TELEGEI

Home

Бітімгер

Нұрлан Онжанов

Оқылуы: 0%

Жазылымсыз режим: 20-беттен кейін жазылым беті ашылады, әрі қарай әр 10 бет сайын (ең көбі 5 рет).

20 px
1.85
0.30 px
0.95 em

Бітімгер

Соңғы жылдары Украина дағдарысы газеттердің бірінші беті мен әлемдік БАҚ-тардың жаңалықтар таспаларынан түсер емес. Аталған жанжалды бейбіт реттеудің жолдарын іздестіру белсенді жалғасуда. Әлемдік қоғамдастық 2014 жылдың тамызындағы Минск кездесуінің, сондай-ақ 2015 жылдың ақпанында Минскіде өткен «норманд пішіміндегі» саммиттің даму барысын мұқият бақылап отырды. Минск-2 әуел баста Астанада жоспа

Нұрлан Онжанов
бІтІмгер
Дипломат жазбалары
«Фолиант» баспасы

Астана – 2015

Кітапқа ҚР Президенті Әкімшілігінің Баспасөз қызметінің мұрағатындағы фотосуреттер пайдаланылды Онжанов Н. Бітімгер. Дипломат жазбалары. – Астана: Фолиант, 2015. – 240 б. ІSBN 978-601-302-267-3 Соңғы жылдары Украина дағдарысы газеттердің бірінші беті мен әлемдік БАҚ-тардың жаңалықтар таспаларынан түсер емес. Аталған жанжалды бейбіт реттеудің жолдарын іздестіру белсенді жалғасуда. Әлемдік қоғамдастық 2014 жылдың тамызындағы Минск кездесуінің, сондай-ақ 2015 жылдың ақпанында Минскіде өткен «норманд пішіміндегі» саммиттің даму барысын мұқият бақылап отырды. Минск-2 әуел баста Астанада жоспарланғанын көпшілік біледі, бірақ Украина үдерісінде ке­ неттен Қазақстан астанасы қалай пайда болғаны туралы, тіпті, түйсіне де алмаулары ықтимал? Шынтуайтында, Минск-1 және Минск-2, Украи­ на дағдарысын реттеудегі басқа да көптеген ілгерілеушіліктер Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың делдалдық күшжігер жұмсауының нәтижесінде жүзеге асты. Кітап авторы біздің Мемлекетіміз басшысының Украинаның оңтүстікшығысындағы бітімге әкелген белсенді қызметінің куәгері болған еді. Кітапта Майдандағы 2015 жылдың ақпан айына дейінгі оқиғалар қам­ тылған. ӘОЖ 327 ББК 66.4 ӘОЖ 327 ББК 66.4 О 59 О 59 © Онжанов Н., 2015 © «Фолиант» баспасы, 2015 ІSBN 978-601-302-267-3

АЛҒЫ СӨЗ

Украина дағдарысы ең басынан бастап өңірлік
жан­жал шеңберінен шығып, ХХІ ғасырдағы ең күрделі
сын-қатерлердің біріне айналды.
Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаев Украинада­

ғы жанжал халықаралық қоғамдастықтың тіршілік
ты­нысының әлеуметтік және саяси қырларын қамти
отырып, экономика мен қаржының шегінен шық­
қан жаһандық дағдарыстың салдары болып табы­

латынын талай мәрте атап көрсеткен.
Шын мәнінде, Украина дағдарысы – бұл Украи­
наның оңтүстік-шығысындағы егесу ғана емес,
бұл – кешенді түрде шешуді талап ететін саяси,

эко­номикалық,
сауда-саттықтық,
энергетикалық,
мә­дени, ұлтаралық және басқа мәселелер мен

проблемалардың тұтас бір шоғыры. Мұнда, бірінші
кезекте, тек Украинаның өзіндегі ғана емес, сондай-
ақ, оның сыртындағы, әсіресе, «Ресей – Украи­

б І т І м г е р
на – Еуропалық одақ» пішіміндегі өзара сенім мен
түсіністік мәселесі бой көрсетті.
Украинадағы 2013 жылдың соңындағы және тұтас

2014 жылғы оқиғалар қазіргі жаһандық қауіпсіздік
жүйесі арқау етілген халықаралық құқықтың негіз
қалаушы қағидаттарын шатқаяқтатып жібергенін айт­
сақ та жеткілікті. Және бұл мәселенің тек саяси қыры

ғана.
Еуропалық одақтың Ресейдің Қырымды өзіне қо­
сып алуымен байланысты Мәскеу саясатына қарсы
енгізген санкциялары, сондай-ақ, РФ-ның жауап шек­

теулері тек Ресей экономикасына ғана теріс ықпал
етіп қоймай, Еуропа елдерінің өз экономикаларына
да салқынын тигізгенінің еш құпиясы жоқ. Шығындар
миллиардтаған еуромен есептеледі.

Тиісінше, Украина дағдарысы халықаралық құқық­
тың арқаулық қағидаттарына, сондай-ақ, жанжалға
тартылған елдердің, оның ішінде тұтастай әлемдік
экономиканың дамуы мен әлемдік тәртіптің және

қауіпсіздіктің жаһандық жүйесіне аса күшті әсер етіп
отырған салмақты сын-қатерге айналды.
Осылайша, Украинадағы жанжал жаһандық күн
тәртібіндегі аса күрделі мәселелердің біріне айнал­

ды. Сәйкесінше, Украина дағдарысын реттеуге ба­
ғыт­талған кез келген әрекет бүкіл әлемдік қоғам­
дастықтың, БАҚ-тардың, сарапшылар мен инвес­
торлардың назарын өзіне аударды.

2014 жылдың тамызында Минскіде Беларусь,
Қазақстан, Ресей (Кеден одағына қатысушы елдердің

б І т І м г е р
үштігі) мемлекеттері басшыларының, Украина мен
Еуропалық одақ басшылығының пішіміндегі жоғары
деңгейдегі тұңғыш «нәтижелі» келіссөздері аяқтал­

ды. Осы кездесудің қорытындылары бойынша Ар­
найы байланыс тобы оқ атуды тоқтату мен Украина­
ның оңтүстік-шығысындағы жанжалды бейбіт шешуді
бас­тау бойынша қыркүйек уағдаластықтарына қол

жеткізе алғаны баршаға аян.
Өкінішке қарай, бұл шаралар жеткіліксіз болып
шықты. 2015 жылдың ақпанында Минск-2 кездесуі
өтіп, ол «норманд төрттігі» мемлекет басшыларының

рекордты 16 сағаттық келіссөздеріне ұласты және
нәтижесінде Украина дағдарысын реттеу бойынша
жаңа, бұрынғыдан көлемдірек уағдаластыққа қол
жеткізілді.

Тұтастай алғанда, осы кездесулер туралы ақ­
па­рат баспасөзде кеңінен көрсетілді. Шетелдік, сон­
дай-ақ, отандық сарапшылардың егжей-тегжейлі тал­
дамалы жарияланымдары жарық көрді.

Сонымен қатар, іс жүзінде бұл кездесулер қалай
және неліктен өткенін, олардың нәтижелілігіне не
нәрсенің ықпалы тигенін білетіндер аз, өйткені, бас­
қа да әрекеттер болған еді. Оның үстіне, осы үде­

рістердің бәрінде Қазақстан Президенті Н.Ә.На­
зарбаевтың қандай рөл атқарғанын нақты сезі­
нетіндер де саусақпен санарлық.
Кейбіреулер көпшілікке Минск-2 атауымен белгілі

«норманд пішіміндегі» жоғары деңгейдегі кездесу
әуел баста Қазақстан елордасы – Астана қаласында

б І т І м г е р
жоспарланып еді ғой деуі мүмкін. Бірақ, бұл тек
бір мақсатта – Украинадағы қантөгісті тоқтатып,
жанжалды бейбіт жолмен реттеу арнасына бұру мақ­

сатында өткізілген орасан зор жұмыстың тек сырт
көзге көрінетін бет жағы ғана. Бұл жұмыс Минск-2-
ден, тіпті, Минск-1 өткізілгеннен көп бұрын басталған
болатын.

Оның үстіне, бірқатар сарапшылар Қазақстан Ас­
тананы «норманд төрттігі» кездесуін өткізетін орын
ретінде араағайындық миссиясынан барынша көп
саяси ұпай алу үшін ұсынды деп қате пайымдауы

мүмкін. Сарапшылар тарапынан шындықтың осы­
лайша бұрмалануын түсінуге де болады, өйткені,
келіссөздердің көптеген нақты жайлары мен соған
байланысты орасан зор дайындық жұмыстары оты­

рыстардан тысқары қалды.
Осымен байланысты мен 2014 жыл мен 2015
жылдың басында өткен, қызмет бабына сәйкес өзім
куәсі болған сол оқиғалардың кейбір фактілерін

баяндап берсем деймін.
Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Украина
дағдарысын реттеу бойынша қызметіне мен Пре­
зиденттің халықаралық мәселелер жөніндегі көмек­

шісі лауазымына тағайындалған 2014 жылдың шіл­
десінде қосылдым. Бұған дейін, Қазақстан Рес­
публикасының Германиядағы елшісі ретінде, орын
алып жатқан оқиғаларды БАҚ-тар мен Қазақстан

Республикасы Сыртқы істер министрлігінің орталық
аппаратынан алған ақпараттарға сүйене отырып

б І т І м г е р
қана бақылауға мүмкіндігім бар еді. Сондықтан, осы
кітаптың Минскідегі тамыз кездесуінің басталуына
дайындыққа

дейінгі
кезеңді
қамтитын
бірінші

бөлімі менің ой-пайымдарым мен байқағандарыма
негізделген. Ал кейінгі бөлімдер Мемлекет басшы­
сының Украина дағдарысы мәселелері бойынша
келіс­сөздерінің нақты детальдарымен және өзімнің

жеке жазбаларымдағы үзінділермен толықтырылған.
Мен Украинада болған немесе сонымен байла­
нысты
оқиғалардың

барлығын
бірдей
қамтуға
ұмтылған жоқпын. Негізінде, бұл ақпараттар кеңінен

қолжетімді. Оның үстіне, қызмет бабыма сәйкес
мен өткен келіссөздердің барлық ұңғыл-шұңғылын
жайып сала алмаймын, бірақ мүмкіндігінше болған
оқиғаларды барынша егжей-тегжейлі айтуға тыры­

самын. Мен, сондай-ақ, өткір мәселелерден айналып
өткенді жөн көрдім. Дағдарысқа кінәлілерді табуға да
ұмтылмадым, өйткені, уақыт өте келе тарих бәрін де
өз орнына қоятынына сенімдімін.

Оқырманды Қазақстан Президентіне қозғау сал­
ған, ешқандай тәуекелдерге қарамастан және өзі
үшін ешқандай ынталандыруды күтпестен Украи­
на дағдарысын реттеуге ықпал ету бойынша оны

белсенді шаралар қабылдауға итермелеген деталь­
дар қызықтыратынына және ол бұл істі бойына сіңі­
ретініне шын ниетіммен үміттенемін.
Қазақстанның Украина дағдарысына тартылуы­

на байланысты түрлі алаңдаушылықтар да болды.
Еліміздің ішкі тұрақтылығы мен төңірегіне ықпал

б І т І м г е р
ете алатын тәуекелдер де көп еді және оны қа­
перге алмауға да болмайтын еді. Оның үстіне,
көптеген сарапшылар Қазақстанның араағайындық

миссиясы туралы түрлі идеяларға, тіпті, басқа
елдердің саясаткерлері Н.Ә.Назарбаевқа Украина
дағдарысына тартылған ана немесе мына тарапқа
ықпал етуді ұсынған кезде де шүбәлана қарады.

Сонымен қатар, мен жұмысқа тереңірек бойлаған
сайын біздің Президентімізге моральдің кез келген
дана саясаткерге тән болуы тиіс жалпыадами
қалыптары қозғау салып отырғанын тереңірек түсіне

түстім.
Нұрсұлтан Әбішұлы Қазақстан үшін ықтимал тәуе­
келдер туралы өте жақсы білетін еді, сондай-ақ,
жан-жақтан жұмыла күш-жігер жұмсалмаса, бейбіт­

шіліктің де ауылы алыстай беретінін, ал мұның аяғы
бүкіл халықаралық қоғамдастық үшін бұдан да зор
салдарларға соқтыратынын нақты түсінді. Сондық­
тан, ол Украинаның оңтүстік-шығысындағы жанжал­

ды реттеудің бейбіт үдерісіне ықпал етудің бірде-бір
мүмкіндігін қалт жіберген жоқ. Оны дағдарысты бейбіт
жолмен шешуден басқа балама жоқ, тек осылай
еткенде ғана қантөгісті тоқтатып, саяси үдерістерге,

оның ішінде, жағдайды тұрақтандыру мен елді әрі
қарай дұрыстауға болады деген нық сенім шынайы
итермелеген еді.
Осы күш-жігердің барлығы босқа кеткен жоқ. Мен

өзім Н.Ә.Назарбаевтың тараптардың ұстанымда­
рын өз қолымен жазып алып, Франция, Украина,

б І т І м г е р
Ресей және Германия басшыларымен кездесулер
сериясын өткізген кезде осы дағдарысты жағдайдан
шығу жөніндегі өзінің жолдарын ұсынғанының куәсі

болдым. Осы жазбалардың көпшілігін кейін мен
Минск-2-нің қорытындылары бойынша қол жеткі­
зілген нақты уағдаластықтар түрінде тағы көрдім.
«Нор­манд төрттігі» көшбасшыларына қажет болған

керекті серпінді нақ біздің Президент тек кездесу
өткізу үшін ғана емес, нақты нәтижелерге қол жеткізу
үшін де берген болатын.
Ресей, Украина, Германия және Франция басшы­

лары Қазақстан Президентіне – жанжал аймағынан
мыңдаған километр қашықтықта жатқан елдің бас­
шысына не себепті құлақ асты?
Оған сенеді. Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев

әлем­дік қоғамдастыққа өзінің қағидалары мен мін­
дет­темелерінен кері шегінбейтін, дәйекті саясат
жүргізетін, бейбіт қатар даму идеясының сенімді
жақтаушысы болып табылатын «адал менеджер»

ретінде белгілі. Қазақстан Президенті әлемдік қоғам­
дастық елдерінің, олардың географиялық орнала­
суына қарамастан, өзара іс-қимылы маңызды екенін,
елдерді қарсы тұруға емес, бәсекеге негіздей отырып

дамыту қажеттігін талай мәрте атап көрсетті.
Өте ауыр 90-шы жылдары, Қазақстан тәуелсіздігі­
нің таңсәрі шағында, Президент Н.Ә.Назарбаев­
тың ядролық қарудан бас тарту туралы дәуірлік

шешім қабылдағанын еске түсірсек те жеткілікті. Бұл
шешімге қарсылар да көп болған еді. Халықаралық

б І т І м г е р
келіссөздерде күш тұрғысынан қашанда көзірге ие
болу үшін Кеңес Одағынан мұраға қалған осы қатерлі
қаруды сақтап қалуға кеңес берген артықпысықтар да

кездесті. Мемлекет басшысы Қазақстанның ядролық
арсеналы болуы елімізге әлемдік қоғамдастықтың
сенімсіздігін арттырғаннан басқа ештеңе бермейтінін
нақты түсінгендіктен, ондай сөздерге құлақ асқан

жоқ.
Сол кезеңде, керісінше, ескі таптаурындарды ең­
серіп, әлемнің шешуші елдерімен және ықтимал
инвесторлармен сындарлы және сенімді үнқатысуды

жолға қою маңыздырақ болатын. Өткен жылдар
дәл осы ұстанымның жалғыз дұрыс ұстаным бол­
ғанын көрсетіп берді. Бүгінде елімізді әлем танып,
құрметтейді, ал сонау 90-шы жылдардағы шешімді

Қазақстанның бейбітшілік қалыптастыру мен жаһан­
дық қауіпсіздікті нығайтуға қосқан бірегей үлесі ретін­
де қарастырады.
Егер Қазақстан Президентінің өмірбаянын мұқият

қарасаңыз, қызықты жайларға тап боласыз. Оның
Украина дағдарысындағы бітімгерлік қызметі –
бірінші оқиға емес. Сонау 1991-1992 жылдары
Н.Ә.Назарбаев

Ресей
Президенті
Б.Ельцинмен
бірге алғашқылардың бірі болып үн қатып, Кеңес

Одағының екі бұрынғы республикалары: Әзербайжан
мен Армения арасында нағыз соғыс оты тұтанған
кезде Таулы Қарабаққа барып қайтқан еді. Кейін
Алматыда келіссөзге алаң ұсынылып, Н.Ә.Назарбаев

біз үшін бауырлас республикалардағы қантөгісті

б І т І м г е р
тоқтату жолында алғашқы қадам болған Таулы Қа­
рабақ бойынша келіссөздерге өзі қатысқан-тын.
Осы келіссөздерге қатысқан Әзербайжан мен Ар­

менияның сол жылдардағы дипломаттары өзі­
нің барлық дипломатиялық талантын пайдалана
отырып, тараптарды бітімге келуге сендіре алған
Қазақ­стан көшбасшысының салмақты ұстанымын

күні бүгінге дейін ұмытпайды.
Көрші Қырғызстандағы 2005-2010 жылдардағы
ішкісаяси дағдарыстар да, әсіресе, еліміздің 2010
жыл­ғы ЕҚЫҰ-дағы төрағалығын қаперге ала кел­

генде, Қазақстан үшін айтарлықтай сынақ болды. Екі
жағдайда да Президент Нұрсұлтан Назарбаев өзін
бейбітшіліксүйгіш саясаткер ретінде көрсете келіп,
жақын көрші елде азамат соғысы өрістеуіне жол

бермеу үшін қолынан келгеннің бәрін тағы да жасады.
2010 жылдың наурызында нақ қазақстандық ұш­
қыштар Жоғарғы Бас қолбасшы Н.Ә.Назарбаевтың
бұйрығымен оппозиция проблеманың негізгі көзі

деп білген Қырғызстанның тағынан тайдырылған
президенті Қ.Бакиевті Джалалабадтан алып шық­
қанын еске сала кетейік. Сондай-ақ, 2005 жылы
А.Ақаев та осылай шығарылған болатын. Дәл осы

фактілер Қырғызстандағы ашық қарулы қарсы
тұру­шылықтың алдын алуға мүмкіндік берді. Кейін
сарапшылар қауымдастығы Н.Ә.Назарбаевтың сол
кезеңдегі қызметін ЕҚЫҰ жұмысының эталоны ре­

тінде келтіреді. Біздің Президентіміздің күш-жіге­
рі Батыстағы әріптестеріміз тарапынан жоғары
бағаланған еді.

б І т І м г е р
Мемлекет басшысы қызметінің ең басты ерекше­
ліктерінің бірі – ол стратегиялық міндеттерді нақты,
уақтылы және көрегендікпен қоя біледі, содан

соң белгіленген мақсаттарға дәйектілікпен бірте-
бірте қадам басады. Мұның Қазақстанды дамы­ту
мәселелеріне және тұтастай халықаралық қоғам­
дастықта бейбітшілікті сақтау мен өзара сенімді

кү­шейтудің жаһандық идеясына да қатысы бар.
АӨСШК, Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің
съезі, түрлі өңірлік бастамалар, сондай-ақ, Мемле­
кет басшысының араағайындық күш-жігері – осының

барлығы бір ғана аса ауқымды мақсаттарды көздейді.
Осындай жауапты миссия тек нағыз еуразия­шыл,
қарсы тұрушылықтың емес, бәсекелестіктің жақ­
таушысы, әлемдік деңгейдегі дәйекті және сарабдал

саясаткер Нұрсұлтан Назарбаевтың ғана қолынан
келеді. Ол – жаһандық ауқымдағы бітімгер болуға
жаралған тұлға.
Қазақстан Президентінің саясатына осындай ке­

шенді көзқарас жұртшылық Минск-2-ге, яғни 2015
жылдың 11-12 ақпанында өткен «норманд төрт­
тігі» елдері көшбасшыларының кездесуіне дейін
Нұрсұлтан

Назарбаевтың
Украина
дағдарысын
реттеуде атқарған рөлін қалың жұртшылық білсін

деген ниет мені осы кітапты жазу қажеттігіне түпкілікті
сендірді.
Бұл кітап саясатқа қызығушылық танытатын бар­
ша оқырманға, әсіресе, еліміздің болашағы – қа­

зақстандықтардың өскелең ұрпағына пайдалы бо­
лады ғой деп пайымдаймын.

І. МАЙДАННАН УКРАИНАДАҒЫ

ПРЕЗИДЕНТТІК САЙЛАУҒА ДЕЙІН:

ЕКІҰШТЫЛЫҚПЕН ӨТКЕН КҮРДЕЛІ

КЕЗЕҢ

Украина дағдарысы Украинаның оңтүстік-шығы­
сындағы қарулы қарсы тұрушылық пен Майдандағы
қақтығыстардан көп бұрын басталған болатын.
Мен, тіпті, В.Януковичтің Еуропалық одақпен ассо­

циация туралы келісімге қол қоюдан бас тартуы да
дағдарыстың басы емес, тек белсендірек іс-қимыл
мен ашықтан-ашық қарсы тұрушылыққа алып келген
оның алғашқы себептерінің қисынды жалғасы ғана

еді деп батыл түрде болжам жасай аламын.
Шын мәнінде, сонау 2004 жылы-ақ Украинада
«қызғылт-сары революция» деп аталатын оқиға орын
алғаны белгілі. Украиналықтар, басым жағдайда ба­

тыс өңірлерінің тұрғындары президенттік сайлаудың
В.Янукович жеңіске жеткен бірінші турының қорытын­
дыларын мойындаған жоқ. Содан кейін есеп бо­
йынша үшінші (конституциялық емес) қайта сайлау

орын алып, В.Ющенконың дәуірі, Ю.Тимошенконың

б І т І м г е р
премьерлігі, В.Януковичтің билікке қайта оралуы
(оның Өңірлер партиясы Жоғарғы Радада көпшілік
дауыс иеленген соң) болды. Осылайша, Украинада

соңғы 10 жылда әлеуметтік-экономикалық даму мен
қарапайым азаматтардың әл-ауқатын арттырудың
нақты мәселелері екінші кезекке ысырылып, бұл ел
іс жүзінде саяси айла-шарғыға белшесінен батты.

Осындай жағдайларда Украинаның дәстүрлі түр­
де мәдениеті мен діні бойынша Ресейге жақын
өндірісті шығысы мен еуроинтеграцияға үміттенген,
яғни Еуропалық одақпен шекара қашан ашылады

деп күткен ауылшаруашылықты батыс арасындағы
идеологиялық алшақтық ұлғая түскені түсінікті.
Менің жеке сенімім бойынша, егер Украина бас­
шылығы ішкімемлекеттік тұрақтылықты нығайтып,

елдегі әлеуметтік-экономикалық жағдайларды жақ­
сар­туға және халықты ұйыстыруға бірінші кезекте
мән бергенде, мұндай екіге жарылу орын алмас еді.
Қазақстанда саяси қайта жаңғырулар ойласты­

рылған ұлтаралық келісімді, ынтымақтастық пен діни
төзімділікті қамтамасыз еткен тиімді экономикалық
реформалардан кейін басталып, елімізде тұрақты
өсімді көрсеткенін және экономикалық дамудың

қарқыны бойынша көшбасшы болуға мүмкіндік бер­
генін еске сала кеткен жөн. Тек осыдан кейін ғана
Мемлекет басшысы саяси құрылысты жетілдірудің
қадамды

шараларын
ұсынып,
бірінші
кезекте,

қазақстандық біртектілікке негізделген демократия
қағидаттарын енгізе бастады.

б І т І м г е р
Ал Украинада біз мүлдем басқа үдерістерді көрдік.
1990 жылдардың жабайы кезеңдері тынышталып
үлгермей жатып, елде түрлі полярлы екі саяси

бағыт: еуро­интеграция мен Ресеймен одақтастық
пайда болды. Оның үстіне, түрлі полярлықтың
мәні күні бүгінге дейін дамудың осы сыртқы сая­
си векторларының сәйкессіздігінде емес (олар, ке­

рісінше, сәйкеседі), Украина басшылығының қа­
шанда екі ірі ойыншы: Еуропалық одақ пен Ресей
Федерациясы мүд­делерінің арасынан пайда табуға
ұмтылғанында, яғни тепе-теңдікті сақтауға емес,

екі жақтан да өзі үшін біржақты тиімділік көруге
тырысушылықта жатыр. Осының салдарынан, тұ­
тастай алғанда, ел ре­тінде Украина стратегиялық
тұрғыдан тек ұтылыс тапты.

Нақ өзінің жауапкершілігін түсінуге негізделген
елдің болашақ дамуын біртұтас болжаудың жоқ­
тығы, сондай-ақ, жекелеген адамдардың мемле­
кет мүддесінен өз мүддесін жоғары қоюы, шешім

қа­­был­даудағы дәйексіздік пен қабылданған мін­
деттемелерді орындамау бүгінгі дағдарысқа алып
келді.
Өкінішке қарай, Украинада біз екі тұжырымдаманы

қағидатты қарсы қоюшылықты көрдік, ал біздіңше,
барлық тараптардың, яғни сыртқы және ішкі мүддені
есепке алатын бір ортақ стратегиялық бағдарла­
маны қосу бойынша жұмыс істеп, содан кейін оны

дәйектілікпен жүзеге асыру қажет еді.
Елді дамытудың шығыс және батыс өңірлерін
қарсы қоятын емес, осы облыстарды біріктіретін
стратегияны іздеудің неліктен қажет болғанын түсіну

б І т І м г е р
үшін Украина сыртқы саудасының құрылымына
қарау жеткілікті. Дағдарысты кезеңге дейін Украи­на
экспортының 5/1 үлесі Ресейге, соншасы Еуропалық

одаққа тиесілі еді. Оның үстіне, РФ-ға негізінен
алюминий тотығы, темір мен құрыш сымдар,
дизельді-электрлі локомотивтер, барлық үлгідегі
вагон-цистерналар,

қозғалтқыштар,
яғни
елдің
шығысында өндірілген өнім экспортталып келді.

Ал Еуропаға жүгері, темір рудасы, антрацит, рапс
тұқымы, бұршақ тұқымы, күнбағыс майы жөнелтілді,
яғни елдің шығысынан шикізаттар, батысынан
ауылшаруашылық өнімдері жіберіліп келді. Басқаша

айтқанда, Украина, меніңше, өзінің байланысын Ре­
сеймен де, Еуропамен де үзбеуі керек еді. Тиісінше,
Украина басшылығы осы екі бағытты бір-біріне
қарсы қоймай, керісінше, екі жақпен де теңдестіріл­

ген дәйекті саясат ұстануы тиіс-тін. Өкінішке қарай,
бұлай болмады.
Атап айтқанда, жалғасқан егесушілік пен дәйек­
сіздік фактісін Еуроодақпен қауымдасу туралы қол

қою күні белгіленген келісімді В.Януковичтің ауысты­
ру туралы шешім қабылдауынан-ақ нақты көруге бо­
лады.
Қалыптасқан жағдайды толықтай түсіну үшін та­

рап­тардың аталған келісімге қол қойылмай тұрып-ақ
баршаға белгілі болған ұстанымдарын білу қажет.
Атап айтқанда, 2013 жылдың жазында-ақ Ресей
тарапы Украина мен ЕО арасындағы келісім РФ-

ның экономикалық мүдделеріне қатер төндіреді,
оған қол қойылған жағдайда Ресей экономикасына

б І т І м г е р
айтарлықтай нұқсан келеді деп қайта-қайта мәлімдей
бастады. Мәскеу өз ұстанымына айғақ ретінде
Украинаның бұрын да, қазір де ТМД-ның Еркін сау­

да аймағында тұрғанына назар аударды. Тиісінше,
Қауымдастық туралы келісім күшіне еніп, Украинаның
Еуроодақпен Еркін сауда аймағы құрылған соң, Украи­
на тауарлары анағұрлым сапалы Еуропа өнімдері

тарапынан бәсекелестікке төтеп бере алмай, Ре­
сей нарығына ысырылып шығарылатын болады. Бір
жағынан, Украина тауарлары демпингтік бағалармен,
екінші жағынан, Еуропа өнімдерінің Украинадан РФ-

ға заңсыз реэкспорты фактілерін де жоққа шығаруға
болмайды, Ресей кәсіпорындарына орны толмайтын
шығын келтіретіні түсінікті еді, ал бұл жерде әңгіме
өнеркәсіптегі, ауыл шаруашылығындағы, автомо­

биль жасаудағы, құрылыс пен басқа да салалардағы
аса ірі жобалар турасында болып отыр. Оқиғалар­
дың осындай даму тәуекелі жағдайларында РФ
үкіметі шетелдіктерді қоса алғанда, инвесторлар

алдында міндеттемелері бар екенін, оларды Украи­
на Еуроодақпен қауымдастық туралы келісімге кел­
ген жағдайда сауда режімін қатаңдату жолымен де
қорғайтынын ашық айтты. Айтқандай, осы ұстанымын

Ресей тарапы әлі күнге жалғастыруда.
Бұл жерде еуропалықтар нені басшылыққа алды?
Еуропада ұзақ жыл жұмыс істеген мен осыдан екі
жыл бұрын ЕО-да Украинаның Еуроодаққа іс жүзінде

өтуі туралы нақты ойланғандар көп болған жоқ деп
нық сеніммен айта аламын. Бұл үдеріс өте ұзаққа
созылады деп болжанды. Бұдан бөлек, жаһандық
2-0192

б І т І м г е р
дағдарыстың салдары мен Еуропадағы ішкі пробле­
малар Украинаның экономикаларын жедел қайта
құру мақсатында 1990 жылдары орасан зор қаржы

бөлініп, ірі инвестициялар құйылған Шығыс Еуро­
па мемлекеттеріндегі секілді еуроинтеграцияны
ілгерілету үшін қандай да бір қаржылай көмек алуға
деген барлық үмітін жоққа шығарды.

Қазақстанның Германиядағы елшісі болып жұмыс
істеген кезімде мен неміс баспасөзін тұрақты түрде
оқып тұрдым. Украина дағдарысы белең алған сәттен
бастап, жарияланым үшін аса қарама-қайшылықты

тақырыптар жанжалдың экономикалық себептері
болғаны қызық факт екені анық. Мәселен, 2014 жыл­
дың сәуірінде-ақ ЕО-ның энергетика жөніндегі ко­
миссары Гюнтер Эттингер «Welt am Sonntag» газе­тіне

берген сұхбатында «Украинаның Еуропалық одаққа
өтуі алыс перспектива» деп бағалаған еді. Соны­
мен қатар, ол осы перспектива Украинадағы бүгінгі
жанжалды шешудің құралы бола алмайтынын атап

көрсете келіп, бұл мәселені көкейкесті емес деген
болатын. Оның пікірінше, Украина дағдарысы үшін
жауапкершіліктің бір бөлігі Еуроодақ мемлекеттеріне
тиесілі. Саясаткер «бізге Украинаны Еуроодақпен

жақындастыру
жөніндегі
келіссөздер
үдерісіне

ресейлік әріптестерді түбегейлі түрде қосқан жөн
еді» деп атап өтті. Екінші жағынан, Эттингердің
сөзіне қарағанда, Ресей Президенті Владимир Пу­
тинге бұрынғы кеңестік республиканың тәуелсіздікке

ұмтылысына қарсы тұрмау керек еді. Еурокомиссар

б І т І м г е р атап көрсеткендей, «өзінің болашағын айқындау – бұл украиналықтардың өз ісі»1. Украинаның өзіне қатысты айтсақ, біріншіден, ЕОмен қауымдастық туралы келісімге қол қойғаннан кейінгі алғашқы 1-2 жыл бедерінде ел экономикасы сезіне алатын теріс салдарларды еңсеру үшін Киев­ ке орасан зор қаржы қажет болатын. Еуроинтегра­ ция теоретиктерінің төзімділік таныта тұруы керек еді, ал біртұтас Еуропа нарығына қосылудан кейінгі кумулятивті тиімділік, оның стандарттары мен жаңа технологиялары Украинаның алға қарай айтарлықтай секіріс жасауына мүмкіндік беріп, оның экономикасы­ на оң әсер етер еді деп сөз саптайтыны сөзсіз. Сонымен қатар, Украина экономикасы объективті тұрғыдан мұндай қайта өзгертулерге дайын емес еді, Ресеймен дәстүрлі сауда, өндірістік, кооперациялық ажырау қатері алдында тұрды. Және бұл ел 20082009 жылдардағы жаһандық дағдарыстан әлі айыға қоймаған кезеңде болды. Дегенмен, Батыстан қар­ жылай көмек көрсетілмеді, ал Халықаралық валюта қоры В.Януковичтің бүкіл әлеуметтік саясатын жоққа шығаратын аса ауыр шарттар қойды. Сөйте тұра, ол 2013 жылдың 17 желтоқсанындағы Ресейге сапа­ ры барысында 15 млрд. доллар кредит алды және Украина үшін газдың бір текше метрінің бағасын 4001 Йохен Гаугуле (Jochen Gaugele). ЕО-ның энергетика жөніндегі ко­ миссары Г.Эттингердің сұхбаты. «ЕО комиссары автобанды пайдалан­ ғаны үшін бүкіл Еуропа бойынша ақы төлеуді енгізуді талап етеді» (EUKommіssar fordert Pkw-Maut fur ganz Europa). Welt am Sonntag газеті. 20/04/2014. Http:/www.welt.depolіtіk/Deutschland/artіcle127118482/EU-Kom­ mіssar-fordert-Pkw-Maut-fuer-ganz-Europa.html

б І т І м г е р ден 268,5 долларға дейін уақытша төмендетуге қол жеткізді. Осылайша, көптеген сарапшылар атап өткен­дей, В.Янукович таңдау алдында тұрды: Еуроодақпен қауымдастық туралы келісімге қол қойып, болжам бо­йынша ел экономикасын терең рецессияға ұрын­ дыруы немесе РФ-ның несие қаржысын қабыл­дап, еуроинтеграцияны тоқтата тұруы және әрі қарай да тактикалық дивидендтер алу үшін «еуропалықтар мен ресейліктердің көңіл-күйлерінде ойнауын» жалғастыруы керек болды. Олардың пікірінше, ол соңғысын таңдады. Басқа нұсқа да бар. В.Янукович РФ-мен және ЕОмен ұстанымдарын тағы бір мәрте келісуге әрекет ету үшін, сондай-ақ, барлық тараптарға ұнамды саудаэкономикалық ынтымақтастықтың тұжырымын жа­ сау үшін келісімге қол қоюды кейінге қалдырған жөн деп шешті. В.Янукович қандай уәждерді басшылыққа ал­ масын, ол Майданда, Қырымда, ал кейінірек Донецк мен Луганск облыстарында орын алған оқиғаларға алғышарт жасаған сол тарихи шешімді қабылдаған еді. Қалыптасқан жағдайға шағын экономикалық тал­ дауды есепке ала келгенде, В.Януковичтің ЕО-мен қауымдастық туралы келісімге қол қоюды кейінге қалдыру туралы шешімі қате болды деп кесіп-пішіп айтуға болмайды. Сонымен қатар, ол осы шешімді іс жүзінде қол қою датасы белгіленген қарсаңда қабылдап, мұнысымен өз іс-әрекетінің дәйексіздігін көрсетті және негізінен Украинаның қарапайым

б І т І м г е р
азаматтарының, батыс өңірлеріндегі тұрғындардың
сенімдеріне селкеу түсірді.
В.Янукович соңғы сәтке дейін Еуропадан Украи­

наға қаржылай көмек көрсету туралы оң шешім
күтті, қателескеннен кейін еуроинтеграцияны тоқта­та
тұруға мәжбүр болды. Сөйте тұра, Украина жұрт­шы­
лы­ғымен ешқандай түсіндіру жұмыстары жүргізіл­

меді. Жоба оның ықтимал тиімділігі мен ықтимал
тәуекелдерін егжей-тегжейлі ойластыру үшін кең
көлемді талқылауға шығарылған жоқ. Аңғал халық
келісімге қол қойылғаннан кейін қалғаны оңай деп,

өзін ЕО-ға өту табалдырығында тұрмын деп сезінген
еді, бірақ билік олардан алшақ кеткенін көрсетіп,
күткен көңілдерді күпті етті. Іс жүзінде әне-міне қол
қойылады деген сәтте В.Янукович келісім жобасын

қосымша жан-жақты ашық сараптамаға жіберіп, ол
осы шешімі бойынша шамамен жарты жылға кешігіп
қалды және Батыстағы әріптестері оның мұнысын
түсінбеді. Ал бұл жайт оппозиция үшін іске көшуге

белгі болып табылды.
2008-2010 жылдары Қазақстанда да осыған ұқсас
жағдай қалыптасуы мүмкін болғанын атап өткен
жөн. Қазақстан Республикасының халқы мен бизнесі

Беларусь, Қазақстан және Ресейдің Кеден ода­­ғын
құру бойынша жүргізіп жатқан жұмыс туралы аз
құлақтандырылған еді. Интеграциялық үдерістер­
ге көңілдері толмайтындар тарапынан артық-ауыс

сөз­дер айтыла бастады. Қазақстан Президенті
Н.Ә.Назарбаев жағдайды дер кезінде түзетті. Ол
түсінік жұмыстары әлсіз жүргізіліп жатқанын атап

б І т І м г е р
көрсетіп, үш ел үкіметін бірнеше мәрте сын тезіне
алды. Нәтижесінде, Еуразиялық экономикалық одақ
туралы шарт жобасымен жұмыс басталған кезде, оған

Қазақстан бизнесі («Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер
палатасы) мен сарапшылар қоғамдастығы қосылды.
Шарттың өзі жоба сатысында-ақ онлайн-қолжетім­ді
болды және қол қойылып, тараптардың бәрі рати­

фи­кациялаған қазіргі кезде де қолжетімді. Оның
үстіне, интеграцияның ең күрделі мәселелерін ашық
талқылау жалғасып жатса, бұл жайт ЕАЭО-дағы
әріптестер тарапынан түсіністікпен қабылдануда,

өйткені, осы экономикалық одақ аясындағы инте­
грациялық үдерістер, бәрінен бұрын, қол жеткізілген
уағдаластықтарға сәйкес мақсаттылық пен прагма­
тизмге негізделіп отыр.

Украинадағы оқиғаларға қайта оралсақ, Қауым­
дастық туралы келісімге қол қоюды кейінге шегеру
жөнінде қабылданған шешім мен оның жұртшы­
лыққа қалай жеткізілгенінің өзі салдары қасіретті

оқиғаларға алып келген алғашқы адами қателік бол­
ды дер едім. Артынша Майдан бұрқ етті. Киевтің
ор­талығына еуроинтеграция жақтастары тосқауыл
қойды. Осы кезеңде наразылық білдірушілерді бір­

лесе қолдаған Батыстың ұстанымы айқындала бас­
тады. Еуроодақ ел билігін келісімге келуде енжарлық
танытты деп айыптап, Қауымдастық құру жөніндегі
келісім бойынша Киевпен келіссөздерін тоқтатты, ал

АҚШ Украина басшылығына санкциялар қолданамыз
деп доқ көрсетті.
Украинадағы саяси дағдарыс аса күрделі пішінге
еніп, көшедегі демонстранттардың радикалды бөлігін

б І т І м г е р
билікке күш көрсету арқылы қарсы тұруға арандат­
ты. Қақтығыстардың қатаңдана түсуін Жоғарғы Рада
2014 жылдың 16 қаңтарында қабылдаған рұқсат

берілмеген көше акцияларына жазаны қатайту тура­
лы заңдар пакеті тездетті. Киевтің орталығында жап­
пай тәртіпсіздіктер бой көрсетті. Бірқатар өңірлер­де
митингке қатысушылар облыстық әкімшіліктер ғи­

маратын бақылауларына алу мүмкіндігіне қол жет­
кізді.
2014 жылдың ақпанында Украинадағы саяси дағ­
дарыс елді азамат соғысы мен аумақтық бөлініс

қатеріне әкелген аса өткір белесіне өтті.
Украинада күш көрсету ушыға түсуімен бай­
ланысты 2014 жылдың 18 ақпанында мәлімдеме
жасаған ГФР-дің Федералды сыртқы істер министрі

Франк-Вальтер Штайнмайер «жекелеген адамдарға»
қатысты санкциялар қолданылатынын айтып, сес
көрсетті. Ол Киевтің орталығында немесе Украина­
ның кез келген басқа жерінде қантөгіске әкелетін

шешім қабылдаған адам жауапты болатынын,
Еуропаның бұған дейінгі жеке адамдарға санкция­
лар қабылдау бойынша өзінің ұстамды көзқара­сын
қайта қарауы ықтимал екенін атап көрсетті. Атал­

ған жағдайда әңгіме Украинаның бұрынғы үкіметі
мүшелерінің Еуропаға кіруіне тыйым салу туралы
болатын. Ф.-В. Штайнмайердің айтуынша, күш көр­
сетуді ушықтыру – бұл «қазір елге керектінің ең

соңғысы». Сондай-ақ, ол жағдайды күрделендіре
түсуде ерекше жауапкершілік Украинаның қауіпсіздік
күштеріне жүктелетінін атап өтті.

б І т І м г е р
Дағдарысты шешудің саяси жолын іздеуге ал­
ғаш­қы әрекет те жасалды. 2014 жылдың 21 ақпа­
нында Украинадағы дағдарысты реттеу туралы билік

пен оппозиция арасында келісімге қол қойылды
(келісімнің толық мәтіні қосымшада беріліп отыр).
Құжатқа Польша мен Германия СІМ-лерінің, сондай-
ақ, Франция СІМ-нің өкілі куәгерлік етті. Сонымен

бір мезгілде, «Оң сектор» радикалды қозғалысының
серкесі Д.Ярош аталған келісімді қабылдамай таста­
ды және тайталастың жалғасатынын жария етті.
2014 жылдың 22 ақпанында В.Янукович Украина­

ның оңтүстік-шығыс облыстары депутаттарының
съезі өтеді деп жоспарланған Харьков қаласына
кел­ді. Сол кезде Жоғарғы Рада мемлекет басшысы­
ның конституциялық өкілеттігін орындаудан өзін

өзі шеттетуі жөнінде қаулы қабылдады. Жағдайды
В.Януковичтің елден Ресейге қашуы ушықтыра
түсті, бірақ ол өзінен Украина президенттігінің өкі­
лет­тігін алмаған еді.

2014 жылдың 24 ақпанында ГФР СІМ-нің басшы­
сы Ф.-В.Штайнмайер Украинаның жаңа билігін кек
қайтару актілерінен бас тартуға шақырды. Оның ай­
туынша, «болашақ саяси басшылар күш көрсетуді

ушықтыруды тоқтатулары тиіс». Германия сыртқы
саясат
ведомствосының
басшысы

Украинаның
жаңа билігіне «саяси партиялар мен өңірлер ара­
сындағы үнқатысу мен тепе-теңдікті іздестіруді»
ұсынды. Ол Германияның, Франция мен Польшаның

араағайындығымен келісіліп, Украинадағы қарсы
тұрушы саяси лагерьлер қабылдаған жоспар жағ­

б І т І м г е р
дайды реттеуге «парасатты жол» ашатынын атап
өтті.
Сол дүдәмалдық кезеңінде жасалған Ф.-В.Штайн­

майердің болжамы нағыз көрегендік болып шықты.
Ол Украинадағы жағдайды күрделі күйде қалып отыр
деп бағалай келіп, «Еуропаның алдағы кезеңде де
Украинаның анархия мен азамат соғысы ұйығына ба­

тып кетпеуінің алдын алу және елдегі ұлттық бірлікті
сақтап қалу үшін қолдан келгеннің бәрін жасауы
тиіс» екенін атап көрсеткен еді. Өкінішке қарай, оның
үндеуін тыңдар құлақ табылмады.

Елде өздерінің болашақтарын Ресеймен ынты­
мақ­тастықпен байланыстыратын, еуроинтеграция
ұрандарын қабылдамаған, бірақ бұрынғы ел бас­
шылығы «лақтырып» кеткен, олигархтар ортасы

елеп-ескермеген және жаңа билік те есепке алмаған
басым бөлігі өндірісі дамыған оңтүстік және шы­ғыс
өңірлердің қарапайым азаматтары қалды.
Осылайша, Украина тарихының, өкінішке қарай,

үмітті ақтамаған қайғылы да қатал жаңа парағы бас­
талды.
Көтеріңкі көңіл-күй үстінде қабылданған шешімді
қате деп қарастыруға бола ма, оны бағалау қиын.

Алайда, 2014 жылдың 23 ақпанында, оппозиция
Жоғарғы Радаға бақылау орнатқан күннің ертеңіне-
ақ, украиналық заң шығарушылар Тілдер туралы
заңның күшін жойды. Еске сала кетсем, осы заңмен

Украинаның өңірлеріне орыс тілінің мәртебесін
ішкіөңірлік қарым-қатынаста ресми тіл ретінде өзі
айқындауға құқық берілген еді.

б І т І м г е р
Заңның күшін жоюды жақтап 450 депутаттың 232-
сі дауыс берді. Шешімді оппозициялық «Батькивщи­
на» және УДАР фракцияларының көпшілік депутат­

тары қолдаса, оған ұлттық «Свобода» фракциясы өз
дауыстарын толық құрамында берді.
Бұл бұрынғы заң берген мүмкіндікті пайдаланған
өңірлердегі жергілікті өзін өзі басқару органдары

тарапынан наразылық туғызбай тұра алмады. Өзге
ұлттық
азшылықтардың,
негізінен

Украинадағы
орыс тілді халықтың құқықтары белден басылды.
2014 жылдың 3 наурызында Украина президентінің
міндетін атқарушы А.Турчинов парламенттің тіл сая­

саты туралы заңның күшін жойған шешіміне Жоғарғы
Рада жаңа заң қабылдағанша қол қоймайтынын
мәлімдегеніне қарамастан, жұлқынып тұрған жын
бөтелкеден шығып үлгерген еді.

Билікке келген оппозицияның орыс тілінің өңір­
лік мәртебесін жою жөніндегі жедел шаралары,
Украинаның блоктан тыс тұру мәртебесін алып тас­
тауға шақырған үндеулер мен НАТО-ға ену үдерісінің

басталуы осы елдегі Шығыс пен Батыс арасындағы
түсінбеушілікті тек күшейте түсті.
Нәтижесінде, оқиға ошағы Киевтен Қырымға ауыс­
қаны белгілі. 2014 жылдың 27 ақпанында Қырым

Автономиялық Республикасының Жоғарғы Кеңесі
өзінің шешімімен Қырым премьер-министрінің ла­
уазымын «Орыс бірлігі» партиясының жетекшісі
С.Аксеновті тағайындады, оны Киевтегі жаңа би­лік

мойындамады. 2014 жылдың 27 ақпанына қара­ған
түні Қырым үкіметі мен Жоғарғы Кеңесінің ғимарат­

б І т І м г е р
тарын белгісіз қарулы адамдар басып алды. Екі
ғимараттың үстіне де Ресей тулары тігілді.
Қырым автономиялық республикасы Министрлер

кеңесінің төрағасы С.Аксеновтің бейбітшілік пен
тыныштықты қамтамасыз етуге ықпал көрсету тура­
лы өтінішіне жауап ретінде Ресей Президенті В.Путин
РФ Федералдық Жиналысы Федерация кеңесіне

үндеу жолдап, Ресей заң шығарушылық органының
жоғары палатасынан РФ Қарулы күштерін Украи­
на аумағында ондағы жағдай қалыпқа келгенше
пайдалануға келісімін алды.

Ресей СІМ-нің статс-хатшысы С.Карасин мәлім­
дегендей, РФ Федералдық Жиналысы Федера­
ция кеңесінің келісімі Ресей Президенті В.Путин
РФ Қарулы күштерін қолдану туралы берілген құ­

қықты пайдаланады дегенді білдірмейді. Соған
қарамастан, мұндай шешім қабылданып үлгер­ген
еді. Украинадағы қарсы тұрушылық жаңа пішімге
ауыс­ты. Ресей факторы пайда болды.

