Ақ қайың. Пьеса
Мұхтар Әуезов
Жазылымсыз режим: 20-беттен кейін жазылым беті ашылады, әрі қарай әр 10 бет сайын (ең көбі 5 рет).
Қазақтың заңғар жазушысы, қоғам қайраткері Мұхтар Әуезовтің шығармашылығы XX ғасырдың қайталанбас құбылысына айналды. М.Әуезов шығармаларында халықтың тыныс-тіршілігін, арман-мақсатын, тарихи болмысы мен бүгінгі келбетін көрсетіп берді. Алғашқы жылдары жазылған көркем туындыларында елдің тұрмыс-т...
Төрт актылы, он суретті пьеса
А д а м д а р ы
С е р г е й— сағатшы болып саналады. Анығында Колчактың тылына әдейі жіберілген большевик.
Ш ы н т а с — қырдағы қазақ партизандарының бастығы.
Б о н д ы р — Қарағайдың орыс партизандарының бастығы.
Е р б о л — қаладағы қайықшы.
Т е м і р ш о т — соның жас інісі, оқыған.
Б о н д а р е н к о (Шмит)— ақтың штабындағы большевик.
Д о н д а ғ ұ л ( Ж о й қ ы н б е к ) - балуан, грузчик.
Қ а р а б а л а ( Ж у а с б е к ) - б ұ д а грузчик.
Б а р б а р— ескі әнші.
Д а н а (Алтыншаш)— жас сұлу қыз, әнші.
Қ о ж а ғ ү л — әкесі.
І ң к ә р — өгей шешесі.
Г е н е р а л Б е р е з о в с к и й — 5-армия штабының бастығы. Атаман.
Ш у м с к и й — поручик.
Ш в а р ц — офицер.
М ә ж и т о в — қазақ офицері.
С ұ л т а н — Шығыс алашордасының бастығы.
М ұ с т а п а — мүшесі.
С а п а р — жас ұлтшыл.
Б і л ә л — бай.
Б е с б і л е з і к — қымызшы келіншек.
Қайықшылар, офицерлер, жай граждандар, әскерлер.
І АКТ
Бірінші сурет Зәулім биік ағаштары бар, әдемі арал. Өзен бойымен қайық үстінде серуендеген шұбар топтар ағып - ағып өтіп жатады. Аралдың су жақ бетінде, бір әдемі ақ қайыңның түбінде үлкен ақ жібек шатыр бар. Алысырақта гармонға қосылып "Майраны" шырқап жатқан әйелдің өні. Іңкәр Дананы ертіп шатырға жақындайды. І ң к ә р. Әні, Дана, ананы тыңдасаңшы... Ән шырқап жатқан Бес білезік. Халық атаулы қасында. Қадалғаны соның жүзі, ішкені соның қымызы... Кімнен кем екен?
Дана (Алтыншаш). Өзімен кетсе етті, өзімен кеткір. (Кері айналады.) Қ о ж а ғ ұ л (ара түсіп). Қатын - ай, шеше өгейлігін етті дейді ғой, бізді аямасаң да өзіңді ойласаң етті. І ң к ә р (байына шаптығып). Дүкенін ашқызып, қымызын сатқызды десе, не деп тұрсың, әй, әке сымақ боздағым? Қалтырамай көндір ана қызынды. (Асыға басып шығып кетеді.)
Қ о ж а ғ ұ л (қызына жалынып). Қалқам Данажан!..
Дана (үміттеніп). Әке!
Қ о ж а ғ ұ л. Әне көрдің ғой, қайтейін... Мен қайтейін...
Дана. А? (Торығып.) Жарайды, айтпай-ақ қой ар жағын... Бишара әке, бар болғаны осы да... (Іңкәр домбыралы Барбарды өршіп келеді.) І ң к ә р (Барбарға). Барбар! Әнші қайным, қонағым бол, бетін аш баламның. Қазір арал қайнады. Қара таяқта көп комитеттер бүгін осы аралға жандарал, атаманы бар, болысы, байы, байбатшасы бар көп кісіні қонаққа шақырыпты. Ажары жақсы қымызшы қыз-келіншектер сән-салтанатпен аралға шықсын деп сәлем айтыпты. Алғашқы күні жақсы атты боп аузына ілінсең, үйімізден халық шықпайды. Осыған ақылыңды айт, бетін ашып бер ана қорғаншақ қыздың. (Іңкәр асығып шатырдың ішін жинастырады.) Барбар. Іңкәр... Іңкәр. Іңкәрің сол екен-ау зиян. (Данаға.) Жайың қалай, қарағым? Қабағында кірбең бар ғой, Данажан.
Дана. Осы көп әнің мендей мұңды жастың жайын айтпаушы ма еді. Барбар. Қарағым Данажан - ай, ән аруағына сыйынғандай сөз айттың - ау! Менің шын ұранымды шақырдың ғой.
Дана. Әнге сүйенем, ән иесі сізге сүйенем, ағам бол, панам бол, тастама. Барбар. Ендеше сенің көңіліңнен кейіс кетпей, қасыңнан менің әнім де кетпесін. Тыңдашы, тыңда да үйрене берші. (Ән шырқайды.)
Қиналған тар қапастан жанды көрдім,
Қайғыны қоршап тұрған сәнді көрдім.
Ескі сөз, ел мұрасы жетсін саған,
Тоқып ал,"Аққайыңдай" әнді бердім.
Ақ қайың, ей-ей, Қарындас, е - ей.
(Жұрт жаңа шатырға қарай ағыла бастайды. Ән тағы айтылады.)
Болғанда ән үясы көмекейім,
Жаралған өнер үшін жаным бейім,
Арудың әнмен ашып ақша бетін,
Біржандай беу - беулеп гулетейін.
Шатырды жағалаған жұрт жөн сұрайды.
Қарабала. Бұл қай жібек шатыр өзі?
Дондағұл. Жаңа дүкен, ау, байқамайсың ба?
Қарабала. Ентелей түсе ме десем, тартына түспей, бассаңшы аяғыңды. Болатын жанжалға сөзім кепіл. (Ішке кіреді. Басқалары да кіреді.) І ң к ә р. Жоғары шығындар, қайындарым. Мына жас қарындастарың бар, әнші Барбар да, бәрі де бар. (Дананың қолыңдағы ожауды жұлып алып өзі сапыра бастайды. Әуелі бастап бір тостаған қымызды Барбарға құйып береді.) Қарабала. Жойқынбек, өліп қалыпсың - ау үңіліп. Көзіңді сүзе бергенше тіл қатсаңшы, жануарым. Мына отырған жас қарындас Алтыншаш - ақ емес пе? Алтыншаш екенсің, шырағым. Құтты болсын қадамың. Атың біз айтқандай болсын.
Дондағұл. Тапқырсың - ау Жуасбегім, болса болсын - ақ. (Күліседі.)
Дана (Алтыншаш). Аралға ат қоюшылар іздеп келгенім жоқ.
І ң к ә р. Ауыздарыңа май, айналып кетіңдер, жақсы ат. Жақсы ат. Өздерің қойған аттарыңды өздерің елге жайыңдар. Қарабала. Асау екен қарындас. Күжбілек Жойқынбегіңді қайтейін дегені болар. Жүр, Жойқынбек, аралды аралайық, жақсы атты мөр басатын төре, байбатшаларға білдірмейік. Халық хабарлансын. (Екеуі шығып кетеді.)
І ң к ә р. Иә, сүйтіңдер, айналайындар.
Дана (шешесіне күйініп). Мені салған базарың осы ғой. Қымызыңа қосып атымды сатпақ пе едің? Т е м і р ш о т. Дана, мұның ауыр екен, сеземін. Жанашырға зарлысың - ау, шырағым.
Барбар. Көрмеймісің күңгірт тартқан ақ жүзін...
Дана (Алтыншаш). Қайтейін құр жаны ашырды, ара түсерім жоқ (Күрсінеді.).
