Астана хикаялары
Сәдібек Түгел
Жазылымсыз режим: 20-беттен кейін жазылым беті ашылады, әрі қарай әр 10 бет сайын (ең көбі 5 рет).
Астана қаласының туу тарихының қалай бастал ғандығын баяндайтын бұл кітап Астана әлеміне ашыл ған кең терезе іспетті. Кітапқа Астана қаласының тұң ғыш баспасөз хатшысы, жазушы, қоғам қайраткері, ҚР Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі, ҚР «Ұлы Дала Қырандары» қоғамдық-әлеуметтік мәдени қозғалысының тең төрағасы, ҚР Ұлттық ат спорты Федерациясының президенті, «ТҮГЕЛ МЕДИА» бірлес тігінің басш
Сәдібек Түгел
Астана
хикаялары
Астана-2014
Түгел С.
Астана хикаялары. / Сәдібек Түгел.
– Астана: Фолиант, 2014. – 408 бет.
ІSBN 978-601-7568-97-9
Астана қаласының туу тарихының қалай бастал-
ғандығын баяндайтын бұл кітап Астана әлеміне ашыл-
ған кең терезе іспетті. Кітапқа Астана қаласының тұң-
ғыш баспасөз хатшысы, жазушы, қоғам қайраткері, ҚР
Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі, ҚР
«Ұлы Дала Қырандары» қоғамдық-әлеуметтік мәдени
қозғалысының тең төрағасы, ҚР Ұлттық ат спорты
Федерациясының президенті, «ТҮГЕЛ МЕДИА» бірлес-
тігінің басшысы Сәдібек Түгелдің Астана туралы хи
каялары мен сұхбаттары, алғашқы астаналықтардың
өмірбаяндары, жетістіктері және Астана туралы ой-
пікірлері топтастырылған.
Кітап Астана тарихына қызығушылық танытар
қалың қауымға арналған.
ІSBN 978-601-7568-97-9
УДК 821.512.122
ББК 84 (5 Қаз)
Т 87
Т 87
© Түгел С., 2014
© «Фолиант» баспасы, 2014
УДК 821.512.122
ББК 84 (5 Қаз)
Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі
«Әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін басып
шығару» бағдарламасы бойынша жарық көрді
НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВТЫҢ
АСТАНА ТУРАЛЫ ПІКІРІ,
ЕСТЕЛІКТЕРІ
«...Ақмола Қазақстанның география-
лық орталығы деуге болатын, Қазақстан
экономикасының
өрлеуінде
жетекші
де өскелең нүктелері болып отырған
маңызды шаруашылық өңірлерге жақын
орналасқан. Қала ірі көліктік арналардың
қиылысында, тоғыз жолдың торабында
тұр.
Сөйтіп, 1994 жылғы шілдеде астананы
солтүстікке – 1000 шақырымнан астам
жерде жатқан далалық Ақмолаға көшіруге
шешім қабылданды.
Астананы құру – ұлттық тарихтың
жаңа мәтінін жазу. Мұндай мәртебе әр
ұрпақтың маңдайына бұйыра берме
ген. Екі мыңжылдықтың тоғысында біз шешім қабылдап, Еуразияның жүрегінде іс жүзінде жаңа астана құрдық. Бүгінгі Астана мен келешек Астана – бұл біздің стратегиялық ойларымыз бен ұмтылыстарымыздың ең басты жемісі. Мен әр сапар сайын министрліктер, ведомстволар, құрылыс ұйымдары басшыларының қатысуымен кеңес өткіздім. Солардың бірінде көшудің нақты мерзімі етіп 1997 жылғы қараша-желтоқсанды белгілеу ұйғарылды. Құрылыс фирмаларының басшылары күздің басына қарай барлық ғимарат дайын болады деп уәде етті. Көшіп келетін шенеуніктер үшін тұрғын үйлер де жылдың аяғына қарай берілетін болды. Ешкім де бізді осындай қысқа мерзім ішінде Ақмоланы орталық мемлекеттік органдардың көшіп келуіне дайындап үлгереді деп ойламады. Бірақ біздер – құрылысшылар, астананы көшіру жөніндегі мемлекеттік комиссияның барлық
мүшесі, осы іске қатысқанның бәрі, осы
ны жасай алдық.
1997 жылғы 20 қазанда «Ақмола қала-
сын Қазақстан Республикасының аста-
насы деп жариялау туралы» Жарлық
шықты. Осы құжатқа сай Ақмола Қазақ-
станның астанасы құқығын 1997 жылғы
10 желтоқсаннан бастап иеленді. Жаңа
астананың
ресми
тұсаукесер
тойы
1998 жылғы 10 маусымға тағайындалды.
жылғы
қарашада
Ақмола-
ның орталығында жаңа астанаға басты
мемлекеттік
символдардың
жеткізілуі
салтанатты жағдайда өтті. Сол күндері
жаңа
астанаға
Президент
Әкімшілігі,
Үкімет, жетекші министрліктер және ве
домстволар қызметкерлерінің алғашқы
тобы да келді.
Мен Ақмолаға кетіп бара жатқан Пре
зидент
Әкімшілігі
қызметкерлеріне
ақ жол тіледім. Өз сөзімде астана
ны көшірудің бір маңызды қырына
тоқталдым. Астананың қоныс аударуы
на байланысты іс жүзінде биліктің өзін
реформалаудың жаңа кезеңі басталды.
Жаңа
елордада
мемлекеттік
қыз-
метшілердің тың толқынын қалыптас-
тыратын боламыз. Бұл жұмысты орталық
мемлекеттік органдар қызметкерлерінен
бастаймыз.
Бастапқы кезде қиыншылықтар бол
майтынына кепілдік бере алмайтыным
ды айттым. Бірақ біз қоныс аударған
шенеуніктер жақсы үй алуы және мүм-
кіндігінше ертерек Ақмолаға өз отбасыла
рын көшіріп әкелуі үшін барлық мүмкін
нәрсені жасауға тырыстық. Жаңа астанаға
алғашқы эшелонмен бара жатқандарға
айрықша үміт және зор жауапкершілік
жүктелді. Олар басқарушылардың не-
гізгі легі келгенше жұмыс орындарын
дайындаулары керек. Мен кетіп бара
жатқандарға осылай сәт сапар тілей оты
рып, олардың өздеріне жүктелген міндет-
ті ойдағыдай атқаратындықтарына се-
нім білдірдім.
Барлық министрліктер мен ведомс-
тволарға тек білікті де іскер қызметкер-
лер ғана барады деген нұсқау берілді. Қалғандары жергілікті жерде таңдап алынады. Бір қызығы, Ақмолаға көшу құқығына ие болу, барлық тұрмыстық қиындықтарына қарамастан, нағыз бәсекеге айналды. Басқарудың орталық органдары қызметкерлерінің Алматыдан Ақмолаға көшуі бірнеше кезеңнен тұрды. 1997 жылғы желтоқсанның басына қарай Прези дент Әкімшілігінің, Үкімет және Парла мент аппараттарының қызметкерлері толық көшті. Көшу ұйымдасқан түрде жүрді, орталық құрылымдар жұмысында ешқандай іркіліс байқалмады. Сөйтіп, 10 желтоқсанда мен, Үкіметтің және Парламенттің басшылары Қазақстан Республикасының астанасы ту ралы Қазақстан халқына үндеуге қол қойдық, ол баспасөзде жарияланды. Онда байтақ елдің орталығында осы күннен бастап және ғасырлар бойы халық тағдыры үшін түбегейлі маңызы бар шешімдер қабылданатыны айтыл
ды. Отанымыздың жүрегі енді осы жер
де соғады. Қазақстан осы жерде үшінші
мыңжылдықтың қарсаңында өзінің тари
хи тағдырын айқындайтын болады.
Сол күні Ақмолада тұңғыш рет Пар
ламент пен Үкіметтің бірлескен отыры
сы өтті. Ол Ақмоланың мәртебесі мен
қызметі
туралы
Жарлықтың
күшіне
енгендігін білдірді. Отырыста Ақмолада
қол қойылған алғашқы Жарлық жария
етілді. Астананы көшіруге аса қомақты
үлес қосқандарға үкіметтік наградалар
тапсырылды.
Астана жаңа орынмен қатар жаңа
атау да алды. Бұған дейін бұл қаланы
қалай атау туралы сөз көп болды. Түрлі
ұсыныстар айтылды. Қаланы елдің аты
мен Қазақстан деп атау жөнінде, басқа да,
соның ішінде Нұрсұлтан деп атау керек
деген ұсыныстар болды.
Қалай болғанда да, Ақмола атауын
өзгерту қажеттігі жаппай айтылып жүрді.
Оның
атауының
мағынасы
жөнінде
көптеген жорамалдар, тіпті қисынсыз
тұспалдар айтылды. Ақмоланың орысшаға «белая могила» деп аударылуы баспасөздің сүйікті тақырыптарының бірі болды. Мен бұдан ешқандай өрескелдік көрген жоқпын. Әлемнің көптеген астанасының және қаласының атауларын да мазмұн мен мағына жағынан мәнсіз жайттар аз кездеспейді. Мен Малайзияның астанасы тура лы бұрынырақ мысал келтіріп өткенмін. Оның аудармасы «батпақ» дегенді білдіреді екен. Бірақ Куала-Лумпур тұрғындарының сол атауға ыңғайсызданып жүргендеріне қатты күмәнім бар. Бұл қала – Қазақстанның жаңа аста насы менің мақтанышым еді, сондықтан оның атауын сан құбылтуға жол бере алмайтын едім. Онда Ақмоланы қайта атаған, дәл айтқанда қалай деп қайта атаған жөн? Ол атау қазақстандықтардың, еліміздің барша ұлты мен ұлысының ғана емес, кірпияз шетелдіктердің де көңілінен шығуы керек.
Мүмкін, Қараөткел дерміз? Алматы өзі-
мен аттас Алматы шатқалының атымен
аталған ғой. Әлде Есіл ме? Сарыарқа ма?
Бірақ көкейге қонар емес. Өзіміздің
дәстүрлі, қалаулы, бірақ тым ескі атау
ларымыз бүгінгі астананы көшірумен
және Қазақстанда жүріп жатқан басқа
да зор өзгерістермен байланысты жал
пы көңіл ауанына жауап бере алмай
тұрғандығынан болар.
Шынын айтқанда, астананың атауын
ауыстыру ұдайы ойымнан шықпай, ат
іздеумен болдым. Сөйтіп жүргенде бір
жолы...
Бір жолы түнде, дәлірек айтсам, сағат
түнгі екіде Астана деген атау ойыма сап
етіп, көкейіме қона кеткені. Астана де-
геніміз – астана! Қазақша әдемі естіледі.
Қомақты, ауыз толады, қысқа да нұсқа,
әуезді. Орысша да, ағылшынша да солай
естіледі. Бұл атауда батылдық, мығымдық
және айқындық рең бар. Астана! Біздің
жалпы көңіл ауанымызды және астана
ны көшіруден күтерімізді бейнелейтін
өте ауқымды әрі қысқа ұран сияқты. Бі-
рақ бұл атауды қазақша пайдаланудың
жаңылтпаш сияқты өзіндік ерекшелігі
болғалы тұр. Мысалы, астанамыз – Астана.
Бірақ әлемдік тәжірибеде мұндай да
мысалдар жетіп-артылады. Мысалы, Бра-
зилияның астанасы – Бразилиа. Міне,
осылай.
Сөйтіп, түн ортасында келген ой –
Қазақстан астанасының жаңа атауы Аста
на көкейге біржола ұялады.
Бұл атауды жергілікті органдар, Үкімет
жанындағы мемлекеттік ономастика-
лық комиссия, ең бастысы, жаңа ас-
тананың тұрғындары қолдады. Жаңа
атаудың астана тұрғындарына сіңісіп
кеткені бекер емес.
Берген сұхбаттарымның бірінде осы
орайда қойылған сұраққа: «Астана кез
келген тілде – қазақша да, орысша да,
ағылшынша да жақсы естіледі... Ешқандай
екіұдай түсінік жоқ. Орысша аударма
сы столица дегенді білдіреді. Қысқа әрі
анық...» – деп жауап қайтардым.
Сөйтіп, 1998 жылғы 6 мамырда «Қа-
зақстан
Республикасының
астанасы
Ақмола қаласын, Қазақстан Республи-
касының астанасын, Астана қаласы деп
қайта атау туралы» Қазақстан Респуб-
ликасы Президентінің тиісті Жарлығы
шықты...
Міне, осындай әдемі, әуезді әрі ау-
қымды атау – Астана атымен Қазақстан
Республикасының жаңа елордасы үшінші
мыңжылдыққа енді.
Астана осы сөздің тура мағынасында
нағыз астанаға айналды. Жаңа тәуелсіз
мемлекет – Қазақстан Республикасының
астанасына.
Айтпақшы, сол күні «Қазақстан Респуб-
ликасының астанасы Астана қаласында
Сарыарқа және Алматы аудандарын құру
туралы» Жарлық қабылданды.
Сөйтіп, Астана қаласының картасын
да екі аудан пайда болды. Олар астана
ны екі бөліп тұрған жоқ, қайта біртұтас
біріктіріп тұр...»
(Н. Назарбаев.
«Еуразия жүрегінде». 2005 ж.)
АЛҒАШҚЫ
АСТАНАЛЫҚТАР
МӘСІМОВ КӘРІМ ҚАЖЫМҚАНҰЛЫ Туған жылы, айы және күні: 15.06.1965 Туған жері: Целиноград қаласы Ұлты: қазақ Білімі: жоғары; Мәскеу қаласындағы П. Лумумба атындағы Халықтар Достығы университеті (1985); Пекиндегі Тіл білімі институты (1988); Қытайдағы Ухань заң университеті (1991); Қазақ мемлекеттік Басқару академиясы (1995); заңгер, эко номист, экономика ғылымдарының док торы Атқарған қызметі: «Қазақстан Халық жинақ банкі» ААҚ Басқармасы бастығының 1-орынбасары және басқарма төрағасы Қазіргі атқарып жүрген қызметі: ҚР Премьер-Министрі
Марапаттары: «Қазақстан Республи-
касының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан
Назарбаев» ордені, «Құрмет» ордені және
медальдары
Отбасылы: отбасылы, үш баласы бар
Астанаға көшіп келген уақыты: Цели
ноград қаласында туып-өскен. Алғашқы
күндерден бастап жаңа Елордамыз – Ас-
тана қаласының дамуы мен өсіп-өркен-
деуіне барынша мол үлес қосып келе
жатқан үлкен тұлға.
ЖАҚСЫБЕКОВ ӘДІЛБЕК РЫСКЕЛДІҰЛЫ Туған жылы, айы және күні: 26.06.1954 Туған жері: Қостанай облысы Қарабалық ауданының Бөрілі ауылы Ұлты: қазақ Білімі: жоғары; Бүкілодақтық мемлекеттік кинемотография институтының экономика факультеті (1977); Плеханов атындағы Мәскеу халық шаруашылығы институты (1986); экономи ка ғылымдарының кандидаты Астанаға келген кездегі қызметі: Астана қаласының әкімі Қазіргі атқарып жүрген қызметі: Астана қаласының әкімі Марапаттары: «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев» және ІІІ дәрежелі «Ба 2-307
рыс», ІІІ дәрежелі «Князь Ярослав Мудрый» ордендері (Украина 2008); «Астанаға 10 жыл медалі»; Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығы (2008), МИРБИС-тің құрметті профессо ры (2009) Отбасылы: отбасылы, бір ұлы бар Астанаға көшіп келген уақыты: 1997 жыл «Астананың дамуына жаңа елорданың бұрынғы әкімі Әділбек Жақсыбеков зор үлес қосты. Қала инфрақұрылымы тіршілігіне байланысты болған қаланың барлық қызметінің жұмысы нақ соның арқасында тиісті деңгейге жеткізілді. Коммуналдық шаруашылықты, денсаулық сақтауды, сумен жабдықтауды, білім беруді, қаржы бөлуді және энергетика ны күн сайын, сағат сайын қадағалап, үйлестіре білді. Ә. Жақсыбеков қалалық «гемеостазистің» барлық маңызды элементінің қызметін бірқалыпты жұмыс істейтін, айтар едім, астаналық деңгейге көтерді.
1997 жылғы 10 желтоқсанда мен Әділ-
бек Жақсыбековті қаланың әкімі етіп та-
ғайындадым. Ол бұл қызметті 6 жылдай
атқарды. Ақмоланың төл тумасы ол бұл
қалада бәрі-бәрін, қаланың төңірегінен
бастап оның тарихына дейін, мәдениет
қайраткерлерінен бастап бизнес адамда
рына дейін жақсы білетін.
Бұған дейін ол өзін бизнесте сынап
үлгерді, облыс әкімінің бірінші орынба
сары, Парламент депутаты болды. Мен
таңдаудан қателеспедім. Ол жаңа аста
нада қыруар іс тындырды. Жұмысқа өте
қабілетті, ниеттестер жасағын іріктей
алған ол қаланың оңай соқпайтын про
блемаларын
жедел
шешіп
отырды.
Қаланың ескі бөлігінің бүгінгі келбеті
және жаңа алаңға көшуді бастау – осының
бәрі соның тұсында жүзеге асты».
(Н. Назарбаев.
«Еуразия жүрегінде». 2005 ж. 102-бет)
«Бүгінгі Астана – қала құрылысының ең
жақсы сәулет өнері мен қазіргі заман-
ның технологиясы қосындысының сим волы. Мысалы, Астананың кейбір монументті құрылысы дүние жүзіндегі белгілі сәулет үлгісімен салынған. «Аста на салтанаты» ғимараты Москваның атақты зәулімін, ал Ақорда алыстаған Византияның сарайын меңзейді. Астана біртіндеп Шығыс пен Батыстың барлық әсемдігін өз бойына жиған, казіргі заманға сай технологиямен салынған қалаға айналып келеді. Астана 1999 жылы-ақ дүние жүзіне танымал қала болғандығы таңғаларлық іс емес. Қазақстанның жас астанасы ЮНЕСКОның «Бейбітшілік қаласы» атағын иеленді. Бұл атақ әлемнің аз уақытта әлеуметтікэкономикалық, саяси және мәдени да муымен, ұлтаралық және конфессия аралық келісімге қол жеткізіп, оны жүзеге асыруда таңғаларлық табыстарға жет кен жас қалаларға ғана беріледі. Сонымен қатар Қазақстанның бірінші Президентінің жеке өз жауапкершілігіне алып қабылдаған шешімі өзін ақтаған
маңызды ұлттық жобаға айналғандығын
атап өткен жөн. Астананы көшірген
он жыл ішінде Астана қазақстандық
сезімді қалыптастырып қана қоймай,
«Астананың гүлденуі – Қазақстанның
гүлденуі»
мемлекеттік
бағдарламасы
аумағында дамып келе жатыр. Еліміздің
жаңа саяси орталығын құру – қоғамның,
Қазақстан элитасының, Қазақстанның
сырт
елдердегі
қабылдау
түсінігін
өзгертті.
Еліміздің жаңа саяси орталығын құру
(бұл жерде көшіру дегеннен гөрі, құру
деген сөзді қолданған орынды болар)
қоғамның,
қазақстандық
элитаның,
сыртқы
әлемнің
Қазақстан
туралы
көзқарасына
үлкен
психологиялық
өзгеріс әкелгені анық. Тарих көзімен
қарағанда, он жыл – мұхитқа тамған там
шыдай ғана, ал осы уақыт ішінде Астана
еліміздің негізгі брендіне, Қазақстанның
әлеуметтік-экономикалық
табыстары-
ның айнасына айналды.
Қала
өзінің
бойына
Қазақстанның
өзіндік ерекшелігін сіңірген және әлемдік
мәдениет
кеңістігінің
негізгі
тенден
циясын игерген, Қазақстан халқының
ең негізгі жобасы – мықты, тәуелсіз,
болашаққа ұмтылған қаласына айналды.
Қазақстанның
даму
стратегиясын
жүзеге асырғанда, Шығыс пен Батыстың
арасындағы үлкен транзиттік жол тора
бында тұрған Астана соңғы орында бол
майды. Қолайлы, болашағы зор елдің
әдемі, ғажайып астанасы болуға тиіс, ол
тәкаппарлықтың, болашақтың символы
секілді.
Әлем басшылары – президенттер, пре
мьерлер ең алдымен Астанаға келеді,
оларды қанат жайған ауқымды құрылыс
таңғалдырмауы мүмкін емес. Жас елдің
болашағын жария еткенде бұдан артық
қандай үлгі болуы мүмкін? Қазақстан
өзінің амбициясын жүзеге асыратын,
қуатты, бай ел болатындығына менің
сенімім мол!»
(Ә. Жақсыбеков.
«Астана осылай басталған».
2008 ж. 300-302-бб.)
НИ ВЛАДИМИР ВАСИЛЬЕВИЧ Туған жылы, айы және күні: 07.01.1933 Туған жері: Ресей Федерациясының Владивосток қаласы Ұлты: кәріс Білімі: жоғары Астанаға келген кездегі қызметі: Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқарушысы Марапаттары: «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев» (2005), «Отан» (1997), «Құрмет белгісі» ордендері, медальдар, Астана қаласының Құрметті азаматы Отбасылық жағдайы: отбасылы, екі қызы бар Астанаға көшіп келген уақыты: 1997 жыл
«Қаланы «Астана көшін» қабылдап алуға дайындау жөніндегі жедел мәселелермен осында жүрген Президенттің Іс басқарушысы Владимир Васильевич Ни ай налысты. Ол бұған дейін көп жыл (1984 жылдан) менің көмекшім болып жұмыс істеген еді. Менің ойымды жеріне жеткізе «темірдей қатаң орындаушы» атанған, егер осылай айтуға болатын болса, ол тіпті әр кірпіштің нақ жаңа астананың құрылыс алаңына жетуін қадағалады... Астананы көшіру туралы шешім қабылданғаннан кейін, 1995 жылғы 14 шілдеде Владимир Васильевич Ниді өзіме шақырдым. Оның бірбет, өте намысқой, өз дегенінде тұра алатын табанды, мәселені мінез көрсетпей-ақ қатаң да нық шеше алатын қасиетін пайдаланғым келді. Байыпты, кең әңгіме болды. Мен оған: «Володя, кәне, адамдардан бригада жасақта да, Ақмолаға бар. Айналаны түгел қарап шық, үкіметтік және мемлекеттік мекемелерді қайда орналастыратыны мызды анықта. Қарап шық, неден бас-
таймыз, не істейміз, қалай істейміз –
тұжырым жаса. Министрліктер қайда бо
лады? Қандай ғимараттарды қайта құруға
болады? Қандайын жаңадан салу керек?
Жалпы алғанда, зертте, жергілікті жерді
өзіңше барла.
Өзіңе бірінші кезекте қажетті адамдар
ды ал. Кімді қажетті деп санайсың, ал. Ең
бастысы, созба. Осының бәрін жылдам да
жедел орында», – дедім. Содан кейін: «Во
лодя, сен өзің қалай ойлайсың? Астананы
ауыстыру керек пе өзі?» – деп сұрадым.
Ни сарбазша жауап берді: «Нұрсұлтан
Әбішұлы, бұл мәселе талқылауға жатпай
ды.Сіздің бастамаңызбен Жоғарғы Кеңес
шешім қабылдады, енді оны орындау ке
рек».
Осы әңгімеден кейін В. Ни өзі сенетін,
тапсырманы орындауға барынша жауап
ты және істің көзін таба білетін адамдар
ды жинады.
Ондай адамдар бар еді, олар: құры-
лысшы Вячеслав Павлович Иванов, Болат
Ғазизұлы, Н. Нұрпейсов (қазір Президент
Іс басқарушысының орынбасары), Пре
зидент Іс басқарушысының сол кездегі
орынбасары Олег Анатольевич Песков,
Әусадық Әубеков және басқалары.
Сонымен, 16 шілдеде Владимир Ва
сильевич
бастаған
«ержүрек
жетеу»
Ақмолаға жүріп кетті...»
(Н. Назарбаев. «Еуразия жүрегінде».
2005 ж. 100-101-бб.)
НЫҒМАТУЛИН НҰРЛАН ЗАЙРОЛЛАҰЛЫ Туған жылы, айы және күні: 31.08.1962 Туған жері: Қарағанды қаласы Ұлты: қазақ Білімі: жоғары; 1984 жылы Қарағанды политехникалық институтын бітірген, мамандығы инженер-механик; 1989 жылы БЛКЖО ОК Жоғары комсомол мектебін бітірген; саяси ғылымдар докторы Астанаға келген кездегі қызметі: ҚР Президенті Әкімшілігінің Ұйымдастыруқадағалау бөлімі бастығының орынбаса ры, Астана қаласы әкімінің оынбасары. Қазіргі атқарып жүрген қызметі: ҚР Президенті Әкімшілігінің басшысы. Марапаттары: «Құрмет» ордені және медальдар
Отбасылық жағдайы: отбасылы, екі
ұлы бар
Астанаға көшіп келген уақыты: 1997
жыл. Астана қаласына ерекше үлес қосып
келе жатқан үлкен мемлекет және қоғам
қайраткері.
ТАСМАҒАМБЕТОВ ИМАНҒАЛИ НҰРҒАЛИҰЛЫ Туған жылы, айы және күні: 09.12.1956 Туған жері: Атырау облысының Ново богат ауылы Ұлты: қазақ Білімі: жоғары; саяси ғылымдар докто ры Астанаға келген кездегі қызметі: Қазақстан Республикасы ПремьерМинистрінің орынбасары – Білім және мәдениет министрі Қазіргі атқарып жүрген қызметі: Қорғаныс министрі Марапаттары: «Парасат» (1998), «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев» (2004), «Бейбітшілік» (РФ, 2004), «Ардақты князь
москвалық Данила» ордендері; «Астанаға 10 жыл», т. б. көптеген медальдар Отбасылық жағдайы: отбасылы, бір ұлы және екі қызы бар Астанаға көшіп келген уақыты: 1997 жыл «...Күрделі кезеңдерде елорданың Астанаға ауыстырылуы Қазақстан халқын біріктірген тарихи ірі жоба бо лып қана қоймай, экономикалық және әлеуметтік өсудің қозғаушы күші болды. Әсірелеп айтпай-ақ, Астана ұлттың жа сампаз әлеуетін қалыптастырып берді деуге болады. Елорда саяси еркіндігіміз тұрған кезде ешқашан өшпейтін біздің мүмкіндіктеріміздің өлшеміне айнал ды. Әсіресе оның мынандай негізгі үш тұғыры қалған кезде ол қуатты өлшем: – стратегия туралы нақты түсінік барда; – тәуекелшілдікке әрқашан дайын болу; – ұзақ мерзімдік мақсаттардың бір арнаға тоғысуы кезінде. Осының арқасында бүгінгі Астана:
– бұл – барлық өңірлерге өмір ырғағын сыйлаған Қазақстанның жүрегі; – бұл – қуатты мемлекет құруға деген ұмтылысымызды айғақтайтын еліміздің бет-бейнесі; – бұл – күллі қазақстандықтардың үміті мен аңсар-арманы тоғысқан мемлекетіміздің жаны; – бұл – өзінің қайталанбас кескінкелбетін, дара бітім-болмысын, тәуелсіздігіміздің алғашқы онжылдығындағы қуатты қарқынын ғасырдан-ғасырға жалғастыратын шаһар. Стратегия анық, мақсат айқын. Біріншіден, Астананы мемлекетіміздің бас қаласы ретінде қалыптастыру басты идея болып қала бермек. Елорда – сая си, мәдени және білім орталығына ай налды. Бас қаламен еліміздің бүкіл өңірі жіпсіз байланған. Осындағы жоғары оқу орындарында республиканың түкпіртүкпірінен мыңдаған жас білім алып жатыр. Заманауи үлгіде жабдықталған медициналық орталықтарда барлық
облыстардың азаматтары келіп емделеді. Құрылыс алаңдарында мемлекетіміздің әр өңірінен келген құрылысшылар екі қолға бір жұмыс тапты. Бұлар өз өңірлеріне астаналық құрылыс индустриясының үлгісін алып баратыны сөзсіз. Астананың өсу-өркендеу қарқыны ешқашан толастамақ емес. Ауқымды құрылыс нысандары, соның ішінде әлеуметтік ғимараттарды тұрғызу да шектелген жоқ. Біздің міндетіміз – осы екпініміз бен қарқынымызды саябыр сытпау және бұл мақсатымызға жетеміз деген нық сеніміміз бар. Оның үстіне біз, билік партиясының өкілдері, Астананың жалаң дамуына жайбарақат қарап оты ра алмаймыз. Осыған байланысты алды мызда жас елордамызды ХХІ ғасырдың ең жоғарғы сұранысына сай келетін озық технолологиялық өнімдерді шығаратын жаңа өндірістері бар қала ретінде нығайту мәселесі тұр. Біз бүгін біреуге ілесетін рөлден шығып, көш бастайтын деңгейге жеттік».
ҚАСЫМБЕКОВ МАХМҰТ БАЗАРҚҰЛҰЛЫ Туған жылы, айы және күні: 02.08.1952 Туған жері: Жамбыл облысының Шу ауылы Ұлты: қазақ Білімі: жоғары; Абай атындағы Қазақ педагогикалық институты (1974); Алматы халық шаруашылығы институты (1985); Алматы Жоғары партия мектебі (1990); саяси ғылымдар докторы, профессор Астанаға келген кездегі қызметі: ҚР Президенті Кеңсесінің меңгерушісі Қазіргі атқарып жүрген қызметі: ҚР Президенті Кеңсесінің бастығы Марапаттары: «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев», «Құрмет», ІІІ дәрежелі «Барыс» 3-307
ордендері, Ғылым, техника және білім са
ласы бойынша Қазақстан Республикасы
Мемлекеттік сыйлығының иегері
Отбасылық жағдайы: отбасылы, үш
баласы бар
Астанаға көшіп келген уақыты: 1997
жыл. Жаңа Елордамыз –Астана қаласына
ерекше үлес қосып келе жатқан үлкен
тұлға.
РЫСҚҰЛОВ АҚБАР Туған күні, айы және жылы: 04.04.1953 Туған жері: Қырғыз Республикасы Кем ауданының Чым-Коргон ауылы Ұлты: қырғыз Білімі: жоғары; Қырғыз мемлекеттік университеті, филолог Астанаға келген кездегі қызметі: Қырғыз Республикасының Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Қазіргі атқарып жүрген қызметі: шығармашылық жұмыспен айналысады Марапаттары: Қырғыз Республикасының Еңбек сіңірген мәдениет қайраткері, Қырғыз Республикасының Құрмет грамоталары, мерейтойлық медаль дар, Қазақстан Республикасы Президентінің Құрмет грамотасы
Отбасылық жағдайы: отбасылы, үш баласы бар Астанаға көшіп келген уақыты: 1998 жыл «Мен Астана туралы ойға жиі-жиі берілемін. Кейде өзімді көне есімді өзеннің екі жағасын қосып, көсіле жатқан көпірде жатқандай сезінемін. Қала панорамасына қызыға қарап, біраз ғана жыл бұрын көне өзеннің оң жағалауында бұл әсем ғимараттардың бірде-бірі болмағанын есіме аламын. Заманауи сәулеткерлік отанында тың көтерушілердің тозығы жеткен «хрущев калары» немесе батпаққа белшесінен батқан жеке меншік үйлер болатын. Қазір жаңа көпір тұрған жерден жергілікті халық қауіптене, сақтықпен әрең өтетін, ол жер Қараөткел деп аталушы еді. Қазір Есіл жағалауы тұрғындарды да, қонақтарды да өзінің таңғажайып әдемілігімен баурап алады, әсіресе кеш ке қарай неон шамдары мен жарнама
қалқандары жарқыраған сәтте. Жазда бұл
жерде лазерлік көріністер, фейерверктер
жарқылдайды, қыста батыс елдерінің сән
бастаушыларының түсіне де кірмеген мұз
қалашықтары бой көтереді. Ал ол кезде...
мұнда қамыс сыбдыры ғана естілетін.
Адам сенгісіз қысқа уақытта әлем кар
тасында Астана деп аталатын әсем қала
пайда болып, өз келбетін адам танымас-
тай өзгертті.
Біздің
елшілігіміз
дипломатиялық
миссиялардың
алғашқысы
болып
жаңа астанаға көшіп келді. Сол кездегі
ұмытылмас күндерді қазір сағынышпен
еске
аламын.
Қырғыз
Республикасы
елшілігі 1998 жылдың 8 маусымында
екі бауырлас ел басшыларының бата
сымен ашылды. 10 маусым күні біздің
Президенттер жаңа астананың ресми
тұсаукесеріне орай өткізілген салтанатты
шараға қатысты. Сол тарихи күні көне де
мәңгі жас Сарыарқа жерінде екі бауыр
лас елдің мемлекеттік тулары желбіреп
тұрды.
Дипломатиялық миссияның басшы сы ретінде елшілігіміздің ашылу тари хы Астананың туған күнімен сәйкес келгеніне қатты қуанамын әрі мақтаныш тұтамын. Посткеңестік кеңістіктің мойындалған көшбасшысы, Қазақстанның Президенті Н.Ә. Назарбаев – өз елінің географиялық орталығындағы жаңа астананың «бас сәулетшісі» – Астананың көшірілу идеясын экономикалық негіздемелермен, елдің геосаяси өлшемдерімен үнемі дәлелдеп келеді. Бұл идея біздің ғасырымызда мәнді де мағыналы бір сөзбен «еуразиялық» деп аталатын тарихи және саяси көзқарастардың біртұтастығына негізделеді. Өз елінің астанасын еуразиялық кеңістіктің орталығына көшірген кезде Президент Н. Назарбаевтың осыны ойлағаны сөзсіз. Есіл ағады... Оның жағасындағы қайталанбас әсем қалада Достастық, Еуразия және әлем мемлекеттерінің саяси, мәдени,
гуманитарлық, діни көшбасшылары кездесіп, қазіргі замандағы өте маңызды, өзекті мәселелер талқыланады, шешімін табады. Демек, Астананың саяси рөлі кеңейіп, бір мемлекет астанасы шегінен әлдеқайда асып кетті. Біздің қырғыз елшілігі – Астана қаласының құрдасы. Біз жыл сайын өз туған күнімізді бір уақытта атап өтеміз. Бау ырлас Қазақстанның астанасында біздің қырғыз Республикасының мемлекеттік гимні шырқалып, мемлекеттік туы желбіреген күнді еш уақытта ұмыта алмаспын. Тұңғыш рет! Көзіме қуаныш жасы үйірілген-ді... Есіл жағалауына мені тек дипломатиялық ойлар ғана емес, ақындық ша быт та баурағанын несіне жасырайын? 2000 жылы Астанадағы «Фолиант» баспасынан «Астана аспаны» атты кітабым жарық көрді, ол кітапта мен жасампаз ба уырлас елге, мәңгілікке табысқан доста рыма деген сезімдерімді жеткізуге тырыстым.
Өз сөзімді көне Есіл өзенінің жа-
ғалауында
туған
шумақпен
аяқтағым
келеді:
Тағдыр бұйырып, талайыма жазғаны –
Тарихтағы Астананың аспаны.
Еуразия ертең білер қадірін,
Елдің қазір жазылуда дастаны».
АРЫСТАНБЕК МҰХАМЕДИҰЛЫ Туған жылы, айы және күні: 11.02.1963 Туған жері: Алматы облысы Талғар ауданы Ұлты: қазақ Білімі: жоғары; Құрманғазы атындағы қазақ ұлттық консерваториясы; ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқармасының ұлттық жоғары мектебі Астанаға келген кездегі қызметі: Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің жауапты қызметкері Қазіргі атқарып жүрген қызметі: ҚР Мәдениет және спорт министрі Марапаттары: ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» ордені, ҚР Президенті Н. Назарбаевтың алғыс хаты, «ҚР Тәуелсіздігіне 10 жыл», «ҚР Конститутциясы
на 10 жыл», «Астананың 10 жылдығы» мерейтойлық медальдары, ҚР Білім беру саласының құрметті қызметкері Отбасылық жағдайы: отбасылы, үш баласы бар Астанаға көшіп келген уақыты: 1997 жыл
ҒАЛЫМОВ ФАРИД ХАБИБРАХМАНҰЛЫ Туған жылы, айы және күні: 11.02.1940 Туған жері: Солтүстік Қазақстан облысының Петропавл қаласы Ұлты: татар Білімі: жоғары; Свердловск қаласындағы политехника институты, инженер-құрлысшы, (1968); Мәскеудегі Халық шаруашылығы академиясының Басқару институты (1982) Астанаға келген кездегі қызметі: Астананы көшіру көмиссиясының төрағасы Қазіргі атқарып жүрген қызметі: «Қазақстан темір жолы» АҚ Президентінің кеңесшісі Марапаттары: «Құрмет Белгісі» ордені (1986) және үш медаль Отбасылық жағдайы: отбасылы, үш баласы бар
Астанаға көшіп келген уақыты: 1997 жыл «Бірге жұмыс істеген адамдардың айрықша құндылығы – мен оларға басшы ретінде қойған талаптан да жоғары әрі қатаң талапты өздеріне қоя білгендігі. Бүгін мен осыларды және басқа да көптеген адамдарды ризашылық сезіммен еске аламын. Олар ешқашан маған күмәнданған емес және менің тапсырмаларымды, өздерінің жұмыстарын бұлжытпай әрі шығармашылықпен орындап жүрді. Олар: В. Ни, Ә. Жақсыбеков, А. Бөлекбаев, Т. Досмұхамбетов, Н. Макиевский, Ф. Ғалымов, Президент Іс басқарушысының орынбасарлары В.П. Иванов, Б.Ғ. Нүрпейісов, О.А. Песков, облыс әкімінің бұрынғы бірінші орынбасары Қ. Омаров, бас мердігер А. Ермегияев, бас мердігер Р. Бекболатов, бас қаржыгер Ә. Әубеков... және көптеген басқа жандар. Қанаттастар, достар, жолдастар...» (Н. Назарбаев. «Еуразия жүрегінде». 2005 ж. 102-бет)
ДОСМҰХАМБЕТОВ ТЕМІРХАН МЫҢАЙДАРҰЛЫ Туған жылы, айы және күні: 06.04.1949 Туған жері: Қостанай облысы Денис ауданының Денис ауылы Ұлты: қазақ Білімі: жоғары; Қазақ денешынықтыру институты (жаттықтырушы, 1972); Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университеті (заңгер мамандығы, 1993) Астанаға келген кездегі қызметі: Қазақстан Республикасының Спорт, ту ризм және жастар істері министрі Қазіргі атқарып жүрген қызметі: Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Марапаттары: Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Грамоталары; КСРО-ның
және Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген жаттықтырушысы Отбасылық жағдайы: отбасылы, бір ұлы және бір қызы бар Астанаға көшіп келген уақыты: 1997 жыл «Бірге жұмыс істеген адамдардың айрықша құндылығы – мен оларға басшы ретінде қойған талаптан да жоғары әрі қатаң талапты өздеріне қоя білгендігі. Бүгін мен осыларды және басқа да көптеген адамдарды ризашылық сезіммен еске аламын. Олар ешқашан маған күмәнданған емес және менің тап сырмаларымды, өздерінің жұмыстарын бұлжытпай әрі шығармашылықпен орын дап жүрді. Олар: В. Ни, Ә. Жақсыбеков, А. Бөлекбаев, Т. Досмұхамбетов, Н. Ма киевский, Ф. Ғалымов, Президент Іс басқарушысының орынбасарлары В.П. Иванов, Б.Ғ. Нүрпейісов, О.А. Песков, облыс әкімінің бұрынғы бірінші орынбасары
Қ. Омаров, бас мердігер А. Ермегияев, бас
мердігер Р. Бекболатов, бас қаржыгер
Ә. Әубеков... және көптеген басқа жандар.
Қанаттастар, достар, жолдастар...»
(Н. Назарбаев.
«Еуразия жүрегінде». 2005 ж. 102-бет)
ШӨКЕЕВ ӨМІРЗАҚ ЕСТАЙҰЛЫ Туған жылы, айы және күні: 12.03.1964 Туған жері: Шымкент облысының Түркістан қаласы Ұлты: қазақ Білімі: жоғары; Мәскеу экономикастатистикалық институтын бітірген; эко номика ғылымдарының докторы Қазіргі атқарып жүрген қызметі: «Самұрық-Қазына» АҚ Басқармасының Төрағасы Марапаттары: «Парасат» ордені және «Астанаға 10 жыл» медалі; Шымкент қаласының Құрметті азаматы Отбасылық жағдайы: отбасылы, бір ұлы және екі қызы бар Астанаға көшіп келген уақыты: 1997 жыл
МАМИН АСҚАР ҰЗАҚБАЙҰЛЫ Туған жылы айы және күні: 23.10.1965 Туған жері: Целиноград қаласы Ұлты: қазақ Білімі: жоғары; Целиноград инженерлік-құрылыс институты, инженер-құрылысшы; Ресейдің Г.В. Плеханов атындағы экономикалық академиясы, экономист Астанаға келген кездегі қызметі: Ақмола қаласы әкімінің орынбасары Қазіргі атқарып жүрген қызметі: «Қазақстан темір жолы» АҚ Президенті – Басқарма төрағасы Марапаттары: «Астанаға жыл» медалі, «Ерен еңбегі үшін» медалі, «Құрмет» ордені, екінші деңгейлі «Барыс» ордені, Құрметті теміржолшы, Қазақстанның құрметті құрылысшысы 4-307
Отбасылық жағдайы: отбасылы Астанаға көшіп келген уақыты: 1997 жыл «Астанаға көшіп келер алдында мен Ақмоланың бизнес қайраткерлерін жи надым. «Астананың Ақмолаға көшетініне қуаныштысыздар ма?» – деп сұрадым. Олар: «Әрине, қуаныштымыз», – десті. «Онда, – дедім, – жігіттер, көмектесіңіздер. Сіздер коттедждерді жаман салмай тын көрінесіздер. Бастапқы кезде көмектесіңіздер, оларды жаңа астанаға сыйлаңыздар. Міне, сіз, Асқар Мамин, «Мәскеу» қонақүйін сатып алыпсыз. Осы ғимаратты мемлекетке қайтара алар ма едіңіз?» Мамин де, басқа бизнесмендер де менің өтінішімді ойланбастан орын дады. Сол бұрынғы «Мәскеу» қонақүйі ғимаратына ұзақ уақыт Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі орналасты». (Н. Назарбаев. «Еуразия жүрегінде». 2005 ж. 102-бет)
БӨЛЕКБАЕВ АМАНЖОЛ ҚУАНЫШҰЛЫ Туған жылы, айы және күні: 01.01.1941 Туған жері: Ақмола облысы Ақмола ауданының Новоишимка ауылы Ұлты: қазақ Білімі: жоғары; Целиноград ауыл шаруашылығы институты, инженер-ме ханик; (1981) Атқарған қызметі: Ақмола қаласының әкімі Марапаттары: «Құрмет Белгісі» ордені (1981), медальдар Отбасылық жағдайы: отбасылы, бір ұлы және бір қызы бар Астанаға көшіп келген уақыты: 1997 жыл «Мен Аманжол Бөлекбаевқа Ақмолада еркін экономикалық аймақ құру ар-
қылы астананы салудағы қыруар еңбегі мен қажыры, бастамашылдығы мен табандылығы үшін айрықша ризашылығымды білдіремін. Аймақ жаңа астананың құрылысын қаржымен қамтамасыз етуде бірқатар елеулі проблема ны шешуге мүмкіндік берді. Мұндай еркін экономикалық аймақ құрылмағанда жылдан бастап орындалған құрылыс жұмыстарының осыншама орасан көлемін атқару мүмкін болмас еді». (Н. Назарбаев. «Еуразия жүрегінде». 2005 ж. 97-бет)
МҰХАМЕДЖАНОВ ТӨЛЕГЕН МҰХАМЕДЖАНҰЛЫ Туған жылы, айы және күні: 27.07.1948 Туған жері: Семей облысы Бесқарағай ауданының Беген ауылы Ұлты: қазақ Білімі: жоғары; Н. Крупская атындағы педагогикалық институт; Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерва ториясы; өнертану профессоры Астанаға келген кездегі қызметі: Астана қаласы әкімінің орынбасары Қазіргі атқарып жүрген қызметі: атақты композитор Марапаттары: «Парасат» ордені» (1997), Қазақ ССР Жоғары Кеңесінің Құрмет грамотасы, Қазақстан Компози торлар одағының мүшесі, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты
Отбасылық жағдайы: отбасылы, екі қызы бар Астанаға көшіп келген уақыты: 1997 жыл
АМАНБАЕВ
ӘМІРХАН ТАПАШҰЛЫ
Туған жылы, айы және күні:
22.03.1959
Туған жері: Ақмола облысы Целино
град ауданының Воздвиженко ауылы
Ұлты: қазақ
Білімі: жоғары
Қазіргі атқарып жүрген қызметі:
мемлекет және қоғам қайраткері
Отбасылық жағдайы: отбасылы, екі
ұлы бар
Астанаға
көшіп
келген
уақыты:
1997 жыл
ЕСІЛОВ САНСЫЗБАЙ СЕЙІТЖАНҰЛЫ Туған жылы, айы, күні: 18.11.1951 Туған жері: Ақмола облысының Астра хан ауданы Ұлты: қазақ Білімі: жоғары; Целиноград теміржол техникумы; Целиноград инженерлікқұрылыс институты Астанаға келген кездегі қызметі: Ақмола қаласы әкімінің орынбасары Қазіргі атқарып жүрген қызметі: Астана қаласы мәслихатының хатшысы Марапаттары: «Достық», «Құрмет» ордендері Отбасылық жағдайы: отбасылы, екі баласы бар Астанаға көшіп келген уақыты: 1999 жыл
ҚАЛИҰЛЫ ЖЕКЕН
Туған жылы, айы, күні: 17.11.1931
Туған жері: Алматы облысының Ақсу
ауылы
Ұлты: қазақ
Білімі: жоғары; Алматы мемлекеттік
педагогикалық шет тілдер институты
Астанаға келген кездегі қызметі:
Қазақстан
Республикасы
Парламенті
Мәжілісінің депутаты
Қазіргі атқарып жүрген қызметі:
Қазақстан
Республикасындағы
БҰҰ-
ға қолдау көрсету қауымдастығының
төрағасы
Марапаттары:
Қазақстан
Респуб-
ликасының
Еңбек
сіңірген
қайрат-
кері, Қазақстан Республикасы дипло-
матиясының еңбек сіңірген қызметкері,
Перу Парламентінің Құрметті мүшесі,
Қазақстан Республикасы Көркемөнер академиясының академигі, Ақсу ауданының Құрметті азаматы, «Құрмет Белгісі», «Парасат» ордендері, медальдар Отбасылық жағдайы: отбасылы Астанаға көшіп келген уақыты: 1999 жыл
НҰРПЕЙІСОВ ҚЫДЫРБАЙ НҰРПЕЙІСҰЛЫ Туған жылы, айы және күні: 25.11.1947 Туған жері: Алматы облысы Қапал ауданының Қоңыр ауылы Ұлты: қазақ Білімі: жоғары Астанаға келген кездегі қызметі: ҚР Президенті Әкімшілігінің бас бухгалтері Қазіргі атқарып жүрген қызметі: Қазақстан Республикасының Президенті Кеңсесі бастығының орынбасары – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің бас бухгалтері Марапаттары: «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне жыл» (2001), «Қазақстан Конституциясы на 10 жыл» (2005), «Ерен еңбегі үшін» (2005), «Қазақстан Республикасының
Парламентіне 10 жыл» (2006), «Астанаға 10 жыл» (2008) медальдары Отбасылық жағдайы: отбасылы, үш ұлы бар Астанаға көшіп келген уақыты: 1997 жыл «Астанаға Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің бас бухгалтері қызметінде ауысып келдім. Тәуелсіздік шежіресіндегі ұлы көштің, яғни астана мызды ақбас шыңды Алатаудың етегіндегі ару Алматыдан Арқа төсіндегі Ақмолаға көшірудегі тарихи істің басы-қасында болғаным үшін мен өзімді бақытты са наймын. Уақытты уыста ұстап тұра алмайтының рас екен. Күні кеше ғана өткендей сол ай тулы оқиғалардың тарихтың еншісіне енгеніне де бір мүшел уақытқа таяпты. Алғашқы топ, біздер, жаңа астанаға жүрер алдында Елбасы өз резиденция сында жинап, сол жерде ойға шабыт беріп жігерлендіретін, кеудеге мақтаныш сезім
ұялататын сөздер айтты. Жүрегімізде қуаныш оты алаулап, еңсеміз биіктеп, ерекше күйге бөлендік. Өйткені бұл – әр ұрпақтың маңдайына бұйыра бермейтін тарихи кезең. Алғашқы боп бара жатқан біздерге айрықша үміт және зор жауапкершілік жүктелді. Прези дент сәтті сапар тілей отырып, біздің еншімізге тиген сол кездегі тұрмыстық қиындықтарға төзе алатындығымызға, өзімізге жүктелген міндеттерді ойдағыдай атқаратындығымызға үлкен сенім білдірді. Біздер осыны жанымызбен ұғынып, сенімді ақтап, үміттен шыға білдік деген ойдамын. Таратып айтсақ, 1997 жылғы 6 қараша күні Президент Әкімшілігінде қызмет ететін бір топ азамат Ақмолада өтуі тиіс салтанатты шараларға қатысу үшін, негізгі лек келгенше жұмыс орында рын дайындау үшін Алматыдан аттанып кеттік. Ұшағымыз Ақмола әуежайына қонып, Арқа жеріне алғаш табан тірегенде байқағанымыз, аспаннан нұр төгілген-
дей жаңбыр сіркіреп жауып тұрған еді. Жедеғабыл су жаңа автобусқа отыра қалып, қаланың шетін ала орналасқан «Встреча» сауда үйінің аумағындағы жатақханаға келіп орналастық. Қайран қазағымыздың ешбір дәуірдің дауылы өшіре алмайтын қасиетті дәстүрі мен дархан пейілі-ай десеңізші. Біз орнала сып болдық-ау дегенде облыс, қала бас шылары түсте «Еснұр» мейрамханасын да және ақмолалық ағайынды екі азамат сол кездегі «Северный», қазіргі «Перизат» мейрамханасында Алматыдан келген біздерге ата дәстүрімен арнайы қонақасы берді. Бәрі «Көш көлікті болсын» деп ақ тілектерін жаудырып жатыр. Ағайынның ақ адал ниеті мен ыстық пейіліне шомылған біздер сол кездегі қарашаның қара суығын ұмытып кеткендей едік. Араға бір күн салып, яғни 8 қараша күні Алматыдан Ақмолаға басты мемлекеттік символдардын жеткізілгені баршаның есінде. Бұл естен кетпес ерекше оқиға еді. Ескі алаңда бұрынғы Резиденцияның кіреберісінің оң жағында Алматы
дан келген біздер, сол жағында Ақмола
облысының басшылығы тұрдық. Аспан
түстес
Туымызды,
алтын
қанатты
арғымақ бейнеленген Елтаңбамызды ор
тадан алып өткенде жүрегіміз лүпілдеп,
рухымыз
аспандап
кетті.
