Шығармалар жинағы 2 том
Жазылымсыз режим: 20-беттен кейін жазылым беті ашылады, әрі қарай әр 10 бет сайын (ең көбі 5 рет).
Авторы: Жұмекен Нәжімеденов
Жұмекен НƏЖІМЕДЕНОВ Үш томдық шығармалар жинағы Екінші том Өлеңдер мен поэмалар ҚАЗЫҒҰРТ Алматы УДК 821.512.122-1 ББК 84 Қаз 7-5 Н 32 Қазақстан Республикасы Мəдениет жəне ақпарат министрлігі Ақпарат жəне мұрағат комитеті «Əдебиеттің əлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару» бағдарламасы бойынша шығарылды Нəжімеденов Ж. Н 32 Үш томдық шығармалар жинағы / Жұмекен Нəжімеденов. – Алматы: «Қазы ғұрт» баспасы, 2012.
ISBN 9965-22-310-6
Т. 2: Өлеңдер мен поэмалар. – 2012. – 488 бет.
ISBN 978-9965-22-393-8
Қазақтың ұлы ақыны Жұмекен Нəжімеденовтің толық шы ғар малар жинағының екінші томына əр жылдары жазылған: «Қыз ғал дақ жайлы баллада», «Жеті бояу», «Шуақ», «Ашық аспан» се кіл ді лирикалық жинақтардағы таңдаулы өлеңдері жəне «Алдар көсе немесе диалогтар» поэма-пародиясы, «Менің əкем», «Бұл жолы ол шынын айтты», «Ақ қайраң» атты дастандары енгізілді.
УДК 821.512.122-1
ББК 84 Қаз 7-5 ISBN 978-9965-22-393-8 (Т.2) ISBN 9965-22-310-6 © «Қазығұрт» баспасы, 2012
ТЕМІРҚАЗЫҚ
Ақын Жұмекен Нəжімеденов адам өмірін үш-ақ күнге балап, үш кезеңмен саралаған. Жарық дүниеге келуің, жан махаббатын кешуің, яғни бүкіл ғұмырыңның игілік-із гі лігі жəне артыңда қалдырар ізің, ұрпақтар жадында сақ та лар мəң гі лік сапарың. Өзің кеткенде соңыңнан жалғасар ғиб рат жо лың қалмаса, бүкіл кешкен ғұмырың да – баянсыз тұл ғұмыр, жартыкеш ғұмыр. Осы адам несібесінің шарапат-ша паға тын таратар негізгі тірлік-тынысында да ол ар кү зе тін дей егіз қылыштың жүзі ешқашан мұқалмауын қа ла ған. Бірі – сұқ көзден, сырт жаудан ел мұратын, намысын қор ғай тын құ ді рет, бірі – əділетке, ар-ожданға қысастық жасайтын қиянат қа қарсы қаһар. Пенде болмысындағы үміт пен күдіктің барша параметрін қалтқысыз қадағалап, Өмір – күрес ұғымының тұң ғиығы терең, жан тебірентер күллі құбылысын қаз-қалпында мөл ді ре тіп алдыңа тартқан көрнекті суреткер мұрасының осынау бағыттаушы-бағдарын тап басып, өзекті арнасына, ең бастысы, ақындық жүрек құпиясына, қайшыласқан түрлітүсті, кереғар, дүниеауи тіршілік философиясына емін-еркін енбей, ежіктеп танып-білмей, Жұмекенді жете ұғынып болдық деу бекер. Өйткені, оның өз сөзімен берілген, өз жанымен – жырларымен өрілген өнегесі: өкінішсіз өлім үшін де да на лық керек, кемел кəрілікті көру үшін де тілеулес, ізбасар ұр пақ тың, сəби сенімнен бастап көзқарасы қалыптасқан сəйгү лік сарапшыларға дейінгі өз тұстастары мен ке йін гі лер дің тек жа ға сы жайлау дарқан, шарасы толы мейірім кө кі реккөзі керек. Ал ақындық жаратылыс мəйегін түбегейлі ай қындай тын кемел кəрілікті көру – жылдар тəжірибесі да рыт қан да на лық ты көру еді... Біз енді дəл осы бағытта не тындырдық, не істеп жатырмыз деп ойлаймыз сонда? Ой сарабы, сезім тазалығы, да на-
лы ғы бізге өзі қалай көрінді? Жер бетінде жарты ғасыр өмір сү руі не де тағдыр жазбай, қорғасын ойларының сал ма ғы мен мерзімінен бұрын өртеніп кеткен ұлы ақын өлең сөзі, қа расө зі бар көп болса көзі тірісінде бірінен-бірі асқан он-он бес кітабын жарыққа шығарып үлгергенін ғана кө ңі лі не біршама місе тұтып өткенін айтармыз. Жыр ла ры ның сұ рып тал ған жи на ғы «Темірқазықты» аялап отырып, өзінің де өнер əлемін де бір темірқазық боп мəңгі қаларын бəлкім шет-жағалап сезінген сəттері де кездескен шы ғар. Тұла бойы тұңғышы «Балаусадан» бастап ақырғы жыр дəмі таусылғанша қалай дегенмен, əрине, ол өз за ма нын да ғы ең таңдаулы ақын дардың бірі ретінде жарық дүние рыздығын бір адамдай-ақ азды-көпті кешіп кеткені даусыз. Өз шаңырағының уығын берік қадап, ұрпақ таратты, қо лын да ғы қайсар қаламы, қапы сыз еңбегімен жыр айдынына қыруар қасиеттер дарытты. Жет кін шек дарынды ұрпақтың келешегі келісті болғай деп біразын дəл байқап, өз үлгісімен ұстаздық көрсетті. Бірақ ұлылықтың əдібі айқындалып, өңірі жете ашылуы үшін əсіресе оның парқын пайымдап, қадірін білу керек екен. Мəскеуде азын-аулақ оқып, əдеби білімін жетілдіріп келіп, өзінің төл ұясы Қазақстан Жазушылар одағы қабырғасында шығармашылық ізденісіне ыңғайлырақ байырғы жұмыс орнына да қолын жеткізе алмай, тек баспа қызметі михнатын жұбаныш тұтуға біржола мəжбүр болған жылдарында Ж.Нəжі ме де нов бəрібір жер басқан көп пенденің бірі ғана боп жүр ген. Ол жағырапия, тарих пəні оқулықтарын шы ға ру ісі Жұ ме кен сіз жүрелеп қалар ма дейтін алабөтен қам қор лықтан емес-ті. Өз қолымен өндіріске дайындаған соңғы кі та бы «Қыран қия» сол тұстағы талайларға тосындау қа был да нар өткір ойларымен Ақын мəртебесінің қыран қиясы емес, жырымдалып, жүйкелетіп, ақын табытының төлемі тəрізді, қошта су жылынан кейін «Жалын» баспасының «жан азасы» боп шық қан. Жыр алыбының оқушысымен емін-еркін сұхбаты – ғұмы ры ның соңғы кезінде төсекке байланып жатып жанын сық қан риясыз ойлары араға жылдар салып, «Менің то пы рағым» (1985) жинағымен ғана тұңғыш рет жұлмаланбай, қаз қалпында қазақ поэзиясының алтын қазынасынан адал ба қан
өз орнын біржола баянды ете алды. Сол тұстарда өне ге лі шығармаларынан топтастырылған қайта басылым томы («Ұрпа ғым, саған айтам») жарық көргені де бар. Бұрын-соңды кітаптарында түрлі себептермен енбей қалған қыруар туындылары мерзімді баспасөз беттерінде – газет-журналдарда жариялана бастады. Бірақ, осы қастерлі мұраға бас тап қы бетбұрыс құлшынысы келе-келе су аяғы құрдымға айналып, соңғы он жылдай уақыт үдерінде, төл дүниелері орайында бірде-бір баспа бірде-бір еңбегіне оң қабақ көрсетпей астыртын өзара сөз байласқандай, жылы жауып қойғанын қа лай түсіндіруге болады. Баспалардың күні кешелерге дейінгі сырт көзге шұғылданып жатқандай сыңай танытар «тап қырлы ғы» демеске лажың жоқ – орыс тілінде сексенінші жылдар дың жуан ортасында жарық көруге тиіс «Солнцеворот» жи на ғы жылда тақырыптық жоспарға енетін де, мемлекеттік қор дан қағазы – бəрі бөлініп, қатталып бекітіліп, ақыры «өлі арыстаннан – тірі тышқан» дегеннің кебін кигендей, оның орнына салымы бөлек, жолы төте өзге бір басылымдардың нə па қа сы кете баратын. Сұрау салушыларға баспа жауабы қа шан да дайын еді: шығарғасын біржола жөндеп, мық тап шы ғар сақ па дейтін көңіл алдарқатар сылтау сөз ғана болып келген. Шығарды əйтеуір – араға он екі жыл салып... Мұн - дай жұ ба ныш пен тек мұрагерлерінің – бала-ша ға сы ның ғана уа қыт ша басын бұлдырата тұруға болады, қалай дегенмен олар кіш кен тай адамдар, ал ақын мұрасын пір тұтар бай тақ əлем – əде би қауым, жанашыр оқушы, халық төрелігі алдында не бетімізбен ақталамыз деп ойлаймыз. Егер шынында да, біз əде биет – ар ісі деп білеміз десек, қолайсыз əң гі ме қозғал ған нан кейін ақын мұ ра сын қам ти тын мынау толық шығар ма лар жи на ғын қан ша ма жыл дар ға қалайша кешеуілдетіп ал ға ны мыз ды да жұрт алдында жасырмай мойындар аза маттық мəрт тік мінез қай да? Осы айтылғандармен сабақтас əдеби ауа райымыздағы талай тəйкі сырқат сызаттарын сезінбей қалмайтын сəт те ріміз аз кездеспейді. Тіршілігінде кітаптарын шығарып, ел қата рын да жүргені ғана демесеңіз, ақындық ерен тұл ға сы на, əде биет те алатын өз орнына лайық жетісіп өткені шамалы Мұ қа ға ли Мақатаев есіміне байланысты қандай құрметті де,
мұ ра сы на қатысты қандай қамқорлыкты да көпсінуге болмайды. Əйтсе де Қасымы, Жұмекені, Ғафуы, Сағиы бар қазақ поэзиясын бір-бірінің шабынан түртіп жетімсіретіп кетпейтіндей, тек əр асылының өз бойына шақ ұлы мəртебесін жа ңыл май, бүкпесіз айқындай аларлықтай əділқазылықтан ма құ рым калдырмау жағын жадымыздан шығармағанымыз абзал. Осылай сөйлеуге мəжбүр еткен негізгі себеп: Жұмекен мұрасы қыруар жылдарға мерзімінен шегеріліп, əдеби баспа орындарынан қағажу көріп, шөміштен қағылып келсе, «Жас алаш» газетінде ақынның дүниеден өткеніне он жыл толуына орай 1993 жылы жарияланған бір естелік-тол ға ныстан өзге (Ə.Сəрсенбаев) бірде-бір мерзімді баспасөз басылымы шөп басын қайырмай тым-тырыс, үнсіз жатып алса, қа сиет ті қазынаның келешегіне, насихатына қатысы болуға тиіс-ау дейтін жауапты азаматтардың, замандастарының қайқайсының да бұл арына сын демеске лажың жоқ. Ал əл де бір өнер кешіне орай əңгімеде «Заманның ұлы ақыны М.Ма қатаев, талантты да тегеуірінді «күрделі ақын» атанған Ж.Нəжі ме де нов» деп («Халық кеңесі», 18 мамыр, 1993) əр қай сысы на бір-бір сыбаға ұсынғандай, кімнің орны кімнен кейін келетінін жол-жөнекей ептеп бағыттап жібермек бол ған дай салыстырма емеуріндер ешкімнің де пайдасына шешілмейтіні хақ. Мəселе Жұмекеннің қай кезде қалай «атан ға нын да» емес, гəп – кез келген кершолақ көкірекке күрмеуі оңай лықпен табыла бермейтін «күрделі ақынның» құдіретті ақынға қа лай айналғанын халқына қалдырған асыл мұрасы арқылы егжей-тегжейлі танып, салалап, өз игілік-ырысына лайық ел тарихынан алатын орнына қылдай қиянат жасамауда. «Жұмекен поззиясы – біздің ұлттық мақтанышымыз, біздің енді ашылар алтын сандығымыздың бірі. Ешкімге ұқ самай тын ақынның əрбір шумағы тың қазыналар. Мен поэзияны жақсы түсінетін талантты жас сыншыларды осы алтын сандықтағы асыл байлықтарды ашуға шақырамын»,– деп жандыртып айтқан Əбділда Тəжібаев ағамызға үміт арт қан сол жас сыншылары енді не дер екен? «Ұлы ақын еді Жұме кен» деп жоқтаған Ғафу Қайырбеков, «Темірқазық», «Менің топырағым» томдарына жазған алғысөздерінде ғажайып
суреткерлік шыншылдықтың табындырар тылсым та би ғатын ежіктеп шаққан Əбіш Кекілбаев сынды айырықша дарын иелері, талғам сарапшыларының таным-түсініктері əлі күн ге көпшілігімізді жөндеп ойландырмауы қалай? Қалың оқушы қауым мұраты мен ғұмырлы шығармалар тағдырының бірегей жарасымын, өзара сабақтастық сырларын жан-жақты саралап, бірте-бірте етене бауырластыра берер əдеби сын – баспасөз соншалық бір тоқпейіл сал қынқан ды лық пен осылай жайбарақат жатқанда қайта ғы лы ми таным талпынысы көмбе көзін ашуға сарғайтып барып болса да берекелі бетбұрыс жасай бастағанына біз əйтеуір шүкір ші лік етуге тиіспіз. Бұл орайда «Жұмекен Нəжімеденов лирикасы» тақырыбында қорғаған кандидаттық сол ізденісі негізінде, дастандар тіршілігін де қамти, қомақты жеке кі табын («Жұ ме кен Нəжімеденовтің ақындығы») жарыққа шы ғарып үл гер ген Қадыр Юсуповтың өнер ерекшелігі жайында ойлы тол ға ныс та ры қаршадай жасынан кемелдік көрсетіп, хал қы мен бірге жасар жасамыс мұраның сыр сандығына жол ашар замандастар танымының, көкірек көзінің көрнекі бір дə ле лі ретінде қабылданары сөзсіз. * Жұмекен өзімізге ұқсас қарапайым пенденің ғасырлар бойы халық арманы қалыптастырған ертегілік алыптар игілі гі тəрізді ғаламат қасиеттерін ардақ тұтты. Көз бояу шы лық пен қызыл сөзге күле отырып, өз жан сарайымен, ақын дық барша болмысымен жете сезінген кешегі тоқырау за ма нының майбасар былық-шылығынан мүлдем ада, адал адамгершілік ұғымының мұрағияттық үлгісін мүсіндеді. Ең алдымен талай буындар əулеті қадір тұтар құдіретті ұла ғат тар бейнесінен нағыз адам түсінігінің шынар жауабын, бой тұмар тағылымын тапты. Оң қабырғаға туған елі картасын іліп қойып, өзгелерге мейіріммен қарауды тек өзінен бұрынғылар дарытқан ізгілік нұрынан үйренер өрімтал ұрпағымен, өз ұлы мен сырласты. Ақын жырында жұмыр жер – ғаламшар ақ жұ мырт қа ға баланып, одан ақыл-ой – ақ үрпек балапандар жарып шықты. Бүкіл ғасырлар даналығы бас құрап, күллі ар-
ман-махаббат алақанға аялап, жарық дүние несібесіне тартқан ұлы ел перзенттері – оның қашан да, қандай көңіл кү йінде де жаза баспас, жүрісінен жаңылдырмас жан мəресі еді. Соғыс өртінің жер-жұрағатына қиянатын қаршадайынан жотасымен сезініп, өсіп, ел тыныштығын көздің қа ра шығын дай қорғауға шақырған бейбітшілік сақшысы «Сы быз ғы сыры» жинағында мейлі түлеген дала маржанын, дəн жырын, нан жырын толғасын, шахта естелігі тол ға ныс та рын да мейлі өзі азап рахатын кешкен жер қойнауындағы маң дай тер тамшысынан жылу алар кең байтақ Отанының берекебайлығымен өнер сөзінің арқауын ширатсын, қай туындысынан болмасын біз де кемел ойдың адамгершілік түпкі мұра тын сезінбей қала алмаймыз. Жұмекен қалам тартпаған тақырып кемде-кем. Ақын ның лирикалык кейіпкерін санаңа сіңіру бағытында осы ғұ мырлы мұ ра ның əр қилы идеялық-тақырыптық өрісіне емін-еркін барлау жасай отырып, əсіресе қадау-қадау қазықтай өзекті бір желісінен – өнер тақырыбының өзінен-ақ қыз ғы лық ты талай тұжырымдар қорытуға болар еді. Табиғаты тө гіл ген күй ші, он саусағынан өнері тамған Жұмекен Нə жі ме де нов – бел гі лі «Күй кітабымен» əдебиетімізде ғажайып із қал дыр ған қа лам гер. Ақын шеберлігінің өзіндік, қайталанбас да ра лық сипатын ұстаздық үлгілер – Ə.Тəжібаев, X.Ерғалиев сияқ ты аға буындар тəжірибесінен дəйім сабақтас қарастыру заң ды деп білеміз. Өйткені «Күй кітабы» – дарынды халық композиторлары тудырған əйгілі күйлер – аспаптық пьесалар, му зы ка лық мəңгілік мұралар шежіресі арқылы сөз өнері өзі - нің мүл дем жаңаша танымын негіздеген, күй тілі жыр ті ліне де жал ға сын тапқан белгілі бір дəрежеде антологиялық туынды. Түптеп келгенде, «Күй кітабы» – тақырыптық жыр жи нағы ретінде бағалана отырып, көз алдымызға ақын шеберлігінің, суреткерлік тұғырнамасының өзіндік ерекшеліктерін де риясыз жайып салатын тарихи көзқарас дерегі. Бұл – Құрман ға зы, Паганини, Дəулеткерей, Дина, Тəттімбет, Ахмет Жұ ба нов сынды халық таланттарының халық жүрегінде қалтқысыз ұялаған күретамыр қайсыбір күйлерінің сюжетін, туу тарихы жайлы аңыздар желісін əсте жалаң қайталау
емес. Бұл – соның бəрін көкірек-көзімен қорыта отырып, кез келген жүрек жете сезіне бермейтін сан тармақ ма ғы нас тарын жаңа бір қырынан ашу, мазмұн байлығын, əлеу мет тік тынысын кеңейту, жарыса отырып жаңаша болжам, шешімін ақыл-ой таразысына тарту, тыңдаушыны, оқушыны үс те мелеп ойландыру, толғандыру, сезіміңді ұштау, сөз өнері құ діре ті мен тəрбиелеу. Құрманғазының «Қайран шешем» күйіндегі жан қи на лысы, көз жасы мен Ж.Нəжімеденов тебіренісіндегі қай сар лық, жігер жалынын өзара салыстыру арқылы да жыр ты ны сында ғы күрескерлік құдіреттің əлеуметтік салмағын мей лін ше дəл шамалауға болады. «Адай», «Алатау», «Жігер», «Ақ сақ киік» толғаныстары орайында да біз осыны айтар едік. Тарихи тағдырлар шындығы, халық мұңын, қуаныш-қайғы сын, болашаққа үмітін, арман-мұратын жеткізген күй лер сазы, ана сүтімен ең аялы ізгілік қасиеттерін бойыңа дарытар туған топырақ-туған жер тақырыбы – Ж.Нəжі ме де нов үшін қашан да ұрпақ тəрбиесінің, патриоттық сезім жылуының бастау-бұлағы, қазына-қайнары іспеттес. Қо ша лақтың құмы, Дыңғызылдың жанға шипа ауасы, ақ жаулықты ана – ақ əже мейірімі, тау мен дала, күннің баюы, түн жұм бағы, таң самалы – бəрі-бəрі сұлулық пен дүние тылсымынан сыр тартудың, өмір туралы ой түюдің ақындық телегей теңіз толғаныстың, қиял өрісінің катализатор қозғаушы күші, тиянақ тұғыры. Сергей Есенин үшін сұлулық нышанына айналған кө гілдір түс пен Жұмекен сезімін шырқау биігіне көтерген түрлі-түсті бояулар тоғысын өзара салыстыра сөз ету ма шы ғынан да пікір айтушылар мəдениеті (кімге қалай кө рін ге ні не қа рай) біршама айқындалары хақ. Таза табиғат көрінісін кескіндеуде суреткерлер дені көбіне күндізгі фонды қа ла са, қа зақ ақыны кешқұрымғы күн байыр сəттің, көкжиектің күрең жалқын реңі мен талайларға үрей ұялатар түн пер де сі нің өзі нен тіршіліктің лыпып соққан қантамыр айналысын, ізгілікпен, ең қастерлі періште пейілдермен табыстырар кө ңіл күй құлшынысын жан-жақты байыздай білген. «Жеті бояу» жинағы – қызыл, көк, қара сұр, т.б. бояу нышандары ар қы лы адалдық пен арсыздық, махаббат пен залымдық, ер лік пен
ездік, қулық сияқты өмірлік құбылыстар қай шы лы ғын бейнелеген астарлы толғаныстардың бірегейі. Негізінен дала бояуы мен тау тұрқынан арнасын аш қан тума талант таза табиғат суретін ажарлап отыр де ген нің өзінде біз ешқашан бірыңғай алабұртқан албырт сү йі ніш пен шектеліп қала қоймаймыз. Жаратылыс жұрағаты адамдар қа ты на сын да ғы драмалық сəттердің қаныңды қыздырар құбы лы сы жан-дүниеңді сан-сақ сезім күйіне шомылдырып, ой азабын шектірер шын мəніндегі соны, тек Жұ ме кен нің ғана еншісіне телінер тəсіл-тағылымдарға ұласып кететінін бадырайтып айту парыз-ақ. Нəжімеденовтің ғашықтық жырларын біртұтас жүйелі организм ретінде қарастырып, лирикалық кейіпкердің сүй ген адамын жаратылыс, табиғатпен біржола астастыра, бі те қайнас ты ра қабылдау ерекшелігін, ақындық бейнелеу өз ге шелі гін қазақ поэзиясындағы жаңа леп ретінде ба ға лау шы ларды мен жақсы түсінемін. Өйткені ол жырларда бір-бі рі нің жолында басын қиюға бар лирикалық тұлғалар əсіре елту, елігу, желігуге берілмей-ақ, мейлінше байсалды, байыпты қалы бы мен болашақ үйелмендік үлкен ұғымның іргетасын тиянақ тай береді. Сүйген жар топтамасы, ұрпақ жыры, сұлулық межесі – əйел-ана тақырыбы күн көзіндей қа дір лер қа сиеттің, тазалықтың, адам тағдыры үшін жа уап кер ші лік тің талай сабағын таратып жатыр. Жұмекен лиризміндегі шыншылдық, осы шын шыл дық тан бастау алар тереңдік дəуір тынысымен қаншалықты үн дестік тапқанын «Қоңыр дəптер» толғаныстары арқылы дə лелдеу талпынысы жалпы ақын көңіл-күйі мен қалың оқыр ман қауым жан сезімінің ғажайып жарасымымен əйгілеген өз ара сабақтастық, өміршеңдік, сыршылдық сыпатты ай қын дау ға да біршама арқау болары даусыз. Өзін-өзі аямай сіл кі леп, өз тындырғанына да көңілі көншімей, кемшіліктеріне қаз балай үңіліп, өзін-өзі тану азабы қашан да шын ақын дар дың, таланттардың пешенесіне жазылған. «Төкші, төкші, домбыра, қоңыр үнді» жырындағы Жұмекеннің өз мұң да сы домбырасымен сырласуы – ақындық кредосының бір ай ға ғы десе боларлық. Өзімен-өзі есептесіп, əрбір ағат қылығы үшін арам жүректі тасқа ұрмаққа, ар үкіміне қылша мойнын тө се ген
қай сар лық шеруіне айырықша ден қою қажет-ақ. Жет пі сін ші жыл дар дың өзінде «Қызғалдақ жайлы баллада» жи на ғы мен ақын ождан тазалығын сақтау мінберінде тұғырына біржола көтеріліп, тоқырау заманы сағымында жаны шырқырай айтар сөзін айта білген əділет сақшыларының бірі. Ал кейінгі «Күй ші нің кейбір сəттеріндегі» көмейіне құм құ йыл ған дай тілі байланған домбыра біздің талайымызды тəл ті рек тет кен уа қыт жаназасы шығар. Өмір ағысы салындысына айналмай, жел өтіне омырауын айқара ашып, көкірегін тосып, өз жү регі əмірінен, ождан-арынан жаза баспас суреткерлік ту ра лық деген осы. Жұмекеннің ақындық үні, тас түйін ойлар шоғыры, ойлар үзігі шағын жырлар аясымен шектелген жоқ. Қиял өрісі, ой тасқыны, кемерінен асқан сыршыл сезім бұлқынысы, ақын дық төтенше тегеуірін өзгеше өз мəнеріне, стиль еркінді гі не алып келді. Замандастары дұрыс пайымдағандай, біз дəстүрлі өлең өлшемдеріне сыймайтын, ғасырлар қой на уынан бастау алған байырғы дастандар табиғатынан да бас қаша лау, қалыптасқан ұғым-түсінігіміз шеңберіндегі баллада, поэмалар тұрғысынан қарастыруға да əсте келмейтін жа ңаша жыр түрінің куəгері болдық. Бұл – əдебиетімізге жаңа заман, жаңаша талғам, таным тынысымен енген монологтолғаныстар еді. Ақиқаты, шындығы осы деп ашық ай туға шектеулі өміріміздегі көптеген құбылыстарға көкірек сыз да ған суреткер жаратылысы бірер ойды қазбалаймын, бі рер тағ дыр ды толғаймын деп отырып, ол тақырыптарының ешқайсысы дəл өзі бастан кешіріп жатқан кезеңінің тү бе гей лі қай шы лық та ры мен тіпті сабақтаспай қалмайтынын, өз ортасы, өз тіршілігімен астасқан дауасыз шемен шел дер ді сəті келгенде қолындағы қандауыр қаламымен сылып тастамай жан азабынан арыла алмайтынын жəне соған орай ар-ожданын ашын дыр ған ой тасқынын тұ ғырық тау ға да ша ма сы ның жет пейтінін сезінген. Сезінген де, шыншыл сезім тебіренісі тіз гі ні не ерік берген. Бізге содан күнделікті күйкі тір лік тің қы руар түйнек-түйткілдері – əділетсіздік пен екі жүз ді лік, опа сыз дық-сатқындық, бақ құ мар лық, тақ құмарлық, мансап желігі, топастық, тоғы шар лық сияқты маңдайымызға жа зыл ған уақыт, ғасыр
қасіреттерін əшкерелейтін шындық семсері – ел игілігіне айналар, ұзақ жасар ақындық сөз мұра болып қал ған. Ізгілікке, адалдыққа шақырған жалаң насихат, ақыл ман дық өсиет емес бұлар, ар сүзгісінен өткен, жан қи на лы сы мен қо ры тыл ған, оқушысын да терең ойландырар рухи тəр бие мек те бі, сыршыл сезім сабағы. Бұл арада біз, əрине, Жұмекен жырларына пікір ай тушы лар дың жалпы таным нобайы да негізінен осы алуандас дұрыс жобаланғанымен, ақын қазынасының бұл басты ерекшелігіне даралап айырықша мəн дарыта алмай, көбіне қатардағы, кəнігі құбылыстар ретінде ғана қабылдау самарқаулығына ешқашан місе тұтпайтынымызды ескерте кетуге тиіспіз. Жұмекеннің сюжетті, хикаялы жырларын ғана кəдімгі мінсіз, ойлы, ақылды қаламнан шыққан дəстүрлі бал ла да ларға жатқызуға болады ал, монологтарын əр пенде өз мен ші гі, өз ойы, өз сырындай иемденер, ел тағдыры, жер тағ ды ры, адамзат ұрпағы, ар тазалығы күзетіндегі төгілген еркін жан толғанысы, шырқыраған ождан жыры деп ұғу керек. Жалпы халықтық сипат алар, бүкіл ұрпақ ортақтасар адамгершілік мұраттың іштей емін-еркін, егжей-тегжейлі ашылуы, өз заманы, замандастарымен еш бүкпесіз, ақтарыла, сар қы ла сырласуы бұл. Əр тынысына ден қойсаң жаныңды сыздатар «Шахмат ойнай алмау», «Салмақ туралы», «Тор», «Айтылмаған сөз», «Жартылай ақ, жартылай қара өлең», «Тамыр», т.б. сияқты қабаты қалың, күрделі туындыларын былай қойғанда, жұрттың бəріне бір қарағанда соншалықты ұғынықты, бірақ екі нің бірі мəн бере бермейтін «География» жырында ешқан дай шекараға бөлінбейтін жұмыр жерді армандаған ақынның лирикалық кейіпкері бүкіл ғаламшарды көкірегіне басып, айқара құшақтай алар болса, мыңдаған ша қы рым дар ға қос қолы қалай ұзаратынын біледі. Ұзарар өріс тек қол ма екен? Пейіл қандай, пейіл – түрлі түсті адамдар пейілі. Жер жүзінің бүкіл сəбиі жылағанда бір-бірінен аумайды, бі рақ тілі түрліше шығады. Халықтар атаулының баршасына тү сінік ті ортақ əлем күйін тартып беруді көксеген жанның азамат тық мұратына табынбай көріңіз енді. Аспан ортақ, күн
ор тақ, жапырақтың түсіне дейін барлық ендік байлықта бірдей жасыл... Табиғаттың осы төл жарасымындай бірегей бірлікке шақыр ған ақынның интернационалдық бауырмалдық сезімі келесі бір монологта көгершіннен қара қарғаны қорғамақ қатер сұсы – бомбалар жайында ой азабы драмасымен астасып жатыр. Жұмекен жырларының күретамыр мəйегі – Ар өлшемі, міне, осындай жалпы адамзаттық аяда сара бағытын же лілеп, бүкіл ақындық өмірбаянның, көл-көсір қастерлі мұ раның – лирикалық жырлары ғана емес, «Келін», «Көзсіз батыр», «Қыран-қия», «Тамыр мен жапырақ», «Жаңғырық» алуандас күллі поэма-дастандары, əлі жете зерттелмеген «Ақ шағыл», «Кішкентай», «Даңқ пен дақпырт» сияқты проза лық шығармаларының да идеялық-əлеуметтік тынысын ай қын да ған. Сұлулыққа сүйсіну, өнердің эстетикалық ма ғына мəнісіне бойлау, пəктік, тазалық қасиеттері мен тір ші лі гі қайшылықтарын саралау, кескілескен кереғар көз қа рас тарды салмақтар тарихи тағдырлар сабағы – «Дастархан», «Ақсақ құлан», «Ақ сүт» балладаларындағы халықтық да на лық, қазылық дəстүр, əділдік шарттарынан сыр түю тəрізді, кешегі Ұлы Отан соғысы іздерінен, бүгінгі Чили, Ау ған стан қасіреті, экология мəселелеріне дейінгі сан-сала та қы рыптар шеңберінің қай қырынан келмейік, біз Ж.Нə жі ме де нов қаламы арқылы қазақ əдебиетінің көрнекті құ бы лы сы мен табысқанымыз, біржола табысқанымыз даусыз. * Өзгелерімізге қарағанда дəлірегі – бəрімізден бұрын, дəл қазіргі таңда Жұмекеннің жыр əлемін мүмкіндігінше бір жүйелеп, алпыс жылдық мерейтойы қарсаңында жоғарыда аталған дербес кітабын жұртшылық сынына тартқан Қадыр Юсупов («Жұмекен Нəжімеденовтың ақындығы», А., «Ғы лым», 1995, 240 бет) өзінің зерттеу нысанасын белгілегенде ең алдымен педагог-ұстаз ретінде ақын туындылары тағылымын қалай дегенмен тікелей ұрпақ тəрбиесіне игілік тұрғысынан қарастыруға айырықша ден қойған. Бұл заңды,
бірақ тек шектеулі мақсат. Жо-жоқ, Жұмекен Нəжімеденов мұ ра сы – қазіргі қазақ мəдениеті, сөз өнерінің шын мəніндегі іргелі, ірі жаңалықтарының бірі. Түптеп келгенде, Жұмекен Нəжімеденов – алпысыншы жылдардан бері қарайғы бүкіл қазақ əдебиеті тарихының сүбелі бір тарауы. Жұмекенсіз ендігі жазылар тарих – жетім тарих. Қадыр кітабының көңіліңді толтырар не ойландырар тарауларын даралап, талдап жатпай-ақ (ол өз алдына мəселе), əңгіме ретіне қарай бір-жар тұстарына тоқталмай кетуге, əри не, болмайды. Өлең сөз теориясы бойынша жалпы əдебиеттану ғылымына талай іргелі еңбектер сыйлаған, шеберлік шарттары, жыр өлшемі жаратылысының білгір маманы академик Зəки Ахметовтен кейін диссертациялық жұмысқа да, сөз болып отырған мына кітапқа да орай менің өзгеше бір түсінік-тұжырымдар ұсына қоюым екіталай. Көзқарас жете айқындалған. Мейлінше суреткер ақынның шеберлік сырларын, ажарлау, айшықтау машығын, тəсілдерін саралау талпынысында Қ.Юсупов, сөз жоқ, өзінің əдеби, теориялық дайындығы қаншалықты өрісті жатқанын қалтқысыз дə лелдей алған. Көркемдік сөз өнерінің эстетикасы, поэтикасы, жайлы М.Бахтин, X.Жұмалиев, З.Ахметов көзқарастарын бас шылық қа ала отырып, зерттеуші Ж.Нəжімеденовтың жазу мəне рі, стильдік ерекшелігі орайында бірқатар нақтылы тұ жырым дар қорытқан. Ақындық тіл байлығы – мағынасы ұқ сас, тектес сөздердің үстеме əсері, динамикасы, теңеулер мен эпитет, метафоралар құбылысы, символ сөз, кереғар ұғымдар дың психологиялық өрілісі, ассонанс, аллитерация, ха лықтық даналық – мақал-мəтелдердің жаңаша тынысы, ой-астары, айшық өнері, əсіресе Жұмекеннің мысал жанрындағы ға жап аллегориялық тəсілдері, əзіл-күлкі, кекесін тілі қыруар деректермен дəлелденген. Ақынның «именшек сəуле», «ашқылтым ой», «жымысқы жел», «күңкіл ақыл», «сай қы мазақ самал», «жалқау құм», «қытықшыл айдын», т.б. тəрізді бейнелеу ұғымдарының байыбына бару, талдау талабы да құп тар лық. Жұмекен – біздің поэзиямызда сирек кездесетін антитеза тəсілдерін, бір жолдың өзінде анафора, эпифора жарасы-
мын еркін игерген ақындардың бірі. Жырларының жалпы ырғақтық құрылым-сазы дəстүрлі қазақ өлеңдерінен бастау ала отырып, аралас буынды, кең тармақты, күрделі тол ға ныстар ға өріс ашқан тұтас бір жүйе. 60–70 жылдар жаңалығы ретінде біржола орныққан еркін өлең өлшемі, ырғақтық тыныс соңғы «Менің топырағым» жинағымен де сан-салалы ізденістер тəжірибесін байытып жатыр. Зерттеуші өлең техникасына Ж.Нəжімеденов енгізген жа ңа лық тар нышандарын да төрт бағытта ғылыми жү йелеу ге тырысқан. Оны қайталамай-ақ қояйық. Өйткені бұл – мен үшін əзірше жете сезініп үлгермеген тақырып. Əлі де ойласып көруге азық болары сөзсіз. Ішкі ұйқас түрлеріне де еркін барған Жұмекеннің сөздер сазын айтпағанда, тұ тас жолдардың өзін бірыңғай ұйқас шебіне айналдырып жіберетіні де бар. 14 – 15 буыннан тұратын – ырғақ, бунағымен қоса тұтас жолдар ұйқасын, гармониясын қазақ əдебиеті бұ рын-соңды кездестірмеген. Бұл – жалқы деректер емес, өзара іштей үндескен мұндай ырғақ сұлулығын тиянақтайтын жырлар көрінісі жеткілікті. Əйтсе де бір ғана қосарым: əзір ше біржола заңдастырудан гөрі бұлар, əрине, тек Жұ ме кен ге тəн айырықша экспериментке келіңкірейді деп əлі де бі раз саралай түсейік. Ақынның көркемдік-бейнелеу құралдарының діттеген нысанасынан шыға алмай қалған қайсыбір бұлдырлау тұс тарын орынды жерінде сыншылық көзбен жіті анғара білген зерттеушінің əсіресе символдық мағына мен шеберлік тəсіл де рі нің табиғи тоғысы, жалпы қазақ поэзиясындағы нақты лық мəселесімен сабақтас сюжеттік жырларындағы диалогтар, күрделі теңеу түрлері, құбылту, астарлау айшығы, детальдар дəлдігі, қанатты тіркес, нақыл сөз, портрет өнер ба ғы тын да ғы байламдарын да біз жөн көрдік. Сөз жоқ Кадыр Юсуповтың бұл еңбегімен Ж.Нə жі ме денов жырларын ғылыми бағалау шымылдығы ашылды, тұңғыш құтты қадам жасалды. Əйтсе де осындай бір-жар ав торлар ға қатысты жол-жөнекей ескертпелер ғана емес, жалпы мұндай жауапты жұмысты көп болып, бəріміз болып бо лашақ та жетілдіре беруге септігі тие ме дейтіндей өзге де жекелеген ұсыныс-тілектерді алға тартуға тура келеді.
Жұмекеннің əдеби мұрасы бөле-жарылмай, соңғы ширек ғасырлық жалпы қазақ поэзиясы даму үрдісі ағынында бірегей қарастырылса, анағұрлым құндырақ болар ма еді. Заманы бір бірқатар тұлғалар ізденісімен əйтеуір са бақ тас тық сұлбасы сезілді демесеңіз, бұл тұрғыдан Қадыр еңбегі тым сыпайылық аңғартып жатыр. Негізінен өз алдына оқ шау лап талдау. Ал еңселі алыптар қашан да иық тірестірер ортасы аясында ғана өз тұрқын еркін көрсетер болар. Жұмекенді том-том прозалық шығармаларынсыз-ақ жанжақты түсініп жатырмыз деп көңіл тоғайту қай-қай сы мызға да жараспайды. Бұл – əрине, келешектің парызы. Мына еңбек – соған баспалдақ. Бірақ қалай дегенмен, шым-шымдап болса да, жайлауы жете айқындалмаған сол мұра мен жыр күмбезін сабақтастырып жатқан қалам иесіне ор тақ кейбір суреткерлік қасиеттер қылаң бермеуі өкінішті-ақ. Зерттеу жұмысының жалпы жүлдесінде кей тұстарда пікір жүйелілігі жетісе бермейді. Бұл – сайып келгенде ғылыми еңбек құрылымына қатысты мəселе. Бір тақырыпты бірер қырынан болса да жөндеп сөз етіп үлгермей жатып, же дел қа был келесісіне өту, жеңілдеу қамтып, қайта оралу. «Ақын «Қанішкен», «Дыңғызыл» деген кейбір өлеңдерінде көпсөзділікке ұрынады», «...жалған толғанысқа түсе бергенін байқамаған» дейтіндей дəлелсіз келте кесімдер де кездеседі. Таным, көзқарас-түсінігі дəл дегенінің өзінде айырықша даралап талдауға сұранып тұрған қайсыбір ерекше ақындық құбылыстардың қатардағы жəй, сəтті көріністер тəрізді қабылдануы да осындай – ізденушінің өз жауапкершілігіне барлық кезде бірдей жете мəн бере бермейтіндігінен деп білеміз. Жұмекен көзі тірісінде-ақ мықты ақын ретінде мо йындал ған, Қазақстан Жастар одағы сыйлығының алғашқы лауреат та ры ның бірі болған, бірақ тереңдік сыры жөндеп таныл ма ған. Баспасөз бетінде кереғар, қайшылықты қаншама пі кір лер айтылды. Жыр жаратылысын ұғыну, қабылдау ба ғытын да ғы сол солақай, үстірт түсініктерге енді бүгінгі зерттеушілер көзқарасы қандай? Ақын жүрегіне ауыр салмақ түсір ген жала, айыптарды өтті-кетті деп ескермеуге бола ма? Сұ рау сыз ешнəрсе қалмайтынын кейінгілерге сездірер сын
са ба ғы ның бірі осы емес пе? Түптеп келгенде, бұл біз дің əде би талғам, таным əлеміміздің өзінше бір тарихы бо лу ға тиіс. Салмақты еңбектің мазмұн байлығына, əрине, біздің бұл ескертпелеріміз айтарлықтай бір кіреуке шалдырар деп əсте ойламаймын. Бұл – болған үстіне бола түссе дейтін тілеулестік ұсыныстар. Шындығында, біз бүгінге дейін тек əр кезде азды-көпті, үлкенді-кішілі замандастары жазған жеке-жеке мақалалармен əділ бағасын ала бастаған көл-көсір ақындық қазынаның ғана мүмкіндігінше жүйелі қа рас ты рыл ған тұңғыш ғылыми болмысымен табысып отырмыз. Мұ қа ғали Мақатаев айтқандай, «Жұмекендей жұмбақ ақын ның» жан дүниесін, жыр сырын талғам таразысымен сал мақ тап, сонау алпысыншы жылдардағы «Балауса» жинағынан соңғы жазбалары «Менің топырағыма» дейін ширек ғасырлық сұ лу лық жыр байлығын тақырыптық-əлеуметтік тұрғыдан ғана емес, келешекте тек таза суреткерлік, шеберлік те рең дігі нен қазбалай талдауға біржола бет бұру қазақ əдебиеттану ғылымының дəйекті бір тынысын негіздер игілікті ырыс қа ұласары хақ. Жұмекен бір кезде көк зеңгіріндегі Темірқазықты ұшар биігін нұсқаған, адастырмас Ар мəйегіндей, арман шынарындай жанына сүйеніш тұтып, əдемі бір толғанысын жазып еді. Ал бүгін оның өзі мəңгілік мұрасымен талай ұр пақ тың көз тігер Темірқазығына қалай айналғанын қолдарыңызға енді тиер жыр əлемі – толық шығармалар жинағы да тиянақтай берер деп ойлаймыз. Зейнолла СЕРІКҚАЛИЕВ, Халықаралық Алаш сыйлығының лауреаты
ҚЫЗҒАЛДАҚ ЖАЙЛЫ БАЛЛАДА – 1971 ҚОҢЫР ДƏПТЕР * Қоңыр дəптер, ойларымды жаныма батқан кілең, саған айтам, өзгелер мақтанды дер. Адаммын ғой, мен сейф емеспін деп сенен өзге айтпайын мен ешкімге. Қоңыр айдын, қазымды қомсынсаң ал ойларымның аққуы қонсын саған. Аққуымның, ырғалшы, түртіп төсін, бірақ біреу оқ атып үркітпесін. Қаракетім, тірлігім күндізгі ұсақ түнде жыр боп жансыншы жұлдыз құсап. Жұлдызымның жанарын жерге төнер, қоңыр айдын, мен сені кештім жылап. Түскен шақта алыс бір кеш бұлдырап, қоңыр айдын, мен сені кештім жылап. Төңкерілген үстіңе аспанымды сенен өзге көрмесін ешкім бірақ. Қ Ы
- Қарын болса... қарынға тойған міндет. Қайтер едім жазуды қойған күнде? Қайда барсам əйтеуір орман көрем, орман көрсем кетеді ойланғым кеп. Жалаң қылыш – бұлақтар... жатқан гүлдеп жайлауымды көрем деп аттандым көп. Қайда барсам əйтеуір тауды көрем, тауды көрсем кетеді мақтанғым кеп. Ойлар, ойлар, ал жүдет, аздыр мені! Нені іздедім, білмеймін, қаздым нені. Қоңыр дəптер, алдымнан сені көрем, сені көрсем кетеді жазғым келіп. Бір күй шертем деп едім – шерте алмадым, енді маған ақылдың бер тарланын. Күй алғалы көп болды көңілімді, жүрегімді көп болды өрт алғалы. Бір сөз айтам деп едім – айта алмадым, бұзау болды тұлпармен қайтарғаным. Жауырына ер батқан кербестідей Қайқаңдадым, əйтеуір, қайқаңдадым. Түбі шертем деп келем күйімді мен, образбен ойымды киіндірем, Кеуде шіркін табыттан табылғанша, табылғанша жинағым үйіндіден. * Төкші, төкші, домбыра, қоңыр үнді, бір тазартып алайын көңілімді. Жалаңаштап жанымды көрейінші
Жетпей жатқан жерімді, не мінімді; төкші, төкші, домбыра, қоңыр үнді. Жалаңаштап көрейін бəрін, бəрін, қанша менің, байқайын, халім барын. Өңменімді өзімнің тексермеп ем өлеңімнің мінінен арылғалы, көрейінші тəптіштеп бəрін, бəрін. Болды ма екен көкірек қойма-мекен қарау пиғыл, қаралау ойға бөтен. Көрейінші саралап: менің ішім кім-кімдерге жамандық ойлады екен, болды ма екен көр-жерге қойма-мекен. Төкші, төкші, домбыра, қоңыр үнді, Жеңісімді, көрейін не мінімді. Қандай, қандай дыбыстар шығар екен – бір балқытып көрейін көңілімді. Бəрін, бəрін өзімнен бастайыншы, бата берші, Адалдық, ас қайыршы. Арам болса жүректі тасқа ұрайын, жарылсын ол бір тамшы жастай ыршып, сүйтіп бəрін өзімнен бастайыншы! * Қоңыр жырым бар еді, кешкіғұрым мəз боп оқыр ақын ем ескі жырын – қолға алып ем, көк аспан бетіндегі іріп кетті қоңыр бұлт секілденіп. Бала қазым бар еді көлде момын, көрмегенім жақсы еді, келмегенім: бұғып жатқан бір жауыз мылтық атты – қоңыр қаздың мамығын бұрқыратты. Бұдан артық жаныңа батырар кім, сəл шыдай тұр, мен де бір қатырармын:
Қоңыр қаздың мамығын жастық етіп, қоңыр-қоңыр ой ойлап жатып алдым... Көкейінің бір сырын кім бүкпеген, бүгіп жүрмін бір сырды күндікке мен. Мың парағым ашылып жатса-дағы, бір парағым жанымда жүр бүктеген. Көлеңкелеу, көбіксіз жыр жырладым, кейде ауырлау қиысып жүрді ырғағым. Ашылмай жүр əлі де бір бұлағым, шешілмей жүр сондықтан бір жұмбағым. Құпиясындай құпиям шың астының, көрсем дейсің соны да бір аштырып. Момындығым бүркейді мінімді көп, жалынымды жасырды жуастығым. Ойларымның көрсетсем биіктігін оқымас ең сен мені сүйіп бүгін. Шыңым емес, бұлттарым қызық саған, қызықтырған сені осы тұйықтығым... Бұл таудың шыңдарының бəрі мықты, мықтылық бəрін бірдей кəрі ғыпты. Шоқалдар шың болудан əлі үмітті шыдамай қызғанышқа жарылып тұр. Тірлікте тартыс аздай басқа тіпті, тамырға да тартысты бастатыпты. Өлісіп өсіпті анау шырша, қайың, тістесіп бір-бірімен тас қатыпты. Онсыз да қызғыш отын үрлеп күнде əз-əзіл самал есіп тұрды екпіндеп.
