Мазмұнға өту
Home

Жалғыздықтың жанары

Бақыт Беделханұлы

Оқылуы: 0%

Жазылымсыз режим: 20-беттен кейін жазылым беті ашылады, әрі қарай әр 10 бет сайын (ең көбі 5 рет).

20 px
1.85
0.30 px
0.95 em

Жалғыздықтың жанары

Авторы: Бақыт Беделханұлы

Бақыт БЕДЕЛХАНҰЛЫ ЖАЛҒЫЗДЫҚТЫҢ ЖАНАРЫ Астана – 2012

УДК 821.512.122 ББК 84. Қаз. 7-5 Қазақстан Республикасының Байланыс жəне ақпарат министрлігі Ақпарат жəне мұрағат комитетінің «Əдебиеттің əлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару» бағдарламасы бойынша шығарылды Беделханұлы Бақыт. Б 35 Жалғыздықтың жанары. – Астана: Елорда, 2012. – 224 б. ISBN 9965-06-546-2 Тəуелсіз Қазақстанның поэзиясы əлеміне өзіндік қолтаңбасымен келген талантты ақын Бақыт Беделханұлының бұл жинағына соңғы уақытта жазылған өлеңдері топтастырылған. Əр шығармасынан азаматтық асқақ əуен мен парасаттылық қатар өріліп, құнарлы ойдың жұпары аңқыған жырлары оқырманды еріксіз баурап алары сөзсіз. УДК 821.512.122 ББК 84. Қаз. 7-5

© Б.Беделханұлы, 2012 ISBN 9965-06-546-2 © «Елорда», 2012

Кіндігімді кескен жұрт... «Туғанда дүние есігін ашады өлең өлеңмен жер қойнына кірер денең...» Абай Мен осы құрсақтың құрсауынан қу тірлік те гі құл шағыма жеткенше, өзімді бір рет еркін сезініп көрдім бе екен? Құрсақта жат қанымда бар еркім анамның ақыл-есі мен көңілкүйінде болған шығар. Мен үшін мың ойланып, мен үшін мың толғанып, мен үшін азапты өмірдің ащы дəмін де аянбай татып, шақа жанымды ұғынып, шайқап өсірген... Қадірлі, асыл ана! Кіндігімді кескенде не үшін шырылдап жылағанымды шын түсінген тағы да сол – анам, сосын, кіндік шешем болған шығар, бəлкім?!. Туған Ана! Туған Жер! Туған Ел! Бұл қастарлі де қасиетті үш ұғымның ұлылығын ұғынар ұл көп болса, қанекей... Кіндігіңді кескен туған еліңнің тілімденген алақаны мен тарамыс-

тағдыры – көкірегің ді қарсайырып шер шығарады. Кіндік қаның тамған жердің табы табаныңнан өткенде – тас маңдайыңнан бұрқ еткізіп тер шығара ды. Ал, оның құдіретін пəруəрдігер пенделер дің бəрі бірдей сезіне бермей ме деймін. Кіндігіңді туған топырағыңа байлап, бақи дың жолын бағыттаған баба ырымында өмір сүрудің бар пəлсапасы жатқандай. Елім деп еміреніп, жерім деп тебіреніп, тектілі гін тегінен алған бабаларымыздың бəрінің кіндігі топырағына байланған еді ғой... Шешем, жаңа туған немерелерінің кіндігін перзентханадан сұратып алып топыраққа көмдіріп жататын. Көмдіріп жатып «Адам туған жеріне...» деп, күрсініп қоятын. Күрсінісінде əлгі бір жылдардағы тағдыр тəлкегімен шетел асып кеткендегі «жат топырақ жастанып қаламыз ба?» деген шерлі күндері бар еді. Əкем біраз ғұмырын аурухананың ауласын тазалап, айналасын гүлдендіруге арнаған еді. Аз жылдар бұрын ғана Алланың аманатын тапсырып, туған топырағын торқа қылды...

«Заман бұзылды ма, адам бұзылды ма», қарап отырсам, күніне дүние есігін ашып қаншама сəби перзентханада туылады. Сол бейкүнə сəбилердің кіндігін кімдер кесіп, қайда тасталып жатыр? Əрине, сұрауы жоқ, құны жоқ қан-жынға араласып құрдымға кетіп жатыр. Кесілген кіндігі қанжынға араласып, қасиеттен жұрдай болған əлгі бейкүнə сəбилердің ертеңі не болмақ? Қатып қалған қағида жоқ қой. Бірақ, біртүр лі немқұрайдылық пен немкеттілік жыны иектеген дүбəралыққа жаның күйзе леді. Қамшының сабымен ғана өлшенетін бес күндік ғұмырдың өзі кіндігіңмен бірге жазаға да кесіледі. Ол жазаның үкімі тас маңдайыңдағы тағдырың ның қолында... Ал, бағанағы кіндігі жоқ балапансəбилер дің тағдыры кімнің қолында, тағы да болжау сыз болашақ па? «...Ойдың шалын сүйендіріп, сөздің асатаяғына, шалдар солай сөйлеуші ед баяғыда...» Бірді айтып, бірге кете бермей біртүйе ріме келейін. Бабалардың аманатын арқалаған азамат тары арқалы, аналардың

ақ жаулығындай ақ адал қыздары қылықты Алаш елінің жұлын дай жұрты емеспіз бе? «Кіндігімнің жас қаны тамған жерім – ауылым...» деген əнді ойсыз айтып, мұңсыз тыңдаған жандарға жаным ашиды. Жан демекші, «мына сөзіңнің жаны бар екен..» дейтін қазақы ұғымның астарында «өлең-сөздің патшасы...» паң қарап, бар ғұмырыңның бағдаршамы болып тұратын дай құдірет барау. Жанды сөз, жанды өлеңнің, кейде, тауқымет арқалаған тағдыр екенін сезінем. Сезінем де «бесіктей жеңіл өмірді табыттай ауырлатып алмайықшы» дегім келеді! Мына кіндігі ашылған заманда елін, жерін сатқан, сайтанын семіртіп баққан, кіндіксіз туылып жұмыртқа дай шіріп жат қан, тағ дырын табыттай ауырлатқан «адамдар ды» көрсеңдер, «өне бойынан өлең аңқыған Қазақ болыңдар!» деп айтыңдаршы.?! Автор.

Бірінші бөлім ЖОҒАЛҒАН ДƏПТЕР ЖЫРЛАРЫ ...Бұл өмірдің жар, құзын жағаладым, Жүрегімнің жалғызын жараладым. Жазығы жоқ жанымды жарға сүйреп, Өз анаңның айт, дедім, маған əнін!.. Ұғындырған ұлылықтың не екенін. Құлын шағым кісінесе қырлардан Желпілдеген жел боп саған жетемін! Құнан кезім күркіресе, күндей боп Найзағайдай бір жарқ етіп өтемін. Кіндік қаным тамған жердің рухымен Жасымастай жалын едім, от едім. Өйткені, ол – менің туған Отаным, Өйткені, ол – менің туған мекенім, Қымтап жатқан еркіндіктің етегін!..

ЖЫЛ ҚАЙЫРУ Қарашада шөп басын жел кемірер, Шұнақ аяз шұқшиып, ерге мінер. «Қауыс» соңы, аяғы «Боқыраудың» Бітпей қалған бейнетің белде жүрер... Тоң сіресер желтоқсан жебірленіп, Жер жериді дүниеден «кебінденіп». Ай менен күн алысар «Ақыраппен» өлі əлемге қалсам деп өмір беріп. Сондайда бір қаласың жеңілденіп... Ал, қаңтарда «Қырықаяқ», «Тоқырау»

кеп, Сере қарда сері аяз отыр-ау, деп, Өмірдің суретін сап терезеңе Жүреді мұздан өрмек тоқыған боп, Ол кезде ешкім ойламас опынам деп... Ақырып «Ақпан» келер «Тоқпанменен» Қысқа күнде жылымас оттан денең. Өте шығар бұл ай да ит қуғандай Қарлы боран ұйытқап, соққанменен. ...Қиқуы тез тиылған көкпар көрем. «Ұттың» соңы құт болып «Əз» келеді. Аққу ұшып, қаңқылдап қаз келеді. Əз Наурызда теңеліп күн менен түн Жадырап көрінеді жаз бедері. Жамырап соны да жұрт мəз көреді.

«От амалы» – Көкек пен Сəуір келіп, Балбырайды бар əлем бауыр керіп, Өзен, көлдер еріне есінейді. Жіңішкеден жуанды тəуір көріп, ...Тəубəшылға жатады Тəңір беріп. «Сартан» жайлап Мамырда «Зауза» келер. Жақсылығын дайындап жазға берер. Шұрқырап мал өреді беткей асып,

шыдасаң аз ғана егер... Арқа-жарқа болады азбаған ел. «Мырзасы» бар маусымның – өз уағы, Осы ай соңы – мезгілдің сөзуары. Шіліңгірдің сүйретіп шылбыр күнін Содан соң, «Сарша-сағыз» созылады. ...Қоңырланып малшының қозы, лағы. «Үркер» ауып, келгенде «Сарша-тамыз» Жұлдыз санап бітеді палшы атамыз. «Қыркүйекте» «Масақты» таразылап, Жер емшегін созғылап шаршатамыз. Өткен күнін өзіне аңсатамыз... «Қазанменен» көш түзеп ел барады... Елмен бірге құс қайтып, көл қалады. «Қазан ұрмай, қар жаумай» Қарашаға жеткізбей Бұғы мүйізін жел қағады. Көңіліңнің басталардай енді алаңы. Төрт мезгілдің біреуін қаза қылмай, Қадіріне жетейін таза нұрдай, Қарашадан басталған қайран өмір, Қарашаға жетсе екен қазан ұрмай!...

  • * Ешкімнің де болмасын дауы бүгін, Тауда тудым, тауда өстім, тау ұлымын. Анау, асқар шыңдардың-шығандардың, Бірге туған інісі-бауырымын. Таудан ескен даланың самалымын, Сағынышпен күтетін сан ауылым. Болашақтың бойына қуат берер, Əр ошақтың маздаған алауымын. Жанған алау жаныңды жай қыла ма? Бақ па, сор ма?..

Батайын қай күнəға, Қан-жүрегім кетсе де қақ жарылып, Қуанышқа ортақпын, қайғыңа да... Дос жылатып көргем жоқ, жау жаралап. Құйындатып кіргем жоқ, дауға борап. Қанатымды қағамын көкке ұмтылып, Тағатымды табамын тауға қарап. Таласпаймын талпынып дара шыңға, Əркім қалсын өзінің бағасында. Заманалар дауылы соққан кезде, Тұрсам болды таулардың арасында...

  • * Менде бəрі бар еді,

...иə,

бергенмін! Барын аяп қалар дейсің елден кім? Желіктері басылғанға жел бердім, Ерік-демі басылғанға дем бердім. Ана болар асыл жанға жол бердім, Аға болар жас ұланға қол бердім. Таусылғанға тағатымды бергенмін. Қамсыз жанға қанатымды бергенмін. Шемен болып қатпасын деп шер мен мұң Бəрін, бəрін беру үшін келгенмін. Өйткені, мен – өң мен түстің арасын – Көлгірсіген жерденмін! Жерденмін ғой, мен бір жақтан келгенмін... білгішсініп, сына мейлің, кем көргін. Мына өмірдің аптапты азап-отына өлең үшін көнгенмін!

  • * Өлең қалқып барады ой-ағында, Қос бүйірі бүлкілдеп оянуда. Оянуда, біртіндеп бой алуда... Өлең қалқып барады ой-ағында! Денең балқып, жанады жүрек от боп, Жан жабырқап қашанға жүдеп өтпек?! Ақындарсыз осынау ел мен жерін, Еміреніп сүйе алар кім өбектеп? Жүрегімнен жылжыса жырдың селі, Шегірткедей ыршиды мұңның шері. Қазағыма қалдырып жүре берем, Бір күн пері көңілімді бір күн сері.
  • * Фəни бір күн сөз алды, Сəби күлкім тоналды. Ойсыз, мұңсыз шағымды, Ойнап жүріп сол алды! Сөз тізгінін ой алды, Мұң үрпиіп оянды. Көзім алды көлкілдеп, Көк мұнарға боялды. Тоқсан толғап тобамды, Жүз айтсам да сол – əнді, Тағдыр дейтін тас-мойын, Бұрылмайтын боп алды. Содан бергі сонарды, Дей алмаймын оңалды. Не болғаны белгісіз Жоғалғаным жоқ алды. Енді менде, не қалды?
  • * «...Құстың мойыны бос, Жылқының белі бос, Адамның көңілі бос...» (Қазақы қазық) Ей, қиялымның қиып түсер сұңқары, Алты құрлықты айналғанмен, Аспандағы айды алғанмен, Күн түбіне сайланғанмен, Мойының талса, қайтесің?! Ай, арманның арғымақ тұлпары, Жел желігін қайтарғанмен, Желе жортып шайқалғанмен, Төрт аяғың тайпалғанмен, Белің талса, қайтесің?! Əй, Адам атаның ұрпағы, Асыл рухқа толған денең, Айнымастай болғанменен, Жүрегі жақын көп жанменен Айырылмастай болғанменен, Көңілің қалса, қайтесің?!

...Қайткенде де қайран жоқ. Қайлаң бар да қайрау жоқ. Тарлау барда сүрлеу жоқ. Зарлау барда сайрау жоқ. Қылша мойын талша жоқ. Қанатымды жайған боп, Аяғымнан талғам жоқ. Шоқырақтаған қайда жоқ, Шоқтығымнан тайғам жоқ. Өкінгеннен не пайда Қысқа жіптей ғұмыр бар Күрмеу түгіл, байлау жоқ?! *** «Аспанда Күн жоқ, Жерде үн жоқ,

Арамызда кім жоқ?..» Мəукенұлы Нұрлан жоқ! Толқын-толқын ойлар жоқ, Толғау-толғау жырлар жоқ. Жұрт томпияр тойған боп, Жүрегінде сыңғыр етер сырлар жоқ. Ду-ду еткен думан көп, Айтар бар да тыңдар жоқ. Ту көтеріп бір-бірін Тұғыр болар туған жоқ. Біреу өліп жатса да Көңілдің түбін ырғау жоқ. Шырқырап жаны тұрса да Шыққыр да көзде ылғал жоқ. Жон арқасын тілсе де Жоғын жоқтап, мұңдау жоқ. «Аспанда Күн жоқ, Жерде үн жоқ, Арамызда кім жоқ?!» Арамызда Мəукенұлы Нұрлан жоқ! ...Жоқ екен деп тұрғам жоқ, Аңсадық абзал ағаны Дүние-кезек келгенде Бізге де қолын бұлғар деп!..

  • * Дос көп кезде жалғыздықты жазғырдық, Дос жоқ кезде азаптандық, наз қылдық. Мені ешқашан сатпаймын деп жылайды, Жалғандағы жалғыз досым – жалғыздық. Басымызды сан сарсаңға салғызды ой. Сонда дағы бақыттымыз – бармыз ғой. Бəрі де бар – дос та, бауыр, туыс та Бірақ, менің жалғыздығым, жалғыз ғой...
  • * Өлең жаз, дейсіз ғой тағы да,

түн құшағында жатып. Жатқыза қояр ма жанына

нұрлы шағында – уақыт. Уақыттың өкпесі күйгендей,

шаршатты-ау, уəделі жүрек. Тірлігі қалды ғой иленбей

онсыз да бос сөзден жүдеп. Жүдеген, жүнжіген жүйрігім,

туласа, бір сойқан бастар. Пенденің білсе өзге пиғылын

жолынан лақтырып тастар. Шындықты қалды деп шырылдап, миымды ашыттың неше?!. Мен оның шырылын сығымдап жүрекке сап қойғам кеше. Бір өлең жазып ем, жылады биліктің білегін сүйіп. Күл болып шашылып, құлады сол жүрек өртеніп, күйіп. Махаббат сезімі қайда деп, сұрама, бос тұр ғой, кеуде... Мəжнүн жоқ , «лəйлитін Лəйлə!» деп, тіпті, ұят, бірдеңе деуге?.. Не жаз деп кеп тұрсыз, тағы да түн құшағында жатып. Қазір жатқызбайды жанына, ...Нұрлы шағында – Уақыт!.

  • * Ақындығым арманшыл, кімге міндет? Күнде айығып, тазарам, күнде кірлеп. Қалай айтам қаймықпай қазағыма Мына өмірді сен үшін сүргемін деп?! Кімге, неге, не үшін қапалымын? Кімнен, неден, не үшін жапалымын? Кім тартпады тағдырдың қапа-күнін, Кім ішпеді тірліктің заһар-уын? Адаммын ғой мен дағы сендер құрлы, Жазғырмаңдар, бəріне сенген құлды? Сең соққандай мені де мына өмір Сергелдеңге салды да сенделдірді. Əркімнің бар бір қиял, бір қайғысы, Соны ойлайды, қайнайды, тулайды іші. Пері соқты қылатын пенделерді Көзі соқыр көңілдің бұл қай құсы? Дүр-дүние-ай, дүбірің, дүрмегің көп. Білгенімнен əлі де білмегім көп. Күнде су боп, жүрген соң күнде кірлеп, Қалай айтам шын өмір сүргемін деп? Ақындығым, əйтпесе, кімге міндет?!
  • * Бұл не деген алдамшы өмір еді! Жұрттың бəрі бақытты көрінеді. Таңмен бірге таласып.., жанұшырып, Қараңғыға қайтадан көміледі. Бұл не деген алдамшы өмір еді!.. Арасында солардың мен де бармын, Елге бердім, қайтадан елден алдым. Алыс-беріс дүниенің ортасында, Отқа түстім, су кештім, желде қалдым. Жел қақтаған қаңбақтай шөлде қалдым... Арасында мен солай жүре берем, Бір сүрініп, бір құлап, түрегелем. Жақсылардың жап-жарық жүрегін бер, Тірі жанға жамандық тілемеген. Жабығып, жасыса да жүдемеген. Еш пе, кеш пе,..

кешсе де қанша ғұмыр? Таусылмайды-ау, адамның аңсары бір! Мен де бармын ішінде мынау дүние Ұйқысынан оянып салса дүбір!.. Таусылмасын адамның аңсары бір! Бұл не деген алдамшы өмір еді?! Төңірегі осылай көрінеді... Көрінеді... қайтадан көміледі... Ойлағаным, əрине, өңім еді. Өмір деген – біртүрлі түсім шығар, Түс деген бəлкім, солай өріледі?.. ДОСБОСЫНОВ ОРАЗАЛЫ ЖАРЫЛҚАСЫНҰЛЫНА Маһфуза – Тағдыр жазылған тақта 2004жыл 30 қазан

...Аға-досым жаралы, Іні-досты алқымдап тұр ажалы. Арқа тұтып ап қалғанмен ағаны, Кетпен таудың жылап тұрды жанары. Қас-қағымда қақ айырылып қара жер, Қала жаққа хабар кетті қаралы. Екі дүние арасында теңселіп, ...Жаным қалды, жазығы жоқ.., жалалы... Мұңға айналып тіршіліктің бар əні Іші-бауырым күйіп-жанып барады! ЖОЛАЙЫРЫҚ ...Қайда екенін кім біледі жайлы бақ? Жатқан кезде төбемізден жай құлап, «Жолдасыңнан жолда адасып қалдың»

деп, Күн батқанда көтерілді ай жылап. Жолайрықта «жақсы өмірден» жеріткен, Ажал көргем аласұрып, деміккен. ...Ақындарын солай жақсы көреді ол, Жартыкеш ай, жылап тұрсың неліктен? Тағдырының таусылмай да сызығы, Сарқылмай да сəн-салтанат қызығы? Қыршын жасты қиып түседі екен ғой Қыз-қыз қайнар ішіндегі қыжылы. Ажалы емес, қыжылы кеп қиды оны. Артта қалды сүйгені мен күйгені. Артқан жүгі алашына аманат, Ал, тағдыры тас-талқан боп күйреді. Жүрген жері жар мен құздың шеті еді Кеткен жері Кетпен таудың етегі. ...Жеткен жері кең пейіштің мекені.

  • * Сен сөйлеуші ең, баяғыда, «Ойдың шалын сүйендіріп,

сөздің аса таяғына». Жүрегіңнен жыр ұшырдың

жүк түсірмей ақылдың аяғына. Арбасы ауып, өгізі өкіргенге Сабыр сыйлап, болушы ең саялы да Замандастың зар–мұңын естігенде Бас қатырдың бақыттың баянына... Барлығына – бақсыздың тағдырына өртендің, ...Олар сені аяды ма!.. ӨКІНІШ ...Аспанды жылатқаным-ай, ...Асқарды құлатқаным-ай, ...Бұлақты суалтқаным-ай, ...Құрақты қуартқаным-ай, Қабырғам сөгілгенін-ай, Бауырдан езілгенім-ай, Уайымның кеміргенін-ай, Айымның көмілгенін-ай, Жұлдыздың төгілгенін-ай!.. Намысты қамшылар сөздің өсектен өрілгенін-ай... Шер-мұңның шегелеп тамып,

жүрекке төгілген уы-ай!.. ...Аспанды жылатқаным-ай, ...Асқарды құлатқаным-ай, Қойшы, мен көтеремін ғой Тозақты жұмақтағыдай. Енді, сен, ешкімді жылатпашы Құдай, Жылатсаң, Жұбатпашы бұлай... ЖАЛҒЫЗДЫҚТЫҢ ЖАН-АРЫ Не дауасын, таппаған соң өзге емін, Өкінішке өртей алмай өзді өзін. Аппақ айдың нұрын емген нұрлана, Жұлдыздарға қадап қойып көздерін, Сенің жалғыздығың-ай! Ағаларға міндет қылмай ақтығын, Ашынса да айрандамай пəктігін. Інілерді ізетпенен қарсы алған Жүрегінің желбіретіп ақ туын, Сенің жалғыздығың-ай! Тырс-тырс етіп мына тылсым

тыныштық, Төгілгенде өлең болып ып-ыстық. Дүниенің бар қиянат, сұмдығын Қапсыратын қабырғасын қылыш қып, Сенің жалғыздығың-ай! Аспанында мың жұлдыз бар шашылған, Табынында бір жұлдыз бар ашынған. Аяғында екі өмірдің етігі Біреуі оның қонышынан басылған, ...Əй, сенің жалғыздығың-ай! Сатылмаған, сатылмайтын, сатпайтын. Сол үшін де еш пендеге жақпайтын. Адасса да айғай, аттан салмай-ақ, Бір құдайдан басқа ешкімді қақпайтын, Сенің жалғыздығың-ай – Менің жалғыздығым-ай

АҢСАУ Топырағыңнан торқа-шапан жамылып, Жан-бауырым, жатырмысың, жабығып?!. Сен жанымнан ұзап бара жатқанда, Жаратқанның жазмышына бағынып, Қала бердім қайғы отына қарылып. Қайда барам азапты ойдан арылып? Кең дүнием кеми берді, тарылып. Тауқыметін тартып келем тағдырдың Алқымымнан ажырғыға таңылып. Үйде жүрсем, үрей билер... үй-түнек. Түзде жүрсем, жұрттың сөзі күйкі боп, Жаным жылап, қалжырады қамығып. Атаң кеткен, əкең кеткен жолменен, Сен де кеттің, төтелетіп көлденең. ...Шешең кетті шертілмеген сыр болып, Дүниенің бір рахатын көрмеген. Жан-жарың да жалаңаяқ жар кешіп, Жылап жүріп, қырға кетті сорменен. Соның бəрін арқалаған артыңда Ай мен Күндей сəулелері сөнбеген, Нұрың қалды,

Жырың қалды,

Əн қалды Мəңгі бірге жасайтұғын елменен!

  • * Кіре ме деп жүргенде енді есіміз, Дөңгелемей қойды ғой өрге ісіміз. Екеуміз қара өлеңнің құрбандығы Кешегі Мұқаңдардың жерлесіміз ...Ақиқатты аңсаумен өткендердің, Жұртында жылап қалған пендесіміз. Əй, кіре ме, кірмей ме енді есіміз? Кірмесін де білмеймін кірерін де Бұртиып нем бар менің бұл өмірге. Əйтеуір, жасырынып тұрады ылғи Қарашаның салқыны гүл өңінде. ...Ажары – əлем-жəлем реңінде, Азабы – жұдырықтай жүрегімде; өкпелеп нем бар менің бұл өмірге!.
  • * Ол кезде он үште едік, Ойын мен ойды қатар тегістедік. Алқалы жұрт ортаға ап айтыстырса, Бірімізге біріміз беріспедік. Таңдайға Тəңір берген сөзді айтып сап Алаңсыз отыратын періште едік. ...Ызғары Желтоқсанның басылмаған, Қабағы келер күннің ашылмаған. Сондай бір сор қайнаған уақ еді ғой, Тақалып кеп қалғандай тасыр заман. Тығырыққа тіреліп тұрса да елдің кезі еді берекесін қашырмаған. Қырандай шарласақ та мың қияны, Табушы ек айналып кеп үйді-ұяны. Жып-жылы сол күндер-ай, жылжып ағып, Жылдардың арасынан жылмияды. Жылмияды,

жүрекке мұң құяды...

  • * Қанатыңнан ұшқан қаршыға, Қара бір терге малшына, Қара аспан жаққа самғады. Қара жерде қалып бар шүбə... Қанатыңнан ұшқан қаршыға, Қара бір терге малшына, Қара аспан жаққа самғаса, Қайыру бермес, енді, шаршыға! Қайырылып қайта түссе егер, Алдымен аян-түске енер. Түсіңде қарға боп кетсе. Жараңның аузына тұз себер. Айналып келсе құзғынға, Себі жоқ себер тұздың да. Қадірін білмес киенің, Онда, тірі өлікпіз, біз мұнда. Қанатыңнан ұшқан қаршыға, Қара бір терге малшына. Қара бұлтты көктеп, бір күні Қайырылып, келер, сəл, шыда! Арманым қалған ол тұсқа, Созғанмен қайтем, қол қысқа. Жұлдыздан, сəлем айтқайсың Сормаңдай ұлдан сол құсқа
  • * ...Кісі таңдап араласу – сəн болды, Жоқтың жолы – кеседі деп, бар қолды. Ол қырттарға өкпе де артпай наз да

артпай, Тамашалап жүріп келем тар жолды. Сол тар жолда жүре берем көңіл кең, Жүрегім де кем емес еш төріңнен. Өкінбеймін дəл осылай жүріп-ақ, Өз еншімді адал алсам өмірден. Байшыкеш пен бишікешті жағалап, Бірін алдап, бірін арбап, паналап. Бір пендең жүр тиын санап, тіл безеп, Ақынмен дос болған күнін қаралап. ...Кісі таңдап араласу – сəн болды. Сол арқылы найқалтам деп нəн жолды. Олар түбі жұмақты да саудалар, Сол арқылы кеңіте алса, тар көрді!.. Өз басынан асыра алмай тілегін, Ақша іздеп жүр,.. біреу ұстап жүрегін. Ал мен болсам, сол ақшаның орнына Ақыл сұрар адам іздеп жүремін. Адам іздеп жүре, жүре.., Жүрермін..!