Ғасырлар
тоғысында осындай орасан зор тари
хи іске батылдық жасап, дәуірлік шешім
қабылдаған Елбасымыздың жүзінен сол
сәтте ерекше нұрды байқаған едік.
Содан
қарбаласқа
толы
қызметке
қызу кірісіп кеттік. Таң атқаннан күн
батқанға дейін жұмыстамыз. Кешкісін
бәріміз бір үйдің баласындай болып
жатақханамызда жиналамыз. Жергілікті
жұртшылықпен
жаңа-жаңа
таныса
бастағанымыз болмаса, әлі етене арала
са қоймаған кез. Сол жылғы 25 қарашада
мен елуге толатын едім. Алғашқыда ме
рейтойды Алматыда өткіземін деп жақын-
жұрағатқа ескертіп, алдын ала дайында
лып жүргем. Ұлы көштен қалмай шұғыл
аттанып кеткендіктен ағайын-туыс, дос-
жаранның барлығы Алматыда қалды.
Елдің бәрі екі арада артынып-тартынып
көшумен айналысып жатқанда туған-
туысты Алматыдан алдыртып, аламан
той жасап жататын кез емес. Бір жағынан
алып қарағанда, ердің жасы елудің биігін
ескерусіз қалдырған да сөкеттеу сияқты
көрінеді. Не болса да мерейтойды сол
кездегі құраммен атап өтуді жөн көрдім.
Мерейтойды өткізу үшін той қамымен ар
тынып-тартынып Алматыдан жұбайым
Күләш, ортаншы балам Дәурен және
етене жақын араласып жүрген інілерім
Берік пен Қайрат келді. Сөйтіп, Ақмоланы
адақтап
мейрамхана
іздеуге
кірістік.
Ашығын айту керек, бұрынғы тыңгерлер
қаласында сол кезде санаулы ғана мей
рамхана бар екен. Оның бірі қазақтың
ұлттық тағамдарын дайындай алмай
тынын айтып сыпайы шығарып салса,
екіншісі тойға келушілер 300 адамнан
кем болмауы керектігін айтып кергиді.
Не істерімізді білмей жүргенде, осында
бұрыннан орнығып қалған Қалмұқан де
ген күйеу баламыз Фарида қарындасымыз
екеуі туған күнімді өзінің қосқабатты
үйінде атап өтуді ұсынғаны бар емес пе.
Іздегенге сұраған дегендей бұл шешімге
бәріміз қуанып кеттік.
Сөйтіп, Президент Әкімшілігінің сол
кездегі қызметкерлері, елімізге танымал,
Отанымыздың өркендеуіне үлкен үлес
қосқан Оралбай Әбдікәрімов, «Нұр Отан»
халықтық демократиялық партиясы тө-
рағасының бірінші орынбасары Нұрлан
Нығматулин, сол кездегі Қазақстанның
Түркиядағы Елшісі Жансейіт Түймебаев,
оның кеңесшісі Аяған Сандыбай, белгілі
қаламгер Төлен Әбдік және басқа да
азаматтар сол үйде менің «елуімді» есте
қаларлықтай етіп атап өттік. Дастархан
басында айтылған ақ тілектердің бәрі
бір ғана арнаға тоғысып жатты. Ол «Арқа
жерінде
басқан
алғашқы
қадамымыз
осындай тоймен басталып жатыр, ендігі
жерде алдағы ғұмырымыз да, еліміздің
ертеңгі келешегі де осындай шаттық пен
қуанышқа толы болады» деген ілгергі үміт
сәулесі еді. Сол тойда Жансейіт Түймебаев
маған
қазіргі
Әл-Фараби
ауданының
аумағында жаңадан салынып біткен көп
қабатты үйден төрт бөлмелі пәтердің
5-307
берілетіні жөнінде ұйғарым жасалғанын
хабарлады. Той тойға ұласты деген сол
емес пе.
Естуімізше, Елбасы бұған дейін елор
да құрылысының жай-күйімен танысу
кезінде сол үйге бас сұғып, пәтерлердің
ішкі жағдайын арнайы аралап көрген
екен. Елбасы кірген пәтер нақ бізге
бөлінгенін
естігенімізде
отбасымыз
бен қуанып, жақсы ырымға баладық.
Көп кешікпей Алматыдан келген әріп-
тестеріміздің көпшілігіне жоғарыда ай-
тылған тұрғын үйден бір-бір пәтердің
кілті тапсырылды. Алғаш бәріміз сол
жерде жаңа қонысымыздың салтана
тына жиналдық. Қызметтестерім өз ша-
ңырақтарына
кірместен
бұрын
Елба
сы қадам басқан табалдырық деп біздің
пәтерімізге кіріп көргені әлі есімде.
Астана өміріміздегі өрелі істеріміздің,
отбасымыздың берекелі тірлігінің бе-
сігіне айналды. Аз ғана уақытта көз ал
дымызда әлем жұртшылығы таңдана,
таңғала қарайтын әсем де көрікті шаһар
өсіп, өркен жайып келеді».
ДЕМЕУОВ
МАРАТ ГАНҰЛЫ
Туған жылы, айы, күні: 23.09.1957
Туған жері: Семей қаласы
Ұлты: қазақ
Білімі: жоғары; КСРО ІІМ Қарағанды
жоғарғы мектебі, заңгер; полиция гене
рал-майоры
Атқарған қызметі: Астана қаласы Ішкі
істер департаменті бастығының бірінші
орынбасары, бастығы
Қазіргі атқарып жүрген қызметі:
Қазақстан Республикасы Ішкі істер ми-
нистрінің бірінші орынбасары
Марапаттары:
«Қазақстан
Респуб-
ликасының тәуелсіздігіне 10 жыл», «Ерлігі
үшін», «Астанаға 10 жыл» медальдары
Отбасылық жағдайы: отбасылы, бір
ұлы және екі қызы бар
Астанаға көшіп келген уақыты: 1999
жыл.
«Астанаға
келгенде
мені
қатты
таңғалдырғаны қала құрылысының сәу-
леттік жобалары еді. Елбасымыз Нұрсұл-
тан Назарбаев тәртіп сақшыларының
алдына
біздің
астанамызды
тәуелсіз
еліміздің ең қауіпсіз қаласы ету міндетін
қойды. Біз сол міндетті орындау бары
сында аянбай еңбек еттік. Мен үшін жаңа
астанада жұмыс істеу – үлкен құрмет».
ҚҰЛНАЗАРОВ АНАТӨЛІ ҚОЖЕКЕНҰЛЫ Аты-жөні: Құлназаров Анатөлі Қожекенұлы Туған жылы, айы, күні: 15.04.1950 Туған жері: Шығыс Қазақстан облысының Лениногор қаласы Ұлты: қазақ Білімі: жоғары; Өскемен педагогикалық институты; Педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Балтық Педагогика академиясының академигі және Петр атындағы Ғылым мен өнер академиясының толық мүшесі Астанаға келген кездегі қызметі: ҚР Денсаулық сақтау, білім және спорт министрлігі Спорт және дене тәрбиесі комитетінің төрағасы Қазіргі атқарып жүрген қызметі: белгілі спорт қайраткері
Марапаттары: «Халықтар достығы» ордені (1988); «Астана» (1999), «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» (2002), «Қазақстан Республикасының Конституциясына 10 жыл» (2005) медаль дары; Құрмет грамоталары; Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген қайраткері; Қазақстанның Еңбек сіңірген жаттықтырушысы Отбасылық жағдайы: отбасылы, бір ұлы бар Астанаға көшіп келген уақыты: 1997 жыл «1997-1999 жылдары Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау, білім және спорт министрлігі Спорт және дене тәрбиесі комитетінің төрағасы қызметін атқардым. 1999-2000 жылда ры Қазақстан Республикасы ПремьерМинистрінің кеңесшісі, 2000-2006 жыл дары Дене тәрбиесі ұлттық ғылымитәрбие орталығының директоры, 20062010 жылдары – Қазақстан Республикасы
Туризм және спорт министрлігі Спорт комитетінің төрағасы болып еңбек еттім. Қазақстан Республикасы Халықаралық олимпиада комитеті және спорт комитетінің төрағасы қызметінде жүргенде Астана қаласындағы Қ. Мұңайтпасов стадионын төрт айдың ішінде қайта жөндеуден өткіздік. Осы стадионда 1998 жылы 10 маусымда 11 000 мектеп оқушылары мен студенттер қатысқан жаңа астананың тұсаукесер тойына қатысқан едік. Сондай-ақ уақытша жасалған ипподромда ұлттық ат спорты ой ындары мен басқада шаралар өткізілді. Бұл шаралар өте қолайсыз геграфиялық және климаттық жағдайда (көктем мен күзде) өткізілген еді. Біздің комитеттің жоғары ұйымдастырушылық жұмыстарының нәтижесінде 1992-2008 жылдар аралығында Қазақстан спорт шеберлері қысқы және жазғы Олимпиада ойындарында 10 алтын, 18 күміс, 15 қола медаль жеңіп алды.
Қазіргі Астана жан-жақты көркейген, дамыған қалаға айналды. Соның ішінде спорт саласындада үлкен өзгерістер мен тың табыстарға қол жеткізді. Жаңадан «Қазақстан», «Алатау» тағы басқа ке ремет спорт кешендері салынып, жас ұрпағымыздың болашақ жетістіктерінің негізі қаланды».
ДОСМАҒАМБЕТОВ БАИР ФАРДЕНҰЛЫ Туған жылы, айы және күні: 29.05.1954 Туған жері: Алматы қаласы Ұлты: қазақ Білімі: жоғары; Мәскеу сәулет институты Астанаға келген кездегі қызметі: Астана қаласының бас сәулетшісі Қазіргі атқарып жүрген қызметі: «Астана қаласы бас жоспарының ғылымизерттеу жобалау институты» МҚК-ның директоры Марапаттары: «Құрмет» (2007) ордені, «Астана» (1998), «Ерен еңбегі үшін», «Астанаға 10 жыл» (2008) медальдары, Мәскеу халықаралық сәулет академиясының профессоры, Шығыс елдері халықаралық сәулет академиясының корреспондент мү-
шесі, Қазақстанның Құрметті сәулетшісі, ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері Отбасылық жағдайы: отбасылы, бір ұлы бар Астанаға көшіп келген уақыты: 1997 жыл «1990 жылдардың орта тұсындағы Ақмоланың көрінісі мынадай еді: сұрғылт бес қабатты үйлер, қараңғыға батып, тұнжыраған лас көшелер. Сенсеңіз, бүкіл қалада үш мейрамхана мен санаулы ғана кафе бар-тұғын. Қалада көмірдің жетіспеуінен ЖЭО жартылай ғана қуат береді. Пәтерлер салқын, қабырғалары ылғал. Жұрт қытайдың керосинмен жұмыс істейтін жылытқышымен үйін жылытатын. Егер сол кезде біреу келіп маған: «Дәл осы жерде әлемнің аса дарынды сәулетшілерінің үлгілерімен жасалған ерекше сәулетті қала пайда болады. Көз қарықтыратын көк желекке оранған саябақтары мен алаңдары бар үлкен алып шаһар бой көтереді», – десе, мен
оны фантаст, сәтсіз оптимиске балар едім. Бірақ жоғарыдағы ойлардың жүзеге асқанына сіз бен біз бүгінгі күні көз жеткізіп, куә болып отырған жоқпыз ба?! Астанаға келген сәттен бастап кейінгі он жылым ұйқысыз, демалыссыз, жанталаспен өтті десем, өтірік айтқандық емес. Өйткені Астананы көшіру комиссиясы төрағасының бірінші орынбасары, одан кейінгі Астана қаласының бас сәулетшісі, «Астана қаласы бас жоспарының ғылыми-зерттеу жобалау институты» МҚК-ның директоры қызметтері барлық күш-жігерді сарқып жұмыс істеуді талап етті. Бір жағынан Елбасының үлкен сенімі мен біздің үлесімізге тиген шаруаның тарихи маңыздылығы бізді қанаттандырып, жантәнімізбен беріліп, алаңсыз жұмыс істеуге ынталандырды. Біз қаланы көшіру мен салу барысындағы күнделікті туындаған мәселелерді шешумен айналыстық. Бізге осы мәселерді шешуде тез әрі оңтайлы шешім қабылдауға тура келді. Бірақ бір мәселенің түйіні шешіліп жатса, екінші
жағынан одан да күрделі мәселелердің құлағы қылтиып тұратын. Қазір сол өткен күндерге ой жіберіп, саралауға мүмкіндік туды. Жарқыраған шамдардың ортасындағы даңғылмен келе жатып, сол жағалаудағы қаланың ескі бөлігіндегі жалаңаш жерлердің орнына ерекше сәулетті ғимараттар мен жаңа аудандардың салынғанын көріп, біздің Президентіміздің асқақ арманының жүзеге асқанына қуанасың. «Егер адам алдына қандай да бір мақсат қойып, сол жолда өз-өзіне сенім артып, қамшылай білсе, тау қопарады» деуші еді. Біз осы сөзге жан бітіріп, бүкіл халық болып ұйымшылдықпен жұмыс істедік. Біз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың осынау жауапты істі жүзеге асыру жолында сенім артқан адамдарының қатарында болдық. Жылдар жылжыған сайын Қазақстан тағдырындағы осынау өзгерістерге қосқан шынайы үлесіміз бен жасампаз істеріміз жүрекке жылылық ұялатады».
НӘБИЕВ МАРАТ ӘСКЕНҰЛЫ Туған жылы, айы және күні: 06.08.1956 Туған жері: Ақмола облысы Ұлты: қазақ Білімі: жоғары; Целиноград ауыл шаруашылығы институты (1978) Астанаға келген кездегі қызметі: Астананы көшіру комиссиясының төрағасы Қазіргі атқарып жүрген қызметі: «Он-Олжа» ЖШС-ның бас директоры Марапаттары: «Астана», «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне жыл», «Қазақстан Республикасының Парламентіне 10 жыл» медальдары Отбасылық жағдайы: отбасылы, екі ұлі бар
Жаңа елордамыз – Астана қаласын мен өте жақсы көремін. Біріншіден, мен осында туып, осында білім алып ержеттім, үйленіп шаңырақ көтердім. Екіншіден, жаңа достар, ағалар, жолдастар таптым. Солардың ішінде атап айтар ағаларым: генераллейтенант Амангелді Шабдарбаев, тұңғыш ғарышкеріміз Тоқтар Әубәкіров, Дүйсен Қасейінов, Анатөлі Құлназаров, Ұлықбек Есдәулет, Астана қаласы әкімінің тұңғыш баспасөз хатшысы Сәдібек Түгел және басқа да азаматтар. Олар барлық қажыр-қайраттарын, білімдері мен тәжірибелерін аямай жұмсап, жаңа астананың гүлденуіне зор үлес қосып келеді».
ШӘКІРОВ АХМЕТОЛЛА АХМЕТЖАНҰЛЫ Туған жылы, айы және күні: 25.01.1948 Туған жері: Ақмола қаласы Ұлты: қазақ Білімі: жоғары; Целиноград инженерлік-құрылыс институты Астанаға келген кездегі қызметі: Ақмола қаласы әкімінің орынбасары Қазіргі атқарып жүрген қызметі: «Туризм және спорт индустриясын материалдық-техникалық қамтамасыз ету» АҚ вице-президенті Марапаттары: «Ерен еңбегі үшін» медалі Отбасылық жағдайы: отбасылы, екі баласы бар
КӘРІБЖАНОВ
ЖӘНІБЕК СӘЛІМҰЛЫ
Туған жылы, айы және күні: 23.11.1948 Туған жері: Омбы облысы Шұбаркөл ауданының Айбас ауылы Ұлты: қазақ Білімі: жоғары; С.М. Киров атындағы Омбы ауыл шаруашылығы институ ты, ғалым агроном-экономист, Бүкілодақтық ғылыми-зерттеу және жобалау – технологиялық кибернетика институтының аспирантурасы; экономика ғылымдарының кандидаты Астанаға келген кездегі қызметі: ҚР Премьер-Министрдің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Марапаттары: «Парасат» (1997), «Достық» (2005) ордендері; «Астана» (1998), «Қазақстан Республикасының тәуел-
сіздігіне 10 жыл» (2001), «Тыңға 50 жыл» (2004), «Қазақстан Республикасының Конституциясына жыл» (2005), «Қазақстан Республикасының Парламентіне 10 жыл» (2006) медальдары Отбасылық жағдайы: отбасылы, үш ұлы бар Астанаға көшіп келген уақыты: 1997 жыл «...Елбасы елордамызды алғашқы қазығынан бастап бүгінгі әлемдік деңгейдегі ғажайып қалаға айналғанға дейін балаша әлпештеп, қаланың дамуы, көркеюі жолына білімін де, біліктілігін де жұмсады. Елдің бас қаласын ауыстыру сол бір тығырық тұмшалаған «өтпелі кезеңде» оңай жұмыс, жеп-жеңіл қабылдана салған шешім емес еді. Орныққан жерінен басқа бір аймаққа көшу жеке адам үшін де оңай шаруа емес. Ал экономикамыз төрт аяғынан тең тұра алмай тұралап тұрған сонау тоқсаныншы жылдардың ортасын да ел астанасын Алатаудың баурайындағы ару қала Алматыдан Арқадағы шағын қала Ақмолаға көшіру идеясын күн 6-307
тәртібіне шығару және оны ойдағыдай
жүзеге асыру теңдессіз ерлікпен тең еді.
«Жаңа астана еліміздің айбыны болады,
құрылыс саласы өркендейді. Ол өндіріс-
тің барлық саласын қарқынды дамыту-
ға ықпал етеді. Астана экономикамыздың
локомотиві болады. Әлі-ақ Арқа төсінде
әлемде теңдесі жоқ қала тұрғызамыз» де
ген еді сол шақта Елбасы.
Ол кезде Ақмолада 270 мыңға жетер-
жетпес қана халық тұратын, жаңа ғи-
мараттардан гөрі жатаған үйлер басым,
облыс орталығы дәрежесіндегі шағын
қала болатын. Бірақ бұл қаланың бай та
рихы, тоғыз жолдың торабында, Еура
зия құрлығының нақ кіндігінде орналас-
қан географиялық және стратегиялық
маңызы бар еді. Бұл қала еліміздің
индустриялық қуаты дамыған өңірлерге
жақын орналасқан. Сол жағынан эко-
номикалық, әлеуеттік артықшылығы ба
сым болды. Осылардың бәрін екшей келе,
уақыт тынысын тамыршыдай тап баса-
тын тұңғыш президентіміз Нұрсұлтан
Назарбаев болашақ астана – Ақмола қа-
ласының осындай артықшылықтарын
тап басып, көре білді. Сол бір жылда
ры Мемлекет басшысы маған сенім ар
тып,
Ақмола
облысының
әкімі
етіп
тағайындады.
Астананы көшіру жұмыстарын жүзеге
асыратын арнайы комиссия құрылды.
Мен комиссия мүшесі болмасам да Ел
басы мені жиі-жиі осы өңірге жіберіп
тұратын. Бірге жүріп аралаған кездеріміз
де болды. Президент сол кезде-ақ бұл об
лысты бетбұрыс сәтте кім басқаратынын
шешсе керек. Астананы көшіру, құрылыс
және көшіп келетін министрліктер мен
мекемелерді орналастыру міндеті ар
найы комиссияға жүктелген. Ал менің
үлесіме тиген тапсырма да аз емес еді.
Шалғайдағы шағын қалада проблемалар
біршама қордаланып қалған екен. Елор
да мәртебесіне ие болған соң бұл қалада
бұрын-соңды
болмаған
жұмыстарды
атқаруға тура келді. Әсіресе қаладағы
жолдардың, су және жылу жүйелерінің
жағдайы ешбір сын көтермейтін дәре-
жеде еді. Қаланың әуежайы да шағын
болатын, үлкен ұшақтарды қабылдауға
лайықталмаған. Аз уақыт ішінде біз осы
мәселелерді қалпына келтіру міндетін
қолға алдық. Басқасын былай қойғанда,
сол кезде тек әуежайдың ұшу алаңын
кеңейту үшін тәулігіне 3 мың тонна ас
фальт-бетон шығаруға тура келді. Біз уа-
қытты тәулікпен емес, сағатпен санадық.
Сөйтіп, аз уақыттың ішінде әуежайды
бүгінгі заман талабына лайықтап жөнге
келтірдік. 10 қазан күні бұл жұмысты
тәмамдадық. Сол күні Ақмола әуежайы-
на алғаш рет Президенттің үлкен ұшағы
келіп қонды.
Тағы бір маңызды мәселе, қаладағы
жылу жүйесін қайта құру болды. Қаланы
жылумен қамтамасыз етіп тұрған №2
ЖЭО-ға 13 жыл бойы күрделі жөндеу
жұмыстары жүргізілмеген екен. Біз осы
жылу
орталығын
күрделі
жөндеуден
өткізіп, оны №1 ЖЭО-мен жалғастырып,
бір жүйеге келтірдік. Қысқаша түйінде-
сем,
бұрынғы
облыстық
мекемелерді
басқа жерге көшіріп, біраз ғимараттарды
қайта жаңғырттық. Көшелердегі үйлер-
ді абаттандырдық. Сөйтіп, бас қаланы
көшіруге қажетті алғашқы маңызды қа-
дамдарды жүзеге асырдық.
Еліміздің елордасы Астана 12 жыл ішін-
де, еліміздің еркін шешімдер қабылдай-
тын, Қазақстанның шынайы тәуелсіздігі
мен егемендігін паш ететін орталыққа
айналды. Мен Елбасының алғаш Астана
ны ауыстыру идеясын қолдағандардың
бірімін. Бірақ сол кезде аз уақыттың ішін-
де елімізде дәл осындай ғажайып қала са
лынады деп, Астанамыз дәл осындай ға-
рыштық қарқынмен дамиды деп ойлаған
жоқпын. Елбасының алысты болжайтын
сұңғылалығына, жасампаздықты болжай
білетін көріпкелдігіне шынымен көзім
жетті. Астана көркімен де, көлемімен де
төрткүл дүниені мойындатты. Елімізде
Елбасының
саясатымен
жүзеге
асы
рылып келе жатқан бірлік, тұтастық
және ауызбіршілік болмаса, нақ осын
дай жетістік те болмас еді. Сондықтан
Астана – Қазақстанның шын мәніндегі
егемендігінің символы».
(«Егемен Қазақстан» газеті, 06.06.2009)
ДОСЫМОВ
СЕРІМЖАН ТӨЛЕУҰЛЫ
Туған жылы, айы, күні: 23.01.1958
Туған жері: Қостанай қаласы
Ұлты: қазақ
Білімі: жоғары; ІІМ Қарағанды жоғарғы
мектебі, заңгер; полиция генерал-майоры
Астанаға келген кездегі қызметі:
Астана қаласы Ішкі істер департаменті
бастығының бірінші орынбасары және
бастығы
Қазіргі атқарып жүрген қызметі:
ҚР Ішкі Істер министрлігінің жауапты
қызметкері
Марапаттары: «Айбын», «Даңқ» ор-
дендері; «Қазақстан Республикасының
тәуелсіздігіне – 10 жыл», ІІ дәрежелі «Ішкі
істер органдарындағы мінсіз қызметі
үшін» медальдары; ҚР ІІМ Құрмет грамо
тасы
Отбасылық жағдайы: отбасылы, бір ұлы және екі қызы бар Астанаға көшіп келген уақыты: 1999 жыл
ЖИРЕНТАЕВА НАЗКЕН МҮСІРЕПЖАНҚЫЗЫ Туған жылы, айы және күні: 11.01.1959 Туған жері: Целиноград облысының Шалқар ауылы Ұлты: қазақ Білімі: жоғары Астанаға келген кездегі қызметі: Астана қаласы әкімшілігі Транспорт бөлімінің бас маманы Қазіргі атқарып жүрген қызметі: Астана қаласы әкімі аппаратының Награ да жөніндегі бас маманы Марапаттары: «Астанаға жыл» медалі; Астана қаласы әкімінің Құрмет грамотасы Отбасылық жағдайы: отбасылы, екі қызы бар
Астанаға көшіп келген уақыты: 1997 жыл «Әкімдікте 15 жылдан бері жұмыс істеймін. Ақмолаға алғаш келген мемлекеттік қызметкерлерді вокзалдан қарсы алып, қонақүйлерге орналастыруға, олардың алаңсыз жұмыс істеуіне жағдай жасауға, көлікпен қамтамасыз етуге ат салыстым. Елорданың өркендеуі мен дамуына өз үлесімді қоса беремін».
КӘРІБАЕВА ҚАНИКЕН БАҚЫТҚЫЗЫ Туған жылы, айы және күні: 11.08.1959 Туған жері: Ақмола облысы Ұлты: қазақ Білімі: жоғары Астанаға келген кездегі қызметі: Ақмола қаласы әкімі аппаратының Жал пы бөлімінің бас маманы Қазіргі атқарып жүрген қызметі: Астана қаласы әкімі аппаратының бас маманы Марапаттары: «Астанаға жыл» медалі Отбасылық жағдайы: отбасылы, бір ұлы және бір қызы бар Астанаға көшіп келген уақыты: 1997 жыл
ТҮГЕЛ СӘДІБЕК Туған жылы, айы және күні: 23.02.1955 Туған жері: Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданының Амангелді ауылы Ұлты: қазақ Білімі: жоғары; әл-Фараби атындағы ҚазМУ мен Саясаттану және басқару институты; ҚР Гуманитарлық ғылымдар академиясының академигі Астанаға келген кездегі қызметі: Астана қаласы әкімінің баспасөз хатшы сы – баспасөз қызметінің жетекшісі Қазіргі атқарып жүрген қызметі: жазушы, қоғам қайраткері, ҚР «Ұлы Дала Қырандары» қоғамдық-әлеуметтік мәдени қозғалысының тең төрағасы, ҚР Ұлттық ат спорты Федерациясының президенті, «ТҮГЕЛ МЕДИА» бірлестігінің басшысы
Марапаттары мен атақтары: ҚР Еңбек сіңірген қайраткері; ҚР Президенті Грантының иегері; ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Алғыс хатымен екі мәрте марапатталған; «Астана», «Құлагер – Ұлы дала тұлпары» медальдары; ҚР Еңбек сіңірген жаттықтырушысы; ҚР Еңбек сіңірген мәдениет қызметкері; ҚР Ту ризм және спорт саласының Құрметті қызметкері; Қазақстанның екі дүркін ең үздік баспасөз хатшысы; С. Бердіқұлов атындағы сыйлықтың иегері; Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданының Құрметті азаматы; ҚР Жазушылар және Журналистер одақтарының мүшесі; ҚР Ұлттық ат спорты федерациясының президенті; ТМД және Қазақстанның 2006 жылғы ең үздік атанған «Қазанат» кітабының авторы Отбасылық жағдайы: отбасылы Астанаға көшіп келген уақыты: 1997 жыл
ӨСЕ БЕР, ӨРЛЕЙ БЕР,
АСТАНА!
ӨСЕ БЕР, ӨРЛЕЙ БЕР, АСТАНА!
КІРІСПЕ
Ел газеті «Егемен Қазақстанның» оқыр-
мандарына
ағымнан
жарылып,
тура
сын айтайын: мен, Қазақстан Республи-
касының тұңғыш Президенті – Елбасы
мыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың
Өзі таңдап, Өзі негізін салып, Өзі ірге-
тасын қалаған жаңа Елордамыз – Аста
на қаласын жанымдай жақсы көремін.
Оған төрт себеп бар. Біріншісі: жиыр
масыншы ғасыр мен жиырма бірінші
ғасыр тоғысында, туған еліміздің абы
ройын асқақтатқан, ұлт өмірінде өте
сирек кездесетін тарихи оқиға орын
алды. Ол – қазақтың кең жазира дала
сы Сарыарқаның нақ төсінде теңдесі
жоқ, таңғажайып жаңа шаһар – Аста
на қаласының салынуы. Бүгін Астананы
бүкіл әлем танып, мойындады. Астана –
дүние жүзіндегі ең сәулетті қалалардың
біріне, қазақтардың басты мақтанышына
айналды. Ол – ең алдымен, Елбасымыз-
дың ерлігі әрі көрегендігі. Ұлы жүректің
туған Отаным деп соғуынан болған дара
бастамасы және мәні де маңызы ерек
ше әлемдік Жобасы. Астана мені баурап
алды.
Екінші себеп: осы шаһарда менің де
бағым жанып, жұлдызым жарқырады.
Тағдырдың
қалауымен
маған
жаңа
Астананың тұңғыш баспасөз хатшы
сы болу бақыты бұйырды. Бес жарым
жыл қайнаған қазанның, тарихи оқи-
ғалардың эпицентрінде жүрдім. Кере
мет жобалардың жүзеге асуының басы-
қасында болып, қаланың жетістіктері
мен жеңістеріне тірідей куә болған жан
мын. Қолымда сол кездің тыныс-тір-
шілігінен, тәй-тәй басқан Елорданың да
муынан барынша мол мағлұмат беретін
архив
құжаттары
сақталған.
Сөзімді
түйіндеп айтсам, бірінші күннен бас-
тап 15 жылдың ішінде әсем қала, ертегі
шаһар Астанамен біте қайнасып кет
кем. Осында ұлымызды үйлендіріп, қы-
зымызды тұрмысқа ұзаттық. Жұбайым
Қайкен екеуіміз олардан 5 немере сүйіп
отырмыз. Немерелерімнің алды мектепте
оқиды.
Үшінші себеп: Астана маған әдебиет
кеңістігіне жол ашты, қаламгер болып
қалыптасуыма ықпал етіп отыр. Қолым
қалт етсе, қаламымды алып Астанаға
арналған шығармалар жазамын. Мен жа
зып жарыққа шығарған «Көк күмбезді
Астана», «Астана – город солнечной
мечты», «Астана – жерұйығы елімнің»,
«Астана – триумф страны», «Астана –
ел жүрегі», «Астана – сердце страны»,
«Алғашқы
астаналықтар»,
«Первопро
ходцы Астаны», «Астана баспасөзінің
шежіресі», «Летопись столичной прес
сы» атты кітаптарым мен «Тұңғыш» атты
спектаклім елорданың бірінші күндері-
нен, 15 жылдық тарихынан сыр шертеді.
7-307
Олар – оқырмандар тарапынан өз бағасын алған еңбектер. Одан үзінділер журналдарда басылды. Осы кітаптардың ішінде шоқтығы биігі – «Алғашқы астаналықтар» энциклопедиялық жинағы. Оған Елбасы Н.Ә. Назарбаев бастаған 186 алғашқы астаналықтардың анкета лары мен естеліктері басылды. Бұл жоба төңірегінде біз 500-ден аса адамдардың анкеталарын жинап отырмыз. Ол материалдар әлі екі кітапқа жетеді деп отыр мын. Төртінші себеп: cенімді әріптестеріммен бірігіп Астана қаласының және еліміздің ақпарат кеңістігінде өз орны бар «ТҮГЕЛ МЕДИА» атты қуатты ақпараттық серіктестік ашып, оның жұмысын үзбей жүргізіп келеміз. Ұйымның ұраны: «Біз журналистер, біз біргеміз!», «Мы журналисты – мы вместе!» деп аталады. Бірлестік мына журналдарды шығарады: 1. «Қазанат» 2. «Құлыным» 3. «Біз, Астаналықтар!»
4. «Ұлы дала қырандары» 5. «Керемет той» 6. «Журналистер әлемі» 7. «Ұлттық спорт»
Жалпы алғанда, бірлестіктің құрамын-
да 15 БАҚ бар. Біз бұл межеде әсте тоқ-
тап қалмайтынымыз анық. Бұл тұста ай-
тайын дегенім, осы журналдар, баспасөз
клубтары, газет-сайттар ел егемендігі-
мен Астанаға адал қызмет істейді және
істей береді.
АСТАНАҒА ҚАЛАЙ КЕЛДІМ!
ҚАЛАЙ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ
БОЛДЫМ
жылдың
желтоқсан
айының
бір күнінде Алматы қаласындағы қыз-
мет бөлмемнің тыныштығын телефон
қоңырауы кенет бұзды. Ол кезде Қазақ-
стан Республикасының Президенті әкім-
шілігі мен Үкімет аппаратының жаңа
астанамыз – Ақмола қаласына көшкені-
не бір ай, ал Ақмола қаласының елорда
болып жарияланғанына 10 күн де болған
жоқ еді.
Әлі күнге дейін есімде, сол жолғы те
лефон қоңырауы маған бұрынғысынан
өзгеше, әлде бір жаңалықтың жаршысы
ретінде ерекше естілді. Әлі күнге дейін
таңым бар? Ол не нәрсе?! Оның мәнісі
сәл сәттен кейін маған белгілі болды.
Қоңырау соғушыны бірден дауысынан
таныдым. Ол Аяған Сандыбай ағамыз еді.
– Сәдібек бауырым, қалайсың? – деп
бастады әңгімесін Аяған ағамыз. – Хал-
жағдайың қалай? Бала-шаға аман-есен
бе? Бұрынғы жұмысыңда істеп жүрсің бе?
Менде барлығы жақсы. Жаңа астанаға
үйрене бастадық. Мен саған мынадай се
беппен қоңырау шалып отырмын. Жаңа
елордамыз Ақмола қаласының әкімдігіне
бұқаралық ақпарат құралдарымен тығыз
қарым-қатынас орната алатын және қала
әкімінің баспасөз хатшысы жұмысын
жоғары кәсіби деңгейде жүргізе алатын
тәжірибелі маман қажет. Байқау жарияла
нып қойды. Үміткерлер көп. Тамаша жур
налист екендігіңді біле отырып, мен осы
қызметке сенің кандидатураңды сырттай
ұсынып қойдым. Мүмкін, бағыңды сынап
көрерсің? Ойланып көр...
Шынын айтсам, мен аға досымның
осындай тосын ұсынысынан абыржып,
не жауап берерімді білмедім...
Мұның да өз себебі болды және ол
бірнешеу еді. Сол уақытта мен журналист
ретінде көптеген тың жұмысты енді қолға
ала бастағам. Қазақ телевидениесіндегі авторлық бағдарламаларым көрермендердің ықыласына бөленіп, ел арасын да енді ғана таныла бастаған болатын. Менің авторлық «БІЗ ҚАЙДА БАРАМЫЗ?» атты жаңа жобам қазақ телевидениесінде рейтингі жоғары хабар болды. Ол кез де мен одан әрі үлкен зейінмен және қызығушылықпен жұмыс жасай бастағам. Телекөрермендер еліміздің атақты тұлғаларымен жүздесетін «НИЕТ» бағдарламасын қолдайтын. Сонымен қатар мен өзімнің отбасым үйренген және өте ұнататын қаланы – сұлу Алматыны қалай тастап кетемін? Та нымайтын қалаға көшу қиындықтары, жаңа жерге қоныс тебу проблемалары... Бір сөзбен айтқанда, осындай жауапты қадам жасар алдында жақсылап ойлану қажет болды. Сол уақытта мен астана адамның кәсіби өсуі үшін керемет мүмкіндік екенін, жаңа да тың бастамаларға кең жол ашатындығын нақты білетінмін. Бала
кезімнен бастап қызу оқиғалар ортасын да болуға үйреніп қалған мен, егер бұл ұсыныстан бас тартсам, онда аса маңызды тарихи оқиғалардан оқшауланып, өзіме ұсынылған барлық жағынан қызықты жұмыстан шет қалып, кейін өкінетінімді түсіндім. Сондай-ақ астаналық қала әкімінің баспасөз хатшысы болып жұмыс істеудің оңай емес екендігін де білемін. Бірақ өзімді жақсы біліп, өзімнің қабілетіме күмәнданбадым, егер осы жұмысқа қабылдансам, оны алып кете алатыныма да сендім. Біраз ойланғаннан кейін Аяған ағаға жауап бердім: – Айеке, бала кезімнен бастап әр түрлі ат бәйгелеріне қатысып келемін. Сіздің ұсынысыңыздан кейін менің бойым да нағыз шабандоздың қаны тулап тұр. Бағымды сынап көрейін. Мен байқауға қатысуға келісемін. Сіздің ұсынысыңызды қабылдаймын! – Міне, жарайсың! – деді Аяған аға. – Сенен күткенім де осы еді. Бірақ тағы да ескерткім келеді: менікі тек ұсыныс қана.
Шешуші сөз әкімнен, қала басшылығынан. Саған сәттілік тілеймін! Менен хабар күт! Шынын айтсам, Аяған ағаның ұсынысы мен қамқор пейілі мені қатты толқытты. «Үлкенге құрмет, кішіге ізет» деген адами қағида менің ұлтыма тән екендігі белгілі. Мен бала кезімнен дәл осындай ортада өстім. Түсіністік, сенімділік, шы найы мейірімділік ортасында ер жеттім. Осындай тамаша дәстүрді ұстанған адамдарды мен еліміздің әр түкпірінен кездестірдім және кездестіріп келемін. Олардың көпшілігі менің достары ма айналды, солардың арасында Аяған аға ерекше орынға ие. Оның адалдығы, қарапайымдылығы, кішіпейілділігі, айрықша білімділігі, өз ісіне берілгендігі оны білетіндердің, онымен жұмыс істейтіндердің барлығының құрметіне ие болды. Оны көптеген адам біледі, өйткені оған сол тұста, ҚР баспасөз қызметі секторының меңгерушісі ретінде еліміздің екі мыңдай бұқаралық ақпарат
құралдарының журналистерімен жұмыс жасауға тура келді. Өздеріңіз ойланып көріңіздерші, мен осындай танымал, өзім үшін ерекше құрметті адамның кеңесін тыңдамай, тәуелсіз Қазақстанның жаңа астанасын да – өз арманымдағы қалада тұрып, онда жұмыс жасаудан, өз өмірімді түбегейлі өзгертуден бас тарта аламын ба? Әрине, жоқ. Жоғарыда айтылған телефон қоңырауынан соң тура бір ай өткеннен кейін Аяған Сандыбаев тағы да қоңырау шалды. – Сәке, алдағы аптаның сәрсенбісінде сенің мәселең шешілуі тиіс. Сол күні қала әкімдігінде әкімнің баспасөз хатшысы қызметіне үміткерлермен әңгімелесу өтеді. Соған келуің керек. Қала әкімі Әділбек Жақсыбеков мырзаға сенің түйіндемеңнің ұнағанының өзі бізді қуантып отыр. Бұл – нағыз аламан жарыс. Қазақ айтпай ма: «Ат шаба ма, бап шаба ма, жоқ бақ шаба ма?» деп. Сына бағыңды, бауырым! Жолың ашық болсын!
Әкем Түгел мен шешем Мәрия маған жиі былай дейтін: «Ұлым, әрдайым өзіңді қажет ететін жерде, өз халқың мен Отаныңа көбірек пайда беретін жерде болуға тырыс». Әкем мен анамның өсиеті мен үшін әрқашан қасиетті жол көрсеткіш болды және бола береді. Осылайша, 1998 жылдың қаңтар айында мен «Алматы – Ақмола» пойызымен өзімнің алдағы болашағым болатын жаңа қалаға бет алдым. Жол бойы мен тағы да күдік сезімдеріне бой алдыра бастадым. Байқаудан өте аламын ба? Сеніп тапсырылған жұмысты алып кете аламын ба? Бірақ әкемнің «Ұлым, егер айқасқа кіріссең, онда тек жеңіс туралы ойла. Қандай жағдайда да жақсыға ниеттен, бар күшіңді салып еңбек етсең, жеңістің өзіақ табады сені» деген бұрынғы, бірақ әлі өз мағынасын жоғалтпаған өсиеті есіме оралды. Әкемнің сөздері маған әрқашан көмектесіп отырады. Мен барлық күдікті серпіп тастап, алға қойған барлық
мақсаттарымның міндетті түрде орындалатынына сеніммен қарадым. Темір жол вокзалында мені Аяған аға күтіп алды. Ол маған бірден қуанышты хабар айтты: – Қала әкімі барлық үміткерлердің құжаттарын қарап шығып, ең алды мен сенімен әңгімелесуді ұйғарды. Бұл көп нәрсені білдіреді. Қазір сені әкімнің орынбасары Төлеген Мұхамеджанов күтіп отыр. Осы әңгімеден кейін қала әкімдігінің ғимаратына қарай жаяу бет түзеп, жаңа астананың көшелерімен, қаламен таны сып аяңдап келемін. Бірден байқағаным, шыңылтыр аяз болса да, жұмыс қарқынды жүріп жатыр. Қала сергек күй кешуде. Көше бойы құрылыс алаңдары. Сан сыз көп крандар мен құрылыс заттарын тасыған машиналар кездеседі. Адам дардан жасампаздық нышандары анық байқалады. Осы көріністерге бірде таңырқап, бірде риза болып, алдағы Төлеген Мұха-
меджановпен болатын кездесу туралы ойға шомыламын. Төкең не дер екен... Мен бұрындары да ол кісі туралы естігенмін. Білімі бойынша тарихшы Төлеген Мұхамеджанов әрқашан музыкаға құмар болған. Осыған байланысты, жаратылы сынан дарынды ол тарих факультетінен бөлек Мәскеу консерваториясын бітірген. Екі симфониялық туындының, көптеген әндердің авторы, ол жұмыспен өмір сүреді, музыкамен тыныс алады. Поляк ғалымы Янушкевич ХІХ ғасырдың өзінде-ақ былай деп жазған: «Менің ойымша, қазақ даласының барлығы ән салады». Төлеген Мұхамеджанов – адам ретінде де, сазгер ретінде де, біздің дарынды халқымыздың таңдаулы тұлғаларының бірі, оған мен күмәнданбаймын. Қала әкімінің орынбасары Төлеген Мұхамеджанов мені бірден қабылдады. Ол менімен танысқаннан кейін былай деді: – Сәдібек Түгелұлы, біз, конкурстық комиссия мүшелері, сіздің кандидатура-
ңызды бірауыздан қолдаймыз. Бірақ соңғы сөз қала әкімінде. Шешімді Әдекең қабылдайды. Ертең сағат 17-де сізді әкімдікте күтеміз. ...Ертең қала әкімі не айтар екен? Келесі күн. Сағат тілі 17.00-ді көрсетуде. ...Сәкен Сейфуллин көшесіндегі қала әкімдігі ғимаратының екінші қабатында орналасқан Ақмола қаласының әкімі Әділбек Жақсыбековтің қабылдау бөлмесіне көтерілдім. Оның кабинетінде менің тағдырым үшін өте маңызды мәселе бойынша шешім қабылданбақ, қала бас шылары жиналған. Аздап қобалжи баста дым... «Сізді әкім шақырып жатыр», – деді қабылдау бөлмесіндегі хатшы қыз айрықша сыпайылықпен. Әкімнің кең кабинетіне кірген бойда «Әссәләумағалейкум» деп сәлемдестім. Әділбек Ырыскелдіұлы менің сәлемдесуіме жа уап беріп, жұмыс үстеліне қарсы тұрған орындықты нұсқап, менің отыруымды өтінді. Әкімнің жылы қабылдауы мен
даусындағы қарапайымдылық мені біраз жігерлендіріп тастады. – Шынын айтсам, – деді ол біраз уақыттан кейін, – біз барлық бұқаралық ақпарат құралдарымен тығыз-қарым қатынас орната алатын, еліміздің жас астанасының мәртебесін көтеру жолындағы көп жоспарлы жұмыстарды, Ел Президентінің нақты тапсырмаларын, алда болатын халықаралық тұсаукесерді жоғарғы деңгейде насихаттай алатын, ұйымдастыру қабілеті бар журналисті бірінші күннен іздеп келеміз. Бұл орынға отызға жуық адам үміттенді. Олардың түйіндемелерімен танысқаннан кейін, мен сізді таңдадым. Менің қасымда отырған серіктерім, бірінші орынбаса рым Фарид Ғалымов, орынбасарларым Асқар Мамин, Сансызбай Есімов, Төлеген Мұхамеджановтар да осы шешімді қолдап отыр. Ал сіздің өзіңіз осы ұсынысқа қалай қарайсыз? – Сеніп тапсырсаңыз – оны ақтау үшін бар күшімді саламын, – деп жауап бердім.
– Сәдібек, біз сізді осындай сенім
білдіру үшін шақырдық. Өмірбаяныңыз
жөніндегі мәліметтер сіздің жұмыс тә-
жірибеңіздің бай екенін көрсетіп тұр.
Біз үшін және Сіз үшін, ең бастысы,
өзіңіздің әріптестеріңізбен ортақ тіл та
уып, астананың Алматыдан Ақмолаға
көшірілуінің мән-мағынасын елге кеңі-
нен түсіндіру, жаңа елорданың алғашқы
қадамдарын,
тыныс-тіршілігін,
өсіп-
өркендеуін барлық БАҚ-тарда шебер на
сихаттау,
астананың
жақсы
имиджін
жасау, қалыптастыру болып табылады.
Бір сөзбен айтқанд,а баспасөзбен үлкен
көлемді жұмыстарды ұйымдастыру. Егер
нақтырақ айтатын болсам, мен сізді
баспасөз саласы бойынша орынбасарым
ретінде есептеймін. Жаңа жұмысыңызбен
құттықтаймын!
Ол телефон арқылы әкімдік аппара-
тының басшысы Анатолий Дмитрие
вич Ченцовты шақыртты, оған менің
құжаттарымды ұсынып, былай деді:
– Бұйрық шығарылсын. Сәдібек Түгел мырза осы сәттен бастап біздің баспасөз хатшымыз болып тағайындалады. Ол бүгіннен бастап барлық баспасөзге қатысты қызметті басқаратын болады. ...Егер сен өміріңнің қызықты әрі мағыналы болғанын қаласаң, өзіңе тапсырылған іске бар күшіңді, жаныңды са лып еңбек ет, бұл менің жеке тәжірибеммен дәлелденген. Сол уақытта ғана өзіңе көрсетілген сенімді ақтауға бо лады. Мен әкімдіктегі қызметімнің алғашқы күнінен бастап, тек журнали стермен жүргізілетін жұмысты дұрыстап ұйымдастыруды ғана ойладым. Әкімдіктегі күн сайынғы жоспарлама лар, әр түрлі адамдармен кездесулер, жеке бақылауларым мен қорытындыларым көп көмегін берді. Өзім де болмыс пен ниет арқылы кішкенеден үлкенді, үлкеннен ғаламатты көруге үйренуді ұмытпадым, алға ұмтылдым, шаршама дым, жалықпадым. Бір сөзбен түйіндесем, тапсырылған жұмысқа құлшына кірістім.
ЖҰМЫС ҚАЛАЙ БАСТАЛДЫ ЖӘНЕ ҚАЛАЙ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ? Мен ең алдымен, өзіме таңсық қаланың тарихын, бас-аяғын, кем-кетігін, про блемалары мен алдағы атқарылатын міндеттерін ден қойып зерттеп, зерде леп алдым. Бірден «Жаңа астананың бітім-болмысын айқындап, беделін қалыптастыру үшін не істеу керек?» деген сауалға жауап іздедім. Өмірдегі қатып қалған қағидалардың бірі мынау қызметке келу бір бөлек те, алған міндетті абыроймен атқарып, асқан ерік-жігермен жұмыс істеу – мүлдем басқаша нәрсе. Мен осыны мейлінше терең түсінуге тал пынып бақтым. Келе салып, жең түріп кіріскен шаруамның бірі: соңғы екі-үш ай көлеміндегі қалалық, республикалық және шетелдік газет-журналдарға талдау жасап, сұрыптау жүргізу еді. Мұнымды 8-307
іске асырып, мониторинг те өткізіп тастадым. Теледидар мен радио арналарын да ағылып жатқан хабарларға баса на зар аудардым. Өйткені дәл осы уақыттың басты тақырыптардың бірі – Қазақстан Республикасы астанасының Алматы дан Ақмолаға көшуі болғаны жасырын емес. Біршама республикалық басы лымдарда, әсіресе Мәскеуден шығатын «АиФ», «Комсомольская правда», «Не зависимая газета», «Российские вести» газеттерінде жаңа астанаға байла нысты кереғар материалдар көптеп басылатындығы бірден байқалды. Сондай-ақ «РИА-Новости», «ИТАР-ТАСС» агенттіктері әзірлеген хабарларда да астананың көшірілуіне күмәндану, астар лы кекесіндер жатқандығын аңғарып үлгердім. Аталмыш агенттіктерден сол уақыттарда алыс-жақын шетел басы лымдарды Қазақстанның жаңа астанасы туралы азды-кем ақпарат алып отыра тын. Осылардың бәрін егжей-тегжейлі зерттеп, мұқият тексере отырып, әкім
Әділбек Жақсыбековке мына төмендегі
бес ұсыныс жасадым:
Біріншісі: жаңа елорданың тарихи
маңызына орай журналистер қауымын
қаланың апталық кеңестеріне кеңінен
қатыстыруға, сондай-ақ қала басшылары
на қажетті ақпараттарды дер кезінде алып
отыруына қолдан келгенше мүмкіндік
жасау. Кез келген қалалық мекеменің бас
шысы журналистің сұрағына жауап беріп,
қажетті ақпаратты беруі керек, яғни билік
өкілі мен ақпарат құралының өкілі ара
сында ешқандай шекара болмау қажет.
Екіншісі: бас қаладағы барлық жур-
налистердің басын біріктіріп, пікірле-
сіп-дидарласатын,
олармен
күнделікті
тығыз қарым-қатынаста жұмыс істейтін
ақпараттық ұйым құру.