Төбелер түймедей боп семіп қапты алыстағы асқарды күндеп-күндеп. Өтердей жалғыз досым қыл үстімен, кенеттен... ала алмадым тынысты мен: бір сойқан болар деймін шың-аралық сай жақтан келіп қалды жымысқы жел... Бұталар арасымен аңдып, аңдап жүр, міне, ақ самайлы таң қылаңдап. Көргенім ақ əженің шашы болды оңаша тротуармен қаңғығанда. Жанымды темекі мен қайғы ыстаған жарқ еткізді ақ аспан айна ұстаған. Біреулер шертіп жүрген маңдайымнан сипады еміреніп байғұс самал. Аузында қара түйме-кілт қақпаның неғылсын жүректе үміт-жылт жатқанын, ...Кенеттен ағараңдап ақ балтыры Күн сұлу шықты кешіп бұлт батпағын. Бетіңе талай шимай жатып ап жүр, Кей сөздің қызыл көзі шатынап жүр. Шынымды жазайын деп арлылар жүр, ақылды сөз жазам деп ақымақ жүр. Əйтеуір бір шимайдың түсуі анық, түскен сөзді, қанеки, ұсыналық. Қайғысын жазсын бəз бір кісі налып, бəз біреу жазсын мейлі ішіп алып. Жинағандай соңғы үнем, ақырғы азық, жанымды жұрт дəптер ғып жатыр жазып.
Безілдесін тек шын сөз, безілдесін, жасқаншақтың жарық боп көзін жесін. Бəрін жазсын кешірем, тек қана бір арам ойдың иісі сезілмесін. Талай арам бізді осы кетті аңыртып, талай ордан тор жорғам тоқтады үркіп. Сөз артында ор жатса, достым, сені дəптер ғұрлы лақтырам отқа жыртып... Шуақ жүр жапыраққа тайғанақтап, тайғандарды аласың қайдан ақтап. Ал, қуаныш біраздан біле алмай жүр қонарын қайсы бетке, қай қабаққа. Таудың үстін жүз талғап, он ақтарып, бұлт жүр білмей қай шыңға қонақтарын. Емен отыр біле алмай: жапырағын қайсы желге, қай кезде тонатқанын. Көп боп кетті тақырып, қайғы тағы айтарыңның көптігі... айнытады. Сайқымазақ самал жүр ауламда əне, сыбдыратсам екен деп қай бұтаны. Терлеп жүрмін десем мен, мəйкемдегі шəй ішкенде шығатын жəй тер ме еді... Шертсем екен мен саған қай күйімді, бассам екен əуелі қай пернені?! Ұйқым қайда, япыр-ау, ұйқым қайда, ой сиқы жоқ ойдың да: қиқым, майда. Кімге обал, мен кімге сый істедім, – түсінбедім, темекімді иіскедім.
Мақтағаны біреудің өп-өтірік, ішіп алып біреудің тиіскені. Жеткізбедің, қиял-ай, сұйығым-ай, күйіп туар қиялшыл күйім ұдай. Ойдың өзін күдіксіз бермей бір түн дөңбекшітіп қойдың-ау, бүйі-құдай... * Жұмсамаңдар, достарым, дəрігерге, танысқанмын дəрінің бəрімен де. Дала деген докторға көрінейін, емделейін одан да барып елге. Ұсақ-түйек ауруға шыдап денем, шыдамыммен талайға ұнап келем. Дала деген докторға көрінейін, профессор емдесін шұбат деген. Мені емдейді, емдесін өлең мейлі, ауыл барсам асау қан төмендейді. Мені емдейді шырылы боз торғайдың, қурайлардың ызыңы мені емдейді. Елде ғана айығам, арыла алам, сырқауымнан еш дəрі дарымаған. Маған дəрі бір жұтым құм самалы, құдық суы бір қауға дəрі маған. Уколыңды қоя тұр жаңа мына, ылай салма қан тамыр-каналыма. Қошалағым дайындап қойды уколын – ақтікеннің шөңгесін табаныма. Жұмсамаңдар, достарым, дəрігерге, елге жетер қуат бар əлі менде. Дала деген тəуіпке көрінейін, емделейін тағы да барып елге.
ҚОШАЛАҚ ҚҰМЫНДА Кетіп жатты сары дала, кетіп жатты, сұлы дəнін саршұнақ шекіп жатты. Мына маңай не дейді-ай: қурай даусы маңырағаны секілді жетім лақтың. Бір қарайған қиянда қозғалады – соған асық, жоқ жолшым, өзге амалың, Мына дала не дейді-ай: желдің үні сауулы інгеннің секілді боздағаны. Елестетті сары қияқ тісті кəрі, сары, сары барлығы... пісті бəрі. Мына маңай не дейді:.. əлдеқайда мұрны құрт сары атан пысқырады. Жатпа, қиял, маңайды арала, тұр, жалқау аяқ соңыңнан барады ақыр. Блокнот та сарғайды қалтамдағы, ойдың өзі сарғайып бара жатыр. Жалқау құмның жадына жасырынған жадау ойдың жетіпті жасы мыңға. ...Керек екен бұл маңға бір жаңалық, телеграф-бағандар, асығыңдар!.. * Қалам қасқа сен айтсаң сенем деді, сен жұмсасаң сөз байғұс көнем деді. Сенейін бе мен саған, көнейін бе, қайда апара жатырсың, өлең мені? Шешемді еміп өсіп ем, жел емгелі біраз болды, желіктім,
желем дедім. Асықпай-ақ туып ем, дедектетіп қайда əкеле жатырсың, өлең мені?
Басы айналмас кісінің төмендегі, төменіңе қалдыршы, өлең, мені. бір қарызым бəрібір төленбейді; Ақын болды десе де жасында əйгі, қақ жартысы жырымның басылмайды. Бір сөзім бар – бəрібір айтылмайды, бір есігім бəрібір ашылмайды... Келіп қалдың кимелеп, киіз боп бұлт, бір-біріңді түртіңдер – мүйіз боп түрт. Түрткілеңдер біріңді-бірің бұлттар, бір-біріңді осылай мүйіздеп құрт. Ала шыңдар, тұр əне, ала шыңдар, үймелеңдер сол шыңға, таласыңдар. Талассаңдар əйтеуір аласыңдар – не аласың: атақ па, аласың ба ар? Жалаң шыңның желі жоқ жағын ықтап жылаңқы бұлт, жылжып бақ, жағынып бақ. Дүрлігісіп көріңдер дүлей бастар, ойнап қалсын талайлар тағы бұқпақ. Болат балқып жатыр ма, жұмыс тұтап, гудогындай заводтың ұлысты тап... «Ұят қайда?» дедім де қалдым тартып найзағайды жұлып ап күміс бұтақ. Жапырақ қалсын алақанын күлбіретіп, бұтақтардан құйылшы күмбір етіп, ағылшы бір, ақ нөсер, əжелердің ұршығының жібіндей дір-дір етіп. Қытықшыл ақ айдынның шымшып етін, түршігетін жасашы, түршігетін.
Əйнегімді айғыздап тілші нөсер, Жып-жылтыр тереземнің тілші бетін!.. * Түрленбеші, түрленбе, түрленбе, өлең, жұрт мақтамас түрленіп жүргенменен. Бір сонеттің үш жолы секілденіп, отырмыз ғой үш жыршы бір бөлмеде. Үшеуміз де жазған соң сылқым жыр көп, бірімізді-біріміз түрту міндет. Секілдіміз үшеуміз үш қара шың бір-бірінің жататын бұлтын күндеп. Үшеуміз де ұлы ақын, ұлы кеуде – ұнамайды ешкімнің жыры кейде. Тірі Пушкин біріміз, ал біріміз тірі Данте, біріміз тірі Гейне. Əзілдейді жұрт бізді: «үш ұлы ақын...» ұлы десе несі бар қысылатын?! Екшеп айтар еріңнен, жанымызға ойнаса да мақтаған кісі жақын. Бірімізді-біріміз, ей, бөсіңіз: мақтаймыз-ау жата ғап кейде осы біз. Сондай кезде есіктен енген адам, тірі классиктермен сөйлесіңіз! Іштен үшем туғандай, іштен егіз, айтылмаған қалмайды ештеңеміз. Үш бөлеміз əлемнің даналығын, «жартыны да» тең етіп үш бөлеміз. Содан кейін... үш парақ аламыз да ұлылар боп қараймыз даламызға. Үш қара шың бола ғап түйілеміз ұлы деген бір сөзге бола мұздап.
Қиялдайды, бас байғұс қиялдайды, төбе жайлы, су жайлы, қияқ жайлы. ...Ұлы ақындар жазса да өлең бірақ жаман болып тууға ұялмайды! * Сөз еттің-ау Пушкинді тағы маған, өзге жұрттың дейсің ғой бəрі надан. Талант күші – табыну болса шын-ақ, бір кісідей мен де осы табына алам. Болса ақынға табыну құрмет тегі, – бір кісідей табындым, дірдектедім. Түсінсеңші ойбай-ау, түсінсеңші Мен Пушкин болмайын деп жүр деп пе едің? Толстойдан бір цитат суырасың, Лермонтовтан бір цитат суырасың. цитатыңның шығып тұр əзір буы, не істейсің сол цитаттар суығасын?! Цитат тапсаң, не себеп, мені ұрасың, Пушкин-таудан кесек ап мені ұрасың. Лермонтовтың кетпесін əруағы атып Толстойдың қалмасын томы басып! Күлегешке ұнаймын зар илесем, қайғылының жанына жəне үйлесем. Бірақ Пушкин емесім бəріңе аян, Белинский емессің, əрине, сен. Қуқылдана, соғасың құшырлана, – сəбисің-ау, жарған ба тісің жаңа. Ұлы ақындар, сеніңше, өлген сын-ды тірі ақынды мұқату үшін ғана. Мезгілім аз қайтпаған, жасымаған, ал түңілген кездерім басым одан.
Мазалама Пушкинді,
менің үшін жетіп жатыр өзімнің Қасым ағам. Білем: бұл саған айтар сыр емесін, қоймайды айт деп бірақ жүрек осы. Аң қусам – қуар болдым ақсағанын, қыз қусам – қуар болдым күлегешін. Қалжыңнан қашу үшін күн ілгері аға деп атайды қыз бүгін мені. Шаппады қосқан атым құдай атып, түйіліп түскен құсым түк ілмеді. Жүйріктің аяғы жоқ – жүгірмедім, көңілі ғана қалды – түңілмедім. Қазықта қалдым бүгін, елеңдетті алыста шапқан аттың дүбірлері. Баяғы жыр ауруы алды меңдеп, жатырмын жырды баптап, жанды үнемдеп. Басымнан ұшып бағы жігіттіктің, «беделі» ағалықтың қалды менде... Толғансам, Туған жер, сен сиынарым, тірлігім сиынбасам қиын əлі. Тауыңмен рухымды көтер менің – естілсін əнім ойлы, күйім анық. Тартпайды маған біткен тасқын бəсең жатқанда табанымның астында сен. Ұстатпа домбырамды надан қолға, кеудемді жамандарға бастырма сен. Өнерді өзіңе арнап өрлеткелі мидан ой, қабағымнан тер кетпеді.
Орманның ойларымен оят мені, теңіздің толқынымен тербет мені. Тимеген ат тұяғы қайран адыр, бір жыршы туды сен деп сайрағалы. Алысқа баста мені дала жолы, атымды, Талап-атшы, айда, кəне! Тек саған, саған ғана сүйенемін, топырақ қасиетті, киелі елім. Бұталар, етегімнен іліп, тартпа, шоқалдар, қолтығымнан сүйе мені... Жүректегі азын-аулақ қазынадан Жылт еткенді жыр етем, жазып алам. Жырымды жазып алған қазынадан Желге айдап қоя бердім азынаған. Ақылдың ауласында бағып-қағып, отырмын бір жинақты ағытқалы. Шығарып өз сынымның ауласынан оқушы ауылына бағыттадым. Əйнектен түсті бірі талып барып, кіре алмай қайтты бірі қағып-қағып. Өлтірдім бір жинақты өз қолыммен, – ол анау пəпке деген табыттағы. ...Тағы жазып жатырмын шабыттанып. Табиғат мінезді етіп берсе тілді, ойлап ем мінезді өлең көрсетуді. Жақындап кетіп едің –
бұрқ еттім мен талайдан жан баспаған жол секілді.
Көп жаннан көрінеу қаштым,
сырт бекіндім, болғам жоқ арасына ірткі екі ұлдың, Ақ бу боп үлп етіп ең – түйілдім мен толассыз жауатұғын бұлт секілді. Пісіріп жеп жүрмін өз сөзімді асып, өзге ойым жоқ қарасаң көзіңді ашып. қуанам өз бұлтымды өзім қуып, мұңаям өз шаңымды өзім басып... * Қажыдым-ау күнбе-күн жұмыстан-ақ, Кісі емес,
мен бүгінде құмырсқа нақ. Қыздар сыңғырлап күліп...
қажытты əбден құлағымның түбінде күміс санап. Бұлақ бұлғап барады көк шарқатын, төк, бұлт, жібек жібіңді,
төк тарқатып. Дүбірлетті-ау кеудені,
арқама əкеп Алматының көктемі көкпар тартып. Қоздырды-ау делебені,
көлденеңі Кез жігіт көрсетуге келді өлеңін: Қолжазбаға қарадым...
өтті күнім тыпыршумен жүйріктей кермедегі. * Жанатұғын жан құсап бүгін бағың, Қол ұсынсаң – ерінің діріл қағып, аға боп мен бір ақыл айтады деп, қарындас келіп тұрсың жырыңды алып.
Жымиғаның жанымды жеп барады, – самайымның жасырам ептеп ағын. Жазғаныңа қараудан гөрі менің жанарыңа қарағым кеп барады. Ақыл айту оңай ғой, айтам əлі, айта аламын, мен де ақыл айта аламын: Ақыл қонса жырды жұрт қояр еді; ақыл қонса сұлулар бай табады. Ақылшы деп келдің-ау, тапқан-ақсың, ебін тапсам жырыңды мақтамақпын. Сол жағымда сайтан тұр сықылықтап, періштем тұр оң жақта ақ қанатты. Ишараты қымсыну, іркілудің – именшектеу жүзіңе күлкі кірді. Көз жанарың мөлт етіп төгілердей, қағып қалсаң қаттырақ кірпігіңді. Кемшілігі жырыңның байқалмас бұл: періштемнің орынын сайтан басты... Əй, шырағым, мен ақыл айта алмаспын, əй, білмеймін, білмеймін... айта алмаспын. * Бағы қайда көктемнің, бағы қайда, созыла ма қыс тағы жарым айға. Ұмтылғанға тағы да жетпей ме қол, атқан оғым тағы да дарымай ма. Ыстық нандай батырған сарымайға, балқып, еріп отырмын тағы да ойға. Қорғасындай миы бар мына бастың қадірі жоқ кезі кеп тарыдай да. Қайда бағы көктемнің, қайда бағы, ықтасынға көр-қоқым айналады. Болмасты ойлап, келместі күтуменен бір тал шаштай үмітпен байланамын...
АБАЙ ЕСКЕРТКІШІНЕ Бір сенімі бар еді маған да елдің, «Ұлғайды арман»,
мен-дағы алаң болдым. Ымыртта ымырт құсап қоңырайып, өзімді іздеп шығып ем – саған келдім. Кетті дейді жыр оңбай... құрсын бəрі, сыншылар жүр том жазып, ырсыл қағып... Жүз мода өзгерді ғой, мың бір заман, түйе жүн күпі киіп тұрсың ба əлі?! Қара шал-ай, қарашы мойын бұрып: жырды алдым шау тарттырып, қойылдырып. Басқа барар жерім жоқ, саған келем қалғанда сөзім жүдеп, ойым құрып. Таппаған соң өлеңмен жүрек емін, бір-ақ сілтеп қолымды жүрер едім: туатұғын сықылды бүгін-ертең мраморға жазылар бір өлеңім. Қажып келдім қасыңа қалғиыншы, не қарғыс, не бата айтшы... ал құйылшы. Сен маған туған жерім сияқтысың, аңсағанда келетін шалдың исін... * Тау баурайы бу боп тұр, бұлыңғыр тұр, тістеп қапты тентек жел тілін қырқып. Алба-жұлба жасады-ау бұлттың төсін шыршалардың бұтағы іліп-жыртып. Қара қасқа шыңдардың қатты басы, бірін-бірі шыңдар тұр атқыласып. Өрмелеймін биікке,
тауларым-ау, қандай ғана тағдырға тап қыласың!
Қажасып тұр қарт шыңдар, кекесіп тұр, бірінде бет, бірінде шеке ісіп тұр. Өрмелеймін биікке,
тағдырым-ау, мына мені алдымда не тосып тұр?! Ала бұлақ, ағылшы, шапқылашы, жан-күйіңді жалғанға лақтыр ашып. «Мына шіркін қайтеді-ай» деп жантайып «найза қара» желкесін жатты қасып. О, не пайда қарт шыңнан,
қас-қабақтан, Мен емеспін ешқайсын бастап атқан. Жыртып алып тау бұлтын, таңып қойдым табанымның жарасын тас қанатқан... * Селтең, селтең жас бұта, селтең етіп нені айтады күлкі етіп, ертек етіп? Селтең етіп бұрымы бала қыздың аулада жүр күшігін еркелетіп. Күн кешкіріп кетті ғой,
табақ тасып жарым жүр, бала біткен қабаттасып. Қонақтарға жалтаңдап, мен отырмын домбырамның пернесін қадап басып. Күн кешкіріп кетті ғой, мен ырғалып Көкмойынға ұмтылам «омырғалы». Көңіл үшін: болды ғой, қой демейді қонақтарым тері-бас, темір-қарын. Бұл жексенбі де өтті ме? Əрине өтті, жəй өтпеді, қарнымды қари кетті. Жетпейді ғой басқа да,
басқа да емес, жетпейтіні уақыттың зар илетті. Кетер деген үміт қой, ойбай, түңіл, ұл тауып па ек біз осы тойлайтұғын?! Не жыны бар бүгінгі құрдастардың ойнағанда қонақ боп «ойнайтұғын»?! * Күн кешкіріп барады, күн кешкіріп, Көкжиекті мүйіздеп тұрды ешкі-бұлт. Қар мен мұзын қаһар ғып кетті мезгіл Қиқы-жиқы шыңдарға мінгестіріп. Күн кешкіріп кетіпті-ау,
күн кешкіріп, көлеңке мен күн жақты күндестіріп. Күн-лағынан айырылып қалған қалпы көкжиекте маңырап жүрді ешкі-бұлт... * Қарбалас қам жасасып жатыр бəрі: «Шолпан» тұр желкесіне əтір жағып. Шаптыртып «Ақ боз атты» жіберді аспан, Құдайды қонақтыққа шақырғалы. Шаң көшсе «Құс жолында» үзік, ұсақ, болған жөн ақ бетіңе, қызығы, сақ. Қалыпты төрттағандап «Жеті қарақшы», жорғаның тақырдағы ізі құсап. Бар білем не бір күнə, не бір жазық, – «Үркер» де үрке алмай тұр тобын жазып. Жасаған асау мініп келе ме деп, оқшаулау қағылыпты «Темірқазық».
«Кіші аю» кірпік, қасын қағады шақ, бір қылмыс жасап қойған бала құсап. Қарашы: ұмыт қапты Ай бір шетте, тұлпардан түскен алтын таға құсап. Қонақ жоқ. Аспан дел-сал, тек тынады, көп күтті «Шолпан» сұлу,
көп шыдады... Қалыппын көкке қарап,
біреу түртіп: «тағы да ұшырып па?» деп сұрады. * Көк аяз кернейлетті, кернейлетті, жағаңды қырауымен жөрмей кетті. Жаңағы ажырамас достар еді – екі ерін бірін-бірі көрмей кетті. Мына түн суып кетті-ау,
суып кетті, Қусыртып екі қолды буып кетті. Ай-тазы жылмаң етіп шыға келіп, ақ бөрте қоян-бұлтты қуып кетті. * Бұталардан шөптерге ыршып қонып, Шықтар тұна қалады бүршіктеніп. Дір етеді көл беті, дір етеді: артистка-аққу көтеріп жүр етегін. Селк-селк етті жас бұта, шошып қалды қолындағы шық-шамы өшіп қалды. Селт етпейді самалдың қаққанына қыз шешесі бекіткен қақпа мына. Ақ тарыдай шашылып үркіп пе еді, жұлдыздарды барады құртып тегі:
Қызыл əтеш-күн шығып ақ тарыны шымқып теріп, жөнелді шымқып теріп... * «Ойлай алса жазады-ау ақын анық ақ қайыңның түбіне жатып алып. Өлеңімді оқиын ойлап жазған, мына бір сандық-тасты сахна ғып». «Микрофон болсыншы қып-қызыл гүл – дауысымды шығарсын мықты, зілді. Тамақ құрғап, стакан босап қалды, – ұмытпашы, достым, бір жұтқызуды». – «Қол соғыңдар, жапырақтар, қызулы жұрт желпінсін бір, – оқиын үзілдіріп. Таңдап тапқан мөлдірім тамшы-жырым теңіз сөздің ішінен жүзіп жүріп» – Деп ем:
досым құлағын басты нағып? Төмен салды ақ қайың басты налып – қызыл гүлді қыз жұлды, жапырақты – жел, сандық-тасты жөнелді тасқын алып... ƏЗІЛ Жырымды өзге түгіл қыз ұқпады, тастадым сол үшін мен сызып бəрін. Қыз менің теңеуіме түсінбеді, мен қыздың кірпігіне қызықпадым. Ашып ем үр-жаңа ойды дара барып – қыз мені бір жымиып бағалады. Ол менің өлеңімді оқымады, мен оның бұрымына қарамадым. Балғалап ұқтырдым деп «ақын жанын» тақтай сабап жатқандай тақылдадым. Ол менің бір жырымды жаттамапты, мен оны театрға шақырмадым. Əй, қайран пендешілік,
«жанып» ішің жүресің, шарап емес, жалын ішіп. Осылай қыздарыңмен «ерегестім» жігіттер, өздеріңе жағу үшін. * Сүйремеші биіңе, жырды ғайып танымасаң, тақпашы құрбыңа айып. Қоңыр ағаш түбінде қоңырайып алайыншы деп едім бір мұңайып. Кетіп ем мұңға мойын бұрмай бүгін, туған сіңлісі екен ғой жыр қайғының. Қоңыр кеште қоңырқай бұлт астында алайыншы оңаша бір қайғырып. Қол ма мерген, білмеймін, сөз бе мерген, көздеймін деп мақсатты көз көгерген. Сəтсіз жырым, ойға орал,
есіме түс, көрген кезім қиянат өзгелерден. Жібек-сөзден шашпау-жыр өргенде өзім, есіме түс, жұртқа ұпай берген кезім. Есіме түс, ұйқысыз тозақ-түнім, – достарымнан осалдық көрген кезім. Сүйремеші биіңе, жырды ғайып танымасаң, тақпа құр құрбыңа айып.
Бармақ-бұлтқа басымды сүйеп қойып, алайыншы оңаша бір мұңайып. Жатырсың, күн, бірің кеп, бірің кетіп, жаныма еріп жүр жырым, жүр «індетім». Уақыттың саусағы ілді дəйім менің сезім-ішегімді дірілдетіп. Жетістігім мінімді жүр індетіп, мен жетпеген жеріме сырым жетіп. Жазғаныма ескі ырғақ тарлық етті, аяғыма тар келді бұрынғы етік. Көңіл байғұс жүр, əттең қырын кетіп, кетейінші десем бір дүрілдетіп. Қызығынан жастықтың ерте айрылдым, ермегіне егденің бұрын жетіп. Тербегенде жыр деген қара бесік, жатып алды ақыл мен ар егесіп. ...Сенің əлсіздігіңді білген сайын менің күшім еселеп барады өсіп. Бұлақ ағып барады жұмарланып, сорлы көңіл үмітке жүр алданып: Не жоғалтып біреуді – аңсай алмай, не құша алмай біреуді құмарланып. Күндер өтіп барады лек-легімен, көңіл байғұс үмітін еткен үнем: не тына алмай жерінен жеңсік тауып, не қызығып біте алмай көктегіге. Не ыза боп өзгеге тына алмастан, не ырза боп өзіне қуанбастан,
талай парақ қағазды қартайтты ақын, бітіп жатқан түк те жоқ бұдан басқа... Өтеді бар жаңалық мен арқылы, жоқ бірақ шын жаңаның болар түрі; кей күндер маған сыймай өтіп жатыр, қаламын кей сағаттан мен артылып. Біріміз бірімізге шақ келмедік, азамат деп маған ел ат бергелі. Өтер күн, менің барлық мінімді əкет, жаңа таң, жаңа үмітімді ап кел бері! Жаңаға, жақсыға да елек керек, Сол елек көңіл шіркін демек керек. Өкпелеп өтсін маған тағы бір күн, қалайын бір күніме мен өкпелеп. Жар салайын жаңаға өкіл болып, ең соңғы қызылыммен бетімдегі. Біткесін жаңа сөзім бос қалармын газеті біткен киоскі секілденіп... Сені ұйқас өрмегелі түнделетіп Кетіпті-ау айлар бітіп, күндер өтіп. Қызық сөз, қыңыр ойлар, болды кезің Менің де ыңғайыма бір көнетін. Қақпаңды қақпағалы түнделетіп кетіпті-ау айлар толып, күндер өтіп. Салып ап шампанымды,
əдемі қыз, саған да болды кезім бір келетін. Қыңыр ой қызық сөзді кесіп асты, теңеулер кетті мені есуас қып. Қағып ем қыз қақпасын,
қарғып шығып менен жастау бір жігіт есік ашты... * Есе ғой, жасыл самал – тыныстайын, созылшы, саусақтарым, гүл ұстайын. Үркітіп алдым білем бір бұтаңды – сыбдыра, сыбдырай ғой, күміс қайың. Көк қырлар көз алдымда барады өсіп, тербетші көк бұтаңды дала-бесік. Шекесі анау дөңнің жолақ-жолақ, кеткен-ау бір керемет тарақ осып. Жүздірші ақ бұлтыңды аспан-алып, бұлт жоқта ой да келмес басқа лағып. Бір сəтке бұлтсыз қою Алатауды, аспан-ау, біле білсең – масқаралық. Бұлт келді əппақ-əппақ, үрпек-үрпек, жалғыз сөз көмейімде тұр кебіртек. Ой келді басыма бір...
ақша бұлттар қарайып бара жатты бірте-бірте... * Кешкіғұрым ескенде тау самалы менің жаным ғажап бір əн салады. Əн саламын, сүйгелі бір сұлуды, бір сұлуды сағынып аңсағалы. Кешкі мұңнан, кешір дос, безінбедім, кешу сұрар көбейді-ау кезім менің. Бір сұлуды сүйдім мен,
бір сұлудың енді маған болмасын сезінгелі.
Уақыт өтіп барады, бүгінгі əнім тау-самалдай ойнақы, құбылмалы. Жалтақтадым əр жаққа,
əр сағаттың енді қайтып келмесін ұғынғалы. * Сағаттар барады өтіп омыраулап,
құлын боп, құлын таққан қоңырау боп. Барады ұзап əлі, ұзап əлі – ұмтылдым арқан алып, тұзақ алып. Неғылсын, о, неғылсын құлын мені – тастап ем қыл тұзақты – ілінбеді. Жақындап қалып едім – жөнелді ытып, мен қалдым осы жерде өлең күтіп. Өзен боп ақты күндер жағаны үгіп – қараңдап кетті бірге балалығым. Жүгірдім айқай салып жар жағалап, ұстайын деп ұмтылдым қармақ ала. Неғылсын толқынды өзен-күндер мені – ырғып ед бір бүктеліп – үлгермедім. Жан таппай, жаға таппай жармасуға, аңырып тұрмын осы жар басында. * Жеңілдеді тіршілік, жеңілдеді ақтарғалы сырымды көңілдегі. Күй тартқыш деп достарым мақтағалы, жақтағалы жігіт деп елім мені. Бір ауыз өлең-жырды құрағалы өз мінімді іздедім шырақ алып. Жата ғап өзімді-өзім кінəладым, сын-пікірі батқан соң бір ағаның.
Күйші деп соңымнан көп жұрт ергелі іздедім басылмаған бір пернені, іздедім естілмеген бір дыбысты... əйтеуір бітіргенім: бір терледім. Іздедім, өз мініме жетем дедім, уа, Еңбек, шырын ба едің, шекер ме едің. Сыздым мен көп жолымды мінім ғой деп, сүйтсем ол жетістігім екен менің. Аштым деп бір жаңалық өрлеп шықтым, қане, дос, жантаяйын, бер көпшікті. Тапқаным: жаңа деп ем жан баспаған – талайлар таптап кеткен жер боп шықты... * Салқындық күзден қапты жас қанымда сыр да жоқ, сиқыр да жоқ басқа мұнда. Өсіппін бір бұрышта қоңырайып, қоңыр боп алғаш көрген аспаным да. Бір тағдыр мені өсірген қытып, тартып, несібесін шыдаммен ұтыпты əр күн. Артық бітіп өлкеге бір түп бидай, домбыраға бір перне бітіпті артық. Тағдырына жас өмір қас қағыпты, қас қағысар табылмай басқа мықты. Жаңадан көрініпті бір жетістік, бір қателік жаңадан басталыпты. Бір мінім бір мінімді дайындасып, бар мен жоқтың арасын айырды ашып. ...Айтылып бітіп əке деген бір əн, басталыпты бала деген қайырмасы.
ҚҰМАР Сендер, сендер ақталмай-ақ қойыңдар, алғаш рет сілтенген ақ сойылдар! Алғашқы қол, жат қалтаны ақтарған, алғашқы адам барымтаға аттанған, сендер, сендер ақталмай-ақ қойыңдар! Алғаш рет бір жалт еткен көк алмас, сенің салған ізің мəңгі жоғалмас. Лағнат саған, қылыш алғаш бас кескен, лағнат саған, аңға тиген, оқ, алғаш! Жауыздықты үздік талай қауыз ғып, жауыздықты бұздық талай ауыз ғып. Жауыздарда бас болмайды, мойын бар – қырқамын деп қызықпай-ақ қойыңдар! Алғашқы оқ дарымаса тағы аңға, қатер-қауіп болмас еді адамға. Балағыңда кетпес еді тісі иттің, жаудың қолы кетпес еді жағаңда. Айып етпе, Алғашқылар, күнде өстіп мазаңды алса маған біткен білместік. Сендер тартқан көкпарды əлі тартамыз, барымтаның біз де атына мінгестік. Сендер, сендер ақталмай-ақ қойыңдар, алғаш рет сілтенген ақ сойылдар! Алғашқы адам, барымтаға аттанған, алғашқы адам, арыз жазып мақтанған, сендер де енді ақталмай-ақ қойыңдар!
- * Алғаш рет көтерді екен туды кім, тіккен туға табынды екен кім бұрын? Қарқ етті алғаш қара қарға қай маңнан, сайрады алғаш қай орманның бұлбұлы?! Ақ отаудың кім ашты алғаш түндігін, жылатты екен алғаш рет кімді кім? Алғаш рет кім көрді екен күнді бұл, – бəрін, бəрін есептейтін күн бүгін! Тудырды екен алғаш шумақ жырды кім, күлдірді екен алғаш сəби ұлды кім? Кім екті екен алғаш рет гүлді бұл? – Сайра, сайра, менің момын бұлбұлым! Алғаш рет жылатқан жан біреуді, алғаш рет күлдірген жан біреуді: біреуіңе алғыс айтам! Ал, шындап біреуіңе қарғыс айтам қалшылдап! Бақытты ана – тапқан ана алғаш ұл, гүл еккен жан, сенің ісің қалды асыл. О, жасаңдар, алғашқылар! Айтам-ау, кейінгінің бəрі, бəрі қайталау. Қызыл туды кім тіксе алғаш, дəл соған арнап бүгін бір əсерлі əн салам. Сөз сенікі, өрген адам жырды алғаш, көз сенікі, көрген адам күнді алғаш!
КІТАПХАНАДА ...Жаным менің тұрды ауырып, кім емдер, маған, маған бір жақсылық тілеңдер. Қасық бал бер – қаңсып тұрды таңдайым, миым менің кеуіп тұрды – үнем бер! Мың дарынсың, шыңдарымсың ұмтылар, мың əсерден арылам деп ұмтылам. Əр теңеуден аттай алмай сүрінем, əр теңеудің алдына кеп бір тұрам. Мен сендерді тірі достан кем көрмен, талай тірі достар бар ғой менде өлген. Мен сендермен амандасып тұрамын, Пушкин ақын қоштасқалы сендермен. Абай, Блок, Махамбетте мықты арман, ажал ғана мұқата алған Мұқтарлар. Əрқайсысы бір ғасырдан жүкті алған, əрқайсысы бір-бір елді құтқарған. Жүр ғой мені Есенинше есті ғып Вергилий мен Фирдоусидай ескілік, Ерте жатқан əлем ардагерлері, секілдісің мың бояулы кешкі бұлт. Уа, ұлылар! Жырларыңа бір жүзейін – тақтай бер, берер болсаң аққуыңды – атпай бер. Маяковский, қаһарыңнан сақтай гөр, Уитмен-шал, сақалыңнан сақтай гөр! Бурыл жал Пегасыңмен бір тең бе, менің тайым соңдарыңнан бүлкеңдер. Адамдардың арасына кішкене, тұрмысыңдар, сыймай өткен үлкендер! Жаным менің тұрды ауырып, кім емдер, маған, маған бір жақсылық тілеңдер.
Қасық бал бер – қаңсып тұрды таңдайым, көңлім менің көріксіз тұр – үнем бер. Сендерсіңдер шағынарым, үлкенім, момын жалын, жалынындай білтенің, Қасіретті басып өткен мың ұстаз, қайырымды, қасиетті мың томым! Көп халықтан дара шыққан қай ұлсың? Кім болсаң да сенің даңқың жайылсын! Көп жыңғылдың ортасында қайыңсың, көп жұлдыздың ортасында айымсың, көп күлкінің ортасында уəйімсің! Елікпеңдер, ей жігіттер, қызбаңдар. өмір деген –
гүл шоғы емес қызды алдар. Көктем ғой деп көлкілдеме көйлекшең, мына күннің артында əлі ызғар бар. Сəуір желі ескенімен түзеліп, бұлтын аспан тұр ғой əлі тізе ғып, Күншуақ жақ көктегенмен, əлі де көлеңкенің біткен жоқ қой мұзы еріп? Жаза тұршы, күдікшіл ой, жүдеу жыр, күдік кейде таяныш бір, тіреу бір. Шыңғыс ханның садағын ап біреу жүр, Гитлердің мұртын қойып біреу жүр. Сөйлем бітті, бітті деген нүктең жоқ, жауды жеңдің – тізесін ол бүккен жоқ. Көлеңкенің біткен жоқ қой мұзы еріп, мұзды жандар əлі құрып біткен жоқ.
Көктем, жаңбыр құра берсін жүз өрмек, сəби жел жүр сол өрмекті үзем деп. Көлеңкеде коньки теуіп жігіт жүр, көктем гүлін еткенімен қыз ермек. Елікпеңдер, ей жігіттер, қызбаңдар, өмір деген – гүл шоғы емес қызды алдар. Көктем ғой деп көлеңдеме көйлекшең, мына күннің артында əлі ызғар бар. Бір бүйірде қызса деп ем өлеңім, бір ұйқыны бұзса деп ем өлеңім. Ақылдыға қайғы алдырсам деп едім, ақымақты ойландырсам деп едім. Қарсы біткен түк сықылды мақпалға, ажарыңды бұздым жанға батқанда, ей, өлеңім, қараулардан алыс бол, қайғысызға, қанша оқысын, жатталма! Ешкі айтыпты: «Қасқыр жауыз, келдің бе, келдің ғой сен етімді бір емгің кеп. Шаш қанымды, бат қызыққа, не тұрыс, қу қолыңа түсе бермен мен күнде. Жұлынымды үз, жілігімді кемік ет, енді менде лақ та жоқ, желі жоқ. Шарбымды жұт, шабытты арлан!» Сорлы ешкі бір маңырап, қоя берді еңіреп. Қасқыр айтты: «Рақымет, қарындас, қасқырлар да таңдап жейді барында ас. Менің қарным – қарын емес,
қап деп пе ең?! Ұялсаңшы дəрігерден, əптектен. Ас жақпайтын боп жүр ішке, оттай тұр, шынымды айтсам,
саған зауқым соқпай тұр». Қайда кеттің бұлтың-бұлтың боп қашып, ала толқын, тоқтай тұршы, тоқташы: Сенің ернің керек болып тұр маған сүю үшін жағалаудың көк тасын. Бара жатқан жоқ шығарсың от тасып, самал, сен де тоқтай тұршы, соқпашы: Саусақтарың керек боп тұр, сипауға түнгі алқапқа тұнып өскен шөп басын. Бала шалғын, сипайыншы сені келіп Күн батыстың майда-самал желі болып. Жасыл тастар, сүйейінші сені келіп ала құйын толқын болып тебіреніп. Сонда ғана құмарым бір басылар, сонда ғана көңілім бір ашылар. Көп болды ғой мен кеткелі,
өткен күн, өткен күнге көп болды ғой деп болдым. Қошалақты қыстайтұғын қара шал, саған сəлем бермегелі көп болды. Туған ауыл мен кеткелі көп болды, сағынышым шөлдеткелі көп болды. Иір-иір бармағынан шалдардың ет асамай кеткеніме көп болды. Көп болды ғой...
секілденіп леп белгі Қырға шығып тұрмағалы көп болды. Қызды ауылдың қызығына кешқұрым ат байламай кеткеніме көп болды. ...Енді барсам құрдастармен белдесіп, жүгірер ем жалаң аяқ шөл кешіп. Содан кейін... көлеңкеге отырып табанымның алар едім шөңгесін... Күндер өткен сайын ауыл қашықтап, күндер өткен сайын жүрміз ғашық боп. Машық болды ауылым деп жыр жазу, сағыну да айналды оны машыққа. Сөкпеңіздер жан емеспін мен ескі, жан ұқпаса жаңалық та көмескі. Жершілдіктен деме жерді жыр етсем, қанымды айтсам қазақшылық демессің. Күндер өткен сайын адам бауырмал, бауырмалдық бұрады екен ауылға. Торғай ұя салған əлсіз бұтадай бізді де осы біреулер жүр ауырлап... Өз шаруаңа өзің тұтқын,
сан ойлап туған үйді жүрсің ойша маңайлап. Балаң өскен сайын ауылды ойлайсың, суыртпақ боп түскен сайын самайға ақ, тамырыңда белгісіз бір қан ойнап. Аңшы қарттың өтірігіне сенсем деп армандайсың отырып кеп кеңсеңде. Қарсы алатын кемпірлерге кемсеңдеп ұлымды бір иіскетіп келсем деп, армандайсың отырып ап кеңсеңде. Отырасың сезіміңді босқа арбап, ода жазып су мен шөпке, тасқа арнап. Бір жинағың ұнамай жүр достарға, бір жинағың ілінбей жүр жоспарға: Сенің ғана жұмысың ғой бəрі-бəрі, мықты екенсің, аттап шығып көр, кəне. Сыңсиды кеп, ыңырсиды торланып ойыңдағы образдар орманы – мықты екенсің,
аттап шығып көр, кəне! Бір циклды төгіп-шашып бітірдім, бір кəдеге жарар білем, шүкір, бұл. Енді нені жазсам екен мен осы, ал, Уақыт, құлақ сенде, үкім қыл. Ал, Уақыт, сен бүйте ғой, мен өйтіп Өлең жолын көрейікші көбейтіп: ...Қалай баспас екен осы жырымды: леп белгі қондырайын серейтіп! Шың-тас, сені жасағам жоқ мен ойдан, бұлақ, сені жасағам жоқ мен ойдан. Ойдан өзге түк көрмеймін кейде осы мұнары бар, тұманы бар маңайдан. Мұнар, сені жасағам жоқ мен ойдан, тұман, сені жасағам жоқ мен ойдан. Айту үшін, достым, саған қалай да əн, бір нəрсені көру керек маңайдан.
Бермен қара айналайын, ағайын, Саған менің ақтарылсын ақ ойым: Мен бір жырды ойдан алып жазайын, мен бір қызды ойдан жасап алайын... Көп іздедім, көп ойландым теңселіп, ойдан екен еңкеюі еңсенің: Көкшіл көзді десем бе екен сені ару, сары шашты десем бе екен мен сені? Сезім, қиял, тұра тұршы кейінге, шын сөзімді ойлар біреу ойын деп, Сені... сені десем бе екен ақ сары, əлде сені қара торы дейін бе? Қасыңды да, шашыңды да, шырақ-ау, бірдеңе деп сипаттау жөн шығар-ау. Көкірегің жоқ нəрсені іздегіш, тілің жоқты бейнелеуге құмар-ау. Сөзім менің сезіміме, о несі, көрген емес ілесіп не теңесіп: бəрін қойып əсірелеу, теңеудің ең əсем қыз десем бе екен сені осы?! Бір сыр айтты ернің маған кезерген, – жақын... жақын жеңісімді сезем мен. Қарағайға көлеңке боп кетейік, өтейік тез мына тентек өзеннен. Қайың, талды сыңсып келіп жел өбіп, – адасқанын ағаштардан көреді. Тебісіп тұр көк бұталар,
ал менің бір шумағым бір шумақты тебеді.
