық, əлде бір-бірімізден пайдала-
нып қалармыз, – деді.
Құлағыма жағып кетті. Өзі де, сөзі де əрі жатық, əрі жат

көрінді. Магніт қуары сандай-ақ, сөйлеген сайын ұйытып, бойым-
ды балқытып əкетті. Манағыдай емес, түсімді жылытып, орындық
ұсындым. Отырдық.

– Дұрыс, мен де кісі таба алмай жүр едім. Жақсы! Сөйлесейік,

– дедім. Ол бастады:

– Ендеше, төңкерістен бері не жазып жүрсіңдер? Əуелі маған

соны айтсаң екен.

– Біз бе? Біз төңкерістің берген бостандығын, теңдігін жаза-

мыз. Төңкеріс жолында құрбан болған ерлерді өлең қыламыз.
Ортақшылдар жолын, Кеңес өкіметін мақтаймыз...
Тағы да.

– Тағы да еңбекшілерді тап күресіне шақырамыз; əйелдер

теңдігіне арнап жазамыз. Жастарды оятамыз, жұртты оқуға
үндейміз. Байды, жуан жұдырықты түйрейміз...

– Тағы да.

– Тағы несі болады? Ескі молдаларға, дінге, ескі əдет-ғұрыпқа

қарсы сөздер де жазылады. Міне, осы тəрізді.

– Төңкерістен бері неше жыл өтті? – Алты жыл өтіп, жетіншіге аяқ басып тұрмыз. – Содан бері қақсап келе жатқан жарапазандарың осы ғой? ... – Енді нені жазу керек? – Міне, сендердің төңкерісті ұқпағандығың. Күнде айғай, күнде даурық, желдеткен қара боран сөз мезі қылғандай болған жоқ па? Құрғақ сөзден жалықсаңдаршы! Алты жылды айғаймен алдыңдар, тым болмаса енді ойласаңдаршы! Енді бір өмірге, тұрмысқа келетін сөз жазсаңдаршы! «Біздер – жастар – көппіз, жұлдызбыз, арыстанбыз, батырмыз, қорықпаймыз, жаншып таптап кетеміз, жанып тұрған отпыз, жалынбыз, біз қоймаймыз, біз кенелтеміз, біз қарық қыламыз...» дей бергеннен не тамады? Мұның бəрі ет пен терінің арасындағы жел емес пе? Төңкерісті жазғанда осылай жаза ма екен? Осыдан бөтен жазатындарың бар ма? – Неге болмасын? Бар. Əркім əр түрлі жазады, – деуім мұң-ақ екен, бастырмалатып соға жөнелді. – Басқа əдебиетшілердің сөзін көрмей жүрмін бе? Кімді айтасың? Олар не жазып жүр? Біреу «Асан Қайғы», «Шортанбай» болып қазақтың ертегідей өткен күнін жырлап, «зар замандатып» жүр. Өткенді қайтару, өлгенді тірілту кімнің қолынан келмекші? Тарих өзенін теріс ағызатын қандай «əулие»? Қай құдай?! Бұ күннен түңіліп, өткенді көксеп, мəдениеттен қашырған қайдан шыққан пайғамбар? Қазақтың қай досы? Біреуің жаңашыл болғанның жөні осы деп ескі əдебиетті отқа өртеу керек деп жүрсіңдер, ескі əдебиетті, ескі мəдениетті отқа өртеп, енеден данышпан, енеден еңбекшіл болып туған кім бар еді? Киімшең туған қандай ұл? Ескі əдебиет, ескі мəдениет байдікі, патшанікі екен. Оларды жоялық. Берші, кəне жаңа əдебиетіңді, жаңа өнегеңді! Осыны айтатын ақындар кімнің əдебиетімен суғарылып, жаңашыл бола қалды екен? Алдында əлеумет ғылымын, тұрмыс жүйесін табиғат заңдарын жан-жануарлар жаралысын зерттеген бай мəдениетінің ғалымдары болмаса, Маркс шығар ма еді? Маркссыз Ленин туар ма еді? Жаңағы ескі сабақ, жаңаға ескі баспалдақ емес пе? Біреуің қызбен жүргеніңді, гөлəйт салғаныңды, мықынын ұстағаныңды, біреуің төңкерістің «идеесін» ұстай алмай айғайын ұстап жүрсің, енді бірің жазасың не онда, не мұнда жоқ қояннан көз жазып қалған тазыдай, арсалаңдап жүрсің. Тағы біреу көрінгенге «жалпақшеше» көрінгелі, түлкі болып құйрығын бұлаңдатып жүр. Енді біріңнің орысты қазаққа, қазақты орысқа шағыстырып

сенім алмақ, ақын атанбақ ойың бар. Тағы біреуің ойын жасырып,
бойын жасырып, жат елдің жазушыларын аударып талшық етіп
жүр. Сендерде мұрат бар ма? Бағыт бар ма? Жүрек бар ма? Бүгін

– идеалист, ертең – материалист, бүгін – реалист, ертең – симво-

лист, бүрсігүні – футурист, тағы үдеме бірдеме «ист», əйтпесе
əрқайсысынан бір шөкім. Ақындықты, жазушылықты сауысқанға
айырбастап, неден мұнша адастыңдар? Күндік күніңе, өшті-қасты
кегіңе, əлде күншілдігіне бола елдіктің айнасы – əдебиетті ұрыс-

керіске, боғауызға айналдырдыңдар. Келешектен ұялсаңдаршы!
Күйіп ғой, шыдай алмадым ғой! Айтпайын десем де қоймадыңдар
ғой, түге, азып туған мұндарлар! – деп тұра жөнелді.
Милициедан қорыққан жуанға ұсап, көзім шарасынан шықты.

Қуып жетіп ұстай алдым:

– Тоқтаңыз, жолдас! Қайырылыңыз! Не қыл дейсіз? Айт-

қаныңызды істейік. Жазбайық деп жүргеніміз жоқ. Қол тимейді.
Күнде қызмет, мəжіліс, дəріс, театр, сүгіретке түсу, қызбен жүру,
тағы анау-мынаудан мұршамыз келмейді.
Артына қасқырша қарап тұрды да қайта оралды. Тағы сөйледі.

Мен аузымды ашып, көзімді жұмып тыңдадым да отырдым. Ол
айта берді:

– Жазушы кім? Ақын кім? Білесің бе? Олар – заманның айна-

сы. Елдің тұрмысын, өмірін, тілегін, арманын əдебиет айнасына
түсіретін солар. Оны көрсе оны сақ, мұны көрсе мұны сақ болып
қазаққа ұғымсыз не болса соған еліктемей, шын өмірді, деректі
өмірді неге жазбайсыңдар? Төңкерістен бері қазақ елінің басынан

қандай күндер өтпеді? Тұрмысқа қандай өзгеріс кірмеді? Қазақ да-
ласын көмірдей басып ақтар өтті. Оның артынан қызылдар келді.
Қазақ даласындағы соғыс майданы ашылды. Мұның бəрі қандай
із қалдырды? Осыларды қайсың жаздың?

Қеңес үкіметі орнады. Разберске, продналок, көлік, адам
салығы түсті. Елді мелитсе, агент, инспектор, əтрəд қаптады. Ел
не күйге түсті? Əуелгі кезде партияға тонын айналдырып талай-
лар кірді. Олар түрлі қызметпен, сайлау жұмысымен ел аралады.

Сауатсыздықты жоятын дүмше мұғалімдер тарады. Олар елге не
пайда, не зиян келтірді? Мұны жазған кімің бар?
Қазақ жұтқа, ашаршылыққа ұшырады. Оның ауыртпалығы,
өлімі, шығыны, қайғысы, зардабы қандайлық болды? Жылу ке-

месиелері құрылды. Олар не істеді? Еркін сауда, қызыл саудагер
қалай тиді? Бұларды əдебиет айнасына түсіруші болды ма?
Төңкерістің жақсы жақтары: еңбекшілер қожалығы, сот, оқу,
мектеп, əйел теңдігі, жер алу, қала салу, кедей баласы оқуға

ұмтылу, жұмысшылар, ортақшылдар, жастар ұйымдары, жетімха-
налар ашылуы, олардың ісі – міне осыларды келістіріп суреттеген
жазушылар бар ма?
Қазақта төңкеріс үшін алысқан, жан қиған ерлер болды ма?

Болса, олардың өмірі немен өтті? Төңкеріс жағына шыққан
азаматтардың кімі не істеді? Шын ортақшылдар мен боямалардың
айырмасы неден көрінеді? Ұлтшылдар, отаршылдардың кесірі
қандай болды? Бұларды қозғаған жазушы болды ма?

Бүгінгі шенқұмарлық, кеңсешілдік, ата-ру намысы, губерне на-
мысы, орынға таласу, топтасу, жіктесу қандай күйде? Кім не үшін
күресіп жүр? Бұларды жазуға тісі батқан жазушы шықты ма?
Осылардың əрбіреуі бір əңгіме, бір роман болуға жара-

май ма? Төңкеріс жазушысы, төңкеріс ақыны болсаңдар осыны
неге жазбайсыңдар? Төңкерістің мақсатын түгел жаза алмаған
соң, жазушымын деп не керек? Осынша соны, осынша бай
əңгімелер жатқанда, сөз таба алмай сандалып, «Қара боранға»,

«Зар-заманға», «Асық жарға», «Қайғы-зарға» салынатын не бар?
Қандай уақ нəрселерден құралып, төңкеріс жемісі көрінбей ме?
Өткен жаз бір кедей шəкірт елге барып, өзіндей жиырма ке-
дей баласын əкеліп, оқуға түсіріп отыр. Бұл теңдікті кедей баласы

қашан алып еді? Əне сенің өз еліңде пароходта жүк көтеріп, жер
астында көмір қазып жүрген талай жұмысшылар болсполком бо-
лып отырғанын көрмейсің бе?
Мелшиіп не дерімді білмедім.

– Неге үндемейсің?

Үндей алмадым. Міңгірледім.
Ең болмасын көз алдында жүрген бір жолдасыңның, не бір
кемесердің қызметін, тұрмысын жазсаң, о да қызық емес па?
Əлгіде аптомобелмен өкіріп бір кемесер кетіп барады. Ол ненің

салдары. Бір аптомобел 40 аттың орнына жүретінін біле ме екен
о жолдас? Сендер жазғыш болсаңдар осыны неге жазбайсыңдар?
Əлде мұндайды көрмейсіңдер ме? Тесірейе қарап тепсініп:

– Жазасың ба? – деп алтыатарын суырып алды.

– Ша...м...мам.., келмейді ғой, жолдас!

– Ендеше, жазғаныңды қоясың ба? – деп ақырып, мылтығын

кезеніп кеудеме тақады.

– Қояйын... қояйын... – дедім. Басып жібере ме деп бойым

шімірігіп, селк етіп көзімді жұмып қалдым.
Бітегенеден соң көзімді ашсам – түк жоқ. Баяғы үстелім басын-
да шынтақтап отыр екенмін.

ЖАҢАБАЙДЫҢ ЖАНЫНДАҒЫ ТРАГЕДИЯ І 1922-інші жылы аштар жұмысымен Жымпиты уезін аралап жүріп, сол елде Қамит деген бір жолдасымның үйіне кез келдім. Қамит отызға жетер-жетпес жігіт кезінде көкірек аурудан қайтыс болған. Жас келіншегі, шешесі, бір інісі қалған. Қамитпеп жас кезімде бірге оқыған едік. Амандықты сұрасып, Қамитті еске алып, біраз қамығып отырғаннан кейін, шешесінен Қамиттың кітап қағаздарын сұрап алып, оқыдым. Орыстың белгілі ақындарының кітаптары, қазақша талай өлеңдер, ескі сөздер, қиссалар бар екен. Солардың арасынан бір жуан дəптер табылды. Ішін ашып қарасам, марқұмның жазып жүрген ұсақ əңгімелері, өлеңдері екен. Бір-екі сөзін оқып көріп едім дəмді көрінді: қызығып кеттім. Менің де жазушы болам деп көржерді шатпалақтайтын «дертім» болатын. Газет, журналдарға да кейде сөз жазып жіберетінмін, бірақ, көбінесе басылмайтын: «Сөзіңіз тым ұзын екен», болмаса, «маңызы жоқ екен» деген сықылды басқарманың жауабын көретінмін, мына дəптер маған жерден табылған олжадай көрінді; «Қой! Мынаны ұрлап алып, өз сөзім қылып, газет, журналға жіберіп тұрайын. Қамит өліп кетті: «бұл – менің сөзім», – дейтін кісі жоқ. Сөйтіп, мен де «жазушы» атанайын... деген жаман ой сап ете түсті. Қолым қалтырап кетті. Жүрегім лүпілдеп тұрмай барады. Жан-жағыма жалт-жұлт қарасам, құдайдың дес берісі, əйелдер шығып кеткен. Жалма-жан дəптерді сөмкеме тығып жібердім. Əйелдер қайта келгенде, дым көрмегенсіп, кітап оқыған бола қойдым. Дəптерді адам сезген жоқ. Жүріп кеттім. Содан бері əлгі дəптердің ішіндегі сөздерді көшіріп, соңына қолымды қойып, газетке, журналға жіберіп тұратын болдым. Баспа жүзіне сөзім қашан шығар екен деп, екі көзім төрт болып, газет, журнал көрсем, қулық құлындаған биеше, үстіне түсіп кете жаздаймын. «Басқарманың» бұрынғы жауабы жоқ, жіберген сөздерім ап-анық, меруерттей басылып шығады. Өзімдікі емес, ұрланды сөз екені есімнен шығып кетеді. Жаным бір кіріп, бір шығып əлденеше оқимын. Əрбір сөз, əрбір қаріп, маған қарап, жымыңдап күлгендей, жылы шырай бергендей болады. «Көрдің бе? Біз де сенің балаңыз, жарыңбыз, сəулеңбіз» дегендей көрінеді. Менің қолыммен жазылған сөздер шыққанда мен мас боламын, өз теріме

өзім сыймаймын. Желігемін, жынданамын, «жазушы» деген атақ алып көкке ұшады, алып жерге түседі. Жұрт мені «жазушы» деп ден қойып алса керек: өзімнен төмендер қолымды қатты қысатын болды, жоғарғылар қауіптенетін болды, тырна қатар жазушылар күндеп жамандайтын болды. Жалғыз-жарым жақсы сөздерімді кейде басқармадағы жолдастар да күндеп, баспайтын болды. Міне – менің жазушы болғанымның белгісі. Қарапайым жұрт маған қол қоюлы, маған сол қанағат. Алдана берсін! Маған не керек?! Уралайын мейлі, жырлайын мейлі – жазушы атансам болғаны. Сонда да бір жаман жері: кейде өзіңнен өзің ұялғандай, қысылғандай болады екенсің. Оңаша отырған кезде, Қамит марқұмды ойлағанда маңдайыңнан суық тер шып-шып шығады. «Сен, жауыз, атаққа əуейіленіп, жолдас атымды ұмыттың ба? Кімге қиянат етіп жүрсің?» деп көрде жатқан Қамит марқұм жағамнан сілкіп, қылғындырғандай болады. «Мына сөз мұныкі емес, менікі! Бұл арсыз, атақ үшін сендерді алдап жүр. Бұған нанбаңдар! Бұл бір сайқал. Əлеумет, бұл – сендердің арамза балаң. Бұл – жүзіқара!» деп, ішімде біреу сөйлеп тұрғандай болады. «Сен адамбысың? Алдар көсемісің? Адам болсаң, жұрттың көзін осынша бояп не болды саған! Ұялсайшы, ойлансайшы! Сенің кім екеніңді бүгін болмаса, ертең білмей ме жұрт? Қайда барасың? Кімнің алдына шығасың? Болғанда, не боласың? Жұртты алдағаннан ауыр қылмыс, одан жаман арамзалық бола ма?..» деп, білімсіз біреу кіжінгендей, ұрысқандай болады. Ойлаймын: «Ар» деген осы болар ма? «Ар» бар – дегенге нанбаушы ем: бұ қалай?! – деймін. Сілкініп, қайратыма тағы мінемін. «Ой, тəңір-ай! Мұнша жасық болармысың? «Ар», «адамшылық» деген не? Жоқ қой! Кім арды ойлап жүр? Алдамаған, бойламаған кісі күн көре ала ма? Тіршілік – тартыс. Тартыста озбыр жеңеді. Тартыса алмаған кісіге жасап не керек? Əлде қашанғы ескі жырды қозғап, «ар» деп, «адамшылық» деп басын ауыртып отырғанын. Аяншақ кісі, жұмсақ жүрек нəуетек кісі жақсы өмір сүре алмайды. Бұ заманның нақылы: «Құралды мақсұт ақтайды» дейді. Қазақша «Есек көтін жусаң да, мал тап!» дегенге дөп келеді. Дұрыс нақыл! Қайтсең де, алдасаң да, арбасаң да, бойласаң да əбүйір-атақ тап...» дегендей, əлдебіреу қайрат бергендей болады. Осындай екіұдай тартысты басымнан əлденеше рет кешірдім.

Кеше апрельдің 22-інде шыққан «Кеңес даласы» газетасын оқып отырып Гранов деген камонес жолдастың тергелгенін көрдім. Ол не қылған? Боялып камонес болып, ылғи атақ көксеген, бас пайдасын қуған; қазынаның ақшасын қартаға, саудаға салған. Қылмыс мойнына ауып, бояма жолдастың əбүйірі айрандай төгіліп, он жылға еркінен айрылатын жазаға кесілген. Мынаны оқыған соң жүрегім тұрайын деді. Қожанасыр айтқандайын, бір күні біреу «теріні суырып алып, жүзімді айдай қылар ма екен» деп артым қып-қып етті. Дүниеде шарықтап барып-барып, жұрт алдында масқара болып, гүрс етіп құлағаннан жаман нəрсе жоқ қой. Кісі оңбай, қиратылып қалады ғой. Қой, «Есің барда ел тап» дегендей, аман күнімде, ұрлығымды мойныма алайын да, жұрттан кешу сұрайын, жалған «жазушы» болып жұртты бұрынғы алдағаным да жетер. Адамдық жолымен де бір жүріп байқайын деген ой түсті. «Мінекей, жұрт! Сонымен, өзімнің кім екенімді айтып, ұрлығымды мойныма алып отырмын. Мен – жазушы да емеспін, ақын да емеспін. Мен – жұрттың көзін бояушы, атаққа мастанған бір қу едім. Адасқандығымды жаңа білдім. Өткенге тəубе қылдым. «Ағаттығын мойнына алу да – ерлік» дейді ғой. Уа, жұртым. Алдарыңа бас идім, өткендегі қылмысымды кеше көріңдер! Тарих жүзінде лағынет айта көрмеңдер! Көп кешсе, сот та кешер. Сот – жұрттыкі ғой. Мойныма алғанымның белгісіне Қамит марқұмнан ұрлап алған бір əңгімені алдарыңызға саламын. Бұл, бұйырмасын, өзімдікі емес, Қамиттікі. Қамит аштар жайынан жазған екен. Ашаршылық жұртқа келген тарихи ауыр апаттың бірі ғой. Қазақ əдебиетінде ашаршылық жайынан жазылған сəнді əңгімелер кем болғандықтан, пайдасыз болмас деп, көшіріп отырмын. Артық, кемін оқушылар сынай жатар. Онда менің жұмысым жоқ. ІІ Əңгіменің атын «Жаңабай» деп жазып, өшіріп тастапты. «Жан жарасы» деп, тағы өшірген. Дəптердің бұрышына «Жаңабайдың жанындағы трагедие» деп қойыпты. «Трагедиеге» қазақша сөз таба алмаса керек. Біз де бұзбастан өз атын жібердік. Боқыраудың бас шені. Ел қыстауында. О жылы аш ел көшкендей болды ма? Жаңабай еңгезердей мосқал кісі. Кешкі етін жеп болған соң:

– Қали, тұр! Аттарыңды қара! Ғазиз, сен арбаңды əзірле. Күн шыға көшпей болмайды, – деді, түксиіп. Ғазиз əкесінің бетіне қарап: – Неге, əке? – деді таңданып. – «Өз қорлықтан жат қорлық». Ағайынға мал тартып жүзқара болғаннан да, өлгенім артық. Кəдірім кетпей тұрғанда, жөнімді табайын. Жаңабай бір айтты – болды; екі сөйлеген жан емес. Лəм дей алмады, қатын-балалары, төбеге ұрғандай сазарып қалды. Қали дастарқан жинап, қолға су құйды. Жаңабай жайдағы батасын да қылған жоқ, қолын сүртіп, жантая кетті. Екі баласы мен қатыны жалғыз-жалғыздап тысқа шықты; күбір-күбір сөйлесті. Аздан кейін үшеуі тарасты: Ғазиз арба саптады, Қали атқа кетті, Бəтпа күйбеңдеп еттігіне барды. Жаңабайдың қабағынан қар жауғандай түюлі, шырағдандай жылтыраған алмас көзі жылтыраған шырағдан отына қадалып, ойланып жатыр. Жұрт жоғалған малын менен көреді. Байбақтыдан өрбіген ел қашан мені ұры қылып көріп еді? Мал көрмек түгілі, бір болыс «Қурайлыда» бетіме жан келуші ме еді? Малым болмаса да, тіршілігімнің арқасында еліме əбүйірім кетіп көрген жоқ еді. Ол дəурен басымнан ұшқанға ұсайды. Кісілік, ағайындық барлықта екен. Елден мал кетіп еді, пейіл де кетті, кісілік те жоғалды. Аштық əбүйірге, ажарға қаратпайды екен. Аштан өлуге көзім жетпесе, ағайынның тағалы тор тайына қиянат етуші ме едім? Тентектік қылсам, еркелік қылсам, көтерер деп, бар ағайынның 4-5 тайын жеп едім. Көтерді ме? Ағайын кеңшілікте екен. Өліп жатсаң, аузыңа су тамызатын кісі табылатын емес. «Жаңабай мал тартыпты» дегізгенше, қарашығымды батырайын; өлімтігімді көрсетпей өлейін... екі атты төлеуге тартсам, боса да аштан өледі екем, одан да тірсегім қырқылмай тұрғанда, көз көрмес, құлақ естімес жерге кетейін. Бір жұмадан бері Жаңабайдың ойлап жүргені осы еді. Жаңабайдың сығырайған жарыққа қарап жатып ойлағаны тағы осы ой болды. Жаңабайдың бұл ойын тысқарыдан кірген Бəтпа бөлді. – Азық-түлікті түгел ал, төсек-орын, ыстық пісіретін ыдыстан басқа, ауыр нəрседен түк алма: атқа ауыр болады. Бəтпа пешке сүйеніп, тыржиып:

– Сандықтарды, кебежені қайтеміз? – деді. – Азық салатын бір сандық ал! Өзгесі қалсын! – Тастағанша ауылға беріп кетеміз де... Кім біледі, қайтып келгендей боламыз ба?.. – Сөзді қой, қалғаны маған десе өртеніп кетсін!.. Бəтпа сипақтап тұрды да, шығып кетті. Таң аласəуле бола бергенде, Жаңабай екі баласы мен қатынын арбаға салып алып, ауылдан жөнелді. Тірі жан білген жоқ. Ұрлыққа салынып, сартап болып жүрген аттар арбаны ұршықтай дөңгелетті. Аспан ала шабыр бұлт. Ызыңдаған күзгі таң бойды шіміріктіреді. Жер бозқырау. Малсыз ауылдың іргесінен от, шөбінің қыры сынған ба? Арбаның ізі жосылып қала берді. «Қотаныңның шөбі сынбасын!» деген қарғыс Жаңабайдың ойына келді. Серейген көде Жаңабайдың жүрегіне тікендей кадалды. Құрығанның белгісі осы да. Жаз бойы қыстаудан тапжылған ел жоқ. Шөптің ереуілдеп тұрғаны мынау: Ой, заман-ай! Бір кезде шаңы аспанға шығып жататын жер еді-ау!.. Ондағы мал кайда? Ел қайда? Ендігі жүргендер кісі ме? Бір атым насыбайға сатып кетеді. Сенің кім екеніңді неғылсын? Тұрғыласың азайды-ақ, адасқан қаздай артық жан болдың да. «Адам замандасымен жасайды», деген ып-рас қой. Маңайың толған ел бола тұрып, жалғыздық көргеннен жаман не бар дейсің? Мінекей, мынау үңірейіп, аңырап жатқан құр өзен. Жылқыны талай буып тастап, бекінетін құр өзен. Кемеріңде бас бағып қарауыл қарап жататын құр өзен. Қойныңда талай күн түнеп, қараңғыда жылқы жетектеп, жылғаңмен жылысып кететін құр өзен... қош бол, енді адыра қалған қу өзен!.. Əнекей, үлкен ауылдың қыстауы ығы-жығы болып, алыстап барады... Артымызда тұрған ауыл, кіндік кесіп, кірімізді жуған ауыл. Міне, сол жақта көп мола. Əне, өзге моладан басы асқан ақсақал марқұмның асқар тамы. Оң жағында Қағазбай марқұмның құлақсыз тамы қарауытады... Жетпей кеткен, есіл қыршыным! Анау шеттегі сегіз құлақты кең тамда Ұлбике бəйбіше жатыр. Ой жарықтығым-ай! Туған баласындай еркелетіп, бəйек болып отыратын ақ жарқын анамыз-ай! Жаңаш, қарның ашып қалған жоқ па? Жаңаш, қонаққа не соямыз? Жаңаш, балалықты қойсайшы! Үйдегі кəрі шешеңді ойласайшы! – деп отырушы еді жарықтық! Шеше-ау! Сондағы Жаңаш балаң мынау! Елге-жұртқа сыймай, қаңғып бара жатқан сорлы Жаңашың

мынау! Көрдің бе, шеше, балаңды? Мен кеттім... Бір жола кеттім. Осы кеткеннен Жаңашың қайта келмейді... Жаңашыңа, тым болмаса, қасыңнан топырақ та бұйырмайды ғой... Жаңабайдың өмірі жас шықпаған отты қара көзінен үш моншақ домалап жерге түсті. Қатын-балаға сыр бермейін дегендей, Жаңабай басын көтеріп алды. Алайда туған жерден айрылу қиын: Көзінің ар жағынан сылдырлап бұлақ ағып келе жатқандай, жүйе біткені босағандай елжіреп, өзіне-өзі ие бола алмады. ІІІ Күндерден күн өтті. Жаңабай жыла қонақтап келе жатыр. Екі баласы жаяу. Қатынымен екеуі арбада. Аттары қажыған. Жымпитының шегіне əлі екі қонақтық жер бар. Жаңабайдың беті – Самар гүбірнесі. Ол жақсы иттей, қазаққа қарасын көрсетпей өлмек. Қураған сар дала. Ұшы-қиыры жоқ дала. Алдында белес бардай көрінеді. Белестен асса, ар жағында ел бардай көрінеді. Белес дегені жазық болады. Оның ар жағы тағы белес, оған жетсе, тағы белес... Жаңабай сар далаға көзін сүзеді. Сағымданған белестен басқа нəрсе көрінбейді. Сонда да үмітін үзбейді. Бір белестен асса, астынан малы бықырлап, түтіні бұрқырап ауыл жолығатындай болады. «Үміт деген шіркін осы-ау! Жетем-жетем деп адамның діңкесі құритыны осы-ау! Талай белестен асып келемін. Бірдеңеге жететіндей, алдымда қарқ қылатын бірдеңе бардай көремін. Ол бірдеңе бар ма, жоқ па?..» деп ойлайды Жаңабай. Талай күдірден асқанда, көз ұшында бұлдырап бір қара көрінген болады. Бұл не нəрсе екен?! Таңданады, дəмеленеді. Жақындай берсе, не шошайған омақа, не бір түп ши, не бір бөктергі, болмаса өлген малдың сүйегі болып кетеді. Тағы бір қарайған көрінеді. Алыстан жіп-жіңішке сопайған, елбелектеп қозғалған тəрізді болады. Таянған сайын қысқара береді; басы, қол-аяғы бардай, бүкшеңдеп жер қазып жатқандай болады. Ол кісі болып шығады. Əлде шөптің тамырын, əлде саршұнақтың інін қазып жатқан біреу болады... Бұларды көргенде Жаңабайдың жүрегі бұрынғыдан жаман ауырады. «Шынымен қазақ даласы құла түз болып, қуарып қалғаны ма? Сайран салып, сауық құрып, жер қайысқан мал бағып, ақар-шақар думан болып жататын ел жоғалып, шыпымен, сол елдің арты

көлеңкедей елбеңдеген, сағымдай бұлдыраған сүлдер болғаны ма? Бұлардың тіршілігі қанша? Бұлар тұқым болып не жарытады?... деген ойлар келеді. Адам көрінсе, ұзамай-ақ, қадау-қадау қыстау көрінеді. Қыстауда ел бардай, мал бардай, ат шалдыратындай дəмеленеді. Таяна келсе, қыстаудың арасындағы мал сияқты қарайғандар құлаған қораның тамтығы, сорайған пештің мойыны, əйтпесе күл төбе болып кетеді. Анда-санда қораның төбесінен өлімсіреген қылдырықтай бозша түтін шығады. Ауылдың өлімсірегенін түтін де сөйлегендей болады. Қыстауға келсе, босағада, күн шуаққа жылынып құнысқан шал, кемпір, болмаса басы бақыр қазандай, мойны қылдай жалба-жұлба бала отырады. Ауылдан иттер де үріп шықпайды. Абалаған ит өмірдің тынысы екен-ау! Ит қайдан болсын? Иттің тамағына адам зар болды ғой! Есі бар ит мен құсап, ауылдан безіп, тышқан аулап кетті де. Ауылда қалғанын аштар жеп құртты – деген ой келеді. Кейде ауыл маңында көзге шыққан сүйелдей бес бас сиыр, бірлі-жарымды ат ұшырайды. Кейде кəрілігі ауыл сықылды, қара құрасы бар ауыл да жолығады. Атқа мінген, айқайлаған, шу-шулеген қалыпты кісілер де көрінеді, кейбірінің қарында құрығы, қолында жүгені де сылдырайды. Ондай ауылда адамның күлгенін де естиді; екі үйдің арасында жүрген баланы да көреді. Алдынан құрақ ұшып, үріп шығатын иттері де болады. Жаңабай өз аулына келгендей, Ұлбике бəйбішенің қолынан дəм тататындай, көңілі көтеріліп қалады. Баға келе, ол ауыл да аштардан безер, пейілі тар болып шығады. Жаңабай түндік қағып жүріп əрең дегенде, басын паналатады. Қона алмаса, қыстау жанында түнеп, ыстық ішіп, таң сəріден жүруге асығады. Жаңабайға өте-мөте жаман əсер берген міне бір нəрсе еді: Түсте ат шалдырған жерде қақтаған ащы еттерін жеп, ауыл қашан көрінер екен деп, Жаңабай қаталап келе жатты. Алыстан ауыл көрінген соң, Жаңабай қаттырақ аяңдап кетті. Балалары кейін қала берді. Бəтпа мен Жаңабай озып ауылға келді. Күн батардың алды, кішірек 4-5 қорасы бар ауыл екен. Келсе, жым-жылас, жан жоқ. Көшіп кеткен ауылдың қыстауындай, есіктесігі қарауытып, абжыландай ауызы аңқайып тұр. Кейбір қора жаңа соққан тамдай, тікшиіп, жымиып тұр. Кейбірінің бұрыштары мүжіліп құлап, о жер, бұ жері үңірейіп, қиқайып жатыр. Бір қораның алдында қараңдаған, бір нəрселер қыбырлағандай көрінді. Өлген

адамның жемтігін шұқып жүрген 4-5 құзғын екен. Жаңабай теріс
қарап, атын айдаңқырап жіберді.
Арғы шеткі ескі қорадан түтін екені, бу екені белгісіз, жылым-
шылап пештің мойнынан бірдеме шығып жатыр. Адам болса, сон-

да болар деп, барып су ішкелі, атын Бəтпаға ұстатып, Жаңабай
адымдай басып жөнелді.
Қораның ауыз жағында сырлы кереге, уықтар жайрап жатыр,
ер-тоқым, ашамай, жазғы үйдің киізі, тағы сондай орташа ауқатты

үйдің нəрселері шашылып жатыр. Жоғарғы жағы төмен салбырап,
құлар-құламас болып, мал қораның ергенегі қисайып жатыр, ар
жағы қараңғы үңгір. Қораның іші сасық па, күлімсі ме, əйтеуір
сасық иісі кеудені атады.

Содан басқаға көз тоқтатып қараған жоқ. Жаңабай үйдің
есігін іздеді. Есікті ырғап тартып еді. Ойбайлағандай, ішін тар-
тып, ышқынғандай болып, қайраң етіп ашылды. Есіктің ойбайы
құрғақ қазанды қырғандай шықырлай, құйқа тамырын шымыр-

латты. Кіріп келсе, қазандық аузында албастыдай жалбырап бір
жан отыр. Далба-дұлба тұтқыш жаулығынан дуда-дуда шашы
сексиіп, жансыз ала көзі бажырайып кетті. Шошып кетті білем,
шалқалап барып, жер тіреніп, жығылмай қалды. Жаңабай «су бар

ма?» дегенде, қалтылдап түрекелді. Қолы дірілдеп, еңкейіп ше-
лектен шөмішпен су əперді. Жаңабай суды жұтып болып қазанды
нұсқап:

– Мынауың не? – деді.

Қатын бет-аузы жыбырлап, қисалаңдап, демін бір алды да:
«су» деді.
Жаңабай мойнын созып төргі үйге қарады. Пештің түбінде
бүркеулі бір нəрсе жатыр: «анауың не? – деп еді, қатынның бет-

аузы тағы да аттай тулап, тұтығып, сөйлей алмады. Жаңабай ба-
рып бүркеулі нəрсені ашып еді – өлген бала екен. Қасқыр жеген
малдай, борбай еті борша, сүйегі ақсиып тұр. Жаңабай жапты да
кейін шегінді, бір нəрсені зерттегендей келді де, қазанды ашты.

Қатын қалт-қалт етеді. Олай-бұлай сүзгенде шөмішке бір-екі
борша ілінді. Жаңабай шөмішті тастай беріп қатынға бір түйіліп
қарады да, тысқа шықты.
Жаңабай кірпияз кісі болатын. Жүрегі айнып арбасына қарай

жүрді. Албасты қатын... жемтік, борша борбай... көз алдында
тұрғандай... Мұндай да əлемет болады екен? Айуан-ай! Өз бала-
сын өзі жеді-ау!.. Адам ба? Албасты ма? Адам... кəдімгі екі аяқты

айуан адам. Ажалмен алысқан адам айуаннан бетер болады екенау. Шыбын жаны құрғыр неден мұнша тəтті болды екен!.. Оған да кінə жоқ. VІ Əңгіменің осы тарауында өшірілген жерлері бар екен. Сол қалпында көшірмесе, ұғымсыз бола ма деп, өшірілген жерлеріне нүктелер қойып жазып отырмын. . . . . . . . . . . ................. қанша мықты болса да, көпке топырақ шаша алмайды ................................................. тартып алам деп, таяқ жеп абақтыға түсті ........................ шығарып жіберді ............. Егер көп аштармен біріксе ..... етер еді. Оны Жаңабай білмеді . . . . Əлеумет заңына ол бағынады ............................................................. ........................................................... ........... Əрең дегенде үйіне жетті ............................................... қайыршы болып тамақ асыраған екен .................................................. Жаңабайдан əл кетті ......... .................................................................. Жатқанына, міне, үшінші күн. Ол күннен бергі нəрі – қара су ........................... титығына жетті ............. ісе бастады .............................................. Жыртық терезеден жазғытұрғы күннің жылы нұры, Жаңабайдың өлгелі жатқан, сүлдер денесіне ем болатындай, жаман үйді жарық қылды ................. тысқарыда шиқ-шиқ еткен томаша торғайдың үні естіледі .................................... шидем күпісін айқара жамылып, Жаңабай жатыр .................. бір кездегі қою қарасы, етті қара көздерін басып, түнерген, жақ суалған, мұрын сорайған, селдір бурыл сақалы сексеуілдің бұтағындай, ұйқы-тұйқы қирап қалған .............. ........... .............. ............... ..................... .......... ........... ............ ............... .................. көзіне əлде нелер елестеді ....... .................... ..... .................. ........................ ........... жасындағы өмірі көрінді .................... ...... «қарағым, асыңды ішіп барсайшы! Кешке дейін қарның ашады ғой ............ ... ..........» деп, бауырына басып, арқаға қағып, айран берді əжесі. Мұрнына əжесінің иісі сезілгендей болды. ................ ........ ....... балағын түріп алып балалармен ат ойнап, асыр салып жүр .............. ................ .. ...... «Ат болам, айғыр болам, жылқышы болам . .... » деген балалардың шулағаны естіледі «Ə, мен ұры болам!» деп Айдарбекті ат қып, мініп, жылқы алып қашып жүр . . ....... ............ Мақаштың асығын ұтып алып «Кенейге», «Табайға» таласып, төбелесетіндері көрінеді.

... ................. ................... Мінекей, тайға мініп, құйғытып, бие қайырып келеді. Қара кенекті қарыпа іліп, тізесіне киіз байлап, талтаңдап қазаншы Оспан келе жатыр ................. ............. ............. ..... Бəйгетөбеден отыз атты айдап шықты ........ .............. үйінің ....... бəйге керіне мінген Жаңабай .... ....................... ...................... .... үкілі, құйрығы сүзулі ...... ......... . .............. ........... ................... бірдің соңы . . .............. ....................... «Байбақты, Байбақты!» – лап, ұран шақырып, қарақшыға таянғанда, сытылып озып жөнелді ..................... аттан көтеріп алды ........... ............... жылқы қуып жүр ............... ........... құрық жеткен құла шағыр бестіні құйрықтан алып, тоңқалаң асырды ................. ......................... боз ат, ақ киім ... .... нің тобына бара жатыр... ................ ............... əперіп жүр . . . . . жерден күміс алып кетті ..... ............ шешініп күреске түсті . . . . . жүдемете бесеуін соғып жіберді ............. айқай да ұйқай! ......... ................... жетектеп алып қайтты ..... ...... ......... қалаға бара жатыр .............. .................... қисық табан етік сатып алды... ....... .......... . . . ат базарында жанжал шықты ............... ................. ................. полесейлерді қамшының астына алып, қызыл жосын қылып сойып жүр ......... ................ ........... Қынаменді .... Жаңғақ деген сұлу қыздың жанында отыр ...... .............. орамал тастады. «Серттен табылсаң, шық! Бүгін əкетейін!» деді ...... . ... Жар астында күтіп тұр .... .... келді .... жөнелді! Малын ағайын төледі .... ақ шымылдық ішінде Жаңғақ екеуі жатыр... . . . . Отағасы шақырады . . . қолына су құйып, киіндіріп жатыр .... ..... қасында он шақты жігіт . ... ........... Шабарманға кетіп барады .... мінекей бір топ жылқыны жалғыз өзі айдап шықты .............. ............ жолда бір семіз тайды ......... ............ сойды ......... ......... сүйсінді ағайын ............ ............... жұт болып жатыр ........ ............. Жаңабайды шақырып алды.... «Сен болмасаң, бұл жылқы қалмайды» деді .... оран... жылқы ығып, тұрмайды .... жібермеді . . . . үш күндей ас татпады ............ ............ алып барды . . . .... .... малшы аман болды .......... ........ еңбегі жанды . ........ ........қызу партия ........ ............. кісіні тартып алысады. ........ Аржақ та топ жасапты. .... Соғысқа шықты ............... талайын ұрып жықты .... екі үй тартып алып қайтты.... Қазақ орыстар .............. ........ ның жылқысын айдап кетіпті ............. ......... Олардың жүз асу жылқысын ұрлап, жытырып жіберді ............. өшікті . . . қазақ-орыстан басқадан мал ұрлап көрген жоқ .......... ......

Жайықтың балығына ырғақ салады ......... ...... улы азар .... астында сарбауыр ат, саудегерлердің жайпаған асыл бұлдарын тал түсте алып қашады ......... ............. Жете алмайды ............... ............... жеткенін ұрып жығады ....... ............. «Ол менің ата дұспаным емес пе еді? Не қылғаның!?.. ....... » деп Жаңғақты сарбауыр қамшымен салып жібергенде, өліп кетті. ......... ......... өкінді ........... əмеңгері болған соң, намысқа шыдамай, Батпаны алды .......... ... Осының бəрі бірінен соң бірі көшкен бұлттай, Жаңабайдың көз алдынан лезде елестеп өтті ............. ................... алқымнан біреу алғандай, тұншықтырғандай болды, үй ішіндегі нəрселер бұлдырап кетті. Маңдайынан суық тер шықты . .... ... . сонша болмады – баланың жемтігі, алма жеген қыз, албасты қатын, Абақан, əжесі, Ұлбике бəйбіше, тағы Абақан, абақты, тұңғышы – Ғазиз – бəрі мидай араласып, құбылысып кетті ..... ..... Көзі түкті көрмеді. Есік, терезелері аңқиған жолдағы иесіз қораларша, Жаңабайдың аузы үңірейіп, көзі жұмылып кетті ............................... .................... ..... ........... ......... ....... .................. Ермекбай қақолдікінен келе жатып Жаңабайдың үйінен шыққан жымшы түтінді көрді. Екі-үш күннен бері балалары көрінбеген соң, түтінге қарап таң қалды. Үйіне кіре кетейінші деп таяна бергенде Батпа шықты. – Жеңгей амансыңдар ма? – Шүкір, құдай деп .................... .................. ......................... – Түтін шыққанға көңілім тəуір көріп қалды. Бірдеме таптыңдар ма? – Жоқ . . . əшейін ... бір уыс ұн еді балаларға көже етіп берейін деп .... ...... Батпа күбірлеп . . . . .................... аузына сөз түспей, қысылып қалды. – Жəкең үйде ме? – Бар .... жоқ .... нетіп еді ... деді кібіртіктеп. – Біреуді біреу біле алмайтын болды ғой, – деп Ермекбай күдіктеніп үйге кірді. Қали пышақ қайрап отыр. Ғазиз қазан астына шөпшек салып отыр. – Жəкең қайда? – деді Ермекбай. Балалар сасқалақтап, қорыққан іспетті көрінді. Ғазиздің көзі бұрышта жатқан нəрсеге түсіп кетті. Ермекбай аңырайып, аз тұрды да, бұрыштағы бүркеулі нəрсені ашып жіберді – Жаңабай екен. Үстіндегі киімінің əр жеріне қан тамыпты. Шидем күпісін

жұлып алса, екі саны қасқыр жегендей, жырым-жырым болып, сүйегі ақсиып жатыр екен. Айтуға сөз табылмады. Бəрінің сұры қашып, қалшылдап, сіресіп, көздері аларып кетті ................ .................Қамит. Ууф! Мен де демімді алайын оқушыларға ауыр болса да, жазғаным өзіме жеңілдік келтірді: мойнымнан нардың жүгін сыпырып, жаңа жерге қойғандай болдым. ТҰМАРБАЙ МЕН ҚАТЫНЫ І Кеңес өкіметі жаңа орнаған жылы. Уездік қала. Мекеменің бір болысы. Жағалай отырған жаңа өспірім жас жігіттер. Жазу үстелінің басында қолды сермеп «болдоможын» (уез сайлауын басқаратын губернеден келген уполномоченни) үгіт айтып тұр. ...Əйə, бəрің тəжірибе көріп, ысылған жоқсыңдар. Ел қазағы мейлінше қу болады; олардың бұлтақ-сұлтағы, қақпаны көп, ол жуандар кісіні бір көргенде сынайды. Сенің осал жағыңды тауып алып сығалап, ішіңе кіріп кетеді. Міне, сендер, шу дегеннен оларды бойларыңа дарытпауларың керек; алдауына түспеу керек... Тап қ ............. ................ тиген кісі болып, бір жағынан «болдомошынға» жағынғалы бір-екеуі: – Онысы рас, – деді. «Көкейіне қондырып келеді екенмін» деп шашын қарсы бір сипап, «болдомошын» тағы сөйледі: ...Сендердің қолыңа баратын болыстарыңдағы жуандардың спесігі беріледі. Бұл спесіктегі өзіміз білетін аты шулы партия басшы жуандар. Жуанның өзі кірмегенмен, құйыршығы кіріп кетуге мүмкін. Сендердің міндеттерің: сол құйыршықтарды тауып алып, қара спесікке кіргізулерің керек; сайлауға жолатпай, қуып тастау керек... Жастың біреуі үсік колын шошайтып: – Оларды не белгісінен табуға болады? – деп сұрады. Бұл арада «болдомошын» кібіртіктеңкіреп қалды. Əйткенмен, сыр білдіргісі келмеді. – Оларды ма? Оларды табу оп-оңай: елдің шетіне кірісімен, сұрастыра бастау керек. Өз болысы жасырғанмен, көрші болыстар біліп отырады, – деп ұзын-сонар жалпы сөзге салып кетті. Анығында, құйыршықтардың қандай белгісі болатынын

«болдошынның» өзі де білмеуші еді. Бұл туралы артық ойланған
да емес еді. Əлгіндей айта салғаны болмаса, өз елі де, көрші ел
де жек көрген жақтың кісілерін «құйыршық» дей беретінін,
«болдомошынның» іші сезуші еді, жауырды жаба тоқып, сөздің

бетін басқа жаққа бұрды:

– Неколай заманында болыс сайлауына крестиянскі нашал-

ніктер шығатын. Міне, сендердің дəрежелерің солармен бірдей...
(Бұл арада кейбіреулер қоразданып, кеудесін көтерісіп қалды).
Қазақтың малын, жанын аямай қимылдайтын жұмысы – сайлау.
Сондықтан, ел сендерді құрметтейді, басына көтереді. Алдарыңда

құрдай жорғалайды. Оған сендер желігіп, мастанбауларың керек.
Жуандардың жылмаңдағанына мастансаңдар, кедейдің соры
қайнағаны. Біздің бар сенетініміз жастар, сендер. Сендер байдың
атына, қымызына, мамық көрпе, жастығына сатылып кетсеңдер,

еңбекшілердің қожалығын өмірі орната алмаймыз. Зəуде біреуіңнің
ісің шығып, пара алғаның білінді бар ғой – биттей аяйды деп
ойламаңдар! Сендердің таныстығың, жолдастығың бір тиынға ке-
рек емес. Біз ортақшылдармыз: бізде бауыр жоқ, бізде тура жол

бар. Ондай жамандықтарың білінсе, тура атыласыңдар...
Қарсы алдында отырған бір-екеуінің көзі бажырайып кетті.
Босаға жақта отырған күпішең жігіт ішінен ойлады: «Алғанда,
білдіріп алатын-ау кісі. Оның есебін табармыз. Мына жаман күпі,

жаман тымақпен жүріп «нашалдік бола алмаспыз» деп алудан ойы
бар тағы бір сұм жігіт:

– Пара берген кісіні қайтеміз? – деп сұрады.

– Пара берушіні протоколдеп, милисиямен арыстауыт етіп,

мұнда жіберіңдер! – деді «болдомошын». Сұраушы жігіт: «дұрыс»
деді де:

– Берген парасын қайда жібереміз? – деп тағы сұрады.

– Парасын дəлел есебінде, мұнда алып келіңдер!

О жігіт ойлады: параны көбірек алып, қақ жарымын, не
үштен бірін мұнда əкеліп, қалғанын пайда қылуға болады екен.
Сұрағаным жақсы болды-ау, деп ойлады.
«Болдомошын» əлгі сарынды сөйлеп-сөйлеп, аяқ кезін-

де жастарға сенімін білдіріп, заман жастікі, ортақшылдық
тұрмысты, еңбекшілер қожалығын жастар орнататындығын ай-
тып, қыздырыңқырап:

– Жасасын кеңес өкіметі! Жасасын ортақшылдар партиясы!

Жасасын Қазақ республикасы! – деп сөзін бітірді. Интернационал
өлеңімен мəжіліс жабылды.

ІІ Мəжілістен шыққан соң, Тұмарбай: «ш-ш-т!» деп ысқырып қалып еді, бержебайшы жетіп келді. Тұмарбай қолды бір-ақ сілтеп: «тарт жатаққа!» деді. Тұмарбай – қала жатағының баласы. Екі кластық үшкөлде 8 жыл, мал бершілінің үшкөлінде 2 жыл оқыса да, мешкей кісінің ауызша, оқудан түк жұқпаған бір көк ми еді. Ағалары осынша сүйрегенмен, түк бола алмады. Арақ ішу, қарт ойнап, жезөкшелерді жағалау, жатақтың жаман-жұман жігіттерімен қызойнақта əн салысып, қылжақтасып, аяқ жағынан төбелесіп тарқаудан басқа, ешбір орынға кіре алмады. Соңғы жылдарда «складта» соқа сатып, одан кейін «натаруста» қағаз көшіріп, қызметке іліккен болып жүрді. Онда да кенелткен дəнемесі жоқ еді. Кеңес өкіметі орнаған соң, жастар партияға кіріп жатқанда, қатардан қалмасқа, партияға бұ да жазылды. Соның салдарынан осы жолы инструктор болып елге шықпақшы болып еді. Тұмарбайдың үйінде былтыр алған Шəмші деген келіншегі бар. Өзі ерке, өзі паң. Бет-аузы қушиған, көзі кілбиген, мұрны сорайған, тым-ақ сүйкімді емес. Ақ əйел. «Құданың» құдіреті, адам дегеннің өзі түріне бір қарамайды екен! Өзін сұлу емеспін, сүйкімді емеспін дейтін бір жан болсашы. Шəмшінің бұлайша болуына əрине себеп бар – ол үлкен қалада туып-өскен, қазақтың оқыған-сымақ ағаш төресінің (абияшік) ізі болған. Əкесі бір надан қазаққа жасында құда болып, бері келген соң, ол күйеуін менсінбей, бұзылып жүргенде, жылтырауық түймелі Тұмарбай килігер ме? Тұмарбай қиқаңдап, домбыра шерте біледі, көзін ашып-жұмып, күшеніп, əн де салады. Оның үстіне байдың болпаш баласы, сері жігіт болып, «көк төбел үйіміз бар, қаладағы перуайбаймыз» деп мақтанды. Соған нанып, Шəмші Тұмарбаймен қашып келген. Келсе – көк төбел түгілі, құба төбел үй де жоқ, боқтықтың арасында терезесі жылтыраған кең қора. Шал-кемпірі, қатын-қалашы көп, мазасыз бір жаман үй. Шəмші: «Үйіме қайтамын» деп азанды салмас па! Үй іші болып, жалынып, Шəмшіні тоқтатқан. Содан бері Шəмші осы үйдің еркесі, қожайыны болып, Тұмарбайдың мойнына аттай мінген болатын. Бұрын түкке жарамай, шиге шанышқан құмалақтай, ағаш кеңірдегі сорайып жүрген Томашке «крестиянски нашалнік» болдың дегенге терісіне сыймай, Шəкенге мақтануға бержебайлатып, қоқиланып келе жатқан мəні сол еді.

«Тыр-р-у!» – деді – бержабай тұра қалды. Тұмарбай арбадан
атып түсіп, ентелей басып, делегейленіп үйге кіріп кетеді.
Бетке қағар пенде жоқ: Шəкенжан күнде жатақты бір қыдырып
алатын. «Жүрген аяққа жөргем ілінбей» қойған ба, ІІІəкенжан

да сонылап, бір жігітті тауып алып еді, Тұмарбай кіріп келгенде,
жаңа қыдырып қайтқаны сол, бетінің қызарғаны да басылмай,
Шəкенжаны айна алдында опа жағынып тұр еді. Келе сала, екі
иығынан ұстай алып:

– Шəкенжан! Поздраф меня! (Құттықта мені) – деді Тұмарбай

орысшылап. Үйткені қалада өскен Шəкенжан орысшадан да қара
жаяу емес еді.

– Құтты болсын, жаным! Немене? Айтшы! – деп түк

көрмегенсіп, мойнынан құшақтай алды.

– Енструктор болдым!

– Ə, қойшы!

– Олда, құдай біледі!

– Е! Жақсы болды ғой!

– Қай елге десейші!

– Қай елге, жаным?

– Майқоға болысына: ең бай ел! Несін сұрайсың!

– Мен де барам ғой енді?

– Барасың, жаным, барасың?

– Қашан жүреміз?

– Ертеңнен қалмай шығу керек: «Трансқа» заказ беріліп

қойды.

– Үйбай-ай! Енді қайттым!

– Не қылды, немене?

– Іш киімдерім жуылған жоқ еді...

– Ой тəйірі-ай! Соны сөз қылып тұрғанын: қазір жуғызып

алмайсың ба?

– Жарайды, ендеше!.. Ойпырмай, қырға шыққан қандай қызық!

Қымыз, көк шөп, таза ауа!..

– «Төренің» бəйбішесі (барине) болып барғанды айтсайшы!

– Өмірі түк көрмеген сен болмасаң, мен өзім де «төренің»

қызымын...

– Сен-ақ төре болшы!.. Ертең пар атты жегіп алып: «Айт!» деп

өкіртіп бір жөнелсек... – деп, қолын сермеп қалғанда, пештің кар-
незінде тұрған лампы салдыр-күлдір етіп жерге түсті.

– Өй, жарымес! Өй, қолаба, шірік ит! Жынды көбелек болып, отқа түсіп кетсейші! Сайлау қылып, сен шірік не жарытам дейсің. Сені жіберіп отырған кісі де бір ақымақ... – деп, əлде нелерді айтып, Тұмарбайдың басына ит терісін қаптады. Тұмарбай: «Байқамай қалдым, қой енді, қой енді...» – деп жалынғаннан басқа түк айта алмады. ІІІ Шілденің аяқ шені. Ел жайлауда. Бір бай ауылдың сыртында, анадай жерде абажадай бір ақ үй тұр. Үйдің екі босағасында мылтықты екі күзетші. Ірге жағалай түрулі. Бір қолында шелек, бір қолында құманы бір жігіт, іргені жағалай су сеуіп жүр; үйіші төрден есікке шейін төселген киіз, алаша, кілем. Уықтың қарына шейін ұсталған кестелі шұға тұс киіз; алдында қызыл кардан кеседе сар қымыз, үсік қол мен ортан қолдың арасында қыстырулы (шылым) бопраз, қақ төрде Тұмарбай «төре» отыр. Оның оң тізесін баса, басында керегедей 5 ақ жастық «Шəкең» (Шəмші) жатыр; жатқан жоқ-ау, отыр; жоқ – жатыр... Не болса, ол болсын, əйтеуір былқ-сылқ етіп Шəкең отыр. (Ел де, Тұмарбай да «Шəкең» деп атаған соң, біз де «Шəкең» делік). Оның алдында да көк ала шұбар қытай кесесі. Шəкеңе таяу бір ел қазағы да қымыз ішіп отыр. Бұл əрі молда, əрі қажы, əрі законшыл, «дамолла, уа – канта, уа мəшһүр атуахат» деген сықылды, білмейтіні жоқ, талайдың құйрығын қарға шанышқан, өз құйрығын бір ұстатпайтын, бір майталман еді. «Мақат істеген» күмісті қызыл тегенедегі қымызды сабы сүйектеулі бүйрек тəрізді қайыңның безінен шабылған шұбар ожаумен сапырып отырған Елеусіз деген жігіт. Бұ бір ысылған саятшы жігіт ұстараның жүзіндей, кісінің əуменіне төңкеріледі, қыяп еткізбейді, қыбыңды табады, сондай епті, ақылды, сезімді. Елеусіз көзінің құйрығымен «төренің» кесесіне қарап қалды да, дереу қымыз құйды. Тұмарбай, сыбызғы тартқан кісіше, ұзын кеңірдегінен күр-күр, дыр-дыр еткізіп бір əуез шығарды. – Онысы кекіргені екен. Қымыз едəуір олқы түсіп, төмен жылжығандай болды. Алдындағы қымызды бір ұрттап, қалды да: – Шəке! Тамаша қымыз екен: Бір жұтшы! – деді. Шəкежаны қабағын тырыстырып, өлімсіреп: «ішпеймін, ащы: басым ауырды» – деп шытынып, тамсанды.

– Қажы-еке! Қымыз жақсы емес пе? – Керемет! Сұмдық! Дəйі жоқ, қоп-қою; сап-салқын! Мұндай қымыз жер үстінде болмайды, – деп Тұмарбайды сендіре, қабағын түйіп, басын шайқады қажы-екең. – Қажы-еке, сіз айтпасаңыз, ішпеді, – деді қоразданып Тұмарбай. Қажы Шəкеңнің кесесін аузына тосып жалына бастады: – Қарағым, Шəке! Бір ұртташы, жаным! Қымыз қандай! Балдай. Мен үшін бір ұртташы, қарағым! Ішкеніміз ас болмады ғой, шырағым! Тым болмаса кішкене басыңды көтеріп отыршы. Қалқиып, ер қара болып отырғанның өзі неге тұрады... – деді. Шəкен тырысып, басын шайқайды. Қажы қынжылады, тағы сөйлейді. Тұмарбай шын көреді. Бұрын қырға шықпаған, жатақтың «қулиғандарымен» төбелескеннен басқаны көрмеген, аңғал сорлы, қажының қай қыры екенін қайдан білсін. – Үлкен кісінің меселін қайтармай, бір ұртта енді, – дейді Тұмарбай. Шəкең зорға дегенде, ернінің ұшын тигізіп, шағып алғандай тартып алып, тыржиып, бұраң етіп жантая кетеді. Елеусіз ішінен: «Əй, əкеңнің аузын... Əй! Оңашада қолға бір тисең, ұзының мен көлденеңіңді бірдей қылып, сірестіріп салар едім-ау! Əттең, дүние-ай!» – деп тістеніп қояды. Бірақ түк сездірмейді: жылп-жылп етеді. Қажы тағы Шəкеңді айналдырады: – Япыр-ай! Қарның ашып қалады-ау! Шырағым, айтып өлтірші! Зауқың неге соғады? «Бағланның» уыз етін алдырайын ба? Əлде ашымаған тəтті сүр қазы жейсің бе? Қойдың тұщы ақ сықпасы қалай болар? Туралған ақ қаймаққа батырып, аузыңа салып қарасаң қайтер екен? – деп, əртүрлі асты қызықтырып, мақтайды. Шəкең əлден уақытта өлімсіреп: – Кеспе, – дейді. Қажы қалбалақтайды. – Ойбай, жүгір, жүгір! Жақсы қылып, жұқалап, кеспе істесін, тез, тез!.. Шəкең ыңырсып: «Жəмилə істемесін: ол көп сөйлейді: түкірігі шашырайды. Күлəнда істесін» дейді. Қажы: «Күлəнда істесін, білдің бе? Маңайына Жəмилəні жолатпасын, аңдуға бір кісі қой...» деп шегелеп жібереді. Елеусіз ұшып жөнеледі. Аздан кейіп, Шəкең: «қаймақ» деп ыңырсиды. Дереу қаймақ əзір болады. Шəкең шынашағымен бір іліп жалайды да, кесені итеріп жібереді. Кеспе келсе, бір-екі қасық ұрттайды

да, оны да жаратпайды, «пысынап кеттім ғой; үй маңайында кісі бар ма? Қуаласын деші! Сайтаншылар өп-өтірік айқайлап: «Аулақ кет» деп қуалайды. Əрі-беріден соң: «Есік жақтан жел жіберші, Елеусіз!» деп бұйырады Шəкең. Елеусіз, қағынды келгір, күлместен, дəнеме етпестен, есік жақтан қос қолдап, Шəкеңнің бетіне жел əкеліп шашады. Əй, не керек, ойына келгенді істейді-ау! «Тауды көремін» деп Шəкең пəуеске жеккізіп, серуенге шығады. Пəуескемен тау басына шыға ала ма кісі! Шəкең жаяу жүре алмайды. Екі жігіт кезек арқалап, Шəкеңді тау басына шығарады. Байдың қыз, қатындарының қолында алтын сақинасы, үстінде тана моншағы болса, Шəкең қажыға айтады. «Пəленнің қызының алтын сақинасы жақсы екен!» дейді. 4-5 минуттен кейін ол сақина Шəкеңнің қолында болады. Шəкеңе оюлы сырмақ, таза көрпе ұнап кетеді. Оның бəрін қажы-екең жайлайды. Тұмарбай көбін сезбейді; сезсе де Шəкең аузын ашуға əдді жоқ, жəне ондай нəрсені «пара» деп бере ме? «Шəкең қолына лайық екен», «Шəкең астына салып отырсын» деп, қажы-екең əкеледі. Қажы-екеңе «құдайдай» ұйып алған: «Əйелге жол істемеген қазақ ғұрпында ұят» деп сендірген. ІV Сайлау күні. Ақ үйдің ығында алқа-қотан отырған көп кісі. Оң босағада үстел. Үстел басында Шəкең, қажы, бір-екі жас жігіт. Тұмарбай төре қолында шыбығы, төбеге тықылдатып кісі санап жүр. Бір кіселі қазаққа келгенде: – Əйда, шық! – деді. – Жазығым не менің? – Жуансың. – Қай жерім жуан? Нағыз кедеймін... деп бажылдап еді, болмайды. Милитсионерді шақырып алып, айдатып жуандар тобына қосқызды. Жағасына күміс түйме таққан бір жігітті тағы айдап шықты. Үстел басында қажы-екең отырып, «Шəкеңе» сыбыр етті: – Əй, мұнда келші! – деді Шəкесі. Келді. Əне бір Құлақшын киген жігітті «құйыршық» деп естідім: соны да шығарып жібер, – деп əмір етті. Тұмарбай «құлақшынға» барды: – Сен кімсің? – Мен жұмысшы. – Шығасың.

– Шықпаймын. Сəбет кедейдікі екені шын болса, мен сайлаудан шықпаймын... Жер астында 5 жыл жұмыс істеп, биыл келіп отырмын. – Шық деген соң шық! Оттама! – Оттамасаң, оттама! – Кімге сен қарсы келесің?! – деп, жатақ боқтасқа басып, Құлақшекеден отыртты. Жұмысшы да беріп жіберді. Шартпашұрт төбелес болды да қалды. Жұмысшының қара жұдырығы қатаң тиді білем: үш-төрт сілтегенде-ақ, «төре» серең ете түсті. Жұрт жиналып қалды. Екеуін де ұстай алды. Шаң, қақалып-шашалып, алты атарын оқтанып «төре»: «Атамын! Қоя бер, былай тұр!» деп кимелеп еді. Қажы қолын ұстап жібермеді. Ол екі арада «Шəкең» де келіп қалды. Байын қолынан сүйрелеп, ойбайды салып үйге алып кетті. Жұмысшыны табандатып бүртөкел қылып, «əріставайт» етіп қалаға жөнелтті. «Төренің» беті жаман болған соң, қалған ел қың еткен жоқ. Айтқанын істеп, борсаңдай берді. Ел екі жік партия еді, партиялығын білдірмеді. Партияға шықса, жуандар айдалатынын білген соң «артының қайырын» тілесті. Бұл сайлауда қажыекеңнің қалаған кісілері ісполком болды. Қарсы жағы іші қайнап қала берді. V Сайлау бітті. «Төре» қалаға қайтты. Жолда пəлендей өрескел жұмыс болған жоқ; міне бір болмашы оқиғадан басқа. Күн ыстық. Пəуеске қара жолды шаңдатып келе жатыр. Ішінде шалқайып Тұмарбай мен «Шəкең» жатыр. Тұмардың жатысы ірі: ауызда «бопраз», мықында «наган», жанында «Шəкең», мінгені қара пəуеске, жеккені үш көк ойнақ, пəуескенің артында лық толған қарасай, сайлауды бітірді. Жуандарды өкіртті. Қарсы келгенді «əріставайт» етті. Олжадан да құр емес. Енді Тұмарбай көкімегенде, кім көкісін!? Мұндай «төрелік» бұрын үш ұйықтаса, түсіне кіруші ме еді? Осы келе жатқан бетте «дүниеде өзімнен басқа жан бар», – деп Тұмарбай ойлаған жоқ тəрізді. Сөйтіп, Тұме-екең судай тасып көкірегімен тау құлатқандай болып келе жатқанда қарсы алдынан қос ат жеккен бір тарантас көрінді. Жол тарлау еді. Тұмарбай көшір жігітке «сен бұрылма, олар бұрылсын» деді. «Тройкалеткен» пəуескелі басымен тарантасқа жол беру Тұме-екеңе өлім емес пе?

Анау да бір кесірлі екен, олар да бұрылмады. Екі арба екпінімен келді де айқасты. Шарт-шұрт: терте сынған, құлақ бау үзілген, ат жараланған. Ерсілі-қарсылы боқтас, айқай, апыр-топыр болды да қалды. Денелі орысша киінген қара торы жігіт тарантастан атып түсіп, пəуескеге ұмтылды. Келе, Тұмарбайды жағасынан ұстап, арбадан суырып алып, иттей тепкілеп, сойды да салды. Айқайласып: «Көзің жоқ па? Сенікі не?..» деп екі көшір жатыр. Арбада ойбайды салып Шəмші отыр. «Батырлар» қарқыны басылған соң, боқтасабоқтаса, арбасына барды. Əрқайсысы күңкілдеп бірдеңесін байлап, жамаған болып жатыр. Тұмарбай «төренің» манағы екпіні жоқ: жынын алдырған бақсыдай молда болып қалыпты. Арбаға тығылып, күбірлеген болады. Мұрны жосадай қанаған, көзі көкпең-көк. Əлден уақытта, ілдабайлап бүлінген-жарылған саймандарын түзеп, арбаларын айырып алып, жолаушылар үн-түн жоқ жөніне тартты. Қалаға жеткенше қатыны Тұмарбайдың иығынан түссінші! Əй, құлағының етін жеді-ау. Əйел шіркін мұндай табашыл болар да?!. VІ – Өй, сенің көзіңе не болған? – Біршəлкес ат тұмсығымен соғып жібергені. – Мұрныңдікі не? – Арбадан жығылып... – Өй, жаның шықсын! Дəу де болса, біреу əкеңді танытқан ғой, – деп құрбылары мазақ қылып жүрді. Сайлауға шыққан инструкторлардың бірсыпырасы келіп те қалды. Əнеугі кебісі шалжиып, тымақшаң, күпішең кеткен Шаймағамбеттер шекпен пəлтелі, шлəпелі, қисық табанды жігіт болып қалыпты. Жұмағалиға да бір күміс белбеулер, көк шалбарлар пайда болыпты. Қырқар да барған елінен бір қыз алып келіпті. Олардың бəрі «болдомошынмен» жымпаңдасып жүр. Оларды көрген соң, үйдегі «Шəкеңнің» əкелген «көр-жерінен» Тұмарбай да қауіптенбей жайбарақат жүре берді. Бір күні іңірде келіншегінің жанында домбыра дыңғылдатып жатыр еді, мылтығы бар 4-5 орыс сау етіп кіріп келді. Ұшып түре келді. Жүрегі тас төбесіне шықты. – Жидебаев осында ма? – Осында. Мен.

– Бек жақсы! Мұнда біз қазір тінту жасаймыз: үйден шықпайсыңдар! – Дұрыс, – деп Тұмарбай сілейіп тұрып қалды. Шəкенжан да қу шүберектей болып кетті. Үйді, қораны түгел тінтті, бəрін қопарды. Тінтушілердің бастығы қағазына қарап, тапқан нəрселеріне белгі салды. Ол қағаз Майқоға болысынан қуғыншылардың арызы еді. Шəкеңнің алған нəрселерін түгелімен жазып, қолмен қойғандай қып берген екен. Табылған бұйымдар: 3 кілем, екі сырмақ, 20 қара елтірі, алтыны, күмісі бар – 40 сақина, 5 шоқ үкі, екі білезік, бір шашбау, бір уыс ойған, күмістеген тана моншақ. Шəкесі тана моншақтарына безелектеп жабыспақ болып еді. Тұмарбай қабағын түйіп, тістеніп, үндетпеді. – Біз бітірдік. Жолдас Жидебаев, киініп бізбен жүріңіз. Жүретінін өзі де сезіп тұрған. Пəлтесін киіп, темекісін алып, оқты көзімен қатынына бір қарап: «Түбіме жеттің бе!?» деп шығып жүре берді. Нəрселерін алып, солдаттар да шықты. Шəкен сылқ етіп, кірауатқа құлай кетті. БОРАНДЫ БОЛЖАҒЫШ ƏУЛИЕ (БАРОМЕТР) Есімде бар. Бала күнім. Жер сіреу қар. Ызбарланып аспанның ажары бір кірмейді. Мұнартып, сазарады да тұрады. Күн шықса, күнмен бірге бір шаңыт шығады. Найза бойы көтерілгенше күнді шаңыт басып, шеңгелімнен жібермеймін дегендей, аспанға өрмелеп барып қалады. Кейде күн ербиген екі құлағымен тұрады. – Құлақтануы жаман, тағы бір боран болмай қайтер дейсің, – деп қарт əкем күшеніп кейіп қояды. Неше күннен бері жел терісінен, терістіктен көтерілген шаңыт біресе өршіп, біресе шөгеді. Сақылдаған сары аяз. Қарадан қарап тұрып бірдеме шарт ете түседі. Не терезенің шынысы шатынайды, не жер, не мұз қақ айырылып, ырсиып қалады. Жермен бірге мұздақ қар да жарылып кетеді. Ақырында сары аяз мұрныңды қариды. Жеңіңнен шығарсаң, қолың илікпей, тас боп қалады. Түнде пешке қойып кептіріп алған етік, аяғың биенің бір сауымында ағаштай қақиып, таяқпен қақсаң сақ-сұқ етеді. Осындай күндерде біз мал жаямыз.

Шай ішіп бой жылынып күннің көтіне қарап келген соң, бес-
алты арық сиырға сырмақ алаша, ескі туырлық жауып, өмілдіріктеп,
құйысқандап шандып алып, артқы аяқтарын сілкіндіріп мамыр-
латып қорадан айдап шығамыз. Сиыр салғаннан қораның ығына

қарай жөнеледі; біз: «Əк, өк, ой сасық!» деп сиырды желге қарай
қайырамыз. Таяқтан қорқып қалған зеңгі баба мүйіздерін шайқап
желді сүзе бүкеңдейді. Үй-үйден сиырларын айдап шығысады.
Сиыр біткен қосылады. Адырдың ық бетіне айдап барып сиыр-

ды қайырмалап, жаямыз. Өңшең бала сиыр жайылып жатқанда
төскейден қайыңнан ақпа таяқ соғамыз.
Əнекей, байдың үйінен қотанды қой да шығып адырды бауыр-
лап бізге таман қаптап келеді. Қызыл сеңсең тымағы, бет аузын ақ

қыраумен жапқан селдір сақалына сүңгі тұрған, үстіндегі ылғи қой
терісі, аяғында шеркелі сылдырма, ақ таяғын беліне қыстырып,
анда-санда «шəйт!» деп ақырып теңселе басып, Тастамақ қойшы
да қойын сырмалап жүр.

Адырдың бауырына жеткен соң, қойлар үйір-үйір ұйлығып,
жерді тесіп жіберетіндей, құйтымдай аяқтарын шылтыңдатып,
қарды бұрқыратып, қадалып тебе бастады. Сиыр кеденің басын
шалып, аузына түк түсіре алмай, жүйткіп олай да, бұлай да ке-

теді. Біз айғайлап, жүгіріп, қарға малтығып, жылып, кейін жүріп
қойға таман қайырамыз. Қойдың арасы қора, пана, жылы: оларда
ұйым бар, оларда еңбек бар. Олардың қар теуіп, қаужаңдап бете-
ге, жауылша, жусанды аршып аузы шөмшеңдеп жегені де қызық.

Қарағың келеді. Сиырда пана да жоқ, ұйым да, еңбек те жоқ.
Сиырдың қарнына мəз нəрсе түспейді. Бүкшеңдеп, аяңдағанға
бойы да жылынбайды. Қой арасына кірген соң, сиыр байыздайды;
қойдың аршып кеткен кейбір көделеріне көмейі толады: қойдың

сарқытын сиырып жалайды.
Бір күні малды жазыққа бауырға шығарып, ішіне бармай,
ауылдан көздеп отырғанбыз. Өйткені о күні құлақ та, көкте шаңыт
та жоқ, жылы шырай бар сықылды еді. Қойда жалғыз Тастамақ.

Өрені күрең айғыры қой ішінде отта, өзі жаяу, таяғын біресе та-
янып, біресе беліне қыстырып, асықпай аяңдап жүреді, сиырда
жалғыз-ақ шал Ыбрайым бар; қаңылтақ қана, солтаң, қораш шал.
Біз үйде асық ойнап отыр едік, əкем тысқа шығып келеді де:

– Темір қазықтан бір ұшпа бұлт шықты. Тұқымдай-ақ бұлт.

Бірақ түсі жаман. Тастаңдар, асықты. Малға барыңдар! – деді.

Желп ете қоймадық. Ойын қызық, үй жылы. Дала аяз, жа-
урап талай зықымыз шыққан. Мұрнымызды сүртуге мұршамыз
келмей, талай дірдек қаққамыз. Əкей тағы ақырды. Арқамызды
қиқаңдатып, керенаулап, мұрнымызды тыржитып, киімдеріміз-

ді іздей бастадық. Ондайда белбеу, бөкебай, тымақ оңай табыла
қойған ба? Көріп тұрсақ та, көрмейміз.
Əкей тысқа тағы шығып келді де пəлені жаудырды.

– Жел тұрды. Жаяу борасын жүрді. Сиыр тоңқайып барады.

Ыбырайым шойталаңдап, қарға малтығып, жете алмай барады.
«Жүгір, ұмтылдың» астына ала бастады. О кезде: «қойындарыңа
қар кіріп кетер, боранға барған кісі шандып алатын. Сендер де
азамат емессіңдер ме?» деп əжем де бізді мардамсытып, омырауы-

мызды уықтың ала бауларын жалғап, мықтап таңып жатыр еді.
Менің 13-14 жастағы кезім, ағам менен екі жасы үлкен
(марқұмның топырағы торқа болсын!). Екеуміз үйден шыға, де-
дек қақтық. Өзге үйлердің еркектері шыққан жоқ. Жүгіре-жүгіре

өкпеміз аузымызға тығылды, жіліншігіміз қорғасын құйған
сақадай ауырлап кетті. Сиырға біз де жеттік, боран да төтеп кет-
ті. Жел құтырды. Алай-түлей. Түк көрінбейді. Етектен кірген жел
тұла бойды кеуледі, ауызды ашып, айғайласақ, боран қақалтып,

дауысты шығармайды. Анда-санда бір сиыр қараң етіп қалады.
Ағам екеуміз бір-бірімізді көре алмай қаламыз. Жел өзімізді
ықтырып, домалатып барады. Қар топаны қаптады, біз топанның
ортасында қалдық. Сиыр қайда, жанымызбен қайғы болдық, ағам

мені жеңімнен ұстап алды – енді адасамыз, жолды тауып алайық,

– деді. Екі ауылдың арасындағы көлденең жол ық жағымызда

екенін білеміз. Аяғымыздың астын сығалап, жолды іздедік. Əлден
уақта жолдың шиыр болған қары тəрізді көлденең сорап ұшырады.
Сораптың кей жерін кесе қар басып, кей жері көрініп қалады.
Əбден діңкеміз құрып, еңкеңдеп, боранмен, дауылмен алысып,

əрең дегенде ауылды таптық.
Боран биенің екі-үш сауымындай соғып ашылды. Мал
қалпетімен ығып кетіпті. Тастамақ екеш Тастамақ та құрлы қойға
ие бола алмай, өзі бірге ығыпты, жұрт жаяу-жалпылы ыққан

малдың соңынан кетісті, біздің үйден естияр еркек ағам кетті.
Əкей қарт, кім барсын?
Жоқшылар ертең кешке қайтты. Сиырдың жарымынан асасы
ұшып өліпті, сорға түсіп өліпті. Қойдан ұшып өлген болмаса,

жағасы аман. Біздің үйден екі-ақ сиыр аман қалды. Не қызыл қасқа

сиыр мен мұқыл қоңыз. Ағайдың бет-аузы, аяғы үсіп келді. Əкей мен əжем соның аман қалғанына шүкірлік қылды. Ораза ашардан айрылып, қас пен көздің арасында шоңқайдық та қалдық. Малға ертерек неге бара қоймадық екен, онда аман қалар ма еді деп ішімнен қынжылам. Бірақ жалғыз біздің ауыл емес, мал ықтырмаған, мал өлтірмеген ауыл кемде-кем. Əкей: «Ала қайғыдан сақтасынға» дерлай берді. Дегенмен, қатты іренжулі екенін сеземін. Боран боларын күн бұрын білетін амал болса, малдан бүйтіп қапыда айрылмас едік-ау деп сол күнде ойлаушы ем. Бірақ қайыпты əулие болжайды. Пайғамбар болжайды, жай пенде білмейді деп иман келтіріп, боранды болжаудың амалын таба алмай қоямын. Содан кейін мен ержетіп, қалаға барып оқу оқыдым. «Пизике» деген кітапта «барометр» деген бір аспап жайын оқытушымыз əңгіме қылды. Ол аспан күннің райы қалай құбылатынын күн бұрын көрсетіп тұрады екен. Жаңбыр бола ма, дауыл брла ма, қар жауа ма, боран бола ма, ашық бола ма, бəрін де бір күн бұрын (бір сөтке бұрын) білдіріп отырады екен. Өзі сағат сықылды дөңгелек, сағаттың тіліндей тілі бар. Тіл «жауын» деген жазуға қарай бейімдесе: жауын болғаны, «ашық» деген сызықты басса, күн ашық болғаны... Сол аспапты көргенде, қайыпты болжайтын əулие мынау екенау! Бұл өзі күннің көтіне қарап, мал бағып, шаруа істеп отырған нағыз қазақ сықылды елдің қолы екен ау! Осы аспапты қазақ ауыл басы сатып алса, несі кетеді? Бір қараның құны да тұрмайтын шығар. Онда қапылыста малынан айрылып, тотиып қалмас еді-ау. Егін салсаң да, орсаң да, шөп шапсаң да, мал бақсаң да, жол жүрсең де, қи ойсаң да, кір жусаң да, қора, там қаласаң да, қысқасы, не істесең де, күннің ашық, бүркеу боларын күн бұрын біліп отырсаң. Артық бүлінбейсің де, еңбегің де зая болмайды. Шаруаң да шығын болмайды ғой, шаруа істеген қазақ осы «барометрді» алып, үйіне неге іліп қоймайды екен? – деймін де тұрамын. Барометр көп болып табыла ма екен? Құны не екен? Шаруаның қамын жеуші. Жер, су, немесе – суреттері, каперетіп ұйымдары барометрді топтап алып, елге неге сатып таратпайды екен? Мұным қиял ма? Өмірге пайдалы іс не? Байқаңыздаршы!

БАУШЫ МЕН БАЛА

– ...Білсең айта ғой: бау деген немене?

– Япырмау, тымақтың бауы, түндіктің бауы...

– Бау-бақша деген немене?

– Жеміс егетін жер емес пе?

– Бауда қандай жеміс өседі?

– Алма өседі, қауын-қарбыз өседі. Үзім өседі...

– Неге?

– «Неге» екенін айтайын, бау бір басқа, бақша бір басқа. Бауда

алуан-алуан жеміс ағаштары өседі: алма, өрік, мейіз, үзім, жиде,
тұт, бадалы деген сияқты. Міне, мұны бау дейді. Парсылар «бағ»
деп келеді. «Иран бағы» деп келеді.

– Ал бақша деген немене?

– Бақша деп қауын, қарбыз, буылдық, сəбіз, қияр, пияз, капос-

те, памедор, қабақ, күнге бағар сияқты жемістер егетін жерді ай-
тады.

– Ə, білдім-білдім: бау дегеніңіз орысша «сад» болды. Бақша

дегеніңіз «агород» екен ғой.

– Е, болса, болар.

– Мен бау-бақша деген бір сөз екен деп ойлаушы ем.

– Сен білмейсің. Үйткені сіздің Арқада бау болмайды. Бау –

əкесі де, бақша – баласы. Сіздің жақта «танша» дейді. Біз «тана»
дейміз. Сөздің əкесі – Сырда, баласы – қырда, Арқада ғой. Балам,
сен оны білесің бе?
Осы сөзді айтты да, қарт баушы алма ағаштың түбіріне балта

шапты. Балтаны бір-екі салған кезде 13 жасар бала безектеп:

– Əкей, неге кесесіз? Алмасы керек емес пе? – деді.

Баушы асықпай-саспай балтасын ағашқа сүйеп мылтасынан
насыбай алып аузына қағып қалды да, тағы сөйледі:

– О-ой, балам-о-ой! Ағаштың жайын əлі білмейді екенсің ғой.

Бұл ағаш 14-тен асып, оның 15-ке шығып тұр. Бұл ағаш көп жыл
жемістеп келді. Осы ағаштан жылына 15 пұт, 20 пұтқа дейін алма
алып жүрген күндеріміз болды. Үнемі ондай болып отыра бере ме?
Кейде жақсы шықпайды, кейде ақша қат боп қалады да, қызылдай

күйдіріп сатасың; пұтына бір жарым, екі-ақ сом аласың. Əйтпесе
бау ұстаған кісі байып-ақ кетер еді. Біздің бір жақсы ағашымыз
елдің бір жақсы атынан кем емес.

– Ендеше, бұл ағашты неге кесесіз?

– Кесетінім, бұл өзі кəртайған ағаш. Кəрі малдың, кəрі адамның баласы шажа болып, азып тумай ма? Сол тəрізді кəрі ағаштың алмасы да азып, сенек болып шығады. Көрмейсің бе, түрінің өзі қотыр-қотыр. Міне жерлерін құрт жеген. Міне жерлері шіріген, можа болған. Кəртайған сайын тамырлары тарбайып, маңайындағы балапандарына орын бермей, олардың несібесіне ортақ болып барады. Бұтақтары қисайып, салбырап, жалбырап, балапандарына күн сəулесін түсірмей, бойын өсірмей барады. Мынау жас ағаштарға күннен түр, жерден жем жеп, өсу керек. Көсегені көгертетін осылар. Кəріден не тамады? Мінекей біз шал болдық. Біз енді не əжетке жасап кенелтеміз? Үш ағашты кессек, беліміз шойырылып қалады. Жас күнімізде шаршауды білмеуші едік. Міне, сендер жассыңдар. Қызық сендердікі, жеміс сендерде. Біз жасасақ, жасқа оралғы боламыз; сендер жасасаң, жеміс, ұрпақ бересің. Міне, шырағым, кəрі ағашты кесетін мəнім сол. Бала көзі бажырайып, қарт баушының сөзін тыңдады да, отырды. Бау баққан адам тəжірибешіл, əңгімешіл бола ма. Əйтпесе мынау шал əңгімеші адам ба, əйтеуір баланы баласынбай сөйлей берді. Қарттың сөзі көкейіне қонды ма, жоқ па, кім білсін, бірақ баланың көзі кəрі ағашқа қадалып, ойланғандай болды. Ойланып отырды да: – Əкей, патшаны да кəртайған соң құлатқан ба? – деді. Баушы балаға көзінің қырымен таңдана қарады да: – Балам, о да жаңа жасап келе жатқан жас ұланға бөгет болған шығар. О да өзім ғана өсем деп, өзгелердің бойын өсіргісі келмеген шығар. Адам баласы өзімшіл ғой. Құдайдың жаратқан мақлұғы бəрі өзімшіл ғой. Бəрі де өзім ғана болсам екен, толсам екен деп ойлайды. Мынау ағаш та солай. Ұшқан құс, жүгірген аң да солай. Адам болмаса, мынау ағаш өз ұрпағын өзі тұншықтырып, тамағын тартып жеп, қиқы-шойқы қып жіберер еді. Адам болмаса, қасқыр мал қоймас еді. Жолбарыс жан қоймас еді. Күштісі əлсізін жеп отырар еді... – Құртса қайтеді? – Əлсіздерді құртса, өңкей күштілер əрі-беріден соң, бірінебірі ауыз салар еді. Сөйте-сөйте бəрі де бітер еді. – Онда кім қалар еді? – Ең күштісі қалар да. – Ең күшті кім?

– Шырағым, дүниеде адамнан күшті не бар дейсің? Адамның ақыл, айласы бəріне де жетті ғой. – Адамның да күштісі бар емес пе? – Бар, шырағым, бар. Адам баласы бірдей емес. Адамның да күштісі, əлсізін арық қылады. Осы бау о баста Жанықұл дегендікі екен. Жанықұл өлген соң, жетім бала, жесір қатынды басынып, бауын Тəжібай деген бай сарт тартып алған екен. Тəжібайдан Батырбек деген сатып алып, бірталай жыл пайдаланыпты. Батырбек саудадан сынды да, осы бауды бір ат, бір сиырға маған сатты. Күшті дегеннен шығады. Батырбек сынбаса, маған мұндай бау қайда? – Əкесі, балаларыңыз бар ма? – Бар, шырағым, үш балам бар. – Олар қайда? – Үлкенім бір сартқа дүкенші боп кетті. Қатын-балалы, үйжұртты болды. Маған тиер пайдасы жоқ. Одан соңғым неғып, не қоятынын білмеймін. Осы кентте кім «төре» болса, соның шабарманы болып, далақтап жүргені. Бармайтын кенті де жоқ, естімейтін сөзі де жоқ, бітіретін ісі де жоқ, киімі шыттай, қайдан тауып киетінін білмейсің. Шала-шарпы хат танитыны болушы еді. Соны талшық қыла ма, кім білсін... Кенжем əлі жас. Өзіңнен аз-ақ қалыңқы. Не боп шығарын білмеймін. Бау-бақ, жеміс ек деп баулыған болам. Жұмысқа мойны жар бермейді. О да сылдыраған сөз боп қала ма деп шошимын. Бала деген сол... Деді де баушы насыбайын бір түкіріп, ағашты құлаштай шаба бастады. «Бала деген сол» деген сөз құлағынан көпке шейін кетпей, бала да біраз отырды. Қарттың көңілі балаларына жарымағанын іші сезді де енді əңгіменің бетін басқа жаққа бұрғысы келді. – Əкей, кəрі ағашты кеседі дейсіз. Бекет батыр көшесіндегі жас ағаштардың да басын қырқып тастапты ғой. Оларды неге кескен? – деп тағы сұрады. Баушы бұ жолы балтасын жуырда тоқтатпады. Ағашты екі жағынан бірдей кертіп, қылбуыттаған кезде демін бір алды да, балаға қарап тағы сөйледі: – Ол тораңғыл деген ағаш болады. Саусақтың саласындай мүсін боп өседі. Тораңғыл тым жиі егілсе, ұзарып, бойлап, жапырағы селдіреп, сидалана береді. Жапырақсыз ағаштың бойы серейгені болмаса, саясы болмайды. Адам ырысқа талпынады. Ағаш күнге талпынады, күнге өрлеген ағаш өзгеден бой асырам деп, сояу бо-

лады. Өз басына бақ іздеген ағам көзге шыққан сүйелдей оғаш тұрады. Көбінің көзі мен сұғы жаман болады. Көппен көрмеген бақтың не баққа сенділі бар? Тораңғылдың басын тұжырып қоятыны – елден ерек сереймесін, өзге ағаштармен тең өссін дегені: сояу болмай, жапырақты, күлтелі, паналы болсын дегені. Енді білдің бе, балам? Тіліңе қызығып бір талай жұмысымнан да қалдым-ау! Өзің бір көр-жерді сұрай беретін, жақсы болатын бала екенсің. Өркенің өссін, шырағым! Ал енді былай таман тұр, ағаш басыңа құлап кетер, – деп баушы балтасын екі-үш салып, алма ағашын гүрс еткізді де: – Ал, балапандар, өрбіңдер! – деді. – Ал, балапандар, өрбіңдер! – деп бала зыр қағып үйіне тартты. ҚАРА БАҚСЫ Қараңғыда қалқақтап үшеу келе жатты. Көтегейі – ауыл, беті – сұпының тамы. Үшеудің ортадағысы: қасқыр мүшелі, қапсағай Əбежан; оң жағындағысы: тапалтақ көкшіл көз Желдібай молда; солдағы – қара сирақ, қазаншы Асқар. Асқардың иығында темір күрек, молда таяқты, Əбежап құр қол. Алыстан қарауытқан мола таянған сайын құлазып, тымып, ішін тартқан іспетті үрейлі көріне берді. Ай туған жоқ, аспан бұлт, күн желтең. Моладан оқта-текте шық еткен күйкентай даусы Асқардың жүрегін дір еткізді: екеуінің артын ала берді. Оқ бойы жер қалғанда, Желдібай шарт жүгініп отыра қалып, желмен бірге күбірлеп «табаракты» жіберді. Даусы дір-дір етеді; молданың даусына моладағы аруақтар үн қосқан тəрізденеді. Асқар алаң-бұлаң секемалданып, қарап қояды. Желдібай аятын орталаған кезде, Əбежан Асқарды түртіп қалып, моланың үңірейген есігін нұсқап еді, Асқар Əбежанның артына ыршып түсті. Молда аятын жаңылып, сасқалақтап қолын көтерді. Бетін сипар-сипамаста, Əбежанға қарап: – Өй, сайтан-ай! Жоқ жерде ойнайсың-ау, – деп Желдібай ұшып түрекелді. – Кім ойнады? – деді Əбежан сазарып. – Мынаны неге түрттің?

– Моладағы ағараң еткенді көрмедің бе? Молда сенерін де, сенбесін де білмеді: – Ə, қойшы! – деді. – Қойсаң, жүр алдына! – деп, Əбежан молданы итермелей берді. – Жүр-жүр! – деп молда шегіншектеп, Əбежанмен қатарласа берді. – Қолыңда қаруың бар: сен жүрсейші! – деп еді, Асқар одан жаман шегінді. Əбежан молдаға қарап: – Моланың ішінде жаназа оқып жатыр десе, қандай қаздаңдар едің? Ə, сендер өліктен қорқасыңдар ма, жүр, əйда! – деді. – Қалжыңды қоя тұршы, жүр, жүр! – десіп бірін бірі итермелеп, моланың аузына келді. Əбежан молдаға қарап: – Кір! – деді. – Жасың үлкен өзің кір! – – Е-е! Маған бас тартқалы жатыр ма? – Жаным, айтысқалы келіп пе едің? Кіретін болсаң, кірсейші! – Молда басыңмен сен неге кірмейсің? Қияметте сен бізді қалай бастайсың? Осы жерде қорқып, өліп барасың... Молда сөз таба алмай міңгірлей берді. Кірсе, жұтып қоятындай. Мола қап-қара аузын ашып, үңірейіп тұр. Əбежан молданы жағасынан алып: – Ала тайыншаны бересің бе? Кірейін! – деді. – Е, неге берем? – Ұлбосынды бір түн бересің бе? – Е, мен құтырдым ба? – Ендеше, мына аруақтардың алдында иманыңның қақ жарымын беруге ант қыласың ба? – Астапыралда! – деп, молда жағасын ұстай алды. – Өй, тəңір алсын! – деп Əбежан жағасын қоя беріп, молаға кіріп кетті. Оның артынан ана екеуі де кірді. Төрт құлақты шағын ғана кірпіш там еді. Қап ортадағы көрдің бет тасы опырылып, ішіне түсіп, қақолдың аузындай түк басып тұр; кейбірі көр жер болып, үстіне шөп шығып кетіпті. Жас адамның көрі болса керек, топырағы келте көрінеді, басына шаншылған жалғыз тал, күлтелі ағаш боп қалыпты. Опырық көрдің аяқ жағынан өтіп үлкен қоңыр көр мен қабырғаның арасындағы маяжон жас топыраққа келіп, Əбежан тоқтады. Қазаншы Асқарға:

– Айда, күре! – деді.

Қиыршық топырақты ақ күрек шықырлатып лақтыра бастады.
Əбежан молаға сүйеніп тұрып, молдадан шариғат сұрауға ай-
налды.

– Молдеке! Осы жауап алатын періште қашан келеді?

– Көмушілер қырық қадам шыққан соң келеді.

– Сонда «не шаруаңыз бар еді?» деп сөзді біз бастаймыз ба?

«Отағасы, басыңды көтер!» деп олар бастай ма?

– Ол арасын алла білмесе, кім біледі...

Желдібай қысылып қалды, жауап бере алмады. Əбежан:

– Е-е! – деп бір қойды.

– Сонда басымызды көтеріп, адам сияқтанып сөйлесеміз бе?

Жоқ, сынған аяғымызды жимай, сіресіп жатамыз ба?

– Басымызды көтеріп, жауап берсек керек... Алла өзі сақтасын,

қабыр азабы бауылден болады дейді екен кітапта.

– «Бауыл» дегеніңіз немене?

– «Бауыл» деп сідікті айтады, тəнге нəжіс тигізу мəкіру дегеннің

мəнісі сол.

– Дұрыс, борбайға сорғалату жарамайды екен ғой.

– Жарамайды.

– Əлі басты көтеретін болдық қой. Сонда кебінімізді ашамыз

ба? Жаңа түскен келіндерше бетімізді бүркеп отырамыз ба?
Желдібай бөгеліп қалды, əйтсе де, бетті бүркеп сөйлесу
ақылына сыймады ма, қалай:

– Жүзіміз ашық болу керек, солай болса керек, – деп, өз

шариғатын өзі мақұлдады.

– Көрде жатып, қайта тірілетін болдық қой?

– Інша-а-алла, қайта тірілеміз.

– Жауабымызды беріп болған соң, жанымызды əлгі екі періште

ала ма? Жоқ «мына кісінің жанын алып беріңізші» деп Əзірейілді
тағы шақыра ма?

– Ол арада Əзірейіл қайта келеді деген сөз кітапта айтылмай-

ды, алланың пəрманымен жан өзі шығатын болар... Алғия беллəй,
гүнекер болып жүрмейікші. Малай бет тасқа жеткенше, Əбежан
молданы «мəңкір-нəңкірден» кем тергеген жоқ.

– Күрзі неше пұт болады?

– Құлаштай ұра ма?

– Тар көрде құлаштай ала ма?

– Көр қысқанда, періштелер неғып қысылып қалмайды?

– Көрді қысатын кім?

– Көр басында неше жыл жалаңаш отырамыз?

– Не күзетеміз?

– Нені қорек қыламыз?

– Неғып үсіп өлмейміз?

– Қасқыр жеп қоймай ма?

– Олар қайда кетеді?

– Періште ақы, пара ала ма?

– Ойнас қыла ма?

– Олар неғып көбейген?

– Сақалдың талы сайын періште болса, қай жерге сыйып

тұрады?

– Биттен де кішкене болғаны ма?

Осы сияқты сұрақтармен Əбежан молданың есін шығарды.
Желдібай түркілік қана сауаты бар шала молда еді. Шала молда
түгілі, Əбекең түбі жоқ терең молдаларды да талай састырған,
сөзбен қамаған.

Бұл Əбежан оқымаған қарапайым адам. Бірақ тоқығаны көп,
тəжірибеге, ақылына сүйенген адам. Əбежан көзі көрмегенге,
ақылына сыймағанға əсте нанбайды. Ол дін тұтпайды, намаз
оқымайды, ораза ұстамайды; пайғамбарды өзіміз сияқты қара кісі

болыпты, бірақ ақылды болыпты, ел билепті дейді; құранды оңаша
үйде отырып жалаң аяқ азаншы Білел жазыпты деп сөйлейді.
Өлген соң, тірілеміз, ұжмаққа, тамұққа барамыз дегенге Əбежан
сенбейді.

Əбежан қатты ауырып өлгелі жатқанда, балаларына айтқан
өсиеті:

– Маған мал шығарып, садақа беріп, əуреленбеңдер! Ағайын-

ның кеу-кеулеген тіліне желігіп, танша-торпақтарыңнан айрылып
қалмаңдар. Басыма ит сарымастай қылып, тастан бір обашық ор-
ната саларсыздар, – деген.
Мылжың, мақтаншақ, адамсыған, шелтиген кісімен, ақымақ-

пен, қожа, молдамен Əбежанның қаны өш. Оның тілі удан ащы;
күлдірмей, сықақ қылмай сөйлемейді, от ауызды, орақ тілдігінен
ағайынға да сүйкімсіз. Жігіт кезінде балуан да, би де, шешен де
болған: өткенін айтып, əсте мақтанбайды.

Жасы алпысқа келсе де, босағасынан бір бүркіті кетпейді.
Əдеті: мылтық ату, құс салу, ащы насыбай, қымыз, ет, қызық ду-
ман, үйде отырса ұсталық құрады, ағаш істейді, қолы өнерлі, кісі-

ге жалынбайды; кісіге орынсыз нəрсе бермейді, кісісіне мырза,
жалпаламға сараң.
Əбежан дүниеге, өмірге, табиғатқа сенеді. Дүние жандылықтан
ептеп ұрлық та қылып қояды. Бірақ оны кəсіп қылмайды. Ұятты

білмейді; қымызды ішіп-ішіп, келіндерінің көзінше тырдай жалаң-
аш жатады. Жасы кіші екен демейді, көрінген əйелмен, еркекпен
құрдасындай ойнайды, боғауыз соғады, мықынын ұстайды.
Ол жай қазақтан анақұрлы көз қарақты, жердің домалақтығын,

күн мен түннің неден болатынын, бұлт, жел, жаңбыр, найзағай

– бəрін сұрастырып, бір-бір жағынан тəжірибемен білген. Бақсы-

балгерге сенбейді. Оқыған дəрігерге сенеді. Бірталай аурудың
емін біледі, адамның денесі қалай жаралғанын, терімен дем ала-
тынын, таза ұстау керек екенін, суықтан сақтану шарасын жақсы
тоқыған.

Қалжыңшыл, бейпіл тіліне, дінсіздігіне, əдепсіздігіне қарап,
жұрт оны «надан», «жынды» дейді; ол не айтса, күледі, оның сөзін
елемейді. Бірақ Əбежан жынды емес, нағыз дана адам.

– Қəні, енді қайтеміз? – деп малай маңдай терін бір сыпырды.

– ҚКйткен несі? Қопар! – деп, Əбежан молданы түртіп сыбана

бастады.
Үшеулеп бет тасты бір-бірлеп қопарып алысты, көрдің іші-
не саулаған құм қайрақ ақ кебінді теңбіл ала қылып жапқан, үш
жерден қылбуыт қып байлаған, сүйегі білеуленген, іші кепкен,

сасыған өлік көр түбінде төсек болып жатыр.
Əбежан Асқарға:

– Түс! – деді.

Басын шайқады.

– Түс! – деді молдаға.

Көнбеді.
Екі қолымен көрдің екі ернеуіне асылып, аяғын талтайтып,
Əбежан көрге түсті. Күректі қолына алды:

– Бас жағына бар! – деді.

Көрге еңкейіп, үңіліп қарады да:

– Молда! – деді.

– Немене?

– Бетін ашады, белін шешеді дегенің қайда? Боранға баратын

кісіше тұмшаланып, тырп етпестен жатыр ғой?

– Жоқ сөзді айтпашы! Бол, бітір – деді молда.

– Əй, молдам-ай! Тірілген кісі осындай бола ма? – деді де, асыл күректі жалпақ табанымен басып қалды. Сүйек сақыр-сұқыр етті – кебінді бас доптай ыршып, молданың кеудесіне дүрс етті. Молда қалпақтай түсті. Малай бұғып қалды. Қайта серіпкен басты қағып алып, сыртқа домалата тастап, Əбежан көрден шықты. Молданың аузы жыбыр-жыбыр. Кебіннен шыққан, ырсиған, үңірейген, жидіген будырған қу басқа қарап Əбежан əнтек ойлап тұрып қалды. Ақтарылған, қарауытқан, опырылған көр, жыртылған кебін, домаланған ақсақалды атайдың басы, уілдеген жел, құлазыған мола, алласына сыйынған екі адам Əбежанды да аз ойландырды. Ажал айдаһардай аузын ашқандай болды. Əйтсе де ақылынан танған жоқ. Көп өліктің ортасында тұрған өз өмірі, бір секөнттей болса да, бəрін көріп тұрғаны ең қызықты, ең тəтті өмірдей көрінді. Өмір үшін керек болған соң, қу басты құрбан қылмайтын не бар? – деген ой сап етіп тағы келді. Басты етегіне орап алып шықты. Көрді қайта қымтады. Бұдан он шақты күн бұрын алты қанат ақ отаудың жанында емен тұғырлы, күміс балақ баулы бүркіт отыр еді. Бүркіт емес, қырдың қыраны. Қапсағай, жебелі саусақ, жезтырнақ. Қайқы жауырын, қарашегір, қанды көз, орақ тұмсық, делдең танау, балуан балтыр, еңкіш еңсе, мұз балақ, үш түлеген тас түлек. Жасыл айдарлы қызыл сауыр томағасын, көк найзаларымен сарт-сұрт қағып, қыран үміліп, қомданып, қызыл түлкісін аңсап «құшақ-пышақ!» деп шаңқ-шаңқ етер еді. Бұл жануар не іздеп талпынып тұр? Жемсауын сипап, жем беретін, етін көретін, қыбын білетін құсбегісі қайда? Тоқтай қалшы! Боз үйден күңгірлеген дауыс шықты ғой. Құс биесі осы болмасын? – Əй, Күлше! Исақай құсқа жем берді ме екен? Жарықтығым неге шақырып тұр? Қарашы! – деді. Қатты ыңыранды. Қайғы жұтты-ау. Сұлу Күлше көлк етіп, тысқа шықты. – Əй, еншілес, Исақайды шақыршы! – деді де, нəуетек қабағын бір шытынып, тұңғиық көзін бір төңкеріп, бəтес көйлектің етегін бұлаң еткізіп қайта кірді. Жарының жанынан неғып кетсін? Көшербай жатыр белден төсек салдырып. Қол, аяқты бірден түгел алдырып.

Қозғала алмайды. Тіл сайрайды. Іш қазандай қайнайды. Аздан
бері миға да шапты. Бұл кеселдің зардабы. Үш ай болды, осындай
дерт жабысты.
Тау-тасты кезіп, ойды-қырды шарқ ұрып сайрандап жүрген

Көшербай қарға адым жер мұң болып, қанат-құйрық қырқылып,
мүгедек боп жатқаны.
Алған жары ақ сүлгісін салқын суға батырып маңдайына жап-
сырып, қол-аяғын уқалап, екі көзі мөлдіреп, күні-түні отырғаны

қасында.
Көшербай мұңдық ауыр ойлар ойлайды:
Атқа мінді, адам болды, қатын алды, бала сүйді. Мылтық атты,
ит жүгіртті, құс салды, жүрді, тұрды, сауық құрды, сонда-дағы

жас өмірдің қызығына тоймады.
Бұл өмірді сүрген сайын, арманнан арман туады. Арманды ар-
ман қуады. Ол арманды көксемесе, Көшербайдың өлгені.
Бөгде ауылдар қиқу салып, жайлауға көшіп жатқанда,

Көшербайдың ауылы отыр көше алмай. Қаратайын қайындатып,
қызығын əлі көрген жоқ. Қарабегі қалада жүр, білім алып, өнер
тауып, жетіліп елге келген жоқ. Кенже – асау қара балапан, оны
баулып, оқуға əлі берген жоқ. Бес жылқысы барымтадан қайткан

жоқ. Қайдан қайтсын? Ағайын, туған намысқа қызып жатқан жоқ.
Алты ай мінсе арымайтын, құс салатын кер аттың, лауға мініп,
арқа-басы ошақтай боп, қалжуырлы байлаулы тұр белдеуде. Бел-
ді ауылдар шабындыны жеп кетті. Қарсы тұрып қайрат қылар

дəрмен жоқ. Қара бүркіт қақылдап тұр жем тілеп. Қара мылтық
қара əбдіре түбінде, оны алып, жарыққа салып, жем атарға пəрмен
жоқ. Осыларды ойлап, Көшербай жатыр арманда. Көзің көріп,
ішің біліп, істеуге мұршаң келмесе, күйектеулі сен бір қошқар,

одан қорлық не бар дейсің жалғанда.
Ой, дүние-ай! Он бес жыл өмір сүрер ме едім? Қарабектің жетіл-
генін, адал сүт емген ұл болғанын көрер ме едім? Үш кемеңгер
ұлдарым тұрса сайдауыт, жерімді жеп, малымды алған, басынған

дұспандарымның зорлығына көнер ме ем? Бұл кеселдің беті бер-
мен қараса, бұл білегім көтеруге жараса, тамырда қалған тегеурін-
ді тағы бір сынап қарар ем! Шер жанышқан ер жүрегім көкірегіме
сыймас ед, тұла бойым намыс кернеп, желді күнгі өрттей жанар

ем. Алысар ем, шабысар ем, арбасар ем. Дəндегендердің жағасына
жармасар ем, елдігімді дұспаныма білегіммен білдіріп, теңдігімді
тізелесіп алар ем. Сонда менің басыма бақ, қолыма қыран қонар
еді...

– Күлшежан-ай! Кісі қара көрінбей ме? Тысқа бір шығып қарашы. Күлшежаны күн астына көз салды. Көзін салды, көп қадалды, сарғайды. Күн астынан шаң көрінсе, шаң ішінен жан көрінсе, жарылар ма еді жүрегі! Аңшы, мерген, бақсы, тəуіп, қожа, молда, ақын ұры-қолға тұрмас кезбе бас. Күлшежанның көп күткені осылардың бірі ғой. – Басым-басым!.. Шағып барад. Найзаменен сұғып барад!.. Ой Күлшетай-ай! Ақылымнан жаздым ғой, – деп Көшербай ауықауық талады. Сорлы Күлше дамыл таппай күн астына қарады. Қараудан да қамықты. Қүннен күнге дерт меңдетіп Көшербай да дамықты. Дамыққан сайын, сұлуы да жабықты; күйді, жанды, тартты азапты, тамұқты... Құрбы-құрдас көңілін сұрай келіп, кеткен болады. Есіркесіп аны-мұны бір ем еткен болады. Жөпшенді ем мұндай дертке не қонсын? Күндерде бір күн бақсы келіп қалыпты тамырын ұстап, құмалағын салыпты. Төңкеріп көзін, айта алмай сөзін көп отырды ыңыранып, көкжиектен жауатын күндей күңіреніп: Бұған тиген су перінің салқыны, Салқыны емес, бейне оттың жалқыны, Қол-аяғың от ішінде қалқиды. Бойыңды улап, басылған екен қарқыны. Миға шапқан сол кеселдің сарқыны: Кете қоймас, көрмей сірə, талқыны. Қол-аяғың сауыққанға ұқсайды, Козғап көрші, дəу де болса, қимылдар, Дəу-перімнің неғып тимед шарпуы? Кісенді батыр шешілгендей, батпан бұғау қол-аяқтан кесілгендей, жинап алды денесіне. Сонда бақсы жоғары-төмен барлады да, басын бір сілкіп кіжінді: – Басқа шапқан, бəлекет! Бас жынымды жабармын, Жайыңды сенің табармын, Баспен сені қағармын! – деді.

Манағы бас осыған керек боп еді.
Сол өңірдің бозбаласын жиғызып, құман беріп, бəріне дəрет
алғызып, сыбандырып, белді бекем буғызып, жүгіндіріп алқа-
қотан отыртты. Көшербайды қақ ортаға салғызды. Əйелдерді

үй маңынан бездірді. Кетпен шотты жанған отқа қыздыртты. Ақ
семсерді жалаңдатып суырды. «Қарама көкке! Күлме бірің! Мерт
боласың!.. Тырс етпе!» деп ақырып, отырған топты бір шолып,
сүзе қарап, апшысын жұрттың қуырды.