  • * Тобыр түбі – топалаң. Тобылғы түбі – сап қамшы. Топ жылқым қайтты жотадан, Торысын бөлек баптап бақсамшы. Тəбəрік боп қалған еді ғой атадан, Төбеліне қара күйе жақсамшы. Қазан-қазан ет астым, Бастан жақты айырып бөлек салсамшы. Көмейіне от тыққанша ошақтың, Бойына сіңбей көбігін ерте алсамшы!.. Табақ тартып қазанымды босаттым, Жауырынын жаныма сақтап қалсамшы... Бақытын ойлап ем басқа ұлттың, Басым бақбақтай гүлдеді. Жел тұрмасына бəс тіктім, Анық-ты оны заманның желі үрлері. ...Асығып жүріп тас жұттым, жаналқымдап жаһандану дүрмегі. Алты малта ас еді, Алты айшылық жолға шықсам да. Тұғырым – алтын ердің қасы еді, Алтауды асқақ тұтсам да. Намысым əр кез ар алдындағы бəс еді, Сол үшін басымды көрге тықсам да. Тəңірім бағын қиған күн, Еңсемді тіктеп, ес жидым, ...Табалдырығы құйма алтын, Есігінен еңкейіп кірер ескі үймін! Жоқ іздеп кеткен арманның Мен қашан сүйіншісін естимін?!
  • * Неге, неге, неліктен ер құлады? Түсіне алмай дал болдық, ел жылады. Тəу етерім əуелден Тəңір еді, Тəуекелім «Тəубə!» деп бел буады. Бел буғанын қайтейін, ердің бағын, Кеміс туған кещелер кем қылады. ...Сөйлесем, жапырағымды жел жұлады, Үндемейтін шығармын ендігəрі?!

Шығысыма шырай береген өр Алтай! «...Батыстың күні – батқан күн...» Ұлықбек Есдəулет Адам ата жүрегінде жұмыр жер, Жұмыр жер де жел тілімен күбірлер. Пендеміз ғой, біз пендеміз... Жасаған, жұдырықтай жұмыр жерге ғұмыр бер! Шыққан күнмен бірге тарап шуағы, Алашыма тұғыр болған тұрағы. Шығысыма шырай берген өр Алтай – Жұмыр жердің жүрегі мен жұмағы. Қымтағанда қара түннің шапаны, Сала-құлаш ақ күміс боп сақалы. Жұлдыз-мүйіз кер бұғысын жусатып, Ұйқылы-ояу... Ай жастанып жатады. Асқар тауға ақ бурасын шөктіріп, Қара ертіске қабырғасын сөктіріп, Күн көтеріп оянады содан соң, Жанарынан таңның нұрын төктіріп.

Адам-Ата, Һауа-Ана – алғаш қонағы. Содан бері ел мен жұрты тобалы. Ай маңдайын Алла сүйген Алтаймен, Шығысымның жұлдызы да жоғары. Барқынданып батысыма батқан Күн, Атқан таңның арай нұрын ап қалдым.. Арманымды аттандырып Алтайдан, Таусылғанда таудан тағат тапқанмын! ...Қазынаға жолықтырса жол түбі, Саған қарай сапар шегем сол күні. Адамзаттың алтын қазық мекені – Айналайын, Һауа-Ананың төркіні!

  • * Оқ атылды, аспанға емес, жас жанға. Оқ атылды, қуғанға емес, қашқанға. Оқ атылды, тасқанға емес, сасқанға. Оқ атылды, жанарымда жас барда – Отпантауда жаным жылап жатқанда! Тағдырына тура келген қазақтың Таусылады қашан, қалай азап күн?. Тағатына таға қаққан тəуменді ел Талғажауы болып жатыр мазақтың. Азаттықтың қас-қабағы – Астана, Ашылмады-ау, кəріге де жасқа да! Алаш жұртын айырбастап ақшаға... Ажалдан да ұят боп тұр, масқара! Нардың жүгін арқалаған арманға, Нəмсіз қоғам нəмəрт қарап, алдауда... Намысына нан сұратқан билікте Нақақ көздің жасын сүртер жан бар ма?! Ғажабыңды көрсек тағы кей алуан Ғапыл-дүние ғадауатсыз дей алман. Ғазиз басын құрмет тұтар аз күнгі Ғасыл жанға мейірім бер, ей, Аллам! Адам-Ата зəузаты едік зəудегі. Абыл-Қабыл жекжаты едік жердегі. Аңыратқан Хауа-Ананың жүрегін Аллам, өзің кешіре гөр, пендені!!!
  • * Басылмайтын елімнің шөл құмары, Ауылымның бар еді белбұлағы. Айтақырға жалғасып арғы жағы, Бал-бұл жайнап жататын бергі жағы. Айтақырда жалғыз тал сорға жақын, Жалғыздықтан бүгіліп қорғанатын. Айдалада адасқан адам болса, Темірқазық жұлдызы сол болатын. ...Көген-көңілі оның да жетім бе екен, Жан-жүрегін жел жұлқып, жекір ме

екен? Жазда жаңбыр, қыста қар – аяз, аптап Арасында ол қалай жетілді екен?! Жалғыз жүрек, жалғыз жан, жалғыз

көңіл Көрінбейтін көзіңе мəңгі із бе – бұл? Үш жетімді жылатып, жұбатқан боп Шимай-шимай соқпағын салғызды

өмір!..

ЖАЛҒЫЗДЫҚ Ай да жалғыз, күн де жалғыз, жер

жалғыз, Сен де жалғыз, ел ішінде мен жалғыз. Жалғыздықтың жаутаңдатып жанарын, Екеу десек біреуіне енжармыз. Шыңда шынар жалғыздықты ұқтырып, Ақырында құлайды екен тік тұрып. Аққу да əне, айдынынан адасқан, Жүректерін жұбатуда жұп құрып. Менменсіген Алатау да бір күнде, Жалғыздықтан шашы ағарды бұл күнде. Шақша басым, ақ шаласың демеймін Ақ шалғанша екеу болсын күлкім де. Күнде алдайды жылмыңдаған жарықтар, Алданбауға жан-тəніңді салып қал. Екі-екіден еркелеп қал өмірде Ешқашан да егіз болмас табыттар. Лəйлə, Лəйлə, Лəйлə деумен сор атын Жамылды да кетті, білем, сол ақын... Ақылыма ақыл қосшы адамдар, Жүрегіме жүрек керек соғатын!

МАХАББАТ КҮНІ Сен он алты жасыңда, Он жетіге жетер-жетпес кезіңде. Ақ жүрегің таныстықтың басында Əніменен баурап еді от сезімге. Сол сезімнің серт боларын кім білген. Білетінмін бірақ, бірақ... дəл емес. Сол дауысты тең көруші ем бұлбұлмен Ал, қазіргі... ол кезгідей əн емес. Үмітіңді үніңменен үкілеп, Махаббатты мəңгі мас қып тастап ең. Күдігімнен күдер үзіп, үһілеп, Содан кейін өмір жолын бастап ем. Балаң көңіл басылмаған аптығың, Ғашықтықты ыммен ғана сездіріп, Жанарыңнан төгілетін шаттығың, Көркің де бар алатұғын көз құнын! Сен мен үшін мəңгі мекен – жыр елім. Жырда ақындар періште деп бағалар. Жүрегімнің ішіндегі жүрегім, Ондай жүрек тек біздерде ғана бар. Өкпелетсем өз жүрегім ауырар, Ішіндегі жүрегім сəл шым етіп. Шаттандырсам, бар бақытым табылар Баяғы əнің қайта туып шыр етіп. Əуелесін сол махаббат – əніміз, Сиқырына еш құдірет жетпейтін. Сен мен үшін мəңгі күзсің, Сары қыз, Тек құстары жылы жаққа кетпейтін.

  • * Ол жылайды, жек көріп өзін-өзі. Тағдырынан болды ма, өзі мезі. Жапырақтай жап-жасыл жан-жүрегі Тапталғандай табанда сезінеді. Өмірді де шын сүйіп көріп еді. Ол да өксітті,

табылмай көңіл емі. Жол іздейді,

жол іздеп көміледі, Өртке оранып жатқандай төңірегі. Адамдардың барлығын жақсы көріп, Ақ жүрегін айқара ашты келіп.., Есігі жоқ ескі үйдей иесіз қалды Қайран көңіл, кеткендей бақсыға еріп. Ол жылайды қосылып қаз үніне, Қайтқан қаздай қайғысы, назы міне, Ол жылайды тағы да, айтатыны: «Жауған қардай жанымның

жазығы не?!.»

  • * Сен де жүкті...

Өлеңге мен де жүкті. ...Салмағын екеумізге тең бөліпті. Бұл не деген құдай-ау, кереметің Ұмыттырған бір сəтке пенделікті. Сен əйелге айналып, мен өлеңге... Мейірлене қараймыз кең əлемге. Аспантауың əне, тұр! Бір кездері келін болып барғансың сен ол елге. ...Бар адамның ете гөр, жанын ізгі, Жақсы екен ғой, сұрасқан хəлімізді. Есіңде ме, атаға сəлем салып, Қуантқаның ауылды – бəрімізді. Қартайғанмен əкеміз қажырлы еді. Көз алдымнан кетпейді қазір де өңі. Жас сəбидей жаны пəк жарықтықтың Басына барып қайттық жаз ілгері. Шешем де шертілмеген шежіре ғой, Төгілген жанынан мұң, көзінен ой. «Шал кеткен соң, қадірім қашты»

деп жүр, Қартайған ғой, оңай ма, шөжіген ғой.

Сарқыт алып келетін тойдан апам... Қоңыр қозым деуші еді қойдағы атам... Осындай мейірімді мəрмəр-бұлақ «Шіркін-ай, қайда бар?» деп, ойға

батам. Мен де жүкті өлеңге,

Сен де жүкті... Жер бетінен жояйық, пенделікті. Біріміз жыр, біріміз ұл əкеліп, Екеуі де болсыншы елге құтты...

  • * Ей, менің жүрегімнің

шақырылмаған қонағы, Кел, төрлет! Құтты қонақ үш-ақ күндік болады, Көңілімді көркемді ет! Сен дəме еткен қажеттінің бəрі бар, Дəм тат, кел! Сағынбаған, аңсамаған жалығар, Сағынып кел, аңсап кел! ...Жүрегімде жалғыз қонақ күтіп ем, Баяғыда... мəңгілікке ол қап кетті. Өрісімен, ырысымен, құтымен Бір басымды бақты етті. Оның жөні бір бөлек қой, əрине, Жүрегім де соныкі. Сол қарайды қарағандай сəбиге, Түнімді де күзететін сол – Үкі... Əй, менің жүрегімнің шақырылмаған қонағы, Кеп тұр солай... жолың боп. Жолай соғып кеп тұруға болады, Ал, қонуға орын жоқ!

  • * Ауылдан Алматыға кеше келген, Ізетті қыз екенсің шеше көрген. ...Еркіндіктің есігін ерте ашыпсың, Сүрінеді екенсің неше жерден? Аңқылдаған көңіліңнен айналайын, Бүлінеді екенсің неше жерден? Кешір, қалқам, мен емес сұр мергенің. Ашуланба, бұлданба, сыр бермегін. Өрмек тоқып отырған мыстан-қала Баяғыда-ақ сап қойған сүрлеулерін, Дайындап суық қолды сұр мергенін. Сонда да жұмақ болсын жүрген жерің. Əп-əдемі, аяулы, арлы көзің Жасырмай тұрады екен бар мінезін. Бұл қаланың толқыны кейде, тіпті, Жарға итере салады нардың өзін... Алматыға ауылдан кеше келген, Ізетті қыз екенсің шеше көрген. Сүрінбеймін десең де неше жерден, Бүлінбеймін десең де неше жерден, Қала деген сондай ғой,

жетегіне ап, Жолмен емес, жүргізер көшелермен. Мен бір жүрген ағаңмын ақ жол тілер Ал, қалғанын көрерсің пешенеңнен!..

АППАҚ ҚҰСЫМ-АУ Арман, арман алдамайды, Самғап ұшып келем саған. Қалай от боп лауламайды Махаббатым мен аңсаған. Мен аңсаған көлдің нұры Селт еткенде шайқалады. Көңіліңнің мөлдірлігі, Мөлт еткенде байқалады. Қайырмасы: Аялаған аяулы аппақ құсым-ау, Саялаған жанымдай тəп-тəттісің-ау! Күндіз күндей тілекті əніңе қосып, Түнде айдай жүректі сақтап тұрсың-ау! Сұлулығы дүниенің, Сен бар кезде жарасатын. Сен бəрінен биік едің, Кім бар саған таласатын. Ақ құсым-ау, қарасаңшы Самғар кезде аспаныңа. Жұлдызымды жаға салшы, Қанатыңды қаққаныңда! Қайырмасы

  • * Кешегі біздің

ақ кимешек киген əжелер, Ешкімнің ала жібін аттамаған ару-ды. Ақылы қандай алымды, Мінезі сондай сабырлы. Сол ала жіпті аттамай-ақ, Семірткен еді малың менен жаныңды... Ал, бүгінгі ақ балтыр біздің арулар, Кесе ұсынып жатып кещеге; ...Сол ала жіп ала жылан боп кетсе де, Жез темір байлап өкшеге, Белінен басып өтсе де,.. Əй, өзгермейтін шығар ештеңе!?.

СЕН БАРДА... Жанарың сыр айтады. Жандырып жүрегімді. Сен барда кім айтады, Жалған деп мына өмірді.. Жалған деп кім айтса да, Махаббат нұры арайлы. Мейлі өмір мұңайтса да, Періште жыламайды. Аяулы арман құсым, Көзінде жұлдыз жанған Көгіме самғармысың Шырқатып шың, құздардан. Сен барда тұратындай, Жайқалып бəрі орнында. Күн болып шығатындай, Арманым таң алдында.

...КӨЗ ЖАСЫ «Шеше, сен, бақыттысың, жыламағын, Жай түсіп жатқанда да құламадың!» Мұқағали «Ана, сен.., жыламағын...» Бесігімде-ақ шырқадың жұмақ əнін. Сол əн мəңгі кеудемде ұялайды Көкірегімнен шыққанша бұла жаным. Бұла жаным бұлқынған бесігінде-ақ, Бесігінде бұлқынса, несі жұмбақ? Мынау аңғал ғаламның мен сол кезде-ақ, Алғанмын ақылы мен есін ұрлап. Жұмақ əнің айтылса ана сенің, Тау тербеліп, тарқатқан дала шерін. Сол əніңе айналып кетсін деуші ем Қаптатса да қайғы, мұң қара селін. Бұл күнде əн естісем мейірімсіз, Ессіз ғана жымиям, кейіп үнсіз. Айналам тарылғандай тарығамын, Ана сенің аспандай пейіліңсіз.

Аспан маған қарайтын мейірлене, Жер де жөргек болатын, бейілдене. Аспан мен жер арасы алай-дүлей Аласапыран боп кетті кейін неге? Түсінбедім, ол жағын ұға алмадым. Адаммын ғой, адаспас тұманда кім? ...Қара дауыл тұрса да қайта жанар жалпылдап барып сенің шырағданың. Өйткені, басса дағы қамалап түн, Қараңғыны қақ тіліп бара жаттым. Қатыгездеу тірлікте мен осылай Жазығы жоқ жанды да жаралаттым. Бəрін қойшы, қайда екен баяғы əнің? Сол еді – менің жұмақ-саябағым. Кей кезде шаршап кетем.., аңсап кетем Əлдилеп əлдекімнің аялауын. ...Бір барғанда қолыңа таяқ апсың, Таяғыңды баладай аялапсың. Өзге жұрттың барлығын өбектеумен Өзіңді өзің анашым, аямапсың. Ана, сен.., жабықпағын..! Атады алда талай жарық таңың. Алғысыңа сыйдырып «адам бол!» деп Бар еді ғой қасиет дарытқаның. Балуан жеңгей атанып қайныларға, Қанжығаңда болмады қайбір олжа?! Қартайсаң да қайырылмай қайрат

қылдың Қажымадың уайым мен қайғыдан да. Сондықтан, туыңды ешкім жыға алмайды, Көз жасың мен сейілер тұман-қайғы. Əлі талай көзіңнен мұнар көшіп, Əлі талай көңіліңнен күн аунайды. (Əкем менің ақ тілеу, алғысты адам Қарапайым шаруа еді шалғы ұстаған). «Беделханның беделін түсірме!» деп Маған артып қояды бар күшті анам. Шандыр емшек – шарбы бұлт торлап

алып, Кептірдім-ау, басымды сорға малып. Етегіңде, жүргендей жетегіңде Құлаймын кей кездері орға барып. 2 тиек Əрлі жүзің əжімге шырматылып, Нұрға тұнып, біресе, мұңға тұнып. Жанарыңнан жап-жарық таңды атырдың, Қабағыңнан күрсінсең күн батырып. Шетке кетіп қалғанмен шекер қыздар, Деуші едік-ау, үй болар жетеуміз бар. Бір ұлыңның отауы құлағанмен Алты ұл барда арқаңнан өтер ме ызғар?! Отан-Ана. Мен үшін Анам-Отан! Сол Отанды қалайша жаралатам?! Барлық ана бақытты болса екен деп, Қара түнді қақ тіліп бара жатам...

  • * Ей, аспандағы Жұлдыз-жарық, Төменде көкті аңсаған біз бір ғаріп. Жарқ еткенде жарығың ағып келіп, Жүрегімде жатса ғой, жылдызданып. Көкбозыңды көңілге жетектетіп, Ақбозыңды мінсем-ау, тізгін қағып. Ей, аспандағы мың-мың шырақ, Бір күн ағып түсерсің, мың күн шыдап. Сендер мені түсінбей, мен сендерді Жарығымен жанымның жүрмін сынап. Ат шалдырар деймісің.., сонда да анау, Жүйрік мініп жүретін жүргінші-Бақ! Ей, аспандағы сансыз жарық, Менің жаным – жап-жарық,

шамсыз жарық. Тастүнектің ішіне тастай салсаң Нұр таратып жататын қамсыз барып.

О несі екен?.. Белден төмен екенін бес күн жалған Айта алмадым, арландым. О несі екен? Ұстатпайды құйрығын ешкімге арман, Таң қалдым... О несі екен? «Елді сүйем!» дегенді есту де арман, Сүйе алмайды-ау, дегем жоқ. О несі екен? Шын махаббат көргем жоқ еш бір жаннан Кеттім содан өлең боп. О несі екен? Аңғал ойдан аламын неге секем, Жоқ нəрсені мұң еттім. О несі екен? Айтайын дегенім – бұл, емес екен? Сұраңдаршы жүректен, О несі екен?!.

ТАУ-ТҰЛҒА, СЫР-ТОЛҒАҚ Мұқағали көкемнің рухына арнаймын ...Нұры болған өлеңнің Киелі есім, Неге менің түсіме жиі енесің?! Мынау күйкі тірліктің күйбеңінен Тазарсын деп жүрсің бе, күйелешің?.. Тарқатылып өмірдің шымасынан, Бал татырып көңілдің тұмасынан, Албырттық пен аңғырттық қатар артқан Арылсын деп жүрсің бе күнəсынан?.. Дүбіріне ерем деп дүрмек-көптің, Су боп кеттім.., жанымды дірдектеттім. ...Алдағанға балаша жүгірем деп Шаршап кеттім, біртүрлі кірлеп кеттім. Таңдайыма татымас «тəтті» өмірді, «Əттеңімді, əурелі сəттерімді», Таудың тастай суына бір шəйсам ғой, Ақ көйлектей кірлеген ақ көңілді. Жас сəбидей мұңсыз боп жүрем деп ем, Шідерлеген тірліктен бір өрлеп ем, Қарымына қаланың қайта түстім Мен бе, ол ма, білмеймін, жібермеген?!.

Тұсаулы өмір, əйтеуір, тұяқ қаққан, Тұрақ тапқан түгім жоқ, мият тапқан. Құстай құса боламын кей кездері Ұясында отырып ұят баққан. Өкініш көп өзекті өртегендей, Сөйлесейік, сонда да серкеленбей. Орай қылып айтайын əңгімемді Өз мұңымның мұрнынан шерте бермей. Құрметтеп құзар шыңның құсы құрлы, Тəңір өзі қашапты мүсініңді. Асыға аса берген асқар белде Тауға айналған тұлғаң тұр түсі нұрлы. Шыңмен ғана өлшейміз өріңді енді, Басындырмай, бастырмай көрінгенді. Хан Тəңірге қасқайып қарап тұрар Таулар да əне, ығысып орын берді. Дала мұңдас болғасын тау сырласым, Сарқылмасын тағатым таусылмасын. Сөз басынан ши шығып дау тумасын, Жүрегімнің тұсында жау тұрмасын! Домбыраның шерткендей шерлі шегін, Бал мен уын сезімнің мен де ішемін. Секемшіл боп жүрсем де сергелдеңде Себепсізден себепсіз сенгіш едім. Аңқаулығым емес-ау, алданғаным, Алданғанға əйтпесе, арланбадым. Бар баласы қазақтың бірін бірі, Алдамаса екен деп армандадым.

Ашынудың жөні жоқ тасынудың, Бас ұрудың жөні жоқ басылудың. Жүрегінде қыжылы, жүйкеде ызың, Оңды-солды орынсыз шашылумын!.. Жаным таза, таза ғой тұмадан да Таянышпын, сүйеумін құлағанға. Қазағымды қаттырақ сүйген сайын, Ұрынам да жүремін ұра, жарға. Ауыл жайлы жырлап ем бауыр жайлы, Көтерілді кеудемнен дауыл қайғы. Аласұрған жүрегім алып-ұшып, Сізді ойлаумен бір сəтке дамылдайды. Үсік ұрып кеткендей бүршігімді, Ұмтылуды қойғанмын, құлшынуды. Қазынасын тонатқан қариядай, Тіске басып отырам шын сырымды. Шемен қылып алғандай ішкі шерін, Уайым-мұңның түбіне түскіш едім. ...Үмітімнен зорайтты күдігімді Үшбу хаттай бүктеліп үш мүшелім. Ұшам деп ем пырақтай, пір қолдаса, Қайтем енді кеудеме нұр қонбаса?.. Кетер ме едім пенде емес, періште боп, Сайтан алғыр, анау, бір жын болмаса?!. Жастықпенен жалындап, жандым гулеп, Мастықпенен сайрандап, салдым

дүрмек. Мен ешкімнің меселін қайтармадым, Көңілін де керексе, қалдырғым жоқ. Қалмағандай өлеңнің еш салмағы, Қайтпайтындай қайырылып, көшкен бағы. «Шеше сен, бақыттысың...» дей

алмадым Кеше сен, кешкен күйді кешсем дағы... Бір жоғалып табылған малды олжа ғып, Бір ауырып жазылған жанды олжа ғып, Жалғыз шешей жабығып жылай қалса, Жұбататын көңілін əн болмадық. Əн демекші, əн бе екен, ыңырсыған, Қу тірлікке құл болып қылымсыған?!. Əн іздеймін тауымның тынысынан, Жыр іздеймін ауылдың тұрмысынан... Жылатсам да жанымды жабығулы, Жабығуды сезсем де тарығуды. Қара басын күйттеген əлдекімдей, Жалпаңдауды білмедім жағынуды. Қанша жанды білмеймін, өкпелеттім, (Қалай ғана енді өзім көктемекпін?) Адамдықтың ақ жолын ар тұттым да, Көп пенденің көңілін көктеп өттім. Өмір солай... өзгермес, сол баяғы... (...Қол қояды, содан соң, қол жаяды...) Ақындардың барлығы болмаса да, Ит-тірліктің айтақшыл «Жолдыаяғы»... Алауладым, шоқтайын маздаған ем, Аман қалдым, жоқ бола жаздап əрең.

Аузыма су тамызды аптапта қап, Ауыл жайлы алты ауыз жазған өлең. Көктем бар ғой көңілге жаздан бұрын. Қараторғай келмей ме қаздан бұрын? У тамызды жүрекке, ...ұнамай қап, Сұлулыққа ғашық боп жазған жырым. Ең жақыным-жүрегім, жан тірегім, Ұшқын атқан көзімнің жарқылы едің. Сол жүрекпен ортамды, отанымды Бақытты ету еді ғой, бар тілегім. Нұры кеміп барады жанарымның, Бүрі кетіп барады табанымның. Қыры кетіп барады қалауымның, Қарсы алдына келгенде қамалыңның... Төрт аяқтап жетердей төрт мүшелге, Денем ауыр тартады дертті шерге. Айналамда нəр сызар нəрсе қалмай, Қалғандаймын өзеуреп өртті шөлде. Мен ғана ма, білмеймін көні кепкен, Сортаңдамын, əйтеуір, сөлі кеткен. Удай қарып барады іште жалын Шимайланып барады жолым өткен. Жағып қойып ерніңе шырын-балды, Онсыз да өмір үйретер шырылдауды. ...Өрмекшідей жабысып ажал торға Шырылдатып жеп жатыр шыбын-жанды. Ас толтырса адамдар астауына, Қарамайды құс құрлы аспанына.

