Өлеңдер жинағы
Ыбырай Алтынсарин
Жазылымсыз режим: 20-беттен кейін жазылым беті ашылады, әрі қарай әр 10 бет сайын (ең көбі 5 рет).
«Кел, балалар, оқылық!» бастаған қазақ ағартушылығының негізін қалаған Ыбырай Алтынсариннің өнегеге, өсиетке толы асыл өлеңдері.
КЕЛ, БАЛАЛАР, ОҚЫЛЫҚ!
Кел, балалар, оқылық!
Оқығанды көңілге
Ықыласпен тоқылық!
Бастасаңыз алдалап.
Қараңғыны қармалап.
Оқығанды көңілге
Ықыласпен тоқылық!
Оқысаңыз, балалар,
Шамнан шырақ жағылар.
Іздемей-ақ табылар.
Оқығанды көңілге
ЬІқыласпен тоқылық!
Мал дәулеттің байлығы,
Бір жұтасаң жоқ болар.
Күннен-күнге көп болар,
Еш жұтамақ жоқ болар.
Оқығанды көңілге
Ықыласпен тоқылық!
Сиса көйлек үстінде
Тоқуменен табылған...
Шоқуменен табылған...
Оқуменен табылған.
Оқығанды көңілге
Ықыласпен тоқылық!
Надандықтың белгісі —
Еш ақылға жарымас.
Ақ-қараны танымас.
Білім деген қарымас.
Қыдыр ата дарымас.
Оқығанды көңілге
Ықыласпен тоқылық!
Оқу деген шыны-ды,
Тұрған сайын шыныққан...
Май тамызған қылыштан...
Есті бала тырысқан,
Есер бала ұрысқан.
Оқығанды көңілге
Ықыласпен тоқылық!
Әлпештеген ата-ене
Қартаятын күн болар.
Мал таятын күн болар.
Тіреу болар бұл оқу!
Қартайғанда мал тайса –
Сүйеу болар бұл оқу!
Оқығанды көңілге
Ықыласпен тоқылық!
Оқу білген таниды,
Бір жаратқан Құдайды.
Не ғылғанда ұнайды...
Ата-енең жылайды.
Баланы неге сұрайды?!
Кел, балалар, оқылық,
Оқығанды көңілге
ӨНЕР-БІЛІМ БАР ЖҰРТТАР
Тастан сарай салғызды.
Көзіңді ашып жұмғанша,
Жылдам хабар алғызды.
Мың шақырым жерлерге
Күн жарымда барғызды.
Мал істейтін жұмысты
От пен суға түсірді.
Сусыздан сусын ішірді.
Білгендерге осылар —
Бәрі дағы анықтай,
Білмегенге танықтай,
Осыларға таныспай.
Бәйгеге түсіп жарыспай.
Жаңа өспірім достарым,
Қатарын кетті-ау, алысқа-ай,
Ұмтылыңыз қалыспай!
Иектегі сақалды.
Ескермедік мақалды...
Үміт еткен достарым,
Сіздерге бердім батамды!
БАЛҒОЖА БИДІҢ БАЛАСЫНА ЖАЗҒАН ХАТЫ
Жаныңа жәрдем берсін Құдай-Тағалам!
Атаң мұнда анаңмен есен-аман,
Сүйіп сәлем жазады бүгін саған.
Сабаққа көңіл берсең басыларсың.
Надан боп, білмей қалсаң аһ ұрарсың.
Қолыңа құрық алып кетер едің.
Жүргенмен не мұратқа жетер едің?!
БҰЛ КІM?
Түнде шошып оянған.
Түнде бесік таянған.
Қаймақты сүттей қалқытқан.
Қорғасын оқтай балқытқан.
Изені көлдей шалқытқан.
Кірлі көйлек кигізбей,
Иісін жұпар аңқытқан.
ӨСИЕТ ӨЛЕҢДЕР
Тең етті бәрімізге күн мен айын.
Қайсың бөлек тудың деп айырайын!
Бәріміз бір адамның баласымыз,
Жігіттер, бір-біріңе қарасыңыз!
Атаң барған орынға барасыңыз!
Пайғамбар бұрынғы уақытта Дәуіт өткен,
Патша боп бұл дүниеге даңқы кеткен.
Құдайым отызында әлек еткен.„
Жылаған Дәуіт патша тоба қылып,
Өзінің бенде екенін сонда біліп,
Отыз ұлға бір өзін жора қылып.