Сауыны боп зарлағанда боз інген,
Шабыттанып самғағанда жас қыран.
Сары белден салқын самал ескенде,
Көк жүзінде көкала бұлт көшкенде,

Алдашылар көктен жерге түскенде,
Сам жамырай сар даланы күңірентіп,
Ызылдаған қобызына сыбырлап
Күбір-күбір аузы-басы жыбырлап,

Қара бақсы қара бұлттай түйіліп,
Гуілдеді, уілдеді, сарнады.
* * *
Қобызды қолға алайын,

Қоңыраулы күйге салайын,
Жауар күндей жарқылдап,
Жау қуғандай сартылдап,
Қарт бурадай қалшылдап,

Қанды көздей жарқылдап,
Айдаһардай ақырып,
Аруағымды шақырып,
Көк толқындай суылдап,

Көк тұлпардай зуылдап,
Алдадан медет сұрайын,
Əңгіме-дүкен құрайын!

* * *
Ал, кел бері, кел бері!
Желден жүйрік жел пері!
Жолбарыстай айбаттым!

Жолды аяқтай қайраттым!
Жолың болсын, кел бері!
Аю мінез аңғыртым!
Алып мінез салғыртым!

Əңгүдігім, шалғыртым!
Бұқа мойын, қабаным!
Қарынды, жалпақ табаным,
Көк жұлыным – қырсауым

Керт басыңдай ойламай
Кежегіңді кекшитпей
Келелі жауға кез болдым;
Келер болсаң, кел бері!

Жылан көзді сысығым!
Ұлдан туған ұлшығым!
Жеті жыл бойға жел берген,
Жолыңда тұрған кеселдер,

Кез бас болып, сенделген,
Жаңа перім, жанпозым
Жаңа шыққан қамқорым!
Лек-легіңмен кел бері!

Жалғыз көздім, жымрайым!
Жалғыз аяқ сұмырайым!
Адам кеуде, ақ бастым!
Ақ сайтаным, албастым!

Бірің калмай, кел бері
Сендер едің, сен едің,
Биеңнің жалғыз сенгені,
Сергелдеңді сырқатты

Сескендіре сермейін,
Семсерімді бер бері!

* * *
Асуда-асу бел еді,
Аса бір соққан жел еді,
Анау жатқан өлкені

Өрлей қонған ел еді,
Өлкенің суы сел еді,
Селдей аққан мал еді,
Белдеуде тұрған кер басты

Екі енеге тел еді.
Осынау жатқан Көшербай
Тəңірдің берген бағында,
Болып бір тұрған шағында,

Қай қасқаңнан кем еді?
Ақылы мол кен еді.
Етек-жеңі кең еді.
Аузынан шыққан лебізі

Ағайынға ем еді,
Арту елмен кездессе,
Терезесі тең еді.
Ер дұспанмен белдессе,

Елінің қамын жер еді.
Жатқа намыс жібермес.
Екпінді туған өр еді.
Атаңа нəлет су пері!

Ерімді қор еткендей
Өңменімнен өткендей,
Жебіріме жеткендей,
Жеті атама кеткендей.

Аузына дəм салғызбай
Қолына қыран алғызбай
Жауына қарсы барғызбай
Құлдыққа бола туғандай

Тұншықтырып буғандай
Өркенімді өсірмей
Өрісімді тарылтып,
Жүрісімнен жаңылтып,

Бақ дəулеттен арылтып,

Не ақың бар ед ерімде?
Осынша мазақ ететін
Жетпіс жеті əкеңнің
Басы бар ма ед жерімде?

* * *
Атаңа нəлет, су пері!
Сумаңдаған қу пері!
Қол-аяқты улаған

Тиген жері у пері!
Жаның барда кет пері!
Жер түбіне жет пері!
Жындарым қаптап келеді:

Көрсетейін тепкіні!
Басыма шауып сен жауыз,
Түбіме кеп пе ең жеткелі?
Жетпек болсаң, түбіме,

Жеті бұзырың, қырық шілтен
Ерлерден медет сұрайын!
Көрде жатқан əкемнің
Қу басымен ұрайын

Жаныңды қылдай қылайын,
Қыл бұрауын бұрайын!
Сақалыңды бір талдап,
Шыңғырытып тұрып жұлайын!

* * *
Жындарымды жабайын!
Кетпенімді жалайын
Қанжарымды алайын,

Қарныма қадай салайын,
Қызыл қанға малайын,
Үрейіңді алайын,
Үркітейін, жарайын,

Нөкерлерім келгенде,
Нөсер бұлттай жауайын,
Қорлыққа нағып көнейін?
Үстіңе сенің төнейін!

Басқа орнасаң баспенен
Сыбағаңды берейін!
Кетпегенің көрейін!
Жеңе алмасам сен жауды,

Үзе алмасам бұғауды,
Қор боп бүйтіп жүргенше
Итшілеп өмір сүргенше,
Қадасын пышақ қарныма,

Біржолата өлейін!
* * *
Қара бақсы тепсінді,
Тепсінгеннің белгісі:

Сарнады ексім-ексімді.
Ақтарылған азамат
Тамырға ұшқын жеткендей
Денеге у сепкендей,

Күрелері кепкендей,
Селк етісіп, сескеніп,
Дір-дір қағып, желпінді.
Ауруға таман анталап,

Көздері кетті қанталап,
Ауыздан көбік бұрқырап,
Өңештері қырқырап,
Күрс-күрс етіп, əупілдеп,

Зікірге басты кəукілдеп.
* * *
Іии-иау... ықық-ым... іии-иау-ау
Отырғанда көп жалқау,

Іии-иау... ықық-ым... іии-иау-ау!
Қалғып, шұлғып, жабырқау,
Іии-иау... ықық-ым... іии-иау-ау!
Не боп кетті ойпырмау.

Іни-иау... ықық-ым... іии-иау-ау!
Бұзды-ау шырқын іи қалқау!
Іии-иау... ықық-ым... іии-иау-ау!
Сал зікірді... іии-иау-ау!

Іии-иау... ықық-ым... іии-иау-ау! Қос пікірді иіі-иау-ау! Іии-иау... ықық-ым... іии-иау-ау! Жазып алсаң есен-сау... Іии-иау... ықық-ым... іии-иау-ау! Болар сонда той тарқау! Іии-иау... ықық-ым... іии-иау-ау .... . . . . . . . . . . . . . . . . . . ... . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . Көшербайды көп бақсы арқаға қағып, талқыға салып, баспен соғып, көшірді. Бақырған бақсының емі қонды ма, болмаса шын көңілімен ден қойды ма, əйтпесе, өз бойындағы қуаты жеңді ме, əйтеуір үш күннен кейін қыранын қолына қондырып, тымағын алшыдан тастап, кешкі мезекте үй жанында Көшербай отыр еді. Кер маралдай керіліп, ақ жаулығы көлбіреп ақ боз үйге сүйеніп, атқан таңдай масайрап Күлшежаны тұр еді. Барымтаға түскен 5 жылқыны алып қайтқан Əбежан алшаңдай басып, аттан түсіп, үйге таман аяңдады. Тықыл қара жолмен тыжылдатып келе жатқан пар атты тарантас бері қарай ойысты. Арбадан орысша киінген сыпқыр қара сұр жігіт атып түсті: – Қалқам-ау, Қарабек пе!? – деп Күлше саңқ етті. – Жан қып жаратқаныңа шүкіршілік! – деп қыранын тұғырына қондырып, Көшербай ұлына құшағын жайды. Өмір қалай сəнді!

ЖИДЕБАЙДЫҢ БАЯНДАМАСЫ

Жидебайдың ата тегін сұрасаңыз, Жаманқара, Жаманқара ішін-
де Байтөбет. Байтөбет ішінде Текебай болады. Байтөбет – Байтөбет
болғалы қыңқ етіп атқа мінген, мүшеге ілінген бір адам шыққан
емес. Көбінің кəсібі ұсталық болатын. Текебай аулының балала-

ры көзін тырнап ашқаннан, көрпесін жамылып отырып, шегесін
соғып, үзеңгісін егіп, бет-аузы салтақ-салтақ болып отыратын.
Текебай ауылы бас-аяғы төрт-ақ үй. Ауылда бай болып көрген
бірі жоқ; бəрі қаралас: қарақасқа кедейлер. Қара шоқының ба-

сында Текебайдың шошайған моласынан басқа, бауырындағы
жапырайылған үш қорадан басқа, төбенің күнгейінде анда-санда
таға, тұтқа, шотаяқ соқтыра келген кісілердің отқа қойған атынан
басқа, шошаң етіп көзге түсерлік еш нəрсе болмайтын. Онды-бесті

қаралары ауыл алдындағы Сар жазықта, болмаса қисық Сарының
адырында жайлайтын.
Текебай аулына о заманнан бұ заман кісісі жиылып, топ
құрылып, сөз болып көрген емес. Жол соқты қылып шабарман

атын ұстап мініп кететін; ауылнайлар тайыншасын қуып кететін.
Əмірінде Текебай аулының көрген үлкен өзгеріс осы тəрізді шабар-
ман. Ауылнай Текебай аулына жандарал келгеннен кем тимейтін.
Ондай уақытта айғайласып, əбігер болып, ауылдың асты-үстіне

келіп жиналысып қалатын. Бірақ шабарманға не ат бермейтін, не
жанжал шығаратын бір еркек болмайтын. Еркегі де, əйелі де – бəрі
топас, бəрі бұйығы, бəрі қорқақ келетін.
Текебай аулының еркектері байлардың, болыстардың аулы-

на барып, ел адамдарына ісі түсіп көрген емес. Баруға шаруа-
сы да жоқ, бір жағынан бата алмайды, қорынады, қорғалайды.
Өйткені шабарманы мынадай əпербақан болған соң, болыстары
«прағауын» деп есептейтін.

Міне біздің Жидебай сол Текебайдың шөбересі болып келеді.
Жидебайдың жасы қырықты алқымдатып жүрсе де, білімі, пікірі,
аңқаулығы, қорқақтығы 5 жастағы баланың аз-ақ алдында еді. Са-
ясат жағынан білетіні – шабарман, ауылнай, болыс, одан арғыға

миы жетпейтін. Əлеумет тұрмысы жөнінен білетіні – Текебай ауы-
лы, жалғыз-жарым құдаласы, нағашысы. Білім жөніндегі білетіні:
«Құл ху алла». Оның өзіне де тілі келмей, «құл-қуалда-ақет,
алдағы құс қамет, бай дəулет жап-жақын...» деп өзінше бірдеңені

былдырақтататын. Молаға барып бата қылса да, анда-санда на-

маз оқыса да, Жидебайдың бар талшық қылатын дұғасы да, дін жүзіндегі табанышы да осы болатын. Жидебай қатын алған. Озінше қалыңдық ойнаған. Оның қалай адам сияқтанып сөйлескенін де, қалыңдығымен қалай жуысқанын да адам білмейді. Ол туралы Жидебайдың да, өзгелердің де мағлұматы жоқ еді. Кеңес үкіметі орнағалы үш-төрт жылға айналса да, Жидебай баяғы Жидебай еді. Өзге кедейлер топқа, сөзге кірісіп, партияға жазылып, адам болып жатса да, Жидебайда ондай талап болған жоқ еді: оны түртіп, қорғаған да кісі болмап еді. Өткен жылы Жидебайдың қарындасы – Жаңыл байы өліп үйіне қайтып келген. Жаңыл да ұйқылы-ояу адам тəрізді, мең-зең жан еді. Байы барда да, өлгенде де баяғы қалпы: пəлендей күйзеліп, қайғырған жоқ. Əкесі берді – барды; байы өлді – қайтып келді. Артық ойланып, басын қатырған жоқ. Жаңылға əркім келіп құдалық сөйлесіп жүрді. Жидебай бір бұзаулы сиыр, бір танша, бір қой сұрап, айттырушылар қойдың орнына серкеш беріп, оған Жидебай көнбей жүретін. Əркімнің өзінше бір шолақ есебі болады ғой. Жидебайдың бір серкешке таласуында да сондай бір есеп болса керек. Бір күні Көпжасар ауылнай келіп, Жидебайды қораның артына апарып, көп сөйлесті. Сөз бітіп үйге келген соң, Жидебай ыржиып күлімсіреп, ауылнайға шай қайнатқызды. Ауылнаймен оны-мұны сөйлесіп, көңілі де көтеріліп қалды. Бір жұма өткен соң, ауылнай қасында екі жігіті бар, кешке таман келді де, Жаңылды қорапты арбаға мінгізіп алып кетті. Со жылғы сайлауда Көпжасар ауылнай советке бастық, Жидебай орынбасар болып сайланды. Жұрт Жидебайды олқысынып, қызмет атқара алмайды десе де, сайлаушы жолдас Жидебайдың ата-тегін, малын сұрап, түріне қарап өткізіп жіберді. «Жидебай сəбеттің бірден соңғысы» болды десті жұрт. Жидебай əлдеқандай мардамсып, қоразданып қалды; бұрынғыдай емес, бір қызу, желік пайда болғандай, жүрегі лепіріп кетті. Көтермешілер Жидебайға құтты болсын айтып, «той қылатын жөнің бар» деп кеукеулеген соң, бір тоқтыға борыштанып, қасындағы екі ауылды шақырып, құрмалдық берді. Күндерден күн өтті. Жидебай «шенге иленгенмен, пəлендей өзгеріс бола қойған жоқ, жалғыз-ақ (. . . . . . . . .) бермейсің деп, бір мелитсе атын мініп кетіп, оны əкелуге біреудің тайын

мінем деп, тай иесінен мықтап тұрып бір таяқ жеді. Содан кейін
Көпжасар оған қызмет те тапсырған жоқ, сөзге де алған жоқ.
Баяғы қалпымен шаруасын істеп жүре берді.
Бір жылдан кейін, Жидебай кəсіп қылу үшін алыс елге барып,

ай жүріп үйіне келіп отыр еді, шабарман шауып келіп бір қағазды
берді:

– Бүгін сайлау болады, дереу жет! Көпжасар жоқ. Қарап кетіп-

ті: оның қызметін сен атқарасың! – деді.
Жидебай:

– Жаңа келіп отырмын, мен нені білемін? – деп жалынып еді.

– Былшылдама, барасың! – деп шабарман кетіп қалды.

– Мынау бір түйткіл болды. Үлкендерден сөгіс естіп қалам ба?

– деген ой Жидебайдың зəресін ұшырды. – Япыр-ай, мен қалай

істеймін? Нені істеймін? Нені білемін? Менің тілімді жұрт ала
ма? Тағы біреуден таяқ жеп қалмасам неғылсын? Əлде менің
бір жазығым бар шығар, мені шақырып алып, жауып тастар ма?
Мұның ретін білмедім-ау!? Кімнен сұрасам екен?..

Қанша ойланса да, амал жоқ, бармасқа болмады, барды.
Киіз үйдің алдына жұртты алқа-қотан отырғызып, белінде
мылтығы бар, шашы тікірейген қызыл тұмсық жігіт айғайлап
соғып тұр екен. Жидебай атын əрең байлауға мұршасы келіп,

буыны қалтырап, жорғалап келді. Алақ-алақ етеді. Сасқаннан
тымағын қолына алды, не сəлем берерін, не кешіңіз дерін білмеді,
ерні жыбыр-жыбыр етті; онысы «құл-ху-алла» – еді. Шеткері жер-
ге таман келіп ойылып кететіндей ептеп отырды. Өне бойы діріл-

деп барады. Жүрегі тұрмайды, аттай тулайды.
Жігіт сөзін бітірген соң, бір қарамұрын түксиіп түрекелді де:

– Бірінші ауылнай сəбеттің баяндамасы болады. Табаріш бар

ма? – деді. Жидебайды көріп қойса керек, отырғандар:

– Міне, келді! – деп Жидебайды көрсетті. Жидебай қайда бара-

рын білмеді, ентігіп, бет-ауызы дірілдеп, адам аяғандай болды.

– Кəне, жолдас! Баяндама жасайсыз! Шақырғанда неге келмей-

сіз!?. Осындай қызмет бола ма екен? – деп мұрт зекіп ұрысты.
Жидебайды қасындағылар: «Тұр-тұрлап» сүйемелеп тұрғызды.
Жидебай дірілдеп, тəлтіректеп, көзі жыпылықтай береді. Жұрт
күтіп отыр. Дыбыс жоқ. Жидебай сілейіп тұр. Аузына сөз кел-

меді. Жүрегі аузына тығылды. Аузын ашса, бəрі бас салып ұстап
алатындай көреді. Жидебай тұрып-тұрып, əлден уақытта аузы
кемсеңдеп, бет-аузы тыржиып:

– Ағайлар-ау! Мен не жаздым?! – деп отыра кетті. Жұрт ду

күлді.
Көк шолағының аяғына шоқайып, шонданайынан отырып, ас-
тына қаңылтай арбасын басып, аяғының басы жыбыр-жыбыр те-
пектеп келе жатқан кісі көрсеңіз, ол көзіңіз көрген Жидебай кім

дейсіз?
Жидебайдың беті – зауыт. Қалтақтап бұ байғұс қайда бара
жатыр? Орыстан қорықпай зауытқа неғып келе жатыр? Баяғыда
көмір алам деп бір барғанда «Шокер» деген бір орыс бұртокел

салып, бір торсық қымызын тартып алып, көзін ісіріп қоя беріп
еді. Қайтып зауыттың қарасын көрместей болып еді. Тағы да
сондағыдай сор түртіп келе ме?
Жоқ, ондағыдай емес, Жидебай бойына сенімді. Зауытта бір

бөлесі бар. Бəлесі кəмунес. Ол орысыңның үстінен де судай
жүреді. Ол өзі үлкен орында жұмыскерлерге «дəбернай» болып
Орынбордағы қазақтың «ханына» да барып келіпті. Оның інісі
келіп кеткен. Келсең, көмір береміз, көмір өз қолымызда, – деген.

Жидебай тепектемегенде кім тепектейді!?
Анау көрінген зауыттың түтіні-ау! Пай-пай! Алай-түлей қып,
көрікті басып жатқаны, осылардың көрігі немене екен, шіркін!
Олар қолмен баспайды ғой! Бір тетігі бар ғой. Солардікіндей

бір көрік қолымызға түспейді-ау! Темірді қандай жалаңаштатып
соғар ек...
Мойынды қара, мойынды! Сонау мойындарды қалай істеп,
қалай орнатар десеңші! Орыс иттің өзі бəлекет-ау! Соның басына

шығарам деп жүргенде, біреуі құлап өлмей ме екен? Бəлекеттердің
аяғына киіп алатыны бар-ау деймін. Ділгірам ағашының басы-
на қорықпастан өрмелеп шығып кетеді ғой. Басы айналмайды-
ау шіркіндердің! Өзіміз қазірет марқұмның тамын соққанда,

кісі бойы қол ұсыным жерден зəреміз қалмаушы еді... Тегінде
бұлардың білетін бір дуасы бар шығар... «Құл қу-алда» емес қой.
Там соққанда «Құл қу-алданы» айтсақ та, көзіміз қарауыта берді
ғой...

Таңдана-таңдана Жидебай зауытқа келді. Алыстан батыр-
сынып келсе де, күрсілдеген, бұрқыраған зауытты, шуылдаған
пойызды, жарқылдаған, қызарған, жасарған үйлерді, темірлерді,
қыбырлаған мылтық асынған кісілерді көргенде жүрегі тұрайын

деді. Жөнін білмей, бірдемесіне ұрынып қалам ба деп, қауіптеді.

Кісі жолықса сұрағалы, алақтап келе жатқанда мылтығы бар бір мелитсе қоқыраңдап өте берді. Жидебай байқамаған кісі боп, жерге қарап аяңдап кетті. Жөн сұрамау тұрсын, аман кеткеніне жеті тиын айтты. Асығып аяңдап, көлденең өте берген бір қазаққа: – Əй, отағасы, кішкене мойныңызды... Қолын бір сілтеп арбасына қарады да, кетіп қалды. Бұлар қайда асығып барады? Неге жөн айтпайды. Елдің адамы оны-мұны сұрамай жібермеуші еді. Бұлардың бəрі «ұлық» боп кетті ме? Əлгінің үсті-басы қап-қара көмір: оны не ұлықтық қысып барады? Япыр-ай, таба алмаймын-ау енді... Зауыттың орысы қатты болады деуші еді. Атымнан айрылып қалмасам, жарар еді. Осы итке бекер келген екем... – Жеңгей, жеңгей!.. – Немене? – Мұжық көттікі қайсы? Білесіз бе? – Тəйт əрі! Көргенсізденбей! – Мынау бір көк əйел екен! Болмас... – Əй бала, сен білесің бе? Қалмақшы бай мұжықтікін білесің бе? – Естігем жоқ... Қымыз əкеп пе едіңіз? – Жоқ, тəйірі... Білетін кісі бар ма? – Сұрай бер... Жидебай екі сағаттай сұрау салып, бай мұжықты жаңылып, кейде «мұжық көп» – деп шатастырып жүріп əрең тапты. Елге келгендегідей емес бай мұжық онша пейілді кісі болмай шықты. Солғын амандасты. Солғын отырды. Əнеугісі атына таға соқтыру үшін болса керек. Сөйткенмен қазақ қой, қондырды, шайын берді. «Қайдағы қайдан келетінін білмейсің», – деп қатыны күңкілдеп жүрді. Кешке таман арбасына сүйеніп, атының қасында тұр еді. Қолы, мұрны көмір бір қазақ келді. Қазақ Жидебайдан жөн сұрады. Жидебай ұста екендігін білдірді. – Ұста болсаң, бізге жалданамысың? – Қалайша? Қанша бересіңдер? – Айыңа бір қараның құнын табасың... Анау да ұста екен, жылпылдатып ақшаны үйіп-төгіп, Жидебайдың басын айналдырды. Не керек, бір жұмадан кейін Жидебай зауыттың жұмыскері болды.

Жидебай күндіз темір соғады. Түсте тынығады, кешке «сабранияға» барады. «Сабраниясы» бір қызық екен. Биік жерге шығып, жұртқа қарап, қатты-қатты сөйлейді. Жұмысшылардың ақысы, пəтері жайынан сөйлейді. «Кəперетсиеге» кіру керек дейді. «Ағарту» жұмысын күшейту керек, «яшейкеде» қаралады дейді. Алғашқы кезде Жидебай түсіне алмады, жүре-жүре əркімнен сұрастырып білді. Əйтсе де, жоғарғы жерден келген жолдастардың сөзі Жидебайға ұғымсыз болып жүрді. Ол көбінесе жұмысшылардың сөзін тыңдаушы еді. Бірақ олар да «рутком», «шатком» «запком», «зарплат», «зделный», «продок» сияқты сөздерді қыстырмай сөйлемейді. Жалғыз Жидебай емес, орысшаны ұқпайтын жұмысшылар да бар екен. Шешендер, аяғын шалған жорғадай текіректеп, жат сөзді кірістірген кезде, жолдас, қазақша айтсаңыз екен, «ұқпадық!» – деп айқайлаушылар болып жүрді. Оны біліп алған соң, Жидебай да айғайлайтынды шығарды. Жидебай көршілеріне қыдырып жүріп, кейбірінің газет оқитынын көрді. – Сен хат таниды екенсің ғой? – Сен танымаушы ма ең? – Жоқ. – Саған оқу керек. Біз де түк білмеуші едік, осында оқып таныдық. – Қайда оқытады? – Осында жұмысшыларды оқытатын мектеп бар. Күнде жұмыстан босалған кезде екі сағат окып тұрасың. Бір ай-бір жарым айда хат танып шығасың... Көрмейсің бе... хат білгенге жететін көрінбейді. Бəрін өзің оқып білесің. Газеттің өзі не болса, соны жазады екен. Қызық! Біздің хат таныған жігіттердің бірсыпырасы правленге, ревкомге, інструктірлікке сайланып, делегат болып, жалувниені де көп алып жүр. Оқымаған адам соқыр көрінеді. Кім болса, сол ақыңды жеп кетеді екен. Оны сезбейді екеміз... – Көрші бірталай ақыл берді... Жидебай аузынан суы ағып тыңдады... Күні бойы ойланып, ертеңінде Жидебай үлкендер оқитын мектепке кірді. – Шіленский белетің бар ма? – Бар! – деді Жидебай. Əнеугүні белет алғаны мұндай абиұр болар ма? Белеті жоқ кісіні оқытпайды екен... – Отырыңыз.

Жидебай өзіндей жұмысшыларды көріп қуанып кетті.
Оқытушы бір жұмысшыға кітап оқытты. О да пəлен жетік емес
екен, тасымалдап: «Кеңес – кедейлердің қамқоры» – деген сөзді
əрең шығарды.

Жидебайдың тілі қатып кеткен екен, оқу қиын тиді. Балқыған
темірді илеп соққаннан бұл ауыр болды. Қос қол балғамен бір-
екі қойып жіберсе темір икемделе бастайды ғой. Оқуды «қойып
жіберуге» болмайды, сығалап, шұқылап, ойланып, жəшіктегі ұсақ

саймандарды ақтарғандай, теріп оқу керек. Саймандардың басын
біріктіріп пісіріп ұстатқанда, сөз болып шығады екен. Оқыған
сайын аспаптар, (тұтқалар, күршектер, шығыршықтар, тағалар,
таяқтар...) көбейді. Үлкен бір жəшік болды. Сөзді оқымай тұрып

Жидебай ұсталық дүкеніндегі саймандарға салыстырып ала-
ды. Содан кейін таңбалардың атын іздеп, даусын шығарады. Не
қылғанмен, ұсталықтың да пайдасы бар екен, көмегі көп тиді.
Жидебай көрбала, қорғаншақ болып өскені болмаса, затында

ақ көңіл, адал жігіт еді. Уадасында көп тақайыр қылмаушы еді.
Кісі алдауды, жылпостықты білмеуші еді. Сондықтан жолдас ара-
сында сенімді болды.
Ленин наборы кезінде Жидебай партияға жазылды. Партияның

жолымен таныс болды. Бұрынғыдай емес, анда-санда бұ да өз ойын
білдіріп, сөйлеуге жарады. Партиядағы бір жолдастың қатын алып
қашу жұмысына кірісіп, бір жағынан пара алғаны тексерілгенде,
Жидебай қатыны кеткен кедейдің сөзін сөйлеп, «кəмунестер таза

болады» дегені қайда?!. деп ұстаған сөздерін жұрттың алдына
салды.
Қатын жұмысын тексеруге мелитсе, яшейкеден бір кісі сұраған
екен, яшейке адал деп сеніп, мелитсеге Жидебайды қосып берді.

Кəмəндиропкадан қайтқан соң, яшейкенің жиылысында Жи-
дебай барған жұмысы туралы баяндама жасады. Қатты азғырып,
əкеткен екен. Алып қайтыпты. Жидебай жұмысты тындырды.
Бір кезде күлкі болған Жидебайдың баяндамасына бұ жолы жұрт

шапалақ соқты.

ЖОЛ ҮСТІНДЕ

Ұзын жолдың шегіне
Кімнің көзі жетеді
Өгіздердің тұяғы
Қыбыр-кыбыр етеді.

Қазынаның көк арбасына шаңырақ мүйіз екі дəумытты жегіп,
біз қаладан шыққанда, сарғылт-қызғылт сəулесі селдір орманның
басын жалап, қыркүйектің қырқылжың күні ұясына таянып еді.
Айна таздың басындай жалтыраған аспанның жұлығында, сай-

лаудан кейінгі азбандардай, сұрқыл бұлттар сандырап жүр еді.
Тымық ауада кебістері тырпылдап өрістен қайтқан қаланың кебе-
же құрсақ мөшкелері көшені бұрқыратып, сан-түтінмен ұласып,
қаланы қара тұман басып еді. Өгіздеріміздің итің аяңымен бет-

кейге шықпасақ, қарсы алдымыздан кештің қоңыр самалы еспесе,
қаратұманның сілемінен жуырда арыла алмайтын едік. Беткейге
жеткен соң, даланың күңірсіген исі мұрынды жарып, көкірегімізді
кере-кере соны ауаны алғашқы көрген уыз қымыздай сімірдік.

Көңілдегі жерге тез барып қалатындай, арбаға таласа-тармаса
отырсақ та, өгіздердің қыбырын көрген соң, тауымыз шағылайын
деді.

– Шаңнан тезірек шығайық; өгіздеріңді айда! – дейміз

Құлтумаға. Құлтума:

– Но-о-о! – дейді, өгіздер мыңқ етпейді; мəукіл бастары,

шаңырақ мүйіздері ырғаң-ырғаң етіп, құйрығын асықпай бір
сипап, қыбырлай береді. Өгізінің сыры өзіне мəлім болса керек,
Құлтума «өк» демейді, құрмаға маужырап отыр. «Айда!» деп қанша
қақсасаң да, Құлтумадан «но-одан» басқаны естімейсің. Жасынан

орыста малайлықта жүріп, қалша болған байғұс «но-о-ны» жақсы
жаттап алыпты. Одан басқа орыстың бір мінезі жұқсашы.
Алдымыздан астық тартқан мұжықтар килігіп еді, Құлтума
«соба-собаны» қақты, сол жақтағы ашаң қызыл қасындағы қырсау

қоңырды итермелеп, оң жаққа қарай бұрыла берді. Бірақ жолдан
қиыс бұрылмады, қыңыратқып қайта жолға түсті. «Соба» десе
оңға, «соп» десе, өгіздер солға бұрылады екен. Тура тарта бер де-
генде: «но-о» деп қояды екен. Күн жаңылып батыстан шықса да,

қамсыздығын, қара басының қамын жаңылып, қазақ мəдениетті
жұртшылыққа айналса да, Құлтума, Құлтума «но-одан», өгіздер
аяңынан танар емес, бір сыдырғы тарта беретін тəрізді.

Арбада жиырмаға тарта шəкірт (ученик) бармыз. Бір-бір
буда төсек-орнымызды астымызға басып, құрманың арасынан
үйшіктегі қозыдай көзімізді жылтыратып, үйме-жүйме отыр-
мыз. Нағыз қозы – үшкелге жаңа түскендер едік. Шаштарын

үрпите қайырған, қазынаның киімін киген, бұрын түсіп жер
алған «қалпелер» де бар. Олар үшкелді əкесі салдырып берген-
дей, қазынаны өздері арқалап жүргендей, тұмсықтары көтеріңкі,
тартқандары шылым, сөздері будан, айтқандары боғауыз. Олар

таласа сөйлейді, қарқылдап күледі, ойнаса, бірін бірі қойып жі-
береді, бас-басына бір-бір дəу, біреуі «опыраблайштты» шашы-
нан жұлып сабағанын, біреуі орыстың үш баласын үш қойып
ұшырып жібергенін, біреуі үшетілдің қызымен гулəйт соққанын

айтып, мақтанысып отыр. Əңгіме қыза келе, кім не болатындығын
да айтысты. Қайырбек дейтін мұртын тазының құйрығындай
шығыршықтаған, қыр мұрынды, бұқа көз, шүйдесі тоқпақтай
балуан денелі жігіт: «мен крестиянский нашалнік болам» – деді

(онда патша заманы еді); иір қара, салпауыз Сарбасов: «Мен ен-
женер болам» деді. Тышқан көз, ашаңдау сымсың қара: «Мен төре
болмаймын, атбекет болып, қазаққа қызмет етем» деді. «Əрине,
бəріміз де қазаққа қызмет етеміз; елге пайда келтіре алмаған соң,

оқып не керек?» деп өзгелері де іле түрегелді. Жаңа түскен біз-
дерге мыналар жетіліп қалған сықылды көрінді. Бəрі де күпсіне
сөйлейді, осал-оңтағайы жоқ. Боранды күні қасқыр қамағандай
алды-артымызды орап, көзімізге қар боратып келеді. Жексен

басбақыл қу жігіт екен. Қайырбек пен Сарбасовты егестіре, жел
бере сөйлеп қояды. Бір уақта Қайырбек:

– Бір тулағаннан қалдырсам, бəрің жабылып аузымды бəленше

ет!.. – деп білегін сыбанды.

– Сенің бір тулағаныңа түсіп қалсам, қазынаның наны жылмай

ақсын, – деп Сарбасов та дүрсе қоя берді.

– Ендеше қызылкеңірдек болатын не бар? Дала кең, жер жұмсақ,

сынаса қойыңдар! – деп Жексен қозғалған кезде, Қайырбек арба-
дан атып түсті. Бəріміз де түсе қалдық. Құлтума артына жымиып
бір қарады да, аяңдай берді.
Балуандар етікті тастап, балтырды, білекті түрініп, жекпе-жек-

ке шыға келді.

– Қалаған жеріңнен ұста! – деп, Қайырбек екі қолын бос са-

лып, қасқайып, шабынып тұра қалды. Қоян ала алмай, жығыла
беретін ерсісі биік аңсағай көк тазыша, жіліншігі сидиып, Сар-

басов екі мықыннан ұстап, көнбеді, «болдым» дегенде Қайырбек
Сарбасовтың арбаңдаған сирағын анда-санда жерден бір тигізіп,
дөңгелете тулай жөнелді. Əйтсе де Сарбасов мосының аяғындай
аяғын тарбитып, алыстата берді. Алғашқы тулаудан аман қалды.

– Молодес Сарбасов! – деп жұрт шу ете түсті. Қайырбек долда-

нып кетті. Иықтағы қолын шығарып алып, белбеуден салып, теріс
сілтеп, қайта лоқытып екі аяғын серең еткізіп, арқалай соғып жі-
берді.

– Молодес Қайырбек! – деп тағы шуласты.

Арбаға қарайлап қойдық. Біреуді біреу желкеге түйіп кетіп,
аяқтан шалып кетіп, сүріне-қабына арбаға жеттік.
Солығымызды
басып,

гуілдесіп
отырғанда,
солқылдақ
тарантасқа қос жиренді жеккен үшкел бастығы жібектей үлбіреп,

сағыздай созылған Сарышкесін қыпшадан қысып, желдіртіп өте
шықты. Бізге ұлықтығын білдіріп қыр көрсетейін деді ме, жек-
кен атына, қасындағы қатынына мастанып мақтанайын деді ме
жан екен деп бізге қайырылмады. Олар өткен соң, Қайырбек

жұдырығын білеп: «Əй, бір сойсам-ау!» – деді. «Үштілді соятын
бұл неткен жүрек жұтқан! Басы біреу ме, екеу ме? Мына қазан
бұзар, əпербақан жігіт қазынаға қалай сыйып жүрген?» – деген-
дей, ішімнен таңданып келем. Жексеннің құлағы шала алмай

қалған екен.

– Не дейсің, Қайырбек? – деп қайта сұрады. Қайырбек əлгі

сөзін тағы айтты. Сарбасов көзін алартып:

– Арам болар, – деді.

– Əй, сезбес! – дегендей, өзгелер де бетін тыржитып, мырс

етісті.
Біреулері отырып, Сарышкемен танысуға бəстесті. Бұлардың
көзсіздігіне таңданып, ойыма əлде нелер түсті.
Мен ойлап келем. Қиялдың шегі-түсі көрінбейді. Алдымда

қиялдай бұраңдап, зымырап, іңірдің қою қараңғылығына сүңгіп
жоғалған қара жол жатыр. Ай қорғалап қалса керек, көрінбейді.
Шығыстан көтерілген қара түні көкке шапшып, батыстың
ақсаңдағын жұтам деп, қара туырлықтай қанатын айқара жабады.

Меңіреу түнде қара көк аспанға меруерттей шашу шашып, о жер,
бұ жерде жұлдыздар жылтыңдап, сыңсып келеді. «Мен жарықпын»
деп, бір жұлдыз туса, «мен сенен де жарықпын» деп, тағы біреу
шыға келеді; «сендерден – біз жарықпыз» дегендей, əлде неше-

уі тағы туады. Қараңғы іңірдің қарабарқын көгіне нұр берем деп

жұлдыздар таласады. Көк жүзі əнтек бозғылт тартып, шырай кір-
гені болмаса, сəулесі бірікпеген сандырама уақ жұлдыздарға ырық
беріп, қараңғылығын оңайлықпен жеңдіретін емес, сондықтан
қараңғы іңірде қай жұлдыздың жарық екені білінбей тұр.

Жолдың екі жағындағы диқаншылардың балағаны, тұсаулы ат-
тар, мұжықтың көк арбалары көрінеді. Қала маңындағы егіндер
орыстардікі болса керек. Қалаға қарай астық тартқан мұжықтың
кейбір арбасында қазақ тымағының құлағы делегейленіп, желп

еткендей болады, орысқа малай болған қазақ екен деп ойлайсың.
* * *
Əңгімеден жалығып, жігіттер саябырлаған кезде жолдың екі
жағында қадау-қадау қарайғандар көріне бастады. Ол жылқы

боп шықты. Құлын, тайы, қүнажыны аралас байсалды айғырдың
үйірлері шоғырмақталып, өз алдына бір одақ болып, дөңгеленіп
жайылып жатыр; əр айғыр бір сауырлап, зықысы шыққан сəуіріктер
қайда барарын білмей, шоғыр жылқыдан шеттеп, оқшиып тұр.

Ат екені, бие екені белгісіз төрт-бес тау шолақ, құйрықтары
шолтаңдап, саяқ аттың ішінде жүр. Дəу де болса, дəурені өткен,
қызығы кеткен, соғымға жіберілген малдар ғой деп ойлайсың.
Қаланың көшесінде шаң жұтып, одан шыға екі өгіздің итің

аяңымен іші пысып, ерігіп қалған жігіттер жылқы даусын естіген-
де, құлағына жылы лебіз кіргендей, елең қағып, бастарын көтеріп
алысты.

– Жылқы! Жылқы!.. Құдай берді!

– Ал, түсіңдер!..

Бас жіп, қайыс белбеу, төсек буғыш кендірлерімізді алып,
жүгіріп жылқыға жөнелдік. Қараңғыда сидаңдап, самбырлап, то-
бымен дүрсе қоя берген неткен адамдар дегендей, жылқы бізді
таңырқап, топтанысып, құлағын тігіп, осқырып, үрке бастады.

– Ай-ай, құр-құр, так, жануар!.. – деп дыбысымызды шығарып,

бытырап, аяңдап арасына кірген соң, қазақ екенін танығандай,
жылқы үріккенін қойды. Əйтседе, «жүрісің бейсауат, сенбеймін»
дегендей, жүйткіп, сырдаңдай берді.
Бес-алты басжіпті буғыштап жалғап арқан істеп алғамыз.

Көрген арқанға қарай жылқыны қайырмалап, шетке шыққанын
омыраудан орап, тоспауылдай ұстап жатырмыз. Бір-екеуін ұстап,
еріндіктеп мініп алған соң, жылқы қайыру оңай болды. Түйдек-
түйдегімен арқанға қамап, шытырлатып ұстай бердік. Тойып

кеткен кей жануар тосаңсып қалады білем, мініп алғанда бір-екі лықсып, өршіп түседі; тулағанын керек қылатын біз бе, жылқының сыры өзімізге мəлім, аяқты қолтыққа тығып жіберіп, айдап кетеміз. Күзетші қажып жүріп ұйықтап қалды ма, əйтпесе, ауыл қыдырып тамақ аңдып кетті ме, əйтеуір, иесіз жатқан көп жылқы емін-еркін қолымызға тиді. Бəріміз, бір-бір атты болғанша, биенің екі сауымы өткен шығар. Жылқыны қуа-қуа қара жолдан алыстап кеткен екенбіз; атқа мініп алған соң көңіліміз тасып судай көпіріп, желдей есіп, қиқуды салып, жолға қарай жарысты жібердік. Тойып тұрған жануар артынан атқытып келеді. Қараңғыда сатырлатып шапқан жиырма шақты аттың дүбірі естіледі. Өз дүбірімізге өзіміз қыздық; əр қайсысымыз қыз алып қашып келе жатқандай, жау түсіріп қайтқандай желігіп, қараңғыда орды, жарды таңдамай, қос өкпеге тепкілеп, андағайлатып айдап келеміз. Айт пен тойдағыдай кейбірі жерден күміс алып барады; біреуді біреу жұлып кетіп, аударысып, құйрықтан алып, ат-матымен домалатып барады. Ой, сайранды салдық-ау! «Жолға тарт! Жолға тарт! – деп шулаймыз; Құлтуманың қасынан зуылдап өте шықпақпыз. Қыбырлаған өгізге мынауым қалай демекпіз». Астымдағы мінгенім тарпақ үркек мал екен, бай малы-ау деп ойлаймын; жарқ беріп, лоқып қалып келеді. Жаманбайдың мінгені тесік өкпе, шобыр екен. Жануар арқасының жалағы да бар екен, анда-санда бір шегініп бөктеріншекке отыра алмай келеді. Қызуға кіріп айдап келе жатқанда, қолым босап кетті білем, еріндігім шығып кетіп, атым сыңар езулеп ала-ақ жөнелді. Қақпалаймын, болмайды, шығанға шығып барады. Бір уақытта ат үстінен еріндіктейін деп мойнын құшақтап едім мөңкіп-мөңкіп, қойды да кетті. Мойным астына келе жер құштым. Есім ауып қалыпты... Есімді жисам – түн, иен дала. Аттан жығылғанымды білдім. Жолдастар жым-жылас. Мойным сіресіп, жамбасым ауырып қалыпты. Қай жаққа жүрерімді білмеймін. Үшкелге жаңа түскем, бұ жақтың жері жай. Не қалада, не арбада, не баратын егінде жоқ, не маңайда білер елім жоқ, жапан түзде мөңіреп қалдым-ау деген ой келді. Бұл ойды ойлаған сайын үрейленемін. Мертігіп қалдым ба деп бір қорқамын. Жолдас шіркін қарайласпайды екен-ау, бəрі бірдей тастап кеткені бе? Құдайдың əмірі, қайдан желіктім! Арбада тыныш ұйықтап жататын кісі едім. Бірақ, елдің бəрі атқа мініп жатқанда кеудесінде жаны бар, тулаған жастық қаны бар кісі шы-

дап тұрар ма? Қайткенмен хал мүшкіл болды... Сүт пісірімдей
отырып, орнымнан тұрдым. Жүрдім... жым-жылас. Таң білінбей-
ді...
Орағытып жол таба алмай, өкпем өшіп келе жатқанда аттың

тықыры, тықыл жолда сүйреткен сойылдың даңғыры естілді.
Сөйткенше болмады қараңдай бір атты адам көрініп қалды. Сал-
дым айқайды. Тұра қалды. Тағы шақырдым. Бұрылды. Келді. Жөн
сұрастық. Жалтыр түнгі шыңға жосылған жылқының ізімен қырағы

жылқышы салған екен. Ат мінген қазына үшкеліндегі қазақ бала-
лары екенін білген соң, көңілі жайланды. Мені артына мінгестіріп
алып, жолмен жорытып келеді. Мен аттан жығылғанымды айтып
келемін.

– Қайта құдай сақтаған, о бір шалкес мал еді, – дейді.

Иттің дауысы шыққанға мойнымды бұрып қарасам – ауыл
екен.
Түн қараңғысында алқа қотан ақ күмбездері, ақ қайыңды
ауыр қотан қойлары ағараңдаған, үйдің маңын қара малы

барқындатқан, қыз-келіншегі даланы жаңғыртып, шырқап əн
салған, маң төбеттері саңқылдаған ауыл бұл емес. Ақ балшықпен
сылаған текшедей кірпіш үйлері қаздай тізіліп, бау-бақшасы жел-
біреп, бозбаласы көшеде сырнай тартып, əн салған мұжық қаласы

бұл емес. Тойдан тоз-тоз болып қайтатын қазекем өрісі тарылып,
малы кеміген соң, тырағайлап, тоз-тоз болып, бет-бетімен жалп
етіп отыра кеткен екен. Ауыл емес, қала емес, бес-алты тамның
арасында некен-саяқ киіз үйлері бар, сондай ауылға кез келдік.

Ауылда иттен басқа «ау» деген жан жоқ, түн жамылып, бырқырап
ұйықтап жатыр.
Жылқышы даладан тұрып сөйлес қылды. «Кісі-місі келген жоқ
па?» деп сұрады. Ауыл: «Жоқ» – деді.

Əлден уақытта жолмен ілбіп бара жатқан көк арбалы Құлтумаға
жеттік. Ояттық.

– Жігіттер қайда?

– Алдыңғы ауылға барамыз деп, мана кеткен.

Мен арбада қала бердім. Жылқышы: «қап!» деп таңдайын бір
қағып, тағы жөнелді.
Құлтума тағы қалғыды. Үркер төбеге келіп қалыпты. Жол
баяғысындай созылып жатыр. Көпке шейін жайдақ атқа мініп

келе жатқан тəрізденем. Мойнымды сипалап жатып, менің де
көзім ілініп кетіпті...

* * *
Жаң-жұң дауыспен ояна келсем – жігіттер екен. Бəрі ат үстінде,
ортасында жылқышы.

– Жап-жақсы жігітсіңдер, ұят емес пе?

– Отағасы, ұрыспаңыз...

– Қазақтың малын жау малындай осынша қан сорпа қыла ма

екен?

– Бұл мал болса, біз қазақтың баласымыз ғой. Қазақ бір тайын

сұрасақ та береді...

– Мына қызыл май болған үш жылда да оңбайды.

Жігіттер айыбын мойнына алғандай ұялайын деді, аттарына
қарасты. Қара терге шомылып, бəрі де сүмектей болып сеңделіп
қапты.

– Отағасының айтатын жөні бар. Рас енді, обал болды; кəне,

жігіттер, аттарын жіберейік, – деп Жексен түсе қалды. Өзгелері де
пəлен демей түсіп, еріндіктерін алысты. Есеңгіреген мал босаны-
сымен сілкініп, аунап, ыңқылдап, күрсініп, демін алып, жерге бас
қойды. Жылқышы аттарын қайырып, айдап бара жатып:

– Түу-у! Қарашы, міне біреудің өлгелі қалғанын... Мына

түрлерімен қырарсыздар... – деп күңкілдеп жүр...
Жылқышы малының бүлінгеніне кейіп жүрсе, біздің жігіттер
шалбар, дамбалы сауыс тер болып, құйрығы ойылып қалғанын
уайымдап: «Иттің малы!» деп мінген аттарын боқтап мықшиып,

талтақтап жүр.

– Əй, аузыңды... Қайырбек-ай! Арбада тыныш ұйықтап жата-

тын кісі едік, – деп біреу жүр.

– Қайырбек қайда? – деп сұрадым.

– Ол ит кетті.

– Қайда кетті?

– Опыраблайыштың көшірі болып кетті.

– Өз көшірі қайда?

– Қазақ ауылында майды жеп-жеп күпті болып қапты.

– Мана ұрам деп отырып, енді оның божысын ұстап... Əй,

кісінің намысын келтіреді... – деп Жексен жамандай бастады.

– Опыраблайшы жүр деген шығар.

– Ойбай өзі, жарамсақтанып жүрген.

– Жоқ, мен білсем, ол Сарышкені айналдырайын деп кетті,

– деп Ыбырай Қайырбекке ара түсті.

– Сарышке?! – Маңдайына дари алар ма екен. Оныкі опыраб-

лайшке жақын кісі боп, бізге қожаңдамақ. Өгіздің арбасына мін-

генді ол ар көреді. Біздің жігіттер емес пе бір жатқан. Бізбен бірге барғаннан орыстың көшірі болғанды артық көргені. Одан басқа түк емес. Жайда аузымен орақ орып жүріп, осындай жерде жолынан тайып кеткеннен жек көрерім жоқ... – деп Жексен Қайырбекті бірталай жерге апарып тастады. Жексеннің сөзін естігенде? «Күншілдікпен айтып отыр ма? Кезі келсе, өзің де сүйтер едің» деп ойлаймын. Жексен тағы шала бүлінді: – Əлгі Сарбастың қара төбеті ұлық жігітімсіп, лаумен келем деп, бір қызы бар үйде қалды. Бұл иттер оңад дейсің бе? – Тағы біреулерің ғой... – Əлгі Ынтан ет аңдып қалды... Бір-екеуі атынан жығылып қалды ма? Жоқ... – Сендер де жолдасқа қайырымды екенсіңдер... – Саған не болды? Мен атым алып қашып, далада жығылып қалғанымды айтып, ренжідім. – Мен алдымен кеткем, көргем жоқ, – деп Жексен өзін ақтай бастады. «Менің атым бой бермеді», «мен байқадым». «Мен өзің келер деп едім»... – деп əр қайсысы ақталу сөздерін айтты: «Өзің де шірік екенсің» деп, кейбіреуі өзімді кемітуге айналды. Жексен жантая беріп: – Не қылғанмен мұнымыз үлкен жындылық болды. Бəрі Қайырбектің кесірі. Олардың соңына еріп керек емес еді. Бізді сол алып жүрген жоқ қой. Біздің де басымыз бар ғой. Құр көкірегін керген сұрқиялықтан (демагогтік) басқа оларда түк жоқ. Солар болмаса, манағы ауылда шай ішіп алатын кісі едік... Таңдайымыз кеуіп қапты. Сендер де шөлдеген шығарсыңдар? – деп жолдастарына қарады. – Аузымыз кепердей боп келеді, – деп біреуі түкірінді. – Шіркін-ай, алдымыздан бір тегене қымыз қашар ма еді? – деп Жексен тағы сөйледі. – Əй, несін айтасың! Алдымен сен ұмтылар едің. – Сендер де ақыларыңды жібермессің... Тоқта, əуелі кімге жол берер едіңдер? – деді Жексен. – Жол-молыңды тыңдағалы отыр ма жұрт? – Сонда да. Қазақпыз ғой. Үлкендете ішу деген болмай ма? – Үлкендетсе, сен ішерсің...

– Е, мұның ішкені бізге тамақ бола ма?

– Əркімнің өз тамағы жақын да...

– Уай, бос сөзді доғарыңдаршы. Кішкене көздің шырымын

алайық, – деп Домбауыл аяғын көсілді.

– Ой, аяғыңды əрі сал, біз де жантаямыз...

– Жантайсаң жер жетеді ғой.

– Құйрығым... саным... иығым!.. Тарт қолыңды... аулақ ойбай

Жындымысың өзің... – деп жігіттер біріне бірі ұрсып, арт жағына
нəрсе жолатпай безектеп, ойбайласып жатыр.

– Алла-ау! Мына қалпымызбен жұмысты қалай істейміз?

– Жұмысы құрсын! Құйрықты айтсайшы!..

Құлтуманың да мазасы кетті білем, басын əнтек қырындатып,
бір көзін сығырайтып:

– Ой, шулай бермей жатсаңдаршы!.. – деп дауысы дүңк етті.

– Əлі ұйқың қанбады ма?

– Саған не керек?

– Ашуланып жатсың ғой...

Құлтума жаратпаған кісіше бетін тыржитып, қоздайтын қойша
ыңыранды.

– Ашуыңыздың жөнін айтуға болмай ма? – деп біреуі тағы

өкшеледі. Құлтума теріс қарап, жауырынын құрыстырып:

– Малды сонша қинай ма екен, – деп күбір етті.

– Кісі жас болған соң, ондай болмай тұра ма? – деп Жексен

шайып-жуған болды...

– Жас болсаң қимылыңды ертең егін басында, жұмыс қылғанда

көрерміз, – деді де, Құлтума сөзін тоқтатты.
«Егін», «жұмыс» дегенде, жігіттер де күшенейін деді:

– Не де болса, жетсек екен, – деді біреуі.

«Жетсек екен» деп мен де ойладым.
Торғай дауысы шыр еткенде, басымды шапанымнан шығарсам,
таң ауандап келеді екен. Іңір көгіндегі шығыстың көп жұлдыздары
ығысып, шығар күннің дүмпуінен қашқан екен. Төңірек алас-елес

көрініп қапты. Жолдың маңдайы түндегідей емес, жарық.
Жігіттердің озып кеткені де, қалып қойғаны да болды. Оны
елең қылған Құлтума да, өгіздер де болған жоқ. Əуелгісіндей ұзын
жолмен тартып келеді.

Ұзын жолдың шегіне
Кімнің көзі жетеді?
Өгіздердің тұяғы
Қыбыр-қыбыр етеді.

ƏНШІ І «Жетішатыр» жақсы қала. Қаптап жатқан қазақ. Жазы-қысы – қымыз, ойын-сауық «қатайтса». Айт, той, құдалық, ат жарыс, күрес. Маскүнем. Төбелес. Үй қыдырған көлең-көлең ақ жаулық... Жаз шықса, пароход, паром, жолқайық, жасыл арал, қалың орман... Көкке шыққан, гулəйт соққан, масайраған шат көңіл... Сырнай-керней... Қызық думан... Қайткенмен сергек қала. Степендиядан жырмалаған азды-көпті тиынның қызығын көрген адам сияқтанып отыз тиынға бержабай жалдап, жексенбі күні аржаққа тарттық. Келген жылымыз. Қаланың жай-жапсарына қанық емеспіз. – Ағай, жақсы қымыз кімде бар? Бержабай əйелдердің атын шұбырта бастады. – Жұмаш кімнің қатыны? – Қатын емес, қыз... Бақсақ, «Əбуқанипа», «Имам Ағзамшылап», қымызшылар қатындардың атымен айтады екен. Он минутта арғы қабаққа шықтық. Аржақ қазақ қаласы. Өзен өрлей салынған екі мешітті, бір шіркеулі ығы-жығы, тайпақ қала. Ағашы, кірпіші, төбесі, тоқалы жапырайылған тəукеншік үйшіктері «бізді қазақтан басқа кім мекендесін?» дегендей, бет-аузы қисайып, көздері сығырайып, кемсеңдеп тұрған іспетті. Байлардың көк шатырлы салауатты сарайлары жаман-жұман баспаналарды басып кететіндей қоразданып, басын көкке созады. Көк шұға тысты, жанат құндызды көк құмыра бөрік киген маубас, бордақы байлар ат-тұрманы жарқырап, көкмойын жегіп, сылқылдақ қашабада шалқайып жатып, қатайтса соғады. Ескі-құсқы киім, етік-метігін қолтықтап, дорбасын, боқшасын арқалаған қаланың кедейлері жаяу-жалпы сүмеңдеп, сақалына сүңгі тұрып, базарға кетіп барады. Кешкілік тамақ тауып қайта ма? Əйтпесе сандалып, құрамай қауып қайта ма? Кім білсін!.. Жоқшылық қысып, еңсесі түсіп, мең-зең болған сорлылар неден мұндай болғанын қайдан білсін... – Балалар, қайда апарайын? – Қай жақынына апар? – Жақыны Аққатын... Шəкет те алыс емес... – Қай қызы барына апар, – дейміз.

Бержабайшы қос терезелі тоқал үйдің алдына ойысып тұра қалады. Тымақтарын шекесіне салған төрт-бес желбегей сəл даурығып, итермелесіп, тəлтіректеп үйден шығып келе жатады. Бізге оқшия қарайды да, «зиянсыз балалар» екенімізді білген соң, тұмсығын көтеріп, жүріп кетеді. Көптен күткен жеңешемдей, ауыз үйдегі алтын сырғалы, ақ құба, бидай өңді кербез жеңгей: «Балалар, жоғары шығыңдар!» – деп, майысып, төргі үйге қарай сілтейді. Төсек-орны, дөңгелек үстелі, тегенесі, кесесі біріне бірі сай, шап-шақ қана бөлмеде екі-үш жігіт қымыз ішіп, томашадай аппақ қана Шəкет сырлы қасықтай сар ожаумен қымыз сапырып отырады. Мұрты тоқпақтай, түксиген сар жігіт сырғып орын беріп, отырысымен кесесін ұсынады. Бұл қаланың бір жақсы жері – қазақтың оқыған балаларын сыйлайды. Балалары үлкендерін сыйлайтын болғаны ғой. «Қымыз əкелейін бе?» дегендей ІІІəкет көзі күлмеңдеп бізге қарайды. – Бір шерек қымыз... – деп аузыңнан шығуы-ақ мұң, Шəкет жылп етіп, бір үлкен бөтелкені алып келеді. Даярлап қоядыау деймін. Кемешті сар тегешті алдыңа тақалап қойып, төңкере лықытып, бұрап-бұрап, шорылдатып қымызын ілезде құя қояды. Қою сары қымыз көбігі бұрқырай, быжылдап иісі кеудеңді жарады. Əупілдекше кекіріп, қымыз кеңірдекке келіп, көзі қызарған қонақтар шүлеңгер жігітсіп: – Мə, қарындасым, өзің іш! – деп кезек-кезек Шəкетті сыйлайды. Шəкет ернінің ұшын тигізіп бір жұтады да аяқ иесіне қылмыңдап бір қарап, қайта құйып береді. Шəкет он бес-он алтыдағы жас бала. Пəлен сұлу да емес. Бірақ бет пішіні, көз қарасы неше алуан құбылады. Кейде қасын керіп, сызыла қалады: кейде назданғандай көзін қысыңқырап, қылымсиды, кейде сені сүйем дегендей құлықтанып, терең қарайды: кейде көзін жалт еткізіп, жайдарылана қалады. Əйтеуір тоқсан құлпырып отырған бір кез. Қонақтарын не бір-екі ауыз əзілмен, не сиқырлы көзімен сыйлай біледі. Аңғал адам ішінен «мені тəуір көріп отыр» деп ойлап қалатын. Шəкет кімді жақсы көргенін «бір Алла» білмесе, кім білсін... Көзімен алдап, ақшасын қаққалы отырғанын ақымақтар қайдан білсін...

Əркім барын базарға салып, мал таппақ, күнелтпек қой. Шəкет те көзін сатып күлгірленіп отырғаны – күнелтудің қарасы. Тұрмыс жоқшылық не қылғызбайды. Шəкетті бұзған да сол мұқтаждық. Шəкет бір үйлі жанды көзімен асырап отыр. ІІІəкет ақшаға қызықса, əлде кім біледі... Аяйсың Шəкетті. Қарғайсың мынау отырған есіріктерді. Мынау жүгенсіздер, анау қасын керген жеңгесі Шəкетті бұзбай қояр ма?.. Қала жігіттері қалжыңға топас келеді ғой. Əзілі жараса алмай, қымыз ұсынуға зорлап отырғанда, арсалаңдаған бір жігіт кіріп келді. Өз үйінен жаңа келе бір кесені алып: «құйшы» – деп, Шəкетке сүйкене отыра кетті. Қонақтар: «Бəрекелді! Жақсы келдің!» – деп аяқтарын ұсынды. – Шəкет, қарағым, гармонды əперші! – Ойбай уақытым жоқ: бержабай күтіп тұр... – Барарсың, азырақ əн салып кет... Жігіттер жабылып болмаған соң, əнші сандыққа отырды. Шəкет сырнайын əперді. Əнші Шəкетке қарап мырс етіп: «Болмас, болмас», – деп, гармонды қолына алды. Əнші еркін, ерке екен. Шəкетке қарап: – Бетімнен бір сүй, əн салайын, – деді. – Ойбай-ау. Сөйтпей... – деп Шəкет назданды. – Онысы дұрыс. Əйтпесе, нашына келмейді, – деп отырғандар кеу-кеуледі. Шəкет сүйе қоймады. Əнші ұялып қалатынын сезді білем, еңкейген кісі болып, байқаусызда Шəкеттің бетінен сүйіп алды. Əнші көңілі дауалағандай, ырғалаңдап, мойнын бұрып салып, гармонды барылдатып күйледі. Ұшатын құстай, қымтанып, қомданып алды. Отырғандар аузын ашып аңырды. Əнші жіберді. Бір-бір ауыздан үш əн салды. Аз да болса, бірегей болды. Сүмірейте, қылмита соқты, желдете құтырта соқты. Лебізі құлаққа жағып кетті, жүректі тербетті, тамырды желпіндірді, бойды шымырлатты. – Ойт шіркін!... Пас-сабазым-ай!... – Ой, пəле-ай! Мұндай жазық құла түзде ішің пысып келе жатқанда көзіңе сұлу орман, сəулетті тау көрінсе: көріктен, оттан айырылған, қабағынан қар жауған қариялардың ортасында кенеттен атқан

таңдай сұлу сəулем қыз көрінсе, қараңғы түнде ел таба алмай сандалып келе жатқанда, аяғыңның астынан қиуадан от жылт етіп көрінсе, қандай қуанып, кенеліп қаласың. Жапа-тармағай жым болып томсарып, тоң-тұрыс отырған жандарға əншінің əні де сондай əсер берді. Көңіл бір жадырап, шайдай ашылды. Əттең ауыздың дəмін ала алмай, құмарымыз қана алмай қалдық. – Бұл қай əнші? – Əнші Əмірқан осы, – деді. – Əмірқанды жұрт мақтайтын. Бір естуге мен де ынтық едім.. – Əмірқанның үйі осында бола ма? – Осында. – Үйінен қашан табылар екен? – Оны қайтесіңдер? – Əншейін... Əнін бір естуге... – Оны үйден ұстай алмайсыңдар. Ол – бір сағым. – Өзі не кəсіп істейді? – Əмірқанда кəсіп бола ма? Əн салғаннан басқа... – Ақша тапса, жарайды ғой... – Көп үстіндегі жігіт емес пе? Оған кедейлік бар ма? – Өлеңді ақша сұрап айта ма? Жоқ... – Аштан өлуге бейіл, өлең айтып ақша сұрағанын көргеміз жоқ. – Онысы қызық екен!.. – Өзі де қызық жігіт. Онсыз топтың ажары кірмейді. Əйтеуір жандырып жүреді. Расында жандырып жіберді. Əмірқанның жайынан аз əңгімелесіп, қымызға қанған соң, пəтерімізге қайттық. ІІ «Наурызда» қазақ шəкірттері сауық жасауға даярландық. Жастардың талабы, өнері, жігері, қызметке жарамдылығы сыналатын жер де – сауық, шалағайлығы, салақтығы, қорқақтығы, мақтаншақтығы, өзімшілдігі байқалатын жер де – сауық. Спектакль қоюға лайықты кітабымыз да, əйелдеріміз де болмады. Бірлі-жарым оқыған əйелдер ұялды, бұлданды, көнбеді. Бір-екі рет шақырсақ та «басы ауырып» келмей қалды. Сонымен бір перделік күлкі, қалғанын декламация, хор, əн, домбыра, оркестрмен өткізбек болдық. Сауығымыз сары ала болсын деп, Əмірқанды да шақырып, əн салғызбақ болдық.

Өз рольдерімізді бір ыңғайлап, даярлап алған соң Əмірқанға
кісі жібердік.
Əмірқан қол ұстасып, сыпайы амандасып отырды. Əнеугі
Шəкеттікінде көрген Əмірқан емес, бұйығы, момақан жігіт.

«Бəленше қандай кісі?» – деп сұрасаң, Бек деген қу түрін бұзып
аудармай сала қоятын Нармамбет шешен бір құрбысын: «Май
ауыз, май құлақ, тасбақа, талтақай» деп сүгіреттеген екен. Егер
мен Бек тəрізді қу болсам, мойнымды қыжырайтып, көзімді ба-

жырайтып, «Əмірқан осындай жігіт» дер едім. Егер мен Нармам-
беттей шешен болсам, Əмірқанды: «Ербең құлақ, едірек, талтиған
тəпек асық» дер едім. Олардай менің өнерім жоқ; сондықтан мен
Əмірқанды «Шеулі қаршығадай шап етер, киіктің асығындай тап

етер» жігіт деп қана сүгіреттей аламын.
Əмірқанның бес-алты əнін таңдап алып, сауық күні келуге
уəдесін алып, апарып салдық.
Сауыққа өз əлімізше жақсы даярланғанбыз. Клубтың театрын

алғамыз. Белет екі күн бұрын қыдыртып сатылған. Жетішатырдың
қазақтары қандай тыраш: қатын-қалаш, бала-шағасымен келді,
залға сыймай кетті. Мұндайда саналы жеңгейлердің де пайдасы
үлкен тиеді ғой. Разия жеңгей неше түрлі тəтті нандар пісіріп,

жеміс алып, баласының тойы болатындай қызмет істеген. Оспан-
бек ағайдың үйіндегі жеңгей де қоңыр қаздай байпаңдап, екі бөшке
қымызды сатып, ақшаны көпіртіп алып жатыр. Қарындастарымыз
да программа сатып, сымпылдап жүгіріп жүр. Мұқтаж шəкірттер

кенелмеген не қалды? Жастардың тұңғыш журналы аяқтанбасқа
не қалды?
Халық мұнша жиылады деген есте жоқ. Мына топты анау
қызметті көрген соң, көңіліміз көкке серпіп, аяғымыз сайға тимей

жүр. Жұрт у да-шу, мəз-мəйрам.
Сауықты «Наурыз» мейрамына арнаған соң, қазақтың ескі
ырымын да істегеміз. Сарқасқа құрт көжені тай қазанға жүздіріп,
бұқтырып қойғанбыз. Ішіне жылқының басын салып, екі-үш табақ

ет асып, үлкендердің алдына тартпақ болғамыз.
Ойын басталмай-ақ, жұрт қымызға бас қойып жатыр. Жəлен
сықылды мұғалімдер Наурызды түсіндіріп, жастардың талабын
құттықтап мінбеге шығып сөз сөйлеп жатыр. Біреулер: «Ата-

бабамыздың жоралығын істейік» деп төс соғысып, көрісіп жатыр.
Ойын басқарушы Əбілжанда ес жоқ: кішкене жұтып келсе керек.

Əбіжан болмаса, сауық осындай болар ма еді? Белетті дендеп өткізген, əйелдерге тамақты əзірлеткен, кілем, ыдыс, сайман, бар жабдықтың бəрін тапқан сол. Əбіжан мақтаншақ жігіт. Жарнамаға, программаға «Басқарушы» деген аты жазылғаны Əбіжанға зор атақ. Əбіжанның таныс емес адамы жоқ, құрдасы емесі тағы жоқ. Ол жұрттың бəріне еркін. Берсе қолынан, бермесе жолынан тартқандай ғып алады. Оның ойыны қайсы, шыны қайсы екенін адам да білмейді. Ойынды Əбіжандай кісі басқарсын... Қоңырау екі соғылды. Біз сахна жақта домбырамызды күйлеп, тамағымызды кенеп, кісілерімізді жинап, жағамызды түзеп, шашымызды тарап, нəрселерімізді құрып, шала бүлініп, жанталасып жатырмыз. Осынша топтың алдында шалдырып, масқара болып қаламыз ба, болмаса шапалақ соғылып, қошамет аламыз ба деп, жүрегіміз дүрс-дүрс етеді. Қоңырау үш қағылды. Шымылдық ашылды. Зал у-шу, айқайласып, кимелесіп, орынға таласып, «дауыстама!», «отырыңдар!» десіп күңкілдесіп жатыр. Əлден уақытта саябырлайын деді. Өзімізше жақсы шығардық деп ойладық. Шымылдық жабылды, шапалақ соғылды. Хорымыз жамырап жақсы шықпады... Рақымбек декламациясын жақсы айтты. Скрипкаға əн қосқан он екі жасар Мəржім тамаша соқты. Қайта-қайта шақырып, залды дүрсілдетті. Өзі тіленіп шыққан студент бикешіміз «Жалғыз шалды» бастағаннан міңгірлеп, «қаттырақ, қаттырақ» дегізіп еді, орта кезіне барғанда, төбеге ұрғандай тұрып қалды. Қағазына қарап, кəне таба алсыншы! «Қайт, қайт!» – дейміз. Тыңдамайды. Өзі де қылаң кісі емес еді, əлден уақытта бітіріп, өрт сөндіргендей, қапқара болып, сахнаның артына жоқ болды. Бірақ «абиырды ақша отау жауып», кейінгілер сүрінбей шықты. Əсіресе жұртты сүйіндірген Əмірқан болды. Қазақ ішіндегі жиын, тойда айтқаны болмаса, Əмірқан театрда əн салып көрген жоқ екен. – Жұртқа тəжім етесің, домбыраңды көп күйлеп жалықтырмайсың, сыпайы жүріп тұрасың деп тапсырғамыз. Əмірқан оның бірін де істеген жоқ. Жайдағысындай іркілместен тайтаңдай басып барды да намазда тізе басқан кісіше, белуарына шейін еңкейді. Сөйтті де шалқайып отыра кетті.

Əмірқан шығысымен, шапалақ шартылдады. Өзге шығушы-
лардан Əмірқанның киімі де, түрі де, жүріс-тұрысы да жат еді:
қазақтың еркіндігін еске түсіруші еді.
Домбырасын күйлеп, екпіндетіп бір-екі сарындатып алды да,

айқайға басты.
Зал тым-тырыс болды.
Топ көргенде Əмірқан аруақтанып, көтеріліп кетеді екен.
Бұрынғы дауысы астар болмай қалды. Зал жаңғырып, күңгірлеп

кетті.
Сұңқылдаған көмейі,
Сыбызғының үніндей
Ескектеген толқыны

«Бозайғырдың» күйіндей,
Аспандап соққан айқайы,
Алтайдың асқар тауындай,
Желпілдеткен түндікті

Күздігүнгі дауылдай,
Төмендетсе сорғалап,
Тас бұлақтың суындай.
Əсем, əсем нақысы

Айдынның сұлу қуындай
Қалықтатып созғаны
Сарыарқаның беліндей,
Жаяулатса баяулап,

Арқаның қоңыр желіндей,
Тамылжытып, сынықсып,
Жаңа түскен келіндей,
Қалың қазақ даласын

Əнімен залға сыйғызды.
Дауысын көпке сүйгізді –
Шапалақ та шапалақ...
Пəле піркін! Бис-бис!

Тағы да шық, тағы да!..
Тағы шықты Əмірқан.
Бұл жолы Əмірқан басқа əнге салды.
Бір-бірін қиып кете алмай, мұратына жете алмай, қош айтысқан

жорға ұсап: жалғызынан айырылып, қанатынан қайырылып,
зарлаған бейне жанға ұсап, болмаса жылап егілген, көзден жасы

төгілген, бейне бір қайғы-зарға ұсап, өкінішті, өксікті, қасіретті, мұңды əнді сарнады. Жұрт төмен қарап, əркім жүрегімен сырласқандай, əншінің бітіргенін де сезбей қалды. Кенет тымтырс бола қалды да, шапалақ қайта соғылды. Қалғып кетіп оянған, қызықты, тəтті түс көрген, қайтарам деп талпынған кісідей, жанға жаққан тəтті үннің кеткеніне өкініп, өршелене соғылды. Əмірқан тымағын қыңырайта киіп тағы барды. Тағы соқты. Тағы да ескектете, желпіндіре, желіктіре, ышқындыра, құлшындыра соғып, тыңдаушының айызын əбден қандырды. Əмірқан бəйгеден келді! Зал сарт-сұрт, айғай-ұйғай, гуілдеп, толқындап барып басылды. Əмірқанды құшақтап алып, арқаға қағып, бетінен сүйіп жатырмыз. Əмірқандай əнді ешкім сала алмайды. Жай жүргенде Əмірқанды ешкім де елемейді. Əмірқан əн салса, сонда кім екенін білесің. Əн салса, ол өзін өзі ұмытады, əннің əуеніне төңкеріледі, оның дауысы көмейінен шықпайды, жүрегінен шығады. Ол əннің əр нақысын ұғады, əнді ғана сүйеді. Ол тəтті үнге, топқа бола жаралған адам. Əн салса, рақаттанып, гүл-гүл жайнайды. Көзі де, аузы да, денесі де, қолы да бірге салады. Əмірқан кісі емес, əнге айналады. Оның əн салғандағы түріне қарап отырсаң, тоясың. Бірақ Əмірқан үнемі олай айта бермейді. Əмірқан қымызы, тобы, ойын-сауығы, қыз-келіншегі бар жерде өзін-өзі ұмытып айтады. Əнін ұғушы, тыңдаушы болса шабыттанып айтады. Тыңдамай, жыбырлап сөйлесе бастаса, Əмірқан тұрып кетеді, айтпайды. ІІІ Əмірқан – кісіге тез үйір болатын, жолдасқа жанын қиятын жігіт. «Наурыздан» кейін бізбен дос болып кетті. Бержаққа шықса, бізге соқпай кетпейді. – Менің құжырамды да бір көріңдер, – деп қайта-қайта шақырып, үйіне қонаққа апарды. Құжырасы бір іншік екен. Қарт шешесі, қоңыр ғана келіншегі бар екен. Үйінде мəз төсеніші де жоқ. Бар асыл бұйымы – үкілі сар домбыра. Оқығандардан көргенін істеп: – Біздің жампоз мынау! – деп қатынын жетелеп əкеп, қолын ұстатты. Қымыз, ет алып, тыраштанып, шабылып қалыпты. Əмірқандікі қаланың дəл шетінде. Үйінің ар жағы жасыл дала,

қымызды ішіп алған соң көгалға шығып, сейіл құрдық. Əн туралы əңгіме қылдық. – Менің жүрмеген жерім, көрмеген елім бар ма? – деп бастады Əмірқан. Жас күнімнен əкеме еріп, ел араладым. Əкем ересен əнші еді. Əкем қайтыс болған соң, жақсыларға еріп кеп жүрдім. Жəрмеңкелерге бардым. Маған əн үйреткен əуелі əкем болды. Содан соңғы, үлгі берген кісі Жұмабек əнші еді. Уай шіркін, Жұмабек жігіт еді! Ондай əншіні өмірі көргем жоқ. Қанша айтса, бір жалықпайсың. Бір əнін бір ат беріп үйренсең обалы жоқ... Өлеңші, əнші деген жігіттердің бəрін естідік. Қайда? Жоламайды. Əннің бір жерін келтірсе де, бір жерін былықтырып алады. Басыаяғы бірден мүлтіксіз шықпаған соң, əнді салып не керек?.. – Естайды естігендерің бар ма? – Жоқ. – «Қорланды» сол шығарды дейді ғой... Оның əн салғаны бір порым екен. Күжілдеп, ызбарланып, ышқынып, тістеніп, шытынап кетеді екен. Əн салғаны төбелеске бергісіз. Əншілердің көбі түр шығарам деп əуре болады. Жақсы əнді бұзып жібереді. Қақылдай ма, шиқылдай ма, аупылдей ме мазарат... Есіл əнді бейберекет қылады. Бет-аузын тыржитып, зорланып, күшеніп отырып салған соң əн бола ма? Əнді еркіне жіберіп, қысылмай салған ғой қызығы. Əншілердің көбі не мақтан үшін, не мал табу үшін айтады. Шабыты келмесе де зорланып айтады. Зорланып айтқан əн дұрыс шыға ма? Əн салу көңілден ғой... Мен өзім көңілденбесем, жақсы айта алмаймын: айтқым келмейді... Əннің бір кілтең жерлері болады... Жұрттың көбі соны келтіре алмайды, «Ау» дегеннің бəрі əн болад деп ойлайды. Ол əн бола ма? Кейбіреу орысқа еліктей ме, ноғайша жырлай ма? Қазақ əнін бұзып жібереді. Қазақтың нағыз өз əнін салшы, қандай тыңдар екен!? Бұл шіркіннің қоңына түскен соң, құнттамаса болмайды ғой. Жұмабек марқұм əнді салып жіберіп: «Қай жері ұнамайды?» – деп білетін кісілерден сұрап отырушы еді. Əр кімнің əнін тыңдап, жақсы жерін алып, жаманын тастап талғамаса, дұрыс шықпайтын көрінеді. Осы «Екі жиренді» елдің аузынан бала күнімде естіп едім. Енді байқасам, əжептəуір əн екен. Қандай жаңа əніңнен кем емес. Оңдап түзеген соң, жұрт қағып əкетті... Мұндай сөз Əмірқанның ғана аузынан шығады. Жалпылама əнші əннің қайткенде жақсы болатынын ескермейді де. Əмірқан-

ның əнге берілгендігі сонша, басқа шаруаға олақ-ақ. Қолынан түк келмейді. Аштан өлем-ау, көштен қалам-ау, ертең не күн көрем-ау деген уайым ойына да келмейді. Кейде «Кемпірдің наны... отыны бітіп қалыпты» – деп сасқалақтап жүгіріп жүргені. Біреуден ат, біреуден арба, біреуден қарызданып ақша алып жүргені. Ол «барды баламайды, жоқты санамайды», өзінің бірдемесін сұрасаң бере салады, кісінің нəрсесін, киімін өзі де киіп жүре береді. Ұят екенау демейді. Ол кісі алдауды, арын сатуды білмейді. Кім көрінгенге сенеді. Өзін əркім талай алдап кетсе де, сенуін қоймайды. Ондай саппасты таппассың. «Менікі, сенікі» деген сезім Əмірқанда жоққа тандық еді. Есімде бар, бір шілдеханада менің қасыма бір келіншекті отырғызды. Құлағыма сыбырлады: «Қапы қалма, айналдыра бер», – дейді. Анадай жерден əн соғып отырып, келіншекті нұсқап, көзін қысып қояды. Сөйтсем, Əмірқанның өз келіншегі екен. Бір жолыққанда: – Соққан-ау! Əнеугі өз қатының екен ғой, – десем. – Е, менікі болса қайтушы еді... – деп былықтырып отыр. – Бұрынғы қатының қайда? – дегенде: – Оны шығарып жібергем, – деп ойыншық тəрізді айта салды. Сұрай келсем, мұнысы бесінші екен. Əмірқан əнді шабыты келгенде қалай салса, қатынды да шабыты келгенде ала салады екен. Көңілі суыған күні не қатын тастап кетеді екен, не өзі шығарып жібереді екен. Қатыны тастап кетсе өзі де намыстанбайды екен, өзі шығарса қатыны да обал болды-ау деп қынжылмайды екен. Үй іші не болып жатқанымен ісі жоқ, қашан көрсең де жайраңдап, мас болып, арсалаңдап жүргені. Жұрт оны «алақұс» дейді, «бəдік» дейді. «Осы Əмірқан бір мезет есі кіріп, ойлана ма екен? Мұңая ма екен?» – деп ойлаушы ем. Мұңаймақ түгілі, Əмірқанның жылағанын да көрдім. Көкек айы. Мал балалап, жер көгеріп, құс ұялаған кез. Əмірқан, Дəулетжан үшеуміз Керуенкөлге құс атуға бардық. Керуенкөл қалаға қырық шақырым. Екі мылтығымыз бар, қос алып барғамыз. Екі күн жатып, қайықпен жүріп, қамыстың арасынан қаздың жұмыртқасын теріп, құс атып кенелгенбіз. Дəулетжан көл жағалап кеткен. Кешке таман Əмірқан екеуміз қостың алдында қаз жүндеп, жұмыртқа асып отырып əңгіме құрдық. Əмірқанға: «Басыңнан кешкен бір қызық əңгімеңді айтшы – дегенде, мынаны айтты:

– Ел қыдырып, əн салып, жын қуып жүрген кезім. Қайда ойын

болса іздеп кетеміз. Ормамбетте Ақтамақ деген бір тамаша қыз
болды. Үріп ауызға салғандай, жұтынып тұрған сұлу еді. Міне
биыл отыз екіге шығып тұрмын, ондай сұлуды көргем жоқ. Өзі паң.
Жөпшенді бозбалаға көзінің қырын да салмайды. Пысықсыған та-

лай жігіт жанына дари алмай қойған.
Бір ойында Ақтамақ маған орамал тастады. Өңім екенін, түсім
екенін білмедім. Буыным қалтырап кетті. Буы əкетіп барады. Беті-
не таман таянғанда, қолымды ұстады да: «Шын сүйсең, сүй!» –

деді. Ақтамақты сүйген кісінің арманы бар ма? «Шыным» дедім.
Қасынан орын берді. Дəмелі жігіттер ішін жарып жібергендей
болды. Төбем көкке жетті. Бір қаға берісте: «Біздің ауылға келіп
жүрсейші», – деді.

Содан кейін Ақтамақтың ауылынан шықпайтын болдым.
Жеңгесінің отауына барсам, əн салғызады. Əзілдеседі. «Əніңді
тыңдағым келеді де тұрады» дейді. Бір күні: «Түсімде көрдім»,

– деді. Не керек, сүйте-сүйте қалай жақындасқанымызды біл-

меймін: бірімізді біріміз көрмесек шыдай алмайтын болдық. Ол
«Өл!» десе өлгендеймін. Түрім мынау, жалғыз атты кедеймін.
Неме қызыққанын білмеймін, ынта-көңілі маған ауды да кетті. Бір
күні:

– Мені шын сүйсең, алып қаш! – деді.

– Қайда барамын?

– Қалаға кетейік.

Өлерімді білмейтін мен де жындымын ғой. Таңасып тұрған
байдың екі атына екеуміз мініп, қала қайдасың деп, тартқанымыз
ғой. Сен қыз алып қашып көрген жоқсың ғой?

– Жоқ.

– Қызық қой!.. Түні бойы соқтырып отырып, таң ата Орданың

тауына келіп бекіндік. Маңайда ел жоқ. Күндіз тауда жатып, кеш-
ке түн қатпақпыз. Атты бір қуысқа тығып, өзіміз тамақтанып,
ұйықтап алдық. Жанторсықта қымызымыз. Бір қоржынбасы етіміз
бар-ды. Бəрін өзі даярлап алған.

Қас қарая аттандық. Атымыз шалып, тыңайып қалған екен.
Қылаң ұрады. Жортып келеміз. Алдымызда екі кезең қалды.
Аржағы беті ашық дала. Итжатпастың асуына шыға бергенде,
қарсы алдымыздан үш атты кісі солаң етті. Ұры екен. «Ойбай!»

– дедік. Ақтамақ қолымнан шап беріп ұстай алды. Келе: «Түс,

түс!» – деді. Түсе қоймадым. Біреуі сойылмен салып жіберді

– қалпақтай түстім. Есім ауып қалыпты. Есімді жиған кезде, екі

қолымды артыма байлап, көзімді таңып, біреуі артына мінгес-
тірді. Ақтамақтан айрылдым. Таудан тауға соғып, əлден уақытта
бір ылдиға түстік. Мені аттан түсірді. Аяғыма шылбыр тағып, бір
ағашқа байлап тастады. Домалап жаттым. «Өлемін ғой» деп жа-

тырмын. Ақтамақ байғұс сорлы болды ғой. Əлде не ғып жатыр?
Ой мұндай қысылмаспын. Əлден уақытта аттың дүбірі естілді.
Екі атты кісі келді де ағаштан шешіп алып, атқа мінгестіріп алып
жүрді.

Көзімді шешіп жіберді – алдымда бір ақ қос тұр. Үймелесіп
жігіттер тұр. «Кір» деді. Қоста Ақтамақ бар екен, мені көргенде
жылап жіберді. Қостағы маңғаз жігіт менің жөнімді сұрады. Шы-
нымды айттым. Қымыз бергізді. Ірге жағынан бір шешен домбы-

раны алып, қолыма берді де: «Қане əн сал!» – деді. Айтпасқа ылаж
бар ма?

– Ұрылардың əнін білесің бе?

– Білем, – дедім. Исақ-Ермектің, Иманжүсіптің, Балуан

Шолақтың, Мəдидің əндерін салдым.
Əнге сүйсінді.

– Жігіт екенсің,– деді.

– Əнің болмаса, жаныңа қош айтысатын едің. Жалғыз өзің қыз

алып қашып жүрген сен де бір ер екенсің. Жарайды. Жолың бол-
сын! – деп көзімізді байлатып, жанымызға екі жігіт қосып, таудан
шығарып салдырды.
Сөйткен Ақтамақпен бір-ақ жұмадай дəурен сүрдім. Ой дүние-

ай! – деп, Əмірқан ауыр күрсінді де, дыбыссыз қалды. Бетіне
қарасам, көзінің жасы парлап тұр екен.
Жұбатайын деп:

– Ой, саған не болды? – дедім.

– Əншейін... көңілім бұзылып...

– Бала болдың ба? Өткен іске өкіне ме екен...

– Ақтамақтың қылығы бетер еді... – деп солқылдап тұрып жы-

лады. Кəне уата алсамшы.

– Армансыз жан бола ма? Қалай айрылдың? – деп қоймаған

соң:

– Дүниеде күліп-ойнап жүрген жолдастың мырт-мерезі жаман

екен... Көпте мейірім болмайды екен... Ұры құрлы болмады... Не
болса, ердің қолынан келеді ғой, – деді.
Аржағынан қазбалап сұрағам жоқ. Екі қаз, үш қасқалдақ
арқалап, Дəулетжан да келіп қалды.

АЛЫП ҰЙҚЫ Өлген кісі тірілген Жақын арада Қызылорда маңында бір əйел өлген ед. Сол күні апарып көміпті. Ертеңіне ері мола басына құран оқуға барса, көрден «мені қазып ал, тірілдім» деген дауыс шыққан... Елі жиылып келіп, қазып алыпты. Мұндай оқиға бұрын болған ба? Бұған ғылым не дейді?! Нұрғожа ұлы. Қыстауға жаңа қонған кез Көк түнерген. Қараның адырын қараңғылық басқан. Жел ызғырық. Ай қараңғы. Ұры қатты. Аш бүрге талаған ауыл арбаға түскен қыршаңқыдай алас ұрып, өз денесін өзі жұлмалап, Серік ұйқыға батты. Таң күреңді шідерлеп беткейге отқа қойдым да лакке күпімнің қой жабағысына тұмсығымды тығып, бұйығып жаттым. Қара адырдың ығы жылы. Күпім одан да жылы. Құрсақтағы баладай қол-аяғымды баурыма жиырып, құрысқан соң денем сая тапты. Ол тек денем ғана емес, денемнің сырты еді. Денемнің іші жау тиген ауылдай аласапыран: жүрегім дүрсіл қағып; тамырларым нажағай отындай тұтанып, жаным түршігіп, үрейленіп, елегізіп жатыр едім. Қара түннің қауіп-қатеріне кім ара тұрады? Аруын ұры жалғыз керікті ақ сойылдың астына алып, қуа жөнелмесіне кім кепіл? ( . . . . . . . . . . . . . . . ) ұйқы жау иектесе қандай көз аш бөрі жалғызды жайратып кетпесіне кім кепіл? Қараңғыда белектеген жын-сайтан өзімді жазым етпесіне кім кепіл (Ол менің жын-сайтанға нанатын кезім ғой). Осының бəрін ойлаған сайын басыма сабалақ албастыдай қара ойлар келеді; кеудемді атты дүсірлеткендей болады. Күре тамырларым зырқ-зырқ етеді. Бойым қорғасындай салмақтанады. Қараңғыда екі көзім жылтырайды. Түннің түнерген түрінен қорқамын. Төңірегіме қадала, қармай, үрейлене қараймын. Ақыл ыңыранады. Пыр-пыр етеді. Ақыр – бір өлік. Тек тез жүрегіңнің шеге тұяғы таудың қия тастарын шатырлатып,

маужыраған түннің мазасын алады. Күрең тыртық жазылшаны бырс-тырс жұлады; анда-санда бір пысқырып қояды. Пысқырған сайын менің зəрем кетеді. «Бұл ақымақ айуан өлерін білмейді-ау! Пысқырмай-ақ жайыла берсе қайтеді екен? Ұрыға, қасқырға дыбыс беруін қарашы!» деп ішімнен зығырланамын. Түн бір меңіреу, таң бір түпсіз шыңырау, сағат жылдай, уақытпен, түнмен арпалысып, таңды аңсаймын. Уақыттың өткенін көшкен бұлттардан байқаймын. Күн қап тауының астында тұншығып жатқан тəрізді. Алқынған жүрек алас ұрып, сілесі қатып, шегіне жетіп, қалыпқа қайтты. Қабымнан шығып қайда барамын? Қараңдаған, қалбаңдаған сəулелі . . . . . . əуеде қалқып жымпылдаған, елпелең елестер сиреңкіреп, қараңғыға, қатерге бойым үйренейін деді. Тағдырға мойын ұсынып, қара түннің нəрлі үңгіріне бала болдым. Еркек екенім есіме келді. Ұры көрінсе, . . . . . . . . . . . . (?) . . . . . салармын; қасқыр келсе, қақырамын, жын-шайтанды дуамен қашырармын – деп қайраттандым. Бұл сенім беки берді. Шиыршық атып, тырсылдаған тамырларым солғын тарта бастады. Жүрегім жайдағыдай жалаулап, бүлкіл қақты. Жүйелерім босады. Жаным жай тапты. Манауранып, көзге ұйқы тығыла бастады. Бой бермеймін; қалғып бара жатсам, көзімді ашып аламын. Бірақ ұйқы қабаған итімше өршеленеді; серіпкен сайын апалайды... ұзақ арпалыстым. Ұзақ мезгілдер өтті, (. . . . .) жаным-ау! «Есекқырған» қайда? Жоғалып кетті? . . . . . . . . . . . Көзім ілініп кетіпті. Қата қаппын... шошып ояна келдім. Көтерейін десем басым зілдей; жер кеше (. . . . . . . . . . ) Көзім – тас, қол-аяғымда жан жоқ. Үстімде бура шөгіп жатқан тəрізді. Тырп етуге мұршам жоқ. Əжемнің бастығырлануы болушы еді, əлде сол болар ма?! Бірақ «албасты» еркекті баспаса керек қой? Дуа оқимын, ернім қыбырлайды. Əлде түсім болар ма? Онда аттың тықыры, пысқырғаны неге естіліп тұр? Əне, үлкен үй жақтан сар қаншық шабаланып еді, аузы балпылдап көк төбет те барқылдады. Не ғажап?! Құдай, пайғамбар, əулиелердің бірі де жəрдем ете алмады. Əлде дауысым шықпағанға естімей жатыр ма? Бірақ «құдай іштегіні біледі» дейтіні қайда? Жүрегім таза, ықыласым шын, тілегім ақ емес пе? Əлде күнə-сұмдығым жеңіп кетті ме?

Менің сонша не қылығым бар еді? Кісінің ала жібін аттадым, ба? Кісіге сұғанақтық, несібе құмарлық қылдым ба? Кісі өлтірдім бе? Ел тонадым ба? Азырақ жастықты кім қылмайды?.. «Иманды» білдім, оразамды тұттым. Намазымды оқыдым. Астапыралда! Қаза қылған күндерім де болған екен. Бірақ оған мен жазықтымын ба? Онда да жан əкемді асырағаны жанбаласын, етігі түскірге алданып өткізіп алып жүрдім ғой-ау! Зекет пен қажы байдың парызы. Құдай-ау, енді маған не қыл дейсің, күнəмді қылға тіздім. Ойыммен ойды-қырды кездім. Құдай мен пайғамбардан мың қабат медет тіледім. Ойым, түсім бола ма деп, күдіктендім. Қимылдайын деп неше рет ұмтылдым, ұмсындым, бұлқындым, бірі де ем болмады... Ауыл тұрды. Қатындар бор-бор керіп сиыр сауды. Шалдар шушулеп мал өргізді. Енесіне құшынасып, бұзаулар ағылады. Малай асқа суға баруға мөшкесін домалатты. Жалғыз-ақ қара қасқа өгізде дыбыс жоқ. Бəрі сайрап жүр. Бəрін естіп, біліп жатырмын. Тек қимылдауға шама жоқ. Бойым сіресіп, ойыммен, құдаймен, сайтанмен арпалысып, тамның азабып тартып жатырмын. Өлген екенмін деп бір ауық ойлаймын. Бірақ, өлсем, бəрін естір ме едім. Өлсем, ойлар ма едім? Дуа оқыр ма едім. Əлде талып жатқан болармын? Онда есімді білмесем керек еді ғой. Албасты болса, ел тұрған соң да, кетпегені ме? Не керемет?!. Ойымды тұман басты. Бірақ есімнен танғам жоқ. Кеше мен бүгін шымдай жазық бұлттай өшіп, оқтай зымырлап, тізбектеліп өтіп жатыр. Міне, ауыл тегіс тірілді. Үзеңгілерін сылдыратып, мал суғаруға ат ерттесіп жатыр, қауға іздеп жүр. Балалар айқайлап, жүгіріп жүр. «Қағынды келгірлеп», Алтынай баласын қарғалап тұр. Əкемнің күбірлеген дауысы да естілді. «Бұл ит əлі күнге ұйықтап жатқаны ма?» деді. Міне, əкем жөтелді; тықырлады: келе жатыр. Тықыры таянып келеді. Менде де кібір жоқ. Ойымды кəрлі сұрау кернеді. Əкем түртіп қалғанда оянар ма екем? Өліп жата берер ме екем? Əкем жақындаған сайын, үрейлі сұрау күшейді, жепілдеді, тырсылдады: миым жарылып кете жаздады; жаралы торғайдай жанталасу. Жаным көзіме көрініп жалғыз қылға ілініп тұрғандай болды. Міне, əкем жаныма келді, тоқтады. – Өй, неғып жатырсың? Тұр!.. деді. Сорлы басым! – тырп ете алмадым.

Əкем олай жұлқыды, бұлай жұлқыды – оянбадым. Ояумын,
қозғала алмадым. Əкем састы! Əкем шошыды! Ентікті, күрсінді,
абдырады, аузы-басы желбіреп алласына сыйынды; буындары,
қолы, денесі, қалпетімен дірілдеді. Қалтыраған қолын жалмажан

өкпеме салды. Екі өкпемді кезек тыңдады. Дереу омырауымды
жұлмалап, ашып жіберіп, құлағын жүрегіме басты. Басын жұлып
алды. Басымды қозғады, сылқ етті. Қол-аяғымды сипады – жан
жоқ. Əкем мойнымнан үдере құшақтай алды. Еңіреді, егілді,

өксіп-өксіп жылады. Жып-жылы жасы бетіме бұлаудай парлады.
Өз көзіне өзі нанбай, біресе құшып, біресе құлағын салып, біресе
сақалын жұлып, күрсілдеп, солқылдап, ышқынып еді кеп-кеп...
Қарашығым!.. Құлыным!.. Қарт əкеңнің сорын қайнаттың ба?..

Ей жасаған-ай!.. Алдында алсаң, арманым бар ма еді?.. Көр болғыр
көзім? Нені көріп отырсың?.. Қуарған басым, кімге сүйенемін?

– деп назаланып, күйініп, күңіреніп еді кеп-кеп... Есімнен тана

жаздадым. Өз өлгенімнен де əкемнің күйігі батты жаныма.

– Əке жаным-ай, тірілсем, көк тоқтың болайын! Өл деген

жеріңде өлейін! – деп жатырмын. Ішімнен əкемнің зары ащы
еді: құдайдан есімді ал деп тіледім. Есі құрғыр, қағынан жеріген
қатыгез тұсақша бедірейіп, бадалып тұрып алды. Жалғанда жан
өлмеген-ақ жаман екен!

Сорлы шал! Көр жыла! Жер жыла! Балаңның денесі өлді,
сүлдері қалды, қайтсын? Тағдырыңнан көр.
Əкем еңкілдеп, еңкілдеп үйге жөнелді.
Ауыл ішін тартты.

– А, қойшы...

– Тағдыр... Ажал...

– Құдіреттің ісі... – дескен келте ауыр, суық күбір еміс

құлағыма тиеді. Ауылдан сарлаған, зарлаған дауыс шықты. Бұл –
əжем ғой. Оған тете скрипканың болат шегіндей қылдырық дауыс
үзіліп, безілдеп, шырылдады. Бұл жас қарындасым – Гүлшат қой!
Өкірген шырдай көп дауыс əн қосып, шуласты, уласты! Қараның

адырын күңірентті. Дауыстар баяу тартайын десе, кенеттен тың
айқай қосылып, дəуірлете жөнеледі. Жел ышқына уілдейді. Ауыл
да ышқына күңіренеді.
Мінекей, жетелесіп, сіңбірісіп, тықырлап кісілер де келді. Мені

көтеріп, киізге салды. Ауылға əкеле жатыр. Аяқ жағымда солқылдап
əкем жылап келеді. Таянған сайын, əжем мен Гүлшаттың даусы

үдей-үдей соғады. Əжем алас ұрып, талықсып кетті. Қатындар су бүркіп жатты. Мұрнын қос-қостап тартып інім жүр... Шымылдық құрып, мені оң жаққа салды. Келген-кеткен кісі көріседі, жылайды, көңіл айтады. Уанған болады. Ас жегізеді. Шам жағып, кəрі қатындар күзетеді. Қара қожа күңгірлеп құран шығарды. Əкем мен əжемде ұйқы жоқ. Анда-санда күңіренгеннен кейін жалынын бір шығарып, ауыр күрсініп қояды... Жұртқа мен өлімін, өзіме – тірімін, бəрін сезіп, біліп жатырмын. Əлде нелерді ойлаймын. Інім жас еді. Сорлылардың күйі не болады? – деп біресе кемпір-шалды ойлаймын. Біресе өзімді ойлаймын. Жастай өліп-ақ кеткенім бе? Бұ дүниеден не көрдім? Не үшін тудым? Қалыңдығыма бір-ақ рет жолықтым. Биыл алмақ едім. Ол қалды. Тырнақтап жиған ақшама бір-екі уақ мал қосып, əкем бір бие алсақ деп жүруші еді; өзімізден оразамызды ашамыз ба деуші едік. Ол адыра қалды. Тірі болсам, қалаға барып, оқырмын, адам болармын, кісіге ақымды жегізбеспін деуші едім; ауыл аймағыма пайда тигізем бе деуші едім, ол армандар да құрыды. Ой шіркін-ай! Талай арманым бар еді-ау! Соның бəрі көмілгені-ау!.. Жасаған-ау! Өркенімді өсірмесің бар несіне адам қып жараттың? Кісіден алғыс алмасам, қарғыс алып көрген жоқ едім, талай кедейдің етігін текке тігіп беруші ем. Малы болса, қауға тарта салушы ем: арбасын сала алмай, шөбін үйе алмай жатқан талай сорлы шалдардың батасын алушы ем. Солардың бірінің тəңір жалғасыны тимей, қыршынымнан қиылғаным ба? Е, тəңірі! Əділетің қайда, мен . . . . . . . . . . . едің ғой!.. деген ойлар қара тұмандай қаптады... Екі күнгі өмір екі жүз жылдай көрінді. Менің азабымды кім білсін? Малқұмар құрғырлар бар. Жабдықты əзірлеп, жылпылдап мені арулап шын деп, жаназа оқысты, Шалдың сорлы болғанын не қылсын? Аз ғана малын жырымдап, үлесіп алысты. Садақаға өкпелесті, таласты, адам айуаннан бетер екенін сонда бір көрдім. Мені молаға алып жүрді. – Япырмау! Осы жүрттың мені көмгені-ау! Бұлар мені өлді деп жүр-ау! Мен тірі сияқтымын ғой! Бəрін естіп жатырмын ғой. Бұл ғұмырдың нысаны ғой. Осының өзі – өмір ғой. Азап қой! Азап та болса, өмір ғой. Бəрін біліп жатқанның өзі неге тұрады? Тым болмаса, осы өмірден айрылсам жарар еді. Мына жауыз молдалар мені көмсе, тар көрде тұншығып өлемін-ау!.. Жаным шығып тұр ғой. Осы жас шырақ жер астында сөнгені ме? Қой, сөнбес, сөнер, көрге көмбес... Көмер. О кім?... Өмір ме? Үміт пе? Күдік пе?

Молаға, көрдің ернеуіне жеткенше, осы ауыр ойлар таразының екі басына түсіп, кезекпен кезек біресе аспанға атып, біресе түпсіз зынданға батып, қан көбелек ойнады: көрге таянған сайын, безбен зырылдауықша зырқылдап берді. Өлім... өмір... өлім... өмір... өлім... өмір... өлім... өмір... өлім... өмір... өлім... өмір... өлім... Өлім, өмір, өлім. Міне, əкелді. Молдалар көрімді көрді. Керегенің таңғышымен екі жерден салып, мені көрге салбыратты... Жан өрмекшінің өргеніндей жіңішке нəрсеге ілініп, əне үзілді, міне үзілді деп барады көрдің орта кезіне жеттім бе, жоқ па? Дір еттім. Шошып кеттім. Ақыра тұре келдім! Бетімді ашып жіберіп, кебінімді сүйрете көрден шыға келсем, жұрт қыран-топан, зəресі ұшқан, таңданған жұртты тындырайын деп: – Ұйықтап кеткен екемін, шошымаңдар! Мен ояндым! – дедім. Алдымен əкем құшақтай алды. Күрс еткен бабамның ескі моласы екен. Бір қабырғасы қашаннан қиқайып, құлағалы тұрушы еді. Сол құлап кетіпті. Мола құлағанда, мені көтерген ескі қорда үзіліп кетіпті. Қашқан, бұққан, тығылған кісілер аз-аздап қасыма жинала бастады. – Е, қайырлы болсын! – Өлгенің тірілсін, өшкенің жанды ма? – Ей, жасаған-ай! Тəуба! Əмсе жақсылығыңды бере гөр!.. – Моланың астында қала жаздағаным... – Өзі неғып құлап кетті? – Моласы бар болсын, өлген арыстаннан тірі тышқан... – Қыршын жасты айтсайшы, – деп шуласып жатыр. – Иə, жасты айтсаңызшы!.. – Тіршілікті айтсаңызшы, киімді əкел! – деппін!

ҚИЛЫ-ҚИЛЫ ЗАМАН БОЛДЫ,

ҚАРАҒАЙ БАСЫН ШОРТАН ШАЛДЫ

Үйезден келген сенімді жолдасқа бір болыс елдің адам
қаралысы:

– Бүгінше тоқтап, ертең сайлауымызды дұрыстап кетіңіз! Елдің

бірлігі болып отыр. Бірліктің ішінде болыңыз!. – деп қоймады.
Қоймаған соң, жолдас көнді:

– Олай болса, «Қалмаққырған» болысының кеңесіне бір кісі

жіберіңіз. Мен хабар жіберіп қойып едім. Бүгін бармасам, тарап
кетеді, – деді.

– Құп болады! Оныңа үлкен рақмет!.. – деп жуандар қалбалаң-

дап үйден шықты.
Кім жібереді кісіні? Екі жақтың жуандары «сен жібер, сен жі-
бермен» бірталай керісті. Аяғында Құрман жіберуге байлады.
Кəне, Құрман ат таба алсыншы! Өз атын бергісі келмейді.

Табысы жоқ, дəулеті болса шағын. Жалғыз атын берсе, атқа . . .
қалғаны. Бұрын тілін қайырмайтын ел, керек жігіттер қырын
қарайды. Бірі жоқ, бəрін сөзбен алдаған, бəрі безер болған, зыр-
зыр етеді. Құрман жылауға таянды. Өткен дəурен есіне түсті;

талдың түбінде мықшиды да қалды.
«Қилы-қилы заман болды...»
Сайлаушыны топ жиналған жерге келтіріңдер деп шапқыншы
жіберсе, елден шыққан алаяқтар: «Ол топ жуандардың тобы, олар

өз шоқпарын сайлатам деп жиналып жатыр», – деп жамандап,
сайлаушыны шеттегі бір ауылға түсіріпті. Жуандар берекелесіп
Бадырақты болыс қоймақ болып еді. Бадырақ үйезден келген жол-
дасты үйіне түсіріп, қойын сойып, шабылып жатыр. Сайлаушыға

бір жіберді, келмеді; Бадырақ далақтап өзі де барды – келмеді.
Жуандардың мойнына су кетті. Алаяқтар сайлау кемесіне кіріп
кетіпті; берекеден түк шықпады. Жуандар шоңқайды, жіңішкелер
құтырды.

Қарағай басын шортан шалды...»
* * *
Əнеугі менің биемді əлі берген жоқ... Қайтейін бермесе? Менің
қолымда дəлелім жоқ, мен сот емеспін...

– Сот болмасаңыз, əуелінде басын неге ұстадыңыз?

– Ұстайын деп ұстадым ба? Жұрт жəй жатқызды ма? Амалсыз

кіресің сөзге.

– Өз малыңызды алғанда, сөзіңіз өтеді. Бізге келгенде қырсы-

ғып қалады ғой.

– Жазығым сенің дауыңды даулағаным ба? Мен кім үшін күйіп

отырмын? Сен үшін... Осы малымды өзіңнен аламын...

– Бұ не деген қорлық еді?!.

«Қилы-қилы заман болды...»
* * *

– Мен жер үйімнің терезелері жоқ. Қойма ақтаратын, дауда

болса сенің аулың...
Төменде отырған жұқа қабақ сұрша баланың көзі шатынап
шоқшып қоя берді.

– Қоймаңды қашан ақтарды? Қашан суырып алдың? Бізді ұры

қыла алмайсыз. Байқап сөйлеңіз...

– Сен шірік, неге көпіресің, өлгеніңді білмей қалып жүрме!

– Ұрлық сендерден өтіп бізге келген жоқ. Кімді өлтіресің?

Кімді қиратасың?..

– Мына ит не деп отыр?.. – деп ескі болыс мырс етті. Өйткені,

жат-жаладан кісі бар еді. Ескі болыстың інісі жақында ұрлық
қылып, мал төлеген еді. Амал жоқ. Аузына құм құйылды. Дəурені
бар ма? Қайтсін?
«Қарағай басын шортан шалды...»

Көшербай баяғыда өлген ағасының малын ішіп-жеп кетіп еді.
Ағасынан қалған жетім бала қаңғырып қалаға кетіп еді.
Жақын арада сол бала оқу оқып, кісі болып, елге келіпті.
Көшербайдың үстінен арыз беріп, мұра даулап, 15 қара кестіріп

алды.
Көшербай онда шапты, мұнда шапты. Түк болмады. Камунес
баланың ішіне қан қатқан екен, жібімеді.
15 қараны айдатып, сақалынан сорасы ағып, Көшербай қала

берді.
«Қилы-қилы заман болды...»
* * *
Бір заманда «көкшолақ қасқырға» ат шабар болып жүретін,

битті көз «жетімек» бұл күнде камунеске езіліп, кедейлерді жи-
нап, елде партия басы болды. Сайлаушымен ауыз жаласып,
жуандардың салған списігін өткізбей қойған соң, жуандар «ұлы
кеуделігін» қылып «сайлау бермейміз» деп төбелес шығарды.

Екі күннен кейін қаладан 5 милитсе келіп, 19 жуанды жаяу ай-
дап, абақтыға апарып тықты. Абақтыда жуандардың көзі жылты-
рады.
«Жетімек» көшеде кердең-кердең басып жүр.

«Қарағай басын шортан шалды...»
* * *
Қисық көзді сұрша бала сот болып елге келді.
Төрт «шонжарды» алдына тізесінен отырғызып, тергеп отыр.

– Неге жиналдыңдар?

– Ел арасының бірлік жұмысын сөйлегелі жинап едік.

– Дау бітірдіңіздер ме?

– Жоқ, құдай сақтасын...

– Ұры бермейміз дедіңдер ме?

– Құдай көрсетпесін...

– Мойындарыңа алмайсыңдар ма?

– Шыны сол, нені алайық?

– Айтпасаңдар, апар, қамап қой!..

Екі ақсақалдың көзіне жас келді.

– Шырағым, қазақтың баласы едік қой, бізге рақым қыл...

ұрылармен бірге үш күн жатып өліп қала жаздадық... Кісі бас . .
. өлетін.

– Жоқ, болмайды. Сендер дау көтеретін жігітсіңдер ғой, ұры

сақтап қалатын, топ жасайтын жігітсіңдер ғой...

– Соттың маңайын көрмеске, үйді-үйімізде жатуға қолымыздан

қағаз берейік... Тым болмаса, бізді кепілге беріңіз...

– Дұрыс ендеше. Сөзге кіріспейсіңдер ғой?