Міне, осындай тірлікте мағынасыз Айналамыз өмірдің дастанына. Күннен күнге өзгеріп, жылдан жылға, Кер заманның келбеті тұрды алдымда. Тірлігі мен тілегі бір боп кетті-ау, Дос пен қас, мұңды менен

мұндардың да... ...Шыр еткеннен бір жаққа жиналамыз, Жол-жөнекей сый беріп, сый да аламыз. Той дегенде қоштасып, шығарып сап, Ал, өлімде көрісіп, қиналамыз. Сұлулықтың нұр қалмай гүл ернінде, Сайқалданып барады күннен күнге. Түрі өзгеріп келеді пенделіктің, Тілі өзгеріп келеді түленнің де... ...Жаңаруда қалалар жаңаруда, Қабырғасы қайтадан қалануда. «Бес күн тарап, шаштарын он күн өрген» Астанамыз айнаға қарануда... Бақыт орнап бір күні бар ауылға, Бөленсе деп жүрміз-ау, дала нұрға. Тас қалалар тауға өрлеп баратқанда, Жас тұрады ілініп жанарымда. Жар басына үй салған жамандарша, Жаңа заман келеді, амал қанша?!. Заманыңа амалың сай келмесе, Саған да онша болмайды, маған да

онша... Біле алмадым, адамға адам жау ма? Ақ көңілім соны ойлап алаңдауда. Ұлтын сүйген ұлдарың шындықты айтса, Неге дайын тұрады арандауға?! Өмір – дейтін, бəріміз жолда жүрміз, Жолда жүрміз сор кешіп зорға жүрміз. Зорықтырмай Тəңірім, зарықтырмай Жолға шыққан жолшыға жорға мінгіз! Еркелесем, білемін, енді оңбаспын. Көлденеңді көп жерде белден бастым. Тай күнімде-ақ жан едім тарлан мінез Тарланымда Тағыдай елден қаштым. Елден қаштым, ...еретін сөзден қаштым. Мың əуреңе əйтпесе, төзген жаспын. Дегеніңе көнетін кезең де емес, Кемеліме келетін кезден де астым. Кім біледі, ешкімнен кем қалмаспын?!. ...Айтпақшы, аға,

сексен деген сеңгір астың, Өлеңің өзекті өртер шерді бассын. Əруағың аспандап кеп, асқар таудан Көні кепкен далама сең құлатсын! Алмағайып заманның аптабында Шерді бассын, біреуі шөлді бассын! Өлеңнің жол бастаған серкесі боп, Аға, сен, міне, бүгін сеңгір астың...

КЕРТОЛҒАУ Алқалы жұртым аман ба? Амандық бердім саған да. Амандасып алғаным Жеңілдеу болар маған да. Бір аз ғана сөйлейін Он сегіз мың ғаламға. Құлақ салып тыңдап қал Дін мұсылман аманда! Арындап бүгін сөйлесем, Алатау менен Арқаңмын, Тыңдаған жанды тербесем, Атырау, Алтай шалқармын. Сарыарқадайын жер десең, Сайын да дала салқармын. Қаршадай ғана кезімнен Қалың жұртыма қалқанмын! Хан тау керек десеңіз, Хантəңірдей өр едім. Хан жайлау керек десеңіз, Қарқара менен Шəлкөде Əрқайсысы бір бір мəртебе Жайылып жатқан төр едім. Мөлдірлік керек десеңіз Көлсайдай тұнық көл едім.

Жетісу жеті өзенім Жеті атамнан бері қарай Жетеуіне де егемін. Кеңдігімді сұрасаң Дүниенің шегі едім. Өрлігімді сұрасаң Аспантаудың белі едім. Су жол берген кешегі Райымбектей батырды Ұран қылған ел едім. Мұзда туған мұзбалақ Мұқағали ақынды Қыран қылған ел едім. Қос қанатым секілді Құлманбет пенен Көдегім. Албан Асанның көзі едім, Бөлтіріктің сөзі едім. Шалтабаймын, Шарғынмын Тəңірден күткен кезегін. Жəмеңке,Ұзақ, Жайнақпын, Жанынан артық көретін Өз жерін туған өз елін. Қапездің салған əніне Жылап жатқан жұбанар Бесіктегі бөбегің. Сəдіқожа əн салса, «Сарыбидай» еді өзегім. Бердібек Соқпақбаевтай Сөздің де салғам өрнегін.

Сағат Əшімбаевтай Желтоқсанның желіне Жүрегімді бергемін. Еркін Ібітановтай Асқар шыңдармен тең едім. Айтжан менен Нұрбапа Тарихтың тартқан тереңін. Заманбек көкем тұрғанда Заманға лайық ер едім. Алтынбек Сəрсенбаевпен Ақылдың бітпес кені едім. Оразалыны қозғасам өртенер менің өзегім. Асылдарымды ардақтап, Асыл сөзімді салмақтап, Ел үшін туған ер едім. Тауда туып, тауда өскен Қабырғалы қазақтың Білсін деп айттым дерегін. Қаймақтай сүзіп аларсың, Болып жатса керегін. Бəрін айт та бірін айт Хан Тəңірден ғана көрінер Байқасаң менің көлемім. Болмасын іште жауымыз, Шықпасын сыртқа дауымыз. Бірлікте ғана жүрейік, Тірлікте есен сауымыз. Асқақтағанда даламыз, Аласармасын тауымыз!

ЖАС АЛАШЫМ-АЙ!.. «Жас Алаш» газетіне 90 жыл толғанда ...Жаны бөлек, Жас Алашым –

жақсы аға, Тарамыс боп тағдыр дейтін патшаға, Сіріленіп келесің, Сіңіріңнен суырса да сірі жіп, Іріленіп келесің, Жалған дүние жала күйе жақса да. Алашым деп айбат шегіп келесің, Алқымыңа ажырғы-азап тақса да. Қорғасын оқ құшақтаған қос ұлдың Жаны нұр боп жəннəт бақты тапса да, Бұл қазақтың көңілі тыныш таппады-ау, Бір басыңды жарға соғып жатса да, Қабырғаңды қазыға орап сатса да, Қыбырлаған қимылыңды бақса да!.. О, Тəңірім, соры қалың Алаштың Қан жүрегін ақ сана! Кешегі өткен Мұратбаевтың мұратын, Ілиястай құлагерімнің лұғатын, Мынау исі қазақта Жан қалды ма екен ұғатын.

Қазақатың қайтпас қаны деп, Намысы менен ары деп, Ер қалды ма екен түгендейтұғын жұратын? Мен отына күйіп азаптың, Ортасында шырылдағанда мазақтың, Құлынның құлағанына, Құлыншақтың жылағанына, Араша бола алды ма, ей, мына, азат күн?! ...Ай, Жас Алашым-ай, Құшағын да көрдің, Құшағында тұрып, пышағын да көрдің қазақтың! ...Алты алаш үшін алқыныс бермес ақ иін, Иығыңдағы мəңгі өлмес рухты таниын. Ертеңім үшін еңсемді тіктер күн туса, Мен соған ғана, ар-намысымды жаниын, Қаймана жұрттың қамы үшін от боп өртенсең, Қанатымды да отыңа сенің қариын. Қазағым үшін қайыспа, қайтпа, қайырылма, Басыммен бірге жар-құзды соққан

бақ-үйім, Сен, тоғыз жасыңда-ақ ақсақал болған едің ғой, Тоқсанға келіп сақалы шыққан сəбиім!

УА, ЖАСАЙ БЕР, ҰЛЫ ӨЛЕҢ! Ілияс Жансүгіровке Біссімілдə, раһманы раһым! Ілястай Қызыр еді – бір атың. Қызыр шалған жырың еді – бір атың. Ел боп бүгін етек-жеңін жинаған, Алашыңның ғұмыры еді – шын атың. Арманыңмен құрдас еді мұратың, Ұлықпандай мың жасасын, лұғатың! Мəңгіліктің мəртөбесін нұр қылып, Арлылықтың əз басында тұратын, Уа, ассалаумағалəйкум, ұлы ақын! Қиясынан құлап ұшқан қырандай, Ұясынан жылап ұшқан ұлардай, Ұлтын сүйген ұлыларды ойласам, Отыз тісім опырылып сынардай... Арыныңның арнасынан шыға алмай, Жырыңды оқып, тəпсірлеп ем құрандай; Құлагердің маңдайынан Ай көрдім, Қара түннің мойнындағы тұмардай.

Əлі де сол... Ай-тұмарың төбемде, Азаптайды.., азабына көнем де! «Жүсіп ханның» қан жүрегі қарайып, Қарашаңа қайғы бұлты төнерде, Сен айналып кетіп едің өлеңге. Ел айналып кетіп еді өлеңге. Молықбайдың қобызындай күңіреніп, Өлең болып мен де жүрмін, сол елде! Уа, ассалумағалəйкум, ұлы өлең, Түс секілді түйсігімде түнеген. Құс секілді көл қорыған сен болсаң, Жанымды да жабырқатпа, жүдеген. Ағынды өзен арнасында алқынбай, Тəңіртаудың тамырында түлеп ең. Уа, жасай бер, ұлы өлең, Бүкіл жұрттың бүтіндігін тілеген!

ЖЕРҰЙЫҒЫМНЫҢ ЖҰМАҒЫ Онсыз да жатыр заманы сынап, Қайтесің менен қаланы сұрап? ...Ақсудың бойын аралап қайтсаң, Ауасы-қымыз, самалы-шұбат. Қымызы қандай, шұбаты қандай, Жерұйық жердің қуаты бардай. Рахаты сол ғой, лайық боп қайтсаң, Қалқатай қызды жылатып алмай. Сұлудың жақын жақсыға жаны, Жүрексіз қалай бас құралады? Айтпақшы, осы, жерұйығымның Жүрек тұсынан Ақсу ағады. Жүрек тұсынан ағады дағы, Шайып өтеді ала-құланы. Көңіліңді шалқар дала қылады, Даланы толған лала қылады... Нұрсапа-күйдің домбырасынан, Молықбай шалдың мол мұрасынан, Ағылған аңыз, төгілген сырды Ақсудың көрдім толқымасынан.

Толқыса, кейде, құлап ағады, Құлап ағады, жылап ағады. Ілиястай ақын ұлын ойласа, Тынысы кеңіп, тына қалады. Алдыңда тұрса арынды асулар, Жаныңда бəрі.., қауымдасыңдар! Ақсудың кейде аптығын басар Қанипа сынды қарындасың бар.

Арқаңда əлі жүгің бар нардай, Ырысты жұртқа ырым болғандай. Ақсуға қарап алаңдай берем Құлагер-жырдан құлын қалғандай Алаштың бойға арманы қуат, Арман-мұратсыз қалмады бірақ. Жерұйық жердің жүрегі қандай Жұрты да сондай, жандары-жұмақ.

  • * Алматым – ару қалам-ау, Жаныма дəру бола ма-ау, бұл көркің? Аңқылдап кетсең, аспаннан түспей тұр

бөркің... Қиялымдағы періште қалпың ұрланып, Іргең сөгілсе, төріңді жайлап жын да

еркін. ...Арман боп алдап, ажалы тұрса алдында, Жасыра алады ей, кім дертін?!. Алатау – абыз-данам-ау, Осылай жалғыз қалам-ау, күрсініп, Көшелеріңнен көңіліме қара ніл сіңіп. Пəруəнə түгіл пəруəрдігерің мұндағы Жанына, жəне.., нанына еткен құлшылық. Бақытын тілеп, шамдары сөнбес шаһардың Заһар-уынан жұтамын сосын тұншығып. Нəн шаһар – тымырсық əлі, Түнімен ыңырсығаны тынышыңды ап, Дөңбекшіп бірге жатасың уайым, мұң шырмап. Зəулім үйлердің сай-сүйектерін сыздатып, Таң бозарғанша ұлып шығады у-шу бақ. Самайыңа кеп сайтанның үні қадалап, Санаңа сіңіп кетеді сосын шым-шымдап.

...Зарлайсың ғұмыр-əніңді, Сүйретіп сірі жаныңды өлмейтін. Сұлу қаланың суретіндей боп сол кейпің? Таусылған шақта тау жаққа қарап қоясың, Медеу ғып жанға жалғыз үмітті сөнбейтін. Ауылын аңсап мөлт етсе мұңлы жанарлар Менің де жаным мейірге сол бір шөлдейтін. Шаһарға бір тыныстаған, Ұлтымның рухын ұстаған əкемнің əңгімесінің ащылығынан екі өлдім. Өркен-ниеттің өп-өткір иісі мүңкіген Алды-артын сезбес не деген қауып-қатермін; Соқыр көздерім жынды көбелек боп ұшса, Көшелерінде Жұмағали мен Сəкеннің... Алматым – ару қалам-ау, Шындыққа тағы зəру болам-ау ...шақта – бұл, Сенің жаның боп нұрланып əр кез

жатты ауыл. ...Ауырған шақта жаныңды ұғар деймісің Ішіңе кіріп, жақын боп кеткен

жат бауыр... Ауылың барда сен ауырмашы, Алматы, Жат болып кеткен жақының ем ғой,

Һаққа құл.?!

  • * Шаңырағым бар еді, Алты Алашымның айқасып жолы

өрілген. Түңлігін түрсең, Тəңірдің нұры төгілген. Кең дүниедей керегем менің керілсе, Жеті қазынам табылатұғын төрімнен. Ай менен Күннің төбемнен нұры

құйылып, Сыртымнан жау да қарайтын еді күйініп. Отағасы мен Отанасына сүйініп, Ізет қылатын уықтары да иіліп. Құдайы қонағы ат байлайтұғын мамаға. Адасқан адам түнеп қалмайтын далада. Қазаны оттан түспеген қазақ едім ғой, Тəңірім өзің қалдыра көрме табаға!... Шаңырағым бар еді, Шаттығым шайқап, шалқайып жатар есігі. Жерұйықпенен бірге еді оның көшуі. Кəсібі менен нəсібі сондай ел едім, Ер-жүрек ұлды есейткен алтын бесігі. Азаматтарым, қазанаттарым – атандай. Бүгінде, сірə, жігіт қалды ма заты ондай?.. Табалдырығын басқызбайтұғын ешкімге, Алдымен анау қара шаңырақтан бата

алмай... Сол шаңырақты... Бүгінде қағып тастапты жерге сыналап. Дөңгелек үйге сыймады ма екен, сірə, бақ ... Батасын емес, жапасын айтып жылайды, Терезесінен телміріп бір көз сығалап; «Шаңырағым қайда, шаңырағым?» дейді, сұрайды... Мына заманда... сұрағы шалдың сұрақ-ақ!

  • * Бостан-құсым, тосқан құсым сен едің Қарда жатып шайқалып, Қаңтарға жетпей қақ жарған. Қар қарпып шөлін қайтарып, Қанатынан мұз төгіліп қарманған, Қыран тектес құс – патшам, Саған тағдырымды сеніп ұстатсам; Қиядан құлап ұшпай қыранша, Кептерше неге пырлайсың? Көз алдымда көлкіп тұрған мұнарша, Ұстасам қолыма тұрмайсың... Ей, менің қыран тектес құс-төрем, Ұйықтасам болды сен жайлы

аян-түс көрем. Замандардан зарығып жеткен зау құсым, Қанатың қақпай қалықта! Тұғырың болған Алатаудай қарлы шың Сені сыйлаған біздердей ұлық халыққа. Ей, менің қыран тектес бек құсым, Сен сол үшін де тектісің!

Бəрі де аман, тұмарланған томағаң, қан шеңгелдің ізі қалған биялай. Балақ бауың – ол да аман, Көкке бір рет көтерсе деп қиялай!.. Е, менің қыран тектес құс – патшам, ...саған тағдырымды баяғыда-ақ ұстатсам, Тұғыры биік, рухы асқақ, Арқаға аспан – тірек бол дегем. Алты Алашыма Нұр шашпақ, Көзіңнен Көктің қуатын көрген ем... Ау, менің қыран тектес қанаттым, Сен соны бүкіл əлемге таратқын!..

  • * «Жылқы ішінде ала жүр, тай секілді Ұстай алмай бала жүр ай секілді...» Қара өлең Ат жалын тартып мінер азамат, Алты жасында-ақ алағай. Алқыныс бермес қазанат, Құлын кезінде-ақ, сол алты жасар баладай. Төбесін көкке тигізіп, Аспандағы айға да құрық салатын. Жұлдыздан жүген кигізіп, Тартып отырса, жүрегі оттай жанатын. Менің осындай рухым болатын, Жалғанды жалпағынан басарға. Шолпанның шолпысын қағатын, Тəңірім берген Таң рауанын шашарда. Балағын түріп бұлт кешсе, Толарсағынан нұр жауған. Оғланына еріп жұрт көшсе, Отыз күн ойнар, қырық күн

тойлар күн болған. Қайран да қайран қайран күн, Қайырылып соғар сəтің қайда екен?! Жылқым жайылса,

қайысып кетер қара адыр, Жерұйығымның топырағы да майлы екен. ...Қолына құрық ұстап бала жүр, Аңдағаны тай ма екен. əлде, Ай ма екен?

ЖҰМАБАЙ МЕДЕТБАЕВҚА

Қарақалпақтан ұшқан құс, Қанатын күнге қақтаған, Қиядан түспес қырандай. Алтынмен жүрегін аптаған, Тəңірі таққан тұмардай. Шыңдардың тасын үгітіп, Тастүйін болған шеңгелдім, Жүрегін көктің жібітіп, Қарақалпақтан ұшып сен келдің! Кеудеңді шемен, шер қылып, Дауылда туған құсым ба ең? Түбің түскір-ай! – деп жүріп Өнердің түбін түсірген. Қанатыңдағы Қамбар-жыр, Қара жаңбырдай жауғанда. Алашымдағы Арман-гүл, Алаулап бүршік жарғанда. Жыр қылып, дастан, күй қылып Шанағын мұңның шерткесін. Өмірге бəрін сыйдырып, Неге өзің сыймай кеткесің?! Тұғыры қалып тектінін, Көргендей болдық тұспал-түс. Есімде қалды екпінің Қарақалпақтан ұшқан құс!..

НҰРТІЛЕУ ИМАНҒАЛИҰЛЫНА Арқалансаң, дауылдай дүркіредің. Ақтарылсаң, жауындай сіркіредің. Алды-арты жоқ батырдай атқа мінсең Жалғандықты жауыңдай сілкіледің. Шындық үшін əрқашан шыр-пыр едің. Ұйыстырар ұлт болып, шын тілегің. Алты Алаштың алдында ақ жарылдың, Айтарыңды ішіңе іркімедің! Жүрегімен сүйетін жұртын, елін Нұртілеудің бер, Құдай, бір тілегін!

  • * Жұлдыз түкті, Айжүрегі боздап қалған Сүмбеден, «Алматыға өзіңді іздеп» келіп едің сырлы өлең? Жұлдыз түкті Ай-жүрегі

жылап қалған ауылдан, Аттанғанда қай жылы еді?.. Мен де сендей ауырғам. Қарт даланың жүрегінен жыр-жебе боп

атылып, Қара тасқа қирап түсіп, сөгілгенде

қабырғам. Сонда менің қос қанатым пыр-пыр етіп, тас қауып Сені ойладым. Ал қызылға айналғанда ақ сауыт. Өлердей боп сүйіп тұрып, сұр қаланы жек көргем. Содан бері жалғыздықты жатам жанға жастанып. Содан бері маңдайымда қасіреттің қатпары. Аз да емес, есім кетіп, шын қуанған шақ тағы. Алайда анау, аманаты ақсақалды ауылдың Алшаңдатпас, арқамызға аяздай боп батқаны. Құлап, тұрдым. Қайта ұмтылдым. Қайтардым да жау десін. Қуат қылдым, шуақ, нұрдың жыр боп түскен сəулесін. Ақын болу міндет те емес, парыз да емес екенін Түсіндіріп кімге айтамын, кімге артамын əуресін. Өлең, өлең Ғаламдағы тасты нұр боп

жібітсін, Өлең, өлең Жанардағы жасты бір рет іріксін. Ақындардың жүрегінің ішіндегі жүректі, Өз ұлтының ары екенін, жаны екенін.. Жырдан басқа кім ұқсын?!.

  • * Тəңірінің болғанмен таңы абатты, Əне, аспанды тағы да қара жапты. Кеше менің арманым сол түнекті, Қанатымен қақ жарып бара жатты. Тəңірінің болғанмен таңы нұрлы, Жалп еткізер жаныңдай жарығыңды. Кеше менің арманым жарық еді Жалп етті де... басты ғой, арынымды. Тəңірінің болғанға таңы жарық, Бар адамның кетпейді бағы жанып. Тағдырыңа тас жаумай тасырқаған, Отырғаның тал түсте тағы налып. Жалған үміт, алдайды алға сүйреп - Өзімді өзім қайтейін жарға сүйреп. Аңызына ақылын сүйеп айтар, Арамыздан барады шал да сиреп.
  • * Көктен жұлдыз құлады: Бір адамның сөнді дағы шырағы, Бір адамның сынып түсті сыңары. Бір адамның сарқылғандай бұлағы, Бір адамның қан жүрегі жылады. Бір адамның бауыр еті сылынып, Бір адамның тастай бітті құлағы. Қалай ғана өмір солай тынады? (Көктен жұлдыз құлады)
  • * «...Қарлығаштай қанатымен су сепкен»; Бұл дүниеден ақын да өткен, жыршы

өткен. Ұлы дала ұлағатын ұлықтап, Абыз да өткен, аңызынан сыр шерткен. Көрсе дағы бақ пен қатар сорды да, Бəрі де оның Қарлығаштай болды ма? Кей кездері елін сүйген ерлерді Қойғым келді, осы құстың орнына. Аңыз да көп дəл осынау, құс жайлы, (Кім біледі ол, қайда барып қыстайды?) Неге, осы, айыр құйрық арман-құс Аспандағы жұлдыздарға ұқсайды? Қарыс жерге қағып ұшып қанатын, Қалықтаса, жұлдыз болып ағатын. Жұдырықтай жүрегімді зулатып, Бұлтты күні жер бауырлап қалатын. Кім біледі, құс біткеннің мұңдысы осы шығар, бəлкім, шуақ-нұрлысы. Үйіңе кеп, ұя салса ұялтып, Жүрегіңді жылытатын жыл құсы! Неге, осы құс, жылы ұяңды нұсқайды, Үйі бар жан, миы бар жан ұқса, игі. Бірақ, неге, Қарлығаштың ұясы Көңілсіздеу күмбездерге ұқсайды?

ОЙ ҚАЙЫРУ Былғанба ойым, əрнеге айтақтама. Боданыңа көнбеймін,

шайқақтама. Жаны ашыған жандардай оданда, кел, Жүрегімнің ағысын байқап қара! Жүрегімде-қанымда дала көшіп, Таулар жылжып барады самал есіп. Көлдерім де көңілді толқытады Тек арманның қалмасын алауы өшіп. Теңіз болып толқимын, тебіренем, Тереңінен маржан-жыр, теріп өлең. Жел көтерген желігім басылғанда, Жетім өкпем желпілдеп еміренем. Табиғаттың өзіндей сырласыңмын, Мұңға баттым, сілкініп, нұрға сіңдім. Алып барам алдына мың ғасырдың, Аманатын арқалап бір ғасырдың. Əңгіме емес асқан мен тасқандағы, Жұмыр жерде бұл ғұмыр басталғаны. Ол да жұлдыз өйткені мен де жұлдыз, Жұдырықтай жүрекпін аспандағы.

ЕКІ АДАММЫН Шеңберінде шектеулі шекарамның, Қалай ғана арманға жете алармын. Өмір сүріп жүргенмен бір адам боп, Көңіл сұлық кездерде екі адаммын. Екі адаммын. Қайсысы маған жақын? Таңдау қиын екен-ау, табанда тым. Қақ бөлініп қаңсыған шаңырақтай Аяғында таппайсың амалға ақыл... Амалға ақыл таппайсың, айлаға да Адасқандай боласың айдалада. Иттей ұлып, содан соң, көшке еріп Қайта сіңіп кетесің қайманаға.

  • * Ойдан басқа серігім жоқ. Сенделгем. Түсімде де ойлар маза бермейді... Жұмыр жердей сыр жасырғым

келгенмен, Жүрегіме кір жасырғым келмейді. Жазығы жоқ махаббатты жылаттым, Дəргейіңнен дəрмен күттім дауалым. Жанарында жасырынған сұрақтың Таба алмадым жауабын. Көз жасымен жұлдыздарды көктеттім, Жүрегімнің қайғысынан нұр аулап. Қара түннің қабырғасы боп кеттім, Таңсəріде күрсінетін бір аунап.

  • * Зауалды күндер заулайды, Ізінде мың от лаулайды. Арманды күнің артта қап, Үстенде шоқтың аунайды. От көрген жынды көбелек... Біздерден неге аумайды? От жүрек неге жаурайды, Жаураған сайын лаулайды. Жаныңды жалын шарпыса, Көңіліңді кім кеп аулайды? Қурайдың күйін кешкенге, Құдайдың күні жаумайды. Зауласын күндер зауласын, Құйынға құйын жалғасын. Тасыған тағдыр арнасын, Соқпаққа бірақ салмасын. Əрнеге сенгіш көңілім, Құлазып тағы қалмасын.

ШОЛПАНҒА ...Ол – таланты тастүйін, табиғаты дала мен тауды тұтастырып жіберетін, сымбаты сырлы, сипаты нұрлы қазақы қыздардың қаймағы еді. Астана театрының негізін қалаған негізгі актрисалардың бірегейі болатын. Жары – Исламхан менің құрдасым, əрі құдай қосқан көрші, Өзі – Айзадамен дос, сырлас əрі сахнадағы əріптес еді. ...Үй салып жатқан құрылысшылардың салақтығынан он жетінші қабаттан құлап кетіп, бақытсыз жағдайға ұшырағанына да, міне, бір жыл... Бақыт-Айзада. 15.10.2009 жыл Жақсы қыз ең ғой, жұртының жанын тербеткен, Бесіктей бөлеп жүр ме екен, ауылың – сен кеткен. Сəруар-нұрдың қанатындағы – Қарагөз, Жібек пен Баян, Еңлік те елін

шөлдеткен. (Сен едің сондай ару қыздарды сөйлеткен) Қайран да біздің қайыспас, қайсар шешелер, Қадірлеріңді кеш ұғып жатсақ, кеше гөр. Өзіңді көріп, сене алмаушы едік қазақтың Батыр қыздары сұлу болмаған десе егер. Сұлу қыздары батыр болмаған десе егер. Дүниеге сыймай жүруші ең мынау кеңдікте, Бар еді сенде батылдық жігер, ерлік те. Сыйыспай жүрген талай жандарды сыйлатып, Шақырушы едің елжіреп алып, елдікке. (Ондайда біздер жүрекке кеңдік бердік пе?) Қыз Құртқа сынды тұлпар мен Ерді тең баптап, Өмірге қадам басқан едің ғой енді аттап. Шолпан жұлдыздай ғұмыры қысқа жарығым, Таң атқан сайын отырсын енді ел

мақтап... Жалын боп шарпып, өкінген сайын

от-тыныс, Еске алар сені мына əлем бір сəт боп

тыныш. Құдіретке кеткен бөленсін рухың

құрметке, Мəңгілігіне зау көктен ұшқан текті құс!

