TELEGEI

Home

Еліне елеулі елбасы

Вохид Гаффори

Оқылуы: 0%

Жазылымсыз режим: 20-беттен кейін жазылым беті ашылады, әрі қарай әр 10 бет сайын (ең көбі 5 рет).

20 px
1.85
0.30 px
0.95 em

Еліне елеулі елбасы

Жиырма жылдан астам уақыттан бері Қазақстанда өтіп жатқан өмірлік маңызы бар оқиғалардың бəрі де көрнекті мемлекет қайраткері, қазақстандықтардың əлем мойындаған жалпыұлттық көсемі Нұрсұлтан Назарбаевпен тығыз байланысты. Ол мықты мемлекеттің іргетасын қалады. Сол арқылы өз халқын даңққа бөлеп, əлемдегі миллиондаған адамдардың құрметіне ие болды. Тəжікстанда шығарылған Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Əбішұлы Назарбаев

Абдувохид Гафоров

ЕЛІНЕ ЕЛЕУЛІ

ЕЛБАСЫ

Нұрсұлтан Назарбаев –
саясат майданының қайраткер
Алматы

© Гафоров А., 2014 © «Қазақ энциклопедиясы», 2014 Қазақстан Республикасы Мəдениет министрлігі «Əдебиеттің əлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару» бағдарламасы бойынша шығарылды ІSBN 978-601-7472-69-6 ГАФОРОВ А. ЕЛІНЕ ЕЛЕУЛІ ЕЛБАСЫ. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2014. – 274 бет. ІSBN 978-601-7472-69-6 Г 76 УДК 342.5 ББК 67.400.6 Г 76 УДК 342.5 ББК 67.400.6 Жиырма жылдан астам уақыттан бері Қазақстанда өтіп жатқан өмірлік маңызы бар оқиғалардың бəрі де көрнекті мемлекет қайраткері, қазақстандықтардың əлем мойындаған жалпыұлттық көсемі Нұрсұлтан Назарбаевпен тығыз байланысты. Ол мықты мемлекеттің іргетасын қалады. Сол арқылы өз халқын даңққа бөлеп, əлемдегі миллиондаған адамдардың құрметіне ие болды. Тəжікстанда шығарылған Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Əбішұлы Назарбаев туралы бұл кітапта автор саясаткер тікелей ұлттың мүддесін көздесе, ұлтын өзінен де жақсы көрсе, табиғатынан тума дарынға ие болса жəне сол дарынын өз халқына қызмет етуге бағыштаса, көп нəрсе жасай алатынын көрсетуге тырысады. Кітаптың біраз бөлігі Нұрсұлтан Назарбаев өмірінің негізгі кезеңдеріне арналады. Əрі соның бəрінің лейтмотиві кітап кейіпкерінің еңбекке деген көзқарасын, борышын сезінуін, отандастарына деген қамқорлығын көрсетеді. Осы кітап оқырманға Нұрсұлтан Əбішұлы Назарбаев тұлғасын барынша жақсырақ таныпбіліп, осынау тұлға басқарған мемлекеттің сəтті дамуының себебін түсінуге көмектеседі деп үміттенеміз. Кітапта Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың авторлық шығармалары, сөйлеген сөздері, сұхбаттары мен Қазақстан халқына арнаған Жолдауы кеңінен қолданылады. Автор осы қолжазбамен танысып, бірнеше бағалы ескертулер жасаған жəне кітаптың шығуына жеке көмегі тиген Қазақстан Республикасының Тəжікстандағы Төтенше жəне өкілетті елшісі Ағыбай Дынкенұлы Смағұловқа алғысын білдіруді өзіне парыз санайды. Кітап тұжырымдамасының қосалқы авторы жəне жауапты редакторы Зафар Шералыұлы Сайидзода

Еліне елеулі Елбасы ЕЛ ТЕГІС ЖАҚСЫ КӨРЕТІН ЕЛБАСЫ Жобасы, адамзат тарихында дəл жиырмасыншы ғасырдың соңы сияқты əлемнің саяси картасын өте қысқа мерзімде өзгерте алған кезең болмаған шығар. Осы өзгерістерге сəйкес, əлемдік саясат аспанында жарқ етіп шыққан жұлдыздар саны да көп. Басқа уақытта ондай кереметтер жасауға ондаған жылдар кететіні де белгілі. Дегенмен осынау кезеңнің тағы бір ерекшелігі бар. Сол «жұлдыздардың» көбінің өмірі өте қысқа болды. Кейбіреулері толық сөнбесе де көмескіленіп, əлемдік саясат аспанында барынша солғын тарта бастады. Тек санаулылары ғана бұрынғысынан да сəулеттене жарқырап, миллиондаған адамдар үшін өмірлік темірқазыққа айналды. Содан бері де жиырма жылдан астам уақыт өтіпті. Жиырма жыл дегеніміз тарихи тұрғыдан алып қарағанда онша көп уақыт емес. Əлбетте, мемлекеттер ұзақ уақыт дəргейінде қалыптасады. Алайда он, он бес, жиырма жылға созылатын ерекше кезеңдер де болады. Сондықтан соңғы жиырма шақты жылдың ішінде біздің тəуелсіз мемлекеттеріміз бастан кешкен оқиғалар мен процестер біз төменде атап көрсететін сұрақтардың жауабы түріндегі көрнекті мысал бола алады. «Бір мемлекеттер қысқа мерзімде қарыштап дамып жатқанда, екіншілерінің тоқыраудан шыға алмай қалуы неліктен?» «Өз міндетіне лайықты болу үшін саяси көсем қандай сапаларға ие болуға тиіс?» «Сəтті саяси көсемдерге көмектесіп, керісінше, кейбіреулерге кедергі келтіретін құбылыстар не?».

Еліне елеулі Елбасы
Бұл кітапта жиырма шақты жылдың ішінде тыңнан күшті мем-
лекет қалыптастырып, сол арқылы өз халқын даңққа бөлеген,
əлемдегі миллиондаған адамдардың құрметіне ие болған ұлы тұл-

ға һəм саясаткер Нұрсұлтан Əбішұлы Назарбаев туралы баянда-
лады. Біз оның үлгісі арқылы саясаткер халық мүддесін көздесе, өз
халқын өзінен де жақсы көрсе, табиғатынан кемел дарынға ие бол-
са жəне сол дарынын өз халқына қызмет етуге жұмсаса, көп нəрсе

тындыра алатынын көрсетпекпіз.

Еліне елеулі Елбасы Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев қазір – заманымыздың ең танымал да көрнекті саясаткерлерінің бірі. Оның жоғары интеллектуалды, данышпан һəм сан салалы дарыны жиырма жылдан астам уақыттан бері саясаткерлер мен публицистерді таң қалдырып, миллиондаған адамдардың əңгімесіне өзек болып келеді. Саясат əлемінде бір мəрте жұрттың мойындауына ие болып, билік басына шыққан адамның сол беделін ұзақ уақыт бойы сақтай алған мысалы да некен-саяқ. Жетістігі көп жағдайда биліктің көпдеңгейлі жүйесі мен шенеуніктердің əрекетіне байланысты саяси жетекшінің отандастарының ұдайы сеніміне ие болуы да оңай емес. Алайда, Нұрсұлтан Əбішұлы Назарбаевтың қолынан ол келіп тұр. Себебі адамдар күнделікті өздеріне көрсетілген қамқорлықты сезініп, тұрмыстарының жақсарып келе жатқанын біледі. Əлбетте, мұндай басшыға дəл соған сəйкес құрмет көрсетілмек. Кеңестер Одағы ыдырардың қарсаңында ел мен оның экономикасының қандай болғаны да жұртқа белгілі. Тəуелсіздіктің алғашқы жылдарындағы ауыртпалықтар да ұмытыла қойған жоқ. Соғыс болмаса да елдің жағдайы əлдебір қиянпұрыс майданнан шыққандай болатын. Бірыңғай кеңестік экономиканың жаппай стагнациясынан туындаған өндірістің құлдырауы, жұмыссыздықтың артуы, зейнетақы мен жəрдемақы төлеуге қаржының жетіспеуі, қалыпты медициналық көмектің болмауы, электр қуатын, газ бен су берудегі іркілістер адамдардың тұрмысын барынша ауырлата түскен. Қазақстанның басқа да одақтас республикалар сияқты ұйымдасқан қылмыстың ошағына айналуы жағдайды одан əрі қиындата түскен. Сол кезде ішінде құқыққорғау жүйесі де бар барлық мемлекеттік институттардың жаңадан қалыптасып келе жатқанын шеберлікпен пайдаланған қылмысты элементтер жемқор шенеуніктермен бірлесіп, билік құрамына, экономикаға, құқыққорғау органдарына

Еліне елеулі Елбасы
енуге тырысты. Елге криминалды агрессия түріндегі экономика-
лық апат төнген. Жас мемлекеттің жағдайының қиындағаны сон-
шалықты, оны құтқарып қалудың мүмкіндігі де шектеулі саналған.

Алайда Нұрсұлтан Назарбаевқа мемлекетті қысқа мерзімде ны-
ғайтып, Қазақстан экономикасын тың жолға салып, қоғамды əлеу-
меттік мұқтаждықтан шығарып, елдің күш-жігерін игілікті əре-
кеттерге жұмылдырудың сəті түскен. Соның бəрі бірлік, өзара

сыйластық, адал еңбек арқылы ғана жүзеге асатын. Бас-аяғы төрт
жылдың ішінде экономикалық тұрақтандырудың алғашқы өскін-
дері көріне бастайды. Ал одан кейінгі үш жылда мемлекет прогресті
даму жолына түскен. Ал одан кейінгі жылдарда Қазақстан өзінің

даму жолында ондаған жылдарға қарыштап алға басты.
Бүгінгі Қазақстан – бұрынғы Кеңестер Одағының көптеген аза-
маттары үшін нағыз арманды ел. Олар қазақстандықтарға жəне
олардың ұлткөшбасшысына таңқалыспен қарайды. «Бізде де осын-

дай президент болса ғой!» деп армандайды.

Еліне елеулі Елбасы

Еліне елеулі Елбасы
Қазақстандықтардың бүгінгі жетістіктері тек Орталық Азия ел-
дерін ғана емес, сондай-ақ əлемнің ең дамыған мемлекеттерінің
өзін де таң қалдыруда. Қазақстанның Еуропадағы қауіпсіздік жəне

ынтымақтастық ұйымына төрағалық етуі, 2010 жылдың желтоқсан
айында елде ОБСЕ саммитінің өтуі, Қысқы Азия ойындары мен
2011 жылғы ислам ынтымақтастық ұйымына басшылық етуі бұл
елді бүкіл əлемдік қауымдастықтың алдында заманауи, демокра-

тиялық тұрғыда дамыған, тұғырнамалы ел етіп көрсетті. Қазақ-
станның күшті де заманауи мемлекет қалыптастырып, Евразия ай-
мағындағы жетекші державалардың біріне айнала білуін көрнекті
саясаткерлерден бастап қарапайым адамдарға дейінгілердің бəрі

де Нұрсұлтан Назарбаевтың есімімен байланыстырады. Ал қазақ-
стандықтардың өздері үшін Нұрсұлтан Назарбаев – тек қана пре-
зидент емес, ұлттың көшбасшысы да! Ол – жергілікті ел үшін та-
рихи тұрғыдан мақтаныш ететін, болашақтағы жеңістер мен же-

тістіктердің символы сынды тұлға!
Нұрсұлтан Назарбаевқа арналған ұлы саясаткер, тұрақтылық пен
дамудың кепілі, ұлт көшбасшысы деген сөздер Брежневтің жеке
басына табынушылық кезіндегі үгіт материалдарының жаттанды

сөз тіркестері емес. Қазақстанда адамдар мұндай ұғымды нақты
жəне шынайы, өз Президенттерінің іргелі мемлекеттің негізін қа-
лаудағы, елдегі саяси тұрақтылық пен экономикалық гүлденудің
нəтижесі үшін алған шынайы бағасы деп түсінеді. Қазақстандықтар

өздерінің ұлттық көсеміне халықтың сенімін оятқаны, қоғам мен
ел алдындағы өзінің мəнін түсіндіргені үшін риза. Сондай-ақ ол өз
отандастарын, еңбекшілерді, ғалымдарды, бизнесмендерді, саясат-
керлерді өзінің қоғам алдындағы жəне мемлекет алдындағы ұлттық

бірлікті, қоғамдық тұрақтылықты сақтаудағы жауапкершілігін сезі-
не білуге үйретті. Қазақстанның экономикалық қуатын өркендетуге

Еліне елеулі Елбасы
бағыттады. Сол арқылы ол өзінің данышпан саясатымен көпұлтты
ел халқы арасында позитивті де ашық патриотизм қалыптасты-
рып, өз елін мақтан ететін, өз құқықтарын білетін жəне басқа-

лардың құқығын құрметтейтін қоғам қалыптастыра білді.
«Халыққа арқа сүйеген мемлекет ешқашан тұрақсыз болмай-
ды», – деген философтар сөзінде жан бар. Халық ондай биліктен
қорықпайды. Себебі, ол билікті халықтың өзі қалыптастырады.

Міне, осының бəрі Қазақстан жағдайында көрініс беріп отыр.
Осы кітап жазылып жатқан кезде Қазақстанда Президент сай-
лауы өткізілді. Мемлекет басшысының мұның алдындағы сайлау-
ларындағыдай, бұл жолы да Нұрсұлтан Əбішұлы Назарбаев жеңіп

шықты. Əрі ол заңды да болатын. Себебі, халықтың оған деген
сенімі үлкен еді. Қазақстандықтар оны төбесіне көтереді. Халықтың

Еліне елеулі Елбасы
игілікті тұрмысын онан əрі күшейтуін қалайды. Қазақстандықтар
елдің алдында индустриалды-инновациялық даму сияқты келелі
міндеттер тұрғанда əрі сол міндеттер одан əрі елдің халықаралық

жəне экономикалық қарым-қатынастар интеграциясы арқылы да-
муын қажет еткенде Нұрсұлтан Назарбаевтың теңдессіз беделінің
табыстың кепілі бола алатынына нық сенеді. Қазіргі Қазақстанда
ауқымды саяси тəжірибесіне, мемлекет құрылысының барлық мə-

селелерін терең білуіне, қоғам өміріндегі ең келелі мəселелерді
шешудегі шешімдеріне сəйкес Нұрсұлтан Назарбаевқа тең келетін
саяси қайраткер жоқ. Қазіргі басты міндет – 2015 жылға дейін ин-
дустриалды инновациялық бағдарламаны жəне 2020 жылға дейінгі

стратегиялық жоспарды жүзеге асыру.

Еліне елеулі Елбасы
Сайлау барысындағы жинаған дауыстарына көңілі толмайтын
оппозиция мен кейбір бірбеткей журналистер айтатын «əкімші-
лік ресурстар», «жергілікті биліктің тырысуы» сияқты ұғымдар –

жəй ғана далбаса. Олардың нақты ақиқаттармен еш байланысы да
жоқ. Егер саясаткер халық тарапынан нақты қолдауға ие болмаса,
оның сайлауды өз пайдасына қарай ыңғайлауына ешқандай ресурс-
тар көмектесе алмайды. 1996 жылы Ресейдегі сайлау алдындағы рей-

тингісі үштен алты пайыз аралығында тұрғандардың сайлауда жеңіп
шығуға ұмтылғаны бар. Алайда, Қазақстан халқы да, Қазақстан
мемлекеті де ондай үміткерді Президент «тағына» жолатпайды.
Нұрсұлтан Назарбаевтың ресурсы – халықтың өзіне деген махаб-

баты мен құрметінде. Елі оның халық пен мемлекеттің игілігі үшін
сіңірген еңбегін əсте ұмытпайды. Елбасы осы мақсатта күндіз-түні
бел шеше еңбектенеді. Оған ағымдағы деректер мен цифрлар куə.
Кеңестер Одағының экономикалық құрылымында Қазақстан даму

Еліне елеулі Елбасы
деңгейі бойынша небары он үшінші орында тұрды. Ал қазіргі
Қазақстан Республикасы Тəуелсіз Мемлекеттер Достастығында эко-
номикалық күш-қуаты жөнінен екінші орында тұр. Тіпті, кейбір

жеке позициялар бойынша алдыңғы орында.
1994 жылы жан басына шаққандағы жалпы ішкі өнім 700 аме-
рикан долларынан əзер асатын. Ал 2011 жылдың соңына қарай ол
он алты есе өсіп, 11 мың АҚШ долларына жетті. 2015 жылға қарай

бұл көрсеткіш 15 мың доллар болмақ.
Халықаралық сарапшылар қорытындысына сəйкес, Қазақстан
экономикасы ең жылдам дамып келе жатқан əлемдік үш эко-
номиканың қатарына кіреді. Бұл орайда Қазақстанның алдында

Қытай мен Катар мемлекеттері ғана тұр. Елдің біртұтас халықара-
лық резерві 75 миллиард АҚШ долларынан асады. Ішкі жалпы өнім

Еліне елеулі Елбасы
көлемі жөнінен Қазақстан кейбір Шығыс Еуропа мемлекеттерін де
артқа тастап кетті.
Соңғы төрт жылда Қазақстан экономикасының көлемі екі есе

ұлғайды. Тек 2011 жылы ғана инновациялық үлгідегі 350 жаңа
кəсіпорын салынды.
Кен-металлургия кешендерін индустриализациялау бағдарла-
масын жүзеге асырудың арқасында 2011 жылы шығарылған өнім

мөлшері тоқсаныншы жылдардағыдан бір жарым есеге артты.
Қазақстан тəуелсіздігінің жиырма жылдығына орай рекордты
мөлшерде 30 миллион тонна астық жиналды. Қазақстан төрт жыл-
дан бері ұн экспорты жөнінен əлемде бірінші орында келеді.

Соңғы он жылда Қазақстан экономикасына 200 миллиард АҚШ
долларынан асатын инвестиция тартылды. Оның жартысынан ас-
тамы шетелдің қаржысы. Қазір Қазақстан шетелдік инвестиция
тарту жөнінен əлемдік рейтингте жиырмасыншы орында тұр.

1994 жылдан бері номиналды айлық жалақы көлемі 45 есе өсті.
Тек соңғы онжылдықта ғана тіршілік минимумынан төмен кіріс
алатындар саны төрт есе азайды. Мұғалімдердің еңбекақысы бес
есе, дəрігерлердікі жеті есе, зейнетақы алты есе өсті. Тек соңғы

үш жылда ғана жалақы, зейнетақы мен нəрестеге күтім көрсетуге
берілетін жəрдемақы 2,6 есе өсті. 2011 жылы жұмысшылардың
айлық жалақысы орта есеппен 620,3 АҚШ долларына жетті. Соң-
ғы жылдардың ішінде Қазақстан орташа айлық жалақы көлемі

бойынша ТМД елдерінің алдында келеді. Елде кедей адамдар мүл-
дем жоқ. Халықтың тұрмыс жағдайының ауқымды рейтингіне сəй-
кес Қазақстан əлемнің үздік елу мемлекетінің қатарына қосылды.
Тəуелсіздік жылдарынан бері Қазақстанда 45 миллион шаршы

метрден астам тұрғын үй, 750 жаңа мектеп, 500-ден астам заманауи
да жаңа медицина мекемелері салынды. Тіпті, күрделі дағдарыс

Еліне елеулі Елбасы
кезінде де елде 19 миллион шаршы метр тұрғын үй пайдалануға
берілген. Жарты миллионнан астам қазақстандық өздерінің тұ-
рақжайларын жақсартқан.

Денсаулық сақтау жүйесі де жылдам қарқынмен модерниза-
циялануда. Небары бес жылға толмайтын уақытта білім беруге,
ғылым мен денсаулық сақтауға жұмсалатын шығын екі есе ұлғай-
ды. Қазақстанда 150-ге жуық жаңа емхана, аурухана мен меди-

цина орталығы ашылды. Алдыңғы қатарлы емдік-диагностикалық
кешендер салынып, заманауи медицинаға бағытталған мекемелер
іске қосылды. Медицина транспорты да дамуда. Елде медицина-
лық пойыздар мен медициналық авиация жұмыс істейді.

Астанада ел денсаулық сақтау саласының мақтанышы – Бола-
шақтың госпиталі салынуда.
Жаңа ғасырдың алғашқы он жылында қазақстандықтардың өмір
сүру ұзақтығы екі жылға ұзарды. Соған сəйкес ана мен бала өлімі

қысқарды. Бала туу бір жарым есеге артып, халықтың табиғи
өсімі үш есе ұлғайды. Ал жалпы халық саны бір жарым миллион
адамға өсті.
Мұндай статистиканы жалғастыра беруге де болады. Алайда біз

келтірген осы деректер Қазақстанның елді қуатты экономикалық
державаға айналдыруда қандай қадамдар жасағанын көрсетеді.
Оның үстіне əлемдік тəжірибе көрсеткендей, бірде бір ел өз тə-
уелсіздігінің алғашқы жиырма жылдығында мұндай толайым та-

быстарға қол жеткізе алған емес. Ол Қазақстанның ғана қолынан
келді. Мəселен, Оңтүстік Кореяның өз тəуелсіздігінің алғашқы
жиырма жылындағы ұлттық кірісі үш есе, Малайзияныкі – екі есе,
Сингапурдікі – төрт есе, Венгрияныкі – бес есе, Польшаныкі – төрт

есе өскен.

Еліне елеулі Елбасы

Еліне елеулі Елбасы
Алайда бұл басы ғана. «Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму
стратегиясына» сəйкес, он-он бес жылдан соң Қазақстан əлемнің
ең дамыған елдерінің біріне айналып, басқа дамушы елдер үшін

тиімді саяси жəне экономикалық жүйенің нақты үлгісі болмақ.
Оған Нұрсұлтан Əбішұлы Назарбаевтың өзін жəне Қазақстан
халқын айтпағанда, өздері де жоғарғы əлемдік беделге ие көптеген
саясаткерлер мен экономистер де сенеді. Малайзия экономикалық

кереметінің авторы Махатхир Мухаммад Президент Нұрсұлтан
Назарбаевтың басшылығымен Қазақстанның көп ұзамай əлемнің
бəсекеге қабілетті елдерінің біріне айналатынына жəне 2030 –
Стратегиясының мерзімінен бұрын орындалатынына нық сенімді.

Өзінің кішкентай мемлекетін алдыңғы қатарлы елге айналдыр-
ған сингапурлық Азия жолбарысының «əкесі» Ли Куан Ю «егер
Назарбаев басқарса, Қазақстанның табысқа жетуге деген мүмкін-
дігінің де мол болатынын» айтады.

Пан Ги Мунның, Владимир Путиннің, Дмитрий Медведевтің, Ба-
рак Обаманың, Ху Цзиньтаоның, Маргарет Тэтчердің, Тони Блер
мен басқа да қайраткерлердің де пікірі сондай.
Нұрсұлтан Назарбаевтың мемлекетті нығайтып, экономиканы

бəсекеге қабілетті ету, елді индустриялды-инновациялық дамыту
бағытында атқарған барлық жұмысы бір ғана мақсатқа – адам-
дарды бақытты да бақуатты тұрмысқа жеткізуге бағытталған. Осы
жетістіктерді мақсат еткен Президент Нұрсұлтан Назарбаев өзінің

2011 жылғы халыққа жасаған Жолдауында жаңа əлеуметтік сая-
сатты жүзеге асырудың басталғанын мəлімдеді. Оның мақсаты –
Қазақстанның барлық азаматтарын əлемдік деңгейде бəсекелестік-
ке қабілетті ете білу. «Жоғарғы кіріс, берік денсаулық, ыңғайлы

тұрақжай, белсенді еңбек бағдары. Адамның бəсекеге қабілетті бо-
луы дегеніміз – міне, осылар. Мен əр қазақстандықтың сондай
болғанын қалаймын» дейді Нұрсұлтан Назарбаев.

Еліне елеулі Елбасы
Оқырманның осынау жолдар авторы Қазақстандағы барлық же-
тістіктерді асыра мадақтап, Президентінің бағытын қолдап, оның
саяси жəне экономикалық бағытын асыра суреттеп отыр деп ойлауы

да мүмкін. Егер Қазақстанда протесті электорат немесе оппозиция
болмаса, жұрт оған сенбес еді. Ондай жағдайда Қазақстан демо-
кратиялық мемлекет те бола алмайтын. Оппозицияға керегі де сол.
Десек те, кез келген демократиялық қоғамның атрибуты түріндегі

оппозиция Қазақстанда да бар. Əрі ол өзін еркін сезінеді. Оған
бірнеше оппозициялық газеттер, интернет-сайттар, басқа да медиа-
ресурстар куə. Демек, билік демократиялық тұрғыда өз оппонент-
теріне шыдамдылық танытуда.

Оппозицияның түпкілікті ниеті – билікке жету. Ол демокра-
тиялық қоғамның заңдарына қайшы емес. Алайда, саяси күш –
халықтың мүддесін қорғау мақсатында пайдалануға тиісті саяси
тəсілдер жиынтығынан басқа қазақстандық оппозиция нақты би-

лікті қалайды. Егер байырғы демократиялық дəстүрлері бар ел-
дерде оппозиция өз идеалдары үшін үкіметпен конструктивті жə-
не салауатты бəсекелестікке түсіп, қоғам өміріндегі шешімі жет-
кен мəселелерді бір жайлы ету үшін балама тəсілдер ұсынса, Қа-

зақстандағы жəне саяси-экономикалық тұрғыда тұрақтылығы əлсіз
басқа посткеңестік мемлекеттерде мұндай күрестер басқаша қи-
сында жүргізіледі. Ал егер қазақстандық оппозиция мемлекеттік
салауатты процесс өмірдің барлық салаларын қамти алса не істе-

мек? Сондықтан олар жасанды «демократиялық» риторикаға ден
қойып, елде демократия жоқ, билік демократияны тұншықтыру-
да деп айғайға басуда.
Кереметі сонда, Қазақстандағы, сондай-ақ Ресейдегі билікке қар-

сы күштердің бəрі өздерін демократтармыз деп атайды. Олардың

Еліне елеулі Елбасы
қызметі, негізінен, қолда бар жетістіктерді қаралап, мемлекеттің
табыстарын жоққа шығаруға, өсек-аяңға бейім. Осының бəрі пост-
кеңестік елдерде демократия мəдениетінің дамымағанының айқын

айғағы.
Оппозиция мен қарсылық туралы əңгіме қозғалған кезде бір
нəрсені айта кетуге тиістіміз. Ондайлар Қазақстанда билікке қар-
сыластар көп, бірақ олардың өз пікірін ашық білдіруіне демокра-

тияның жоқтығы кедергі келтіруде деп байбалам салады. Осының
бəрі олардың ішкі ниетінің жаңғырығы ғана.
Əлбетте, барлық мемлекеттер сияқты, Қазақстанда да əлдебір
себептермен өмірден өзінің орнын таба алмай, бақытты болып,

Еліне елеулі Елбасы
тұрмысын түзей алмай жүрген адамдар бар. Ол – ақиқатында,
экономикалық дегеннен гөрі психологиялық тұрғыдағы кінəрат.
Əлбетте, ондай адамдарға көмектесу керек. Десек те, жұмыс істе-

гісі келмейтін адамға қайтіп көмектесуге болады? Олар жəй жа-
тып нан тапқысы келсе ше? Сондай-ақ басқалардың арқасында күн
көргенді ұнатса ше?
Дей тұрғанмен, қазақстандық қоғамда мұндай жатыпішерлік пи-

ғылдағы адамдар некен-саяқ. Сондай-ақ билікке жеткен жағдайда
мемлекеттік органдарды сыбайлас жемқорлыққа бейім, лайықсыз
адамдардан бірден құтқарам деп көл-көсір уəде беретіндердің со-
ңына еретіндер де аз. Тіпті, соңғы кезде сəнге айналған «түрлі-

түсті революциялар» жағдайында да ақшаға сатылып, билікке
қарсы шығатындар өте сирек ұшырасады. ТМД елдері мен араб
елдеріндегі халықтық толқулардың басты себебі – қарапайым ха-
лықтың биліктің күнделікті экономикалық жəне əлеуметтік проб-

лемаларды шеше алмауына байланысты. Бұл елдерде экономи-
калық жағдай жылдан жылға нашарлап, жұмыссыздық көбеюде.
Көптеген бірінші қажеттіліктегі азық-түлік тауарларына қымбат-
тылығына орай қарапайым халық қол жеткізе алмайды. Жұмысқа

қабілетті адамдардың негізгі бөлігі бір үзім нан іздеп шетелге
сабылады. Кедейліктің салдарынан есірткі құмарлығы, ұрлық, жез-
өкшелік сияқты ұнамсыз құбылыстар көрініс беруде. Ал Қазақ-
станда мемлекет жұмыс істей алатындардың бəріне жағдай жа-

саған. Қалаған салаң бойынша еркін кəсіпкерлікпен де айналыса
аласың. Жұмысшылармен қоса инженер-техник мамандарды кə-
сіби тұрғыда дайындауға қыруар қаржы бөлінеді. Несие берудің
жеңілдетілген жүйесі бар. Тек жұмыс істесең болғаны. Сондықтан

Нұрсұлтан Əбішұлы Назарбаев өзінің халыққа арнаған Жолдауын-
да кедейшілік мəселесін мемлекеттік жəрдемақы есебінен жеңіл-

Еліне елеулі Елбасы
детпей шешуді ұсынады. Ол үкіметке масылдықты жою үшін негізі
бар төлемдерге көшуді ұсынды. Енді жұмыссыз адамға мамандық
алу үшін грант беріледі. Бұрынғы жағдай жоқ. Мемлекет енді шын

мəнісінде еңбекке қабілетсіз адамдарға, аз қамтылғандарға ғана
қол ұшын созады. 2012 жылғы Жолдауда Президент Нұрсұлтан
Назарбаев əлеуметтік модернизацияның нақты ауқымдарын көрсе-
тіп, жалпыұлттық «Тұрмыс сапасы – 2030», «Ұлт денсаулығы – 2030»,

«Еңбекпен қамту – 2020», «Ақпараттық Қазақстан – 2030» сияқты

Еліне елеулі Елбасы бағдарламалар ұсынды. Бұл жоспарлардың сəтімен орындалатынына əсте күмəн жоқ. Сөйтіп, 2020 жылға қарай Қазақстанда жұмыссыз жəне үй-күйі жоқ бірде бір адам қалмайды. Қазақстан Президентінің Жолдауында əлеуметтік-экономикалық салаға ерекше көңіл бөлінуі қазақстандықтардың күнделікті проблемаларын шешіп, тұрмысын жақсартудың ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың негізгі бағыты екенін көрсетеді. Оппозициялық ниеттегі қайраткерлер ұнататын Қазақстандағы демократияның жоқтығына келсек, оның ақиқатын өмірдің өзі көрсетіп отыр. Егер саяси жүйе демократияның негізгі принциптеріне сəйкеспесе, өте қысқа мерзімде қоғамдық өмірдің барлық саласында осыншалықты жетістікке қол жеткізілер ме еді? Сондай-ақ демократиялық құндылықтар бағаланбаса, саяси жəне əлеуметтік тұрақтылық, 130-дан астам ұлт өкілдері мен 46 конфессия өмір сүріп жатқан елде ұлттық бірлік сақталар ма еді? Қуатты əлемдік қаржы орталықтары қазір кез келген елге демократиялық құндылықтар тұрғысынан көз тастайды. Ал осындай жағдайда демократиялық үрдістерден сыртқары мемлекеттің осыншалықты табысқа қол жеткізуі мүмкін бе еді? Сондай-ақ тұрақтылығы сенімсіз елге шетелдік алыптар ондаған миллиард долларын құяр ма еді? Əртүрлі мемлекет басшыларының, əлемге танымал белгілі экономистердің, беделді халықаралық ұйымдар мен ірі компания басшыларының Қазақстан мен оның басшысы туралы таңданыспен сөйлеуі үйреншікті əдетке айналған. АҚШ президенті Барак Обама Президент Нұрсұлтан Назарбаевты «əлемдік басшылардың үлгісі» деп атады. 2005 жылдың қазанында Қазақстанда болған бұрынғы американ əкімшілігінің мемлекеттік хатшысы Кондолиза Райстың былай дегені де бар: «Мен бүкіл ортаазиялық аймақтың

Еліне елеулі Елбасы
дамуының тірегі бола алатын тұрақтылық аралында болдым». Əл-
бетте, осы сөздердің бəрі өздері де əлемдік демократияның көш-
басшылары болып отырған əлемге танымал саясаткерлердің жəй

ғана сыпайылығы емес!
2012 жылдың 15-қаңтарында өткен Парламент Мəжіліс пен жер-
гілікті мəслихаттардың сайлауы Қазақстаның нақты демократия
құру жолында айқын қарыштап келе жатқанының мысалы бол-

ды. Бұл сайлаулар мемлекеттік жəне қоғамдық өмірге демокра-
тиялық принциптерді жалғасты түрде əрі батыл енгізіп, саяси
жүйенің демократиялық негізін одан əрі нығайтудың мысалына
айналды. Енді жаңадан сайланған Парламентте үш партияның

өкілдері отыратын болады. Онда сайлаушылардың 80,99 пайыз дау-
сын алған президенттік «Нұр Отан» партиясы мен жеті пайыз да-
уыс алған «Ақ жол» жəне жеті пайыздан астам дауыс иемденген

Еліне елеулі Елбасы
Қазақстан коммунистерінің халықтық партиясы да бар. «Нұр
Отан» партиясының Парламент сайлауындағы даусыз жеңісі пар-
тия басшысының бүкіл қазақстандықтар алдындағы айқын беделін

көрсетсе керек. Əрі бұл жеңіс ашық та таза, басқа партиялармен
тең бəсекелестік жағдайында алынды. Сайлауалды науқандарын-
да олардың «Нұр Отанмен» бірдей үгіт жүргізу жəне бұқаралық
ақпарат құралдарын пайдалану мүмкіндігі болды.

52 елден келген көптеген халықаралық бақылаушылар сайлау-
ды жоғары бағалап, Қазақстандағы сайлауалды науқаны мен дауыс
беру процесінің демократиялылық, ашықтық жəне тазалық жөні-
нен еуропалық стандарттардан кем түспегенін атап көрсетті.

Бұл сайлаулардың тағы да бір ерекшелігі мынада: ол тəуелсіз-
дік кезеңіндегі сайлаушылар саны жөнінен рекордты көрсеткішке
қол жеткізе алуы еді. Осының бəрі Қазақстанда азаматтық қоғам

Еліне елеулі Елбасы
қалыптастырып, халықтық билікке мүмкіндік беруде айтарлықтай
табыстарға қол жеткізілгенін көрсетеді.
Алайда, сайлау процесі қорытындысының басты жетістігі –

Қазақстан азаматтарының сайлауға белсенді түрде қатысып, бүкіл
əлем алдында бірлігін жəне көпұлтты Қазақстан халқының ын-
тымағын көрсетіп, сол арқылы кейбір шетелдік ақпарат құрал-
дарының «Қазақстанда ливиялық сценарий бойынша революция-

лық ахуал қалыптасқаны туралы» далбаса ойларын жоққа шығарды.
Жаңаөзен қаласының өзінде сайлаушылар белсенділік танытып,
олардың «Нұр Отан» партиясына жаппай дауыс беруі көп нəрсе-
ден хабар берсе керек. Ақиқатында, көптеген қазақстандықтар

осы Жаңаөзен қаласында өткен жаппай тəртіпсіздікті жекелеген
қылмысты элементтердің солақай əсері деп бағалайды.
Бұл жерде оқырманға мына бір жайды ескерте кетуге тиістіміз.
2011 жылдың 16-желтоқсанында Қазақстан Республикасы Тəуел-

сіздігінің жиырма жылдығы мерекеленіп жатқанда шағын мұнай
шығаратын Жаңаөзен қаласында біраз адамның өмірін жалмаған
қатерлі оқиғалар жүзеге асқан.
Тəртіпсіздік «Қазмұнайгаз» ұлттық мұнай корпорациясының ен-

шілес компаниясы «Өзенмұнайгаздың» басшылығымен еңбек дауы-
ның нəтижесінде жұмыстан шығарылған мұнайшылардың демон-
страциясынан басталған. Қоғамдық жағдайды тұрақсыздандыруға
мүдделі күштер мұнайшылардың демонстрацияға шығуын өз пай-

дасына жаратқан. Олардың арасына деструктивті элементтерді
жіберген. Сол элементтер Жаңа жылдық шыршаны, мереке құр-
метіне құрылған кигіз үйлерді жəне сахнаны қиратып, тəртіпті
түзеуге келген полицейлерге шабуылдағаннан кейін бейбіт акция

жаппай тəртіпсіздіктерге ұласады. Басбұзарлар мерекеге шыққан
адамдарды соққыға жығып, тұрақтағы автомобильдерді өртей

Еліне елеулі Елбасы бастайды. Құқыққорғау органдары өкілдерінің тəртіпсіздікті тоқтату туралы талабынан соң жоғарыдағы элементтердің мылтық атуы оқиғаны мүлдем ушықтырып жіберген. Тəртіпсіздік алты сағатқа созылған. Соның салдарынан 16 адам қаза тауып, жүзден астамы жарақаттанған. 40-тан астам коммерциялық жəне əкімшілік ғимараттар өртелген. Оның ішінде қалалық əкімшіліктің үйі, «Өзенмұнайгаздың» кеңсесі мен бірнеше автомобильдер бар. Банкоматтар талқандалып, адамдардың жеке мүліктері жоғалған. Жалпы алғанда қалаға 14 миллион АҚШ доллары көлемінде материалдық шығын келтірілген. Тəртіпсіздіктердің белгіленген уақытының өзі оның ойластырылған жағдайда жүзеге асырылғанын көрсетеді. Əлем назары тəуелсіздіктің жиырма жылдығын атап өтіп жатқан Қазақстанға ауған кездегі тəртіпсіздіктің үлкен резонанс беруінен үміт күтушілер бар еді.

Еліне елеулі Елбасы
Сондай-ақ шетелдік сарапшылардың көпшілігі де Жаңаөзендегі
жаппай тəртіпсіздіктерге бір орталықтан басқарылатын, мүдделі
адамдардың басшылық жасағанын ашық білдірген.

Жалпы, үкіметке қарсы ниеттегі саяси күштердің халықтың на-
разылығы есебінде қылмысты элементтерді шеберлікпен пайдала-
нуы көптеген елдердің тарихында бар. Сол арқылы олар қоғамды
тұрақсыздандыруға тырысады. 2005 жылы Францияда, 2001 жылы

Англияда, таяуда ғана АҚШ-тың Нью-Йоркі мен Калифорниясын-
да да солай болды.
Жаңаөзендегі тəртіпсіздіктерді Қазақстанда салтанат құрған бей-
бітшілік, ішкі саяси жəне ұлтаралық келісімдерді қаламайтындар

жасағанын мынадан да білуге болады. Негізгі оқиғалар өтуге тиіс
жерлерде алдын-ала əлеуметтік тораптар бойынша оқиғаны бүкіл
əлемге тарату жағы мұқият ойластырылған. Əрі ол деструктивті
күштердің қолынан келді де. Тəртіпсіздіктер мен қиратулардан соң

Жаңаөзендегі оқиғалар туралы жалған ақпараттар бүкіл дүние жү-
зіне тараған. Оның арсыздығы соншалықты, ғаламторға халық тол-
қуына ешқандай қатысы жоқ фотосуреттер мен бейнекөріністер
салынды. Алайда көп ұзамай-ақ Қазақстан үкіметінің іскерлігінің

арқасында ғаламтор блоктарына мұнай өндірушілер қаласында бол-
ған оқиғаларды нақты сипаттайтын көріністер жіберіле басталған.
Бір нəрсені айта кетуге тиістіміз. Жаңаөзенде болған оқиғалар
Қазақстан халқының жүрегін ауыртты. Қазақстанның бүкіл халқы

Жаңаөзен оқиғасын өздерінің басынан кешкендей сезінді. Тəртіп-
сіздіктерді ұйымдастырушылардың əрекеті қазақстандықтардың ара-
сында ерекше толқу туғызған. Бүкіл ел бойынша шахтерлар, метал-
лургтар, еңбек ұжымдары жағдайды пайдаланып, мерекенің шыр-

қын бұзған жəне бейбіт өмірге қауіп төндірген теріс пиғылдарды
қатаң сынға алды.

Еліне елеулі Елбасы
Жаңаөзендегі тəртіпсіздіктердің жекелеген күштердің əсерімен
туындағаны белгілі. Егер Жаңаөзен қаласының əкімшілігі мен ұлт-
тық компанияның басшылары ел Президентінің екі жақты да қа-

нағаттандыратын жағдайда еңбек дауын шешу туралы тапсырма-
сын орындаса, мұндай апаттың алдын алуға да болатын. Өйткені
тұрақтылықтың дұшпандарының басты мақсаты Қазақстанды жұ-
мысшылар құқығы бұзылатын ел етіп көрсету еді. Ереуілші жұ-

мысшылар мен кəсіпорын арасындағы дүрдараздық осындай пи-
ғылдағы адамдардың өз ниетін жүзеге асыруына көмектесті.
Мəн-жайды естігеннен кейін Президент Нұрсұлтан Назарбаев
оқиғаны тікелей бақылауына алады. Мемлекет басшысының пəр-

менімен ел премьер-министрінің бірінші орынбасары басқарған
арнаулы комиссия құрылады. Президент комиссиядан жағдайды

Еліне елеулі Елбасы
жан-жақты талдап, қысқа мерзімде үкіметтің алдына тəртіпсіз-
діктерді жоюға байланысты жұмыс жоспарын қоюды талап етті.
Жаңаөзендегі қоғамдық өмірді тұрақтандыру керек болатын. Осы

мақсатпен бюджеттен шұғыл түрде 3 миллиард теңге (20,2 мил-
лион АҚШ доллары) көлемінде қаржы бөлінді.
Кешке қарай Жаңаөзендегі тəртіпсіздіктер бəсеңдей бастаған.
Одан соңғы күндері үкімет комиссиясының жəне жергілікті үкі-

меттің белсенді жұмысының арқасында қаладағы қоғамдық өмір бір
қалыпқа түсе бастайды. Тəртіпсіздіктер барысында талқандалған
ғимараттарды қалпына келтіру басталады. Билік органдары, кə-
сіпорындар, қаланы тіршілікпен қамтамасыз ететін объектілер, мек-

тептер мен балабақшалар қалыпты режимде жұмыс істей баста-
ған. Жұмысшыларды жұмысқа орналастыруға байланысты шара-
лар қабылданған. Осының бəрі Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың
Қазақстан Республикасы Конституциялық кеңесінің Жаңаөзен қа-

ласы аймағындағы сайлауды кейінге шегеру туралы шешіміне вето
жариялауына мүмкіндік берді.

