TELEGEI

Home

Баянғали Әлімжанов шығармалары. 8-том

Баянғали Әлімжанов

Оқылуы: 0%

Жазылымсыз режим: 20-беттен кейін жазылым беті ашылады, әрі қарай әр 10 бет сайын (ең көбі 5 рет).

20 px
1.85
0.30 px
0.95 em

Баянғали Әлімжанов шығармалары. 8-том

Баянғали Әлімжановтың шығармалар жинағының 8томына балаларға арналған өлеңдері мен әңгімелері, пьесалары топтастырылған. Бұл өлеңдер, әсіресе «Әліппе өлең» мен «Әліппежаңылтпаш» республикалық, облыстық басылымдарда, фейсбукте жарияланып, көпшілік ата-аналар мен мұғалімдердің ризашылығына бөленіп, бүлдіршіндерге түсінікті, жеңіл әрі қызықты, мазмұнды дүниелер ретінде жоғары бағаға ие болған.

Баянғали
Әлімжанов
ШЫҒАРМАЛАРЫ VІІІ томЖанай мен ай
Балаларға арналған өлеңдер,

әңгімелер, пьесалар

Көкшетау 2016

ӘОЖ 821.512.122-1

КБЖ 84 (5Қаз)-5

Ә 55

Әлімжанов Б.

Ә 55

Шығармалары: Көп томдық. Б. Әлімжанов. – Көкшетау:
Келешек-2030, 2016.

ІSBN 978-601-302-125-6

Т. 8. Жанай мен ай. Балаларға арналған өлеңдер, әңгі-
мелер, пьесалар. / Б. Әлімжанов. – 274 б.

ІSBN 978-601-317-067-1

Баянғали Әлімжановтың шығармалар жинағының 8-томына
балаларға арналған өлеңдері мен әңгімелері, пьесалары топтас-
тырылған. Бұл өлеңдер, әсіресе «Әліппе өлең» мен «Әліппе-
жаңылтпаш» республикалық, облыстық басылымдарда, фейсбук-

те жарияланып, көпшілік ата-аналар мен мұғалімдердің ризашы-
лығына бөленіп, бүлдіршіндерге түсінікті, жеңіл әрі қызықты,
мазмұнды дүниелер ретінде жоғары бағаға ие болған.

ӘОЖ 821.512.122-1

КБЖ 84 (5Қаз)-5

ІSBN 978-601-317-067-1 (Т. 8)

ІSBN 978-601-302-125-6 (жалпы)
© Әлімжанов Б., 2016.

ӘЛІППЕ ӨЛЕҢ

А-а А дегенім – атаң, Ақ тілекті батаң, Ақыл сөзін тыңдап, Ардақтай біл, ботам! Ә-ә Ә дегенім – әжең, Әлдилеген анаң, Әлпештеген әкең, Әспеттей біл, балам! Б-б Б дегенім – білім, Білім – жарық күнің, Ашып берер саған, Бар әлемнің сырын! В-в В дегенім – вокзал, Кісі толған көп зал, Келіп қалса пойыз, Вокзалдан тез қозғал!

Г-г Г дегенім – гүлім, Көрдің неше түрін, Гүлмен бірге сенің Күлімдейді күнің! Ғ-ғ Ғ дегенім – ғарыш, Болса дағы алыс, Қазақ ұшып барған, Ғарыш бізге таныс! Д-д Д дегенім – дәптер, Дәптер тола ақ тор, Дұрыс, таза жазып, Төрт пен бесті ап кел! Е-е Е дегенім – есеп, Есеп қиын десек, Неше болар екен, Екі ешкі мен есек? Ж-ж Ж дегенім – жолда, Жаңғалақтау болма, Жасыл жанса, жүгір, Қарап сол мен оңға!

З-з З дегенім – зебр, Тұяғы оның темір, Шөп іздесе шөлде, Кірмейді оған шөгір! И-и И дегенім – ине, Кіріп кетер, тиме, Қадайды ғой әжең Инеменен түйме! Й-й Й дегенім қайда? Бар ғой қаймақ, майда, Сайда жүрген ойнап, Тайынша мен тайда! К-к К дегенім – кітап, Көп оқыған ұтад, Күшті болсаң, кәне, Кітаптан тез К тап! Қ-қ Қ дегенім – қала, Жан-жағыңа қара, Қатар-қатар үйдің, Қабаттарын сана!

Л-л Л дегенім – лағым, Кезіп ауыл маңын, Маңыраған кезде, Бір тынбайды жағың! М-м М дегенім – мектеп, Кітабымды беттеп, Мен өсемін оқып, Мектебімде көктеп! Н-н Н дегенім – наным, Нанмен бірге әнім, Наным – менің нәрім, Әнім – менің сәнім! Ң-ң Ң дегенім – аңдар, Аңдар інді таңдар, Қарға түскен ізден, Аңның жолын аңғар! О-о О дегенім – орман, Жан-жануар толған, Жеміс, жидек теріп, Орман кезу – арман!

Ө-ө Ө дегенім – өзен, Өзен бойын кезем, Өзенде бар балық, Өзім бірден сезем! П-п П дегенім – пілім, Көрсеңдер де түрін, Қане, көрген кім бар, Таудай пілдің тілін!? Р-р Р дегенде ретте, Рет-ретімен бетте, Дәптер, кітап – бәрін, Ретсіз шашып кетпе! С-с С дегенім – сурет, Көрдің бе сен бір рет, Сонша неге тәтті, Суреттегі сүр ет?! Т-т Т дегенім – талап, Көңіліңмен қалап, Талапты бол сен де, Оқып жақсы сабақ!

У-у У дегенім – уыз, Уыз жейді ауыз, Уызына тойған Қозы болар нығыз! Ұ-ұ

Ұ дегенім – ұлан, Ауызында ұран, Ту көтеріп тұрған Ұлан нағыз қыран! Ү-ү

Ү дегенім – үкі, Үлпілдейді түлкі, Үп дегенде үкі, Түлкі болды күлкі! Ф-ф

Ф дегенім – файл, Поштамыз е майл, Алыстан хат келсе, Жылдам жауап қайыр! Х-х

Х дегенім – халық,
Оқып, білім алып,
Халық үшін іс қыл,
Бар күшіңді салып!

Һ-һ

Һ дегенім – жаһан, Жаһанда бар наһан, Наһан – үлкен балық, Деп айтатын атам! Ц-ц

Ц дегенім – цеце, Улы маса десе, Циркуль одан үлкен, Әлденеше есе! Ч-ч

Ч дегенде Чен бар, Чукот деген жер бар, Чита деген қала, Чили деген ел бар! Ш-ш

Ш дегенім – шаршы, Шаршыны тез салшы, Шыны, шырша, шаштан, Шы-ны тауып алшы! Щ-щ Щ дегенді тапшы, Кітабыңды ашшы, Бір-біріне қарсы, Тұщы менен ащы!

Ы-ы

Ы дегенім – ыдыс, Шығарады дыбыс, Ынтымақты үйде Ыдыс тола ырыс! І-і

І дегенім – інім, Бауырым ғой, күнім, Қызықтаймыз оның, Балдай тәтті тілін! Э-э

Э дегенді ізде, Көріне ме көзге? Элеватор, эпос, Бар ғой біраз сөзде! Ю-ю

Ю дегенім – ою, Ойлап ойып қою, Аю құсап маймақ, Қою балға тою! Я-я

Я дегенім – аяз,
Мал тоңады ояз,
Аяз қысқан кезде
Су қатады саяз!

6.10.2015 ж. – 9.12.2015 ж.

ӨЛЕҢДЕР

Мен–қазақтың баласы
Байтақ жатқан даласы,
Батыр болған бабасы,
Білім қуған, ой қуған

Мен – қазақтың баласы!
Дала
Атыңды жаттап өсемін
Аңызымен атаның,

Дархан дала, кең дала –
Менің туған Отаным!
Отан
Елім – туған Отан,

Мен – кішкентай ботаң,
Отан – менің анам,
Отан – менің атам!
Көктуым

Көк туым, күнге еркелеп,
Қырандай көкте қалықта,
Шаттыққа толып шаңырақ,
Көркейіп, елім, шарықта!

Ата Менің атам ақылды, Бізге бата береді, Арқасына мінгізіп, Аттай шауып, желеді! Әже Менің әжем әдемі, Алақаны аялы, Біз даладан келгенде, Күліп құшақ жаяды. Әке Менің әкем еңбекқор, Асқар таудай тұлғасы, Балалардың тірегі Жақсылардың жолдасы! Ана Нұрын төккен мейірлі, Жақсы көрем анамды, Бөбегім деп сүйгенде, Мөлдірейді жанары! Бала Бала, бала, балдырған, Өмір отын жандырған, Күн нұрындай күлімдеп, Көз мейірін қандырған.

Аға Мен боламын жақсы аға, Дейді сенсің жақсы іні, Сөйтіп алып қояды, Атам берген тәттіні! Іні Інім келіп тәттіге Таласады тағы да, Ала салып қашады Әжеміздің жанына. Бауыр Бірге туған бауырмен Ойыншыққа таласып, Төбелеспей, тату бол Тай-құлындай жарасып! Қарындас Қарындасым жүгірсе, Желпілдейді тұлымы, Сөйлегенде еркелеп, Сондай тәтті қылығы! Отбасы Отбасымыз – құт мекен, Оттай ыстық ұямыз, Балапандай шүпірлеп, Ұямызға сиямыз.

Жанұяны саялап,
Бақытты күй кешеміз,
Ата-анамыз аялап,
Азамат боп өсеміз!

Ән мен күй
Әжетаймен қосылып,
Әсем әнді айтамын,
Домбырасын атамның

Күмбірлетіп тартамын.

Әжеміздің әнінде
Еліміздің жыры бар,
Атамыздың күйінде
Даламыздың сыры бар!

Әліппе
Бізді үйреткен оқуға,
Бізді үйреткен әріпке,
Білім, ғылым бастауы –

Мың рахмет, әліппе!
Аңыз бен жыр
Атам жырды асқақ,
Батырлардан бастап,

Аңыз айтып берді,
Алдым оны жаттап!
Ертегі
Ерте, ерте, ертені

Аңыз қылған, ән қылған,
Кел, ертегі тыңдайық,
Ата-бабаң қалдырған!

Жылқы Қымыз берген жылқымын, Көк шалғында аунаймын, Мінгізіп ап балдарды, Желдей ұшып заулаймын! Түйе Мен түйемін, таудаймын, Керуен тартар қуатым, Көп күн шөлге шыдаймын, Дертке шипа шұбатым! Сиыр Мен мүйізді сиырмын, Бұзауымды іздеймін, Сүт пен қаймақ беремін, Балаларды сүзбеймін! Қой Мен – момақан қойыңмын, Ешбір жанға тимеймін, Жүн беремін киімге, Өзім бірақ кимеймін. Ешкі Егіз лақты ешкіміз, Қой бастайды серкеміз, Жеңіл, жылы шәліге Түбіт берген еркеміз!

Ит Қысы-жазы кісіге Серік болып жүреміз, Күзетеміз қойларды, Қасқыр келсе үреміз! Мысық Жылы жерде сүйеміз, Бырылдап көз қысқанды, Жолатпаймыз бірақ-та Үйімізге тышқанды. Қаз Қаз қанатын сабалап, Көлдің суын шашады, Қаңқылдаған дауысы Алты қырдан асады! Үйрек Үйге қусаң үйректі, Балпаң-балпаң басады, Кірмеймін деп қораға, Сайға қарай қашады! Тауық Күні бойы қыт-қыттап, Көң тырнаған тауықпын, Балақандар жесін деп, Көп жұмыртқа тауыппын!

Есек Су тасыған балалар Жүк артады есекке, Бірақ неге сол есек Кірмейді мал – есепке? Динозавр Таудай үлкен, күші көп, Қандай ұзын десек те, Динозавр қазақша Қорқынышты кесіртке! Арыстан Ұйқысынан оянып, Ақырғанда арыстан, Жан-жануар қашады, Жасырынып алыстан! Аю Аю қыстай үңгірде Сорады май табанын, Жазда бал жеп, ешкімге Тигізбейді залалын! Жолбарыс Жолақ-жолақ терісі, Азу тісі қылыштай, Жортып шықса жолбарыс, Бұғады аңдар бұрышқа!

Барыс
Барыс қарда сырғанап,
Тау аралап жүреді,
Тасқа жатса, тоңбайды,

Қыстың жайын біледі!
Панда
Аю – панда орманда
Ағашқа тез өрлейді,

Түсірсе де киноға,
Ол кунфуды білмейді!
Қасқыр
Қасқыр түнде ыр-р етсе,

Ел шошиды ертеден,
Мылтығы бар әкемнің,
Қорықпаймын мен сенен!
Түлкі

Айласынан түлкінің
Алданса да қанша адам,
Ақылы бар баламын,
Алданбаймын мен саған!

Қоян
Аппақ қоян, ақ қоян,
Сондай қорқақ, сақ қоян,
Біздің үйге тығылсаң,

Сандығыма сап қоям!

Кит Кит деген бір керемет, Көк мұхиттың көркемі, Жан-жануар, балықтың Бәрінен де үлкені! Кенгуру Немересін атасы Мінгізеді арқаға, Секіреді кенгуру Баласын сап қалтаға! Морж Азулары найзадай, Морж мұзды ояды, Тіл алмаса баласын Тіспен түртіп қояды! Піл Таудай үлкен піл деген, Жалпылдайды құлағы, Тұмсығымен ағашты Көтеріп ап тұрады! Ақ аю Мұзды мұхит үстінде Ақ аю қол бұлғайды, Тоны қалың, майы көп, Ол аязда тоңбайды!

Жираф
Қонақ қылып жирафты
Маймыл үйде сыйлапты,
Мойнын созып қалғанда,

Жираф үйді қиратты!
Жыл санау
Тышқан айтты Сиырға:
«Жыл басымын биыл да!»

Барыс кетпей Қоян да
Жүреді бір қиырда.

Ұлу ілбіп өтеді,
Жылан жылжып кетеді,
Жылқы шауып болғасын,
Қой маңырап жетеді.

Мешін бастап сауықты,
Шақырады Тауықты,
Иттен кейін Доңыз кеп,
Бір мүшелді жауыпты!

ӘЛІППЕ-ЖАҢЫЛТПАШ

А-а Арқалады апамды атам, Арқалады апам мен атамды атан, Атама атанымды арқандатам, Атам мықты ма, Атан мықты ма?!

Ә-ә Әжемнің әжімі де әдемі, Әзілі де әдемі, Әдемі әуені мен әдебі, Әлемнен таппайсыңдар, Әдемі емес әжені!

Б-б Балық Балтыққа барды, Борсық балшықта қалды, Балтыққа барған балық батыр ма, Балшыққа батқан борсық батыр ма?

В-в Велосипед, велик, Қарай бермей телик, Велик тепкен жақсы, Жүйрік аттай желіп!

Г-г Гүлім, гүлім, гүлде, Күлімдеген күнде, Гүлдеген не, күлген не, Гүл ме, әлде күн бе?!

Ғ-ғ Ғалам толған ғажап, Ғарышқа ұшты қазақ, Ғаламдағы ғажап қазақ па, Ғарыштағы қазақ ғажап па?!

Д-д Ды, ды, ды, ды, дың-дың, Ді, ді, ді, ді, дүң, дүң, Үні ме дабылдың, Діңі ме қарағайдың? Бұл дүң-дүң қай дың-дың?!

Е-е Елп, елп еткен ебелек, Көлп, көлп еткен көбелек, Ебелекке елек керек пе, Көбелекке көйлек керек пе?!

Ж-ж Жабағы жанға жағады, Жантайған жанын бағады, Жабағы мініп жайдақтап, Жайлауда балдар шабады, Қойдың да жүні жабағы, Тайға да іні жабағы, Жабағының жағдайын, Қане, кім тез табады?

З-з Зу-зу-зу, Зуылдаған ара, Зың-зың-зың, Ызыңдаған ара, Бірі ағаш кеседі, Бірі бал жинайды, Зуылдайды қайсы, Ызыңдайды қайсы?!

И-и Иіліп кеп инелік, Үйге келді, тимелік, Түйме қадай алмайсың, Инелікті ине ғып!

Й-й Мойынбайдың бойын, Ойын билеп ойын, Айпат ойнап, қоймады, Таппады бір тойым!

К-к Көктем кеп көкпеңбек, Көктеді кепкен көк, Көгертті жер жүзін, Шуағын төккен көк!

Қ-қ Қаз, қаз, қаз аппақ, Қаз ақ болса, қазақ та ақ, Қане, кім тез таппақ? Қаз ақ па, қазақ ақ па, Қызықтап, жаз тақпақ!?

Л-л Лепсіде леп белгісі бола ма, Лебізде леп белгісі бола ма?! Леп белгісімен Лепсі тола ма, Леп белгісіз лебіз оңа ма?

М-м Маңмаңдаған марал Маң далаға маңа ма? Мамырлаған мамырда, Мама қаздар тоңа ма?!

Н-н Нөлдің мәні – нөл, Нәннің мәні – нән, Кәне, тауып көр: Нөлдің мәні дәл ме, Нәннің мәні дәл ме?!

Ң-ң Таңат жаңғырыққа қайыңды көп жарады. Таңғы жаңғырық жер жарады, Таңаттың жаңғырығы қатты ма, Таңғы дыбыстың жаңғырығы қатты ма?!

О-о Ошыбай мен Осылай отын тасып, Осы байдың өтіпті жерінің отын басып, Ошағына жаққан отына қазан асып, Ошаған бай қалыпты басын қасып!

Ө-ө Өскен өңір – өз елім, Өз елім – өзегім, Өзіңнен бастадым Өмірдің өзенін!

П-п Пісте пісті, Пәскен піспекпен піспе пісті, Піскен пістені тістеді, Піскен піспені не істеді? «Піспеде пісілген қымыз іш!» – деді.

Р-р Рауан Руаннан Румындағы Раушанға рауғаш апарды. Таң рауандағанда Раушан Рауанмен Румыннан Руанға аттанды!

С-с Саяхаттап Сайран, Салды сауық-сайран, Сайдан сайғақ сайлап, Барды Сауран, Сайрам!

Т-т Таутеке көктен кеп, Тарғыл тасты бөктерлеп, Тепкенмен тектен тек, Тас кектеніп кеткен жоқ!

У-у Ура, ура! –деп, тура, Пума, бура боп тула, Пуманы да көп қума, Бураны да көп қума!

Ұ-ұ Ұлдар, ұяға ұрынба, Ұлардан ұят болады, Ұлдардан үріккен ұлар Ұядан Ұрымға қонады!

Ү-ү Үркер көкте, Үйрек көлде, Үйректі көкке үйірсең де, Үркерді көлге сүйрей көрме!

Ф-ф Фарфор мен фосфатты, Футболға қоспапты, Қосайын десе, Фарфор бас тартты, Фосфат тоспапты!

Х-х Хиуаз Хиуаға қызықты, Алуа халуаға қызықты, Хиуа тәтті ме? Халуа тәтті ме?

Һ-һ Қаһарлы адам заһар шашады, Заһар шашқанның қадірі қашады!

Ц-ц Ницца, пицца, цифр, Цифр тола сиқыр, Цугцванг, цигун, Цунами деп қиқыр!

Ч-ч Чингачгук Чапай мен Чукчаны Чилиге шақырды, Чукча Чукотқа кетті, Чапай Читаға кетті, Чингачгук Чикагоға кетті!

Ш-ш Шаш шаштаразға қарады, Шаштараз шашты тарады, Шашылған шаштарды шаңсорғыш Шашау шығармай жинап алады!

Щ-щ Қосшылардың қарны ашты дағы, Жас шынардың қабығын ащылады, Қосшылардың қарны ащы ма, Жас шынардың қабығы ащы ма?!

Ы-ы Ықылас Ынтамен ынтымақтасты, Ыңқыл сыңқылмен ынты-шынтымен шынтақтасты.

І-і Ізтай ізгілік іздерін іздеді, Сіз-біз деген ізеттілерді тізімдеді, Сәбіз бен ірбіз тізімге ілінбеді!

Э-э Эвенк пен эскимос, Екеуі екен ескі дос, Эскимос ескі досын ескі қосына шақырды, Эвенк эскимосын ескі мосыға шақырды!

Ю-ю Бұрап еді Юра, Шыр айналды юла, Жылап еді Юля, Құлай қалды юла!

Я-я Ягуарды Як сүзуге оқталды: – Яки мен, яки сен! – деп салды. Ягуар сөзге тоқталды, Ол орманға кетіп, Тауда Як қалды! 3.04. – 4.04.2016 ж.

Доп Өзім қандай батырмын, Допты суға батырдым, Атқып шығып ол судан, Тура көкке атылды.

Тепсең тыныш жатпайтын, Қақпадан да аттайтын, Нағыз батыр доп екен Суға салсаң батпайтын! Қар Қалың емес қар әлі, Тептім бірақ шананы, Аппақ қарда сырғанап, Шанам зулап ағады, Қара жерге келгенде, Неге тоқтап қалады? Заулар ма екен таста да Майлап қойсам табанын!? Шар Қатты үрледім шарымды, Тарс етті де жарылды, Қорқып едім, қалтамнан, Тағы бірі табылды.

Енді амалын білемін,
Ақырындау үрледім,
Жарылған жоқ бұл шарым,
Төбемде ұшып жүр менің!

6.04.2016 ж.

ҚЫЗЫҚТЫ СҰРАУЛАР

Балқан мен талқан
Мамасына Балқан,
Берші деді, талқан,

– Оны қайдан білдің?

– Деп анасы аң-таң!

Қояр емес Балқан,
Қос құлағы қалқан,
Талқан тауып бер деп,
Болды бұлқан-талқан.

Талқан деген не зат,
Білесің бе, қалқам!?
Құйқа
Әжетайым үйде,

Үйтіп берді құйқа,
Тойып алып ұйықтап,
Болдық ұйпа-тұйпа.

Құйқа деген құрт па,
Салып қояр ұртқа,
Ет пе, әлде май ма,
Білсең, айтшы жұртқа?!

Асық пен сақа
Біз де бала болғанбыз,
Мектепке де барғанбыз,
Асық ойнап далада,

Ой-хой, асыр салғанбыз!

Сақам, сақам, соқ дейтін,
Соқса қисық кетпейтін,
Иіріп кеп атқанда,
Дыйға зулап беттейтін.

Соққан кезде қылтадан,
Дый қалмайтын сақадан,
Сақа қандай, дый қандай,
Сұрап көрші атадан!

Құстың сүті
Бекен айтты, дүкеннен,
Қаз көрдім деп сүт емген!
Жүгіріп кеп сұрадым,

Дүкендегі көкемнен.

Көкем маған сенбейді:

– Қаздар емшек ембейді,

Сүт болмайды құстарда,
Біліп қойғын, сен, – дейді!

Сөзін ұғып көкенің,
Білдім мұның бекерін,
Әзілдепті менімен
Бірге оқитын Бекенім!

9. 01. 2016 ж.

Шырша
Таудың жасыл шыршасын,
Қалай ғана қырқасың,
Қырқа берсең, шыршаны,

Табиғатты құртасың!

Жұмбақ
Ағаштан жасалған,
Әдемі қашалған,
Бойы сіздей,

Мұрны біздей,
Көңілді әні бар,
Көруге сәні бар!
Ол кім?

Буратино!

ОҚИҒАЛЫ ӨЛЕҢДЕР

Шыршадағы шытырман
Жаңажылдық шырша
Біздің мектеп құрды,
Жан-жануар келіп,

Қол ұстасып тұрды.

Елтіп ән мен күйге
Елік шықты биге,
Қорбаңдайды аю,
Деп өзімдей биле.

Еріп шықты бұлан,
Желіп шықты құлан,
Ырғағымен әннің
Бұраңдайды жылан!

Жыланға кеп ұлу,
Тыңда, – деді, – сұлу,
Тапсырамын жылды,
Болсын алға жүру!

Жылан шығып судан,
Жаңа жыл боп тұрған,
Уайымдама, – деді, –
Тарқамайды думан!

Тауық пенен тышқан
Айдаһарды тыстан,
Алып келді биге
Болмайық деп дұшпан!

Секіреді мәлін,
Секеңдейді лағың,
Бегемот жүр билеп,
Қолмен сүйеп жағын!

Теңселеді түйе,
Тербеледі бие,
Майысады маймыл,
Жерге басы тие!

Жайраңдайды жираф,
Сереңдетіп сирақ,
Шақырады биге,
Түйеқұсты сыйлап.

Айналады түлкі,
Құшағында кірпі,
Тікендерін қадап,
Түлкі болды күлкі!

Күлімдейді күшік,
Дірілдейді мысық,
Төбесінде оның
Жүрді құстар ұшып.

Көк теңізді кешіп,
Қанатымен есіп,
Келді жетіп дельфин,
Аппақ қарды тесіп!

Мұхитты бір серпіп,
Терезені шертіп,
Кит те келді күліп,
Акуланы ертіп.

Қармен жуып кірін,
Аппақ болып пілің,
Шақырады биге
Ақ аюдың бірін!

Арыстан мен бүрге
Биге шықты бірге,
Ягуар мен як жүр
Аламыз деп жүлде!

Жолбарыс пен лама
Аламыз деп баға,
Қыздырады биді,
Тағып алып таға.

Қабыланға пума,
Деді, қатты қума,
Арқар айтты турға,
Таудағыдай тула!

Шекелері торсық
Суыр менен борсық,
Жерді тепкен кезде
Шортан шықты шоршып!

Тұмсығымен түртіп,
Қалжыңдаса бүркіт,
Қалтырайды қарсақ,
Өз-өзінен үркіп.

Қасқыр менен қабан
Билеп есен-аман,
Жылқы менен сиыр
Тарсылдатты табан!

Судан шығып терең,
Айтамын деп өлең,
Крокодил қарға,
Тайып түсті серең!

Қайта тұрып қақсап,
Айтып екі тақпақ,
Құшақтай сап қойды,
Кетті билеп ақсап!

Шауып келді зебр,
Гепард келді шегір,
Қыздырады биді,
Жануарлар небір!

Горилланың көжек
Мұрынынан көздеп,
Шертіп-шертіп қойса,
Қақты безек-безек.

Динозавр, панда
Күліп анда-санда,
Жап-жақсы боп жүрген,
Билеп жақын маңда.

Үлкен аузын ашып,
Қабырғасын қасып,
Динозавр кетті,
Бір бақайын басып.

Ойбай салып сасып,
Панда шықты қашып,
Бір бұрышқа зытты
Шыршадан да асып.

Мамонт шетте жатып,
Күлді шегі қатып,
Ерке барыс оны
Қалды қармен атып.

Мамонт ұшып тұрып,
Кетпек болды ұрып,
Ырғып кетті барыс,
Иттер шықты үріп.

Буйвол мүйізін шайқап,
Мамонт тұрды байқап,
Төбелессе бұлар,
Кетер бәрін жайпап.

Аяз Ата келді,
Бәрін көзбен көрді,
Ақшақары дереу
Табыстырды елді.

Сауысқан мен жайын
Талдап істің жайын,
Сөйлегенде сөздің
Тамызады майын.

Сонда Аяз Ата
Жасама деп қата,
Тату-тәтті бол деп,
Берді жақсы бата!

Иығында дорба,
Дорба толы олжа,
Таратты көп сыйлық,
Жұртқа Жаңа жылда!

Не деген көп олжа,
Өтті қолдан-қолға,
Берекелі болды,
Ынтымақты жолда!

Аю мен балық және бал
Қарғып тау мен тастан да,
Аю ұшты аспанға,
Өзенге кеп құлады,

Өз-өзінен жылады.

Жылаудан тез жалықты,
Ұстап алды балықты,
Балық айтты аюға,
Болмас мені союға.

«Мен кішкентай балықпын
Құр шеміршек арықпын,
Қоя берсең, көрейін,
Әкемді алып келейін!»

Аю оған бұйырды
Әкеп бер деп үйірді,
Алақанын ашады,
Шоршып балық қашады!

Аю оны тосады,
Буындары босады,
Шығып қиқы-жиқысы,
Келді аюдың ұйқысы.

Ұйқысы әбден қанады,
Балықты ойға алады,
Алданғанын біледі,
Алға қарай жүреді.

Қырдан өтіп қорбаңдап,
Аю барды орманға,
Үйін тауып араның,
Деді балын аламын.

Балға қолын малады,
Таңдай қағып жалады,
Келді аралар гуілдеп,
Ашуланып, дірілдеп.

Ортаға оны алады,
Жабылып кеп шағады,
Аю қатты сасады,
Тоңқалаңдап қашады.

Балы қандай тәтті екен,
Шақса сондай ащы екен,
Екі көзі іседі,
Суға келіп түседі.

Суға басын батырды,
Сөйтіп әрең құтылды,
Бал ұрлаған балпаңбай
Болды қашып жалтаңбай.

Үрейленіп күнімен,
Жан-жағына қарайды,
Бал жалаған тілімен
Жараларын жалайды!

Тауық пен торғай
Балапанын ертіп,
Тауық шықты жолға,
Секектеген торғай

Түсіп қапты торға.

Тауық торды үзді
Тұмсығымен түртіп,
Торғай ұшып кетті
Өз-өзінен үркіп!

Шыр айналып, кенет,
Торғай қайтып келді,
Балапанға тістеп
Дән әкеліп берді!

Достар мен қасқыр
Ертіп қозы, лақты,
Қырда құлын шапты,
Терең сулы сайда,

Қасқыр аңдып жатты.

Іздегені жанжал,
Азулары қанжар,
Тиіп кеткен жерін
Айырады дал-дал!

Сақылдатып тісін,
Жинап барлық күшін,
Атып шықты кенет
Басып төлдің мысын.

Төлдің бәрі сасып,
Тұрды басын қасып,
Құлын айтты сонда
Күш-қуаты тасып:

«Қашсақ қазір қорқып,
Қуып жетер жортып,
Жеке-жеке жейді,
Шекемізден шертіп.

Болса ақыл, айлаң,
Қолдан келер қайран,
Қайраттанып бұған
Берейік бір майдан!»

Қасқыр келіп қалды,
Достар күтіп алды,
Арандай ғып ашып,
Қозыға ауыз салды.

Қарғып кетті қозы,
Сондай епті өзі,
Құлын келіп тепті,
Ісіп кетті көзі.

Лақ секіріп сүзді,
Бұзау мұрнын бұзды,
Қасқыр құлап суға,
Шалпылдатып жүзді.

Қасқыр жаман састы,
Су-су болып қашты,
Қарамады артқа,
Алты қырдан асты.

Қозы болды қошқар,
Орындалды жоспар,
Бірлікпенен жауды,
Жеңді сөйтіп достар!

Жанай мен Ай
Каникулда Жанай,
Ұшты ауылға қарай,
Қызық оған бәрі,

Аула менен сарай!

Барды қора жайға,
Қызықты ала тайға,
Сипап көрсе жонын
Жал-құйрығы майда!

Жанарына қарап,
Жанай алды тарақ,
Мәпеледі тайды
Құйрық-жалын тарап.

Жайды тайға құшақ:

– Ернің қандай жұмсақ,

Екеуіміз еркін
Түлкі, қоян қусақ!

Ала таймен ойнап,
Жүрген кезде жайнап,
Шақырды әже шайға,
Ақ самауыр қайнап.

Қанып алып шайға,
Тойды қаймақ-майға:

– Ата, деді, – мені,

Апарасың қайда?

Мініп ала тайды,
Аралады сайды,
Түн болғанда: – Маған,
Әпер, – деді, – айды!

– Құшағыңды жай да,

Бұлбұл болып сайра,
Қонады кеп қолға,
Ән сүйеді ай да!

Жалтырайды айдын,
Жалын сипап тайдың,
Ән сап тұрып көрді,
Судан түрін айдың!

Жанай ыза болды,
Көзіне жас толды,
Қолыма кеп қонбай,
Суға неге қонды?

Жанай алып тасты,
Атты суға қатты,

Толқын ойнап суда,
Айың суға батты.

– Ойбай, мынау нетті?! –

Атасына жетті,

– Ата, деймін, айың

Суға батып кетті?!

– Орынсыз ғой қайғың,

Жасырғаны лайдың,
Бірін-бірі жұтпас
Айың менен айдын!

Бірі көкте қалқып,
Бірі жерде шалқып,
Ай мен айдын ойнар
Бірін-бірі тартып!

Айға жүрмес өкпе,
Ашумен іс етпе,
Суға түскен жоқ қой,
Тұр ғой әне көкте!

– Ата, деді, онда,

Айға сәлем жолда,
Қонбайды кеп неге,
Өзі біздің қолға!?

Ата бұған көнді,
Алға жүріп көрді,
Айғай салды кенет:

– Міне, маған қонды!

Аузын ашып сай тұр,
Басын шұлғып тай тұр,

Алақанға қонып,
Ақ сәулелі Ай тұр!

– Қонған екен саған,

Оны қайтіп алам?
Қолыма кеп өзі,
Қонсын деп айт, маған!

– Көңіліңді жайла,

Ақылыңмен ойла,
Өз-өзінен келмес,
Ай түгілі, тай да!

Алда толар кезің,
Оттай жанып көзің,
Жігіт болып өссең,
Айды аласың өзің!

Атада көп айла,
Оны білу қайда,
Ай суреті түскен,
Қолында екен айна!

Жанай көңлі жайлы,
Бұрды ауылға тайды,
Әжесіне келіп,
Айтты болған жайды!

Әже білді сырды,
Жанайды иіскеп, күлді:

– Айға ұмтылған балам,

Жүзің болсын нұрлы!

– Ойың болсын биік,

Туған жерді сүйіп,

Әлемге жай қанат,
Ақыл, білім жиып!

Ата-әжеден солай,
Тәрбие алып талай,
Өсе берді оқып,
Жақсы бала – Жанай!

Оқу мен ойын
Доп ойнадым Домбаймен,
Жанындағы Жандаймен,
Бір команда болдым мен

Көрші бала Балдаймен.

Добым, добым, домала,
Домбай түсті додаға,
Доп ойнасаң, дөп ойна,
Долдануға бола ма?

Алдап өттім Домбайды,
Жандап өттім Жандайды.
Тура допқа шығардым,
Әріптесім Балдайды.

Шалып қалды Домбайым,
Ұшып түсті Балдайым,
Жақтауына қақпаның,
Соғып алды маңдайын!

Бақырғанда Балдайым,
Жанжал болды дап-дайын,
Доппен ұрдым Домбайды,
Болмайды деп ондайың!