  • * Сықыр-сықыр төсек сабап белімен, Ұл сұрамай пұл сұрайтын көкке ұлып. Сайтандар жүр саясаттың желімен

Қолтық терін кептіріп... Бəрі ақылды бір-біріндеп сөйлессең, Тентек судай айналғанда тобырға. Тал қарматып тындырады кейде естен, Сен де кейде жан бересің жолында. Ібілістің сайтан ұстады асасын. Ал пендеге періштелік жазбаған. «Абыз басты» ақымақтар жасасын, Пенде болып туғанына мəз болған! Өсем десең, қызымет қыл, түңілме, Ең əуелі патша... сосын ақшаға. ...Өкпелейтін жұрт қалды ма бүгінде Насыбай мен шақшаға?!. Бəрі ойлайды атамша емес, жаһанша, Бізді қойшы, ит сүйреген ырысын. Əңгімені жалғастырсам апамша, «Ой, тұқымы құрысын!» Бір шындыққа жеткізгенмен көзіңді, Мың сұмдыққа тұсалған көп арман бар. Жəй əншейін айта салған сөзімді Шын екен деп қалмаңдар,

Қазақпыз ғой!...

  • * Атадан, Жетеу боп туғам, заты аман. Ақымақ қоғам қолыма қалам ұстатып, Жалғыз ғып қойды жападан. Жалғызбын. Көлеңкесінің ұшында жүрем

жар-құздың. Бауырымнан сылып барымды ұрлаған

уақытқа Еркелігі жоқ балдызбын. ...Ақынмын, Ақынмын кейде керексіз қара бақырмын. Алапат заман тезіне салып илесе, Жауыма оқ боп атылдым. Мұңдымын. Мұңдымын, кейде,

жындылығыммен құндымын. Сөйтіп те жүріп сорынан сақтап

қаламын, Күнəсіз елді күн бұрын.

Мақтанам, Күншілдік мені мақтаншақсың деп

даттаған. Мақтанға сыйған махаббатым мен

өр рухты Болашақ, саған ап барам. Атадан, Жетеу боп туғам заты аман. Қайта тудым да жалғыздық кештім –

жазмыш қой, Өз кеудемде енді мен қалай тыныш жата алам! ...Ой қанша?! Айтамын мен де «жүректің түбін бойласа» Ақымақ қоғам қолыма күрек ұстатып, Көрімді қаздырып қоймаса, А й т а м ы н!.. ТАМШЫ-ТАҒДЫР «Тас емшегін иіткен, Тар құрсағын кеңіткен...» Тамшы құлап биіктен, Кеуіп кетті неліктен?.. Тамшы, тамшы, тамып түскен

тағдырлар. Бірің жетіп, мыңың жетпей қалдыңдар. Қағын, қағын, қағына түс тағы да Жатырларың жанбай сөнгір зар-мұңдар! Тамшы, тамшы мөлдірден де мөлдірсің, Мөлдірлікті көрген мынау көз құрсын. Тамшы десе көлшіктер де көлгірсіп, Өзендер-ай, өксіп-жылап өлгірсің. Тамшы, тамшы көлшіктен де лайсың, Лай судан тұнық өмір құрайсың. Құрайсың да құдыретімен құдайдың Тіршіліктің кілтін тауып бұрайсың. Тамшы, тамшы құдіретіңмен тас тесіп, Тастан шығар аппақ ұлпа мақта өсіп. Көл-құрсақтың көз моншағын тербетіп, Тамшыдайды теңіз кылған ақ бесік. Тамшы – теңіз, тамшы – тағдыр,

тамшы – мұң, Бас-аяғы сабындай-ақ қамшының. Баянсыз бақ болғанындай бал-шырын, Жалғанға кеп күйін кештім жалшының. Көзімдегі қарашығым – қара түн, Аппақ еді құлаштаған қанатым. Қарашықтай ай көрінер үңілсең, Ол да тамшы дір-дір етіп таматын. Рас көңілде аппақ еді – күн көгі, Тіршіліктен түңілгенде күндегі. Көз жасымды оңды солды сүртем деп, Қос қанатым аяқ асты, кірледі. Ақ-қараны айыра алмай мен сонда, Шақша басты шарасызбын шаршаған. Теңізден де жол табылар дейсің СЕН, Үлкен тіпті мен ойлаған ТАМШЫ одан.

  • * Сия-сауыт запыранға толып тұр. О, Тəңірім, зарықтырма, зорықтыр! Алдыменен, сен тыңдайтын күнəні, Жазайын ба, жазбайын ба, соны ұқтыр. Заманыңның күлкісі бар қайғылы, Сол қайғысы күлкі болар қай күні? Үлкендердің ойыны да бір сұмдық... Түніменен ұйықтатпайтын байлығы. Өздерінің байлығы ғой азырақ, Біздің байлық – кедейлік қой бағы ұзақ. Қоғамым да жылатпайды, жыласаң Көрге тығып жібереді қазір-ақ. Жыламауға серт бердік те құлшындық, Орнатам деп омыртқалы мінсіз құт. Көлеңкеме көр қазып мен жүргенде, Түн қойнына кіріп кетті Күн сырғып. О, құнсыздық!..
  • * Иə, мен бəріне сеніп жүргенмін, Алдамайтындай ақ арман. Келешегім деп керім күндердің Нұрына шомып жаңарғам. Зеңгір Көкпенен тілдесем дегем, Қап кетпей қапас тірлікте. Құдай-ай, сонда кімге сенген ем, /...Кімге сенуді білдік пе?/ Арман көп еді қайбірін айтам, Қараймын көкке үркектей. Түнмен сырласып, айды мұңайтам, Жұлдыздай үміт жылт етпей. Бəрі де бəрі тас-талқан ба енді, Аңқау көңілім алқынба! Бағзы тірліктен бас тартар ма еді, Баладай мұңсыз қалпыңда. Бақытқа балар бал күнім менің, Жарқыраса ғой жаны-нұр. Тəуелсіз атқан таңғы гүлдерім, Шуақты аңсап əлі жүр. ...Фəниге мынау бəрі бір.
  • * Қызығы жоқ қызыл Күн мен ақ Айсыз, Мына əлемге қай бетіңмен қарайсыз? Кешір, кешір, маңдайдағы қос шырақ, Тұнығыңды ылайлап алсақ абайсыз. Пенделік іс – бейпілдікке аһ ұрып, Жаным мені жарық нұрға шақырып

жанталасар, Сонда қара тəніме қашып шығам қасіретімді батырып. Ал əзірге, асығамын, төзім жоқ. Төзімдердің ұшқын атар көзінде от. Жанарларды жалған баққа арбалған, Жүректерге байлап кетем сезім боп. Аяқталып ең керемет сапарым, Мен мəңгілік ғажап таң боп атамын. Содан кейін болашақтың мөп-мөлдір, Жанарына батып бара жатамын.

  • * Мұндағы бар шындық өтірік, Бос əуре.. Жалғанның іші. Саф алтын торында отырып, сайрайды арманның құсы... Алтын тор мақтаулы. Ал, бірақ, бұлыңғыр бұлбылдың үні. Жылайды жүрегім қарғылап, шықпайды құрғырдың тілі... Жабыққан, сəттерде шаршаған Шарлағым келеді көкті. Алтын тор аз ба? – деп, ал саған Ауырттың неге жүректі?! Мен соның жұмбағын таба алмай, Қалай? – деп, сұраймын, осың?! Жоғалып, табылған адамдай Күлемін, жылаймын, сосын... Түнеріп тұрғанмен өтірік Жап-жарық жалғанның іші. Саф алтын торыңда отырып, Сайрай бер, арманның құсы..!

ҚАРҒА ТАМЫРЛЫ ҚАЗАҚПЫЗ Қарғаның жарық дүниесі-ай, Айналасы түгел аппақ қар. Алақұстың айтқан əңгімесі-ай, Тақылдап тұрған тақпақтар. Тақпақты қойшы, қарғаны айтам да Қарға тамырлы қазақ-ау! Əлде бір құстай зарламай таңға, «Қарқ» еткен үні ғажап-ау. Қайғы-мұңдардан қарлыққан даусы, Қарсы айырылуға шақ қапты. Ей, бұлбұлдарым-ау, даурықпаңдаршы, Жаныма теліп шатпақты?!. Шатпақтан шаттық мақтанам дейді, Қап-қара қарға қарқ етіп, Баласын тағы «аппағым» дейді, Тас-түнегіңді тəрк етіп. Аппақ əлемді оған ...Алласы берген, Ал, ірімшікті (əлгі...) пендесі Жалына тақтың жармасып өлген, Көкесі,

қарғаны жазғыра көрмеші! Қарға тамырлы қазақпыз ғой, Үмітімді үшке бөлмеші!.. АЯҚТАЛМАЙТЫН САҒЫНЫШ Самал желімді сағындым Сарытоғайымды, Аттандырыңдаршы ауылға?! Көрейін көзбен туған жер, мəрт ағайынды басайын сүйіп бауырға. Сəби-күлкімді естиін сазды ауыл жақтан, Сағынғанымды айт, оған. Сыртынан ғана байқайын мəз болып жатқан. Балалығымды қайтадан. Тəу етіп тағы қайтайын тау етегіне, Мен сонда туған бөрі едім. Батамен байлап, шарт түйген тəуекеліме, Тəнті боп жүрсін өр елім... Ақ жарыл, арман адаспас бақ – жолым

болып, Тұрғанда заман азынап. Туған жерімнің асқарлы ақ жонын көріп, Арқаланайын азырақ. Бабаларым бар мəрттіктің кепілі сынды Далаларым бар – өрлігім. Шыңда өскен шынар секілді, өкінішімді өлеңмен жеңдім, көр бүгін! Сарытоғайымды – мəрт ағайынды сағындым!

ТАҢҒЫ ЖЫР Қайырлы таң, ағайын жұрт, жұрағат! Аяғыңды жатсын шуақ, нұр орап. Жеті түнде жеті жұлдыз күзеткен, Жеті мүшең болсын тағы мүбəрəк. Жеті атамнан жеткен жеті қазынам, Аман болса, аласарман, қажыман. Кешегімді кеніш қылып, ертеңді Пейіш қылсын деп ауырып, жазылам. Қазыналы ел, қайран құдірет, қуатым, Асқақтатып, арманы мен мұратын. Жүрегіңнен жұлыныңа жол салып, Омыртқаңдай болсам дейді бір ақын. Түн тыныстап, күш жинайтын тылсымнан, Жүрегім де өтер əлі мың сыннан. Ал əзірге, бұ дүниенің ұмсынған, Уынан да кездерім жоқ қымсынған.

Қу кеңірдек, қу тіршілік жұмсаған, Қуанбасын, құрақ ұшып құл санам! Бір Алладан басқа ешкімге бағынбас, Жүрегім ақ періштем, кірші аман. Жұпары мен нұр əкеліп ғайыптан, Ғасыл жанның ғаламатын байытқан. Құдіретке құдірет боп қосылар, Ғазиз жүрек табсам дейді лайықты əн. Таң оянып, ырысымен ыралап, Əр жүректі паналасын мүбəрəк. Айнымайтын ұлылыққа мың тəубə Бір Аллаға бұ шүкірлік, бұ мадақ. Тəу еткізер Тəңір шашқан несібем, Көк те жер де ...жан-тəніме бесік ең. Таңғы нұрдың таңғы жырдан несі артық, Таңғы жырдың таңғы нұрдан несі кем?!

ҚҰДАЙ ҚОЙҒАН ДРАМА Үштаған Бұ дүниенің сахнасында Тиек Бұ дүниенің сахнасында, Құдай қойған драмадай күрделі. Тағдырым бар мүлде бөлек сүрлеуі. Кісендеулі жүрегіме қарамай, Мен сүйемін өмір дейтін түрмені. Жоқ əлде бұл ордасы ма обалдың? Сауға сұрар сауап болып тоналдым. Қоңыр далам қолын маған созғанда, Қара аспанның қан жұлдызы боп алдым. Жұлдыздың да уағы келер ағатын, Қара түннің көз жасы боп таматын. Сипатпаған сайтан менен періге, Не болады жанға бітсе қанатым? Бірінші серпін Мен туған жер – екі ауылдың арасы. Тіршілігім – бар мен жоқтың таласы. Жасыта алмас дос, дұшпанның табасы, Құлшылығым – жалғыздықтың бағасы.

Жалғыздықтың бағасына жетем деп, Жұлдыздардың Ай-жүрегін мекендеп. Күндіз жандым Күн-жүректің оты боп, «Гүл болмасам, күл боп кетсем екен» деп. Ғашық болып нұр таратқан мекенге, Махаббаттың шексіз құнын өтеуге. Өлім күткен өмір соңын көрем деп, Туған жерді ту ғып ұстап кетерде. Ауылымның ар-ұятын табиғы, Аманаттап жақсы ағалар бар игі. Ақсақалдар күбірледі дұғасын, Місе тұтпай мына жалған-фəниді. Ақ бата алып, бетті сипап, бел буып, Желөкпе боп кетпейін деп жел қуып. Дауылдарға қарсы жүрдім қасқайып, Тебінгенде терлігімді тер жуып. Ен жайлауға қона алар ма ел көшсе, Соңғы үміт бар, қиын болар енді өшсе... Кең дүние кері айналып барады, Ал мен болсам кетіп барам келмеске...

Екінші серпін Арман қылған ойымдағы нəн шаһар, Ақындықтың пейілінен болса тар. Бүлкілдеуі басылмайтын жүректі, Бір күндері ол да өлтіріп, шаршатар.

Ми-қазаннан ой мүжіген не түрлі, Біздің көңіл, əй жетпегір, жетім-ді. ...Ақиқаттың ақ жүзіне бұрғызбас, Бірі-əділет, бірі-əбілет бетіңді. «...қадіріне жете алмаған... ей, қала, Кеңсай жақта ұлылар көп бейдауа.» Осыны айтсам еңк-еңк етіп жылайды «Қай бетімді шымшиын...» деп Кейуана. Бұ дүниенің сахнасы ғой баяғы, Ақырзаман боп бітетін аяғы. Адамдардың тілінде жүр бүгінде Абылайдың түсіндегі шаяны. О, дүние бар деп бірі жылатты... О, дүние жоқ деп бірі жұбатты... Дін мен ділді ділгір қылып тастады, Жерге орнатам деп жүргендер жұмақты. Бұ дүниенің сахнасы ғой... түс сынды, Мүсіркейтін мүттəйімді, міскінді. Мық шегемен ойнап жүріп бір мықты, Бір-ақ күнде быламыққа тіс сынды. Осыларды ойға түйіп отырып, Орта жолда қап кетердей опынып, Үштағанның үшбу хатын өртедім, Көкірегімде жалын-мұңы тоқылып.

...Ой-қиялым қапаста қап қым-қуыт, Тағдырымды түлен түртті, жын буып. Сол кездері кірпіктерді күрке ғып, Жанарларда жылап жаттым булығып. Ызғарындай қараша мен хауыстың, Қайғы мұңның қаншы күнін тауыстым. Қанша өлімге аза тұттым, аһ ұрдым. Қанша өзім де сол ажалмен алыстым. Жылатқан қас, жұбатқан дос көп еді, Сірі жанның көп қой əлі көрері. Азу тісім сырқырайды көкке ұлып, Қисайған Ай қыр көрсетіп төнеді. Азан-қазан азалы үндер бір көш боп Арқа-жарқа күлкілер жүр мүлде ес жоқ. Өкініштер от жалмаған ауылдай Ал, арманға күдік біткен күндес боп. Көрген жандай көр үстінің азабын, Өлген қандай тəрк етіп бар мазағын. «Бас орнына Күн көтерген бір адам» Жер бетінен таба алмай жүр қазағын.

Үшінші серпін Бұ дүниенің сахнасынан сан актер, Рөлін таппай қиналады, қарап көр. Бəрі де оның мəйхананың мейманы, Ей, шарапшы құтыңды əкел, шарап бер!

Бұл пенделер фəнилік бар күнəсін, «Сəл масаңдау едім ғой» деп, жуатын. Ей, шарапшы құтыңды əкел, тезірек, Сосын, əлгі, насыбай бер, бір атым. Келсе дағы кең дүниені шайқағым, Айтарымды айтамын да қайтамын. Тек қайтқанша, мына жалған дүниенің, Сабапсабап семіртейін сайтанын. ...Орның сенің бөлек еді Алтын-Тақ, Жағалаған жандарды айтам жалпылдап. Қарауға да уақыты жоқ бұтына, Қарғалар жүр қаз болам деп қарқылдап. Бір жүк артып, жем бермесең пітінə, Есек те жүр ер-тоқымын алтындап... ...Бұл драма түсте көрген түсімдей, Бəрі қалды, бал шарап та ішілмей. Келдім, көрдім. Енді дал боп жүрмін мен Қалай өлу керектігін түсінбей?!. Түйме Бұ дүниенің сахнасында Тапсырармын жанды тəтті, Қапсырармын мəңгі бақты... Сəл,сəл шыда, ақ періштем, Ал, əзірге, Антракт!.. А н т р а к т

Бірінші серпін Орман,тоғай, тау менен дала тынып, Қайнаған ел, қан-базар, қала-сұлық. Ұйқылы əлем ұйып бір түс көруде, Өңінен оянғандай жаңа тұрып. Жан тыныстап нықтаған тəн қазығын, Ұйқыға артып жанарлар бар жазығын. Бір періште зыр қағып бір ібіліс, Таласып жүр дайындап таң мəзірін. Бірі азан көтеріп, бірі қазан.., өлі-сараң болсын деп, тірі-мазаң. ...Өлісінің көретін күні жаман... Тірісінің қайтсін-ай, тілі жаман... Шаршатуға жаныңды ми талмайды, Жүрек байғұс күмілжіп күй талғайды. Жаныңды жаһаннамға жібергенше, Арашалап тəніңді ұйқы алдайды. Ұйқыдан соң, ұйқы бар ұзақ сонар... Сол тылсым ғой, бір күні біз аттанар. Көргені мен білгені, істегені əр пенденің алдында сұрақ болар. (Түбінде түсер сөйтіп тұзаққа олар...)

Екінші серпін Босатқанмен арманды темір құрсау... Жолы бар ма бірақ та өмірдің сау?.. Азатпын! деп аттандап айғайламай, Аз-ақпын! деп ойланған жөн, дұрыс-ау. Өзен тоқтап, тыншыған көл беті де, Бөлінгелі тұр аспан енді екіге... Жо-жоқ менің жасасын мəңгілігім, Тек тыныштық тілеген жер бетіне. Үзілмесін Үмітім кесілмесін, Ессіз күдік еліріп, есірмесін. Ғасырлардан жалғасып келе жатқан Жадымдасың жалғыз Үн есімдесің. Солқылдаған сол Үнді, қоңыр майда... əнге қосып айтатын көңіл қайда? Домбыра мен Қобызға қосқанымен, Көндіре алмай келеді көбі ыңғайға... Көргем талай əуейі, əуесті мен, Жақын түгіл дақпыртын жау естіген. Мəңгі бақты тақпенен шатастырып, Дала жылап бір кезде тау өксіген. Сұпсуық боп барады сұрқым мүлде, Дүние енді береді сыртын кімге? Қабағынан қар кетпес Хан-Тəңірді Енді қайтып Жасаған, сілкіндірме!

Үшінші серпін Тұмсығымен түрткілеп Күн ұясын, Сен де ұйықтап бара жатып жымиясың. Түсіне алмай жыларсың, бəлкім, Һақтың Осынау, «Жалған!» дейтін дүниясын. Жеті қат көктен саулап аққан жұлдыз, Жарығыңды өшірмей сақтар – бізбіз. Ал, біздің рухымызды сөндірмейтін Жеті қат жер астында жатқан жұлдыз. Түйме Уақыт болды-ау тағы да таңға асығар, Не бар екен дүниеде жанға сыңар? Аяқталып барады антракт, өкінішті өмір-ай, жалғасы бар!..

О дүниенің сахнасында Бірінші серпін О дүниенің сахнасының Шымылдығы ашылғанда-ақ, «Аллалап!» Төрден төмен бір бас түсті домалап. ...Кеудесі жоқ бастың соры түк емес, Ал, басы жоқ кеуделерге обал-ақ... Маңдайлар жүр маған соны жазды деп Таңдайлар бар арман айтар азды-көп, Қу жандар-ай, құзырында Құдайдың, О, құлдар-ай, құлағы бар аузы жоқ. Жазған пенде жазмышынан озған ба, Көр азабы көз аштырар көп жанға. Ақиқатты айту қандай қиын ед ...көрермені жоқ залда! Сатылған қол,.. кесілген бас... қалған жұрт. Атылған оқ,.. Аһ ұрған боп ...зарландық. Аза бойым қаза болған қайран күн, Сені қалай еске алармын арман ғып?!. Сені қалай ойыма енді оралтам, Ойға оралтсам өзімді өзім жоғалтам. Шыр-шыр етіп талып түскен шындықты, Көрген кезде шымырлайды жон арқаң.

Жүрегінің қадалғандай түбіне оқ, Бір Баһадүр ымдап жатыр тілі жоқ. Бір арыстан ыңыранады, қайтеді, Айбатына міне алмаса тірі боп. (О дүниенің сахнасы ғой...) Қыжыл – бұл. Түс көргізбей түн ұйқымды бұзып жүр, Бір кездері қаңтар күткен қанымнан Қар үстіне қаулап шыққан «Қызыл гүл...» Ал, қазіргі шер-наламның гүлін көр, Желмен бірге мұңын айтып уілдер... Жалын шарпып жалқынданған жанымнан Табылыңдаршы, ей, мүміндер?!. Екінші серпін Жаралы жүрекке жасын от жақтым, Бұрынғыңнан бұлдыр-бұлдыр елес көрінді. Сол елестің көзінің жасы боп та ақтым, Жалған түбі тесік тегеш көрінді. Түн көзінің жұлдызын жақтым, Сұғынан сұп-суық өңеш көрінді. ...жүрек тұсыңнан табылмай қалып, Сол өңешке мен талай жұтылып кеткем. Сірі жұртымның жанына айналып, Сытылып, құтылып кеткем... Содан соң өлместің емін іздегем,.. Шыбындай жанды бөктерген «қарақұрт»

екен, Желмая мініп Жерұйық жерін іздегем, Сөйтсем, ол көшіп жүретін қазақ ұлты екен.

Өзіммен ғана ғой жұмақ-мекенім, Дала төсінде сарғайып көшкен алтындай. Жарқ етіп жоқ боп, бір күні жырақ кетермін, Өзі үшін емес, ел үшін өскен мəрт ұлдай. Буына ғана мас қылар бұл жалғаныңда Тұлпар-көңіл де тұралап қалар. Бұрынғы өткен күндерің бұлданғанында, Тұла бойың – сыла боп қалар. Шірене сермеп самғасам, шіркін, қанатым, Сусыл қағатын уақыттай заулап. Аспан мен жердің аралап тылсым қабатын, Кетемін жақұттай жайнап. Түйінсіз жіптей сырғимын, зулаймын тағы Уақыттың көшімен еріп. Жалт етіп барып, зау көктен құлаймын тағы, Мен сенің төсіңе келіп, Қазағым! Соңғы серпін Ұмай-ана көкірегін иіткен, текті ұрпақпын, тек, сойлеген биіктен. Азу тісім асылдан, ал, жүрегім жасыннан, ашынғанда мəңгі рух боп тасынғам. ...Енді мені өлтіріп көр, күйіктен! Тағдырым бар екі өмірді тең көрген. Тарихымнан тау-құдірет тербелген. Бабалардың Қабылан,

сүттей аппақ қанынан, қандай қызыл арынан, жаратылып ...МЕН келгем! О, МЕН ол кезде – найзағай бұтағындағы жасын ем, шағырмақ бұлттың шамырқанысын аңдыған. Жеті қат көктің көбесін сөккен қас ұл ем, пенделік кесіп өте алмайтұғын алдынан. Жүрегімдегі Аллаға ғана ғашық ем, Алты Алаш үшін сол жүрегімді ашып ем... өзегін еш өрт шалмаған асыл ем, Қараша үшін хан басынан да қарғыған. Енді, міне, есесі кеткен ғасылмын,

қан түкіріп қын түбінде қалғыған. Айға қарап ұлығанда азуым, Ар-намысым айбатымды асырған. Сызылғанда маңдайдағы жазуым, Арман үшін бір Тəңірге бас ұрғам. Жұлынғанда асау намыс – қазығым, Бақ тайғанын айтқым келмей басымнан, Ғарасат , ғапыл – ғасырдан, əз басымды жер түбіне жасырғам... Одан басқа жазығы жоқ, О дүниеде қазығы жоқ жанымды, тағы кімдер жазалар деп сақсынам. Сүйегімде сырқыраған зар-үнді алмастырып алғанынша шаттық əн, Адастырып кетпесе екен «Көк тұман» деп күрсінем. Əйтпесе, кім ішпеді дейсің менің қанымды, ал, менің қаным əлі тəтті қан!...

БОЛҒАН АНА Баллада Ұйықтамайтын күндіз жүріп, түн жүріп. Əңгіме айтсаң бірді ұқпайтын, бірді ұғып. Біздің ауыл «Жынды кемпір» дейтұғын Бір Кейуана өмір сүрді қым қуыт. Кейде үстіне темір-терсек сымды іліп, Сыңғырлатып, зарын айтса сыр қылып, Балалардың көшедегі базарлы Бар қызығын кететұғын бүлдіріп. ...Содан кейін айтып жүрді ел ауылда «Бала ұрлайды сол кемпір» деп дүрлігіп. ...Жалғыз тамда жалғыздықтан жалыққан Кейуананы жіберердей жынды ғып. Бəріміз де баламыз ғой ана емген. Оның енді жазыла ма жаны емнен? ...Сұм соғыста ерлікпенен ері өлген. Ерінен соң бауырын сылып ...бала өлген.