Кетті ұшырып толқын тасты қақты да, – ақ осылай ақтарылып, ақ, бұлақ. Құтырынып ойнайды кеп толқындар, менің қаным ойнайды одан қаттырақ. Жүзім сынық болғанымен ежелден, көңілімнің батылдығын сезем мен. Тез, тез еніп жоғалайық қалыңға, тез, тез өтіп кетейікші өзеннен. * Ала шыңның бауырында алып бір мен басымды білегіңе салыппын. Қатып ұйықтап қаппын солай,
желкеме сағатыңның бауы батып қалыпты. Жаттым біраз түс шығар деп асыл бұл, білегіңнен алғым келмей басымды. Көзімді ашсам: «ақ білектің» орнында қара томы жатыр екен Қасымның. * Жанып тұрып бір өлең оқыр едім мен оған алып келіп қаладан, не суырып санадан. Оқыр едім, əттең-ай, оқыр едім – ұқпайды, жырды ұқпайтын кісіден
махаббат та шықпайды. Ойлануға үйретіп алса нетті сəл сілкіп, көрік берген «тəңірім» кірпіктерін шаншылтып! Сыңғыр берген тіршілік сырын бермей оқсатты, күлкі берген табиғат мұңын бермей тастапты.
- Бір күрсінген шағымды көтерер ең ой етіп, бір жымиған шағымды өткізер ең той етіп, Қияр едің бəр-бəрін жалғыз сөзім үшін сен – О, дариға-ай, мен жазған жалғыз сөзге түсінсең! Түн тып-тымық, көк тымық, айналаның бəрі үнсіз – неткен мезгіл түк ойсыз, неткен мезгіл дарынсыз! Шөп байғұстар шұрқырап табыспақ боп көп күтті, бірақ оған «дем» берер самалың да жоқ тіпті. Тек көкжиек еріні бозғылт тартып тұр күліп, тіл ұшында жалғыз сөз жатқан сын-ды іркіліп. Түк түсінбей тұр білем мынау аспан, мынау жер – жыпық-жыпық етеді жұлдыздардың кірпігі. Бұл тыныштық, немене, тыныштық па алдаушы, – көкжиектің кенеттен шығып кетті «жан даусы»: атып шықты алтын ай – алтын сөздей бір ауыз, ақымақтың аузынан шығып кеткен аңдаусыз. * ...Құстар ұшты жылу іздеп,
жылы жаққа жетті кеп, мен де кеттім ғылым іздеп, тай-талапты тепкілеп. Құс ізінен аспанымда ақ-аяң бір жол қалды, – қайғы мен ой бұтағына ұя салып мен қалдым. Құстар ұшып кетіп жатыр, келіп жатыр бұ жерге, Мен отырмын шау-қыранша ұя бағып, тізерлеп. Қарт Алатау сақалына қатқан қарды лақтырды, – соған қарап мына менің самайыма ақ кірді. Өмірбаян сұрар болсаң: жəйім осы, тек, досым, жұрт көңіліне салған ұям салқын тартып кетпесін!
- Қопарылып, қоймай ұрып қой-тасқа, ала толқын, ойқасташы, ойқаста. Жон-арқамды жалбыратшы, Қызыл күн, жалаң аяқ табанымды сой, тастар. Қалам-тұмсық тары-сөзді шоқып құр, отырдым-ау, отырдым мен қоқып бір. Саған, саған құмар едім тау маңы, самал, самал, сұр жүзімді тотықтыр! Жазған сөзге қойылатын көктемгі ағаштарың секілді екен «леп белгі». Көп ісіме «сұрау белгі» қойылған соған сенен жауап табам деп келдім. Ине-шаншу іліп түйреп өкпемді көрпе қабып жүр ғой біреу, көп болды. Жүз ауырып, мың ауырып көрген ем, бір сауығып көрейінші деп келдім. Тау бөктерін көп аралай, аралай, сиреп-сиреп кеткен сын-ды қарағай. Қарай-қарай көк аспанға сұңғыла, араласып кеткен сын-ды шың мына. Тыңдай-тыңдай түк ұқпады құлақ бұл, кеше-кеше «ылайладық» бұлақты: Əсем əнді жаттамаймыз деп тоздырдық, əсем жырды мақтамаймыз деп тоздырдық. Қайталасақ жақсы сөзді, бір түрлі тозады екен, пластинка сықылды. Жалғыз жақсы сөз сықылды ең сен де осы, бірақ саған ондай тағдыр бермесін.
- * Махаббат пен сұлулыққа сенгелі алғаш тапқан сұлуымсың сен менің. Сенде бірақ тіршілік жоқ,
ең абзал қуыршақсың қиып тіккен қағаздан. Қағазым мен қаламыма сенгелі ойлап тапқан сұлуымсың сен менің. Сұлуымсың ойлап тапқан оңаша, сондықтан да толқытасың мені аса. Көкірегіңді от боп қарып жыр тілі шыланбайды сенің қайқы кірпігің. Сөз айтқанда сырлы тілдер нендей бір, бетіңе қан ойнап шыға келмейді. Сүйдім сені,
көп жүдедім, көп аздым, – ерінінде от бола ма қағаздың! Қағазға арнап қағаз сөзді жазғалы өзім қағаз болып кете жаздадым. Қағаз-сұлу, қағаз-гүлдер, қағаз-жыр, көз алдымда парақ-парақ қағаз жүр. Қағаз-қыздар сұлу бірақ,
білдім мен: қағаз-гүлдің өмірі ұзақ шын гүлден... * Талай күзде, көктемде көзің болды байпақтай: Тасып бір тасып кеткенде құятұғын сай таппай. Қасқа болдың тағы да: жіңішкеріп шынтақтай,
Жылап аққан шағыңда сіңіп кетер құм таппай. Көлкілдейсің қиялдай, мөлтілдейсің ұялмай, Не бір құмға сіңе алмай, Не бір сайға құя алмай. Қара емен едім, жұт алды, бүп-бүтін болам мен қайдан? Сындырды бір бұтамды атылған оқ торғайға. Мен де бір емен деп қызып, шайқалар шағым бір тағы... Бір бұтағымды кетті үзіп əдепсіз желі арқаның. Мен де бір емен деп өсіп, барымды жайдым, барды айттым. Түстіктің ыстық желі есіп жапырағымды сарғайтты. Жапырағымды ал, ала қаш, ойының жел-күз, қанбаса. Атырау жағым жалаңаш, Алатау жағым болмаса. Мен де бір емен, жанымда жел үзген жапырақ үркіп жүр. Сілтенген балта тамырға бұтақтарымды қырқып жүр... Өсек те от, дұрыс бір үрлейтін жел қайда бар?
Сол отыңнан бір ұшқын түсті менің аулама. Қоқыр-соқыр бар да еді, бір салақтық болмай ма: бықсыр екен қай жері, соғар екен жел қайдан. Іржəніктің сабаны лау еткелі тұр тегі. Малдың көңі... жанады мақтасындай күртенің. Гүлім бар-ды қыршын бір, – еккен едім аулама. Қызыл ұшқын ыршып жүр – қорғайтын күш қайда бар?! Қой, қой айқай жетеді, өртшілерді шақырма. Шапаныңның етегі күйіп бара жатыр ма? Ескілік деп езілген келтіре алсам бір ебін, бұл ауланы өзім де өртейін деп жүр едім! БҰЛАҚ «Жатпа, бұлақ, алға асық, қопарып бақ, қозғап бақ. Бұлақ болып алғасын бұрқырау да сөз боп па?! Ақтар қуыс-көбені, жаға, жарды тітірет. Түртіп құлат төбені, түйнек-тасты түтін ет.
Долыға түс, долыға, тау мойнына сал шылбыр. Иілмесе жолыңа басын қағып ал шыңның!» Сонда бұлақ күбірлеп, қажып-талған кескінмен, деді: «Достым, бүгінде айқай деген ескірген. Айқай қайда, айқайды ақымақтар салады. Айқай бір күн, байқаймын: есектен де қалады. Есуаспысың тұп-тұнық, ойбай неғып ұқпадың: аяқ деген мықтыны айла салып жыққанын?! Жоқ баяғы мінезім, ақыл кірді маған да. Қуыс-қуысты кезіп жылап ақ де одан да. Неғыламын айқасты, кететінің-ай лағып. Қозғағаннан қойтасты өту оңай айналып!» «Бұлақ па бұл немене... сеніп едім мен қасқа. Қайраты бар денеде намыс деген болмас па. Бұлақ қой деп мақтасам, құдірет деп керемет – құтырынып ақпасаң құдіретің не керек!
Неге керек дəме етіп даңқ, атақтан, мықты ойнап, тасты түтіп шаң етіп ұшырмасаң ыққа айдап?! Өз-өзіңнен тыйылып, өз-өзіңе айла ғып, көрінгенге иіліп өтер болсаң айналып. Құрып кет сен! Дəл шындық: орныңа үй салайын. Ең соңғы бір тамшыңды тас ерніне жағайын». «Қонбас ақыл, шырақ бұл, шындықты айтпа – батады. Маған керек – бұлақтың ерлігі емес, атағы. Ерлік ішер ас емес, нем кетеді, ойын ғой. Біле-білсең, бас емес иілетін мойын ғой...» * Бір жылу бер, үміт бер тағы жаздым бас қатып. Жазығым жоқ, жігіттер, жырлағаннан басқа түк. Əр тал гүлі киелі болатұғын көктемде, топырағымды сүйемін, өзге кінə жоқ менде.
Айтқыш деген даңқы да, айтатыны көп бұдан! Ғашықпын өз халқыма одан өзге жоқ кінəм. Ойлап ауру кеселін ойшыл болдық, түнердік. Жасау керек деседі жас шағыңда бір ерлік. Елім деймін, қолбырап жырға қосам қастер ғып. Жасағам жоқ мен бірақ үйленгеннен басқа ерлік... * Даңқтың, даудың, дақпырттың Ық жағын алып келіп едім. Бейне бір шөкім ақ бұлтпын, Қуаламашы, жел, мені. Қалықтайыншы аз уақыт, ақша бұлт екем бір ұрттам. Қанатымды от қып маздатып бір көрінейін ымыртта. Жап-жасыл көкте ақ мең боп көрінейінші мен жұртқа. Күркіл мен жарқыл жоқ менде, нөсер де күтпе сондықтан. Қарайын саған, кең өлкем, биікте тұрып қарайын. Тоқымдай ғана көлеңкем төсіңде жатсын қарайып. Жайыма, Тағдыр, қарайла, төкпесем нөсер қалшылдап,
тама алмай жүрген талайдан тарыдай ғана тамшым бар... Өстің, тікен, тырмысып, ал, талаптан, талаптан. Тартайын деп тұрмысың тағы да бір балақтан?! Сені о бастан ант ұрды, «Құдай» сені кептірсін: тағы да бір балтырды қанатайын деп тұрсың. Сен де қырсық адамға, қырсықпаңдар, қойыңдар. Тағы да бір табанға қадалатын ойың бар. Жүрсің əлі түлеп сен – құртар едім күрсінбей: топырағыма гүл өскен сен де өсіп тұрсың ғой... Салбырап тұр тылсым аспан, тау түнерді бұлты басқан. Тазы-желдің бауырында күшік-жапырақ қыңсыласқан. Шұнақ тастың бар ығын ап ақ қайың тұр сары құлақ. Шұбар жылан кетті сүңгіп шұбар тастың жарығына. Қанатындай ақ үзіктің толқын желп-желп қағылып тұр.
Тұлып-шыңға ыңырсып кеп саулы інген-бұлт жағызып тұр. Аярлық оймен, не зілмен айтылған емес бекер бұл: Кемшілік көрсем өзімнен өзгені сыйлайды екенмін. Көңілшектікпен не зілмен жазылған емес бекер бұл: Жетістік көрсем өзімнен өзгені сүйеді екенмін. Тек саған айтқан сөзім бұл: болып ап көңілім тас қатты, Ұнатқан сайын өзімді өзгеге суи бастаппын. Жүр ғой жыр мені батыл ғып шыныңды ғана шерт деумен: Шыға ма деймін ақындық өзіңді-өзің зерттеуден... Тезірек кел, күткен ой, нүктемен бітті біткен ой. Ғасыр – ұзақ сөйлем де, мықты азамат – нүкте ғой, Сөйлем көп қой, не тірлік: сөйлем талдап жетілдік. Көп сөйлемде үтір бар, нүктесі жоқ секілді. Сөйле, Уақыт, күткен ер, сөйле, саған бітті өнер.
жаңа, жаңа сөйлем бер, жаңа, жаңа нүкте бер! Мөлдір, мөлдір, мөлдір кіл шық төніп тұр, тамбай тұр. Төніп-ақ тұр, төндіртіп бір сөз айтшы алдайтын. Мөлдір, мөлдір, көк мөлдір шындық болып көмейін, Шық секілді мөп-мөлдір бір сөз айтшы – сенейін. Тамба, тамшы, бірің де дірілде тек, шүпір-шық. Тамшы шықтай дірілдеп бір сөз айт та бітірші. Қаталдық та сезім бе? бір тамшы шық жақұттай, Көрінсе егер көзіңнен – Мен өлер ем бақыттан! Қыз бұлақтар желпінген жырымды оқып қазақтық, Жеңіл сөйлеп, жел тілмен жатқан сын-ды мазақ қып. Кеудемді өбіп жыр қызған сыбырлайд жел жақын кеп: қолың жетпей бір қызға қор болдың-ау ақын деп. Үлде киіп үлбіреп қайың-жеңгей əп-əппақ,
маған қарап күлді кеп əппақ санын шапақтап. Бұршақ ұрып жұтатқан алма ағаш тұр əн салып. Мені нұсқап бұтақтар шошайтты көп саусағын. Ал, мен болсам, қайғыдан, арқаладым ұятты: əр бағыттан айныған əйленкес жел сияқты. * Атылды да жас бұлақ бір дір етіп тоқтады. Анау кəрі тас бірақ күліп жатқан жоқ па əлі?.. Бəрі де үнсіз, қатты айып еткен жандай налып тұр. Қап, қап, қап деп ақ қайың санын соғып қалыпты. Қалып едің жұқарып – сырыңды, дос, аңдап аш. Селк етті де бұтағы түйін салды алма ағаш. Бұта саусағы ғұмыры болмағанға ұсайды. Əрнеге ой жүгіріп алдағанға ұсайды. «Құдай», «құдай», «құдай» деп жалғыз тамшы ыршып жүр. Қайран жастығым-ай деп, Қарағаш бір күрсінді.
Жел де тынды, тоқтады ал, – жел тынды деп кім айтқан? – Жапырақтар тек қана... О, кішкене суайттар. Айыбымды, қайтейін, ерлік санап мен тұрдым. Күлгендердің əйтеуір алдына бір келтірдім. * Бір шумақ жаздым, дес бермей мақтады достар: «пай-пай-пай». Ыссылап суға түскендей рақаттандым: хай-хай-хай. Бес дастан жаздым, құрсыншы, жақсы жаздым-ау, байқаймын. Балғалады кеп бір сыншы, айтпайды ешкім «пай-пайды». «Жақсы ақындар сөйлесін, жақсы ойға ақын бай тіпті». Бақсам, мұны кей достым көңілім үшін айтыпты. Қоңыр ой кеп басқа мың, қоңырайып қалған жан. Өтірігіңнен, достарым, өмір, сенің балғаңнан.
ЖЕТІ БОЯУ – 1979 ЕЛ-ЖҰРТ Жел екпінін маған берсе табиғат, маған берсе судың күшін табиғат, жаңғырығын берсе жақпар-таулардың, даладай ғып кеңдік берсе табиғат; берсе маған нөсерлі көк күркірін, бұлт астынан шыққан күннің кірпігін, жеті бояу қосып берсе түр-түрін, дүние қолда тұрса нандай бір тілім; жол қуатын қиған күннің өзінде, су ағысын құйған күннің өзінде, алақанға ап асқар таудың өзін де, Дала құсап кеңіген бір кезімде – Соның бəрін айналдырып мен үнге, үш күн, үш түн айқайласам кемінде, айқай салсам ел-жұртымды сүйем деп айқай салсам топырағымды сүйем деп, жар салсам мен екі тілде... бес тілде – бірақ оған сенбес еді ешкім де, сенбес еді, «күмəнді» атап тірлікті, қазығына таңар еді бір мықты; жатып келіп тексертер ед, Сен де, дос, айқай салып арзандатпа шындықты!
ƏКЕЛЕР МЕН АҒАЛАР Əр жыл сайын əлдеқайдан бір құпия жел есер, əр жыл сайын түн қойнында əлдекімдер кеңесер. Жиырма миллион!
(нольдері көп демесең) қағазды да қайыстырмай жазылар сан емес ол. Жиырма миллион үміт, тілек, қайғы, арман, – сонау жылы қайтпай қалған майданнан əкелер мен ағалар. Жо-жоқ, қате! Қайтпай қалған жоқ олар: Тоғызыншы май сайын сол Ер халық күнбатыстан бұлт секілді торланып – қалың гуіл түнгі аспанға тарайды; ең биікке шығып ап қырық миллион көз-жұлдыз боп қарайды ұрпақтардың тірлігіне қызыға, содан кейін окобына-сызына Қайта құлаған шақта солқылдайтын секілді Жер бір түрлі – жапырақтың көзіне жас іркілді... Жиырма миллион ұлы Армия, ұлы рух көтеріліп қайтадан əр жыл сайын бір-ақ түнге тіріліп, орман болып түннің желі шайқаған түйіледі қырық миллион жұдырық тірі қалған жауларына. Түн тымық, түнгі самал алыс қырда тімтініп, іздеп жүріп «туысқандар моласын» оятады түгел бəрін. Сол асыл Ер жігіттер – əлемді алған атағы – сарт-сұрт етіп сапқа тұрып жатады. Содан кейін... «Отбой» алып бір тұстан
жолдарымен қырқысқан, жиырма миллион көлеңке боп шұбалып, курант ұрып, түн ортасы болғанда нені қорғап өлген болса, сол маңда табысады бəрі-бəрі. Сонсоң əлгі көп халық бара жатыр Бас алаңды бетке алып. Жиырма миллион Ерлік, Қайрат, Құдірет əр жыл сайын бір рет, партизаны арба жегіп кəрі атқа қатысады Жеңіс түнгі парадқа. Жиырма миллион үміт, тілек, қайғы, арман – сонау жылы қайтпай қалған майданнан əкелер мен ағалар. Жо-жоқ, мүлде қайтпай қалған жоқ олар: əр жыл сайын Тоғызыншы май түнгі салтанатқа қаруларын қайта ілді, қарауытып жауып өзен, жағаны түні бойы дүбір тасты жарады... ертесіне тірілердің парады. Ал, біздің үй... ерке қыз бен тентек ұл шат-күлкіге кенеледі иен-тегін. Ескішілдеу шешем – есті болса да, əкеміздің өлген күнін сол санап Тоғызыншы май сайын – Сары майға пісіреді шелпегін.
КӨЗ ЖАСЫ О, сезімнің шым еткен нұр-шуағы балқытады, жуам десе – жуады... Шыдай тұршы, шыбыным сəл, көз жасы құлап кетсе күл-талқаны шығады. Туған көз жас қасірет боп іш тіреп, жүрегіңде у боп қайнап, пісті көп. Xрустальдің сыңғырындай мөлдір жас жарылса егер – «нейтроннан» күштірек. Сақтаныңдар! Сағат туса ерге сын, адам ісін, аллам, өзің тергеші! Мынау алғыр əйелдердің ғасыры тек көз жастан қару жасай көрмесін! Бірақ маған мынау жанар тұр ұнап – (ұнағаны – құл болар ем бүгін-ақ). Ал қарындас аңқаусиды, кірпікке ең қуатты бомбаларды іліп ап. Жылау керек, (керек əрі боздамау), керегірек кірпігіңді қозғамау. Ажалға да ажар берер күлкі бар, көз жасы да жарасатын көз бар-ау. О, сезімнің шым еткен нұр-шуағы жуам десе – кегіңді де жуады... кірпік қақпай шыдай тұршы, көз жасы тамып кетсе күл-талқаны шығады. Кірпік қанша қағылмайды?! Бір түнгі ой
емес-ау бұл, сақтық айтсам – құлқым ғой... Сақтан! Бір күн мына дүние кірпігін қағып-қағып жіберуі мүмкін ғой... «НЕЙТРОН» БЕЙНЕСІ Қасіреттің тілін қалай дəл тапқан, өмір жасап пальтолар мен қалпақтан – о, ант атқан, ант атқан! Мөлдір бұлақ бұрынғыдай сұп-сұйық, шөп басынан шық қарайды сықсиып. Тірі жан жоқ. Тірі қапты пальтолар отыр, əне, орындықта мықшиып. Екі қолдың күшін еттім мен үнем, ей, екі қол, қашан да сен жеңіп ең! – Адамға адам қол беруден қап енді бос пальтолар көрісе ме жеңімен? Мүгедекті жеңін берген қол ғылып, көрген сайын қалып жүрдік болдырып... Жоқ, сенбеймін! Ғылым емес жасаған «Нейтронды» бомбы ғып. «Зияны жоқ» қару ғой деп бұл тіпті, жауыз ойын сөзбен майлап жылпытты. Фугастарды доп қып ойнап ол енді, қой баға ма таяқ етіп мылтықты? Аулақ, аулақ! Ұсақ қорлық, даң-дамай, лас пиғылдың сыртын сырлап алдамай.
Жалғыз шының қирамасын, адамзат, бер, дейсің ғой, киіміңді қандамай?! О, болмайды мұндай «емнің» даруы, бұ ғасырдың қайғысы бар, бар уы – жетіп жатыр қан шығармас қаруы... одан да ақтап үйренейік тарыны! ҚАРУ-ЖАРАҚ ХАҚЫНДА Сенің, Уақыт, жөнің жоқ-ау тарылар, өмір бай ғой, өлімде де бəрі бар: газ, электр... «момын қару» – қағаз ба, ол да кейде бомбы болып жарылар. Өлтірудің оғы көп-ау, көп тегі шаң секілді балақтағы, шөптегі, бомбы да көп жұлдыздардай көктегі – өлтірудің құралы көп, көп тегі. Садақ түгіл, енді сізге жоқ мəңгі патронтаж; қылыш жасау тоқталды. Найза – ақсақтың таянышы боп қалды, қорғасын оқ қоян үшін боп қалды. Мейлі бомбы, шоқпар мейлі ұрса да өледі адам – бəрін, бəрін бір сана. Баяғы қан, ет – баяғы, жүрек – сол, қару қалай жиі ескірген мұншама? Оқтарды да оқ өлтірді, жүзі өлді қарулардың.
Бүлінді жұрт... түзелді. Ұлы қару – Ерлік, жалаң қолмен-ақ бомбылардан қорғағанбыз біз Елді! Ең қауіпті оқ – ой мен пиғыл, Айға анық, ой мен пиғыл кетер екен қайда алып?! Айта алмаған сөзі жаудың Біз жайлы кетті бүгін бомбаларға айналып. Содан, содан, содан өлім түрі көп. өмір-дағы кетті содан ірі боп. Жаулар жайлы жаулар-дағы, құдірет, жақсы ойласа, тым құрыса, бір рет! Мылтық жасап жатыр біреу жан сала түрен жасап жатыр біреу жан сала. Қару керек өлтіруге адамды, асырауға түрен керек қаншама! Уақыт, уақыт! Кімге керек, жарқыным өмір жасау өлтірулер арқылы... Біздің қару – сəби тілі, қарт үні, күш, қанағат, сезім, сана артығы, жамандықты ұр, жақсылықтың бар түрі, күннің нұры, найзағайдың жарқылы... БАҒАН Анам мені тəй тұрғызып о баста сүйеп еді жуан баған-ағашқа. Сонсоң сырттай бақылады, кетпеді, қыпың қақты «құлап қалар» деп мені. Бір алаяқ үй тұрғызды – еп қылды, еп қылды ол – қолын жуып кептірді. О да алыстан бақылады, көкейі: «мен кеткенше құламаса!...» – деп тұрды.
Осы екі жай көкірегімде жүрді ұдай – бірде бұлай, еске ап жүрдім, бір бұлай. Біреу епке, біреу көпке сүйеніп, қаз-қаз тұрып, тəй-тəй басқан тірлік-ай! Қаз тұрғызып жыр ұшырдым, не терлеп Қара сөзбен жан қинадым бекер көп. Кітап сайын қыпың қақтым мен-дағы «қайтер екен, құлап түсер ме екен» – деп. Тірілте алам сөздің өзін ең өлі, түстің өзі сөз боп ылғи енеді. Мезгіл-анам бақылап тұр мені əлі, баған-елім əлі сүйеп келеді. НАН Түстің өзі енуші еді мазақ боп, түсімде нан... өзі қалың, өзі аппақ жүрді мені елесімен азаптап. Көзімді ашсам таба наным тек əлгі маңайыма иісін тастап жоғалды Содан шығар, тым ұйқышыл боп алдым. Мезгіл қатал: мейлі көктем, қыс мейлі, түс те қатал: қолыңа нан түспейді. Түсімде де тата алмаған сол нанды басқа біреу қызықтырып тістейді. Үміт жайлап аш көңілді, бір күні көз жұмып ем, тез ілінді кірпігім. Шаңырақтан келе жатты Нан түсіп – ұстап тұрып жұлып алдым қырпуын. Ауызға жоқ, көңілді құр демеген, дəме байғұс, əлсіз едің не деген! Көзімді ашсам: бір қырпуы кетік ай ауып бара жатыр екен төбеден.
ТАҒЫ ДА НАН ТУРАЛЫ Нан көп дейсің, осы сөздің обалы екеуміздің мойнымызда болады. Анау кезде ашыққаның жоқ есте, көп дегенің – масыққаның емес пе?! Нан көп деген сөз бола ма, досым-ау, көп ауызы бар халыққа осынау Нанды көп деу – бір басыңа мың айып, жамандықты ғана көп деу лайық. Мейлің, мейлі, «ақылшы» ата, сөк мені – көп бола ма таңның шығы шөптегі, көп бола ма жаңбыр жауып өткені, күннің нұры көп бола ма көктегі?! Тегін татқан нанымды айтсам, ағайын, осы менің нан таппаған бар айым. Наным көп деп сөйлегенше шалықтап, қолыңдағы кімнің наны – анықта. Үзім нанда – тағдырлар бар, табан бар, жан-терің бар, айналайын адамдар – тоқпыз содан. Басқаша айту маған да ар, Нан көп дейді нанын ақтамағандар... ОҚЖЕТПЕС Шын биікке немене – шаншылып-ақ кеткен тік. Біреу-міреу төбеме шығып қояр деп қорқып. О, түсінем, түсінем өскендерді аспандап: шығам деген кісіге қалдырмайды баспалдақ.
Қалған білем кəрі боп, құпия сыр түйіп көп: аласаның бəріне ерегесіп биік боп. Мыңғыр етпей мың жылға, тұр ол солай қасқиып. Айна-басы бір жұмбақ, айналасы – тас-түйін. Қамшылатпас құр аттың құлағындай қиық боп. Ішін төбе-қыраттың күйдіруге биік боп. Іштен тынып күйіп тек Біржан əнін айттым мен. Қарай-қарай биікке аласарып қайттым мен. БІРЖАН ТУҒАН ЖЕРДЕ Шығандығы шыңдардың Біржан əні секілді. Алыс жатқан мұң бар бір – жырлағаны секілді. Бүлдіргендер бір түрлі «Ханның асы» секілді. Ақ қайыңдар үкілі домбырасы секілді. Жапырақтары аққудың таранғаны секілді. «Айна көлі» ақынның адал жаны секілді. Қыз аңдыған тал ұстап, ісі бейпіл секілді.
Шідерлі аты алыста кісінейтін секілді. Ару қыздар көп еді – таңдағаны секілді. «Біз қартайдық», – дегені алдағаны секілді. Бурабай көл сырғыса тамсанатын секілді. Шертіп қалсаң сұр бұта əн салатын секілді. Тас өзегін жыр кернеп тіліп тұрған секілді. Біржан ағам бұл жерде біліп туған секілді. АДАМ АТА ...Саздан құйып Құдірет сонда Адамды бір жіберген қатесін оңдап алды. Сол сəтте жүзіне бұлт тұтып, ықтап жетіп кепті Ібіліс сықылықтап. Саз-мүсінге сəл қарап тұрған оғаш, бір түртіпті қарынын тыр жалаңаш. «Іші қуыс – болды енді, жетті, бітті... – алдауға болады екен!» – деп күліпті. Содан бастап жігер-құм, үміт тағы, қуыстығын ешкім де ұмытпады. О, менің қуысы мол туыстарым, түпке жетті-ау қуыс ой, қуыс қарын! «Алдауға болады екен?» Күні бүгін біреудің кемітерде ұлылығын,
бар мақсатқа қарынды кепіл ғылып, ішті түртіп қарайтын секілді жұрт. Жан екенсің, досым сен, түсің ізгі, үлкен сыйлап, күтіп жүр кіші бізді: қуыстықты қайтеді ұмыт етсек, түрткізбесек қайтеді ішімізді?! БІЗ ӨЗІМІЗ Шындық деген көк аспандай тым биік мұхит сын-ды əрі терең тұңғиық. Жан сендіріп жаңсақ жайлар, қате аңыз біз де содан қателесіп жатамыз. Шыңды, рас, мойындадық биік деп, суды, рас, мойындадық сұйық деп. Көрген шақта шын қасірет-қайғыны аяғаннан жүрегіміз айныды. Шашақтарын самал желге жүздірген қызыл туды – қызыл дедік біз бірден. Қараны, рас, қара дедік бір қарап, адалдықты ақ атадық бір қарап; жапырақты жасыл деген секілді, гауһар тасты асыл деген секілді, жақсы десе – ауруға да дарыды ас, жаман десе көңіл қайтып арымас, – рас, рас, бəрі-бəрі-бəрі рас. Тайғанақтап із секілді мұздағы, бірақ кейде қателестік біз-дағы: тау мен сайдың арасына, дес бермей төбелердің өсетінін ескермей, байғыздың да аңсауы бар екенін, бұлбұлдың да жемсауы бар екенін, ақылдың да ажалы бар екенін, бақырдың да базары бар екенін, ұмыттық біз;
əділеттен үміт қып, əділеттің өзін кейде ұмыттық. Жақсылардан еңбек күтіп, тер күтіп, жалқауларды алдық біраз кергітіп. Төбелердің көңілі үшін, ғасырлық Кейде шыңның асқақтығын жасырдық. Жапалақтың шыққаны үшін тасқа ырғып, таққа сүйеп отырғыздық «тақсыр» ғып. Ал, кей күні қыран құстың қанатын қиып алып бір байғызға жапсырдық... Таудың даңқын көтерем деп байқаған төбе бірақ қақты бір күн қайқалаң. Бұлбұлдардың əнін шырқап байқаған қызыл əтеш – əтеш болды қайтадан. Біз керемет кең халықпыз, сөз бе еді қателесу көтерем деп өзгені! Жақсылығын – жақсылардың өздері, жамандығын – жамандардың өздері дəлелдеді. Ал, бір жақта құлан құлап құдыққа, Құлағына ойнап жатты құрбақа... КРЫЛОВ ТАҚЫРЫБЫ Қара тал судыр қағып жапырағы қайың боп ойнағанда – қатырады. Рөлін тау-қыранның байғыз ойнап, бұлбұлды есек сынап жатыр əлі. Түк ұқпай қайсар Емен заман жайлы, Шілік əлі майысып амалдайды. Қорқытып қоңыр қанден пілдерге үріп, Қу түлкі арыстанды əлі алдайды.
(Арыстан – құдірет қой бірақ əлі, кім қарсы азулыға тұра алады?! Табылды, білемін, тек бүгін ғана түлкіге алданбаудың бір амалы). Япыр-ау, көңіл қалай қамықпайды – Əтеш те əтештігін танытпайды. Осы екен шын өкініш, анық қайғы: Маймылдар айна сырын əлі ұқпайды. Бір күндер өтіп жатыр бірге ілесіп, Аққу мен қара қарға іргелесіп. Аңқаудың аузында əлі ірімшік тұр, аш қасқыр ала қоймен жүр кеңесіп. Тоқтыққа əр құмырсқа жол ашты ұлы – Жоқ! Бүгін о кезгінің жоқ аштығы. Келеді əттең, əттең əлі қалмай қимыл мен пиғылдардың оғаштығы. Бұл, рас, көне мысал, тозған қайғы, аққу, шортан, шаянға сөз қалмайды. ...Жігіттер, ойлан бірақ, бүйте берсек біздің де көп жүгіміз қозғалмайды. ҚАРА ТҮС Қара көмір жанатыны – əдемі, қара судың ағатыны – əдемі. Қара көздің жақсы-ау күлімдегені, одан гөрі дала түні – əдемі. Құт кірерде қара жерге қақ тұрған, қара қазан қамы бала бақтырған. Қара қазақ қауіпті дерт, ауруын қара қойдың өкпесімен қақтырған.
Қара көздің жасын түнге кептірген талай қара кезеңдерден өттім мен. Бірақ бабам «қара мал» ғып ырысын, қасиетін – «қара шаңырақ» деп білген. Қара, қара! Көп қой қара сөз менде көнбейтұғын етістіктен өзге емге. Қара бояу, лағынат айтам мен саған, қара көңіл бір досымнан безгенде. Қара, қара! Көп ұғымға жат əлі, – маған жұрттың түсінігі батады. Қам көңіл жан қарғанғанда, қақырап «қара түнге тапсырдым» деп жатады. Қара көздер! Қара нұрды құй жылдам – шомылайын. Бір түйінді түйдім дəл: қара – əдемі, əдемі ғой түнгі аспан, қара түс тек аулақ болсын пиғылдан! Аққа қара жағылмасын, бүгін шын ақ, қара ту – Қызыл туға жығылсын! қара киіп жыламасын аналар, қара костюм – салтанатқа тігілсін! Қара нүкте бітірсін тек сөйлемді, сөйлем бітті, маған жаңа ой келді: қараға да ақ пейілмен қарау жөн, қара лента қоршағанша бейнеңді...
МАШҚАР-АТА «Бет күймесін таңда машқар күніңде – дейтін қария, – бір тергеу бар түбінде». Белгісіз бір үрей туып үнінде, бұны айтқанда кететұғын дірілдеп. Сол қария – бетің сипа, күбірле – өліп кетті сүрінді де түбірге. Тамыр-тамыр қара ағаштың түбінде шымнан қиған зираты тұр бүгінде. Көп күліп ек, «Машқар-ата» деп күлдік – Содан қалды тілдегі сəл өткірлік. Күлкі отына талай көйлек кептірдік; ұмыт болды-ау, ұмыт болды көп тірлік. Жалғыз сиыр сауылатын сол шалда, жалғыз еді сыйынары болса – ол да. Бір жөткіріп: «шүкір, – дейтін ол сонда, – Таңда машқар, кісі асына қол салма». Таңда машқар деп сөйлесе сол адам қорыққаны емес шығар моладан. О дүние – жоқ нəрсе ғой,
жоқ, одан қауіптірек ой бар мені қамаған. Сөз дегенді ие берсең – иін көп, сөздің құны кетті, білем, тиын боп... Кейде осы мен өкінемін, өкінем: о дүниенің жоғы қандай қиын деп.
СЫР Еш кесірлік көрмесімді біліп ем жаһан толы жақсылардың бірінен. Мені шалса – лас аяқ шалып жүр, мен сүрінсем – жамандарға сүрінем. Тартысуға уақытым аз, аз əлім, жырды бірақ қуатты ғып жазамын... Жамандықты жасайды екен жамандар, жақсылар тек тартады екен азабын. Жаман ойға үйреткен жоқ мені ешкім, сыртын көріп – сұлу жақсы деп өстім. Жақсы сөзді жаман қалай айтады? – нақ осыны түсіне алар емеспін. Ашық сөйлер қайрат берген маған да Ар, жағдайым жоқ жағып-бұғып амалдар. Туып біткен жоқ қой əлі жақсылар?! Құрып біткен жоқ қой əлі жамандар?! Жамандық та ауру шығар, мен емін таба алмадым. Əлі адасып келемін. Мен ешкіммен күреспедім,
күрессе менің үшін күреседі Өлеңім! «АҚӨЗЕКТЕ» АЙЛЫ КЕШ «Ақөзектің» пəк жүзін жымыңдатып, бұлт-бұлт етіп барады құлын батып. Құлын батып барады. Жас сұлудың жауырынына кетіпті бұрым батып. «Мына қазды қанатпай, шіркін атып алсам-ау» деп, жүрегі бүлкіл атып
жігіт отыр, келіншек шай құяды сүт орнына сып-сылдыр күлкі қатып. Бұлт ойнайды аспанда түртіп Айды, Ай астында боз бие шұрқырайды. Құлын батып барады, ана-бие шұрқырайды шақырып «бір құдайды». Əзір ас жоқ, жас жігіт бір «тік қасық» жаутаңдайды көз-ғашық кірпік басып. Құлын мүше келіншек – шабақ болып қармағымен ойнайды түртіп қашып. Енді бір сəт... қарашы, құдіретті: енесіне аман-сау құлын өтті. Ит шəу етті, келіншек тұрды атылып, жас қонақтың жүрегі шымыр етті... ТАБИҒАТ Тау рухы ешкімнен сый күтпейді, еріп кетсін сай-жыра жидіп мейлі. Еркеленіп оралса бұлт мойнына, кекірейіп кəрі шың илікпейді. Тосырайып тас жатыр – о да өкпелі – кінəлайсың, досым-ау, не деп мені. Кетісті, əне, екі шың, ешқайсының бабын таппай жел байғұс дедектеді. Жасыл бұта қалқиып құлақ түрді, бір құлақты жел жұлып лақтырды. Ақ қайыңның табалап аңқаулығын көгалға аунап көгала бұлақ күлді. О бастағы жарасым былай қалып, тартысып тұр табиғат – құдайға анық. ...Болған сайын көз мөлдір – көкей қуыс, көп жігіттің сөзі жүр ылайланып.
Кінəладым, үңілдім, көп қарадым, келісім мен жарасым – жоқтағаным... Атыраудан аңқылдап шыққаныммен, Алатауға тіреліп тоқталамын. ЖЕТІМ ЛАҚ Ол – жетімек, Мен – жетімек, жетімек – екеуміз тым бауыр басып кетіп ек. Шама аралас жуындыға қанып ап еруші еді сылдыр-сылдыр маңырап. Екі құлақ – екеуі екі шекеңде – ал, секеңде, секеңдеші, секеңде! Титтей аузы таппайтұғын бір тыным – о, кішкене менің қара құлқыным! Аяу сөзін айтыппын-ау бекер көп – жетім лақ та ойнайды екен секеңдеп! Лақ – жетімек, мен – жетімек, жетімек – екеуміз тым ұғынысып кетіп ек. Жаутаң қағып жанарымен мөп-мөлдір, қараушы еді көрмегендей көптен бір. Кетті отығып əрнені бір түртіп-ақ, тұмсығынан жусан исі бұрқырап. Маңырайтын кеп... жетім аты жойылды, жойылғаны – бір қонаққа сойылды. Мен есейдім. Талай ешкі ұстадық: жаз – төлдеттік, күзде – қырқып, қыс – бағып... Кеше сол лақ маңырап жүрді түсімде – ешкі-ғұмыр бара ма екен қысқарып?!
АСХАНАДА Қартаң əйел қасы иілген тағадай қимылыңды, бет-жүзіңді бағады-ай. Есеп шоттың тасы жылпың, тіл жұмсақ – жарылқап тұр, жарылқап тұр жағалай. Біреулерге күліп қойды қас қағып, бəзбіреуге мұңын шаға бастады. Біреуге – май, біреуге – ет, ал, маған жауырынның шеміршегін тастады. Шеміршекті былай қойсам – тоқтығым, тағам да көп, аспаздар да көп бүгін. Таң қалдырды мені бірақ, – сол əйел қайдан білді дау-шарымның жоқтығын?! Ұсақ жай ғой. Мұны өлең демес те ек: біздің тірлік асханада емес тек. ...Кей сыншының қисайғанда «шөміші» сол бір əйел тұрады ылғи елестеп. ТАРИХ-ЭТНОГРАФИЯ Қалың елге бірінші жау шапқанда, жауға қарсы жалғыз батыр аттанған. Қалың елге екінші жау шапқанда жауға қарсы дүйім халық аттанған. Бүкіл дала өлік, өлік боп кетті, байтақ елде өлімсіз күн өтпепті. Мезгіл содан дала-томын түптеген, бірақ қайғы мұнымен де бітпеген.
Қара тасқа бір таңбаны басқанда – күреңітіп күн шығыпты аспанға. Қара тасқа екі таңба басқанда – ағараңдап ай шығыпты аспанға. Тас атаулы таңба, таңба боп кетті, тас бетінен таңбасыз күн өтпепті. Мезгіл содан дала-томын түптеген, бірақ тарих мұнымен де бітпеген. Туатұғын сықылды бір мықты өлең... АРИФМЕТИКА Екі қол еді – бір-бірімен алысты, екі жүйке бір-бірін жеп тауысты. Қос табақша, екі қасық... сəн ұшты қосылғанда үшінші бір шанышқы. Үшіншінің аруағы асып тұр. Қос шыңды бұлт баса-баса жасытты. Ырысы ма сол үшінші қасықтың – екі қасық бір-біріне у шашыпты. Екі ғашық – екі қабақ тырысып, бірі кетті өсек қуып, бірі ішіп, Батыр жырым, осы айқастан тірі шық, сенің-дағы берекетің жүр ұшып. Ұсақ тірлік, ей, құрышы, құрышы, аяқ-табақ аралаған жыр ісі... Бəрі екеуден кеп жатса ғой дұрысы, төртеу болсын тек бөлменің бұрышы.
УАҚЫТ-ҚОНАҚ Келді ме сыншыл қонақ Уақыт деген?! Соны күтіп талайдан жатыпты өлең. Қара дойыр сүйретіп Уақыт кірді, – қорқып кетіп бір сөзім атып тұрды. Қонақ емес, қырсық қой мынау нағыз, бүйтіп келген қонаққа қуанбаңыз. Қыл тұзағын шұбатып Уақыт кірді, – бір теңеуім шыңғырып атып тұрды. Қонақ емес, бір сойқан дүбір кепті, тып-тыныш көкірегімді дірілдетті. Жалаң қылыш суырып Уақыт кірді, – бір сұлу ой селк етіп атып тұрды. Қонақ емес, мынау бір ұры білем, мен де қорқып алдында сүрініп ем, жаздым деп ем не ісім, не тілімнен – уақыт-ұстаз сипады кекілімнен. ПЕТЕФИ Қайда, дедім, Петефидің моласы – Мадьяр дос таңданғаннан ұқпай түк, жыпық қаққан жанарымен бітті айтып тарихтың бетінде жоқ бір сырды; сонсоң маған аяй қарап күрсінді. Тілім тістеп қалдым мен де, ондайды сұрақ етіп қойған кісі оңбайды. шын ақында мола деген болмайды. Болмайды, деп жуып-шайдым, жырда өлім, Бұлақ сүтін ақтарғанда тау-ана жерленді ақын таудан аққан ауаға. Самал желге жерленді ақын дем берген, ең бір мықты шумағына жерленді ол.