Үшіншісі: жаңа астананың бүгінгі
тыныс-тіршілігі мен болашақ жоспар
ларымен толыққанды таныстыру мақ-
сатында
Ақмола
қаласына
шетелдік
жетекші ақпарат құралдарының өкіл-
дерін
шақырып,
қала
әкімі
Әділбек
Жақсыбековпен арнайы баспасөз мәслихатын өткізу. Соның арқасында Халықаралық баспасөз орталығын құру. Газет-журналдарда жарық көрген, электронды БАҚ-тарда айтылған сыни мәселелердің жауапсыз қалмай, ол жөнінде тиісті шаралар қолданылып, тілшілер сынын қатаң бақылауға алу. Сол үшін арнайы дайджест дайындап, оны қала басшыларына ұсынып оты ру. Ондағы мақсат – журналистердің де еңбегін елеусіз қалдырмай, оған билік өкілдерінің назарын аудару. Төртіншісі: Ақмола қалалық «Ақмола ақиқаты», «Городские новости» газеттері мен «Цесна-Азия» телекомпаниясының, сондай-ақ қалалық радиокешенінің жұмыстарын барған сайын жетілдіріп, мәртебесін астаналық деңгейге көтеру, егер қолдан келіп жатса, жаңа кадрлар мен толықтыру. Шетелдік жетекші БАҚ өкілдерін Астанаға шақыру. Бесіншісі: бұқараны күнделікті ақпарат ағынымен қамтамасыз етіп отырған
баспасөз материалдарын жинақтап «дайджест топтама» жасап отыру. Онда көтерілген мәселелер бойынша нақты шаралардың қолдануына мұрындық бо лып, жалпы қорытындыларын баспасөз бетінен хабарлап тұру. Жаңа астанаға лек-легімен қызметке келіп жатқан журналистердің әлеуметтік жағдайын жақсарту, мүмкіндігінше жатақхана, баспана алып беру және астаналық газетжурналдардың, телевидениесі мен радиосының статусын көтеру. Обалы не керек, Әділбек Жақсыбеков мырза осы ұсыныстарымның ешқайсысын аяқсыз қалдырмады. Бәрі де нәтижелі болды. Бас қаланың ақпарат құралдары күн сайын толыға түсті. Өмірге кішігірім қалалық радио торабының ор нына, толыққанды «Астана» радиосы мен «Цесна-Азия» – атты бір магнитофоны, бір «ВХС» камерасы бар мекеменің орны на қазіргі «Астана» телекомпаниясы келді. Бұрыннан келе жатқан «Ақмола ақиқаты» мен «Городские новости» газеттерінің
статустарын астаналық деңгейге көтеріп,
бюджеттерін қайта қарадық. Олардың
есепшоттарына қомақты қаржы құйдық.
Жаңа кадрлар тағайындадық. Олар «Аста
на ақшамы», «Вечерняя Астана» деген
аттарға ие болды. 1998 жылдың 10 сәуірі
күні Оқушылар сарайында осы қалалық
екі басылымның тұсаукесерін дүрілдетіп
өткіздік. Мен мереке сценарийінің ав
торы әрі жүргізушісі болдым. Қала әкімі
Әділбек Жақсыбеков екі газетке су жаңа
«Волгалардың» кілтін табыс етті. Бұл ша
ралар естен кетпейді.
1998 жылдың 4 сәуірі күні Астана
қаласының қазіргі халықаралық бас-
пасөз
орталығының
негізі
қаланды.
Менің басшылығыммен және тікелей
ұйымдастыруыммен үш жыл ішінде бұл
орталықта бір мыңнан астам баспасөз
мәслихаттары мен брифингтер өтті. Бұл
журналистер ұйымы алғашқы күннен
бастап бүкіл журналистер қауымының
басын біріктіріп, жақсы істердің жаршы
сы, ауқымды ақпараттық шаралардың
ұйытқысы бола білді. Әлемнің талай ал пауыт басылымдары мен электронды ақпарат құралдарының тілшілері осы баспасөз орталығында бас қосып, тәуелсіз Қазақстан туралы, оның жас астанасы жөнінде мәліметтер алып, дүние жүзінің түкпір-түкпіріне ақпараттар таратты. Баршаға мәлім, алғаш Астанамыз ды Алматыдан Ақмолаға көшіргенде көп адамның көкейінде «Ақмола аста на болуға лайық па?» деген күдікті сауал тұрды. Мәскеулік және отандық ақпарат құралдарында жаңа қала туралы небір сыни материалдар жарық көріп, гуілдесіп жатқан кез. Біздің мақсатымыз – қоғамды астанаға қатысты күмәнді ой лардан тазартып, елорда туралы жаңа, жақсы пікір қалыптастыру, жағымды имидж жасау еді. Осы мүдделі мақсатты жүзеге асыру үшін 1998 жылдың ақпан айында қала әкіміне әлемдік жетекші БАҚ өкілдерін бас қалаға шақырып, атқарылып жатқан жұмыстарды көрсетейік деген
тың ұсыныс айттым. Әділбек Ырыс-
келдіұлы бірден келісе кетті. Өйткені
Мәскеуден шығатын газеттер мен ақ-
парат агенттеріндегі бірінің аузына бірі
түкіріп
қойғандай
қайталай
беретін,
Қазақстанның жаңа астанасына деген
қыжылдары мен күдіктері бізді де мезі
ете бастады. Бұл орайда менің алдымда
үлкен міндет пен жауапкершілік қатар
тұрды. Мен нар тәуекелге бел буып, алыс-
жақын шетелдерден және еліміздің 100-ге
тарта жетекші бұқаралық ақпарат құ-
ралдарының алпауыттарын, ұзын саны
255 журналистерді жаңа елордаға келу
ге, қаламен танысуға, қала әкімімен 1998
жылдың 3 сәуірі күні өтетін баспасөз
мәслихатына қатысуға шақырдым. Рас,
Астана қалыптаспай жатып мұнысы несі
деп бізді сөккендер және үзілді-кесілді
министрлік тарапынан, қаланың кейбір
лауазымды тұлғалары тарапынан қарсы
болғандар болды. Ол жөнінде менің
«Тұңғыш» атты спектаклімде көрсетілген,
айтылған. Бірақ біз қарсыластарымыз-
дың ашық қарсы болғанына төтеп беріп,
алған беттен қайтпай, нартәуекелге бас-
тық. Нәтижесінде айтулы жеңіске қол
жеткіздік. Жоспарымыз, жобамыз өте
сәтті болды. Елордаға арнайы шақы-
рылған әлемнің «Би-би-си», «Си-эн-эн»,
«Рейтер», «Син-хуа», «Ассошейтет-пресс»,
«Франс-пресс», «Итар-ТАСС», «Известия»,
«Комсомольская правда», «Риа-Новости»,
РТР, ОРТ сынды небір алпауыт ақпарат
құралдары таратқан жаңа астанамыз
жайлы жағымды ақпараттар легі әлемді
аралап кетті. Тек «РЕЙТЕР» агенттігінің өзі
Астана – болашағы жарқын қала екенді-
гін жар салып, жер шарының 80 еліне бір
уақытта хабар таратты. Бас ордамызға
деген көзқарас өзгерді. Оның келешегіне
сеніммен қарайтындар көбейді. Күдік-
тер сейіліп, жаңа елордамызға деген
ақпараттық көзқарас түбегейлі өзгерді.
Иә, бұл біздің жеңіс еді.
Сөз реті келгенде, айта кетейін, сол
кезде
Әділбек
Жақсыбеков
жаңадан
тәй-тәй басқан қаланың бағына келді.
Бұл асыра мақтағаным емес. Шы ным. Ол бұрынғы Ақмоланың ұңғылщұңғылын бес саусағындай біледі. Әділбек Ырыскелдіұлы білікті басшы ғана емес, шебер ұйымдастырушы да еді. Астананың қалыптасуына үлкен еңбек сіңірген азаматтардың бірі – осы Әділбек Жақсыбеков.
ЕЛБАСЫ – ЕЛОРДА – ЕГІЗ ҰҒЫМ
Олай деп айтуымның сыры қалың
қазаққа жақсы мәлім. Мақаламның кіріс-
песінде
айтқанымдай,
бүгінгі
күндей
жайнап, жарқыраған Астананы Елбасы
мыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Өзі
таңдап, Өзі негізін қалап, Өзі іргетасын
салып, туған ұлтына, ұрпақтарына мәң-
гілікке мұра ретінде қалдырып отыр.
Ол – ақиқат. Қайнаған қазанның ішін-
де, тарихи оқиғалардың эпицентрінде
белсенділікпен
тыңғылықты
жұмыс
істегендіктен болар, жаңа елордамыз
Астана қаласының тәй-тәй басқан әрбір
қадамы, Астана қаласының негізін қа-
лаушы, оның бас архитекторы Н.Ә. На-
зарбаевтың жанқиярлық еңбектері менің
жүрегімде сақталған, күні кешегідей көз
алдымда. Есімдегі дүниелерді баяндап
берейін.
...1999 жылдың 19 мамырында қала-
ның оңтүстік-шығыс аймағында жаңа
саябаққа ағаштар отырғызу жұмыстары
ұйымдастырылды. Дәл сол күні Нұрлан
Балғымбаев басқарған Үкімет отставкаға
кетіп, орнына Қасым-Жомарт Тоқаев
бастаған жаңа Үкімет құрамы сайланды.
Жаңа бақты салуға Елбасы өзімен бірге
жаңа тағайындалған Үкімет мүшелерін,
Министрлерді, Парламенттің қос пала-
тасының депутатарын, қала басшыла
рын ертіп келді. Нұрсұлтан Әбішұлы өз
қолымен жас тал отырғызып, оған су
құйды. Сәлден кейін Президентті журна
листер қауымы қоршап алып, сұрақта-
рын бұрқыратып қоя бастады. Мен, Аста
на қаласының баспасөз хатшысы ретін-
де бұл брифингті жүргізіп тұрдым.
Елбасы жаңа саябақтың болашағын
қалай көретінін жақсылап айтып берді.
Бұл бақ – жас астанамыз секілді жасыл
желекке бөленіп, адамдар демалатын, ба
лалар асыр салып ойнайтын құтты ме
кенге айналатынын тілге тиек етті. Ке
неттен журналистердің бірі күтпеген то
сын сұрақ қойды: «Саябақ қалай аталатын
болады? Оның аты бола ма?»
«Әрине, болады. Сендер ұсыныс жа-
саңдар, мен қолдаймын», – деп мемлекет
басшысы әлгі сұрақ қойған журналиске
байыппен тіке қарады. Сауал қойғанмен,
ондайды күтпеген әріптес бауырымыз-
дың ләм-мим деп жауап қатуға мұршасы
болмай, абдырап қалды. Пауза болдыр-
мау үшін әңгімеге мен араластым. Сол
мезетте менің аузыма мынадай сөз түсті:
«Нұр аға! Менде ұсыныс бар. Сіз бірінші
талын отырғызған саябаққа «Жерұйық»
деген ат лайық сияқты? Солай атасақ,
қалай болады?»
Елбасыға
ұсынысым
бірден
ұнады.
«Дұрыс ұсыныс. Біздің абыз бабамыз,
философ, жиһанкез, аты аңызға ай-
налған Асан қайғы осы Сарыарқаны
таңдап, «Жерұйық жер» деп атаған. Мен
қолдаймын. Мен қолдаймын», – деп
Нұраға екі мәрте қайталады.
Президент
менің
идеямды,
ұсыны-
сымды қолдады! «Еуразия» сауда ор-
талығының жанындағы саябақ сол сәттен
бастап «Жерұйық» деп аталды. Бұл мысал
біздің Президентіміздің өзіндік сипа-
тын, оның демократияшылдығын, кез
келген игі бастаманы, идеяны қолдай-
тынын дәлелдейді.
Бір қарағанда жәй ғана елеусіз жағдай
секілді. Шын мәнінде, бұл мысал біздің
аса құрметті Президентіміз Нұрсұлтан
Әбішұлы Назарбаев туралы көп нәрсені
аңғартып тұр.
Қазақстандықтар оны бірауыздан біз-
дің Президентіміз деп атайды, мақтан
тұтады. Мен, өзімнің туған халқымның
Ұлы перзенті, егеменді, демократиялы
Қазақстан
Республикасының
тұңғыш
Президенті,
Елбасымыз
Нұрсұлтан
Әбішұлы Назарбаевты Астананы ойлап
тапқаны және салғаны үшін шын жүрек-
тен қолдаймын, қадір тұтамын.
Төменде осы айтқандарымды түсін-
діруге тырысайын. Күшті және мызғы-
мас мемлекет болып саналған КСРО, же ке-дара үстемдік еткен КОКП таратылғаннан кейін Тәуелсіз Мемлекеттердің Достастығы (ТМД) пайда болды. Оның қатарында біздің Қазақстанымыз да бар. Бұрынғы кеңес республикаларының көбісі тұйыққа тірелді, олардың басшылығы абыржып қалды, бөлінбесті бөлуге ұмтылды, әскери қақтығыстар, ұлтаралық дау-жанжал өрши түсті. Бұл баршаға белгілі. Ал біз сабырлылық, парасаттылық, жақын және алыстағыларға құрмет қасиеттері тән қазақстандықтар, өтпелі кезең қиыншылықтарын жеңе білді. Бақытты болашаққа, шексіз жомарт туған жеріміздің өмірлік күшіне нық сене оты рып, өзіміздің халықтық мемлекетімізді, өзіміздің елімізді нығайтуға кірістік. Дәл осы күрделі, тосын «сыйлықтары» көп уақытта жарқын және өшпес нұрмен, сенімділік және үміт шуағымен қазақ азаматы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың жұлдызы биікте жарқы-
рады. Достастық пен өзара түсіністіктің ғасырлық игі дәстүрімен, қағидаларымен қалыптасқан біздің көп ұлтты халық оған өзінің тағдырын сеніп тапсырды. Осы адамның иығына қандай ауыр міндет жүктелгенін, әсіресе тоқсаныншы жылдардың басында қаншалықты жауапкершілік жүгі артылғанын біз жақсы білеміз. Оның бөлекше болмысы, үлкен күш-жігері мен мызғымас рухы өз халқын қиын-қыстау кезеңнен аман алып шықты. Нұрсұлтан Назарбаевтың саяси көрегендігі, батылдығы және қай істе де терең ойлайтындығы туралы айтқанда, Сәбит Мұқановтың «Аққан жұлдыз» атты романындағы бір эпизод еріксіз еске түседі. «Абылай хан жетпіс жасқа дейін жетіп, ауырып қалады, өзіне сенімді Бұқар жы рауды шақыртады. – Орындалмаған армандарыңыз бен ниеттеріңіз бар ма? – деп сұрады қарт да
нышпан. Абылай өкіне отырып, былай деді: – Көп қан төгілді, егер мен оны төкпегенде, онда оны менің жауларым төгер еді; Менің халқым Жер-анаға бетімен бұрылып үлгермеді, мен қала тұрғызып үлгермедім; Халықты біріктіріп үлгермедім, онда жікшілдер көп болып шықты...» Осы диалог болған уақыт пен және қазіргі уақыт арасына параллельдер жүргізуге бола ма екен? Парасатты сана мұндайдың әбден мүмкін екендігін ай тады. Мүмкін, Абылайдың ежелгі армандарының Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың нақты істерінде көрінуінің себебі осы шығар. Біздің қоғам бүгін бейбітшілік пен түсініктікте өмір сүреді және әрқашан достық көршілік қатынасқа, аспанымыздың ашық болуына, таяу және алыс шетелдермен ынтымақтастыққа, саяси-экономикалық және әлеуметтік проблемалардың дұрыс шешілуіне күш салып келеді. 9-307
Мына жағдайды ерекше атап айтқым
келіп отыр. Қазақстан Республикасының
тұңғыш Президенті – Елбасымыз жара
тушы иеміз Алла Тағала сыйлаған ақыл-
ойымен, өзінің ерен де ерекше қабілетімен,
көрегендігімен, күш-жігерімен, парасат-
тылығымен және үлкен стратег бас
шы ретінде сан ғасырлық тарихи бар өз
халқын тұңғыш рет біртұтас ел ретінде
біріктіре алды және Есіл өзенінің жаны
нан, су жаңа Елорда – Астана қаласын
тұрғызды.
Абылай
ханның
арманын
толығымен жүзеге асырды.
Өтпелі кезеңде ел астанасын ауысты
ру қажет пе еді? Осы секілді сұрақтардың
барлығына Н. Назарбаев өзінің «Еуразия
жүрегінде» атты кітабында былай деп жа
уап берді:
«...Мен астананы ауыстырудың Қазақ-
станды жаңа тәуелсіз мемлекет ретінде
нығайтуда маңызды рөл атқаратынына
сенімді болдым.
Біріншіден, астананы ауыстыру алғашында біз үшін геосаяси тұрғыдан Қазақстанды нығайтуға бағытталған қадам ретінде қарастырылды. Осы арқылы біз бейбіт сыртқы саясатымыздың көп қырлы сипатын растаймыз. Екіншіден, біздің таңдауымызда қауіпсіздік те маңызды рөл атқарды. Бұл жағдайда тәуелсіз мемлекеттің астанасы сыртқы шекарадан қашық, мүмкіндігінше елдің орталығында болуы қажет. Сонымен қатар бірқатар сарапшылардың сол уақытта Орта Азия аймағындағы шиеленіс күшейе түседі деген жорамалын да ескеру қажет болды. Осыған байланысты, мемлекеттік жоғарғы органдар қызметінің қауіпсіздігін, аймақтағы жағдай күрделілене түскен жағдайда олардың қызметінің тиімділігін қамтамасыз ету маңызды болды. Кейін осы аймақтағы оқиғалар көрсеткендей, біздің күдігіміз негізсіз бол май шықты.
Үшіншіден, астананы көшіру Қазақстан экономикасын одан әрі дамыту ба рысында тиімді болатын еді. Осының арқасында, республика тер риториясында халықты және өндірістік күшті біржақты жайғастыруды біртіндеп жеңу, орталық және солтүстік аймақтарда инновациялық және ғылыми өндірістерді, прогрессивті ауыл шаруашылық машиналарын жасауды және қайта өңдеумен ауыл шаруашылық индустриясының кең желісін тұрақты да мыту мүмкін болады. Бұл өз кезегінде Қазақстанның өнеркәсіптік дамуын арт тырады, еңбек ресурстарын тиімді пайда лануды және халықты жұмыспен қамтуды қамтамасыз етеді. Төртіншіден, бұл қадам елдегі тұрақтылық пен ұлтаралық татулықтың нығаюы жағынан өте тиімді. Астана ны халық құрамы бойынша көп ұлтты аймаққа ауыстыру полиэтникалық мемлекетті құруда, Қазақстанда тұратын барлық этникалық топтар арасындағы
достастық пен түсіністікті сақтауда және
оны арттыруда оң әсер ететін еді.
Мен Парламент мінбесінен депутат
тарды уақыт өте келе Қазақстанның
жаңа астанасы қоғамдық-саяси және ірі
ғылыми, мәдени және іскерлік орталығы
болатындығына сендірдім.
Астананы ауыстыру Алматы үшін де
тиімді болады. Осы қадам арқылы біз
қалаға қайта туылу мүмкіндігін берген
дей боламыз.
Босатылатын алаңдарды индустрияны,
туризмді, демалыс пен спортты дамыту
үшін кеңінен пайдалануға болады. Бұл
қала шаруашылығының ең пайдалы са
лалары үшін тиімді. Сонымен қатар үлкен
мегаполистен үлкен ауыртпалықтар алы
натын болады, экологиясы жақсарады.
Алматы мемлекеттің және барша ай-
мақтың экономикалық және қоғамдық-
саяси өміріне әсер ететін, Қазақстанның,
бүкіл Орта Азияның ірі іскерлік, қаржы,
ғылыми және мәдени орталығы болып
қала береді. Өйткені Алматы көптеген
республикалық және халықаралық ком-
муникацияның тоғысу орталығы болып
табылады.
Менің сөздерім бойынша қызу пікір-
таластар болды, олар күні бойына со
зылды. Республиканың Жоғарғы Кеңесі
менің оппоненттерімнің қарсылығына
қарамастан, көпшілік дауыспен шешім
қабылдады: Қазақстан астанасы Ақмо-
лаға көшіріледі. Осы шешімді қабыл-
дау – үш жылдан аса уақытқа созылған
астананы көшіру процесінде аяқталған
нүкте болды.
Біздің ХХ ғасырдың аяғында осын
дай тарихи шешім қабылдауымыздың,
елдің жеке мүддесінен шыға отырып,
үлкен саяси және салттық мағынасы бар.
Ол еркін және тәуелсіз болған егемен ел
халқының еркіндік бейнесі болды.
Қалаларда да адамдар секілді өз тағ-
дыры бар. Олардың әрқайсысында –
өзінің аты мен қайталанбас өмірбаяны,
оны дүниедегі басқа ешқандай қаламен
шатастырмайтын өзіндік ерекше сипаты
мен белгілері бар.
Біздің Астана – бұл біздің стратегия-
лық ойларымыз бен ниеттеріміздің квин
тэссенциясы».
Өз тарихында бүгін біз тұратын қа-
ланың атауы бірнеше рет өзгерді: 1830-
1832 жылдары – Ақмола; 1832-1961
жылдары – Акмолинск; 1961-1992 жылда
ры – Целиноград; 1992-1998 жылдары –
Ақмола, ал 1998 жылдан бастап – Астана.
Қаланың жаңа атауы бірнеше негіз-
демелерге
байланысты
қажет
болды:
«Астана» сөзінің айқын мағынасы бар.
Қала атауы жағымды естіледі және мем-
лекеттік тілде де, негізгі халықаралық
тілдерде де мағынасын еш өзгертпейді.
Ақыр соңында, оның өзі – қала символы.
Қазір біздің астанамыз мінсіз және
бірегей. Оңтүстік пен солтүстікті, шы-
ғыс пен батысты біріктіретін жолдар
тоғысындағы
Астана
Еуразия
жүрегі
болды. Ол уақыт өткен сайын таң қа-
ларлықтай өзгеріп отырады. Мұнда дүние
жүзінің үздік архитекторлары орасан зор жобаларын жүзеге асыруда, Астананың қайталанбас бейнесін жасауда өздерінің керемет ой-жоспарларын жүзеге асыруда. Астананың атауын өзгертуге байла нысты тағы да бірнеше мысалдар айта кеткім келеді. Менің ойымша, Ақмола облысының (Ақмола облыстық орталық болған) бұрынғы әкімі Андрей Браунның «Менің өмірім» кітабынан алынған еске алулары өте қызықты: – «Нұрсұлтан Әбішұлы бізде жиі болатын. Осы жолы да тікұшаққа отырып, қаланы және оның аймағын бірнеше рет айналып шықты, қаланы тұщы сумен қамтамасыз ететін Вячеслав су қоймасын қарап шықты. Ерейментау тауларына қонды. Табиғат сұлулығына тамсана отырып тау бөктерлерінен ұзақ жүрді, таудың кере мет таза ауасымен тыныс алды. Сәлден кейін Нұрсұлтан Әбішұлы осы келуінің құпиясын ашты. – Астананы ауыстырмақ ойым бар, міне, сол үшін әр жерге бір барып қарап
жүрмін. Сенің қалаң барлығынан да
қолайлы: Қазақстанның орталығы, ірі те-
мір жол торабы, мұнда барлық жақтың
жолдары тоғысады, оңтүстіктен де, батыс-
тан да, барлық облыстармен әуе байла
нысы да бар. Барлық баптар бойынша,
ең дұрысы, осы жер. Министрліктер мен
ведомстволарды жайғастыру да басқа
жерге қарағанда, осы жерде жеңіл бола
ды деп ойлаймын, өйткені бұл жерде өз
уақытында өлке басшылары орналасқан
болатын. – Ол әңгіменің соңында бұл ту
ралы әзір тіс жармауымды ескертті.
– Мәселе әлі шешілген жоқ, барлығын
жақсылап саралау қажет. Парламент ке-
лісімі мен қаражат қажет.
Астананы
ауыстыру
идеясы
мені
қуантты: өйткені жаңа жұмыс орындары
пайда болады, қаланы жылумен және су
мен қамтамасыз ету мәселесінің шешімі
жетілдіріледі және тұрғындар астанада
тұратындығына қуанады.
Кейін ресми шешім шықты, Парла
мент астананы ауыстыруға келісім берді
және министрліктер мен ведомство ларды жайғастыру бойынша жұмыстар басталып та кетті. Бұл кезең мен үшін, әрқашан тіл табысып отыратын қала әкімі Аманжол Бөлекбаев үшін және біздің көмекшілеріміз үшін жауапты әрі қиын кезең болды. Барлық минис трлер, басқа да республикалық басшы лар жақсырақ, үлкенірек, қала ортасы нан және Президент Резиденциясына жақынырақ ғимараттар сұрай баста ды, сұраныстарын қанағаттандырмасаң, өкпелейді. Кейінірек астананы көшіру жұмыстары бойынша Фарид Галимов министр болып тағайындалды. Біздің жүгіміз айтарлықтай жеңілдеді, ол барлық мәселелерді оңтайлы шешті. Ал жалпы астананы көшіру стратегиясын Президенттің жеке өзі белгілеп отырды. жылдың желтоқсан айында, жылдың ең суық мерзімінде, Қазақстанда аккредиттелген барлық елшілердің сұраныстары бойынша, Сыртқы істер министрлігі бізден оларды қабылдауды
және астананың қандай болатындығын көрсетуді сұрады. Осы күні, қырсыққанда, отыз градустық аяз бен үскірік боран бол ды. Оңтүстік елдердің көптеген елшілері жұқа киімдерімен және бас киімсіз келіпті. Ұшақтарынан шыға салысы мен олар суықтан тітіркеніп, автобусқа қарай жылдамырақ жүгіре бастады, ша масы, олардың ештеңеге қарағылары келмей қалды. Әлі есімде, Иран елшісінің тоңғандығы соншалықты, тіпті тісі тісіне тимей дірілдеп тұрды, оған жаным ашып, басымдағы тымағымды шешіп бердім. Оның қуанғандығы соншалықты, қалай алғыс білдірерін білмеді. Ақмолаға басқа елдер Президенттерінен алғашқылардың бірі болып Қырғызстан Президенті Асқар Ақаев келді. Бұл Нұрсұлтан Назарбаевтың Ақмола қаласының атауын өзгерту жөніндегі идея сын саралап жүрген кез еді. Ақаевтың Ақмолада болу бағдарламасы қысқа болды. Қырғызстанның болашақ елшілігі орналасатын ғимараттың
алғашқы
кірпішін
қалағаннан
кейін,
Еуразия
университетінде
студенттер
мен және оқытушылармен кездесу өтті.
Ақаев өзінің сөзінде Кеңес үкіметі ыды-
рағаннан
кейінгі
егеменді
елдердің
экономикалық даму мүмкіндіктері ту
ралы, орта және жоғарғы білім және
т.б. мәселелер туралы айтты. Болашақ
астанамыздағы
ата-бабаларымыздың
қолымен салынғандарды сақтап қалуды
тіледі. Сөзінің соңында былай деді:
– Ұшақта отырғанда Нұрсұлтан Әбіш-
ұлы өзінің құпиясымен бөлісті: бола-
шақ астанаға «Қазақстан» атауын бергісі
келеді. Дүние жүзінде мұндай мысалдар
бар, мысалы, Бразилияда мемлекет пен
астананың атауы бір, 1960 жылы прези
дент Кубичектің шешімі бойынша жаңа
астана салынды – Бразилия қаласы, қала
орналасатын жер ретінде елдің ең кедей,
құрғақ ауданы таңдалды.
Осы уақытта Назарбаев оған мынадай
ілікпе сөз айтты:
– Асқар, енді мен саған құпиямды айт
пайтын боламын!
Ол бұған былай деп жауап берді:
– Кешірім өтінемін, Нұрсұлтан Әбіш-
ұлы, бірақ осындай оңтайлы жер және
сіздің идеяңыздың маған ұнағандығы
соншалықты, тіпті мен айтпасқа шыда
мадым».
Астананы ауыстыру туралы түбегейлі
шешім қабылданар кезде оның қан-
шалықты мойындалғандығын анықтау
қиын екендігін дүниежүзілік тәжірибе
көрсетіп отыр. Біраз уақыт өткеннен ке-
йін ғана осы қадамның дұрыс-бұрысты-
ғы анықталады. Король Екінші Филипп
өзінің әкімшілік аппаратын Мадридке
мамыражай жылдары жәй ауыстырған
жоқ. Ол Бургас, Вальядолид және Дон
Кихоттардың отаны Толедо секілді ас-
таналық
қалаларын
тастап
мемлекет
орталығын көшірді. Үндістан өз астана
сын Калькуттадан Нью-Делиге көшірді.
1923 жылы Түркия астанасын Стамбул-
дан Анкараға, Пәкістан 1971 жылы алты
миллион халқы бар қала Карачиден
тұрғыны жеті жүз мың Исламабадқа
ауыстырды. Қытай өз астанасын алты
рет өзгертті. Сонымен қатар әлі бірде-бір
мемлекет өзінің астанасын ауыстырған-
нан кейін бұрынғы астанасына қайта
оралған емес. Бір ғана ерекше жағдай –
екі ғасырдан кейін Ресей астанасының
Петербургтен Мәскеуге ауысуы.
1996 жылдың қаңтар айында Азия,
Африка және Еуропаның жетекші ар
хитекторлары астана бас жоспарының
жобасын талқылау үшін жиналды. Олар
астананың
территориялық
дамуының
құрылыстық
тұжырымдамасын
қарап,
өздерінің ескертулерін айтты. Астананың
ең үздік бас құрылысы байқауында, өз
уақытында Малайзия мен Латын Аме
рикасында бірқатар жобаларды жүзеге
асырған танымал жапон сәулетшісі Кисе
Курокава жеңіп шықты.
Астана – астана. Жаңа атау бірнеше се
бептер бойынша қолайлы. Біріншіден,
оның бір мағыналы түсінігі және нақты
белгіленген мәні бар. Екіншіден, ол қандай да бір келеңсіз саяси және тари хи талдауға ұшыраған жоқ. Үшіншіден, ол қаланың сипатын жақсы бейнелейді. Төртіншіден, қаланың жаңа атауы жақсы естіледі және мемлекеттік тілде де, негізгі халықаралық тілдерде де мағынасын еш өзгертпейді. Ол 1998 жылдың 10 мамырындағы астананың тұсаукесері ба рысында қала символы болды және астаналардың дүниежүзілік тізіміне енгізілді. 1998 жылдың 9 маусымында түркі тілдес елдер басшыларының бесінші саммиті Астанада жоғарғы деңгейде өтті. Оған Әзірбайжан президенті Г. Әлиев, Қазақстан Президенті Н. Назар баев, Қырғызстан Президенті А. Ақаев, Түркиядан – С. Демирель, Өзбекстаннан – И. Каримов және басқалары қатысты. Ал 1998 жылдың 10 маусым күні тәуелсіз Қазақстан Республикасының елордасы ретінде Астана қаласының халықаралық тұсаукесері дүркіреп өтті. Мен соның
жуан ортасында болған тірі куәгерлерінің бірімін. Думан-той бағдарламасына сәйкес орталық стадионда театрландырылған көріністер, қаланың негізгі алаңында қазақстандық және шетел эстрада шеберлерінің концерті, халықтың мерекелік шеруі болды. Астананың тұсаукесеріне келген Елбасылар Мемлекет басшылары аллеясының бірінші талда рын отырғызды. Президентіміз болашақ Отан қорғаушылар монументінің тасын қалады. Ал түнде тұсаукесер тойының шарықтау тұсында Нұрсұлтан Назарбаев ғарышкер Талғат Мұсабаевпен сөйлесіп, ғарышта ұшып жүрген оған былай деді: «Сен бір табан жақын жүрсің ғой. Алла Тағаладан, біздің жас елордамыз Астана қаласы мен туған халқымызға сәттілік тіле. Жаратушы иеміз, бізге оң батасын берсін», – деп тілек айтты. Сол сәтте, бүкіл әлем, барлық қазақстандықтар Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен ғарышкер
Талғат Мұсабаевтың дуэтпен айтқан өлеңін естіді. Ол бір мезгілде бүкіл жер ша рында және ғарыш кеңістігінде айтылған жеңіс өлеңі болды. Айта кетейін, дәл осын дай керемет оқиға, бұрын-соңды еш жер де ешқашан болған емес. Иә, сол күні бар шамыз ұмытылмайтын, естен кетпейтін тарихи оқиғаға куә болып, әлемнің түкпір-түкпірінен келген қонақтармен бірге қуаныш сезіміне бөлендік, нағыз адами бақытқа кенелдік. Дәл бүгін, біздің Астана қаласының даңғылдары, көшелері, әсем ғимараттары, кешендері, тұрғын үйлері, демалыс орындары, архитектурасы, таңғажайып күйге бөленген. Қарай бергің келеді. Иә, қазақтың кең даласы Сарыарқаның төріндегі әсем қала – Астанамыз гүлденіп, құлпырып тұр. Астананы көрген сайын көңілімді қуаныш, жүрегімді мақтаныш сезімі кернейді. Мен, қазақтың қарапайым азаматы, Астанамен бүкіл әлемге мақтанамын. Мен жаңа елордамыз – Астана қаласына қызмет істеуден әсте шар 10-307
шамаймын,
жалықпаймын.
Қолымнан
келген іс-шараларды жүзеге асыра бе-
ремін.
Шығармашылығыммен
қатар,
өзім ұйымдастырып салған, аты аңызға
айналған тұлпар «Құлагер» ескерткішінің
қасынан, ұлт мәдениетінің шынайы жа
нашыры Марат Нәбиев досымыз екеуміз
«Ұлы Дала Даңқы» (Музей Славы Вели
кой Степи) мұражайын салуды қолға
алдық. Бұл маңызы зор Жобаны біз Ел
басымыз Нұрсұлтан Назарбаевқа, Аста
на қаласының 20 жылдығына және
«Астана – ЭКСПО-2017» халықаралық
көрмесіне арнаймыз.
Өсе бер, өрлей бер, АСТАНА!
ЖЕРҰЙЫҒЫ ЕЛІМНІҢ
Астана – жер бетіндегі ең әсем қала,
тәуелсіз, егемен, демократиялық Қазақ-
станның астанасы, болашағы жарқын,
келешегі кемелді. Астана алғашында Пре-
зидентіміз
Назарбаев
Нұрсұлтанның
идеясы болды. Ал біз бәріміз оның нақты
идеяларын жүзеге асыруға қатысушы,
қолдаушыларға айналдық.
Менің ойымша, қазіргі кезде осы идея
ны жүзеге асыруға кім, қандай үлес қосты
деп айтып жатудың қажеті де жоқ сияқты.
Ең бастысы – бұл біздің Президентіміз-
дің, халқымыздың және әрқайсымыз-
дың арман-тілегіміздің шын мәнінде
қанатты құсқа айналғандығында және
жылдан-жылға қанатын кеңінен жайып,
көкке өрлеуінде.
Біздің қаламыз – Астана, мен бұл
қаланы барлық жан-тәніммен сүйемін,
ол туралы біраз кітаптар да жаздым.
Соның ішінде «Көк күмбезді Астана» және Астана қаласы әкімінің баспасөз хатшы сы қызметінде жүргенде тереңнен, шын жүрегімнен шыққан кітаптарымда осы қала идеяларының кереметтігі, өзінің келбетімен және қайталанбастығымен таң қалдыратыны туралы айтылды. Бұл тек бастауы ғана. Он жыл – тарихтың қас-қағым сәті. Оның жарқын болашағы бізге, біздің балаларымызға, немере-шөберелерімізге, тұтастай алып қарағанда, бүкіл әлемге әлі талай шаттық әкелетініне сенімдімін. Қазақстан, Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаев, оны мекендейтін халқымыз дарынды, талантты, біз талай биіктерге жетеміз. Уақыт шіркін жетпей жатады, әсіресе ерен, тарихи окиғалардың қайнаған ор тасында болып, оның барлық ісіне атса лысып жүргендер үшін, алға қойылған зор мақсаттар мен міндеттерді шешетін еліміз үшін, оның халқы және әрқайсымыз үшін әрбір сағат, әрбір күн және жыл тұрмысымыздың қас-қағым сәтіне айна
лып, естелігімізді асыл қазыналарға тол тыра түсетіні сөзсіз. Естелік. Біздің естелігіміз алуан оқиғаларға толы. Біз тірі тұрғанда оның қорларында талайды мәңгіге сақтап тұрған естеліктер өшпек емес. Кезінде өзің ұйытқы болып, белсене ұйымдастырып, басынан аяғына дейін қатысқан кездерді ұмытуға бола ма? Артық айтқаным емес, тағдыр маған бақытты билетті ұсынғандай – мен үш жыл жаңа астана әкімінің баспасөз хатшысы болып қызмет атқардым, осы уақыт ішінде мыңдаған брифингтер мен пресс-конференциялар өткіздім, екі пресс-клуб ашып, астаналық пресс-қызметтер, электрондық және баспасөз басылымдарының құрылуының бастауында тұрдым. Осы уақыт ішінде қаншама талантты, жайсаң жан дармен қоян-қолтық араласып, бірлесе талай жұмыстар атқардық. Өз тарапым нан мен ештеңе аянып қалмадым, олар да ортақ іс барысында өз тәжірибелері мен білімдерін ортаға салып, біздің жаңа
астанамыздың бүгіні мен болашағын
көре білді және жеткізе білді.
Есіме 1999 жылдың көктемі оралып
отыр. Қаланың Оңтүстік-батыс бөлігінен
жаңа саябақ ашу салтанатына Прези
дент, Үкімет мүшелері, депутаттар мен
сенаторлар, қала басшылығы, журналис-
тер қатысты. Нұрсұлтан Әбішұлы көшет
отырғызып болғаннан кейін журналис-
тер қоршап алып, сұрақтарын қоя баста
ды. Елбасымыз осы саябақтың болашақта
көркейіп,
жаңа
астанамыз
сияқты
гүлденетінін зор сеніммен айтты. Кенет,
бір журналисіміз күтпеген жерден сұрақ
қойып қалмасы бар ма: «Бұл саябақ қалай
аталады?» – деп. Президент мүдірместен:
«Мүмкін, өздеріңіз айтарсыздар» деді. Сол
кезде мен өз ойымды ұсындым: «Осы жаңа
саябақты «Жерұйық» деп неге атамасқа?!
Қазақтың саяхатшысы, ойшылы, фило
софы, зерттеушісі, бар өмірін жер ұйығын
іздеуге арнап және осы жер Сарыарқа
деп айтып кеткен әйгілі Асан қайғы
баршамызға мәлім».
Осы кезде Президент менің идеямды қолдады. Сол кезден бастап «Еуразия» сауда орталығы жанында орналасқан осы саябақ «Жерұйық» деп аталады. Ол, шынында да, Еуразияның кіндігінен орын тепкен қаланың, өлкенің әсемдігін паш етіп тұрғандай. Осы оқиға біздің Президентіміздің тұлғалық қасиетін, болмысын, әділдігін, кез келген игілікті істі егер оның болашағы зор болса, қолдай біле алатындығының үлгісі екенін көрсетті. Бір қарағанда күнделікті өмірде кездесетін жағдайлардың біріне ұқсайды. Ал шын мәніне үңілсек, бұдан біз біздің Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлын жанжақтан танығандаймыз: оның ерекше ақылдылығы, таланттылығы, көрегендігі, пәрменді істері, сындарлы да терең сая сатын көреміз. Елбасының нақты істер барысындағы әділ де оң шешімдері, қатар келе жатқандардан әрқашанда бірнеше қадамға озық болуы, тәуелсіз, егемен Қазақстанның құрылған кезінен бастап нарықтық экономикамыздың, саяси
және әлеуметтік жүйелердің өркенді да
муы, көршілес елдерден көш ілгері болуы
бізге жан-жақтан коз тігіп отырған алыс
және жақын елдердің басшыларын таң
қалдырумен келеді.
Халқымыз оны біздің Президентіміз
деп атайды. Мен – Ұлы даланы жайлаған
халқымыздың бір бөлшегі, жаңа астана
әкімінің бірінші баспасөз хатшысы біз-
дің Президентіміз – тәуелсіз, демокра-
тиялық
Қазақстан
Республикасының
тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы
Назарбаевты
жан-жүрегіммен
тебіре-
ніп, мақтан етемін және дәріптеймін.
Бәріміз үшін, мен үшін ол – маңызды да
Ерен Тұлға.
Мүмкіндігім келгенше соңғы айтылған
сөздеріме түсінік бере кеткенді жөн көріп
отырмын. Қуатты әрі мызғымас держа
ва ССРО құлап, КПСС тарағаннан кейін
ТМД – тәуелсіз мемлекеттер достастығы
пайда болды. Солардың қатарына біздің
Қазақстан да кірді. Бұрынғы кеңестік
республикалардың еркіндік алуын көп-
шілік әр түрлі түсінді: басшылықтағы кейбіреулер не істерлерін білмей дағдарып қалды, біреулер кетіп, біреулері бөлінбейтіндерді бөлуге тырысып, ақырында әскери қақтығыстар өршіп, Кавказ, Приднестровьеде соғыс өрттері лау лады. Біз, қазақстандықтар болсақ, өзімізге тән салмақтылықпен, пайымдылығымызбен, көрші тұратындарға деген сыйластығымызбен халықтық мемлекетіміздің, өзіміздің еліміздің кірпішін қалауға кірістік. Бәріне сабырлылық пен төзімділікпен қарай білген қазақстандықтар қазір еңсесін көтеріп, әлем елдері енді біздің елімізбен сана са бастады. Біз ежелден келе жатқан аумағы кең, таусылмас байлығы бар жерімізді жаңаша құра бастадық және қиындықтарды жеңе білдік, жарқын болашаққа деген, халқымызға деген ма хаббатымыз толастаған емес. Осы бір күрделі де қиын кезеңде Нұрсұлтан На зарбаев жарық та нұрлы, сенім мен
үміттің сөнбес жұлдызындай жарқ ете
түсті. Біздің көпұлтты, сан ғасырдан
атадан балаға мұра болып келе жатқан
дәстүрлермен сусындаған, достық пен
өзара түсіністік принциптерін бойына
сіңірген халқымыз оған, қарапайым да
түсінікті әрі көреген, қолынан бәрі де
келетін, барлық жағынан алып қарағанда
да сауатты стратег және тактикке, өз
тағдырларын сеніп тапсырды.
Тоқсаныншы жылдардың басындағы
дағдарыс жылдарында осы адамның мой
нына қаншама ауыртпалық, қиындық
түскенін бәрі де білді және көрді де. Көп
жылғы тәжірибе оның болмысын жан-
жақты ашып берді – орасан зор жігерлі,
қайтпас қайсар мінезі, мызғымас, табан
ды рухы, өз халқының күшіне деген шы
найы сенімділігі, алға қойған міндеттері
мен мақсаттарының игілігі.
Иә, оның ішкі жан-дүниесі сөнбес
шамшырақтай, оның бастамалары мен
орындалған игі істері ұшан-теңіз, жарқын
болашақ, кемелді келешекке бағытталған
нақты, пәрменді ұлы істері, жоспарлары мен ойларында шек жоқ. Бүгінгі өсіп келе жатқан ұрпақ біліп, естеріне сақтап жүрсін деген оймен кезінде өзім куә болған, куә болып қана қоймай, өзім тікелей қатысқан сол бір кез – Президент Нұрсұлтан Назарбаев және оның командасымен бірге еліміз, халқымыз өткен он бес жылды баяндап өткенім артық болмас. Нұрсұлтан Назарбаевтың саяси көрегендігі, оның қайсарлығы мен батылдығы, тіпті ерлігі деп те айта ала мын, сөз болғанда Сәбит Мұқановтың белгілі «Аққан жұлдыз» кітабынан үзінді еріксіз есіме түседі: «Жетпіс жасқа жетіп, сырқаттанып қалған хан Абылай өзіне сенімді Бұқар жырауды шақыртыпты. – Орындалмаған арман, ойларыңыз бар ма? – деп сұрапты қарт... – Қаншама қан төгілді, бірақ оны мен төкпесем, жауларым төгетін еді. Менің халқым Жер-Анаға оң жүзін бұрып үлгермеді, қалалар салуға шіркін,
уақыт жетпеді. Халқымды біріктіруге де үлгермедім, араларында арандатушылар көптігінен, – деп өкінішпен жауап беріпті Абылай. Сол тарихтың аласапыран кезі мен қазіргі уақытты салыстыруға әсте кел мес. Салқынқанды оймен, есепті ұғыммен мұндай мүмкіндіктің барлығын жоққа шығармаймыз. Өйткені Абылайдың орындай алмай кеткен армандары біздің Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың нақты істерінде өз орнын тапқандай. Біздің қоғам қазіргі таңда өзара бірлік пен келісімде ынтымақты өмір сүріп, ашық аспан, бейбіт өмір, көршілес ел дермен татулық үшін, алыс және жақын көршілермен табысты қарым-қатынас жасап, саяси, экономикалық және әлеуметтік проблемаларды салиқалы ой мен шешіп, қазақстандык жол – тұрақтылықтан жаңару арқылы өркендеу жо лындамыз. Егер Абылайдың өзегін өртеп, өкінішпен аһ ұрып айтып кеткен сөздеріне
қайта оралар болсақ, халқымыз Жер-
Анаға оң бетін бұрды ма? Сөз жоқ, бұрды.
Біз тың және тыңайған жерлерді игеру-
дің 50 жылдығын атап өттік. Көптеген
алғашқы тың игерушілер ерен еңбекте-
рі, игілікті істері үшін мерейтойлық ме
дальдармен
марапатталды,
олардың
даңқтары, оларға деген құрмет ешқашан
ұмытылмақ емес.
Қазақстандағы
бірінші
қазақ,
еге
мен елдің бірінші Президентінің, көп
ғасырлар, тіпті мыңжылдықтар ішінде
бірінші болып өз халқын біріктіріп,
ештеңеге мойымастан жаңа, тағы да
бірінші астананы құруға кіріскенін ерек
ше атап өткім келеді.
Ұғымы таяздар үшін осы айтылғанның
бәрі – жай сәйкестік болып көрінер. Ал
терең, жаңаша ойлайтындар үшін – бұл
олардың кезінде Нұрсұлтан Назарбаев-
қа сенгендіктерінің куәсі, алғашқыда
олар оның ақылдылығына сенсе, қазір
оған іс жүзінде көздері жетіп отыр.
«Аялда, уақыт! Сен кереметсің!» деп өз
уақытында ақын жырлағандай, біздің
еліміздің және халқымыздың ең кере
мет, тамаша сәті – Республикамыздың
тәуелсіз дамуының жыл санауынан 1991
жылғы 16 желтоқсаннан, яғни Жоғарғы
Кеңестің «Қазақстан Республикасының
мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Консти-
туциялық Заңды қабылдағанынан бас-
талады. Ол қазақ халқының өз алды
на дербес мемлекеттілігін алуға деген
ғасырлар бойғы арманы мен ұмтылысын
жүзеге асырып, Ұлы дала деп аталатын
ұшы-қиыры шетсіз далада, Еуразия кон-
тинентінің нақ жүрегінен жаңа дербес
мемлекеттің дүниеге келгенін бүкіл әлем-
ге паш етті. Қол жеткен тәуелсіздік қазақ
ұлтының, өзге де кез келген ұлт сияқты,
өзін-өзі билеуге құқығы – бұл заңның
іргетасы болып табылады. Қазақстанның
әлемдік қоғамдастықта тәуелсіздігі бе-
делінің артуына мемлекеттілік нышанда
ры, державалық рәміздер – Ту, Елтаңба,
Әнұранының маңызы зор болды.
Осы рәміздер мемлекеттілікке деген құрметті қалыптастыратын руханиадамгершілік және идеологиялық мағына, өзің азаматы болып табылатын сүйікті еліңе деген мақтаныш сезімді туғызады. Өйткені соқыр сезім мен құр әдеттегідей бағынушылық айырма сын әрқайсымыз ұғынамыз. Әлем мемлекеттеріндегі егемен Қазақстанның елшіліктері ғимараттарының алдында Қазақстан Республикасының сол жағынан алтыннан ұлттық нақыштармен өрнектелген күн шапағы және ортасында қалықтап бара жатқан қыран құс бей неленген (тудың авторы Тәкен Нияз беков) көгілдір түсті Туымыз еркіндік, тәуелсіздік ұраны, егемен республиканың символы іспетті емес пе? Біздің Туымыз Нью-Йорк қаласында БҰҰ ғимаратының жанында да орна тылып, елімізді әлемге танытып, зор мақтанышпен желбіреп тұр. Қазақстан Республикасы Туының таза көгілдір түсі оны мекен еткен халықтар
мен ұлыстардың бірлігін бейнелеп қана
қоймай,
мемлекеттің
бөлінбейтіндігі
идеясын айқын көрсетеді. Адамзаттың
түсінігінде әлем көптеген халықтарға,
мемлекеттерге, тілдер, діндерге бөлінеді,
бірақ аспан баршамызға ортақ болып
қала бермек.
«Біз – бәріміз бір планетаның тұр-
ғындарымыз, бәріміз бір кеменің жо
лаушыларымыз» депті кезінде француз
ұшқышы және жазушысы Антуан Сент-
Экзюпери. Аспан және су түстес ашық-
көгілдір түстен жер мен көктің бірлігін
көреміз. Бұл – әділдік пен пәктіктің түсі.
Осы тұрғыдан алып қарағанда, осы түсті
өзінің мемлекеттілігінің рәмізі ретінде
алған елдің саясатына әлем елдері се-
німділікпен және түсінікпен қарайды.