«Қызығым!» деп қыздан туған немере Ауған жақта алыс жатты тағы елден. ...Бауырына басқан ұлы кешегі, Аз да болса, көңілінің қошы еді. Желтоқсанның жендетінің қолынан Ізім-қайым ол да кетті – деседі. Осы өмірде өтті қанша дауылдан, Соны ойласаң сөгіледі қабырғаң. Арыстарын аза тұтып іздейді Көр-топырақ бұйырмаған ауылдан. Содан бері тас болса да бекіген, Жері жоқ-ты бір пендені жекіген. Бар бақытын ұрлатып ап қапелім Бірге өшкендей ошағының отымен. Бір ғасырдың қасіреті мен қатерін Көшіргендей əжім əжім бетінен. Тірі ескерткіш боп отырса, шуақтап Тамашалап жұрт өтетін шетінен. Жалғыз үміт жанарда əркез тұнатын. Сосын, іздеп туған-туыс, жұратын, Ешкімі жоқ «жынды кемпір» жылайтын Жүрегінің тауысып бұлақ-суатын. Жас ағызбай жылайтыны көзінен Көз жасын ол – «Үмітім» деп ұғатын. Қысы-жазы білетінім үйінің Мұржасынан түтін шықпай тұратын.

Қысы-жазы зарығатын күтумен Бойға жинап барлық жылу қуатын. Тəуелсіздік алған жылы а, Құдай! Кейуананы жұрт таң қалды танымай. Сары сандықтан сары көйлегін

ап шығып, Сары тоқаш пісірді де тəтті ғып, Көңілінде бір кірбің жоқ тарыдай, Көше аралап күліп жүрді ол жадырай. Тəуелсіздік алдық па? – деп сұрайды. Алдыменен ауызға алып құдайды. Енді менің балаларым келед – деп, Қуанышын жасыра алмай жылайды. ...Жынды кемпір əуеніне басты – деп, Жұрт күңкілдеп сөз ғып кетті былайғы. Талмай күткен күндіз жүріп, түн жүріп, Жарқ еткенде алдынан бір нұрлы үміт. Ел ұқпаған шын бақытты сезініп, Ел ұқпаған бір бақытты күнді ұғып, Енді еңсесін көтерген сол кемпірді, Жұрт жіберді шыныменен жынды ғып...

ӨТЕУІЛ Поэма-хамса Желтоқсанда жастар шықты алаңға. Атам айтты «Əлгі,.. Димаш аман ба?» – Колбин деген кепті орнына хатшы боп, Күрсінді атам «жақсы-е, жақсы, жақсы...» деп. – Қалай ата, қазақ болды ғой, басшымыз..? – Құдайға шүкір, жақсымыз ғой, жақсымыз..! Азаттығын жасыра алмай елімнің – Біз егемен ел болдық! – деп, елірдім. ...Шырт түкіріп насыбайын көк-жасыл – Шайын ішсек! – деді – əлгі, келіннің. Дастарханда шайқатылып, ширығып, Шайды ұрттады көмекейін күйдіріп. Сол күні атам келінінің қолынан Көп шай ішті, қайта-қайта құйдырып. Сеңгіріне шықса дағы сексеннің, Бір сергітіп маңдайдан жел ескен күн. Азаттықтың аспаны мен ауасы Жұпарына татымастай еш жердің. Қарияның жанарынан жалт берді, Көрген қорлық, тартқан азап,

кешкен мұң. Албырттанып алаулайды от боп бір. Сол бір оттан кететіндей көктеп қыр. Өткен күннің өкініші, қайғысы

əттең, бірақ денесінде оқ боп тұр. Тəн жарасын талақ етіп тап сол күн, Құдіретімен айыққандай жақсы емнің. Жан жұмағын сезінді-ау, бір ақсақал Ара жігін ажыратып бақ, сордың. Қуанғаннан қуат қосып қуатқа, Əжіміне нұр сіңдіріп шуақта. Көзін жұмып отырды атам ойланып, Кіріп бара жатқандай-ақ, жұмаққа... Талықсытып кеткендей бір тасқын кеп, Есексайдың өзеніндей тас гүрлеп, Көз алдынан өтіп жатты өткен күн Тағдырының тақсіретін тəпсірлеп. Көк тазысы көлденеңдеп мына бір, Беткей жақта құлын мүсін құла жүр. Төбесінен бір шаңқ етіп айналып Қыраны ұшар, аңға заулап құлағыр... Жержады боп алған жанға ешқашан Құпиясын жасыра алмас қыр, адыр. Сəн-салтанат – саятшылық дүрмегі, Салбұрыннан саяқ шықан түндері. Саумалынан бір саптыаяқ сіміртіп, Сап тиылып, сараңданған қыр лебі. ...Бəрі, бəрі, бəрі есінде солардың Аяғына жүрсе оралар ілгері...

Сосын, соғыс... елдің соры, бағы ма? Қару ілді ердің қолы-қарына. ...Құмай тазы қу далада құлазып, Қыран-бүркіт келе алмады бабына. Ал, Құласы құрық тиіп басына От боп жанды жалын байлап жалына. Бұл үшеуін былайғы жұрт қадірлеп, Өтеуілдің балаушы еді жанына. Соғыстан соң, ...сүйреп басып аяғын, Тағдырындай көріп балдақ-таяғын. Ауылына жеткен кезде алқына, Қасіреттің айтайын – деп – қай əнін?! Құмайының көріп, аман – аянын, Құласының өлген естіп баянын. Қыранының шаңқ еткен сол үніндей Жүрегінен аспанға атты жай оғын. Кəрі құмай оралады балдаққа, Кінəлідей сары шинельді солдатқа. Енді ешқайда кетпеші! – деп итиіп, Теріс қарап, телміреді тау жаққа. Өтеуілдің өзегіне шоқ салып, Жанарынан жас аунатты аулақта. Дəл осылай көк тазымен мұңдасып, Үнсіз ғана келе жатса қырды асып. Сары шинель мен сары балдақты

көре сап, Ауыл иті қарсы алушы ед шуласып. Ал, көк тазы аңдап басып адамша, Өтеуілмен келуші еді бірге асып...

Арсалаңдап алқын-жұлқын жүрмейтін. Маңайына мағынасыз үрмейтін. Дүрегейше тамақ көрсе, жұтынып, Ашкөзденіп бұлғаңдауды білмейтін. Аңға шықсаң айызыңды қандырып, Қашқан аңын қапелімде жүндейтін... Бүктетіліп жататұғын іргеңде. Иесіне адал естілік бар бұл жерде. Тектілігін жоғалтпаған асылзат Жаман итше үйде тұрып үрген бе? Бұл көк тазы Көк түріктен бері қарай Төріндегі жетіқазына – білгенге! Бір күндері құйыны кеп дауылдың, Шаңырағын шайқап кетті ауылдың. «Итатқыштар» Көк тазыны жоқ қылды Ұңғысына жұтқыза сап қарудың. ...Соғыстан соң солқылдатқан жүрегін Өтеуілге болды мынау – ауыр күн. ...Естігенде тұнып қалып құлағы Жалт-жұлт етіп, маңдайда қос шырағы, Қолындағы лақтырып қос балдағын Атқа асылып, екі ұмтылып құлады. Үш дегенде ұшты-кетті пырағы... Тазыны атқан қылқындырып мəңгүртті «...Ит емес, ол – тазы ғой!» – деп, жылады.

«...Бос жүрген ит – құтырған ит» – дегендей, Əлгі мəңгүрт айғайлады көмейлей. Ал, Өтеуіл өрттей жанып өң-жүзі Қансыз жанға қара бұлт боп төнердей: – Ықылымнан келе жатқан ырысым, Шайқалғаны керек болды ей, кім үшін?! Қай атаңнан көріп едің тазыға Қарғы байлап, ұстап жүрген жіп ұшын. ...Құрысын! – деп, қатып қалды шемендей. Содан бері жіби алмай жүр еді. Түнеріп-ақ тұратын-ды түр-өңі. Бүгін, міне, тақсыр-күннің тамаша Жақсы адамға жасалғандай бір емі. Əдемілеп келінінің Өтеуіл, Шайын ішті – жадырады жүрегі. Əжіміне нұр сіңдіріп шуақта, Қиялымен кетті алысқа-жыраққа. ...Қыран салып, құмай қосып қиқулап Шырға лаңы боп жататын қыратта. Аңнан қайтса жан бітіріп тауға да, Ауылдағы жұрт назарын аудара, Қызылтөбе сауырындағы соқпақ жол Сорғалап кеп жайылатын аулаға. Аулаға əкеп бар олжасын жаятын, Ол олжаға жұрт көңілі тоятын. Содан кейін қыр басында қылтиған Айға қарап аят оқып қоятын...

Сол соқпаққа көп жылдан соң жан бітті. Жалғыз ұлы əке жолын жаңғыртты. Өтеуілдің үзілгені жалғанып, Содан бері кеш – ырысты, таң – құтты... Таңнан тұрып жолдың қамын ыңғайлап, Албырттанып алма бетте нұр жайнап, Аңға кетсе, қайтушы еді кешқұрым, Қанжығасын қандап, көңіл бір жайлап. Тағы міне, соқпақ жолмен шұбаған, Құйрығына шаң сүйреткен бір адам. Келе жатыр дүрліктіріп ауылды, Олжасы бар қанжығада сұлаған. ...Кім болды екен, кім болды екен бұл адам?! Ауыл иті түгел кетті дүрлігіп, Не үре алмай, сырттандығын білдіріп. Бір талайы безіп кетті аулаққа Құйрықтарын бұтқа қысып булығып. ...Тірі арланды қанжығаға өңгерген Өтеуілдің баласы еді бұл жігіт. – Өтеуілдің өзі бопты – десті жұрт. Алаң көңіл аннан-мұннан естіліп. Улап-шулап балалар жүр қызықтап, Тұтқындағы тірі арланға сес қылып. ...Бұл не шу? – деп, шарбақ жаққа жүгірді Байғұс апам арқа белін бес бүгіп. ...Тəңірім! – деп, тасқа барып отырды, Ескі өмірден келе жатқан естілік... Ат үстінен аудара сап арланды, Аманат ұл аттан түсіп қамданды.

Ат дорбадан үш бөлтірік шығарып, Пəлесі-ай! – деп жерге аунатып, ...паңданды. Жанарынан жасын ойнап, ал, арлан Бұғауынан бір-екі рет қарманды. ...Жанарының қуат күшін шыбын жеп, Арлан жатыр өн бойында діріл жоқ. Бөлтіріктер қамсыз ғана тырбаңдап, Үміт қылып үрпі іздейді уілдеп. Ал, Аманат анасының қолынан Айран ұрттап, мəз боп отыр күлімдеп. Өтеуіл шал қарайып ап қанына, Сап қамшысын соғып отыр санына. Ал, кемпірі бір пəлені сезгендей Жақынырақ бара алмай тұр жанына. «Өтеу ұлға аманат боп біткен ұл Не сорақы бастап берді тағы да...» Осыны ойлап Өтеуілдің жанары Сəл жабырқап, Арлан жаққа қарады; ...тұмылдырық, төрт аяғы байлаулы, Ызалы жүрек қос өкпесін қағады. Үш бөлтірік таудан іздеп тағдырын Тұмсығымен түрткілейді ауаны. Жан түршігер жақын түгіл жат көріп, Өтеуілдің шемен-шері жатты еріп. Əлгі арланды əңкі-тəңкі боп жүріп, Иіскегенде жаңа туған лақ келіп; Бар пəрменмен бір ышқынап бұрқ етті,

Арлан-жүрек өзін-өзі қақ бөліп. Өзін өзі құрбан қылды намыстан. Жүрек тұстан гүр-р етті бір «Арыстан». Лақ та лағып кетті алаңсыз, қарамай

енесіне мекіренген алыстан. ...Қамшысымен қара жерді қақ тіліп, Өтеуіл шал өрт шыққандай қамыстан: «Босат! – деді – тұмылдырық, бұғаудан! Босат! – деді – шынжырдан да шылаудын! Босат! – деді – қорлық пенен азаптан Тектілігін жоғалтпайды тірі арлан! Босат! – деді үш бөлтірік-күшігін Пұшпақ-шапан кигізбек пе ең бұлардан?!» Байғұс ана шыр-пыр болып арада Күйіп-пісіп күбірлеп жүр жыларман... «...Əй, балам-ай, əй, балам-ай, баламай! Тірлігің-ай, шалағай... ...Бүгін ғана жадыраған шалымды Қандай күйге салдың, Алла-тағала-ай?!..» Ештеңені түсінбеген баласы Аң-таң боп жүр, шақша басы шарадай... Ал, Өтеуіл күрсінісін көтеріп, Қырға кетті алды-артына қарамай... Қаз тұрғаннан қатар кешіп сор, бақты Жадыраған күні де көп болмапты. Құрсаулы күн – құсалы мұң боп келіп, Алқымына ажырғы-азап орнапты.

Тұмылдырық ту жүрегін тулатқан, Қасқырдай ғып қанша заман қорлапты. ...Сұп-сұр болып сіңір-саусақ, кəрі қол Кеуде тұстан іздеп тұр-ау сол уақты... Жас бұлау бар тауқыметпен ел көрген, Тас-бұғау бар елмен бірге ер көрген. Намысы үшін жан алысып жан берген, Арыстардың асылдары жерленген Мың қасірет, мың қайғыны бөлісіп, куə болған жерлерден, Бір əңгіме сұрағысы келгенмен, Сұрай алмай жылағысы келгенмен... Жыламады, сұрамады Өр кеудең!..

Содан кейін күңірентіп жер-көкті, Сол арланды қыр басына жерлетті. ...Үш бөлтірік еркіндік ап атадан Тауға қарап танауларын желдетті. ...Көп ұзамай сол тəккапар өр таулар Өтеуілді жүрегінде тербетті... ...Созсам қолым жетпей шыңға, шығанға Айналып-ақ кеткім келіп қыранға, Құмай кезген құла-дүзге бір сəтте Құлап түсіп, қайта орнымнан тұрам да; Аһ ұрғызған арман жүгін артқанда, Өкініштің қасіретін тартқанда, Жылай алмай кірпігіме мұз тоңып Отырамын арқа сүйеп Қарт-тауға...

АҚЫН АЖАЛЫ... Мұң-толғақ Ол-Ақын. Күл-қоқыс, күресіннің арасына аппақ жүрегін абайсызда құлатып алып, аласұра іздеп жүрген – Арлы Ақын. Жүрегін іздегелі көп болған жоқ. Бірақ, ұлы əскерден келіп, қызы ұзатылатындай уақыт өтіп ті. Жүрегін тауып алған күнде де, қанша жыл қоқыстың арасында жатсын, кіршіксіз, таза, мөлдір күйінде көретініне Ол өлердей сенеді. Себебі, Ол – сондай ақын. Тағдыр-тақсыр, келдің бе? «Ақын – жынды» дедің бе? «Басын бұлды» дедің бе? «...Жасын мұңлы» дедің бе? Тəтті өмірге келіп еді Ол – ащы үнмен. Келіп еді Ол – бір алапат тасқынмен. Сөз-патшасы жүрегінде жаңғырып, Тайталасты Тағдыр дейтін тақсырмен. Тайталасты тағдырымен таласты, Таласудың басы, соңы – бəрі ащы. Жарасудың жөнін таппай жабығып, Жазған жыры жан жарасын тағы ашты.

Жыр жазбаса кететіндей жынданып, Біртүрлі ғой, Ақын дейтін, бұл – халық. Жазған жырын жел тыңдаса мұңданып, Ел тыңдаса қалатұғын бұлданып. Тыңда, ақынды,

көпірі жоқ – Көл-Ана, Тыңда, ақынды, нөпірі көп Жер-Ана, Тыңда, ақынды, тіреуі жоқ көк Аспан, Тыңда, ақынды, Аспантаулар көкала! Өзегіңе шоқ боп түсіп, маздаған Алау жырдан аунап түсіп, домала! Домаланған мынау ғапыл дүниеде Өз мұңыңды тыңдамауға бола ма? Жан иесі келмей тұрып жалғанға, Көктен саулап жұлдыз-жырлар жауғанда. Өлі əлемге өлең арнап отырып, Жылап-жылап алған шығар Аллам да!.. Жылап-жылап алған шығар, жас төгіп, ...Бір бір тағдыр болған шығар, тас та еріп... Содан, бəлкім, қалған шығар, мəңгілік Адам ата – Һауа ананы дос көріп. Кім түсінер жан беріскен достықты, Досын кімдер, кімдер досты өксітті? Тағдырына тайқы болған талайлар, Қос ауылдың арасына қос тікті... Болмайды ғой пенделердің дегені, Келсе дағы ақыл, ойдың кемелі. Кейігенде кейде суық өмірге, Жылы жаққа құс боп ұшқым келед

Қиялымның қия жолын бетке алып, Кейде қалқып бара жатам көкте ағып. Сол кезде анау жылатады жұлдыздар, Маңдайымнан шертпесе де шет қағып. ...Арманымның киік қашып қырында, Сағым құшып қалып едім бұрын да. Арзу айтпай аттан түсіп, ал енді, Қыранымды қондырайын тұғырға. Ол ішіп жүр..,

кім бар дейсің, соры аппақ? Ішсін, мейлі, күні-түні сораптап. Жүрген шығар тандырланып тағдыры, Күйген шығар қарығанда шөл, аптап? Мына өмірдің мың бұралаң соқпағы Кімді апарып тау мен тасқа соқпады. Кеше ғана кеміс туған кещелік Ақындардың өлең-жырын соттады... Ал, ақындар, өлмесе де дем үзді, Болашаққа айтамыз деп немізді. Əлгі əккілер атқа құлын емізіп, Жан, жүректің жатқа мұңын жегізді. Кімге айтамын сол наза мен сол назды, Нар-намысым шөге-шөге, ...ол да азды. Шам орнатам деп жүргендер ор қазып, Бақ орнатам деп жүргендер сор қазды. Сор да сондай содыр болар деп пе едім, Көген көздің көз жасындай кеппедім. Кеше, бүгін, ертең тағы жыласам, Кешір мені, кесірлі емес, кекті едім.

Ойымда жоқ үмітімнен қол үзбек, Домбыраға қосылғандай қобыз кеп. Кең далада күңіренемін, көшемін, Ғасырлардан ғасырларға жол іздеп. Жолдар, жолдар таспа тілсін жонымнан, Бар дүние жасай берем жоғыңнан. Соқыр тұман тұрса дағы оңымнан, Соқыр күмəн туса дағы солымнан. Тарпаңымның тартсам да айыл, тартпасын, Тағдыр маған бос күлкісін артпасын. Арманыма тіресем де ат басын, Қайғы, мұңның қағып тұрам қақпасын. Жан бейбақты жалықтырып жалған-боқ. Ынтықтырды, зарықтырды заңғар көк. Жұмыр жердей жүрегіме жүк артып, Адассам да алған беттен танғам жоқ Отқа түстім, еш күдіксіз, күмəнсіз Ақыр түбі қарсы алатын Аллам деп. О, Қасірет!

Сол дəруіш – шерменде, «Сыймадым» деп, мына доғалшеңберге. Өзін өзі өртеп тастап өлеңмен Жан таппай жүр жерлеуге... Сіңір-саусақ сірі-жанның – бар-жоғы... Асау тағдыр ажырғыға салды оны. Домалатып жоқ іздеген сол жанды Тентіретті тірлігінің тар жолы.

Тарыққанға тіл-ащы да ар-тəтті, Жабыққанға болар ма екен жан тəтті? Адасқанның артындағы мың соқпақ, Тарамыстан таспа тіліп тарқатты... Жар таңдаудан жолың егер болмаса, Жар жағалап жалғыз бағың қонбаса. Тірлігіңнің көші жолда оңбаса, Тəтті өмірден дəметпегін онда аса! Жəутеңкөздің жан жарасын кім көрер, Жетім көңіл түңілер де түрленер. Құдай болып кетпеген соң жалғыздың Маңайына түлен түртіп, жын келер. Бір ішкіш дос, дерт шығарды ішімнен, Е, мен оны айтпаса да түсінгем. Қайыршының алдында да кішіргем, Күндіз ойдан, түнде шықпай түсімнен. Ақиқатты ащы шайнап жұтқанмен Онсыз да тұл – тірлігімді құптар ма ең. Құламаған намысыма жыладым, Өзімді өзім орға апарып жыққанмен. Сонда дағы ой болмады жасымақ. Жанарымның жасын нұры шашырап. Азабымды арқаладым, аш жүрдім Қойынымдағы бит, бүргемді асырап. Кінəм да жоқ, өкпем де жоқ қоғамға. Ойлы көзбен қарап жүр ғой обалға. Менің тəтті қанымды ішкен – бит, бүрге Жаным күйіп кетеді де соларға.

Бос шөлмек пен темір-терсек тергенім, Екі тілім нан болатын «ермегім». Күні-түні дамып жатқан елімде.., Ертелі-кеш еш боп кетті еңбегім. Үйсіз-күйсіз. Жалғыз жүрек – жұмағым. Күндіз де сол, түнде де сол – тұрағым. Мейірім мен көңілді аңсап, кей сəтте Жүрегімді зорықтырмай жыладым. «Бар байлықтан» мен осылай тоналдым. Өкпелейді дейсің енді оған кім? Өкіметке тимесін деп кесірім, ...Қайыр сұрап отыратын боп алдым. Кей кездері жарға ұрғанмен ой-ағын, Бергенге емес, көңілге де тоямын. Бақыр тиын түспей қалған күндері Адамдарша намыстанып қоямын. Айырылып шын ниетті көп ойдан, Тағдырымның болған кезде жолы ойран. Өлімші ғып, өлтірмеген мені əлі, ...Апам берген қара нан мен көк айран. «Адал бол!» деп, айтушы еді жарықтық, «Шүкір...» десе, біз де ниет таныттық. Нəн табаққа нан салмайтын тағдырға Қалай көну керектігін жаңа ұқтық.. ...Кейде, қуат, күш байланып, ...Кейде, ашумен тіс қайралып, Қайыры жоқ қайран күндер Кетсе деуші ең түске айналып.

Айыбы жоқ арман күндер Көшсе деуші ең, құсқа айналып... Өзің неге кете алмадың Қанатыңды құстай қағып?.. Бір-ақ күнде бақ та жайнар, сор қайнар. Бір-ақ күнде жөнсіз сөзің, жол байлар. Дəн теріп жүр жапасынан сыйырдың, Біздер, əлгі.., бұлбұл дейтін, торғайлар... Қатар сүйіп, аялар деп, көк пен жер, Пенделер-ай, тым асқақтап кетпеңдер. Адал ғой деп аялайтын біз, əлгі.., Күресінде күркілдеп жүр кептерлер... Көшке ілесіп шаппасаң да желе біл, Көңіл көркі бола алмаған, не өмір? Көл шарасын шайқап, төккен шағала Қора артында қоразданып неге жүр? Ұшса, қонса бірге қанат қағатын, Махаббаттан-нұрдан лəззат табатын. Айдынында Ай мүсінді аққу құс, Ол да мұңға малып отыр қанатын. Құс патшасы киелі еді, тұмарлы, Шыңнан биік шырқайтұғын шынарлы. Бір миғұла ит жеместі жегізіп, Торға қамап ұстап отыр қыранды. Қолдан қолға ұшыратын сеңсең бел, Айыр құйрық құсым да жоқ, сенсеңдер. Бұл күндері кемпір, шал да кеміді «Қарлығашым, келдің бе?..» деп

кемсеңдер.

Адамдардың ішін кеулеп аласы, Дүниенің ардан артып бағасы, Жүректерден жылу кеткен заманда, Құс болу да қиын боп тұр, шамасы... Сен – шынар ағаш басы едің. Мен – тобылғының көзі едім. Бір кезде тіпті жас едің, Мен ол кезде, бəлкім, жоқ едім. Мұңсыз бақытты күндерді Кіммен бөлісемін, дедің бе? Сосын, тағдырың тамшы мұң берді Жалғыз неге ішемін дедің бе? Жауған қар сынды жаныңды, Уақыт ерітеді ғой дедің бе? Мен айнымайтұғын кəдімгі, Айналғым келген сенімге. Қанша сүйсең де өмірді, Сездің бе, көңіл түрмесін. Түгі қалмағандай көрінді. Түбі өлетінімді білгесін. Көрікті қылатын көңілді, Үміт деуші едім, тегінде. Алғаш, шын түсінгенде өмірді. Көңілсіз болғаным бар менің де. Үсін, мейлі,түсінбе шын өмірді Үзіп кете алмайсың шідеріңді. Шікəмшіл – дүние кімнің шікірəсі Шіркін-ай, білмесең ғой шіренуді.

Бірібір, себеп көп-ті бұл өмірде, Себепсіз жүре алмайсың біреуің де. Бағың жүр.., жақсылардың жүрегінде, Сорың жүр.., жамандардың тілеуінде. Бəрі бір, бақ па сор ма қай-қайсысы Жалдап жүрген жаныңның айғайшысы. Күреңін мінгізсе де Күндей кісі, Ақбозын мінгізсе де Айдай кісі... Жетпейді Өгізіңе өзің мінген, Өзің мінген Өгізге сөзің жүрген. Қайтесің кісінікін кісінетіп, Өз ғұмырың...

басқадан безін, мүлдем! Мені де дедектетті мына тағдыр, Жылатып, өзімді өзім жұбатам құр. Сұратып менде жоқты, желеу етіп, Жетім өкпе көңілімді құлатар бір... Білмеймін, не десе де мына жазған, (Қашанда білем, білем, шыдам озған) Мен қалай шат күлкіні өшіре алам, Десе де, ...ұрланып кеп ұра қазған. Білмеймін, не боп кетті мына жолым? Мына жол көрсетпей тұр құба жонын. Өтпейді-ау, өкініштің өтпелеңі, Жетпейді-ау, шын бақытқа сірə, қолым!..

Сонда да бұл – сиқырдың сыры мұң ғой, Сол мұңға батқан менің шырылым ғой. Бірақ, мен бақытсызбын дей алмаймын Өйткені, Ол – менің ғана ғұмырым ғой..! Жабағы жүні жалбырап, Жанары мұңлы бір бейбақ. Күледі маған қан жылап, Жылайды тағы кімді ойлап...? Кімді ойлап,мейлі, жыласын Басында қалып жар, құздың. Тағдырына артқан күнəсəн, Жазығы қанша жалғыздың..? Жабағы жүні жалбырап, Жанары мұңлы бір арман. Кетейін десе қарғылап, Қамкөңіл жаны жыларман. Аяғында ескі бəтеңке, Бауы жоқ, сырма, түгі жоқ. Қолында жарты-бөтелке Ойнайды көздің жыны боп. «Молдаван қызын сүйіп ем, Ол мені тастап кетті...» деп, Жанының үнсіз күйімен, Билейді жерді тепкілеп. Билейді дағы жылайды. Болжаулы өмір жоқ алда. Қайырға көңіл сұрайды.