Таласам деп добыма,
Жандай тұрды жолыма,
Алдап өтіп кетіп ем,
Домбай түсті соңыма.

Бұрылған боп солыма,
Шыр айналдым оңыма,
Допты теуіп қақпаның
Бүлк еткіздім торына!

Кешке дейін ойнадым,
Қызығына тоймадым,
Ертең сабақ екенін
Ұйықтар кезде ойладым.

Доптың түсі көп екен,
Қызыл, жасыл, көк екен,
Түсі әртүрлі болса да,
Доптың бәрі доп екен!

Доппен кеткен секіріп,
Уақытыма өкініп,
Екі бірдей сабақтан,
Алып келдім екілік!

Анам түйіп қабақты:

– Соғып ал да тамақты,

Отыр дағы, тырп етпей,
Оқы, – деді, – сабақты!

Қос екілік қойында,
Қателігің мойында,
Әуелі оқып оқуды,
Содан соң бар ойынға!

Жетіп келді Жандайым,
Домаланған Домбайым,

– Доп ойнайық, жүр, – дейді,

Бал-бұл жанып Балдайым!

– Бұл тіліңді алмаймын,

Оқуымнан қалмаймын,
Оқып бітпей сабақты,
Доп ойнауға бармаймын!

Бұлағындай білімнің,
Кітабыма үңілдім,
Сабағымды бітіріп,
Допқа қарай жүгірдім!

Добым, добым, домала,
Қақпа жақты жобала,
Айдалаға секеңдеп,
Мәшинәға жолама!

Добым қандай айлалы,
Бізбен орғып ойнады,
Сабақтан соң доп ойнау
Денсаулыққа пайдалы!

Жантайбек пен айпат
Жанға жайлы жай тапқан,
Жалқаулығын байқатқан,
Жатып алып Жантайбек

Бас алмайды айпаттан.

Аударып бар зейінді,
Ауыртады мойынды,
Күні-түні көреді
Атыс-шабыс ойынды.

Атасы айтты балаға:
«Айпат жолдас бола ма?
Жеп қояды көзіңді,
Жүр, шығайық далаға!

Қалсаң мүлде байланып,
Айпаттан бас айналып,
Миың май боп кетпесін,
Байқашы бір ойланып!

Көзіңді де тынықтыр,
Өзіңді де шынықтыр,
Сабақ оқып болғасын,
Көп қимылда, жұмыс қыл!

Ата-анаңа көмек қыл,
Спортқа да сергек тұр,
Көп жүгірсең, доп ойнап,
Денсаулыққа керек бұл!»

Атасы оны көндірді,
Кәмпитүрді сөндірді,
Ұшып тұрып Жантайбек,
Енді дұрыс жөн білді.

Балаға айтпа жантай деп,
Жастайыңнан қартай деп,
Асыр салып, қимылдап,
Жаттығады Жантайбек,

Жығылмайды күрессе,
Тақ тұрады Жантайбек,
Доп зуылдап ұшқанда,
Қағып тұрды Жантайбек,

Қақпаға дәл голдарды
Салып тұрды Жантайбек,

Атасының ақылын
Ала берді Жантайбек,
Шымыр, ширақ, қайратты
Бала болды Жантайбек!

Оқу мен алма
Асан – әже баласы,
Үсен – оның ағасы,
Асан жөндеп оқымай,

Нашар болды бағасы.

Үсен айтты Асанға:
«Оқу оқы, бас алға,
Екі бестік әкелсең,
Берем саған қос алма!»

Оқыған боп өтірік,
Соткасымен секіріп,
Асан ойнап ойынды,
Әкелді бес екілік!

«Маған алма бер, – деді,
Жалпы баға он, – деді,
Бес екі мен екі бес,
Есептесең тең! – деді.

Үсен оған шек қойды,
Соқ өтірік, – деп қойды,
Қызықтырып Асанды,
Алманы өзі жеп қойды!

Асан енді егесті,
Қайтіп алма жемес-ті?
Оқып-оқып сабақты,
Алып келді бір бесті!

Келді: «Алма қайда?» – деп,
Ағасы айтты: «Ойла, – деп,
Алма үшін оқыған,
Оқудан түк пайда жоқ!

Оқып, білім аласың,
Талай жерге барасың,
Өмірдегі орның мен
Жемісіңді табасың!»

Асан терең ойланып,
Мақұлдады ағасын!
15.01.2016 ж.
Сиыр мен суыр

Суыр айтты сиырға:

– Көк шалғынды шиырла,

Қайтарыңда маған да
Шөп әкелсең, қиын ба?

Сиыр айтты суырға:

– Асықтырып, қуырма,

Жеп қоймасам шөпті мен,
Әкеп берем жуырда!

Сөйтіп қызық басталды,
Суыр күнде қақсады,
Сиырдан шөп дәметіп,
Аяғында аш қалды.

Құр жатудан пайда жоқ,
Суырда да айла көп,
Өкпеледі сиырға:

– Шөбің, досым, қайда? – деп.

Сиыр: – Шөпті жеместен,
Аузыма сап, белестен
Түсе берген кезімде,
Кетеді өтіп өңештен!

– Ие болмай тіліңе,

Жалмаңдайсың, мұның не?! –
Суыр ұрсып сиырға,
Кіріп кетті ініне!

Суырдыкі дұрыс па,
Сиырдыкі дұрыс па,
Өзің қолға алмасаң,
Береке жоқ жұмыста!

Айғыр мен арлан
Кең даланы аралап,
Көлдің бойын жағалап,
Келді қыста ауылға

Үйір жылқы паналап.

Аталары мал жайлап,
Балдар жүрген айғайлап,
Аққаланы соғуға,
Күрек сайлап, қар жайғап!

Асан айтты Асқарға:

– Жем берейік аттарға,

Жем мен шөпке тойғызып,
Аунатайық ақ қарға!

Асқар айтты: «Барайық,
Құйрық-жалын тарайық,
Жылқы – біздің досымыз,
Бір көмекке жарайық!»

Атасы да қостады,
Жем апарып тастады,
Бас қойғанда жылқылар,
Бір әңгіме бастады:

– Былтыр боран соққанда,

Аппақ болып ақпанда,
Шоқ ағаштың түбінен
Жылқы пана тапқанда.

Көздері оттай жарқылдап,
Азулары сақылдап,
Бір топ қасқыр жылқыға,
Келіп қалды жақындап.

Үйір басы – құла айғыр,
Шауып олай, бұлай бір,
Шыр айналды жылқыны,
Асыл текті бұл айғыр!

Қатты болды қарқыны,
Қасқырды оттай шарпыды,
Арттан келсе тепкілеп,
Алдан келсе, тарпыды!

Көкжал қасқыр арланы
Айғыр күшін аңдады,
Қашқан болып өтірік,
Құла айғырды алдады!

Алданбады бірақ та,
Ұзамады жыраққа,
Алдырмады үйірін,
Ұқсап ұшқыр пыраққа!

Қасқыр қаны қарайып,
Атылды арттан зорайып,
Айғыр тепті басынан,
Арлан қалды тырайып!

Тағы бірін тындырды,
Қабырғасын сындырды,
Тепкен кезде құла айғыр,
Аш қасқырлар шыңғырды!

Сонда салып «аттанды!»
Жылқышылар кеп қалды,
Гүрсілдетіп мылтықты,
Жаудырды кеп оқтарды!

Қасқыр жалап бүйірін,
Қашты тартып күйігін,
Асыл айғыр ешқашан,
Жауға бермес үйірін!

Атасы айтып мақалын,
Сипап қойды сақалын:

– Содан былай құланы

«Асылым» деп атадым!

Балдар, үміт ақтаңдар,
Бұғып үйде жатпаңдар,
Қорқауларға жегізбей,
Еліңді аман сақтаңдар!

Бас изеді балалар,
Балаларда сана бар,
Ойға шомып атасы,
Көз жіберді далаға!

Жемге жылқы кенелді,
Біледі дос дегенді,
Бұрқыратып ақ қарды,
Шұрқырасып жөнелді!

Бата-тілек

Бата берем, балам,
Қолың жайып, тыңда,
Кім болам деп ертең
Ақылмен жол таңда!

Сабағыңнан қалма,
Жаман бала болма,
Ұйықтап жата берме,
Оранып ап тонға.

Табысты бол адал,
Түсіп тура жолға,
Бастай берсін сені
Талап, ниет оңға!

Аман-есен өсіп,
Ата жырын толға,
Бағың жанып, ер боп,
Ана тілді қорға!

Еңбек етіп елге,
Ізгі тілек жолда,
Жақсылықтың бәрін
Жарқын жүзбен қолда!

Денің сау боп, шыңға
Қыран құстай самға,
Ұзақ ғұмыр беріп,
Жарылқасын Алла!

ӘҢГІМЕЛЕР

Баян ата мен Тайбек

Қардың үйі
Атасы Тайбекке аулада аппақ қардан үй салып берді.
Қалың қарды күрекпен кесектеп ойып алып, қабырғасын
қалады. Есік, терезесін тесіп шығарды. Үйдің алдына қора

салды.

– Мұнда менің аттарым, сиырларым, қой-ешкілерім тұ-

рады! – деп қуанды Тайбек.
Баян ата қораның қасынан үңгір ойды. Оған Тайбек ой-
ыншық динозавр, мамонт, аюларын кіргізді. Қораның алды-
на иттерін байлады.

Қуанғаннан екі беті қып-қызыл болды. Аязға да қарамай,
кеш батқанша ойнады.
Түнде қардан жасалған үйін тағы қалай жақсартуды ой-
лап жатты.

Ертеңіне далаға шықса, үйінің үстінде бес-алты оқушы
жүр. Мектептен шыққан бетте Тайбектің үйін таптап, қира-
тып тастапты.

Тайбек, «әй, қойыңдар» деп айқайлап, оларға қарай тұра жүгірді. Оқушылар Тайбекті мазақтап, одан сайын құтырды. Қыздар тілін шығарды. Ұлдар Тайбекті әрі-бері итеріп, қарға сұлатып салды. Секіріп, асыр салып, қорасын, үңгірін түгел тып-типыл қылды. Ызаға булыққан Тайбек ата деп бақырып жылап жіберді. Сол кезде үйден атасы шыға келді. – Әй! – деді күркіреп. – Әп-әдемі үйде нелерің бар? Оқушылар жалт қарап, шошып кетті. Баян ата қаһарланып, таяғын көтеріп алыпты. Тайбек арқаланып, атып тұрды. – Ата! Мына жаман балдардың бәрін таяғыңмен сабашы! – деді. Балдардың зәрелері ұшып, қозғала алмай қалды. – Әй, балдарым-ай, – деді Баян ата жұмсарып. – Бұларың қалай, ұят емес пе? Қардың үйін неге бұздыңдар? Не үшін бұздыңдар? Оқушылар үндей алмай төмен қарады. – Жай... ерігіп, – деп міңгірледі бір-екеуі. – Ерігіп дейді-әй... Ал, егер де біреу желігіп, сіздің үйді жермен жексен етіп талқандап тастаса, жақсы көресің бе? – деп, Баян ата таяғымен оның қарнынан түртіп-түртіп қойды. – Жоқ, – деді бала. – А-а, солай ма? Онда неге сендер басқаның үйін бұзасыңдар? Міне, бұдан былай өмір бойы естеріңде болсын. Кез келген нәрсені қирату оңай. Бірақ, жаман. Ал, жаңадан бірдеңе жасау қиын. Бірақ, жақсы. Сендер бүгін жамандық істедіңдер. Яғни, сендер жаман бала екенсіңдер! – Жоқ. Біз жаман емеспіз! – деп шу ете түсті оқушылар. – Онда жамандық істемеңдер, – деп, Баян ата таяғын шошайтып қойды. – Жақсы адам болыңдар! Түсіндіңдер ме? – Түсіндік, ата!

– Біздікі ұят болды. Кешіріңіздер! – десті оқушылар қо-

сарланып.

– Онда қане, бәріміз жабылып жаңа үй салайық, – деді

Баян ата.
Оқушылар құлшына кірісті. Бәрі бірігіп, бұрынғыдан да
үлкен, биік үй салды. Үйдің ішін қыздар оюлап, өрнектеді.
Ұлдар кең қора, терең үңгір жасады. Тайбек олардан қалыс-

пауға тырысып, жан-жануарларын қора мен үңгірге жайғас-
тырды.
Жұмысты аяқтаған соң, әсем, аппақ үй мен қора-қопсыға
сүйсіне қарап тұрды. Оқушылар Баян ата мен Тайбекті ор-

таға алып, жаңа үйдің жанында суретке түсті. Кешке дейін
бірге ойнап, қуанып, тату-тәтті тарады.

Көршінің тісі

Атасы Тайбекке ойыншық құлын жасап берді. Қайыңнан әдемілеп ойып, әбден бояған екен. Көзі ойлы, жүзі жылы, аузы-мұрны, құлағы бәрі сондай сүйкімді. Жал-құйрығы жалтылдап, тұяқтары сартылдап тұр. Тайбек қуанып, аулада ойнап жүрген көрші достары – Сайраш пен Доскенге жүгіріп келді. – Міне, қараңдар! Атам маған қандай құлын жасап берді! Сайраш пен Доскен ауыздарын ашып, қызығып кетті. Жирен қасқа құлын тірі сияқты көрінді. Олар құлынды ұстап көргілері келіп, қолдарын созып еді, Тайбек бермеді. – Жоқ! Тимеңдер! Бермеймін! Бұл – менің құлыным. Менің атам істеп берген! – деді. Тайбек құлынды құмның үстінде әрлі-берлі орғытыпорғытып жүргізді. Доскен мен Сайраш тіпті қызыға түсті.

Ақыры Доскен шыдай алмай, құлынға бас салды. Тайбек
таласа кетті. Екеуі екі жаққа тартып, алысып-жұлысты. Бір
кезде Доскен айласын асырып, құлынды тартып алып, қаша
жөнелді. Ызаланған Тайбек оны қуып жетіп, қатты итеріп

жіберді. Доскен ұшып түсті. Құлағанда, оның аузы құлын-
ның аяғына тиіп, күрек тісі опырылып қалды. Тайбек оған
қарамастан құлынды алып қойды. Аузы-мұрны қан-қан бол-
ған Доскен бақырып үйіне кетті. Қорқып кеткен Сайраш

орнынан қозғалмай тұра берді.
Іле-шала Доскен үйден әкесін ертіп шықты. Ол таудай
алып ұста болатын. Оның басы қазандай, мұрты балғадай,
сақалы қауғадай, құлағы қалқандай, көзі алақандай еді. Қо-

лында үлкен темір қысқашы бар.
Ұста Тайбекті бір қолымен желкесінен алып, салақтатып
көкке көтеріп тұрды. Темір қысқашын сақылдатып-
сақылдатып қояды.

– Қанға – қан! Мен де сенің тісіңді суырып алып, күлдей

ғып уатып тастаймын қазір! – деді қаһарланып.
Зәресі кеткен Тайбек «Ата, ата!» – деп шыңғырып жі-
берді. Оның даусын естіген атасы үйден жүгіріп шықты.
Ақсақалды көргесін ұста Тайбекті босатып жіберді. Тай-

бек құлынды ала қашып, атасының артына тығылды.

– Иә, не боп қалды, шырағым? – деді Баян ата сабырмен.

– Ақсақал, мына немереңіз менің баламның тісін қағып

алыпты. Бұған не айтасыз? – деді ұста.
Баян ата немересіне қарап: «Рас па? Бұның не, Тайбек?»

– деді.

– Ол менің құлынымды тартып алып кетті ғой! – деп

ышқынды Тайбек.

– Рас, рас, – деді Сайраш.

– Мен қатты қызығып, ойнағым келді. Бірақ, Тайбек

бермеді ғой! – деді Доскен.

– Қанша қызықсаң да, біреудің нәрсесіне таласып, тар-

тып алу дұрыс емес, – деді Баян ата. Доскен ұялып қалды.
Баян ата Тайбекке бұрылды.

– Ал ойыншыққа таласып, төбелесу одан да жаман!

Тайбек төмен қарады.

– Ақсақал, – деді Доскеннің әкесі, ашуын зорға тежеп. –

Тайбек ойыншығын қайтып алды. Ал біздің Доскеннің тісін
кім қайтарады? Кім орнына салып береді, ә?!
Сол кезде Сайраш құмның арасында жатқан Доскеннің
тісін тауып әкеліп: «Міне сенің тісің! Ала ғой, аузыңа сала

ғой», – деп, Доскенге берді. Доскеннің опырайған аузынан
тілі жылтыңдап шығып тұр екен. Тісін орнына салып көріп
еді, дұрыс келмеді. Түсіп қала берді.

– Апырмай! Енді қайттік? – деді Баян ата. – Көршіміз

ғой, бір жолға кешіріңдер!

– Жоқ, – деді ұста ызбарланып. – Доскеннің тісін орнына

салып бермесе, Тайбектің де тура сондай тісін қысқашпен
ырғап-ырғап, жұлып аламын!
Ол көзін алақтатып, қысқашын сақылдатып, Доскенді
ертіп алып, кете барды. Үрейленген Сайраш үйіне зытты.

Тайбек құлыншағын құшақтап, атасына жабыса түсті. Ама-
лы құрыған Баян ата аппақ сақалын сипай берді.

Тайбек түнімен ойланып, таңертең атасына келді.

– Ата, маған ақша бер. Мен базарға барып, Доскенге тіс

сатып аламын, – деді. – Сен менімен бірге жүр.

– Жарайды. Бірақ, тісті сен өзің іздеп тауып ал. Ал, мен

ақшасын төлейін, – деді атасы.
Екеуі аяңдап үлкен базарға келді. Базар жалт-жұлт етіп,
жарқырап тұр екен.

– Қане, қане, бермен келіңіз! Бізде бәрі бар. Алың, алың!

– деп шақырды өзіне қарай бір жуан саудагер.

– Тіс бар ма? – деп сұрады Тайбек ақырын.

– Тіс? – деп таңданды жуан саудагер. – Ненің тісі? Қан-

дай тіс?

– Көршінің тісі! – деді Тайбек.

Саудагер бадырайған көзін жыпылықтатып, Баян атаға
қарады. Баян ата Тайбекке байқатпай көзін қысып қойды.
Оны түсінген саудагер Тайбекке қайта бұрылды.

– Иә, сонда саған қай көршінің тісі керек? Иттің бе, әлде

мысықтың ба? – деді ол.

– Жоқ. Кісінің тісі керек! – деді Тайбек.

– А-а, кісінің бе? Мәссаған! Оны қайдан таптық? – деді

саудагер. – Есіңде болсын, балақай. Адам баласының он екі
мүшесін бір құдайдан басқа ешкім де жасай алмайды. Сон-
дықтан, амал жоқ!
Тайбек ренжіп, атасына қарады. Атасы жуан саудагерге

рахмет айтып, немересін ертіп үйге қайтты.

– Әне, көрдің бе? Қалай ашулансаң да адамның денесін

зақымдауға болмайды. Көршінің тісін сындырғаның үлкен
қате. Енді оны немен өтейсің? Әлде, ұстаның қысқашынан
қорқып, өмір бойы үйде тығылып жатасың ба? Ал, өз
ұятыңнан қалай қашып құтыласың?

Тайбек жаны қиналып, үндей алмады. Үйге келгесін ер-
те жатып, ұйықтап қалды.

Түс көрді. Түсінде ойыншықтарының бәріне жан бітіпті.
Далада жайылып жүр екен. Тайбек жирен қасқа құлынша-
ғына мініп, көк майсаны сүйсіне жеп тұрған динозаврға
келді.

– Динозавр, динозавр, маған бір тісіңді берші. Көршіме

салып берейін! – деді.

– А-а, ала ғой, – деп күлді динозавр.

Тайбек те күліп жіберді. Динозаврдың бір тісінің өзі бір
кісідей. Оны қайтіп алады, қалай салады?
Тайбек енді өзеннен балық аулап отырған ақ аюға келді.

– Ақ аю, ақ аю, маған бір тісіңді берші. Көршіме сап бе-

рейін! – деді.

– Жоқ! Бермеймін! Өзіме керек, балық жеуге, – деп, аю

ар-р ете түсті.

Тайбек мамонтқа келді.

– А-а, момақан мамонтым! Маған бір тісіңді берші.

Көршіме сап берейін, – деді.
Мамонт оған маңқиып қарады. Мұрнын көкке көтеріп,
тістерін ақситты.

– Оны әу баста ойлауың керек еді. Біреудің тісін неге

сындырасың? Енді өзің жауап бер! – деді мамонт . – Сендей
бұзық баламен сөйлескім де, ойнағым да келмейді.
Тайбек ренжіп, мұңайып тұрғанда, иттері жүгіріп келіп
аяғына оратылды.

– Күшім, күшім, келіңдер! Қайсың мені жақсы көресің-

дер? – деді қуанып кеткен Тайбек.

– Әуп, әуп! Мен!

– Мен жақсы көремін! – деп жарыса жауап қатты иттері.

– Онда маған қайсың бір тісіңді бересің? – деп сұрады

Тайбек.

– Ал, ал, әуп, әуп! – десті иттер, құйрықтарын бұлғаңда-

тып.
Тайбек қайсының тісі дәл келеді деп ойланып тұрғанда,
Доскеннің дәу әкесі дауылдатып келіп қалды. Ол темір қыс-
қашын сақ-сақ еткізіп: «Әй, Тайбек! Сен мені басқалардың

тісімен алдаймын деп ойлама. Маған жасанды тістің керегі
жоқ! Доскеннің нағыз өз тісіндей тіс тауып, салып бер.
Әйтпесе, сенің тісіңді жұлып аламын қазір!» – деп долда-
нып, бас салды. Тайбек қорқып, тұра қашты. Дәу ұста енді

қуып жете бергенде, көктен зу етіп ракета келіп қона қалды.
Есігі ашылып, басқа планеталықтар шыға келді. Олар Тай-
бекті іліп алып, ұшып кетті. Қаһарына мініп, әбден жындан-
ған дәу ұста бақырып қала берді. Тайбек сол кеткеннен бас-

қа планеталықтармен бірге ғарышты кезіп, ұшып жүрді.
Олар Тайбекке неше түрлі кереметтерді көрсетіп, Марсты
аралатты. Ақырында Тайбек олардан көршісінің тісін тауып
берулерін сұрады.

– Ол қолымыздан келмейді, – деді олар. – Табиғи нәрсе-

ні табиғат қана жасайды!

Тайбек жылап оянды. Оянса, атасы тағы бір құлын жа-
сап қойыпты. Тұп-тура алғашқы құлын сияқты. Айырмасы,
бұл – құла қасқа құлын екен.

– Балам, – деді атасы. – Мына құлынды Доскенге апа-

рып беріп, кешірім сұрайық. Татуласайық!
Құла қасқа құлынды көргенде Доскен қатты қуанды.
Тіпті, сынған тісін де ұмытып кетті. Тілі жылтыңдап, мәз
болып күле берді. Оны көрген әкесі де жымиды.

– Жарайды! Иілген басты қылыш кеспейді деген атала-

рымыз, – деді ол, қауға сақалын саусақтарымен тарамдап.
Балалар татуласып, құлындарын жарыстырып, бірге ой-
нап кетті.
Арада біраз уақыт өтті. Бір күні аулада, құмда ойнап

отырған Тайбек пен Сайрашқа Доскен жүгіріп келді.

– Әй, міне қараңдар! Менің тісім жаңадан өсіп шықты! –

деді аузын ашып. Балалар қараса, шынында да жаңа тіс шы-
ғыпты. Тіпті, бұрынғыдан анағұрлым әдемі, ірі, мықты бо-
лып көрінді. Тайбек пен Сайраш аң-таң боп тұрғанда, Баян
ата кеп қалды.

– Бұл – сүт тісінің орнына шыққан нағыз тіс! Ертең бә-

ріңе де шығады. Оны сақтай біліңдер, балақайлар! – деді
Баян ата.
Балалар алақайлап, асыр салды.

Темір қақпақ
Бір күні Тайбек, Сайраш, Доскен үшеуі үй сыртында әр-
лі-берлі жүгіріп, жарысып ойнап жүр еді. Кенет Доскен
шаттана айқай салды.

– Мында келіңдер, мында! Мен керемет шұңқыр тауып

алдым!

Балалар алақайлап, шауып келді. Үй сыртындағы тар
соқпақтың дәл ортасында үңірейген үлкен шұңқыр пайда
болыпты. Таласа-тармыса тесіктің жиегіне тақалып, тесіле
қарап, түбін көруге тырысты. Бірақ, шұңқыр терең әрі қа-

раңғы екен. Түбі көрінбеді. Оның ішінен салқын леп соғып
тұр. Ар жағынан әлдебір күңгірлеген дыбыстар естілгендей
болды. Балалар бұрынғыдан да әуестеніп, тесікке түсіп кете
жаздады. Бірін бірі итермелеп, шұңқырға тас лақтыра бас-

тады.
Үй сыртындағы соқпақпен адам аз жүретін. Бүгін дема-
лыс, сондықтан тіпті ешкім көрінбейді. Өздері оңаша ойнап
жүрген балалар қызыққа әбден кенелді. Бір кезде Сайраш

сәл шегінді де, жүгіре басып келіп, шұңқырдың үстінен қар-
ғып өтті. Оны көріп Тайбек пен Доскен де қарғыды. Шұң-
қырдан қарғу бұларға бір тамаша, жаңа ойын болды. Қыза-
қыза, Доскен бір аяқпен секіруді бастады. Онымен бәсеке-

лескендей болып, Тайбек те секіріп өтті. «Міне, маған қа-
раңдар!» – деп, ұрандап келіп ырғыған Сайраштың аяғы
тайып кетіп, ол шұңқырға құлап түсті. Жанталасып, екі қо-
лымен шұңқырдың ернеуінен ұстап, әрең ілініп тұрған қыз-

ды Доскен ұстай алып, тартып шығармақ болды. Тайбек
оған көмекке ұмтылып, жете бергенде, Сайраш ойбайлап,
әрі қарай құлады. Қыздың қолынан мықтап ұстап, еңкейіп
тұрған Доскен бірге кетті.

Амалы құрыған Тайбек «Ата!» деп айқайлап, үйге жү-
гірді.

– Ата! Доскен мен Сайраш шұңқырға құлап кетті! – деді

ол бақырып.
Баян ата таяғын ала салып, жүгіре басып далаға шықты.
Көршілері Доскен мен Сайраштың әкелеріне болған жағ-
дайды тез хабарлап, барлығы үй сыртындағы шұңқырға ал-

қынып жетті. Қараса, тура тар соқпақтың ортасындағы же-
расты құбырлары құдығының темір қақпағын біреулер алып
кеткен екен. Сондықтан шұңқырдың беті ашық қалыпты.

Үлкен кісілер «Доскен! Сайраш!» деп айқайлап еді, ба-
лалар жауап бермеді. Олар бөгелместен шұңқырға секіріп-
секіріп түсті.
Шұңқырдың іші кең екен. Қаракөлеңке, күңгірт жарық

көз талдырады.
Доскеннің әкесі – дәу ұста қалташамын жағып, бұлар
жан-жаққа тесіле қарай бастады. Қанша тесіле қараса да ба-
лалар көрінбеді. Тіпті, дыбыс жоқ. «Доскен! Сайраш!» деп

айқайлап жіберді Тайбек шыдай алмай. Жауап болмаған
соң, Баян ата мен көршілері қоса дауыстап, ілгері қарай
жүрді.
Бір кезде көп құбырлардың ар жағындағы бір қуысқа

тығылып тұрған балаларды көздері шалды. Бұларды көріп,
қолдарын көтеріп, ұмтылғандай болды. Анықтап қарағанда
барлығының да зәресі ұшып кетті. Сайраш пен Доскенді әл-
дебір жыртқыштар қоршап алыпты. Үлкендігі күшіктей,

көздері от шашып, азу тістері сақылдаған беймәлім жыр-
тқыштар балаларға үнсіз тесірейе қарап тұр. Үрейі ұшқан
балалар сөйлей алмай қалған екен. Бұларды көріп, дауыстап
жылап жіберді. Бірақ, тырп ете алар емес. Жер астындағы

су жүйесінің бірі жуан, бірі жіңішке құбырлары араларын
бөліп, бөгет болғандықтан, үлкендер олардың жанына бара
алмады.

– Мынау кәдімгі егеуқұйрықтар емес пе! – деп дауыстап

жіберді Баян ата.

– Осынша үлкен болып кеткендері қалай? – деп таңғал-

ды ұста.
Сайраштың әкесі кәсіпкер еді, қымбат телефонын алып,
полицияға хабарласты. Оның сөзін тыңдап болғасын, поли-
ция капитаны:

– Немене, біздің тышқан аулаудан басқа жұмысымыз

жоқ па? – деді ренжіп.

– Ойбай, мыналар жай тышқан емес, үлкендігі қорқау

қасқырдай бір құбыжық тышқандар! Өте көп! – деді кәсіп-
кер.

– Жарайды! – деді капитан.

– Тезірек жетуге тырысыңдар! – деп, кәсіпкер телефо-

нын сөндірді.
Егеуқұйрықтар құйрықтарымен жер сабалап, балаларға
жақындай берді. Құбырлардың арасынан, қуыс-қуыстардан
тағы да келіп қосылып, бірте-бірте көбеюге айналды. Дос-

кен мен Сайраш шыңғырып, бұрышқа тығыла түсті.
Көршілер шыдай алмай ұмтылып, жақындап келді. Бі-
рақ, қолдарында Баян атаның таяғынан басқа құрал да жоқ.
Төбесі аласа, қалтарыстағы қуысқа еркін кіре алмай амалда-

ры таусылуға айналды.
Сол кезде әлдеқайдан бір алып тарғыл мысық екпіндеп
жетіп келді де, егеуқұйрықтарға қарсы айбат шегіп тұра
қалды. Бұл мысық сілеусін сияқты үлкен, күшті әрі айбарлы

екен. Алғашында оның қаһарынан қаймығып, шегіншекте-
ген егеуқұйрықтар қайтадан топтасып, сіресе түсті.
Тарғыл мысық жан-жағына отты көзімен бір қарап шық-
ты да, кенет адамша сөйлеп қоя берді.

– Сәлеметсіз бе, Баян ата!

– Сәлем! – деді сасып қалған Баян ата. – Сен мені қайдан

білесің?

– Баяғыда мені балалар тар құбырға тығып жіберіп, жан

даусыммен мияулағанымды қызық көріп жатқанда, сіз келіп
суырып алып, құтқарып жібергенсіз! Есіңізде ме?
Баян ата есіне түсіре алмай, ұялыңқырап қалды.

– Оқасы жоқ, – деді тарғыл мысық. – Жасаған жақсылы-

ғыңды ұмытқан айып емес. Біреуден көрген жақсылығыңды
ұмытпау керек! Мен онда кішкентай бала мысық едім...
Тарғыл мысық терең күрсініп, көзін бір жұмып, бір аш-
ты. Доскенге керіле бір қарап, сөзін жалғады.

– Иә, мен кәдімгі үй мысығымын! Сенің мысығыңмын,

Доскен! Сен мені кішкентай күнімде ойнау үшін сатып ал-
дың да, құмарың басылғанша құлағымнан тартып, көкке
лақтырып, жұлмалап, әбден азаптадың. Суға жүздірдің, отқа
күйдірдің. Тар құбырға тығып жіберіп, өлтіре жаздаған да

сенсің. Ол аздай, иттермен төбелестіріп, талаттың! Ақыры,
жараланып, арып-ашыған кезімде далаға лақтырып таста-
дың! Есіңде ме, Доскен?
Доскен ұялып, төмен қарады.

– Мен содан көше кезіп, қаңғыбас мысық болып кете

бардым. Суыққа тоңдым, ыстыққа күйдім. Көрінген бала
таспен ұрып, көрінген ит ырылдап қуатын. Қоқыстардан
қалған-құтқан тамақтарды жеп күнелттім. Ақыры, адамдар-
дың тамаққа қосқан ғаламат қоспаларының әсерімен өзге-

ріп, осындай алып мысық болып еттім. Жер бетіндегі азап-
ты өмірден қашып, жер астына түскенде ғана көзіміз ашыл-
ды. Мұнда өз қуысымыз бар, өз еркіміз өзімізде!
Ол сөзін аяқтағанша, егеуқұйрықтар тақалып келіп, ша-

буылға шықты. Тарғыл мысық көз ілеспес шапшаңдықпен
алдыңғы аяғымен қағып-қағып жіберіп, бірнешеуін ұшы-
рып-ұшырып түсірді. Олар шиқылдап, кері шегінді.

– Мыналар да әуелде кәдімгі көртышқан болатын, – деді

мысық. – Бұлардың ата-бабалары ежелден адамдардың та-
мақ қалдықтарын, қоқыстарды жеп қоректеніп жүретін. Ал,
бірте-бірте азық-түліктердің барлығына дерлік әртүрлі жа-
санды қоспалар араластырылатын болды емес пе? Міне, со-

ның салдарынан көртышқандардың тұқымы өзгеріп, осын-
дай құбыжық болып кетті!
Егеуқұйрықтар еңкейіп, мұңайып қалды. Мысық бір-ақ
ырғып, құбырға шығып алды.

– Дүние кезек деген осы, – деді ол. – Енді мына құбы-

жық егеуқұйрықтардан сендерді менен басқа ешкім де құт-
қара алмайды. Бірақ, Доскен, сен үшін басымды қатерге ті-
гіп, шайқасуға тіпті зауқым жоқ.

– Ал, Сайрашты неге құтқармайсың? Оның қандай жа-

зығы бар? – деп дауыстап жіберді кәсіпкер.

– Сайраштың ба? О-о, Сайраштың жазығы бәрінен үл-

кен! Оның өзі болмаса да, әкесі, сен жазықтысың! Сондық-
тан сен жауап беруің керек!
Сайраштың кәсіпкер әкесі үндей алмай қалды.

– Неге?

– Не үшін? – деп, Баян ата мен ұста шу ете түсті.

– Оны көршілеріңіздің өзі айтсын!

Баян ата мен ұста кәсіпкер көршілеріне сұраулы жүзбен
қарады. Ол сасқалақтап:

– Мен темір қақпақ ұрлаған емеспін! Ешқашан да! –

деді.