Ондағы көкке қалықтаған қыран құстың
бейнесі – егемен Қазақстанның әлемдік
өркениет шыңдарына алған бағыты. Қа-
зіргі таңда бүкіл әлем Қазақстанда жүріп
жатқан экономикалық реформалардың
табыстылығын, ауқымдылығын сөз етіп,
таңдайларын қағып отыр. Осының бәрі Қазақстан Республикасының әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына кіру идеясының ұлттық идеяларға айналып, әрине, іске асырылатындығын көрсетеді. Қарап отырсаң, бұл өмірде бәрінің өзара байланысты болатындығы таң қалдырады, бүгінгі таңда ұрпақтанұрпаққа мұраға қалдыру, әкеден балаға мирасқа қалу зор маңызға ие болып отыр. Высоцкийдің «Нерв» жинағына алғы сөзде Роберт Рождественский бәрімізді толғандыратын ішкі жан дүниемізді керемет айтып өткен: «Бұл жалғанда бәрі де тағдырға байланысты, өзіңнің жеке жазмышың және ол адам бұл дүние есігін ашқан сәттен көп бұрын басталады. Жеке адами тағдыр басқа жандардың тағдырларынан ешқашан да бөлек болған емес. Ол сенің тағдырың – сенің халқыңның орасан тағдырының бір жалпы бөлігі. Сондықтан да сен тек өз ата-бабаңның жалғасы ғана емес, басқа көптеген адамдардың ұрпағын 11-307
жалғастыру үшін өмір сүресің, саған дейін тұрғандардың, сенің алғашқы деміңді, алғашқы айғайыңды, жер бетіндегі алғашқы қадамыңды қорғағандар үшін». Президент Конституцияның кепілдігі ретінде Қазақстанның барлық халқы, ұлт өкілдері алдында жауапкершілік артады. Нұрсұлтан На зарбаев «В потоке истории» кітабында оқырманға қызғылықты ой тастаған: «Билік басындағы саясатшының жан күйзелісі оның бұзушылық немесе құру әрекеттерінен, мейлі, оның ісінде бол сын, айтылған сөздерінде болсын, көзге көрінбейтін тарих іздерінен сезіліп тұрады». Егемендік – рухани дәреже. Еркін рух, тәуелсіз мемлекеттілік жаңа идеологияларға ұмтылады. Сондықтан да тәуелсіздік алған жылдарда Қазақстан Республикасының болашақ Елтаңбасының 245 жобасы мен 67 кескінінің ішінен көшпенділер үшін ерекше бағаланатын шеңбер нысанды рәміз
жеңіске ие болды. Шеңбер – тіршіліктің мәні, өмірдің нышаны. Қазақстандық Елтаңбаның ең басты жүгін көтеріп, оған негізгі арқау болып тұрған – шаңырақ. Шаңырақ – әлемнің тұтастығын, ошақтың амандығын білдіреді. Шаңырақ – бүкіл ел үшін тіршіліктің, шексіз өмірдің нышаны. Шаңырақ – киіз үйдің күмбезі, күн бейнесін, ал уықтары одан тарап жатқан алтын сәулелерді елестетеді. Жандар бек Мәлібеков пен Шота Уәлиханов ге ральдика тілімен қазақтардың бейбіт өмірсүйгіш болмысын, республиканың барлық ұлттары мен ұлыстарының бір шаңырақтың астына жиналып, Қазақстанды ортақ үйге айналдыруға ұмтылысын көрсете білді. Біз барлық казақстандықтардың ортақ үйі, бір шаңырағы, қонақжай, сенімді әрі мықты, күн сәулелі сүйікті Отанымыз бар екенін ұмытпауымыз керек. Баршамызға ортақ қазына – бір аспан, нұрын төккен күн, зәулім тау шыңдары,
сарқыраған өзендер мен көлдер. Осы баға жетпес байлығымыз табиғатты ая лау – әрқайсымыздың міндетіміз. Бізге, біздің ұрпаққа егемен Қазақстанның аза маты болу, қоғамымыздың әділ де бейбіт өмір сүруіне жауапты болу құрметі тиіп отыр, Әнұранымызды орындағанда осының бәрін кеңінен түсініп, кеудемізді мақтаныш сезімі кернейді. Әнұран моральдық ұйымдастырушылық маңызға ие, 15 жыл ішінде әлемге танымал болған бәсекеге қабілетті мемлекетімізді көркейтуге шақырады әрі жұмылдырады. «Егер біз құрметті де бәсекеге қабілетті ел болғымыз келсе, біз біртұтас және ұйымшыл ұлт болуымыз қажет», – деді Нұрсұлтан Назарбаев. «Жалпы құндылықтарды дәріптейтін, үйлесімді тіл ортасымен, болашаққа деген ұмтылысы жоғары әрі айқын ұлт. Өркениетті ұлт төл мәдениеті арқылы ғана басқаға таныла ды». Мемлекеттік рәміздердің маңызы мен рөлін айтар болсақ, Президент айтқандай, мемлекеттік тіл – Отанымыз
бастау алатын мемлекеттік рәміздер Ту, Елтаңба, Әнұран сияқты символ. Тағы бір мемлекеттіліктің маңызды нышаны – президенттік басқару. 1995 жылдың желтоқсанында Қазақстанның Президенті Н. Назарбаев өзінің №2736 Жарлығымен Қазақстан Президентінің штандартын бекітті. Прези дент Штандарты 2:3 тең тік төртбұрышты көгілдір мата, ортасындағы алтын шеңберде қанатты барыста оң қолын көтеріп отырған сақ дәуірінің жас көсемі (сақтар – ежелгі авторлардың шығармаларында кездесетін біздің заманымызға дейінгі мыңжылдықта Қазақстанда өмір сүрген көшпенді тай палар атауы). Оның қолында білезік, мойнында тарақ пен тұмар, басын да басы үшкір бас киім. Атқа мінген көсем мен барыс алтын түстес. Барыстың төменгі жағында таулы қар шыңдары бейнеленген. Матаның төменгі жағында күміс қапсырмада Президенттің аты және оның басқару уақыты ойылып жазылған.
Штандарттардың көп партиясы «Сым
бат» сән үйінде бекітілгеннен соң тап-
сырысқа берілді. Осы жиынтықтар-
дың бір бөлігі әлі күнге дейін сақтаулы.
1997 жылдың 8 қарашасында Прези-
денттің штандарты (мемлекеттік тумен
бірге) президенттік резиденциядан жаңа
астана – Ақмолаға жіберілді (1998 – Аста
на).
Астананы көшіру.... Бәрі қалай бол
ды? Ақмола облысының бұрынғы әкімі
(Ақмола облыс орталығы болған) Ан
дрей Браунның «Менің өмірім» деген
кітабынан
алынған
естеліктері
қыз-
ғылықты:
«Нұрсұлтан
Әбішұлы
бізге
жиі келетін. Осы жолы да тікұшаққа
мініп, қаланың үстінен және қала маңын
бірнеше рет айналып өтіп, қаланы сумен
қамтамасыз етіп отырған Вячеслав су
қоймасын қарап өттік. Ерейментау тау
ларын айналып, сол жерге аялдадық. Тау
етегімен ұзақ жүріп, табиғаттың көз той
мас көркін тамашалап, таза саф ауаны
құмарымыз қанғанша жұтумен болдық.
Отырғаннан кейін Нұрсұлтан Әбішұлы
бұл келуінің құпиясын ашты.
– Астананы ауыстыру туралы ойла
нып жүрмін. Барған жерлерімде қарап
жүремін, қай жер жақсы деп. Бәріне
қарағанда, сенің қалаң келетін сияқты.
Ірі темір жол торабы, бұл жерде барлық
бағыттағы жолдар тоғысып жатыр, оң-
түстіктен де, батыстан да әрі барлық
облыстармен әуе жолдары тартылған.
Барлық жағынан ең жақсы жер осы.
Министрліктер мен ведомстволарды ор
наластыру қиындық туғызбасы анық,
бұл жерлерде кезінде өлке басшылығы
орналасқан ғой. – Әңгіменің соңында
әзірге ешкімге айтпауымды отінді.
– Бұл мәселе әлі шешілген жоқ, бәрін
сараптап ойға салу керек, қаражат деген
сияқты және Парламенттің келісімі ке
рек.
Астананы көшіру идеясы өзіме де
жағып қалды: жаңа жұмыс орындары
ашылады, қаланы жылу және сумен қамту
мәселелері өз шешімін табатыны анық,
астанада тұратын болдық деп жұртшы-
лық қуанатын болды ғой деп ойладым.
Сосын ресми шешім шықты, Парла-
менттің келісімі алынып, министрліктер
мен ведомстволарды көшіру жұмыста-
ры басталып та кетті. Осы бір кезең
мен үшін, әрқашанда ортақ тіл табыса
кететін қала әкімі Аманжол Бөлекбаев
және біздің орынбасарларымыз үшін
қиын да қолайсыз болды. Барлық ми
нистрлер,
республикалық
басшылар
кеңірек, дұрысырақ ғимарат сұрайды,
қала
ортасынан
немесе
Президенттің
Резиденциясының
жанынан,
өтінішін
қанағаттандырмасаң, реніш басталады.
Соңынан астананы көшіру жөніндегі ми
нистр Фарид Ғалымов тағайындалып, бұл
жағдай жеңілденді деуге болады. Өйткені
ол мәселелерді білікті де батыл шешетін,
Президенттің қолдауы және өкілеттігіне
ие болды, астананы көшіру стратегиясын
жеке өзі белгілеп отырды.
1995 жылдың қақаған қысында, жел-
тоқсан айында Қазақстандағы өкілдік
алған барлық елшілердің өтініші бо-
йынша Сыртқы істер министрлігі олар
ды қабылдап, қаланың қандай астана
болатындығы туралы көрсетуімізді өтінді.
Сол күні қырсыққандай сақылдаған сары
аяз отыз градусқа жетіп, іші-бауырыңа
өтіп кететін үскірік жел соғып тұрды.
Оңтүстік елдердің елшілерінің бәрі жеңіл-
желпі киінген, оның үстіне бас киімдері
де жоқ екен. Самолеттен шыға салысы
мен олар суыққа шыдамай, автобусқа
карай жүгіре бастады. Суықтан тоңып,
ештеңеге қарауға шамалары да келмеді-
ау деймін. Әлі есімде, Иран елшісінің
тоңғаны
соншалық,
тісі-тісіне
тимей
қалшылдап тұрды. Оны аяп кеттім де,
бас киімімді шешіп, басына кигізіп едім,
қуанып кетті. Маған қалай алғыс ай
тарын білмей қалды. Басқа елдердің
президенттерінің ішінен бірінші болып
Ақмолаға Қырғызстан Президенті Асқар
Ақаев келді. Оның бұл келісі Нұрсұлтан
Әбішұлының Ақмола қаласының атын
өзгерту идеясына толғанып жүрген сәтіне
дөп келді. Болашақ астанаға лайықты
атау таңдап, бірақ бұл идеясын ешкімге
айтпай жүрген кезі еді. Қаланың атаула
ры сан түрлі болды: бастапқыда Акмо
линск, одан кейін Целиноградка ауысты,
Қазақстан егемен ел болған кезде Ақмола
деп өзгерттік, енді бас қала болған уакыт
та атын ауыстыру мәселесі тағы да туды.
Ақаевтың келуі қысқа болды. Еуразия
университетінде болашақ Қырғызстан
елшілігінің
құрылысы
орнында
ірге-
тасы
қаланғаннан
кейін
студенттер
және
оқытушылар
құрамымен
кезде
су өтті. Ақаевтың баяндамасына Одақ
ыдырағаннан кейінгі тәуелсіз елдердің
экономикалық даму мүмкіндіктері, орта
және жоғары білім жағдайы және басқа
мәселелер сөзге тиек болды. Болашақ
астананың ежелден келе жатқан ата-
бабаларымыздың қолдарынан шыққан
асыл
қазыналарымызды
қорғап,
сақ-
тауын тілей келе, сөз соңында былай деді:
– Ұшақта келе жатқанда Нұрсұлтан
Назарбаев болашақ астананы «Қазақстан»
деп атағысы келетін құпия сырын айт
ты. Әлемде мұндай мысалдар өте көп,
мысалы, Бразилияда мемлекет пен ас-
тананың атауы бір, 1960 жылы прези
дент Кубичектің шешімі бойынша жаңа
астана – Бразилия қаласының іргетасы
қаланды, елдің басты қаласының орны
болып құрғақ кедей аудан таңдалды.
Сол сәтте Назарбаев оның сөзін бөліп
жіберді:
– Асқар, мен енді сенімен ешқашан да
құпияларыммен бөліспеймін!
Оған ол былай деді:
– Мен кешірім өтінемін, Нұрсұлтан
Әбішұлы, бірақ мынадай сенімді отырыс-
та сіздің идеяыңыздың ұнағаны сонша-
лық, айтып қоюыма тура келді».
Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, ел
үшін астананы ауыстыру туралы түбе-
гейлі шешім қабылдауда оны бағалау
өте қиын. Тек он-он бес жылдан соң осы
қадамның
қаншалықты
болғандығын
түсінесің. Әлем мемлекеттерінің тари
хына қарасақ, астана идеясы мен ұлт
идеясының біртұтас екенін көруге бо
лады. Король Филипп ІІ ел үшін қиын
кезеңдерде өзінің әкімшілік аппаратын
елдің орталығы Мадридке ауыстырды,
бай астана маңындағы қалалар Бургос,
Вальядолид, Толедоны, Дон Кихоттың
отанын, оның рухы әлі күнге дейін
сақталған әсем де ежелгі қалаларды
қалдырып кетті. Индия астананы Каль
куттадан Нью-Делиге көшірді. 1923 жы-
лы Түркия ел астанасын Стамбулдан
Анкараға, Пәкістан 1971 жылы алты
миллион халқы бар Карачиден жеті жүз
мың тұрғыны бар Исламабадқа ауыстыр
ды. Көршілес Қытай болса, астанасын
алты рет өзгертті. Әлі бірде-бір елдің оз
астанасын басқа қалаға ауыстырғаннан
кейін осы дәрежені бұрынғы астанасына
қайтармағанына тарих куә. Тек Ресейде
ғана – екі жүз жылдан кейін Ресей астана
сы Петербургтен Мәскеуге оралды.
Ақмола қаласы Қазақстанның аста
насы болады деген сыбыстар ең алғаш
жылдың
көктемінде,
Президент
Нұрсұлтан Назарбаев қатысқан тың және тыңайған жерлерді игерудің мерейтойын мерекелеуден кейін та рады. Ал 1994 жылдың 6 шілдесінде Республиканың Жоғарғы Кеңесінің сессиясының ертеңгі пленарлық мәжілісінде Президент сөз алып, осы мәжілісте мемлекеттің астанасын көшіру туралы мәселені қарастыруды ұсынды. Себеп қандай? Біріншіден, астана мемлекеттің орталығында болуы қажет. Екіншіден, Алматы астаналық қаланың талаптарына сай келмейді: халықтың тығыз орналасуы, бос алаңдардың жоқтығы бұдан әрі қаланы кенейтуге мүмкіндік бермейді және осы қаланың экологиясы сын көтермейтін еді. Оның үстіне, әлем астаналары өнеркәсіптік емес бағытты таңдайтыны сөзсіз. Жаңа астанаға ең қолайлы, лайықты орын таңдау 32 параметр бойынша өткізілді. Ақмоладан басқа ешқандай қала осы өзіндік тестіден өте алмады. Қала ҚР ресми астанасы болып 1997 жылдың
10 желтоқсанынан бастап, мемлекеттік биліктің барлық салалары көшкеннен кейін болды. Іс жүзінде тек 8 қарашадан бастап Ақмола мемлекеттік Ту, Елтаңба және Республикалық ұлан басшысы тапсырған президенттік штандарт сақтаушысы болып ерекше жағдайға ие бол ды. Содан кейін Ақмола тағы да төртінші рет (Акмолинск, Целиноград, Ақмола, Астана) өз атауын өзгертіп, Астана деп атала бастады. 1996 жылдың қаңтарында Азия, Аф рика және Еуропаның жетекші сәулетшілері астана құрылысының бас жоспарының нобайын талқылауға келді. Ұсынылған Ақмоланы аумақтық дамытудың қала салу тұжырымдамасын зерттей келе олар өз ескертулерін айтты. Астананың ең үздік бас құрылысының халықаралық конкурсын әйгілі жапон сәулетшісі, кезінде Малайзия мен Латын Америкасындағы бірқатар теңдессіз жо баларды дүниеге әкелген Кисе Курокава жеңіп алды.
Астана – бас қала. Жаңа атауының өзі
бірнеше негіздерімен ерекше. Бірінші-
ден, біржақты маңызға ие. Яғни астана
дегеннен-ақ түсінуге болады. Екіншіден,
ешқандай жағымсыз саяси немесе тари
хи пайымдаулардан аулақ. Үшіншіден,
ол қаланың қызметін айқындап тұр.
Төртіншіден, жаңа атау мемлекеттік тілде
де, негізгі халықаралық тілдерде де ай
тылуы жағынан үндесіп, еш өзгермей,
графикалық жағынан да әдемі көрінеді.
Сөйтіп, 1998 жылдың 10 маусымында
Астана өзінің тұсаукесер салтанаты ба
рысында каланың символына айналып,
астаналардың әлемдік тізіміне енді.
Тоғызыншы
маусымда
түркі
тілдес
мемлекеттердің басшыларының бесінші
саммиті өтіп, оның жұмысына Әзірбай-
жан президенті – Г. Алиев, Қазақстан пре-
зиденті – Н. Назарбаев, Қырғызстан пре-
зиденті – А. Ақаев, Түркия президен-
ті – С. Демирель, Өзбекстан президенті –
И. Кәрімов және тағы басқалар катысты,
ал 10 маусымда егемен Қазақстанның
астанасы – Астананың Халықаралық тұсаукесері өткізілді. Мереке бағдарламасында орталық стадиондағы театрландырылған көріністер, қаланың бас алаңында қазақстандық және шетел эстрада әншілерінің гала-концерті, халықтық ойын-сауықтар орын алды. Астананың тұсаукесеріне келген елдердің басшылары Мемлекет тер басшылары аллеясында алғашқы көшеттерді отырғызды. Президент Отан қорғаушыларға салынатын болашақ монумент негізінің тасын қалады. Сол күні түнде Нұрсұлтан Назарбаев осы кезде ғарышта ұшып жүрген Талғат Мұсабаевпен сөйлесіп, оған жүрекжарды тілегін айтты: «Алла тағаладан біздің жас бас қаламыз – Астананың және халқымыздың амандығын сұрап, ақ бата тіле», – деді. Кенеттен, бәріміз Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев және ғарышкер Талғат Мұсабаевтың қосылып, дуэтпен айтқан әнін естідік. Иә, бұл Жер атты
көгілдір ғаламшарда, республикамыздың
жаңа астанасында және шексіз ғарыш
кеңістігінде бір сәтте қалықтаған Жеңіс
әні еді. Осындай ғажайып әлемнің еш
түкпірінде ешқашан болған емес, ал
біз осындай шексіз бақытты сәтті бас-
тан кешірдік, әлі күнге дейін мақтан
етеміз. Сол уақытта шартараптан келген
қонақтар осыған куә болып, жер бетінде
бізден бақытты, бізден қуанышты ел
болған жоқ.
«Осы кезден бастап кең-байтақ елдің
орталығында
халық
үшін
маңызды
шешімдер қабылданатын болады. Аста
на – біздің Отанымыздың соғып тұрған
жүрегі...» Бұл сөздерді Нұрсұлтан На
зарбаев 1999 жылы, астанамызға екі
жыл толғанда айтып еді. Биылғы жылы
республикамыздың астанасы Астанаға
ЮНЕСКО-ның «Бейбітшілік жолындағы
қала» жоғары атағының берілуін сал
танатты түрде атап өттік. Беделді ха-
лықаралық ұйымның осы атағына ие
болу Қазақстанның жаңа астанасын да
12-307
мыту жөніндегі теңдессіз тәжірибені тану болып табылады. Қазіргі таңда Елорда тұрғындары өз қалаларының танымастай болып өзгергеніне куә болып жүр. Күн санап жаңа сәулет нақыштарымен бой түзеп келе жатқан осы бір әсем қаланың көркі алыстан мен мұндалағандай. Бұл қаланың сондай бір жағымды энергетикасы бар және ол бірден сезіледі. Әрине, Сарыарқаның төрінен қоныс тепкен астанамыз айтылған мезет те салына қалған жоқ, оны бәріміз де түсінеміз, біртіндеп басталған құрылыс қазір қайталанбас өрнектері мен ерекшеліктерімен көркейіп, гүлдене түсуде. Осындай нәтижеге жету бірінші кезек те осы істің бас идеологы Президент Нұрсұлтан Әбішұлының жасампаздық, табандылық, таусылмас күш-жігері, оның тегеурінді командасы – қазақтың тама ша, намысқой, қайсар тұлғаларының еңбекқорлығы арқасында. Олардың ішінде: Әділбек Жақсыбеков, Асқар Мамин,
Владимир Ни, Николай Макиевский, Фа рид Ғалымов, Темірхан Досмағамбетов, Болат Нұрпейісов, Аманжол Бөлекбаев, Вячеслав Иванов, Ақмырза Рүстембеков, Олег Песков, Аусадық Аубеков, Қайсар Омаров, Амангелді Ермегияев, Р. Бекбо латов, Николай Тихонюк, Қайрат Саты балды, Сансызбай Есілов, Төлеген Мұхамеджанов, Ермек Аманшаев, Нұрлан Нығматуллин, Болат Смағұлов, Айман Мұсаходжаева, Владимир Бояркин, Тоқтар Ерәлиев, Ахметолла Ахметжанов, Әміржан Түсіпбеков, Серімжан Досымов, Бекболат Байсағатов, Сәрсенбек Жүнісов, Төлеуғазы Нұркенов, Валентин Мак симов, Байыр Досмұхамедов, Анатолий Ченцов, Бронислав Хван, Андрей Лукин, Сапар Ахметов, Асхат Акчурин және тағы басқалар, бәрін айтып жату мүмкін емес. Бірақ бәрінің аты тарихта қалары сөзсіз. Әсіресе Астана қаласының бірінші әкімі Әділбек Рыскелдіұлы Жақсыбеков туралы жылы лебізімді білдіргім келеді. Сол кезде де және қазір де Әділбек
Жақсыбековтің Ақмола қаласының әкімі
болып тағайындалуы мемлекет басшы
сы Нұрсұлтан Назарбаевтың кадр сая-
сатындағы ірі жетістіктерінің бірі болды
деп сеніммен айта аламын. Өмірдің өзі
осы шешімнің дұрыстығын дәлелдеді де.
Оның оң шешім екеніне қаланың бұрын
қалай болғандығына және кандай болып
өзгергеніне куә болып отырған астана
тұрғындарының да көзі жетті.
Әділбек
Рыскелдіұлы
Президенттің
барлық тапсырмаларын толық орындап,
оның үмітін ақтап шықты. Ол – жаңаша
ойлайтын, әрқашанда ізденіс пен талпы
ныста жүрген, өз ұрпағының тамаша өкі-
лі. Өзінің қайсарлығы, мақсатшылдығы,
өзіне және бағынысты тұлғаларға қатаң
талап қоя білуі арқасында ол алға қойған
мақсаттарына, зор жетістіктерге жете
білді. Өз қызметінде алған білімдері мен
өмірлік тәжірибесін шебер, орынды пай
далана білді. Қаланың бас жобасына бар
назарын аударып қарағаны бәрімізге
мәлім. Оның тікелей қатысуымен мына
дай маңызды объектілердің құрылысы жүрді: Президенттік мәдени орталық, Ұлттық мұражай, «Окан Интерконти ненталь» отелі және тағы басқалар. Ты нымсыз еңбектену дағдысына айналған Әділбек Ырыскелдіұлы жаңа астананың тұсаукесері мерекесі қарсаңында не ұйқы, не демалыс көрмей, күні-түні жұмыс істеді және осыны басқалардан да талап етті. Күнделікті ауқымды жұмыстардың көлеміне қарамастан, ол көмекке мұқтаж қала тұрғындарын да назардан тыс қалдырмады: тұрмысы төмен, көп балалы от басылар, соғыс және еңбек мүгедектері, жалғызбасты зейнеткерлер және тағы басқаларға көмек көрсету ойынан әсте шыққан емес. Ірі және шағын бизнестің қыр-сырын толық меңгерген ол қалада кәсіпкерліктің дамуын, тек қана қалалықтар ғана емес, қалаға келушілердің шығармашылық әлеуетін пайдалануына барлық жағдайлар жасалуын бақылап отыр
ды. Сол кездері оның бір ғана арманы
болды – астананың келбетін күннен-
күнге жақсарту, көркейту. Осы бір іс-
керлік және адамгершілік қасиеттері
үшін де Әділбек Жақсыбеков жұртшы-
лықтың көңілінен шығып, шынайы сый-
ластыққа ие болып отыр. Оның есімі
Астана қаласының тууымен және сан
алуан өмірімен тығыз байланыста бо
лып қала бермек.
Жаңа Елорда – Астананың көз тоймас
көркі, уақыт өткен сайын түрленуіне,
қала құрылысы үшін, Қазақстан үшін,
оны мекендейтін көпұлтты, тату және
ынтымақты халқы үшін ауадай қажет
болған ресурстарды беріп отырған, жедел
әрі қарқынды дамыған экономикасы сеп
болды.
Әрине, бәрі де оңай, жеңіл болды
деп ойлау – қателік. Он бес жыл ішінде
еліміздің атына қаншама сын, тіпті ақыл-
ға сыймайтын мағынасыз пікірлер мен
талқылаулар, Қазақстанның болашағына
катысты талай саясаттанушылар, сарап
шылар, бақылаушылардың болжамдары айтылды. Бірақ мемлекетіміздің тұрақты және тәуелсіз дамуының стратегиялық бағдарламасы осы негізсіз дақпырттарды жоққа шығарды. Қазіргі таңда, Қазақстан ТМД елдерінің ішінде көш ілгері келеді және жоғары қарқынмен даму үстінде. Қазақстандық мемлекеттілік толығынан құрылды деп зор сеніммен айта аламыз. Ең бастысы, даму мен гүлдену жолындағы ұлттың бірлігі мен ынтымағына кол жеткіздік. Қазақстан 130-дан астам ұлт пен ұлыстың, осыдан он жыл бұрын Қазақстан халықтарының Ассамблеясына біріккен 46 діни конфессия өкілдерінің Отанына айналды. Дамуға нұсқама мемлекет пен қоғамның күш-жігерін өсу мақсатына жету ге біріктірді және бағыттады. Еліміз осы уақыт ішінде үш кезеңнен өтті. Бірінші (1991-1995 жылдар) – кеңестік жүйенің бұзылып, мемлекеттіліктің негіздерін құру басталған кез. Екінші (1996-
2000 жылдар) кезең экономика мен сая
си жүйенің тереңдетілген құрылымдық
қайта құруларды жүзеге асыруымен бай
ланысты. Үшінші (2001-2006 жылдар) –
экономикалық өсу жылдары.
Өткен 15 жыл ішінде Қазақстанда қо-
ғамды жетілдіру кең көлемде жүргізілді.
Жоғары көрсеткіштерге қол жеткіздік.
Қазақстан қазір серпінді дамып келе
жатқан он елдің қатарына кіріп отыр,
экономикалық өсім жылына ішкі жал
пы табыстың 9-10 пайыз деңгейінде.
Шикізаттық емес секторлар есебінен жо-
ғары қарқынды экономикалық дамуды
қолдау механизмдері құрылды, бірінші
кезекте өңдеу өнеркәсібінде. Соңғы жеті
жылда машина жасау өндірісінің көлемі
600 пайызға өсті. 2000 жылы құрылған
Ұлттық қор 12 миллиард доллардан асты.
Елдің бюджеті тұтастай экономиканың
шикізаттық емес секторларынан мұнай,
газ ресурстары түсімдерінің есебінсіз
қалыптасады. Ауылды жанғыртуға ар-
налған үш жылдық бағдарламаның есе-
бінен ауылдарда жүйелі сипаттағы қайта
құрулар болып, ауыл шаруашылығы са
ласы дамудың жоғары сапалы деңгейіне
көтерілді. Шағын және орта бизнестің
үлесі ішкі жалпы табыстың көлемінде
бүгінде 30 пайыздан асып отыр.
Қазақстан реформалар көшбасшысы
деп танылып, бұрынғы КСРО мемле-
кеттерінің ішінде бірінші болып нарық-
тық экономикалы елдің статусын және
инвестициялық кластың жоғары рейтинг
бағасын алды. Халықтың жан басына
шаққандағы көрсеткіші тікелей шетел-
дік инвестициялардың көлемі бойынша
ТМД-да бірінші орында болып, Батыс Еу
ропа елдерінің қатарынан қалмай келеді.
Қазақстанның дүниежүзілік аренада-
ғы халықаралық беделі – ішкі қол жет
кен өркенді жетістіктер, дәйекті бейбіт
саясат және ядролық қарудан бас тарту,
Азиядағы өзара ықпалдастық және се-
нім шаралары жөніндегі Кеңес, Әлемдік
діндер басшыларының съезін өткізу, тер-
роризмге қарсы күреске қатысу және
Тәжікстандағы, Ауғанстандағы, Ирактағы бітімгершілік миссияларға қатысу сияқты ірі халықаралық бастамалардың тікелей нәтижесі. Еліміз ядролық қарусыздану процесінің ғаламдық дамуына, жаппай қырыпжою қаруын таратуды шектеуге өз бітімгершілік үлесін қоса білді. Ядролық қарудан өз еркімен бас тартып, ядролық полигонды жапқан мемлекет ретінде Қазақстан ең алдымен АҚШ және Ресей ден шабуыл жасамауға, тәуелсіздігіне және аумағының тұтастығына кепілдік алды. Тәуелсіздік алған жылдар бойы азаматтық қоғам институттарының дамуына саяси партиялар, үкіметтік емес ұйымдар, тәуелсіз БАҚ үшін барлық қажетті құқықтық және саяси шарттарға жағдай жасалды. Олармен тұтас қарымқатынас жасаудың желісі қалыптасты. Елдің ең басты жетістігі – қазақстандықтардың тұрмыс сапасының ар туы. Егер 1994 жылы ұлттық валюта
енгізілгеннен кейін халықтың жан ба
сына шаққандағы ішкі жалпы табысы
600 долларды құраса, 2007 жылы 6000
долларға жетті. Орташа айлық еңбека-
қы осы уақыт ішінде бірнеше рет өсіп,
334 долларды құрады. Ең аз төменгі
еңбекақы 15 есе артты. Ардагерлердің
зейнетақысы,
мемлекеттік
қызметші-
лердің жалақысы өсті.
Еліміздегі кедейлік пен жұмыссыздық
санын азайтуға да қол жетті. Соңғы он
жылда кедейлік деңгейі төрт есе қысқар-
ды. Жұмыссыздық екі есе төмендеді.
Орта қазақстандық отбасының теледи
дар, тоңазытқыш, кір жуғыш машинасы
сияқты тұтыну тауарларымен қамтылуы
екі еседен төрт есеге артты. Әрбір үшінші
отбасының жаңа заманғы автокөлігі бар.
Тұрғын үй мәселесі де жүйелі шешілу-
де. Қазір еліміздің тұрғын үй қоры төрт
миллиард
шаршы
метрді
құрайды.
Осының 247 миллион шаршы метрі жеке
меншікте, кезінде 1991 жылы бұл сан
87 миллион шаршы метрді құраған бо
латын. Қазақстандықтардың тұрғын үй жағдайларын әрі қарай жақсарту үшін Мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасы қабылданып, жүзеге асырылуда. Оны жүзеге асырудың нәтижесінде 12 мил лион шаршы метр тұрғын үй іске қосылады, мұның өзі – жеке тұрғын үй құрылысын қоспаған күннің өзінде, 195 мың қазақстандық отбасына жаңа үйдің кілті тиеді деген сөз. Денсаулық сақтау саласында да бірқатар жүйелі қайта құрулар жүргізілді. Толығынан алғанда, соңғы он үш жылда денсаулық сақтауға шығыстар 10 есе ұлғайтылып, қазір олар бір жарым миллиард долларды құрап отыр. Астана қаласында республикадағы тұңғыш медициналық қызмет көрсетудің инновациялық кластері құрылуда. Егер 1993 жылдың дағдарысы кезінде білім беруге мемлекеттік инвестициялар 249 миллион доллар болса, 2006 жылы осы салаға екі жарым миллиардтан астам доллар инвестициялар бөлінді. Он үш жыл ішінде білім беру ісіне шығыстар
бөлу он есе артты. 2001 жылы мектептерді
компьютерлендіру аяқталды. Қазіргі уа-
қытта Интернет жүйесіне мектептер-
дің 82,2 пайызы, кәсіби мектептердің
52 пайызы, колледждердің 83 пайы
зы қосылған. Президенттік «Болашақ»
бағдарламасының шеңберінде 2005 жы-
лы 1756 адам стипендия алады. Енді жыл
сайын шетелге үш мыңнан астам адам
білім алуға жіберілетін болады. Қазір
әлемнің 35 елінде алдыңғы қатарлы
оқу орындарында жиырма мыңдай қа-
зақстандықтар білім алуда.
Сонымен қатар қазіргі уақытта 2007-
2012 жылдарға арналған ғылымды да-
мытудың Мемлекеттік бағдарламасы әзір-
лену үстінде. Оның мақсаты – халық-
аралық алдыңғы шепке озып шығуды
қамтамасыз
ететін
ғылыми
саланың
сапалы жаңа деңгейге көшуі және Қа-
зақстанның әлемнің 50 бәсекеге қабілет-
ті мемлекеттерінің санына кіруі. Тұтас-
тай алғанда, ғылымды қаржыланды-
руды 25 есе ұлғайту міндеті алға қойылып
отыр. 2012 жылы ғылымға жыл сайын жұмсалатын қаражаттар милли ард теңгеге жетеді. Мұның өзі – ішкі жалпы өнім көлемінің бес пайы зынан сәл астамы. Елдің дамуында 1995 жылы әзірлеу туралы шешімі қабылданған «Қазақстан – 2030» Страте гиясын қабылдау ерекше роль атқарды. Алға пәрменді де басты міндет қойылып отыр. Ол – соңғы он жыл ішінде әлемнің бәсекеге қабілетті 50 елінің санына кіру. Ұлттың бәсекеге қабілеттілігі, әрбір қазақстандықтың, қоғамның, жалпы мемлекеттің бәсекеге қабілеттілігі. Бәсекеге қабілеттілікті қалыптастырудың негізгі шарты рыноктың, инновацияның, бизнестің даму дәрежесінің тиімділігі, технополистер ашу болып табылады. Осыған байланысты, 20032015 жылдарға елімізді кезең-кезеңмен өнеркәсіпті дамыған елдер құрамына же туге дайындайтын елдің индустриялықинновациялық дамуының арнайы Стра тегиясы әзірленді.
Біртұтас холдинг – «Қазына» тұрақты даму Қорына біріккен мемлекеттік даму институттарының жүйесі құрылған. Даму институттарының инвестициялық жобаларының портфелінде жалпы сомасы 3,7 миллиард долларды құрайтын 144 мақұлданған жоба бар. Экономиканың әрі қарай қарышты да муына белсенді кәсіпкерлік орта, жоғары технологиялық тауарлар мен қызмет көрсетулер өндірісіне бағытталған биз нес қажет. Мемлекет осының бәріне жан-жақты мүмкіндік туғызып отыр. 2008-2009 жылдар бойы қосымша құн салығының ставкасы кезең-кезеңмен 15 пайыздан 13-12 пайызға төмендейді. 2008 жылдан бастап орташа есеппен әлеуметтік салық шамамен 30 пайызға азаяды. Бұл шаралар кәсіпкерлердің өз қызметінің дамуына мол қаражаттар жұмсауына мүмкіндік береді. 2007 жылдың 1 қаңтарынан бастап барлық казақстандықтардың өз табыстарынан 10 па-
йыз мөлшерінде салық төлейтіні бәрі-
мізге белгілі.
Маңызды
ұлттық
компаниялардың
корпоративтік басқару деңгейін және
тиімділігін
арттыру
үшін
мемлекет-
тік активтер тапсырылған «Самұрық»
мемлекеттік холдинг компаниясы құ-
рылды.
Ұлттық
инновациялық
жүйе
қалыптасуда. 2015 жылға дейін есептел
ген нақты бағдарлама әзірленді және
қабылданды. Жалпы бағасы 84 милли
ард теңгені құрайтын 54 жобаны жүзеге
асыратын Ұлттық инновациялық қор
құрылды. Капиталдануының жалпы кө-
лемі шамамен 700 миллион доллар бола
тын отандық және шетелдік венчурлық
қорлардың жүйесі қалыптасты.
Қазақстандық технология трансфер-
тінің жүйесі – технологиялық ақпарат-
тарды
таратуға
мүмкіндік
туғызатын
және инновациялық әріптестерді іздеуді
жүзеге
асыратын
электрондық
мәлі-
меттер
базасы
іске
қосылды.
Қазақ-
станның болашағы – геосаяси транзит артықшылықтарын тиімді пайдалану да болып отыр. Жүйелі жұмыстар үшін 2015 жылға дейінгі Қазақстанның Көлік Стратегиясы қабылданды. Бұл елімізде ақпараттық қоғам, яғни Еуропадан Қытайға, Жапонияға және ОңтүстікБатыс Азия елдеріне ең қысқа телеком муникация бағытына айналатын Ұлттық ақпараттық ірі магистраль құруды қалыптастыру үшін күшейтілген шарттар құру болып табылады. «Электронды үкіметті» қалыптастыруды аяқтап, бірінші қазақстандық жер серігінің мүмкіндіктерін тиімді пайда лануымыз қажет. Елдің аумағының және жер қойнауының мониторингін қамтамасыз ететін екінші жер серігін ұшыру керек. Қазіргі кезде алынатын мұнай қоры бойынша еліміз әлемдік ондыққа кіріп отыр. Мұнай қоры бойынша ОПЕК-ке кірмейтін елдер ара сында Қазақстан екінші орынға ие. Көмірсутегі ресурстарының жалпы бол13-307
жамдық саны шамамен 12-17 милли ард тонна көлемінде бағаланып отыр. Елдің инновациялық экономикасын кұру және технологиялық серпіліс жасаудың негізгі шарты адамзаттың дамуы бо лып табылады. Сондықтан да біздің басымдықтарымыз білім беру және ғылым жүйесінің инновациялық дамуын да, денсаулық сақтау саласындағы жаңа заманғы қағидаттар мен стандарттарға көшуде, ұлттың мәдени және рухани әлеуетінің гүлденуін қамтамасыз ету де. Экономикамыз көркейіп, гүлденген сайын мәдениет және өнер, қазақ тілі, біздің халқымыздың салт-дәстүрлері мен өмірлік философиясы да өрлей түсетіні анық. Жаңа Қазақстанның символы мен мақтанышына айналған, еліміздің елдігін, қажымас қайратын өзіне сіңірген жаңа бас қала – Астана салынды. Отанымыздың жүрегінде бас құжаттар мен бағдарламалар әзірленеді. Астана табыс көзіне айналып, Қазақстанның дамуы
на жол ашты. Елордамыздың құрылысы мен өркендеуіне бес миллиард доллар дан астам инвестициялар жұмсалды. Астананы көшіру туралы шешім қабылданған жылы қалада 225 мың адам тұратын. Қазір бұл көрсеткіш 500 мыңнан асып кетті. Қалада тұратындардың санының өсуі 4,5 жылда екі есе өсті. Бас жоба бойынша 2010 жылы Астана халқының саны 1 млн.-нан кем болмауы керек. Кисе Куракаваның эскиз-идеясы бойынша Астананың бас жобасының негізінде қала екі бағытта салынатын болады. Оның ескі бөлігін кайта жаңартумен бірге Есіл өзенінің сол жақ жағалауының бос аумақтарын игеру жұмыстары да қатар жүреді. Президенттің идеясы бойын ша жаңа қалада Еуропаның келбеті мен Шығыстың көркі ұштасып жатады. Астананың осындай пайдалы орнала суы геоэкономикалық мүмкіндіктерді күшейтіп, іскерлік қарым-қатынастарды кеңейтуге жан-жақты мүмкіндіктер туғызып отыр. Қазірдің өзінде Аста
на әлемнің 82 елінің компаниялары мен фирмаларымен әріптестік қарымқатынаста. Шетел капиталының қатысуымен 200 бірлескен кәсіпорындар жұмыс жасайды. Астананың жаңа тарихы нан бастап инвестициялардың жалпы көлемі 475 млрд. теңгені құрап отыр. Нарықтық және инфрақұрылымдық қайта құруларды дамытудың ағымдағы кезеңінде Астананың өнеркәсібі негізінен электр қуатын, газ, су және т. б. өндіріс және тарату жөніндегі өңдеу салалары кәсіпорындарына тартылған. Астана халықаралық беделінің өсуі нәтижесінде Достастық елдерінің басшыларының кездесу орнына айналып отыр: бұл жерде еуропалық және азиялық елдермен кездесулер өтеді. Астана 1999 жылы ЮНЕСКО шешімімен берілген «Бейбітшілік жолындағы қала» жоғары атағын толығымен ақтап отыр. 2003 жылы Аста нада әлемдік және дәстүрлі ұлттық діндер басшыларының І съезі өтті. Ол
конфессияаралық қатынастың кеңінен
басталуымен есте қалды. Біздің еліміз
бірқатар маңызды халықаралық шара
лар мен бастамалардың өтуіне ұйытқы
болды, мысалы, Азиядағы сенім және
қауіпсіздік шаралары жөніндегі Кеңес
және бейбітшілік пен келісім Конферен
циясы.
Елорданың
халықаралық
беделі
күннен-күнге артып, бейбітшілік пен
аймақтық қауіпсіздікті сақтауда Аста-
наның үлесі айқын көрінуде. Астана-
ның сыртқы байланыстарының дамуы
на, жағымды имиджінің қалыптасуына
әлемнің ірі мегаполистерімен достық
қарым-қатынастардың орнауы септігін
тигізіп
отыр.
Казақстанның
туыстас
қалалары болып әлемнің 12 қаласы: Ан
кара, Берлин, Будапешт, Варшава, Виль
нюс, Каир, Киев, Кишинев, Минск, Мос-
ква, Рига, Ташкент саналады.
Елорданың Астанаға көшуі мәдениет
мекемелері мен объектілерінің жедел
өсуіне әкелді. Соның ішінде әлеуметтік
инфрақұрылымды күшейту, мәдени сала
ны нығайту ерекше орын алады. Бастап-
қы кезеңде бұрынғы тың игерушілер
сарайын
және
теміржолшылар
сара-
йын қайта жаңарту туралы шешім қа-
былданды. Біріншісі – республикадағы
ең ірі объектілердің бірі және ол тек кон
церттер, конкурстар және фестивальдар
ғана емес, сонымен қатар жәрмеңкелер,
көрмелер мен байқаулар өтетін орынға
айналды. Жаңартудан кейін бұл мәдениет
сарайы «Конгресс-холл» атты жаңа атау-
ға ие болды. Теміржолшылар сарайын
да жаңартылумен коса жаңа қосымша
орындардың ашылуы бұл жерде К. Бәй-
сейітова атындағы опера және балет теа
трын ұйымдастыруға мүмкіндік берді. Екі
астаналық театр – М. Горький атындағы
орыс драма театры және Қ. Қуанышбаев
атындағы музыкалық драма театры да
қайта жаңартудан өтті. Тамаша кино
театр «Синема-Сити» ашылды. Теңдес-
сіз құрылыстар: Президенттік мәдени
орталық, «Атамекен» Қазақстан картасы»,
«Бәйтерек» және «Думан» ойын-сауық кешендері, Ислам мәдени орталығы, Ұлттық кітапхана, цирк және т.б. салын ды. Астананың мәдени өміріне қомақты үлесін қосып отырған теңдесі жоқ оқу орны – Қазақ ұлттық музыка академиясының орны ерекше. Астана қаласы филармониясының қазір елдегі ең ірі филармония екендігінде сөз жоқ. Бірінші болып 1997 жылы қазақ ұлттық аспаптар оркестрі құрылды. Еліміздің ең талантты музыкалық ұжымдарының бірі болып Ғ. Жұбанова атындағы Мемлекеттік шекті квартет саналады. «Ақорда» фольклорлық ансамблі ең ежелгі аспаптарды қайта жаңғыртуда. Екі би ұжымы «Наз» және «Ведетт» шоу-балеті астаналық көрермендер ғана емес, барлық өнерсүйер қауымның сүйіспеншілігіне бөленді. Олардың шеберлігін шет елдердің көрермендері де бағалап отыр. Халықаралық конкурстар шығармашылық шабытты шалқытудың қайнар
көзіне айналып отыр. «Шабыт» фестивалі
Астанадағы ең алғашқы халықаралық
байқау болды. «Шабыттан» кейін «Аста
на» авторлық өлеңдер фестивалі ха-
лықаралық
мәртебені
иеленді.
«Жас
қанат»
және
тағы
басқа
байқаулар
өткізілуде.
Жаңа заманғы өнер мұражайына ши-
рек ғасырдан асып кетті. Осы жылдар
ішінде
москвалықтан
қазақстандыққа
дейінгі әр түрлі мұражай мен гале-
реялардың
жүздеген
көрмелері
өтіп,
бай қор жиналған. 1961 жылы Астана
қаласының Суретшілер одағының қо-
ғамдық бірлестігі құрылды. 1998 жылдан
бастап С. Сейфуллин мұражайы жұмыс
жасайды.
Астананың мәдени өмірі сан қырлы
және өркендеу үстінде. Астананың ден-
саулық сақтау жүйесі 32 медициналық
ұйымдардан тұрады.
жылы
республикалық
кли-
никалық аурухана ашылды. 2003 жыл-
дың 29 қыркүйегінен бастап ҚР Үкіметінің қаулысымен «Республикалық клиникалық аурухана» РМК «Ұлттық ғылыми медициналық орталық» РМК болып қайта өзгерді. Оң жағалауда Сызғанов атындағы балалар кардиологиялық орталығының филиалы бой көтерді. Астанада 268 дәріхана, стоматологиялық және ортопедиялық кабинеттер жұмыс жасайды. Қазақстанның бас қаласын Ақмолаға көшіргеннен бастап көптеген өзгерістер болды. Бұрынғы кезде студенттік қала болып есептелетін қалада 4 институт, 12 техникум болса, қазір Астанада 21 жоғары оқу орны, 23 колледж, 5 кәсібитехникалық мектеп, 51 жалпы білім беретін мектеп, 35 мектепке дейінгі меке ме бар. Жаңадан мектептер де ашылды. Солардың ішінде украин, неміс, еврей, корей, татар-башқұрт, поляк және т. б. Жетім балалар үшін «SOS Киндердорф» Балалар ауылы салынды.
Астанада спорт ертеректен дамып ке-
леді. 1964 жылы қалада «Целинник» фут
бол клубы ашылды, кейін ол атауын «Ди
намо», «Цесна», «Ақмола», «Жеңіс», «Аста
на» деп өзгертті. Сол жылдары Орталық
стадион да салынған. Астана болған
уақыттан
бері
«Қазақстан»,
«Алатау»,
«Астана» спорт кешендері салынып, фут
бол орталығы, ипподромы бар ат спорты
кешені, ашық және жабық корттарымен
теннис корты, еркін күрес мектебі және
каратэ орталығы есігін айқара ашқан.
Қысқы
спорт
түрлерімен
айналысуға
шаңғыроллер трассасы салынып, туризм
саласы дами бастады. Бүгінде Астанада
33 туристік фирмалар бар.
Жуықта ғана болып өткен кезеңге (2006
жылы еліміз өзінің тәуелсіздігінің 15 жыл-
дығын атап өтті) көз жүгіртсек, заңды
қосарластықты жүргізу қиынға соқпай-
ды. Кезінде қиял болып көрінген істер-
дің бәрі өзінің ұзақ күткен еркіндігімен
екінші өмірі басталған Қазақстанның
жерінде табысты жүзеге асырылуда. Қазақстанның жас астанасының әрбір объектісі өзіндік ерекшелігімен және қайталанбас көркімен тамаша. Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жасампаз идеялары өмірде өз орнын орнықты тауып, жүзеге асырылуда. Кез келген мерекенің міндетті атри буты сыйлықтар екені бұрыннан мәлім. Ал атақты мерейтой иелері үшін ерекше сыйлықтар беріледі, оның үстіне ол аста на үшін тағайындалса, әрине. Астана үшін Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 15 жылдығы шын мәнінде жомарт сыйлықтармен аталып отті: қаланың мерейтойы қарсаңында іске бірнеше объекті қосылды. Астананың үлгі орталығы – біздің еліміз үшін ғана емес, барлық Орталық Азия аймағы үшін теңдессіз объект болып саналады. Астананың әкімшілік жаңа орталығында орналасқан мекеменің қызметі республиканың мемлекеттік
үлгі базасын ұстауға сәйкес талаптарды қамтуға бағытталған. Мемлекеттік үлгілер бұл теңдесі жоқ физикалық құралдар немесе құрылғылар, оларды жасау кезінде ең озық тех нологиялар мен ғылыми-техникалық әзірлеулер қолданылады. Олар күллі ғалам шегінде колданылатын физикалық заңдар мен константалар базасында құрылады. Осындай тұрақты шамаларға электрон заряды, тұрақты планка не месе жарық жылдамдығы жатады. Әрбір мемлекеттік үлгі – бұл ғылымитехникалық ойдың аса бағалы өнімі. Қазір республиканың үлгі базасы 76 үлгілер бірлігі мен үлгі жабдықтарының бірліктерінен тұрады. Осы үлгі базасы іс жүзіндегі 17 базаның 13 өлшеу түрлерін қамтиды. «Арман» көп қызмет көрсететін кешені. Бірнеше жыл бұрын оның екі тұрғын корпусы қала пейзажы нан өз орнын тапты. Тек «Mabetex Project Engіnneerіng S.A.» швейцар компаниясы салған бес жұлдызды отель «Radіsson SAS»
көркем ғимаратымен ғана осы сәулеттік
ансамбль толыға түсті.
«Radіsson SAS» 181 нөмірден тұрады
және бізде жоқ қонақүй сервисімен
ерекшеленеді, мысалы, лобби-бар, си-
гара-бар, пиано-бар және т. б. бар. Отель
де стильді итальян асханасы, сәнді бутик
тер, сонымен қатар салтанатты және рес
ми рәсімдер үшін конференц-зал және
600 адамға арналған бал холлы бар.