Еліне елеулі Елбасы
Сол бір күрделі күндері Президент Нұрсұлтан Назарбаев тағы
да өзінің еңбек адамдары жағында екенін көрсетті. Мемлекет бас-
шысы бірнеше жоғары деңгейдегі мемлекеттік шенеуніктер мен

өзінің салғырттығының кесірінен еңбек дауын дер кезінде шешіп,
жүздеген жұмысшылардың тұрмысын қалыпқа келтіре алмаған
кейбір компания басшыларын отставкаға жібереді.
Осылайша Елбасы қамқорлығына бөленген қала қалыпты тұр-

мысын бастайды. Президент өзінің тікелей араласуымен жаппай
тəртіпсіздіктерден жараланған жүректерге дəру сыйлаған. Оның
Жаңаөзенге келіп апатты бастан кешкен қарапайым адамдармен
жүздесуі ең қиын осынау сəтте үлкен қолдау болған. Президент-

тің халықпен тікелей əрі ашық диалогы, күнделікті тұрмысқа бай-
ланысты ең өткір сауалдарға ашық жауап беруі адамдардың по-
зитивті тұрмысқа деген сенімін оятқан.

Еліне елеулі Елбасы
Қазір Жаңаөзендегі қоғамдық өмір қалыпты да тыныш жағдай-
да өрбуде. Ондағы жағдай да Қазақстанның басқа қалаларында-
ғымен бірдей. 2012 жылдың қаңтарының соңына қарай содан бір

жарым ай бұрын қала бастан кешкен апатты оқиғалардың ізі де
қалмаған. Əкімшілік жəне басқа да ғимараттар қалпына келтіріл-
ген. Адамдар əдепкі өміріне қайта оралып, тыныштыққа кенеліп,
болашаққа сеніммен қарай бастаған. Жаңаөзендіктер болашақта өз

қалаларының гүлдейтініне бек сенімді.
Жаңаөзендегі қайғылы оқиғалардан соң Президентке Қазақстан
азаматтарынан жүздеген хат түсе бастайды. Онда əртүрлі жастағы,
əртүрлі мамандықтың иелері ұлт көшбасшысына оның ұстанған

бағытын қолдап, мемлекеттің тəуелсіздігін, тұрақтылықты, бейбіт-
шілік пен тыныштықты сақтауға белсене көмектесетінін жеткізген.

Еліне елеулі Елбасы Қазақстан азаматтарының өз Президенттеріне осындай хаттары арқылы көрсеткен қолдауы арада біраз уақыт өткен соң олардың тағы да бір маңызды саяси шара – Парламент Мəжілісі мен жергілікті мəслихаттарға сайлаулар кезінде де көрінген. Онда сайлаушылардың көпшілігінің «Нұр-Отан» партиясына дауыс беруін заңды құбылыс деп санаймыз. Қазақстандықтардың 20 жылдың ішінде Нұрсұлтан Əбішұлы Назарбаевтың басшылығымен қол жеткізген толайым табыстары ел тұрғындарының тек ұлт көшбасшысының төңірегіне ұйысқанда ғана Қазақстанды одан əрі дамыта алатынын көрсетеді. Тарихи тəжірибе көрсеткендей, ірілі-ұсақты кез-келген мемлекеттің халық өз көсемі санайтын беделді басшысы болмаса мұншалықты табысқа жетуі мүмкін емес. Ондай көшбасшының əрбір мемлекеттік маңызы бар проблемаларға байланысты шешімінің ерекше маңызы болмақ. Тіпті ең дамыған демократиялық мемлекеттердің өзіндегі Президенттердің басшылығы кезінде де тарихи мəні бар өзгерістердің жүзеге асатыны белгілі. Заманауи əлемде халықтар мен мемлекеттердің тағдырын шешетін шешуші тетік есебінде ірі саяси күштердің мүддесі ауызға алынады. Кейде олардың тарихи тұрғыда əділетсіз принциптерге жүгінетіні де рас. Қазақстанға қазіргі толайым табыстары оңайлықпен келген жоқ. Өйткені көптеген өткір проблемаларды шешуге тура келді. Қазақстанның ең жауапты азаматы Нұрсұлтан Назарбаевтың иығына ауыр міндеттер жүктелді. Ол осы проблемалардың бəрін тыңнан көтеріп шеше білді. Халықтың саналы ой түсінігіне сүйенген Нұрсұлтан Назарбаев осындай тарихи міндеттерді сəтті шеше білді. Жаңа тиімді экономикалық үлгі мен ақша жүйесінің, ұлттық əскердің енгізілуі, мемлекеттік қауіпсіздік жүйесінің жəне тəртіптің нығайтылуы, ұйымдасқан қылмыстың

Еліне елеулі Елбасы жойылуы, конституциялық реформаларға əзірлік жасап, оның жүзеге асырылуы, əлем қауымдастығы алдында Қазақстан беделінің нығаюы, шетелдік инвесторлардың Қазақстанға деген сенімінің оянуы, міне, осының бəрі – мемлекеттің негізін қалаушы тұлға Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың қол жеткізген жетістігі болып табылады. Осынау аса келелі міндеттердің шешілуі арқылы Елбасы өзінің тарихи миссиясын орындады. Негізінде тұрақты саяси жүйе, азаматтық бейбітшілік пен этникааралық келісім, дамыған экономика жатқан берік мемлекеттік іргетасын қалады. Нұрсұлтан Əбішұлы Назарбаевтың саясаттағы жетістіктері мен табыстарының жалпы адамзаттық маңызы туралы бүгін де, болашақта да айтуға болады. Осындай саясаткерлерді үлгі тұтып, олардың жеке тəжірибесін қолдану арқылы ғана болашақтың саясаткерлері адамдардың өмірін бақыт пен игілікке толтыра алады. Нұрсұлтан Əбішұлы Назарбаев туралы Қазақстанның өзінде де, одан тысқары жерлерде де көптеген кітаптар жазылды. Дегенмен Қазақстанмен байланысы ерекше Тəжікстанда Нұрсұлтан Назарбаевтың өмірлік тəжірибесі мен қайраткерлігі туралы баяндалатын кітап шықпапты. Біздің халықтардың рухани туысқандығының терең тарихи тамыры бар. Тек қана Наурыз мерекесі түркі жəне Иран халықтарын бірдей ортақ құбылыс. Ол екі этнос үшін де ұлттық мереке саналады. Соның өзі-ақ біздің халықтардың тарихи тағдырының, рухани-салауатты жəне мəдени негіздерінің ортақ екендігін көрсетеді. Азамат соғысының қиын-қыстау кездерінде ТМД халықтарының ішінде Тəжікстанға дəл Қазақстандай көмек қолын созған ел де некен-саяқ. Азаматтық дүрдараздық кезінде «Достың қадыры осындайда байқалады» деген сөздің қадыры арта түсті. Қазақстан жапа

Еліне елеулі Елбасы

Еліне елеулі Елбасы
шеккен тəжік жеріне бейбітшілік орнатуға қажетті өлшеусіз кө-
мегін көрсетті. Біздің республикаға азық-түлік, мұнай өнімдерін,
дəрі-дəрмек, қаржы жіберді. Көптеген тəжіктер қиын-қыстау ке-

зеңде меймандос қазақ жерінен пана тапты. Қазақстан үкіметі
олардың тұрмысын түзеуіне жағдай жасады. Мұндай қамқорлық
ешқашан ұмытылуға тиісті емес.
Қазақстан тəжіктердің өз ішіндегі бейбіт диалогтың өткізілуіне

де белсенді қатысты. «Тəжікстандағы бейбітшілік пен ұлттық келі-
сім туралы жалпы мəміле» деп аталатын құжатқа қол қойылғаннан
кейін Қазақстан осынау маңызды құжаттың орындалуына кепіл
болған елдердің біріне айналды.

Азамат соғысы жылдарында тəжік-ауған шекарасын Қазақстан
сарбаздарының қорғағанын да айта кетуге тиістіміз. Олардың 35-і
сол соғыста қаза тапты. Душанбедегі Достық саябағында тəжік

Еліне елеулі Елбасы
халқының өз өмірлерін қиған осы қазақстандық батырларға арнал-
ған алғысы түріндегі еңселі мемориалы тұр.
Қазақстандықтар тəжік халқына бүгін де көмек қолын созуда.

Тəжікстанға көрсетілетін гуманитарлық көмек жөнінен Қазақстан
Республикасы АҚШ-тан кейінгі екінші орында.
Қазақстанның білім беру саласындағы көмегі де ересен. Жыл
сайын Қазақстанның жоғарғы оқу орындарында дəріс алу үшін

тəжік азаматтарына жүз мемлекеттік грант бөлінеді.
Нұрсұлтан Əбішұлы Назарбаевты ішінде Тəжікстан да бар көп-
теген Орталық Азия елдері мойындалған беделіне сəйкес өздеріне
ортақ көрнекті тұлға санайды. Ол туралы айтқанда ұдайы естерінде

«Біздің де ұлы Петріміз жəне өз Шарль де Голліміз де бар!» деген
мақтаныш тұрады. Орталық Азияның көптеген азаматтары Еура-
зиялық ынтымақ идеясының жүзеге асуы туралы үміттерін тікелей
Нұрсұлтан Əбішұлы Назарбаевпен байланыстырады. Өз елдерін

тығырықтан шығарудың бір мүмкіндігін содан көреді.

Еліне елеулі Елбасы Бұл кітап негізінен өмірбаяндық жанрды жазылды. Алайда біздің басты мақсатымыз Нұрсұлтан Əбішұлы Назарбаевтың жеке тұлға жəне саясаткер есебіндегі бейнесін ашып көрсету. Көрнекті адамдар тұлғасы негізінен жеке адами қасиеттері, өмірге деген көзқарасы мен адамдарға деген пиғылына орай ашылмақ. Қарапайым адамдар осындай тұлғалардың қалайша қалыптасқанын, олардың адами сапасының қалай жинақталғанын білгісі келеді. Осы кітап арқылы біз осы мəселелерге толығырақ тоқталатын ниеттеміз. Кітап алдымен тəжік жəне шетелдік оқырмандарға арналған. И.Дамаскин айтпақшы, «Данышпандардың жаттығы жоқ». Оның үстіне осындай кемел табысқа жетіп отырған қазақстандықтарды Иран мəдениетімен байланыстыратын тетіктер де аз емес. Оның үстіне Қазақстан Иранмен де жақсы қарым-қатынаста. Сондай-ақ Ауғанстандағы жағдайды жақсартуға барынша күш салуда. Сондықтан ол елдегілер де аймақтағы ұлы мемлекеттің қалыптасуынан дерек алуға құлықты. Қазақ халқының ұлы перзенті Нұрсұлтан Əбішұлы Назарбаевтың басшылығымен Қазақстанның бүгінгі қол жеткізген жетістіктері – адамзат өркениеті барысында ұлы тұлғалардың жалпы өмірге тигізген əсерінің игілікті жалғасы іспетті. Əлемдік саясат көгінде осындай жарық жұлдыздар көбейген сайын адамзаттың да планетада мекендеуші бүкіл халықтардың материалдық жəне рухани байлығын ұлғайтуға деген құлқы арта түспек. Нұрсұлтан Назарбаевтың үлгісі мемлекет пен халықтар тағдыры мойнына жүктелген көптеген саясаткерлерді қанаттандырып, рух береді.

Еліне елеулі Елбасы

ЕҢБЕГІМЕН ЕЛЕУЛІ ЕЛБАСЫ

Бүгін көптеген елдердің экономикасы əлемдік қаржы дағдары-
сының салдарынан күйзелісті бастан кешуде. Тіпті Еуропаның эко-
номикасы анағұрлым дамыған елдерінің өзінде əлеуметтік саланы
қаржыландыру көлемі қысқаруда. Қазақстан экономикасы тұрақ-

ты түрде алға жылжу үстінде. Ел тұрғындарының кірісі, зейнетақы-
сы, жəрдемақысы, шəкіртақысы өсуде. Жаңа зауыттар мен фабри-
калар іске қосылып, ауруханалар, мектептер, мəдениет объектілері
салынуда.

Көптеген бұрынғы кеңестік республикалар дамымай жатқанда
Қазақстанның қарыштап алға басуының сыры неде? Нұрсұлтан
Əбішұлы Назарбаев тəуелсіздіктің жиырма жылында Қазақстанды
индустриалды дамыған мемлекетке айналдырып, еуразиялық ай-

мақта ғана емес, бүкіл əлемдегі өркендеген елге айналдыра алды?
Қазақстанның тұрақтылық пен прогресстің символына айналып,
төл реформаларының көптеген елдер үшін үлгі болуы неліктен?
Нұрсұлтан Назарбаев өз елімен қоса халықаралық қауымдастықта

жаппай құрметке қайтіп ие бола алды?
Соңғы жылдары əлемде Тайвань, Гонконг, Сингапур, Малайзия,
Қытай сияқты елдердің дамуына байланысты жиі айтылады. «Эко-
номикалық керемет» деген сөз тіркесінің соларға байланысты болуы

да заңды. Олардың экономикалық тəжірибесі мен құпиясы туралы

Еліне елеулі Елбасы
қыруар кітап жазылып, талдаулар жасалынды. Сөйтіп оны пайдала-
нып кез-келген елді дамытуға болады деген пікір де қалыптасқандай
еді. Бірақ олай болмай тұр. Неліктен? Мүмкін аталған елдердің

жағрафиялық жағдайы ерекше шығар. Əлде топырағы бағалы
металдарға бай ма? Мүмкін сол байлықты жер бетінен бульдозер
арқылы көсіп алуға болатын шығар. Əлде аталмыш елдер бірыңғай
этникалық құрамнан тұра ма? Олардың ұлтаралық қарым-қатынас

деген нəрсені білмеуі де мүмкін ғой? Əйтпесе олардың жүйелерін-
де бүгінгі дүние қатаң сынға алып отырған əлеуметтік экономика
элементтері жоқ па? Десек те, осы ұстындардың бір де бірі атал-
мыш елдердің ерекшелігіне жатпайды. Мəселен, Сингапур табиғи

қазбалардан мүлдем ада ел. Бұл елдің топырағының жұтаңдығы
соншалықты, тіпті елдің алты миллион тұрғынына ауыз су да
жетіспеуде. Оны айтпағанда, құрылысқа қажетті құм да шетелден

Еліне елеулі Елбасы тасылады. Өз тəуелсіздігінің алғашқы жылдарында Малайзияның ұлтаралық қақтығыстар салдарына ұшырағаны соншалықты, аталмыш ел нəсілдік жанжалдардан жойылады деген болжамдар да айтылған. Ал Қытай экономикасы болса əлемдік нарық айдынында социализмнің қызыл жалауын көтеріп келеді... Сонда бір-біріне ұқсамайтын бұл елдердің осыншалықты дамуының себебі неде? Барлық данышпан шешімдер сияқты бұл сауалдың да жауабы қарапайым. Аталмыш елдердің өркендеуінің алғышарты халқының мəдениетінде. Бұл жердегі мəдениетті бірыңғайда түсінбеу керек. Мəселе оның сан қырлылығында. Онда халықтың рухани жəне салауатты сапалары, еңбекқорлығы, ақылой қабілеті мен дүние-танымы бірге көрініс табады. Мұндай шешім бір қарағанда аксиомаға арналған бір ұғыммен түсіндіріледі. Онда көрнекті тұлғалардың ролі айқындалады. Оның үстіне осынау «шығыс жолбарыстарының» əрқайсысының «экономикалық кереметінің» іргетасын қалаушысы бар. Халықтың дамуды жүзеге асырушыны тануы көрнекті тұлғалардың мəртебесіне көлеңке түсірмейді. Өйткені көсемнің өзі халық мəдениетінің қолтумасы. Көсем мен халық – прогресстің бақыт құсының қос қанаты іспетті. Елдің сəтті дамуының кепілі тек дарынды басшы мен еңбекқор халықтың бірігуі арқылы жүзеге аспақ. Егер халыққа еңбекқорлық тəн болмаса немесе көсем миллиондаған еңбекқор əрі белсенді адамдар арасынан өз қолдауын таппаса ең дарынды деген жетекшілердің өздерінің ұлы идеялары жүзеге аспақ емес. Сондай-ақ мемлекетті қабілетсіз, жауапсыз һəм жалқау саясаткер басқарса, сол халықтың туабітті жасампаздық күш-қуатына да сұраным болмайды. Қазақстанға арналған көптеген басылымдарда авторлар елдің ғажайып жетістіктеріне таңданыс білдіре отырып, ел тізгінінің тəуелсіздіктің алғашқы күндерінен Нұрсұлтан Əбішұлы Назарбаев

Еліне елеулі Елбасы

Еліне елеулі Елбасы

Еліне елеулі Елбасы
сияқты көрнекті саясаткердің қолына тиюін Қазақстанның жолы-
ның болғаны санайды. Оның мемлекетшіл ақыл-ойының, ерік-кү-
шінің, данышпандығының, өз елі мен халқына адалдығының ар-

қасында Қазақстан Республикасы əлемдік мəртебе төрінен ойып
тұрып орын алды.
Осынау даусыз ақиқатты мойындай отырып, оны былайша
дамытуға əбден болады: Сан ғасырлық тарихы бар, дарынды да

еңбекқор, ерекше халықтың ұлы болуы – Нұрсұлтан Əбішұлы
Назарбаевтың да бақыты.
Əр ежелгі халыққа өз тарихын марапаттау тəн. Алайда оны өз
ата-бабаларының тарихи мұрасын асыра дəріптеуге əзір отырған

басқа халықтардың дұрыс қабылдамауы да ықтимал. Əрі ол табиғи
құбылыс. Əлемдегі саяси салмағына жəне елінің даму деңгейіне
қарамастан бүгінгі өмір сүріп жатқан əр халық өзінің өмірге
бейімділігін, ерекшелігін дəлелдеуге тырысады. Өйткені адамзат

тарихының халықтардың өмір сүру жолындағы құқығы мен тірші-
лік ортасы үшін жүргізген күресінің жемісі екенін білеміз. Сондай
құқыққа ие болу үшін əр халықтың да ғасырлар тоғысында ауыр
сынақтардан өтуіне тура келген. Ондайлар сан мəрте құрып кету

алдында тұрса да, қайтадан еңсесін тіктеп дамуын жалғастырды.
Əлбетте, оны ұрпақтарының мақтан етуі де заңды. Осы тұрғыдан
алып қарағанда қазақтардың өз тарихы үшін мақтанатындай-ақ
реті бар. Өйткені қазақтардың ата-бабалары əлемдік өркениетке

өзіндік үлес қосқан номадизм атты ерекше мəдени құбылыстың
белсенді жасаушыларының бірі болып табылады. Əлемнің саяси
картасында Қазақстан атты алып мемлекеттің болуының өзі қазақ
өркениетінің өміршеңдігінің айғағы болып табылады. Ежелгі түр-

кілер қалыптастырған жəне одан кейінгі дəуірде ұрпағы байытқан

Еліне елеулі Елбасы

Еліне елеулі Елбасы қазақ мəдениеті ұзақ жолдан өткен, зорлық-зомбылықты, соғысты бастан кешіп қудалауға ұшыраған қазақ халқының асыл қазынасына айналды. Əлемде, əсіресе еуропалықтар арасында номадтар – көшпелі өмірден отырықшылыққа көшудің ортасында кідіріп қалған топ деген пікір қалыптасқан. Əрі көпшелі тіршіліктің даму формасы емес, адами əрекеттің біртіндеп өркениетке ұласқан түрі екені есепке алынбайды. Оған қоса бүгін Евразия даласында тіршілік еткен тайпалардың біздің дəуіріміз басталмастан көп бұрын терімшілікпен, аңшылықпен, балықшылықпен айналысқаны дəлелденіп отыр. Ал қатты құрғақшылықтан шөл даладағы тіршіліктері көшпелі мал шаруашылығына ауысқан. Белгілі орыс ғалымы, номадтар тарихын терең зерттеуші Л.Н.Гумилев көшпелі тұрмыстың өркениеттің бір формасы екенін айта

Еліне елеулі Елбасы отырып, көшпелілердің өзін осынау ерекше құбылыстың өкілдері деп атайды. Сондай-ақ көшпелі өмір салтын «Прогресске бейімделе алмайтын толыққанды емес, дəрменсіз халыққа жатқызбайды. Сондай-ақ оны этникалық тіршіліктің айрықша тəсілі» деп атайды. Көрнекті орыс ғалымының осынау ойын қазақ тарихшысы академик Е.С.Омаров та «Номадизм табиғи катаклизмдерден ғана тумаған, сондай-ақ ол адамдар санасының өсуін, өз заманындағы табиғи əлемнің биігінде тұрған ой-санаға ие екенін» айтқан пікірімен толықтыра түседі. Сондықтан кейбір зерттеушілердің солақай көзқарасына қарамастан ежелгі көшпелі қазақтардың жалпы адамзат өркениетінің дамуына қосқан үлесі зор. Олар Еуропа мен Азия арасындағы көпірдің негізін қалап, көптеген халықтардың этногенез процесіне өзіндік ықпалын тигізді, əртүрлі ұлттық мəдениеттердің қалыптасуына белсене атсалысты. Жоғарыда атап көрсеткеніміздей қазақтар негізгі тұрмысы көшпелілікке бейім болса да тек аңшылықпен жəне мал шаруашылығымен ғана айналыспаған. Тіршілікке қолайлы қазақ даласында қай заманда да адамдар отырықшылық тұрмыс кешкен. Сан алуан кəсіппен, егіншілікпен, кен өндірумен жəне металл өңдеумен, қыш бұйымдар дайындаумен, тері илеп, мата тоқумен, киіз, зергерлік кəсіптермен айналысқан. Жібек жолының тура ортасындағы малы, жүні, терісі мен металы көп Қазақстан аймақтары халықаралық сауда жүйесіне тартылған. Тараз, Отырар, Испиджаб, Талхир жəне Жібек жолында тұрған басқа да қалаларда ірі сауда орталықтары болған. Сауда қызу жүргізілген. Шығыстан батысқа, батыстан шығысқа жеткізілетін тауар айырбасы жүзеге асқан.

Еліне елеулі Елбасы
Жоғарыдағы айтқанымызға сүйене жəне көпшелі қазақтар мə-
дениетін талдай отырып біз номадизм туралы қазақ тарихының
бастауы түрінде айтпаймыз. Керісінше ежелгі қазақтардың ерек-

ше мəдениеті қалыптасқан маңызды дəуір есебінде сипаттаймыз.
Бұл мəдениеттің ерекшелігі – оның өзегінің адамның еңбекке деген
көзқарасында жатуында.
Əрине, еңбек – барлық адамзат үшін одан əрі тіршілік етуге

мүмкіндік берген өмірлік ақиқат. Алайда табиғатпен біте қай-
насқан, өздері де дала стихиясының бір бөлшегі болып табыла-
тын көшпелілер үшін табиғатқа физикалық ықпалын тигізу өмір
салтына айналды. Əр халықтың өз тарихының бастауында өзінің

этникалық ерекшелігінің имманентті қасиетіне сəйкесетін табиғи
орта таңдағаны туралы ғылыми тұжырымдар бар.
Еңбектің тіршіліктің басты мазмұны екенін толық мойындау
ежелгі қазақтар үшін абстракция болмаған. Керісінше қоғамды,

Еліне елеулі Елбасы
тұрмысты дамытудың табиғи заңдылығының талаптарына айнал-
ған. Отбасындағы, ру, тайпа, қауым арасындағы өзара қарым-қа-
тынасты реттеу үшін көшпелілер моральдық, этикалық жəне құ-

қықтық нормалар ойлап тапқан. Уақыт өте келе соның бəрі тұ-
рақты тіршілік негізіндегі дəстүр мен əдет-ғұрыпқа айналған. Осы
нормалар мен ережелердің өзегінде адами тұрмыстың негізі есе-
бінде еңбек тұрған.

Қазақ қоғамында еңбекке деген көзқарас ерекше. Адам еңбекке
жастай араласқан. Қазақтардың тіршілігі тынымсыз еңбекпен жал-
ғасқан. Демалыстарын еңбекпен жалғастыратын далалық тұрмыс
жағдайында əркімнен өшіккен тайпалардан немесе малдарды жырт-

қыштардан қорғай білу машығы талап етілген.

Еліне елеулі Елбасы
Қазақ менталитетінің өзіндік ерекшелігі – ұжымға бірігуге бе-
йімділігінде. Ұжымдық өмірдің негізі – отбасы. Қазақтар «Береке
басы бірлікте» деген қағиданы ежелден білген. Сондықтан отбасы-

на тəн нəрсенің бəрі қоғамға да ортақ болған.
Номадтар өмірінде отбасы ролі ерекше. Дəстүрлер, əдет-ғұрып-
тар этикалық талаптар мен мінез-құлық қағидалары ұрпақтан-ұр-
паққа отбасы арқылы берілген. Өмірлік тəжірибе номадтарға мы-

нандай жайттарды үйреткен: Адамгершіліктің белгісі – адамдар-
дың бір-біріне деген туыстық көзқарасында. Сондықтан шынайы
адами мейірімнің, кішіпейілділіктің, өзара сенімнің өзегі отба-
сында қалыптасқан. Əрі соның бəрі əкеге, анаға, ата-əжеге, бауыр,

қарындасқа бағытталған.
Ежелгі қазақ отбасында еңбекке деген құрмет культ деңгейіне
дейін көтерілген. Көшпелі қоғамға тəн жас ұрпақты салт жүруге,
қару-жарақты меңгеруге, денені шынықтыруға бейімделу машығы

еңбекқорлықты, төзімділікті қалыптастырған. Жаңа қонысқа көш-
кен көшпелі жұрт көп ұзамай жаңа жайылым іздеу керек екенін
де білген. Алайда жаңа орында қаншалықты тұрақтайтынына қа-
рамастан номадтар сол жерге толықтай ірге теуіп отырған. Сол

арқылы көшпелілер ерекше тұрақжай бітімдерін жасай алған. Се-
бебі көшіп-қону жұмыстары көп уақыт алмауға тиісті еді. Осы-
лайша көшпелілер белсенді əрі жылдам жұмыс істеуді үйренген.
Жоғарыда айтылған əңгімеге орай көшпелілердің ерекше туын-

дысы – киіз үйдің құндылығы мен маңызы туралы айта кету па-
рыз. Көшпелілердің ғажайып жаңалығы – киіз үй қазақ халқының
материалдық мəдениетінің үлкен жетістігі болуымен қоса, əлем-
дік өркениеттіктің де ұлы туындысы болып табылады. Киіз үй

далалық жағдайда жеңіл көшіп-қонуға мүмкіндік беретін, оңай

Еліне елеулі Елбасы
бөлшектелетін жəне қайтадан жылдам жинауға болатын тұрақ-
жай. Киіз үйдің ішіне жаңбыр мен еріген қар суын кіргізбейді.
Сондай-ақ аптаптан, өкпек жел мен суықтан да қорғайды.

Киіз үйдің жоғарыда айтып өткен ерекшеліктерінен де басқа
ешқандай табиғи катаклизмге алдырмайтын да сапасы бар. Ол
қатты жер сілкінісіне де, дауылға да төзімді.
Қисапсыз техникалық жетістіктермен қоса киіз үй нағыз өнер

туындысы болып та табылады. Киіз үйді қымбат металдардан,
теріден, ағаштан, шиден жасалған əшекейлермен жəне шебер
əйелдер тоқыған кестемен, кілеммен жəне əдемі заттармен безен-
дірген. Осының бəрі көшпелілерден кəсіптік машық талап еткен.

Көшпелілер ежелгі замандардан бері металмен, терімен жəне ағаш-
пен жұмыс істеген. Əлемнің түрлі мұражайларында сақтаулы тұр-
ған ежелгі қазақтардың материалдық мəдениет үлгілері қазіргі за-
ман адамын өз ерекшеліктерімен таңдай қақтырады.

Тұрақ адам үшін басты қажеттілік болғандықтан, көшпелілер
өскелең ұрпақты осы өнерге жас күнінен баулыды. Осындай үй-
ретулердің барысында жас ұрпақтың еңбекке деген ынтасы, эсте-
тикалық талғамы, адамзат қолымен жасалынған нəрсенің бəріне

деген құрметі пайда болды.
Бір нəрсені айта кету керек. Қазақстан Республикасының Елтаң-
басының басты тетігінің кигіз үйдің шаңырағы болуы да тегін емес.
Бұл да қазақтардың тарихи эволюциясында кигіз үйдің қанша-

лықты маңызы болғанын көрсетеді.
Еңбекқор номадтар қуатты тəрбие факторы есебінде отбасы
мүшелеріне қажымас, талмас ата-бабаның идеалдарын үлгі етіп
ұсынды. Олардың өсиеттеріне құлақ асу қасиетті борыш саналды.

Еліне елеулі Елбасы

Еліне елеулі Елбасы
Ата-баба рухына деген осындай құрмет ерекше «жеті ата» инсти-
тутын қалыптастыруға мұрындық болды. Яғни, əр қазақ өзінің же-
ті атасын білуге міндетті болатын.

Ықылым замандардан бері табиғи əлеуметтік механизмге ай-
налған ұлттық дəстүрлер мен əдет-ғұрыптар тізбегінде «Жеті ата»
принципі бүгін де қазақтардың ұлттық болмысының бір бөлігі жə-
не тұтас ұлттың рухани беріктігінің алғышарты болып табылады.

Осыдан жүздеген жылдар бұрынғыдай қазақтар əлі де өз генеа-
логиясын сақтайды. Қазақ қоғамында өз руының тарихын білмеу
тəрбиесіздік жəне рухани жұтаңдық болып есептелінеді. Əдетте
ондай адамдарды мəңгүрт деп атайды.

Қазіргі, əсіресе, Еуропадағы ескіліктің қалдығы есебіндегі ұлттық
ғұрыптар мен дəстүрлерден бас тарту үрдісі кезінде халықтың те-
рең жадысында ұлттық мəдениетке деген құлықтың сақталуы қа-
зақтар санасында традиционализм принциптерінің берік сақталға-

нын көрсетеді. Қазақ халқына бəсекеге қабілетті экономика құрып,
əлемнің барлық елдерімен өнімді байланыс орнатуға мүмкіндік бе-
ріп отырған да – олардың осынау ұлттық ерекшелігі, өз мəдениет-
терінің құндылықтарын сақтай біліп басқалардың жағымды тə-

жірибесін пайдалана алуында.
Қазақ мəдениеті дегеніміз – жалпы адамзаттың жəне қазақтар-
дың өздерінің ұлттық құндылықтарының органикалық синтезі. Ха-
лықтың интернационалистік танымының негізі де сонда жатыр. Та-

мыры тереңге тартатын қазақтар арасындағы өзара көмек пен өзара
қолдау қауымдық өмірдің заңды жалғасы болып табылады. «Құстың
күші – қанатында, адамның күші – достықта» дейді қазақ мəтелі.
Қазақстанның титулды ұлты есебінде қазақтар қазір өз елде-

рінде тұрып жатқан барлық халықтардың тағдыры үшін жауапты.

Еліне елеулі Елбасы
Ырысты қазақ жерін өз отаным деп санайтын біртұтас ұғымның
арқасында ғана мемлекетті дамытуға болады. Елдің тəуелсіздік
кезінде қол жеткізген табыстары біртұтас қазақстандық ұлт ата-

нып отырған барлық этностардың ырғақты бірлігі мен туысқанды-
ғының арқасында мүмкін болып отыр.
Барлық халықтар сияқты номадтар үшін де қауымдық тұрмыс
өскелең ұрпақ тəрбиесінің басты тетігі болып табылады. Көшпелі-

лер арасында балаларды оқытып тəрбиелеу жəне оларды тұрмыс-
қа əзірлеу отбасылық шаруа саналады. Əрі мұндайда негізгі назар
аңшылыққа байланысты еңбек машықтарына аударылады. Өскелең
ұрпақ аңшылықтың өте қиын да күрделі кəсіп екенін жақсы біл-

ді. Сондықтан балаларды оған жас күнінен үйрету керек. Ата-баба
рухын қадірлеу, үлкендерді құрметтеу, əділеттік жəне ашықтық

Еліне елеулі Елбасы
балаларға тəрбие арқылы ғана емес, ересектердің үлгісі арқылы да
берілді.
Бір нəрсені айта кету парыз. Балаларды еңбекке баулу бары-

сында көшпелілер мəселенің материалдық жағына көңіл аударған
емес. Көшпелілер материалдық байлықты емес, данышпандық пен
еңбекқорлықты бақыт санаған. Балаларды еңбекқорлыққа, ұлттық
дəстүрлер мен əдет-ғұрыптарды құрметтеуге тəрбиелеп, олардың

физикалық денсаулығына, рухани кемелдігіне, өз ісінің шебері бо-
луына көңіл бөлінді. Міне, қазақтардың өмірлік байлығының не-
гізгі критерийлері де солар.
Қазақтарға тəн басты ерекшеліктің бірі – жомарттық пен мей-

мандостық. Көшпелі өмір салты адамдардың даладағы қатыгез тұр-
мыста бір-біріне көмектесуі формасындағы қонақжайлық үрдістерін

Еліне елеулі Елбасы
қалыптастырды. Табыннан бөлініп қалған малды іздеп жүріп адас-
қан адамның бейтаныс киіз үйдің босағасынан аттауы көшпелі
өмірдің үйреншікті құбылысына айналған. Көшпелілер қашанда

беймəлім қонақты қандас туысындай құшақ жая қарсы алады.
Қазақтардың осындай меймандостығы, қиын жағдайда қалған
адамға қол ұшын созуы сталиндік репрессиялар кезінде айқын бай-
қалды. Онда Қазақстанға поляктар, корейлер, немістер, гректер,

шешендер, қарашайлар, балқарлар, қырым татарлары мен басқа
да ұлттар депортацияланды. Қазақтар оларға қамқорлық жасап,
өздерінің тұрмысы нашар болса да бір үзім нанын бөлісіп жеді.
Қолдан келгенше көмек көрсетті. Депортацияланған халықтардың

көпшілігі сол кезді əлі күнге дейін үлкен ризашылықпен еске ала-

Еліне елеулі Елбасы
ды. Көздеріне жас ала отырып қазақтардың арқасында ғана тірі
қалғандарын бүкпесіз айтады. Шешенстанда болған осы жолдар-
дың авторының шешендердің Қазақстан мен қазақ халқы туралы

тебірене отырып айтқанын талай естіген. Олар Қазақстанды екін-
ші Отанымыз, ал қазақтарды туысқандарымыз деп атайды.
Грозный қаласындағы көшелер мен республикадағы ең көне де та-
нымал оқу орындарының бірі – №1 лицейге Нұрсұлтан Назарбаев-

тың аты берілген. Мектеп фойесінде Қазақстан Президентінің мү-
сіні тұр. Əртүрлі елдердің үкіметтері мен қоғамдық ұйымдары
Нұрсұлтан Əбішұлы Назарбаевқа тапсырған қыруар марапаттың
арасында Ахмад Қадыров атындағы орден де бар. Ол Шешен Рес-

публикасына теңдессіз еңбегі сіңген адамға беріледі. Шешен халқы-
ның сонау қиын шақта көмек қолын созған қазақтардың туысқан-
дық əрекеттеріне ризалығы шексіз. Сондай-ақ өз республикаларының

Еліне елеулі Елбасы

Еліне елеулі Елбасы

Еліне елеулі Елбасы
қайта құрылу жолына түсуіне өлшеусіз көмек көрсеткен Прези-
дент Нұрсұлтан Назарбаевқа да дəн риза. Қазақстан бөлген ақша-
ға Грозныйдың қақ ортасында астана тұрғындары «Қазақ үйі» деп

атайтын алпыс пəтерлі тұрақжай салынды.
Қазақтарға тəн ұлттық ерекшеліктің бірі – білуге құмарлық.
Даладағы табиғаттың қатаңдығы адамдарды табиғат стихиялары-
мен күресте тапқырлық танытып, ой-сананы ширықтыруға мəж-

бүрледі. Осынау физикалық еңбек процесінің арқасында көшпе-
лілердің білуге құмарлығы мен ойлылығы қалыптасты. Оған қоса
ежелгі қазақтардың білімге деген туабітті құмарлығы мен басқа
халықтардан жақсылықты үйренуге деген құлқы олардың рухани

жандүниесін байытып, білім көкжиегін кеңейтуіне ықпал етті.
Көшпелі өмірдің өзі, малшылар мен аңшылардың тіршілігі ғы-
лыми ізденістерді талап ететін. Иə, жиырма бірінші ғасырда да
планетаның əр түкпіріндегі көшпелі өмір салтын ұстанатын адам-

дар əлі күнге дейін ықылым заманда ата-бабасы пайдаланған ас-
паптарды тұтынады. Кеңестік кезеңдегі Қазақстанның ғылыми ой-
сананы дамыта білуі ғылымның барлық саласында көрнекті ғалым-
дар қалыптастырды. Осының бəрі ежелгі номадтардың генетика-

лық мұрагері болып табылатын қазақ ұлтының жоғарғы ой-санасы
мен ақылын көрсетеді.
Қазақтардың этникалық-психологиялық айқын портреттері мы-
на бір штрихтардан да байқалады. Олар өздерінің қарапайым са-

лауаттылық нормаларының, еңбексүйгіштігінің ынтасы мен халық-
тың өткеніне байланысты нəрсенің бəрін құрметтеуінің арқасында
ұлттық ерекшелігін, мəдениеті мен тілін сақтап қалды. Тіпті, екі
мыңжылдықтың өліарасында тарих ұлттық мемлекет құру мүм-

Еліне елеулі Елбасы
кіндігін сыйға тартқанда да қазақтар барынша əзір тұрған ұлт еке-
нін көрсете білді. Көптеген бұрынғы республикаларға тəн ерекше
оқиғалар байқалған жоқ. Туындаған қиындықтар алынды. Қазақтар

жаңа ақиқаттарға жылдам бейімделіп, нарықтық қатынастарды сə-
тімен қалыптастырып, болашаққа нық сеніммен қарай бастады.
ТМД елдеріне арналған көптеген жарияланымдарда авторлар
қос кеңестік ауқымдағы соңғы жиырма жылдағы өзгерістерге саяси

тарихи талдау жасай отырып, тəуелсіз мемлекеттердің арасында
Қазақстанның бəрінен де мол нəтижеге жеткенін атап көрсетеді.
Бұл орайда Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың жетекшілік ролі
барынша айқындалады. Оның тиімді саясатының арқасында Қазақ-

станның қоғамдық өмірінің барлық саласында үлкен табыстарға қол
жеткізілгені белгілі.
Қазақ халқының төл перзенті жəне бақташы отбасында туған
Нұрсұлтан Əбішұлы Назарбаев генетикалық тұрғыда еңбекке бе-

йім. Ол еңбекқорлықты бала күнінен үйренді. Сондай-ақ өз еңбе-
гімен қоса басқалардың еңбегін де құрметтейді.
Сұхбаттарының бірінде Нұрсұлтан Назарбаевтың былай дегені де
бар: «Қанша президент болсам да менің жаным далаға ұмтылады.

Мен сиырдың қалай бұзаулайтынын, биенің қалай құлындайты-
нын көріп өстім. Сиыр ұстайтындықтан біз он жасымыздан бастап
пішен шаптық».
Тəжік тілінде «саркор» деген сөз бар. Ол екі түбірден тұрады.

Сар – басшы, ал кор – жұмыс, еңбек дегенді білдіреді. Жұмысты
басқаратын адамды саркор деп атайды. Сонымен қоса ол жұмыс-
тың ең қиын бөлігін де атқарады. Саркор еңбекке деген көзқарасы
арқылы адамдардың бəріне үлгі көрсетіп, оларды қоғамға пайдалы

Еліне елеулі Елбасы

Еліне елеулі Елбасы
еңбекке баулиды. Нұрсұлтан Назарбаев тек қана өз мем-
лекетінде емес, сондай-ақ бүкіл еуроазиялық кеңістіктегі
осындай ұлы саркор болып табылады. Жаппай мойын-

далған бір ақиқат бар. Нұрсұлтан Назарбаев посткеңестік
ауқымдағы барлық интеграциялық процестердің қозғау-
шы күші жəне басшыларының бірі саналады. Бүгінгі ТМД,
ЕврАЗЭс, Кеден одағы мен Ресей мен Белорусь қосылған

бірыңғай экономикалық кеңістік те оның табандылығы-
ның арқасында сенімді жұмыс істеп тұр.
Нұрсұлтан Назарбаевтың өмір жолы – еңбек адамының
жолы. Еңбек жолын домна пешінен бастап тоғыз жыл бо-

йы отпен алысқан ол дəл сол режимде Қазақстан өнер-
кəсібінің құрылысын қалыптастыруға үлес қосты. Құ-
дыретті де аяусыз əкімші жүйемен жұмысшылар құқығы
үшін аянбай күресті. Кеңестер Одағы құлап, туған рес-

публикасы қиын жағдайда қалғанда ол осынау əлсіз құ-
рылымды күлден көтеріп, оған жаңа өмір сыйлады.
Толыққанды мемлекет құруды нөлден бастаған Нұр-
сұлтан Назарбаев біздің заманда өте сирек кездесетін ба-

тыл да мақсаткер мемлекет басшысы екенін көрсете білді.
Ол заманауи саясаттың стратегиялық ағыстарына ілесті.
Соның арқасында Қазақстан бүкіл Евразия кеңістігінің ру-
хани, экономикалық жəне саяси орталығына, экономика-

лық жəне саяси реформалардың көшбасшысына, құрлық-
тағы тұрақтылықтың сенімді мекеніне айналды.
Осының бəрі Президенттің бүкіл ауыр да қиын міндет-
терді өз мойнына жүктеп, Қазақстанның басты еңбекқо-

ры болуының арқасы. Кейбір солақай саясаткерлер елдегі

Еліне елеулі Елбасы
қуатты президенттік билікті дұрыс түсінбей, Нұрсұлтан Назарбаевты
«Қазақстанның əміршісі» деп атайды. Иə, ол əмірші. Бірақ, еңбек
əміршісі. Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстанды өркендету бары-

сында қол жеткізген осындай жетістіктері тек тынымсыз еңбектің,
мақсаткерліктің, рухани, ой-саналық жəне физикалық күштерді
біріктіре білуінің арқасында мүмкін болып отыр. Өйткені, Кеңес-
тер Одағының органикалық бір бөлшегі есебінде Қазақстан да КСРО-

ның түбіне жеткен кемшіліктерге толы еді. Кеңестер Одағы құлар
кезде республикадағы билік құрылымдары мен экономика, əлеу-
меттік институттарды айтпағанда, тұрғындардың басым бөлігі де

Еліне елеулі Елбасы үлкен рухани күйзелісті бастан кешті. Елде жаппай жұмыссыздық белең алып, азық-түлік жетіспеді. Қарапайым тұрмыстық ыңғайлылық та жоқ болатын. Құдайға тəубе, кейбір республикаларда жүзеге асқан радикалды ұлтшылдық Қазақстаннан байқалмады. Дегенмен, титулды ұлтты этникалық ерекшелігіне орай ұлтаралық дүрдараздыққа итермелеу əрекеттерінің болғаны өтірік емес. Алайда, қазақстандықтар көрегендік танытып, «ұлттық құндылықтар жолындағы ондай күрескерлердің» еркіне көнбеді. Тарихта жаңадан қалыптасып келе жатқан мемлекетке сəйкес билік институттарымен қоса ұлт басшысының институты қажет болған кезі көп. Алайда, ол заңды емес, моральдық, рухани жəне ой-саналық тұрғыда болуға тиіс. Егер Үндістанда ел тəуелсіздігінің Махатма Ганди сияқты символы пайда болмаса, адамдар оның күш көрсетпей қарсыласу идеясын да білмес еді. Мемлекет тəуелсіздігін алу жолында қанша үндістің қаны төгілгенін де білмейміз. Сондай-ақ апартеид саясатын жоққа шығаруда Оңтүстік Африка республикасының жергілікті ұлты да көп адамынан айрылды. Егер оларды Нельсон Мандела сияқты гуманист басшы бастамағанда шығын одан да көп болар еді. Егер «ұлы реформатор» М.Горбачев өз қабілетсіздігін дер кезінде түсініп, билік тізгінін Нұрсұлтан Назарбаев сияқты дарынды мемлекет қайраткерлеріне жəне нағыз патриоттарға берсе, Кеңестер Одағын да сақтап қалуға болатын. Кеңестер Одағының жолы болмағанымен, Қазақстанның жолы болды. Бүгінгі Қазақстан ғажайып жетістіктерімен əлемді таңғалдырып отыр. Сондай-ақ Қазақстанның қисапсыз достарын оның

Еліне елеулі Елбасы

Еліне елеулі Елбасы

Еліне елеулі Елбасы
қайратты ұлт көшбасшысы да таңдай қақтырады. Нұрсұлтан
Əбішұлы Назарбаев жетпістен асқанына қарамастан физикалық
тұрғыда əлі де тың. Ақыл-ойы кемел. Тасыған қайраты мен еңбек-

қорлығы, ғажайып есте сақтау қабілеті рухы мықты адамға қарт-
тықтың да кедергі емес екенін көрсетеді. Президент еңбегі үлкен
ерік күшін жəне ой-саналық жігерді, мақсаткерлікті талап етеді.
Ол кейде жас жігіттерден де кездесе бермейді. Ал президент бол-

са, шаршап-шалдығуды білместен жемісті еңбектенуде. Нұрсұлтан
Əбішұлы Назарбаев Қазақстан халқының алдында ұлттық мемле-
кет құру міндеті тұрған осыдан жиырма жыл бұрынғы күш-жігерін
сол қалпында сақтапты. Ол əлі де ширақ, белсенді һəм күш-қуаты

кемел. Мақтан қуу Нұрсұлтан Назарбаевқа тəн емес. Ол тыным-
сыз еңбектенеді. Отандастарынан да қол жеткенге тоқырамай алға
қарыштауды талап етеді. Қазір күн тəртібінде елдің индустриялы
инновациялық дамуы, экономиканың шикізаттық сипатынан ары-

лу, интеллектуалды ұлт қалыптастыру міндеті тұр.
Көтеріңкі сентенция есебінде бұл тарауды Нұрсұлтан Əбішұлы
Назарбаевтың Қазақстан халқына бағыштаған мынадай жолдаула-
рымен аяқтауға болады:

– Мен сіздерге осындай жол ұсынбақпын. Бірлік болса біз бо-

лашаққа тыныш та сенімді түрде қарыштаймыз. Бəріңізді де алға
ұмтылуға шақырамын. Болашақты тоқтатуға болмайды. Бірақ оны
жоспарлаудың мүмкіндігі бар. Менің жоспарым өте қарапайым əрі
қолжетімді: қарияларға қамқорлық пен игілік, жастарға – жұмыс

пен болашақ, халыққа – денсаулық пен білім, əр үйге – бейбітші-
лік пен бақыт керек.
Қазақстан енді ешқашан дағдарыстар елі болмайды. Ол армандар
жүзеге асатын мемлекетке айналмақ.