Т е м і р ш о т (Барбарға). Барбар аға, жаның ақын ғой, ұғамысың? Күрсінгені қара тасты да жібіткендей - ау. Аяймын мұңды.(Барбар басын шайқайды, шатырдың бір жағынан Біләл тобы шығады.) Д а у ы с т а p. Қандай екен өзі? Алтыншаш - Алтыншаш дейді ғой атын, аты неткен керім еді. Б і л ә л (жігіттеріне). Алтыншашым, ақ маңдайым, түгел көрейін, түгел қармайын. (Күледі.) Д а у ы с т а p. Бес білезіктің қонақтары қотарыла бастады. Аударды ғой өзіне жібек шатыр, Алтыншаш.
Біләл кіреді.
І ң к ә р (сайқалсып). Жоғарлатыңыз, байеке. Қарындастарының қолынан қалай дәм татпас екен деп өзім де тосып едім... Б і л ә л. Алтын сақина, алтын білезіктерінің базары қайта басталып еді. Бәрінен асылы осы Алтыншаш болар өзі. (Өз кісілеріне күліп.) Тоқтымды таппасам бәрібір атаным бар. Қарабала. Төр сөйледі, есік не дейді? Сен де есепте, Жойқынбегім, мал-мүлкің қанша еді? Жойқынбек. Мендегі қос жұдырық, сендегі қос жұдырық таусылмайтын төрт түлік емес пе? Есебін кейін шығарамыз. Т е м і р ш о т (Барбарға өзара). Арсыз сөздер оқ боп тиді - ау, байқадың ба?
Барбар. Осылар ғой күйдіретін балапанның қанатын.
Көп ішінен біреу. Барбар ән айтсын. Иә, Барбарды естиік.
Б і л ә л. Қоя тұрыңдар. Әнді артынан естірсіңдер! Бүгін үлкен шаруа бар. (Іңкәрға.) Жандарал, атаман, қара таяқтарға ең алдымен көрсететін осы шатыр. Бәріміз де осылар үшін қоныс қарап жүрміз. Орынсыз кісілер қоқырси бермесін.
І ң к ә р. Уа, құп - құп, құлдық бай - еке!
Теміршот далаға шығады, қайықпен жаңа келген Сергейлерді күтіп алып, шатырдың жанынан орын алысады.
Сергей (Теміршотқа). Ну, не бітірдің?
Т е м і р ш о т. Тапсырмаңды орындадым, Сергей, көп ұзамай осы аралға Шынтас та жетеді.
Сергей. Немене, мынау орын өзі қолайлы ма? Ана жолдастарға қауіпті емес пе?
Ербол жақындайды. Теміршот. Қауіпті емес.
Е р б о л. Дәл өзіңнің тапсырған орның.
Т е м і р ш о т. Біз де көгалға көл айтқа шыққан компания боламыз. Ал, Сергей, зор міндеттен басқа менің ішімде тағы бір сыр бар.
Сергей. Немене сыр, Теміршот?
Т е м і р ш о т. Мына шатыр ішінде жаңа ашылған қызыл гүлдей Дана деген қыз көрдім. Өгей шешесі базарға салып отыр. Көзінде жас, көңілі жарым, күнәсіз жан... Көрсең еді... Сергей (Теміршоттың иығына қолын салып). Көрсең еді дейсің бе? Көріп жүрмін талайын. Бірақ поэма жазуға уақыт жоқ. (Салмақтап.) Біздің міндет жалғыз шатыр емес, жеті шатырды түгел қамту, түсінесің, шырақ. Т е м і р ш о т. Түсінемін. Бірақ, әрі шыным, осы қыздың қорғаны, досы, кейде тіпті қызғану, құштары да болсам деймін.
Сергей. Әй, құнарлы іс шығама екен? Жалғыз-ақ, байқап ойна.
Бұлар әңгімелесіп отырғанда шатырдан Біләл шығады.
Б і л ә л. Ой, қой сияқты жамыраған жұрт, анау келетін қонақты күтіңдер! Зор команда беруші генерал Березовский келе жатыр. Атаман, офицерлер, алаш комитетінің басшылары келеді. Құрмет етіңдер. (Кетеді.) Ж у а с б е к. Жүр, Жойқынбек, біз де тұрайық. Майданды басқа жерден қарастырайық. Жойқынбек. Дұрыс, Жуасбегім. Басқа жерден табылмаса, оралып кеп осы жерден өзіміз ұйыстырамыз.
Олар да кетеді. Ербол қайықпен Бондырды әкеледі. Сергейге табыстырады. Сергей (Бондырға). Отыр, Бондыр, дәлдің. Қазір осында сенің көптен көріспей жүрген сүйіктілерің генерал, атаман, офицерлер, алаштарың келеді. Көзіңмен көресің, түстерін танып, түгендеп шығасың. (Күледі.) Б о н д ы р. Тіпті жақсы, олар бірігіп ап бізге қарсы қонақ аттандырудың қамында ғой тегі. Сергей (суға қарап). Әне, Ботбайлар Шынтасты да жеткізді. Теміршот Шынтасты ертіп келіп Бондырға тапсырады. Теміршот. Қанекей, көрісіңдер, мынау Бондыр, Қарағайдағы орыс партизандарының бастығы. Ал мынау кісі ол да өзіндей, қырдағы қазақ партизандарының дырауы — Шынтас. (Екеуі қол алысады.)
Б о н д ы р. Әй, сұм төресі жайлаған, жуан көпес жайлаған құнсыз қала.
Сергей (күліп). А, Қарағайдың партизаны, жау қолындағы қаланы неғып сүйсін.
Б о н д ы р. Генерал, атамандарға осы қала қорғаушы болмасыншы, ас беріп, ат бермесін. Көрер едім, крестьян ішіне шықса қарағай атаулы өре түре келер еді. Ш ы н т а с. Қазақ ішіне қарай аяқ бассын, тау-тас, дала мен өлкеден атар еді. Ойдағыңды айттың - ау, Бондыр.
Генерал мен атаман, Сұлтан, Мұстапа, Сапар, әйелдер шығады.
М ұ с т а п а. Ардақты генерал, господин атаман, бүгін осы аралдың жалғыз күткен қонақтары сіздерсіз. Генерал әйелі (шатырдың ішіне қарап). Дик арқаның скуласы жоқ екен, мен тіпті өзіме горничная етіп алуға да қарсы болмас едім.
Гүлжамила (атаманға айналып). Господин атаман, сізге қалай көрінеді?
Атаман. Меніңше, қазақ әйеліне сирек бітетін сұлулығы бар екен.
Гүлжамила (күліп). Рахмет, атаман, мұндағы өзге қазақ әйелінің құлағына алтын сырға. А т а м а н . А, ғафу етіңіз, Гүлжамила ханым, сізді бұл қатарға мен мүлдем қоспаймын.
Генерал. Неге, не себепті?
Атаман. Себебі Гүлжамила тіпті қазақ сияқты емес... Қазақ деп айтуға да қимаймын. Гүлжамила. Рас па, господин атаман? Рас айтасыз ба? Маған мұны көп кісілер айтушы еді...
Төрелер кете береді.
Сұлтан. Әй, біздің Гуличкенің тәрбиесі ешбір қазақта жоқ-ау. Қандай генерал, атаман, аристократтар болса да біртүрлі тез танысып, тең сөйлесіп кете алады ғой.
Б і л ә л. Гүлжамиланың несін айтасыз. (Бұлар да кетеді.) Сергей. Міне, осы генерал барлық армиясымен осы қалада қолға түсуі керек. Түстерін танып, түрлерін көріп болдыңдар ма?
Бондыр. Бек түсінікті. Генерал штабтамын...
Ш ы н т а с. Алашорда, орда - қордасымен қолға түссін.