Ашқаны үшін Шындық атты көмбені аспан өзі күн шуақпен көмді оны. Бұл өлімге Ел, сондықтан да, сенбеді. Мына жасыл, жапырақтар жап-жасыл жасап тұр ғой сол өмірдің жалғасын, суық жерге тигізбей жыр жамбасын халық өзі аңызға орап алғасын; ақындарда мола содан болмайды. Мола деген немене өзі? жай ұғым, ет, сүйекке жасалған жай қайырым. Тірі көзден жасыру ғой тек қана табиғаттың «өлім» атты айыбын. Күй – көңілден, гүл – еріннен туады, палуанды Ел білегімен туады, батырын Ел тілегімен туады, ал, ақынды – жүрегімен туады. Шын ақында мола содан болмайды. ЧИЛИ, ЧИЛИ БАСТАУ Чили-Орман сайрағанда шымшығы жаңғырды тас, жапырақтар сыңсыды... Əлденені қағып жатыр шеге ғып тоғайдағы тоқылдақтың тұмсығы. Чили-Чили! – өстіп сайрап торғай жүр, Кең əлемде жалғыз өзі зордай жүр. Шыр-шыр қаққан əркімде бар торғай бір, ей, адамзат, торғайыңды қорғай жүр! Масқара бұл: бос төгілсе қан жаман, тасқа-дағы қан жалатты – хал жаман. Асқары бар, тоғайы жоқ тау жаман, шырылдайтын торғайы жоқ таң жаман.
Чили, Чили!.. Сол бір түнгі болған іс, Ол қасірет, ол қателік, ол намыс. Чили, Чили – қамаудағы жолбарыс, кісенде – ер, табытта – ақын, торда – құс. Кірпігінен көздің жасы кеппеген, өз басына өз билігі жетпеген, қақ жартысы түрме болып кеткен ел – бақсыз əйел, батыр жігіт... неткен ел! Өзін-өзі жаулаған ел, о Тəңірі! Тұлып иіскер орынына ботаның саулы інген-ел, о,
бақытты ел, сорлы жұрт, о, тордағы торғайлардың Отаны!.. ТАС БАЛЛАДА Бір дөңбек тас қаланың дөң бетінде, бір ана бар Сантьяго шетінде. Тек тас емес, түйсіне алар бар əлі, тек ана емес, жесір əйел қаралы. Ері өлгелі со бір түнгі айқаста Жесір ылғи келеді екен қойтасқа. Ымырт сайын шағады екен зар-мұңын, ал, əлгі тас жұтады екен барлығын. Содан ол тас түнде – қара, күндіз – ақ. Əр кез көрген жұрт дауласып жүрді ұзақ; – Қара, – деді кеште көрген бір адам, – Жоқ, ақ – деді таңда көрген бір адам, – Жолақ! – деді пəк адамдар күнəдан. Жесір жеңіл қайтқан сайын, бар айып тасқа сіңіп, қалады екен қарайып. Түні бойы түнеріп тас өртенген, ағарады екен қайта ертеңмен.
...Сол бір түні келді жесір соңғы рет, тасқа шақты мұңын тағы мөлдіреп. Күңіренді-ау сонда орман, тау маңы, тау басында бұлт та ыңырсып аунады. Маңай зарлап аза жырын бастатты... ертесіне қақ айрылып тас жатты. Дəл со мезгіл əлдекімдер көріпті тас жанында қара киген өлікті. Нақ осымен жыр да тəмəм болыпты. КОРВАЛАН Неруданың теңеулері сықылды тосын, өткір, жалынды, əрі ұтымды азамат ол, қамалды да түрмеге халқы алдында парызынан құтылды. Бүгін əлем шулап жатыр бүтін бір, соңғы хабар түнгі ауаны түтіп жүр. Əділеттің айдарына үкі ілдір – дүниенің əділ соты, үкім қыл! Корваланға кешсең, Ана, сүтіңді өңге ешкімнен іздемейді ол бітімді. Күні өтсін деп Прометей сықылды, Чили-тағдыр, кесіп пе едің үкімді?! Сол торғайды, Чили, сені! Көпіріп өзеуресін өсекшілер өтірік... Отан қорғау – он есе ерлік, он есе, сол Отанның түрмесінде отырып. СҰР ТҮС Темір қақпа, темір төсек – сұр бəрі ертеңді-кеш сұстанып кеп тұрғаны!
Сұп-сұр ұшқын төгіп қалды сұр жанар, сұр жұдырық түйіледі ұрғалы. Сұрғылт бұйрық, сұр айыптау, сұр сүңгі шың етіп сұр сəуле алдында бір сынды. Сұрғылт сұрақ, сұрқай жазалаушылар... сұрқай ой жеп сұрғылт тұтқын күрсінді. Сұр күзетші, сұр мылтығы сіресіп өрттен қалған қазық құсап тұр өсіп, Сұп-суық боп құйылады сұрғылт жел са-ақыр етіп ашылғанда сұр есік. Сұр есіктің мың тұтқыны – бір төбе, мына есіктің бір тұтқыны – бір төбе. Еден де сұр, қабырға сұр, сұр төбе, сұр шыңдарды сұрқай бұлттар бүркеген. Бірақ тұтқын үміті мен тағаты – қиялдағы Қызыл Тудың қанаты. Бірақ анау көкжиекті қанатып келе жатыр қызыл күрең таң атып... ҚАЙРАТ Ей, ер халық, сілкініп бір түрегел! Ұлы дүбір жаңғырықсын тау-тасқа, шабыт берсін жаңа-жаңа айқасқа. Қартайды ғой Гомер, Данте Пегасы, Паблоның қазан-аты, ойқаста! Дүйім дүние бұрды саған жол басын, сіздің ұлдар – біздің бауыр болғасын, Жарқылдасын Чапаевтың қылышы, Махамбеттің аруағы қолдасын! Ескі ерлердің қайратымен сұрапыл туды күнің бұрқырап бір шығатын.
Жұл бұғауды жүректінің қолынан, ашу-кектің арыстаны, тұр, атыл! Гүл үгіліп күл болуын тіледі ол, хунта басы құлауға əзір... кім еді ол?! Ол бір елес – Гитлердің үрейі, Муссолини моласына түнеген. Ей, ер халық жұлқынып шық, түрегел, найза сынсын өңменіңнен тіреген. Сынсын құлып, сыңғырасын бір өлең туған өлең қыл бұрау мен дүреден! ЭТЮД Екі беті бір бозарып, бір күйіп, ұлым кірді төбе-шашы үрпиіп: – Əке! – деді екі иінімен алқынып, – Ұлым, – дедім, – ойланып ал, сəл тынық. – Пионерлер жиынында аудандық Корваланды босатуға қаулы алдық. – Дұрыс бопты, дұрыс ұлым, деп қойдым, – сендей ері бар дүние – көктейді. Чили халқы – азабы ауыр, соры, шын – ара түсу – азаматтық борышың!.. Сəбилік-ай! Көз алдымда «өсті» ұлым, қаулы сөзін сол күн жиі естідім... Қорғаймын деп қарындасын тентектеу шешесінен таяқ жеді кешқұрым.
ОРМАН БАЛЛАДАСЫ Қиял Кəдімгі түн, бейжай аспан тұп-тұнық, салмайды еске өтелмеген парызды. Ерлер бірақ əрі қайсар, əрі ізгі, тыныштыққа сенбейтұғын тəрізді. Əй, жасай бер, айналайын мықтылық! Қалың тоғай ішіндегі сұқпатқа бұрыштардан, подвалдардан шықты аттап көлеңкелер. Барады, əне, бұқпақтап. Осы түнді күзетті Емен тік тұрып, еменнен де қайсар сақшы тұр тағы. Қараң-құраң көлеңке боп жұрт əлі орманға өтер жолдың басын қырқады. Мына түннің мəн-маңызын ұқтырып тынған сəтте алыстағы күй үні, шықты біреу: «бүгінгі сөз түйіні – ашық, – деді ол, көлеңкелер жиыны». Жаса, жаса, Бостандық пен мықтылық! Тау мен қия қайталады осы үнді. Ана сайдан қос көлеңке қосылды. мына сайдан бес көлеңке қосылды. Қала жақтан сирень біткен шықты ұлып, ал, қара орман судырайды жай ғана – Əр бұтаққа күміс іліп қойған, ə? ...Ей, тақтылар, орманыңмен ойнама!
Уақыт тұр уақытқа ұттырып, Ашылатын ер қайраты, ер ебі. минут – адым, сағат аттап келеді, ал, ну орман қарауыта береді. Желдің өзін мысы басып, ықтырып келеді үдеп тау мен орман атағы. Бас қалаға түсі суық, жат əрі қалың шуыл кіріп келе жатады. Əй, жасай бер, Батырлық пен мықтылық! Чили-тауды тас түйілген қабағы, Сантьяго деген əсем қаланы Чили-орман қаусырып кеп алады. Таң бозарып атқанда көп күттіріп Бас почтаның бір бұрқ етті шатыры, Бас қара ту бір желп етті; ақыры... бітті осымен Хунта деген тақырып. ХУНТА Елім-ай деп есуас та айтады, халқым-ай деп қарақшы да айтады. Тыныш жатқан тау мен дала байтағы – Чили жері, кегің қашан қайтады? Əрбір баста – басқа қайғы, басқа мұң – ұмтылып қал, ойлайтындар бас қамын. Баспалдақтар бір көтеріп тастады тағы да бір, тағы да бір қасқаны... Зұлым айтса ар деген сөз өтірік! Өтірікпен бірікпе, өлең, кет іріп.
Халық атынан ту көтерген – не тірлік, сол халыққа қиянат қып отырып?! ПАБЛО ЖЫРЫ Ақ қайыңның əр бұтағы қайғы ілді, аққуыңның бір қанаты қайрылды. Ар деген бір асыл бар-ды – аттады, жар деген бір жасыл бар-ды – таптады. Түрме болып кетті бір ел, бір есік тағы да бір боздағыңды жапты, əне. Өз Отанын өзі шауып жатқаны – бір түнеріс, аңдыс, қырқыс – тап бəрі, емшектесін оққа байлап атқаны – елдің дəмі емес шығар татқаны?! Келеді анық тосқан бақыт бір күні, күйеді анық күншілдердің кірпігі: Паблоның өлеңдері жүр тірі, Паблоның өлеңдері жүр тірі! САНТЬЯГО Бір бесікте данышпан ұл – көсемі, бір бесікте – қарақшы ұлы өседі. Бір қолымен шынжыр ескен деседі, бір қолымен сол шынжырды кеседі; Бір ұрты бал – бал қатырып келеді, бір ұрты қан – қан қақырып келеді; бір білекте – жас жесірдің желегі, бір жүректе – Неруданың өлеңі; Бірі құлап, жататұғын бірі өсіп, зұлымдық пен мейірімнің күресі, көрінгеннің көз ақысы – үлесі, Сантьяго! Түрме есігі – міне, осы!
САРАЙ МЕН ТҮРМЕ Чили-сарай көк тірейді, есебі: Чили-түрме жер астында деседі. Шаңқан-аспан, шалқайғаның не сенің – Хунта-үкімет қалтырап күн кешеді. Судан үркіп, шыңға қарай көлбеген көп қабатты үй екен ол ел деген: бір қабаты – қан шеңгелді үкімет, бір қабаты – халық, соған көнбеген. Бір қабаты бір қабатын жеңгенде қарауытып жүре берді ел демде. Болмайды екен, көнбейді екен ем-дөмге үкімет пен халық қарсы келгенде. Зұлымдық пен Гитлерге сыйынған қара үкімет... оның халі – қиын хал. Отыр Хунта үрей-бөшке үстінде Оқ пен ыза, бензин мен кек құйылған. ҚАРҒЫС Бір адамды тұтқын етсе – жарайды ал, он адамды тұтқын етсе – жарайды ал. Бола ма екен бүкіл елді тұтқындау, кітапхана, əн-күйімен қарайған?! Ал, ұмтылыс: анау – ақын, мынау – жау, ал, тым-тырыс: тұман ба бұл, күмəн ба-ау, Сантьяго бықсып жатыр. Мүмкін бе бір халықты түгелімен бұғаулау?! Дала – дала, орман – орман болғалы қара орманға кіре алмаған жел-дағы, қара халқын қыра алмаған хан-дағы... О, сазаңды күндер бергір алдағы!
ЧИЛИ-ХАЛЫҚ Иə, алыбым, тұрдың ба Хақ жолына қасқайып?! Құз ба алдың, құрдым ба – анықтап бір тастайық: мына жағың – терең ор, мынау – айдын ақ тымық. Уа, тəңірім, бере гөр тек сəттілік, сəттілік! Мына жағың – қасірет, міне, жоқтық, жұт, қайғы. Алдың – Хунта, басып от, табаныңа жұқпайды. Мынау көлің, тау əне... Хунта-үкімет құрамы сен жасаған ауаны солар былғап тұр əлі. Сен іздеген матаны ол – шұлғау да етпейді. Ол – мырғамға батады, ал, саған нан жетпейді. Бағы ма екен маңдайдың, соры ма, əлде басқа ма: Ол – сарайлар таңдайды, ал, сенде жоқ баспана. Ие, масқара, масқара! Мінəжат қыл, мінəжат: мына жағың – тас қамал, қапас түрме – мына жақ. Түрмені де сен салдың, сарайды да сен салдың.
Тындырдым деп тамсандың, ал тамсандың, қанша алдың?! Сенде егес нан үшін, Онда – дəулет гүрлеген. Сарай салғаның үшін Орын берді түрмеден. Əлемге ісін танытып, əлгі алып, денелі, қорлық, азап қамытын əлі тартып келеді. Нақ осылай нар-халық күн кешеді, көп қайғы. Кешқұрым тек зарланып бір қымбатын жоқтайды... ЕСКЕ АЛУ Сталинград деп күнде Жырлап еді-ау Неруда. Сонда желдің өтінде тұрған еді-ау Неруда. Көкірек қой бұл ғасыр, көкірегін көр міне: ұлы ақынның тұлғасын кіші санап кергіді. Чили деп жыр арнадық, жыр парағы жатыр мың. Ара түсе алмадық ажалына ақынның. Жанарыма жас тайып, жүрегім құр сыздады... Тұрмыз бірақ қасқайып жел өтінде біз-дағы.
ШЫНДЫҚ Бас июге арланып, ерлік төлеп, қайғы алды. Сонда Чили – бар халық Корваланға айналды. Құйын – уақыт мінезі, – шын бетіңді танытпа! Корваланның бір өзі айналды енді халыққа. Хунтада аз татар дəм, аз таусылмай қоймайды. Азды «Құдай атарда» көпшілікпен ойнайды... НОЛЬ Өтті бір күн көгіңнен, Көкжиектің қақпасынан өтті шақ. Күншығыстан тебілген үлкен қызыл доп құсап. Бір күн өтті мақтаған қақпашылар тұра алмады көлденең. Бір доп өтті қақпадан, есеп болды бір де – ноль. Өзімізді жұбатып, келеміз-ау əлсіздікке көндіріп. Жеңгенде бұл уақыт, жеңеді екен ноль қылып.
КӨК ТҮС Көктемгі жер бояуы да көк қой деп, көлеңдетіп киіп едің көк көйлек. Көл-дүниеден көкті ғана білуші ең, кетер болсаң – көк зəріңді төкпей кет. Көктем еді-ау, көктем еді, дүбірлі көк бұлақтар көгал кезіп жүгірді. Көк кіреуке көзді айналған күндері көгіс тілің көк төбетпен бір үрді. Көктемеде көкек құсап көк, көк деп көк уыңды, сөйлер болдың, төкпектеп. Күте-күте, қуа-қуа көк түсті кеттің білем, ақырында, көк бет боп. Көктем өтті, жаз да кетті, күз жетті, енді əр мезгіл өз бояуын іздетті. Ал, сен болсаң – баяғы сол көк, көк, көк – көк тіліңнен көк сөздерді төк, төк, төк! ТЕПЕ-ТЕҢ Ей, Алатау, саған бұл не болды жер бауырлап? Бұлты қонып ғаламның жатырмысың ауырлап?! Сұрқың сынық бір түрлі, күлдей сұрғылт қар түсі. Ауырласаң, бұлтыңның маған-ақ арт жартысын. Көрмейінші мен сені көңілсіз бұл кейіпте. Не басса да еңсені – бөліп көтерейік те.
ҚЫЗЫЛ ТҮС Жырың қызыл ғой десе, жауап əзір, таза арым: қызыл тілім сөйлесе, қызыл қанмен жазамын. Қызыл тілім тіпті ұзын, ұқсас қызыл тасқынға. Ант еткемін қып-қызыл қызыл жалау астында. Күні қызыл аспаным, туы қызыл Ұлы Отан, қызыл сөзден басқаның қызылдығын ұнатам. Қызыл ақын не деп тұр? Не десе де – медет қыл. От секілді өрепкір қызыл өлең керек бір. Гүл – қызарса əдемі; əділеттік жасайық: қыз – қызарса əдемі, жыр қызарса – несі айып?! АҚБОЗ Құйрық-жалы əдемі төрт тұяғы балғадай ақбоз атым бар еді – əй, жалған-ай, жалған-ай. Қарғығанда жырадан кетті айналып ұршығы-ай. Мен де оңбай құлағам əй, қырсық-ай, қырсық-ай.
Ер жығылды. Бір сайда бөрік қалды домалап. Ауырсындым ырсаңдап... өй, обал-ақ, обал-ақ. Бөркім – əнтек ұшты деп шағына алман басқаға-ай, бірақ бұдан күштірек бір масқара... масқара-ай. ...Көрдім кеше боз атты – жазылыпты. Тұр билеп, өлеңі боп қазақтың кісінеді күмбірлеп. Сəл қисайған жалы бар, сəл жүдеген халі бар. Əй, жануар, жануар, əй, жануар, жануар. ҚУАҢШЫЛЫҚ Ыстық құмды жебелеп соғады жел бір тынбай. Ақселеу мен ебелек Шылымшының мұртындай. Сараң дана, аспан-ау, саған ғана сөз ғап тұр. Бота ма анау, басқа ма-ау – боз жыңғыл боп боздап тұр. Бие-құм жоқ бусанған, жетім құлын құм қапты. Əлдебіреу жусанға иод төгіп былғапты. Ып-ыстық шаң жол, аңғар, шидің түбі ыздиып.
Шіриді деп сораңға қойған сын-ды тұз құйып. Əй, састым-ау, састым ал, менсіз бір жұт болыпты. Əр қабақтың астынан қурай сыңсып жолықты. Қияғы жылап қарлығып, қаңбағы босып, апыр-ау, Қошалағым бар мұңын маған шағып жатыр-ау. Шырылдайсың баладай, мен үлкен боп не білем. Мен де саған, далам-ай, мұң шағуға келіп ем... СҰРАҚ Жер байғұстың бағына, əй, жаумады-ау, жаумады. Тұр ма ана бұлт тағы да басқа жаққа ауғалы?! Əр көріністе – мағына, сенде мағына жоқ па əлі? Мыс-табақ күн, тағы да барамысың батқалы?! Үйім тарлау – о да мұң; қысылмасын деп мені, қимайтұғын қонағым, отырмысың кеткелі?! Жыл қанатын қомдады, қанаттыға – бекер сын. Құс-дəуренім, сен-дағы бір күні ұшып кетерсің?!
ЕСЕП Табиғатта бəрі есепті деп еді, есеп шығар – түсінбесем мен оны?! Күн аласа болған сайын көлеңке ұзын болып келеді. ДҮКЕНДЕ Түсінбейсің көп адамға, көпте – ерік, көп деген көл – тұзың көлге кетті еріп... Қайбір пиғыл қиын бірақ;
дүкеннен шықты біреу бір тай шытты бөктеріп. Жаңсақ сөздер өртейді екен өзекті, бір күн өстіп өртенумен тез өтті. Соқты біреу шырпы қымбаттайды деп, бір келіншек шұлық жайын сөз етті. Тамақ тоқта, таң қаласың, қайғы көп, қызды уайым не болса – сол жайлы үдеп. Көп көзінше дүңк еткіздім мен кенет «жаңа жылда өсек қымбаттайды», – деп. Кейде адамның келеді екен күлкісі, – кетті өзгеріп сонда жұрттың түр-түсі. Біреу күлді: «рас, кітап қымбат», – деп, «болар, болар!» – деп күрсінді бір кісі. Дүкеншілер жоқ қаулы мен бар заңды ап лақап етті ұят қосып, ар жалғап: Қымбаттаса – қымбаттасын шыт-шыпыр, тек, адамдар, біз қалмайық арзандап.
ЫМЫРТ Қараң-құраң бұталардың арасы, əлдебіреу жүрген жоқ па, қарашы? Маңай жұмбақ, бір құпия іс бардай, қазір біреу етегіңнен ұстардай. Тағы да ұрлап əлденені, тағы алдап тағы біреу жүрген сын-ды қараңдап. Шегіртке үні, сыбдыр-сыры қияқтың көлеңке боп жортып жүрген сияқты. Маңай тымық... бар есімде қалғаны: нанның иісі шығып еді сонда бір, Түннен қалған сорпа құсап баттасқан жұлдыздары кілкіп шығып жатты аспан. Дəл осындай елең-алаң бір шақта жылады апам көзден жасы бұршақтап: қой ұрланды... желімізді кескен ең, содан бері, ымырт, сенен сескенем. КӨГЕН Біз де бастан талай күнді өткердік, енді соны еске алуға жетті ерлік. Талай жерде бедел алып, бет бердік, əлденені түзеткіміз кеп бердік, əлдекімге тыз еткіміз кеп бердік, содан кейін... жыр ұшырдық кептер ғып. Сырығыңнан бұйым таппай тебендік күреңіттік; намыс, намыс деп өлдік. Содан басқа осы біздер не бердік, көкірек ұрып, көне жерді теберлік?! Жеті бояу, он саусақты өлең қып, соның бəрі мен боламын дегендік.
Қоңыр қозы – жырыма арнап мен енді қара сөзді керіп жүрмін көген ғып. ЖЕЛ Тіл секілді сүйрең қағып құм көшті, көшкен құмға ай менен жыл мінгесті. Желдің сумаң саусақтары бір түрлі сүртіп жатқан сықылды ескі жұртымды. Дүркіреп кеп көшті қаңбақ, жел есті; құмдағы ізім онсыз дағы көмескі – жел сол ізді жуып жатқан сықылды, топырақтан қуып жатқан сықылды. Жел алдында жерге басын ұрады ши шырқырап, мені қорғап тұр əлі. Жыңғыл жылап жасыл шашын жаяды, қыр бұлдырап мені аяйды баяғы. Ішін тартып есіріп жел тұр ұлып, көне құмды көсігімен суырып о да еңіреп жүргізеді əмірін. ...Тереңірек бірақ менің тамырым. ЖЫЛ БАСЫ Таң ағарды. Шығыс жақтан қып-қызыл қызыл күннің бір құлағы шықты ұзын. – Жылды бұрын кім көре алса – сол бастар уақытты. – Ал, қараңдар, ал, достар! Хайуанаттар жар салды. Шу-айқайды таңғы əлсіз жел ыққа итеріп байқайды. Менен биік кімі бар, – деп, – тырс етпе! – түйе тұрды бойға сеніп бір шетте.
Маймыл бəрін айналдырып қылжаққа, доңыз байғұс қорсыл қақты бір жақта. Ит өзінің ит екенін ұққанда, дүр сілкініп қызыл əтеш шықты алға. Хайуанаттар жиылды. Шу-айқайды таңғы самал ықтырып ап қайқайды. Мекіреніп қоңыр саулық көп тұрды, үркек қоян бір бұтадан кетті ырғып. Хайуанаттар жиылып-ақ болған-ды. Ең соңынан жылан шықты дөңге əлгі. Маңай тынды, тынды бəрі, тым-тырыс. Ал, итеріс, ал, ұмтылыс, ұмтылыс! Кенет бірі: – Əне! – деді, – Жыл, əне! Тосын дауыс бір жаңғырып тынады. Шығып алған өркешіне түйенің тышқан екен – қылтияды құлағы. Тасыр емен тақырыпты жай таңдар, сезгенімді, түйгенімді айтам бар: болмайды екен тышқан деген сайтанда ар: ей, түйелер, тышқандардан байқаңдар! ТҮН Ызың-ызың ететінің не сенің, онсыз дағы жайсыз менің төсегім: еске түсіп біреулердің қорлығы, біреулердің айтқан жала-өсегі. Жатырмын ғой, көрмеймісің, көз ілмей, аңдиды екен дəл осындай кезіңді ой. Айналып кеп шағып жатыр өзімді, біреулерге артық айтқан сөзім кей.
Мені де артық жазалапты бір мықты, мен біреуге орынсыздау ұрыныппын. Қиянатын, тонна болсын, өлшемей, қайырымын «грамдайтын» тірлік бұл. ӨМІР Бір күйді бастайыншы, күй артығы өзен боп бір теңізге құяр түбі... қайтсем де бүгін Мекке барамын деп желіден өреді екен түйе əр күні. Теріп қырқып сол түйе əр бұтаны жантақ, сораң, қаңбақты қарбытады. Түске жақын күрсініп күлге шөкті... ұлы сапар басталмай қалды тағы. Əркім де тілек қылып жүр күресіп, жатыр үміт бірде өшіп, бір күні өсіп. Таңғы көңіл – ашқарақ, түсте тойып, ертесіне тағы да тірлік осы. ӨМІРБАЯН Асықты адам – тамыр теуіп тасып қан, тағатсыз ғып, қанатсыздық жасытқан. Асыққан ол тұз алуға көршіден, кешкі ауылдан қыз аулауға асыққан. Мақсұт – алыс, ажал – жақын, жоқ қанат – сары атанды мінді бір күн ноқталап.
Бел үзілді, тақым талды, талды көз аспандағы ұшқан құсқа көп қарап. Кесек тасты жұдырық қып лақтырып, қапылыста қол қуатын қапты ұғып... Ұшқан құсқа қайран қалып, қан қызып, қарап тұрды, бір күндері, ат мініп. Алыс күнге түсті жаңа баспалдақ доңғалақтың сырын алғаш ашқанда-ақ. Арба мініп қарады адам шалқалап тағы да сол ұшқан құсқа аспандап. Ойдан қиял тудырғанда ол көп өңдеп, құс та қалған секілденді төмендеп. Поез мініп қарады адам бір күні əлі де сол аспан жаққа елеңдеп. Шөп сыбырлап, жел ескенмен, гүл қалғып, Жылдамдық боп жылдан озып жылды алдық. Бір сағатқа сыйды айшылық сапарың... бұ да, ақыры, қажытты деп бұлдандық. О, жылдамдық! Жыл барады сырғанап сабырлар мен салмақтарды ұрлап ап. Біз аспанға көп қарап ек, енді аспан жұлдыз-көзбен бізге таң боп тұр қарап.
САЛМАҚСЫЗДЫҚ Жақсылық – жас, Жылдар жаңа, күн өзге: ердің даңқы дарыды енді бір езге... Алатаудың ақ бұлттары салмақсыз, салмақсыздық келді содан мінезге. Салмақсыз қыз қасы-көзін сəндейді, сəнді қызға салмақсыздық тəн – мейлі. Алды бəрін уақыттың өзі ақтап, космоста салмақсыздық – заң дейді. Физиктердің шөбін орып кеттің бе – салмақсыздық – санасыздық деп күлме. Салмақсыздық – құлағанға қолайлы, сипаған боп сезіледі тепкің де. Құмға да ізің түспей кетті, əзаға, жел боп жүгір, жұрттың ізін тазала. Салмақ – қара таста қалса болғаны, тастай салмақ қалсын өлім-қазада. Қиялыңда құмар оты жансын тек – қанатсыз-ақ ұша аласың, ал, сілтет. Қалсын салмақ жұдырықта жауды ұрар, мықты айтылған сөзде салмақ қалсын тек. САЛМАҚ Адастырып арзан дəме, жалған үн, кемеңгерлер кемітпесін салмағын. Жеңілдесін көкке ұшатын кемелер, азаймасын тек салмағы Балғаның. Шегеге де, сезіп жүрміз, жан тəтті, балға алдында қағады ол да жалпақты...
Əйел біткен қары талсын бала ұстап, дəн салмағы майыстырсын алқапты. ...Жоқтық, аштық, қайғы, қаза сондағы танкі, кеме, самолеттер бомбалы – бəрін қосып есептесең – толмады «жесір» деген жалғыз сөздің салмағы. Өмір – нəзік, бірақ ауыр сынына шыныға бер, шыныға бер, шыныға. Мизам-жібін үзе алады, байқасаң, салмағымен құстың қауырсыны да. Кетпен, күрек салмағы осы жер өңін жасандыра, жасандыра береді! (Ауыр екен, досым, жаңа кітабың, сыны бірақ жеңіл тисін дер едім). Салмақ керек! Ай мен Жұлдыз, бүкіл көк – салмақ бəрін ұстап тұрған бүтіндеп. Қатер-оқ боп атпаса екен қорғасын, қара тас тек ұшпаса екен түтін боп. НАЙЗА-ҚАРА Өз тұсынан о дағы қарғып шығып, қалды үздік – қиын, қиын соғады, шың болсаң да, жалғыздық. Тұрған бойы күпірлік, күпір, күпір, масқара;
жараспаған бұ тірлік жаратқаннан басқаға. Баяғы сұс, кəрі айбын, кімге керек көктігі? қар да тұрақтамайды, қатаяр да жоқ түгі. Кетіпті тым əріге, ақ бұлттардан əрі асып. Қатар өссе бəрімен тұрар еді-ау жарасып. Қатал тағдыр кез келді, аяр пенде жоқ əлі. Ортасынан безгеннің обалы жоқ, обалы. Өзгелерден, мұндар жан, өскенің жөн ептеп кем: ол – безген жоқ шыңдардан, шыңдар оны шеттеткен. ҚАҒАЗ ТІРЛІК Жер хақында сыр күттік Айдан əлі; Тыныштық деп газеттер майдалады. Қағаз-бомба бұрқ етіп жүр жарылып, жүріп жатқан сықылды майдан əлі. Аңдата алса қаламның ізі нені, соған сайып күн кештік біз үнемі. Жұлқып жатқан ешкім жоқ жағамды ұстап, түймем бірақ тым жиі үзіледі. Ескі қару тəрізді бəрі, бəрі бірақ неге жаңаша жарылады?
– Алып тұрған алқымнан ауыр қол жоқ, Неге, неге тынысың тарылады?! Уақыт кең дегенмен, мақсат мықты, шаппай жатып жүйрігім ақсап бітті. Жүрегіме бір шаншу қадалып жүр, бір сыздауық қалыңнан қақсап шықты. Құрдастар əзіл ғой деп майдалады, құрбылар назым ғой деп аймалады. Қағаз-танкі жапырып балаусаңды жүріп жатыр, ал бірақ, майдан əлі. Жо, жоқ, мылтық жоқ қазір аңшыда да, Соймай іреп жіберсе – қан шыға ма. Күңкіл кеңес көбейді, ең зор қару сөзден өрген қағаз-сап қамшы ғана. Шағыну да кей кезде мақтан сын-ды, қағаз-тұзақ құрулы жатқан сын-ды, Қағаз қулық, қағаз дос, қағаз айла, «қағаз құдай» барлығын атқан сын-ды. ҚЫЗЫЛОБА Қызылоба. Тал, терек жасыл-жасыл Судырайды-ау ақ жауын басылғасын. Жылға суы жымысқы, жылжып аққан, екеумізді тал түсте бір жылатқан. Қызылоба. Тал, терек ыбыр-сыбыр, жел тұрғанда сен-дағы ыңырсыдың. Тал иілген – ақ басын ол да игесін... сабақтатар кім маған енді инесін. Қызылоба. Тал, терек судырайды, судырайды, жылғада су жылайды.
Маңай жасыл, жапырақ ызың-ғызың, тек қабірдің топырағы қызыл-қызыл. Қызылоба. Қарайды ел қабірді асып, шаруа айтады қайбірі дабырласып. Жетім адам мен енді – белгілі адам, «қарағымды» кім айтар енді маған. Жасыл-жасыл шөп кірпік қыбырлатты, қызыл-қызыл топырақ дүбір қақты. Титтей дене қабірге түсіп кетті... қысып кетті-ау жүрегім, қысып кетті. ҚИСЫҚ БҰТА Терістіктен өкпек жел тұрды – мейлі еске салды осы жел бір дүлейді... Шыға қашты ақ түтін мұржалардан – шөп басында ақ түбіт үлбірейді. Кəрі қойшы жетектеп қотыр атын, отыратын аңырып, не тұратын. қотыр мұржа түтінін түйдектетті – əжем өстіп жүн түтіп отыратын. Қисық бұта, құшақтап сүйші мені, көңілім бір жетімдік түйсінеді. Қисық бұта, көзіме жылысың сен – əжемнің де қолдары қисық еді. Мұңы бітпей тұр ма анау талдың əлі, бір зіл басып буынып талдырады. Жарқырап-ақ келіп ем, соны көріп менің-дағы қабағым салбырады.
ШАҚЫРЫЛМАҒАН ҚОНАҚ Суға түскен сəуледей дір-дір қағып уақыттың алдында жыр жырладық... Бір ымыртта есікті еппен ашып күдік деген сайқалың кірді ұрланып. Сыңқ етіп бір күлді де төрге асықты... содан бастап жанды кір, сор басыпты. Жүрегімді қос қолдап сығып еді ол – жалғыз шумақ қара өлең зорға шықты. Сылаң қаққан қыз-жырым ымырттағы содан қайтып шашбауын шұбыртпады. Сезінуші ем кеудемде көлім бар деп, əлгі сайтан сол көлді бір ұрттады. Көл құрғаса орнына өседі не – бауырым сыз, иегім, көсе, міне. Жасыл бағым – жабырқау күзге айналды, басымдағым – күншілдің өсегіне. Күйе жакқан кірпігін көп қадады – күдік – жаман əйел-ау деп қаламын. Содан бері өзімді өзім тежеп, ...суға да бейнем түспес боп барамын. ЕМЕН Қар мен желге қарсы бітіп алып тұр, жалаң төсін найзағаймен жанып тұр. Шекісіпті шеңгел болып тамырлар – қара тасты бүріп қатып қалып тұр. Мынау қартың еске салды жетімді: арық қолдар – бұтақтары секілді. Жапырағын сыпырып ап кекілді табиғаттың мұқатқаны секілді.
Түбінде қарт бір үндейтін секілді, сөйлеп кетсе сүрінбейтін секілді. Уақыттың – келер күннің алдында тізесі сəл дірілдейтін секілді. Тамырында су ағатын секілді, сол су бəрін жуа алатын секілді. Қара тасты аспанға атып бөрік қып, түбінде бір қуанатын секілді. Емен – шындық (өзің жалған секілді), қарт көңілге сезу де арман секілді. Жапырағын – жел, ұлын – майдан жоқ етіп – еменге ептеп төзу қалған секілді. Ей, қара шал! Кірмек едім даң-дұң қуған топқа əлгі... Сені көріп түсінгендей боп қалдым, төзу де үлкен күрес пе екен деп қалдым, өстіп мен де бір қабаққа тоқталдым... МЕДЕУ САЙЫ Кең-ау, шіркін, менің ата мекенім, маған, саған,
оған да жер жетеді. Қуырылған жүгерідей аспанда ақ жұлдыздар ыршып-ыршып кетеді. ...Хақ қолына өтіп кетіп ішім-жем, қинап жүрді со бір түнгі түсімде ел. Сирень-бұзау мөңіреді аулақта, босағада қыңсылады күшік-жел. Саулы інген-шың бұлақ-сүтін лақтырып, ағызды-ай бір,
қалды айнала қақ тұрып. Қыр астында құлын-көңіл кісінеп, əлдеқайда қасқыр-пиғыл жатты ұлып. Шақұр-шұқыр тас пен темір қырқысқан: вулкан атқан екен деймін бір тұстан. Уысымда бір жапырақ бұлт жатты, – тиген үлес екен деймін жыртыстан. Бұлақ таудан қашып шығып – құтылмақ, тастар үркіп, жел жүгірді қыпыңдап. Көктөбелер мүңкіп жүрді, беткейде арқан-жолдар жатты үзіліп бытырлап... Кенет, көзімді ашып алдым. Жырдың-ақ есерлігі батты маған, бұрғылап қайдағыны шығарады: сай – тыныш, тек жылпылдап тасқа тайып жүр бұлақ. Айыққанда əсерімнен бастапқы өң мен түсті салыстырып бас қатты. Бəрі бейжай: тауды бұлтпен бастырып, төбелерді жолмен буып тастапты. Тасты көңіл көк бұлақтан көбік ап, тау баурында бүлінген түк жоғы ұнап. Ұлы бөгет ар жағында сел жатты тарқатылған буырыл шаштай қобырап. Есімде жоқ: əлде күндіз, əлде түн – қара ойлының біреу жарып алды өтін. Атып апты біреу қасқыр-пиғылды, күшік-желге ас құйыпты əлдекім.
Əлдеқайдан тыныштық боп төгілді үн, жүрегім, тек, лүпіл қақтың – не білдің? Алатауды айнала ұшып жүрді тек вертолеті мазасыздау көңілдің... СЫБЫР Сыңсып иіп бұйра алқап, бір ырғалып сыбырлады, біз-дағы сыбырладық – жақын келші. Жатқандай дала кейіп мұрттарымен бидайдың жыбыр қағып. Қос боз торғай бір-бірін қиып, іліп көкте ойнайды. Не керек бұйығылық – батыл келші. Торғайлар кетті аспандап лақтырылған тиындай шиырылтып. Сары толқын ұмтылды жүгіргелі... «Айдалада не керек сыбыр!» – деді. «Сыбыр тəтті болады, – деді жыршы, – сыбыр – сыр ғой жүректің түбіндегі». Сыбырлайды сары дала, сары, сары толқын ауыр бүктеліп жарысады. Тозаңы боп алқаптың ұшар дəурен, шыбын-жаның да ұшады – бəрі ұшады. Сыбырлайды төңірек, сыбырлайды, көңіл желі əр шиді бір ырғайды. Көк аспанда қос торғай шырылдайды, шырылдайды, бір-бірін ұғынбайды. Құр сыбдырмен мына алқап құтылмақ-ты – құйын жүрді, кенет, шаң-түтін жапты. Сыңғырады қос торғай күміс құсап, ал, төменде қос жүрек лықыл қақты...
ЕКІ КӨРІНІС Сирек бұлттар алалап қырат, қырды, бір көлеңке, бір шуақ лақтырды. Əр сыбысқа жапырақ құлақ түрді, бұрғы-құйын бір дөңге шаншылып ап бұрап тұрды бұрқырап, бұрап тұрды. Бұрап жатты бір жиын бір авторды, салды да айдап бульдозер, тракторды – жаңа жазған кітабын құлаттырды. Ал, далада қаскүнем құйын мəз боп қаңбақ-бөркін аспанға лақтырды. Ұрылмаған бір тұмсық тапты-дағы, бір авторды төпелеп жатты бəрі; (автор бірақ жастығын ап құлады...) Тренері атақты жас боксшы тегін жатқан тұмсыққа жаттығады. Мына сайтан, япыр-ай, қатты ұрады, ұрған сайын алысқа лақтырады, – көнек болған бетіңді қаП қылады... ...Құйын ұрған баласын дала қарты қара қойдың өтімен қақтырады. Құйын келген сын-ды əлгі, даладағы, көк өрім боп шулайды қала бағы. Бір сөз өрбіп бір сөзден, балалады: біреу боксер бүгінде, біреу – құйын, екеуі де қонбай жүр маған əлі.
ТЫНЫШТЫҚ Кім үзеді өзі əлсіз, жіңішке ойды? Тыныш дейді дүние, тыныш дейді. Бірақ шыңды бұлт болып буды қайғы, бірақ бұта дамылсыз судырайды. Қайнап жатсын миында мың іс мейлі – тыныш дейді дүние, тыныш дейді. Бірақ мың үн маңайға тарайды үдеп, күшік-бұлақ көк тасты жалайды кеп. Үй шатырын ай нұры күмістейді – тыныш дейді дүние, тыныш дейді. Бір көлеңке, бір сəуле – ала-құла, ала-құла үн берер қала мына. Ой шатысты оралып жабағыға, жел жығылды сүрініп балағына. Сары жапырақ бұтадан құлап өлді – қайдан болсын тыныштық бұл əлемде! БЕЙБІТШІЛІК МАЙДАНЫ Жұмыс дедік, бермедік тынысқа ерік, жүр-ау содан жүйкелер жіңішкеріп. Сілкіп сөйлеп, сондықтан жұлқып іштік, көңіл тілер, сондықтан бір тыныштық. Тыныштық па? Тыныштық қайда саған, мен де ізімді, деп жүрмін, Айға салам. Алыс арман, асығыс көп үмітті қуып жүріп талай тер төгіліпті. Сүйген жарға ішпей-ақ тиіс, інім, тыныштығын сол бұзса үй ішінің.
Жел мүжісе – қарт емен ормандағы жапырағының тозарын ол да аңдады. Тозбас үшін тоздыру кейде керек, айқын ойды – ашық сөз бейнелемек: кесім кестік, кетістік, тексерістік – бір тыныштық үшін біз көп соғыстық. Ерге жақпас болар ма ер кеңесі: ал, термеле дос, қасты термелеші, Күрес керек бір мықты, күрес керек тыныштықты қорғауға Жердегі осы! СӨЗ ОЙЫНЫ Мұрынымен мыңды жыққан мына ағаң ірілігін ұсақтықпен құраған. Қойдан құлап өлді ер жігіт, ал, қорқақ жолбарыстың жонын қыстап жүр аман. Ине орнына жүрмегенін өкпе ғып, өтпедік деп, күрсінді ағай, өтпедік. Жүкті поез жұтты біреу, ал, біреу майшабақтың қылқанынан кетті өліп. Түсінігі түйе сын-ды мықты адам бір лəм айтса – жұрт жылқыша ықтаған. Орман құсап өртенді ойшыл, күлегеш мақта боп-ақ өрт ішінен шықты аман. Гауһар іздеп дүкенінен түйменің, майдан ашар жерде талай биледің.
Ақ алмастар майырылған көп жерден жылпыңдығы өтіп кетті иненің. Қарғыс алған жігіт жұртты қақпайлап, айдаһардың құйрығымен жатты ойнап. Арыстанның азуына ат байлап күлген ерің əйеліне батпайды-ақ. Уа, ойнаңдар! қылжақ-тағдыр, ойнап қал! Бағы барлар, бақа мініп тойға аттан! Иегімен құдық қазып ептілер, түйе байғұс су ішіп жүр оймақтан... ҚАРА АҒАШ Бір сөйлеп ем махаббаттың тілінде, бүрсеңдеп ем Қара ағаштың түбінде. Бүгін көрсем – жалаңаш сол Қара ағаш, Қара ағаштай менің жаным жалаңаш. Сағыныш пен қалды өкініш аралас, Енді маған қара ағаш та арам ас. Жалаңаш түн, Қара ағаштар хақында жазу қалды қырық асқан ақынға. Қара ағаштар қайғысы ма, қара бас кетті ағарып. Жалған айту жарамас. Ал, Қара ағаш... судырайтын желге əлгі жапырағы жоқ, құп-қу бұта – сол қалды. Тіл мен таңдай ей, тақылда, тақылда, қыз хақында жыр қиыстыр – мақұл ма? Əрнеден бір тəсі қайтып бүгінде тоңған жүрек, жапырақтай дірілде!