Қазақстан, тек қана алға!

Еліне елеулі Елбасы ЕРІККҮШІ МЫҚТЫ САЯСАТКЕР Əр адамның өз тарихы, ал тарихтың өз сыни сəті болады. Адамның адамшылығын дəл осындай сыни сəттерде жасаған əрекеттеріне орай қателіксіз бағалаудың мүмкіндігі бар. Биік адамның заманы да өзіне сəйкес, сыны көп болмақ. Ал одан шыға білу – үлкен жетістік. Виссарион Белинский Баспасөздің қисапсыз сұхбаттарының бірінде Нұрсұлтан Əбішұлы Назарбаевқа да көрнекті адамдарға қойылатын бір сауал тасталған. «Егер қайта тусаңыз осы жолыңызбен өтер ме едіңіз?» «Жоқ, – деген Нұрсұлтан Əбішұлы көп ойланбастан, – басқа жол таңдар едім...». Қатысушылар жобасы мойындалған саясаткер жəне мемлекеттің негізін қалаған, сондай-ақ елінің жетістікке жетуіне ықпал еткен əлемге танымал тұлға Нұрсұлтан Назарбаевтан мұндай жауап күткен жоқ сияқты. Ал президент болса өз жауабын нық сеніммен айтқан. Ғажайып нəрселер жасаған адамның да өз əрекеттеріне толық қанағаттануы қиын сияқты. Ұдайы ізденіс үстіндегі адамның тыным таппайтыны да белгілі. Ондайлар қол жеткізгенге қанағаттанбайды. Өйткені ойлағаны жүзеге асқан сайын жаңа идеялар келмек. Бес ғасырдан бері теңдессіз тұлға саналып келе жатқан Қайта өрлеу дəуірінің ұлы қайраткері Леонардо да Винчиді алайық. Данышпандығына, қайталанбас туындыларына қарамастан ол да ешқашан өз шығармашылығына мастанбаған. Өзінің атақты «Мона

Еліне елеулі Елбасы Лиза» туындысын ұлы суретші ұзақ жылдар бойы қайта-қайта қолына алып отырған. Оған көп уақытын жұмсаған. Басқа туындыларын салуға онысы кедергі келтірген. Л.Н.Толстой да өзінің қолжазбаларын қайта-қайта түзепті. «Қолжазбаларды түземеуді ешқашан түсіне алмаймын» депті ұлы жазушы. Алайда саясаткердің, одан да бетер мемлекет басшысының өнер мен əдебиет қайраткерлерінен ерекшелігі бар. Оның өзінің «Мемлекет» атты туындысының бітімін жəне құрылымын, мезханизмін қайта-қайта түзетуіне мүмкіндігімен қоса моральдық құқығы да жоқ. Мемлекет басшысы ұзақ мерзімді нəтиже беретін шешімдерді бірден қабылдауға тиіс. Егер саяси басшы басты мемлекеттік мəселелерде бір мəрте қате жіберсе, оның миллиондаған адамдардың тағдырына əсер ететіні белгілі. Сондықтан оның шешімдері ғылыми негізделген, мұқият ойластырылған болуы керек. Ал басшының қабылдаған шешімі мемлекеттің дамуы мен жағдайына ыңғайлы əсер етіп, тұрғындар тұрмысын жақсартуы үшін онда теңдессіз басшылық дарын, үлкен кемеңгерлік һəм еңбекқорлық болуы шарт. Оған қоса басшының əкімшілік жəне басқару қабілеті, адамдарға жетекшілік ететін, процестерді алға бастыратын машығы болуы шарт. Қазақстан мен оның басшысына қатысты мақалаларда Нұрсұлтан Назарбаевтың партиялық қызметінің өсуіне республикаға жергілікті ұлттық кадрлардың қажеттілігі əсер етті дегенді жиі оқып қаламыз. Яғни оны тағдырдың қалауымен Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің бірінші хатшысы Дінмұхамет Қонаевтың назарына ілінді деушілер табылып қалады. Назарбаевтың өрлеуін соған жатқызады. Сондай-ақ Қазақстанның бүгінгі табысына елдің

Еліне елеулі Елбасы
табиғи байлығы көмектесті деген де пікірлер айтылады. Алайда
Нұрсұлтан Назарбаев ғұмырнамасының ақиқаттары, сондай-ақ сол
кезеңнің оқиғалары Нұрсұлтан Əбішұлы Назарбаевтың, Дінмұхамет

Ахметұлы Қонаевтың назарына ілінгенге дейін де əжептəуір жоға-
ры Қарағанды металлургиялық комбинатының партия комитетінің
хатшысы болғанын көрсетеді. Ол Дінмұхамет Ахметұлы Қонаевпен
жетпісінші жылдардың ортасында кездескен. Комбинат парткомы

хатшысының қызметі СОКП Орталық Комитетінде де жоғары ба-
ғаланған. Сөйтіп ол Орталық Комитеттің құрамына енген. Осы-
ның бəрі Нұрсұлтан Назарбаевтың сол кездің өзінде-ақ жоғарғы
мəртебеге ие болғанын көрсетеді.

Еліне елеулі Елбасы Əлбетте, Нұрсұлтан Назарбаевтың одан кейінгі қызметте өсуінің республиканың басшысы Д.А.Қонаевтың келісімінсіз жүзеге аспайтыны белгілі. Сондықтан ел президентінің Дінмұхамет Қонаевтың қамқорлығының арқасында өсуіне байланысты кейбір ойларды жоққа шығаруға да болмайды. Алайда, республика басшысының құрметіне бөленуінің өзі оның дарындылығын, шеберлігі мен қабілеттілігін көрсетсе керек. Республиканың игілігін қатты ойланған Дінмұхамет Қонаевқа қашанда білімді, дарынды, шебер кадрлар керек болған. Өзінің ұлттық кадрларға қамқорлық жасайтын əдетіне орай Дінмұхамет Ахметұлы Қонаев ұлттық элитаның қалыптасуына, саясат биігіне көрнекті адамдардың шығуына айтарлықтай ықпал етті. Бүгінгі Ұлт көшбасшысы да сол дəстүрмен Қазақстанның дамуы мен прогресіне лайықты басшылық жасап отыр.

Еліне елеулі Елбасы
Ал Қазақстанның табиғат байлығына келсек, табиғат-ана Кеңес-
тер Одағының барлық республикаларын да, сондай-ақ əлемнің бас-
қа да мемлекеттерін де ресурстардан кенде қылған емес. Əр елдің

өзінің табиғи байлығы бар. Енді бір елдерде Менделеев табли-
цасындағы элементтердің бəрі кездеседі. Алайда экономикалық
потенциалы мен табиғат ресурстары қанша бай болса да сол
мемлекеттердің кейбіреуінің жағдайы əлі де оңалмай тұр. Демек,

елді дамытуға тек табиғат байлықтары ғана əсер етпейді. Ол үшін
одан да басқа қасиеттер керек сияқты...
Осы орайда шикізат қоры, тұрғындары, ғылыми, ғылыми-тех-
никалық жəне экономикалық потенциалы Қазақстаннан əлденеше

есе мол Ресейді ауызға алуға болады. Соған қарамастан бұл ел əлі
де оңбай отыр. Тек өз елінің шын патриоты жəне көрнекті мемле-
кет қайраткері Владимир Владимирович Путиннің арқасында ғана
Ресей толықтай күйреуден аман қалды. Ал о бастан билік тізгіні

Еліне елеулі Елбасы
Нұрсұлтан Назарбаев сияқты данышпан мемлекет қайраткерінің
қолына тиген Қазақстанның жолы болды. Ол «Экономика даныш-
пандарының» ел байлығын пышақ үстінен бөлісуіне жол бермеді.

Объективті жəне қарапайым талдау, тіпті жəй ғана бақылаудың
өзі Назарбаев Қазақстаны мен Путин Ресейінің қазіргі жетістікте-
рінің артында үлкен мемлекеттік ерік-күш, данышпандық, дарын
жəне шынайы саяси басшының өз халқының игілігі жолындағы ты-

нымсыз да екпінді еңбегі жатқанын айқын көрсетеді. Нұрсұлтан
Əбішұлы Назарбаевтың шешуші реформаларды сəтті жүзеге асы-
рып, Қазақстанды экономикасы дамыған бай мемлекетке айналды-
руына осы еңбекқорлығы, халқына адалдығы, өзін мемлекет мүдде-

сіне бағыштауы əсер етті. Бүгінгі Қазақстан саяси, экономикалық
тұрғыда ТМД мемлекеттері арасындағы ғана емес, сондай-ақ əлем-
нің көптеген елдері арасында да көшбасшы саналады.
«Өз еліңді, халқыңды сүйіп, оның жолында қажет болса, өзіңді

де құрбандыққа шалуға əзір болуың керек. Ондай жауапкерші-
ліксіз тұтас мемлекетті соңыңа ерте алмайсың» деген Нұрсұлтан
Назарбаев онлайн баспасөз мəлихаттарының бірінде. Сол жолы жас-
тардың бірі оған «Қалай Президент болуға болады?» деп сұраған.

Мынаны да айта кетуге тиіспіз. Нұрсұлтан Əбішұлы Назарбаев
өткен өмір жолына көз салғанда «карьера» сөзінің пайдаланылуы
да қисынды. Қызмет пен карьера – билікқұмарлықтың тетігі. Он-
дай адамдар тек қызмет сатысымен көтерілуді ғана ойлайды. Ал

Нұрсұлтан Əбішұлы Назарбаев болса, ешқашан ондай мақсат ұс-
танған емес. Тағдыры қай жаққа жіберсе де ол өз міндетін адал əрі
абыроймен орындады. Қызметте өсу, марапат туралы ойланған емес.
Əр қызметтік өсуі күтпеген жағдайда жүзеге асты. Назарбаев оның

Еліне елеулі Елбасы

Еліне елеулі Елбасы
бəрін ең соңғы сəтте біліп
отырды. Жаңа қызметке таға-
йындалған сайын одан ешкім

«Бұл қызметке барасың ба?»
деп сұраған емес. Партиялық
жұмыстың тəртібі сондай бо-
латын. Ортақ істің жемісі үшін

өзі де ондай ұсыныстардан
бастартқан жоқ (Бастартқан
бір қызметі туралы кейінірек
баяндаймыз). Əрине, барлық

адамдар сияқты Нұрсұлтан
Назарбаев та өзі атқарған іс-
тің мадақталуына қуанады.
Атқарылған істің нəтижесі қа-

шанда қуанышты. Сондықтан
ол өзіне сеніп тапсырылған барлық қызметте керемет орындаушы
жəне дарынды ұйымдастырушы есебінде танылды.
Қысқасы, ешқашан саяси қызметті армандамаған Нұрсұлтан

Əбішұлы Назарбаевтың өз елінде ең биік мəртебеге жету себебін
түсіну үшін оның өмірбаянына көз жүгіртуіміз керек. Бəрінің не-
ден басталғанын, көзқарастарының, дүниетанымының, моральдық
жəне іскерлік қасиеттерінің қалай қалыптасып, өмірлік жолын анық-

тап бергенін түсінуіміз қажет.
Бəрі де 1940 жылдың 6-шілдесінде Қаскелең ауданының Шамал-
ған қыстағына жақын тұстағы Үшқоңыр тауындағы кигіз үйден
басталған. Бақташы Əбіш пен оның əйелі Əлжанның тұңғыш ұлы

өмірге келген. Балаға Нұрсұлтан деген есім беріледі.

Еліне елеулі Елбасы
Қиын-қыстау соғыс жəне соғыстан соңғы кезеңге дөп келген
Нұрсұлтан Назарбаевтың балалық шағында үлкеннен де, кішіден
де белсенді еңбек талап етілді. Жұрттың бəріне қиын еді. Əсіресе

балаларға ауыр соққан. Сондықтан олар балаға тəн еркелікті де
көрген емес.
Нұрсұлтанның ата-анасы, əсіресе анасы тұңғыш ұлын үлкен ма-
хаббатпен қорғаштап бағады. Алайда баланың өзі еңбекқор, жа-

сына сəйкеспейтін ақылды болып өседі. Ата-анасының күндіз-түні
еңбек еткенін көрген ол оларға шамасы жеткенше көмектесуге ты-
рысады. Жасы жетіге толмай жатып-ақ ата-анасымен бірге картоп
отырғызып, анасының қасында аптаптың астында қызылшаға күтім

жасайды. Отбасына, əсіресе өзі балаға тəн аяушылықпен жақсы
көретін əкесіне көмектескені үшін өзін бақытты санайды. Нұрсұлтан
бесікте жатқан кезде шаруашылықта өрт шығып, қыстақ жанып
кетеді. Отпен күрес барысында Əбіш қатты зақымданады. Ұзақ

емделгеніне қарамастан қолына кінəрат түседі. Содан өмір бойы
зардап шегеді. Алайда еңбеккер Əбіштің күндіз-түні жұмыс істеуі-
не ол да кедергі келтіре алмаған.
Негізгі кəсібі мал шаруашылығы болғанына қарамастан Əбіш

араласқан істің бəрі алға басатын. Ол кез келген жұмысты үлкен
құлықпен, ар-ожданмен атқаратын.
Туасылы селекционер Əбіш будандастыру арқылы алманың, ал-
мұрттың, өріктің, айваның, шиенің жəне шабдалының жаңа түр-

лерін алған. Əсіресе Əбіш тұқымын асылдандырған апорт алма-
ның дəмі керемет еді. Нұрсұлтан Назарбаев ондай жұпары аңқыған
апортты басқа еш жерден де кездестірген емес.
Бір кезеңде алма мен алмұрт бірге өсетін Əбіштің ғажайып же-

міс ағашын көру үшін бүкіл Шамалған мен төңіректегі ауылдың
адамдары шұбырып келетін.

Еліне елеулі Елбасы – Бұны қалай жасайсыз? – деп сұраған Нұрсұлтан бірде əкесінен. – Барлық жұмысқа зор құлықпен қарасаң жетіп жатыр, – деп жауап береді əкесі. Əкесінен үйренген еңбектегі табандылығы, өз күшіне деген сенімі, тапсырылған жұмысты тиянақты орындауы Нұрсұлтан Əбішұлының мінез-құлығының бөлінбес бөлшегіне айналып, кез келген жұмысты мұқият, нақты жəне жауапкершілікпен атқаруына көмектесті. Қарапайым металлург жұмысынан бастап мемлекет қайраткеріне дейінгі аралықта ол осы қасиетінен тайған емес. Нұрсұлтан үшін əкесі қашанда еліктейтін үлгілі тұлға болды. Үйдегілер Сұлтан деп атайтын болашақ президент үшін ол еңбексүйгіштіктің үлгісі болуымен қоса мейірімділіктің, адамгершілік

Еліне елеулі Елбасы пен кішіпейілділіктің де мысалы болды. Сауатсыз болса да есте сақтау қабілеті үлкен зерек Əбіш қоныс аударушылардың көбінің тілін білді. Соның жəне тектілігінің арқасында ауыл қариясы төңірегіндегі барлық ұлт өкілдерінің құрметіне бөленеді. Ежелгі шопандар əулетінің ұрпағы Əбіш Назарбаев əкесінен ерте айырылады. Он бір жасында Никифоров деген əулетті шаруаның отбасына батырақтыққа жалданады. Əуелде қарапайым батырақ болған ол түрлі шаруашылық жұмыстарын атқарады. Алайда орасан еңбекқорлығының, орындаушылығының жəне жақсы мінезқұлығының арқасында ол Никифоровқа жағады. Қожайынының Əбішке сенгені соншалықты, өзінің үш ұлына басшылық жасап, жұмысқа жетекшілік етуіне мүмкіндік береді. Əбіш өзіне сеніп тапсырылған кез келген жұмысты адал атқаратын. Танапты дұрыс жыртып, диірмен жұмысын ойдағыдай жүргізетін. Базардағы саудасы да жемісті еді. Ол он саусағынан өнер тамған адам болатын. Күндіз-түні тынымсыз өзіне тиесілі міндеттерді атқаратын. Ал кешкісін етік тігіп, үйдің түрлі заттарын жөндейтін. Ауыр тағдырына қарамастан үш жасында əкесінен айрылған Əбіш көп қиындық көреді. Алайда əсте мойымайды. Музыканы ұнатады. Барлық халықтың аспаптарында ойнай алатын. Əрі жақсы əнші еді. Демалыс кезінде қолына домбырасын алып, күс басқан саусақтарымен небір халықтық əуендерді орындайтын. Нұрсұлтанға əкесінің домбыра шертіп, əн айтқаны ұнайтын. Əкесінің арқасында жасөспірім кезінде оның музыкаға деген құлқы оянады. Ұлының музыкаға бейімдігін аңғарған əкесі оған кішкентай сырнай сатып əперіп, домбыра жасап береді. Нұрсұлтан Назарбаевтың домбыра тартып отырған суреті көпке таныс. Мұндайда Нұрсұлтан

Еліне елеулі Елбасы
Əбішұлы өз əкесінің үлгісімен ішектердің сиқырлы үніне құлақ тү-
ріп, күнделікті жұмысынан қажыған жүйкесін тынықтырып алады...
Никифоров пен оның еңбекқор да шебер көмекшісі Əбіш осы-

лайша өзара түсіністік пен сыйластықта өмір сүреді. Дəл сол кез-
де көптеген диқандар мен малшылардың өмірін қайғыға бөлеген
коллективтендіру дəуірі келеді. Кулак деп айыпталған Никифоров-
тар əуелі Қазақстанның басқа облысына, сосын одан да əрі Сібірге

жер аударылады. Əбіш өзінің ата кəсібін бастайды. Алайда бұрын-
ғы ата-бабасындай өз малын емес, колхоздікін бағады.
Кішкентай Нұрсұлтан жетіге толған соң мектепке барады. Ол
кезде жеке үйлері болмағандықтан ата-анасы жазда ауылдан тауға,

қыста даладағы қыстаққа көшетін. Бала төртінші сыныпқа дейін

Еліне елеулі Елбасы
ағасының үйінде тұрады. Мектеп алыста болатын. Кішкентай
Нұрсұлтанға күнделікті жеті-сегіз шақырым жерді жаяу жүруге
тура келетін.

Мектептегі оқудың кішкентай Нұрсұлтанға ұнағаны соншалық-
ты, тіпті боран соғып, аяз күшейген қыс күндері де сүйікті мекте-
біне асығатын. Ол тəртіпті де жақсы шəкірт болды. Сыныптаста-
ры арасында белсенділігімен жəне еңбекқорлығымен ерекшеленді.

Тіпті үйінде де қол қусырып қарап отыра алмайтын. Мектептегі
сабағынан соң бірден үй жұмысына кірісетін. Малды азықтанды-
рып, суарып, бақшада жұмыс істейтін. Су таситын. Ол сабағын
түнде ғана оқи алатын. Білімге деген құмарлығының үлкендігі

соншалықты, түн ортасы ауғанша қолынан кітабы түспейтін.
Нұрсұлтан оқулықтардан басқа көркем əдебиетті де жақсы көрді.
Ол кітап оқуға деген құмарлығын өмір бойы бір тоқтатқан емес.
Қазір мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев бос кезінде əлі

де жиырма шақты парақ көркем əдебиет туындыларын оқиды.
Нұрсұлтан Əбішұлының əдеби талғамы да жан-жақты. Өзі жас
күнінде жақсы көрген Жюль Верннің, Конан Дойлдың, Герберт
Уэльстің шығармаларынан бастап көне заман философтары Кон-

фуций, Сенека, Марк Аврелий туындыларын да ұдайы оқиды.
Журналистермен əңгімелескенде жəне жазған кітаптарында Нұр-
сұлтан Назарбаев өзінің жастық шағын жиі еске алады. Əртүрлі
ұлт өкілдерінің балаларымен ерте араласуының дүниетанымына

əсер еткенін айтады. Назарбаев өскен Шамалған селосы көп ұлт-
ты болатын. Онда əртүрлі ұлттар мен діндердің өкілдері, орыстар,
украиндар, корейлер, немістер, гректер, шешендер, қарашайлар
мен балқарлар өзара түсіністікпен достық жағдайында өмір сүрді.

Еліне елеулі Елбасы Мектептегі орыс жəне қазақ сыныптары аралас оқытылатын. Село тұрғындары бір-бірінің тілін жақсы білгендіктен кез келген сыныпқа балаларын ойланбастан бере салатын. Мəселен, қазақ сыныптарында украин, шешен, балқар балалары, ал орыс сыныптарында қазақ балалары оқыды. Нұрсұлтан бірінші сыныптан алтыншы сыныпқа дейін қазақша оқиды. Сосын орыс сыныбына барады. Ал мектепті қазақша аяқтайды. Барлық заманның балалары мен бозбалалары сияқты, елуінші жылдың балалары да өз заманының ең мəртебелі деген мамандықтарын игеруге ұмтылды. Алайда, соғыстан соңғы ауыр кезең жастарды əдеттегіден ертерек есейткен. Олар орта мектепті тезірек аяқтап, əлдебір мамандық алып, ата-аналарына көмектесуге тырысты. Нұрсұлтанның ойы да сондай болатын. Ата-анасынан, əжесінен, інілері мен қарындастарынан, əкесінің қарындастарынан, анасының туысқандарынан жəне əкесінің немере інісінің мылқау баласынан тұратын үлкен отбасын асырау үшін күні-түні бір тынбай еңбектенетін əкесін көргенде Нұрсұлтанның жүрегі ауыратын. Сондықтан жеті жылдық мектепті бітіргеннен кейін Нұрсұлтан жұмысқа орналасуға шешім қабылдайды. Алайда, селолық мектептің директоры мен мұғалімдерінің кеңесінен соң ата-анасы оны Қаскелең ауданының орталығындағы онжылдық мектеп-интернатқа береді.

Еліне елеулі Елбасы Ата-анасының өзін оқыту үшін көмегі тиіп, жағдайды жақсартуға септігі тиетін баласын оқуға жіберіп отырғанын жақсы түсінді. Сондықтан ол мектепті бітірген соң отбасына көмегі тиюі үшін бірден жұмыс істеймін деп ойлайды. Алайда ата-ананың бұл жолғы шешімі де басқа болған. Нұрсұлтан одан əрі университетте оқуға тиісті еді. Баласын астанадағы оқуға жіберу үшін əкесі жалғыз сиырының тайшасын сатып, одан түскен ақшаны ұлының қолына ұстатады. Жас Нұрсұлтан құжаттарын Қазақ мемлекеттік университетінің химия факультетіне тапсырады. Алайда, Нұрсұлтан Назарбаевтың

Еліне елеулі Елбасы
талайына бұл оқу жазылмапты. Оқуға қабылдануға оның бір бал-
лы жетіспеген.
Тарихта дарынды да аса қабілетті адамдардың қабылдау емти-

хандарынан құлауы, білімі, дарыны жетіспейді немесе кəсіби да-
йындығы төмен деген сылтаумен байқаулардан өтпей қалуы жиі
кездеседі. Ондайды Эйнштейн де, Шаляпин де, Циолковский де,
Чуковский де бастан кешкен. Өзінің барлық сабақтарды студент-

тік билет алғандардан кем білмейтінін жақсы түсінетін Нұрсұлтан
оған əсте мойымайды.
Азаматтық авиация институтына қабылданған ұлын Киевке оқу-
ға аттандырған ата-анасының көрегендігі болмаса, Назарбаев өмір-

баянының мүлдем басқаша бағыт алуы да əбден мүмкін еді. Мəсе-
ле былай болған: КазГу-дегі сəтсіздіктен соң Нұрсұлтан əкесімен
бірге базарға жоңышқа сатуға келеді. Əдетте əкесі кешке қарай ба-
ласын киноға жіберіп, Алматыны аралауына рұқсат ететін. Сон-

дай қыдырыстың бірінде жас Нұрсұлтан Алматы көшесінен фор-
ма киген жолаушы ұшақтарының ұшқыштарын көреді. Сол жер-
де ұшқыш болудың қыр-сырын сұрасам қайтеді деген ой келеді.

– Кешіріңіз, ағай, сізбен сөйлессем бола ма?- дейді Нұрсұлтан

ұшқыштарды қуып жетіп. Мəселені білуге құлықты бозбала ұш-
қыштарға асығыс-үсігіс аттестатын да көрсетіп үлгереді. Жалпы,
Нұрсұлтан университеттен əділетсіз құлатылғанын білгендіктен өз
білігін дəлелдеу үшін аттестатын ұдайы өзімен бірге ала жүретін.

Кілең бес деген баға тұрған аттестатты көрген ұшқыштар жас
жігіттің шешімтал райын аңғарып, Нұрсұлтанды республиканың
азаматтық авиация басқармасына əкеледі. Бақытына көрінген шы-
ғар, сол күні онда Киев азаматтық авиация институтына абиту-

Еліне елеулі Елбасы
риенттер қабылданып жатқан. Жас жігіт қалған құжаттарын ер-
тең əкелетінін айтып, қабылдау комиссиясын сендіріп бағады.
Кешкісін медициналық комиссиядан өткен ол бір айдан соң бү-

кіл емтихандарын сəтімен тапсырып, институтқа қабылданады.
Алайда, институтқа қабылданғаннан кейін де ол өзінің бұл та-
бысын ата-анасына да, ешкімге де тіс жарып айтпайды. Алматыға
түрлі сылтаулар айтып келіп тұрады.

Ақыры бүкіл күш-жігерін жиып, өзінің ұшқыш болғысы келеті-
нін айтқан кезде анасы көзіне жас алып, баласының ит арқасы қиян-
ға кетуіне келіспейтінін жеткізеді. Оның үстіне ұшқыш болудың
өзі де қатерлі-тұғын. Əкесі үндемейді. Бірақ, Нұрсұлтанға кешкі-

сін үйге кел деп тапсырады. Ал кешкісін Нұрсұлтанның басын

Еліне елеулі Елбасы
төмен сала отырып Шамалғанның құрметті ақсақалдарының əкенің
келісімінсіз ешқайда аттап басуға болмайтыны туралы ақылдарын
тыңдауға мəжбүр болады. Тіпті, қанша игілікті ниет болса да, ол

ата-анасының келісімінсіз ешқайда бара алмайтын.
Табиғатынан таза да тілалғыш, кішіпейіл бозбала Нұрсұлтан өзі-
нің отбасылық дəстүрлерден жəне жалпыға ортақ этика ережелері-
нен шыға алмайтынын білетін. Дəстүрге сəйкес, балалар өз еркінше

əрекет жасай алмайтын Сондықтан оның əрекеттерін ата-баба дəс-
түріне сəйкес алға ұмтылу, өзін-өзі дəлелдеу деп түсіну керек. Ал
аттестатындағы кілең бестік баға жəй ғана сандар емес, оның нақты
білімінің көрсеткіші болатын. Авиация институты сияқты маңыз-

ды оқу орны үміткерлерден физикалық дайындығымен қоса жал-
пы білім деңгейі сияқты көрсеткіштерді де талап ететін. Сондықтан

Еліне елеулі Елбасы оны жас Нұрсұлтан өз білігіне жасалар сынақ деп бағалады. Атаанасы мен ауыл ақсақалдарының алдында ұялғанына қарамастан, бұл – оның үздік жетістігі болатын. Сол арқылы ол кез келген жоғарғы оқу орнына түсе алатынын жəне оған лайықты екенін дəлелдей алды. Нұрсұлтан Назарбаевтың өмір жолы туралы баяндай отырып, біз оның ешқашан шенеунік қызметін қумағанына куə боламыз. Нұрсұлтан одан əрі металлург болуды қалайды. Осының өзі-ақ оның əке мойнындағы ауыр еңбекті өзіне жүктегісі келетінін айқын көрсетсе керек. Нұрсұлтан Назарбаевтың мектептен соңғы жастығы химизация мен тың жерді игеру қозғалысына дөп келді. Алайда, Қазақстанның солтүстігінде Кеңестер Одағында теңдесі жоқ алып Теміртау металлургиялық комбинаты ашылады. Салынып жатқан комбинатқа сол кездегі баспасөздің ерекше көңіл бөлуі де заңды еді. Мұндай газеттердің бірінен жас Нұрсұлтан Теміртаудағы ФЗУ-ға (Фабрика-зауыт оқуы) комсомолдар қабылданатынын оқиды. Сөйтіп аяқ астынан сонда баруға шешім қабылдайды. Баласының ауыр жұмыстан қаймықпайтынына риза болған əкесі оған баруына келіседі. Бірақ, егер ауыр болып қайтып келсең, оған да қарсы емеспін дегенді айтады. Металл балқытуға байланысты жұмыстың кез келген адам үшін оңайға түспейтіні белгілі. Алайда, жоғарыдағы сөзді айтқан əкесі металлург жұмысшының еңбегінің қаншалықты ауыр болатынын нақты білмейтін. Алайда, мың мəрте естігеннен гөрі бір рет көзбен көрген дұрыс. Ал екі жылдан соң Нұрсұлтан нағыз кеншіге айналып, домна пешінің жанында тұрғанда оның жұмысына кел-

Еліне елеулі Елбасы
ген əкесі шындықты көріп таң қалады. Бүкіл өмірінде көрмеген бə-
лесі жоқ, батырақтықты, аштықты, репрессияны, Түрксіб құры-
лысын көзбен көрген əкесі ұлының қандай ауыр міндеттер атқа-

ратынын көріп, айран-асыр болады. Болат балқытушының жұмысы
металлургиядағы ең ауыр да жауапты міндеттердің бірі. Металл
арнаулы пеште балқытылады. Ал ұлы жетекші маман есебінде ме-
талл кесектері мен рудадан балқыту арқылы металл алатын. Бүкіл

домна цехы ұжымының сəтті жұмысы мен сəтсіздігі соған байла-
нысты еді. Əкесі Нұрсұлтанды мұндай жұмысты таста деп үгіттейді.
«Өзіңді-өзің неге қинайсың? Үш жасымда жетім қалып, көрмеген
бəлем жоқ, бірақ мұндайды көрмеппін. Бəрін таста!» дейді əкесі.

Алайда ол кезде мамандығын жақсы көретін Нұрсұлтан металлур-
гияны өзінің өмірлік жолы деп түсінетін. Жұмысты тастау ойында да
жоқ еді. Сөйтіп ол əкесінен осы жұмыста қалдыруды сұрайды.

Еліне елеулі Елбасы
Мұның бəрі – алдағы шақтың əңгімесі. Ал ұлын жолға шығаруға
əзірлеп жатқан Əбіш түптің-түбінде оның өте ауыр жұмыс ат-
қаратынын, ең соңында жаңа қазақ мемлекетінің іргесін қалап,

оның алғашқы президенті болатынын білмейтін! Осы Қарағанды
металлургия комбинаты Нұрсұлтан Назарбаев үшін нағыз өмір
мектебі болды. Қазақстанның болашақ президентінің мінез-құлқы
осынау ұлы еңбек бесігі Қазақстан Магниткасында қалыптасты.

Ол таза еңбек мектебінен, нағыз достықтан жəне табандылықтан,
жауапкершіліктен өтті. Өмірдің көптеген мəселелерінде дұрыс
таңдау жасауды үйренді. Соңынан Қазақстан Президенті болған
Нұрсұлтан Назарбаев Магнитканың өзінің адам жəне саясаткер

болып қалыптасудағы маңызын былайша сипаттаған: «Теміртау –
мен үшін алтын бесік. Магнитка мен Теміртаудың тарихы, ондағы
адамдардың тағдыры менің өмірімнің құрамдас бөлігіне айналды.

Еліне елеулі Елбасы Менің басты университетім – металлургия. Біз, металлургтер, отты бағындырамыз. Ал ол ерекше тəртіпті, айрықша ерлікті, нақтылықты жəне білімді талап етеді. Онда өтірік айтуға, тайсақтауға, жолдасыңды ұмытуға болмайды. Сол өмірлік мектеп маған əлі күнге дейін көмектесіп келеді. Жобасы, мемлекет басшысы болу үшін алдымен металлург болып алу керек сияқты!». Бас-аяғы Теміртауға комсомолдық жолдамамен төрт жүздей адам келеді. Олардың ішіндегі орта білімі барларға одан əрі оқу туралы ұсыныс айтылады. Жігіттердің бір бөлігі Оралдың металлургиялық зауыттарына, ал ішінде Нұрсұлтан Назарбаев та бар, жетпіс адам Украинаның Днепродзержинск қаласына жіберіледі. Осы қаладағы ірі металлургия комбинатының жанында Кеңестер Одағындағы ең үздік техникалық училищелердің бірі жұмыс істейтін.

Еліне елеулі Елбасы
Бір жарым жылға созылған оқу мен Днепродзержинскі метал-
лургия комбинатының цехтарындағы отты сынақ ауыл баласын
өз күшіне өзі бек сенімді жас маманға айналдырады. Жас Нұрсұлтан

от пен металдың тілін жылдам меңгеріп, өзінің болашақ кəсібінің
хас білгіріне айналады. Осыдан бастап аузынан екі мың градусқа
дейін қызу бүркетін отты аждаһамен жұмыс істеу оны қорқыта ал-
майтын. Біртіндеп металдың тарсылдаған дыбысы, отты ұшқындар

ол үшін табиғи құбылысқа айналады.
Нұрсұлтан училищеде де тура мектептегідей естігенінің бəрін
қағып алатын. Сабағын үздік оқып, көтеріңкі стипендия алады.
Спортпен айналысады. Оның ұйымдастырушылық қабілетін бай-

қаған құрдастары топ старостасы етіп сайлайды. Гитара мен ак-
кардеонда шебер ойнайтын, көңілді де қалжыңға үйір бозбала өз
ортасының гүліне айналады.

Еліне елеулі Елбасы
Жас металлургтың қабілеті мен еңбексүйгіштігін ұстаздары да
жоғары бағалайды. Назарбаев емтиханды үздік тапсырады. Учи-
лищеден сегізінші разрядты маман-жұмысшы болып шығады. Ал

қара металлургияда оныншы разряд ең жоғарғы нəтиже болып
есептелінетін.
Нұрсұлтан Назарбаев еңбек жолын шойын құюдан бастайды.
Көп ұзамай жас металлургтың қабілетін байқаған басшылық оны

Еліне елеулі Елбасы
төртінші болат балқытушы, ал біраз уақыт өткен соң екінші бал-
қытушы етіп тағайындайды. Болат балқытушының жұмысының
қаншалықты ауыр екенін металлургтер ғана біледі. Ал екінші жəне

аға балқытушының жұмысы одан да қиын. Ал жаңадан келген
адамның үздіктер сапына қосылуы үшін ең кемі он жыл керек бо-
латын. Металлургтер ұжымында көшбасшы болу – басшының ра-
хатына бөлену деген сөз емес. Əрі бұйрық беріп, оның орындалуын

күтіп қана отыра алмайсың. От оранған кəсіптің көшбасшысының
ұжымды да балқыған металша біріктіріп, жұмысқа бейімдей бі-
луі қажет. Осындай салауатты жұмыс ахуалын қалыптастырған
көшбасшының өзі де барлық жұмысшылармен бір кезеңде ортақ

шаруаға жауапты болады.
Металлургияда жұмыс істеген кезінде Нұрсұлтан Назарбаев мы-
надай жұмыс мəнерлерін меңгеріп алды: алдымен, адам өзінің жа-
уапкершілігін сезініп, қарамағындағы адамдардың жұмысын баға-

лау қажет еді. Президент болғаннан кейін де ол осы тəсілді жоғар-
ғы мемлекеттік деңгейде пайдаланып, ұжымдық жұмысқа басым-
дық берді. Ал мемлекеттің басшысы есебінде шешуші роль мен
жауапкершілікті өз міндетіне алды.

Алғашқы қазақстандық шойынның құйылуы металлургтердің
бəрінің есінде қалды. Ал Нұрсұлтан Əбішұлы үшін оның маңызы
тіптен ерекше. Бірінші шойынды қотару өзі балқытушы болып
істейтін үшінші бригадаға сеніп тапсырылған. №1 Домна пешінен

шыққан алғашқы жалынның қазақстандық шойынның Қазақстан-
ның индустриялық дамуының жаңа бетін ашқаны айдан анық. Ал
оның бастауында Қазақстанның болашақ президенті Нұрсұлтан

Еліне елеулі Елбасы

Еліне елеулі Елбасы
Назарбаевтың тұруының символдық мəні бар. Бұл ерекше оқиға
1960 жылдың 3-шілде күні 15 сағат 7 минутында жүзеге асқан.
Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың Теміртауды өз университеті

атауының ешқандай пафостық сипаты жоқ. Карметкомбинат шы-
нында да Қазақстанның бірінші президенті үшін тура мағынасында
үлкен университет болды. Жалын бүріккен пештің аузында тұ-
рып жоғарғы техникалық оқу орнында ұстаздарынан дəріс алған

Нұрсұлтан Əбішұлы Назарбаев шынында да кемел кəсіби шебер-
лікке қол жеткізген.
Əрине, Қарағанды политехникалық институты мен Нұрсұлтан
Назарбаев 1967 жылы бітірген Қарағанды металлургия комбина-

ты қасындағы жоғарғы техникалық оқу орны теориялық білім алу
тұрғысында шынында да пайдалы болды. Алайда, Нұрсұлтан
Əбішұлы металлург мамандығын тікелей домна пешінің қасында
үйренді.

Болат балқытуды бастаған Нұрсұлтан Назарбаев шүу дегенде
белгілі маман Борис Васильевич Яговитовтың қарамағына түседі.
Нұрсұлтан Назарбаевтың осынау ерекше адамнан үйренген өмір-
лік тəлімі шынында да нағыз өмір академиясы болатын.

Борис Яговитов, шынында да, өз кəсібін жақсы көретін əрі ме-
таллург атын мақтан ететін адам еді. Жоғары білімі болмаса да ол
металлургиялық процесті кез келген дипломды маманнан жақсы
білді. Ол нағыз металлург болу үшін жаратылған адам еді. Құй-

маға бір қарағанда-ақ оның химиялық құрамын анықтай алатын.
Борис Васильевич Яговитовтың жолдастарына деген қарым-қа-
тынасы мен өмірге деген салауатты көзқарасының, іске адал бе-

Еліне елеулі Елбасы рілуінің жас Нұрсұлтанға əсер еткені соншалықты, ол ұстазын өзіне бірден үлгі еткен. Тіпті, партия қатарына да тəлімгеріне ұқсау үшін өткен. Нұрсұлтан Назарбаев партия қатарына шын ниетімен өтті. Ол өз елінің болашағына шын сенді. Жас Нұрсұлтан коммунистік еңбек ерлері бүкіл ел бойынша дүркіреп тұрған кезде ер жетті. Сондықтан тек коммунист болсаң ғана жарқын болашақ қалыптастырасың деген ұстанымға иланды. Комбинатта да оның үлгі тұтатын адамдары көп болатын. Ондағы бүкіл жұмыстар коммунистердің билігінде еді. Жекелеген шойын балқытушыдан, газ маманынан бастап комбинаттағы бүкіл еңбек процесінің бəрі де соларға байланысты болды. Озық тəжірибені де коммунистер енгізетін. Тəжірибелі болат балқытушылар жастарды қамқорлығына алатын. Тəжірибесі жоқ

Еліне елеулі Елбасы
жұмысшыларға өз мамандығының қыр-сырын үйретуге шын кө-
ңілдерімен ден қоятын. Коммунистер адамдарды еңбекке ынта-
ландыруымен қоса жұмыстың ең қиын бөліктерін де өз мойында-

рына алды. Соған сəйкес жас жұмысшылар осынау шын мəнісінде
еңбекқор да табанды адамдарға теңесуге ұмтылды.
Осылайша Нұрсұлтан Назарбаев үлкен де нақты іске араласу
үшін 1962 жылы коммунистер қатарына қосылады.