Сергей. Екінші, қырмен босатын әскер болады, Дутов әскері. Оны қыр басады, Шынтас, сен орындайсың. Ал Бондыр бастаған Қарағайдағы партизандар шабуылы, шойын жол мен Ертіс бойында үздіксіз күшейе беруі керек. Қалаға дамыл бермей, үнемі қауіп-қатер астында ұстауға міндетті. Екеуіне де құралды біз жеткіземіз.
Бондаренко шығады. Бондаренко. Есенсіздер ме?
Т е м і р ш о т. Тіпті тамаша.
Бондаренко (өзенге қарап). Рас, тамаша. Осындай өзенді, аралды жерлерді ұнатам. Қараңызшы, неткен әсем дүние! Еділдей енді өзен, мөлдір ағынды су. Аққудай жүзген қайықтар. Әдемі әндер өзен жаңасын балқытады. Гармондары тағы бар... Бондыр. О, жарықтық, әдемі дүние кезсең орманға бар, орманда болып па едің өзің? (Отырғандар күліседі.) Бондаренко (Бондырға қарап күлімсіреп). Болғанда қандай, орман — өскен жерім. Қарағай - қайыңдармен адамша сырласушы едік, кешкі самалдағы жапырақтардың нәзік сылдыры кейде алыстан, кейде жақыннан сайрайтын. Кәрі шешем қасымда отырып: "Балам, ормандай сұлу, ормандай адамға дос жер болмайды" деуші еді.
Сергей. Азамат, романтик емессіз бе?
Бондаренко. Тауып айтасыз, өлең де жазатыным бар. (Басқалары күліседі, Бондаренко сағатын алып қарайды.) Айнымапты жүрісінен...
Шынтас (басын көтеріп). Ай, қалай өзі?
Бондаренко (қайтадан сағатын тыңдап). Құланға мініп жортсаң да жүрісінен жаңылмайды.
Ш ы н т а с. Сатамысың, тамыр? (Орнынан тұрып қасына келеді, қолын созады.)
Бондаренко (шегінеді). Әкем марқұмнан қалған дүние еді, қимаймын.
Т е м і р ш о т. Мүмкін айырбасқа шығарсыз? (Қалтасынан сағатын шығарып алады.) Бұ да мақтаулы сағат. Бондаренко (Теміршоттың сағатына үңіліп). Рас, маркасы жақсы екен, бірақ сағатшының алдынан өткізіп алу керек болар.
Т е м і р ш о т. Уақа емес, өзім де сағатшы.
Бондоренко. Үйреткен мастеріңізді айтыңыз.
Т е м і р ш о т. Қалада мастер көп, қайсыбірін біле берем дейсіз.
Бондаренко. Бәрін білмесем де... атақтысын білем. Сағат ұстаған адам сағатшыдан хабарсыз бола ма екен?
Сергей. Аты есіңізде болар. (Көтеріле көз қарайды.)
Бондаренко. Ұмытпасам Сергей.
Сергей. Сағатыңыз Сергейден ғана сыналуы керек пе?
Бондаренко. Тек сол кісіден ғана.
Т е м і р ш о т (күліп, сағатын қалтасына салып). Ендеше астарламай-ақ төлемей көшейік. Шейдір Сергейіңіз осы кісі болады. Сөйлей беріңіз.
Сергей. Қайдасыз? Сапарыңыз қалай?
Бондаренко. Омбыдан. Сапарым Сергейге. Атым Бондаренко. (Қол береді.)
Сергей. Базарлығыңыз кімнен? (Күлімсірейді.)
Бондаренко. Омбы штабы арқылы жіберілген Сталин жолдастан.
Сергей. Солай ма?.. Солай ма? Асыл сый, өте ардақты сый әкелгенсіз, жеткізгеніңізге рахмет. Адрес генерал штабының қарсы беті... дәл сағат сегізде күтемін.
Бондаренко. Дәл сағат сегізде. (Кетеді.)
Сергей (жолдастарына). Аты Бондаренко, біздің адам, естеріңізде болсын.
Шатырдың ішінде, Іңкәр қуанышты, дастарқан жайып жүреді. Барбар, Ербол, Теміршоттар келіп отырады. І ң к ә p. Бәлем, Бес білезіктің шатырын бір қоңыр аттым ба? (Данаға). Енді де арманың бар ма? (Сырттағы дауысқа құлағын тосады. Бес білезік, Жуасбек, Жойқынбек келе жатады.) Ж у а с б е к. Айтқаным - айтқан, білдің бе? Жойқынбекке асыл, мына (өзін көрсетіп) Жуасбекке сүйен.
Бесбілезік. Ей, тәңір - ай, сүйенер едім-ау, бірақ не барқадар табам. Жойқынбек. Бесбілезік, бізді де осал деме. Барлық жұмыссыз қалған грузчиктерді жауып жіберсек, қымызы тұрсын, өзінен түк қалмас.
Бесбілезік. Осы айтқандарың шын ба?
Ж у а с б е к. Е, шын емей?
Жойқынбек (құшақтап). Уа, сертімнің ақтығы үшін, келші ақтөсіңе төсімді соғайын. Бесбілезік. Мейлің, болсын... (Құшақтасып.) Ал ендеше менің қолқам мына - ақ: дәл осы шатырда кегім бар... Осының ғана шырығын бұзып берші екеуің. Жойқынбек. (Жуасбекке). Ал, мен ғой жаңа баталасып қойдым. Орындай алмасаң ең алдымен саған өлім. Баста, қыбын тап. Ж у а с б е к. А - а! Тоқтай қал... Алтыншаш! (Жұрт тегіс аңырай қарайды. Сондай мас кісіше қиқаңдай басып, Жойқынбекті өзіне қосып ән шырқайды, ішке кіреді.) Уай, Алтыншаш!
Есілдің ар жағында көрдім сені,
Сырғанды қайық қылып өткіз мені.
Сырғанды қайық қылып өткізбесең,
Болсаң да қордың қызы көрмен сені.
Жойқынбек (Іңкәрға). Қалай, беті бері қарады ма?
Ж у а с б е к. Атаманы, генералы, қара таяқтары түгел келген соң емдеген шығар.
Алтыншаш. Бұ не қылған мазақ?..
Бесбілезік. Етің үйрене берсін, шырағым, бәріміз де көргенбіз, көре бара көндіккенбіз. Ата-енеңнің желгісі... болмаса кімнен артық едің соншама. Аралда жұрт алақанына салар деп келіп пе едің?
Ж у а с б е к. Күйінгені деймісің, сүйгені шығар. (Күліседі.)
Т е м і р ш о т. Тоқтат, тапқан екенсіңдер ойыншықты.
Жойқынбек (Жуасбекті түртіп). Қарай ғой мынаны! Күн ұзаққа іздеп таба алмаған төбелесімізді бесплатный бергелі тұр ғой өзі. Ж у а с б е к. Көрдің бе? О, жойқын екенсің, жігітім, айта түс, айта түс! (Төбелеске ыңғайланады.) Т е м і р ш о т. Өз күшігін өзі жеген қасқырды көрдіңдер ме? Ұят қайда? Аңдағандарың ақылсыз төбелес болса, шыға қойыңдаршы, қанекей. Ж у а с б е к. Ой, жануарым, сезесің бе, әй? Тегі, мұнда төбелеспесек, сірә төбелеспес.
Жойқынбек. Ә... Басынғаны сен екеуміз ғой... Шешін.
Т е м і р ш о т. Шығарма үніңді. Осыдан соқтығып көр Алтыншашқа, мойның үзіледі.
Ж у а с б е к. Е - е, тіпті - тіпті көрінді де қазып қойдым де.
Ж о й қ ы н б е к. Не өлген жерім, не қалған жерім осы болғаны да.
Бесбілезік. Ә-ә! Бәсе, Алтыншаш болмаса, пәле болар демеп пе ем?
Алтыншаш. Ағалар, құлдық етейін, қойсаңдар екен.
Ж у а с б е к. Жоқ, төбелесімді әсте қолқаға беріп көрген емен, кел, шырақ, кел.