Еріккен сөз, етегімнен ермеші, елім-тағдыр, енді бейнет бермеші! Уақыт желі, жүрегімді тербеші, Қара ағаш боп қартаяйын жерде осы! КҮРДЕЛІЛІК Абайласаң: ақымақтың бəрі епті, өзге жұрттан қылмыстылар əдепті. Ал, мынаның сөзі – құран, үні – иман: жылан да, əне, секілденді жымиған. Бір жаман ұл жанашыр боп тұр көпке, жақсы ойласа – жаманды да құрметте. Зұлымдық пен Ерлік – қалың том екен, Махамбет пен Ықылас жүр бір бетте. Уа, дірдекте! Ептілерді, ел күтіп, бақ, жан – жалаңаш, ал, қытықтат, қытықтат... Жомарт жігіт тырналайды қалтасын шыдам атты алтын пұлы бітіп қап! Шыншылдардан ұрылары əдепті, тау-қыраннан тарғыл мысық тəбетті. Бүйірімнен бір ызғардың табы өтті – жүрек байғұс салып жатыр əлекті... БЕС САУСАҚ Саусақ – бесеу. – Пəлі, шіркін, жарқ етті-ау бір жаңалық! Біреу, екеу... ал, санадық, санадық. Шалдар алды шашқа – қырау, сақалға – ақ,
«бірдей емес бес саусақ» деп мақалдап. Теңдік деген болмаған-ау оңды аса бес саусақтың өзі бірдей болмаса?! Саусақ бөлу, міне, былай басталмақ: «Ортан терек», «шылдыр шүмек», «бас бармақ». Бір қолдың əр саусағына ат байлап, саусақты да бөлген қазақ қақпайлап нені бөлмес... бөлуге əуес жұрт осы, анау – үйі, мынау жалғыз – күркесі. Бір-бір үйден. Ауыл деген – атағы, əр қабақтан түтін бықсып жатады. Қойы ғана дүбір салса түнде үркіп, жұлдызды аспан – жыпың қаққан мың кірпік. Тағдыр талай саусақтан ап бір-бір түп бұрап еді-ау бұ даланы шыңғыртып! Шыңғырып кеп көкке созған құлашын сонда шыққан дауыс па екен мына шың?! Сонда тұнған көз жас па екен көл анау? (Əй, обал-ау, обал-дағы, обал-ау!) Заман – шүкір. Сəби құсап шүлдірлеп, бөліп жүр дос өз саусағын бір-бірлеп. Жау жоққа – жау, жұтамасқа жұт арнап, өзін өзі бөле ме адам бұтарлап?! «Балан үйрек», «титтей бөбөк», «бас бармақ», бағың жанып тұр-ау бүгін аспандап – жұлдыздарды түртіп тұрған саусағың өз шекеңді бір түртсе деп аңсадым. Қайда бірақ... Маңда құрақ сусиды, өнерліден өсек айтқан қу сыйлы. О, бес саусақ! Тұмсыққа ұрар шегелеп жауың жоқта жұдырық боп не керек, Саусақ біткен біріксін де керемет алақанға су тұрғызсын деген ек...
КҮЙ Қысырақ па үріккен, саяқ па əлгі – дүбір салды бір нөпір, таяп қалды... Бурыл-шұбар топанын сай ақтарды – дір-дір қақты тізелер, аяқ талды. Мың балапан немесе талпынысып, жүз мың аққу жүргендей шалқып ұшып; Не қос ғашық сүйеніп бір ағашқа түк айта алмай тұрғандай алқынысып. Мың асау су немесе қарғып ақты, қарғып ақты, тау бұзды, жар құлатты. Перне басқан саусақ па, құдірет-ау, тұяғы ма əлде мың арғымақтың?! – Күн батқан шақ еді-ау ол, іңір алды, ың-жың болып бір дыбыс тұрып алды. Бір ақбөкен бөріден тірі қалды, бір жаралы жолбарыс ыңыранды. Сүгіретке айналды дыбыс, кенет, таудан аққан су сынды жіңішкелеп басталды да бір көрініс, бір іс демек... қорбаң қағып қос аю ұғысты ерек. Көргеніңіз жөн, сірə, Сіз алыстан: əне, сайдан шықты өріп жүз арыстан, – тістер андап, көмейлер қызарысқан, жүз арыстан келеді ыза қысқан. Тегеурін бе ең, япыр-ау, тепкі ме едің, мен де күшім көрсетсем деп тіледім: «Ой, жалған-ай», деуге əзер жетті демім – Жүрек-қолқам қозғалып кетті менің. Сиқыр самал секілді күй дегенің – ағытылды омырау-түймелерім.
Сүйікті боп кетті, лез сүймегенім. Сүй дегелі, бұралтып билегелі мен де аулаққа біреуді сүйреледім... АЛЬБОМ ЖЫРЫ Жанжалдың созады əйел қирағатын, келтіріп Хақ есімін, иман атын. Бұршақтап екі көзі бұлан-талан, жан бар ма бірақ соған иланатын. Күлкісін сұлулармен тыйғалы ақын əн аңдып, құлақ қалды күй бағатын. Қайтесің күлін шашып көне жұрттың өнердің өлген ізін сыйла, қатын. Қан жанып тамырларда қызыл маздақ, ол рас: қызыл көңіл бұзылды аздап. Өткіздік қызғанышты қызыл тұрмыс, қос жүрек қызыл жібін үзіп-жалғап. Емес ем тау мен құзға тоқтар ағын, ал, кейде шөп тастасаң – тоқталамын. Жеңілген секілдімін, өйткені мен əйелге де өкпелейтін боп барамын. Жотама бар күнəні шайқап артып Отырсың, пиғылың жоқ жай табар түк. Жай таппас пері-қанат періштеден сасса – сабыры бар сайтан артық! КҮЗ-КӨҢІЛ Гулеп кетті жел тұрып маңай тағы, Кəрі қурай ызыңдап əн айтады. Мойын жүні үрпиіп жетім торғай аяныш-сезіміңді молайтады.
Аспан тұнжыр, жел үні бір сембейді, кез келген бір қуысқа кірсең дейді. Алба-жұлба өңірін қаусыра алмай ыққа айналып бұталар бүрсеңдейді. Кірлеп кетті-ау мына маң, кірлеп кетті, жылғадағы лай су ірмек бопты. Кемпір-бұлттар үңіреңдеп ұршық созып, сұп-суық жаңбыр жібін дірдектетті. Ұлыма боти іздеп дүкенге еніп... су өтіп табандардан бүкеңдедік. Тұнжырап кетті маған қабақ біткен – аспаным бір айықпай бітем бе өліп?! Бір əйел біздің үйге жылап кірді, бір түйіншек қайғысын лақтырды. Бір сыншыны тартып ем шапалақпен, ол мені бір газетке сынаттырды. ТАҢҒЫ СЕЗІМ Көк бұлақ, əй, қусың-ау, қусың бұлақ Тыныштық сай, жырада тусын, бірақ Ну сыңсып, жатыр əне су сылдырап. Бұраңдап көк шалғынға еркелейсің көк бұлақ, əй, қусың-ау, қусың бұлақ. Жіп соқпақ ирек түскен жол ма тағы?! Сапардың ұзақтығын аңдатады, Тəтті үміт, алда, алда, алда тағы! Тағы бір адастырып кетейін деп соқпақ жол түсті иректеп алға тағы. Сылтауды дайындап ап бір өтірік, түстім мен, жол жаңсағын біле тұрып, тағы бір күрсінейін күле отырып, мəулет бер, ғұмыр, мықтап адасайын, тағы да естиінші бір өтірік.
ЖАУАП Əлдекімге қарау ой боп қонатын мені, мені ағартады қара түн. Таң алдында ақ періште құсаймын қыз-келіншек қырқып алған қанатын. Пəк жыр жазып өткізбек ем бұл айды – əлдекімге жазбағаным ұнайды. Қара сөзді ұнатамын, сондықтан көлеңкем де қара болып құлайды. Ұқпайсың ба? Мақұл, достым, бара ғой, менің тілім қанжар емес, ара ғой. Бағаласаң – көлеңкеме қарама, көлеңкенің бəрі бірдей – қара ғой. Ой, пиғылым, тіршілігім – бəрі ізгі, ізгіліксіз көп кісіден қара үздім. Үһі десем ақтарылып аузымнан аппақ-аппақ гүл түсетін тəрізді... ӨТІНІШ Көп кеңеске қатыстырма мені осы – кітабымды бітірейін келесі. Бір «қалқамен» үлгергем жоқ қыдырып, бір есерге қарыз ем бір жұдырық. Бар еді ептеп сыбап алар бір кісім, енді соған тіреліп тұр күллі ісім. Сені анада ренжітіп кетіп ем, сонымды əлі сіңіре алмай жүрмісің? Өкпе айтуым керек еді бір досқа, бір тəтті əзіл қарыз едім құрдасқа.
Саған! Саған айта алмаған сөзім бар – достар, менің ғұмырымды созыңдар! ШҮКІР, ШҮКІР! Нақ сол түні ақынға үкім кесілді, дар арқаны – бір қыл арқан есілді. Бір ат арба туарылды сол түні, бір айбалта суарылды сол түні. Үкім бірақ кетті айналып өлеңге, өлеңге, ал, дар арқаны – көгенге... Содан бері өлең жазам дегенде белгісіз бір толқу тұрды денемде. Ал, ат арба тезек тиеп жетті елге, ал, айбалта кетті айналып кетпенге. Бүгін еркін, есіп жырлап кеткенде шүкір етем: ондай қауіп жоқ менде. КҮМƏН Сонда сен бір сөйлеп едің нан ұстап – мен жазылдым. Ол күн кетті алыстап. Наныңды ұстап Мысыр бардың,
Шам бардың – саған емес, нанға сеніп мен қалдым. Тайғанақтап, əй, кеттің-ау, əй, кеттің сəуле құсап қырындағы əйнектің. Сөйлейсің ғой, білем, қазір аптығып сол баяғы жұртты жаманатты ғып.
Көзің – лай суындай боп өткелдің, білем, тағы сендіремін деп келдің. Хауа-ана бол, періште бол сен мейлің – нанды алдаған кісіге мен сенбеймін. ЖҰМАҚ БАҒЫ Хақ-тағала қатты еріккен шағында жүреді екен жасыл жұмақ бағында. Езуіне «Беломорын» қыстырып, жын-шайтанын жинайды екен ысқырып. «Қара дию сен ұш, – деді бір күні, – күзет анау пəнде деген жылқыны!» Дию ұшты; бірді азғырып, бірге ұрды – соғыс шықты. Əй, бүлдірді-ау, бүлдірді. «Ақ періштем, сен ұш, – деді бір күні, – түзет анау пəнде деген жылқыны!» Періште ұшты: бітті бəрі, тыйылды – соғысқандар салтанатқа жиылды. Сонсоң Алла... ол да ер-ақ кісі еді: диюлардың маңдайына үш елі қарғыс тігіп, қарқылдап бір ішеді. Ал, періште қанаттана түседі... Құдай болу неткен қиын іс еді!
ӨЗАРА СЫН Кешір, кешір, өзіңді Хақ-тағалам сəл əзілдеп, артынан ақтап алам. Бастығым бар – ол əзіл көтермейді, құрдасым бар – ол өзің атқан адам. Көңілдің келе-келе аңғарғаны: сын тыңдар сенен өңге жан қалмады. Не керек періштелер пері қанат, не керек сайтандардың сандалғаны. Өзіңнен мəулет алып батылдана кінə қоям – мақұлда, мақұлдама – «Сен-дағы құр атақтың құлы екенсің, құдай деген – қауқиған атың ғана» – деді ақын. Шапқа түртіп ұлыларды, өзінің енді оңбасын біліп алды... Сонсоң ба? Сонсоң аспан шатыр етті – əлгі ақынның бір шөкім күлі қалды. ТАУДАҒЫ НӨСЕР Ескі ұғымға пародия Аспан жақ боздап кетті, мықты-ақ қайғы, диюлар бұлт тасалап бұқпақтайды. Көпшік қып қолтығына қара бұлтты ап, əнеки, Əзірейіл барады ықтап. Соқты жел, асқынған бұл даң-дамайды япыр-ау, аллам неғып аңдамайды?! дегенше... садағын ол оқтап, əне, атқалы сайтандарды оқталады.
Қорқа ма – сайтанды ақыр ата алмады, күмбезін аспанның құр бақандады. Содан соң құдіреттен жоқ хабары бір жынды ұстап, шыңғыртып ноқталады. Ал, сайтан жүрген жақ тек шаңытады, – көзге жай сескенгенін танытады. Дірдектеп əрі тоңып, бұғып əрі бір тастың қолтығына тығылады. Содан соң жартылықтан жұтып, ұрттап, күледі Хаққа қарап сықылықтап. Бір жақта пері біткен шулап тағы, жалпылдап бұлт жыртылып, бу қаптады. Ал, сайда поп пен молда қақтығысып, өкіріп бір пайғамбар жатты құсып. Періште даңғырасын қақты асыға, жағынып жақтасына – саппасына. Иемнің қорқып мен де қаһарынан зып бердім бір сұлудың қақпасына... МƏСЕЛЕ Ұғыспау ма уақыттың алдында? Жо-жоқ, достым! Басқа мазмұн бар мұнда. Бір еркелік етуден де қалдың ба – жел де еркелеп аунайды ғой шалғынға?! Пəк көңілмен тосқан сайын жыр төсін көп адамның пиғылынан үркесің. Күзетшідей күйіп кеткен күркесі неге сұп-сұр саған деген жұрт осы?!
ҚОРЫҚ Сүйіп ем мен; елде болған екі айда ол да сүйген секілді еді, – не пайда қара кемпір қуды бір күн: – кет, əйда. – Осыны да қыз бағу деп атай ма? Ит байлайды – «жанды құлып» қояды. есігіне даңғыра іліп қояды: ей, тіршілік, кемпіршілік баяғы! Қыз қалды өстіп. Қызығы алды еңбектің. (Енді бəрін еңбегіммен жеңбекпін). Онсыз-дағы күзеті мол есікті бірер жұма күзеттім де мен кеттім. Кемпір қызын ат ізінен қызғанды... тағдыр, бəлкім, маңдайына сызған-ды: қызғаншақ жан дүниеден озды ақыр, бірақ ешкім жоламады қызға əлгі. Жұрт шошыпты, ақырында не шықты: аула айнала адыраспан өсіпті. Сол ғашыққа соғып едім жақында – кетік тісті кемпір ашты есікті. ШЕГІНІС Қошалақ құм маңдайында Күн тұрды, қабағыңда сенің жұмбақ мұң тұрды – Сол екеуін салыстырып қарап ем, жаным менің үркіп қалды бір түрлі.
Қошалақ тау қабағында бұлт тұрды – біздің үйге бұлттай мұңды жұрт кірді. Мақалдады сақалдары ауылдың – көздің жасын кірлі жеңмен сүрттірді. Ол бір күндер құмды өңірдің бар малын сен бағатын секілді едің. зарладың: дала – шексіз, бала – қыңыр, мал – асау, бəрін қосып «жетімек» деп қарғадың. Маған, маған... бауырында кешкі бұлттың өз атыңды неге ғана естірттің?! Қамқор түрлі... қорлық түрлі, түрлі адам – сабақ болды дей алмаймын бұл маған. Жесірлігің бұлдасаң сен, мен де, анам, «жетім» дегенді естідім деп бұлданам. ОРМАНДА Қайың-жеңге, алдыма қымыз қой да, тал-қарындас, сызылтып сыбызғы ойна. Орман-ана, кеңдік ет гүл-гүл аңқып, бір билейін Шілікпен мың бұралтып. Шілік-бикеш, – əр биі бір-бір алтын, – бұзып жүрген жоқ па екен, құрғыр, антын? Айнымалы уақыт қой, айнымалы; жастық шақ, махаббаттың қайда ылаңы? Оралғаным сонау бір кезден бері, содан бері соңымнан сөз де ермеді. Кеудем ғана шаншу мен салқын күткен, жігіт-дəурен алмасты шал-тірлікпен.
Деп ем, Қайың-жеңешем сый күтпеді, Тал-қарындас қайқайды – илікпеді. Бойы, əнеки, бір сүйем ұзын шығып, кетті билеп Шыршамен қызыл Шілік. Мұздай бауры жұқарған жылы ағын жеп, өксіп-өксіп, мен тұрдым, жылағым кеп. «Сорлы бар ма», – деп едім, – менен басқа – опырылып күлді-ай кеп емен қасқа... КҮННІҢ БАТУЫ Бір қария төмендеп тоқсанды өтті, қан шықпайтын секілді соқсаң бетті: өңі құп-қу, қураған шашы да аппақ, бірақ ол да бір сəуле шашыратпақ. Əттең, семген құр сүйек, құр сүлдері, кейін кеткен аяғы – жүрсе ілгері. Ілініп жүр тарамыс таяққа əлгі, таяп қалды-ау көкжиек, таяп қалды. – Ғұмыр берсе Тəңірі жүзін бұзып несі таңсық, кеткен соң қызу, қызық?! Тірлік берші, Табиғат, бейілді ана, бет қызылы біткенге дейін ғана... Саясаттан, құдайдан, діннен бөлек барып қалды батуға Күн дөңгелеп, Жалқын нұрын жаһанға құяды əлі – қызарады, несіне ұялады? Ұят па, əлде, қайғы ма, ыза ма əрі – қызарады Күн байғұс, қызарады.
Бір өкініш еткендей өртенеді, – батуға əлде бұл Күнге ерте ме еді?! Өкінейін, қайғы артып, ыза алайын, өшерде де бір мықтап қызарайын. Мен де жанып батуды қатты аңсайым, əрбір күнім алаулап батқан сайын. ЖАРАСТЫҚ Бірді сынап жүрген жұрт, бірді міндеп: қара қарға байғызға күлді күндеп. Бозторғай жүр – шиқылдақ балапанын уа, менің кіп-кішкене бұлбұлым деп. Қанден кімнен кем екен! Пілге үреді. көп мақтама, қой, ойбай – бүлдіреді. Салыстырсаң қарғамен бозторғайдың балапаны, шынында, бұлбұл еді. Атақ десе көңілге құрт кіреді, бұлбұлды əркім, сондықтан, түрткіледі. «Елге мəлім бұлбұлдың таңғы əуені, есектің де есімін жұрт біледі». Деп тоқылдақ бір жақтан дау шығарды; (дауға жарар оның да даусы бар-ды) Жас жолбарыс аулақта жатты жымып, кəрі түлкі айласын таусып алды. Шымшық айтты: «мені де біледі елім», «білгені ғой, – Үкі айтты – тілегенің?» Қарт жапалақ жармасты тоты құсқа «бір тапшы деп, сұлуым, жүрек емін».
Арыстан тұр ешқайсын кəріне ілмей, оған маймыл əрі дос, əрі інідей. Торғайша ұшты бұлбұлдар, қазша – қыран, ал, орманға аң-құстың бəрі бірдей. ЖЕБЕ Не бір еппен, алған жақсы, не бетпен – сөйлейінші тамағымды кенеп мен: эпос ері тірілді де кенеттен, сұр жебелі қарт садағын қолға алды. Намыстан-ақ өліп-өліп болған-ды, қыран құсап алыс қарап қомданды, адырнасын шірей тартып толғанды – мықты жауын жайратуға ниет қылды. Дұшпан қаптап кеткен шығар деп түрлі, Ұлытаудың ұшарына кеп тұрды. Оқтың ұшын Күнге созып кептірді Сонсоң тартып жіберді сұр жебені. Бұл кездің де ең жүйрігі – оқ еді, жебе ысқырып ұшып ала жөнеді, жолдағыға қатер-қауіп төгеді – құстар ұшты, тоғайлардан аң қашты. Тау мен дала, теңіз бен шөл алмасты – бəрінен де өтті жебе, алға асты, оқ екпіні зілзалаға жалғасты... уа, қалтыра, қалтыраңдар, дұшпандар! Айла-ақылы адамзаттан күшті аңдар, зауал туса оқтан жылдам ұшқандар! ал, ұстаңдар, тағдыр оғын ұстаңдар! Күн астында жебе сарнап ұшыпты.
Екпінімен желдің өзін ысытты. Ер атқан оқ қашан жерге түсіпті – тауыпты ақыр... бір бұралқы күшікті... Бітті білем бұл тақырып, ал, аға, сөзімді ұқсаң – бір жымиып бағала. Алтай аңырап атсаң-дағы далаға итке тиген оқтарыңды санама! ТАРАЗЫ Жақсылар көп. Енді өкінбей не етемін: көп жақсының көрмей өтем бет-өңін. Ғұмыр – қысқа, қысқалықтың қырсығы: жақсылықты түгел көрмей өтемін. Көп əсерден айыққанда алғашқы өкінішім – қуанышқа жалғасты: ғұмыр – қысқа, қысқалықтың арқасы: жамандықты түгел көре алмаспын. НӨСЕРДЕН СОҢ Бəлкім, мұңды хал шығар – тал көз жасын іркіп тұр. Көзі шатынап тамшылар əлденеден үркіп тұр. Маңай – сылбыр, сұрама – сылбырлықта мың түрлі: су ағады жырада сүт қатқан шай сықылды. Ала алмай тұр жел екпін – көкті кетті сүртіп кім?!
Түбі кəрі теректің сирағындай бүркіттің. Бір жасардың, жалған-ай; қайың-ару, хал қалай?.. Айыр інген – Алатау, боздап келіп қалғаны-ай. ОДА Заман – жақсы ертек бір, ертек жазам мен де енді: правосын еркектің əйелдермен теңгерді. Бос орынға жүр өтпей, арыз айтып, жыр ғылып, əйелінен, күректей сөгіс алған бір жігіт. Байқа, ойбай, құрысын, əйел деген тілді жұрт. Бөріктінің мұңы үшін алма үйіңді бүлдіріп. Əйел – ерді малданды, таңдап жүріп шалды алды. Əйел киді шалбарды, шал да киді шалбарды. Ақыл қашты, тұр, ұста, ақылсыз да ол киелі: Жүкті əйел жүр жұмыста, декретте – күйеуі. Мезгілдің мол жүгі тым – ауырсынба, қой енді. Сен алмадың, жігітім, Заман алды əйелді.
Ал, жасырдым тезірек, ұзап кетер сыр тағы; ана жақтан «өзі» кеп сезіп қойса – құртады. ДАЛА Құйын біткен адасып жүр далада. Тастар – шұбар, сайлар – ирек, дөң – ала; құм қаңбағы, ал, домала, домала! Дене сөніп табылғанша моладан «адам басы қаңбақ» дейді көп адам. Бəзбіреулер «доп» деседі жаңартып – жайлы тиіп жатқан тірлік жоқ одан. Мен – қазақпын, сайда бықсып жұрты қап, көшкен ел ем, енді таптым бір тұрақ. Бірақ əлі қызығамын құйынға, құйынды ойлар ұйтқығанда миымда. Кең пиғылдар кернегенде кеудемді глобусқа үңілемін мен де енді: аяп кетем, аяп кетем сонда анау қаласы көп, даласы жоқ елдерді. Неру – нағыз жігіт екен! Ерте өліп өкіндірер ерлер жайын шертелік: Күлі – Үнді топырағына сіңді оның елге деген махаббаттан өртеніп. «Əу» десем үн – тауға ұрды да, жаңғырық ытқып келіп маңдайымды қалды ұрып...
Мен – далама сіңіп кеткім келеді кейде осынау жаңғырықтай қаңғырып. ІРГЕ Кеудем – бір үй: Іші – дауыл, сырты – дау, күні-түні бір бұрқырау, бұрқырау. Етек-жеңім далақ қақты; бұ-дағы жел өтінде қалғандықтың бір түрі-ау. Көптен маған тиіп жүр-ау бір тұмау, буындарым, сенің ісің – сырқырау. Шілдеде де суық ұрды жанымды – көңіл байғұс, сенің де іргең жыртық-ау. АҚӨЗЕК БОЙЫНДА Тас төбеден төніп кеп Ай үңілді – Неткен сəуле жұп-жұмсақ, қайырымды! Көл езуі сылпылдап өсек айтар, байқап сырғыт, бала-дос, қайығыңды, Келе ме екен тербетіп ұйқы мені – көңіл байғұс бір бейжай күй тіледі. Түнгі дауыс, білесің, кетеді алыс, сезіп қалды... тыңдашы, ит үреді?! Ескегіңді суыршы судан енді – соңымыздан көп дыбыс шулап ерді. Мен де ерімін қаланың, сөкпе, досым, қызық пен қыз деп ұққан туған елді...
Əже байғұс жалқы үйлі жағадағы жалғыз қызын жарғақ боп баға ма əлі? Енші алысты дедің бе, Көзжақсының соқтықпалау деуші еді ағалары?! Сейіл құрдық, мақұл-ау қайтса да енді, бұл ауылға, сұраса, айт сəлемді. Пиғыл түзу, кеткен жоқ əзірге есе, құрдастарым, болды тек, əзілдесе: «əлі түнде жүреді мына ағаң деп, талай əсем қыздарға ұнаған деп». көңіл-көбең сондықтан, əлгі əзілге күле берсем – бар мақсұт, шыдаған боп... ШАРАП КЕСЕСІ Бір шындықты көргенде күйіп кетіп, ернеуінен кесенің сүйіп кетік – айналаға қарады ол, сол бір кесе жас жігітті жіберді биіктетіп. Бүйтіп биік болғаным құрсын дедім, құрсын дедім; қалды тек құр сүлдерім. Ойға – шындық, сөзіме нұр сіңгелі жаһаннамға естілді күрсінгенім. Шарап жұту болса егер өнер мықты, кесе жасар еді ғой көп ерлікті! ...Шарап бітті ішіліп, өлең бітті, көңіл, сен де қойсаңшы көбеңдікті?!
БІР СƏТ Жұлдыздары жымың-жымың күліп түн жібек нұрын шашып тұрды үміттің. Қашан еді, қай түн еді? – Ұмыттым. Зеңгір көктен қарағанда жылып күн біреу – маған, мен біреуге күліппін. Шын күлкі ме, кекесін бе еді? – Ұмыттым. Ей, ағайын, қартай, қайғыр, үміт қыл, үміт – тəтті, жұта-жұта құнықтым. Құнықтым ба, ашықтым ба? Ұмыттым. Əйтеуір бар тірі жүрек менде осы, үміт, тілек биігірек менде осы – ештеңені ұмытпаппын ендеше. ҚОҢЫР ТҮС Қоңыр шешем қоңыр кешті жамылып, көзін сулап, қалып еді қамығып. Қоңыр жолға түсіп едім мен өстіп – қоңырқай ой маза берер емес түк. Қоңырайып жатыр алда жол əлі – кеудем кейде қоңыр күйге толады. Қоңыр əнмен қазақ бесік тербетіп, өргізіпті-ау қоңыр-қоңыр баланы. Қоңыр күпі, қоңыр дала, қоңыр үн... қоңыр күймен өтіп жатыр өмірім. Қоңыр күзде қоңыр шаруа-күйбеңмен қоңсы қонған қоңыр қызға үйленгем.
Қоңыр-қоңыр күй тыңдап ем жасымда – шешем қалды қоңыр төбе басында. Қоянжонға қоңыр ымырт түскенде қоңырайып отырамын үстелге... ЕСКІШЕ Не сезінсең, сол жайлы ашық айту – болмайды. о, болмайды, болмайды. Емен болып біт, мейлі, қағаз етіп бүктейді. ой, бүктейді-ау, бүктейді. Аузын сүртіп күт, мейлі, жұрт көңілі бітпейді. о, бітпейді, бітпейді. Ойы тозып, ниеті іріп, төріңе озып отырып, Ией, күледі-ау өтірік! Өзі салып жараны өзі айналып жалады. əй, жалады-ау, жалады. Достық кетті оңай боп, дос деген – құр атағы. Көңіл күйің қалай деп жымиғаны – батады. Əй, батады-ау, батады.
ШАНШУ Ат мініп өскен аулақта, даланың ұлы ем деп мен де қараймын енді тау жаққа, жүрегім шаншып кеткенде. Аз көрдім деуге бола ма, астаналықпын деп мен де қараймын тұнып далаға, өкпем бір қысып кеткенде. Ел қойды мені кісі ғып, парызым өтер қанша əлі: содан өкпем қысылып, жүрегім содан шаншыды. ƏТТЕГЕН-АЙ Жыламсырап тұрып едің, тал-түсте мені тағы сендіріп ең нан тістеп. Күн астынан жел жүгірді бір ыстық – арамызға сөз жүгірді – ұрыстық. Иір-қиыр сөз қуып біз, сол маңда қайта ұғыстық, түн ортасы болғанда. Алыс шамдар ұғынысқан, ымдасқан жазып тұрған секілді еді бір дастан; бұталар да сыбыр-сыбыр сырласқан. Жер үстінің тірлігіне кір басқан тесіліп тек қарап еді түнгі аспан... Таң алдында қылыш құсап Ай туды. Серіліктен пері болдың айтулы – қағып өттің, тірлік еттің тым еркін, тағы кеттің сүйреттің де бірер түн.
Содан бері ызадан бір ашынам, содан бері қызарам бір, басылам. Қырқып неге алмадым мен желкеңді қайқы қылыш-айды алып қыр басынан?! САРЫ ТҮС Ағаш басы сарғайыпты – бар ма айып мезгіл жетті. Ойды ескіртіп алмайық. Жата-жата архивында ақылдың көп өлеңім қалған сынды сарғайып. Сары жел есті – сары бұта дір етті, сары күзің сары қырман күретті... Қас суретші бақытсызды салса егер сап-сары ғып қойса керек жүректі. Жапырақтың сары тілі, ал, əне сары көл бетін жалап-жалап алады. Сезген адам Нанның нағыз бояуын сап-сары ғып көрсе керек даланы! Сары жұртқа сара күйді шерте кеп, қарызымнан құтылмақ ем тер төлеп. Жасамақ боп алтын-жырды құм-сөзден сары қаламды қуып келем желкелеп. АҚ ТҮС Ақ деген не? Қиянаттан, тепкіден аман шыққан Ардың түсі деп білем. Сəл кірлесе күймен жуып жанымды, Алатауға – шыңға жайып кептірем – ақ бұлт құсап желбіресе сонда əлгі, жүрек аунап, жауар бұлттай толғанды. Дария Сырда қамыс шулап, Жайықта аққу-толқын қанаттарын қомданды.
Ерді асырап Ар, адалдық атағы ақ дүние мəз-мейрам боп жатады. Ақ дастарқан, ақ жаға, ақ көңілдің тек оп-оңай кірлейтіні – батады. ...Бір ақсақал ақ бата айтып қол жайды, ақ батаны жолдас еттім жолға əйгі. Ақ көңіл деп мадақтадым досымды, өйткені өзім ақ ойладым ол жайлы. Ақ тілеуім – ақ дастарқан боп шығып, ақ нан ұстап келді маған тоқшылық. Жырым – аппақ, жырды жазар парақ та ақ, көлеңкең де кейде ақ сынды... бəрі аппақ. Аспан аппақ, ақ бұлттарын жинады, ақ шыңдарға аппақ жаңбыр құйды, əне. Ақ нəрсенің бəрі əдемі, мені осы ақтай қалған қағаз ғана қинады. МЫСЫҚ ТІЛЕК Дана қартқа со заманда баяғы біреу келіп күнде қолын жаяды: «келер күннің бір белгісі жоқ əлі», – айтшы, қашан топан-тасу болады? Шөккен кəрі қайғы арқалап, шер теңдеп, алдайды екен күнде əлгіні «ертең!» деп. Жеткізбейтін қиял мініп тебінсең – ертең, ертең! Неткен алыс едің сен! Шыдамсыз жан қаусап, тозып бітті енді, белі – сұрақ белгі құсап бүктелді. «Қашан? – деді тағы бірде, – ал, қашан? бауыздаймын бүгін болжай алмасаң –
Кəрі суайт, сұрап тұрмын соңғы рет!» Шынымен-ақ қазам осы болды деп қарт қиналды; төгіле алмай мөлдіреп сақалына бір тамшы жас қонды кеп: «Бар жақсы адам өліп бітсе, сол күні шаяр, – деді, – бəрін топан толқыны; жаһанда əзір бір-ақ жақсы адам бар, сол құрыса – жер де өмірін тəмəмдар». «Ол кім екен?» Дүңк етті қарт: «ол – сен!» деп, «Ол – сен!» – деді, – сырт айналды кемсеңдеп. Əлгі жауыз өзі-өзіне кектеніп, сол сəтінде буынды да кетті өліп. Ескі əңгіме. Ескермесең – əрі жүр, əрі жүрші, қызыл иек кəрі жыр! Бір жақсылық жасады сол дана қарт, ал, жауызда обал болса – маған арт! ЕСКІЛІК Дүниеде «тозды» деген сөз қиын – айтпас едім: əттең, менің тозды үйім. Аттап қалсаң – батқан сынды дүр салмақ, еден-тақтай қиналады ырсаңдап. Ей, қызыл тіл, аңдап-аңдап сөйлеші, үй ескірсе – ескі жырдың бейнесі. Бір ескілік сезінемін. Өзім де ескі кісі секілденем кейде осы:
талай сырым бітті ескіріп ішімде, бітпей жатып ескірді көп ісім де. Осыдан-ақ шығар: күпі киіп мен, түйе мініп жүрем ылғи түсімде. БЕСТАРМАҚ Қара түнгі найзағайдың жарқылы өтетұғын сықылды мен арқылы. Содан шығар, содан шығар жарқыным: қара суға қайық салдым – қалқыды, қара сөзге сезім құйдым – балқыды. ҚАЗАҚ ...Сақалды адам санасыздау жөткірді, тіл ұшынан сөзі үзілмей көп тұрды. Сен, қасірет! Тілін буған шешеннің, қырғыш еткен алмастайын өткірді. Жұбандырар сөз жоқ па, əлде жан жоқ па – ұға алмайсың, біле алмайсың болжап та. Жігіт ұлы мерт болыпты осы үйдің – кебінді өлік – шымылдықта, оң жақта. Күйік қинап булығады əке өксіп; (күйік көрмей өссек біздер – қате өстік) қазан жақтан ана даусы шықты ащы: «сорлы бала, сорлы бол да жат өстіп!» Содан соң-ақ келді жұрттың сөзге əлі, жұбау сөздер бірте-бірте қоздады. Əр сөз бірақ сауулы інген боп ыңырсып, жетім бота болып əр сөз боздады.
Мақал мініп жатты ағылып ой легі, сөйледі-ай кеп шешен біткен, сөйледі. Жалтылдақ сөз мысал жегіп, мыс киді; сонсоң... «сабыр – сап-сары алтын» ғой деді. Өлген жұртты «дүниеден озған» ғып, жылатуға жарап жатты сөз барлық. (Бауыры бүтін жұрттың аузы алғыр ғой – жүрек түгіл сүйегіңді қозғарлық). Таңырқаман таным тұтса нені елім, бірақ бұны таң боп айтқым келеді: Қазалы үйдің жеті қызы бар еді, ешкім бірақ балаң бар-ау демеді. Тасқандық па, тасырлық па бет тілген – ойлай-ойлай алысырақ кеттім мен. Жаугер халқым ат мініп, ақ қылышты кім ұстаса – соны балам деп білген. АҚЫН Қып-қызыл бұлт қонды да тау басына, бір жарқ етіп ант берді алласына: «Шың мойнына орады далам мені, енді осында мəңгілік қалам!» – деді. Төгіп еді бір ақын жатқа жырды – əлгі таудан жүз бұлақ ақтарылды. Ақын айтты: «ел туды мына мені, мен де осында қалармын, сірə!» – деді. Сол-ақ екен бір керім төкті нөсер, алтын көсеу-найзағай көкті көсер. Ақырды аспан – тұндырды құлағымды, ақырды ақын – бұрқырап жыр ағылды.
...Нөсер тынды. Ақын жоқ – өтті, кетті, кетті ақтамай көп үміт, көп тілекті. «Жетпей жазды-ау ақын!» деп шулап бəрі сол ақынның ұрлап жүр шумақтарын. ҮЗІНДІ Бұлақ ақса не тулап, не тебініп, жаңғырығып ойсыз сай кетеді ұлып. Батон-белдер сарғайып күн астында ашып, пісіп келеді көтеріліп. Алатауды төрге алдық бір тұлға ғып – қарт сыйлаудың сыры осы қылпың қағып. Ашып-ашып жіберіп бұлтты аңғардан көл сімірді Бульба-шың мұртын малып. Жасыл теңіз – дастархан, қара мына: бауырсақ боп шоршиды алабұға... Жер жетеді: тұр, жүгір, жатып ауна, қыран көзі де жетпес бақылауға. Мен керілсем – бір қолым Алатауға тіреледі, бір қолым – Атырауға. Іле, Ертіс, Сыр жатыр аңқып ағып, ақын аңқып жыр құйды – талқыладық. Арман, Ардақ деп атап ұл-қызын ел, «Ақ желең» ғып күй шерттік, «Шалқыма» ғып. Дала жұрты мəрттікті ерте ұғыпты, содан шығар, жігіттің серті мықты, «алласынан» ары үстем; арыстаны мертіксе – Айға шауып мертігіпті.
Бір мақтанып таппасам көңіл емін, мақтануға батпасам – жеңілемін. Менің далам, дей берем, менің елім – бұдан өңге осы мен не білемін?! Дала маған сəби боп қал деп еді, мен есейдім ой етіп əлденені, мініп кетті қоңыр ат ымырт-қария, ақ боз ат жегіп, балаң-таң келеді. Соқты көңіл: мініп ап от-күреңін қос бүйірін мезгілдің тепкіледім. Кентауда маңдайымнан шыққан терді Қарағанды желіне кептіремін... АРНАУ Əңгімеңді бұзса жыр мен əн бұзып, отырсаң-ау көңіл түлеп, қан қызып. Хрустальдар сыңғыр қағып, қойсаң-ау досың саған, сен досыңа алғызып. Омырауды ағыттырып салқын бақ, сөйлессең-ау екі дос боп аңқылдап. Ауық-ауық жылытылса тоңған ас, күй шертіссең, ауық-ауық əн тыңдап. Төре екеу, жыршы да екеу деп ұғып, қойын дəптер ақтарыссаң төгіліп. Ол – кешірсе сенің кешіргеніңді, бас изесең ол ұққанды сен ұғып. О, тіршілік! Жетім шыбық мен бастан, жел өтінде жырлап келем талмастан.
Көңіл қайтты күліп сөйлер жолдастан, бір бармағы ішіндегі көп достан! Желпінейік: алдыршы бір жарты арақ, білесің ғой, бұ сабазың «тартады-ақ». Кінəң бар ма – ашық көтерт, арқалат, ал, менде сол адал көңіл, нар талап. Сен де ашшы анау балконыңды, əйнекті, шүкір, тыныш, ұрыс бітті, қайғы өтті. Домбыра əкел! Қалықтасын əн құстай, бір кешімізді өткізейік аңдыспай. КҮЙЕ Екі бала келді маған бір күні: От бүркеді біреуінің кірпігі, біреуінің жанарына жас тұнған, екеуі де асқынған. Бірі – шағым, екіншісі соқты дау: – Мынау, – деді, – күйе жақты, – Жоқ, мынау... – Кірпігіңді келмей ме, дос, кептіргің құрдасыңның көз-отына? – деп күлдім. Біреуі айтты: – Ақтама, аға, ақтама, күйе жақты, міне, қара, қап-қара. Сонда аңғардым: біреуінің беті айғыз. – Мұны, – дедім, – ұят, ұят атаймыз. Сонсоң сүртіп əлгі күйе-бажақтың қақ жартысын ана балаға жақтым. Сонда екеуі мəз болысты. бəрі əйгі: Күйелілер – бөліскенді қалайды. Тазарған жоқ ешқайсының жүзі одан... содан өзім əлі күнге қызарам.
МЫЛҚАУ Ың-ың етті. Екі қолы ербеңдеп, төсін түртті сұқ саусағы «мен», «мен» деп. Бұдан өңге түк ұқпадым мен де емге – қиналды əлгі; Қос жанары телмеңдеп тамып түсер тəрізденді. Ол əлі көп-көп сөзбен көңілін айтпақ болады. Иегін сəл алып бір сəт жоғары кеңірдегін кертіп тұрып соғады. Содан өзі үрей тапты. Сол адам қашып шыққан жанға ұсады моладан: Əңкүр-Нəңкүр қыл бұрау сап сабаған, не бір үйір сайтан қуып қамаған. Хат-қабат боп шөгіп кеткен тар маңдай жосыған тер, жаға-жеңі малмандай. Қиналды екен, шіркін, шыбын-жан қандай мың бір дүние мылқау болып қалғандай, – шарпып өтті маңдайымды бір ыстық, Біз əлгіге қарамауға тырыстық. Татымайды-ау, дедім, тірі жүріс түк тілдің өзін бермесе алла дұрыс қып. Бір сəт, бəлкім, ұғысармыз деп біліп, қан-тамыр боп қос самайды тепті үміт. Жоқ, болмады. Бетті бір жел кептіріп, автобустың іші, кенет, кетті ұлып. Көңіл біткен құлазыды – не амал бар, амалсызда ақыл да жоқ – соны аңғар.
Аянышты əсер береді екен ғой бірін-бірі ұға алмаған адамдар. Көзі жасып, сөнді сонда беті оның – мен жасыдым: жарып сөйлеу не теңім! Кещеліктің кесір халін сездім мен, түсінбеудің түсіндім не екенін. Оу, ағайын, тіл жоқтықтан болмас та пиғылыңды жеткізе алмау жолдасқа. Əркім мылқау – тілін ешкім ұқпаса, сен бір басқа топшылайсың, ол – басқа. Батты маған осы ойлардың тізесі қатты, құдай, мылқаулықты түзеші. Ынта бар ма өзгені ұғар? Ал, кейде ұғындыра білеміз бе біз осы? Балай алман Сізге мылқау шалды мен, мағынасыз емес бірақ əңгімем. Алдымен біз қинамайық мылқауды, тілі барлар, ұғысайық, алдымен! ТІЛЕК Ей, шөпбасы, шөпбасым-ай, шөпбасы, үп еткенге елпең қақпай, тоқташы. Жаяу-құйын, өрепкімей қоя тұр, сен де, өкпек жел, өтірікті соқпашы! Тіліп айтар тектім болсаң – топқа шық, уа, топқа шық, алайықшы бетті ашып. Көлеңкелер, намаздыгер шақта осы, сен де жоғал, қараң-құраң боп қашып.
Доп сенде екен – ал, ұра ғой, қақпа ашық, командам жоқ қарсы ойнайтын жақтасып. Күнде бүйтіп шыжғырғанша шоқ басып бір-ақ өртеп бітіретін жаққа шық! Шуақ өпкен күнгей жақтың көк тасы сен екенсің – бет жылтырын сатпашы. Сақтар болсаң, жалғыз ием – жалқы елім, мені осынау жылтырлардан сақташы... МАҢДАЙЫН ОҚ ТЕСКЕН КАСКА ТУРАЛЫ ЖЫР «Көру керек, көру керек келгесін», – қарт күрсінді у-шу болып кеудесі. ауыр тыныс алдым білем мен де осы. Қадалатын сықылды ғой оқ түрлі, оқ ізіне қарап біреу көп тұрды. Тітіркендім, шымыр етті маңдайым, біреу менің көк желкемнен жөткірді. Кім қалды екен жауған оқтың астында?! көзі болса батар еді тас мұңға! Кім киді екен мынау темір телпекті? Тағдыр оғы, ей, адамды басқа ұрма! Майдан десе ораласың сен еске: ер бейнесі, ал, елесте, елесте! ...Сол бір жылы Москваның түбінде менің əкем киген каска емес пе?! Қайықшының қолы неткен көк еді, көк каскамен қайық суын төгеді. Оқ ізінен су шүмектеп кетеді жанды үркітіп, шошындырып денені.
Сөз ажалы таңдайынан деп еді, ер ажалы маңдайынан деп еді, «...ерлікпенен қаза тапты» деп еді – көз алдыма «қара қағаз» келеді. Сүйір тілге кетті бір сөз орала: «мынауыңыз обал, дедім, обал, ə? – Соғыс өлді, ер тірі ғой, ер тірі, бас киіммен су төгуге бола ма!» – Мас қайықшы тіл қатуға ерінді, кіржің етті: не сыбады, не күлді?! Сонда маған қолындағы каска емес, бас сүйегі секілденіп көрінді. Аруақты қадыр тұтқан жұрт едік, аза салдық қара аспанды бүркеніп, «не боп кеттік», – деп күрсіндім салмақпен... айқай салдым – үнім шықпай қалды əттең! КƏРІЛІК Күрсінді ата – кəріліктің қайғысы шығар дедім, күрсіне ме жай кісі? – Жоқ, – деді ол, – ішті жалап барады бір жүйріктің алынбаған бəйгісі. Күрсінді ата – түртеді екен не түлен, бұлар, – дедім, – қайғырғыш-ау шетінен. – Жоқ, – деді ол, – бұдан елу жыл бұрын бір досыма жалған айтып кетіп ем. Күрсінді ата – түртеді екен не түлен, бұлар, – дедім, – еріккен-ау шетінен. – Жоқ, – деді ол, – сұрағанда қиылып бір жеңгеме белбеу бермей кетіп ем.