Қайырымсыз мына қоғамда. Жек көріп тұрып, жұбаттым Болмаған жанды жолы ұдай. ...Сен оны неге жылаттың, Өмір-ай, өмір, өмір-ай?.. Жалғанның кемесін, Жалдап ап келесің. Қай маңда қайраңдап, Қай жерде өлесің... Дауылды дүрмегін, Жауынды күндерін. Жаныңа жалау ғып, Жалпылдап жүргенің. Мəңгілік көгіңнің, Сан күдік жеріңнің. Салмағын өлшейтін, Өзі ғой өмірдің. Арқалап ар жүгін, Тартатын барлығын, Таразы емес пе, Тарамыс-тағдырың. Жығылса бақ туың, Жыласа аққуың. Арыңды кірлетер, Алаңсыз шаттығың.

Жан едім ақ көңіл. ...Не деген тас-темір тілімді тістетті-ау, Жанымнан тəтті өмір. Осынау, ақ мекен, Сор ма екен, бақ па екен. Адасқақ арманым, Қай жолға тартты екен. Сол жолға сап кеткен, өмірді тəтті еткен. Сұп-сұлу сұм ажал, Ең соңғы хат па екен? Сұп-сулу сұм ажал Ең соңғы бақ па екен? PS. Жанталас мына тірлікте жан мен тəн солай қайралар. Жұмақ па, əлде, тозақ па алдымызда бір жай болар. Жақсы да озар дүниеден, жаман да озар дүниеден Бəрінің жалғыз артында жартыкештеніп Ай қалар...

МАХАМБЕТТІҢ МОНОЛОГЫ Ай, ішімдегі ала құс, Сыртымдағы қара құс, Қай азапқа салсаң да менің жаным тарамыс. Тарамыстай болғанша Біз бір енеден он едік Онымыз атқа қонғанда, Жер қайысқан қол едік. Біз бір енеден тоғыз ек, Тоғызымыз бірге жүргенде, Тау толқытар теңіз ек. Біз бір енеден сегіз боп, Септесіп жүрдік серт беріп, Арман мен тілек егіз боп. Біз бір енеден жеті едік, Жетеуміз бірге жүргенде Желпініп жүрдік кетердей Жеті қат жерді көтеріп. Біз бір енеден алтауда Байландық ала арқанға. Біз бесеуде бел кетті, Хан тізеге басты еңіретті,

Бес саусағым бүгілмей Бірте-бірте бытырлап, Сынғанда сенің нең кетті?! Біз бесеуден төртеу қап, Табанымыздан өрт аунап, Үшеуден екеу қалғанда Жалғыз қалдырып жалғанға Зарықтырған дүние-ай, Исатайдай тарланға. Омпы дүние өң беріп, Ойлағаным оң келіп, Алшы да түссе арманым Арман бар ма еді арманға!..

АУҒАНБАЙ ТУРАЛЫ АРМАН ЖЫР Баллада Ауған соғысы ардагерлеріне арнаймын ...Тірісінде сыйласпаған ағайын, Құм құйылсын көзіңе, өлген соң бекер жылама!.. МАХАМБЕТ Жұрттың бəрі бақытты, Емес еді ол кезде шырайсыз да. (Мінейсіз бе еркіңіз сынайсыз ба?) Қосылып ап бір ойсыз бір ойсызға «Заман қандай керемет, Ұжмақты Жасауға болады екен құдайсыз да» – Деп, бөспелеп мұрынын шүйіреді, – Қалай? – десең өкшелеп шүйіледі. Соның бəрін Ауғанбай ағам көріп, Өртенеді, жанады, күйінеді. Ауғанбай десе ауыл дүрлігеді, «Ауған» деді біреулер «жынды» деді. Сол бейбақтың солқылдап сом жүрегі Дертті болып жүргенін кім біледі.

Ауғанбайдың атының бар қатасы; Əулетінің домалап өрге тасы, Сұрапыл замандарда қуғын көріп Шетел асып кеткен сол арғы атасы. ...Атасындай деуші еді түр-түсін ел. Сөйте тұрып қорлайтын бұл кісілер. Замандардан зауал боп келе жатқан, Дертті жанның жүрегін кім түсінер?.. ...Ауғанбай бір кездері əскер кеткен. Алты айдан соң сəлемі хатпен жеткен. «Ауғандамын, аманмын, туыстар көп...» Үш жылдан соң оралды жаспен

дертпен... Содан бері ашылмай жұмбақ тағдыр, Өз жүрегін өксікпен құрғатқан құр. Өзі теңдес əскерге барған жандар Ойсыз, мұңсыз несіне бұлғақтап жүр?!. Бейбіт өмір не деген берекелі, Қызыл-жасыл қызықты мерекелі. Алаулатқан жұрт мынау жалаулатқан Ауғанбайдың қасынан неге өтеді?!. Неге өтеді ылайлап тұнық мұңды, Бір сұмдықты біледі ол, біліп тұрды. «Сайқымазақ сайтаны – социолизм Көсемдер миығында күліп тұрды».

Оны айтса жұрт санайды мұны күнə, У салып жібергендей тұнығына. Мұңсыз еді əйтеуір ауыл түгел, Қырсыз еді Ауғанбай қылығына. Біреулер басы кеткен ауыш деп жүр. Біреулер арда туған арыс деп жүр. Енді бірі қан көрген қасапшы деп, Енді бірі ойнап жүр намыспен бұл!.. «Бұл намыс – азаматқа асқақ еді. Арға қалқан етеді басқа нені?! Тобыр түбі – топалаң құрдымға айдап, Талайларды жаламен жасқап еді. Бұл намыс – ата-баба ақ сауыты. Бұл намыс – шаһиттердің жас табыты. Бұл намыс – ұл мен қыздың бақыты

үшін, Жығылмайтын жыға мен бастағы үкі. Бұл намыс – қуат алып алып күштен, Запыран ғып шығарды зарықты іштен. Бұл намыс – алты басты аждаға мен Аюдың да бастарын қағып түскен.» Осындай ой кеміріп, титықтаған Ауғанбайды ешқашан жұрты ұқпаған. Намыссызға нан беріп сонда еді ғой, Намыстыға кезелген мылтық-қоғам...

Жарамады ел тағы да бел буғалы. Кімге керек туған ел, жердің қамы? Ауғанбай Алматыға аттанғанда, «Құтылдық» деп қуанған елдің бəрі. Белгілі бұл шаһарда рухтың бары. Желтоқсанда жаңғырып ұлттың бағы, Мұзда жанған алауға айналғанда Сол Ауғанбай туралы жұрттың бəрі; –Біздің бала кешегі Ауған көрген, Ауған көрген батыр боп жаудан келген. Намысым! – деп əруағын ту көтеріп, Арысым! – деп, жылады – арманда өлген!.. ...Емес қазір бұл заман шырайсыз да, Мінейсіз бе, еркіңіз сынайсыз ба?.. Кешегі Ауғанбайдың ер мінезін, Қалай болды екен деп сұрайсыз ба? Тек қосылып кетпесе екен кешегідей Құдайсыз құдайсызға, Бір ойсыз бір ойсызға!..

ШАҺАРНАМЕ Бұл – менің Шаһарым! Бұл – сенің Шаһарың! Олардың Шаһары емес – ...Жерім – Жаһаным! Жаннəт қақпасы жабылмай тұрған кезі ме?.. Жоқ, Адам-Ата пайғамбардан бері ме?., ...Қабырғам Һақ нұрымен бүрлеген кезде де, Кіндігімнен Ібіліс-сайтан үрлеген кезде де, ...Бұл Шаһар – Біздікі болатын. Қабыл Абылды өлтіргенде де, Ібіліс, алғашқы жеңісін тойлап

желпінгенде де, Жүз жиырма төрт мың пайғамбарларды Жаратқан жерге келтіргенде де, ...Бұл Шаһар – Біздікі болатын! Жүрегіміз мұз боп тұрса да, Жігеріміз құм боп тұрса да, Заманалардың Жезтырнақ-желі Кеудемізді тырнап тұрса да; Əйтеуір, бұл Шаһар – Біздікі болатын! Қан қасап замандарда да, Ақжем боп жаман қарғаға, Қар-рқ етіп ұшып, жоғалып Жолықтық зауал-зарға да; Бəрібір, Бұл Шаһар – Біздікі болатын!

Біздікі болатын Бұл – Шаһар, Ұшы-қиыр, шет, шектеуі мүлдем жоқ. Бірте-бірте боп кетерін мұнша тар, Біле алмадым, ...білгем жоқ! Бір-бірінің Шаһарларын тонарда «Жарты құдай» боп кететін патшалар. Құдай жалғыз екендігін оларға, Айтпаған ба, сонда, басқалар?. Арланымның көкке ұлыған азуын, Тұлымды ұлға тұмар қылып таққанда. Болар ма еді, болмас па еді жазығым Сол тұлымды ұл соңғы үмітті жаққанда! Сіңірімнен суырылған сірі жіп Күдерімнен бұрын солай үзілді. Ібіліске иілмеген ірілік, Шаһарында шарт сынды ма бүгінгі? Опық та жедім, (ой, Алла-ай...) Ақыл-түлен, Ес-түлей; Құранымның құзырында бола алмай, Құлағымның сыбырын да естімей! Бұл Шаһарды бұлдайтындай кімің бар, Жүрегінде Құдайы жоқ пенделер. ...Айдан-сəуле, Күннен-шуақ – Нұрымды ал, Жүрегімде иманым бар, ел көрер! Лəй-и-лə-һə ил Алла деп басталған Иман-нұрға толып тұрса, Шаһарлар! Жолаушылар жолға шығып аспаннан... Бұл Шаһардан басталмас па сапарлар!

Күллі адамның күмілжіген ындынын Періштелер махаббатқа дүй қылып. Алла ауылына ап кетсе ғой күн бұрын, Мешіттегі азан-жырға сыйдырып. Біздің Шаһардың Күні шығыстан шығатын, Айы батса да батысқа барып тынатын. Жұлдыздары бар – жүмле-ғалам шырағы Жарқырап тұрар Алланың айтып мың атын. Біздің Шаһардың жұмақтай еді – бұл елі. Мөп-мөлдір, таза бұлақтай еді – жүрегі. Қызының сөзі – Қызырдың сөзі болардай Періште-көңіл, шырақтай еді – нұр-өңі. Біздің Шаһардың патшасы тіпті болмаған, «Патшамын!» деген, талай пендесі сорлаған. Жүректің ғана əмірін тыңдар оғланы Шаһарда мынау жүрегін ғана қорғаған. Азаматтары сатылмайтын да

сатпайтын. Қазанаттары далақтап босқа шаппайтын. Таулары биік, даласы асқақ, бұл – Шаһар Күн менен Түнге есігін мəңгі жаппайтын. Біздің Шаһардың шетсіз де шексіз көлемі, Абыз боп туған ақсақалдары көп еді. Зынданның ауызын Ар-намыспенен бекітер, Е, біздің Шаһардың Абақтысы да жоқ еді. Қоңыр далаға қорасыз қойын өрбіткен, Мылтықсыз аңын бөктеретұғын өрлікпен. Түленсіз жəне түрмесіз біздің Шаһарда Жұмаққа ғана апарар деп ем жол біткен?!. (Сол Шаһарымның алдынан неге

сор күткен?) Заманның зарпы зарлы, Алды-құз, арты-жарлы. Менің мұңсыз Шаһарымды, Сенің мінсіз Шаһарыңды, Олар неге тартып алды?!. Олардың Шаһарында, Орын жоқ атан-ұлға. Əн қылып айтарың жоқ Мəңгілік сапарыңда. Ұйыстық, ұйпаландық, Жіберді бұрқаған бұлт; Қыздарын – шеге-тұяқ, Ұлдарын – құл-табан ғып. Ал, содан соң, Жеті түннің аспанынан, Жеті қат жер тастарынан, Жеткен бізге жеті иесіз Жер үстінде бастады ылаң; Екі көздің түймесін бырт-бырт үзіп, Мөп-мөлдір суы кетіп, сұғы қалды. Алқымымның түймесін бырт-бырт үзіп, Құлқынымның құл қылып

құнын алды. Кіндігімнің түймесін бырт-бырт үзіп, Сықпытымның уызын сығып алды. Қос қанатым – бар еді, дін мен ділім Жарқанат жарғағындай түрі қалды. Ар-намысым бар еді Алдаспандай Қолымда қой үркітер қыны қалды. Өр рухым да бар еді бөрі тектес Е, оның да Айдан басқа кімі қалды?.. Сұмдығы – сөз-патшасы тақтан тайып, Тілдің де қуаты жоқ дымы қалды. Жеті ағайын жұт келіп, жұрдай қылып, Жұртта мені қалдырып, қыбы қанды. Барынан айырылған сірі жаным Сіресіп қалай ғана тірі қалды?!. Сонда да сүйрелеп кеп сүлдерімді. Көремін көні кепкен сүрлеуімді. Сосын, осы Шаһарда шаршап жүрем, Айталмай, қалай өмір сүргенімді...

  • * Түсімде, Күллі күрсіністердің ішінде, Құснихат жазып құлазып отыр екенмін. Құсаға күпті пішінде. Түсімде, Тілім қыршылып тісімде, Түлен түрткі боп түркіден қалған

түгелім, өртеніп жатыр ішімде. Түсімде, Мейлі, сен түсін, түсінбе, Тас-құдайларға табынып мына пенделер Айналып жатыр мүсінге. Түсімде, Тас-қалалардың ішінде, Бір уыс топырақ таба алмай жүрмін

сандалып, Ауа да су да у да жоқ ұрттап ішуге. Түсімде, Санамның əмірі жүрмейтін əлем ішінде, Зар-мұңымды айтып, зау көкке самғап

кетіппін Тəңірім, жерге түсірме!

Екінші бөлім

ОРАЛҒАН СƏТТЕР ЫРҒАҒЫ Оралады бəрі де оралады, Жаңа заман, жаңа өмір болар əлі. Қастерлеген қадірің, қасиетің Жол жөнекей жоғалып, тоналады. Бірте-бірте бүлініп мына дүние, Бабалардың болады жорамалы.

  • * Мейлі, мені біреулер сынай берсін, Міней берсін, онысын шырай көрсін. Шаңқай түсте адасқан тағдырымды Құдайсынған көрмесін, Құдай көрсін! Көктемім-жыр, тұрса егер

жазым əн боп, Ақтарылар едім-ау, қазынаң боп. Қоңыр күзде құс

қайтсын қоңыраулатып, Тоңын аунатып қыс келсін,

базынам жоқ! Көктемім-жыр,

тұрса екен жазым əн боп.

Ешкімге де арналмайды бұл өлең Ешкімге де арналмайды бұл өлең, Естуге де татымайды əн қылып. …Түсім шығар, түйсігімде түнеген, Жаным шығар, түнде жүрген қаңғырып… Бір тағдырдың құлағына ен салып, Еншіледім. Оған несін бұлданам? Ерулі атпен еңку-еңку жер шалып, келсең дағы, бұлдыр-бұлдыр – бұл ғалам. Бұл ғаламнан бəз кешкім-ақ келеді, Ол жақта орын болмаса да сыя алам. Бұл жақта да орын жоқ қой, себебі, бар болса да отыруға ұялам. Қас қылғанға қайтесіңдер қарайлап, Жазығы жоқ, жанып-сөнген жанарлар, Аспан жақтан қараңдаршы, абайлап, Өз орнында отыр ма екен адамдар?!..

«Тотықұс қанатына қарап түрленеді, Аяғына қарап қорланады...» Мынау нұрлы заманда, Жазу қандай қиын еді, нұрлы өлең. Нұрлы өлеңмен тоты құстай түрленер ем, гүлдер ем. ...Мың құбылтып, мына жұртты таң қалдырар едім ғой, Бірақ оны сұрар дейсің кім менен?!. «Дос жылатып айтады...» Дұшпанының жұбатқанын кім қалар? Осыны айтсаң, бəрі мықты. Намыстанар, жынданар. Бар адамдар бір-біріне көңіл айтар еді ғой, Жан қалмаса, бір-бірі үшін мұңданар. «Дұшпан қарар аяққа...» Қалар едім, дос та қарап кеткенін. Осы аяқпен алға ұмтылдым, адымдадым,

жетпедім. Аяғына қарап тұрып қорланатын бүгінде, Тоты құста ми қалды ғой деп пе едің? Мисыз мына сұлулық, Жын-шайтанның жетегінде кетеді. Қонбастай боп ұша ма екен, жан болса егер жетелі, Тоты құстың аяғындай – баяғыдай тағдырым Бір басымды қорлауға да қорғауға да жетеді.

  • * «Ал-ла, Ал-ла!» бұл құдірет есімді, Жатқа айтқан соң, кіндік бауым кесілді. ...Күндіз күннен, түнде айдан төгілген, Уақыт неге, нұрына орап өсірді? «Ал-ла, Ал-ла!» бұл құдірет тылсымды, Айтқан сайын көкірегіме нұр сіңді. Уақытқа да жан бітіріп тұрғандай, Тыңдап көрсем, жүректегі дүрсілді. «Ал-ла, Ал-ла!» бұл құдірет ғажап үн, Аударғанда айдай əлем назарын. Кең дүниеде көкірегімді кернеген, Жусан болып, бұрқырасын ғазалым. ...Сен мəңгісің, тіршіліктің тірегі! Бақи мəңгі жүрегімнің жыры еді. Адамдардың кеудесінде екен ғой, Уақыттың жүрегі...
  • * Мен туғанда-ақ өлім жазасына кесілгем, Есейе келе шығып кетіпті есімнен. Жаным шырылдап, тəнім тұншығып

жатқанда Есіме қайта сен салып едің, есіл-дем! Мен туғанда-ақ нұрлы ауаға ніл сіңіп, Түннің бетін өткен екен мұң сызып. Содан, бəлкім, Айға қарап кей сəтте Ұлып-ұлып қоятыным күрсініп. Мен туғанда-ақ тарылып кеткен

құт-іргем. Жазмыш солай ғой.. солай жазып

бітірген. «Ең соңғы арман-тəтті!» дейді.

Амал не?.. Сəл ащылау, ең алғашқы үкімнен. Ей, еңіреу күткен есіл-дем, Мен туғанда-ақ, өлім жазасына кесілгем. Меңіреу біткен мына дүниеде Сен соны шығарып алмашы, есіңнен, Жарайма?!.

  • * Маңдайымда тамырланған пешенем, Сол тамырдың қанында от боп лаулағам. Жалғыздықтың жанарынан кеше мен, Ақын көрдім, шоқ үстінде аунаған... Жалған барда жанған дүние өше ме, Бақидың да оты барын ойға алам. Ал пенделер абыр-сабыр көшеде, Қасірет пен қайғы-мұңын тойлаған. Бұл тағдыр ма, қаталдығы тым нəзік? Ал, мен осы нəзіктіктен қорқамын. Қорқынышым сенен басқа кімге азық, Жын-перісі-ай, пəрəнжелі ортаның?! ...Тас маңдайда тамыр-тамыр пешенем, Жүрегіме түсіп кетіп, ...лаулағам. Жалғыздықтың жанарынан кеше мен, Ақын көрдім, дəл өзімнен аумаған!...
  • * Ау, байқұс құсым-ау, қанатың керіп,

жаймайсың, Күндіз кеудемде, түнде төбемде

сайрайсың. Шырылыңменен шыңытып алып, жанымды Қайғыңмен неге қайрайсың?! Ау, байқұс құсым-ау, келеді кейде маған да ой, Ойсыз деймісің...Тəніңді емдеген жаман ғой. Бірақ, менің жаным ауырады. Өмір, өмір ме – амал ғой?.. Жан емдейтіндерге барайын деймін, Барсам, қайта алмай қалам ғой... ...Уай, бар дейсің бе, Жоқ, əлде, қал дейсің бе? Ессіз күніме ес болатындай ей, құсым, шыр-шыр етесің... менің қамымды жеймісің?! ...Тірімде қасымнан табылмағандар, өлгенде басымнан табылар деймісің?.. ...Е, жарайды, ол да боп қалар, Оған дейін біреуі молда боп қалар....?!

  • * Досым бар ма, білмеймін, жауым бар ма? Тамырымнан бүгілем дауылдарда. Бауырымды жегізіп « ит пен құсқа», Ақыл айтам, сосын кеп, бауырларға. Қырам дей ме, біреулер жоям дей ме? Киіп алып үстіне Ноян-жейде. ... өз үйімді таба алмай жүрсем дағы, Адасқанға жөн сілтеп қоям кейде. ...Ұмытпайтын нəрсені ұмыт қылам, Қалыңдайды содан соң күдік-тұман. Күдік-тұман ішінде келе жатып, Бірдеңені білгішсіп былықтырам. «Өмір деген өксік қой!..» деймін кейде. «Өксіп жүріп өстік қой!..» деймін кейде. Сорға мінем, солқылдап жолда жүрем, Соған менің көңілім меймілдей ме?.. Ай мен күннің бəрі бір шуағын құй, Жетім бұзау секілді мына бір күй. Жан өрбіткен жарымды сағынсам да, Үйден гөрі түзді аңсап тұрам ылғи. Басым таз боп қалардай бақтан кілең, Азаппенен қарсы алам ақ таңды мен. Көңілімнің қайғысын өзім ішіп, Қуанышын біреуге сақтап жүрем. ...Біліп тұрып істеймін барлығын да, Мінезім бе, білмеймін, тағдырым ба? Əкел, досым, тартайық «ащы балдан» Қосып ішкен тəтті ғой зарды мұңға.
  • * Жұлдыз түкті, Ай-жүрегі боздап қалған Сүмбеден, «Алматыға өзіңді іздеп» келіп едің сырлы өлең? Жұлдыз түкті Ай-жүрегі

жылап қалған ауылдан, Аттанғанда қай жылы еді?..

Мен де сендей ауырғам; Қарт даланың жүрегінен жыр-жебе боп

атылып, Қара тасқа қирап түсіп, сөгілгенде

қабырғам. Сонда менің қос қанатым пыр-пыр етіп,

ас қауып Сені ойладым. Ал қызылға

айналғанда ақ сауыт. Өлердей боп сүйіп тұрып, сұр қаланы

жек көргем. Содан бері жалғыздықты жатам жанға

жастанып.

Содан бері маңдайымда қасіреттің

қатпары. Аз да емес, есім кетіп, шын қуанған

шақ тағы. Алайда анау,

аманаты ақсақалды ауылдың Алшаңдатпас, арқамызға аяздай боп

батқаны. Құлап, тұрдым.

Қайта ұмтылдым.

Қайтардым да жау десін. Қуат қылдым, шуақ,нұрдың жыр боп түскен

сəулесін. Ақын болу міндет те емес, парыз да емес

екенін Түсіндіріп кімге айтамын, кімге артамын

əуресін. Өлең,өлең Ғаламдағы тасты нұр боп

жібітсін, Өлең, өлең Жанардағы жасты бір рет

іріксін. Ақындардың жүрегінің ішіндегі жүректі, Өз ұлтының ары екенін, жаны екенін.. Жырдан басқа кім ұқсын?!.

  • * Түсімде де ойлар маза бермейді... Жұмыр жердей сыр жасырғым

келгенмен, Жүрегіме кір жасырғым келмейді. Жазығы жоқ махаббатты жылаттым, Дəргейіңнен дəрмен күттім дауалым. Жанарында жасырынған сұрақтың Таба алмадым жауабын. Көз жасымен жұлдыздарды көктеттім, Жүрегімнің қайғысынан нұр аулап. Қара түннің қабырғасы боп кеттім, Таңсəріде күрсінетін бір аунап.

  • * Тоқмейілденіп тобырға сеніп, ...тоңмойын басты тоқпақтап. Қамкөңілденіп, қабырға сөгіп, Бар боп жүреміз жоқты оттап. – Ит өмір! – дейміз. Ырылдасамыз, Итпенен ит боп үреміз. – Ит-ырыс! – дейміз, Жымыңдасамыз, жып-жылы ғана

күлеміз. Жаһаннаманың «жар-жырын» айтып, ...құшына жанға құштыртып. Жалғыз арманды жалғадың қайтып, Бəлен-Түленге түшкіртіп. Ғазиз қарт-ойлар жап-жас уақыттың Өртіне жанып күл болса, Ошағындай боп жанбас бақыттың, Өмір сүреді кім, қанша?!.

  • * Жұлынымнан үзіліп түскен тамшы, Менің жабағы ғұмырыма қамшы. Жабығып жүрген кездерімде, Қамшы астына алшы?!. Мына жалғанға шыбын да жаным – жалшы. Менің арыммен ақиқатыңды аршы! ...Құлқыным баққан қу дүние, Құлтабанымда қалшы... Шеге-тұяқтың балғасы болған жырмыз. Менің рухымды нұрлы кеудеге кіргіз. Өлмейтін екі өмірімде де Қолдасын, Үміт – Үр қыз! Тас түнекті тіліп түскен жұлдыз, Менің жүрек тұсымдағы мұңды үз! Дыз еткен тырнақ ұшындағы, Жандай шыққалы тұрмыз!..
  • * Бұл өмірде алдамас деп еш үміт, Жүрем ылғи уақытымнан кешігіп, Жынды сумен сосын жынды боламын, Сау өмірдің сандырағын кешіріп. Басталғанда-ақ өмір атты сапарым, Білгем, білгем қайтпас жолдың қаталын. Сүргін жолда жүз ұмтылып, мың құлап, Мың қайғының ортасында жатамын..? Көз алдымда көкжиек көмкеріліп, Табанымда жөңкіді жол төгіліп. ...Мені осындай бақытпен алдандырып, Мені осындай уақытпен өртеді үміт.