Қалмаған бұл жалғанда ешбір арман.
Ізденіп мәңгі суын соған барған.
Ескендір мұны сұрап білгені рас.
Уәзірі қасындағы Қыдыр Ілияс.
Бір кесе патша үшін және алысты.
Бір адамға сол жерде көзі түсті.
Қарасақ келбетіңе мұсылмансыз?
Сонда ол кісі өз жайын баян етті: —
Мен-дағы бір патша едім еш күмәнсіз.
Бір күні осы суға келіп жеттім.
Ақыры өз басыма азап еттім.
Қалмады қыдырмаған ешбір жерім.
«Ах енді өлім болса маған» дедім!
Дүниені неше айналып, неше кездім,
Өз жаным мен денемнен өзім бездім.
Енді тастап дүниені мұнда келдім.
Сонда да кеседегі суын берді.
Су Ескендір ауызына бармады енді.
Өмірін соңындағы шағындады.
Дозаққа соның үшін жағылмады.
Жиясыз оны-дағы бір жан үшін.
Не болды тәкәппарлық қылғаны үшін?
Әйіпті сегіз жылдай мың құрт жеді,
Болыпты бөлек-бөлек соның тәні...
Далада жалғыз жатып «Алла» деді.
Дұшпандар мысқыл атып жәбір етті.
Бәрін де қабақ шытпай қабыл етті.
Кәріпті Құдай сүйсе неді шара?!
Ер болған сиыр бағып Зеңгі баба,
Пір болды түйешіден Ойсылқара.
Жер жұтқан қайырсыздан Қарынбайды.
Жомарттық қылғаны үшін Атымтайды.
Ұялып, Иесінен сый алады...
Кәріп көңілі бір сыңғақ бияла-ды...
АРАЗ БОЛ, КЕДЕЙ БОЛСАҢ ҰРЛЫҚПЕНЕН
Кете бар, кессе басың шындықпенен!
Қорек тап бейнеттен де Тәңірің жәрдем,
Телмірме бір адамға мұңдықпенен!
Бір әділ қазынасы кең патшаңды ізде!
Қорексіз еш пендесін қалдырмайды,
Жаратқан бір Тәңріңнен күдер үзбе!
МАҚТАНБА БАҚЫТТЫМЫН ДЕП БАҒЫҢЫЗҒА
Қартаймақ қиын сауда тағыңызда.
Басыңнан бағың тайған шағыңызда.
Ажарсыз адамдарды ал назарыңа!
Злиха, Жүсіппенен сұлу өткен,
Тұрмаған ажар ара ажалына!
ЖҮЙРІКТЕ БОЛМАЙДЫ КӨРІК СЫНАЛМАҒАН
Жүйрікте болмайды көрік сыналмаған...
Бақ тайса ерге дәулет құралмаған...
Дүниеде ешнәрседен тыналмаған!
АРЫҚ МАЛ ЖАН ЖОЛАТПАС БІР ЖАЛДАНСА
Бенде ойлар кемімеймін деп бір малданса.
Жігітке бақыт шіркін сырт айналса.
Болады жат та жақын таныс болса.
Аяғың бір нәрседен шалыс болса!
АСЫЛЫ ЗАЛЫМДАРДЫҢ ЛАЙЛАНДЫ
Дүниені маған десең шыр айналдыр.
Қылмағы бірақ залал Құдайдан-ды.
ӘЙ, ДОСТАРЫМ!
Болмасқа болушы болма,
Қолыңнан келсе қыл қайыр,
Кісіден алушы болма!
Бір көруің қанібетті,
Жаманның ісі міндетті.
Жоғары қарап оқ атпа,
Өзіңнің түсер қасыңа!
Ақылсыз жанды досым деп,
Басыңды қосып сыр айтпа.
Ол жаман айғақ болар басыңа!
Бар күшіңді сынаспай,
Балуандармен күреспе.
Сөз боларсың көлемге.
Ақылсыз достан — ақылды дұшпан артық.
Сырты майда, іші қан,
Ел ішінде жар-жора,
Достарыңнан бір сақтанғанда, мың сақтан.
ӘЙ, ЖІГІТТЕР!
Азған елдің ішінен.
Зияндасты кісіден.
Жақсыдан қапыл қалмаңыздар.
Аяғынан алмаңыздар.
Алтын сақа табылмас!
Бас ауырса бақсыларды,
Алып келіп бақтырарсың
Өкпеменен қақтырарсың.