– Иә, ұрлаған жоқсың. Бірақ сен ұрланған темір қақпақ-

тарды арзанға сатып алып, шетелге қымбатқа сатып, пайда
тауып келесің! Сен ақша төлейтін болған соң, ұры-қарылар
көшедегі темір қақпақтарды ұрлап апарып саған өткізіп
жүр. Егер сен ақша төлемесең, ешкім де қақпақты ұрламас

еді. Сенің күнәң ұрылардан да ауыр!
Кәсіпкер ұялып, төмен қарады.

– Баланың жазығы жоқ қой, – деді Баян ата. – Қолыңнан

келсе, бір жолға құтқарып жібер! Бәлкім, қателіктерін түсі-
нер, енді қайталамас...
Мысық жер тырналап, жантүршігерлік дауыспен шың-
ғыра мияулап-мияулап жіберді. Сол сәтте қуыс-қуыстан,

құбырлардың арасынан тарғыл-тарғыл, жүндері күдірейген
көптеген мысықтар қаптап кетті. Олар егеуқұйрықтарға
тарпа бас салды. Егеуқұйрықтар тым-тырақай қашып, қа-
раңғы қуыстарға кіріп жоқ болды. Сайраш пен Доскен ақы-

рын басып, бері шықты. Әкелері оларды құшақтай алды.
Осы сәтте жүгіре басып полиция капитаны келді.
Жауынгер капитан жалма-жан пистолетін мысыққа ке-
зеп, атып жіберді. Бірақ, Баян ата оның қаруын таяғымен

қағып үлгерді. Оқ мысыққа тимей, қабырғаға қадалды.

– Тоқта, тиме оған! – деді Баян ата, тағы да атуға оқтала

берген капитанға. – Ол – біздің досымыз!
Капитан мырс етіп, пистолетін қабына салды.

– Қандай батыр, қаһарман капитан! Мияу, мияу! Одан да

ұрыларды уақытында ұстасаң етті! Мияу, мияу! – деп, тар-
ғыл мысық құйрығын бір бұлғаң еткізіп, зытып жоғалды.

– Ауызға бәрі оңай! – деді капитан да қарап қалмай.

– Рахмет! – деп айғай салды оның соңынан Баян ата. Са-

қалын сипап, басын шайқады.
Барлығы шұңқырдан шығып, балалар күн сәулесімен қо-
сыла қуана күлімдеді. Бірақ, үлкендер біртүрлі ыңғайсызда-
нып, үнсіз тарасты.

Кешкісін дәу ұста шұңқырдың аузын ағаш қақпақпен
жауып, бекітіп қойды.
25.01.2013 ж.

Ескі сандық
(Ертегі)

Бір күні Сомбай деген жас жігіт келіншегі Шәйгүлмен
ескі үйдің алдында әңгімелесіп отырды. Өздері кедей еді.
Қанша тырысып, еңбектенсе де, табыстары күнкөріске әзер
жететін. Бір бөлмелі ескі үйді де жалдап тұратын. Дүние-

мүлік дегеннен тозығы жеткен көрпе-төсек пен ыдыс-
аяқтары ғана бар. Белшеден қарызға батып, әбден күйзеліп
жүрсе де, олар бір-бірін өте сүйетін.

– Шіркін, бізге де бір жақсы жұмыс табылып, көп ақ-

шаға кенелетін кезіміз болар ма екен?! – деп күрсінді ке-
ліншегі.
Осы кезде үйдің жанынан ақ сақалды, шағын денелі, жұ-
қалтаң қария өте берді. Бума-бума жүктерін әрең-әрең арқа-

лап, аяғын ілби басады.

– Ана кісінің жүгін көтерісіп, үйіне дейін апарып бер-

сеңші! Бәлкім, шайлық бірдеме беріп қалар! – деді келіншек
күйеуіне.
Сомбай жүгіріп барып, қариямен сәлемдесті де, жүкте-
рін арқалап жүре берді.

Қарияның үйі алыста, бірнеше қырдың ар жағында екен.
Тау-тасты, сай, тоғайды кезіп, шаршап-шалдығып зорға
жетті.
Үйіне жеткен соң қария жігіттің қолын қысып, ризашы-

лықпен алғыс айтты. Жүзі жылы, көзі нұрлы ақсақал атаның
ықыласына жүрегі елжіреп кеткен Сомбай еңбегінің ақысын
сұрауға ұялды. Ішінен: «Үйге тағы да құрқол баратын бол-
дым-ау! Ұят-ай!» – деп, қинала күрсініп, маңдайынан сор-

ғалаған терін сүртіп, сәл бөгеліп тұрды. Қария оған жымия
қарап, аппақ сақалын тарамдап қойды.
Жігіттің жыны ұстап кетті. Оған қария айласын асырып,
қулана мәз болып тұрғандай көрінді.

– Ақсақал, рахметіңізге – рахмет! Бірақ, аш адамға алғыс

азық болмайды! Менің еңбегімнің ақысын беріңіз! – деді
жігіт.
Қария ойлана басын шайқап:

– Саған не берерімді білмей қиналып тұрғанымды қара-

шы, – деді сабырмен.

– Несіне қиналасыз? Ақша беріңіз!

– Қалтамда көк тиыным қалмапты!

– Онда неге жүгіңізді арқалаттыңыз? Адамды алдап-

сулап, еңбегін қанау – қанішерлікпен бірдей! – деді Сомбай
күйініп.

– Жә, еңбегіңнің ақысына осы үйден қалаған нәрсеңді

ал! – деді қария қиналып.

– Ескі-құсқыны қайтемін? Маған ақша керек, ақша!

– Ақша, ақша... – деп мазақтады қария. – Сонда саған

қанша ақша керек?

– Көп! Кө-өп ақша керек маған! – деп айқайлап жіберді

ашынған жігіт.

– Ақшадан басқа ойларың жоқ па осы? Дүние тек ақшаға

тіреліп қалған жоқ қой! – деп күлімсіреді қария.

– Әрине, қарыны тойған, қалтасы толған кісілер солай

дейді. Ал егер еңбегің еш, тұзың сор болып, тапқан-

таянғаның жыртығыңды жамауға жетпей, азып-тозып жүр-
сең, көрер едім қалай сайрағаныңды?!
Қария жігіттің ызалы түріне қарап, ойланып қалды.
Жоқшылық жүйкесін жеп, жүдеп кеткен жас адамға оның

жаны ашыды.

– Жарайды, мен саған көп ақша тауып берейін, – деді

қария бір кезде.
Ол бұрышты ақтармалап, бір ескі, шағындау сандықты
алып шықты. Ағаштан жасалған, түрлі түсті қаңылтырмен
әдіптеліп, зерленген, бетінде неше түрлі құпия ою-өрнегі

бар көне сандыққа жігіт онша қуана қойған жоқ.

– Ақшаң осы ма? Бұны сатамын деп әуре болар жайым

жоқ! – деді қырсығып.

– Бұл жай ғана сандық емес, бұл – сиқырлы сандық! –

деді қария. – Қалаған уақытыңда:
Айдан түскен ақ сандық,
Көлден шыққан көк сандық,
Тоқсан тылсым тартылған

Тоғыз бояу тоқ сандық,
Отыз ою зерлеген
Без қайыңмен зілдеген
Қазыналы от сандық,

Қақпағыңа шоқ салдық,
Өте қажет болып тұр
Бізге теңге төк, сандық! – деп, тылсым өлеңді айтып, ту-
ра бір сағаттан соң ашсаң, ақшаға толып тұрады! Бірақ, қа-

жетіңнен артық ақша шығарсаң, арты жаман болып кетуі
мүмкін! Есіңде мықтап сақта – қанағат, ынсап – береке, ба-
қытқа жеткізеді! Ал, ашкөздік – аран, тойымсыздық – құр-
дым, батпақ! Өзіңді жұтып қояды! Содан сақ бол!

Сомбай сенерін де, сенбесін де білмей, амалсыздан сан-
дықты алып, қариямен қоштасып, үйіне келді.
Келіншегі оның ақшасыз келгеніне ренжісе де, сыр бер-
мей, әңгімесін сабырмен тыңдады. Екеуі әуестеніп, сандық-

ты ашып көрді. Бос екен. Сандықты ортаға қойып:

Айдан түскен ақ сандық,
Көлден шыққан көк сандық,
Тоқсан тылсым тартылған,
Тоғыз бояу тоқ сандық,

Отыз ою зерлеген
Без қайыңмен зілдеген
Қазыналы от сандық,
Қақпағыңа шоқ салдық

Өте қажет болып тұр
Бізге теңге төк, сандық! – деп, жарыса айтып шықты.
Үндемей тың тыңдады – тым-тырыс. Демдерін ала-алмай,
тура бір сағат өткен соң қорқа-қорқа сандықты ашып қал-

са... о, ғажап... тола ақша!
Екеуінің есі шығып, бас салып ақшаны санауға кірісті.
Шынында да көп екен. Қуанып, қажеттеріне жұмсай баста-
ды. Әуелі барлық қарыздарынан құтылды. Жаңа үй сатып

алды. Ақшалары біте бергенде сандыққа келіп:
Айдан түскен ақ сандық,
Көлден шыққан көк сандық,
Тоқсан тылсым тартылған,

Тоғыз бояу тоқ сандық,
Отыз ою зерлеген
Без қайыңмен зілдеген
Қазыналы от сандық,

Қақпағыңа шоқ салдық,
Өте қажет болып тұр
Бізге теңге төк, сандық!» десе болды, сағатында сандық
ақшаға тола қалады. Бұлар керегінше ала береді. Сомбай

қарияның қажетіңнен артық алма, қанағат қыл деген сөзін
ұмытпады. Шәйгүл де оны қоштап, керек кезінде ғана сан-
дыққа ақша шығартып жүрді.
Бірақ, жағдайлары түзеле бастағанда, бұлардың қажет-

тері де көбейе берді. Біресе анау керек, біресе мынау керек
болады да тұрады. Екеуі ескі сандықты жиірек ашып, көбі-
рек ақша алатын болды. Бір қызығы, сандық ешқашан олар-

дың бетін қайтармай, қанша мәрте сұраса да, ақшаны шыға-
ра берді.
Ағын судай құйылған ақшаға кенелген жас жұбайлар
әбден баюға айналды. Күн сайын, апта сайын сән-

салтанаттары артып, елдегі ең бай адамдардың қатарына
қосылды. Олардың үйлерінен де әдемі, зәулім ғимараттар-
ды, қымбат нәрселерінен де бағалы мүліктерді қос-қосынан
жинап алды. Бұрынғыдай емес, жан-жағындағы кісілермен

өздерін салыстырып, іштей бәсекелесіп, «біз бәрінен де
баймыз, артықпыз» деп масайрауға айналды.
Бір күні бір тойда Шәйгүл атақты бай-саудагердің әй-
елімен табақтас болды. Саудагердің әйелі аса қымбат киім-

дер киіп, әбден әдемі болып, құлпырып кеткен екен. Сау-
сақтарындағы алтын жүзік, сақиналарының асыл тастары
жарқ-жұрқ етіп, еріксіз көз тартады. Әсіресе, құлағындағы
түймедей ғана гәуһар сырғасына әйелдердің барлығы қызы-

ға, қызғана қарап, тамсанумен болды.

– Бұл атақты қара маржан деген таза гәуһар тас! Күйеуім

туған күніме сыйлаған, бағасын айтпаса да, жобамен бес
үлкен үйдің құнындай болып қалар! – деп сыңғырлай күліп,
кішкентай, сәнді құлағын саусағының ұшымен сәл ғана қа-
ғып қойды.

Шәйгүлдің іші күйіп, кеш бойы оны күндеп, қызғаныш-
тан жарылып кете жаздады. Әйтеуір, ештеңе сездірмей, өті-
рік күліп, сөйлескен болып отырды.
Үйіне жеткенше асықты. Келе салысымен күйеуіне одан

да артық гәуһар сырға мен жүзіктер алғысы келетінін айтты.

– Бес үйдің құнын құлаққа іліп қойғанның несі жақсы?

Мақтанамын деп жүргенде, құлағыңды қарақшылар кесіп
әкетсе қайтесің?! – деді Сомбай әзілдеп. – Артық нәрсе –
асылық!
Бірақ, Шәйгүл қыңқылдауын қоймады.

– Артық емес, қажеттілік! Сен мені түсінесің бе, жаным,

маған өте керек болып тұр!

– Жарайды! Бірақ, оны сандыққа өзің түсіндір! – деп құ-

тылды күйеуі.
Шәйгүл сандықты бөлменің ортасына қойып, үнсіз мұ-
ңын шағып, біраз отырды. Содан кейін ерекше шабытпен
өлеңдете жөнелді. Сандықты қорқа-қорқа ашып қараса, су

жаңа ақша толып тұр екен! Оның бәрін алып, былай қойып,
тағы әндетуге кірісті. Тағы ашып қараса – тағы толып тұр!
Шәйгүл қуанып, сандықтың өрнекті бетінен сүйіп-сүйіп
алды. Үш күн, үш түн өлеңдетіп отырып, керекті соманы

толтырды. Ойындағы асыл заттардың барлығын сатып
алып, үсті-басы жарқырап шыға келді.
Кезекті тойға ол барын киіп, байлауын салып барды. Бі-
раз әйелдер тамсанып, мақтағансып еді, саудагердің әйелі

бұның кереметтеріне көзінің қиығын ғана бір тастап:

– Тамаша! Саған жарасып-ақ тұр! – деп, елеусіздеу ғана

езу тартып күлді. – Бірақ, қазіргі қара маржандар жасанды
екен! Мен өзімнің жалған гәуһарымды сіңліме сыйлай сал-
дым да, мына алқызыл раушан атты нағыз асылзатты он үй-
дің құнына шетелден алдырдым!

Әйелдердің барлығы оның құлағына қарап, құлап қала
жаздады. Шынында да, алқызыл раушан тас ерекше жарқы-
рап, жан-жағына әлдебір сиқырлы сәуле шашып тұрады
екен.

Шәйгүлдің жүрегі қысылып, өзін-өзі әрең ұстады. Күй-
інгеннен, өз құлағын қара маржанмен бірге кесіп алып, итке
тастағысы келді.
Үйге келген соң күйеуіне мұңын шақты.

– Бақталастық батпаққа батырады! Бәсеке бас жұтады!

Күншілдік күйдіріп тынады! – деді Сомбай.

– Өй, қойшы сен де, баяғының шалдары құсамай, – деп

кейіді келіншегі. – Сен не білесің? Байлық, бәсеке дегеннің
иісі бара ма екен мұрныңа? Қашанғы қанағат-қанағат деп
қарапайым тірлікке байланып, бір жерде қала бермекпіз?
Адам деген талаптанып, алға ұмтылмай ма екен?! Байдың

әйелі «саған осы да жарап жатыр!» деп кекеткенде, жерге

кіріп кете жаздадым! Мен оған көрсетемін әлі кімнің дең-
гейі қандай екенін!
Шәйгүл сандықты құшақтап, өксіп-өксіп жылады. Мау-
қы басылған соң, «ақ сандық, көк сандық» деп өлеңдете жө-

нелді. Күні-түні әндетуден шаршап-шалдықса да, сиқырлы
сандыққа телміріп, бес күн, бес түн отырды. Ақшаны санау-
дан да жалықты. Бірақ, бәрібір алқызыл раушан сырғаның
бағасына жетер емес.

– Ақшаны бұдан гөрі көбірек әрі тезірек шығаратын үл-

кендеу сандық әкелмедің бе? – деп, Сомбайға да ренжіп
қойды арасында.
Қара маржанды сатайын десе, ешкім де алмады. Қора-
бына салып, қуысқа тығып қоя салды.

Әупірімдеп, он күн дегенде керек сомасына қолы жетіп,
асыл заттар дүкеніне қарай құстай ұшты.
Гәуһар сырғаның түр-түрін таңдап жүрген Шәйгүлге өт-
кен тойда бірге болған бір таныс әйел ұшыраса кетті. Ол

Шәйгүлдің құлағына күлімсірей қарап тұрды да:

– Сен босқа арам тер болма! Бәрібір оған жете алмай-

сың! Олардың қалтасына әрбір сағат сайын жүз мың доллар
құйылып жатады! – деді, шынымен жаны ашып.
Шәйгүлдің буындарынан әл кетіп, сылқ етіп отыра қал-
ды. «Сағатына... жүз мың доллар!» – деді әрең сыбырлап.

Сомбай оны үйге алып кетті.
Сағатына жүз мың табатын байлар туралы естігенде,
қызғаныштан оның да іші жанып кете жаздаған еді.

– Жоқ, біз олардан асып түсуіміз керек!

– Ол үшін көп-көп ақша жасап, жарты әлемді сатып

алуымыз керек!

– Сондықтан, сандықтың сиқыры бітіп қалмай тұрғанда,

ақшаны мүмкіндігінше көп қып жинап алайық! – десті.
Ерлі-зайыпты екеуі қанша алса да, қажетіміз деп алды.
Сандық ортаюды білмей, сағат сайын толтыра ақша жасап
берді де тұрды. Енді екеуінің кәсібі тек ақша жасау болды.

Күні-түні кезектесіп, «ақ сандық, көк сандық» деп сарнады

да отырды. Буда-буда ақшаны әуелде құмарта санап, тәртіп-
теп қалай бастады. Ақша тым көбейіп кеткен соң, санамас-
тан үйдің ішіне үйе берді. Үй толуға айналды. Бөлмелердің
бәрін кірпіштей қаланған ақша басты. Енді бұлар подвалға

тасуға кірісті. Үй астындағы үлкен, кең подвалды ақшаға
сықап толтырды. Бірақ, арандары ашылып кеткен ерлі-
зайыптылар одан сайын ашкөзденіп, сандыққа ақшаны шы-
ғарта берді. Үйде де, подвалда да ақшадан аяқ алып жүрер

жер қалмады. Бірақ, тоқтауды ойларына да алған жоқ.
Бұлар өстіп үсті-үстіне үйіп жүргенде, салқын, сызды
подвалдағы ақшалардан көк иісі шыға бастады. Ақшалары
дымқылданып, сасып бара жатса да, құнығып алған бұлар:

«Деньги не пахнут!»– деп, өздерін-өздері алдарқатып қой-
ып, жұмыстарын жалғастыра берді.
Бір күні екеуі подвалға тағы бір үлкен буманы әкеліп,
жоғарыдағы қуысқа зорға орналастыра бергенде, қатар-

қатар қаланған қалың ақша-қабырғалар құлап түсті. Под-
валды түгел басып қалды. Ақшаның астында қалған екеуі
жанталасып, көк жасыл қағаздарды үстерінен итеріп түсіру-
ге тырысты. Бірақ, ақшалар оларға жабысып, шырмай берді.

– Мәссаған! Біздің ақшаларымыз жасыл балдыр-

батпаққа айналып кетіпті ғой! – деп ышқына айғай салды
Сомбай.

– Бет-аузыма, бүкіл денеме жабысып алып, сорып бара

жатыр! – деп шыңғырды Шәйгүл.
Сыз подвалда көп жатып, дымданып, көгерген қағаз ақ-
шалар езіліп, балдыр-батпаққа айнала берген екен. Балдыр-
батпақ «уһ-һ!» деген қорқынышты дыбыстар шығарды да,

қанағатсыз ерлі-зайыптыны да, үй-мүлкін де бірте-бірте жұ-
та бастады.

– Құрыдық! Құрдымға кеттік! Қария дұрыс айтқан екен!

– деді жігіт өкінішпен.

Осы кезде жоғарыдан салбырап бір арқан түсті. Ерлі-
байлы екеуі жандәрмен арқанға жармаса кетті. Белгісіз бі-
реу арқанды тартып, екеуін балдыр-батпақтан суырып алып

шықты. Естерін жиып, қараса, баяғы ақ сақалды қария қыр
басында, сандықтың үстінде екеуіне күле қарап отыр екен.
Айналаның бәрі жасыл батпақ – үй-жайларын түгел жұтып
қойыпты.

– Иә, қарақтарым, құлқынның құрдымы қалай екен? –

деді қария.
Сомбай мен Шәйгүл үнсіз төмен қарады.

– Жә, басыңды көтер! Жаңадан баста бәрін! – деді қария

Сомбайға. – Кел, менің жүгімді көтеріп апарғаның үшін
адал еңбекақыңды ала ғой!
Қария сандықты ашып, толып тұрған ақшаны Сомбайға
берді.

– Берекелеп ұстай білсеңдер, бұл ақша аяқтарыңа тұрып

кетуге еркін жетеді! Әрі қарай адал еңбек, ақыл-ойларың
мақсаттарыңа жеткізсін! – деді. Екеуі рахмет айтып, ауыз-
дарын жиғанша, қария қырдан асып, ғайып болды.
Ерлі-зайыптылар батпақты жерден тезірек құтылуға

асығып, күре жолға түсті де, қол ұстасып алға қарай тарта
берді.
Сақа
Біз бала күнімізде сақа ойнайтынбыз. Бұл бір қызық ой-

ын. Сақа деп сиырдың асығын айтады. Оның екі жағын жұ-
қалап жонып, күлдіргенде не алшы, не тәйкі түсетіндей ың-
ғайлап жасайды. Сақаны жерге қырынан иіріп тастағанды
күлдіру дейді. Қырынан алшы не тәйкі түссе немесе тігінен

түссе, күлгені. Тігінен, төбесімен түссе, тіпті жақсы – омпа
дейді. Бүк не шік түссе – күлмегені. Күлсе – кезек алып,
дыйды атасың. Күлмесе – келесі кезегіңді күтіп қала бересің.
Сақаның ортасын үңгіп, қорғасын құяды. Сонда сақа

дыйды атуға қолайлы, салмақты болады. Дый деп жылқы-
ның, сиырдың қысқа жіліншік сүйектерін айтады. «Сақам,
сақам, соқ!» деп, иіре тартып жібергенде, бес-он қадам жер-

ге тігілген дыйлардың жып-жылтыр, жалпақ бетіне қорға-
сынды сақа сақ ете түседі. Сақа тигенде, дыйлар жан-жаққа
бытырай ұшып кетеді.
Ойынның шарты бойынша, әрбір дыйдың бастапқы тұр-

ған сызықтан қанша жерге ұшқанын табандап өлшейді.
Егер, келісілген қашықтыққа кетсе, (мысалы, үш табан, бес
табан) дый сақаны атқан кісінің ұтысы боп есептеледі. Оған
жетпей қалса, қайтадан сызыққа тігіліп, екінші ойыншы

атады. Барлық дый ұтысқа кеткенше ойын жалғаса береді.
Сақа ойнағанның құмары, қызуы күшті. Тіпті, балалар
қызылкеңірдек болып, дауласып та жатады. Қимыл, қозға-
лысы көп, дәлдік, ептілік, шапшаңдықты талап етеді. Бұл

ойын жас дененің шымыр болып өсуіне, бұлшық еттерді
жаттықтыруға, сіңірлерді созып, ширатуға өте пайдалы. Со-
нымен бірге ол адамды тез ойлауға бейімдеп, қас-қағымда
дұрыс шешім табуға баулиды.

2015 ж.

Екі жерде екі...
Бірде ен далада жол жүріп келе жатып, екі дос – ақын
мен математик дауласып қалды.

– Қарашы! Дала қандай, көкжиек қандай! Көктегі бұлт-

тар қиялыңды қалықтатып, көңілің толқымай ма! – деді
ақын.

– Ой, сен де қайдағы бірдемелерді айтады екенсің! Оның

бәрінің есебі бар! Көкжиекке дейін қанша шақырым, дала-
ның аумағы қанша десең, әңгіме басқаша! Қолма-қол есеп-
теп берер едім! Өйткені, өмірдің өзі – есеп! Математика де-
геніміз – өмір! – деді математик.

– Жоқ! Өмір дегеніміз – поэзия! Жан-дүние күйі! Ой мен

сезім! – деді ақын.

– Сендердің сезімдеріңді мен түсінбеймін! Менің білеті-

нім – екі жерде екі – төрт! Бәрі де түсінікті! Бәрі де қағида!
Тәртіп! – деді математик.

– Екі жерде екі төрт емес! Ақындар есепке сыймайды! –

деді ақын.
Математик күлді.
Бір кезде машиналары сынып, айдалада қалды. Матема-
тиктің бір тиыны жоқ. Ақынның төрт доллары бар екен.

Жалғыз үйлі диханнан екі бөлке нан мен екі шөлмек айран
сатып алды.

– Ал, екі жерде екі қанша!? – деді.

– Төрт! – деді математик.

Ақын үндемей алға оза берді. Нанынан үзіп жеп, айран
ішті. Математикке бермеді. Қарны ашып, шаршай бастаған
математик ақыннан нан мен айран сұрады.

– Екі жерде екі қанша? – деді ақын.

– Төрт! – деді математик. – Иә! Екі доллар қосу екі дол-

лар, болады төрт доллар! Екі бөлке нан қосу екі шөлмек ай-
ран, болады төрт!
Ақын оған дым бермей, ілгері жүре береді. Математик
әбден қалжырап, жүруге жарамай, құлап қалды.

Ақын оған айран ішкізіп, нан берді.

– Міне, екі жерде екі төрт емес, шексіз мәнге ие болды!

Өмір, тіршілік, адамның көңіл-күйі есепке бағынбайды! –
деді ақын.

– Иә, өмір құрғақ есепке сыймайды екен! – деді, есі кір-

ген математик.
Ақын оның арқасынан қақты. Екеуі ертеңіне аман-есен
елге жетті.

Әдепсіз бала
Жетен кішкентай кезінен бастап өте әдепсіз болып өсті.
Қолын жумай тамақ ішетін, үлкендердің тілін алмайтын.
Кісіге қарап жөтеле беретін. Тіпті, бір топ адаммен бірге

тамақ ішіп отырғанда, түшкіргісі кеп қалса, дастарханға қа-
рата аузын баспай түшкіре салатын. Көшеде қарсы кеп қал-
ған үлкен кісілерге жол бермей, қағып-соғып өте шығатын.
Әке-шешесі оның бетінен қақпай, тым еркелетіп жіберді.

Ондай қылықтарын жөндеп, аузыңды орамалмен басып, те-
ріс қарап жөтел деп ескерту де жасамады.
Бір күні Жетенді бір топ баламен бірге киноға түсуге
шақырды. Мұғалімі жұлдыз боласыңдар деп, оқушыларды

атақты режиссерге алып келді.
Режиссер Жетеннің түрін бірден ұнатып қалды. Оңаша
отырып, асықпай сөйлескісі келіп, Жетенді шайға шақырды.
Жетен оған мәз болды. Өзін дүниежүзінің ең жарық

жұлдызы сезінді. Режиссермен сөйлесіп отырып, оның беті-
не қарай қатты түшкіріп жіберді. Ана кісі ренжіп қалса да,
білдірмей, бет-аузын орамалымен сүртіп қойды.
Жетен оған қараған да жоқ. Шай ішіп отырғанда, бал-

пылдап сөйлеп, дастарханға қарай, аузын баспастан, жөте-
ліп-жөтеліп жіберді. Оның аузынан шашыраған түкірігі
қант-кәмпитке қонды. Тіпті, режиссердің бетіне, қолына да
шашырап кетті. Режиссер одан жиіркеніп, кейін шегініп

отырды.
Жетен оны байқамай, мақтана берді.

– Мені киноға түсірсеңіз, мен ең күшті актер боламын!

Мені киноға түсіргеніңізді мақтаныш етесіз! – деді. Бөсіп
отырып, тағы да режиссерге қарай жөтеліп қойды.
Режиссердің ашуы келді.

– Сен әдепсіз, көргенсіз бала екенсің! Сені киноға түсі-

ріп, бүкіл әлемге көрсетпек түгілі, сенімен бірге отырып,
шай ішуге де болмайды! Бар кет, кәне! Сендей әдепсіз бала-

ны мен енді қайтып көрмейтін болайын! – деп, Жетенді ки-
ностудиядан қуып шықты.
Жетен сонда ғана өз қылығына жаман ұялды. Көпке дей-
ін өкініп, ақыры, мұндай жаман әдеттерден арылуға бел

байлады.
Содан кейін ол тәртіпті, әдепті бала болды.

Төгілген қаймақ
Мереке мен Дүйсен есік алдында ойнап жүр. Ойын қы-
зығына әбден берілген екеуі кішкентай қызыл допты әрі
тепті, бері тепті. Біраздан кейін ашық тұрған қораның есігін

қақпа қылып, соған доп соғумен әуре болды. Бір кезде қат-
ты тебілген доп қораның ішіндегі шошалаға кіріп кетті. Ме-
реке шошаланың есігін ашып ішке енді де, добын іздей бас-
тады. Қаракөлеңкеде әр нәрсені қармалап жүріп, әрең де-

генде тауып алды да, сыртқа беттеді. Сол кезде жерде тұр-
ған шағын аяқты байқамай ақтарып алды. Іші тола қаймақ
екен, жарқырап еденге жайылды.
Далаға атып шығып, досына мән-жайды айтты.

Дүйсен де сасқалақтап қалды. Қабағын түйіп, әбден ой-
ланды да:

– Қорықпа, мен амалын таптым. Қаймақты мысық төгіп

кетіпті дейміз, — деді.
Кешкі шай үстінде мамасы Мерекеге қарап:

– Біреу аяқтағы қаймақты төгіп кетіпті. Бағана сендер

ойнап жүр едіңдер, байқамай төгіп алған жоқсыңдар ма? –
деп сұрады.
Мереке қысыла қызарақтады. Шынын айтуға шешесінен
қорықты. Өтірік айтуға ұялды.

Ақыры өтірік айтты:

– Бағана шошала жақта анау жүрген, – деп, шешесінің

аяқ жағында жатқан мысықты нұсқады.

Айтуын айтса да, қатты өкінді. Жазықсыз жалаға ұшы-
раған мысықты да: «Таяқ жейтін болды-ау!» деп, аяп отыр.
Шешесі ашу шақырмады, күлімсіреп, табаққа бір қасық
қаймақ құйды да, мысықты шақырды. Керенаулау көтеріл-

ген мысық қаймақты көріп, дүр сілкінді. Табаққа таяп келе
бергенде, анасы байқамаған болып, қаймақты жерге ақтара
салды. Мысық табақтағысын да, едендегісін де жалап-
жұқтап соғып алды.

– Ал, ботам, – деді анасы Мерекеге мысықты нұсқап. –

Жерге төгілген қаймақты да жалай білетін мысық бағана
неғып қалдырды екен, ә?
Шешесінің көзіне көзі түскенде, Мереке ұялғанынан
терлеп кетті.

– Мама, кешірші, бағана мен... ойнап жүріп..., – дей бер-

ді, жыламсырай міңгірлеп.

– Өтірік айтқаныңды, ұялып отырғаныңды әу басында-

ақ білгем. Гәп қаймақта емес, өтірік айтпа. Кінәңді мойын-
дай біл!
Мереке шиедей қызарып кетті.
1983 ж.

(2-кластың «Әдебиеттік оқу» хрестоматиясынан.
Алматыкітап баспасы, 2013 ж.)

Балалардың аңшылығы
Әкөш пен Бәкөш таңертең далаға шықса, қар жауыпты.
Қарашаның басы, күн онша суық емес. Бірақ, алғашқы қар
қалың. Ауыл ағарып, толысып, әдемі болып кетіпті. Мұржа-

лардан будақтаған көк түтін тұп-тұнық ауаны қақ жарып,
зеңгір аспанға қарай жол тартып, тіршілік сәлемін алып ба-
ра жатқандай...
Екеуі алақайлап, ұлпа қарды уыстап-уыстап, бір-біріне

шашып, асыр салды.

– Анаң қара, анау ненің ізі? – деді Әкөш бір кезде. Сүй-

ретілген із қораға сүңгіпті. Екеуі қансонарда із кескен аң-
шылардай құмартып, қораға қарай жарыса жүгірді. Жет-
кенше қиялдап, даланы бастарына көтерді.

– Қасқыр шығар?

– Аю боп жүрмесін?

– Жолбарыс болуы да мүмкін!

– Арыстан болса қайтеміз?!

– Күрекпен соғып аламыз!

Қораға сүйеулі тұрған күректі Әкөш, айырды Бәкөш ал-
ды. Арыстанмен алысуға даярланып, есікті қорқа-қорқа аш-
ты. Қораның ортасында қырдың қызыл түлкісі оттай лаулап
тұр екен.

Балалар қомсынып қалды.

– Тіпті... қасқыр болғанда ғой! – деді Әкөш.

– Жарайды, бұйырғаны! – деді Бәкөш атасы құсап.

Енді екеуі түлкіні соғып алуға кірісті. Айыр, күректерін
қанша
сілтегенмен,
түлкі

ырып-ыршып,
соққызбады.
Ырылдап, айбат шеккенде арыстаннан жаман өзі.

– Сен мұны шығармай, есікті тіреп тұра тұр. Мен атама

айтып келейін!
Бәкөш айырды ат қып мінді де: «Әйт, шүу, ала атым», –
деп, көбік қарды бұрқырата жөнелді.

– Тез келіңдер! – деп айқайлады оның артынан Әкөш.

– Байқа, шығып кетпесін! – деді Бәкөш.

Есікті тіреп тұрған Әкөш ақырын сығалап қарады. Түлкі
әрлі-берлі орғып, құтылмасын білді-ау деймін, бір кезде
адамша сөйлеп қоя берді. Даусы сыңғыр-сыңғыр етеді.

– Әй, сен неменеге мәз боласың? Анау сенен бұрын

атаңнан сүйінші сұрап қоятын болды ғой! – деді құйрығын
бұлғаңдатып.
Сүйінші дегенде Әкөш елең ете қалды. Сүйінші, байғазы
сұрағанда, атасының қулана күліп, ескі былғары күмәжнегін

терең қалтасынан асықпай алып шығып, баппен ашатыны
есіне түсті. Содан кейін мейірлене иіскейтіні көзіне елестеп

кеткенде, үйге қарай бір-екі аттап барып тоқтады. Оны бай-
қаған түлкі тіпті сыңғырлай түсті.

– Неғып тұрсың? Тезірек бармасаң, анау түлкіні жалғыз

ұстаған Жеке батыр боп шығады ғой! Сүйінші де, атақ та
соныкі! Саған түк те жоқ!

– Ал сен ше? Сен қашып кетесің ғой, – деді Әкөш сенім-

сіздеу дауыспен.

– Қалай қашамын, есік жабық тұрған жоқ па? Сенбесең,

сыртынан тірей сал да, шап үйге!
Әкөш есікті күрегімен тірей салып, үйге қарай тартқан-
да, түлкі табалдырықтың саңылауынан сығалап, сылқ-сылқ
күліп тұрды. Ол үйге кірісімен, түлкі есікті итеріп қалғанда,

көбік қарға тірелген күрек сырғып кетіп, есік әжептәуір
ашылды. Сол ашықтан сып ете түскен түлкі үй-үйдің ара-
сымен айдалаға қарай зытты. Үйден жүгіре шыққан үшеуі-
нің көзі қу түлкінің құйрығын ғана шалып қалды.