– Не деп ант іш дейсің?..

– Төртеуге сегіз кедей кепіл керек.

– Құп болады...

Төрт жуан далаға шығып, кедей тауып əкеліп, кепілге босанды.
Кепіл болған өздерінің атшылары.
Бұдан да өлген артық.
«Қилы-қилы заман болды...

Қарағай басын шортан шалды».

РАДИО ХАБАРЛАРЫ

– Сенің көңілің шын таза болса, К.-мен неге сырласасың? К.

нағыз шенқұмар қу аяқ емес пе? Онда түк бедел жоқ, орысқа да,
қазаққа да сыйымсыз...

– Оны тек қару қылғалы жүрмін. Əйтпесе, оның жайын сенен

де артық білемін. Анаған-мынаған қайрап салып көріп едім, түк
шықпады. Сонымен жолдас болам деп, өз абыройым кетіп бара-
ды. Араз болатын бір сылтау табылса болар еді.

– Олай болғанда «С»-ның арбасына мінуің ағат. Ол қай бір

елдің, кедейдің қамын жеп жүрген кісі? Онікі бір партпел. Əдістен
дым білмейді. Бітейін деп тұрған істі көтінен кейін жібереді.
Нағыз ақымақ емес пе?

– Құралды мақсат ақтайды деген емес пе? Бұл партия

дегеніңіздің өзі қып-қызыл əдіс болу керек. Көңілге бірдеңе алдың
ба? Ол жолда мақсұтыңды орындау үшін ит болсын, жерінбе, пай-
далана бер, сөйтпесең болмайды. Аттан жығылсын, жау өлсін.

– Ой, сен есітпеп бе едің? Əнеугі жолы əлгі «Р»-іңіз біздің

«М»-ға жасырын жолығып кетіпті ғой! Сен айтпап па ең, айтпасаң
да білдің...

– Қой, бекер шығар...

– Білмегенің...

– (Ішінен) Осы итті өкпелетіп алам ба? Сыр айтам деп сендіріп

жүруші ем; жоқ, танайын. (Естіртіп) Құдай ақында білгем жоқ.

– (Теріс қарап) Ішіңде осы да бар деп еді, түк көрмегенсіп

отырғанын. (Естіртіп) Білмесең, білмеген шығарсың?..

– Есітіп отырғаным осы (кəпірдің көзі жаман, сенбей отырғанын

қарашы).

– Есітпесең, оның жайын білмейсің бе? Сендердің тілеу-

лес адамдарыңның үстінен шағым жүргізеді де, енді келіп, ел
қосылатын болған соң, сендерге жампаңдаған болып жүр. Оныкі
əдіс.

– Кімнің үстінен?

– Ордабай ұлы ше (аулы ше)?

– Ол ауылмен біздің түк қатынасымыз жоқ... Шағымын бере

берсін... Ол ауыл үшін ара түсер жөніміз жоқ... Əйгілі, кесірлі
ауыл емес пе?

– (Ішінен) Кесірлі болса да, қыз алысып, қыз берісіп

отырғандары есінде жоқ. (Естіртіп) Ол ауылдан қол үзсеңдер жа-
райды ғой...

– Шырағым-ау! Шынға келгенде, əркімнің өзіне жан керек

қой. Осы күнде қазақтың баяғыдай құда-тамыры бар ма? Қызды
қалмаққа да береді.

– (Теріс қарап) Күнде асы терін құрғатпайтыны есінде жоқ.

Өп-өтірік кісімсіп отырғанын... Мейлі, айта берсін... (Естіртіп)
«Ж»-дар осы жерді біліп, қалаға жүреді деген. Оған «Қ»-лар
жолығатын шығар?

– Кім білсін?

– Өзің бармайсың ба?

– Қайдам? Оңай жолығуға реті келсе... (Бір жел беріп қояйын).

Мұндайға ебің бар еді, тіпті өзің жолық...

– (Теріс қарап) Көпшік қойып отырғанын, көрінген өзі-ақ

көріне берсін. Заман қандай болады? Екі жаққа да бой көрсету
жарамас. (Естіртіп) Менің артық жақындығым жоқ. Ел сырын
өзіңнен артық білетін кісі жоқ, өзің жолыққаның жарайды.

– Оның да дұрыс екен (Бұ кəпір де тақыс қой, не бола

қойсын).

– Сіздермен қосылып, көзімізді ашпасақ, анау иттермен күнде

қырысып, кəдіріміз де қалатын емес, елді де билететін емес,
қызмет те істететін емес.

– Біз де оңып отырғанымыз жоқ. Өткен жиылыста қамшы ала

жүгіріп, төбелес те шыға жаздады, естіген шығарсыздар...

– Естіп жатырмыз. Біз де төбелеске жоқпыз. Құдай сақтап, бет-

тесе алмағаннан сау жүрміз. Бұлар енді оңдырады дейсіңіз бе?

– Біздің қазақ оңбайды ғой, не жетпейді десеңізші (осылай

соғайын бір рет).

– Салаумалейкум!

– Əлік салам, аман жақсысыз ба?

– Е, сапар оң болсын!

– Айтсын! Өзіңіз қалай бет алдыңыз?

– Мен де қала жаққа барамын... тағы жолығармыз, сізді көрген

соң, сəлем бергелі...

– Е, жолығармыз...

– Осы байғұстікі күлкі. Бақырып шақырмаса да, мұның

сыбағасын қызғанатын кісі жоқ қой. Шала бүлініп жүргені. Сізге
жолықпақ болып келе жатқаны ғой... Кəте қып кетесіз ғой (бұған
да сенім жоқ-ау!)

– Ана жылы біз мұның екі аяғын бір етікке тығып едік. Оны

ұмытып кетті ғой!

– Хи-хи-хи! Əй, қашаңғыдан бұрын соларыңа бір сүйттің-ау!

Не қыласын!..
... (Ішінен) ой, жаның шықсын. Əнеу күні емес пе еді сенің бізді
жамандап, арыз бергізетінің: енді дым білмегенсіп отыр. (Жария)
Осы жолы қаладағы азаматтармен не ұғысып, бір жайлы болар-

мыз, əйтпесе, бір жола ер-тоқымды арқалап қайтармыз.
...Менің де ойым сол. (Ішінен) Амал жоқ қосылғанды жек
көремін. Қосылып алған соң, бұрынғы дəурен бола ма, жоқ па?
(Жария) осы жолы бетті ашу керек. Сіздің артыңыздан мен де ба-

рамын. Ауылнай реті, анау-мынау ұсақ сөзді бара сөйлесерміз.
Мен енді сіздерге тамақ қамдайын.

– Дұрыс, барыңыз... (кетеді). Сенің ойың да белгілі. Күні бұрын

төсегіңді салып қоя ғой. Əйтпесе, елге тигізіп отырған пайдаң ша-
малы еді. Сен де ит, анау да ит. Амал жоқ. Бір жағын ұстамаса
болмайды. Əйтуір бір ит болады. Одан да, бір жағын пайдаланып,
қалмайтын қамыңды ойлау керек.

ӨЗГЕРМЕСЕ БҰ НЕ?

Көрдей іншік. Бықсыған түтін. Түтін ішінен қара қожалақ бет-
тен екі көз жылтырайды. Тобарсыған, дорбиған ауыз өршеленіп,
қызыл өңеш болғанша үрледі, дымқыл отын жана қоймайды.

– Құрып қалғыр! Не ғып жанбай жатыр?

– Апа деймін, көже! – деп бір жағынап Дүйсембайы құрғыр

мазаны алады.

– Жағың қарысып қалсын, қағынды! Кеуіп қалғаныңның

көжесін берейін бе? – Екі-ақ қылым ұн қалды!

– Апа, көже бер деймін...

– Ой, жағыңа жылан жұмыртқаласын!..

Айғазы отын тағы үрледі:

– Адыра калғыр, өлгенше қасарғаны несі! – деп басын көтерді.

Оты жаңа тұтанды.
Жаман есік шықыр етті. Қарын əйнек саудыр етті. Шықырлап,
үйге бір арба суықты ала, сақал-мұртына сүңгі тұрған, шəркесі
шалжиған мосқал адам кірді.

– Суыр ыстап жатырмысың мұнша, – деп еркек есікті ашып

тастады.

– Жап, азнатпай! Жаздыгүні ме? Біржола мола қылайын

демесең! – деп Айғазы есікті жауып қойды.

Соқпақбай қатынға бірдеңе айтайын деп оңтайланды да,
іншігінің суықтығы есіне түсіп, үндемеді. Жаман тоны жауыры-
нына жетпей, арқасы мұздап қалатынын неғып ұмытсын?
Ақ таяғымен қақиған шана бас аяқ лауын біраз дүреледі де, сірі

белбеуін ағытып, қазандық артындағы тайтеріге уһілеп-күрсілдеп
сұлай кетті.
Айғазы ана жақта жаман тоны қаудырлап, шелек-ожаула-
рын салдыратып, күйбеңдеп, күшеніп жүр, шидемнің арасында

мұрнынан боғы ағып, құнысып Дүйсембай жатыр. Əкесі келген
соң жағы семейін деді.

– «Көже-көже» деп, қақсатпай, бірдеме тауып əкелсең болмай

ма? Неғып жатыр өзі сілейіп?..

– Не ғып жатыр сілейіп дейді. Мен бір кенеліп келгендей-ақ.

– Е, не қыпты?

– Əкең өліпті...

– Əкем алдақашан өлген... – деп Айғазы күңк етті.

Соқпақбай үндемей, күрсініп біраз жатқан соң, қайғысына
қатынын да ортақ қылғысы келді ме, əйтпесе табалайын деді ме
келтесінен:

– Тор шолақ жоқ! – деді.

– О қайда кетіпті? – деді Айғазы жұлып алғандай.

– Ұшты-күйлі жоқ. Жер жұтып қойғанын, көк жұтып қой-

ғанын...
Қатыны қайдан іздегенін сұрады. Соқпақбай тасымалдап
барған жерін түгел айтты. Дымы құрып, болдырып жатқанын сез-
дірді.

– Ұры алып кетті ме? Қасқыр жеп қойды ма? Кім білсін? Жан

көрген жоқ. Таң алдында ғана шідерлеп отқа қойған ат.
Айғазы безектеді:

– Сорлы десейші! Көзді ағартты десейші. Жалғыз Керік-

тен айырылған соң енді неңді мінер екенсің! Жағың қарысқыр,
күн сайын азан салып, жалғыз атты жалмап жатыр екенсің ғой,

– деп Дүйсембайды төмпештеді. «Балтам таптың аяғы Бөрлібайда

қалды».
Ыстық көжесін бор-бор ұрттап, бойы жылынған соң, Соқпақбай
отыра алмай, күшеніп жалтаңдай басып тағы жөнелді. Соқаң
сергелдең бола тұрсын. Біз тор шолақтың ізін кесейік.

І Айшадан аю қатын өткен бе? Бір ауылдың айғыры сол. Жіп иіріп бере қоймаса да, қабуына келе қоймаса да, көршілерінің шаңырағына қобыз тартады. Байы Күзек бір ауылнай елдің қожасы. Дəулет пен перзенттен кенде емес. Байын билейді – Айша құтырмай кім құтырсын? Өз бетімен құтыра берсе, Айшада біздің не хақымыз бар? Бірақ сойқаны өзгеге тиеді ғой. Айша – аталы жердің қызы. Күзек қатыны өлген соң отыз жетінің малын беріп, айттырып алған. Бұрынғы қатынынан екі қыз, бір ұл қалған еді. Қыздары ұзатылды. Ұлы Жаңабай келіншегін былтыр алған. Айшаның өзінен екі ұл, бір қыз туды. Өгей ұлға несіне жалынсын? Жаңабайдың келіншегі қалай түсті, солай Айшамен тұз еңбегі жараспай-ақ қойды. Келіні ұры да, қары да, өсекші де атанды. Келін де «Е, десе ме» – деп аздан соң тілін тартпауға айналды. Байына шағыстырып, келінін талай ұрғызды. Шаштасып төбелесті де, аяғы қайтсе де тастатуға бет түзеді. Келін шошала үйде бауырсақ пісіріп жатыр еді. Сембай келіп, келіннен бауырсақ сұрады. Бере қоймап еді, малай табақтан бауырсақты ала қашты. Келін бауырсаққа жармасқанда, Сембай омырауын қысып қалды. – Ой, көргенсіз ит-ай! – дей беруі-ақ мұң екен. Айша кіріп келді. Сембайдың келінмен алысқанын қырағы көзі шалып қалғанда, арам ой сап ете түсті. Ол онымен кете барсын. Айша ішіне түйді де қойды. Бір күні Жаңабай жоқта, жұрттың алды тұрар-тұрмаста Сембай отаудан шығып келе жатқанын Айшаның көзі тағы шалды. Бұрынғыға жамау бола кетті. Дəлел қолда. Енді тайсалатын не бар? Бұрын жұрт өгейлікпен айтады деуші еді. Енді қайтер екен? Айша əңгімені бастан аяқ мөндіретіп тұрып байына дəттеді: Күзек Сембай малайын оңаша шақыртып алып, əзірейілден жаман қысып тергеді. Жүз жерден жанын берсе де нанған жоқ, шыңғыртып тұрып жонынан таспа алды да, тысқа шығып кетті. Атарман-шабарманы болып жүретін Жолды деген жігітті Күзек шақырып алды да сыбырлады.

Соның артынан Соқпақбайдың тор шолағы Күзектің қорасына байланып қалғанын бірақ білдік. Соқпақбайдың жазығы не? Оның жазығы мол. Баласы Сембай Күзектің үйінде малайлықта жүретін. Жаман малай Күзек сияқты «жақсының» келінімен ойнап-күлді деген не сұмдық! Тор шолақ айыпқа алынды. Сембай үйіне келген соң, құдайдың ұрғанын Соқаң сонда білді. Соқаң жылап Күзекке барды. Қайдағы! Соқаң жылап ел адамдарына барды. «Шамасы келмейді, ел партия» – деді, Соқаң сүмелеңдеп болысқа барды. Бір ауылнай елді билеп тұрған Күзекті болыс жеңіп беруші ме еді? Соқаң жылап крестьянский начальникке барды. Начальниктің кеңсесін іздеп көшеде сандалып жүріп, тымағының миығын казак-орыс бозбалаларына жұлдырып, таяғынан айрылып бір есі шықты. Кеңсеге рұқсатсыз кірем деп бір орыстан тоқмаш жеп тағы састы. Перуатшікке арызын айтқан болып еді, ол құрғыр да аузына түкіріп қойғандай, болысыңа бар деп қайта берді. Начальникке жолықтырмады. Сенделіп үйіне қайтты. ІІ Содан бері арада 12 жыл өтті. Баяғы Соқаң ба? Жоқ өзгерді ме? Күзектен шыққан соң, Сембай пайда табуға шойын жолға кеткен. Онда бірер жыл жүріп, орысша балдыр-батпақ тіл үйреніп, салдат етігін, орыс бешпетін киіп келіп жүретін. Одан кейін 16жылы Сембай қара малай болып, соғыс жеріне барып, ел танып, жер танып қайтты. Қызылдар келген жылы Сембай мелетсе болып шапқылап, байлардан көлік, азық жинады. Күзектің алты түйесін бірдей тізіп алып, еттігін қопара тінтіп, мылтық іздеп, кегін бір қайырды. Разбезскіде Күзектің тыққан малын көрсетіп, сойылға жығып есесін екі қайырды. Күзектің малы да кеміді. Малымен бірге бағы да кеміді. Сембайлар көбейді, Күзектер шөмейді. Күзектің ауылнайлығы Сембайға ауды. Бұрынғы медальдарды тот басты. Сембай атқа мінді де, інілерін де сүйреді. Дүйсенбайды Совпартқа орналастырды... Енді Соқпақбай басқа тор шолаққа мініп, артына құрт, майын бөктеріп, қалаға баратынды шығарды. Енді Соқаң начальниктің

кеңсесінен қорықпайды; омыраулап кіріп барады, тымағын да ал-
майды. Енді оған тілмаштың да керегі жоқ. Жаман да болса өз ау-
зымен арызын жеткізеді, енді оның милығынан тартатын шайпау
казак-орыс та жоқ. Енді Соқаң шалқиып отырып, «Копкин» шай

ішеді. Айғазы да өлі жүнін тастап, шүберек киюге айналды, оты-
ны да маздап жанады. Енді Соқаң шын өз үйінде отырған тəрізді,
үй артындағы қызыл отаудың панасы да молайған тəрізді.
Өзгермесе бұ не?

ЖАПЫРАҚТАР

Жазғы демалысқа ауылға, ауыл емес-ау, ауыл-сымақ қалаға
шыққанмын.
Қобдидай құнтиған аппақ қана үйлердің арасы алшақ-алшақ.
Көшелер кең, ауыл маңы, көше бойы төселген бейне жасыл

барқыт, ай жарық. Жұлдызды аспанды уыз қымыздың майда,
ақшыл көбігіндей буалдыр, шарбы бұлттар перделеп тұр.
Терезе алдындағы тал шарбақтың ішінде екеуі егіз, бірі дара –
ағаш тұр. Терек пе, тораңғы ма, үйеңкі ме кім білсін? Қатар өскен

үш ағаш бастары түйісіп, жапырақтары құшақтасқан.
Болар-болмас өкпек желдің лебі бар. Жапырақтар ай сəулесіне
танадай жалтырап, көбелектің қанатындай желбіреп, жыбыр-жы-
быр, жырт-жырт етіп ақырын ғана сыбдырлайды. Сыбдырламай-

ды-ау, сыбырлайды, ол сыбырда өзінше сыр барға ұсайды.
Ағаштың өре басындағы, желдің өтіндегі жапырақтар
ұрандасып үн қосқандай, кейде зуылдап, судырлайды. Кейде
жалпылдап, қалбалақтап, ішін тартқандай болады. Одан төменгі

бұтақтар да жапырақтарын жалбаңдатып тұр: бірақ бұлардікі
аналардың қимылынан солғындау. Бұлардікі жалпы ағымға еріп
еліктеп, теңселген тəрізді. Жоғарғылардың дүрмегіне, дүбіріне
қызғаны болмаса, бұларда күшті екпін көрінбейді. Ең төменгі

бұтақтарға көз салсаң, жапырақтары арба астындағы шыбын
қаққан бұзаудың құлағы тəрізденіп əрең-əрең, анда-санда бір
селбеңдеп, қыбырлаған болады. Бұлардың сыбдыры да, сыры да
жабайы қозғалыс, бұларда күш те, күжіл де жоқ.

Байқамаған адам жапырақтар суылдағанға, бəрі бірдей
қозғалып тұр екен деп ойлап қалатын. Сығалап қарай бастасаң, ол
ойың бекер болып шығады. Ағаштың ық жағындағы жапырақтар

желге тұяғын да серіппейді, құлақтарын салпитып, салбыратып,
қалғып тұрған іспетті. Жел жақтағы жапырақтардың кейбір шоғы
да желге қасқайып, кеудесін төсеп тұрғанын көресіз. Мұнда не сыр
бар десеңіз, қайыспайтын қажырлы бұтаққа жуантық сабағымен

жабысады екен, бұлар желге қырын келмей, жонын беріп, біріне-
бірі иін тіресіп, селбесіп берік қабысады екен. Сондықтан олар
жеңіл-желпі майыспайды екен. Кейде ышқына соққан екпінді жел
бұларды да теңселтеді бірақ өзге жапырақтарына, əткеншек теуіп

кетпейді. Бастарын келте-келте қозғап, жел тынар-тынбаста əуелгі
қалпына қайтып, буынын қатайтып ала қояды.
Жапырақта жан жоқ деп ойлайсыз ба? Оларда да жан бар.
Адам, айуан сықылды жəндіктер демді өкпесімен алса, ағаш

жапырағымен алады. Жапырақ – ағаштың өкпесі. Өкпесі кетсе,
адам да өлгені; жапырағы бітсе, ағаш та солғаны. Төңіректегі
Əлемнен хабар естілсе, адамның құлағы селт етеді, ағаштың
жапырағы селтеңдейді: жапырақ – ағаштың құлағы. Жапырақсыз

ағаш жасармайды, гүлденбейді, өспейді. Жапырақсыз ағаш – қу
түбір.
Мен жапырақтарға қараймын. Жапырақтар адамша сыбдыр-
лап, үн қосып, ұрандасып, шуласады. Маған жапырақтар жылы

көрінеді, жапырақтың жалбаңы тымақтың құлағын еске түсіреді.
Мен жапырақтарды сүйемін. Жапырақсыз жаз бола ма? Жаз
болмай, ел мəз бола ма? Бар үмітің – жапырақта. Өйткені жас
балдырған, ағаштың көркі, олар – жасыл гүлдің, жазғы бұлбұлдың

ұясы.
Желпілде, жалпылда, суылда, дуылда, жасыл жапырақтар.

КЕП ҚОЛАҒАШТА...

Қайдан білесің?!
Жұрт ақылы көзінде ғой. Бопыраздатып, сым шалбармен
сидаңдап жүргенге «тұтқаның бірі осының қолында емес» деп ой-
ламайтын сияқты.

Жатты нағылайын. Осыны ойлайтын жақындарым болса ке-
рек. Əйткенімен желбуаз сөзге қомпиятын мен емес, мен де
есімді білем. Кеңес қызметкерлері бола тұрып, жатының болсын,
жақынының болсын... қойған көпшігін айырмай нағыпты.

Яғни, мəселен былайша айтқанда: сайлауда ауылнайлықты əпер
деп, мал жасырып салығымызды азайт десе, егескен дұшпанды
жазықсыз табанымызға сап бер десе, сотты болсақ қорға десе...
Құдай көрсетпесін, біріне жуыр ма екем?!.

Бірақ, оқушым, мынауың періште боп кеткен бе деп жүрме!
Мен де пенде ғой, жоғарғыдан басқа қылмыс заңында
көрсетілмеген бір қылмысқа тап болып қала жаздадым.
* * *

Демалысқа елге барғам... Жақынның аты жақын ғой. Обалы не-
шік, буынсызға пышақ қойған біреу де болмады. Өмір бойы жан
жолдас боп кеп, биыл ғана «Қ»-ға ауылнайлықты бермедің деп
көргісіз боп отырған Арысбай лəм демеді. Жалғыз-ақ ағайындар

Кəбірді де, Сабырды да, Қабылды да, Табылды да оқуға жібереміз,
ішкөлге түсіп, басшылық ет деп құлақты шуылдатты.

– Кедейдің балаларын оқуға түсірем дегенге кінəлі қылатын

қандай əулие, шамам келсе, бұларды ішкөлге түсіруден аянбайын
деген оймен – «жіберіңдер, жіберіңдер» деп жүріп бердім.
* * *
Бір күні Кəбір-Сабырлар сап ете түсті.

Жүрегім су етті.
Мектептерге піриом басталып қойды. Бұл бір.
Екінші, уезден келетін бала одан камандировкесіз келіп алын-
басын деген қаулы болыпты, шығынданып текке келмеңдер деп га-

зетте мақала жазды... қайткенде жылдағыдан піриом беті қатаң...
Əйткенмен, еңсемді түсірмей, балаларды пəтерге орналасты-
рып, оқу жауабын менен аласыңдар деп жатқыздым.
Астыртын əр жерге барып байқаймын.

Өзіміздің жақтың баласына əткез бермеуші еді ғой деп,
қарқылдаған еңгезердей қара зəбедейшіге бардым.

– Орын жоқ.

Азбыншы жолдастығы бар еді. Айтқанымды нағып жерге
тастар екен деп тымпың-тымпың тыпырлап жүретін тəпелтек
ушителге бардым.

– Орын жоқ.

Піриомы біткен жоқ, дегенмен, арық бота тірсек сары ушител-
ге бардым.

– Орын жоқ.

– Апырай, енді қайттім. Балалардан ұят болды-ау.

Балалар күнде келеді.

– Біз қайтеміз! – дейді.

– Ертең кел! – дейім.

Бірнеше күн өтті.
Бір күні бопыразымды ауызға сап, насаттанып жатыр едім. Ба-
лалар тағы келді.

– Біз қайтеміз...

– Білмеймін. Үшкелге түсу қиын көрінеді. – Сасқандық қой

деймін.

– Осынша кеш келерсіңдер ме? – деп өздеріне тап бердім.

– Бұдан ертеге шамамыз келді ме? Көлік жоқ, қаражат жоқ,

біздің неміз сай? – деп балалар күбірледі.

– Иə, тым кеш келдіңдер. Баланың көбі түсе алмай қайтып

жатыр. Азаматтар беделімен бала түсіруді қойсын дегенмен
кемесердің тапсырған баласын ал деп айтуға «Қ»-де аузы бармай
отыр. Анау да түсіре алмады... Мынау да түсіре алмады... – деп
көптің бірі болғым кеп қияметті жаудырмайым ба?

Кедейлер тықылдақ келетін əдеті ғой: Нұржанның баласы оты-
рып:

– Неге түспесін, бізбен бірге келген өз елінің үш баласын «Қ».

тіүсіріп-ақ жіберді. Бізден бір күн бұрын келген ағасының екі ба-
ласын Н. үшкөлге түсіріп енді қазынадан ақша əперем деп басына
кенеп қап кигізіп қойыпты. Солардың ояздан əкелген қағазы да
жоқ, бізден басқалар орналасып-ақ жатыр деп шақшия қоя берді.

Үнім өшті. Төмен қарадым. Аздан соң балалар тұра жөнелді...
Бəлен демедім. Қолағаш мықты болса, киіз қазық жерге кіредіні
білмейді-ау! Гəу қолағашта ғой... деп əлсіздікті мойынға алдым.

ЖАРАСЫМДЫ СҮГІРЕТТЕР

Мандатыңды мықтап алып, намаздыгер, ақшам кезінде (. .)1 қара
жолмен сарлатып келе жатасың. Ə дегенше болмайды, байдікіне
келіп түсе қаласың. Үйдегілер үрпиіп ата шығады. Қасыңдағы
кемеңгер: «Дереу пəуеске мен пар ат», – дейді. Мырза: «Жолдас,

арба қорап тұр еді», пəлен-түген деп қалбалақтайды. «Оттама, біз
атбешайыт!» – деп жолдасың бір ақырып қалады. Бай жерге кіріп
кете жаздайды: «Жоқ əшейін... иапыр-ай, енді...» – деп абдырап,
үйдің есігіне қарай жүгіреді.

Жанды менсінбей, сіресіп келіп отырасың. Көңілің көкке сер-
педі. Қандай рақат!
Кебеже қарын бəйбіше дастарқан жайып, сары тегенені алды-
на алып, күмісті ожаумен құлаштап қымыз сапырады. Не деген

салқын, қою, сары қымыз! Жұтқан сайын мейірің қанады. Бопраз-
ды қолға алып, мамық жастықты жантайып жатып, бұрқыратасың.
Қызыл масатының үстінде қызыл кəрдəн кеседе қымыз тұрар еді.
Анда-санда бір жұтып қоясың. Бағлан еті шырлап қайнап жата-

ды. Тысқа шығып, бойды жазып, бір серпіліп қайта келесің. Дəсер
табақ ет алдыңа қойылады. Уыздай етті шайнап, ащы тұздықпен
ми палауды шеңгелдеп тұрып асайсың. Тамаққа əбден тойған соң
аузыңды кере-кере жүдемете екі рет керіп жібересің. Бұдан артық

рақат бола ма?
Ұйқың қанып, өзіңе-өзің келген соң: «Əй, ат даяр ма?» – дейсін.
«Даяр», – дейді. Ұмамайы шайқалған екі құр атты қара пəуескеге
жегіп, екі азамат шау жастап күтіп тұрады. Əкең соқтырған ар-

бадай-ақ шімірікпестен қойқаңдап барып арбаға отырасың.
Ауыздықпен алысқан екі жануар арбаны құйындай ұшырып ала-
ақ жөнеледі. Арба дүр ете түседі – ауылдың қатын-қалаш, қыз-
кырқыны артыңнан қарап тұрады. Сонда сені кім деп ойлайды?!

Бұ да жалғанның қызығы емес пе!
Адым жерге бармай-ақ шеткі атты жеккен көлденең бақан
шарт етіп үзіліп кетеді. Қос тепеңге салып, көшірің кекшие тартса
да, тоқтата алмайды. Босанып алған шəлкес ат арындап арбаны

ұршықтай айналдырады. Шұғыл бұрылған пəуеске қан көбелек
ойнап, домалап қалады. Екі аяғы көктен келіп, серең етіп көшірің
құлайды. Бұнша қатты жығылмайсың, бажылдап көшіріңді боқтап,
басы-көзің шаң болып, шортташыңды сипалап, мықшиып тұрып

жатасың. Өз əлінше бұ да жарасымды емес пе?
1 Бірер сөз түсіп қалған.

Ішін кілем, көрпемен безеген ақбоз үй сайлаушыға тігулі тұрады. Толғағы жеткен келіндей желбауға асылып, қақ ортада емізіктеп қара саба тұрады. Жер ошақ басында қызарған, жайраған ет – еттің маңы ырылдасқан ит. Үйіткен құйқа, қоңырсыған майдың исі мұрныңды жарады. «Япырмай, нелерің бар? Тіккен үйден былай кетсеңдерші» деп, үй маңын қорып бір қарасақал жүреді. Қу жақ шұбар жігіт тізесін бүгіп, бір қағазды ұсынады. «Бұ не?» – «Жуандардың спесегі». Қабағыңды түкситіп, қағазды оқыған боласың. Қолыңды қалтаңа салып тысқа шыққанда, босағадан сығалаған қорқақтар дүркірей жөнеледі. Жың етіп, айдыныңа сүйсініп бір қаласың. Қандай тамаша! Сайлау басталады. Əлекедей жаланған мелитсең қылыш ойнатып, жуандарды борсаңдатып, дөң асыра айдап жүреді. Қызылды-жасылды болып тамылжып, мына жақтан əйелдер келе жатады. Оларды жақынырақ алып, елді алқа қотан отырғызып өкіметтің ішкі-тысқы жайынан баяндама жасайсың. Ара-арасында орысшалап та қоясың. Бір мезет əйелдердің пырауасын қозғап, оларға қорған бола, жағына сөйлеп кетесің. Бір мезет жуандарды түйреп, одан барып оқу мəселесін де, зайым помошті де басып өтесің. Ақындардың ауыз суын құртқан хор сыпатты арулардың мөлдіреген отты қара көздері саған қадалып махаббат лебі еседі. Аңсарың əлденеге ауады. Тілің күрмеле бастайды: «Жасасын, жасасынға» зорлап сөзіңді доғарасың. Шапалақ сарт-сұрт соғылады. Шіркін-ай! Жан шіркін сонда неғып шыдайды екен! Сайлауды бітіріп, трөйкелетіп қалаға тартасың. Былай шыға көсілейін десең, көзіленің астынан бір жұмсақ нəрсе аяғыңа былқ ете түседі. Қарап жіберсең, бір қап болады. Ішің бірдеңені сезе қояды. Білмегенсіп: «Соққан-ау! Мынауың не?» дейсің. «Онда жұмысыңыз болмасын, жеңгеңнің тапсырған бір аманаты еді», – дейді. Шұқылап сұрай берген соң, құлағыңа таман таянып: «Бір ішік пен кілем еді», – дейді. «Сен ит маған ұят келтіріп жүрме!» – деп ұрысқан боласың. Сөйткенмен көмейің бос. Үйге барған күні жаңа қалыңдық ойнағандай болатының еске түседі. Қатын деген соң аузыңа құм құйылады. Бұ да бір ғанибет емес пе! Сам жамырай қалаға кіресің. Қапты ақтарып, қатының қалың ұрады. Сені естіп, жолдастарың да келеді. Көрген-білгеніңді сұрайды. Еділ мен Жайықты аралап келгендей, аузың көпіріп, соғасың. Жағаң жайлау, төбең қыстау. Сол қызудың үстінде жолдастармен сыраға барып кіресің. Жылпос бикештер қаз мойындар-

ды алдыңа саусылдатып қойып, тарсылдатып тығынын ашқанда исініп сала бересің. Дүниенің бұты бір тиындай көрінбейді. Кеңірдегің жібіген сайын Жиреншедей тақылдайсың. Көз алдыңда отырғандарды жан екен демейсің. Аузыңа ақ ит кіріп, қара ит шығады. Не жазығың барын да білмейсің, əлдебіреу əкеңіздің аузынан сырға тағып, келдектей, жұдырықпен көк желкеңнен қойып қалғанын бір-ақ білесің. Онымен де тұрмайды, тағдыр бір қалыпта тұрмасқа бекінсе керек, құйымшақтан нық тиген тегеурінді тізенің дүмпуімен биік басқыштан басың төмен қарап, зымырап бара жатқанда көктегі жұлдыздай жымың қағып, күліп тұрады. Біле-білген кісіге бұ да жарасымды сүгірет емес пе? ЖАҢА ӨМІРГЕ АЯҚ БАСТЫ І Күн шағыл. Өкпек жел балбыраған жасыл тоғайды жайқалтып, шығысқа қарай жапырған. Шөп құрғақ. «Шалғы, тиші» деп тұр. Күн жақсы болған соң бүгін айдаңқырап тастайын деп. Додай шалғысын шыңдап алып, қайрағын көшкіше сүйретіп тағы түсті. Сусындап алған соң тыңайып қалған екен, жүз қадамға шалғыны бір-ақ жанып, екі сағаттай шауып, бірталай еңсеріп тастады. Маңдай терін қолымен бір сыпырып тастап, шалғысын тіреп қойып, жан-жағына қарап тұрғанда, астында семіз биесі бар еңгезердей болып, сапсиып, шөп иесі Құныке бай келді. Додай анадайдан сəлем берді. Бай сəлемін алар-алмастан: – Шөпке түскен малды көрмейсіңдер-ау! Ысмағұлдың сиыры бəйектің қақ ортасымен жүріп, қалпетімен жапырып кетеді. Бірің айдауды білмейсің... Манадан бері дем алмай шауып, шөпті өндіргеніне мақтау естимін бе деп тұрған Додайдың көңілі басылып қалды. Мадақ деген адамға үлкен қуат қой. Додай байға қарамай, шалғысын жанып жатып: – Біз шөп шабамыз ба, жер қоримыз ба? – деп күңк етті. – Ой, оңбаған иттің айтып тұрған сөзін. Мал қиратып жатқанда неғып дəтің шыдап тұрады? Сендердің мал көрмейтінің осы ғой. Бар шабатын шөпті малға жегізген соң, атаңның басын шабасың ба? – Жалдансақ, шабуға жалдандық. Қоруда біздің жұмыс жоқ, – деді Додай.

Бай қамшымен тартып жіберейін деп бір оқталды да, ақысы шамалы болған соң кетіп қала ма деп қаупілеп өзін-өзі тоқтатты. Ұрсып-ұрсып, басқа шалғыншыларға қарай кетті. Бай кеткен соң Додай келістіріп тұрып атасының аузын бір боқтады да, алақанына түкіріп, сермей берді. Əйтсе де ойы бөлініп жұмысқа көңілі жар бермеді: шалғы жануы көбейе берді. Додай өмірі кедей болып келе жатқанын, борышқа бермек тайыншасын, Ұмсындықтың тері шалбар киіп, екі баласының жалаңаш жүргенін, екі сиырдың бірі жоғалып кетіп, үй іші қоң торғайланып қалғанын, қыс қалай күн көретіндігін... тағы талайды ойлады... Бір-екі жол апарған соң діңкесі құрып, шалғысын тастап, жантая кетті. ІІ Ел жатқан соң Көкмұрын сары шақшасын қолына алып, басын көтеріп отырып иіскеді. Астынан су жіберген парабоздай, мұрны шуылдап Көкең аз отырды да, шидем күпісін жамылып тысқа шықты. Көкеңнің ұйықтай алмайтын мəні бар: алпысқа келгенде қатыны өліп, екі жылдан бері бойдақ еді. Кəртайғанда қатыны өлгеннен қырсық не бар? Пəлен жерде жесір қатын бар десе, Көкмұрын өңкеңдеп, құлағын түріп болмайтын. Көкең де – бір қара қасқа кедей. Ерте кезде шабарман болып, ат үстінде жүріп, содан қалған желік кəртайғанша басылмай, өзін бір сүбе кісіге санайтын. Үйінде не төсеніш, не жөнді мал жоқ болса да қабырғасы жабық сөз аузынан түспейтін. Жастар мінезін келемеждеп күлсе, «оу, мына жаман жапалақтың құтыруын!» деп арсылдап Көкең де күлетін. Көкеңнің «жақсылармен» жанасқандағы тапқан олжасы: сары шақшаны мақтап-мақтап, жиылған жұрт бір қағып шығатын. Көкең тысқа шықты. Дəурен еске түсті. Тырс еткен жан білінбейді. Əр үйдің қасында бірді-екілі сиыры ыңқылдап, күйсеп жатыр. Ай қараңғы. Күн жылы. Аспандағы жұлдыздар да Көкеңе «ойың мақұл» дегендей жылтылдап, жымың қағады. Ауылдағы əйел біткен – Көкеңнің келіні. Келін екенін тыңдайын деп жүрген Көкең жоқ. Бірақ қолына түспейді. Нұрқанның қатыны мұндай шайпау болар ма, қараңғыда шелекті салдырлатып келе жатқан Көкеңді қатқан торсықпен қақ тұмсықтан беріп қалып, өзі қоңқиып қызара кеберіп тұратын тұмсық кезек алып, қолағаштай

болып баржиып кетті. Сондықтан бүгін Көкең ол үй жаққа беттей алмады. «Додай үйде жоқ. Ұмсындық біртоға, үндемейтін адам еді. Əнеугүні үйіне барып отырып, санын қысқанда, онша ашуланған жоқ еді, қолымды итеріп тастап, бетін шымшып қоя салып еді. Соны бір байқасам қайтеді» деген ой еді Көкеңді тұрғызған. Бірбеткей кісі алды-артына қараған ба: аяғын нығыздап, солталаңдай басып, мұрны шуылдап, үй-үйдің артымен солай таман аяңдады. ІІІ Кешке шейін шөп шауып, титығы құрып, шөп Балағанның қасында Додай жантайып, тынығып жатыр еді. Бүйір жақтан бір атты кісі сап ете түсті. Балағанға келіп: «Додай бар ма?» деп дауыстады. Додайдың жүрегі су ете түсті: «Бар!» – деді. Атты кісі Шұлғаудың Соқыры екен: – Бері кел! – деп айғай салды. Додай дауысты таныды. Орнынан сиыршылап əрең дегенде тұрып, ілгері басқан аяғы кейін кетіп, Соқырға барды. Амандықтан кейін Додай бір пəлені сезгендей: – Немене, жаным? – деп сұрады. – Сен өзің кісі емес екенсің ғой. Атымды қинап, əуре қылғаның не? – Бермеді ме? – Аяғына да отырғызған жоқ. Обыр ысқаяқ құдайдың атқаны емес пе? Мені əуре қылғаның жетеді енді. Жүр, тайыншамды тауып бер! Мен де борышымнан қысылып тұрмын... – Япырай, қайдан табайын. Өзім, міне, шөп шауып жатырмын... Біраз күнге шыдай тұрсайшы. – Қой, қарағым! Шатпа! Тəлкегің жетеді. Бір сағат та қарамаймын. Неше рет келтірдің... – Енді қалай қыл дейсің? Жерден қаз дейсің бе? Жалғыз сиырдан басқа малым болса, көріп тұрсың ғой! – Малың жоқ болса, құрбан жасағанда не ақың бар еді! Менің ол тоқтымды кім болса сол алатын еді. Ағайыншылығыңды айтқан соң бергемін. – Құрбан шалғаны құрысын! – деді міңгірлеп Додай. Ішінен жылпос қожаның аузына сырғанатты. Сол ит болмаса, өзі кедей Додай құрбан шалып борышқа ұрынар ма еді? Оған не керек: терісін алса болғаны. Додай олай айтты, бұлай айтты, Соқырды көндіре алмады. Еһелесіп, боқтасып та алды. Бұл əңгі төбелесуден де таймайтын.

Бұ бір құдайдың пəлесі. Аяғында Додайды алып жүрді. Додай былтыр өлген сиырының етін Су Əбділдəға бір тайыншаға сатқан. Су Əбділдə Соқырға бермей жіберген. Енді тағы өзі жүріп, тайыншасын Соқырға алып беруге бармақ болды. Таң атқанша барып келетін болып, байдан бір байтал сұрап мініп, Додай қынжылып жөнелді. ІV Түн ішінде Əбділдəны барып оятып, сөйлес қылды. Əбділдə тайынша бергені сол, қарсы дау салды. – Сиырдың терісіне қақ жарлы болғамыз. Теріні өзің екі пұт тарыға сатып отырсың, мен тайынша бермеймін. Берсем, қой беремін, əйтпесе, жеңген жеріңде аласың – дегенді айтты. Енді не қылу керек? Амал құриды. Соқыр иықтап қалмады. Додайдың ұнжырғасы түсті: – Ағатай-ау, шөпті бітіргенше аялдасайшы!.. – деп жалынғаннан басқа айтары болмады.. Бірақ Соқыр аялдамады. Додайды күрскүрс боқтап, өкіртіп келеді: – Менің алуым оп-оңай! Сен түгілі мен пəленшені солай қылғанмын, – деп күштілік етіп қояды. Додайдың жан тері шықты, қиналды: – Бүгін құрып қалсам да сенен құтылайын. Құнекеден алатын қойымды екі күнде жеткізіп беремін. Қалғанын тағы тауып беремін. Сен ренжімеші, – деді. Соқыр көнбей, əрі-бері шалықтаса да, түк өнбесін білген соң, сол сөзге байлап, аулына қарай кетті. Додай да қайтты. Додайдың өз ауылы да жолдан онша бұрыс емес еді. «Таң атқанша жетермін. Ауылға соғып, балалардың амандығын біле кетейін» деп, үйіне бұрылды. Бұл ой қайдан сап ете түскенін өзі де байқаған жоқ. Ағайыннан, елден торыққанда, табан тірейтін еш нəрсе қалмағанда, қатынбаласын алданыш қылып, көңілін жұбатқысы келді ме? Болмаса, басқа ой болды ма – əйтеуір Додай келе жатыр. Ойы қараңғы тұман, көзі бажырайып тұрса да еш нəрсені көрмейді. Аяғы тепеңдеп, қос-қостан қамшылап, омырауы аңқиып, көзінен сорасы ағып, жұттан шыққан кісідей келе жатыр. Ауыр ойда келе жатып дөңсеге қалай шыққанын да байқаған жоқ. Қараса аяғының астында томпиып, қараңдаған 4-5 жаман үйлер тұр. Жатақтың құрым лашығы. Маңайында мал жоқ. Қонекенің ауылындай қотанда қойы жоқ, тізулі желіде жатқан

бұзаулар да жоқ. Күзетші де жоқ, өліп жатқан, сəні кеткен меңіреу ауыл. Ауылға таяна бергенде тұмсығын қолтығына тығып жатқан ала маймақ басын көтерместен бүлік-бүлік үрген болды. Сүмірейген жаман ақ күшік даусы қырылдап шəуілдеп еді, кəрі төбет жаратпады ма, «сен-ақ үрші!» деді ме – даусын бəсеңдетіп, ыңылдап қоя салды. V Иттің даусы шыққан кезде ноқталы ысқаяқ қара кебеженің алдында əлде неге сасып, тұмсығы азан-қазан болып, əн салып отырған Көкең қозғала бастады. «Жұмыстың түрі осылай болды ма?» деген кісіше: – А-а-а! – деп бір аңыранды да: – Сен де бізді менсінбедің бе? Біздің енді əбден бітіскеніміз-дағы... – деді. Жауаптың орнына Ұмсындық тері төсеті салдырап, тықыр-тықыр қасынды. Көкең отырып қамықты: – Біз бір сорлы да. «Қосы ауғанның есі ауады» дейді ғой бұрынғылар. Ой, əттеген-ай,.. болмас, болмас!.. – деп шұбатылып орнынан тұруға айналды. Со кезде аттың дүбірі естіліп, үйдің қасына дүрс етіп түскен кісі де сезілді. Көкеңнің мұрнының шуылдағы таянып келе жатқан тықырды манадан бері естірмей отыр екен. «Құдай қара бастырғанын» білді де қиқайған ергенекті шықыр еткізіп, арбаңдай басып тысқа шықты. Қолақпандай Көкмұрынды Додайдың көзі шалмай тұрсын ба: – Өй, бұл қайсың? – деді. Көкең дес беруге жарамады. Үйшігіне кірген аюдай, бөксесі солбалаңдап өз үйіне барып, жоқ болды. Өзі жарылып келген Додайдың жүрегі дүрсіл қағып, аузына тығылды. Тұла бойы қалтырап, тісі шықырлап, есікті жұлып тастап, үйге кіріп келді: – Иттің баласы!.. Неғып жатсың?! – Неғыппын? – Көкмұрын неге келді? – Тентіреп жүр. Мен шақырды дейсің бе? – Шақырмасаң неге келеді? – Бұйырмасын. Оңбайын... Құдай ұр... – Өй!.. Құдайдан садаға кет! – деп Додай қатынын сүйреп алып, төмпештеді. Балалары оянып, үрпиісіп, шулап жатыр. Додай ұрып-ұрып мауқы басылған соң, атына мінді де жүріп кетті.

VІ Тегіннен таяқ жеген Ұмсындыққа қатты батты: Өксіп-өксіп жылады. Көп жылады. Шешесі жылап кеңкілдеп бүгжиіп отырған соң бес жасар қызы – Шиттей де кемсеңдеді. Апасының қасына таман келіп қолын мойнына қарай апарайын деп еді, апасы итеріп тастады. Шиттей шырылдап, бақырып қоя берді. 7 жасар Тəніке еркектігін білдіріп, тонына оранып көзі былжырап жатқан. О да не болып қалды? – дегендей таңданып ұйқысы шайдай ашылды. Ұмсындық қатты күйінді. Күйінбей қайтсін? Жазықсызданжазықсыз, əйт-өйге қарамастан ұрғаны. Ұмсындық жаман да болса Додайдың көзіне шөп салған емес еді. Келіншек кезінде жалғызжарым желбастық істесе де, балалар туған соң солардың тілеуін тілеп, адал жүруші еді. Бірді-екілі сиырдың сүмесін ас қылып, аз да болса тырнақтап балалармен жағаласып, құрт-май алып, қыс көжесіне қатық қылушы еді. Борыштап қысылса, Ұмсындықтың майын мінтеп, соны сатып талшық етуші еді. Байы жалшылықта жүрсе, Ұмсындық «біз үшін жүр ғой деп келгенде шайға май салып беріп, өзінше күтетін. Оның жегенін өзі жегендей көретін. Сөйткен Ұмсындықтың кəдірін білмей, қаңғырған бір төбеттің кесірінен өлгенше ұрғаны жанына батып кетті. Жалғыз сиырға қарап, өзі жарымай отырған Ұмсындыққа жаман ой түсірді. Бұның мен несіне қызығамын? Не киімге, не тамаққа жарып отырғам жоқ. Менің кəдірімді білмейді екен ғой. Маған сенбейді екен ғой. Тоқтай тұр: мен сені үйретейін. Бұ қорлыққа шыдап отырғанша, мен де өлмес күнімді қылайын. Мендей қатын далада қалып жатқан жоқ. Кім болса сол алар мені. Баймақанның қатыны да кетіп қалды. Күлтай да қайтып келді. Оларға не қылды? Олар барған жерінде қағанағы қарқ болып-ақ отыр... Бірақ балаларды қалай қиып кетер? Олар жетімсіреп қалмай ма? Олар кім көрінгенге көзге түрткі болмай ма? Олардың көзінің жасы кімге?.. Кім жазықты?.. Менің жазығым не? Өз обалы өзіне. Ұмсындық ұйықтамады... Көп ойлады. Екі бала біріне-бірі тығылып, құнысып, қор-қор етті. * * * – Келін-ау, түндігіңді ашпай неғып жатырсың? – деп Сырға дейтін кемпір Ұмсындықтікіне келсе, үңірейіп орны жатыр. Екі бала балапандарша үрпиіп, шоқиып-шоқиып көздері жаутаңдап отыр.

VІІ Ел қыстауына қонды. Күн салқын тартты. Шиттей Сырғаның қасында жүн түтіп отыр. Тəніке жаман қиды алып, сирағы қарғаның сирағындай қап-қара болып сидиып бүрсең қағып, тезек теріп жүр. Ұмсындық кетті. Келмеді. Балалары анда-санда: – Апам қашан келеді? – деп сұрайды. Додай жауап бермейді: жөтеліп, көзі жыпылықтап, естімеген болып, не тысқа шығып кетеді, не шұқиып етігін жамайды. Балалар жүдеубасқа айналды. Үй суық, от жағылмайды. Сығырайған қарын терезе жыртылып қалып, ызғырық соғады да тұрады. Додай үйден шығып кетсе, жалғыз бұзау жамырап, еміп қояды. Балалар қарны ашып, əкесінің мазасын алды. Додай екі барды, үш барды. Ұмсындық келмеді. Өзінде төркін жоқ. Жамағайыны Əлібек молданың қолына барып еді. Əлібек – «ел адамы». Додайдың қарын суалғанын неғысын, есі-дерті Ұмсындықты сатып, тайынша, торпақ пайда қылуда болды. Молдаға жалынып айтты, жылап айтты. Додайды керек қылған жоқ: «Қатының бармайды. Неғыл дейсіңмен» шығарып сала берді. Додай қатыннан күдер үзді. Күйінді. Қажыды. «Неге ұрдым?» деп өкінді. Не пайда шерге шер жалғағаннан басқа түк болмады. Басын тауға соқсын ба, тасқа соқсын ба? Не қыларын білмеді. Сөйтіп жүргенде «Ұмсындықты бір құнан өгіз, бір тайыншаға Тоғанбайдың Əбдірахманы апты» деген хабарды есітті. Бұрын азмаз дəмеленіп жүретін Додай мүлде қаусады. Əлгі хабарды естігенде Додай жас балаша кеңкілдеп жылап жіберді. Додай жылап болып отырғанда, жылпос қожа сəлем беріп кіріп келді. Додай бұрын қожаға қол беруші еді, бұ жолы қол бермек түгіл сəлемін де алған жоқ. Қожа келуін келсе де, сасып қалды. – Е, жəй ренжіп отырсың ба? Мал-басың аман ба? – деді сасқанынан. – Аман кісі осындай бола ма? – деп Додай тоңқ етті. – Қайырын берсін! Қатының кеткенін естіп едім... Құдай жеткізер... – деді қожа. – Қожа, шариғатыңды басқаға айт! Өзің менен аулақ жүр! – деп Додай дүрсе қоя берді. Қожаның көзі шарасынан шықты. Қалбалақтап: «Бейшара-ау, менен көремісің? Дұғамды бергеннен басқа...» деп келе жатыр еді.

– Дұғаң құрысын! Мені жарылқамай-ақ қой! Сенің кесірің!

– деді Додай.

Қожа көп отыра алмады, өкше көтеруге тура келді.

VІІІ

Бір күні Додай арбашы ауылына барды. Бадығұл үйінде үш-
төрт ат тұр екен. «Кім?» деп еді, «Жолдасбайдың баласы» деді.
Додай еститін. Жолдасбайдың баласы үлкен ұлы Əнуар еді. Өзі
коммунист дейтін. Додай ерте кезде сол ауылдың қазан-аяғын

ұстаған. Жолдасбай дөңгелек күн көргіші бар момын адам бо-
латын. Баласы да адал жігіт деп ел мақтайтын. «Жолдасбайдың
баласы» дегенде, көңілдегі қамтамамды айтып қалсам қайтеді
деген Додайға ой түсті. Үлкен жерден ұлық боп келген кісі бізді

менсініп сөйлесер ме екен? Ұрсып тастай ма? – деп бір күдіктенді.
Күдіктенсе де: «Айт, осыған айтып қал! Басыңды кесіп алмас.
«Қазақтың баласы ғой» деп ішінен біреу түрткілегендей болды.
Додай өзін өзі қайрап алып, кісілер отырған үйге сəлем беріп

кіріп келді. Ауыл адамдары иек көтеріп: «Аманбысың?» дей сал-
ды. Додайдың көзі ішіп-жеп бара жатқанын көріп, бір арызы бар
екенін сезіп, төрде отырған «төре» де түсін жылытып:

– Амансыз ба? – деді.

Додай құр атқа мінгізгендей дардиып, басын шұлғып:

– Шүкір, құдайға! Шырағым, аман-есен келдің бе? – деп,

қопарылып қимылдап қойды. Додай өзінің танымал екенін, тілеу-
лес екенін сөзімен, кейпімен сездірді.
Додайдың қыбыржып, айтуға бата алмай отырғанын байқап,
Жолдасбайұлы:

– Ағай, айтатын шаруаңыз бар ма еді? – деді.

«Ағай» дегені қатынын алып бергеннен кем болмады. Додай
жігерленіп, еңбектеп ілгері таман барып, жүгініп отырып, бастан
аяқ мұңын шақты. Оның ішінде су Əбділдə да кетті, Көкмұрын
да ілінді, Əлібек молда да, Соқыр да, Құныке де, жылпос қожа

да кетті. Сөзді тым арғыдан қозғап, жуырда бітіре алмады. Əйтсе
де тыңдаған жолдас арызын ұқты. Су Əбділдə келе қалар ма,
шақырып алып:

– Мынаның тайыншасын беріңіз. Бермесеңіз, мен арыз жазып

беріп, сотқа жіберемін, – деп қысты.
Əбділдə ауыл арасында мықты екен, батырдың көзі алақтайын
деді. Дереу сол ауылдан қарызданып, тайыншасын тауып берді.

Қатынын сатып, пайда қылып отырған молданың үстінен сотқа арыз жаздырып алды. – Молда күшті адам ғой, арты өзіме жаман болмасын? – деп қипақтап еді: «Түк болмайды, кедейдің күні туғанын білмейсің бе?» деп, көп сөз айтып, қуат беріп, бұдан кейін «бұрабасын» (право – даяр.) жоқтайтын жолын көрсетті. Алғысты бере-бере Додай тайыншасын айдап, үйіне қайтты. ІX Үйіне келер-келгенше Додай Жолдасбайдың баласын айналыптолғанды. Əлденеше алғыс айтты. Батасын берді. Өмір-жасы ұзақ болуын тіледі. Додайдың бар торыққаны: Мұндай адам біздің қолымызға түсе бермейді ғой. Ертең ол кеткен соң, молдалар сорымызды қайнатады ғой деген ой еді. «Қашан кетеді екен? Сұрамадым-ау!» деп арман қылды. Япырай, осындай кедейге болысатын жігіттер елге неге келіп тұрмайды екен? Бұлар түзулігін айтып отырса, кісіде ақымыз кете ме? Бүйтіп қор боламыз ба? Осындай жігіттер жоғарғы жерде көп пе екен? Көп болса елге де жетер еді... Тегі, тым көп емес қой. Не қылғанмен жаман емес. Тым болмаса, анда-санда бір келіп, аралап кетіп тұрса да бір жасап қалмаймыз ба? Бұл келмесе, Əбділдə тайынша беруші ме еді? Маңына дарытар ма екен?..» Міне, Додайдың ойлап келе жатқаны осы еді. Додай тайыншасын əкеліп, қораға байлады. – Аға, бұ кімнің тайыншасы? – деп сұрады баласы. – Қарағым, біздің тайынша. Кісідегі алмағым еді. – Е, алақай! Біздің тайынша! – деп баласы тайыншаның мойнынан құшақтады. Сырға кемпір бүгін балаларының үсті-басын жамап берген екен. Балалары жаңа киім кигендей, əкесіне көрсетіп, мақтанды. Сиырдың кешке сүтін пісіріп ішкен соң, Додай шоқпыт көрпесін салып, балаларын жатқызды. Тысқа шығып, тайыншаны бір көріп, есікті жауып, өзі де келіп жатты. Бүгінгі көргенін ойлап, бір жағынан буынып қала ма деп, тайынша көңілін бөліп, көпке шейін ұйқысы келмеді. Азырақ көзі ілініп кеткен екен, қайта оянып, тысқа шығып келді. Түн ортасы болды. Додай сығырайған терезесіне қарап жатыр. Бір мезетте тыстан тықыр шыққандай болды. Құлағын түре қалды: адамның тықыры. Есікке қарай бір өтті де, қайтадан терезеге келді.

Додай ұры бола ма, əлде тайыншасын алып кеткелі келген
Əбділдə болды ма деп қыпылдады. Терезеге келіп, бір əйел адам:

– Əй, есік аш! – деді.

– Қарағым-ау, Ұмсындықпысың?! – деп ата жөнелді.

Додай есікті ашып жібергенде, Ұмсындық мойнынан құшақтай
алып, жылап жіберді. Көрісіп жатып:

– Менен бір білместік болды. Кеш! Екі қарағымды сағындым.

Сені қимадым... Малы құрысын. Қуарған шалды қайтейін, – деп
жылады.

– Сен де кеш! Менен де білместік болды, – деп Додай да жы-

лады.
Сөнген өмір қайта тірілді. Жаңа өмірге аяқ басты.

ДАЛАДА НАУРЫЗ

Жер қар. Жел темірқазықта. Күн шытқыл. Төбе үстінде ақ таяққа
сүйеніп, мосқалдау бір адам тұр. Үстіндегі қырысқан, ысқаяқ ескі
тоны, көң шалбары, басындағы тысы түте-түте қызыл сеңсең
тымағы, беліндегі қырық жылғы қынды кісесі, далаға шыныққан,

қошқыл тартқан қалың бет-аузы бұл адамның қойшы екенін айт-
пай танытады. Өңі ескіргенмен қойшының селдір шоқша сақалы,
бытыранды түкті мұрты əлі күнгі қап-қара.
Төбенің күнгей бетінде жайылып жатқан жүз қаралы қой.

Қойшы қойына анда-санда көз жіберіп, таяғын таянып тұрып
аспанға қарайды. Қарағанда мынадай ой түседі. «Аспанның түрі
мынау: сұп-сұр болып, мұнартып тұрғаны. Күннің қабағы бір
жадырамайды. Ажары бір кірмейді. Артында тағы зілі бар ма,

əлде немене... Қалған арық-тұрақты тағы типыл қылып кетпесе
неғылсын...». Қойға бір қарап қойып, тағы ойлайды: «Баяғыда бұл
мезгілде күн жылынып, қар еріп, алатегенек болып жатушы еді.
Енді шегелеп қойғандай қары құрғыр бір міз бақпайды, көк аязда-

нып, сіреудей болып жатқаны. Бұ не деген əлемет болды!.. Баяғыда
бүгінгі күні қазан-қазан құрт көже істеп, үй басы жылқының ба-
сын асып, наурызды мейрам қылып, қағанағы қарқ болып қалушы
еді. Атқа мініп ауыл қыдырғанда көңіл көтерілуші еді. Желпініп

ойнап-күліп, тамаққа тойған соң, қыстайғы сарсық бойдан бір
шығушы еді. Қойды ауылға таман сыра тастап, біз де барушы
едік. Өйдейт дерсің! Үлкен үйлердің тай қазандары күп-күрең,
сары қасқа құртқа толып тұрушы еді. Қарнымыз сыздағанша ішіп-

ішіп, тершіп, шымырлап отырушы едік! О да бір дəурен екен!..

Ондағыдай жұртта енді береке бел бар ма? Дəулет бар ма? (Қойға
көзінің қырын салып): Шалқып жатқан ақтылы қой жер қайысып
сонау өлкеге сыймай кетуші еді. Байдан туған жанның бір өзінен
алты қотан қой өруші еді. Құлалы жылқы қып-қызыл, ортасы

шұп-шұңқыр болып жатушы еді. Сиыр дегенің, түйе дегенің қара
құрттай қаптап жыртылып айырылушы еді... Олар қайда?! Көрген
түстей болды. Енді немене? Ауыл басы ая толым қой, көтен ба-
сындай жылқы, үй басы екі-үш мешке қарап отырып қарның аша-

ды. Қойға қарайды да таяғымен жерді бір соғып, айқайлайды: «Ə-
əйт! Шай-былай!».
Қағылшаңға қарай жайылмай, малтығып омбы қарда не
жұмысы бар екен? Жабағысын көтере алмай ілініп жүрген неме

қарға жығылып қалар ма екен?.. Таяғын беліне қыстырып бір
тұрады да қайта таянады. Өте алмайтынын білді білем: өзі де
қайтты. Қар енді бірер жеті жатса, ілініп тұрған шіркіннің несі
қалар дейсің? Пішен жоқ. Жерден аузына түсер дəнеңе жоқ. Жа-

ман қу көде ас бола ма? (Күрсініп) Ой, жасаған-ай! Бұ не деген
заман болды! (Ойланып біраз тұрыңқырап) Əлгі жалғыз сиырға
жаман қатын қара құмақ аршып берсе жарар еді. Далаға шығарам
деп, жығып алмаса неғылсын... (Алысқа көз жіберіп) Самамбет

жақтан екі-үш кісі келеді. Наурызды сылтауратып, омыртқа аңдып
жүрген біреулер ме? Əйтеуір біздің ауылға бет алған біреу ғой...
Түйеші байғұс та жантаңдап, маған таман келе жатыр. Бүгін нау-
рыз болғанға менімен көрісуге келеді ғой байғұс. (Қойнына қолын

салып) Қойнымда малтам бар ма екен? Ие, бар екен.
Үстіне шидем күпі, басына жаман тымақ, аяғына тері қаптаған
шəркелі киіз байпақ киген, белбеулі, бір көзі соқыр, солтақ шал

– түйеші келеді. Түйеші жақындай бергенде, қойшы сəлем береді:

– Салаумағалейкім! Түйеші: – Əлейкісəлəм. Малың аман ба?! Иə,

наурыз құтты болсын!
Қане енді қойшы: – Ө, бірге болсын! (Екеуі де таяғын тастай
беріп, құшақтасып көріседі).
Т ү й е ш і: – Келесі наурызды жасаған кейітпей көрсетсін!

Қ о й ш ы: – Айтқаның келе берсін. Құдай малды аман қылып,
қырсығынан сақтасын.
Т ү й е ш і (таяғын алып): – Рас айтасың, рас айтасың. Құдай
тек малды аман қылсын... Ой, дүние-ай десеңші! (Қойшы таяғын

алып екеуі сөйлесе бастайды) Бұрын наурыз осындай болушы ма
еді, Тасеке?!

Қ о й ш ы: – Несін айтасың. Мен де соны ойлап тұрмын-ау! О
бір дəурен екен ғой!
Т ү й е ш і: – Рас, солай екен. Ішуге тамақ, киюге лыпа жоқ.
Енді қатықсыз қаракөже, жасық ет жүректі кесіп, көзің бозарып

жүргенің. Сұмдық қой бұл.
Қ о й ш ы: – Күннің ажары бір кірмейді. Мен əлі қыстың
аяғынан қорқамын.
Т ү й е ш і: – Кіші үйдің боз інгені бүгін тағы өлді. Мойнақтан

ол үй енді таза болды.
Қ о й ш ы: – Оның өлетінін мен əлдеқашаннан білетін едім.
Əнеугі қазынаның егін тасығанда бітіріп əкелді ғой. Мұқым
бұрлығып қалған көрінген... неше бозінгеннің жемтігі жолда

қалмады дейсің. Қырық бес деп пе еді, немене еді өлген түйенің
саны. Ауылнайлар айтып отыр еді.
Т ү й е ш і: – Биыл бағуға жарайтын түйе қалмайын деп тұр
ғой. Түйеші салмай-ақ кезектесіп бағар.

Қ о й ш ы (қойнынан малтасын алып): – Қане, енді отырып
малта жейік. Наурызды малтаменен мейрам қылмасақ, баяғыдай
күн бар ма?
Т ү й е ш і (отырып малта жеп): – Малта болса да қолға түсе

берсе жарар еді-ау. Қайта сен тауып алған екенсің.
Қ о й ш ы:– Наурызға көптен сақтап жүр едім. Сенімен далада
бір көрісерміз деп ойлап...
Т ү й е ш і: – Өй, байғұс, қанша айтқанмен ескі көз-ау! Тұстастың

аты тұстас-дағы. Мен де саған берейін деп бір қақпышты Сырғадан
сұрап алып едім. Жасықтың ішінде кішкене жілігі татиды білем.
Жирен аттікі-ау деймін, сірə. (Қойнынан қақпышты алып, бөлісіп
жеді).

Қ о й ш ы (қақпышты жеп отырып): – Шөлдетеді ғой бұл.
Т ү й е ш і: – Шөлдесек қар бар ғой. Қойшы, анау келе жатқан
үш аттың кім екенін білдің бе? Сəбеті ме, кəмитеті ме, каңғып
жүрген солардың бірдеңесі-дағы... Шұлғаудың маңқа баласы ұлық

болған соң, құдайға не амалың бар? Үйіне екі кісінің басы батпай-
тын сіңірі шыққан мен ұқсаған бір жылтыр бұлар! Ел билеген соң,
қайдан оңсың?
Қ о й ш ы: – Өй тəйір-ай! Оның ұлық болып жүргені бай

балаларының арқасы да. Солардың үргізіп қойған иті емес пе?
Оның қолында не бар дейсің?
Т ү й е ш і: – Жоғыңды білмеймін. Əйтеуір мал тауып жүр.
Жұмыстан қалдырам деп талайды жəукемдеген жоқ па?

Қ о й ш ы: – Иə, оның бəрін сол алады деймісің. Бай балалары-
мен «бай» да серік қой. Ол өз бетімен сай өрлесе бір күн қоя ма?
Т ү й е ш і: – Ие, байлардың бұрынғы күні бар ма? Малдан
айырылды. Мал кеткен соң немене? Иттен өзгенің бəрі басынып

кетеді. Көрмеймісің Ордабайдың қызын беріп отырған жерінен
бұзып Балтабектің Құтбан баласы алып қойған жоқ па? Байдың
бұрынғыдай реті болса, о қыздың маңынан жүре алар ма еді. Сөз
бірдеме шығып ұрғашыға бүйі тигендей қылған жоқ па?

Қ о й ш ы: – Ұрғашы демекші, Терлікбайдың да келіні бұзылып
жүр деп, біздің кемпір бірдеңені қоңырсытып отыр еді. Сірə, бұ
қылығын қоймаса, жұрт қатыннан жылмағай боп, тұлыпқа мөңіреп
қалмаса неғылсын...

Т ү й е ш і: – Ие-ие, қатынның құтырғаны не жақсы ырым
дейсің. Заманақыр боларда «сиыр пұл болады, қатын би болады»
деп бұрынғылар айтады екен. Бұ да бірдеңенің нышаны ғой.
Қ о й ш ы: – Оның рас. Күннің əлпеті де жаман. Сақиып тұра

береді. Бұ да жақсы ырым емес.
Т ү й е ш і: – Бүйте берсе ел не болар, соны айтсаңшы?
Қ о й ш ы: – Біздікі енді иман-дағы... Балалардың бағын ашсын
десейші...

Т ү й е ш і (қойға қарап): – Əне, жығылып қалды!
Қ о й ш ы: Қарашы бұл бəлекетті. Көз жоқтан жаман. Кесе
қарға барып ұрынуын. Əне біреуі тағы жығылды. Жүр, түйеші!
Т ү й е ш і: – Жүгір, енді жүгір! Мына құдайдың қырсығы (Еке-

уі де кетеді).

ОРАЛДАН ПОЙЫЗ ӨТКЕНДЕ

Пойызда газет оқып жатыр едім.

– Туү-у!.. Мынаның тамашасын-ай!.. – деді біреу. Терезе-

ге қарасам – Орал екен! Оралдың ақар-шақар таулары бірінің
иығына бірі басын сүйеп, жасыл жамшы жамылып, тамылжып
алдымыздан шықты. Көкектің жасыл жапырақты орманы бейне
бір жасыл барқыт, құлпырып көзіңді еріксіз тартады.

Басқан сайын тау қойнауына кіріп барамыз. Кірген сайын
асқарлар басын аспанға созады. Анадай көрінген алыптар замат-
та зорлап алдыңа келеді. Аузын ашып, бауырына басып жұтып
қоятындай көрінеді. Жұта алмайды. Жіптіктей жолмен жыланша

бұраңдап, əр жерден бір шаң беріп, сағатына 40 шақырымды ар-

тына лақтырып өжет пойыз сыпылдап өте шығады. Тауды тауға
қосып, құлындай құлдырайды.
Арасынан ине өтпестей иін тірескен жыныс орманның тұтасқан
жасыл бастары бұлар болмаса өкпек желмен жыбыр-жыбыр

қозғалғандай, жынданғандай болады. Кейде кең алқапқа кіресің.
Шытырман ағаш сирегендей болады. Судай тегіс, дастарқандай
жазық жасыл беткейде астынан жүрген түйелі кісі танадай
көрінетін өрім-өрім ақ қайың, қолдың саласындай саңдақтанып

тұрғаны. Мүлтіксіз, оқтай мүсіндер көк күмбезді шатырының
самалды аясына қолын бұлғап шақырғандай көрінеді. Түсе сала
тыраңдап, аунап, аспанға қарап, əн салып жатқың келеді. Ə деген-
дей болмайды, олар да артта қалады.

Мінекей, заңғарды жүлгелеп пойыз тар аңғарға сүңгіп барады.
Міне, Сақмардың алып қашқан бойлауық салқын өзені Сақмардың
кемеріне мінбелеп, суға төніп, пойыз зымырап келеді. Сол жағың
басына көз жеткісіз көкпең-көк қия тас, оң жағың арыстан-

дай тулаған Сақмардың асау суы. Құдай қысқандай тар жермен
қысылып, «сират көпірінен» өткендей елбелектеп пойыз келеді.
Үстіңнен тау құлайтын тəрізді, астыңда Сақмар суы жұтатын
тəрізді əлденедей қорқыныш сезгендей боласың. Жынды пойыз

бірін де елең қылмайды: тауды жарып, тасты бұзып, құры мен суды
көктей өтіп, жолсыздан жол салып, үкідей ұшады. Су жүзінде, ас-
таудай қайықта басы ағарып адам көрінеді. Дəл қабақта, ағаштың
астында тұбанадай, қобдидай тікше үйлер көрінеді. Шарбақ ішін-

де төрт сирақты, қызарған жəшіктер тұр. Ол не десең башқұрттың
тəтті балы шығатын араның ұясы. Өзен жағасында аяғын алшақ
басқан көк масы аттар аңтарылып пойызға қарайды. Құйрығы
шолтаңдап, томпаң қағып, ағаштың саясын қуалап бір-екі тайын-

ша кетіп барады. Пойызды керек қылмай, жылаңдаған екі мəтүшке
бұрқыратып үгірет қазып жатыр. Əне, башқұрт аулының көгілдір
түтіні орман арасынан жылымшылап шығып, жапырақты сүйіп,
айналақтап кете алмай жүр. Міне бір домалақ таудың төбесінен

етегіне шейін ұстарамен бір сыпырып қалғандай ағашын отап
тастапты. Жолақтың бетінен домалаған отаудай дөңбектердің
алды Сақмарға Құлап, сал байланып жатыр.
Мұрнынан түтін атып, аузынан жалын шашып, өзіндей он аз-

банды ойдан қырға сүйретіп, алып қара келеді. Іші – түрлі кісі,
қойны-қоншы мүкəмбал. Алып қара ойды, қырды, тауды, тас-
ты кезгенде, сенің қиялың қазақ даласын кезеді. Қоңыр шолақ
өгізінің мұрны пысылдап, анда-санда сауыс құйрығымен екі ете-

гін қамшылай, қойын қаптатып келе жатқан қойшыны көресің. Арбасының ойбайы, жырық қараның айқайы сары даланы азандатып, шықыр-шықыр етіп, кіре тартып келе жатқан керуендей көресің. Айшылықты алты басқан алып қараға олар да бір кезде мінер ме екен? – деп ойлайсың. Алып қара мен қоңыр өгіздің арасы тым алыс тəрізді көрінеді. Сонда да үміт үзгің келмейді. Жалшы мінген арбаға малшы да мінер деп сенесің. Өйткені құлағыңа жылы сөздер келеді: – Біз енді оқимыз. Біз де адамбыз. Біз де өз тұрмысымызды өзіміз түзетеміз, – дейді қазақтың жалшысы. – Айтқаның келсін! – деймін де, жалшымен əңгімеге кірісемін. Орал былай қалады. КӨК ӨГІЗ Ертеде үш ағайынды жігіт болыпты. Мал дегенде үшеу ара жалғыз өгізі болыпты. Күндерде бір күн үшеуі енші алыспақ болыпты. Үлкені көк өгіздің басын алады, ортаншысы – ортасын, кішісі – артын алады. Үлкен өгіздің басын, ортаншысы ортасын, кішісі артын бағып жүреді. Бір-екі жыл еткенде көк өгіз өседі, үлкейеді: үш ағайынды жігіт бірін-бірі көре алмайтын болады. Жылдардан жыл өткенде, екі ағасының амандығын біліп қайтуға, інісі жол жүреді. Арада екі қонып, ортаншы ағасына келеді. Онда бір күн қонақ болады. Ертеңінде ортаншы ағасын ертіп алып, араға екі қонып үлкен ағасына келеді. Бірін-бірі сағынып қалған екен: көрісіп, амандасып, қуанысады, онда бір күн жатады. Келер күні күн қатты жаңбыр болады. Бұлар жаңбырдан бұйығып, ұйықтап жатқанда, аспаннан бір қара бүркіт келіп, көк өгізді көтеріп алып кетеді. Бұлар көк егізді кім алғанын білмей аң-таң болады. Əлгі бүркіт көк өгізді алып бара жатса, далада жайылып жатқан көп қойға кез болады; ішінде бір-ақ серкесі бар екен, бүркіт сол серкенің бір мүйізіне қонып отырып, өгізді жейді. Қой бағып жүрген қара шаруа жауыннан ықтап, серкенің омырауына тығылып отырады. Бір уақытта күн ашылды ма екен деп əлгі адам жоғары қарағанда, манағы бүркіт жеп жатқан өгіздің жауырыны көзіне түсіп кетеді. Қара шаруа көзіме шөп түсіп кетті ме деп, уқалайды да, елең қылмай жүре береді.

Қара шаруа кешке қойын айдап үйіне келеді. Үйіне келіп:
«Қатын, көзіме шөп түсіп кетті білем, қарашы!» дейді. Қатыны
қарап, байының көзінен көк өгіздің жауырынын суырып алады.
Ауыл көшіп, бір көлдің жағасына келіп қонады. Сол кезде

манағы шаруаның қатыны екіқабат екен. Қатынының əдеті: күнде
барып, көлдің ар жағынан кырық қап тезек теріп əкеледі екен.
Қатын бір күні тезектен келіп қараса – ішіндегі баласы жоқ.
Байым ұрсады ғой деп, тезек терген жерінен іздегелі жүгіріп келе

жатса, баласы манағы судан өткен жерде түсіп қалған екен; бала-
сын етегіне орап, үйіне алып келеді.
Қара шаруа қойының отын қандырып, кешке ауылына ай-
дап келеді. Келсе – қатыны ұл тауыпты! Шаруа қатты қуанып,

жоғарғы елге жорға бие, төменгі елге төбел бие сойып, шақырып
той қылады.
Қара шаруа со жылы қыстауына барып, қыстайды. Малы
қыстан күйлі шығады.

Жаз шыққан соң, қара шаруа баяғы жайлауына көшеді. Баласы
енді екі жасқа шығады.
Былтыр қара шаруа көшіп кеткеннен кейін, оның ескі жұртына
бір жау келіп түнеген екен. Жаудың көптігі үш жүздей кісі екен.

Жер сыз болған соң, əлгі жау қару-жарағымен, ертоқымымен
баяғы қара шаруаның көзінен алып тасталған жауырынның үстіне
жатқан екен.
Ұйықтап жатса, түнде бір түлкі келіп, жауырынның бір басын

кеміреді. Жауырынның кемігіне қызыққан соң, түлкі əлгі жауы-
рынды үстіндегі үш жүздей жаумен қабат сүйрей жөнеледі.
Бұ немене деп үш жүздей жау шошып оянып, қараса – өздерін
сүйреп бара жатқан бір түлкі екен. Кісілер басын көтеріп алғанда,

түлкі қорқып қаша жөнеледі.
Сонда көп жаудың ішіндегі бір жігіт: «Бір елді барып шапқанда,
осындай-ақ олжа табармыз» деп, түлкіні атқа мініп қуа жөнеледі.
Қуып жетіп, түлкіні соғып алады. Түлкінің бір жақ терісін сойып

алады, енді бір жағын союға түлкіні ауната алмайды.
Баяғы қара шаруа қой жайып жүріп, манағы түлкіге кез бола-
ды. Түлкіні таяғымен аударып қараса, бір жақ терісі союсыз жа-
тыр екен. Түлкінің жарты терісін сойып, үйіне əкеледі.

Қатыны əлгі теріні илеп, екі жасар баласына тымақ пішеді. Піш-
се – тымақтың екі құлағы мен маңдайына жетіп, артқы құлағына
əлгі тері жетпей қалады. Енді мұны оқушылар, ойларыңа жүгірт:

көк өгізді көтеріп ұшқан бүркіт күшті ме? Бүркіт пен көк өгізді көтерген серке күшті ме? Немесе көк өгіздің жауырыны көзіне түскенде, шөп құрлы көрмеген қара шаруа күшті ме? Жоқ, үш жүз кісіні ер тоқымымен, қару-жарағымен сүйреп жүрген түлкі мықты ма? Əйтпесе сол түлкінің жарты терісі тымақ шықпаған бала мықты ма? Болмаса қырық қап тезекті жаяу арқалап, көлден өтіп келе жатқанда баласының түсіп қалғанын сезбеген қатын мықты ма? Ең мықтысы қайсы? Осының бəрінен де көк өгіз бен бүркітті бірдей көтерген серке мықты. Екінші, көзіне түскен көк өгіздің жауырынын шөп құрлы көрмеген қара шаруа мықты. Түлкі, қатын, бала – үшеуінің мықтылығы бірдей. КҮМƏЖНЕК (ƏМИƏН) (Чеховке еліктеп) Қойбағар, Түнқатар, Майпалау дейтін үш жігіт жолаушылап келе жатып «құдайдың десбересі» – бір күмəжнек тауып алады. Ашып жіберсе – іші ақшаға сықыр-сықыр етеді. Мəз-мейрам болады да қалады. Майпалау ақшаны қолға алып ес-түсін білмей, санауға кірісті. – Я, əке-ай! Бір кісіге қанша сомнан келер екен! Ой, құрмалдығың болайын-ай! Адам басына бес мың төрт жүз қырық бес сомнан келеді екен! Неткен кесек олжа! Естен айырылмайтын не бар? Қарақтарым-ау, жарылып кетпей неғып тұрсыңдар? Мына жақтан Қойбағар да көзі сығырайып, кимелеп қоя берді. – Өз басымызды былай қойшы, енді қатын-бала қарық болады да. Оларға енді аштық бар ма? Жалаңаштық бар ма? Мен енді қайтесің деші? Жəрмеңкеге барамын да, бір құрақты сатып аламын. Қалғанын тайыншаға беремін. Ендігі жылы əлі Қойбағардың жас тоқал алғанын көрерсіңдер... – Жігіттер-ау, біз тамақ ішпегелі үш күн болып бара жатыр. Осы қуаныштың үстінде алдымен тамақты тойғызып алайық та, – деді Түнқатар. – Түнқатар, сенің мұның тапқан ақыл екен. Ақша, құдайға шүкір, молайды. Қашанғы қатып отырамыз. «Інісі бардың тынысы бар» дейді. Қолды-аяқты баласың ғой, сен бар да, сонау тұрған ауылдан тамақ алып келе ғой, – деді Қойбағар.

– Ол мақұл екен. Нан ал, жеміс ал. Айдалада сопылықты қоя

тұралық, реті келсе, бір бөтелке арақ ал. Той болған соң, болған
сияқты болсын, – деді Майпалау.

– Сіздер айтқан соң бармасқа бола ма? Барайын, – деп бір сом-

ды қонышқа салып, қутың қағып, Түнқатар жөнелді.
Түнқатар келе жатып ой ойлады: «Қара тиын – күрешіміз жоқ
еді. Қиуадан байлықтың сап ете түсуі қалай! Неткен ырыс де-
сейші! Бұл ырыс, бұл маңдай кімдікі? Қойбағар да, Майпалау да

маңдайын сынаған кісілер. Бай болса бұрын қайда жүріпті? Бұл
менің қанжығам болу керек. Осы ақша түгелінен өзіме қараса,
адам таң қалғандай, тарихта атым мəңгі болғандай іс етуіме бо-
лар еді. Бірақ мынау екі ит өлмей, сыбағасын жіберер ме? Сөздің

шынына келсек, екіеуі де нағыз құдай ұрған емес пе? Осы ақшаны
алғанмен, бұлар оңбайды. Ішіп-тышып, жоқтан өзгемен құртады.
Мен алсам, əрі Отаныма пайда тигізер едім, əрі атағымды бір
шығарар едім... Қой, бүйтпейін, былай қылайын: арақтың іші-

не у салайын да, екеуіне бере қояйын. Екеуі тыраяды да қалады.
Мейлі маған десе, арам қатсын. Олар өлгенмен, тұқым азая ма?
Оның есесіне мен жұрттың түсіне кірмеген іс жасаймын. «Есек
көтін жу да, мал тап!» – дейді. Оны айтқан менен ақымақ кісі емес

шығар».
Түнқатар соны ойлап бара жатқанда, қалған екі жолдасы мына-
дай əңгіме құрып отыр еді:

– Түнқатар – елгезектеу жігіт. Мен өзін жақсы да көремін.

Бірақ сен байқайсың ба, мынау ақша қолына тисе, не қартаға
ұтқызып жібереді, не шашып құртады. Əйтпесе, адам істемеген
бір бұзықтыққа кіреді. Ой тоқтатпаған жас бала ғой, осынша
ақшаның кəдірін біледі деймісің...

– Оның да рас-ау. Бұ балаға ақшаның керегі де жоқ. Сені мен

біз, əрине, орнын тауып жұмсар едік. Біздің қатын-баламыз бар.
Жасымыз болса, келіп қалды. Бір соманың өзін үнемдеп, əлде
неге жеткізбейміз бе?.. Майпалау, саған ұнар ма екен, менің жаман
ойыма мынадай нəрсе келіп отыр...

– Айта бер, айта бер.

– Оны аяған болып, əуре болғандай қояйық. Өлтірейік те жібе-

рейік. Жапан түзде кім көріп тұр бізді? Сегіз мыңнан бөліп алсақ,
ішімізді жарып бара ма? Елге барған соң, аттан жығылып өлді де-
рміз. Қайғырған болармыз, аза салармыз. Сонымен жұмыс бітер.

– Құп болады... Шынға келгенде, бұ баланың сазайы сол. Өзі

сыған, өзі бірді бірге атыстыратын өсекші, сұм емес пе? Мұның

қылмайтыны жоқ. Ұрлығы, зорлығы құдай пендеге бермесін. Оған тым жабыр болмасын десек, қалаға барған соң, біреуді тауып алып, мақтап газетке жазғызайық. – Жə. Бəсе! – десті. Түнқатар тамақ алып келген соң, екеуі бас салып, тұншықтырып өлтірді де салды... Олжаны бөліп алып, қаннен-қаперсіз жайланып отырып, екеуі тамақ жеуге кірісті. Түнқатардың араққа қосқан уы өте күшті екен, бір-бірден ішіп, екіншіні бітірместен екеуі де сілейіп сеспей қатты. ТІНІКЕЙДІ НЕ ОЙЛАНДЫРДЫ (жаңа емлемен) Айдары сексиген 9 жасар Тінікей өрімделген көйлегін қос қолдап қысып, бүйірі жалт етіп, жаман тоңқаймадан атып шықты да, Жамалдікіне қарай зырқағып жөнелді. Жамал басын жұлып алып, (. . . . . . . . . ) бауырсақ бейнелес тұмсығын бір қысып, қолын сілкіп тастап, алдындағы будыраған тері шалбарды қой жыққандай бір алып ұрды. Тінікей бір қолмен жер тіреп, сатпақ аяғын артына жіберіп жамбастап отыра кетті. – Жеңеше, қайшыңызды сұрап келіп едім. – Апаң не істеп жатыр? – Жылқышының тымағын істеп жатыр. – Оған да берген екен ғой. – Алдыңдағыңыз кім шалбары? – Бұ да сол үйдікі. Тоқып жатқан шекпенімді тастап, аласұрып жатқаным емес пе? Жаздайғы саумалын сілет қып, ішімізді қуырып жатқанын көрмейсің бе? Жамал күңкілдеп жаман текеметтің астынан тұтқасына шүберек ораған түбте қайшысын алып, сылдыр еткізіп тастай берді. Тінікей үйіне келсе апасы кейіп отыр. Ала жаздай алашасын тоқытты, сырмағын істетті, арқан-жібіне шейін естірді. Тым болмаса киімдерінің ескісін де қимады... Əлгінің күпісін жамауға да қолды тигізбеді... Ана қу... тоқалдар өзі істесе, қолына жұға ма екен? Шалқайып... қасқайып отырғанша... несі кетіп барады? Малын біреу бағады, сиырын біреу сауады, тайтаңдайтыны кедейдің арқасы шығар. Тінікей мұндай сөзді бір емес, əлденеше есіткен. «Неге істейсің?» деп талай айтқан. Бұ жолы тағы сөйледі.

– Апа-ау, кедейлер малын бақпай қойса, қайтер еді?

– Қайтсін? Өзі баға алмас еді, малдан айырылар еді.

– Ендеше неге сөйтпейді?

– Ойбой, қарағым-ау! Туысы бір болған соң, қимайды да.

– Қимағандағы пайдасы мынау ма?

– Қайтсін? Қорқады. Ондай кəдірі жоқ, күші жоқ, кедей

сорлының өзі біріккен бе? Кім айтса, соған кетеді.

– Апа-ау, осы байлар ағатайымдардан ақылды ма?

– Пəле, егеуді, зорлық қылуды білгені болмаса, неменесі

ақылды босын? Құдайдың жаратқан жанының бəрі бір де.
Тінікей сұрауын тоқтатты. Байдың зорлық қылатыны қалай?
Кедейдің аузы бірікпейтіні қалай?
Осы сұрауларға жауап таба алмады. Жерде жатқан сеңсеңнің

қиқымын тісімен жұлқып, терең ойға кетті.

НАҒИМА

Танабай ауылының желкесінде шоғырлаған топ адам көрінді.
Ауылдың артында оқшауырақ жерде, жолаушылардың арбасы-
на ұқсаған екі хадок арба тұр. Жанында сол арбаға жеккен аттар
екенін білдіріп 3-4 ат жем жеп тұр.

Танабай ауылына бұрын көп кісі жиылып, тобымен қонақасы
ішіп көрмегенге, тұнықтан қараған кісіге бұл қонақтардың бұл
ауылда жатуы ерсі сықылды көрінді.
Танабай ауылы Қайыңдыкөл жағасында. Ауылдың түрі тұсынан

өткен кісіге мінсіз: айналасында тұсаған ат, жайылған бұзаудан
басқа көп қара көрінбейтін. Қайыңдыкөл үш жолдың ұштасқан
жері болғандықтан, егін-пішеннен қайтқан жұмысшылардың нақ
жолы еді. Көліктерін шалдырып, өздері де тынығып, дамылдап

кететін еді.
Жайлаудағы елдің қыстауына қатынағандарының да жолы осы
Қайыңдыкөл еді. Бұл ауылдың өз адамдары шамалы болса да, əрі
өткен, бері өткеннің көп түсуі арқасында ауыл кісіден құр болмай-

тын еді. Бірақ келушілердің көбі таныс ауылдың адамдары болып,
шеттен қос ат жегіп, саясат түзеп келетін қонақ бұл ауылға жат
еді.
Ауылдың өз адамдары арнайы жұмысқа арнап жаратылғандай

қысы-жазы қыстауының маңында болып, жұмыстан босамайтын.
Қатын, баласына шейін жұмыс қылып, жаздай Қайыңдыкөлдің

құрағын орып, кемпірлері де көшкен ауылдың жұртынан тезек теріп, қыстық отындарын жинайтын еді. Бұл ауыл басқаларға қарағанда көңілсіз еді. Ауылда қымыз жоқ. Адамдары жұмыстан босамайды. Маңында шулаған мал, ойнаған бала сирек. Қысқасы, жаздың қызығы бұл ауылда сезілмейтін. Жалғыз-ақ бұл ауылға көрік беріп, келген кісілердің ықыласын аударатын Нағима еді. Нағима 17-де. Бекбосын қарттың қызы. Жасынан əкесі өліп, екі ағасымен шешесінің қолында өскен. Бір үйдегі жас бала болғандықтан еркелетіп, бетін қайтармайтын. Ағалары малайлыққа жалданса да, өздері кимей-ішпей, осы қарындасын киіндіріп, қатарынан кем қылмайтын. Бұрын бұл ауылда бес қыз, екі келіншек болып, көрші ауылдың бозбалалары қылжақтап осы ауылдан шықпайтын еді. Қатындар бұл ауылды «кіші атам ауылы», «кіші ауыл» дейтін. Бұрын кіші ауылды атағанда, қыз-келіншек, қызойнақ, бозбала жиналып қарта ойнау еске түсетін. Бұл кезде ол қыздардың бəрі кетіп, ауыл бірқатар көңілсіздікке қалған. Ол кездегі жаулығын нəлдеп жуатын жас келіншектер бұл уақытта бəсеңдеп, шаруашылыққа айналған. Нағима сол бес қыздың кішісі еді. Ажары басқаларынан артық болып, өзінің жақсы мінездерінің арқасында соңғы кезде жұрт аузына іліне бастаған еді. Көппен араласып, ойын-сауыққа жасынан қатынасқаннан өзі де ашық-жайдары еді. Нағиманы ағалары күйеуге берді. Күйеуі бай, саудагер. Қалада 2 қатарлы тас үйі бар. Белгілі атақты орын. Оған араласқалы бері бұл үйдің де күн көрісі тəуірленген. Барса, əкелмейтін нəрсесі жоқ. Бас-бас қант, тобымен тауар, кейде мал да жетектетіп жіберетін. Бірақ Нағиманың көңілі толмай, қатын үстіне баруды ар көретін. Егін-пішеннің науқаны. Жұрт шиеге шапқандай жанталасып кəсіппен араласып жатқан уақыт. Жазғы астық. Желдің екпіні қайтып, куілдеген қоңыр жел соғатын болған. Жер жүзін ұжымаққа теңеген жасыл шөп, түрлі жапырақтар да солғындап, қуаруға бет алған. Жазғытұрғы көшіп кеткен иесіз қыстауларға жан кіріп, ішінде адамдар көрінетін болған. Жел есіп, дауыл соғып, құлатып кеткен қоралардың жапсарын жаңадан түзетіп жатқан адамдар қыстаулардың ішінде жиі көрініп, қыбырлаған жан молайған. Біздің Тана-екең ауылы қыстауына қонбағанмен, 2-3 шақырым жерде Қайыңдыкөлдің басында отыр.

Ауыл күндегіден көңілді. Тұс-тұстан аттылы, жаяулы шұбырған
кісілермен ауыл лық толған. Бекбосын қарттың үйіндегі алыстың
қонағы оңаша үйде сыпайы кісілермен ғана отыр.
Қала киімінше киініп, тықырайған шегір көз, шоқша сақалды

сары кісі басқа қонақтардың төменгі жағында, оңашалау салған
көрпенің үстінде шарт жүгініп отыр.
Бүгінгі қызық, бүгінгі мереке соның үшін болып жатқанын
қутыңдап, мұртынан күліп, қатындармен күлмеңдеп сыбырласқан

қалпынан əркім аңғарарлық еді. Бұл – атақты Ысқақ байдың
інісі Есжан еді. Қырық жетіні қырық матап беріп, тоқалдыққа
Нағиманы алғалы келіп отырған жолы.
Нағиманың көңілі басқада екенін ауыл-аймағы сезсе де,

Есжанның онан хабары жоқ. Малдың күшімен ағаларының көңілін
тауып, əйтеуір алатынына көзі жеткен.
Нағиманың барғысы келмей сөз шығарып, ағаларының
құлағына салса да өнетін пайда болмайтынын біліп, амалсыздан

əзірге көнген. Баратын жері – белгілі байдың бірі. Азуы алты
қарыс күшті адам. Егер сөз шығарып бармаймын десе, күлін көкке
ұшырып тартып алатынына Нағиманың көзі жетеді.
Ішінен қайғыланып, жылағаннан басқа лəм-мим деп ешнəрсе

айтқан жоқ. Бір тойғанға мəз болатындар жұмыстарын тастап,
Нағиманың тойына жиналған. Береген күйеу, жомарт құдалардың
кəдесіне қарық болып, қатындар да жүр. Тойға жиналған жұрттың
даң-дұңымен Танабай ауылына жаңадан рух кіріп, жаңа нұрланып,

жанданып тұр.
Түнерген қалың қара ағаштың іші... Əуемен таласқан биік
ағаштар басын төмен салып, қайғылы қалып көрсетіп, тұнжырап
тұр. Сартылдап жауған күзгі жаңбырдың екпінімен бас сілкіп, жер

солқылдатқандай салмақпен сілкініп қояды. Кейде сұс көрсетіп,
қаһарын тіккен қалыпты, ашулы түрмен қараған сықылды, көңілге
қорқыныш салып тұр. Дамылсыз, жауған жаңбыр жан-жəндікті
мазалап мазасын алған. Күн кешке айналып, ымырт жабылып, қас

қараюға жақындап барады.
Қалың ағаштың ішіндегі қара жолмен екі ат жеккен бір жігіт, бір
жас əйел жүріп келеді. Аттары босаңсып, айдағанға жүріңкіремей,
азап көрген қалпы бар.

Жолдың екі жағындағы қонып тұрған биік ағаштардың
суылдаған дауысы жас əйелдің көңіліне бір түрлі қауіп кіргізіп,
əлденедей ой түсірді.

Алдағы күннің не боларына көзі жетпейді, басын қаңғыртқан
тұманды қиял оның жүрегін түйіткілдеді. «Құдай-ай! Бағымыз
ашылып, ел-жұртқа қосылатын күн болар ма екен», – деді ішінен
жас əйел.

Көзіне мөлдіреп, жас келіп, жанындағы жігітке қарады.
Жанындағы жарының көңілі жабығып ренжіді ме деп ойлағандай
басқа сөзбен көңіл жұбатпақшы болды.
Қарауытқан қалың нудың ішінен жылтылдап жанған шамның

оты көрініп, үрген иттің даусы естілді. Жанды қара көрінбей
алаңдап келе жатқан жолаушылар отты көріп, көңілденгендей
болды. От көрінген жаққа бұрылып, бүгінгі түнді сонда өткізуге
ойлады.

Аласалау ағаш үйдің жанына келіп тоқтап, үйдегі адамдармен
сөйлесіп, түнеп шығуға ұлықсат алды.
Бұл жалғыз үй орыстың күтін бағып отырған Мыңбай деген-
дікі еді. Жасынан қазақ көрмей орыс арасында өсіп, күту бағып,

күнелткен. Ер жеткен екі баласы бар. Əуелгі кезде елден шұбырып
келсе де, балаларының еті тірілігі арқасында бай орыстармен ара-
ласып, күн көруі жақсы болған.
Мезгілсіз келген қонақтар Мыңбайдікіне түскенде, көптен

қазақ көрмей, ел адамын сағынғандықтан жылы жүзбен қарсы
алысты.
Мыңбай қонақтарының жайын сұрай отырды.

– Шырақтарым! Алыс жолдың адамына ұқсайсыңдар, баратын

жол ұшы алыс па? – деді.
Жігіт əңгіменің шетінен қозғап, жай-мəністерін баяндауға
кірісті.

– Отағасы, мен 3 ағайынды жігіт едім, – деді, – пəлендей

ауқатымыз болмағанмен, күн көрісіміз тəуір болатын. Жақын жер-
дегі қалада тұратын бай қазақ саудагер болатын еді. Сол байдың
жұмысын істеп, сіңісіп кеткен бір үйлі жақын ағайынымыз бар-
ды. Мен қалаға барған сайын сол ағайындікіне түсіп жүретін едім.

Биыл күз сол ағайындікіне барып түсіп жүргенде байдың жаңа
түскен кіші əйелімен көңіл жақындасып, ол барам, мен алам де-
ген арамызда сөз болды. Мынау отырған жас əйел – сол байдың
кішілікке алған адамы. Біздің көңіліміз жақындасқанын бай сезіп,

əлгі тамағын асырап отырған ағайынымызды жанынан қуып жі-
берді. Жүріс-тұрысымызға бөгеу болып, күн-түні аңдумен бұ кісі-
ге де еркін уақыт болмады. Ақырында байдың мəңгілік жолдас
болмайтынын біліп, бұ кісі маған бір ноғай əйелі арқылы хабар-

ласып, бір түнде жоқ болуға бел байлағанын айтты. Байдың бір
жаққа кеткенін аңдып жүріп, қалада пəтерде жатып, кешкі абыр-
сабыр кезінде қаладан шығып, жөн тарттық. Өз жерімде паналай-
тын жер болмады. Өйткені, қалаға жақын маңайдың орысы, қазағы

болсын, байдың алыс-беріс қылып, аузына қаратып тастаған
адамдары еді. Бірдеме сезсе, байға хабар бермей тұра алмайды.
Бəрі де қорқады. Хатте екі ағам да менің бұл ісіме риза болма-
ды. Байдың қаһарынан қорықты. «Қараңды көрсетпе, жаным» деп

олар қорқып қалған. Сонымен ішкі орыс арасына қарай жылжып,
қашан қарқыны басылып, ашуы тарқағанша 4-5 жыл елден безіп
тұрсам да күн кешірмекпін, – деді.
Мыңбай жігіттің қай жөнмен келгенін түсінді.

– Жаным, «талапты ерге нұр жауар» деген, аузы ашық аштан

өлмес. Ептеп күн көрерсің. Осында біздің қатынасып жүрген
орыстарымыз бар, соларға сені орындайын. Оған дейін осында
жата тұрарсың, – деді.
Бұл – Қасымбек деген жігіт еді. Есжанның тоқалдыққа алған

Нағимасымен көңілі қосылып, алып қашып келіп отырған.
Мыңбай бұларды паналатуды мойнына алып, уəде берді.

– Шырағым, құдай айдап келген шығарсың. Енді ешкім тие

қоймас. Елің алыс қой, кім хабар айтар дейсің, – деді.
Қасымбек пен Нағиманың көңілі орнығып, Мыңбайдікінде
жата берді.
Арада бірнеше күн өтті.

Мыңбайлардың күту бағып отырған қаладан шабуылдаған
адамдар көрініп, бірнеше шанаға тиелген кісілер келіп түсті.
Зəйімкеде баста қорықса да, жолығып тілдескеннен кейін
шүйіркелесіп сөйлесе бастады.

Бұлар қарулы əскер болғанда, қорлықта, байлардың зорлығында
жүргендерді теңейтін, жұмыскерлердің күшімен пайдаланып
шалқасынан жатып, кедейлерді құл орнына жұмсайтын байлардың
дұшпаны, жалшылар қамқоры «қызыл əскерлер» болып шықты.

Қасымбек оларды үйге кіргізіп, тамақтандырды. Өзінің де
жəй-күйін сөйлеп, байлардың зорлығынан қашып келгендігін біл-
дірді.
Қасымбекпен сөйлесе кетті. Бұлардың да баратын беті Қасым-

бектің қаласы болды.
Нағиманы Мыңбайдікіне тастап, Мыңбайдың кіші баласы
Сүлеймен екеуі əскерге жол бастап жөнелді.

Саулаған сайманды əскер тобымен келіп, Есжандар тұрған қалаға жақын жерден араға кісі салып, қаланың қарсыласпай берілуін сұрады. Қаланың өңкей байлар бастаған хүкіметі қызылдардың дегеніне көнбей, тамшы қаны қалғанша қарсы тұратындығын білдірді. Қаһарлы қызыл əскер қаланы қамап алды. Ақтардың əскері қарсы шығып, екі жақ қан майданға кірісті. Бірнеше күн ұдайымен соғысып, екпінді қызыл əскер бұзып қалаға кірді. Ақтардың əскері қаладан қашып шықты. Олармен қатар əрі байлар да шықты. Қасымбек бірсыпыра жолдастарымен қаланы аралап отырып Ысқақ – Есжан байдың үйіне тура келіп түсті. Салтанатпен келген сүнті əскердің зардабына шыдамай бұлар да қашқан. Аңырайған үйі, қызметшілері ғана қалған. Қасымбек қаладан іздеп жүріп, Ысқақта қызмет қылатын ағайынын тауып алды. Ысқақ қуып жіберген соң, сол қалада мал соятын қасапшыларға жалданып жүр екен. Үйінің жайын сұрады. – Шырағым, не сұрайсың? Сендер кеткен соң Нағиманы əкеткен сен екеніңді біліп, сенің ағаларыңды айдатып алып, жаптырып тастады. Үйіңдегі бар малыңды сыпырып алып, үйлеріңді шулатып кетті. Қасымбек жанындағы басшысына бастан-аяқ түсіндірді. Түрмеге адам шаптырып, екі ағасын алдырды. Қалаға қызылдар орнап, сауеттер сайлап, шуласып жатты. Қасымбек ағаларымен көрісіп, мəз-мейрам бола берді. Сүлейменді кейін қайтарып, Нағиманы алдырды. Қасымбектің шешесі, жеңгелері қалаға келіп, шуласып жылап көрісті. – Қарағым, бақытың артып, маңдайыңнан жарылқасын! – деп кемпірлер Нағиманы құшақтап жыласып тұрды. Қуанышпен қаланы жаңғырықтырды. Үйін тастап қашып кеткен бір байдың үйін «саует» бұларға тегін берді. Көңіл орнығып, теңдік алып, ойдағы-қырдағы аман қосылған Қасымбек ағайындарын шақырып алып, ұлы той жасады. Жасырынып күн көрген, тар қыспақтан шығуына мықты себеп болған еңбекшілер төңкерісінің бас көтерген 27 октəбір (жаңаша 7 нойəбір) күнін Қасымбек пен Нағима ұлы күн санады.

Жыл сайын сол күнде той қылып тұруға өзін міндетті қылды.
Бұл күнді еске түсіру үшін өздерінше ат қойды.
Қасымбектің жеңгелері «Нағима келін түсетін» дейтін бола-
ды. Нағима келін түсетін күн жақындады. Оған дайындалып той

жабдығын қылу керек, дейтін болды.
Ол күні Қасымбектікі үйлерін тазартып жаңа киімдерін киіп,
көршілерін шақыратын болды.
Бүгінгі күн де Қасымбектікі той қылып жатқан шығар.

ҚОЙШЫ ТАСТАМАҚ

Тастамақ қой баққалы 40 жылдан асқан шығар. Кəзір жасы 70-
ке таянды. Ол 12 мың қой біткен Қуан ауылының қойын бақты.
Қуан тұқымы осы күні 5-інші атаға келіп тұр. Тастамақ əлі қой
бағып жүр.

Байдың ауылының қойын бағып жүргенде, Тастамаққа 2-3 жүз
қой бітті. Жұрт байдың құты жұқты деп жүрді. Анығында құты
жұққан жоқ еді. Тастамақ мыңдаған қойдың жүні, сүті, сүмесімен,
бұралқы қойды сіңіріп кетумен, расхотын байдың мойнына арту-

мен тауып еді. Тастамақ 200 қойым бар деп үйде отырған жоқ,
сонда да қой баға берді.
Бір жылы əпрел ішінде белуардан қар жауып, 10 шақты күн жа-
тып алып, мал жаман жұтаған. Сол жұтта Тастамақтың қойы тып-

типал болды. Жалғыз Тастамақ емес; елдің бəрі де шығындалды.
Алдында 200-ден артық қой қалған жоқ. Тастамақтан екі ұл, үш
қыз туып еді. Байдың ұлының желбас балаларымен өсіп, олар да
нақұрыс, жалқау, жаман болды. Тастамақты асырамақ түгілі өздері

жанын сақтай алмай қаңғып кетті.
Тастамақтың екі баласы мен қатыны былтыр қаңғып, жаяу
шұбырып Ертіс бойына барып еді. Өйткені елдегі байлар Таста-
мақтың сиырын партиясына керек қылып, бір шегірге төлеуге

тартқызып еді. Сиырдан айырылған соң жан сақтауы қиын болды.
Тастамақ балаларына:

– Иттер, кет енді! Тоғайға барып, кəсіп қыл! Мен бармаймын

енді қартайғанда, тұрағым Қызылтаудан бұйырсын, аштан өлсем
де Қызылтаудың топырағында өлемін, – деді.
Екі баласы мен кемпірі Тоғай түсіп, өзі тамақ үшін Дəндебай
ауылының қойын бағып жүр еді. Қала маңында да жұмыс табыл-

май, кіші баласы қалашылармен еріп, жаз елге келді. Бір жұмадан

кейін Тастамақ кемпірі өлгенін есітті. Налыды, зарланды. Қойда жүріп көзіне жас алды. Тастамаққа көңіл айтып, дəм жегізген де кісі болмады. Əсіресе Тастамақ осыған күйініп еді. Дəндебай ауылында үй басы 15-тен, 20-дан қой бар. Көлікті кезек мінеді. Кезекті қайбір дұрыс беріп отырады? Кей күні таңертең ат бола қоймайды да, Тастамақ салпақтап, тері тоны саудырап, етін қажап, жаяу бақырып жүреді. Соқпақбай үйі бүгін кезегіне ат бермей, Тастамақ түске шейін қойды жаяу жайып, əбден титығы құрып келді. Тастамақ қотанда отырып ойбайды салып, қирата боқтап, кейіп, күңіреніп жылады, зарлады. Балаларын қарғады. Бір адам уатқан жоқ. Соқпақбайдың үлкен баласы атын əкеліп ерттеп, Тастамаққа апарып еді, боқтап мінбеді: – Қойыңды бақпаймын. Маған десе, бүгін қырылып қалсын! – деп қайсарып отырып алды. Бірақ Тастамақ малды иесіз жіберуге шыдамайды. Малмен бірге туып, бірге өскен малшы болмаса, ауылда бір күн жүре алмайды. Атқа мінбей, Тастамақ қойдың соңынан жаяу аяңдайды. Тасаң ашуы басылмай, айтқанға көнбейтінін ауыл біледі. Сондықтан жазықты кісі жалынады, жалпаяды. Тасаң қойға жаяу кеткенде, атын жетектеп, Сəрсенбай артынан барды. Төбенің басына барып, отырып-отырып, бір кезде Тасаң атқа мінді. Тастамақтың күндегісі осы. Қойын қаптатып, Соқат жақта жүріп, Алтынбай жазығынан келе жатқан бір аттыны көрді. Атты тура Тасаңа қарай келе жатыр. Бақса, Жұман ұста екен. – Қайдан келесің? – Сотқа барып едім... – Сотқа арыз беріп пе едің? – Есім жылқы жылы бір биемді өлтіріп, бермей кетіп еді. Соған арыз беріп келем. – Есімде менің де ақым бар еді. Бес жыл қойын баққанда, жаман тон мен тел қойдан басқа дым бермеп еді. Мұны қалай сұрауға болады? – Несі бар? Арыз бер. Бұрынғы соттар сияқты емес, кедейдің арызын тыңдайтын көрінеді. Тастамақ қуанып кетті. Ауылға келген соң, Жақып мұғалімға арыз жазғызып алып, Жақыптың соқыр түйесіне мініп, сотқа кетті.