«Қуат» корпорациясы салған «Қазына-
тауэр» офис ғимараты жаңа заманғы
«ақылды үй» тұжырымдамасына сәйкес
элсктрондық құжат айналымын, ішкі
Интернетті және жобаларды басқару-
дың өте күрделі ақпараттық жүйесін,
қаржылар, интерактивті қызметтер көр-
сетуді
қалыптастыратын
«зияткерлік
ғимарат және электронды «Қазына» тұ-
жырымдамасына
біртіндеп
трансфор
мацияланумен салынған. Таяу арада Ми
нистрлер үйінің жанында тұрған алтын
мұнаралардың бірі «Қазына» тұрақты
даму қоры» АҚ резиденциясына айнала ды. Ана мен баланың ұлттық ғылыми орталығында екі – 260 орындық акушерлік-гинекологиялық және 240 орындық педиатриялық блоктармен бірге емха на, дәріханалар және сәбилер үшін ойын бөлмелері және сазбен емделу бөлмелері орналасқан. Республикалық балалар сауықтыру орталығы. Оның кұрылысы Қазақстан Республикасының 2005-2010 жылдарға арналған денсаулық сақтау саласын ре формалау және дамытудың Мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру жөніндегі шаралар Жоспарының шеңберінде жүргізілді. Жаңа заманғы озық кешен құрылысына және оның медициналық құрал-жабдықтарына республикалық бюджеттен 6,4 миллиард теңге бөлінді. Мемлекеттің бұдан кейінгі жоспарла рына осы орталықты біздің еліміздің акцияларының 100 пайыздық пакетін
сақтаумен шетелдік компанияларға басқаруға беру кіріп отыр. Өзінің көлемі мен сәулеттік шешімімен көз тойдыратын теңдесі жоқ объект бала кезінен мүгедектерді, бір жастан 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерді қалпына келтіріп, емдеуге арналған. Онда 300 орындық жеті бөлімше көзделген. Емделу уақытына тек қана балалар емес, олардың ата-аналары келе алады, оларға арналған екі орындық палаталар бар. Орталықта емханадан басқа орта мек теп, параклиникалық және көмекші қызметтер, клиника-диагностикалық және изоиммундық талдау зертханасы, функционалдық және сәуле диагности касы орналасқан. «Sembol Іnsaat» түрік компаниясының басшылары үш теңдессіз жоба ұсынды. «Индор-сити», Бурабайдағы шаңғы ку рорты және керемет «Хан шатыры» кұрылыстары ауқымдылығы мен әсем дизайны бойынша жаңа құрылыс дәуірі-
нің әлемдік өнер қорына қомақты үлесін қосуға нақты мүмкіндіктері бар. Олардың макеттік үлгісімен танысып және авторлардың идеяларын тыңдап Нұрсұлтан Назарбаев елордамыздың ерекше құрылыспен салынып, онда әлемдегі ең үздік жобалар жүзеге асы рылуы үшін барлық мүмкіндікті ая мау керектігін атап өтті. Әрбір объект теңдессіз, тамаша болуы қажет. Астанада мұндай объектілер бірнешеу – «Думан» океанариумы, «Бәйтерек» және біздің ең асыл қазынамыз – Бейбітшілік және келісім сарайы. «Хан шатыры» – бұл орасан зор ойынсауық, сауда орталығы және әлемдегі ең үлкен шатырға айналады. Ауқымды ке шенде 106 мың шаршы метр алаңда сау да жайлары, ашық және еркін аймақтар, тұрғын резиденциялар және тұрақтары мен автотұрақтары бар бес жұлдызды отель орналасады деп жоспарланған. Кинотеатрлар, көптеген мейрамхана лар мен дәмханалар, мини-гольф алаңы,
SPA және фитнес-орталықтар және эк зотикалык бассейндер мен жасанды тоғандар – міне, осының бәрі жақын ара да елорда тұрғындары мен қонақтарын теңдессіз «Хан шатырында» құшағын жайып қарсы алады. Ол инновациялық сәулет пен дизайн үлгісінде орындалған сегіз тұрғын резиденцияларының өту жолдарымен байланыста болады. Біздің Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстан Республикасының 15 жылдығына арналған салта натты жиналыста қарапайым да түсінікті және мағынасы терең сөздермен былай деді: «Құрметті қазақстандықтар! 2006 жылдың сыртқы саясатта «секірісті» жыл болғаны баршаңызға мәлім. Мемлекет басшыларының шакыруымен мен Ре сей, Америка Құрама Штаттары, Қытай, Ұлыбритания, Еуроодақ және бірқатар елдерде болдым, «Сегіздік тобының» саммитінің жұмысына және басқа да 14-307
ірі халықаралық шараларға қатыстым.
Бүгінде халықаралық қоғамдастық Қа-
зақстанды өңірлік көшбасшы, құрметті
әрі жауапты әріптес, шынайы дос, сенім-
ді әрі тату көрші ретінде қабылдайды.
Еліміздің Ресей, Америка Құрама Штат
тары,
Қытай,
Еуроодақ
және
Азия
елдерімен, аймақтағы көршілерімізбен
қарым-қатынасымыз осыны айқын дә-
лелдей алады. Ірі әлемдік саясаткерлер
Қазақстанның табысы өзінің дербес ре
формалар моделін іске асырумен тікелей
байланысты деп атап көрсетуде. Әлемге
әйгілі ғалымдар, беделді халықаралық
сарапшылар біздің еліміздің даму Стра
тегиясын
«жаңа
тәуелсіз
мемлекет
тер үшін дамудың ерекше жолы», «та
бысты
реформалардың
қазақстандық
моделі» ретінде атап, бізді әлемдік қо-
ғамдастыктың белсенді мүшесі ретінде
мойындады. Біз осыны мақтан етеміз!
Өз-өзімен тұйықталу арқылы әлемде
жинақталған барлық идеялар мен бі-
лімдерді, басқару тәжірибелерін ие лену мүмкін емес. Тек экономикалық молшылық үшін ғана күрес, жасанды ұғымдағы ұлттық мүдделерді қорғау, тек бір ұлттың ғана мүддесін қорғау ауыр салдарларға, түптеп келгенде, тіпті мемлекеттің өзінің нақты егемендігінен айырылып қалуға әкеп соқтыруы мүмкін. Оған мысалдар жеткілікті. Сондықтан да Қазақстанның болашағы – әлемге ашықтығында. Біз – ежелден ер деген даңқы шыққан халықтың ұрпақтарымыз. Біз – ер бірлігі жолында әрқашан намысын бермеген халықтың ұланымыз. Біз – алтын күн бедерленген көк байрағын әлем биіктерінде желбіреткен бейбітшіл елдің азаматымыз. Біз – кеңбайтақ жерінде бірлігі жарасқан алуан ұлттан тұратын біртұтас халықпыз. Біз – қазақстандықтармыз, мұны зор мақтанышпен айтамыз. Қазақстан мемлекетін құру, қазақстандық болу – бізге тағдыр сыйлаған ұлы бақыт. Біз
оны әрдайым зор мақтаныш сезіммен
ұрпақтан-ұрпаққа
табыстайтын
бола
мыз. Ендеше, әрдайым бар болайық,
бір болайық, ата-бабамыз армандаған
азат елімізбен жарқын болашаққа бірге
барайық. Тәуелсіз еліміздің әрқашан туы
биік, тұғыры берік болсын!
2009 жыл
Астана
қаласының
жылдығына
орай ұйымдастырылған жаңа елордаға
алғашқы келушілер мен іс-шараға қаты-
сушылардың барлық қала тұрғындарына
арналған
ҮНДЕУІ
Біз,
алғашқы
астаналықтар
жина
лысына
қатысушылар,
бүкіл
Астана
халқын және елорда қонақтарын Аста
на қаласының 15 жылдығымен шын
жүректен
құттықтаймыз!
Сіздерге
мықты денсаулық, мол бақыт және үлкен
жетістіктер мен жеңістер тілейміз!
Біз, Сіздермен бірге Қазақстан Респуб-
ликасының тұңғыш Президенті – елбасы
мыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың
Өзі таңдап, Өзі негізін салып, Өзі іргета-
сын қалаған жаңа Елордамыз – Астана
қаласының тұрғындары болғанымызды
мақтан тұтамыз.
Шын мәнінде, жиырмасыншы ғасыр мен жиырма бірінші тоғысында, туған еліміздің абыройын асқақтатқан, ұлт өмірінде өте сирек кездесетін тарихи оқиға орын алды. Ол – қазақтың кең жази ра даласы Сарыарқаның нақ төсінде теңдесі жоқ, таңғажайып жаңа шаһар – Аста на қаласының салынуы. Бүгін Астананы бүкіл әлем танып, мойындады. Астана – дүние жүзіндегі ең сәулетті қалалардың біріне, қазақстандықтардың басты мақтанышына айналды. Ол – ең алдымен Елбасымыздың ерлігі әрі көрегендігі. Ұлы жүректің – туған Отаным деп соғуынан болған дара бастамасы және мәні де маңызы ерекше әлемдік Жобасы. Астаналық тұрғын болу үлкен жауапкершілікті талап етеді. Өйткені шетелдіктер Астанаға қарап елімізді таниды. Астананың гүлденуі – Қазақстанның гүлденуі. Қала басшылығы қолдан кел ген шараларды жүзеге асырып, қаланы таза ұстап, жарқыратып, жайнатып келеді. Оған біздер күнде куә болып, Ас-
танаға ерекше үлес қосып келе жатқан
азаматтарға зор алғыс білдіреміз. Аз да
болса, азығы мол – жемісі көп 15 жыл-
дың ішінде Астана беделі мен қуаты
асқан, әлемге өз үлесін қосқан жасампаз
қалаға айналды. Осы орайда айтарымыз,
қаланың таза, көркем, әсем болуы, сол
қалада тұратын әрбір тұрғынға тікелей
байланысты. Заманында халқымыздың
ғұлама перзенті Әл-Фараби былай де
ген: «Адам сияқты шаһардың да тамырын
жалғаған қаны, бойына біткен жаны бо
лады. Тек оның тәнін тірі қылатын да, ша
руасын ірі қылатын да – шаһар халқы».
Біздің айтарымыз – күн сайын көрке-
йіп, өсіп, өркендеп келе жатқан Астана-
ның дамуына әркім өз үлесімізді қоса-
йық. Ең алдымен, қала басшылығының
қарқынды жұмыстарына қолдау көр-
сетіп, Астананың тазалығына атсалы
су, «астаналық» деген жоғары атаққа
нұқсан келтірмеу. Сонымен қатар ас-
таналықтар
Астана
қаласында
өткі-
зіліп жатқан мәдени іс-шараларға тіке-
лей қатысып, оның жоғары деңгейде
ұйымдастырылуына себепкер боларына
сенім білдіреміз. Бір сөзбен түйіндесек,
сүйікті қаламыз Астананың өркендеуіне
жұмыла атсалысайық, Астананың абы
ройы – мемлекетіміздің абыройы.
Астана күні құтты болсын! Құт-береке
мол болсын! Елбасымыз аман болсын!
Береке-бірлігіміз арта берсін!
Құрметпен,
Астана қаласының 15 жылдығына орай
ұйымдастырылған алғашқы астанаға
келушілер мен жастардың жиналысына
қатысушылар,
2012 ж.
Ұйымдастырушылар:
– Астана қаласы мәдениет басқармасы
«Тәуелсіздік сарайы» МКҚК
– «Біз Астаналықтар!» – «Мы Астанчане!»
республикалық
ақпараттық-танымдық
журналы.
«Алғашқы астаналықтар» – «Первопро
ходцы Астаны» жобасы.
АСТАНА ТҰРҒЫНДАРЫНА
АШЫҚ ХАТ!
Қадірлі астаналықтар!
Құрметті жерлестер!
Мен бүгін Сіздерге ашық хат арқылы
арнаулы түрде шығып отырмын. Ондағы
мақсатым – ХХ-ХХІ ғасырдың тоғы-
сындағы қазақтың кең жазира даласы
Сарыарқаның нақ төсінен орын тепкен
әлемдегі ең жас та, ең әсем шаһарлардың
бірі, өзіміз мекен етіп күнде тұрып, туған
Отанымыз – Қазақстан Республикасы
на адал еңбек етіп, балалар, немерелер,
шөберелер өсіріп жатқан сүйікті қаламыз
Астананың кейбір тұрғындарының қала
тазалығына бейжай қарауларын болдыр
мау, астаналық деген жоғары атқа кір
келдірмеу, әр тұрғынның бойында биік
астаналық мәдениет қалыптастыру бо
лып табылады.
Мен, Сәдібек Түгел, қарапайым қазақ азаматы 1998 жылдың басында тағдырдың жазуымен, Алла тағаланың қолдауымен Астана қаласының тұңғыш баспасөз қызметіне келіп, бірден жаңа елорданың дамуына белсене атсалы сып, қайнаған қазанның ішінде, тәйтәй басқан астананың небір тарихи оқиғаларының эпицентрінде болдым. Сөз жоқ, жаңа Елордамыз Астана қаласы Елбасымыз, Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың кемеңгер басшылығының және астаналықтардың жанқиярлық еңбегінің арқасында аз мерзімде салынып, өзінің ғажап архи тектурасымен, керемет ғимараттарымен бүкіл әлемге танылды. Бұл дегеніңіз – бәріміздің жеңісіміз әрі қол жеткен ірі жетістігіміз! Оған біз бөркімізді аспанға атып қуанамыз және мақтанамыз. Осы орайда көптен бері көңілге кірбің түсіретін, жүректі ауыртатын жәйттердің көп кездесетінін тілге тиек етпекпін. Біріншіден, жыл өткен сайын қала тазалығын өрескел бұзушылардың
қатары көбейіп келеді. Екіншіден, біздер – астаналықтар сол оңбағандардың қылықтарына төзіп, немқұрайлық таны туымыз дер едім. Өз тәжірибемнен айтайын, мен 2011 жылдан бері қарай Астана қаласының Керей – Жәнібек хандар көшесінде орналасқан жаңа үйдің 9-қабатында тұрамын. Күн сайын байқайтыным, күлқоқыс салынған дорбалар пәтерлердің босағаларының жанында, кіреберіс маңайында, дәлізде, лифттің ішінде де шашылып жатады. Сусыннан босаған бөтелкелерден, пластмасса дүниелерден аяғыңды алып жүре алмайсың. Кейбіреулер қасақана сол қоқыс салған дорбаларды балконнан сыртқа лақтырып жібереді. Үйдің алды – айнала толған бөтелкелер, қоқыстар. Күнделікті байқайтыным, әр апта сайын лифт және сыртқы есік қиратылады. Оны істен шығарып қирататын – бөтен біреу емес, сол жердегі адамдардың өздері. Осы дұрыс па?! Неге біз үлкен еңбекпен кел ген, халық үшін жасалған дүниелерді қолмен қиратамыз, қастандық жасай
мыз? Сол халықтық мүліктерді құртуға бізге кім рұқсат берді? Сонымен қатар жүргізушілер автокөліктерін қалай бол са солай қоя салады. Соның салдарынан шұғыл көмек көрсететін жедел жәрдем, өрт сөндіргіш машиналарға жол бол май жатады. Кейбіреулер машиналарын гүлзарлардың үстіне қояды. Үйдің жанын да спорт алаңы бар. Соны біреулер қасақана кеп қиратады. Олар кімдер? Неге солай істейді? Неге біз оларға қатаң талап қоймаймыз. Неге біз астана тазалығын сақтауға келгенде немқұрайлық пен бейжайлық танытып келеміз. Немқұрайлықтың кесірінен көше толы қоқыс салынған жәшік, қапшықтардың иісі шығып, төңкеріліп жатады. Айта берсек, осындай келеңсіз жағдайлар біз астаналықпыз деген мәртебелі атқа дақ түсіріп, абыройымызғы нұқсан келтіруде. Француздарда «Париждіктерді париждіктер еткен – париждіктер емес, Париждің өзі» деп айтылғандай, Астананың ке ремет қала болуы бізге, осы қалада тұрып жатқан астаналықтарға тікелей байла нысты. Сонда ғана еңселі елордамыздың
жолы таза, болашағы айқын болады. Сондықтан айтарым, Астана қаласының келбетінің сұлу, таза болуына бәріміз жауаптымыз және бір кісідей болып атсалысайық. Астаналықтардың сана сы сергек, қалаға деген құрметі биік бо луы керек. Ал арман қуып, болашағының іргетасын осында қалағанды армандай тын келушілер лас, тазалық орнатылмаған қаламыздың көшелерін көрсе, не ойлайды? Астана – Қазақстанның жүрегі. Басқа қалалар осы қаламызға қарап бой түзеп, ізімізбен келеді. Олай болса, өзгеге үлгі болған қаламыз неге сол дәрежеге лайық болмасқа?! Мендегі тілек – Астана сол тұғырынан түспесе екен. Көктеп, маңайын тазартып отырсаң, жеміс ағашының да жемісі мол, саялы болмай ма?! Қандай адам болмасын, өз үйінің төрін шаңдатып, ауласын қоқысқа тол тырмайды. Жас қаламыз Астананы да өз үйіміздей қарап, әр бұрышына жауапкершілікпен қарап, мұнтаздай тазалық орнатсақ, нұр үстіне нұр болар еді. Олай болса, кемшіліктерді көрсек те көрмегендей болып тұрмайық.
Менің бұл жерде айтайын дегенім, Ел басы, Үкімет және Астана қаласының әкімшілігі Астананың қарқынды дамып, қарыштап өсіп, өркендеуіне байланысты үлкен кешенді жұмыстар жүргізіп келеді. Оны бәріміз күнде көріп отырмыз. Қала басшыларына мың да бір алғыс айтамыз. Қадірлі астаналықтар! «Театр гардероб тан басталады» дегендей, қаланың қала болуы, мөлтек ауладан, көшеден, подъ езден басталады. Ауламызды, дәлізімізді, көшелерімізді таза ұстайық, биік астаналық мәдениет қалыптастыруға баршамыз болып бір кісідей атсалысайық! Қаланың мәдениетіне, тазалығына «жүрдім-бардым» қарайтын, ластайтын тұрғындармен күресейік! Ол үшін бәріміз «Астаналық тұрғын» деген жоғарғы мәртебеге лайық болайық! Құрметпен, Сәдібек ТҮГЕЛ, Астана қаласының тұңғыш баспасөз хатшысы, Астана қаласының тұрғыны, «Астана» – жерұйығы елімнің», «Фолиант» баспасы, 2007 ж., 7-31 бб.
АСТАНА
ХИКАЯЛАРЫ
ПРЕЗИДЕНТТІҢ ҚОЛДАУЫ
1999 жылдың 19 мамыры. Күнделікті
қайнаған жұмыс. Астана қаласы әкімдігі
баспасөз қызметінің қос телефонын
да бір сәт те тыным жоқ. Жан-жақтан
журналистер хабарласып, бүгінгі күн-
нің атқарылатын іс-шаралары туралы
мәліметтер алуда. Негізгі шара – Елорда-
ның оңтүстік-шығыс ауданындағы жаңа
саябаққа ағаштар мен көшеттер отыр-
ғызу. Оған Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы
Назарбаев және Үкімет мүшелері келіп
қатысады. Менің міндетім – бұқаралық
ақпарат құралдары өкілдерін аккреди
тациядан өткізіп, саябаққа жеткізу. Ол
жөнінде Президент әкімшілігі баспасөз
қызметінің
сектор
меңгерушісі
Ива
нов Александр Васильевич те айтқан
болатын. Белгіленген уақытта барлық
15-307
журналистерді
автобусқа
отырғызып,
саябаққа
келдік.
Қалалық
коммунал-
дық-шаруашылық
және
«Зеленстрой»
мекемелерінің
жұмысшылары
ағаш
отырғызатын құрал-саймандарды сақа-
дай-сай дайындап қойған. Сол күні Пар
ламент пен Үкіметтің бірлескен мәжілісі
өткізілді. Онда жаңа Үкімет басшысы бо
лып Қасым-Жомарт Тоқаев сайланды.
Ол Нұрлан Балғымбаевты ауыстырды.
Түскі 14.00-де Елбасы Өзі бастап жаңа
сайлаған Үкімет мүшелері мен Парламент
депутаттарын алып келді. Элита межелі
орындарға
барып,
қолдарына
күрек
ұстап, бірден ағаштарды, талдарды егу
ге кірісті. Нұрсұлтан Әбішұлы саябақтың
орта тұсындағы шұңқырға жас қайыңды
отырғызып, жан-жағын топырақпен тол
тырды. Дайындалған ыдыспен оған су
құйды. Осы сәтті күткен журналистер
қауымы Ел Президентінің қасына келіп,
сұрақтарын қоя бастады. Протокол бо-
йынша брифингті реттеп, мен жүргі-
зіп тұрдым. Нұрсұлтан Әбішұлы жаңа
астанамыздың айналасы жасыл аймаққа айналатынын, ал қала ішінде осындай ондаған аллеялар, сквер, саябақтар салы натынын айтып берді. Басқа да көптеген сұрақтарға жауап қайтарды. Брифинг аяқталар тұста бір тілші тосын сұрақ қойды: – Президент мырза, аты жоқ саябақ бола ма? Осы саябақтың аты қалай бола ды? – Әрине, аты болады, болғанда, ең дұрысын қоямыз. Оған Сіздер де атсалысыңыздар, ұсыныстарыңызды айтыңыздар, – деді сабырлы қалпымен Пре зидент әлгі сұрақ қойған журналистке қарап. Сауал қойған тілші бауырда үн жоқ. – Нұрсұлтан аға, ұсыныс бар, айтуға бола ма? – дедім мен пауза болдырмау үшін. – Айтыңыз. – Жаңа саябаққа «Жерұйық» деген ат лайық деп есептеймін. Заманында Асан қайғы атамыз бүкіл Сарыарқа жерін Жерұйық деп бағалаған.
– Өте дұрыс ұсыныс. Мен қолдаймын. Қолдаймын, – деп Елбасы екі мәрте қайталады. Брифинг аяқталды. Журналистер жапа-тармағай мені құттықтады. Осы әңгіме сол күні кешкілік радиодан берілді, келесі күні көптеген газеттердің бірінші бетіне басылды. Бір күннен кейін қала әкімі Әділбек Жақсыбековтің «Саябақтың атауы – «Жерұйық» де ген өкімі жарыққа шықты. «Жерұйық» саябағының осындай да тарихы бар.
ОТАН
Бүгін мен өзіме-өзім таңмын. Бұрын-
соңды болмаған алып күш денемді кер-
неп алған. Байқаймын, бойымда тау
көтеретін қайрат бар. Соның дәлелі,
әп-сәтте аурухана бөлмесінің төбесіне
салынған ауыр бетон плиталарды иы-
ғыммен итеріп, қолмен көтеріп тұрып
ашып
тастадым.
Бірден
ғимараттың
үстіне ырғып шықтым. Сыртта түн. Ро
стов қаласы ұйқыда. Кеудені кере таза ау
аны аямай жұттым да, сансыз жұлдыздар
мен арайлы ай мекен еткен аспан төріне
қарай құлашымды жазып ұшып кеттім.
Сөз жоқ, белгісіз бір ғажайып мені алға
сүйрейді, сүйемелдейді, қолдайды, қош-
тайды, шақырады. О, тоба, бұл не екен?!
– Сәдібек, көзіңді аш, біз қасыңда
тұрмыз, – деген жан жарым Қайкеннің
дауысынан соң наркоздан ояндым. Па
лата толы ақ халатты абзал жандар, мені
емдеуші дәрігерлер мен хирургтер.
– Вы в рубашке родились, операция
прошла удачно. Будете жить, – деді білік-
ті маман, Ресейдің Ростов қаласының
атақты хирургі Валерий Викторович.
– Спасибо, брат! Я Вам чрезмерно бла
годарен, – деп ақырын жауап бердім.
Есімді тез жидым.
Дәрігерлер кетіп реанимацияда жал-
ғыз қалғанда, жаңағы наркоз кезінде
болған жағдайлардың шешімін табуға ой
жүгірттім. Шынында, бұл не нәрсе?! Не
күш, мені сүйрелеп, ашық аспанға алып
шыққан?!
– Таптым, таптым, – деп қуаныштан
өзіме-өзім күбірледім. Ол – жаратушы
иеміз, Алла тағаланың нұрына бөленген,
ата-бабаларым қанын, терін төккен, құт
қонған
құтты
мекенім
Қазақстаным!
Алла тағала сыйлаған жарық дүниедегі ең
қымбатты, ең қастерлі құндылық – туған
Отан! Оған ештеңе жетпейді! Ештеңе тең
келмейді! Мені жетелеген де, сүйемелде-
ген де жаратушының қолдауы мен туған
Отанның ыстық ықыласы, аялы алақаны,
Ұлы даласы, ұл-қыздары, достарым, бала
ларым мен немерелерім, елім – қазағым!
Мен, Сәдібек Түгел атты қарапайым
бір ұлың, бойымда жаным, жүрегімде
от барда Отаныма адал қызмет істеуден
әсте
шаршамаймын,
жалықпаймын.
Тілейтінім Алладан – Отаным, сен аман
болшы, сен бар болсаң – мен бармын, сен
тұрғанда – мен тірімін!
Сәдібек ТҮГЕЛ,
аурухана, Ресейдің Ростов қаласы,
4 сәуір, 2012 жыл
АУЫЛНАЙДЫҢ АЙТҚАНЫ Елорданың Алатаудың баурайынан Сарыарқаға көшірілуі – ұлт өміріндегі тарихи оқиға. Бұл күнде Ұлы көш ел азаматтарының басын біріктіріп, табыстырып, достастырып отыр. Ол – ақиқат. Қаншама кісі ағайын-туыс, бауыр, іні мен ағаны кездестірді. Балаларының арқасында мың жылдық құда-құдағи атанды. Ұлы көш адамдарды алға, биікке жетелеп, азаматтарды ізгілікке, парасаттылыққа тәрбиелейтін үлкен процеске айналды. Көш басында келгендер қаланың шығыс бетіндегі мөлтекауданнан пәтерлер алды. Үйлер тек қызыл кірпіштен салынғандықтан, халық оны «Қызыл ауыл» деп атап кетті. Қызыл ауылдың кеші әрдайым көңілді өтеді. Күнде жұмыстан келген ер-азаматтар бір үйге жиналып бас қосады. Шай ішіп, небір әңгіме-
дүкен, анекдоттар айтылады. Жиналатын жеріміз – ҚР Президенті Әкімшілігінің қаржы бөлімінің меңгерушісі, бас бух галтер Нұрпейісов Қыдырбай ағаның шаңырағы. Үй иесі – ақжарқын, әрқашан күліп тұратын, ешкімді жат санамайтын, қайта бауырына басатын, марқасқа аза мат. Нағыз маңмаңгер. Сондықтан болар, жігіттер Қыдекеңе бірауыздан «Ауылнай» деген ат қойды. Шынында ағамыз – ауылнай десе, ауыл най. Бір апта бойы атқарылатын игі мәдени-шараларды алдын ала жоспар лап, жіпке тізгендей кестеге түсіріп, жа зып қояды. Оны бұлжытпай орындауың қажет. Әсіресе сенбі, жексенбі күндердің бірінде міндетті түрде ауылнайдың басшылығымен моншаға барамыз, шаш алдырамыз, шаңғы тебеміз. Келе-келе бұл нағыз дағдыға айналды. Бүгін ауылнай не айтады екен деп тосатын болдық. Соны мен, көзді ашып-жұмғанша 1998 жылдың қысы таусылып, көктемі келді, жазы
бітіп, мектепке баратын қыркүйек айы жақындағанда, артынып-тартынып, балашағаны ертіп, әйелдеріміз де келді. Ауылнай тағы бір жаңа графикпен та ныстырды. Онда қоныс тойлары мен ерулікке шақырулар бекітілген. Ауыл най айтты, бітті, бәрі қалпында, бәрі ретретімен өткізіледі. Келе-келе, Қыдекеңді ер-азаматтар ғана емес, келіндері де құрметтеп, ақыл айтатын аға ретінде тани бастады. Мен ол кезде жаңа Елорданың баспасөз хатшысы, баспасөз қызметінің жетекшісі болып жұмыс істеймін. Ша руа шаш-етектен. Күнде қарбалас. Кешкі сағат онға дейін жұмыста тап жылмай отырасың. Ұлттық Ат Спорты федерациясының жұмыстарын тек оннан кейін істеуге қол тиеді. Оның үстіне, достармен кездесіп, бильярд ойнау бар. Со нымен, қойшы, бірнеше күн қатарынан үйге кешігіп, таң ата келіп жүрмін. «Алдағы демалыс күні ертесімен дүкендер аралап, үйге жиһаз қарайық. Бүгін кешікпе», – деді бір күні жұбайым
Қайкен нығарлап айтып. Мен уәде бердім.
Бірақ бұл күні де достарыммен көп жүріп,
уәдемді орындай алмадым, үйге тағы да
таңға жуық шаршап келдім. Дүкенге бару
қайда, мұршам келмей, ұйықтап қалдым.
– Сәдібек, түс болды ғой, тамақ да-
йын, – деген әсем даусымен Қайкен
ұйқымнан оятты. Өңім бе, түсім бе?
«Келісім, уәде қайда қалды, сен қайда
болдың?» деген сұрақ жоқ. Мынау бір
жақсылық қой. Орнымнан тұрып, беті-
қолымды жуып, дастарханға жайғастым.
Байқаймын, Қайкеннің көңілі көтеріңкі,
жүзі жайдары.
– Қайкен, бүгін бір жақсы күн болады
екен. Көңілдісің ғой!
– Көңілдімін. Көңілденгенде қандай!
– Ау, айтсаңшы созбай!
– Алдын ала екеуміз келістік қой,
ертесімен жиһаз қарауға барамыз деп.
Келістік. Сен тағы да кешігіп келіп, бара
алмадық. Мен қатты ренжідім. Ренжігенім
сондай, Әйгерімді ертіп ауылнай ағаның
үйіне бардым, шер тарқатып және болған
жағдайды айту мақсатында. Қыдырбай
аға мен Күләш тәте үйде екен, бізді жылы
қарсы алды. Лезде шай қайнап, дастар
хан жайылды. Үстел басына жайғастық.
Каспийдің толқындарындай қою бұйра
шашын тарап, ауылнай ағамыз өз ор
нына келіп отырды. Амандық-саулық
сұрастық. Сосын аға «Сәдібек қалай?»
деп сұрады. Менің тосқаным да осы
ғой, асыға айта жөнелдім. «Ауылнай аға,
сол Сәдібектің тәртібі бойынша келдім.
Алматыда жүргенде, преферанс ойна-
ғанның өзінде сағат кешкі 11-12-ден қал-
май үйге келетін. Ал қазір күнде таң ата
келетін болды. Бірдеңеге ұшырап қала
ма деп қорқамын. Міне, бүгін де таңғы
5-те келді. Осы жағдайды Сізге айта-
йын деп келдім. Дұрыс келдім бе, бұрыс
келдім бе, білмей тұрмын». «Дұрыс кел-
дің, Қайкен. Маған – ағасына айтпаған-
да, кімге айтасың? Бірдеңеге ұшырап қа-
ла ма дейсің. Әбден дұрыс айтасың. Енді
менің жауабымды тыңда. Иә, сөйтіп жү-
ре берсе, бірдемеге соқтығысып, ұшырап
қалуы әбден мүмкін. Жол торитын ұрықараниеттілер кездессе қайтеді? Оның үстіне қаланың ұңғыл-шұңқырлары көп. Соған түсіп кету қаупі бар. Одан шығатын жол біреу ғана. Сәдібек бауырым барған жерінде қонып қалсын. Ұйқысын қандырып, күн ашылғанда, жарықта бір-ақ келсін. Сонда аман-есен жүреді, шырағым. Осы сөзімді жеткіз Сәдібекке» деді. Сәке, күліп отырғаным сол. Деген мен ауылнай аға таза көңілден жақсы ақыл айтты деп ойлаймын. «Қырықтың бірі – Қыдыр» дейді ғой, ағамыздың аты Қыдырбай ғой, айтқанын орындаймын. Қайда жүрсең де, қалай жүрсең де, аман жүр, үйге аман келсең болғаны, – деп Қайкен бетімнен сүйді. Содан бері ауылнайды кездестіргенде: «Аға, сіздің айтқандарыңызды бұлжытпай орындап жүрміз», – деп қалжыңдаймыз. Оған Қыдекеңнің жауабы біреу ғана: «Мен сендердің – бауырларымның аман-сау жүргендеріңді қалаймын», – дейді.
ОЛИГАРХ ПЕН МОЛЛА!
Бильярдтағы жеребе тарту – мемлекет-
тік емтихандағы билет алудан қиын дү-
ние. Кімге түсер-түспеуіңді, қарсыласың
кім екенін тек сол анықтайды.
Сондай бір жеребе салудың нәтижесін-
де, қырғыз бен қазақ командаларының
екі белді ойыншылары Жекшен Жа-
манқұлов пен Оңдасын Мейірбаев кез-
деседі. Екеуі де сен тұр, мен атайын!
Біріне-бірі
алдырмайтын
бильярдтың
көкжалдары. Ойын әп дегеннен қызу бас-
талады. Әр соққы сайын – бір шар. 200
жылдық тарихы бар бильярд ойынында
мынадай тәртіп қалыптасқан – түскен
шарлар символический елу граммен ата
лып өтуге тиіс. Осы жерде ши шығады
ғой. Олигарх – Жекшен жүз грамм ішу
туралы қанша айтып қолқа салса да, Мол
ла – Оңдасын мызғымайды ғой. Умра
қажылыққа барып келген кезі. «Мен –
молламын» деп араққа жоламайды. Оны
мен қоймай, алкогольдің зияны жөнінде
лекцияны бастап кетеді. Жекшен байке
аң-таң.
Молламен келісейін десе, өзі – алкоголь
Министрі,
шарап-шырын
шығарудың
Королі. Енді не істеу керек? Жекең
төрешілерге
ойынды
бірден
тоқтату
қажет деп ұсыныс түсіреді. Өйткені «Оли
гарх пен Молланың» бір жұпта ойнауына
болмайды.
ҚЫДЫРБАЙ КӨШЕСІ
Бильярд – адамды өзіне лезде тартып,
баурап алатын ойын. Ал серігің өзіңдей
ойынқұмар болса, онда уақытты ұмыт.
Әдеттегідей, ойынның қызығына еніп
алған Акбар екеуіміздің кездесуіміз бүгін
де ұзаққа созылды. Өйткені қайсымыз да
жеңілуді қаламаймыз. Қайтсек те, жалпы
есепте жеңіске ие болу, жоқ болғанда, тең
болу шарт. Ойнайтын жеріміз – қазіргі
«Зодиак».
– Мырзалар, клубымыз жабылды, сағат
таңғы бес болды, – деп қасымызға маркер
бала келді.
Сыртқа шықтық. Дала қараңғы. Қала әлі
қалың ұйқыда.
Клиент тосып, қалғып-шұлғып отырған
таксистің қасына келіп отырдым.
– Куда поедем, шеф?
– В сторону Караганды.
– Точнее скажите, я здесь новичок, при ехал из Павлодара. – По проспекту Абылай хана. – А угол какой улицы? Қызыл ауылға бұрылатын көшенің аты бар-жоғын білмеймін. Білмеймін деу ыңғайсыз. Әйтеуір, ол көшенің Қыдырбай ағаның үйінің бұрышынан бұрылатынын білемін. – Угол улицы Кыдырбая Нурпеисова, – деп нық жауап қаттым. Машина Абылай хан даңғылымен келеді. Байқаймын, жүргізуші қобалжып отыр. Мен айтқан адамның көшесін бірінші рет естіп отырғанын, онда болмағаны жүзінен білініп тұр. Біраз жүрістен кейін, рациямен біреумен сөйлесті. – Везу клиента по проспекту Абылай хана, улица Кыдырбая Нурпеисова где, я не знаю. Рацияның ар жағынан адам: – Что-то не припоминаю такую улицу. Подожди, подожди, есть схожая улица в 16-307
районе железнодорожного вокзала. Но
точно сказать не могу.
Осы жерде әңгімеге мен де араластым.
– Дорогой, не переживай, я знаю, когда
приблизимся, скажу.
– Новая столица есть новая столица.
Каждый день что-то меняется. Все не за
помнишь, – деп таксист тіл қатты. Әңгіме
үстінде көлігіміз сол көшеге жақындады.
– Вот, улица Кыдырбая Нурпеисова.
А он сам живет в этом доме, на 2-ом этаже,
где свет горит.
Такси үйдің алдына келіп тоқтады. Жол
ақысын төледім. Жүргізушіге рахметім-
ді айтып, көліктен түсуге ыңғайландым.
Шофер маған қарап:
– Раз улицу назвали именем живого
человека, тогда он – хороший парень.
– Да, Кыдырбай Нурпеисов – хороший
человек, – деп машинадан түсіп, үйге
кіруге бет алдым. Содан бері бұл көше
халық арасында Қыдырбай көшесі деп
аталады.
«ҚОНАҚ КЕЛСЕ,
ҚОЙНЫМА АЛЫП ЖАТАМ БА?»
Алматы қаласының Қабанбай көше-
сіндегі 5-қабаттағы үйге Ұлықбек ентігін
әрең басып, жылдам жүріспен кіреді.
– Бейсенкүл, астында машинистің
«Камазы» тосып тұр. Жүктесу керек.
– Қайдағы жүк?
– Жаңа Астанаға барамын, министрлік
сонда көшіп барады. Мен екі-үш ай сонда
тығыз жұмыс істей тұрамын. Үй алғасын
сендерді көшіріп аламын. Сонда барлық
жиһаздарды апарамыз. Ал қазір жеңіл-
желпі заттар салсаң болды.
– Бірінші кезекте не салайын?!
– Жаңа телефон арқылы Сәкеңмен
сөйлескенмін. Оның айтқан заттарын
екеуден алсаң, қателеспейсің, – деп кеңес
берді.
– Сәкең кім?!
– Өй, Сәдібек Түгел, жаңа Елорданың
баспасөз хатшысы.
Екі қасық, екі кесе, екі тарелка, екі
жастық, – деп Ұлекең тізе жөнелді. Сөзін
әрі жалғастырып: – Екі көрпе, екі матрас,
екі простыня, – деген тұста, Бейсенкүл
жеңгей шыдамай:
– Ұлқаш-ау, мынаның бәрі қос-қостан
болып кетті ғой. Сен жалғыз бара жатқан
жоқсың ба?!
Ұлықбек жұлып алғандай:
– Сонда мен қонақ келсе, қойныма
алып жатам ба? – деген екен.
АСЫЛ ЖИРЕННІҢ КИЕСІ Аузымен құс тістеп, алдына қара сал майтын тұлпарларды бірден танып-білу, оны мәпелеп күтіп, бабына келтіріп жа рату ерекше қасиет болып табылады. Бәйгеге қосылатын жүйрікке селқос, тек қана пайда әкелетін жануар ретінде қарауға болмайды. Дана халқымызда «Тұлпарға қас қылғанның тұқымы құриды» деген киелі сөз бар. Бұл қағида сәйгүліктерге, арғымақтарға қиянат жасағандардың алдынан шығуда. Мысалы, сұмпайы Голощекинді алайық. Қазақ жылқысын құртқан оның бүкіл үрім-бұтағы атылып, қалғандары итжеккендерге айдалып, өмірден жоқ болып кетті. Енді негізгі әңгімемізге келейік. 1996 жылы атбегілердің бір жиынын да мен Желдібай деген жігітпен алғаш рет кездесіп едім. Сол жылы екеуміз сөз
қағыстырып қалдық. Әңгімеден әңгіме шығып, менің «Ат шаба ма, бап шаба ма, әлде бақ шаба ма. Топ жарып келу үшін осы үшеуінің қайсысының маңызы зор» дегеніме ол өз көзқарасын білдірді. «Ат та, бап та шаппайды, бақ та шаппайды. Тек қан, қан шабады!» – деп өз пікірін білдірген. Оның айтып отырғаны, жылқының асыл тұқымды қаны болуы керек. Біздің айтқан уәжімізге көнбеді. Ол кез де ол аяғы жерге тимей, дәрежесі тасып жүрген. Және аттарына дәрі-допинг егуді де әдетке айналдырған еді... Екінші рет кездесу. 2001 жылдың күзі болатын. Алма ты қаласындағы орталық ипподром да дүбірлі ат жарысын тамашалап, серіктеріммен әңгімелесіп отырған едім. – Ассалаумағалейкум, Сәке! Сіздің осында екеніңізді естіп, арнайы сәлем беруге келдім, – деп екі балдақты қолтықтарының астына тіреп ұстаған бір азамат сәлем берді. – Одан соң, –мен Желдібаймын ғой, фамилиям – Тасыбай.
Аға, есіңізде ме, ана бір жылы сөз тала
стырып қалып едік қой. Мен қателескен
екенмін. Кешірім сұрауға келіп тұрмын, –
деп екі қолын ұсынды.
Есіме бірден түсті. Ат бәйгелерінен ал
дына жан салмай, 1995-1999 жылдары
сыпырып жүлде алып жүретін дәукестеу
сары жігіт. Белгілі атбегі.
– Сәке, жараланған аяғым шыдатар
емес, рұқсат етсеңіз, сізге айтар арнайы
әңгімемді дастархан басында баянда
сам деп едім. Келініңізге шай қойдырып
қойдым, – деп қолқа салды.
Өтіп жатқан жарыстың соңы бол-
ғандықтан, оның тілегін қабыл алдым.
Сәлден соң серіктеріммен бірге иппод-
ром жанындағы үйіне келдік. Дастар
хан басына жайғасып, отырған бойда
Желдібай әңгімесін бастады.
– Осы күні ойлап қарасам, барлық
бастан
кешкен
қиындықтарым,
қасі-
реттерім күпірліктен, есіруден болды деп
есептеймін. Жылқы киесі барын, атпен
ойнауға болмайтынын қаперіме де ал
мадым. Тоқсаныншы жылдардың орта
шенінде не көп, аталарға ас беру көп бол
ды, ондай жиында ұлттық ат ойындары
нан жарыстар, әр апта сайын кішігірім
ат бәйгелері әрбір ауылда өткізілетін.
Жарыс жеңімпаздарына жүлделер молы
нан берілетін. Бәсеке де белең алды, бір
ата тойынан екінші ата тойының жүлдесі
артық болатын.
Ат бәйгесіне, одан алатын сыйлықтарға
қызыққаным сондай, алыс, жақын ше
телдерден, оның ішінде Ресейдің Омбы,
Рязань, Краснодар, Мәскеу қалаларынан
небір сәйгүліктерді сатып әкеліп, бәйгеге
қосуды әдетке айналдырдым. Алғашқы
кезде аттарды баптап, терін алып, әбден
жаратып барып бәйгеге қосатынмын.
«Алтын көрсе, періште жолдан таяды»
деген бар ғой, қайтсем де жеңуім керек,
қайтсем де бас жүлдеге тігілген автома
шинаны мен аламын деп жанталастым.
Содан жеңудің әр түрлі амалдарын, оның
ішінде ең сорақысы – бәйге аттарына до
пинг берумен шұғылдандым.
Бәйгеге қосылатын аттарға дәрі егуді маған ресейлік шабандоздар үйретті. Олар негізінен қысқа қашықтықтағы жүйріктерге дәрі егетін болса, мен алыс шақырымдық аламанға, тоқ бәйгеге қатысатын аттарына ветеринарлардың тыйым салған қауіпті дәрілерін үзбей қолдандым. Ең өрескел қателігім – құлын кезінен қолда ұстап баптаған Асыл жирен деген асыл жүйрігімнің обалы на қалып, өлуіне тікелей себепкер бо луым. – Осы тұста Желдібайдың бүкіл денесі қалшылдап, өңі бозарды, дауысын шығарып еңкілдеп жылады. ...Асыл жиреннің атағы алысқа кеткені анық еді. Оны үлкен тойларда көзбен көріп, ол туралы әңгімелерді жиі естіп те жүрдік. Бұл кезде Асыл жиреннің арқасында ат иесі Желдібайдың да атағы аспанға шығып тұрған болатын. Төрт жылдың ішінде Асыл жирен тоғыз автомашинаға мінгізді, қыруар басқа да бағалы дүниелерге қол жеткізді.
Сәйгүлік десе, сәйгүлік еді. Суреттеп
айтсақ, Асыл жиреннің дене бітімі келісті,
маңдайы кең, көзі отты, астыңғы ерні
салбыраңқы, жағы имектеу, сағағына қос
жұдырық сыйып тұратын, тұяғы жұмыр,
бүйірі қысыңқы, мықыны тар, үлкен
бота тірсек, сіңірінің арасында жуан
саусақ еркін сыятын ерекше серіппелі,
желқанатты жануар еді.
Жақсы ат аяғынан қалады ғой, қа-
тарынан төрт жыл жарыстарға үзбей
қатысқандықтан және допингтің кері
әсерінен бір күндері қайран сәйгүлік
қанжілік ауруына душар болады. Оның
үстіне аяқ сіңірлері қатты зақымданған
екен. Жүйрік аттың қатардан қалып,
аяғынан айырылғаны да елге тарап кетті.
Асыл жирен төрт аяғын нық басып тұра
алмай, аяқтарын кезектеп басқан сайын
аяңкестеніп, бүгежектеп жүретін бола
ды. Біраздан кейін ақсап, аяғын сылтып
басатын болды. Ауруы асқынған тұста
ыстығы көтеріліп, тамырының соғуы,
тыныс алуы жиілеп, құр сүлдері қалды.
Осы тұста Асыл жиренді емдеуге белгілі
атбегі, жылқы емшісі Нұркелді алды
рылды. Тек Нұркелдінің ерекше күтімге
алып, бос қойғызып, сипатпай, ешкімге
мінгізбей, сегіз ай бойы жүген-құрық
тигізбей ұстағанының арқасында Асыл
жирен сырқатынан аздап сейіліп, қатарға
қосыла
бастайды.
Күннен-күнге
сер
ги түседі. Бірақ жүйріктің осы өте ауыр
сырқатынан ада-күде жазылуына кемінде
екі-үш жыл қажет еді...
Желдібай сол кездегі өкінішке толы
оқиғаны өзі баяндады:
– 2000 жылдың шілде айының аптап
ыстық күндерінің бірінде ауданымыздың
байы, мұнай банкінің директоры Айда
бол Сыпыралин мырзаның қырық жасқа
толуына арналған ұлан-асыр, аста-төк
тойы өтетіні жөніндегі хабар жетті. Ол
тойда бәйге өткізіледі екен, оның бас
жүлдесі – «Джип» автокөлігі деген әңгіме
осы хабармен қоса ілесіп келді. Мен
бұл хабарды естіген соң, аттың әбден
сауығуына қарамадым. Бапкерлерге бір
айдың ішінде оны жаратып, банкирдің тойындағы аламан бәйгеге қосуды та лап еттім. Оған көпті көрген, ақыл түйген Нұркелді аға үзілді-кесілді қарсы тұрды. Асыл жиреннің сырқатынан толық айықпағанын, жылқыға обал болаты нын айтып, мені райымнан қайтаруға шақырды. Дұрыс ақылға мен дүлей көнбедім. Нәтижесінде, білікті ат маманы, үздік жылқы емшісі Нұркелді аға менімен ат құйрығын кесісіп, үлкен ренішпен еліне қайтты. Ол күні менің есіл-дертім «Джип Ленд-Крузерге» ие болу еді. Өйткені алған жүлделерімнің ішінде осы қымбат автокөлік жоқ болатын, – деп бір тоқтады. Сонымен, көптен күткен той күні де келіп жетеді. Асыл жирен де ат шабатын жерге әкелінеді. Бірақ көңілге кірбің са латын жайттар да алдан шығады. Осы жерде айта кету керек, ат бәйгесін өткізуге, атақ алуға құштармыз, ал ұйымдастыруға келгенде немқұрайлық пен жауапсыздық танытатынымыз жа сырын емес. Біріншіден, ат шабатын
жердің дұрыс таңдалмағаны, жан-жақты
дайындалмағаны байқалып тұрды. Ай
налым бойы – толған қиыршық тастар.
Шұғыл бұрылыстары мен қыраттары, ой-
лы-шұңқырлары мүлдем тегістелмеген.
Бір сөзбен айтқанда, жарыс алаңы дайын
емес. Біраз тәжірибелі атбегілер бұл жерге
әкелген аттарын бәйгеге қосудан бас тар
тып, жүйріктерін жетектеп, кері қайтып
кетті. Жарыс алаңын көрген Желдібай
да әуелгіде атын бәйгеге қосудан бас
тартқысы келеді. Алайда дүниеқорлық,
астамшылық ол ойдан басым түсті. Төбе
басында күнге жарқырап тұрған су жаңа
«Джип» бәрін ұмыттырады. Алакөзденіп
кеткен ат иесі кавказдық жігіт Махмуд
Исрайловтың «Аламанды ұту үшін екі
есе артық дәрі егуіміз керек, бірақ ол
сырқатынан
толық
айықпаған
Асыл
жиреннің өміріне өте қауіпті», – дегеніне
қарамайды. Желдібай героин қосылған
допингті жарысқа он бес минут қалғанда
аттың қанына құйдырып жібергізеді. Он
дай дәрі егілген ат ешқандай жарақатты
да ауырсынбай, аяқтары тілініп, қан жоса
болса да, өлгенше шаба береді...
Аламан бәйге біраз кешігіп, тұп-тура
күн қызып, шыжып, аспан жерге түсіп
тұрған уақытта басталды. Жарыс жолына
106 жүйрік шықты. Бірден күннің ысты-
ғына, ойлы-шұңқырдың және қиыршық
тастардың
кедергілеріне
шыдамаған
көптеген аттар он шақырым шаппай
жатып-ақ, жарыс жолынан шығып қалды.
«Жүйріктен
жүйрік
озар»
демекші,
тірсегі тесіліп, сіңірі кесілгеніне қарамай,
Асыл жирен басқаларынан оқ бойы озып,
көмбеге бірінші жетті де, оқырынып ба
рып, омақаса құлады. Допинг дегеніне
жетті, тұлпардың жүрегі жарылып өлді.
Сол сәтте өлген атқа жаны ашыса да,
Желдібайдың бойында өзегін өртеген
өкініш сезімі бола қойған жоқ. Банкирдің
қолынан «Ленд-Крузердің» кілтін алған
бойда жууға кіріседі. Ас та төк сол жүлде-
нің тойында Қарағанды өңірінен келген
бір жігіт:
– Жігіттер, Қарағанды облысында ұш-
қыр жүйрік бір ат бар. Жасы бесте.
Таза
қанды
ағылшын
тұқымынан.
Нағыз тұлпар. Бағасы да аса қымбат
емес, – дейді.
Дүниенің бәрі өз уысында тұрғандай
сезінген Желдібай үшін бір жерде жүйрік
ат бар десе, бағасы соншама қымбат
десе де, ол ұшып барып сатып алуға даяр
еді. Көз алдына тағы да жеңіс, тағы да
көл-көсір табыс елестеген Желдібай сол
сәтте-ақ шешім қабылдайды. Әлгі бейта
ныс жігітті ертіп алады.
Су жаңа «Джиппен» түн ішінде Қа-
рағандыға қарай бет түзейді. Рульде
кавказ жігіті Махмуд, жанында Жел-
дібайдың өзі. Ал артқы орындықтарда
қарағандылық бейтаныс жігіт пен ат ма
маны Спиридон отырады. Шат-шадыман
қуаныштан желпінген көңіл ауа райы-
ның бұзылып тұрғанына да қаратпайды.