Өмір деген осы ғой... Өмір деген осы ғой, ... бал аштырар, Таластырар қайтадан жарастырар. Барыңды да жылатып жоғыңды да, Таласпайтын дүниеге таластырар. Өмір деген осы ғой – бар күніңді, Əн-жырыңды айтқызып зар-мұңыңды. ...Шырылдатып жаныңа арқалатқан, Құлын-дауыс, құл-мойын тағдырыңды. Өмір деген осы ғой, сайраттырар, Қан қаптырар біреуге май қаптырар. Өлгеннен соң, бұл пəни өз басыңды, Сарыағаштай сарғайтып, сайғақ қылар... Ол жылайды, жек көріп өзін-өзі, Тағдырынан болды ма, өзі мезі. Жапырақтай жап-жасыл жан-жүрегі, Тапталғандай табанда сезінеді. Өмірді де шын сүйіп көріп еді, Ол да өксітті, абылмай көңіл емі. Жол іздейді, жол іздеп көміледі, Өртке оранып жатқандай төңірегі. Адамдардың барлығын жақсы көріп, Ақ жүрегін айқара ашты келіп... Есігі жоқ ескі үйдей иесіз қалды, Қайран көңіл, кеткендей бақсыға еріп. Ол жылайды қосылып қаз үніне, Қайтқан қаздай қайғысы, назы міне, Ол жылайды тағы да, айтатыны: «Жауған қардай жанымның жазығы не?!.»

  • * Дүние үшін мына жалған бес күнгі, Өкпелетіп алмайықшы ешкімді. Кеше сенің көңілді айтқан əніңнен, Күңіренген қоңыр əуен естілді. Құстар неге жылап келді көктемге, Құштар деме, құса көңіл өткенге. ...Қоңыр күзде қайта жылап кетсе, егер, «Өмір бізге қатал ғой...» деп кектенбе?!. Тəтті өмірді аңсаймыз-ау, шатты етер. Шаршаймыз-ау, шыр-шыр еткен шақ та

өтер. Уақытпенен жарысам деп жүргенде, Бақыт деген басы айналып қап кетер...

  • * Ей, аспандағы Жұлдыз-жарық, Төменде көкті аңсаған біз бір ғаріп. Жарқ еткенде жарығың ағып келіп, Жүрегімде жатса ғой, жылдызданып. Көкбозыңды көңілге жетектетіп, Ақбозыңды мінсем-ау,тізгін қағып. Ей, аспандағы мың-мың шырақ, Бір күн ағып түсерсің, мың күн шыдап. Сендер мені түсінбей, мен сендерді Жарығымен жанымның жүрмін сынап. Ат шалдырар деймісің.., сонда да анау, Жүйрік мініп жүретін жүргінші-Бақ! Ей, аспандағы сансыз жарық, Менің жаным – жап-жарық, шамсыз жарық. Тастүнектің ішіне тастай салсаң Нұр таратып жататын қамсыз барып. ...Құдайдың құдіретіне құрмет таппай Осылай отырайық, ал, сызданып!..

ƏЖЕ ƏҢГІМЕСІ – Ақ таяқтан мал кетті, Сапты аяқтан сəн кетті. Күрсінісіне күрмеліп, Жантайған күйі шал кетті. Кешегі долбар ой, Алла-ай, Бүгінгі күнге дəл кепті...– Əжеміз белін шарт түйіп, Əлдебір мұңды əндетті... «Қасқалдақтан қан кетер, Жас боздақтан жан кетер. Аһ ұрып қалған армандар Адасып жүріп алға өтер. Жүйкені қылдай ысқылап, Қорқыттан қобыз – зар жетер. Бесігі қалып бедерсіз, Есер ұл өсер ереңсіз. Нанға айырбастап намысын, Күн кешіп жатар ел ерсіз. Кежегесі кейін тартқан заманда, Кеудесін керегедей керетін, Келісті ұл болмаса, не дерсіз?

Сөз сатылды – пұл болды. Көз сатылды – құл болды. Ана сүтінен айырып Алла қарамас, ...Тіл сатылды – тұл болды. Тілін жұтқан тас тұнжыр Мəңгүрт болмай кім болды?! ... Е, е Ақ таяқтан мал кетті, Сапты аяқтан сəн кетті. Күрсінісіне күрмеліп, Бəленбай деген шал кетті. Даламен бірге күңіреніп, Түгленбай деген дəу кетті... » Шəлімен белін шарт түйіп, Осылай əжем əндетті...

  • * Бар əлемді ауызыңа қаратып, Миығыңнан мың сəулені таратып, Жымиып ең, сонда менің тəніме, Қара түсті жарық сыйлап баратып. Жасын-жасың жағып кеткен жалының, Басылмасын, жел көтерген дауылың. Ағаларды іздеп бара жатқанда, Ақ ажалды жолдан тапқан бауырым.
  • * Періште жырға бас иіп пір тұтқан ақын, Жүректің жамап, жаңартар жыртық

қабатын. Көңілдің көзі мөлтілдеп жасқа булықса, Серпіліп сезім сол кезде кірпік қағатын. Арманым ұшса сол сəтте сілкіп қанатын, Мергеннің қолы тұрады мылтыққа

жақын. Пір тұтқан ақын ұлыны ұжмақтан іздер, Тарихқа таңба кешегі зіл-батпан іздер. Қобыз боп терең күңіреніп,

күрсініп шықтық, Бұлбұл боп сайрап келсек те гүл-баққа

біздер. Жан-айқайынан өзінің өзі шошиды, Шырмауда жатқан шыға алмай жұмбақ

тəрізді ел.

Заманның жүгі теңселмей баратқанда

ауып, Ит – өмір қоса жармасар балақтан

қауып. Өмірдің қара дауылы ұйытқып соқса, Қара сор-нөсер тұрады қабақтан жауып. Мыңқ етпес тұрған мелшиіп мұңдыда бəз күн. Есімді аудырған есалаң, жынжыдан аздым. Құдайды да алдар пенделер қуыс кеуде боп, Құлы боп кеткен құнсыздар құнды қағаздың. Өмірдің өртеп өзекті от-жалын лебі. Арманның қанша қаңғыған оққа ілінгені. Ажал жүреді шайтанның құлағында ойнап, Ұмтылып келіп жүргендей көкпар ілгелі. Сапалағынан сайтанның сақтағын бүгін, Жердегі аруақ, жеті қат көк Тəңір мені!

  • * Кіндігімнен тас боп жерге байландым, Жүрегімнен аспан иісі аңқып тұр! Жан жарығым жасыл қанат жайған күн, Шыр айналам дүниені шалқып бір... Айтылмайтын арман менен көктегі, Көрінбейтін Тəңір сынды нұрды аңсап. Ғұмыр кешу – əз басыңның көктемі, Бұл дүние тұмаданып тұрған сəт. Арманыңның айтылғаны – өлгені, Тірілтем деп тірлігің де таусылар. Сыңар аққу сияқтанған көлдегі, Көңіліңе сонда мұңлы əн сыңар. Əн өлсе егер, мəн қалмайды-ау, құр

мұңнан, Шырқағанға не жетеді шалқып бір. Мəңгілікті – мəнді құтты жыр қылған, Жүрегімнен аспан иісі аңқып тұр!.

  • * Ей, даңғаза тірлік,

даурықпай сəл, сəл тұра тұр! Кеудемде менің басталды сұмдық

сұрапыл. ...Ғапыл дүние ғазауат күтіп күрсініп, Алысып жатыр жалғыз жүрекпен мың ақыл. Жалғыз жүрекпен алысып жатыр бар əлем, Бəріміз бармыз; сен, олар тағы... жəне мен. Сөйлейтін, бірақ өлмейтін қуыршақтардан Қашып құтылды, шындықтың шыбын жаны əрең... Ал, қуыршақтар қуыс кеудемен боқ күреп, Қырықпышақтың сабын ұстады, жоқ тілеп... Ардан да таза Алланың аңсап ақ нұрын, Өксіп өртенді – өстіп өртенді от жүрек. ...Өртеніп-жанып бақұлдасқан соң бақ-құтпен, Құс жолыменен қанатын қағар Хақ күткен... Даңғаза тірлік, даурықпай сəл, сəл тұра тұр, Сенің ақиқатыңды айтар – ақтық дем!

. ТƏҢІР-ГҮЛ «Қызылтөбе басында Көкемарал, Жан біткеннің Тəңірісі екен олар...» Мамытқан Қызылтөбе басында бар Тəңір-гүл, Тамырында тау жайлаған жұпары. Топырағында сан ғасырлық қаным жүр, Қасиетті мекенімнің құты, əрі... Тəңір-гүлі үмітімнің шырағы, Нұрлы ауаға нілі сіңген мəңгілік. Ай мен Күннің аймаласа шуағы, Оятатын жүрегіңді жандырып. Тірлігінде таусылмайтын дауасы, Ақындардың жан-дертінің емі – бұл... Тəңір-гүлі туған жердің ауасы, Адам-Ата, Хауа-Анамен тегі бір. Қызылтөбе басындағы Тəңір-гүл, Рухы өлмейтін ауылыңның кепілі. Жұпарында бұзылмаған қаның жүр, Ей, Цивилизацияның жетімі!..

  • * Құзырымнан қашқандай құтым, бағым, Қу ағаштай өртендім, бытырладым. Не болғанын білмеймін, содан кейін, Кетірдім-ау тірліктің бүкіл мəнін. Тас түнекпен жүргендей бір туысып, Қабағымнан кетпеді бұлтым ұшып. Дос жылатып айтқысы келгенменен, Қос бүйірден тұрады күлкі қысып. Қиын боп жүр жанымның тыншуы бір, Қашан, қалай ашады бүршігі гүл. «Қазан ұрмай, қар жаумай» қан жылатқан, Қандай ғана сайтанның қырсығы жүр. Бəрі ішімде, тек мені күрсіндірме, Кеудемдегі өзгерер дүрсіл мүлде. ...Жүрегім ғой, ойлаған тілегім ғой, Əйтпесе, əміріміз жүрсін кімге?.. Дос жылатар.., жұбатар тағы сол ма? Əйтеуір, батпаса екен бағы сорға. Наркескенді сөз қылып неғыламын, Нар – жігітті құлатса, намысы орға...
  • * Бағынбайды деп ешқашан ақылға жүрек, Ақындар от боп жанады лапылдап, үдеп. Аспандап кетіп, содан соң, адамзат жайлы Ойлар айтады, бəрібір ақылдары көп... Ай, жұлдыз, күні аспанға жарасқанымен, Тағдырлы күні жердегі таласта кілең. Таласып жүріп бір уақыт жылап алады, Астасып кеткісі келіп ақ аспанымен. Аспан мен жердің арасы ақылға мысал, Жұлдыздар төмен, ой көкке

л апылдап ұшар. Жарықтай жылдам уақытпен

атың жарысар. Аламандатып жүргенде аңқаңыз кеуіп, Ақиқат та өтіп кетеді-ау ақын қауышар. ...Иманың гүлдеп, жинап ап бар қуатыңды, Тəрк етіп тастап, сандырақ

сан мың ақылды. Жаныңның емес, жазмыштың жырын

оқып көр. Аяп кетесің барлық ақынды, Неменеге өлең жазып жүр? – деп... ОТЫҢА ОРАП АЛЫП КЕТ Сенің жаныңды сезінгенімде, Аяулы күнде көктеген. Қаяу салардай кез ілгенімде, Менсіз күніңді жек көрем. Менменшіл деме, сенсіз өмірім, Менің де мүмкін, даттаулы. Көзің арбалар көзсіз сезімім, Қажет етпейді ақтауды. Көлгірсіп тұрар өңгелер, бəлкім, Олардың да сол... аяғы. Періштелік те пенделер даңқын, Шығара алмайды... баяғы. Менің жанымды сезінгеніңде, Лапылдап от боп жанып кет! Сенің жаныңды сезінгенімде, Отыңа орап алып кет!

  • * Шерхан ағаның «Ай мен Айша» кітабына редактор болдым. Кітап шыққаннан кейін ол кісі арнайы рахметін айтып, «келін ұл тапсын» деп батасын берді. Бір жылдан кейін дүниеге ұлым келді. Атын Барысхан қойдық. Айзада екеуіміздің қуанышымызда шек болған жоқ. Барысхан жасқа толғанда тұсауын Ақбілек апасына кестіріп, Шерхан атасынан бата алдық. Сол бата берілген күні оқылған өлең. Айзадаға, сосын Айға бір қарап, Заман жайлы ойлар жанды тырналап. Дырдай өлең жазам деп ем жүрегім, Асқазанға бір-ақ түсті сырғанап. Айзадаға, сосын Айға бір қарап, Қарын қамын шырқап кеттім зырлап-ақ. Содан кейін жапырақтай жанымды, Əлдекімдер кетті дейсің жұлмалап.

Айзадаға, сосын Айға бір қарап, Арманымның алқымына гүл қадап. Аялап ем, бір ұл бердің Құдайым, Ғайып-Ерен қолдады да Пір-қанат. ...Жадырады жайқалды да нұрлы алап, Бөбегімді əлдиледім жырға орап. Енді Ай құбылмаса екен деп тіледім, Барысхан мен Шерағама бір қарап. «Əумин!» деді айдай жарық жүрегім, Айзадаға, сосын маған бір қарап.

  • * Ырысымды жолдан іздеп жүрген ем, Томалақтан – тойдан іздеп жүрген ем. Ойнақтаған ойдан іздеп жүрген ем, Кей сəттері «ойнап» іздеп жүрген ем. Өзі ақылды, өзі сұлу жан жарым, Сарнамай-ақ, сыр ғып шертіп арманын. «Əй, ақыным, көп адаспа...» деді де Қазықтай ғып қағып берді қалғанын; «Елге қызмет ету шығар, ұлы ісің. Оған менің тарылмайды тынысым. Ең бастысы отаулы өлең төсекте Ерте тұрып, кеш жатқаның – ырысың». Содан бері өз жолымды білген ем, Өзгеге де солай өмір сүр дер ем. Кем болса да үлде менен бүлдеден. Жел болса да соғып тұрған іргеден. Бұл дүниеде табылмайды екен ғой Өз үйіңдей шуақты өлең, нұрлы өлең.
  • * Қабағыңа мен сенің қарай бердім, Қараған сайын мұңға қамай бердің. Шыға алмай қапастан Шашыңдай шатасқан Қайғыңды тарай бердім. Осылай мұң шағысып мезгілсіз. Сен де үнсіз, жабырқап, мен де үнсіз. Бір ысып, бір суып, Сезімге тұншығып, Тағдырға талай көндім. Көндім дағы қайғыға қамалғанмын, Құтылар қанат байлап қамалдан кім? Қанаттан қайырылып, Тағаттан айырылып, Талайға таланғанмын. Жазмыштың жазылмаған жұмбағын, Мен сенің жүрегіңнен тыңдадым. Сол жұмбақ мазалап, Жанымды жазалап, Төгілген жанардан мұң. Айыптайсың, сонда да мін тағасың, Пендеміз ғой, іздесең кір табасың. Қарабұлт төндіріп, Жандырып, сөндіріп, Булықтым, бұрқағасын... Мықшиған жүрегіндей мылқаудың, Шын бақытын сезіне алмай шырқаудың ...Жылауды кім қаласын?!.

СЕН МЕНІ ЖАЗҒЫРА КӨРМЕШІ! Арманымнан адастырдың деп, Тағдырыммен таластырдың деп, Таусылтып, тарықтырдың деп, Жанымды жабықтырдың деп, Жүрекке жұп болып жүріп,

...жалықтырдың деп, Сен мені жазғыра көрмеші?!. Жастығымды жарға жықтым деп, «Жаным» дегенге малданыппын деп, Ақын деген бір ақымақ əлем, Арбаған сайын алданыппын деп, Өмір көшіне ілесе алмай, Қосымды жолда аударыппын деп, Сен мені жазғыра көрмеші?!. Сапарлап кетсең, сағынбайсың деп, Сағынбай келіп дамылдайсың... деп, Өз ошағыңды – болашағыңды Атүсті ғана қабылдайсың деп, Тіліңді сауып, тіленіп тапқан Аурудан енді жазылмайсың деп, Сен мені жазғыра көрмеші?!. Онсыз да менің қалмай барады тамтығым, Жын иек болып, жан кеміреді жалқы мұң. Көзқарасыңмен өлшенер менің бар құным, Бағалай алсаң қолыңда тұр ғой, алтының… Бағаламасаң бақыр бас ердің нарқымын. Онсыз да менің қалмай барады тамтығым, Сен мені жазғыра көрмеші, Жарқыным?!.

  • * «Отпен ойнап жүрсің...» деп,

наз қылдың ба, Жоқ, əлде, шыныменен жазғырдың ба? Уақыт түгіл, ол жақта мұршаңда жоқ, Отпен ойнап алмасаң аз күн мұнда. «Ойнама отпен...» деп,тағы сөктің бе,

сен, Қанатың күйеді ғой, көп тілдесең! ...Отпен емес, ойнап жүр, от менімен Сенбейсіңдер, мен өзім –

«Отпын!» десем?!.

  • * Сүргін жолда сүріндім, Алдады арман бекер. Мен де қырық құбылдым, Құбылып жалған да өтер. Қу құлқынның құлы боп, Мен кімге құрық салдым. Жаны ашыған бірі жоқ, Құдайын ұмытқан кім?.. Күмəнді ойға қамалғам, Күнəмді істеп алып. Жабырқаулы жан-Аллам, Жатады іште налып. Жынды өмірді сендіріп, Тойғанда жынды суға. Жынды көбелек боп жүріп, Талпындым гүл құшуға. Сүргін көрдім, сүріндім, Азаппен аз ғұмырда. Біліп, білмей бүліндім, Асықпа, жазғыруға!
  • * Жүрегі жұмбақ – жаумаған

ақ ұлпа қардай, Тау қызын көргем, (Жасаған, Тəңір-Хақ-Аллай-ай!) Жыр оқып тұрды ол, мақпалдай

мамық демменен. ...Қар жауып тұрды. Мен бұлай бұрын есімнен танып

көрмеп ем, Сезініп жап-жарық нұрды. Өң менен түстей арасын аспан мен жердің, Асқақтығымен астарлап асқар белдердің. ...Күнəсіз оймен құлайды төменге қарай. Содан соң от демін үрлей, тебіреніп тұрып қалатын, өлеңге қалай айналып кеткенін білмей. Алақаныма аппақ қар қалғып құлады, Мөлт еткен көздер əлде бір əнді ұқтырады. Сол бір əн менің солқылдап сом жүрегімдей Пəктікті аңсағаным-ай. Əуені қандай? Əуелі соңғы демімдей.., Содан соң, тау самалындай! Демінен өлең аңқытқан ақ ұлпа қардай, Тау қызын көргем, (Жасаған-Тəңір-Алла-ай!) ...Жыр оқып тұрдым, ал жаным қалқыды көкке Арманым қардай ағарып. Мен солай аппақ əлемде балқыдым

өртке, Тұншықтым таңдай оянып.

АҚ ЖҮРЕГІММЕН АР СҮЙДІМ Көктегі жердің көлеңкесінің, Жатқанда төсі жайылып. Ақ сүтін түнде емем төсінің, Төгеді нұрын Ай иіп. Санамды жұтқан қараңғылықтан, Ақтықты солай аршимын. Тербетсінші деп даламды мықты əн, Ақ жүрегіммен ар сүйдім. Періште-жырға сырымды ұқтырып, Жүректің сөзін сөйлеттім. Шынымды айттым да

мұңымды ұқтырып, Шыншыл бол, қалқам, дей кеттім. Періштемін деп айталман бірақ, Пенделік қалсын төменде. Өліп кетсінші сайтандар жылап, Өресі жетпей өлеңге...

  • * Жан-жүректің жарты мұңын

кеміткен, Жалғанның да жауһарынан жеріткен. Жалғыздығым жан шошытар емес ед, Жартыкеш ай, жылап тұрсың

неліктен? Бар əлемді ауызыңа қаратып, Миығыңнан мың сəулені таратып, Жымиып ең, менің қара тəніме, Бір кездері жарық сыйлап баратып. БӨРІ-СӨЗ Заманбектің соңғы сөзі Адамдар-ай.., адамдар-ай.., адамдар...! Өксік толы өтті қанша замандар!. Сендер дүние-құл пендесіңдер.. ...Біздер – Көкжалмыз ғой, не амал бар?!. Мен жаралы бөрімін, Сен зауалды пендесің... Мен кешегі, бабаларыңның кегімін, Қайтара алмаса, қасқыр боп туған ерге

сын. Тағдырласың, мен едім ғой, серттескен, Серттен тайды кім бұрын? Тəңірінің қасында едік, ертпестен Тастап кетті кімді кім? Түгің болса, түкситер ең түркі боп, ...Түгің де жоқ, сен де жоқ. Мүсəпір мен кісəпірге күлкі боп, Шыға келдіңдер, пенде боп... Бəлду, бəлду!.. Пенделігіңді ұрайын, Қарнын боққа толтыруды ойлайтын. Мал болсын деп жіберді ме, Құдайың, Өзі де жеп, көзі де жеп тоймайтын. Көп қазбалап қайтем, арғы-бергіңді. Жан қалды ма бірін бірі сатпайтын. Тым құрығанда, болмадыңдар ғой,

мен құрлы, Бір Тəңірден басқа ешкімді қақпайтын. Мен – сол, баяғы Бөрімін! Сен – сол, əлі пендесің, Тірі адамнан он есе артық өлігім, Білесіңдер, бірақ, рухымның өлмесін! Үрей менен қорқыныштың інінде, Бықсып жатар екенсіңдер қашанғы?! Сендер мені іздейсіңдер түбінде, Жалыққанда жақсы өмірден жасанды. Сендер мені іздейсіңдер!...

АЛТЫНБЕК СƏРСЕНБАЙҰЛЫНА Жиырмадан асқанында-ақ елді ойлап, Отызында орда бұзған оғланым. «Тəуекел!» деп, намысыңмен бел байлап, Бел мен белбеу сынға түсті... Қорғадың! Қырығыңда қамал алдың қақ жарып, Алға сүйреп Алашыңның арманы. Аламанда алда жүрдің, жар болып, Су жол берген Əулиенің əруағы. Ұлық тұтып қазақ дейтін ұлтыңды, Ұлы арманға жеткізуге асық ең. Ажал неге оққа айналып ұмтылды, ...Сол жан алғыш басымен? Төрт құбылаңды тұрғызғанда-ақ

түргелтіп, ...сенген еді ғой, сіздің ел. Хан-тəңірін қайта-қайта күңірентіп, Неге өлу керек ей, біздің ер?!. Адал ұлға жұрты бір рет сенсе деп, Бір құдайға жалбарынам өлгенше... Алтын-құрсақ ел-жұртына еңсе боп, Енді өмірге бір Алтынбек келгенше, ...А Н Т Р А К Т ! ! !

ДОСБОСЫНОВ ОРАЗАЛЫ ЖАРЫЛҚАСЫНҰЛЫНА Кіре ме деп жүргенде енді есіміз, Дөңгелемей қойды ғой өрге ісіміз. Екеуміз қара өлеңнің құрбандығы, Кешегі Мұқаңдардың жерлесіміз ...Ақиқатты аңсаумен өткендердің, Жұртында жылап қалған пендесіміз. Əй, кіре ме, кірмей ме енді есіміз? Кірмесін де білмеймін кірерін де, Бұртиып нем бар менің бұл өмірге. Əйтеуір, жасырынып тұрады ылғи Қарашаның салқыны гүл өңінде. ...Ажары – əлем-жəлем реңінде, Азабы – жұдырықтай жүрегімде, Өкпелеп нем бар менің бұл өмірге!..

  • * Оңаша отау,

менің анамды жылатпаңдаршы.

... құлатпаңдаршы ордамды. Жеті қазынам мен жеті атам бар ғой, Ойрандамаңдар ол маңды! Кей-і-н... өздерің өтер өткел ғой, Асфальттамаңдар, жалғыз аяқ жолдарды! Оңаша отау, менің ауылым – қара шаңырақ, ... балаша жылап қалмасын. Жеті жасқа дейін жеріне сіңген көзмоншақ еді-ау көз жасым. Таза бұлақтың тамыры сонда жататын, Соған да жетпей қалмасын сор-басың. Оңаша отау, менің өмірім – қыңыр көше еді. /Қоғамың қандай ізетті.../ Арба сүйреген өгізге рах-а-т,

...қыңыр көшені түзетті. «Өк!» – дейтін атам үндемеген соң; Тəубесіз тағдыр-табанымнан менің сыз өтті. Оңаша отау, Енді анамды жылатпаңдаршы, ...құлатпаңдаршы ордамды. Жеті қазынам мен жеті атам бар ғой, Ойрандамаңдар ол маңды! Кей-і-н... біздердің жырларымызды оқып, Талқандаңдаршы, тас қала салған жолдарды...