Соттың есігінің алдында мылтықты бір жігіт тұр екен. «Жұмыс болып жатыр» деп, Тастамақты кіргізбеді. Тастамақтың киімі, қарақошқыл түрі қойшымын деп айтып тұр еді. Орысша киінген сұрша бала тысқа шығып, Тастамаққа көзі түсті. – Сіздің жұмысыңыз бар ма еді? – Бар еді, шырағым, – деп Тастамақ қонышындағы қағазын ұсынды. Сұрша бала оқып көрді де: – Жарайды, отағасы! Ақыңды əпереміз. Бүгін қайта беріңіз. Өзіміз хабар береміз. Бірақ, қазақшалап бітіп қалмаңыз. Біз – сіздей қойшының сөзіміз. Ешкімнен қорықпаңыз, – деді. Тастамақ: – Өркенің өссін, шырағым! – деп қуанып кетті. Үш күннен кейін Тастамақ бір тайынша, 5 қой айдап, ыңырсып Өлеңдетіп келе жатты. САУАТСЫЗДЫҚТЫ ҚАЛАЙ ЖОЮ Қарсақпай мұғалім Досəлінің қонақ үйінде отыз шақты кісіні апарып алып оқытып жатыр. Еркек, ұрғашы аралас. Шəкірттер өңкей ересектер: көбінде сақал бар. Еркектер жерде, скəмияларда əйелдер отыр. Əйелдердің қақ ортасында мұғалім өзі. Екі жағында екі бойжеткен қыз. Оларға таяу жап-жақсы жас келіншектер. «Молда» оқуын бітірсе керек. Шəкірттеріне əн үйретіп жатыр. Бəрінің көзі молдада. Молданың бір қолы ұшатын құстың қанатындай əуеде қалықтап, əннің ырғағына қарай жоғары, төмен ұшып жүр. Енді бір қолы қасындағы бойжеткеннің белінен икемдеп құшақтаңқырап отыр. Үйдегілер қолдың қайда жүргенін байқамайды. Үйткені, молда қарсы қарап отыр. Арқасы есік жақта. Салып жатқан əндері Абайдың «Көзімнің қарасы...» екен. Өлеңімен айтылады. Баймұрат отағасы тыста есікті азырақ ашып, арасынан сығалап тұр. Отағасы жуан кісі. Киімі қалың, белінде кісе. Қолында екі бүктеп ұстаған келдектей қамшы. Үйдегілердің даусын анық естуге тымақтың бір жақ құлағын түріп киген. Отағасының тұрысы жаман, қойға шапқалы тұрған қасқыр сықылды. Пішіні, көз қарасы таңданған іспетті, ашуланған, қорыққан іспетті құбылып, жауырыны қимыл-қимыл етеді. Кейде есікке кіруге де оңтайланып, қамшысын білеп, оқтанып-оқтанып қояды.

«Қыр мұрын, қыпша бел» дегенде молдаекең қыздың белінен
қысыңқырап қалды.
Баймұрат отағасы көзі шалып кетті білем. Есікті ашайын деп
шұқшиып қалды. Со кезде артынан бір тықыр естіп, жалт қарады.

Ол өзінің таныс бастас Қоймұрат екен. «Дымыңды шығарма!» деп
ым қақты.
Манағы молданың белден қысып отырғаны Баймұрат отаға-
сының қызы еді.

Қоймұраттың езуі сол жағында енді.
Əншілер:
«...Иə бір кез, иə құлаш» деп бергенде, Баймұрат отағасы
жұлып алғандай:

– «Не дейді!?. Не дейді? Бір кез, бір құлаш... Атаңның аузын...

нің. Бір кез, бір құлашы не?!» деп боқтап жіберді.
Қоймұрат тұрып:

– Оқуы ма? Өлеңі ме? – деп қарады.

Баймұрат отағасыға «Бір кез, бір құлаш» тым сезікті көрінді,
шыдай алмады. Күйіп кетті.

– Осы, оқытқанының атасының... сенің. Қамилаңды да, мына

Жəмилаңды да... қойды: атаңның басына тұрмысың? – жүр!
Екі отағасы түтіліп, омыраулап кіріп келді де, қыздарын
қолынан сүйреп алды да шықты.
Аузы аңқиып Қарсақпай мұғалім не айтарын білмей отырып

қалды.
Жылысып өзге əйелдер де жөнелді. Сол кеткеннен шəкірттер
мол кетті. Қайтып жиналмады.

СОП-СОП! Соп-соп, соп! Өй, иттің малы! Қарашы! Бораздамен бір дұрыс жүрмейді! «Мал иесіне тартады» деген ып-рас қой, көрмейсің бе қасақысын? Бəрін бүлдіріп келе жатқан тарғыл! Əй, бəлем-ай! Жоныңды сояр ма еді! Əттең қолым соқадан босамайды ғой!.. Соба о – соба! Енді былай қарай қиғаштады. Тым болмаса, өгіздің басын жетектейтін бала да бермейді. Балаға артық ақы кетеді деп жаны шығып барады. Табаныңнан таусылып, жасыңа жетпей қартайып салпаңдап жүргенің. Сонда да тəңір жарылғасын айтпайды. Тəңір жарылғасын деймін-ау! Кемқорлы көреді. Сатып алған құлыңнан жаман ақырады. Бұл бай антұрғанда биттей мейірім болсайшы... Он десе жер айырғанда алатыным – бір деселігін. Маңдайыңа қарай шыға ма, шықпай ма? Шықпай қалса, осы еңбегің далаға кеткені. Дүниеде өз тілеуіңді тілемей, өзің үшін еңбек қылмай, елді, жұртты жеген жауыз үшін еңбек еткеннен жаман не бар? Құдай-ау! Өмірі осымен өткеніміз бе? Таң ататын күн бар ма? Құлтума күнде осыны айтады. Күнде налиды. Атқан таңмен, батқан күнмен бірге зарлайды. Неше рет өгіздерін де, өгіз емесін де қарғайды, сілейді, күндейді, боқтайды... Құлтума алакөбеден тұрып, өгіздерін жегеді. Шалап көжесін ішіп, жұмысқа кетеді. Түс ауғанша жыртып, өгіздерін бір доғарады. Отқа жіберіп, қосқа келіп, ауқаттанады. Бірер сағаттай тыныққан соң, егінге тағы түседі. Содан қас қарайғанда діңкесі құрып бір-ақ қайтады. Қашаннан бері Құлтуманың көрген күні осы еді. * * * Соп-соп! – Таста соп-соп-ты! – Немене? – Кімнің егіні? – Байдікі. – Естіген жоқсың ба? – Жоқ. Ана келе жатқан топты көрдің бе? – Олар кім? – Олар – төңкерісшілдер. – Оның кім, жаным-ау?

– Ол – өзіміздің кедейлер, батырақтар. Қаладан жолдастар кел-

ді. Кедейлерді жинап топ құрып жатыр. Орыстың да, қазақтың да
байларын өкіртіп жерін, малын кедейге əперіп жатыр. Төңкеріс
деген осы. Мені кедейлерді жинауға жіберді. Доғар өгізіңді, жүр
жиылысқа.

– Ə, қойшы! Болмайтын нəрсе ғой.

– Құдай біледі, рас. Ойнап тұр дейсің бе?

– Е, байлар оңайлықпен малын, жерін беріп отыра ма?

– Оңайлықпен беруші ме?! Күшпен тартып əперіп жатыр.

– Олардың малы баянды бола ма? Ертеңгі күні қайта алып

қоймай ма?

– Атасының басы! Өздері жанымен қайғы болып жатыр.

Жаманқала поселкесінен 10 байды атқызды. Қалғанын көшірді.
Одан артық не керек? Бұрынғы қазақтың жерін тартып алатын
жігіттер енді сүмеңдеді....

– Мынауың шын ба?

– Сен өзің ақымақ екенсің ғой?

– Бірдемесіне ілініп кетеміз бе?..

– Өй, жүр, қорқақ сорлы. Жүр, барған соң көрерсің.

– Соп-соп! Өй, мың болғыр! Жарықтығым осы көк өгіз ғой

көсегемді көгертетін. Жантақ қызбам, сен де жарайсың! Е, бол-
ма-болма, қисая тарт. Əбден қанды суға, шеміршектеп тойды. Тек
қолқасы аман болсын. Бүгін аман болса, талай жердің қыртысын
қопарам ғой!

Мінекей, ала сəуле кіріп келеді. Күн де менің бағыма қарай
қоңырғақ, аспанда бір де бұлт жоқ. Күн шығыстан ескен мынау
жылы самал. Бозторғай шырылдап, жер құлпырып, тамылжып
тұрғанын көрмейсің бе?

Соп, жарықтығым, соп!
«Айла-лай, лалайла-лалайла, лайлалай-лай!..»

– Өй, Құлтума!

– Ау!

– Айда өгізіңді! Бүгін бір науқан болсын!

– Өзің де айда! Күн қалай жақсы!

– Сенің өгіздерің де бапты білем, айдау сұрайтын емес қой.

– Бапты болмай... Баяғыдай байдың малы емес. Өгізімді

күтпегенде не бітірем?..

– Сен маған тұқымыңнан қарайлас. Мен де саған болысармын. – Оның дұрыс қой! Сен аңызыңнан қарайлас! Менің жерім қатаң көрінеді. – Сенікі-менікі дейтін не бар? Жер жететін ғой, сала бер. – Сəбеттің арқасында жер де, пейіл де кеңейді ғой. Оныңа рақмет. Ұйымдаспаған еңбекте береке болмайтын көрінеді ғой. Күн де қызарып шығып келеді. Қарашы! Қып-қызыл алтын емес пе?! Соп-соп! ҚЫРСЫҚТЫ СҮЛЕЙ – Пышақ! Пышақ! Төсекте жатқан Сүлейдің жүрегі су ете түсті. Иығына күпісін іле, саптамасын сұға сала тысқа атып шықты. Қасқыр талаған құла қасқа тай қансырап, ауылға келе пышаққа ілінген екен. Сүлей сілейіп қалды. – Қырсық шалғанда өстеді ғой! Екі биенің ортасындағы қасқа тай еді: сілеймей қайтсін... Мал тайғалы бес жылға айналып барады. Жұт сөкті. Жылқыны қотыр жайлады. Қойға індет тиді. Бір кездегі қалың топ жылқыдан 6-7-ақ тұяқ қалды. Қара мал əуелден шағын. «Шөп біткен жеріне бітеді» деп, жұрт Сүлейдің көңілін аулап жүрді. Мал өсер, дəулет сабасына түсер деп, өзі де дəмеленіп жүрді. Кедейлікке көнгісі келмеді. Сүлей аттан түспеді. Ел бақты, сөз бақты. Ептестірді, қағыстырды. Кейде бірлі-жарым пұт май, кейде тоқты, кейде торпақ түсіріп жүрді. Бəрі де ем болмады, құрамады: «шөп біткеп жеріне бітпеді». Сүлей «атқамінер адам» еді. Сүйегі мырза еді. Жұрт Сүлейді «пысық, епті, кісі алдай біледі» деп аңыз қылушы еді. Бірақ Сүлейде «қойым бар, тайыншам бар...» деушілер көп болушы еді. «Сүлейде ақым бар еді...» деп келе жатса, «суға кеткен мал ғой» дегендей, момын шаруа қолды бір-ақ сілтеуші еді. Сүлей мал табам деп арпалысты. Қалай таппақ? Еңбек қылуды, егін салуды Сүлей білмейді. Арба соғуға, етік тігуге ебі келмейді. Сүлей ондай кəсіпті ар көреді: «Жұлық жамағаннаң өлген артық».

Бірақ егін салғандарды Сүлей көріп жүрді: егіншілер бірде бол-
маса бірде еңбегінің жемісін орып жүрді. Сүлей көңіл жетер тең
құрбыларына «кəсіп қылайық, егін салайық» дейді. Бірақ оны
құнт қылып, соңына түсуге ыңғайы жоқ. Тек қалай еткенде Сүлей

«өлмей» соқаның көтін ұстасын ба? Оның егін салайық дегенде-
гі ойы: бір-екі қедейді жалдап, солардың бейнетін жеп, мал табу
еді.
Сүлейді білмейтін бұл өңірде кедей бар ма? Соры бар біреу

болмаса, оның қолына қайдан түсе қойсын?
Сөйтіп жүргенде Сүлейдің қатыны өлді. Қатыны атақты
ауылдың қызы еді. Бір ұл, бір қыз жетім қалады. Сүлейдің бере-
кесі кетеді. Үй сəні болмайды. Малшы қатын шығып кетеді. Екі

жетім енші-төлі бөлек інісінің қолына қарайды. Сүлей бөлтірігін
алдырған қасқырдай үйден безіп, ел кезіп кетеді.
«Кімде жақсы қыз, арзан қыз бар екен?». Міне, Сүлейдің
аңдыған, баққаны енді со болды.

Ол «болған» ауылдың баласы: анау-мынауды, қайтып кел-
ген қызды, жесір қатынды менсінбейді. «Қасқырдың өзі өлсе де,
тұмсығы өлмейді», Сүлейдің дəулеті өлсе де, сүйегі өлмейді.
Сүлейдің есі-дерті – «төсек жаңалау», шөпшенді емес, баяғы-

дай шай шымылдық, мəре шапан, торғын кемзал, жібек сəлі,
балдырғандай майысқан, үлбіреген жас сəуліммен жаңартуды ар-
ман қылады. Ондай бала арзанға түспейді ғой, оған малым жет-
пейді ғой деген Сүлейде ой жоқ: ағайын көптеп көмектесеміз, бо-

лысамыз дейді. «Тек аяғыңды шырма!» дейді.
Сүлей қырық екіге биыл шықты. Аққұба, атжақты, тоны
сұлу сұңғақ жігіт. Өзі «түкті қошқардың» тұқымы болғандықтан
əкесінің ұялы жүн сақалы Сүлейдің бет-аузында ұяң қаудай

қаптаған. Қатыны өлгеннен кейін Сүлей «бісмілдə!» деп алдымен
жұмысты сақалдан бастады. Екі шықшытты сымпитып, иекке та-
ман алқымдатып қойып, бір жүрді. Мұртты ширатты. О да көп
көрінді білем, қалған шоқша сақалға қолды тағы салып, мінтей-

мінтей құртуға таяды.
Бір үйге келсе, Сүлей жан-жаққа алақтай бастайды. Ондағы
іздегені айна болады. Сүлей ернін шортитып, бұғағын кекшитіп,
жағын сипап, айнаға қарайды. Қараса «осы түріммен мені қандай

қыз менсінбес екен. Мен баяғы байдың аулының баласы емеспін
бе? Мені білмейтін бұл өңірде ел бар ма? Маған тиген қыздың
арманы не?..» деп өзіне өзі ден қояды.

Бояубай дегенде бір «жақсы бала бар» деп естіледі, Сүлей
қиялымен қызды сүгіреттеп, дəмелі кетеді: жатса да, тұрса да ой-
лайды. «Көріп кел» деп Мұсабек деген пысық жігітті жібереді.
Мұсабек көріп келеді. «Тура бота көз екен!» деп ұнатып келеді.

Сүлей «қарғыбауға» бір сиыр беріп құда болып кел деп, Досанды
жібереді. Досан 15 қараға келісіп, «құйрық-бауыр» жеп қайтады.
Сүлей жата алмайды. Қайынға жасырын бармақ болады.
Құр баруға болмайды. Жолмен, ырым-жырыммен бару керек.

Жеңгелеріне кəде апару керек. Бірақ кездеме қайда? Жалғыз əйел
баласы Күлше де өрім-өрім...
Сүлей ойлайды. Ойлай берсе, не табылмайды? «Сатуға жа-
райтын мал кімде бар екен? Рас-ақ Қойшыбайда екі ту сиыр бар.

Тайыншаға сатам деп жүр-тін. Қойшыбай қай малын жоқтап ала-
тын неме? Ол бір шірік. Қатын жоқ, бала жоқ, туғандарына сый-
май қаңғып келген бір жаман. Соның сиырын ұрлап сатқызып
жіберсем, кім біледі? Ауыл үйдің малын Сүлей ұрлады деп кім

ойлайды?» Бұл ой ұнап кетті. Ақылына со жерде бір сүйсінді.
Ертеңінде ала ту сиыр жоқ боп шығады. Ұрылар Қойшыбайға
жоқшы болады. Есіркейді. Қойшыбайды «Анау күні сатып жібер-
меген екенсің?» деп өкінеді, «өзіңде де бар» деп табалайды. Сиыр

табылмайды.
Ақынжан жоқ іздеп жүріп Бояубайдікіне соғады. Қызын көреді,
«Шотпақ маңдай, барт бет, мықырлау бала екен. Ышқырының
битін қарап отыр екен» деп келеді. Сүлейді құрбы-құрдасы қаңқу

қыла бастайды. Сүлей қайтерін білмейді. Көңіл суи береді...
Кəрібай қайнынан келер ме? Кəрібайдың қасына еріп барған
Қали: «Бір жақсы құдаша бар екен. Соны айттырмаған екенсің» деп
келеді. Құдашаның түрін, мінезін, шаруашылдығын, малсақтығын

мақтаушылар көбейеді. Сүлейдің көңілі соған ауады. Қызды өзі
көрмек болып, атқа мінеді...
Сүлей барады. Қонады. Қыз əкесі қызғаншақ адам екен. Сезік-
теніп сақалы қаудиып отырып алады. Қызды көру Сүлейге не-

сіп болмайды. Жолдастары көреді. Сүлейді есіктен сығалап, қыз
көріп ұнатады. Қызға сөйлестірсе «Əкеммен келісе берсін» дейді.
Сүлей құдалық сөйлеседі. Екі жігіт ере келіп, қалыңмалдың екі
қарасын алып қайтады.

Күндерден күн өтіп, Сүлей қалыңдық ойнауға ниет қып,
жүргенде қызды «айнып қалыпты» деген суық хабар естілді.

Бұрын сөйлесіп жүрген Мақан деген жігіт бар екен. Маржан-
бикемен арасында хат жүріп жатады екен. Сүлейден 2 қараны
артық беріп, қызды сол айналдырып қойыпты.
Мақанды Сүлей білетін. Ол Сүлей сықылды аталы ауылдың

жігіті емес. Соңғы кезде сабоздан пұл алып, сауда қылып, жаңада
байыған бір пысықша жігіт болатын. Сүлейге үлкен қорлық бол-
ды. Ғары атасыз, жетесіз, қары қатыны бар жаман Мақанның аз
ғана мал бітті деп Сүлейдің өзі бойдақ, өзі «сүйекті», «туысты»

Сүлейдің, жесірін аударып əкеткені не деген намыс? Бұл қорлыққа
қалай шыдауға болады? Сүлей шыдай алмады: қызға кісі жіберді.
(Қолында қыздың бір дана күс хаты бар) Оңбады: «Əкемді ренжі-
те алмадым» деп жауап қайтарыпты.

Бояубайдың қызын айттырам деп елге бір күлкі болып еді.
«Жетесіз» Мақан «жетелі» Сүлейдің қалыңдығын тартып əкеткен
соң, Сүлей одан жаман күлкі болды.
Сүлейден дамыл кетуге айналды. Атқа мініп, сол өңірдегі заң

біледі деген көзі қарақтыларға барып, ақыл сұрады. Ақылшылар
сотқа арыз беруін ұнатты. Мелитсе мен сотқа айдатып бір алды-
рып, қыздың абұйырын бір алса, қыз əкесі мен Мақанды қалың
алды деп көрсетіп, шығындатып, жазаға ілдірсе – міне, Сүлейдің

көкейін тескен арманы сол. Сонда Сүлейдің жігіт болғаны, кім
екенін танытқаны.
Сотқа арызды оңдап тұрып жазғызды. Бір «беделді» азаматтан
сотқа əдейілеп тапсыртып, хат алды. Арызды берді. Қиратам деп

қөңілі бір демделді. Ол шаруаны жайлап қойып, енді Сүлей тағы
да қалыңдық іздеді.
«Күншілік жерде бір жақсы қыз тұр» деген лақаппен Сүлей
ат өктеп, салып барды. Көзі алабұртып жүрген кісі қызды көрген

жерден-ақ жамбасынан түсті. Мұндай күйрек болар ма? Шарт та
шұрт 12 қараға сауданы пісіріп, келер сəрсенбіге мал бермек бо-
лып, қаз ілген қаршығадай тойқаңдап атқа қонды.
Сəрсенбі болды, құда жоқ. Бейсенбі, жұма өтті, құда зым-

зия жоғалды. «Сенің құдалығың байлықсыз болатынын олар да
естіген болар. Əлде басқа біреу малды артық төлеп, алып кеткен
болар» деп ойшылар осылай топшылады. Сонысы дəл шықты:
қызды басқа біреуге беріп жіберіпті.

«Осы Ахметтің қызын алсаң қайтеді?» дегі жаныашыр ағайын
түу баста айтып еді. Өйткені нашар адам. Қайын болуға олқы жер.
Қызы бір бұғана, бет-аузы қойтас, көйлегі жоқтан ба? Шолжаң ба?

Жыртық шалбар киіп «еркекшора» болып жүреді деп естіген. Он-
дай қызға Сүлей неғып пысқырсын?
Қыз біткеннен жұрдай болып, Сүлей сандалып, торыққан кезде
əркімдер Ахметтің қызын ауызға ала бастады. Бұрын іске алғысыз

қып тастаған Ахметтің қызы бұ жолы көркем де, есті де, істі де,
шаруақор да болып шықты. «Ол жақсы бала! Тамаша бала! Нағыз
сенің қолың. Пысықтығы қандай! Малға да шіренбейді» деп
жұрттың ауыз суы құриды.

Сүлейдің үйі аңырап тұр. Балалар жүдеу бас. Азын-аулақ
малдың сүмесі қайда кетіп жатқанын білмейді. Өнді-бесті қойдың
жүнін кім алып кеткені белгісіз. Жең жыртылды. Етіктің қонышы
шалжиды. Осының бəрі əттең «шүйкебастың жоқтығы-ау!». Сүлей

ойланды: «Осы нем кетіп барады? Ахметтің қызын да елге сездір-
мей барып көрсем қайтер екен? Ұнамаса қалар. Кім біледі? Əлде
тəуір қыз шығар?..».
Сақалдың орын тағы да қаптатты. Жиегін ұштатты. Өмірбайдың

қисық табанын киіп, шөп іздейтін жігіт боп, түзеліп атқа мінді.
Түс кезінде Ахметтікіне түсе қалса, шешесі сиыр сауып жатыр
екен. Кіріп келді. Қыз жалғыз тымақ істеп отыр. Еркекшора бала
қысылып қалды. Қасында жатқан шапанды тартып, тізесінің жа-

мауын қымтады.
Сыпайы амандықтан кейін Сүлей көздің қырын жібере баста-
ды: кəдімгі əйел бала. Қойтас емес, əттең секпілдеу. Бұрымдары
сексигендеу, бақа тамақтау, əттең дембелшеңдеу болмаса, тым «кет

əрі» емес. Көзі де жайнаған. Қол да жыпылдаған. Домалақша ғана
тыпылдаған қараторы келіншек болғандай түрі бар. Жұғымды
ғана, биялайға жуық кісі тəрізді. Несі бар? Бұрынғы қатыны да
пəлен алма мойын, аршын төс кісі емес-ті. Əзер болса одан сынық

сүйем қысқалығы болар. Қатыны өлген кісіге сынық сүйем кемдік
қыла ма? Отырғанда құлаш көрініп отырған шығар. Тұрғандағы
қаралдысын көрер ме еді? Сүлей қошқарды аңдыған қасқырша
тұрар ма екен?» деп осынша дəмеленсе де бала шалбарынан

қорынды білем, мізбақпады.
Əкесінің қайда кеткенін, ауылдары шөпке түскен-түспегенін,
неғып отырғаны, кімнің тымағы екенін сұрап Сүлей тіл қатысып та
байқады. Теріс емес. Тілінің ақауы жоқ. Қызараңдап қысқаша ғана

жауап қайырды. Қызараңдағаны – беті ашылмағандығы ғой деп
жорыды. Сүлейдің іздегені «беті ашылмаған» ғой, «есік көргенді
алма, бесік көргенді ал» деген мақал Сүлейдің кеудесіне мықтап
орнаған. Япырмай, ізденге сұрағандай мұндай дөп келер ме?!.

Екі күн аралады ма, жоқ па, Сүлей əлгі қызбен «аяғын шыр-
мады».
Бірақ қалыңдықтың қызығын көрісу Сүлейге жуырда несіп
болмады: мынадай қырсыққа ұшырады.

Былтырдан бері ауылнай сəбеттің жинайтын майынан бір жа-
рым пұтты Сүлей сіңіріп кетіп, сəбет мүшесі Төкен деген жігіт-
пен ұстасып, құйрығын ұстатпай жүруші еді. Төкен төмен атаның
тұқымы. Сүлейлерге өздері «неге» қойса да, соңынан «адам» бо-

лып кейде бұлардың уысынан шыға беретін.
Айт күні Қойшыбайдың қалған ту сиырын 8 үй бірігіп сатып
алып, құрбанға шалады. Оның бірі – Төкен. Қойшыбай тілі ащы,
безер кедей. Сиырды пышақтап сойып жатып: «Мал сиырымды

алған кісі осындай пышақталсын!» деп адамның жаны түршігетін
қарғысты айтып, зар еңірейді. Оның қарғысын есіткен жан шы-
дай алмайды. Бейшараны аяйды. Төкен ала сиырды кім ұрлағанын
сұрау салып, айтуға бата алмай жүруші еді. Мына Қарғысты есті-

ген соң қорқайын деді ме, аяды ма, болмас сүйіншіге қызықты ма

– Қойшыбайдан бір тайынша жүрекжарды алып, жоқты шығарды.

Сүлейдің ағайындары «жабулы қазан жабуымен» сиырын қос деп
бітім айтса да, Төкенге егескен Сүлей көнбеді: ел жинап ысхат жа-
сап, Төкенді мұқатпақ болды. Қойшыбай сиырын сұрап, бажыл-
дап соңынан қалмады.

Бір күні Қойшыбайдың тілі өтіп кеткен соң, ызаланып жүрген
Сүлей басына мініп отырып сойып салды. Содан кейін Қойшыбай
жойылып еді.
Қасқа тай пышаққа байланып жатқанда үйден атып шыққан

Сүлейіңіздің жайы осы еді. Тайды жайратып, өзі қамығып отырған
Сүлейге шабарман соттың қағазын əкеліп ұсына береді:

– Бай-еке...

Бас жағын оқып жіберіп, Мақан мен Маржанбикені ұрдым ба
дегенде, қуанып қалса да, аяқ жағына таман барғанда Сүлейдің
қолы төмен түсіп, қағазды қонышына тыға салды.
Қойшыбайдың арызы туралы сот есебіне шақырған екен.

Қатын да, бала да, тамы да, байлық та кеміді. Тілек те адыра
қалды. Сүлей төсек тартып, жанымен қайғы болды...

ҚЫЗЫЛ ОТАУ, ҚЫЗЫЛБИКЕ

– ...Өзі кəдімгі кісідей ме?

– Кəдімгідей... шырағым-ау! Бір кісінің бар ғой, беті бар ғой,

дəл апам үйінің сары табағындай.

– Өй, жасаған-ай!

– Тəйірі, сол кісі деймісің? Əншейін қағаздан қылған бірдеңе

дағы...

– Бə-ə-ле, таптың, шіркін, таптың. Қағаз болса қозғала ма? Ас

іше ме? Шылым тарта ма? О түгілі атқа мінген солдаттар бар...
түйе де, мысық та бар... – деп іңір қараңғысында кебістері тыпыл-
дап, жарыса сөйлеп, етбеттей аяңдап біреулер келе жатты.
Бұлар таянған сайын қараңғыда самбырлаған, шуласқан,

күліскен дауыс та анығырақ естіле берді.

– Уай, уай! Ананы қара, ананы...

– Өй, кісіні басып кетер мекен...

– Па, шіркіннің шабысы-ай!

– Ал, жетті! Ал...

– Əне, əне... мұнан шықты...

– Ой, мынасы несі? – деген дауыстар қараңғы даланы

жаңғырықтырады. Əлгі келе жатқан адамдар:

– Ойбай, көтек! Жырп-жырп етеді ғой. Шайтан ба өзі?

– Тек сайтаны несі!.. Қараңғыда жоқты айтады екенсің...

– Əй, апатай, мен қорқып барамын: əне біреусі елбектеп тұр

ғой.

– Ой, шіріктер-ау! Содан қорыққандарың ба? Жей ме? Не қылады

дейсің? Мен күнде барып жүрмін ғой, – деген еркек баланың сөзі
қамшы болып, əйелдер кібіртіктей басып жақындады.
Со кезде біреудің:

– Уай, астапыралда... Құдайдың құдырет-ау, ə! – деген дауыс

дəл алдынан барқ етті.
Сонда біреу тұрып:

– Е, құдай құдыреті емей... Адам мұндайды не жасай алсын,

– деп жүптеп қойды.

Бұл сөздерді айтып тұрған: қалың топтың арт жағындағы бір-
екі мосқал, аңқау адам еді.
Топтың қақ алдындағы ақ шымылдықтың бетінде ауызда-
рын ашып-жапқан, қолдарын сермеген, аяңдаған, жүгірген...

құшақтаған, шылым тартқан, атпен шапқан, мылтық кезеген... тағы

талайды істеген, аласұрған адамдар біресе онысы, біресе мұнысы жылт етіп, бір көрініп, бір жоғалып жатыр еді. Бұл көрсетіліп жатқан елге шыққан қызыл отаудың ауыл жанына құрған жанды сүгіреті еді. Бүгінгі кеш жанды сүгірет төртінші рет көрсетілді. Алғашқы кезде жұрт жанды сүгіреттен үркіп, тосаңсыды. Жас, бала-шаға, малшы-құлшы ғана келіп, үлкендер əйелдерін жібермеп еді. Сүгіретті көріп келгендер ауыздарын үңірейте, көздерін бажырайта, ентіге, қызықтыра, таңырқата, қорқыта сөйлеген соң, əркімнің, өте-мөте қыз-келіншектердің делебесі қозып: – Ойпырмай, қандай екен? Көрейікші, жеңеше! – Барсақ қайтеді? – Жібере ме? – Жасырынып кетейік... – Сүтіңді түсірген соң, сен келе ғой... – десіп, қайтсе де байлап қойса да үйде отырмайтын күйге жетті... Қыз-қатындары кеткен соң, оларды іздеп, ұрыспақ, алып келмек болып, иелері де барды. Бірақ ұрысудың орнына, сүгіретті көріп, аңқиып тұрып қалатын болды. Үйдегі жас балаларынан мазасы кеткен сопысымақ шалдар да, обалсынған молдасымақтар да əйелдерінің артынан сүгірет жақты жағалауға айналды. Сол айналғаннан айнала берді. Манағы сөз басындағы сөйлесіп келе жатқан анау алыстағы ауылдардың сүгірет көруге сытылып шыққан 3-4 қатын-қыздары еді. Сүгірет кейде күнде, кейде күнара көрсетіліп тұрды. Жұрт көп келетін болды. Алғашқы кезде не екеніне түсіне алмай жүрді. Кісілердің қозғалғаны, аттың шапқаны, аптамабилдің ағызғаны болмаса, мəнісін ұқпады. Əсіресе жұртқа сүгіреттердің жырпылдап, тез ауысып кеткені ұғымсыз болды. Билесе – билегені, қуса – жеткені, қашса – құтылғаны, алысса – жыққаны, сүйсе – алғаны... үздіксіз аяқталмайды. Арасында əлденелер килігіп, шапыр-шұпыр араласып, сапырылысып, қараушыларды құмардан шығармады, көсілдірмеді. Түсіп келе жатқан ізі шым-шытырық көп сонарға соққандай, желісінен көз жазып, айырылып, аңтарылып, арсалаңдап қала берді. Осынша ебелектеген жылдамдық шайтан арбаның жүрісіндей бұлтыңдап, тиянақсыз, жат боп көрінді. Сүгіреттің сөздері де орысша еді. Ол жазулар да көзді жыбырлатып, мазасын

алды. Аса бір көңілі тетік немесе қаланы көп көрген, көзі ашықтау адам болмаса, туғалы үйінен адым жер шықпаған тоғышарлар құртаңданып, тамсанып, тамаша қылды. – Яапырмау. Жаны бар ма?.. Қалай қозғалып тұр? – деп тамсанысқан, күрсініскен, ішін тартқан бір топ елдің ортасында көзі жайнаңдап, етті ернін анда-санда бір жымырып, ақсарылау жаңа өспірім қыз ауыз жаппай сөйлеп, тұрды: – ...Мына қыз олардың ойын біліп қойды... Əне тысқа шықты. Ағасынікіне жүгіріп келеді... Көрдіңдер ме?.. Міне, еркекше киініп шықты. Атқа қалай ырғып мінеді... – дегенде бір қатын: – Өзі де еркектен бетер сайтан сияқты қыз екен, – деді. – Япырмай. Құйғытуын қара. Жығылып қалар ма екен?.. – Е, байғұс, е, байғұс... – десіп əйелдер сүгіреттегі атқа шапқан қыздың тілеуін тіледі. – Е, ол жығылмайды... Міне оқыған əйел осындай болады. Көрдіңдер ме?.. Сендер осы тамашаға келмей, қандай қорықтыңдар. Осы күні əйел қорқатын заман ба?.. Байғұстар-ау, теңдікке жеткендеріңді білмейсің ғой... – деп əлгі жаңа өспірім қыз ара арасында əйелдерді үгіттеп қояды. Ол үгітке құлақ қоятын қаталы, қапырықты, зерделі əйелдер де болады. Мұндай сөзді естігенде, олардың жүрегі аң көрген тазының құлағындай селт ете түседі. «Ананы қара, мынаны қара!» деп сүгіретке маңдап, сөзді тыңдамай, бетімен жыбырлап тұратын əйелдер де болады. Оны елең қылмайды. Жаңа өспірім қыз біресе сүгіретті түсіндіреді, біресе үгіт сөйлеп қояды. Оған сүгірет пен үгітті жалғастыру – мойнындағы парыз секілді. – Бұл қайда шауып барады? – деп біреуді сұрағанда, жаңа өспірім қыз жеңсізінің қалтасынан ақ орамалын алып, серкеш асығындай ешкімек мұрнын бір сүртіп: – Ол манағы сүйген жігітіне хабар бергелі барады... мынау – ақтар, көрдіңдер ме? Соларды іздеп, өлтірмек боп жүргенін... – деп тағы түсіндірді. Бұл суырылып сөйлеп тұрған жаңа өспірім қыз: гүбернелік əйелдер бөлімінен қызыл отаумен елге шыққан Қызылбике еді. Күнде жанды сүгірет көрсеткенде, Қызылбике əйелдер арасында болып, сүгіреттің мəнісін түсіндіріп, бір жағынан əйел теңдігін құлақтарына сіңіріп, артта апа-жеңгелерінің көр көкірегіне шам жағып, көр көзіне нұр құймақшы еді.

Қызылбике елге алғаш келген бетінде жұрт əбіржіп, бүрігіп,
қызыл отауды дажалдай көріп, қыздарын іннен-інге тығып,
қашырып, жытырып, маңайына жолауға қорықты. Өйткені ел
ішінде: «Қызыл отау деген шығыпты. Қыздарды сыпырып əкетеді.

Оқытады... шоқындырады...» деген алып-қашты дақпырт жайыл-
ды. Оны шығарып жүрген: қыздарын тірідей соймай сорып, азық
қылмақ болған қарау байлар, діншілдер, немесе бірдеңе берсең,
қызыңды спесктен өшіртейін деп мыңқылдаған жалғыз-жарым

құлқын құлы – қызметшілер еді. Аш қасқырдай жалаңдаған
атқамінерлер де солармен оңаша шүйіркелесіп, жемтік табудың
тəсілін елеусіз, еппен үйреткен еді. Анығында, қызыл отаудың
елді үрпитерлік айбыны да бар еді. Қызыл отау: 8 түйе, 5 арба, 3

ат, 4 шатыр, екі арба астық, он шақты адаммен қызыл жалаулатып
салтанатпен шығып еді. Он шақты адам: қызыл отаудың бастығы
(əйелімен), судья (хатшысымен), дəрігер (əйелімен), инструктор,
Қызылбике (əйелдер ұйымдастырушы), жұмысшы – бəрінің де

өзіне тиісті қызметі, міндеті бар.
Мұндай қара орманы, қос-қолаңымен бай саудагер ғана ел ара-
лаушы еді. Төңкеріс кезінде, одан бері де əскерлер шұбап өтуші
еді. Ел баяғы саудагерді де, əскерді де ұмытып, өз күшінен өзге

күшке тосаңсып қалған еді. Сондықтан да қызыл отау сияқты жат
түсті керуен алғашқыда елді сескендірейін деді.
Бірақ қызыл отау сонша сескенгендей құбыжық болмай шықты.
Өйткені түскен ауылында мылтық атқан жоқ. «Лау дайында! Қой

сой!» деп дікілдеген жоқ. Көліктері өзінде. Қойды шытырлаған
ақша беріп, қолдан сатып алады. «Үй тік, ат байла!» деп жарлық
шашқан жоқ. Ауыл сыртында, анадай жерге ақ шатырларын тігіп
алып, от жағып, шайларын қайнатып жатады. Əсіресе қызыл

отаудың осы жағы елге жайлы келді.
Ауыл сыртындағы ақ шатырларға əуелі əуес көрген балалар
барды. Олар барып, аңтарылып тұрысты. Одан бие қайырған,
қауға тартқан малайлар соғып жүрді.

Ақ шатырдың алдында ауыл лаққа қарап, қалтасына қолын са-
лып тұрған қазақша киінген қызды көріп:

– Ойбай-ау! Қазақ қызы ма? Бұл байғұс неғып қолға түсіп

қалды екен? –деп, тезекке бара жатқан кедейдің аяусыз қатындары
жағалады. Барып, анадай жерде қабын салбыратып ұстап,
аңтарылып тұрып:

– Есенсің бе, шырағым? – деді.

– Шүкір, жеңгей. Өзіңіз тəуірсіз бе? – деп Қызылбике жампаң-

дасып кетті.
«Ұстауда келе жатқан сорлы мені көргенде қамығар. Бұ да
біздей қатынның қызы-ау» деп ішінен есіркеп тұрған қатын
Қызылбикенің гүл-гүл жайнап тұрған жүзін, жаудырап тұрған

көзін көрген соң, одан жаман таңырқап, өз көзіне өзі сенбеді:

– Шырағым-ау, қазақ қызымысың? – деді.

– Е, қазақ емей, о не дегеніңіз, жеңеше! – деп Қызылбике

жымия сөйлеп, жақындаңқырады. Сөйлеген сайын Қызылбике
қатынның іш-бауырына кіре берді.
Қатын Қызылбикенің қай ел екенін, əке-шешесі, туысқаны бар-
жоғын, күйеуге берген-бермегенін сұрап қанған соң:

– Е-е-е... солай десек, шырағым... Қайдан білейік... Жұрт нетіп

жүргенге... – деп, тамсана берді.
Қызылбике де қатынның жай-күйін сұрастырды. Шайға сүт
сұрады. Қаладан алып шыққан нандарының қалғаны кебіңкіреп
кетіп еді. Аспазшы жігітке айтып, əйелге нан бергізді. Жарты

бөлкені қолтығына қысып алған соң Қызылбикеге əйелдің сенімі
бекігендей болды. Қызылбике не сұраса да бүкпей, айтып берген-
дей түрі бар. Бұл ауылда, бұл өңірде қорлықта-зорлықта жүрген
əйелдерді сұрап білсем қайтер екен деп, Қызылбике бір оқтанды.

Оқтанса да, шүу дегеннен шошынтып алармын: əйел жұмысы
шетін болушы еді. «Сақтықпен бауырға тарту керек» деген басшы
əйелдердің сөзі есіне түсе қалды да, ойлағанын сұраған жоқ,

– Біз кеткенше келіп тұрыңыз. Өзге əйелдерді де ала келіңіз...

Таныс болайық... Мен де ауылдарыңызға барамын, – деді.

– Е, келеміз. Кел, қарағым... жатсынамыз ба? Өзіміздің баласың

ғой, – деп қатын нан бергенге алғыс айтып, жөніне кетті.
Қызылбике əйелдермен араласты солай бастады.
Қалың елге басқан сайын Қызылбикенің əйелдермен араласы
да көбейе берді. Жолда кейбір ауылда қызы бар үйлерге түсіп,

қыздармен əңгімелесіп, айқасып, бірге жататын боп жүрді...
Қарабұлақ басында қызыл отау орнағалы бір жеті болған.
Болкомын, исполкомын, батырақ, қосшы, комсомол өкілдерін
шақыртып, елді жиғызып қызыл отау топ құрған, баяндама

қылған. Келген жұмыстарын аңғартып, іске кіріскен. Бұл жерде
20 шақты күн аялдайтын болған соң, исполком қызыл отауға екі-
үш үй тіктіріп берген.
Қызыл отау қызып жатыр.

Бір үйде сот, үстел, қағаз жазу, жауап, үкім, əйелге бостандық,
қалың мал қазынаға, жауапты жазаға, үй маңы жыбыр, сыбыр,
біреудің жүзі жарқын, біреудікі қара барқын.
Қызыл отау қызып жатыр.

Бір үйде ақ киімді дəрігер, сыбанулы білек, тыңдағыш түтік.
Кеуде тық-тық... «аш аузыңды!», «А» де!», «Деміңді қатты ал»...
Бір стақан қайнаған сумен күніне үш рет. Борашок, борашок, дəрі
сауыт, саусылдаған сауыт, сауыт.

Қызыл отау қызып жатыр.
Бір шатырдың алды – бастары ағарған қатын, қатын, қатын.
Шелек-шелек сүт. Ортасында əлде не «ыз-з-ызу, ыз-з-ызу» деп
əн салады. Бас-аяғы жоқ. Зуылдаған, уілдеген, таусылмайтын

күй-күй əн. Бұл – сеператр. Сеператр серпіп жатыр, шырлап жа-
тыр, ағып жатыр. Майың міне, сүтің əне... бір қылшық жоқ, бір
былшық жоқ. Өңі шыны, өзі шыны жылт-жылт еткен сары май.
Көп жасағыр, қызыл отау... Қолымыз бос... Сүтіміздің бəрі май.

Жетісіне алатыны: бір-ақ күнгі қаймағы.
Қызыл отау қызып жатыр.
Жерошақ басы: қожалақ бала, қоңырсық құйқа, қандықыл
қатын, ішек-қарын, тезек, сылп-сылп ит, тікесінен шаншылған

майда қоңыр түтін. Қазан толы қызыл ала, ақ ала, дəнді, дəмді,
уыз ет. Тола білек, қоңқақ тұмсық аспазшы сыңар көзді қысып
қояды, көсеп қояды. Қарсы алдында қызыл стан, ішек-қарынды
шүйкебас.

Қызыл отау қызып жатыр.
Бір үйде мектеп, қыз, келіншек, аласа үстел. Үш үстел. Үстел
үсті: қалам, дəптер. Бөлек-салақ əліпби. Керегеде қара тақтай.
Қызылбике қолында бор. Бір қолында əліпби. «Құлтай, мынау

қай əріп? – «Ғ». Не сияқты? – Бақан ауыз. Мынаны кім оқиды?

– Мен: «аға», «таға», «маған»... Бастары құдиды. Үсік қолдары екі

бүктеліп майысты. Қағаз сырылдады...
Күлдіреуіштен түскен өткір күн отжағарда отырған керттеш
келіншектің көзіне шағылды. Оқушылар етегін сілкіп, желпініп,
тысқа шықты.

– Жəмилə!

– Зейнеп!

– Құлтай!

– Рахима! – десіп, дыбыстасып, үндесіп, үйірлесіп, үйір-

үйірімен ауылдарына қайтты.

Борды ескі газетке орап, Қызылбике қалтасына салды. Дерт жұқтыратын, микроп таситын: қақырық, түкірік, дем алыс, ыдыссайман, төсек-орын, орамал, бит, бүрге, маса-шыбын екені ойында сайрап тұратын. Сонда да ел жұмысына белшесінен бата, белсене кірісіп, қызығына түскен соң, анау-мынау сақтық есінен де шығып кеткен еді. Еті өлмей қайтсін: сүгіретке барғанда, жиылыс болғанда, талай адам бетіне де сіңбірді, үстіне де түкірді. Мұрнын бырқ еткізіп, қолының қырымен көлденең бір үйкеп, со қолымен талай жеңешелері ас құйып берді. Қалай ішпесін? Саулық, тазалық жайынан дəрігер Шарапетден ағай екі-үш рет ел жинатып, лекция да оқыды. Денсаулық жайынан жазылған уақ кітапшаларды, газет-журналдағы мақалаларды Қызылбике қалт еткенде əйелдерге оқып та жүрді. Өйткені қызыл отаудың бір мақсұты: елге тазалық жайларын түсіндіріп, елден дерт-дерменді серпілту ғой. Əйтсе де елдің сүйегіне сіңіп қалған ескі əдет жуырда арыла қоймайтын секілді. Сонда да Қызылбикеде шаршау, жалығу жоқ. Айта береді, құлақтарына сіңіре береді. Өйткені ол жас, ол жігерлі. Оның талабы, үміті күшті. Ол бəрін болдырмақ. Ескі жаман əдеттің ел əйелдерінің ортасында «көп істеу» керек. Ай, көп-ау, көп. Көзден шоласыз. Қызылбике қажып қалса, ол кемшіліктерді кім жоймақ? Міне, Қызылбикені қажытпайтын кеудесіне имандай орнаған осы пікір, осы сана. Қызылбике сыртқы босағада қаңылтыр шəйнекпен қолын жуып отырғанда, тізесі имиіп жерошақ басынан келе жатып, Ұлбосын соқты. Ол – қызыл отау басқарушы жолдастың қатыны. Аяғына қазық өкше қара башмақ, бойына тылтиған көк көйлек киіп, жасыл жібек орамалмен желкесінен бір түйгені болмаса, Ұлбосын оқымаған қуыс қурай секілді əйел. Күйеуі де пəлен жетілген жігіт емес, тек кеудемен, бетпен, айғаймен, дабырамен жүретін жасаң жігіт. Əйтеуір беті түзу. Ұлбосын сөз қатқалы: – Сабағың бітті ме? – дегенде, Қызылбике: – Күн ысып кетті-ау, өзі, – деп, ортасынан қақ жара, жымита тараған қошқыл шашын сумен сипай берді. Ұлбосын: – Суға бір шомылып алар ма еді? – дегенде, Қызылбике: – Ə, ерігіп тұр екенсің, – деп жымиды. – Еріккені несі! Салқындауға айтам, – деп Ұлбосын омырауын желпіді.

Сонымен сөз доғарылып қалды. Үндемеуді қолайсыз көріп, Қызылбике: – Не естіп, не білдің? – деді. – Есіттім... əлгі сенен оқып жүрген Жомарттың қызы бар ғой... – деп Ұлбосын тізелесе жүресінен отырып сөз қозғады. Қызылбике: – Е, е... қойшы, бекер шығар... – деп тыңдаған болды. Өйткені Ұлбосын қайда-жайдағы өсекті білетін. Əсіресе еркектер жайын, кімнің кіммен жақын жүргенін көп сөйлейтін. Сөзінің аяғында Керімбайға бір соқпай кетпейтін. Керімбайды айтса, Қызылбикенің «ит жыны» ұстайтын. Бұ жолы да: – Керімбай бəле көрінеді... – деп келе жатқанда, Қызылбике: – Бəле болса, бəле шығар – деп үйіне жүріп кетті. Кеп былай: Қызыл отау елге шыққаннан бері орталарындағы жалғыз қыз Қызылбике болып, нұсқаушы да, суретші де, судья да, хатшы да бұдан дəмеленіп жұғысқан, айналдырған. Хат жазысқан, Қызылбике бірде-біріне жөнді жауап қайтармай, тек ойынға шаптырып, арсалаң қып жүрген. Бəрін өзіне құмар қып қою қызық қой. Ондай мақтаннан сау еркек те, əйел де алшынып, суысуға, шиеленуге айналған. Оған себеп мынау оқиға еді: Қызыл отау қонаға бір ауылға келсе, еркектері қалаға кетіп, өңшең əйелдер қалған екен. Екі қызы бар бір үйге Қызылбике қонсын. Қызылбике қонған үйге қыз-келіншектер жиналсын. Қызыл отаудың бозбалалары да бұл үйге келіп, шылым тартып, шалжиып жатып, «көз суарып», елді жатқызып қайтсын. Қасына үш қызды алып, Қызылбике сонда қонып қалсын. Нұсқаушы, сүгіретші жолдастар Қызылбикені өзімсініп, кетерінде орысшалап құлаққағыс қылсын. Қызылбике басын шайқасын... Содан бозбалалар түнде келіп, ашайын десе, есікті ішінен жауып байлап тастасын. Жіпті тартса, шелек пе, шылапшын ба, шөмшеуір ме керек, əлденелер даңғырласын. Керегенің көзінен білектерін былайбылай бойлатып, аша алмаған соң, жігіттер жабықтап үйге түссін. Қыздар ереуілдеп түрегелсін. Қызылбике: – Бұларың көргенсіздік, бассыздық. Қызыл отаудың беделін түсіргендік. Елге үлгі көрсетеміз деп жүріп өзіміз бүйткенде, – деп ауыр-ауыр сөз айтып, жігіттерін ұялтып, қайырсын. Міне, содан бері жігіттер: «Бүкіл елдің қызына тор жайдың; қорыдың, аядың» – деп Қызылбикемен ұстасып, кекеп, мұқап, өздерінше «байкот» жасап, көпке дейін сөйлеспей қойған.

Қызылбике бұл оқиғаны дəрігердің қатыны Мəриямға айтқан,
Дəрігер де, басқарушы да жігіттердің қылығын сөгіп, ұялтып
сөйлеген.
Əлгі Ұлбосынның айта беретін Керімбайы сондағы Қызыл-

бикемен өте-мөте өшігіп, өзгелеріне басшы болған жігіт еді.
Қызметі нұсқаушылық болса да, көбінесе қолы бос жүретін. Үсті-
басын аппақ қып, шашымен арпалысып, сыртына көбірек көңіл
қойып, көз салғаны: тəуір əйел болатын. Бір жерде отырып са-

рылып істейтін қызметке жоқ, жүрген-тұрған, сөйлеген, анамен
де, мынамен де араласқан, жұмысқа икем тұратын, дəрігерге де,
сотқа да, сүгіретке де, сеператор ісіне де, жиылысқа да – бəріне
де бір өзі жететін. Елмен араласы да өзгеден молырақ болған соң,

неше түрлі қулық, сұмдық та оның қолынан келетін. Қалай, не
қылығымен жаққаны мəлімсіз, əйтеуір Ұлбосын жеңгей соның
жыртысын жырта беретін. Керімбайды берекелі жұмыс бітірмей-
тін, ұрыншақ, ұшқалақ жігіт деп біліп, сондықтан да Қызылбике

оны жек көретін. Ұлбосын жеңгей Керімбайды ауызға алған кез-
де, Қызылбикенің үйіне кіріп кеткен мəні сол еді.
Керімбайды жаратпайды екен деп, Қызылбикені еркек атаулы-
дан безген, сонша бір суық, сонша бір «сопы», сонша бір бойы-

на берік қыз деп ойламаңыздар. Жастық əуестік онда да бар. О
да жақсы көре, жек көре біледі. Оның жас жүрегі де кейде бүлк-
бүлк соғады. Оның да тəуір көріп жүрген жігіті жоқ емес. Кім
біледі, əлде «өзгемізден соны артық көрдің» деп, ана жігіттер

Қызылбикеге өкпелі шығар. Ол жігіті де осы қызыл отаудың бір
қызметкері.
Əнеугі түндегі оқиғада жігіт дүрмектен қалмай, келуін келсе
де, жабықтан түсерде жасқанып, сыртта қалып, əңгіменің аңысын

байқаған соң, жымиып барып, шатырына жата қалған. Қызылбике
оны келген жоқ деп ойлап, бұрын тəуір көргеннің үстіне тағы да
оған бойұрып қалған. Содан бері араларында хат жүру жиіленген.
Көзқарастары да бірін бірі ұнатқандығына айғақ боп тұратын. Кей-

де ерігіп отырады, құмалақ тартысып, қарттан бал ашып, ойынды-
шынды о жігітті олжалы қып, үйлендіріп қоятын. Ол алатын əйелі
осы төңіректе, ұрымтал жерде боп шығатын.
Мұның бəрі қызыл отаудың от басы ішінара ермектері

ойыншығы сияқты еді. Сыртқы əлеумет жұмысында қызыл отау
қызметкерлері араларында ешнəрсе болмағандай. Жұмыла, жым-
даса, үйлесе қимылдаушы еді. Қызыл отаудың жұмысы қызған
кезінде ондай уақ-түйекке алдануға мұршалары да жоқ еді.

Ұлбосынның артынан Қызылбике Мəрияммен бірге дөң асып, түзге барып келді. Сөйлесті, күлісті, көңіл көтерісті. Мəриям – татар əйелі (дəрігер де татар ғой). Мəриямнің əжептəуір есі бар, бойына берік əйел. Бар айыбы: қазақтың былғаныш, нас тұрмысын жаратпайды, жиренеді, мұрнын тыжырады. Қаланың қоймалжың сорпасын, бұшпарасын, бəлішін, самсасын... анау-мынау түрлі тəтті тамағын аңсай береді. Даланың ермексіз, бірыңғай қоңыр өміріне іші пысады. Есі-дерті: қалаға тезірек қайту. Гимназия тəрбиесін алып өскен əйелге дала тұрмысына көндіге қою оңай ма? Мəриямнің «гимназияны» аузынан тастамайтынын, өз жұмысын ғана ойлайтын, өз қызығын ғана қызық көретін, өзімшілдік, тар мінезін Қызылбике ұнатпайды. Кейде жаратпағанда, сыртынан «нағыз мещанка ғой» деп қояды. Əйтсе де далаға барғанда, ондамұнда Мəрияммен көбірек болады, сонымен көбірек сөйлеседі. Өйткені Ұлбосыннан көрі көп нəрсені ұғысуға Мəриям артық. Не дегенмен оқыған ғой. Алайда екеуінің сөзі де уақ-түйек, көр-жер, ошақ бұты боп келеді. Солай болса да, əлде тəжірибесіз жастығы ма, əлде жалғыздығы ма, əйтеуір кейде Қызылбике Мəриямнің кейбір ақылын да тыңдап жүрді. Мəриям: барлық бақыт, барлық келешек жақсы күйеуде; күйеуді əбден таңдап, сынап, қапысыз қылып тию керек – деген пікірді көп айтатын. Бұл пікірге Қызылбике қосыларын да, қосылмасын да білмей, «əлде мұныкі дұрыс та шығар-ау» деп, бұл мəселе жөнінен дəудəмəлде жүретін. Анығында Қызылбикенің күйеуге асыға қоятын дəнеңесі жоқ. Жасы жиырмаға əлі жете қойған жоқ. Қазақтың салтын ойламаса, өзге жұрттың қызы 30-40-тың арасында күйеуге тиеді. Қазақтың кай салты кенеліп тұр? Сол жаман салттармен алысып жүрген Қызылбикеге «күйеу» деген сонша дəрі ме? Оған ми қатыратын не бар? Өйткені оның ойы əлде болса оқуда: оқымақ, білімін толықтырмақ. Бір кезде, 10 жасында коммуна мектебіне əрең кірген жетім бала еді. Одан кейін үлгі мектебінде үш жыл оқып, жұмысшы факультетіне түскен еді. Факультеттің екінші курсынан кетіп, шала қалғанына, Қызылбике аяққа құюлы ас суып бара жатқандай, ішінен өкінгендей болушы еді. Бірақ күндегі əлеумет жұмысы, күндегі əйелдер жұмысы ол өкінішін де ұмыттырғандай боп бара жатыр еді. Ел əйелдерінің əлі саңылаусыз, қараңғылығын өзінің əлдеқайда көзіқарақты екенін салыстырғанда, бұл біліміне де қанағат шүкір еткендей болушы еді.

Қызылбике Мəрияммен бірге түзден қайтып келе жатқанда,
«сот шақырады» деп бір жігіт келді. Қызылбике үйіне бұрылмастан
сот үйіне кетті.
Қайырбек сот қылтанақ мұрнын шұқылап, кереуетінде дем

алып жатыр екен. Үстел басында қағаз тықырлатып, мұрнын бір
тартып қойып, хатшы отыр екен. Қайырбек шашы үрпиіп, ұшып
түрегеліп:

– Кел, жақсы келдің... Бүгін көрісіп пе едік? – деп қолын

ұсынды.

– Бізге не амандық керек? – деген боп жымиып, Қызылбике

қолын берді.
Қайырбектікі амандық емес, Қызылбикенің бап-балғын, жұмсақ
қолынан бір ұстап, өзімен тізелестіре кереуетіне отырғызбақ еді.

– Ал, қандай жұмыстар? – деп қасына отырғанда, Қызылбикенің

айқастырған аяғы Қайырбектің алдында көлденеңдеді. Селдір
сары шелкесінен етшең жұмыр балтыры ағараңқырап көрініп
тұрды. Алқымынан түймелеген біз тұмсықтау сары башмағы,
домбыра тартқан кісіше, қимыл-қимыл етіп отырды. Мұндай сұлу

аяқ қазақ əйелдерінде сирек ұшырайды. Қазақ əйелінің аяқтары
көбінесе қу сүйек, не тілерсегі майырық, не тізесі итіншек, не
өкшесі шегіншек боп келеді. Кім біледі, əлде бөлеуден, əлде көп
отырғаннан, жүрмегеннен, əлде аяқ киімнен болатын шығар.

Қызылбикенің толық мүсін, əдемі аяғы көлбектегенде,
Қайырбек «құшақтай алып, сүйер ме еді...» деп ойлап қалды.
Əйтсе де ол ойын естіп қойғаннан жаман, жалма-жан хатшыға бір
қарап, Қызылбикеге бұрылып:

– Əбеттен кейін кешегі əйелдің жұмысы қаралады. Танысам

десең, қазір қарап шық, – деді.
Қызылбике:

– Ертерек айтпай... Ойбай-ау, қарап бола алам ба? – десе де,

Қайырбектің:

– Онша көп емес, керекті жерлерін өзім көрсетейін, – деуімен

үстел басына отырып, жұмысты ақтара бастады.
Қарабұлақ басына қызыл отау орнағалы талай əйел басы-
на бостандық алған, талайлар мұра даулап өндірген. Талай əйел
сатқан, əйел дауынан олжа тапқан саудагер, атқамінерлерге жаза

кесілген. Қазынаға түскен қалың малдар да болған. Кейбір елге
үлгі болғандай қызық, шатақ жұмыс қаралғанда, Қызылбике
əйелдің жоғын жоқтап, сөзін сөйлеп, қоғам айыптаушысы боп
шығатын. Бұ жолы да сондай бір жұмыс қарамақшы еді.

Қызылбике қағазға үңіліп жатқанда, Қайырбек оң жағына
келіп, еңкейіп:

– Бұл емес, мынаның жауабын оқы... – деп қағазды аударып,

керекті жерін үсік қолымен нұсқап тұрды. Қызылбике қадалып
оқып жатқанда, Қайырбек біресе олай, біресе былай аяңдап, шы-
лымын тартып жүріп, Қызылбикенің қынамалы қылтиған болат
беліне, құлағының арт жағындағы үлбіреген үкідей шашыранды

шашына көз жіберіп қояды.
Қарсы алдынан қарасаң, Қызылбикенің беті дөп-дөңгелеқ та-
надай, маңдайы аласалау, басы домалақ, мұрны тұштиған кел-
те. Аузы да онша оймақтай емес, сөйлегенде дымыға беретін

болғандықтан, ернін жымырыңқырап, бір сорып қояды. Сонда
да оның бəрін жанарлы көлемді көзі жалт етіп көзіне түскенде,
Қайырбек одан сұлуды дүниеде таппайды.
Таң атқалы жауаптан жауап, қағаздан қағаз қабаттап, қажыған

Қайырбекке Қызылбикенің қаралдасын көріп аяңдап, мұрнынан
жымиып, болашақтың адамы суреттерін қиял қып жүру
тыныстағанмен бірдей. Желпініп, желденіп, тамырларын қан
кенеп, бойына қайрат бітіп сергігендей болып келеді. Қайырбек

– сөзі аз, жұмысқа құнтақты, табанды, өзіне берік, біртоға сы-

пайы, қыз мінезді жігіт. Қызылбикеге хат жазып, қағаз жүзінде
«жас жүрегінің» тілегін, «ыстық махаббатын» сездіргені болма-
са, ондай нəзік, ұят сөздерді бетпе-бет, ауызба-ауыз айтуға беті
шыдамай, бойкүйездене беретін. Осы күнге дейін Қызылбикеден

үзілді-кесілді бір жауап ала алмай, тілегіне жете алмай, тек сыр-
тынан малданып, мəз боп жүруі де ұялшақтығы ғой. Қызыл отау
төңірегіндегі Қызылбикенің ұнататын жігіті осы Қайырбек екені
енді білінсе керек. Əзір мына жұмыс қабаттап, қолдары тимей

жүргені болмаса, біріне-бірі ашып уəде бермегенмен, іштерінен
бірін-бірі иемденіп қойып еді.
...Қызылбике бір сағаттай отырып, жұмыспен танысып болған
кезде ежірейген бір қара жігіт келіп, сотқа арыз ұсынды. Қайырбек

түрегеп тұрып, арызын сыдыртып өтті де, жігіттің басынан аяғына
дейін бір қарап алып:

– Байқан кім? – деп сұрады. Жігіт кеудесін түртіп:

– Мен, – деді. Жай-күйін сұраса, бұл кедей жігіті екен. Ташмаған

деген кісінің есігінде жүріп, қарындасы Жамалмен көңіл қосады
екен. Ташмаған белді, беделді, ауқатты адам, Жамалдың қайыны
да күшті: «тием» десе де қызды алуға əдді жоқ. Жігері құм боп

жүреді екен. «Қызыл отау əйелдерге теңдік əперіп жатыр» деген лақаппен Байқан үш көш жерден ат өктеп, қыздың арызын əкеп тұр екен. Қайырбек жігіттің жайын сұрап жатқанда, Қызылбике арызды Қайырбектен алып, оқып шықты да: – Қыз сөзінде тұра ма? Сенесің бе? – деп сұрады. – Құдай біледі-ау, тұрады. Өзіме қандай сенсем, оған да сондай сенем... Тек амалсыз, ұстауда отыр, – деп Байқан жанын сала, жепілдене жауап қайырды. Сиқына, сөзіне, көзіне қарағанда, өте пысық жігіт екені көрініп тұр. Тайынатын түрі жоқ. Жігітке: – Бара тұр, – деп тысқа шығарып, Қайырбек Қызылбикеге қарап: – Мұны қалай қыламыз? – деді. Қызылбике артық ойланбастан: – Барып алып келу керек, – деді. – Қызды оңайлықпен берер ме екен? Күш-көмек болмаса... Кім біледі, қыз сөзінде тұрса жақсы... Ұят боп жүрмесе... Күшті жердің қызы жеме-жемге келгенде туған-туысқанын қиып, суырылып шыға алмайтыны болушы еді... – деп Қайырбек жырындылығын білдіртіп, жұмыстың қайғысын сөйледі. Қызылбике үсік қолымен жағын таянып қалды. Сөйтті де басын жұлып алып, көзі от боп жайнап: – Бұған мен өзім барайын, қасыма екі-үш мелитсиенер, тағы бір-екі жігіт қосып бер, – деді. – Барам десең, жарайды. Тек бос қайтып күлкі боп жүрмесек... – деп Қайырбек жымиды. – Барам-барам, – деп өршеленіп, Қызылбике ұшып тұра келді. ...Ертеңінде ұлы сəске кезінде Қызылбике жалаңдай жалт етіп, есіктен шыға келді. Басында желкесінен шорт байлаған қызыл шəлі. Үстінде ақ кенеп сулық шекпен, белінде бұраунек – алты атарлы сары белбеу, аяғында жеңіл сары башмақ. Соғысқа баратындай құнтиып, тымпиып, жұтынып алыпты. Мəриям, Ұлбосын, ауылдың сепаратырға, сабаққа келген қыз, қатындар соңынан еріп келеді. – Мына қыз ба? Бұ қыз құтырды ғой!.. – Өзі неғып еркек боп тумады екен! – Неткен жүрек жұтқан десейші! – Мылтығын қара, мылтығын! – Өзі мылтық атуды да біле ме екен?.

– Ой, алла-ай, десейші, – деп əйелдер таңданып, күліп,

сүйсініп, қызық көріп, жүріс-тұрысын, арбаға қалай мінгенін,
қалай отырғанын тамашалап қарап тұр.
Қызыл отау қызметкерлері, ауыл адамдары да жапырласып,
қастарына келді.

Қызыл отаудан шыққан Қызылбике мен мелитсиенер, ел-
ден екі мелитсиенер, бір жігіт (көшір), қыз алатын күйеу жігіт

– айналасы алты адам бір арбалы, төрт салт атты болып жөнеп

берді. Ауыздықпен алысқан арынды, ожар ойнақтар қаңылтақ
тырамташты үкідей ұшырып, дөңгелегін анда-санда жерден бір
тигізіп, ойыстырып, бұрақтатып апарып жолға түсірді, артынан
мылтықтары шошайған мелитсиенерлер андағайлап, далақтап

барады. Жолға түсті, шаң бұрқ-бұрқ етті. Қызылбикенің шаңға
бір кіріп, бір шыққан қызыл шалысы ұзаған сайын қызғалдақтай
қылтиып ылдиға түсіп кетті...
«Осынау жалпақ елдің ортасында маңдайым жарқырап, қызды

алып шықсам» деп ентіге шауып, екіленіп, күйеу жігіт келеді. «Осы
жолда барған жұмысымды тындырып, əбиір алып қайтсам!» деп,
жағалтайдай жайтаңдап, нар кескендей қылшылдап Қызылбике
келеді. Мелитсе біткен ат қосшыға шейін жүздері жарқын,

қимылдары қутың, аттары сылпың, тақымдары қымтың, бəрі
де бір ойда, бір ниетте тəрізді. Кезенген, егескен, екпінденген,
жауға жасанған, мұқатпай қайтар сиқы жоқ. Мынау жұмылған,
ұмтылған, түйілген пішін, мынау екпін қаусағалы тұрған ескі

жол-жораны, тот басқан, тұтыққан беделді, шіріген, ыңыраған
боз сəлдені мына болған, алжыған «Алланы» күл-талқан қылмай,
күлін көкке ұшырмай, шаңырағын ортасына түсірмей, не қойсын?
Бұл желік жай желік емес, іргелі, ұлтанды, арқалы, айбынды

желік қой. Бұл шабыс жай шабыс емес, жасақты, жарақты, жау
қоймас шабыс қой? Бұл бетке кім шыдар? Бұл телегей селді, долы
толқынды кім тоқтатар? Тоқтата алмассың. Бұл тегеуірінге шы-
дай алмассың. Тұқымынан аяз өткен даумыттай, талайың мүйізді

шайқарсың. Ій кеудеңді! Ұсын басыңды! Оқы «лақаулаңды!»
Өзгерт «ғəлүйелғазіміңді!». Өйткені ол сыйынған, табынған «биік
айбынды» Аллаң бұл күнде алжып қалды.
Даңғыл жолмен аңыратып кім келеді?

Қызыл отаудың Қызылбикесі, қырғи бикесі, қыран бикесі ке-
леді, басып кетер... Жаншып кетер... былай тұр жолдан... Былай...
Міне келді... Келіп қалды... Ауыл бұқты. Жауырын жүні үрпиді.

Құйрығын тақымына қыстырды, мықшиды. «Іске» деді. Жөтелді. Тамағын кенеді. – Ех-е... Ама... Ама... Амансыздар ма?.. Үйге... үйге... үйге кіріңіздер... – Не бар үйіңде? – Үй, шаңырағыңды... – Е, жо... ж... жолдас дəмге... қазақ баласымыз ғой... – Қыз қайда? – А, қыз... қыз... не қыз? Қай қыз? Əуелі кішкене... нетсеңіздер... қырасыздар ма? Қыз керек болса, бар қызды аямаспыз... Қызылбике үйге кірді. – Ей, апа, апа, қымыз... қымыз... Шөлдеген екен, қымызға бас қойысты. Бір мелитсиенер далада. Ат үстінде, ауылды орағытып жүр: – Ауылдан тірі жан бір қадам былай баспасын. Екі мелитсиенер қымызды қағып тастап, Қызылбикемен ере үйден шықты, мылтық қолда кезенулі. – Қыз қайда? – Жоқ... Көргеніміз жоқ. Ауыл адамдары қу шүберек... Азулары шықыр-шықыр. – Байлап алсақ қайтеді?.. – Сойып салсақ қайтеді?... – Қой, қой, мерт боламыз... Қызылбикелер екі үйге кірді: – Қыз қайда? – Жоқ... Білмейміз... Ел мелитсиенерін біреу етегінен тартты: – Мойныңды бұршы... – Немене? – Сен таныс адам ең... нетсейші... бір жақсылық қылсайшы... Өзіміз білеміз ғой... үйлесеміз ғой... Бұлардан не тамады дейсің... – Е, үйлесетін болсаң... бірақ беті қатты. Қызылбикелер төрт үйге кірді: – Қыз қайда? – Қыз көргеніміз жоқ. Қарауылдағы мелитсиенердің қасында қыз ағасы, сақалы ешкінің құйрығындай шошайып, қимылдап тұр. Қызылбикелер бес үйге кірді. Қыз жоқ... – Табариштар, бері келіңдер! Мелитсиенерлер келді, Қызылбике оларды оңашаға алды:

– Қызды тығып қойыпты... Еркектерін арыстабайт!

– Жолдас, байқаңыз... бұ жерде абақты бар ма?.. Мынау

жігіттердің түсі бұзық... Жазым боп жүрмейік... Біздің тілімізді
алсаңыз қайту керек, – деп ел мелитсиенерлері қоңырсытты.
Қызылбике тікірейді. Төл жолдасына қарады. Ол:

– Қой құр қайтады деген не сөз? – деді.

– Күйеу, сен не айтасың? Қыз қайда деп ойлайсың?

– Қыз осы ауылда, əлгі үйлерді оңдап тінтімедік қой...

– Қызды дауыстап шақырсақ қайтеді?

– Бұ да дұрыс екен! – деп Қызылбике салды айқайды.

– Жамал-а-л! Уа-ай, Жамал!.. Бармысың? Шық бері! Шығар

дауысыңды!.. Сені құтқаруға келдік. Көнбе бұлардың тіліне!
Мен қызыл отаудан келдім. Мен де өзіңдей қазақ қызымын...
Мен жарық сəуледе, теңдікте жүрмін. Қорғалама. Қорықпа!
Шық бері жарыққа! Қосыл қатарға!.. Бұл ауыл саған ауыл бол-

майды! Бұлардың құлқыны – мал. Бұларда адамшылық, ар-ұят
жоқ. Құрттай ғана намысың болса, шығар дауысыңды! Сүйген
жігітің міне қасымызда, қосыласың, қосамыз... Тұмсықтыға
шоқытпаймыз, азулыға тістетпейміз... Сендей əйелдің талайын

құтқардық, көзін аштық!.. – деп ауылды кезіп жүріп айқайлады.
...Бір мезгілде көп шуылдың ішінен күбілжіген, күрмелген
қылдырықтай бір созалаң дыбыс естілгендей болды. Қызылбике
құлағын түре қойды: ыңырсыған, өлімсіреген, зарланған дауыс...

Осы тұстан, оң жақтан шыққан тəрізді. Қызылбике солай қарай
жүгіріп берді... Бір тыңдайды. Бір жүгіреді... Дыбыс анығырақ...
Ыңыл емес, сөз:

– Мен мұнда-а-а... Мен мұнда-а-а... Жаушы жалам, үй-іші

астаң-кестең. Жүктің бір шетінде, астына кіріп, қожалақ, ысқабақ,
абажадай қара кебеже тұр екен. Дауыс содан шықты. Қызылбике
кебежеге тап берді. Ескі қақпағын суырып алды. Қарап жіберсе,
аузы майлықпен таңулы, қолдары артына қайырулы шалқасынан

екі бүктеліп қыз жатыр. Екі қарынан ұстай алып, кептетіліп
қалған.
Сорлыны көрген соң сасық кебежеден табандай тартып
шығарып алды, майлықты жұлып, жұлқып шешіп тастады. Арты-

на қайырып, қыл шылбырмен айқастыра байлаған қолдарын бо-
сатты. Қып-қызыл, қиып кетіпті. Ұстаудан босанған Жамал:

– Бауырым-ай... Өліп ем ғой, – деп Қызылбикенің екі иығына

шуылдасқан, дуылдасқан дауыстар кенет баяулап, аңтарылды.

– Жылама, Жамал, жылама, – деп Қызылбике арқаға қағып,

жуатып, басын көтерген кезде:

– Осы ит аяқты іңірде қарамай кетіп, – деп қара кебежені

құшырлана теуіп қалды.
Қаңсыған, қажыған, қаусаған қара кебеженің айғыз тақтайы
опырылып, күлдір етті. Аяғының тегеуірініне сүйсінгендей,
күңдік ұясын бір теуіп күйреткендей, Қызылбикенің көңілі дау-

лап, ернін бір жымырып:

– Жүр енді! – деп Жамалды жетелеп алып шықты...

Жамалды үйіне əкеліп, абдырадан киім-кешегін алдырып
жатқанда, мына жақтан Жамалдың шешесі тұрып:

– Қарағым-ау.... Шының ба? Бұ не қылғаның?.. Бəрімізді жер

қылып... Бұдан да бізді біржола көміп кет. Бізді бүйтіп қаран
суалтқанда, не бір қадір табам деп ойлайсың?.. Қой, қарағым,
ақылыңа түс... Менен туған балам болсаң, тоқта... Есіктегі малай-
мен кетті деген не сұмдық? – деп кеңкілдеп, кемсеңдеп, білгенін

айтып жатты.
Ол сөйлеп жатқанда, Қызылбике де кимелеп:

– Қой, шешей. Əуре болма... Көмілмейсің де, суалмайсың...

Балаңды аясаң, тал түсте кебежеге тығып, қол-аяғын байлап, ау-
зын буып, тұншықтырар ма едің? Қызыңның қолын қарашы өзің...
Малайдың күні туғанын біліп қой... – деп жарыса сөйлеп, ауызға
қақпалады.

Қызылбикенің сөз таластырғанына емексіп, «сөзге келсе,
əкетем ғой» деп дəмеленіп, шешесі дауысын күшейтіп, өршелене
бастады:

– Қал, енді, Жамал. Құтырма... Мен енді емшегімді көкке сау-

армын... Қарғармын!.. Оңбассың! – деген кезде Жамалдың көзіне
мөлдіреп жас келіп қалды. Жамалдың жасын Қызылбикенің көзі
шалып қалды да:

– Мына кісіні əкетіңдерші? – деп мелитсиенерге бұйырды.

– Жүріңіз, жеңгей, жүріңіз! – деп мелитсиенер қолынан

тартқанда, қатын сасып қалды. Жан-жағына алақ-жұлақ етті. Сон-
да есік жақта тұрған еркек баласы «болмас» дегендей, ернін тістеп
ым қақты. Сол-ақ екен қатын қайратына еніп:

– Е, мені қайтейін деп ең? Бармаймын? Өлтіресің бе? Қане,

өлтірші, көрейін? – деп, қолын жұлып, жұлынып, шапылдай
кетті. Шешесін сүйрегенге қызының көңілі қобалжып, бүйрегі
бұратынын сезді де, Қызылбике қолына түскен киім-кешегін ал-
дырып:

– Жүріңдер енді! – деп қызды жетелей жөнелді... «Албас-

ты» басқан əйелге ақырған, шошынған жаққа ұрған бақсыша
Қызылбике жетегіндегі Жамалға:

– Жасыма! Қайыспа! Қорықпа! Бекіт буыныңды! – деп қолынан

сілкіп, сілкіндіріп, қайрат беріп келеді.
Арбаға əкеліп мінгізгенде, ауыл жігіттері қамап, қоршап тұр
еді.

– Жібермейік..

– Кетіңдер!..

– Неге тұрсыңдар?

– Сен баста!.. – деп бірін-бірі түртіп, ентелеп, таянып келеді.

Тап беруге бата алмады, өйткені Қызыл отау кісілері
мылтықтарын кезеніп:

– Тырп етсең, атыласың! – деп, жалаң-жалаң етеді.

Алдымен жан күйер қыз ағасы ұмтылмаған соң, біреудің оты-
на күйеміз бе? Біздікі не деген оймен өзгелері де бой тежей бер-
ді. Белдесерлік бəлен жігіттер де шамалы. Бесеу-алтауы болмаса,
көбі бала-шаға, шалсымақ, қатын-қалаш, жасақ қапыда сап етіп,

ел жиюға мұршасы келмей, тек қыздың ғана түсін тасалауға ша-
малары келіп еді. Байбайлаған, шулаған дауыстан басқа, қызды
алып қалуға түк қайрат қыла алмады, тырамташ дүр етіп жөніне
тартып кетті.

Байқан күйеудің кеудесі көкке серпіді. Арты ерге қоныс тап-
пай, қоқыраң-қоқыраң етеді.
Талтайған тал түсте самсаған сары қолдың ортасынан сүйреп
алып шықты деген осы емес пе?

Қызылбике гүл-гүл жайнап келеді. Біресе қызға, біресе жігітке
қарап қояды: Əйелді көрге тықса да қоймай, құтқарған, теңеген,
жеткізген деген рас емес пе? Жігіттер де даланы жаңғырттыра
сөйлеп, қарқылдап күліп келеді: «Шаш ал десе, бас алатын», барған

ісін орындамай келмейтін өңшең өжет сарбаздарың емес пе? Өте-
мөте елдің екі мелитсиенері дауығып болмайды: манағы жерде
азырақ кеңірдектері қышып кеткенін білдірмеймін, бүркеймін,
шайып жуам деп келеді. Олар да талайды көрген, тап басқан

қуларың емес пе? Бірақ мұрттың əттең қисайғаны Қызылбикенің
көзіне түспей не тұрсын, іш пікірі ішінде оларға да жылы
ұшырай жауап қайырып, сөздерін тыңдаған боп келеді. Он-он бес
шақырымдай шыққан сол жолда көрінген ауылға ат шалдырмақ

болды. Жарымы түсуді, жарымы түспеуді дұрыстап, екі бөлінді.
Түсуге зорлаған ел жігіттері, олардың дəлелі: енді бір көш жерсіз

ауыл жоқ, оған аттар жарамайды, қарлығып қалады, елсіз шөлде ат шалдырғанша қазір шалдырып алса, көздеген жерге торықпай жетеді. Қызылбике сөйледі? Əйтсе де аттар қара терге шомылып, божыны қақтыра береді. Соны байқаған соң, Қызылбикенің өз мелитсиенері де түсуді мақұлдады. Ат жайын еркектер артық білетін шығар деп, Қызылбике де түсуге артық қарсы болған жоқ. Түскен соң аялдамай тұра ма, жолдастары қымыз ішкенше, самаурын қойдырып, самаурынға қол қойған кезде, бір қозыны да сойғызып, қазанға салдырып қойыпты. Қызылбике жүруге асықса да, бітулі дəмді тастап кете алмады. Əйтсе де жарықтық жазғы күн шыдамды шылбыр қайыс қой: батқанша талай бар секілді. Былай шыққан соң, ат та, адам да тынығып, дамылдап қалғанын көріп, Қызылбике ішінен түскеніміз тəуір болған екен деп ойлады. Ауыл жігіттері айтқандай, жолдағы ауыл сонша шалқар көш емес, 7-8 шақырымдай жерде екен, «əу» дегенше зырылдатып келіп қалды. – Е, мынау кеше түскен ауыл ғой? – Иə! – Олай болса, соғайық, ала кетейік, – деп Қызылбике көшірдің ауыл жақ жеңінен тартты. – Ат үстінен соғалық, түспелік, – десіп, ауылға келді. Қызылбикенің «ала кетейік» дегені: бір қатын кеше түскенде Қызылбикеге мұңын шаққан. Кедейдің қатыны екен. Қызылбике қайтарда ала кетуге уəде берген. Жамалды арбада, күйеуі мен көшірді атқа тастап, Қызылбике үш мелитсиенермен саусылдап үйге кіріп келді. Ауыл кісілері үрпиісіп, жиналып, қатынды ортаға алып екі баласын айтып, обалсауапты салыстырып, олқылы-толқылы, кеу-кеулеген əңгімемен жолаушыларды бір қатар кідіртіп, қашаннан орнығып қалған əйелдің жып етіп шыға қоюы оңай ма? Үйде жаңылдасып жатқанда, үй артынан: Ойбай, ойбай! Өлдім! деген дауыс баж ете түсті. Жолаушылар тысқа ата шықты. Арбаны бір топ адам қамап алыпты. Байқан күйеуді қамшының астына алып, бұрсылдатып ұрып жүр. Жамалды сүйрелеп көтеріп, атқа өңгерткелі жатыр. Қызылбике ұшқан бойымен келіп, Жамалға жабыса түсті. Жамал да құшақтай алды. Екеуі айқасты да қалды. Қуғыншылар олай тартты, бұлай тартты, екеуін жуырда айыра алсыншы.

– Өлтірмесең бермеймін. Ер екенсің. Мені өлтіріп көр. Қалай əкетесің? – деп Қызылбике тепсініп, безілдеп жатыр. Сол екі арада тарс-тұрс мылтық та атылды. Ер кісілері серпіле берді. Қызылбике Жамалды сүйрей-мүйрей арбаға: – Айда тарт! – дегенде, қосшы басқан аттар жұла жөнелді. – Өлесің! Кет! Қайт! – десіп, мелитсиенерлер де аттана ұра жөнелді. Қуғыншылар іркіліп қала берді. Əйтсе де бұлардың бойы ұзаған кезде, арттарынан еріп, жүріп отырды. Жолаушылар мылтық оқтанып қоқан-лоққы көрсетсе де, қуғыншылар қалмады, қайтпады. Не ойы барын кім білсін, атуға оқтары да жоқ. Тап берсе, тартып əкете ме деп қаупілеп оқсыз мылтықтарын кезене берді... Не керек, сол арбасумен отырып, жолдан атты бір астырып жегіп, Қызылбикелер шалдырмай, ел орынға отыра қызыл отауға жетті. Жолда манағы шапыр-шұпырдың кесірінен бір қатын қалып қойды, Қызылбике оған артық қынжылған жоқ. Өйткені екі бірдей қызыл қарын, жалаң бұт балаларын жылатып, айырып əкетуді арғы деті қалаған жоқ еді. Қызыл отау сотында кім кетті? Көбінесе, кедейдің қатыны кетті. Кеңес өкіметі əйелді де, кедейді де жарылқады. Бірін алқап, бірін қарғаған жоқ. Қатыны кеткен кедей қарғысқа ұшырағанмен бір бас қой. Оны Қызылбике жақсы біледі. Сонда да «Кедейдің қатыны кетпесін» – деуге тілі келмейді. Өйткені кедейдің көрген күнінен əйелдің күні екі есе ауыр деп білді. Əйелдің безбені басып кетеді. Əйел оған тонның ішкі бауындай көрінеді... Қызылбикенің қырып-жойып, қызды алып келгеніне Қарабұлақ басында сүйінбеген адам қалмады. Бұл бір – дос сүйініп, дұшпан күйінгендей іс болды. Қызылбикенің «мəртебесі» көтерілді. Əбүйірі толды. Қайырбек сот жымыңдап келіп, қолын ұстады. Дəрігер де, басқарушы да, сүгіретші де, хатшы да Қызылбике қалыңдығын əкелгендей, қуаныса амандасты. Қарабұлақ басындағы əйел атаулының көңілі қарыс көтерілді. Қызылбикенің бағы мұнша тасқанына тек бір адамның ғана ісіне күндестік дерті байланды. Ол кім десеңіз – Керімбай. Қызылбикені қанша айналдырса да, уысына түсіре алмағаны, түнеугі қыздарды қорығаны, оның артынан жолдастарынан сөгіс естірткені, соңғы кездегі мұны қит етсе, жамандайтыны – бəрі

ұласып, ушығып Керімбайдың оны атарға оғы болмай, қалай
тосудың ретін таба алмай, тісін қайрап жүретін. Мұнда мына
жұмыс Қызылбикені жүдə шарыққа шығарды. Қызыл отау ор-
тасында енді қадірлі, одан алапапты адам болмақ емес. Енді ел

қалаға барғанда, мені жамандап, қызметтен шығартады, масқара
қылады, деп ойлады.
Қызылбикені қалай мұқатады? Өзіне қалай бас игізеді?
Керімбайдың көптен ойлаған ойы осы еді. Бұл ойы енді тіпті

күшейді. Қандай қылмыс, қандай былық жұмыс болса да кірісіп,
Қызылбикені табанына бір салу керек.
Керімбайдың қарманғанда қолына түсіргені: Ұлбосын бол-
ды. Одан басқа бұған «жаракмолда» дейтін жан жоқ. Жатарда

Ұлбосынды шығарып алып, көп сыбырласты...
...Ертеңінде ол тұрып, жайланған кезде Ұлбосын Қызылбикеге
келіп:

– Масқара-ау! – деді.

– Немене? – дегенде:

– Біреудің тып-тыныш отырған қызын зорлап əкеліп... бұларың

ұят емес пе? – дегені.

– Қой əрі. Не айтып тұрсың? – деп Қызылбике шоршып түсті.

– Нанбасаң, өзінен сұра... Байғұс-ау, мен не қылайын... өтірік

айтып?.. – деген соң нанарын да нанбасын да білмей, Жамалға ба-
рып, далаға ертіп əкетті.

– ...Əлгі қатынның айтып жүргені не? Сен танып қалдың ба?

– дегенде, Жамал қобалжып:

– Қызу үстінде кетсем де, артынан ойға түсіп отырмын, – деді.

– Не болды? Не қылған ой? Неден қорықтың? – деп Қызылбике

жан алқымға алғанда:

– О жігітпен жай сөздес болғаным болмаса... Тием деген ойым-

да жоқ еді. «Сотқа барам» дегенде, «барсаң бар» дей салғаным
болмаса, – деп былжыратып отыр.
Қызылбике түсіндірем деп осынша қызыл өңеш болса да, қыз
түсінбеді:

– Құдайдан бір жазғаны бар шығар, – деп жауапты қысқартып,

қасарып тұрып алды.
Қызды құдай ұрыпты, өткен түні Ұлбосындікіне жатқызған.
Өйткені сотсыз күйеуіне қосуға жол көтермейді. Ауыл адамдары-
на сенбейді. Басқарушыдан қолайлы кісі жоқ.

Қызылбике өзі шаршап келген кісі, жаңа келген газет-жур-
налды оқып, кеш жатқан. Өткен түні бір сұмдықтың болғанын
Қызылбике іші сезе қойды. Қыздың қалай айнып қалғанына таң-
тамаша. Жамалды Ұлбосындікіне жіберіп, Қызылбике өз үйіне

кірді. Неғыларын білмей дағдарып, жігері құм болып, Қайырбекке
айтуға тағы қолайсыз көріп, ауыр ойда күйіп отырғанда, шалқаңдай
басып, бір езуіне шылымын қыстырып Керімбай келді. Керегеге
бір шынтақтап, іріленіп тұрып:

– Е, неғып мұңайып отырсың? – деді.

– Жай... – деп қабағын шытты.

– Əйелге үлгі болатын жігітсің ғой, шалдырдың ба? – деді.

Қызылбике тұнжырап, түтігіп кетті. Керімбайды түтіп жібер-
гісі келді. Бірақ тығылып қалды: түк айта алмады. Төменгі ернін
қапсыра тістеп, сілейіп отыра берді.

– Адасып жүрсің... менімен бекер ұстасасың. Мен дегенімді

істеймін... қорықпаймын... ақылдасар адамыңды білмейсің...
жұлындың, ұрындың, не таптың?.. Міне сот алдында, ел-жұрт
алдында əбиірің айрандай төгілгелі тұр... Қызыл отаудың беделін
жойғалы отырсың... Ертең газетке жазыласың, масқара боласың,

– деген кезде, Қызылбике шыдай алмады:

– Керімбай. Не қыл деп тұрсың?.. Шық өзің үйден! – деп теп-

сініп ұшып тұра келді.
Керімбай тапжылған жоқ:

– Не қыл дегенімді айтайын: менің тілімді алсаң, бірауыз

сөзіммен көндіріп берем, – деді.
Қызылбикенің тырсылдап, шиыршық атқан бұлшық еттері
біртіндеп босап, қолдары ақырындап төмен түсті. Керімбайдың
көзінен көзін айырмай, долдана, таңдана, түйіліп тұрды. Со кез-

де Керімбай оқтай атылып екі қолынан шап беріп ұстай алып,
белмеңдеп, езеуреп:

– Қызылбике... Қызылбике... Мен саған... мен саған құмар

екенімді білесің бе? Сен неге... неге мені жек көресің?.. Мен...
мен не жаздым саған?.. – деп қала бозбаласының бояма пішініне
түсіп құбылмасын ба? Ондай əртістікті театрдан, сүгіретте көріп
жаттаған ғой, жастық, құмарлық, құрбылық кекесін мырсылмен:

– Сен шіркінді қойсайшы... қойшы, Керімбай! Не керек сондай

сөз?.. Сүйген деген не өзі? Мен нанбаймын ондайыңа... – деп тыр-
жиып тұрды.

– Нанбасаң, нанба. Бірақ осы жұмысты... осы жұмысты... мен

неткендік... сүйгендіктен істеп тұрмын... Менің немді... көңілімді бір тындыр... Мен үшін емес – мені өзің де жек көретін кісісің ғой – өз əбиірің... Қызыл отаудың əбиірі үшін... Менің мұнымды қастық, дұшпандық деп ойлама.... Мұным достық, сені неткен... сүйгендік. Əйтпесе əкпел, қолыңды. Ертең сот алдында ит боласың! – деп қолын қысып, сілкіп-сілкіп жіберді. Қызылбикенің кеудесін ыза, намыс, күдік, дағдарыс кернеп, тамырлары отша тұтанып, денесі шымырлап кетті. Көп сөз айтуға басын ой буып, тек: – Кет енді! – деп қолын жұлқына босатып алып, кереуетіне сүрелеңдеп барып отыра кетуге мұршасы келді. Керімбай оң қабағын бір-екі тыржыңдатып тұрды да: – Бір айналып соғам, жауабын дайындап қой, – деп тысқа шықты. Қызылбике жалғыз отырып, көп ойланды. Əйтеуір күн жұма, сабақ жоқ, оңаша еді. Отырды. Жантайды. Тұрды. Жүрді. Шақшадай басы шарадай болды. Көзі əлденелерге қадалады. Маңдайын тесіп жіберетіндей бармағымен тіренеді. Ой түйіні шешілмейді... Бір мезгілде көзі қара тақтайдағы жазуды шалды. Жазу екі-ақ сөз: «Өмір – өзгеріс» деген. Кім жазғанын кім білсін... Əлде Керімбай соққан... Қалайда бұл екі ауыз сөз Қызылбикенің тығырыққа қамалған, тұншыққан, шыр айналған ойына жөн сілтегендей болды... «Өмір – өзгеріс». Ə, өзгеріс?.. Расында өзгермейтін нəрсе жоқау өзі... Кешегі тасыған көңілі, жарқыраған жұлдызы бүгін басылып, сөнгелі тұр... Кеше... Бүгін... Кеше... Бүгін... Ə, бұ қалай? Кеше мен бүгінді ойлай-ойлай өткен күндері есіне түсті. Байқап отырса, бəрі өзгеріс... Қайырбекті тəуір-ақ көреді... Кеше... Бүгін... Бұрын ше? Бұрын Қайырбекті əуелі білмеуші ме еді? Қайырбекке тием деген ойы да бар еді. Кеше, бүгін ше?.. Өмір өзгеріс... Апырмай, өзгеріс-ау, ə?! Кəзіргі жағдайға қарай да өзгеру керек пе, жоқ па?.. Өзгермесе сот алдында масқара бола ма, əбиірі төгіле ме? Төгіледі. Жұрт... дұшпан дұшпан табалайды... Əлде бұл жұмыстың кесірі əйел біткеннің бостандығына тиіп жүрмесін кім біледі... Қызыл отаудың үстінен ел арызды жаудырмаса неғысын... ел аяғыңның тайғанын аңдып отырады ғой... Олай болса, үлкен жұмыстың, ұлы намыстың жолына кішкене намысты, қара бастың намысын құрбан қылса, қайтер еді?. Бұл құрбандықты өзінен басқа кім біліп жатыр?.. Осы ойлармен Қызылбике бір ойысып келсе де, Керімбайдың

əлгі келіп, маңызданып, табалап тұрған тұрысы, оның сұм-
дана ыржиған езуі оның міндет қылғаны, оның неше түрлі
жаманшылығы – бəрі, бəрі заматта жылт етіп, бірінен соң бірі
тізбектеліп көзіне елестеп кетті... Қызылбике сонда барып, əуелгі

ойысқан бетінен тайқыды. Өзінің құлдилап, төмендеп, кішірейіп
кетіп бара жатқанын сонда сезді...
Қызылбике, алмас қылыштай жарқылдаған, өжет, өткір,
қажырлы Қызылбике. Елді таң қалдырып, өзін танытып тұрған

Қызылбике шынымен осы Керімбай жексұрынға берілгені ме?
Шынымен соның табанына түскені ме?.. Осындай сүйегіне таңба
болғандай, масқаралыққа шынымен көнгені ме?.. Осы ойлар үстін-
үстіне өршігенде жабығып, төменшектеп, отырған Қызылбике:

– Қой, болмас! – деп, шошып оянғандай, басын жұлып алып,

оқ жыландай шаншыла қалды. Қайрат, жігер, ақыл, айла бұл оты-
рысынан сезілгендей еді.
Қызылбике біраз осы қалыпта отырған соң мойнын оң жағына
бейімдетіп, бір мезгілде өзінен-өзі мырс етті. Бұл мырсыл бір ай-

ланы тапқанның белгісі еді...
Аздан кейін:

– Немене? Қабырғаңа кеңестің бе? – деп Керімбай сипақтап

қайта кіргенде, Қызылбике өңін бұзып, назданған əйел пішінге
түсіп: – Сен де еркекпін, жігітпін, əлеумет қызметкерімін жүрсің-
ау, а!? – деп ернін жымырып, басын бір шұлғыды.

– Ех! Немене? – дегенде:

– Кісі-ақ екенсің! – деп тағы бір кекеп қойды.

– Айтсайшы, не демексің? – деп Керімбай қасына таянды.

Қызылбике бұл жолы да жаратпады, таңдайын бір қағып, басын
шайқай берді. Қызылбике жұмбақ болған сайын, Керімбайдың
оны шешуге құмары күшейді.

– Ал енді, не дейсің? Неғыл дейсің? – деп Керімбай кереуетіне

асыла мінбеледі. Сонда Қызылбике күлімсіреп отырып:

– Сен əлгінде «жақсы көрем» дедің бе осы? – деп, мазақтағандай

көзінің қиығымен қарады.

– Иə, дедім.

– Рас па?

– Расым деп айттым, енді... нанбасаң өзің білесің?

– Сенің əлгі сөзіңді жақсы көрген кісі айтар ма еді? Қалай

ойлайсың?

– Айтатын шығар...

– Айтпайды... Мың жылда да айтпайды... Керімбай, сен бері

қара... Сенімен ғой, осы қызыл отау тұсында қызметтес, таныс
болдық... Бұрын жай амандық болмаса, бір-бірімізді жақсы біл-
меуші едік қой...

– Иə, солай едік...

– Сен өзің табарышсың... өзің жаңа пікірлі болам... Əйелдің

теңдігіне ат салысам деп жүрген жігіттің бірісің... Осы істеп
отырған жұмысың өзіңе лайық па? Ойлашы.

– Ойладым... Бірақ осы жұмысты бір сен үшін істеп отырмын

дедім ғой, əйтпесе...

– Жоқ, тұра тұр... Сен менен көңілің болған күнде де осындай

жерде аңдығаның өзіңе, жігіт басыңа, табаріштығыңа дұрыс па?

– Мұндай сөзді бұрын айтсаң, қайда едің?

– Бұрын айтпап па едім? Керімбай, бұ жұмыстарың жарамайды

деп, айтушы ем ғой... Біз ұғыспай жүрміз... Əуелі ұғысайықшы...
Сенің осы қыжырттауың қалмай келеді. Мен оны ойын көріп,
қарап келдім. Өйткені мен саған көптің бірі болғым келмейді...
Шын жақсы көретін болсаң, мені бұ жерде аңдуың ағат. Мен саған

қорыққаннан қорғалап көнсем сен еркінсіз. Онда не сүйіспеншілік,
не қызық болар еді? Өзің ойлашы... Бүгін, ертең айырылғалы
тұрғамыз жоқ. Алдымызда талай күндер жатыр ғой... деген сияқты
емексіте, дəмелендіре едəуір сөйледі. Бұл сөздерді айтқанда,

Керімбай үндемей төмен қарап, ойланып отыр еді. Қызылбикенің
өзімен адам сияқтанып сөйлесіп, елегеніне көңілі əлдеқандай өсіп,
сөздері көкейіне қонып кетті. Бұрын Қызылбикені тек жұмыс, іс
жайынан ғана сөйлесетін, еркекке сүйкімі жоқ, салқын əйел деп

ойлаушы еді. Бұ жолғы назды, нəзік, жатық, жастық базына сөздері
ол ойын жойды: Қызылбикеге разы боп кетіп:

– Не де болса, сенің айтқаныңа көндім, сен жеңдің, – деп қолын

ұстады.

– Міне енді жарадың, – деп, Қызылбике де жылы шыраймен

қолын қысты.
Қызды қайта сөзге түсірмек болып, Керімбай кетті.
Қызылбикенің мұнысы: өзінше тапқан бір айласы еді. «Қызды
көндіретіні рас болса, көндірсін. Көндірмесе тағы бір жолы табы-

лар», – деген ой түсіп еді. Өйткені Қызылбике бұл оқиғаны сотқа,
жолдастарына əйгілеп: олардан көмек, ақыл сұрағандай болып
отыруды бойына ар көргендей еді. Өйткені ол «əйелдің шашы
ұзын, ақылы қысқа» деген көзқарастан аулақ болам деп жүрген

əйел ғой. Əсіресе бұл ойға ойысқан бір себебі: ертең сот алдында
Жамалдың сөзінен танып қалып тұруы, оны ұялту, онымен мойын-
дасып, айтысып-тартысып жатуы – бүкіл əйелдердің намысына ти-
етін жұмыс сияқты көрінді. Қызды азғырып тұрған пəленің басы,

шыққан жері Керімбай болса, алдымен сол жауыздықтың тамы-
рын қию керек деген ойда болды. Сондықтан, Керімбай сияқты
сұғылған жігіттерді еппен алдай тұрудың амалына кіріскен еді.
Кешке Керімбай Жамал жатқан үйге тағы барды.

Өткен түні Ұлбосын екеуі Жамалды азғырып, таң атқанша
қойнында жатып, сөзді, жұмысты пісіріп тастаған. Бұл алмақ, Жа-
мал тимек болған, тек сот алдында анау малай жігітке тимейтін бо-
лып, бір шықпақ, үйіне қайтпақ. Керімбай адам сияқтанып күйеу

болып, қызды туысқандарының қолынан ырғап-жырғап алмақ.
Қыздың қуғыншыларымен де сөзді солай байлаған. Жамалға
«байладық» деген, қалай байлап жүргенін құдай білсін. Бұ жолы
Керімбай қызды екінші түрде азғырды:

– Үйіңе бір барған соң, саған өкпелеп, өшігіп қалған туыс-

қандарың бұрынғы жеріңе беріп жібере ме деп қаупілеп тұрғаным.
Қалай ойлайсың? –дегенде, қыз жатып:

– Мұныңыз да рас екен, – деді.

– Үйіңе жібермей-ақ сені осы жерде ала қойсам да болар еді,

бірақ Қызыл отаудың қызметшілері елдің қызын азғырып, өздері
алып жатыр деген жаманатынан кісі кішкене қаймыңқырайды...
Біздің, қанша айтқанмен, оқыған атымыз бар, беделіміз, кəдіріміз
бар ғой... – дегенде, қыз шошыңқырап:

– Енді қайтпексіз? – деді.

– Өзің қалай ойлайсың? – дегенде, қыз бүгежектеп:

– Мен қайдан білейін?.. Əйтеуір көзі ашық жігіт қой; етегінен

ұстасам, қор болмаймын ғой, – деп басымды сізге беріп қалдым,

– деп ұзынбилете жауап қайырды.

Сонда Керімбай жақсы көрген кісімсіп, қызды құшақтап, ба-
уырына басып, сүйіп, аймалап, қыздың көңілін бір дауалатып
алды...

– Мен бір ой ойлап жатырмын, – деді.

– Иə.

– Саған бір уəде беріп қалған соң енді алмауды, алдауды

адамшылығыма лайық көрмей тұрмын... Бірақ елдің өсегінен
аман қалып, сені алуға уақытша мынадай бір амал таба тұрсай
деймін...

– Қандай амал?

– Ертең сот алдында сен сол Байқаныңа тиетін, соны сүйетін

болып-ақ жауап бер...

– Неге, ойбай?

– Тұра тұр... ол өзі қолы бос, кедей жігіт көрінеді ғой. Оны біз

Қызыл отаудың қызметіне алып қалайық... Білдің бе? Соған тиген
кісі болып, сен мұнда, бізде қаласың. Ертең қалаға қарай таянған
соң, сен баяғы маған аунай кетесің; Байқанды сауырға бір салып,
қоя береміз, – деді. Бір беріліп қалған соң, Байқанның қойнына

қайта жатуды Жамал сөкет көріп, қорланса да, күдіктенсе де, о
жағына жоламауға тырысса да:

– Оның оқасы жоқ... Өзі алдап, ұғып, бұғып, ана жағына жі-

бермей жүре тұруыңа да болады, – деген соң қыз ойысып, сөзге
түсіп қалды. Керімбайды бір өнерлі жігіт көрді. Қайтсе де қас-
қабағына қарап, айырылмауды көздеді...
Ертеңінде сот алдында Жамалдың сүйетіні, тиетіні рас боп

шықты, қол күші көрсеткен қуғыншылардың отағасылары
ұсталып, жаза кесілді. Мұртынан күліп, Қызылбике шықты.
Байқан қызды арбаға мінгізіп əкетіп бара жатқанда Керімбай
зым-зия болды. Жамал алақ-алақ етті: Көзіне Керімбайды түсіре

алмады. Өткен түн көрген түстей арсалаң қылды да өтті... Қара....
бұлақ басындағы ауылдардан 25 əйелге хат танытып, болком жа-
нынан əйелдер ұйымын ашып, əйелдер жиылысын шақырып, əйел
теңдігі, əйел тұрмысы жайынан баяндама жасап, сепаратырын

əйелдер ұйымына беріп, Қызылбике 20 күн дегенде Қарабұлаққа
қош айтты.
Қарабұлақ əйелдері Қызылбикені ұзатқан қыздай қастерлеп,
бір жарым шақырымға дейін топтанып, шығарып салды, жылап

айырылысты.
Соңынан
Қызылбикеге
Керімбай

жағалап
байқап
еді,
Қызылбике мазақтаған пішінде мырс етіп:

– Əйелдің бəрі Жамал деп жүрсің ғой, – деп аузын аштырма-

ды...
Ноябрьдің 17-і күні Қайырбек сот мынадай хат алды:

«Қайырбек жолдас!
Хатыңызды ертерек алсам да, жауап қайыра алмадым.
Өйткені Мəскеуге өкіл əйелдер жиылысына кетіп, жұмыспен
қолым тимеді. Қазір Қызылордаға бара жатырмын, өлкелік

əйелдер бөлімі мені жұмысқа алып қалатын көрінеді. Менен
үміттеніп жауап күткен екенсіз, үмітіңізді үзіп, өзге біреумен
қамыңызды істей беріңіз: біз қызмет адамы ғой. Сау болыңыз.
Қызылбике.

12 XІ – 28».

ҚҰСБЕГІ

– Тоғай бойынан құсбегі шықпайды, құс салуға қолы тимейді,

деп кешегі бір қырдың нас басқаны өлгенше мақтанады. Мен саған
үш қарға, екі сауысқанды баулып, сұқсыр алдырған құсбегіні та-
уып берсем, жүзің қап-қара болмай ма?

– Япырай! Мынауың бір тамаша екен! Қарға мен сауысқанға

құс алдырған бұ бір қу ғой.

– Ол, шырағым, біздің тоғайдан шығады, сенің қырыңның

түсіне де кірмес, биыл жаз тоғайда індет қабағат болды. Қарға мен
сауысқаның жемтікке қаптап кетті. Сонда біздің бір мырзамыз үш
қарға, екі сауысқанды тал дұзақпен ұстап алып, жаратқаны бар ғой!
Шырағым, шырғасы келіссе, жапалағың қаз алатын көрінеді...

– Ой, антұрған! Қараңғыда кебектескен ит-ай! Білдім, білдім!

Айтпай-ақ қой.

– Нені білдің, білсең, айтшы!

– Жаздыгүні партия дауының болысы Арап-байдың кара шұнақ

қызын үйіне тығып қойып, етке тойып, есі шыққан 5 жігітке шырға
тартып, бір ауылнайдың іс-хатын алып кетті деп еді, со ғой.

– А, солай ма? Білерсің. Ретін тапса, қарғаға қаз ілдіреді деген

осы болатын.

ШАЖАМАЙ

Бір кісі қоянға құрық салып, айырылып қалыпты. Жанындағы
жолдастары: «қоянға құрық жіберер ме кісі, соған шамаң келмеді
ме?» дегенде, ана кісі тұрып: «салуын салсам дағы кебісімнің ша-
жамайынан қорықтым» депті.

КЕНЖЕМ АТТЫ

Бір келіншектің қайнысының аты Рахметолла екен. Сондықтан
келіншек намаз оқығанда «ассалаумалейкум, кенжем атты, асса-
лаумалейкум, кенжем атты!» деп сəлем береді дейді. Тегінде, не
біздің тыңшымыз саққұлақ та, не ана келіншек қаттырақ айтып

жіберген ғой, болмаса бүйтіп жайылмаса керек еді.

БЕТІМ-АУ, ҚҰДАҒИ ҒОЙ!