С е р г е (Ерболға). Барыңыз, Ереке, басыңыз аналарды.
Е р б о л. Ау, жігіттер, неге соқтықтыңдар, не жазығы бар Дана деген баланың? Жойқынбек. Ай, Жуасбек, ендеше бері қара, тоқтай тұршы, осы. Әуелі осы төбелестің дәлелін қайта кеңесейік.
Ж у а с б е к. Мына біреуді айтам. От па өзі, немене?
Бесбілезік. Атаманнан артық, қара таяқтардан артық кім болушы еді? Сонша тызалақтап Алтыншашты өзің алайын деп пе едің?
Т е м і р ш о т. Оттама, қар неме!
Бесбілезік. Тіл-ауызың тасқа, қыршыныңнан қиылғыр.
І ң к ә р. Бесбілезік - ай, сен қоя тұршы.
Алтыншаш (Теміршотқа). Қысылған күнде кездесіп, үлкен достық бейілін көрсеттіңіз - ау. Менен қайтпаса... (Жыламсырайды.)
Сергей. Бұл арада ұрыссыз жанжал ақымақтық болар еді, тез тыю сал. Е р б о л (Жойқынбекке). Ой, сендер әлі, бір-біріңді танымайтын ба едіңдер? Мынау (Теміршотты көрсетіп) менің інім, Теміршот, мына екі ағаңның біреуі Қарабала, біреуі Дондағұл, өзара Жуасбек, Жойқынбек деп сөйлеседі. Бұлар да өзің, өзара тату мәжіліс құрайық. Жойқынбек (күліп). Ербол аға, ендеше бітісейік. (Қарабалаға.) Кәні, Жуасбек, олай болса ортамызда оқығандардан да бір тентек болсын да. Жуасбек. (Теміршотпен қол алысып жатып). Саусақтары ірі көрінеді, тегі жұдырыққа да жаман болмас. (Күледі.)
Барбар. Бәрекелді, азаматтар.
Алтыншаш. Ағатай, қымыз құйсам өздеріңізге құяйын. Серіктеріңізді шақырыңыз, қонағым болыңыздар. (Теміршот, Сергей, Бондыр, Шынтастарды шатырға кіргізеді.) Алтыншаш. (Барбарға). Аға деп бауыр көрдім, басыма сая, жаныма жұбаныш табудың ақылын айтсаңшы. (Қарабала, Іңкәр, Бесбілезіктер кіреді.) Барбар. Мынау тұрған ақ қайыңды көр де, Теміршоттай жас қайынды көр. Әсем, асыл қайың, ақ қайыңдай жас қайынды пана тұтқан екенсің, сол жолыңнан айрылма. Әсем екенін әнің баяндасын. Бірің емес, екеуіңе қоса берген бата тілегім, аса тілегім "Ақ қайың" деген ән болсын. Бірдей сезіп, бірдей таныңдар. (Ән салады.)
Ән-күйдің ағып жатқан бұлағымын,
Аққудың саялаған құрағымын.
Ат берген "Ақ қайың" деп қарындасқа,
Батагөй, сөнбес жарық шырағымын.
Аққайың...
Е р б о л. Мынауың көрім екен, жаңа ән ғой.
Б о н д ы р. Жақсы ән екен.
Ш ы н т а с. Сөзі қандай тәтті еді.
Бесбілезік. Мен де үйренейінші. (Барбарға жақындайды.)
Алтыншаш. Тағы айтыңызшы, ағажан. (Барбар тағы айтады.)
Ақ қайың асыл екен аралдағы,
Жайқалып жапырағы толған шағы,
Сүйе гөр "Аққайыңдай" ән тазасын,
Әнші қыз ағасындай санал - дағы.
Аққайың...
Сергей. Қандай таза, қандай искренный ән. Талант аузын ашса, асыл қазына ақтарылады. (Данаға.) Үйрен, шырағым, сен үйрен. Саған ғана лайық ән. Бесбілезік (Сергейдің сөзін жақтырмай). Басқа үйренсе аузынан түсіп қалат деймісің, мен де үйренем. (Бесбілезік әнді қайта айтпақшы болады, айта алмайды, жұрт күледі.)
Ш ы н т а с. Ал әнді, Барбар, қарындаспен қосылып айт.
Ж у а с б е к. Иә, сүйтсін, сүйтсін!
Е р б о л. Бәрекелде, сөз-ақ. (Барбар мен Алтыншаш қосылып айтады.)
"Ақ қайың", сүйгенім сен ән ішінде,
Сақтармын балдай құйып жүрегімде,
Жанымның сусыны сен, қанаты сен,
Қуансам, қайғырсам да түсер тілге.
(Барбар Дананың маңдайынан сүйеді.)
Ж у а с б е к. Жарайсың, қарындасым. Мұныңмен Бесбілезіктен тағы оздың. Жойқынбек. Жарайды, жарайды, дұрыс - ақ. Дұрыс айтты. Сапар, Мәжитовтер кіреді. Біләл, Мұстапалар да бар.
С а п а p. Қайсы? Қандай екен өзі?
М ә ж и т о в. Шын сұлу ма екен? Кәне, мен көрейінші. (Үңіліп Данаға қарайды.)
С а п а р. Астакем - ай, мынау не деген уыз еді?
Мәжитов. Не деген красавица еді?
Сапар. Біттім, болды, мен ашықпын...
М ә ж и т о в. Жоқ, алдымен мен жарадар болдым... Бермеймін, өзімдікі.
Сапар. Жоқ.
Б і л ә л. Шақыра келгеніміз Дана мен Барбар. Бірің жандаралға қымыз құйып беріңіздер, бірің ән айтып көңілін көтеріңдер.
С а п а p. Көрсетермін сендерге.
Б і л ә л (офицерлерге). Жауабын өзім берейін, атып таста ана бұзық балуанды. (Гармонь. Екі офицер суырып алады. Жуасбек гармонынан үн шығара алмай қалады. Бұрылып артына қараса екі күймені ұстап тұрған Бондыр мен Шынтасты көреді. Қуанып кетіп.) Жуасбек. Е, бәсе. (Баяғыша гармонын дарылдатады, офицерлер тоқтап қалады, қайық жылжып жоқ болады.)
С а п а p. Қайда, қайық? Әкел қайықты, әкел.
М ұ с т а п а. Бірде-бір қайық қалдырмапты ғой. Әй, бұзықтар, көрермін сендерді! (Жұдырығын түйеді. Алыста мол күлкі, гармонь мазақ үнін береді.)
ШЫМЫЛДЫҚ
ІІ АКТ
Екінші сурет
Сахна. Ерболдың үйі. Сергей сағатшының дүкені. Артын пердеменен бөліп қойған. Сынған сағатты айналдырып отырады. Сырттан есік қағылады. Сергей (қабырғадағы сағатқа қарап). Кіріңіз. (Бондаренко кіреді.) Отырыңыз. Иә, Колчакпен келісе алмадыңыз ба? Бондаренко. Колчактың өз штабына сыйыса алмадым. Сезіп қалды. Содан соң Омбы осылай жөнелтті.