2014 жылдың 11 наурызында Қырым Автоно­
миялы Республикасының Жоғарғы Кеңесі мен Се­
вастопольдің қалалық кеңесі олардың пікірінше, сәй­
кес шешім референдумда қабылданған жағдайда,

Қырымның Ресейдің құрамына кіруіне заңнамалық
мүмкіндік беретін Қырым Автономиялық Республи­
касы мен Севастополь қаласының тәуелсіздігі ту­
ралы декларация қабылдады. Мәскеу декларация­

ны заңды және негізді деп атаса, ал Украина СІМ
оны антиконституциялық және «заңнама тұрғысы­нан
түкке тұрғысыз» деп есептеді. Сондай-ақ, 2014 жыл­

б І т І м г е р
дың 16 наурызында референдум жарияланды,
онда түбектің тұрғындарына екі сұрақтың біріне
дауыс беру ұсынылды: 1) Сіз Қырымның Ресейге

Ресей Федерациясының субъектісі құқымен қайта
қосылғанын қалайсыз ба; немесе 2) Сіз Қырым
Республикасының 1992 жылғы конституциясының іс-
әрекеті қалпына келгенін және ҚАР-дың Украинаның

бір бөлігі ретіндегі мәртебесін қалайсыз ба?
2014 жылдың 16 наурызындағы Қырымның мәр­
тебесі туралы референдумда сайлаушылар­дың
96%-дан астамы республиканың РФ құрамына қо­

сылуын жақтап дауыс берсе, 18 наурызда тиісті
шартқа қол қойылды. 21 наурызда Ресей Президенті
Қырымның қосылуы туралы заңға қол қойды.
Қырымдағы

референдумның
қорытындылары,
сон­дай-ақ, түбектің Ресей Федерациясына қосылға­
ны Киев тарапынан мойындалған жоқ. Мәскеудің

бар­лық түсіндірмелері мен Косовода осыған ұқсас
жай орын алғанына сілтеме жасауы есепке алынба­
ды. Ресейге Батыстың Қырымды аннексиялады және
елдің аумақтық тұтастығы туралы халықаралық құ­қық

қағидаттарын бұзды деген айыбы қарша борай бас­
тады. АҚШ пен Еуроодақ, Австралия, Жаңа Зелан­
дия мен Канада активтерді тоқтатып тастауды және
«қара тізімге» енгізілген адамдарға визалық шектеу­

лер енгізуді, сондай-ақ, санкция салған елдердің
компанияларына тізімге енгізілген адамдармен және
ұйымдармен іскерлік қатынастар ұстануға тыйым са­
луды қарастыратын санкциялардың алғашқы пакетін

іске қосты.

б І т І м г е р
Оқиғалар, күшейе түскен дағдарыстан шығудың
басқа
жолдарын

табуға
әрекеттер
болғанына
қарамастан, жедел дамыды. Оның үстіне, болып

жатқан оқиғалардан хабар таратқан ақпараттар
ағынында, сондай-ақ, 2014 жылғы наурыздың 10-ы
мен 14-і аралығында Қазақстан Президентінің
АҚШ, Германия, Ұлыбритания және бірінші кезек­

те Ресей басшыларымен бірқатар телефон арқылы
сөйлесулері болды деген хабар көрініс берді. Іс
жүзінде, бұл Қазақстан басшысының осындай
күрделі геосаяси мәселеде араағайындық күш-жігер

танытқан алғашқы оқиғасы еді.
Барлық телефон арқылы сөйлесулер референ­
дум өткенге дейін болғанын қаперге алсақ, әңгіменің
не туралы өрбігенін түйсіну қиынға түспесе керек.

Батыс елдерінің басшылары Н.Ә.Назарбаевқа Ре­сей
Президенті В.Путинмен Қырым үдерістеріне ықпал
ету туралы сөйлесуін сұрап, өтінішпен шықты деп
батыл түрде болжам жасай аламын.

Атап айтқанда, Қазақстанның Германиядағы Елшісі
ретінде мен Мемлекет басшысының А.Меркельмен
телефон арқылы сөйлесуін ұйымдастыруға тікелей
қатыстым. Осы әңгімені дайындау барысында

және оның мазмұнын өзімнің неміс әріптестерім­
мен кейінгі талқылауларым кезінде менің батыстық
серіктестердің Нұрсұлтан Назарбаевты осы күрделі
мәселені талқылауға болатын және сенім артуға

лайықты адам ретінде көргеніне көзім жетті.
Сонымен бір мезгілде, Украинада түбегейлі өзге­
ріс­тер өте жылдам жүріп, сол кезге дейін түзеп

б І т І м г е р болмайтын қателіктер жіберіп үлгерілген еді және жанжалға тартылған тараптардың көңіл-күйі әбден шегіне жеткен болатын. Осының барлығы іс жүзінде оқиғалардың даму барысын өзгертуге еш мүмкіндіктің қалмағанын білдіреді. Қырымның Ресейге қосылуы, Германияны қоса алғанда, Батыста теріс қабылданғаны сөзсіз. Мәсе­ лен, 2014 жылдың 14 сәуірінде немістің «Der Spіe­ gel» басылымының журналисі Беньямин Биддер Мәскеу Қырымды қосып алып, «қырғи-қабақ соғыс» аяқталғаннан кейін қалыптасқан тәртіптің аяғын аспаннан келтірді деп жазды. Оның пікірінше, «Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін алғаш рет бір мемлекет күш қолдану әдісімен екінші бір елдің шекарасын өзгертті, бұл осыдан бар-жоғы бірнеше ай бұрын ойға келмейтін жай еді»2. Германия Канцлері А.Меркель Қырымның Ресей құрамына кіруін халықаралық құқықты өрескел бұзу, өйткені, бұл Украина конституциясына қарама-қайшы еді және Киев үкіметімен келісілмеген болатын, деп көрсетті. Сонымен қатар, ол Еуроодақтың дағдарыс­ ты ушықтыруға мүдделі емес екенін атап өтті. Герма­ ния канцлері украиналық саясаткерлерді әлеуметтік жіктелуді еңсеру бойынша күш-жігерді жандандыра түсуге шақырды. «Мен Украина іс-әрекеті қайшылыққа 2 Беньямин Биддер (Benjamіn Bіdder). «Шығыс Украинадағы эскалация: Ресейдің қауіпті мүмкіндіктері» (Eskalatіon іn der Ostukraіne: Russlands gefahrіcle Optіonen). Spіegel журналы. 14/04/2014. Http://www.spіegel.de/polіtіk/ausland/Ukraіne-wіll-putіn-anschlusseіnmarsch-oder-buergerkrіeg-a-964408.html.

б І т І м г е р
емес, келісімге бағытталған саясаткерлерге мұқтаж
деп ойлаймын», – деді А.Меркель. Өкінішке орай,
Киевтегі жаңа билік неміс саясаткерінің үндеуіне

құлақ аспады. Қырымдағы оқиғалармен байланысты
Украинаның оңтүстік және шығыс өңірлеріндегі Ре­
сейге бүйрегі бұратын азаматтардың бойын билеген
эйфория қысым ошағын басқа облыстарға ауыстыр­

ды. Дәл осы кезең – наурыздың соңы мен сәуірдің
басы – Украинаның осы өңірлерінің проблемаларын
қатты қиналмай шешуге болатын кезең еді. Сол кез­
де Донбасстың тәуелсіздігіне немесе өңірді Ресейге

қосуға шақырған үндеулер соншалықты қатқыл және
үзілді-кесілді емес-тін. Дәл сол шақта Киев пен елдің
оңтүстік-шығысы арасындағы сындарлы үнқатысуды
жүзеге асыруға мүмкіндік әлі де болса бар еді. Алай­

да, өкінішке қарай, мұны ешкім пайдаланған жоқ.
2014 жылдың 6 сәуірінде Донецк, Луганск және
Харьков облыстарында далалық және облыстық әкім­
шіліктер мен құқық қорғау органдарының ғимарат­

тарын жаппай басып алулар басталды. Бейілі Ре­
сейге берілген ереуілшілер қаруға қол жеткізу
мүмкіндігіне ие болды. Донецк мен Луганскіде оларға
өздерін бұрынғы басшылық сатып кетті және жаңа

билік қуғынға ұшыратты деп есептеген құқық қорғау
органдарының бұрынғы қызметкерлері қосыла баста­
ды. Бұған қоса, операцияларға бұрынғы әскерилер
қатарында болған ресейлік еріктілер араласты. Ми­

тингке шыққандардың серкелері жасақтар штабы­
ның жетекшілеріне айналды. Жергілікті белсенділер,
олардың сөздеріне қарағанда, орыс тілін ресми

б І т І м г е р
пайдалануға тыйым салуға қарсы наразылық біл­
дірді. Қырым факторын есепке алғанда, орыс тілінің
мәртебесі туралы бұл ұрандар тәуелсіздікке және

Ресейге қосылуға шақырған үндеулерге күрт ұласты.
2014 жылдың 10 сәуірінде өзін өзі жариялаған До­
нецк Халық Республикасы (ДХР) өңірдің мәртебесі
туралы референдум өткізу үшін сайлау комиссиясын

жасақтай бастады.
2014 жылдың 28 сәуірінде өзін өзі жариялаған Лу­
ганск Халық Республикасында (ЛХР) ЛХР-дің өзін
өзі айқындауына арналған референдум өткізуге

дайындық басталғаны туралы хабарланды.
Өзін өзі жариялаған ДХР мен ЛХР-де рефе­
рендумдар өткізу күні 2014 жылдың 11 мамы­
рына, 2014 жылдың 25 мамырына тағайындалған

Украинадағы президенттік сайлау өткізуден екі апта
бұрын деп белгіленді.
Донецк мен Луганскідегі оқиғаларға Германия
қалай қарады? 2014 жылғы сәуірдің басында неміс

БАҚ-тарындағы түсініктемелердің әуені айтарлықтай
өзгерді. Атап айтқанда, Қырым қосылғаннан кейін
кейбір саясаткерлер мен шолушылар Еуроодақ пен
АҚШ-ты сынай келе, Кремльдің іс-әрекетін ақтады.

Дағдарысқа кінәні олар, өздерінің пікірінше, Ресей
басшылығының ерекшеліктерін ескермеген Батысқа
аударды. Бірақ, ресейлік бейілдегі ереуілшілердің
7 сәуірге қараған түні Украинаның шығысындағы

әкімшілік ғимаратты басып алып, «Донецк халық
рес­публикасын» жариялағаннан кейін «Suddeutsche
Zeіtung» газеті «Мемлекетті жүйелі түрде қирату»

б І т І м г е р деген тақырыппен журналист Юлиан Ханстың мақаласын жариялады, онда ол былай деп жазды: «Егер болашақта саясаттанушылар қандай да бір мемлекетті жүйелі түрде қалай қиратуға болатынын талдағылары келсе, онда Ресейдің көрші Украинаға қатысты іс-әрекеті нағыз үлгі бола алады. Оның рецептіне сенімсіздікті өрістету мен экономикалық қысым көрсету және әскери үрей туғызу кіреді. Мәскеу қашқын президент Януковичті ауық-ауық нафталин­ нен алып, ол қағаз жүзінде Киевтегі өтпелі үкіметтің беделін түсіретін нәрсенің барлығын таратып келеді. Барак Обама Украинада федералдық құрылыс ор­ нату туралы Кремль жоспарларының қармағына ілікпегеннен кейін Мәскеу өзіне Қырымдағы табы­ сын қамтамасыз еткен құралдарға қайта оралды. Осы алғашқы қадамнан Путин өзі үшін айтарлықтай салдарлар болмайтынын түсінген сабақ алды. Енді Брюссель мен Берлин қандай сабақ алғандарын көрсетулері тиіс»3. 2014 жылдың 15 сәуірінде Украина президенті­нің міндетін атқарушы А.Турчинов антитеррорлық опе­ рация (АТО) бастау туралы жариялады, ол сәтсіз­ дікке ұшырады. Басым жағдайда аумақтық қағидат бойынша жасақталып, әлсіз жарақтанған және асығыс үйретілген, нашар басқарылатын Украина армиясы жасақтардың ұйымдасқан және алдын ала 3 Юлиан Ханс (Julіan Hans). «Мемлекетті жүйелі түрде қирату» (Eіn Stat wіrd systematіsch zerstort). Suddeutsche Zeіtung газеті.08/04/2014. Http://www.sueddeutsche.de/polіtіk/unruhen-іn-der-ostukraіne-eіn-staatwіrd-systematіcsch-zerstoert-1.1931824. 3-0192

б І т І м г е р
жоспарланған партизандық операцияларына қарсы
тұруға қабілетсіз болып шықты.
Украинаның оңтүстік-шығысындағы жағдайдың

ушы­ғуына байланысты батыстық санкциялар ке­
ңейтіле бастады. Санкцияларды ұйымдасты­рушы­
лар Ресейді Украинаның аумақтық тұтастығын бұзуға,
оның ішінде ресейлік бейілдегі көтерілісшілерге қару

беруге бағытталған іс-әрекеттер жасап отыр деп
айып­тады.
2014 жылдың 7 мамырында өткен баспасөз мәс­
лихатында РФ Президенті В.Путин ЕҚЫҰ төрағасы

Дидье Буркхальтермен бірге Луганск мен Донецкі­
нің басшылығына Украинаны өзін өзі жариялаған
Донецк мен Луганск халық республикаларынан бө­
лу туралы 11 мамырға белгіленген референдум­ды

кейінге шегеру өтінішімен қайырылды. Сондай-ақ,
ол Украинада 25 мамырда кезектен тыс президенттік
сайлау өткізу «дұрыс бағыттағы қозғалыс» болып
табылатынын нұсқады.

ДХР орталық сайлау комиссиясының төрағасы
Роман Лягин «егер Донецк Халық Республикасының
басшылығы референдум күнін өзгерту туралы ше­
шім қабылдаса, онда біз онымен келісуге мәжбүр

боламыз», бірақ президенттік сайлаудың Донецкіде
өткізілмейтіні анық деп мәлімдеді.
2014 жылдың 8 мамырында ДХР депутатта­
ры (ЛХР-дің қоғамдық кеңесі секілді) өңірлердің

мәртебесі туралы референдум күнін жалғасып
жатқан АТО үшін басқа мерзімге ауыстырмау жөнінде
шешім қабылдады.

б І т І м г е р
2014 жылдың 12 мамырында ИТАР-ТАСС-тың
В.Путиннің
референдум

қорытындыларын
тану
туралы ұстанымына РФ Президентінің өзі феде­
ралдандыру жақтастарын референдум мерзімін

біраз уақытқа шегеруді сұрағаны ықпал ете ме де­
ген сұрағына баспасөз хатшысы Д.Песков: «Прези­
дент сұраған жоқ, осындай ұсыным жасады», – деп
нақтылады.

ДХР-дағы да, ЛХР-дағы да референдумдарға бар
болғаны бір-ақ сұрақ шығарылды: «Сіз Донецк Халық
Республикасының мемлекеттік өзін өзі басқару тура­
лы актісін қолдайсыз ба?» және тиісінше: «Сіз Лу­

ганск Халық Республикасының мемлекеттік өзін өзі
басқару туралы актісін қолдайсыз ба?». Жауаптың
«Иә» немесе «Жоқ» деген екі нұсқасы болды.
2014 жылдың 12 мамырындағы референдумдар­

дың қорытындылары бойынша ДХР да, ЛХР да
егемен­діктерін жариялап, Ресейдің құрамына өту
және Новороссияға бірігу жөнінде тілектерін білдірді.
Референдум өткізу туралы шешім Киев пен ЛХР

және ДХР өкілдерінің тіресуіндегі шешуші сәттердің
бірі болды, өйткені, облыстар шекарасы шеңберінде
референдум өткізу рәсімі Украинаның қолданыстағы
конституциясында қарастырылмаған еді.

Дауыс беру тек жағдайды ЛХР мен ДХР жақтастары
бақылауында ұстаған елді мекендерде ғана өтті. Да­
уыс беру сайлаушыларды жергілікті билік қолдаған
аудандарда аса белсенді жүрді.

2014 жылдың 12 мамырында РФ Президентінің
баспасөз хатшысы Д.Песков Владимир Путин До­

б І т І м г е р
нецк және Луганск облыстарының мәртебесі туралы
референдумға қатысты өзінің көзқарасын «олардың
қорытындыларына сәйкес» білдіретінін мәлімдеді.

Содан кейін Президенттің баспасөз қызметі тара­
пынан «Мәскеудің Донецк және Луганск облыстары
халқының ерік білдірулеріне құрметпен қарайтыны
және референдумдар қорытындыларын іс жүзінде

жүзеге асыру өркениетті жолмен, қандай да бір
күш көрсету әрекеттерінсіз Киев, Донецк және Лу­
ганск өкілдері арасында үнқатысу арқылы өтетініне
сенім білдірілетіні, осындай үнқатысуды орнықтыру

мүддесіне орай кез келген араағайындық күш-
жігер, оның ішінде ЕҚЫҰ арқылы бойынша да қуат­
талатыны» хабарланды.
АҚШ пен Еуроодақ референдум басталғанға

дейін оның қорытындыларын мойындамайтынын
ха­бар­лап, егер Украинаның шығысындағы дауыс бе­
руге байланысты онда 25 мамырға тағайындалған
президенттік сайлау өтпей қалатын болса, онда Ре­

сей Федерациясына қарсы экономикалық санкция­
лардың үшінші пакеті енгізілуі ықтимал екендігін
ескертті. АҚШ мемлекеттік департаментінің өкілі
Джен Псакидің сөзіне қарағанда, Украинадағы барлық

өңірлік референдумдар заңсыз және «жалған» болып
табылады, бұл қадам «бөліну мен тәртіпсіздіктерге
алып келеді».
ЕҚЫҰ төрағасы, Швейцария президенті Диде

Буркхальтер дауыс берулерді «заңсыз» деп атады.
Донецк мен Луганскідегі референдумдар Герма­
ния­да да мойындалмады. 2014 жылдың 12 мамырын­

б І т І м г е р
да ГФР СІМ-нің басшысы Франк-Вальтер-Штайнмайер
Украинаның шығыс өңірлерін бөлу мәселесі бо­
йынша өткен референдумдарды мойындамайтынын

және оларды заңсыз деп есептейтінін мәлімдеді.
«Украинаның шығысында кейбіреулер іздеп жүрген
жол жоқ», – деп мәлімдеді неміс саясаткері. Оның
пікірінше, өткізілген сауалнамалардың нәтижелері

шындап қабылдана алмайды және қабылдануға
тиісті емес.
«Deutshe Welle» украин редакциясының жетек­
шісі Бернд Йохан Донецк мен Луганскіде өткен

референдумдардың қорытындылары туралы былай
деп жазды: егер Украинаның шығысындағы шешім
Ресейге бейілді күштердің еркі бойынша өтсе, онда
Еуропадағы шекаралар Қырымның аннексиясы­

нан кейін екінші қайтара қарастырылады. Донецк
және Луганск облыстарында екі жаңа мемлекеттік
құрылымдар – тәуелсіз «халық республикалары»
дүниеге келді. Іс жүзінде олардың екеуі де Ресейге

бағыт ұстанады, өйткені, саяси, сондай-ақ, эконо­
микалық жағдай Кремльдің қолдауына тәуелді бо­
лады. Осындай стратегияның идеологиясы мен на­
сихаты көрші мемлекеттер бірінен кейін бірі домино

секілді құлап, Мәскеу жағына өтеді деген алғышарт
қалыптастырады. Осындай сценарий Украинаның
кейбір басқа өңірлеріне де қатер төндіреді. Сепара­
тистер Донецк мен Луганскінің мысалында басқа да

«халық республикалары» пайда болғанын қалайды.
Кейіннен олар «Жаңа Ресей» деген атаумен жаңа
мемлекеттік құрылымға біріге алады. Бұл туралы

б І т І м г е р қазірдің өзінде Донецк мен Луганскіде, бірінші кезекте Мәскеуде айтылып жүр. Ресей президенті Владимир Путин де «Жаңа Ресей» терминін қолданады. Бұл жерде Украинаның шығысынан бастап Қырым мен Одесса арқылы Молдавия мен Румынияға жететін және осылайша Еуроодақ шекарасына дейін созыла алатын өңір меңзеліп отыр4. 2014 жылдың 13 мамырында ГФР сыртқы істер министрі Ф.-В. Штайнмайер сапармен Киевте болды және премьер-министр А.Яценюкпен бірге өткізген брифинг кезінде Германия «Украина үкіметінің елде ұлттық үнқатысу ұйымдастыру бойынша шараларын қолдайтынын» мәлімдеді. Ол осындай жағдайларда басып алынған мемлекеттік мекемелерді босату үшін әрі қарай шаралар қабылдау, сондай-ақ, біртіндеп заңсыз әскери құрылымдарды қарусыздандыру мүмкін болатынына үміт білдірді. Ф.-В.Штайнмайер 2014 жылдың 25 мамырын­ дағы президенттік сайлаудың мемлекеттегі жан­ жалды шешудегі және азаматтардың осы сайлауға жоғары деңгейде қатысудағы рөлін атап өтті. Шы­ ғыс Украинадағы жағдайды неміс дипломаты қатер төндіретін және қауіпті деп бағалады, сондай-ақ, Украина басшылығының қалыптасқан жағдайдағы күш-жігері құрметке лайық екенін атап көрсетті. «Bіld» газетіндегі сұхбатында Германия экономи­ ка министрі Зигмар Габриэль Ресейге Украинадағы 4 Бернд Йохан, түсініктемелер, Украинаның Deutshe Welle редак­ция­ сының жетекшісі, 2014 жылғы 12 мамыр. Дерек көзі: http://dw/h/1Bхzy

б І т І м г е р президенттік сайлауға кесірі тиген жағдайда қатаң экономикалық санкциялар салынатынын ай­ тып, сес көрсетті: «Ресей 25 мамырға белгіленген Украинадағы президенттік сайлаудың өтуіне ықпал етуі, ал оның нәтижелері бүкіл тараптан танылуы тиіс, – деді ол. – Егер президенттік сайлау өтпей қалса, онда біз қауіпті шекке жақын келеміз». Сондайақ, ол Ф.-В.Штайнмайердің сайлаудың көңілдегідей өтуі мен онда барлық Украина азаматтарының еркі көрініс беруі үшін мүмкін жағдайдың бәрін жасап жатқанын атап өтті. Оның сөзіне қарағанда, Еуро­ па «егер дауыс беруге сырттан кедергі жасалатын болса, жай ғана қарап отырмайды. Ондай жағдайда Ресейге қарсы жаңа санкциялар туралы айтуға тура келеді»5. 2014 жылдың 25 мамырында Украинада прези­ дент­тік сайлау өтіп, онда П.Порошенко жеңіске жетті. Украинаның Орталық сайлау комиссиясы электронды хаттамаларды 100% өңдеуден өткіз­ геннен кейін П.Порошенконы сайлаушылардың 54,7%-ы қолдағанын хабарлады. Екінші орында – Ю.Тимошенко (сайлаушылардың 12,8%-ы). Дауыс берудің қорытындылары бойынша сөйле­ ген сөзінде П.Порошенко өзінің президент лауазы­ мындағы негізгі міндеті Украинада бейбітшілік пен 5 Ангелика Хеллеман (Angelіka Helleman). Германия вице-канцлері – экономика және энергетика министрі З.Габриэльдің сұхбаты. «Біз орта тапқа жұмыс жүктеуге тиіспіз» (Wіr mussen dіe mіttleren Eіnkommen entlasten). Bіld am Sonntag газеті, 18/05/2014. http://www.bіld.de/polіtіk/іnland/ sіgmar-gabrіel/wіr-muessen-dіe-mіttleren-eіnkommen-entlasten-36021512. bіld.html.

б І т І м г е р
тұрақтылыққа қол жеткізу екенін атады. Сондай-ақ,
көкейкесті міндеттер қатарында ол экономиканы
жандандыру, инвестициялық ахуалды жақсарту,

халықаралық қаржы және саяси институттармен
ынтымақтастықты
тереңдету
мәселелерін

бел­
гіледі. Ол Мәскеумен үнқатысуды кез келген пішімде
жалғастыру ниеті бар екенін, Ресей президенті В.Пу­
тинмен кездесуге дайын екенін мәлімдеді. Бұған

қоса, ол Қырымға қатысты қатаң саясат ұстану ниеті
бар екенін атап көрсетті.
П.Порошенко, сондай-ақ, Қазақстанмен байла­
нысты қалпына келтіру қажеттігін атап өтті: «Мен

Қазақстанға баруға ықыластымын. Бізде шешуді
қажет ететін екіжақты ынтымақтастықтың орасан
зор мәселелері бар. Экспорт, сауда-саттық, қауіп­
сіздікті қамтамасыз ету салаларында да айналы­

сатын жұмыстар жоқ емес. Және мен Қазақстан
Украина Президенті бірінші кезекте айналысатын
басымдықтар қатарында ғой деп ойлаймын», – деді
П.Порошенко.

Украинадағы президенттік сайлауда П.Порошен­
коның жеңіске жетуіне орай Қазақстан Президенті
Н.Ә.Назарбаев мынадай мазмұнда құттықтау жедел­
хатын жолдады:

«Қазақстан халқының және жеке өзімнің атым­
нан Сізді Украина Президенті лауазымына сайла­
нуыңызбен шын жүректен құттықтаймын.
Өткен сайлаудың қорытындылары Сіздің көкей­

кесті
әлеуметтік-экономикалық
проблемаларды
шешуге, ішкі саяси тұрақтылыққа қол жеткізу мен

қоғамды топтастыруға бағытталған сайлауалды бағ­

б І т І м г е р дарламаңыз кең көлемді қолдау тапқанын айғақ­ тайды. Сіздің Қазақстан мен Украина арасындағы дос­ тық қарым-қатынас пен өзара тиімді сауда-экономи­ ка­лық ынтымақтастықты нығайту қажеттігі туралы пікіріңізді толықтай қолдаймын. Сіздің жауапты қызметіңізге табыс, ал бауыр­ лас украин халқына бейбітшілік, тұрақтылық пен өсіп-өркендеу тілеймін», – делінген Қазақстан Президентінің құттықтауында. 2014 жылдың 25 мамырында ГФР СІМ-нің бас­ шысы Ф.-В.Штайнмайер неміс БАҚ-тарына бер­ ген сұхбатында «Украинада қантөгіс қатері бой көрсетіп, сайлау науқанын өткізу ықтималдығы көңілде күдік ұялатқан тұста елде президенттік сай­ лау өткеніне өзімнің қанағат сезімімді білдіремін», – деп мәлімдеді. Сонымен бірге, неміс сыртқы сая­ сат ведомствосының басшысы Украинаның кейбір облыстарында ақыры толыққанды сайлау өткізу мүмкін болмағанына өзінің өкінішін білдірді. Ф.-В. Штайнмайер Украинаны демократиялы президенттік сайлау өткізгенімен ресми құттықтап, Германия Украинадағы сайлауға байланысты Ресейден де сондай баға күтетінін мәлім­деді. 2014 жылдың 7 маусымында Киевте Украина Пре­ зиденті П.Порошенконың инаугурация рәсімі бо­ лып өтті. Шараға 20-дан астам шет мемлекеттердің басшылары қатысты. АҚШ-тан Вице-президент Дж.Байден, Ресейден елші М.Зурабов келді. Инау­ гурация рәсімінде Қазақстаннан Премьер-Ми­ нистр К.Мәсімов қатысты. Осы жұмыс сапары

б І т І м г е р шеңберінде, сондай-ақ, екі ел үкіметтерінің басшы­ лары К.Мәсімов пен А.Яценюктің кездесуі болды. Екі­жақты ынтымақтастықтың көкейкесті мәселелері талқыланды. Президенттік сайлау, ақырында, елдің оңтүстікшығысындағы жанжалды реттеп, экономиканы қалпына келтіруде және Украина азаматтарының әлауқатын арттыру бойынша аса күрделі міндеттерді шешуде орасан зор жауапкершілік арқалаған Украи­ на халқына заңды билікке ие болуға мүмкіндік берді. Шетелдік әріптестер үшін де ресми кездесулер өткізіп, келіссөздер жүргізуге мүмкіндік туды. Украинадағы президенттік сайлаудан кейін Киев­тегі жаңа билік елдің оңтүстік-шығысындағы дағда­рысты реттеу бойынша белсенді жұмыс жа­ сай бастағанын айтқан жөн. Атап айтқанда, 2014 жылдың маусымында Нормандияда (Бенувиль, Франция) одақтастардың десант түсіруінің 70 жыл­ дығын (1944) мерекелеу кезінде Германия, Ресей, Украи­на және Франция басшыларының аталған елдер сыртқы істер министрлерінің қатысуымен алғашқы кездесуі өтті. Донбасстағы тіресушіліктің салдары мен дағдарыстың Украина экономика­сына ықпалы талқыланды. Аталған келіссөздер «норманд пішіміндегі» алғашқы кездесу, ал сол келіссөздерге қатысушы елдер «норманд төрттігі» деп атала баста­ ды. Кейінгі екі аптада П.Порошенко барлық мүдделі тараптармен өзінің елдің шығысындағы жағдайды реттеудің бейбіт жоспарын белсенді талқыла­ды. Атап айтқанда, бұл жоспарды ол 2014 жылдың 19 мау­

б І т І м г е р сымында Донецк және Луганск облыстарының ресми билік өкілдерімен әңгімеге де өзек еткен еді. 2014 жылдың 20 маусымында П.Порошенко елдің шығысындағы атысты 20 маусымнан 27 маусымға дейін біржақты тоқтатуға бұйрық беріп, 15 тармақтан тұратын «Украина Президентінің Украинаның шығыс өңірлеріндегі жағдайды реттеу бойынша Бейбіт жос­ парын» ресми түрде ұсынды: 1. Барлық келіссөздерге қатысушылардың қауіпсіздігіне кепілдік беру. 2. Қаруын тастаған және ауыр қылмыс жасамаған адамдарды қылмыстық жауапкершіліктен босату. 3. Аманатқа алынған адамдарды босату. 4. Ресей-Украина мемлекеттік шекарасында 10 ша­ қырымдық буферлік аумақ құру. Заңсыз қарулы құ­ рылымдарды шығару. 5. Ресейлік және украиналық жалдамалылардың шығуы үшін кепілді дәліз ашу. 6. Қарусыздану. 7. ІІМ құрылымында бірлесіп патрульдеуді жүзеге асыру үшін бөлімшелер құру. 8. Донецк және Луганск облыстарындағы заңсыз ұсталып отырған әкімшілік ғимараттарды босату. 9. Жергілікті билік органдарының қызметін қалпына келтіру. 10. Донецк және Луганск облыстарында орталық тележәне радио таратуларды жаңарту. 11. Билікті орталықсыздандыруды (атқару коми­ тет­те­рін сайлау, орыс тілін қорғау, конституцияға өз­герістер жобасын әзірлеу жолымен) жүзеге асы­ ру.

б І т І м г е р 12. Донбасс өкілдерімен сайлауға дейін губерна­

торларды келісу (пікір қайшылығы орын алған жағ­
дайда шешімді Президент қабылдайды).

13. Мерзімінен бұрын жергілікті және парламенттік

сайлаулар өткізу. 14. Өңірде жұмыс орнын құрудың бағдарламасын

жасау. 15. Өнеркәсіптік және әлеуметтік инфрақұры­лым­

дардың нысандарын қалпына келтіру.
АҚШ пен Еуропалық одақ бейбіт жоспарды бел­
сенді қолдады және Ресейді де П.Порошенконың
бей­біт бастамасын қолдауға шақырды.

2014 жылдың 21 маусымында Ресей Федерация­
сы Президентінің Әкімшілігі В.Путин П.Порошен­
коның елдің оңтүстік-шығысындағы оқ атуды тоқтату
туралы шешімін қолдайтынын хабарлады.

2014 жылдың 24 маусымында Ресей Президенті
Ресей Федерациясы Федералды Жиналысының
Федерация Кеңесіне Украинаның шығыс өңірлерін­
дегі жағдайды реттеу мәселелері бойынша үш­жақты

келіссөздердің басталуына орай Ресей қарулы
күштерін Украина аумағында пайдалану туралы
қаулының күшін жоюды ұсынды. Донецкіде До­
нецк және Луганск халық республикалары көшбас­

шыларының Киев делегациясымен кездесуі болды.
Кездесуге, сондай-ақ, Ресей мен ЕҚЫҰ-ның өкілдері
қатысты.
2014 жылдың 25 маусымында Ресей Федерация­

сы Федералды Жиналысының Федерация Кеңесі
Украина аумағында Ресей әскерилерін пайда­лану
туралы қаулының күшін жойды.

б І т І м г е р Дәл осы күні ГФР үкіметінің ресми өкілі Штеф­ фен Зайберт Германия үкіметі Ресей Федера­ циясы Федерация Кеңесінің Ресей әскерилерін Украинаға ен­гізуге рұқсат беруді кері қайтарып ал­ уын қуаттайтынын хабарлап, Федерация Кеңесінің шешімін дұрыс бағыттағы қадам және оқиғалардың оң дамуы деп атады. Осы аралықта неміс саясаттанушылары Герма­ ния жұртшылығы арасында Ресейге деген сенім деңгейі төмендеп келе жатқанын атап өтті. Неміс публицисі Райнхард Везер өзінің «Frankfurter Allgemeіne Zeіtung» газетіне «Сенімсіздіктің жөні бар» деген тақырыппен берген түсініктемесінде «соңғы айлардың тәжірибесі бұл жерде сенімсіз­ діктің жөні бар екенін байқатады. Оның үстіне, Мәскеудің өз ұстанымын өзгертуіне не нәрсе мәж­ бүрлегені осы кезге дейін айқын емес. Демек, Пу­ тин мүмкіндігінше тезірек өз ниетінің дұрыстығына дәлелдеме ұсынуы, мәселен, сепаратистер кепіл­ дікке алғандарды босатуға қол жеткізуі немесе атып түсірілген тікұшақ секілді бұзушылықтарды айыптауы тиіс. Олай болмаған жағдайда, осының барлығы тек Еуроодақтың саммитінде Ресейге қарсы экономикалық санкциялар енгізудің алдын алу үшін жасалған тактикалық маневр ғана деген әсерден арылу қиын»6. 6 Райнхард Везер (Reіnhard Veser). «Сенімсіздіктің жөні бар» (Mіsstrauen іst angebracht). Frankfurter Allgemeіne Zeіtung. 24/06/2014. Http://www.faz.net/aktuell/polіtіk/ausland/Ukraіne-krіse-mіsstrauen-іstangebracht-13008465.html.

б І т І м г е р «Suddeutsche Zeіtung» газеті Франк Ниенхюйзеннің «Арзан тепе-теңдік» тақырыбымен түсініктемесін жариялады, онда ол Владимир Путин Батыс пен Ресейдің санкцияларды болдырмау бойынша ортақ мүддесі бар екенін түсінеді деген пікір білдіреді. Ав­ тор Қырымның аннексиясы туындатқан патриотизм­ нің көтеріңкі толқынына орай, Ресейдің геосаяси сал­мағын өрістеткенін күтіп отырған халықтың бөлігі үшін Украина дағдарысы посткеңестік Еуропада тағы бір «оқшауландырылған жанжалдың» ошағы болуы ықтимал, деп мәлімдеді. Журналистің пікірінше, аталған мәселедегі зиянды тепе-теңдіктің мәні мы­ нада: бір жағынан, Ресейдің барлық ұмтылы­сына қарамастан, Қауымдастық туралы келісімге қол қоюмен байланысты ЕАЭО Киевтен қол үзеді; екінші жағынан, Ресей бұдан бауырлас славян елінің НАТОға өтуіне және Украинаның келешекте Еуропалық одаққа өту ықтималдығына тосқауыл қоюдың жақсы мүмкіндігін көреді7. 2014 жылдың 27 маусымында Украина (Гру­ зия­мен және Молдовамен бірге) Еуроодақпен қа­ уымдас­тық туралы келісімнің экономикалық бло­ гына қол қойып, осы әрекеті арқылы Еуропалық одақпен еркін сауда аймағын құру үдерісін бастап кетті. Украина Президенті П.Порошенко Киевтің Еуропалық одаққа «біржақты өту ниеті» бар екенін мәлімдеді. Осыған орай, Ресей-Украина-Еуроодақ 7 Франк Ниенхюйзен (Frank Nіenhuysen). «Арзан тепе-теңдік» (Bіllіge Balance). Suddeutsche Zeіtung газеті. 25/06/2014. http://www.sueddeutsche. de/polіtіk/russlands-rolle-іm-ukraіne-konflіct-bіllіge-balance-1.2013717.

б І т І м г е р
үштағанындағы эко­но­микалық тіресушілік күшею
және қатаю шегіне жетті.
Мұның Украинаның оңтүстік-шығысындағы қару­

лы тіресушілікке де қатысы бар еді. Өкінішке қарай,
жанжалды бейбіт реттеу үрдісі ұзаққа созылма­
ды. 2014 жылдың 1 шілдесінде Украина Президенті
П.По­рошенко елдің оңтүстік-шығысындағы оқ ат­

пау режімін тоқтату туралы хабарлады. АТО-ның
белсенді белесі қайта жалғасты.
2014 жылдың 6 шілдесінде Украина күш құры­
лымдары Славянск мен Краматорскіде, кейінірек

Дружовка, Константиновка және Артемовск қалала­
рына бақылау орнатты. 2014 жылдың 8 шілдесінде
П.Порошенко Славянскіге жұмыс сапарын жаса­
ды. 2014 жылдың 18 шілдесінде АТО күштері халық

жасағы бақылауындағы 10-15 шақырым аумаққа
тереңдей енді.
Украина мен Ресей төңірегіндегі ахуал Украина­
ның Донецк облысындағы дүниені дүр сілкіндірген

қасіретті авиаапаттан кейін күрт нашарлап кетті. 2014
жылғы 17 шілдеде Амстердамнан Куала-Лумпурге
ұшып бара жатқан «Malaysіa Aіrlіnes» компаниясы­
ның «Boeіng-777» жолаушылар ұшағы апатқа ұшы­

рады. Ұшақ бортындағы барлық жолаушылар мен
экипаж мүшелері – 295 адам қаза тапты.
«Malaysіa Aіrlіnes» ұшағының апатқа ұшырауы
Украина төңірегіндегі жағдайдың дамуына айтар­

лық­тай өзгеріс енгізді: бір жағынан, халықаралық қо­
ғам­дастықтың Украина дағдарысын реттеу бойын­
ша күш-жігері белсенді бола түсті, екінші жағынан,
Батыс пен Ресей арасына үлкен қысым әкелді.

б І т І м г е р
Мәселен, бірқатар Батыс елдері, әсіресе, АҚШ,
Ұлыбритания, сондай-ақ, Украина «Boeіng-777» әуе
кемесінің апатына Украинаның шығысындағы сепа­

ратистер мен Ресейді айыптады. Дәл осы апат Ре­
сейге қарсы батыстық санкциялардың қатаңдануына
ықпал етті және алғаш рет «қара тізім» шеңберінен
шығып, санкциялардың Ресей экономикасының

нақты салаларына әсері тиген үшінші пакетін
қабылдауға алып келді. 2014 жылдың 25 шілдесінде
Еуропалық одақ елдері Тұрақты өкілдерінің комитеті
санкциялық тізімге Ресей мен Украинаның 15 аза­

матын, сондай-ақ, Украина дағдарысында өзіндік
рөл атқарған 18 компанияны қосып, оны кеңейте
түсті. Жаңартылған тізімге Қауіпсіздік кеңесінің хат­
шысы Н.Патрушев, Ресей Федерациясы Федерал­

ды қауіпсіздік қызметінің директоры А.Бортников,
Сыртқы барлау қызметінің басшысы М.Фрадков пен
Чешенстан басшысы Р.Қадыров енгізілді.
2014 жылдың 29 шілдесінде жаңа шектеулер

енгізілетіні мәлім болды. Еуропалық одақ Ресейге
тиесілі қаржы институттарының капитал нарығына
қолжетімділік көлемін төмендетті; Ресеймен қару-
жарақ саудасына эмбарго енгізіп, Ресейге әскери

секторға арналған қосарланған мақсаттағы тауар­
лар сатуға тыйым салды. Сондай-ақ, Ресей үшін
«се­зімтал» технологияларға, әсіресе, мұнай сала­
сындағы технологияларға қолжетімділік шектелді.

Ресей экономикасының шешуші секторларына
қатысты жаңа санкциялар енгізілетіні туралы АҚШ
Президенті Б.Обама да жария етті.

б І т І м г е р
2014 жылдың 31 шілдесінде Минскіде Украина­
ның шығысындағы жағдайды реттеу бойынша үш­
жақ­ты байланыс тобының (Украина-ЕҚЫҰ-Ресей)

өзін өзі жариялаған ДХР өкілдерімен консультация­
сы өтті.
Байланыс тобында Украинаның экс-президенті
Л.Кучма, Ресейдің Украинадағы елшісі М.Зурабов

және ЕҚЫҰ төрағасының өкілі Х.Тальявини өкілдік
етті. Келіссөзге қатысушылар екі негізгі мәселе бо­
йынша уағдаластыққа қол жеткізді. Атап айтқанда,
халықаралық сарапшылардың «Boeіng-777» ұша­

ғының апатқа ұшыраған жеріне қауіпсіз жетуі мен
жұмыс жүргізуін қамтамасыз ету туралы және
тұтқынға алынған адамдардың белгілі бір бөлігін де­
реу босату туралы шешім қабылданды.

Сонымен бірге, Донбасста қарулы қарсы тұру­
шылық жалғасып, бейбіт халық қаза тауып жатты.
Украина дағдарысын қандай да бір бейбіт жолмен
реттеу әрекеті еш нәтиже бермеді.

Көптеген байқаушылардың пікірлерінше, Украи­
на төңірегіндегі дағдарысты шешудегі негізгі кедергі
оған қатысушы барлық тараптың, әсіресе, Ресей мен
Батыс арасындағы сенімнің тапшылығы болып та­

былды. Бұл жайт, тіпті, болар-болмас мәмілеге қол
жеткізу мүмкіндігінен де айырып, жағдайды одан
бетер күрделендіре түсті. Ресей Батысты Украина­
да мемлекеттік төңкеріс ұйымдастырды және 21 ақ­

пандағы В.Янукович пен оппозиция арасындағы
мәміле келісімін бұзды деп айыптады. Өз кезегінде
Батыс жағы Ресей Украинаны өзіне бағынды­
рып алу­ға ұмтылып отыр деп санады. Батыстық

4-0192

б І т І м г е р
көшбасшылар Ресей болжап болмайтын және, тиі­
сін­ше, қазіргі заманғы әлемдік тәртіп үшін қауіпті
елге айналып отыр деп пайымдап, өңірдегі күрделі

жағдайдың сақталуына жауапкершілікті тек Мәскеуге
жүктеді.
Не Батыс, не Ресей сындарлы үнқатысуға да­
йын емес еді, алайда, қатаң сценарий да жанжал­ға

тартылған тараптарға тиімді емес-тін, өйткені, бұл
жайт «қырғи-қабақ соғысты» қайтадан ашық жаң­
ғырту болатын.
Осындай жағдайларда көпшілік стратегиялық

мә­­мілеге қол жеткізу былай тұрсын, белгілі бір
тиім­­ді келісімге келудің өзі мүмкін емес деп сана­
ды. Осындай күрделі кезеңде қандай да бір тарап
бастамашылықты өз қолына алуы тиіс еді, әйтпесе,

жанжалдың әрі қарай ушыға түсетіні түсінікті бола­
тын. Мұны біздің Мемлекетіміздің басшысы да түсінді
және, менің пайымдауымша, қалыптасқан жағдай­ды
жан-жақты ойластыра бастады. Дәл осы кезеңде мен

жаңа тағайындау алып, Астанаға оралдым.
2014 жылғы шілденің соңынан Украинаның оңтүс­
тік-шығысындағы дағдарысты жағдайдан шығудың
және Ресей мен Батыс арасындағы, басым жағдайда

Еуропалық
одақпен
арадағы
қарым-қатынасты

дұрыстаудың дипломатиялық жолдары белсенді
іздестіріле бастады. Мұнда ұйымдастырылуында
Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаев айтарлықтай
рөл атқарған Беларусь, Қазақстан, Ресей (Кеден

одағына қатысушы елдер) президенттерінің, Украи­
на мен Еуропалық одақ басшылығының кездесуі
ше­шуші оқиға болғаны сөзсіз, бұл туралы кітаптың
келесі бөлімінде әңгімелейтін боламыз.

ІІ. МИНСКІДЕГІ ТАМЫЗ КЕЗДЕСУІ:

УКРАИНАНЫҢ ОҢТҮСТІК-

ШЫҒЫСЫНДА АСҚЫНА ТҮСКЕН

ДАҒДАРЫСТАҒЫ БЕТБҰРЫСТЫ СӘТ

Малайзия Боингінің апатқа ұшырауы Украина­
ның оңтүстік-шығысындағы жағдайды түбегейлі өз­
герткені сөзсіз. Кітап жазыла бастаған кезде шын
мәнінде ұшақ апатына кімнің кінәлі екені әлі белгілі

емес еді. Киев халық жасағын айыптады. Мәскеу
Украинаның АТО күштерін кінәлады. Түсініспеушілік
күшейе түсті. Бұған дейін айтылғанындай, Батыс
санкциялары алғаш рет Ресей экономикасына әсер

ете бастады.
Соған қарамастан, сындарлы үнқатысуды жал­
ғастырып, жанжалды бейбіт келіссөздер арнасы­
на бұруға деген ұмтылыс сақталып қалды. Бұған,

атап айтқанда, 2014 жылдың 29 шілдесінде Ита­
лия Республикасының премьер-министрі Маттео
Ренцидің Қазақстан Республикасының Президенті
Нұрсұлтан Назарбаевқа соққан телефон қоңырауы

айғақ бола алады.

б І т І м г е р
М.Ренци мен Н.Назарбаевтың арасында өте
жақсы достық қатынас қалыптасқан. Телефон қоңы­
рауынан бір ай бұрын, яғни 2014 жылғы шілденің

ортасында италиялық премьер біздің елімізде жұ­
мыс сапарымен болып, Қазақстан Республика­
сының Президенті жанындағы Шетел инвесторлары
кеңесінің мәжілісіне қатысты (Қазақстан Республи­

касы, Ақмола облысы, Бурабай курортты аймағы).
Екі көшбасшының сол Бурабайдағы кездесуінде
Қазақстан-Италия қарым-қатынасын мұнай-газ са­
ласы, көлік, энергетика және ауыл шаруашылығы

секілді секторларда дамытудың перспективалары
қарастырылды. Қазақстанның 2014 жылдың екінші
жартысында Италия төрағалық еткен Еуропалық
одақпен өзара іс-қимылы мәселелері қозғалды.

Бұдан бөлек, Нұрсұлтан Назарбаев пен Маттео Рен­
ци Украина дағдарысын қоса алғанда, халықаралық
күн тәртібінің аса көкейкесті мәселелері бойынша
пікір алмасты.

Еуропалық одақ Кеңесінің іс басындағы төрағасы
ретінде Маттео Ренци Қазақстан Президентіне
Украинадағы жанжал ушыға түсіп отырған жағдайда
бәрінен бұрын қандай іс-қимыл таныту керектігі

мәселесі бойынша достық кеңеспен қоңырау шалды.
Нұрсұлтан Әбішұлы Италия премьерінің наза­
рын екі шешуші сәтке аударды. Біріншіден, келіс­
сөз үдерісіне көшіп, Ресейдің, Украина мен Еуро­

паның басын біріктіретін қандай да бір келіссөз
бағдарламасын ұсыну қажет. Екіншіден, Малайзия

б І т І м г е р
Боингі апатының неліктен болғанын дәл біліп, объек­
тивті тексеру жүргізу маңызды.
Іс жүзінде, М.Ренцидің телефон қоңырауынан

кейін белсенді байланыстар басталып, нәтиже­
сінде Минскіде Кеден одағына қатысушы елдер пре­
зиденттерінің, Украина мен Еуроодақ басшы­лы­ғы­
ның 2014 жылдың 26 тамызындағы тарихи кездесуі

жүзеге асты.
М.Ренцимен сөйлескеннен кейінгі екінші күні Мем­
лекет басшысы телефон арқылы Ресей Президенті
В.Путинмен сөйлесіп, Италия премьері көтерген

мәселелерді талқылады және, сонымен бірге, Украи­
на дағдарысын реттеу бойынша өзінің дәлел-дәйегін
жайып салды.
Ақорда сайтында бұл факт мынадай шағын ха­

бар­ламамен атап өтілді: «Әңгіме барысында екі
ел көшбасшылары екіжақты ынтымақтастық пен
Еуразиялық экономикалық одақты дамыту мәсе­
лелерін, сондай-ақ, жоғары деңгейдегі қыркүйек кез­

десуіне дайындық барысын талқылады.
Екі мемлекет басшысы Украинадағы жағдай жө­
нінде және қалыптасқан дағдарыстан шығудың жол­
дары туралы пікір алмасты.

Қазақстан Президенті бейбіт халықтың, бірінші
кезекте, әйелдер мен балалардың өліміне байла­
нысты алаңдаушылық танытып, жанжалдасушылар
тарапынан оқ атуды тоқтату және Украинада бейбіт

келіссөздерді бастау бойынша барлық шаралар
қабылданатынына үміт білдірді».