Жаңа автокөлік теп-тегіс тас жолмен
жүйткіп келеді. Артқы орындықтағылар
қалғи
бастайды.
Желдібайдың
көңілі
алып-ұшып, жүйрік атты басқа біреу са тып алып кетпей тұрғанда тез жету үшін тағаты таусыла түседі. Аспанда ай да, жұлдыз да көрінбейді. Тұтас бұлт басқан. Тастай қараңғылықты жүйрік машинаның жарығы қақ тіліп келе жатты. Анда-санда найзағай жарқылы ғана түнгі қараңғылықты бір серпіп тастайды. Әуелгіде күннің күркірегені қатты естілмеген болатын. Бірақ бірден-бірге найзағайдың жарқылдағаны күшейіп, дауысы да қаттырақ шыға бастады. Балқаштан асып, Қарағанды қаласына екі жүз шақырымдай жер қалған шамада көзді ашып-жұмғанша болмайды, аспан мен жердің арасын көз қарықтырар аппақ от жалғастырып, жүйткіп келе жатқан «Джипке» найзағай түседі. Кейін анықталғанындай, жай оты машинаның жүргізуші отырған жанындағы антеннасына түскен екен. Рульдегі Махмуд пен арттағы бейтаныс жігіт сол жерде қайтыс болады. Су жаңа машинаның түгі де қалмай, өртеніп кетеді.
Желдібай және ат маманы тірі қалады. Бірақ екеуі де ауыр жарақат алып, сол жерден жедел Қарағанды ауруханасына жеткізіледі. Желдібай Қарағандыда алты ай жатып, емделеді, дегенмен мүгедек бо лып қалады. Содан соң Қорған қаласына барып, Илизаров емханасында емделеді. Тағдырдың жазуы ма, әлде өмірде бола беретін сәйкестіктің бірі ме, кім білсін, әйтеуір, сол түні Желдібайдың ауылдағы үйі мен ат шаптырым қорасы қоса өртенеді. Электр сымының тұйықталғандығынан болған деген болжам бар. Ол аттарды ұстау үшін арнайы кең де келісті қылып қора салдырған ғой. Сол өртте оның жинаған барлық машинала ры және жылқылары мен сиырлары түгел жанып кетеді. Әйелі мен бала-шағасы әрең қашып құтылған екен. Міне, екінші кездесуімізде мүлдем басқа адам болып келген Желдібай осын дай оқиғаларды айна-қатесіз айтып берді. Дәулеті тасып тұрғанда адамның астам 17-307
шыл болатынына да көзі жеткенін жасыр
мады.
Бізбен қоштасар сәтте Асыл жиреннің
және бір қылығын еске алды:
– Құлын кезінен қолымда өсірген соң
Асыл жирен мені топ адамның ішінен де
жазбай танитын. Мен айналым ортасын
да шабандоз балаға «Шап-шап! Тоқтама!
Айда-айда!» деп айқайлап тұрғанымда
Асыл жирен бір қарап еді. Және соңында
көмбе сызығынан өткен кезде тағы да бір
қарады. Көзі шарасынан шығып кетер
дей екен. Содан соң қайран жануар «мен
біттім» дегендей омақаса құлады. Асыл
жиреннің екі рет қарағаны әлі көз алдым
нан кетпейді, – деді Желдібай...
АСАУ ҮЙРЕТУ ...Асау үйрету – ерекше өнер. Жылқышылардың жөн сілтеушісі әрі ақылманы боп жүрген әкем жігіттердің қолқалауын жерге тастағысы келмеді ме, әлде бойға сіңген әдеті тыншу бермеді ме, сол күні түске таяу уақытта әлденеше күн бұғалық іліндірмей келген қаба жал құла дөненді көргенде: – Жігіттер, құланы жығып ерттемесеңдер, біреуіңді жазым етері кәдік. Мінезі тым шәлкез екен. Не өзін, не өзгені майып етіп жүрер, әуелгісін өзім көрейін, – деп саңқ етті. Мүмкін, «Құнан мен дөненнің жынын басу балалардан қала ма, әрі соларға тақымым толмайды», – деп уәж айтатын әкемді құланың тұлғасы қызықтырды ма, кім білсін... Құйрық-жалы төгілген, сүйегі аса ірі құла дөнен төрт жасқа енді шықты дейтін емес, дәп сақа айғырлардай сом
тұяқтанып, қаншырдай жарап, мейіздей қатқан. Төрт-бес әлді жігіт жабылып жүріп құла дөненді зордың күшімен жығып, әрең дегенде ер салды-ау. Мен үлкендердің «Кет те кет, қаш та қаш!» де ген айғайларын құлағымнан ысырып, дәл жандарында жүрмін. Сәл-пәл жинақыланып алған әкем әлден уақытта: – Ал, қоя беріңдер! – дегені сол-ақ екен, төрт аяқты буған қыл арқан көзді ашыпжұмғанша сусып түсті. Қос құлағын қайшылап, басын оқ жы ландай қақшитқан құла орнынан аты лып тұра берген сәтте әкем де ерге қона кетті. Сонда салмағы едәуір кісіні құла дөнен бұйым құрлы көрген жоқ. Тұра аспанға тік шаншыла қарғып, одан қаз мойнын ішіне ала мөңкіді дейсің. Бұған дейінгі асаулардың тулауы мына құланың қасында ештеңе емес екен. Нағыз долы мінез танытып, үстіне нық отырған кісіден құтылмаққа жанталаса мөңкіп
жүр. Бір кезде оңтайлы тұста әкем ды
рау қамшымен оң сауырдан шықпырта
тартып-тартып өткенде бағанадан айна
ла орағытқан құла дөнен ылдиға қарай
жалт бұрылғаны. «Қайран, Түгел аға-ай,
өзіңдей болу қайда бізге?!» деп таңдай
қаға, сүйсіне тамашалап тұрғандар сон
да шу ете қалысты. Әу баста, жұрттың
неге шуласқанын мен түсіне қоймаған
едім. Сәлден соң ғана анық аңғардым. Ер-
тоқым ауып, бауырға кеткен. Әкемнің бір
аяғы үзеңгіге кептелген, оң қолы құланың
қаба жалына шеңгелдей жабысып қалған.
Бауырына түскен ерден шошына үріккен
дөнен сарт-сұрт тепкіленіп, бір орнын
да шыр көбелек айналып жүр. Бір мезет
те арқырай аспанға шапшыған дөненді
бастырмалата
қамшылап
құйғытқан
әкемді және бір көзім шалып қалған.
Бірақ бұл кезде бұл жайдақ еді. Содан
төрт-бес сағаттың айналасында құланы
сенделектетіп әкеп байлаған еді. Асау
кәдімгі «жынын алдырған бақсыдай» бо
лыпты да қалыпты.
АЛ, КӘНЕ, БІЗДІҢ ШАЛ-КЕМПІРЛЕР! Аса қадірлі той қонақтары! Туыстар, бауырлар! Сіздердің назарларыңызға ұсынылатын әңгімем – «Ал, кәне, шал-кемпірлер!» деп аталады. Өздеріңіз жақсы білесіздер, өткен ғасырдың 60-70-ші жылда ры «А, ну-ка девушки!» және «А, ну-ка парни!» атты Останкино телевидениесі үзбей ұйымдастыратын байқаулары, миллиондаған көрермендердің әр апта сайын асыға күтіп, сүйсініп көретін ха барлары болатын. Ол заманда аталмыш бағдарламалар, қазіргі ОРТ-ның Лео нид Якубович шебер жүргізетін «Поле чудесінен» артық болмаса, бір кем түспейтін! Ал мен баяндайын деп тұрған, «Ал, кәне, біздің шал-кемпірлер!» байқау-конкурсы олардан да керемет қызықты еді.
Ал құлақ қойып тыңдаңыздар! Болған жәйтті рет-ретімен айтып берейін. Оқиға желісі бір мың тоғыз жүз жетпісінші жылдың суық қаңтар айының бір күнінде Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданының Точка селосындағы (қазіргі Баяш Өтепов ауылы) Түгел Құмаровтың үйінде өрбиді. Сонымен, құрметті тыңдаушылар! Ең алдымен, баршаңызға түсінікті болу үшін, қарапайым өмірдің өзі ұсынған, осы ерекше қызықты «Ал, кәне, біздің шалкемпірлер!» атты байқаудың кейіпкерлері мен қаһармандарының аты-жөндерін, атқаратын рольдерін айтып шығайын. Олардың есімдері сіздерге жақсы таныс деп ойлаймын. 1. Бірінші геройымыз – жасы сексен нен асқан Құтанов Кәрібай ата. Ол күнде таң атар-атпастан белді бекем буып, түлкі тымақты бастыра киіп алып, Мәмбет не мере жиенінің ГАЗик машинасы жүретін жолды түнде жауған қалың қардан ерінбей-жалықпай аршып-тазалайтын,
сол екпінімен Өкәй ағаның үйіне дейін 50 метрге дейін даңғыл із салатын қария. 2. Екінші кейіпкеріміз – Кәрібай нағашы атамыздың бәйбішесі, жасы сексендегі Құтанова Ақшабала апамыз. Ол кісі – күнде таңертең Мәмбетке дәмді завтрак дайындайтын аспаз-повар. 3. Тағы бір мықты қаһарманымыз – жасы жетпіске толған біздің әкеміз Түгел Құмаров. Ол – күн сайын ерте оянып, ағамыздың ГАЗик машинасының картерін от жағып қыздыратын, сосын рукоятка айналдыратын, стартерді дүрілдетін Азамат. 4. Келесі маңызды кейіпкеріміз – шешеміз Мария Түсіпқызы. Оның жасы алпыс бесте. Таң қылаң берісімен екі пешке бұрқыратып от жағып, Мәмбеттің машинасының радиатрына күнде таңертең 4 шелек ыстық су дайындайтын адам. 5. Осы байқаудың бас кейіпкері, ге ройы – ағамыз, бүгінгі той иесі Мәмбет
Түгелұлы! Жасы 20-ға жаңа ғана толған, барда таситын Ұлы Отан соғысы жылдары құрастырылған ескі ГАЗиктің шофері. Сонымен қатар осы ауылдағы тоғызыншы класс оқушысы, қазіргі жеңгеміз Алма атты қыздың жігіті. Сонымен солай дейік, бұл керемет оқиға осылай басталды. Әлі күнге дейін есімде, 1970 жылдың 5 қаңтары. Дәл сол күні Мәмбет ағамыз Красный Алтай совхозының гаражынан үйіміздің алды на бортты ГАЗик машина жүргізіп келді. Үстінде барда таситын бөшке орналасқан. Әке-шешеміздің, ата-апаларымыздың қуанышында шек жоқ! Мәмбет ағамыз Юрий Гагарин сияқты әлемде тұңғыш болып космосты игергендей, не болмаса осыдан үш жүз жыл бұрын қазақтар ата жауымыз жоңғарларды тасталқан қылып жеңгендей күй кешудеміз. Тіпті сексенге келген Ақшабала апамыз бортқа өрмелеп, бөшкенің ішінде не бар деп көріп жүр. Қуырдақтың көкесін түйе
сойғанда көресің! Қызық енді басталды.
Өйткені Мәмбетке берілген ескі ГАЗик
суықта оңайлықпен от алмайды екен.
Біздің шал-кемпірлер үшін қақаған Ал-
тайдың сары аязында ГАЗикті дүрілдету
түк те емес. Олар бұл проблеманы ше
шуге сақадай-сай, толық әзір. Әркім өз
міндетін мүлтіксіз атқарады. Рольдері
белгіленген. Әкем мен Кәрібай атам таң
қала бере тұрып, алдымен Мәмбеттің ма-
шинасының айналасындағы түні бойы
тоқтаусыз жауған қалың қарды таза
лайды. Сосын әкем Түгел машинаның
картерінің
астына
қойдың
оншақты
қиын үйіп, от тұтады. Жайлап жанған
қойлардың
сары
қиынан
картердің
ішіндегі май асықпай қызады.
Бұл кезде, нағашы Кәрібай атамыз қара
терге түсіп, ГАЗиктің жолын қардан аршу
да. Міндеті – Өкәй ағаның үйіне дейінгі
елу метр болатын жолды қардан тазар
ту. Ол оңай шаруа емес. Ал шешеміз Ма
рия екі пешке от жағады. Біреуіне апа
мыз Ақшабала Мәмбетке таңғы асты әзірлейді. Тәтем екінші пешке Мәмбеттің машинасының радиаторына құйылатын суды ысытады. Төрт шелек су сақылдап қайнаған тұста тәтем Мәкеңді еркелетіп, оята бастайды. Бұл сәтте Мәмбет ағамыз таңғы тәтті ұйқыда, жақсы түс көруде. Өзім білетінім – біздің ағамыздың түсінде де, өңінде де көретіні тек бір-ақ адам. Ол – «Наш сад» деп, ауылдық клубтың саханасынан сы зылтып әдемі ән салатын Алма сұлу! Кеше екеуі кездесіп, түні бойы өмір, болашақ туралы сырласқан. Свиданиядан Мәкең таңға жуық келді. – «Тұр, құлыным, тұр, сенің машинаңды завоттауға бәрі дайын тұр. Әкең картерді қыздырып қойды, радиатордың суы сақылдап қайнап тұр, жолдың қары та заланды. Апаң сен жақсы көретін кеспе көжені пісіріп, дастарқанды жайып тосып отыр», – деп шешеміз Мәмбетті ұйқыдан оятады.
Ақшабала апамыздың дәмді көжесін
қарны тоя ішіп, сүт қосылған күрең шайға
көңілі жайланған ағамыз кабинасына
келіп, орнына отырады. Аузында – «Ме
део» деген сигарет.
Алдымен, тәтем қайнатқан ыстық су
радиаторға құйылады. Енді кілтпен зажи
ганияны қосу және оны рукояткамен де
меу қажет. Оған да бәрі дайын. Әкем Түгел
рукоятканы қос қолымен мықтап ұстап,
түлкі малақайды қайырып, Мәмбеттің ко
мандасын асыға тосуда. Мәкең кабинада.
Сәлден кейін кілтті бұрап, газдың педалін
түбіне дейін басқан Мәмбеттің «Ал, кәне,
шал-кемпірлер!» деген дауысы саңқ етті.
Сол-ақ екен, әкем, қарулы кісі болатын,
рукоятканы шыр айналдырғанда машина
дүр ете түсті.
Бүгін, бірден ескі ГАЗигтің тез от
алғанына, бірден завотталғанына шал
дар мен кемпірлер әрқайсысы шексіз
қуанышты, мәз-мейрам. Бірін-бірі құт-
тықтауда.
– Бүгін Мәкөнтайдың машинасы жақ-
сы жүріп кетті. Жолы болсын! – деп жа
нымдай жақсы көретін сол қарияларым
ұлдары Мәмбет ағамызға күнде таңертең
ақ баталарын беріп тұрушы еді.
Қарияларымыз
айтқандай,
жолың
әрдайым ашық болсын, Мәке! Той тойға
ұлассын!
ӘКЕ ӨСИЕТІ
Қайран әке! Күні бүгінге дейін бірталай
жауапты қызметтердің тізгінін ұстап,
қайтсем елге пайдамды тигізем деп жар
құлағым жастыққа тимей жүрсе, ол, ең ал
дымен, менің санама өзің сіңірген асыл
қасиеттеріңнің арқасы деп білемін.
Қасиет демекші, әкеміздің сонау бір
жылдардағы мына бір елден ерекше өсие-
ті күні бүгінге дейін жадымда жаңғырады.
Бұл да әкелік асыл қасиеттің нышаны
шығар деп білемін. Біз бір үйде сегіз ба
ламыз. Ата-анамыз үш ұл, бес қыз сүйген.
Мен ұлдың кенжесімін. Сол уақыттарда
менің он екі, он үштердегі ағаларымның
менен гөрі едәуір естияр болып қалған
кезі. Бір күні әкеміз үшеуімізді қарсы ал
дына жүгінтіп қойып, салмақты бір сөз
бастады. Қолында – сабы бедерлі, әсем де
суық үш бірдей қанжар-пышақ.
– Мына қанжарларды сендер үшін
арнайы ұстаға барып, соқтырып ал
дым, – деді әкем ойлы жанарын біздерге
қадай отырып. – Менің ойымша, үшеуің
де жігіт болдыңдар. Қазақ он үште отау
иесі дейді. Сендер ертең-ақ азамат бо
лып ержетесіңдер. Сондықтан өздеріңе
ғана айтар аманат-тілегім бар. Совет ба
лам, міне, сенің қанжарың. Алдыңдағы
әпкең Шәрбануды, қарындастарың үлкен
Шолпан мен кіші Шолпанды қорғап
жүру – сенің міндетің. Мына қанжарды
Мәмбетке қарындасы Розаның ешкімнен
қаймықпай жүруі үшін беремін. Міне,
Сәдібектің қанжары. Сен қарындасың
Салтанатқа қорған болуың керек. Менің
қыздарымның
ешкімнен
жасқанбай,
ешкімнің басынуын көрмей өсуі осы
үшеуіңе байланысты. Бұл – менің ойдан
шығарғаным емес, атадан балаға мирас
дәстүр. Жігіт адам ешқашан намысын
қолдан бермеуге тиіс. Мұны айту көптен
ойымда жүр еді, сәті түскені бүгін екен.
Мен әкелік парызымды орындауға бар
күшімді, қажыр-қайратымды жұмсадым,
әлі де жұмсай беремін. Айтайын дегенім,
қазақ бес дүниені қатты қастерлеген,
құрмет тұтқан.
Біріншісі: Жерді қорғаған.
Екіншісі: Әруақтарды сыйлаған.
Үшіншісі: Қыздарды еркелеткен.
Төртіншісі: Үлкенді құрметтеген.
Бесіншісі: Қазанатты қастерлеген.
Таратып
айтсам,
туған
жерімізді
қорғау – әр ер-азаматтың абыройлы па
рызы. Туған жер – Отаның! Сендердің
Отандарың – Қазақстан, Қазақ жері. Отан
қорғауға әрдайым дайын болыңдар!
Аруақтарды неге сыйлаған?! Қазақта
«аруақтарды қорлама» деген ұғым бар.
Ойлап қарасақ, маңызы зор, терең ұғым.
Олар – осынау қазақтың жерін қасық
қаны қалғанша, ақырғы демдері біткенше
қорғаған біздің қасиетті ата-бабалары
мыз. Біздің аталарымыз бен билеріміз
қазақтың әрбір қадам жері үшін қанын
да, жанын да берген ғой. Сондықтан да
жеріміз киелі, қасиетті болып келеді.
Қызды неге еркелеткен? Қыз – елдің
көркі. Қыз – ана. Ананы қазақтар Отанға
теңеген. Қызға құрмет – елге құрмет.
Сондықтан айтарым, жүректеріңнің жар
тысы қыздарды құрметтеуге, қорғауға,
оларға көмектесуге арналып тұру керек.
Келесі мәселе, үлкенді құрметтеу –
атадан балаға жалғасып келе жатқан із-
гілікті дәстүріміздің бірі! Ертең сендер де
үлкен боласыңдар, қартаясыңдар. Сонда
қастарыңда кішіпейіл, қайырымды жас-
тар болған қандай жақсы!
Ең соңғы өсиетім, ұлдарым, жылқыны
қастерлеңдер. Осы өр Алтайдан Атырау-
ға, Ұлытаудан Алатауға дейін созылып
жатқан Ұлы даланы, қасиетті байтақ
жерімізді
аталарымыз,
ағаларымыз
найзаның
ұшымен,
білектің
күшімен
және жәй ат емес, қазанаттың үстінде
жүріп қорғады, ұрпақтары біздерге ама
нат ретінде тапсырды. Сондықтан да
18-307
жылқының қадірін басқалардан артық білетін аталарымыз «Қазанат – ер қанаты» деп қастерлеген, қадір тұтқан. Міне, менің сендерге айтайын деп жүрген ойларым осылар. Қорытындыны өздерің жасаңдар, – деп әкем әңгімесін аяқтады.
МЕНІҢ «КРУТОЙ КРЫШАЛАРЫМ» Қолыма қалам алып, әкем туралы ойпікірлерімді жазарда бертінде болған бір оқиға есіме түсті. жылдың ақпан айы. Алғашқылардың бірі болып Ұлы көштен қалмай, Алматыдан жаңа астанамыз Ақмола қаласына келген кезім. Күн-түн демей, жарғақ құлағым жастыққа тимей атқарып жүрген қызметім – Елордамыз Ақмола қаласы әкімінің баспасөз хатшы сы – баспасөз қызметінің жетекшілігі. Жаңа астанаға қоныстанған барлық бұқаралық ақпарат құралдарымен тығыз қарым-қатынас жасаудағы мақсатымыз Елордамыздың мәртебесін асырып, беделін көтеру болатын. Сондай күндердің бірінде жұмыс кабинетіме «Хабар» агенттігінің тілшілер қосының бастығы, белгілі тележурналист Мақсат Садық келді. Ол:
– Сәке, көкейімде жүрген бір сұраққа жауап іздеп келіп тұрмын. Сауалым ды төтесінен қояйын. Осы қызметке үміттенгендер көп болды. Он шақтысын тікелей танимын. Солардың ішінде біреуінің көкесі – министр, екіншісінікі – облыс әкімі, үшіншісінікі – белгілі кәсіпкер. Соған қарамай олар осы қызметке өтпей қалды. Ал сүйемелдейтін ешбір жақыны жоқ сен өтіп кеттің. Маған бұл – жұмбақ. Сонда сенің «крышаң» кім? – деп сұрақ қойды. Мен ойланып қалдым. Жауабын қайтаруға тиістімін. Шынында жаңа Елорданың сол кездегі бірінші баспасөз хатшылығы қызметіне талаптанғандар өте көп болды. Қала әкімі Әділбек Жақсыбековтің мені тағайындардағы: «Бұл орынға отыз шақты азаматтың құжаттары түсті» деген сөзі есімде. – Мәке, маған тосыннан, күтпеген са уал қойдың. Жауабын берейін. Әрине, менің де өте үлкен сүйемелдейтін, қайда жүрсем де қолдап, көмектесетін адамда
рым бар. Сенің тіліңмен айтқанда, «Кру той крышаларым» бар. Тіпті менің кры шаларым біреу емес, екеу. Осы тұста әкіммен байланыстыра тын телефон шылдыр етті. Телефон нан қабылдау бөлмесіндегі хатшы қыз Әділбек Ырыскелдіұлының тез шақырып жатқанын хабарлады. – Мақсат, әлгінде сұрағыңда жұмбақ деп айттың ғой. Жұмбақ болсын. Маған көмектескен, әрдайым көмектесетін жандардың есімдерінің алғашқы әріптерін ғана айтайын. Бірінікі «Т» әрпінен, ал екіншісінікі «М» әрпінен баста лады. Ойлан. Жауабын тапсаң, қонақкәде менен болады, – деп әкімнің кабинетіне қарай бет түзедім. Арада екі-үш күн өткеннен кейін Мақсат телефон соқты. – Сәке, жұмбақтың шешімін қанша ой лансам да, таба алмай тынышым кетті. Ресторанға түскі асқа мен шақырамын, сауалымның жауабын ала кел, – деді.
– Мақсат бауырым, жұмбақтың жауа
бы оңай болғанымен, мен үшін ерекше
қасиеті бар. «Т» дегенім – әкем Түгел, «М»
дегенім – шешем Мәрия еді. Міне, тап осы
екеуі менің түпкілікті қорғандарым, сенің
сөзіңмен айтқанда, «мықты крышала
рым» болады, – дедім.
– Әдемі жауап қайтардыңыз. Шынын
да да, азаматқа әке мен шешеден артық
сүйемелдеуші бола ма?! Жауабыңызға
толық қанағаттандым. Сізге зор табыс
тілеймін, – деп Мақсат маған қолын
ұсынды.
«ЗАПРАВЩИК НЕМЕСЕ
«МЕН РЕТСІЗ КЕЛІП ҚАЛҒАН
ЖОҚПЫН БА?!»
Бензинді тек бір жерден құю әбден
әдетке айналғаны қашан. Сонау, 2006
жылы «Қазанат» кітабым үшін мені дос-
тарым мен туыстарым осы «Джипке»
мінгізді. Содан бері, Жұбанов пен Абай
көшелерінің
қиылысындағы
«Вегаға»
барамын, сол станциядан «А-92» марка
лы бензинге бакты лүпілдетіп толтырып
алып, сүйікті қалам Астанадағы бітпей-
тін сансыз шаруаларды орындауға кірісіп
кетемін. Бүгін – 2012 жылдың 9 мамы
ры, күн жексенбі, халық демалыста. Да
лада аздап, себелеп жұқа қар жауып
тұр. Көңіл көтеріңкі. Кеше ғана әйелдер
мерекесін өткіздік. Үйден шыққан бой
да сол қалыптасқан дағдымен темір тұл-
пардың басын «Вегаға» бұрдым. Қатар-
қатар тұрған үш аппараттың біріншісінің
тұсына келіп тұра қалдым. Күнде жүретін заправщик бүгін көрінбейді. Кеше мей рам, демалып жатқан болар, не кешірек келер деп ойладым. Кассирге маған толық құйыңыз деп тапсырыс бердім де, пистолетті бактың ернеуіндегі орны на қойып, кнопканы бастым. Сол сәтте, екінші кнопканың жанына, тұмсығын менің машинама тақап бір көлік келіп тоқтады. Оның ішінен басы жалаңбас, мойнында түрлі-түсті әдемі орамалы бар, үстіне қысқа норкалы тон киген жас орыс әйелі шықты. Ол бірден мені әңгімеге тартты. – «Мужчина, заправщик не рабо тает?! Как мне быть? Красный горит. А, я сегодня первый раз села на эту машину. Даже не знаю, как бак открывается? Что делать?! Вы не поможете, мне заправить мою машину. Буду очень благодарна». Өзімнің біліп тұрғаным шамалы болса да қалай жоқ деп айтасың. – Конечно помогу. Не вопрос. С празд ником 8-ое марта поздравляю! – деп жа уап қаттым. Ендігі мәселе – кабинаның
ішінде орналасқан бензин багін ашатын
тартпаны табу. Оны қалай табамын. Абы
рой болғанда, тартпаны бірден таптым.
Бак крышкасы сырт етіп ашылды.
– Да, Вы профессионал, хорошо знаете
технику, – деп әлгі кербез әйел мені әбден
мақтап жатыр. Мен риза көңілмен оның
машинасының
багіне
бензин
құйып
тұрмын. Ол жанымда тұр. Сол сәтте тағы
бір машина өте жақын келіп тоқтады.
Оған қарап тұрған мен жоқпын. Пип-
пип. Пип-пип. Қарасам, о тоба, қол созым
тұста, маған көзін қадап Қайкен отыр.
Ия, кәдімгі, әкем Түгел марқұм құлынды
қара биесін сатып, алып берген, 35 жыл
құдай қосқан қосағым, екі баламның ана
сы, төрт немеремнің әжесі. Онымен үш
ұйықтасам, осы жерде, дәл осы сәтте кез
десем деп ойламадым. Енді қайттім?!
Алдымен, терезені ашып, Қайкен бы-
лай деп тіл қатты:
– Сәке, мен ретсіз келіп қалған жоқ
пын ба?!
– Жоқ, Қайкен, сен ешқашан ретсіз келмейсің. Бүгін сенің мерекең ғой, бензинді мен құйып берейін, – дедім. Қайкен келісті. Өмірде осындай да қызықтар болады. Астана қаласы, 9 мамыр, 2012 жыл
КҮДІКТІ СЕЙІЛТІП, КӨЗҚАРАСТЫ
ӨЗГЕРТІП
Бәрі де күні кешегідей көз алдымда.
Еліміздің бас қаласы Сарыарқа төсіне
қоныс аударған кез. Ол кезде мен Алма
тыдамын. Бір күні үйге сол кездегі Пре
зидент
Әкімшілігінің
баспасөз
сала-
сындағы сектор меңгерушісі Аяған Сан
дыбай телефон шалып тұр: «Сәке, жаңа
астананың әкіміне баспасөз хатшысы
қажет. Бұл жұмысты маған тапсырған еді.
Байқауға түсуге тиіс он адамның бірі кем
болып тұр. Сені ұсындым», – деді.
Алғашында көп мән бере қойған жоқ-
пын. «Жарайды» дедім де қоя салдым.
Арада жиырма күн өтті. Айекең тағы ха
барласып
тұр:
«Үміткерлердің
ішінде
сенің жолың болатын сыңайлы». Расы
мен Аяған Сандыбай қателеспепті. 1998
жылдың қаңтар айының соңында аяқ
астынан астананың сол кездегі әкімі –
Әділбек Жақсыбековтің баспасөз хатшы
сы болып шыға келдім.
Алматыдан алып-ұшып Ақмолаға кел
генде алғаш көңілім құлазып қалғаның
несіне жасырайын. Өрекпіп келген бізді
Арқаның шыңылтыр аязы көңілсіз қарсы
алды. Қаланың өзі де көзімізге жүдеу
көрінді. Тар көшелер, жерге кірердей
болған өңкей шым үйлер жүрек түкпірін-
де қылаң берген күдікті күшейте түсті.
«Мына қала қалай еліміздің бас шаһары
болмақ?!» – деген пенделік ой да жоқ
емес...
Мені жаңа астананың әкімі Әділбек
Жақсыбеков мырза көңілді қарсы алды.
Екеуіміз
ашық-жарқын
әңгімелестік.
Байқағаным, Әділбек Рыскелдіұлы жаңа
астана салуға құлшына кіріскен екен. Ол
көне Ақмоладан жаңа қала, жай қала емес,
бүкіл еліміздің бас қаласын, қала берді,
әлемнің де масана қарайтын шаһарын
жасайтынына, жасай алатынына сондай
сенімді еді. Әкімнің болашаққа деген нық
сенімі мені де қанаттандыра түсті. Сөйтіп,
мен де жаңа бастығым секілді, жаңа жұмысыма жаныға кірістім. Әуелі өзіме таңсық қаланың бас-аяғын әбден зерттеп, зерделеп алдым. «Жаңа астананың бітім-болмысын айқындап, беделін қалыптастыру үшін не істеу ке рек?» деген сауалға жауап іздедім. Сөйтіп, ойымды жинақтап, бес ұсыныс дайын дап, әкімге апардым. Оның бірі – кез келген басшы журналистің сұрағына жауап беріп, қажетті ақпаратты беруі керек, яғни билік өкілі мен ақпарат құралының өкілі арасында ешқандай шекара болмау қажет. Екінші ұсынысым – журналистердің басын қосатын, пікірлесіп-дидарласатын бір мекеме ашу болды. Үшіншісі – газет-журнал дарда жарық көрген, электронды БАҚтарда айтылған сыни мәселелер жауапсыз қалмасын дедім. Ондағы мақсатым – журналистердің де еңбегін елеусіз қалдырмай, оған билік өкілдерінің наза рым аударғым келді. Төртінші ұсыныс, шетелдік БАҚ өкілдерін Астанаға шақыру
болса, бесіншісі – жаңа астанаға қызметке келіп жатқан журналистердің әлеуметтік жағдайын жақсарту, мүмкіндігінше, баспана алып беру еді. Обалы не ке рек, Әділбек Жақсыбеков мырза осы ұсыныстарымның ешқайсысын аяқсыз қалдырмады. Бәрі де нәтижелі болды. Бас қаланың ақпарат құралдары толыға түсті. Өмірге «Астана» радиосы келді. Бұрыннан келе жатқан «Ақмола ақиқаты» мен «Городские новости» газеттерінің атауы өзгертіліп, «Астана ақшамы» (қазіргі «Астана хабары»), «Вечерняя Астана» аталды. Бұл басылымдардың тұсаукесерін де жасадық. 1998 жылы қазіргі халықаралық баспасөз орталығының негізі қаланды. Екіүш жыл ішінде бұл орталықта бір мыңнан астам баспасөз мәслихаттары мен брифингтер өтті. Әлемнің талай алпауыт басылымдары мен электронды ақпарат құралдарының тілшілері осы баспасөз орталығында бас қосып, тәуелсіз Қазақстан туралы, оның жас астанасы
жөнінде мәліметтер алып, дүние жүзінің
түкпір-түкпіріне таратты.
Баршаға
мәлім,
алғаш
Астананы
Ақмолаға көшіргенде, көп адамның кө-
кейінде «Ақмола астана болуға лайық па?»
деген күдікті сауал тұрды. Мәскеулік жә-
не отандық ақпарат құралдарында жаңа
қала туралы небір сыни материалдар
жарық көріп, гуілдесіп жатқан кез. Біздің
мақсатымыз – қоғамды астанаға қатысты
күмәнді ойлардан тазартып, елорда ту
ралы жаңа, жақсы пікір қалыптастыру
еді. Әкімге Астананың беделін көтеру
үшін әлемдік жетекші БАҚ өкілдерін бас
қалаға
шақырып,
атқарылып
жатқан
жұмыстарды көрсетейік деген ұсыныс
айтқаным бар. Әділбек Рыскелдіұлы ке-
лісе кетті. Сөйтіп, біз алыс-жақын шетел
дерден 255-тен астам бұқаралық ақпарат
құралдарын
шақырдық.
Рас,
Астана
қалыптаспай жатып, мұнысы несі деп
бізді сөккендер болды. Бірақ тәуекелге
бел будық. Жоспарымыз сәтті болды.
Елордаға арнайы шақырылған әлемнің
«Би-би-си», «Рейтер», «Сен-хуа», «Франспресс», РТР, ОРТ сынды небір алпауыт ақпарат құралдары таратқан жаңа қаламыз жайлы ақпараттар легі әлемді аралап кетті. Тек РЕЙТЕР агенттігінің өзі Астана – болашағы жарқын қала екендігін жар салып, жер шарының 80 еліне бір уақытта хабар таратты. Бас ордамызға деген көзқарас өзгерді. Оның келешегіне сеніммен қарайтындар көбейді. Күдіктер сейіле бастады. Сөз реті келгенде, айта кетейін, сол кезде Әділбек Жақсыбеков жаңадан тәй-тәй басқан қаланың бағына келді. Бұл асыра мақтағаным емес. Шы ным, өзі бұрынғы Ақмоланың ұңғылщұңғылын бес саусағындай біледі. Әділбек Рыскелдіұлы білікті басшы ғана емес, шебер ұйымдастырушы да еді. Астананың қалыптасуына үлкен еңбек сіңірген азаматтардың бірі – осы Әділбек Жақсыбеков. Қасында жүріп, оның жаны таза, еңбекқор, не мәселеге де байыппен қарайтын басшы ретінде тани түстім.
Есімде, Астананың ресми тұсаукесерінде бәріміз де жанталасып жұмыс істедік. Тіпті түннің бір уағына дейін да мыл таппадық. Ал таңертен ерте жұмыста боламыз. Әділбек Жақсыбеков те өзі әкіммін деп шалқайған жоқ. Ел қатарлы жанталасты. Арасында журналистер ге де уақыт табады. Астананың гүлдену, өркендеу жолындағы еңбек – басшымыз дан тартып, бәріміздің де елімізге, жас астанамызға деген сүйіспеншілікте туған еді. Дәл сол кездегідей патриотты рух қазіргі жастардың бойынан да табылса деймін. Қазіргі Астананың келбеті ел сүйенерлік. Бас қаланы жан-жақты әспеттеуге барлық жағдай бар. Соған қарамастан елордамызды насихаттау жағы бұрынғыға қарағанда саябырсыған көңілді құлазытады. Кезінде баспасөз хатшысы болып жүргенде көкейім Астананы әлемдік БАҚ орталығына ай налдырсам деген ой болған еді. Осы мақсатты қазіргі жастар жалғастырса 19-307
деймін. Астана әлемге танылып болған
деп отыра беруге болмайды. Әлі имид-
жін қалыптастыруымыз керек. Елорданы
өркендету, оны насихаттау жұмыстары
ешқашан үзілмеуі тиіс.
ӘДІЛБЕК – ЖАҚСЫ ӘКІМ Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың кадр саясатындағы үлкен жетістіктерінің бірі – Ақмола қаласына Әділбек Жақсыбековті әкім етіп тағайындауы еді. Бұл – бір менің ғана пікірім емес, Арқа өңіріндегі ағайынның аузында жүрген әңгіме. Жаңа астанамен бірге жасасып келе жатқан жұртшылықтың көзбен көріп, ойға түйген шынайы шындығының өзі осы боларына еш күмән келтіре алмайсың?! Шынтуайында, әкім Әділбек Рыскелдіұлының қала басшылығына тағайындалуымен бас шаһарға соны өзгеріс, жаңа леп келгендей болды. Ең басты ерекшелігі – Елбасы тапсырмала рын мүлтіксіз орындап, сенімнен шыға білуінде жатса керек қой. Әрдайым ізденіс үстінде жүретін Әдекең – жылт еткен жаңалыққа жаны құмар. Мүлдем
жаңаша ойлайтын ұрпақтың өкілі. Туған
даласының ой-шұқырын бес саусақтай
жатқа
біліп,
соны
жұмыс
барысын
да дұрыс пайдалана білетіндігін сан
мәрте дәлелдеген жан. Жұмысты дұрыс
ұйымдастыра алатындығын талайларға
үлгі етіп көрсетуге және болатындай.
Өзінің қызмет бабындағы орынбасарла
рына қатаң талаптар қоя білетіндігінің
арқасында, алқымнан алған сан мәселе-
нің күрмеуі өзінен-өзі-ақ шешіліп жат
ты. Әдекеңнен үйренуге тұратын әдемі
өнегелердің бірі – табандылық. Қандай
іске қолы тимесін, соны соңына дейін
адал атқарып шығуға ниеттенеді. Расын
да, бұл, екінің бірінің бойынан табыла
бермейтін тамаша қасиет емес пе? Соны
сынан да болар, ақмолалық ағайын, әрбір
мекеме басшысы әділ мінезді Әдекеңе
үлкен құрметпен қарайды. Әрдайым жай
дары қалпынан жаңылып көрмеген аза
матты арқа тұтып, ардақтай алады. Үлкен
бір іске білек сыбана кіріскен шақта,
бәйгеге түсетін тұлпардай өзгеріп шыға
келеді. Өзінің де, өзгенің де жұмысбасты болғандығын үнемі назарда ұстайды. Әрбір сәтті дұрыс пайдаланып, өз мой нына алған міндетке тиянақтылықпен, асқан ыждаһаттылықпен кірісіп кетуі, өскелең ұрпаққа өнеге боларықтай. Уақытпен санаспай еңбек етуге дағдыланған ол Астананың тұсаукесер тойы жақындаған сайын, тіпті түн ұйқыны ұмытып кетуге дейін барып жүрді. Міне, еңбектің адамы. Қаланың бас жобасын дайындауға міндетті түрде атсалысып, өзіндік ойла рын қосып отырды. Абат қала Ақмолаға ажар беріп түрған Президенттік мәдени орталық, Ұлттық мұражай, «Окан Интер континенталь» қонақүйі және де тағы да басқа құрылыс нысандары қала әкімінің тікелей араласуымен жүргізілген еді. Сондай-ақ Әдекең – әлеуметтің жайкүйімен жіті таныс әкімдердің бірегейі. Тұрмысы төмен тұрғындардың біразымен бетпе-бет пікірлесіп, мұқтажарын елеп-ескеруге күш салып жүрді. Зейнет
жасындағы жалғызілікті жандар үнемі сол кісінің тікелей қадағалауында болатын. Көп балалы аналар мен балаларға жасай тын әр жыл сайынғы құрметі, ол – өз ал дына бөлек бір тақырып. Бизнесті бір кісідей білетін азаматтың әкім болып келісімен, қолға алған шаруасының бірі – тіршілік жасап, өз күнімді өзім көрем дегендерге қолғабыс ете білуі болып отыр. Шағын бизнестің шарықтап өркен жаюына мұрындық бола білген марқасқа азаматтың көкейінде жүрген жалғыз-ақ мақсат – астананың, тәж киген шаһардың барған сайын биікктей беруі ғана. Дәл сол оқиғаның бастапқы ауыр күндерін абыроймен алып шығуға жүрексінбей кіріскен Әділбек Жақсыбековтің бұл қадамы расында да еліміз үшін үлкен маңызға ие тарихи жағдай. Бұл – өз басымның пікірі.
БАСПАСӨЗ КЛУБЫ
ЖҰМЫС БАСТАДЫ
Әлгінде айтқан бес ұсыныс, бәлкім,
себепші болды ма, жоқ әлде сәті солай
ма, үш күн ішінде «Бұқаралық ақпарат
құралдарымен тығыз байланысты жұмыс
істеу және қала әкімшілігінің баспасөз
қызметін жетілдіру» деп аталатын қала
әкімінің үкімі жарқ етіп жарыққа шыға
келді. Аталмыш құжатты алға тарта оты
рып, біршама шаруаның басын қайыруға
мүмкіндік алдым.
Сонымен, 1998 жылдың 16 ақпанында,
кешкі саған 18.00-де жастар сарайының
екінші
қабатында
Ақмола
қалалық
баспасөз клубының тұңғыш мәслихаты
тұсауын кесті. Бірінші рет өтіп тұрған
баспасөз мәслихатының тұсауына қала
әкімінің орынбасары Төлеген Мұхамед-
жанов кесті, сол кісінің өзі жүргізіп отыр
ды. Тап сол арада баспасөз кеңесінің
клубы құрылып, алда атқарылатын іс-
шаралардың жұмыс жоспары бекітілді.
Мен, жаңа ғана құрылған баспасөз клу
бын журналист қауымының басын жиі
қосып тұратын ұйым ретінде қабылдап,
оның жұмысының тұрақты әрі жүйелі
түрде қызықты ұйымдастырылуына баса
назар аудардым. Мұнымды, тәжірибесі
мол әріптестерім, мейлінше, мақұл көрді.
Бұл шаралардың барлығы – егеменді
елдің игілігі үшін екендігін жете түсінген
сайын, менің белсенділігім үдей түсті.
Баспасөз
клубына
бастапқылардың
бірі болып сол кездегі Ақпарат және
қоғамдық келісім министрі Алтынбек
Сәрсенбаев пен Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрі Наталья Кор
жова шақырылды. Алғашқылардың бірі
болып ұйымдастырылған осы бір алқа-
қотан жиын жаман өтпеген тәрізді. Ел-
жұрт асыға күтіп отырған көп фактілер
оқырмандар мен тыңдармандарға қарай
жол тартты.
Дәл сол жылдар Ақмола қаласының алқынып тұрған шағы еді. Қайда қарамасаң да қайнаған қызу құрылыс, есебі түгел ескі үйлерді бұзып көшелерді кеңейту, қаланы абаттандыру сияқты күйіп тұрған мәселелерді ел құлағына жеткізу керектігін іштей сезініп жүрдім. Оңтайлы бір күн туып, келесі бір баспасөз мәслихатына қала әкімінің бірінші орын басары Фарид Ғабибрахманұлы бастаған жол құрылыс басшыларын, сондайақ сәулетшілерді шақырудың мүмкіндігі туа қалды. Мен мұны қалт жібермей қағып түстім. Жиын ішінде жүретін жур налист ағайындардан сұрау қарша бо рады. Барлығына бірдей байсалды да байламды жауаптар қайтарылды. Екі жақтың да еңсесі түспей тарасты. Ал келесі күнінде біз көріп жүрген барлық ақпарат құралдары сол бір салиқалы мәслихаттың қорытындыларын лек-легімен таратып жатты. Одан қалды, элек тронды поштаның көмегімен шалғай жатқан әріптестерімізге әсерлі өткен
әңгімені жолдап жаттық. Ел Елорда жай лы нақты деректерге енді-енді ғана қол жеткізе бастағандай. Бір күнімнен бір күнім басып түсіп, мойын бұруға мұрша да келтірмейтін күндерге қарай жақындап келе жаттық. Шығармашылық жұмыстарым шынында да ширай түсті. Бұл талабымды дұрыс көрген журналистер қауымы қай жағынан болмасын қолдау көрсетуге әзір екендіктерін та нытып та үлгерген болатын. Әр күн сайын атқарылған жұмыстар жөнінде бри фингтер өткізу әдетке айналды. Алдын ала баспасөз релиздерін қоюды да ойдан шығарып алған жоқпыз. Өз жұмысыма ғана емес, астаналық әрбір журналистің жүрегіне жалын ала келіп, жаңаша серпін бердім. Ол, ол ма, ендігі міндет болып, нәтижелі іске қалам ұстаған әріптестердің көзін жеткізу мәселесі тұрды. Оған да қол жеткіздік. Журналистердің жаңа бастаған құрылыс алаңында да, тұсауын жаңа кескен фирмаларда да болып, шынайы
әсер алып, шабыттануына мұрындық
бола білдім. Мұның бәрі мақтаныш емес,
соңымыздан келе жатқан ұрпаққа сабақ
болатын, кәдесіне жарасын деген ниет
пен айтылып жатқан әңгіме еді. Жол түсіп,
қаланың қаншама мекеме, ұйымдарын-
да болдық. Сол жерлерде баспасөз мәс-
лихаттары өтті. Ауызбен айтқанды тың-
дап жазғаннан көрі, көзіңмен көріп ба
рып әңгімелегенің әлдеқайда тартымды
шығатынына көп жандар көз жеткізді.
Мәселен,
Астана
көшелеріне
төселіп
жатқан құйма төсеніштерді әлі күнге
дейін шетелдерден арбалап жүреміз де
гендерге тойтарыс беру үшін, біршама
баспасөз өкілдерін жинап алып, «Ер
мин»
фирмасымен
таныстырдым.
Сөйтсек, бірлескен бұл кәсіпорынның
шығармайтын нәрсесі жоқ екен. Көше
жиектеріне қойылатын жиектасты да,
әр түрлі қалыптағы төсеніш тастарды да
бұрқыратып шығарып жатқан – өзіміз-
дің өндіріс. Оны неге насихаттамасқа?!
Шығарып жатқан өнімі қай жағынан бол
масын, өзге елдердікінен бірде-бір кем
соқпайды. Ал бағасы бірнеше есе төмен.
Әрі өз климатымызға лайықтанған. Егер
соны бұқаралық ақпарат құралдары
майын тамызып жазбаса, екінің бірі
сол жайлы білер ме екен? Әй, қайдам,
күмәнім бар.
Міне,
осылайша
арнасын
тапқан
ауқымды іс барған сайын ширығып,
дүркірей түсті. Өлшеусіз төгілген маңдай
тердің ақтауы шығар, жаңа астананы
жақсы қырынан көрсету үрдісі белең
алды. Дей тұрсақ та, алыс-жақын шетел-
дік БАҚ-тың бетінде бас шаһар туралы
бір жақты пікірлер толастай қойған жоқ.
Айтатын мәселелері сол баяғы кертолғау:
«Ақмола астана болып жарытпайды», «Құр
босқа қаржы шашу», «Аңызақ жел мен
маса астанаға абырой әкелмейді», «Суы
сапасыз», «Демалыс орындары саусақпен
санарлық» деп келетін кекесіндер ара-
арасында бір жылт етіп қоятын. Менің
ендігі алға қойған мақсатым – осы бір
көзқарастар сеңін бұзу еді. Барымды са
лып бақтым. Түн-күн демей тыраштан
дым. Сондағы ойым әлемдік деңгейде
салмағы бар шетелдік баспасөзді Елорда-
ға шақырып, шындық мынау деп қолмен
ұстатқандай етіп бар нәрсені көрсетіп
жіберу болатын. Мен ол мақсатыма қа-
лай жеттім?.. Бұл туралы келесі мақалада
баяндамақпын.
ШЕТЕЛДІК ЖУРНАЛИСТЕРГЕ ШЫНДЫҚТЫ КӨРСЕТТІМ Шетелдік әріптестерімнің ақиқатқа жат пікірін өзгертіп, жаңаша көзқарас қалыптастыру үшін жаңаша жол, тың ой керек-ақ болды. Сол мақсатпен наурыз айының басында Алматыға атта нып кеттім. Ондағы мақсатым – Алма ты қаласындағы алыс-жақын шетел өкілдерімен дидарласып, жаңа астанаға келіп кетулерін ұйымдастыру еді. Сол бір мақсат аясында еліміздегі жетекші газет-журналдардың басшылары мен және ұлттық баспасөз клубының төрағасы Сейтқазы Матаевпен жолығып, әңгімелестім. Ол кісі менің ұсынысымды берден қабыл алып, тура бір айдан кейін, сәуір айының басында жаңа астанаға барлық журналистерді өзі бастап баратындығына уағдаластық.
Астанаға оралысымен осы ұсынысымды әкімге жеткіздім. Ол кісі бірауыз сөзге келмей, менің айтқанымды қуаттай кетті. Сөйтіп, көптен күткен күн 3 сәуірге де жеттік. Бұл күні 250 орындық оқушылар сарайының залында ине шаншар орын болмады. Шетелдік ақпарат өкілдерінің мұншалықты жиналарын әкімнің өзі дәл осылай күтпесе керек. Олардың қатарында азуын айға білеген әйгілі Рей тер, Ассошецтед пресс, Франс пресс, СиЭн-Эн, Син Хуа, Би-Би-Си, Итар-ТАСС сын ды агенттіктердің өкілдері және басқа да алыс-жақын шетелдік ақпарат құралдары болды. Алпыстан аса ақпарат құралдары жиналған осы бір үлкен баспасөз мәслихатында қала әкіміне алуан түрлі сұрақтар қойылды. Әділбек Рыскелдіұлы олардың бірде-біреуіне мүлдірген жоқ. Шетелдік БАҚ шындықты өз көздерімен көрді. Тұсаукесер қарсаңында тап осын дай жиын жасау біз үшін шын мәнінде тиімді болғаны анық. Мәселен, «Рей
тер» мен «Франс пресстің» және «Би-
Би-Сидің» хабарлары ондаған елдің ба
сылымында жарық көрді. Қала әкімі
Әділбек Жақсыбековтің сұхбатын бүкіл
Ресей телеканалдары көрсетіп бақты. Ра
сында да, Астана өмірін жан-жақты етіп
көрсету үшін әлемдік деңгейге шығу,
бұл – қол жете бермес үлкен жетістік еді.
Айрықша оқиға деп баға алған осы бір
күндерден соң Ақмола қалалық әкімші-
лігі Халықаралық баспасөз орталығын
ұйымдастыру туралы шешім қабылдады.