Сергей. Ал, адмирал Сібірге әлі де ұзақ қонақ болам дей ме екен? Бондаренко. Қызыл әскер Қорған мен Лалутурск жағынан қатты жапырып келеді. Ақтардың бір есебі — Қытай шегі мен осы облысқа табан тіреп қалу. Орынбордан шыққан Дутов әскеріне осы жақты нығайтып ұстауды тапсырыпты. Сергей. Ендеше Колчактың жолын кесіп, бұл жаққа беттемейтін қылу керек. Беттей қалса, қадам басса, миына көмілгендей болсын. Қырда Шынтас, Қарағайда Бондыр, қалада біздің ұйым сол адмирал жолындағы бомбылар болмақ. Соғыс стратегиясы әзірше осы. Міндетің сондай, өзің бұл облысты білесің ғой? Бондаренко. 1916 жылға шейін осы облыста айдауда болғам. Орталық соны ескеріп әдейі жіберіп еді. Сергей. Олай болғанда, мұнда сені бұрыннан білетін полиция, охранка кісілері болмасын. Сақ жүр. Бондаренко. Олар болар, бірақ із тастаймын да, жаңылтамын ғой. Әскери адам боп міндет алуым шарт болар. Сергей. Дұрыс айтасың. Ол қызметің дайын. (Қолына қағаз ұсынып.) Міне, жолдас Бондаренко, сіздің документіңіз. Сіз енді Колчактың өзі жіберген адмирал Шмиттің немересінің ролін ойнайсыз. Қызмет орныңыз генерал Березовскийдің штабы, бас офицерсіз, 2-полк 5-армияның қаладағы мықты қорғаны, қатты ескеретінің сол. Штабында өз адамымыздан Шварц бар. Бар талапты жұмса да, Бондырге баратын әскерді соған басқарт. Ал, офицер киімін мынау адреспен барып аласыз. (Қағазды береді.)
Бондаренко. Сізбен байланысым қалай болады?
Сергей. А - а... сен өзенді, ағын суды сүйесің. Ендеше үйреншікті қайықшың бар, ол Ербол, ал, кейде сол қайықтың кермесінде мен де отырып қаламын... Болды емес пе?
Бондаренко. Әбден түсіндім. (Бондаренко есікке қарай жүреді.)
Сергей. Офицер Шмит.
Бондаренко (есіктің алдында жалт бұрылып). Ваше высокоблагородие. (Күлімсірейді.)
Сергей. Мықты бол, жолдас. Бір минут уақыт босқа кетпесін.
Жуасбек (қашып кіреді). Сағатшым, қорғай көр. Ана офицерлер арестке аламын деп қуып келеді.
Сергей. Оларға не жазып едің?
Жуасбек. Бір сорлының атын табанда аударып мінгелі жатыр екен, кірісе кеттім. "Ай, тамыр, қойындар, обал болар" дедім, офицердің танауы делдиіп өзіме төне түсті: "Сен кімсің, собака?" деп қамшысын үйірді. Неден қорқайын, мен "кәдімгі Қарабала" дедім қалшия қарап, сол-ақ екен, майдан болды да қалды. Иттің шықшыты сынып кетті білем. Салып жібергенде етпеттей аударылып ұшты. Бар айыбым осы, сағатшым. Қорғасаң қорғадың, тіпті болмаса тап осы жерде тағы төбелесіп тұрып, бір - екеуінің тұмсығын бұзып қана қолға түсемін. (Басқа сақал байлап, сағатшы болып отыра қалады.)
1-оф и ц е р. Мұнда қашқан кісі келді ме?
Сергей. О, қандай кісі, мырзалар?
2-оф и ц е р. Какой-то бұзық, жулик Қарабала. (Үйді тінте береді.)
Жуасбек. А - а, Қарабала ма? Ай, соған да бір зауал болмай қойды - ау. Уа, мен байқап қалдым ол бұзықты. Жап-жаңа жытқан-ды антұрған, сіздерден қашқан екен ғой. Ал, ол ұстат! Пай - пайдың сайтанын - ай... (Басын шайқайды.)
2-о ф и ц е р. Затонға.
Қарабала. Иә, Затонға, былай қарай зытып бара жатқан.
І - о ф и ц е р. Жүр, кеттік.
Жуасбек. Досым, мыналарың түрі жаман, маған бұл қаланың төбелесі енді бұйыра бермейді - ау деп ойлаймын.
Сергей. Қандай төбелес?
Жуасбек. Мұрынға соғушы!
Сергей. Оған бола қамықпа, шырақ. Осы сен грузчиксің ғой, ә?
Жуасбек. Е, жұмыссыз қалып, Жойқынбек екеуміз жұмырықты ермек қылып жүргеніміз жоқ па? Сергей. Төбелестің зоры әлі алда жатыр. Тек, үлкен төбелестерде қашпасаң болғаны. Жуасбек. Ой, тәңірі жарылқағыр - ай, әйтеуір айтқаның келген де. Қашқан - қашпағанды кезінде көрер едің. (Шынтас, Теміршот кіреді. Жуасбек сасып отыра қалады.) Ой, өзіміздің қырандар екен ғой. (Сақалын төмен түсіреді.)
Т е м і р ш о т. Ау, мынаған не болған?
Ж у а с б е к. Офицерлер қуа - қуа мүлдем сақалды сайтанға айналдырып жібергенін көрмейсің бе? (Күліседі.)
Сергей. Шынтас, көзге түспедің бе?
Ш ы н т а с. Күн ұзақ генералдың өз маңында. Ал олар мені алыстан іздеп жүрген көрінеді.
Т е м і р ш о т. Алашорда мұны ұстатуға отряд шығарып жіберді. Сергей. Қалада жоқтығына көздері жеткен ғой, ал енді қысқа сөйлеп келісейік. Ш ы н т а с. Түйе, киіз үй, сойыс, отын, пұл салығы бәсеңсір емес. Халық зығыры қайнауда. Алысуға дайын. Айтарыңды айтшы осы. Сергей. Ендеше, Дутов қырмен босады, алашты да қашады. Лау түйе, жемге сойыс, бас панаға киіз үй бермесеңдер болғаны. Халық қарсы шапса, қыр, қажыған қасқырлар үшін күшті қақпан. Қалайда Қытайға қарай өткізбей, барлығын да штабымен түгел басу керек. Өткізіп алсақ айыпты біз боламыз. Олардың өртеп, бүлдіріп, қандатып кеткен қазасына жұрт алдында біз жауаптымыз. Ең басты міндет, әскерін өткізбеу, командирін ұстау, штабтарын қыру. Бұл — Қарағайда Бондырге, қырда саған тапсырылатын міндет. Ұқтың ба? Ш ы н т а с. Ұққанда қандай. Айтқан ақылың алты айлық жол азығым. Өзім де осында кеңес күтіп келіп ем, енді кетемін. (Орнынан тұрады.) Ж у а с б е к (Шынтасқа). Байқаймын, батырым, осы төбелестің үлкені сен жақта ғой деймін.
Шынтас. Майданның дәл ортасына салып қояйын, бірге кетесің бе? Ж у а с б е к. Олай болса кеттім. (Сергейге қарап.)Ашылды сағатшы, сен не дейсің? Сергей. Жарайды, ұйғарған жерімнен шықтың. Шынтасқа мықты серік бол. (Олар кетеді. Жуасбек есіктің аузында бұрылып.) Ж у а с б е к. Алла разы болсын. Біздің Жойқынбекті де осы төбелестің бір жеріне орналастыра көріңдер.
Сергей. Ну, Теміршот, енді сен сөйле.
Т е м і р ш о т. Өзіңе белгілі ғой.
Сергей. Сенен революция өз романтигін шығаруы тиіс... Ал, бірақ бүгін Горькийдің сұңқары мен дауылпаздай қажырлы, шын жеңімпаз романтик қымбат. Т е м і р ш о т. Сіз маған аралда қатты ренжідіңіз. Мен оның себебін жақсы түсіндім...
Сергей... Көкіректе жан болған соң, көрер көзге шыдамайды екен. Ғафу ет. Сергей. А, Теміршот, жарайды, уақ емес... түсінгеніңе рахмет, бірақ, мен ренжіген үстіне соншалық сүйіндім де. Аналарды жалынға қақтағандай үйіттің. Сен оларды көп көзінде масқаралап, шындықтың ұлы тілімен бомбит еттің. О да сол жерде қажет еді... Бірақ, байқау керек. Жеке шабу ұлы планға шідер болмау керек. Т е м і р ш о т. Рахмет, аға, рахмет. (Құшақтайды.) Сені сыртқы тұлғаң, терең жаныңмен танығам, сосын ергем, орнын тауып жұмсай бер, аға.
Ербол кіреді.
Сергей. Біздің қажымас қарт келді. Кәне, Ереке, қайықшылар қалай?