б І т І м г е р 2014 жылдың тамызы оқиғаларға толы болды. Олардың кейбіреулері Батыс пен Ресей арасындағы тіресушілікті қатаңдата түсті. Басқалары, керісін­ше, Украина жанжалын бейбіт келіссөздер арнасына бұруға белсенді ықпал етті. Атап айтқанда, 2014 жылдың 6 тамызында Ба­ тыстың санкцияларына жауап ретінде Ресей үкіметі Австралиядан, Канададан, Еуроодақтан, АҚШ пен Норвегиядан келетін сиыр мен шошқа және құс еттеріне, балыққа, ірімшікке, сүт пен жеміс-көкөніс өнімдеріне бір жыл мерзімге толық тыйым салды. Ресей тарапынан, сондай-ақ, алғаш рет Украи­ наның оңтүстік-шығысындағы тұрғындарға гумани­ тар­лық көмек жеткізу ұйымдастырылды. 2014 жыл­ дың 12 тамызында Ресей Украинаның оңтүстікшығысына 270 жүк көлігіне тиелген гуманитарлық көмек жөнелтті. 2014 жылдың 22-23 тамызында Украинаның аталған өңірлеріне шамамен 2 мың тон­ на азық-түлік, дәрі-дәрмек және шаруашылық тауар­ лары жеткізілді. Ресейдің Украинаның оңтүстік-шығысына гума­ нитарлық көмек көрсету жоспары бұл қадамнан күні бүгінге дейін «гуманитарлық басқыншылық» көріп отырған Батыста нағыз күйгелектік туғызды. Сол уақытта, басты акторлардың бірі ретінде Қа­зақстан Президенті көрінген белсенді теле­ фон келіссөздері жүріп жатты. 2014 жылдың 4 та­ мызындағы П.Порошенко мен А.Лукашенконың телефон әңгімесі маңызды болды. Бұл жаңа Украи­

б І т І м г е р
на президентінің ТМД-ға қатысушы елдер көш­
басшыларының бірімен іс жүзінде алғашқы байла­
нысы еді. Оның үстіне Украина мен Беларусь шека­

ралас елдер және екіжақты көкейкесті мәселелер,
нақтылай түссек, Беларусь мұнай өңдеу зауыттары­
нан мұнай өнімдерін алу бойынша тығыз әріптестік
қарым-қатынас қалыптасқан елдер болып табылады.

Бұл жерде әңгіме бұрынғы жасалған келісімшарт­
тар мен белорус кәсіпорындарының міндеттемелері
туралы болып отырғанымен, осы сөйлесудің өзі
үдеріске тың серпін берді.

2014 жылдың 7 тамызында Ресей Президенті
В.Путин өзінің Кеден одағы бойынша әріптестері –
Қазақстан және Беларусь президенттерімен теле­фон
арқылы сөйлесіп, оның барысында Ресей үкіметінің

бірқатар Батыс тауарларына не себепті шектеу
енгізгенін түсіндірді.
Оның үстіне, Қазақстан басшысы Н.Ә.Назар­
баевпен әңгімеге орай, баспасөзде Украина пре­

зидентінің қатысуымен жоғары деңгейде кезде­
су өткізу туралы ресми ұсыныс алғаш рет көрініс
береді. Атап айтқанда, Ақорда сайты мынадай ха­
барлама жариялады: «Екі мемлекет басшысы Ук­

раинадағы дағдарысты жағдай, сондай-ақ, Украи­
на президентімен түрлі пішімдерде, соның ішінде
Кеден одағы мүшелері мен Украина кездесуі
шеңберінде немесе ТМД мемлекеттері басшы­

лары кеңесінің кезектен тыс мәжілісінде тікелей
келіссөздер өткізу бойынша бірлескен ықтимал

б І т І м г е р
қадамдарға бару туралы пікір алмасты». Мұндай қа­
дамдар қабылданды да.
Осы идеяны ұсына отырып, Н.Ә.Назарбаев

бұл кездесуде 2014 жылдың маусымында Ук­
раи­наның
Еуроодақпен
қауымдастық

туралы
келісімге қол қоюын есепке ала келіп, әрі қа­рай­
ғы ынтымақтастықтың барлық экономикалық мәсе­
лелерін талқылау және сенімсіздік пен қауіптену де­

генді сылып тастайтын формула жасау мүмкін болады
деп есептеген еді. Оның үстіне, осы кездесуде баста­
латын үнқатысу Украинаның оңтүстік-шығысындағы
гуманитарлық апатқа әкеліп тіреген аталған өңірдегі

қантөгісті тоқтатуға мүмкіндік беретін еді.
Еуразиялық «үштік» пен Украина кездесуін өткізу
ықтималдығын Қазақстан Президенті, сондай-ақ,
2014 жылдың 11 тамызында телефон арқылы Бела­

русь президенті А.Лукашенкомен талқылады.
Басқаша айтқанда, осындай кездесу өткізу тура­
лы келісу миссиясы бұған дейін қалыптасқан бай­
ланысты пайдаланып, 2014 жылдың 12 тамызында

телефон арқылы осы мәселені П.Порошенкомен
талқылаған Беларусь президентіне жүктелді. Осы
әңгіменің нәтижесі туралы А.Лукашенко дереу В.Пу­
тин мен Н.Назарбаевты құлағдар етті.

Қысқаша айтқанда, А.Лукашенко мен С.Порошен­
ко әңгімесінің тоқетері Украина президентінің, тұ­
тас­тай алғанда, Кеден одағына қатысушы елдер
пре­зиденттері мен Украинаның кездесуін өткізуге

қар­сылық білдірмегеніне, бірақ бұған Еуропа көш­

б І т І м г е р басшыларының қатысуы жағдайында ғана ке­лісе­ тініне барып тіреледі. Әрі қарай телефон арқылы көптеген келіссөздер жүргізілді. Олардың барлығы бірдей ресми ақпараттық көздерде көрініс тапқан жоқ. Барлығы 10-нан астам қоңырау шалулар бол­ ды. Жасыратыны жоқ, еуропалық тараптың қатысу мәселесі проблемалы болды. Дәлірек айтқанда, Брюссельдің Минскімен баршаға мәлім қарымқатынасын ескергенде, Минскідегі кездесуге Еуро­ комиссия төрағасы Ж.М.Баррозудың қатысуы күмән­ ді көрінді. Онсыз Беларусь астанасына Украина Пре­ зиденті де бармас еді. Осы келіссөздер үдерісінде аталған кездесуді Ас­танада өткізу туралы ұсыныстың шығуының өзі қызғылықты факт болып табылады, онда баруға іс жүзінде келіссөзге тартылған тараптардың бәрі, әсіресе, Украина мен Еурокомиссия өздерінің да­ йын екендіктерін білдірді. Сонымен бірге, Қазақстан Президенті бұл жерде де өз іс-қимылдарының дәйек­ тілігін көрсетті. Атап айтқанда, Астананы осы аталған кездесуді өткізу орны ретінде алғашқылардың бірі болып ұсынушы 2014 жылдың 18 тамызында Мемлекет басшысына телефон шалған Финляндия президенті Саули Ниинистё еді. Осы әңгімеге дейін фин президенті Сочиде Ресей Президенті В.Путинмен және Киевте Украина Президенті П.Порошенкомен екіжақты жеке кездесулер өткізді.

б І т І м г е р
Сөз жоқ, Нұрсұлтан Әбішұлы Астанада келіссөз­
дер үшін алаң ұсынуға толық дайын екенін білдірді,
дегенмен, Кеден одағы елдерінің үш президентінің

осы миссия Минскіге жүктеледі деген уағдалас­
тығы бар болатын. Осыған байланысты Мемлекет
басшысы еуропалық көшбасшыларды Минскіден
айнымай, кездесуді дәл осы қалада өткізуге табанды

түрде көндірді. Нәтижесінде Еурокомиссия басшысы
Ж.М.Баррозу, өзі Беларусь астанасына бармаса да,
ол жаққа сауда және энергетика мәселелері, яғни
Ресей – Украина – Еуроодақ үштағанының негізгі

қайшылықтарымен байланысы бар экономиканың
шешуші секторлары үшін жауап беретін Еуроодақтың
сыртқы саясат ведомствосының басшысы К.Эштонды
жіберу жөнінде шешім қабылдады.

Қазақстан Президентінің өзінің жұмысбастылы­
ғына және Алматы облысына барған өңірлік сапа­
рына қарамастан, 2014 жылдың 19 тамызында
Еуропалық комиссия төрағасы Ж.М.Баррозумен

телефон арқылы сөйлескенін атап өту қажет. Осы
әңгіме қорытындысында Еурокомиссия басшысы
2014 жылдың 26 тамызында Минскіде Кеден одағы,
Украина және Еуропалық одақ елдерінің кездесуін

өткізу туралы Қазақстан ұсынысына қолдау білдірді.
Сонымен бірге, қажет болған жағдайда осындай
кездесуді Астанада өткізу туралы уағдаластыққа
қол жеткізілді. Осы әңгіменің еуропалық тарап­

тың бастамасымен өтуінің өзі қызықты. Бұл еуро­
палықтардың соңғы сәтке дейін күмәнданғанын

б І т І м г е р және осы жағдайда қалай жасау қажет деген мә­ селе бойынша Н.Ә.Назарбаевпен ақылдасқанын білдіреді. Айтқандай, телефонмен әңгіме барысында Ж.М.Баррозу, сондай-ақ, Қазақстанға 2014 жылдың қазанында өткен «Азия-Еуропа» (АСЕМ) үдерісіне қосылу жөнінде ұсыныс жасады, бірақ ол туралы келесі тарауда айтылатын болады. Осылайша, 2014 жылдың 11-інен 19 тамызына дейінгі кезеңде болған көптеген қоңырау шалулардан кейін барлық мүдделі тараптар Беларусь, Қазақстан, Ресей (Кеден одағына қатысушы елдер), Украина және Еуропалық одақ президенттерінің тарихтағы алғашқы кездесуін өткізетін күн мен орынды түбегейлі анықтады – Минск, 2014 жылдың 26 тамызы. Осы ісшараға шұғыл дайындық басталды. Минск кездесуіне бірнеше күн қалғанда – 2014 жылдың 23 тамызында Киевке ресми сапар­мен ГФР Канцлері А.Меркельдің баруы назар аударар­ лық. Кездесу қорытындысы бойынша П.Порошенко украин-ресей шекарасын реттестіруде Германия­мен және Еуроодақпен ынтымақтастықты кеңейту жө­нін­ де хабарлады. Өз кезегінде, А.Меркель ресми Киев­ ті қолдайтынын растады. Сонымен бірге, көптеген байқаушылар мен сарапшылардың бағалауын­ ша, украиналық президент неміс канцлерімен өзі Минскідегі кездесуде ұстануды жоспарлаған негізгі тезистері мен позициясын келісіп алды. Минск кездесуіне дайындық ол күндері, Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаевты қоса алғанда, оған

б І т І м г е р
қатысушы өзгелер үшін де маңызды міндеттердің бірі
болды. Осынау таза жұмыс үдерісінде бір қызықты
оқиға орын алды. Әрине, мүмкін деген барлық

тәуекелдерді ескеру мақсатында қазақстандық мем­
лекеттік органдар Украинаның Еуроодақпен қа­уым­
дасуы туралы келісімнің экономикалық бло­гының
күшіне енуі Қазақстан экономикасына қандай теріс

ықпал ететіндігі туралы егжей-тегжейлі ақпарат
әзірледі. Ол сақтандырарлықтай еді, бірақ Мемлекет
басшысы Қазақстан сыртқы саудасының барлық
қырларын емес, нақтылы географиялық бөліністегі

тек жекелеген тауарлар түрін ғана ескеретін тар
ба­ғыттылығын атап көрсете отырып, аталмыш құ­
жатты одан әрі жетілдіре түсу үшін кері қайтарды.
Бұл ақпаратты ұштай отырып, біз қорытындысында

Украинамен және Еуроодақпен неғұрлым тығыз жә­
не кең көлемде байланысқан Ресей экономикасына
қарағанда, ол ықпалдың Қазақстан экономикасы
дамуының жалпы үрдісімен салыстырғанда елеусіз

болып табылатынын анықтадық. Бұл жаһандық
және ұзақмерзімді міндеттерді бір сәттік пайда
мен жекелеген тар ведомстволық мүдделерден
әрқашанда жоғары қоятын Қазақстан Президентінің

стратегиялық ойлау қабілетін тағы бір рет көрсетіп
берді.
Минск кездесуін өткізудің маңыздылығы мен
қажеттігін Қазақстан Президенті былайша түсіндірді:

«Украинадағы ахуал ширығу шегіне жете отырып,
әлдеқашан бір ел шеңберінен шығып, халықаралық

б І т І м г е р
ауқымға ие болған. Шиеленістің одан әрі ұлғаюы тек
өңірлік қана емес, сонымен бірге, жаһандық ауқымда
да тосын зардаптарға апарып соқтыруы мүмкін, ал

ол бүкіл әлемге қатер төндіреді».
«Өзара мәмілеге келу мен шегіністерсіз қан­дай
да бір нәтижеге қол жеткізу мүмкін емес. Көптеген
жайлар Украинаның, Ресей мен Еуроодақтың өз­

дерінің сындарлы ұстанымдарына байланысты.
Біз Беларусь президенті Александр Лукашенкомен
екеуміз бастамашы болған бүгінгі кездесуге үлкен
маңыз береміз. Бәрі де біздер оң нәтижелерге қол

жеткізеді деп үміттенеді. Өз тарапынан Қазақстан
айтарлықтай күш-жігер жұмсады, өз ұсыныстарын
білдірді», деп атап өтті Н.Ә.Назарбаев өзінің Минск
саммитінде сөйлеген сөзінде.

Нұрсұлтан Әбішұлы өзі үшін қандай мақсаттар
қойды және ол алда тұрған Минск кездесуінде қандай
нәтижелерге қол жеткізуді қалады?
Біріншіден, Украинаның оңтүстік-шығысындағы

гу­манитарлық ахуал біздің Мемлекет басшысын
алаңдатпай қала алған жоқ. Донбасс гуманитарлық
апат шебінде тұрды. Осы өңірлердегі бейбіт тұр­
ғындарға ең қажетті қарапайым дүниелер мен азық-

түлік жетіспеді.
БҰҰ-ның Гуманитарлық мәселелерді үйлестіру
жөніндегі басқармасының 2014 жылғы 15 тамыздағы
есебіне сәйкес, толассыз артиллериялық атқылау­

лар салдарынан Украинаның шығысында орналас­
қан екі қала Донецк мен Луганскіден бес күнде 22 мың

б І т І м г е р
адам қашып шықты. «Донецк мен Луганскінің ұзақ
уақыттар бойы атқылануы қонысынан айырылған
адамдар санының өсуіне апарып соқтырды. 1 және

8 тамызда бір аптадағы (қашқан) 6,2 мың адам­
мен салыстырғанда соңғы бес күнде Донецк мен
Луганскіден 22 мыңнан астам адам қашып шыққан»,
деп атап көрсетілген ГМҮБ есебінде. «Гуманитарлық

қажеттіліктер өсе түсуде. Луганскіде тұрған 200
мыңдай адам 10 күннен астам уақыт бойы электр
қуатынсыз, ауыз сусыз және байланыссыз қалған»,
деп атап көрсетілген есепте.

Ішкі қоныс ауыстырушылар, яғни өз үйлерін тастап
кеткен, бірақ ел аумағында қалған адамдар Украи­
нада 155,8 мың адамға дейін жетті, деп хабарлады
ГМҮБ. Салыстыру үшін айтсақ, тамыз айының

басындағы жағдай бойынша олар 117 мың адамды
құраған болатын.
Осы орайда, Ресей шекарасынан өткен және РФ
ресми органдарына өтініш білдірген украиндық­

тар саны екі апта ішінде 20 мың адамға артып,
188,2 мың адамға дейін жеткен. Сонымен бірге,
көптеген
босқындардың

Федералдық
көші-қон
қызметіне немесе басқа ведомстволарға өтініш
айтпайтындығынан бұл цифрлар Ресей жеріне

өткен украиндықтардың жалпы санын көрсете
алмайды. Осылайша, 5 тамыздың өзінде БҰҰ-ның
Босқындар ісі жөніндегі жоғарғы комиссарының
басқармасы үкіметтік күштер мен жасақтардың

қарулы қақтығысынан сәуірден бастап Украинаның

б І т І м г е р
шығысында 730 мың украиналық тұрғын Ресейге
қашқан деп хабарлады.
Жалпы, ГМҮБ мәліметтері бойынша, сәуірдің

ортасынан бастап 19 тамызға дейін «Украинаның
шығысында 2119 адам өлтірілген, олардың арасында
кемінде 20 бала бар, оған қоса 5043 адам жарақат
алған».

Минскідегі саммит осындай күрделі жағдайда өтті.
Сондықтан да кездесуде Н.Ә.Назарбаев ең алды­
мен барлық қатысушылар мен әлемдік қоғамдас­
тықты Украинаның шығысындағы гуманитарлық

апатты шұғыл түрде шешуге шақырды. «Қазір, бә­
рінен бұрын, Украинаның зардап шеккен халқына
кең көлемді гуманитарлық көмекті қамтамасыз ету
керек. Ресей Федерациясы оны қазірдің өзінде

көрсете бастады. Бұл үдеріске Кеден одағы, ТМД
ел­дерін
қоса
алғанда,

халықаралық
ұйымдар
атсалысуы тиіс. Өз тарапынан, біздің еліміз, соның
ішінде Қызыл крест пен Қызыл жарты ай қоғамының

қазақстандық бөлімшесінің тарапынан да барлық
қолдан келген қолдауды көрсетуге дайын. Бұл
ұйым сондай-ақ, өзге мемлекеттердің гуманитарлық
жүктерін алып өту барысында бейтарап делдал

міндетін де атқара алар еді. Бүтіндей алғанда,
бүгінде Украинаға гуманитарлық көмек жеткізуде
алалықсыз халықаралық бақылауды қамтамасыз ету
қажет. Сондықтан мен жанжалдасушы тараптар­ды

зардап шеккен адамдарға көмек көрсету кезінде
бітім жариялауға шақырамын», деп мәлімдеді
Нұрсұлтан Әбішұлы.

б І т І м г е р
Бүкіл халықаралық қоғамдастықтың кең ауқым­
ды көмегі тек Украинаның оңтүстік-шығысына ғана
емес, сонымен бірге, бүкіл Украина экономикасына

да қажет, деп атап өтті Мемлекет басшысы. «Оған
Украинаның Батыстағы да, сол сияқты Шығыстағы да
көршілері атсалысуы тиіс. Ол осы елдегі әлеуметтік-
экономикалық жаппай күйреудің алдын алу үшін өте-

мөте маңызды. Апатты ахуалды еңсеру үшін ар­наулы
халықаралық штаб немесе Украина экономика­
сына қолдау көрсету қорын құру туралы мәселе
жөнінде ойласу орынды. Бірлескен күш-жігермен

Украина экономикасын құтқару бойынша бірінші
кезекті шаралардың дағдарысқа қарсы жоспарын
әзірлеу қажет. 2008-2009 жылдардағы дағдарыспен
кү­рес шаралары Қазақстанда дұрыс деп танылды,

сондықтан біз өз тәжірибемізбен бөлісуге дайын­
быз», – деді Қазақстан Президенті.
Кейіннен Қазақстан Үкіметі Қызыл крест халық­
а­ралық комитеті тарапынан Украинаның оңтүстік-

шығыс
өңірінің
гуманитарлық
мұқтаждарына

30  000 АҚШ доллары көлемінде қаржы бағыттады.
Оның сыртында 2015 жылдың 10 қаңтарында
Северодонецк қаласында украин тарапына жалпы
сомасы шамамен 70 млн. теңгеге тамақ өнімдері

қазақстандық гуманитарлық көмек ретінде берілді.
Сондай-ақ, Қазақстан Үкіметі де Чернобыль АЭС-ін­
дегі халықаралық жобаларды аяқтауға үлес ретінде
«Укрытие» Чернобыль қорына қаржылай қолдау

көрсету және 1 миллион еуро бөлу жөнінде шешім

б І т І м г е р
қабылдады. Осының бәрі Мемлекет басшысының
біз­дің әріптестеріміз ауыр жағдайға тап болған кез­де
қолдау көрсетуге әрқашан дайын екенін тағы бір рет

айғақтайды.
Менің пайымдауымша, Минск келіссөздерінде Қа­
зақстан Президенті әсіресе, ақпараттық кеңістіктегі
қызбалық шегін төмендетуді екінші міндет ретінде

белгіледі. Ушықтырудан үнқатысу мен келіссөздерге
көшу, әлемдік ақпараттық агенттіктерге ашу-ыза
тудыратын мақалалар беруден бас тартуға жағдай
жасау және оларды мәмілелер іздеуге шақырумен

алмастыру маңызды болды.
Н.Ә.Назарбаев Ресей мен Украина президенттері
В.Путин мен В.Порошенконың жеке кездесулерін –
Порошенконың

Украина
мемлекетінің
басшысы
лауа­зымына сайлануы мен кірісуінен кейінгі олар­

дың алғашқы екіжақты кездесулерін ұйымдастыру
қа­жеттігіне айрықша маңыз берді. Қазақстан көш­
басшысының бұл ниеті жүзеге асты да.
Минскіде Нұрсұлтан Әбішұлы ресейлік және ук­

раиналық әріптестерін өзара кездесуге және барлық
қордаланып қалған мәселелерді талқылауға риясыз
көндірді. Тамыз оқиғаларын бағамдаған адам В.Путин
мен В.Порошенконың алғашқы толыққанды екіжақ­

ты кездесуінің соңғы сәтке дейін болар-болмасының
белгісіз күйде келгенінен хабардар, бірақ кездесу
бас­талғаннан кейін ол 2 сағаттан астам уақытқа
созылды.

5-0192

б І т І м г е р
Атап айтқанда, негізгі іс-шараға дейін болған П.По­
рошенкомен кездесуде Қазақстан Президенті былай
деп мәлімдеді: «Біздің елдеріміз арасындағы қарым-

қатынастар әр кезде де достық сипатта болды.
Сондықтан Украинада қалыптасып жатқан ахуал
мені өте мазалайды және алаңдатады. Сіздің Ресей
Федерациясының Президенті Владимир Путинмен

үнқатысуыңыз үлкен маңызға ие. Ресей үшін де,
Украина үшін де ақиқат айтылар ақтық сәт туды,
өйткені, бұл қантөгіс одан әрі созылуға тиіс емес.
Қарапайым адамдар зардап шегуде. Қазір дәл осы

туралы айту қажет».
Нұрсұлтан Назарбаев, сол сияқты Украинада
қа­­лыптасқан ахуалды аса ауқымды қақтығысқа
соқ­­тыратындай жағдай ретінде бағалай отырып,

Қазақстанның ұстанымын былайша жеткізді: «дау-
жанжалды тоқтатып, қалпына келтіру үдерісін бас­
тау үшін түйісу нүктелерін табу қажет». Мемлекет
басшысы біздің еліміздің Украинамен ізгі қарым-

қатынастарға ие екенін және сауда-экономика­лық
өзара іс-қимылдарды жалғастыруға ниетті екенін
атап көрсетті.
Бұл сөздерді украин президенті өте жылы қабыл

алды. П.Порошенко Мемлекет басшысына Украина­
да бейбітшілік орнатуға деген оның берік ұстанымы
үшін өз ризашылығын білдірді. Өзінің иығына түскен
салмаққа қарамастан, ол дағдарыстан шығу жолын

қалады және ол үшін қажетті одақтастар іздестіруде

б І т І м г е р
болды, олардың арасында ол, сөз жоқ, Қазақстан
Президентін де қарастырды.
Минскіде өткен іс-шаралардың қорытындысы­

на орайластырылған брифингте Қазақстан Прези­
денті басты мақсаттардың бірі Ресей мен Украина
президенттерінің кездесуін ұйымдастыру болғанын
мәлімдеді. «Қазақстан мен Украинаның арасында

тарихи байланыстар бар. Украинамен сауда біз­
дің еліміздің сыртқы саудасында үлкен үлес ала­
ды. Біздің арамызда әркезде де сенімді қарым-
қатынастар болған, бізді Украинада болып жатқан

оқиғалар өте қатты алаңдатады. Мен тараптардың
уағдаластыққа қол жеткізіп, орын алған мәселелерді
шешуі үшін бүкіл күш-жігерімді жұмсадым. Ортақ
мәмілеге келу қажет, ол белгілі бір өзара шегіністерге

бару қажеттігін білдіреді. Владимир Путин мен Петр
Порошенконың жеке кездесуі – бүгінгі іс-шараның
басты қорытындысы», – деді Мемлекет басшысы.
Н.Ә.Назарбаев Минск кездесуінің (үшінші) тағы

бір мақсатын дау-жанжалды бәсеңдетуге және
дағдарысты шешудің күшке салуға негізделген нұс­
қаларынан бас тартуға қол жеткізу қажеттігі ретінде
көрді.

Бұл тезисті Қазақстан Президентінің өзі атап көр­
сеткендей, «бейбіт тыныс алу қажет, ол әскери-
саяси қарсы тұрушылықтың кепіліне айналған
бейбіт тұрғындар өмірін құтқаруға жағдай жасайды.

Біз зорлық-зомбылықты айыптаймыз. Тараптарды
атысты тездетіп тоқтатуға шақырамыз. Бұл үдерісте

б І т І м г е р
халықаралық уағдаластықтарды сақтаудың кепілі
ретінде көріне алатын ЕҚЫҰ белсенді іс-қимыл
жасауы тиіс».

Минск саммитінің қорытындысы бойынша Украи­
наның шығысындағы ахуалды реттеудің бейбіт
жоспарын қалыптастыру туралы уағдаластыққа қол
жеткізілуі өзіндік мәнге ие. Осы уағдаластықты жүзеге

асыру үшін Минск байланыс тобы өз жұмысын одан
әрі жалғастырды. Оның қызметіне ДХР және ЛХР
өкілдері тартылды. Нәтижесінде Байланыс тобы
2014 жылдың 5 қыркүйегіндегі Минск хаттамасын

және 2014 жылдың 19 қыркүйегіндегі меморандумды
қабылдады (қосымшада осы құжаттардың толық мә­
тіні келтірілген).
Аталған екі құжатта украин дағдарысын шешу

жөніндегі бүкіл былайғы күш-жігерлердің арқаулан­
ғанын атап өту қажет. 2015 жылдың 11-12 ақпанында
өткен «норманд төрттігі» саммитінің нәтижелері
де Минск келісімдеріне негізделген және оның кең

көлемді егжей-тегжейлі нұсқасы болып табылады.
Төртіншіден, Қазақстан Президенті, Еуразиялық
экономикалық одақ туралы шартқа қол қойылуын,
Украинаның ЕО-мен ассоциациясы туралы келі­

сімнің экономикалық блогына қол қойылуының
қар­саңын және Украинаның ТМД-мен еркін сауда
аймағы туралы әлі де сақталған келісімді айрық­
ша ескере отырып, одан арғы сауда-экономика­лық

ынтымақтастық мәселелерін ашық талқылағысы
келді.

б І т І м г е р
Өкінішке орай, В.Януковичтің президенттігі ке­
зінде Н.Азаров үкіметі ресейлік тараптың тілектері
мен қауіптерін ескеру қажеттігі жөнінде қаншалықты

үгіттесе де, еуропалық тарап Украинамен қауым­
дастық туралы келісім нормаларын қайта қарауға
қандай да бір мүдделілік танытпағандықтан, мұндай
үнқатысудың болмауы украин дағдарысының ұлғая

түсуіне апарып соқтырды.
Кездесуде Қазақстан Президенті халықаралық
қоғамдастық Украина мен Ресей арасындағы газ
жеткізу мәселелері жөніндегі келіссөздер барысына

оң ықпал ету керектігін, оның өзі қысқы маусым
қарсаңында мейлінше маңызды екендігін атап көр­
сетті.
Мемлекет басшысы, сондай-ақ, Қазақстанның кез­

десуде Украина мен ЕО арасындағы қауымдастық
туралы келісімнің шарттарын талқылау ниетін
қолдайтынын жеткізді. «Бұл құжаттың көршілердің,
соның ішінде Кеден одағының мүдделерін барынша

ескергені маңызды. Осы орайда біз ашық үнқатысуды
қолдаймыз және пікір алмасуға дайынбыз», деп атап
өтті Н.Ә.Назарбаев.
Қазақстан Президенті тетіктердің бәрінің бірдей

іске қосылмағанына және үшжақты үнқатысудың
қайткенде де мүмкін екендігінен үміттенді. Және ойы
дұрыс болып шықты.
Мемлекет басшысы саммит қорытындысында

атап өткендей, болып өткен кездесудің тақырыпта­
ры­ның бірі Украинаның Еуропа одағымен қауымдас­

б І т І м г е р тығы туралы келісімінің Кеден одағы елдері үшін мүмкін деген зардаптары еді. «Мәселе сонда, атал­ мыш қауымдастық нәтижесінде Еуропа елдерінен Украинаға тауар енгізу үшін кедергілер толықтай жойылатын болады. Ол сапалы және арзан еуропалық тауарлар Украинаға тасымалданады да, ал бұл елдің тауарлары Ресейге, сондай-ақ, біздің елге экспортталады дегенді білдіреді. Біз оны ескеруіміз керек. Еуропалық комиссия бас­ шы­ларымен бірге қауымдасу туралы келісімді имплементациялаудың біздің елдердің сауда қа­ тынастарына нұқсан келтірмеу мәселесі қарас­ тырылды. Осы мәселелермен жұмыс істейтін және қажет болған жағдайда Украинаның Еуропалық одақпен уағдаластығына өзгерістер енгізетін жұмыс тобын құру туралы шешім қабылданды», – деді Нұрсұлтан Назарбаев. Минск кездесуінің қорытындылары бойынша бір­ қатар уағдаластықтарға қол жеткізіліп, оларды жүзе­ ге асыру қантөгісті тоқтатуға және неғұрлым елеулі проблемалы мәселелерді кейінге қалдыруға жағдай жасаған маңызды шешімдер қабылдауға мүмкіндік туғызды. Осындай Минск-1 қорытындыларының ішінен мыналарды бөліп көрсетуге болады: 1. Украина, Ресей және Еуропалық одақ отын және энергетика министрлерінің қатысуымен энергетика мәселелері бойынша келіссөздер жүргізу туралы. Бұл келіссөздердің нәтижесі сол, Украинаға Ре­ сей газын жеткізу алда тұрған қыс кезеңінде де

б І т І м г е р
жалғасады. Қыста жылусыз қалу қатері төнген Ук­
раинаның қатардағы азаматтарының мұқтаждары
өткір мәселеге айналғанын ескергенде, ол келісім­

нің мәніне баға жетпейді. Ресей тарапы қолдау біл­
діріп, қарапайым адамдар саяси алауыздықтар­
дың құрбанына айналмас үшін, газ бойынша бүкіл
талаптарды жылыту маусымының соңына дейін

кейінге қалдыруға келісті. 2. Украина мен Еуроодақ арасында еркін сауда

аумағын құрудан РФ үшін болатын экономикалық
зардаптар мәселесі бойынша сарапшылық деңгейде
консультациялар өткізу туралы.
Бұл уағдаластық та, уақытша болғанына қара­

мастан, нақты нәтижелер берді. Әңгіме Украинаның
ЕО-мен ассоциациясы туралы келісімінің эконо­
микалық
блогы

шеңберіндегі
міндеттемелердің
күшіне енуін 2015 жылдың соңына дейін шегеру
туралы шешім қабылдау жөнінде болып отыр.

Бұл ретте еуропалықтар осы келісімнің өз бөлігін
біржақты тәртіпте орындауға міндеттенді.
Тиісінше, Украинаның, Ресей мен Еуроодақтың
сауда-экономикалық алауыздығы оларды ретте­

генге дейін кейінге шегерілді. Өкінішке орай,
осынау уақытша үзіліс әзірге нәтиже берген жоқ,
дегенмен, үнқатысудың әлі де жалғасып жатқандығы
үміттендіреді.

Әлі күнге дейін көкейкесті және Қазақстан Пре­
зиденті батыстық және ЕАЭО бойынша әріптестері­
мен талқылауды жалғастырып келе жатқан бесінші

б І т І м г е р
мәселе санкциялық тіресушілікті жою және өзара іс-
қимылдарға көшу қажеттігі болып отыр.
«Сауда соғыстары қисыны, санкциялар алмасуды

қатаңдату біздің бәрімізді тығырыққа тірейді, бұл –
ешқайда апармайтын жол. Өзара санкциялардан
елдің экономикалық әлеуеті әлсірейді, қарапайым
адамдар зардап шегеді, әлеуметтік шиеленіс артады,

әлемдік дағдарыстың жаңа орамы жасалады. Бірінші
кезекте, біздер – Еуропа және Азия, еуразиялық құр­
лық зардап шегетін болады. Сондықтан экономика­
лық прагматизм мен өзара тиімділік қағидаттарын­

дағы сындарлы өзара іс-қимылдарға қайта оралуға
шақырамыз. Біртіндеп санкцияларды ала бастау
қажет. Қазақстан Кеден одағы шеңберінде, сондай-
ақ, Украинамен және Еуропалық одақпен өзара тиімді

сауда-экономикалық қарым-қатынастарды нығайтуға
мүдделі. Біз көпжақты сауда байланыстарын қалпына
келтіру жолдарын талқылауға дайынбыз», деп атап
өтті Мемлекет басшысы Минскідегі саммитте.

Осылайша 2014 жылғы 26 тамыздағы Минск кез­
десуі тарихи оқиғаға айналды. Осыған дейін өзара
тиімді шешім қабылдау мүмкін еместей көрініп келген
мәселелер алғаш рет жоғары деңгейде ашық түрде

талқылана бастады.
Минск уағдаластығы осы оқиғаға тартылған бар­
лық тараптарға, әсіресе, Украинаға қажет болды.
Осыған дейін атап көрсетілгендей, Украина ТМД

елдерімен, ең алдымен, Ресеймен шаруашылық

б І т І м г е р
байланыстардың үзілуіне төтеп бере алмас еді.
Украинаның оңтүстік-шығысындағы дау-жанжал­дар­
дың ұлғаю сәтінен бастап Киевке ақшалай қаржының

атымен жетіспеуі ахуалды одан бетер күрделендіре
түсті. Бүкіл бюджет шығындарының елеулі бөлігі
Донбасстағы операцияларға кетті. Сонымен бірге,
Украинаның экономикалық жағдайы күн санап

нашарлай түсті. Гривна екі есе дерлікке құлап түсті.
Елдің сыртқы борышы өсуін жалғастырды. Осыған
дейін көмір экспорты бойынша жетекші позицияны
иеленген Украина енді оны сатып алуға мәжбүр

болды. Осының бәрі ел іс жүзінде дайын емес,
жақындап келе жатқан күзгі-қысқы кезең аясында
орын алды.
Осындай жағдайларда Минскіде қол жеткізіл­

ген уағдаластықтар украин шындығының «шексіз
проблемалар теңізіндегі құтқарушы шеңберіне»
айнал­ды. Әлемдік қоғамдастық, БАҚ-тар мен сарап­
шылық қоғамдастық Минскідегі саммит нәтижелерін

оптимизммен қарсы алды. Атап айтқанда, британ­
дық сарапшы Марк Ахмед тамыз келіссөздерінің қо­
рытындыларын былайша бейнеледі: «Кеден одағы
көшбасшылары мен Украина президентінің Минс­

кіде өткен кездесуі – орын алған дау-жанжалдарды
шешудегі алғашқы орасан зор серпіліс. Келіссөздер­
дің жоғары деңгейде өтуі және түбегейлі қарама-
қарсы көзқарастардың дипломатиялық арнаға шы­

ға­ры­луы – тараптардың қарама-қарсылықтарды

б І т І м г е р мей­лін­ше аз шығындармен аяқтауға деген шынайы ниет­терінің айғағы».8 Сарапшының айтуынша, Президент Назарбаев­ тың келіссөздердегі рөліне баға жетпейді. Көпте­ ген адамдар, оның ішінде Батыста да, Қазақстан көшбасшысына үлкен үмітпен қарайды. Украина дағдарысы бір елдің шегінен шықты, дау-жанжал халықаралық сипат ала бастады. Шиеленістің өршуі тек өңірлік қана емес, сонымен бірге, жаһандық ауқымда да күтпеген зардаптарға соқтыруы мүмкін. «Пре­зидент Назарбаев – өте беделді саясаткер. Оның пікіріне Ресейде де, Украинада да, Батыс­ та да құлақ асады. Украин жанжалында Қазақстан Президенті бітімгер рөлін атқарады және ол оны тамаша жүзеге асыруда», – дейді М.Ахмед. Бри­ тан баспасөзі Украина президентінің Нұрсұлтан Назарбаевтың кеңестерін зор құрметпен және мұ­ қият қабылдайтынына назар аударған. Атап айт­ қанда, П.Порошенко Қазақстанның қай кезде де Украинаның сенімді досы болғанын және қиын минут­ тарда оған қолдау жасағанын атап көрсеткен. «Мен нендей жағдай болса да, Қазақстан-Украина қарымқатынастарының достық жағдайда қалатынына сенімдімін». Оның үстіне П.Порошенко Мемлекет басшысы­ мен Минскідегі кездесуде екі президент 2014 жыл­ 8 Франк Ниенхюйзен (Frank Nіenhuysen). «Арзан тепе-теңдік» (Bіllіge Balance). Suddeutsche Zeіtung газеті. 25/06/2014. http://www.sueddeutsche. de/polіtіk/russlands-rolle-іm-ukraіne-konflіct-bіllіge-balance-1.2013717.

б І т І м г е р
дың 28 тамызында Түркияның жаңадан сайланған
президенті Р.Т.Эрдоғанның инаугурация салтана­
тына қатысуы тиіс Анкарада екіжақты үнқатысуды

жалғастыруға деген ниетін білдірді. Өкінішке орай,
2014 жылдың 28 тамызында Украинаның солтүстік-
шығысындағы ахуал күрт нашарлады. Украиналық
және батыстық БАҚ-тар (ВВС, Reuters, The Guardіan)

жасақтардың «РФ әскери қолдауымен» кең ауқымды
қарсы шабуылы туралы хабарлады. Жасақтар
Украинаның Луганск облысындағы бірнеше елді
мекендерге

бақылау
орнатты.
Оның
сыртын­

да, Ресей азаматтарының Украинаның оңтүстік-
шығысындағы соғыс қимылдарына қатысуы туралы
ақпарат шындыққа айналды. ДХР премьер-министрі
А.Захарченко жасақшылар арасында шамамен 3-4

мыңдай ресейлік еріктілердің бар екенін мәлімдеді.
Осы орайда НАТО өкілі Украина аумағындағы
ресейлік әскер санының мыңнан астам адам екенін
хабарлады. Украина Президенті П.Порошенко өзінің

Түркияға сапарынан бас тартып, Донбасстағы ахуал­
ға байланысты ҰҚҚК-нің шұғыл отырысын шақыр­ды.
Барша жұрт ахуалды жұмсартуға тиіс болатын ҰҚҚК
шешімі мен Ресей басшылығының шешімін күтті.

Соғыс жағдайы енгізілген жоқ. Өз кезегінде, В.Путин
қоршауда қалған украин әскерилерін құтқару үшін
гуманитарлық дәліз ұсыну жөнінде жасақшыларға
үндеу арнады.

Сарапшылардың пікірінше, қарсаңда, 28 тамызда
өткен Минск келіссөздері болмаса, Үлкен соғыстың

б І т І м г е р
туындап кетуі мүмкін еді. Минскідегі келіссөздер
мен Беларусь астанасында басталған П.Порошенко
мен В.Путиннің жеке кездесулері саяси және әскери

қызбалықты төмендетуге жағдай туғызған аз да бол­
са «сенім қорын» жасай білді. Басқаша айтқанда,
Минскіде дағдарысты ахуалдардағы «Порошенко –
Путин» тікелей өзара іс-қимылы үшін тұғыр жасалды.

Бұл қорытындыны сарапшылар 28 тамыздан кейін
қалыптасқан шиеленісті төмендетуде Украина мен
Ресей президенттері арасындағы телефон арқылы
келіссөздер шешуші сәт болды деп дәйектейді.

Осылайша Қазақстан Президентінің 26 тамыз­
да Минскіде П.Порошенко мен В.Путиннің алғашқы
кездесуін ұйымдастыруда көрсеткен белсенді күш-
жігері Донбасста бітім орнатуға кепіл болды, рас,

өкінішке орай, уақытша болса да.
Оқиғаның одан әрі өрбуі оған тартылған тарап­
тардың бәрінің дау-жанжалды өршітпеу және оқ
атуды тоқтату жолдарын іздегендігін айғақтады.

П.Порошенко Әкімшілігі әлем қоғамдастығына Ук­
раина басшысының бейбіт жоспары бар екенін,
оның оны барлық тартылған тараптармен талқылап
жатқандығын хабарлады. Кейін украин президентінің

ұсыныстары жарық көрді. Олар 14 тармақтан тұрды
және төмендегілер атап көрсетілді:

1. Бүкіл келіссөзге қатысушылар үшін қауіпсіздік

кепілі. 2. Қаруларын тастағандарды және ауыр қылмыс

жасамағандарды қылмыстық жауапкершіліктен бо­
сату.

б І т І м г е р 3. Аманатқа алынғандарды босату. 4. Ресей-Украина мемлекеттік шекарасында 10 км.

буферлік аймақ құру. Заңсыз қарулы құрылымдарды
кейін алып кету.

5. Ресейлік және украиндық жалдамалылардың

шығуы үшін кепілді дәліз. 6. Қарусыздану. 7. ІІМ құрылымында бірлескен патрульдік қызметті

жүзеге асыру үшін бөлімшелер құру. 8. Донецк және Луганск облыстарындағы заңсыз

ұстап тұрған әкімшілік ғимараттарды босату. 9. Жергілікті билік органдарының қызметін қалпына

келтіру. 10. Донецк және Луганск облыстарында орталық

теле және радио хабарларын қалпына келтіру. 11. Билікті орталықсыздандыру (атқару комите­т­-

те­рін сайлау жолымен, орыс тілін қорғау – Конс­
титуцияға өзгертулер жобасы).

12. Губернаторларды сайлауға дейін Донбасс

өкілдерімен келісу (бір кандидатураға келіскен жағ­
дайда, алауыздық жағдайында – шешімді Президент
қабылдайды).

13. Кезектен тыс жергілікті және парламент сай­

лау­лары. 14. Өңірде жұмыс орындарын құру бағдарламасы.

Өз кезегінде 2014 жылдың 3 қыркүйегінде Ре­
сей басшысының украиналық әріптесімен теле­
фон арқылы сөйлесуінен кейін Кремльдің баспа­
сөз қызметі РФ Президенті В.Путиннің Украинаның

б І т І м г е р
оңтүстік-шығысындағы жанжалды реттеу жөніндегі
ұсыныстарын жариялады. Ол жоспар 7 тармақтан
тұрды:

1. Қарулы күштердің, қарулы құрылымдардың,

Ук­раинаның
оңтүстік-шығысындағы
жасақтардың
Донецк және Луганск бағыттарындағы белсенді ша­

буыл операцияларын тоқтату. 2. Украина күштік құрылымдарының қарулы бө­

лімшелерін елді мекендерді артиллериядан және
дүркіндете ату жүйесінің барлық түрлерінен атқылау
мүмкіндігін болдырмайтын қашықтыққа алып кету.

3. Оқ атуды тоқтату шарттарын сақтауға толыққан­

ды және объективті халықаралық бақылауды және
осындай жолмен құрылған қауіпсіздік аймағындағы
ахуалға мониторингті жүзеге асыруды қарастыру.

4. Бейбіт азаматтарға және жанжал аумағындағы

елді мекендерге қарсы соғыс авиациясын қолдануды
болдырмау.

5. Күштеп ұстап отырған адамдарды қандай да бір

алдын ала шарттарсыз «бәрін бәріне» формуласы
бойынша айырбастауды ұйымдастыру.

6. Босқындардың қозғалуы үшін және Донбас­с­

тың – Донецк және Луганск облыстарының қалалары
мен өзге де елді мекендеріне гуманитарлық жүктерді
жеткізу үшін гуманитарлық дәліздер ашу.

7. Донбасстың зардап шеккен елді мекендеріне

қираған әлеуметтік нысандар мен тіршілікті қамта­
масыз ететін инфрақұрылымдарды қалпына келтіру
үшін, олардың қысқа дайындығына көмек көрсету

б І т І м г е р
үшін жөндеу бригадаларын жіберу мүмкіндігін қам­
тамасыз ету.
Минскідегі байланыс тобының жұмысын қайта

қалпына келтіру 2014 жылғы 28 тамыздағы дағда­
рыстан кейінгі оқиғалардың шарықтау шегі болды,
ол да Минск саммитіндегі уағдаластықтарда қа­
растырылған болатын. Осылайша, 5 қыркүйекте Бе­

ларусь астанасында үш жақты топтың кезекті оты­
рысы өтті, оған Украинаның экс-президенті Л.Кучма,
өзін-өзі жариялаған ДХР-дың премьер-министрі
А.Захарченко, өзін-өзі жариялаған ЛХР басшысы

И.Плотницкий, РФ-ның Киевтегі елшісі М.Зурабов,
сондай-ақ, ЕҚЫҰ-ның іс басындағы төрағасының
Украинадағы ахуалды реттеу мәселелері жөніндегі
ресми өкілі Х.Тальявини қатысты.

Отырыс қорытындысы бойынша байланыс то­
бына қатысушылар елдің шығысында 5 қыркүйекте
жергілікті уақытпен 18.00-де оқ атуды тоқтату тура­
лы хаттамаға қол қойды және 12 пункттен тұратын

бейбіт реттеу жоспары бойынша өзара келісті. Қол
жеткізілген
уағдаластықтардың
негізінде

айтар­
лықтай дәрежеде Ресей мен Украина арасында
жолға қойылған саяси үнқатысу жатыр. В.Путин мен
П.Порошенко арасындағы «жеке қарым-қатынастар

тарихы» дамуының бастау алғанын атап өту қажет.
2014 жылдың 19 қыркүйегінде Минскіде Үш­
жақты байланыс тобының кезекті кездесуі өтті.
Келіссөздерге ЕҚЫҰ-ның арнайы өкілі Х.Талья­

вини, Украинаның экс-президенті Л.Кучма, РФ-

б І т І м г е р
ның Украинадағы елшісі М.Зурабов, сондай-ақ,
өзін-өзі жариялаған ДХР-дың премьер-министрі
А.Захарченко, ДХР-дың вице-премьері А.Пур­гин

және өзін-өзі жариялаған ЛХР басшысы И.Плот­
ницкий қатысты. Оқ атуды тоқтату режімін жүзеге
асыру жөніндегі меморандумға қол қою кездесу
қорытындысы болды.

Осыған дейін атап көрсетілгендей, сауда-эко­
номикалық қарым-қатынастар саласында ілгерілеу
байқалды. 2014 жылдың 12 қыркүйегінде Брюссель­
де Украинаның және ЕО-ның қауымдастығы тура­

лы келісім бойынша Ресей – Украина – ЕО үшжақты
министрлік кездесуі өтті. Кездесу қорытындысы
бойынша ЕО мен Украина қауымдастығы туралы
келісімді уақытша қолдану 2015 жылдың 31 қаң­

тарына дейін кейінге қалдырылды. Сонымен бірге,
ЕО украиналық экспорттаушылар үшін автономды
сауда жеңілдіктері режімінің әрекетін 2015 жыл­дың
аяғына дейін ұзартуға келісті, ал РФ Украина мен

ЕО қауымдастығы туралы келісімге имплемента­
ция жасалған мерзім бойына РФ украин тауарлары
үшін баж салығын енгізбейтін болады. 26 қыркүйекте
Берлинде Украинаның, Ресейдің және Еурокомиссия

өкіл­дерінің қатысуымен газ бойынша келіссөздер өтті.
Одан әрі Жоғарғы Рада бірқатар маңызды заң­
дарды ратификациялады – Украина мен ЕО қауым­
дастығы туралы (Еуропарламентпен бір мезгіл­

де), Донбасстың бір бөлігіне ерекше мәртебе беру
және өзін-өзі жариялаған «халық республикалары»

б І т І м г е р
жақтаушыларына рақымшылық жасау туралы. Заң
сондай-ақ, 2014 жылдың 7 желтоқсанында жергілікті
басқару органдарына сайлау өткізуді де қарастырды.