Мұны
Матаев
мырза:
«Жан-жақтағы
журналистердің Астана тірлігіне қатысты
бар ақпаратты алып тұруға мүмкіндік
жасайтын батыл қадам», – деп жоғары
бағалады. Сөйтіп, сәуір айының 4-і күні
тұсауы кесілген Халықаралық баспасөз
орталығының құрметті президенті бо
лып Ақмола қаласы әкімінің орынбасары
Төлеген Мұхамеджанов, осы орталықтың
жетекшісі, атқарушы директоры болып
мен бірауыздан сайландық. Аты ауысқан
баспасөз
орталығының
болашақтағы
жұмыстары да затына сай қомақты бола
түсетіндігіне еш күмән болмады. Өйткені
журналистердің
мамандығы
солай.
Жалпақ жұрттың қамы үшін өзі отқа түсіп
жатса да күйдім деп күңкілдемейтін, жан
дым деп жалынбайтын арлы мамандық
иесі.
20-307
АСТАНА ТҰСАУКЕСЕРІ Журналистік жолым осылайша өрілгендіктен бе, Астана қаласының әкімінің баспасөз хатшысы болып қызмет ету маған қиындықтар туғыза қоймаған сияқты. Айдай әлемнің атышулы ақпарат құралдарына Астананы жақсылап та ныстырып алғаннан кейінгі кезек күттірмейтін шаруаның ең бастысы 10 маусым күніне
жоспарланған
Ақмола
қаласының
Халықаралық
тұсаукесер
тойы еді. Бірақ оған дейін де біршама
жұмыстарды қоса-қабат атқарып отыруға
тура келді. Мәселен, астаналық қос ба
сылым: «Ақмола ақшамы» мен «Вечерняя
Акмола» газеттерінің тұсаукесері, Ақмола
қаласының аты Астана болып ауысып,
онда Алматы және Сарыарқа ауданда
ры құрылды, және де Астана қаласының
төлтаңбасы таңдалды. Ал ең үлкен тойға
таянған сайын, атқарылуы тиіс шара
ларда толас болған жоқ. Халықаралық баспасөз орталығы бір күн босаған емес. Тіпті маусым айының бесі күндері бір күнде 5 баспасөз мәслихатын өткізуге дейін бардық. Қала қарбалас тірліктің құшағында қалды. Күн-түн демей жүргізілген жұмыстар жаман нәтиже берген жоқ. Сырттан сөз қылғандардың аузына құм құйылып, маусым айының 10-ы күні жас қала Астаналық мәртебені қабылдауға толық күйінде даяр еді. Ұзақ күткен ұлы сәт сағатын соқты, төрткүл әлем Қазақстанның жаңа да жас аста насына қызыға да қызғана көз тікті. Иә, бұл Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың асқан көрегенділігі арқасында қол жеткізген жеңісіміз болатын. Сол түні Елбасымыз Астана көгінде ұшып жүрген ғарышкеріміз Талған Мұсабаевпен тілдесіп, «Алладан астанамыздың амандығын тіле!» деп аманат етті. Қайран Жер ана, көкірегі жіпсіп, қазақтың қос ұлы сыздықтана салған әнге құлақ түрді. Алыс-жақын шет елдерден келген
қонақтар қаншама... Таңды таңға ұрған
той болды. Астананың дабыры алыстар
да жатқан ауыл түгілі, көзкөрместегі
аралдарға шейін жетіп жатты. Бейбітші-
лік шарлары мен көгершіндері де Аста
надан қанат қағып, әрбір елді мекенге
қонақтаған болар. Дос сүйінді, дұшпан
күйінді. Сөйтіп, дархан қазақ даласы
тағы бір мәрте өзінің жасампаздығын
күллі әлемге паш етіп үлгерді. Дәл сол
күндердегі
журналист
қауымының
ерен еңбегін атап өтуге тұрарлық. Біз
жасақтаған
баспасөз
орталығынан
әлемнің түкпір-түкпіріне той туралы
ақпараттар ағылып жатты. Ендігі міндет
тіптен ұлғайғандай. Өйткені біз рес
ми түрде тұсауы кесілген Астана-ның
Халықаралық баспасөз орталығы бо
лып саналып отырмыз. Біздің іскерлік
мәдени байланыстарымыз барған сайын
молайып, тәжірибе алмасуға да тың жол
дар түсе бастады.
СҰХБАТТАР
БҰЛ – НАҒЫЗ ЕРЛІК Дүние мүлкін, астындағы көлігін ломбардқа өткізіп, Ұлы Даланың тұлпары Құлагерге ескерткіш салған ұлтымыздың біртуар Азаматы Сәдібек Түгелмен сұхбат. – Сәдібек аға, Құлагер ескерткішін салу жұмыстары аяқталды деп естідім. Алдымен Сізді құттықтаймын! Өйткені Сіз идея авторы әрі негізгі ұйымдастырушысыз ғой. – Рахмет. Бұл маңызды оқиғамен мені ғана емес, Құлагерге ескерткіш салуға арналған республикалық акцияға бел сене қатысқан барлық азаматтарды да құттықтауымыз керек. Өйткені біз бастаған бастама бүкілхалықтық сипат алды. Үкіметтен, бюджеттен көк тиын алмай ескерткішті орнаттық. Құрылыстың маңыздылығы да осында. Ол
«Астана – Көкшетау» тас жолының бойына орналасқан. Монумент аз уақыт ішінде ерсілі-қарсылы ағылып жатқан жолаушылардың қызықтап көретін, та машалайтын орнына айналып үлгерді. Ат мүсінінің ұзындығы 8,5, биіктігі – 5 метр, салмағы – 5,5 тонна, монументтің жалпы ұзындығы – 11 метр. Осымен біз ескерткіш салудың бірінші кезеңін аяқтап отырмыз. – Ескерткіш салудағы мақсат не? – Біріншіден: зұлымдыққа тойтарыс беру, ізгілікті баянды ету, жер бетінде әділдік бар екенін паш ету; екіншіден; ұлттық құндылықтарды ұлықтау, оны ел игілігіне жарату; үшіншіден: бүкіл әлем алдында азаматтың сенімді серігі, қанаты, досы қазақ жылқысы – Қазанаттың мықтылығын, жүйріктігін, төзімділігін баянды ету; төртіншіден: бауырын кеңге жазып құйылтып бара жатқан аты аңызға айналған Құлагер тұлпар дүние жүзіндегі озық мемлекеттердің бірі, туған еліміз Қазақстанды бейнелейді.
– Ескерткішті қанша мерзімде салдыңыздар? – Тура бір жылда салдық. Өткен 2008 жылдың 10 қарашасы күні «Құлагер ізімен» атты экспедиция ұйымдастырдық. 2009 жылдың 27 қарашасы күні «Ұлы Даламыздың аты аңызға айналған тұлпары Құлагерге ескерткіш орнату» атты республикалық акция өз жұмысын бастады. 2009 жылдың 7 қаңтарында дөңгелек үстел басындағы кездесуді ұйымдастырып, ақсақалдардан бата алдық, 2008 жылдың 20 ақпанында Мемлекеттік комиссия ат мүсінінің эскизін бекітті. – Ескерткіш қашан ашылады? – Дәл қазір ат бәйгесін өткізуге ауа райы қолайлы емес. Қар жауып, күн суытып кетті. Өзіңіз айтыңызшы, қалай, Құлагер ескерткіші бәйгесіз, ат жарысысыз ашы лады. Ақылдаса келе, ескерткіштің сал танатты ашылуын 2010 жылдың мамыр, маусым айына қалдырдық. – Жаңа бір сөзіңізде, бұл Құлагерге ескерткіш тұрғызудың бірінші кезеңі дедіңіз. Екінші кезеңі де бар ма?
– Бар. Екінші де, үшінші де, төртінші де кезеңі алда. Екінші кезеңі деп отырғаным – Құлагерге, жалпы Ұлы Далаға арнап мұражай салу, үшінші кезең – «Құлагер» ат атшабарын салып, «Құлагер-Аламан» бәйгесін өткізу, төртінші кезең – Құлагер ескерткіші арқылы, Ақан ағамыз арқылы, Ұлы Дала өнегесі арқылы жастарды, ба лаларды, ұрпақты ерлікке, батырлыққа, отансүйгіштікке тәрбиелеу болып та былады. Мен сенемін, түбінде бұл жер ұлттық тәрбие Ордасына айналады. – Ескерткіш салу идеясы қалай туындады? – Құлагерге ескерткіш салу Алланың қолдауымен, жігіттік намыстан шықты. «Мен бастамасам, кім істейді» деген шешімнен басталды. Ол туралы көп айты лып, көп жазылды. Бір сөзбен айтқанда, мың жылда бір рет туатын Ұлы Тұлпарға ескерткіш орнатамын деп нартәуекелге бел будым. Жиған-тергенімді аямай сал дым және жолдастарым, достарым, ұлт-
тық құндылықтары бағалайтын алтын
азаматтар қол ұшын берді. Солардың
ішінен бөле-жара айтарым – Ақмола
облысының әкімі Рау Альберт Павло
вич. Ол кісі – нағыз патриот, Ұлы Дала
мәдениетін қастерлейтін адам. Оған бар-
лығымыздың атымыздан алғыс айтамын.
Ал мүсіннің авторы – Сұлтан Иляев деген
шымкенттік азамат.
– Сәдібек аға, дәл осындай фана
тизм неге керек? Сіз басыңызды бәй-
геге тіктіңіз. Құлагерге ескерткіш ор
натамын деп, барлық дүние-мүлік-
теріңізден бір күнде айырылып қала
жаздадыңыз! Егер айырылып қалса-
ңыз, ел күлмес пе еді?!
– Жоқ. Қайта қолдар еді. Оған мен
толық сенемін. Өйткені өз ұлтын қас-
терлейтін азаматтар, ағайындар бар.
Олар тұрғанда қазақ ұлты жоғалмайды.
Сондықтан мен халқыма сендім, өз
күшіме сендім, сөйтіп, осы айтулы ес-
керткішті салдым.
– «Біткен істің міні жоқ, бітірген
ердің кемі жоқ» деген халық мәтелі
бар. Сіз нағыз ерсіз. Көптің ішінен суы-
рылып алға шығып, көзсіз ерлікпен
аз уақытта әдемі ескерткіш орнатты-
ңыз. Құтты болсын! Бұл сөзіме барлық
оқырмандар қосылады.
Аягүл СӘДУАҚАС
«ТӨРТЕУ ТҮГЕЛ БОЛСА,
ТӨБЕДЕГІ КЕЛЕДІ»
Жаңа елордамыз – Астана қаласы-
ның тұңғыш баспасөз хатшысы, жазушы,
атбегі Сәдібек Түгелмен Астананың
12 жылдығына орай сұхбат
– Сәке, Сіз Елбасымен Н.Ә. Назар-
баевтың өзі таңдап, негізін салған
Астанаға алғашқы келушілердің бірі-
сіз. Жаңа Елордаға қалай келдіңіз?
– Астанаға жүрегімнің қалауы, ел Пре-
зиденті Н.Ә. Назарбаевтың бастамасын
қолдағандықтан келдім. 1997 жылдың
желтоқсан айының 25-інде Алматыға үйге
Аяған Сандыбай телефон шалды. Айе-
кең сол кезде Президент Әкімшілігінің
баспасөз саласындағы сектор меңгеру-
шісі болатын.
– Сәдібек, басшылардан шұғыл тап
сырма алып отырмын. Жаңа Астанаға
жаңа баспасөз хатшысы қажет. Тез
арада 10 адамның резюмесін дайында
уым керек. Бұл қызметке байқау болады
екен. Тоғыз кісінікі табылып тұр. Қалған
біреуді таба алмай басым қатып тұр. Сен
мені құтқар. 10 үміткер ретінде сенің
резюмеңді беремін. Әйтпесе Алматыға
Жаңа жылға бара алмай қалуым мүмкін.
Пойызға билет алып қойғам. Келістік пе?
– Иә, келістік, – деп мен жауап қаттым.
Бұл әңгіме жаңа жылдың алдында,
жаңа айттым ғой, 25-інде болған. Тура
жиырма күннен кейін, жаңа 1998 жыл-
дың 15 қаңтарында Аяған тағы телефон
соқты.
– Сәдібек, мына қызықты айтайын.
Жолың болайын деп тұр ғой деймін. Мен
даярлап, ұсынған 10 адамның ішінен тек
сенің кандидатураң ғана екінші турға
өтіпті. Қала әкімшілігі өздері дайындаған
11 журналистің төртеуінің құжаттарын
мақұлдап отыр. Сонымен, 20 қаңтарда
5 үміткердің құжаттары қаралады. Оның
ішінде сен барсың.
Он шақты күннен кейін Айеке тағы телефон шалды. – Сәдібек, айттым ғой жолың болады деп. 5 үміткердің ішінен сенің өмірбаяның Әдекеңе (Әділбек Жақсыбеков) ұнапты. Саған келсін деп жатыр. Тез жет. Сосын Ақмолаға келіп, жаңа Астананың баспасөз қызметінің жетекшісі бо лып жұмысқа кірістім. – Жұмысты неден бастадыңыз? – Алдымен мән-жайды зерттедім. Тал дау жүргіздім. Содан барып, Астана қаласы әкімшілігінің барлық бұ-қаралық ақпарат құралдарымен жұмыс жүргізуінің стратегиясы мен тактикасын дайындап, басшылыққа ұсыныс енгіздім. Барлық ұсыныстарым бірауыздан қабылданып, іске белсене кірістім. Қысқа уақытта сан алуан жұмыстар атқарылды. – Олар қандай жұмыстар еді? – Сұрағыңыз дұрыс. Ең бастысы, жур налистермен жұмыс істейтін, солардың басын қосатын қалалық баспасөз клу бын құрдық. Астана қаласы әкімінің
орынбасары Төлеген Мұхамеджановты клубтың құрметті президенті етіп сайладық Айта кету керек, Ел астана сы үшін бұл құрылымның шешімі аз дау болды. Сондықтан біз көп ойланып, жаңа журналистік үлкен ұйым құруды ұйғардық 1998 жылдың 4 сәуірі күні Аста на қаласында халықаралық баспасөз орталығы құрылды. Мен оның басшысы болып тағайындалдым. Астана құрылысының бет алысын көрсету мақсатында әлем ақпарат ал пауыттарын шақырдық. Әкім Әділбек Жақсыбеков – 1998 жылдың 3 сәуірінде үлкен баспасөз мәслихатын өткізді. Жаңа Астана туралы хабар бүкіл әлемге таралды. Сондықтан мен Астана күнін жыл байында 4 мәрте тойлаймын. Алды мен 10 желтоқсанда, 4 сәуірде, 10 мау сымда және 6 шілдеде. Мен жұмыс істеген тұста Халықаралық баспасөз орталығы мыңнан астам баспасөз мәслихаттарын, брифингтер, кездесулер өткізді. Жур
налистер ұнататын баспасөз турларын өткіздік. Қазірде Астанаға арналған жұмысты доғарып қойған жоқпын. Қайта түрлендіре түсудемін. Елордамызға арналған мына кітаптарды жазып, жарыққа шығардым: «Көк күмбезді Астана» – 2004 ж. «Астана – город солнечной мечты» – 2004 г. «Астана – триумф независимости стран» – 2007 г. «Астана – таңғажайып қала» м 2008 ж. «Астана – сердце страны» – 2009 ж. «Астана қаһармандары» – 2009 ж. «Первопроходцы Астаны» – 2010 ж. «Астана хикаялары» – 2010 ж. Оның үстіне «Тұңғыш» атты спектакльді де жазып қойдым. Ол бір рет сахналанды. 21-307
АСТАНА ЖАНЫНДА «ҚҰЛАГЕР – ҚАЗАНАТ» АТТЫ ТЕҢДЕССІЗ МҰРАЖАЙ ТҰРҒЫЗЫЛМАҚ АСТАНА. BAQ.KZ – Астана – Көкшетау күре жолының бойындағы Құлагер ескерткіші жанынан «Құлагер – Қазанат» атты үлкен мұражай салына ды. Бұл туралы бүгін Астанада өткен дөңгелек үстел мәжілісінде «Ұлы дала қырандары» республикалық қозғалысының тең төрағасы Сәдібек Түгел мәлімдеді. Сәдібек Түгелдің мәлімдеуінше, бұған дейін ұлттық құндылықтарды на сихаттау, дәріптеу, қолдау шараларымен айналысып келген «Ұлы дала қырандары» биылғы жылдың басында республикалық қоғамдық бірлестік ретінде мемлекеттік тіркеуден өтіпті. Осы бірлестік алдағы уақытта «Ұлы Дала –
Ұлттық Рух» жалпыұлттық акциясының аясында қазақтың мәдениеті мен тари хын, дәстүрін, басқа да ұлттық-рухани жәдігерлерін насихаттайтын, әлемге танытатын шараларды қолға алмақшы. Соның бірі – дала даңқын дәріптейтін «Құлагер – Қазанат» атты мұражай салу. – Мұражайдың эскизі дайын. Елімізде бұндай мұражай жоқ. Онда халқымыздың ықылым заманнан бергі та рихына, мәдениетіне қатысты дүниелер қойылады. Даланың, қазақтың ұлылығын паш ететін нәрсенің барлығы сол жерден табылады деп жоспарлап отыр мыз. Бұл бастамамызды Үкімет басшысы да қолдап отыр. Сәтін салса, көп кешікпей іске кіріспек ойымыз бар, – дейді С. Түгел. Қозғалыс жетекшісінің айтуынша, мұражай Астанадан Көкшетауға барар күре жолдың бойындағы «Құлагер» ескерткішінің жанында салы нады. Киіз үйге ұқсас етіп жасалатын мұражайдың төбесінде ел мен жерді ақ найзаның ұшы, ақ білектің күшімен
қорғаған 7 қолбасшының, сәл төменірек
4 батырдың атқа мінген мүсіні болады.
Бұл мәдени ошақ қазақтың арғы-бергі
тарихын келешек ұрпаққа һәм әлемге та
нытатын бірден-бір орын болмақшы.
Қамбар АХМЕТОВ,
5 сәуір, 2012 жыл
ҚАЗАҚСТАНДА АТ СПОРТЫ БОЙЫНША ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖАРЫС ӨТЕДІ АСТАНА. BAQ.KZ – Маусым айында 20-дан астам елдің өкілдері Қазақстанда ат спортының түрлері бойынша сайысқа түседі. Бұл туралы бүгін «Ұлы Дала Қырандары» республикалық қозғалысының тең төрағасы Сәдібек Түгел хабарлады. Қозғалыстың дөңгелек үстел мәжілісінде мәлім болғанындай, маусымның 20-26-сы күндері елімізде «Ұлы Дала ойындары – Балқаш 2012» атты халықаралық фестиваль өтпекші. Тұңғыш рет өткізілгелі отырған бұл шарада ұлттық спорттың 22 түрі бойынша сайыс ұйымдастырылады. Оған 20 шақты елдің өкілдері келіп қатысады. – Фестиваль «Балқаш-Нұрсая» туристік орталығында өтеді. Қазір арнайы көкпар
алаңы салынуда. Ол жерде 50 киіз үй
тігілген, – дейді С. Түгел.
Аталған қозғалыс бұдан бөлек тағы
бірнеше жобаны қолға алып жатқан
көрінеді.
Атап
айтқанда,
қырандар
Астанаға жақын жерде Даланың ұлы-
лығын паш ететін ерекше мұражай са
луды
және
бабалар
дәстүрін
қайта
жаңғыртатын ерекше бәйге өткізуді жос-
парлап отыр.
Қамбар АХМЕТОВ,
5 сәуір, 2012 жыл
БАСПАСӨЗ
ШЕЖІРЕСІ
ТӘЙ-ТӘЙ БАСҚАН ЖАҢА АСТАНА
БАСПАСӨЗІНІҢ ШЕЖІРЕСІ
«Бірде-бір күнге өз мақсатыңнан
таймау – аса сенімді тәсіл».
Георг ЛИХТЕНБЕРГ
(Бұл шежіре астана журналистерінің
қатысуымен жазылған)
1998 жыл
16 ақпан күнгі жаңа астана жур-
налистерінің ашық жиналысында, көп
ұзамай Астана қаласының Халықаралық
баспасөз орталығына айналатын қалалық
баспасөз клубы құрылды.
Бірінші ұйымдастырушылық отырыс-
та қала әкімінің орынбасары Төлеген
Мұхамеджанов клубтың күнделікті іс-
әрекетін
басқаруды
Астана
әкімінің
баспасөз хатшысы Сәдібек Түгелге жүк-
теді. Қалалық баспасөз клубы кеңесінің
мүшелері қатарына астананың белгілі
журналистері В. Коченов, Д. Байымбет,
Б. Ілиясова, М. Гольдберг, Н. Оразов, Ж. Ауп
баев, В. Гундарев, В. Бойко, Ж. Абдыхалық,
Е. Мягкова, К. Хамидуллин, О. Вольская,
Л. Черезова, Т. Құлиясов, Ж. Саухат, М. Тоқ-
тағазин, Г. Мұхаметжанова, Б. Ережепов,
Е. Ақмұрзин, К. Тоқсанбай, М. Садық,
Н. Самсонова, В. Ковалев, С. Нестеренко,
Г. Нестеренко, А. Смайылов, М. Садыхан,
К. Жұмағұлов, А. Шураев, Л. Пискорская,
Г. Джалетдинова, Ж. Қожахметова, Е. Ма
хамбетов, К. Шаймерденов, Б. Секербаева,
В. Шапров, Л. Леева, А. Тришечкин, Ж. Сер
далина, А. Сейтақ, Г. Балтабай, Э. Раева,
А. Кәкен, Д. Нұрсапарова, М. Пархомен
ко, Т. Батырхан, А. Қияс, Р. Жұмабаев,
С. Рахымбеков, О. Балмұрат, Т. Мұхамбет-
жанова, Г. Баронова және т. б. кірді.
БАҚ қызметкерлері танымал тұлға-
лармен, министрліктер және мекемелер
басшыларымен, ғылым, әдебиет, өнер,
спорт
қайраткерлерімен
жүздесулер
ұйымдастыру, сондай-ақ астанамыз бен
еліміздегі соңғы оқиғалар, тың жаңа-
лықтар туралы мағлұмат алу және тарату
мақсатында баспасөз клубында апта са-
йын кездесуге уәделесті.
Жүргізілген жұмыстың алғашқы екі
айында қалалық баспасөз клубы 11 бас-
пасөз
конференциясын,
брифинг,
баспасөз клубы кеңесінің 9 мәжілісін, қо-
ғамдық тәртіпті қорғау бойынша 4 рейд,
жаңа нысандарға 8 сапар ұйымдастыр-
ды. Атақты өнер қайраткерлері Влади
мир Васильев, Екатерина Максимова, Ва
силий Лановой, Вадим Абдрашитовпен
және министрлер, әкімдермен баспасөз
конференциялары ұйымдастырылды.
18 ақпанда Ақмола қаласы әкімінің
бірінші орынбасары Фарид Ғабибрах-
манұлы Ғалымовпен баспасөз конферен
циясы өтті. Ол журналистерге астана-
ның даму жоспарлары туралы, жаңа ны
сандар құрылысының барысы туралы
ақпарат берді.
Сұрақтар көп қойылды. Баспасөз кон-
ференциясына Ф.Г. Ғалымовпен бірге
сәулет департаменті, жобалау институ
ты басшылары және ірі құрылыс ком-
панияларының директорлары қатысты.
23 ақпанда бұқаралық ақпарат құ-
ралдарының
өкілдері
Ақмола
қаласы
әкімінің
орынбасары
Н.Н.
Тихонюк
пен кездесті, ол әлеуметтік-тұрмыстық
мәселелер мен қаланы көркейтуге байла
нысты сұрақтарға жауап берді.
2 наурызда қалалық баспасөз клубын
да Кеңес Одағының халық әртістері,
мәскеулік Владимир Васильев пен Екате
рина Максимова болды.
4 наурызда оң жолға қою барысындағы
іс-шаралар Ақмола қаласының халықты
әлеуметтік қорғау басқармасының бас
шысы Айгүл Сағадатқызы Демеуова
мен баспасөз конференциясы өткізілді.
Ол журналистерге астана тұрғындарын
зейнетақымен қамтамасыз ету туралы
әңгімеледі.
10 наурызда әкімнің баспасөз қыз-
метінің және қалалық баспасөз клубы-
ның бастамасымен журналистер Ресей-
дің танымал әртістері Лановой Василий
Семеновичпен және Чурсина Людмила
Алексеевнамен кездесті.
11 наурызда Ақмола қаласы әкімінің
баспасөз
қызметі
қалалық
баспасөз
клубы
кеңесімен
бірлесіп,
Қазақстан
Республикасының астанасы туралы үз-
дік журналистік жұмыстарға арналған
Ақмола қаласы әкімінің сыйлығы тура
лы және 1998 жылдың үздік журналистік
жұмыстар байқауы туралы Ережелерді
әзірледі.
14 наурызда қалалық баспасөз клу
бы құқық қорғау органдарымен бірге
қоғамдық
тәртіпті
сақтау
сұрақтары
бойынша рейдтер жүргізді. Рейдтердің
нәтижелері бойынша журналистермен
брифинг жүргізілді.
2-3 сәуір аралығында баспасөз клу
бы қаладағы қарқынды құрылыстың ба
рысымен шетел ақпарат құралдарының
өкілдерін таныстыру мақсатында ше тел журналистерінің үлкен тобының жаңа астанаға келуін ұйымдастырды. Сол уақытта бұл батыл бастама болды. Іс-шараның ұйымдастырушылары осын дай қиын іске кірісіп, тәуекелге бел буды. Астанаға ат басын бұрған 60 ақпарат агенттігінің арасында «Рейтер», «Си-ЭнЭн», «Би-Би-Си», «Ассошиэйтед-пресс», «Франс-пресс», «Синьхуа», «ИТАР-ТАСС», ОРТ, РТР, «Мир», «Известия», «Российская газета», «Комсомольская правда», «Неза висимая газета», «Деловые люди», «Интер факс», «Заман Қазақстан», «Радио Свобо да» және тағы басқа бұқаралық ақпарат құралдарының жетекші журналистері болды. Олар қаланың назар аударарлық орындарымен танысты. «Егемен Қазақстан», «Казахстанская правда», «Панора ма», «Деловая неделя» газеттерінің журналистері бұл іс-шараларға белсенді түрде қатысты. Бұл күндері «Жас Алаш» газеті жаңа астанада өзінің корпунктін ашты. Тәуелсіз Қазақстанның жас астана
сы жайлы материалдарға «Экспресс-К», «Айғақ», «Түркістан» газеттері жеке нөмір арнады. «Хабар» агенттігі Московская көшесінің ғимаратында қоныстойын тойлады. Бұл маңызды іс-шараны «КТК», «31 канал», «Қазақстан» телеарналары кеңінен баяндады. 3 сәуірде Оқушылар сарайында Ақмола қаласының әкімі Ә.Р. Жақсыбеков астанадағы бірінші ірі баспасөз кон ференциясын өткізді, оған әр түрлі бұқаралық ақпарат құралдарынан 255 жур налист қатысты. Конференция барысын да журналистер тарапынан қойылған сан алуан сұрақтарға нақты жауап беріліп, өте қызықты әңгімелесу өтті. Бұл іс-шара астаналық баспасөз тарихында маңызды оқиғалардың бірі ретінде қалды. 4 сәуір – қалалық баспасөз клубының өмірінде ерекше мәні бар күн. Бұл күні әлемнің, ТМД-ның және өз республикамыздың жетекші БАҚ-тарының қатысуымен клуб кеңесінің кеңейтілген мәжілісі өтті. Бұл форумның қатысу-
шылары ақпараттық нарықтың екпінді өсуін, барлық аспектілердегі астаналық өмірдің белсенді рөлін ескеріп, астаналық және шетелдік баспасөз қызметкерлеріне арнап жаңа меке ме ұйымдастыруды жөн деп шешті. Ол Ақмола қаласының Халықаралық баспасөз орталығы деп аталды. Оның құрметті Президенті ретінде Төлеген Мұхамеджанов, ал атқарушы директо ры және Халықаралық баспасөз орталығының тікелей басшысы болып жур налист Сәдібек Түгел тағайындалды. Көптеген қызықты бастамалардың та рихы осы 1998 жылғы 4 сәуірден бастау алды. Бұл күннен бастап Халықаралық баспасөз орталығы астананың барлық журналистерінің кездесу мен қарымқатынасының ордасына айналды. Бұнда күн сайын қала мен қалалық ұйымдардың, министрліктер және ведомстволар бас шыларымен және қауым өкілдерімен
кездесулер өткізілді. Баспасөз конфе ренциялары мен брифингтердің тақырыптары алуан түрлі болды, бірақ солардың ішінде ең бастысы жаңа астананың құрылысы еді. 5 сәуірде Халықаралық баспасөз орталығы Кеңесінің мәжілісінде Кеңес мүшелері жылы маусымда Қазақстан Республикасының жаңа астанасының ресми халықаралық тұсаукесерін лайықты қарсы алу туралы баспасөз қызметінің ұсыныстары мен жоспарларын мақұлдады. 5 сәуірде қала әкімшілігінің аппараттық отырысында жаңа астананың бірінші әкімі Әділбек Жақсыбеков қаланың Халықаралық баспасөз орталығын құруды жоғары қуаттаумен қарсы алды және жаңа басталған жұмысқа барынша қолдау көрсетуге уәде берді. Бұл күні әкім, сондай-ақ 1998 жылы 10 маусымда «Астана ақшамы» мен «Вечерняя Астана» қалалық газеттерінің 22-307
және Журналистер аллеясының тұсаукесерін өткізу туралы баспасөз қызметінің бастамасын қолдады. 6 сәуірде қала әкімі Әділбек Рыскелдіұлы Жақсыбековтің атына Ұлттық баспасөз клубының Президенті Сейітқазы Матаевтың алғыс хаты келді. Онда ол 2-4 сәуір аралығында жаңа астанаға әлем мен республика ақпарат агенттіктерінің жетекші журналистерінің келу бағдарламасын жоғары деңгейде ұйымдастырған баспасөз қызметіне, оның басшысы Сәдібек Түгелге өз алғысын білдірді. 10 сәуірде оқушылар сарайында «Аста на ақшамы» мен «Вечерняя Астана» газеттерінің тұсаукесері өткізілді. Мере кеде Астана қаласының әкімі Әділбек Жақсыбеков құттықтау сөз сөйледі. Астаналық газеттердің тұсаукесер тойына қаланың барлық бұқаралық ақпарат құралдары мен қала жұртшылығы қатысты. Әкім газеттерге «ВАЗ-3110» екі қызметтік автокөлігін табыс етті.
Газеттердің бас редакторлары В. Коче нов және Ж. Саухат әкімге және барлық демеушілерге өз алғысын білдірді. Осы мейрам бағдарламасы сценарийінің ав торы, жүргізушісі қаланың Халықаралық баспасөз орталығының баспасөз хатшысы Сәдібек Түгел болды. сәуірде Халықаралық баспасөз орталығының бастамасымен Ақмола қаласының БАҚ қызметкерлері Жур налистер аллеясының негізін салды. Журналистер аллеясының салынуы шаһардың белсенді көгалдануының басы болды. Журналистер аллеясы бұрынғы «Октябрь» кинотеатры мен № 1 емхананың ортасында, Қ. Қуанышбаев атындағы музыкалық драма театры на қарама-қарсы орналасқан. Қала әкімінің баспасөз қызметінде тіркелген барлық БАҚ бас редакторлары мен журналистері ағаш отырғызды. Журна листер аллеясының негізін салған соң «Зеленстрой» мен «Горкомхоз» басшы ларымен брифинг жүргізілді. Олар қала-
ны көгалдандырудағы журналистердің ынталылығына алғыс айтты. 17 сәуірде жалпықалалық сенбіліктің журналистерге арналған баспасөз кон ференциясын танымал биолог, биология ғылымдарының кандидаты В. Бобровни ков пен қала әкімдігінің коммуналдық бөлімінің меңгерушісі В. Меркушев өткізді. 22 сәуірде журналистер үшін баспасөз конференциясын қалалық ішкі істер басқармасының басшысы Кан Виктор Петрович пен оның орынбасары, елдің үздік құқық қорғау қызметкері Серімжан Төлеуұлы Досымов жүргізді. Олар қылмысқа және құқық бұзушылыққа қарсы күрестің жағдайы туралы әңгімеледі. 23 сәуірде баспасөз қызметі «Қазақстан» телеарнасында астананы көркейту, құрылыс жұмыстары мен астананың Халықаралық тұсаукесерін өткізуге арналған сұрақтар бойынша Ақмола қаласының әкімі Ә. Жақсыбековпен тіке-
лей эфирде жүздесуді ұйымдастырды.
Бұл шара қала тұрғындарының қызы-
ғушылығын тудырды. Тікелей эфир ба
рысында көрермендерден 57 сұрақ түсті,
барлық сұрақтарға жауаптар берілді.
27 сәуірде Мәдениет, білім беру мен
денсаулық сақтауды қолдау қорының
президенті Г. Қасымова мен Акмола қа-
ласы әкімінің баспасөз хатшысы Сәдібек
Түгел «Вечерняя Астана» газетінің бас ре
дакторы В.Г. Коченовқа жаңа компьютер
табыс етті.
28 сәуірде Халықаралық баспасөз
орталығында Т. Мұхамеджановтың бас-
шылығымен мемлекеттің жаңа астана
сы ретінде Ақмоланың халықаралық
тұсаукесерін өткізуге арналған режис-
серлік қойылым тобының мүшелері-
мен кездесу өтті. Топтың құрамында
Б. Қайырбеков, С. Михлин, М. Тілеубаев,
Т. Сүлейменов және басқалары болды.
Олар журналистерді «Ақмола – менің
астанам» театрлық қойылымның сцена-
рийімен және жоспарымен таныстырды.
29 сәуірде Халықаралық баспасөз орталығында белгілі кинорежиссер Ва дим Абдрашитовпен кездесу өтті. Ол «Время танцора» атты өз фильмі туралы әңгімеледі. 30 сәуірде белгілі скрипкашы, Қазақстанның халық әртісі Айман Мұсаходжаевамен баспасөз конференциясы өткізілді. Тұтастай алғанда, 1998 жылы 15 сәуірден 15 мамырға дейін әкімнің баспасөз қызметі Айман Мұсаходжаеваның шығармашылық іс-әрекеті ту ралы 15 мақала жариялады. мамырға Халықаралық баспасөз орталығы құрылған 1 ай ішінде жаңа астананың кәсіпорындарында, фир маларында, ұйымдарында кездесу ұйымдастырылған. Сондай-ақ мәдениет, спорт және айтулы саясат қайраткерлерімен бірнеше қызықты кездесулер ұйымдастырылды. 5 мамырда журналистер КСРО халық әртісі Роза Жамановамен кездесті.
Бұл күні Рәсімдер үйінде «АзаматТаймс» газетінің 5 жылдығы тойланды. Оған барлық БАҚ және ұлттық-мәдени орталықтардың өкілдері қатысты. Сонымен қатар нақ сол күні ақмолалықтар республика аймақтарының мәдениет күндерін өткізу шарасы ая сында Қостанай облысынан келген қонақтарды қарсы алды. Халықаралық баспасөз орталығында астаналық БАҚ өкілдерінің қостанайлықтармен кездесуі ұйымдастырылды. мамырда Қазақстанның халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, опера әншісі Әлібек Дінішевпен баспасөз конференциясы өтті. Ол өзінің шығармашылық жолы туралы және Қазақстанның Қарулы Күштері күнімен Жеңіс күніне арналған алдағы қайырымдылық концерті туралы әңгімеледі. 6 мамырда Ақмола қаласының атын Астана деп атау туралы және «Алматы» мен «Сарыарқа» аудандарын құру туралы
Қазақстан Республикасының Президен-
ті Н.Ә. Назарбаевтың Жарлығына байла
нысты Астана қаласының Халықаралық
баспасөз орталығында журналистермен
брифинг өткізілді.
11 мамырда Халықаралық баспасөз
орталығында мәдениет күндерін өткізуге
арналған Қызылорда облысының әкімі
Бердібек Сапарбаевпен баспасөз конфе
ренциясы өтті.
15 мамырда Астана қалалық білім
беру басқармасының басшысы А. Егов
цев оқу жылының аяқталуына және
оқушылардың жазғы демалысын ұйым-
дастыруға арналған баспасөз конферен
циясын өткізді.
17 мамырда Атырау облысының әкімі
Р. Шырдабаев Халықаралық баспасөз
орталығында астанаық БАҚ өкілдерімен
кездесті және Астана қаласында облыс-
тың мәдениет күндерін өткізу туралы
әңгімеледі.
20 мамырда Астана қаласында Қара-
ғанды облысының мәдениет күндерін
өткізуге орай Қарағанды облысының
әкімі М. Есенбаевпен баспасөз конфе
ренциясы өткізілді. Ол журналистердің
көптеген сұрақтарына жауап берді.
23 мамырда Астана қаласының Ха-
лықаралық баспасөз орталығында Шы-
ғыс Қазақстан облысының әкімі Метте
Виталий Леонидовичтің баспасөз кон-
ференциясы өтті.
27 мамырда Астана қаласында Маң-
ғыстау облысының мәдениет күндерін
өткізуге орай Маңғыстау облысының
әкімі С. Акуевпен баспасөз конференция
сы болды.
29 мамырда астаналық баспасөз қыз-
меті Астана қаласының әкімі Әділбек
Жақсыбековпен жаңа астананың халық-
аралық тұсаукесерін дайындау мен өткі-
зу сұрақтары бойынша «Қазақстан-1»
телеарнасында тікелей эфирде жүздесу
ұйымдастырды.
30 мамырда Астана қаласының Ха-
лықаралық
баспасөз
орталығында
каратэ
федерациясының
атқарушы
директоры Қайыртай Сарманов пен Жапониядан келген каратэ-кекушин кай халықаралық федерациясының президенті Сампей Кейджидің қатысуымен баспасөз конференциясы ұйымдастырылды. Халықаралық баспасөз орталығының тұсауы кесілген 4 сәуірден 1 маусымға дейін 35 баспасөз конференциясы мен брифингтер, аталмыш баспасөз орталығы кеңесінің 12 мәжілісі, құқық қорғау органдарымен бірге 17 рейд, 3 дөңгелек үстел өткізілді. Жетекші журналистердің пікірінше, Астана қаласының Халықаралық баспасөз орталығы қысқа уақыт аралығында МАСС-МЕДИА-да жоғары сенім мен танымалдыққа ие болды, журналистердің кездесу орнына айнал ды. Халықаралық баспасөз орталығының жұмысы Астана қаласында ғана емес, со нымен қатар республикада және шетелде белгілі болды. 5 маусым – Астана қаласы Халықаралық баспасөз орталығының өміріндегі
тарихи күн. Бұл күні Халықаралық баспасөз орталығы 5 баспасөз конферен циясын ұйымдастырды, солардың бірі әкім Әділбек Жақсыбековпен және көлік министрі Еркін Қалиевтің қатысуымен түнгі сағат 01.15-те өткізілді. 8 маусымда Халықаралық баспасөз орталығында Алматы қаласының әкімі В.В. Храпуновпен баспасөз конференциясы өтті. Баспасөз конференциясының жұмысына белгілі киноактер Асанәлі Әшімов пен Алматыдан келген мәдениет пен өнердің басқа да көптеген қайраткерлері қатысты. 9 маусымда Қазақстан Республикасының жаңа астанасы – Астана қаласының халықаралық тұсаукесер тойын жариялау мақсатында ірі шетелдік және отандық ақпарат агенттіктері, газетжурналдар мен теле-радиокомпаниялар шақырылды. Бұл күндері Астана қаласына 480-нен астам журналис келді. Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің
басшысы А. Есімовтің шешімі бойынша Қазақстан Республикасының жаңа аста насы – Астана қаласының халықаралық тұсаукесер тойының бірегей баспасөз орталығы құрылды. Баспасөз орталығының басшысы бо лып Президент баспасөз қызметінің басшысы Лев Юрьевич Тараков, оның бірінші орынбасары және штаб басшысы болып Астана қаласы әкімінің баспасөз хатшысы Сәдібек Түгел тағайындалды. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Астана қаласының халықаралық тұсаукесер тойына арналған, шетелдік және отандық журна листер қатысқан баспасөз конференция сы ұйымдастырылды. 10 маусымда тұсаукесер тойы баспасөз орталығының және Халықаралық баспасөз орталығының басшылығымен барлық БАҚ журналистері Астана тұсаукесері тойының барлық іс-шараларына белсене қатысты. Халықаралық тұсаукесер тойын жариялау сәтті өтті.
14 маусымда Астана қаласының Халықаралық баспасөз орталығында №1 емхананың бас дәрігері Гүлжан Насырқызы Анасовамен кездесу өтті. Ол өзі басшылық ететін емхана мен астананың денсаулық сақтау саласы қызметкерлерінің көпқырлы іс-әрекеті туралы әңгімеледі. Журналистер аталмыш емханада дәрігерлермен кездесіп, бұл ұжымның жұмысына ризашылық білдірді. 16 маусымда «Иванушки Интернешнл» тобымен баспасөз конференциясы өткізілді. 18 маусымда Қазақстан Республикасының астанасы – Астана қаласына белгілі скрипкашы, классикалық музы ка маэстросы, «Виртуозы Москвы» ансамблінің көркемдік жетекшісі, әлемге белгілі Владимир Спиваков келді. Ол Астана қаласының Халықаралық баспасөз орталығында журналистердің көптеген сұрақтарына жауап берді. 19 маусымда Астана қаласының Халықаралық баспасөз орталығында
шағынаудандар тұрғындарымен жаңа жұмыс институты «Төре» тобының бас шысы Аймышев Зейнулла баспасөз кон ференциясын өткізді. 20 маусымда «Тассис» тобының өкілдерімен кездесу өтті. 26 маусымда Астана қаласының Халықаралық баспасөз орталығында астана эмблемасының авторымен баспасөз кон ференциясы өтті. 27 маусымда қалалық спорт комитетінің төрағасы Николай Семенович Дрютовпен баспасөз конференциясы өткізілді. 28 маусымда Қазақстан Республика сы Денсаулық сақтау министрлігінің спорттық комитет төрағасы Анатолий Қонжекенұлы Кұлназаровпен баспасөз конференциясы ұйымдастырылды. 29 маусымда Халықаралық баспасөз орталығында «Ноу-Хау» британиялық қор өкілдерімен астаналық журналистердің кездесуі өтті.
«Ноу-Хау» жобаларының, соның ішінде сауықтыру жобаларының директо ры Мартин Тейлор және қордың кеңес берушісі Дорин Мэсси журналистер ге Қазақстандағы балалар мен жастардың адамгершілік-жыныстық тәрбие бағдарламасы туралы айтты. Мемлекеттің үздік баспасөз мекемесі – Астананың баспасөз қызметі 26 маусымда – Журналистер күні қарсаңында Қазақстан Республикасының баспасөз қызметі есепті кезең ішіндегі облыстардың, қалалардың, министрліктер мен ведомстволар басшыларының барлық баспасөз қызметі жұмыстарының нәтижелерін шығарды. Қазақстанның барлық баспасөз қызметтерінің ішінде танымал журналист, саясаткер Сәдібек Түгел басқаратын Астана қаласы баспасөз қызметінің жұмыстары үздік деп мойындалды. Ол республиканың ең озық баспасөз хат шысы болып табылды. Сәдібек Түгел басқаратын баспасөз қызметі қысқа
мерзімде орасан зор жұмыс атқарды.
Соңғы 3 ай аралығында мемлекеттің бас
қаласында тіркелген БАҚ өкілдерінің
саны 5 есе ұлғайды. Жаңа астанадағы
жаңалықтарды «Рейтер», «Ассошиэйтед-
пресс», «Франс-пресс», «Би-БИ-Си», «Си-
Эн-Эн»,
«Синьхуа»,
«Свободная
Евро
па», «ИТАР-ТАСС», «Интерфакс» және т.б.
сияқты әлемнің ірі ақпарат агенттіктері
насихаттады.
Мақсатты жұмыс арқасында қаланың
баспасөз қызметі сан түрлі БАҚ өкіл-
дерімен өзара жақсы түсіністікке жет-
кізді. Қалалық баспасөз қызметі 2004
жылғы 16 ақпаннан бастап 18 брифинг,
45 баспасөз конференциясы, жекелеген
тұлғалармен 23 кездесу, қалалық және
халықаралық баспасөз клубтарының
17 мәжілісі өткізілгендігін айту жеткілік-
ті болады. Олардың қатарында Астана
қаласының әкімі Ә.Р. Жақсыбековпен,
министрлер А.С. Сәрсенбаевпен, К.А. Кор
жовамен, облыс әкімдері және әкімдер-
дің орынбасарлары Б.М. Сапарбаевпен, М. Есенбаевпен, Р. Чердабаевпен, Н.И. Баевпен, В. Никандаровпен, С. Бер геневпен, аты аңызға айналған жоғары өнер иелері Ә. Дінішевпен, В. Васильев пен, Е. Максимовамен, Р. Жамановамен, А. Мұсаходжаевамен, кинорежиссер В. Абдрашитовпен, суретшілер Б. Бапи шевпен, К. Муллашевпен, М. Мансуров пен, «Каратэ-кекушинкай» халықаралық ұйымының президенті Сампей Кейджи мен, «Дарын» мемлекеттік ішекті квар тет мүшелерімен, астананың тұсаукесер тойының көркем-қойылым тобының мүшелері Т. Сүлейменовпен, Б. Қайырбековпен, С. Михлинмен, «Ноу-Хау» Британиялық қор өкілдерімен, әкімнің орынбасарлары Ф. Ғалымовпен, Н. Ти хонюкпен, қаланың әскери комиссары К. Мыңжановпен, еңбек және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы А.С. Де меуовамен, белгілі офтальмолог дәрігер М. Құраловамен және басқалармен баспасөз конференциялары өткізілді. 23-307
Қала әкімі аппараты баспасөз қызметінің
бастамасымен астананың халықаралық
тұсаукесер тойына дайындалу аясын
да астананың қоғамдық-саяси өмірінде
көзге түсерлік оқиғалар болған ірі акция
лар өткізілді:
1. 3-4 сәуірлерде Астанаға «Рейтер»,
«Ассошиэйтед-пресс»,
«Франс
пресс»,
«Би-Би-Си», «Си-Эн-Эн», «Синьхуа», «Сво
бодная Европа» және басқа әлем агент-
тіктерінің
жетекші
журналистерінің
келуі;
1998 жылы 3 сәуірде осы мейман-
дардың және Астана қаласының әкімі
Ә.Р. Жақсыбековтің қатысуымен алғаш-
қы ірі баспасөз конференциясы өткізілуі; 2. «Астана ақшамы» және «Вечерняя
Астана» газеттерінің тұсаукесер тойын
өткізу;
3. 1998 жылы 4 сәуірде Халықаралық
баспасөз орталығының ашылуы; 4. Журналистер аллеясының негізін
салу;
5. Журналистер арасында футболдан турнир ұйымдастыру; 6. Қалалық демалыс және мәдениет бағында Баспасөз қызметкерлері күнін тойлау; 7. 1998 жылы 10 маусымда Астана қаласының ресми Халықаралық тұсаукесер тойын дайындау мен өткізуге бел сене қатысу; 8. Қала құрылыстарына, фирма лар мен кәсіпорындарға, ұйымдар мен мекемелерге журналистер сапарын ұйымдастыру. 9. Қазақстан Республикасының жаңа астанасы – Астана қаласының позитивті бейнесін жасауға бағытталған пиар-ком панияны өткізу. Журналистер мерекесіне арналады: жылдың маусымында – екінші жыл қатарынан қазақстандық журналистердің кәсіби төл мейрамы аталып өтті. Мереке қарсаңында, яғни 26 маусым күні Астана қаласы әкімі бас-
пасөз қызметінің бастамасымен Астананың журналистері – 50 бұқаралық ақпарат құралдарының ұжымдары, өз төл мерекесіне арналған алуан түрлі бағдарламаға қатысу үшін қалалық демалыс пен мәдениет бағына жиналды. Бұл күні футбол турнирі бастал ды. Оған ойыншылары баспасөз басылымдарының, қаланың радио және телевизиялық компанияларының журналистері болған 2 әйел және 3 ерлер ко мандалары қатысты. Әйелдер командаларының жарысында «Вечерняя Астана» газетінің командасы жеңімпаз атанды. Ерлер арасындағы жарыстарда «Қазақстан телевидениесі мен радиосы» республикалық корпорациясының журналистерінен құралған команда жеңді, екінші орынды «Астана ақшамы» газетінің ойыншылары алды, «Ақ-Барс» коман дасы үшінші жүлдегер болды, төртінші және бесінші орынды «Инфо-Цес» және
«Арқа ажары» газеттерінің командаары бөлісті. Жеңімпаздарды марапаттау рәсімі журналистер мерекесінің басты оқиғасы ретінде қалалық демалыс пен мәдениет бағының орталық сахнасын да өтті. Астаналық журналистерді қала әкімінің орынбасары Сансызбай Есілов, Қазақстан Республикасы Президенті баспасөз қызметінің басшысы Лев Та раков, ақпарат және қоғамдық келісім вице-министрі Нұралы Бектұрғанов, сондай-ақ осы салтанаттың өзге де демеушілері құттықтады. Олардың ішінде «Астана» Қоры, «Кибо», «Мәншүк», «Акмоласельмаш» фирмалары, сондайақ журналистердің мерекесін дайын дау мен өткізуге тікелей қатысқан қала ұйымдарының, қызметтерінің, ведомстволарының және қала әкімдігінің өкілдері болды. Мерекенің аңсап, асыға күтілген бөлімі Астана туралы, Астананың тұсаукесер
тойы туралы үздік байқауының жеңімпаздарын марапаттау салтанаты еді. Газеттердегі үздік жарияланым байқауына 30 журналист қатысты; үздік радиохабарға 5 редакциялық ұжым мен жеке радиожурналистер; үздік телебағдарламаға 11 жеке және ұжымдық жұмыстар қатысты. Астаналық журналистер мен редакциялық ұжымдардың жұмысын бағалайтын комиссияның қызу жұмысы нәтижесінде Астана туралы үздік журналистік жұмыс байқауының жеңімпазы болып журналист Тілеуғабыл Боранғалиұлы танылды («Егемен Қазақстан»). Журналистер байқауының жеңімпаздары ретінде Астана қаласы әкімінің Құрмет грамоталарымен және көтермелеу сыйлықтарымен мыналар марапат талды: Артур Мельников (ҚР ТРК), Бағдат Ілиясова («Акмолинская правда»), Анар Тілеуханова (ҚР ТРК).