Е р б о л. Тіптен жақсы. Жаман тілім жеткенше өзіңнен естігенімді айта бердім... айта бердім. Пысықтауымнан кенде болмас деймін. (Отырады.)
Сергей. Қайықшылар түсінді ме?
Е р б о л. Түсінбеген деші, ақтар қысылғанда Ертістен ат жалдап өтпесе, паромды жауға бермейміз десіп отыр.
Сергей. Жауға? Жігіт, қайықшылар жігіт. Жау екенін таныса болғаны. Е р б о л. Танымағанда ше... Барбар мен Жойқынбек асыға кіреді. Барбар сөйлемекші болады. Дондағұл оның аузын басып қалып. Жойқынбек. Асығыспын, ағайындар, айтыңдаршы, біздің Жуасбек көздеріңе түсті ме?
Т е м і р ш о т. Е, көрдік. Өзің немене, бәйгіге қосылғаннан саумысың? Жойқынбек. Сол итті іздеймін деп бармаған жерім болсайшы. Төресін, алашын, түрме абақтысын түгел аралап шықтым. Антұрғандардың бірі білмейді. Барбар. Айналайындар, жәрдем етіңдер. Алтыншаш бишараның қалы мүшкіл. Кілең ақ көздер анталап, таптап барады. Күн көрсететін емес. Т е м і р ш о т. Сергей, рұқсат ет. Мен кетемін. Қолымнан келгенше ара түсемін. Міндетім... (Кетуге ыңғайланады.)
Сергей. Тоқта. (Теміршот тоқтайды.)
Жойқынбек. Қалқашым - ау, Жуасбегім туралы айтсайшы.
Сергей. Жуасбек офицерлер ұстайтын болған соң, біздің жолдастармен елге шығып кетті. (Күліп.) Төбелестің қалың жеріне кетті. Сізге сәлем айтты. Мына Теміршотпен бірге болсын деді. Жойқынбек. Уһ!.. Жүрегім жаңа орнықты ғой. Ал енді Жуасбек тапсырған болса мен саған ерем ғой, бала. (Теміршотқа қарайды.)
Т е м і р ш о т. Әрине.
Жойқынбек. Менің мына екі жұдырығым болмаса, сөзге шорқақтаумын. Ана Жуасбегім құрғыр амалдап, қиыстырып алушы еді. Ендігі төбелестердің ишаратын өзіңнен көремін. Сергей. Теміршот, айттым ғой. Мықты бол. Алтыншашты қорғау қажет. Бірақ, алдымен алаштардың ішіне баратыныңды ұмытпа. Сендер қымыз үйіндегі қызықтар ғанасың.
Т е м і р ш о т. Керекті кезінде қызғаншақпыз.
Сергей. Ішкілік үстінде ойлаған ниеттерін, бармақ беттерін аңғарарсыңдар... Барбар, Алтыншаштар үнемі сондай тыңдай отырсын. Мына Дондағұл да қасында болсын. Жойқынбек. Әп, бәрекелде. Білетін адамның сөзі осы да. (Барбар, Теміршот, Жойқынбек шығады.)
Сергей. Кәне, Ереке, енді екеуміз оңаша отырып молырақ кеңесейікші.
Ш Ы М Ы Л Д Ы Қ
Үшінші сурет
Генерал Березовскийдін штабы. Генерал кітап оқып отырады.
Березовский (өзіне-өзі). Түсінбеймін, басым қатады. Міне мен көп көрген, көп оқыған, шашыма ақ кірген генералмын. Александр Македонский, Наполеон, Клаузенин сияқты ұлы полководецтердің, соғыс классиктерінің шәкіртімін. Сонда да басым қатады. Позиционный соғыс болса бір еді. Ал мына гражданская война ше? Тфу? Кіммен қай жерде соғысарыңды да білмейсің. Алыстан күтесің, жақыннан шығады. Жақыннан күтесің - алыстан шығады. Әлдеқандай Бондыр, Шынтас сақтан, қой бағудан басқа түк көрмегендер угроза жасайды. (Қағазды алып оқиды.) "Құрметті генерал, соңғы рет ескертуім: я көнесің — берілесің, я өлесің — көмілесің. Құрметпен Бондыр". "Құрметпен". Рахмет, Бондыр. Сыпайыгершілігіңе рахмет. (Қағазды лақтырып тастайды. Атаманды бастап Бондаренко (Шмит) кіреді.) Пожалуйста, рақым етіңіз. (Шылым ұсынады.)
Атаман (тұтатып). Рахмет. (Шмитке қарап.) Ну, Шмит, айта беріңіз. Шмит. Менің офицерлермен сөйлесіп байқауымша Бондыр күшті, қу жау. Партизандарды жақсы құралдандырудың үстіне пушка, пулеметтерді де алдыруға жақын дейді. Қарап отырып қаланы қоршатуға болмайды. Мықты отряд жіберу керек. Қарағай ішінде ертерек жайғастырмасақ өзіміз әлсірейміз.
Атаман. Господин генерал, сіз не айтасыз?
Г е н е р а л. Қарағайға тығылған мұжық, інге тығылған борсықтай, ол ешуақытта оңай ұстатқан емес. Сол тіпті қарағайымен қадалсын. Одан да біздің халық эвакуацияны көп ойлай бастады, соны шешу қажет еді...
Атаман (ызғарланып). Жақсы барометр екенсіз.
Генерал. Господин атаман! Мен адмирал Колчактың өзі білетін, өзі сенген генералымын. Атаман. Айыпқа бұйырмаңыз. Тыңдамаймын ол сөзіңді. Екеуін де атып осы қалаға жібермей қарысып тұрған кім? Менің күшім. Генерал, Колчак жіберген. Сіздер Қытайға қашқанда да жолыңызды қауіпсіз етуші менің күшім. Енді қала да, әскер де менің қарауымда. Дегеніме бағынбай көріңдер. Тыныштық күннің жандаралдары... Бейбітшіліктің ерлері...
Генерал. Сіз менен не тілейсіз өзіңіз осы?
Атаман. Генерал Березовский, сізге қаладан қозғалуға болмайды. Анау қырмен шегінген Дутов әскері осында жеткенше қаланы да, облысты да ешкімге бермейміз. Алысасыз, тосасыз. Жергілікті жауды бас көтертпей. Ал егер көшсеңіз елдің бәрінен соң көшесіз. (Шмитке.) Шақыр Шварцты. (Шмит Шварцты ертіп алдыңғы бөлмеге кіреді.)
Ш м и т. Біздің ақ саусақ кәрінің атаманнан зәресі ұшып отыр.
Ш в а р ц. Ендеше атаманның ақ көздігін пайдалану керек.
Ш м и т. Есінде болсын. Бондырге сені жібертемін.
Ш в а р ц. Сергейдің әмірін мен де алғам. (Екеуі кіреді.)
Атаман. Жазыңыз жарлықты. (Шварц жазады. Атаман айтып тұрады.) "Қарағайдағы партизандар үш күн срок ішінде жойылсын. Шаруалардың айыптылары халық ортасында дарға тартылсын, атылсын. Сезікті сүмбімен дүреленсін. Бондыр тірідей ұсталсын. Ол үшін күшті отряд жіберілсін... " Отрядты... (Генералға қарап.) Кім басқарсын дейсіз, генерал?
Генерал. Адъютант Шмит барсын!
Атаман. Шмит мұнда қалады.
Шмит. Ендеше господин Шварц қолайлы болар.
Атаман. Шварц қалай еді?
Шмит. Сенімді, ер офицер, міне. (Атаман амандасады.)
Атаман. Сіз менің әскерімде болған жоқсыз ғой?
Ш в а р ц. Жоқ, ваше превосходительство.
Атаман. Карательная операцияда болып па едіңіз?
Шварц. Болдым. Талай бүлік деревняларды басып ек.