Нұрсұлтан Назарбаевтың партия қатарына өтуге деген құлығын
сол кездегі коммунистердің кеңестік қоғамдағы орнымен түсінді-
руге болады.
Бəлкім, дəл қазіргі кезде коммунистер туралы жағымды сөз ай-

ту бос əрекет болар. Бұл ойға келісуге тиістісіздер. Соңғы жиырма
жылдың ішінде көптеген адамдар коммунистер туралы тек жаман
пікірлер білдіруде. Осынау біреуді жазғыру əрекеті В.И.Лениннен
бастап колхоздың қарапайым белсендісіне дейінгі аралықта тоқ-

таусыз жалғасуда. Алайда сол кездің қарапайым адамдары əлемдік
пролетариат көсемінің елуден астам томдарының біреуін оқымаса
да лениндік ұстанымдарға адал болды.
Əрине, біздің тарихтың кеңестік кезеңі өте күрделі əрі түсінік-

сіз. Ол кезеңге батырлықпен қоса уайым-қайғы, адалдықпен қоса
сатқындық, адамгершілікпен қоса арамдық, адал еңбекпен қоса жа-
тыпішерлік тəн. Себебі, адам табиғатының өзі күрделі. Соған сəй-
кес қоғам табиғатының күрделі болуы заңды.

Партия, қозғалыс, ұйым болса да кез келген адами бірлестікте
күндіз-түні тынбай еңбек ететіндер болады. Классиктің тілімен

Еліне елеулі Елбасы айтқанда олар қорыққанынан емес, ар-ожданының дегенімен жұмыс істейді. Сондай-ақ олардың арасында босқа жүргендер де бар. Кеңестік қоғамның саяси жүйесінің діңгегі жəне басқарушы күші болған СОКП сияқты ұйымдарда амалдап мəртебе биігіне көтерілген ондай пысықайлар өте көп болды. Коммунистердің жалпы сипаты осындайға қарап бағамдалды. Əлбетте, біреу таза коммунист, екіншісі алаяқ болды. Адал адамдардың өзінің ұлы мемлекетінің құлдырауын көруінің өте аянышты болуы да заңды. Бір нəрсені ұмытпау керек. Коммунист бейнесін демонизациялауда капиталистік жəне социалистік жүйелердің антогонизмі ерекше роль атқарды. Бұл жерде Сталиннің «Дұшпанды жеңбес бұрын оны жек көре білу керек» деген сөзі еске түседі. Шетелдік антикеңестік насихат əдебиеттерінде коммунистік емес əлемнің коммунизмге деген үрейлі көзқарасы қалыптастырылды. Ал біздің Кеңестер уағында жауыз коммунистер нағыз адамжегіштердің ар жақ бер жағында суреттелді. Бүгінгі ашық əлем жағдайында осыдан бас-аяғы ширек ғасыр бұрын бір-бірімізге осындай жеккөрінішпен қарағанымыздың өзіне сену қиын. Капиталистер мен коммунистер бір-біріне жақындасқаннан кейін насихат құралдары айтқандай, тым құбыжық еместерін де түсінді. Мəселен жазушы А.Грачев британ саясаткері Д.Хиллидің М.Горбачев туралы мынандай сөзін келтіреді: «Горбачев – өте сүйкімді, əзіл-қалжыңға бейім адам. Ұлыбританияда онымен кездескен адамдардың бəрі осындай ашық көңілді, адамгершілігі мол саясаткердің кеңес мемлекетінің басында отырғанына қатты таңырқады...». Ал, Сингапур экономикалық кереметінің «əкесі» Ли Куан Ю Қытай басшысы Цзян

Еліне елеулі Елбасы Цземин туралы мынандай əсерін айтады: «Сұрғылт та қалыпқа түскен компартия аппаратшысын көретін шығармын деп ойлағам. Ал алдымнан Қытай Компартиясының күлімсіреген сүйкімді төрағасы шықты». Иə, капиталистік қоғамда коммунистерге əртүрлі сипаттама берілді. Алайда, бірде-бірі оларды сүйкімді, адамгершілігі мол деген емес. Десекте, ол – шетелдіктердің түсінігі. Ал біз бұрынғы Кеңестер Одағының азаматтары коммунистердің – өз əкелеріміз, аталарымыз, жақын туысқандарымыз, жерлестеріміз екенін ұмытпауға тиістіміз. Олардың өмірбаяны – біздің өмірбаянымыз, олардың тарихы – біздің тарихымыз. КСРО тарихын жоққа шығару арқылы біз өзімізді өзіміз жоққа шығарамыз. Жақсы нəрселер жасалғаны рас болса, ол не үшін жасалды? Сондай-ақ жаман нəрселер де – біздің қолтумамыз. Өйткені, халық жауларын, қанішер дəрігерлерді, зиянкестерді, антикеңесшілер мен антисталинистерді əшкерелегендер де аспаннан түскен жоқ қой. Негізінен, айыптаулар күштеу арқылы алынды. Түрмелер мен лагерьлерде ешқандай нұсқаусыз жəне жарғысыз адамдарды азаптап өз рахаты мен қызығы үшін қорлағандар, біреудің үстінен жалған арыз жазғандар – небары өзінен дарындылардың қызметін қызғанып, орнын иемденгісі келген азғындар. Кеңес адамдарына байланысты осынау оңбаған жоспарлар Ягоданың, Ежовтың, Берияның, Абакумовтың жəне басқалардың басынан туындады десек, онымыз қисынсыз болар еді. Егер біздің халықтың арасында осындай əрекеттерді жүзеге асыруға құлықтылар болмаса, бұл ниеттердің басталмай жатып өшетіні де белгілі болатын. Социализмнің адамдардың ой-санасын басқарудағы жеңісінің негізі адал еңбек адамына жақындығында болатын. Адамның табиғаты

Еліне елеулі Елбасы
солай. Əлеуметтік əділеттілік, теңдік пен бауырлық мəселесі кө-
терілген сайын адамдар адал бола түседі. Көптеген еңбексүйгіш
əрі адал кеңес азаматтары Компартияға оның болашағынан жар-

қын өмір мен балаларына жасалар жақсы жағдайды сезінгеннен
кейін өтті. А.Сухомлинский айтқандай, кеңес адамдарында комму-
низм туралы «тəтті түсінік» болған жоқ. Сондай-ақ бүкілəлемдік
пролетариат революциясын жүзеге асыра қою ниеті болды деу де

қиын. Алайда олар социалистік құрылыстың болашағына сенді.
Өздерін оның құрылысшысы санады. Ал оны кеңестік адамдар ауыр
еңбекпен, термен ғана жүзеге асыра алатын. Ғылыми-зерттеу инс-
титуттарында жəне зертханаларда, конструкторлық бюролар мен

университеттерде, зауыттар мен фабрикаларда, колхоздар мен со-
вхоздарда, жалпы білім беретін мектептер мен жас техниктердің
стансаларында жүздеген мың коммунистер адал еңбек етті. Өнер-
кəсіпті дамытты, ғылыми жəне инженерлік ойды өркендетіп, өс-

келең ұрпақты патриотизм, еңбексүйгіштік, жоғары құндылықтар
тұрғысында тəрбиеледі. Партияның өзінің басшы буындарының
барлық деңгейінде патриоттық ниеттегі адал адамдар отырды. Олар
өз елдері мен халқына адал қызмет етті. Егер олай болмаса, кеңес

адамдары фашизмді жеңіп, бес жылдың ішінде соғыстан қираған
дүниені қалпына келтіріп, елді қысқа мерзімде ұлы индустрия-
лы державаға айналдырып, көптеген ғылыми-техникалық пози-
цияларда планетада алдыңғы қатарға шығып, ғарышқа алғаш сам-

ғай алар ма еді?
Бір нəрсені ерекше айта кетуге тиістіміз. Арсыздар мен «ниги-
листік демократия абыздарының» сөздеріне қарамастан, біздің
бабаларымыз бен əкелеріміз адами көзқараста нағыз халықтар

Еліне елеулі Елбасы
достығының, бауырмашылдықтың, өзара көмектің үлгісін жасай
білді. Бүгін кейбір тəуелсіз елдердегі тұтас халықтар арасындағы
дүрдараздықтарға, қарқыны басылғанымен қоламтасы əлі де бық-

сып жатқан ұлттық жəне дінаралық қақтығыстарға қарап, адам-
дар сол бір ынтымаққа толы кездердің өмірде болғанына сене ал-
май қиналады.
Отанымыз жолындағы ерліктің, қаһармандықтың, батырлық

пен адалдықтың бір үлгісі – кеңес халқының фашизмге қарсы Ұлы
Отан соғысы. Ол халықтық соғыс еді. Кеңес халқын құлдыққа тү-
сіріп, ар-ожданын таптағысы келген жауды қуып шығу үшін жас
пен кəрі тегіс жұмылды.

Өзінің Еуропадағы əскери жетістіктеріне мастанып келген гит-
лершілдер соғыстың алғашқы кезеңінде алдарынан шыққан көзсіз
батырлық пен қарсылықты қарапайым адамдардың жасап жат-

Еліне елеулі Елбасы
қанына сене алмады. Ақиқатында, ол фашизмнің күйреуінің басы
болатын.
Қоғамның бастаушы күші есебінде большевиктер партиясы,

коммунистер мен комсомолдар қауқарлы жауға қарсы лайықты
қарсылық көрсете білді. Əр əскери бөлімнің жеке құрамының
əскери қабілеті мен моральдық тұрақтылығы үшін əскери саяси
органдар, партия жəне комсомол ұйымдары айрықша жауапты

болатын. Коммунистер мен комсомолдар өте күрделі де қиын
жағдайда жауынгерлерді соғысқа рухтандырып соңынан ерте біл-
ді. Кез келген əлсіздікке қарсы күрес жүргізді.
Кеңес партизандары ұлы патриоттық рухты, батырлықты жəне

ерлікті паш етті. Партизан қозғалыстарын да коммунистер мен ком-
сомолдар басқарды. Осы қозғалысқа қатысқан жүздеген мың кеңес

Еліне елеулі Елбасы
адамы жаудың адам күші мен əскери техникасына күйрете соққы
берді. Соғыс жылдарында дұшпан басып алған аймақтарда 6200-
ден астам партизан отрядтары мен астыртын қызметтің мыңдаған

адамдары белсенді əрекеттер жүргізді. Дұшпанмен соғыста ерлік
пен батырлықтың үлгісін көрсеткен 200 мың партизан мен астыр-
тын жұмыс жүргізушілерге марапат тапсырылды. Олардың 248-іне
Совет Одағының Батыры атағы берілді.

Коммунистік партия өзінің нағыз əскери ұйым екенін, ал ком-
мунистер өз елдерінің нағыз патриоттары екенін дəлелдеді. Олар
майданның ең күрделі де жауапты учаскелерінде болды. Комму-
нистер беделінің биік болғаны соншалықты, көптеген жауынгер-

лер партия қатарына шайқасқа кірердің алдында енетін. Ал егер
соғысқа партия билетін алмай енгендер болса, олар «өлсем, мені
коммунист деп есептеңіздер» деген жазба қалдыратын. Соғыс жыл-
дары коммунистік партия қатарына бес миллионнан астам адам

Еліне елеулі Елбасы
енді. Майданда үш миллионнан астам коммунист көз жұмды. Он
бір мың сарбазға Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. Олар-
дың 65 пайызы коммунистер болатын.

Фашизммен күрес кезінде қазақстандықтар да патриотизм мен
жоғарғы моральдық рухтың үлгісін көрсетті. Олар майданға өз
еріктерімен аттанды. Партизан отрядтарында соғысты. Тылда ты-
нымсыз еңбектенді. Сол арқылы Қызыл Армияның жеңісін жақын-

датуға атсалысты.
Мəскеу жəне Ленинград облыстарының, Смоленщинаның, Украи-
на мен Белоруссияның партизан отрядтарында бас-аяғы үш жарым
мың қазақстандық соғысты. 300-ден астам қазақстандық Еуропадағы

қарсыласу қозғалыстарына қатысты.

Еліне елеулі Елбасы
Ұлы Отан соғысының майдандарында екі миллионға жуық қа-
зақстандық шайқасты. Солардың жартысынан көбі оралмады. 558
қазақстандыққа Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. Олардың

арасында екі əйел де бар. 110 адам Даңқ орденінің толық ардагері
атанды.
Кеңес əскерінің қатарында Қазақстан Компартиясы мен комсо-
молының үштен екісі болды.

Кеңес халқының соғыстан кейінгі қираған шаруашылықты қал-
пына келтіру жұмыстары да өзінше бір ерлік. Қысқа мерзімнің ішін-
де мыңдаған қала мен қыстақ, зауыт пен фабрика толықтай қалпы-
на келтірілді. Елдің өнеркəсіп потенциалы айтарлықтай өсті. Мə-

селен, 1950 жылы өнеркəсіптің жалпы өнімі 1940 жылмен салыс-
тырғанда 73 пайызға, негізгі өндірістік қорлар 24 пайызға, ұлттық
кіріс 64 пайызға артты. Ал 1947 жылы Еуропада алғашқылардың
бірі болып КСРО кəртішке жүйесінен бас тартты. Ғылымды, мəде-

ниетті, білімді, зымыран-ғарыш техникасын дамытуда жəне ғарыш-
ты игеруде толайым табыстарға қол жеткізілді.
Бұл орайдағы Қазақстанның да жетістіктері орасан. Қазақстан
соғыс қарсаңының өзінде-ақ түсті металл, көмір, мұнай өндіретін

аса ірі базаға жəне дамыған ауыл шаруашылығы аймағына айнал-
дырылған болатын. Соғыс кезінде республика өнеркəсібі елдің еу-
ропалық бөлігінен көшірілген зауыт-фабрикалармен күшейтілді.
Республикаға 400-ге жуық зауыттар мен фабрикалар көшіріліп

əкелінді. Соның əсерімен соғыстан кейінгі кезеңде жаңа қалалар,
қыстақтар, жолдар мен əлеуметтік жəне тұрмыстық мақсаттағы
инфрақұрылымдар салынды.

Еліне елеулі Елбасы

Еліне елеулі Елбасы
Алғашқы шойынын балқытуға Нұрсұлтан Назарбаевтың өзі қа-
тысқан Қазақстан Магниткасының негізі – Қарағанды металлургия
зауыты біртіндеп жаңа салалармен толықтырылып, аса ірі өнер-

кəсіптік бірлестікке айналдырылды.
Нұрсұлтан Назарбаев партияға өтер кезде осының бəрінің куəсі
болды. Алайда, кеңестік экономиканың стагнациясы сол кезде ал-
ғаш көрініп, елге əлеуметтік рухани қиындықтар туындай баста-

ғанын, əрине, ол кезде жас Нұрсұлтан білмейтін. Білген күнде де
ел басшылығының данышпандығына имандай сенген көптеген жас
патриоттар сияқты ол да оны «кейбір жолдастардың болмашы қа-
телігі» есебінде бағамдайтын. Қуатты идеологиялық насихаттың

кеңес адамдарының өмірін ғажайып етіп көрсетуінің əсерінен, сон-
дай-ақ «халықтың əл-ауқатының жақсарып келе жатқанынан» то-
лық хабардар қарапайым жұмысшының саясат пен экономиканың
құйтырқысын түсіне қоюы да екіталай болатын...

Еліне елеулі Елбасы

Еліне елеулі Елбасы
Нұрсұлтан Назарбаевтың Коммунистік партияға өтуіне əсер ет-
кен тағы да бір ақиқат жағдай бар. Зауытта, жұмысшылар арасын-
да партия көсемдерін жарамсақтана мадақтау, жалған патриотизм

сияқты құбылыстар болған емес. Комбинаттың партия жəне ком-
сомол ұйымдары шын мəнісінде басшылық орталығы болатын.
Соның арқасында еңбекте тəртіп пен бастамашылық қалыптасқан.
Бүгін сол кезеңнің ақиқаттарына көз жүгіртсек, жетпісінші жылда-

ры жұмысшылар арасында демократия болғанына да сену қиын.
Нұрсұлтан Назарбаев өзінің «Оңшылдарсыз жəне солшылдарсыз»
атты кітабында жоғарғы партия басшылығының бірде комбинат
парткомы хатшысының орынбасарлығына Теміртау қалалық пар-

тия комитетінің үгіт жəне насихат бөлімінің меңгерушісін, адал да
таза коммунисті ұсынғанын жазады. Алайда партия конферен-
циясының делегаттары оның кандидатурасын қолдаудан бас тар-
тады. Өйткені олар комбинаттағы партия жұмысын металлургтар

жағдайын жақсы білетін адам басқару керек деп табады.
Оның мектепте жүргеннен бастап белсенді болғанын айтпай
кетсек, Нұрсұлтан Назарбаев сияқты ортақ іске адал адамның тұл-
ғасын толық аша алмас едік. Ол колхозда шөп шауып, өнім жина-

ды. Жоғарғы сыныптарда оқушылар комитетінің мүшелігіне, мек-
теп комсоргіне сайланып, ауданның белсенді комсомолдарымен
бір қатарда болды. Жазғы демалыста сыныптастарымен бірге ап-
талап колхозда жұмыс істеді.

Нұрсұлтан Назарбаев металлургия зауытында да белсенді ком-
сомол болды. Цех комсоргы болып сайланды. 1962 жылдың ақпа-
нында жас металлург Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан комсо-
молы съезінің мінберінен сөз сөйлеп, жастарды Теміртауға жұ-

мысқа шақыруы республиканың комсомол активіне айтарлықтай

Еліне елеулі Елбасы əсер етеді. Сөйтіп ол комсомолдың Орталық Комитетінің мүшелігіне сайланады. Ал біраз уақыт өткен соң Мəскеуде өткен бүкілодақтық комсомол съезінде оны ВЛКСМ Орталық Комитетінің мүшелігіне кандидат етіп сайлайды. Партия құрамына өткеннен кейін көп ұзамай Нұрсұлтан Назарбаевты цех партия комитетінің хатшысы етіп сайлайды. Жас басшы партия жұмысына да бұрынғы ынтасымен кіріседі. Ол кез келген тəртіпбұзушылықты, ысырапшылдықты назардан тыс қалдырмайтын. Негізгі міндеті өндіріске байланысты болса да ол жұмысшылардың тұрмыстық жағдайына көп көңіл бөлетін. Жолдастарына жаны ашитынын білгендіктен оған жұмысшылар жиі жүгінетін. Нұрсұлтан Назарбаев оларға шамасы келгенше көмек көрсететін. Ол кезде Нұрсұлтан Назарбаевқа өзінің негізгі металлург жұмысымен қоса партиялық тапсырмаларды орындап, институтта оқуына тура келді. Ол кездегі жоғарғы білім беру саласындағы өзгерістерге сəйкес, техникалық пəндерді өндіріспен ұштастырып оқу қолға алынған. Сөйтіп Нұрсұлтан Назарбаев пен оның бірнеше жолдасы 1962 жылы Қарағанды политехникалық институтына түседі. Институттағы оқу процесіне сəйкес, егер студенттер түнгі

Еліне елеулі Елбасы
кезекте жұмыс істесе күндіз оқитын, əйтпесе керісінше жасалына-
тын. 1967 жылы ол Қарағанды металлургиялық комбинатының қа-
сында политехникалық институттың металлургия факультетінің

базасында құрылған ВТУЗ-дан диплом алып шығады.
Көзіңізге мынадай көріністі елестетіп көріңіз. Төңіректің бəрі
тарсылдап, гүрсілдеп, түтін будақтап, пештен жалын шалқып жа-
тады. Домна пешінің төңірегіндегілердің бəрі шаң-тозаң арасын-

да терлеп-тепшіп жүр. Шойын балқыту – үздіксіз процесс. Оның
бір кезеңін өткеру үшін 40-50 минут уақыт керек. Осы кезде жаңа
ыстық металды дайындауға да əзірленіп үлгеру қажет. Демалыс
санаулы минут қана. Бригадаға кезекті ыдысты тұзды сумен кеп-

тіру мүмкіндігі беріледі. Кезек барысында əр жұмысшы бес-алты
литр осындай су ішеді. Жалын арасында алты сағат еңбек ету үшін
де үлкен шыдамдылық, ерлік, сондай-ақ берік денсаулық керек.
Оның үстіне апат та болуы мүмкін. Егер ақау болған жағдайда

балқытушы асбесті халат жамылып, пештің ішіне кіріп, сынған қон-
дырғыны алып шығады. Ал ондағы қызу – 2000 градус...
Кезектен соң бəрі демалысқа кетеді. Жас парторг өз кабинетіне
барады. Кезекті партиялық шараға əзірленеді. Кітапханадан кітап

алып, оны мұқият оқиды. Ал күн орнына отыра институтына тар-
тады. Одан соңғы жұмыс – комбинатта. Сөйтіп, ізінше кешкі кезек
те басталады.
Болашағынан мол үміт күттіретін жас металлургтың студенттік

өмірі осындай жағдайда өтті. Өзі айтпақшы осы кезеңде ол домна
пешін де толық меңгеріп алады. Оның қыр-сырын толық үйренеді.
Сөйтіп жүргенде оның болат балқытушының көмішін қалалық

Еліне елеулі Елбасы
комсомол комитеті хатшысының портфеліне айырбастауына тура
келеді.
Негізгі жұмыс аймағы Қарағанды металлургия комбинаты болып

табылатын Теміртау қалалық партия комитетіндегілер Нұрсұлтан
Назарбаевтың ұжымды айрандай ұйытып, жолдастарының маңыз-
ды өндірістік міндеттерді орындауына ықпал ете алатын ұйымдас-
тырушылық қабілетін көрмеуі мүмкін емес еді.

Өзіне шақыртылған жас жұмысшы қалалық комсомол комите-
тінің бірінші хатшысы қызметі ұсынылғанда қуаныштан аспанға
секіретін шығар деген қалалық партия жетекшісінің ойы ақталма-
ған. Бірақ Нұрсұлтан Назарбаев ұсыныстан бас та тартпаған. Жас

коммунистің партиялық сенімге бұлайша немқұрайлы қарауының
партия басшысына жақпауы да заңды. Алайда қалалық комитет

Еліне елеулі Елбасы
хатшысы Назарбаевты бірден жазаламаған. Ойлануына бір күн
уақыт берген.
Нұрсұлтан Назарбаевқа идеологиялық жұмыс ұнайтын. Цех

парторгы болып жүргенде бүкіл бос уақытын соған арнайтын.
Алайда өндірістен қол үзбей атқаратын жұмыс бір басқа да, өзі
жақсы көретін кəсібінен қол үзіп, таза басқарумен айналысу бір
басқа еді. Ондайды Нұрсұлтан Назарбаев көзіне елестете алмай-

тын. Жеті жыл домна пешінде істеген Нұрсұлтан Назарбаев ма-
мандығы жоғары кəсіби металлургке айналған. Жоғарғы білім ал-
ған. Ол кəсіби тұрғыда өсудің пайдалылығын түсінді. Ең бастысы
металлургтың жоғарғы жалақысы ата-анасына көмектесуге мүм-

кіндік беретін. Ал одан үш есе төмен қалалық комсомол хатшысы-
ның жалақысы ата-анасына беруге жетуі екіталай еді. Сондықтан
қалалық партия басшылығымен екінші рет кездескенде металлург
жұмысынан қол үзіп, комсомол комитетінің хатшысы бола алмай-

тынын айтқан. «Байқа, үшінші рет шақыртылмайсың!» деп қатаң
ескерткен қалалық партия комитетінің хатшысы.
Көп ұзамай Нұрсұлтан Назарбаевтың көзі партия жетекшісінің
бұл сөзінің текке айтылмағанына жетеді. Ол кезде партиялық тəр-

тіпті бұзған коммунистерді жəй қалдырмайтын. Көп ұзамай қала-
лық партия комитетінің бюросы Нұрсұлтан Назарбаевқа есеп кəр-
тішкесіне жазылатын қатаң сөгіс жариялайды.
Осындай партия шенеуніктерінің солақай əрекеттерінен Отаны-

на адал берілген небір дарынды да еңбекқор адамдардың тағдыры
бұзылғанын білеміз. Бүгінгі үлкен жəне орта буын өкілдері, одан
да бетер партияда болған адамдар ол заманда есеп кəртішкесіне

Еліне елеулі Елбасы жазылған қатаң сөгістің не екенін біледі. Бүгінгі заманда оның баламасы да жоқ. Ол кездегі есеп кəртішкесіне жазылған қатаң сөгіс өз теңдестерінен үздік болған спортшының спорттан шеттетілуімен, сондай-ақ жарыстарға қатысу құқығынан айырылумен бірдей еді. Яғни, есеп кəртішкесіне жазылған қатаң сөгісі бар коммунистердің одан арғы жолы жабылатын. Партиялық, кəсіби тұрғыда қызметі өспейтін. Алайда, Нұрсұлтан Назарбаев партиялық бюрократиялық жүйемен алғашқы күресінде мінезінің мықтылығының арқасында жеңіп шыққан. Ол кезде Нұрсұлтан Назарбаев ВЛКСМ Орталық Комитеті бюросының мүшесі еді. ВЛКСМ Орталық Комитетінің өз адамдарын жөнсіз жазалауға бермейтінін түсінген ол Бүкілодақтық комсомолдың бірінші хатшысына хабарласады. Назарбаевтың үміті ақталған. Бірнеше күннен кейін облыстық партия комитетінің бюросы Нұрсұлтан Назарбаевтың сөгісін алып тастауымен қоса кадр іріктеуде жіберген қателігі үшін қалалық партия комитетінің хатшысының өзін қатаң жазалаған. Салауатты адам есебінде Нұрсұлтан Назарбаев партиялық басшылықпен күресте қол жеткізген жеңісіне бола мастанған жоқ. Ақыры, бос орынға ұсынылған кандидаттың келісіміне немесе келіспеуіне байланысты туындаған дау ВЛКСМ Орталық Комитетінің араласуымен шешілген. Алайда, сол жолы Нұрсұлтан Назарбаев партиялық шенеуніктердің реті келген жерде ойына келгенін жасайтынын ұғынып қатты қапаланады. Егер қалалық партия комитетінің хатшысы Катков жолдас Нұрсұлтан Назарбаевқа «Жарайсың жігіт, нағыз металлург екенсің» деп арқасынан қағып, басқа адам іздесе, оның жөні бір басқа, алайда оның орнына партия шенеунігі жас металлургке кек сақтаған.

Еліне елеулі Елбасы
Тіпті, облыстық партия комитетінің бюросы өз қателігін мойны-
на салып бергеннен кейін де Нұрсұлтан Назарбаевпен домна пеші-
нің қасында кездескен Катков жолдас мысқылдай тұрып «Есіңде

мəңгі сақта, мұныңды ешқашан кешірмеймін!» деген.
Егер бұл оқиғаға Нұрсұлтан Назарбаевтың қызметте өсуіне ың-
ғайлы биіктен қарасақ, бəрі де тыныш өтуге тиісті еді. Қалалық
партия комитетінің хатшысы да риза. Нұрсұлтан Назарбаевтың

өзі де қалалық комсомол комитетінің бірінші хатшысының қыз-
метіне алаңсыз кірісер еді. Алайда, оған да бір нəрсе жетіспеген.
Ол Нұрсұлтан Назарбаевтың өзінің партия, комсомол шенеунігі
болуға құлықсыздығы еді...

Еліне елеулі Елбасы
Кеңестік заманда комсомолдың саясатта жоғарғы мəртебеге жет-
кісі келетіндер үшін ыңғайлы баспалдақ болғаны белгілі. Пост-
кеңестік елдердегі əлі күнге дейін саясат пен бизнестің төрін

бермей отырған көптеген адамдар өздерінің қызметтік өсуі үшін
комсомолға қарыздар. Алайда қызметтік өсуді ойына да алмаған
Нұрсұлтан Назарбаев үшін оның бəлендей маңызы жоқ еді. Ол
ешқашан билікке құмартқан емес. Қоғамдағы жоғарғы қызметке

байланысты игіліктерге бəлендей көңіл бөлмейтін. Жоғарыда ай-
тып өткеніміздей, ол партия қатарына өз мүмкіндігін дəлелдеу, бо-
лашақ ұрпақтың игілікті қоғамын құру мақсатымен өткен.
Күшті əрі кек сақтамайтын адам есебінде Нұрсұлтан Назарбаев

бұл оқиғаны көп ұзамай-ақ есінен шығарған. Оның үстіне Катков
жолдастың өзі де қызметі өсіп Қазақстанның басқа облысына кет-
кен. Осынау қолайсыз оқиға оның қызметіне əсер етпеді. Идео-
логиялық жұмысына мін түсірмеді. Керісінше, ол жұмысына бұ-

рынғыдан да зор ынтамен кірісіп, қоғамды жақсарту жолында
жемісті еңбегін одан əрі жалғастырған.
Бізде Нұрсұлтан Назарбаев туралы ішпыстырарлық партия жи-
налыстарында ұзынсонар баяндамалар жасап, көзге түсетін наси-

хатшы етіп көрсету ниеті жоқ. Өзі жұмыс істейтін цехтағылар мен
ол басқаратын партия ұйымындағылар Нұрсұлтан Назарбаевты
беделді партия басшысы болғаны үшін ғана емес, ұжымның
ұйытқысы болғаны үшін де жақсы көрді. Ол əдебиет пен поэ-

зия кештерін ұйымдастыратын. Сол шаралардың ұйытқысы да
Нұрсұлтан Назарбаевтың өзі болды. Өлеңдер оқып, гитара мен
аккардеонда ойнады, қазақ, орыс жəне украин əндерін тамылжы-
та орындады.

Еліне елеулі Елбасы Кереметі сонда, өз əріптестері арасындағы жұмысы бастан асып жатқанына қарамастан, Нұрсұлтан Назарбаев бəріне үлгеретін. Жұмыстан тысқары уақытының көбін алатын партия жұмыстарынан бос кезде Нұрсұлтан Назарбаев спорт секцияларына, кітапханаға баруға уақыт табатын. Сондай-ақ өзінің сүйікті қызын қыдыртуға да уақыт табатын. Нұрсұлтан Əбішұлы өзінің болашақ əйелі Сара Алпысқызымен туған комбинатында кезікті. Сара нормалаушы болып жұмыс істейтін. Осынау жылы достық некелік одаққа ұласты. Қазір олар – белгілі қосақтар арасындағы ең бақытты адамдардың бірі саналады. Олардың бір шаңырақ астында өмір сүріп жатқанына артық-кемі жоқ елу жыл болды. Өзара түсіністіктегі бір-біріне адал қосақтар үш қыздары мен жеті немересінің, екі шөбересінің қуанышына бөленіп отыр. Біз қалалық партия басшылығының Нұрсұлтан Назарбаевты комсомол комитетінің хатшылығына ұсынуы туралы түбегейлі айтып өттік. Қалай десек те, Нұрсұлтан Əбішұлы Назарбаевтың саясаткер есебінде қалыптасуына сол кезеңнің айрықша əсер еткені белгілі. Бұл жердегі мəселе соңынан Нұрсұлтан Назарбаевты саяси қызметке жетелеген Катковтың немесе басқа партия қайраткерінің қарабасында емес. Кеңестер Одағында билік партияның

Еліне елеулі Елбасы

Еліне елеулі Елбасы
қолында болды. Соған сəйкес кадрларды іріктеп, тағайындаумен
партия органдары айналысты. Үміткерлерді таңдау жүйесі қатал
болатын. Мінсіз өмірбаянымен қоса үміткерлер адалдық, прин-

циптілік, еңбекқорлық, өзіне жəне қарамағындағыларға талап қоя
білушілік, ұжымды басқара білу жəне өз сөзін өткізе алу сияқты
жеке қасиеттер талап етілетін. Алпысыншы жылдардың соңына
сəйкес партия құрылымдары партия немесе комсомолдың басшы-

лық қызметіне лайықты адамдарды бұрынғы тəсілмен іздестіре бас-
тады. Оларды ондаған адамдардың арасынан таңдап алатын. Сон-
дықтан қалалық партия комитетінде хатшы ескертпестен бұрын
«Назарбаев Теміртау қалалық комсомол комитетінің хатшысы бо-

лады» деген шешім жасалып та қойған. Ол жолы Нұрсұлтан Назар-
баевтың комсомол басшылығынан бас тартқаны белгілі. Алайда
оны саясатқа араластыру əрекеті əлі де болса алда тұрған. Ол
замандағы партия басшылары мұндай оқиғаларды назардан тыс

қалдырмайтын. Бұл жолы да солай болды. Бізге таныс Катковтың
орнына тағайындалған жаңа хатшы бірде Нұрсұлтан Назарбаевты
өзіне шақырып алып, оның мінез-құлқын жəне металлургияға де-
ген құмарлығын білгендіктен былай дейді: «Катков екеуіңнің араң-

да қандай əңгіме болғанын мен білем. Дегенмен бір өтінішім бар.
Қалалық партия комитетінде ауыр өнеркəсіп бөлімінің меңгеруші-
сі болып жұмыс істесеңші. Онда да комбинатыңнан қол үзбейсің.
Сондықтан бізде сені металлургиядан айыру ниеті жоқ».

Теміртау қалалық партия комитетінің бірінші хатшысымен ара-
дағы осы сөзден кейін Нұрсұлтан Назарбаев өзін қанаты кесілген
құстай сезінеді. Алайда жұмыстағы жолдастарымен əңгімеден кейін,
өмірді көрген ересек əріптестерінің кеңесімен бір шешімге келеді.

Билік басындағылардың арасында өнеркəсіп саласына жетекшілік
ете отырып, ол жұмысшылардың тұрмысы мен жағдайын жақсарту
тұрғысында көп нəрсе атқара алатын.

Еліне елеулі Елбасы Қалалық партия комитетінің хатшысы дұрыс ойлапты. Он жыл бойы қалалық комсомол комитетінің хатшысы, Теміртау қалалық партия комитетінің екінші хатшысы, комбинаттың партия комитетінің хатшысы, Қарағанды облыстық партия комитетінің хатшысы жəне екінші хатшысы қызметтерін атқара жүріп, Нұрсұлтан Назарбаев металлургиядан əсте қол үзбеген. Ол аз дасеңіз металлургтер атқарған барлық ұлы істердің ортасында болып, Қазақстан Магниткасын толық металлургиялық циклмен жұмыс істейтін заманауи кəсіпорынға айналдыру ісінің ортасында жүрген. Нұрсұлтан Назарбаевтың өзі естеліктерінде сол он жылды металлургияға байланысты «ыстық кезең» деп атайды. Шынында да ол кез домна пешінің төңірегінде өтті. Сондай-ақ ол жүйкеге түскен күш пен ауыр еңбек арқылы да нағыз ыстық кезең болған. Нұрсұлтан Назарбаевқа партократтар тарапынан туындаған қиындықтармен күресуге тура келген. Партия декларациялаған өндірістік экономикалық мəселелер мен жұмысшылардың тұрмыстық жағдайын жақсарту ісінде де кінəраттар көп болатын. Кез келген игі бастаманы жүзеге асыру үшін оған шенеуніктерге тəн формализм мен топастық кедергілерді бұзуға тура келген. Ақиқатында ондай шенеуніктерге ел мен қарапайым халықтың мүддесінің құны көк тиын болатын. Бұл кітапта біз коммунистердің қозғаушы күш есебінде кеңес халқын Кеңестер Одағын ұлы индустриялық державаға айналдыру ісіне, фашизмді жеңуге, соғыстан кейінгі шаруашылықты түзеуге жетелеп, ғылыми-техникалық прогресс саласында ұлы жетістіктерге қол жеткізгенін айттық. Жалпылама түрде партияның өзінің, ақиқатында, оның номенклатурасының, яғни аудандық партия

Еліне елеулі Елбасы
басшыларынан коммунистік партияның Орталық Комитетіндегі
дөкейлерге дейінгі аралықтағы карьеризмінің, тəкəппарлығының,
басқа да əлеуметтік кемшіліктерінің сырын ашып көрмекпіз. Өзін

социалистік деп атап бүкіл əлемнің алдында мақтанатын саяси
жүйенің мемлекеттік құрылысында теңдік, əлеуметтік əділет қа-
лыптасуға тиісті еді. Онда езушілерге де, қожайындарға да, сон-
дай-ақ басқа да артықшылыққа ие элементтерге жол берілмейтін.

Алайда сол кездің өзінде барондар, князьдар мен боярлар сияқты
құзыры үлкен адамдар пайда бола бастаған.
Бұл қалай сонда? Рухани салауаты кемел, адамдарды жақсы
көретін, əділетсіздікке төзбейтін, басқаның қайғысына бей-жай қа-

рамайтын жəне өздерін ортақ игіліктің жолына бағыштаған ком-
мунистік риториканың тасасында идеясыз, принципсіз, арсыз адам-
дардың бұғып жатқаны ма? Кəртішкемен тамақ алып, жартылай аш
жүрсе де патриотизмнің үлкен үлгісін көрсетіп, белсенді еңбек ет-

кен бұрынғы ұрпақтың орнын арсыздар, партияны қызметтік өсу-
дің мүмкіндігі деп қана қарайтын сатқын пенделер басқаны ма?
Мəселе мынада: партияның бюрократтық тоталитарлық аппа-
ратқа айналу үрдісі кеңестік биліктің алғашқы кезеңінің өзінде

байқалған. Ол кезде партия ұйымдарына, соған сəйкес партия бас-
шыларына шексіз билік берілді.
Елуінші жылдардың басына дейін партия екіұдай моральмен
өмір сүретін алаяқтардан жəне пысықайлардан таза күйінде бол-

ды. Өйткені оның негізгі бөлігін еңбекші халық құрайтын. Оның
жоғарғы сословиесі патриотизм рухын қалыптастыра білді. Социа-
лизм идеяларына толық сенді. Ондайлар үшін өзін адамзаттың
игілігі үшін құрбандыққа шалу абсолютті категорияға айналды.

Еліне елеулі Елбасы Əрине, ол кезде де партия мен мемлекеттік құрылымдар қатарына алаяқ билікқұмарлар мен байлық көздегендер енді. Алайда елуінші жылдардың екінші жартысы мен алпысыншы жылдардың басында партия басшылығы соңына ерген сарбаздарын жеңіске бастауға құлықты бола қойған жоқ. Ол кезде өндірістегі кінəрат диверсия немесе зиянкестік есебінде де бағамдалмайтын. Ол үшін ешкімді соттамайтын. Карьеристер партия басшылығын сол кезде басып қалды. Алпысыншы жылдардың соңынан бастап партия қатарындағы ұнамсыз көріністер көбейе бастады. Көп жағдайда партия қатарына адамдар тамыр-таныстықпен, жеке қарым-қатынасқа немесе туыстыққа байланысты алынатын. Басшылықтың тілін табуға бейім жағымпаздар мен басшылардың балалары мен жақын туысқандары билікке қол жеткізе алатын. Соның салдарынан жыл өткен сайын таза да идеялы нағыз коммунистер қатары біртіндеп сирей бастады. Олардың орнына шектеулі, жеке шешім қабылдай алмайтын, бірақ қара басын күйттеуге бейім адамдар басты. Формализмнің дегенімен жұртты алдау үшін партия қатарына өздерін идеология майданында көрсете алмаған білімсіз адамдар қабылданды. Ол коммунистердің көпшілігінің таза əрі тəртіпті, негізінен ұятты адамдар болғаны белгілі. Алайда қарапайым жұмысшылар арасынан шыққан олар қызмет пен атақ алуды мақсат етпейтін. Партия номенклатурасының басты бір қателігі КСРО-ның жəне одақтас республикалардың Жоғарғы Кеңестерінің, облыстық, қалалық жəне жергілікті кеңестерінің депутаттығына үздік жұмысшылар мен шаруаларды, сауыншыларды, колхозшыларды, шопандарды, шахтерларды жəне басқа да мамандық иелерін сайлауы болды. Олардың өзіне жүктелген міндетті атқаратын мүмкіндігі, қажетті машығы мен білігі жетіспейтін. Сондықтан КСРО-ның не-

Еліне елеулі Елбасы
месе одақтас республикалардың жоғарғы заң шығару органдарын-
да, жергілікті кеңестерде қарапайым халықтың өкілдері бола ал-
майтын. Өндіріс озаттарын осылай мəртебелеудің формальды тə-

сілдері СОКП Орталық Комитетінен, республикалық компартия-
лар Орталық Комитеттерінен, обком бюроларынан, қалалық жəне
аудандық партия комитеттерінен байқалды. Мұндай басшылық
контингентімен партияның бүкіл мемлекеттік құрылымдар мен ха-

лық шаруашылығының барлық салаларын басқара алмайтыны да
белгілі еді. Шыны да солай болды. Партия шенеуніктері министр-
лерге, зауыт жəне фабрика басшыларына басқару тəсілін үйретті.
Сондай-ақ ғалымдарға ғылыми-зерттеулерді қалай жүргізіп, оны

қалай басқаруды үйреткен де солар. Хикаяттар мен романдарды
қалай жазып, спектакльдерді қалай қою, музыканы қалай шығару
туралы көркем өнер ұжымдары мен шығармашылық адамдарына
нұсқау берілгені тағы рас. Өнерді түсінбейтін партократтар арнау-

лы комиссиялардың құрамына қосылып, спектакльдер пен кино-
фильмдерді қабылдап алуға араласты. Кинотаспаның немесе спек-
такльдің экранға немесе театрға жіберілуіне билігін жүргізді. Ал
шындығында ол шығармашылық адамдарының ондаған жылға со-

зылған еңбегінің нəтижесі болатын.
Партия қызметкерлеріне берілген осындай шексіз билік пен қо-
ғамдық өмірдің жəне халық шаруашылығының барлық саласына
жасалатын бақылаудың кесірінен көптеген партия басшылары мүл-

дем есіріп тəкəппарланды. Бетімен кете бастады.
Олардың көпшілігі өздеріне тиесілі аймақта қожайынның мін-
детін атқарды. Еңбекшілердің кез келген бастамасын оп-оңай тұн-
шықтырып, бастамашылдықтың жолын кесті. Дұрыс əрекеттерге

кедергі келтірді. Ал билікті салауатты ойға шақырған адамдарды
түрмеге қамады. Елден қуды. Мəжбүрлі түрде психиатриялық

Еліне елеулі Елбасы
ауруханаларға жіберді. Өздерін халықтың мүддесін қорғаушылар-
мыз деп атайтын олар алдымен өздерінің жеке басын ойлады. Олар
адамдарды басқарып, тағдырына билік жүргізді. Ал партия съездері

мен конференцияларының мəртебелі мінберлерінде, жоғарғы пар-
тия органына берілетін есептерде, үгіт кітапшалары мен сол сияқ-
ты мадақтауға толы шығармаларда халықтың бақуатты тұрмысы
жасанды түрде сипатталды.

Əрине, партия шенеуніктерінің бəрі бірдей ондай болған жоқ.
Зауыт партия ұйымдарынан бастап партиялық жəне мемлекеттік
биліктің жоғарғы эшалондарына дейінгі барлық баспалдақтарда
көптеген салауатты да тəртіпті коммунистер болды. Олар өз мін-

деттерін абыроймен орындады. Ел мен халыққа адал қызмет етті.
Осындай партия қайраткерлері мен жүздеген мың қарапайым ком-
мунистер мен комсомолдардың адал еңбегінің арқасында елдегі қо-
ғамдық жəне əлеуметтік экономикалық тұрақтылық сақталынды.