Күзді күні ел соғымын сайлаған уақ. Кемелбай, – жəрмеңкеде
Дəметкенді қатыны өлген Жұман айттырып, жөнді мал бере ал-
май жүретін Кемелбай – қыңыр адам: мал бермесе, қызымды бер-
меймін деп жүретін; Жəне қызғаншақ кісі бір-екі қабат Жұманды

жолатпай да жіберген. Үйткенмен бермей кете алмайтынына көзі
жетеді, қалыңнан алған көк ат пен тарғыл ту сиырын сатып, қызға
керек-жарақ алуға жəрмеңкеге кеткен.
Сол елде Қоңқаш деген бір қуаяқ жігіт болатын. Қоңқаш

Кемелбайға бөле ме, құдай-ау, бөленің қайын сіңлісінен туған ба

– əйтеуір Кемелбайдың шешесін «нағашы апалап», өткен-кеткен-

де Кемекең үйіне бір түспей кетпейтін.
Қоңқаш Кемекең үйіне қонып отыр. Есті жиып болған Қоңқаш
қолында домбыра. Бір келіншек, бір қыз екі жақтан:

– Қоңқаш, болшы енді.

– Айтатын болсаң, айтшы енді, – деп төніп отыр.

Қоңқаш өп-өтірік қысылғансып, білмегенсіп, орамалмен
маңдайын сүрткен болып:

– Ей! Құдайға жазған басым, мен қашан ақын жігіт едім?

Келіншек:

– Қой енді! Біздік бірдеңе білетін шығарсың... бол, айтып жі-

бер, бағанадан əдейі домбыра алдырып, тосып отырмыз.

– Тіпті былай, білмейім деу де ұят. Тосып отырғаның да рас:

менде қауқар болса, қыймылдататын рет келіп-ақ отыр. Шіркін
неғып аузыма түспей кетті? Бірдеме ойлап қарайыншы, – деп
жоғары қарап, домбыраның құлағын бұрай түсіп, əр жеріне
түкіріп, бунағын жылжыта береді.

Келіншек:

– Байғұс, қауқарың болмай əлден, неден құдай атты?

– Айтпайын десе болмадың, сені көрген соң тура есім шығып

отыр.

– Қой енді, тіл мен жағыңа сүйенбей! – Дəметкен теріс қарап жымияды. Ауыз үйде қазан жақта жүріп, Ұрсия айғайлайды: – Қоңқаш! – А-ау! – Қарабасқыр, жағың қарысып отыр ма? Бұраңдамай-ақ! – Е, немене, етке сірестірген кісіше? – Сол екен ғой айтпай отырғаның. Барды жедің... Тоймасаң, өрем қап! Бір тоқтыны сойып-ақ тастайтын едік, сойғызбаған өзің емес пе? – Ойбай, ойнап айтам. (Қасындағыларға): Бəлеге қалдым ғой, жазған. Келіншек пен қыз: – Бол енді, қайтамыз. – Бол енді. – Япырай! Кішкене кеткенше сабыр етсеңші! – Жаратқан, сенің сабыр етің таусылмады ғой. Ал ендеше мен қайтам, айтпасаң, езіп іш, – деп келіншек түрегелді. – Міне, ал жіберейін... Қоңқаш былғаңдатып бір-екі ауыз күлдіргілеу өлең айтады. Екеуі күлісіп қалады. – Ал айт десеңдер, мен тағы айта берем, онсоң бұл өлеңнің аяғы таң атқанша созылады. Үйіңе қайтпайсың. – Сондағы айтатының əлгіндей ме? – Жоқ, əртүрлі... – Əлгіндей болса, керегі жоқ, тəуіріңді айт. – Мен аузыма түскенін айтам. Қызған кезде кісі тəуір, жаманына қарай ма? – Айта бер, айта бер! – Ал, ендеше Ақан серіні айтамын. Алыстан ақ қағаз деп естуші едім, Қағазың шимайлаған күйе болса. Жез бұйдалы тайлақ деуші ем, Тайлағың қойшы мінген түйе болса. Келіншек (жымиып): – А, мынауың жарайды! (қызға қарап) Көз-жақсым, жарамай ма? Қыз (жымиып): – Неге жарамасын, жарайды.

Əйнектен біреу айғай салады:

– Ау, Ұрсия!

– Немене?

– Жатайық деп жатырмыз, жүр үйге!

– Қой, ойбай, қайтпасаң, кемпір бақыра берер, (түрегеліп)

Көзжақсым, есігіңді жауып ал!
Ұрсия: «жүр, мен шығарып жіберейін».
Қоңқаш: (Дəметкенге қарап) Қарағым, айта берейін бе?

– Өзің біл!

– Қарындасым, типті өзің білші!

– Маған салсаң, айта бер!

– Таң атқанша ма?

– Мейлің.

– Қалқам-ау! Нем шақ келеді?

Дəметкен (түрегеліп, теріс қарап келіп):

– Айтпасаң, қойшы енді. Төсек саламыз.

Ұрсия (даладан келіп): «Қані, маған айтшы өлеңіңді!» деп біраз
қалжыңдасып отырады. Əрбірден соң есік тарсылдайды.
Қоңқаш:

– Тр-р! Есік тарсылдайды!

Дəметкен:

– Апа, бекітіп пе ең?

– Бекіткем.

– Аш, есікті! – деп əйнекті келіп тарсылдатады.

Ұрсия:

– Ойбай-ау! Айым ғой!

Дəметкен:

– Апа-ай! Бір сұмдық болмасын?!.

Кемпір: – (бұрышта отырып) Бұл келген дəу де болса, Жұман.
Дəметкенді тартып аламыз деген сөзі бар деген.
Қоңқаш: – «А, қойшы?!»
Əйнек, есікті тарсылдатқан кісінің дауысы, тықыры көп екені

білінеді. Ұрсия сасқалақтап:
Ойбай, енді қайттім?
Дəметкен (жыламсырап):

– Апа-ай! Мен қайтем?

Қоңқаш: – Саспаңдар, тоқта! Мен есебін таптым!
Дəметкен, Ұрсия – Немене, ал!
Қоңқаш: – Бері кел, Ұрсия! Бері кел, Дəметкен! – деп бұрыш
жаққа апарып, күбірлесіп, сөйлесіп, абыр-сабыр болады. Анда-

санда сасқалақтап «əже... кемпір, бол жылдам» деген дауыстары шығады. Қоңқаш: – Ұрсия, сен безектей бер! Кемпір, етпетіңнен түсіп жылай бер! Мен барып есік ашайын, – деп жөнеледі. 4-5 жігіт сау етіп кіріп келеді. 1-нші жігіт: Қыз қайда? 2-нші жігіт: Міне, жатыр. 3-нші жігіт: Айда, көтер! Ұрсия: Ойбай-ай! Бұл не қылғандарың, қолымыздан бермейтін бе едік?! 4-нші жігіт: Жұмыс бітті. Сөзді қой! Байла! Жұман (кіріп келіп, алақтап): Қыз қайда? Қыз қайда? 2-нші жігіт: Есі шыққан, құдай атқан, əні! Ұмтыл, құшақтап жат, өлсең де! Жігіттер: «байла, тарт, сүйре! Сыпыр!» деп үйдің ішіндегі нəрселерді алып, кемпірді домалатып, абдырамен бастырып, Қоңқашты байлап тастап, жөнеледі. Бір жігіт шыға беріп (Қоңқашқа): «жат, бəлем ауызың аппақ болып!». Қоңқаш: Сендердің өзің де жетісер... жер соқтырдым ба иттерді? Ұрсия: Үндеме, ойбай, ұзасын! ІІ Жұмандікі əбігер. Ақ шымылдық оң жақта құрылған. Жұмекең тымақты алшысынан салып, қасқиып, келген кісілерге: «Жоғары шығыңыз! Былай! Апа, кісіге жол бер», – деп қоразданып отыр. Ол адамдары келіп, қуанышты құттықтасып: «Əзи, жолың құтты болсын, шырағым! Қадамың қайырлы болсын!» деп келінге батасын берісіп жатыр. Жұман өткен-кеткенге «əй, шайдарың болды ма? Неғып тұрсың? Шайыңды болдыр!» деп қояды. Шымылдықтың ішіне бала-шаға жапырлап кірісіп жатыр. Бір уақытта қолдарында аяғы бар үш-төрт кексе қатын кіріп келді. – Ал басыңды тоса бер! – Не де болса, «қайырлы болсын, құтты болсынды» қағып, Жұманды құртпен жаудырып жатыр. «Əумин! Айтқандарың келсін. Былай шығыңыз!» деп қолына түскен бауырсақ, құртты шайнап отыр. Еркектер гуілдесіп:

– Е, бəсе! Осылай болса керек еді!

– Малды көп сұрайтын неме ғой.

– Оған аз, менсінбегенсіп қандай болды?

– Не де болса, барған соң алып келгендері абұйыр болды!

– Əдейі барып, алмай қайтады дедіңдер ме!

– Алдымызда жау тұрса, тайынатын емеспіз!

«Енді мықты жігіт болып отырғанын, айт дегенде тұра
қашатын сен емес пе едің?» дескен сияқты бос əңгімені бөсіп
отыр. Жұманның шешесін қатындар ортаға алысып, шуылдасып
жатыр:

– Ие, шеше! Келінің қайырлы болсын!

– Келінім-келінім дей беруші едің! Көңілің дауалады ма?

– Шешем қайта қуанбайды екен?

– Шашуымызды əкел... жыртысымызды көп қып бересің...

20 тиыннан кем берсең, алмаймыз күмісіңді!

– Ойбай, қарақтарым-ай! Дəметкеннен аяйтын нем бар. Өздерің

келіндеріңді көрдіңдер ме? .

– Көреміз... алдымен айтайын, беташар өзіміздікі, шеше...

– Тəйт ары: сен-ақ сүйреңдеп, өзіңнен артылмайды-ақ.

– Артылмаса, қайт дейсің? Өз қуанышым! Өз қызығым!

– Жетесіз шіркін-ай! Өзіңдікін өзіңе алайын деп пе едің? Жол

менікі.

– Соған несіне таласасыңдар?

– Ие, таласпай. Елгезек жақыны міндейтін шығар. Əйтпесе

беташардың жөні менікі емес пе?

– Сендердің дəйім озбырлықтарың қалмайды-ау!

– Əлгі Кенжетайдың қолұстарын да сен алғансың, бəрін бірдей

бауырыңа...

– Ие, «төсексаларын» сенің абысының алған.

– Ендеше «қойынға жатарын» андағы Жəмилə алған.

– Астапыралла! Қашан қойынға жатар еді, «шымылдық тар-

тар» еді, бір шаршы қытайкесін айтып отырсың ба?

– Бəріміздің де алғанымыз – бір-бір суыртпақ, оған кім қарық

болушы еді. Əшейін абысын-ажынның сыйы дағы.
Бір жуан сары қатын айғайлап:

– «Тоқта, түге, шулама!» дегенде, бəрі тоқтай қалды.

– Қалампыр, сенің де жолың біткен! Жəмилə, сенің де жолың

біткен; Елгезек, сенікінің де, Ұрқия, сенікінің де жөні жоқ.

Сиырдың бүйрегіндей жиылған шіркіндер, шулап кеттің ғой түге,
бəйбіше беташарды кімге берсе де, өзі-ақ айтсын!
Сары қатын бəйбішеге:

– Ал, бəйбіше! Беташарды жасы үлкенге берсең де, кімге

берсең де, өзің біл!
Бəйбіше:

– Ендеше, өзгең өкпелеме! Жолдарың табыла берер... Əзимə

тəуір еді, жолы да үлкен еді: беташарды Ажар алсын.
(Ажар – əлгі сары қатын). Сары қатын:

– Е, дұрыс!

– Түйенің танығаны – жапырақ дегендей.

– Соның-ақ мүйізі шықсын, – деп күңкілдес-кендері де болды.

Сары қатын:

– Ал, жүріңдер! Келінді көрейік!

– Жүріңдер!

– Япырай, қатындардың дауы бітпейді-ау.

– Ие, шіркіндерде береке бар ма?

– Олар да қайтсін: «өз қызығың – өз ісің», – десіп еркектер

отыр.
Жас жігіттер шымылдықтан сығалап: «жеңге-мізді енді
анықтап көрейікші!».
Қатындар: «көрсетпейміз, көрімдігімізді бер! Кемелбайдың

үйінде көрмеп пе едің?». Жігіттер: «қой, былай тарт қолыңды!».
Сары қатын:

– Шырағым! Ата-енеңнің жоралғысы: келіннің бетін кім ашса,

сол ыстық деп, келін қарағым! Бетіңді тұйықтай бермей... тек
қадамың қайырлы болсын! Иə, бісімілда, – деп бет ашып қалды.

– Масқара!

– О не, о не?

– Бетім-ау! Құдағи ғой! Қатындар: «Көтек!»

– Мынауың кемпір ғой!

– Қап! Ұрған екен ғой!

АЖДАҺА

Тоқан ауылы – он шақты үй басқа ауылдан оқшау отыратын.
Ауылдың жайлап отырған жері – Ақсу деген томардың бойы.
Күнбатыс жағы – қырлау адыр. Қырдың етегі – уақ-уақ томаршық,
сай.

Ауыл Ақсудың оңтүстік жағында.
Майдың аяқ шені. Жұрт тегісінен ораза. Ауылда Шабар дейтін
құранды жаттап шыққан молда бар.
Күн батуға жақындап, ұясына қонып барады. Күндізгі өткір,

ыстық күннің көзі маужырап, нұры солғын тартқан. Самал жел
есіп тұр.
Күндікке оразадан таңдай кеуіп, еріні кезерген жұрт күннің
батқанын сабырсыздықпен күтеді.

Қыбырлаған жанның бəрі далада.
Ауылдың беткейінде өрістен келіп, жайылып жатқан қой бар.
Ауылға əкелуге ерте болған соң қаптата салып қойшы ауылға кел-
ген.

Жайылып жатқан қойлар жау тигендей үркіп, астан-кестең
болды. Жұрт үрпиісіп қарай қалды.

– Сұмдық... – десті жұрт. Қойдың бөлектенген жерінде үлкен

қара жыланның қойды қуып жүргені көрінді.
Жыланның үлкендігі біздің күнде көретін таныс жыланы-
мыздай емес. Таң қалғандай зор.

– Бұл екі басты аждаһа екен, – деген дауыс естілді. Жұртта

үрей қалмады. Бала-шаға қорқып, біріне-бірі тығылысты. Молда
азан айтты.

– Апырым-ай, жұтпағай еді. Арап болмағай едік, – деп молда

балдырлап жүр.
Молданың «сүұқан алдауымен» жұрттың жылау-сықтауы
қосылып, жер-дүние тітіркеніп, үлкен қауіп болды. У-шу, азан-
қазан...

Су ішіп, жайылымға шыққан жылқылар да тасыр-тұсыр болып
үркіп кетті.
Сиырлар өкіріп қойға араласты. Малдың дауысы мен ауылдың
иттері де желігіп жайлауды басына көтерді.

Қой ауылға жақындай берді. Бірсыпыра адамдар ығысып,
шеттеңкіреп, қашуға ыңғайланды.

Тым-тырақай үріккен қой ауылдың отанына кірді. Жылан да қайқаңдап қойдың артынан ере келді. Қарауға жүз шыдамайды. Молда азанды күшейте түсті. Сол кезде жұрт жаннан түңіліп, өлімді ғана күтті. – Сұмдық-ай, аждаһа емес, бақан ғой, – дейді біреу. – Бақаны несі?!. – Шешіп таста бақанын! Арам қатқыр жұрттың зəресін алды ғой... Күндіз лақтап, ауылда қалған ала мойын ешкінің арқанын қазықтан шешіп жіберген де, ойнап жүрген балалар бақанға байлай салған ғой. Бақанын сүйретіп өрістен келген қойға қосылса, жүрексіз қойы түскір бір тас-талқан болып жүргені. «Алөкпе тигірлеп» қатындар да қарғысты боратып жатыр. Жұрт əзер есін жыйып, кешкі ауызашарға отырды. КӨШПЕЛІ КӨЖЕБАЙ (оқшау сөз) 1. Көжебай кемесериетке алқа мүшесі болып, жаңа тройке, бір шабадан, бір партпел алды. Көйлек-дамбалы алты парға жетті. Тұсына құрып қоятын жалаңаш əйелдің суреті бар кішкене кілемшені де сəнімен қолға түсіріп қалды. Ешкімнен кеммін деп жүрген жоқ. Үстелдің үсті – толған Маркс əдебиеті, мінгені – арғымақ. Омырау қалтасында кішкене айнасы да бар. Мəжіліс болса, əр мəселеден хабары бар. «Мынау қаражаяу емес екен» десін деп, қарсы шығып, келсе-келмесе де, бір сөйлеп қалады. Порошок алып, күнде тісін де тазалап, жуып жүреді. Алтыннан бір-екі тіс те салдырып алды. Газет оқиды. Сиез болса, «тезис» те жазады. Кəдімгі қазақ азаматтың бірі. Сүйтіп, адам сияқты енді үйлену мəселесі көтеріліп жүргенде, неліктен екені белгісіз, бір қаулы шығып қалыпты: «Көжебай Семей гүбернесіне жұмысқа камандрауит етіледі» деген Совнаркомге барды, КирЦИК-ке барды, қалуға болмас па екен деп, сұранып көрді. Бармаймын деп безерлікке де салған болды, қаулы бұзылмады. Көжебай партпелін қолтығына қысып, шабаданын алып, жүруге тура келді.

2. Келе жатып ойлайды: əнеугі сиезде Б-ге қарсы сөйлегенімнен болды ма? Əлде мені Ж-ларға жақын жүр деп ойлады ма? Менің жазығым жоқ сияқты еді ғой. «Шортты знайыт!» – кісі біліп болмайды. Шаруа қатарына қосылып келе жатқанда, қиын қылды. Амал жоқ. Қаулыға көнбесек, тағы болмайды. Жолда он шақты күн жүріп, шабаданнан айырылып, Семейге келді. Əуелі губисполкомге барды. Қағазын көрсетті. Губкомда сөйлесерміз деді. Жуырда мəжіліс бола қоймаған ба, ұмытып кеткен бе? Көпке шейін қызмет таба алмай сандалды. Ол екі арада нөмірде тұрып ақшасын бітірді. Қайта-қайта барып, губисполкомнің да мазасын кетірді. Аяғында губком шешіпті: рабкриге жіберіпті. Көжебайдың күткен орыны ондай емес еді. Ең болмаса, бір бөлімді басқарамын ғой деп ойлап еді. Сондықтан: «Какжі, табарыш! Мен онда қандай қызметке барамын?» деген. – Бізде ондай орын таңдау болмайды. Қазаққа қызмет етемін десеңіз, партияның қосқан орынында істейсіз, барған соң көрерсіз, – деген. Айтысқанмен түк шықпады. Кіндік жіберіп отыр деп еді, бұрынғы мандаттарын көрсетіп еді, керек қылмады. Кіндік десе, ерегесіп кететін шет жерлердің жыны бар екен. 3. Рабкриде бір қазақ жоқ, ылғый орыс екен. Бастығы Көжебайға қуанып қалды: «қазақтардың арызы көп, соны басқаруға кісі жоқ, біз қазақ тілін білмейміз. Сол жұмысты сіз мойыныңызға аласыз» деген. Көжебай алды. – «Бұйражал» деген сіз боласыз ба? – деп қазақтар күнде келеді. Көжебай олардың арызын алады бастығымен сөйлесіп, сотқа жіберетінін сотқа, өздері қарайтынын өзі алып қалады. Арыз көбейді. Көжебайдың басы қатты. Орыстарға айтса, олар елей қоймайды. Ребизиясы, атшоты, ісметасы, баяндамасы – онысымұнысынан қолы босамайды. Көжебай түк істемей отырғанына қынжылды. Өзінше əр мекемеге қағаз жазып, «тығыз шарасын» істемек болады. Бірақ тығыз істей қоятын мекеме болмайды, жағдай қала береді. Бұл жерде отырып, қазаққа түк пайда келтіретін емеспін, мені басқа бір орынға қойсаңыз екен деп, губисполком бастығына екі-

үш рет айтты. «Қарастырамызбен» жұбатып жүрді. Көжебайдың айлығы да мəз болмады. Кейде бар, кейде жоқ. Киімі де жүдеуге айналды. Күнде мəжіліспен табанынан да таусылды. 4. Қарқаралыда в-ком2 мен в-исполком3 арасынан жанжал шығып, Самодуров деген орыс орынынан алынып, Бұқтырмаға жіберілетін болыпты. Оның орынына партиядағы қазақ жолдас керек болып, Көжебайды соған сайлап қойды. Мынаны естіген соң Көжебай қуанып кетті. Қарқаралы – қазақ ортасы. Елі бай. Ұлықты құрметтейді. Семейде көптің бірі боп жүргенше, үйездік қалада бірінші болып жүрген көп артық. Тұрмыс жағынан мұқтаждық көрмейсің. О жерде іс қылып, өзіңді көрсетуге болады. Жəне қазақ тұрмысымен де танысасың. Бұл қызықты орын көрінді. Бір жұмадан кейін Көжебай Қарқаралыда исполком бастығы болып, қайқайып үстел басына отырды. Кеткен Самодуров жолдас жұмысты шатастырып кетіпті. Қазақтардың арызы қаралмайды. Өз бетімен талай заңсыз жұмыс істеген; налог ретінен ретсіз елді көп шығындатқан. Қазақтың партиясын есепке алмай, талайларды түсірген, талайды қайта сайлаған. Оның бəрін істеткен Қарқаралының өз қаратаяқтары екен. Самодуровты айналдырып алып, параға үйреткен де солар екен. Көжебайдың таза қызмет етпек, партиягершілікті жоймақ, Қарқаралыны тыныштандырмақ ойы болды. Қонаққа да байқап барып жүрді. Қазақтардан бойын аулақ ұстап жүрді. Бірақ нешетүрлі шағым, арызбен басы қатты. Оның үстіне өкімет тағы келісе алмады. «Гепеумен» тағы айқасты. Қарқаралыда екі-үш ай тұрған соң үстінен арыз жауа бастады. 5. Бір күні «жұмысыңызды В-ком хатшысына тапсырып, тез Семейге жетіңіз» деген тіліграм сап ете түсті. Мұнысы қиын болды. Жұмыспен жаңа танысып, елдің жігін, елдің жайын біліп келе жатыр еді. Бірталай елдегі партияны тиып еді. Қазақтардың орынсыз алынған малын да қайта таратып, жерін де ыңғайластырып, кəператсиа ашқызып, оқу ісіне де бо2 в-ком (волком) – болыстық комитет 3 в-исполком (волисполком) – болыстық атқару комитеті

лысып, сотты да жөнге салып, таза адамдардан қойып келе жатыр еді. Істеген ісіне жаңа көңілі дауалап, қызметтің жемісін көрем бе деп жүргенде, еткен еңбегінің бəрі далаға кеткендей көрінді. Қызметтен көңілі суыды. Мейлінше қапаланды. Əсіресе Қарқаралыда бір қызбен танысып болып, арасында хат жүре бастап еді. Əуелде қыз разы болмаса да, артынан оқытамын деген соң тимекші де болып қойып еді. Оңаша жерде жолығып сөйлескеніне бір-ақ жеті болып еді. Кешке таман іңір қараңғысыңда тауға шығып, орман ішінде сөйлескені, айдың жарығында ауыздан сүйіскені, көзі жаудырап «несіне асығасыз, қайда кетеді дейсіз...» деп назданғаны, мойынына асылғаны – бəрі-бəрі есінен кететін емес, Келешектегі үміттің, планның бəрі адыра қалды. 6. Семейге келсе, тағы да сапырылыс болып қалыпты. Губисполком бастығы Оралға кетіпті. Үйездегі болыстарының бірі Ақмолаға, бірі Ақтөбеге, бірі Бөкейге, бірі Адайға жіберілетін болыпты. Көжебайды Екібас жұмысшыларының ортасында қызмет істеуге қосып қойды. Жаңа келген «бастық» қатаң кісі екен: аялға қаратқан жоқ, «үш күннің ішінде жүресің» деп. Жазған құлда шаршау бар ма? Камандыраушини қағазын алып, екі-үш күннен кейін Екібасқа тартты. Екібастағы жұмысшылардың халі жаман: ақысын ала алмайды екен. Кеңсе біткендегі – орыс, мектепте оқу жоқ екен. Қазақтың арызын орыс билеушілер керек қылмайды. Орыс мейрамы болса, орыс жолдастар каператиптен нəрсе алады. Қазақтың айтында қазаққа түк жоқ. Осы сықылды кемшіліктерді көріп, Көжебай қарап жүре алмады: анамен де, мынамен де айтысты, орысты гүбірнеге, үйезге телграм соқты, баяндама жазды. Сүйтіп жүріп, бір-екі мектеп ашты. Кəператсиеге бір-екі хат білетін қазақ кіргізді. Шаткомге кіргізді. Енді жұмыстың беті бірыңғайланар деп жүргенде, тағы да тіліграм сап ете түсті. «Тез шық. Торғайдың В-коміне хатшы боласың» дегені. Көжебай тағы боқшасын арқалап, пойызға мініп, Торғай кетті. Торғайға барып бір-екі ай тұрды ма, тұрмады ма, Бөкейге жіберілді. Бөкейден Ақмоланың оқу бөліміне барып істеді. Онда аз күн тұрған соң Оралдың губсотына «командирауат» етілді. Онда

да байыздап тұрған жоқ. Астырқаңндағы балықшылар арасына қызметке дайындалды. Не себеп екені мəлімсіз, одан да алынып, Ақтөбеге айдалды. Сүйтіп, осы күнде Көжебайдың қай жерде жүргені, қай қызметпен елге пайда келтіріп жүргені мəлім емес. Көжебай не басына, не еңбекші елге пайда қылып жүр деуге болмайды. Үйткені – ылғый айдаудан айдау. Не үшін, кім үшін айдалып жүргенін де білмейді. Қызметтен де, өмірден де жалықты. Əуелде нағыз кедейдің баласы еді. Кеңес өкіметі келісімен партияға жазылып еді. Содан бері қызметте еді. Бұл уақыттар денсаулығын да жойды: соқырішегін кестірді. Қанын азайтты, жөтелі өсті, жаны кейігенде, қызметтен де шығып, еліме барып жатсам, қайтер еді деп те ойлайды. Бірақ заман түзелер, сапырылыс тыйылар, кеңес жұртшылығы жөндеп орнап, еңбекшілдер қамын ойлайтын күн туар, шын қызметкер керек болар деген үмітпен өзіне-өзі қайрат береді. ДЕЛЕБЕСІ ҚОЗҒАН ЖІГІТ Даланы басқан боз шаңыт. Жер де, көк те аппақ, арасында жік жоқ. Жел безілдейді, қар борайды, дала боран, ақ түтек. Ақ түтектің арасынан жермен жексен бірдеңе қарауытады. Қарауытпайды-ау, қардың астынан бірдеңе қылтиғандай болады. Сексеуіл ме, тезек пе, обашық па, əлде ауыл ма, жан иесі бар ма, жоқ па? Кім білсін? Ақ түтекті қара түтінмен ұшықтап, желді ұйтқытып, жолды шықырлатып, ентігіп, сымпылдап пойыз сүңгіп барады. Дала боран. Ауыл боранға оранып, бұғып жатыр. Ақ түтек соғып тұр. Пойыз алға, ауыл артқа зымырайды. Тағы дала... Боранды, мұнарлы дала дөң үстінде, жол шетінде ақ қала. Анда-санда томар-томар бір бұта. Тағы да ауыл. Тағы дала, боз дала... Ауыл-ауылдың соқпағын кесе-кесе қар басқан, анда-санда болар-болмас сорап қана білінеді. Ауылдан шығып, сорапқа түсіп, бір арбалы, бір салт түйелі адамдар келе жатты. Олардың беті де – пойыздың беті. Ə дегенше болмады, алыстан көрінген шоғырмақ пойыздың қасына келді. Арбада бір қатын, бір шал, басына мінген жас бала, салт түйелі бір жігіт. Пойыз таяна бергенде, салтаң жігіт түйесін борбайлап, пойызбен жарыса жөнелді.

Екі қолы ербеңдеп, екі аяғы тереңдеп, етектері жалпылдап, үсті-үстіне төпелеп, тайрақтатып келеді. Тайрақтаған түйесі көбік қарды боратып, боз қырауға шомылып, ұрған сайын ойбайлап, дедек қағып келеді. Қардан төсек жамылған ауыл артында. Жүрісіне бит өнбей, қалың қарға малтығып арбалылар келеді. Оларды жігіт тастады. Жарыс деген желік қой! Думанға қырбай кім тұрған? Өлі сүйек болмаса. Делебесі қозған соң, астындағы мінгені жалпақ табан, жүріске шабан түйе екенін ұмытты, жүрген жолы кедір-бүдір, күрттік-күртік қар екенін ұмытты. Жүндей сабап, тепек қағып келеді. Үнсіз, жансыз, амалсыз маужыраған ауылдың өмірінен жалығып, көңілін қапырық басты ма, əйтпесе бойын жаза алмай, өмірден қызық көре алмай, ерігіп іші пысты ма, болмаса даланың суық аязы қол-аяғын мұздатып, өртті, отты көкірегін болат-сауыт қысты ма, əйтпесе жүйрікпен жарысып, күштіменен алысып, түйесін сынап алғандай ойына қиял түсті ме, əйтеуір жігіт желікті, қарамады артына. «Желбас», «жынды» жігітке арттағылар қол былғайды. «Пойыз сенің не теңің? Неге сонша желіктің? Түйеңді бекер қинамай, тоқта!» дегенге ұқсайды. Жігіт оларға қайырылмады. Жанталас жарыс. Пойыз – құйын, Қарайласа, қалғаны. Пойыз ішіндегі рестораңда отырған əлде жебірей, əлде орыс қазаққа қарап күледі. «Қазақты қара, қазақты! Япырмай, неткен ақымақ?! Ілесем деп ойлай ма?!» Ауыл қалды далада. Арбалылар көрінбейді. Жігіті кетті қара үзіп. Түйесін əбдəн болдырып, қарқыны басылған соң, ілесе алмасын білген соң, түйенің басын тежеді. Пойыз кетті қара үзіп. Жігіт арттағылардың келгенін күтер ме екен? Арбалыдардың алдынан өзі барар ма екен? Əйтпесе, арбалыдарға қарамай, сол кеткеннен кете берер ме екен? Ол арасын білмейміз.

ЕЛЕУСІЗ ЕРЛЕР І Мектеп үйінің алдында жиналған қалың топқа екі зиялы көп сөйледі. Қазақтың тарихынан қозғай, қауып-қатерді үйіп-төгіп, аласапыран, жауынгершілік заманда ел қорғайтын азамат болмаса, жоғалып, құрып кетесіңдер; деп елдің қамын жеп сөйледі. Жиылған қауым тырс етіп жауап қайырмады. Тамағын кенеп, жөтеліп, тымағын көзіне түсіріп, жер шұқып отыра берді. Жұрт өрт қамаған қойша ұйлығып, шығуға жол таба алмай, иығы түсіп кетті; белсеніп шығып, қасқиып жауап берерлік жан табылмады. Əншейінде елге басалқа айтатын ақсақалдар таба алмай сандалды, аузына құм құйылды. Үйткені, мəселе тосын еді, шешуі қиын еді. Топтың кеуде кезінде отырған көнетоз қоңыр пенжақты, кепе қалпақты, кертімтеш мұрын, секпіл қара жігіт мойын созып, төңірекке қарай берді. Көзінен найзағайдың отындай жылт-жылт етіп ұшқын шашқан тəрізді болды. Осынша жұрттың қамалып, жауап бере алмай дағдарып отырғанына күйіп-пісіп кеткендей, əлдебір аяулы нəрсесін жоғалтып күйінгендей, əлде кек алатын кезек келіп, қолына түкіріп кіжінгендей пішіні бар еді. Ол мындай ойда отыр еді: «Жалғыз атымды алып қойды. Ауылымды шапты. Əйелімді өлімші қып ұрып кетті. Жеңгелерімді, қарындастарымды басты. Қайролда сықылды жан жолдасымды өлтірді... Менен күйінді, менен қорлықты көп көрген кім бар? Осыған жазылып кетсем, қайтер еді? Бірақ елдің бəрі үндемеуі қалай? Бұл ұнайтын іс болса, өзгелер неге жазылмайды? Елден алабөтен жазылып, маған серік табылмаса, онда мен неге тентіремекшімін? Менің оным ақымақтық, үшқалақтық болмасын ба?.. Жұрт маған күледі ғой!.. Қой, олай болмас, серік табылар. Жалғыз қырғын тауып отырған біз бе? Аман отырған кісі бар ма? Топтың қамалып отырғаны бұрын мұндайды көрмегендік шығар. Менің аянатын не жаным бар? Қарап отырып өлгенше, қолыңа қару алсаң, жастығыңды ала өлсең ғой! Жазылмағанда, бір күні Қайролда сықылды жылатып, өлтіріп кетпесіне көзім жете ме?.. Не де болса, тəуекел деп жұрттың алдына бір түсейін!..» деген ойға тірелді де қолын көтеріп түрегелді. Жұрт қарай қалды. – Мен жазыламын, ағайлар!

– Е, бəрекелді! – деп екі азамат қуанып қалды. – Аты-жөнің кім, шырағым? – Əбіш Қошқарбай баласы. Əбіш жазылды да топқа қарап колын сермеп, қайраттанып сөйледі: – Жігіттер, мен, міне, жазылдым, жаны ардақты байлар отырсын. Кедейлер, сендер несіне аянасың? Жазылыңдар!.. Бəрібір құр қол жүріп, иттен сасық боп өлгенше тым болмаса төбелесіп өлейік, несі бар дейсің? Оларда өзімдей кісі... Əбіш соны айтып болып отырған кезде ана жақтан дембелше, тышқан көз, қара торы жігіт түрегелді де: – Мені де жазыңыз, – деді. – Аты-жөнің кім? – Ораз Онбай баласы. Жастарға жыбыр кіре бастады... «Сен жазыл, сен жазыл!» десіп біріне бірі сілтесті. Өзіне серік шыққанға Əбіш əлдеқандай мардамсып қалды. – Кəне, тағы жазылатындар бар ма? – деп əлденеше айтылған соң кедейден 5-6 бала жазылды. Одан артық кісі шықпады. Қанша қақсаса да, қандай ұқтырса да, ел ұқпады. Қайта, жазылған жігіттерді кекетіп, сықақ қыла бастады. Екі азамат исполком бастығын шақыртып алды да: – Мына қағазды укомге тапсырыңыз, уком мылтық, қылыш, қару береді. Бұларға ел үстінен ат əпереміз. Бұлар елді қорғайтын атрет болады, – деді. Олар жүріп кетті. Топ тарқады. ІІ Күн еңкейген кезде мойындарында мылтығы бар сыптығыр екі жігіт адырдан түсе беріп, аттың басын жіберді. Шүу дегенде қылаң атты озып шықса да, жарты шақырым шапқан соң, баран атты да жетті де, қамшымен жоннан бір тартып, басып озды. Екеуінің суылдаған екпінімен ши түбіндегі жапалақ қалбалақтап аспанға ұшып, лағып барып есін жинайды. Шөп арасындағы шыртылдауық шегірткелердің ішегі шығып қалып жатыр. Көгілдір əуеде қанаты қалшылдап, ілулі тұрып, ащы əнге басқан бозторғайлар болмаса, оқ қалақтай қалықтап, тышқан сүзіп жүрген құладындар болмаса, тезек басында қоразданып отырған бөктергі, бұлтаңдаған саршұнақ, секеңдеген қосаяқ сықылды қорқақ

жандықтар аттылардың дүбіріне шыдамай, қасқырдан үріккен қойдай жөңкіледі. Омыраудан соққан аңызақ, шапқан аттың зуылдаған желі екі жігітті де желдендірді, желіктірді; екеуі жатып аударыс салды; үзеңгі қағысып тартқанда, бірін-бірі əкете алмады. Енді артынан ағызып келіп жұлып кетуді бастады. Аударыспақты болған соң шауып келе жатып қарғып түсіп, атып мінуді істесті; жерден топырақ алысты, жыраңқайдан ат қарғысты; тұра қалып қарақұсты атысты. Көлденеңнен қараған кісі бұл екеуін нағыз еріккен деп ойлар еді, бір-ақ бұлар ерігіп жүрген жоқ еді; Бұлар өздерін соғысқа даярлап жүрген Əбіш пен Ораз еді. Екі жігіт бірталай жер жүрген соң, Қарашыға-нақта үш күннен кейін табысуға уəде байлап, екі жаққа кетті. Əбіш түнқатып, ертең сəскеде Келтебұтаққа келді. Келтебұтақ – мұжық қаласы. Бер жағында Иманақ ауылында Əбіштің апасы болатын. Əбіш сонда келді. Əбіш аттан түсер-түспестен апасының көзі бажырайып: – Қарағым-ау, тез аттан! Поселкеде банда жатыр. Жездең де қашып кетті, – деді. – Банда көп пе екен, апа? – Ойбай, адам айтқысыз дейді. Əбіш апасымен сөйлесті де, атын қараңғы қораға, мылтығын шөптің астына тығып, үстіне жаман киім киіп, бір тайға жайдақ мінді. Қолына бір қапты алды. Сүйтті де, поселкеге кетті. Апасы «барма!» деп байбалам салса да, тыңдаған жоқ. Қолау тайды салақтаған аяғымен өкпеге тепкілеп, жолмен солталаңдатып алып келеді. Маңайда тірі тышқан көрінбейді. Поселкенің бері жағында бір жарқабақ бар-ды. Əбіш аяңдап жардың басына шықты. Жарты шақырым жерде поселке тұр. Қаланың ішінде олай-былай өтіп жатқан мылтықты, салт атты кісілер, көшеде жүкті арбалар, анда-санда жерде қызылды-жасылды киген əйелдер көрінеді. Оң жақтағы бір талдың ішінен қарулы үш атты кісі шыға келді. Үш атты Əбішті көрді де, тұра ұмтылды. Кейбіреуі мойнындағы мылтығын суырып қолына алды. Əбіш «қашса атады, тұрса тағы да атады, не де болса, қарсы жүрейін» деп тайын бұлтаңдатып төмен қарай түсті. Ойға түсертүспесте-ақ ежіреңдеген үш солдат мылтығын кезеніп, «стой» деп жетіп келді. Əбішті қамай тұра қалды. Орысшалап «қайда барасың» деп сұрады. Əбіш «білмеймін» деп басын шайқады. Ішінде бір татар бар екен, соны тілмаш қып Əбішті тергеді. Əбіш

түк білмейтін бір аңқау қазақ болды; поселкеге астық алуға келе жатқан бір сорлы. Ауылын, болысын, аты-жөнін əбден тексеріп болып, «қызылдардан білесің бе?» деп сұрады. «Білмеймін, біздің ауылдың бір кісісі 8-інші ауылға барып келген екен, сол айтып келді. Осылай қарай қызылдардың көп əтіреті келе жатыр дейді. Бүгін осы жерге келіп қалар ма екен, қайтер екен?» деді. Мына сөзді естіген соң, солдаттар Əбішті алдына салып, айдап поселкеге апарды. Поселкеге əкеліп, бір қораға тайымен кіргізді де, бір мұжыққа «кетіп қалмасын, аңдып тұр!» деп тапсырды. Əбіш тайын байлап қойып, мұжықпен əңгімеге кірісті. Ақтар қайдан келеді? Қашан келген? Көп кісі ме? Бұлар соғысқа пəле дейді ғой? Мылтық, сайманы да көп шығар? деген сықылды өзіне керекті хабарларды жансыздап сұрап отыр. Анда-санда астық сататын кісіні де, малай жалдаушыны да сұрап қояды. Тымағы жапырайып, ауызынан сөзі түсіп отырған бір жаманды кім елең қылсын? Мұжық сұраған сөздеріне жауап беріп отыр. Аздан кейін поселкенің көшесі шабуылдаған кісі, жаңғырыққан дауысқа айналды. Əбіш «не боп қалды?» деп мұжықтан сұрады. Мұжық: «білмеймін» деді. Атыс болып қалып, арасында босқа кетем бе деп, қорқайын деді. Бірақ Əбіштің қауіпі ұзаққа бармады; бандылар айғай-ұйғай болып, арбасын дүрілдетіп, абыр-сабыр поселкеден жөнеле бастады. Он минуттың ішінде поселке бандыдан тазарып, бейтшілік болды. Мұжық Əбішті қоя берді. Тайға мініп, азырақ астық іздеген болды да, Əбіш апасының үйіне кедді. Əбіш үрейленіп отырған апасын қуантып, бұдан кейін атына мініп, жастардың сиезін шақырмақ болып, ел аралап кете берсін. Енді он төртінші ауылға кеткен Ораздан хабар берейік. ІІІ Түс кезінде Ораз бір үйде шай ішіп отыр еді, даладан: – Мынау атты мініп келген кім? – деген дауыс шықты. Дауысты естіп Ораз тысқа шықса, атының қасында екі-үш кісі тұр. Киімі тəуір мырзасымақ, шоқша сақал кісі, амандасып болған соң «мына атты саған кім берді?» деді. – Исполком бастығы. – Ендеше менен ұстап əкетіп еді, сен атымды беріп кет! Жалғыз атым еді, сендерге ат табылмай ма? Бір байдан мінерсің... – деп əлгі қазақ жатып атқа жабысты. Ораз бермеді. Қазақ өршеленіп қоймады. Аты кəдірлі болса керек, Ораздан жол бойынша жығылса

да, атына қарайды да, қайта жабысады. Даудың аяғы жанжалға
айналды. Бірі ауыл іргесін, бірі қызметін, мылтығын арқаланып,
егес ұлғайды. Енді аз тұрғанда төбелес болатын еді. Бірақ кенет-
тен шауып келген бір адам керістің тоқтауына себеп болды.

– Неғып тұрсыңдар! Шыңғырлауға банды келіп қалды!

– А, жақсы болды! Атты бермейтін немесің ғой! Мен сені

қызылдың атреті деп дереу ұстап берейін!
Ораз сөзді доғарды. Ертоқымын алды да атын беріп қоя бер-
ді. Ауыл адамдары аттарына жүгірісіп, айғайласып, астан-кестең
болды да қалды. Атын алған кісі де жытты. Ораз түскен үйінен

бір байтал сұрап міңді де, мылтығын бір шұқырға тыға салып,
Шыңғырлауға қарай бет алды. Сар желіп келе жатып жүрегі
дүрсіл қағады. Неге келе жатқанын, не бітеретінін өзі де білмей-
ді, əйтеуір бір күш бандыға қарай тартқан тəрізді. Алды-артына

қарамай келе жатыр.
Шыңғырлау ауылына таяна бергенде алдынан ереуілдеп
бандының бір тобы шыға келді. Аттары ауыздықпен алысып,
көкке шапшыды; үсті-басы асынған көкпең-көк қару; киімдері

неше түрлі сəнді. Ораздың жүрегі тұрайын деді; Үйтсе де, біл-
дірмеді; алдынан шықты. Қазақ-орыс бастығы: «көтер қолыңды!»
деп ақырды. Ораз қолын көтерді. Екі солдат қоныш-қонышын
тінтті. Ораздан «қайда барасың?» деп жөн сұрады.

– Сіздерге келемін.

– Неге?

– Алсаңдар, сіздің атретке кірейін деп едім.

– Не себепті кіргің келеді?

– Қызылдардан зорлық көрдім, жалғыз атымды алып қойды.

Əкемді атып кетті.
Қазақ-орыс бастық басын шайқады:

– Өтірік айтады иттің баласы! – деді. Өзге екі бастық «шыны

шығар» деп сеніңкіреп қалды. Қазақ-орыс сене қоймады.

– Шыныңды айт! Бəрібір өлесің! – деді. Ораз қарғанды, нанба-

ды. Нанбаған соң:

– Шынымды айтайын, ұрлық қылушы ем. Исполкомның

құдасының малын ұрлап, ісполком мені ұстайды деген соң, қашып
жүрмін. Сіздерге кірсем, жаным қала ма деп едім. Құдайға адалы
осы, – деді Ораз жүзі жанбай. Мына сөз қазақ-орыстың миына
кірейін деді. Өзгелеріне орысшалап айтты. Олар Оразға əбден

сенді. Бірақ қазақ-орыс көпке шейін басын шайқай берді. Əйтпесе

Ораздан пайдалы кісі шығады. Шолғыншы болады, қызылдардан
хабар біліп береді. Қазақтың сырын біледі деген дəлелдерден
аса алмады: əтретке алуға о да көнді. Сол əңгімемен алдындағы
жақын ауылға келіп қалды.

Ауылға таянғанда солдаттар қойға шапқан қасқырша тұра-тұра
шапты. Үш бастық пен Ораз бір бозғылтым киіз үйге тоқтады.
Үйде бір кемпір қатын, 14-15 жасар бір-екі бала бар, өзге жан
жоқ. Олар да үрпиіп жер үйде отыр екен, іздеп жүріп Ораз тауып

алды. Төрелер тамақтанып аттанатын болған соң Ораз жарлық
бойынша он бес жасар баланы қойға шапқызды. Үйді таза-
лап, төсек жайып, жаңа төрелерін күтіп жүр. Самауыр қойылып
жатқанда ауыл қыдырған төрт солдат та келді.

Қошқар тұмсық, мұртын шығыршықтаған бір бастық:

– Қыз жоқ па екен? – деп сұрады. Солдат қазақтарды боқтай

бастады:

– Неткен сболыштар! Бір жас қатын жоқ, қайда тығып жібер-

генін білмейсің...
Артынан бір солдат келе өзгелеріне мақтанды:

– Сендер түк таба алмайсыңдар. Мен табам, теректің астынан

бір қатынды суырып алып, өкірттім! – деді. Екі солдат оған еріп,
шауып алды да кетті.
Ораз бəрін біліп, зығыры қайнап отыр. Бірақ айтуға тіл жоқ,
ішінен қиналды.

Шайдан кейін орыстар шылым тартысып, қазақты қалай
қорқытқанын, атын тартып алғанын, қылышпен үш шауып,
біреуінің басын зорға кескенін, бір əйелді бырс еткізіп қарынға
сұғып алғанын, қалай жанталасып жүгіргенін айтысып отырғанда,

үш бастығы ұйқыға кірісті. Төрт салдаты аттарын суаруға ауылдың
алдындағы құдыққа кетті.
Бастықтың екеуі ат соғып қажып жүрсе керек, қор етіп көзі
ілініп кетті. Біреуі төңбекшіп ұйқтай алмай жатыр. Ораз босағадан

жүресінен отырып, сүйеулі тұрған мылтықтың бірін алып, тама-
шалап о жер, бұ жерін қарады, құлағын қайырып көрді. Қазақ-
орыс бастығы сыртылдағанын, шаппаның дауысын естіп, басын
көтеріп алып:

– Алма мылтықты! – деп жекірді.

Ораз аңқаусып:

– Алса қайтеді? – деді. Мылтықты тастаған жоқ, икемдеп ұстай

бастады.

Қазақ-орыс: – Таста, атылып кетеді? – деп орынынан тұра бергенде, Ораз атып тұрды да, басып қалды. Қазақ-орыс мойынын астына ала бүктетіле жығылды. Мылтықтың дауысымен шошып оянып тура берген біреуін Ораз тағы басты. Тəлтіректеп о да өкіре барып жер құшты. Олар жанталасып, қорқырап, тулап жатқанда қалған біреуі жын соққан кісіше, ұйқылы көзімен тұра беріп, қайта жығылып қалбалақтап жүр. Ораздың оғы таусылып қалды білем, басып қалып еді, от алмады. Ораз тұрып-жығылып жүрген орысқа тұра ұмтылып, мылтықтың темірімен қос қолдап тұрып, қара құстан берді. Омақаса барып құлады. Тағы бір-екі қойып жіберді де, жүгіріп барып тағы бір мылтықты алып, құлағын ашып жіберді. Оғы бар екен. Атып тысқа шықса, төрт солдат тырым-тырақай ауылға қарай ат қойып келеді екен. Ораз үйге кірді де, босағадан тұрып көздеді. Үйге жүз елу қадамдай жетпей, алдыңғы бірі шалқалай, аттан мұрттай ұшты. Аты ойнақтап шыға берді. Оған таяу келе жатқан біреуін тағы қалпақтай түсірді. Алдыңғы екеуі жығылған соң, қалған екеуі жетегін тастап, жарық берді. Ораз жүгіріп шығып, ордаңдап жүрген аттарға ұмтылды. Мылтықтың дауысынан шошынған ат жуырда ұстата қоймады. Жан-жақтағы үйлерден адам шықпады, терезеден, есіктен басын қылтитып сығалап тұр. Ораз: – Шығыңдар жылдам, атты ұстас! Қорықпа, бəрі қырылды! – деп атой беріп, аттарды қайырып жүр. Қатын-қалаш, жаман-жұман еркектер жүгірісіп, аттарды ұстасты. Ораз бір атқа міне сала қашқан екі салдатты қуып кетті. Бірталай ұзап кеткен екен, алыстан қарасы ғана көрінеді. Ат үстінен бытырлатып атып келеді. Оқ тимеді. Ораз жете алмады, оғы таусылған соң қайта қайтты. Барлық мылтықтары, бес аты олжа болды. ІV Он шақты күннен кейін Електегі укомның жиылысында Қарашығанақ болысының ісполком бастығы Құрман дейтін жігіт бандыны қырғанын айтып, баяндама жасады. Құрманға уком тəңір жарылқасын айтып, атын қызыл тақтайға жазды. Қаружарақ укомге тапсырылды. Киімдер ісполком мүшелерінің пайдасында қалды. Ораз қызметтен шығарылды. Əбіш те ісполком мүшелерімен келісе алмады. Орынборға оқуға кетті.

Көзсіз ерлердің аты шықпай, елеусіз қала берді. Заманына қарай
ерлері болмақ қой. «Өлі арыстаннан тірі тышқан». Заманымыздың
ерлері атаусыз қалмаса жарар еді.

МЫСЫҚҚА ОЙЫН, ТЫШҚАНҒА ӨЛІМ

(əңгіме өмірден алынған)

– Күн ұзын терген тезегің сол-ақ па? Бар, тағы бір барып

кел, – дейді Күмісай. Ол кезде он бір-он екі жастағы Ұрындық
бақайшағы майысып, аз толмас қапты көтеріп, жерошақ басына
таянып еді. Тезекті тастай беріп, ауызы бұртиып, жылайтын бала-
ша кескіні бұзылып, Ұрындық сырт берді.

– Бадалғыр! Бар деген соң бар енді! Шашыңнан түк қоймай

жұлармын! – деп қызыл шолақ сиырды сауып жатқан Күмісай ша-
бынып түрегелді.
Күмісай тұрғаннан соң оңбасына көзі жетті. Ұрындық бас
терісі ауызына түсіп, қапты жұлқылап əкелген тезегін төге бас-

тады. Күмісай сиырына қайта отырды. Маңайда тезектен түк
жоқ, қайта-қайта жұмсайды... «Көкжұлын қып өлтіреді ғой» деп
Ұрындық мыңқылдап, көзін басып, қабын иығына салып жөнелді.
Уақыт намаздыгердің алды еді.

Күмісайдың шаңқылдаған дауысымен үш қанат кигізді
лашықтың ішіндегі қаймақ ұрлап жеп жатқан жалаңбұт, алты
жасар Құрмаш шошығанынан селк етіп қаймақты төгіп алды.
Сасқалақтап жүгірді де есікке барды. Күмісайдың сиыр сауып

жатқанын көрді де қылмыстың ізін жоғалтқалы қара аяқты түзеп
қойған болды. Қаймақты екі қолымен тырнап топырағымен ара-
лас аяққа салып жатты. Мұрыны пысылдап, есікке қарай түседі.
Қаймақ жұққан бес саусақпен мұрынын сүртемін деп бет-ауызының

бəрін қаймақ қылып алды. Қанша епті болғанмен алты жасар
бала ұрлығын шығармай қоя ма, ноқталы кебеженің бұрышына
тығылып отырған мезгілде тері шалбары саудырлап Күмісай үйге
кірді. Құрмаштың отырысы, алақтап жалына қарағаны сезікті еді.

Бет-ауызындағы алабажақ қаймақты, топырағымен аралас қара
аяқты көрген соң Күмісай күйіп кетті.

– Жер жастанғыр, жайрап қалғыр! Жайратып отыр екенсің ғой

көгала! Түйнеме келгір! Ындының құрып бара ма? Түйнеме кел-
тірейін, – деп Құрмашты бір қолынан ұстап лақтырып жіберді.

Шапалақ басқа да тиді, көтке де тиді. Құрмаш есеңгіреп қалды, қарғыстан ішін кептірді, таяқтан сілесін қатырды. Ол кезде Құрмаштың інісі Нұрмаш үйдің артында бір шұбар қоңызды ұстап алып, ауызға таман апаруға ыңғайлап отыр еді. Күмісайдың қатты айғайы қоңызға жəйлі келді, Нұрмаш қолы дірілдеп, қоңызды құтты жеріне қондыра алмай айырылып қалып еді. Ұрындық жаны кейіп, көзінен жасы парлап, қабын толтыра алмай жүр. Құрмаш қаймақ ұрлап, сыбағасын алып, жылауға шамасы келмей, сілесі қатып ол жатыр. Қорек қылатын ала қоңыздан айырылып, зəресі ұшып, көзі бадырайып Нұрмаш отыр. Бүгінгі емес, балалардың күндегі көретін күні осы. Тамаққа жарымайды, ұрлық қылады. Бар бас көтерері – он бір жасар Ұрындық тезек, сумен көкжан болып, бейнетте өмірі өксулі. Осындай қорлықта, зарлықта жүрген үш бала кімдік деп ойлайсыздар? Қара құрсағын қақ жарып іштен шыққан баласын туған ана өстер ме еді? Туған ана осынша мейірімсіз бола ма екен? Əлде Күмісай сонша жүрегі тастан жаралған адам деп ойлайсыздар ма? Олай емес, ол балалар əке-шешесі жоқ – тірі жетім. Күмісай олардың нағашы апасы. Əке-шешесі жоқ болған соң, бір кезде тұқым еді деп екі сиырымен қолына алып еді. Күмісайдың өзінде бала жоқ. Бұрын бес-алты бала туып, оның бəрі о дүниелік болған. Жасы қырықтың жуан ішіне кірді, байы алпысқа таянып қалды. Өзінде екі сиыр, жетімдердің екі сиыры – төрт сиыр сауып отыр. Енді балалардың қалайша бұл күйге ұшыраған мəнісін айтайын. *** Осы елде жеті атасынан бері бақ, дəулет арылмаған күшті атаның тұқымы Үкімбай деген жігіт бар-ды. Үкімбайдың өз əкесіне мың біткен, ағалары болыс болған. Бұл күнде дəулет қайтып, орташа ауқатқа қараса да, адамгершілік үзілген жоқ. Біреудің ақысын бұлар жемесе, кісіге ақысын жегізетін бұл тұқым емес. Үкімбай жасынан дəулетке мас бай баласы болды. Тұқымның дəулетін, адамгершілігін арқаланып, бетіне келер жан болмай, шалдуар, сотқар, қияпас жігіт болып өсті. Аталы ауылдан қыз алды, атадан топтап енші алды. Алғашқы келіншегі өткен соң, орташа жерден тағы алды. Оның үстіне көңілі қосылған бір əйелді жəне алды. Өз алдына бір бай, жас отау болып дəурен сүрді.

«Ат мінсе, ауынан» дейтін бір мəтел бар. Кей жігітке қатын
тұрмайды, кей біреуге бала құрамайды, тағдырдың жазуы ғой

– Үкімбайдың соңғы қатындары да бірінен соң бірі дүние салды,

алғашқы қатындардан үйелмелі-сүйелмелі төрт бала қалды.
Қатыны қайтыс болғалы он бес күн болып еді. Үкімбай үйде
отырса да, атқа мінсе де, шаруа қараса да, елдің сөзіне, дауына,
барымтасына қатынасса да, жатса да, тұрса да, бір қатын алу ойы-

нан шықпайды. Қалай болады? Жас болса, қырыққа келіп қалды,
мал болса, шағын, елу шақты қараның жарымын бермей қыз кел-
мейді, əлде ыңғайлы қыз да жоқ. Сырын білмеген ноқтаның жуан
тұғырын мал шығарып алғанмен, ол əлдеқандай болып шығады.

Шаруа ұстай ала ма? Өзі шаруақор, өзі арзан əйел қайдан табылар
екен? Міне, Үкімбайдың басын қатырып жүрген осындай ой еді.
Үкімбай шай ішіп отыр еді. Тыста ит үрді. Түйеге арба салған
екі-үш қатын түсіп жатыр деп ер бала айтып келді. Кешікпей

қатындар үйге кірді. Бата қылуға келген көрші ауылдың қатындары
екен. Тұрғамбайдың шешесі, Ұлтарақтың қатыны, Бəйміштің
Рақиласы. Ішіндегі іліп алары – Рақила. Өзгесі кемпір-семпір.
Рақилаға көзі түскен жерде-ақ, япырмай, Рақила қалай жұғымды,

жасы отыздан асса да, əлі жап-жас, өңі тайған жоқ. Аққұба,
маңдайы да жарық, əнтек мұрыны шошағырақ болмаса, өзі де би-
язы, киімі құбатөбел болса да, кірі жоқ, таза, бойына қонымды, не
керек, қазақша биялайға лайық бір əйел.

Оның үстіне Рақиланы Үкімбай баяғыдан біледі. Бұшпағы
қанамағанмен ит терісін биялай қылатын, аса берекелі, дəмді,
үйінің іші тап-тинақтай болатын. Рақиланың кескініне қарағанда
шаруаға күнтақты екені де Үкімбайдың көзіне елестеді. Бəйміштің

үйін үй қылып тұрған – Рақила. Үкімбай бозбалалықты көп істе-
ген. Ол кезде Бəйміш бұған қоңсы еді. Үкімбай Рақиламен ойнап-
күлген болатын. Сондағы Рақиламен аңыз арасында жүргенде
жолығатын тəтті шақтары да есіне түсті. Сонда Рақила сүйкімді

еді, денесі де жұғымды.
Рақилалар шай ішіп, аз отырып қайтты. Бірақ Рақиланың
сүгіреті Үкімбайдың көңілінен шықпады. Рақиланы алсам қайтер
еді деген ойды олай қорытты, бұлай қорытты. Ол көңіліндегі

əйелі, арман қылған əйеліне дəл келді. Əрі шаруаға, əрі балаларға
жақсы, əрі алуға оңай, арзан, əрі еркекке сүйкімді, қыбын табады,
əрі қай жағынан болса да Рақиладан оңды қатын жоқ. Жалғыз-
ақ айнытатын Бəйміштің көрші ақысы, кірмелігі, баласының

жоқтығы, оғаш зорлық болады. Əйтсе де, Рақиланы алуға дəлел көп, бала таппайтын қатын Бəймішке не керек? Мүмкін тағы бір қатын алса, бала көрер. Қайта менің алғаным да пайда, деп өзін ақтады. Ағайын, туысқан мұнымды жақтыра ма? Көршімнің қатынын тартып алғаным оларға теріс көрінбесе, деген сұрауға, теріс болсам, мен боламын, олар маған жақсы қатынды қайдан тауып береді. Мен үшін кім мал шығарады? Шығаратын мал бар ма? – деп жауап берді. Сонымен, ұзатпай Рақиламен сөйлесуге, жолығуға, көнсе, тез алып қашуға бел байлады. Үкімбай түзу, қисық болса да, ойынан ісі бөлек кете қоймайтын, бір беттесе, əкесі тіріліп келіп айтса да, көне қоймайтын мінезі бар-ды. Сол мінезге салды. Рақиланың ауылына барып, Бəйкендікінде отырып Рақиланы шақыртып алады. Үкімбайдың тілін Бəйкен екі қыла алмайды кешегі пəленшекеңнің баласы, əлі де шауып аламын, жоқ қыламын десе, қолынан келеді. Алғашқыда Рақила таңданса да, қорықса да, он бес жыл бірге өмір сүрген байын аяса да, Үкімбайдың басына, жастығына, дəулетіне, адамшылығына қызықпай тұра алмады, жүрегі қобалжыды, ойланып жауап бермек болды. Оған Үкімбай шыдаса да, қатыны өліп, көзі қарауытып жүрген кісі баяғыны бастауды тілек қылды. Соңғы тілегін алып, Үкімбай көңілін дауалап үйіне қайтты. Ойланайын дегені жəй сөз, көнуі шексіз екенін сезіп кетті, үйткені Рақила бауырына қысып, «жаным!» деп тамағынан қатты сүйіп еді. Екі-үш жолыққаннан кейін Үкімбай Рақиланы алып қашты. Бəйміш жазған ол күні кісіден аласы тайыншасына кетіп еді. Қатыны кеткенін ауылы айтты. Азаланды, күйінді, қорлыққа шыдай алмай өлмек те, өлтірмек те болды, өліп кетпек те болды. Ел адамдарына барды, жылады, сықтады. Олар Үкімбайды теріс қылды, қатынын қайтарып береміз деп сөйлесті. Тартып əпереміз деп айтыс-ты. Ол хабарды естіп, Үкімбай қатынды сотқа əкетті. Сотқа ел адамдары да кісі жіберді. Соттың ағайыңдарын араға жүргізіп, Үкімбай қатынға бостандық қағаз алып қайта келді. Бəйміш дамыл көрмеді. Сотқа барды. Сот жайластыр деп елге сенімді кісі жіберді. Ол кісі ел адамдарымен сөйлесіп Үкімбайдан Бəймішқа төрт қара əперілсін деп бітім айтты. Оған Бəйміш разы болмаған. Сонымен, қатынды алып Үкімбай жатты. Арада бірталай күңдер өтті. Үкімбай соттың жіберген кісісін разы қылды. Кесілген малды да төлемеді.

«Уақыт солай болды, бір сайтан азғырды, қайтейін, құдайға
тапсырдым». Малсыз, қатынсыз, қорлыққа көніп, үйі иесіз қалған
Бəйміштің айтар сөзі осы-ақ. Бүйтіп отыруға болмайды, тірі кісі
тіршілігін қылу керек, құдайдың салғанына кім көнбеген. Бəймішке

қатын алу керек. Байы өлген, байын менсінбеген, қайтып келген
қатын бар ма? – деп өткен-кеткеннен Бəйміш сұраулас болды.
Ыңғайлы, дұрыс адам табыла қоймады.
Ендігі Бəйміштің мақсаты: қартайғанда перзент көретін əйел

алу еді. Көптен құлағында бар-ды, қасындағы ауылда Серікбайдың
қатыны бұзылып жүр деген сөз. Серікбай – екі сиырдан басқа малы
жоқ бір кедей. Былтыр пайда табам деп тоғайға кеткен. Содан бері
хабар-ошар жоқ. Қатыны – отызға келмеген жас адам. Үш бала-

сы бар. Асырап сақтайтын бай жоқ, сүйенер кісің жоқ, бұл жер-
де отырып күн көре алмайсың ғой, деп төркіні қатынды азғырып
жүретін. Төркіні қызын екі-үш қараға сатып аужал қылмақ бола-
тын.

Бəйміштің қатын іздеп жүрген хабары естілді. Серікбайдікіне
қатынның төркіні келіп сөйлеседі. Қатын үш баласын тастап, ке-
туге көнеді. Оны бітіріп алып, төркін Бəймішке келеді. Сен қатын
алмақ ойың болса, біздің баламыз кеткелі отыр. Сен де бөтен кісі

емес едің, бізге баламыз жыламайтын орын керек. Сен жолықсын
деген соң сөйлесе кетейінші деп келіп едім. Бір малтапқыш қу
сөйлеседі.
Бəйміштің бұл қатынды ойласа да, көңілі тұрақтамай жүруші

еді. Үйткені Серікбай – жалғыз жігіт, жалғыздық өз басында
да бар. Оның үстіне қатынның үш бірдей баласы шулап жетім
қалады, олардың көз жасы, обалы кімге? – Бəймішке. Қызыл
қарын жас балаларды шулатып тастағанда не барқадар таба-

мын? Үкімбай маған зорлық қылды деп, менің Серікбайға зорлық
қылуым құдайға мақұл ма? Ит жеңгенін талайды деп, əлімжеттік
қылған болармын. Серікбай – ағайынды кісі, өштесіп кете ме деп
ойлаушы еді. Бұл жолы осыны көп ойлады. Бұл ойын келушіге де

айтты.
Ол қарсы дəлелдер келтірді. Сен алсаң, алмасаң да, Серікбайға
ол қатын тұрмайды. Бізге бəрібір, біреу табылар, байсыз тұра ала
ма? Өзің білесің, – деп жүріп кетті. Бəйміш сөз байлай алмай қала

берді.

Бір жұма өткен соң Бəйміш мынадай хабар естіді. Серікбайдың
қатыны төркініне барыпты, сотқа барып бостандық қағаз алып-
ты, балаларын Серікбайдың нағашы ағасының қолына кіргізіп
беріпті. Серікбайдың ағайындары барып, екі тайынша алып, бітіп

келіпті.
Бұл хабарды естіген соң Бəйміш қайта ойланды. Ол бала
туып отырған қатын. Мен алмағанмен, біреу алады екен. Бұдан
арзан қатын табылмас, обалына мен қалмайын, төркіні қалып

отыр. Қой, осы қатынды алып қалайын деп ойлады. Осы ойға
бекіп, ертеңінде атқа мініп, қатынның ауылына барды. Қатынның
туысқандарымен сөйлесіп, үш қараға келісіп, алып қайтты.
Төркінінің мақсаты да екі-үш қараға Бəймішке бермек еді. Сүйтіп,

Үкімбай өзінен төмен Бəйміштің қатынын алды, Бəйміш өзінен
төмен Серікбайдың қатынын алды, Серікбай қатынсыз қалды.
Серікбайдың үш баласы – Ұрындық, Құрмаш, Нұрмаш тірідей
шешеден айырылып жетім қалды. Серікбай есен-сау келе ме? Жоқ

па? Мəлімсіз. Келген күнде де Серікбайдың қатын аларлық шама-
сы жоқ. Əңгіменің басындағы тезекке кеткен Ұрындық, тамаққа
жарымай, ұрлық қылып таяқ жеп отырған Құрмаш, үй артындағы
қарны аш Нұрмаш қорлықта жас өмірі өксіп отыр. Олардың көз

жасы кімге? Оқушы өзі шешсін.

БАЛАЛАРМЕН ƏҢГІМЕ

Күнделік дəптерден
Сентебірдің 1-і.
Сайлау.
Бүгінгі бір мектепте комитетші, тазалықшы, тұжырнай4

сайладық. Имаш комитетші болғысы кеп шошаңдап еді, сон-
да да сайламадық, үйткені балалармен жанжалдаса береді. Жай
жүрмейді: кісіні келемеж қылады, кісіге жала жауып, мұғалімге
жамандайды. Біз оған мінезің əбден түзелгенше сені қызметке

сайламаймыз дедік. Комитетке Құрманды, тазалықшыға Дүйсенді
сайладық.

– Сендерде комитетші бар ма?

– Жиналысы бола ма?

– Онда не сөйлейсіңдер?

– Комитетші, тазалықшы!

4 дежурный /ор./

– Тұжірнайдың жұмысын тексеріп жүріңдер!

– Комитетші, өз жұмысынды да ертеңгі тұжірнайды дайындап

кет!
Менің міндетім
Сентебірдің 5-і
Бүгін мені комитетші қып сайлады. Мен əшейін қуанып кет-

тім!
Жиналыста біздің міндетімізді ұқтырды. «Міндетім қандай
екен?» деп үйге барғанда ойласам, мынау екен:

– Класқа, ас үйге тұжірнай қойып жүру;

– Сабаққа келмеген, сабақтан кешіккен балаларды белгілеп

отыру.

– Тұжірнайларға қызметін ескертіп тұру;

Сентебірдің – 10-ы.
Комитетші болу оңай ғой деп жүрсем, тіпті қиын екен. Кей-
де сабақта отырғанда жолдасыңмен сөйлескің келіп қалады.
Сөйлесейін деп бір оқталып қаласың да, комитетші екенің есіңе

түсіп, ауызыңды жұма қоясың. Комитетші өзі сөйлеп отырса,
онсоң тəртіп бола ма? Жиылыста сөгіс аласың, қашанғыдан бұрын
жолдастарыңның алдында ұялғаның жаман ғой!
Мені ақыры сайлады

(Жапаштың сөзі)
Мені көпке шейін қызметке сайламады. «Сен салақсың:
кітабіңді, дəптеріңді, өзге бірдеңелерді ұмытып, үйге тастап кете
бересің. Сен тапсырған жұмысты да ұмытып кетерсің» десті

түге.
Содан былай мен ұқыпты, жинақы болуға тырысып жүрдім.
Міне, мені тазалықшы қызметіне сайлады, кей жолдастар: «Бəрібір
ол түк істемейді» деп мені сайлауға қарсы болды. Əй, солардың

сөзі біртүрлі жарадай тиеді-ау!
Мұғалім айтады: «Соңына бір түскен нəрсесіне кісі жетпей
қоймайды» дейді.
Шаң-тозаңмен қалай алыстық

Бір күні қатты жаңбыр жауды. Жер былғаныш, лайсаң бол-
ды. Далаға шыққанымыздың аяғы бес баттам балшық болып
келеді. Аяғымызбен еденді былғадық. Мектептің іші жылы еді.
Аяғымыздан түскен балшық кепкен соң үгітіліп, шаң-топырақ

болды. Қара тақтайды сүрткенде тағы да шаң қаптады. Бала-
лар алысып-жұлысып шаңды молайтты. Шаң-тозаң кеудеміз-

ге кіріп, мұрынымызды жыбыршытып, жөтел тигізді. Содан кейін тысқарыға шөп салам, жаман кенеп тастап, аяғымызды сүртіп кіретін болдық, шаң шықсын деп, терезенің тесігін ашып қойдық. Құрман желдеткіштің алдында отырушы еді, суық тиіп, тұмауратып қалды. Енді суықтан сақтанып жүретін болды. Күз Күн қысқара береді. Ел отты ерте жағады. Əуе салқын бола бастайды. Шөп қуарады. Ағаштың жапырақтары сарғайып, сыбдыр-сыбдыр түсе бас-тайды. Құстар топтанып, тізбек-тізбек болып жылы жаққа ұшып кетеді. Суыр, тиін сықылды аңдар інге, ағаштың қуысына кіреді. Құрт-құмырсқалар да илеуіне, тастың, қабықтың арасына тығылады. Бəрі де жазға шейін ұйықтайды. Кісілер үйлеріне от жағып, жылы киімдерін əзірлей бастайды. Шаруа адамдары отын жимайды. Шөп үйеді; қысқа азық, астық даярлайды, қорасының құлағына ашылған жерін бүтіндейді. Пештерін қайта түзетіп салады; үйлерін сылайды. Құстар қысқа қалай даярланады? Күннің суық боларын елден бұрын құстар сезеді. Күз болысымен олар тізбектеліп жылы жаққа қарай қайтады. Тырналар қоштасқан кісілерше ауылды айналып, қиқулап кетіп бара жатқаны. Ең алдында жолды көп көрген кəрі құстар жүреді. Құстар ұшқанда сындырған шыбықтай, алды бұрыш, арты талтақ болып ұшады. Құстардың бəрі бірдей жылы жаққа кете бермейді. Біздің жақта қыстап қалатын құстар да болады. Қыстап қалатын құстардың жылы мамық жүні, жылы қанаттары күздігүні өсіп жетіледі. Суық торғайлар өздеріне жылы ұя істеп алады. Көгершіндер шатырдың төбесіне, қораның қалтарысына паналайды. Құстар қыстыкүні не болса, соны көрек қылады. Бие қайырдым Ағатайым ұстаға арба тарттырып келді. – Сен биені қайырып келе қойшы! – деді. Мен атқа мінуге қуанып кеттім! «Жарайды» дедім. Ағатайым көк байталға мінгізді. «Таралғыға аяғыңды салма, жығылсаң, ілініп қаласың» деді. Аяғымды салғам жоқ. Көк байталмен бүлкілдетіп бардым. Биелер, құлындары қосақтаулы, қара шоқының ар жақ жамбасында жайылып жатыр екен. Айғайлап айдай бастадым. Жирен бие шабан-ақ! Қарыны ке-

бежедей болса да, жайылып артта қала береді. Сұр бие жылқыдан
оқшау жүреді. Алыстан қамшымды үйіріп дауыстап айдаймын.
Құлағын жылмитып қояды. Таянсам, қос аяқтап салады ғой,
оның тебеген екенін бұрыннан білем. Торы бие алдыңғы аяғын

ноқтаның сабағына іліп алыпты. Құлынның мойынын ауыртып
келеді. Түсіп жазайын десем, шамам келмейді.
Биелерді айдап келдім. Ағатайым мен апам шелек алып шығып
бие сауды. Мен қайырып тұрдым. Сауып болған соң мола жаққа

өргізіп жібердім.
Қою сүт

– Жанақ-ау! Біздікі қою сүт пісіріп жатыр! – деді Қабылтай.

Жанақ қою сүт пісіріп бер деп анасына азап салды.

– Қабылтайдың үйіндей көп қойымыз бар ма! Бес-алты

саулықтан қай жөнді сүт шығады. Қойдың өзі де суалып кеткен
шығар, – деді анасы.
Иə, сауса, неге шықпасын?
Еңдеше қозыларыңды көгендеп келе ғой.

Жанақ жүгіріп қотанға барды. Қозылары асау болып кет-
кен екен, ұстатпады. Жанақ Шоқанды, Қабылтайды шақырды.
Үшеулеп қозыларды кө-генге қамалап, ұстап жүр. «Бір құлақтың»
қозысы Жанақтың аяғын езіп кетіп бақырды да қалды. Қозының

тұяғы өткір болады екен.
Қабылтай Жанақты уатып, үйіне апарып, қою сүт берді.
Ертеңіне Жанақтікі қою сүт пісірді.
Жанақ Қабылтайды шақырып бір тостаған сүтті екеуі бөліп

ішті.
Етікші
Ескі етігімді бастатуға Шегебай етікшіге бердік. Шегебайға
күнде барамын:

– Етігім қашан бітеді? – деймін.

Ақысын берсең, тез бітеді, – дейді Шегебай.
Ақысын ағатайым береді ғой.
Ағатайың – сараң кісі: бермейді. Ойнап айтады ғой. Басын
қондырып болған соң атқа мігелі отырмын, – дейді.

– Тағы бітпейді екен ғой?

– Қайдан бітеді? Өзің түк əкелмейсің.

– Не əкелейін?

Құрт-май əкел! Əнеугі сойған қойдың етінен əкел!
Апамнан құрт-май сұраймын. Апам: «ойнап айтады» деп сөзге

жұбатып бермейді. Мен қоймаған соң апам тостағанға құрт-май
салып береді. Мен Шегебайға жүгіріп алып барам. Шегебай:

– Əй жігіт! Жарайсың! Енді тез бітіремін – деп күліп қатынымен

екеуі құрт-май жейді.
Ертеңінде етігімді бітіріп берді. Нəл салыпты. Ағатайым:
«мықты болған екен» дейді. Апам: «сұлуынан жылуы да» дейді.
Ескі байпағымды саптап киіп алдым. Апам: «енді ханға сəлем

берер ме екенсің!» дейді.
Қоян байғұс
Қабағын түйген ызғарлы, жаңбырлы күз келді. Қоян байғұс
қысқа азық жинай алмай қалды. Жүгіріп қарағанның арасына

барды. «Қық!» деген дауыс естіліп еді, шошып кетті: тауға қарай
зымырады. Қоян тауға жете алмай моланың ығына жата қалды.
Ар жағында қойшы жүр еді. «Айт!» деп еді, қоянның зəресі ұшып
кетті. Ылдиға түсіп, өзекпен жөнелді.

Қоян байғұсқа дамыл жоқ, жауларынан бір қорықса, жаңбырдан
тағы қашады. Құлағын қысып, көзін сығырайтып, аспанға
қарайды. Аспан түнеріп, жаңбыр жауып тұр. Тым болмаса, күн
ашылып, құрғақ болса екен байғұсқа.

Күзем
«Ертең ауыл күзем алады» десті. Қой қырыққан қандай
қызық болады! Таңертең тұрсақ, байдың үйінің алдында қойлар
көгендеулі екен. Бет-қолымызды жуып, асымызды іше сала сонда

бардық.
Он шақты кісі белдерін буынып, білектерін сыбанып,
қырықтықтарын қайрап жатыр. Ересек балалар жапырласып
қойларды сүйрелеп үйге кіргізіп жүр. Кəрі саулықтар жығатынын

біліп, тырмысып үйге кірмейді; күшті кісі болмаса, жыққызбайды,
əккі болады. Қойларды топырлатып жығып жатыр. Біз аяғын
шалып береміз, жүн жиямыз, қойға əліміз келмейді. Үйдің іші
бұрқыраған жүн. Қырықтықтар судыр-судыр етеді. Бəстесіп

қырыққанда қалай қолдарын кесіп алмайды? Қырықтықшылар
əр үйге жүн апарыңдар деді. Біз жүн апарып, аяқ-аяқ құрт-май
əкелдік. Құрт-майға кенелдік-ау!
Қойды қырқып болған соң қатындар жүн сабап, кигіз бас-

ты. Бізге кигіздің ауыл-ауылды қыдыртып тартқаны, қарпығаны
кызық болушы еді. Қатты домалатып кеткенде қатындар тебе
алмай жығылып қалатыны да болады. Қаршығанда біз де бір
жағынан қалмаймыз.

Егін ору Мен апама еріп Нұркеннің ауылына бардым. Ол ауыл егін салады. Түйеге аяқ арба жегіп балалар егінге бармақ болды. Балалармен бірге мен де бардым. Егін дегені кəдімгі шөп тəрізді болады екен. Ұзындығы ақ селеудей, бастары тақияның шоғындай салбырап, майысып тұр. Қолға алып уқаласаң, жып-жылтыр моншақтай тарылар сау етіп түсе қалады. Біз барғанда екі еркек, бір əйел бытырлатып орып жатыр екен. Бүкшеңдеп, орақтары судырлап орғанда қолдары шып-шып етеді. Уыс толғанда тоқталып тастап отырады. Желпілдеп тұрған егінді заманда бытырлатып недəуір орып тастады. Балалар масақ теруге кірісті. Мен де терістім. Қолым толған соң Нұркеге: «Қайда апарамын?» деп едім, «Бөкеге сал!» деді. «Бөкесі» орып тастаған бөлек-бөлек егіндер екен. Бөкелерді жинап бір жігіт бау байлап жатыр. Бірталай бауларды үйіп сая салып қойыпты. Кешке таман қолтық-қолтық егін алып ауылға қайттық. Жатарда сүт пен майға басқан кəші жедік. Өзі тəтті-ау! Көмей суырады! Жел (Қаладағы баланың дəптерінен) Бүгін боқыраудың 15-і. Жел қатайып қара дауыл болды. Бақшадағы жапырақтар қардай борайды. Ағаштар солқылдап зу-зу етеді. Жас ағаштар дауылдың күшіне шыдамай еңкейгенде бастары жерге тие жаздайды. Шіріген қу бұтақтар шарт-шұрт сынады. Боқшаның ар жақ шетінде, желдің өтінде тұрған кəрі терек күрс етіп құлады. Бұтақтары быт-шыт болды. Өзенің беті аттай тулаған толқын. Толқындар ақпандағы алабас бурадай, үсті-басы ақ көбік. Бір толқынды бір толқын қуалап, судың кемеріне шылп-шылп соғады. Дауыл топырақты бұрқыратып əуені алай-түлей қылды. Көзді ашқызбайды. Мұндай дауылда көзді басып жүрмесе болмайды: көзге қиыршық түссе, көз түйіліп ауырады. Уқаласаң, қыздырып, қанталап ақ түсуге мүмкін.

ТƏУБЕ ҚЫЛДЫ Қасым – жігіттің қасқасы. Ағайынның тағалы торы тайын жатқа жібермейді. Жауын жаулайды, жесірін даулайды, жерін жалдайды. Ұрлығын қымтайды, шеттен шымқайды. Болысқа барады, орысқа барады. Ел бағады, сөз бағады. Аттан түспейді. Қасаң қонақасыға қандай мырза!... Онша дəулетті де кісі емес. Бірақ Қасымға: дəулет – қолдың кірі. Жумаса – бітеді, жуса – кетеді. Өзі тірі болса, кемдік бар ма, қорлық бар ма? Ол өзі келбетке де кет əрі жігітің емес. Орта бойлы, мұрт, мұрын, сақал, көз, – əрі кəдімгідей. Мінсе, шіренеді. Жағасына кір жоламайды. Тізесін қылшықтап, шырт түкіріп отырады. Баламен – бала, кəрімен – кəрі. Əйелмен нелеу... кішіпейіл ғой. «Əттең, əнебіреуісі болмаса» деп жұрт қауесет етеді. Онысы не екенін шорт біле ме, əйтеуір, жігіт. Қасым кешке жақын төбе басында отыр еді. Сарбұлақтағы бес ауылдың еркек кіндігі қасына жинала бастады. Күндегідей əркіммен жампаңдасайын десе, жұрт төмен қарайды, жер шұқиды, тас сапырады. «Бұларға не болған?» дегендей, Қасым жалтақтайды. Сүзілген көздер біріне-бірі итергендей болады. Əлдебір жанкүйері өліп, соны естіртетін тəрізденеді. Əсен ақсақал Қоңқашбай отағасына қарады. Қоңқашбай отағасы көрмегенсіп ауыл жаққа қарады. Ауыл жақтан өңірлері тас сыпырып бір екеуі төбе басына тырмысты... ...Олар келді. Сиыршылап отырды. Соларды күтіп отырғандай, бəрі де көз қырларын жіберісті, иек көтерісті. Қасым жалтақжалтақ қарады. Ағайынға қадырлы, беделді Қасымға жұрттың тұтқиыл бүйте қалғаны қалай? Қасым таң-тамаша. Япырмай! Оғаш қылығы жоқ еді ғой... Қоңқашбай отағасы əлден уақытта əбден найқалып, тамағын жүдемелете кенеп, үлкен тырнағындағы тасты ыршытып тастап, басын көтерді. Түлкі бөркін əнтек шалқайтып, алдындағы жұртты бір шолып алды. Сүйтті де, қоздайтын немеше: – Е-е-е! – деді Енді бастайды екен деп Қасым ұмсынып қалды. Бірақ Қоқаң бет-ауызын сыпыра бір сыйпап, тағы төмен қарап кетті. Заманнан заман өткенде Қоқаң басын тағы көтеріп:

– Ым-м-м! – деп бір қойды. Тамағы бір кенеп алып: – Е, Қасымжан, мынау отырған жұрттың көңілінде саған айтатын бір мұддағалы сөзі бар көрінеді... – дегенде, Қасым жұлып алғандай: Айтыңыз, айтыңыз... тыңдайық, – деді. – Айтқанда-а... Ол өзі не ғой... Сен əйтеуір аз үй Шапыраштыда басшы боп атқа мініп жүрсің... Жасың болса, бізден кіші... Мынау отырған ақсақал, қарасақалы алдына мені салып отыр түге... Біз сөзден қалғалы қашан. Ағайын, ашсаң – аяңда, жұмсаң – жұмырыңда болушы едік... Сенің табаныңа қадалған тікен мандайымызға қадалсын деуші едік... Осындай ұзақ сонар, құдай аманаты сөздермен Қоқаң отағасы биенің табан екі сауымын алды. Нені айтқалы келе жатқанын əулие де аңғарар емес. Тек сөз саптасы бір зілді нəрсеге соғатын секілді. Ағайын арасының ашу-аразына, дау-шарына, Қасымның ата тегіне, қадіріне, ауыл-үйдің өсегіне, шыршуына, достың күйініп, дұшпанның сүйінуіне... Бəріне шарлап отырып, аяқ кезінде: – Құдайға шүкір. Ұлыңды ұяға, қызыңды қияға қондырдың... Орда-шарқы үй болдың. Жамағаттарың бар. Біреуден ілгері, біреуден кейін... Қырықта қылау, елуде елік деген... Жастық, мастықпен жүрдің, тұрдың... Бір жігіт əйел қызығын сендей-ақ көрер... Бұл өңірде қалған жоқ шығар... – Жарықтығым, енді қайтсайшы, тəубе-таупиыққа келсейші... Мүйізің шыққандай болды ғой... Міне, жұрттың сенен тілейтіні осы... – деп сөзін аяқтады. Əзір арсыз болса да, Қасымның бетінен оты шықты. Қайтсін: бəрі де сақалды басымен мойын салып отырғансын... – Енді сүйт, шырағым! Келін, бала-шағаларды шыршу қыла бермей... – деген сияқты сөздер іліп ала жөнелді. Қасым жер шұқып отырып қалды. Бір мезетте басып көтеріп: – Бердім тілектеріңді: райдан қайттым. Осыдан енді нетсем, қызым қатыным болсын, 3-4 қарғаның игілігін көрмеймін! – деп ауыздан ант етті. – Уа, бəрекелді! Көп жаса!... – десіп сақалдар қаутаң қақты. – Менің қайтқан белгім со болсын: қажыға барайын, Əзірет сұлтанға зират етейін. Бойымдағы сайтанды сүйтіп арылтайын... – деуі-ақ мұң екен ақсақалдар түбі түскен шелектей: – Дұрыс-ақ! Сөз-ақ! «Ерден иман құтылмайды» деген осы да, – десті.

– Дəулеттің шарқы өздеріңізге мəлім... Əйтеуір мұндағы қатынбаланың ораза ашарына зиян салғызбайтын болсаңыздар... – дегенде пейілденіп отырған жұрт: – Мұның да дұрыс! – деп шу етті. ...Бір жұма өтті ме, жоқ па, ұлы дүсір той болды. Көкпар тартылды. Балуан жығысты. Мал төгілді. Ақша жиылды. Қасым қажы ақсақалдардан бата, қатын-баладан ырзалық алып, азықтүлігін қамдап, ақ жолға сапар шекті. Əзірет сұлтан – ара күндік жол. Бер жағында – Арыслан-баб əулие. Аруақ аттап қалай өтсін? ...Келді, Арыслан-бабқа зират қылды. «Кешіре гөр... Сайтаннан құтқара гөр» деп тіледі. Егілді, езілді, балқыды. Алтын легенге салып нұрмен жуғандай, жүрегі тазарды. Тамыр біткені зікір салып тұрғандай желпінді... Жер астында қылыуат (үңгір) бар. Мүлиген-мүлиген сопылар соған түнеген. Жолдастарын пəтерге қайырып, Қасым таза таһараттанып, қылыуатқа кірді. Төбесі тесік жертөле. Əйнек жоқ. Бағанда сығырайып шырақ тұр. Қасым сабанға төсегін салып жатты. Мүлгіген. Қолда – тəспі, ауызда – таһліл. Иесіз үңгір. Үрейлі... Есік тырс етті. Кемпір кірді. Қасымға жалмауыздай көрінеді. «Бұл сұм қайдан жүр?» дегенше кемпірдің артындағы адамды көзі шалды. Кемпірді «Əжетай-ай!» дей жаздады: артындағы уылжыған келіншек екен. Жүрегінің қақ түбіндегі бір тамыры бүлк еткен болды. «Баяғы күнім болғанда қырыма бір алатын келіншек екен» деген ой салып жетіп келді. Бұ бір бала іздеп келген келіншек. Анау, əлде енесі, əлде шешесі. Тəрізі шешесіне келеді. Бірақ енді тіл қатуға болмайды. Мешітте намазда отырған адамдай, қылыуатта ақ ниет үстінде отырған кісі ғой. Əйтсе де, неткен келіншек екенін білгісі кеп барады. Сұм нəпсісін осынша тізгіндемек болса да, көркем келіншек қаратпай, ойлантпай еркіне қояр емес. Əйелдер үш адымдай жерден орын алып, төсектерін салып жайланды. Қасым шынтақтап көзін жұмып жатыр. Бітегене отырды да кемпір қисайды. Келіншек тізесін шошайтып, иегін сүйеп, томашадай боп отыр. Кемпір ұйқтайды ғой деген ой Қасымның ой жорымын ағытып жіберді: арсалаң ой қиядан қияға шарлап кетті. Дəл иекартпаға мінбелегенде жатқан орыны, келген жұмысы есіне түсіп, аттың басын бір тежеді. «Əбден құнығып кеткен екем» деп ойлап өзіне ұрысқандай болды.

...Қасым көзін қысқан болады. Бірақ қанат дыбысын сезген қаршығадай замат көзін ашып алады. Ашса – алдында келіншек отыр. Үңгірді шарлаған келіншектің көзі: ағы – ақ, қарасы – қара. «Ой көзіңнен!» дегісі келіп қалады. Жалғыз шырақтың жырпылдаған жарығы келіншектің бетін жыбыр-жыбыр сүйеді. Ала сəуледе ақшыл бет күлім-күлім еткендей болады. Жоғарғы ерінін əнтек сүйіріліп, төменгісін тымырайтып, қыздың қызыл оймағындай өбіскен еріні көрінеді. ...Ойпырмай! Неткен тəтті ерін! Ауызы түймедей əдемі келіншектің денесі, емшегі қандай екен. Бұлтиып тұр-ау ə?! Саусақтары да етжең, өзі де тығыршықтай ғой... Денесі... Несі қандай екен? Өзі де не шикілсары, не айтбозым, не бөртеке қызыл емес, деген құбақай құрғақтың өзі ғой!.. Дəл баяғы Биған... ханша, неткенмен оған бір тоюшы ма ең? «Тағы, тағы...» дегізуші еді.. Ондай əйел өмірде қолға тие береді дейсің бе? О бір айналып кетейін еді ғой... Мынаның əптіші де соған келеді... деген ойлар анталап басын кернеп барады. Келіншек Қасым жаққа көзінің астымен ғана қарайды, байыздамайды. Сүйтіп отырып келіншек оқалы кимешегінің алқымын көтеріп, тарқатылған бұрымын өрді. Бұғақты, жұмыр ақ тамағы жарқ еткенде, Қасым: «тұмсықты көмер ме ед» деп ойлады. Жасыл жеңсізін қайқая шешкенде торсыйған емшегін де көзі шалып қалды. Қасым есінен жүдə айырылды. Енді жатады-ау, тезірек жатса екен дегеннен өзгені ойлай алмады... ...Келіншек жатты. Қара қоңыздай ілбіп минуттар өтіп жатты. Қанша мезгіл өткені не керек, əйтеуір бір мезгілде Қасым ептеп орынынан тұрды. «Бісміллəһи» деп əуелі шырақтың көзін өшірді. Түндік жабулы. Түн қараңғы болды. Əуелі қолды, сонсын аяқты жылжытып жіберді. ...Жетті. Қолды созды. Жырынды шіркін ғой: уысы тола кетті. Қағып жіберді. Қайта салды. Тағы қақты. Тағы салды... Ауыз да жетті. – Мен ғой... Қымсынбаңыз.. – Жасаған-ай! Сақтай.. Осындай орында... Нет-кен сұмдық... – Дəтім шыдамады... Мені де сұбқан итерген шығар.. ...Өлердегі сөзін айтса да, келіншек дарытпады. Дауысы əкірең шыға бастады. – Бұл кім өзі? – деп кемпірдің басы жыланша қайқайды. Қасым орынына сызды.

Жатты. Ойланды... Бір уақта солқ-солқ жылады. – Иə, əулие, ой Арыслан-баб... сен «бар» деп қоймайсың. Барсам, жолатпайды. Мен енді қайтемін? – деп жылайды. Айтады да ана жаққа құлақ түреді. Əйелдер сыбырласқан іспетті. Қасым жылауды үдетеді. «Əулие-екені» көбейтеді. Əйелдер сыбыр-сыбыр... Алақай! Құдай берді! Көздің жасын иді: «алсаң ала ғой... Кім біледі... Əулие жұмсап тұрған шығар.. Іздегеніміз бала ғой...» деген кемпірдің дауысы естілді. ...Несиеге қаратпай Қасым тағы барды. Қолды жіберді – сұлық... Бостандық... – ...Е, неге қайттыңыз? – дегенде, Қасым ауылына: – Ақшамнан айырылдым, – деген жауапты қайырды. ЖАҢА ТАЛАП Жаңбыр сіркіреп тұр. Шегебай етікші – баласы Мұқанды мектепке жаздырайын деп Дəндебай ауылындағы мұғалімға алып жүрді. Ол ауылға таянғанда жаңбыр да ашылды. Жер шылқылдақ. Мұқан шылп-шылп еткізіп жамаулы жаман етігін əлден су қып алды. Қызыл елтірі бөрікінен, ескі шекпенінен су өтіп, мойынынан сорғалап, судан шыққан тышқандай болды. – Əне, анау тұрған мектеп, көрдің бе... Мен сені мұғалімға апарып жаздырам да Жұмандікіне барам, бастататын бір етігім бар деп еді... Мектеп дегені терезелері үлкен, өзі де биіктеу, үлкен там үй екен. Маңдайындағы тақтайда жазуы бар екен. Жазу екенін Мұқан таныған жоқ. – Сүрт аяғыңды. Көрдің бе шөп салып қойғанын. Шегебай мен баласы кіреберістегі шөпке аяғын сүртіп мектепке кірді. Кірсе, ашулы шқаптың алдында мұғалім кітаптарды аударыстырып қойып жатыр екен. Шқап алдындағы үстелдердің үсті – толған кітап. Мұғалім Шегебай мен Мұқанды көріп: – Келіңіздер, келіңіздер, – деді. Екеуі кіріп, есік алдында тұрды. Мұғалім: – Е, Дарқан, балаңды оқуға бергелі əкелдің бе? – деп сұрады.

– Иə... сізге айтайын... жаздырып кояйын деп... онға шығып қалды... Еркелеу өзі... Жалғыз бала болған соң осыны бір нетіп... Мұғалім үстелде жатқан үлкен кітабын алып, Мұқанның атыжөнін, жасын, əкесі, шешесі не кəсіп қылатынын тіркеп жатты. Мұқан ауызын ашып қарап тұр. Өзімнен бірдеңе сұрап қала ма деп қыпылдап барады. – Е, тілеуің берсін, шырағым... Əйтеуір босқа етігін тоздырғанша ... Кішкене бірдеңе біле ме деп... Заман оқығандікі болды ғой... Тəйір жалғасын, шырағым, өркенің өссін... Мен енді қайтайын... – Біраз аялдасаңыздар, болмай ма? Жаңбыр ашылды ма... Киімдеріңізді құрғатып... – Менің бір шаруам бар еді... Жұман əнеукүні бір етік бастап бер деп еді... Соны нетейін деп... – Ондайыңыз болса, дұрыс... Мен мына Мұқанмен кішкене сөйлесейін деп едім. Соны айтқанда Мұқан қорқып кетті. – Е, дұрыс, дұрыс. Кəзір маған оның керегі жоқ... Қалсын, қалсын... бітегенеден соң келіп ала қайтармын. Қарағым, Мұқан, сен қала тұр. Мұғаліміңмен сөйлесіп. Мұқан əкесінің соңынан тұра жүгірейін деп бір ойласа да, оным балалық болар деп тоқтады. Тоқтаса да, қыбыр-жыбыр, қызараңдап, шекпенінің етегін сығып, шұқылана берді. Мұғалім: – Е, Мұқан, оқу оқығың келе ме? – деп сұрады. Өзі төмен қарап тұрған Мұқанның мойыны бұдан бетер тұқырып кетті, қысылып түк айта алмады. – Əлде хат танитын шығарсың, бұрын оқып па ең? – деп мұғалім тағы сұрады. Мұқанда үн жоқ. Мұғалім оған қарады да жалма-жан: – Ойбай, жұмысымды бітірейін. Мына кітаптарды шқапқа салу керек еді, Мұқан, сен болысарсың əлде, – деді. Мұқан тағы үндемеді. Мұғалім орындыққа шығып, үстелдегі кітаптарды шқаптың жоғарғы тақтайларына қоя бастады. Бір уақта орындық үстінде тұрып Мұқанға қарап: – Əнебір кітаптарды əперіп жіберші, – деді. Мұқан сөлекеттене ұстап кітапты алып берді.

– Енді анабір, арғысын əпер... ол емес, арғы... сол, сол е,

бəрекелді, тағы анабір кітапты... – деп мұғалім жұмсап жатты.
Мұқан ебі келмесе де, болысты.

– Е, жақсы болды ғой!.. Əкең келгенде көрсін біздің жұмыс

бітіріп жатқанымызды, – деп қояды.

– Сен əкеңе де болысатын шығарсың?

Мұқан үндемеді.

– Етік тігуді білесің бе?

Мұқан басын шайқады.

– Рас, енді, етік қиын, ал енді балға мен шеге қағуды білетін

шығарсың...

– Білем, – деді дауысын зорға шығарып.

– Е, тағы не білесің?

– Тарамыс тоқпақтауды білем...

– Жақсы.

Енді мұғалім орындықтан түсіп кітаптарды шқаптың төменгі
бөлмелеріне қойып жатты.

– Сен ойнағанды тəуір көресің бе? Ат боп ойнағаның бар ма?

– деп оқыста сұрап қалды.

– Ойнағам, – деді.

– Жақ, мылтық атқаның бар ма?

– Бар.

– Оны саған кім істеп берді?

– Өзім істедім.

– Сен істей білесің бе?

– Білем.

– Уа, жігіт екенсің! Сен əлі оқуды да жақсы оқырсың. Сен

оқығың келе ме?
Мұқан «жоқ» дегендей басын шайқады.

– Жоқ дейсің бе? – деп мұғалім тақымдады.

Мұқан қызараңдап тұрды да дауысын əрең шығарып:

– Қорқам, – деді.

– Қорқам! Кімнен қорқасың?

– Ұқпайым ғой... Оның мəселе дегені болад дейді.

– Мəселеден қорқам де... Мəселе дегені санау ғой. Сен санауды

білмейсің бе?

– Білмеймін, – деді.

– Бер қарашы, осы үйде неше үстел бар екен, бəрін санашы.

Мұқан бəрін қарап санады да: – Төртеу, – деді. – Жарайды. Ал енді мен анау үйден бір үстелді тағы əкеліп қойсам, нешеу болады? – Бесеу болады. – Əйбат. Міне, мəселе деген осы ғой. Оның не қорқатыны бар? Сен жігіт екенсің. – Жазу ше? – деп сұрады Мұқан. – Жазудың несі бар? Өзің де үйренесің. – Менің бармағым келмейді ғой. – Кəне, сенің бармағың басқа ма? Көрсетші. Мұқан бармағын тарбайтып көрсетті. Мұғалім қалжыңдап бармақтарын санады: – Біреу, екеу, үшеу, төртеу, бесеу... Бес бармақ, осы аз ба саған? Мұқан жымиды. – Бесеу болғанмен жаман ғой. Мұндай бармақпен кісі жаза ала ма? – Əбден жаза алады. Осы бармақтарыңмен біз, пышақ ұстай білесің ғой. – Пышақты ұстаймын. – Қасықты ше? – Оны да білем. – Ендеше қарындашты да сүйтіп ұстап үйренесің. Сенің саусақтарың осы күні епті, мықты... Сен əлде қурайдан сыпырғы істеуді де білерсің? – Білем. – Е, мінекей, көрмейсің бе? Саусақтарың бəлекет екен ғой. Мұқан жадырайын деді. Сүйтті де: – Оқуды қалай үйренем? – деп сұрады. – Оқу тіпті оңай. Кітаптағы суреттерге қарап үйренесің. Міне, қарашы мына кітапты, – деп мұғалім Мұқанның қолына кітап берді. – Мына жерге отырып қарай тұр. Мен мыналарды орынына қояйын. Мұқан кітапты ақтарып қарай бастады. Мұғалім өз кітаптарын орналастырып, өз жұмысын істеп жатты.

Кітапта сурет көп екен: бір бетте бесікте жатқан бала. Біреуінде жүгірген бала, шана, терезе, мысық... Өңшең жақсы суреттер. Бір жерін ашқанда Мұқан: – Оһо! Сырғанақ, – деп дауыстап жіберді. Мұғалім қасына келіп: – Сен төбе басынан сырғанақ теуіп пе едің? – деп сұрады. – Тепкем. – Немен тептің? Тағы əлгіндей сөйлесіп кетті. Енді манағыдай емес, Мұқан мұғалімнен ұялуын қойды. Сұрағанына жауап беріп, өзі де көргенбілгендерін айтып жіберді. Содан кейін мұғалім тағы да Мұқанды кітап əперуге жұмсады. Мұқан қорғанбай, қорықпай кітаптарды əперіп, мұғалімге болысты. Шегебай келгенде Мұқан жұмыс қып жатыр еді. – Е, біздің Мұқатайға да жұмыс табылыпты ғой, – деп əкесі күліп келді. – Уа, бұл жігіт екен. Маған қолғабыс қып жатыр, – деді мұғалім. – Мұқатай, енді болсаң, үйге қайтайық; кеш боп кетер... Мұғалім рұқсат етесіз бе? – деді əкесі. – Рұқсат, рұқсат. Мұқан, рақмет. Мектепті көрдің ғой. Дүйсембі күні оқу басталады, кел со күні, – деді. Мұқатай жайраңдап: – Келем, келем, – деді. Үйдеріне қайтып келе жатқанда Мұқан: – Дүйсембі тез болса екен. Мəселесін үйренейін деп едім, – деді. – Қорықпайсың ба? – Несіне қорқам? Жиырмаға дейін санауды білем. Жазуды да, оқуды да үйренем. Аға-ау! Кітаптарының суреті біртүрлі қызық екен! Не керек, тамаша, тамаша!.. – деп үйіне жеткенше көрген суреттерін сөз қып барды.

МЕН ҚАЛАЙ ҮЙЛЕНДІМ? (тұйық əңгіме) ...Сүйтіп жүргенде «Кейкіде бір жақсы бала тұр» дегенді құлағым шалды. Егжей-тегжейін сұрастырсам: беріп отырған қыз екен. Ескі болыстық партияның кесірінен жастайынан атастырған, бұ күнге күйеуі 12-де, өзі 18-де екен. Күйеуі ақсақ болған соң қыз менсінбей жүреді екен. Қыздың қайынағасы да өліп қалып, енді Кейкі ақсақал, жесір қатын малын жегізбеді деп, қызын бермеймін дейді екен. Оқыған азаматтардың əрқайсысы-ақ барып көріп, хат жазса да, қыздан жауап ала алмайды. Тегі қыз əкесінің ажарына қарайтын болса керек. Сонда да маңдайымды бір сынайын деп екі жолдас ертіп, елеусіз барып қайтқалы атқа қондым. Мінгенім – қаз мойын құла торы, аяңдағанда, тізгінді іркіп тастап отырады. Кигенім – бұйра жағалы қара пəлте, пайымен тыстаған қара елтірі тымақ, күрең барқытпен көмкерген, сұлу қима тақа, ішкі киімім – көк сұр тройка. Мұрынымның құлай берісіне таяу болар-болмас кез еті бар. Бар қаупім сол. Одан өзге жерімнен, құдай біледі-ау, тинамдай мін таба алмайды. Қандай ауызы бұлбұл, аяғы дүлдүл қыз болса да, татимын деген сенімім күшті. Ағаң əлі сондай жігіт! Əнтек тісім қопалдау. Əйтпесе ана... Əшір жолдасым өзіме серік: епті. Əшір ол елмен ашына: құдандалы ғой, «қыздан тілді кім арқылы аламыз?» дегенде, Əшір: «Бер жағында қыздың нағашыларында Шəріпбек деген пысық жігіт бар». Арада атты бір шалдырып алып, желе жортумен намаздыгер шенінде нағашыларына жеттік. Шəріпбек үйден табылды. Оны да ырым көрдік. Шəріпбекті ертіп алып, адырдың ішімен төтелей салдық. Қарсы алдымыздан қоңырсалқын жел есіп, аспанда алашабыр сұрқыл бұлт көшіп, ойпаңның солған соны көдесін сүрлеудей жапырып, тымақтың құлақтарын желпілдетіп, шірене, қонақтай шерттіріп, айдап келеміз – Мына төбенің астында, – дегенде, атты тежеп, солығын бас-

тырып, апақ-сапақта қыздыкіне аударыла түсе қалдық. Қора маңы қара малмен, кереге-уықпен, пішеншінің түйелі арбасымен қоқып жатыр. Кейкі ақсақал үйде жоқ екен, бəйбіше «түссін» депті. Асты-үсті тақтайлы, екі бөлмелі үйдің жоғарғысына кіріп, саптамаларымызды тастап, байпаңдап барып, төрдегі көрпеге отырдық. Бұрыштағы қарқара пештің кəрнезінде жетілік лампы жанып тұр. Екі қызды жоғарғы жағына ала отырған, бетінен майы шыққан, күптей күрең бəйбішемен сыпайы амандастық, ажарлы кісі екен. Одан туған қыз неғып жаман болсын. – Есенсіздер ме? – деп екі қызға да көз қырымен ерін қозғадық. Бергі, қаздиған қағаздай қыздың келбеті «жаман көзіме» жағып кетті. Оңдап қарауға бəйбішеден именіп, қарамауға көңіл шіркін шыдамай, сыртыма сыр білдірмейін десем де, ішім қобалжып барады. Қыстауға қашан қонғанын, ақсақалдың қайда кеткенін, шаруаның жайын сұрап Əшір жолдасым бəйбішемен тасымал сөзге кірісе бастады. Қарапайым, жасық жігіттерше құтымды өшірмейін деп, пəлтемнің түймелерін ағытып, тымағымның қыз жақ құлағын жымырып, бір аяғымды көсіліп, жайланып отырған болдым. Көсілсем де, көзел мəсісін көрсеткені ме деп ойлап қала ма деп, тағы қыпылдадым. Əйтсе де, аяқты жимадым. Шылымымды тартып жіберейін деп бір оқтанып, қолымды қалтама таман апарсам да, мұным тым жеңілдік, ерсілік боп, бəйбіше сөгіп тастар деп қайта қойдым. Тілеуің бергір бəйбіше, бітеге не десін, үйде еркек жоғын айтып, қынжылған болып, шаруасының жайына рұқсат сұрап, шығып кетті. Ұстаудан босағандай бойым бір жадырап қалды. Жолдасымның бетіне күлімдей бір қарап, шылымды суырдым. О да бірді алды. «Шылым тартуға болатын шығар» деп сұрағалы қыздарға мойынымды бұруым-ақ мұң екен, ауызымдағы сөзімді Əшір айтып салды. – Неге болмасын? – деп бергі қыз салқын айта салса да, біз тұтатып жатқанда, ана қызға еңкейіп бірдеңе сыбыр еткендей болды.

Оны байқамағансып, қою түтінді бір лықытып қалып, ендігі сорымын өкпені аралатып, ерінімнің ортасынан ине көзіндей тесік жасап алып, сол тесіктен сыздықтатып шығара бастадым. Бəйбішемен сөйлескені секілді жолдасым қыздармен де елеусіз сұраудан бастап, қысқа-қысқа жауап алып, бірте-бірте сөйлесуге айналып барады. Салғаннан күйеу жігітімсіп топастық көрсетпейін деп, анда-санда шағымды жерінде мен де ептеп кірісіп қоямын. Бойы үйрене келе бергі қыз да бізге сұрау бере бастады. Əуелі «сен қайдан жүрсің?» деп нағашысына (Шəріпбекке) тіл қатып, екі сөз аралатып «бұ кісі елге қашан келіп еді?» деген сияқты маған да жағалады. Менің жайымды сұрағаны жаныма жағып барады... ...Көп сөйлеп не керек, бір айдан кейін əлгі қағаздай қызды алып қаштым. Қарау əкесі қалың малсыз бермейтін болды. Сонша жерден қыз алып қашып, таң ата келген кісі шаңқай түсте шай ішіп отырғанда, 40 шақты кісі қуғыншы сау ете түсті. Беті қатты... қолдарында сойыл. Қырып-жойып, қызын тартып əкетуінде сөз жоқ. Төңіректе еліміз аз. Тергеуші, мелитсе 50-60 шақырымда. Ауылдағы жалғыз сөз білетін, жөн білетін – Жаңқаш отағасы, қызды үйге алып келген себебім: ел өзімнен айыптайтын: үлкен қаладағы кеңес қызметкерімін. Қуғыншы бүгін келіп қалады деген ойымда да жоқ, қалаға ертең тартпақпын. Қысылсам да, не керек, жұмыс оңға басты, қуғыншыларды жанымен əлек қып, қызды қалыңсыз алдым... Қалай қылып десеңіз, былай.