СЕНБІ КҮНГІ СЕРГЕЛДЕҢ Сенбі күні Заманбектей заманның намысына, Алтынбектей алаштың ақылман арысына ...оқ атылды. Сенбі күні от ауыз, орақ тілді «Құлманбеттің құлдыраңдаған құлыны» Оразалы Досбосыновтан қапыда айырылып қалдық... Тағы да сенбі күні Əкем дүниеден озды. Бірақ бұл өлеңнің оларға қатысы жоқ... Сенбі күні серт бұзылу – Ықылым емес, ықылық атқан қоғамнан бергі ауыру. Шемен байлап, жинау екен жүрекке дерт, жаныңа у! Табанақы, маңдай терден табанасты жалтарып, Ой жоқ, ми жоқ Жан-Арыңды қаңтарып, Сол сенбіде қиянаттың қылышынан қан тамып, Ал, жексенбі өп-өтірік даурығу. Сенбі күні «Сенбілік» деп алдарқатып

жұрттарды, Ми ашытар ит тірліктен «Олар...» солай «құтқарды». Ал, біздердің арқа сүйер ағалардың сиқы анау... Жатты жақтап, жақындарын жасап жатқан ми-палау. Жексенбіде демалам деп демігеді «Бір Құдай» Жұма күнгі жүгінуден мақұрым қалған құрғыр-ай!.. Сергелдеңнен сере шығып серт бұздырса «Сенбілік». Ақыл-ес пен жүрегіңнен өтеді екен сел жүріп. Дəл сол күні көшелерді, көшелі ойды су шайды, Қас қылғандай ...қамшы итті, ит құйрығын жұмсайды. ...Сен сол кезде намысыңнан сыпыртқы жасап үлгеріп, Жұмысыңа кірісіп-ақ кеткендейсің күнделік. Бөлмей-жармай сауын айтса əкім, қара, ақын деп О, ондайда сылтау айтып құтылуға

қақың жоқ. Ол жұмыстың сəні де жоқ сəл азырақ əн етпей, Əндетесің, қылбұраулы əдебінен əрі өтпей. Көз алдыңда көлбеңдейді қаны қызыл көк жалау, Көкейдегі ойың да сол, жамау-жамау, көп жамау. «Жыртық үйдің құдайына» ...сенер сенбес көңілмен, Бір Шаһардың «Құдайына» қол созасың сеніммен. Сосын əлгі... азаматтық міндет санап əр істі, Күресінге тастайсың кеп, нас басты деп намысты. Түбі тесік шелекпенен су тасисың құрдымнан, Сайтаныңның сапалаған көрмеу үшін қылғынған. Қоқыстардың бəрін өртеп көшедегі үйулі, Шіренесің, бір боқтап ап, бықсып жатқан үйіңді. Тазарғандай болғанымен қоқыс аула, лас көше Солқылдаған миыңдағы сорың

қайнап жатса ше?!. Жақсы да жоқ, жаман да жоқ. Ақ пен қара – бір нəтте. Кемсітуге қақың да жоқ. Келісесің, бұл гəпке. «Сенбілікте», семсер ұстап семіп-сөнген Ұл қанша, Отан үшін отқа түскен Отаны жоқ құлдарша. Дəл осындай «бақытты» күн сор-қайғыңды сүйрелеп, Жылайсың-ау, қара көзге қара шыбын үймелеп. Үйіңде де ойлайтының осы болып күнбе күн, Төрт қабырға зəреңді алар көп боп кетсе білгенің. Сенбі күні ібіліс пен сайтандардың күбірі... Естілгенде үзіледі бір мықтының ғұмыры. ...Ажалды да сатып алып, тобасы жоқ тобырға, Біреу табыт жасатып жүр сенбіліктің соңында. «Елімдегі-белімдегі жүк...» деп біреу

қарады. Жұрт түсінбей күліп келіп, жылап кетіп барады. ...Маһшар болмай азапқа сап, мазақ еткен тіріні Сол, баяғы,.. сол, тағы да... «Сенбілік» қой – бұ күні!..

БАҚСЫНЫҢ ҮЙІ Елден ерек жұрттан бөлек шеткері, Қожырайған қоржын тамда беттегі, Бір дəруіш ғұмыр кешіп жататын, Күні, үні иығында кетпені. ...Диқан емес терлеп егін айдаған, Мұраб емес құлақ-көмей байлаған. Кетпен қайрап отыратын əлгі адам, Қапаланып, Күн есен де Ай да аман. Тағдырының суалғандай тереңі, Тамырының қуарғандай терегі. Арзу айтып ауыл жаққа беттесе, «Бақсы келе жатыр» дейтін, ел оны. Əлденеге əлі келмей кектеніп, Айта алмайтын арманына кептеліп, Ақар-шақар... үнсіз үйге қайтатын, Қызыл күннің батар тұсын жек көріп.

Жек көрсе де Күн қызарып бататын, Бататын да тас жігерін уататын. ...Сосын, əлгі оты сөнген өлі үйге, Тірі сұлба кіріп бара жататын. Неге екені сол бір үйге мөлдіреп, Түн баласы Ай қараса елжіреп. Қасқырша ұлып, жоқтау айтып жылайды, «Жұлдыздарым таусылатын болды» –

деп. Сол күндерді бір-бірінен аумайтын, Жанын жалдап келер күнге жалғайтын. Сайсүйекті сырқыратқан зарын Ел; ...өз басыңа көрінгір! – деп, қарғайтын. Қожырайған қоржын тамы бақсының, Ауыл үшін емес еді жақсы ырым. Ол жайлы да айтылмайтын тəуір сөз, Білгісі де келмейтін-ді нақ сырын. Мұңдас болар кім бар оның мұңын жеп? Сырлас болар жан бар ма оған бүгін кеп? Жұрт көзінен ғайып болды бір күнде, Кетпен ұстап жүретін жан күбірлеп. Бір пəледен құтылдық – деп, ел күліп, Еліріп жүр иесіз жанды жер қылып. Жартыкеш Ай жылап тұрды сол түні, Бақсы үйінің төбесінен телміріп.

Кімнің жайын ұғар дейсің кім біліп, Сəлден кейін ауыл кетті дүрлігіп. Өз үйінен өзі қазып өз көрін, өліп кеткен дəруішті жыр қылып. Елден ерек, жұрттан бөлек шеткері, өз үйінен көрін қазып беттегі, Үшбухатты қабырғаға сыналап, Үшбуылып кең дүниеге кетті өзі... Бұл не сонда... өкпе ме, əлде кек пе еді? Босағада жазығы жоқ кетпені... Қабырғаға қасиеттеп, қастерлеп Мынау еді ойып жазып кеткені: «Арсыз күлкің – бір кетпен топырақ. Арсыз құлқын – бір кетпен топырақ. Біреудің көрін қазып жүріп жиған Арсыз мүлкің – мың кетпен топырақ!»

МƏҢГІЛІК САПАРЫНДА Ұйыстық, ұйпаландық, Жіберді бұрқаған бұлт; Қыздарын – шеге-тұяқ, Ұлдарын – құл-табан ғып. Ал, содан соң, Жеті түннің аспанынан, Жеті қат жер тастарынан, Жеткен бізге жеті иесіз Жер үстінде бастады ылаң; Екі көздің түймесін бырт-бырт үзіп, Мөп-мөлдір суы кетіп, сұғы қалды. Алқымымның түймесін бырт-бырт үзіп, Құлқынымның құл қылып құнын алды. Кіндігімнің түймесін бырт-бырт үзіп, Сықпытымның уызын сығып алды. Қос қанатым – бар еді, дін мен ділім Жарқанат жарғағындай түрі қалды. Ар-намысым бар еді Алдаспандай Қолымда қой үркітер қыны қалды. Өр рухым да бар еді бөрі тектес Е, оның да Айдан басқа кімі қалды?.. Сұмдығы – сөз-патшасы тақтан тайып, Тілдің де қуаты жоқ дымы қалды. Жеті ағайын жұт келіп, жұрдай қылып, Жұртта мені қалдырып, қыбы қанды. Барынан айырылған сірі жаным Сіресіп қалай ғана тірі қалды?!. Сонда да сүйрелеп кеп сүлдерімді. Көремін көні кепкен сүрлеуімді. Сосын, осы Шаһарда шаршап жүрем, Айталмай, қалай өмір сүргенімді.

МҰХАМЕДҚАЛИ СҮЛЕЙМЕНҰЛЫНЫҢ РУХЫНА «Патша-Құдай сыйындым, тура баста өзіңе...» Абай І ... Ақын еді. Жетпеді шын арманға ол, Шырғалаңға сап қойды шұбалған жол. Сол жолда солқылдатып сом жүрегін, Күрсініспен күрмеді соңғы демін. ...Жанарынан жасынды тамшылап от, Содан соң ұшып кетті қаршыға боп. Қара өлеңі айланып Хан-Тəңіріге, Биіктік боп шырқады жан-тəнімде. Шарықтадым.., жер қалды төңкеріліп, Күнді жұтты көк жиек көмкерілік. «Айдан алқа, жұлдыздан жүзік алдым», Жырларымен Қасымның қызынармын. Жанар тау боп атылып, тына қалып, Жүрегінен күміс-нұр бұлақ ағып, Төлеген боп жай оты атыларда Кермек тағдыр таңдайға татыған ба? «Ғарыш жаққа кетерде... бір күлетін» Жағып кетті ірі ақын жырдың отын.

Ойдың өрт құшағында жанып кеткен, Аққу-қазын ұшырды анық Көктем. Мен осынау алапат Жасындардан Жарқыл алдым, шуақ-нұр шашылды алдан. Адастырмас жұлдызым – Темірқазық, Пырақ-өлең қарғысын белін жазып. Жұбын жазбас жүрегім қаз мүсінді, Тəңір қалай жазбайды мəңгі ұшуды. ...Бұл күндері шау тартқан шабыт та үстем, Асқақтамай осынау алып күшпен. Өр елімнен айырылсам – айдынсызбын... Өлеңімнен айырылсам – айбынсызбын. II Пенделікке қарамайтын пысқырып, Сұр заманға қайтеді ақын сұс қылып. Өз кеудесі өз бөлмесі – кең сарай, Табанында қоғам жатыр ысқырып. Сол шаншытар у ішулі жүрегін. Жараланған жанның табар кім емін? Абайы мен Мағжаны бар қазақтың,

...қадірсіздеу жыры едім. Өзегінде өртенсе де өксігі, Өкінсе де өмірге жоқ өштігі. Екі дүние есігінде екі өлең, Ол да осы – екі өмірдің қос тіні.

Арасында жанның зары тыңдалар... Тау басында мұнарланып мұң қалар. Мұңыңды айтып жерге сіңер жылғалар, Зарыңды айтып көкке ұшады тырналар. III Қаршыға жыр қанатында қалықтап, Алатауды айналып жүр анық бақ. Хан-Тəңірін тұғыр қылған тас-шеңгел, Тағдырына тастүлектік танытпақ. Оң мен солын, күн беті мен түн түбін, Тербетсін деп сенің жүрек бүлкілің. Өлім ғана əлдилейтін жаныңа, Төрт қыбыла бергізбеді бір тыным. Тыным бермей жүрегіңде тулаған, Аманат қып тастап кеттің жырды аман. Сол құдірет солқылдатса кеудемді, Көктің мөлдір шуағына шырмалам. Тірлік дейтін тікен торлы шеңберді, əлдекімдер мəнсап көрді, шен көрді. Ал қара өлең қасиетіне оранып, Сол бақытқа басы жетпей... шерленді. Тəңірінің мейірі ғой қара өлең, Қара өлеңмен қамшыдай ғып жан өрем. Кеңсай үнсіз... кең сарайым азалы, Ақындарын түсінсе деп бар əлем.

Қала, ауылға қоңсы жатар қорымдар, ...О, ол жақта бəріне де орын бар. Сол мекенге ең соңғы ақын кеткен күн Дүниені төңкереді тобырлар. IV Ділімнің дəнін тіл егіп Тілекті ақын жыр етсе. Жарылқаушы Нұры еніп, Жүрегінде дір етсе. Ақынға ақын мұң шағар, Тірліктің айтып мазағын. Кінəсі бар ма, қылса зар, Ғадауат толы ғазалын. Фəнидің мəнін кем ұқтық, Дүй келіп соған ой-сана. Немкетті дедік, желіктік, Қоғамға қор ғып қойса да. Атағы құрғыр өнердің Арам шөбіне айналып, Өзім де бір күн өлермін, Шырмауығына байланып. Келер де кетер пенденің, Пейілін заман тарылтты. Жолбарыс сынды ерлерім, Назаландырмай нар-ұлтты.

Абайдай ұлы хакімнің, Алысқанындай күштімен... Алып өт, енді ақынның, Ақ жүрегінің үстімен. V ... Сен кеткен жылы бесіктен белім шықпаған Шырылы шырын сəби ем. Ер жете келе ернімді кебірсіп қалған Уға тигіздім, жар-ием! Сөйтсем ол мəңгі шөлдетер тұзды өлең екен, Іздеген екем кермек мұң. Сізге де бөтен емес-ау, бізге де бөтен Мұң-зары мынау Жер-Көктің. Шаңқай түс еді шаттығым шағыр Күн сынды, Тастады, кетті тасты ірітіп. Жазылып ед тасқа тарихым... Жаным күрсінді, Жанарындағы жасты іркіп. Жабығып қалды-ау, мейлі ол мəңгі өлмейді ғой Қалмасын рухсыз бірақта. Тозаққа қайтып талайлар келген дейді ғой Той тойлап барып жұмаққа.

Тойлаймыз əлі бар əлем балқығанынша, Ойлаймыз əрі көзбенен. Қанымды сорып қағыр мұң сарқығанынша, Қайыспын түк те сезбеген. Сезіндір маған беу, өмір, құдіретіңді, Безіндір бейпіл тірліктен. (Адами жүрек жетеді...) Бұ құрметіңді Өтейін өлең-жыр ғып мен. Сол жүрегіммен солқылдап жылап алғасын, Соңғы деміммен күлейін. Сонымен сұлу дүние тына қалмасын, Пəктігін тағы тілейін. Сол тілекпенен шарласам сан қияны мен, Тəңірі жақтан табылам. Жүрекке сонсоң оралам əн қиялымен, ...Жарылар болса ағынан. Арманы қалды даламның əлди-жырында, Аңсадым, нұрға боя, таң! Сол əні қазір тербеліп калғиды мұңға, Құдай-ау, қайтіп оятам?!.

ЖАСЫН-ҒҰМЫР Артығалиға I Жұлдыз-түкті, арғымақ-түн, ай-төбел, Қанжығаңда қайғым кетіп барады. Қанды-сия қаламымды қайта бер, Жазылмаған тағдыр кетіп барады. Жұпар – Аллам жұлынында бұрқырап, Өн бойында өлең кетіп барады. Шықпаған жыр, шығар жандай шырқырап, Жүрегімді бебеулетіп қағады. Қоңыраулатып қобыз үнді жанымды, Қоңыр мұңы осып өтіп барады. Алқындырған арманында зар үнді, Шыр-шыр етіп өші кетіп барады. Арғымақ-түн, езуінде екі өлең; Өмір, өлім көбіктеніп барады. Сулығынан сұм жалғанның кекеген, Жымиысы көріктеніп тамады.

(Пенделік – ол, жай, əншейін мұң екен) Мына арғымақ қан жылатып барады. Көлденеңдеп жолын кесіп бір өтем, «Күн түбіне жортар» күнім бар əлі... II Өмір-өлім – бесік-табыт, Кеудем – бөлме, жан қонақ қой. Күні-түні есік қағып, Уақыт мені алдамақ қой. Білем... Бəрін оқып алғам, Жұлдыздардың жанарынан. Оның-дағы оты жанған, Арман ағып алауынан. Жұлдыз аққан... Неткен ауыр! Тірі сурет, өлі дене. Бейіт жаққа көшкен ауыл Сағынтты екен сені неге?.. Тас-түнекте шашбауына шам іліп ап сұлу өмір, ертіп кетті басқа ауылға. (Тірлік па еді тіріге бұл?..)

ІІІ Тұнығы лай бүгінім, Не болды ертең ғұмырың. Күлуін-ай, күлуін, Қылғынулы шырылым. Шыр-шыр етіп шындық қалай зарланар? Күлкім бұлай емес-тін, Кешегім-ай, кешегім. Елең-алаң елес-күн, Адастырдың неше мың. Еш құным жоқ ертеңгіге назданар. Адаспауым үшін бе, адасқаным. Кім білсін?.. Жанаспауым үшін бе, жанасқаным. Кім білсін?.. Жалған солай жаһаннамға жалғанар. Сөйтеді де күледі Тағдыр ғой ол себебі. Өзі бəрін біледі, Білмесі де көп еді. Ал, оны айтсаң, өп-өтірік арланар. Өмір неткен ұстасың: Түсінгенге тұзақсың. Қуанғанға қысқасың, Түңілгенге ұзақсың. Түу, не деген қап-қара мынау қарғалар...

  • * «Жоғалды жыл, жоғалды ай, жоғалды күн...» Бұлдырайды соңымда сонарлы күн. Ішім жылап отырмын соған бүгін. Оларға жасады екен обалды кім? Оралмастай етті екен оларды кім? Кім бар дейсің өткенді оралтқандай? Екі иінім тұз болды, сор артқандай. Арт жағыма алаңдап қарай берем, Аяулы ақ көңілді жоғалтқандай, Аяулы сəттерімді жоғалтқандай.
  • * Ай-қанатымды сілккенмен Мұңымды қозғап мына түн. Кірпігімменен кілттенген, Жүрегім боздап шығатын. Қауырсын-жұлдыз қара түн, Айымды көкте қалықтат. Қанатым талды, қанатым Шақа-жанымды шалықтат.
  • * Түседі менің əлі, əлі есіме, Бақытқа толы бал күнім. Бала боп еріп дала көшіне Аға боп кеткен тағдырым. Түседі менің əлі əлі есіме ...Жылап та қалған əр күнім. Далиып жатқан дала төсіне Тастап қашқанда барлығын, Басталған еді тағдырым. Түседі менің əлі əлі есіме Адасқан жолым алғашқы. Тағдырдың салған сол əуресіне Алғашқы жолым жалғасты... Түседі менің əлі, əлі есіме!..
  • Армысың, алқалы елім ардақтаған, Арқаңда қанат қағып, самғап барам. Арыдап мүшел жаста топқа түссем, Жар болар, жақын келіп, əруақ маған. Ұлы Жүз – Үйсін баба – түп тамырым, Жетісу – Жерұйығым – құт қадірім. Суанның сүттен аппақ сұлуларын, Сатайдан* табады екен жұрт та бұрын.

Қызы едім мен Болатбекің,

Айнұр – атым, Ұстаған салт-дəстүрдің бай-мұратын. Қазақтың қызы деген абыройға, Сөзі мен өзін бірге сай қылатын. Өзімді келгенім жоқ мақтайын деп, Ақ жолын ата-баба сақтайын тек. Алдыңа келіп сəлем беріп тұрмын, Сенімін сенген жұрттың ақтайын деп. ____________ * Суан, Сатай – ру аттары.

Мазмұны Кіндігімді кескен жұрт................................3 Бірінші бөлім Жоғалған дəптер жырлары Ұғындырған ұлылықтың не екені......................9 Жыл қайыру..........................................................10 Ешкімнің де болмасын дауы бүгін...................12 Менде бəрі бар еді................................................13 Өлең қалқып барады ой-ағында........................14 Фəни бір күн сөз алды........................................15 Ей, қиялымның қиып түсер сұңқары................16 «Аспанда Күн жоқ, Жерде үн жоқ......................18 Дос көп кезде жалғыздықты жазғырдық............19 Өлең жаз, дейсіз ғой тағы да.............................20 Ақындығым арманшыл, кімге міндет?..............21 Бұл не деген алдамшы өмір еді!.........................22 Досбасынов Оразалыға......................................23 Жолайрық.........................................................24 Сен сөйлеуші ең, баяғыда...................................25 Өкініш............................................................26 Жалғыздықтың жан-ары.....................................27 Аңсау................................................................28 Кіре ме деп жүргенде енді есіміз........................29 Ол кезде он үште едік..........................................30 Қанатыңнан ұшқан қаршыға...............................31 ...Кісі таңдап араласу – сəн болды......................32 Тобыр түбі – топалаң............................................33 Неге, неге, неліктен ер құлады?...........................34 Адам ата жүрегінде жұмыр жер.........................35 Оқ атылды, аспанға емес, жас жанға..................37 Басылмайтын елімнің шөл құмары..................38 Жалғыздық...........................................................39 Махаббат күні......................................................40 Ол жылайды, жек көріп өзін-өзі........................41 Сен де жүкті... Өлеңге мен де жүкті.......................42

Ей, менің жүрегімнің шақырылмаған...............44 Ауылдан Алматыға кеше келген........................45 Аппақ құсым-ау....................................................46 Кешегі біздің ақ кимешек киген əжелер............47 Сен барда..............................................................48 Көз жасы...............................................................49 Ей, аспандағы Жұлдыз-жарық...........................52 О несі екен..........................................................53 Тау-тұлға, Сыр-толғақ.........................................54 Кертолғау..............................................................61 Жас Алашым-ай!..................................................64 Уа, жасай бер ұлы өлең!......................................66 Жерұйығымның жұмағы....................................68 Алматым – ару қалам-ау.....................................70 Шаңырағым бар еді.............................................72 Бостан-құсым, тосқан құсым сен едің...............74 Ат жалын тартып мінер азамат..........................76 Жұмабай Медетбаевқа........................................77 Нұртілеу Иманғалиұлына...................................78 Жұлдыз түкті, Айжүрегі жылап... .................79 Тəңірінің болғанмен таңы абатты......................81 Көктен жұлдыз құлады.......................................82 «...Қарлығаштай қанатымен су сепкен»............83 Ой қайыру.............................................................84 Екі адаммын.........................................................85 Ойдан басқа серігім жоқ. Сенделгем................86 Зауалды күндер заулайды....................................87 Шолпанға.............................................................88 Сықыр-сықыр төсек сабап белімен....................90 Атадан жетеу боп туғам, заты аман...................91 Тамшы-Тағдыр.....................................................93 Сия-сауыт запыранға толып тұр.........................95 Иə, мен бəріне сеніп жүргенмін.........................96 Қызығы жоқ қызыл Күн мен ақ Айсыз.............97 Мұндағы бар шындық өтірік..............................98 Қарға тамырлы қазақпыз....................................99 Аяқталмайтын сағыныш...................................100 Таңғы жыр..........................................................101 Құдай қойған драма...........................................103

Болған ана ..........................................................115 Өтеуіл..................................................................118 Ақын ажалы……………………………............127 Махамбеттің монологы.....................................139 Ауғанбай туралы арман жыр............................141 Шаһарнаме.........................................................145 Түсімде...............................................................150 Екінші бөлім Оралған сəттер ырғағы Мейлі, мені біреулер сынай берсін...................153 Ешкімге арналмайды бұл өлең.........................154 Тоты құс қанатына қарап түрленеді.................155 «Ал-ла, Ал-ла!» бұл құдірет есімді..................156 Мен туғанда-ақ өлім жазасына кесілгем.........157 Маңдайымда тамырланған пешенем...............158 Ау, байқұс құсым-ау, қанатың керіп................159 Досым бар ма, білмеймін..................................160 Жұлдыз түкті, Ай жүрегі жылап......................161 Түсімде де ойлар маза бермейді.......................163 Тоқмейілденіп тобырға сеніп…………...........164 Жұлынымнан үзіліп түскен тамшы…….........165 Бұл өмірде алдамас деп еш үміт………......…166 Өмір деген осы ғой............................................167 Дүние үшін мына жалған бес күнгі..............168 Ей, аспандағы Жұлдыз-жарық.........................169 Əже əңгімесі.......................................................170 Бар əлемді ауызыңа қаратып.............................172 Періште жырға бас иіп пір тұтқан ақын..........173 Кіндігімнен тас боп жерге байландым…........175 Ей, даңғаза тірлік...……………………......….. 176 Тəңір-гүл………………………….....................177 Құзырымнан қашқандай құтым, бағым….......178 Бағынбайды деп ешқашан ақылға жүрек........179 Отыңа орап алып кет…………….....................180 Айзадаға, сосын Айға бір қарап………...........181 Ырысымды жолдан іздеп жүрген ем….......….183 Қабағыңа мен сенің қарай бердім……............184

Сен мені жазғыра көрмеші……………...........185 «Отпен ойнап жүрсің...» деп............................186 Сүргін жолда сүріндім…………………......…187 Жүрегі жұмбақ... ...............................................188 Ақ жүрегіммен ар сүйдім……...............….......190 Жан-жүректің жарты мұңын кеміткен.............191 Бөрі-сөз………...................................................192 Алтынбек Сəрсенбайұлына……......................194 Оразалы Жарылқасынұлына............................195 Оңаша отау..........................................................196 Сенбі күнгі сергелдең………………….......….197 Бақсының үйі………………………..........…...201 Мəңгілік сапарыңда…………………….......…204 Мұхамедқали Сүлейменұлының рухына.........205 Жасын-ғұмыр……………………….................211 «Жоғалды жыл, жоғалды ай, ...».......................214 Ай-қанатымды сілккенмен................................215 Түседі менің əлі, əлі есіме.................................216 Армысың, алқалы елім ардақтаған..................217

Бақыт БЕДЕЛХАНҰЛЫ ЖАЛҒЫЗДЫҚТЫҢ ЖАНАРЫ поэзия Корректоры Қарлығаш Ауғанбаева Техникалық редакторы Айжан Дуанбекова Теруге 05.10.2012 ж. жіберілді. Басуға 12.10.2012ж. қол қойылды. Пішімі 84х901/32. Офсеттік басылыс. Шартты баспа табағы 10,0. Таралымы 2000 дана. «Елорда» баспасы» ЖШС. 010008, Астана қаласы, Брусиловский көшесі, 23. Факс/тел. 8(7172) 37-06-09, е-mail: elorda@yandex.ru «Астана полиграфия» АҚ. 010008, Астана қаласы, Брусиловский көшесі, 21. Тапсырыс №

Бақыт Беделханұлы жылы Алматы облысы, Шонжы ауылында туған. 1996 жылы Абай атындағы Алматы мемлекет ік университе тінің қазақ филологиясы факультетін, философия кафедрасының аспирантурасын тəмамдаған. Т.Жүргенов атындағы Өнер академиясы, Театр факульте тінің режиссерлық бөлімінде білімін ұштаған. 1999-2004 жылдары Астанада Мемлекеттік “Елорда” баспасының редакторы жəне Қ.Қуанышбаев атындағы қазақ музыкалықдрама театрының əдебиет бөлімінің меңгерушісі қызметтерін атқарған. 2004-2007 жылдары «Қазақстан» Ұлттық арнасында «Атажұрт», «Саят» бағдарламаларын жүргізді. 2008 жылдан Қазақстан Жазушылар одағының Əдебиетшілер үйінің директоры болып қызмет атқарып келеді. “Толқыннан толқын туады”, “Қарлығаш”, “Жас ақындардың антологиясы”, “Қос ішек” атты ұжымдық жинақтарға топтама өлеңдері енген. «Кең дүние», «Көкемарал», «Уақыттың жүрегі» жыр кітаптары жарық көрді. «Махамбет» поэтикалық драмасының жəне «Қанталапай» киносценарийінің авторы. Т.Айбергеновтің 60 жылдығына орай өткізіл ген жас ақындар жыр-мүшəйрасының жеңімпазы. Халықаралық “Шабыт” фестивалінің лауреаты. Дəстүрлі «Шығыс шынары» мүшəйра сының арнаулы Ш.Құдайбердиев атындағы сыйлығының иегері. жылы өткен І.Жансүгіров мүшай расының бас жүлдегері. Халықаралық «Алаш» əдеби сыйлығының сахибы. «Бауыржан Момышұлы атындағы қызыл жұлдыз» орденімен марапатталған Ұйғыр ауданының Құрметті азаматы.

Пікірлер (0)

Әзірге пікір жоқ.
An error has occurred. This application may no longer respond until reloaded. Reload 🗙