П.Порошенко Жоғарғы Рада қабылдаған заңды
Донбасста бейбітшілік орнату үшін негіз деп ата­
ды. ЕО сыртқы саясат қызметінің өкілі М.Косьянчич
аталған заңның қабылдануы Минск бейбіт жоспары­

на сәйкес келеді, деп мәлімдеді. Өзін-өзі жариялаған
республикалар өкілдері анағұрлым ұстамдылық та­
нытты. ДХР-дың бірінші вице-премьері А.Пургин
жаңа құрылымдар билігінің аталған заңды оқып-

зерттейтінін мәлімдеді. ЛХР өкілі А.Карякин де заң
қабылдау «Минск ұстанымдарына» сәйкес келетін
«дұрыс бағыттағы қадам» екенін, «нақтылық тура­
лы айтуға әлі ерте» екенін атап өте отырып, талдау

қажеттігін айтты.
Жергілікті
сайлау
қиын

түйіндердің
біріне
айналды. Жасақтар бұл уақытта Киев билігін
мойын­дамайтын болған және соған сәйкес сай­

лауды дербес өткізбек болды, дегенмен, Украина
басшылығы бұл үдеріс республикалық Ортсай­лау­
комның бақылауынан тыс өтеді дегенді ойларына
да алғысы келген жоқ. Осыған байланысты жасақ­тар

Киев­тің келісімінсіз және айрықша мәртебе туралы
заңда белгіленген күнге кереғар ДХР мен ЛХР-
дың жергілікті сайлауларының 2014 жылдың 2 қа­
рашасына өз күнін белгіледі, ал оны Киевте және

Батыс елдерінде бірден заңсыз деп таныды. Айта
кету керек, жергілікті сайлау өткізу байланыс тобының
6-0192

б І т І м г е р
Минск уағдаластықтарының бірі болып табылады.
Сонымен бірге, олар қалай өтуі керек және оларды
ұйымдастыруға кімдер жауапты деген мәселелерде

нақтылықтың болмауы өзіндік бір араздық себебіне
айналды.
Осылайша, Минск уағдаластықтарын Киев пен
жасақтардың түрліше түсіндіруі бейбіт үдерісті

қисынды түрде соңына дейін реттеуге кедергі
келтірді. Ресейге қарсы санкциялық режімнің қатаң­
датылуы да «отқа май құя» түсті. Еуроодақ 2014
жылдың 12 қыркүйегінен бастап РФ-ға қатысты

жаңа экономикалық санкциялар енгізді. Шешім ЕО
елшілерінің рет саны бойынша төртінші отырысы­
ның қорытындысы бойынша қабылданды. Ресейге
қарсы санкцияларының кезекті пакетінде Еуро­­одақ

«Роснефтьті», «Транснефтьті», «Газпромнефтьті»
бо­­рыштық қаржыландыруға, осы компаниялар обли­
гацияларымен 30 күннен астам мерзімге сауда
жасауға және осындай қағаздар шығаруға қаты­

суға тыйым салды. Сбербанк, ВТБ, Газпромбанк,
Внешэкономбанк және Россельхозбанк, сондай-ақ
«Уралвагонзавод», «Оборонпром» және Бірлескен
авиажасау корпорациясына (БАК) қатысты да

осындай шаралар енгізілді. Бүтіндей алғанда, РФ-
ның тоғыз қорғаныс концерні санкцияға ілікті. ЕО,
сондай-ақ, Ресей мен Украина үшін 24 фамилияны
«қара тізімге» енгізіп, оның жалпы санын 119-ға дейін

жеткізді. ЕО-ның Ресейге қарсы санкцияларының
осы жолғы шоғыры Байланыс тобының 2014 жыл­

б І т І м г е р
ғы 5 қыркүйектегі «бейбітшілік» хаттамасын қа­
былдағаннан кейінгі алғашқы санкция болды.
Дәл сол күні, 2014 жылдың 12 қыркүйегінде ЕО-

ның соңын ала еуропалық жаңа шараларға ұқсас,
АҚШ та Ресейге қарсы санкцияларды ұлғайтты. АҚШ
Президенті Б.Обама АҚШ-тың жаңа санкциялары­
ның РФ экономикасының қаржылық, энергетикалық

жә­не қорғаныс секторына әсер ететінін мәлімдеді.
Б.Обаманың айтуынша, бұл Ресейді саяси оқшаулау
және оның экономикалық шығындарын ұлғайту
үшін, әсіресе Президент Владимир Путин мен оның

айналасындағылар үшін маңызды салалардағы
шығындарды ұлғайту үшін жасалып отыр. Тізімге
Сбербанк,
«Газпром»,

«Роснефть»,
«Лукойл»,
«Сургутнефтегаз», «Транснефть», «Газпромнефть»,
сондай-ақ, «Ростех» мемлекеттік корпорациясы ілікті.

Осы компаниялардың бәріне америкалық капитал
нарығына жол жабылды. Нәтижесінде америкалық
санкциялар ресейлік мұнай секторының 90%-дан
астамын және бүтіндей дерлік ресейлік газ өндірісін

қамтыды.
Сонымен бірге, РФ-да армияға соңғы кездегі ең
бір кең ауқымды тексерулер жүрді. Ең алдымен,
Шығыс әскери округі әскерлерінің жағдайына жә­

не бірқатар өңірлер мен ведомстволардың «соғыс
уақыты жағдайларындағы міндеттерді орындауға»
дайындығына талдау жасалды. Қиыр Шығыс пен
Шығыс Сібірде 19 және 25 қыркүйек аралығында

өткен «Шығыс-2014» командалық-штабтық страте­

б І т І м г е р
гиялық жаттығуларға 155 мыңнан астам әскери
қызметшілер, 8 мыңға жуық қару-жарақ пен әскери
техника, жүздеген ұшақтар мен тікұшақтар, сондай-

ақ, ондаған кемелер қатысты. Оның сыртында РФ
қорғаныс министрі С.Шойгу Ресей Украинадағы
ахуалдың шиеленісуіне және өз шекараларына жа­
қын жерлерде шетелдік әскери қатысудың өсуіне

байланысты Қырым бағытында «толыққанды және
жеткілікті қамтылған» әскери топтарды кеңінен
орналастыру қажет деп мәлімдеді.
Осылайша, дау-жанжалды саябырлату жөнінде

нақтылы уағдаластықтарға қол жеткізілгенімен, одан
арғы бейбіт үдеріске күмән келтіретіндей жағдайлар
қалыптасты.
Оның сыртында Минск келісімдерін одан әрі

жүзеге асыру оларда қалай дегенде де мәселелер­
дің бәрінің бірдей ескерілмегенін көрсетіп берді. Жағ­
дайлардың бәрі бірдей жете ойластырылма­ған,
оның өзі жанжалдасушы тараптарға ол құжаттарды

түрліше түсіндіру мүмкіндігін туғызды. Жасақтар мен
Киев ұстанымы соңына дейін келісілмегендіктен
дағдарысты реттеудің сәті түскен жоқ.

ІІІ. МИНСК УАҒДАЛАСТЫҚТАРЫ

НЕМЕСЕ АҚТАЛМАҒАН ҮМІТТЕР

Екі шешуші ішкі саяси оқиға: Жоғарғы Радаға
сайлау және елдің оңтүстік-шығысында жергілікті
басқару органдарына мойындалмаған сайлау өткен,
әуел баста бітім нышандары байқалып, кейін, өкінішке

орай, жағдайды өршіту мен соғыс қимылдарының
қайта басталуы орын алған Украинадағы 2014 жыл­
дың қазан-қарашасындағы ахуалдардың өрбуін жа­
дымызда тағы бір рет жаңғыртайық. Одан кейін

Қазақстан Президентінің шет елдер басшыларымен
және өзге де шетелдік саясаткерлермен көптеген
кездесулеріне және келіссөздеріне тоқталамыз.
Н.Ә.Назарбаевтың жұмыс кестесі бұл кезеңде дәс­

түрлі түрде тығыз болды және іс жүзінде бүкіл
халықаралық іс-шараларда Украинадағы ахуал тал­
қыланып жатты.
Қыркүйектің соңғы онкүндігі мен қазанның ба­

сында, БАҚ-тардың хабарлауынша, оның ауық-

б І т І м г е р
ауық бітімді бұрмалаумен қоса-қабат жүргеніне
қа­рамастан,
дау-жанжал

аймағында
шынымен
де саяси саябырлаушылық болып жатты. НАТО
кей­бір ресейлік әскерлердің Украина аумағынан

шығарылғаны тіркелгендігін мәлімдеді (РФ қорға­
ныс министрі оны және онда қандай да бір ресейлік
әскери
қызметшілердің

болу
фактісін
жоққа
шығарады). Ресей Әскери-теңіз флоты бас штабы

Қара теңіз алабында Украинаның қатысуымен өт­
кен жаттығуларға қатысқан НАТО елдері әскери
кемелерінің Жерорта теңізіне қайтып оралғанын
хабарлады.

ЕҚЫҰ 2014 жылдың 2 қазанында Минскіде өткен
консультациялардың кезекті раундының қоры­тын­
дылары бойынша Байланыс тобының мәлім­демесін
жариялады, оған сәйкес ЕҚЫҰ, Украина және РФ-

ның бірлескен орталығы украиндық Де­баль­цевода
оқ атуды тоқтату бойынша іс-қимыл­дарды үйлестіру­
мен айналысқан. Байланыс тобының мүшелері
бұл орталық Донбасс өңіріндегі ахуалды одан әрі

тыныштандыруға жағдай жасап, ЕҚЫҰ тарапынан
оқ атуды тоқтату, заңсыз қарулы құрылымдар мен
техниканы Украина аумағынан шығару, сондай-ақ,
Ресей-Украина шекарасында тиімді бақылау орнату

жөніндегі уағдаластықтарға тиімді мониторингті
қамтамасыз етеді деген үмітін білдірді.
26 қазанда Украинада өткен кезектен тыс парла­
мент сайлауын 2014 жылдың қазанындағы басты

оқи­ға ретінде атауға болады. Сайлау нәтижелері
бойынша А.Яценюктің «Халық майданы» (22%-дан

б І т І м г е р
астам дауыс), «П.Порошенко блогы» (22% дер­
лік), сондай-ақ, «Өзіндіккөмек» (шамамен 11%),
«Оппозициялық блок» (10%-дан төмен), «Радикалды

партия» (7,5%-дай) және «Батькивщина» (5%-дан
астам) Жоғарғы Радаға өтті. Жоғарғы Радаға ке­
зектен тыс сайлауға сайлаушылардың қатысуы
52,42%-ды құрады.

Ресей өз ескертулерімен парламент сайлауын өтті
деп мойындады. РФ Президентінің баспасөз хатшы­
сы Д.Песков Кремль Украинада өткен кезектен тыс
парламент сайлауын мойындайды деп мәлімдеді.

РФ СІМ басшысы С.Лавров, тегінде, «Украинаның
бүкіл аумағында болмаса да, сайлау өтті» деп атап
көрсетті.
Көптеген сарапшылардың пікірінше, Жоғарғы Рада

сайлауы Украина мемлекеттілігіне жасалған үлкен
соққы болды. Тіпті, П.Порошенко осы сайлаудың бас­
тамашысы ретінде, Парламентте өз басымдығына
ие бола алмай ғана қалған жоқ, сонымен бірге

Премьер А.Яценюктің позициясын нығайту арқылы,
ол ашықтан-ашық жеңіліс тапты деген бағалау­
лар да айтылды. Көптеген байқаушылар Жоғарғы
Раданың негізгі бөлігі Ресеймен де, Донецк және

Луганскімен де қандай да бір бәтуаға баруға ниетті
емес болғандықтан ендігі жерде П.Порошенкоға
бітім туралы өз уағдаластықтарын орындау қиынға
түседі деген ортақ пікір білдірді.

Оның сыртында өткен сайлаудағы «Халық майда­
нының» (А.Яценюк) табысынан кейін сарапшылар
П.Порошенко мен А.Яценюк арасындағы ішкі саяси

б І т І м г е р
күрестің өткірлене түсетініне болжам жасады. Олар
А.Яценюк Америкамен жақындасуды жақтайтын
қатаң позиция ұстануды жалғастырады, ал П.По­

рошенко Еуроодақпен келісілген көзқарастарды
ұстанатын болады деп ойлады. Басқаша айтқанда,
парламенттік сайлаудан кейінгі ахуал белгілі бір
дәрежеде 2004 жылғы «қызғылт-сары революция»

нәтижелерін еске түсірді, яғни парламенттік коа­
лицияның кез келген көрінісі тұрақсыз, ал президент
пен премьердің бірігуі – шартты.
Жоғарғы Рададағы коалициялық көпшіліктің қа­

лыптасуы 2014 жылғы қарашаның өн бойына со­
зылып, тек осы айдың соңына таман аяқталды, онда
да сыртқы күштердің ықпал етуімен.
Нәтижесінде Украинаның Жоғарғы Радасында құ­

рамында бес фракцияның 302 депутаты бар –
Петр Порошенко блогы (146 депутат), «Халық май­
даны» (83 депутат), «Өзіндіккөмек» (32 депутат),
«Батькивщина» (19 депутат) және Олег Ляшконың

радикалды партиясы (22 депутат) – «Еуропалық
таңдау» атымен билік коалициясы қалыптасты. Оған
В.Януковичтің президенттігі кезінде вице-премьер
болған Юрий Бойко басқаратын оппозициялық блок

енген жоқ. Билік коалициясында конституциялық
басымдық қалыптасты (барлығы парламентте 450
орын, бірақ Қырым мен Донбасстағы оқиғаларға
байланысты 423 адам сайланды).

27 қарашада Украинаның сегізінші шақырылған
Жоғарғы Радасының бірінші отырысы өтті. Парла­
менттің алғашқы шешімі Владимир Гройсманды

б І т І м г е р (парламентке П.Порошенко блогынан сайланған, үкіметте вице-премьер лауазымын атқарған) төра­ ғалыққа, ал Арсений Яценюкті премьерлікке бекіту болды. Украина Президенті П.Порошенко жаңа сайлан­ ған Жоғарғы Радаға үндеу жариялады. Ол Украина­ ның парламентте алғаш рет дамудың еуропалық бағытын жақтайтын көпшілікке ие болғанын атап өтіп, елдің ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттарын атады. Украинаның блоктан тыс болудан бас тартуы туралы айта отырып, ол НАТО талаптарының Еуроодақпен қауымдастық туралы келісім талаптарына 96% сәйкесетінін және бес жылдан кейін реформалар Украинаның Еуроодаққа кіруге өтінім беруін қамтамасыз етуге тиіс екенін атап көрсетті. Украинаның блоктан тыс мәртебесін жою, НАТОға мүшелікке бағыт ұстану және әскери шығын­дар­ ды ІЖӨ-нің 3%-ына дейін көтеру туралы үндеулер тағы да қаттырақ естіле бастады, ал оны Ресей те­ ріс сипатта қабылдады. РФ СІМ басшысы С.Лав­ ров­тың пікірінше, блоктан тыс мәртебені қолдап отырған Киев билігінің өкілдері оны Украинаның оң­ түстік-шығысындағы дау-жанжалдарды күшке салу жолымен шешу үшін жасап отыр. Украинаның НАТОға өтуіне қарсы екенін атап көрсеткен Германия СІМнің басшысы Ф.-В.Штайнмайер ахуалды аздап болса да саябырсытты. Сол сияқты радикалды көңіл-күйдегі украиналық және батыстық сарапшылардың ол өңірлерді

б І т І м г е р
қалпына келтірудің барлық әлеуметтік-экономика­
лық салмағы Мәскеуге түсуі үшін «Луганск мен
Донецкіні Ресейге беру керек», ал Украинаның қалған

бөлігі Еуроодақ пен НАТО-ға өтуге жеделдетілген
бағыт алуы тиіс деген үндеулері де естіле бастады.
Сонымен бірге, Мәскеудің Донбассты қосып алуды
жоспарламағаны айқын болатын, егер Қырым

жөніндегі мәселені тыныш қалдыра тұрса, бүтіндей
алғанда, Украинаның аумақтық тұтастығын қолдауы
да мүмкін еді.
Бұл үдерістердің бәрі Украинаның экономикасы

нашарлауының жалғасуы аясында өтіп жатты: ІЖӨ
4,6%-ға қысқарды, өнеркәсіп өндірісінің құлды­рауы
7,8% құрады (Донецк облысында 60%-ға, Луганскі­
де – 85%-ға, Киевте – 18%-ға); жыл қорытындысы

бойынша жұмыссыздық деңгейі 9-10%-ға бағалан­
ды. Қыстың жақындауына байланысты қызу сипат
алған газ проблемасы да өткірлене түсті. Ресей,
Еуроодақ және Украина арасындағы газ бойынша

түпкілікті келісімге тек 2014 жылдың 29 қазанында
ғана қол жетті. Ол Ресей газын украиналық тұты­
нушылар үшін жеткізіп беруді қайта жолға қою,
Киевтің газ бойынша борыштарды ішінара жабуы

арқылы оны Еуроодақ елдеріне тасымалдауға
кепілдік беру туралы уағдаластықтарды қамтыды.
Құны 4,6 млрд. доллар тұратын құжаттарға қол қою
екі күндік келіссөздердің нәтижесі болып табылады,

деп мәлімдеді энергетика жөніндегі еурокомиссар
Г.Эттингер.

б І т І м г е р
Ресей мен Украина энергетика министрлері А.Но­
вак пен Ю.Продан, сондай-ақ, ЕО-ның энерге­тика
жөніндегі комиссары Г.Эттингер қатысқан келіссөздер

барысында Ресей газын 2015 жылдың наурызының
соңына дейін жеткізу шарттары туралы уағдаластық
жасалды. Сөйте тұрса да, тараптар неғұрлым ұзақ­
мерзімді келісімдерге келе алған жоқ. Бұл Украинаға

газ мәселесінде уақыт тек 2015 жылдың көктеміне
дейін ғана ұзартылды дегенді білдірді.
Сондай-ақ, Еуроодақпен қауымдастық туралы
ке­лісім бойынша да, оның Украина үшін күшіне

енуін 2015 жылдың аяғына дейін ұзартудан басқа
ешқандай алға басушылық болған жоқ. Бұл мәселе
бойынша келіссөздер жоғары деңгейге дейін жетіп,
В.Путин тиісті хат жолдады. Дегенмен, еуропалық

тарап Украинаның ЕО-мен қауымдастығы туралы
келісімнің ережелері қайта қаралмайды деген өз
ұстанымдарынан әлі күнге дейін танбай отыр.
Осылайша, Украинадағы экономикалық жағдай

на­шарлай түсті. Жаңа билікке экономикада болма­
ғанымен, ең құрығанда елдің шығысындағы АТҰ
шеңберінде болса да қандай да бір «жеңіс» қажет
еді. Оның үстіне, жаңа парламентте Донбассты

күштеп
басуды
«жақтайтындардың»
ұстанымы

нығая түсті.
Жоғарғы Радаға кезектен тыс сайлау өткен­
нен кейін тура бір аптадан соң, яғни 2014 жылдың
2 қа­рашасында өзін-өзі жариялаған «Донецк жә­

не Луганск халық республикаларында» жергілікті
сайлаулардың өтуі ахуалды одан бетер шиеленістіре

б І т І м г е р
түсті. Дауыс беру қорытындысы бойынша өзін-
өзі жариялаған ДХР басшысын сайлауда сайлау­
шылардың 50%-дан астам дауысын жинаған іс

басындағы премьер-министр А.Захарченко жеңіс­
ке жетті. Өзін-өзі жариялаған ЛХР басшысын
сайлауда 63,08% дауыс алған іс басындағы басшы
И.Плотницкий жеңіске жетті. 2014 жылдың 4 қара­

шасында өзін-өзі жариялаған «Донецк және Луганск
халық
республикаларының»
жаңа

сайланған
басшыларының инаугурациялары өтті.
Батыс ДХР мен ЛХР-да өткен оқшауланған сай­
лауларды Минск уағдаластығын бұрмалау ретінде

бағалай
отырып,
оларды
тура

мағынасында
және топтасқан түрде айыптады. Оның сыртында
Батыс РФ-ның ДХР мен ЛХР-дағы сайлауларды
мойындаған шешімін де айыптады. АҚШ Ресейдің

Донбасстағы сайлау нәтижелерін мойындау туралы
шешімі Украинадағы ахуалды реттеу туралы Минск
уағдаластықтарын бұрмалау болып табылады деп
есептеді. Осыған байланысты АҚШ пен Германия

Ресейге санкцияларды қатайту мүмкін екені туралы
ескертті. Украина Президенті П.Порошенко да Ресей
билігін Минск уағдаластықтарын орындамады деп
айыптады.

ДХР мен ЛХР-дағы мойындалмаған сайлауларға
байланысты Украинаның Ұлттық қауіпсіздік және қор­
ғаныс кеңесі 2014 жылдың 4 қарашасында бірқатар
шешімдер қабылдап, оларды Украина Президенті

2014 жылдың 16 қарашасында күшіне енгізді. Осы
құжаттар пакетіне сәйкес, 2014 жылдың қыркүйегінің

б І т І м г е р
ортасында Жоғарғы Рада қабылдаған Донбасстың
кейбір аудандарының айрықша мәртебесі туралы
заң күшін жойды, сондай-ақ, ДХР мен ЛХР жағында

соғысып жүрген қарулы құрылымдар мүшелеріне
рақымшылық жасаудан бас тарту жүзеге асырылды.
Құжат, сондай-ақ, ДХР және ЛХР республикалары
мен халық кеңестері басшыларының 2014 жылғы

қарашада
өткен
сайлауының
қорытындысы

бойынша құрылған Донецк және Луганск облыстары
аумағындағы бүкіл билік органдарын заңсыз деп
таныды.
Украина жағы мүлік пен құжаттарды алып шы­

ғуды жоспарлай отырып және қызметкерлерге қоныс
аударуды ұсына отырып, ДХР мен ЛХР аумақ­
тарындағы
өздерінің

мемлекеттік
мекемелерін,
ұйымдары мен билік органдарын шұғыл түрде алып
кете бастады.

Украинаның ұлттық банкіне жеке тармақпен бір
ай ішінде «банктердің есепшоттарға, оның ішін­
де карточкалық, меншіктің барлық түрлеріндегі
шаруашылық жүргізуші субъектілер ашқан және

Донецк және Луганск облыстарының антитеррор­
лық операциялар жүргізу аудандарының жекелеген
аумақтарындағы халыққа қызмет көрсетуді тоқтату
жөнінен» шаралар қабылдау тапсырылды.

Ресей БАҚ-тарының хабарлағанындай, өзін-өзі
жариялаған
республикалардың
көшбасшылары

2014 жылдың 16 қарашасында қол қойылған жар­
лықты барынша теріс қабылдады. «Киев 2 қа­
ра­шада жасалған таңдау үшін Донецк халық

б І т І м г е р
республикасының тұрғындарынан кек қайтаруда.
Бұл экономикалық геноцид, оған Украина армиясы
жасаған әскери қылмыстар қосылып отыр», – деп

мәлімдеді ДХР парламентінің төрағасы А.Пургин.
Өз кезегінде, ДХР басшысы А.Захарченко өздері
екі айға жуық уақыттан бері сондай жағдайда өмір
сүріп жатқандықтан, оның республикасы үшін Киев

жариялаған құрсаудың үрейлі емес екенін атап
көрсетті.
Украинаның оңтүстік-шығысында, әсіресе, Донецк
облысының Дебальцево ауданында оқ ату күшейе

түсті. НАТО, ЕҚЫҰ және Батыс елдері Ресейдің ауыр
қару-жарақтары мен адам күшінің ДХР мен ЛХР-ға
әкелініп жатқандығы тіркелгенін мәлімдей бастады.
Бұл фактілерді Мәскеудің ресми түрде теріске

шығарғанына қарамастан, бітім уақытында жасақтар
өз күштерін қайта топтастырып, нығайта алды.
ДХР мен ЛХР-ға Киев тарапынан жасалған
эко­номикалық құрсау күшейе түсті. Донбасстың

жасақшылар бақылауындағы аудандарына әлеумет­
тік төлемақылар төлеу тоқтатылды.
ГМҮБ бағалауына сәйкес, 2014 жылдың 25 қара­
шасына дейін Украинаның шығысында 4356 адам

қаза тауып, 10 мыңнан астам адам жарақат алды.
ГМҮБ бағалауынша, «соғыс қимылдарын өршіту
өңірдегі ахуалды нашарлатты, халық арасындағы
белгісіздік пен үрейдің артуына апарып соқтырды».

БҰҰ ақпараты бойынша, дау-жанжал аймағында кем
дегенде 20 «қала құраушы кәсіпорындар» жабылды.
Сонымен бірге, ГМҮБ Украина үкіметінің мәлімет­

б І т І м г е р
терін де келтіреді, оған сәйкес соғыс қимылдары сал­
дарынан 12 мыңнан астам мемлекеттік, сол сияқты
жеке меншік өнеркәсіп кәсіпорындары қиратылған

немесе оларға нұқсан келтірілген.
Бүтіндей алғанда, Донбасстың әлеуметтік-эко­
номикалық жағдайы айтарлықтай нашарлай түсті.
Бүкіл теміржол желісі қимылсыз қалды. Өңір­дің

инфрақұрылымы күйреді. Донецк және Луганск
облыстарындағы
көптеген
шахталар

жұмыс­та­
рын тоқтатып, оның өзі көмір мен электр қуаты
тапшылығын туындатты. Жұмыссыздық өсті. Жұмыс­
сыздар жасақтар қатарын толықтырды.

Осылайша, 2014 жылдың қазан-қарашасында
бейбіт реттеудің бүкіл үдерістері мәселені күштеп
шешуді жақтаушылардың қағидатты ұстанымда­
рына келіп тірелді. Дау-жанжал өршу сатысына

ауысты. Тиісінше, украин мәселесі іс жүзінде бүкіл
халықаралық іс-шаралардың, оның ішінде Қазақстан
қатысатын іс-шаралардың күн тәртібіне енді. Біздің
еліміздің теңдестірілген көпвекторлы сыртқы саяси

бағыты Батыс пен Ресей арасындағы қатынастар­
дың одан арғы перспективаларының белгісіздігі
аясын­да жаңа сын-қатерлерге душар болды.
Қазақстан Еуразиялық экономикалық одақ тура­

лы Шартқа қол қоя отырып, өз болашағын Ре­сей­
мен байланыстырды және «Еуропаға есікті тү­
бегейлі жапты», деді кейбір скептиктер. Бірақ
олар түбегейлі қателесті. Біріншіден, Қазақстанды

Ресеймен стратегиялық әріптестік пен одақтастыққа
негізделген достық және тату көршілік қатынастары

б І т І м г е р
тарихи байланыстырады, ал ЕАЭО туралы Шарт
осынау көпқырлы ынтымақтастық элементінің тек
біреуі ғана болып табылады. Екіншіден, Мемлекет

басшысының 2014 жылдың 9 қазанында Брюссельге
жұмыс сапары шеңберінде мәлімделген ҚР мен
ЕО-ның кеңейтілген әріптестік пен ынтымақтастық
туралы Келісімінің (одан әрі – ӘЫК) жобасы

бойынша келіссөздерді аяқтау Қазақстан мен Еуропа
арасында ынтымақтастық есігі еш жабылмағанын,
сонымен бірге, жаңа перспективалардың ашылып
отырғандығын анық бейнеледі.

Қазақстан мен Еуропалық одақ арасында дип­
ломатиялық
қарым-қатынастар
орнаған

сәттен
бері 20 жыл өтті және осы уақыт бойына өзара
байланыстар қарқынды дамыды. Мемлекет басшы­
сы Қазақстан-Еуропа ынтымақтастығын сипаттап

көрсеткендей, «Қазақстанның сыртқы саудасының
50%-ы және біздің елімізге келіп, экономикаға кө­
мектескен тікелей шетел инвестицияларының 50%-ы
ЕО мемлекеттеріне тиесілі. Қазақстан, өз кезегінде,

Орталық Азиядағы бірлескен Еуропаның жетекші
сауда-экономикалық әріптесіне айналды».
Еурокомиссия төрағасы Ж.М.Баррозумен кезде­
судің және ӘЫК жобасы бойынша келіссөздердің

аяқталғаны туралы құжаттарға қол қоюдың ресми
салтанатының нәтижесі бойынша Қазақстан Пре­
зиденті «алғаш рет біз жаңа Келісімді дайындау
туралы мәселені 2006 жылы қозғадық. Соңғы 3-

4 жыл­да бұл бағыттағы келіссөздер белсенді жүріп,
табысты аяқталды. Қазақстан – ЕО-мен екінші буын

б І т І м г е р
Келісіміне қол қоятын Орталық Азиядағы бірден-бір
ел. Бұл қарым-қатынастардың сапалы жаңа деңгейге
шыққанын айғақтайды және біздің әріптестігіміздің

стратегиялық сипаты мен жетілгендігін көрсетеді»,
деп хабарлады жұртшылыққа.
Мемлекет басшысы Қазақстан мен ЕО арасын­
дағы ынтымақтастықты кең көлемді спектр бойынша

тереңдетуді қарастыратын қуатты заңдық тұғыр
құруға назар аударды. Оның айтуынша, Келісім
«халықаралық қауіпсіздік пен тұрақтылыққа ықпал
етуді, сондай-ақ, білім беру, денсаулық сақтау,

мәдениет, инновацияларды енгізуді қоса алғандағы
саяси үнқатысуды қамтиды. Біз құқықтық саладағы,
соның ішінде терроризмге қарсы тұру, ұйымдасқан
және

трансұлттық
қылмыспен,
жемқорлықпен
күрестегі ынтымақтастықты күшейтуге ниеттіміз».

Сондай-ақ, жаңа Келісімде өңірлік ынтымақ­тас­
тықты белсенді ету жағы көрініс тапты. Реадмиссия
туралы келісіммен қатар визалық режімді жеңілдету
туралы

Келісімді
дайындау
мүмкіндігі
туралы

уағдаластық Қазақстан мен ЕО арасындағы қарым-
қатынастардағы нағыз серпіліске айналды.
Қазақстан Президенті атап өткендей, «жаңа
Келісім – ол қазақстандық және еуропалық кәсіпкер­

лердің табысты қызметі үшін жағдайларды қамтама­
сыз ететін практикалық құрал. Сондай-ақ, ол біздің
азаматтарымыз арасындағы байланыстарды ны­
ғайтады».

Өз кезегінде, Еуропалық комиссия басшысы
соңғы жылдары тараптар әріптестігінің нығайға­
7-0192

б І т І м г е р
нын, ал байланыстардың анағұрлым жиілей түске­
нін атап көрсетті. «Қазақстан қазіргі уақытта тек
сауда-экономикалық айырбас саласында ғана емес,

сонымен бірге, өңірдегі бейбітшілік пен қауіпсіздікті
алға бастыруға қатысты істерде де Еуропалық одақ
үшін маңызды әріптес болып табылады және біздің
ынтымақтастығымыздың ұлғаюы одан әрі жалғасуда.

ҚР мен ЕО арасындағы кеңейтілген әріптестік пен
ынтымақтастық туралы жаңа Келісім неғұрлым берік
саяси, экономикалық және стратегиялық өзара
байланыстарға айтарлықтай жағдай жасап, сонымен

бірге, біздің тараптар арасындағы тауар айналымы
мен инвестицияларды қамтитын болады», – деп
мәлімдеді
Ж.М.Баррозу

кездесу
қорытындысы
бойынша өткен баспасөз мәслихатында.
Осылайша, ЕО-ның қауымдастық туралы ке­

лісімі Украина үшін қандай болса, Әріптестік пен
ынтымақтастық туралы келісім Қазақстан үшін дәл
сондай дерлік маңызға ие. Шешуші айырмашылығы
сол, ӘЫК өзге елдер мүдделеріне қысым жасауды

қарастырмайды және Қазақстанның халықаралық
және өңірлік ұйымдар, ең алдымен, Еуразиялық
экономикалық одақ шеңберіндегі міндеттемелеріне
нұқсан келтірмейді. Осы сәт, Н.Ә.Назарбаевтың

өзі түсіндіргендей, жаңа Келісімнің шешуші қыр­
ларының бірі жаңғыртылған Сауда бөлімі болып
табылады. «Ол Қазақстанның Дүниежүзілік сауда
ұйымына енуі шеңберінде қабылдаған, сондай-

ақ, Кеден одағы және Еуразиялық экономика­
лық одақ туралы Шарт шеңберінде қабылданған

б І т І м г е р
міндеттемелерін ескереді», – дегенді қосып қойды
Мемлекет басшысы.
Н.Ә.Назарбаев пен Ж.М.Баррозудың Украина­

дағы дағдарысты да айналып өте алмағанын
атап өту қажет. Еурокомиссия басшысы баспасөз
мәслихатында осы елдегі ахуалды реттеу мәсе­
лесіндегі Қазақстан Президентінің рөлін атап

көрсетті. «Бізді Украинада болып жатқан оқиға­
лар алаңдатады. Біз осы елдегі ахуалды тұрақ­
тандыруға ықпал етуге ықтиярлымыз, ал ол жан­
жалдасушы тараптардың дамуына да, сол сияқ­

ты бүтіндей алғандағы әлемдік экономиканың
дамуына да кедергі келтіретін қазіргі санкцияларды
біртіндеп алып тастауға негіз қалар еді», деді біздің
Мемлекет басшысы.

Брюссельден кейін Н.Ә.Назарбаев бірден Минскі­
ге ұшып, онда Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы
Мемлекет басшылары кеңесінің және Жоғары
Еуразиялық экономикалық кеңестің (ЖЕЭК – Еура­

зиялық экономикалық одақтың мемлекет басшылары
деңгейіндегі жоғары органы) кезекті отырыстарына,
сондай-ақ, ЕАЭО-ның алдында болған Еуразиялық
экономикалық қауымдастықтың Мемлекетаралық

кеңесінің соңғы отырысына қатысты (осы отырыста
ЕАЭО-ның құрылуына байланысты ЕурАзЭҚ-ты жою
туралы келісім қабылданды).
Армения Республикасының ЕАЭО-ға қосылу ту­

ралы құжатқа қол қоюы ЖЕЭК отырысының өзіне тән
ерекшелігі болды. Сондай-ақ, іс-шаралар барысында
Қырғыз Республикасының ЕАЭО-ға қосылуы туралы

б І т І м г е р
Іс-шаралар жоспары («жол картасы») бекітілді
(Қырғызстанның ЕАЭО-ға енуі екі сатыға бөлінді:
2014 жылдың желтоқсанында негіз қалаушы, ал

2015 жылдың мамырында хаттаманың қосылу
үдерісін нақтылайтын және аяқтайтын құжаттар
қабылданды). Бұл құжаттардың қабылдануы еура­
зиялық экономикалық кеңістіктегі жаңадан құрылған

экономикалық ұйымға үшінші елдердің өсе түскен
қызығушылығын бейнеледі.
Мемлекет басшысы қатысқан 2014 жылдың қа­
занындағы ірі халықаралық іс-шаралардың бірі

«Азия-Еуропа» немесе оның айтылып жүргеніндей –
АСЕМ (ASEM – Asіa-Europe Meetіng) форумы болды.
Бұған дейін бұл іс-шараға Еурокомиссия басшысы
Ж.М.Баррозудың 2014 жылдың тамызында болған

телефон арқылы әңгімеде шақырғаны айтылған
болатын. Кейінірек Қазақстан Президенті атына
ұйымдастырушылардан ресми шақыру келіп түсті.
Бұл Форум – Азия мен Еуропа елдерін біріктіретін

халықаралық ұйым. АСЕМ-ге еуразиялық құрлықтың
әлемдік сауданың 2/3 және әлемдік жалпы өнімнің
60%-ға жуығы тиесілі 50-ден астам елі және 2 ха­
лықаралық ұйым кіреді (Еуропалық одақ және

АСЕАН).

2014 жылдың 16-17 қазанында Миланда (Италия)
Қазақстан орталықазиялық елдер ішінде бірінші
болып осынау беделді ұйымның толық құқылы
мүшесіне айналды, оның өзі біздің еліміздің және

Мемлекет басшысының жаһандық және өңірлік
қауіпсіздікті нығайтуға, Еуропа мен Азия арасындағы

б І т І м г е р тығыз сауда-экономикалық қарым-қатынастар­ ды дамытуға ықпал етуге қосқан орасан зор үлесін мойындау болып табылады. Оның сыртында АСЕМ Форумының тұжы­ рымдамасы Мемлекет басшысының «Еуразиялық идеясымен» толық үндес және қарсы тұрушылық емес, бәсекелестік пен ынтымақтастық қағидаттарын ілгері бастырады. Талай ғасырлардан бері Еуропа мен Азия арасындағы байланыстырушы көпір болып табылатын ел – Қазақстанның осынау маңызды үнқатысу алаңының нығаюы мен дамуына орасан зор үлес қосатынына сенім мол. Миландағы Форумның пленарлық сессиясында Мемлекет басшысы Еуропа мен Азия арасындағы ынтымақтастықты тереңдету бойынша бірқатар маңызды ұсыныстар айтты. Атап айтқанда, қазіргі заманғы сын-қатерлер мен қауіптерге сали­ қалы жауаптар іздеу міндеті Еуропа мен Азия мемлекеттеріне бірлестіретін күн тәртібін ұсынады, деп атап өтті Қазақстан Президенті. Нұрсұлтан Назарбаев Еуразиялық өңірдің инте­ г­рациялық әлеуетін ашуды дағдарысты еңсерудің ең тиімді жолы ретінде атады. Осыған байланысты Мемлекет басшысы құрлықтағы ынтымақтастық­ тың перспективаларына қатысты өз көзқарастарын ортаға салды. Оның пікірінше, халықаралық ынты­ мақтастықтың парадигмасын алмастыру қажет, ал ол тамыр-таныстық кедергілерді жою, нарықтар ашу және өзара сауданы өрістету мәселелерінде нақты іс-қимылдарға көшуді білдіреді.

б І т І м г е р
Мемлекет басшысы жаһандық қаржы архитек­
турасын трансформациялауды, қаржы секторындағы
теңсіздікті еңсеруді және капиталдың халықаралық

қозғалысын реттеудің тиімді моделін қалыптастыруды
өзге бағыттар ретінде атады.
Қазақстан Президентінің пайымдауынша, көлік-
транзит инфрақұрылымын дамыту, атап айтқан­да,

Еуропадан Азияға ең қысқа және қауіпсіз жолды
қамтамасыз ететін Ұлы Жібек жолын қайта жаңғырту
бүкіл өңірді дамытудың тағы бір шешуші шарты
болып табылады.

Сондай-ақ, Мемлекет басшысы қазіргі заманғы
технологиялар мен энергетикалық ресурстарға қол­
жетімділіктің маңыздылығын атап көрсетті. Қазақстан
Еуропа мен Азия үшін тұрақты энергия жеткізуші

бола отырып, энергетикалық маршруттарды одан әрі
әртараптандыру бойынша күш-жігер жұмсауда.
Жалпықұрлықтық инфрақұрылым қалыптастыру
өңірдің тұрақты дамуы үшін басымдықты маңызға

ие, Еуразиялық экономикалық одақ оның шешуші
буынына айналуы тиіс.
Оның сыртында, Қазақстан Президенті қазіргі
уақытта Азия мен Еуропаның өздері үшін бір-бірін

қайтадан ашуы, қағидатты түрде жаңа қарым-қа­
тынастар негізін қалыптастыруы талап етілетінін
атап көрсетті.
АСЕМ Форумы қорытындысы бойынша Миланда

өткен брифингте Қазақстан Президенті мұндай іс-
шаралардың
өзге
мемлекеттер

басшыларымен
көкейкесті мәселелер бойынша пікір алмасу мүм­

б І т І м г е р
кіндігін беретінін атап өтті. Атап айтқанда, саммиттің
бір жарым күнгі жұмысында Нұрсұлтан Назарбаев
Ұлыбритания, Жапония, Германия, Қытай, Оң­

түстік Корея, Венгрия, Италия және Нидерланд
басшылығымен екіжақты кездесулер өткізді.
Мемлекет басшысы олармен өткізілген келіс­
сөздердің ынтымақтастықты одан әрі кеңейту мен

тереңдетуге,
сондай-ақ,
өзара
іс-қимылдардың

жаңа жолдарын белгілеуге бағытталғанын жеткізді.
«Бұл кездесулер біздің еліміздің әлемдік арена­
дағы беделін көтереді, жаһандық экономикадағы
күр­делі ахуал жағдайында Қазақстанға инвести­

ция­лар тарту үшін мүмкіндіктерді ұлғайтады, сон­
дай-ақ, біздің республикамызға қолайлы қарым-
қаты­нас қа­лыптастырады. Көптеген елдер Қазақ­
станға қаржы салуға ұмтылуда, ал ол экономи­

каны да­мыту үшін, жаңа жұмыс орындарын ашу
және біздің халқымыздың тұрмысын жақсарту
үшін ынта­ландырулар жасайды», – деп түсіндірді
Н.Ә.На­зарбаев.

Сондай-ақ, Қазақстан Президенті Миландағы сам­
митке қатысушылардың Украинадағы ахуалды реттеу
мәселесін кеңінен талқылағанын атап көрсетті. Бұл
дау-жанжалды тек қана келіссөздер үдерісі жолымен

шешу қажет және Қазақстан өз тарапынан ол үшін
қажет деген барша күш-жігерді ұсынады, деп атап
өтті Нұрсұлтан Әбішұлы.
Осынау еуропалық саясаткерлердің бүкіл екіжақ­

ты кездесулерінде оларды Қазақстан Президенті­
нің украин мәселесі жөніндегі бағалаулары мен

б І т І м г е р оның Украинаның оңтүстік-шығысында бітімге қол жеткізудің мүмкін деген жолдары туралы пікір­лері қызықтыруы назар аударарлық. Батыстық әріп­ тестерден шыққан бірнеше жаңа үрдістер бірден көзге түсті. Атап айтқанда, Қырым туралы мәселені ешкім қағидатты түрде көтерген жоқ, бірақ түбектің Ресейге қосылуын ешкімнің мойындайын деп жатпағаны да айдан анық болды. Ең алдымен, ЕО елдері көшбасшыларын Кремльдің саясаты, сондай-ақ, жасақтардың ниеттері, олардың одан арғы мақсаттары мен міндеттері алаңдатты. Осыған байланысты украин дағдарысынан шығу жолын іздестіруде, сондай-ақ, Қазақстан Президентінің беделі мен орасан зор тәжірибесін жоғары бағалай отырып, еуропалық көшбасшылар одан әрі қандай іс-шаралар қабылдау қажеттігі жөнінде одан ашық және сенім білдіре отырып ақыл-кеңес сұрады. АСЕМ Форумы шеңберінде, сондай-ақ, «норманд төрттігі» – Франция Президенті Ф.Олландтың, ГФР Канцлері А.Меркельдің, Ресей Президенті В.Путиннің және Украина Президенті П.Порошенконың келіс­ сөздерінің екінші раундының өткенін де атап көрсету қажет. Осы кездесуде Донбасстың айрықша мәртебесі туралы Украина заңы – көп үміт күттірген, өкінішке қарай, небәрі бір айдан кейін күшін жойған құжат талқыланды. Оған Киев пен жасақтардың жергілікті сайлауды өткізуде өзара іс-қимылдарға барғысы келмеуі себеп болды. Әр тарап өз шарттарын табандап қорғап тұрып алды: Киев украин заңнамаларымен толық сәйкестікте және

б І т І м г е р
ОСК бақылауымен 2014 жылдың 7 желтоқсанында,
жасақтар – егер оны өзіміз өткізетін болсақ деген
шартпен, 2014 жылдың 2 қарашасында қалды, ақыры

олар солай жасады да.
Мемлекет басшысының жұмыс кестесіне қай­
та орала отырып, 2014 жылдың қазанымен салыс­­
тырғанда 2014 жылдың қарашасының тығыз­дығы

жағынан еш жеңіл болмағанын атап көр­сет­кім ке­
леді. Нұрсұлтан Назарбаев олардың Қазақстанға
ресми
және

жұмыс
бабындағы
сапар­лары
шеңберінде ГФР СІМ-нің басшысы Ф.-В.Штайн­

майермен, Швейцария Президенті және ЕҚЫҰ-
ның іс басындағы төрағасы Д.Буркхальтермен,
Чехия Президенті М.Заманмен, РФ Федералдық
Жиналысы

Мемлекеттік
Думасының
Төрағасы
С.Нарышкин­мен өте мазмұнды әңгімелер өткізді.

Бұл ай Өзбекстан Республикасының Президенті
И.Каримовтың Астанаға ресми сапарымен және
тиісінше, екі мемлекеттер басшыларының шағын жә­
не кеңейтілген құрамдағы сындарлы да тыңғылықты

келіссөздерімен аяқталды. Бұл кездесулердің әрқай­
сы­сына нақтылы тоқталып жатпаймын, меніңше,
оқырмандар үшін неғұрлым қызығушылық туғызатын
тұсты – тек украин дағдарысы айтарлықтай егжей-

тегжейлі талқыланғандарын ғана баяндамақпын.
Ең алдымен, Мемлекет басшысының Германия
федералдық сыртқы істер министрі Франк-Вальтер
Штайнмайермен 2014 жылдың 10 қарашасында

Астанада өткен кездесуінің күн тәртібінде украин
мәселесі шешуші мәселелердің біріне айналды.

б І т І м г е р Ақорда сайтына салынған ресми хабарға сәйкес, кездесу барысында Қазақстан-Германия саудаэкономикалық, инвестициялық және отын-энерге­ тикалық ынтымақтастығын одан әрі нығайту мәселелері талқыланған. Сондай-ақ, өңірлік және халықаралық күн тәртібінің көкейкесті қырлары да қозғалған. Қазақстан Президенті 2014 жылдың қазанында Миланда өткен федералдық канцлер А.Меркельмен арадағы келіссөздердің жемісті бол­ ғанын атап көрсетті. Өз кезегінде Ф.-В.Штайнмайер Қазақстанға осы жолғы сапарының ол үшін Германияның сыртқы істер министрі ретіндегі үшінші сапары екенін және талқылау үшін тақырыптардың көп екенін айта отырып, кездесу үшін алғысын білдірді. Әлемдегі ахуал күрделене түсті, бірақ қалай дегенде де біздің айналып өтуімізге болмайтын тамаша сәттер де бар: осылайша кеше (ескерту: кездесу 2014 жылдың 9 қарашасында өтті) Германияда Берлин қабырғасы құлауының 25 жылдығы атап өтілді», деді. Дей тұрғанмен, екі саясаткер Украинадағы ахуалды және осы елде қалыптасқан дағдарыстан шығудың мүмкін деген жолдарын айтарлықтай егжей-тегжейлі талқылады. Бұл кезеңде Украинаның оңтүстікшығысында жағдайдың өрши түсуінің байқалғанын, өзара оқ атысулардың тоқталмағандығын, осының бәрі кейін бейбіт тұрғындар арасындағы жаңа құр­ бандықтарға апарып соқтырған кең ауқымды соғыс қимылдарының қайта басталғандығының айғағына айналғанын атап өту қажет. Мемлекет басшысының Ф.-В.Штайнмайермен кез­­ десуіне өзімнің тікелей қатысқанымды ескере оты­

б І т І м г е р
рып, болған әңгіменің кейбір егжей-тегжейлі тұс­
тарын баяндағым келеді. Оның үстіне дәл осы кез­
десуде Қазақстан Президентінің кейіннен оның

нақ­ты араағайындық күш-жігеріне ұласқан украин
дау-жанжалын реттеу жөніндегі алғашқы идеялары
кө­рініс бере бастаған болатын.
Біріншіден, Мемлекет басшысы Украинадағы дау-

жанжалды реттеуде көптеген жағдайдың Германияға
байланысты екенін атап көрсете отырып, Ф.-В.Штайн­
майерді тоқталып қалмай, дипломатиялық жұ­мыс­
ты жалғастыруға шақырды. Н.Ә.Назарбаев, сондай-

ақ, қадамдық іс-қимыл жоспарын қалып­тастыру­
дың (Донбасстағы келісілген негіздегі жер­гілікті
сайлаулар, осы өңірдің айрықша мәртебесі, орыс
тілінің мәртебесі, Донецк мен Луганскіні Украи­наның

құқықтық алаңына қайтару және басқа да шаралар)
маңыздылығын атап өте отырып, не­міс министріне
таласқа тартылған тараптардың әрқайсысының
стратегиясының қандай екенін түсіну жөнінде кеңес

берді. Осындай жоспарды жүзеге асыра отырып,
бәріне де, Ресейге де, Еуропаға да ауыр тиген
Ресейге қарсы санкцияларды алып тастауға болар
еді.