Атаман. Менің әскерімде болмапсыз, ә?.. Жазыңыз: ...отрядтың командирі менің адъютантым подполковник Столбов болсын. Ол карательная экспедицияны менің тапсыруыммен әлденеше рет ойдағыдай өткізген кісі. Шварц. Ваше превосходительство, мен де сіздің тапсырмаңызды орындап, өз қайратымды көрсетсем деп ем. Атаман. Рахмет, капитан... Ендеше Шварц Столбовтың помощнигі боп барады... Болды. (Генералға.) Господин генерал, қол қойыңыз. (Қол қояды, Шварц кетеді. Алаштар. Сұлтан, Мұстапа, Біләл, Мәжитовтар кіреді, бастарын иеді.)
Атаман. Немене? Сіздерге тапсырылған міндет неге орындалмайды? С ұ л т а н (сасып). Қайт дейсіз, господин атаман, барымызды аяп жатырмыз ба? Атаман. Қыр қазағы құралданып қарсылық жасап жатады, дала бізге жау дала боп барады. Сіздер кімге иесіздер осы?
Сұлтан. Господин атаман, ендеше біздің бар күшіміз өміріңізде... Атаман. Ендеше бес күннің ішінде 3 мың түйе табуды міндеттеймін. (Аналар бастарын шұлғиды.) Екінші, әскердің Лепсіге жүретін жолына азықты, көлікті, шөпті мол дайындайсыңдар, киіз үйлер тіктіресіңдер. (Тағы шұлғысады.) Байқаңдар! Біз бұл қаладан кетпейміз. Шегінеміз. Дутов әскері осында келеді. Сол жетісімен барлық күшті қайта құрып, Сібірге қайта шабуыл жасаймыз. М ұ с т а п а. Соқырдың тілегені екі көзі емес пе? (Жағымпаздана айтады.) Бірақ, жау әлденіп жатқан сияқты ғой. Атаман. Ол сендердің әлсіздіктеріңнен. Осы қалада да большевиктер үясы бар болу керек. Әйтпесе қырдағы қазақ партизандары мен Қарағайдағы Бондырдың ісі қалайша бір бағытпен істеледі? М ұ с т а п а. Осыны шәк жоқ, господин атаман. Жалғыз-ақ сол қырды қолға алу үшін алаш полкын өз ықтиярымызға берсеңіз екен. А т а м а н. Не дейсіз? Бұл қандай саясат. Құрал-жабдықты біз береміз де, полк сіздерде болады. Жоқ, полк менің өз бұйрығымда, Мәжитов!
М ә ж и т о в. Тақсыр, сіздің әміріңізді тыңдаймын.
Атаман. Менен бұйрық тос. Жетісуға жүресің.
М ә ж и т о в. Мақұл, ваше превосходительство, Жетісуға жүремін.
Сұлтан. Дұрыс - дұрыс... айтқаныңыз болсын, господин атаман.
М ұ с т а п а. Ендігі бір тілек: қалада тыныштық сақтау үшін контрразведка біздің көрсеткен адамдарымызды тоқтаусыз ұстайтын болса екен?
Атаман. Дұрыс, ол орындалады. Мұстапалар кетеді. Атаман, генерал шығады.
Шварц (Шмитке). Кәне, нұсқау не болды? (Күлімсірейді.)
Ш м и т. Нұсқау — Бондырды мықты қаруландыру керек. Мен атаманға өтірікші болмас үшін оларға пушка, пулемет жеткізу керек. Шварц. Бондырмен кездескенде соғыста сенің жағыңнан шыққан шығын, алдымен оққа ұшқан ер, сол болады да... (Күледі.)
Ш в а р ц. Болсын, господин Шмит! (Күліседі.) Шмит. Жарайды, жарайды. Тез кіріс! (Арқасынан қағады. Шварц кетеді. Пауза. Шмит ойланып отырады. Қаба сақал, жуан қарын құлақ біреу кіреді.) Сен кімсің? (Арба айдаушы мұжық пішінді Бондыр кіреді.)
Бондыр (басын иіп). Есенсіз, господин офицер.
Шмит (басын көтеріп алып). Сен кім? (Танып.) Бондыр.
Бондыр. Иә, Бондыр. (Күлімсірейді.)
Шмит. Бұл не жүріс? Бұл қай тактика? Ордалы жыланның ортасына келіп ұсталғалы жүрсің бе? Барлық планды бұзғалы жүрсің бе? Бондыр. Күте - күте ішім пысты, әбден болмаған соң господиндардың тым болмаса беттерін көріп қайтайын дедім, немесе осы Қарағайда қарынымызды құшақтап жата береміз бе, жоқ әлде айқасатын күн бар ма? Шмит. Әрине, болады, бірақ ыңғайлы жағдайын, мерзімді сағатын күту керек емес пе. Тәртіп керек емес пе?
Бондыр (қатты). Сол сағатыңды айтсайшы!
Ш м и т. Тыныш! Тез жөнел, Бондыр, сендерге отряд бастап Шварц жүреді. Қару-жарақты мейлінше көп жібердік. Отрядты барған күні жайғастырып құралданасыңдар. Одан соң Шварц екеуің Сергейден әмір күтесіңдер.
Бондыр. Е, жарқыным тым болмаса осыларыңды айтсаңшы. (Есік қағылады.) Шмит. Берік бол, білдірмеске тырыс! (Есікке қарап.) Пожалуйста кіріңіз. (Генерал әйелі мен Гүлжамила кіреді.) Құрметпен қарсы аламын, пожалуйста, келіңіздер. (Әйелдер Бондырға қарамай Шмитке өтеді, қолдарын сүйгізеді.) Генерал әйелі. Господин офицер, бүгін менің туған күнім. Кешке бізге ужинға келесіздер. (Қылмыңдап.) Күн шыққанша билейміз. Тыныштық дүниесіндегі аристократтар өмірін еске түсіреміз. Гүлжамила. Господин атаманмен мазурканы қыздырамыз... (Бондыр көзіне түсіп.) Сұмдық - ау, мынасы кім? (Генерал әйелі көзілдірік салып қарайды.)
Ш м и т. Ғафу етіңіздер, ақысын сұрай келген арбакеш.
Генерал әйелі. Сізге ақы не үшін керек? Генералдың мархабаты да жетпей ме? (Сықылықтап күледі.)
Бондыр (құлағын қағады). Қатты айтыңыз, ханым, естімеймін.
Гүлжамила. Саңырау екен ғой, тәңірім. Құлағын қалай қағады. (Бұда сықылықтап күледі,
Шмит та күледі.) Генерал әйелі (дауысын көтеріп, құлағына дәлдеп). Ақы сұрау жарамайды. Ұқтыңыз ба? Бондыр (басын иіп). Ұқтым, ұқтым. Сіз айтсаңыз сұрамай-ақ қояйын. Білуге болар ма, өзіңіз кім боласыз?
Генерал әйелі. Генерал Березовскийдің әйелімін. (Күледі. Бондыр естімейді.) Гүлжамила (қошеметтеген боп). Генерал... ұлы генералдың. (Басын иеді. Әйелдер күліп шығып кетеді.) Кейін қайта танысармыз. Ш м и т. Бондыр, байқа! Қалған артистігіңді енді орманға кеткен отрядқа жұмса. (Бондыр қол қысып, шығып кетеді. Телефон сылдырайды.) Бондаренко. Штаб. А, господин генералсыз ба... Инструкция берілді... иә, иә! Столбов пен Шварц... деревняларды өртеу ме? Тапсырылды. Бондыр ма? Айттым, тірі ұсталсын дедім. (Телефонды іліп қойып.) Генералдың көрін тереңнен қаз дедім.