Бір нəрсені атай кетуге тиістіміз. Партия жəне мемлекет бас-
шылары нағыз коммунист болса да немесе алаяқ болса да халық
шаруашылығының жауапты учаскелеріне қолынан іс келетін қай-
ратты адамдарды жіберуге мəжбүр еді. КСРО-ның экономикалық

құрылымында əскери өнеркəсіп кешені мен ауыр өнеркəсіптің ба-
сымдыққа ие болғаны белгілі. Сондықтан жетекшілік жасайтын
партия ұйымдары ондай кəсіпорындарға дарынды, сауатты, ерік-
күші мықты жəне ұйымдастыру қабілеті жоғары кадрларды жі-

беретін. Өйткені əдетте ондай объектілер орталыққа бағынатын.
Соған сəйкес олар СОКП Орталық Комитеті мен ел басшылығының
назарында болатын.

Еліне елеулі Елбасы
Адалдық, тəртіптілік, орындаушылық, адамдарға деген қамқор-
лық, жаңашылдыққа ұмтылушылық пен озық нəрсеге құмарлық
сияқты жеке моральдық жəне іскерлік қасиеттерінің арқасында

Нұрсұлтан Назарбаев идеялы коммунистермен қоса шенқұмар-
ларға да ұнады. Алайда, бəрінен бұрын басшыларға оның мінез-
құлқындағы қызметке құмартпайтын, формализмнен жəне жалған
патриотизмнен ада қасиеттері ұнаған. Партиялық функционерлер –

тəжірибесінің арқасында адамды тани білу қабілетіне ие. Олар
осынау жас та белсенді коммунистің қаншалықты көшбасшылық
қабілетке ие болса да билікке ұмтылмайтынын бірден түсінді. Ал
оның қажымай-талмай еңбектенуі, өзіне жүктелген міндетті мінсіз

орындауы ішкі рухани мақсат-мүддесі мен адал еңбек етуге деген
ниетінде жатқан. Ал оның негізі табиғи салауаттылықта болатын.
Партиялық құрылым өзгере бастаған жетпісінші жылдардың ба-
сында басшылық қызметке қызметқұмарлар мен пысықтар көптеп

келе бастайды. Партиялық шенеуніктік аппарат күңгірт тартқан.
Еңбексүйгіш, саналы жəне өз ісіне адал берілген партиялық кадр-
лар барынша сиреген. Сондықтан ондайлар жоғары бағаланатын.
Нұрсұлтан Назарбаевтың партия, комсомол жұмысынан қашқақта-

уына қарамастан қалалық партия басшылығының оны өздерінің
бюрократтық жүйесіне табанды түрде тарта бастауы да сондықтан.
Белсенді қызметті ишаралаудан басқаға шамасы жетпейтін да-
рынсыз партия қызметкерлері басқаратын ортаға түскен Нұрсұлтан

Назарбаев коммунистік партияны біржақты жек көріп кете алған
жоқ. Алайда олар жоғарыға ұдайы жалған мəліметтер беретін.
Ол партияның астыртын дұшпанына айналған жоқ. Назарбаев
гуманистік идеялар ұстанған партия емес, осының бəріне қызмет

қуған пысықтар кінəлі екенін түсінді. Социализм принциптерін

Еліне елеулі Елбасы бұрмалайтындар да солар болатын. Сол арқылы əлеуметтік əділеттілікке де селкеу түскен. Нұрсұлтан Назарбаев партияның бас-аяғы мемлекеттік басқару құралы екенін түсінді. Ал пысық басшылар оны қашанда өз пайдасына жарата алатын. Ол мыңдаған жұмысшы коммунистердің өз жұмыстарын мінсіз атқарғанын өз көзімен көретін. Сондай-ақ қалалық, облыстық жəне республикалық деңгейлердегі партия басшыларының арасында идеяға адал, мінсіз еңбек ететін қызметкерлер көп болды. Нұрсұлтан Назарбаевтың дүниетанымына коммунист есебінде коммунистік ілімдердің моральдық-салауатты, гуманистік жəне патриоттық ізін қалдырғанын айта кету парыз. Нұрсұлтан Назарбаевтың түсінігінде, коммунист өте таза, əділетті, өзінің қоғамдық міндеті мен адамдардың, сондай-ақ ар-ожданның алдындағы борышын айқын түсінетін адам болуға тиіс. Нұрсұлтан Назарбаев əр құбылысқа қоғамға пайдалылығы тұрғысынан көз салып дағдыланған. Бұл тұрғыда ол бөстекі партиялық көпірме сөздерді емес, социалистік ілімдерді басшылыққа алды. Ол социализм бұқара халықтың үмітіне толы болатын. Миллиондаған адамдардың өздері де тура сондай социализм идеялары үшін еңбектенетін. Табиғи ақылы мен білігі Нұрсұлтан Назарбаевқа партиялық аппараттың заңдары мен жұмыс мəнерін, билік басындағы партия басшылығының мінез-құлқын түсінуге көмектесті. Ол ең пысық партия қызметкерлерінің өзінің де теріс əрекеттерге бейім бола тұра қарамағындағы адамдардың өз міндетін жауапсыз атқаруына төзбейтінін түсінді. Алайда өзі еңбексүйгіштігі мен ғажайып қасиетінің арқасында адамдардың рухын оятып, төңірегіне топтастыра білді. Басшының бұйрығын көзсіз жəне сөзсіз орындайтын дағдыны қаламады. Сол арқылы партия басшыларының құрметіне бөленіп, қызмет баспалдағымен жоғары өрлей түсті.

Еліне елеулі Елбасы
Билікқұмарлықтан адалығы мен қызметтік өсуге немқұрайлы-
лығы басқа шенеуніктер сияқты емес, оны басшылықтың алдында
тəуелсіз етті. Сондықтан ол қарапайым формализмнен ада нақты

істермен айналысты. Қолы бір босамайтын ол жұмысшылар мүд-
десін ұдайы бірінші орынға қойды. Адам төзбес жағдайда тұрып
жатқан көптеген жұмысшы отбастары тұрмыстық жағдайларының
жақсаруына орай соған қарыздар еді.

Жұмысшылар құқығын қорғау жолында Нұрсұлтан Назарбаев
ешқашан жекелеген шенеуніктермен немесе əлдебір құрылымдар-
мен жанжалдасқан емес. Табиғи ой-санасы мен ақылы оған ком-
мунистік риториканың адам еңбегіне қамқорлыққа байланысты

ерекшелігін пайдалана отырып, діттеген нəрсесіне жетуге болаты-
нын көрсеткен. Сондай-ақ ол басшылық өзі шақырған қызметінен
өзі қайтадан алып тастаса да қайтадан цехқа оралатынын білетін.
Осынау отты стихия осындай қым-қуыт қарым-қатынастар жағда-

йында оған күш-жігер берді.
Жалпы, Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан Магниткасында ат-
қарған он жылдық қызметінің бірде біреуіне «бастық» деген анық-
таманы қоюдың қисыны жоқ сияқты. Ол қай қызметте болса да бая-

ғы болат балқытушы кезіндегі қалпында қалды. Тек мойнына
жүктелген жауапкершілігін ғана айқын ұғына түсті. Десекте, жа-
уапкершілікті өз мойнына жүктеген де – басқа емес, өзі болатын.
Өйткені ол үшін еңбек ету – қашанда тіршіліктің басты қажеттілігі

саналды. Сол арқылы ол өз еңбегінің халықты жақсы тұрмысқа
бастауға қосылған үлес болатынын да айқын сезінді.
Нұрсұлтан Назарбаев тəулігіне он алты-он сегіз сағат, кейде
одан да көп жұмыс істейді. Өз түсінігінде шұғыл шешілуге тиіс

Еліне елеулі Елбасы

Еліне елеулі Елбасы
мəселелерді ешқашан кейінге ысырмайды. Теміртау қалалық пар-
тия комитетінің екінші хатшылығына сайланып, өнеркəсіп жəне
күрделі құрылысқа жетекшілік еткен кезінде оның міндеті тіптен

ауырлай түскен. Оған металлургия комбинаты құрылысының қо-
ғамдық саяси штабының бастығы міндеті қоса жүктелген. Сол кез-
де ол күндіз-түні комбинаттан шықпайтын. Тіпті тəуліктеп ұйқы
көрмеген кездері де болған. Комбинаттағы жұмыс бірнеше кезек

бойы тоқтаусыз жүргізілетіндіктен Нұрсұлтан Назарбаевқа ұдайы
құрылыс басында болуға тура келетін. Оған адамдар жиі жүгінетін.
Солардың əрқайсысының шұғыл шаруасы мен мəселесін шешіп,
жағдайды оңалдыруға тура келетін.

Нұрсұлтан Назарбаев комбинаттың күрделі құрылысын өзінің
жеке міндетім деп қабылдаған. Оның ортақ шаруаға басқалардан
да гөрі жаны көбірек ашыды. Нұрсұлтан Назарбаевқа тəн жігерлі
əрекетпен талапқойғыштықтың алғаш көрініс беруі де сонда. Өзі

де тынымсыз жұмыс істеп, басқаларды да соған ынталандырған.
Еңбек пен ұйқысыз түндердің қайтарымы да көп күттірген жоқ.
Конвертер мен екінші домна пешінің іске қосылуына слябинг, ыс-
тық жəне салқын прокат стандарының, механикалық шеберхана-

лардың құрылысы қосылған. ТЭЦ пен теміржол ұлғайтылған. Со-
ған сəйкес комбинаттың өндірістік қуатының артқаны да рас.
Десекте, Нұрсұлтан Назарбаев өзіне тиесілі дарынды басшы бе-
деліне талапқойғыштығы мен ізденісшілдігінің ғана емес, сондай-

ақ ұйымдастырушылық қабілетінің, адамдардың өзіне деген сені-
мін оята алуының, олардың шығармашылық күш-қуатын алда
тұрған міндеттерді орындауға жұмылдыра алуының арқасында қол
жеткізді. Ол қызметіне ғана емес, сондай-ақ беделі мен міндетінің

арқасында да комбинаттағы тіршілік пен əрекеттердің орталығында
жүрді.

Еліне елеулі Елбасы
1972 жылы жас та белсенді коммунист Нұрсұлтан Назарбаевты
Қарағанды металлургия комбинатының партия ұйымының хатшы-
сы етіп тағайындайды. Ол өте жауапты қызмет болатын. Комби-

натта отыз бес мың адам жұмыс істейтін. Олардың екі жарым мыңы
коммунистер еді.
Кеңестер Одағында өнеркəсіптік кəсіпорындардың, сондай-ақ
колхоз-совхоздардың ғылыми жəне əскери салалардың партия ұйым-

дарының қызметі идеологиялық жұмыспен ғана шектелмейтін. Пар-
тия басшылық жəне басқарушылық роль атқарса, партия ұйымда-
рының хатшылары кəсіпорын немесе ұйым басшысымен бір дең-
гейде еңбек ұжымындағы жағдайға жауапты болды. Ал одақтық

маңыздағы кəсіпорынның партия ұйымының хатшысы қызметтік
тұрғыда СОКП Орталық Комитетінің партия ұйымдастырушысы-
мен бір деңгейде саналды. Яғни, партиялық иерархия тұрғысында
ол обком хатшысына теңестірілетін. Жергілікті партиялық жəне

шенеуніктік аппараттан тəуелсіздік оған еркіндік беретін. Бірақ
жүктелген міндет те үлкен еді. Ол өндірістегі барлық мəселеге жа-
уапты болатын. Əлдене бүлінсе хатшы партбилетінен айырыла-
тын. Ал оның зардабы өте үлкен еді.

Нұрсұлтан Назарбаевтың одақтық мəні бар аса ірі кəсіпорын-
ның партия ұйымының хатшысы болып сайлануы оның ұйым-
дастырушылық қабілеті мен ақылына, дарынына көрсетілген құр-
мет еді. Парторгтың осындай сан салалы міндеттерін ерік-күші

мықты, ақылы кемел жəне ұйымдастырушылық қабілетке ие тұлға
ғана атқара алатын. Сол кезеңнің дəстүріне сəйкес партиялық қыз-
меткерге тек егде адамдар ғана тағайындалатын. Ал жасы неба-
ры 33 жастағы адамға елдегі аса ірі металлургиялық комбинаттың

мыңдаған адам еңбек ететін ұжымының сеніп тапсырылуы оның

Еліне елеулі Елбасы
саланы жетік білетінін, кəсіби əзірлігінің үлкендігін жəне жеке
сапаларының жоғары екенін көрсететін.
Ақиқатына жүгінсек, кеңестік адамдар партия қызметкерлерін

онша жақтыра бермейтін. Оларды елде айқын көрініс тауып тұр-
ған алаяқтық пен өтіріктің символы санайтын. Алайда жұмысшы-
лар əуелі цех комсоргы, сосын цехтың парторгы болған Нұрсұлтан
Назарбаевтың басқа саяси қызметкерлерден ерекшеленетінін білді.

Ол екі жыл комбинат құрылысының басшысы болғанда жұмыс-
шылардың əр өтінішін жерге тастамай, олардың мұқтаждарына
құлақ асып отырды. Сол арқылы үлкен құрметке бөленді.
Əрине, беделге өзінің еңбегі арқылы жеткен Нұрсұлтан Назар-

баев өзінің сол құрметін комбинаттың ортақ ісін алға өрістетуге
тиімді пайдаланды. Ол қызметкерлердің басшылыққа деген құрме-
тіне көп нəрсенің тəуелді екенін білетін. Кəсіпорынның өркендеуі,
жұмысшылардың өз міндеттерін дұрыс атқаруы, кадрдың тұрақ-

тылығы, осының бəрі сол беделге байланысты. Əрі еңбек ұжымын-
дағы сыйластық екі жақтан да болуға тиіс. Қызметшілер басшылық-
тың өздеріне деген қамқорлығын сезінсе, олар да өз бағасын тү-
сінеді. Əрі оны мақтаныш етеді. Елге қажетті өнімді өздері жасап

жатқандарын ұғынады.
Нұрсұлтан Назарбаев кез келген істің тетігі адамдарда екенін
қарапайым жұмысшы болып жүргенде-ақ түсінген. Олардың ең-
бекке деген көзқарасына кəсіпорынның жетістігі немесе сəтсіздігі

тікелей байланысты. Егер басшылықтың бүкіл саясаты тек өндірістік
міндеттерді орындауға ғана бағытталса, жұмысшылар мен олардың
отбастарының тұрмыстық жағдайын жақсарту назардан тыс қал-
мақ. Ондайда өз ісіне шын берілген маманның өзі жұмысқа деген

Еліне елеулі Елбасы
ынтасынан айырылады. Сондықтан Нұрсұлтан Назарбаев екібастан
«Бəрі де адамның игілігі үшін», «Адамдарға қамқорлықпен қарау
керек», «Қоғамның басты байлығы – адамдар» деген сөзді жиі қай-

талайды. Жоғары партия жетекшілерінің сөздері мен идеологиялық
əдебиеттерде де осындай қанатты сөзге айналған нақты пиғылдар
көп. Нұрсұлтан Назарбаев адамдардың өндірістік мəселелерден
бастап, тұрмыстық қажеттілігіне дейінгінің бəріне жете көңіл бөл-

ді. Оның кабинетінің есігі келем деушілерге қашанда ашық бола-
тын. Əрі əр адамға қолынан келгенше көмектесуге тырысатын.
Қарапайым да мейірман, ақылға кемел Нұрсұлтан Назарбаев
шын мəнісінде əртүрлі пиғылдағы, əртүрлі көзқарастағы адамдар-

дың жүрегіне, ой-санасына жол таба білді. Өз алдарында тұрған
міндеттің күрделілігін түсініп, оны орындай алатын берік ұжым
қалыптастырды. Ол кезде комбинатта байтақ елдің алты аймағынан
келген жүзден астам ұлттың өкілдері жұмыс істейтін. Нұрсұлтан

Назарбаев əуелі Теміртау қалалық партия комитетінің екінші хат-
шысы, сондай-ақ құрылыс басшысы, ізінше комбинат партия ұйы-
мының хатшысы болған жетпісінші жылдарды қарапайым кезең
деп те айта алмаймыз. Кəсіпорынды модернизациялау одан əрі

жалғасып жатты. Комбинат өсіп, прокат өндірісінің технологиясын
жетілдіруге байланысты ауқымды жұмыстар жүргізілді. Ең ал-
дыңғы қатарлы қондырғылар орнатылды. Ең жоғары сапалы жəне
берік металлургиялық өнім жасаудың əртүрлі тəсілдері мен кате-

горияларын іске қосатын кез келген. Сондай-ақ коксохимия өндірі-
сінің ондаған объектілерін пайдалануға беріп, руданы көбейту жəне
басқа да міндеттерді атқару керек еді.
Металлургиялық комбинаттың модернизациялық процесіне қа-

лалық партия комитетінен бастап Орталық Комитетке дейінгі ара-

Еліне елеулі Елбасы лықтағы барлық құрылымдар көңіл бөлетін. Бірінен соң бірі комиссиялар келетін. Əдетте ондай тексерістер барысында кемшіліктердің ашылуы да заңды. Металлургиялық комбинат сияқты алып кəсіпорынның құрылысынан кінəраттың табылмауы да мүмкін емес. Оның үстіне сол замандағы дəстүрге орай, объектілер əлдебір партия съезінің немесе социалистік революция жылдығының құрметіне беріле салатын. Соған сəйкес апатты болатын. Ізінше газеттерге комбинат директоры мен партия ұйымының хатшысын сынаған мақалалар жарияланатын. Ақиқатында, комбинат жағдайында басшылар өткен жылдардың қателігін жою бағытында күнітүні еңбектенген. Алайда тексерушілердің əдетін жақсы білетін Нұрсұлтан Назарбаев ондайға ренжімейтін. Өйткені олардың міндетті түрде тексерілетін объектіден кінəрат табуы міндетті саналатын. Осының бəрін түсінгендіктен ол əсте ренжіген емес. Алайда оны қаптаған тексерушілердің бəріне ортақ əкімшілік бюрократтық бір мақсат ойландырды. Кезекті өндірістік объект пайдаланылуға берілерде жоспардың орындалуы, саяси партиялық жұмыстардың қалай жүргізілуі тексерілетін. Ал жұмысшылардың қандай ауыр жағдайда жұмыс істеп жатқаны туралы ешкім басын қатырмайтын. Ел экономикасының ең маңызды секторларының бірі саналатын металлургия саласы мемлекеттік қазынаға үлкен кіріс түсірді. Ал сол кірістің бас иесі – қарапайым еңбек адамының жағдайы ешкімді толғандырмайтын. Комбинат партия комитетінің хатшысының негізгі қызметі партиялық мақсатты жүзеге асыру болды. Алайда Нұрсұлтан Назарбаев партком хатшысының ең басты міндеті жұмысшылардың тұрмысы мен еңбек етуіне қолайлы жағдай жасау керек деп түсінді. Ол жəй ғана адамдарға жанашырлықпен қарады. Ауыр жағдайды жақсартуға

Еліне елеулі Елбасы
тырысты. Дəл осы мəселелерді қалалық партия комитетінің жə-
не обкомның бюроларында да көтерді. Жоғарғы инстанцияларға
жүгінді. Алайда Назарбаевтың мұндай əрекетінен ештеңе шыға

қоймаған.
Партократтардың жұмысшылар мүддесіне немқұрайлы қарауы
қалыпты өндірістік жəне тұрмыстық жағдай қалыптастыру тура-
лы заңды талаптарды ескермеуі Нұрсұлтан Назарбаевты қатты қа-

паландырған. Сөйтіп ол осынау маңызды мəселенің шешімін табу
жолында тоқтамай ізденеді.
Оның осы мақсаттағы келесі қадамы да нəтиже бермеді. Назар-
баевтың Қарағанды металлургиялық комбинатындағы қиын жағдай

туралы жазған мақаласын тіпті сол дəуірдің ең жүрекжұтқан газе-
ті «Комсомольская правда» да баса алмаған. Алайда Нұрсұлтан
Назарбаев бəрібір жол тапты. Ол СОКП Орталық Комитетіне хат
жолдаған.

Аса батыл көрінгенімен бір жағынан ол қауіпті еді. Сол кезде
қалыптасқан тəртіпке сəйкес, биліктің жоғары эталонындағылар
ондай хаттарға онша көңіл бөлмейтін. Оны қайта тексеру үшін
жергілікті билік органдарына жіберетін. СОКП Орталық Комите-

тіне, КСРО Жоғарғы Кеңесіне, Министрлер кеңесіне, тіпті Бас хат-
шының өзіне ондай мыңдаған хаттар жолданатын. Ал əдетте жер-
гілікті басшылар мұндай шағымдарды жергілкті құпияны ашу деп
бағамдады. Шағымданушыларды қатаң партиялық тəртіп бойын-

ша жазалады. Мəселенің ақ-қарасына жете көңіл бөлмеді. Пар-
тия қашанда өзінің кез келген мүшесіне «партия мүшесі болуға
лайықсыз» деген айып таға алатын.
Алайда, ғажайып оқиға жүзеге асқан. Арада біраз уақыт өткен соң

Қарағанды металлургиялық комбинатына СОКП Орталық Коми-
тетінің хатшысы В.И.Долгих келген. Владимир Иванович Долгихта

Еліне елеулі Елбасы
металлургиядағы қызметтің мол тəжірибесі бар еді. Норильскі тау-
металлургия комбинатында ұзақ жылдар бойы басшылық қызмет
атқарған ол соңынан сол комбинаттың директоры болды. Сондық-

тан салаға қатысты барлық қиындықтарды да білетін.
Осындай құзырлы басшының арнайы келуінің өзін жақсы ны-
шан санаған Нұрсұлтан Назарбаев оған өндірістегі жəне əлеуметтік
проблемаларды бүкпесіз айтады. Бақандай төрт күн бойы комбинат-

тардың қисапсыз өндіріс объектілерін аралап шыққан В.И.Долгих
партком хатшысын мұқият тыңдаған. Оның да металлургтердің
қажетіне түсіністікпен қарайтыны белгілі болған.
В.И.Долгих кеткеннен кейін үш аптадан соң комбинатқа елу шақ-

ты адамнан тұратын СОКП Орталық Комитетінің тексерушілері
келеді. Олардың мақсаты кəсіпорындағы жағдайды зерттеп, Орта-
лық Комитет секретариатына Қарағанды металлургия комбина-
тының партия ұйымының еңбек жəне өндірістік тəртіпті нығайту,

кəсіпорында тұрақты ұжым қалыптастыру барысындағы жұмысы
туралы есеп дайындау болатын.
Комиссия мүшелері мұқият жұмыс істейді. Комбинаттың тыны-
сымен толық танысып, материалдық-өндірістік мазмұндағы көр-

сеткіштерге байланысты көптеген кемшіліктерді ашады. Алайда,
партиялық саяси жұмысқа байланысты ешқандай кінəрат таба ал-
майды. Кереметі сонда, мұндайда қабағынан қар жауып тұратын
комиссия о бастан комбинат басшылығына жылы көзқарас таныт-

қан. Жобасы, олар жоғарғы партиялық басшылықтан сондай нұс-
қау алған болса керек.
Біраз уақыттан соң Нұрсұлтан Назарбаевты Орталық Комитет
комиссиясы өткізген тексеріс қорытындылары бойынша толтырыл-

Еліне елеулі Елбасы
ған құжаттарды қарау үшін
СОКП Орталық Комитетінің
секретариатына есеп беру үшін

шақыртады. Секретариаттағы-
лар оны Михаил Андреевич
Сусловтың өзі қабылдайтынын
айтады.

Комбинаттағы келеңсіз оқи-
ғалар туралы В.И.Долгихқа ай-
тып берген кезде ол іштей өзі
де металлург басшының өзін

міндетті түрде түсінетінінен
үміттенген. Алайда, ол əреке-
тінің өте қауіпті екеніне де на-
зар аудармаған. Өйткені ком-

бинаттың партия комитетінің хатшысы есебінде ол СОКП Орталық
Комитетінің хатшысына комбинаттағы нақты ақиқаттарды жайып
салған. Облыс пен республиканың партия басшыларының мəселеге
толық қанықпай тұрып салтанатты рапорттар беретініне қынжы-

лыс білдірген. Ал ол кезде отандық экономиканың көшбасшысы, ел
өнеркəсібінің мақтанышы болып табылатын кəсіпорынға байла-
нысты олай жасауға болмайтын. Ал сол жолы ол мемлекетті басқару
орталығының өзіне келген. Оның СОКП Орталық Комитетіндегілер

«партияның қожайыны» деп атайтын Михаил Андреевич Суслов-
пен тікелей кездесуі керек еді. Соның өзі-ақ батыл əрекетінің зая
кетпейтінін ұқтыратын.
Нұрсұлтан Назарбаев Сусловтың қабылдауына барғанда аздап

толқыған. Ақиқатында, ол осындай қабылдаулар барысында жұ-
мыс істейтін шенеуніктердің тастай сазарған бет-əлпетінен секем

Еліне елеулі Елбасы алған сияқты еді. Ал Сусловтың кабинетіне кіріп келгенде сол ыңғайсыздықтың бəрі ұмытылды. Оған əсер еткен кабинет қожайынының орнынан тұрып, өзіне қарсы амандасуға шыққаны болатын. Бұдан соң М.А.Суслов Н.А.Назарбаевтың қолын қысып жылышыраймен былай дейді: – Ал, жігітім, алдымен сол Теміртауыңның қай жерде екенін көрсетші. Ал Нұрсұлтан Назарбаев қабырғада ілулі тұрған КСРО-ның үлкен картасына жақындап Теміртаудың қай жерде екенін көрсетеді. – Теміртау мына жерде, Михаил Андреевич. Мынау Қазақстан, мынау Қарағанды, ал оның қасындағы жусанды далада соғыстан кейінгі кезеңнің стратегиялық объектісі, елдің қара металлургиясының алыбы салынып жатыр, – дейді. – Тоқтаңыз, тоқтаңыз, – деген Суслов оның сөзін бөліп. Мұндай терезесі тең əңгіме Нұрсұлтан Назарбаевтың да батылдығы мен сенімін оятқан. Оның даусы байсалды, сабырлы шықты. Сөйтіп комбинаттағы барлық қиындықтарды жіліктеп көрсетіп берген. Комбинат құрылысы барысында о баста жіберілген кемшіліктер мен кінəраттар туралы айтқан. Ал оны жою үшін миллиондаған қаржы керек еді. Соның салдарынан кəсіпорын ұзақ уақыт бойы жобалы қуатын да бере алмайтын. Еңбек пен адамдардың тұрмысы ауыр болса, кадр да тұрақтамайтын. Сондай-ақ ол басшыға боранның əсерінен жұмысшылардың кəсіпорынға қиындықпен жететінін де айтады. Əлеуметтік мəдениеттік объектілер де жетіспейтін. Жұмысшылар мен олардың отбасының жағдайына жете көңіл бөлінбейтін. Тұрғын үй, балабақшалар, сондай-ақ əйелдерге жұмыс орны да тапшы еді. Инженер-техник жəне жұмысшы кадрларының кəсіби шеберлігін көтеру мəселесіне де жете көңіл бөлінбейтін.

Еліне елеулі Елбасы
М.А.Суслов оны мұқият тың-
даған. Ара-тұра сұрақ қойып,
оған алынған жауаптарын ал-

дында жатқан қойын дəптеріне
түртіп алып отырған. Қойылған
сауалдарына қарағанда ол метал-
лургия саласының ерекшелігі

туралы жақсы білетін. Сөз со-
ңында Суслов достық райда бы-
лай дейді:

– Ертең секретариатта не айт-

пақ ойыңыз бар?

– Менің дайын баяндамам

бар, – деп жауап берген Нұр-
сұлтан Назарбаев.

– Ертеңгі кездесуде маған айтқаныңыздың бəрін баяндауыңыз-

ға кеңес берер едім.
Михаил Сусловтың сөз ыңғайына қарағанда ол Нұрсұлтан Назар-
баевтың əңгімесіне толық қанағаттанған сияқты еді.
Ұзақ өмір жолынан өтіп, көп нəрсені көрген тəжірибелі боль-

шевик Михаил Андреевич Сусловтың ақылды əрі сирек кездесетін
психологиялық түйсіктің адамы есебінде жас та сүйкімді қазақ
жігітінің бойындағы туралықты, қулық-сұмдықтан адалықты бай-
қамауы да мүмкін емес еді.

Партияның бас идеологының кабинетінде болып, коммунистік
насихаттың тірі символымен кездесуі оған ерекше əсер етті. СОКП
құрметіне жəне «құрметті Леонид Ильичке» мадақ арнауымен аты
шыққан бұл адам, шынында да, партия ісіне адал берілген болатын.

Еліне елеулі Елбасы
Сондай-ақ оның «туған партиямыздың данышпан басшылығының
арқасында», «ұлы Ленин ісін одан əрі жалғастырушы Брежнев
жолдастың əкелік қамқорлығының арқасында» деген үйреншікті

сөз тіркестері де елге аян. Алайда, жас партком хатшысы оған өзін
толғандырған нəрселерді айтып беру арқылы адамдардың тұрмы-
сын жақсарта алатынын түсінетін.
Осы кездесудің нəтижесінде қаламен қоса комбинаттағы жағдай

да түзеле бастаған. Теміртау қаласы көркейе түскен. Жаңа тұрғын
айлақтар, балалар мекемелері, стадион, жүзетін хауыз, жеңіл ат-

Еліне елеулі Елбасы
летикалық манеж, мұзды сарай, демалыс үйі, емдік санаторийлер
салынған. Осының бəрі адамдардың моральдық-психологиялық
жағдайына жəне еңбек етуіне əсер етіп, комбинаттағы кадр тұ-

рақтылығына ықпалын тигізді. Ең бастысы – Орталықтың көмегі
арқылы бөлінген қаржымен біртіндеп қалыпты өндіріс ырғаққа
түсе бастаған. Тиісті сападағы металл балқытылып, бірнеше мар-
кадағы арнайы болаттардың өндірісі қолға алынған. Олардың ішін-

де ауыр жүк таситын автомобильдердің лонжерондарына арналған
жоғары сапалы болат та бар. Сондай-ақ кең жолақты стан салынып,
салқын прокат цехы іске қосылған. Қаңылтыр цехының құрылы-
сы басталған. Біртіндеп қаржылық көрсеткіштер көтеріліп, кіріс

шығыстан басым түсе бастайды. Сөйтіп комбинаттың кірісті кезеңі
басталған.

Еліне елеулі Елбасы
Нұрсұлтан Назарбаевтың М.А.Сусловпен кездесуіне қайта ора-
лып, оның Нұрсұлтан Əбішұлы Назарбаевтың онан əрі партиялық
тағдырына қалай əсер еткенін де бүкпесіз айта кетуге тиістіміз.

Сол сəттен бастап ол болашағынан үміт күтетін саясаткерге айна-
лып, СОКП резервіне қойылады. Жетпісінші жылдары Кеңестер
Одағында кадр резервін М.А.Суслов басқаратын. Орталық жəне
республикалық партиялық жəне кеңестік органдарға, стратегия-

лық аймақтарға кадр тағайындау көп жағдайда елдің бас идео-
логының келісімімен жүзеге асатын. Партияның Орталық Коми-
тетінде М.А.Сусловқа ешкім қарсы да келе алмайтын. Тіпті оның
пікіріне Л.И.Брежневтің өзі де құлақ асатын. М.А.Сусловтың «сұр

кардинал» атануы да тегін емес.

Еліне елеулі Елбасы Десекте, Орталық Комитеттің кадр резервіне ену билік сатысымен жылдам көтерілуді білдірмейтін. Керісінше, ол қашанда назарда болды. Оның қадамы мұқият қадағаланды. Қызмет барысын қалай пайдаланатыны назарда болды. Қысқасы, кадр резервінде тұратын шенеуніктің қашанда өз репутациясын табанды жəне мақсатты түрде қорғап отыруы керек болатын. Əрі ол сол адамның жақсы басшы əрі дарынды ұйымдастырушы екенін көрсететін. Саясатта қашанда қайраткерлердің екі түрі болған. Олардың біреуі – Ф.М.Достоевскийдің пікірінше, «партияның адамы». Басқаша айтқанда, карьеристер. Осы категорияға жататын саясат қайраткері өзін белсенді əрі қабілетті басшы етіп көрсетуге тырысады. Алайда, ақиқатында, ол жақсы актер сияқты өзі түсінетін, білетін адамның ролін сəтімен орындайды. Ондай адамдарда билікке жетуден басқа мақсат та болмайды. Екінші түрі – біртұтас тұлғалар. Бұл категориядағы адамдардың бүкіл əрекеті адамдарға пайда келтіруге бағытталынады. Ондай адамдар үшін билік пен қызмет – өзі ел мен халықтың мүддесі үшін атқаруға тиіс жұмыстың бір тетігі ғана. Тұтас тұлға есебінде Нұрсұлтан Назарбаев та билікті көздеген жоқ. Ол кезекті қызмет сатысына көтерілген сайын өзінің шын жүректен халқы үшін атқарған еңбегінің төлемін алды. Ол бастаған істің бəрінің артында салауатты бастау жатты. Ол басшылыққа жағуды əсте көздеген де емес. Нұрсұлтан Назарбаевтың өмір танымында салауаттылық – адамдарға деген махаббатты, борышты сезінуді, еңбек адамына жасалынар қамқорлықты білдіреді. Осындай азаматтық жəне адами позициясы жас Нұрсұлтан Назарбаевқа мықтылармен қарым-қатынасқа түсіп, комбинатқа қажетті нəрсені жасайтын батылдық берді. Ал комбинат дегеніміз – алдымен адамдар

Еліне елеулі Елбасы
болатын. Ол кезде сол адамдар облыс жəне республика басшыла-
рынан мұндай игілікті қадамды əсте күтпейтін.
Қарағанды металлургиялық комбинаты сияқты қала қалыптас-

тыруға əсер ететін кəсіпорында негізінен Теміртау қаласының хал-
қы еңбектенді. Ондағы өндірістік өмір тұрғындар тұрмысымен ты-
ғыз байланысты болатын. Қаладағы жалпы əлеуметтік ахуал да ті-
келей соған байланысты еді. Ал комбинат табысты жұмыс істеп,

соған сай қаладағы тіршілік тынысының қалыпты болуы үшін
жаңа цехтар салып, өнім мөлшерін молайтумен қоса кəсіпорын
жұмысшыларына еңбек ететін жəне қалыпты тұрмыстық жағдай
жасау керек еді. Əрі ол қарапайым жұмысшылардан басталып,

инженер-техникалық қыз-
меткерлерге дейін жалға-
суға тиісті болатын. Оған
қоса еңбек ұжымында

жолдастық, мейірімділік,
өзара сыйластық пен өзара
көмек үрдісін де қалып-
тастыру керек болды. Он-

сыз кез келген істің алға
баспайтыны да белгілі.
Өйткені комбинатта жүз-
ден астам ұлттың өкілде-

рі жұмыс істейтін.
Осы міндеттерді жүзе-
ге асыру үшін партия
ұйымы комбинат дирек-

Еліне елеулі Елбасы торымен тізе қоса отырып жаңа өндіріс объектілерін салып, іске қосумен жəне технологиялық процестерді жетілдірумен қоса жұмысшылардың тұрмыстық жағдайын жасауға бағытталған белсенді шаралар да қолданды. Комбинат тарихында алғаш рет жаңа объектілерді жоспарлауда əлеуметтік фактор есепке алынды. Өнеркəсіп ғимараттарымен қоса тұрғын үйлер, дүкендер, спорт алаңдары, клубтар, əлеуметтік-тұрмыстық мақсаттағы басқа да объектілер салынды. Комбинатта кəсіби дайындықты жақсартуға байланысты жұмыстар жүргізілді. Мамандықты көтеретін курстар ұйымдастырылды. Осы мақсат үшін тəжірибелі дəріскерлер тартылып, комбинаттың оқу-материалдық базасы нығайтылды. Комбинатта жұмыс істейтіндердің бəріне техника қауіпсіздігі ережесін үйретуге жете көңіл бөлінді.

Еліне елеулі Елбасы
Комбинаттың партия комитеті цехтар мен бригадалардағы пар-
тия жəне комсомол ұяларын, алдыңғы қатарлы жұмысшыларды
тарта отырып, еңбек тəртібін нығайту, өндірістік тапсырмаларды

орындауға бақылау жасау жөнінде ауқымды жұмыстар жүргізді.
Комбинаттың партия ұйымына мінез-құлықтары, ойлау деңгейі
ой-өресі мен өмір танымы əртүрлі адамдардан ынтымақты еңбек
ұжымын жасаудың сəті түсті. Комбинаттың мыңдаған адамнан

тұратын ұжымы жұмылған жұдырыққа айналды.
Бір нəрсені айта кету керек. Комбинаттағы партия жиналыста-
ры іскерлік, барынша ашықтық жəне өзара түсіністік жағдайында
өтетін. Кəсіпорын қызметіне байланысты маңызды мəселелер кө-

терілетін. Нақты баяндамалар жасалынатын. Нақты сөздер айтыла-
тын. Сол замандағы партия отырыстарына тəн бөстекі сөз жоқ еді.
Айтылған сынның өзінде іскерлік нышан болатын.

Еліне елеулі Елбасы
Нұрсұлтан Назарбаев пен оның орынбасарлары көп уақытын
комбинаттың цехтары мен бригадаларында өткізетін. Тек партия,
комсомол белсенділерімен ғана емес, сондай-ақ жұмысшылармен

де жұмыстар жүргізетін.
Нұрсұлтан Назарбаевтың өзі күн сайын кешке дейін, тіпті дема-
лыс күндері де тынымсыз жұмыс істеді. Жұмысшылар оны түнде
де кабинетінен кездестіре алатындарын білді. Ол əртүрлі қажет-

тілікпен алдына келген адамдарды үлкен құлықпен қабылдайтын.
Сол жолғы партия комитеті хатшысының кабинеті бұрынғы пар-
тиялық бюрократия шенеуніктерінің жұмыс орнына ұқсамайтын.
Онда, негізінен, рухани-салауатты көмекке баса назар аударылатын.

Нұрсұлтан Назарбаевтың комбинаттың партия ұйымының хат-
шысы қызметінде жүріп атқарған тағы да бір елеулі шарасы бар.

Еліне елеулі Елбасы
1983 жылы Қарағанды металлургиялық комбинаты толық техноло-
гиялық циклға көшеді. Ол кезде Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан
Министрлер Кеңесінің Төрағасы еді. Кəсіпорынның бұл табысы,

ақиқатында, Нұрсұлтан Əбішұлы комбинаттың партия комитетін
басқарған кезде қалыптасқан.
Комбинатты осындай деңгейге көтеру мақсатында Нұрсұлтан
Назарбаев небары төрт жыл еңбектенді. Оның мұндай іскерлігі

обком мен республика Орталық Комитетін айтпағанда, СОКП Ор-
талық Комитетінің де назарына іліккен. Қарағанды металлургия-
лық комбинатының партия ұйымын басқарып жүрген кездегі Нұр-
сұлтан Назарбаевтың іскерлік қабілеті тиісті деңгейде бағаланып,

Мəскеудегі Жоғарғы партиялық басшылық оны барынша күрделі
учаскені басқаруға жібереді.
1977 жылы ол əуелі Қарағанды облыстық партия комитетінің хат-
шысы, ізінше өнеркəсіпке жетекшілік ететін екінші хатшысы болып

сайланады.

Еліне елеулі Елбасы
Қарағанды облысы елдің жетекші индустриялық орталықтары-
ның бірі есебінде тек Қазақстанның ғана емес, сондай-ақ Кеңестер
Одағының да экономикасында маңызды роль атқарды. Кеңес мем-

лекеті үшін оның потенциалының үлкен экономикалық жəне саяси
маңызы болды. Жетпісінші жылдардың соңында мұнда қара жəне
түсті металлургияның, машина құрылысының, химия жəне орман
өнеркəсібінің өнімдері мен төрт миллиард сомнан асатын құрылыс

материалдары шығарылды.
Қарағанды облысының экономикасын даңққа бөлеген – əлбетте,
Карметкомбинат пен Қарағандының таскөмірі. Қарағанды метал-
лургиялық комбинатының өнімін бүкіл Кеңестер Одағының он мың-

нан астам кəсіпорны пайдаланды. Олардың арасында автомобиль
өнеркəсібінің АЗЛК, ВАЗ, КамАЗ сияқты алыптары да бар.

Еліне елеулі Елбасы
Қарағанды көмір айлағы қуаты жөнінен Донбасс пен Кузбас-
стан кейінгі үшінші таскөмірлі өңір саналды. Оның шахталарын-
да өндірілген байытылған көмір тек Қазақстанның жылу электро-

центральдары, металлургиялық жəне басқа да кəсіпорындары үшін
ғана емес, сондай-ақ Оралдың, Сібір мен Орта Азияның да маңыз-
ды шикізаты əрі қуат қайнаркөзі саналды.
Нұрсұлтан Назарбаев Қарағанды облыстық партия комитетінен

жұмысқа ауыстырылған кезде Қазақстан Магниткасы алға қарыш-
тап дамыса, Қарағанды көмір бассейні толықтай құлдырау жағда-
йында еді.
Өзінің іскерлігінің, мəселені толық түсіне алуының, Қарағанды

металлургиялық комбинатында жүргенде жинаған тəжірибесінің

Еліне елеулі Елбасы
арқасында Нұрсұлтан Назарбаев жаңа қызметін тез меңгеріп, өзі-
не тапсырылған шаруашылықтың ерекшелігін түсінді. Оның əлсіз
тұстарын анықтап, шешудің жолдарын нақтылады.

Облыстық партия комитетінің екінші хатшысы Нұрсұлтан Назар-
баев облыс экономикасының бүкіл өнеркəсіп секторына жетекші-
лік етті. Алайда, оның басты айналысатын нəрсесі көмір өнеркəсібі
болатын. Өйткені көмір өнеркəсібіндегі шешілмеген проблемалар

облыс экономикасының басқа салаларынан гөрі көп еді.
Шахтерлар проблемасын одан да тереңірек əрі жіліктеп түсі-
ніп, тұралаған саланы тығырықтан шығаратын шаралар іздестіру

Еліне елеулі Елбасы барысында Нұрсұлтан Назарбаев тəжірибелі мамандар мен ғалымдардан тұратын арнайы комиссия құрады. Өзі де процеске шындап араласып, шахталарда болады. Кеншілердің қандай жағдайда жұмыс істейтінін түсіну үшін шахтаға түседі. Қарағанды көмір бассейнінде жиырма алты жерасты шахтасы мен «Карагандауголь» өнеркəсібіне қарасты ондаған басқа да кəсіпорындар болды. Бұл бірлестікте жүз мыңнан астам адам еңбек ететін. Нұрсұлтан Назарбаев жарты жылдың ішінде барлық шахталарда жəне кəсіпорындарда, жұмысшы қыстақтарында болып, шахтерлармен тілдеседі. Көрген шындықтары оны қатты қынжылтқан. Адамдар өте қауіпті жағдайда жұмыс істейтін. Соның бəрі жерасты жұмыстарын жүргізу тəсілдерінің игерілмегенін көрсететін. Нəтижесінде кеншілер бастарын қауіпке тіге отырып, жер қойнауына тереңдеп ене түсетін.