Екіншіден, Қазақстан Президенті мен Германия
СІМ-нің
басшысы
«бұқаға

арналған
қызыл
шүберек» ретінде қабылданған және дау-жанжалды
өршітуге итермелейтін мәселелердің бәрі кейінге

қалдырылуы тиіс деген мәселеде ортақ пікірде
болды. Ең алдымен, әңгіме Украинаның НАТО-ға
қосылуы туралы. Сөз жоқ, бұл шешім, ең алдымен,

б І т І м г е р
украин халқының еншісінде, елдің альянсқа өтуін
немесе өтпеуін анықтауға тек солар ғана құқылы.
Со­нымен бірге, осынау өз ауқымы жағынан гео­

саяси мәселені қазіргі қалыптасқан жағдайда ше­
шу мейлінше нәтижесіз болар еді. Осы мәселеге
қатысты белгілі ғалым және саясаттанушы Ноэм
Хомский түсінік бергендей, Мәскеудегі бірде-бір

саламатты ойлайтын басшы оқиғаның бұлайша
өрбуімен келіспейтіндіктен, Украинаның НАТО-ға
өтуі, елдің қауіпсіздік мәселесін шеше алмауымен
қатар, Украина қауіпсіздігіне қатерді күшейте түседі.

Үшіншіден, Еуразиялық кеңістіктегі экономикалық
интеграция тенденцияларының мәнін қайта пайым­
дау жүзеге асты. Шынын айтсақ, Мемлекет басшы­
сы Батыста Еуразиялық экономикалық одақ құру

жөніндегі жұмыстарды «Кеңес Одағын қайта қалпына
келтіру» ретінде қате қарастырғандығын айтып, неміс
министрін достық рәуіште жеңіл мінеп өтті. Соны­
мен бірге, Қазақстан Президенті ЕАЭО-ның тек қана

экономикалық ұйым екенін үнемі түсіндірумен келді.
Онда саясат жоқ. ЕАЭО-ны құрудың алғышарты
экономикалық прагматизмде және теңдік, өзара құр­
мет пен оған қатысушылардың бәрінің мүдделерін

ескеру қағидаттарына негізделген. Нәтижесінде
Н.Ә.Назарбаев пен Ф.-В.Штайнмайер ЕО-ЕАЭО
пішініндегі үнқатысу мен ынтымақтастықты дамыту
идеясын бірлесіп алға бастыруға келісті. Сөз жоқ,

бұл үдеріс әсіресе, Ресей мен Еуропа арасындағы

б І т І м г е р
санкциялық тіресушілік аясында ұзақмерзімді бол­
мақ, дегенмен, оның дамуы үшін қазірдің өзінде
тұғыр жасау қажет.

Оның сыртында, ГФР СІМ-нің басшысы Қазақ­
стан Президентіне 2014 жылдың 18 қарашасына
Мәс­кеуде
жоспарланған

Ресей
сыртқы
істер
министрі С.Лавровпен кездесу кезінде ЕО – ЕАЭО

шеңберіндегі үнқатысу мен ынтымақтастықты да­
мыту перспективаларын талқылайтындығына уәде
берді. Ол бұл уәдесінде тұрды, ал ресейлік әріп­
теспен келіссөздердің қорытындысы бойынша жаңа

пішімдегі өзара іс-қимылдарды бастау қажеттігі
жөнінде ресми мәлімдеме жасады.
Бүтіндей алғанда, ГФР федералдық сыртқы істер
министрі Ф.-В.Штайнмайердің Қазақстанға сапары

мейлінше жемісті болды. Германия СІМ-нің басшысы
өзімен бірге қомақты бизнес-делегацияны ала келді.
Қол жеткізілген уағдаластықтар екі елдің сауда-
экономикалық

ынтымақтастығының
белсенділігін
арттыруға және оны сапалы жаңа деңгейге шығару­
ға жағдай жасады. Болып өткен кездесулер мен

келіссөздерден кейін Ф.-В.Штайнмайер Қазақстан­
ның Шығыс Азия мен Еуропа арасындағы «көпірге»
айналғанын атап көрсетті. Ал сапар қорытындысы
бойынша әзірленген баспасөз парақшасында біздің

елімізге мынадай баға берілген: «Қазақстан –
Германия мен ЕО үшін маңызды әріптес. Ел Орталық
Азиядағы ең ірі сауда әріптесі және ең ірі мұнай

б І т І м г е р жеткізушілердің бірі болып табылады. Еуразиялық Кеден одағының мүшесі ретінде Қазақстан өңірдегі тұрақтылықтың саяси зәкіріне айналды».9 Іс жүзінде 10 күннен кейін 2014 жылдың 20 қа­ рашасында Швейцария Конфедерациясының Президенті, ЕҚЫҰ-ның іс басындағы төрағасы Дидье Буркхальтер біздің елімізге келді. Осы орайда, барлық кездесулерде Буркхальтер Қазақстанға ең алдымен ЕҚЫҰ-ның іс басындағы төрағасы ретінде емес, Швейцария Президенті ретінде қазақстаншвейцар екіжақты ынтымақтастығын дамытуға және нығайтуға деген берік ниетпен келгенін атап көрсетті. Кездесу барысында екі ел президенттері саудаэкономикалық, инвестициялық және мәденигуманитарлық салалардағы өзара іс-қимылдарды нығайтудың негізгі мәселелерін талқылады. Халықаралық күн тәртібінің көкейкесті мәселелеріне қатысты пікір алмасулар болды. ЕҚЫҰ-ның ағымдағы қызметінің шешуші қырлары да қозғалды. Нұрсұлтан Назарбаев атап өткендей, Швейцария Қазақстанның Еуропадағы маңызды экономикалық әріптесі болып табылады. 2005 жылдан бері Швей­ цария Қазақстанға шамамен 12 млрд. доллардай инвестиция салды және еліміздің Еуропадағы төртінші сауда әріптесі болып табылады. Екіжақты сауда айналымы 4,5 млрд. долларды құрайды. 9 М.Ахмедтің сұхбатынан. Британдық сарапшы: Президент Назар­ баев – өте беделді саясаткер. 24KZ. 2014 жылдың 29 тамызы. Қайнар көз:http://24.kz/ru/news/polіcy/іtem/23171-brіtanskіj-analіtіk-prezіdentnazarbaev-ochen-avtorіtetnyj-polіtіk.

б І т І м г е р
Қазақстанда елуге тарта швейцарлық компаниялар
мен бірлескен кәсіпорындар жұмыс істейді. Қазақстан
Халықаралық валюта қорының швейцарлық кіші

тобына атсалысады.
Болып өткен келіссөздер қорытындысы бойынша
ұйымдастырылған бірлескен брифингте Мемлекет
басшысы, сондай-ақ, Д.Буркхальтердің ЕҚЫҰ-ның

іс басындағы төрағасы екеніне назар аударды:
«Украин жанжалын және басқа да оқиғаларды
ескергенде, ЕҚЫҰ-ға швейцар төрағалығы ауыр
кезеңге тура келді. Қазақстан аталған Ұйымға 2010

жылы төрағалық етті. Және онда арнаулы Астана
декларациясы қабылданды. Біздің еліміздің тиісті
тәжірибесі бар және біз ол пайдаланылатын болады
деп үміттенеміз». Мемлекет басшысы ол елде

бейбітшілік пен бақуаттылық орнауы үшін украин
дағдарысын тезірек шешуді жақтай отырып, екі елдің
де халықаралық саясаттағы оқиғаларға қатысты
ұқсас позициялар ұстанатынын атап өтті.

«Орталық Азия» (әсіресе, Қазақстан) біз үшін
Еуропа мен Азия арасын байланыстыратын кө­
пір ретінде маңызды мәнге ие...», деп мәлім­
деді Д.Буркхальтер өз сөзінде. Ол ЕҚЫҰ-ның іс

басындағы төрағасы ретінде Қазақстанның Ук­
раинаға қатысты және Минскіде қабылданған ше­
шімдерді нақтылаудағы айрықша күш-жігерін атап
көрсетті. «Бізге қалыптасқан жағдайдан үнқатысу

және конституциялық реформалар жолымен шығу
үшін тек екіжақты шеңберде ғана емес, сонымен
бірге, Ресейдің, Украинаның, Еуроодақтың және

б І т І м г е р басқа да тараптардың қатысуымен көпжақты ынтымақтастықта да шаралардың белсенділігін арттыру қажет», – деп түсіндірді Д.Буркхальтер. Бүтіндей алғанда, Мемлекет басшысы Швейцария Президентімен әңгімеде, осыған дейін Ф.-В.Штайн­ майермен болғандай, украин мәселесін айтарлықтай егжей-тегжейлі талқылады. Оның сыр­тында неміс министрімен кездесуде айтылған украин дағдарысын реттеу жөніндегі іс-қимылдардың қадамдық жос­пары туралы өз ойын жетілдіре отырып, Н.Ә.Назарбаев Д.Буркхальтермен әңгімеде келесі формуланы ұсынды деп ойлаймын: «Ресейдің айтқандарын, Украинаның айтқандарын, Еуропаның айтқандарын жайып сала отырып, бәтуалар іздестіруді бастау қажет». Өзімнің одан кейінгі оқиғалардың куәгері бол­ ғанымды ескере отырып, 2014 жылдың желтоқсаны мен 2015 жылдың қаңтарында Франция, Украи­ на, Ресей президенттерімен және Германия канц­ лерімен келіссөздердің екінші раунды өткен кезде Мемлекет басшысының бәтуалар іздестірудің дәл осы формуласын өзіне қару етіп алғанын сенімді түрде айта аламын. Қазақстан Президенті украин дағдарысына тартылған тараптардың бүкіл ұсыныстары мен талаптарын бір папкаға жинағанда, ең жоғары деңгейде жаңа келіссөздер шақыру қажеттігін дәлелдейтін жалпы картина көрініс берді. Нәтижесінде Минск-2 кездесуі өтті.

б І т І м г е р Беларусь, Қазақстан, Ресей (Кеден одағына қатысушы елдер), Украина президенттері мен Еуропалық одақ басшылығының кездесуі, 2014 жылдың 26 тамызы. 8-0192

б І т І м г е р Украинаның жаңадан сайланған Президенті Петр Порошенкомен алғашқы екіжақты кездесу, Минск, 2014 жылдың 26 тамызы.

б І т І м г е р Ресей Президенті Владимир Путин мен Украина Президенті Петр Порошенконың қол алысуы, Минск, 2014 жылдың 26 тамызы.

б І т І м г е р Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев және Еуропалық комиссия төрағасы Ж.М.Баррозу ҚР мен ЕО арасындағы кеңейтілген әріптестік пен ынтымақтастық туралы Келісімнің жобасы бойынша келіссөздердің аяқталғаны туралы хаттамаға қол қойғаннан кейін, Брюссель, 2014 жылдың 9 қазаны.

б І т І м г е р Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің кезекті отырысында, Минск, 2014 жылдың 10 қазаны.

б І т І м г е р «Азия-Еуропа» форумы, Милан, 2014 жылдың 16-17 қазаны. Қазақстан орталықазиялық елдер ішінде алғашқы болып аталған беделді форумның толық құқылы мүшесі болды.

б І т І м г е р Еуропалық Кеңестің төрағасы, Италия Республикасының Премьер-министрі Маттео Ренцимен кездесу, Милан, 2014 жылдың 17 қазаны.

б І т І м г е р Германия федералдық Канцлері Ангела Меркельмен келіссөздер, Милан, 2014 жылдың 16 қазаны.

б І т І м г е р Ұлыбритания Премьер-министрі Дэвид Кэмеронмен әңгіме, Милан, 2014 жылдың 17 қазаны.

б І т І м г е р Германия федералдық сыртқы істер министрі Франк-Вальтер Штайнмайермен кездесу, Астана, Ақорда, 2014 жылдың 10 қазаны.

б І т І м г е р Швейцария Конфедерациясының Президенті, ЕҚЫҰ-ның іс басындағы төрағасы Дидье Буркхальтермен кездесу, Астана, Ақорда, 2014 жылдың 20 қарашасы.

б І т І м г е р Француз Республикасының Президенті Франсуа Олландпен келіссөздер, Астана, Ақорда, 2014 жылдың 5 желтоқсаны.

б І т І м г е р Украина Президенті Петр Порошенкомен кеңейтілген құрамдағы келіссөздер, Киев, 2014 жылдың 22 желтоқсаны.

б І т І м г е р Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинмен кездесу, Мәскеу, Кремль, 2014 жылдың 22 желтоқсаны.

б І т І м г е р Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаев пен ГФР Канцлері А.Меркель, Берлин, 2014 жылдың 9 қаңтары.

б І т І м г е р «Норманд төрттігі» елдері көшбасшыларының кездесуі алдында, Минск, 2015 жылдың 11 ақпаны10. 10 Фотосурет РФ Президентінің ресми сайтынан алынды. http://www.kremlіn.ru/events/presіdent/news/47664/photos

Сөйтіп, 2014 жылдың қазаны мен қарашасы бір­
қатар қорытындылар жасауға мүмкіндік берді. Мә­
селен, кейбір байқаушылардың пікірі бойынша,
Еуроодақ елдерінің жетекшілері В.Путин басқаратын

Ресей тең дәрежелі әріптес ретінде үнқатысуға әзір
деген пайымға келді. Басты рөл әрине, РФ мен
ГФР арасындағы үзілмей жалғасып келе жатқан
үнқатысуға берілді.

Дағдарысты шешудің жаңа перспективалары
еуропалық саясаткерлердің Еуразиялық Эконо­
ми­калық Одаққа қатысты көзқарастарын өзгерту­
лерінен пайда болды. ЕО – ЕАЭО үнқатысу пішімін

қалыптастырудың қажеттігі туралы үндер естіле
бастады. Мұның өзі келіссөздер үдерісінің аясын
кеңейтуге, сондай-ақ, Батыстың еуразиялық инте­
грацияға деген күдігін кемітуге мүмкіндік берді.

ІV. ҚАЗАҚСТАННЫҢ

АРААҒАЙЫНДЫҚ РӨЛІ:

ҚОЛДАУ МА, ҚАРСЫ БОЛУ МА?

9-0192

б І т І м г е р Ресей қалыптасқан жағдайға сәйкес Украинадағы «өз мүддесін қорғауды» жалғастыра түсті. Мәскеу өздерін өздері жариялаған ДХР мен ЛХР басшылығы мен депутаттарын сайлауды ұйымдастыруға кө­ мек көрсетті және мойындалмаған «халықтық рес­ пуб­ликалардағы» сайлауларды айыптаған БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің мәлімдемесіне тосқауыл қойды. Оның үстіне Ресей Федерациясындағы экономика­ лық құлдырауларға қарамастан, Ресей халқының басым бөлігі В.Путиннің украин бағытындағы сая­ сатын қолдады. Мұның сыртында, ресми Киев мойындалмаған ДХР мен ЛХР алдында қандай да бір болсын шегінушілікке жол бергісі келмеді және елдің оң­ түстік-шығысындағы қарсылықты күшпен басуды жақтады. Киев пен мойындалмаған ДХР мен ЛХР арасындағы көзқарас айырмашылығы, олардың Минск келісімін, Донбасқа экономикалық тосқауылды әртүрлі түсіндірулері және басқа да ішкі және сыртқы факторлар Украинаның оңтүстік-шығысындағы жағ­ дайға ықпал етті, кикілжіңнің шиеленісуіне және антитеррорлық операциялық күштер мен ерікті жасақтар арасындағы қатыгез қарсылыққа алып келді. Шиеленіскен жағдайдан шығудың жолын ешкім білмеді. Қантөгісті тоқтату үшін келіссөздердің қа­ жет екендігін барлығы да түсінді, бірақ онда не ұсыну қажеттігін білмеді. Оның үстіне, біреудің бастамашылдықты қолына алуы қажет болды.

б І т І м г е р
Өйткені, кикілжіңге тартылған тараптардың барлығы
бір-бірімен сөйлеспеді немесе келіссөздер кезінде
бірін-бірі «естігісі» келмеді.

Міне, нақ осы кезеңде Қазақстан Президентіне
украин дағдарысын реттеудегі араағайын – бейбіт
келіссөздердің бастамашысы болу жөнінде өтініштер
түсе бастады. Бұл жөнінде Миландағы «Азия –

Еуропа» саммиті форумы аясындағы кездесулерде
де айтылды, бұл жайында Ф.-В.Штайнмайер де,
Д.Буркхальтер де сөз қозғады.
2014 жылдың 7 қазаны күні Астанаға Украинаның

экс-президенті Л.Кучма өз бастамашылдығымен бір
ғана мақсат бойынша – Қазақстан Президентімен
кездесу мақсатында келді. Оны Мемлекет басшысы
қабылдады. Кездесу негізінен жабық есік жағдайында

өтті. Кездесу барысында Украинадағы оқиғаға
байланысты пікір алмасулар болғандығы кейіннен
маған мәлім болды. Л.Кучма Н.Ә.Назарбаевтан
2014 жылдың тамызында Минскіде болғанындай,

араағайындыққа жүру, бейбіт келіссөздерді қайта
жалғастыру жөнінде жеке өтініш жасапты.
Өкінішке орай, қазанда да, қарашада да жанжалды
бейбіт арнаға көшіру үшін белсенді, одан да

маңыздырағы, нәтижелі келіссөздер жүргізуге деген
ұмтылыс байқала қоймады. Осыған байланысты
Нұрсұлтан Назарбаев желтоқсанның басында-ақ
бұл бағытта бірқатар әрекет жасап көрді. Назарға

Н.Ә.Назарбаевтың
кезінде
Ф.-В.Штайнмайерге
жә­не Д.Буркхальтерге ұсынған формуласы, атап

б І т І м г е р
айтқан­да – таласқа тартылған тараптардың бар­
лық талап­та­ры мен тілектерін жинақтап, оларды
салыстыру және осының негізінде украин дағдарысын

шешудің азды-көпті нәтиже беретіндей жоспарын
әзірлеу жөніндегі формуласы алынды.
Бұл бағыттағы бірінші қадам Ресей көзқарасын
талдау болды. Ресейлік әріптестермен тұрақты түрде

жұмыс істей отырып, біз Владимир Путиннің бірқатар
өзіндік ерекшеліктеріне бірнеше рет көз жеткіздік.
РФ Президенті – логикалық ойлауға бейім тұратын
прагматик және интеллектуал, сыпайы және біртоға,

Ресей мүдделерін қорғауда тұрақты, бірақ берік.
Ой қисындылығы мен ұстамдылық оған көптеген
дағдарысты жағдайлардан шығуға көмектеседі.
Соңғы 15 жылда В.Путиннің көшбасшылық қасиетінің

арқасында Ресей тұрақты дамуға ие болды.
Тұтастай алғанда, бізді Ресеймен стратегиялық
әріптестік пен одақтасуға негізделген тату көршілік
қатынастар

байланыстырады.
Барлық
деңгей­
лерде, ең алдымен президенттер Н.Назарбаев пен

В.Путиннің арасында сенімді қарым-қатынастар
жалғасуда. Нақ осы екі мемлекет басшыларының
достық қарым-қатынастары болашақта Қазақстан-
Ресей ынтымақтастығын табысты дамытудың айқын­

даушы факторы болып табылады.
Осыған байланысты, украин дағдарысы жөніндегі
ресейлік көзқарасты түсіну үшін мен өзімнің әріп­
тесім, РФ Президенті көмекшісімен Украинадағы жағ­

дайды бүге-шігесіне жеткізе талқыладым. Сондықтан

б І т І м г е р
украиндық дағдарысты реттеудің мүмкін болар
жолын көрудегі ресейлік көзқарасты қалыптастыру
мен талдауға қажетті ақпараттар жеткілікті еді.

Осы бағытта жүргізілген әңгімелерді егжей-
тегжейлі баяндамай-ақ, оның негізгі түйіндерімен
оқырмандарды таныстыра кетейін.
Ресей тарапы 2014 жылғы қараша-желтоқсандағы

жағдай бойынша ең өткір мәселелердің бірі ретінде
Донбассты
экономикалық
оқшаулауды

жоюды
және зейнетақылар мен жалақыларды, басқа да
әлеуметтік
төлемдерді

жалғастыруды,
өңірдің
Украинаның басқа облыстармен саудасын қалпына
келтіруді белгіледі. Сондай-ақ, Донецк мен Луганск

облыстарының жекелеген аудандарындағы жергілікті
өзін өзі басқарудың ерекше тәртібі туралы заңды
(Ерекше мәртебе туралы заң) іске қосу қажеттігіне
де назар аударылды.

Оқырман Ерекше мәртебе туралы заңның 2014
жылдың қараша айының ортасында күші жойыл­
ғандығын біледі. Оның үстіне, бұрынғы редак­
циясы бойынша ол ендігі жерде маңызды да

емес еді. Өйткені, біріншіден, Донецк мен Луганск
облыстарының Ерекше мәртебе туралы заң әре­
кет ететін жекелеген аудандарының шекарасы бел­
гіленбеген еді. Ресей тарапының пікірі бойынша,

2014 жылдың желтоқсанында бұл шешімнің негізіне
2014 жылдың 19 қыркүйегіндегі Минск меморандумы
белгілеген
шекараларды

алуға
ғана
болатын.
Екіншіден,

жергілікті
басқару
органдарындағы

б І т І м г е р
жаңа сайлауды мойындау немесе оларды өткізуді
түсініп алу да қажет еді. Үшіншіден, экономикалық
оқшаулаудың енгізілуіне байланысты, Донбасс үшін

ерекше экономикалық режім туралы мәселені де
ойластыруға болар еді.
Әрине, 2014 жылғы 19 қыркүйектегі Минск мемо­
рандумына сәйкес атысты тоқтату және әскери

техникаларды алып кету бөлекше маңызға ие
болды. ЕҚЫҰ жанжал белдеуінде мониторингтік
миссиясын жалғастыра беруі тиісті еді. Украина
ІЖӨ-сінің 25 пайызына дейін қамтамасыз етіп келген

Донбассты экономикалық тұрғыдан қайта қалпына
келтіруге кірісу де өте маңызды. Мұндай жағдайда
Ресейді украин дағдарысын реттеуге белсенді түрде
тартудың міндетті шарттарының бірі Украинаның

блоктардан тыс тұрған мәртебесі туралы мәселе
болып табылды.
Украин дағдарысын реттеудің мүмкін болатын
ресейлік көзқарас шарттарының осындай алдын

ала талдау нәтижелерімен біздің Мемлекетіміздің
басшысы 2014 жылдың 5-6 желтоқсанында Қазақстан
Республикасына
мемлекеттік

сапармен
келген
Француз Республикасының Президенті Франсуа
Олландпен кездесті.

Мәнісінде, Н.Ә.Назарбаев еуропалық ірі елдердің
бірінің
жетекшісімен
қазақстандық-француздық

стратегиялық-әріптестік
мәселелерін
талқылау
жөнінде ғана емес, сонымен қатар, әлемдік деңгейдегі

саясаткер ретінде жаһандық және өңірлік қауіпсіздікті

б І т І м г е р нығайтудың болашағы жөнінде де пікір алмасуға дайын еді. Ал бұл мәселеде украин дағдарысы ерекше рөлге ие болғандығы белгілі. Кездесу барысында, екі президент сауда-экономикалық, инвестициялық, мұнай-газ, ғарыш салаларындағы, сондай-ақ, теміржол, машина жасау салаларындағы екіжақты ынтымақтастықтың маңызды мәселелерін талқылады. Мемлекеттер басшылары халықаралық өмірдің күн тәртібінде тұрған неғұрлым өткір мәселелер жөнінде пікірлер алмасты. Ф.Олландтың Қазақстанға сапары кең ауқымды болды. Жеке және кеңейтілген құрам бойынша келіссөздер жүргізілді. Екіжақты шарттар мен келісімдердің үлкен топтамасына қол қойылды. Екі мемлекет басшыларының қатысуымен Астанада жоғары оқу орындарының V форумы өтті. Ал Алматыда Орталық Азияда бірінші болып Сорбонна университетінің филиалы ашылды. Француз президентімен бірге құрамында ми­ нистр­лер, парламентшілер, кәсіпорындар дирек­ торлары мен университет ректорлары бар сал­ мақты делегация келді. Франция Президентінің кеңейтілген құрамдағы кездесуде түсінік бере кеткеніндей: «Мұның барлығы – Орталық Азиядағы ірі экономикасы бар Қазақстанмен ынтымақтастыққа Францияның барынша ынта танытатындығының белгісі. Сіздің еліңіз экономикалық даму жөніндегі мақсаттарды өмірде барынша табысты жүзеге асырып қана қойған жоқ, сонымен қатар, ол маңызды

б І т І м г е р
саяси және дипломатиялық рөл ойнайды. Мұның өзі
барлық көршілермен тең жағдайда үнқатысу және ірі
саяси оқиғаларға ықпал ету мүмкіндігін береді».

Егер кеңейтілген құрамдағы кездесулерде екіжақты
ынтымақтастық мәселелеріне мән берілсе, жеке, тар
шеңбердегі кездесулердің маңызды тақырыптарының
бірі Украинадағы дағдарыс мәселесі болды.

Екі көшбасшының украин тақырыбындағы әңгіме­
лесулері өзара сенім жағдайында өтті. Екі президент
те жанжалды тек қана бейбіт жолмен реттеуге деген
ынталарын білдірді. Келіссөздер қаншалықты жемісті

болғандығын кездесулер қорытындысы бойынша
бірлескен баспасөз мәслихатындағы мәлімдемелері
дәлелдейді. Бұл мәлімдеме бірден сенсацияға
айналып, әлемдік БАҚ-тарда кеңінен талқыланды.

Мәселен, Қазақстан Президенті украин дағда­
рысын реттеу мәселелері бойынша екі елдің де
бірдей көзқараста екендігін атап көрсетті. «Біз халық­
аралық саяси ахуалды нашарлатып, тек Еуропа

мен Азияның ғана емес, сонымен қатар, бүкіл
әлемнің экономикасына теріс әсер етіп отырған бұл
дағдарысты еңсеру үшін түйісу нүктесінің табылға­
нын қалаймыз. Қазақстан оған қажетті күш-жігер

жұмсауға әзір және Франция Президенті де бізге бұл
мәселеде қолдау білдіріп отыр», деді.
Н.Ә.Назарбаев Украинадағы оқиғаларға бай­
ланысты жағдай «көпқатпарлы» болып табы­ла­

тындығын, сондықтан оны неғұрлым кең тұрғыда
қарау қажеттігін қосып айтты: «Халықаралық құқық

б І т І м г е р
нормалары бұзылды, ірі мемлекеттер басшылары
арасындағы сенімге селкеу түсті. Дағдарыстың шексіз
жалғаса бермейтіндігін, кез келген соғыстың өзінің,

ерте ме кеш пе, бейбітшілікпен аяқталатындығын да
түсінуге тиістіміз. Сондықтан қатаң түрде бірін-бірі
бұрышқа қуып тығу ең жақсы жол болып табылмайды.
Біз Франция Президентімен ымыраға келудің және

қалыптасқан жағдайдан шығудың жолын іздестірудің
қажеттігі туралы қорытынды жасадық», деді.
Франция Президенті екі елдің стратегиялық әріп­
тес­тігінің түйінді бағыттарының бірі саяси және

дипломатиялық
ынтымақтастық
екендігін
атап

көрсетті. «Қазақстан Орталық Азияда жетекші рөл
ойнайды, әртүрлі бастамашылдық жасау мүмкіндігі
бар. Франция сіздермен көптеген бағыттар бойынша
бірлесіп жұмыс жүргізуге әзір. Біздің бәріміз Украи­

надағы оқиғаларға байланысты туындаған шие­
леністерге мазасыздықпен қарап отырмыз, мұның
бүкіл өңір үшін экономикалық салдарлары болуы
әбден мүмкін. Сондықтан бұл тығырықтан шығудың

жолын іздеу қажет. Олар Минск хаттамасы аясына,
яғни аумақтық тұтастық, атысты тоқтату және Украи­
наның шығыс өңірлерін орталықсыздандыру қағи­
даттарына сай келуі керек», – деді Ф.Олланд.

Ол, сондай-ақ, Қазақстанның ЕАЭО-ға мүшелігі
оның Еуропалық Одақ елдерімен қарым-қатынасын
қиындатпайтындығына назар аудартты. «Қазақстан
2015 жылдан жұмыс істей бастайтын Еуразиялық

экономикалық одақтан ешқандай бір бас тартпауы

б І т І м г е р
тиіс. Бұл одан әрі экономикалық және саяси даму үшін
барлық қажетті қадамдарды қабылдайтын тепе-теңдік
мәселесі. Сондықтан мен Қазақстан Президентінің

елді дамыту және оның еуропалық әріптестермен
қарым-қатынасы жөніндегі барлық бастамаларын
жан-жақты қолдаймын. Мен Қазақстанның мұнан әрі
де ЭЫДҰ және ДСҰ-ға жақындаса түсуін қалар едім», –

деп атап көрсетті Франция Президенті.
Әлемдік БАҚ назарын Қазақстан Президентінің
украин дағдарысын реттеудегі баяндалған пікірі
ерекше аударды: «Мен ешкімнің де, соның ішінде

Путиннің де адвокаты болғым келмейді, бірақ менің
объективті талдауларым Украинадан кейін дәл
сондай «көктемді» Ресейде ұйымдастыру ниетінің
жүзеге аспағандығын, оның «Қырым көктемімен»

аяқталғандығын көрсетеді. Ресейдің қуатын дұрыс
бағаламауға болмайды. Ол – аумағы жөнінен ең
үлкен және ең бай ел», деген еді Н.Ә.Назарбаев.
Ресейлік сарапшылар пікірі бойынша, Мәскеу

Ресейге саяси қысымды тоқтату жөніндегі Қазақстан
Президентінің мәлімдемесін ықыласпен қабылдауы
және бағалауы тиіс. Сондай-ақ, Қазақстан басшы­
сының мына сөздерін де еске сала кеткен жөн

болар: «...Ресей әлемдік экономикаға сондай бір
берік интеграциялана қойған жоқ, демек, ондағы
жағдайдың бұдан әрі құлдырауы болмауы да мүмкін...
Санкциялардан олар, әрине, кірістерді жоғалтады,

бірақ газ, мұнай және басқа да қалғандары Ресейде
қала береді».

б І т І м г е р
Ресей сарапшыларының түсініктемелерінің бірі
мынадай: «Кремльде қазақстандық бітімгершілік
күш-жігерге қарсылық болмайды. Беларусь секілді

Қазақстан да байланыстырушы мемлекет ретінде
Ресейге әбден дәл келеді. Мәскеу Астанамен жақсы
қарым-қатынаста, ал Нұрсұлтан Назарбаевтың өз
сөзіне берік адам ретінде беделі бар»11.

Әрине, Н.Ә.Назарбаев пен Ф.Олландтың уағда­
лас­тықтарының бәрі бірдей баспасөзде жария­
лан­ған жоқ, өйткені олар таза жұмыс сипатын­да
болған еді. Мәселен, Мемлекет басшысы әңгіме­

лесу барысында, француз президентін украиндық
дағдарысты реттеу жолдарының ресейлік көзқа­
расымен де таныстырды. Олар Франциядан келген
мейманды өте қызық­тырды. Тіпті, олар Ф.Олландты

Ресей Президенті В.Путин­мен неғұрлым белсенді
сұхбат құруды бастауға түбегейлі иландырды деуге
де болады. Бұл туралы кейінірек баяндалады.
Мұнан кейін Ф.Олландтың өз кеңесшісі Ф.Пенонға

Францияның да осы тектес көзқарасын – яғни фран­
цуз тарапының пікірі бойынша украин дағдарысын
шешу үшін қажетті қадамдарды «қағазға түсіруге»
тапсырма беруінің өзі есте қалды. Осыған сәйкес

маған осы құжатты әзірлеу үшін барлық жағдайды
жасауға тапсырма берілді.
Мемлекет басшыларының бұл тапсырмасын мен
және менің француздық әріптесім жедел орындап

11 Геворг Мирзоян. «Олландтың араағайындық картасы». «Expert
Onlіne».
05/12/2014.
www.expert.ru/2014/12/5/posrednіcheskaya-karta-

ollanda/

б І т І м г е р
шықтық және біз әзірлеген қағаз Ф.Олландтың
мақұлдауына ие болып, Н.Ә.Назарбаев қалыптас­
тырған «толық картинаны бейнелеу» және жанжалды

реттеу жөніндегі қадам-қадамымен атқарылатын іс-
әрекеттердің нақты жоспарын әзірлеу үшін дайын­
далған ұсыныстар мен талаптар папкасын то­
лықтырды.

Ресей көзқарасы секілді француз ұсыныстарын да
мен бүге-шігесіне дейін баяндай алмаймын, алайда,
олардың негізгі мазмұнымен таныстыра кетейін.
Бүтіндей алғанда, француздық ұсыныс украин

дағ­дарысын шешу үшін мүмкін шарт ретінде Украи­
наның аумақтық тұтастығын; жанжал белдеуін
демилитарландыруды; Украинаның оңтүстік-шығы­
сында зейнетақылар мен жалақыларды, барлық

төлемдерді төлеуді қайтадан жалғастыруды; сепа­
ратистерді қолдауды тоқтатуды және Украина құра­
мындағы Донбасстың автономия мәселелеріне мән
беруді; Украинаны экономикалық қайта қалпына

келтіруге арнаулы көмек қорын құруды қарастырады.
Француз тарапынан украин дағдарысы жағ­
дайында Украинаның НАТО мен Еуроодаққа қо­
сылуын белсенді талқылауды тоқтата тұрудың (ең

жоқ дегенде таяудағы уақыттар ішінде) жөн екендігі
туралы түсіністік көрсетілді. Сондай-ақ, Франция
Президентін ресейлік газды Еуропаға, соның ішінде
Украина арқылы жеткізу кепілдігі қызықтырды.

Сонымен, Ресейдің болуы мүмкін көзқарасы
жөніндегі біздің қорытындыларымыз бен француздық

б І т І м г е р ұсыныстар ұқсас болып шықты. Менің көзқарасым бойынша бұл жағдай Ф.Олландты өзінің елге қайту сапарында Мәскеуде аялдап, Ресей Президенті Путинмен кездесудің қажеттігіне иландырды. Оның бастапқы жоспарында мұндай шара қарасты­ рылмаған еді. Бұл Астанадағы кездесудің тағы бір нақты нәтижесінің көрінісі болып табылады. Кейіннен француздық Le Fіgaro-ның жазғанын­дай, Ф.Олландтың өзі ресми сапарымен болған Қазақ­ станнан оралып келе жатқан жолында В.Путинмен кездесу жөніндегі шешімі Украинадағы дағдарысқа байланысты Батыс пен Ресейдің қарым-қатынасы­ ның шиеленіскен жағдайында барлығы үшін де күтпеген оқиға болды. Елисей сарайы Ресейге сапар жасауды бұрын да жоспарлаған, бірақ мұны құпия ұстаған еді. Франция президентін «қайратты әре­ кетті жүзеге асыру» қажеттігіне Владимир Путин­нің «антибатыстық» сөздері себеп болды12. Басылым француз көшбасшысы В.Путин кез­ десуге келісуі үшін «Ресей президентін дайын­ дауды» қа­жет деп шешті және Астанадағы бас­ пасөз мәслихатын­да қазақстандық әріптесі Н.Назарбаевпен бірге «сөздерді салмақтап алуға» ұмтылды және Украинадағы «жанжалды реттеуге» шақырды дегенді атап көрсеткен. Мақала авторының 12 Francoіs-Xavіer Bourmaud. «Hollande – Poutіne: les dessous d´un coup de theatre dіplomatіque». Le Fіgaro. 06/12/2014. http: //www.lefіgaro. fr/іnternatіonal/2014/12/06/01003-20141206ARTFІG00107-hollande-poutіnelesdessos-d-un-coup-de-thetre-dіplomatіque.php.

б І т І м г е р
пікірі бойынша, Ф.Олланд В.Путинді өзіне қарсы
қойғысы келмеген, өйткені мұның «бағасы өте
жоғары», бірақ Ресей Президентімен әңгіме құру да

оңай емес. «В.Путин бастабында жұмсақ, сонан кейін
тұтқиыл бола алады, бірақ ол ешуақытта біркелкі
болған емес», – деп жазды Le Fіgaro журналисі
Ф.Олландтың маңайындағы ақпарат көздеріне сүйе­

не отырып.
Бұл тұрғыдан қарағанда Ф.Олландтың Астанада
Назарбаевпен бірлескен баспасөз мәслихатында
жасаған мәлімдемесі қызықты бола түседі: «Ең ал­

дымен сөзбен сайысуды азайтуға қол жеткізу қажет.
Содан кейін сөз сайысты азайту украин аума­
ғындағы нақты іс-қимылдарға ауысуы керек... Біз
сапарларды, тетіктерді, үнқатысу алаңдарын шие­

леністі төмендетуге қол жеткізу үшін пайдалануға
келістік. Мұның өзі Украинаның аумақтық тұтастығын
сақтауға, Украинаның шығыс өңірлеріне белгілі
бір автономиялық сипат беруді кепілдендіруге,

украиндық экономика осы қиын жағдайдан шыға
бастайтындай жағдайға қол жеткізуге және сонымен
бірге атысты тоқтату туралы келісімді сақтауға
мүмкіндік берген болар еді».

Le Fіgaro-ның атап көрсеткеніндей, Франция
пре­зиденті «өте сақ көрінуден сақтанып, үнқатысу­
дың тым жұқарып бара жатқан жібін ұстап қалуға»
ұмтылыс танытты. Оған бұл істе Н.Ә.Назарбаев

ықпал етті. «Өзінің ресейлік әріптесін өте жақсы бі­

б І т І м г е р летін» Қазақстан Президенті Олландтың Путин­мен кездесуін ұйымдастыруға көмектесті13. Басылымның бұл сөзінде толық шындық бар. Н.Ә.Назарбаевтың Ф.Олландпен келіссөздер қоры­тын­дысы туралы В.Путинді хабарландыруы және француздық президентпен кездесу мүмкіндігі туралы келісуі үшін телефонмен сөйлесуін ұйымдасты­руды қалай жүзеге асырғанымыз менің толықтай есімде. Ресей Президентінің шаруасының тым көптігіне байланысты бұл мәселе күрделене түскен еді. Ал Мемлекет басшысы француздық мейманмен үнемі бірге болып, қонақжайлық ықылас танытты және бірлескен іс-шараларға қатысып отыр­ ды. Барлық қиындықтарға қарамастан маған және менің ресейлік әріптесім, РФ Президентінің көмек­ шісі Ю.Ушаковқа президенттердің жұмыс кестесінен олардың телефонмен сөйлесуін ұйымдастыру үшін бірнеше минут уақыт табудың сәті түсті. Біздің тап болған барлық қиындықтарымызды түсіну үшін Н.Ә.Назарбаевтың В.Путинмен Астанадан ұшып келген бетте Алматы әуежайында телефонмен сөй­лескендігін, ал мұнан кейін бес минут өткен соң, Алматыға ұшып келген Ф.Олландты қарсы алғандығын, келесі күні олардың Сорбонна уни­ 13 Francoіs-Xavіer Bourmaud. «Hollande – Poutіne: les dessous d´un coup de theatre dіplomatіque». Le Fіgaro. 06/12/2014. http: //www.lefіgaro. fr/іnternatіonal/2014/12/06/01003-20141206ARTFІG00107-hollande-poutіnelesdessos-d-un-coup-de-thetre-dіplomatіque.php.

б І т І м г е р
верситетінің филиалын ашуға қатысқандығын еске
салсақ, жетіп жатыр.
Алматыға келген бойда, мемлекет басшылары

бірігіп кешкі ас ішті. Онда тек президенттердің өз­
дері ғана, сондай-ақ мен және менің француздық
әріптесім Ф.Пенон болды. Кешкі астағы әңгіме се­
німді достық жағдайында өрбіді. Ф.Олланд маған

өзіне адамдарды тарта алатын ізетті адам ретінде
көрінді. Оның байыпты әдебі біздің Президентке де
ұнады. Осындай жағдайда мемлекет басшылары
Украинадағы оқиғаларды неғұрлым тереңірек тал­

қылай алды. Н.Ә.Назарбаев Ф.Олландты В.Путин­
мен сөйлесіп үлгергендігі және Франция Президентін
қабылдауға әзір екендігі туралы хабарландырды.
Оның үстіне біздің Мемлекетіміздің басшысы фран­

цуздық мейманды Мәскеудегі кездесудің қажеттігіне
түбегейлі иландырды. Өйткені, мұның өзі еуропалық-
ресейлік үнқатысуды қайта қалпына келтіру үшін
және украиндық дағдарысты реттеуді алға жылжыту

үшін маңызды еді.
Бұл жайында ақырғы шешім қабылданысымен
екі президент маған В.Путиннің көмекшісі Ю.Уша­
ков­пен және француздық әріптес Ф.Пенонмен ара­

сында байланысты ұйымдастыру жөнінде тапсыр­
ма берді. Мен сол арада өз телефонымнан қажетті
нөмірді алып, Ф.Олландтың көмекшісіне тұтқаны
ұсындым. Олар техникалық детальдарды: Мәскеуге

келу уақытын, кездесу орнын, қатысушылар құрамын
және басқа да мәселелерді ойластыра бастады.
Қазір енді бұл өткен кезең, бірақ сол кештің кер­
неу қуаты менің әлі күнге дейін есімде. Бәрі де

б І т І м г е р
аяқастынан болды. Біздің Мемлекетіміз басшысының
ойына және оның Ф.Олландпен уағдаластықтарының
барысына үлгеру үшін әрбір сәтке сақадай сай тұру

қажет болды.
Сәл кейін, сол күні (5 желтоқсан) кешкі астан
соң Франция президенті Ф.Олланд ГФР Канцлері
А.Меркельге «осы бастамашылдықпен оны хабар­

ландыру үшін» телефон шалды.
Сөйтіп, Қазақстан француз және ресейлік әріптес­
термен бірге бірден «сөзден іске көшті», көп ұзамай
әлемдік

ақпараттық
агенттіктері
таспаларында
«найзағай» ойнап сала берді – В.Путин мен Ф.Олланд

Мәскеуде жоспарланбаған кездесу өткізеді. Сонан
кейін бірден Ф.Олландтың Қазақстаннан Парижге
қайтып келе жатып, Мәскеуге аялдағаны атап
көрсетіліп жатты. Шетелдік БАҚ-тардың жазғанындай,

бұл келіссөз бұрын жоспарланбаған, төтенше сапар
туралы соңғы тәуліктерде ғана шешім қабылданған.
Астана мен Мәскеуде болып өткен оқиғаға
түсініктеме жасаған белгілі саясаттанушы, Ресей

Федерациясы
Ұлттық
стратегиялық
зерттеулер

инсти­тутының халықаралық бағдарламалар жөнін­
дегі директоры Ю.Солозобов төмендегідей баға
берді: «Нұрсұлтан Назарбаев өзінің әлемдік саясат
гроссмейстері деген атағын тағы да дәлелдеді. Ресей

мен батыстың қарым-қатынасындағы сын сәтте
Қазақстан Президенті Ф.Олландтың Астанадағы
сапары кезінде таңғалдырарлық жүріс жасады –
Ресей мен Франция басшыларының жоспарланбаған

10-0192

б І т І м г е р кездесуін мүмкін етті және Ресей – Еуроодақ үн­ қатысуының басталуын қамтамасыз етті»14. Сарапшының пікірі бойынша, «осымен қазақ­ стандық көшбасшы РФ мен Еуропа арасындағы ұзақ­қа созылмақ жанжалдың алдын алды және еуропалық саясатты сындарлы ойлау рельсіне қайта қондырды. Нұрсұлтан Назарбаев, сондайақ, батыстық саясаткерлер назарын санкциялар тығы­рығынан шығудың шынайы жолы ретіндегі В.Пу­тинмен тұрақты үнқатысу қалыбына түсірді. Халықаралық шиеленістегі жаңа «бәсеңсу» Еура­ зиялық экономикалық одақтың белсенді мүшесі ретін­дегі Қазақстанның өз ішінде тиімді. Бұл қа­ дам Қазақстан Республикасының және оның көш­ бас­шысының әлемдік беделін нығайтуға да қызмет етпек». Франция мен Ресей президенттері 2014 жылдың 6 желтоқсанында Мәскеу уақыты бойынша 16.30да Внуково әуежайында кездесті. Украинадан Таяу Шығысқа дейінгі, «Мистральдарды» жеткізу­ ден бастап Еуропа мен Ресей арасындағы тайта­ ласуларды тоқтатуға дейінгі проблемалардың кең ауқымы бойынша әңгіме қозғалды. «Кездесуді аша отырып, француз президенті шиеленістің басты ошағы – Украинадағы жағдайды талқылауды бірден ұсынды. Владимир Путин жауап ретінде Украинаның аумақтық тұтастығы туралы 14 Ю.Солобозов. «Гроссмейстерский ход Нурсултана Назарбаева». Сараптамалық бағалау. Ақпараттық-талдамалық орталық. 07/12/2014. www.іa-centr.ru/expert/19707/

б І т І м г е р және оңтүстік-шығыстағы бітімге келуді қамтамасыз етудің қажеттігі туралы бірқатар маңызды мәлімдеме­ лер жасады. Мұнан кейін Ф.Олландтың Ресей­дің Батыс елдерімен өзара қарым-қатынасы ашықтық қағидаттарына құрылуы қажеттігі туралы қызықты бастамалары өріс алды. «Бізді жаңа қабырғалардың бөлуіне жол бермеу қажет деп ойлаймын. Бізге шешімді бірлесіп іздеуге тура келеді», деді француз Президенті. В.Путин өз кезегінде француздық әріптесінің сапары көптеген халықаралық проб­ лемаларды шешуге көмектесетіндігіне сенім біл­ дірді», – деген түсініктеме жасады Ю.Солозобов. Француздық талдаушылар да Ф.Олландтың Пу­ тинмен кездесу жөніндегі шешімін өте жағымды бағалады. «2014 жылдың соңындағы маңызды іске айналған орыс мәселесі қазіргі күні шешілу үстіндегі күн тәртібіндегі мәселелердің ортасында тұр. Бұл жерде сөз Украинадағы атысты таяу уақыттың өзінде орнықты тоқтату, еуропалық континенттің тұрақтылығы, Ресей және Еуропа экономикаларын әлсіреткен санкцияларды алып тастау, қайтадан қаршығадай түйіле қарайтындардың билігі белең ала бастаған Конгресс алдындағы Барак Обаманың ішкі жағдайы туралы болып отыр... Сөз, сондай-ақ, орта мерзімдік перспективада Ресейді еуропалық блокқа шеберлікпен әкеліп қосу, Иранның ядролық құжаттары бойынша келісімдер туралы да болып отыр. Біз қазіргі күні шешуші маңызы бар геосаяси

б І т І м г е р жолдардың қиылысында тұрмыз», – деп жазды француздық «La Trіbune» басылымы. Айтпақшы, «La Trіbune» басылымының атап көр­­ сеткеніндей, «бұл өткір мәселелердің үлкен бө­ лігінің Франция мен Еуропаға тікелей қатысы бар және тіпті олар үшін қатер төндіреді. Президент Ф.Олланд мұны жақсы түсінді және Қазақстаннан қайтып келе жатып, Мәскеуге қону жөнінде шешім қабылдаған кезде мұны өте дұрыс жасады». Оның үстіне, басылым француз президентін одан да белсенді әрекеттер жасауға шақырды. «Біздің дип­ ломатиямызға алдағы уақытта да сақтықты ба­ рынша сақтау қажет болса да, әлсіз шындық пен күш­ті қатердің геосаяси күрделі жағдайында Еуропа мен Ресей арасындағы тұрақты сенімді қайта қал­ пына келтіргеннен басқа біздің алдымызда басқадай бір таңдау да жоқ. Франция алдында тарихи мүмкін­ дік ашылып келеді, ал Ф.Олланд-дипломат өзінің еуропалық жетекшілігін білдіруде тағы бір қолайлы сәтке және өзінің дипломатиялық көзқарасының легитимділігіне ие болып отыр. Бірақ бұл жерде өте тез қимылдау керек, президент мырза!», – деп атап көрсетті басылым15. Олландпен кездескеннен кейін РФ Президенті В.Путин журналистерге Ресей мен Франция Украи­ 15 Jean-Chrіstophe Gallіen. «Francoіs Hollande a eu raіson de se poser a Moscou». La Trіbune. 10/12/2014. http: //www.latrіbune.fr/opіnіons/ trіbunes/20141210trіbf976d5477/francoіs-hollande-a-eu-raіson-de-se-posera-moscou.html.