– Айт! Айт! – деп, аталы-балалы үшеуі айқайға басып,

ауыл иттерін айтақтап-ақ жатыр. Оған қарайтын түлкі жоқ,
ә дегенше тас жолдан бір-ақ асып, кең далаға сіңді де кетті.

– Қап! Жайшылықта аяғыңа оратылып, балағыңнан алып

жататын Кеңащының көп иті қайда осы?! – деді атасы, де-
мін әрең алып.
Соны күтіп тұрғандай көршінің көк төбеті бастаған ма-
ңайдың бес-алты майлыаяғы маңқ-маңқ етіп, тас жолға қа-

рай жүгіріңкірей беріп: «Үрдік қой, болды», – дегендей,
құйрықтарын бұлғаңдатып, кері қайтты.
«Оқжетпес» газеті, 1991 ж.

Жалмауызды жеңген бала
(Повесть-ертегі)

Пәтерде
Ерте, ерте, ертеде емес, бүгінде, қаладағы пәтерлердің
бірінде тоғыз жасар Асан деген бала тұрады. Ол компь-
ютерге өте құмар. Құмарлығы сондай – күні-түні соғыс ки-

ноларды, атыс-шабыс, қырғын төбелес ойындарды көреді де
отырады. Тіпті, өзі де сол ойыншықтарға еліктеп, бірге жүр-
гендей сезінеді.
Бір күні компьютердің экранына бір жауынгер жігіт пен

қыз шыға келді. Мұздай қаруланған, түстері суық, қаһарлы.
Қаланың ортасында талтайып тұрып, жігіт жұртқа айқай
салды.

– Я капитан Джойбек, то есть капитан уничтожай! А эта

симпотная Соямбике – чемпионка по сою – дзюцу! (Алақа-
нының қырымен тамағын қиып көрсетті. Жауынгерлерше
киінген, бұлшық еттері бұлт-бұлт еткен Соямбике сарт-сұрт
соғып, секіріп теуіп, қарсы келгендерді ұшырып түсірді).

Сою – дзюцу – Соямбике – мисс зарежу! Когда мы вместе –
всем хана! Капут! Вылезайте из вашей дыры или мы унич-
тожим всех! Сожжем ваши дома! Потопим в крови вашу
землю! Так что пока целы, приползайте на четвереньках!

Ах, так! Вы гордые?! Хотите жить свободно? На, на вам
свобода и равенство! На, на, получайте!

Жойбек пен Соямбике қаруларынан оқ жаудырып, қала-
ны гүрс-гүрс жара бастады. От-жалынға оранған қала қанға
батып, жантүршігерлік дауыстар шықты. Асан құлай бері-
ліп, қимылдарын қайталап, елтіп отырғанда, даладан мама-

сы кіріп келді.

– Әй, Асан, айналайын, болды ғой енді! Бір мезгіл дема-

лып, далада ойнап келсеңші. Күні-түні компьютердің ішіне
кіріп кете жаздайсың да отырасың! – деді мамасы ренжіп.
Асан анасының сөзін құлағына да ілмей, ойынын құмар-
та жалғастыра берді. Кино кейіпкерлеріне қосылып, «пух,

пах», «кы, кх» деп, бет-аузына дейін қисаңдап, құбылып
ойнады.
Мама:

– Асан деймін, Асан! Қашан тіл алып, дұрыс адам бола-

сың, әй сен? Андағы компьютер дегенің денсаулыққа зиян-
ды! Сарылып көп отыра берсең, ауырасың да қаласың! Бет-
аузың қисаңдап, тілің салақтап, көзің алақтап, басың қал-
тылдап, иығың селкілдеп, қол-аяғың дірілдеп, жындыхана-

дан бір-ақ шығарсың бір күні!
Асан:

– Ал, бірақ, бәрібір компьютерсіз күн жоқ қазір!

Мама:

– Дұрыс қой, құлыным, бірақ әр нәрсе дәмімен деген.

Шектен тыс құмар болған жақсы емес. Миың айналып, су-
ми, көкми, зомби боп қаласың! Өстік қой осы, ешқандай
компьютерсіз-ақ адам болып!
Асан:

– Ой, мама, сендер сондай артта қалғансыңдар! Тіпті кі-

сінің күлкісі келеді!
Мама:

– Сендер керемет болып, қарық қылсаңдар көрерміз, әлі!

Одан да бар, нан алып кел! Мың жерден мақтасаң да анда-
ғың тамақ болмайды адамға!
Асан еріне, амалсыз қозғалып, шығып кете барды.

Аулада
Аулада бір топ бала ойнап жүр екен, Асан біреуін түр-
тіп, біреуін қағып, ойнап жүрген доптарын әдейі айдалаға
теуіп жіберді.

Кішкентай қара қыз – Еркештің балмұздағын тартып ал-
ды. Қызға болысқан бір дәу баланы құйрығынан күмп еткі-
зіп бір тепті. Анау төбелеспек болып ұмтыла бергенде, Асан
қалтасынан бабочка пышағын суырып алып: Убью! Унич-

тожу всех! – деді айқайлап.
Еркеш оған:

– Қой, қане! Таста пышағыңды! Мұндай жаман бала

болма! Мен саған қой дедім ғой! – деп ұрсып-ұрсып таста-
ды. Асан сәл бөгеліп тұрды да, қолындағы балмұздағын қа-
ра қыздың аузы-мұрнына баттитып жаға салды. Балалар
шошып, қыздар шыңғырып жіберді.

Айқай-шуға жүгіріп келген мамасы Асанды қолынан ұс-
тап алып:

– Ах, оңбаған, кішкентай қарақшы! – деп, бұлқынғанына

қарамай, сүйреп алып кетті. Үй алдында Асанға: Мен сені
айдалаға, орманға апарып тастайын! – деді.
Асан:

– Онда компьютерімді ала баруға бола ма?

Мама:

– Жоқ! Онда аң-құстардың арасында жүретін боласың!

Асан әлденені ойына алғандай үндемей қалды.
Орманда
Мамасы машинамен Асанды орманға алып келе жатқан-
да, далада жайылып жүрген малдарды көріп, Асан қатты

қызықты.

– О-о! Мама! Қарашы, қаншама ет пен тері! Мыналар-

дың бәрін сойып тастап, базарға сатсақ, у-у, қанша ақша бо-

лар еді! – деді ол шаттанып. Мамасы жұдырығын түйіп,
тиып тастады.
Орманға, көл жағасына, таудың баурайына келген соң,
Асан асыр салып жүгіріп тау-тасқа секіріп ойнап кетті. Ма-

масы табиғатты тамашалап, кейіндеу қалды. Асан бірер аң-
құстарды көріп, тас лақтырды, ұстамақ болып қуалады.
Құстың ұясын, құмырсқаның илеуін, суырдың інін бұзды.
Біраздан соң ұрлана басып машинаға келді. Жүк салғышын

ашып, ораулы мылтықты алып, қайтадан аң-құс аулауға кі-
рісті. Бір кезде бір еліктің лағын көріп, аңди бастады. Көз-
деп тұрып, атып жіберді. Мылтық даусы тып-тыныш төңі-
ректі сілкіндірді. Орманда жүрген мамасы шошынып, жан-

жағына қарады да, тұра жүгірді. Асан құлаған аңның қасына
келді. Шалажансар, қансырап жатқан аңның көзі жаутаңдап,
аянышты көрінсе де, Асан оған соншалық бір қатыгездікпен
қарап тұрды.

– Алақай! Алақай! Өлтірдім! Мен өлтірдім! Урря! Өл-

тірдім мен! – деп есерлене айқайлап, билей бастады. Сол
кезде жер ойылып кетіп, бұл шұңқырға түсіп кетті. Тесіктің
жиегіне, шөптерге жармасып, тырмысып жатқанда мамасы
да жақындап, қолын соза берді. Бірақ үлгере алмады, Асан

тереңге құлап кете барды.
Сол ұшқан күйінде өкіріп, ұзақ уақыт шыр айналып,
зуылдап кеткен Асан бір кезде бір жұмбақ, күңгірт әлемге
топ ете түсті. Бұл жердің түрі де, дыбысы да өзгеше екен.

Тым-тырыс тыныштық үрейін ұшырды.
Құбыжықтар қолында
Әлгі жерде бір алып Таусоғар орман тазалап жүр екен.
Ол Асанды көріп, ақырын бақылап тұрғанда, қиқулап, са-

қылдап күлген дауыстар естілді. Кенет орманнан шыға кел-
ген бір құтырған құбыжықтар баланы бас салып, қол-аяғын
байлап, сырыққа асып, айдалаға ала жөнелді.

– Қанішер! Жауыз! – деді қолдары тарбиған, тістері ақ-

сиған, тырнағы сояудай маймыл бет жезтырнақ.

– Жалмауыз! Қорқау! – деді алақандай қорқынышты

көздері алақ-жұлақ, жарқ-жұрқ еткен, локатор құлақты, ан-
тенна мүйізді киборг-робот.

– Қолға түстің бе, бәлем!? Буындырып өлтіріп, бітеудей

жұтып қояйын ба!? – деді семсер тісті жолбарыс аранын
ашып.

– Терісін тірідей сыпырып, шикідей жеу керек! – деді

басы – арыстан, денесі – аю, аяғы мен құйрығы – динозавр
сияқты құбыжық.

– Жоқ! Отқа қақтап, шыжғырып, үйтіп жеу керек! – деді,

басы – марсиан, денесі – адам, аяғы – кенгуру сияқты құбыжық.

– О-о! Табылған ақыл! – десіп, шу ете түскен басқа да

неше түрлі қорқынышты құбыжықтар сақ-сақ күліп, билеп
ала жөнелді. Бір алаңқайда отты лаулата жағып жіберіп,
Асанның ойбайына қарамастан, қақтауға кірісті. Бет-аузы
күйелеш-күйелеш болып, түтіндей бастаған Асанға: «Қалай

екен, жазықсыз аңды өлтірген? Енді өзің де өліп көр! – деп,
айналдырып-айналдырып қояды сырық ағашты.
Асан басы айналып, дыбысы өшіп, есінен тануға айнал-
ды. Құбыжықтар ашқарақтанып, оның піскеніне шыдамай,

тырнақтарымен әр жерінен жұлмалап жегілері келіп, таласа
тармаса, тартып-тартып қояды. Сол уақытта алып Таусоғар
ақырып келіп, әлгі құбыжық-қорқауларды жан-жаққа лақ-
тырып, шашып тастады. Асанды бір-ақ жұлқып босатып

алып, аспандата лақтырып жіберді. Естерін жиған құбы-
жықтар Таусоғарға жабыла кетіп, қырғын шайқас басталды.
Карнавалда
Шырқырап ұшып кеткен Асан қазіргі заманғы үлкен са-

райға, тұп-тура карнавалдың үстіне топ ете түсті. Әртүрлі
халықтардың ұлттық киімдерін киген әдемі қыздар мен ба-

лалар, жан-жануарлар сондай жарасып, билеп, думандатып
жүр. Асан жан-жағына таңдана қарады.

– О-о! Кел, кел, кел, бізге қосыл! – деп, қазақтың әдемі

ұлттық киімін киіп алған баяғы қара қыз Еркеш алдынан
шықты. – Қане, бір ән салып жіберші! Асан төмен қарады.
Шетелдік бір ырғақты салған болды. Барлығы оны мазақтап
ду күлді.

– Әй, балақай, мұндай ән бізге таңсық емес! Сен бізге өз

халқыңның бір әнін айтып бер! – деді, ұлттық киім киген
орыс қызы Маша.
Асан:

– Мен ән білмеймін!

– Тоқта, сен өзің кімсің? – деді, поляк қызы Барбара.

Асан:

– Мен – Асанмын!

Барбара:

– Жоқ, сенің ұлтың кім?!

Асан:

– Ә, ә, мен – қазақпын!

Маша:

– Қазақ болсаң, қазақтың бір әнін айтып бер!

Асан:

– Мен қазақша ән білмеймін?!

Қыздар:

– Ұят-ай! Ұят-ай! Өз елінің әнін білмейтін де кісі болады

екен-ау? Масқара!
Маша:

– Ал, жарайды, сонда не білесің?!

Асан:

– Мен компьютер білемін. Одан ылғи ойын, кино көре-

мін... . музыка тыңдаймын!
Барбара:

– Қане, қандай өнерің бар? Көрсет бізге!

Асан:

– Міне!

Асан атыс-жарылыстың дыбысын салып, жауынгерлер-
ше қимылдап көрсетті. Бәрі ренжіп: Қойшы, қанішерлер құ-
самай...! – деді. Сол кезде Еркеш ашуланып: Ал, бұл бала
шынымен қанішер! Ол еліктің лағын атып тастады! – деді.

Бәрі теріс айналды.
Маша:

– Мен мұндай жауыз баламен дос болғым келмейді!

Барбара:

– Ал, мен оның қасында тұрып, бір ауаны жұтуға да

жиіркенемін!
«Мұндай әсем әлемде жауыз балаға орын жоқ!» – деп,
карнавалға жиналғандар Асанды қол-аяғынан ұстап, шай-
қап-шайқап, лақтырып жіберді... .

Жан азабы
Қайтадан шырқап ұшқан Асан Таусоғармен ұстасып, қа-
һарлана құлашын жазып тұрған арыстан басты, аю денелі,
динозавр аяқты құбыжықтың құшағына топ ете түсті. Енді

өлді-ау дегенде, Таусоғар оны жұлып алып, қаша жөнелді.
Қорқаулар шуылдап тұра қуды. Бір кезде алдарындағы бір
үлкен көлдің жағасына тоқтады. Құбыжықтар жақындап, ен-
ді ұстайды-ау дегенде Таусоғар көлді бір-екі сораптап, ұрт-

тап қойды. Асанды алып өтіп кеткен соң, қайтадан суды ор-
нына құя салды. Құбыжықтар суда малтақтап, қалып қойды.
Былай шығып естерін жиып, шөлдеп, шаршап келе жа-
тып, бір ағын суға кез болды. Сөйтсе, бұл Асан атқан елік-

тің мекені екен. Жаралы лақ сұлқ жатыр. Елік қайғыға ба-
тып, лақтың аман қалуын тілеп, жылап-сықтап отыр.

– Бір бала атып кетіпті! – деді, сұраулы жүзбен қараған

Таусоғарға. Асан ұяттан қып-қызыл боп, қайда тығыларын
білмей жаман састы. Ананың мұңына ортақтасып, Асан
тұңғыш рет өз ісіне өкініп, бірге қайғырып, жаралы аң тірі

қалса екен деп тіледі. Таусоғар да мұңайып отырғанда, әл-
деқайдан Еркеш сап ете түсті.

– Міне, міне қанішер! Жазықсыз аңды атқан бала осы!

Жауыз! Жалмауыз! – деді, Асанға тап-тап беріп. Асан:
«Жоқ! Өтірік! Мен емес!» – деп жалтарды. Таусоғар екеуін
арашалап, айырып алды. Лақ көзін ашып, Асанға мұңая қа-
рады...

Елік баяу, ақырын өксіп:

– Сен бе?! Неге, неге, аттың менің балақайымды? Қалай

ғана қолың барды? Қайтіп қана көзің қиды?! – деді.
Асан жылап жіберді.
Таусоғар:

– Әй, балақан, рас па? Шынымен сен аттың ба? – деп сұ-

рады Асаннан. Асан жыламсырап, міңгірлеп, ештеңе дей
алмады. Таусоғар бұрылып кетіп қалды. Асан көзінде жас
мөлдіреп, ауыр қайғыға батқан елікке, шалажансар лаққа
қарай алмай, қашып шығып, беті ауған жаққа қаңғи берді.

Қаңғып келе жатып, өксіп-өксіп жылады, өз басын өзі тоқ-
пақтап, ағаштарға, тау-тасқа ұрды. Күйініп, жерге домала-
ды. Домалап келе жатып, бір керзі етікке тірелді.

Қорқаулар қоршағанда
Бұл – компьютердегі қаһарман капитан Жойбек еді. Қа-
сында Соямбике, спецназ, ниндзя, робот, қарақшылар сияқ-
ты киінген, автомат, гранатомет, садақ, найза, қылышпен

қаруланған бір топ адамы бар. Капитан Жойбек домалап
жатқан Асанды жерден көтеріп алып, ауада салақтатып бі-
раз тұрды. Жерге түсірді.
Капитан Жойбек:

– Әй, Ассан, Асана, Асанчик! Қорықпа! Қайғырма да

мұңайма! Мүжілме де түңілме! Қардай болып сөгілме, бор-
дай болып үгілме! Мұздай болып еріме, қыздай болып егіл-

ме! Қаһарыңа мін, қайратыңа сен! Автомат, граната, қанжар
ұсынады: – Қара орманды қан сасытып, бірін қоймай қырып
сал! Сені ұялтып, орталарынан қуған екен, көрсет оларға!
Ұяттарымен қосып өртеп жібер барлығын!

Асан алғысы келмей қашқақтады.
Капитан:

– Әй, бала, балашка! Біздің саған жанымыз ашып тұр!

Бізге қосылмасаң, жалғыз қаңғып қаласың! Мейлің! Қазір
жан-жануарлардың бәрін өзіміз-ақ қырып тастаймыз да, жа-
ласын саған жаба саламыз! Содан кейін барлық халық сені
қанішерлердің қатарына қосады. Атыңды мәңгілікке қара

тақтаға қарғап-сілеп жазып қойса, жақсы бола ма?!
Асан:

– Жоқ!

Капитан Жойбек:

– Олай болса, бізге қосыл! Ерліктер жаса! Батыр атанып,

атақ-даңққа бөленгің келе ме өзі?
Асан:

– Иә!

Капитан Жойбек:

– Онда не тұрыс, мә! (Қаруды тықпалайды) Ат та таста!

Асан:

– Жоқ! Мен енді тірі жанды өлтіргім келмейді!

Капитан Жойбек:

– Ах, солай ма? Сонда, мына біз қорқау екенбіз ғой се-

ніңше! Жарайды! Қорқаудың қандай болатынын көрсетейін
мен саған!
Қолымен нұсқап, белгі береді. Жауынгерлер әп-сәтте
баланы қаумалап, қолдан-қолға қақпақылдап, жуан зәулім

қарағайға керіп байлап тастайды.
Капитан Жойбек:

– Ал, қалай екен көздеп атқан? Батыр болсаң, тік қарап

көр!
Соямбике садағын көтеріп, көздейді. Асан тыпырлап,
көзін жұмып, басын қисаңдатып, жанталасады. Ысқырған

жебе тура төбесінен екі елі жоғары, қарағайға қадалады.
Жан-жағына қадалады. Асан қорқып, шыңғырады, бұлқы-
нады. Капитан Жойбек, Соямбике бастап бәрі мазақтап кү-
леді. Капитан Жойбек пистолетін саусағында айналдыра

ойнатып-ойнатып, көздемей тез-тез атып-атып жібереді. Ба-
ланы байлаған арқанды қиып түсіреді. Соямбике енді қан-
жар, найза лақтыруға дайындалып, көздеп тұрып, жіберіп
қалғанда, Асан бір жағына аунап кетеді. Бағанадан бері бұ-

ларды бақылап жүрген Таусоғар оны іліп ап, қашады. Қа-
рақшылар қуып жетіп, қоршап алады. Таусоғарды атпақ бо-
лып, қаруларын кезей бастайды.
Сол кезде қатты дауыл соғып, төңірек қап-қараңғы бо-

лып кетті. Әлгілердің бәрін үрей буып, қимылдай алмай
қалды. Дауыл басылып, күн ашылғанда бәйтеректің басына
алып самұрық құс келіп қонды. Саңқылдап, қанатымен
ауаны кескілеп, суылдатып бір-екі сипап, барлығын алдына

жинап алады.
Самұрық: Біздің ертегілер әлемінде қантөгіске, жауыз-
дыққа, арамдыққа, өшпенділікке, қулық-сұмдыққа, былық-
шылыққа орын жоқ! Ертегілер әлемі- қайырымдылық, адал-

дық, сұлулық, әділдік әлемі! Қан төккен, өтірік айтқан, бі-
реуге қиянат, зорлық-зомбылық жасаған адамдар бұл әлемге
лайық емес! Ондай оңбағандардың орны – қоқыстар мен
қорқаулардың арасында! Жоғалыңдар бұл арадан!

Самұрық қанатын қомдап, қағуға ыңғайлана бергенде,
капитан Жойбек алға шығып:

– Уа, ертегілер патшасы, дат! – деді.

Самұрық:

– Датың болса, айт!

Капитан Жойбек:

– Мен, капитан Жойбек, қаншама қырғын соғысты көр-

дім! Қырдым-жойдым! Өйткені амалым болған жоқ – со-
ғыстың аты соғыс! Мен жауды өлтірмесем, жау мені өлтіре-
ді. Соны ескерсеңіз екен, әділ патша!

Самұрық:

– Капитан Жойбек! Атың өшкір! Соғыссаң, не үшін со-

ғыстың? Біреудің жерін тартып алу үшін, билеп-төстеу үшін
соғыстың! Біреуге жалданып, ақша үшін соғыстың! Жұрт-
тың үйіне барып, ойран салдың! Сондықтан саған кешірім
жоқ!

Капитан Жойбек:

– Олай болса, мына балаға неге ара түсесіздер? Жазық-

сыз, қорғанышсыз еліктің лағын атып тастаған оның кінәсі
бізден кем емес! Әділ болсаңыз, мұның да жазасын беріңіз!
Самұрық:

– Бұл кішкентай қанішердің де орны сендермен бірге!

Кетсін аулақ!
Бағанадан бері үрпиіп-үрпиіп тұрған топ енді балаға қа-
рады. Капитан Жойбек Таусоғардың қасында тұрған Асан-
ды іліп әкетпекке оқтала бергенде, Таусоғар оның қолын

қағып жіберіп:

– О-о, ертегілер әлемінің падишаһы! Дат! – деді.

Самұрық назар аударады.
Таусоғар:

– Асанның күнәсі үлкен, қылмысы ауыр. Бірақ, бұл енді-

енді өз қатесін түсініп, қатты өкініп жүр! Жойбек берген
қаруды алған жоқ! Мен сенемін Асанға! Біз оған көмекте-
сейік! Мүмкіндік берейік!
Самұрық ойланып, қанатын сипай қағып қалғанда, әлгі

жауынгер топ ғайып болып кетті. Тек Асан мен Таусоғар
ғана қалды. Орманнан аң-құстар ақырын басып, сақтана
жинала бастады. Елік те келді.
Аңдар:

– Мына кішкентай қанішердің жазасын беру керек! Са-

зайын тартсын! – деді жамырап. Орманды ауыр үнсіздік
басты. Асан алға шығып, елік-анаға қарап, тізерлеп, басын
иіп отырды. Көзіне жас тұнған. Самұрық, елік-ана, жаралы
лақ, аң-құстар, Таусоғар – бәрі де мұңайып, ойға батып кет-

ті. Самұрық: Жаралы лақтан әлі де үміт бар! Өлі су мен тірі

суды әкеліп берсе, жазылып кетер еді! Бірақ, ол су жал-
мауыз кемпірдің қолында! Оның қоластындағы сиқырлы
атырапқа біздің бірде-біріміз бара алмаймыз! Оған тек
адамзаттың баласы ғана бара алады!

Асан:

– Мен барып әкеліп берейін!

Самұрық:

– Бірақ, бұл сапар өте қауіпті! Ол жаққа барғандардың

бірде-бірі аман қайтқан жоқ!
Асан:

– Еліктің лағы өлсе, маған да өмір жоқ! Рұқсат болса,

мен барайын, ұлы падишаһ!
Самұрық:

– Сен шынымен өкініп, қайғырып жүрсің бе?

Асан:

– Иә!

Самұрық:

– Егер шынымен қайғырсаң, онда мүмкіндік бар! Шын

жылаған адамға жалмауыздың жаны ашуы мүмкін! Бірақ,
байқа! Өкінгенің өтірік болып шықса, жалмауыздың жа-
нындағы жәдігөй, сиқыршылары ар жағыңдағы ниетіңді
жазбай таниды. Онда өмірмен қоштаса бер – я қаныңды

ішеді, я бір мылқау құбыжыққа айналдырып, мәңгілік қа-
рауылға тұрғызып қояды!
Асан:

– Жоқ! Шыным! Нар тәуекел!

Самұрық құптап, қанатын сермеді.
Жалмауыз апа
Жалмауыздың жері – ұшы-қиыры жоқ, тау-тасы, орман-
тоғайы аралас жазық екен. Неше күн, неше түн жол жүріп,

арып-ашып келе жатқан Асанды кенеттен бір топ жәдігөй,
сиқыршылар бас салып, байлап алады.

Жаны қысылған Асан: Соңғы тілегімді беріңдерші!
Ақырғы тілегім! – деп ышқынды. Асанды қара тасқа айнал-
дыруға оқтала берген жалмауыз бен сиқыршылар тоқтай
қалды.

Жалмауыз:

– Ал, айт ақтық тілегіңді! Тек қана ішімізді пыстырып,

көп мыжып кетпе!
Асан:

– Тілегім сол – менің сөзімді тыңдасаңыздар екен!

Жалмауыз жалба-жұлба шашын сілкіп-сілкіп жіберіп:
«Жарайды! Жәдігөйлерім, сиқыршыларым, аярларым ме-
нің! Тыңдаңдар түгел! Аузын бағыңдар да, сынаңдар! Сө-
зінде мінәндәй (шынашағының тырнағын көрсетеді) өтірік

болса, белуарынан қара тасқа айналдырып, желдің өтінде,
күннің көзінде мәңгі-бақи қара далбағай жамылып, қара
қарғаларды бағып, қарабет атанып, қарауыл қарап тұратын-
дай ғып қатырып тастаңдар! Ал, егер де шынын айтса, шы-

рай беріп, шырағын жандырыңдар! Ал, қане, сайра, бала-
қай!»
Асан ақтарылып, барлық оқиғаны бастан-аяқ айтып бе-
реді. Сиқыршылар үнсіз тыңдайды. Асан әңгімесін аяқтап:

– Егер де еліктің лағы өлсе – маған да өмір жоқ! Ондай

ауыр күнәні арқалап, өмір бойы жан азабын тартқанша, не
өліп кетейін, не тірі суды сұрап алып, лақты да, өзімді де
аман алып қалайын деп келдім!
Сиқыршылар:

– Рас! Рас айтады! Сөзінің бәрі шындық! – десті. Сол

кезде жалмауыз жалба-жұлба шашын сілкіп-сілкіп жіберіп,
сақылдап тұрып күлді. Сояудай тырнақтарын тарбитып,
Асанның бетіне тақап, көзіне үңіліп, зәресін ұшырды. Қал-
шылдап билеп, қатты айғайлап жіберді: Өтірік! Өтірік айта-

сың! Мен сенің бірде-бір сөзіңе сенбеймін! Ойың басқада!
Жәдігөйлердің зәресі кетіп, жапатармағай жапырылып,
жалмауыздың аяғына жығылды. «Дұрыс айтасыз! Сіздікі

жөн! Бірақ, бұл бала шынын айтып тұр! Біз соны сезіп тұр-
мыз!» – десті шуылдап.
Жалмауыз:

– Адамзат өтірік айтуға әбден төселіп алған! Шыны қай-

сы, жалғаны қайсы, тіпті, өздері де айыра алмайды!
Асан (күйіп-пісіп):

– Мен бе өтірік айтып тұрған?! Мен ешқашан да өтірік

айтқан емеспін! Ешқашан да! Үйде де, көшеде де, мектепте
де! Неге сенбейсіңдер маған?!
Жалмауыз (мысқылдап):

– Ой-дойт! Шыншыл баланы қара! Көріп алыңдар өтірік

айтпайтын кісіні! Е-ей, есалаң! Ойланбастан кісіні сойып
салатын сендей оңбаған балаға өтірік айту бұйым болып
па?!
Асан (ышқынып):

– Жо-жоқ, Жалмауыз апа, өйтіп күйдірмеңіз мені! Онсыз

да күйіп біттім! Жаным қиналып кетті! Не істе дейсіздер
маған?!
Жалмауыз:

– Оны әу баста, қолыңа мылтық алып, тірі жанды атарда

ойлауың керек еді! Ол да өзіңдей жан иесі, оның да өмір
сүргісі келеді. Өзіңді біреу атса, жақсы көресің бе?
Асан:

– Мен көрген киноларда ешкім де ойланып жатпайды!

Адамдарды топтап қырып тастап, таптап кете береді! Жауап
та бермейді, жандары да қиналмайды! Сөйтсем.... кісі өлтіру
кинодағыдай емес екен! Кинодағыдай емес екен!
Жалмауыз:

– Жә! Қан төгу, жауыздық жасау жағынан адамдар біз-

ден әлдеқайда озып кетті! Соларды көріп, біз соғысуды,
жамандық істеуді қойғалы не заман! Тек адамдар ғана әлі
күнге тоймай, бір-бірін қырып-жойып келе жатыр! Сен де
болашақта дап-дайын қанішер болайын-ақ деп тұр екенсің!

Бетіңнен жарылқасын! Бар да шетінен қыра бер!
Асан:

– Жоқ, Жалмауыз апа! Осыдан еліктің лағы тірі қалса,

ешқашан да ешкімге қол көтермес едім! Оқ атпас едім!
Жалмауыз:

– Солай де? Жаны қысылса, пенде шіркін Жалмауызды

да апа дейді екен-ау, ә? Мен жақсылықпен жағаласып,
адамзатқа жамандық жасап жүрген кезімде Жалмауыз кем-
пір едім. Әлі күнге сол атым қалмай келе жатыр. Әйтпесе,
мойнымда нахақ қан жоқ! Мына қара тасқа айналғандар

үшін өзімді кінәлі санамаймын! Өздері кінәлі! Мәңгілік
өмір – тірі суды іздеп келіп, мәңгілік орындарын тапты! Ал
сен аздап өкінген бола салып, оп-оңай жуа саламын дейсің
бе нахақ қанды?! Жоқ! Бәріне де жауап беретін кез келеді!

Бір гүлді жұлсаң да, бір шыбықты сындырсаң да есебі бар!
Ендеше, сен де тарт жазаңды!
Кет дегендей екі қолын серпіп қалғанда, Асан домалап,
бір қапасқа түсіп кетеді.

Құтылу
Асан қараңғы, терең зынданда зарығып біраз отырады.
Бір күні оны құтқаруға капитан Жойбек пен Соямбике бұқ-
пантайлап, еңбектеп келеді. Жойбек қарауылға қанжар лақ-

тырады. Қанжары тасқа тигендей серпіліп ұшып кетеді.
Соямбике бір-ақ ырғып, секіріп, қарауылды иектің астынан
ұрып, сұлатып салады. Қамауда жатқан Асанға салбыратып
арқан тастайды.

Капитан Жойбек:

– Асан! Асана, Асанато! Біз сені құтқаруға келдік! Көр-

дің бе, біз достарымызды жауға тастамаймыз! Енді сен біз-
бен бірге боласың! Біздің бармайтын жеріміз, алмайтын қа-
малымыз жоқ!
Асанды қапастан алып шығады. Капитан Жойбек:

– Жүр, қазір ана кемпір мен қарауылдардың бәрін

бауыздап тастап, керегіңді алып кете береміз!

Асан басын шайқап, көнбейді. Соямбике оны құшақтап,
түсінгендей арқасынан қағып, басынан сипайды. Капитан
Жойбек қаһарланып: Онда өзіміз-ақ реттейміз! – деп арнайы
операцияға кірісе бергенде, Жалмауыз апа кеп қалады. Ка-

питан Жойбек тасадан бас салып, ұрып жықпақшы болады.
Жалмауыз апа шыр айналып, бір қарауылды үшкіріп жібе-
ріп, спецназ – ниндзяға айналдыра қояды. Ниндзя Жойбек-
пен шайқаса кетеді. Біраздан соң, Жалмауыз ол екеуін де,

Соямбикені де, бүкіл жолдастарын да тас қарауылға айнал-
дырып қояды.
Жалмауыз:

– Бейбіт елдерге бүлік салғанда сондай едіңдер, енді ты-

ныштықты күзетіп, тұрыңдар осылай мәңгілік! (Асанға қа-
рап): Мені жалмауыз дейсіңдер. Ал мен кімді жалмадым?
Кімге іздеп барып жауыздық жасадым? Міне, мыналардың
бәрі де (тас мүсіндерді көрсетіп) осында байлық пен билік

іздеп келгендер! Және шексіз билікке құмар! Тойымсыз!
Тірі суды ішіп, мәңгі өлмей билік құрғысы келеді! Ал мен
бар болғаны ашкөз, жауыз пенделерге тірі суды бермей қал-
дым. Жойбек сияқты қанішерлер мәңгі өмір сүрсе не болар

еді?! Олар ештемеден тайынбайтын жүзіқаралар! Мен олар-
ды қара тасқа айналдырдым! Жоқ! Жалмауыз мен емес!
Жалмауыз мына сендерсіңдер! Мына сенің, сенің, сенің
ішіңде жалмауыз! (Нұсқап, нұсқап көрсетеді). Сол іштегі

жалмауыздарыңды жеңіп алыңдар! Сонда ғана нағыз адам
боласыңдар! (Жалмауыз сілкініп, әп-әдемі апа болып шыға
келеді). Асан балам, мен мыңдаған жылдардың ішінде жеке
басының пайдасы үшін емес, жаралы жанды аман алып қалу

үшін басын қатерге тігіп келген бірінші адам – сені көріп
тұрмын. Сен шыныңды айттың, дүниедегі ең үлкен керемет

– ол шындық! Сен мені «апа» дедің! Қандай жақсы апа бол-

ған! Мен сен ұялмайтындай жақсы апа болуға тырысайын!
Сен де мен ұялмайтындай жақсы бала болуға тырыс! Ала
ғой қасиетті суды!

Апа мейірленіп, Асанды құшақтап, басынан сипайды.
Өлі су мен тірі су құйылған өрнекті құтыны береді. Асан
кетуге оқтала беріп, толқып тұрады.
Асан:

– Рахмет, апа, көп рахмет сізге! Тағы бір ауыз сөз бола ма?

Жалмауыз апа:

– Айта ғой, балам!

Асан:

– Мына кісілерді де босатсаңыз...