Күрсінді ата – қасіреті бойдақтың шығар, – дедім, – уақыт бар: ойнап, күл. – Жоқ, – деді қарт, – баяғыдан бос жүріп шөбереме құда түсіп қоймаппын. АЛТЫ КАРТА Балта түсті, мəткең бар ма – соқ, қане! Бір соғарға жарайтын күш жоқ па əлі?! Қызды-ау ойын, қызды, қызды, əй, қызды – көзір алты ұрып алды жай тұзды. Бітірмейді желке қасу, жөтел түк, əне сегіз, қосқан екен – кет ертіп. Біреу, міне, тұздары бар кісіге жер тістетті жетілікпен көтертіп. Тұз құлады тыраң асып табыстан, король жатты бастан дəурен-бағы ұшқан. Балта жүзі мұқап қалды, даманың тырнағы өткір екен барыстан – бүрді-ау бəрін, бүрді кенет, əй, бүрді: ондық күлді, қарға тоғыз қайғырды. Король біткен тақ-тажынан айрылды, балталар да баққанынан айрылды. Кеудең қаңырап бос қалады, жан ұлып, теңселесің қарға-қанат жамылып. Қызыл табан – тамып қалған қан сынды балта мұрнын қанатқанда дама ұрып. Жалт-жұлт етті көздер бейне жай тасы, мықты екенсің, қызбай ойнап байқашы!
Махаббат деп мақтағаның бозбала-ау, дамалар мен балталардың шайқасы. Жеңу, жеңу бұл ойынның бар мəні, əйтеуір бір жеңу – көптің арманы. Мен де ойнап ем – қолым жөнді шықпады, сондықтан да қарсы жағым мықты əлі... ЖОЛ – Қайда тарттың, қара жол, алдау ма əлі бас қайғың? – Сүйе білген жүректі суынуға бастаймын. – Өртеп үміт, қайғы ішті, талас құрам десеңші, тағы да бір байғұсты адастырам десеңші! – Адал мақсұт мендегі, түсінігің неге ескі? Сенен өңге пендені адастырған емеспін. – Жөнел онда, қара жол, мен де сенен түңілгем. – Ескілікті жаңамен Жалғамақ ем бүгін мен. – Баста, ақ жол, ал бізді, көтерейік еңсені. – Күйеу алған сол қызды, сүймейді əрі ол сені.
– Досыңа апар онда əлгі, сырласайын бір түн мен. – Досыңа бақ қонған-ды, шошып жүрер күлкіңнен? – Шарапқа өзім сенбеймін, ал, əсері – əдемі. – Оның жөні келмейді. тағы кімің бар еді? – Қарауытып жолығар, құрсын қолды қысқаны – ақылы бар, жөні бар, бірақ ол бір дұшпаным. Мысқылы ащы, көңілді, тəңір соққан бір бет қып. – Жаңа таптың жөніңді, ал, бастадым, жүр, кеттік! ЖАҢБЫР Жаңбыр жауды, хал мүшкіл, көлік сирек – кешіктім. Алқынып кеп жабыстым тұтқасына есіктің. Үсті-басым су болды – жаңбыр жауды бір күні. Сонда маған түйрелді бастығымның кірпігі. Көзі от шашты сұр-сары, жаңбыр жауған денеге найза болса – бір сəрі, кірпік деген немене елемедім, бас салып мақтай бердім мен оны.
Махаббатың тасса анық бастықты да жеңеді. Шықпады үні, не демі, мен бітірдім бір істі. Жеңілді ол, себебі: нахалсың деп ұрысты. Нахал деді, денеме қуат бітті он есе. Нахал деген немене, жағымпазсың демесе. Бүгін менен жалғыз да отыр ағам таппай мін... Не жаңбырды жауғызба, не бастықты мақтай біл! Күнде жаңбыр болмайды, кешікпейсің күнде сен. Ісің бірақ оңбайды «нахал» бола білмесең. ҚАДЫРҒА Сен сыналдың, бір апта ойлап жүрдің сол жайлы. Сені сынар бірақ та жиын – күнде болмайды. Сүймесіңді – жолатпа, жалғыз-ақ қал сен мейлі. Көп ішетін қонақ та күнде саған келмейді. Шыдау – сенің міндетің, бұлшық ет боп пісіп, қат. Жақсы бастық күнбе-күн жатқан жоқ қой түсіп қап?!
Аңырма, Ақыл, түңілме, Ес, Қайғы ойлама, қайран Бас: күнде тұлпар сүрінбес, есек күнде бəйгі алмас. Бұ да қызық шақ шығар сүлгі айтса ту жайлы... Күнде өлмейді жақсылар, жаман – күнде тумайды. Сөйледі деп бір шірік керегі не күрсініп. Жаман емес тіршілік, жаман емес тіршілік! А...ҒА Тағдыр сені тоқ қылды, торықпа, дос, мықты бол. Құшып ең бір шоқ гүлді, тікенек боп шықты ол. Құмай ғой деп мөлитіп асырап ең бір итті, төбет болып ол итің өзіңе үріп тыритты. Суып кеттің, – бұ да анық, – суындырмай қойды ма: жібек тағып сыланып кірген жылан қойныңа. Ерегіссең ал енді еліңе жүр, тоқты бақ. Хайуанат көп əлемде, сендей кісі жоқ бірақ.
ЭКСПРОМТТАР Мыңқыл қақты-ау мынауың жинақ болып шыққанда. Тұмсығының тұмауы өлеңіне жұққан ба?! Иықтасып бір ермен бүгін де ішіп кетулі. Шашын жайып жіберген долы қатын секілді. Биік – ақын жағасы, балақтан ал, күшігім. ...Мынауыңды, ағасы, ең алдымен кісі қыл. Мен өзіңдей мықты емен бұлбұл жасар шымшықты... Бір түртіп ем нүктемен – «омай» деген үн шықты. Жүргем мен де көрінгенге қол жайып, байқа, жырым, мақтанғандай болмайық. Қара қызға ғашық болып бір күні қасіретінен кетіп едім сарғайып. Мына баспен көпті көрген, көп білген құтылмадым, тағдыр, сенің тепкіңнен. Күйдім бір күн сары қыздың отына, содан бері қап-қара боп кеттім мен.
Саған жігіт жетер ме деп қояды, досың сені бекер демеп қояды. Қайрап-қайрап бір қаттыға саларда балтасың деп көтермелеп қояды. Балта болсаң неге бұлай ұстайды? Ұрғаныңнан ұшқын неге ұшпайды? Қайрап-қайрап сені достар, о, қорлық, кей күндері... қарындашын ұштайды. Жұрттан артық, жəне тең – дəнің бе бұл, көктемім? Қоңырқайлау жан екен дəн секілді моп-момын. Көп гүл өсті далаға – көбін мақтап бітірдік, Қанағат, жұрт, қанағат, ей, шүкірлік, шүкірлік! Көкте, қалқам, гүлде қыз, ендігі ісің – Хаққа ауған.. Күндесеңіз күндеңіз, күндеу артық мақтаудан. АНА Мезгіл жақсы, тұрмыс бірақ күйгелек, күйгелек қой көңіл шіркін – күй керек. ...Апыл-ғұпыл жаға, жеңін түймелеп күнде шығам кішкене ұлды сүйрелеп.
Менің үшін басталады жаңа күн қыңыр-керіс, қыңқылымен баланың. Əрбір күннің жаңа мақсат, жаңа əнін бала болып бастайды екен заманым. Содан сəби үні, ұнат, ұнатпа – кешке дейін кеп тұрады құлаққа! Бала-бақша екі аттам жер,
бірақ та жүретұғын сықылдымын бір апта. Ылғи бала сүйреген жұрт, күл мейлің: бірінің де аты-жөнін білмеймін. Бірі менің тон, бөркімді күндейді, ал, бірінің күлкісін мен күндеймін. Күнде көрсең жөңкілген ел-топ əлгі, қайсы жүздер бір жалт етіп жоғалды. Тек оқшаулау жүретұғын қарт ана көз алдымнан сол өшпейтін боп алды. Үсті бүтін, жүзі жылы, тап қайғы жеп тастаған адамға өңі жатпайды. Əлденеге ынтық жандай ындыны, ынтыққанын алуға, əттең, батпайды. Əлде бөтен құпиясы бар мұның? тұңғыш сездім ақыл-ойдың тарлығын. Сөз емес-ау «не жетпейді» деген сөз, осы сөзде – кедей пиғыл, жарлы ұғым. Соны ойласам əлі күнге дір етем; сол жолы ана маған қарап тұр екен. Сəлем бердім. «Балам, – деді, – үйге кір, қазақсың ғой, парызың бар, жүр, өте».
Неткен парыз? Алжыған-ау деп мүлдем, үйге кірдім, түк түсінген жоқпын мен. «Осы жерде қартайдым мен, – деді ана, – қайырымдының жолын тосып көп күннен». Содан кейін сəбиге айтты: «күлші, ұлым, үйірілші, менің титтей ұршығым. Айқай салып шапқылашы, күлші-күл, ал, мен шегіп алайын тек бір шылым». «Ойна, ұлым! Жүгір! Секір! Тұр! Атыл! Тасқын-күлкі, тау-бұлақтай құлатыл. Бір шаңытсын едені бұл тұл үйдің, қалсын үнің қабырғада мына тұл!» Толғанды ана. Ыңырсыды, ол енді жатқа оқыды бір дастанды көлемді... Тар үйде өсіп қағу көрген тентек ұл ескі еденді дүрсілдете жөнелді. Жан ауырды. Сол жанымды – мені емдер, ана мұңы, маған жалғыз өлең бер! Онда не тұр, жалғыз екен бір кемпір, соны сөз ғып не табасың демеңдер. Мысқал ойды, қалам, теріп ала біл, сəби үні, қабырғада қала біл. Бала жетім болушы еді бір кезде... батты маған жетімдігі ананың.
РОМАНС Бұлақ асып аққанда шарасынан, сені көрем жапырақ арасынан. Өткінші екен о күндер – келді, кетті, сезімді тек мұңды етті, мөлдір етті. Бұлақ мөлдір, сыр терең, жан асыл ма, көкірегімде сен мəңгі қаласың ба? Сондағыдай əлі ойнап барасың ба, мен көрмеген бір бұлақ жағасында?! Бұлақ асып ағады шарасынан, сен қарадың жапырақ арасынан. Жасыл толқын бүктелді, жұмарланды, мен жыр еттім бітпейтін бір арманды. Көз алдымда сол бейне тұрар мəңгі! мен бе, сен бе, бұлақ па – кім алданды? Мың сан толқын əкетті мың арманды, мың арманның орнында бір əн қалды... ХАБАРШЫ Жаңалық! Жаңалық деп аттан салып, жаңаны жұрт со күндер қатты аңсады... Қара жел, ақ қар жайлы Блок толғап, туа алмай «Он екінің» жатқан шағы. Қара жел.
қараңғы түн, қараңғы адам – шақ еді шапақ əлі таралмаған. Қараңғы көшелерде көлеңке еріп, етектер қара желге далаң-далаң.
Тек қана Смольный жаққан шамын Күпінген көкіректер... мақтаншақ үн. Жалғыз сөз бар ауыздан бір кезде ытып, бір оқты «Аврора» атқан шағы. Дүние күтті, бір сəт, тынып қалды, тұрғандай есіне алып ұмытқанды. Солқ етті «Аврора», жанды бір шоқ – қара түн бір жарқ етіп қалды, алды да тітіркентіп суық талды, қара жел қара бұлтын қуып салды. Дүние, тамшыдай тұн, сəл шыдай тұр, хабаршың келе жатыр... жуық қалды. Қарбалас, əрлі-берлі жүгіріс, нақ жүргендей əлдекімді ұрып, ұстап. Сол бір түн ұзақ болды деседі жұрт, ақынның, керісінше, жыры қысқа. Күзетші, қайтатын күн бүгін есең, қарашы қараңғыға үңіле сен. Мың лақап таратуға дайын əлем, бір хабар күтіп отыр ұлы көсем. Жазар ем тоқ етерін қыздырып мен, ал, оған асықпаймын: үздігіп бол. Алғашқы хабаршысы ед үкіметтің, – қиын-ау ол түгілі қызды күткен. Смольный. Күту, күту, күту əлгі... тырнағын тінтіп біреу шұқыланды. Жеңіне бір əйелдің басы құлап, желкесінде орамал-шыты қалды. Топылған гу-гу етіп халық бірақ, естімейді ештеңені анық құлақ.
Қадалған көше жаққа көз байғұстар маңдайдан кететіндей талып құлап. Əнеки, көлең етіп өтті біреу, – жөн шығар көздің мұны өткірі деу. Желкеде еріген қар табанға өтіп, арса боп азып-тозып жетті біреу. Ду етті халық кенет, шегінді де түйдек боп көше жақтан төгілді кеп. Жаңағы суреттеуім – жаңсақ екен, мына алаң одан гөрі көңілдірек: қара емес, желдің өзі қызыл күрең, қара емес, түннің өзі қызыл күрең; сұр емес еріндері тоңғандардың, бір елес өрілді енді қызыл күрең. Жүзінен алабұртқан танып бірден – Хабаршы, хабаршы! деп алып кірді ол. Не хабар екен өзі? Бірақ ешкім болмады топтан оны анық білген. Сол топтың, Қызыл топтың екпіні ұрып, əлгі адам Ленинге кетті кіріп. Ең ұлы хабарлардың əлемдегі ең ұлы адамға кеп жетті бірі. Алдайтын мезгіл емес жасты мансап, құм құсап шөліркеген тасқын аңсап. Басқасын қоя тұршы, сол адамды Ильичтің өзі сонда тосты қанша! Революция! Дауылдың екпіні өзі, Революция! Аялдар жоқ мінезі.
«Рақмет, жолдас!» – депті Ленин сол сəт дүниені осы екі сөз кетті кезіп. Бақыттың жетіпті өстіп шабарманы, (дəл ондай шабарманның жоқ арманы) «Алынды Қысқы сарай!» – Осыны Ильич Советтер Съезіне хабарлады. Бір туды тікті уақыт мəңгілік қып, сол туды əлі адамзат əн ғылып тұр. «Алақай!» «Ура!» – деген дауыстарға бес құрлық орман, тауы жаңғырып тұр. Үш қабат Смольный қақты күлім, тасыды шаттық үні, – аптық үні. Оқ тиген жапалақтай жалп-жалп қақты бөріктер лақтырылып, лақтырылып. Тосын күй шалынды адам құлағына – бөріктер, атыл, атыл; құла, құла! Ішінде көп бөріктің бар-ды сонда қазақтың баулы түлкі тұмағы да. Қызыл ту! Қызыл болды неге түсі – емеспін оны ұқпайтын көне кісі. Сол түннен туды дейді жұрт кей кезде Александр Блоктың «Он екісі...»
ШУАҚ – 1980 ТУҒАН ЖЕР – Туған жерің қай жер, – деді, – жаңа ақын? – Ол жерде де аспан мен күн болатын. – Туған жерің қай жер? – деді бір келіншек күлегеш, – Қара жер! – деп жауап бердім, – су емес. – Он жылдықты қайда оқыдың? – деді ер бір, – Мектепте! – деп толқыдым мен, –
оқытқан-ды өз ісіне ұсталар... – Ауа райы қандай еді ол жердің? – Жауатұғын жазда – жаңбыр, қыста – қар, бұлттар маңып жататұғын биікте, бар еді онда бұралқы ит те, киік те. Шөптің басы сыбдырлайтын жел ессе... – Барлық жер де дəл осындай емес пе?! – Міне, – дедім, енді дұрыс ұқтыңыз, Қайда да бар ойлы жігіт, мықты қыз. Отанның қай жеріне де күн мен ауа тарайды, Қай төбенің аспаны да арайлы, Қай төбе де туған жер деп мақтануға жарайды.
ТОҒАЙ ЕРТЕГІСІ – Жемсау бар ма бұлбұлда? – Сонау-сонау өтіп кеткен жылдарда бір қарғадан сұрап жатты бір қарға: Қара қарға сұрады ала қарғадан, ала қарға сұрады ұзақ қарғадан. Бар есуас қанат қақты қарға боп, Қарға болып қарқылдады бар надан: – Жемсау бар ма бұлбұлда? – Сауалға осы жауап іздеп бəр-бəрі, тоғай кезді, көң-қоқырды шарлады – таппады ақыр, қарға шоқып қарғаны, бірін-бірі қарғасың деп қорлады. Бірін-бірі қарғасың деп қорлаған, бірін-бірі жорғасың деп арбаған, қарға ақылды бола ала ма қарғадан, қарға қайдан озушы еді қарғадан! – Жемсау бар ма бұлбұлда? – Бар! – деп қалды əлдекімнің дауысы, – Бар! Бар! – десті жаңғырығып тау іші. Шулап кетті орман, дала: «бар», да «бар», Бар! Бар! десіп қарқылдасты қарғалар. Қуаныштан бүйір бүлкіп, ет қызды: Қара қарға – ұзақтарға жеткізді, Ұзақ қарға қуантты ала қарғаны, «бар! «бар!» десіп шуылдасты бəр-бəрі. Бұлбұлдардың тегі – өнер ғой, ал, осы қайдан шықты жемсау деген «бəлесі?» «бар!» «бар!» десіп «бар» да «бар» – Неге мұнша қуанады қарғалар? Бұл сұраққа жауап беру жеп-жеңіл, Осал жері бұлбұлдар мен пенденің: Жемсау! (Қарын!) Егер бұлбұл бітеу болса, бір үміт Үзілер ме еді, қарғалар Қарқылдауды қояр ма еді түңіліп?!
Ал, жемсау бар. Онда не тұр? Қатқан іш Жібімейді – тағдырлар тым жатты алыс. Бірақ, бірақ, титтей болсын, бұлбұлдың Қарғаларға ұқсағаны – мақтаныш! «Бар», «Барр!» дейді қарға біткен тоғайдағы, түздегі, «Қар», «Қарр!» болып естіледі бізге бұл. Кещелер ғой түсінбейтін ым-дымға Қарға жұрты түсті сөйтіп дырдуға. Əттең бірақ... Қарғалардың білмегені-ақ жақсы еді Жемсау барын бұлбұлда. ТАУЛАР МЕН ТӨБЕЛЕР Таулар тұр асқақ, Осынау дала, мына алап Тұрғанда аман талай тауларды туар-ақ. О, титтей менің төбешіктерім, не керек, асқарлар бізді менсінбейді деп кінəлап?! Шыңдар тұр асқақ. Логика, бүтін ес үшін: аспанда тұрып асқақтамаса несі шың! Ақ бұлттан əрі асырып тұрып еңсені, ойлашы, не үшін менсіну керек ол сені?! Асқақта, шыңдар, алыстан да аттап ас əрі, тастың да қалам өскенін көрсем жасарып. Асқақтап мен де мақтанам кейде жатып кеп, ақ шыңдар, саған сиынудың өзін бақыт деп.
ҒҰМЫР ЕРТЕГІСІ Ан-тало-ги-ялар ғана басатын бір əдемі жыр оқыды жас ақын. Меніңше,
автор қасіретті жүрегінде кілкіген Шатастырып алыпты, əттең, күлкімен, Өйткені, жұрт сықақ екен деп сəтті Əлгі өлеңге мəз боп күліп оқсатты: «Ойын арзан, күлкі қымбат» емес пе?! Ол өлеңнің сөз, ұйқасы жоқ есте, ал, мазмұны мынадай: Зоология мұғаліміне бір шəкірті ұнамай, берді соған сұрақтың ең қыңырын, – Айтшы, – депті тышқандардың ғұмырын, тышқан осы қанша жасап өледі?– Оқушының тілі сөзге еп еді, Орнынан сəл көтеріле түсіп паң: – Мұны сұрау керек, – депті – мысықтан! Сол жыр менің салқын қанымды ысытты, Сол жыр əлі жүрегімді қысып тұр. Сол жырдан соң жауыздық боп көрінді, бүкіл болмыс-тіршілігі мысықтың. Қалай? Неге? – Аш күшік боп бұл сұрақ ірге жақты тырнап жатыр қыңсылап... Неге? – дедім, тым мазасыз бұл «неге» – Тышқандардың қанша өмір сүрерін, расында мысық қана біле ме? Неткен ауыр тағдыр еді! Марқайып, жыр жазғанша, ақын сен де тарт айып. Ғұмыр ма екен тышқандардың ғұмыры Тым құрыса, өле алмаса қартайып! Неткен сұмдық! Жəндіктер де тірі жан,
тірі жанды тірілерше ұғынам: Жүрек байғұс тулап ұрып, ұшып тұр тышқан құсап алдындағы мысықтың. Тұла бойың шымырлайды! Қағып тастап кекілді, Мына өмірде бақыт тауып не түрлі, Сенің бүйтіп жүргенің де жігітім, Əлдекімнің тоқтығынан секілді... Адамдардың орта жасын есептеп Жазылған том жүк болардай есекке. Бір елде – елу, Бір елде – алпыс, бір елде Қатысты екен еңбек, тұрмыс, жігерге. Керегі не бал ашып: ақ сақалы Кавказ – шыңмен жарасып Отыр қария жүз алпыстан əрі асып, Жүз отызға биыл шыққан баласын «Жастығы үшін» кешіріп; Жеті əйелді қазанының иесі ғып, Жетеуін де қартайтыпты; Соңғы тойда сыр беріпті бірақ бұл: Түсіргенде жүз қырқыншы келінін Коньяк ішіп, қартайдым деп жылапты. Ғұмыр деген осы емес пе, досым, ал екі жүз аз қарағанда осыған, Адам ата тоғыз жүз жыл жасаған, адам – адам, Қай кезде де осы адам! Ал, біреудің орта жасы? Расы, Тəбетіне байланысты мысықтың! Адам – адам, жəндік – жəндік, пысықтың ойлап тапқан заңы да емес сірə, сұм Тағдыр шығар?! Тағдыр, мені тосып ал, тынысымды сана бастап осыдан – Қанша мəрте соғар екен жүрегім?! Бірақ, бірақ... мысықтардан шошынам!
Жиырма бесте менің əкем түсіпті тырнағына соғыс деген мысықтың. Орта жасы жиырма бес қой сонда оның?! Жиырма миллион қыршын ғұмыр сөнгелі Отыз бес жыл! – Орта жасын солардың есептеген кім бар – қайғым болар бұл: қанша миллион жесір ана жалғыздықпен егесті, Қанша миллион бала əкесіз боп өсті – Жазып көрсем нольдің өзін жеткізе алар
емеспін... ...Жүрек байғұс тулап ұрып, ұшып тұр тышқан құсап алдындағы мысықтың. Кім біледі, болар бəлкім сезім құр? Тағдырына тышқан қалай төзіп жүр? Бір жəй менің бауырымды езіп жүр: Жауыздық пен арамзалық бүгінде əр есіктің түбінде, аузын аңдып əр іннің, əр елдің бір сылдыратып бұтасын, аш мысық боп дүниені кезіп жүр – Сақтан, Адам! Жəндіктердің қазасын да қайғы ғып Жас төгетін жаның сенің мəлім-ді, тек қартайып өлетұғын кəдімгі «Орта жастан» өзің қалма айрылып! Біреулер жүр серттен сырғып тая сап, Сенбейді олар – біз жəндікті аясақ; Мысық-тəбет! Мысық-тілек! Мысық-көз! Мысық-тірлік, мысық-табан саясат! ...Тоқсан жаста əжем өлді, бар ізгі тілегі оның қыршын кеткен тəрізді. Тілек, үміт қартайғанда ғана ажал жарасады. Əрине, ақыл ажалды ойлап арымас. Жетпіс те – жас емес адам жарымас, Мотор-өмір өрге тартып тұрғанда
барьерден, барьерден əрі бас! Тоқсан, жетпіс, сексен, жүз де – кəрі, рас, бірақ, бірақ... өлу үшін – бəрі жас! Өлімге кім мойынсұнар?! Көңілдің сəл толқуы бар демесең Өлімді ойлау – торығудан деме есер, ажалға адам қарсы шапса, он есе тіршілікті сүймегеннен емес ол! Өмір атты мынау ұлы базарда Лұқпанша мың жасасаң – аз ол да. Ажал-дағы ұсақтайды азарда: Инфаркт пен аппендицит – қазам ба? Мен – өлімге қарсы адаммын тегінде, Əсіресе, жастай келген өлімге – ажалдардан бұрын келген ажалға! 1 . У а , к ү н к е л е д і ! Бір жақсы жыр оқышы жатқа, бұлақ, Сарышымшық, сен де шырқа ақпа-құлақ, Тоқылдақ, таңдайыңды қақпа бірақ. Оятшы шыңдарды анау, бала бүркіт, Бір тоқты қозы тапсын қара кірпік – толғатып жусан тушы, дала, бір түп. Көп еді-ау ішіңде де ала-құлаң, Сауысқан, салар ма едің жаңа бір əн? Кенеп ал тамағыңды сен де, қарға, Тоты құс, кербез едің – таранып ал. Күн көзі жалт етіп бір қарағанда-ақ жанып кетті гүл болып қара қаңбақ. Шаңқ етті бала бүркіт, Сонда Алатау Желіп кетті өркеші ағараңдап. Күлдірді ақ бұлақты қытықтап нұр, Тастың-дағы сабыры бітіп қап тұр... Үндемейін, деп ем мен, үндемейін – бүлкілдеп бара жатыр тіл-көмейім: судың жырын жырлайын күмбір етіп, гүлдің жырын жырлайын үлбіретіп,
Жалғыз сəтке тым құрса, уа, табиғат, Қондыр мені бұтаңа бұлбұл етіп! 2 . Қ а л а Аспан – көздей шел басқан, Ұлпа қар қылаулайды, Сөйлейді жұрт қыс жайлы, тұмау жайлы. «Қан сонар» бар, Түлкілер – жаға болған, Жаға менен бөрікті кім аулайды? Табиғатқа тағылған кінəдай бұл: «Оһоу» десең тасқа ұрып құламайды үн – Жаңғырық та жоқ сын-ды, жел өтінде ескерткіші тоңып тұр ұлы Абайдың. Жаңарсын бар ой-əлем, кескін мейлі, Тау мен дала бəрібір ескірмейді. Алыс тоғай, бұлбұлдың əні түгіл, Кейде өз даусың өзіңе естілмейді. Ұлы Қала! Сөздеріңнің жұмсартып мағынасын, Моторға да май беріп жағынасың... Жиырмасыншы ғасыр ғой; Кейде бірақ Табиғаттың өз даусын сағынасың. 3 . Ш ө л д а л а д а Есігімнің алдына терек өсті, Өсірем деп мен соны ерегестім. Не нұр құяр аспанның Күні емеспін, Не нəр берер құнарлы жер емеспін – Өсірем деп бəрібір ерегестім. Тамағымды қойып ем бірер кенеп – шыға келді шыбыққа бүр өрмелеп. Ақыл қосты сексеуіл: «Күлкі етеді, есер жасты еркіне жіберме» деп.
Саңқ етіп бір күліп ем: Жауды-дағы Күміс жаңбыр, – Жапырақ жалбырады. Жыңғыл айтты: «Жаздағы жапыраққа Үміт артпа – көңіліңді қалдырады». Терек өсті: Несіне ерегестім – Шуақ емен, не жылы жел емеспін. Күш бермеді сол терек, ерек өсті, Қалай өсті? Сұрамады менен ешкім. Ағаш егем, қаласам, қала салам: Мен ұқсаймын, шуақ Күн, ауа, саған. Мен сенімен, ей, көктем, оңашада Мейірімділік жөнінен таласа алам! 4 . Ж о л ү с т і н д е Қарт тікенек жолдағы – ақымақ па, етегімнен тоқтатты іліп мені: – Бұта да көкке қарап көсіледі, Сен нағып өсе алмайсың осы? – деді. – Бұта да емен, емеспін жапырақ та, Күн сүймесе – қайтейін, Көнем, мейлі; Мен – тамырмын, тараймын топыраққа, Тамыр өссе – тек қана тереңдейді. 5 . Ғ а ш ы қ Тоқтат, самал, жымысқы жүрісіңді, Сен де жапырақ, шығарма дыбысыңды; Майысты бір кəрі емен: сексендегі, Шал иілді, жас қызға гүл ұсынды.
Жас қыз таң боп, көңіліне күдік кірді, Қартты «С ума сошелға» іліктірді. Құрбылары мазақтап, əлгі қызға, «Сенің теңің осы» деп күліп тұрды. Ұқпады қыз күліп те, күрсініп те: «Не нахал боп тұр» деді, «қырсығып не». – Қызым, саған емес гүл, – деді қария, – ғашықтығым өмірге, тіршілікке! 6 . Б і р т ү й і р д ə н Бір түйір дəн сыңғырап жерге түсті – Тау, Дөң, Дала жабылып тербетісті. Жеңіл əйел секілді ала етекті, Ұйтқығанда сол дəнді жел əкепті. «Қайдан?» «Қашан?» «Қалай?» деп Желден ешкім Сұраған жоқ (сұрайтын мен де емеспін). Дəн өсті тек, Тоғайды ел, Молайды астық – Қоныстастық, нан үшін, қолайластық. Күн шуағы дəм берді, өмір келді – бұлт жылады, Жапырақ көңілденді. Алыс тартып тек қыңыр мақсат тұрды... Санын сабан ақ бұлақ сақ-сақ күлді. «Қайдан?» «Қашан?» «Қалай?» деп одан-дағы ешкім сұрап бос əлек бола алмады... Əр жанардан «дос», «жау» деп сыр ұғыстық, өмір үшін достастық, қырылыстық. Желдің демін мен де іштім – тыншымадым, Татып келем нанды да, күн шуағын, – Қызу дарып бойына – шым-шым ағын шуаққа аунап күшік-тірлік қыңсылады...
7 . Қ а р и я Бұлтқа кірді байқатпай Ай жылыстап. Қарт сөйледі тағы бір қайғыны ұстап: тірлік етіп қалт-құлт боп жүрсің, міне, – деді қария терең бір күрсінді де, бұл қалада құрдасым көп-ті менің, əлі де олар аз емес деп білемін, Құрбы адам көп қалада маған əлі, бірақ одан досым көп моладағы; Кəрі достар – берік қой, бірақ, бірақ берігірек өлі дос, тұрақтырақ. Мола жұрты көп бүгін кешегіден, Өсті, əрине, ол қаланың есебінен: ақ мəрмəр тас, ай-құлпы араласып, арғы қоңыр қабақтан барады асып. Жастар аман, болсын тек, жастар аман Көлденеңнен, қазадан, масқарадан (Қарияның аузынан жұлып алып дұрыс тілек деп кесті мұны халық) – Тірлік етіп кемді-күн жүрсің, міне, – деді қария, тағы бір күрсінді де. Тіршіліктің жарығы дір-дір етіп қарттың шашын сипайды үлбіретіп, Үзілуге шақ тұрған өмірі оның Қайғыртатын секілді төңірегін. Жүрек-тəңір, жеңіп жүр, жүйке-Құдай, Өтесің-ау, деп қойды, ит-өмір-ай! Жапырақсыз бұтадай қаусап кəрі дір-дір қағып, шал отыр, саусақтары: Қорқа ма екен өлімнен? Жо-жоқ, тіпті, Қимайды тек күресті, өжеттікті! Ұзақ ғұмыр болсыншы алдаған-ақ, алдаған-ақ, ұқтым мен, шалға қарап, тəтті екенін күйіну, жұлқысудың, Тіршіліктің не екенін шын түсіндім. Қаңғыр-күңгір жұрт сөзі, маңайдағы үн
естілгенін жаңаша абайладым. Құр қалқиған құлақ, сен не білесің? – Əр-берден соң естуге де ерінесің... Келіп жатсақ тоқсанға – ойланармыз, Ал, əзірше ішейік – деді досым. 8 . К ү н д а ғ ы т у р а л ы Біле алмадым: Сұрақ пен күдіктерім бара жатыр жанымды тіліп менің. Қадірлемей жұрт жылу, арайды да Күн көңілі бір уақыт қарайды ма? Құпияның құдірет – Күн, сендегі Миллионнан біреуін білсем дедім. Дақ бар дейді, Күнде де мін көп дейді; Жарықты да жайлаған «індет» дейді. Дақ жоқ болар күнде (Əне, кірді іреңі...) Орнын таппай айтқан сөз бүлдіреді, Меңі бар қыз – сүйкімді келеді ғой, Күннің де меңі шығар? Кім біледі. 9. Т о й б а с т а р Ұйқыда еді дүние, енді, міне: қонақ тұра жармасты белдігіне. Қосшы бала жүгірді қамшыны алып. Құламай тұр, Құдай-ау, тамшы неғып? Шу, қарбалас боп кетті бар маңайым, Жиналайын, мен де енді қарманайын. Тікірейіп шырша тұр үркіп тегі, Жасыл сырға малып ап кірпіктерін. Бей-жай еді дүние, Не боп кетті:
Жүргіншіні жол сүйреп дедектетті. Қара суға қаз кетті түсіп, есіп, Тарбақалар табысты кісінесіп. Тікеннің де жылтылдап инелері, Жел алдында жібек боп именеді. Инелік те билейді белін бұрап. (Кетті маған қызығы оның да ұнап). Гүл еріні түріліп кімді өбеді, Кімді өбеді – ешкім де үндемеді... Уа, сүйінші табиғат! Күрең мініп, Көктөбені айналып Күн келеді! САҢЫРАУ МЕН СОҚЫР Қошалақта, Сол баяғы біздің ата-мекенде бір соқыр мен бір саңырау сапар шыққан екен де. Соқыр айтты саңырауға: – Жол қысқартып жолдасқа Көзің сау ғой – көргеніңді айта жүрсең болмас па. Көңілімізді сөзбен жалғап, Күліп-ойнап жүрмесек Ұзақ жолда кешкен тірлік-тозағыңмен бірге есеп. – Саңырау, əттең, саңырау ғой, Құлағы жоқ болғасын Көкірегі күдікшілдеу – түсінбеді жолдасын. Жүзі дауыл алдындағы аспанға ұсап құбылды, Құбылды да серігінің жүзіне құр үңілді. Қимылдаған ерініне қырсыға бір қарады, бұл қараста – астам пиғыл, қорлану да бар əрі: Соқыр-дағы жолдасының əлем-тапырақ түс-өңін Көре алған жоқ, Жайбарақат сөзін жалғай түседі:
– Қара жолда қайрат берер оқиғасы өжет, шын, Өтірік те болса, шіркін, əңгімеге не жетсін! – деп күрсінді соқыр байғұс, Саңырауға – жетпеді, Көкірегіне əлдене ой өшпенділік құйды ұлы, Өйткені оның адам жайлы нашар еді пиғылы. – Сөйлегенің – қорлағаның естімейді деп мені, Көлгірлік қой жатқан күліп анау жылтыр беттегі, – естімеймін ерегесіп! Құны болса сөзіңнің айдалаға айтасың ба? Көрмеген соң көзің дым, Жарты əлемге жауығасың – сезіндім. Ақымақтың ақыл-есі ауызында деп күлген дүрмегіне ілесемін көптің мен! Саңырауға күлу сенің неңді алған Саңылау таппай жүріп жалпақ жалғаннан?! Соқыр біраз көрді ақталып, Одан сайын қызды анау, Қызу сөзді есер айтса – мүмкін бе екен мұздамау, Соқыр əлгі сөздің бəрін түгел естіп болғасын, Сипап жүріп жағасынан ұстап алды жолдасын. Содан кейін не болады? Кикілжіңнің аяғы: аталардан қалған мұра – төбелес қой баяғы. Қай кезде де кем-тарлыққа күлетін жұрт көп емес, Күлкі қайдан болушы еді жүрген жерде төбелес?! – Көрем сені! – деді соқыр, – Естіп тұрмын! – деді анау. Түк жазығы жоқ жаға мен жең байғұсқа обал-ау!.. Бірін-бірі сақалдан ап санасуы мықты еді, бірақ одан анаған – көз, бұған құлақ бітпеді. Ұғыспаған екі адамның қасіреті мəңгілік – Құм-далаға сіңіп жатты жаңғырып... Ескі жайға сүйеп айтқан бұл жаңаша кеңес қой, Мəселе тек көз, құлақта емес қой:
Бетховеннің кереңдігі, Соқырлығы Гомердің... Кешір, кешір, кешір мені ұлы рухы өнердің! Тек кей жанар жарқырайды түк көрмей. Кейбір құлақ өсек үшін біткендей. Көз де тілегенім жоқ, Тілемедім құлақ та – Көңіліммен күзгі аспандай мұңайған, Жаны зерек, көкейі сау бірақ та Жалғыз серік сұрап едім «құдайдан», Қол – жағадан,
ауыз кеппей «тобадан», бір сапарға мен де шыққам жаңадан: ерінімнің қимылына қарайды жұрт, қарайды, Қарайды да өшігеді көп адам – Əлде өмірде, Əлде осынау өнерде Қарау пиғыл ойладым ба мен емге? Əлде мен де сөзін айтып соқырдың Саңырауларды босқа қинап келем бе?! ШАҢЫРАҚ «Шын жыласа адамдар Соқыр көзден жас шығады» деген бар. Ал, өз басым жылағанын əйнектің Көрдім – соны өлең еттім, қайғы еттім. Жылағанын соқыр көзден гөрі оның Əлі күнге əсерлірек көремін: Жар орнында – мамық жастық секілді, бала орнында – бауырластық секілді, Үйі орнында – күрке қалған секілді, шамы орнында – білте қалған секілді, Кеме орнында – жаңқа қалған секілді, Кеуде орнында – қаңқа қалған секілді, Ер орнында – кеудіреген шал қалды... Жарық бітіп, жылу ғана қалған-ды; аяғы жоқ – ағаш еді аяғы,
бəрін бір-ақ айырбастап жіберген Соғыс! Соғыс баяғы. Өзге түгіл екі көздің орнында Əйнек еді сол даңқты сорлыңда екі шыны түйме сын-ды ед бұ-дағы. Бір күні сол екі түйме жылады. Мүгедектік – соғыс салған күйді əйгі Талай шерттім,
жаздым талай үй жайлы. Мені бүгін басқа бір жай қинайды. Шалдың бір күн əскердегі келді ұлы, Мерзімінен бұрын келсе – кемдігі: Төрт башайын шауып апты, ақпанда Казармада отын жарып жатқанда. Көршілердің сөздерінен көмескі, еңк-еңк етіп жылады қарт соны естіп. Шошындым мен əйнек-көзден, расында, Əйнек-көздің жас төккені қасында, табыттағы өлік төксе көз жасын, шімірікпес едім мұнша өз басым. Əйнек көзден жас шығады дегенге Сенбес едім, сенбес едім мен емге, Сенбес едім, өз көзіммен көрмесем – Қоспас едім өзім оқыр өлеңге! Тұңғыш мəрте тағдырына шағына Сонда қария былай деді тағы да: «Менің əкем армандауға мықты еді, – шаңырағына бір сау еркек бітпеді». Жетпей алғаш бұл сөздегі мағына, Көп ауызға қарадым мен аңыра. (Қартқа деген шын ниетін білдіріп, Мырс-мырс етіп сырт айналып күлді жұрт) Сөйтсем, шалдың əкесі де жат қолдан, О дүниеге мүгедек боп аттанған (Жо-жоқ, ол да тірі қалған жарадан, одан соң да көп ерлікке жараған, Қатерлерден аман өтіп не мықты «ТОЗ» жылдары жастығынан өліпті): Көріп Қызыл Ту көтеріп жүргенін
ақ бандылар шауып кеткен бір қолын; Сонда да оның мылтық ұстап жүргенін Сезіп қалып, тағы шапқан бір қолын, «Кезек енді басыңдікі» деп күліп, Қылыш қанын күнге тосып кептіріп Тұрған шақта сол жеңіске солықтап – Құтқарыпты біздің əскер келіп қап... Ал, өзі ше? Соғыс жылы аты əйгі Жігіт; енді ел мүгедек деп атайды. Жау жеңілді – ұғым келді жаңа бір: Мүгедектер! Жеңген ерлер, осы атпен пенсия алар тізімдерде ғана жүр. Көктеменің мұзы сын-ды бұ да ерек, Өз-өзінен шөге бермек, жүдемек: Мүгедектің əкесі де – мүгедек, Мүгедектің баласы да – мүгедек, Осы ма еді жеңісінен күткені? «Шаңырағына бір сау еркек бітпеді». Неге ғана ойлады ол бұл ойды? Неге, неге əйнек көздер жылайды? Ұлы аман ғой, төрт башайдың жоқтығы Қайғы ма екен, əлде, қарын тоқтығы? – Осыны ойлап тұр ем көңлім дүрлігіп, «дармоед» деп күңкілдеді бір жігіт. Таң қалдырып бұл сөздегі мағына айналама қарадым мен аңыра, Түсінуші ем, кешіруші ем мен бəрін – Осы жолы адам, Адам болмадың! – Көргенсіздік! Мына ел неткен оңбаған: бір ауылға сиған мұнша мол надан – бəрі-бəрі күле қарап əлгіге қоштап тұрды; Міне, саған əңгіме! Баяғыда жаттығып ем бірер күн: Тұмсық тұсы осы-ау дедім бұл «ердің», – Тұңғыш мəрте қарамадым шамама, Əлгі ауызға салып келіп жібердім. Бір келіншек ұстай алды жеңімнен:
– Селодағы бір шайкінің көсемі... – Бүйтіп оқығаным құрсын! – дедім мен, ерлігімнің жеткен жері осы еді. Амал қанша, тұғырында даңқтың жұдырығын жұмсағандар қалып тұр! «Дармоед» деу қас батырдың өзін де денсаулығы шығар, бəлкім, халықтың?! Жо-жоқ, дедім, саулық емес дəл осы, Керісінше, аурулықтың бəлесі. ...Біреу айтты «Таяқ жеген əлгі адам түсіп еді жеке меншік «Волгадан». «Волгасы» бар дүкеншінің ұлы екен! Жырым, сені енді қайда түнетем?! О, ұғымдар, түсініктер, көп күлген, Құтылмадым, қайда барсам, тепкіңнен! Шыдамадым! Шыдамадым! Шыдамай дəптеріме жолдар жаздым мынадай: Бақыт құсын асырадық кептер ғып, бұл – тағдырдың бізге берген сыйы нақ. Майдандардың мүгедегін көп көрдік, бейбіт күннің мүгедегі қиын-ақ: бұлтсыз күні жасын ойнап күркүрлі, жаңбыр жауған секілді бұл бір түрлі. Төрт башай ма? Расында, емес түк, Мүгедектің басқа түрі көп өсті: бір түрі оның – жарамсақтар күлкілі, Күншілдер мен өсекшілер – бір түрі, бықсық тірлік? Сен білесің бұл істі, Судай жылап жылға қуған жымысқы! Пайда келтірудің жолын таппай дəл, ағаштан – без, бұтақ іздеп тақтайдан Сабылған жан – мүгедексің, Өйткені ақылыңды арамдығың жеп қойған! Сен – ең басты мүгедексің, расында,
Қол-аяғы балғадай бұл ғасырда Əлгі шалдың сөз бе мүгедектігі, ар мен ақыл кемтарлығы қасында! Өлі орнында – от жанады алаулап, Тірі ескерткіш – санаулы ғой, санаулы-ақ. Отыр қария Көкірегі қаңырап та ерлік күйін таратады жан-жаққа. Бұл шалға емес, мен мүсіркей қараймын, есті адамы жоқ қайсыбір шаңыраққа! ТҰЗДЫ ЖЫР Мейірім іздеген секілді əлдекімнен бір ұрттам, Қос сəбиін ертіп кірді бір келіншек ымыртта. – Ажырасам! – деді жылап. – Кімнен? – дедім таң қалып, – Қырсығымнан! – деді ол сонда, – ұғыныса
алмадық. Қос сəбиді нұсқадым мен, – Сөйле! – дедім, – қысылма, Қайтіп, қалай ұғыстыңдар мыналардың тұсында? Бірер мəрте көріп едім келіншектің осы өңін, ал, ерімен мен біраздан командалас дос едім. – Не кінəсі болды? – дедім, – неден болды жазалы? – Ішеді, – деп төмен салды сұлу əйел назарын. Сонда шешем сандығынан шүберек ап, бір түрлі Жалтырауық бір нəрсені түйді соған, іркілді сəл ойланып: – Мынау дəрі, түрлі шөптен істедім, Осыны ептеп жалап жүрсе қояр, – деді, – ішкенін. Тағы бір шарт: Қосағыңды сыйла, шырақ, күт мықтап, «Қызметімнен түстім» десе – «Құтылдың» де құттықтап. Көңіліне тиме ешқашан, – деді, шешем тағы да: Көп ұзамай бар қырсығың айналады бағыңа...
