Мазмұнға өту
Home

Тағы да сенің елесің...

Рауан Қабидолдин

Оқылуы: 0%

Жазылымсыз режим: 20-беттен кейін жазылым беті ашылады, әрі қарай әр 10 бет сайын (ең көбі 5 рет).

20 px
1.85
0.30 px
0.95 em

Тағы да сенің елесің...

Авторы: Рауан Қабидолдин

Рауан Ержанұлы Қабидолдин Тағы да сенің елесің... Тағы да сенің елесің, Мен әлдеқашан тәрк еткен. Керіле басып келесің, Көнетоз ескі паркетпен. Уақытты-ай мына қас-қағым, Қарашы мына ой кемін. Көзімді байлап тастадың, Шаштарың... сосын көйлегің... Ойласам ойға шер тұнад, Недеген ғажап жарасым. Еркелігіңді ертіп-ап, Еркелей басып барасың. Сөнер ме ізі бұл күннің? Ұмыту бірақ әбестік. Орнына сенің күлкіңнің, Орнын толтырмас ән естіп. Өзімді өзім жұбатып, Өтер деп қазір алдымнан. Көзіме келіп тұнатын, Арашалар деп бар мұңнан. Көктемнен көйлек сұратып, Бүр атып бүрме етектен. Ерніңде тұнып тұратын, Еркелігіңді жетектеп.

Өтет деп күту, ой қандай, Азап екенін білер ме ең? Еркелігіңмен ойланбай, Ессіздеу қылып жіберген – Түнерген жанның бірі едім, Түнермей қалай жата алам? Алқызыл түсті жүрегін, Атыңмен сенің атаған – Жат адам едім, құлақта, Сыңғыры қалған күлкіңнің. Жылатшы, жылат, бірақта, Жыламауым да мүмкінмін.

Пікірлер (0)

Әзірге пікір жоқ.
An error has occurred. This application may no longer respond until reloaded. Reload 🗙