Жалмауыз апа:

– Жауыздық жасаған адамға жанашыр болу жауыздықты

қолдағанмен бірдей. Қаншама адамның қанын жүктеген қа-
нішерлерге кешірім жоқ!
Асан:

– Олар өз қателіктерін түсініп, өкініп тұр! Түзеліп, жақ-

сы адам болып кетер бәлкім?! Түрлері қандай! Тұлғалары
қандай! Қара тасқа қалай қияды көзіңіз?
Жалмауыз (ойланып, басын шайқап, бәрін де босатады):

– Арам ой, жаман істің бәрін тастап, жақсы адам болыңдар!

Барлығы қаруларын тастап, апаға бастарын иіп, қошта-
сып, жолға шығады.
Жанталас
Жалмауыз апаның мекенінен ұзап шыққаннан кейін, қа-

ра киімді ниндзя бұларға ештеңе айтпай, аяқ астынан ғайып
болып кетеді. Біраз жүрген соң капитан Жойбек ағаштан
сойыл жасап алады. Ол Асанға біртүрлі қарай бастайды. Бір
кезде бас салып, құтыны тартып алады. Соямбике Жойбекті

қағып жіберіп, құтыны Асанға қайтарып береді. Асан қаша
жөнеледі. Капитан Жойбек оны қуып жетіп, сойылмен ұра
бергенде, Соямбике секіріп келіп, Асанды құшақтай құлай-
ды. Сойыл оның басына тиеді. Сол жерде Соямбике қаза бо-

лады. Асан орман ішінде ағаш-ағаштың тасасына тығылып,

қаша береді. Жойбек қуады. Кенет бағанағы жоғалып кеткен
ниндзя ағаштың тасасынан бас салып, Асанды алып соғып,
құтыны тартып алмақшы болады. Жойбек жетіп келіп: «Мә,
саған, мәңгілік өмір!» деп, ниндзяны бастан ұрады. Екеуі

алысып-жұлысып, әбден шайқасып, арпалыста бірін-бірі
өлтіреді. Асан құтыны алып, жүгіре басып жөнеледі.
Арылу
Асан күміс құтыны алып келгенде, аңдардың бәрі даб-

дырлап, қуана қарсы алады. Ол құтыны самұрыққа береді.
Самұрық жаралы лақтың аузына тірі суды тамызады – түк
әсері жоқ! Аңдардың бәрі аңтарылып тұрады. Елік мұңаяды.
Самұрық күрсініп басын шайқайды:

– Бұл судың сиқырлы сандықта сақтаулы тұрғанына да

мыңдаған жылдар болған шығар! Сандықта жатып-жатып
жай су болып қалған сияқты!
Бәрінің ұнжырғасы түсіп кетеді. Асан күйінгеннен жы-
лап жібереді. Самұрық құтыны тоса қойып, Асанның көз

жасын қосып алады.
Самұрық:

– Егер де тірі суға шынайы көз жасын қосса, бастапқы

қасиеті қайта келеді деп бала кезімде әжемнен естіп едім.
Оған да қанша мың жыл өтті!
Суды лақтың аузына тамызады. Лақ сілкініп, орнынан
тұрады. Бірақ, сылбыр!

Самұрық:

– Көз жасына шынайы таза күлкі қосу керек!

Асан бет-аузын тыржыңдатып, ішін басып, селкілдеп,
қиқылдап, қарқылдап күлген болады. Әсері жоқ!
Самұрық:

– Жә! Босқа әуре болма! Қолы қанды, жаны таза емес

адамның күлкісі де таза бола алмайды! Амал не? Қош бол,
Асан! Өкініш сабағын ұмытпа, жақсы адам бол! – деп, қана-

тымен бір сипап қалғанда, Асан жер бетіне бір-ақ шығады.
Шықса, мамасы тесіктің аузында қайғырып отыр екен.
Асанды көріп, қуанғаннан есі шығып, бір жылап, бір күледі.
Ананың шын қуанған күлкісі бүкіл орманды жаңғыртады.

Сол қуанышты күлкіге бір кезде көп күлкі қосылады, сөйтсе
барлық жан-жануарлар жер бетіне шығып, қосыла шатта-
нып тұр екен. Жаралы еліктің лағы секіріп, ойнақтап, Асан-
ды достық ықыласпен тұмсығымен түртеді. Асан қуана кү-

ліп жібереді. Таза сәби күлкісі! Адамдар мен аң-құстар,
Асан мен Еркеш табиғат аясында қол ұстаса әндетіп, билеп,
жақсылық жырын жырлап, дүниені шаттыққа бөлейді!

ПЬЕСАЛАР

Жолбарыспенпони
Пьеса-ертегі

Қатысушылар:
Әкөш – оқушы қыз
Бәкөш – оқушы бала
Жолбарыс

Пони
Аңшы
1-қызметші
2-қызметші – зоопарк қызметкерлері

Ағай – папкалы бастық
Ақбота, бұланай және басқа да аң-құстар

БІРІНШІ СУРЕТ

Бірінші көрініс
(Көкшетаудағы Абылайхан алаңына көшпелі зоопарк
дөңгелене жайғасқан. Машиналардың үстінде, темір тор-
ларда түрлі хайуанаттар. Әлем-жәлем киінген екі қызметші

жұртқа жар сала жүріп, хайуанаттарды біртіндеп ортаға
шығарып, бишіктерін шартылдатып, билетеді).

1-қызметші:
Уа, жарандар, жарандар,
Бұл қызықты қараңдар!
Көкшетаудың алабында,

Абылайдың алаңында,
Ғаламдағы таңғажайып,
Бара жатқан күнде азайып,
Алуан-алуан хайуанаттар

Келіп қалды алдарыңа!
2-қызметші:
Келіңіздер, үлкен-кіші,
Жыртқыш аңдар жылы жүзбен

Құшақ жайып қарсы алады,
Бегемот пен крокодил
Буги-вуги биді билеп,
Арыстан мен антилопа

Дуэт болып ән салады!
1-қызметші:
Лама билеп ламбада,
Түйе болып тамада,

Танго теуіп тасбақа,
Бұғы билеп чарльстон,
Қуанғаннан кугуар
Қарамайды қанға да,

Көрген емес мұндайды
АҚШ пенен Батыс та,
Үндістан мен Канада!
2-қызметші:

Піл вальске шықса, аққу оқыс күлед,
Ягуар қабыланмен бокс тілеп,
Көкқұтан түйеқұсқа еліктесе,
Қабан жүр тұмсығымен қоқыс күреп,

Маймаң қағып маймыл мен қызыл түлкі
Ақ аюды горилламен шекістіред,
Секіріп ерке барыс сальто жасап,
Аю тұр твист теуіп, кекс тілеп,

Арлан қасқыр арқармен асық ойнап,
Бизон мен бүркіт билер фокстрот!
1-қызметші:
Желкесімен жираф шеңбер жасаса,

Тұяғымен таутеке тас қашаса,
Жолбарыс пен пони ойнап қуыспақ,
Айдаһар мен қоян билер ча-ча-ча!
Екі қызметші қосылып: Ча-ча-ча! Ча-ча-ча!

Аң-құстар қосылып: Ча-ча-ча! Ча-ча-ча!
2-қызметші:
Асыр салып аң-құстар қанат жайды,
Көрген соң Көкшетаудай ізгі жайды!

1-қызметші:
Кереметтің көкесі әлемдегі,
Көкшетау – жер шоқтығы жанға жайлы!
2-қызметші:

Ерекше жаратылған ғажайып жер,
Ханға жайлы және де аңға жайлы!
1-қызметші:
Көкшеде жер-жаһанның жануары

Билейді қазақ биі «Қамажайды»!
(«Қамажай» әнімен майыса билеген аңдарды екі қыз-
метші біртіндеп торларына қамайды. Ең бірінші торға жол-
барысты, одан кейін пониды қамайды. Одан кейінгі бір тор

бос қалады. Басқа аңдарды арғы жағына қамайды да, екеуі
билей басып шығып кетеді).

Екінші көрініс
(Зоопаркке Әкөш пен Бәкөш келеді).
Әкөш: О-о, қандай керемет! Қандай әдемі аңдар!
Бәкөш: Анаң қара... анаң қара...

Әкөш: Мынаң қара... мынаң қара...
Бәкөш: А-а? Қайсын айтасың?
Әкөш: Міне, міне, таутеке!
Бәкөш: Е-е! Козел!

Әкөш: Үйдеп айтуға болмайды, ол жаман сөз!
Бәкөш: Қара, қара! Бітти биені қара!
Әкөш: Ол бітти бие емес! Ол құлан!
Бәкөш: Құлан емес... Шіркін, тарпаң болса ғой!

Әкөш: Соқ өтірікті! Тарпаң деген жануар жоқ!
Бәкөш: Жоқ, бар! Болған! Тарпаң деген жабайы жылқы
болған далада! Құланнан басқа...
Әкөш: Мустанг емес пе?

Бәкөш: Жоқ, мүлде басқа... Бұғалық, ноқтаға көнбеген,
шу асау болған. Ақыры азаттықсүйгіш тарпаңды цивилиза-
цияңыз құртып тынған!
Әкөш: А-а! Қандай аянышты!

Пони: Бүйте берсе, си-би-ли-зат-сияңыз біздің де түбі-
мізге жететін шығар!
Бәкөш: О-о, бітти бие!
Пони: Біріншіден, мен понимын! Екіншіден, бітти бие

емес, нормальный айғырмын!
Әкөш: О, пони! Қандай сүп-сүйкімді пони! Кел, екеуміз
дос болайық! Менің атым – Әкөш!
Бәкөш: Менің атым – Бәкөш!

Пони: Болсақ болайық, достық кісен емес қой, ауырлы-
ғы жоқ!
Әкөш: О-о! Қандай жақсы! Пони, поня, понятайым!
Санчо-пончо-пончигім! Мен саған күнде келіп тұрамын!

Пони: Рахмет! Досыңды түрмеге қаматып қойып, күнде
келіп тұратыныңа ризамын!

Әкөш: Енді... басқа не келеді қолымнан?!
Пони: Адамзатпен дос болсаң, көретінің осы. Біреуді
тұтқындау қолдарыңнан келгенде, азат ету келмейтініне
қайран қаламын! Қаным қайнай-қайнай, құйрық-жалым аға-

ратын болды!
Әкөш: Апырмай, ә?!
Бәкөш: Понеке, сіз олай таусылмаңыз! Бұл түрме емес,
бұл зоопарк! Сіздер үшін ең қауіпсіз жер осы! Алаңсыз дү-

ние жүзін аралап жүрсің, рахат емес пе?!
Пони (пысқырады): Фр-р-рр!
Әкөш: Саруайымға салынбашы! Күлші, жадырашы!
Томпиған топ-томпағым, монтиған моп-момақаным, понти-

ған понтиым ... понитайым!
Жолбарыс (гүр-р ете қалады): Әй, немене сонша, бәрің
жабылып бір жылқысымақты жұбатып, жарылқап жатырсың-
дар? Біздің де көңілімізге қарайтын кісі бар ма екен, сірә?!

Бәкөш: О, тақсыр жолбарыс, қандай мұң-мұқтажыңыз
бар?
Жолбарыс: Мен ешкімге мұң шақпаймын! Өйткені мен
жолбарыспын! Жер-жаһанда от-жалындай алаулап жалғыз

өзім жортамын!
Қалың қолдай лап қоямын,
Қаптай соққан өрт боламын,
Қанатты мен тырнақтыны,

Құйрықты мен тұяқтыны
Қабырғасын қақыратып,
Дал-дал қылып қорқыратып,
Кім болса да жеп қоямын!

Әкөш: Уһ! Сенде ұят жоқ!
Бәкөш: Сана-сезімің өте төмен!
Әкөш: Сенен мына менің пониым мың есе артық!
Жолбарыс: Қалайша ол менен артық болады, ә? Мен ба-

тырмын, ол жуас! Ол қашып-пысып жүріп шөп жейді, мен

қуып жүріп ет жеймін! Пони-мониыңның бүкіл жал-
құйрығы мына менің мұртымның бір талына татымайды!
Пони: Әй, дүлей, құтыра берме өйтіп! Әйтпесе, қабыр-
ғаңнан бір теуіп, қаусатып тастаймын!

Жолбарыс: А-а! Мұндайыңды білгенде, мана қуыспақ
ойнап жүргенде, жүрегіңді жұлып, қолқаңды суырып ала-
тын едім!
Пони: Алып көр, әкеңнің... Қап, бағана мөңкіген болып

қосаяқтап бір-ақ теуіп, аузын айырып, азуын қайырып тас-
тамаған екенмін!
Жолбарыс: Тұра тұр, бәлем, шеңгелімде шыңғыртып
тұрып сөйлесермін сенімен! (Пони тебініп, жолбарыс арыл-

дап, азан-қазан болады).
Әкөш: Е-ей, сендерге не болды? Өздерің қамауда оты-
рып, қырқысқандарыңа жол болсын! Өйтіп табиғаттың жа-
расымын бұзбаңдар...

Жолбарыс: Табиғаттың жарасымын бұзып отырған мы-
на сендер, адамдар, кінәлісіңдер бәріне! Өлімтіктің етіне
қаратып, мені осынша жүдеткенше, еркіме жіберсеңдер ғой,
мен мына пони-мониды рахаттана жеп алып, көлеңкеде ұй-

қыны соғар едім!
Бәкөш: Еттен басқа ойың жоқ екен өзі!
Жолбарыс: А-а, басқаны ойлап керегі не?
Әкөш: Ет жеу... сосын ұйықтау... Ет жеу... сосын ұйық-

тау?!
Жолбарыс: Ет жейтіндер мен шөп жейтіндер ешқашан
да дос болмайды!
Әкөш: Олай емес! Ылғи ет жей беретіндер ызақор, жыр-

тқыш боп кетеді, сондықтан сен де диетаға көш, көк шөп-
терді көбірек же, сонда мейірбанды боласың!
Жолбарыс: Өйтіп мені өкпелетпе, адамзат! Қаһарлы
екеніміз рас, бірақ қорқау емеспіз. Біз де мына жарық дү-

ниені жақсы көреміз! Шөнжігімізді шөкімдейінен шекесі-
нен шертпей, еркін өсіреміз!

Бәкөш (Әкөшке): Жолбарыстың баласын шөнжік дейді.
Әкөш: Аюдың баласын қонжық деген сияқты екен! Ой,
оңды болды ғой, мен пониымды пөнжік дейінші! Понитай-
ым, понтиым, пөнжігім!

Пони: Елжірегенде сүйегіме дейін балқытасың, адамзат!
Егер осы ниетің шын болса, бізді босат! Уа, дариға, кең да-
лада көсіле бір құйындатып, мөлдір көлге сүңгіп шығып,
сеңгір тауға бір секірсем, саф таза ауадан көкірек кере құ-

марым тарқағанша жұтып, қарағай мен қайыңның арасында
серуен құрып, дәурен сүрсем, шіркін!
Бәкөш: Шіркін-ай, шіркін-ай!
Жолбарыс: Әй, Әкөш, өзің бір таңдайың тақ-тақ еткен

білімпаз қыз екенсің... Құтқар бізді тар қапастан!
Әкөш: О-о, бұл қолдан келмейді! Болмайды! Ұрсады
бізге ағалар мен тәтелер...
Бәкөш: Әсіресе, сен сияқты шеріні босату қауіпті, өйт-

кені сен басқа аңдардың бәрін жеп қоясың!
Жолбарыс: Е-е, Бәкөш айналайын, ақылы бар бала сияқ-
тысың, датымды тыңдап ал! Осы күні тұқымы тұздай құры-
ған аң мен құстың бәрін жолбарыс жалмап тауысып па?

Несібемді жұлып жесем,
Санайсыңдар жалмауызға,
Аң біткенді байлап тұрып,
Қызылкөзді қандыауызға,

Шіміркенбей қырып тастап,
Бар әлемді қан сасытқан
Ей, адамзат, шыныңды айтшы,
Сен жауыз ба, мен жауыз ба!?

(Осы мезетте «Әйт, шүу», «Но, дабай», «Өй, жамандат-
қыр», «Арам қатқыр», «Қатпа болып жатып қалғыр», «Қи-
сайған жағыңнан тұрмай қатып қалғыр!» деген айқай-шу
естіледі де, ковбойларға еліктеп, ықшам киінген, мылтық

асынған аңшы мен зоопарктің екі қызметшісі ақбота мен
бұланның баласын бірі сүйреп, бірі итеріп, дедектетіп алып

келеді. Понидың қасындағы бос торға екеуін қамағаннан
кейін, қарқ-қарқ күліп, дарақылана сөйлеседі).
Аңшы: Е-е, бәсе... менің қолымнан құтылатын хайуан
туған жоқ әлі. Не тонға кетеді, не торға кетеді!

1-қызметші: О-о, батыр, настоящий степной орел!
2-қызметші: Владыка лесов и озер! Чингачгук!
Аңшы: Гора... тожы моя!
2-қызметші: Ол райт! (Аңшыға ақша береді).

Аңшы (ақшаны қалтасына тығып): Ақша болса, бәрі де
болады ғой!
(Осы мезетте бозінген боздайды. Тау, орман, көл, дала –
бүкіл дүние бозінген болып боздап тұрғандай. Ақбота қо-

сыла жылайды).
Аңшы (Ақботаны нұсқап): Мынаның енесі...
1-қызметші: О-о, да! Түйе бізге таңсық...
Әкөш: Ой, ағалар, сіздерде жүрек бар ма? Бозінгеннің

боздауына, ақботаның зарлауына қалай ғана селт етпестен
шыдап тұрсыздар, ә?!
Аңшы: Сонда не істеуіміз керек?
Әкөш: Анасын айырмаңыз баласынан!

Аңшы: Жарайды, ертең енесін ұстап әкеліп, қосып қоямын!
Әкөш: Жоқ! Баласын бүгін босатыңыз!
2-қызметші: Нонсенс!
Аңшы: Өзіңнің дені-қарның сау ма, айналайын?

Әкөш: Жоқ! Жан-жануарларды жылатып жүрген сіздер-
дің дендеріңіз сау емес!
Бәкөш: Баяғыда Қасым төре Көкшетаудың ақ бурасын
атып өлтіріп еді, енді сіздер ақ ботасын ақшаға сатып жа-

тырсыздар...
Аңшы: Ой, сендер де қайдағыны айтып... Подумаешь,
тауда қаңғып жүрген бір жабайы түйені атса атқан шығар...
Сол үшін екі жарым ғасыр байбалам салатын дәнеңе жоқ!

Әкөш: Ол жай әншейін жабайы түйе емес, ол Абылай-
дың ақ бурасы! Ол – жердің киесі!

Аңшы: Какой кие-мие! Бір түйені атты екен деп Қасым
төрені сонша аңыз қыласыңдар, бүкіл Бурабайдың аң-құсын
қынадай қырған менің жанымда ол кім соншама?
Әй, Әкөш пен Бәкөшім,

Ара түсіп қайтесіңдер.
Бағусыз жан-жануарға,
Жебесімен жем айырып,
Желдей ұшқан сұр мергенді

Жеңетұғын халің бар ма?
Саятым мен тоятымды
Тиятұғын заңың бар ма?
1-қызметші: Браво!

2-қызметші: Бис, бис маэстро!
Аңшы:
Мысықтабан, жезтырнақты
Сілеусін мен мәлін келсін,

Көк мұхитты көк дауылдай
Құйрығымен үйіретін
Кит деп жүрген нәнің келсін.
Құрып кеткен баяғыда

Динозавр дәуің келсін,
Мұзға қатып, бізге жеткен
Қаңқасы да қорқынышты
Мамонт дейтін зілің келсін.

Тұмсығымен тау қопарып,
Ағаш жұлған пілің келсін,
Қылқындырып құрбандығын,
Жылай-жылай қылғытатын

Қолтырауын жауыз келсін,
Осы күнгі аң мен құстың
Бірі қалмай бәрі келсін,
Қорғасынмен құмалақтай

Қоямын ба домалатпай!

1-қызметші: Какой темперамент! Какая страсть!
2-қызметші: Какой колорит!
Аңшы:
Дір-дір етіп бұл дүние

Ұшында тұр мылтығымның.
Айналып бір нысанаға,
Шүріппені шырт еткізсем,
Ақ сұңқарың ұша ала ма?

Ақкөз аңшы қанға құмар,
Жыны ұстаса босқа жайрап,
Қаларсыңдар осы арада,
Еш нәрсеге қарамастан,

Атарымды ата берем,
Сатарымды сата берем!
2-қызметші: Браво, брависсимо!
1-қызметші: Ертегінің мергені де сіздей-ақ болған шығар!

Әкөш: Мергеннен садаға кетсін!
Бәкөш: Сіз нағыз киллерсіз!
Аңшы: Әй, балақандар, жақсылықпен табандарыңды
жалтыратпасаңдар, сендерді де экзотикалық жануар ретінде

зоопаркке сатамын да жіберемін! Ал сонда маған не істей-
сіңдер, а-а?!
Әкөш: Біз сізді милицияға... жо-жоқ, полицияға айта-
мыз!

Аңшы: Ха-ха-ха! Енді осындай халге жеттіңдер ме? Бі-
ліп қойыңдар, балақайларым, менттер, тойыс, понттар, хе-
хе-хе, менімен бірге аң аулайды. Тамаша мерген жігіттер!
Бәкөш: Аһ, солай ма? Онда біз сізді бастық ағаларға ай-

тамыз!
Аңшы: Ха-ха-ха! Әй, бір әйбәт, оңды балалар екенсің-
дер! Шек-сілем қатқанша күліп, бір жасап қалдым! Келесі
жолы бір-бір шүрегей атып әкеліп берермін, жас сорпа ішіп

терлесеңдер, қайдағы-жайдағы ойлардан арылып, қақ-
соқтан аулақ жүретін боласыңдар!

Бәкөш: Керегі жоқ! Жемейміз сіздің етіңізді!
Әкөш: Айтамыз бастық ағаларға!
Аңшы: Барыңдар, бозөкпелерім, беттеріңнен жарылқа-
сын! Көрген-баққандарыңды бүге-шігесіне дейін тәптіштеп

жеткізерсіңдер! Ал мен мына супермендермен виски ішіп,
бір кәйіп болайын, әкеңнің...
2-қызметші: О кей!
1-қызметші: Селяви! (Үшеуі кетеді).

Бәкөш: Қап, бәлем, көрерміз!
Әкөш: Жүр, кеттік! (Кетеді).
Үшінші көрініс
(Зоопаркке Әкөш пен Бәкөш қайтып келеді. Қастарында

– папкалы ағай).

Ағай:
Қане, әлгі қанішерлер қайда?
Арыстан мен жолбарыстың
Тырнағымен бір сүйкетіп,

Қабырғасын күйретейін,
Кекілінен күрмеп алып,
Қылқұйрыққа тағып беріп,
Тау мен тасқа сүйретейін,

Мүйізтұмсық, қодастардың
Қожыр тастай табанымен
Саз балшықтай илетейін.
Пілдің сорап тұмсығымен

Шіріп біткен шым секілді
Шаң-тозаң ғып үрлетейін.
Пәпкідегі әктілермен,
Шәпкілерін шалқайтып бір,

Кірпі төсеп астарына,
Тыржалаңаш жататұғын
Орындарын түрме етейін!
Бәкөш: Ура!

Әкөш: Алақай! Ақбота мен бұланайым, әйбат ағаның
арқасында бостандыққа шығасыңдар қазір!
Ағай: Келтір менің алдыма! (Аңшы, 1-2-қызметші жүгі-
ріп келеді).

Аңшы: Құзырыңызға құлдық, тақсыр!
2-қызметші: Мерси, монсеньор!
Ағай (аңшыға): Иә, Алаштың ұлы, туған жердің түте-
түтесін шығарып жатқан батыр сенбісің? Ал, қане, бермен

қарай жақындашы, пішініңді бір дұрыстап көріп алайын
жарықта... бұдан былай қапырық қапаста суқараңғы болып
сипаланып, сипақтап қана күн кешетініңе қолыңды қоя
бер... сұрмергенім!

Аңшы: Сонда маған тағар кінәңіз қандай? Бар жазығым

– құла дүзде құрып кететін түз тағысын жиып-теріп, бүкіл

әлемнің балаларына тамашалатып, танытқаным ба? Біз бол-
масақ, зоопарк болмаса, балалар, тіпті үлкендер де, тірі аң-
дарды қайдан көрер еді?!
Ағай: Сенің айыбыңның айғағы алдыңда тұр ақбота боп

егіліп! Сенің қандықол қарақшы екеніңе мына екі бала, мы-
на аң-құстар, мына тау мен орман, бүкіл дүние куә! Сазай-
ыңды тартып, сабаңа түсер сәтің келді!
Аңшы: Сөзіңіз де өзіңіз сияқты әдемі-ақ! Бірақ... бірақ...

менің нахақ екенім айдан анық! Өйткені менің рұқсат қаға-
зым бар!
Әкөш: Қалай?
Бәкөш: Өтірік айтасыз!

Аңшы (қалтасынан қағаздарын шығарады): Ендеше, мі-
не сендерге! Мынау – кең-байтақ даланың кез келген түкпі-
рінде, кез келген уақытта, кез келген мөлшерде аң аулауға
право беретін ерекше қағаз! Мынау – жеке меншік түйесі

бар деген қағаз, яғни ол түйені де, ол түйенің баласын да
қалаған уағыңда қуырып жеуге де, шикідей жеуге де право-
сы бар деген сөз! Міне, міне! Мәңіз, ағай, өз қолыңызбен
абайлап ұстап, өз көзіңізбен бажайлап көріңіз!

Ағай (қағаздарды айналдыра қарап): Мәссаған! Мынау
менің қолым ғой!
Аңшы: Ойбай-ау, ағай-ау, сіздің рұқсатыңызсыз аттап
басатын ақымақ деп пе едіңіз?

Ағай: Мә-ә! Мына біреуің тіпті ерекше жерден шыққан
ерекше қағаз ғой! Мынау пәленшекеңнің өз қолы ғой! Ей,
бағанадан бері сүйдемейсің бе сүміреймей!
Аңшы: Ойбай-ау, ағай-ау, ай-шайға келтірдіңіз бе? Оқа-

сы жоқ, ештен кеш жақсы!
Ағай: Апырмай, ә?!
Бәкөш: Ағай... ағай десе, сізге не боп қалды?!
Әкөш: Тезірек ақбота мен бұланайды босатпайсыз ба?

Ағай: Ой, ол болмайды енді... болмай қалды!
Бәкөш: Неге?
Әкөш: Неліктен?
Ағай: Документтері дұрыс!

Әкөш: Бірақ, істеп жүргендері дұрыс емес қой!
Ағай: Оны мен де біліп тұрмын, бірақ амал қанша? До-
кументі дұрыс кісіге дені дұрыс кісі тиісе алмайды!
1-қызметші: Жасасын дені дұрыс кісілер!

2-қызметші: Виват документ! Жүріңіз, сол үшін а ля
фуршет!
Әкөш: Ағай, ағай...
Бәкөш: Ойбай-ау, ағай-ау...

Ағай: Маған не қыл дейсіңдер енді?
Аңшы: Солай, балақандар! Кісінің өзі дұрыс болуы
шарт емес, бірақ документі дұрыс болуға міндетті! Солай!
1-қызметші: Селяви! (Үшеуі кетеді).

Ағай: Ал, айналайындар, маған ренжімеңдер... Қолдан
келер қайран жоқ! Сондықтан... дұшпаннан түк тартсаң да
олжа деген ғой аталарымыз... тым құрығанда тегін арақта-
рын ішіп кетейін! (Кетеді. )

Бәкөш: Ойбай-ау, ағай-ау...

Пони (келемеждеп): Өй-бәй-ау, ә-гәй-әу! Сендерге сол
керек! Қайбір оңған ағайларың бар еді?
Жолбарыс: Шіркін, мені жіберер ме еді соларға!
Пони: Жібере алмайды бұлар... бәрінің сортабайты бір!

Әншейін әдемі сөзге ғана шебер көкмылжың емес пе шетте-
рінен!
Бәкөш: Қап! Мыналардың қорлығын-ай!
Әкөш: Ал, ендеше ... жібермейтін несі бар?! Мына тау

мен қалың орман, анау көл мен кең дала – менің жерім, ме-
нің елім! Мен қорғамай, кім қорғайды елімді? Таптатпай-
мын қарақшының табанына, ластатпаймын әркімге! Орма-
ныңда жан-жануар өргізіп, құшағыңды құстарыңа толтыр-

сам, Бурабайда бұланайды өсіріп (бұланайды босатып, құ-
шақтасып қоштасады). Ақ бураның орнына, Ақ ботаңды
қайтарсам, жараланған тас жүрегің, жазылар ма Көкше-
тауым! (Ақ ботаны босатып, құшақтасып қоштасады. Бәкөш

екеуі тордың бәрін ашып, хайуанаттарды босатып жібереді.
Олар дүркірей шапқылап, табиғатқа сіңіп кетеді. Ең соңын-
да Пони мен Жолбарыс қалады).
Бәкөш (Пониды босатып): Ал, понеке, мына кең дүние

сенікі!
Әкөш (Пониды құшақтап): Понятайым, пончик, пөнжі-
гім!
Жолбарыс: Ал мен ше? Әй, Әкөш пен Бәкөшім, мені

ұмытып кеткеннен саумысыңдар?!
Бәкөш: Жоқ, ұмытқан жоқпыз!
Әкөш: Өзіңді де, сөзіңді де ұмытқан жоқпыз! Мен – жол-
барыспын, бәрін бас салып жеп қоямын деген жоқсың ба?!

Бәкөш: Сенің орның – түрме! Қасыңа жаңағы қанішер
аңшыны қосып қою керек!
Жолбарыс: Қап, қайдан ғана аузымнан қағынып едім?
Кешіріңдер, андағы жылқысымаққа ерегісіп, артығырақ от-

тап қойыппын... Әй, Әкөш пен Бәкөшім, бір жолға босатың-
дар мені! Осыдан босатсаңдар, жан иесі жануарға тіс-

тырнағым тимеске, тимек түгілі зәредей залал қылмасқа
найзағайдай шапшаңдығыммен, найзадай азуларыммен, се-
лебедей шеңгеліммен ант етейін!
Бәкөш: Саған сенім бар ма, айлакер мысық баласы!

Қарның ашып, көзің қызарса, антыңның қайда қаларын кім
білсін!
Жолбарыс: Жо-жоқ, айтқаным айтқан! Айналайын Әкөш,
Акося, сен де менің шөнжігім сияқты екенсің... бағанағы

айтқан диетаңа көшемін, бұдан былай шөп жеймін!
Әкөш: Ет көрсең, сертіңді бұзбауға еркің жете ме?!
Жолбарыс: О-о, жеткенде қандай! Етті көп жемеймін,
шөп жеймін!

Бәкөш: Ә-ә?!
Жолбарыс: Жоқ, ойбай, шөп жемеймін, ет жеймін! Түу,
не деп кеттім, ет жемеймін, шөп жеймін, көп жеймін, ет же-
меймін, көп жемеймін, шөп жемеймін... ет... ет... жей-жей-

жемеймін! Қап, ми қата болдың-ау, сорлы басым, шөбі де
бар болсын, еті де бар болсын! Ешқайсын да жемеймін!
Жемеймін, жемеймін!
Бәкөш: Біржолата бауырсаққа көшсең қайтеді?!

Жолбарыс: Ба-ба-бақұл!
Әкөш: Сонда мына алпауыттың аранын толтыру үшін
бүкіл Көкшетаудың кемпірлері Бурабайдан Бұландыға дейін
әр ағаштың түбінде бауырсақ пісіріп отырмақ па?

Бәкөш: Осы мысықтар нан мен сүтке қанағат қылмаушы
ма еді?
Әкөш: Мынаған сүт шақ келмес!
Пони: Жә, сонша бастарыңды ауыртып қайтесіңдер,

отырсын осында тып-тыныш!
Жолбарыс: Әй, әй, понеке, о не дегенің? «Көрші хақысы

– Тәңір хақысы» дегенді ұмытқаның ба? Көкшетауды жал-

ғыз кезгенде көсегең көгермес, бір көкжалға кезіксең, көз-
ден бұл-бұл ұшарсың! Одан да мен қасыңда жүріп, қорғау-

шың болайын! Әй, Әкөш пен Бәкөшім, мені босатсаңдар,
мен бүкіл аң-құсқа айбар болып, қорғап жүрер едім!
Әкөш: Бұл сөзі көкейге қонады. Қайтеміз?
Бәкөш: Шері екенін білуші едік, ер екенін көрейік!

Әкөш (жолбарысқа): Осыдан алдасаң, көресің! Онда сен
ең ұятсыз, ең оңбаған, қысқасы, ең, ең, ең жаман болғаның!
(Торды ашып, жолбарысты босатады)
Жолбарыс: Ыр-р-рахмет, айналайындар, көп жасаңдар!

Ал, понеке, жүр, қуыспақ ойнайық!
Пони: Ойнасақ, ойнайық! Қане, мықты болсаң, жетіп
көр! (екеуі шаба жөнеледі)
Бәкөш пен Әкөш (қосарлана): Жолдарың болсын!

(Кетеді. Бұлар кетісімен аңшы ағай, 1-2-қызметші келе-
ді. Бәрі де қызулау).
Аңшы (мылтығымен 2-қызметшіні қарнынан түртіп-
түртіп қойып): Әй, осы мен бар ғой, иә, бірдемені атпасам,

яки байлап-матамасам, өне бойым құрысып, тырысып, бір
түрлі боп жүремін...
2-қызметші: Тэнкью!
Аңшы: О, сорыңды ұрайын, теңкигің кеп тұрса... қазір

бір теуіп теңките салайын ба?
2-қызметші: Жо-жоқ, болмайды... тепсең, ауырады ме-
нікі қарын... дажы жарылады!
Ағай: Әй, айналайын, тебуіңе өзіміздікі де жетеді ғой!

Тиме бұларға! Бұлардың бүйірлері тоқ болса, біздің де бөте-
геміз бос болмас!
1-қызметші: Бос болмау үшін біздің торларымыз толып
тұруы керек! Ал, мынау не... қанша орын бостан-босқа тұр!

Аңшы: Нешауа! Толтырамыз бәрін де! Ертең-ақ... Оған
дейін... оған дейін бар ғой... мына бос кілеттерге өздерің
отыра тұрсаңдар қайтеді, ә?!
2-қызметші: Грандиозно!