Жас келіншек ұйып қалды. Əлгі сөзді малданып, Шын жұбанып шықты есіктен, Мен қарадым таңданып. Таң қалдым мен, қызық көрдім біртүрлі, Тамағыма таяп қойып күлкімді: – Дұғалық па? ішірткі ме? Құдай жаққа бір адым баспаушы едің, əлгі дəрің не дəрі деп сұрадым. Қарияның жүзіндегі өшті əжімнің іздері Жадырады шешем кенет: – Менің дəрім – тұз! – деді. – Тұздай ащы тұрмыс кеш деп бергенің бе, бұ қалай, Үлкен кісі, тəуіптігің ұят! – дедім шыдамай, – Ей, шырағым, –
деді қария, – тұздан да ащы бұл өмір, тұздан аузы күйсе кімнің – өмірді сол біледі. Тұз бергенім жас адамға – аналық шын көмегім, Тілден ащы емес қой тұз – соны білсін деп едім. Тұздай сөзін құйса келін сенің осал жеріңе арақ шыңдап əкетеді, түсін балам, сені де, Ақылы ғой қарт кісінің келмейтұғын өлгісі, Тұз бердім мен, Тұз дегенің – тазалықтың белгісі. Балға үйір ғой шыбын-шіркей, Тұздан қашар масқара, – Мен келінге тұз бол дедім қосағыңнан басқаға; Жігітке де осыны айттым. Тұздың дəмін сыйласа Жөндер, дедім, оттың басын, бұзбас, дедім, күйді аса. – Осыны айтып қария ана бір күрсініп тоқталды, Мен де өзімше əлденені түсінгендей боп қалдым. Тұзды қадірлеуім бұрын далбаса еді, далбаса, арақ, жуа, қара бұрыш болмаса. Содан бері Дəмге сенер боп алдым. Тұзды сыйлап, қасиет тұту арқылы Құнын білдім қиянат пен обалдың...
Айтпақшы, əлгі жас келіншек қарт анамнан
«дəрі» алған Жақсылықты көре-көре адамнан Жаман пиғылды ұмытқан-ды, сөз қозғалса арақ жайлы баяғы гастрит пен тұзды мақтап қояды. Кеше анамды есіне алды ол көзден жасы бұршақтап, Шифонерден көрсетті алып – тұз түйген сол шүберекті əлі күнге жүр сақтап. Уа, қара тұз! Қиял кезіп ізденіп, Кей күндері төккен терім тұз болып, Қинап өтті сағаттарым, Қызыл сөздің өзі де Тұзға айналып, тер боп құйды көзіме. Жылдар емес қартайтатын жыршыны, – Жанбай қалған еңбектердің қырсығы! Таңдайларға татығанда тұз-тірлік бейнетімен жүз түрлі, рақатымен мың есе Маңдайлардан аққан тер балға айналар біресе, Тұзға айналар біресе. Тағдыр мені ақын етіп жүз үнді Құйған шақта: Құдайдан ап қызылды, Абайдан ап (тамшы жырды) үзінді, Көп салыпты татысын деп тұзымды...
1 . К ү н б о л м а с а – Жалын атып Күн тұрмаса төбеңде, болмас еді махаббат та, өлең де. – Əрине ғой, – деп жымиып күлді қыз, – тап осыны қайдан ғана білдіңіз? – Қаталсың деп сынамас ек тасты аса, тас та, бəлкім, болар еді басқаша. – Əрине, ғой, – деп жымиып күлді қыз, – бұл жолы да дұрыс айта білдіңіз. – Ауа, мен су... тұрмас еді гүл де өсіп,
гүл хақында жүрмес те едік тілдесіп. – Əрине ғой, – деп жымиып күлді қыз, – қай кітаптан қашан оқып білдіңіз?! – Күн болмаса... айтпағанда өңгені, Көрмес едім мен сені, ал, сен мені. – Əрине, – деп сұлу басын сəл иді, – соқырлар да сүйгендерін таниды. – Тумас еді сұлу қыз да, мықты ұл да – екеуіміз де болмас едік, ұқтың ба? – Жоқ! – деді қыз, – алған дұрыс басты ашып: Мен болмасам табылар ед басқасы! 2 . С ө з қ у у – Жұмыс бітті! Біте қойсын, ол жайлы байқап-байқап сөйлемесе болмайды: ағаш бітті, егілді, əне бір шыбық, кітап бітті, – басталды бір тіршілік. Тау құлаттың – орынында тас қалды, Үй сап біттік – бірі жаңа басталды. Талай жұмыс бітірдік біз, уəйім ғып, жаңа істерге жасау үшін дайындық. Дайындықтар жүріп жатыр. Бəр-бəрі Қайрат-күшті дайындыққа арнады: бүкіл тірлік – тек дайындық деп өстім, бірақ бəрін бітірем деп егестім. Жақсы бір іс бітірдің деп мені ешкім, Мақтағанын бір естіген емеспін... Аспандағы бір жұлдызды қақшып ап, Ұлы мақсат, маңдайыма жақ шырақ! Бүгінгі үміт кешегіден тəттірек, «бүгін» – жақсы, бірақ «ертең» – жақсырақ. «Бітті» дейсің – бөлу қалған сықылды. бəрі бітіп – өлу қалған сықылды.
Жоқ, біткен жоқ! Ештеңе де біткен жоқ: тау өзені ағып əлі біткен жоқ, Əлсіздердің бағынары біткен жоқ, күштілердің табынары біткен жоқ, сөз қуаты – мағына əлі біткен жоқ. Күл болудың Отырары біткен жоқ, Гүлденудің топырағы біткен жоқ; Мавзолейге бұдан алпыс жыл бұрын Тұрған кезек өтіп əлі біткен жоқ! Жұмыс бітті. Рас шығар біткені, Қағаз-ісін жинады жұрт, бүктеді. Алты соқты (үйге барып қонып қайту керек қой), Уақыт-дос, кеңсе алдынан күт мені! Минуттарды қанат жасап, қарқын ғып, Ұшады адам – көп қанаты бар тірлік. Біту ме осы? Сезіп жүрмін анық мен: Жылу бітпей тұрған шақта Жарықпен «біту» деген «жалғасуға» балама – Жалғасқанды бітті деуге бола ма? Жоқ! Біткен жоқ, ештеңе де жоқ біткен, Наным бар деп ойнамайық тоқтықпен. Аздығынан шығар аштық жоғалса, Үміт, мақсат таусылмаса – көптіктен... 3 . К ү н – а н а Ей, Күн – ана, аспа бесік – Жерді осы ақырындап, ақырындап тербеші: ғашықтардың бұзылмасын бір кеші, сəбилерді оятып ап жүрмеші. Тастар шошып, Оянбасын жел үркіп, Мұхиттарды ала көрме еліртіп. Көк бүртіктер бұта бойлап өрлесін, шық көздері ағып түсе көрмесін... Бесіктегі сəби сын-ды бұ тірлік, Келеді өсіп, уа, шүкірлік, шүкірлік!
Төгілгенде бейбіт Күннің шуағы бейбіт жерден жөргек исі шығады. Алтын сəуле – миллиардтаған алтын жіп, сол жіптерден ұстап алға талпындық: өмір жібі үзілмейді мəңгілік! Жарқ еткенде көңіл шіркін – əн салам, саламын мен бір сіріңкем жанса да əн. Жарығыңды жатып ішіп тамсанам, Иə, Күн – ана! Ақ сүтіңді емген ұлың сықылды Қарыздармын мен саған. Бұлбұл түгіл, ей, Күн – ана, тіршілік, сайраттың-ау шегірткеңді жыршы ғып... 4 . Д а қ Абайда да нашар өлең көп деді, – бұл сөз бірақ құлағымнан өтпеді: арам ісік секілденіп күлдіреп, Көкірегімде түйіншек боп жүрді көп. Кесір ойлап, кекесінді күліп мен, айналаға қарар болдым күдікпен. Кемітер сөз ойлағалы өзгені, жүрек байғұс бұрынғыдай сезбеді. Бəр-бəрінде күмəн барын, сыр барын ұққан сайын жаман шықты жырларым. Сол-ақ еді таңданып бір тұрғаным: «Күн көзінде дақ бар» деді бір ғалым. Сонда қалай? Сонда қалай? – деп күлдім, жоқ, күлгем жоқ – көздің жасын кептірдім. Содан бері өсіп кетті ой-əлім, ерегіссем – еркіңді алып қоямын. Көп күдікті ұшырғанмен күл ғып мен Күресуге күш таппадым шындықпен. Содан бері... Өкпелетіп алдық-ау, деп талайды Ойлағанда тер қысады самайды;
Қасиетті қарт, сен қалайсың дегендей жүзіне құр жалтақтаймын Абайдың, ашулантып алмадық па деп Күнді аспанға да жалтақ-жалтақ қараймын. 5 . Ə й е л д е р Арулар деп бастасаң-ақ бір ойды Ой соңын жұрт төсекке əкеп тірейді: елестейді етектер мен балтырлар, елестейді жасты көздер үрейлі. Білек, мойын, мықын жайлы мың бұрап, не бір қиын ұйқастарды құрдық-ақ. Пиғыл арзан болған сайын сөз де ерсі, ерсі ұғымдар, енді сен де өзгерші! Келіншек-жар, сен қымбатсың, қарт ана; Қыз-қарындас, жар таба біл, жар таба; ұғым жаңсақ болып кетті сен жайлы содан мықтап сақтанбасаң болмайды; газон сын-ды ақыл-шашы қып-қысқа, Қыз келінді, қақпа-есіктер, мықты ұста! Мен-ақ қырқам қаңқу сөздің қанатын, Қорға, əйел! Əйел атын, ана атын! Сірне болар сұлулықтың тозғаны, тоздырма ойды, тақырыпты созба əрі, елестесін қыз-келіншек десек тек əркімнің өз қарындасы, өз жары. 6 . К ө к т е м Көп сұлудан ажар өтті, əр тайды, Жаман жырдан бұрын көбі қартайды; Сұлулықтың тұрлауы жоқ дегенді Түсінгендей болып қалдым мен енді. Осы бір жай толғандырды көп мені:
Уəде қайдан болушы еді тұрақты Сұлулықтың өзі болса өтпелі? Талай жаздым теңеуімді тепкі ғып тұрлаусыздық – сатқындық қой деп біліп... Қоңыр кеште мұңды жаным сыздаған «Гүлің болам» деп еді бір ізгі адам. Ортасында өскендік пе көп қарттың Софылау ем – əлгі адамға айныдың деп өкпе арттым: «Гүлің болам», деп еді ғой ол баста? Сөздің мəнін түсінбеппін мен қасқа – тұрлаусыз боп көрінетін жолдасқа гүл ғұмыры – қысқалығы болмас па, ескертіпті ол қысқалығын көктемнің; ал мен болсам ештеңені мезгілінде түсінбей-ақ өткенмін. Сөйтсем, ғұмыр – əсер бопты мен үшін, өлеңдерім, міне, соның жемісі. Тұрлаусыз деп бір сұлуға кінə арттым, сөйтіп тағы біреуіне құмарттым; Оны тағы айыптадым – бала екем: солмайтын гүл – ертегіде ғана екен. Сұлулыққа айнисың деу, бір түрлі, Соласың деп гүлді айыптау сықылды – Мұның бəрін ұғындым мен кейіннен, енді өткенге алғыс айтам пейілмен: алқызыл гүл, көп тікенек ішінде бір сəт көзді арбағаның үшін де, таптырмайтын тек сүюден өзге емі, бір жалт еткен сұлулардың көздері, бір сəт маған жылы ұшырап қараған, алғыс саған, бар табиғат, бар адам! Аунап өткен ақша бұлттай төбеден Уақыт өзі ұмыт еткен көп өлең, Шыт қанатты көбелектер шөптегі, Жүгірткенің үшін сонда көп мені; «Паһ!» дегізіп қарғып ұшқан қыран құс, Саған, саған, саған, саған мың алғыс!
Əрбір алған əсерімді санаса бақытты жан екенмін-ау мен аса; бақытым сол: кешіре алам анаша, гүлше ұялып, алдана алам балаша... 7 . Ө л і а р а Жыртық-жыртық жапырақты бүркеніп бұта біткен дірдек қағып тұр тоңып. Дірілдейтін секілді ме қайыңның да тізесі, – Қорқақтау жұрт емеспіз бе біз осы? Қарт Алатау қауырт түсіп басына іс Көшіп кеткен сықылды да асығыс – Жел ұйтқиды бір бейпіл, Ұйтқыған бұлт не жауарын білмей тұр. Ылайланып жылайды ағып сайда су... айналайын алтын Күн-ау, қайдасың?! 8 . С а й Көк тұманың көмекейі бүлкілдеп Тұншығып бір күліп жатқан сықылды, Бір сүйініш жүрегімді түртіп жеп, бір өкініш шымылдатқан сықылды. Ауық-ауық бір əлжуаз үн шығып, жоғалады ауық-ауық тұншығып. Жапырақтың құлақтарын қалқитып, Əлдебіреу қойған сын-ды тыңшы ғып. Қатып қапты екі қойтас мінгесіп, жібек қайың таранады судырап. Шалғын кезіп, шалдуарлау күн кешіп, Жасыл шашын тарқатады су жылап. Сай оянды. Ақырын, Жел, жап-жасыл тал, теректің түймелерін үзесің... Жібек қайың қағып тұрды жамбасын, Қайсар емен – тізесін.
9 . А ң ш ы Таңсəрі еді. Садақ иіп жас талдан аңға шықтым: бурыл түлкі қашты алдан, Түске таман құла болып түлкі əлгі қылаң ұрып құмға қарай бұлтарды. Көңіл – құла, түлкі – құла, Құм – құла: бас айналды – бұлдыра көз, бұлдыра! Үзеңгіні тебе тіреп, тым қатты тартқан жебем бір бұрқ етіп құм қапты. Кешке таман құмдай құла түлкі əлгі қылаң ұрып Күн астына бұлтарды. Бірте-бірте ол күрең қызыл боп алды, Күрең қызыл Күнмен бірге жоғалды. Ант еткенмін бұл күні енді қайтып қумаспын деп түлкіні. Ертесіне түлкі болып тағы үміт Қашты алдымнан – тағы қудым қағынып... 1 0 . К і м с і ң ? Табиғатқа – шеберлікке дау бар ма: Сұстылық тек жарасады тауларға. Тəкаппарлық таудан шықса бастапқы – Жаса, жаса тəкаппарлық, асқақтық! Мұз бен қардай ызғар төкті шаш мына айналаға, ақ аспанның астына. Жерді ұмытты, ісі – хаққа ауды шын... Жарқыным-ау, осы сен де таумысың?! 1 1 . Б ү г і н Өлең жоқта – əсер етер жұмбақ та, Жұлдыздар да жанады ғой күн жоқта. Аспанда Ай жоқ – жұлдыздар жүр тырмысып,
арыстан жоқ, орынында жүр мысық. Ұшқындар көп, Жалғыз жанар жоқ та алау, Сансыз жұлдыз жыпырлап тұр көкте анау: бұ да аспанға жарасатын сияқты; Күн орнына, былай қойып ұятты, Олар-дағы таласатын сияқты. Бізде де осы... аяқ-жолды анықтар Сіріңкенің жарығындай жарық бар. Сондықтан ел көтереді қос қолдап, ал, біреуді жұлдыз дейді сасқанда. Жылт еткеннің – бəрі жұлдыз, амал не, Абайы жоқ аспанда. 1 2 . Д у а д а қ – Əй, Дуадақ, Дуадақ, аңшы біткен аулап, атып, қуалап Мəз болсын деп Құдай кескен үкімін – айтшы, қалай құрымай жүр тұқымың? Етің семіз, Өзің аңқау; толы айша Мамыр жылжып – күн көресің қалайша?! Қарт Дуадақ: – белгілі жай, – деп күлді, Сол күлкімен қауырсынын кептірді, – ғұмыр бірдей жүйрікке де, шабанға, амалдаймын қос қанатым аманда. Жақсы аңшының өзі мені атпайды. Мен өзім де аттырмаймын жаманға. 1 3 . Ж а п ы р а қ Шашты ағартып, жапырақты сарғайтып, Жылдар өтіп бара жатыр жылыстап. Мысық табан – мезгіл, рас, жымысқы-ақ: аңғармайсың келгенін, не кеткенін.
Бірақ мезгіл өтпейді екен теп-тегін: əр дем үшін, алу үшін тағы дем төлейді екем самайымның ағымен, бет əжімі, маңдай бағы, қырсығы, білек күші, шеке-тамыр дүрсілі – төленеді екен соған бəр-бəрі; ал, қалғаны? Бар ма, сірə, қалғаны?! Бұтада тұр сары жапырақ ілініп, Жүрегіме ілініп тұр бір үміт. Болғанымен уақыт – ортақ, тіл – бірдей шашым түсті ағарып та үлгірмей – үнімді жұрт тыңдады, рас, ал мəнін Ұқпады ешкім, не ұқтыра алмадым: Қараны – ақ, ақты – қара деп кестім, Қырық ермен қыңырлық боп беттестім, Себебі, олар сыртын көрді бар істің, Мен тек қана ішкі күшпен алыстым: Көзім менің маңдайда емес, расында көзім менің – жүрегімнің басында. «Самай ағы» араласса сөзге егер, самайыңа қарайтұғын өзгелер. «Сары жапырақ» араласса сөзге егер, күздің бұлтын іздейтін де – өзгелер. Мен – мəңгілік жапырақпын жап-жасыл, Елім – шырша, тамырында жалғасым... Жапырақты «сары» деген жұрт – ақымақ, жапырақ – көк, сондықтан да ол – жапырақ! 1 4 . Т а ғ ы д а ж а п ы р а қ Тағдыр солай, тереземнен төнбе көп, Мұң салады бір қауым: Шық көзімен дөңгелеп Маған қарап жыламсырап тұрғаның. Жырларымды мезгіл желі ұшырып, Көрге тығар ажал түбі пендені – Соның бəрін түсініп, аяп тұрған сықылдысың сен мені.
Шабыт шайқап құбылғанда даусым мың, қарауытып тыңдайды орман, тау сұмдық; еркесі едің сен бір ғана маусымның, ал, мен бірақ ақын емен маусымдық: Мені аяма! Түбінде бір алса өлім, том-том жыр боп айтылар да «иманым», Фамилияға айналармын. Ал, сені күздің желі қайда қуар – беймəлім...
Таң салқындап, бұлт төмендеп, Жел де енді Дауыл болып соға алатын секілді. Əр бұтаның сарғайғанын көргенде бір тал шашым ағаратын секілді. Сақтан, достым! Мені – аяма, майлы ішім, дауыл ұрсын – қозғалмайды мүлде іргем. Сені бірақ, байғұсым, Қандай табан таптайтынын кім білген... КІТАП ДҮКЕНІНДЕ Ұлы қала болып кетті бұл қала: бір кезіккен адамыңды көшеде Қайтып көру қиындады – десе де ей, адамдар, көптігіңді бұлдама, аз екем деп етпе көпке қызғаныш, намысыңды – білместігің қозғасын. Кімге қалай – айта алмаймын, Өз басым Санап жүрем адамдарды жүз-таныс; Жүз-таныссыз елеңдейді құлағым, бір есті сөз іздеймін – бар мұрадым.
Əлдекімді жақын тартып бір адым, бір əсерді бөліскім кеп тұрады. ...Тағы көрдім: Мына екеуі кешегі Келіншектер! Көп томдарға паңдана қарайды кеп: Кеше де өстіп екеуі мазмұнды емес, мұқабаны таңдаған. – Қарындастар, сəлемат па? – дедім мен, – Жасамайық халқымызға жат ырым, Сəлемдесу – сауап, – дедім, – көңілмен, Жүз көрісіп жүргеннен соң ақыры. Осыны айтып əлгі екеуге бұрылдым: бірі – күлді, екіншісі ызбармен: – ағай, – деді, – тəсіл ғой бұл жырынды қазір бұлай таныспайды қыздармен.– Крем-майы самай жақта шаңытып, Жанарында өрт қаулады, жел тұрды: «Қырықтағы қырқылжыңдар» хақында Судай жаңа бірер мысал келтірді. Қысылайын дедім мен де, Күйінді ол: Шал құтырған заман деп бір тастады – байым бар деп осының да үйінде Жүр-ау күтіп мен секілді қасқа бір. Қатты састым мына сөзден бет тілген, Тікендер де əдейі арнап кептірген бұлай соймас; Жаным жидіп, бар болса Əлгі əйелдің ерін аяп кеттім мен. Күлген болдым: Жарылса ғой жер текке – Кірер едім. Күйіп кеткен секілденді жан-денем. Ал, əйелдер сатушы жас еркекке
Мені нұсқап айтып жатты əлдене. Өкіндім мен, Күлдім кейін тұншыға, Түсінбесті көргем талай, түсінгем. Өлеңімді бұрмалаған сыншыға Тұңғыш рет түсіндім мен ішімнен. Бір айдан соң сол дүкенде тағы да Кездестік біз, біреуінің іреңі Көгіс тартты, Менің ұлы бағыма: – Жақсымысыз, аға? – деді біреуі. – Дұрыс, қалқам, əдемісің, – дедім мен, Көкірегім кеңіп қалды бір түрлі, Қастарымның арасынан жеңілген бір ақылды дос табылған сықылды. – Солай, достар! Түсініссек – жарады: Сізде – көктем, Келді маған алтын күз – Уақыт – жылдам, Қала үлкейіп барады, енді қайтып көріспеспіз, бəлкім, біз?! – дедім күліп... Ұшқан құстай бұтадан Кетті əйелдер. Бірі бұлғап орамалын иілді; екіншісі ерінін сəл шүйірді – Қайтсем де оған ұнамады «мұқабам». МАХАББАТ ПЕН ҚАРА ТАС Махаббат деп бастасаң – елең қағып құлағы Жұрттың бəрі қыз жайлы жыр екен деп ұғады. Бояу да көп бұл сөзде, Мағына бар əр басқа Кемпір қосақ секілді сан құбылған, арбасқан. Махаббаты Цезарьдің – биігі екен даңқтың; Құлагерді Ақанның махаббаты деп ұқтым.
Сенбеуші едім кəдімгі ағашқа – сол еменге Ғұмыр бойы Толстой ғашық бопты дегенге. Екі зəулім емен тұр. Екі еменге сол ұлы, Ұлы қария күн сайын жүреді екен жолығып; Солқылдатып жүрегін қайғы емгенде бір арда, ақыл-ойдың не бір тың шыңдарына шығарда, Келген екен сол жерге сақалынан жас парлап Анна жайлы ғажайып романын бастарда; Тұрмыс тартып етектен, Қиял шырқап аспанға, – ақыл-ой мен ақшаның басын зорлап қосқанда; Келеді екен сол жерге; Мейірім тілеп тастан да, Үй-ішінің бітпейтін дау-шарынан қашқанда. Кей ағамыз жеңгейге өкпе артқанда балаша «Жас иісі» секілді қауышатын оңаша, Сол бір екі еменмен сыбдырға бай, сырға нық Толстой да, деседі, жолығыпты ұрланып. Мəңгі тозбас сезімге – тозбайтұғын зат шыдар – Ең тұрақты махаббат, бəлкім, табиғат шығар?! Қос кəрі емен тұр əлі. Сол қос емен түбінде Төңкерілген астаудай қабыр жатыр бүгінде. Емендер тұр асқақтап! Мылқау топырақ-қабыры, Табиғаттың өзіндей əрі қатал, əрі ұлы – ескерткіш жоқ, Қорған жоқ, Үйілген тек топырақ, Құстар сайрап алыста, судырар тек жапырақ... Сенбеуші едім кəдімгі ағашқа – сол еменге Ғұмыр бойы Толстой ғашық бопты дегенге: Қос еменнің ұлы жан атын жайып əлемге Ғашықтығын, кетіпті ол, қабірімен дəлелдеп. Сүю үшін еменді – туу керек емен боп, емендерге мен бір сəт қарап тұрдым елеңдеп: Қос қара емен құпия жыр айтатын сықылды, Сəл тыңдасаң жаныңды мұңайтатын сықылды,
Орыс төрі – осы жер! Қалғандардың барлығы босағада сықылды, №2-ші күзет осы арада сықылды... Уа, ұлы жар – табиғат! Ұлы анам да сен едің, бояуын бер шыршаңның – Сəл сарғайып келемін; рухын бер бұл жердің, Жұпарын бер гүлдердің – бір шырқайын Тау əнін! Саусағымен ауаның Қара бұлтты ақ шыңға байлап қойып сауамын! Сонда бурыл тасқынды ақтарармын мен-дағы, Талқан болар бөгетің – қолдан қойған қорғаның; Табиғаттың өзіндей, дəл өзіндей болғалы пісіп жатыр əзірге ой мен шабыт толғағы. Ал, бүгінше талаппен «мен де болам» дегенде Тəуəп етем басқалар егіп кеткен еменге. Өз еменім – болады! Қазіргі əнім – қиын əн, Өзгелерге жете алмай өз көңілімде ұйыған. Безген шақта һаярдың есебі бар сиынан, Дала, саған сиынам! Жерігенде жолдастан – көңілдердің қағынан, Əділдіктің тағынан, бұлбұлдардың бағынан; бір қаталдық көргенде, адам, сенен тағы да емен түгіл, мұң айтып қара тасқа шағынам... КЕТІК КІРПІШ ...Жапырақ тұр көз жасын жанарына іркіп ап, Жас шырмауық фонтан боп атылады бұрқырап. Мəрмəр үйлер – бір ғажап, балкондары – ертегі, Жасыл бағы ымыртта ертегілер шертеді.
Қала бірақ күтімсіз, тым қоқырсып кетулі салақ əйел ұстаған байдың үйі секілді. Дəл осындай қалада баяғыда бір əкім ақылымен əлемге əйгілі боп тұратын. Қаланың да дана əкім таратыпты атын кең, Өз қаласын сүйіпті ол, Сүйген бірақ ақылмен. Уақ-түйекті тізбелеу – ұсақтық қой десек те Ұялмай-ақ сол əкім Жазып-сызып алатын Көктейтұғын əр шыбықты есептеп. Атақ, даңқы асса да – адам болып қалыпты, тасытпаған ешқашан махаббаты халықтың. Қызмет етті əкімге ел: ақылдылар табынып, жарамсақтар қошамет айтып жүрді жабылып. Бұйрығының өзін ел бойтұмар ғып тағынып, жазасының өзін жұрт күтеді екен сағынып. Мұрттай ұшып сол əкім ауырыпты бір күні: Қайғы-жасқа шыланды шыршаның да кірпігі, Қасіреттен тас балқып, Жапырақтар сарғайды, Қалың қара халықтың шашы ағарып бір күні; бір-бірінен құпия тасаланып бір күні Құйылыпты тұс-тұстан тəуіптердің түр-түрі. Халық тілеп құрбанға қой шалыпты тарығып, Шөп терісіп даладан – қайнатыпты дəрі ғып – Ем іздепті Ел-Ана күні-түні толғатып... Көтеріп ап жастықтан ауыр басын сонда əкім былай депті жұртына: – Мың болыңдар, достарым, Құшақтар ем бəріңді – көтертпейді қос қарым. Дəрің бірақ дарымас, Құрбандығың – құр шығын, белім меңдеп барады, алдырмайды ұршығым. Сырқатымның дауасын өзім айтар халім бар:
Қазір іздеп қаладан кетік кірпіш табыңдар – Соны бассам қыздырып жазыламын, – деді əкім. – баяғыдан дертімнің дауасы осы болатын. Қуанысып қалың ел жиналыстай тарады, «кірпіш деген немене!» «Табамыз!» деп барады. Осы қала түгелдей қаланған деп кірпіштен – бірі кезіп көшені, бірі ауласын қарады. Үш күн, үш түн тентіреп іздесе де көп адам, Көпір асты, Көл маңы... сонша ұлы қаладан табылмады бірде-бір сынық кірпіш, Масқара, Жарты кірпіш бермеді сол қайырсыз астана. Қайғы басып жұрт жүзін, Жанарлары жасқана Хабарлады əкімге ел: «Жомарт қала басқаға – тасқа сараң боп шықты; ұяттымыз – таппадық! шегіртке боп шырылдап, Құмырсқа боп қаптадық! Қаламыздың мақтаны: ақ мəрмəрдан өрілген кең сарайлар қақпалы, Сол қақпалар маңында көлденең тас жатпады, Үш күн, үш түн кезгенде дауаң үшін, уа, тақсыр Халқың сенің сен үшін кетік кірпіш таппады – Кінəліміз алдыңда! Қайғы шегіп халық тұр, тұңғыш мəрте бұйрығың орындалмай қалып тұр! Лебіз ет тек: табанда бұзамыз да бір үйді Əкелеміз арқалап!» Əкім сонда жымиды, Серпіп сонсоң көрпесін, ауыр басын шекелі биік салған жастықтан жеп-жеңіл-ақ көтеріп: – Жұртым, саған мың алғыс, мен жазылдым, –
деді əкім, –
Ғұмыр бойғы арманым осыны есту болатын, Кетік кірпіш таппасаң – жақсы ұстапсың қалаңды, Жойылыпты салақтық – қуат қосты маған бұл! Кешір, қауым, үш тəулік ауру тістей қақсатып бос қинасам – осыны білу еді мақсатым... – Еліне сай есі бар, даңқына өзі тұратын Жұртты осылай сынаған баяғыда бір əкім. Бұ да – ескі жай. Бізде енді жаңалықтың түрі көп: емханалар – керемет, аптекалар – құдірет, ауырмайды ер, сондықтан, мəн бермейді тасқа аса, Халқын əкім сынайды – сынайды тек басқаша... КІМ КІНƏЛІ? Көгіс-сұрқай аяқтары тырбиып Өліп жатты тротуарда балапан: атқан секілді еді жаңа ғана таң, Əлдекімге өлетін де уақыт болып қалған ба? – Жаным жидіп қарадым мен əлгіге. Күн жиектен арқан бойы тұр биік, Күнде де емес əңгіме; Көлеңкеге, кері басқан шегініс, Жердегі жай, күйбің-күйкі болмыс бұл: балапанның емес пе еді тегі құс, Өлімтігі жерде жатыр сол құстың – аспан қайда, жер қайда, Көңіл шіркін иланбаса қиын, ə: Мынау ажал сыймады алғаш миыма, Қимағандық шығар, бəлкім, өлімге, балапан да – құс емес пе тегінде, Қанаттының қасіреті – шын батты... Ту сыртымнан біреу баяу тіл қатты: – Жас көңілдің үміті мен дəмесі зор келеді, сол қаза осы, дəл осы,
Құс болған соң қанатына еркелеп, Ұясынан ұшамын деп ертерек Мерт болған да, не шара, Уа, не шара, тым ертерек талпынған ғой, бейшара! – деді əлгі адам қайғылы үнмен өте бір, (сонысымен бар парызын өтеді). Титтей сұр құс – мамығын жел қозғасын, балапанын жарық дүние соңғы рет Əлдилесін! Жасыл бұта, көз жасыңды мөлдірет! Сен де, достым, балапаныңды есіңе ал, Мұндай жайды ойламаппын өз басым, тоқтай тұршы, ойланайық: осыған: Кім кінəлі? Ана-құс па асыға Қатер кешіп қорек-тамақ тасыған, ажал барын ескертпеген жасынан? Ұясы ма тым биікке салынған? Əлде оянып өмір атты дабылдан Қанаты ма мезгіл жетпей қағылған? – айту қиын. Ойланған жөн мұны əлі, Кінə болса – бəрі, бəлкім, кінəлі? ...Көшедегі жай халық Өтіп жатыр балапаннан айналып – ауру жұғар сықылды ма? Ойланып Қарамаса – қайталайды қайғы анық. Көрмеген боп өтті көбі – таза ары! – Осынау бір қазаны Сықылды олар баяғыдан күтулі – Өздерінде балапан жоқ сықылды... Ерубаев Саттар жиырма үш жасында балапан ед расында, Төлеужан мен Құдаштың да басында үрпек мамық болатын Ұқсамайтын Абай, Ілияс, Қасымға, балапандар еді осылар расында.
Балапанның бəрі бірдей емес пе: Қарғаның да балапаны – балапан, Қыранның да балапаны – балапан, балапанды «сорттамадың» деп бірден, Қызыл сөзбен байбаламға кептірген Əлдекіммен адрессіз егеске Түсетұғын секілдіміз біз кейде: «балапанды – күзде санау» жоқ есте, бəлкім, əлі жоғалтармыз талайды? Жоғалта да, білмейміз біз, санай да, білмейміз біз іздей де! Өз жарасын өзі жалар қыңсылап ит сияқты – ортақ мінез бұл, сірə, Қаза өткен соң – əйел ғана сыңсыған! Сөзін ұқтым кеше мен бір баланың: «Мені жылдам таныңдар, əйтпесе – өліп қаламын!» Өлме, қалқам, бол аман, бірақ Абай, Махамбет топырағына бұлданбаған моламен! Аспан жақын секілді еді ол кезде: балапандар балапанмен тең өсті; Іліге алмай өткендердің оң көзге бəрі бірдей қырандар да емес-ті, бұның бəрі – айқын жай, Сөз секілді ойда піскен, айтылмай. Ұшқыр лайнер – даусы кейін естілді, Сондықтан да жұрттың бəрі кеш білді, Мен – сенемін ағайынға, жолдасқа; Сондықтан да кінəсі жоқ ешкімнің тірі жүргеннен басқа. Қай балапан қарға болар – кім білген, Қай балапан қыран болар – кім білген, ең қиыны: өлгені үшін əтешті Шатастыру тірі қалған бұлбұлмен! Биіктігі ұяның оятқанда бала-құстың қиялын
тиямын деп кім бере алар кепілдік, қыран болсын, торғай болсын ол мейлі, талпынғанның бəрі бірдей өлмейді, бəрі тірі қалмайтыны секілді. Отан-ұя балапанға толы əлі, болмағандар күні ертең-ақ болады, Балапан-құс құлап өлсе ұядан Қанатына – обалы, дер едік те, біз де өтер ек айналып, бірақ, бірақ ұмытуға болмайды: алда тағы болатынын ондай күн, ұялардың, халықтардың бағына балапандар талпынарын тағы да тағы өкініш болмас үшін, тімтініп «Кім кінəлі» демес үшін бір күні – ата-топырақ, алғы қауым зиялы, табиғаттан алам десең сый əлі, Халқым менің, тұмар байлап киелі Күзеткендей тұлпар туар биені, Қыран күтсең – күзет барлық ұяны, таңдаймын деп тасырланба, Қатайма, өлтіріп ап таңдағаннан не пайда?! ҰРШЫҚ ЖЫРЫ Сыртта – күзгі жел үні, бұталар тұр ыңырсып. Үйде – ене, келіні екеуінде бір ұршық. Алма-кезек лақтырып, Қолға кезек алады. Иірілді ақ түбіт, Иірілді жабағы.
Түбіт ұшты – тұр, ұста! Ұршық қатты құлады: ене, келін ұрысса, Ұршық лақтырылады. «Қалада ұршық бола ма, – деме, – қазақшылық бұл. Қаладағы бала да Киеді екен шұлықты. Бұлт ұшты жер бауырлап, Желдің қатты қарқыны... Ешкі, түйе – ауылда, біздің үйде бар түгі. Ана жерде – домалақ, Мына жерде – домалақ. Келінге де обал-ақ, енеге де обал-ақ. Жо-жоқ, тату екеуі: бір ене мен бір келін дүкен кезіп кетеді Мен ақша алған күндері. Таңсəріде шай ішіп, бір-бір сөмкі алады. Бірі еркелеп майысып, бірі жымың қағады. Апыл-ғұпыл киініп, алса бір-бір сөмкіні. Сен үшін ең қиыны: аш қаласың ол күні. Балаң да аш па? ол мейлі Жылай берсін, жігітім,
бере берсең өлмейді қатқан нанды жібітіп. Базаршыға кешіккен жарасады деп еді: Қас қарая есіктен бір қап «Уhі» енеді. Қисайысқан тақалар, сөмкілер тоқ керемет. Кесе, шыны, мата бар – тамақ іздеп не керек! Екеуі де болдырған: (шəйді өзің қой жылдам) бірі – өкшесін алдырған, бірі – белден шойырылған. Шаршау емес, Құлақ сап Қарашы – дерт бұл да ерек. Бірі – бүкір, бірі – ақсақ, бірін-бірі жүр демеп. Оңдалайды екеуі... ертесіне тағы да сөмкі арқалап кетеді дəл кешегі жағына. ...Бір күні ақша бітеді, бітті шығып бір шығын. Бірі – түбіт түтеді, бірі – іздейді ұршығын. Сыртта – қысқы жел үні, бұталар тұр ыңырсып. Үйде – ене, келіні екеуінде бір ұршық.
Иіреді ұршықты алма-кезек екеуі. Ұршық кейде қырсыққа айналып-ақ кетеді. Тұтанады қайта дау – түбіт қолғап... жүн шұлық... Баяғы сол қайталау, баяғы ұршық-тіршілік. АҚ ШƏЛІ Ақ шəлілі қалалық ана еді, бір күні салып келді жаға ғып бурыл-шулан түлкіні. Əйел еді көрікті – бұ да үйлесті: бір күні киіп келді бөрік қып Қылаң-қызыл түлкіні. Біздің елдей бай елде, Кім не кисе – ерікті. Азамат қой əйел де Кисін, дедік, бөрікті. Сол-ақ екен, мың, түрлі Мінез тапты, сөз берді. Мың құбылды, құлпырды, Құлпырды да өзгерді. Ақ шəлі – ақ қанаты, Ұзамай-ақ қырқылды... Жоғалды да Ана аты Түлкі атанды бір күні. Айлар өтті əндетіп, Күндер өтті күлкілі. Тазы болып əлдекім Қуып берді Түлкіні...
Жылайды енді ышқына, бітіп айла-амалы. Көзден бұлбұл ұшты ма ақ шəлінің заманы?! Моданың бар түр-түрі, айла-амал далбаса... Жазығы жоқ түлкінің, түлкіліктер болмаса... ЖЕР СЕГІЗ «Келеміз Грецияның ертектер өскен қойнында». Ə. Тəжібаев, «Аралдар». Греция... Аңыз деген немене ол? Шындық шығар дің-түбі – Уақыт – тұлпар тұяғының Өшпей қалған дүңкілі, Күңіреніп тұр бүгінде де тау іші – Неткен күшті Гомер ақын дауысы! Ырысы жоқ топыраққа у өседі деседі, тарысын – құс, тағдырын жел үлеседі деседі, Мезгіл жетпей солар жапырақ Құртымен бір өседі; Жапырақ емес сенде өскендер –
тарихтардың парағы, дүниеге сарғыш қанат – тарих болып тарадың, Греция! Далаларды, білемін мен, даңқын дауыл шығарған, Дауылдармен шыққан даңқ, – көктемеген, қуарған. Сенің даңқың мəңгі жасыл ертегі, жыр суарған. Аңыз болып көктедің сен! Əр бұтағың – бір арман, бетегең де биік сенің шынардан, терең сенің шалшығың да теңізден: баяғыдан тыңдап келем үніңді – шыға алмаймын құмардан. Греция! Ертегінің иен өлкесі қашаннан!
Бұлақ – таудан басталады, ал сенің Өзенің де – аңыздардан бас алған, тасыңның да – тамыры бар мың түрлі, Құдайың да – аңыздардан жасалған, Греция... 2 . Ш е б е р х а н а д а Əу басында Құдайдың да күллі ісі бұйрық екен, Міне соның үлгісі: бір кісінің пұлы, деді, бір жүрек, бір жүректің құлы, деді, бір кісі. Жасау керек сол жүректі мықты ғып Тəңір ісі екендігін ұқтырып. Жүрек – патша, күтсін, деді, жүректі алпыс екі қан-тамыры тік тұрып. Сарапталсын қанның ең бір қызылы, тарап қалсын тамырдың да ұзыны. «Құрылысқа» керек заттың барлығы Алла алдында тұрды бір сəт тізіліп. Жаратушы тағы бір сөз қыстырды: Əр жүректе сапа болсын үш түрлі – бірі – сабыр, бірі – қайрат, қанағат деді-дағы жүріп кетті, іс тынды.
Сылт жүгіріс кабинетте, көкте əлгі, Жүрек жасау. Өңге тірлік тоқталды. Періштелер жұмылған-ды бұл іске, Шақырусыз шайтандар да кеп қалды. Жүрек жасау. Ал, қарбалас басталды, періште əкеп құйды күрең жас қанды. Адалдық деп тамшы қосты тарыдай, Шайтан əкеп, мықтылық деп, тас салды. Түсінікті. Жүре ме енді тасқа сын?! Бүлдірді өстіп тамырды да, басқасын. ...Құдайды да Құдай атып қалмай ма, шаруасына шайтан араласқасын?! 3 . Б ұ л т Бұлт байғұсты күлкі ғып, Зевс Құдай-тағала Найзағаймен бір тіліп қуып салды далаға. Соқты дауыл. Бұ қалай, Қайрауы ма жігерді? – Дегенімше шыдамай бұлт еңіреп жіберді. Мен де кейде жылаймын, Кешіре алмай жатамын: пəнде түгіл, Құдайдың басынғаны – батады. 4 . №1 Қ ұ д а й Дастархан бай-ды былай да, Қонақтар еркін жеп-ішті. Қызып ап сонда Құдайлар Мақтады-ай келіп Зевсті:
– Үлгілердің үлгісі, Жүзділердің жүздісі. Құдайлардың құдайы, Уа, ұлылардың ұлысы! Қайсарлық, қыңыр, ұлы үміт Қосылып Құдай боп қатты...– деп еді шешен күбініп, Зевс былай тоқтатты: – Өзім де білем, кемді күн бақытым шығар; бүгін құр сөзіңді шашпа, сен мұны Прометейге ұғындыр. 5 . Н а р ц и с с Сүю – ең бір асыл сезім – дау бар ма, – Сүйгендерге батпайды екен жаулар да… Құлаққа ерсі, Көзге де ұрды ерсілік, баяғыда Нарцисс деген ер шығып; Сұлу жігіт болған екен тегінде, Сонау ескі Құдайлардың елінде, Қойған екен бір көруге асық қып Құдайлардың өзін өртеп ғашықтық, Ғашық бопты жалғыз соған бəр-бəрі: Күннің қызы, Құдыреттің ардағы Көз алмапты Ай да ғашық болып қап, Жел де демін ала алмапты солықтап, ғашықтықтан жылағанда қара бұлт аққан жастан дала жатты нəр алып тау күңіреніп, теңіз біткен тамсанып, ғашықтықтан кетті дүние əн салып. Сөй-сөйте... Көңірсіпті күйіп ел – бүлік шығып Құдайлардың үйінен, Мөлдір сезім айналыпты ылайға, ақырында, Құдай сенбей Құдайға –
ешбір Құдай əйеліне сенбеді, ал, қыздарын жатып келіп тергеді; Құдай еді əйелі де Құдайдың, Қыздары да Құдай еді Құдайдың: Солар да енді қайғы тартты жай елдей, əйел деген, Құдай болсын, əйел ғой? Нарцисс бірақ елең етпей ешбірін, Мұңаяды екен жалғыз кешқұрым. Күрсінгені сонда əлемге естілді, Өйткені, ол сүйе алмады ешкімді... Əйел Құдай үнсіз ғана мұңайды, (Қыз Құдайлар – аңқаулау ғой – жылайды). Өзі əйел, өзі ызалы ал, соған Құдіретін қосып көрші Құдайдың! Құдайлардың құдіретімен қолда бар Жас жігітті жазаламақ болды олар. Қандай жаза кесу керек бірақ та? Жерге көмсе – топыраққа мұң болар, Желге шашса – бір ымыртта дауыл болып
жынданар, Оқпен атсаң – естіледі құлаққа, Отқа жақсаң – ұшқын ұшар жыраққа, – Осылайша, кеңесіпті бір апта. Нарцисс сын-ды тозған рух, денеге Не бұйырсын – қалған жұртқа өнеге! Пенделерге қаза үлесу – немене, Құдайларға – жаза кесу немене: түйілді де бір түсінік боп бəрі Ұлы Зевс алдына кеп тоқтады. ...Сөйтіп, бəрі баталасты, беттесті: «бұ да өле ғашық болсын!» – деп кесті. Тау шегініп көз ұшына кетті алыс, алыс жаққа бұлт жасады аттаныс.