б І т І м г е р надағы қантөгісті тез арада тоқтату жағында екен­ дігін хабарлады: «Ол жердегі жағдай қайғылы: біз әлі күнге дейін адамдардың қазаға ұшырап жатқандығын көріп отырмыз, бірақ мен атысты тоқтатуға байланысты таяудағы уақыттың ішінде түбегейлі шешім қабылданатындығына өте үміттімін», – деді. В.Путин сондай-ақ, екі жақтан да барлық «минскілік келісімдердің» барлығы бірдей орындалмай отырғандығын атап көрсетті; алайда, қазір жағдайдың оңалатындығына үміттің бар екендігін жеткізді. Сонымен қатар, Ресей президенті Киевті оңтүстік-шығысты, атап айтқанда Донецк мен Луганскіні оқшаулаудың кез келген белгілерін жоюға шақырды. Оның айтуынша, кездесу кезінде Донбасс пен Украинаның қалған бөлігі арасында шаруашылық байланыстарын қайта қалпына келтірудің қажеттілігі туралы әңгіме қозғалған болатын. «Бұл аумақтың екі бөлігі де бір-біріне қажет», – деді В.Путин. Ол таяудағы уақыт ішінде атысты тоқтату туралы түбегейлі шешімнің қабылданатындығына, сондайақ, тұтқындағыларды айырбастау жөнінде қосымша қадамдар жасалатындығына үміт білдірді. Ф.Олланд өз кезегінде осы кездесуден кейін «украиндық дағдарысты ретке келтіру үшін барлық мүмкіндіктерді пайдалану қажеттігін» мәлім­деді. «Президент Путинмен бірге біз жанжалды одан әрі ушықтырмауға қол жеткізу жолдарын қарас­ тырудамыз. Біз бүгін осылай істеуге болады деп есептейміз. Бұл үшін біздің қолымызда бар құ­

б І т І м г е р
рал – бұл минскілік уағдаластықтарды сақтау.
Нақ Франция Германиямен бірге Нормандия­да­
ғы саммитте бұл үдерістің бастамашыларының

біріне айналғандығын еске саламын», – деп қосты
француз президенті.
Мәскеуден қайтар жолдағы президенттік ұшақ
үстінде Ф.Олланд «минскілік келісімдер сақталатын

болғанда, біз дағдарысты шешу жағына бет ала­
мыз», – деп айтты. Ол В.Путинмен кездесу «дер
кезінде және пайдалы» болғандығын атап көрсетті.
«Ол қажетті сәтінде, жақсы жағдайда өтті және

нәтижесі жуықтағы күндері көрінеді», – деп атап
көрсетті Франция Президенті.
«Le Fіgaro»-ның ұшақ ішіндегі оқиғаны суретте­
геніндей, Ф.Олландқа ұшып келе жатқанда: «Петр

Порошенко сізбенен байланысқа шыққысы келеді», –
деген қағаз тапсырылды. Француз жетекшісі әу баста
бірнеше минут бойы өз кеңесшілерімен ақылдасты.
Ақырында, П.Порошенкомен байланыс орнатылды.

Франция Президенті украиндық президентке Мәс­
кеудегі кездесу қалай өткендігін егжей-тегжейлі
айтып берді. Телефонмен сөйлесу барысында,
«әңгімелесуші

тараптар
минскілік
уағдаластық­
тарды орындау қажеттігімен, соның ішінде Донецк

мен Луганск облыстарындағы гуманитарлық проб­
лемаларды шұғыл шешу қажеттігімен келісті».
Басылымның пікірі бойынша, Ф.Олланд «жаңа
ғана ол өзіне ішкі саясатта да саяси ұпай әкелетін

б І т І м г е р
сәтті дипломатиялық жүріс жасағандығына» риза
болды16.
Бітімге келу және атысты тоқтату үрдісі Украинаның

өзінде де қатар байқалғандығы көңіл аударт­ты.
Атап айтқанда, 2014 жылдың 4 желтоқсанын­да
Украина Президенті П.Порошенко күштеу меке­
мелері

басшыларының
отырысында
минскілік
уағдаластықтарды орындауды қамтамасыз етуге

тиісті шараларды ұсынды. «Тыныштық күні» деп
аталатын бұл шара 2014 жылдың 9 желтоқсанында
енгізіліп, ол күшіне енген сәтте Донбасста әскери
іс-қимылдар толық тоқтатылуы тиіс болды. Ерікті

жасақтардың өкілдері өз тараптарынан осының
алдында атысты тоқтату туралы қол жеткізілген
минскілік келісімдерді бұзбайтындықтарын және тек
қана киевтік әскерилер әрекетіне жауап ретінде ғана

шектеулі әскери шараларды қолданатындықтарын
мәлімдеді.
«Тыныштық күні» жанжалға қатысушы барлық
тараптардың келісімі бойынша 2014 жылдың 9 жел­

тоқсанындағы таңғы сағат 10-да басталды. Германия
СІМ басшысының мәлімдегеніндей, Украинадағы ең
қатерлі әскери іс-қимылдарды еңсерудің сәті түсті,
бірақ бұл тек сол сәтте ғана болды.

«Тыныштық режімі» күшіне енген сәттен бастап,
Украина шығысынан БҰҰ-ға бейбіт тұрғындардың
16 Ю.Солобозов. «Гроссмейстерский ход Нурсултана Назарбаева».
Сараптамалық бағалау. Ақпараттық-талдамалық орталық. 07/12/2014.

www.іa-centr.ru/expert/19707/

б І т І м г е р
қазаға ұшырағандығы туралы бірде-бір хабар түскен
жоқ, деп жазылды 12 желтоқсанда жарық көрген
БҰҰ Гуманитарлық мәселелерді үйлестіру жөніндегі

басқармасының (ГМҮБ) есебінде.
Украинаның Ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс
кеңесінің (ҰҚҚК) өкілдері де Донецк және Луганск
облыстарындағыдай күштеу операцияларын өткізу

аймақтарында бірте-бірте екі жақты «тыныштық
режімінің» орнағандығы байқалды. «Ауыр техни­
каларды, артиллерияларды және «Град» дүркін оқ
ату жүйесін пайдалану фактілері тіркелмеді», деп

атап көрсетілді. ҰҚҚК өкілдері елдің шығысындағы
украин армиясы «қайта жарақтану мен толықтыру
жұмыстарын жалғастыруда» екендігін мәлімдеді.
Ресей өкілдерінің мәлімдемелері бойынша, Ук­

раина шығысындағы бітімге келу көп жағдайда нақ
Мәскеудің күш салуының арқасында жүзеге асты.
ЕҚЫҰ жанындағы РФ-ның тұрақты өкілі А.Келин­
нің «Коммерсант ФМ» радио стансасына берген

сұхбатында «бітімге келу көп жағдайда Ресейдің
арқасында мүмкін болды, нақ Ресей офицерлері
Луганск мен Донецк республикалары және Украи­
наның қалған бөлігі арасындағы бұл желіні салу үшін

украиндық әскерилермен бірлескен топта жұмыс
істеді», деп айтылды.
«Тыныштық күні» Минскідегі байланыс топтары­
ның жаңа келіссөздеріне ұласады деп болжалған

болатын, бірақ кездесу уақытын белгілеу созылып
кетті, бұл шара кездесудің күн тәртібін және басқа

б І т І м г е р
да жағдайларды келісудің қиындығынан бірнеше рет
кейін шегерілді.
Өкінішке орай, жанжал белдеуінде атыс та жалға­

сып жатты. Ақпараттық кеңістікте украин әскерлері
мен ерікті жасақтар өкілдері «тыныштық режімі­
нің» бұзылғандығына қарсы жақтарды айыптаумен
болды. Сонымен бірге, ЕҚЫҰ байқаушыларының

оқи­ғаға түсініктеме бергендеріндей, қаруды пайда­
лану­дың азайғандығы байқалды. Олардың сөзі
бойынша, жекелеген келісімді бұзушылықтар орын
алды, бірақ ЕҚЫҰ байқаушылары «бірнеше апта

бұрын болғанындай, жиі атыстарды көрмеген».
Ф.Олланд пен В.Путин бастаған үнқатысуды жал­
ғастыру барысында, «нормандтық пішімде» теле­
фонмен сөйлесу белең алды. Мәселен, 2014 жылдың

17 желтоқсанында В.Путин, А.Меркель, Ф.Олланд жә­
не П.Порошенко арасында телефонмен сөйлесулер
болды. Тараптар Украинадағы дағдарысты жағдай­ды
талқылауды жалғастырды. Украин жанжалын бейбіт

реттеуге ықпал ету жөніндегі халықаралық күш-жігер
жұмсау ыңғайында Донбасстағы атысты түбегейлі
тоқтатуды қамтамасыз ету қажеттігі атап көрсетіл­
ді. Сондай-ақ, минскілік уағдаластықтарды жүзеге

асыру мақсатында байланыс топтарының отырысын
тез арада өткізудің маңыздылығы аталды. Басымдық
берілетін міндеттер қатарында, тұтқындарды алмасу
және ауыр әскери қару-жарақтарды түйісу шептерінен

алып кетудің маңыздылығы белгіленді.

б І т І м г е р
Осы әңгімелердің қорытындысы бойынша, Ук­
раина Президенті П.Порошенко таяудағы күндері
байланыс топтарына қатысушылардың бейнекон­

ференциясы болатындығын, содан кейін Минскіде
кездесу уақыты белгіленетіндігін хабарлады. Украи­
на мемлекетінің басшысы минскілік консультация­
ның алдын ала күнін таяудағы жексенбі, 21 желтоқ­

сан деп атады.
Өкінішке орай, 2,5 сағатқа жуық созылған 19 жел­
тоқсандағы бейнеконференцияда бұл мәселеде
ілгерілеу байқалмады. Оған қатысушылардың мә­

лімдеуінше, Украинадағы жағдайды реттеу жө­ніндегі
байланыс тобының кездесу күні мен күн тәртібі
келісілмеген. Оның орнына бейнеконференцияда
тұтқындарды «барлығына барлығы» формуласы

бойынша айырбастау жөнінде келісімге қол жеткізілді.
Алайда, айырбастау тетіктері әзірге жасалынбаса
да, мұның өзі жанжалды реттеу ісіндегі жекелеген
алға басушылық ретінде бағаланды.

«Тұтқынға түскендерді айырбастау тәртібі туралы
уағдаластыққа қол жеткізілді. Біздің негізгі мақсаты­
мыз – «барлығына барлығы». Мұны бір сәтте жүзеге
асыру мүмкін емес, тәртібін әзірлеу қажет. Осыны

қалай ұйымдастыруды нақтылау жөнінде жұмыс істеу
үстіндеміз», – деп мәлімдеді бейнеконференция
аяқталған соң байланыс тобындағы ЛХР өкілі
В.Дейнего. «Тағы да консультациялар өткізу жос­

парланды, бұл кезекті скайп-конференция бола ма,
жоқ әлде Минскіде кездесуге айнала ма, ол жағы –
белгісіз», – деп қосты ол.

б І т І м г е р
Өкінішке орай, тағы да бірқатар іс-әрекеттермен
жағдай күрделене түсті. Ол әрекеттердің Кремльдің
жүйкесіне тиетіндігі басынан-ақ белгілі еді. Ең ал­

дымен, 2014 жылдың 18 желтоқсанында Украина
Президенті П.Порошенконың Жоғарғы Раданың қа­
рауына «Украинаның блоктардан тысқары саясатты
жүзеге асырудан бас тартуына қатысты Украинаның

кейбір заңдарына өзгерістер енгізу туралы» заң
жобасын енгізіп, бұл заң жобасын депутаттардың
кезектен тыс қарастыру үшін белгілегендігін айту
керек. Бұл заңды украиндық парламентшілер 2014

жылдың
желтоқсанында
ратификациялады.
Қабылдау үшін 226 дауыс қажет болса, 303 депутат

қолдады. 29 желтоқсанда заңға қол қойылды.
Украина ҰҚҚК-ның 2014 жылдың 20 желтоқ­са­
нындағы отырысында, П.Порошенко блоктардан тыс
мәртебеден дереу бас тартуға шақырған болатын.

Ол 2010 жылғы НАТО-ға кіруден бас тартушылықты
«Украинаның бұрынғы басшылығының ең үлкен
қателігі» деп санайтындығын мәлімдеді. Мұнымен
қоса, П.Порошенко қазір сөз Солтүстікатлантикалық

альянсқа дереу қосылу туралы емес, НАТО-ға кіретін
елдердің стандарттары мен өлшемдеріне көшу
туралы болып отырғандығын атап көрсетті.
Украина Президенті Украинаның НАТО-ға кіру

немесе кірмеуі туралы шешім бүкілукраиндық ре­
ферендумда қабылдануы тиіс екендігіне сенім
білдірді. «Украинаның НАТО-ға кіруі немесе кірмеуі
туралы шешім қабылдау толықтай украин халқының

б І т І м г е р құзыретіне жатады. Біз кем дегенде 6 жыл бойы ел­дің Еуроодаққа кіру жөніндегі өлшемдерге, дәл сондай НАТО өлшемдеріне сәйкес келуі үшін күрделі жұмысты жүргізуіміз керек. Міне, сонда ғана украин халқы референдумда кіру немесе кірмеуді айқындау туралы нақты бір мүмкіндіктерге ие болады», – деді П.Порошенко баспасөз мәслихаттарының бірінде. Оның үстіне 2014 жылдың 18 желтоқсанында Еуропа мен АҚШ санкциялар топтамасын кеңейтті, оған Қырым мен Севастопольге қатысты шектеулерді енгізді. Мәселен, Еуроодақтың шектеу шаралары­ның жаңа топтамасында еуропалық компанияларға, сондай-ақ, ЕО аумағында орналас­ қан компания­ларға Қырымда жылжымайтын мүлік сатып алуға, жергілікті компанияларды осыған қатысты қаржыландыруға немесе оларды сатып алуға, сондай-ақ оларға делдалдық қызмет­ тер көрсетуге тыйым салынды. Мұның сыр­тында еуропалық туроператорларға Қырым мен Севас­ топольге баруға туристерді шақыруға, Еуропадан шыққан саяхат кемелеріне тек өте қажет болған­ нан басқа жағдайларда Қырым порттарына енуге тыйым салынды. Қырымға немесе қырымдық ком­ панияларға көліктік, телекоммуникациялық және энергетикалық секторларда бірқатар тауарлар мен технологияларды жеткізу де санкцияланды. Мұнай, газ және минералдық ресурстарды барлау мен өндіруге қатысты мәселелер де осыған жатқызылды. Санкциялар енгізілгеннен кейін атап көрсетілген

б І т І м г е р
экономикалық секторларда инфрақұрылымдарды
салу мен жобалау, жобалау жөніндегі қызметтерді
көрсетуге болмайды, деп жазылған ЕО кеңесінің осы

жөніндегі баспасөз парақшасында.
АҚШ Президенті Б.Обама да Қырымға байланыс­
ты Ресейге қарсы жаңа санкциялар енгізу туралы
жарлыққа қол қойды. «Президент жарлығына сәйкес

АҚШ азаматтары мен америкалық компанияларға
америкалық тауарларды, технологиялар мен қыз­
меттерді Қырымға экспорттауға тыйым салынады.
Түбекті америкалық инвестициялауға және Қырым­

нан тауарлар мен қызметтерді импорттауға да тыйым
салынады. Америкалық компанияларға Қырым­
нан жылжымайтын мүлік пен бизнес сатып алуға
бол­майды», – деп хабарланған Ақ үйдің сайтында.

АҚШ қаржы министрлігінің ақпараты бойынша Ресей
мен Украинаның 24 азаматы, сондай-ақ, бірнеше
компаниясы санкцияға іліккен.
Мұның сыртында Канада Ресейге қарсы жаңа

санкциялар жариялады. «Канада сыртқы істер
министрі Джон Бэрд Украинадағы жағдайға байла­
нысты Ресейге қарсы жаңа санкциялар топтама­
сының енгізілгендігі туралы хабарлады. Олардың

ішінде мұнай және газ өнеркәсібінде қолданылатын
технологиялар экспортын қосымша шектеу, сондай-
ақ, жаңа дербес санкциялар қолдану қарастырыл­
ған», – деп хабарланған. Канаданың қара тізіміне

Ресейдің 13 азаматы, Украинаның 7 азаматы қосым­
ша енгізілген.

б І т І м г е р
Міне, осының барлығы бейбіт келіссөздерді үзіп
тастау қатерін төндірді. Бірақ та соған қарамастан
Қазақстан Президенті бастап берген дағдарыстан

шығудың бейбіт жолдарын іздестіру үдерісін тоқ­
татудың өзі мүмкін болмай қалды. П.Порошенконың
біздің Мемлекетіміздің басшысын Украинаға са­
пар­мен келуге бірнеше рет шақырғандығын жә­

не Н.Ә.Назарбаевтың бұл шақыруды қабыл алуды
ұйғарғандығын атап өту керек. Нұрсұлтан Әбіш­
ұлының Киевке бару жөніндегі шешімі жайында
бірінші хабарлаған адамы да Франция президенті

Ф.Олланд болды. Ол бұл бастамашылықты қолдап
қана
қоймай,
П.Порошенкомен

міндетті
түрде
кездесуді барынша өтінді.
Мемлекет басшысының мұндағы негізгі ойлағаны

П.Порошенкомен және В.Путинмен жеке-жеке кез­
десіп, олармен украин дағдарысын ретке келтірудің
мүмкін жолдарын талқылау және оларға жанжалды
шешудің мәмілеге келу тетіктерін, соның ішінде

француз көзқарасын есепке алған тетіктерді ұсыну
болатын.
2014 жылдың 19 желтоқсанында Қазақстан жә­
не Украина президенттері телефонмен сөйлесті,

Украина басшысы Н.Ә.Назарбаевты Украинаға са­
пармен келуге тағы да шақырды.
Сөйтіп, ҰҚШҰ ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің жә­
не Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің

кезекті отырыстары өтетін Мәскеуге бара жатып,
22 желтоқсанда Украинаға сапар жасады. Украина

б І т І м г е р
Президенті П.Порошенкомен және елдің Премьер-
министрі А.Яценюкпен келіссөздері болып өтті.
Украина президентімен келіссөздер барысында

Нұрсұлтан Назарбаев екіжақты ынтымақтастықтың
бірқатар маңызды мәселелері бойынша пікір алма­
су мүмкіндігін беретін бұл кездесудің маңыздылы­
ғын атап көрсетті. «Сізді барлық қиыншылықтарға

қарамастан Рададағы сайлауды өткізулеріңізбен
және үкіметті қалыптастыруларыңызбен құттықтағым
келеді. Бұл – Сіздің президент ретіндегі бірінші үлкен
жеңісіңіз. Минск хаттамасының әзірленуі де сіздің

қол жеткізген еңбегіңіз», – деп мәлімдеді Мемлекет
басшысы.
Қазақстан Президенті әріптесінің назарын Украи­
наның айналасындағы жағдайларды бейбіт жол­

мен шешуге бағытталған барлық шараларды қол­
дайтындығына аударып: «Қазіргі жағдай ешкімге де
пайда әкелмейді. Біздің барлық елдермен дос­тық
қарым-қатынаста екендігімізді есепке ала оты­рып,

Сізбен бірге бұл мәселеде де жұмыс істей аламыз.
Адамдардың қазаға ұшырауын тоқтататын ша­
раларды қабылдау үшін біз белгілі бір шешімдерге
келе аламыз және өзара іс-қимылымызды үйлестіре

аламыз деп үміттенемін», – деді.
П.Порошенко өз кезегінде, екі мемлекеттің сауда-
экономикалық, мәдени-гуманитарлық және басқа да
маңызды салалардағы өзара іс-қимылының қолда

бар әлеуетін белсенді пайдалану қажеттігін атап
көрсетті. «Біздің елдеріміз арасындағы кедергілерді

б І т І м г е р
жоюға қызмет ететін үкіметаралық комиссияның
жұмысын іске қосу қажет. Сізге Украинаның егемендегі
мен аумақтық тұтастығын, тәуелсіздігін қолдау жө­

ніндегі қатаң да белсенді ұстанымыңыз үшін жеке
алғысымды білдіремін. Біздің Минскіде қысқа әң­
гімелесуіміздің мүмкіндігі болды және жасалынған
келісімдер, уағдаластықтар нақпа-нақ бақылануда.

Украина мұны өте бағалайды», – деп қосты Украина
Президенті.
Киев сапарының қорытындысы бойынша бірлес­
кен брифингте Украина айналасындағы жағдай

туралы әңгіме қозғаған Қазақстан Президенті оқиға­
лардың бұлайша дамитындығын болжаудың өзі қиын
болғандығын атап көрсетті. «Экономиканы көтерудің
орнына сіздерге басқа мәселелермен айналысуға

тура келуде. Қазақстан тәуелсіздік жылдарында
үлкен табыстарға қол жеткізді. Мұның барлығы
көпұлтты елдегі бейбітшілік пен тыныштықтың арқа­
сында жүзеге асты, Украинаға да осыны тілеймін.

Тек бейбітшілік пен тұрақтылық жағдайында ғана
халықтың өмірі үшін жақсы жағдайларды қалып­
тастыруға болады», – деп мәлімдеді Нұрсұлтан
Назарбаев.

Мемлекет басшысы қалыптасқан жағдайдан шы­
ғудың жолдарының бар екендігін атап көрсетті:
«Негізгі әріптес болып табылатын Ресеймен қарым-
қатынасты қайта қалпына келтіруге болады деп

ойлаймын. Украина Еуропаға жақын тұр. Осыны
ескерсек, онымен қауымдасу түсінікті жайт. Мен

б І т І м г е р жасы үлкен және тәжірибесі көбірек адам ретіндегі құқымды пайдалана отырып, Ресей мен Украинаны елдің аумақтық тұтастығын сақтай отырып, жағдай­ дан шығу үшін бітімге келу жолдарын бірлесіп іздес­ тіруге шақырамын. Украина бұл жағдайдан күшейіп шығады және бұрын әр уақыттары болғанындай, қуатты елге айналады деп үміттенемін. Оның аса зор экономикалық әлеуеті бар», – деді Нұрсұлтан Назарбаев. Қазақстан Президенті Минск уағдаластықтарына қатысты барлық тараптар оны қолдайтындығын атап көрсетті. «Онда жазылған мәселелерді шешуге болады. Мұнда барлығы ұлттық азшылықтың құқына тіреліп тұр. 100-ден астам ұлт өкілдері өмір сүретін Қазақстанда әр түрлі этностардың тілінде оқытатын мектептер, ұлттық театрлар жұмыс істейді. Қазақстан халықтарының Ассамблеясында тілді оқытуға, мәдениет пен тарихты сақтауға ықпал ететін 36 мәдени орталық жұмыс істейді. Бұл – әлемдік тәжірибе. Украинада өз мемлекеттігінің аясында оны қолдана алады. Жағдайдан шығудың жолдарының бар екендігіне сенімдімін, оларды жеделдетіп пайдалану қажет», – деп қосты Мемлекет басшысы. П.Порошенко өз кезегінде аяқталған келіссөздер­ дің сындарлы және жемісті болғандығына назар аударды: «Сіздің сапарыңыз біздің экономика­да­ ғы ынтымақтастығымыздың маңызды бағыттарына жаңа серпін береді деген сенімдемін. Украина­ ның шығысындағы жағдайды одан әрі ушықтырмау 11-0192

б І т І м г е р
жөніндегі біздің өзара іс-қимылымыз бен ұстаным­
дарымызды үйлестіру жеке мәселе ретінде қа­
рас­тырылды. Қазақстан халықаралық құқық нор­

маларын сөзсіз сақтау ұстанымын білдірді. Өзінің
халықаралық аренадағы ықпалын жағдайды рет­
теуге пайдаланғаны үшін Қазақстан Президентіне
ал­ғысымды білдіремін», – деді.

Украинаның оңтүстік-шығысындағы дағдарысты
жағдайға қатысты барлық мәселелер және одан
шығудың жолдары тет-а-тет пішімінде талқыланды.
Сонымен

бірге,
бірлескен
баспасөз
мәслиха­

тында жасалынған ресми мәлімдемелерге қарап,
Н.Ә.Назарбаевтың бұл тақырыпта П.Порошенкомен
егжей-тегжейлі әңгімелескендігі туралы қорытынды
түюге болады. Жоғары деңгейдегі жеке кездесу

барысында, қазақстандық және украиналық деле­
гацияның барлық мүшелері, соның ішінде менің өзім
де, күту бөлмесінде болып, ағымдағы мәселелерді
талқылаумен уақыт өткізгендігімізді айта кетпек­

пін. Жеке кездесуде хаттама бойынша бөлінген бір
сағаттың орнына біз мемлекет басшыларын екі са­
ғаттан астам уақыт күтіп отырдық. Сонан кейін барып
қана кеңейтілген құрамдағы келіссөздерді өткізуге

кірістік. Онда негізінен екіжақты ынтымақтастық
мәселелері, ең бірінші кезекте сауда-экономикалық
саладағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды.
Украиналық саясаттанушы Юрий Городенко Қа­

зақ­стан басшысының Украинаға сапарына бы­
лай деп түсініктеме берді: «Мәселенің мәнісіне

б І т І м г е р қарағанда, Назарбаевтың украин дағдарысын реттеу жөніндегі үнқатысу үшін жаңа алаң құру жөнінде ниеті бар. Өйткені, Минск пішімі өзінің тиімсіздігін көрсетті. Бітімге келу жөніндегі келісім қыркүйектің өзінде жасалған болатын, ал атыс әлі жалғасып жатыр. Міне, осы жағдайда Назарбаев Украинадағы соғысты тоқтату жөніндегі өз сценарийін әзірлеуде. Тәжірибелі саясаткер ретінде ол өз ұсынысын жарияламас бұрын барлық тараптармен мәселені жан-жақты талқылап алғысы келеді. Міне, сондықтан да Швейцария, Чехия, Франция президенттерімен кездесулерге барып жүр. Енді міне, Порошенкомен кездесті»17. П.Порошенкомен келіссөзден кейін Н.Назарбаев Украина премьер-министрі А.Яценюкпен де кездесті. Онда Қазақстан-Украина қарым-қатынастарының жағдайы мен перспективалары талқыланды. Қазақстан Президенті екі елдің сауда-экономика­ лық ынтымақтастығындағы бұрынғы көрсеткіштерді қайта қалпына келтіру үшін қажетті мүмкіндіктердің бар екендігін атап көрсетті. «ТМД-дағы еркін сауда аймағы туралы қабылданған келісімге сәйкес, біз экономикалық байланыстарды дамытуға тиісті­ міз. Біздің елдеріміздің арасында жұмысына Сіз қа­ тысатын үкіметаралық комиссия әрекет ететін бо­ лады. Қазақстандық және украиндық бизнесмендер 17 Халил Мұқанов. «Киевский вояж Назарбаева. Мнения украинских наблюдателей». Саясат. 21/12/14. www.sayasat.org/artіcles/1098-kіevskіjvojazh-nazarbaeva-mnenіe-ukraіnskіh-nabljudjatelej

б І т І м г е р
үшін форум ұйымдастыру жоспарлануда. Бұл оларға
түйісу нүктелерін табу үшін қажет», – деп атап
көрсетті Нұрсұлтан Назарбаев.

А.Яценюк Украина мен Қазақстан арасында тығыз
экономикалық және саяси қарым-қатынастардың
бұрыннан қалыптасқандығын атады. «Бізде өзара іс-
қимылдың негізгі екі бағыты бар, олар – сауда мен

энергетика. Бұларда біз табысқа жете аламыз. Біздің
екіжақты
экономикалық
ынтымақтастығымыздың

тек жақсара беретіндігіне сенімдімін. Егер біз тауар
айналамын ұлғайтуға бағытталған дұрыс та нақты
шешімді қабылдасақ, бұл біздің екі елімізге де
пайдалы болмақ», – деп қосты Украина Премьер-

Министрі.
Осы кездесуден кейін бүкіл қазақстандық делега­
ция бірден Киев әуежайына бағыт ұстады, ол жерден
біз Мәскеуге ұшып шықтық. Ол күннің кестесі барынша

тығыз болды және аяқталып та үлгермеді. Мәскеуге
келісімен біз орналаса салысымен Кремльге баруға
тиісті болдық. Мұнда Ресей Президенті В.Путин­
мен екіжақты кездесу тосып тұр еді. Бұл кездесу­

де Мемлекет басшысы өзінің ресейлік әріптесіне
Ф.Олланд пен П.Порошенконың ұстанымдарын
есепке ала отырып, украин дағдарысын реттеу
жөніндегі болуы мүмкін жоспарды ұсынуды көздеген

еді. Осыған байланысты Н.Ә.Назарбаев ұшақ ішінде
Киевте болып өткен келіссөздерді қайта бір ой
елегінен өткізіп, «нормандтық пішімге» қатысушылар
жанжалды шешудің бейбіт үдерісін іске қосу үшін

б І т І м г е р өзара қолайлы шешімдерді қабылдауына мүмкіндік беретіндей ұсыныстарды өз қолымен қағазға тү­сір­ ді. Біздің Мемлекет басшысын Украина басшы­ лығының бірқатар маңызды ұстанымдар бойынша келіссөздерді бастауға дайын екендігіне сендіруі өте маңызды болды, соның ішінде: Ерекше мәртебе туралы заңды қайта қалпына келтіру; Донбассты экономикалық оқшаулауды алып тастау; Украинаның оңтүстік-шығысының экономикасын қайта қалпына келтіру және экономикалық байланыстарды қайта жалғастыру туралы. Украинаның Еуропалық Одақ пен НАТО-ға қосылуын қоя тұру мүмкіндігі қарастырылды, бірақ бұл украин басшылығы үшін өте шетін тақырып болып шықты және біртұтас ұстанымды түсінудің өзі қиын болды. Сонымен қоса, П.Порошенко да, және А.Яценюк та жанжалды реттеу үшін Киевке төмендегідей кепілдіктер қажет екендігіне назар аударды: 1) Украинаның аумақтық тұтастығы (В.Путиннің Ф.Олландпен кездесуінде Украинаның аумақтық тұтастығын мойындайтындықтары жөнінде мәлім­ деме жасағандығы оқырманға белгілі); 2) Украина үшін ТМД еркін сауда аумағы туралы Заңның күшін сақтап қалу; 3) Донецк мен Луганск облыстарының жекелеген аудандарында Украина заңы бойынша жергілікті сайлауларды өткізу; 4) Украина-Ресей шекарасына бақылау жасау.

б І т І м г е р
Басқа сөзбен айтқанда, В.Путинмен кездесу
алдында Қазақстан Президенті «норманд пішіміне»
қатысушы барлық тараптардың дерлік (Германияны

қоспағанда Ресей, Франция және Украина тараптары)
ұстанымдарының жалпы бейнесін қалыптастырып
үлгерді.
Біз Мәскеуге ұшып жеткенше және Внуково

әуежайынан Кремльге дейін жеткенше «норманд­
тық төрттік» елдері жетекшілерінің – В.Путин,
А.Меркель,
Ф.Олланд

және
П.Порошенконың
теле­фонмен сөйлесуі болып өтті (2014 жылдың
22 желтоқсаны). Оның барысында, Украинаның

оңтүстік-шығысындағы
жанжалды
ретке
келтіру

мәселелері жөнінде пікір алмасу одан әрі жалғасты.
Соңғы күндері бүтіндей алғанда атысты тоқтату
режімін сақтаудың қамтамасыз етілгендігі айтылды.
Төрт елдің басшылары украин дағдарысына қатысты

мәселелер бойынша бір-бірімен байланыс ұстап
отыруға келісті.
2014 жылдың 22 желтоқсаны – Н.Ә.Назарбаевтың
өмірбаянындағы ең тығыз күндердің бірі – Ресей

Федерациясының Президенті Владимир Путинмен
екіжақты кездесуімен нәтижелі аяқталды. Қазақ­
стан және Ресей президенттерінің әңгімелесуі
дәстүрдегідей өзара сенімділік және ашық жағдайда

өтті. В.Путин Н.Ә.Назарбаев баяндаған барлық
дерлік ымыраға келу ұсыныстарына қолдау білдірді.
Бірақ Мемлекет басшысының Киев пен Мәскеуге
сапарларының ең басты жетістігі мыналар болды:

б І т І м г е р
П.Порошенко да, В.Путин де «нормандтық пішімде»
кездесуге және барлық реттелмеген мәселелерді
талқылауға; олар бойынша ұстанымдар дәл келген

жағдайда, мұны қорытынды құжатта белгілеуге;
ал қағидатты айырмашылықтар сақталып қалған
жағдайда үнқатысуды одан әрі жалғастыруға және
қажетіне орай оларды келісу жөнінде «жол картасын»

әзірлеуге дайын екендіктерін білдірді. Кез келген
жағдайдың өзінде СІМ-лер басшылары жоғары
деңгейдегі кездесулердің қорытынды құжатының
жобасын

дайындауға,
мүмкіндігінше
оларды
келісуге, ал қалғандарын мемлекет басшыларының

талқылауына енгізуге тиіс болды.
«Нормандтық төрттіктің» Саммитін өткізу үшін
неғұрлым қолайлы орын ретінде Астана қаласы
ұсынылды. Қазақстан Президенті үнқатысу үшін

кез келген қолайлы уақытта алаң ұсынуға дайын
екенін білдірді. Оның үстіне В.Путинмен кездесуде
«нормандтық төрттік» елдерінің басшыларының
кездесуінің мүмкін болатын күні ретінде 2015 жылдың

15-16 қаңтары ұсынылды. Осы мерзімді келісу
жөнінде жұмыс басталды.
Астанаға қайтып келісімен, яғни 2014 жылдың
24 қаң­тарында мен Украина Президентінің көмек­

шісі Ю.Онищенкомен байланысқа шықтым және
біз Н.Ә.Назарбаев пен П.Порошенконың телефон­
мен сөйлесуін ұйымдастырдық. Украин тарапы
Киевте қол жеткізілген уағдаластықты дамыту үшін

ұсынылған мерзімді қолдады.

б І т І м г е р
Мемлекет басшысының Франция Президентімен
және Германия Канцлерімен телефонмен сөйле­суін
ұйымдастыру неғұрлым күрделірек болды, өйткені

бұл сәтте Еуропада Рождество мерекесі баста­
лып кеткен еді. Олармен тек 2014 жылдың 26 және
27 жел­тоқсан күндері ғана байланыс жасай алдық.
Ф.Олланд «нормандтық пішімде» кездесу идеясының

өзін де, және кездесу орны – Астана болуын да,
кездесу күні 2015 жылдың 16 қаңтарына да, бүтіндей
алғанда, қолдау білдірді.
А.Меркель де бұл идеямен келісті, бірақ дағ­

дарысты практикалық тұрғыдан реттеуде көрініп тұ­
ратындай өнімді нәтижеге жету үшін «нормандтық
төрттік» елдерінің жетекшілері қабылдай алатындай
нақты әрекет етуші құжат әзірленуі тиіс деген тілегін

де білдірді. Осы арада ГФР канцлерінің біздің Мемле­
кет басшысының жұмысы нәтижелерімен егжей-тег­
жейлі танысып үлгермеген бірден-бір басшы болған­
дығын еске сала кетпекпін. Сондықтан ол мұндай

бастамашылдыққа
біршама
күмәнмен
қарады.

Дегенмен, соған қарамастан ол Н.Ә.Назарбаевпен
украин мәселесін нақты талқылауға үлкен мүдделілік
танытты және Қазақстан Президентіне мүмкіндігіне
орай таяу уақыттардың ішінде Берлинде кездесуге

ұсыныс жасады. Нұрсұлтан Әбішұлының 2015
жыл­дың қаңтарында қысқа мерзімді демалысқа
шы­ғуды
жоспарлағанына

қарамастан
украин
жанжалын реттеу жөніндегі бейбіт үдерісті одан әрі
алға жыл­жыту және бұған Германияны тарту үшін

б І т І м г е р
А.Меркельдің шақыруын қабыл алғандығын айта ке­
ту керек. Мен өзім көптен білетін әріптесім К.Хойзген­
мен байланысқа шықтым және біз Берлиндегі кездесу

уақытын белгіледік. Қазақстан Президенті мен ГФР
Канцлерінің кездесуі 2015 жылдың 9 қаңтарында
болды, бұл жайында келесі тарауда егжей-тегжейлі
жазылатын болады.

Ф.Олландпен және А.Меркельмен телефонмен
сөйлесу нәтижелері туралы Мемлекет басшысы
2014 жылдың 29 желтоқсанында В.Путинді және
П.Порошенконы хабардар етті. Барлық тараптар

өздерінің сыртқы істер министрлеріне «нормандтық
кездесудің» қорытынды құжатын әзірлеуді және өза­
ра келісуді тапсырды.
Өтіп бара жатқан 2014 жылдың соңғы күндерінде

барлық тараптар таяудағы уақытта «нормандтық
пішімде» жоғары деңгейдегі кездесу өткізу туралы
Нұрсұлтан Назарбаевтың идеясына қолдау білдірді.
Соған қарамастан Қазақстан Президенті бұл шараны

жария еткісі келмеді, өйткені уақыттың барынша
қысқалығына қарамастан, өте зор әзірлік жұмыстарын
жүргізу алда тұрды және ақпараттық айғай-шу артық
болар еді. Оның үстіне Н.Ә.Назарбаев украиндық

дағдарыстың араағайыны ретінде көзге түсуді
қалаған жоқ. Ол барлық тараптарды келіссөз үстеліне
отырғызуды және жанжалды бейбіт арнаға түсіруді
шынайы түрде қалады.

Сонымен қатар, Астанадағы жоспарланған кез­
десу туралы бірінші хабарды Украина Президенті

б І т І м г е р
П.Порошенко жасады, ол 2014 жылдың 29 желтоқ­
санында Астанада 2015 жылдың 15 қаңтарында
өтетін «нормандтық пішім» деп аталатын Германия,

Франция, Ресей және Украина басшыларының
кездесуіне қатысатындығын мәлімдеді. Бұл біз үшін
күтпеген жағдай болды, өйткені біз оны «жабық
режімде» әзірлеп жатқан едік.

Осыған байланысты бізге сол сәтінде әрекет етіп,
Украин Президентінің сөзіне қандай да бір болмасын
ресми түсініктеме беруге тура келді. Сондықтан
2014 жылдың 30 желтоқсанында Ақорданың ресми

сайтында төмендегідей хабар жарияланды:
«Украина, Ресей, Германия және Франция бас­
шыларының Астанада кездесу өткізуі мүмкін екендігі
туралы

30.12.2014
Қазақстан Президенті өзінің Киев пен Мәскеу­
ге жел­тоқсандағы сапарларында украин дағдары­
сынан шығуға мүмкіндік беретіндей жолдарды

талқылады.
Осы кездесулерден кейін Нұрсұлтан Назар­баев
Украина Президенті П.Порошенкомен, Франция
Президенті Ф.Олландпен және ГФР Канцлері А.Мер­

кельмен телефонмен сөйлесулері барысында осы
тақырыпты талқылады.
Келіссөздер нәтижесінде Украина Президенті
П.По­рошенкомен және Ресей Президенті В.Путин­

мен ГФР Канцлері А.Меркельдің және Франция Пре­
зиденті Ф.Олландтың қатысуы жағдайында Астанада

б І т І м г е р
екі елдің басшыларының кездесуін өткізудің мүмкін
екендігі келісілді.
Қазақстан өз тарапынан 2015 жылдың 15-16 қаң­

тарында немесе тараптар үшін басқа да қолайлы
уақыттарда келіссөздерді өткізуге дайын».
Астанада болуы мүмкін келіссөз туралы ақпарат­
ты әлемдік қоғамдастықтың, сондай-ақ, Украинаның

оңтүстік-шығысындағы жанжалға қатысушылардың
да көтеріңкі көңіл-күймен қабылдағанын айта кету
керек. Мәселен, өзін өзі жариялаған ДХР-дің ресми
өкілі Д.Пушилин Астанадағы «нормандтық пішім»

кездесуі Киев пен Донецк арасындағы кейбір проб­
лемаларды «өлі нүктесінен» қозғауы мүмкін екендігін
мәлімдеді.
Астанадағы сәтті кездесуге Байланыс тобының

жал­ғасып жатқан келіссөздері де бірқатар үміт
арттырды. Мәселен, 2014 жылдың 24 желтоқсанында
Минскіде келіссөздердің кезекті раунды болып өтті,
оған ЕҚЫҰ іс басындағы төрағасының Украина­

дағы жағдайды реттеу мәселелері жөніндегі ресми
өкілі Х.Тальявини, Украинаның бұрынғы президенті
Л.Куч­ма, Ресейдің Украинадағы елшісі М.Зурабов,
өзін өзі жариялаған ЛХР өкілі В.Дейнего және өзін өзі

жариялаған ДХР өкілі Д.Пушилин қатысты.
Осымен бірге, өкінішке орай, 2014 жылдың жел­
тоқсанында жағымсыз үдерістер де байқалды.
Жанжал аймағында ерікті жасақтар жағынан да,

украин қарулы күштері жағынан да атқылау жал­
ғасып жатты. Байланыс топтары атысты тоқтату

б І т І м г е р
және әскери техникалар мен қару-жарақтарды түйісу
шебінен алып кету жөнінде түбегейлі келісімге келе
алмады. Оның үстіне украина армиясы да, ерікті

жасақтар да «тыныштық режімін» пайдаланып,
белсенді түрде қайта қаруланды және өздерінің
әскери күштерін қайта қалпына келтірді, осының
барлығы «нормандтық төрттік» елдері жетекшілері­

нің кездесуін өткізу мерзіміне әсер етті.

V. «НОРМАНДТЫҚ ПІШІМДЕГІ»

КЕЗДЕСУ: НЕЛІКТЕН АСТАНА ЕМЕС?

«Нормандтық пішімдегі» жоғары деңгейдегі кез­
десу Астанада 15-16 қаңтарда өтеді деп белгіле­
нуіне байланысты 2015 жыл үміттендірген жағдайда
басталғанымен, сонымен бірге, қарама-қайшылық­

ты ағымдардың да белең алғандығы байқалды.
Бір жағынан, жаңа жылдық мерекелер аяқтала
салысымен «нормандтық төрттік» елдерінің СІМ-
лері Астанада жоспарланған кездесудің қорытынды

құжатының жобасын өзара келісуге кірісті.
Екінші жағынан, жанжал аймағындағы жағдай
оқыс нашарлай түсті. Оқ атысу қарқынды түрде қайта
жалғасты. Донецк әуежайы және оның қасындағы

елді мекендер, сондай-ақ Дебальцево мен Луганск
бағытындағы бірқатар елді мекендер ірі ұрыстардың
орталығына айналды.
Тайталасушы тараптар «нормандтық пішімдегі»

бейбіт келіссөздер басталуының қарсаңында 2014

б І т І м г е р
жылдың 19 қыркүйегіндегі Минск меморандумында
белгіленген шектеу желісімен шектеліп қана қалмай,
қосымша аумақтарға өз ықпалдарын тарата отырып,

тактикалық артықшылыққа қол жеткізуге ұмтылды.
2015 жылдың 18 қаңтарындағы таңертең Украи­
наның қарулы күштері АТҰ аймағындағы қарулан­
ған сепаратистер орналасқан орындар бойынша

тұтастай атыс бастауға бұйрық алды. Украиндық
күштердің әуе шабуылы да қайта басталды. Ерікті
жасақтар өз кезегінде қарсы шабуылға шықты. ЕҚЫҰ-
ның Украинадағы мониторингтік миссиясы ауыр

әскери техникалардың алға жылжытылу фактілерін
тіркей бастады.
Мойындалмаған ДХР және ЛХР басшылары
Киевпен бейбіт келіссөздер жүргізуге ниетті емес

екендіктерін және Украина тарапымен тек тұт­қын­
дарды айырбастау мәселесі жөнінде ғана хабар­
ласатындықтарын мәлімдей бастады. Сон­дай-ақ,
Минск меморандумы әу баста қабыл­данғандағы­

дай түрде қарастырылмайтындығы атап көрсетілді
(ескерту: мұнда сөз ең алдымен шектеу шебі туралы
болып отыр).
БҰҰ-ның Адам құқығы жөніндегі Жоғарғы комис­

сары басқармасының өкілі Р.Коллвил Украинадағы
жанжал уақытында 2014 жылдың сәуірінен бастап,
5 мыңнан астам адамның қаза тапқандығын мә­
лімдеді. БҰҰ Гуманитарлық мәселелерді үйлестіру

басқармасының мәліметі бойынша, 1,5 миллионнан
астам адам көшуге мәжбүр болды.

б І т І м г е р
2015 жылдың 27 қаңтарында жоғары Рада Ресейді
агрессор ел деп таныды. Бұл шешімге 275 халық
депутаты дауыс берді. Украина парламенті өзінің

әріптестеріне Ресейге қысымды күшейту, соның
ішінде, жаңа секторлық санкцияларды енгізу жөнінде
үндеу тастады.
Осы жағдай аясында Еуроодақ кеңесі РФ жеке

тұлғаларына қатысты жеке санкцияларды ұзарту
(2015 жылдың қыркүйегіне дейін) туралы шешім
қабылдады, оның мерзімі наурыз айында өтіп кететін
еді.

Адам өлтіретін қару-жарақ пен әскери техника­
ны беру мәселесі айналасындағы айтыс-тартыстар
шиеленісті одан әрі қоздырды. Вашингтонда АҚШ
Президентін украин қарулы күштеріне кең көлемді

әскери көмек көрсетуді бастауға үгіттеді. Америкалық
қару-жарақ
жанжал
аймағындағы

шиеленісті
күшейтетіндігін түсінген еуропалық жетекшілер оған
қарсы болды.
Сөйтіп, 2015 жылдың 11-12 ақпанында «норманд­

тық пішімдегі» кездесуге дейін-ақ тайталасушы
жақтар бетпе-бет ұрыстарды жүргізіп жатты. Бұл
ұрыстардың мақсаты қарсы жақтың стратегиялық
бастамасын басып алу, шабуыл жасалынған нүк­

телердегі өз қорғанысын ұстап тұру, сондай-ақ қарсы
жақты өзінің стратегиялық резервтерін соғысқа
қосуға мәжбүрлеу болды.
Дебальцево қаласы маңайында неғұрлым күр­делі

жағдай қалыптасты, ол жерден бейбіт тұрғындар­ды

б І т І м г е р
жедел көшіріп әкету басталды. Дебальцево қазан­
дығы деген атау пайда болды. Онда, кейбір деректер
бойынша, 5-6 мың украиндық әскери қызметкер

қоршауда қалды.
Міне, осындай жағдайда, 2015 жылдың қаңтары
мен ақпанын тұтастай алғанда, жанжал аймағындағы
атысты тоқтатуға және дағдарысты реттеудің бейбіт

үдерісін бастауға бағытталған «нормандтық төрттік»
елдері
басшыларының
кездесуін

ұйымдастыру
жөніндегі келіссөздер де тоқталып қалмай жүріп
жатты.
Атап айтқанда, 2 қаңтарда «нормандтық төрттік­

тің» сыртқы істер министрлерінің телефон конфе­
ренциясы болды, оның барысында мемлекет бас­
шылары деңгейінде қабылдауға ұсынылатын қоры­
тынды құжаттың бірінші нұсқасы талқыланды.

2015 жылдың 5 қаңтарында Берлинде «норманд­
тық төрттік» елдері сыртқы істер министрліктері
өкілдерінің кездесуі болды. ГФР СІМ өткен келіссөздің
сындарлы болғандығын, алайда жұмыс кездесуіне

қатысушылар арасында шешілмеген мәселелер
қалғандықтан оның одан әрі жалғасатындығын мә­
лімдеді.
Украина СІМ-нің ресми өкілі А.Макеев Берлиндегі

кездесуде астаналық саммитке бірлескен құжатты
қабылдау үшін негіз қаланғандығын мәлімдеді және
кездесудің «көбінесе техникалық тұрғыда екенді­гін»,
оның мақсаты тараптардың ұстанымдарын өлшеп

көру болғандығын мәлімдеді.