Еліне елеулі Елбасы
Қондырғылардың ескіруі мен тау жыныстарының азаюына бай-
ланысты шахтадағы қауіп-қатер де өсе түскен. Жұмыс процесінің
ауырлығы, жұмыс орнындағы ауаның ластығы мен басқа да қолай-

сыз өндірістік факторлар адамдар денсаулығына кері əсер етті.
Сондай-ақ шахтерлардың тұрмыстық жағдайы да ауыр болатын.
Шахталардан тым алыстағы шахтер қыстақтарында инфрақұры-
лымдар дамытылмайтын. Көптеген шахтер отбасылары барақтар-

да, коммунальды пəтерлерде, тіпті жертөлелерде тұратын.
Комиссия тексерісінің нəтижесі мен жеке зерттеулерінің негі-
зінде Нұрсұлтан Назарбаев саланың проблемаларына қатысты об-
лыс жəне республика басшылығына жазбаша талдау əзірлейді.

Онда көмір өнеркəсібінің проблемалары мен перспективалары
көрсетілген. Алайда, «Карагандауголь» КСРО Көмір өнеркəсібі ми-
нистрлігіне қарайтындықтан жергілікті билік «қорларды бөлу мен
капитал қаржысын берудің орталықтандырылған жүйесін» алға

Еліне елеулі Елбасы
тартатын. Сол кезде Нұрсұлтан Назарбаев нақты құжаттар əзір-
леп, СОКП Орталық Комитеті мен КСРО Министрлер Кеңесіне
жүгінеді.

Көп ұзамай КСРО Министрлер Кеңесінің Қарағанды шахтер-
ларының тұрмыстық жағдайын жақсартуға байланысты қаулысы
шығады. Салаға жан біте бастаған. Жаңа кен орындары ашылып,
жаңа шахталар салынған. Заманауи кен байыту фабрикалары іске

қосылған. Осының бəрі Қарағанды көмір бассейнінде бұрын қол-
ға алынбаған тəсілдер еді. Ал «Карагандауголь» бірлестігінің бас
директоры белгілі шахтер Н.А.Дрижд көмірді ашық өндірудің
жаңа тəсілін ұсынады. Бұл тəсіл өзін-өзі толық ақтаған. Ол жаңа

кен орындарын ашуды жеделдетіп, көмір өндірісін жаңа жоғары
деңгейге көтеруге көмектесті.

Еліне елеулі Елбасы
Əлбетте, Нұрсұлтан Назарбаевтың қызметі өндіріс мəселелері-
мен шектеліп қала алмайтын. Оның үстіне оның қызметінің негізгі
бағыты еңбек адамдарының əлеуметтік жағдайын жақсарту еді.

Алдымен оны адамдардың өмірі мен тұрмысы толғандырды.
Осы орайда еңбек адамдарының күнделікті тұрмысын жақсарту
үшін қолдан келгенін жасап бақты. Адамдардың тұрмысын оңал-
туға шамасы келгенше əсер етті. Өйткені тұрмыс жағдайы жақсар-

ған сайын жұмысшы адамның да моральдық рухы көтерілетін.
Сөйтіп ол алдына қойылған міндеттерді үлкен жауапкершілікпен
атқаратын.
Нұрсұлтан Назарбаевтың күш салуының арқасында адамдардың

тұрмысы өзгерді. Шахтерлар барактар мен жертөлелерден ыңғай-

Еліне елеулі Елбасы
ластырылған пəтерлерге көшірілді. Шахтер отбасыларына арнал-
ған үйлермен қоса балалар мекемелері, əлеуметтік мəдени-тұр-
мыстық объектілер, спорт ғимараттары салынды. Ескі тұрғын үй

қорын жөндеу жəне қалпына келтіруге байланысты қарқынды жұ-
мыстар жүргізілді. ТЭЦ қуаты барынша арттырылып, жаңа инже-
нерлік коммуникациялар тартылды. Қарағанды күн өткен сайын
көркейе түскен.

Нұрсұлтан Əбішұлы Назарбаев қарағандылықтардың есінде ше-
бер де сауатты еңбек ұйымдастырушысы ғана емес, сондай-ақ бел-
сенді өмір салтын ұстанатын адам есебінде де қалды. Ол концерт-
терге, клубтарға, спорт жарыстарына баратын. Оны қалалық спорт

кешенінде футбол ойнап жүрген жерінде де көруге болатын.

Еліне елеулі Елбасы
Нұрсұлтан Назарбаевтың обкомның екінші хатшысы қызметін
атқарған екі жылы – өз өмірін адамдарға қызмет етуге арнаған
саясаткердің тамаша үлгісі. Ал облыстық билік иерархиясын-

да екінші хатшы үшінші деңгейдегі басшы болатын. Сондай-ақ
обкомның бірінші хатшысы, облыстық атқару комитетінің төрағасы
Компартия Орталық Комитеті мен Қазақстан Министрлер Кеңесінің
салалық бөлімшелері, министрліктер сияқты басқа да құрылымдар

болды. Олардың да басты міндеті əлеуметтік қамсыздандыру
мəселелерін жүйелеу болатын. Алайда, қарапайым азаматтардың
мұң-мұқтажын ескеретіндер аз еді. Миллиондаған адамдарға жылу
сыйлап отырған шахтерлардың өздерінің сызды барактар мен

салқын жертөлелерде тұрып жатқаны ешкімді ойландырмайтын.
Нұрсұлтан Назарбаевтың жемісті қызметі, еңбек адамына деген
қамқорлығы, сарқылмас күш-жігері, ғажайып ұйымдастырушылық

Еліне елеулі Елбасы
қабілеті, табандылығы мен шешімталдығы қарапайым адамдар-
мен қоса, республика мен ел басшылығының өзін де таң қалдыр-
ды. Сөйтіп, 1979 жылдың желтоқсанында ол Қазақстан Компар-

тиясы Орталық Комитетінің хатшысы болып сайланады.
Бұрынғы қызметтеріндегідей, Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан
Компартиясы Орталық Комитетінің хатшысы болғанда да өнер-
кəсіпке жетекшілік еткен. Алайда бұл жолғы жұмыс ауқымы үлкен

болатын. Оның маңызды міндеттерінің бірі – Павлодар облысының
Екібастұз қаласындағы ГРЭС Каскадының құрылысына жетекшілік
жасау еді.
Екібастұз аңғарында қуатты ГРЭС каскадын салу сол төңіректен

көмірдің шығуына байланысты. Екібастұз көмірінің күлі басым.
Сондықтан оны шетке тасымалдау тиімсіз. Сондықтан мамандар

Еліне елеулі Елбасы
көмірді электр қуатын алу үшін жергілікті жерде пайдалану тиімді
деп табады. Сөйтіп, Екібастұз ауданында жалпы қуаты 16 миллион
киловаттық бірнеше ГРЭС салуға шешім қабылданған.

Екібастұздағы ГРЭС-1-дің алғашқы объектілерінің құрылысы
1974 жылдың басында басталды. Жобаға сəйкес, станса əрқайсы-
сының қуаты 500 мВт сегіз қуат блогынан тұратын.
1979 жылы Екібастұзда ГРЭС-2-нің құрылысы қолға алынады.

Жобаға сəйкес, əрқайсысының қуаты 500 мВт сегіз қуат блогы са-
лынуға тиісті еді. ГРЭС-2-нің іргетасын қалау салтанатына саланың
одақтық министрімен жəне басқа да ресми адамдармен қоса Қа-
зақстан Компартиясы Орталық Комитетінің жаңадан сайланған

хатшысы Нұрсұлтан Назарбаев та қатысады.
ГРЭС-1-іншінің жəне ГРЭС-2-шінің бастапқы құрылысында құ-
рылысшылардың жолы болған. Өйткені олардың жұмысына жа-
уапты партия қызметкері басшылық жасаған. ГРЭС құрылысын же-

Еліне елеулі Елбасы
текшілікке алған алғашқы күндерден бастап адамдар Нұрсұлтан
Назарбаевтың қамқорлығын, еңбектерін жəне заңды құқықтарын
қорғай алатынын білді. Себебі ол принципті, еңбек адамын кез

келген жағдайда қорғай алатын қауқарлы басшы болатын.
ГРЭС стратегиялық мақсаттағы маңызды объекті саналды. Оған
ең жоғарғы мемлекеттік деңгейден көңіл бөлінді. Соған қарамас-
тан құрылыста сол кезге тəн жауапсыздыққа, жұмысқа деген фор-

мальды көзқарасқа, жалқаулыққа жол берілген. Қондырғылар, құ-
рылыс материалдары мен басқа да қажетті техникалық жабдықтар
тасымалына байланысты қиындыққа орай жұмыс баяу жүргізіл-
ген. Əрі тым ұзаққа созылған.

Нұрсұлтан Назарбаев өзіне тəн жігер мен табандылықтың ар-
қасында қажетті қондырғылар мен техникалық жабдықтардың кə-

Еліне елеулі Елбасы
сіпорыннан теміржолға дейінгі жеткізілуін, сол жерде вагонға тие-
луін талдайды. Құрылыс жəне монтаж бөлімшелерінің басшыла-
рының алдына мынадай міндеттер жүктеледі: əр бригаданың жүк

тиеуі мұқият бақылансын. Сондай-ақ жұмыс уақытын тиімді пай-
далануға бақылау қойылсын. Атқарылған жұмыс жүйелі түрде
қорытындыланып отырсын. Сөйтіп, барынша көзге түскен жұмыс-
шыларды материалдық тұрғыда ынталандыру жүйесі енгізілген.

Нұрсұлтан Назарбаев жергілікті басшылықты айналып өтіп, бұ-
рынғы жолмен жүрмей, бірнеше мəрте СОКП Орталық Комитеті-
не жүгінеді. Ол өз сөздерінде жөндеу техникалық шеберханалар жа-
сап, жинастырылған қондырғыларды уақтылы жеткізетін, сауатты

мамандар дайындайтын оқу орындарын құрып, құрылысшыларға
тұрақжай, əлеуметтік мəдени объектілер, балабақшалар салатын
тоқтаусыз эксплуатациялық құрылыс тəсілін жолға қоюды ұсынады.

Еліне елеулі Елбасы
Оның ұсынысы ұдайы қолдау табатын. Соның нəтижесінде құры-
лыс қарқыны жеделдетіліп, кешенде жұмыс істейтін адамдардың
жұмысы мен тұрмыстық жағдайы жақсартылған.

Құрылысшыларға, монтажшыларға, қарапайым жұмысшыларға
ыңғайлы тұрмыстық жағдай жасап, еңбек ұжымдарында салауатты
ахуал қалыптастырудың, құрылысқа қажетті қондырғылар мен ма-
териалдарды, сондай-ақ мамандығы жоғары кадрларды уақытылы

əкелудің арқасында жүргізілген барлық ұйымдастыру шаралары
өз нəтижесін берген. Бəрінен бұрын жоспардағы объектілерді дер
кезінде пайдалануға беру керек еді. 1980 жылдың наурызы мен
1984 жылдың ақпаны арасында ГРЭС-1-дің сегіз қуат блогы пай-

далануға берілген.

Еліне елеулі Елбасы Өте қысқа уақытта қазақ даласында қуатты энергетикалық кешеннің пайдалануға берілуі, шынында да, қиял-ғажайып ертегіге тəн көрініс еді. Озық технологиялар осы Екібастұзда алғаш рет қолданылып, жаңа қондырғылар орнатылады. Қала бүкілодақтық екі құрылыстың орталығына айналады. Бір ғана ГРЭС-1-дің құрылысына елу мыңнан астам кəсіпорын, ұйымдар мен ғылыми-зерттеу институттары атсалысқан. Екібастұз ГРЭС-інің құрылыс алаңдарында бүкіл Кеңестер Одағынан келген құрылысшылар мен монтажшылар жұмыс істеді. ГРЭС-2-нің бірінші блогының іске қосылуы 1990 жылдың желтоқсанында жүзеге асты. Ал 1993 жылдың 22-желтоқсанында екінші қуат блогы пайдалануға берілді. Бұл ел тек станса мен қаланың ғана емес, бүкіл елдің тарихындағы елеулі оқиға болды. Оның іске қосылуына Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Əбішұлы Назарбаев қатысты. Сол бір салтанатты сəтте мемлекет басшысы Қазақстанда 22-желтоқсанның Энергетиктер күні есебінде мерекеленетіні туралы жарлыққа қол қоятынын айтқан. Стансамен бір кезеңде энергетиктер қыстағы да салынды. Оған символдық Солнечный деген ат берілді. Нұрсұлтан Назарбаевтың адамдарға деген тұрақты қамқорлығына, қоғамның маңызды проблемаларын шешуге байланысты тағы да бір еңбегін атай кетуге тиістіміз. 1969 жылы Қостанайда шұға комбинаты пайдалануға берілген. Осы негізінен əйелдер жұмыс істейтін тоқыма алыбы іске қосылысымен қалада демографиялық дисбаланс туындайды. Ресей қалаларының бірінде дизельді двигательдер зауыты салынатынын кездейсоқ естіген Нұрсұлтан Əбішұлы Назарбаев СОКП Орталық Комитетінен шығып, оның құрылысын Қостанай қаласына ауыстыртады. Соның нəтижесінде қаладағы ерлер мен əйелдер саны теңесіп, жаңа отбасылар пайда болған.

Еліне елеулі Елбасы
1984 жылы 44 жастағы Нұрсұлтан Əбішұлы Назарбаев одақтас
республикалар арасындағы ең жас Министрлер Кеңесінің төрағасы
болады. Алайда ол Қазақстанның партия жəне кеңес элитасын таң

қалдыра алмайтын. Оның беделін республиканы айтпағанда, СОКП
Орталық Комитетінің өзі мойындайтын. Ақиқатында, Нұрсұлтан
Назарбаевты Қазақстан Министрлер Кеңесінің төрағасы етіп сайлау-
ды СОКП Орталық Комитетінің өзі мақұлдаған. Михаил Андреевич

Сусловтың сөзімен айтқанда, Назарбаев олардың «өз тəрбиеленуші-
сі» болатын. Алайда, ол мəселенің бір жағы. Ақиқатында, саяси
жəне экономикалық тоқыраумен қоса, кадрдың сапасыздығын бас-
тан кешіп жатқан Кеңестер Одағына экономика басқару үшін аса

Еліне елеулі Елбасы
білімді, мемлекеттік шаруашылықтың сан саласын жетік білетін
шебер адамдар қажет еді. Ал небір жауапты жұмыстарда өзін
дербес əрі ақылды шешімдер қабылдай алатын адам есебінде көр-

сеткен, өзіндік көзқарасы бар, түрлі міндеттерді шеше алатын
Нұрсұлтан Назарбаев шын мəнісінде сондай адам болатын.
Қарағанды обкомының екінші хатшысы, соңынан Қазақстан Ком-
партиясы Орталық Комитетінің екінші хатшысы болып жұмыс

істеген Нұрсұлтан Назарбаев республика шаруашылығының нақ-
ты жағдайын білді. Өндірістік мəселелердің қалай шешілетінінен,
жоспарлардың орындалуы мен асыра орындалуына байланысты

Еліне елеулі Елбасы
əрекеттерден, қосып жазудан да хабардар болды. Басқалардан гөрі
қор мен қаржының қалай бөлінетінін де жақсырақ түсінді. Сол
əкімшілік бюрократтық кедергілердің жүйкеге тиетін салмағын

да басынан кешірді. Кезінде шешілген ауқымды мемлекеттік жəне
əлеуметтік-экономикалық міндеттердің, жоспарлы экономиканың
іске жарамсыз болып қалғанын өз көзімен көрді.
Мінезі мен ерік-күші мықты Нұрсұлтан Назарбаев Бозашы жəне

Теңіз мүйісіндегі мұнай қорын, Қарашығанақ газ кенішін игеру
басталғанда түрлі əкімшілік жəне басқа да кедергілерді жоя білді.
Екібастұз электростансасының жəне Шымкент дөңгелек зауытының
құрылысын, Жаңа Жамбыл фосфор зауытының ұлғайтылуын,

Алға химия комбинатының іске қосылуын, Қостанайдағы шұға
жəне Шығыс Қазақстан жібек комбинаттарының іске қосылуын
бастан өткерді.
Сондай-ақ, ол ірі металлургиялық кəсіпорындар басшылары-

на өндіріс қалдықтарын өңдейтін кешен салуға көмектесті. Мəсе-
лен, құрылысына 35 миллион сом жұмсалған Лениногор комбина-
ты шығаратын металл қалдықтарынан 3 миллион тонна рудадан
алынатын түсті металды қайта өңдеп алуға болатын. Мұндай қуат-

тылығы бар кен орнының құрылысы үшін 200 миллион сом қажет
еді. Балқаш кен-металлургия жəне Өскемен қорғасын-мырыш ком-
бинаттарына өте жаңа, сол заманның ұғымында революциялық тех-
нология болып саналатын мыс жəне қорғасын-мырыш шикізатын

автогенді балқыту тəсілі енгізілген. Сол арқылы кондырғылардың
өндірістік қуатын бірнеше есе арттырып, қыруар ресурсты үнем-
деуге, минеральды шикізатты толық пайдалануға болатын.
Реформадан қашқақтаған ел басшылығының кесірінен респуб-

ликаның ауыл шаруашылығына мемлекет тарапынан бақылау

Еліне елеулі Елбасы
жасалынбады. Ондағы тоқырау басқа салалардың бəрінен де күшті
болатын. Нұрсұлтан Назарбаевқа қаржы тауып, аграрлы сектор-
дың таза сүдігер алқаптарын, суармалы жерлерді молайтып, ин-

тенсивті технология енгізіп, азық базасын жасап, мал мен егінші-
ліктің өнімін арттырудың сəті түсті. Оның бастамасымен жеке
қосалқы шаруашылықты дамытуға байланысты нақты шаралар
белгіленді.

Атқарылған жұмыстардың нəтижесінде аграрлы өнеркəсіпті да-
мытуда нақты жетістіктерге қол жеткізілді. Небары екі жылда,
яғни 1987 жылдың соңына қарай селодағы жеке қосалқы шаруа-
шылықтар айтарлықтай өркендеді. Соның арқасында Қазақстан-

дағы əр тұрғынның тұтынатын ет жəне ет өнімдерінің мөлшері
бес килоға дейін өсті. Егер 1975 жəне 1985 жылдар аралығында
ет өндірісінің өсімі небары екі кило болса, сексенінші жылдардың

Еліне елеулі Елбасы
соңғы бесжылдығында ол он екі килоға жетті. Соның бəрі мемлекет
тарапынан ешқандай ақша құюсыз жəне инвестициясыз жүзеге асты.
Əлеуметтік саладағы жағдай да ауыр болатын. Қазақстанның

205 ауданының 71-індегі əлеуметтік даму жағдайы тиісті деңгейден

Еліне елеулі Елбасы
төмен-тұғын. Миллионға жуық адам тұратын отыз аудандағы жағ-
дай мүлдем адам төзгісіз еді. 29 селолық аудан орталығында жаңа
типті ауруханалар мен емханалар болған жоқ. Ал жоғарыда атал-

ған 71 ауданның үштен екісінде аурухана кереуеттері жайғастырыл-
маған ғимараттарға орналастырылды. Нұрсұлтан Назарбаевтың
ерекше күш салуының арқасында ол жағдайды да барынша түзеу-
дің сəті түскен.

Дей тұрғанмен, экономика, тұтыну кооперациясы, сауда сала-
ларындағы жағдай күрделі қалпында қалған. Əсіресе ауыл шаруа-
шылығының жағдайы қатты алаңдататын. Ұрлық пен қолсұғушы-
лықтың арқасында республика кеңшарларындағы ірі қара, қой,

жылқы мен шошқа саны айтарлықтай қысқарған. Қоғамдық та-
бында əртүрлі деңгейдегі басшылардың ірі қара малын, қойлары

Еліне елеулі Елбасы
мен жылқысын бағу үрдісі бай-
қалған. Əрі олардың саны мың-
даған бас еді.

Кереметі сонда, осындай қо-
лайсыз деректердің бəрі де жер-
гілікті партия, кеңес органда-
рының, ауыл шаруашылығы ми-

нистрлігінің назарына ілікпеді.
Одан да өткен бір масқара
бар. Министрлер Кеңесі төраға-
сының өтінішімен Халықтық ба-

қылау комитеті əзірлеген ресми
құжатқа Қазақстан коммунистік
партиясы Орталық Комитеті мен
оның бюросы тарапынан ешқан-

дай əрекет жасалынбады. Ал ол кездегі ұрланған ақшаның көлемі
ондаған миллион сомнан асатын. Республика басшылығының ең
жоғары деңгейдегілерінің өзі де оған немқұрайлылықпен қарады.
Мəселен, Нұрсұлтан Назарбаев 1985 жылдың сəуір айында өткен

Орталық Комитеттің бір отырысында қырық минут бойы респуб-
ликада қалыптасқан осы қолайсыз оқиғаларға байланысты талдау
жасағанда кеңеске төрағалық етіп отырған Д.А.Қонаевтың былай-
ша қысқа қайырғаны бар:

– Ақпараттарды қаперге аламыз. Осымен боссыздар, жолдастар...

Ғажайып жағдай қалыптасқан. Нұрсұлтан Назарбаевтың тарапы-
нан жасалынған ыңғайсыз құбылыстарға байланысты ескертулерге

Еліне елеулі Елбасы
Д.А.Қонаев тарапынан анау айтқандай назар аударылмады. Мұн-
дай əр оқиғадан соң Қазақстанның партия басшысы республика-
ның үкімет төрағасын өзінен аулақтатуға тырысты. Оның да өзін-

дік себебі бар сияқты. Жобасы, Д.А.Қонаев өз төңірегінде осындай
жігерлі жас саясаткердің пайда болуын өз беделі мен жағдайына
төнген қауіп деп бағалаған сияқты. Əлбетте, мұндай жағдайдың
Нұрсұлтан Назарбаевтың Үкімет төрағасы есебіндегі қызметіне кері

əсер етуі де заңды.
Партия басшылығының өз тарапынан жасалған мемлекеттік ма-
ңызы бар осындай мəселелерге немқұрайлы қарауының Назарбаев-
ты қапаландыруы да заңды. Оның орнына басшылықтың қоғамда-

ғы тұрақтылыққа қатер төндіретін құбылыспен бірлесіп күресуі
керек еді. Алайда, соған қарамастан Нұрсұлтан Назарбаев респуб-
лика экономикасындағы ырғақты қалыпты сақтау үшін қолдан
келгенінің бəрін жасап баққан.

1985 жылдың наурыз айында СОКП Орталық Комитетінің Бас
хатшысы қызметіне М.С.Горбачевтың келуін жəне оның кеңестік
қоғамның бүкіл саласын қайта құру туралы сөзін адамдар зор ын-
тамен қабыл алды. Қайта құруды жылы қабылдаған миллиондаған

кеңес адамдарының ара-
сында Нұрсұлтан На-
зарбаев та бар еді. Ха-
лық шаруашылығының

жағдайына қатты алаң-
дайтын басшы есебін-
де ол партия мен мем-
лекеттің өзгерісін қат-

ты күтетін.

Еліне елеулі Елбасы
Экономиканы адамдарға қарай бағыттап, село адамдарының қа-
лыпты тұрмысына жағдай жасау, тұрғындардың тұрмыс деңгейін
көтеру туралы қайта құру үндеулері адамдардың жақсы өмірге де-

ген үмітін оятты. Көптеген адамдар сол кезде көп ұзамай ел күрт
дамып, тамаша кезең келеді деп күтті.
Алайда ол үміттер ақыры ақталмады. СОКП басшылығының дек-
ларациялар мен ұрандарға толы далбаса əрекеттері тұрмыс дең-

гейін көтерудің орнына одан əрі құлдыратқан.
Социалистердің сол қайта құруынан ширек ғасыр өткеннен бері
біздің елімізді күйреуге əкеліп соққан саясаттар туралы əртүрлі
себептер айтылады. Алайда, солардың ішіндегі ақиқатқа ең жа-

қындауы – өмірлік маңызы бар қайта құрудың пысықай қайрат-
керлерге жүктелуінде. Олар мемлекеттік проблемаларды екібастан
жиып қойған болатын. Олар үшін үлкен социализм, үлкен демо-
кратия, үлкен жариялылық атты айғайшыл ұран көтерген қайта

кұру небары формальды науқан болатын. Сондай-ақ қайта құру
авторының өзі де анау айтқандай демократиялылығымен ерекше-
ленбейтін. Ақиқатында, қайта құру тоталитарлық жүйенің жаңар-
ған декорациясы ғана еді. Ішінде мемлекеттің бірінші басшысы да

бар, оның барлық қайраткерлерінің сөзі сөз күйінде ғана қалған.
Шексіз билігіне қауіп төнді деп ойлаған жергілкті партократтар
сол кезде бірден тынышталған. Алайда көп ұзамай үйреншікті қо-
сып жазу, жалған есептер, формализм қайтадан атқа қонған.

Алайда Нұрсұлтан Назарбаевты мұндай жағдай қанағаттандыр-
майтын. Ол шенеуніктердің белден басушылығы мен республи-
кадағы қордаланған проблемаларды көпшілік алдында ашық айт-
ты. Сол арқылы жоғары басшылықты қатаң шаралар қабылдауға

үндеді.

Еліне елеулі Елбасы
Əлбетте, қамсыз тұрмысқа бейім мұндай сөздің көптеген пар-
тия басшыларының назарынан тыс қалуы да мүмкін емес еді. Алай-
да, олар Министрлер Кеңесін басқарып отырған жоғары лауазым-

ды тұлғаны өз беттерінше орнынан алып тастай алмайтын. Сон-
дықтан Д.Қонаев сияқты аппаратшылар, обком хатшылары мен
басқа да шенеуніктер басшылықты Нұрсұлтан Назарбаевқа қарсы
қоюға тырысты.

1986 жылдың ақпанындағы Қазақстан Компартиясының XVІ-съе-
зінде Нұрсұлтан Назарбаевтың республикадағы жағдайды қатаң
сынға алуымен оған қарсы əрекеттер де күшейген. Ақиқатында ол
өз республикасы мен өз халқы үшін қатты алаңдайтын адамның

жүрекжарды сөзі болатын. Назарбаев сияқты басшы экономикаға
зиянын келтіріп, адамдардың тұрмысын нашарлататын жауапсыз-

Еліне елеулі Елбасы
дық пен салғырттық сияқты құбылыстарға көзжұмбайлықпен қа-
рай алмайтын.
Съезден соң Нұрсұлтан Назарбаевтың жағдайы одан əрі күр-

делілене түседі. Оның сынына жауап есебінде жаппай əрекеттер
басталған. Оның əр қадамы, əр айтылған сөзі бақылауға алынған.
Арнайы қызмет оның қызметтік жағдайын жəне бюджет қаржы-
сын жеке мақсатына пайдаланбағанын тексеруге кіріскен. Ол тура-

лы небір шағымдар жазылып, айтылған. Соның бəрі мұқият тексе-
рілген. Одан да жаманы «Қазақстан Министрлер Кеңесінің Төраға-
сы республика басшысын орнынан кетіріп, орынтағына жайғасуды
мақсат етеді» деген сөздер айтыла бастайды.

Мұндай айыптаулардың таза адамға жаман əсер етуі де заңды.
Өз елі мен халқы үшін жаны шын ашитын мұндай адамды жазғы-
руға бола ма? Республиканың бірінші басшысының назарын өз бе-
деліне қарсы əрекет етіп жатқан шенеуніктерге қарай аудару са-

уап емей не? Ақиқатында, Нұрсұлтан Назарбаев республикадағы
нақты жағдайға кінəлі болып отырған шенеуніктердің Д.Қонаевты
қолдайтынын білетін. Ол шынында да Д.А.Қонаевтың осы қате-
ліктерді түсініп, тиісті шара қабылдайтынынан үміттенді. Сөйтіп

Қазақстанда көптен күткен реформалар жүзеге асады деп ойлады.
Алайда, бəрі де керісінше болып шыққан. Ақыры, бар айып үкімет
төрағасының өзіне артылды.
Мəселенің асқынғаны соншалықты, Д.А.Қонаев Нұрсұлтан На-

зарбаевты Қазақстан Министрлер Кеңесінің Төрағалығынан алып
тастауды өтініп, СОКП Орталық Комитетінің Бас хатшысы М.С.Гор-
бачевқа шығады.

Еліне елеулі Елбасы
Министрлер Кабинетінің Төрағасын алып тастай алмағаннан
кейін Қонаевтың төңірегіндегілер оған қарсы астыртын əрекетке
кіріседі. Қысым көрсету арқылы Нұрсұлтан Назарбаевты өз еркі-

мен қызметінен кетуге мəжбүрлемек болады. Алайда, Нұрсұлтан
Назарбаев шыдаған. Өйткені ол Альберт Швейцер айтқан мына
бір ақиқатты ту қылып ұстайтын: «Жақсылық жасағысы келген
адамның адамдардың өз жолындағы кедергілерді алып тастауынан

үміттенбеуі керек. Сондықтан алдынан шығатын кедергілердің бə-
рін заңды деп бағалауы лəзім...».
Бір нəрсені есте ұстау лəзім. Нұрсұлтан Назарбаев екеуара дүр-
дараздық кезінде де Д.А.Қонаевқа деген құрметі мен сыйын бəсең-

деткен емес. Оны ұстазым деп есептемеген күнде де Қонаевтың
жергілікті кадрларды тəрбиелеудегі, ұлттық элитаны қалыптасты-
рудағы, республиканы дамытудағы үлкен еңбегін жоғары бағалады.
Нұрсұлтан Назарбаев республика басшысы болғаннан кейін де

Д.А.Қонаевпен бірнеше мəрте кездескен. Оның үйіне де барған.
Дінмұхамет Ахметұлының өзі де əртүрлі тұрмыстық мəселемен
Президентке келіп тұратын. Нұрсұлтан Əбішұлы қашанда оған үл-
кен құрметпен қарады. Екеуара əңгіменің бірінде Д.А.Қонаевтың

оған былай дегені бар: «Сенің сөзің де, ісің де дұрыс боп шықты,
Нұрсұлтан. Мен сенің бағытыңды қолдаймын».
Бүгінгі Алматыда Д.Қонаев атындағы көше бар. Президенттің
жарлығымен оның есімі кəсіпорынға жəне өзі жұмыс істеген

институтқа берілді. Елде Д.Қонаев атындағы қор қызметін жал-
ғастырып жатыр. Президенттің қолдауымен оның мемуарлары бір-
неше мəрте қайта басылып шықты. Алматыда Қонаевқа ескерткіш
орнатылған.

Еліне елеулі Елбасы

Еліне елеулі Елбасы
Қазақстандықтардың қайта құру ұрандарының дұрыстығына
тағы да бір мəрте көз жеткізуіне 1986 жылғы қайғылы оқиғалар да
əсер етті.

Бəрі де қызметтік тағайындаудан басталған. Сайлаудан емес, нақ-
ты тағайындаудан. Бұрын Ульяновскі обкомының бірінші хатшысы
болып жұмыс істеген, республиканы мүлдем білмейтін Г.Колбин
Қазақстан Компартиясының бірінші хатшылығына тағайындалған.

Отставкаға кеткен Қонаевтың орнына Мəскеудің Г.Колбинді та-
ғайындауы Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің басшы
қызметкерлеріне де қатты əсер етті. Олар бұл өзгерісті Мəскеуден
жеткен ұшақты қарсы алғалы тұрғанда естіген.

Республика Компартиясы Орталық Комитетінің Бюро мүшеле-
рін Бас хатшының мұндай басынушылығы қатты қапаландырған.
Ол бұл мəселеде жергілікті партия ұйымымен ақылдасуды қажет
емес деп тапқан. Тіпті, республикаға басшылыққа кімді жібереті-

нін де алдын ала ескертпеген. Алайда, 16-желтоқсан күні өткен Ор-
талық Комитеттің пленумында олардың бұрынғы жоғарыға құл-
шылық ұрған ғадетімен Колбинді бір ауыздан Қазақстан Компар-
тиясы Орталық Комитетінің бірінші хатшылығына сайлауына ол

да кедергі бола алмаған.
Алайда партиялық тəртіп пен қызметтік мүддеге орай шеттеліп
қалған партия шенеуніктеріндей емес, Қазақстан жастары Кремль-
дің мұндай жөнсіз əрекетіне жəне жергілікті партия басшылығы-

ның намыссыздығына қарсы көтерілген. Олар пленум шешімін өз-
гертуді талап етіп, көшеге шығады.
Демонстрация барынша бейбіт мақсатта басталған. Оған жи-
налған адамдар ешқандай күш көрсету əрекетін жүргізбеген,

Еліне елеулі Елбасы
Конституцияға қарсы немесе ұлтшылдық ұрандар көтермеген. Бар-
жоғы республиканы елді білетін, оған жаны ашитын адам басқару
керегін талап еткен. Алайда, билік азаматтардың талабына құлақ

асудың орнына оған қарсы күш қолданған. Қалаға жазалаушы əс-
кер енгізген. Авиациямен жақын республикалардан жəне Мəскеу
түбінен де жазалаушылар əкелінген. Нəтижесінде құрбандықтарға
жол беріліп, қан төгілген. Ондаған демонстранттар тұтқынға алы-

нып, түрмеге қамалған.
Əңгіме онымен де аяқталмайды. Демонстрация таратылғаннан
кейін билік репрессиялық əрекеттерін бастайды. 900-ге жуық адам
əкімшілік жазаға тартылып, 300-ден астам адам оқудан шығары-

лады. 319 қатысушы жұмыстан қуылады. Тұтқындалғандардың бас-

Еліне елеулі Елбасы
аяғы сегіз жарым мың адамға жеткен. 99 адам əртүрлі мерзімге
түрмеге қамалынады.
Жоғарғы оқу орындары мен техникумдардың басшылары да

репресияланған. Студенттері қарсылық акциясына белсенді қа-
тысқан Қазақ Мемлекеттік университетінің ректоры жұмысынан
қуылады. Қудалау шаралары зиялы қауымға да жүргізіледі. Жап-
пай қоғамдық шараларға, митингілерге, манифестацияларға ты-

йым салынады. Бөтен ойға бейімдердің бəрі де жазаға тартылады.
1986 жылдың 25-желтоқсанында СОКП Орталық Комитетінің
Саяси Бюросы «ұлтшылдық əрекеттерге» баға береді. Ал 1987-
жылдың шілдесінде СОКП Орталық Комитеті «Қазақ Республика-

сы партия ұйымының еңбекшілерге интернационалдық жəне пат-
риоттық тəрбие беруді ұйымдастыру жөніндегі жұмысы туралы»

Еліне елеулі Елбасы
қаулы қабылдайды. Онда желтоқсан оқиғаларына «қазақ ұлтшыл-
дығының көрініс беруі» деген баға беріледі.
1986 жылдың желтоқсанындағы оқиғалардың нақты талдауы қа-

зақ жастарының ұлтшылдық əрекетіне бармағанын көрсетті. Ұлт-
шылдық əрекетін жасағандар – қазақ халқының арасынан респуб-
ликаны басқаруға лайықты адам табылмайды, деген байлам жа-
сағандар болатын. Демонстранттар кезінде өздері лайықты деп са-

найтын адамдарды да атаған. Ұлтшылдыққа байланысты бір нəрсе
айта кетуге тиістіміз. Жастардың республика басшылығының ара-
сынан көргісі келетіндердің арасында Демиденко, Мирошкин, Мо-
розов болды. Алайда, күн сəулесін қолмен бүркемелеу мүмкін емес.

Сөйтіп, 1990 жылдың мамырында СОКП Орталық Комитетінің
Саяси Бюросы 1986 жылдың желтоқсанында қарсылық демонстра-
циясына шыққан қазақ жастарын ұлтшылдығына байланысты айып-
таған 1987 жылғы айыптауларын қателік деп тауып, жаңа бір қау-

лы қабылдаған.
Қазақстан билігіне келген Г.Колбин де тоқырау дəуіріне тəн дəс-
түрмен баяғы əніне басқан. Жаңа бірінші хатшы халықтың тұрмы-
сын жақсартуға көл-көсір уəде берген. Популистік, соған сəйкес

жүзеге асуы екіталай «Тұрғын үй – 91» деген мемлекеттік тұрғын
үй бағдарламасын қолға алған. Оған сəйкес тұрақжайға мұқтаж-
дар 1991 жылға дейін толық баспанамен қамтамасыз етілуге тиісті
болатын.

1987 жылдың басында-ақ қайта құрудың елді өркендетудің ор-
нына саясатты, экономика мен əлеуметтік саланы күйретіп тына-
тыны белгілі бола бастайды. Халықтың тұрмысы күн өткен сайын

Еліне елеулі Елбасы
ауырлай түскен. Рухани жағдай да ауыр еді. Ұлтшылдық пен
діни дүрдараздық күш алған. Ұлттық қақтығыстар күшейген. Ал
кейбір республикалар мен аймақтарда оған байланысты жағдай

мүлдем ушыққан. Алайда саяси номенклатура елдегі қайта құ-
руларды жүргізуге құлықсыздық танытты. Əрі оған биліктің ша-
масы да жетпейтін. Сондықтан билік тікелей теледидар хабарла-
ры арқылы халықты нақты ақиқаттан алшақтату үшін ауқымды

саяси шоулар жүргізе бастайды. Қайта құру авторының таяудағы
күрт өзгерістер туралы берген бос уəдесіне сенген қарапайым
халық сағаттар бойы теледидар экрандарына телмірген. Сол уə-
делердің жүзеге асуын тағатсыздана күткен. Қарапайым халықты

айтпағанда, саясаткерлердің, ғалымдардың, мəдениет пен өнер қай-
раткерлерінің, жазушылардың өздері де осы бос уəдеге сеніп, ел
басшылығының қайта құруды жүзеге асыруын сағына күткен. Олар
өз бағдарламалары мен ұсыныстарын мұқият əзірлеп, мінберде

сөз сөйлеуге ұмтылған. Ақиқатында, олар өздерінің қайта құрудың

Еліне елеулі Елбасы

Еліне елеулі Елбасы
авторы басқарып отырған үлкен театр қойылымының қатысушы-
ларына айналғанын ойларына да алмаған.
Дəл сол кезде Нұрсұлтан Назарбаев елдегі танымал тұлғаға ай-

налып, данышпан əрі білімді мемлекет қайраткері санала бастай-
ды. Ол өнеркəсіпке, қаржы мен жоспарлауға байланысты сан қыр-
лы білігін көрсетеді. Саясаттың экономика мəселелеріне байла-
нысты оның халық депутаттары съездерінің мінберінен сөйлеген

сөзі талайды таңдай қақтырады. Əрі оның сөздеріне адамдар қа-
шанда дүркірете қол соғатын. Десекте, Нұрсұлтан Назарбаевтың
беделі тек қана теледидардың сиқырлы күшінде ғана емес еді. Бар
мəселе оның адами сүйкімділігінде, бəрінен де бұрын логикасы-

ның, ойлау жүйесінің беріктігінде еді. Ол сонысы арқылы ерек-
шеленетін. Əлбетте, оның беделінің ең басты сипаттамасы – пат-
риотизмінде, өз елі мен халқына адалдығында. Ал осы қасиеттер
оның əрбір сөзінен байқалып тұратын.

Одақтық орталық қаншалықты əлсіз десек те, Қазақстанды өз
уысында ұстауға қауқарлы еді. Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан
басшысы болмай тұрғанның өзінде Кремльдің қоқан-лоққысына
қарсы шығып, өз республикасы үшін экономикалық еркіндік та-

лап етті. Ол кезде Қазақстан өнеркəсібінің 93 пайызы одақтық бас-
қаруда болатын. Жыл сайын Қазақстаннан 1,3–1,5 миллиард дол-
лардың əртүрлі шикізаты тасымалданатын. Республиканың жал-
пыодақтық қоры 10–12 миллион тонна астықты, 300 мың тонна етті,

270 мың тонна сүтті құрайтын. Осыншалықты өнім орталыққа ат-
тандырылатын. Ал республиканың өзі өнімдерді тұтыну жөнінен
тоғызыншы, тұрғын үймен қамту жөнінен оныншы орында еді.

Еліне елеулі Елбасы
Қазақстанда екі жарым миллион адамның бір айлық жалақысы əр
адамға шаққанда 75 сомға жетпейтін.
Жобасы, саяси қызмет баспалдағында əр жоғары аттаған сайын

Нұрсұлтан Назарбаевтың алдынан Орталық тарапынан қарсылық
шығып тұрған сияқты. Оның Қазақстан Компартиясы Орталық
Комитетінің бірінші хатшылығына тағайындалуы да солай болған.
Елде төрт жылдан бері қайта құру шаралары жүргізіліп, бас-

шылардың сайланбалылығы туралы ұрандар көтерілгеніне қара-
мастан, СОКП Орталық Комитетінің Бас хатшысы бұл мəселеде
көпдеңгейлі кеңестер өткізген. Қазақстаннан сайланған барлық
халық депутаттарының, облыс басшыларының пікірі тыңдалған.

Еліне елеулі Елбасы

Еліне елеулі Елбасы Республика зиялы қауымының пікірі де ескерілген. Тіпті, Қазақстан қалаларының көшесінде де азаматтарға сұрау салынған. Ақиқатында, М.С.Горбачев Нұрсұлтан Назарбаевты Қазақстан Компартиясының Орталық Комитетінің хатшысы кезінде-ақ жақсы білетін. Дегенмен, Бас хатшының бұл əрекеті түсініксіз еді. Горбачевтың оны жақсы білетіні соншалықты, республиканың сол кездегі басшысы Қазақстан Министрлер Кеңесінің төрағалығынан алып тастау туралы ұсыныс айтқанда Нұрсұлтан Əбішұлын қорғап қалғаны да бар. Көпшілік арасында жүргізілген сұрау біржақты дерек берді. Нұрсұлтан Əбішұлы Назарбаев – республиканы басқаруға лайықты бірден-бір адам болатын. 1989 жылдың 22-маусымында Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің пленумы өтті. Коммунистер өзара пікір алмасқаннан кейін Орталық Комитет пленумдарының тарихында тұңғыш рет жасырын дауыс берілді. Оның өзі де Нұрсұлтан Əбішұлының талабы бойынша жасалған. Дауыс беруге Орталық Комитеттің 158 мүшесі қатысты. 154 адам қолдап, 4 адам қарсы болғаннан кейін Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің бірінші хатшылығына сайланады. Сайланғаннан кейінгі сөзінде Нұрсұлтан Назарбаев былай деген: – Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің ел тарихының осынау өтпелі кезеңінде өзіме жүктеп отырған міндетін жақсы түсінем. Барлық кеңестік адамдар көптеген өмірлік маңызы бар əлеуметтік-экономикалық жəне қоғамдық-саяси проблемалардың шешімін қайта құрумен байланыстырады. Оның ішінде тоқырау кезеңінде ауызға алынбайтын ұлтаралық қарым-қатынас саласы да бар. Оның қаншалықты күрделілігін соңғы жылдардың оқиғалары көрсетті. Алайда, оның шешімі қазірдің өзінде белгілі. Енді белгіленген мақсатты белсенді түрде жүзеге асыру керек. Бұл тұрғы-

Еліне елеулі Елбасы
дағы менің көзқарасым бəріңізге де белгілі. Ол КСРО халық де-
путаттарының бірінші съезінде айқын айтылды. Елді осынау көз-
қарасты жүзеге асыруға бастайтыныма сіздерді сендіргім келеді.