АУДАРМАЛАР

ӨРБИКЕ

(Конрад Берковичтен)
Татар елінің көсемі, қанды көз Мамет рамазан айында сүйікті
бибісі Сақып Жамалдан айрылды. Сол себепті рамазан айты
Маметтің өміріндегі ең қаралы күн боп өтті.

Қанды көз Мамет жеті атасынан бері бақ артылмай келе жатқан
көсемдердің сарқыты еді. Маметтің ата-бабасы да, өзі де Донай
өзені мен Қара теңіз арасындағы төрт бұрышты байтақ өлкеде
туып-өсіп еді, оның мекен еткен Дүбіржі өлкесі Ыстамбол қол

астынан шығып, рұмын жұртына бағынса да, Мамет те əкесіне
тартып өз елінің бір деген басты адамы болып еді.
Рұмын қол астына қарауы қанды көздің еліне бəлендей сүрең
бере алмады. Қорыс жазықты жайлаған татар елін қандай үкімет

болса да баурап ала алмады, өйткені мүкті өлкенің жалғыз аяқ
жолын татардан басқа жан біліп болмайды; татар елі де, араб
тұқымды жылқысы да сол өлкені емін-еркін қоныс қылып жата-
ды, тек қоныстан жəрмеңкесінен екі жұмадай ғана бұрын қораға

айдалып келеді.
Қанды көз Мамет Сақып Жамалына тым бауыр басып кеткен
еді, оны алған соң, бір жыл өткеннен кейін бұрынғы екі бəйбішесін
де төркіндетіп, аталарына алған жасауынан екі есе артық алтын

төлеп, нақ сүйері, имам қызы, жібек үнді, толқын шашты, Сақып
Жамалмен екеуі тату-тəтті өмір сүрген еді.
Ерлі-байлы екеуі іш шай деспей, жиырма жыл дəурен сүріп
еді. Мамет тоқалына əбден сенгендігі сонша, сауда жұмысымен

көбінесе түзде жүргенде, əйелін жалғыз тастап кетуге өмірі
қорыққан жан емес, ол өзге татар елдерімен, немесе сығандармен
қой, жылқы, бал саудасын қылар еді; ондай алып сатар байлар
Дүбіржі өлкесіне кейде келіп жатар еді.

Бір күні, рамазанның əуелгі жаңаларында Сақып Жамал су без-
гек болып ауырып, екі күн жатып, ата-бабаларының жолын қуып,
о дүниеге аттанып кетті. Қарт бақсы мен ерінің көз алдында Сақып
Жамал қамыстай созылып көздері шарасынан шығып, аузы ашы-

лып, өмірін қандай сұлу өткізсе, өлімі де сондай сұлу боп өтті.

Қанды көз Мамет Сақып Жамалды жанындай жақсы көруші
еді. Сондықтан ол өлген соң Маметті шер басты, ол жатса, тұрса
да жарын ойлады, бір үйде жападан жалғыз қуарып қалғаным ба
деп көпке дейін көндіге алмады. Бар болғаны нақ сүйерін үш ай

аза тұтты да, қатын іздеуге атқа мінді. Мамет тұл болуға аз-ақ
күн шыдады, неге десеңіз ол қосағы барда бақты болған ғой, енді
жалғыз өмір сүргісі келмеген ғой.
Тізеден төменгі жағына күмістен ілгек қадаған сабадай көк

шалбар, жақсы қара елтірімен көмкерген қаптал, Ыстамбол
тақиясын киіп, қалтасын алтын ділдеге сықып, Елжетпесті ерттеп
мініп, Мəмет Дүбіржі өлкесіндегі елінен қатын іздеуге жөнелді.
Қанды көз үш ай ел аралады, көп əйелді көрді, бір де бірі

қолайына жақпады. Төртінші айдың жүзі болып, аттың басын үйге
бұрғанда, Оспан Əлінің қызы Өрбикені көрді де, қатын қылып
алуға бел байлады.
Оспан Əлі Маметті қатты күтті; бірақ көңілдегі сөзін білдірген-

де, ақ сақалды қарт жақсы көрген қыздан өлмей айрылмайтынын
айтты. Ол қызын тіршілігінің күлі, асыл кəуһарым, қартайғандағы
жұбанышым деп атады.
Қанды көз қара шашын бір сылап, көзін иненің жасауындай

сығырайтып қарттан сұрады:

– Оспан Əлі ақсақал, тіршілігіңіздің күліне мен қанша берейін,

асыл кəуһаріңізге, жүрегіңіздің жұбанышына, қуанышыңа қанша
берейін? Тура айтыңыз да, қызыңызды мен бір-ақ рет көрдім, бір-ақ
рет көрсем де, өзіме серіктікке алғым келеді. Не нəрсенің болсын,
құны бар ғой, оған қосып, келер жаз, өз жылқымның тұқымынан

барып тұрған алтын құлын əкеп берейін, ондай құлындарды дəйім
Дүбіржіден іздесеңіз де таба алмайсыз.
Екеуі жеті күн, жеті түн саудаласады, сегізінші күн дегенде
Оспан Əлі қызын шақырып алып, қанды көзге қатындыққа бергелі

отырғанын айтты, қанды көзден алған шəмеле алтынды нұсқап:

– Қызым, сен бұған мақтануың керек, өйткені біздің ата-баба-

мыз Дүбіржіні мекен қылғалы ешбір адам қалыңға мұнша алтын
төлеп көрген жоқ еді.
Бірақ Өрбике басын кекжең еткізіп:

– Мен оның қатыны болғым келмейді. Ол тым кəрі, маған

күйеу болғаннан əке болуға ылайық. Сəнді Сүлеймен əрі жас, əрі
көркем, ол бұдан да көп береді. Оған тек мен бір ауыз сөз айтсам
болғаны, – деді.

– Болса болар, бірақ сəнді Сүлеймен кешігіп қалды, – деп əкесі жауап қайырды. Сен енді қанды көздің келіншегісің. Ол саған қалыңды төлеп қойды. Ал, мына жат адамның көзінше əкеңе тік сөйлегенің үшін, осы үйден күн батпай көзіңді жоғалтасың, некеңді барған соң күйеуіңнің молдасы қияды. Бике есікке қадам қоя бергенде, қанды көздің қарулы қолы шап беріп, жұмсақ таққа көтеріп ұрды да, əкесі мен екеуі қол аяғын байлады да тастады. Екеуі де күн батқанша қорқор тартып қызды аңдып отырды; содан кейін, қанды көз атқа мініп, əкесі қызын көтеріп алып берді. Қызды алдына қырын отырғызып, сол қолымен белден қысып, қанды көз жүріп кетті. Қанды көз ат суарғалы, қақырығын жібіткелі бұлақ басына түсе қалғанда тыншу жаз кешінің ұзақ ымыртын қараңғы түн басып еді. – Бике жан жарым, шөлдедің бе? Су ішкің келе ме? Қыз оқты көзімен бетіне қарады: – Өзің де білесің. Сені көргеннен бері удан басқа не іштім? Қанды көз жымиып, уысымен су əкеліп берді. Суға қанғаннан қейін ол қыздың қолын шешті де, аяғын өзіне шешкізді. Сүбіректей сұлу қолын, емшінің асығындай жұтынған аяғын қатты сүйгісі келіп кетті. Сонда да құмарлығы жеңді. Бір ауыз лəм деспей, көздерінен көз алыспай, кеп отырысты, содан кейін Бике: – Толып жатқан қыздарды көрмей сен мені қалай таңдадың? – деп сұрады. – Неге десең, сен маған қатты ұнап кеттің. – Бірақ сен алты жүз ділдені аю тырнақты ашулы мысыққа төледің, сен жаман саудагер екенсің, одан да сен мені сəнді Сүлейменге сат, ол саған маған төлеген алтыныңнан екі есе артық төлейді. Зиянды саудаңды пайдалы қылуыңа болады, дер кезінде пайдаланып қал, неге десең, өмірі мен саған ене қасқырмен бір есеп боламын. Қанды көздің көзі қараңғыда жарқ ете түсті: – Мен мұны естігеніме қуаныштымын, маған мұндай сөзді естігеніме жақсы. Қойдай қоңыр қатыныммен жиырма жыл өмір сүрдім, енді өзгеріс болады, қатыным қасқыр болады. Осыны айтып қанды көз нанды тіліп бал жағып берді. Бике берген нанды ақ алмастай тісімен бір тістеді де, былай қойып айтты: – Мен сенің наныңды да, балыңды да жемеймін, қара көз Мамет, бұл сөз есіңде болсын. Алты жүз ділдеге сен менен де сұлу,

саған қуана тиетін, алты қатын алар едің, қатынға осынша малды
шығын қылғандай, əлі онша кəрі емессің ғой. Менімен сенің өмірі
тұз еңбегің жараспайды. Сауда білмейді екенсің, əкем сені алдап
соқты, сен кідірмей мені қайта əкеліп тастайтыныңды əкем біледі,

сонан кейін ол мені беріп сəнді Сүлейменнен одан да көп қалың
алады, – деді.
Бұған қанды көздің берген жауабы:

– Жиырма жылдай үйімде жаң-жұң болып көрген жоқ еді,

енді үйімнің мазасын алатын қатын берсе алланың ылайықтағаны
да, бірақ күн бұрын сенің есіңе салғаным: елім маған «асау
үйреткіш» – деп ат қойып еді. Мен Дүбіржідегі нелер тағы асау
жылқыны есектей қылып үйреткенмін. Қандай шалкеш ат болма-

сын, менің қолыма тисе, қойдан жуас боп, қолымнан жем жеп,
көзіне қарағаныма мəз болатын. Сені төркініңе апарып тастағанша
əкеңнің басы көрге жетер; мұныма сен, ал сəнді Сүлейменді біл-
меймін де, ол туралы жаман айта алмаймын.

Күйеу мен қалыңдықтың алғашқы əңгімесі сонымен бітті.
Өрбике шаршап, көзін жұмғанда, қанды көз қаптаман айқара жа-
уып, қымтап салды. Өрбике ұйықтап жатқанда, қыздың баласын-
дай, жұтынған қолына, тəкəппар жүзіне қарап, қызығып, Өрбикені

үйіне алып келгенде, қандай қуаныш болатынын ойлап отырды.
Сақып Жамал екеуінің өміріндегі бір ғана кемдігі: Сақып
Жамалдың өмірі пұшпағы қанамаған еді. Өрбике ондай болмас,
сазандай ұл тауып кəртайғанда көсегемді көгертер деп ойлады.

Таң жаңа сызып келе жатқанда, ұйықтап жатқан қыздың де-
несіне қолын ептеп тигізіп, жүретін уақыт болғанын айтты.
Дудыраған шашын тарап жатып, қыз:

– Атыңды ертте, – деді.

Түс кезінде бұлар қанды көздің үйіне таянды.
Өрбикенің некесін имам əлі қиған жоқ, сондықтан бетінде же-
легі де жоқ, ашық еді. Көсемнің қалыңдығын көреміз деп, еркек,
əйел көп жиылды. Алты жүз ділде төленген ол, келе айтқан екен,

мұнша алтынды қанды көз бекер төлемейтінін елдің өзі де біледі,
сондықтан Өрбике бүкіл Дүбіржіде жоқ, сұлу екен деп ойлады.
Бірақ, басы-көзі шаң, жұртқа сырт берген долы қызды көргенде
бəрі де таң-тамаша қалды. Маметтің анасы ата-ененің жоралғысын

қылып, келіннің бет-ауызын, қолын көргелі, амандасқалы, қызға
жақындап еді, кемпірдің қолы қолына тиіп кеткенде, Өрбике
жарлық беріп, тістеніп:

– Таянба, таянба! Мен ата-бабасы ұры емес, хан болған Оспан

Əлінің қызымын. Мен мəңгісі Оспан Əлінің қызы болам да қоям,
өмірі қанды көз Маметке қатын болмаймын! Маған десе, мені
ұрып өлтірсін, бəрібір Оспан Əлінің қызы екенімнен жазбаймын.
Əйелдер реніш естімеймін деп құлағын басты: еркектер

таңданып, не дерін білмей қанды көзге қарады.

– Мен оған алты жүз ділде төледім, достарым, алты жүз ділде!

Ол шын қазанаттың тұқымы тəрізді шəлкес, бірақ біздің қолымыз
осы, мұндай асауды үйрету – қанибет.
Жұрт күліп көсемімен қалжыңдасып кетті. Содан кейін
Маметті үйіне апарып кіргізді.

Бикемен оңаша қалған соң, Мамет тышқан көзін сықситып,
Бикеге тап берді. Бике сүйтерін білгендей күтіп еді. Ол былайырақ
бұрылды: бұрылғанда, қолында танасапты қанжары жарқ ете
түсті.

– Сен жаман саудагер екенсің, Мамет, мені сүю, менің маңыма

жолау, мені қатын қылу саған арам. Өлсем де көнбеймін, біліп
қой!
Татардың көсемі шашын сипап, езу тартты да:

– Бүгін имам біздің некемізді қияды. Оны қой. Одан да жібек-

тен желек істеп ал, – деді.

– Оныңды мен қуанып істеймін, өйткені сенің адамдарыңның

бетіме қарағаны маған жарадай тиеді. Сенің еліңнің əйел-
дері сұмпайы, еркектері нағыз қорқау, ал сен бəрінен де жек-
сұрынсың.
Қанды көз аз ойланды да, шығып кетті, ол далада отырған

кісілерге қарай жүрді.
Сонда Құтжол ақсақал сөз бастады:

– Қанды көз Мамет, сенің орынсыз іс қылмайтыныңды бəріміз

білеміз, Сақып Жамал қайтыс болған соң кідірмей қатын аламын
дегеніңде, оның аруағын сыйламадың. Ол сені тым жақсы көрген
екен, сен де ол барда ырысты болған екенсің, сондықтан тұл бо-
лып өмір сүргің келмеді. Бірақ, мен осында отырғандардың жасы

үлкені болған соң, балам, саған айтқым келеді:

– Оспан Əлі тұқымының əйелдері мұрт мінезді болатын, оларды

қолға ұстап отыру қиын, сенің тынышың кетеді деп қорқамын.
Қанды көз қарттың сөзін тыңдап болды да, қарқ-қарқ күлді:

– Қанды көз Мамет іс қылып жүріп, өмірі жаза басқан емес.

Өрбикеге алты жүз ділде төледім. Одан да жасы кіші біреуің имам-
ды шақырып келсін, əйелдер той жабдығын қыла берсін, – деді.

Татарлар атып тұрып, үйді-үйіне жөнелді.

– Бүгін қанды көз Мəметтің қатын алған тойы! Оның қатыны

– өз еліміздің сұлуы, құдайдың мұнысына шүкір! – деп бəрі де

елді басына көтерді.
Арғымақ ошаққа тай қазан асылды, су құйылды, су шым-шым
боп қайнап келе жатқанда, бағылан еттері қазанға салынды. Жұрт
көтеріле тойға қамданды.

Қазаншылар айпақ қылып, көбігін алып, уыз етті шымырлатып
баптап қайнатып, енді бірі қазанның басында қатындар палау ба-
сып жатыр.
Ет тай қазанның шыбығына шейін шыпылдағанын көріп,

Құтжол қарт орнынан тұрып, қанды көз тұқымының шежіресін
елең қыла бастады. Оның артынан қанды көз Мамет қызыл
тақиясын аспанға ылақтырып мəсісін шешіп, жабырлап отырыс-
ты, қатынды қалай іздеген əңгімесін шертті. Қыз жаратпай, əбден

күдер үзіп қайтып келе жатқанда, Бикенің кез болғанын сөйледі.
Бикені көргенде, жасарып кеткенін, қанша дүние сұраса да бергі-
дей болғанын басып өтті. Қуанғаннан құдайға шүкірлік қылғанын,
бір ғана пайғамбары Мұқамбетке салауат оқығанын сездірді.

Қанды көз өзін жыр қылып, биенің екі сауымындай өлең ай-
тып, жұрттың құлақ құрышын қандырды. Жұрт оның сөзім аузы-
нан сілекей шұбырып тыңдады. Əйелдер, өздеріне құлақ қоюға
болмайтын сөздерді естімеске, еркектерден аулақ, анадай жерде

отырысты. Бозбалалар қанды көздің өлеңі қашан бітер екен деп,
аттарының қасында жалаңдасып жүр еді, өлең қалай бітті, солай
аттарына мініп алып, ойнақтатып екі сап, екі ұдай болып отырған
кісілерді шыр айналып аударыс салды, көкпары алды, неше түрлі

ат ойынын істеді.
Айналған сайын аттың басын жібере берді, аяқ кезінде шауып
келе жатып біреулері ат үстінде билеп, енді біреулері қылыш,
қанжарларын аспанға атып, қақпақыл қылды.

Содан кейін аттылар қанды көздің үйін қамалап алып жар-жар
айтты, имам келіп, бетінде желек жаппай тұрып, үйден шығып
бізге көрін деп Бикені шақырып өлеңдетті:
Айдай жүзің жарқырап,

Шықсаң, Бике, жар-жар-ау!
Меруерт тісің жалтырап,
Күлсең бике, жар-жар-ау!
Қара көзің жаудырап,

Тұрсаң, бике, жар-жар-ау!

Қара көзің көргенде, Күлсін жұлдыз, жар-жар-ау! Қанды көздің үйін қамалаған жігіттер көпке дейін жар-жар айтты. Ақырында Бике де тысқа шықты. Жастар даурығып, қошемет қылысты. Бикеге өнерін көрсеткелі, жігіттің абыланы алға шықты. Бірақ Бикеге бір де бірі қызық көрінбеді. Ол бəріне таңдана қарап, жиреніп күлді. Сүйтті де: – Бар білгендерің осы ма? Өнеріңе болайын. Біздің елдің алжыған шалы мұнан артық өнер көрсетеді. Қанды көз Мамет мені не себепті қатын қылмақшы болғанын жаңа білдім. Сендердің əйелдерің сұмпайы, жастарың өлі жүні түспеген жабағы. Сондықтан ол жат елден, жақсы тұқымнан асылдандырмақ болған ғой. Бірақ оның жөні бола қойса екен. Менен өмірі не ұл, не қыз көрмесіне ажалмен ант ішемін. Жас жігіттер ыза буып, түтік боп кетті. Олар қызды түтіп жібергісі келіп, кім екенін ұмытып, енді болмаса қолды қойғалы тұрғанда, ту сыртынан қанды көздің қатты айқайы естілді. – Сабыр, сабыр, халқымның ұлдары! Əлде сендер Бикенің жүген-құрық көрмеген асау байтал екенін білмейсіңдер ме? Əлде сендер жұрт мені не деп айтатынын білмейсіңдер ме? – деді. – Асау үйреткіш деп атайды, – деп жігіттер шу ете түсті де, мəре-сəре күлісіп, ду етіп шаба жөнелді. Қарт имам, қасында хатшысы, шақырушы жас жігіт бар, күн батарда келіп аттан түсті. Жол жүріп, бойы қызып келген имамның еті салқындасын деп, кейбіреулер аяғын жуып, кейбіреулері қолына су құйды. Содан кейін, имам кебісін тысқа тастап, кісілермен бірге жас келіннің үйіне кірді. Бұл кіргені бұрынғы Сақып Жамалдың үйі еді, қатындар бұл үйді енді Бикеге арнап безеген еді. Үйдің іші өңшең қызылдыжасылды жібек құрулы, орманнан əкелген неше түрлі гүлдері де қадаулы, есіктен төрге шейін төсеулі масаты, мамық бөстек, қақ орталықта дəйім қанды көз тұқымы сиғандай қалы кілем. Есік, əйнектердің маңдайындағы аласа сөре тақтайда түрлі түсті шыны сауытқа ағаш майын құйып, білте салып, шырақтар жаққан; түрлі түсті жарық сəулесі үй ішін құлпыртып, жайнатып тұр. Үстінде ақ қынама, басында қызыл тақияға ораған жасыл сəлде, жалаң аяқтанып, қанды көз жас отауында отыр екен, алып денесі сəнді киім кигенге бұрынғыдан бетер айбынды боп кетіпті. Имам бетін бір сипап, жұртқа отырыңдар деп ишара қылды да

ұзын сары жарғаққа жазулы неке құтбасын оқи бастады; күйеу
мен қалыңдықтың, əкесінің, ұлы атасының аттарын да со жерде
жарғағына түртіп алды.
Қатпа бітіп келе жатқанда, қасына бірнеше əйел ертіп, бике

келді.

– Қатының тек ұл тапсын! – деп əйелдер жаңылдап өлең айтып

жатыр.
Əйел біткеннің беттері бүркеулі. Жалғыз-ақ Бикенің беті ашық,
шашына түйреген ақ сəлі желкесіне түсіп кетіпті. Имам Бикені
қолынан жетелеп неке қиятын кілем үстіне отырғызып, хатшысы

некенің дұғасын, талақтың шартын оқып жатты.

– Сен бұған қанша қалың мал төледің? – деп сұрады.

– Алты жүз ділде, – деп қанды көз ірілене жауап берді.

– Бұл əйелді бір жұмадан кейін қайтарып тастасаң, əкесіне

қанша төлейсің? Бір айдан соң, бір жылдан соң, он жылдан соң...
қайырсаң, қанша төлейсің? – деп хатшы күңгіретіп сұрап жатыр.
Қанды көз Бикеге едірейе қарап:

– Алты жүз қабат алты жүз ділде! – деп саңқ етті.

Имам таңданып, қанды көзге қарады, хатшы төмен қарап,
айтылған соманы жарғағына қондыра берді. Содан кейін хатшы
Бикеге қарап:

– Енді қызым, сен құлағыңды сал, егер де он жыл ішінде сен ұл

таппасаң, онда əкеңнің қолына барып, басқа біреуге тиюге еркің
бар.
Сонымен неке ғұрпы бітті. Содан кейін өз күйеуінен бөтен
адам бұдан былай көрмесін деп, қатындардың кексесі орнынан

тұрып, Бикенің басына желең жапты.
Қандыкөз тысқа шығып еркектерге барып қосылды. Бике
əйелдердің ортасында қалды.
Қалың шөпшектің оты шытыр-шытыр жанып, қара түтін

будақтап, жұлдызды аспанға шапшып, шымырлап қайнаған
бағлан еттің иісіне, қазан жағалай жүресінен отырған, еркектер
ісініп жатқанда, олардың артында, қуырдаққа бола тағы да қойлар
сойылып жатты.

Қыздар өлең айтты, биледі, қара домалақ татар балаларын па-
лаумен, балмен сыйлады.
Содан соң аулақ жерге азырақ от жағылып, отты жағалай үйір-
үйір болып, еркектер отырысып, сыбызғышы, əншілердің тəтті

күйлерін тыңдады.

Түн ортасы кезінде жұртты намазға үндеген адам шыққанда, ойын-сауық пышақ кескендей тоқталды. Имам түрегеліп тізе басып, жеті рет (?) жерге бас койып, сəждеде жатқан (?) адамдарға батасын берді де, кетіп қалды. Қарны сыздаған кейбір татар жерге шалқасынан аунап, беті ашық далада ұйқыға кетті. Əйелдер үйлеріне тарады. Қанды көз табалдырыққа кебісін тастап, Бикенің бөлмесіне кірді. Қазан басында қалған-құтқан сүйек-саяқ мүжіп, бірнеше балалар ғана қалды. Кешікпей олар да кетті, түн де мызғығандай төңірек тым-тырыс болды. Қанды көз кіргенде Бике кілем үстінде қорқор тартып отыр екен, күйеуін көрісімен аузынан ала қойды, садан сапты қанжары қасында жатыр екен. – Бике, сен менен бекер қорқасың. Мен сияқты кісіге қанжар қару болмайды, – деп, Бикенің көзіне қарады: – Мен кебісімді табалдырықтың сыртына тастадым. Бүгінгі түнді сенімен өткізем деген ниетім жоқ. Тек саған айтқалы келгенім: сен бүгінгідей халқымды іренжіте берме, мен елімнің көсемімін, əрі сенің байыңмын, мен айттым! Бике оның ашусыз түріне қарады, түрін бұзбағанмен жаны дауылдай ұлып тұрғанын Бике білмей тұрған-ау! Бірақ, ол ажарын титтей де бұзбай, қор-қорды бір-екі сорды да есікке бет қойды. Ол кетіп бара жатқанда Бике шаңқ етіп: – Қанды көз, сен жаман саудагер екенсің, алтының далаға кетті ғой, сəнді Сүлеймен келіп, мені алып кетеді, – деді. – Осы саудадан ұтылсам да оны тексеретін қатыным емес. Жақсы жатып, жəй тұр, – деді де, қанды көз шығып кетті. Одан кейінгі күндер де татар көсемі қатыным бар екен-ау деп елеген де жоқ. Бике оның аяқ басқанын аңдыды. Халқына оның əмірі судай жүретінін аңдады. Оның сөзі – заң, сермеуі – бұйрық еді. Оның айбарлы ызбары сөзін де маңызды қылар еді. Оның қозғалысында асқан үнемділік, оның ісінде асқан шапшаңдық, ептілік бар екенін байқады. Еркектігін бір күні көрсетер деп Бике көп күтті, үйіне кірген сайын қанжарын жанына ұстады. Бірақ қанды көз ұзақтың сары күні басқа еркектермен жұмысқа алданып, жатар алдында ғана қор-қор тартып шығуға, қатынына кіретін болды. Ол қатынымен мəз жауап та қатпады, тек оқта-текте күзгі безгектен сақтанып, өлі су ішпе деген тəрізді, болмаса палауға бəлендей шөп салса дəмді болады деген тəрізді, көлденең сөзбен күн өткізіп жүрді.

Бике əйелдерге тілі тие берген соң, олар да Бикеден бойын аулаққа салуға айналды. Бірнеше күннен кейін, қанды көз кіргенде, қанжарын əзірлеп қоюды ұмытты. Қанды көз бір ауыз сөз айтпастан құшақтауға бір де ұмтылмастан шығып бара жатқанда Бике бұрынғы қор-қорды қойып, енді ермекке менің қызығым қалмаған екен деген қауыпқа кіріп, тынышы кететін болды. Ол бұған алты жүз ділдə төледі ғой, сүйтіп тұрып, мұны бір елемейтіні қалай? Неғып бұл бар көркін жойып алды? Енді не істесең еркің деп, таңдауын бұған берсе де, бір сəрі ғой: бірақ ондай таңдау бермеді. Таң қалғандай бір нəрсе? Енді Бике сəнді Сүлейменнен де қанды көзді көп ойлайтын болды. Сүлеймен жас екені, сұлу екені шын, бірақ күш жағынан қанды көзге тең келе алмайды ғой. Қанды көз атқа қандай тамаша жүреді! Қанды көз атқа таман барғанда оның өлшеусіз күшін сезіп, Бике тəнті болар еді. Қанды көздің бүйтіп жүргеніне алғашқы кезде Бике қуанып, оған тəңір жалғасын айтар сөзі, жүре-жүре Бикеге біржола самарқаулығы қорлаған іспетті көрінді. Енді Бике оның еркектік көрсеткенін тілейді, Бике үміттенді, күтті, онда Бике əрине қарсы қимыл қылмақшы ғой. Бірақ ол сонша күшті, қолы сонша мықты, жауырыны қақпақтай ғой! Алайда, ол бұрынғы əдетінше, Бикеге көз салмады. Шынға келгенде бұған алты жүз ділде төледі ғой. Неғып оған бұдан жақсы, əлде бір əйел ұнаған болды? Міне сонда бір күні Бике осы үйден кеткісі, өз аулына қашқысы келді. Ондағы əкесіне, сəнді Сүлейменге, өзін мақтайтын, басқан тұрғанын аңдып, көлденең өткізбейтін еркектерге барғысы келді. Қанды көз күзде жүргенде Бике қапысын тапты, ат ерттеп мінді де, ауылдан шықты. Шоқытып бірнеше шақырым ұзаған соң, артымнан қуғыншы келе ме деп құлақ салып тоқтады. Бірақ жолда еш нəрсе көрінбеді, түсе қалып, жерге құлағын салып тыңдап көрді, онда да аттың тықыры білінбеді. – Жақсы болды, – деп ойлады, – менің кеткенімді ол əлі білген жоқ екен. Енді мен ұзаймын, ол қуып жете алмайды. Аттың танауын басқалы, екі сағат өткеннен кейін, түсіп тыңдап қарап еді, қуғыншы дегеннен тағы да ырым жоқ. – Е, батыр атына жаңа мінген болар, – деп ойлады. Əне келеді, міне келеді дегендей алаңдап, тыңдап келеді. Үшінші рет тоқтағанда енді қуып жетіп үйге алып қайтса екен деп тіледі, бірақ

қанды көз мұны мүлде ұмытса керек: хабар-ошар жоқ, мұнда тит-
тей көңілі болса да ендігі қуып жетер еді ғой.
Енді қуғыншыдан күдер үзіп, тізгінді қоя беріп, аяңдап жүрді,
не құрлы қанды көздің аулынан алыстаған сайын, соқұрлы

қашқанына өкіне берді.
Бір жерде жолдың мүйісінде кенет артынан аттың тықыры
білінгендей болып еді, тебініп шаба жөнелді. Жағаласпай қолға
түспеймін деп, бекініп алды. Жарты сағаттай шапқан соң, тағы да

құлағын түріп еді өз атының тықырынан басқа түк естілмеді.
Жоқ, ол мұны біржола ұмытқан екен: ұмытпаса, ол мұнда
жападан жалғыз жүрер ме еді. Ол əлде қашан қуып жетпей ме?
Бике күні бойы жол жүрді. Кеш болып, ай туған кезде үлкен

жолдан бұрылып өз аулына апаратын соқпаққа түсті, бірақ сəнді
Сүлейменді көремін деген қуаныш оның жүрегінде жоқ еді.
Бике аттан түсіп, дымқыл шөпке бетін төсеп жылады. Ол мені
біржола ұмытқан екен. Оған бəрі бір... бəрі бір... деп жылады.

Аулының оты түгел сөнген кезде, Бике əкесінің үйіне таянды.
Бике үйіне қайтып келгенін, осы күнге шейін басына желек
салынбағанын, осы күнге шейін қыз екенін ертеңінде ауылы тегіс
білді. Амандасуға асығып сəнді Сүлеймен де келді.

– Əй, Бике жаным-ай! Өз сұлуым-ай! – деп шұрқырай кетті.

Бірақ Бике оны ауызға қақты.

– Сен енді не болатынын білесің бе? Қанды көз Мамет елін

жинап, мұнда келіп, мені тартып əкетеді, – деді.

– Байқап көрсін! Біз оның əкесін танытайық, – деп Сүлеймен

кіжінді.

– Менің Мəметке қарсы айтар дауым жоқ. Ол қалың төлеген:

алам десе қатынын алып кетеді. Бірақ сен Маметтерді жігіттері-
мен жеңетін болсаң, Бике де, ол елдің бар əйелі де сендерге олжа
болады. Менің айтатыным сол, – деді қыз əкесі.
Сəнді Сүлеймен өз елінің бар еркегін жинады. Бəрі де егінін,

шаруасын тастап, өгіздерін қораға айдап келіп қамап, жау-
жарақтарын асынып, атқа мінді. Атам заманғы білте мылтық,
қылыш, үлкен қанжар, ұзын шиті, қанжығаларында аурай балта.
Төбелеске жарамайтын қатын, бала еркектерді қоршап алып,

ақыл айтып, айқайласып, боқтасып жатыр. Кейбір жауынгер жігіт-
тер аспанға мылтық атып, ай балталарын сілтесіп, жарақтарын си-
пасып жатыр, жұрт тегіс жиналған соң, сəнді Сүлеймен бастатқан
екі жүздей атты əскер Оспан Əлінің үйін жеті айналып, қатынына

да ие болмаған қызыл көз Мамет сынды «кəрі қарақшыға» Бикені өлсек те бермейміз десіп ант берісті, қатынды ұстай білмеген адам бай болып та жарытпайды. Заң солай. Содан кейін сəнді Сүлеймен жасағын ертіп қанды көз аулына тартатын жолға бет қойды. Жолдың бір берік жеріне бекініп, татар көсемін күтіп жатты. Бикенің осы күнге шейін желек салынбағанын айтысып, күлісіп, түрлі қулық ойлап табысты, сонсоң от жағып, жағалай отырып, өлең айтысты, билесті. Кешке дейін Маметтің жасағын күтті, күн батуға таянды, əлі жау көрінбеді. Бұл сұм қарақшы қараңғы түнде басқалы жатыр ғой, – деп еді біреу, Сүлеймен таң атқанша сақия тұрайық деп ұйғарды. Жанжаққа барыш жіберіліп, күзет койылды. Қанды көз мен үшін төбелесуге қашан келер екен деп Бикеде дамыл жоқ. Ол сəнді Сүлейменнің жасағын ойран-ботқа қылады деп ішінен имандай ұюлы, ол сондай айбынды, күшті, оңтайлы ғой, бірақ күн күтті, түн күтті. Қанды көз келмеді. – Ол мені ұмытты ғой, оған менің керегім жоқ екен, – деп Бике тағы жылады. Оспан Əлі жақтың еркектері əлі баяғы жол аузын күзетуде. Əндетуде, билеуде, шулауда, мылтық атып төсенуде, бірақ атысарлық жан жоқ. – Ол біздің көзімізге көрінуге қорқып жатыр ғой! – деп Сүлеймен кеудесін көтеріп, əйнекте отырған Бикеге таман таянды. Қанды көз Мамет қорқады деген сөзіне Бике қарқылдап тұрып күлді. Бұлар оның жайын білмейді-ау! Ол жалғыз өзі бəрін жусатып кетеді ғой! Бике оған əбден сенеді. Ол бірақ Бикеге бола төбелескісі келмей жатыр десейші, Бике оған керек емес, Бике оның ойына да кіріп шықпайды. Ал, бұған төлеген алтын оған тіпті дəргер емес. Төбелес күнде ертең болады деп, ел əбдəн бөрігіп бітті. Бірақ, қанды көз келмейді, елім күлкі қылады-ау! – деп Бике қыпылдай бастады. Енді айтады-ау, əуелі сəнді Сүлеймен де бұрынғыдай сүймейтін болады-ау! Өз байы керек қылмағанда, мұны кім керек қылар! Ісін ара ойлағанда, көңілі соқса, Бикеге бола төбелесем десе, – оның қолынан келеді ғой! Оның өгізді қозыша жыққанын Бике көрді ғой. Онымен салыстырғанда, Сүлеймен тым қортық болмаш

адам тəрізденді, осыны қалай жақсы көрдім екен! – деп өзіне өзі
таңдануға айналды.
Мұны іздеп қанды көз келер-ау деген күдері əбден үзіп
қойғанда, бір күні таңертен, қанды көз келіп Оспан Əлінің есігін

қақты.
Қанды көзді көргенде, Бикенің куанғанын сұрамаңыз, бірақ ол
қуаныш ертелеу екен, ол қару-жарақсыз, жаяу келіпті, оны Бике
білді.

Бикенің əкесі қонағымен сəлемдесіп, есендесті де желпін деп
беті-қолын жууға су берді, қанды көз жуынып үйге кірді.
Еркектер кілемге отырысып, бірінің бірі саулығын сұрасқанда,
шымылдықтың ар жағында олардың сөзін Бике қадала тыңдап

отырды.
Екі көсем ұзақ уақыт бірінің бетіне бір қарап отырысты,
ақырында қанды көз отырып:

– Оспан Əлі, мен Бике мініп кеткен атымды алып қайтуға кел-

дім, – деді.

– Атың қорада тұр, – деп Əлі жауап қайырды.

– Олай болса, мен атымды алып қайтайын, өйткені үйде асығыс

шаруам бар еді, қонақ қылғаныңызға алда разы болсын, – деді.
Қанды көз Маметті Оспан Əлі ертіп, ат қораға барып, атын
сипап, қорадан алып шықты; содан кейін Оспанмен құшақтасып,
атына мінді. Енді ат қозғала бергенде желекті Бике жүгіріп кеп,

қанды көздің жалаң аяғын құшып, бүкіл ауылға естіртіп ойбайла-
масын ба:

– Қанды көз, асауды үйреткіш, қанды көз Мамет. Мен өз ер-

кіммен сенің етегіңнен ұстауға ырзамын, мырзам, мен сенен
қалмаймын, мені алып кет, əйтпесе мен өлемін! – деп безектеді.
Қанды көз Бикенің бетіндегі желегін ашып, көзіне қарады.
Сөйтті де қолынан көтеріп, алдына мінгізіп, шу-у! – деп жүріп

кетті.
Со кезде Оспан Əлі елінің еркектері, ең артында еңсесі түскен
сəнді Сүлеймені бар, аттарын жетелеп, шитілерінің аузын жерге
қаратып, қу қол жалғыз еркектен жеңіліп, қор болып, əнеугіден

бері қылусыз қалған жұмыстарына қайта қайтып бара жатты.

БАЛЖАН

(Робиндранат Тагордан)

Баланың атын Балтілді ден қойғанда, сақау болады деген кімнің
есінде бар? Екі апасының аттары: бірі – Сұлушаш, бірі – Күлімкөз
болған соң, соларға ұйқастырғалы, əкесі кенже қызын Балтілді
қойып еді. Еркелетіп Балжан деуші еді.

Қыз туды – масыл ғой. Екі апасын жасап, жабдықтап, реңдеп
құтты жеріне қондырса да, кіші қызы ата-ананың жүрегін қара
тастай басып, өтпей отырып алды. Жұрт оны мақау болған соң,
құлағы да керең деп ойлады. «Сорлы, заманың əлде қандай бо-

лады?» деп, оның көзінше есіркеп, сөйлей беруші еді. Құдай ата-
анасына қарғысқа бола бергенін Балжан бала жасынан сезді ғой:
кісі киік болып, оңаша күнелтіп үйренді. Жұрт Балжанды жан
екен демей, ұмытып кетсейші. Онда да бір сəрі болар еді. Жан

жарасын кім ұмытар? Балжанды ойлап, күні-түні ата-анасының
жаны күйзеледі. Мылқау Балжан өте-мөте анасына қорлық боп
көрінді. Анаға ұлдан да қыз бала тонның ішкі бауындай, он екі
мүшесінің біріндей болмақ қой: қызының мініне анасы өз міні-

нен жаман ойлады. Ата байғұс аяй ма кім білсін, сақау Балжанды
өзге қыздарынан кем көрген жоқ. Қайта артық көрді. Бірақ анасы
Балжанды мойнындағы кескектен бетер жек көрді.
Балжан тілден тақыр болғанмен, ұзын кірпікті саялаған, сұлу

қос қара көзден тақыр болған жоқ. Ішкі сырына айна болғандай
оймақ ауыз, тəтті ернінен де құдай оны кенде қылған жоқ.
Ойлағанымызды сөзбен жеткізбек болғанда, дəл сөз таба қою
оңай емес қой. Қалай айтсам екен деп, ішіңнен лажсыз ойланасың

ғой. Кейде сөзің ойыңа дəл келмей, жазатайым кетесің ғой. Ал
қара көзге ондай тілмаштың қажеті жоқ. Жанның сыры айнаға
түскендей дəл көрінеді. Қара көзде жан сыры тұтанады. Сөнеді,
біресе лапылдайды, біресе тұңғиыққа батады, біресе батар ай-

дай бір тегіс нұрланады, біресе жарқ еткен нажағай отындай көк
күмбезін замат жарық қып жібереді. Туғаннан ерін қыбырлағаннан
басқа, тіл сыйына жарымаған жан көз тіліне жаттығады. Көз тілі
ішкі сырды көрсетуге, теңіздей терең, таңдақ пен шапақ, сəуле

мен сая кезек ойнайтын, аспандай ашық болады. Жаратылыстың
өз бетіндегідей, сақаудың бетінде əлдебір жалғыздық айбарының
ізі жатады. Балжанның сонысынан қорыққандай, өзге балалар
онымен еш уақытта ойнаған емес. Балжан тілсіз, үнсіз, тал түстегі

кұла түздей жансыз.

Балжанның ауылын Шандуер деп атайтын. Ауылды жанап ағатын өзге Бенгел өзендерінен бəсірек жіңішке өзен (. . .) ауылдың аруындай, тар арнадан бойы көрінбейтін. Осы тынымсыз аққан жылым су қасындағы ауылдың қыбырлап жұмыс қылған адамдарындай, кемерінен бір де шықпай, өз міндетін атқара беретін өзеннің екі жақ жағасында ағаштан тон жамылған, тұянадай үйлер созылатын. Өзен патшасы – пері қызы тағынан түсіп, ауылдың бау-бақшасына билік құрып, қара басының қамын ұмытып, берекелі, құтты еңбекке елгезектеніп, үкідей ұшатын. Байқадам (Балжанның əкесі) үйі өзеннің қақ жиегінде. Қасынан өткен қайықшыларға Байқадамның қорасы алақанның аясындай көрініп тұрады. Сол өлі мүліктің ортасынан жұмысын бітіріп, жасырынып жиекке келіп отырған шүйкедей қызға əлдебіреудің көзі түсті ме, жоқ па – кім білсін, бірақ қыздың кемтігін жаратылыс өзі толтырды. Қызбен өзі сөйлесті. Судың сыбдыры, ауылдың шуылы, қайықшылардың əні, құстардың шырылы, орманның сыбыры араласып, Балжанның жүрек діріліне құйылысып үндесуші еді. Бəрі қосылып, бір зор толқынды дауыс болып, Балжанның үрейлі жанына есігін ашып кіруші еді. Жаратылыстың осынау бұлдыр шуылы, осынау қыбыры сақау қызға тіл болушы еді. Өзін кірпік аясындағы осынау қара көздің сөзі маңайдағы дүниенің сөзі тəрізденуші еді. Басында торғай шырылдаған ағаштан бастап, жымыңдаған момын жұлдызға шейін – бəрі де ымдасқандай, қолдарын сермескендей, сөйлескендей, жылағандай, күрсінгендей болар еді. Шеке қызар, ми қайнар түс болып қайықшылар қайығын доғарып, тамаққа кеткенде, ауыл адамдары маужырап ұйқыға батқанда, құстардың шырылы тынғанда, паромдар қаңтарылғанда, қыбырлаған жұрт тыным алғанда, дүние иесіз аңырап, жансыз алыпқа айналғанда, көктің көз жеткісіз жан сүйсінерлік көк күмбезінің астында жалғыз-ақ меңіреу жаратылыс пен меңіреу қыз қалар еді. Екеуі де үнсіз сөйлер еді, біреуі күннің жомарт нұрына шомылып, бірі аласа ағаштың саясына тығылып. Алайда Балжан достан да құралақан емес. Қорада екі сиыр бар: Жантақ пен Месқарын. Балжанның аузынан өз аттарын өмірі естімесе де, аяғының тықырын олар жақсы біледі. Балжанның оларға айтар сөзі болмайды, бірақ оларды еркелетіп, бірдемені былдырлайды. Сартылдаған сөзден де достың былдыры оларға көп ұғымды. Өзгелерден де Балжанның оянғаны, жылы ұшырағаны оларға жағымды. Балжан қораға кіріп, Жантақты мойнынан құшақтайды: жағын жағына үйкейді. Ол кезде Месқарын момақан

көзін бажырайтып, Балжанның бетін жалайды. Мерзімді уағында
сиырларына Балжан күніне үш рет келеді, кейде одан да жиі
келіп қалады. Біреуден ренжіткендей сөз есіткенде, Балжан үнсіз
достарына мезгілсіз де келіп жүреді. Олар Балжанның мұңды

баяу көзінен жан жапырығын оқыған іспеттенеді. Таяу келіп,
мүйіздерін ептеп қолына сүйкеп, үндемей, дөрекіленіп, Балжанды
уатқан болады. Бұл екі достан басқа ешкілер де, мысық та бар-
ды. Олар Балжанға опашылдығын көрсетем десе де, сиырлардай

дос қылмаушы еді. Күндіз демей, түн демей, қалт еткенде мысық
Балжанның тізесіне қарғып шығып, қалғып пырылдаушы еді.
Балжан нəзік бармақтарымен желкесін, арқасын сипаса, бір жасап
қалар еді.

Жақсы жануарлар арасынан Балжанның бір жолдасы болды.
Бірақ онымен арасы қандай екенін айту қиын. Өйткені ол сөйлей
білетін адам мен Балжанда ұғысатын тіл бар ма? Ол – Үсейіннің
мейлінше жалқау кіші баласы Əлтай еді. Əлтайды адам қылам

деп, ата-анасы осынша талпынса да, түк шықпасын біліп, күдерін
үзген еді. Дегенмен жалқаулардың да бір артық жері бар: үй іші
жамандаса да, оларды өзге жұрт тəуір көреді. Жұмысқа айнал-
май қолы бос жүрген соң, олар əлеуметтің меншігі болып алады.

Əрбір қалада таза ауамен дем алып, бас қосарлық бір орын бола-
ды ғой, сондай-ақ күнін кім көрінгенмен мылжыңдасып өткізетін,
тентіреген, еріккен екі-үш еріншек əр ауылға да керек. Істерлік
іс болмаса, əңгімелесерлік кісі керек қой, сондай кезде еріншек

қолыңа түсе кетеді.
Əлтайдың басты кəсібі балық аулау болатын. Уақытының көбін
ол аушылыққа жұмсайтын. Əлтайды іздеген кісі күнде түстен кейін
өзен жиегінен табатын. Əлтай жиекте отырып, Балжанмен көп кез-

десетін. Қандай жұмыс қылса да, Əлтай жанында серік болғанын
жақсы көретін. Балыққа қармақ салып отырған кісіге сөйлемейтін
серік қаса көрім ғой. Үндемейтіні үшін Балжанды Əлтай бағалы
адам деп санады. Өзгеше көргендігі ғой, өзгелер Балжан десе, ол

Бал дейтін болды. Балжан томар ағашының көлеңкесінде отыра-
ды. Анадай жерде Əлтай отырып, қармақ салады. Əлтай дəйім
азырақ қамыр əкеледі. Балжан қармаққа шаншуға оны даярлап
береді. Қасында ұзақ отырған соң, көзінің сұғын сатқан пайдасыз

адам көрінбейді, Балжан оған шынымен көмек көрсеткісі келді-ау
дейміз. Бірақ жұмыс жоқ, қалай көмегін тигізсін? Сонда Балжан
«Балымның мұндай іс қолынан келеді деп ойлаған емен» дегізіп,

Əлтайды таңдандырғандай бір оқыс күш бер деп, жаратушыға
жалбарынады.
Ой, дүние-ай! Балжан перінің қызы болып, судан ақырын шыға
келіп, жылан бас асыл тас əкеліп берер ме еді! Онда Əлтай жа-

ман аушылықты былай тастап, дүниені кезіп кетер еді. Кімді із-
деп десейші? Күміс сарайда, алтын төсекте жатқан Байқадамның
балдырғандай майысқан Балжанын іздеп. Күнмен шағылысқан
асыл қазына патшасының қызы – біздің Балжанды іздеп. Бірақ

бұл болмайды ғой, мүмкін емес қой, дүниеде болмайтын нəрсе
жоқ қой. Сондықтан емес, Балжан жер астындағы патшаның қол
астында тумай, Байқадам үйінде туғандықтан. Сонсоң Үсейіннің
баласын қалай таң қалдырар?

Балжан бірте-бірте бой жетті. Бірте-бірте есі кіріп, ішкі сырына
бойлады. Ішіндегі жаңа ойлар айдың онбес жаңасы кезіндегі көк
теңіздің қиядағы толқындарындай көтеріліп, сыртқа шығуға жол
таба алмады. Балжан өз ішіне үңіліп, өзінен əлденелерді сұрады,

бірақ түсінгендей жауап ала алмады.
Күндерде бір күн ай төбеден асқан, түн ортасы ауған мез-
гілде Балжан есігін ептеп ашып, тысқа қорғалап қарады. Сама-
ладай жарық түнде жалғыздық көрген Балжандай жаратылыс

маужыраған жерге көз салып тұрады. Көкірегіндегі асау, албырт
жас өмір аттай тулады. Сүйініш пен күйініш кемеріне жетіп, жа-
нын кернеді. Балжан ұшы-қиыры жоқ жалғыздықтың ең шетіне
жетті, жетпек түгілі аттап кетті. Жүрегі қорғасыннан ауыр тартты.

Қайтсін, түк айтуға мұршасы келмеді. Аласұрған үнсіз анасының
етегі жанында аласұрған, қимылсыз, үнсіз сілейіп тұрып қалды.
Күйеуге қалай берудің қарызын ойлап, ата-анадан маза кет-
ті. Көршілері қорлап өлтіріп барады. Ортамыздан қуамыз де-

ген сөздердің шетін де шығарды. Байқадамдікі – ауқатты үйдің
іші, күніне балық етін де екі жейтін үй. Ондай үйдің досынан
дұшпаны көп болмақ қой. Аяғында бұл жұмысқа əйелдер аралас-
ты. Байқадам бірнеше күндей жоғалып кетті. Сапардан қайтып

кеп: «Қалқұтқа жүреміз» деп қамдана бастады.
Бөтен елге жүрмек болды. Күзгі сасық тұмандай Балжанның
жүрегін көздің жасы жанышты. Қоқырланып қашаннан жиналған
мəлімсіз қорқыныш жанын өртеп, аузын буған өгіздей Балжан

ата-анасының соңынан аяңдай берді. Бірдеме сұрайтын адамша
үлкен көзін бажырайтып, олардың бетіне қарай берді. Ата-анасы
бір ауыз да тіл қатпады. Осы əңгіменің қызу үстінде, балық ау-
лап отырған Əлтай күліп, Балжанға қарап: «Ақыр-ақ олар саған

күйеу тапқан екен. Барған соң ұзатады ғой. Əйтсе де мені мүлде
ұмытып кетпе», – деді. Деді де қармағымен тағы алданып кетті.
Жаралы бұлан: «Не жазығым бар еді?» дегендей, ішінен қиналып,
аңшыға қандай мөлиіп қарайды, сол тəрізді Балжан да Əлтайға

қарап қалшиып қалды. Бұ күн Балжан ағаштың саясында отыра
алмады. Байқадам түскі тамақтан кейін көзінің шырымын алып,
төсегінде темекі тартып отыр еді, Балжан əкесінің аяғына өкіре
жығылып, бетіне жаутаңдай қарай берді. Байқадам уатқан болды.

Өзінің бетінен де жас сорғалады.
Қалқұтқа ертең азанда жүруге байланды. Бала жасынан дос
болған достарымен құшақтасуға Балжан сиыр қораға барды. Өз
қолымен ауыздарына шөп асатты. Мойындарынан кезек-кезек

құшақтады. Көздеріне үңіле қарады. Көзінің жасы тимей-тимей
кетті. Бұл түн айдың оныншы түні еді. Балжан үйінен шығып
сүйікті өзені жиегіндегі жасыл шалғынды келіп құшты. Жер ай-
бынды, үнсіз анасындай еді. Жер – Анасын құшағына алып: «Мені

жіберме, ана! Мен құшқандай сен де мені қолдарыңмен мықтап
құшып, жіберме!» дегендей көрінді.
Бірнеше күннен соң Қалқұт шаһарының бір үйінде анасы
Балжанды аса қастерлеп, киіндіріп жатты. Бұрымдарын тал-

дап өрді. Тана моншақты саусылдатып қадады. Шолпы тақты.
Құдайдың берген көркін бұзуға бар күшін салды. Балжанның екі
көзі бұлаудай. Анасы көзі ісіп кетеді-ау деп қорқып, жылама деп
ұрысты. Көздің жасы ұрысқанға көнетін-ау. Қалыңдықты көруге

күйеу құда келді. Соғымның малын таңдауға құдай келгендей, ата-
анасының есі шығып кетті. Шымылдық ішінде шешесі қызына на-
сихат айтам деп, көздің жасын одан жаман молайтты. Содан кейін
сыншылар отырған үйге кіргізді. Маңғаз мырза қызды айналды-

рып кеп қарады да: «Онша жаман емес екен», – деді.
Күйеу өте-мөте көзінің жасына зер салды. Жүрегі жұмсақ екен
деп ойлады. Ата-анасынан айырыларда қатты қиналған жүрек
тегін болмайды, «бұл – мұның жақсы жағы» деп түйді. Тананы

қымбат қылған меруерттей, қызды қымбат қылатын көзінің жасы
деген оймен күйеуінің сыны тамам болды.
Сəрсенбінің сəтті күні тойын қылып, ата-анасы қызын аттан-
дырды. Қызын құтты жеріне қондырып, көңілдері бір демдеп,

олар үйіне қайтты. Құдайға шүкір, екі дүниеде абыройы түгел,
жандары жұмақта болады. Күйеудің қонысы құбыла жақта екен,
кешікпей қалыңдығын алып, солай тартты.

Он күнге толмай-ақ жас келін сақау деген лақап дүңқ етті. Сақау екенін білмегендерге Балжан жазалы емес, Балжан кісі алдаймын деп қашан ойлады? Сақау екенін көзі-ақ айтып тұрды. Бірақ оны ешкім ұққан жоқ. Төңірегіне көз салып, дағдылы тілімен сөйлесерлік жанды Балжан көре алмады. Бала жастан бірге өсіп, біте қайнап, сақау қыздың тілін ұғатын жануарлар да болмады. Оның үнсіз жүрегінде түпсіз, шетсіз, дауыссыз зар өксіп жатты. Ол зарды жалғыз-ақ жүрек тамыршысы есітті. Əнеугідей емес, бұл жолы көзі түгілі, құлағын да түріп, Балжанның мырзасы келіншегін оңдап тұрып қарады да, тілі бар бір жас тоқал тағы алды. КҮШТІЛЕРДІҢ КҮШІ (Джек Лондоннан) Теке сақал əңгімесін бөліп, майлы бармақтарын жалап, аюдың сабалақ терісі жабылған жалаңаш бүйіріне қолдарын сүртті. Оны шырайнала үш жас немерелері: Бұғықуғыш, Сарбас, Түнде-үркек жүрелерінен отыр. Үшеуі үйелмелі-сүйелмелі, біріне-бірі сойып қаптағандай бейнелес. Олардың кигені борбайына əрең жеткен тағы аңның терісі. Бұлар ашаң келген, қырыққан серке борбайлы, имек аяқты, денесі сымбатты, таза кеуделі, алып білекті, бақан бармақты көк өрімдер еді. Олардың білек, қол, аяқтың сырты көдедей түк басқан. Туғалы ұстара тимеген шаштары жөпшенді бүркіттей қоқиып, кейбір шашыранды кекілдері құстың көзіндей жылтыраған, моншақтай тосырайған қара көздерін жапқан. Көздерінің арасы тар, бет сүйектері талпақ, сом темірдей жақ сүйектері алдына қарай итінген. Судай тұнық жұлдызды түн еді. Төменде жота, оның ар жағы тізбектелген нулы адыр. Көкжиекте елі тауы қызыл таңдақтай нұр шашып, түу сыртында абжыландай аузын ашқан кара үңгір оқта-текте ызғарлы желін жіберіп қояды. Қарсы алдарында от маздайды: Анадай жерде жарым-жартылап жеген аюдың жемтігі, оның төңірегінде кейін-кейін шегініп қасқыр сынды алпамсадай барақ төбеттер жатыр. Ер бас сайын жатқан садағы мен оқтары, кісінің басындай (....) шоқпарлары жатыр. Үңгірдің аузында тысқа сүйеулі бірнеше солапат сүңгілер тұр. Əлден уақта теке сақал сақалын теңсеп:

– Біздің үңгірден көшіп, ағашты мекендеген себебіміз сол,

– деді.

Өткендегі əңгіме естеріне түсіп, немерелері де естияр балалар-
ша, карқылдап күлді. Теке сақал өзі де күліп жіберді. Күлгеннен
танауына өткізген жіңішке ұзын зересі селкілдеп, билеп, түрін
бұрынғыдан бетер сұмпайы қып жіберді. Шынын айтқанда,

жоғарыдағы сөзді ол сөйлеп білдірген жоқ, бірнеше аңдай
ыңыранып, ұлыған дыбыспен сездіріп еді.

– Дария жағасы жайынан менің бірінші есімде қалған нəрсе

осы, – деп Теке сақал əңгімесін аяқтамақ болды. – Біз есер халық
болдық, біз күштілік сырын білмедік. Өздерің ойлаңдаршы, əр
үй өз алдына өз қамын жеп күнелтті. Біз отыз қара үй іші едік,
бірақ бірімізге біріміз күш қосып едік. Үнемі бірімізден біріміз

қорқамыз, бірімізге біріміз қонаққа бармаймыз. Ағаштың басына
сабаннан үйшік істедік, астыңғы жағына сөре жасап, оған тас үйіп
қоямыз. Кімде кім бізге келсе, басына тасты жаудыруға əзірлеп
қойғамыз. Жəне садағымыз, оғымыз да бар. Басқа үйлердің

ағашының астына əсте аяқ салған емеспіз. Бір күні менің інім
Буық дейтін қарттың ағашы астына барып қалып, қарт басын жа-
рып өлтірген.
Шал Буық ересен күшті еді. Жұрт оны үлкен кісінің басын ке-

удесінен жұлып алады деп аңыз қылушы еді. Мен оның соншалық
қайратын көргем жоқ, өйткені оны сондай ашуландырған адам
да болған жоқ. Əкем де одан сақтанып жүруші еді. Бір күні əкем
дарияның ар жағына кетіп, Буық біздің шешемізбен байланысты.

Шешем тез қашып құтыла алмады, өйткені соның алдында ғана
таудан жеміс теріп жүргенде, аяғын ай қиратып кетіп еді. Буық
шешемді ұстап алып, ағашының басына əкетті. Шешемді əкем
қайтып ала алған жоқ, Буық шалдан қорықты. Əкемді көрсе, түсін

суытатын еді.
Оған əкем онша ренжіген де жоқ. Біздің арамызда Дырауқол
деген бір алып болды. Ол барып тұрған балықшы еді. Бір кезде
шағаланың жұмыртқасын алам деп жүріп, жартастан құлап, мер-

тікті. Содан қайтып оңа алмады. Қатты жөтеліп, жауырыны доғаша
бүкірейіп кетті. Сонсоң Дырауқолдың қатынын əкем тартып алды.
Соңынан бізге келіп, біздің ағаштың астында жөтеліп тұрар еді.
Əкем ашуланып таспен атар еді. О кездегі біздің салтымыз солай

болушы еді. Күштерімізді біріктіріп, күшті болуды білмеген едік.
Сонда Бұғықуғыш отырып:

– Ағайынды екі жігіт біреуінің қатынын бірі алатын ба еді? – деп сұрады. – Басқа ағашты барып мекендесе, əрине, алатын еді. – Біз өйтпейміз ғой, – деп мына жақтан Түндеүркек қоя берді. – Өйтпейтініміз – сендерің аяларыңа мен ақыл үйреткемін. Теке сақал түкті қолын аюдың жемтігіне сұғып бір уыс май алып, томсарып сора бастады. Қолдарын жалаңаш бүйіріне сүртіп болып, əңгімесін тағы қозғады: – Менің сендерге айтып отырғаным алдақашанғы ақымақ кезіміздегі болған істер ғой, – дегенде: – Иə, сендер ақымақ болыпсыңдар, – деп Бұғықуғыш жүктеді. Сарбас «оның рас» дегендей қорс етті. – Солай болғаны рас. Біздің ақымақтығымыз, тыңдай берсеңдер, одан да өткен болды. Бірақ, аяқтап келгенде, есіміз кіріп еді. Оның мəнісі былай: біз балық жеушілер күшіміз бəрімізге бірдей жеткендей қылып, қосылмадық. Таудың ар жағындағы кең алқапты мекен еткен ет жеушілер аңды, балықты бірігіп аулайтын еді. Жаумен бірігіп соғысатын еді. Бір кезде олар біздің өлкеге келді. Біздер əр қайсымыз өзді-өзіміздің ағашымызға шығып өз үңгірімізге кіріп тығылдық. Олар он шақты-ақ кісі еді. Бірақ, олар бəрі бір кісідей соғысады біз бет-бетімізбен соғысамыз. Теке сақал көпке дейін саусағымен бірдемені сипағандай, түйіліп отырды. – Біз алпыс кісі едік, – деді əлден уақытта. Оны сөзбен емес, саусақтарымен, ернімен нобайлап көрсетті. – Біз рабайсыз күшті едік, бірақ оны өзіміз сезбеппіз. Сырттан келген он келімсек шал Буықтың ағашына өрмелеп шыға бергенде, Буық таспен атқалы үйшігінен шықты. Сол кезде қалған жау садақтың оғын Буықтың басына жаудырды. Буық жер жастанды. Оның артынан ет жегіштер жалғыз көздің үңгірдегі қатын-баласына тап берді. Үңгірдің аузына от жағып, өзіміз аюдың етін қандай істейміз, олар да сондай істеп, тұншықтырып өлтірді. Оны жайлаған соң Алтыбармақтың ағашына өрмелесті. Оның өзін, ересек ұлын өлтіргенше, біз тырым-тырай болып қаштық. Жау біздің бірталай қатындарымызды ұстап қалды. Жылдам жүгіре алмаған бір екі шалды, бірнеше балаларды өлтіріп кетті. Əйелдерді өз жеріне, кең алқабына алып кетті.

Аман қалғандарымыз мекенімізге қайттық. Əлде зəреміз
ұшқаннан ба, əлде əлсіздігімізді сезгеннен бе, болған іс туралы
кеңес құрдық. Бұл біздің ең алғашқы, нағыз тұңғыш кеңесіміз
еді.

Осы кеңесте бірігіп ел болайық деген сөз тұңғыш аузымызға
кірді – ел болдық. Өйткені таңдайымызға татығанын бəріміз де
білдік.
Ет жегіштердің барлығы он кісі. Бір бірінің күші он кісіге төтеп

бергендей. Неге десең, олар бір кісідей қимылдайды. Олар күшін
бір шұқырға жинады. Біздің алпыс жанды отыз үйіміздің күші бір
кісінің күшіндей. Неге десең, əркім жеке-жеке соғысады. Біз көп
дауластық. Біздің кеңесіміз қиын болды, өйткені онда бүгінгідей

кеңесерлік тіл жоқ еді. Күндерден күн өткенде Шіркей жырау
жаңа сөздер ойлап шығарды. Əрқайсымыз да анда-санда жаңа сөз
табатын болдық. Ақырында кеңесе келе келістік. Қатынымызды
ұрлауға ар жатқан ет жегіштер келсе, күшімізді қосып, бір кісідей

соғысалық деп əу дестік. Біз сөйтіп ел болдық.
Екі судың астасқан жеріне екі кісі қарауыл қойдық. Бұлар
бірі күндіз, бірі түнде ет жегіштерді қарауылдап тұратын болды.
Бұлар елдің көзі еді. Олардан басқа он кісі қолдарына шоқпар,

найза, садақ алып, күні-түні күзетте жүрді. Аттан шықса-ақ олар
соғысқа əзір еді. Бұрын балық аулауға, тана беруге, жұмыртқа
қарауға барғанда, қару-жарақпен жүретін еді. Қай жағымнан жау
келіп қалады деп, тамақ табатын күннің кебін күзетпен өткізуші

еді. Енді оның бəрі өзгерді, жұрт қарусыз жүріп, бар уақытын
тамақ іздеуге салатын болды. Таудан жуа, бəйшешек, жеміс теру-
ге шықса, оларды қорғауға қастарына бес еркек қосып берілетін
болды. Елдің көздері күні-түні шекарадағы торғының басында

қарауылдан үзілмеді.
Бірақ, тыныштық дəурен көп тұрмады: өз арамыздан бəлекет
шықты. Бүліктің қара басы қашан болса да əйелден болмақ қой,
əңгіме əйелден басталды. Қатынсыз еркектер біреудің қатынына

сұғанақтық қылуға айналды. Еркектер арасында төбелес бола
берді. Кейде бас жарылып, кейде біріне-бірі найза сұғып өлтіріп
жүрді. Қарауылда жүрген күзетшінің қатынын біреулер қарақтап
қойса, қарауылды тастап, күзетші төбелеске шапты. Кейде қарауыл

жігіттер қолынан қару түспегенге буланып, өзді-өзі жақ-жақ бо-
лып, төбелесіп, жеңілген жағы қашып, жеңген жақ дарияның жие-
гіне шейін қуатынды шығарды. Сонымен ел көзсіз, күзетсіз, иесіз

қалуға айналды. Алпыс кісінің күші бірікпеді. Бізде түк күш болмады. Сол кезде біз тағы да жиналып, кеңес құрдық. Сол кеңесте тұңғыш заңымызды шығардық. Онда мен жап-жас баламын, бірақ есімді білемін. Сондағының бəрі бұ күнгідей көкірегімде сайрап тұр. Біз күшті болу үшін бірімізбен біріміз төбелеспеуіміз керек деп ұйғарыстық. Кімде-кім кісі өлтірсе, оны ел жабылып өлтірсін деп заң шығардық. Кімде кім асқан күшті болып, күшіне сеніп, өз елінің бір азаматын өлтірсе, не зиян келтірсе, ол адамды күші зиянды деп тауып, ел өз қолымен өлтірсін деп ұйғардық. Неге десеңіз, елдің күшіне зиян келтірсек, ел ыдырап, тоз-тоз болар еді. Ет жегіштер бізді алғаш шауып кеткендегідей бəріміз де əлсіз болар едік. Қусүйек еркектің күштісі еді, заңға бағынбады. Ол өз күшіне ғана сенді. Ол Үштананың қатынын тартып əкетті. Үштана төбелесем дегенде, Қусүйек басын мылжа-мылжа қып кетті. Заңмен жүреміз деп, күшімізді біріктіргенімізді Қусүйек ұмытты. Біз жиылып барып, Қусүйекті өз ағашының түбінде өлтіріп, денесін бұтаққа іліп қойдық. Неге? Жеке адамнан заң күшті екенін еліміз көрсін дедік. Өйткені заңды шығарған өзіміз ғой, ел болып жасадық қой. Сондықтан заңнан күшті ешкім болмады. Одан басқа да талай ұрыс-жанжал, талай кептер болып еді-ау! Ай, қарақтарым, Бұғықуғышым, Сарбасым, Түндеүркегім-ай! Ел болу оңай емес қой. Ел болу қиын екен. Ұлы дау да, уақ жұмыс та өте көп болды. Соның бəрін бірдей жиылып кеңесуге елдің қолы да тимеді, қиын да тиді. Таңертең де, түсте де, кешке де, түн ортасында да жиналып, кеңес құрдық. Тамақ аулауға сөзден қолымыз тимеді. Өйткені, қашан да болса бір ұсақ жұмыс кез келмей тұрмайды. Мəселен, ескі қарауылшылардың орнына тыңнан екі қарауылшы қою керек боп қалады. Əйтпесе, дəйім қару асынып, тамақ табуға мұршасы келмей жүрген жігіттерге қанша тамақ беру керек деген мəселе туып қалады. Осының бəрін реттеп отыратын басшы керек болды. Сол кісі кеңестің көзі болып, еткен ісінен кеңеске есеп-қисап беріп отыратын болса екен дедік. Сонымен Пыс-пысты бастық сайладық. Ол əрі айлакер еркек еді. Ашуланғанда түз мысығындай пыс-пыс етіп, долданып ысылдаушы еді. Сонсоң, оның атын жұрт Пыс-пыс қойып еді. Ел қорғайтын он еркекке тар өзекте тастан қорған соққыздық. Əйелдер, ересек балалар, қолы бос еркектер оларға қолқабыс

қылды. Сонымен мықты тас қорған жасалды. Содан кейін ағаш
басындағы, үңгірдегі үйлер қорғанның ішіне кіріп, сабаннан
лашық істесіп алды. Бұл лашықтар ағаштағы үйшіктен, тастың
үңгірінен əлде қайда кең, жайлы болды. Əркімнің-ақ тұрмысы

түзеле бастады. Өйткені кісі біткен күштерін бір жерге қосып, ел
болды ғой. Тас қорған, күзетші, бақылаушы, басшы болған соң, аң,
балық аулауға, бəйшешек, жеміс теруге жұрттың қолы да көбірек
тиетін болды. Тамақ молайды, түзелді, ешкім ашыққан жоқ.

Жасында бір аяғы жаншылып қалып, таяқпен жүретін Үшаяқ
қара бидайдың ұрығын тауып алып, үйінің қасындағы өзекке егіп-
ті, майлы бəйшешек жемістерді де ол егіп байқапты.
Дария жағасындағы өлкені жайладық, қорған салдырдық,

күзетші қойдық, тамақ-аста төк, тамаққа бола бұрынғыдай қырқысу
жоқ. Біздің бұл жайымызды көрген соң, маңайымыздағы көрші
өлкелердің, биік таулардың тұрғындары ағыл-тегіл бізге келе бас-
тады. Олар сиқы адам болғанмен, тұрмысы түздегі аңдардікінен

бетер қайда болса сонда қаңғырып өмір шегуші еді. Аз күнде-ақ
дария өлкесі бықырлаған елге толды. Одан бұрын өзімізге қараған
жерді өзді-өзіміз үлесіп алғамыз. Жер бөлуді, қара бидай егуді
баста сол Үшаяқ шығарып еді. Жерді тас оматамен бөліп алу бізге

бір түрлі жат көрінді. Тамақ көзден шоласыз – одан артық бізге
не керек еді? Есімде бар, əкем екеуміз Үшаяқтың жерін қоршап,
тастан кереге соғып беріп, ақымызға қара бидай алып едік.
Сонымен жер аз-ақ кісінің сыбағасына тиді. Бəрінен көп алған

Үшаяқ болды. Өзге жер алғандар жерлерін қара бидайға, мəуелі
жеміске, аюдың терісіне, балыққа сатып, диқаншыларға берді.
Бұл заттарды диқаншылар балықшылардан тұқымға айырбастап
алушы еді. Жер қалайша қолдан қолға өтіп, тарап кеткенін білмей

де қалдық.
Со кезде Пыс-пыс өліп, орнына оның ұлы Иттіс бастық болды.
Əкем бастық болған, менің оның мұрасын басуым керек деп, Иттіс
елге өзін еріксіз сайлатты. Сайланып алған соң ол əкесінен де зор

ұлық болды. Əуелде ол жақсы басшы болды, қызметті ынтасымен
істеді. Кеңесінің арқасын күн сайын көбірек босата берді. Содан
кейін дария өлкесінде тың дабыс шықты. Бұл дабыс Түркістан еді.
О баста Түркістан кім екенін де ескерген жан болған жоқ, басқа

өлген адамдардың аруақтарымен сөйлесіп жүріпті. Соңғы кезде
біз оған «Месқарын» деп ат қойдық. Өйткені ол өте мешкей еді,
асты көп ішуші еді. Жұмыс қылмаушы еді. Одан жаман семіріп

жұмырлана беруші еді. Бір күні Месқарын: «Мен аруақтардың
сырын білем, мен құдайдың екіншісімін», – деп жариялады. Ол
Иттіспен ауыз жаласқан дос болды. Иттіс Месқарынға сабаннан
үй салып беріңдер деп бұйырды. Месқарын үйінің төңірегіндегі

нəрсенің бəріне таңба соғып, ешкімді жолатпай қойды. Үйдің іші-
не құдайды орнатты.
Иттіс күннен күнге кеңестің билігін өз қолына ала бастады.
«Бүйтетін болсаң, сенің орныңа басқа кісі сайлаймыз» деп кеңес

адамдары күңкілдеп, кіжініп еді, Месқарын «оларыңды құдай
қаламайды» деп, істетпеді. Үшаяқ, тағы өзге жер иемденгендер
Иттісті қолдап, жұрттың аузын ашырмады.
Содан кейін кеңестегі ең күшті адам Теңізарыстаны болды.

Диқаншылар оған астыртын жер берді. Тоғыздап аюдың терісін,
қораптап астық берді.
Міне, сонда теңіз арыстаны Месқарынды құдайдың пайғам-
бары деп, оған бағыну керек деп елге жар шашты. Сондай бы-

лай теңіз арыстаны Иттістің оң көзі болып, оның сойылын соғып,
соны жақтаушы, қолшоқпары болды.
Одан соң бізде өмірі нəр татпаған адамдай жадау, ергежейлідей
тапал Қозықарын деген болды. Ол құмды өткелдің ар жағындағы

өзен сағасына балық ұстайтын үлкен қақпан орнатты. Ондай
қақпанды бұрын ешқайсымыз көрген де, болады деп ойлаған да
емеспіз. Ол қақпанды Қозықарын катын-баласымен жабылып
неше күндей істеді, біз оны келемеждеп күліп едік. Ауын бітіріп

алғаш суға салған күні алған балықтың көптігі сонша, оншама
балықты бүкіл ел жиналып, бір жетіде де ала алмас еді. Жұрт мəз-
мəйрам болды. Өзенде ау құратын тағы бір аңтайлы жер барды.
Соған біз де ау салайық деп, əкем екеуміз үлкен ау тоқып едік,

өзіміз соғып берген үлкен сабан үйден Иттіс бізге жасақ жібер-
ді. Жасақ келіп, бізді найзамен сұққылап: «кет бұ жерден!» – деп
қуа бастады. «Неге?» – десек, «бұ жерге Теңізарыстанның əмірі
бойынша Қозықарын ау салады, теңіз арыстаны – Иттістің өкілі»

деді.
Көп заман өзара шүңкілдестік, ақырында əкем кеңесті ша-
қырды. Топ ішінде əкем сөйлегелі орнынан тұра бергенде, Теңіз
арыстаны садақтың оғымен əкемді өндіршектен атып өлтірді.

Иттісі, Қозықарыны, Үшаяғы, өзге диқаншылары Теңізарыстанын
мақұлдап, əкемді табалады. Месқарын «алланың əмірі солай» деп

жариялады. Содан кейін кеңестегі адамдар аузын ашуға қорықты, кеңес те тоқтады. Доңызтұмсық деген ешкі бағып өсіре бастады. Ешкі ұстауды етжегіштер кəсіп қылады деп естіген екен. Аз күнде Доңызтұмсықтың ешкісі бір қотан болды. Егін салуға жері жоқ, балық аулауға ауы жоқ. Аштан өлуге арнаулы адамдар Доңызтұмсыққа алақайлап жалданатын болды. Оның ешкісін күзетіп, ит-құстан сақтап, таудың шиманды саласына жайып жүрді. Доңызтұмсық ешкі баққан ақысына оларға ешкінің сүтін, киім қылуға терісін, тамаққа етін берді. Ол нəрселерін бақташылар балыққа, тұқымға, дəнді жеміске айырбастайтын болды. ...Сол кезде ақша шықты. Ақшаны Теңізарыстаны ойлап шығарып, ол туралы Иттіспен, Месқарынмен ақылдасыпты. Теңіз өлкесінде осы үшеуінің ақ дегені алғыс, қара дегені қарғыс болуға айналды. Үш қорапша жеміс терсең, бірі олардікі. Үш балық алсаң, бірі олардікі. Үш ешкінің бірін оларға бересің. Сейтіп, ел сол үшеуіне салғырт төледі. Ол салғыртпен олар күзетшілерін, əскерлерін асырады. Қалғанын өздері алып жүрді. Ел балықты көп алып, кəні болғанда, ол үшеуі де алған салғыртын сиғыза алмады. Сол кезде Теңізарыстаны əйелдерге танадан ақша жасатқызды, ортасы тесік, дөңгелек, жып-жылтыр бірдеме. Сондай таналарды жіпке тізіп, оған «ақша» деп ат қойды. Сондай ақшаның бір тізбегі отыз балық, қырық балықтың құнына тұрар еді. Күніне бір тізбек ақша істеп шығарған əйел екіақ балық алар еді. Əйелдер балықты Иттістің, Месқарынның, Теңізарыстанының сыбағасынан алушы еді. Өйткені олар бəрібір өз сыбағасын жеп тауыса алмайды ғой. Сонымен бар ақша олардың қолында болды. Содан кейін олар Үшаяқ сияқты диқаншыларға тұқым, жемі орнына ақша төлейсіңдер деп əмір шығарды. Қозықарын өзіне тиесі балықты ақшадай алатын болды. Доңызтұмсық өзіне тиесі ешкі, ірімшікті о да ақшаға айналдырды. Сонымен, пұлы жоқ, малы жоқ, жері жоқ жарлылар балалардан ақыны ақшадай алды. Ол ақшаға олар тұқым, балық, ет, ірімшік сатып алып, күн көрді. Үшаяқ сияқты бар кісілер Иттіске, Теңізарыстанына, Месқарынға салғыртты ақшадай төлейтін болды. Бұрынғыдай емес, күзетшілердің, əскер адамдарының ақысы да ақшадай берілді. Соңғылар ақшаға азық-түлік сатып алатын болды. Ақша арзан болған соң, Иттіс күннен-күнге күзетші,

күтуші, нөгерлерін көбейтіп жалдай берді. Ақша істеу онша қиын
болмаған соң, əркім-ақ ақша жасауды кəсіп қып алды. Бірақ ондай
ақша жасаушыларды Иттістің күзетшілері найзамен оқтың астына
алушы еді. Өйткені бас-басыңа сай өрлеп «елді тоздырасың» деуші

еді. Елді тоздыру – үлкен қылмыс. Себебі жеті қырдың астындағы
етжегіш жаулар келіп, ол шауып, қырып кетеді.
Құдайдың пайғамбары болған Месқарын Мертікбұғананы
шақырып, өзіне абыз қылып сайлады. Сейтіп, Мертікбұғана

Месқарынның өкілі болды. Соның не дегенін қылды. Екеуі де өзге
жұртты өзіне қызмет қылдырды.
Дəл со сияқтанып Қозықарын да, Үшаяқ та, Доңызтұмсық
та өздеріне малай жалдап алды. Малайлар байларының са-

бан үйлерінің жанында күнге қақтанып, тыраңдап жатар еді,
қожаларының тапсырған жұмысын орындап, бұйрығын жеткізер
еді. Байығандардың бəрі малай, негер жалдауға айналған соң,
жұмыс қылатын адамдар азая берді. Əр кісі жұмысты көп істеу

керек болды. Жұмысшылар жұмыстан безер болып, өздері үшін
жұмыс қылатын кісілер іздеуге, өз арқасын босатуға тырыс-
ты. Сондай амалды бірінші тапқан кісі Қыликөз еді: астықтан
ең алғаш уытты ашытқы жасауды шығарған сол еді. Сонсоң ол

жұмыс қылуды қойып алды. Өйткені ол Иттіспен, Месқарынмен,
өзі дыраулармен астыртын сөйлесіп, жұмысын бітірді. Ел билеу-
шілер Қыликөзден басқа кісі арақ істемесін деп қаулы шығарды.
Қыликөз өзі жұмыс қылған жоқ, арақты жалдаған кісілер істеді.

Өзі оларға ақша төлеп тұрды. Арақты ақшаға сатты. Арақты ал-
майтын адам болмады. Талай-талай тізбек ақшаны Қыликөз
Иттіске, Месқарынға, тағы солардың нөгерлеріне беріп жүрді.
Бір кезде Иттіс тоқал қатын алды. Кешікпей үшінші қатынды

жəне алды. Жұрт түк айта алмады, не десін? Месқарын мен
Мертікбұғана шариғатын айтып қолдап тұр. Олар не деді десейші?
«Иттіс қарапайым жай пендедей емес, құдайдан соңғы күшті адам
сол» құдай болса. Месқарынның үйінде кəрі қыздай сақтаулы,

аузыңа төңкеріп қойғандай аузы-мұрны қисаймастан осы сөзді
Иттістің өзі де айтты, «Менің неше қатын алғанымды сөз қылатын
қайсың?» деп ақырды.
Иттіс өзіне апандай бат қайық жасатты, жұрттың қолын өз

жұмысына тигізбеуге айналды. Оған жалданғандар күншуақтап,
жамбасынан жатып ішкеннен басқа, анда-санда Иттіс сейілге
шыққанда, соның қайығын ескеннен басқа түк ісгемейтін болды.

Иттіс Жолбарысжүздіні сақшыларына бастық қып алды. Иттістің
қолайына жақпаған кісіні Жолбарысжүзді мүрдем кетіріп жүрді.
Аздан соң Жолбарысжүзді өзіне көмекші жендет сайлап алып,
кімді өлтіру керек болса, соған бұйырып өлтіртті.

Ол бір сұм заман еді: күндерден күн өтеді, қалғанымыз күн
өткен сайын жұмысты көп етеді, ішерге тамақ түкі-жақы жетеді.
Соны айтқан кезде, Түндеүркек отырып:

– Ешкілер ше, астықтар ше, миуалы жемістер ше, балық

ұстайтын аулар ше? Олардың бəрі қайда кетті? Əлде адам жұмысты
көп еткен сайын, еңбек жанбады ма? – деп сұрады.

– Олардың бар екені рас қой, – деп Текесақал басын изеп

қойды. Бүкіл ел жабылып аусыз ұстаған балықтан аумен ұстаған
үш кісінің балығы көп болар еді. Біз ақымақ болыппыз деп мен
сендерге мана айтым ғой! Тамақты не құрлы көп тапсақ, со құрлы
аз алатын күйге ұшырадық!

– Түк жұмыс қылмаған еріккендер бəрін жеп отырғаны ап-

айқын көрініп тұр ғой. Соны көрмедіңдер ме? – деп Сарбас
сұрады.
Текесақал мұңайып басын изеді. Иттістің төбеттері етті жеп-
жеп шошқадай семірді. Қолын ештеңеге тигізбеген, қарнын си-

палап дөңбекшіген адамдар бордақы қошқардай жайқалғанда,
өзгелердің болдырғандай балпаңдары ішерге тамақ таба алмай,
күн сайын зарлап, əбден жағы талып, сілесі қатқанда көзі ілінетін
болды.

Ашаршылық дегенде, Бұғышы сілекейін шұбыртып, аюдың
етінен бір жапырақ үзіп алып, отқа қыздырып, аузына қылғытып
салды. Ол емешесі құрып, етті сорпылдатып, жалтаңдап шайнап
отырғаңда, Текесақал əңгімесін шерте берді:

– Біз наразылық білдіріп, үнімізді шығарайық деп едік,

Месқарын шоқшиып шариғатын тағы соқты: құдайтағала дана
адамдарды жер-соға, ешкілерге, ауларға, араққа қожа болсын
деп жараттым дейді. Ондай даналар болмаса, сендер баяғы ағаш
басындағы күніңдей, мал сияқты бассыз болар едіңдер, – деді.

Сол кезде біздің арамыздан «патшаның жырауы» деген бір
адам шықты. Оны жұрт Шіркей деп атап кетті. Өйткені түрі де тым
ажарсыз, бойы да кенедей, жұмысқа да, жорыққа да түк қауқары
жоқ еді. Өзі майлы етті, таңдана балықты, жаңа сауған сүтті, жаңа

піскен жемісті, от басындағы жылы орынды жақсы көруші еді.

Патшаға жырау болып, əлгі Шіркей түк істемей, семіретін айла
тапты. Жұрт патшаға көңілі катты қарайып, кейбіреулер патшаның
сабан сарайына тас ата бастағанда – Шіркей бүйткеннен де балық
жеген қандай жақсы деп өлең жырлайтын болды. Өлеңнің ішіне

балық жеушілер – құдайдың сүйген құлы, олардан алапатты адам-
ды құдай жаратқан жоқ – деп қыстырды. Етжеушілерді ол шошқа,
құзғын деп жерледі. Балықжеушілерге құдай жолында соғысып,
шейіт болғаннан кəдірлі нəрсе жоқ деп жырлады. Құдай жолы

дегені – Етжеушілерді өлтіру еді. Оның жыры біздің жүрегімізді
өртеді, қанымызды қыздырды. Біз етжегіштермен соғысамыз деп
айқайлап ұран салдық. Ашыққанымызды, патшаға өкпемізді –
бəрін ұмытып Жолбарысжүздің соңына еріп, құлшынып жорыққа

жөнелдік. Жеті қырдың астындағы етжегіштерді қырып, шауып,
шаттанып, елге қайттық.
Түзден есіріп қайтсақ та, Дария өлкесінде ісіміз оңға баспа-
ды. Күн көрерлік бір ғана лаж – Үшаяққа, не Қозықарынға, не

Доңызтұмсыққа жалданып жұмыс қылу да қалды: өйткені өзге біз-
де жер болмады. Жер болмағаң соң, астықты қайда шығарарсың?
Үшаяқ сияқтылардың берген жұмысынан көбінесе аш адамдар
артық болып кетті. Ашқа тамақ таба алмай сандалып, тентіреді.

Олардың соңынан қатын-баласы, кəрі анасы шұбырды. Сонда
Жолбарысжүзді өздерің көнсең мен сендерді күзетші қып алайын
деді. Жұрттың көбі-ақ күзетші болып жалданды. Олар қолдарына
найза алып «осындай еріккен арам тамақтарды біз қалай той-

дырамыз» деп патшаның сыртынан күңкіл қылған өкпешілерді
найзалағаннан басқа түк істемеді. Біз өкпешілерді өрекпіген сай-
ын Шіркей жаңа жерін аңдатты. Ол Үшаяқты, Доңызтұмсықты,
тағы сондай ауқатты адамдарды күшті, айбатты, ақылды деп

мақтады. Сондықтап олар табысты көп табады деп мақтады: біз-
ге орталарыңда сондай күшті адамдар болғанға сендер қуаныш
қылуларың керек. Олар болмаса етжегіштер сендерді алдақашан
жоқ қылар еді деп жырлады. Оның жырына қарағанда, күшті адам-

дар бəрін тартып алып, бауырына басқанына біз қуансақ керек.
Месқарын, Доңызтұмсық, Жолбарысжүзді сияқтылар жыраудың
сөзінің бəрі шын деп жүптеді.

– Жарайды, əше мен де күшті болайын! – деп Итазу

ақырды. Ол астық тауып алып, арақ істеп, ақшаға сата бастады,
Қыликөз оның үстінен шағым қыламын деп еді, Итазу: «Өзім
де күштімін. Сен дыбысыңды шығарсаң, басыңды мұжимын»,

– деді. Қыликөз қорқып, Үшаяқ пен Доңызтұмсыққа барып

шақты. Үшеуі қосылып Иттіске барды: Иттіс Теңізарыстанымен
ақылдасып, Жолбарысжүздіге жарлық етуге шапқыншы жіберді.
Жолбарысжүзді əскерлерін жіберіп, Итазудың үйін арақ-шарабы-
мен өртетті. Өзін қатын-баласымен өлтіртті. Месқарын бұл жақсы

болған екен деп қарнын сипады. Шіркей жаңа жырын жырлады:

– Жақсы ғой заңға бағынған,

Жаман болар қағынған.
Дария өлкесі – үлгілі ел:
Ел билеуші табылған,
Елін сүйген азамат.

Елін күшті қылуға,
Етжегіштей жауларын
Мұқатуды сағынған...

– деп жырлады.

Оның жыры тағы да бізді жандырды. Өкпемізді ұмытып, тағы
да жауға бет алдық.
Бір жат іс мынау. Қозықарын балықты мейлінше көп алып, көп
балықты аз ақшаға сатуға душар болғанда, қалғанын қымбатқа

сатқалы ұстаған балықтарын қайта дарияға тастайтын айла тауып
алды. Үшаяқ алған астығына көп ақша алу үшін жерінің деніне
егін салмайтынды шығарды. Не аз, не қат болса, сол қымбат бола-
ды екен. Жұрттың аштан қырылғанын неғысын? Оларға қымбат

сатып, ақшаны молайтса болғаны. Əйелдер ақшаны көп істей бер-
ген соң, оны сатып алатын нəрсе болмаған соң, ақшаның нарқы
да түсті. Сонсоң Иттіс ақша істеуді доғартты. Жұмыссыз қалған
əйелдер еркектің орнын басуға айналды. «Мен балық аулап кəсіп

қылам, бес күн аулағанда табатыным бір тізбек ақша. Енді менің
жұмысымда он күнде бір тізбек ақша алуға көніп, қарындасым
істейтін болды. Əйелдің еңбегі арзан бағаланды, азық-түлік
бұрынғыдан да кеміді. Сонда Жолбарысжүзді бізге əскер бол деп

сөз салды. Мен бола алмадым. Өйткені бір аяғым ақсақ еді. Мені
Жолбарысжүзді алғысы да келмеді. Мен тəрізді мертік-шортықтар
көп еді. Біз оңай жұмысқа ғана жарайтын, не анасы түзде жұмыста
жүргенде баласын үйде қарайтын дімкəрлар едік.

Сарбас қарны ашты білем, шоққа аюдың бір үзім етін пісіріп,
аузына салды.

– Сонда бəрің бірігіп сиып, Үшаяқты, Доңызтұмсықты,

Месқарын сықылды арам тамақтарды неге өлтірмедіңдер?
Тамақты тойғандарыңша неге алмадыңдар?
Мұны айтқан Түндеүркек су жүрек еді: қорқақ кісінің жайда
ерсінетіні қалған ба?

– Неге десең, біз ештемені білмедік қой, – деп Текесақал мой-

нына алды. – Ойландырарлық іс көп болды. Онымен қойды ма,
қыбыр етсең, найзалап көзіңді жояды. Месқарын құдай жайы-
нан əңгіме-дүкен құрады. Шіркей жаңадан жаңа жырға бұрады.
Жолбарысжүздіге зəуде біреу шынды айтайын десе, оның бас-

кесер жендеттері жалаңдап даяр тұрады. Тасқа байлап, толқын
қайтқанда дарияның жағасына тастайды, су тасығанда олар су
түбінде тұншығып өледі.
Ақша деген бір пəле болды! Шіркейдің жыры қандай құбылса,

ақша да сондай құбылды. Сырттан қараған кісіге ол бейбіт, қой
үстіне бозторғай жұмыртқалап тұрған тəрізді, ішінара келсек,
бəрінің күні қараң, не сиқыры барын ұқпадық. Алдымен ақша
жинаған – Иттіс болды. Сабан сарайына ақшаны төбедей қылып

үйдіріп, күні-түні кірпік қақпай күзететін сақшы қойды. Ол
ақшаны көп жинаған сайын ақша қымбаттай берді. Бір тізбек
ақша табуға əркім-ақ жұмысты көбірек істеуге тура келді. Қашан
да болса, етжегіштермен соғыс болады деген сөз дүңкілдеді.

Иттіс пен Жолбарысжүзді үйлерін астыққа сықады, сарайлары-
на балық, ешкі етін кептіріп, қақтап, сүттен ірімшік істеп жатты.
Оларда азық тау-тау болып тұрады. Халыққа нəр қыларлық тамақ
болмайды. Халықтың аштан қырылғанын олар неғысын? Жұрт жа-

нына батқан соң ашынып, ащы даусын шығарайын десе, Шіркей
тыңнан бір өлең шығарады. Месқарын: – Құдай етжегіштермен
соғыссын деп əмір қылды – деп жариялайды. Жолбарысжүзді бізді
дөңдерден дөң асырып, соғысқа апарып, қырғын тапқызды. Мен

əскерге жазылып, күншуақта жатып семіруге жарамадым. Бірақ
соғыс болса, Жолбарысжүзді мені де іске жаратып ала кететін бол-
ды. Үйлерде сақталған азықты жеп бітіргенде, соғысты доғарып,
тағы да жұмыс қып, тамақ табуға елге қайтатын болдық.

– Ендеше, бəрің де ақымақ болған екенсіңдер, – деп Бұғышы

сөзге тиек салды.

– Оның шын, біз нағыз ақымақ болдық, – деп Текесақал оған да

көнді. – Соның бəрін ойлап отырсаң, балалық тəрізді көрінеді.

Мəселен, бізде Мылжамұрын дейтін болды. Ол тəртіптің бəрін өзгерту керек, жаңа тəртіп керек деп қақсады. Бəріміз күшімізді қоссақ, біз де күшті боламыз деді. Біз əуелде ел болғанда, қаулы қылып едік: кімде-кім күшін сілет қылып, елінің азаматын өлтіріп, не біреудің катынын тартып алып, елдікке зиян келтірсе, ондай зиянды адамды жоқ қылу керек десіп ек, сол қаулымыз дұрыс еді. Енді қарасақ, ел күшейіп келе жатқан жоқ, əлсіреп келеді. Неге десеңдер елге зиян келтіретін жаңа күштілер шықты. Жер күшін меншіктеген Үшаяқ дегендер, балық аулау күшін иемденген Қозықарын дегендер, ешкі етінің күшін меңгерген Доңызтұмсық дегендер пайда болды. Осы адамдарды жаман күшінен жұда қылсақ, жұмыс қылдырсақ, жұмыс қылмағандарға тамақ бермесек, сонда бəріміз де сорлы болмаймыз, – деп зарлады Мылжамұрын. Сондай сөз шыға бастап еді, Шіркей жырау жаңа өлеңге басты: Мылжамұрын сияқтылар өткен дəуренді көксеп жүр, олар – кекшілдер, олар ағаш басында аңға ұсап жүргісі келеді, – деп жырлады. Мылжамұрын егесті: біз керікеткелі жүргеніміз жоқ, жұртты алға сүйрегелі жүрміз, – деп айтысты. Адамдар бірімен-бірі күшін қосқанда ғана күшті болады. Балықжеушілер етжеушілермен келісіп, бірігуге көнсе, онда соғыс та болмас еді. Əскер де, күзетші де керек болмас еді дегенді айтты. Кісілердің бəрі жұмыс қылса, тамақ сондай молшылық болар еді. Əр адам күніне екі сағаттан артық жұмыс қылмас еді. Сонда Шіркей жырау тағы əндетті. «Мылжамұрын – жалқау» деп толғады. Мысалға араларды əкелді. Оның жыры ел таң қалғандай еді. Оның жырын естіген адам, арақ ішкендей есірді. Ол жырда бір топ ара мен аламан сона туралы əңгіме сөйленеді: аламан сона араның ұясында жатып бал ұрлай беріпті. Сона жалқау болыпты. Араларға жұмыс қылма деп насихат айтыпты. Жұмыс қылу орнына аюлармен дос болыңдар деп ақыл үйретіпті. Аюлар бал ұрламайды, олар – жақсы жігіттер депті. Шіркей бет ашпаса да қалытқылап айтқанына есіткен жанның бəрі түсінді; бір топ ара дегені – Дария өлкесіндегі ел боп, аюлар дегені – етжегіштер ғой, жалқау сона дегені – Мылжамұрын ғой. Аралар сонаның тіліне нанамын деп арандап қала жаздады деген жеріне келгенде, халық көтеріліп долданды ақыры. Шіркей айта берді. Ақырында аралар көтеріліс жасап, азғырғыш сонаға тұмсықты салды деген кезде, жұрт тас алып Мылжамұрынды атқылай бастады. Сөйтіп, Мылжамұрын қардай жауған тастың астында өлді. Өмір бойы

ауыр жұмыста арып-ашып күнелткен кедейлер көп еді, солардың
бəрі Мылжамұрынды өлтіруге кемектес болды.
Мылжамұрын өлген соң, тек бір-ақ кісі басын көтеріп,
пікірін айтуға жарады. Ол – Түктібет еді. Ол: «Күштілердің күші

қайда? – деп зарланды. – Біз бəріміз де күштіміз, Иттістен де,
Жолбарысжүздіден де, Үшаяқтан да, Доңызтұмсықтан да, тағы
солардай жұмыс қылмай, жатып семірген, жауыз күшімен бізді
əлсірететін жауыздардан да күштіміз. Құлдарда ғана күш болмай-

ды. Оның пайда-қасиетін алғаш тапқан адам күшімен бізге қиянат
қылса, біз оның құлы болар едік. Біз осы күнде балық аулаудың,
ешкі өсірудің, арақ ішудің көзін тапқан Қозықарын сияқтылардың
құлы болып жүрміз. Бұрын ағаш басында жүргенде, қауіп-қатерден

ешқайсымыз сау болмаушы ек. Енді біз өзді-өзіміз жақ-жақ боп
төбелеспейміз, күшімізді бір жерге қостық. Енді етжегіштермен
төбелесе беретін неміз бар? Одан да олармен күш біріктірейік.
Сонда нағыз күшті біз боламыз. Балықжегіштер етжегіштермен

біріксек, жолбарыс, арыстан, қасқырларды, түрлі зиянды аңдарды
қырып, тау-таудың саласына емін-еркін ешкілерімізді бағып,
егін жемістерімізді егіп, тату-тəтті күнелтер едік. Сондай күнге
жетсеқ, біздің айбарымыз сондай зораяр еді. Маңайымызға ұлы

түздің аңы жоламас еді. Қарамызды көрсе қорқар еді. Сонда бізге
ешкім қарсы тұра алмас еді. Əр қайсымыздың күшіміз бəріміздің
күшіне пара-пар болар еді».
Түктібет осыны сөйлеуші еді. Оны да табалап өлтірді. Олардың

айтатыны: «Түктібет – бір қияли адам. Ол өткен дəуренді, ағаш
басында жүретін заманды орнатам деп көкседі. Ол – жындылық»,

– дейді.

Ғажап іс: əр кезде əр адам оянып, ілгері қарай қадам басайын
десе, өңкей жалқау ондай адамды «кері кетіргелі жүр, өлтіру ке-
рек» деп, ду ете түседі. Кедейлер ондай адамды тас атып өлтіріп,
ақырында өздері ақымақ боп қалады. Жұмыс қылмай жатып семір-

гендерден өзгеміздің бəрі ақымақ болдық. Ақымақтарды ақылды
деп атадық. Ақылдыларды таспен ұрып өлтірдік. Еңбекшілер
өзіне жеткендей тамақ таба алмады. Түк істемегендер күпті бо-
лып, кеңірдегі сасыды.

Сөйте-сөйте ел күшінен айрыла берді: балалар ауру, шала бо-
лып туды, ашаршылықтан əрі жаман, əрі аз қоректен не түрлі ауру
пайда болды. Біз қара шыбындай қырылдық. Аздан бізді келіп ет-

жегіштер шапты. Жолбарысжүздіге еріп, оларды талай қырғамыз.
Енді сол кегін қанмен алуға олар да бет қойды. Бір кезде ел жа-
былып соққан тас қорғанды бермеуге осынша жан таластық. Не
керек, тым əлсіз, тым дерті жеңіп кеткен екен, алып қала алмадық.

Олар бізді тып-типыл қылып қырды. Тек бірнеше əйелдерді тірі-
дей алып кетті. Шіркей екеуміз қашып құтылдық. Мен адамның
аяғы баспаған жыныс ағаш ішіне тығылып, аң аулап, ет жеп күн
кешірдім. Қайтып қарным ашқан жоқ. Аздан соң етжегіштерден

бір қатын ұрлап алып, биік таудың үңгіріне барып мекен еттім, еш-
кім таба алмады. Екеумізден үш ұл туды, олардың əрқайсысы Ет-
жегіштерден əйел ұрлап, қатын алды. Қалғанын өздерің де білсең
керек. Өйткені сендер де менің ұлдарымның ұлысыңдар ғой.

Сонда Бұғышы отырып:

– Шіркей қайда жатыр? – деп сұрады.

– Ол етжегіштерге кетті. Онда барып ханның жырауы болды.

Бүгінде ол – шал. Шал болса да, əлі баяғы өлеңі. Ілгері бастық
деген адам шықса, бұл өткен күнді сағынып, ақ болайық деп жүр
деп, баяғы өлеңін əлі айтады.
Текесақал жұдырығын аюдың . . . . соғып жіберіп, бір уыс май

алып, қызыл иегімен езіп соруға айналды. Майды сорып болып,
қолын жамбасына сүртіп, мына сөзді айтты:

– Күндердің күні ақымақ біткен өліп таусылар. Қалғандары өре

басар. Күштілердің күшін солар малданды. Олар бəрі жиылып,
күштерін бір жерге қосар. Дүние жүзінде бір адам өзгелермен
төбелесуге бата алмайтын сақ болар. Содан ел билеуші де, сақшы
да керек болмас. Азулы, тырнақты аң біткен өлтірілер. Түктібет

айтқандай, біткен таудың салалары ешкіге өріс, диқаншыға егін
болар. Жұрттың бəрі бір адамнан туғандай бір бауыр болып, кісінің
еңбегін жеп, күншуаққа қақтанып семіретіндердің қарашығы ба-
тар. Ақымақ біткен өліп таусылған соң, бір ұстағанынан айырыл-

май, бірі жерден табан аудармай ескі көй-көйін жырлап, араларды
өлеңге қосатын жыраулар да болмас. Адам мен ара бір емес!

ПƏРЕНЖІ (ПЕРДЕ) ЕРТЕГІСІ

(Асылы орысшадан)
Қызыл таңдағы да, ымырты да, аласəулесі де жоқ, «келе жатыр-
мын» деместен, соғыс жарияламастан, қара түн келді де жарық
күнді жағасынан алып ұрды.

Тек коңыр салқын арықтың ақырын сыбдыр қаққаны болмаса,
төңірек құлаққа ұрған танадай мелшиді.
Əлде қайда бір бармақ домбыраны дыңғырлатқан болады; дом-
быра арыққа əн қосады, адамның жаны ол əнге неғып сыйсын...

Жүз-жүзден жылдар теңдеген Самарқанның салауатты мешіт-
тері жалбарғандай қолдарын көкке ұсынуда. Шаһ зынданың
арқалығы аспандай иіліп, үңіреюде. Адам қолымен жасап келтіре
алмайтын, Бибі ханым мұнарасының тамтығы мұңайып, мүлгуде.

Бибі ханым Ақсақ Темірдің қатыны деп қариялар да қауесет
етеді. Өтірік-расын кім біледі. Бірақ ажал қайда болса, Ақсақ
Темір сонда болды деседі. Өйткені ұлы ажал долы Темірдің ғана
қолынан келген ғой.

Алыстан ат өктеп, аптығып келген азамат масаты шатырға
кіріп, тəжім етіп, иран патшасы еркімен бағынатын емес деп ха-
бар бергенде Темірдің қылжыр, қыли көзі нажағайдай жарқ етті
де, қабағы жауар күндей түйіліп кетті. Таң атысымен ат жалына

ұмтылған, қорамсақтарынан сарбас түксиген орданың сансыз
қолы ұшы-қиыры жоқ даланың соны шөбін жапырып, жосылтып,
сеңдей ағылды. Самарқан аңырады. Қасында топты күң-нөкер
Бибі ханым масаты шатырдың саясында шөптің сыбдырына,

қасқырдың ұлуына құлақ салып, атлас төсекте теңбекшіп, таңды
таңға ұрды. Бибі ханым қорықты дейсіздер ме? Неден қорқады.
Темірді жан жеңіп көрген жоқ, оның болат жүрегінен өтетін
садақты əлі бір ұста жасаған жоқ.

Күндерден күн өтті. Өткен сайын көзінен от кетіп, кабағын
шытып, ернін еміре тістеп, Бибі ханым есалаң адамша кілем
үстінде сендел қақты. Ақсақ Темір əлдебіреуді сүйіп қоя ма деп
түн баласында кірпігі айқаспайды. Аузына тілі симай, келе ұшып

жығылған шабарман иран жұртын Темір жеңді деп хабар берген-
де Бибі ханым асыл білезігін атып тастады, ханның асау аптығын
жалғыз өзі иемденуге алладан жəрдем тіледі. Аллаға ісім жақсын
деп, хан келгенше мешіт салдырмақ болды. Ондай сұлу мешіт жер

жүзінде болмау керек қой.

Жұрттан асқан шеберді іздеткенде ханның бір бегі тұтқын ара-
бты жіберді.
Тал бойында бір міні жоқ, сүйріктей қара торы жігіт шатырға
кіріп келіп іркілмей бас иді.

Бибі ханым:

– Сен мешіт саласың, – деді.

– Құп болады. Сұлудан өзгені өзім де салған емен.

– Сен ер екенсің, өнерің де ерлігіңдей болса, сені азат етемін.

– Əкемді жақында құшады екем ғой.

– Жақсылап жасай алмасаң, əкең өзіңді емес, басыңды құшар,

– деп ханым кекей жымиды.

Шебер лəм деген жоқ, иығын бір қысып шығып кетті.
Содан былай, таң атқан сайын Бибі ханымның көзі мешіт-
ке қарап, мешіт емес-ау, бақыт сұрап, тастан соқтырған дуасына
қарап оянар еді. Үйткені бейнеусіз тас пен балшық ертегіден бе-

тер, заматта дуал боп өсіп келе жатыр еді. Түн асқан сайын мешіт
көркейіп барады.
Ханым мəз: мешіт көңіліндегідей, мешіт дегенше, баққа аңсап,
шөлдеген жанның құмартқан жыры десең болмай ма! Шебердің

өнеріне тамсанбады, үйткені: а құдай, басыма бостандық бер,
маңдайымды аш деп, о да жанын салып жатқанын ханым біледі
ғой. Шебердің қара торы жүзі кейде кенет құлпынайдай қызғылт
тарта қалады, құба талдай майысқан мүсін денесі жын қаққандай

қимылдайды, даусы тамағынан емес, кеудесінен шыққан
тəрізденеді, қорыққан, дірілдеген, долданған топты құлдарды сау-
сағының ұшымен, қабағының қағысымен құрдай жорғалатып,
əмірін орындатады; Бибі ханым оның бəрін де бұя бастырмай

көреді, аңдайды, тыңдайды, таң қалады.
Шебер жұмысының буына түскен, шебердің өнеріне, оның сұлу
мешітіне құлдар да мастана, əуліге қимылдаған; о түгілі шебердің
жалынды көзі түсіп кетсе, жансыз қара тастар да жан біткендей

орын-орнына тұра қалған; мұның бəрі де ханымға алақанның
аясындағыдай аян.
Тас пен балшық бақтың сұлу дуасындай тізілтіп, қатарланып,
өсіп бара жатқанын да ханым сезеді.