б І т І м г е р Ақырында, Франция СІМ басшысы Л.Фабиус 2015 жылдың 15 қаңтарында Астанадағы кездесуді ұйым­ дастырудың 4 шартын атады: • минскілік келісімді сақтау; • тұтқындарды айырбастауды жалғастыру; • нақты «түйіліс шебін» белгілеу және шекара­ ларды бақылауға алу; • ЕО мен РФ арасындағы көпір болуға тиісті Украи­на үшін саяси көкжиекті белгілеу. ҚР Сыртқы істер министрі Е.Ыдырысовтың «нор­ мандтық төрттік» елдері СІМ-лері басшыларымен тұрақты байланыста болғандығын, сондай-ақ, мен секілді мемлекеттер басшылары әкімшіліктеріндегі өз әріптестерімен пікір алмасып отырғандығын айта кету керек. Біз Қазақстан Президентін, қысқа мерзімдік де­ малыста жүргеніне қарамастан барлық жаңалықтар жөнінде дереу хабарландырып отырдық. Біз Аста­ на саммитінің қорытынды құжатының жобасына егжей-тегжейлі талдау жүргізіп, барлық тараптардың ұстанымдары мен ұсыныстарын салыстырдық. Көп­ теген мәселелер бойынша «нормандтық төрттік» ұстанымдары бір-біріне сәйкес келді немесе олар­ ды СІМ-лер деңгейінде келісуге болар еді. Сонымен бірге, бірқатар қағидатты айырмашылықтар жөнінде мемлекет басшылары деңгейінде талқылаулар өткізу және саяси шешімдер қабылдау қажет еді. Сөйтіп, Н.Ә.Назарбаев Германияның Федералдық канцлері Ангела Меркельмен бейресми кездесу үшін Берлинге келген кезде өтіп жатқан оқиғалар туралы 12-0192

б І т І м г е р
толық хабардар болатын. Оның үстіне Нұрсұлтан
Әбішұлы А.Меркельмен кездесуге дейін РФ Пре­
зиденті В.Путинмен телефон арқылы сөйлесіп, бо­

луы мүмкін Астана кездесуі қорытынды құжатының
жобасындағы жұмыстарға қатысты біз ұсынған
баяндаманы және 2014 жылдың желтоқсанында
Мәскеуде қол жеткізілген уағдаластықты есепке ала

отырып, украиндық дағдарысты реттеуге ықпал ету
мәселелерін талқылады.
ГФР-да жұмыс істей жүріп мен А.Меркель қыз­
метінің ерекшеліктерімен жақсы таныс болған

едім. Оны Германияның жаңа тарихындағы ең та­
бысты саясаткер деп шын мәнінде атауға бола­
ды. Ол Германияның өзінде және Еуроодақта, бү­
тіндей алғанда бүкіләлемдік аренада зор беделге

ие. Біліктілік пен дәйектілік, прагматизм, мақсатқа
жетудегі ұстамдылық пен қажырлылық, Германияның
мүддесін қатаң қорғау – оған тән сипаттар. Ол
барлық мәселелерге өте мән бере қарайды, бірден

иліге қоймайды, әсіресе егер бұл мәселе оның
көзқарасына сәйкес келмесе және өтірік сөйлеуді, өз
сөзінде тұрмаушылықты барынша жақтырмайды.
Бірақ Н.Ә.Назарбаев пен Меркельдің кездесуін­

де бір-біріне жағымды әсер қалдыру негізінде екі
көшбасшы да әңгімелесуге бейім екендіктерін, бірін-
бірі айтпай-ақ ұғып отырғандықтарын көрдім. Екеуіне
де украин жанжалын тек қана бейбіт жолдармен рет­

ке келтіруге қол жеткізуге деген шынайы ниет дем
беріп отырды. Екі мемлекет көшбасшылары іске

б І т І м г е р
қосылған барлық тараптардың Минск келісімдерін
бұлжытпай жүзеге асырудың қажеттігін, мұның тез
арада бейбіт шешуге және сенімді нығайтуға ықпал

ететіндігін атап көрсетті. Олар дағдарыстан шығу
жөніндегі шешімдерді бірлесе тынымсыз іздестіруді
бастады.
Мемлекет басшысы федералдық канцлерді өзі­

нің Киевке және Мәскеуге жасаған сапарлары, П.По­
рошенкомен, А.Яценюкпен, В.Путинмен өткізген
әңгімелері жайында егжей-тегжейлі хабарландыр­
ды. А.Меркельдің назарын Минск келісімдерін нақты

сақтаудың, сондай-ақ оқшаулауды алып тастап,
Киевтің Донецкімен және Луганскімен экономикалық
және әлеуметтік тұрғыдағы қатынасын қайта қал­
пына келтірудің қажеттігіне аударды. Кремль үшін

Украинаның блоктан тыс мәртебесі ерекше маңызды
болып табылатындығын атап көрсетті.
Болуы мүмкін Астана кездесуі қорытынды құжа­
тының жобасын қарастыра келе Н.Ә.Назарбаев

ымыраға келу үшін түйісерлік сәттердің бар екен­
дігін атап көрсетті. Олар – Украинаның аумақ­
тық тұтастығы мен саяси тәуелсіздігін құр­меттеу,
дағдарысты бейбіт жолмен шешу, Минск уағ­да­

ластықтарын жүзеге асы­ру, тыныштық режімі,
қуатпен қамту және тағы басқалар. Өкінішке орай,
қағидаттық келіспеушіліктер де болды, олар бойын­
ша, шешімдерді әзірлеу мақсатын­да, соның ішінде

Украинада жалпыұлттық үнқаты­суды өткізу жөнінде
кездесу және талқылауларды жалғастыру қажет еді.

б І т І м г е р
А.Меркельдің атап өткеніндей, қорытынды құ­
жаттың жобасын келісудегі басты қиындық Киев пен
ерікті жасақтар бақылауындағы облыстар арасын­

дағы шекараларды айқындау сызбасының жоқтығы,
сондай-ақ оған тиісті бақылаудың орнықпағандығы
болып табылады. Жанжал аймағындағы тактикалық
әрекеттердің 2014 жылдың 19 қыркүйегіндегі Минск

меморандумында көзделген дәл осы шектеу шептерін
қарсы тұрушылар бақылауындағы аумақтарға қарай
тереңдете орнынан қозғауға бағытталғандығы бел­
гілі.

А.Меркельдің Мемлекет басшысынан «норманд
төрттігі» елдері жетекшілерінің кездесуін нақ Аста­
нада өткізудің қаншалықты қағидатты екендігін
ашық сұрауы да қызықты болды. Бұған Қазақстан

Президенті де соншалықты қағидатты емес екендігін
айтып, шынайы жауап берді. Шын мәнісінде, қан­
төгісті, әсіресе, бейбіт тұрғындар, әйелдер мен бала­
лар арасындағы қазаға ұшырауды тоқтату үшін бұл

кездесуді өткізу орны емес, ең бастысы оның өтуінің
өзі неғұрлым маңыздырақ еді.
Кездесу қорытындысын федералдық канцлердің
өкілі Георг Штрайтердің DW сұрағына жауап бере

отырып, сипаттағанындай: «нормандтық пішімдегі»
болуы мүмкін кездесуді қабылдаушы тарап ретіндегі
Қазақстан рөліне келер болсақ, Берлин Ресейдің
көршісі болып табылатын бұл «үлкен де маңызды»

ел президентінен украин дағдарысын шешуді бас­
тау және оны еңсеру үшін үлкен үлес пен күш-жігер
күтеді».

б І т І м г е р Сол күні, 2015 жылдың 9 қаңтарында Н.Ә.На­ зарбаевтың Германияның федералдық сыртқы істер министрі Франк-Вальтер Штайнмайермен кездесуі болды. Бұл кездесу Ф.-В.Штайнмайердің 2014 жыл­ дың қарашасындағы Қазақстанға жасаған ресми са­ пары аясындағы келіссөздердің жалғасына айнал­ ды. Келіссөздер барысында, екіжақты қарым-қаты­ настардың басым қырлары және Украинаның шы­ ғысындағы жағдайды ретке келтіру шаралары талқыланды. Украина, Ресей, Германия және Фран­ ция басшыларының Астанада таяуда болуы мүмкін кездесуінің бірқатар алғышарттары жөнінде нақты пікір алмасылды. Неміс министрі «Минск келісімдерінің соңғы уа­ қыттары өзінің қозғалыс қарқынын жоғалтып ал­ ғандығын» атап көрсете келе, Қазақстан Пре­ зидентіне шиеленісті еңсеруге әрекет жасаған дер кезіндегі бастамасы үшін алғысын білдірді және Аста­ нада «нормандтық пішімде» кездесу өткізу идея­сын толықтай қолдады. Алайда, Ф.-В.Штайнмайер бұл кездесуді 2015 жылдың 15 қаңтарында өткізу мер­ зіміне күмән келтірді, ол, шамасы, 20 қаңтарға не­ месе одан да кейінгі мерзімге сырғытылатын болар деген пікірін жеткізді. ГФР СІМ басшысының мұнысы дұрыс болып шықты. 2015 жылдың 9 қаңтарында «нормандтық пішім­ де» байланыстарды жалғастыру мақсатында Ресей, Германия, Украина және Франция СІМ басшылары

б І т І м г е р
С.Лавров, Ф.-В.Штайнмайер, П.Климкин және Л.Фа­
биус арасында телефонмен сөйлесу болды.
Украинаның оңтүстік-шығысындағы жағдайды бей­

біт жолмен реттеуге ықпал ету жолдарын жанжалда­
сушы тараптардың Минск келісімін сақтауына екпін
түсіре отырып талқылау негізгі назарға ұсталынды.
Қо­рытындысында, сыртқы істер министрлерінің «нор­­

мандтық пішімдегі» кездесуін 2015 жылдың 12 қаң­
тарында Берлинде өткізу туралы уағдаластыққа қол
жеткізілді.
2015 жылдың 15 қаңтарында ГФР Канцлері

А.Меркель РФ Президенті В.Путинмен, сондай-ақ
П.По­рошенкомен телефонмен сөйлесті. Осы күні
А.Меркель Астанада кездесу өткізу үшін қыркүйекте
Минскіде қол жеткізілген келісімдерді жүзеге асы­

руда ілгерілеу болуы қажеттігін мәлімдеді. Ф.-В.
Штайнмайердің болжам жасағанындай, мемлекет
басшыларының «нормандтық» кездесуінің мерзімін
кейінге ауыстырудың алғашқы белгілері байқала

бас­тады.
2015 жылдың 12 қаңтарында Берлинде «норманд­
тық төрттік» елдері СІМ басшыларының деңгейін­
де кездесу болып өтті. Келіссөздер қорытындысы

жөніндегі бірлескен мәлімдемеде Астанадағы сам­
митті өткізудің шарты Минск келісімін жүзеге асы­
ру үшін Донбасс жөніндегі Байланыс тобының кез­
десуін ұйымдастыру болып табылатындығы ай­

тылды (бірлескен мәлімдеме мәтіні қосымшада
беріледі).

б І т І м г е р
2015 жылдың 15 қаңтарында украин тарапының
бастамашылдығы бойынша Қазақстан Президенті
Н.Назарбаев пен Украина Президенті П.Порошенко

телефонмен сөйлесті. Сөйлесу кезінде біздің Мем­
лекеттің басшысы Украинаның Президенті мен
халқына Волноваха қаласының маңайындағы қай­
ғылы оқиғаға байланысты көңіл айтты. Онда артил­

лериялық ату салдарынан автобустағы 13 жолау­
шы қайтыс болып, 10-нан астам адам жарақат
алған еді. Әңгіме барысында, Украина, Ресей, Гер­
мания және Франция басшыларының Астанадағы

кездесуін қаңтардың соңында өткізу жайында айтыл­
ды. П.Порошенко Н.Назарбаевты бұл кездесудің өтуі
үшін жұмыс істейтіндігіне сендірді.
2015 жылдың 21 қаңтарында америкалық тарап­

тың бастамасы бойынша біздің Мемлекеттің басшы­
сы АҚШ Президенті Барак Обамамен телефонмен
сөйлесті. Әңгіме барысында, Н.Ә.Назарбаев Ақ үй
басшысын Ф.Олландпен, П.Порошенкомен, В.Путин­

мен және А.Меркельмен жүргізген келіссөздерінің
қорытындылары, сондай-ақ «нормандтық пішімде»
кездесу өткізу бастамасы туралы қысқаша хабардар
етті. Б.Обама Нұрсұлтан Әбішұлына күрделі украин

мәселесін бейбіт шешу жөнінде белсенді күш-жігер
жұмсағандығы үшін алғысын білдірді. Қазақстан
Президенті өз кезегінде америка президентіне бітімге
келу жолдарын іздестіруде Кремльмен неғұрлым

белсенді диалог жүргізуді ұсынды.

б І т І м г е р
Қаңтардың екінші жартысы да Байланыс топта­
ры мен «нормандтық төрттік» елдері СІМ-лері ая­
сындағы келіссөздерге толы болды. Алайда, олар­

да әсерлі нәтижелердің болмауы Ресей, Германия,
Франция және Украина басшыларының Астанадағы
кездесуін өткізу жөнінде келісімге келуге әлі де
мүмкіндік бермеді.

Мәселен, 2015 жылдың 15 қаңтарында Киевте
Байланыс топтарының үшжақты кездесуі болып өтті.
21 қаңтарда Берлинде «нормандтық пішім» елдері
СІМ басшылары кездесті. Министрлер барлық жан­

жалдасушы тараптарды ұрыс қимылдарын тоқта­
туға шақырды. Кездесу қорытындысы жөніндегі бір­
лескен мәлімдемеде де ауыр қару-жарақты Минск
меморандумындағы ережелерде келісілген шептер­

ге сәйкес кері алып кетуге шақыру бар (бірлескен
мәлімдеме мәтіні қосымшада беріледі).
24 қаңтарда үшжақты Байланыс тобы шұғыл оты­
рыс өткізіп, Украинаның шығысында шиеленістің

өсуін талқылады және күштеу мен зорлаудың,
әсіресе, Мариуполь қаласына таяу жерлерде бел­
сенді сипатқа ие болғандығын айыптады. «Мұндай
зорлық 5 және19 қыркүйектегі Минск хаттамасы мен

Минск меморандумындағы келісімдер мен қол жет­
кен жетістіктерге мүлдем қайшы келеді», – деп атап
көрсетілді Киевтегі отырыс қорытындысы жөніндегі
мәлімдемеде.

2015 жылдың 26 қаңтарында Донецкіде Киев өкілі –
«Украиндық таңдау» қоғамдық ұйымының басшысы

б І т І м г е р Б.Медведчуктың ДХР мен ЛХР басшылары А.За­ харченко, И.Плотницкиймен кездесу болды. Кез­ десу Минск пішіміндегі алда өтуге тиіс келіссөздер жөнінде алдын ала консультациялар алмасу сипа­ тында өтті. 2015 жылғы 25 қаңтарда П.Порошенко, А.Меркель және Ф.Олландтың арасында телефон арқылы бол­ ған әңгімеде қол жеткізілген уағдаластыққа сәйкес Еуроодақ Кеңесінің отырысына дейін 2015 жылғы 29 қаңтарда тағы да украиналық жанжалды рет­ теу жөніндегі Байланыс тобының кездесуі болып өтті. Сонымен бірге Байланыс тобының қатысушы­ лары – ЕҚЫҰ-ның Іс басындағы төрағасының Арнау­ лы өкілі Х.Тальявини, Ресей Федерациясының Украи­надағы Елшісі М.Зурабов және Украинаның бұрынғы президенті Л.Кучманы Украина Президенті П.Порошенко қабылдады. 2015 жылы 31 қаңтарда Минскіде Украина, Ресей, ЕҚЫҰ өкілдерінің, сонымен бірге ДХР және ЛХР өкілдерінің қатысуымен Үшжақты байланыс тобының кезекті кездесуі болып өтті. Кездесу қорытындысы бойынша тараптар қорытынды құжатқа қол қоймады. Қаңтар айының соңында ГФР Канцлері А.Меркель және Франция Президенті Ф.Олланд Байланыс тобы және «нормандтық төрттік» елдері СІМ-лері дәрежесіндегі келіссөздер тығырыққа тірелгенін түсініп, ұстанымдарды жақындастыру мақсатында барынша белсенді қадамдар жасап, В.Путинмен және П.Порошенкомен кезек-кезек

б І т І м г е р
телефон арқылы сөйлесу серияларын жүргізгенін
атап көрсету керек.
Осы жерде атап өтетін бір мәселе, Мемлекет

басшысының уәжді дәлелдері неміс канцлерінің
барлық тараптарды қанағаттандыратын ымыралық
ұсыныстарды табу мүмкіндігі бар екендігі жөнінде
үмітін оятты.

Бұл ретте Еуроодақтың екі елі жетекшілерінің
Ресей және Украина президенттерімен телефон ар­
қылы жүргізген келіссөздерінің хронологиясы мынан­
дай көрініс табады:

25 қаңтар – А.Меркель және В.Путин.
26 қаңтар – Ф.Олланд және В.Путин.
28 қаңтар – А.Меркель, Ф.Олланд және П.По­
рошенко.

31 қаңтар – А.Меркель, Ф.Олланд және В.Путин.
1 ақпан – А.Меркель, Ф.Олланд және П.Порошенко.
Менің ойымша, нақ осы кезеңде неміс Канцлері
және француз Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы

Назарбаевтың тәсілімен қарулану, яғни Мәскеу, Киев
және халық жасағының көзқарастарын қоса алғанда,
қатысушы тараптардың барлық ұсыныстары мен
талаптарын «бір себетке салып», осының негізінде

П.Порошенко және В.Путиннің жеке кездесуі кезінде
талқылауға басымдық беретін мәмілелік ұсыныс
қабылдау жөнінде шешімге тоқтаған сияқты.
Жоғары дәрежедегі кездесулердің және келіс­

сөздердің белсенді кезеңі басталды. Ақпан айы­
ның 5 және 13 жұлдыздарының арасы әртүрлі іс-

б І т І м г е р
шараларға толы болумен бірге маңызды мәлімде­
мелермен және шешуші уағдаластықтармен түр­
ленді. Мұндай белсенділікке АҚШ-тың Мемлекеттік

хатшысы Дж.Керридің 5 ақпанда Украинаға ресми
сапармен келетіндігі туралы хабар қозғау салды.
Украина Президентімен кездесуден кейін АҚШ
Мемлекеттік хатшысы Америка тарапынан Украинаға

және Петр Порошенкоға қолдау көрсетілетіндігі
туралы мәлімдеді. «Мен бүгін Президент Обаманың,
бүкіл Америка халқының атынан Украина халқына
олардың демократия және еркіндік жолындағы

күресіндегі, ең бастысы, олардың жерінің тұтас­
тығы мен елінің егемендігін қорғау жолындағы ажы­
рамас құқына қолдау көрсететіндігін және бірге
болатындығын білдіру үшін арнайы келдім. Украин­

дықтардың мұны қалай жасап жатқанын құрметтейміз
және осыған тәнтіміз», – деп мәлімдеді Дж.Керри.
Ол, сондай-ақ, Донбасстағы жанжалдың дипло­
матиялық жолмен шешілуі маңызды екенін атап

өтті. «Біздің таңдауымыз – бейбітшілік пен бейбіт
реттеу. Ресей де осы таңдауды жасауы керек, бірақ
оны тек сөзбен емес, іспен де көрсетуі керек. Ресей
өзі қол қойған Минск уағдаластықтары бойынша

міндеттемелерін ұстануға тиіс», – деп мәлімдеді
Мемлекеттік хатшы.
Дж.Керридің айтуынша, «Ресей сепаратистерге
әскери көмек көрсетуді тоқтатуға тиіс, оларды ұзақ

мерзімдік саяси шешімдерге қол жеткізу жолындағы
келіссөз үстеліне отыруға мәжбүрлеуі керек. Оқ

б І т І м г е р
атуды сөз жүзінде ғана емес, іс жүзінде тоқтату керек,
ауыр қару-жарақ түрлерін бейбіт тұрғындарға қауіп
төндірмейтін қашықтыққа апару керек».

АҚШ Мемлекеттік хатшысының Киевтегі сапары­
ның қорытындысы бойынша көптеген сарапшылар
күткен Украинаға қырып-жойғыш сипаттағы қару-жа­
рақ және әскери техниканы жеткізуді бастау туралы

мәлімдеме жасалынбағанының өзі-ақ жанжалды әс­
кери тайталасты келіссөз және дипломатия жолы­
на ауыстыру туралы жақсы үрдістің бастау алғанын
көрсетті. «АҚШ, Президент Обама барлық тараптарға

осындай
нәтижелерге
жетуге
көмек

көрсетуге
дайын. Сондай-ақ, бүгін Канцлер Меркельдің және
Президент Олландтың ресми сапармен Киевке келу
фактісінің өзі АҚШ, Франция, Германия бірлесіп,

сонымен
бірге
Украинаны
қосқандағы

біздің
халықаралық серіктестеріміз Ресейді жаңа мен атап
көрсеткен қадамдарды тоқтаусыз іс жүзіне асыруға
шақырады», – деді Джон Керри.

Сонымен бірге, 5 ақпан күні кешкісін болған
ГФР Канцлері А.Меркельдің, Франция Президенті
Ф.Олландтың және Украина Президенті П.Поро­
шенконың арасындағы кездесулер де өте нәтижелі

болды. Германия және Францияның жетекшілері
Киевке Донбасстағы ахуалды бейбіт реттеу жө­
ніндегі дайын ұсыныс пакеттерімен келді және
оны украиндық басшымен талқылауға ниеттенген

болатын.
Украина Президентінің ресми сайтындағы дерек­
терге сәйкес, келіссөздер бес сағаттан артық

б І т І м г е р
уақытқа созылған. П.Порошенко, А.Меркель және
Ф.Олланд жанжалды шешуге негіз болатын минс­
кілік уағдаластықты жүзеге асырудың жолдарын

талқылады және болашақ қадамдарға қатысты
жалпы ұсыныстарды белгіледі. Үш көшбасшы оқ
атуды дереу тоқтатуды, Украинадан шетел әскерін
әкетуді, ауыр техникаларды және қару-жарақтарды

шығаруды, шекараны жабуды және барлық аманатқа
алынған адамдарды босатуды талап етті.
Кездесу қорытындысы бойынша П.Порошенко
атап көрсеткендей, Германия Канцлерімен және

Франция Президентімен болған бүгінгі келіссөздер
«оқ атуды тоқтатудың нәтижесі болатындығына үміт
береді».
Киевтегі осы кездесудің қорытындысы бойынша

жасаған үш көшбасшының мәлімдемелерін сараптай
отырып, Қазақстан Президентінің 2014 жылдың
желтоқсан айының өзінде «нормандтық пішімнің»
қатысушыларының назарына және талқылауына

ұсынған ымыралық ұсыныстарын оңай байқауға
болады.
Атап айтқанда, Украина Президенті П.Порошен­
ко А.Меркельмен және Ф.Олландпен болған кез­

десулердің қорытындысы бойынша баспасөз өкіл­
дері алдында барлық тараптар дереу оқ атуды
тоқтатуы, барлық аманатқа алынғандарды босатуы,
басып алынған аймақтарда украиндық заңдылық

бойынша жергілікті сайлау өткізу жолымен саяси
үдерісті бастайтын минскілік уағдаластықты орын­

б І т І м г е р
даулары керек деп атап көрсетті. Сонымен бірге
Украина басшысы еркін экономикалық аймақты қо­
са алғанда өңірдің экономикалық дамуы үшін, әлеу­

меттік төлемдерді жандандыру, өте маңыздысы –
гуманитарлық миссияны орындау бойынша елеулі
қадамдар жасау қажеттігін атап көрсетті.
А.Меркель және Ф.Олланд өздерінің бейбіт жос­

парының жобаларын П.Порошенконың ұстаным­
дарымен салыстырып алғаннан кейін олар Ресей
Федерациясының Президенті В.Путинмен осы мә­
селелерді талқылауды жалғастыру үшін Мәскеуге

бағыт алды.
Kremlіn.ru сайтында хабарланғанындай, «қазіргі
кезде Франция Президенті және ГФР Канцлерінің
ұсыныстары негізінде минскілік уағдаластықты им­

плементациялау бойынша біріккен құжаттың мә­
тінін дайындау үшін бірлескен жұмыстар жүргі­зілу­
де. Құжатта Украина Президенті П.Порошенконың
ұсыныстары, сонымен бірге, Ресей Президенті В.Пу­

тин қосқан және бүгінгі кездесу барысында бел­гілен­
ген ұсыныстар көрініс табуға тиіс».
Қол жеткізілген уағдаластыққа сәйкес, құжат бо­
йынша жұмыстың алдын ала қорытындылары 2015

жылғы 8 ақпанда (жексенбіде) «нормандтық пішім»
бойынша өтетін телефон арқылы байланыс кезінде
шығарылуы тиіс.
Кейіннен ГФР Үкіметінің ресми өкілі Ш.Зайберт

аталмыш келіссөздердің қорытындыларын былай
түсіндірді: жаңа құжат мәтінінің негізіне П.Порошенко

б І т І м г е р
және В.Путин енгізген ұсыныстармен толықтырылған
А.Меркель – Ф.Олландтың бірлескен бейбіт жоспары
алынды.

Бұл келіссөздермен оқиғалар тізбегі әлі аяқтал­
ған жоқ. А.Меркель ГФР-ге қайтып келгеннен кейін
ке­лесі күні, яғни 7 ақпанда Қауіпсіздік жөнін­дегі
Мюнхен конференциясына қатысты, бұл конфе­

ренцияға Украина Президенті П.Порошенко және
АҚШ вице-президенті Дж.Байден де қатысып жатқан
болатын. Олардың үшжақты кездесуі болып өтті.
Кездесуге

қатысушылар
Донбасстағы
ахуалды
бейбіт реттеу жөніндегі Минск келісімін орындау

бойынша А.Меркель және Ф.Олланд белгілеген және
П.Порошенко және В.Путинмен келісілген бірлескен
соңғы
ұсыныстар

мәтіні
бойынша
келіссөздер
үдерісінің барысын талқылады.

ГФР, Франция және Ресей көшбасшылары келіс­
кендей, 2015 жылы 8 ақпанда Мәскеуде «нор­
мандтық
пішім»

бойынша
жоғары
деңгейдегі
(П.Порошенко,

В.Путин,
А.Меркель,
Ф.Олланд)
те­лефон арқылы сөйлесу болып өтті. Әңгіме ба­

рысында оңтүстік-шығыс Украинадағы дағдарысты
ахуалды реттеуге бағытталған кешенді шаралар
дайындау жөніндегі бірлескен жұмыс 9 ақпанда
Берлинде СІМ басшыларының орынбасарлары дә­

режесінде жалғасатындығы жөнінде келісілді. 10 ақ­
панда Үшжақты Байланыс тобының отырысы өт­­
кізіледі. Отырыстың мақсаты – 2015 жылы 11 ақ­
панда Минскіде өткізу жоспарланған «нормандтық

б І т І м г е р
пішімдегі» жоғары деңгейдегі кездесуді мазмұнды
және жан-жақты өткізетіндей жағдай дайындау.
Басқаша айтқанда, осы телефон арқылы әң­

гіме барысында «нормандтық төрттік» елдері көш­
басшыларының кездесулерін өткізу орны және
жаңа мерзімі, сонымен бірге оны ұйымдастырудың
алғышарттары белгіленді. Бұл келісім жөнінде

Кремльдің берген түсінігі бойынша, ол тек қана
«тараптар бірқатар ұстанымдар бойынша келісімге
келе алған жағдайда ғана» өтеді.
Ресми Минск «нормандтық төрттік» мемлекеттері

басшыларының кездесуі үшін барлық жағдайды
жасауға толық дайын екендіктерін айтты.
2015 жылы 9 ақпанда Ресей президенті В.Пу­тин
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.На­

зарбаевпен телефон арқылы сөйлесті. Менің ойым­
ша, әңгіме барысында ресейлік президент мем­
лекет басшысына «нормандтық төрттік» елдері
көшбасшыларымен болған соңғы телефон арқылы

келіссөздердің қорытындысы жөнінде хабардар етті.
Бұл әңгіменің нақты егжей-тегжейі маған белгісіз.
2015 жылы 10 ақпанда Минскіде Украинадағы
ахуалды реттеу жөніндегі Үшжақты байланыс то­

бының кездесуі болып өтті. Келіссөздерде Украина
жа­ғынан бұрынғы президент Л.Кучма, Ресей жағы­
нан – Ресей Федерациясының Украинадағы елшісі
М.Зурабов, ЕҚЫҰ тарапынан – Х.Тальявини, халық

жасақшылары тарапынан – Д.Пушилин (ДХР) және
В.Дейнего (ЛХР) қатысты. Сонымен бірге, байланыс

б І т І м г е р
тобының келіссөздеріне Украина тарапынан гума­
нитарлық мәселелер бойынша арнайы өкіл, «Ук­
раинский выбор» қоғамдық ұйымының жетекшісі

В.Медведчук қатысты. Тараптар оқ атуды тоқтату
режіміне
және
ауыр

қару-жарақтарды
шығару
кестесіне бақылау жасауға келісті. Сонымен бірге,
кездесуде Донбасстың дәрежесі және жергілікті

сайлау өткізу мәселесі талқыланды.
Үшжақты байланыс тобы террорға қарсы күрес
операциясы аймағында оқ атуды тоқтату жөнін­
дегі халық жасақшыларының ұсыныстарын (ДХР

өкілі Д.Пушилиннің және ЛХР өкілі В.Дейнегоның
бірлескен мәлімдемесі) зерттеу үшін уақытша
үзіліс алды. «ДХР және ЛХР-дің өкілетті өкілдері
Минскіде өткен отырыста оқ атуды тоқтату және

өңірде бейбітшілікке қол жеткізу жөніндегі өздерінің
ұсыныстарын байланыс тобының өкілдеріне берді.
Бұл ұсыныстар Донбасстағы жанжалды әскери және
саяси реттеу жөніндегі өзара байланыстағы кешенді

шараларды қамтиды. Украина және ЕҚЫҰ өкілдері
ДХР және ЛХР өкілдерінің ұсыныстарын қабылдады
және оларды жан-жақты зерттеу және оған жауап
беру үшін ұсыныстар дайындау мақсатында үзіліс

алды», – делінген отырыс қорытындысы бойынша
таратылған хабарда.
2015 жылғы 11 ақпанда Байланыс тобы Минск
уағдаластығының тармақтарын жүзеге асырудың

жолдарын талқылауды ұсынды. Тараптар оларды
іс жүзінде қолдану мәселелерін, яғни егер оқ атуды
13-0192

б І т І м г е р
тоқтатқан жағдайда қашан және қай күні тоқтату
керек, егер басқа шептерге шегіну және ауыр
техниканы шығару жағдайында қашан, қайда және

қандай әскери құралдарды шығару керек деген
мәселелерді талқылады.
11 ақпан күні кешке қарай «нормандтық төрттік»
елдерінің көшбасшылары жоғары деңгейдегі кезде­

сулерді өткізу үшін Минскіге келе бастады.
Атап айтатын бір мәселе, 11 ақпанда РФ президенті
Минскіге ұшып шыққанға дейін америкалық тарап­
тың бастамасы бойынша В.Путин АҚШ Прези­ден­

ті Б.Обамамен телефон арқылы сөйлесті. Әңгіме
барысында Украинадағы ахуал және бұл елдегі өткір
дағдарысты бейбіт реттеуді қамтамасыз ету жөніндегі
міндеттер басты назарда болды. «Владимир Путин

соңғы ресейлік ұсыныстарға басымдық бере отырып,
Украинаның оңтүстік-шығысындағы ахуалға жан-
жақты баға берді», – делінген Kremlіn.ru сайтындағы
хабарда. Украинадағы ахуал бойынша ұстаным­

дары мен көзқарастарын жақындастыру мақсатында
Владимир Путин мен Барак Обама әртүрлі дәрежедегі
байланыстарды қолдауға келісті. Бұл телефон
қоңырауы украиндық дағдарысты жедел реттеуге

Ресейді, Еуропаны және АҚШ-ты қоса алғанда,
бүкіләлемдік қоғамдастық мүдделі екендігін көрсетті.
Минскіде 11 ақпан күні кешке Ресей Президенті
В.Путин, Германия Канцлері А.Меркель, Франция

Президенті Ф.Олланд және Украина Президенті
П.Порошенко «нормандтық пішім» бойынша жұ­мыс­
ты бастады.

б І т І м г е р
Келіссөздер 16 сағатқа жуық уақытқа созылды.
РФ, ГФР, Франция және Украина көшбасшылары
қалыптасқан украиндық ахуалды реттеу жөнінде

түні бойы кеңесті. Соңғы сағаттарда оларға ЕҚЫҰ
төрағасының Байланыс тобындағы арнайы өкілі
Х.Тальявини қосылды. Кездесу келесі күні – 12 ақпан­
да таңертең аяқталды.

«Нормандтық төрттікке» қатысушылардың бар­
лығы келіссөз жүргізілген бөлмеден шықты. БАҚ-
тардың хабарлауынша, ең алдымен Украина Пре­
зиденті П.Порошенко, содан кейін Ресей Прези­

денті В.Путин шықты. Келіссөз бөлмесінен соңында
Франция Президенті Ф.Олланд және ГФР Канцлері
А.Меркель шыққан. Украина, Ресей, Франция және
Германия көшбасшыларының кездесуінде жасалған

құжат Байланыс тобына қарауға және виза қоюға
берілді.
Украина бойынша Байланыс тобының отырысы
мемлекеттер басшыларының жұмысымен қатар

жүрді. Оның жұмысына Украинаның бұрынғы пре­
зиденті Л.Кучма, Ресейдің Украинадағы елшісі
М.Зурабов, ЕҚЫҰ өкілі Х.Тальявини, өзін өзі жа­
риялаған

республикалардың
өкілдері
қатысты.
Басында олардың қатарында келіссөз жүргізушілер

Д.Пушилин
және
В.Дейнего
болса,

кейіннен
оларға ДХР және ЛХР жетекшілері – А.Захарченко
және И.Плотницкий, сонымен бірге, Ресей пре­
зидентінің көмекшісі В.Сурков қосылды. Сөйтіп,

П.Порошенконың танылмаған ДХР және ЛХР-лардың
өкілдерімен тікелей келіссөздері өткізілген жоқ.

б І т І м г е р
Ресей, Украина, Франция және Германия көш­
басшылары келіссөздерінің қорытындысы бойынша
Украинадағы ахуалды реттеу жөніндегі Байланыс

тобы қабылдаған, Минск келісімін орындау жөніндегі
кешенді шараларды қолдау туралы декларация
қабылдады (Минскідегі келіссөздердің қорытынды
құжаттары толық мәтінінде қосымшада беріліп

отыр).
Осы уағдаластықты ескере отырып Украина
Пре­зиденті П.Порошенко 2015 жылғы 15 ақпанда
сағат 00:00-де Донецк және Луганск облыстарымен

жалғасатын барлық бағытта оқ атуды тоқтату туралы
жариялады.
Сонымен бірге, 2015 жылғы 14 ақпанда танылма­
ған ДХР басшысы А.Захарченко оқ атуды тоқтату

туралы жарлыққа қол қойды. Құжатқа сәйкес, Минск
келісімдерін орындау мақсатында 15 ақпан күні ДХР
уақыты бойынша 1:00-де (Киев уақыты бойынша түн
ортасынан бастап) оқ атуды тоқтату режімі енгізілді.

Жарлықта кез келген арандату шараларына тосқауыл
қойылатындығы атап көрсетілген. ДХР қорғаныс
министріне «бірлескен орталықтың бақылаушылар
тобымен және ЕҚЫҰ миссиясы бақылаушыларының

өкілдерімен өзара іс-қимыл жасай отырып, оқ атуды
тоқтату режімінің орындалуына бақылау жасауды
ұйымдастыру» тапсырылды.
Танылмаған ЛХР үкіметі уақытша бітім жасауды

сақтау туралы мынандай бұйрық шығарды: «Бүкіл
майдан бағыты бойынша ұрыс қимылдары Киев

б І т І м г е р
уақыты бойынша 00:00 және Луганск уақыты
бойынша 1:00-де (15 ақпан) тоқтатылсын».
Жалпы алғанда, оқ атуды тоқтату режімі орындала

бастады. Оны жариялағаннан кейін Дебальцевода,
Донецкіде, Луганскіде және Райгородокта (ЕҚЫҰ-ның
арнайы мониторингтік миссиясы) атқылау оқиғалары
тіркелді.

Дебальцеводағы
жағдай
украиндық
әскерлер ол жерді тастап шыққанша күрделі күйінде

қалды.
Сонымен бірге, оқырман РФ Президенті В.Путин­
нің келіссөздер аяқталғаннан кейін, 2015 жылғы
12 ақпанда таңертең баспасөз үшін жасаған мә­

лімдемесімен де таныса алады.
«Қайырлы таң!
Бұл менің өмірімдегі ең бір жақсы түн болған
жоқ, алайда атқан таң, менің ойымша, қайырлы,

өйткені, келіссөз үдерісінің барлық қиындықтарына
қарамастан біз ең басты мәселеде келісімге келуге
қол жеткіздік.
Айтпақшы, келісімдер неге осынша ұзаққа со­

зылды. Менің ойымша, өкінішке орай, бұл Киев
билігінің әлі күнге дейін Донецк және Луганск халық
республикаларының өкілдерімен тікелей байланысқа
шығудан бас тартуына байланысты болып отыр.

Олардың танылмағандығына қарамастан нақты
өмірдегі жағдаймен санасу керек, егер жұрттың бәрі
ұзақ мерзімдік негізде қарым-қатынас қалыптасты­
руға келіскілері келетін болса, онда тікелей байла­

нысқа шығу керек.

б І т І м г е р
Біз қалыптасқан жағдайға байланысты жұмыс
істедік, менің ойымша, көп мәселе бойынша келісімге
келдік. Бірінші, 15 ақпанда 00:00 сағаттан бастап оқ

атуды тоқтату туралы келістік. Екінші ұстаным, менің
ойымша, ең маңыздысы – украиндық әскерлер үшін
бүгінгі түйісу сызығынан және Донбасс халық жаса­
ғы үшін Минск келісімінде көрсетілген өткен жылғы

19 қыр­күйекте белгіленген сызықтан ауыр қару-
жарақты алып шығу.
Одан әрі, ұзақ мерзімге арналған саяси реттеуге
байланысты кешенді мәселелер. Бұл жерде бірнеше

ұстаным бар. Олардың ішінде біріншісі – Донбасс
өңірінде өмір сүретін барлық адамдардың заңды
құқықтары ескерілген конституциялық реформа.
Одан әрі Донбасс халық жасағымен келісім

бойынша шекара мәселесін, гуманитарлық мәсе­
лелерді, имплементация, яғни Донецк және Луганск
өңірлеріне айрықша дәреже беру жөніндегі бұрын
қабылданған заңды іске қосуды шешуге байланысты

мәселелер келеді.
Ең соңында, экономикалық және гуманитарлық
сипаттағы тұтас кешенді мәселелер.
Бұл ретте, барлық тараптар ең таяу уақытта оқ ату

толық тоқтағанға дейін ұстамдылық танытуы керек.
Бұл жерде проблема мынадан туындап отыр, Донецк
және Луганск халық республикаларының өкілдері
Киев билігінің басқыншылық іс-қимылдарына жауап

ретінде әскердің, Киев күш қолдану құрылымда­
рының шабуылдарын тоқтатып қана қоймай, қарсы

б І т І м г е р
шабуылға шығып, 6-дан 8 мыңға дейін адамы бар
үлкен әскери топты қоршауға алған дегенді айтады.
Әрине, олар бұл әскери топтар қаруларын тастайды

және қарсылық көрсетуді тоқтатады деп санайды.
Біз қандай болған жағдайда да екі тарапты да
ұстамдылық танытуға шақырамыз және қажетсіз
қан­төгіс пен құрбандықтарды болдырмау үшін

әскерлерді әкету, ең бастысы, ауыр техникаларды
әкету ешкімге де қажетсіз қантөгісті болдырмай өтуін
қалаймыз.
Украина басшылығының өкілдері қоршау жоқ

деп санайды, соған байланысты олар барлығы
барынша тыныш өтеді деп есептейді. Менің әуелде
күдігім болды, сол күдігімді сіздермен бөлісуге
дайынмын. Егер іс жүзінде осындай қоршауға алу

болатын болса, онда қалыпты ой қисыны бойынша
қоршаудағылар оны бұзып шығуға ұмтылады, ал
қоршаудың сыртында тұрғандар өздерінің қор­
шаудағы әскери қызметкерлерін шығару үшін дәліз

ұйымдастыруға талпыныс жасайды.
Алайда біз Президент Порошенкомен біздің әс­
кери сарапшыларымызға – мен өз тарапымнан
оны жасауға дайынмын – іс жүзінде нақты не бо­

лып жатқанын анықтауға тапсырма беру жөнінде
келістік, тағы да қайталап айтамын, қабылданған
шешімдердің дәлдігін анықтау бойынша, екі тараптан
да олардың орындалуын бақылау үшін қандай да бір

кешенді шаралар белгілеуді, тым болмаса белгілеуге
талпыныс жасауды тапсыру керек деп келістік.

б І т І м г е р
Жанжалдасушы екі жақты да мүмкіндігінше тез
арада қантөгісті тоқтатуға және ұзақ мерзімдік рет­
теудің нақты саяси үдерісіне көшуге тағы да шақыр­

ғым келеді.
Назарларыңыз үшін алғыс айтамын».
Украина президенті П.Порошенко мәлімдеген­
дей, Үшжақты байланыс тобы 2015 жылғы 15 ақ­

паннан бастап оқ атуды тоқтатуға келісті. Оның
айтуын­ша, украиндық шекарашылар 2015 жылдың
аяғына дейін мемлекеттік шекарада бақылау жа­
сауды жалғастыруы тиіс.

Франция Президенті Франсуа Олланд Минскіде
өткен «нормандтық төрттік» келіссөз кезінде та­
раптар оқ атуды тоқтату туралы «аса ауқымды»
келісімге келді, деп мәлімдеді. Ол сонымен бірге

Вла­димир Путинге танылмаған ДХР және ЛХР
көшбасшыларына жасаған ықпалы үшін алғыс біл­
дірді. «Мен Президент Путинге оларға жасаған
қажетті ауқымдағы қысымы үшін алғыс айтамын»,

деді Ф.Олланд, ол сонымен бірге Украинадағы
дағдарысты «реттеуге талпынысы» үшін украиндық
әріптесі Петр Порошенконың күш-жігер жұмсағанын
атап өтті.

Француз көшбасшысы 2015 жылы 12 ақпанда түс­
тен кейін ГФР канцлері Ангела Меркельмен негізгі
тақырыбы Украинадағы ахуал болып табылатын ЕО
саммитіне қатысу үшін Брюссельге баратындарын

еске салды. «Біз ЕО Минскідегі келісімде қол жеткен
жетістіктерді қолдауы үшін қолдан келгеннің бәрін

б І т І м г е р
жасаймыз», – деп сендірді Ф.Олланд. Келіссөздердің
қорытындысын шығара келіп, «бұл Еуропа үшін үлкен
жеңілдік» деп атап көрсетті Франция Президенті.

Сонымен бірге қол жеткен келісімдерді іс жүзіне
асыру үшін әлі үлкен жұмыстар атқару керектігін де
байыппен еске салды. Ол сонымен бірге Франция
және Германия уағдаластықтың орындалуына қарап

отыратынын да айтып өтті.
Германия Канцлері А.Меркель Украина жөнінде
Минскіде аяқталған келіссөздердің қорытындысына
оң баға берді. «Енді үміт ұшқыны пайда болды»,

деп канцлерден дәйексөз келтіреді неміс БАҚ-тары.
Оның айтуынша тараптарға «әлі де көп жұмыс
істеуге тура келеді, алайда енді істі оңға бастыруға
нақты мүмкіндік бар».

Минскіде аяқталған кездесулерде барлық тарап­
тар оң жетістікке қол жеткізуге ұмтылды, келіссөз­
дер «барынша күрделі» болды, оның қорытындысы
«серпіліске» жеткізген жоқ, алайда ол «алға басқан

қадам» болып табылады. ГФР СІМ басшысы Франк-
Вальтер Штайнмайер нақ осындай көзқарасты ұс­
танады. «Бүгінгі уағдаластық бәрін қамтитын шешім
немесе серпіліс емес». Алайда «Минск-2» апталар

бойы жалғасқан зорлық-зомбылық аясында алға
басқан қадам болып қарастырыла алар еді, бізді
саяси шешімдер қабылдау жолында осы бір
зорлық-зомбылық шиыршығынан алып кете алар

еді», – деп келтіріледі оның сөздері ведомство
хабарларында.

б І т І м г е р
«Біз алғаш рет Минск келісімдерін – сайлау бо­
йынша, шекараға бақылау қоюды қамтамасыз ету
бойынша, тұтқындарымен алмасу бойынша кейбір

тармақтарды іске асыру үшін уақытша шектерді
белгіледік», – деп атап көрсетті Ф-В.Штайнмайер.
«Кейбіреулерге бұл жеткіліксіз болар. Оның ішінде
біз де үлкен мәселелерді күткен едік. Алайда бүгін

түнде Украина және Ресей президенттері нақ осы
мәселелер бойынша уағдаласа алды. Екі жақ та
келіссөздерді байыпты да ізгі ниетпен жүргізді деп
біз үміттенеміз. Біз олардың оқ атуды тоқтату режімі

күшіне енгенге дейінгі қазіргі солқылдақ кезең бүгінгі
уағдаластықтарды жүзеге асыруға кесірін тигізетін
ерекше бір оқиғаларсыз өткізуге қолдан келгеннің
бәрін жасайды деп күтеміз», – деп атап көрсетілген

хабарламада.
Беларусь
Президенті
А.Лукашенко

минскілік
келіссөздердің
нәтижесіне
«толық

қанағаттана­
тындығын» атап көрсетті және қазіргі кездегі ең басты
мәселе Минск уағдаластықтарында қол жеткізген
жетістіктерді іс жүзіне асыру болып табылатынын

қадап айтты.
Сол күні, 12 ақпанда А.Лукашенко бұл кездесудің
ұйытқысы нақ Қазақстан болғандығына құрметтің
белгісі ретінде, біздің еліміздің Президентіне теле­

фон шалып, оған «нормандтық пішімде» Минскіде
өткен
келіссөздердің
қорытындысы

жөнінде
хабарлады. Н.Ә.Назарбаев хабар бергені үшін
алғысын айтып, оны кездесуді тамаша өткізуді

б І т І м г е р
ұйымдастырғанымен, сонымен бірге, келіссөздердің
ойдағыдай аяқталуымен құттықтады.
Алайда тағы бір есте қаларлық мәселе, келесі

күні – 13 ақпанда ГФР Канцлері А.Меркельдің
қоңырау шалуы болып табылады. Әңгіме бары­
сында Н.Ә.Назарбаев және А.Меркель Минскіде
«норманд­тық

пішімде»
өткен
Ресей,
Украина,

Фран­ция президенттерін және Германия Канцлері
келіссөздерінің қорытындысы да тілге тиек етілді.
Мемлекет басшысы Минскідегі кездесулердің ойда­
ғыдай өтуіне Федералдық канцлердің қосқан қомақты

үлесін атап көрсетті.
Өз кезегінде, А.Меркель украиндық дағдарысты
тек қана бейбіт жолмен шешуге белсенді күш са­
лып, оның ішінде «нормандтық төрттік» елдері

көшбасшыларының кездесулерін өткізуге бастамашы
болғаны үшін Н.Ә.Назарбаевқа тағы да алғысын
білдірді.
Ақорданың ресми сайтында атап айтылғанын­

дай, ГФР Канцлері Украинаның оңтүстік-шығысын­
дағы жанжалды бейбіт жолмен реттеу үдерісін
алға жылжыту жөніндегі Қазақстан Президентінің
күш-жігерінің маңыздылығын атап көрсетті және

«нормандтық төрттіктің» келесі кездесуін Астанада
өткізу мүмкіндігін ескере келіп, бұл маңызды жұмысты
одан әрі жалғастыруды сұрады.
Сонымен бірге, бұл әңгіменің барлық бүге-

шігесі жұртшылыққа мәлім емес. Менің ойымша,
А.Меркельдің әңгіменің басында-ақ жақын сенімді

б І т І м г е р
қарым-қатынасты ескере келіп, «нормандтық пішім­
дегі» Саммитті неліктен Астанада емес Минскіде
өткізу жөнінде шешім қабылданғандығына түсінік

бергендігін білу оқырмандар үшін қызықты болуға
тиіс.
Біріншіден, «нормандтық төрттік үшін» Байланыс
тобының жақын жерде болуы және олардың ба­

қылауы мен оқ атуды тоқтату жөнінде нақты
нәтижелерге қол жеткізуі өте маңызды еді. Байланыс
тобының қатысушыларын Астанаға жеткізіп тұру
қиындыққа түсетін еді. Оның үстіне уақыт найқалуды

күтпеді, жағдай шұғыл шешім қабылдауды қажет етті.
Қазір белгілі болып отырғанындай, екі іс-шара да іс
жүзінде бір кезеңде өтті.
Екіншіден, Минскідегі келіссөздерден кейін А.Мер­

кель және Ф.Олланд бірден Брюссельге ұшып кетті.
Оларды ЕО Кеңесі отырысы шеңберінде Еуроодаққа
мүше елдер басшылары жиналып күтіп отырған
еді. Уақыт жетімсіздігі «нормандтық төрттік» елдері

көшбасшыларының жұмыс кестесін шектеді және
бұл мәселеде Астанаға дейінгі ұзақ ұшу уақыты
кедергі келтіретін еді.
ГФР Канцлерінің осылай ғафу өтінгендігіне жауап

ретінде Мемлекет басшысы Берлинде өткен кездесу
кезінде келіссөздерді өткізетін жердің маңызды емес
екендігін айтқандығын еске салды. Ең бастысы –
нәтиже.