Тұмар алып тақтырарсың.
Ешбір қайыр табылмас.
Бір Тәңірге көп налырсың.
Көрінгенге көз саларсың.
Бәріңізге қасы қара, қызыл жүзді табылмас!
Қатының өлсе, қарыс ұрып қаларсың,
Аны-мұны қармалап,
Бір кеткен соң қамқор әке-шешең табылмас!
АЗҒАН ЕЛДІҢ ХАНДАРЫ
Тақ үстінде отырғандары.
Сыйлар берсе керек-ті.
АЗҒАН ЕЛДІҢ ҚОЖАСЫ
Қыдырып келер есікке.
Көзін салар тесікке.
Қатындарын састырып,
Төрге қарай ұмтылып,
Тамақ үшін қылқынып,
Дуа қылса керек-ті.
АЗҒАН ЕЛДІҢ МОЛДАСЫ
Үлкен болар сәлдесі.
Оның рас емес олдасы.
Куәлік берсе керек-ті!
АЗҒАН ЕЛДІҢ БИЛЕРІ
Барар болсаң алдына.
Қарар ма ол сенің әліңе?!
Қорадағы малыңа,
Төре берсе керек-ті.
АЗҒАН ЕЛДІҢ БАЙЛАРЫ
Ұлық тұтар басын-ай.
Берер соған асын-ай.
Төгіп келсе жасын-ай.
Масқара қылса керек-ті.
Күн қысқарса керек-ті.
Ұл қышқырса керек-ті.
Түнде шошып оянған.
Түнде бесік таянған.
Қаймақты сүттей қалқытқан,
Суық болса жөргекте
Қорғасын оқтай балқытқан.
Айдынды көлдей шалқытқан.
Кірлі көйлек кигізбей,
Иісін жұпар аңқытқан.
Қыз қышқырса керек-ті.
АЗҒАН ЕЛДІҢ АДАМЫ
Айтсаң тіліңді алмағай,
Кетсе шарлап жия алмағай,
Бір Тәңірден ұялмағай.
Ертең тоба қылайын.
Үзіп-жұлқып алайын» деп,
Өлшеп берген өмірін
Зая қылса керек-ті.
ЖАЗ
Көрінер көк жүзінде қаз бен қуы.
Жайылар жер жүзіне қардың суы...
Өсірер жерден шепті нұрдың буы!..
Тең болар жарлықпенен күн мен түні.
Қуанып қыбырлайды ыныс-жыны.
Жайқалып шыға келер жердің гүлі.
Жаңбырлы күндер түсер тұманданып.
Шөл тартқан айуандарша құмарланып.
Жүгірер ойдан-қырға жұмарланып...
Нөсердің қуатымен жер шөбі өсер.
Жын, айуан, адамзат баурын төсер.
Ұшпақтан хош иісті желдер есер.
Құдайым дәрмен бол деп етер пәрмен...
Қыстаудан ел шығады алуан-алуан.
Әйелдер көш жөнелтіп кейін қалған...
Қуанып, ықыласпен келген жылға...
Шақырып тұрар күліп «кел!» деп мұнда!...
Қаңқылдап қонар оған қаз бен тырна...
Секіріп ойын салар құлын мен тай.
Тасиды күркіресіп өзен мен сай.
Жаратқан мұнша таңсық Жаббар Құдай!
Кеш болса күн қонады таудан асып,
Шапаққа қызыл алтын нұрын шашып.
Рахатпен кеш уақытында неше асық...
Артынан қарар жары жүзін басып.
Бердің деп жанға рахат мұндай дәрі!
Жын-айуан, адамзат, құрт-құмырсқа
Разылық бір Құдайға асар зары,
Шуылдап шүкір етер мұның бәрі!
ӨЗЕН
Айнадай сәуле беріп жарқыраған.
Аралап тау мен тасты арқыраған.
Денеңде бар дертіңді қашырады.
Өзеннен рақат тауып басылады.
Шуылдап жермен бірге бас ұрады...
Тасыса су бармаған сай қалмайды.
Көк шалғын шөп бітпеген жай қалмайды.
Дәм болар алуан-алуан балығында...
Сонда да аққан өзен қалыбында!
Құдіретін Құдайымның көресің бе?
Не нәжіс тоқтар өзен денесінде...
Балықтар шымшып ойнар терісінде...
ӘДІЛДІК КӨРМЕГЕН ҮШІН ТӨРЕГЕ АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Сөйтіп жүріп аяққа қан салғыздың.