Алайда ханымның көзі бір нəрсені көрмейді: «шебер жүрегінің
асау толқынын сездірмеймін деп ханыммен бетпе-бет келген-
де, қырындап, қаймақ ерні қалтырап кеткенін, абайсызда арты-
нан көз жібергенін, түн баласында шатырында төңбекшіп, ұйқы

көрмегенін, «дауысым шығып кетпесін» деп, сүйріктей білегін қанақанша тістегенін ханым көрмейді. Ертеңгі, кешкі намазда əзəзілдің арбауына түскенін ұмытып, дуа орнына шебердің ерні бір ғана ханымның атын сыбырлағанын ханым естімейді. Бірақ мешіттің ірге жағы шебер жазылған дуадай, шебер қадаған маржандай тізіліп келе жатып, үстіңгі жағы оқысынан құйқалақтанып, иілген арқалықтар, көлденең бүкпелер, кедірбұдыр боп бара жатқанын ханым байқай қойды. Байқаған адамға мешіттің үсті мен асты, созылып намаз оқып тұрған адамның; асау нəпсін тыюға əлі келмей, қырдың корқауындай, жан шошырлық ащы дауыстап, ақырып жібергені іспетті көрінер еді. Мешіттің өзгеріп бара жатқанын сезген күні сəскеде ханым шеберге қарап наздана езу тартты, үйткені ханымның көптен ізетпен шөлдеп, құмартқан балдырған денесі, құмарлық билеп, делбеше бұраңдап, намазда тұрып, айқайлап жіберіп еді. Үйткені ханды тезірек қайтара гөр деп, о да тəңірге жалбарынды ғой; шеберге ұсап о да əзəзілдің арбауынан қорықпай жас жаны махаббат аңсап, зарланды ғой; сондықтан оның тілегі де тəңірінің көкейіне қонғандай, күштірек болды. Шебер менің сырымды ұқты-ау дегендей, кете беріп, оған қарап, тағы бір жымиды. Шебердің көзі кетіп бара жатқан ханымға түскенде білегін тағы бір қыршып, шатырына сүңгіп кетті. Со күні кешке шатыр жанындағы жапырылған шөпті жанышқан аттың қатты дүрсілі тағы естілді, үзеңгі күңгір етті, алқынған шабарман шатырға арсалаңдап кіріп келді. – Он күн өтіп, он бірінші дегенде Ақсақ Темір көреген осында болмақ, – деді. Қан иісін сезген тағы мысықтай Бибі ханым бұлғаң етіп, дереу шеберді шақыртты. – Бітуге қанша қалды? – деп сұрады. – Мұнараның төбесі қалды, – деді шебер жерден көзін айырмай. – Оны тез бітіресің бе? – Тіпті бітірмеймін, – деп жалынды көзін ханымға қаратып жарқ еткізді. Ханымның іші сезе қойды, ызбала мырс етті. – Ендеше, өлесің.

– Өлімнен қорықпаймын, жүрегім өзі де өлім аузында. – Сені мен азат етемін деп серт қылдым ғой... – Маған азаттық ажалдан тəтті емес. Ханым шебердің от боп жайнаған көзіне тағы бір қарады да, нөкерлеріне сілейт деп бұйырды. Ханым ертеңінде тұрысымен оның шатырына кірді. Ол жатыр. Қол-аяғында бұралмаған, мертікпеген буын жоқ, сұлқ денесі найзағай соққан бұтақтай бейнеуі кеткен; қамшы сойған арқасы көк ала қойдай, қан талаған, жалғыз-ақ көзі... көзі бұрынғы қалпы; көзіне тесірейе қарады да, ханым тысқа шықты. Кешкісінде шатырдың босағасында ентіккен ат тағы пысқырды да, Көреген үйде болады, – деп шабарман тағы хабар қылды. Ханым ым қақты – шеберді тағы алдырды. – Мешітті неге бітірмейсің? – Сүйгенімнің сүйгеніне бола мешіт соққым келмейді. – Сен мені сүйесің бе? – Оны мешіттің тастары, айдай шағылысқан сырлары айтып тұр, заңғар күмбезден гуілдеген даланың желі жырлап тұр! Бар махаббатымды осы мешітке төккендігімді əр топаны, əр тозаңы сөйлеп тұр; əлде сен оларды көрмейсің бе? – Көремін, ал не тілейсің? – Көп емес. Дуылдаған аузымды улы түсті ерніңе бір тигізсең болады. Шебер бұл тілегіне: – Əкет, сой! – деген жауап алды. Оқ жыландай бұраңдап, безгектей қалтыраған, қобыздың шегіндей тырсылдаған ауыр ойлар ол түні ханымның басын ара шаққандай қылды. Күнін жылдай өткізген ұзақ айлар бойы жалғыздықта жанына жинаған құмарлығын бірге не ханға сақтап, құрамылтқан денесінің əрбір лəззатын, қомағай ернінің əр сүйгенін соған ғана татырам деп жүргенде, шебер деген немесі сүйгіз дейді!.. Жоқ, қарағым! Оның жөні не бола қойсын. Оның аты: ханның көзіне шөп салған, өз ырысынан өзі безген болмай ма? Бірақ мешіт ше?.. Оны бітіру керек. Əйтпесе, тəңірінің сілесіне қалып, Темір ханнан жұрдай боп, оған əлдебір əйелді құшақтатқаны да. – Апырмай, енді не қылу керек? Кешкісінде тағы шабарман келіп, қалған аз күннің бірін тағы шегеріп қойды.

Бибі ханым тағы ойға қалды. Мешіт бітпесе не болмақшы? Ханның махаббатынан, өзінің рақатынан айрылмақшы. Ал шебердің көңілін тапса, оны хан білсе, онда не болмақшы? Ажал да. Ажалдан бəлен қорыққан жоқ. Ақсақ Темір Көрегеннің ханымы емес пе. Махаббат қуанышына салыстырғанда, өмір соншама қымбат нəрсе емес. Сөйтіп Бибі ханым: – Шеберді келтір, – деп тағы əмір етті. – Жүруге жарамайды, – десті. – Ендеше көтеріп əкеліңдер. Шеберді кілемге салып, көтеріп əкеліп, ханымнын аяқ жағына қойды. Бозарған жүзі одан жаман шөлмектей болып, сызықтары қылдырықтай болып, қазына қалыпты. Көздері бұрынғыдай жайнап тұр. Ханым күңдерін ымдап шығарып жіберіп: – Айтқаныңа көндім, – деді. Шебер жымың етіп, əнтек басын көтерді. Ханым қасына келіп, тізерлей отырып, ернін созды. Шебер еңсеріле ұмтылды, дəл жеме-жемге келгенде, ханым басын əнтек қырындата берген кезде кезерген, ыстық ерні ұртына сүлікше жабысып қалды. Ентіге, құшырлана сорып, мауқын басып кілемге құлап кеткенше, ханым тырп еткен жоқ. Ханым орнынан тұрғанда, сол сүюден бейне бір шипа тапқандай, күйреген сүйектері əп-сəтте бірігіп, шыққан буындары салынып, жаралары жазылып, шебер де ұшып түре келді. – Темір ханның келуіне қарсы мешіт дайын болады, – деді де, шебер шығып жөнелді. Айтқанындай-ақ, хан келерден бір күн бұрын мешіт дайын болды. Көздің жауын алғандай мұнараның шаңқайған ашық сырын көргенде ханым таңданғаны сонша, шаңқ ете жаздап, дауысына əрең деп ие болды. Мұндай сұлу мешітті адамзат қолымен жасай алады дейсіз бе? Шебер сарғая, өзеурей күткен тілегінің бар қуанышын, үмітсіз талабының бар құмартқан күшін, жантілін салғандықтан, мешіт осындай болып шықты ғой; махаббат күші керемет қой. Неше түрлі қымбат бұл, қалы кілем, асыл тас деймісің, ұзатқан қыздай он түйеге ырғап-жырғап, шеберді бір керуен қылып, ұзаттырды.

Шебер ханымға анадайдан үнсіз тəжім етіп, атына секіріп
мініп, керуенін бастап, дөң асып жөнелді.
Ханым артынан қарап тұрды да, мешітіне көзін бір салып,
көңілі жай тауып, қатты бір күрсінді.

Бірақ дəл сол кезде ұрты қышып бара жатқанын сезді. Қолдары
мұздай боп кетті, жүрегі тына қалды. Неден қорыққанын өзі де біл-
мейді. Тұра шатырына жүгіріп, күміс айнаны жұлып алды. Түрін
көрер-көрместе айна қолынан түсіп кетті. Масқара! Үлбіреген

ақ құба ұртында шебердің жұп-жұқа ернінен қалған таңба тайға
басқандай баданадай боп, баттиып тұр.
Ханым ұлы сəскеге дейін шатырында міз бақпастан сілейіп
жатты. Бүгінгі түні хан болат білегімен бауырына қыспайды,

құрамытқан, құмартқан денесінің сусынын қандырмайды, апарып
өлтіріңдер деп, əмір қылады да, қайтып есіне де алмайды деген ой
миын толассыз улады.
Ханым ханға бетін көрсетпеу керек, тым болмаса, бүгінгі түні

жасыру керек. Енді қайтпек?
Неге болса да басын байлады. Мұндайда махаббат пердесін
жанымен жаны ашығансып, аңдып жүретін əзезіл сайтан айла та-
уып бере қойды.

Ханым бетіне пəренжі салды; өз қылмысын білдірмеу үшін,
əйел біткен бетіне перде киіп жүрсін, бетін көрсетіп, еркекті
қызықтырып, аздырмасын, үйткені еркектің ойы дейім қасиетті,
зор жұмысқа бөліну керек деп жарлық шашты.

Орданың одыраң əскері қиқуды салып, бөріктерін аспанға
атып, садақпен көздеп, арынды аттары ауыздықпен алысып,
Самарқанға саусылдап кіріп келгенде, шатырларының алдында
бетіне қара салған, сымбатты бөтен əйелдер ұшырады.

Бірақ қан жұтып, шаң жұтып, соғыстан аң болып, əйелдің
жылы қойнын аңсап қайтқан əскер тыңдасын ба, киімдерін
пəренжісімен қабат сыпырып алып, тер сіңген кежімнің, кілемнің,
олжа салған қоржындардың үстіне жалаңаш əйелдерді алды ұрды,

алды да ұрды.
Олардың ішіндегі ең күштісі де, ең тағысы да Темір ғой. Ол
мешітке көзін салған жоқ, шатырға ентелей кіріп келді, Бибі
ханымның бұраң белін таң атқанша алып білегімен айқастыра

қысып, бос тұрған сұлу сауыттай-ақ құмарлықтың қатты ашыған,
ыстық сусынын толғанша құя берді.

Түні бойы, таң атқанша, мана жаққан сөнген оттан аулақ
шатырдың көлеңкесінде, айдың сəулесінде құшырланған тіс-
терден, еркектердің ентіккен демінен, əйелдердің мыңқылдаған,
сыңқылдаған ыстық дауысынан құмарлықтың толқынды жыры

жасалды. Тек анда-санда жерде от басында аунақшып, терең сыр-
лы күншығысындай, ескі, ащы темекінің түтініне булығып, уына
елтіп, демігіп отырған қарау-қарау шылымшылардың көлеңкесі
қарауытады. Олар жөтеледі, қырылдайды, бірінен соң бірі

жан шошырлық, мəнсіз, мас дауыспен сақылдап тұрып күледі.
Олардың күлкісіне дала қарсақтарының ішін тартып ұлыған да-
уысы əн қосады.
Таңертең ше... Таңертең Бибі ханымның жағасы жайлау, төбесі

қыстау, езуі бір жиылған жоқ; жазаласа хан бəрін біліп қойып,
ұстап əкелген арабпен екеуін қосақтаңдар деп, əмір қылғанда да
езуін жимады. Екеуін биік мұнараның басына алып шыққанда,
өлер алдында бір сүймек болған шебердің отты ернінен басын

бұлқынғанда да, ханым жымиюдан танбады.

– Бəрібір екеуміз бірге өлетін болдық қой, – деп шебер

омыраулағанда:
Бибі ханым басын былғаң еткізіп:

– Жоқ, – деді.

Бір мөнет өткенде екеуін мұнарадан құлатып жіберген əскер,
ханымды салбыратқан жіп үзіліп кетіп, бейне махаббаттың мамық
төсегінде жатқандай, Бибі ханым қатты жерде емін-еркін, сұлу ай-
дай жарқырап жатқанын көрісті.

Міне, Бибі ханым мешіті деген мешіт солай салынған еді;
пəренжі киюдің ертегісі осылай айтылушы еді.

ТЕҢСІЗ, ТЕЛЕГЕЙ АТТАНЫС

(Джек Лондоннан)
1976-ыншы жылы Қытай бір жақ, қалған жер жүзі бір жақ
болып, екі елдің араздығы шарыққа шықты. Сол араздықтың
салдарынан Əмерике елдігіне екі жүз жыл болған тойын тойлай

алмады. Жер жүзіндегі өзге жұрттардың да талай келешектегі іс-
тері шым-шытырық, ойран-топан болып, орнына келмеді. Селебе
қатерді жүрегі сезіп, жер жүзі сілтідей тұнды; бұған шейін жетпіс
жыл тынбай оқиға осы бетте шыныға берді.

Оқиғаның қара басы 1904-іиші жыл екен, содан 70 жыл өткенде
жер жүзі бұлқан-талқан болуға тағдыр жазыпты. Орыс пен Жа-
пан соғысы 1904-інші жылы болды. Сол кезде-ақ тарихшылар
бұл соғыс Жапанның елдігін көрсеткені, таралғысын тартқаны

деп топшылап еді. Дұрысында ол оқиға алып Қытайдың ұйқыдан
оянған нысаны екен. Оның оянуын жер жүзі ұзақ күтті, күте-
күте жалықты. Батыс халықтары Қытайды оятам деп байқаса да,
Қытай оянбады. Дүниеде болдырмайтыным жоқ деп, көкірегін

керген өзімшіл Батыс Қытайды бұ жалғанда оятуға болмайды деп
қол қойды.
Сөйтсе, Батыс халықтары жаза басқан екен: Қытай мен өздері
арасында жуысарлық жалпы сыр, жалпы тіл жоқ екен. Екі жұрттың

ой жүйесі екі арнамен ағады екен; олардың арасында жасырын
сырды білісерлік жалпы лұғат жоқ екен. Батыстың алғыр ақылы
Қытай ойының түбіне бара алмай, тайызға жетіп қайраңдап,
түпсіз тұңғиықта қалқып тұрып қалыпты. Ал Қытайдың ақылы

Батыс жанының əудем жеріне жетіп, ұғымсыз, меңіреу қорғанға
тұмсығы тіреліпті. Мұның бəрі – тіл бақалықтың қырсығы.
Қытай баяғы ұйқысында жата берді. Батыстың дүние-мүлік
мəдениет жүзіндегі табысы Қытайға жеті қырдың астындағы

жеті баспалы кітаппен тең еді. Сол кітапты Батыс аша алмады.
Ағылшын елінше сөйлейтін тұқымдардың ар жағында, əлдеқайда
санасының түкпірінде, одан ұғымды айтсақ жанында саксон (гер-
ман тұқымды) сөзіне келте жауап қайырарлық бір зейін бардай

еді; Қытай санасының шығар аузында əлдебір Қытай таңбасына
жауап берерлік бірдеме бардай еді; бірақ Қытай ақылы Саксонның
келте тіліне жауап қайыруға олақ еді; ағылшын-саксонның ақылы
да қытай таңбасына сондай топас еді. Олардың жан ырысы да,

арқауы да екі алуан заттан жасалған еді; олардың рух əлемі бірі-

не бірі жат еді. Міне, сондықтан Батыстың дүние-мүлік, мəдениет
жүзіндегі табысы Қытайдың мəңгі ұйқысын бұза алмады.
Ал сонда Жапан деген шығып, 1904-інші жылы Ресейді соғысып
жеңді. Жапан тегі Шығыс халықтарының ортасынан қараңғыны

қақ жарып, екі құлағы тік шыққан бір шіңгі тұқым болды. Батыс
нені ұсынса, соны қағып алатын болды. Батыстың пікірін Жапан
тез сіңіріп, қайнатып, пайдалануға шеберлігі сонша, аз жылда ай-
барлы жұрт болып, барлық қару-жарағын асынып, қан майданда

шыға келді. Айуандар əлеміндегі табиғаттың əлдебір қалжағын
ұғыну қандай қиын болса, Батыстың жат мəдениетіне Жапанның
төтен шалымдылығын ұғыну сондай қиын болды.
Аузынан жалыны шыққан арыстандай Ресейді алып ұрып,

Жапан айбарлы жұрт болуды көксеген зор арманын дереу іске
айналдыра бастады. Керей (карей) жұртын сауулы сиырдай
отар қылып алды; айлалы елше, пайдалы серт, шырмаулы тор
құрып, Манжұрианы дербес азық қылды. Жапан оны да місе

тұтпады; Қытайға көз тікті. Қытайдың жері ұшан-теңіз; жерінің
асты толған қазына – темір мен көмірдің кені; бұл екеуі жүрген
жер мəдениетінің сауыры ғой. Жер байлығы тұрғанда өнеркəсіп
қаулауға одан соңғы қосеметкей себеп еңбек қой. Қытайдың жел

жеткісіз байтақ жерінде төрт жүз миллион жан мекен етеді. Есеп
қылсаң, мұнша жан жер жүзіндегі адам ұрпағының төрттен бірі-
мен тең; ол ол ма? Жер жүзінде еңбек қылуға Қытайдай ерінбей-
тін, көнбіс ел жоқ; тағдырға бас берген дін пəлсепесі, темірдей

берік жаралған дене жүйкесі, билей білген адамдардай көсем бол-
са, Қытайды жауынгер ел қылғандай еді. Жалаңдаған Жапан сон-
дай көсем бола кеткені екі бастан белгілі.
Бəрінен де оңдысы – Жапанның Қытайға қан жүзінен

қарындастығы еді. Батысқа перде есепті көрінген Қытай мінезінің
жұмбағы Жапанға жұмбақ болмады. Жапан Қытайды ішек-
қарнына шейін жете білді. Біз оны мəңгі білмес едік. Жапанның
ой жүйесі қай жолмен жүрсе, Қытайдікі де сол жолмен жүреді. Ой

бернесі, ми соқпағы екеуінде де бірдей. Сондықтан Жапан Қытай
жанының қараңғы түкпірін кезіп кетті. Батыстың аяғы жетпеген
жерге Жапан жетті. Еуропалықтар көрмеген қалтарысты Жапан
көрді, олар өте алмаған күдерден Жапан жағалап өтті, Қытай

жанының біз бара алмаған тарауына Жапан барып ұялады. Олар
бір ауыл, бір бауыр ел еді. Атам заманнан бірінің жазуын бірі
үйренген, есте жоқ ескі заманда екі ел де манғол тұқымынан өсіп-

өрбіген. Жер жағдайының өзгешелігі, басқа жұртпен қан араласуы
екі елді аз-маз өзгерткен, бірақ асылында атадан қалған қандастық
арылмай, сүйегіне біте кайнасқан, екеуінде де бір ұйқастық
сақталған. Жылдар, айлар өтсе де, ол қандастық жойылмаған.

Ал сонда Жапан Қытайды билемесін бе? Ресейді жеңгеннен
кейін, Жапан тыңшы азаматтарын қытай жеріне аттандыра-
ды. Қытай ішіне мың-мыңдаған шақырым жерге шейін Жапан
тыңшылары, енженерлері құл киімін, саудагер киімін киіп, əйтпесе

қаңғырған бұда (қытай, жапан діні) абыздары болып, сіңіп кетті.
Олар босқа қыдырған жоқ, пəлен су ағардың күші неше аттық,
пабірік салуға қай жер қолайлы, таулардың, асулардың биік-
тігі қандайлық, соғыс кезінде бекінуге берік, осал тығырықтар

қандай, шиманды өлкелер қай жерде, пəлен алапта өгіз қанша,
еріксіз соғысқа айдарлық диқаншы қанша – міне, сондай кезек-
ті аманатты орындап жүрді. Қытай жұртында мұндай санақ мəңгі
болған емес еді.

Кешікпеді, Жапан желегін сыпырып тастаған келіндей, көп
сырын сыртына шығарды. Жапан əпесерлері Қытайдан əскер жа-
сады. Орта ғасырдың айғыр үйіріндей аңқау құралды əскерінен
Жапан капралдары (салдат басы) 20-ыншы ғасырдың айлалы,

əдісті, əрі мерген, əрі өнерлі салдатын жасап шығарды. Олардың
салдаты таңдама Еуропа ұлтының қай салдатынан болсын
соғыста басым болды. Қытайдың қылдырықтай тышқан із, шым-
шытырық арықтарын Жапан енженерлері саралады, терең сайға

айналдырды, зор пабіріктер, шойын құятын зауыттар салдырды,
қытай жерін тілипон, ділгірəм, шойын жолмен шарлады. Мəшине
мəдениетін өрбіткен шеберлер Шонсанда (Қытай жері) адам
сұрағысыз мұнай тапты, жер жүзінде бірінші жүлде алған Оау-

Уй-ғаз кұдығын қазып шығарды.
Қытайдың
мемлекет
кеңестерінде

Жапан
кемесерлері
қонжиды. Жапанның мемлекет азаматтары Қытайдың мемлекет
адамдарына ақыл үйретті. Қытайдың жауынгер ел болуы, саясаты

қайта құрылуы Жапанның арқасы еді – олар оқымыстылар табын,
көтеншектер атаулын қуып, олардың орнына итіншек төрелерді
отырғызды. Кент сайын, қыстақ сайын газет шығарды. Газет
біткенде саясатты Жапан жазушылары жүргізді, өйткені олар

нұсқаны тура Тоқудан (Току – Жапан байтақты) алып тұрды ғой.
Бұл газеттер елді ілгері басу жолында тəрбиеледі.

Тұтқиылдан оянған Жапан да дүниені сондай таң қалдырған
еді, бірақ онда Жапанның барлық жаны 40 миллиондай еді. Ал
төрт жүз миллион жаны бар Қытай сынды жұрттың оянуы əрі кере-
мет, əрі мəлемет боп көрінді. Қытай күллі халықтың ортасындағы

толқыған егін еді. Қытайдың даусы ұлт топтарында үйірге
түскен сақа айғырдың даусындай саңғырлады. Жапан Қытайды
айтақтады, Батыстың паң халықтары құрметпен құлақ қойды.
Қытайдың сұмдық тез көтеріліп кетуі, көбінесе, халқының

еңбекқорлығынан еді. Қытай барып тұрған кəсіпкі кейіпкер бол-
ды. Бұрын да солай еді ғой. Жұмысқа келгенде, дүние жүзінде
ешбір жалшы Қытайға тең келген емес. Еңбек – Қытайдың дем
алатын ауасы. Басқа жұрт алыс елге жорыққа аттануды, əйтпесе

алыс жолға – Əжіге баруды қандай сүйсе, Қытай еңбекті сондай
сүйер еді. Бостандық деген – Қытайға еңбек құралы деген сөз.
Ерінбей егін егу, дамылсыз еңбек ету – міне, Қытайдың тіршілік-
тен де, тəңірден де тілегі. Қытай оянды. Оның оянуы есепсіз елі-

не жалаң бостандық, жалаң еңбекке еркіндік беріп қойған жоқ,
еңбектің ең жоғарғы, ең білімді, ең өнімді, жетікті бағытына жол
ашты.
Қартайып, жасарған Қытай! Бұдан Қытайдың тік көтерілуіне

бір-ақ аттам қалды. Қытайға жаңа бірлік, жаңа қайрат пай-
да болды. Жапанның жүгенін киген Қытай ауыздығын шайнап
пысқырынды, бірақ жай пысқырынған жоқ. Жапанның тілін алып,
алдымен Қытай өз жеріндегі Батыстың миссионерлерін, енженер-

лерін, капралдарын, саудагерлерін, тəрбиешілерін қуып шығарды.
Содан Жапанның да сол тəрізді қызметшілерін айдады. Жапанның
советшілерін қытай сый-сипатпен еліне қайырды. Батыс Жапанды
оятты. Бірақ, Батыстың сүтін ақтаса да, Қытай Жапанның сүтін

ақтамады. Қытайға көрсеткен шоласыз еңбегіне Жапан жəй ғана
алғыс алды, құрғақ алғыстан басқа Қытайдың берері болмады,
құр жын-қолаңымен Жапан адамдарын сауырдан сипап қоя бер-
ді. Батыс халықтары Жапанды табалап, сық-сық күлді. Жапанның

əлемді арманы далаға кетті.
Жапан долданды – Қытай оны сықақ қылды. Сұмырайдың кек-
ті қаны, қанды қылышы соғысуға аптығып айт-өйге қарамастан,

Жапан соғыс жариялады. Бұл соғыс 1922-інші жылы болды. Алты-
жеті жылдың ішінде Жапан Манжұриадан, Керейден, Пұрмозадан
(Пұрмоза – Жапан аралы) айырылып, əуре болып, елден ине шан-
шар жері жоқ, алақандай аралдарына қайта тықсырылды. Жа-

пан жиһан майданынан шықты, айбарын жоғалтты. Содан кейін
Жапан бар күшін өнерге салды, сұлудың сұлуын жасап, дүниені
таң қалдырмақ болды.
Жұрттың аңызы аныққа шықпай, күшейсе де, аламандық, жа-

уынгерлікті көксемеді. Напалионша жер жүзін бағындырам деп
шарыққа құлаш ұрмады. Жайбарақат кəсібін істей берді. Алай-
түлей дəуір өткен соң, Қытайдың соғысынан емес, саудасынан
қорқу керек деген наным жұрттың көкейіне орнады. Нағыз қатер

қайда екенін ешкім де білмеді, оны кейін көреміз.
Қытай бұрынғыдай мəшине мəдениетін бүлкілдетіп қайната
берді. Дəйім ұстайтын сансыз əскердің орнына Қытай одан да
сансыз, тамаша үйретілген сайдың тасындай мелитсе құрып алды.

Қытай кемелерінің дімкерлігі сондай, жер жүзі мысқыл етер еді.
Қытай соғысы кемелерін күшейтуге тырысқан да жоқ. Кеме ке-
летін теңіздердің сертті портына (порт – теңізде кеме тоқтайтын
орын) Қытайдың сауытты кемелері келіп көрген емес.

Шын қатер – Қытай елінің балықтай өсімталдығы екен. 1970-
інші жылдарда ғана Қытайдың қатерлі ел болғаны жер жүзін
тітіретті. Қытаймен астасқан қоңсы елдер Қытай келімсектері-
нен алдақашаннан тынышы кетіп, қаңқылдаулы еді. Сол кезде

Қытайдың жаны 500 мөлиенге жетіпті деген лақап дүңк ете түсті.
Қытай оянғаннан бері еліне жүз мөлиен адамдай қосылған екен.
Дүние жүзінде ақ тұқымды адамдардан Қытай артылған екен.
Бұл кепке бұрыққалтер назар тікті. Ол сан жүйесімен жабайы

есеп қылды. Ол Əмірикенің, Канаданың, Жаңа Зелендианың,
Абыстралияның, Түстік Апырикенің, Англиенің, Пырансиенің,
Германиенің, Абыстриенің, Еуропадағы Ресейдің, Іскандиаудың
халықтары қосты. Бəрін қосқанда, 495 мөлиен болды. Қытайдың

адамын санаса, бұл керемет сипрден 5 мөлиен артық екен.
Бұрыққалтердің сипрі жер жүзін кезді. Сонда дүние тітіреді.
Талай ғасырлар өтсе де, Қытай халқы онша етек алмай бір

сипірдің маңында тұрар еді. Қытайдың жеріне адам лық толып еді. Басқа сөзбен айтқанда, Қытай жеріне қарағанда, жабайы кəсіппен адам баласын ең көп асырап тұрған жұрт саналатын еді, бірақ. Ал Қытай оянып, мəшіне мəдениетін мандытқаннан кейін оның өндірген табысы мейлінше молайды. Сол жерінде Қытай одан да көп жанды асырауға əдді жетті. Сонымен қатар Қытайдың өлгенінен туғаны басымдай берді. Қытай ауыр еңбек қып, əрең күнелткен кезде, ашаршылықтан өлетін адам да көп болушы еді. Мəшине мəдениетіне айналған соң, қорек те толықты, ашаршылық та жойылды. Қорек молыққан сайын адам өсімі де арта берді. Қытай күш жинап, мəдениетін өркендеткенше, жер алам, ел алам деген ойды да қозғаған жоқ. Қытай озбыр, обыр жұрт емес еді. Бұл еңбекқор, құнтақты, тыныштық сүйгіш халық еді. Соғысты бір жағымсыз, кейде еріксіз істерлік ділгер жұмыс деп санаушы еді. Сонымен, Батыс халықтары өзара араздасып, жауласып, арбасып жатқанда, Қытай өз жайымен шегесін шықылдатып, еңбегін істей берді, күн санап көбейе берді. Енді Қытай елі əбден кемеліне келіп, кемерінен асып төгіле бастады. Ниеті болған Қытай сыбайлас елдің жеріне мұз топанша мымырантып, қаптай бастады. Бұрыққалтердің сипрі елді біріктіргеннен кейін 1970-інші жылы Пырансие ежелден емешесін құртқан арманына жетуге адам салды. Пырансиеге қараған Үнді Қытайға, Қытай келімсектері алдақашан қаптап, орнап алған еді. Пырансие келімсектеріңді тоқтат деп жүрді. Оны тыңдаған жоқ, Қытай толқыны ағыла берді. Пырансие кесірлі отары мен Қытай шекарасына жүз мыңдаған əскерін орнатты. Қытай мелитсе салдатынан мөлиен адамды əскерін жіберді. Оның артынан екінші қол жүрді. Ол салдаттардың қатын-бала, туған-туысқандары еді. Қытайлар пырансұз əскерін беймаза шыбындай типыл қылды. Қытай мелитселері қатынбала, үмек-шүмегімен 5 мөлиеннен астам жан сезбестен келіп, Пырансиенің Үнді Қытайына, атақонысынан жаман жайланып, орнығып алды. Намыстанған Пырансие тік көтеріле қаруға жабысты. Қытай теңізінің жағасына əскер, қару-жарақты кемелеп төкті. Шығынға белшесінен батты. Шойырылып қалуға таянды. Қытайда соғыс

кеме болған жоқ, Қытай бауырына жиырылған кірпіше, өз жерінің
түкпіріне қарай шегіне берді. Қытайдың тастап кеткен ауыл,
қалаларын жиектеп пырансұз кемелері ұдайымен бір жылдай
оқтың астына алды. Қытай оған елең еткен жоқ. Өзге дүниеге не-

сіне жалынсын. Ол пырансұз оғынан аулақ отырып, өз жайымен
жұмысын істей берді. Пырансие ойбайды салды, аңдай ұлыды,
азуын шайнап, қапырықты халықтарды көмекке шақырды.
Ақырында тура Қытай астанасы Пекінді барып талқанда деп ай-

бынды əскер аттандырды. Бұл əскерде 250 мыңдай адам бар еді.
Бұлар өңкей тістің суындай, сайдауыт, ардагерлері еді. Əскер
Қытай жағасына жетіп, Құрыға шықты. Шай деп бетке қаққан
Қытай жоқ, Қытай жеріне сүңгіп кіріп кетті. Сол кеткеннен мол

кетті. Ол əскерден қайтып хабар-ошар болмады. Құрыға шыққан
күннің ертеңінде-ақ хабарласарлық сым үзіліп қалды. Не пəлеге
кез болғанын айтарлық бір пырансұз да тірі қалмады. Қытайдың
апандай аузы бəрін жұтып қойды.

Соңғы бес жылда Құрыдағы Қытай күші шартарапқа қанат
жайып, тез көтерілді. Сыйам Қытай патшалығының бір бөлімі
болды. Англиенің арпалысқанына қарамастан, Барма, Малай
түбектерін қаулаған өрттей Қытай елі басты. Сібірдің түстік жақ

шегін қалпымен Қытай басып, Ресейді үріккен қойдай ығыстырды.
Жер алу деген Қытайға түкіргеннен жеңіл болды. Алдымен
Қытайдың көш басшылары келді. Содан кейін қару-жарақтың
даусы шығатын болды. Қарсы тұрған əскерді Қытайдың мелит-

се салдаты бордай тоздырды. Олардың артынан азық-түлігімен
қатын-баласы жүріп отырды. Алған жеріне Қытай отар салып
отыра берді. Бұ сияқты соғысты, мұндай жер алу əдісін дүние
жаралғалы тарих жүзі көрген жоқ шығар.

Непалды алды, Бутанды ауызға салды, Үндістанның барлық
Сібір жақ шетін осынау селебедей шеңкиіп əкетті. Батыста Бұхар
жұтылды, құбылада Ауған тұтылды, Иран, Түркістан, бүкіл Орта
Азия – бəрін де осы топан жанышты. Сол кезде Бұрыққалтер си-

прін қайта бір қарап жіберсе, құдай ұрған екен, Қытай халқының
саны 700, 800 мөлиенді қусырып, милиартты шарпып қалған
екен. Дəл қанша екенін адам біле алмады, «сірə, милиарт барсың-

ау» деп жүрісті. Сонда Бұрыққалтер дүние жүзіндегі ақ түсті тұқымдардың бір-біреуіне Қытайдың екі адамы келеді деп жариялады. Дүние сонда сілкінді. Қытайдың өсуге бет қойғаны 1904інші жылдан бастап болса керек. «Содан бері Қытайда бір жыл да ашаршылық болмапты-ау» деп есепшілер естеріне алысты. Жылына 5 мөлиен жан қосылып отырғанда, өткен 70 жылдың ішінде 350 мөлиен жан өсім кіреді екен. Кім біледі, əлде одан да артық шығар? Жиырмасыншы ғасырда Қытай сынды тез жасарып, тез өсіп, дүниені тітіреткендей, жалмауыз, жауынгер жұрт шығады деп кімнің есіне келген?! 1975-інші жылы Пиладелпі шəрінде зор топ болды. Бұл топқа Батыс халықтары тік көтере келді. Жақын Шығыстан да өкілдер болды. Бірақ топ ешбір байлаулы қаулыға келе алмады. Барлық халықтарда баланы көп табушыға бəйге тігілген деген сөз болды. Бірақ бұл жобаны есепшілер сықақ қып, күлкіге шаптырды. Өйткені баланы көп табуға келгенде қытайдан үздік жұрт табылмады. Қытаймен алысуға дұрыс шара ұсынушы адам болмады. Біріккен жұрттар Қытайға тоң айбат көрсетіп, бұ қылығыңды қоймасаң, қиратамыз деген болды. Одан басқа түк бітірген жоқ. Қытай тобына да, мемлекеттеріне де күліп қарады. Тоң айбатын қырау құрлы көрмеді. Аждаға тақты қорғаушы Ли-Танг-Пунг Еуропалықтарға былай деп қайырды: «Ұлттар біріге берсін. Оның Қытайға керегі не? Біз ең ежелгі, ең алапатты жұртпыз, ел-елдің сырттанымыз. Біз өз міндетімізді атқармақшымыз. Рас, біздің міндетіміз басқалардікіне қайшы болатындықтан, оларға көңілсіз де шығар. Болғанмен қайтейік? Сендер бəрің бас қосып «алапатты тұқымбыз», «жер мұраланамыз» деп сата беріңдер, біздің жауабымыз: «істі кезінде көреміз». Сендер бізді баса-көктей алмайсыңдар. Сендердің соғыс кемелеріңнен біз қорықпаймыз. Босқа кеңірдек созбаңдар. Соғыс кемелеріміз аз екенін өзіміз де білеміз. Соғыс кемесін палессейлер үшін ғана ұстайтынымызды өздерің де білесің! Біз теңізге қызықпаймыз. Біздің күшіміз – еліміз. Оның саны жуықта миллиартқа жеткелі тұр. Сендердің арқаңда біз бұл замандағы əскер əдісіне ие болдық. Кəрлі əскерлеріңді жібере бер, бірақ əуелі Пырансиені естеріңе бір ал! Жарты мөлиен салдатты

біздің жиекке төгу деген əр қарсына-ақ бар күшін салумен бір
есеп. Біздің мың-мөлиендеріміз оларыңды бір ақ қылқып жұтады.
Мөлиен жіберіңдер, 5 мөлиен жіберіңдер, – бəрібір, жұтуымыз
бір қалыптан танбайды. Түп-пə! Бос сөзді шатасыңдар, бір уыс

жапырақтар! Əмірикелерің килігініп еді, не бітірді? Біздің төккен
10 мөлиен қанымыз бүкіл кемелеріңді тасқын қып жіберді. Мықты
болсаңдар соны жойып көр. Со немене? Ол біздің бір жылғы
өсіміміздің жартысына да жетпейді».

Ли-Танғ-Пунг солай соқты. Дүние сең соққан балықтай ау-
зын ашып, демі құрыды, құты ұшты. Қытай шын айтып еді,
Қытайдың керемет өсімталдығымен алысарлық ылаж табыл-
мады. Халқы миллиартқа жеткен Қытай жылына 20 миллион

қосылып отырғанда, 25 жылдан кейін бір жарым миллиартқа же-
теді екен. Бұл 1904-інші жылғы жер жүзінің барлық жан саны.
Бұған не шақ келеді? Дəнемеден дəмесіз бұған не амал қыларсың?
Ешбір бөгетсіз, судай тасыған осынша өмірді қалайша сырықтап

тоқтатарсың? Соғысудан түк пайда жоқ. Маңындағы елдер
ұрандасып бірігіп жатса, Қытай күлкі қылды. Қайта олардың кел-
геніне қуанды! Қытайдың өлшеусіз жемсауына жер жүзі жиналып
қанша əскер жіберсе де, сығандай еді. Əйтіп-бүйткенше, сары

тұқым Азияны топанша қаптап баса берді. Батыстың алаң-бұлаң
білімдарлары жорналдарына оқымысты пікірлерін жазса, Қытай
оны оқып, қарқ-қарқ күлді.
Бірақ Қытай кəдіріне жете алмаған бір оқымысты бар еді. Аты-

жөні Иакобуш Лингдел еді. Асылында ол өзі оншама оқымысты да
емес еді, онша дəріпті де кісі емес еді. Əуелі Иакобуш оқымысты
болды. Оған дейін Ниуиорк шəрінде денсаулық жөнінен дəріс бере-
тін пропессұр еді. Жұрт оның қандай білімі барын да білмеуші еді.

Иакобуш Лингделдің басы кəдімгі кісілердің басынан түк айырма-
сы жоқ еді. Бірақ оның басына бір ой келді. Осы бастың ақылы ойын
жасырын ұстауға жарады. Ол жорналдарға мақала жазуды қойып,
оның орнына пұрсат алды. 1975 жылдың 19-інші сентəбірінде

Иакобуш Башингтон шəріне келді. Кеш мезгілі еді. Кеш те бол-
са, ол шақырған пірезідентке барды. Пірезідент Мейермен есікті
бекітіп қойып, үш сағаттай сөйлесті. Екеуінің сөйлескенін əлем

соңынан білді. Ол кезде əлем Иакобуштың кім екенін керек те қылған жоқ. Ертеңінде пірезідент уəзірлерін шақырды. Мəжілісте Иакобуш та болды. Мəжіліс құпия еді. Со күні кешке бас хатшы Рупұс Каудері Башынгтоннан шығып, ертеңінде ертемен Англиеге жөнелді. Оның апарған сыры өкімет адамдарына ғана ашылды. Иакобуштың басында қандай ой туғанын 5-6-ақ адам білген шығар. Дереу кемелерде, қайықтарда, қару-жарақ қоймаларында қызу жұмыс басталды. Пырансие, Абыстрие халықтары сектеніп, құлағын тікті, бірақ өкімет сондай ант-су ішіп оларды сендірді. Өздері де мəлімсіз кепке сабырлықпен қарады. Бұл дəуір – зор тыныштық, зор толастың дəуірі еді. Мемлекет біткен басқалармен соғыспасқа серт қып еді. Соғысқа алғашқы адым – Ресей, Германие, Абыстырие, Түркие, Гретсие əскер жасаудан басталды. Əскердің беті – Қытай. Міне бар мəлім болғаны осы-ақ. Аз күн өткен соң теңіздерде ұлы жорық басталды. Қол-қол əскер лек-легімен əр мемлекеттен шығып, теңізді шарлап «Қытай қайдасың?» деп самсады. Ұлт біткен кеме қоймаларын қақыратты. Баж дүкендері деймісің, хабаршы кеме деймісің, жүзбе майак деймісің, – бəрі де Қытайға қарай қозғалды. Олар көнетоз кірейсір, ескі көбелі кемелеріне шейін тиеді, оны азсынып, сауда кемелерін де соғыс жабдығына жекті. Санақтың айтуына қарағанда, 58640 сауда кемелері жайнауыз лампы (прожектұр), жалмауыз зеңбірек киіп, əр жұрттан Қытайға аттандырылған екен. Қытай жымиып, тосты да жатты. Еуропаның мөлиендаған салдаты Қытай жиегіне орнады. Қытай мөлиен мелетсесін бес есе арттырып, жауды күтті. Теңіз жағасында да осыны қылды. Бірақ есінен айырылып қалды. Сонша əбігер болып, қаруланып, қамданып, даяр тұрса да, жау кірмеді. Қытай не екенін ұқпады. Сібір жақ шекара бейбітшілік. Жиектегі бір қыстақ, не бір қалаға тырс етіп оқ түскен жоқ. Соғыс кемелерінің мұнша сұрапыл жиналып, қара құрттай қаптағанын тарих жүзі көрген емес. Бар əлемнің кемесі сонда еді. Мөлиондаған көк сауытты кемелер Қытай теңізін шарқ ұрып, толқынды жосытып, күні-түні дамыл жоқ. Қанша жүрсе де, түк соғыс білінбейді. Соғысам деген ойларында да жоқ. Япырау! Бұлар қайткелі жүр?!

Əлде. Қытай қол-аяғын бауырынан шығарады деп дəме қып жүр
ме? Қытай жымиюда. Əлде Қытайды аштан қатырып қырам деп
ойлай ма? Қытай тағы да жымиюда.
1976 жылы он бір мөлиен жаны бар қытай астанасы Пекін

шəрінде болған адам таң қалғандай оқиғаны көзі көрер еді. Ол
қандай керемет десеңіз, көше толған шаң-шұң дабырласқан қола
түсті жандар, бас біткеннің айдары артына салбырап, қыли көздер
көкке қадалғанын көрер еді. Олар жоғарыда бұлтпен араласқан

қарайған нүктені болжар еді, оның жат қозғалысына қарап əуе ке-
месі екенін білер еді. Қаланың үстінде қара шыбындай кұжынап
жүрген осынау кемелерден оқ жауар еді. Оқ емес-ау, жұқа шы-
ныдап жасалған жіңішке түтікшелер түсер еді. Көшеге, шатырға

түскенде, күл-күл болып қирап саудырар еді. Шыны түтіктердің
кісі өлтірерлік түк қатері де болмас еді. Қорқынышты еш нəрсе де
жоқ. Тым болмаса, мылтық дəрісі де бырс етпейді. Рас, бастарына
жоғарыдан түтік түсіп, үш кытай өлді. Жылында 20 мөлиеннен

өсім кіріп жатқан Қытай еліне үш кісінің шығыны деген не? Бір
түтік бақтағы балықты қара суға тікесінен түсіп, сынбай қалды.
Бақ иесі түтікті судан суырып алды. Түтікті ашуға батылы барма-
ды. Достарын ертіп, қаптаған топты соңынан шұбыртып сиқыр

түтікті маңындағы мағистратқа (кеңсеге) алып барды. Кеңсеші
ер екен. Шылым тартатын мыс түтігімен бір қойып, жұрттың
көзінше шыны түтікті сындырды. Таң қалғандай дəнеме болған
жоқ! Жақын тұрған адамдар түтіктен бірнеше маса ұшып шықты

десті. Бар болғаны сол. Қарқылдасып топ тарасты.
Жалаң Пекін емес, бүкіл Қытайдың үстіне осындай шыны
түтіктер жауды. Екі кісі отырғандай, құртымдай айыропландар
соғыс кемелерінен ұшып шығып, қаланың, ауылдың, қыстақтың

үстінде қайтқан тырнадай қалықтап жүргенде, бір кісі мəшинені
жүргізіп, біреуі түтіктерді тастап отырды.
Пекін шəрін баяғы көруші ай жарым өткенде қайта көрген
болса, он бір мөлиен жанның орнын сипалаған болар еді. Үйлер,

көшелер, ауланың іші, жолдың бойы төбе-төбе болып, үйіліп, са-
сып, шіріп жатқан мың-мыңдаған өліктерді көрер еді. Қалғандарын
ұзын жолдың үстінен іздеуге тура келер еді. Топалаң тиген Пекін-

нен жұрттың көбі-ақ қашып құтыла алмағанын сезер еді. Олардың ізіне, шұбырып өлген жүз мыңдаған адамдардың денесіне қарап, бəрі де қашқандығын байқар еді. Пекінде қандай болса, Қытайдың барлық қаласында, ауыл-қыстағында, үйінде, түзінде осындай күйге түсіп, қырылғанын білер еді. Бір емес, екі емес, он рет, 20 рет қырғын табар еді. Қауырт аурудың неше тұқымы қытайды қаулады. Жаудың сонша қамданып, баптанып жатқанын өкімет кеш сезіп қалды. Сансыз көп əскер төгіп, құртымдай айыропландар ұшырып, титімдей түтік жаудырып, қайткелі жүргенін қайдан білсін. Өкіметтің жарнамасы түкке де сеп болған жоқ. Дерт сенделткен он бір мың сергелдеңді Пекіннен шығармай, дерт таратпай, қамап ұстауға жарнаманың əлі келмеді. Дəрігерлер, саулық қызметкерлері жүргені жүрген, тұрғаны тұрған жерінде арам қатты. Бəрін жеңген ажал патша ағзам мен Ли-Танг-Пунгының декреттерін кырау құрлы көрсін бе? Патшаның өз басына да дəретке отырып, күліп өтті. Бір ғана дерт болса, əлде қайтер еді. Қытай арпалысып көрер еді. Бір емес, ондаған дерт, бірінің үстіне бірі қаптаған соң, тірі жан аман қалар ма? Шешектен сау қалған, түйнемеден өлді. Сары безгекке бой бермеген адамды оба əкетті. Ал обаға болмаса, оны қағынды, не қара ажал дейтін топалаң қағып кетті. Бұл дерттер қайдан келді десеңіз, олардың құрттары батыстың тəжірибеханаларында қолдан өсіріліп, Қытайдың төбесіне бұршақтай жауған шыны түтіктердің ішінде келіп еді. Мемлекет ұйымы күйреді. Өкімет қардай еріп, тозғындады. Декреттен пайда болмады. Өйткені оны шығарушы адам минөттен кейін өзі де жоғалды. Өлім қуған ессіз мөлиендер тоқтамады, ешкімнің тілін алмады. Олар қаладан қашып, дертін ауылға апарып жұқтырды. Жаз өте ыстық болды – Иакобуш Лингдел уақыты айламен таңдалған екен – дерт күденің өртіндей қаулады. Көп нəрселер туралы оймен жүріп білуге тура келді, талайларын жалғыз-жарым жаны қалғандардың сөзінен білісті. Сорлы адамдар мөлиен-мөлиен болып, мемлекет жерінде сандалды. Қытайдың жинаған сансыз əскері бордай тозды. Елдің астығы талауға түсті, жаңадан астық егуші болмады. Шашылған егін жи-

наусыз қалды, жинайтын жан қалмады. Бəрінен жаманы – елдің
босқаны болды. Елдің көбі босуда жүрді, олар шекараға тырмыс-
ты. Тырмысқандарды жаудың қалың əскері тұмсыққа ұрып, кері
шегерді. Құтырған жаудың шекарадағы көрсеткен қорлығы, ұрып-

соққаны адамның есінен қалмас. Батыстың қарауылшылары сан-
сыз өліктен, дерттен сектеніп 150-200 шақырым шегіністі.
Бір кезде топалаң майданды жарып өтіп, Түркістан шегін
күзетіп тұрған Герман, Абыстыриа салдаттарына келіп тиді. Ондай

шаққа күн бұрын қам істелген еді. Алпыс мыңдай салдат қырылса
да, ұлттардан құралған дəрігерлер көбісі дертті тоқтатып, қайта
қуды. Осы топалаңмен арпалысып жүргенде, дəрігерлер жаңа бір
құртты тапты: топалаң құрты басқа құрттармен араласып, жаңа

бір құрт пайда қылады екен. Оның зəрі топалаңдыкінен де уытты
болады екен. Сол құрттың барлығын алғаш байқаған Бамберк еді,
өзі сол аурудан өліп еді. Соңынан ол құртты оңаша алып, Стивенс,
Газенбельт, Норман, Ландерс дегендер зерттеді.

Қытайды басқан теңсіз, телегей аттаныс осылай болды. Мі-
лиарт адамның күні қараң болды. Дерт кернеген кең даласына
қамалып, береке-бірліктен айрылып, өлуге ғана дəрмені келді.
Құтылар ылаж қалмады. Құрттан қандай шегерсе, судан да сондай

шегерді. Қытай жиегін 75 мың кеме күзетіп тұрды. Кемелердің
түтіні күндіз су жүзін көк тұмаң қылып, түн болса жалмауыздың
көзіндей жарқыраған електрі түнекті нұр қылып, бір қайықты, бір
адамды қашырмады. Қашам деген уақ қайықтардың халі мүшкіл

болды. Теңіз күзетшілерін бірі де көз жаздыра алмады. Ол күнгі
соғыс мəшинесі тозғындаған Қытайды қысып ұстауға жарады,
дерт өз білгенін қылды.
Ескі əдісті ескі соғыс адам күлгендей естегі əңгіме боп

қалды. Оның сыбағасына шалғыншылықтан басқа түк тимеді.
Қытай соғысқа күлер деп, соғыс көрді. Бұл соғыс тым ора-
сан, жиырмасыншы ғасырда ғана болатын, оқымыстылардың,
тəжірибеханалардың, Иакобуштың соғысы еді. Алты жүз пұт оғы

бар зеңбіректер ажал арқалаған, ажал періштелеріндей шашылған
тырнақтай дерт құрттарының жанында ойыншықпен бір есеп боп
калды.

1976-ыншы жылдың күзінде Қытайға тамұқ орнағандай еді.
Құрттың араламаған түкпірі қалмады. Құтылуға не шара? Жүз
мың жандар көмусіз. Күн сайын құрт өсуде. Күніне мөлиен адам
қырылуда. Аштық денені əлсіретіп, кұртқа жем қылуда. Кісі етін

жеу, кісі өлтіру, талау, қырғын. Міне, Қытай өстіп құрыды.
Келесі жылдың өт жұлдызында деген сақылдаған сары аяздың
кезінде Еуропаның алғашқы молашылары келді. Бұларды жола-
ушы, сейілші деп атайды. Жолаушылар аз еді. Олар оқымыстылар

мен əскер адамдары еді. Олар Қытайдың тұс-тұсынан кірді. Де-
ртке қарсы қандай қам істесе де бірнеше салдат, бірталай дəрігер
өлді. Бірақ жолаушылар ерлік қылды, қайтпады. Олар Қытайдың
орнынан жел ескенін көрді. Ойран болған құла түзде түздің тағы

иттері мен дерттен қалған қарақшылар ғана кезіп жүр. Жолаушы-
лар аман қалғандарын тағы қырды. Сонда Қытайды сауықтыру
деген зор жұмыс басталды. Бұған 5 жыл, жүз мөлиендеп ақша кет-
ті. Содан кейін Қытай жеріне басқа əлем ағыл-тегіл аттанды. Аз-

дап емес, ұлт-ұлт болып жөнелді. 1982-інші жылы Қытай жерінде
қырық ру ел араласты. Бұдан зор қан араласу əлемде болған жоқ
шығар. Бұл тəжірибе тетік, рух, көркемдік жүзінде қандай ғажап
жеміс бергені айдан жарық.

1987-інші жылы зор толастық күні толды. Елусіз Латарингіге
таласып, Герман мен Прансұз қайта соғысты. Сəуірде Еуропаның
үстіне қара бұлттар төнді. 17-ісінде Капенгаген шəрінде топ
құрылды. Бұл топта ұлт біткен түгел еді. Сонда ұлтты бұдан бы-

лай Қытай аттанысындағыдай, бір-біреуімізге қарсы тəжірибехана
соғысын ашпалық деп бата қылысты.

ҚАТЫНДАР (Қабарды ұлтының ертегісі) Жанболат – кабардының ер жігіті. Ол жорықтан олжалы қайтты; түн қатып, түсі қашып, үйіне жетуге асығыс. Астында желден бетер қатқан қара ат. Тақым қысса, қамшы басса, құйынша ұйтқиды. Жүйріктің сусыл қаққан екпіні қонақтап отырған құстардың ұйқысын шайдай ашады; дыр етіп, быр етіп ауылға қарай қабат жапырылады. Жанболат осынша неге дəйексіз? Əлде артында қуғыншы таяу ма? Əлде батырдың жүрегі тұрды ма? Болмаса, таң жақын ба? Көзге түсем деп қауіп билей ме? Жоқ. Оның бірі де емес. Жанболатты еркіне қоймай қуып келе жатқан бір ғана ой бар – ол ой жаңа түскен жас келіншегі – Хатиматтың жылы қойны. Жетті. Ауыл тым-тырыс. Түн. Қараңғы... «Жаным, Хатимат! Ол жатқалы қашан. Шырт ұйқыда жатқанда бауырыма бір қысайын еркелетіп, аялап, аймалап қатты сүйейін, ойнарқы ыстық қаныңды адын леппен қытықтап, жандырайын оятып», деп ойлайды жорықшы. «Ойпырым-ай! Бұ не? Терезедегі не сəуле? Жаным əлде мен жоқта, көзіне ұйқы жоламай мені күткен болар ма?.. Ой, сəулем? Жарын күткен екен ғой! Күндей сұлу, болаттай берік жан жарым, көрсем тоймас құмарым! Мені тосқан екен ғой...» деп ойлап, сып етіп аттан түсті. Аяғының ұшымен ептеп басып терезе түбіне барды да бас бағып, сығалады. Қарап қалды – селк етті, оқ тиген аңдай, жарқ берді... Сұмдық!.. Хатиматайды құдай ұрыпты!.. Қойнында еңгезердей біреу жатыр. Қара барқын бөтен қол келдектей болып тайраңдап Хатиматтың мамықтай ақ төсін аймалайды, мəпелейді, қысады. Неткен əдепсіз десеңші. Əлгі антұрған өңкендеп, Хатиматтың құлағына аузын таяп, мəнсіз көр-жер айтып жатқан тəрізді. Жанболат жар бергенде, қолы қылыш мылтыққа шап етті. Жаушы-жылам ə дегенше болмады: алмас қылыш жарқ-жұрқ етті. Жұбымен жайратып салды. Шынжырлы бір төбетті қоса шауып, үшеуінің денесін құмға көме тастады. «Ісі қара адамдар, қара көрдің ішінде арам етті қорек ет!» деп үш өлексені бір теуіп, бетті бұрды Жанболат. Қан жалап, қаны тулаған Жанболат қалш-қалш етіп, баяз таба алмады. Қара атына қайта мініп, қамшыны қатаң бір басып, беті ауған жаққа аңыратты.

Түн сұлу, елең-алаң сəуле бар. Түн аспаны жерге төніп түнеріп,
салқын демін төгіп тұр. Жансыз, тілсіз жұлдыздар бейне алтындай
жалтырап, кісі өлтіріп, қан жұтып, жаны өртенген Жанболатты
сықақтаған іспетті көзін қысып, жылтылдап келеді, Жанболаттың

туған ауылы шие ағаштың қалың жапырағын жамылып, қара
көлеңкеде ауыр ұйқыға батуда. «Көркем ай қара бұлттан сырғып
шығып көк дариясының көгілдір суын шомылды, долы адамның
мұз жүрегін ерітетіндей, əйтпесе жанын улаған зарлы шарасына

ем ететіндей, ызғарлы нұрын жерге түсірді.
Жанболаттың жүрегі жылан зəрін сепкендей, уһлейді:

– Осымен кегімді анық алдым ба? Соларды неге қинай

түспедім? Несін асықтым? Апыр-ау! Мен өлімнің ең азаптысын
неге ойлап таппадым? Жанын шырқыратып, қандай қысым етуі-
ме болатын еді ғой? – дейді ішінен. Оның жүрегі тамұқ азабын
тартқандай, күл-талқан.

Кенеттен қарсы алдынан Хатаңшоқы шыға келді. О кім десең

– Жанболаттың жоқтасы, жан жолдасы, олай-былай өткенде

қорғайтын қонақ үйі. Жанболат досқа болған кепті жасырмай айт-
ты. Əңгімесін ықыласпен тыңдап алып, Хатаңшоқы былай деді:
«Жарайсың, жолдасым? Намысыңды жібермепсің, кегіңді
алыпсың! Қанды қиянат сазайын – қанды кек, жалғанның рахаты

кек алу!.. Достым, əйтсе де, бар жазық өзіңде екен: Хатиматты
қатты ұстай алмадың. Білмейсің бе? Əйел тегі шайтанның үйірі
ғой. Қатындарға өзім өмірі сенбеймін – кілттеп ұстаймын. Анау
тұрған ай сəулесімен шағылысқан бақшаны көрдің бе? Сол менің

бақшам. Биік қорғанның үсті, ылғи қолдың саласындай үшкір
шеге! Менің үйіме тірі жан жари алмайды... Кілті дəйім өз жа-
нымда... Жəдігөй қатынды ұстауды мен жақсы білемін!..»
Сол əңгімемен келе жатып, екеуі биік қорғанға таянды. Нені

көрді? Айдың жарығында, жұпар иісті бақшада құшақтасып бара
жатқап екі сымбатты адамның көлеңкесін көрді. Жек-күмəн жон
Хатаңшоқы ұрылыпты.

– Былай қара, əлгі кілттеулі қатының мынау ма? Қараңғы түнде

сүйген жігітімен серуендеп жүргенін көрдің бе? – деп Жанболат
табалаған дауыспен мырс етті.
Сол кезде арқасында үлкен тал қорапшасы бар, ақ сақалы
сапсиған, бүкірейген, қабарды еліне əйгілі – Арыстанбек дейтін

шал ақырын аяңдап, бұлардың қасына келді.

– Не сөйлеп тұрсыңдар? Əйелдің опасыздығы туралы ма?

– деп сұрады əлгі шал. – Оның не таңы бар. Қатындар мəңгі

құтырсын деп табиғат заңы бұйырған. Əйелдің ішіндегі тазасы
жалғыз-ақ менің мына кемпірім... Өмір бойы осы қорапшадан
түскен жоқ. Қызғаншақ жүрек тынсын деп, өмірі осы қорапшаға
салып, кемпірімді арқалап келемін. Қымбат қазынамды көтеріп

жүріп қабағымды бір шытпадым; аяулы қатыным өзгеге көңіл
бұрмасына көзім əбден жетті... Осымен жүріп қартайдық.
Міне, пайғамбар жасына келіп тұрмын. Осы күнге шейін дана
Арыстанбек бір алданып көрген жоқ... Бірақ қартайған сайын əлім

азайды білем, кемпірім бұрынғыдан ауырланайын деді, күннен
күнге қорапшамды көтеру қиын болып барады... Осыны айтып,
Арыстанбек күрсінді де қорапшасын жерге қойды. Қорапшаның
бетін ашты... Масқара! Кемпірі қорапшаның ішінде бір бөтен

шалмен кəдімгідей құшақтасып отыр.

АЮ МҰРТЫНАН КҮЛДІ

Аю сап-сау, көңілі көтеріңкі еді. Көз алдында терісі үлеске
түсті.
Бірдеңені үлескендегі əдеті ғой, қарақшылар теріге таласып
қиян-кескі болды.

Алғашқыда адам сияқтанып ағылшын əуелі өкіметінің солтүстік
орманын, Франсие Иақуттың жер майын, Əмерике Оралдың кенін
алмақшы болысты.
Түркістанды бөлісуге келгенде кеп басталды.

Бəрінен бұрын Түркістанға жанын салған – Ағылшын. Дəлел
келтіреді, күйіп-пісті. «Орта Азия жалпы айтқанда, маған-маған
ғана тиісті болу керек», – дейді.

– Қай жөнмен саған тиісті? – деп мына жақтан күйгелек

Франсие киіп кетті.

– Франсие ханым, жөн айтудан ұялсайшы...

– Неге? Қалайша?

– Қандай жөнмен сіз, мəселен, Əмерикені қағып əкеттіңіз?

Сөй дегенде, Франсие күйіп кетті. Ағылшынға тап берді:

– Өй, шірік күң! Күллі жұрттың көзінше бүкіл Үндістанды

аузыңа салып қойғаның есіңде жоқ. Не бетіңмен маған аузың ба-
рып сөйлейсің? Саудагер қар неме?

– Сен əше жəллəп! Ойнасқор!

Ұрыстың беті жаманға айналып бара жатқан соң, бұларды
жайластыруға Əмерике кірісті:

– Ақырын, ақырын сөйлеңдер, шырақтарым! Біреу-міреу естіп

жүрер. Жұрттың əлденеге жорып кетерін кім біледі? Жарамайды.
Төбелескен екі жақ арашашыны жаратпайтын əдеті ғой. Ана
екеуі Əмерикеге дүрсе қоя берді.

– «Неге жорып əкетейін» деген болады, өзі бір мұнтаздай кісім-

сіп, бізге кергу үйреткенше, өзге жұрттың оралдан қымқытыра
бергеніңді қойсашы, – деп Франсие шаптықты.

– Мұныкі не бəсі! – деп ағылшын шəуілдеп қоя берді. Біз туралы

жұрт қалай ойласа, солай ойласын. Құдай сенің атыңнан сақтасын.
Жаман аты сенен артық жайылған əйел бар ма? Бардақтан келіп
бұ да кісіге жөн айтқысы келеді. Не қыласың? Өзіңді байқасашы.
Шыдай алмады, Əмерике де бұлан-талан болды.

– Менің аузымды тиятын сендер ме едің?! Өңгей салдақы неме!

Екеуіңді бірдей жерге қағып жіберейін бе...

– Сен шіркін қандай! – деді Ағылшын мырс етіп, – қой,

шырағым! Сен тұншықтыратын мұнда зəңгі жоқ, – деп, Франсие
шиқ етті.

– Сен Африкеде қанша халықты тұншықтырмадың? – деп

Əмерике айбат жекті.

– Африкеде бəрін тұншықтырып отырған біз емес, мына

Ағылшын апай шығар, – деп Франсие түйреп өтті.

– Мынауың неткен арсыздық! – деп Ағылшын апай қысылып

қалды. – Африкедегі мен бе екем?..

– Афстралианы быт-шыт қылған сен емессің бе? – деп

Франсие тепсінді.
Əмерике кекеп:

– Афстралианы таласақ, бірігіп талаған шығармыз, – деді.

– Иə, сенің кəсібің – талау, – деді жұлып алғандай Франсие.

– Рурды кім талады?

– Рур – бір сəл нəрсе ғой. Одан да Азиядағы жұрттарды жан-

шып отырғаныңды сөйле.

– Сен де Түркістанға тісіңді қайрағың келеді ме?

– Түркістанды ешкімге де бермеспін...

– Шатпаңыз, Түркістан менікі.

– Жоқ, менікі.

Одан əр сөз былай қалды. Үшеуі жағаласа кетті.

Олар аюдың терісіне таласып, қырылысып жатқанда, орманның
алаңында бас бағып, қызыға қарап, мұртынан күліп аю-екеңнің
өзі тұрды.

ƏКЕСІ МЕН БАЛАСЫ

(Конрад Берковичтен)
Əл Мадиастың ұлы Ұлықбекте де билікке кұмарлық пайда
болды. Бірақ алдында Жаныс бабасы мен əкесі тұр. Екеуі де мəңгі
жасайтын тəрізді. Жаныс пен Мадиас бақкүндес болып жүр. Сол

күндестікпен азап шегіп жүрген үшінші адамды естеріне де ал-
мапты. Бірақ халық үшінші күндестік майданға шыққанын көріп,
бұрынғыдан жаман уайымға түсті. Ақырында қарт көсем түйінді
шешуге бел байлады. Жетпістен жасы асып барады «Жайға

қарататын не бар?» деп ойлады. Жуырда алған жас қатыны: «күш
жағынан балаңның қарасын да көре алмайсың» деп ызыңдей бе-
ретін. Бір күні таңертең тоқалы Терезе азырақ сықақтап:

– Заманның өткені ғой, – деген-ді.

Жаныс қатынына оқшия қарап, біраз отырып:

– Бар Керуен сарайға. Кəзір мен де барам, – деді.

Бірнеше мүйнет өткенде, шанаға ең жақсы желгіштерін жегіп,
көсем де келді. Байынан бұрын сəндене киініп Терезенің келуі бір
кеп боларын білдіріп еді.
Жаңадан жауған көбік қар жерді бір тегіс жапқан еді. Бірақ

Жаныс қарт азырақ аялдады да, сарай жанына тоқтап:

– Шақыр бері баламды! Ең жақсы үш атын жегіп шықсын! Ал

сен, сарайшы, тың күбіңді баста! – деп ақырды.
Көсем сөй дегенде, еркектер бөркін алып, əйелдер басын
еңкейтті. Олар арақты үнсіз ішуде, күтуде болды. Егесушілердің
көті көрінетін жер таянғанын бəрі сезулі. Кімнің жеңгені керек

емес, бəрі түгел бағынатын, даусыз көсем болғаны керек.
Ойнақы шанасына мініп, Мадиас та көрінді. Біріне-бірі көз сал-
мастан əкесі мен баласы жарысуға қамданды. Екі шана қаз-қатар
қойылды. Біріне-бірі тіл қатпаса да Бұратүс көліне барғанша, кел-

генше жарысатынын екеуі де білді. Ол сегіз шақырымдай жер, қай
жеңгені ел билеп, көсем болмақ.
Əкесі мен баласы аттың басын енді жіберейін деп тұрғанда,
оқыста құрманның қоңырауы естілді. Бұл – үш жақсы атын ше-

гіп шыққан Ұлықбек екен. Жас келіншегін шанасынан түсірді де,
əкесі мен бабасының қатарына барып тұрды.
Жұрт зəресі ұшқаннан құдайға жалбарына бастады. Бірақ бір
адам лəм деп, аузын ашпады. Қарт көсем бишікті қолға алды.

Жарысқа əзірленіп, Мадиас пен Ұлықбек те соны қылды.
Қарт Жаныс:

– Олай болса жарайды, – деді.

Керуен сарайшы:

– Бір! Екі! Үш! – деді.

Сонда үш өрім бұтақ – əкесі, баласы, немересі өлкемен
құйындата жөнелді.
Жазық өлке алақанның аясындай жұртқа көрініп тұр. Шүу де-
генде, əр қайсының жүрісін көріп тұрды. Содан кейін бірінен бірі

айыру қиындай берді. Ақырында үшеуі де ақ қардың үстінде ирек-
теп бара жатқан жылан іспетті болып кетті.
Мадиярлар қарт көсемнің бəйгесі қалай бітерін үнсіз бақылады.
Шалдар қарт жағында. Əлдебіреулер ауық-ауық жүгініп, кімнің

озғанын тілесе, сол үшін дұға оқыды. Əйелдеріне күдіктене
қарауға айналды. Олар ылажсыз қантөгіс боларын сезді. Жарыс
бітісімен, пышақтар сөзге кіріспек. Енді шаналар елбелектеген
қара нүктедей кішірейе-кішірейе ғайып боп кетті.

Жандарын жанышқан ауыр қапаны көтере алмай еркектері:

– Арақ, арақ! Əкел бермен! Тамағымыз құрғақсып барады.

Тезірек! Əйтпесе сарайыңды өртейміз, – деп айғай салды.
Мадиярлар қар үстінде. Екі көздері жазықта. Іштеріндегі
өрттерін сөндіргелі, арақты жұтып жатыр. Сағат жылдай көрінді.
Шаналар көрінбеді. Əлден уақта біреу:

– Келе жатыр, келе жатыр! – деп баж ете түсті.

– Ие. Ие! Əне. Əне!

– Бейнебір үш топ қасқыр, – деді де, арақ қойған жігіт құмыраны

құлаштап тұрып жерге ұрды.
Шаналар таянып келеді. Біресе айқасып, бірін-бірі тасалап,
біресе кесе қардың, немесе Төмпейдің тасасына түсіп, қылтылдап,
бұлтылдап келеді. Тымырсық аязға оқта-текте не қамшының қатты

зу еткені, немесе қоңыраудың алыстағы дыңғыры естіліп қояды.
Караса – Жаныстың қара аттары қарсы алдында келе жатыр
екен.

– Алдыңғы шал екен! Қалай дегенмен қартқа жету қайда? Мен

оның ақ сақалын да көріп тұрмын. Ол озып келсе бір күбі арақ
қоямын, – деп арақ сатушы айғайлап жүр.

– Оны шал деген қайсың? – деп көсемінің тоқалы шаптықты.

– Қайсы шал! Ол қайсыңнан болсын жас. Көрмейсің бе жүрісін!

Ол – көсем. Ие, Жаныс, Жаныс, байым көсем болады! Қалады...
Бірақ тоқалдың аузынан сөз түсіп кетті. Қапыда екі аттап
Мадиас алдына түсті.

– Мадиас! Мадиас! – деп көп шу ете түсті. Сықақтаған сөздерін

Жаныстың тоқалына қадады.

– Мадиастың аттары оқ жылан. Оларға тең ат жоқ! – деп

ақырып, егде мадиярлар пышағының сабын қармай бастады. – Ол
енді көсем болды!
Мадиас жүз құлаштай алдында келе жатыр. Оған таяу Жаныс,
Ұлықбек те бабасын босатар емес. Тұрған жұртқа Ұлықбек жоқтан

жаман. Оны мүлде ұмытып кетіпті. Қарақшыға жүз құлаштай
қалғанда, Ұлықбек аттары ұмтылып кеп кетті. Шалды басып озып
əкесінің атымен қатарласа түсті. Аттардың қайыстай созылуы сон-
ша, бауырымен қарға сырғанап келе жатқан тəрізденді. Алғашқы

кезде Мадиас болмады. Бірақ Ұлықбектің сақ еткен айғайы атта-
рына қанат бітірді. Əкесі мен бабасы ұзап қала берді.

– Ұлықбек! Ұлықбек! – деп, жас Мадиярдың келіншегі шы-

рылдады.

– Ұлықбегім, сəулем! Айда! Тезірек. Озам деп ең ақыры-ақ!

Сал қамшыны! Оз! Е, Ұлықбегім!
Əкесі мен бабасы ұтылғанын көрген соң, күдер үзіп, аттарын
тежейін деді. Ұлықбек қара үзіп кетті.
Сеңсең бөріктер аспанға ұшты. Топ сүйінгенін өкіріп біл-

дірді. Ұлықбекті ортаға алып, құшақтап, сүйіп жатыр. Келін-
шегі көкірегіне құлай еңіреп жатыр. Есінен айырылмайтын,
салқынқанды, жүлде алған жас жігіт жұртты кейін серпіп, қолында
қамшысы, сарай алдында тоқтады. Əкесі мен бабасы жастың ал-

дынан салбырып иіліп еңкейіп өтті.

– Сарайшы! Менің кісілеріме арақ! – деп ақырды да Ұлықбек

келіншегін шанасына мінгізіп жатып, божысын тырс еткізді. Не
болғанын мадиярлар жаңа білді.

– Олай болғанда, Ұлықбек! Ұлықбек десейші! – деп,

Мадиярлар шуласып, қуанысып, сүйініп шыққанға мəре-сəре бо-
лысты.

– Қайда сығандар! Соқ өлеңді, тарт күйді! Қуансын көңілдегідей

жаңа көсем. Ол болат қолымен көңілдегідей билейді! – десіп бірін-
бірі сендірді.
Сол түнде көршілердің үш отары (үйі) түтін боп аспанға шап-

шыды. Бұл қарт Жаныстың бірінші болу үшін азап тартып жүрген
кезіндегі алмақшы кегі екен.
Ертеңінде Мадиас əкесінің егінімен өз егіні арасына құрған
бөлік шарбағын талқан қылды.

Өткен-кеткен:

– Қалай, Мадиас, жаңа көсем жайынан сен не айтасың? – деп

сұрағанда, Мадиас:

– Айтатыным: ол – менің балам ғой, – деп кеудесін көтерді.

– Ол – менің немерем ғой, – деп баласының жұмысын көргелі

келген Жаныс та қыстырыла кетті. Неше жылдан бері амандаспай
жүрген əкесі мен баласы бірінші рет бір-біріне қолын берісті.

– Біз – шалмыз ғой. Кəртайдық қой. Ол – жас арыстан ғой,

– деп Жаныс баласына көңіл айтты.

– Мен бұрын көсемнің баласы едім, енді əкесі болдым. Жаныс,

сен өлгенше көп жасадың ғой, – деп Мадиас күңкілдеді.

СУ ЖҮЗІНДЕ

(Мопассаннан)
Өткен жылы Париж қаласында, Сенең өзені бойынан бір кіш-
кене пəтер алып, таза ауағашығып, сонда қонып тұратын болдым.
Кешікпей-ақ бір көршіммен таныс болдым. Жасы 30-40-тың шама-

сына келген кісі. Көріп жүрген адамдардың ішіндегі бір жаты еді.
Өзі қашаннан бергі қайықшы; қайықшы болғанда бір жансебіл,
өмірін мəңгі су бойында, су жүзінде кешірген бір адам. Қайықпен
бірге жасасып, күрекпен бірге көрге баратын тəрізді. Суға жаны

құмар бір адам.
Бір күні кешке екеуіміз өзен жағалап келе жаттық. «Су жүзіндегі
өміріңнен қызық əңгіме айтшы!» – деп сұрадым. Ыңқылдақ адам
еді, су деуім-ақ мұң екен, жүзі гүл-гүл жайнап, елеуреп, ақынша

суырылып, əңгімені көйіте бастады. «Су!» десе, жыны түскен дəу-
пері бақсыдай, құтырады.

– Айқай, заман-ай! – деп бастады балықшы. – Осынау беті

жыбырлап жатқан өзен қандай əсер қалдырмады маған! Өзен де-
ген не нəрсе? Көше халқы – Сіздер түгін де білмейсіздер. Өзенді
балықшының аузынан естіп көріңізші, қалай сөйлер екен. Су де-
ген – балықшыға бір жат дүние; өзгелерге ұғымсыз, оған өңгеше

терең сыр, шалқыма қиял. Елбелек сағым дүниесі, неден екені

белгісіз, меңіреу түнде, су жүзінде жүргенінде, қара түнде, мола
қыдырған адамша, тұла-бойың тітіреп, су бір көрсіз моладай,
ішінде жаналғыш дажалы бардай көрініп, жоқнəрсені көресің,
жоқ дыбысты естисің.

Балықшығақұры жердің шеті бар, албастыдай түнерген айсыз
түнде өзен деген шетсіз, түпсіз бірдеңе. Бұл əсерді көк теңіздегі
кемешілер де сезбейді. Рас, теңіз бұрқанса, үстіңе қатер де, қаза
да төнеді. Теңіз өкіреді, теңіз ұлиды; ол бет-жүзіңе қарамайды,

апшыңды қуырады, қол-аяғыңды бір уыс қылады; ол теңіздің
зорлығы. Өзен – бір тымырсық сұм. Ол өкіріп, бақырмайды, жы-
лымшылап, сылдыр қағып ағады. Ағын судың сол ағысы маған
дария толқынынан əлдеқайда қорқынышты көрінеді.

Теңіз астында əлденедей көз жеткісіз көкшіл, сарғыл сағым-
данған көрікті жерлер бар. Суға кеткен адамдар зеңгірдей балық-
тардың, бəйтерек ағаштардың, Гавмердей шыңның, құбыдай
құздардың ішінде жүзіп жүреді-мыс деп жүреді қиялшылар. Өзен

олай емес, оның түбі тұңғиық, оған кетсең, балдырға шырмалып
шірисің. Сонда-дағы өзен ч чсұлу. Өзеннің жаңа шыққан күн
нұрына шомылып, айнадай жалтырап, қалың кірпік арасындағы
жəудір көздей, қалың құрақты жылғамен күмістей жылтырап, шы-

мырлап ағып, сылдыр қағып жатқаны қандай ғажап сұлу!
Сыпсың қамыстың сырлы сыбдырмен сыңсыған шежіресі
тулаған толқын, ұлыған дауылдың көрлене соққан долы күйлері-
нен əлдеқайда үрейлі, əлденедей елегізіткіш бірдеңедей көрінеді.

Сіз əңгіме айт деген соң, енді сізге он жылдар бұрын бастап
кешірген бір уақиғаны сөйлейін!
Бір күні кешке түнде мінетін қайығымды түзетіп болып,
шаршаған соң, тыным алайын деп, қамыстың жиегіне келіп-

тоқтадым. Күн майдай жылы. Ай сəулесімен өзен айнадай жы-
лтырайды. Төңірек құлаққа ұрған танадай. Күннің тымығы қыз
сықылды. Темекі тартып алайын деп ойладым да, дереу зəкір
тастап жібердім.

Қайығым ағынмен əнтек сырғиды да, шынжыр тырсылдаған
соң тоқтады. Қайықтың көтіндегі сеңсеңіме жайланып отырдым.
Маңай өліп қалғандай тым-тырыс, анда-санда жиекке соғылған
судың сыбдыры ғана құлаққа еміс естіледі. Анадай жоғарыда

көрінген жиектегі қамыс біртүрлі сиқырлы түрге кіріп, адамды
«əне, шайқалды, міне, сылдырлады!»дегізгендей болды.

Өзен беті тіпті тынды. Мұндай керемет тымықтық маған біртүрлі ауыр əсер беріп, дамылсызданғандай болдым. Ел жатса да, жатпайтын қопа жыршылары – бақалардың үні өшті. Бір мезетте шошып оянғандар, оң жағымнан бақ еткен бақа дауысы шықты. Селк ете түстім. О да басылды. Бұрын қанша тартсам да, қанбайтын кісі, темекімді тартып бітіре алсамшы. Екі-үш сорған соң жүрегім қатты қағып, тартуды доғардым. Өлең айтып көрейін деп, дауысымды шығарып едім, өз дауысым өзіме естілмеді. Сонан соң қайықтың түбіне шалқамнан түсіп сұладым да, аспанға қарадым. Недəуірге шейін ешнəрсе білінген жоқ. Аздан кейін қайығым ақырын теңселіп, мазамды ала бастады. Қайығым біресе көкке көтеріліп, біресе төмен құлдырап, өзеннің екі ернеуіне кезек соғылған тəрізді болды. Қайығымды бір мақұлық, бір белгісіз күш су түбіне қарай тартып барады екен деп ойладым. Сөйткенше болмады, қайта босатқандай, қайығым қайта көтерілгендей көрінді. Тағы да дауыл соққандай қайықты ойнақтатты, маңайымның бəрі суылдағандай болды. Басымды жұлып алып, атып тұрдым. Су манағы қалпы, жалтырап тұр, төңірек тып-тыныш. Тегі менің сезім тамырларыма бірдеңе пайда болған екен, бұ жерден кетейін деп, ойладым. Шынжырымды тартып едім, мізбақпады. Қайығым ойнақшып, ыршып-ыршып кетті. Бір дүкірт ұшырағанын сездім. Күшімді жинап, «ауп!» деп, күшене тартып едім, зəкір тырп етпеді. Зəкірім тереңге барып, бір нəрсеге ілінген болса керек, тартып ала алмадым. Қайтадан тартып көрдім, болмады. Күректі қолыма алып, қайықты ағынның бетіне бұрып алып, зəкірді аударайын деп, есетін кеп, зəкір жылжымайды. Күйіп-пісіп, жынды кісіше шынжырды жұлқылаймын. Орнынан мызғымайды. Салым суға кетіп, қайтерімді білмей терең ойға кеттім. Шынжырды үзуге болмайды: жуан, мықты шынжыр. Қайықтан ағытып жіберуге тағы болмайды: жуан ағашқа берік шегелеулі. Енді не қылу керек? Күн жылы ғой, біреу-міреу келер, шығарысар деп, өзімді жұбатқан болдым. Еңбегім рəсуа болғаны жабықтырды; отырып шылым тарттым. Бір бөтелке арағым барды, орта стақандай, жұтып алдым. Өз күйім өзіме күлкі көрінді. Күн мейлінше жылы, кірəржитін дəнеме жоқ, су жүзінде түнеп шығуға болатын. Кенеттен қайықтың бүйіріне бірдеңе дүрс еткендей болды, қолаң ете түстім; суықтер саулап коя берді. Ағып бара жатқан

ағаш, əлде басқа бірдеме соғуға мүмкін ғой, бірақ сол дүрсілдің өзі тұла бойымды дір еткізе түсірді, тамырларым желпініп, желіге бастады. Жанба-жан шап беріп, бар күшіммен шынжырды тарттым келіп, тарта-тарта сіресіп қатып қалыппын, зəкір баяғы қалпы. Дымым құрып қайта отырдым. Сүйткенше болмады, мұнартқан қою тұман өзен жүзін бүркей бастады. Тұман төмен түсті, суға бауырын төседі. Өзен де, аяғым да, қайық та көрінбейді. Қамыстың бастарын одан əрі айдың бозғыл сəулесі түскен, аспанға өрлеп созылған, əр жерінде теңбілі бар жазықты ғана айырамын. Теңбіл көрінген шоқ бұта болса керек. Белуарыма шейін ақ қағаз дастарқанмен оранған адам тəріздімін. Ойымды керемет, жат қиялдар басты. Қайығымды көре алмаймын. Қайығыма біреу мінгелі жатқан іспетті. Қалың тұман қаптаған өзен бетінде жан шошырлық неше алуан мақұлұқ жан-жағымнан анталап ұшып жүрген іспетті. Шеке тамырым солқ-солқ етіп, жүрегім аттай тулады. Тұншықтым, басым айналды. Өзеннен малтып шыққым келді. Кенет үрейленіп, бойым тітіреп кетті. Көзсіз тұманда, өткелсіз қамыстың, шөптін арасында, құтылуға дəрмен жоқ; өлгенім ғой деп ойладым. Жаға көрінбеді. Қайық жоғалды. Қараңғы тұңғиыққа қарай аяғымнан біреу сүйреген тəрізді болды. Ағынға қарсы бес жүз адымдай жүріп, балдыр мен қамыстан өтіп, беті ашыққа шықсам, кəрлі тұманнан, қатерден құтылар едім деп ойлаймын. Қорықпайын деп қайраттанамын, бекінемін, болмайды; ішімде қайраттан басқа бірдеңе бар сияқты. Сол бірдеңе қорқа береді. «Осы мен несіне қорқамын?» – деп сұраймын өзімнен. Мендегі батыр «мен» қорқақ «менді» мазақтайды, күледі. Дəл сондағыдай біріне-бірі қарсы ішімдегі екі мақлұкты одан бұрын да, соң да анық сезген емеспін. Бірі: «Қорықпа», - дейді, бірі қорқа береді. Екеуі біресе кезек жығысады, біресе ит-жығыс түседі. Білімсіз қорқыныш шырлығып, жан шошырлық үрейге шапты. Көзім шарасынан шығып, құлағымды түріп, қыбыр етуге сектеніп отырмын. Нені күткенімді өзім де білмеймін? Əйтеуір күткен қатерім зор. Егер сол кезде судан біреу қылт етіп шыға келді бар ғой – сөз жоқ талып қалуыма. Сонда да қайратымды салып, шығып кеткелі тұрған есімнен айырылмадым. Бөтелкеме тап беріп, арағымды басыма тағы көтердім. Басым əнтек айығайын деді. Со кезде жан-жағыма

қарап, пəрменімше айқайды салдым. Өңешім жыртылып, тамағым қарлыққан кезде, құлақ салдым, əлдеқайдан иттің ұлығаны естілді. Қайық түбіне терейіп тағы жаттым. Көп жаттым шамасы. Ет пісірімдей уақыт өткен шығар. Көзім ілінбеді. Маңайым толған көрқыныш. Басымды көтеруге батылым бармайды; Əне тұрам, міне тұрам деп, тұрғым келіп тағы шыдатпайды. Кешіге беремін. Тұра алмаймын. Не керек, аяғында сақтанып, ептеп басымды көтердім. Титтей сыбдыр шықса, жаным шығып кететіндей көрінеді. Қайықтың ернеуінен сығаладым. Адам өмірінде табиғаттың қандай тамаша, қандай ғажап түрін көруге несіп болса, сондай ғажап сүгірет жарқ етіп көзіме көрінеді. Əлде перизаттар жұртында, əлде сұлу ертекте, əйтпесе біз көрмеген шет жерге барып, қайтқан саяхатшылардың əңгімесінде ғана болмаса, жалпылама кісі көре бермейтін керемет еді ол көрініс. Əлгіде ғана мақтадай ақ құндаққа бөлеулі су, су үстіндегі қалың тұман бірте-бірте серпіліп, жиектен көтеріле бастады. Өзен беті тұманнан тазарды. Өзеннің екі жағасында арқан бойындай жоғарылаған ақ тұман, тізбектелген өркеш-өркеш таулардай болып, ол таулар ай сəулесімен самаладай сандақтанып, аппақ қардай жарқырап, көз шағылысады. Сөйтіп ақ қаздай тізілген кенерелі таулардың жүмесімен балқыған ақ күмістің толқындары жүзіп жүрген іспетті. Осыдан бір бөтені жоқ. Жоғарыда, қақ төбемде көк шұбар аспанда ақ табақтай жалтырап он төртінен туған əдемі ай тұр. Барша су мақлұктары оянды. Шошып оянғандай бақалар да бақылдады. Оқта-текте біресе оңнан, біресе солдан тасбақаның қоңыраудай сылдыраған келте-келте қоңыр күйі жұлдызбен тілдескендей, көкке шапшып сыңғырлайды. Ғажап, қорыққаным басылып кетті. Сондай көрікті табиғат қойнында қандай керемет жат нəрсе көрінсе де, маған түк таңсық емес еді. Осы көрініс қаншаға шейін тұрғанын білмеймін, өйткені көзім ілініп кетті. Əлден уакытта көзімді ашсам, ай көрінбейді, аспанды бұлт қоршапты. Былдырлап, сақауланып су күрілдейді. Жел тұрды. Суыта бастады. Түк көрінбей кетті. Қалған арағымды қағып салып, қалшылдап, қамыстың сылдырлы сыбдырына, өзеннің күріліне құлақ салдым. Бірдеме көрінер ме екен деп жан-жағыма үңіліп, көзімді сүздім. Қайықты да көрмедім. Көзіме тақасам да, қолымды да көрмедім...

Қараңғылық аз-аздап серпілейін деді. Қапылыста қасымнан
қараң етіп, бірдемс көрінгендей болды. Дауыстап қалдым. Біреу:
«А!» – деді. Балықшы екен. Шақырдым. Келді. Келді, айттым.
Қайығын қатарластырып қойып, секеулеп шынжырдан тарттық.

Зəкір міз бақпады. Таң атты. Жанға жабырқау салатын жауын-ша-
шынды, қара желі аралас қара қабақ жаман күн еді.
Тағы бір қайықшыны көрдік. Оны да шақырдық. Зəкірді үшеулеп
тарттық. Бірте-бірте қозғалды. Ауыр жүкпен келе жатқандай зəкір

баяу көтерілді. Əлден уақта зəкірге ілініп қарайған бір нəрсе
көрінді. Көтеріп қайыққа салдық.
Ол мойнына келтектей тас байлаулы бір кемпір екен.

ЗАҢ БІЛМЕСТІҢ ЗАРЫ

(Конрад Берковичтен)
Мұрда ақсақалдың аймағындағы маздем руының бітеу арбала-
ры қаздай тізіліп, сазды тар жолмен ілбіп келеді, бұл жол Дунай
өзені бойындағы Қилы қалашығынан шығып, тура Қаратеңіз жие-

гіндегі румынның Тұлше деген қаласына апарады.
Бір күннен артық байыз тауып, бір жерде қонып отыра алмағалы
маздемдерге, міне, үш айдың жүзі боп барады. Мұжықтың бір
қаласына келе ме, қаланың əкімі салып жетіп келеді: жоғарғы

ұлықтан «қағаз» бар, маздемге жайланып жатуға жол жоқ, дей-
ді. Мұрда ақсақал мұндай қысаң жарлықтың себебін білейін деп
қала отағасынан сұрап байқаса, «жарлықтың аты – жарлық, оған
не себеп сұрайсың?» деп, аяғына отырғызбайды. Қилы қаласына

келгенде ғана Мұрда істің анығына қанды; бұ қаланың ақсақалы
Мұрданың ескі досы еді; оның айтуы: маздемдердің көтін жер
иіскетпейтін себебі: үкімет бұлардың аяғына тұсау салып,
отырықшы ел қылмақ екен. Жолдағы қалалардың əкімдері сол

заңды орындамақ екен. Мұрдаға досының айтқаны:

– Заң бұдан былай маздем болмасын дейді. Заңға бағыну керек.

Мұрда достым, əңгіме осылай, – деді.
Досы үй дегенде Мұрда Дунай суын қолымен нұсқап:

– Мынау Дунай өзенін теңізге құйғызбауға заңдарыңның əмірі

жете ме? – деп сұрады.
Досы:

– Оны қылу менің қолымнан келмейді. Бірақ үкімет өзенге үлкен бөгет салып, ағызбай тастаймын десе, əмірі бар ғой, – деп үкіметті қуаттаған кісімсіп, кеудесін көтеріп, қоқиланып қойды. Бөгетің де ұзаққа бармас. Өзен теңізге барып құюға дереу тың жерден жол салып алар. Өзеннің өз заңы бар – ол теңізге құю заңы. Мен бір рудың көсемімін, өз халқыма мен де заң шығарамын, алайда өзенді теріс ағызатын заң менде жоқ. Мен – Мұрда саған айтайын, ел билеу деген – өмірге бөгет салу емес, өмір ағынын тексеру деген сөз. Біздің əдет-ғұрпымыз сендердікімен бір емес. Өзен біткен теңізге бір-ақ жерден құймақ емес қой. Заңдарыңыздың кесірінен жолда төрт атымыз өлді. Екі кісіміз ауырып жатыр. Қатын-баланың, иттердің түріне қарашы. Бəрі де арыған, шаршаған. Арбаларымызды бір жұма бүтіндесек іс, бітпес. Бір дөңгелек жөнді жүруден қалды. Бел ағаштар майысып кетті. Күн болса, міне, суытып барады. Таулы жерге қар түсті. Бізді енді қасқыр жем қылмай ма? – Мұрда, қалай безектесең, олай безекте. Бұйрық – бұйрық боп қала береді. Қала отағасысы оны бұза алмайды. Сонымен, маздемдер қираңдаған арбаларына сығылыса мініп, тулақтарын тыртаңдатып, жаман иттерін шұбыртып, Тұлше қайдасың деп тағы да қалқақтады. Маздемдерді неге қуа бергенін білген соң Мұрда ақсақал кіндік кесіп, кірін жуған туған Тұлшеге барып, қыстап шығаруға рұқсат алам ба деп ниет етті. Қара теңіз жиегіндегі Тұлшеге жеткенше табандатқан ай өтті. Титығы құрыған тағы екі ат жолда пышаққа ілінді. Адамнан бір еркек шығын болды. Теңіз тығырығына таяна бергенде, Мұрданың қатыны бір еменнің түбіне көмілді. Оның өзін түнде көмді. Таң рауандап келе жатқанда, көрдің бетін жылмағайлап, тегістеп тастады. Көрден шығарылған топырақты шашып, желге ұшырды. Маздемдердің заңмен жаны өш қой. Өмірін жол жүрумен өткізген Мұрданың жұбайына жол бойынан топырақ бұйырды. Заңның мұнда не ақысы бар? Маздемдер Тұлшенің қарасын көргенде, алғашқы ақ көбік қар жерді де басып еді. Жиырма шақты атты мал қылуға үлкен күтім керек. Қатын-балаға жылы орын, тамақ, киім керек. Еркек біткен қысқа баспана орнатып, тəкиеде (қонақ үй) араққа жүзіп, арыған, шаршағанын ұмытып та кетті. Алғашқы жексембі өткен соң дүйсембінің сəтіне қысқы бас пайда қылыңдар деп Мұрда бұйрық етті. Арбаларды қаралай тар-

тып, дөңгелектерін күбшегіне шейін көміп, жерге қазықтап бекіт-
ті. Үш қора соғылды: бірі ұста мен арбашыға, енді бірі – ас үй,
үшіншісі, ең үлкені – қора. Төрт күн өткенде қысқы пəтер дайын
болды. Аттар да, иттер де, қатын-бала да тəкиеден тасылып,

қораларына, арбаларына орналастырылды.
Мен жоқта жұмысты бітіріп қойыңдар деп Мұрда жоғалып
кеткелі қашан. Ол шошқа тағалап жүрді ме? Жоқ, одан да бетер
жұмыста жүрді. Тұлшені қыстап шығуға лұқсат ала алмай, таба-

нынан таусылып жүр еді. Өзі жүргенше басқа еркек жіберсе бол-
мас па екен? Болмайды. Отыз жылдай осы руды билеп келген өзі,
ыстығына күйіп, суығына тонған өзі. Өзгеге ол қалай сенсін! Əкесі
де, бабасы Үлпі де осы рудың бас көтерер адамы болды. Билеуші

де, биленуші елі де бірінің сырын бірі жақсы біледі. Билеушінің
сөзі екі боп көрген жоқ. Бірақ қаталдық болған жоқ. Қаталдық
істерлік Мұрда осал-оңтағай отағасы емес, тым айбынды, тым
күшті ғой. Ол ел билеуге бола жаратылған жан ғой. Оның келбеті

қандай! Екі иығына екі кісі мінгендей, бойы еңгезердей, күмістен
шапқан, айбатты арыстандай, а дегеннен көзге түсетін адам.
Маздемдердің басшысын іздеген бөгде кісі Мұрданы көрген жер-
ден, айтпай-ақ таныр еді. Алпысқа келгенше Мұрданың көзінен

оты кеткен емес, бетінің өңі тайған емес. Бұлшық еті тоқпақтай,
ұзын, қошқыл қолының қажыры қайтқан емес, жұріс-тұрысқа
жастан бетер оңтайлы. Мұрданың тілі сараң, сөйлесе мəтелдеп,
тақпақтап, жұмбақтап сөйлейді, бірақ сөзінде маңыз бар. Оның

саңқылдаған күшті дауысы өзгелерді ұйытып алады. Мұрданың
сөзі – өзгелерге заң. Бұл руда оның бетіне қарсы келер жан жоқ.
Көсеміне əкімдер қарсы болғанына өз адамдары таң қалды. Қалай
батылы барды десейші! Бұл Мұрда Ыстанның ұлы, қасқыр Лүпінің

немересі ғой!
Мұрданың руы қысқы жабдығын бітірер-бітірместе Тұлшеге
маздемнің өзге рулары да келіп орнады. Бұларға да орман түбінде
қыстап шығуға лұқсат берілген екен. Екі рудың басшылары

Мұрданың шатырында бас қосып, адамдарын қысып ұстауға сөз
байласты. Мұрда сөз қозғады: «заман жаманға айналды. Қайда
барсаң, заң маздемге қарсы. Тұлшеге келіп қана көз ашып отыр-
мыз; бұл жерде жанжал шығарып, немесе біреудің мүлкіне қол

салғанымызды сезіп қойса, бір күнде отырғызбай, қуып жібереді,
өзара жайланып, орын теуіп алғанша тəкиеден де аулақ болалық.
Жаз шыға, келесі жұмысты кезінде көрерміз».

Кеңесіп, осыған жə, бəсе десті. Тұлшеде пайда табуға бол-
мады. Оқта-текте ат, сиыр, шошқа сатып алып жүрді – болғаны
сол. Еркектер күні бойы аттарын күтіп аласұрды. Əйелдер тамақ
істеп, кір жуып, киім тігумен күн өткізді. Балалар шатырды,

қораны айналақтап, алысқа шықпады, ұсталыққа барып, көрік
басты, атқорада үймеледі. Кешкілікте ойын-сауық құрып көңіл
көтерісті. Жылқының демімен жылынған бір атқорада бірсыпыра
еркек қарта ойнап, жастар, бозбала мен бикештер скрипке, қобыз

тартқызып, билеп, думан қылды.
Қыздардың ішінде бір қыз болды. Ол кім десең, рубасы
Станкенің қызы – Лене екен. Ленеден сұлу талай қыз бар гой, сон-
да да бозбаланы Ленеден көп шұбыртқан қыз болған жоқ. Лене

қайда барса, бозбала топ-тобымен соның соңында.
Жаңа жыл мейрамының қарсаңында Ленені алам деушілер
бір қора болды. Лене бұл күйеулердің бəрін де дəлел қып қойған.
Сондықтан күй билегенде бозбалалар Ленені қолдан қолға түсір-

мей қағып əкетіп, өзге қыздарға билеуге жігіт жетпей тотиып
қалатын болды. Зəуде «күйеулерінің» бірі басқа қызбен билегенін
Лененің көзі шалды-ақ, ол күйеу дереу қызын тастай беріп, қайқиып
шыға келер еді. Жігіт біткенді көзінің құйрығымен ұршықтай

айналдырып қойған Лененің өнеріне қатындар сүйсінеді, қатты
ұнатады, еркектер мұның арты қан болмай тарамас деп ішінен
түршігеді. Бұдан өзге кезде де мұның пəлесі де жоқ қой. Бүйтіп
қызға таласқанда қырқысып төбелесер еді де, жеңгені алар болар

еді. Енді ондағы күн бар ма? Төбелестің арты насырға шапқалы
тұр.
Лененің күйеулері ішінде Мұрданың руынан Менке деген бір
жігіт болды. Мұрда Менкені жақсы көруші еді. Менке сегіз қырлы,

бір сырлы, жігіттің абыланы, қиын-қыстау жерде Мұрда ақсақал
сөзімен ақылдасады. Мұрда бір жаққа кеткенде Менгені жұрт, жас
та болса, бастай көреді. Менкені жасы жиырмадан асты ма екен.
Кейде ақсақал да Менкені кеңеске шақырар еді. Мұрданың бел ба-

ласы Некалай əн-күйге бола жаралған, тəтті қиялдан басқа түкке
жарамайтын жігіт боп шықты.
Жаңа жыл мейрамының алғашқы күні маздемдердің төрт
руы, барлығы екі жүздей кісі бас қосып, ұлы жиын-той қылды.

Үлкен атқораға ұзын-ұзын қарағай үстелдерді қатар-қатар қойып,
қабырғаларын кілеммен, жасыл гүлмен, төбесін түрлі-түсті
шырақтармен безеді. Оттықтар балалардың сыбағасына тиді. Ру
сайын бір жасар шошқа, қабымен ақ ұн, қант, шай, түрлі тамақ,

күбімен арақ ала келді. Тамақ астатөк, əйелдерге тұщы арақ, еркектерге ащы арақ, жүрек жылынғанша, қан қайнағанша арақ ішілді. Қаланың тəкиесінен де өздерінің шатырында бас қосып, кешкілікте кептесу еркектерге қандай көңілді! Ақсақалдары өз руына ет кесіп беріп, əйелдері еркектердің сауытына арақ қойып, əзілдесіп, ойнап күлген қандай қызық! Жұрт тамаққа əбден тойып, күйшілер скрипкесін, қобызын күйлеген кезде жігіттер Ленені ортаға алып жатқанын Мұрданың көзі шалды. Арақтан кенде болған кісі жоқ. Басқа рудың жастары басшыларының уысынан шығып кетсе, төбелес бола ма деп Мұрда сескенуде. Бірақ оларды арақ ішуден қалай тыйсын – өз жігіттері емес – өз жігіттеріне ғана арақ ішкізбей қойса, əділдік те болмас еді. Мұның жігіттері өзге рудікінен кем бе? Қалайда төбелес шыққалы тұр. Мұрданың іші сезіп, пəле бола ма деп, қорқып отыр. Не қылу керек? Қаны қайнаған, қолы қышыған жігіттерге басқа бір ермек, басқа бір жол тауып, төбелестің бетін бұру керек қой. Үстел басында отырған Мұрда замат ұшып түрегеліп бозбалалардың ортасындағы Ленеге қарап: – Ақырын! – деп ақырып қалды. Ет ұстаған, арақ сауыт ұстаған қолдар ауызға жетер-жетпесте қалшиып қалды. Жұрт аң-таң, жымдай. – Бүгін мейрамның құрметіне мынау жігіттерден Ленеге күйеу таңдап алуға еткім келіп тұр. Қалған жігіттерге өзге қыздар да жетер. Лене кім жеңсе, соған тиеді. Пышақсыз, жұдырықсыз күрес болады. Кімнің маңдайы жарылғанын білгенше арақты доғарамыз. Ендігі арақты жеңген жігіттің тойына ішеміз. Мұны Мұрда айтады ғой. Ленеге бұл сөз ұнамады. Лене еркектің жақсы көргенін де қыздардың көзін қызықтырып, күндестігін қыздыруға жаны құмар. Əттең, дүние! Лененің əкесі, ру ақсақалы – Станке елден бұрын Мұрданың сөзіне құп деп қойды. Амал қанша? Станке отағасы ішінен: «Мұрда кемеңгер ғой. Бұдан даңды жан өте ме?» деп ойлады. Төбелес лажсыз болатынын о да сезген ғой. Пышақсыз, жұдырықсыз күреспен төбелестің бетін өзге жаққа аударғаннан артық табылған ақыл бола ма? Лененің де еркектерді жынды қылуы, қыздарды мазақтауы жетті ғой. Үстелдерді кейін ысырып, қораның бір бұрышына құрсаулап арқан керіп, күресшілерге орын босатысты. Төрт рудан төрт басшы биі болады. Күрес басталғанша төрт жігіт сықталып шықты.

Оның бірі – Мұрда руынан Менке батыр. Қалған жігіттер Ленеден күдер үзіп, өзге қыздарды айналдыруға кірісті. Күрестің жайын Мұрда жариялады. Аяғына шейін жығылмаған жігіт – жеңген, жауырыны жерге тиген жігіт – жеңілген. Əуелі кім, кіммен кім күресетінін зеребе шешеді. Зеребеден əуелі Менке мен Жорға күреспек боп шықты. Менке білекті сыбанып, омырауды ашып, Жорғаға қарсы барғанда, одан анақұрлы қораш, əлсіз тəрізді көрінеді. Бірақ Менкенің қара күші кем болғанмен тəсілі, ақылы мол еді. Лене қасындағы қызға қарап: – Менке, мен үшін ажалыңа қарсы бардың-ау! – деді саңқылдап! Менке Жорғаны шүйдеден мықтап ұстап жатып: – Лене, қата айтасың, басқаның ажалын мен жеткізермін! – деді. Жұрт қыран-күлкі болды. Жорға сасып қалды. Ол Лененің сөзін де, Менкенің жауабын да есіткен жоқ. Жұрттың қаңқулап, қарқылдап күлгені төбесінен жəй түскендей көрінді, денесі тітіреп кетті, сол-ақ екен, Менке арқалап алып, көтеріп соқты. Балуанды қошеметтеген айғай қораны жаңғырттырды. Белуарына дейін жалаңаштанған Менке жеңін де сұқпастан тонын жамылып, Лененің оң жағынан орын алып, ана балуандардың күресіне көз салды; қай жыққанымен өзі күреспек қой. Жауын мықтап, көңілі тасыған Менке бəйгелі қыздың қасына келген соң қарап отырсын ба: – Қалай, Лене, екеуімізді қосам деп бүгін Мұрда жақсы ақыл тапты-ау! – деді. Лене жып етіп бетіне қарап: – Сенің Мұрдаң – бір қу түлкі. Бұл ақылы үшін мен өзі өлгенше жек көрдім. Асатпай жатып, сен де құлдық демей тұра тұр, – деді. – Қойсаңшы, Лене. Өзің бері қарашы. Мен кімнен кеммін? Мен анау екеуінен де артық емеспін бе? – деп балуандарды нұсқады. Қыз Менкенің басынан аяғына дейін қарап: – Сен бір жирен бас қыртсың! – деп тежеп тастады. Күрес болып жатыр. Балуандар қимылдаған сайын жұрт айғай салады. Тысқарда жел уілдеп орманның ағашымен алысып жатыр. Іште қызға бола жігіттер күресіп жатыр. Отырған жұрт əр рудан, олардың күресінде əйелден өзге де мақсұт бар. Олар бұрын да шекісіп жүретін. Əнеу күнгі ат шабыста Миронның аты алдынан

келген, Степкенің аты қалып, Миронға атын бəйгеге тіккен. Аты
озып, Степкенің атын алып тұрып Мирон самсаған сар қолдың
көзінше:

– Мұндай мəстекке жем беріп не керек! – деп Степкенің атын

алтыатармен басып салған.
Мұндай қаталдыққа Степке түк қыла алмады. Атты алған
Мирон, өз атын не қылам десе, еркі ғой. Бірақ Степке атын жа-
нындай жақсы көретін. Өз қолынан өсірген байырғы жануары

ғой. Атын аяғаны былай тұрсын, жұрттың көзінше қорлағаны өтіп
кетті ғой. Мирон тегін қылған жоқ. Степкенің руына кетпес таңба
қылғалы атқанын біледі. Енді Степке ішіне қан қатпай тұрар ма?
Мұрда күресті шығармай тұрғанда-ақ осы кектің ұшқыны

сезілген. Степке мен Мирон тіленіп күреске шыққанда-ақ Мұрда
ойларын біле қойды. Алғашқы күрескен балуандардан да жұрт
бұлардың күресіне қатты қызулады. Бұл күрес жалаң қыз үшін
емес, қыз деген тек сылтау екенін Лене де білді. Сондықтан Лене

күреске қарамай, қораның ана жақ бұрышына барып, орындыққа
отырып, шылым тартты.
Лененің сып етіп кетіп қалғанын Мұрда мен Менкеден басқа
жан байқамай қалды.

Əр-берден соң Лененің қасына келіп отырып Менге:

– Екеуін де жек көрем, – деді. – Бізге сонысы керек қой, – деп

күлді.
Бірталайға дейін екеуі де үндеспей отырды. Содан кейін
Лене Менкенің мойынын қатты құшақтап, бауырына тығылып,
құлағына сыбырлады:

– Менкем, жиренбас сайтаным. Сен жеңуің керек. Сені мен-

дей сүйетін жан болмайды. Мен білем: Миронды Степке жығады.
Степкені сен жығуың керек. Жығасың, жығасың! Менкем, жирен-
бас, сəулем... Сен бəрін жеңуің керек.
Жас маздемге мынау жат нəрсе ғой.

Лене орынынан тұрып, Менкеге ым қағып есікке қарай
жөнелді. Тысқа шыққан соң Менкені шөпілдетіп, үсті-үстіне сүйіп:
«Менкетайым, сен жеңуің керек, жеңесің... əйтпесе мен сені
өлтірем... сен жеңуің керек» дей берді.

– Ленежан, сенің айтқаның болар, – деп Менке асығып қораға

кірді. Қорада ақырзаман орнаған. Степке Миронды жығып салып,
езгілеп жатыр. Жауырынын жерге тигізе алмай жатыр. «Болма,
болмалап!» Мирон жағы бажылдайды. Бірақ Миронның əлі кел-
меді, аяғында өлген кісідей серейді.

Дəл сол кезде тік көтеріле төбелес болып кете жаздады. Долы
маздемнің асау қаны мейлінше қызған. Арты жаман болар-ау де-
ген ой адамның басына кіріп шығатын емес. Бірақ құдай сақтады.
Құдай емес-ау, Мұрда сақтады. Мұрдадан үлкен ақсақал жоқ,

оның тілін алмауға бола ма:

– Біреу дыбыс шығарсаң, дереу мерт боласың! – деп ақырды

келіп.

– Менке қайда?!

– Мен мұнда, ақсақал! – деп Менке топты киіп-жарып майдан

жеріне ұмтылды.

– Сен əзірмісің, Степке? – деп Мұрда Степкеден сұрады.

– Не үшін əзір болам? – деді Степке дым білмеген кісідей.

– Сен немене? Менкемен күресетініңді білмейсің бе?

– Менкемен несіне күресем?