Аңшы: Мәселен, мында сен... (2-қызметшіні қарынан
ұстап, бірінші кілетке кіргізеді) отыра тұрсаң... балақайлар
сені қандай аңға ұқсатар екен, ә?!
1-қызметші: Шимпанзеге, тек қана шимпанзеге ұқсатады!

Аңшы: Тә-әк! Ал сен ше? Сен кімге ұқсайсың, ә?! Кө-
рейікші, қане! (1-қызметшіні торға кіргізеді). Но-о, қалай?
2-қызметші: Аумаған орангутанг!
Аңшы: Ағай десе... сізді де бір көрсек қайтеді?

Ағай: Дөйт! Немене, мені мазақ қылғың келе ме?
Аңшы: Ойбай-ау, ағай-ау, сізді әжуалап өле алмай жүр
деп пе едіңіз? Жай әншейін, қызық үшін ғой... Мен де қасы-
ңызда тұрайын!

Ағай: А-а, жарайды, қызық болсын! Бірақ, торда тұрға-
ным үшін маған ақша төлейсіңдер! (Екеуі бір торға кіреді).
Аңшы: Базар жоқ! Ертең бір бұланды атып беремін! Но-
о, қалай, кімге ұқсаймыз біз, ә?

1, 2-қызметші (қосарлана): Хе-хе-хе!
Ағай: Ей, айтыңдар, біз де бірге күлейік!
1-қызметші: Жоқ, айтуға болмайды!
Аңшы: Айтыңдар, қане!

2-қызметші: Қой, атып тастап жүрерсің!
Ағай: Әй, қулар, ә!
Аңшы: Ағай, ағай, дүниеге темір тордан қараған қалай
екен, ә?!

Ағай: Кетші әрі, қайдағыны бастамай!
Аңшы: Ал, маған кейде біздің орнымыз осы жер сияқты
болып көрінеді де тұрады!
Ағай: Кет, жағыңа жылан жұмыртқалағыр! (Тордан шы-

ғады бәрі)
2-қызметші: Фу, қалай қорқынышты!
1-қызметші: Менің бүкіл аңдарды босатып жібергім
келді!

2-қызметші: Әй, айтпақшы мына торларда тұрған аңдар
қайда?!

1-қызметші: Мәссаған! Босап кеткеннен сау ма өзі?!
Аңшы: Қайда? Көрсетіңдер көзіме... көгендеп тастайын
шетінен!
2-қызметші (жанұшыра зоопаркті айналып шығып):

Бай-бай-ай, бай-бай-ай! Бірі қалмай қашып кетіпті!
1-қызметші: Құрыдық десеңші... Жер сүзіп, құм қаптық
десеңші!
2-қызметші: Не де болса бағанағы екі баладан келді!

Бай-бай-ай, бай-бай-ай!
Аңшы: Жә, байбайлама бекерге! Белді бекем бу да, ер
соңымнан! Ертеңнен қалдырмай мұрнынан тізіп тұрып, ен-
дігәрі қашпайтындай қылып бермесем, аңшы атым құрсын!

Тарт, айда! (Мылтығын көкке бір атып, жүгіре жөнеледі.
Екі қызметші бірге кетеді)
Ағай: Барыңдар! Ештеңеден қорықпаңдар... документ
жағын қатырамыз! (Бұрылып, басқа жаққа кетеді).

ЕКІНШІ СУРЕТ

Бірінші көрініс
(Көкшетаудың баурайында, қарағай мен қайыңның ара-
сында жолбарыс пен пони келе жатыр).
Пони: О, шері, батпан-батпан ойлар басып келе ме, қа-

бағың неге қатыңқы?
Жолбарыс: Сен туралы ойлап келемін.
Пони: Мен туралы? Әрине, жақсы ойлар шығар?
Жолбарыс: Өте-мөте жақсы ойлар! Тіпті, ойымнан

шықпайсың!
Пони: Дос болсаң, осындай бол! Мұның ғажап екен!
Жолбарыс: Несі ғажап? Қарыным қатты ашып жүр!
Пони: О, қарының бар болсын сенің, қарының!

Жолбарыс: Әй, сен неге менің қарыныма соқтыға бере-
сің, ә? Өткен жолы құтырғаныңды мен ұмытқан жоқпын, ал,
қане, аузыма теуіп, азуымды қағып көрші...
Пони: Әй, әй, қайдағыны айтпа... құрдас емеспіз бе, ой-

нағанды да білмейсің бе?
Жолбарыс: Ойнасаң да оңдырмадың... Сенің сұғың өт-
кен шығар, міне, қарашы, қарным қабысып, қабырғам арса-
арса болып, собалаңдаған сүлдерім ғана қалды!

Пони: Жә, сабыр ет, кей-кейде ашыққан пайдалы ден-
саулыққа... тығындай бермей. Қазір бір жөнін тауып, сені
нанға тойғызамын. Майшелпекті балқаймаққа батырып со-
ғып алсаң, ханға сәлем бермейсің, тарихтағы тұңғыш нансо-

ғар жолбарыс!
Жолбарыс: Сонда да еттің жүрер жолы бөлек қой! Нан-
басаң, қазақтардан сұра!
Пони: Білмеймін, құрдас, біреудің етін біреу қалай жей-

ді, миыма қонбайды! Жарайды, бос сөз бауырсақ болмас,
бір харекет қылайын. Сен сияқты өте жақсы көретін досым-
нан аянып қаламын ба?
Жолбарыс: Мен де сені өте жақсы көремін! Жақсы кө-

ретінім сондай – жеп қойғым келеді!
Пони: Пау, шіркін-ай, бұл не деген махаббат! Жарайды,
қалжырасаң қарағайдың түбінде қиялға батып сұлай тұр!
(Жолбарыс бұрылып, қарағайдың түбінде жатып қалады.

Пони орманның ортасына қарай бара бергенде, ақбота мен
бұланай шауып келеді. Іле-шала қиқулап аңшы, 1-2-
қызметші жетіп, бұларды қоршап алады).
Аңшы (мылтығын сермеп): Ұсталдыңдар ма, әп, бәлем!

Енді құтыла алмайсыңдар!
Әкөш пен Бәкөш (жүгіріп келеді): Тимеңдер! Тимеңдер
ақботаға!
Аңшы: Өшір үніңді өрекпімей! Осыдан бөгесін боп көр,

жайратамын да саламын!

Бәкөш: Қап! Енді қайттік?! (Аңшы ақбота мен бұланай-
ды байлап-матауға кіріседі. Әкөш пен Бәкөш жағаласып,
бөгет жасап бағады. 1-2-қызметші екі баланы күштеп бай-
лап тастайды. Бұлар алысып-жұлысып, әбігер болып жат-

қанда, пони ақырын ғана сытылып кетіп, қарағайдың түбін-
де ұйықтап жатқан жолбарысты оятады).
Пони: Жөке, жөке! Жолдас жолбарыс! Тұр, тез тұр, ойбай!
Жолбарыс: Е, не боп қалды?

Пони: Аттан, аттан! Жау шапты!
Жолбарыс: Ой, қойшы сен де, қайдағыны айтпай... қар-
ным ашып, құр сүлдерім тұрса!
Пони: Өй, өзіңнің ет жегің келе ме?

Жолбарыс: Оны маған кім берген?
Пони: Ендеше жүр... семіз-семіз етке бір қарық қылай-
ын...
Жолбарыс: Жоқ, бармаймын да жемеймін!

Пони: О неге?
Жолбарыс: Әкөш ұрсады!
Пони: Немене, немене дейді?
Жолбарыс: Әкөш, Акося ұрсады! Тақ-тақ етіп төбемді

теседі! Ол аздай, Бәкөш екеуі қосылып марал оқып, миды
ашытады. Одан да аш құлақтан тиыш құлақ, шөп жеп, дие-
тада жүргенім артық...
Пони: Ойбай, ендеше мені сол Әкөш пен Бәкөш жіберіп

отыр! Өзің барып құтқармасаң, балаларды да, ақбота мен
бұланайды да байлап алды жауыздар! Ал, ол жауыздар дү-
ниені бүлдіретін нағыз арам еттер емес пе?
Жолбарыс (арылдап атып тұрып): А-а-рр! Онда мен қа-

зір табиғатты тазалай қояйын! (Атылып келіп, алысып, қуы-
сып жүргендердің ортасына топ ете түседі. Аңшы мылты-
ғын оқтала бергенде, бір-ақ қағып, мылтығын быт-шыт қы-
лады. Аңшы, 1-2-қызметші бақырып тұра қашады. Жолба-

рыс арылдап, оларды қуып кетеді. Пони бәрін босатады.
Басқа да аң-құстар келе бастайды. Іле-шала аңшыны, 1-2-

қызметшіні арылдап қуып келген жолбарыс ол үшеуін бір-
бір мытып алады. Үшеуі ойбайлап, Әкөш пен Бәкөштің та-
сасына тығылады).
Аңшы: Ой, Әкөш пен Бәкөшім! Құтқарыңдар мына қа-

нішерден!
1-қызметші: Қой десеңдерші тезірек... аппетиті ашы-
лып кетпей тұрғанда!
Жолбарыс: Құлқынымды ойласам, үшеуін үш-ақ асар

едім ғой... Сендерге берген антымнан аттамайын деп, алда-
рыңа алып келіп тұрмын!
Бәкөш: Ал, ағайындар, не айтасыңдар?
Әкөш: Адам түгілі, айуандардан ұят болды ғой!

Аңшы: Жаздық, жаңылдық! Бір жолға кешіріңдер! Енді
қайтып жан-жануарларды атпауға, зоопаркке сатпауға ант
етеміз!
1, 2-қызметші: Ант етеміз! Ант, ант!

Аңшы: Тіпті бар ғой, өмір бойғы аң-құсқа көрсеткен зә-
бірімнің өтеуіне мен енді бұларды сырттарынан қорып, қор-
ғап жүруге дайынмын!
1, 2-қызметші: Біз де дайынбыз!

Әкөш: Онда біздің Көкшетау ғажайып қорыққа айналар
еді!
Бәкөш: Жан-жануар емін-еркін жайласа, сіздер қорық-
шы болсаңыздар... нағыз жарасым сол емес пе?!

Ағай (сөйлеп келеді): Саспаңдар... документ жағын қа-
тырамыз! (Бәрі ду күліп, дөңгелене билейді. Адамдар мен
аң-құстар қосылып, қол ұстасып табиғат жарасымын, тірші-
лік үйлесімін жырлайды).

Бәкөш:
Алағай да Бұлағай,
Заман көрген Бурабай,
Біріне де қарамай,

Аман келген Бурабай!

Әкөш:
Тау ішінде толағай,
Аққайың мен қарағай,
Бауырыңа баса көр,

Сағынып келді өзіңді
Ақмарал мен Құралай,
Ақбота мен Бұланай!
Бәкөш:

Көкшетауым – кербезім,
Шоқтығы жұрттан асқан жер,
Абылайдың ақ бура
Балпаң-балпаң басқан жер!

Әкөш:
Адасып кеткен ақбота
Айналып сая тапқан жер,
Абадан, алан асыр сап,

Құйғытып құлын шапқан жер,
Қияда құсы қалықтап,
Жер-жаһандық жан-жануар
Жарасым тауып жатқан жер!!!

(Жан-жануарлар мен адамдар қосылып, шаттана билей-
ді. Табиғатты, бүкіл дүниені жарасым әні (песнь гармонии)
әлдилеп, тербеп тұрғандай болады!)
Соңы. 2001 жыл.

Алтын ноқта

Қ а т ы с у ш ы л а р: Балақай Құлыншақ Бота Бұзау Қозы Лақ Мысық Ит Түлкі Қасқыр

БІРІНШІ СУРЕТ

Бірінші көрініс

(Ауыл сыртында құлыншақ, бота, бұзау, қозы, лақ жай-
ылып, ойнақтап жүр. Балақай келеді).
Балақай (әрбір төлдің қасына келіп, құшақтап, сипап,
еркелетеді):

Құлыншағым, құлыным,
Қуанышқа тудың.
Орғып-орғып, құйғыт,
Сәні болып қырдың!

Қошақаным, қозым,
Қандай қызық көзің,
Тығыршықтай болып,
Бұп-бұйрасың өзің!

Ылаққаным, лағым,
Бір тынбайды жағың,
Тастан-тасқа секіріп,
Ойнақтайтын шағың!

Бұзауқаным, бұзау,
Ойың – шелек жалау,
Танауыңды көкке
Көтергің кеп тұр-ау!

Ботақаным, ботам,
Таудай биік жотаң.
Сен тілазар болма,
Көнбіс еді атаң!

(Жүгіріп ит келеді, балақай оған):
Күшім, күшім, күшім,
Көп қой сенің күшің,
Сақылдайды жарқ-жұрқ,

Кездіктей боп тісің!

(Лып етіп мысық келіп, итті еркелетіп отырған балақай-
ға жабысып жата кетеді). Балақай оған:
Пырыл, пырыл мысық,
Кепсің арқаң қышып,

Пеш түбінде жатшы,
Көздеріңді қысып!

(Барлығы ду күліп, мысықты айнала билеп, әндетеді):
Өмір өтер зырылдап,
Құс ұшады шырылдап,
Біз шабамыз зуылдап,

Жұмысы жоқ уақытта
Мәнгі өзгермес маубасың
Мысық ұйықтар пырылдап!

Мысық: Өй, өңкей есалаң! Сендердің маған күлуге ха-
қыларың жоқ!
Төлдер: (қосыла) Өй-дөйт!
Ит: Пырылдап ұйықтағаннан, мияулап сүт жалағаннан

басқа пайдаң жоқ, саған күлуге хақымыз неге болмайды, ә?!
Мысық: Өйткені, менің ата-бабам сендердің ата-
бабаларыңды топан су қаптаған заманда тура келген ажал-
дан аман алып қалған! Біз, мысық баласы, Алланың әмірі-

мен жолбарыстың тұмсығынан түстік. Жолбарыстың!!! Со-
дан кейін кемені тескен тышқанның бәрін құртып, Нұх пай-
ғамбардан жауырының жерге тимесін, аузың арам болма-
сын деген бата алғанбыз!

Ит: Әу, солай ма еді!
Балақай: Дәп солай! Атам жарықтық айтып отыратын
аңыз ғып. Мысықты ренжітпеңдер дейтін...
Мысық: Әне... білетін баланың сөзі! Мен адамзатқа бә-

ріңнен де қадірлі, бәріңнен де жақынмын! Сендер сияқты
қараңғы қорада бүрсеңдеп тұрмай, қожайынның қолтығын-
да пырылдап жатамын – ол да кәйіп, мен де кәйіп! Сондық-
тан, маған көз алартқандарыңды қойыңдар, итім құсап!

Ит: Әй, немене... итім құсап деп намысқа тиесің?! Мы-
сық құсап десем, қайтер едің?
Мысық: Дей бер... дей түс... Бәрібір оныңнан түк шық-
пайды!

Ит: Неге?

Мысық: Адамзаттан ақылды емес шығасың! Адамдар біреуді жек көргенде, жамандағанда итім құсап дейді, өй, өзі де бір итім дейді... мысығым демейді. Төлдер: (жарыса) Иә, иә! Иттің етінен жек көремін дейді! Мысық: Ал біреуді мақтағанда мысық сияқты таза, мысық сияқты епті, шапшаң деп мақтайды. Тіпті осы күнгі жастар да бір-бірін «оһ, ты моя киска, мой милый котик!», – деп өліп-өшіп жатпай ма? Менің итім, сәбәшкім демейді! Төлдер: Ха-ха-ха! Хе-хе-хе! Ит: Арр-р, ендеше сол адамзат ит жеті қазынаның бірі деген ғой! Жақсы болса, мысықты неге қоспаған қазынаға, ә?! Мысық: Адамдар сені алдай салған ғой... гүмп-гүмп етіп үріп тұрсын деп. Ал бізді қоспағаны... бізді өзіндей көреді... яғни біз, мысық баласы, қазынаның қисабында емес, адамзаттың мисалындамыз, мияу, мияу, әй, милау!!! Төлдер: Ха-ха-ха! Хе-хе-хе! Ит: Әй, қойыңдар енді оттамай! Бәлем, ертең қасқыр келгенде, көрермін күлгендеріңді! Балақай: Қойыңдар енді, қоя қойыңдар! Бір-біріңді мазақтамаңдар, «бөлінгенді бөрі жейді» деген бабаларымыз! Бота: Әбден дұрыс айтқан! Қозы: Дауы құрсын, тыныштық керек! (Бұлар дуылдасып жатқанда, қасқыр мен түлкі жасырынып, алыстан торуылдап жүреді). Бұзау: Тату-тәтті болсақ, күйісіміз... мө-ө-ө, күйіміз жаман болмайды! Лақ: Мә-мә, тау-тастан тұяғымыз мұқалмаса – о дағы татулықтың арқасы! Сондықтан, шырық бұзбаңдар! Үпүлкен ит басыңызбен титтей нәрсеге бола иттей болғаныңыз ұят емес пе-е-е?! Бұзау: Иә, бостан-босқа итше үргеніңіз масқара! Ит: Ыр-р!

Бота: Майлы сүйекке таласып, ырылдаса кететін ұялас-
тарың емес, текті төрт түлік тұқымдарының ортасында жүр-
геніңді ұмытпа, әй, итім!
Мысық: Мияу, мияу!

Лақ: Сен де бет-ауызыңды жаланып, мүләйімси берме,
мысығым!
Бұзау: Иә, итекеңе сүйкене бермей, тып-тыныш тышқа-
ныңды аулап, жайыңа жүрсеңші! Мысық тілеуленіп, пыс

ете қалатын пәлебасы сенсің!
Мысық: Ыр-р!
Құлын: Жә, болды енді, қойыңдар! Бәрің де сау сиыр-
дың боғы емессіңдер! Біреуге ақыл айтқанша, алдымен өз-

деріңді жөндеп алмайсыңдар ма?!
Бұзау: Мө-ө! Не дейді, әй, мынау? Немене, біз сау бол-
мағанда, сен өзіңше кереметпін деп жүрсің бе?!
Бота: Бәрімізді бірдемеге теңедің бе осы?

Балақай: Жә, доғарыңдар! Ол әншейін сөздің мәтелі!
Бұзау: Мәтел ме, бәле-бәтер ме, кім біліпті? Әйтеуір
жылқы баласының желкөрік кеудесін керіп, бізді менсінбей
келе жатқаны өтірік пе? Осылардың-ақ ызасы өтті! Ал, кәне,

кімсің сен сонша? Сен де біз сияқты малсың!
Құлын: Охо-хо-хо! Мен жай мал емеспін! Мен жылқы-
мын желден ұшқыр! Еркін даланың еркесімін! Ер қанаты
тұлпармын!

Бұзау: Өзіңше ерекшемін деп мақтанып тұрсың ғой!
Құлын: Мақтанып тұрғам жоқ, мен бар болғаны шын-
дықты айтып тұрмын!
Бұзау: Мақтандың, мақтандың! Ылғи мақтанасың! Бізге

айтпасаң да, ішіңнен мақтанасың!
Бота: Иә, иә, әрі шауып бір мақтанасың, бері шауып бір
мақтанасың!
Лақ: Мө-өө-өңкіп бір мақтанасың, аунап бір мақтана-

сың!
Қозы: Жал-құйрығыңды суылдатып бір мақтанасың...

Бұзау: Тұяғыңды зуылдатып бір мақтанасың! Мақтан-
шақсың, мақтаншақсың!
Құлын: Өтірік соқпаңдар, ей, қашан мақтандым?!
Қозы: Мақтаншақ, мақтаншақ!

Лақ: Мақтаншақ, мақтаншақ!
Құлын: Қойсаңдаршы, ей, жайдан-жай күйдірмей! Бос-
тан-босқа танауын таңқитып, болмашыға мақтана салатын
мен бұзау емеспін ғой!

Бұзау: Біреуді қағытпасаң ішің кебе ме?
Құлын: Қағытып тұрғам жоқ, шындықты айтып тұрмын!
Бұл дүниеде бұзау болмағаныма сондай қуанамын!
Бұзау: Әй, немене сонда, жылқы болу зорлық та, сиыр

болу қорлық па? Көрер едім сиырсыз күн көргендеріңді...
Мен де мінгі, жегінді жылқы болмағаныма ризамын!
Құлын: Қысқарт енді! Бір теуіп танауыңды жапырай-
тып, аузыңды опырайтып тастармын, әйтпесе!

Бұзау: Келсең кел! Кеудеңді тесік, қабырғаңды есік қы-
лып іреп берейін! (Екеуі жеңіл-желпі қағысып алып, шын-
дап тіресіп кетеді).
Мысық: Қай жеңгенің менікі!

Ит: Осы батырлықтарың қасқыр келгенде қайда қалар
екен?!
Лақ: Тамаша, тамаша!
Қозы: Араша, араша!

Балақай (құлын мен бұзауды зорға айырып): Жә, болды!
Бәрің де оңды-ақсыңдар!.. Тастаңдар араздықты! Ерегіскен-
де, бір-біріңді мұқатқанда, мұратқа жетесіңдер ме? Қане,
топтасып қайтайық ауылға, сендердің жарасып келе жат-

қандарыңды көрсе, енелеріңнің емшегі иіп қоя береді!
Төлдер (қосылып): Алақай! Алақай! Көп жаса, балақай!
(Топтанып, шапқылап кетеді. Олар кетісімен қасқыр мен
түлкі тасадан шығады)

Түлкі: Ой, батыр-екесі, жолымыз болатын сыңайы бар!
Мына мақұлықтар әлдеріне қарамай дүрдеараз көрінеді! Іш-

терінен ірткі шығып жатқанда жеке-жеке жайғастыру оп-
оңай емес пе?!
Қасқыр: Иә, иә, тек сөзіңді көбейтпей, тезірек реттейік-
ші! Қарным қабырғама қабысып, ішегім ішегіме жабысып

қалды! Бол, тез айт, қайсын жейміз?!
Түлкі: Тоқта, тоқта, батырым, аптықпа! Бұзау еті жыл-
бысқы, ботаның еті сіңірлі!
Қасқыр: Лақтың еті шуаш-шуаш, қылшық-қылшық! Өзі

тамағыңнан өткенше бақырып зәреңді алады... тіпті, біразға
дейін қарныңда да бақырып жатады! Шіркін, уыздай қозы-
ның еті-ай, уылжып тұрады-ау! Сүйегіне дейін... сілекейіңді
ағызады, кемік майының дәмі аузыңнан кетпейді!

Түлкі: Өй, ол немене, бітти-ақ! Оны сен жейсің бе, мен
жеймін бе?
Қасқыр: Ар-р, енді қайт дейсің?
Түлкі: Жылқы етінен артығы жоқ, қазақтар бірдеңе бі-

леді осы! Ана құлыншақайды соғып алсақ, қазақ болмаған-
мен, ғажап болар едік!
Қасқыр: Ой, оның әуресі көп! Жылқыны ұстап жығу –
қиынның қиыны!

Түлкі: Басқасы оңай деп кім айтты? Анау бақташылары,
әсіресе бөрібасар жүргенде ешқайсысына да жолай алмай-
сың! Ал, аңқау құлыншақты алдап-сулап, еліктіріп әкетуге
болады!

Қасқыр: Қа-қа-қалай? Ыр-р, қарр-рным ашып барады,
қар-рным ашып...
Түлкі: Қақылдама... жұртта қарын жоқтай... Тырс етпе!
Кезі келгенде қанжардай азуларыңмен аңқау құлынның нәп-

нәзік терісін дал-дұл айыруды біл!
Қасқыр: Ма-ма-мақұрр-р! Бір-рақ жылдамырақ, жылда-
мырақ!
Түлкі (әндете билеп):

Аңқау-аңқау төлдерді,
Аңқитамыз, алдаймыз,

Жылы-жылы сөздермен
Жүректерін жаулаймыз!
Хи-хи-хи!
Қасқыр:

Қарш-қарш еткен тістерді,
Қорқ-қорқ етіп қандаймыз,
Жылы-жұмсақ жас етін
Жұлмалаймыз, жалмаймыз!

Ха-ха-ха!
Түлкі: Хе-хе-хе! Хи-хи-хи!
Қасқыр:
Арманымыз өмірдегі

Мыңдап малды сою ғой,
Күш жеткенін бүктеп жығып,
Тыңқиып тұрып тою ғой!
Ха-ха-ха!

Түлкі:
Милау қылып шеттерінен,
Малай етіп қою ғой,
Малайлыққа көнбеген

Момындарды біржола
Жер бетінен жою ғой!
Хи-хи-хи!
Қасқыр: Ха-ха-ха-рр! (Екеуі қойқаңдап, жауыздық биін

билеп кетеді).

Екінші көрініс
(Қырда құлын ойнақтап жүр. Түлкі келеді).
Түлкі (құлынға ептеп, бұлғаңдап таялып): Ой, құлын-
чик... құлыншақай! Сен қандай әдемісің! Құйрық-жалы

бұйра алтын, тұяқтары құйма алтын, шекелігі түйме алтын,
сауыр еті сары алтын, бауыр еті бәрі алтын, ертегінің тұл-
пар тайлары да сендей-ақ болған шығар-ау, ә! Паһ, паһ, паһ,

пай, пай, пай! Тұрысыңа болайын, тумысыңнан айналай-
ын!!!
Құлын: Ой... рахмет сізге! Сіз кім боласыз?
Түлкі: Мен – түлкі тәтеймін! Мен сұлулықты сүйемін –

өзің сияқты әдемі жаралғандарға көңілім құлап, дос болып
жүремін. Өзім сондай сенгішпін, кейде тіпті тауықтың ба-
лапандарынан да алданып, айырылып қалған кездерім бол-
ды... түу, не деп кеттім өзі... олар менің сенімімді аяққа бас-

ты дегенім ғой. Сен әрине, көң шоқыған шібидің шөжесі
емес, текті тұлпардың тұяғысың ғой, мені ренжітіп алмас-
сың деп сенемін!
Құлын: О не дегеніңіз, түлкі тәтей! Сізді өкпелетсем

есек болып кетейін!
Түлкі: О, өзің қандай сымбатты, сөзің қандай инабатты
едің! Сыпайылыққа, сыйластыққа не жетсін жалғанда! Бі-
рақ, айналаңа қарашы, бәрі дөкір, надан! Бақырып, тамақта-

рын қырнап, жүрегіңді тырнап, жүйкеңе тиіп сөйлейді!
Құлын: Дөп түстіңіз, түлкі тәтей!
Түлкі: Олар сені көре алмайды! Сенің сұлулығыңды,
тұлпарлығыңды қызғанады, іштері қыж-қыж қайнайды!

Амалдары жоқ, әйтпесе, көзіңді жояр еді! Сүрінгеніңді аң-
дып, табалауға дайын жүрген жоқ па топастар!
Құлын: Тұп-тура төбесінен басып тұрсыз!
Түлкі: Үйбай-ай десейші... сенің қасыңда ербиіп жүр-

гендерін көргенде құрысып-тырыса қаламын осы! Әнебіреу
лақ деген бар ғой... бақ-бақ еткен қайыршы, шуаш-шуаш
кебенек, өзінше о да әжептәуір, ә, бір тал құйрығыңнан са-
даға кеткір! Ал, енді қозы дегенің барып тұрған ақымақ

емес пе? Әйтеуір, тонға жарайтын терісі, бөстек болатын
жүні демесең, оны жауып қой біржолата! Бұзауың анау,
аузы көкке тисе болды, танауын таңқитып алып, төбеге шы-
ғып тайраңдап, ешкімді танымай кетеді тантып! Бота де-

ген... имек-имек, қиқы-жиқы, арбиған-тарбиған, рабайсыз
ербиген бірдеңенің несін жақсы көреді екен адамдар? Осы
ма сенің ортаң? Осы ма сенің қаны бір бауырың, жаны бір

қауымың? Жоға, бәрі де бөтен, жат саған! Сенің орның бө-
лек бұлардан! Сен биіксің, сен кереметсің, сен ғажапсың!
Құлын: Рахмет, рахмет, түлкі тәтей! Бірақ, қайтемін ен-
ді?!

Түлкі: Қайткені несі? Мұндай жаман-жәутіктің арасын-
да саған не бар? Сенің ортаң, сенің орның бұл емес! Кең дү-
ние сенің еншің! Көсіл емін-еркін, құйғыт құмарыңнан
шыққанша! Мен саған әлемді таныстырайын, жүр менімен

бірге! Еркіндікке, кеңдікке, көкжиекке!!! Маған ерсең өкін-
бейсің, керемет сыйлықтарға да кенелесің, көр де тұр!
Құлын: Апырай, ә! Кетіп қалсам... балақай ұрыспай ма?
Ренжімей ме маған?!

Түлкі: Оның ренжігені кімге дәрі? Ол неге саған ұрсуы
керек, ә? Желдей ұшқыр, еркін жылқы баласы шаңына да
ілесе алмайтын екіаяқты жануарсымаққа неге бағынуға
тиісті, ә? Сен осыны ойладың ба? (Құлын басын шайқайды).

Ә-ә, ойламасаң ойла! Аяр адамзатқа кіріптар болу – қорлық
емес пе хас тұлпарға! (Құлын басын шұлғиды). Тарттық ен-
деше... тарпаңдар жортқан жапан түзге!!!
(Түлкі құйрығын бұлғап-бұлғап жіберіп, жөнеле береді,

құлын сөлбірейіп ере береді. Сол кезде төлдер келіп қала-
ды).
Бота: Өй, өй, құлын, құлыншақай, қайда барасың бізді
тастап? Қу түлкінің құлқыны құрдым-құртпай тынбайды!

Қайт кейін, қосыл өз үйіріңе!
Құлын: Ол қу емес, ол түлкі тәтей! Ол сондай жақсы!
Ол маған көп-көп, әдемі сыйлықтар берем деді! Ал сендер
бірге жүріп-тұрсаңдар да түк берген жоқсыңдар!

Түлкі: Мен мұндай тілалғыш тұлпар құлыннан түгімді
де аямаймын!
Бота: Әй, құлыншақай, сен ақымақ болма, ол сені ал-
дайды жылтырақтармен, бәрібір саған бізден жақын бол-

майды!
Құлын: Неге болмайды, болғанда қандай! Көре салып,
жаны қалмай, жылы сөздерін аямай үйіп-төгіп жатыр... сен-

дер маған мақтау сөздеріңді де қимайсыңдар!!! Қайта кекеп-
мұқап, шымшылап, ыза қыласыңдар!!!
Қозы: Қой, құлыншағым, қоя ғой! Ойнағанға сонша өк-
пелеп не болды? Қайт кейін!

Лақ: Қайта ғой, құлыншақ!
Бұзау: Өй, қойыңдаршы соны, сонша өбектеп, әлдеқан-
дай ғып! Бізді менсінбей, кеудесін көтергенде тапқаны қу
түлкі ме, қағанағы қарқ, сағанағы сарқ болғанын көрерміз

әлі-ақ! О несі ей, сонша бұлданып... жалынып туыс болмай-
мыз, кетем десе, кетсін, арманына жетсін!!!
Құлын: Ал, кетемін, неғыласың! Осы саған ерегіскенде
кетемін түлкі тәтеммен! Кеземін кең дүниені, көремін бүкіл

әлемді! (Түлкі екеуі орғып-орғып, айнала құйғытып кете
барады. Төлдер абдырап қала береді).

ЕКІНШІ СУРЕТ

Бірінші көрініс

(Иен дала. Аулақта шоқ-шоқ қайың, алыста жалтыраған
көл. Құлын көсіле, айнала шауып, біресе алыстап, біресе
жақындап, ойнақтап жүр. Түлкі мен қасқыр келеді).
Түлкі (қасқырға): Қарашы, қандай әдемі құлын! Осынау

сұлулықты қан-жыны сорғалаған жемтікке айналдырып, ас-
қазанға аттандырып жіберуге көз қия ма?!
Қасқыр: Қой ондайыңды! Жұтқынға жылымық сөз жүр-
мейді! Тезірек реттеп алайық күн жарықта...

Түлкі: Тиме! Қазір оны жейсің де қоясың, одан не пай-
да? Ал мен бұл құлынның жанын билеп алғым келеді! Егер
ол барлық қандастарынан безініп, маған жан-тәнімен құлай
беріліп, құдайдай табынса, міне, жеңіс деп соны айт! Сол

сәтте, маған иланып, ұйыған сәтте жеп қойсақ, онда жылқы
атаулы болашақта бізге бас шұлғып, бойсұнып тұрар еді!
Қалаған уақытта араныңа үйірімен үйіріліп, қарныңа тобы-

мен томпылдап құлар еді! Солай, қасқырым, әзірше тимей-
ік, мен мұның миын біржолата айналдырып алайын!
Қасқыр: Байқа, біреудің миын айналдырамын деп жүріп,
өзіңнің қайда айналып кеткеніңді білмей қалып жүрме!

Одан да орайы кеп тұрған олжаны оп-оңай соғып алып, ке-
ріліп жатқанымыз артық шығар-р-р!
Түлкі: Қу құлқынның қамынан басқаны білуші ме едің,
батырым! Жалғыз бұл құлыншақай ғана емес, бүкіл әлемнің

барлық төлдерінің жанын жаулап алсақ, олар бізге мойын-
сұнса, қандай ғажап болар еді!
Қасқыр: Жа-жа-жар-райды! Бір-рақ, жаман болып бара-
мын! Жартысын жеп алып, қалғанын жаулап алсақ болмай

ма?!
Түлкі: Ой, кеще, дүндік!
Қасқыр: Мейлі, не десең о де, мен мұны жеп қоямын!
Түлкі: Құлын, құлыншақ, құлынтай! (Құлын таяп келе-

ді).
Көріп, біліп ал, түлкі тәтең болмаса, мынау сені сойдақ
тістерімен соймақ болды емес пе?!
Құлын: Ой, түлкі тәтей, рахмет!

Қасқыр: Өй, мен неғып тұрмын ыржиып? Қасқырды
түлкі тоқтатты деген не сұмдық! Жыныма тие берсе, құлын-
ға қосып жәдігөй неменің өзін де соғып алармын! Ар-рр!
(Атылып құлынға бас салады, құлын орғып кетеді).