Шынында да, 1989 жылдың экономикалық жағдайы ауыр бола-
тын. Əрі ол ай өткен сайын қиындай түскен. Дүкен сөрелері қаңы-
рап бос тұрды. Азық-түлік адамдардың тұрғылықты жеріне қарай
тұтынушы кəртішкесі арқылы үлестірілді. Төменгі мемлекеттік ба-

ғадағы тауарлар сатылып алынып, коммерциялық дүкендерде аса
қымбат бағамен саудаға шығарылды.
Реформаның нақты бағдарламасы болмағандықтан экономика
мемлекеттің бақылауынан шығып кетті. Тұрғындардың үкіметке

деген сенімі түсті. Осының бəрі кеңестік өмірге тəн емес митингі-
лерге, демонстрацияларға, ереуілдерге ұласты. 1989 жылдың жа-
зында Кузбасстан Воркутаға дейінгі барлық Кеңестер Одағының

Еліне елеулі Елбасы көмір бассейндерінде ереуіл басталды. Шахтерлар кəсіпорындардың экономикалық дербестігін жəне жергілікті билікке нақты өкілеттіліктер берілуін талап етті. 1988 жылдан КСРО-ның əртүрлі аймақтарында ұлттық сипаттағы қанды қырғындар көрініс берді. Мұндай ұнамсыз құбылыстардың Қазақстанда да болуы мүмкін еді. Қарағанды толқи бастаған. Шахтерлар ереуіл, митингілер, қарсылық марштарын өткізген. Жаңаөзендегідей жанжалдарға да жол берілді. Алайда, мəселеге Нұрсұлтан Назарбаевтың дер кезінде араласуы, оның іскер де таза диалогы, шахталардағы қала алаңдары мен көшелеріндегі дəлелді де түсінікті сөздері нəтиже берген. Ол барлық қиындықтан еңбек арқылы шығуға болатынын, эмоцияға

Еліне елеулі Елбасы
берілуге болмайтынын, елдегі ахуалды салауатпен бағамдау керегін
айтқан.
Республика тізгінін қолына алған Нұрсұлтан Назарбаев эконо-

микалық реформалар жүргізіп, əлеуметтік тұрақтылық пен эт-
никааралық келісімді нығайтуға тырысты.
Əрине, Қазақстанда ұлтаралық қатынастар Кеңестер Одағының
басқа республикалары мен аймақтарындағыдай қантөгіске ұласқан

жоқ. Өйткені биліктің бар күш-жігері барлық ұлтшылдық ниеттер-
ді дер кезінде тоқтатуға бағытталды. Бұл орайда республикадағы
тұрақтылықты сақтаудың басты тірегі Нұрсұлтан Назарбаев бол-
ғанын айтып өтуге тиістіміз. Бəрі де соның беделінің арқасы еді.

Бір сөзбен айтқанда үлкен жұмыстар жүргізілген. Алайда, тұрғын-
дардың тұрмыстық жағдайы қиындаған үстіне қиындап бара жатты.

Еліне елеулі Елбасы Гəп мынада болатын: одақтық орталық экономикадағы дағдарысты жағдайды өзгертуге қабілетсіз еді. Соған қарамастан одақтас республикалардың өз ресурстарын өздері басқаруына жəне дербес экономикалық реформалар жүргізуіне мүмкіндік бермеді. Осы ақиқаттардың салдарынан тоқсаныншы жылдардың басында Кеңестер Одағында орталық билікті күшейту ниеті аңғарылған. Қазақстандық өндіріс құрылымы Кеңестер Одағының экономикалық жүйесінен тысқары жағдайда тиімсіз болатын. Өнеркəсіптің ішінде ауыр индустрияға басымдық беріліп, халық тұтынатын тауарлар өндірісі əлсіреген. Қазақстаннан өндірілген астықтың тең жарымы, еттің үштен бірі, шикі мұнайдың тоқсан пайыздан астамы, көмір мен қара металдар рудасының төрттен үші, түсті металдар мен құймалардың үштен екісі сыртқа əкетілетін. Осының бəрін Орталыққа төменгі бағамен беретін Қазақстан жеңіл өнеркəсіп пен теміржол транспорты жабдықтарының 95 пайызын, металлкескіш станоктардың үштен екісін, тоқыма жəне мақта-мата маталарының 45 пайызын, ауыл шаруашылығы техникасын, тұрмыстық техниканы, көптеген азық-түлік түрлерін сырттан тасымалдауға мəжбүр болды. Соның салдарынан Қазақстан дотациялық республикаға айналды. Нұрсұлтан Назарбаев күш-жігерін өндірістің тұрақтылығы мен пропорциялылығына, республика экономикасының шикізаттық сипатынан өтуге, одақтың өз ішінде экономикалық келісімдер жасауға, елдегі бірыңғай экономикалық кеңістікті сақтауға бағыттады. Нұрсұлтан Назарбаев Орталықтың республикалармен арадағы жаңа тұрғыдағы қарым-қатынасын белсенді қолдаушылардың бірі

Еліне елеулі Елбасы
болып табылады. Ол одақтық келісімге жақында қол қойылуын
басты мақсатқа жатқызған жоқ. Ең алдымен көптеген проблемалар-
ды шешу керек еді. Орталықтың одақтық келісім жобасын дайын-

дауды жасанды түрде созбалауын түсінген Нұрсұлтан Əбішұлы
сол келісімнің жеке нұсқасын жасады. Оның басты идеясы «бірлік
пен ынтымақ» болатын.
Ең кереметі, қайта құрудың жүзеге аспайтыны белгілі болған-

нан кейін Кеңестер Одағында жаңа басшымыз болса ғой деген идея
туындаған. Уақыттың талабына сəйкесе алатын нағыз көшбасшы
ол кезде Қазақстанда ғана бар еді. Алайда, сол адам КСРО-ның
көптеген мемлекеттерге бөлшектенуін қаламады. Осындай қисап-

сыз байлыққа толы алып аймаққа ие, қуатты өнеркəсіптік потен-
циалы бар басқа саясаткер жаңа одақтық келісім жасауды ойы-
на да алмас еді. Алайда, Нұрсұлтан Назарбаевтың ойы басқа бо-
латын. Нұрсұлтан Əбішұлы бəрінен де бұрын адамдар мен олар-

дың тағдырын ойлады. Ақылға кемел адам есебінде елдің күйре-
уінің қандай салдары болатынын түсінді. Ондайда миллиондаған
адамдар тарихи отанынан тысқары қалып, өздері туып-өскен, от-
басын құрған аймақтарды туған елім деп санайтын. Ал сол адам-

дардың бəрі де ол кезде бəрін басынан бастауға қабілетті жастар
еді. Нұрсұлтан Назарбаев ел экономикасы туралы ойлады. Онда-
ғы мыңдаған өнеркəсіп объектілері бір-бірімен тығыз байланыс-
ты болатын. Сол байланыс үзілсе, өндіріс те тоқтайтын. Сондай-

ақ барлық республикалардағы саяси элита толық дерлік дербес
мемлекет басқаруға əзір емес еді.
Шындығы да солай болған. Көптеген республикаларда дау-да-
май, ұлтшылдық ниеттер, бөтендерді қуу көрініс берген.

Еліне елеулі Елбасы

Еліне елеулі Елбасы
Тоқсаныншы жылдардың басына қарай ел экономикасы толық
дерлік күйреген. Республикалардағы нақты ахуалдарға орай жер-
гілікті партия мемлекет басшылары тарапынан Мəскеудің тара-

пынан шығу ниеті аңғарыла бастаған. Сол кезде Қазақстан респуб-
ликаны халықаралық саясаттың дербес субъектісіне айналдыру
бағытында қадамдар жасаған. Біраз одақтас республикалармен екі-
жақты келісімдер, сондай-ақ Түркиямен жəне Қытай Халық Рес-

публикасымен жеңілдетілген визалық режим туралы келісімдер
жасалынған.
Қазақстанды Орталықтың шектен шыққан саяси жəне эконо-
микалық диктатынан шығару міндетін алға қойған саяси элита

республиканың бірінші басшысына қосымша өкілеттіктер беруді

Еліне елеулі Елбасы
дұрыс санайды. Осы мақсатпен 23-ақпан күні Қазақ КССР Жоғарғы
Кеңесінің депутаттары Нұрсұлтан Əбішұлы Назарбаевты төраға
етіп сайлайды. Оған қоса Қазақстан Компартиясы Орталық Коми-

тетінің бірінші хатшысы қызметі де сақталады. Ал 24-сəуір күнгі
Жоғарғы Кеңестің бірінші сессиясында Нұрсұлтан Назарбаев Қа-
зақстанның Президенті болып сайланады.
Қайта құрудың соңғы кезеңінде əупірімдеп өмір сүріп жатқан

Кеңестер Одағының əлсіз билігі бюрократтар түсінігінде əлі де
мықты болатын. Нұрсұлтан Назарбаевтың кəсіпорындарды бас-
қару тетігін Одақтан республикаларға көшіру туралы көтерген
мəселесі Орталық партия аппаратының функционерлері, əскери

өнеркəсіп кешені басшылары, одақтық министрлер мен ведом-
стволар жетекшілер тарапынан қарсылыққа ұшыраған. Алайда
Орталықтағы бюрократтар өз алдына, Қазақстанның өз ішінде де
оған қарсы қауқарлы топтар бар еді. Одақтық ведомстволардың

филиалдарында жұмыс істейтін сол адамдар ерекше жағдайда өмір
сүретін. Жалақылары жоғары болатын. Əлеуметтік қызметтің тұ-
тас жиынтығына ие еді. Сондықтан олар республиканың қарапа-
йым тұрғындарымен кеңесуді қаламады. Оларды далада жақсы

мектептердің, ауруханалардың, емханалар мен клубтардың жоқ-
тығы мүлдем толғантпайтын.
Нұрсұлтан Назарбаев экономикадағы қалыптасқан күрделі жағ-
дайда Орталықтан жақсылық күтуге болмайтынын түсінді. Қазақ-

станның одан əрі «жаңа Одақ» туралы елесті идеялар жетегінде
өмір сүре алмайтынына оның көзі жеткен. Республикадағы бүкіл
потенциалды, күш пен қаржыны ондай елесті ниеттің еркіне беріп
қоюға болмайтын. Қазақстанның дербес дамуының жолын табу

Еліне елеулі Елбасы
керек еді. Сондықтан ол амалсыз əрекеттерге барады. 1990 жыл-
дың 25-қазанында Қазақ КССР Жоғарғы Кеңесі Мемлекеттік тəуел-
сіздік туралы Декларация қабылдайды. Онда алғаш рет республи-

ка аймағының бөлінбейтіні жəне біртұтастығы мəлімделеді. Қазақ-
стан халықаралық құқықтың субъектісі есебінде нақтыланып, онда
азаматтық институттар енгізіледі. Меншіктің барлық түріне тең
құқық жарияланады.

Бұл оқиға СОКП Орталық Комитетінің Саяси Бюросын қатты
алаңдатқан. Енді ше! Қазақстан Кеңестер Одағындағы Ресейден ке-
йінгі саяси жүйенің екінші шешуші буыны болатын. Ал оның бас-
шысы Нұрсұлтан Назарбаев одақтық мемлекетті жақтаушылардың

бірі саналатын. Михаил Горбачев Қазақстанның тəуелсіздігіне қар-
сы шығады. КСРО Жоғарғы Кеңесінің төрағасы А.Лукьянов, Одақ-
тық үкіметтің басшысы Н.Рыжков Нұрсұлтан Назарбаевты азғыра
бастайды. «Асықпасаңызшы, республиканың көпұлтты екенін ұмыт-

паңыз. Сіздерде де Кавказдағыдай оқиғалар болуы мүмкін» дейді
олар.
Алайда Нұрсұлтан Əбішұлы Назарбаев шешімді қабылдап қой-
ған. Кейін шегіну ойында да жоқ еді. Алайда, өз республикасына

барынша мол құқық алып беру үшін ол Одақтық келісімнің мəті-
нін əзірлеуге белсене қатысады.
Нұрсұлтан Назарбаевқа ерекше еңбексүйгіштігі, тіпті, мемле-
кеттік істерден қолы босамай жатса да өз білігін толықтыруға ке-

дергі келтірмейтін. Ол батыстың белгілі экономистері мен саясат-
керлерінің еңбегін табанды түрде көп оқитын. Біртіндеп нарықтық
қатынастардың мəнін түсініп, дамыған елдердің қаржылық жүйе-
сінің негізін зерттеген.

Еліне елеулі Елбасы
1991 жылдың мамырында
Қазақстанға ресми емес сапар-
мен əлемге танымал саясаткер

əрі экономист, «сингапурлық
кереметті» жүзеге асырушы
Ли Куан Ю келеді. Ол прези-
дент аппаратының маманда-

ры, Қазақстанның Министр-
лер Кеңесінде жұмыс істей-
тін бір топ жас экономистер
алдында сөз сөйлейді. Респуб-

ликадағы жағдаймен танысқан
ол сенімді түрде Қазақстанның
болашағы зор екенін айтады.
Арада он жыл өтпей жатып оның болжамдары ақиқатқа айналған.

Данышпан сингапурлық бір көргенде-ақ Нұрсұлтан Назарбаевты
теңдессіз тұлға жəне харизматикалық басшы деп тапқан. Арада он
екі жыл өткен соң, 2003 жылдың 10-қарашасында ол былай дейді:
«Бас-аяғы он жылдың ішінде Қазақстан мен күтпеген ғажайып

табыстарға қол жеткізді. Көршілеріңізбен қоса басқаларды да ба-
сып оздыңыздар. Президент Назарбаев əртүрлі республика басшы-
лары арасындағы аса ірі тұлға. Сырттай қатқыл көрінгенімен Қа-
зақстан басшысы – іс жүзінде өте шешімтал, сүйкімді, дарынды əрі

бұрынғы Одақтың басқа республикалары да өз көсемі санайтын
табанды адам. Егер республиканы Назарбаев басқарса, Қазақстан-
ның алар асулары əлі де алда».
Кеңес алу мақсатымен өзінің кішкентай да кедей елін əлемнің

ең бай мемлекеттерінің біріне айналдырған тəжірибелі саясаткерді
арнайы шақыртуы Нұрсұлтан Назарбаевтың экономика пробле-
маларына қаншалықты ден қойғанын көрсетеді.

Еліне елеулі Елбасы

Еліне елеулі Елбасы

Еліне елеулі Елбасы 1991 жыл ел тарихында өтпелі кезең болды. Қайта құрудың алты жылында елдегі бірде бір өзекті мəселе шешімін таппаған. КСРО президенті М.С.Горбачевтың ісімен қоса сөзінің де тұрақсыздығы солшылдарды да, оңшылдарды да қанағаттандырмаған. Олар мемлекеттік биліктің əлсіздігін түсінген. 1991 жылдың 20-қаңтары мен 10-наурызында Мəскеудегі Манеж алаңында Михаил Горбачев пен оның жақтастарының ел басшылығынан кетуін талап еткен, мыңдаған адам қатысқан демонстрация өтеді. Оған жүз мыңнан астам адам қатысады. Ол бүкіл кеңестік билік тарихындағы ең ірі үкіметке қарсы демонстрация болатын. 1991 жылдың наурыз айында өткен КСРО-ның сақталуы туралы референдумда азаматтардың көпшілігі «иə» деп жауап бергенімен, ескі мемлекеттік биліктің орнында қалуына қарсылықтарын білдірген. Тіпті СОКП-ның беделі партия шенеуніктері арасында да құлдырап бара жатты. 1991 жылдың көкегіндегі СОКП Орталық Комитетінің пленумында 75 обком хатшысының 45-і Горбачевтың СОКП Орталық Комитетінің Бас хатшысы қызметінен кетуін талап етеді. М.С.Горбачев өз қызметін 23-сəуірде Новоогаревода тоғыз республиканың басшысы қол қойған тəуелсіз мемлекеттер арасындағы жаңа одақтық келісімнің арқасында ғана сақтап қала алған. Сол құжатқа сəйкес республикалар айтарлықтай дербестікке қол жеткізген. Келісім жүзеге асқан жағдайда көптеген одақтық құрылымдарға, бəрінен бұрын министрліктер мен ведомстволарға, министрлер кабинетіне елеулі өзгерістер енгізілер еді. Одақтық басшылықтың қолында қорғаныс, қауіпсіздік, қаржы саясаты мен ішкі істер мəселелері ғана қалатын. Қалған мəселелердің бəрі де республикалық деңгейде шешілуге тиісті еді. Келісімге 1991 жылдың

Еліне елеулі Елбасы
20-тамызында қол қойылуға тиісті еді. Алайда оған төңкеріс ке-
дергі келтіреді.
1991 жылдың 19-тамызына қараған түнде бір топ жоғары шенді

шенеунік Конституцияға қарсы Төтенше жағдайлар жөніндегі мем-
лекеттік комитет құрады.
Кеңес мемлекетінің түбіне жеткен де осы төңкеріс. Барлық рес-
публикалар бірінен соң бірі тəуелсіздік туралы декларация қабыл-

дай бастаған.
1991 жылдың 29-тамызында өзінің СОКП құрамынан шығатынын
мəлімдеген Нұрсұлтан Назарбаев өзінен Қазақстан Коммунистік
партиясы Орталық Комитетінің бірінші хатшысының өкілеттілігін

де алып тастаған. Барлық билік органдары деполитизацияланып,
Компартияның дүние-мүлкі национализацияланған.

Еліне елеулі Елбасы 1991 жылдың күзінде елдің құлдырау процесі күшейе түскен. Сол жылдың қараша айында Новоогаревода небары жеті республика – Ресей, Беларусь, Əзербайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Түрікменстан, Тəжікстан Тəуелсіз Мемлекеттер Достастығы атты мемлекетаралық құрылым құру туралы ниеттерін мəлімдеген. Тиісті келісімге қол қою 1991 жылдың 25-қарашасына белгіленген. М.Горбачев қана қол қойған келісімнің жобасы жеті республиканың парламентіне бекітуге жіберіледі. Ол уақытты соза түсудің ғана амалы еді. Бəрі де Украинаның 1991 жылдың 1-желтоқсанына белгіленген тəуелсіздік туралы референдумының нəтижесін күтіп отырды. 1991 жылдың наурызында КСРО-ны сақтауға дауыс берген украиндар бұл жолы өз республикаларының толықтай тəуелсіздік алуын қолдаған. Украинамен қоса Ресей де келісімге қол қоюдан бас тартады. Негізгі тартылыс орталығы болып табылатын Ресейдің

Еліне елеулі Елбасы
интеграциялық процестен шығуы одақты келісімнің қажеттілігін
мүлдем жойған.
Ал 1991 жылдың 1-желтоқсанында Қазақстанда жалпыхалық-

тық бірінші президент сайлауы өткізілген. Дауыс беруге қатысу-
шы республика тұрғындарының 99,88 пайызының дауысын алған
Нұрсұлтан Əбішұлы Назарбаев Қазақстанның халық сайлаған тұң-
ғыш президенті аталады.

Орталықтың əлсіздігі салдарынан 1991 жылдың 8-желтоқсанын-
да Брест түбіндегі Беловежскі орманында Белоруссияның, Ресей
мен Украинаның басшылары Тəуелсіз Мемлекеттердің Достасты-
ғын құру туралы келісімге қол қояды. Осы келісімге сəйкес, Кеңес-

тер Одағының халықаралық құқық субъектісі есебіндегі қызметі
тоқтаған. Достастыққа бұрынғы Кеңестер Одағының басқа респуб-
ликаларының да кіре алатыны ашық айтылған. Мемлекет пен оның
азаматтарының тағдыры үшін жауапты Горбачев Беловежьедегі

əрекетке ешқандай қарсылық та жасамаған. Осылайша оның ар-
тында жауабын тек өзі ғана білетін «Қолында шексіз билік тұрса да
ол неліктен сырттай бақылаушы болып қана қалды?» деген сауал
қалған.

Басқа республикалар ТМД-ның құрылуын мақұлдамады. Олар-
дың қосылушы ролін атқарғысы келмеген. Нұрсұлтан Назарбаевтың
көшбасшылық ролі дəл осы жерде көрінеді. 1991 жылдың 21-жел-
тоқсанында Қазақстан Президентінің бастамасымен Алматыда өт-

кен бұрынғы 11 республика басшыларының кездесуінде жаңа гео-
саяси құрылым – Тəуелсіз Мемлекеттер Достастығын құру туралы
Декларация қабылданады. Оған Прибалтика республикалары мен

Еліне елеулі Елбасы Грузия ғана қатыспаған. Осылайша артына 15 жаңа тəуелсіз мемлекет қалдырған ұлы да құдыретті Кеңестер Одағы келмеске кеткен. Кеңестер Одағы ыдырардың алдында Нұрсұлтан Назарбаевты Қазақстан Президенті етіп сайлау Қазақстан халқының көреген де данышпан шешімі еді. Ол халық өмірінің ең ауыр кезеңі болатын. Жағдай қиын-тұғын. Алайда, халық өз көсеміне сенген. Ал Нұрсұлтан Əбішұлы Назарбаев адамдардың сол үмітін ақтай алды. Содан бері елде үш мəрте президент сайлауы өтті. Соның əрқайсысында да Қазақстан халқы Нұрсұлтан Назарбаевты өте жоғарғы сайлау көрсеткішімен өз президенті етіп сайлаған. Осының өзі-ақ ел азаматтарының Ұлт көшбасшысына деген шексіз сенімін көрсетеді. 2011 жылдың желтоқсанында Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан Президенті болып сайланғанына жиырма жыл толған. Жиырма жылға созылған ауыр да жемісті еңбек. Осы уақыт ішінде ел əлемдік саяси аренадағы өз позициясын айтарлықтай нығайтып, жаңа сипатқа ие болды. Алға қарыштаған, тек қана алға қарыштаған елдің репутациясын иемденген. Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстанды қиын да күрделі даму жолына бастап, Қазақстанмен бір кезеңде тəуелсіздік алған басқа республикалар бастан кешкен қиындықтардан алып шығуына не көмектесті? Əлемдік тенденцияға арналған этникалық құрамы əртүрлі қоғамдарға тəн ұлтаралық жəне дінаралық дүрдараздықтан құтылудың сəті қалай түсті? Оның жауабын алда береміз. Ақиқатында, ол – мемлекет басшысының адамдар мен ел алдындағы міндеті болатын. Ал Нұрсұлтан Назарбаев үшін адамдарға қамқорлық жасаудан құнды ештеңе болған емес.

Еліне елеулі Елбасы

Еліне елеулі Елбасы

Еліне елеулі Елбасы

Еліне елеулі Елбасы
Нақты өмір ақиқатына айналған «əуелі экономика, ал сосын –
саясат» деген формула нені ұқтырады? Алдымен адамдардың тұр-
мысын түзеу керек. Тек содан кейін ғана жаңа демократиялық не-

гіздерге бейімделу қажет. Өйткені Кеңестер Одағы ыдыраған кезде
қазақстандықтардың қырық пайызы, яғни 6 милолион адам ке-
дейшілік қыспағында өмір сүретін. 1991 жəне 1993 жылдар ара-
лығында Қазақстан ең күшті дағдарыстың, жабайы инфляцияның,

өндірістің құлдырауының еркінде болды. Жаппай жұмыссыздық
белең алған. Адамдардың рухы түскен. Осынау саяси жəне эко-
номикалық апаттан алдымен қариялар жапа шеккен. Оларға та-
ныс өмірлік ұстанымдардың бəрі күйреген. Азық-түліктің, жарық-

тың, жылудың жетіспеуіне, зейнетақының кідіруіне байланысты
қиындықтарға қоса оларды ел болашағы үшін тер төккен жыл-
дарының зая кеткені қынжылтатын. Олардың есіне Отанын қор-
ғап қаза тапқан туған-туысқандары мен жақын жолдастары түсетін.

Басқа халықтың да жағдайы қиын еді. Кəсіпорындар бірінен соң
бірі тоқтап жатты. Адамдар жұмыссыз қалды. Одан да бір қиыны –
басқа одақтас республикалармен бірге рубль аймағында қалған Қа-
зақстанға Ресей келісімге сəйкес берілетін ақшаны тежеген. Адам-

дарға жалақы мен зейнетақы төлеу мұң болған. Ірі өнеркəсіп ор-
талықтарында толқулар жүзеге асқан. Шахтерлар, металлургтар,
мұғалімдер мен дəрігерлер митингіге шығып ереуілдеген. Мұн-
дай жаппай құлазуды көтере алмаған ел газ балонынша жарыла

ма деген қауіп туған.
Осы кезде Нұрсұлтан Назарбаевқа тəулігіне төрт-бес сағат қана
ұйықтауға тура келген. Ол уақытын республика басшысы есебінде
алдында тұрған маңызды міндеттердің шешіміне арнаған.

Еліне елеулі Елбасы

Еліне елеулі Елбасы
Ең қиыны – Қазақстан экономикасына қомақты қаржы керек
еді. Ал кіріс беруге тиіс кəсіпорындар əупірімдеп жұмыс істеп
тұрды. Сондықтан елге шетелдік инвесторлар тарту керек еді.

Нұрсұлтан Назарбаев шетелдерді аралап, аса ірі қаржы жəне биз-
нес орталықтарына соқты. Инвесторлармен кездесіп, оларды Қа-
зақстан экономикасын дамытуға атсалысуға шақырды. Билігі əл-
сіз, қылмысы өрістеп тұрған сол тоқсаныншы жылдардың басын-

да көптеген инвесторлар посткеңестік мемлекеттерге, сондай-ақ
Қазақстанға да үркектей қарайтын. Оларға Қазақстанда ондай
кінəраттың жоқтығын түсіндіруге тура келетін. Басқа саясаткер-
лер сияқты емес, Нұрсұлтан Назарбаев қызметтік мəртебелерге бə-

лендей көңіл аудармайды. Өзін алып мемлекеттің президентімін
деп басқа адамдармен кездесуден де қашқақтаған емес. Ол барлық

Еліне елеулі Елбасы
ірі компаниялардың қожайындарымен тұрақты түрде кездескен.
Президенттің жеке өзінің шетелдік компаниялармен келісім-шарт-
қа қол қоюына орай Қазақстан өте қысқа мерзімде шетелдік ин-

весторларды қызықтыра бастайды. Келісімнің жауапкершілігін
мемлекет басшысының өзі мойнына алуы іске үлкен өрлеу қосқан.
Данышпан адамдардың танбай үйренетіні белгілі. Нұрсұлтан
Назарбаев та шетелге шыққан əр сапарында болашақтағы эко-

номикалық əріптестерімен жұмыс істей жүріп Маргарет Тетчер,
Франсуа Миттеран, Гельмут Коль, Үлкен Джордж Буш, Ли Куан Ю,
Махаткир Мухаммад, Екінші Иоанн Павел сияқты əлемдік деңгей-
дегі кемеңгер адамдардан көп нəрсені үйрене білді.

Олармен əңгіме барысында ол əлемді жаңа қырынан таныды,
білімін толықтырып, əртүрлі елдердің экономикалық жəне қар-
жылық жүйелерін, инвестициялау механизмдерін зерттеді.

Еліне елеулі Елбасы
«Əуелі экономика, сосын – саясат» принципін ұстанып, өз за-
манының ең беделді адамдарының білігін, бай тəжірибесін үйрен-
ген Нұрсұлтан Назарбаев өз елін экономикалық дағдарыс жағ-

дайынан шығара алды. Мемлекет басшысы күндіз-түні бағдарға
алып жұмыс істеген саяси жəне қоғамдық тұрақтылық негіздері
Қазақстан экономикасына инвестор тартуға оңтайлы əсер етті. Эко-
номика ай сайын жақсарып, жаңа инфрақұрылымдар салынды.

Ауыл шаруашылығы дамыды. Жұмыс орындары көбейіп, орта тап
өкілдері қалыптаса бастады.
1991 жылдан бастап жүргізілген бүкіл қиын жұмыс пен шетел-
дік инвестиция тарту 1995 жылдың өзінде алғашқы жемісін бере

бастады. Өнеркəсіп өндірісі 13,6 пайызға, оның ішінде қара метал-
лургия 17,4, түсті металлургия 1,9 пайызға өсті. Осы сала кəсіп-

Еліне елеулі Елбасы орындарындағы жалақы мөлшері республикалық орташа жалақыдан үш есе көбейді. Қалай десек те, Қазақстанның көп ұзамай күйрейтінін алдын ала болжағандар да болған. Соңынан елін кедейшілікке ұшыратуға шақ қалған көрші Ресейдің жаңа либералдары «Қазақстан көп ұзамай банкротқа ұшырап, Ресейдің алдына тізерлеп келеді» деп көкіген. Тіпті, оның нақты уақыты есебінде 1995 жылдың наурыз айын да көрсеткен. Уақыт ол болжамдардың далбаса екендігін дəлелдеп берді. Ол аз десеңіз, Қазақстан тəуелсіздік алғаннан кейінгі он жылдың ішінде көптеген салаларда посткеңестік дүниенің көшбасшысына айналды. Реформаның алғашқы кезеңіндегі басты жетістіктердің бірі – елдегі тұрақты əлеуметтік саяси жағдайды сақтап қалу, ұлттық валютаны сəтті енгізу, халықаралық қаржы институттарына ену, əкімшілік командалық экономика принциптерінен толықтай бас тарту болды. Соның нəтижесінде Қазақстан халықаралық қауымдастықтың мойындауына ие болған. 2011 жылдың 16-желтоқсанындағы өз тəуелсіздігінің 20 жылдығын Қазақстан өте қысқа мерзімде өмірдің барлық саласында үлкен табыстарға қол жеткізген ел есебінде қарсы алды. Ел өз тəуелсіздігінің қарсаңында белгілеген барлық жоспарлары мен мақсаттарын жүзеге асырған. Қазақстандықтардың өз елдерін посткеңестік дүниедегі ең сəтті мемлекет жəне президенттерін ең ақылды басшы деп атауларына толық қақысы бар. Аса көрнекті мемлекет қайраткері жəне ойшыл, туабітті ұйымдастырушы президент Нұрсұлтан Назарбаевтың жəне оның ең ауқымды жоспарларды жүзеге асыра-

Еліне елеулі Елбасы тын қабілетінің арқасында əлемдік саясатта Шығыстың Қазақстан атты жаңа бір жарық жұлдызы жарқ еткен. Қазақстанның ең ұлы жетістігі мемлекеттің базалық басымдықтар жүйесіндегі басты артықшылығы бейбітшілік пен бірлікте. Əлем де күні бүгін сол жетістіктерді көріп, толықтай мойындап отыр. Қазақстанда 130 ұлттың өкілдері өмір сүреді. Солардың бəрі бір-бірін дос, бауыр санайды. Өз отандарының игілігі үшін бірлесе еңбек етеді. Барлық дəуірлерде саяси басшысының ұлылығы қоғамды біріктіре алуымен бағамдалған. Бірлік – мемлекеттің тірегі. Тек бейбітшілік пен өзара түсіністік орын алған қоғам ғана дами алады. Алайда бір нəрсені мойындау лəзім. Қоғамды біріктіре алған саясаткер басқа да ұлы міндеттерді жүзеге асыруға қабілетті.

Еліне елеулі Елбасы
Нұрсұлтан Назарбаевтың тиімді, ырғақты жəне болашағы ке-
мел ұлттық саясаты Қазақстандағы бейбітшілік пен тұрақтылық-
ты қамтамасыз етті. Əлі де солай жалғаса бермек. Қазақстанның

осынау ұлы жетістігі көптеген елдер үшін үлгіге айналып, мұқият
зерттелуде. Осынау жемісті саясатты жүзеге асыруда, яғни біртұтас
ұлт қалыптастыруда 1995 жылдың 1-наурызында Қазақстан Прези-
денті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен құрылған Қазақстан

халықтарының Ассамблеясының үлкен ролі бар.
Қазақстан халықтарының Ассамблеясын құру туралы бастама-
ны Нұрсұлтан Назарбаев алғаш рет 1992 жылы Қазақстан халық-
тарының бірінші форумында көтерген. Сол арқылы əлемде тең-

десі жоқ жəне заманауи тарихқа қазірдің өзінде этникааралық тұ-
тастықтың тиімді тəсілі түрінде енген ерекше азаматтық институт-
тың іргетасы қаланды.
Қазақстан халықтары Ассамблеясының ерекшелігі – оның конс-

титуциялық статусында. Көптеген одақтас республикаларда осын-
дай халық ассамблеялары құрылып, жұмысын жалғастырып жа-
тыр. Алайда солардың ішінде конституциялық орган деңгейіне кө-
теріліп, Сенатқа жəне Парламентке сайлану құқығына ие болған

қазақстандық халық ассамблеясы ғана. Парламент мəжілісінің то-
ғыз мүшесі Қазақстан Халықтары ассамблеясына сайланады. Ал
Сенат депутаттарының бір бөлігі Ассамблеямен ақылдасқаннан ке-
йін ғана тағайындалады. Тек Қазақстанда ғана Халық Ассамблеясын

мемлекет басшысы басқарады. Осының бəрі Ассамблеяның саяси
жүйенің маңызды субъектісі екенін көрсетеді. Əрі ол қоғамдық тұ-
рақтылықты, ұлтаралық келісімді, қазақстандық азаматтықты жəне
жалпықазақстандық патриотизмді қалыптастырудың негізгі тетігі

болып табылады. Ондағы біріктіруші роль қазақ халқына тиесілі.

Еліне елеулі Елбасы

Еліне елеулі Елбасы

Еліне елеулі Елбасы

Еліне елеулі Елбасы
Сондай-ақ басқа мемлекеттерде мұндай институттар халықтар
ассамблеясы деп аталса, оның Қазақстандағы атауы – Халық Ассам-
блеясы. Өйткені қазақ жерінде тұрмыс кешіп жатқан əр ұлт са-

нына, этникалық жəне діни айырмасына қарамастан біртұтас Қа-
зақстан халқының бір бөлшегі болып табылады.
Қазақстан халқы ассамблеясының құрылымы – көпдеңгейлі. Оның
құрамына Қазақстан Халық Ассамблеясының басқармаларынан бас-

қа ассамблеялар сессиясы, ассамблеялар кеңесі, ассамблея аппа-
раты (хатшылығы) енеді. Олардың бəрі облыстық, республикалық
маңыздағы қалалар мен астанадағы ассамблеяларда да бар. Барлық

Еліне елеулі Елбасы
деңгейдегі ассамблеялардың құрамы этномəдени жəне басқа да
қоғамдық бірлестіктер, мемлекеттік орган өкілдері мен басқа да
азаматтардан тұрады. Ассамблея мүшелерін таңдауда азаматтар-

дың белсенді позициясы мен қоғамдағы беделі есепке алынады.
Қазақстан халқы ассамблеясының жоғарғы органы – ассамблея сес-
сиясы. Оның барлық шешімдерін барлық мемлекеттік органдар
қарауға жəне орындауға міндетті.

Қазақстан Конституциясы берген өкілеттілікті пайдаланып, ұлт
көшбасшысының жеке қолдауына сүйеніп жəне өз Отанын сүйе-
тін мақсаткер адамдардың белсенді əрекеттерінің арқасында Ас-
самблея өткен жылдарда этника жəне мəдениетаралық қарым-қа-

тынастардың орталығына айналып, Қазақстан қоғамындағы дос-
тықты, бейбітшілік пен тұрақтылықты нығайтты.
Қазақстан Ассамблеясы əртүрлі этностардың мəдениетін сақтап,
дамытуға жəне қайта өрлетуге үлкен көңіл бөледі. Елдің жалпы

білім беретін 126 мектебінде 22 ұлттың өкілдері өзінің туған ті-
лінде оқиды. 76 жалпы білім беретін мектепте ана тілді оқыту
факультативті тұрғыда немесе үйірмелерде жүргізіледі. Оған қоса
195 мамандандырылған лингвистика орталықтарында балалармен

қоса ересектер де 30 этностың тілін үйрене алады. Ел 23 республи-
калық жəне 47 аймақтық ұлттық мəдени орталықтар жұмыс істейді.
Қазақстан тек посткеңестік аймақта ғана емес, сондай-ақ тұтас
əлемдегі ұлттық театрлар, достық үйлері мен бұқаралық ақпарат

құралдары мемлекет қазынасынан қаржыландыратын бірден-бір
ел. Мемлекеттің қолдауының арқасында Қазақстанда 8 театрдың
сахнасында əртүрлі этностардың тілін ести аласыз. 15 ұлттық тілде

Еліне елеулі Елбасы
газет-журналдар шығарылады. 44 телестудия 12 тілде жəне 18 ра-
диостанция сегіз тілде хабар таратады. Мемлекет 470-тен астам
ұлттық мəдени бірлестіктердің қызметіне қолдау көрсетіп отыр.

Олардың əрқайсысының өз этнографиялық ұжымы бар.
Бүкіл қазақстандықтар белсенді түрде атап өтетін наурыз, са-
бантой, Қазақстан халықтарының бірлігі күні, Қазақстан халық-
тарының тілдер күні сияқты мерекелермен қоса елді мекендейтін

əр ұлт өзінің тəуелсіздік алғаннан бері пайда болған шараларын
атап өтеді. Бұл мерекелерге əдетте басқа этностардың көптеген
өкілдері шақыртылады. Қазақстанда тұратын барлық ұлттардың
бір-бірінің жалпыұлттық салтанаттары мен мерекелеріне қатысуы

рухани бірлікке, басқалардың мəдениетін, дəстүрі мен əдет-ғұрпын

Еліне елеулі Елбасы

Еліне елеулі Елбасы

Еліне елеулі Елбасы көбірек біліп, достық пен Қазақстанның көпұлтты халқының өзара келісімін нығайтуға ықпал етеді. Қазақстан халқының Ассамблеясы Қазақстанның мемлекеттік тілі қазақ тілін нығайтуға ерекше көңіл бөледі. Бұл тілге қазақстандық патриотизм мен ұлттық ерекшеліктің негізі болу миссиясы жүктелген. Ассамблеяның жұмысының арқасында қазақстандық қоғамда оны үйренудің қажеттілігі барған сайын айқындала түсуде. Мəселе қаншалықты актуальды болса да Қазақстанның тіл саясатын жүзеге асыру саласында ешқандай əкімшілік қысымға жəне бюрократтық əрекеттерге жол берілмейді. Ел азаматтарының, əсіресе жастардың мемлекеттік тілді игеруге деген табиғи құлқы арта түсуде. Бұл жердегі шаруа адамдардың құлқын оятуға бағыттал-

Еліне елеулі Елбасы
ған. Қысқасы, бұл жердегі тілдік саясатты Нұрсұлтан Əбішұлы
Назарбаевтың мына бір терең ойы нақтылап тұрғандай: «Тілді
үйрену үшін оған алдымен жүрегің ашық болу керек». Мұндай

саясат өз жемісін беруде. Бүгін көптеген студенттер мен əртүрлі
ұлт өкілдерінің балаларының Абай тілін меңгергендігі соншалық-
ты, оларды қазақ отбасында тəрбиеленген бе деп қалғандайсың.
Ұлт көшбасшысы қалыптастырып ұлттық саясатқа айналдырған

«Бір ел – бір тағдыр, əртүрлі тек – бірдей мүмкіндіктер» ұстанымы
да өз күшінде. Осынау қамқорлықтың арқасында ұлы филосо-
фиялық ұстанымдар өмірдің шындығына айналып отыр. Қазақстан
130-дан астам ұлт өкілдері бейбіт əрі келісім жағдайында өмір

сүретін үлкен де бақытты отбасы ғана емес, сондай-ақ азаматтық
ынтымақ пен төзімділіктің эталонына да айналған. Оның үстіне ішкі
саяси тұрақтылықтың арқасында Қазақстан дінаралық тату қоғам-
ға айналып, онда əлемдік деңгейдегі əртүрлі діндер мен конфес-

сиялар өзара диалогқа түсуде.
Қазақстан бүгінде бүкіл əлемдік жəне дəстүрлі діндер мен кон-
фессиялардың рухани көсемдерін дөңгелек үстел басына жинай
алған планетадағы бірден-бір ел атанды.