– Ленеге бола күресесің.

– Ленеге бола ма? – деп таңырқап Степке қайта сұрады. – Мен

Ленеге бола күрескенім бе? Түу-у!..

– Ол кімге дəргер? Маған ба? Станкенің қызы Ленеге бола

күресем бе? Құдай сақтасын! Ленеден Қазге мың есе артық емес
пе? Бергеш, Қазге.
Деді де Степке Қазге сынды сұлуды құшақтай алды, маздем
жұртының салтына қарағанда бұл арада Степкенің қылмысы асып

кетті. Ленені қорласа, əкесін қорлады, Станкенің руын қорлады;
сол үшін басын бəйгеге тігіп тұрған Менкені қорлады; қызды
менсінбей күреспей қойды; Мұрданың руын қорлады; тағы да
неше түрлі ұлылы-кішілі қорлық көрсетті.

Жұрттың көзі кенет Менкеде бола қалды. Содан кейін Мұрдаға
тігілді.
Мұрда сонда айғайлап: «ендеше Лене Менкенің қатыны бо-
лады... Келіңдер, екі жастың талайы ашылуына ішіп жіберейік»

дегені ғой.
Бұлай бітеді деген кімнің ойында бар? Бəрі де қуанып кетті.
Араққа жерік боп отырган жұрт бас қойды. Күйшілер күйді гу-
летті. Жастар билеуге кірісті. Менке мен Лене екеуі бір бұрышқа

барып отырды. Ленені қалың ой кернеген: көзі қызарып, еріні жы-
бырлап, бойы қалтырап барады.
Степке ақыр-ақ кегін алды. Қашаннан бері ти деп Ленені
көндіре алмай жүретін. Енді сол ызасын алдына келтірді, сонда

кімді алды десей? Лененің сұр дұшпаны Қазгені алды-ау! Мұның

бəрін істетіп отырған Қазге екені Ленеге аян. Мұндай кілтипан
əйелдің ғана қолынан келеді ғой. «Бір əйелдің айласы қырық есек,
бір қашырға жүк болады» деп бұрынғылар бекер айтты деймісің?
Степке Мироннан кек алу үшін күреспеген екен. Ленені алу үшін

де күреспеген екен. О түгілі өзіне тимегеннің қаржуын қайтарайын
деп те ойлаған жоқ екен. Тек Қазгеге жағыну үшін күрескен екен.
Бəрі де ашылды... Тал түстегідей бадырайды!..
Менкенің де сүреңі келмеді. Ханның қызындай Ленені Степ-

ке бір ауыз сөзімен жер үстіндегі əйелдің қоры қып тастады-ау.
Лененің атын атағанда Степкенің «түуу!..» деген түкірпімен-ақ
Лененің құны жойылды-ау. Лене күресуге тұрмайтын қыз боп
қалды-ау! Қасында қатар отырған сұлу қыз жұрттың көзінше

əлдебіреудің пысқырмай кеткен қызы боп шықты-ау! Қорлық-ай,
қорлық-ай!
Мұрданікі қата. Степке тірі тұрғанда бұған қатын бола ала
ма? Бұл адамгершілік емес... Бұл заңға сыймайды. Аңырған

қалыңдығымен қатар отырғанда Менкенің ойлағаны осы. Екеуі де
тіл қатыспады.
Таң алдында шалдар соңғы стақандарын ішіп, көй-көй əнге
басқанда, жастар билеп қызыққа батқанда Степке мен Менке

қорадан шығып жөнелді. Əуелі Менке шықты. Кідірмей оның
артынан Степке кеткен соң не боларын бəрі білді, бірақ тырып
еткен жоқ. Күйшілер күйін доғарды. Би тоқталды. Қаралы үйдей
тым-тырыс болды. Құлақтар желдің ызылына, көздер есікке тігіл-

ді. Лене Қазге жаққа қарады да, делегей ала көйлектің қалтасынан
дөңгелек айнасын алып, өзін, қою қара шашын талдап тарай бас-
тады. Кідірмей есіктен Менке де көрінді. Жалғыз! Қазге «аһ!» деп
шалқасынан түсті. Көтеріп шатырдағы шешесіне алып кетісті.

Содан кейін Менке мен Ленеден басқаның бəрі жабыла тысқа
жөнелді.
Степкенің денесін төрт ақсақал арулап көрге көмді. Келешек-
те төбелес шықпасын деп бұдан былай жиналып ойын қылмалық

деп ұшарысты. Ақпан ақырған аяз болды. Боран тынбай соқты. Та-
лай еркек атқорада түнеді; суық өте құтырған кездерде қатын-бала
да ұйлығып, салам мен шөптің арасына кіріп, жансауға қылды.
Ұстаның дүкенінде еркектер көрік пен төсті шырғалап, атқа

таға, арбаға табан соғып, күн кешірді.
Менке де үнемі жұмыста. Көрші тəкиеге барып, ой сататын,
ат алатын мұжық іздеп, одан, бұдан сұрастырып, алыпсатарлық

қылып, пайда тауып жүрді. Тапқан ақшасына сүйген жары
Ленесіне мақпал шəлі, шұп-шұбар алқа, шолпы, тарақ, күміс
сақина, күміс білезік сатып əперді. Бірақ Менке жан сəулесіне
сүйгендігін көрсеткен сайын сəулесі қырындай берді.

– Сен кімсің? Сен құлсың, Мұрданың құлысың. Сенің теңің

– құл. Сенен де Степке мың есе артық, – деп Лене Менкені келе-

междеп күлетін болды.
Əуелгі кезде Менке оның сөзіне күліп жүрді. Лене рубасының
қызы ғой, байы басқа біреуге бағынғанды қаламайтынын
Менке сезіп жүрді. Əйтпесе əйел бола ма? Менкеге рубасы бо-

лудан ешбір үміт жоқ. Мұрдадан кейін оның орынын баласы Не-
калай баспақшы ғой. Қыстыгүні ұзақтың сары кешінде Лененің
дөйім айтатын əңгімесі осы. Оның қылмаған айласы жоқ. Жы-
лайды, жұлқынады, күлгірленеді, алдайды, еркелетеді – бəрін

қылды. Не үшін? Байы еркектерден асам деп талпынуы үшін.
Мұрда қартайды, кірпідей жиырылып, тұнжыр тартты. Соның
тəртібіне елдің көбі наразы екенін Лене неғып білмесін, Некалай
болса, о – бір шірік, оның скрипкеден басқа білері жоқ. Менкеге

талайын сынамайтын не бар. Өзгеден күшті де, ақылды да ғой.
Оны Лене біледі. Менкенің тара бойындағы міні – бір шалға құл
болғаны. Онда бар, ананы қыл, мынаны қыл деп Мұрда оған неге
бұйырады? Мұның тапқан ақшасын Мұрда неге сыпырып ала-

ды? Менкенің əперген асыл бұйымдарын Лене несіне өлгенше
жасырады? Жасырмаса, Мұрда неліктен есеп сұрайды? Қазгенің
алқалары Лененікінен де көбейіп барады. Тарақтары, білезіктері
қандай! Əкесі – рубасы, өзі Лене сықылды қатын, осы рудағы ба-

рып тұрған алыпсатардың қатыны бола тұрып байының табысын
Мұрдаға бергізетіні, табысының игілігін өзі көрмейтіні, байының
сыйын інінен інге тыққыштайтыны қалай? Мұрданың руында
тапқан табысын ақсақалының қолына тапсырып отыратын əдет

болатын; рудың қамын ақсақал жеп, бəрін бір қолдан тарататын.
Бұл салтты Лене жақтырмайды.
Алты айдың қысы Лене байына ақыл үйретіп, құлағының етін
жеді. Қар ери бастағанда Менке де жібіп икемге келе бастады,

енді ол ептеп Некалайдың жамандығын, жалқаулығын айтып,
сықақтауға айналды. Кейбір еркекгерге:

– Несін айтасың, Некалай қобызшылардың қандай жақсы бас-

шысы болар екен, – деп жүрді.
Бұл сөзін үйге келгенде Ленеге сөйледі.

– Бастауың жақсы! – деп Лене ойнақшып байын сүйіп алды.

Некалай жайынан өзі айтқан сөзін ұста мен балғашы айтысып
отырғанын ертеңіне Менке келіп Ленеге тағы дат деді. Олар өзді-
өзі:

– Рас, рас, біздің Некалай нашар ғой, тіпгі нашар ғой, – десті.

Мұны естіген соң Лене:

– Бұл сөз əбден жайылсын. Бірнеше күнге дейін сен оларға

көрінбе. Бұл сөз кімнен шыққанын ұмытып кетсін, деп байына
ақыл үйретті.
Мұндай өсекке қатынынан шебер жан жоқ деп сенген Менке
айтқанын қылып көрінбеді.

– Жиренбас қалқам, қалай? Көрдің бе? Біраздан соң жақсы

киімдерімді мен де тал түсте жарқыратып киетін болам. Сен маған
тағы да əпересің.
Қызыл жұмыртқа мейрамына дейін Лененің дегенін қылып
Менкенің сөз жүгірткені сонша, жұрттың бəрі Некалайдан көңілі

шығып болды. Енді Менке ақсақалдың баласын, жас қобызшыны
аузына алса, еркектер қошемет қылып қарқ-қарқ күлетін болды.
Мейрам қарсаңыңда, күйеуге тиерде шешесі жасырып берген
ақшадан Менкеге Лене жиырма алтын берді, бір күнде түсірген

пайдам осы деп жүрттың көзінше осы ақшаны ақсақалға бер,
деді.
Менке орынына келтірді. Мұрда Менкені мақтап, мен қашаннан
сені алыпсатар деп санаушы едім, деді.

Менкені өзгелер де мақтай бастап еді, иығын қысып: «мұндай
пайданы мен күнде табар ем, одан не тамады? Некалай ақымаққа
көп ақша тауып берем дейін бе? Мұрда ақсақал өзі неге мал тап-
пайды? Орынынан қозғалмай сақалын санағаннан басқа бітірері

жоқ» деп оларға жауап қайтарды.
Өзге мезгілде айтса, ақсақалды бұлай түйрегеніне теперіш
көрер еді, жұрттың көзінше берген жиырма алтын Мұрданың
ауызына құм құйды жəне маздемдерге ақша қат боп тұрған шағы.

Өткен жылы ақша жоқтығының зарын əбден тартты ғой.
Арада бірнеше күн өтті. Менке қалаға барып, тағы бірнеше
алтын, бірталай еркекке, əйелге базарлық əкеп берді. Шек күні
Менке қолақпандай қырық алтынды бір жолы əкелді. Алтынды

Мұрдаға бермей тұрып əркімдермен сөйлесіп алды.

– Некалайға жаңа қобыз алуға жетпес пе екен, ə? – деп қойды.

Некалай жуырда ғана жаңа қобыз сатып алған, соны басып өткені ғой. Қызыл жұмыртқаның алғашқы күні Лене үлде мен бүлде киіп, алқасын, шолпысын тағып, иығына қан қызыл шəлі жамылып, қара шашын үлбіреген ақ торғын орамалмен жауып, құлпырып шықты. Қызылды-жасылды жайнаған киімін көктемнің ақжарқын күні де түрлендіріп жіберді. Биыл жаз ерте шығып, орман да, дала да жасыл желегін жамылып еді. Кеше қасқырға жатақ боп жүрген жерге бүгін аттар да жайылып жатыр еді. Ызғарлы қыс өткен соң жас та, кəрі де тысқа шығып, күншуақтап жылынуда еді. Менке мен Лене таңдама қос атты жегіп қалаға кетті. Менкенің кигені – сабадай көк шұға шалбар, аяғында шықырлаған əмірқан етік, үстінде жібек көйлек, оның сыртында оқалы камзол, белінде қызыл дүрие белбеу. Лененің кигені – түрлі-түсті толып жатқан жібек көйлек, бəрі де тізесінен əнтек асады. Аяғында əмірқан бəтіңке. Қолдары – саусағынан шынтағына дейін неше алуан саусылдаған сақина, жүзік, білезік: оның ішінде жыланбас күміс те бар, жолбарыс тұмсықты білезігі де бар, өркен таспадай сақинасы да бар, күмістен есіп, алтынмен торланған балдағы да бар. Мойынында алтын теңгеден тізілген алқа жайнап, өзінің ұзын сырғалары салбырағанда иығына түседі. Лененің ойы – осы түрімен Қазгеге бір көріну. Күні бойы Менке екеуінің араламаған жері жоқ, қала адамдары бəрі бұларға көз салады. Қалада ежелден тұрып келе жатқан адамдар мұндай сəнді, мұндай қымбат киім киген ерлі-зайыпты маздемді көрген емес. Бұлар тəкиеге де, базарға да тоқтады, қаланың да, даланың да адамдарымен жайраңдап сөйлесті. Бояулы жұмыртқалар, ұзын-ұзын кəмпиттер, мəмпəсилер, қант татқан ойыншықтар сатып алысты. Ойнап жатқан мұжықтармен Лене билеп те кетті. Билеп жатқан қыз, бозбалалардың қасында маздемдердің де жас жігіттері, сұлу қыздары тұр екен, Мұжықтармен билесуге олардың бірде-бірі жарамады. Үйткені ондай салт жоқ қой. Менке мен Лененің қыдырып, сайран салғанын естімеген маздем жоқ. Күн батарда екі жас шатырларына қайтқанда төрт рудың адамдары кəдірлеп қарсы алды. Олардың арбадан түсіп жатқанын шатырының қасында Мұрда көріп тұр еді: – Менке, бер келші! – деп зілдене ақырды.

Қатыны мен ақсақалдың көзі бірдей тігілген соң Менке қайте-
рін білмей күйбеңдеп қалды. Лене қарсыласуды, Мұрда бағынуды
күтті. Лененің көзқарасын Мұрда да байқады.
Мойынын салбыратып, ілгері басқан аяғы кейін кетіп, төмен

қарап, керенаулап Менке ақсақалға таман барды. Мұрда оқты
көзімен түйіліп қарады. Үнсіз үрей сезілді.
Əлден уақта Мұрда:

– Лененің үстіндегі мынау сəнді киім мен алтындар қайдан

келді? – деп сұрады.
Менке, – шешесі сыйлаған, өз киімі, – деп айту керек қой. Со-
лай айтам деп оқтанды да, бірақ ол жауаптың орынына тығылып
қап:

– Өзім сатып əпердім, – деді.

– Саған кім əпер деді?

– Мен өз ақшама əпердім... өз табысыма... Əлде мен тапқаным-

ның бəрін саған беруге міндеттімін бе? Сенің Некалайыңа тағы
жаңа қобыз əпермекпін бе?
Мұның бəрі ел сөзі емес, Лененің құлағына сіңіріп құйғаны
ғой.

– Не дейсің? – деп Мұрда өкіріп беліндегі ұзын семсеріне тап

берді.
Солай боларын Менке де біліп тұр. Ақсақалдың қолы барған
жаққа оның қолы да барып қалды. Ақсақалдың семсері ұстаған
қолын білезігінен шап беріп, мықтап ұстап алды.

– һа! Осылай болды ма? – деп Мұрда қолын сылқ еткізіп түсіріп

жіберді.

– Жоқ, бұл арада пышақтың керегі жоқ. Бабам Лүпіге бұл руды

билеткен дырау болатын. – Жұртқа қарап, – Бүгін түн ортасын-
да қару орынына дырау алып Менке екеуіміз орманға кетеміз. Екі
басшының біреуі-ақ қалады! Есіттіңдер ме? Менің сөзім – заң!

– деді де бұрылып, нығарлай басып шатырына кірді.

Дырау ма! Бұл бір құдайдың қырсығы. Мұндай қаруды Мұрда
ғана ойлап тапты ғой. Бұл хабар қаулы жердің өртіндей маз-
дем қостарына заматта тарады. Мұрдамен Лененің əкесі Станке
сөйлеспесе, кімнің беті шыдар:

– Дырау дегенің қиямет қой, достым!.. Өзге бірдеме ойлап тап-

сайшы, – деп жақауратты.

– Станке, бұл жаза емес, бəйге. Ол руға көсем болғысы ке-

леді. Екеуіміздің қай қажырлымыз көсем болу керек. Ол жас, ол

күшті. Бабам Лүпі дырау бəйгесінен кейін көсем деген атақ алған.
Атамның аруағын мен де сол қарумен қорғап көрем.
Соны айтты да Мұрда мойымас шəлкесті молда қылатын кел-
дек дырауын асықпай майлай бастады.

Мұрдадан шығып Станке қызының үйіне келді. Манағы кербез
киімдерін əлі шешкен жоқ екен.

– Бұл сенің қылғаның ғой, қатын қар! – деп ақырды қызына.

– Мен басшының қызымын. Байым да басшы болу керек, – деді

қызы шаптығып.

– Менке, сен не айтасың? Қош, сен басшы болдың-ақ. Сон-

да сенің қатынға құл болғаныңды менен басқа кісі білмейді деп
ойлайсың ба? Сен бес жүз жыл жасасаң да, Мұрдадай ақылды
бола алмайсың. Одан да Мұрдаға бар да жұрттың көзінше кеш деп
жалын, басшы болмасаң да, сонда сені жұрт кəдірлейді.

Күйеуіне Станке осылай сөйледі.
Бірақ Лене əкесін бет бақтырмай үйінен айдап шықты. Шал
иығын тулатып: «жылансың, деген жыланның өзісің!» деп
күңкілдеп өкше көтерді.

– Менкетайым, жиренбас итім, түк қорықпа, сен жеңесің,

басшы боласың. Мен нешетүрлі дəрі, дəрмек дайындап қойдым,
жараларыңды биттей ауыртпай жазады. Жараңның бар-жоғын да
сезбейсің, – деп Лене бұлғаңдап байына еркеледі.
Менке қатынының бетіне қарады. Осы қатын үшін ол не

қылмады! Степкені өлтірді, достарына өтірік айтты, басшыны
алдады, Некалайды мазақтады. Енді, міне, басшымен төбелескелі
отыр. Төбелес болғанда қандай десей? Дыраумен! Мұрда дырауды
қалай жұмсағанын талай көрген-ді. Дыраудың тиген жері соқамен

жыртқандай, сойылың қалатын. Асау атты дыраумен тартып жі-
бергенде еттен өтіп, сүйегін ақситатын.
Менке өз дырауын да тауып алды. Жаңа өспірім кезінде өгіз
терісінен өргізген еді. Қамшы-ақ, өрімі қандай шебер өрілген!

Деген тоғыз таспа. Мықырлау келген сабы бар, сабы да таспамен
өрулі. Қолға ұстауға оңтайлы-ақ. Менке дəйім қамшысын əркімге
көрсетіп мақтанып қоятын. Бұл қамшыға ең жақсы алыпсатар да
қызығып жүретін.

Ал Мұрда ше! Оның қолы у ғой, шойын ғой! Мұрда кəрілікке
мойындаған қарт емес, қаруы, əлі де болса, қай жасыңнан артық
болмаса, кем емес.

Соны ойлап отырғанда Лене байын жұбатты. Ол басшы болуға
туғанын ұқпай ма? Ол шынымен балаларын Некалай сынды
ақымаққа қол қайғаны ма? Ленеге егесіп, Ленеге балаларына
қастық қылғалы, Қазге жорта Некалайға тиіп, басшының қатыны

болайын деп жүргені оған мəлім емес пе?
Түн ортасында екі еркек белуарына дейін жалаңаштанып,
қолдарына дырау, орманға қарай бет қойды. Түн майдай, тымық.
Сояу ағаштардың үстінде көгілдір ашық аспан мен сазарған

ай жүзеді: екі еркектің қарасы өшкен соң маздемлер от жағып,
жағалай отырысты. Əуелі баяулатып, бара-бара үдетіп, мұңды,
зарлы əнге басты. Уақыт озады, маздемдер сарылады, көңіл
қамығады, жүрек тұнжырайды. Тұншыққан сайын олардың дау-

ысы дəуірлеп, дүрілдеп, ырғағынан жаңылады, əлдебір қапырық
көкіректі қақ айырып, қақсап, құлазып, қаққан бебеудей əлде аш
қасқырдың ұлуындай елегізген, күңіренген бірдемеге айналды.
Бір қостан бір қос зарын асырам дегендей ышқына-ышқына

соғады. Иттер үреді, əйелдер жылайды, еркектер дауыстайды,
сиыр мөңірейді, жылқы да кісінейді.
Сағат жылдай болды. Айқайлауға, ұлуға шамасы келмей дау-
ысы қарлыққандар саптыаяқты жұлып алып, билеп, секіріп, отты

шыр айналады.
Кейде төбеге ұрғандай тым-тырыс бола қалады, сонда біреу
орманнан ойбай естідім, қамшының зуылын естідім деп хабар бе-
реді, бірақ ол елегізу жалған боп шығады. Ол ысқырған жел ғой,

ол бақырған орман құстары ғой, үріккен түлкі ғой.
Таң таянды, от та сөнді. Орман алаңына көз тігіп бəрі де тын-
шыды.
Күн қылтия бастағанда тұла бойын қан жапқан, бет-аузы қып-

қызыл ала тілімденген, қолында дырау, сенделіп орманнан Мұрда
шықты. Оның көзі салғаннан Ленеге түсті. Көпке дейін бетіне
қадалып қарады, тұтқиылда бір ой сап ете қалды. Сəнді киімі-
мен əлі де түрленіп Лене шатыр жанында тұр еді. Үсті-басын қан

басқан қарт көсем екі-ақ аттап Ленеге жетіп барды.

– Осы сен басшының қатыны болғың келді ме?.. Неге

үндемейсің? Міне, ендеше, жан жеңбес басшы, бір-ақ...
Деді де Лененің мойынындағы, құлағындағы сəнді, асыл алқа,
сырғаларын сыпырып алып жатып күндей шатырлап ақырды:

– Шеш тұрманыңды, таста жібекті, міне, былай, міне, былай!

Былай! – Соны айтып, қолын кере сілтеп, жалаңаш денеге дырау-
ды пəрменімен періп кеп жіберді.

– Мұны да татып көр!.. Тəтті екенін білерсің. Содан кейін бетті былай бұрып: – Билеңдер, масайраңдар! Бүгін Мұрданың қатын алған тойы! – деп ақырды. Бəрі де билеп, мəре-сəре болды, ал Лене Менкеге бола дайындалған сормақтасын, мүйетін жаңа байының жараларына басып құрақ ұшты. Шатырында отырып, солқылдап Қазге жылады: – Лене ұтты. Ұтылса да, ұтып кетті. МҰРДА (Конрад Берковичтен) – Балам, тағы да кітап сөзін жаттап жүр екенсің ғой, – деп көгалда тізелесіп отырған маздемнің қарт көсемі бетіме қарады. – Иə, Мұрда, – дедім мен кітаптан көзімді алып. – Саған кітап оқы дейтін қай пəле? – деді сазарып, – əлде сен анау тау үстіндегі көгерген аспанның көркін көрместей соқырмысың? Əлде сен мынау сайдың əнін, бұлақтың сылдырын, қасқырдың бөлтірік шақырғанын, қайың тоғайды қырғауылдың жаңғырықтырғанын естіместей саңыраумысың? Көз алдыңдағы нəрселерді көрмей, өзі тағы кітаптан оқығандай, неғып сенің көз, құлағың бітіп кетті? Айтшы маған. Ал махаббат жайынан оқитын болсаң, əлдебір жерде сені күтіп отырған бір əйел болмады ма? Махаббатты жаза берсін – сен таста. Сүюден, құшудан қалған қарттар ақ махаббатты жыр қылсын... Мен кітабымды жауып, шылымымды тұтатып, бетімді Мұрдаға бұрдым. Бенгір5 жұртына таудың жасырын жолымен өтіп кетейік деп Қарпат тауына келіп жатқамыз. Түнде жүреміз, күндіз тығыламыз. Тоғайға қарай ағатын Тесе өзенін жүлгелеп кететін тоғайға кірердегі соңғы түскен қонысымыз болатын. – Кітап та кітап, – деп Мұрда сөзді тағы қозғады. – Даналықты кітаптан табатын болсаң, алғашқы адам қайдан шыққанын кітап саған əлдеқашан айтар еді. Бірақ сен кітаптан мұны таба алған жоқсың ғой. Ал мен білемін, білетінім: ес білгелі осы туралы ойлап келем. Қайда жүрсем де, мен оның белгісін іздедім. Көзімнің мөрі əлі тая қойған жоқ, мен бəрін де кəзіргідей көремін. Шашымды қылау басты, бірақ жаралыстың қалай құбылуын, барлық дыбысын 5 венгер

құлағым əлі естиді. Құрттың жорғалауынан естимін, тұяғының
тықырынан аттың салмағын айырамын. Аяқтағы бақайымнан
бастағы шашыма дейін өмір сүреді. Бұл өмірді қуанышынан ойым
сақтап келеді. Енді мен алғашқы адам қалай жаралғанын білемін.

Мен, Мұрда, – Лүпі руының көсемімін, білемін. Ақиық пен жылан
сүйіскен, содан адам туған. Адамдағы ақиық биік таудың басына
талпынады. Бірақ адам ұша алмайды, ол тек жорғалауға шамасы
келеді. Адам биікке шықса, қашан құлатқанша жыланы төмен

қарай тартады. Адамның ішіндегі жыланы сөйлесе, ол – даналық.
Ақиықтың қаны аяққа түссе, ол – билеу. Билегендерді талай
көрдің ғой. Айтшы, сен оларды көрдің бе? Олар былғаныштан
жоғарылайды. Ақиық кеудеге барса, жылан басқа өрмелейді.

Ақиық пен жылан сүйісіп, содан адам жаралған, адам бұдан
құтыла алмайды. Менің бір інім болды. Аты Ыспан еді. Ол
Тінікейге асық болды. Бір күні ол Тілікейге айтады: «Кеудем есік-
тей, иығым даладай, қолым құрыштай. Шатырымды саған бола

сайлап қойдым. Денеңе от пайда болса, менің шатырыма кел.
Сүйтіп, мауқыңды басайын» дейді.
Тінікей де оны жақсы көреді, бірақ бұдан басқа сөз айтқанын
қалайды. Оның ойы: «Кел, мен саған өлең айтам» десе екен, содан

кейін Тінікей жылар еді: «Сен мені өлең тыңдауға ғана шақырыппа
ең? Мені алдаған екенсің ғой» деп ұрсар еді. Ыспанның өтірік
айтқысы келмеген. Туған бала екеуінікі болсын деген ғой.
Ол Тінікейді шатырында көп жыл күткен, қашан өтірік айтар

екен деп Тінікей күткен, оны азапқа салғанынан мардамсыған.
Еркектің махаббатын əйел қашанда оның тартқан азабымен
өлшейді ғой.
Сен терең өзенге тас лақтырғаның бар ма? Судың тереңдігін

бетіндегі дөңгелектерінен білесің. Тастың түбіне жетуі ұзаған
сайын су жүзіндегі дөңгелектер де кеңи береді.
Жəне де алыпсатарлар тірі шошқаның қыртыс майын қалай
өлшейтінін байқағаның бар ма? Олар сояудай тебенді шошқаның

бүйіріне сұғып жібереді. Ине етіне жетсе-ақ айуан шыңғыра бас-
тайды.
Міне, əйел де еркекке осыны қылады. Етіне жеткенше шан-
ша береді, ойбайлай бастады-ақ, көңілі көншиді, Ақиық пен

жыланның анасы сонда барып сенеді.
Жəне біліп қой: сұлу күйді тартқан адам үнемі балқи береді деп
ойлама, көбінесе тыңдаған кісі балқиды. Арақ өзіне өзі қанбайды.

Арақты ішкен кісі қаны жылынып, сылдыр каққанын біледі, қызған қан билетеді,көтереді, жылағаннан біраз құтқарады, арақ жалғыз билесе, ашып, быжылдап кетеді. Жалғыз биледі-ақ, жақсы арақтың ашығаны деп біл. Күн мен түн жайынан саған мынаны айтайын. Жарық қараңғыда ғана көрінеді. Қарасыз ақ болмайды. Ақсыз қара болмайды. Күннің жарығын көретініміз: жерде түн ғой. Сонда түн болмайды. Күннің жарығын көретініміз: жерде түн ғой. Сонда түн күнге айналады. Жерде дəйім қараңғылық. Қара қарғаны күндіз көресің. Ақ көгершінді түнде көресің. Қарға мен көгершін арасындағы кірлеу нəрсені ала сəулемен іңірде көресің. Менің сенен сұрағым келеді: қарғамысың, көгершінбісің? Күлшені білесің, қаның қандай ыстық болса, онікі де сондай ыстық. Ол саған жауап та бермей, мойынын да бұрмай кетті ғой; онысы бекер; оны мен білемін, саған сүюге оңай болсын дегені. Бірақ сен тал шыбықтай майысуың керек, əйтпесе сені жел сындырады, сен шаңға, батпаққа батасың. Жыланнан ақыл күткенше желге қайысқан артық. Еркектің махаббатынан əйел қорқады, махаббаты сөніп қала ма деп қорқады, бірақ сен біліп қой: өлмейтін нəрсе еш уақытта өмірде сүрген емес. Еркек мұны біледі. Əйел білмейді. Отқа тиген нəрсе күл, топырақ болады. Топырақта туған нəрсе дəйім жорғалайды. Тағы айтайын: баланың көбі сөнген махаббаттың күлінен де туады. Сондықтан олармен сөйлескенде көзіңе тура қарай алмайды. Сондықтан олар дымқос ағаштай жуырда тұтанбайды; сондықтан олар жанғанда жаман бықсиды. Күлшенің бір кезде шешесі болған ғой, балам, аты Рауза еді. Əлі есімде. Мен оны жас күнінен білемін, беті маса тайғандай тап-таза, көзі алмастай қара еді. Күндерде бір күн маздемнің өзге руынан бізге Ерке деген жас жігіт келді. Скрипкені керемет тартушы еді. Оның тамырында қаны қанша болса, скрипкесіндегі əні де сонша еді. Бір адам əнді – сондай-ақ көп білер – артық біле алмас. Жыры жырланып таусылса, адам өледі ғой. Ерке бірге келіп əнді тартар еді. Кейде бірнеше əн түйдегімен келіп қалар еді. Өте-мөте бір өзгеше əні болды-ақ. Ол əні сондай қайғылы, сондай қасыретті, дəл бір ажалды, тағдырды сөйлеп тұрғандай болушы еді. Ол əні жылау емес, зар еді, айғай еді, іштегі шердің айғайы еді.

Бір күні Ерке маған келіп айтты: «Қыздарыңның бірін маған бер. Менің сұрайтын қызым – Рауза» деді. Əншіні өзім де жақсы көруші ем: «Қызға ұнаған болсаң, мен бөгет қылмайын» дедім. Шатырының жанына барып, скрипкесін алғаш тартқанда Рауза ең жақсы киімін киіп, тысқа шығып оған қарап жымиды. Екінші жолы біздің қосқа келіп Ерке тағы скрипке тартқанда Рауза үндеместен тыңдады. Үшінші келіп тартқанда, жігіттермен билейтін, көңіл көтеретін бірдеме тартып жібер, деп сұрады. Əйел еркекті алғаш көргенде алтын деп ойлайды, екіншіде күміс боп шығады, үшінші жолы түк болмай қалады. Сол жерде Ерке скрипкесін тасқа бір қойып күйретті, бірақ ол тағы келді, жаңа скрипке əкеліп, тағы тартты. Сонсоң маған Рауза келіп, оған айтыңыз, қайтып мұнда келуші болмасын, деді. Мен: – Неге ? – деп сұрадым. – Мен оған өмірі тимеймін, ол əнді тым көп салады, – деді. – Е, дұрыс, ертең-ақ көзін жояйын, – дедім. Мен Еркеге Рауза сенің келе бергеніңді қаламайды, дедім. Оған біз тоғайда жолығамыз. Ол үнемі мас болады, есін білмейді, жасына қарағанда екі есе кəрі адам тəрізді, ол əлі бізге келіп скрипке тартады, ондай ешкім де тарта алмайды. Əйел менсінбейді. Оның скрипкесіне тағы мың түрлі əн түсірді. Зəуде ол əйел көнсе, сүйер еді, құшар еді, нəзік жібек дауысымен əлдилеп оның скрипкесіне тағы мың түрлі əн түсер еді. Бірақ қандай əн десеңші. Өмір бейне бір арақ құйған күбі ғой, күбінің құны ішіндегі арағында. Ал Рауза ше? Ол əлікүнге кісі таңдауда, күтуде болды. Алма беті күндей құрысты, ауызы тобарсыды. Аяғында соқыр Станкеге тиді. Станке еңгезердей, мықты еркек еді. Күлше – соның қызы. Мейірімді мінезі əкесіне тартқан. Бірақ Күлше шешесінің ауызынан түскендей. Жасым келіп қалмаса, Күлше алдақашан менікі болушы еді. Мен оны саған тегін беріп қоймас едім, ол мұны біледі, қасынан өткенде менің шатырыма қалай қарайтынын көзім шалады. Не керек, күн өтті. Жерге қар түспей-ақ мен тірліктен қаламын. Мен Қарпат тауының бер жағындағы Жаламастың шөлінде өлемін. Қайтарда мен Еркені ертіп ала келемін. Мен оның əнімен əлдиленіп өлгім келеді...

Мен еркекті өртейтін махаббат отымен таныспын, ұйқысыз түндерде құлағың күңгірлейді, басың қандай күйіп-жанады, қаныңның əрбір тамшысы қандай сусайды, бəрін де білемін. Кейде жүгіріп шығып салқындауға өзенге барып күмп бересің, ол неге сеп? Отқа су құйғанмен бір есеп. Əйел шіркін неге сонша еркектің жанын тамұққа салады екен? Еркек алғаш шақырғанда неге қайырылмайды екен? Неліктен дүниеде одан сұлу жан жоқ деп ойлайды екен? Оның сөзі неге балдай, ісі неге шараптай көрінеді екен? Еркектің жүрегін əйел неге ойыншық қылады екен? Түкірік пен қанның айырмасын неге жөндеп ұқпайды екен? Міне, менің жауап таба алмай шеше алмай қойған жеті жұмбағым. Мен түгілі бұларға жылан да жауап таба алмайды. Əлде сенің кітабыңда бұларға жауап бар шығар?.. Жоқ па? Бəсе, дегенмен əйелді қандай қатты сүйеміз! Мен өзім де көп əйелді сүйдім, олардан бала да көрдім. Сондықтан менің руымдағы адамдар сөйлессе, көзіңе тура қарайды. Ал енді бар, балам. Əлің келсе, айтқанымның бəрін ұмыт, күн батып барады. Маған оңаша қалу керек, – деп Мұрда мені босатты. Ылдида маздемдердің керуені қонып жатыр еді, сайдың құламасынан ылдиға қарай түстім. Еркек біткен шаруаға айналуда, арбасын майлап, атын суарып, тұрманын жамап, күйбеңдеп жол қамын қылып жатыр. Əйелдер шалғыда ойнап жүрген балаларына кетіп барады, румын шегіне өткенше шуламай бəрін де ақырын істеңдер, деп Мұрда бұйырған екен. Күлшені арбасының жанынан таптым. – Сен басшымен сөйлестің бе? Саған не айтты? – деп қыз маған қарады. – Біз еркек, əйел жайынан тағы əлденелер сөз қылдық, – дедім құшақтап жатып. Күлше сүйісуге маған таянды да тағы сұрады: – Ол тағы не деді саған? Білемін, мен туралы да сөйледі ғой. Мен таңырқап көзіне қарай қалдым. – Сен оны қайдан білесің? – Білемін, сенімен сөйлесіп отырғанда мен сенің бетіңді аңдыдым, сен күні бойы оған қарап отырдың да, бір-ақ рет теріс қарап кеттің.

Сол кезде мен туралы сөйледі ғой деп ойладым. Əлде сен өзге
біреу тауып алған шығарсың?..
Мен тағы да құшақтауға оңтайландым. Күлше кейін ыршып
түсті де ойнақтап.

– Енді мен оның не дегенін де білдім, – деді.

– Қалай білдің?

– Білдім. Сен бұрын мұндай еркін болмаушы ең. Əйелмен

қалай жұғысу керек екенін ол саған үйреткен екен. Өтірік пе?

– Рас, Күлше, бері кел, сүйгіз, – дедім.

– Жоқ. Əуелі мен сенің еркек екеніңді білгім келеді. Мен əлі-

ақ білем... Тоғайға барған соң, – деп тісінен сыздықтатты да жаңа
айға қарап бал ашып жатқан əйелдерге жүгіріп кетті.
Күн батып, биенің бір сауымы өткен соң Мұрда көлік біткен-
ді оңдап тұрып қарап шықты да алдыңғы арбаның отырғышына

атып мініп, божыны ұстап, орманнан өтетін жіңішке жолға қарай
атын бұра берді. Бітеуі бар, беті ашығы бар, барлығы сегіз арба
еді. Бірден соңғы менің арбам. Түн ортасы кезінде мен отырған
арбаға Күлше секіріп мінді де, құлағыма сыбырлады. «Кəзір не

көрсең де, не естісең де, қорықпа» деп, «Саған айтқалы келдім.
Сен басшының артынан қалмай, дəнеңені де елемей, атыңды ай-
дай бер» деді де, есімді жиғанша болмады, арбадан ыршып түсті,
қараңғыда жоқ болды.

Орманнан қалай шықтық, солай алдымыздан жылтылдаған от-
тар көрінді. Мұрданың арбасы лоқып тұра қалды. Бір-екі мүйнет
өтісімен азан-қазан қасқырдың ұлығанын естідім, оған қосылып,
екінші жерден қақ қасымнан тағы əлденешеуі ұлып қоя берді. Ке-

нет тым-тырыс боп басыла қалды, ұлығанынан да тына қалғаны
үрейлі болды. Бір мезекте манағы ма? Тау біткеннің қасқыры
жиналғандай-ақ тұс-тұс жақтан ойбайды салмасын ба! Мұрданың
аты үркіп, аспанға шапшыды да дереу ала-ақ жөнелді. Жан

түршігерлік қатты ұлу əлдеқайда тауды жаңғырықтырды. Манағы
Күлшенің ақылы есімде бар, атымды басқа-көзге төпелеп айдай
бердім, Мұрданың арбасы алдымда қараң-қараң етеді.
Оттар жоғалды, бірақ қасқырдың ұлығаны барған сайын үдей

берді. Мұрданың арбасы дөңгелегі жерге тимей ұшып барады.
Қамшы үстіне қамшы салып айдай-айдай атым болдырайын деді,
сонда да Мұрданың жас айғырынан қалмауға жанталасып келеді.
Осы аласұрған шабыс қанша болғаны есімде жоқ. Əйтеуір ай мен

жұлдыздар бозара бастағанда Мұрда айғырының басын оқыс те-
жей қойды.

– Біздің кісілер қайда? Аттар қайда? – деп сұрадым, үйткені

еркектен екеуіміз-ақ қалыппыз, менің артымдағы тіркеулі
арбалардың бірде-біреуі жоқ.
Мұрда күліп мені жауырынға қақты:

– Біздің барлық ебімізді білгенше саған бізбен көп жолдас болу

керек қой. Кітаптан оқығандарыңызды ұмытқанша жолдас болу
керек... Күлше, біздің кісілер қайда екенін оған сен айтшы, өзін
оңдап тұрып сүй, – деді.

– Ақымақсың-ау! – деп Күлше саңқ етті. – Əлгі ұлығандар

шынымен қасқыр деп ойладың ба? Бізге шекарадан амалдап өтіп
алу керек болды. Сен əлде оттарды көрмедің бе? Ол шекерадағы
күзетшілердің оты ғой. Біз олардың зəресін ұшырдық. Япырмау,
ұлығанды естігенде тығылғаны-ай! – деп сақылдады кеп-кеп...

– Ақымақ қой. Тыңшылар қорқақ қой! Олардың ерлігі қарусыз

кісіге ғой...
Сүт пісірімдей мезгіл өткен соң манағы қалып қойған еркек-
тер андағайлап келіп бізге қосылды. Аттардың терін сүртіп, демін
алдырып, отқа қойысып, желе-жортып жүре бердік. Түске жақын

бір кішірек қалаға келдік. Тəкияның қорасына кіріп, аттарды
көлеңкеге байлап, адам біткен тəкияның алдындағы шалғынға ба-
рып тыраңдадық.
Талтүсте келген кісі тұл ортасына дейін у-шу, ойын-күлкімен

алды. Бағлан қозыларды тұтасымен ұзын істікке шаншып, жы-
лымшы отқа қақтап пісіріп, еркек, əйел, бала-шаға аш қасқырдай
жабылып жесті. Погребтен күпсі мен жаңа əкелінген арақтар
құмыраларға құйылып, қолдан қолға қыдырды. Күн батарда

Бавштан екі күйші келді. Би басталды. Еркектері ұзын ақ көйлек,
тар дамбал, əйелдері шолақ белдемше киген, қолдары жалаңаш,
жалаңаяқ, бұрымдары тоқпақтай, ұзын, өңшең қала адамдары
маздемдерді көруге тамашаға келді. Ауыздарына арақ тиген соң

олар да билеуге кірісті.
Мен Күлшемен бірталай би биледім. Күлшемен билемеген ер-
кек жоқ, Мұрда екеш Мұрда да биледі онымен. Бұл руда Күлшеден
өткен сұлу жоқ. Түндегі қатты шабуылдан, қорқудан, сасудан

əбден шаршап, оның үстіне тамаққа, араққа малдегімнен батқан
басым Күлшенің билегеніне қарап жатып, шалғынға жантайып
қата қалыппын. Оянсам, күн сəскелікке келіп қалыпты. Суды са-
рылдатып, су тиірменнің арбақ дөңгелегі бірсыдырғы айналып,

арба, соқа, мала жеккен шаңырақ мүйіз дауметтер малмаңдай ба-
сып қаладан ары егіндікке кетіп барады.

Тəкиешінің жаңа өспірім, он алты жасар, сарша қызы көзімді
уқалап жатсам, маған карап:

– Қалай, кешегі арақ жақсы ма екен? – деп күле сөйледі.

Қолымнан көтеріп, орнымнан тұрғызысып, сүйейін деп
оқталып ем, қашып кетті.
Тағы бірнеше күн жол жүрдік. Жолда қала-қаланың тəкиелеріне
тоқтай отырдық: ішіп-жеуіміз онша болмады. Қала халқымен ара-

лас қылмадық.
Ертеңінде түсте дəл тоғайдың алдына келіп орнадық. Мен тағы
да арақ та, тамақ та көп болар, ойын-сауыққа салынармыз деп ой-
лап ем. Олай болмады. Еркектер маскүнемдікті тастап, арбаларын

түзетіп, аттарын жуып, шаруаға айналды.
Тоғайдың ұлы жəрмеңкесі ертеңінде жексембіге ашыл-
ды. Түптері қос қабат арбалардан күнмен шағылысқан, қолдан
тоқылған, сарыала батсайы, будам-будам темекі, түрлі арақ, ша-

рап құйылған бөтелке, алтын, күміс бұйымдар, тағы не түрлі уақ-
түйектер суырылды; шекарада көзге түссе, бұларға көп төленер
еді.
Күлшеге көз салуға жұмыстан мұршам келмеді. Ат тазарту,

арба түзету, тұрман жамау керек болды. Жавшы-Жаламда жасалған
ұсталыққа кешке таман майысқан белдікті апардым. Күлшеге сон-
да жолықтым, ол көрік басып жатыр екен. Мені көрген соң күліп
жіберді, көрікті тастай беріп, секектеп кетіп қалды.

Мұрда шатырынан шығып, менің қасыма келіп отырды. Көпке
шейін тіл қатқан жоқ. Сонсоң қолымды ұстады да:

– Сен оны қатты сүйесің бе? – деп сұрады.

– Иə, Мұрда, – дедім.

– Оны қайдан білесің? – деді.

– Оны шеккен азабымнан білемін.

– Балам, ол сенікі емес, оның өлшеуіші ғой.

– Еркектің өлшеуіші қандай болу керек? Басшы, айтшы маған,

– деп ашулана сұрадым.

– Əрбір еркектің өз өлшеуіші бар, біреу сал-мақтайды, біреу

өлшейді, үшінші біреу есептейді. Қуаныштың өлшеуі бір басқа,
қиналудікі өзі басқа, сүюдікі тағы басқа, – деп жауап қайырды.

– Сенің жұмбағыңды ұқпадым, – дедім алысқа көз салып.

– Атпен таныс емес адамға ат та – жұмбақ, – деді де Мұрда

қасымнан тұрып кетті.
Ол кетер-кетпесте біреу арт жағымнан келіп шашымнан тарта-
ды. Қарасам, Майра дейтін қарт мыстан. Бейнеусіз бір мақлұқ.

– Менде не жұмысың бар? Бейуақта мұнда неғып жүрсің? –

деп сұрадым.

– Жұлдыздардың өзенге қалай құлағанын, қалай сөйлескенін

қарап жүрмін. Қи-қи-қи! Жұлдыздар менімен сөйлеседі, адамдар
менен қашады. Адамдар менен безгелі ай да менімен сөйлесетін
болды. Ай дəйім шын сөйлеседі. Жұлдыздар кейде шалдуар ба-
лаша өтірік айтады, бірақ ай ешуақта өтірікті білмейді. Қи-қи-қи!

– деп күлді.

– Майра, олар саған не айтады? – деп сұрадым.

– Олар сенің алдыңда бір зор қатер бар деп айтады. Кешікпей

сенің жаның қылдай болады. Ақсақалды еркек саған өшігеді, дей-
ді. Сен қашаннан қайырымды адам едің. Сондықтан саған айтып
тұрмын. Бұл қостан бүгін кет, əйтпесе ертең.

– Майра, мен кете алмаймын.

– Ни, сəні6 қимайсың ба?

– Қимаймын, Майра.

– Қайғыңды бұрын маған неге айтпадың? Мен саған көмек бе-

ретін едім. Кет, бұ қосты таста.

– Кете алмаймын, Майра.

– Сен ақымақсың, ақылың жоқ, – деді қырылдап. – Ендеше сені

мен табытқа салармын, арулармын, өлген басыңның шашын та-
рармын, суық ерініңді сүйермін. Мен өлген адамның суық ерінін
сүюге біртүрлі ынтықпын, – деді де кəрі жалмауыз ұзын көсеуін
таянып, аяғын жыбырлата басып жөнелді.

Менде оның жұмысы не? Жанымда түгім де жоқ. Алып шыққан
оны-мұнымды жолда жоғалтқамын. Ұрлатқамын. Соны ойлап жа-
тып, талып барып көзім ілініп кетіпті.

– Ей, былай қараңдар, əне келе жатыр, – деп біреу айғай салды.

Қолтығына скрипке қысқан, ұзын бойлы, ақсақалды адамға сəлем
бергелі Мұрда орынынан тұрды.

– Жорға!

– Мұрда! Мен сағадан келдім. Сенің келетініңді біліп ем.

Қарттар кұшақтасып сүйісті де қалды.

– Арақ, арақ, түгел жеткендей, арақ əкел! – деп Мұрда айғай

салды. – Ей, қожайын, тұр, ұйқың қанды ғой! Бұз жаңа күбіні,
құй арақты, əкел тамақты. Шапқан, қуырған ет, тұздалған балық,
6 түпнұсқа бойынша алынды.

жаңғақ деймісің, əйтеуір көп ішкізетін тамағың, болса, келтіре
бер. Ескі достар көріскенін көрдің бе! Келтір арақты, келтір!
Айқай азырақ басылған соң Жорға бір қысқа əн тартып, еркегі-
əйелі түгелімен Жорғаны қамалап, бəрі қолын қысып амандасты.

– Е, Жорға! Тағы бірге қосылып қалдың ба?

– Жорға сақалың ағарса да, түрің əлі жап-жас екен.

– Жорға, қолыңды бері берші, осыны тартқан қолыңды сүйіп

алайын!
Кəрі қобызшыға амандасқалы Күлше таянғанда Жорға дереу
Мұрдаға жалт қарап, қыздың қолын ұстап тұрып:

– Бұл кім? – деп сұрады.

– Бұл Раузаның қызы, – деген жауап қайтты.

Қарт қобызшы мөлиіп басы салбырап кетті. Бірақ кідірмей,
бойын жиып алып, шашын бір сипап, қыздың қолын қоя беріп,
қадалып еді кеп, түріне тұла бойым шымыр ете түсті.

– Раузаның қызы менің қасыма тұр, – деді саңқылдап, – бүгін мен

сен үшін ғана тартамын. Мен сені қобызыммен сыйқырлаймын.
Керек болса, менде пышақ та бар. Мен тағы жасарып кеттім, мен-
де қарттың ақылы бар, оны ешкім тартып ала алмайды!

– Бірақ саған мынау жас жігітпен айқасуға тура келеді – деп

Мұрда мені көрсетті.

– Мен əзірмін, пышағы бар ма екен? – деді Жорға іркілмей.

– Бар, мен үшін күрес! – деді Күлше белбеуімдегі пышағымды

суырып алып жатып.
Мен айбатты қарттың бетіне қарадым. Қолымнан пышақ
сырғып түсіп кетті.

– Неге мен алу керек? Күлше неге мен өлтіру керек? – деп

Күлшеге қарадым.
Күлше түк айтпастан сырт берді.

– Ха-ха-ха! Оның пышақтасқысы келмеді ме! Енді мен Күлшені

скрипкемен сыйқырлайды екем ғой! – деді Жорға масайрап.

– Онда сен менімен байқасасың! – деп Мұрда шыға келді. –

Мұндай сұлу қызға жастар басын бəйгеге тігуге жарамаса, қарттар
байқасып көрейік...

– Ерік өзіңде, – деді Жорға төбелеске белсеніп. – Жас күнімде

əніммен жарысқа түсуші ем, енді пышақпен сыналатын да күн
туды, – деді.
Сол күні түнде Күлше Жорғаға қатын боп қалды.

– Балам, еліңе қайт. Оны сен сонда ұмытарсың. Сен оны дегендей сүйе алмадың. Сен оның өз құнын төлегің келмеді. Ауыр жаралы Мұрда ертең ерте маған осыны сөйледі. – Жорға мен екеуіміз отыз жылғы дос едік. Сонда да ол сүйген əйел үшін алды-артына қарамай маған қол көтерді. Ол сүйген əйелінің көлеңкесі үшін жанын құрбан қылуға бел байлады. Адам əйелді ең қымбат досынан артық көргенде ғана оған жабысу керек. Бүгін қуанғаннан Раузаның аруағы билейді. Не қылғанмен отыз жылғы достық аз емес қой, досым, сонда да артына бір қайырылмастан сүйген жарының көлеңкесіне – соның қызына бола маған пышақ ала ұмтылды ғой. Күлшені одан да сен артық сүйуің керек еді. Бірақ сен шын сүймедің. Бізге көзіңе тура қарап, тайсалмай сөйлейтін балалар керек. – Сыйқырыммен сенің қолыңды мен ұстап қалдым, – деп кəрі мыстан Майра құлағыма сыбырлады. – Сен Жорғаны өлтірсең, сені Мұрда өлтіретін еді, – деді. МҰРДАНЫҢ ӨЛІМІ (Конрад Берковичтен) Бір жылдан артық маздемдерден аулақ болдым. Мəдениет, ата-ана мені өз құшағына шақырды. Алайда алғашқы көк – қар астынан қылтиып шыға бастағанда Мұрданың руына келіп мен тағы қосылдым. Мұрда өлердей жаралы, оның руы қара теңіздің жағасында қаңғып жүр, деп бір қарт маздем айтқан. Батпаққа малынып, борбасқа жығылып, əрең дегенде ергең сəскеде қоныстанған қаласына жеткенімде Мұрданың шатырына тұмсығым тірелгенін бірақ білдім. Айбынды басшы ап соққандай қартайыпты. Өткен күз Жорғаның пышағынан қалған жара əлі жазылмапты. Майраның əпшүні дуасы алуан ішірткісі, майы кəнігі дəрігердің еміндей қонбапты. – Келгенің жақсы болды, балам. Жан-тəніммен сені іздеп жатыр ем, – деп Мұрда мені құп алды. – Мен кешікпей өлемін. Жасым болса, келді, бірақ руыма əлі де болса, керекпін. Өз кіндігімнен туған балам Некалай – басшы болуға жарамайды. Скрипкеден басқа оған дəнеңенің керегі жоқ. Бүркіттің ұясынан көгершін туды. – Сендердің дəрігеріңе көрін, деп қаланың ақсақалы əлденеше айтып еді. Бірақ дерт де, денсаулық та тағдырда деп бүгінге дейін

сеніп келдім, əлі де солай сенемін, дəрігер де, балгер де жаз-
сын? Əйтсе де, кейде ойланамын, атсыз арбаны жүргізіп қойған,
Дунайға көпір салған, алыстан сым темірмен сөйлескен адамдар,
соларды жасаған адамдар дерт жайынан да біз білмегенді біле ме

деп ойланамын. Сондықтан, балам, сен мені дəрігеріңе алып бар,
маған əлі де тіршілік керек деп айт. Маған денсаулық емес, тір-
шілік керек... Руымды билейтін, басқаратын басшы тауып алғанша
көзім тірі тұра тұруы керек. Руымның сенімі маған өте зор... Өте

зор... Басшылары менен артық болмаса, тым құрығанда мендей
болмаса, өзге басшыға олар ырза болмайды.
Мен Мұрданың жарасын қарап, неғып өлмей келгеніне таң
қалдым. Осынша уақыт өмір сүруге бойындағы бір зор қуат қана

себеп болған-ау деймін. Жарасы ушығып, қаны бұзылып, неғып
алдақашан қалмаған десейші. Тыйтығы əлден құрыған, құр
сүлдері. Ұзын, етшең қолдары ескен жіптей шілбиіп, сорайып
қу сүйегі қапты. Мойын, самай тамырлары көгеріп білеуленіпті.

Бет сүйегі, жағы сорайып, сап-сары табыт бопты, түріле қараған
адам шошырлык, Аюдай ақыратын, айбатты, паң дауысы да
бұрынғы шешендіктен айырылыпты. Адасқан балалардай ағаш
арасына жайылып, əйтпесе шатыр аясында топтасып, күбірлесіп

көр-жерге сөз қылысып, айтысып-тартысып, жанжалдасып жат-
са да, басшыға естіртіп, мазасын алмауға тырысып, ру адамдары
қайтерін білмей сандалуда. Иесі көз салудан қалған соң жүдеген,
ауырған аттар да, иттер де қосты төңіректеп сенделуде. Үйткені

иесі ырысты болса ғана маздемнің аты мен иті де ырысты, бір
жерде көп жатса, олар да беймаза, олар да күйгелек болады.

– Бəрің бірдей неғып еңселерің түсіп кеткен? – деп Майраның

ұлы Алкеден сұрадым, үйткені ақсақал ауырып жатқанда ол екін-
ші басшы болуға айналған екен.

– Қалай еңсеміз түспесін, – деді Алке, – көзі ілініп жатса, оя-

нып кете ме деп, төс пен балғаның əн салғанын құлағымыз есті-
месе, ұста қорғанын, көрігін куілтіп баса алмаса. Жаңа айдың бір
емес, алты қабат бір арадан туғанын керек көзімізбен өткіздік.
Шатырларымыздың қазықтары жерде шіріп жатыр. Көзің сол!

Аттардың жарым тағалары түскен. Тағаны қашан соққанымыз
да есте жок. Иттер ше! Олардың тұмсығына тұмылдырық кигізіп
қойдық; таңертеңгілікте ешкі маңырай бастаса, тілін кесіп алам
деп қатындар қолдарына пышақ ала жүгіреді. Басшымыз ажалмен

алысып жатыр, біз кемпір болуға айналдық.

Со күні-ақ Мұрданы жастыққа бөлеп, арбаға салып, Дунай
бойындағы Бұрайыл қаласының дəрігеріне апаруға алып жүрдім.
Бірнеше күн жол жүрдік.

– Ал енді əңгімеңді сөйлеші, бізден кеткелі не үйрендің? – деп

бір жонандікіне7 қонып отырғанда алғашқы кеш менен сұрады.
Жорғаның пышағы салынған жараны тазартуға, дəрігер сылы-
май, жаза алмайтынына көзім жеткен. Мұрда сылуға көнбей ме
деп жараның ушығатын себебін, адамның денесінде уақ құрт бо-

латынын айта бастадым. Мен əлдебір қызық ертегі айтқаннан жа-
ман, Мұрда құлағын қатты қойып тыңдады, бірақ менің əңгімеме
нанбағандығы түрінен көрініп тұр. Үндемей отырды.

– Мұның бəрін жақсы ойлап шығарған. Байқаймын, сен мұн-

дайды əңгіме қылуға ұста көрінесің. Бірақ өз көзіммен көрмеген
құрттарыңа қалай сен дейсің? Ешбір жын да жоқ, сайтан да жоқ
деп айтатын өзің емес пе едің? Меніңше, сенің ертегіңнен де біз-
дікіне сену дұрыс-ау деймін.

Ертеңіне кешке мені жанына тағы шақырып алып «ертегіңді»
аяқташы деп сұрады.

– Нанбайтын болсаң, несіне айтайын, – дедім.

– Əлде менің ертегіме сен нанушы ма едің? Дəйім менен əңгіме

айт деп сұрайтының есіңде бар ма?
Мен жұлдыз қарайтын дүрбіні есіне салдым, бір кезде ол
дүрбіні екеуіміз де көргеміз, үлкейтетін шынымен алыстағы
нəрселерді де көруге болатындығын түсіндірдім. Бұған ол оңай-ақ

нанды. Сонсоң со сияқты шынылармен нəрсенің бəрін үлкейтіп
көрсетуге болатындығын айтып, жəй көзге байқалмайтын өте уақ
нəрсені де көруге болады деп сөйледім.

– Кеше сенің маған өте қызықтырып сөйлеген құрттарыңды

«жындарыңды» сол шынымен өзім көрсем екен деймін, – деп
Мұрда кекейін деді.

– Жарайды, көресің, – деп жауап қайырдым.

– Құдай біледі, əңгімеқой екенсің, – деп Мұрда тағы сөйледі.

– Сен тіпті өз сөзіңе өзің нанасың. Ал енді барып ұйықта, кім

біледі, ертегіңді үлкейтіп көрсеткен үлкейткіш шының əлде менің
түсіме кірер.
Жеңетініме көзім жетеді, білемін. Білетінім: баратын дəрігер-
дің үйінде түймені түйедей қып көрсететін дүрбі бар.

7 түпнұсқа бойынша алынды.

– Өлтіруге болмайтын сонша уақ жандықтар болады деп мен өмірі ойлаған емен. Олар бізді өлтіреді, біз оларға түк қыла алмаймыз. Күні бойы сол көргенімді ойлай келе жатыр ем. Үлкендігін құмырсқамен салыстырғанда олардың жанында құмырсқа кісідей ғой. Бір тамшы суға мың мүлиенін тоғытуға болатын. – Құрттардың қасында құмырсқа зорлығы құмырсқаның қасындағы кісідей, ал кісімен салыстырғанда кісі құмырсқадай боп қалатын жан иесі де бар ма екен деп ойлап ем. Зəуде ондай дəу мақлұқ болса, бармағын қыбырлатқаны бізге сұрапыл ғой. Бетінен бір тамшы тер тамып кетсе, егінімізді де шабынымызды да сел қып жібереді-ау. Үлкен кемелер жүргендей өзендер, көлдер пайда болады-ау. Бізге қараса, бəрімізді біржола көреді ғой, үйткені, жекелесе, бізді көре алмайды ғой, бізге жарық боп тұрғаны, жылы боп тұрғаны содан-ау! Əлде ол мақұлықтың бір көзі күн шығарау! Бір көзінің қайда екенін адам да білмейді ғой. Оған титімдей қиыршық боп көрінген нəрсе бізге төбемен, таумен бір есеп қой. Ойлашы, біздің жеріміз, теңіздеріміз оған кішкене көрінетіні сонша бізді көруге оған үлкейткіш дүрбі керек болса, сонда біздің даналығымыз, біздің есептейтін уақытымыз, біздің шамалайтын көлеміміз оған қандай құрдым екен. Бізден де зор сондай мақұлық болса, оның өзі біз сияқты боп қалатын одан да зор мақұлықтар тағы да болып жүрмесін... Қашанда Мұрда сөйлегенде сөзін бөлген емен. Ертеңінде сөзді тағы жаңғыртты. – Бұл бұлай болса, – бұлай екеніне сенемін, – ендеше адам тым құрттай екен, адамның өмірі түк емес екен. Жалғыз-ақ өз тұқымының көгеруін ойлау керек. Мен, Мұрда, кешікпей биліктен қаламын, – адам өз еркін, өз мақсұтын іске асырғанға дейін билеу керек қой, – ендеше мен өз орынымды басатын, өз таяғымды ұстайтын кісіні күнбұрын белгілеп кетуіме болмай ма! Құмырсқаның илеуі өмір сүретін болса, бір құмырсқаның бар болу, жоқ болуынан келер не, кетер не! Сондықтан мен өзім қалаған адамды басшы қып таңдап алам, оған олар жан-тəнімен сенетін болады. Əлім біржола құрымай тұрып, ақылымды кəрілік жеңбей тұрып, өзім басшы боп тұрғанда мен оларға басшы сайлап беремін. Бір нəрсе туралы ғана сенен менің сұрағым келеді. Маған сөйлеген əңгімелерің туралы жанға ауызыңнан шығарма! Шынымен көргенімізді де тірі жанға ашпа. Дəрігерге барғанымызды да сөйлеме, мені бақсы қатын жазған болсын! Міне, сенен

сұрайтыным. Мен саған бірдеңе істе десем, неге деп қайырып сұрамайсың. Тек істей беруіңді біл. Бір күннен кейін қосқа келдік. Мұрданың сауығып қайтқанын көріп, маздемдердің қуанышы қойынына сыймады. Ақ түйенің қарыны жарылды. Мəре-сəре, арақ көл-көсір. Күйшілер күйді соқтырды, күні-түні өлең, билеу, ойын-сауық. Ұста дереу дүкенін түзеп, алып түсті шартылдатып, өлеңдетіп, атқа жаңа таға соғуға кірісті. Балға мен төстің дауысы бəріне де қай күйден болсын тəтті көрінді. Ұста мен балғашы төске əнді келтіре соғуға тəсілденді. Мұрданың жанын қойған зор тəңірге алғыс айтуға қыздар қолаң қара шашына гүл, жапырақ қадады. Еркектер құлағын тың жерден тесіп ақ алтыннан сырға өткізді. Көргеннен көзақы алған балалар да құлағымызға сырға тақ деп азап салды. Құлақтың ойбайымен күлкі айқай қосылып, жамыраған қойдай болды. Қайтсін айқайламай, іші пысып қалды ғой. Аттарға кісінеуге, иттерге үруге, ешкілерге маңырауға, кісілерге дауыстауға, айтысуға, төбелесуге бостандық тиді. Енді тұншығып басыр болатын не бар? Өзгелерді тиятын не бар? Тілегеніңше айғайлай бер. Маздем сыйқына жаңа кірді ғой. Қашаннан күткен құдалықтар да жасалды. Арақ ит басына іркіттей төгілген соң əйелдер соншама көркем, еркектер соншама ырысты болған соң құдалықты жайға қарататын не бар? Ұрпақтың өсуіне, көркеюіне Іңкəр Исаға тисін, Ұмсынай Андрейге тисін! Мұрда жазылып, қайта жасаған көктем олардың есінен қалмастай болсын. Ұлы тойды ұлы тойға ұластыру керек емес пе? Бір күні кешке от басында отырғанда дəу пері бақсы деп қойған Майра қатынның баласы Алке Мұрдадан: – Осы сені жазған кім? Əлдебір қоқиған жібек қалпақ, қара қынама киілген «білгіш» пе, əйтпесе басқа біреу ме? – деп сұрады. – Мені жазған – бақсы қатын, – деді Мұрда, – білмейтін сыйқыры жоқ, өмірі ондайды естіген емес. Жындарын менің көзімше шақырып алды да, өз көзіммен көрдім. Мен көп алтын бердім, ол мені жазғаны өз алдына, келешекте де пəле жоламайтын қып, дуалап берді. Енді маған қауіп-қатер жоқ, жалғыз-ақ пышақ жазым. Бері қараңдаршы! Деді де Мұрда менің қолыма шолақ мылтықты ұстата берді. Сонсоң маған бетін бұрып ап:

– Мен міне жерде тұрамын. Сен алты адым барып тұр. Жарай-

ды, солай. Енді қолыңды көтер де, мені көзде, міне жерді! – деп
кеудесін ашты. Дереу мен Мұрданың айтқанын қылдым. Бəрі аң-
таң.

– Басшы не деді? Не қыл деп бұйырды? – деп тоталап шу ете

түсті.
Өне бойым дірілдеп барады; от боп жанғанда Мұрданың көзі
сыйқырлап, пысы жеңіп тұр. «Сұрама, не десем, соны қыл» деген
Мұрданың сөзі ойыма сап ете түсті.

– Бас! – деп ақырды Мұрда. Мылтық тарс етті, шошып

қалпақтай түстім. Мұрда манағы орынында күліп тұр.

– Міне, қандай бақсы қатын! Өзімнен күшті адам килікпесе,

маған ешкімнің қолы бата алмайды. Басшы осындай болу керек.
Оған дерттің де, оқтың да шамасы келмеу керек!
Есімді жисам, жиналған топ басшыдан кейін серпіліпті. Бəрі
де құты ұшып, ауызын ашып анадай жерде тұр. Тек Мұрда мен өз

баласына кезек қараған қарт балгер Майра қатынның еріні ғана
болар-болмас зілдене ыржиған іспетті.
Оны Мұрда да байқап тұр екен, мақтаған бақсы қатынына
Майраның нанбағаны Мұрданың жанына жағып кеткен екен.

Ертеңінде Мұрда, менің ойлағанымдай емес, тыңайып,
дыңылдап кеткен, қол-аяғы жерге тимей, ананы да, мынаны да
қарап, бұйрық етіп, істетіп жүр. Өмірі мұндай қазымырланғанын
көрген емес. Оған бəрі де жақпады. Аттарды мүлде күтпепті. Ит-

тер жүдеп, қотыр бопты. Арбалардың күймесі жыртылып бітіпті.
Ешкілер оңала алмапты. Бұдан көзін бір салмайтын əйелдердің
жұмысына да араласып, олардың да кемдігін тапты. Мейрам күні
алқаны, сақинаны мейлінше көп саласыңдар деп келіндерді де

тықыршытты. Қатындарыңа артық киім, тина – «кемпірсіңдер» деп
ұрысты. Балаларды абдан қарастырып, күтімі жаман болғаннан
кейбірінің денесіне теміреткі, сар қотыр түскенін көрсетті. Бұл
үшін де əйелдер сыбағасын алды.

Содан кейін Мұрда Майраны қолға алды, балгерліктен оның
білетіні тауықтың арақты танығанымен бір бас деп құлдыратты.
Соны айтып тұрғанда Майраның баласы Алке қасына келді. «У
маған салды балық шешесі» деп бетің-жүзің бар демей, оны да

қауып тастады. Мұртыңды сылағанша, бетіңді жусайшы, қамшың
балапан қайыруға да жарамайды, етігің тіленшінің етігінен де жа-
ман, деп бірталай сөкті.

– Əлде құдықтың, өзеннің суы кеуіп қап па? Əйтпесе күшігін

жалаған мысықтай шешем қашан жалайды деп күтіп жүрсің бе?
Міне, Мұрданың сықағы.
Бұл сөздерді естігенде Алкенің абажадай денесі ашу кернеп
қалшылдап кетті. Ол шешесін өлгенше жақсы көретін, шешесінің

кереметі бар деп əбден ден қойған болатын. Өзгелерді көрмей, ше-
шесі мен екеуіне орынсыз келіп соқтығып тіл тигізгені мейлінше
зəбір боп көрінді. Мұрда ауырып жатқанда тəртіп сақтауға жанын
салған осы екеуі емес пе еді?

– Шешемнің бақсылығына біржола сенбейтін болсаң, оның

орынына өзің көрген қатынды неге ала келмедің. Алғашқыда мен
о қатын сенің теріңді, сыртынды ғана дөрекі қып жіберген екен
деп ойлап ем, енді байқасам, оның кесірі жалғыз сыртыңа тиіп
қоймаған көрінеді ғой, – деп Алке жауап қайырды.

Мен өз құлағыма өзім сенбедім. Ажал іздеген біреу болмаса,
мұндай сөзді Мұрдаға, сірə, кім айтқан?
Со кезде қостағы еркек, əйелдер де топырлап Мұрда мен
Алкені ортаға алды.

– Шешеме сенімің жоғалса деймісің? Мен сенің шешеңе өмірі

сенген емен, – деді Мұрда күлімсіреп.

– Өмірі сенбеп пе ең! – деп Алке таудай жаңғырығып жан-

жағына қарады. Шешесінің бет-аузы селкілдеп, денесі қалтырап
кетіпті. Бірдемені жыланша ысқырып қалды да, көсеуімен жер та-
янып, жалма-жан шатырына қарай бүкшеңдей жөнелді.

– Өмірі сенбеп пе ең! Əлде оның күн батқандай қараңғы қылам

дегендегі қылғанын ұмыттың ба! Тайдай тал түсте сыпырғышқа
мініп ұшып кеткенін көрмеп пе ең! – деп өзге маздемдер де сұрай
бастады. Олар енді ақсақалына жақындауға қорықты. Оның айтқан
сөзі құдайды мазақтаған боп саналады. Мұрда өз басына да, дүйім

руына да еблістің кəрін шақырды ғой. Майра бақсы емес болса,
Мұрда өзі бұрын неге айтпайды? Орманның иесі қорғамаса, олар
осынша жыл қалай өмір сүріп келді. Əлде орман анасы «Шүйім»
оларға күзет болмады ма?

Жұрт тегіс тараған соң Мұрда маған бұрылып:

– Менің шатырымнан алыс кетпе. Сен оларға жамандық қыл-

ған жоқсың ғой, сонда да, кім біледі, ашуын сенен алып жүрер,

– деді.

Мен Мұрданың шатыры жанында отырып, оларға көз салдым, бəрі құтырған адамдай жұлқынып, жұмыстарын істеп жатып, күңкілдеп қояды. Олар топтанысып, жиналып, Мұрда отырған жаққа ақырын алақтап, күбірлесіп, бірдеңені сөйлесіп жүр. Мен көріп отырмын. Бірақ олардың ішінде Майра да, Алке де көрінбейді. Мұрданың түрі мені таңырқатты. Жаңа ғана түрінде əлдебір рақаттанған іспетті шырай бар. Көзі үлкейген, ерінінде əлдебір байқаусыз жымию бар іспетті. Бұл жымию дауласқан жауын жеңіп, өзіне өзі қатты ырза болғанда сезіліп еді. Бірталай уақ өткен соң маған қарап: – Елді жақсылап билеуге болмайды. Билеуші қайырымды болса, оны əлсіз адам деп санайды. Ендеше ол түкке жарамайды. Билеуші қатал болса, жауыз дейді. Ендеше ол жаман, өз ақылың, өз зердең қалай бастаса, солай билеу керек. Қайырымды билеуші – қайырымды, қатал билеуші – қатал болу керек. Сол түні Мұрданың көзі бір ілінбеді. Менің шатырыма бірнеше рет келді. Ұйқым келмей жүр деді, ұйқысы келмеген жоқ, мені күзетіп жүргенін білдім. Еркектермен, əйелдермен сөз қатайын деп бірнеше рет кезенсем де олар менен бойын аулақтата берді. Тек Майра бір рет жаныма келіп, бұтақтай қолымен шашымды сипап: – Мұрда бақсы қатынға барғанда сен қасында ма едің? – деп сұрады. – Жоқ. Ол жалғыз барды. Мен бақсы қатынды көргем де жоқ, – дедім. Майра сенбеген кісідей көзіме тесірейе қарады. Менің жауабыма ырза болмағандай баласымен екеуі тұратын шатырына қарай қалтақтап кетіп қалды. Екі күннің ішінде Мұрда өз руын бұйдайықтай қуырды, қуырғаны сонша, бəрі де өре түрегелген-дей қалыпқа жетті. Мұрда қамшыдан келген керді көрсетті. Бəріне ұрысты, бəрін де қорлады, ұрды-соқты. Қатындардың, қыздардың сəнді киімін, тана-моншағын тартып алды, арағымен күбілерді, суымен бөтелкелерді қиратты, шатырдағы ілулі кепкен еттерді иттерге лақтырды. Ұсталық дүкенінде ұстаны шынтағымен қағып қалып, тағаны қалай соғу керек, атты қалай тағалау керек екенін үйрете бастады. Табан темірді əбден суып кеткенде тартасың деп

арбашыға да тап берді. Суықтай тартқан соң шабақтары тез босап,
дөңгелек сынады ғой. Қалың қайысқа жамауды қалай салатынын
көрсетем деп тұрманының қолынан инесін жұлып алды. О түгілі
ат көздеп отырған балаларға да ақырып құлақтарынан жұлды.

Мұрданың қылығы қалай мұндай болғанын ұға алмадым. Бірақ
Мұрда себепсіз бүйтпейді, себеп болғанда да осал, оңтағай бол-
мау керек, неге десеңіз, шатырда екеуіміз оңаша қалғанда манағы
ашудың бір де бірі болмайды. Қайта оларға істеген қылығына өзі

ырза болып: «Бұл бұ ма? Бұған да зорын көрсетем» деп қайрап
қояды.
Күн мейрам. Базардағы тəкие. Тəкие толған сол маңайдан
ат сатып алуға келген мұжықтар. Мұрданың маземдері кішкене

торшолақ тұғырларын мақтап, жүрісін, күшін, беріктігін көрсетіп,
жылп-жылп етіп сауда қып жүр. Ұзын орындыққа екі қобызшы
маздем қатар отырып, ара тартқандай қолдарын олай да, бұлай да
егейді. Түске əлі бірталай мезгіл болса да, бірнеше жас жігіттер

билей бастаған. Өмірі айығып көрмеген қала маскүнемі ақ шал-
барлы аяқтарын алшитып, қолында шарадай шөлмек сапты аяғы
бар, қасынан өткен кісіге:

– Ішіңдер, шаттаныңдар! Жазды қарсы алыңдар, – деп арағын

ұсынады.
Даланың шоқша гүлдеріне ұсап, о жер, бұ жерде серкештене
топтанып қыздар жүр. Олар өзара жың-жың сөйлеседі. Бірін бірі
жүптесіп, бас изеседі, əйтпесе тəкиеге түскелі келе жатқан жас

жігіттер жаққа салбыраған, ұзын кірпі астынан көз жіберіп, шат-
тана күледі. Олар жұрттың бəрін таниды. Киімі əнтек өзгерген
адамды да қылп еткізбей көре қояды. Болар-болмас нəрсе əңгімеге
аужал бола кетеді. Біреу ат сатып алса да, барлық қала оны сөз

қылады. Жазаласа, аттың да, ат иесінің көзі де алдақашан жойы-
лып кетсін, сонда да қалай атқа саудаласқанын, маздем қанша
сұрағанын, алушы қанша бергенін, – қысқасы, көп жылдар өтсе
де, сатушының, алушының əр сөзін, қаланың қалай қозғалғанын

ұмытпай əңгіме қылады.
Бірақ бүгінгі мейрамда елден бұрын Мұрданың кереметпен
сауығып кеткені сөз болды. Енді оған дерт те, оқ та жоламайды-
мыс, неге десең, əлдеқайда, Дунай бойында тұратын бір балгер

қатын сыйқырлап беріпті-мыс.

Мұрда тəкиеге келгенде қарт мұжықтар қолын алып, бұдан оны-
мұны сұрай бастады. Жастар əдеппен анадай жерде тұрысты.

– Майрадан жақсы қатын таптым дегеніңе біз əлікүнге сен-

бейміз, Мұрда, – деп Майраға қашаннан ден қойған бір мұжық
сөйледі.
Сөйлеген сайын мұжықтар қызулап, оның қасына бəрі
топтанғанына Мұрда жымиып қарап отырды.

Халық əбден көбейген соң Мұрда Майраны нұсқап сөйледі:

– Майраң міне, оның ұлы Алке мынау. Менің руымда бұдан

өтетін мерген жоқ. Қайда салсаң да, жарайтын жігіт. Шешесінің
бақсылығына сонша қатты иман келтірмесе, мұның құны да
болмас еді. Біз азырақ сынайық. Бірер күнге мен өзімнің балгер
қатыныма кетейін. Оған дейін Майра өз баласын оқ өтпейтін

қылып сыйқырлап қойсын. Сонсоң бір-бірімізді алты адымнан
атысайық. Қай тұрып қалғанымыз рубасы болсын.
Мұрданың жобасын жұрт аңтарылып, үрейлене тыңдады.
Өмірі естен қалмастай іс болды. Жұрт ертегі қып əкетті.

Дəл сондағы Майраның түрін өмірі ұмытпаспын. Жақ сүйегі
салбырап, үзіліп түсетіндей көрінді. Бірауыз сөз айтуға мұршасы
келмеді, бейне бір алыстағы қасқырдай күңіреніп, жан дауыспен
ұлыды. Ұлының ұзын бойын өз денесімен қорғап қалатын адамша

басын қайқайтып жоғары созғанда бүкір арқасы жазылып кеткен-
дей болды. Шүйкедей, қу сүйек шешесінің жанында дардай Алке
жас бала тəрізденіп қалды.
Мұрда жер жұтып қойғандай лезде зым-зия жоғалды. Іздеп

ешқайдан таба алмады. Сонда ол мыстанның сыпырғышына мініп
ұшып кетті деген лақап дереу тарап кетті. Көшеде, тəкие қаласында
ойнап жүрген балалар аспанда жалғыз ұшып бара жатқан үйректі
көрсетті. Бəрі бірауыздан сол ұшып кеткен Мұрда деп айғайласты.

Олар үйректің көшеден ұшқанын көріпті. Кешке бұл лақапқа бəрі
нанды, Майра екеш Майра да нанды.
Ат саудасы доғарылды. Екі мыстан – бірі Майра, бірі Мұрданың
бақсы қатыны – тартысады, бұл тартыстың арты кімнің басшы бо-

ларын ашады деген хабарды түн болғанда естімеген адам қалған
жоқ.
Үйтпесе бола ма? Мұрданың балгері Майрадан күшті боп
шықса, онда бұл руға Майраның керегі жоқ, онда ол ұлын алып

қайда беті ауған жағына кету керек. Майраны ит етінен жек көріп
жүрген Мұрда Майрадан күшті балгерді бата алмаса, басшы бо-
лып қала алмайды. Неге десең, маздем тұқымын билеймін де-
ген адам өз тұқымын жын-шайтанның бəлесінен де қорғау керек

қой, қорғау үшін сыйқырға жабыспай бола ма? Малға індет тисе,
қайтпек? Адамға оба, топалаң келсе, не қылмақ? Бұл екі апат
дəйім қабат келмеуші ме еді! Сондай кездерде бақсы қатынсыз
қалай күн көресің?

Басшы жоқтағы маздемдердің сыйқы тым-ақ жаман бол-
ды. Барлығы екі-ақ күн өтті, менің күнім итке бергісіз көрінді.
Майра баласымен шатырынан шықпайды. Қалған еркек, əйел,
бала-шаға қайда барарын, не қыларын білмей біресе жалғыз-

жалғыз қаңғып, біресе шоғырланып, дауыстап, бақырып, əн са-
лып, зарлап, төбелесіп, босқа сенделді.
Бұрын болмаған, жан түршіктірген оқиға атам заманғы
ұмытылып кеткен сөздерді де айдап шығарды. Əлде Қаңғы өзені

бойында, əлде Түркістан жолында, əйтпесе əлдеқайда түсіп
қалған, жоғалған, ұмытылған ежелгі əдет-ғұрыптар дүниежүзіне
қайта жүзіп шыға келді. Əйелдер алқақотан болып, бірінің бірі
бұрымынан ұстап, киқулап, жүгіріп, шыркөбелек айналды. Еркек-

тер іш киімін тастап, бірін бірі шыбықпен шартылдата бастады.
Түн ортасында от жағып, шырақ құруға айналғанда кəзір адам-
ды құрбан шалар ма екен деп зəрем ұшты.
Бірақ шырақты жақпады. Қарт маздем шырақ құрған жерге

шығып сөз сөйледі. Ол жабықпаңдар, тарықпаңдар, сенделмеңдер
деп сөйледі. Көңілдеріңді басқаға аударып жіберіп, артынан
Майра күшті боп кетсе, жаза тартасыңдар деп сөйледі. Тағы да
опыр-топыр билеу. Қиқу, ұлу басталды. Адамдар құтырған кісідей

ұзын тырнағымен өз бетін, өз кеудесін өзі тырнап, жұлмалап, шы-
райнала жүгіріп ойбайлады. Содан кейін біреудің «шыртыра-бы-
тыра! шыртыра-бытыра!» деген дауысы қақсап сенбей-ақ қойды.
Кідірмей бұл сөзді өзгелер де қағып алып, көздері құтырған

қасқырдікіндей жайнап, тұла бойлары селкілдеп, секектеп бəрі де
сұлай бастады.
Дырылдаған бірбеткей үрейлі шуды Майраның ащы ойбайы
тіліп түсті.

Содан кейін ол ойбайға анда-санда Алкенің атқан мылтығының
келте тарсылы араласып, ойбай ұлуға шапты.

Маздемдер жын буып, есі шығып жатқанда Мұрданың қалай келіп қалғанын да байқамады. Басшыны көрген соң пышақ кескендей сап бола қалды да, ақсақалын қоршап алды. Уа һа! Олар басшыға да, балгеріне де ден қойған екен! Мұрда мұны көздерінен біле қойды. Түк байқаудың қажеті де жоқ. Мұрда жалаңаяқ, жалғыз жейде, белін қызыл кемермен шарт байлаған. – Шақыр Мұрда Алкейді! Майраны екі адам шатырында ұстап отырсын! – деп бұйырды. Алке шатырынан шықты. Тəлтіректемесе де, аяқ басуы əлсіз. Мұрда мұны байқады. Қарт басшы Алке тұрған жерден алты адымды өлшеп тоқтады да түкті кеудесін ашып: – Алке, оңдап көзде. Мен аяйды деп ойлама. Сен жақсы мергенсің ғой, – деді. Майраның құлындағы дауысы құраққа шықты. Өзгелері, зəре жоқ, сілейіп, жағы қарысып қалды. Мылтығын төмен түсіріп қарт көсем тағы сөйледі: – Ал тыңда, мен «үш» дегенде... Алке құп-қу, бірақ есінен танған жоқ. Екеуі де бұл азаптың тез біткенін қалағандай көрінді. – Бір. – Екі. – Үш! Мылтық екі атылды. Мұрда шалқасынан түсті. Кеудесінен қан шапшып жатыр. – Мұрда! – деп басына келіп еңкейіп дауыстадым. Бұл оқиғамен есі шығып кеткен Алке тапжылмастан орнында тұр. – Менің... сол қолымда... ол... – деп Мұрда ақырын сыбырлады. – Жақсы... мерген... Алке... Олар оған сенетін болады. Керегі... осы... еді. Сыйқыршы... Майра да... менікінен жақсы... Соңғы сөзі осы болды. Мұрданың сол қолынан Алкеге арнаған оғын алдым. Мұрда өлді. Өлсе де, елі өзінен де артық қатты сенетін, сыйлайтын, құрметтейтін артына басшы қалдырып өлді. Кідірмей, қызық та, той да, би де басталды. Арақ көл-көсір құйылды. Əйелдер сəнденді, бұлай біткеніне бəрі де қуанысты.

ТҮСІНІКТЕР

Бұл том 1997 жылы «Ғылым» баспасынан шыққан Жүсіпбек
Аймауытовтың бес томдық шығармалар жинағының екінші томы
бойынша теріліп дайындалды. 1997 жылғы басылымды М.Əуезов
атындағы Əдебиет жəне өнер институтының қызметкерлері

дайындады:

С.Қирабаев
(жауапты
редакторы),
ғылыми

түсініктерін жазып баспаға əзірлегендер: Д.Қамзабекұлы (жау-
апты шығарушысы), С.Аққұлыұлы, Г.Ахметова. Кітаптың жалпы
көлемі – 272 бет.
Бұл басылым жаңа шығармалармен толықты. Олар:

«Жүсіпбек Аймауытұлы төл əдебиетімізді көркем шығарма-
ларымен түр, мазмұн жағынан ілгерілетті деуге толық негіз бар.
Оның повесть, əңгімелері сыршылдығымен, психологизмімен
ерекшеленеді. Бұл жазушының əлемдік озық əдебиеттен мей-

ірі қанғанша сусындағандығын, солардан үлгі-өнеге алғанын
дəлелдейді. Өйткені ол шет ел жазушыларының озық шығарма-
ларын қазақ тілінде сөйлеткен талантты тəржімашы да.
Əдебиет сыншысы Смағұл Садуақасұлы Жүсіпбек Ай-

мауытұлына «ол Еуропалық жазушыларды еркін əрі жатық ауда-
рады» деп кезінде лайықты баға берген екен. («Молодой Казахс-
тан» жинағы, Мəскеу, 1928. 7 бет). Бұл пікірдің ақиқаттығына осы
2-томда ұсынылған аударма үлгілерін оқыған кісінің көзі жетеді

деп ойлаймыз. Жоғарыда көрсетілген жинақтың алғы сөзінде
«Смағұл Жүсіпбекті – «прозамен жазатын ақын» депті. Осы пікір-
ді 20-жылдары көптеген сыншылар да қолдаған. Расында өзіндік
қолтаңбасы жөнінен Ж.Аймауытұлы қазақ жазушыларының

ішінде ешкімге ұқсамайды. Оның шығармашылығынан қазақ
сөз өнерінің эволюциялық өсуі, табиғи жаңа сапаға өтуі айқын
аңғарылады. Мұның өзі Жүсіпбек прозасы қазақ əдебиетінде соны
соқпақ салғанын дəлелдейді.

Ж.Аймауытұлы көркем шығармаларын негізінен 1922-1929
жылдар аралығында жазған. Қаламгердің ғұмырбаян деректері-
не назар аударсақ, ол бұл жылдары қызмет бабымен Орынбор,
Ташкент, Шымкент қалаларында тұрған. Жазушы өз өмірінің,

əсіресе, Ташкент кезеңінде өндіртіп жазғанға ұқсайды. Түркістан
автономиялы республикасының астанасы болған Ташкентте
Төңкерістен кейін қазақтың ақыл-ойы шоғырланғаны мəлім.
Республиканың бас газеті «Ақ жол» əсіресе саясаттан ада

мақалаларымен бірге, көркем дүниелерді де басып отырды.

Қазақстан баспасөзін 20-жылдардың ортасына дейін тұрпайы
цензура тізгіндей алған жоқ еді. Бұл кезде кеңес өкіметі қазақ
əдебиетін «жазсаң, тек таптық тұрғыда жазасың» деген талабын
енді-енді айтып жатқан-ды. 1923 жылы Жүсіпбек сыншы ретінде

Мағжан ақынның шығармашылығын талдағанда, «ақынның кім
екендігіне емес, ақындық күшінің неде екеніне үңілу қажет» десе,
сыншының бұл пікірі жазушының қасаң, тұрпайы тұжырымымен
ымыраға келе алмағанын көрсетеді.

Қазақ əдебиетінде əңгімелерінің ішкі қасиеті, кісіге əсері
жөнінен орныққан Ж.Аймауытұлының шеберлігі осы жанрдың
ұлы ұстасы Б.Майлыұлының деңгейімен дəрежелес десек, артық
айтқандық емес. Ал, көркем аударма жөнінен ол 20-жылдары

əдебиетке араласқан қаламгерлердің қай-қайсынан болсын озық
тұр.
2-томға енген жазушы əңгімелері мен аудармаларының
газет-журналдарға басылған нұсқасы негізінен Санкт-Петер-

бург, Мəскеу, Омбы, Орынбор кітапханаларында сақталған мер-
зімдік қазақ басылымдарынан алынды. 20-жылдарғы басылымдар
түп-түгел сақталынбағандықтан, біз жазушының əңгіме, аудар-
маларын толық жинадық деп айта алмаймыз. Қолымызда бар

шығармаларының күллісі дерлік А.Байтұрсынұлы реформалаған
араб қарпінде жазылғандықтан, əзірлеу барысында түпнұсқаны
бүгінгі қолданылымға (кириллицаға) түсірдік. Даярлау кезінде
түпнұсқа тексі толық сақталынды. Енді екінші томдағы повесть,

əңгіме, аудармалардың қайдан алынғандығына тоқтала кетейік»,

– делінген болатын 1997 жылғы басылымда.

Бұл басылымда жарияланып отырған «Көшпелі Көжекбай»
əңгімесі мен Мопасанның «Су жүзінде», Конрат Берковичтің
«Заң білместің зары» аудармаларын Н.Қуантайұлы 2003 жылы
«Жұлдыз» журналының №3 санында жариялаған болатын.

Аталған шығармалардың соңындағы түсініктер сол қалпында
беріліп отыр.
Сонымен бірге бұл томға Н.Қуантайұлы жариялаған «Құсбегі»,
«Шамажай», «Кенжем атты», «Бетім-ау, құдағи ғой!», «Аждаһа»,

«Көшпелі Көжекбай», «Делебесі қозған жігіт», «Елеусіз ерлер»,
«Мысыққа ойын, тышқанға өлім», «Балалармен əңгіме», «Тəубе
қылды», «Жаңа талап», «Мен қалай үйлендім» əңгімелері өзінің
жазған түсініктерімен еніп отыр.

ПОВЕСТЬ

«Күнікейдің жазығы» – 1997 жылы «Ғылым» баспасы-
нан шыққан Жүсіпбек Аймауытовтың Бес томдық шығармалар
жинағының 2 томы (272 б.) бойынша, ешқандай өзгеріссіз
беріліп отыр (2 том, 6-64 б.). Бұл томды М.Əуезов атындағы

Əдебиет жəне өнер институтының қызметкерлері дайындаған
болатын. С.С.Қирабаевтың (жауапты редактор) басшылығымен
дайындалған томды баспаға əзірлегендер: Д.Қамзабекұлы (жауап-
ты шығарушы), С.Аққұлұлы, Г.Ахметова.

Повестің алғашқы нұсқасы «Жаңа əдебиет» журналының 1928
жылғы 7, 8, 9 жəне 1929 жылы 2, 3 сандарында жарияланған.
Кейінгі жылдары 1989 жылы «Жазушы» баспасынан шыққан І
томдық шығармалар жинағына, 1997 жылы «Ғылым» баспасы-

нан шыққан (М.Əуезов атындағы Əдебиет жəне өнер институты
дайындаған) бес томдық шығармалар жинағына, «Жібек жолы»
баспасынан шыққан 2 томдық Шығармалар жинағына енген.

ƏҢГІМЕЛЕР

«Елес» – «Жас қазақ» журналының 1924 жылғы 5-6 санда-
рында жарияланған. 1989 жылы шыққан 1 томдық шығармалар
жинағына енген.
«Жаңабайдың жанындағы трагедие» – «Жас қазақ» жур-

налының 1924 жылғы 7, 8, 9 жəне 10 сандарында жазушының
«Қызылбас» деген бүркеншек атымен жарияланған.
«Тұмарбай мен қатыны» – «Жас қазақ» журналының 1924
жылғы 5, 6, 7- 8 сандарында жазушының «Қызылбас» деген лақап

атымен жарияланған.
«Боранды болжағыш əулие (барометр)» – «Лениншіл жас»
журналының 1926 жылғы 1-2 санында басылған. Ж.Аймауытұлы
бұл əңгімесіне «Ж» деп қол қойған.

«Баушы мен бала» – «Лениншіл жас» журналының 1927
жылғы 3-4 санында басылған. Жазушы əңгіме соңында «Жүсіпбек»
деп қол қойған.
«Қара бақсы» – «Лениншіл жас» журналының 1925 жылғы 7

санында Ж.Аймауытұлының «Таңашбай» деген бүркеншек аты-
мен жарияланған.

«Жидебайдың баяндамасы» – «Ақ жол» газетінің 1925 жылғы
7, 16 ақпан күнгі сандарында жарияланған. Əңгіме жазушының
«Жүсіпбек» есімімен басылған.
«Жол үстінде» – «... Терме» жинағында (1925, № 1) жазушының

«Қызылбас» атты бүркеншек есімімен жарияланған. Кейін,
1990 жылы 13 шілдеде Қ.Мұхамедхановтың алғысөзімен «Қазақ
əдебиеті» газетінде жарияланды.
«Əнші» – «... Терме» жинағының 1925 жылғы 1 санында, 1989

жылы жазушының 1 томдық таңдамалы шығармалары жинағында
жарияланды. Автор əңгіме соңында «Ташкент, 6. ІІІ. 1925 жыл.
Жүсіпбек» деп қол қойған.
«Алып ұйқы» – «Еңбекші қазақ» газетінің 1926 жылғы 20

шілдедегі санында жарияланған.
«Қилы-қилы заман болды, қарағай басын шортан шалды»

– «Ақ жол» газетінің 1925 жылғы санында жарияланған. Автор

«Жүсіпбек» деп қол қойған.
«Радио хабарлары» – «Ақ жол» газетінің 1924 жылғы 16
қазан күнгі санында қаламгердің «Ж-к» атты бүркеншік есімімен
жарияланған.

«Өзгермесе бұл не?» – «Ауыл тілі» газетінің 1926 жылғы 4
қазандағы санында жарияланған. Автор «Ж.Аймауытұлы» деп
қол қойған.
«Жапырақтар» – «Қазақ тілі» газетінің 1926 жылғы 9 қаңтар

күнгі санында жарияланған. Автор «Жүсіпбек» деп қол қойған.
«Кеп қолағашта» – «Қазақ тілі» газетінің 1926 жылғы 4 қазан
күнгі санында жазушының «Таңашбай» деген бүркеншік есімімен
жарияланған.

«Жарасымды сүгіреттер» – «Ақ жол» газетінің 1924 жылғы
9 қазандағы санында жарияланған. Мақалаға жазушы «Жүсіпбек»
деп қол қойған.
«Жаңа өмірге аяқ басты» – «Ақ жол» газетінің 1925 жылғы

7, 9 қаңтар күнгі сандарында басылған. Жазушы əңгіме соңында
«Жүсіпбек» деп қол қойған.
«Далада Наурыз» – 1922 жылы «Қызыл Қазақстан»
журналының 6 санында жарияланған. Əңгіме соңында автор

«Ж.Аймауытов» деп қол қойған.
«Оралдан пойыз өткенде» – «Ақ жол» газетінде (22.11.1925)
алғашқы рет жарияланды. Əңгіме соңында «Жүсіпбек» деп қол
қойылған.

«Көк өгіз» – 1929 жылы Қазақстан мемлекеттік баспасында
жеке кітапша болып жарық көрді. Көркемделген кітапша сыртын-
да автордың Ж.Аймауытұлы екені жазылған.
«Күмəжнек» (Əмиəн) – «Ақ жол» газетінің 1924 жылғы 12

қазан күнгі санында жазушының «Ж-к» бүркеншік есімімен
жарияланған.
«Тінікейді не ойландырды?» – «Ақ жол» газетінің 1924
жылғы 29 желтоқсан күнгі санында жазушының «Ж-к» деген

лақап атымен басылған.
«Нағима» – «Қызыл Қазақстан» журналының 1923 жылғы
22 санында жарияланған. Əңгіме Ж.Аймауытұлының «Ж» деген
бүркеншік атымен басылған.

«Қойшы Тастамақ» – «Ақ жол» газетінің 1924 жылғы 11
желтоқсан күнгі санында Ж.Аймауытұлының «Ж» – деген
бүркеншік есімімен жарияланған.
«Сауатсыздықты қалай жою?» – Семейде шығып тұрған

«Қазақ тілі» газетінде 1923 жылы 18 тамызда жарияланған. Автор
«Жүсіпбек» деп қол қойған.
«Соп-соп» – «Ақ жол» газетінің 1925 жылғы 4 наурыз күнгі
санында жарияланған «Қосшы» парағының 1 санында басылған.

Автор «Ж-к» деп қол қойған.
«Қырсықты Сүлей» – «Ақ жол» газетінің 1925 жылғы 4-6
наурыз күнгі сандарында жарияланған. Жазушы əңгіме соңында
«Жүсіпбек» деп қол қойған.

«Қызылбике, қызыл отау» – «Əйел теңдігі» журналының
1929 жылғы 2-3, 4-5, 6-7-8, 9-10 сандарында басылған. Автор
«Жүсіпбек» деп қол қойған.
«Құсбегі» – Ж. Аймауытұлының өзі Семей қаласында шығарып

тұрған «Абай» журналының 1918 жылғы 4-ақпандағы 1-санына
/12-бет/ «Тікқұлақ» деген бүркеншік атпен жариялаған.
«Шажамай» – «Абай» журналының 1918 жылғы 4-ақпандағы
1-санында /13-бет/ жарық көрген.

«Кенжем атты» – «Абай» журналының 1918 жылғы 4-
ақпандағы 1-санында /13-бет/ жарық көрген.
«Бетім-ау, құдағи ғой!» – «Абай» журналының 1918 жылгы 8-
көкектегі 4-санына /13-15-беттер/ жарияланған. Соңына «Ж» деп

қол қойылған.
«Аждаһа» – «Жас қазақ» журналының 1924 жылғы 5-6 санын-
да /102-103-беттер/ жарық көрген. «Күлдіргі бөлімі» деген айдар-
мен беріліп, соңына «Ж.» деп қол қойылған.

«Елеусіз ерлер» – Əңгіме «Ақ жол» газетіне қосымша ретінде шығып тұрған «Сəуле» əдеби журналының 1924 жылғы қараша айындағы 6-санында /2-9-беттер/ «Жік» бүркеншік атымен жарық көрген. «Көшпелі Көжебай» – Ташкентте шығып тұрған «Ақ жол» газетінің 1924 жылғы 29-қазандағы 498-санында «оқшау сөз» айдарымен басылған. Соңына «Шоқарақы» деп қол қойған. «Делебесі қозған жігіт» – «Ақ жол» газетінің 1925 жылғы 26қаңтарындағы 329-санында қаламгердің «Жік» деген бүркеншік есімімен жарық көрген. «Мысыққа ойын, тышқанға өлім» – Əңгіме «Қазақ тілі» газетінің 1923 жылғы 16-шілдедегі 62-санында басылған. Соңына «Жүсіпбек» деп қол қойған. «Балалармен əңгіме» – Балаларға арналған бұл əңгіме «Пионер» журналының 5-санында /7-10-беттер/ «Оқу-тəрбие» бөлімі айдарында «Жік» деген бүркеншік атымен жарық көрген. «Тəубе қылды» – Əңгіме «Жаршы» журналының 1929 жылғы 1-санында /6-8-беттер/ жарық көрген. «Жүсіпбек» деп қол қойған. «Жаңа талап» – Əңгіме «Жаңа мектеп» журналының 1929 жылғы 2-санында /60-65-беттер/ «Жүсіпбектің əңгімесі» (латын қарпімен) деген тақырыппен жарияланған. Соңында «Жүсіпбек» деп көрсетілген. «Мен қалай үйлендім?» – Əңгіме 1929 жылы «Жаңа əдебиет» журналының 5-санында /70-72-беттер/ басылған. «Қаламшылық бəсекесі» айдарымен берілген. Авторы «Жүсіпбек» деп көрсетілген. Əңгіме соңында журнал редакциясы мынандай түсініктеме келтірген: «Басқарма: бұл əңгімені əдейі тұйық қалдырып отырмыз. Талапкерлер осы əңгімені тұйық қалған жерін ойлап тауып, аяқтау керек. Əркім əртүрлі жорып, шешер. Солардың бəрі де салыстырылып, қай тұрмысқа жарасымды, шынға келетіні көрсетілмек, басылмақ. Ең ақырында əңгіме иесінің шешуі басылады. Жалғыз-ақ шарт: бұл əңгіменің аяғы осы басылғаннан көп болмау жағы есте болсын» . Редакцияның осы сөзіне қарап, əңгіменің аяғы болғандығын анык байқаймыз. Өкінішке қарай, Жүсіпбек Аймауытұлын осы – 1929 жылдың 14-мамырында ГПУ тұтқындап, шығарманың соңы журналдың келесі санында басылмай қалған.

КӨРКЕМ АУДАРМАЛАР

«Өрбике» – Конрад Беркович шығармасынан аударма. «Жаңа
мектеп» журналының 1929 жылғы 4 санында басылған.
«Балжан» – Робиндранат Тагордан аударған. «Лениншіл жас»
журналының 1926 жылғы 1-2 сандарында жарияланған. Тəржімеші

– «Ж.Аймауытұлы».

«Күштілердің күші» – Джек Лондонның шығармасынан аудар-
ма. Ол «Лениншіл жас» журналының 1925 жылғы 6-7 сандарында
жарияланған. Аудармашы «Жүсіпбек Аймауытұлы» деп қол қойған.
«Пəренжі» – орыс ертегісінің аудармасы. «Əйел теңдігі»

журналының 1927 жылғы 6 санында жарияланған. Аударма соңында
автор «Жүсіпбек, Шымкент, 10 май» деп көрсеткен.
«Теңіз, телегей аттаныс» – Джек Лондоннан тəржіме. «Жаңа
мектеп» журналының 1926 жылғы 4-5 сандарында жарияланған.

Аудармашы – «Жүсіпбек» (Аймауытұлы).
«Қатындар» – Қабарды (кабардин) ұлтының ертегісінен аударған
«Еңбекші қазақ» газетінде 1924 жылғы 19 тамыз күнгі санында
жарияланған. Аударған – «Жүсіпбек».

«Аю мұртынан күлді» – «Ақ жол» газетінде 1924 жылы 22
қазанда басылған. Автор («Ж-к») «Туркестанская правда» газетінен
алып аударғандығын көрсеткен.
«Əкесі мен баласы» – Конрад Берковичтен аударма. «Лениншіл

жас» журналының 1926 жылғы 6-7 сандарында басылған.
«Су жүзінде» – Ги де Мопассанның əңгімесінен аударылған бұл
дүние «Ақ жол» газетіне қосымша ретінде шығып тұрған «Сəуле»
əдеби журналының 1924 жылғы 5-санында /2-7-беттер/ жарық көрген.

Соңына «Жүсіпбек» деп қол қойған.
«Заң білместің зары» – Конрад Берковичтің «Сықан (маздем)
əңгімелері» тақырыбымен берілген бірнеше əңгімесі 1926 жылы
«Жаңа мектеп» журналының 11-12-13-сандарында /75-112-беттер/

басылған. Топтаманың басында «қазақшаға аударған Аймауытұлы
Жүсіпбек» деп көрсетілген.
Ескерту: Конрад Берковичтің есімі журналда «Қоңырат Бүрковичи»
деп беріліпті.

«Мұрда» – Конрад Берковичтің «Сықан (маздем) əңгімелері»
тақырыбымен берілген бұл əңгіме 1926 жылы «Жаңа мектеп» санда-
рында /75-112-беттер/ басылған. «Қазақшаға аударған Аймауытұлы
Жүсіпбек» деп көрсетілген.

«Мұрданың өлімі» – Конрад Берковичтің «Сықан (маздем)
əңгімелері» тақырыбымен берілген бұл əңгіме 1926 жылы «Жаңа мек-
теп» сандарында /75-112-беттер/ «Қазақшаға аударған Аймауытұлы
Жүсіпбек» деп көрсетілген.

Мазмұны Повесть Күнікейдің жазығы.......................................................................3 Əңгімелер Елес .............................................................................................68 Жаңабайдың жанындағы трагедия ............................................73 Тұмарбай мен қатыны ............................................................84 Боранды болжағыш əулие .........................................................93 Баушы мен бала ..........................................................................97 Қара бақсы ................................................................................100 Жидебайдың баяндамасы .........................................................114 Жол үстінде ................................................................................121 Əнші ..........................................................................................130 Алып ұйқы ................................................................................142 Қилы-қилы заман болды, қарағай басын шортан шалды ........148 Радио хабарлары (оқшау сөз) ..........................................151 Өзгермесе бұ не? ....................................................................153 Жапырақтар ..............................................................................157 Кеп қолағашта ..........................................................................158 Жарасымды сүгіреттер (оқшау сөз) ........................................161 Жаңа өмірге аяқ басты ..........................................................163 Далада наурыз ..........................................................................172 Оралдан пойыз өткенде ............................................................175 Көк өгіз .....................................................................................177 Күмəжінек (əмиəн) (оқшау сөз) ..........................................179 Тінікейді не ойландырды (оқшау сөз) ...................................181 Нағима .......................................................................................182 Қойшы Тастамақ ......................................................................188 Сауатсыздықты қалай жою (оқшау сөз) ...................................190 Соп-соп ......................................................................................192 Қырсықты Сүлей .....................................................................194 Қызыл отау, Қызылбике ............................................................200 Құсбегі .......................................................................................227 Шажамай ...................................................................................227 Кенжем атты .............................................................................228 Бетім-ау, құдағи ғой! ..............................................................228 Аждаһа ......................................................................................234 Көшпелі Көжебай .......................................................................235

Делебесі қозған жігіт ..............................................................239 Елеусіз ерлер ............................................................................241 Мысыққа ойын, тышқанға өлім ............................................248 Балалармен əңгіме ..................................................................253 Тəубе қылды ............................................................................259 Жаңа талап ................................................................................263 Мен қалай үйлендім? .............................................................268 Аудармалар Өрбике (Конрад Берковичтен)..............................................271 Балжан (Робиндранат Тагордан) .........................................284 Күштілердің күші (Джек Лондоннан) .................................289 Пəренжі (перде) ертегісі (Асылы орысшадан) ......................305 Теңіз, телегей аттаныс (Джек Лондоннан) ..........................312 Қатындар (Қабарды ұлтының ертегісі) ..............................326 Аю мұртынан күлді ................................................................328 Əкесі мен баласы (Конрад Берковичтен) .............................330 Су жүзінде (Мопассаннан) .....................................................333 Заң білместің зары (Конрад Берковичтен) ............................338 Мұрда (Конрад Берковичтен) ................................................353 Мұрданың өлімі (Конрад Берковичтен) .............................363 Түсініктер..........................................................................375

«Ел-шежіре» қайырымдылық қоры» қоғамдық қорының
президенті Дидахмет Əшімханұлы
Жүсіпбек Аймауытов
Алты томдық шығармалар жинағы

3-том
Повесть пен əңгімелер, аудармалар
Редакторы Нұрбол Құдайбергенов
Техникалық редакторы Ниязбай Оразымбетов

Компьютерде беттеген Жамила Айдос

ИБ № 141

Теруге 15.08.2013 ж. берілді. Басуға 04.09.2013 ж. қол қойылды.
Пішімі 84х1081/32. Қаріп түрі «Tіmes New Roman».
Басылымы офсеттік. Шартты баспа табағы 20.
Таралымы 2000 дана. Тапсырыс №

«Ел-шежіре» қоғамдық қоры. 050009. Алматы қаласы.
Абай даңғ. 143, 517 бөлме
Тапсырыс берушінің дайын файылдарынан
«Жедел басу баспаханасы» ЖШС-нде басылды,

050052, Алматы қаласы, Ясауи көшесі, 1б.

Пікірлер (0)

Әзірге пікір жоқ.
An error has occurred. This application may no longer respond until reloaded. Reload 🗙