Сонымен бірге А.Меркель Н.Ә.Назарбаевтан егер
мүмкін болса, П.Порошенкомен және В.Путинмен

б І т І м г е р
сөйлесіп, олардың назарын оқ атуды тоқтату режімі­
нің белгіленген уақытта іске асырылуы қажеттігіне
аударуды сұрады.

Әңгіме қорытындысында Н.Ә.Назарбаев өткен ап­
тада оның орасан зор жұмыс тындырғандығын атап
көрсете келіп, тағы да А.Меркельді шын жүректен
құттықтады.

2015 жылғы 14 ақпанда Мемлекет басшысына
Ресей Президенті В.Путин және Украина Президенті
П.Порошенко қоңырау шалды.
Бірінші болып Н.Ә.Назарбаевқа ресейлік прези­

дент қоңырау шалды. Екі мемлекеттің көшбасшы­
лары украиндық дағдарысты реттеуге бағытталған
минс­кілік кездесулердің қорытындысын талқылады.
Қазақстан Президенті нақ «нормандтық төрттіктің»

жоғары деңгейдегі кездесулері, әсіресе кездесулер­
дегі Владимир Путиннің белсенді ұстанымы Минскіде
келісімге жетуге жағдай жасағандығын атап көрсетті.
Мемлекеттер басшылары жанжалға қатысушы екі

жақтың да белгіленген уақытта (2015 жылғы 15 ақ­
панда 00.00 сағатта) оқ атуды тоқтату туралы уағ­
даластықты орындауының ерекше маңыздылығын
атап өтті.

Қазақстан және Ресей президенттері бейбіт­
шілік үдерісін қамтамасыз ету жөніндегі күш-жігер
Украинадағы жанжалды шешуге мүмкіндік беретініне
үміт білдірді.

Н.Назарбаев пен П.Порошенко арасындағы те­
лефон арқылы әңгіме барысында да мем­лекеттер

б І т І м г е р
басшылары украиндық дағдарысты ше­шуге бағыт­
талған минскілік кездесулердің қорытын­дыларын
талқылады.

Украина Президенті Украинаның оңтүстік-шы­
ғысындағы жанжалды бейбіт жолмен реттеу үдерісін
жылжыту мәселесіне жеке қатысқандығы және
қомақты үлесі үшін Нұрсұлтан Назарбаевқа алғысын

білдірді.
П.Порошенко украиндық тараптың оқ атуды бел­
гіленген мерзімде тоқтататындығына сендіріп, қарсы
тараптың тура осындай қадамға баруы қажеттігіне

көңіл аударды.
Қазақстан Президенті жанжалдасушы барлық
тараптардың минскілік келісімде қабылданған ке­
шенді шараларды мүлтіксіз орындауды қамтамасыз

етулерінің маңыздылығын атап көрсетті. Мұны бүкіл
әлем күтіп отыр.
2015 жылғы 25 ақпанда Мемлекет басшысына
енді

Франция
Президенті
Ф.Олланд
телефон

шалды. Әңгіме барысында Қазақстан және Фран­
ция басшылары 2015 жылғы 12 ақпандағы Минск
келісімдерін
жүзеге

асыру
жөніндегі
кешенді
шараларды орындау аясындағы Украинаның оң­

түстік-шығысындағы ахуалдарға байланысты пікір
алмасты.
Сондай-ақ,
Ф.Олланд

мүмкіндікті
пайдалана
отырып, Н.Назарбаевқа 2015 жылы ақпанда Минс­
кідегі нәтижелі келіссөздер үдерісіне бастап берген

белсенді
араағайындық
күш-жігері
үшін

алғыс

б І т І м г е р
сезімін білдірді. Екі елдің президенттері минскілік
келісімдердің қазірдің өзінде қантөгісті тоқтатуды
қамтамасыз етіп отырғанын атап көрсетті. Жанжал

аймағынан ауыр техникалардың шығарылуының
маңыздылығы атап өтілді.
Нұрсұлтан Назарбаев Ресей және Еуропалық
одақ арасындағы санкцияларды біртіндеп алып тас­

тау үшін қажетті шарттарға ден қойды. Ф.Олланд
Мариуполь төңірегіндегі жанжалды тоқтатып, ауыр
техниканы шегіндіріп, шиеленісті азайтқан жағдайда
санкцияларды жеңілдету жөнінде әңгіме қозғауға

болатындығын атап өтті.
Екі ел көшбасшылары Украина дағдарысын рет­
теу жөнінде халықаралық серіктестерімен өзара іс-
қимылды жалғастыруға дайын екендіктерін білдірді.

Телефон арқылы әңгімелер туралы бұл хабар­
ламалардан белгілі болғанындай, Қазақстан Пре­
зиденті «нормандтық төрттіктің» кездесулері болып
өткендігімен ғана қанағаттанып қалған жоқ. Мемлекет

басшысы «нормандтық төрттік» елдеріндегі өзінің
әріптестерімен
жұмысты
жалғастыра

отырып,
олардың Минск келісімін одан әрі бұлжытпай жүзеге
асыруына қозғау салды.
Бұл Нұрсұлтан Әбішұлының кез келген жұмысты

дәйектілікпен
және
тыңғылықты
атқаратынды­

ғына тағы да дәлел болады. «Нормандтық төрттік»
елдері көшбасшылары біздің Мемлекет басшысына
минскілік
кездесулерді

ұйымдастыруға
қолдау
көрсеткені үшін алғыс білдіріп жатқан кезде, ол

б І т І м г е р
оларды
мемлекетаралық
қатынастардағы

шие­
леністі азайтуға шақыруды жалғастырумен болды.
Мемлекет басшысының осы көңіл-күйінің әлемдік
қауымдастық елдерінің басқа да көшбасшы­ла­

рына берілуі үміттендіреді. «Нормандтық төрттік­тің»
жетек­шілері минскілік келісімдерді бұлжытпай жү­
зеге асыруды қамтамасыз ету үшін телефон арқы­лы
байланыстарын белсенді жалғастырғандығын атап

өтуге болады.
Нәтижесінде жанжал аймағында жалпы алғанда
бітім орнады. Тайталасушы тараптар 2015 жылғы 12 ақ­
пандағы минскілік келісімде белгіленген ажырату

сызығынан ауыр қару-жарақты шығара бастады.
Әлі күнге дейін күн сайын біресе украиндық күштер
тарапынан, біресе халық жасақшылары тарапынан
оқ ату оқиғаларының орын алғандығы туралы ха­

барламалардың түсіп жатқандығына қарамастан
келіссөздер үдерісі жалғасуда.
Оңтүстік-шығыс Украинадағы жанжал – украин
халқының үлкен трагедиясы. Бұл дағдарыс адам

өмірінің құны жойылған шектен асып кетеді деп
ешкім ойлаған жоқ. БҰҰ деректері бойынша, жанжал
аймағында 6 мыңнан астам қаза тапты, ондаған
мың адам жараланды, 1,5 миллионнан астам бейбіт

тұрғындар босқынға айналды.
Қазақстан да Украинада болып жатқан оқиғаларға
қатты алаңдайды. Мемлекет басшысының жеке
өзі үшін де Украина тіпті де бөтен ел емес. Біз

Н.Ә.Назарбаевтың жастық шағы Украинада өткен­

б І т І м г е р
дігін және ол жақта оның достары мен таныстары
қал­­ғандығын жақсы білеміз.
Қазақстан Президенті Украинаның оңтүстік-шы­

ғысындағы жанжалды бейбіт жолмен шешуден
басқа балама жоқ екендігін бірнеше рет мәлімдеді.
Біздің еліміз украиналық дағдарысты тек қана
бейбіт жолмен шешу жөніндегі ортақ жұмысқа бел­

сенді түр­де қатысуды жалғастыратын болады.
2015 жылғы 12 ақпандағы минскілік уағдаластықты
жүзеге асыру­ды тоқтатуға болмайды. Бұл дағда­
рыстың бейбіт жол­мен шешілуі барлығына да

жеңілдік әкеледі. «Кез келген соғыс ерте ме, кеш
пе бейбітшілікпен аяқталады». Мұны Украинаның
оңтүстік-шығысындағы мағынасыз қантөгісті тоқта­
туға мүмкіндігі бардың бәрі білуі тиіс. Жанжалға тар­

тылған барлық тараптарға өз халқының алдында,
болашақ ұрпақтың алдында жоғары жауапкершілік
жүктеледі.
14-0192

ТҮЙІН

Бүгінде украиндық дағдарыстың шешіміне қа­
жетті кілтті неліктен нақ Астанадан іздейді? Не­
ліктен халықаралық күн тәртібіндегі ең күрделі проб­
лемаларды шешу үшін нақ Нұрсұлтан Әбішұлына

жүгінеді?
Өйткені, Қазақстан Президенті саяси салиқалы
тұлға және әлемдік ауқымдағы беделді саясаткер
ретінде көптен танымал. Ол Шығыспен де, Батыспен

де бірдей еркін сөйлесе алады, оның бітімгер және
«адал саяси менеджер» ретіндегі танылған беделі
ешқандай күдік келтірмейді. Оның байсалды үніне
әлемдік саясатшылар әрқашан мұқият құлақ түреді.

Оны бағалайды. Оған сенеді.
Бұл – көп жылғы еңбектің, Қазақстан Респуб­
ликасының
теңдестірілген

көпвекторлы
сыртқы
сая­сатына сәйкес барлық шетелдік әріптестерімен
жүргізілген дәйекті де сарабдал жұмыстың жемісі.

б І т І м г е р
Біздің еліміз тәуелсіздік алған алғашқы күннен
Мем­лекет басшысы шетелдік әріптестерімен қа­
рым-қатынас қалыптастыруда нақ осы бағытты

айқындады, міне, 25 жылдан бері ол осы бағыттан
айнымай келеді.
Сенімді еуразияшыл Нұрсұлтан Назарбаев өзінің
елін шынайы сүйеді, оның бойына Алатау шың­да­

рының және дарқан даланың мәдениеті мен дәс­
түрі берік сіңген, ол Қазақстан халқының мыңдаған
жылдық тарихын терең зерделейді. Қонақжайлылық,
ашықтық, ақжүректік, жан жомарттығы сияқты біздің

халқымызға тән асыл қасиеттер біздің Президенттің
бір бойында тоғысып қана қоймай, сонымен бірге,
оған Қазақстанның мүдделерін әлемдік аренада
тиімді ілгерілетуге көмектеседі.

Әлем өзгеруде. Жаһандық қайта құрудың, бүкіл
жаһандық қауіпсіздік жүйесін қайта кесіп-пішудің
нышандары
айқын

танылуда.
Мемлекетаралық
қатынастарда сенімсіздік дағдарысы белең алуда,
ол барлық мемлекеттердің ХХІ ғасырдың сын-

қатерлеріне қарсы тұру мүмкіндігін әлсіретіп қана
қоймайды, сонымен бірге, нақты жаһандық әскери
жанжал қаупін тудырады.
Барынша тұрақты әлемдік тәртіпті қамтамасыз

ету үшін ең алдымен сенімді қалпына келтіру керек.
Мемлекеттердің, оның ішінде әлемдік державалар­
дың халықаралық шарттар мен келісімдер бойын­
ша өз міндеттемелерін орындауы өте маңызды.

Тек осылай еткенде ғана халықаралық құқықтың

б І т І м г е р
арқаулық қағидаттарын қайтадан нығайтуға және
оларды бұлжытпай орындауды қамтамасыз етуге
болады. Оның үстіне бұл қағидаларды бұзу, әскери

саяси және экономикалық әлеуетіне қарамастан кез
келген елдің қауіпсіздігін нығайтуға еш септеспейді.
Сонымен қатар, бүгінгі замандағы әлемдік тәртіп
ережелері тек тұрақтылықты қамтамасыз етіп қана

қоймайды, сондай-ақ халықаралық күн тәртібіндегі
түйінді проблемаларды ұжымдық реттеуге мүмкіндік
туғызады.
Қазақстан Президенті әлемде болып жатқан үде­

рістердің аса маңыздылығын жете түсіне отырып,
халықаралық қатынастардың субъектілері арасын­
да ашық үн қатысуды және өзара түсіністікті ны­
ғайту, жаһандық және өңірлік қауіпсіздік үшін берік

негіз қалау жолында қайтпас қажырмен жұмыс
істейді. Оның Украинада бітім жасауға қосқан үлесі
бейбітшілік жолындағы сан қырлы қызметінің тағы
бір сәтті қадамы болды.

Болашаққа айқын міндеттерді дұрыс белгілеу
жолында Н.Ә.Назарбаевқа бүгінгі заманның үрдіс­
терін дәйім ескеру тән. Ол әрқашан өзгерістерге
ден қояды, болашақтың бағытын айқын бағдар­

лайды, сөйтіп, Қазақстан халқын жаңа жетістіктер
мен табыстарға бастайтын, біздің еліміздің әл-ауқа­
тын жақсартатын шараларды жүзеге асырады.
Мемлекет басшысының халықаралық аренадағы

белсенді қызметі көп ретте нақ осы жағдайлармен
өлшенеді, егер Қазақстанның шекарасының сыртын­

б І т І м г е р
да тұрақтылық болмаса, онда елдің ішінде де
тұрақтылық болуы екіталай.
Қазір біздің Президентіміз қандай ойда? Ол қан­

дай бастамаларды алға тартады? Оның әлем­дік
қоғамдастықты дамытудағы стратегиялық көзқа­
растары қандай?
Біріншіден, бұл теңдік, өзара мүдделерді ескеру,

халықаралық құқықтардың үстемдігі және БҰҰ-
ның орталық рөлі қағидаттарын мүлтіксіз орындау.
Қазақстан әрқашан осыларды ұстанып келеді және
алдағы уақытта да басшылыққа алатын болады.

Екіншіден, ядролық қаруды таратпау режімін
ілгерілету. Бұл бағытта Қазақстан Президенті сөзсіз
көшбасшы болып табылады. Бүгінде ол ядролық
қаруды жалпыға бірдей көлденеңінен де, тігінен де

таратпау туралы жаңа Әмбебап келісімшарт жасау
туралы бастаманы, сонымен қатар барлық елдердің
ядролық қарусыз әлемге жету идеясы жолындағы
шешуші қадамдары айқындалған Жалпыға бірдей

ядролық қарусыз әлем туралы декларацияны жасау
жөніндегі бастаманы белсенді жүргізіп келеді. Ол
атап айтқандай: «Бұл жеңіл мәселе емес, алайда
егер біз өркениетті құтқарғымыз келсе, бәрібір осы

бағытпен жүруіміз керек».
Үшіншіден,
өркениетаралық
және

дінаралық
үнқатысуды дамыту. Қазақстанның бастамасымен
өмірге келген Әлемдік және дәстүрлі діндер лидер­
лерінің съезі танылған әлемдік үнқатысу алаңы­на

айналды. 2015 жылғы маусымда Астанада өткен
V съезд – соның дәлелі.

б І т І м г е р
Төртіншіден, Мемлекет басшысы бірнеше рет атап
көрсеткендей, тығыз экономикалық ынтымақтастық
қауіпсіздікті қамтамасыз етудің ең тиімді жолы болып

табылады. Бұл Батыс пен Ресей арасындағы өзара
экономикалық санкция жасаудан айқын көрінеді,
олар елдер мен халықтардың тұрмыс жағдайын,
сонымен бірге әлемдік экономикадағы онсыз да

күрделі ахуалды одан сайын нашарлатуда. Бұл
орайда «Атлантикадан Тынық мұхитқа дейін жалпы
экономикалық кеңістік құру идеясына негізделген»
«нормандтық төрттік» мемлекеттері басшыларының

2015 жылғы 12 ақпанда Минскіде қабылдаған
декларациясының маңызы арта түседі.
Біздің Мемлекетіміздің басшысы халықаралық
қауіпсіздік жүйесін нығайтудың ең маңызды элементі

ретінде 2010 жылғы ЕҚЫҰ-ның Астана декларация­
сын қарастырады. Онда Еуроатлантикалық және
Еуразиялық қоғамдастықтың жанжалдар мен әсер
етудің бөлшектеу сызығына, қақтығыстар мен ық­

палдар аймағына бөлінбейтін ортақ және біртұ­
тас қауіпсіздігін қалыптастыру жөнінде айтылады.
Бүгінде қауіпсіздікті қамтамасыз етудің бұл қадамы
ерекше қажет етіледі.

ЕҚЫҰ-ның Астана декларациясы қағидаларын
жү­зеге асыру мақсатында 2015 жылғы ақпанда Қа­
зақстанда тіркелген шет елдердің елшілерімен өткен
кездесуде Н.Ә.Назарбаев тұжырымдық тұрғыда

атымен жаңа шартты («жаңа Хельсинки актісін»)
жасауға шақырды. Мемлекет басшысының сенімі

б І т І м г е р
бойынша бұл құжатта Жер шарында бейбітшілікті
қамтамасыз ететін өзара түсіністік мүдделері негізін­
де жаңа қауіпсіздік жүйесін қалыптастыру көзделу­ге

тиіс. Осы тарихи міндетті шешу үшін барлық әлемдік
көшбасшылардан біздің Президентімізге тән саяси
ерік-жігер және жаһандық ауқымда ойлау, болашақты
болжау қасиеттері қажет етіледі.

Біздің көріп отырғанымыздай, Н.Ә.Назарбаев
бейбіт қатар өмір сүру және өзара сенім идеяларын
табанды түрде біртіндеп алға жылжытып келеді.
Миссия жалғасуда.

1-ші қосымша
Украинадағы саяси дағдарысты
реттеу жөніндегі келісім
Украинадағы адам өліміне соқтырған қайғылы

жағдайға алаңдай отырып, қантөгісті жедел тоқтатуға
ұмтылып, дағдарысты реттеудің саяси жолын табуға
батыл ниеттенген, Біз, төменде қол қоюшы тараптар,
мына мәселелер бойынша келістік:

1. Осы келісімге қол қойылғаннан кейін 48 сағаттың

ішінде бұл уақытқа дейін енгізілген өзгерістері­мен
қоса 2004 жылғы Украина Конституциясының күшін
қалпына келтіру жөніндегі жаңа заң қабылданады,
қол қойылады және жарияланады. Қол қоюшылар

коалиция құру және 10 күн ішінде ұлттық бірлік
үкіметін жасақтау ниеттерін жариялайды.

2. Президенттің, үкіметтің және парламенттің өкі­

леттіктерін теңестіретін конституциялық реформа
шұғыл басталады және 2014 жылғы қыркүйекте
аяқталады.

3. Президенттік сайлау Конституцияны қабылда­

ғаннан кейін бірден, алайда 2014 жылдың жел­
тоқсанынан кешіктірілмей өткізіледі. Жаңа сайлау
заңнамасы қабылданады, сонымен бірге ЕҚЫҰ және
Венеция комиссиясы ережелеріне сәйкес мөлшер­

лестік негізде Орталық сайлау комис­сиясының жаңа
құрамы белгіленеді.

б І т І м г е р 4. Жақында орын алған зорлық-зомбылық акция­

лары биліктің, оппозицияның және Еуропалық
Кеңестің ортақ мониторингімен тексеріледі.

5. Билік төтенше жағдай енгізбейді. Билік және

оппозиция күш қолданудан бас тартады.
Украинаның Жоғарғы Радасы 2014 жылғы 17 ақ­
пандағы заңға сәйкес құқық бұзушылықтарға қа­
тысты жауапкершіліктен босататын үшінші заңды

қабылдайды.
Екі тарап та әкімшілік және қоғамдық ғимарат­
тарды, көшелерді, скверлерді және алаңдарды
босату арқылы қалалардағы және селолардағы қа­

лыпты тіршілікті қамтамасыз етуге елеулі күш-жігер
жұм­сайды.
Заңсыз қару-жарақ жоғарыда айтылған арнаулы
заң (осы Келісімнің 1-т.) күшіне енгеннен кейін

24 са­ғаттың ішінде Украина Ішкі істер министрлігі­нің
органдарына тапсырылуы керек.
Көрсетілген мерзім аяқталғаннан кейін қарулар­
ды заңсыз алып жүру және сақтау оқиғалары қол­

даныстағы Украина заңдарының күшіне кіреді.
Оп­позицияның және биліктің күштері тайталас
аймақтарынан кетуі керек. Билік құқық қорғау күшін
тек қана билік органдары мекемелерін қорғауға ғана

пайдалануға тиіс. 6. Францияның, Германияның, Польшаның Сырт­

қы істер министрлері және Ресей Федерациясы Пре­
зидентінің арнайы өкілі барлық түрдегі күш көрсетуді
және қарсы тұруды жедел тоқтатуға шақырады.
Киев қ., 21 ақпан, 2014 жыл.

б І т І м г е р
Билік тарапынан: Украина Президенті Виктор
Янукович.
Оппозиция тарапынан: УДАР партиясының же­

текшісі Виталий Кличко, «Батькивщина» Бүкіл­
украиналық бірлестік жетекшісі Арсений Яценюк,
«Сво­бода» Бүкілукраиналық бірлестік жетекшісі Олег
Тягнибок.

Куәландырушылар:
Еуропалық Одақ тарапынан: Германия Федера­
тивтік Республикасының Федералдық сыртқы істер
министрі Франк-Вальтер Штайнмайер, Польша Рес­

публикасының Сыртқы істер министрі Радослав
Сикорский және Француз Республикасы Сыртқы
істер министрлігінің континенталдық Еуропа депар­
таментінің жетекшісі Эрик Фурнье.

2-ші қосымша
Украина Президенті П.Порошенконың
Бейбіт жоспарын және Ресей Президенті
В.Путиннің бастамаларын имплементациялауға

бағытталған Үшжақты байланыс тобының
бірлескен қадамдарына қатысты
консультациялар қорытындысы бойынша

ХАТТАМА

2014 жылғы 1 қыркүйекте Минскідегі кеңес беруге
қатысушылар
енгізген
ұсыныстарды

талқылау
және қарастыру қорытындысы бойынша құрамына
Украина, Ресей Федерациясы және Еуропадағы
қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйым

өкілдері кіретін Үшжақты байланыс тобы мынандай
қадамдарды жүзеге асыру қажет екендігі жөнінде
ортақ түсінікке келді:

1. Екі жақты қару қолдануды шұғыл түрде тоқтату

қамтамасыз етілсін. 2. Қару қолданбау режімін ЕҚЫҰ тарапынан мони­

торингтеу және анықтау қамтамасыз етілсін. 3. Билікті орталықсыздандыруды, оның ішінде

«Донецк және Луганск облыстарының жекелеген
аудан­дарында
жергілікті
басқарудың

уақытша
ережесі туралы» (Айрықша мәртебе жөніндегі заң)
Украина заңын қабылдау арқылы жүргізілсін.

4. Украина-Ресей мемлекеттік шекарасына тұ­

рақты түрде мониторинг жүргізу және Украина

б І т І м г е р
мен РФ-ның шекаралық аудандарында қауіпсіздік
аймақтарын құру арқылы ЕҚЫҰ тарапынан анықтау
қамтамасыз етілсін.

5. Барлық аманатқа алынған және заңсыз ұста­лып

отырған адамдар тоқтаусыз босатылсын. 6. Украинаның Донецк және Луганск облыстары­

ның кейбір аудандарында орын алған оқиғаларға
байланысты адамдарды қуғындауды және жазалауды
болдырмау туралы заң қабылдансын.

7. Инклюзивті жалпыұлттық үнқатысу жал­ғас­ты­

рылсын. 8. Донбасстағы гуманитарлық ахуалды жақсарту

жөніндегі шаралар қабылдансын. 9. «Донецк және Луганск облыстарының жекеле­

ген аудандарында жергілікті басқарудың уақытша
ережесі туралы» (Айрықша мәртебе жөніндегі заң)
Украина заңына сәйкес мерзімінен бұрын жергілікті
сайлау өткізу қамтамасыз етілсін.

10. Заңсыз әскери құрамалар, әскери техникалар,

сонымен бірге ұрыскерлер мен жалдамалылар
Украина аумағынан шығарылсын.

11. Донбасстың экономикасын қайта жаңғырту

және өңірдегі тіршілік тынысын қалпына келтіру бағ­
дарламасы қабылдансын.

12. Консультацияға қатысушылардың жеке басы­

ның қауіпсіздігіне кепілдік берілсін.

б І т І м г е р
Үшжақты байланыс тобына қатысушылар:
Елші Хайди Тальявини
Украинаның екінші президенті Л.Д.Кучма

РФ-ның Украинадағы елшісі М.Ю.Зурабов
А.В.Захарченко
И.В.Плотницкий
2014 жылғы 5 қыркүйек, Минск

3-ші қосымша
Украина Президенті П.Порошенконың
Бейбіт жоспарын және Ресей Президенті
В.Путиннің бастамаларын имплементациялауға

бағытталған Үшжақты байланыс тобының
бірлескен қадамдарына қатысты
консультацияның қорытындылары бойынша
Хаттамасының ережелерін орындау жөніндегі

МЕМОРАНДУМ

Украина Президенті
П.Порошенконың
Бейбіт
жос­парын және Ресей Президенті В.Путиннің бас­

тамаларын имплементациялауға бағытталған Үш­
жақты байланыс тобының бірлескен қадамдарына
қатысты консультацияның қорытындысы бойын­
ша Хаттаманың 1-ші тармағын орындау мақсатын­

да (Минск қ., Беларусь Республикасы, 2014 жылғы
5 қыр­күйек), құрамына Украина, Ресей Федерациясы
және Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық
ұйымының өкілдері кіретін Үшжақты байланыс тобы

және Донецк, Луганск облыстарының жекелеген
аудандарының өкілдері қару қолдануды екі жақты
тоқтату туралы келісімді бекітуге шақырған мынандай
шаралар бойынша түсіністікке келді:

1. Қару қолдануды тоқтату ортақ деп есептелінеді. 2. Қалыптасқан түйісу сызығында тараптардың

әскери құрамдары мен бөлімшелерін 2014 жылғы
19 қыр­күйектегі жағдайға сәйкес тоқтату.

3. Қарулардың барлық түрін қолдануға және ша­

б І т І м г е р
буыл қимылдарын жасауға тыйым салу.

4. Осы меморандум қабылданғаннан бастап бір

тәулік ішінде – калибрі 100 мм-ден асатын ату қа­
руларын тараптар түйісу сызығынан кемінде 15 ша­
қырым қашықтыққа, оның ішінде елді мекендерден
әкету (төменде атап көрсетілгендерден басқа),

бұл өз кезегінде ұзындығы кемінде 30 километрге
созылатын қару қолданбайтын аймақты (қауіпсіздік
аймағы) қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Сондай-ақ қарсылас жақтардың калибрі 100 мм-

ден асатын артиллериялық қаруларын түйісу сызы­
ғынан атудың барынша қашық аймағына әкету, атап
айтқанда:

– 100 мм МТ-12 зеңбірегі – 9 километр; 120 мм

минаатқыштар – 8 км; 122 мм Д-30 гаубицалары (2С1
«Гвоздика») – 16 км; 152 мм 2С5 «Гиацинт-С» (2С3
«Акация», 2С19, «Мста-С, 2 А65 «Мста-Б») – 33 км,
РСЗО 9К51 «Град» – 21 км, 9К57 «Ураган» – 36 км, 9К58

«Смерч» – 70 км, РСЗО «Торнадо-Г» – 40 км, РСЗО
«Торнадо-У» – 70 км, РСЗО «Торнадо-С» – 120 км;

– тактикалық ракета кешендері – 120 километр.

5. Комсомольск, Кумачево, Новоазовск, Саханка

елді мекендері кіретін аудандарда ауыр қару-жарақ
түрлерін және техникаларды орналастыруға тыйым
салынсын, оған ЕҚЫҰ мониторингі жүргізілсін.

6. Қауіпсіздік аймақтары шекараларында жаңа

мина-жарғыш инженерлік қондырғыларын орнатуға
тыйым салынсын.
Қауіпсіздік аймағында бұрын орнатылған мина-
жарғыш қондырғыларды алу міндеттелсін.

б І т І м г е р 7. Осы Меморандум қабылданғаннан бастап

қару-жарақ қолдануға тыйым салынған енінің көлемі
30 километрден кем емес аймақта барлық түйісу
сызығының ұзына бойына әскери авиацияның және
шетелдік ұшқышсыз ұшу құралдарының (БПЛА)

ұшуына, ЕҚЫҰ миссиясы мониторингтік (бақылауға)
пайдаланатын БПЛА-дан басқаларына ұшуға тыйым
салынсын.

8. Осы Меморандум қабылданғаннан кейін 1 тәулік

ішінде Ұйымның бақылау тобы құрамына кіретін
ЕҚЫҰ-ның мониторинг (байқау) миссиясы қару
қолдануды тоқтату аймағына байқау жасасын. Жо­
ғарыда айтылған аймақты секторларға бөлу тиімді,

оның саны мен шекарасын ЕҚЫҰ-ның мониторинг
(бақылау)
миссиясының
жұмысына

дайындық
барысында келісіп алу керек.

9. ЕҚЫҰ мониторингімен Украина аумағынан бүкіл

шетелдік әскери құрамдарды, әскери техникаларды,
сонымен бірге, ұрыскерлер мен жалдамалыларды
шығару.
Үшжақты байланыс тобының қатысушылары:

Елші Хайди Тальявини
Украинаның екінші Президенті Л.Д.Кучма
РФ-ның Украинадағы елшісі М.Ю.Зурабов
А.В.Захарченко

И.В.Плотницкий

2014 жылғы
19 қыркүйек, Минск

4-ші қосымша
Ағылшын тілінен аударылған
Германия, Ресей, Украина және Франция сыртқы
істер министрлерінің баспасөз үшін бірлескен

мәлімдемесі, 2015 жылғы 12 қаңтар, Берлин
13/01/2015

Германия, Ресей, Украина және Францияның сырт­
қы істер министрлері Украинадағы ахуалды одан
әрі бейбіт шешудің саяси жолдарын, сонымен бірге
Астанада жоғары деңгейдегі кездесулерді өткізу

мүмкіндігіне кешенді және жан-жақты талқылау
жүргізді. Министрлер ағымдағы дағдарысты жедел
және кеңейтілген түрде бейбіт реттеуге, оның ішінде
тұрақты саяси үдерісті қалыптастыруға өздерінің

толық жақтас екендіктерін қуаттады.
Министрлер жанжалды реттеу үдерісінің негізі
барлық тараптар толық қалпында орындауға тиіс
минскілік келісімдерде жатқандығын тағы да қуат­

тады. Олар тыныштық режімін толық сақтау қажеттігін
тағы да атап көрсетті.
Министрлер Байланыс тобын жақын күндерде
Минск уағдаластықтарын толық көлемінде орын­

дауға, оның ішінде оқ атуды іс жүзінде тоқтату үшін
қажетті жағдайды қалыптастыруға, гуманитарлық
көмекті жеткізудің және тұтқындарды одан әрі
босатудың жағдайы мен ресімі жөніндегі келісімді

дайындауға шақырды.
15-0192

б І т І м г е р
Осы шаралардың барлығы Астанада жоғары
деңгейдегі кездесуді ойдағыдай ұйымдастыру үшін
негіз жасауға көмектеседі. Министрлер бұл мақсатқа

қол жеткізу үшін одан әрі күш-жігер жұмсау қажеттігі
жөнінде келісті.

5-ші қосымша
Ағылшын тілінен аударылған
Украина, Германия, Франция және Ресей сыртқы
істер министрлерінің бірлескен мәлімдемесі

2015 жылғы, 21 қаңтар Берлин
Украина, Германия, Франция және Ресейдің сырт­
қы істер министрлері минскілік келісімдер негізінде
шығыс Украинадағы дағдарысты ахуалды, саяси

тұрақтылық үдерісті қоса алғанда, бейбіт реттеу
жөнінде одан әрі атқарылатын іс-қимылдарын
талқылауды жалғастырды.
Министрлер «тыныштық» режімін толық сақтау

жөніндегі өздерінің үндеуі орындалмағандығына,
оның орнына, керісінше, көптеген адамдардың,
оның ішінде бейбіт тұрғындардың өліміне әкеп
соқтырған Донбасстағы тайталас елеулі түрде

шиеленісіп кеткендігіне ерекше алаңдаушылық біл­
діретіндіктерін атап көрсетеді. Мұны дереу тоқтату
және «тыныштық» режімін қалпына келтіру керек.
Олар барлық қатысушыларды осы айтылғандарға

толық құрметтеуге шақырады.
Министрлер жанжалға тартылған барлық та­
рап­тарды ұрыс қимылдарын тоқтатуға және ауыр
қару-жарақты 19 қыркүйектегі Минск меморандумы­

ның қосымшасында көрсетілген түйісу сызығынан
(бөлу сызығынан) алып кетуге шақырады. Сонымен

б І т І м г е р
бірге бұл үдеріс ЕҚЫҰ-ның арнаулы мониторингтік
миссиясының
қолдауымен

және
бақылауымен
жүзеге асырылуға тиіс.
Министрлер Минск келісімін толық имплемен­

тациялау жөніндегі елеулі прогреске мемлекеттер
көшбасшыларының «нормандтық пішімде» Астана
қаласында жоспарланған кездесуі қарсаңында қол
жеткізілуі қажеттігін тағы да атап көрсетті. Атап

айтқанда, оқ атуды тоқтату режімін тиімді сақтау үшін,
аманатқа алынғандарды босатуды жалғастыру және
гуманитарлық көмекті жеткізу жөніндегі келісімдерге
қол жеткізу үшін тиісті жағдай жасалуы қажет.

Министрлер Үшжақты байланыс тобын қолдауды
тағы да қуаттап, минскілік келісімдерге қол қою­
шылардың барлығын жақын күндерде оқ атуды
тоқтату және 19 қыркүйектегі Минск келісімінде көр­

сетілген түйісу сызығынан ауыр қару-жарақты алып
кетуді имплементациялау үшін кездесуге және минс­
кілік келісімдерді толық имплементациялау үшін
жағдай жасауға шақырады.

Сондай-ақ министрлер Үшжақты байланыс то­
бын минскілік келісімдердің тиісті қырларына сәйкес
Жұмыс топтарын құруға шақырады.

6-шы қосымша
Ресей Федерациясы Президентінің, Украина
Президентінің, Француз Республикасы
Президентінің, Германия Федеративтік

Республикасы Канцлерінің 2015 жылғы
12 ақпанда қабылданған Минск келісімдерін
орындау жөніндегі Кешенді шараларды қолдау
Декларациясы

2015 жылғы 12 ақпан
Ресей Федерациясының Президенті Владимир
Путин, Украина Президенті Пётр Порошенко, Фран­
цуз Республикасының Президенті Франсуа Олланд

және Германия Федеративтік Республикасының
Канцлері Ангела Меркель Украинаның егемендігін
және аумақтық тұтастығын толық құрметтейтіндігін
атап көрсетеді. Олар тек қана бейбіт реттеудің

баламасыз екендігіне берік сенімді. Олар осы мақсат
үшін әрқайсысы жеке және бірлесе отырып та мүмкін
болатын барлық шараларды қабылдауға барынша
дайын.

Бұл тұрғыда көшбасшылар 2015 жылғы 12 ақпанда
Минскіде қол қойылған және қабылданған, сонымен
бірге 2014 жылғы 5 қыркүйекте Минск хаттамасына
қол қойғандар және 2014 жылғы 19 қыркүйекте Минск

меморандумын қабылдағандар түгелдей қолдайтын
Минск келісімдері бойынша Кешенді шараларды

б І т І м г е р
мақұлдайды. Көшбасшылар бұл үрдіске өз үлестерін
қосады және осы Кешенді шараларды орындауға
тиісті тараптарға өздерінің ықпалдарын жүргізе

отырып, жағдай жасайды.
Германия және Франция жанжал орын алған
аудандардағы банк жүйелерін қалпына келтіру үшін,
әлеуметтік өтемдерді төлеуді жүзеге асыру үшін

халықаралық тетіктерді қолдану арқылы техникалық
қолдау көрсететін болады.
Көшбасшылар Еуропалық одақ, Украина және
Ресей арасындағы ынтымақтастықты нығайту осы

дағдарысты реттеуге ықпал ететіндігіне сенімді.
Бұл мақсатпен олар «қысқы газ пакеттерін» дамыту
қадамдарын жүзеге асыру үшін энергетика мәсе­
лелері бойынша Еуропалық Одақ, Украина және

Ресей арасындағы үшжақты келісімдерді қолдауды
жалғастырады.
Олар, сонымен бірге, жан-жақты әрі еркін
сауда аймағын құру туралы Келісімді орындауға

байланысты Ресей тарапынан туындап отырған
алаңдаушылықты ескере келіп, Еуропалық одақ,
Украина және Ресей арасындағы үшжақты келіс­
сөздерді қолдайды.

Көшбасшылар бұрынғысынша халықаралық құ­
қық пен ЕҚЫҰ-ның қағидаларын толық құрметтей
отырып, Атлантикадан Тынық Мұхитқа дейін ортақ
гуманитарлық және экономикалық кеңістік құру идея­

сынан айнымайтындықтарын білдіреді.

б І т І м г е р
Көшбасшылар алдағы уақытта да Минск келі­
сімдерін орындауды жақтайтын болады. Осы мақ­
сатпен олар әдетте Сыртқы істер министрліктерінің

жоғары лауазымды өкілдері қатысатын кездесулерді
тұрақты түрде өткізе отырып, «нормандтық пішімдегі»
бақылау тетіктерін құруға келісті.

7-ші қосымша
Минск келісімін орындау жөніндегі Кешенді
шаралар
2015 жылғы 12 ақпан

1. 2015 жылдың 15 ақпанында 00 сағат 00 минут­

тан (Киев уақыты) бастап Украинаның Донецк жә­
не Луганск облыстарының жекелеген аудандарын­
да оқ атуды кідіріссіз және толық тоқтату, оны қатаң
орындау.

2. Калибрі 100 мм. және одан көбірек артиллерия­

лық қондырғылар үшін бір-бірінен ені кемінде 50
километр болатын қауіпсіздік аймағын құру мақ­
сатымен, РСЗО үшін ені 70 километр болатын
және «Торнадо-С»; «Ураган»; «Смерч» РСЗО үшін,

сондай-ақ, «Точка» («Точка У») тактикалық зымыран
жүйелері үшін ені 140 километр болатын қауіпсіз­дік
аймағын құру мақсатымен екі тараптың да барлық
ауыр қару-жарақтарды бірдей қашықтыққа алып кетуі:

– украиндық әскерлері үшін: нақты түйісу сызы­

ғынан;

– Украинаның Донецк және Луганск облыстары­

ның жекелеген аудандарының әскери құрамалары
үшін 2014 жылғы 19 қыркүйектегі Минск мемо­ран­
думына сәйкес нақты түйісу сызығынан.
Жоғарыда атап көрсетілген ауыр қару-жарақты

алып кету оқ ату тоқтатылғаннан кейін екінші күннен

б І т І м г е р кешіктірілмей басталып, 14 күннің ішінде аяқталуы керек. Бұл үдеріске Үшжақты байланыс тобының қол­ дауымен ЕҚЫҰ ықпалдастық жасайды. 3. ЕҚЫҰ тарапынан оқ атуды тоқтату және ауыр қару-жарақтарды алып кету режімін тиімді мониторингтеуді және анықтауды алғашқы күннен барлық қажетті техникалық құралдарды, оның ішінде жер серіктерін, БПЛА-ларды, радиолокациялық жүйелерді және басқаларды қолдана отырып алып кетудің бірінші күнінен қамтамасыз ету керек. 4. Қару-жарақтарды алып кеткеннен кейінгі бірінші күні украиналық заңнамаларға және Украинаның «Донецк және Луганск облыстарының жекелеген аудандарында өзін өзі басқарудың уақытша тәртібі туралы» Заңына, сонымен бірге, аталмыш заңға негізделген осы аудандардағы болашақ режімге байланысты жергілікті сайлау өткізудің қисындылығы туралы диалогты бастау. Осы құжатқа қол қойылғаннан кейін тоқтаусыз, 30 күн­нен кешіктірілмей 2014 жылғы 19 қыркүйек­тегі Минск меморандумында белгіленген сызық негізінде Украинаның «Донецк және Луганск облыстары­ның жекелеген аудандарында жергілікті өзін өзі бас­ қарудың уақытша тәртібі туралы» Заңына сәйкес айрықша режім қамтитын өңірлерді көрсете оты­ рып Украинаның Жоғарғы Радасы қаулы қабылдауы керек.

б І т І м г е р 5. Украинаның Донецк және Луганск облыстары­

ның жекелеген аудандарында орын алған оқиғалар­
ға байланысты азаматтарды жазалауға және қуда­
лау­ға тыйым салатын заңды енгізе отырып, рақым­
шылық және амнистия жасауды қамтамасыз ету.

6. Заңсыз ұсталып отырған азаматтарды және

кепілдікке алынғандардың барлығын босатуды және
«барлығын барлығына» қағидасымен айырбастауды
қамтамасыз ету. Бұл үдеріс ең әрі дегенде қару-
жарақты алып кетуден кейін бесінші күні аяқталуға

тиіс. 7. Халықаралық тетіктер негізінде мұқтаж болып

отыр­ғандарға гуманитарлық көмекті қауіпсіз жет­кі­
зуді, оған қолжетімділікті, оны сақтауды және тара­
туды қамтамасыз ету.

8. Зейнетақы және басқа да өтемдерді, оның

ішінде әлеуметтік аударымдарды төлеуді (түсімдер
және кірістер, барлық коммуналдық шоттарды
дер кезінде төлеу, Украинаның құқықтық алаңы
шеңберінде салық салуды жандандыру) қамтамасыз

етіп,
әлеуметтік-экономикалық
байланыстарды
толық қалпына келтірудің қисындылығын анықтау.

Осы мақсатпен Украина жанжалдар қамтыған
аудандарда өздерінің банк жүйесі сегменттерін
басқаруды қалпына келтіреді, сонымен бірге мұндай
аударымдарды жеңілдету үшін халықаралық тетік

құрылуы да мүмкін. 9. Украина үкіметі тарапынан жанжал қамтыған

бүкіл аймақтағы мемлекеттік шекараға бақылау

б І т І м г е р
жасауды толық қалпына келтіру жергілікті сайлау
өткеннен кейін бірінші күні басталуы тиіс және
саяси реттеу толық орныққаннан кейін (Украина

заңы негізінде Донецк және Луганск облыстарының
жекелеген аудандарында жергілікті сайлау өткізу
және
конституциялық

реформа
жүргізу),
жылдың аяғына таман 11-ші тармақты – Үшжақты
байланыс тобының аясында Донецк және Луганск

облыстарының жекелеген аудандарының өкілде­
рімен консультация өткізу және келісу бойынша
орын­дағаннан кейін аяқталуы керек.

10. ЕҚЫҰ-ның бақылауы арқылы Украина аумағы­

нан барлық шетелдік әскери құрамаларды, әскери
техникаларды, сонымен бірге жалдамалыларды шы­
ғару. Барлық заңсыз топтарды қарусыздандыру.

11. Орталықсыздандыру элементтері негізгі си­

паты болып табылатын, 2015 жылдың соңында кү­
шіне енетін жаңа конституция негізінде (Донецк
және Луганск облыстарының жекелеген аудандары­
ның ерекшеліктерін ескеріп, осы аудандардың өкіл­

дерімен келісілген) Украинада конституциялық ре­
форма жасау, сонымен бірге 2015 жылдың аяғына
дейін қосымшада (1) көрсетілген шараларға сәйкес
Донецк және Луганск облыстарының жекелеген

аудандарына айрықша мәртебе беру жөніндегі
тұрақты заңнама қабылдау (Қосымшаны қараңыз).

12. Украинаның «Донецк және Луганск облыс­

тарының жекелеген аудандарында жергілікті өзін
өзі басқарудың уақытша тәртібі туралы» Заңының

б І т І м г е р
негізінде жергілікті сайлауға қатысты мәселелер
Үш­жақты байланыс тобы шеңберінде Донецк және
Луганск облыстарының жекелеген аудандарының

өкілдерімен келісілетін және талқыланатын болады.
Сайлау ЕҚЫҰ-ның тиісті стандарттарына сәйкес
ЕҚЫҰ БДИПЧ тарапынан мониторингтеу негізінде
жүргізілетін болады.

13. Минск келісімінің тиісті қырларын орындау

жөніндегі жұмыс тобын құра отырып, Үшжақты
байланыс тобының қызметін күшейту. Олар Үшжақты
байланыс тобының құрамын қамтып көрсетеді.
Ескертпе:

«Донецк және Луганск облыстарының жекелеген
аудандарының жергілікті өзін-өзі басқарудың уақыт­
ша тәртібі туралы» Заңға сәйкес мұндай шараларға
мыналар кіреді:

– Донецк және Луганск облыстарының жекелеген

аудандарында орын алған оқиғаларға байланысты
азаматтарды
жазалаудан,
қуғындаудан

және
кемсітушіліктен босату;

– өз тілін өзінің таңдау құқы;

– Донецк және Луганск облыстарының жекелеген

аудандарында прокуратура және сот органдарының
басшыларын тағайындауға жергілікті өзін-өзі басқару
органдарының қатысуы;

– атқарушы биліктің орталық органдары үшін

Донецк және Луганск облыстарының жекелеген
аудандарын
экономикалық,
әлеуметтік

және
мәдени дамытуға қатысты келісімдерді тиісті

б І т І м г е р
жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен келісуге
мүмкіндік беру;

– мемлекет Донецк және Луганск облыстарының

жекелеген аудандарының әлеуметтік-экономикалық
дамуына көмек көрсетеді;

– биліктің орталық органдары тарапынан Донецк

және Луганск облыстарының жекелеген ауданда­
рының Ресей Федерациясының өңірлерімен транс­
шекаралық ынтымақтастық жасауға көмек көрсету:

– Донецк және Луганск облыстарының жекелеген

аудандарында қоғамдық тәртіпті орнықтыру мақ­
сатымен жергілікті кеңестердің шешімі бойынша
халық милициясы отрядтарын құру;

– осы заңмен Украинаның Жоғарғы Радасы та­

ғайындаған лауазымды тұлғалардың және мерзімі­
нен бұрын өткен сайлауда сайланған жергілікті
кеңес депутаттарының өкілеттілігі мерзімінен бұрын
тоқтатылмайды.

Құжатқа Үшжақты байланыс тобына қатысушы­лар
қол қойды:
Елші Хайди Тальявини
Украинаның екінші Президенті Л.Д.Кучма

РФ-ның Украинадағы елшісі М.Ю.Зурабов
А.В.Захарченко
И.В.Плотницкий

МАЗМҰНЫ АЛҒЫСӨЗ........................................................................3 І. МАЙДАННАН УКРАИНАДАҒЫ ПРЕЗИДЕНТТІК САЙЛАУҒА ДЕЙІН: ЕКІҰШТЫЛЫҚПЕН ӨТКЕН КҮРДЕЛІ КЕЗЕҢ.................13 ІІ. МИНСКІДЕГІ ТАМЫЗ КЕЗДЕСУІ: УКРАИНАНЫҢ ОҢТҮСТІК-ШЫҒЫСЫНДА АСҚЫНА ТҮСКЕН ДАҒДАРЫСТАҒЫ БЕТБҰРЫСТЫ СӘТ .......................................................51 ІІІ. МИНСК УАҒДАЛАСТЫҚТАРЫ НЕМЕСЕ АҚТАЛМАҒАН ҮМІТТЕР.................................85 ІV. ҚАЗАҚСТАННЫҢ АРААҒАЙЫНДЫҚ РӨЛІ: ҚОЛДАУ МА, ҚАРСЫ БОЛУ МА?...................................129 V. «НОРМАНДТЫҚ ПІШІМДЕГІ» КЕЗДЕСУ: НЕЛІКТЕН АСТАНА ЕМЕС? ..........................................173 ТҮЙІН...............................................................................210 1-ші қосымша ......................................................................216 2-ші қосымша ......................................................................219 3-ші қосымша.......................................................................222 4-ші қосымша ......................................................................225 5-ші қосымша.......................................................................227 6-шы қосымша.....................................................................229 7-ші қосымша ......................................................................232

Нұрлан Онжанов

Дипломат жазбалары
Редакторы Фарида Уәлиева
Техникалық редакторы Эльмира Заманбек
Көркемдеуші редакторы Жеңіс Қазанқапов

Корректоры Айдана Сыдықбай
Компьютерде беттеген Ақерке Скакова

Басуға 20.06.15 қол қойылды.
Пішімі 60х90 1/16. Қағазы борлы. Офсеттік басылыс.
Шартты баспа табағы 15,0.
Тапсырыс №0192. Таралымы 1000 дана.

«Фолиант» баспасы
010000, Астана қаласы, Ш. Айманов к., 13
«Фолиант» баспасының баспаханасында басылды
010000, Астана қаласы, Ш. Айманов к., 13

Пікірлер (0)

Әзірге пікір жоқ.
An error has occurred. This application may no longer respond until reloaded. Reload 🗙