Мына аталымдар бойынша жеңімпаз болып танылғандар: «Газеттерде үздік жариялағаны үшін» – «Егемен Қазақстан» газетінің редакциялық ұжымы; «Үздік телебағдарламасы үшін» – «Хабар» агенттігінің орталық бюросы; «Үздік радиобағдарламасы үшін» – Астанадан хабар тарататын ҚР ТРК қазақ радиосы. Көтермелеу жүлделерімен және бағалы сыйлықтарымен бұқаралық ақпарат құралдарының ондаған өкілдері мара патталды, оның ішінде Астанада жұмыс істейтін ақпарат агенттіктері бар. Журналистер мерекесі қалалық мәдениет және демалыс бағында өнер шеберлерінің мерекелік концертіне, байқау жеңімпаздары құрметіне арналған фуршетке, әсем би кешімен және жур налистер отбасыларының демалысына жалғасты. 5 шілдеде Халықаралық баспасөз орталығында белгілі балетмейстер Болат Аюханов болды.
8 шілдеде газет-журнал және телеком
пания бас редакторларының қатысуы-
мен жетілдірілген журналистік шеберлік
пен журналистер этикасы мәселелері
жөнінде Астана қаласының Халықара-
лық баспасөз орталығының Кеңесі өтті.
15 шілдеде қонақта қазақ-түрік ли-
цейінің басшылары болды.
17 шілдеде Астана қаласының жастар
Парламенті журналистерге арналған бас-
пасөз конференциясын өткізді.
20 шілдеде Астана қаласының Халық-
аралық баспасөз орталығы Кеңесінің мү-
шелері құрылыс нысандарында болды,
құрылысшылармен кездесті.
22 шілдеде Астана қаласындағы Сә-
билер үйінің директоры А. Бергеновамен
баспасөз конференциясы өтті.
23 шілдеде еліміздің белгілі суретші-
лері – Б. Бапишевпен, М. Мансуровпен,
К. Молашевпен баспасөз конференциясы
өтті.
24 шілдеде «Дөңгелек үстел» басын
да денсаулық сақтау, білім, мәдениет
мәселелерімен айналысатын қалалық басқару өкілдерімен, имам Файзулла мен, православ ғибадатханасының бас шысымен, католик шіркеуінің пасто ры Иванмен және уағыздаушы Юрий мен кездесу өтті. Осы кездесу «Жетім балаларға арналады» атты телемарафон ды өткізу дайындығына байланысты көп мәселелерді шешуге мүмкіндік берді. 31 шілдеде Астана қаласының Халықаралық баспасөз орталығында БАҚ өкілдерінің қатысуымен Астана қаласы әкімінің орынбасары, белгілі компози тор, Астана қаласының Халықаралық баспасөз орталығының құрметті президенті Төлеген Мұхамеджановтың 50 жылдық мерейтойына арналған салтанатты іс-шара өтті. 3 тамызда Астана қаласының Халықаралық баспасөз орталығы доктор Ма дина Құралованың клиникасына журна листер сапарын ұйымдастырды. М. Құралова белгілі офтальмолог Святослав Федоровтың оқушысы болып табылады.
7 тамызда «ЮКСИ» фирмасының бас
шыларымен баспасөз конференциясы
өтті. Мода демонстрациясы болды.
тамызда
Халықаралық
баспасөз
орталығында Астана қаласының Ғазиза
Жұбанова атындағы филармониясының
ішекті аспаптар квартеті болды. Музы
канттар журналистердің сұрақтарына жа
уап берді және оларды өздерінің жоғары
шеберлігімен қуантты.
11 тамызда «Астана» (қазіргі «Жеңіс»)
астаналық футбол клубының президенті,
жаттықтырушылары және ойыншыла
ры Халықаралық баспасөз орталығының
қонақтары болды.
15 тамызда Халықаралық баспасөз
орталығының «Жастар» сарайында ас-
тананың танымал әртістері мен жур-
налистері қатысуымен «Музыкалық са
лон» атты қызықты іс-шара өтті. Журна-
листердің сұрақтарына А. Мұсаходжаева
және Т. Мұхамеджанов жауап берді.
20 тамызда журналистер Астана қа-
ласының суретшілерімен кездесті, өнер
галереясына барды.
25 тамызда журналистер мәдениетті сақтау жолындағы Халықаралық шерудің қатысушыларымен әңгімелесті. 26 тамызда Астана қаласы әкімінің орынбасары С.С. Есілов қаланы қысқа дайындау мәселелері жөнінде журна листермен баспасөз конференциясын өткізді. 27 тамызда Қырғызстан Республика сы тәуелсіздігінің 7 жылдығына орай, Қазақстан Республикасындағы Қырғызстанның Төтенше және Өкілетті елшісі Ақпар Рысқұлов астаналық баспасөз орталығында баспасөз конференциясын өткізді. 1 қыркүйекте Халықаралық баспасөз орталығының журналистері Білім күнін өткізу барысын БАҚ-та кеңінен жарияла ды және мерекеге белсене қатысты. 8 қыркүйек жаңа астананың игі өзгерістерін жалпақ жұртқа жария етуші қауымның есінде. Олар алғаш рет «Интерконтинен таль» қонақүйінің «Абай» көркем залын
да Журналистердің халықаралық ын-
тымақтастық күнін қарсы алды. Осы
күнге арналған кеш Астана әкімінің
баспасөз хатшысы Сәдібек Түгелдің бас-
тамасымен ұйымдастырылды. Салтанат
астаналық баспасөз клубының құрметті
президенті,
Астана
қаласы
әкімінің
орынбасары
Т.М.
Мұхамеджановтың
құттықтау сөзімен басталды, ол аста-
налық МАСС-МЕДИА-ның біздің қоғам-
дағы назар аударуға тиісті ең өзекті
мәселелері туралы айтты.
9 қыркүйекте «Қиял әлемі» бағына
Астана қаласының мектеп-интернаты
нан 300-ден аса балалар барды. Балалар
үшін бұл мерекені астаналық әкімшілік
ұйымдастырды. Бақ ғимаратында Аста
на қаласы әкімінің баспасөз хатшы
сы Сәдібек Түгел баспасөз конферен
циясын
ұйымдастырды,
оған
бақтың
атқарушы директорының орынбасары
С. Сағындықов, бақтың бас режиссері
Е. Высотина, «Айя» фирмасының өкілдері
қатысты.
12 қыркүйекте Халықаралық баспасөз орталығында «Алматы» ауданының әкімі А.А. Шәкіровтің баспасөз конференция сы өтті. Ол аудан құрылғаннан бергі 4 ай ішінде тындырылған жұмыстар туралы айтты. қыркүйек күні өткен баспасөз конференциясында журналистер мен астананың тағы бір жаңа ауданы «Сарыарқаның» басшылары арасында қызықты әңгіме өрбіді. Аудан әкімі А.Н. Литвинов және оның екі орынбасары – О. Ержанов пен О. Асанғалиқызы журналистердің сұрақтарына жауап берді. 1 қазанда астананың Халықаралық баспасөз орталығында Құрманғазы атындағы Халықаралық байқауын өткізу жөніндегі ұйымдастыру комитеті мүшелерімен баспасөз конференциясы ұйымдастырылды. Журналистерді дом быра өнерінің ұлы шеберінің 175 жылдығына арналған байқауды ұйымдастыруға және өткізуге қатысты барлық мәселелер қызықтырды. Ұйымдастыру
комитетінің және байқаудағы қазылар алқасының мүшелері Е. Абаев, М. Хамзин, Қ. Ахмедьяров және басқалар сұрақтарға жауап берді. қазанда Халықаралық баспасөз орталығында Қазақстан Республика сы Парламенті Мәжілісінің депутаты, ақын Фариза Оңғарсынова болды. Жур налистермен әңгімелесуде ол өзінің шығармашылық жоспарлары туралы әңгімеледі. қазанда Халықаралық баспасөз орталығы қалалық мәслихаттың депутаттық корпусымен баспасөз конферен циясын өткізді. Қалалық мәслихаттың жұмысы туралы оның хатшысы А.В. Ми ронов және ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі В.П. Пытьева ақпарат берді. қазанда Целиноград облысының бұрынғы әкімі А.Браун кейбір БАҚ-тағы өзін сынаған жарияланымдары жөнінде баспасөз конференциясын өткізді. 6 қазанда Денсаулық сақтау министрі Т.Р. Рахымбековпен брифинг өткізілді.
қазанда «Еуразия-98» кинофестивалінің қатысушыларымен баспасөз конференциясы өтті. Кино өнерінің атақты қайраткерлері Никита Михал ков, Барбара Брыльска, Наталья Арын басарова, Николай Бурляев, Дәржан Өмірбаев және басқалар журналистердің сұрақтарына жауап берді. Кездесуді «Еуразия-98» кинофестивалінің бас ұйымдастырушысы Есет Қосыбаев өткізді. қазанда Халықаралық баспасөз орталығының АҚШ елшілігімен, БҰҰның Бас ассамблеясымен, ҚР Президентінің баспасөз қызметімен бірлесіп ұйымдастырған журналистер семинары өтті. Семинардың тақырыбы: «Қоғамды демократияландыру жағдайындағы БАҚтың рөлі мен орны». 14 қазанда Қазақстанның халық жазу шысы Ә. Нұрпейісовпен баспасөз конференциясы өтті.
20 қазанда журналистердің алдын
да атақты ақын Евгений Евтушенко сөз
сөйледі.
22 қазанда баспасөз конференциясын
Қазақстан
Республикасы
Президентін
сайлау бойынша Орталық штабының
басшысы С. Терещенко өткізді.
қазанда
Халықаралық
баспасөз
орталығында
Қырғызстан
Республи-
касындағы Қазақстанның елшісі, белгілі
ақын Мұхтар Шаханов болды.
25 қазанда Астана қаласы әкімінің
орынбасары Т. Мұхамеджанов «Шабыт»
Халықаралық жас дарындар байқауын
өткізу мәселелері жөнінде баспасөз кон
ференциясын өткізді.
6 қарашада Астана қаласының Халық-
аралық баспасөз орталығында «Шабыт»
байқауын ұйымдастыру комитетінің мү-
шелері мен астаналық журналистердің
кездесуі өтті.
7 қарашада «Шабыт» Халықаралық
жас дарындар байқауын ұйымдастыру
комитетінің
төрағасы
Төлеген
Мұха-
меджанов қорытынды баспасөз конфе
ренциясын өткізді.
13 қарашада Халықаралық баспасөз
орталығында қонақта Бари Алибасовтың
басшылығымен танымал «На-на» тобы
болды. Барлық журналистерге Бари Ка
римович бейнекассеталар сыйлады.
1998 жылғы 14 қарашада Халықаралық
баспасөз
орталығы
Кеңесінің
кезекті
мәжілісінде БАҚ-тың Астана қалалық
ұйымдар басшыларымен қарым-қатынас
мәселелері ортаға салынды. Астананың
1 жылдығын лайықты қарсы алу бойын
ша жұмыс жоспары бекітілді.
15 қарашада Халықаралық баспасөз
орталығында
қонақта
«Саяхатшылар
клубы»
танымал
телебағдарламасы
шығармашылық
тобының
жетекшісі
В. Солнцев болды. Вадим Михайлович,
белгілі тележурналист, саяхатшы Юрий
Сенкевичтің орынбасары болып табы
лады. Бес жыл бойы «Таң» бағдарламасы-
ның жетекшісі болды, фильмдер түсірген,
Влад Листьевпен бірге жұмыс істеген.
24-307
Мәскеуліктердің келу мақсаты – Астана
да, Алматыда, Қостанайда, Балқашта, Бу
рабайда және Каспийде болып, нәтиже-
сінде екі телебағдарлама дайындау.
17 қарашада Халықаралық баспасөз
орталығында «Вокруг Света» журналы-
ның өкілі, жазушы Виктор Ильченкомен
баспасөз конференциясы өтті.
1999 жыл
7 қаңтарда Астананың журналистері-
нің белгілі өнер қайраткері Вахтанг Кика
бидземен қызықты кездесуі өтті.
23 қаңтарда танымал «Имидж» то
бына бір жыл толды. Осыған орай
Халықаралық
баспасөз
орталығында
өнерпаз Әсел Акишева баспасөз конфе
ренциясын өткізді.
«Имидж» тобы Астананың алты тама
ша қызынан құралған. Топ Астана әкімі-
нің орынбасары Т. Мұхамеджановтың
ықыласымен және тікелей қатысуымен
ұйымдастырылған.
ақпанда
танымал
тележүргізуші,
«Утренняя звезда» бағдарламасының же-
текшісі Юрий Николаевпен кездесу өтті.
9 ақпанда «Астанателекомның» бас
директоры Болатбек Өтегенұлы Қана-
финмен баспасөз конференциясы өтті.
11 ақпанда Астана қаласындағы сауық-
тыру орталығының директоры Е. Том-
пиевпен баспасөз конференциясы өтті.
15 ақпанда Халықаралық баспасөз
орталығында
Қазақстан
Республика-
сының Ұлттық ат спорты ойындары
федерациясының жетекшілері С. Түгел-
мен, Е. Қанағатовпен және Н. Кикебаев
пен Федерацияның алғашқы съезін өт-
кізу мәселелері жөнінде баспасөз конфе
ренциясы өтті.
17 ақпанда қалалық әкімдіктің тілдер
бөлімінің жетекшісі Қонысбай Әбілов
баспасөз конференциясын өткізді.
19 ақпанда Халықаралық баспасөз
орталығында қонақта белгілі продюсер
А. Айзеншпис және танымал әнші Влад
Сташевский болды.
25 ақпанда КСРО халық әртісі Ми хаил Ульянов Халықаралық баспасөз орталығының қонағы болды. ақпанда Халықаралық баспасөз орталығы Астана қаласының жаңа құрылыс нысандарына журналистердің ба руын ұйымдастырды. 3 наурызда астаналық баспасөз орталығында «Горкоммунхоз» МКК ди ректоры Геннадий Листопадный және оның орынбасары Валерий Синнің баспасөз конференциясы өтті. Журналистер мен қалалық коммуналдық қызметі жетекшілерінің арасындағы әңгіме аста наны көркейту мәселелері турасында болды. 6 наурызда журналистерде қонақта «Астана Қоры» ЖАҚ басшылары бол ды. БАҚ қызметкерлерінің сұрақтарына басқарма төрағасы К. Исламов жауап берді. сәуірде Астананың журналистері Оқушылар сарайында өткен Қазақстан Республикасының Ұлттық ат спорты
ойындары федерациясының алғашқы съезіне қатысты. Съездің қорытындысы бойынша Федерация президенті Қ. Сатыбалды және Федерацияның Бас хат шысы Сәдібек Түгел журналистермен брифинг өткізді. сәуірде Халықаралық баспасөз орталығының кезекті мәжілісі қарттар мен мүгедектерге арналған Ақмола интернат-үйінің мәселелеріне арналды. Ондағы қалыптасқан жағдайлар туралы журналистер интернат-үйі директоры Марат Әубәкіровтің әңгімесінен хабар дар болды. 25 сәуірде «Астанаэнергосервис» ЖАҚ президенті В.А. Мисниковпен баспасөз конференциясы өтті. сәуірде Астана журналистері «Горводоканал» тресіне барды. Олар ұжымның жұмысымен танысты. «Горво доканал» тресінің бас директоры Жаңбыршы Есетұлы Нұркенов кездесудің қорытындысы бойынша баспасөз конференциясын өткізді.
29 сәуірде «Мехколонна-56» компаниясының басшысы Болат Сұлтанұлы Қуанышевпен баспасөз конференциясы өтті. Оның шақыруымен журналистер осы кәсіпорында болды. мамырда «Деловой мир Астана» журналының басып шығарушылары – Нұрлан Нығматулин және Шолпан Сыздықовамен баспасөз конференциясы өтті. 10 мамырда Қазақстан бойынша вело сипед жарысына қатысушылармен баспасөз конференциясы өтті. мамырда журналистер «АстанаМоторс» филиалына барды. Басшылар астананың МАСС-МЕДИА өкілдеріне бри финг өткізді. 15 мамырда қылмыспен күресу мәселелеріне арналған «Дөңгелек үстел» мәжілісі өтті. Олардың талқылауына құқықтық тәртіп қызметінің басшы лары, қалалық мәслихат депутатта ры, Астана аудандық әкімшіліктерінің қызметкерлері қатысты.
20 мамырда Астана қаласындағы мешіт
имамы Серік Оразовпен баспасөз конфе
ренциясы өтті.
25 мамырда техника ғылымдарындың
докторы, профессор, Алматы техника-
лық университетінің ректоры Оңалбек
Нәлеев баспасөз конференциясын өт-
кізді.
27 мамырда Астана қаласындағы көр-
мені ұйымдастырушы Евгения Викто-
ровна Бережная баспасөз конференция
сын өткізді.
15 тамызда «Қазбаспасөз» филиалы-
ның директоры Н. Қасымовпен кездесу
өтті.
20 тамызда Халықаралық баспасөз
орталығында Түрік Республикасындағы
Ұшақ қаласының делегаттары болды.
25 тамызда «Астанатурист» АҚ пре-
зиденті В.Р. Жуковпен баспасөз конфе
ренциясы өтті.
3 қыркүйекте журналистер алдында
Оқушылар сарайының директоры Ва-
лентина Ивановна Рябова сөз сөйледі.
15 қыркүйекте «Бутя» фирмасының
негізін қалаушы және президенті Болат
Әбілевпен баспасөз конференциясы өтті.
20 қыркүйекте Астана қаласындағы
Медицина академиясының ректоры, ака
демик Райс Төлебаевпен кездесу өтті.
1 қазанда Куба және Қазақстан құра-
ма командаларының боксшылары жур-
налистердің сұрақтарына жауап берді.
қазанда
дәулескер
күйші
Секен
Тұрысбековпен кездесу өтті.
15 қазанда Қазақстанның халық әртісі
Ескендір Хасанғалиев баспасөз конфе
ренциясын өткізді.
қазанда
Халықаралық
баспасөз
орталығында белгілі сазгер Сыдық Мұха-
меджановтың қызымен сәтті кездесу өтті.
23 қазанда Ресейдің белгілі суретшіле-
рі Невзоровтар отбасымен баспасөз кон
ференциясы өтті, олар өздерінің тамаша
туындыларын қазақ халқына деген зор
құрметтерінің белгісі ретінде Қазақстан
Республикасының жаңа астанасы – Аста
на қаласына сыйлады.
24 қазанда Қазақстан Республикасы-
ның еңбек сіңірген әртісі Марат Омаров
пен баспасөз конференциясы өтті.
25 қазанда «Шабыт» байқауы ұйым-
дастыру комитетінің төрағасы Т. Мұха-
меджановпен баспасөз конференциясы
өтті.
қарашада
«Шабыт»
байқауының
қазылар алқасы мүшелерімен, қонақ-
тарымен баспасөз конференциясы өтті.
10 қарашада Астана қаласының БАҚ
журналистерімен
«БАҚ
және
өкімет»
тақырыбы бойынша семинар-кеңес өтті.
15 қарашада Мәдениет департаменті-
нің директоры, белгілі драматург-жазу
шы Ермек Аманшаевпен баспасөз конфе
ренциясы өтті.
2 желтоқсанда Халықаралық баспасөз
орталығында
«Хабар»
республикалық
телеагенттігінің вице-президенті, таны
мал тележүргізуші Владимир Рерихпен
кездесу өтті.
желтоқсанда
«Миллениум-Па
ти-Астана»
ұйымдастыру
комитетінің
мүшелерімен баспасөз конференциясы
өтті.
20 желтоқсанда «Сименс» компания-
сының басшыларымен баспасөз конфе
ренциясы өтті.
2000 жыл
17 ақпанда КСРО және Қазақстан
Республикасының халық әртісі, КСРО
және
Қазақстан
Республикасы
Мем-
лекеттік
сыйлықтарының
лауреаты,
белгілі режисер және қоғам қайраткері
Асанәлі Әшімов Астана қаласының Ха-
лықаралық баспасөз орталығында болды.
18 мамырда қалалық мәслихат де
путаттары мәслихат хатшысы А.И. Де-
мидовтің басшылығымен астаналық БАҚ
журналистерімен
баспасөз
конферен
циясын өткізді. Баспасөз конференция-
сы барысында астана өміріне қатысты
көптеген мәселелер қозғалды.
сәуірде
Астананың
Халықаралық
баспасөз
орталығының
құрылуына
2 жыл толды. Сол күні журналистер
Жастар сарайына жиналды. Мұнда таны мал баспасөз клубының екі жылдығына арналған салтанатты кеш өтті. Екі жыл ішінде Халықаралық баспасөз орталығында 250 баспасөз конферен циясы, 123 мәжіліс, 71 брифинг, астана қонақтарымен, оның ішінде шетелдіктер де бар 69 кездесу өтті. Баспасөз орталығы мерекеге орай таңаулы журналистерді «Алтын қалам» арнаулы жүлдесімен марапаттады. Белгілі тележурналист Дүкеш Әлиұлы Бәйімбетов «Журналистика аңызы» аталымын жеңіп алды, ал Бағдат Әубәкірқызы Ілиясова «Журналистика мэтры» аталымының жеңімпазы болды, «Вечерняя Астана» Астананың үздік басылымы бо лып танылды. 12 мамырда Мәскеуден келген белгілі «Бородино» квартетінің ұжымымен баспасөз конференциясы өтті. 19 мамырда «Алтын диск» байқауын ұйымдастырушы Жәмиламен баспасөз конференциясы өтті.
маусымда
«Қараөткел»
көрмесін
ұйымдастырушы Сәкен Қанапияновпен
баспасөз конференциясы өтті.
6 шілдеде Халықаралық баспасөз ор-
талығында қонақта Мәскеу қаласының
мэрі Лужков Юрий Михайлович бол
ды. М.Ю. Лужков Астана қаласындағы
құрылыс барысын жоғары бағалады.
10 шілдеде аула клубының жетекшісі,
Қазақстан
Республикасының
құрметті
жаттықтырушы Валиев Рафик Гариевич
пен кездесу өтті.
15 шілдеде журналистер Ақмола об
лысы Целиноград ауданы Рождественка
ауылындағы Қабанбай батыр кесенесінің
құрылысымен қатысты.
1 тамызда астана журналистері қа-
ланың
құқық
қорғау
органдарымен
бірігіп рейдтерге қатысты.
5 тамызда Астана қаласындағы мә-
дениет мекемелерінің қызметтерін жа
риялау
мәселелері
жөнінде
баспасөз
орталығы кеңесінің кезекті мәжілісі өтті.
9 тамызда қалалық баспасөз орталығында шахматтан жастар арасындағы әлем чемпионы Дәрмен Сәдуақасовпен және Қазақстанның шахмат федерациясы вице-президентінің қатысуымен баспасөз конференциясы өтті. Дәрмен төрт жасынан бастап шахмат ойнауға үйреніп, кейде әкесін де жеңіп кететін. 1995 жылы 16 жасқа дейінгілер арасында Азия чемпионы болды. 1997 жылы Аргентинада өткен 26 жасқа дейінгі шахматшылар арасындағы әлем чемпионатының күміс жүлдегері болды. 1998 жылы Үндістанда өткен 20 жасқа дейінгі шахматшылар арасындағы әлем чемпионатында бірінші орынды жеңіп алды. 1999 жылы Голландияда өткен су пер турнирде жүлделі орынды иеленді. 20 тамызда қалалық баспасөз орталығында журналистер Табиғи қорлар мен қоршаған ортаны қорғау министрінің орынбасары Т. Құдабаевпен, Кеден комитетінің контробандамен күресу жөніндегі бас басқармасының жетекшісі
Д. Қабдрахмановпен, Әкімшілік поли циясы департаментінің өкілі Г. Алпыс баевпен кездесті. Кездесу барысын да ерекше экологиялық және мәдени маңызы бар, табиғи байлықты дұрыс пайдалану мәселелеріне мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын «Қақпан» республикалық акциясын өткізу туралы мәселелер талқыланды. тамызда Астана қаласы Сәулет департаментінің директоры Б.Ф. Досмағамбетовпен баспасөз конференциясы өтті. Журналистерге 2000 жылғы 10 ақпаннан бастап іске асырылатын астана ны дамытудың бас жоспары ұсынылды. Жоспар қаланың әрі қарай дамуын қарастырады және 2030 жылға дейін есептелген. Жоспардың негізгі принципі Есіл өзеннің сол және оң жағалауларын байланыстыруға негізделген. Солтүстік жағы жеңіл өнеркәсіпті дамытуға бағытталған. Өзен бойында мұражайлар, көрме залдары орналасатын рекреациялық аймақ салу жоспарланып
отыр. Қаланы жел мен қардан қорғау мәселесі де қарастырлып отыр, сонымен қатар мұнда көлдер жүйесі құрылады. Есілдің сол және оң жағалауларын жаңа көпір біріктіреді. тамызда Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов ел Президенті қатысқан ТМД мемлекеттері басшыларының Саммиті қорытындысы бойынша баспасөз кон ференциясын өткізді. Онда достастық елдерінің аумақтарында біріккен экономикалық кеңістік құру және оны дамыту мәселелері талқыланды. Бұл баспасөз конференциясы астананың Халықаралық баспасөз орталығының ықыласы бойынша ұйымдастырылды. 25 тамызда Халықаралық баспасөз орталығы қоғамдық бірлестіктердің өкілдерімен «Дөңгелек үстел» басын да әңгіме өткізді. Талқылаудың негізгі тақырыбы – қабылдағанына жыл толған Қазақстан Республикасы Консти туциясы болды. Астана әкімінің орын
басары, қаланың Халықаралық баспасөз орталығының президенті Төлеген Мұхамеджановтың Қазақстан Республи касы Парламент Сенаты Төрағасының кеңесшісі З.Л. Федотованың қатысуымен өткен «Дөңгелек үстел» басындағы әңгіме өте мазмұнды болды. 2 қыркүйекте «Сенім» ашық жинақтаушы зейнетақы қоры» басшыларының баспасөз конференциясы барысын да Жабық акционерлік қоғам Аста на қаласындағы өкілдігінің тұсаукесер тойы өтті. Қоғамның басқарма төрағасы Әлімжан Ұндашев «Сенім» қорының 1370 мың АҚШ долларына тең жарғылық капиталы барын айтып өтті. Қордың Астанадағы өкілдігін Алмаз Жұмабеков басқарады. Ол қала бойын ша алты қор агентінің, сонымен қатар Ақмола облысы бойынша жиырмадан аса өз өкілдіктерінің қызметтерін үйлестіреді. Облыстың кейбір аудандарында қордың жұмысы басталып жатыр.
8 қыркүйекте дәстүр бойынша МАСС-
МЕДИА жұмыскерлері Оқушылар Сара-
йында салтанатты түрде Журналистер-
дің халықаралық ынтымақтастық күнін
тойлады. Т. Мұхамеджанов, Н. Ораз.
В. Гундарев құттықтау сөз сөйледі.
19 қыркүйекте Халықаралық баспасөз
орталығының дәнекер болуымен БАҚ
журналистері
«Астанатехнопаркінде»
болды.
Сәдібек Түгел 10-30 қыркүйек ара-
лығында Астана қаласындағы және Ал
маты қаласындағы Түркістанның мәдени
күндерінің штаб бастығы міндеттерін
атқарып, Алматы мен Түркістан қала-
ларында болды. Осы уақытта алматылық
журналистер үшін ол Астана қаласының
жаңа басшыларымен 3 баспасөз конфе
ренциясын, 4 брифинг ұйымдастырды.
3 қарашада Астана қаласының Халық-
аралық баспасөз орталығы Қабанбай
батыр кесенесінің ашылуына орай өт-
кен салтанатқа журналистердің көптеп
қатысуын ұйымдастырды.
25-307
15 қарашада «Конгресс-холлдың» бас директоры В.Н. Редкокашинмен баспасөз конференциясы өтті. Ол Астананың негізгі Мәдениет сарайының құрылған күнінен бергі қызметі туралы айтты. Бүгін «Конгресс-холл» симпозиумдер мен конференцияларды, көрмелер мен концерттерді өткізетін жетекші орын бо лып табылады. 2001 жыл 11 сәуір күнгі баспасөз конферен циясы барысында «Жас Қанат – 2001» республикалық жастар сайысын ұйымдастырушы комитеттің негізді әңгімесі өтті. 12 сәуірде көпшілікті толғандыратын «Астанадағы демографиялық және көшіқон жағдайы» тақырыбына арналған баспасөз конференциясы өтті. Оның жұмысына Астана қалалық статистика басқармасының бастығы Әнуар Дәуренбеков және Астана қаласы бойынша Көші-қон және демогра
фия басқармасының бастығы Ғалия Сыздықова қатысты. сәуірде «Саяси репрессия құрбандарының мәселелері және адам құқықтарын қорғау саласында ұлттық заңнаманы жетілдіру» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция сы бойынша баспасөз конференциясы өтті. Конференция жұмысына Астана қаласының қазақстандық Саяси репрессия құрбандары қауымдастығының, Астана қаласының Халықаралық құқық қорғау орталығының және Мәскеу қаласының репрессияға ұшыраған ТМД азаматтары мен халықтары Халықаралық қорының өкілдері қатысты. 2002 жыл 22 сәуірден 15 мамырға дейін Сәдібек Түгел Мәскеудегі Астананың мәдениет күндері баспасөз орталығының жетекшісі ретінде Мәскеуде болды. Мәскеу қаласының БАҚ-тарымен тығыз байланыс жасады. Мәдениет күндерін жан-
жақты жария ету үшін ОРТ, РТР телеар наларымен, ТВЦ, «Культура» телекомпа ниясымен, «Известия», «Комсомольская правда», «Труд», «Вечерняя Астана», «Мо сковский комсомолец» газеттерімен, ИТАР-ТАСС агенттігімен және басқа да бұқаралық ақпарат құралдарымен тығыз байланыста болды. 2002 жылғы 15 наурыз да Манеж ғимаратында Астана қаласының әкімі Ә. Жақсыбековпен баспасөз конференциясын ұйымдастырды. 20 маусымда – журналистердің кәсіби мерекесін тойлау қарсаңында Қазақстан Журналистер одағы сыйлығының лауреаты, белгілі публицист Сәдібек Түгел басқаратын Астана қаласының Халықаралық баспасөз орталығы тамаша бастама көтеріп, Қорғалжын қорығында баспасөз турын ұйымдастырды. Астаналық журналистика тарихын да ғана емес, республика бойынша алғаш рет өткізілген бұл шараға 40-тан аса бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
9 шілдеде «Жастар» сарайында өткен баспасөз конференциясының негізгі тақырыбы – «Астана-2002» – ІV Халықаралық авторлық ән фестиваліне дайындалу мәселелері болды. тамызда астананың баспасөз орталығында журналистердің Ша рын каньонына келуіне арналған баспасөз конференциясы өтті. Бұл – Аста на қаласындағы бұралық ақпарат құралдарының, Қазақстан астанасында тіркелген республикалық және ше тел басылымдары өкілдерінің екінші баспасөз туры. Ол Алматы – Шарын каньоны және қайта оралу бағдары бойынша өтті. Журналистердің сапары Астана қаласының астана мәртебесін алғанына бес жыл толғанына, елдегі денсаулық жылы мен саяхаттың дамуына арналған. Іс-шара Халықаралық баспасөз орталығының бастамасымен ұйымдастырылды. тамызда «Центр-Тур» агенттігі астананың Халықаралық баспасөз ор-
талығымен бірігіп, «Алкон-Трейд» Ре сей компаниясы мамандарының Аста на қаласындағы құрылыс ұйымдары өкілдерімен кездесуін өткізді. 13 тамызда Жастар сарайында Халықаралық баспасөз орталығының бастамасымен «Елорда тынысы – Пульс сто лицы» ақпараттық-сараптамалық басылымының бірінші нөмірінің тұсаукесер тойы өтті. 29 тамызда журналистер туризм сала сында қызмет ететін қала ұйымдары мен фирмаларының басшыларымен кездесті. Бұл кездесу алдағы (5-6 қыркүйек) «Қысқы демалыс – 2002-2003» республикалық туристік жәрмеңке-көрмесіне ар налды. 30 тамызда Астананың қонағы, Украина Днепродзержинск қаласынан кел ген спорт ардагері, грек-рим және еркін күрес бойынша жаттықтырушы Еже вский Лев Рудольфович болды. Оның тәрбиеленушілері – Украина чемпион дары, одақтық біріншіліктің жүлдегерле-
рі. Бүгінде аты бүкіл әлемге танылған
Қазақстан Президенті Назарбаев Нұр-
сұлтан Әбішұлы да кезінде осы кісіден
тәлім алған. Журналистермен кездесуде
Лев Рудольфович өзінің естеліктерімен
бөлісті.
7 қыркүйекте «Құлагер» ат спорты
клубының аумағында Журналистердің
халықаралық ынтымақтастығы күніне
арналған журналистер фестивалі өтті.
Ұйымдастырушылары – қала әкімдігі
мен Халықаралық баспасөз орталығы
фестивальдің
жоғары
деңгейде
өтуін
қамтамасыз етті. Қонақтарды қала әкімі-
нің орынбасары Т. Мұхамеджанов және
журналистика ардагерлері құттықтады.
Ат спорты ойындары ұйымдастырылып,
мемлекеттік филармонияның әртістері
тамаша концерт берді.
Журналистердің халықаралық ынтымақтастығы күніне арналған, МАСС-МЕДИА-ның 1-ші фестивалін өткізу бағдарламасы 1. Бастаушысы мен ұйымдастырушылары – Астана қаласының Халықаралық баспасөз орталығы. 2. Өткізу орны – «Құлагер» ат спорты клубының аумағы. 3. Өткізу күні – 2002 жылғы 7 қыркүйек. 4. Өткізу уақыты – 10-нан 18 сағатқа дейін. Фестивальдың бағдарламасында: – кездесулер; Астана қаласының Халықаралық баспасөз орталығында тіркелген барлық БАҚ өкілдерінің тәжірибе алмасуы; – журналистика ардагерлерінің жас журналистермен кездесуі; – аймақтық баспасөз басшыларымен кездесулер; – Астана қаласының Мемлекеттік фи лармониясы өнер шеберлерінің концерті;
5. Ат спорты шеберлерінің орындаулары: – шабандоздық; – қыз қуу; – теңге алу. – атта шабу. 6. Спорттық-бұқаралық іс-шаралар: – жеңіл атлетика кросы; – волейбол; – футбол; – бадминтон. 7. Балық аулау. 8. Журналистік дискотека. 12 қыркүйекте журналистермен филология ғылымдарының докторы, ақын, көркем аударма шебері, алты кітаптың авторы Тұрсынхан Абдрахманова кездесті. 14 қыркүйекте Халықаралық баспасөз орталығы қалалық тілдерді дамы ту басқармасының басшысы, халық ақыны Қонысбай Әбіловтің астаналық бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерімен кездесуі ұйымдастырылды.
Баспасөз конференциясының тақыры-
бы – Қазақстан халықтарының ІV қала-
лық тілдер фестивалі.
4 қазанда танымал әнші және сазгер
Марат Омаровпен баспасөз конферен-
циясы өтті.
қазанда
Халықаралық
баспасөз
орталығының мәжіліс залында кітаптары
әлемнің көп тілдеріне аударылған әйгілі
қазақ
жазушысы
Сәбит
Досановтың
баспасөз конференциясы өтті.
қазанда
Халықаралық
баспасөз
орталығында ең қызықты кездесулердің
бірі өтті, журналистердің қонағы КСРО
және ҚР халық әртісі, Қ. Қуанышбаев
атындағы қазақ музыкалық-драма теат-
рының бас режиссері әрі көркемдік
жетекшісі,
«Халық
Қаһарманы»
Әзір-
байжан Мәмбетов болды.
4 қарашада ғарышкер Талғат Мұса-
баевпен баспасөз конференциясы өт-
кізілді.
қарашада
баспасөз
орталығында
«Астанадағы жастар аптасына» арналған
баспасөз конференциясы өтті. Баспасөз конференциясының басшылары жастар бірлігі, салауатты өмір салты үшін күрес, белсенді өмірлік ұстаным мен қазақстандық отаншылдық тақырыбында әңгіме жүргізді. 7 қарашада Халықаралық баспасөз орталығының президенті, Астана қаласы әкімінің орынбасары Т. Мұхамеджановтың басшылығымен «Халықаралық «Шабыт» фестивалі – дарынды жастардың сәттілігіне жол» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелге қатысушылардың негізгі әңгімесі жастардың шығармашылығы, қоғамдағы рухани байлық пен адамгершіліктің қалыптасуы жайында болды. Оған төрағалар мен байқау аталымдары бойын ша қазылар алқасының мүшелері және журналистер қатысты. қарашада «Жас Алаш» газетінің өкілдерімен бірлесіп «Имидж» тақырыбына дөңгелек үстел мәжілісі ұйымдастырылды, оған Астана мен Алматы
қалаларының
танымал
журналистері
қатысты.
28 қарашада Халықаралық баспасөз
орталығында ұйымдастырылған 400-ші
баспасөз конференциясына орай Астана
қаласының әкімі Әділбек Жақсыбеков-
тің астаналық БАҚ қызметкерлерімен
кездесуі өтті.
3 желтоқсанда Халықаралық баспасөз
орталығының мәжіліс залында Герма
ния Федеративті Республикасы Бундес
лигиден келген спорт маманы Альфред
Полермамен баспасөз конференциясы
ұйымдастырылды.
2003 жыл
4 қаңтарда Мәдениет департаментінің
директоры Бекболат Байсағатов баспа-
сөз конференциясын өткізді.
9 қаңтарда астана журналистерімен
әлемнің күшті шахматшыларының бірі
Виктор Корчной (Швейцария) кезде
су өткізді. Баспасөз конференциясы
В. Корчной мен Қазақстан, ТМД, Азия
мен жастар арасындағы әлем чемпионы, халықаралық гроссмейстер Д. Сәдуақасов арасында өтетін халықаралық суперматч қарсаңында ұйымдастырылды. 10 қаңтарда Халықаралық баспасөз орталығында Астана қаласының спорт пен туризм департаментінің директоры Саян Жақсыкелдіұлы Хамиджановтың астана журналистерімен кездесуі ұйымдастырылды. Баспасөз конференциясы на «Жеңіс» астаналық футбол клубының өкілдері де қатысты. 15 қаңтарда Халықаралық баспасөз орталығында «2003-2005 жылдарда туристік саланы дамыту бағдарламасы» тақырыбында баспасөз конференция сы өтті. Журналистермен ҚР туризм мен спорт агенттігі төрағасының орынбаса ры Е.С. Никитинский кездесті. 16 қаңтарда Ұлттық опера және ба лет театрының балеринасы, Прези дент оркестрінің жеке орындаушысы Шұғыла Сапарғалиқызының қатысуымен баспасөз конференциясы өткізілді.
21 қаңтарда «Қуанса ауыл, қуанамыз бәріміз» акциясының шеңберінде Алма ты, Сарыарқа, Целиноград аудандарының әкімдігі өкілдері мен кент әкімдерінің қатысуымен журналистермен брифинг өткізілді. 6 ақпанда республикалық нотариалдық палатаның төрағасы Әсел Жанәбілова мен «Қазақстанда құқықтық реформаға жәрдемдесу: нотариалдық жүйені реформалау» ТАСИС жобасының басшысы Фолькер Хиллербрандтың қатысуымен баспасөз конференциясы өтті. ақпанда Халықаралық баспасөз орталығында гуманизация мен жаза лау саласында заң шығармашылығын түсіндіру, өлім жазасын жою мен мора торий сұрақтары тақырыптарына арналған баспасөз конференциясы өтті. Баспасөз конференциясының жұмысына Заңгерлердің халықаралық қауымдастығының вице-президенті, ҚР Жоғары Соты аппараты басшысының орынбаса ры Нұрлан Еркенұлы Жанәбілов қатысты.
10 ақпанда «Бұрқасын – 2003» шаңғы марафонын ұйымдастыру комитетінің төрағасы, «Вечерняя Астана» газетінің бас редакторы Владимир Коченов Халықаралық баспасөз орталығында «Шаңғы спорты әуесқойларының үлкен мейрамы – «Бұрқасын – 2003» дәстүрлі шаңғы марафонының дайындығы мен өткізілуі» тақырыбында баспасөз конфе ренциясын өткізді. 11 ақпанда Қазақстан дизайнерлерімен және Франция елшісінің мәдениет бойынша кеңесшісі Клод Круамен баспасөз конференциясы өткізілді. 12 ақпанда журналистер кәсіподақ президенті Мадрид Рысбековпен кездесті, ол Түркістан қаласында өткен БАҚ қызметкерлері конгресі туралы әңгімеледі. 12 ақпанда Халықаралық баспасөз орталығы атақты сазгер, әнші Алтынбек Қоразбаевпен баспасөз конференция сын ұйымдастырды.
13 ақпанда «Жастар» сарайында «Қазақ-
стан жастарының конгресі» басшылары
мен баспасөз конференциясы өткізілді.
17 ақпанда бокстан Қазақстан құра-
масының бас жаттықтырушысы, Олим-
пиада чемпионы Е. Ибрагимовпен бас-
пасөз конференциясы өтті.
26 ақпанда Астананың журналистері
Сауда мен біржолғы талон басқармасы-
ның басшысы Гүлфайруз Қасымовамен
кездесті. Кездесу барысында БАҚ өкілде-
рі 8 наурыз мерекесіне арналған «Астана
көктемі – 2003» атты жәрмеңке өтетіндігі
туралы ақпарат алды.
11 наурызда Халықаралық баспасөз
орталығы «Промстройиндустрия. Аста
на – 2003» халықаралық көрмесін өткізу-
ге арналған баспасөз конференциясын
ұйымдастырды. Конференцияға Астана
қаласы әкімінің орынбасары К.К. Мұха-
нов, Экономика мен шағын бизнесті
дамыту
департаментінің
директоры
Т.И. Яковлева, Астана қаласының сыртқы
экономикалық байланыстар комитеті-
нің төрағасы А.И. Демидов, ҚР Индустрия
мен сауда министрлігі Құрылыс істері
комитетінің төрағасы Ш.Ш. Шардарбек
және басқалар қатысты.
12 наурызда «Дала батырлары» жаңа
ұлттық ат спорты театрын құру мәсе-
лелері бойынша ұлттық ат спорты теат-
рының атқарушы директоры, халық-
аралық дәрежедегі спорт шебері Ирина
Владимировна Чайниковамен баспасөз
конференциясы өткізілді.
12 наурызда «Ақмола вагон жөндеу
зауыты» АҚ президенті Марат Нәбиевпен
баспасөз конференциясы өтті.
13 наурызда Халықаралық баспасөз
орталығының залында ақын, Қазақстан
Республикасының Қырғызстандағы тө-
тенше және өкілетті елшісі Мұхтар Шаха
новпен баспасөз конференциясы өтті.
14 наурызда белгілі жазушы, ғалым,
Қазақстан тәуелсіздігінің 10 жылдығына
орай өткен әдеби байқаудың жеңімпазы,
«Көк бөрінің көз жасы» кітабының ав
26-307
торы Тұрсынхан Зәкенұлымен баспасөз
конференциясы өткізілді.
Баспасөз конференциясының жұмы-
сына танымал жазушы, ҚР Парламенті
Мәжілісінің депутаты Шерхан Мұртаза
қатысты.
20 наурызда «Атамекен Қазақстанның
картасы» этномемориалдық кешенінің
бас директоры У.Д. Мұңалбаевамен бас-
пасөз конференциясы өткізілді.
22 наурызда Қазақстанның халық әр-
тісі Роза Рымбаевамен баспасөз кон-
ференциясы өткізілді.
23 наурызда ҚР Туризм және спорт
агенттігінің
төрағасы
Дәулет
Тұрлы-
хановпен баспасөз конференциясы өтті.
Конференцияға оның бірінші орынба
сарлары Б. Тәжібай, Е. Никитинский,
Е. Қанағатовтар да қатысты.
25 наурызда Астананың журналистері
атақты музыкант Марат Бисенғалиевпен
және Алан Бөрібаевпен кездесті.
3 сәуірде көпшілікке танымал «Көңілді
тапқырлар
клубы»
телебағдарламасы-
ның жетекшісі Александр Масляковпен
баспасөз конференциясы өтті.
15 сәуірде Қазақстанның халық әртісі,
опера примадоннасы Нұржамал Үсен-
баевамен баспасөз конференциясы өтті.
27 сәуірде Қазақстанның халық әртісі
Нағима Есқалиева баспасөз конферен-
циясын өткізді.
11 мамырда Халықаралық баспасөз
орталығының қонағы көпке танымал
әнші Филипп Киркоров болды.
12 мамырда «Руханият» Орталығы-
ның директоры Тоқтасын Өмірзақовпен
баспасөз конференциясы өтті.
15-25
маусым
аралығында
Халық-
аралық баспасөз орталығының баста-
масымен «Астана-Павлодар-Семей-Өске-
мен-Верх-Катун-Қатон-Қарағай-Берель
қорғаны» бағыты бойынша баспасөз туры
өткізілді. Баспасөз турына 22 бұқаралық
ақпарат құралының өкілдері атсалысты.
Барлық жылдары Астананың негізде-
лу күнінен бастап, бұқаралық ақпарат құ-
ралдарының дамуы елорданың дамуы-
нан қалған емес. Бүгінгі күні бұқаралық ақпарат құралдары қоғамдық пікірдің күшейткіші бола отырып, мемлекеттің жаңа елордасының жағымды имиджін құруға барынша жағдай жасап, бұл күрделі процестің қиындықтарын жа сырмай, оның қалыптасуы мен да муы туралы қазақстандықтарды үнемі ақпараттандырып, біздің демократиялық қоғамымызда үлкен рөлге ие бол ды. Республиканың көптеген бұқаралық ақпарат құралдары Қазақстанның ақпараттық кеңістігінде ғана емес, сондай-ақ жалпы Еуразиялық аймақта да лайықты орын алады. Егер 1998 жылдың басында Ақмола қаласында 16 бұқаралық ақпарат құралы есептелінген болса, бүгінде олардың саны елеулі түрде жоғарылады, бұл ақпараттық алаңның кеңеюі туралы, астаналықтар мен қазақстандықтардың шыншыл және жан-жақты ақпаратқа деген қажеттілігінің артуы туралы куәландырады. Астанада жаңа екі телеком пания пайда болды, 2 радиоарна ашыл
ды, өз қызметін 12 баспасөз басылым дары дамытты. 2007 жылы 1 мамырда Астанада 115 бұқаралық ақпарат құралы тіркелген. Жаңа елорданы игеру мен оның жетілуі жылдарында «Утро столи цы», «Литер», «Айқын», «Дала мен қала», «Страна и мир», «Закон и правосудие», «За кон и человек» сияқты газеттер, «Деловой мир», «Бәйтерек», «Жастар», «Мерей, «Бан зай» журналдары, «Хабар», «Астана ТВ», «Эра ТВ», «NS радиосы», «Астана радиосы», «Қазақ радиосы» радио және телеар налары және көптеген басқа бұқаралық ақпарат құралдары өз қызметін бастап, ойдағыдай жүзеге асырады. Олардың барлығы егеменді Қазақстан Республикасының жас, өркендеген елордасының шежіресін жалғастырады. Себебі әуезді, жайдары, даланың гүлі, арманымыз бен сеніміміздің қаласы Астана да, бейбітшілік, келісім мен сүйіспеншілік заңдарымен өмір сүретін үлкен, интернационалдық отбасы, оның адамдары да осыған лайық.
МАЗМҰНЫ Нұрсұлтан Назарбаевтың Астана туралы пікірі, естеліктері..........................3 Алғашқы астаналықтар.......................................13 Өсе бер, өрлей бер, Астана! Кіріспе.................................................................................95 Астанаға қалай келдім! Қалай баспасөз хатшысы болдым....................................................... 100 Жұмыс қалай басталды және қалай ұйымдастырылды?......................... 113 Елбасы – елорда – егіз ұғым................................ 123 Жерұйығы елімнің.................................................... 147 Үндеу................................................................................. 213 Астана тұрғындарына ашық хат!..................... 217 Астана хикаялары Президенттің қолдауы........................................... 225 Отан................................................................................... 229 Ауылнайдың айтқаны............................................ 232 Олигарх пен молла!................................................. 238 Қыдырбай көшесі...................................................... 240 «Қонақ келсе, қойныма алып жатам ба?».... 243
Асыл жиреннің киесі............................................... 245 Асау үйрету.................................................................... 259 Ал, кәне, біздің шал-кемпірлер!........................ 262 Әке өсиеті....................................................................... 270 Менің «крутой крышаларым»............................ 275 «Заправщик немесе «мен ретсіз келіп қалған жоқпын ба?!»................................... 279 Күдікті сейілтіп, көзқарасты өзгертіп...........283 Әділбек – жақсы әкім..............................................291 Баспасөз клубы жұмыс бастады.......................295 Шетелдік журналистерге шындықты көрсеттім.............................................302 Астана тұсаукесері....................................................306 Сұхбаттар Бұл – нағыз ерлік.......................................................311 «Төртеу түгел болса, төбедегі келеді».............317 Астана жанында «Құлагер – қазанат» атты теңдессіз мұражай тұрғызылмақ.........322 Қазақстанда ат спорты бойынша халықаралық жарыс өтеді...................................325 Баспасөз шежіресі Тәй-тәй басқан жаңа астана баспасөзінің шежіресі............................................329
СӘДІБЕК ТҮГЕЛ
Басуға 21.10.14 қол қойылды.
Пішімі 60х90 1/16. Қағазы офсеттік. Офсеттік басылыс.
Шартты баспа табағы 25,5.
Тапсырыс № 307. Таралымы 2000 дана.
«Фолиант» баспасы
010000, Астана қаласы, Ш. Айманов к., 13
Редакторы Фарида Уәлиева
Техникалық редакторы Эльмира Заманбек
Көркемдеуші редакторы Жеңіс Қазанқапов
Корректоры Аяужан Бүркітбаева
Компьютерде беттеген Ақмарал Кадикенова
Пікірлер (0)
Пікір жазу үшін аккаунтқа кіріңіз. Кіру