2003 жылдың қыркүйек айында Нұрсұлтан Назарбаевтың баста-
масымен Астанада əлемдік жəне дəстүрлі ұлттық діндердің съезі
өткізілді. Мұндай ұсынысқа дүние жүзінің беделді рухани көсем-
дері құлықпен атсалысты. Олар Астанаға жиналып, тіпті бұрын

бір-бірімен қол алысып амандасуды ар санайтын тұлғалар да бетпе-
бет кездесті. Бүгінгі өмірдің ақиқаты осындай. Сол адамдар бас-
қосумен бірге əлемдегі даулы оқиғалардың шешімін табуға да

Еліне елеулі Елбасы

Еліне елеулі Елбасы

Еліне елеулі Елбасы
тырысты. Соған орай кейбір писсимистердің мəдениеттердің жа-
қындасуы – утопия ғана деген пікірі жоққа шығарылды.
2003 жылдан бастап бүгінге дейін Қазақстанда əлемдік жəне дəс-

түрлі ұлттық діндердің үш бірдей съезі өткізілді. 2012 жылдың
30-31 мамырында Астанада кезекті төртінші форум ашылды. Оның
басты нəтижесі соның алдындағы форумдар тəжірибесіне негіздел-
ді. Осының өзі-ақ əртүрлі ұстанымдарына қарамастан барлық дін

өкілдерінің бейбітшілік пен ынтымаққа ұмтылатынын көрсетті.
Діндердің бір-біріне деген осындай жақындасу ниетіне кедергі кел-
тіретін де ештеңе жоқ. Осынау игілікті мақсатты жүзеге асыру үшін
оларға саяси басшылардың игі ниеті ғана қажет. Өйткені діни қай-

раткерлер қаншалықты құдыретті, қаншалықты күшті болса да

Еліне елеулі Елбасы олардың бұл орайдағы жалаң əрекеті ешқандай нəтиже бермейді. Ол үшін алдымен əлемдік қауымдастықтың ықпалды саяси субъектілері деңгейіндегі қолдау қажет. Бірде бір беделді форум, съезд немесе саммит өз бетінше өткізілмейді. Сондықтан Нұрсұлтан Назарбаевтың барлық əлемдік жəне дəстүрлі діндер мен конфессиялар басшыларын бір үстел басына жинау ниеті басқа саяси көсемдер үшін де үлгі болуға тиіс. Əрі ол Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың адам тағдырына асқан жауапкершілікпен қарайтынын көрсетеді. Өркениетаралық жəне мəдениетаралық диалог өткізгені үшін əлемнің барлық беделді саясаткерлері, мемлекет жəне үкімет басшылары Нұрсұлтан Назарбаевқа шексіз алғысын білдіруде. Осының өзі-ақ діндер мен мəдениеттер арасындағы позитивті қарымқатынастар орнату ниетінің маңыздылығын жəне актуальдылығын көрсетеді. Сол арқылы жер бетіндегі бейбітшілік пен тұрақтылық қалыптаспақ. Алайда, жалғыз ниетпен ғана нəтижеге жету де мүмкін емес. Жаңа көпполярлы дүние тұрақты болуға тиіс. Ал егер барлық саяси басшылар осы процеске белсенді түрде қатысса, əлемдегі барлық халықтар оңтайлы дамып, игілікке кенеледі. Егер ағымдағы ғасырда алдыңғы қатарлы адамдар барлық діндер мен конфессия өкілдерін өзара төзімділікке жетелей алса, осындай ортақ сенімнің арқасында жер планетасын мекендейтін барлық адамдар арасында бейбітшілік пен ынтымақ орын алмақ. Бұл орайда Нұрсұлтан Назарбаевтың саяси көрегендігінің арқасында мүмкін болған əлемдік жəне дəстүрлі діндер басшыларының съезінің ортақ іске қосар үлесі де қомақты болмақ. Егер мемлекетті құрылыс бітімі деп алсақ, онда халықаралық терроризм, саяси жəне діни экстремизм, есірткі трафигі, экономикадағы

Еліне елеулі Елбасы

Еліне елеулі Елбасы

Еліне елеулі Елбасы
дағдарысты құбылыстар мен басқа да апатты жағдайларды оған
қауіп төндірген дауыл десе болады. Ондай алапат стихияларға
жəне оның салдары іспетті əлеуметтік апаттарға саяси жəне эко-

номикалық тұрақтылыққа ие мемлекеттер ғана шыдас бере ала-
ды. Ұлттық мүдделер мен қауіпсіздікті қамтамасыз ететін ішкі
жəне сыртқы механизмдердің бары белгілі. Осы аксиомаға сүйен-
ген Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан тəуелсіздігінің алғашқы күнде-

рінен бастап тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуді мем-
лекеттік саясаттың басым бағытының бірі етіп қойды.
Нұрсұлтан Назарбаевтың тағы да бір саяси кемеңгерлігі мынада:
ол өз мемлекетіндегі саяси жəне экономикалық тұрақтылықтың өз

аймағындағы, құрлығындағы жəне тұтастай əлемдегі мемлекеттердің

Еліне елеулі Елбасы тұрақтылығына байланысты екенін көп саясаткерлерден бұрын түсінді. Ақиқатында, заманауи мемлекеттің дамуының диалектикасы болып табылатын осы философияға сүйене отырып, Нұрсұлтан Назарбаев қайта құрудың соңғы кезеңінің өзінде КСРО-ның түптің түбінде ыдырайтынын түйсінді. Сондықтан бірыңғай экономикалық кеңістікті сақтап қалуға қажеттінің бəрін жасап бақты. Ондаған жылдар дəргейінде қалыптасқан шаруашылық байланысты үзіп алмас үшін одақтас республикалар басшыларына үндеу тастады. Ол кезде Нұрсұлтан Əбішұлы Назарбаев республикалар арасындағы қарым-қатынас қаншалықты сақталса, экономикалық реформаларды жүргізудің де жеңіл болатынын ескерткен. Ал Кеңестер Одағы күйрегеннен кейін Қазақстан Президенті тəуелсіз Қазақстанды құру жəне нығайту бағытындағы ауқымды да күрделі міндеттерді жүзеге асырды. Оның экономикалық қуатын қалыптастырып, қоғамдағы бірлік пен татулықты сақтай білді. Бұрынғы

Еліне елеулі Елбасы
республикалар арасындағы мемлекетаралық экономикалық ынты-
мақты жаңа негізде жалғастырудың тетіктерін іздестірді.
Посткеңестік ауқымдағы ТМД, ОДКБ, ШОС, СВМДА, ЕврАзэс

сияқты интеграциялық бірлестіктердің бəрі де осы Нұрсұлтан
Əбішұлы Назарбаевтың табанды талабының арқасында туындады.
Қазақстанның халықаралық аренадағы даму векторларын тура
белгілеп, елдердің географиялық орынын, геосаяси жағдайын жəне

ұлттық мүдделерін, сондай-ақ тарихи-мəдени байланыстар, жал-
пы адами құндылықтар мен мүдделердің сəйкестігі сияқты фак-
торларды ескере отырып, Нұрсұлтан Назарбаев өз мемлекетінің
əлемнің барлық елдерімен достық байланысын нығайта білді.

Осындай теңестірілген жəне ойластырылған сыртқы саясаттың нə-
тижесінде Еуропа елдерімен, түркі тілдес мемлекеттермен, ҚХР-
мен, АҚШ-пен, Үндістанмен, араб жəне афроазиялық мемлекет-
термен арада достық қарым-қатынастар орнады.

Еліне елеулі Елбасы
Əлбетте, Қазақстан басшысының анағұрлым маңызды инте-
грациялы идеяларының бірі – Нұрсұлтан Əбішұлы Назарбаев со-
нау 1994 жылы М.В.Ломоносов атындағы Мəскеу мемлекеттік

университетінің қабырғасында айтқан Еуразиялық одақ жобасы.
Посткеңестік ауқымдағы одан соңғы барлық интеграциялық бір-
лестіктер мен құрылымдардың негізі де осы идеяға сай жаса-
лынды. Бұл орайда 2011 жылдың соңы мен 2012 жылдың басында

Кеден одағы мен Қазақстан, Ресей жəне Беларусь арасындағы
бірыңғай экономикалық кеңістік құруды бастау əрекеттерінің ма-
ңызы ерекше. Ал Кеден одағы комиссиясы түріндегі ұлттық орган-
ның құрылуы – Кеңестер Одағы ыдырағаннан кейінгі ең ауқымды

геосаяси əрекеттердің бірегейі болып табылатын. Оның үстіне қа-
зір жоғарыда аталған үш мемлекеттің заңшығарушылары еуразия-
лық парламент құру жөнінде белсенді жұмыстар жүргізуде.

Еліне елеулі Елбасы
Бүгінде шығу тегі Нұрсұлтан Назарбаевпен тығыз байланысты-
рылатын Еуразиялық одақ бұрынғы Кеңестер Одағы елдерінің
миллиондаған адамдарының аузында. Қазақстан, Ресей мен Бе-

ларусь тарапынан жасалынған осы бағыттағы алғашқы қадамдар
ортақ рыногы бар шын мəнісіндегі интеграциялық əрі ыңғайлы
аймақ болмақ. Кеден одағы мен бірыңғай экономикалық кеңістіктің
қақпасы ТМД-ның барлық елдері үшін ашық. Осынау интеграция-

лық бірлестіктерге ену кез келген саяси басшының өз отандастарын
қамқорлығына алуы болып табылады.
Нұрсұлтан Назарбаевтың посткеңестік мемлекеттерді бір-біріне
жақындастыру идеясы барша қиындықтарға қарамастан алға ба-

суда. Өйткені онда миллиондаған адамдардың шынайы үміті мен
мақсаты жатыр. Бұрынғы Кеңестер Одағының аймағында қуатты

Еліне елеулі Елбасы
саяси жəне экономикалық бірлестік – Еуразиялық одақтың құры-
лар күні де алыс емес. Сол арқылы біздің елдеріміздің көптеген
тұрғындарының тұрмысы жақсарып, гүлдене түспек.

Əлем таныған саясаткер есебінде Нұрсұлтан Əбішұлы Назар-
баев халықаралық аренадағы өзара тиімді интеграциялық процес-
терді дамыта білуімен əйгілі. Азиядағы өзара ықпалдастық жөнін-
дегі ынтымақ форумы сияқты халықаралық беделді шаралар Қа-

зақстан басшысының халықаралық интеграциялық инициативала-
рының бірі болып табылады.
СВМДА құру туралы алғашқы ұсыныс Нұрсұлтан Назарбаевтың
аузынан Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының 1992 жыл-

дың қазан айында өткен 47-сессиясында айтылды. Сол жолы атал-
мыш идеяны Азияның 16 жетекші мемлекеті қолдады. Қазір Азия-
дағы өзара ықпалдастық жөніндегі ынтымақ форумы терроризм
қатерін жоюға, діндер мен мəдениеттер арасындағы диалогты да-

мытып, Азия құрлығындағы бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтау
бағытына қосылған өлшеусіз үлес болып отыр.
Қазір СВМДА-ға Əзербайжан, Бахрейн, Ауғанстан, Вьетнам, Мы-
сыр, Израиль, Үндістан, Иран, Иордания, Қазақстан, Қырғызстан,

Қытай, Моңғолия, Араб əмірліктері, Пəкістан, Палестина, Корея
Республикасы, Ресей, Тəжікстан, Таиланд, Түркия мен Өзбекстан
сияқты 22 мемлекет мүше. Олардың жалпы халқын қосып есеп-
тегенде 3 миллиард адамнан асады. Біріккен Ұлттар Ұйымының

2007 жылдың 12-қарашасындағы Бас Ассамблеясының 62-ші сес-
сиясының шешімімен СВМДА-ға Біріккен Ұлттар Ұйымының ба-
қылаушысы мəртебесі берілді. Біріккен Ұлттар Ұйымы, ОБСЕ мен

Еліне елеулі Елбасы

Еліне елеулі Елбасы

Еліне елеулі Елбасы
Араб мемлекеттерінің лигасы сияқты мəртебелі ұйымдармен бір-
ге СВМДА-ның да халықаралық қауіпсіздіктің маңызды сигменті
есебінде мойындалуы көп нəрседен хабар беруге тиіс.

Қазақстанның сыртқы саясаттағы нақты жетістіктерінің бірі –
2010 жылы ОБСЕ-ге қатысушы елдерге төрағалық етуі. Қазақстан-
ның Еуропадағы көптеген елдерді біріктіріп отырған ірі ұйымға
төрағалық етуінде Нұрсұлтан Назарбаевтың халықаралық беде-

лінің үлкен ықпалы бар. Нұрсұлтан Назарбаев аймақтық жəне
халықаралық деңгейде төзімділік, этникааралық бейбітшілік пен
конфессияаралық келісім қалыптастыруда көптеген елеулі қадам-
дар жасады.

Қазақстан Республикасының ОБСЕ-ге төрағалық етуі шын мə-
нісінде үлкен тарихи оқиға болды. Шын мəнісінде Қазақстан пост-
кеңестік мемлекеттер арасында тұңғыш болып Еуропадағы қауіп-
сіздік пен ынтымақтастықты сақтау ұйымына төрағалық етті. Он

бір жылдан кейін тұңғыш рет ОБСЕ-нің Саммиті Астанада өткен.
Оған 73 делегация қатысты. Ұйым құрылғаннан бері қатысушылар
саны ешқашан мұндай рекордты межеге жеткен емес. Сондай-ақ
көптеген халықаралық сарапшылардың айтуынша, Қазақстан ұйым-

ға төрағалық еткен кезде Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың бас-
тамасымен ОБСЕ-ні реформалау туралы ұсыныстар айтылды. Сөй-
тіп, ұйымның қызметінде жаңа кезең басталды.
Ұйымға төрағалық еткен бір жылдың ішінде Қазақстан көптеген

беделді шаралар өткізді. Онда əскери-саяси, экономикалық жəне
əлеуметтік гуманитарлық бағыттағы көптеген мəселелер талқы-
ланды. Ұйымның құрылымдық ұйымдастырушылық проблемасы-
на байланысты көптеген нақты ұсыныстар əзірленді.

Осынау шаралар барысында Қазақстан ОБСЕ жауапкершілігі
ауқымындағы тұрақтылық пен қауіпсіздікті қолдауға байланысты

Еліне елеулі Елбасы
көптеген бастамалар көтерді. Қауіпсіздік, терроризм қатерінің ал-
дын алу, ядролық қаруды таратпау, заңсыз есірткі айналымын тыю
сияқты жалпы мəселелерді шешу үшін ұйымға қатысушы елдер-

дің күш-жігерін біріктіруге үлкен көңіл бөлінді.
Қазақстан Ауғанстандағы жағдайға байланысты ОБСЕ-ге қаты-
сушы елдерге осы елдегі əлеуметтік-экономикалық ахуалды қал-
пына келтіруге бірлесе көмектесуге, сондай-ақ оның көрші мемле-

кеттермен шекарасын нығайтуға ұсыныс жасады.
Сондай-ақ Таулы Карабах жанжалын бейбіт реттеуге бағыттал-
ған шаралардың «жол картасын» жүзе асыру үшін Арменияның
жəне Əзербайжанның саяси басшыларымен маңызды кездесулер өт-

кізілді. Бұл бағытта Қазақстан ауқымды жұмыстар жүргізді.
Приднестровье проблемасын бейбіт жүйеге келтіру үшін Қа-
зақстан өзінің мойнына ұйымдастырушылық міндеттер жүктеп,
5+2 форматындағы Ресей мен Украина кепілі есебінде қатысатын

келісімдерді қайта жүргізуді қолға алды. Онда ОБСЕ – араделдал,
ал АҚШ пен Еуропалық одақ бақылаушы міндетін атқарды.
Қырғызстандағы қарулы жанжалдарды тоқтатып, саяси дағда-
рысты шешуде Нұрсұлтан Назарбаев пен Қазақстанның көп күш-

жігер жұмсағаны белгілі. ОБСЕ төрағасы есебінде Қазақстан өз
əрекеттерін Біріккен Ұлттар Ұйымымен, Еуроодақпен, ОДКБ-мен,
Ресеймен, АҚШ-пен жəне басқа да елдермен бірлестіре отырып
көрші елдегі қоғамдық-саяси жағдайды тұрақтандыру бағытында

елеулі қадамдар жасады.
Бұл жерде бір нəрсені ескерте кету керек. Қазақстан Қырғыз-
станға ОБСЕ тұрғысынан ғана қолдау көрсетіп қойған жоқ. Өзінің
жеке резервінен гуманитарлық көмектер де көрсетті. Сол қиын

шақта Қазақстаннан көрші елге 1800 тонна күріш, 128 тонна

Еліне елеулі Елбасы

Еліне елеулі Елбасы

Еліне елеулі Елбасы
қарақұмық, 184 тонна металл шифер, 29 вагон ағаш материалы
жіберілді. Оған қоса Қырғызстан аграрилеріне көктемгі дала жұ-
мыстарын жүргізу үшін тұқым, тыңайтқыш пен жанар-жағармай

материалдары берілді.
Осынау Евразия мен бүкіл əлемнің бейбітшілігі мен жалпы игі-
лігі жолындағы сауапты жұмыстардың бəрі де Астанада 2010 жыл-
дың 1-2-желтоқсанында өткен Еуропадағы қауіпсіздік пен ынты-

мақтастық ұйымының Саммиті ауқымында жүзеге асты.
ОБСЕ-ні ықпалды халықаралық ұйым, ал ұйымды əлемдегі бү-
кіл саяси жағдайға ықпал ете алатын тетік есебінде қарастырған
Нұрсұлтан Назарбаев елдің төрағалығын пайдаланып, ОБСЕ-нің

алдында тұрған позитивті шаруалар ауқымын да кеңейте білді.

Еліне елеулі Елбасы
Осы мақсатта ұйымның бүкіл потенциалын тиімді пайдаланды.
Осындай мақсатпен Қазақстан басшысы жаһандық қауіпсіздіктің
гуманитарлы ынтымақ принциптеріне негізделген жаңа тұжырым-

дамасын ұсынды. Қазақстан Президенті ОБСЕ-ні бастапқы мақса-
тына қайта бағыттау үшін оның құрылымын нығайту керек деген.
Сол арқылы ұйым шын мəнісіндегі ынтымақ пен қауіпсіздік мəсе-
лелеріне байланысты оңтайлы шешімдердің ыңғайлы алаңына ай-

нала алатын. Осы тұрғыдан Нұрсұлтан Назарбаев ОБСЕ құрылы-
мына энергетикалық қауіпсіздік жəне экономикалық өзара əрекет-
тестік жөніндегі кеңестер қосуды ұсынды. Ал Назарбаевтың ұсы-
нысына сəйкес қоршаған орта саласы бойынша ОБСЕ-нің эколо-

гиялық форумы құрылуға тиісті болатын. Осы шаралардың бəрі
де ұйым жұмысының тиімділігін арттырып, заманауи қауіп-қа-
терлердің бəрінің алдын алуға ықпал ететін.

Еліне елеулі Елбасы
Сондай-ақ Саммитте Президент Нұрсұлтан Назарбаев діни тө-
зімділікті нығайтуға, қауіпсіздіктің əртүрлі саласына болжамдар
жүргізу, қатысушы мемлекеттер аймағында ОБСЕ-нің құрылым-

дарын енгізу туралы ұсыныстар жасады.
Діни төзімділікті нығайтып, ОБСЕ-нің ашық та таза диалогын
дамыту үшін Қазақстанда өткізілетін əлемдік жəне дəстүрлі дін-
дердің съезін пайдалану туралы ұсыныстар да айтылды.

Қауіпсіздік проблемаларын болжау жөніндегі жұмыстардың ал-
ғашқы қадамы есебінде Астанада орын тебуі мүмкін ОБСЕ-нің
қауіпсіздік институтын құру туралы да ұсыныстар болған.
ОБСЕ-нің əртүрлі құрылымдарын ОБСЕ-ге қатысушы əртүрлі

мемлекеттердің аймағында, оның ішінде Азия құрлығындағы ел-
дерде валюталық-қаржылық, дінаралық жəне болжамды талдау-
дың жаңа институттары түрінде орналастыру керегі де айтылған.
Əлбетте, жаңа идеяларды жүзеге асыру процесі қашанда күрделі

болмақ. Алайда Астана Саммиті ОБСЕ-нің даму бағытының жаңа
векторын ашып берді. Саммитте «21-ші ғасырды қауіпсіз қарсы алу
туралы» Астана декларациясы қабылданды. Осының бəрі жұмыс-
тың нəтижелілігін көрсетеді.

Осының бəрінің нақты қорытындысы мынадай: Қазақстанның
ОБСЕ-ге төрағалық етуі жəне Нұрсұлтан Назарбаевтың Астана
Саммитінде көтерген бастамалары Еуразия құрлығындағы интегра-
циялық процестердің инициаторы есебіндегі Қазақстанның беде-

лінің артуында үлкен роль атқарды. Сондай-ақ Қазақстан дипло-
матиясының ықпалының өсіп келе жатқанын көрсетті.

Еліне елеулі Елбасы
Президент Нұрсұлтан Назарбаев жастардың білім деңгейін кө-
теруге үлкен маңыз береді. Елде жас ұрпақты ырғақты дамытуға
қажетті барлық негіздер жасалынған. 150 жоғарғы оқу орны, тех-

никалық жəне кəсіби білім беретін 306 мекеме мен 480 колледж
жұмыс істейді.
Посткеңестік дүниенің басқа елдеріндегідей емес, Қазақстанда
мемлекеттің негізін нығайтып, оның экономикалық қуатын артты-

руға жастардың алдыңғы бөлігі көптеп тартылған. Олардың көбі
Нұрсұлтан Назарбаевтың арқасында əлемнің үздік университет-
терінде білім алды. Əрі жастар Қазақстанның əр аймағынан таңдал-
ды. Тəуелсіздіктің алғашқы жылдарының қиындығына қарамастан

Қазақстан Президенті данышпан шешім қабылдап, Қазақстанның
ең дарынды жастарын əлемнің беделді оқу орындарында оқыту
үшін арнайы білім беретін «Болашақ» стипендиясын белгіледі.
1992 жылы Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен құ-

рылған «Болашақ» бағдарламасы бүгінде Қазақстанның жүзеге асқан

Еліне елеулі Елбасы
ең үздік жобаларының бірі саналады. Əлемнің бірде бір елінде
жоқ мұндай бағдарлама Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың əлеу-
меттік модернизация бағытындағы маңызды ниеттерін жүзеге асы-

рады. Осы бағдарлама ауқымында оқыған жастар арқылы Қазақ-
станда əлем елдерінің үздік тəжірибелері іске қосылмақ. Оған қоса
«Болашақ» бағдарламасы іскер жəне прогрессивті интеллигенция-
ның басты ұстаханасы болып табылады. Таяудағы болашақта ел-

ді одан əрі модернизациялайтын қауқарлы тетік те сол болмақ.
Бағдарлама белгіленгеннен бері жиырма мыңнан астам жас ма-
ман даярланды. «Болашақ» бағдарламасы жаңаша қарқын алған
2005 жылдан бастап жыл сайын əлемнің жетекші 27 университетіне

дарынды қазақ жастары арасынан үш мың шəкірт оқуға жіберіледі.
Ұлт көшбасшысы қазақстандықтардың жаңа буынын даярлай-
тын тəлімгерлерге ерекше қамқорлық жасайды. Нұрсұлтан Əбіш-
ұлы Назарбаевтың жеке бастамасымен «Үздік мұғалім» жəне «Үздік

дəріскер» мемлекеттік стипендиялары белгіленді. Жыл сайын жо-
ғарғы оқу орындарының 200 оқытушысы мен 100 мектеп мұғалімі
ғылыми-зерттеу жүргізіп, жыл бойы педагогикалық шеберлігін же-
тілдіру үшін мемлекеттік гранттар алады. Оның ішінде шетелде

өтетін тəжірибе алмасу да бар. 2011-2012 оқу жылдары қарсаңында
Қазақстанда мұғалімдердің еңбекақысы көтерілді. Ал жоғарғы ка-
тегориялы мұғалімдер жалақысы екі есе өсті.
Қазақстан Республикасында Білім саласын дамыту мемлекеттік

саясаттың стратегиялық бағыттарының бірі болып табылады. Қиын-
қыстау тоқсаныншы жылдардың өзінде Президент Нұрсұлтан
Назарбаевтың бастамасымен ерекше жалпы білім беретін, əлемде

Еліне елеулі Елбасы
теңдесі жоқ жобалар іске қосылды. Елде «Болашақ» жобасынан
басқа дарынды балаларға арналған президенттік «Балапан», «Да-
рын», «Қазақстан балалары» бағдарламалары жүзеге асырыла бас-

тады. Оларда оқу-тəрбие процесін тиімді жүргізу арқылы жан-
жақты дамыған жəне дербес ойлай білетін, білімі мен өмір таны-
мы кең, азаматтық позициясы берік ұрпақ тəрбиелеу жағы қа-
растырылған.

Осы жылдар ішінде білім беру жүйесі кең ауқымда реформа-
ланып, іс жүзінде жаңа заңдық база қалыптастырылды.
Осы қайта құрулардың нəтижесінде жаңа мыңжылдықтың ба-
сында орта, кəсіби-техникалық жəне жоғарғы білім беру салала-

рында айтарлықтай табыстарға қол жеткізілді.
Қазақстан Президенті тұрақты түрде көңіл бөліп, қамқорлығына
алып отырған білім беру саласы мен жалпы білім беру процесін
модернизациялауда өткен жылдары қыруар жұмыстар жүргізіл-

ді. Соның арқасында білім беру саласы толықтай реформаланып,

Еліне елеулі Елбасы
түбегейлі жаңартылды. Елдегі жұмыс істейтін барлық мектептер
жаңадан салынды немесе күрделі жөндеуден өткізілді. Олардың
бəрі тиісті материалдық-техникалық базамен қамтамасыз етіліп,

заманауи оқу-зертханалық құралдармен жабдықтандырылды. Қа-
зақстан 2001 жылдың өзінде ТМД елдері арасында ең алғашқы бо-
лып барлық мектептерін компьютерлендірді. Қазір мектептердің
98 пайызы, оның ішінде селолық мектептердің 97 пайызы ғалам-

торға қосылған.
Сəйкес зерттеулер бойынша Қазақстан білім беру саласын ре-
формалау жəне əлемдік білім беру жүйесіне интеграциялану жө-
нінен посткеңестік елдер арасында бірінші орында.

Қазақстан ТМД елдерінің бəрінен де бұрын əлемде танымал-
дылыққа ие жоғарғы жəне жоғарғы оқу орнынан кейінгі білім кө-
терудің үшдеңгейлі жүйесіне көшіп, Орта Азия мемлекеттері ара-
сында алғаш болып еуропалық білім беру кеңістігінің толыққанды

мүшесіне айналды.
ЮНЕСКО деректеріне сəйкес, Қазақстан қазір білім беруді да-
мыту индексі бойынша əлемнің 29 елінің арасында төртінші орын-
да тұр. Осы көрсеткіштері арқылы ол ТМД-ның Беларусь (26-шы

орын), Грузия (30-шы орын), Қырғызстан (42-ші орын), Өзбекстан
(48-ші орын), Украина (53-ші орын) сияқты елдерін артқа тастап
кетті.
Қазақстан Президентінің бастамасымен Астана қаласында əлем-

дік деңгейдегі мəртебелі жоғарғы оқу орны ашылды. Оқу орны
«Назарбаев университеті» деп аталады.
«Назарбаев университеті» отандық білім беру жүйесінің флаг-
маны саналады. Өйткені оның дамуы басқа университеттердің де

Еліне елеулі Елбасы
жаңа деңгейге көтерілуіне ықпал етпек. Университет қабырғасында
əлемнің жетекші ғылыми орталықтарының ғалымдары мен про-
фессорлары жұмыс істейді.

Университетте биологияның, инженерия мен химияның ғылы-
ми мектептері бар. Онда студенттер əлемнің ең алдыңғы қатарлы
оқу орындарына сəйкес білім алады.

Еліне елеулі Елбасы
Кереметі сонда, оның көптеген оқытушылары – «Болашақ» бағ-
дарламасының түлектері. Ал университет студенттері арасында
алдыңғы қатарлы мектептердің шəкірттері көп.

«Назарбаев университеті» əлемге танымал Гарвард универси-
теті, Питсбург университеті, Дьюк университеті, Ли Куан Юдың
мемлекеттік саясат мектебі, Висконсин-Мэдисон, Лондон универ-
ситеті, Берклидегі Лоренцтің Ұлттық зертханасы, Аргон Ұлттық

зертханасы, Пенсильвания университеті сияқты оқу орындарымен
тығыз байланыста.
Қазақстандық мектеп оқушыларының табыстары да таң қалды-
рады. Олар халықаралық пəн олимпиадаларында көптеген медаль-

дар жеңіп алды.
Мектептер арасында «Назарбаевтың интеллектуалды мектебі» өзі-
нің дарынды балаларымен əйгілі. Қазір елде осындай алты мектеп
бар. Мемлекет басшысының тапсырмасына орай, таяудағы жыл-

дары олардың саны жиырмаға жеткізілмек. Президент Нұрсұлтан

Еліне елеулі Елбасы
Назарбаев атап көрсеткендей, бұл мектептер Қазщақстанның ин-
теллектуалды элитасын тəрбиелеудің іргетасы жəне қазақстандық
барлық мектептер үшін болашақтың үлгісі болмақ.

Мемлекеттік бағдарламаларға сəйкес, ұлттық білім беру жүйе-
сін модернизациялау жалғасты түрде жүргізілуде.
2011 жыл білім беру саласын дамытуда аса маңызды болды.
Осы жылы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен

Қазақстан Республикасындағы білім беру жүйесін дамытудың 2011–
2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы бекітілді. Маз-
мұнымен ерекшеленетін осынау бағдарлама ұзақ мерзімді мүд-
делерге, елді индустриалды инновациялық дамытудың ақиқатта-

ры мен мақсаттарына негізделген.
Осынау бағдарламаның жүзеге асырылуы Қазақстан Президенті
Нұрсұлтан Назарбьаевтың дамыған жəне бəсекеге қабілетті қазақ-
стандық қоғам құруға байланысты алға қойған міндеттерін іске

асыруға қызмет етпек.

Еліне елеулі Елбасы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің білім беру саласына бөлі-
нетін бюджет қаржысын ұлғайтып отырғанын айта кетуге тиістіміз.
Əрі оның шығыны елдің ішкі жалпы өнімінің өсіміне сəйкес ұл-

ғайтылады. Мəселен, егер дағдарысты 1993 жылы білім беру жү-
йесіне 249 миллион доллар бөлінсе, 2011 жылы саланы бюджеттік
қаржыландыру мөлшері 6,053 миллиард американ доллары кө-
лемінде болды. Яғни, 18 жылдың ішінде саланың шығыны 24,5 есе

өскен. Бұл цифрлар Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сая-
сатында білім беруге қаншалықты көңіл бөлінетінін, əрі оның ел
президентінің тұрақты назарында екенін көрсетеді.
Қазақстанды алдыңғы қатарлы демократиялық мемлекетке ай-

налдыру бағытында Нұрсұлтан Əбішұлы Назарбаев қол жеткізген
табыстар ішінен аса маңызды саналатын біреуін айрықша атап

Еліне елеулі Елбасы
көрсетуге тиістіміз. Қалай десек те, құлазыған құладүзден жаңа
Астана қаласының салынуының маңызы айрықша екеніне күмəн
жоқ. Өйткені қала өте қысқа мерзім ішінде салынды. Əрі барлық

көрсеткіштер бойынша əлемнің ең заманауи деген мегаполистері
мен сəн-салтанаты жөнінен бəсекелесе алатындай деңгейге жетті.
Осының бəрі ұлт көшбасшысының ғажайып дарынынан, сарқыл-
мас күш-жігерінен, интеллектуалды потенциалынан жəне Қазақ-

стан халқының еңбексүйгіштігінен хабар береді.
Оншақты жылдың ішінде іргесі нығайған Астана жаңа мемле-
кет қалыптастырудың, жаңа экономика құрып, ұлттық ерекшелікті

Еліне елеулі Елбасы

Еліне елеулі Елбасы

Еліне елеулі Елбасы
байқатудың катализаторына айналды. Бұл орайда Астана қаласы
жаңа тарихи кезеңде Қазақстанды жаңа қырынан жəне жаңа са-
пасынан көрсететін тірек нүктесі болып, Қазақстан халқының бір-

лікке ұмтылысының айғағы есебінде қалыптасты.
Қаланың бүгінгі дамуындағы жетістіктері шын мəнісінде де таң
қалдырады. Астана құрылысына Қазақстанның 71 қаласы, 135 за-
уыты мен 400-ден астам құрылыс компаниясы атсалысты. Жыл са-

йын жаңа астанада 60–100 объекті пайдалануға беріледі. Кереметі
сонда, əр құрылыстың архитектура өнерінде басқа ештемеге де
ұқсамайтын өзіндік ерекшелігі бар. Президент Нұрсұлтан Назар-
баев жобалаушылар мен инженерлерге ерекше тапсырмалар беріп,

ғимараттардың архитектуралық жəне көркем безендірілуінің шы-
ғыс жəне Еуропа қала құрылысының үздік үлгілеріне сəйкес жұ-

Еліне елеулі Елбасы
мыс істеуін талап етті. Соның арқасында Астана архитектуралық
кереметке айналды. Ондағы Шығыс жəне Еуропа шеберлік мəнер-
лерінің өзара үйлесімі қалаға ерекше келбет береді.

Бір нəрсені айта кетуге тиістіміз. Астана қаласының архитек-
туралық келбетінде Қазақстан халқының ұлт көшбасшысының
шығармашылық ізденістері басым. Астанадағы бірнеше ғимарат
Нұрсұлтан Əбішұлы Назарбаевтың сызбасы бойынша жасалынды.

Астана – тек Қазақстан халқының жетістігі емес, сондай-ақ ол –
бүкіл адамзаттың материалдық жəне мəдени мұрағаты. ЮНЕСКО-
ның Қазақстанның жас астанасына «Əлемнің жүрегі» деген атақ
беруі осының айқын айғағы.

Еліне елеулі Елбасы
Астананың тағы да бір ерекшелігі бар. Оны поэтикалық тұрғы-
да болашақтың мұражайы деп те атайды. Ондағы бүгінгі заман
жетістіктері мен мəдени, сондай-ақ Қазақстан халқының ой-сана-

лық күш-қуатын білдіретін кең даңғылдар, алаңдар, саябақтар мен
скверлер, бақшалар, биік ғимараттар, архитектуралық ансамбль-
дер, əкімшілік кешендер, тұрғын үйлер, міне, осының бəрі адами
жылылық пен руханиятқа толы. Ол да тегін емес. Əлемнің жетекші

елдерінің ұлы астаналары арасында Астана барлық діндердің, мə-
дениеттер мен өркениеттердің диалогының орталығы болып отыр.
Барлық діндер басшыларының аузынан шыққан шыдамдылыққа,
адамсүйгіштікке, өзара сенімге, бейбітшілік пен келісімге шақыр-

ған сөздер де дəл осы қалада айтылды. Астанадағы барлық мəртебе-
лі форумдарда, саммиттерде, көрнекті саясаткерлер мен мемлекет
басшылары, діни жəне қоғамдық қайраткерлер қатысқан съездер-
де маңызды құжаттар қабылданды. Жүздеген миллион адамдар-

дың, халықтардың, мемлекеттердің тағдыры да соған байланысты.
Нұрсұлтан Назарбаевтың қолтумасы һəм бүкіл қазақстандықтар-
дың мақтанышы Астананың ұлылығы да осында!
Қазақстан халықаралық маңызы бар аса ірі спорттық шаралар-

дың өткізілетін орталығына да айналып отыр. 2011 жылы елдің қос
астанасы – Алматы мен Астана қалаларында жетінші қысқы Азия
ойындары өткізілді. Сол арқылы Қазақстан əлемде өзінің спорт-
тық державаға айнала алатынын дəлелдеді.

Қысқы Азия ойындарының өткізілуі Қазақстан үшін ірі көлем-
дегі кешенді халықаралық спорттық жарыстар өткізудің үлкен мек-
тебіне айналды.
Азиада барысында елде халықаралық жоғарғы стандарттарға

жауап бере алатын ерекше спорт ғимараттары салынды. Олардың

Еліне елеулі Елбасы

Еліне елеулі Елбасы

Еліне елеулі Елбасы

Еліне елеулі Елбасы

Еліне елеулі Елбасы

Еліне елеулі Елбасы
арасында əлемдегі ең жақсы трамплин, Астана қаласында ең зама-
науи мұз сарай мен ерекше велотрек салынды. Осы спорт ғима-
раттары Астана мен Алматы қалаларының ерекше сəніне айналды.

Қысқы Азия ойындарына əзірлік кезеңі ел тұрғындарының бəрі-
нің назарын Қысқы Азия ойындарына аударды. Сол арқылы спорт-
тың сан алуан түрінің өркендеуіне əсер етті. Спорттық Азиада бас-
талардан бір жыл бұрын Қазақстанның өзінде де ерекше мəдени

Азиада өткен. Мəдени шаралар, концерттік бағдарламалар, фото-
көрмелер, бейнелеу өқнерінің көрмелері ұйымдастырылған.
Осындай ұзын-сонар əзірлік жұмыстарынан кейін Азиаданың
өзі де басталған. Оның барысында қазақстандықтар бүкіл əлемге кез

келген спорттық шараны ойдағыдай ұйымдастыра алатындықта-
рын дəлелдеп берді. Азиаданың ашылу салтанатының халықаралық
олимпиада комитетінің президенті Жак Роггені таң қалдырғаны

Еліне елеулі Елбасы

Еліне елеулі Елбасы

Еліне елеулі Елбасы
соншалықты, ол журналистерге былай деген: «Өз өмірімде мен
сан алуан олимпиадалық ойындардың, əртүрлі спорттық шаралар
мен жарыстардың екі жүзден астам ашылу салтанатын көрдім. Ал

жетінші Қысқы Азия ойындарының ашылуын солардың ішіндегі
үздік ондыққа кіргізуге болады».
Бас-аяғы 70 медаль, оның 32-сі алтын, 21-і күміс жəне 17-сы қола.
Міне, осындай жетістікке қол жеткізген Қазақстан спортшылары 27

елдің өкілі қатысқан Азиадада жалпы командалық бірінші орын-
ды иемденіп, тамаша өнер көрсетті.
Алматыдағы Қысқы Азия ойындарының жабылу салтанатында
сөйлеген сөзіндет Президент Нұрсұлтан Назарбаев былай деген:

– Қазір жетінші Қысқы Азия ойындарымен ризалықпен қош-

тасқалы отырмыз. Ол бізге ғажайып та ұмытылмас сəттер сый-
лады. Əрі ерекше ойындар өтті. Бəріңізді де жетінші Қысқы Азия
ойындарының жабылуымен құттықтай отырып, «Кездескенше!»
демекпін.

Нұрсұлтан Назарбаевтың олимпиадалық ойындар ауқымында
кездесу туралы ниеті орындалатыны күмəнсіз. Оның үстіне Қа-
зақстанда олимпиадалық ойындар өткізуге мүмкіндік беретін ха-
лықаралық деңгейдегі спорт ғимараттары баршылық. Азия ойын-

дарының аяқталуына орай сөз сөйлеген халықаралық олимпиада
комитетінің басшысы Жак Рогге былай деген:

– Бұл Азия ойындары керемет ұйымдастырылған. Инфрақұ-

рылымның дамығаны, тамаша спорт ареналары, ұйымдастыру ко-
митетінің үлкен тəжірибесі мен қазақ халқының қонақжайлылығы
осының куəсі. Осының бəрі бізді қуантады. Менімше, Қазақстан
2022 жылғы олимпиада ойындарын өз жерінде өткізуге жақсы бас-

тама бастады.

Еліне елеулі Елбасы

Еліне елеулі Елбасы

Еліне елеулі Елбасы Отандастарына Нұрсұлтан Назарбаевтың өзі де белсенді де салауатты өмір салтымен үлгі көрсетуде. Ол бос уақытының негізін спортпен өткізеді. Теннис, гольф ойнап, шаңғы тебеді. Салтатқа мінеді. Айтпақшы ол шаңғы тебуді 55 жасында үйреніпті. Нұрсұлтан Назарбаевтың өзінің де журналистермен бір əңгімесінде: – Əкем мені бес жасымда атқа отырғызды. Содан бері аттан түскен емеспін, – дегені бар.

Еліне елеулі Елбасы
«Əркім дене шынықтырумен айналысып, өз денсаулығы тура-
лы ойлануға тиіс. Өз басым спортпен бала күнімнен айналысам.
Жұмыстан қолым қанша босамаса да дене шынықтыруға уақыт

табам.
Адам денсаулығының 55 пайызы өзіне, 20 пайызы медицинаға
жəне 25 пайызы ата-анасынан дарыған генетикалық тегіне байла-
нысты. Міне, мəселе осылай. Яғни, əркімнің қолында 55 пайыздық

Еліне елеулі Елбасы
мүмкіндік бар деген сөз. Сондықтан əркімнің өз бетімен спортпен
айналысуы қажет» дейді Президент Нұрсұлтан Назарбаев.
2008 жылдың 2-көкегінде олимпиада алауы Пекинге барар жо-

лында алғаш рет қазақ жеріндегі Алматы арқылы өтті. Сол жолы
қазақстандықтар өз ұлт көшбасшыларының қандай спорттық ба-
бында екенін өз көздерімен көрді. Елбасы алауды өз қолымен ұс-
тап жүгіріп өткен.

Бүгін ұлттық экономиканы дамытуда шүбəсіз айтарлықтай нə-
тижелерге жеткен мемлекет басшысы жаңа кең ауқымды міндеттер
белгілеуде. Алайда Нұрсұлтан Назарбаев үшін қашанда түпкілікті
мақсат халлықтың əл-ауқатын көтеру болған.

– Үшінші онжылдықтың басына қарай біз Қазақстанды əлемнің

индустриялы тұрғыда дамыған елдері қатарына қосуға қажетті
жағдайдың бəрін жасаймыз. Сол арқылы біз «Қазақстан – 2030»
тарихи стратегиясын жеңіспен аяқтамақпыз. Сөйтіп, одан соңғы
онжылдықтарға арналған анағұрлым ауқымды жоспарларды бел-

гілеуге кірісеміз. Ал оны біздің балаларымыз бен немерелеріміз
жүзеге асырып, өздері үшін осындай қуатты база əзірлеген бізді
естеріне алатын болады, деген Президент Нұрсұлтан Назарбаев
өзінің ұлықталу сөзінде.

Шын мəнісінде де солай боларына əсте күмəн жоқ.

Вохид Гаффори – тəжік жазушысы. Ішінде Тəжікстан Республикасының Президенті Эмомали Рахмонның саяси қызметі туралысы да бар ондаған кітаптың авторы. Шешен Республикасының бірінші президенті, Ресей Батыры Ахмат-қажы Қадыров туралы «Дін үшін қиылған ғұмыр» кітабы үшін 2010 жылы Ресей Федерациясындағы Шешен Республикасы Парламентінің Құрмет грамотасымен марапатталған. Вохид Гаффори қаламынан жанры мен тақырыбы бойынша сан салалы: парсы əліпбиінің үйретілуі, лирикалық-философиялық хикаяттар, саяси очерктер сияқты əртүрлі туындылар жарық көрген. Зафар Шералыұлы Сайидзода, Тəжікстан Республикасы Президентінің Сыртқы саясат жөніндегі аға кеңесшісі, философия ғылымдарының кандидаты (1989 жыл, маусым). Əлеуметтік философия, елдің жаңа тарихы, Тəжікстан Республикасының ақпараттық-имидждік саясаты туралы алпыстан астам кітаптар мен кітапшалардың авторы. Əбілқасым Лахути атындағы Журналистер сыйлығының лауреаты. Тəжікстан мəдениетінің үздігі. 2011 жылдың 3-қыркүйегінде ТМД-ға қатысушы мемлекет басшылары Кеңесінің шешімімен Тəуелсіз Мемлекеттер Достастығының грамотасымен марапатталған. Кітаптың авторы мен қосалқы авторы туралы

М А З М Ұ Н Ы Ел тегіс жақсы көретін Елбасы ................................................................... 3 Еңбегімен елеулі Елбасы ........................................................................... 37 Еріккүші мықты саясаткер ....................................................................... 67

«Қазақ энциклопедиясының» Бас директоры
ҚР ҰҒА-ның корреспондент-мүшесі,
филология ғылымдарының докторы, профессор

Б.Ө. ЖАҚЫП

Орыс тілінен аударған
Өмірзақ Мұқай
Редакторы Жұматаев Б.К.
Тех. редакторы Ақылов С.Т.

Дизайнері Есенаманов Н.
Абдувохид Гафоров

ЕЛІНЕ ЕЛЕУЛІ

ЕЛБАСЫ

Нұрсұлтан Назарбаев –
саясат майданының қайраткері

Басуға 05.07.2014 ж. қол қойылды.
Пішімі 70х90 1/16. Офсеттік баспа. Шартты б.т. 20,0.
Таралымы 2000+100 дана. Тапсырыс №
Қазақстан Республикасы Мəдениет министрлігінің

«Қазақ энциклопедиясы» ЖШС
050035, Алматы қаласы, 8-ықшамаудан, 19a-үй.
Тапсырыс берушінің файлдарынан Қазақстан Республикасы
«Полиграфкомбинат» ЖШС-інде басылды.

050002, Алматы қаласы, М.Мақатаев көшесі, 41.

Пікірлер (0)

Әзірге пікір жоқ.
An error has occurred. This application may no longer respond until reloaded. Reload 🗙