Түлкі: Ойбай, қаш, қаш, құлынтай! (Құлын құйғыта жө-
неледі, қасқыр қуып кетеді. Түлкі бұлаң етіп, бұтаға зып бе-
реді. Дүбір-дүбір шабыс, сатыр-сұтыр қуғын. Бір кезде қас-
қырды адастырып кеткен құлын келеді алқынып. Түлкі ал-

дынан шығады).
Түлкі (құлынға): Ой, құлыншақ, тұяғыңнан айналайын
от шашқан! Әлгі жауызды жер қаптырып кеттің бе? Ол қа-
ныпезердің аштықтан басы айналып айналаға лағып кеткен

шығар! Кел, кел бері, менің тілімді алсаң, жаман болмай-
сың! Сені дүниежүзілік көрмеге апарып, бүкіл әлемге көр-
сеткім келіп тұр! Сенің жал-құйрығың қанаттай, тұяғың бо-

латтай! Сенің тынысың даладай кең! Сендей ерке, еркін құ-
лынды бүкіл әлем білмеуі обал, ұят, масқара! Міне, қарашы
өзің дұрыстап... Қазір сені кім біліп жатыр? Бір қалтарыс,
қуыста қапа болып, қор болып, қуарып қала бермексің бе

осылай?! Айналаңдағылар сенің қадіріңді біле ме? Пішту!
Бағаламақ түгілі, бақастанып, өздерін сенен артық санай-
тындарын қайтерсің?
Құлын: Иә, иә, түлкі тәтей! Солардың менімен бірдей

саналып, тайраңдағандары-ақ жыныма тиіп, жанымды жеп
бітті!
Түлкі: Е-е, асылдың қадірін жасық қайдан білсін! Енде-
ше... соларға ерегіскенде, әлемдегі ең сұлу құлын деген

атақты жеңіп алуың керек! Жеңіп алсаң... Ой-ой-ой! Бүкіл
газет, теле-радио сенің артыңда жүрер еді. Барлық жерде
сенің суретің! Жұрт сенімен суретке түсу үшін уыстап ақша
шашар еді! Сен керіліп, аяқты сілтеп тастап, ортаға орғып

шыға келгенде... барша жұрт жерді жара қиқулап, тебініп,
алақандарын сартылдата соққанда, аспан асты, жер беті
жаңғырар еді! Міне, бәлем бәсекелес бұзаусымақтарды сон-
да көрсе ғой! Сенің маңайыңа жолай алмай, қатты ұялып,

бірер апта оттаудан қалар еді! Ал, сен атақ-даңқтың асқар
шыңына шығып, қошеметшіл қалың топтың ортасында әрлі-
берлі, әрлі-берлі ойнақтап жүргенде, ең алдымен кімді ой-
лауға тиіссің?!

Құлын: Ондай атты күн туса... әрине ең алдымен туған
ел, кең даламды...
Түлкі: Ой, ой, ой! Сені сондай дәрежеге жеткізіп, атақ-
даңққа бөлеген кім?!

Құлын: Сіз, тек қана сіз, түлкі тәтей!
Түлкі: Олай болса, сен тек қана мені ойлауға тиіссің!
Міндеттісің! Мақта, мадақта түлкі тәтеңді! Мақтағаның –
еңбегімді ақтағаның!

Құлын: Ой, түлкі тәтей, сіз сондай мақтаншақсыз ба,
немене?!

Түлкі: Иә, құлыншақайым, мақтаншақпын! Мақтаншақ
болғанда, анау-мынау можантомпай бөспе емес, нағыз мақ-
таншақтың өзімін! Есіңде болсын, жан-жануар да, әсіресе
адамзат та жылы сөзді, мақтағанды жақсы көреді! Жұмыс-

тың бәрін де мақтан үшін істейді! Өзің ойлашы, мақтанба-
саң, жұрт сені мақтамаса, тіршіліктің керегі не?! Өмірдің
мәні – мақтануда! Шыныңды айтшы, сен де мақтағанды
жақсы көресің ғой, ә?!

Құлын: Әрине, түлкі тәтей! Әсіресе, әлемнің ең әсем құ-
лыны деген атақты жеңіп алған соң, әлгі жаман-жәутіктерге
шекемнен бір қарасам... Жұрттың бәрі менің маңыма үйірі-
ліп, жалбақтап жатқанда, олар елеусіз, ескерусіз бір шетте

үрпиіп тұрса, бәлем! Мен мұрынымды шүйіріп өте шық-
сам... Байғұстардың іштері күйіп, шерменде болса, шіркін!
Ой-дойт, әне, өмір деп соны айт!
Түлкі: Өте дұрыс айтасың! Міне, өмірдің құнын жаңа

түсініп, өзім сияқты боп келе жатсың! Иә, біреулерден ар-
тық болмасаң, кеудеңді соғып, күмпілдеп тұрмасаң, біреу-
лерді кем тұтып, кекеп-мұқап жүрмесең, өмірде не қызық
бар?! Ал ендеше мақтануға дайындала бер! Бұрынғың бұ-

рынғы ма, нағыз мақтаныш алда! Тек қана сол биікке түлік
боп емес, түлкі боп жеткеніңді ұмытпа!!!
Құлын: Айтқаныңа құлдық, тәтей! Бәрі сіздің арқаңыз,
тәтей!

Түлкі: Тіліңнен сол тәтелеген... Сен төрт түліктің бірісің
... мен түлкімін... Бірақ қандай бөтендігіміз бар? Түлік деген
сөздің қайдан шыққанын білесің бе? Түлкіден шыққан! Яғ-
ни, түлкі мен түліктің түбі бір деген сөз! Демек, сен екеу-

міздің қанымыз да, жанымыз да бір! Ендеше, жан-жануар
мен жыртқыш деп бөлетін дәнеңе жоқ, бәріміз де бір хай-
уанаттан тараймыз! Олай болса, сен, төрт түлік баласы, түл-
кіні түп атам деп танысаң, тәңірідей табынсаң, мол бақытқа

кенеліп, шын мұратқа жетер едің! Сен негізінде түлік емес,
түлкі атануың керек!!! Солай ма, солай емес пе, құлынша-
ғым?!

Құлын: Солайы солай сияқты...
Түлкі: Күмәнің болмасын! Жаралама жүрегімді! Өзің-ақ
айтшы, көрдің ғой көзіңмен, ішінде жүрдің ғой, төрт түлік-
тің бірі болған жақсы ма, түлкі болған жақсы ма? Мәймөң-

келемей кесіп-пішіп бір-ақ айт... осыдан қателессем, осы
жерде сеспей қата қалайын!
Құлын: Әрине, түлкі болған артық!
Түлкі: Ой, айналып қана кетейін сол! Тура жолды енді

таптың! Бәріміздің түбіміз бір түлкі! Сондықтан бас-
басымызға би, бет-бетімізге үй болғанды қою керек! Қозы-
лағың маңырап, бұзауың мөңіреп, азан-қазан, у-шу болатын
дәнеңе жоқ, тәп-тәтті түлкінің тілімен сөйлесеңдер, бір-

бірімізді қиналмай ұғар едік! Жер ортақ, ауа ортақ, су ортақ,
ай мен күн ортақ! Олай болса, тіл де ортақ, тілек те ортақ
болу керек қой! Түлкі тілмен сөйлеп, түлкі тілекпен өмір
сүретін жаңа кезең келген жоқ па, құлынтайым... тойыс,

түлкітайым!
Құлын: Келгенде қандай!
Түлкі: Кел, кел, қосылып бір шырқайықшы шыр көбелек
айналып... шырқ үйіріп дүниені... Жасасын түлкілік!

Құлын: Жасасын түлкілік!
Түлкі: Бөлінетін дәнеңе жоқ! Түп атамыз бір түлкі!
Құлын: Түп атамыз бір түлкі!
Түлкі: Түлік емес, түлкіміз! Түлік емес, түлкіміз!

Құлын: Түлік емес, түлкіміз! Түлік емес, түлкіміз!
Түлкі: Мен түлкімін, түлкімін... Кереметтің кілтімін, түп
атасы мен болам, жан-жануар жұртының!
Құлын: Мен түлкімін, түлкімін!

Түлкі: Мен түлкімін, түлкімін... Келші, келші бермен...
күні ертең барша әлемге жарқырап көрінші! Мен саған сірі
қайыстан жасалған, алтынмен апталған, күміспен күптелген
керемет ноқта сыйлаймын! (Бір қуыстан суырып алып, құ-

лынға алтын ноқта салады. Ноқтаның шылбыры шұбаты-
лып, сүйретіліп жүреді). Міне, сәнің жаңа келді! Осылай
жарқырап жүріп, дүниежүзіне түгел түлкі тұқымын таныт-

шы бір! Жасасын түлкілік! Мен түлкімін, түлкімін! Кере-
меттің кілтімін!
Құлын: Мен түлкімін, түлкімін!
Түлкі: Кереметтің кілтімін! Түп атасы мен болам, жан-

жануар жұртының! Мен түлкімін, түлкімін!!! (Құлын екеуі
қосыла әндетіп, билей басып кетіп барады).

Екінші көрініс (Таулы, тасты жер, сирек тоғайдың арасы. Балақай мен ит құлынды іздеп жүр). Балақай: Құлыншағым, ботақаным, Қозы-лағым, бұзауқаным, Мен сендермен егіздеймін, Сендер барда мен күштімін, Таусылмайтын теңіздеймін, Елге қорған бола алмайтын Нашар бала дегізбеймін, Мал-жанға ие бола алмасам, Бұл дүниеден нені іздеймін, Сүп-сүйкімді төлдерімді Жауыздарға жегізбеймін!!! Ит: Қарап тұрып қиямыз ба Адалдықты арамыға, Құлыншақты бере алмаймыз Аш қасқырдың аранына, Ит екенім рас болса, Елдің шетін бастырмаймын Залымдардың табанына! Балақай: Қайдасың, сен құлыншағым? Бота тірсек, күпшек саным, Сен жоғалсаң боз даланың

Болашағы – бұлдыр сағым,
Қайт ауылға, құлыншағым?!
(Ит екеуі құлынды іздеп кетеді. Іле-шала бота, бұзау, қо-
зы, лақ, мысық келеді).

Бұзау: Қайдағы бір есі жоқ құлын үшін несіне мұнша
әуре боламыз? Кеткен өзі... Керек болса, өзі қайтып келсін!
Бота: Олай деме! Басына іс түскенде достарды құтқа-
рып алу парыз!

Бұзау: Е-е, құтқарып алатындай оның басына не күн
туыпты? Өзі емес пе тілеп алған... Көрсін енді... рахатын!
Сол үшін сары далада сандалып, тау асып, тоғай кезгеніміз
жетер!

Бота: Ойбай-ау, сонда құлыншақайды қорқауларға қор
қылып қоймақпыз ба? Тапсаңшы бір амалын мысық -екесі!
Мысық: Жә-ә, абыржымаңдар! Алды-артын ойлап ал-
май, асығып жасаған әрекет жарға жығады! Тас қараңғыда

тышқанның тысыр еткенін қалт жібермей, көзді ашып-
жұмғанша қағып түсетін жолбарыстай жылдамдығым алда-
маса, өне бойыммен сезіп тұрмын, аңқау құлын алданып,
адасып жүр! Оны айлакер түлкінің арбауынан арашалап,

айықтырып алуымыз керек! Әйтпесе, болашақта бүкіл түлік
атаулы түлкіге тәуелді болып қалуы мүмкін! (Әндетіп):
Құлан жортқан құба жондар,
Марал ішкен қақтың суы,

Жапан түзде ащы жусан,
Қыр астының қызғалдағы,
Құтқар, құтқар құлыныңды!
Қозы:

Қасиетті Қамбар ата,
Шопан ата, Зеңгі баба,
Сексек ата, Ойсылқара,
Жанды-жансыз бар ғаламды,

Жаратушы хақ-тағала!
Төлдер (қосылып): Құтқар, құтқар құлыныңды!

Бота:
Атыраудың кең айдыны,
Өр Алтайдың ер айбыны,
Алатаудың атырабы,

Қаратаудың топырағы!
Лақ:
Ұлытаудың ұлылығы,
Көкшетаудың сұлулығы,

Маңғыстаудың берендігі,
Дарияның тереңдігі!
Бұзау:
Түркістанның түмен бабы,

Сарыарқаның ақ самалы,
Жел тараған ақ селеуі,
Ен даланың қуат күші!
Төлдер (қосылып): Құтқар, құтқар құлыныңды!

Мысық:
Айдың нұры сүттей саулап,
Күннің нұры оттай лаулап,
Пәлекетті аластай көр,

Жастың жанын алған жаулап!
Төлдер (қосылып):
Құтқар, құтқар құлыныңды!
Құтқар, құтқар құлыныңды!!!

(Алтын ноқтасын сүйретіп, құлын келеді).
Құлын: Өй, сендер кімді құтқарып жатсыңдар? Алды-
мен өздерің құтылып алсаңдаршы. Мен үшін бастарың қат-
пай-ақ қойсын! Менің жағдайым жақсы! Енді біраздан соң

түлкі тәтей мені бүкіл әлемдік көрмеге апарады! Мен онда
бүкіл түлкі баласының намысын қорғап, даңқын шығара-
мын!
Бұзау: Мө-өө, сен жылқы атыңды түлкі атына ауысты-

рып алғансың ба?

Құлын: Түлкі деп, түлік деп бөлінетін дәнеңе жоқ, бәрі-
міздің түбіміз бір хайуанат! Мен енді түлкі болып тәтті тір-
шілік кешіп, думанды дәурен сүремін!
Мысық: Түлкі емессің, түліксің!

Қозы: Түлкі емессің, түліксің!
Құлын: Оны өзім де білемін! Бірақ, түліктен гөрі, түлкі
боп жүрген артық екенін енді түсіндім!
Мысық: Сен түлкі болсаң, мен ит болып кетейін! Ата-

ғыңды түлкі боп шығарамын деп күлкі болма! Жылқы боп
шығар атыңды!
Бота: Түлкі емессің, жылқысың!
Лақ: Жыртқыш емес, момынсың!

Бұзау: Қорқау емес, құлынсың!
Құлын: Мейілдерің... Мен бәрібір алған бетімнен қайт-
паймын! (Балақай келіп, құлынды құшақтай алады).
Балақай: Құлыншағым, құлыным! Таста бәрін! Өкпе-

реніш мұратқа жеткізбейді. Татуласып, жарасып елге қай-
тайық! (Төлдерге): Сендер де құлынды кінәләмаңдар... мақ-
тандың деп. Одан сендердің түктерің кетіп, қылдарың қисая
ма?! Қайта, бір достарың өзін керемет санаса, сендер оған

іштарлық қылмай, қуаныңдар! Бейшарамын деп, сүмірейіп
тұрса, қайтер едіңдер?! Бәріміздің де мақтануға хақымыз
бар, әркім өз орнында тамаша, өзінше керемет!!!
Бұзау:

Кереметпін мен дағы,
Кереметсің сен дағы,
Кеуде қағып өзгені,
Кемсітпесең болғаны!

Балақай: Тура айтасың, бұзауқаным! Біреуді кекеп-
мұқамай-ақ өздеріңше керемет бола берсеңдер, дәнеме пәле
жоқ!
Құлын: Бірақ, мені қатар жүргенде қадірлемедіңдер...

Бағаламадыңдар!
Мысық: Ой, ой, құлын, ой, құлын, ондайыңды қой, құ-
лын! Әркім өзінше жайылып жүрген жоқ па?! Басқалар бұл

дүниеге сені бағалау үшін, сені мадақтау үшін, сенің әуені-
ңе төңкерілу үшін жаралып па? Сен өзің кімді бағалап қа-
рық қылдың, ә? Сондықтан, бір-бірімізге бұлданбай, өкпе-
леспей, бекерге кінәласпай, әрқайсысымыз өз орнымызда,

өз міндетімізді абыроймен атқарып, көп мақтана бермей,
кішіпейіл болсақ, ең кереметі сол шығар, ә мияу, мияу?!
Балақай: Өте дұрыс, данышпан мысық! Бірақ бір-
біріңнің қадіріңді білген де жақсы!

(Балақай құлынды құшақтай бергенде, сып етіп, түлкі
келеді. Құлын абдырып қалады).
Түлкі: Немене сонша дүрлігіп бәрің... Жүйріктің жолын
кескелі жүрсіңдер ме? Жоқ оған тоқтамаймыз... жарқырай-

мыз жұлдыз болып жалғанда!!!
Мысық: Жап аузыңды, жәдігөй неме! Түп-тұқиянымызды
ту-талақай ғып, түп атамызды түлкіден таратып, төрт түлік-
ті түлкі ғып жібер деген кім саған?!

Түлкі: Ойбай, тақсыр мыс-еке, мен жамандық ойлайды
дейсің бе? Іздегенім – ізгілік, жоқтайтыным – жақсылық,
аңсағаным – адалдық пен әділдік! Татулық – тіршіліктің
тірегі! Мен төрткүл дүниенің тұтастығын, туысқандығын

ойлаймын. Быт-шыт болып бөлінбей, тұтас түлкі қауымы
болып тәтті өмір сүрген қандай тамаша!
Мысық: Тілің майда, ойың қайда! Сол үшін бәріміз түл-
кі болмай, түлік болсақ қайтеді, ә?!

Түлкі: Жо-жоқ, мен түлік болғым келмейді! Мен – түл-
кімін, түлкі болып қала беремін!
Балақай: Ә, сонда немене, түлкі болу жақсы да, түлік
болу жаман ба? Сенің туысқандығың мен теңдігіңнің тамы-

ры белгілі болды!
Мысық: Ең дұрысы, хақ тағала қалай жаратса, солай
қала берейік те! Қолдан қауым жасайтын сен құдай емессің
ғой! Әркім өз орнында, өз қалпында жүріп-ақ, бір-біріне тіл

тигізбей, ноқта кигізбей, тең дәрежелі дос болғанға не жет-
сін!

Балақай: Көрдің бе, құлыншағым?! Арманыңа түлкі боп
емес, тұлпар болып жетесің әлі-ақ! Қосыл үйірге, тарт алға!
Түлкі: Тимеңдер оған! (құлынға) Алданба надандардың
сөзіне! Ұмытпа түлкі тәтеңді! Тастама алтын ноқтаңды! Ал-

тын ноқта! Айрықша артықшылық белгісі! Бұларда жоқ!
Өздерінде жоқ болған соң саған да қимайды! Сен жай құ-
лыншақ емессің! Сен алтын ноқталы ерекше құлыншақсың!
(Құлын әрі-сәрі болып, толқып тұр).

Мысық: Азат басыңды қор қылма! Қайыс болсын, шын-
жыр болсын, алтын-күміс болсын, бәрібір – ноқтаның аты
ноқта! Жылтыраққа алданып, жұртыңнан безе көрме!
Түлкі: Олай емес! Жұрттың қолы жетпей жүрген алтын

әшекей – әсем байлық өзі келіп басыңа қонып тұрғанда, үр-
кітіп ақымақ болма! Жүр кеттік менімен бірге!
Бота: Босат басыңды алдамшыдан! («Таста!», «Кеттік!»
деп, бұлар у-шу болып жатқанда, құлын алтын ноқтаны

жарқыратып, желіп-желіп жүреді. Біресе төлдерге, біресе
түлкіге жақындап, екі жағын қимай, іштей арпалысып,
қиналады. Бәрі де құлынды өзіне тартып, ықылас білдіреді.
Сол кезде жан түршіктіре «ар-р!» етіп қасқыр атылып

шығады. Бәрінің зәресі ұшып жан-жаққа бытырай қашады.
Қасқыр құлынды қуа жөнеледі. Апыр-топыр, сарт-сұрт,
жарқ-жұрқ. Құлын шыңғыра кісінейді, қасқыр айбаттана
ырылдайды. Шапшаң, епті құлынды ұстай алмай, әбден әуре

болады. Бір кезде алтын ноқта сүйретілген шылбыры бір тү-
біртекке ілінеді де қалады. Қасқыр шылбырдан ұстай алып,
табандап тартып, жақындай бастайды. Төлдер күйініп, түлкі
шаттанады, құлын аспанға шапшып әлек болады).

Қасқыр: Ап-п, бәрекелді, алтын ноқта! Алтын ноқта!
Ажал болып оратылдың, талай-талай миы жоққа! Е-е, аңқау
құлыншағым, жылтыраққа құмар едің... жылтырайсың
қазір... Жалтыратамын мен сені! Жарқыратамын күллі әлем-

ге... жарып салып! Жар сал, кәне жалғанға, мен керемет,
көркем құлынмын деп... Мақтан, мақтана ғой... мақтанға
әуес едің, мақтаймын мен сені! Жал-жаясы қандай жұмсақ,

балдай тәтті, қазы-қартасы тіл үйіреді... таңдайыңнан дәмі
кетпейді деп мақтаймын мен сені! (Ашынған төлдер,
мысық, балақай қасқырға қорқа-қорқа жақындап, жабыла
кетеді, төмпештеген болады. Қасқыр «ар-р!» деп бұлқын-

ғанда бәрі жан-жаққа ұшып кетеді де, қозғалмай жатып қа-
лады. Қасқыр ырылдап, түлкі қутыңдап, құлынға қарай жа-
қындай береді. Шырқыраған құлынды енді жарады-ау де-
генде оқша атылып ит келеді де, қасқырды қағып кеп жібе-

реді. Қаңқ етіп домалап кеткен қасқыр қайта ұмтылып, ит-
пен біраз шайқасады. Мысық түлкімен алысып-жұлысып
кетеді. Төлдер қиқулап «бас, бас!», «алып соқ!», «алақай,
алақай!» деседі. Сол кезде құлын алтын ноқтаны басынан

сыпырып алып: «Ноқталарың да өздеріңе, мақтағандарың да
өздеріңе!» – деп, түлкі мен қасқырға қарай лақтырып жібе-
реді. Әлі де болса қарсыласып тұрған түлкі мен қасқырға
алтын ноқта оратылып қалып, екеуі оны шұбатқан күйі со-

балаңдап қаша жөнеледі. Төлдер: «Бізге дегендерің өздері-
ңе! Өздеріңе! Жасасын азаттық! Жасасын нағыз теңдік! Жа-
сасын шынайы достық!!!» деп, қиқулап шығарып салады!
Балақай бастап, барлығы қол ұстасып, татулық, туысқан-

дық, теңдік, азаттық рухындағы дала биін билейді).

Соңы. 2002 жыл.

Сырғанақ

Қатысушылар:
Баян ата
Тайбек – немересі
Сайраш – көрші қыз

Доскен – көрші бала
Зәкен – көрші бала
Әйкен – көрші қыз
Қанат – Зәкеннің әкесі

Сара – Әйкеннің шешесі

1-АКТ

Бірінші көрініс
Қыстың алғашқы күні. Қала. Зәулім үйдің ауласы. Қа-
лың қар жауған. Дүние аппақ. Асыр салған бір топ баланың
даусы төңіректі жаңғыртады.

Тайбек: О-о! Қандай аппақ қар!
Сайраш: Ақша қар!
Доскен: Күміс қар! (Уыстап алып, ауыздарына салып
көреді).

Сайраш: Өзі аппақ!
Тайбек: Өзі сұп-суық!
Доскен: Өзі тәп-тәтті!

Сайраш: Қандай керемет қар! (Бәрі қосылып, секіріп
әндетеді).
Сайраш:
Ақша қар, ақша қар, ақша қар,

Керемет әдемі, аппақсың,
Тайбек:
Алты рет айналсам әлемді,
Дәл сендей аппақты таппаспын!

Доскен:
Аспанда қалқыған ақша қар,
Үлпілдек, ғажайып тазасың,
Сайраш:

Жел мініп, алысқа жол тартпай,
Неліктен сен жерге жауасың?!
(Бәрі қосылып): Ақша қар, ақша қар, ақша қар!
Баян ата келеді.

Баян ата: О-о, балапандар, балпанақтар, балақайлар,
алақайлар! Ақша қар сендерге қыстың сыйы! Оның да өз
қызығы бар! Біз бала күнімізде доптаяқ ойнап, сырғанақ те-
бетінбіз! Ал сендер айпат пен айпоннан шықпайсыңдар!

Байқаңдар, балақайларым-алақайларым, батсап-матсап деп
қақсап жүргенде, оқудан ақсап қалмаңдар! Ютуп-мұтып,
миларыңды мытып, біржолата жұтып қоймасын! Одан да
бір мезгіл далада асыр салып ойнасаңдар, қандарың тарап,

бұлшық еттерің шынығады! Шымыр болып өсесіңдер! Қыс-
тыгүні аязбен алысып, боранмен жарысып, сырғанақ тепкен
қандай керемет!
Тайбек: Алақай! Ата, ата! Бізге сырғанақ істеп берші!

Сайраш, Доскен (жарыса шулап): Сырғанақ! Сырғанақ,
Баян ата! Баян ата, сырғанақ!
Баян ата: Охо! Баян ата, Баян ата! Қандай қызық бала-
сыңдар, ә? Сонда мен бейнеттеніп тер төгуім керек екен, ә?

Ал сендер сырғанақ теуіп, қызығын көрулерің керек екен,
ә!? Бұл дұрыс бола ма, балапандар?!
Сайраш: Сіз де бізбен бірге сырғанақ теуіп ойнаңыз!

Доскен: О-о, Баян ата, қалай күшті болар еді!
Баян ата: Ойхой, мен сырғанақ теппегелі жарты ғасыр-
дан асып кетті! Әбден ұмытып қалыппын!
Сайраш: Ал біз сізге үйретеміз қалай тебуді, Баян ата!

Баян ата: Ой-буй! Сендермен сырғанақ тебемін деп,
белім ирелеңдеп, кәрі сүйегім шашылып, жатсам ғой қарға
көміліп... Әжелерің әжуалап:» Бә-йән-н әтә, Бә-йән-н әтә,
сырғанақтан тәй-ғән-н ата, шәйіңді ішіп, жаның бақпай,

қарға кірдің қайдән-н, әтә-ә!» – деп, күлмей ме, әбден!
Доскен: Күлмейді!
Сайраш: Күле алмайды!
Тайбек: Өйткені, әжеге де тепкіземіз сырғанақты!

Доскен: Құласаңдар, екеуің бірге құлайсыңдар!
Сайраш: О-о! Ата мен әжені аппақ қарға аунатамыз!
Баян ата: Мәссаған! Біздің кемпірді сырғанақ тебуге
көндіре алсаңдар, жарайды! Мен сендерге сырғанақ жасап

берейін! Сендер оны қыс бойы тебіңдер! Бірақ, ол үшін ең-
бек ету керек! Бәрің бір кісідей жұмылып, маған көмекте-
сіңдер! Қане, сен күзетшіден күрек алып кел! Сен шелек
алып кел! Мына жерге қарды үйеміз! Көп болып келісіп іс-

теген жұмыс жемісті болады!
Барлығы қуанып, әндетіп, шуылдап жүгіріп кетеді. Әп-
сәтте құрал-саймандарын, ойыншық күректерін сайлап, қы-
зу жұмысқа кіріседі.

Сырғанақ, сырғанақ, сырғанақ,
Зулайтын, зырлайтын сырғанап,
Қар үйіп, су құйып, қатырып,
Сырғанақ жасаймыз бір ғажап!

Баян ата бас болып, әндетіп жүріп, ауланың бір шетінен
бастап қарды биіктетіп үйеді. Зәкен мен Әйкен келеді. Қол-
дарында сырғанақ тебетін пластмасса қалақтары бар. Екеуі
ай-шай жоқ үюлі төбеге беттейді.

Тайбек: Әй, тоқта, тоқта! Сендер қайда барасыңдар?
Зәкен: Мен сырғанақ тебемін!
Әйкен: Мен де тебемін!

Баян ата: Тұра тұр, қарағым! Әлі тебуге болмайды! Әуелі қарды үйіп, үлкен төбе жасап алайық! Екеуі шегініп, кекірейіп қарап тұрады. Баян ата мен балалар үйілген қарды нығыздап, ұзынша жол сала бастайды. Зәкен (айналсоқтап): Енді тебуге бола ма? Баян ата: Болмайды! Қарды нығыздап болғасын, су құямыз! Әйкен: Содан кейін тебуге бола ма? Баян ата үндемей, үйме қарға шелекпен су құяды. Зәкен мен Балкен (бір айналып келіп): Енді тебуге бола ма? Баян ата: Асықпа дедім ғой сендерге! Су түнімен қатып, мұз болады. Таңертең сырғанақ дайын болады! Әйкен: Таңертең? О-о, қалай ұзақ күту керек! Зәкен: Ал мен қазір тепкім келеді! (Сырғанаққа шығуға ыңғайланады). Баян ата: Тоқта, тоқта! Мұз әлі қатқан жоқ, қоймалжың қарды езіп, текке бүлдіресіңдер бәрін! Әйкен: Фу-у, менің ішім пысты! Сырғанақ тепкім келіп тұр! Зәкен: Мен немене, сендерді күтіп тұруым керек пе осылай?! Тайбек: Күтпесең, кете бер! Сені ешкім ұстап тұрған жоқ! Баян ата: Асықпаңдар, балалар, ешқашан асықпаңдар! «Сабыр түбі – сары алтын» деген аталарымыз! Апыл-ғұпыл жұмыс, оп-оңай жеміс болмайды! Келіңдер, қазір барлығын әдемілеп жасап алсақ, ертең рахаттанып ойнаймыз! (Зәкенге күрек ұсынады): Қане, балам, ана жердің қарын күреп жібер! Зәкен (кекірейіп): Мен?! Қар күрейді?! Фу! Күреңдер өздерің керек болса! Әйкен: Біз сендерге қар күрейтін аула сыпырушы емеспіз! Тайбек: А-а?!

Доскен: Мыналар не деп тұр?!
Сайраш: Немене, сонда, қар күреген біз ақымақпыз ба
сендерше?!
Баян ата: Әй, шырақтарым! Бұл сырғанақ өздерің үшін

ғой! Ертең қызығын да өздерің көресіңдер!
Зәкен: Иә, көреміз!
Әйкен: Сырғанақ тебеміз!
Зәкен: Бірақ қар күремейміз!

Доскен: Сендер қандай қызық баласыңдар? Сырғанақ
тепкілерің келеді, ә?
Зәкен: Иә!
Әйкен: Тепкенде қандай!

Сайраш: Бірақ, жұмыс істегілерің келмейді, ә?!
Зәкен: Жоқ!
Тайбек: Онда сырғанақ та теппейсіңдер!
Зәкен: Оны көрерміз әлі!

Тайбек: Көрсек көрерміз!
Баян ата: Мейілдерің, шырақтарым! Қар күремесеңдер,
күремеңдер, бірақ, бөгет болмай, кейін тұрыңдаршы өзі!
(Бәрі жұмысты жалғастыра береді. Жұмысты аяқтар-

аяқтамастан Зәкен төбеге шықпақшы болады).
Зәкен: Міне, қараңдар! Мен бірінші болып тебемін сыр-
ғанақты!
Тайбек: (Мұндай әділетсіздікке күйіп кетіп, Зәкенді ите-

ріп жібереді): Жоқ, бірінші болып мен тебемін! Менің атам
жасады сырғанақты!
Зәкен: Жоқ, мен біріншімін!
Тайбек: Мә! Саған мүлде тепкізбейміз!

Зәкен: Неге?
Тайбек: Еңбек етпеген кісіге сырғанақ тебуге де бол-
майды!
Зәкен: Тебемін дегесін тебемін!

Тайбек: Теппейсің!
Зәкен: Өй, кетші былай!
(Екеуі ұстасып, жұлқыса бастайды).

Баян ата (оларды айырып жібереді): Тоқта, тоқтаңдар!
Таласпаңдар босқа! Татулықпен ойнасаңдар, бұл сырғанақ
көктемге дейін бәріңе де жетеді!
(Тайбек тіл алып, тоқтайды. Зәкен мен Әйкен бұртиып,

аулақтау барып, бой тасалап тұрады).
Баян ата: Ал, балалар, бүгінге осы жетеді! Ертеңге дей-
ін сырғанағымыз сақиып қатып қалады! Содан кейін құмар-
ларың қанғанша сырғанайсыңдар!

(Бәрі шелек, күректерін алып, тарап кетеді. Сол кезде
Зәкен мен Әйкен тасадан шығып, ұрлана басып сырғанаққа
келеді).
Зәкен: Бәрібір біз бірінші болып тебеміз!

Әйкен (ақырын, ұрлана шаттанып): Алақай, алақай! Біз

– біріншіміз!

(Екеуі төбеге шығып, сырғанақ тебе бастайды. Қатпаған
қоймалжың қар сырылып, ойдым-ойдым болып, сырғанақ
бұзылып қалады. Екеуі сырғанақтың әлі қата қоймаған қой-
малжың кесектерін аяқтарымен тепкілеп, шашып-шашып

тастап, үйлеріне қарай зытады).
Екінші көрініс
Таңертең сырғанақ теппекші болып жүгіріп келген Тай-
бек, Доскен, Сайраш үшеуі шашылып жатқан сырғанақта-

рын көріп, айғай салады.
Сайраш: Ойбай! Анаң қараңдар...
Доскен: Мәссаған! Масқара болды ғой!
Тайбек: Ата! Біздің сырғанағымызды бұзып кетіпті!

(Баян ата келеді. Үндемей, басын шайқап, ойлана қарап
тұрады).
Сайраш: Баян ата! Бұл – Зәкен мен Әйкен!
Доскен: Түнде келіп, бұзып тастаған ғой, Баян ата!

Тайбек: Ерегісеп, қасақана істеген! Олардың сазайын
беру керек! (Баян ата үндемей, сырғанаққа қарап, ойланып
тұра береді). Ата, ата! Ата деймін... Неге үндемей тұрсың?!

Баян ата: Үндегенде не істеуім керек?! Байбаламдап,
бақыра берген жақсы емес! Не нәрсеге де сабыр керек!
Тайбек: Жарайды, біз сабырлы болайық... Бірақ, сабыр
бізге сырғанақ болмайды ғой!

Сайраш: Ал біздің сырғанақ тепкіміз келеді!
Доскен: Сондай күшті тепкіміз келеді!
Баян ата: Онда не істеуіміз керек?
Тайбек, Сайраш, Доскен (шу етіп): Сырғанақты жөндеу

керек!
Баян ата: О-о, міне дұрыс айттыңдар! Ал, ендеше ...
кеттік!
(Барлығы қосылып, сырғанақты қалпына келтіруге кірі-

седі).
Сырғанақ, зуылдап сырғанап,
Тебеді қуанып жүз бала,
Қайтпаймыз қиын деп жұмыстан,

Керегі қайрат пен мұз ғана!
(Бәрі жабылып, әндетіп жүріп, қарды қайта үйіп, су
құйып тастайды).
Баян ата: Ал, балдар, бүгін аяз екен, сырғанақ қазір-ақ

қатып қалады! Сендер сәлден кейін тебе беріңдер! Ал, мен
үйге барайын! Әжелеріңнің шайы дайын боп қалғанын мұ-
рыныммен сезіп тұрмын! (кетеді).
(Балалар бір-біріне ымдап, бір бұрышта тығылып, аңдып

тұрады. Екінші жақтан ұрлана басып Зәкен мен Әйкен ке-
ліп, сырғанаққа жақындай бергенде, Тайбек, Сайраш, Дос-
кен үшеуі алдарынан шыға келеді).
Доскен, Сайраш (жарыса): Әп, бәлем! Ұсталдыңдар ма!