Жасыл орман – жайқалмады о да енді – бұта қурап сидаң қаға жөнелді, Жел де еркелеп еспей қалды, тып-тымық, тозаң ұйып, кетті гүлді бұқтырып; Жартас-шыңға əрі сұсты, тұл əрі əлсіз толқын басын ұрып құлады. Тау қыраны тауықпен бір қонақтап – тақпақ айтты ел тоқылдақты мадақтап; тұлпар ақсап, бұлбұл мылқау күйге енді, аққу құсқа қарға зорлап үйленді. Табиғатта ажар азып, əр тайып, бояу біткен кетті кенет қартайып. Отырсың-ау оқсаттым деп марқайып, Уа, құдырет,
енді өзің де тарт айып! Ал, Нарцисс ше? Бəрібір ол ешкімді Сүйе алмады – күрсінгені естілді; Серіктері – шөл мен аштық – күні өтті, Танымасын тағдыр тасқа түнетті; Қаңғыбастың үмітімен, баяғы азабын ап ажалына таяды, Сай-жыраның кеуіп қалған тандыры – Меңіреу дала. Қу дүние қалғыды... Кенет, алда тұнба жатты... енді-енді Өлімші жан аузын сала берген-ді, Қалт тоқтады... – əсерлемей жазайьқ – Судан ол бір бейне көрді ғажайып, Жігіт аң-таң: неткен əсем түр еді! – Тұңғыш мəрте шымыр етті жүрегі. Бұ не, тапқан соры ма іздеп, бағы ма, – Қарады ол тағы, тағы, тағы да: Не тұлғадан, мін таппайсың, не беттен – Сүймек болып ұмтылды есер, Кенеттен,
бір дір етіп ғайып болды бейне əлгі, Орынында майда толқын айналды. Сүгіретке ғашық болып судағы, Қаны кепкен жүрек босқа тулады, Жүзі солып, ерні кеткен тілініп, Жігіт, солай тұрды суға үңіліп. Ғажап мүсін! Жоғалады ол да, əне, тұнба жүзі жыбыр етсе болғаны, Сондықтан ол тыныш қойды су бетін – Көру үшін судағы өз суретін, Содан өзге түк көрмеді көзі де, Түскен пəнде Құдайлардың тезіне – жаны жидіп, ет-бауыры езіле, ғашық болды. Бірақ кімге? Өзіне! Бұдан ауыр жаза жоқ-ты, тегінде, Сонау алыс Құдайлардың елінде. Сұлуды да сүйе алмаған пақырың Суда тұрып шөлден өлді ақыры. Суда тұрып шөлден, солай, өлгенде, Қайғылы бір гүл өсіпті сол көлде – Суға түсті мұңды, сарғыш сүлдесі, Нарцисс атап кетті халық гүлді осы. (Шіркін, шіркін, екеуімізге, досым-ай, Қыз-келіншек ғашық болса осылай, біз де сүйе салар ек қой, бұ да анық: Кім жапсырар махаббатты күнə ғып, Моламызға шөп өссе де жарар ед, ал, егер де түк өспесе – құба-құп) Уа, махаббат! Пірім сенсің сүйенер! Тек өзіңді өзің сүймес үшін де Өзгені көр өңіңде де, түсіңде – Саған айтам, аталы дос, киелі ер, Уа, сүйе гөр, өзгелерді сүйе гөр! 6 . С ы н Күрсінуі Құдайдың – ауыр тірлік: бұлт күркіреп,
су тулап, дауыл тұрды. Қорқақтау бір Құдайға кəрі Зевс өп-өтірік асасын ала ұмтылды. Жоқ, ұрмайды ешкімді, ештеңені, Көп көзінше əншейін сес береді. Алдау керек еді деп өкінді қарт – Құдайға да кейде ақыл кеш келеді. Өкінетін түгі жоқ; Күштен гөрі батқан оған əлсіздің тістенгені. Күрсінді қарт: Құдайлар ұшып кетті Қиқым-қоқым секілді үстелдегі. Зевске де қорқақтар ұнамады, айтқан емес ол жайлы бірақ əлі. Кенет Құдай ақталды: «күрсіндім, – деп, – Құдайлардың салмағын сынағалы» Сол дəстүрден қалса егер бір-бір сынық: Қорқақтар көп жағынар білгірсініп, Сынау үшін салмағын сондайлардың Көрсең еді сен де, аға, бір күрсініп. 7 . А п о л л о н Аполлон да шынында жігіт бопты бір қызық, Құдай бопты Олимпке ол да əмірін жүргізіп, Əу басында байсалды адам екен бұл өзі, Құдай болып алған соң өзгеріпті мінезі. Сұлу екен өзі асқан, Мерген екен масқара, Оғын, əттең, атпаған сұлу қыздан басқаға: бір сұлудың – əзілі, бір сұлудың сырты ұнап, алтын жебе күн-түні ұшады екен зырқырап, Серілікпен қыз аулап аспан жақты көп кезді бақытты ғой серісі əлименті жоқ кездің, Құдай болу, сонда да, жаман жұмыс осы деп, достарына кешқұрым шағады екен есінеп.
Қыз аулаудың соңында сол Аполлон бір күні оқиғаға кез бопты қайғылы, əрі күлкілі: бір сұлуды көре сап шірей тартты садақты, шірей тартқан жебесі тимей кетті, тағы атты; тимей кетті тағы да... тағы да бір жебе алды, күн астында ол оқ та бір жылт етіп жоғалды. Тимегенде бірінші оқ Аполлон тек таң қалған, екінші оғым тиер деп үміт етіп алданған; тимегенде екінші оқ – мерген қатты шошынды, ал, үшінші оқ осыған күйік болып қосылды... Ал, сұлу қыз жаңағы Кекесінмен қарады, Оқ тимеген сайын ол сұлуланып барады: Шыбық-белі майысып əндетіп ед ыңырсып – түсіп кетті аузынан əппақ-əппақ гүл ыршып. ...Тимегенде төртінші оқ – қайғы басты Құдайды, Мөлдір аспан көрінді қақ суы боп ылайлы. Сəби жапырақ егіліп жылап тұрған құсады; Құлақтан ап əлдекім бұрап тұрған құсады, Тұңғыш мəрте Құдайды ыстық сезім шарпыды, түсінді ол аяуды өзін аяу арқылы, бақытына еркелеп өскен бұла жас еді, сəтсіздіктің, сезді ол, жиіркенішті əсерін – мансабынан Құдайлық жиіркеніп ол сонда қорамсаққа тағы да, тағы да бір қол салды: бітіп қапты жебесі қорамсақта, анық бұл – тырна-сирақ сидиып жалғыз жебе қалыпты. Сол жебесін суырды ол – соңғы үмітін немесе, Сол-ақ екен, Құдайдың құмары артты он есе Əлгі қызға; Жебені жіберерде тағы да тағы да бір көз салды Олимп тауы жағына, – тұңғыш мəрте саусағы қалтыраған құсады, білек күшін əлдекім тартып алған құсады, өнерінің өзі оны сатып кеткен құсады,
(О, албырт жас! Мұндайдан сені Құдай сақтасын, дүние түгел сатса да, өз өнерің сатпасын) Кенет... Құрып дəрмені қара терге түсті ерің, өз білегін ызадан қырш еткізіп тістеді – Күш қалған тек тісінде; Уа шүкірлік, шүкірлік: (Құдайды да құл еткен сəтсіздікпен бұ тірлік) Жылады ол Зевске, отыра ғап тізерлеп: «Құдай едім, құл емен ететұғын Сіз ермек, Қырсықтырып мұншама қорлағанша пақырды Өртеп өлтір отыңмен! Не, тілегім ақырғы: Осы оғымды дəл тигіз, Жапа шектім соншама, Мына қызды алайын – жынның өзі болса да, Түсіп қалдым жамбасқа абайсызда мен қасқа ант етейін бұдан соң қолға садақ алмасқа». Зевс Құдай естіді. Жігіт оғын көздеді, Құдай тартса жебеге зырқырау да сөз бе еді: Қақ жүректен қадалды əлгі қызға оқ барып. Көкке қарап Аполлон көзін қысты мақтанып. Кенет, сұмдық! Қыз қайда? Мазақтай ма бұл Құдай: аю тұрды сілкініп қыз орнында, сұмдық-ай, шошынғанда Аполлон жан дауысы шығады – тұра келіп қашады, аю тұра қуады. Қашты Аполлон зырқырап. Садақ қалды сасқанда, Құдай болған жақсы ғой, əсіресе, қашқанда – жеткізбеді, Құтылып кетті Аполлон,
«Аюдың» Содан дейді жұлдыз боп қап қойғаны аспанда... Біздің заман тыныш қой, елеңдеме дүбірге, атып ұстар əйелдер жабайы емес бүгінде; Қолға үйренді аю да – Зоопаркте бəр-бəрі, атып ұстар аң мен құс орманда да қалмады. Аполлон жоқ. Бір досым бойдақ болып жүр əлі, Əйел деген бір сөзден зəресі ұшып тұрады. Біле алмай жүр: жебесін кімге атарын бұ-дағы, бір сілкініп қай қыздың аю болып шығарын. О, сүйкімді сұлулар! Мен – Аполлон емеспін, аю болып əзірге қорқытқан жоқ мені ешкім. Бірақ достар əзіл ғып айтатыны осы нақ: «бəріміз де жүрміз ғой бір-бір аю асырап». 8 . Қ а й ы р ы м н е м е с е б а т ы р д ы ң о р а л у ы Əңгіме Трояны талқан еткен көп батырдың батыры Қаңғып! Қырып! Көп олжасын тығып тастап, ақыры Жетті еліне; Кеткеніне Ұшты-күйлі жиырма жыл дегенде. Бірақ оны танимын деп ол елден Жан шықпады; Шалшықтағы бақа құсап ауыздарын ашқан ел ісі жоқ-ты көл-батпағы – шаруасынан басқамен. Құдайлардың құдіреті байырғы Түрден ерді айырды:
Қайыршыны кім танысын! Тіршілікте далбаса «Əй, бейшара-ай» дегендері болмаса. Күні бойы көше кезіп, ымыртта Сасқан батыр сусын іздеп бір ұрттам – Соңғы жылдар даңқы шығып батырдың, Соған бола көңілдері суысқан бар еді бір туысқан, Қақпасына келіп соның атын атап шақырды. Күңі шығып күңк етті: – Əкім кісі бұл текті, – Қайыршылар кіретұғын үй емес, аулағырақ жүргенің жөн деп қойды, – Алып шыққан нанын өзі жеп қойды. Аполлонның өзі сын-ды əдемі бұ қалада жалғыз досы бар еді, Оны да іздеп тауып со бір ымыртта Су сұрады бір ұрттам. Қайыршыда дос бола ма? Танымады ол-дағы, – (Сақал-шашқа қонып қапты кəрі қыс) Кімге керек қайыршының қалай ыза болғаны! Көкірегі аңсады бір жарылыс. Үй иесі су ұсынып, ақыл айтты мұңданып: – Жүгенсіздеу болушы еді құлдарым, Сабап тастар, аулағырақ барып іш! Байлықтан бұл есі ауысқан қала еді, сол байлықтың əлегі: жұрт көңілін тарылтты да, ақыры танымады ел батырын, Сыйламады қайыршысын, жақынын, Итін қосып қуалады əлдекім, Əлдебіреу ерке ұлына тептірді. Ал, біреулер қақпалардан сығалап: «Қайыршы əлі құрымапты-ау» деп тұрды... Жетті өзінің үйіне əрең ертесіне сəскеде. О, Құдайлар қорлағаның аз ба əлі! Өз əйелі:
– Аулақ, – деді, – мас неме! Өз баласы ұрып тастай жаздады. Осылайша сынап алып бəр-бəрін батыр үнсіз зарлады: «Мені шын-ақ танымаса енді ешкім бұл елге енді жолшы боп та келмеспін! Мені ұмытпай неғылады, ептеген Қайырымның өзін ұмыт еткен ел?! Ертең бəрін бас алаңға шығарып Қырайын да қына ғып, Жөнелейін топырағымды арзан қанмен суарып. Бұл елде енді үміт етер жоқ ешкім, Өзге түгіл, бұ халді Өзіме де кешіре алар емеспін: Намысы деп осы елдің талай отқа іздеп жүріп көселдім, Келдім екен мұндай елдің несіне?!» – деп тұрды да ер, иті түсіп есіне үйшігіне іздеп келді баяғы, арқасында – дорба, қолда – таяғы. Кəріліктен жүрелепті ит байғұс. Тұмсығына қонып алып құйттай құс секеңдейді – басына ма, қайтеді? Ал, ит байғұс тірілігін жасыра ма, қайтеді – пақыр болып жатыр көніп. – Аргус – деді батыр келіп. О, ғаламат, ғаламат: Құйрығын сəл қозғады иті көзден жасы домалап, Қыңсылаған сықылды бір үн шықты, Сол үнге өзі тұншықты; бір дір етіп кетті үзіліп – болды өлік… Талай жылдар азап тартып, жол көріп Жеткен жігіт, кенет, көзге берді ерік – Солқылдады ол иттің басын өңгеріп! Ер толғанды жаны жібіп кенеттен: «бұ халыққа өкпе артамын не деп мен?
Жиырма жылдан кейін келіп танымадың деп мені Туған жердің жұрты жайлы жаңсақ ойға кеткенім Өзімнің де ұмытқаным шығар сауап, обалды?! Патша құсап аттанып ем, қайыршы боп оралдым – танымаса – танымауы жөн шығар? Көрінбеді бірақ менен басқа ешкім, – Қайда басқа қайыршылар, жолшылар?! Қайыршысы, Кемтары жоқ түспейді екен Ел еске, – Мұның бəрі осы елде Қайырымның құруынан емес пе?!» Ойлап-ойлап Ел пиғылын не түрлі Кешіруге бекінді: достарының сараңдығын кешірді, Құлдарының арамдығын кешірді, ағыл-тегіл сөзбен көңліне ұнаған бəрін өзі аршып алды кінəдан, бірақ мұнша көп адамның ішінде жолаушыға жөн айтпағаны үшін де Жоқ ұялған бір адам! Халық мəз боп оралды деп батыр ұл: Көк аспаннан тігіп тойдың шатырын, Көк даланы дастарқан ғып жаяды... Сонда бір қарт сілтеп тастап таяғын: – Сақтан, жұртым, – деді кенет саңқылдап, – Сен де сақтан, салулы жай, салқын бақ! Жақсылыққа апармайды бұ қылық – Қайыршының да аяғына жығылып, Күтпеген ел пақырын ел болмайды ақыры! Өз ұлыңды танымасаң майға бөгіп жатып-ақ, Сен де ұзамай күл боларсың, топырақ! Өз əкеңді танымасаң сен бүгін, Жетімдігің жақын екен енді, ұлым. Өз еріңді күтпесең сен алыс жолдан оралар Жесірлігің жақын екен, аналар! Итке құйып бітсең егер ұйтқыңды
ел боларсың ырысың жоқ ит құрлы, Халқым, саған ырысты ит те жоқ енді! – деп қария өз жөніне жөнелді. Бұл сөздерге ойланбады ешкім де, «Жат сөз айтты жақсылықтың үстінде» деп шуласып түре келген ел дүрлігіп. – Іздемеңдер, Зевс!– деді үрейленген бір жігіт. Ертеңіне апат алды қаланы – Өрт пен дауыл құтырып кеп қалады. Қайырымы жоқ – Жоқ қаланы қамалы Жапыра кеп жарақты жау шабады. Күйіп кетті орманды алқап, түкті бел, бір-ақ толқып құмға сіңіп бітті көл; он екіден жасы асқандар түп-түгел қырғын тапты. Ал, батыр ше? Бұйырды оған тез өлім: қайыршы боп алдағаны үшін де өз топырағын, өз елін, Қылышымен талай елді өшіргені үшін де, Қайырымсызды кешіргені үшін де Кетті алғашқы өлгендердің ішінде: Өрт пен оқтар оны да тез жалмаған. Он екіге жастары əлі толмаған Сəбилер мен Аргустың тек өлімтігі қалды аман. Ескі əңгіме. Есте жүрген сөз еді, Соның бүгін келді білем кезегі. Есік қақса – ескілік деп қарайтын Қарау байды – қалпағынан сеземін. ...Ағайындар, бұзылмасын бір кешің, Рас, рас, бұзық қонақ кірмесін. Бірақ есікке алаңдай жат, Қағылса – Кеш оралған өз ұлың боп жүрмесін?!
АНТ Көрші үйде сол бала болды, Қасқа бір: Білмеуші еді төбелестен басқаны. Төбелесіп таныстық біз. Алғашқы Жұдырықтар жолдастыққа жалғасты.. Сөзге мүлде икемі жоқ бала еді, Сөйлейтін тек қой көздері əдемі. Жалт еткенде – нұрдан əнтек төгілген Түсінетін едім мен: қалжың, əзіл сөздерімнің көп менің Қайсысының батыңқырап кеткенін, Қандай жайдың қалай əсер еткенін бір қарап-ақ сезінетін едім мен; Көздің нұры шығады ғой көңілден, Мен сол көздің пəктігінен талай мəрте жеңілгем, оны да ептеп түсінетін едім мен – сəл ересек болдым білем шамасы. Балалықтың қызығына қарашы: Əлі есімде, екіндінің шағында шығып алып құлан-құба шағылға Құбылаға бетімізді түзей кеп (қарттар өстіп тұратұғын намазға), Майда құмға отырдық біз тізерлеп. Кəрілерде келеді ғой тіл майда, Сөздері оңай иілетін ыңғайға, Қалай сөйлер еді солар мұндайда? Не айту керек? Ойламаппыз – мен де, ол да, Сөз деген көп емес пе еді жалғанда – Неткен минут əрі ауыр, əрі ұзын, Ұққандықтан сол минуттың маңызын, тебіреністің молдығынан іштегі Соның бірі ауызыма түспеді. Досым маған жаутаңдады, мен оған
дəмеленіп қайта-қайта қарағам: кірпіктерін қайта-қайта қағады, Ол қарады, мен де оған қарадым. Күн де, əне, дөңгеленіп жанары Көкжиекке – қауысуға барады. Күнге бұрдым бет-жүзімді кенеттен. Қайраттана... тамағымды кенеп мен Сұлу сөзді төкпек едім шелекпен, таң қалдырып төбелескіш сол ерді Сөйлемек ем ақылды əрі жігерлі – Су толтырып қойған сын-ды бөшкеге Кеудем мылқау. Айта алмадым ештеңе. Сонда досым... еңіреп кеп жіберді! «Сөз» болды сол, ең əсерлі, ең ыстық – ол да сенді, мен де сендім – сеністік! үн қатпады тілсіз меңіреу құм да түк, Тек жалындап бара жатты күн батып. Құшақтасып тұрдық, біз де үнсізбіз, ант етістік сөздің көмегінсіз біз! Бір ірілік сезіндік біз ғаламат алыс түскен көлеңкемізге қарап. Көкжиекке сүйеп қойып қызыл Күнді жандырып, Қызыл жерді алдымызға алдырып, ант етістік дос болуға мəңгілік (балалық-ай; ғұмыр өзі... сəттік қана жаңғырық, достық қайдан болушы еді мəңгілік?!) ант етістік бұрылмасқа басқаға, ойнамасқа басқалармен! Масқара! Талап екен, енді ойласам, бір кештік, Қайран ғана балалық пен білместік! ...Үйге қайттық – екеуміз де үнсізбіз, бəрін айттық сөздің көмегінсіз біз. Содан кейін екі-ақ жұма бірге өстік, өсті бірге ант, уəде, білместік. Содан кейін... тағдыр сəтін келтірді:
досымды асау айғыр тапап өлтірді. Жылқыға үйір болушы еді сорлы əлгі. Сезім буып жылай да алмай мен тұрдым. Қайғырдым ба? Одан гөрі қорландым: Өлерде де ол тіл қатпады, не білді: Күлімсіреп, қолын созып керілді. Сол сəт оның мені тастап өлгені барып тұрған сатқындық боп көрінді. Жылдар өтті. Мені айыпқа бұйырма: тірі жүрмін əлі осынау қиырда. Көңіл шіркін ала болса қиын ба – талай жігіт сатты мені тиынға. Өтсе айналып тұлпарлардың атағы, Кейбір есек бастан аттап жатады; Көп кемшілік сездім. Соны сезу де Кемшілік қой? Көп қиналдым өзім де. Болды менің (неменесін жасырам): Көк тиынға татымаған кезім де. Шыққан терді талай соққы-тепкіден Өлеңімнің ыстығына кептірем. Оқушым бар саусағындай бір қолдың, Солар мені сата қоймас деп білем... Кім біледі? Шығар ма еді бір мықты ұл – досым менің тірі болса. Шындық бұл: Көп жылпостың болар ма еді бірі ол да талқысына түскен шақта тірліктің? Кім біледі? Көңіл жүдеп, қалған шақта жан жетім Мені желеп-жебеп жүрді əлдекім, ең шешуші – ең бір қауіп сəттерде: Тұңғыш жолды жазар шақта дəптерге, Тұңғыш озып даусыз бəйге аларда, астанадан пəтер таңдап қаларда –
Құлағыма жақын келді үні оның; Əлде менің аңсарым мен тілегім: Мөлдіреген қой көздердің жанары, Əлдеқайдан бір жалт етіп қалады, Кейде əлдекім солқылдатар шекені Шым-шытырық ойлар тастап кетеді; Көлеңке боп орағытып алыстан, Кейде əке боп қайырымды данышпан, Əннен – биік, Əкімдіктен əлділеу, Əйтеуір сол... қалмай жүрген бар біреу – Сынап келген періштелік салтымен, балалық шақ, сен шығарсың, бəлкім ол? Жебеп жүрген рухы боп досымның, əлде сен бе, алтын топырақ, алтын Ел?! Сондай шақта елестейді ақ шағыл (ішіне алып айтайыншы жақшаның) Қашан көрсең көкжиекте жатар кіл Қауыса алмай күйіп-жанған батар күн, Қос көлеңке батар күнмен зорайған елестеп жүр, елестеп жүр талайдан... ТЕҢІЗДЕР МЕН ШАЛШЫҚТАР Екі жастың сынамақ боп ақылын бірде былай сауал қойдым ақырын: – Аспан қандай болса сондай түсі бар, Жел тымықта күрсінгенінің өзі Зəреңді алып, иманыңды ұшырар – теңіз жатыр деп есепте алдыңда, суын бірақ, іше алмайсың; ал, мұнда: Шалшық жатыр ауыз-сайдың ұртын ап, атылатын толқыны жоқ бұрқырап, галстукті бастыратын кəдімгі түйреуіштің тасы құсап, жылтырақ Саяздығын кешіре алсаң сен оның, суы ғажап тұщы болып келеді. Бір жаманы, су болған соң атағы,
Ит те, құс та аузын малып жатады – екеуінің қалайсыңдар қайсысын? – деп ем; бірі сəл именіп жөткірді, екіншісі: Жұмбақтамай сөйлесейші? – деп күлді. Сонсоң үнсіз ойланды да екеуі Біреуі айтты: «Маған шалшық жетеді, Шөл тигенде шалшық түгіл тамшы зар, Саяздықтан емес ит, құс жаласа Суының сол тұщылығынан шығар?! Суда жүріп шөлден өлсең, ол да аса Қызық болмас; Теңізде не қасиет Терең деген қорқынышты аты ғана болмаса». «Шіркін, теңіз! – деп күрсінді сонда екінші жігітім, – Не тұр екен ішкен суда бір жұтым?! Ақымақтың əдеті ғой өлшейтұғын қарынмен, Қарынымен түсінеді дарынды ол, тек атағы су еді ғой демесең теңіз суы – қарын үшін емес ол, көру үшін; сыймай даңқ, атағы Мəңгі-бақи көл-көсір боп жатады. Теңіздің тек келбетіне көңілмен қарап тұрып шөлден өлер едім мен – елестетіп жүз мыңдаған жетімді, армандар мен қиялдарды ас қып паң, тау-тау астық күзетінде аштықтан өлген сол бір азаматтар секілді... Ал, шалшық не? Соны ұялмай мақтаған Шын есерді көруім бұл; Жат маған: Шалшықтардың табиғаты масқара,
Масқаралар толып жатыр өмірде Саяздықтан басқа да?!.. Өлең сөзге əжептəуір шебер ек, Шеберлерге бəрін тізіп не керек – Əрең бастым екі інімді;
ең ерек Өршеленген жігіт мақтап Теңізді шалшық құсап тез-ақ тынды; ол енді Бейсеуовтың концертіне жөнелді. Екіншісі сəл қызарып құлағы Толстойдың романын сұрады. Таң қалдым мен. Жанып ойлап жан салып түсінбедім: сөз бен істің аралығы қаншалық?! Бір керемет ниет жайлап мені ізгі, екі жасты безіндіріп шалшықтан, атақ-даңқын асырмақ ем теңіздің, Мақсат екен сөйтсем, сірə, əнтек бұл, Мақсат та емес, майдан екен – қан төктім. Мен жеңілдім: екеуі де сендірді, екеуі де ойлайды екен мен ғұрлы. Теңіздің де болады екен өз теңі, Шалшықтың да болады екен өз теңі; тек мен ғана тұзды тақыр болып құр керегім жоқ кезде бекер келіппін...
1 . С ұ л у л ы қ Мезгіл жақсы: көрші тыныш, біз аман, Жаман жырды өңдей де алам, сыза алам. Гүл суарған қызды сұлу деседі, Сұлуырақ нан көтерген қыз одан. ...Сол бір кездің тілкем-тілкем табаны менің мəңгі көз алдымда қалады. Жақсы ғой қыз бал татырған тілінен, Су берген қыз қайырымдырақ болады.
«Ақ шағылды» бір түптеуге жараған, «Ұсақ жандар», сенен, сенен нəр алам. Биші қыздар қылықты ғой, расы, Қылықтырақ ұсынған қыз қара нан. Ой шашылды, ұйқастарым, шық құрап, Шойын нүкте, сөз аяғын күт бірақ. Мықты, мықты ел қорғаған кешегі ер, бүгінгінің ерлері одан мықтырақ. Күншілдердің көңілін бір басарға, Уа, Алатау, мұз-кеудеңді тос алға! Ғаламат қой Аманкелді қылышы, Жақаевтың кетпені одан осал ма?! Ақындардың əр сөзінен от шығып, Жасыл отпен жанып жатыр көк шыбық. Мəрмəр тасқа гүл өскені – əдемі, бəрінен де əдемірек Тоқшылық! 2 . Ү з і н д і Он екі түп жетім ағаш – бұл ағаш, Сенен бірақ жылап көмек сұрамас. Бұтағын тек алса біреу сындырып, ауырсынар үнсіз ғана шыңғырып. Бірақ ешкім жоқ елеңдер оны естіп – үнсіздердің шыңғырғаны емес түк. Қайрымдылар, қам ойлама, қайғы алма, Жел мен дауыл, сен де аянба, сайранда. Алма піскен шақта ғана əлдекім, Əлдекімдер алма терер əндетіп. Сонсоң тағы болады ұмыт бақ əлгі, Ұмытар жұрт қайырым мен обалды... Жарты əлемнен жасырасың бетіңді Көрген шақта сол он екі «жетімді», Жапырағы – календарь боп таусылған Жыл байғұстың он екі айы секілді.
Р. S Жиналып ап жеміс-жидек түр-түрі айқай салып шыға келсе бір күні: Жеміс толып, жел үзгенін міндет қып, Жеміс, жеміс дегізгенін міндет қып; Жүзім жылап мөлтеңдесе ызадан, Қауын, қарбыз қарс айрылса ызадан, алмұрт тұрса күс бетіне ұн жаққан, Қызараңдап алма шықса бір жақтан, Жылғадағы жылап аққан су-дағы адамға еткен қайырымын қуғалы шықса атылып... (буырқанса көк теңіз, жапырақтың шулағанын сөкпеңіз). Жарық, жылу ту көтерсе қауым боп, Қоңыр самал шу көтерсе дауыл боп, бидай шықса ауыр басын шұлғытып... бəрі-бəрі сайрап берсе тіл бітіп, – Мінезіңмен табиғатта болмаған Кімді, не деп кінəлар ең сонда, Адам?! Табиғат қой – төзеді ол, күбінген ақымақ-жел қойныңды ашар – түңілме. Сен де, алма-бақ, күтімсізсің бүгінде, Шыда, шыда! Көзге түспе, білінбе, бір сайрарсың – Тəңірінің тілінде, Сенің-дағы тілің шығар түбінде. 3 . С а п , с а п Дəн еккенін мақтан етіп жүр біреу, алты əлемді аттап өтіп жүр біреу. Уа, құрбылар, Шын бейнетқор шешелер, Сөзім сендер туралы емес – кеше гөр. Нағыз ерлер атқарса еңбек-борышын, пысық, жалқау мақтанады сол үшін, Соның көбі атаққа бар, атқа бар,
түк бермей-ақ алғанымен мақтанар. Шүкір! Қазір жомарт біздің ел мен жер – ал, алып қал, алу үшін келгендер! Кімді мұқат ерік өзіңде, кімді алда – Өтінем тек: ештеңеңмен бұлданба. Алған түгіл, ойлап көрші, ер көңіл жомарт жандар елей ме екен бергенін?! Біз бəріміз – алушылар жерде бұл, Жарылқаушы – табиғат боп тұр əлі: Қайтер едің аспан сатса ауасын, Күн бұлдаса қайтер едің шуағын?! 4 . К ө л е ң к е Бықсып жатқан бір шаланы жандырдым, бір көңілге үміт үрлеп – жан ғылдым, Өсиетін орындадым Абайдың, Риза еттім аруағын Жамбылдың. Келді осылай ұлы өнерге бір адам, аман адам қиянаттан, күнəдан. Шықты бүгін: Намаздыгер шақтағы Көлеңке боп бір мықтыдан құлаған. Тағдырының өзін менен қолқалай, Қолтығыма қонып жүрді ол талай. Енді бүгін... ербеңдеп сол қағынды Жабамын деп менің шуақ жағымды. Тіршілік-ай! Тіршілік қой – тіршілік, Күрсінгеннен көгере ме жыр шығып?! Ал, мен оны танымаймын қырсығып. Шын көлеңке керек болса басыма – Топырағыма шанышар ем ғой бір шыбық!
5 . Т ү с і н і к с і з с ө з – Интрига түртті мені, деп, түрлі түскен əкім мұңын шаға кеп тұрды. – Ол немене? – деп сұрады бір ақын, Анау айтты: – Мықтыларға құратын тор мен тұзақ, бола алады қақпан да – сол құртты ғой бізді Құдай атқанда. «Қаламгерден» қағып алған болатын: – Сөздіктерден іздеп көрем! –
деді ақын, – Интрига?.. Одан да əкел, құй, таста, Көнбейтұғын сөз не керек ұйқасқа! Бір жылдан соң қызмет ап əлгі адам, Сəл ыңырсып сөзін былай жалғаған: «Бір ақынның сəлемі ұнап, түсі ұнап дəмдес боп ем – мазамды алды ішіп ап». Ал, ақын ше? Жолығып ем жақында «досым» деді ол дəмдес əкім хақында. – Есіңде ме былтырғы сөз, – дедім мен, – Іздемей-ақ қой сөздіктен, мақұл ма?! 6 . Ж ұ м ы с т а н к е й і н Соңғы жазған əңгімемнен іздеп ем: Жетістік жоқ, Қате таптым жүздеген. Қарғасын да қастерлеген жыршы ғып, Не боп кетті мына жомарт тіршілік?! Мəрмəр тасқа мəңгіліктен үміт қып Əжеме арнап ойдырып ем құлыпты – алтын сандар жаңсақ түсіп, қария тумай жатып өлген болып шығыпты. Көңілімнен дыбыс шықты бір бөтен, Көкейімнен қуыс шықты бір бөтен,
Мына бұлттар Алатаудың басына бүгін тағы түнейін деп тұр ма екен?! Трамвайда тиісті бір оңбаған: «Жүйкең жұқа екен» деді ол маған, Қалың болса қайтпек екен ол есер, Ұлтан жасап алмақ па екен? немесе, байпақ тігіп кимек пе екен жыртып ап?! Дүкен кездім – таптырмады бір тұмақ... азу тісім бара жатыр сырқырап. 7 . Е ң ұ з а қ к ү н ...Телефонның шырылынан сол күні Жүрек қысты, қаным қатты толқыды. Ащы тиіп торғайдың да дауысы, Жаңғырыққан секілденді тау іші. Нақ сол күні... Тағдыр басқа бермесін – Өз үйіне түнемепті бір досым. Сөйтіп беттен бедел ұшып кетті ескі – Жарым маған: «бəрің солсың» деп кесті. Содан кейін құймақ күйіп, сүт іріп, Тұрды ас үйде бу мен түтін құтырып. Шанышқы мен қасық жиі айқасып... баж-баж етіп төгілді отқа шай тасып. Нақ сол күні мені сынап бір сыншы Жазудай-ақ жазған екен (құрсыншы!) Сол күні ерек ақылдымсып, алғырсып, бөлім бастық ауық-ауық алды ұрсып. Ауық-ауық жиналыс боп сол күні шекем қысты – қаным жиі толқыды. Бір-бірін жұрт кекеп-шалып сөз етті. Дүкендерге сыймай шұбап кезек тұр: Кіржің-кейіс, Қажаған жұрт бір-бірін, бірін-бірі түртіп жейді түрлі ұғым... Уа, тұтап қал,
Мысқыл сөздер, тұтап қал – Қате кетті мен қол қойған кітаптан! Бір азамат қызметтен – міндеттен босап шықты... Ұзақ еді күн неткен! Нақ осы күн хабар... Қара қанатты Қарғып ұшты: бір қарақшы бала атты. Көкірегім қаңырап кетті бір түрлі, тек əлдебір қан тамыры бұлқынды, – Жүрегім де əлгі байғұс досымдай өз кеудеме түнемеген сықылды... 8 . А к с и о м а – Ақихаттың өзі кейде қиялдай, есек – есек, тұлпар – тұлпар деп еді. Бірақ қалай көк есегің ұялмай тұлпарлармен тайталасып келеді?! – Ақихат па? Ақихатты жөн десек, екіге екі қосқаныңмен болды есеп. Есегіңде түк кінə жоқ, тұлпарың Көк есекпен тайталасса – ол да есек! 9 . К е з д е с у д е н к е й і н Ұнап қалдың, қалқам, дедім бір қызға соны айтқанда жүрегім сəл ығысты. Қыз ақырын қарады да жұлдызға – ертең, – деді, – болады екен күн ыссы. Дедім тағы: сөзім менің мəңгілік, Өз ыстығым өз ернімді кептірді... Қыздың көзі аспан жақта қаңғырып, – биылғы ыстық, оңай емес, – деп күлді. Куə мынау қараңғы түн, бай қала, – Ұқсаңшы деп айқайладым ышқынып.
– Мейлі ғой, – деп жымиды қыз жай ғана, Қолтығыма үш саусағын қыстырып... Бүгінгі жас жүрексіз бе, бетсіз бе – деп күрсіндім; – тағдырға, аға, көніңіз, ішкен біреу тиісе ме деп сізге Серік болдым, кешіріңіз! – деді қыз. 1 0 . К е ш е м е н б ү г і н Тұрмыс – өзге, талғам бірге өзгерді, Өзгерді енді ұғымдар да, сөздер де: «Құдай» деген сөзді сызып, Орнына «тағдыр», «табиғатты» жаздық. Көр, міне: Кеңсем – өзге, Пəтерді де тез берді. Күні кеше ұйқасатын сөздердің Күзгі аспандай бұзылғанын көз көрді, Күні кеше стақанға дірілдеп Қорқа-қорқа құйылатын арақты еркелетіп «ақаң» дедік бүгінде. Əйел десе – ақ балтырлар елестеп тамсанатын емес пе ек? Ал, бүгін ше? О, жаратқан, қарап қал: Неше түрлі мықындар бар, балақ бар. Лирикам да бүгін, міне, есалаң; Маған əлі таңданатын жан бар. Юбка еді кеше əйел, ал, бүгін – шалбар. Жоқ, өкінбен! Бірақ соған жақынмын, Кеше менде мұның бірі жоқ еді. Бұ да, бəлкім, қазақылау ақынның аз да болса қартаяйын дегені; анау да – өзге,
Мынау да – жат, Ол да – сын, өзгерістің көкесі осы болмасын?! Қызуым мол деп егделер тасса аса Қартайды деп біл, – Кеше мен бүгінді салыстыра бастаса. 1 1 . Д ə с т ү р Жырым менің! Қасқа шыңды жарып ақ, ашыққа шық, ал, аңырат, аңырат! Көбік-жалды айналайын арғымақ, Қарауытқан жартастардан қарғып ақ! Ескі ұғымнан əркім мүлгіп құптарлық, Эпостардың тасасынан шық қарғып, Уйтменнің балға-төсін көпір ғып, ескі дəстүр арнасынан өт ырғып, Ұйқастардың құрсауын сөк бұлқынып, буындардың белін сындыр ұмтылып! – Деп ем... Жырым – жықпыл кезді түртініп; екпінімен бұза алмады ырғақты, Дəстүр атты дəу алдында дір қақты. Арғымағым шаппаған соң дүбірлеп, Жайылып жүр қойшы мінер тұғыр боп; Құла жалды тай-толқынның тобы əлгі Құтыра алмай құмға сіңіп жоғалды. Құлын-ойым қыпың қағып кірпігі, Мақал-биені еміп тұрды бір күні. Тумаған соң арна болып қасқайып Қаттысың деп тақтым шың мен тасқа айып. Мынау сыбдыр, жырым, сенің үнің бе? – Жасыл майса, тым құрса, сен дірілде. Бұтаны да жыға алмаған жырларым, Жылтырайды жыра-сайдың түбінде.
1 2 . Ж а л ғ ы з д ы қ Жалғыз едім бөлмеде Жалғыз едім; əйдемде Сөлкебайдай дөңгелеп Тереземе Ай келді. Сасқаным ба, білмедім: Шын көңілден айтамын, есік анау, кір дедім, – басын əрең шайқады. Мынау бөлмем, үстелім, Іздеп келсең бұл үйді терезеден түс, дедім, – басын шайқап жымиды. Еліктегіш мінезім, Сүйіп қалсам – күнəм ба, Шығам, дедім, онда өзім – Келіспеді ол бұған да. Сəл именіп, іркілді, Жайлы, жұмсақ төгіп нұр. Жүзі сарғыш бір түрлі, тек күлкісі көгілдір. Жалқы біткен жарығым, бағым ба екен бұл менің, Сорым ба əлде – бəрібір – тағы да бір күл дедім. Күңгірт тартты көз алдым – Халім құрсын-ай, тегі: Күлмеді Ай, бозарды... Менсінбей ме, қайтеді?! Сөз өтпесе ғашыққа Намыстанбай бола ма:
терезені ашып қап қарғып түстім далаға. Тағдыр маған бақ беріп, бітті бойға күш-жалын тұнып кетіп: шап беріп білегінен ұстадым. Сөйтсем: дала қараңғы, ұйып жатыр түнек түн. Өн бойыма таралды, Қорқынышы жүректің. Соны ойласам дір етем, Көңіл байғұс өрепкі: Қысып ұстап тұр екем, Қу бұтағын теректің. Жалған елес жайында, Көп оқыдым, шамасы... Тым құрыса, қайыңға, Қол жетпеуін қарашы?! 1 3 . Т а ң қ а р а ң ғ ы с ы Мен онымен көріскем Ұмытқанда сақтықты; Ұйықтағанда періштем, Жастық етіп ақ бұлтты. Мен онымен танысқам бір мақталып ішкенде; басы айналып табыстан, Тəңірім құлап түскенде. Бұта жүзген қылтылдап, Қараңғы еді таң алды. Сорлы құсым бір тулап Мықты торға қамалды.
Өзім де бір мұндармын, енді иесін сөз етем. Рас, ол кез жындардың, Көшетұғын кезі екен. 1 4 . Ш а й Жұрт айтады, масқара Шайқор бопты ұлы атам. Содан ба, əлде, басқа ма, Шайды мен де ұнатам... Тұйық қыздың сіңлісі – Қулық екен күллі ісі: «аға, – деді майысып, – шыға қойшы шай ішіп». «Рақымет, шыбыным, тағы бірде», – дегем-ді, Мен жазған бір өлеңді оқып ала жөнелді. Көніп қалдым, Іркіліп, үйге кірсем ақ ойлап: бір қыз отыр; кірпігін мақтап қойдым абайлап. Шай іштім де, қыдиып, Кісі құсап киіндім, Кіші қызға жымиып, Үлкен қызға иілдім. Кіші қыз кеп ағалап тағы бір күн тұр мені: «Жұмыс – Хаққа аманат, Шай ішуге жүр», – деді.
«Рақымет, қырғиым, Шай іштім ғой», – дегем-ді, Мен шертетін бір күйді Мақтап ала жөнелді. Тағы көндім. Іркіліп, Əдеп сақтап жатпадым, екі қыздың кірпігін алма-кезек мақтадым. Өзімсініп мен де енді Шай іштім де ас үйден, Кіші қызға қол бердім, Үлкен қызға бас изеп. Тағы келді бір күні, Күн еді-ау ол көктемгі, «тəтем, – деді, – кірпігін Сылағалы көп болды». Еркеледі кіші қыз, ал, үлкені – майысты: «ішіңіз, – деп, – ішіңіз»... Мен шай іштім, шай іштім. Қалды, сөйтіп, күллі ісім, белгісіз бір күйге ендім... Сүйгендіктен сіңлісін, апасына үйлендім. Күмəнім жоқ, күмəнім: (Қыздар кімді аяған) Тілім шығар кінəлі, Кінəлірек шай одан. Айтып салдым барымды, ерсі болса қайтейін. Бір тəуірі жарымның, Үндемейді əйтеуір.
Қабағы жоқ тас түйген, Жұлқымайды жеңімнен. Қорқады тек басқа үйден, Менің шай ішкенімнен. СЫНШЫ (Монолог) Поэзия – не тронутая красавица Блок. Елең қақты айнала, бұғып бұта, шөп қашты. Бұлақ қалды аймалап, Жағадағы көк тасты. Аймалайды жел еппен, «Кет əрі» емес тас-тағы... Ал, мен болсам, кенеттен, Шабуылды бастадым. Сенің жүзің жанды оғаш, Гүл ерінің үлбіреп. Жалынышпен аралас, Жанарыңда тұрды үрей. Іштей ұят сезіндім – бар ғой бірақ борышым. Сүймейсің сен – өзің біл, Кінəлісің сол үшін. Қалжың айтам, түсінсең, Шыншылдық та бар мұнда. Сұлулығың үшін сен Кінəлі едің алдымда. Қой, таласпа, жақ ашпа – Сөзден асқан бүлік жоқ.
Байқап тумай о баста, Нең бар еді сұлу боп?! Көрініп тұр бəрібір Кінəң сенің, тұтылдың: Суын ішкен бөрінің Қозы байғұс сықылды. Сұлулығың, біл, сорың, Кейін – бақыт болады. Сұлу еткен, Жыр, сені ақынға бар обалың. Жыр сыбырлап жылады, бұлақ салды бұлтаққа. Көлеңке боп құлады, төбедегі бұлт аппақ. Содан кейін не болды? Онда аз ісім, Жақтырмаған жанарлардан үрікпедім. Тұңғыш мəрте қоян алған тазысы, Жас аңшы деп құттықтады жұрт мені… ПƏЛСАПА ТАСЫ Жапырағыңды бер деп едім қайыңға, Қайың айтты: топырағыңды дайында! Іс болды ешкім қолдамаған – Күрек салдым, жер қатты екен, өтпеді, Жер сөйледі сонда маған: Сұрап алған сұлулыққа топырағым жоқ, –
деді. Қызыл гүлге жұпарыңды бер деп ем, тербел, деді ол, мен секілді желменен. Ойлама ақыл, ашу, амал түк қайғы,
Пікірлер (0)
Пікір жазу үшін аккаунтқа кіріңіз. Кіру