Ақырында малымнан құр қалғыздың!
Оразаның түбіне мақсым жетер,
Азған елдің түбіне тақсыр жетер.
Жылай-жылай жарлымын малы кетер...
Мал иесі де артыңнан қуып жетер...
Таразылы күн болса арыз етер!..
АНАНЫҢ СҮЮІ
Қуанышыңа қуанып, қайғыңа күйе-тұғын?
Түн ұйқысын төрт бөліп, кірпік қақпай,
Шешең байғұс дамылсыз жүре-тұғын.
Еркелетіп, ойнатып, сергітетін?
Жалқау болсаң, балалар, жаман болсаң,
Қамқор анаң көз жасын көлдететін.
Ғылым іздеп, тез кайтпай, көпке кетсең?
Ұмытпа, ең кемінде жұлдыз сайын,
Хат жазып тұр, төбесі көкке жетсін.
Құлындарын көзімен көргенінше?
Сендер кайтып келгенде адам болып,
Еш арманым болмас дер өле-өлгенше.
«ҚАЙЫРЫМДЫ ТҮЛКІ»
Қоймады өлтіріп-ақ жалғыз жанды.
Шырылдап ұясында жетім қалды.
Күн көрер бишаралар қайтып енді?
Шулаған балапанның даусын естіп,
Сөз сөйлеп аянышты түлкі келді.
Жасынан өлген екен аналары-ай!
Көбелек, шыбын аулап күн көретін,
Жоқ екен бишаралар шамалары-ай!
Кезекпен жем тасыңдар ұшып барып.
Етіңдер, аз күн қайыр, бөліп-жарып.
Азырақ жетім үшін жұлсаң нетер?!
Қайырдың бұл дүниеде жетімге еткен,
Басқа еш сауабына бар ма жетер?!
Жүрсің ғой бекер шарлап, ұшып көкте.
Бұлардың үшеуіне көп керек пе?!
Сар мойын, ер жетті ғой балаларың,
Бәледен құдай сақтар бірер-жарым.
Жоқтатпа пақырлардың аналарын.
Бұларға о да қорек болар тығын.
Ұят қой кіріспеске жарықтығым.
Қоярсың оқтын-оқтын өзің сайрап.
Зарлының жетім қалған соры қайнап.
Жастарды жетім қалған кісі етелік.
Осындай сауап іспен көрсетелік!»
Тұрғанда түлкі сөйлеп сауап жолды,
Риза боп естігеннің көңлі толды.
Ағаштан төмен, жерге түсіп қонды.
Зарланып, жетімді аяп тұрған түлкі,
Аузына үшеуін де қағып салды,
Өзі екен нағыз «құдай» ұрған түлкі.
ЕГІННІҢ БАСТАРЫ
Бір адам жас баласын жанына алды,
Екеуі сайран етіп кетіп қалды.
Егінші егін еккен жерге барды.
Кезі еді пісіп тұрған егін түрлі.
Бидайлар бейне тағзым етіп тұрды.
Бейне бір жалғыз өзін көпке санап.
Білмекке кетті көңілі жөнін сұрап.
Маужырап, ырғатылып, нұрға қанып,
Әй, әке, мұның мәнін түсіндірші,
Бір іске тұрмын өзім қайран қалып.
Қарайды шекірейіп өзге көпке.
Соншама бұл бидайдың дәні көп пе?
ҚАРҒА МЕН ТҮЛКІ
Ашығып түлкі жүрді жапандарда,
Тамақ іздеп жол шекті сапарларға...
Көзіне түсті алыстан жалғыз қарға.
Қарға ағаштың басында мұны көрді.
Оны көріп түлкі екең сөйлей берді:
— Қарға батыр, әр сөзің күміс, алтын, Сырттан тілеу тілейді барша халқың.
Осылайша шығады сыртқа даңқың.
Жүзіңді бір көруге келіп едім.
Сырттан асық болғаннан өліп едім.
Екі көзін қарғаға қылмаңдатып,
«Қарға тақсыр, көзім жасын көріңіз» деп,
Жыламсырап сөйлейді жылмаңдатып.
Ішін тартып, миықтан бір күледі.
Көңілі тынып кетсінші, шіркін» деді.
Пәрменінше «қарқ!» етті ауызын ашып.
Оны кетті түлкі - екен ала қашып.
Пікірлер (0)
Пікір жазу үшін аккаунтқа кіріңіз. Кіру