(Зәкен мен Әйкен сасқалақтап, шегініп, үндемей тұрады).
Тайбек (Зәкенге шүйлігіп): Әй, Зәкен, неге бұздың біздің
сырғанағымызды?!
Зәкен: Сен бізге тепкізбеймін деп едің ғой... Ал, ендеше,

тепкеннің қандай болатынын көр!
Тайбек: Ах, оңбаған!

(Тайбек пен Зәкен төбелесе кетеді. Кинодан көргендерін
істеп, алыстан секіріп, бір-біріне тигізбей, тигізе алмай тебі-
седі. Ұрмақ болады. Доскен мен Сайраш: «Тай-бек! Тай-
бек!» – деп, ұрандайды айнала. Сөйтіп жүргенде Тайбектің

қолы Зәкеннің бетіне тиеді. Анау өкіріп жылап, үйіне қарай
жүгіріп кетеді).
Сайраш: Ура-а! Алақай!
Доскен: Біз жеңдік!

Тайбек: Сырғанақты бұзғанның сыбағасын бердік!
(Үшеуі мәз болып, әндетіп, сырғанақ тебе бастайды).
Сырғанақ, сырғанақ, сырғанақ,
Асыр сап, зырлаймыз сырғанап!

Аязда тоңбаймыз, ойнаймыз,
Қызық қой қыстағы бір ғажап!
(Әйкен қызығып, сырғанақ тебуге ыңғайланады. Үшеуі
оны қағып-соғып: «Әйкөн-Мәйкөн, Әйкөбас-Мәйкөбас!» –

деп, мазақтап, итермелеп, сырғанаққа жолатпайды).
Әйкен (ызаланып): Тұра тұрыңдар, бәлем! Мамама ай-
там! Кешке жұмыстан келгесін сендерге көрсетеді! (Кетеді).
Сайраш: Айта бер! Өсекші!

Доскен, Тайбек: Өсекші! Өсекші!
Сайраш: Біз де айтамыз!
(Үшеуі әндетіп, рахаттана сырғанақ тебе береді. Біраз-
дан соң Сара келеді).

Сара (айқайлап келеді. Әйкен артында): Өй, өңкей жү-
гірмек, көгала! Сырғанақтарыңды сирағыммен сырып тас-
тайын ба осы! Сыпырғышпен сыпыра салайын ба, ә! (Ек-
піндеген бойы, сырғанақты бір тебеді. Қатқан мұз бұзыл-

майды. Сара ауырған аяғын сипалап, секеңдеп, «ойбайлап»
жүреді. Балалар сырғанап түскен жерлерінде қозғалмай
отырып қалады). Ах, оңбағандар! Сендердің сырғанақтары-
ңа дейін сұмырай! Менің Әйкөніме сырғанақ тепкізбей

жүрген қайсың қане? Кім оны жылатып қуып жіберген, ә?
Айтыңдар, қане, жандарың барында! Сен бе? Жоқ әлде сен
бе? Әлде бәрің жабылып жәбірлеген шығарсыңдар? Ә-әп,

бәлем! Қыр арқаларыңды қармен ысқылап, беттеріңді бо-
ранмен үшкірейін бе? Көздеріңе көк мұз қатырып, аяқта-
рыңды аязбен үсітейін бе осы, ә! (Үшеуі дымдары шықпай
жаутаңдап отырғанда, Әйкен арқаланып, қыр көрсете сыр-

ғанақ тебеді). Міне, міне, менің Әйкөнім-Мәйкөнім, Әйкө-
басым-Мәйкөбасым қандай әйбәт сырғанайды! Тура әлем-
пия шемпионы сияқты емес пе, ә?!
(Осы кезде Баян ата келіп қалып, Сараның сөзін сабыр-

мен тыңдап тұрады).
Баян ата: Жеңімпаз болу үшін аянбай еңбек етіп, тер
төгу керек! Ал, сіздің Әйкөн-Мәйкөніңіз қолының ұшын
қимылдатуға да ерінеді екен!

Сара: Кешіріңіз, сіз не деп тұрсыз осы?!
Баян ата: Қызыңыз Әйкен барып тұрған жалқау деп
тұрмын!
Сара: Қалайша біздің Әйкөбасты жалқау дейсіз?.. Аппақ

сақалыңызбен өйтіп жала жаппаңыз балаға!
Баян ата: Мен жала жауып тұрғаным жоқ, шындықты
айтып тұрмын! Сіздің Әйкөбасыңыз балаларға сырғанақ
жасауға мүлде көмектескен жоқ!

Сара: Ә-ә, солай ма... апырмай... Ә, бірақ, біздің Әйкө-
бас аулада сырғанақ жасауға міндетті емес қой!
Баян: Дұрыс айтасыз! Сіздің Әйкөбасыңыз сырғанақ жа-
сауға міндетті болмаса, сырғанақ тебуге де міндетті емес!

Сара: Немене, сіз сонда біздің Әйкөбасқа сырғанақ те-
буге тиым салмақсыз ба? Оған қандай хақыңыз бар? Міне,
мына жүгірмектер де жаңа жылатып жіберіпті... сырғанақ
тепкізбей. Өй, қайыршылар, әкелеріңе танытайын ба осы!

Баян ата: Балаларға бекерден бекер бақырмаңыз! Сіз-
дің Әйкөбасыңыз оларға көмектеспек түгілі, түнде сырға-
нақтарын бұзып, қиратып тастапты! Ондай қаскөйліктен
кейін қайтіп бірге ойнайды, ә!? Қане, Әйкенжан, анашыңа

айта қойшы, қалай қиратқаныңды!?
Тайбек, Доскен, Сайраш үшеуі Әйкенді айнала жүріп:
Әйкөбас – зиянкес! Мәйкөбас – жалқау! – деп әндетеді. Әй-

кен ұялып, үндей алмай, шешесінің артына тығылып, төмен
қарайды.
Сара (оны көріп, жуасып): Өй, Әйкөбас-Мәйкөбас, рас
па? Мұның қалай?! Масқара, бетім-ай! Тірідей өлтірдің ғой

мені! (Әндете созып): Бай-бай-ай, бай-бай, бай-бай-ай!
(Шешесі әндетіп бола бергенде, Әйкен төмен қарап, өксіп-
өксіп жібереді. Шешесінің даусына ұқсатып, әндете жылай-
ды. Даусы бүкіл ауланы кернеп кетеді. Әуелде оның жыла-

ғанын қызық көріп, бір-біріне саусағымен көрсетіп, масай-
рап қалған балалар бірте-бірте оны аяй бастайды. Сара сас-
қалақтап, ұялып, абдырап қалады).
Баян ата (Әйкенге таяп келіп, арқасынан аялай қағады):

Жә, болды, балам, жылама! (Балаларды қолымен үйіре жа-
нына шақырып): Балалар, Әйкен өз қатесін түсінді! (Әйкен
жылағанын тоқтатып, ақырын-ақырын өксіп қояды). Енді-
гәрі ондай жамандық жасамайтын болады! Солай ма, Әй-

кенжан! (Қыз одан сайын бір өксіп жіберіп, басын изей бе-
реді).
Сара: Қызым, айналайын, Әйкөнім-Мәйкөнім, сен үл-
кендердің айтқанын тыңда! Ендігәрі мұндай ұят істерден

аулақ бол! (Әйкен басын изей береді).
Баян ата: Осымен сөз бітті, бәрі кешу болсын! Солай
ма, балақайлар!?
Балалар (қосыла шу ете түседі): Иә! Солай!

Баян ата: Ендеше тату-тәтті бірге ойнаңдар! Бұл сыр-
ғанақты біз барлық балалар үшін жасадық қой, сондықтан,
біздің сырғанағымыз деп, қызғаныш қылмаңдар! Солай ма!?
Балалар: Иә! Солай!

Баян ата: Ал, онда сырғанақ тебеміз! (Балалар әндетіп,
сырғанақ тебеді).
Сырғанақ, сырғанақ, сырғанақ,
Асыр сап, зырлаймыз сырғанап!

Аязда тоңбаймыз, ойнаймыз,
Қызық қой қыстағы бір ғажап!

Сырғанап, шаттанып ойнайық,
Ойнайық, қызыққа тоймайық,
Ұрыспай, керіспей, таласпай,
Татулық, достықты ойлайық!

(Борандатып, ысқырып Қанат келеді. Қаһарлы. Зәкен қа-
сында).
Қанат (екпіндеп келген бойда үш балаға тарпа бас са-
лады): Ой, иттің ғана балалары! Сендер ме біздің Зәкенді

жабылып ұрып жүрген?!
(Балалар сақтанып, тұра қашады. Қаһарланған Қанат
оларды сырғанақты айналдыра қуады. Сайраш бірден Баян
атаның жанына келіп паналайды).

Әйкен: Ой, мама, менің айран ішкім келеді!
Сара: Жүре ғой, іше ғой, әйрәніңді! (Қызын жетелеп,
зытады).
(Қанат Доскенді ұстай алмай, ауа қармап, далбаңдап

жүргенде, Тайбек аяғынан шалып қалады. Қанат бір-екі до-
малап кетеді. Орнынан айқайлай тұрып, Тайбекті тұра қуа-
ды. Ол айнала қашып, енді ұстай бергенде, бұлт етіп бір
бүйірінен шығып кетіп, итәлек қылады. Зәкен алыстан айбат

шегіп, қолдарын сермеп, балаларды тепкен болып, аяғын
ауаға көтеріп-көтеріп қояды. Балалар әбден құтырынған
Қанаттан қашып келіп, бағанадан бері сабырмен бақылап,
аңысын аңдап тұрған Баян атаның сыртына тығылады. Қо-

лын көтеріп келе жатқан Қанаттың алдынан Баян ата таяғын
көтеріп, тосып алады. Қанат атамен ұстаса кете жаздап ба-
рып, кезеулі таяғына кеудесімен тіреліп, амалсыз алқына
тоқтайды).

Қанат (ашуын зорға тежеп, қатқыл үнмен Баян атаға):
Көрші, сіз қойыңыз мұндайыңызды!
Баян ата: Иә, қандайымызды?!
Қанат: Балаларға ара түскеніңізді!

Баян ата: Ара түспегенде, саған ұрғызып қойып, қарап
тұрайын ба?

Қанат: Онда менің жұмысым жоқ! Жолымнан былай тұрыңыз! Баян ата: Өй-дөйт дегенің! Бәлкім, мә, көрші, міне жолың, балаларды сабай ғой деп, иіліп тұруымыз керек шығар, ә?! Қанат: Жолыма көлденең тұратын болсаңыз, тапап кетемін! Мінезім солай! Баян ата: Ондай мінезіңді езіп басыңа жақ! Сенде мінез болғанда, жұртта мінез жоқ па екен?! Саған таптатып қояды деп тұрмысың!? Әркімге ұрынғандардың жынын қағып алу – ата кәсібім! Менің де мінезім солай! Қанат: Әй, шал, сен сыйлағанды біл де, жақсылықпен былай тұр! Әйтпесе... Баян ата: Не, әйтпесе?! Өй, көргенсіз неме... осыдан тырп етіп көрші кәне! (Таяғын сермеп-сермеп, айбарланып, Қанатты ықтырып тастайды. Осы кезде Зәкен бетпақтанған күйде сырғанаққа шыға бастайды. Оны көріп күйіп кеткен балалар жүгіріп барып Зәкенді қоршап алады. Баян ата мен Қанат та соларға қарай жақындайды). Тайбек: Түс, қане! Зәкен: Түспеймін, ал, неғыласың?! Доскен: Кет, былай! (Тайбек екеуі қарсыласып, тыртысқанына қарамай, Зәкенді сырғанақтан аулағыраққа итермелеп тастайды). Тайбек: Осының бәрі сенің кесірің! Доскен: Барлық пәлені бастаған сенсің! Зәкен: Мен не істедім сонша сендерге!? Сайраш: Рұқсатсыз тебуге болмайды сырғанақты! Қанат: Әй, есалаңдар, өшіріңдер үндеріңді! Менің балам ешкімнен сұрамайды! Тайбек: Нені сұрамайды? Қанат: Сырғанақты қашан, қалай тебуді сұрамайды біздің Зәкен! Қай кезде тепкісі келеді, сол кезде тебеді! Маған тартқан, мінезі солай!

Доскен: Ол қатпаған сырғанақты теуіп, ойып-ойып тас-
тады ғой!
Сайраш: Ол аздай былай, былай, міне, былай тепкілеп,
быт-шытын шығарды! Біз оны қанша әуре болып, қайтадан

жасадық! Өй, ұятсыз!
Тайбек: Сондықтан сіздің Зәкеннің біздің сырғанақты
тебуге хақысы жоқ!
Доскен: Тепкізбейміз!

Сайраш: Онымен бірге ойнамақ түгілі, көргіміз келмейді!
Қанат: Көргілерің келмесе, көшіп кетіңдер! Біздің де
сендерді көргіміз кеп тұрғаны шамалы!
Сайраш: Ол неге қиратады біздің сырғанағымызды?!

Қанат: Енді... қиратқысы келсе, қиратады! Ешкімнен
сұрамайды менің балам! Мінезі солай! Немене, әр басқан
қадамына сендерден рұқсат сұрап тұруы керек пе?!
Баян ата: Онда біз оны бұл сырғанақтың маңынан да

жүргізбейміз! Біздің де мінезіміз солай!
Қанат: Ақсақал, сіз неге аппақ шашыңызбен балаларды
алалайсыз, ә?
Баян ата: Қалайша?!

Қанат: Солайша! Балаларды жақсы, жаман, жалқау,
зиянкес деп бөліп, араздастырып жүрген сіз ғой!
Баян ата: Әй, сен не деп тұрсың? Денің сау ма өзі? Мен
бар болғаны – балаларды еңбекке үйреттім ғой!

Қанат: Үйретсеңіз, бәріне үйретіңіз! Ал сіз балаларды
ынтымақ, татулыққа шақырудың орнына, «сен жалқаусың»
деп шетке итересіз! Саған сырғанақ тебуге болмайды, алай
теп, былай теп ... олай ойнама, былай ойнама деп мән үйрете-

сіз! Сен теп, сен теппе деп неге тиым саласыз, ә? Немене, сіз
бұл сырғанақты сатып алып па едіңіз! Әлде сырғанақты да...
жұтып қойдыңыз ба... жекешелендіріп?! Бір-екі шелек су
құйдым екен деп, қожайын бола қалдыңыз ба? Бала қашан,

қалай ойнағысы келсе, солай ойнайды... Сізден сұрамайды...
Бала түгілі, үлкендерді де түзей алмайсыз... Қазір ешкім де

сөз тыңдамайды, тыңдаса да ұқпайды, үлкеннің тілін алмай-
ды! Сондықтан, басты ауыртпай, жайыңызға жүріңіз!
Баян ата: А-а, солай тарттың ба?! Ендеше, мен былай
тартамын! Біріншіден, бұл сырғанақты біз өз қолымызбен

жасадық! Барлық балалар тепсін, ойнасын, қуансын деп жа-
садық! Ал, сен, Зәкен шырағым... бері келші өзің... (Зәкенді
қолынан тартып, әлсіз қарсылығына қарамай ортаға шыға-
рып алады). Көпшіліктің ақ тер, көк тер боп жұмыла жұмыс

істеп жатқанын көріп тұрып, көмектескен де жоқсың!
Зәкен: Мен біреуге көмектесуге міндетті емеспін!
Қанат: Ол сендердің жалдамалы қызметшілерің емес қой!
Баян ата: Мейлің, шырағым! Құдай сенің көмегіңе қа-

ратпасын! Біз үшін емес, өзің үшін көппен бірге еңбек етуің
керек еді! Жарайды, көмектеспесең де тебе бер сырғанақты!
Бірақ, біз саған айттық қой, сырғанақ қатқанша теппе, бұзы-
лып қалады деп! Ал, сен тіл алмадың!

Зәкен: Тепкім келді, тептім!
Баян ата: Ол аздай, тепкілеп, қиратып кетіпсің! Әй, бұл
сырғанақ сендер үшін ғой! Неге зиян жасайсың, ә?! Ұят
емес пе?! Не нәрсені де қирату оңай! Ол ұят, обал! Оны

жөндеу қиын! Ал жаңадан бір нәрсе жасау тіпті қиын! Бі-
рақ, ол – еңбек, үлкен абырой! Ол – сауапты іс! Ұқтың ба,
Зәкен шырағым?!
Зәкен: Жіберші қолымды! (Ызаланып, жүгіре басып ке-

тіп қалады).
Қанат: Ақсақал, мұндай ақылсымағыңызды кемпіріңіз-
ге айтарсыз! Ал бізге алжығанбай-мылжығанбай қажет
емес! Өз ақылымыз өзімізге жетеді! Не істеу керек екенін де

сізден сұрамаймыз! (Кете береді). Көрерміз әлі, кімнің сыр-
ғанақ теуіп, кімнің шырғанақ тергенін!
(Баян ата мен балалар бір сәт үнсіз ойланып қалады).
Баян ата: Астапыралла! Бұл не деген сазбет сабаздар,

әй, ә?!
Тайбек: Бұларды сырғанақтың маңынан да жүргізбеу
керек!

Сайраш: Өздері жасап алсын керек болса!
Доскен: Дегенмен, сақ болу керек! Тағы да бұзып таста-
масын!
Тайбек: Бұзып көрсін! Мен атамның таяғымен басын

жарамын! Ата, маған таяғыңды бересің ғой, иә!?
Баян ата: Жә, жә, сабыр, сабыр, балақайлар! Біреудің
басын жаруға болмайды ешқашанда! Ақылды болыңдар!
Егер де Зәкен орталарыңа қайтып келсе, татуласып, жара-

сып ойнаңдар! Жарай ма! (Балалар «Иә!» деп шу ете түседі).
Ал, онда, жүріңдер, біздің үйге барайық! Әжеңнің қою кү-
рең шайының иісі мұрнымды жарып барады! Сандықтың
түбіне тығып қойған тәтті-пәттілері де шығып қалар сендер-

ге! (Барлығы кетеді).
Үшінші көрініс
Түн. Ай сәулесі айналаға төгіліп тұр. Аппақ сырғанақ
жалтырап, ерекше әдемі көрінеді. Сырғанаққа бұлдыраңдап

біреу келеді. Әйкен! Әндетіп, рахаттанып сырғанақ тебе бас-
тайды.
Әйкен:
Ай мен Әйкен!

Әйкен мен Ай!
Әйкен-ай, Әйкен-ай,
Әйбәт қандай, әдемі-ай! (Сықылықтап күледі).
Әйкөбас-Мәйкөбас,

Етігің сенің қайқыбас,

Табан бүрі төрт елі,
Тайғанақта тайқымас! (Тайып кетіп, сырғанап, тө-
менге құлап түседі. Мәз болып, сақылдап күледі).
Аймен ойнап Әйкөн-ай,

Тайып кетіп байқамай,
Құлап түсті қарға аунап,
Әй, Әйкөн-ай, Мәйкөн-ай!

(Ол әндетіп отырғанда, бір қорқынышты қаракөлеңке ту
сыртынан ақырын төніп келіп, теңселіп тұрады. Әйкен әнін
аяқтай бергенде, желкесінен бас салады).
Зәкен: Ар-рр! (Әйкен шошып кетіп, «ойбайлап» шор-

шып түседі).
Зәкен (қорқытпақ болып, қырылдап): Ә-ә, ұсталдың ба,
әп, бәлем! Айпон-Майпон, Айкубас-Майкубас!
Әйкен: Түу-у, Зәкен, сен екенсің ғой!

Зәкен: Мен қазір сенің сазайыңды тартқызамын!
Әйкен: Иә, не үшін тартқызасы-ы-ың менің-ң сазайым-
ды-ы-ыы?!
Зәкен:

Сен мені сатып кеттің! (Айнала жүріп, мазақтап):
Айран ішкен, май жалап,
Әйкөн әйбәт, айғабақ,
Досын сатып кететін,

Табаны бірақ тайғанақ!
Мысықтай тиген майлы етке,
Қарайсың маған қай бетпен,
Саттың қанша тиынға,

Зәкенді Доскен, Тайбекке!?
Әйкен (ыза болып, жыламсырап): Мазақтама бұлай!
Мамама айтам! Мен ешкімді сатқам жоқ!
Зәкен: Сатқан жоқсың ба!?

Әйкен: Сатқам жоқ!
Зәкен: Шынымен сатқан жоқсың ба?!
Әйкен (секіре билеп): Сатқам жоқ, сатқам жоқ, сатқам
жоқ!

Зәкен: Сатпасаң, жарайсың! Онда бері кел! Жақсылап
тыңдап ал мені! Бұлардың сырғанағы жаман! Қарды үйе
салған! Суды құя салған! Қайтесің оны! Біз үлкен мұз ай-
дынына барып сырғанаймыз! Ал бұлардың сырғанағы құ-

рып кетсін! Мен құртамын оны қазір! Ха-ха-ха! (Қойнына
тығып келген бір буда петарданы алып шығып, Әйкенге
көрсетеді). Міне!

Әйкен: Бұл не?
Зәкен: Жарылғыш зат!
Әйкен: О-о, алақай! Салют атамыз ба қазір!?
Зәкен: Т-с-сс! Ақырын! Жұрт естіп қоймасын! Папам

маған кө-өп петарда әперді. Фейерверк атамыз деді. Ал мен
біразын ұрлап алып шықтым! Бұл – бомбы! Ерегіскенде,
мыналардың жаман сырғанақтарын жарып жіберемін!
Әйкен: Жарғаны қалай?

Зәкен: Кәдімгідей... бұрқ еткізіп жарамын да жіберемін!
Әйкен: Қой, ойбай...
Зәкен: Қоймаймын! Қорықсаң, бар кете бер!
Әйкен: Жоқ, қорықпаймын! Бірақ, үйге барып, айран

ішкім келіп кетті!
Зәкен: Айранды көресің қазір! Осыдан кетіп көр, арқаңа
бомбы салып жіберемін! (Әйкеннің жағасын көтеріп, өтірік
қорқытып қояды). Бұрқ еткізсем, ішек-қарның айраныңмен

бірге бырқырап кетеді!
Әйкен (Зәресі кетіп, азар да безер болады): Жоқ, ойбай,
ойнап айтамын! Ешқайда кетпеймін! Тұрамын қасыңда!
Зәкен: Онда мә, мынаны ұстай тұр!

(Буданы Әйкенге ұстата салады. Ол қорыққанынан дір-
дір етіп, қол-аяғы селкілдеп, дымы шықпай, әрең тұрады.
Зәкен кинодағы сияқты, диверсанттар құсап, дайындап кел-
ген шолақ күрегімен сырғанақтың бір бүйірін оя бастайды.

Мұз болып қатып қалған қалың қарды әрең-әрең ояды).
Зәкен: Қарай көр тастай қаттысын! Баян ата шынымен
қатырып-ақ жасаған екен! Бірақ, қалай қатырсаң да, бомбы-
ға ештеңе де шыдай алмайды!

(Ойып, үңгіп көреді. Тігінен қоюға петардалары сый-
майды. Көлденең қоя салады. От береді. Екеуі сәл шегініп,
тамашалап қарап тұрады. Быжылдап жанған петарда бір
кезде гүрс етіп атылады. Бірақ, көкке қарай емес, көлденең

атылады. От жарқ етіп, түтін басады. Екеуі ойбайлап, екі
жаққа ұшып түседі. Сырғанақ қозғалмай, сол қалпында қала
береді. Қатты жарылыс пен бұлардың ойбайына Баян ата

мен Сара екі жақтан жанұшырып, қиқулап: «Не боп қал-
ды?», «Не болды, ойбай!?» – десіп, жүгіріп келеді. Зәкен бір
жақта домалап жатыр. Әйкен секіріп, өкіріп жүр. Күкірттің,
түтіннің, күйген құйқаның иісі шығады).

Әйкен: Құйқам күйіп қалды! Құйқам күйіп қалды!
Сара: Ойбуй, Айкубасым-Майкубасым, құйқабасың үй-
тіліп қалды ма, қайтейін енді!? (Құшақтап, құйқасын қарап):
Құдай сақтаған! Құйқасын тесіп, сүйегінен өтіп, миын ойып

кетпеген қайта! (Әйкен одан сайын өксиді). Әй, бұларды ма,
бұларды... Сотқа беру керек шетінен!
Баян ата: Кімді бермексің сотқа?!
Сара (сасқалақтап): Сізді... Жоқ, ойбай, не деп кеттім

мен өзі? Осындай жарылғыштарды шығарғандар мен сат-
қандарды жауапқа тартса деймін!?
Баян ата: Алған да өздерің, жарған да өздерің ... Ай-
тшы қане, кім кінәлі?!

Сара: Е-е, қайдам? Зәрем кетті әйтеуір! Әйкөнжан, ай-
ран ішкің келмей ме?!
Әйкен: Жоқ!
(Осы кезде жанұшырып Қанат жетеді. Ол Зәкенге жүгі-

ріп барып, басын көтереді. Тайбек, Доскен, Сайраш та келе-
ді жүгіріп. Барлығы Зәкеннің жанына келеді. Зәкен басын
көтеріп, әкесінің сүймелдеуімен орнынан сүйретіліп әрең
тұрады. Оның бет-аузы күйіп қалыпты).

Баян ата: Құдай сақтаған екен, әйтеуір! Көзі де, өзі де
аман!
Қанат: Зәкен, Зәкен, Зәкенжан, балам! Кім сені бетіңді
бұлай күйдірген!? Айтшы маған! Көрсетейін мен оларға!

Әкесіне танытайын!
Зәкен: Ой, папа, бақыра бермеші бетімен! Ешкім де
емес, мен өзім!
Қанат: Не дейді, әй, мынау... не деп тұр!

Тайбек: Өзім деп тұр ғой!
Сайраш: Иә, иә, өзімді атқан өзім дейді...
Доскен: Басқа ешкім де емес дейді!

Қанат: Тәйт! Не деп тұрсыңдар? Менің балам қалайша
өзін-өзі атып, бет-аузын күйдіріп тастайды!? (Зәкенге): Бі-
реулер қастық қылған шығар, сен жасырып тұрған шығар-
сың, Зәкен, ә?! Қорықпай айтшы қане, кім сені мұндай халге

жеткізген?! Мен оның терісін іремей сыпырып алып, тірідей
үйтіп тастайын қазір! (Жағалай балаларды нұсқайды). Тай-
раңдаған Тайбек пе!? Сайрандаған Сайраш па!? Бәлкім,
далбаңдаған Доскен шығар!?

Зәкен: Сен, папа!
Қанат: Мен?! Қалайша мен?! Мен тіпті бұл жерде бол-
ған жоқпын ғой!
Зәкен: Сен болмасаң да сенің сатып әперген жарылғыш-

тарың болды!
Қанат: А-а, солай ма? Мен оны саған өзін өзі жарып
жіберсін, жағып жіберсін деп әпергем жоқ! Аспанға от ша-
шып, тамашаласын деп әпердім ғой!

Баян ата: Жә, көрші, байбайлама бетімен! Бәрі де түсі-
нікті! Осы бір түкке пайдасы жоқ, айналаны күйдіріп, ауаны
бүлдіріп, улайтын сасық дәріні қып-қызыл ақшаға сатып
алып, құр босқа аспанға атқылағанда қай ұшпаққа шығып,

қай биікке жетем деп жүрсіңдер!? Ойланатын уақыттарың
болды ғой! (Зәкенге) Әй, балам, бұдан былай есіңде болсын,
ешқашан біреуге жамандық жасама, айналып келіп өзіңді
табады! Ұят емес пе осыларың!?

(Зәкен үндей алмай төмен қарайды. Қанаттың да басы
салбырап кетеді. Балалар теріс айналып, аулақтау барып тұ-
рады. Сара мен Әйкен екі топтың арасында не істерін біл-
мей абдырап қалады).

Баян ата: Жә, балақайлар, алақайлар! Балапандар, бал-
панақтар! Кекшіл, кінәмшіл болсаңдар, ел болмайсыңдар!
Кешірімшіл, кең болсаңдар, кем болмайсыңдар! Келіңдер,
қане, егестің бәрін тастайық! Тату-тәтті көрші-қолаң, бір

бауырдай болайық! Келіңдер қане, сырғанайық, ойнайық!
(Баян ата ортаға шақырып, бәрін татуластырады. Бала-
лар асыр салып, әндетіп, тату-тәтті сырғанақ тебеді).

Сырғанақ, сырғанақ, сырғанақ,
Асыр сап, зырлаймыз сырғанап!
Аязда тоңбаймыз, ойнаймыз,
Қызық қой қыстағы бір ғажап!

Сырғанап, шаттанып ойнайық,
Ойнайық, қызыққа тоймайық,
Ұрыспай, керіспей, таласпай,
Татулық, достықты ойлайық!

Соңы.
10.12.2014 ж. – 6.04.2015 ж.

Мазмұны

ӘЛІППЕ ӨЛЕҢ ................................................................................. 3 ӨЛЕҢДЕР ........................................................................................ 11 Мен – қазақтың баласы ................................................................ 11 Дала ................................................................................................ 11 Отан ................................................................................................ 11 Көк туым ........................................................................................ 11 Ата .................................................................................................. 12 Әже ................................................................................................. 12 Әке .................................................................................................. 12 Ана .................................................................................................. 12 Бала ................................................................................................. 12 Аға .................................................................................................. 13 Іні .................................................................................................... 13 Бауыр .............................................................................................. 13 Қарындас ........................................................................................ 13 Отбасы............................................................................................ 13 Ән мен күй ..................................................................................... 14 Әліппе ............................................................................................ 14 Аңыз бен жыр ................................................................................ 14 Ертегі .............................................................................................. 14 Жылқы............................................................................................ 15 Түйе ................................................................................................ 15 Сиыр ............................................................................................... 15 Қой .................................................................................................. 15 Ешкі ................................................................................................ 15 Ит .................................................................................................... 16 Мысық ............................................................................................ 16 Қаз .................................................................................................. 16 Үйрек .............................................................................................. 16 Тауық .............................................................................................. 16 Есек ................................................................................................ 17 Динозавр ........................................................................................ 17 Арыстан ......................................................................................... 17 Аю................................................................................................... 17

Жолбарыс ....................................................................................... 17 Барыс .............................................................................................. 18 Панда .............................................................................................. 18 Қасқыр ............................................................................................ 18 Түлкі ............................................................................................... 18 Қоян ................................................................................................ 18 Кит .................................................................................................. 19 Кенгуру .......................................................................................... 19 Морж .............................................................................................. 19 Піл .................................................................................................. 19 Ақ аю .............................................................................................. 19 Жираф ............................................................................................ 20 Жыл санау ...................................................................................... 20 ӘЛІППЕ-ЖАҢЫЛТПАШ ............................................................. 21 Доп .................................................................................................. 31 Қар .................................................................................................. 31 Шар ................................................................................................. 31 ҚЫЗЫҚТЫ СҰРАУЛАР .............................................................. 32 Балқан мен талқан ......................................................................... 32 Құйқа .............................................................................................. 32 Асық пен сақа ................................................................................ 33 Құстың сүті .................................................................................... 33 Шырша ........................................................................................... 34 Жұмбақ ........................................................................................... 34 ОҚИҒАЛЫ ӨЛЕҢДЕР .................................................................. 35 Шыршадағы шытырман ............................................................... 35 Аю мен балық және бал ................................................................ 40 Тауық пен торғай .......................................................................... 42 Достар мен қасқыр ........................................................................ 42 Жанай мен Ай ................................................................................ 44 Оқу мен ойын ................................................................................ 48 Жантайбек пен айпат .................................................................... 50 Оқу мен алма ................................................................................. 52 Сиыр мен суыр .............................................................................. 53 Айғыр мен арлан ........................................................................... 54 Бата-тілек ....................................................................................... 57

ӘҢГІМЕЛЕР ................................................................................... 59 Баян ата мен Тайбек ...................................................................... 59 Қардың үйі ................................................................................. 59 Көршінің тісі .............................................................................. 61 Темір қақпақ .............................................................................. 66 Ескі сандық ................................................................................ 72 Сақа ............................................................................................. 80 Екі жерде екі... ........................................................................... 81 Әдепсіз бала ............................................................................... 83 Төгілген қаймақ ......................................................................... 84 Балалардың аңшылығы ............................................................. 85 Жалмауызды жеңген бала ............................................................ 88 Пәтерде ....................................................................................... 88 Аулада ........................................................................................ 90 Орманда ...................................................................................... 90 Құбыжықтар қолында ............................................................... 91 Карнавалда ................................................................................. 92 Жан азабы .................................................................................. 94 Қорқаулар қоршағанда .............................................................. 95 Жалмауыз апа ............................................................................ 99 Құтылу ...................................................................................... 102 Жанталас .................................................................................. 104 Арылу ....................................................................................... 105 ПЬЕСАЛАР .................................................................................... 107 Жолбарыс пен пони .................................................................... 107 Алтын ноқта ................................................................................ 129 Сырғанақ ...................................................................................... 151

Баянғали Әлімжанов

ШЫҒАРМАЛАРЫ ЖАНАЙ МЕН АЙ

VІІІ том
Балаларға арналған өлеңдер,
әңгімелер, пьесалар
Жауапты редакторы Р.Ж. Әбдірахманова

Редактордың көмекшісі Н.Х. Шакен
Корректоры Г. Шаймергенқызы
Басып шығаруға 28.10.2016 ж. қол қойылды
Пішіні 60×84 1/16. Қағазы офсеттік.

Офсеттік басылыс. Шартты баспа табағы 10,4.
Таралымы келісім бойынша.

020000. Көкшетау каласы, Абай к-сі,112.

тел. 8(7162) 40-21-55, e-maіl: techno@keleshek-2030.kz
«Келешекторгснаб» ЖШС баспасында басылып шығарылды

Пікірлер (0)

Әзірге пікір жоқ.
An error has occurred. This application may no longer respond until reloaded. Reload 🗙