ШЫМЫЛДЫҚ
Төртінші сурет
Алтыншаштың бөлмелері. Қаладағы қымыз сататын үй. Сахнада Іңкәр, Алтыншаш, Мәжитов киінген жігіттерімен. Соңғылары қымыз ішіп отырады. Мұстапа, Біләл топтары да отырады. М ә ж и т о в (өзінің гармоншы жігіттеріне). Ей, тартшы гармонды. Мен бір жырлап жіберейін. І ң к ә р. Иә, қайным, сүйтіңдер, қызық думан, өнер көрсетіңдерші мына жас құрбыларыңа. (Гармонь тартылады.) М ә ж и т о в. О, жақсы айтасыз, менің Алтыншаштан аяйтын түгім жоқ. Айда... тарт!
Жасыл тарантас жектім пар ат,
Жібердім жалын тарап.
Кел ойнайық, кел күлейік,
Қалсын дұшпандар қарап.
(Орнынан тұрып Данаға жақындайды, мастау. Мұстапа, Сапарлар кіреді.) С а п а p. Ә, мәжіліс қайырлы болсын, азаматтар! Ояуда ойымнан кетпеген, ұйқыда түсімнен кетпеген ақ маңдайым. Алтыншаштың құрметіне қыздыра соғыңдар! (Мәжитовтың қолын алмақ болады.) М ә ж и т о в (қолын қағып қалып). Көтергенім кісінің шашбауы емес. Олай десең әрі тарт.
Б і л ә л. О, шекісіп бекісіңдер. (қорқылдап күледі.) М ә ж и т о в. Шекісуге де бармын. Бекісуге де бармын. Бірақ Алтыншашты өзім ғана сүйемін! (Алтыншашқа Сапар екеуі жарыса жүреді.) Жалғыз-ақ сен тиыл, Сапар, жарыспай тарт аяғыңды. Болмаса өмірімнен өлімім жуық кезде жалғыз оқпен жайғастырып кетермін. (Мылтығын ұсынады. Жұрт үрейленеді.) Алтыншаш (ұшып түрегеліп). Лақ емеспін, адаммын. Сырттан билеп таласып не көрінді, ағалар?
С а п а р. Айтшы, қалқам, кімдікі жөн?
М ә ж и т о в. Айтсаң айтшы, бикеш.
І ң к ә p. Қайындарым - ау, несіне қызасыңдар, қымызы ортақ үйдің қызығы ортақ дегендей. Ұштасып кете бермейтіндер. (Қылымсиды.)
Б і л ә л. Ай, жорға бозым - ай, қөңіліңді құдай ауласын.
М ұ с т а п а (Біләлға күліп). О, құлқының құрсын, сен де қызайын деп пе едің?
Б і л ә л. Үндеме, бұл бір тартыс қой.
Алтыншаш. Мырзалар, тілдеріңді тарта сөйлесеңдер екен. Бұл думанға тартысқа салар жүрегім жоқ...
Д а у ы с т а p. Мәссаған! Ал керек болса.
М ұ с т а п а. Қой, шырақ, алаш азаматтарының игі тобының басын қайдан қосамын деп келдім. Көп болып міне ұйғарғаным, мынау Сапар.
Алтыншаш. Жоқ, ағай, көнбеймін. (Жыламсырап отыра кетеді.) Б і л ә л. Ой, ендеше көріп алайық, ай қарағым, Мәжитов, қызулықты таста. Өмірің болса саған да талай Алтыншаш табылар. Комитет болып Сапарға ұйғарып ек, бір жолға қоя ғой. С а п а p. Басқалар қиғанда қимайтын Мәжитов деп пе едіңдер? (Бетінен сүйеді.) М ә ж и т о в. Е, көрсеткен опаларың осы болса, қош болыңдар! Кеттік, жігіттер. (Тобымен кетеді.) С а п а р. Ал, әлеумет, куә болыңдар, ағалар ұйғарған соң аянарым жоқ. Алтыншашымды алдарыңда сүйемін. (Сүймек болады. Дана көнбейді.) Алтыншаш. Саған сүйгізгенше жерге кірейін. (Теміршот, Жойқынбек анадай орындарынан тұрады.) Т е м і р ш о т. Сапар мырза, шалдыра көрме, қыздан жығылсаң майып боларсың. С а п а р (Алтыншашты қоя береді). Килікпе, жігітім, жықсам да, жығылсам да Алтыншашты сүйетін өзім, сенен жәрдем сұрамаспын.
Т е м і р ш о т (қасыма келіп.) Жоқ, сүйетін сен емессің бе деймін.
Б і л ә л. Ал енді қай құдай екен.
Т е м і р ш о т. Алтыншаш кімді сүйсе, сол адам Алтыншашты сүйеді де. (Алтыншашқа қарап ) Кәне, сәулем, өзің айтшы, әділетті мырзалар құлағымен естісін. І ң к ә р (шаптығып). Онда барсам — онда, мұнда келсем — мұнда бүлік шығарасың. Нең бар осы отымның басында? Т е м і р ш о т. Оттың басы осындай бола ма екен. Әнге жұрт арманын отқа қақтағалы келсе, мен Алтыншашты сақтағалы келдім. (Алтыншашқа.) Ашып айт, сәулем, өз жүрегіңе өзің иесің. Алтыншаш. Таршылықтағы таянышым, алдыма міне жаңа келді. Сүйгенім үшін әнім мен өлеңім кепіл. Білгісі келгендер құлағын тоссын. Келші, Барбар аға, дауысыңды қосшы. (Ән салады.)
Әніме құлағың сал, үлкен, кіші,
Сөзімнің жаңа келді оралғысы,
Сүйгенім жанға балап, жарық көрген,
"Аққайың"— ән тынысы, жан тынысы.
Ақ қайың... (Теміршотқа.) Туысқан бауырым, жанкүйерім. Жұрт құлағымен естімесін, көзімен көрсін. Міне, жүзігім. (Қолына салады.)
І ң к ә р. Ойбай-ай, өңім бе, түсім бе? Құртыңдар мынаны ойбай. Т е м і р ш о т (Алтыншашты құшақтап тұрып). Тағы айтарларың бар ма? Алтыншашты сүйетін мен боламын.
Сапар. Ақ қайың болмақ тұрсын, ақ емен бол, Алтыншашты саған бұйыртпаспын!
Т е м і р ш о т. Алтыншаштың жүзі тұрсын, ізін бастырмаспын саған.
С а п а p. Әкел қолыңды! (Екеуі қол алысады.)
М ұ с т а п а. Не дейді мынау?
Б і л ә л. Осының - ақ көлденеңдей беруі қалмады, Мұстапа.
Т е м і р ш о т. Е, сендердің жерінді тарылтып жүрген мен ғой, тегі. Тапқан екенсің жауыңды. С а п а р. Сендер мұны қайықшы ғана дейсіңдер ме?.. Жоқ, жаңыласыңдар. Міне, біліп, танып алыңдар. Ертең қызылдар келсе біздің алдымыздан пәле болып шығатын дәл осы.
Барбар. Ой, шырағым, Сапар, қызға таласып бәле жаппақсың. Бұл не дегенің?
Т е м і р ш о т. Ой, тәйір, бұған ел керек пе, ел деген ер ғана ғой.
С а п а p. Көрдің бе? Тап мынаның көзін құртыңдар!
Т е м і р ш о т. Құртып көр.
С а п а p. Құртпасам, ит болайын ендеше.
Жойқынбек (Теміршотқа). Ой, қарағым, Теміршот-ау, безработный қап барам ғой, мүлдем. Т е м і р ш о т. Үндеме. Тоқта! (Сапарға.) Есінде болсын мен мына Алтыншашты сүйіп, осыған жаным ашығаннан басқа қылмысым жоқ кісімін. Жауып көр жалаңды. С а п а p. Мұстапа, жапқыз мынаны... Қалған сөзді контрразведкада өзім сөйлесермін. М ұ с т а п а. Шақырыңдар ендеше, анау үйдегі контрразведка адамдарын. Жапсын мына бұзықты. (Адам кетеді.) Т е м і р ш о т. Шын айтасың ба? Ендеше жапқызып көр кәне. (Барлығы да атып-атып тұрысады.) Ж о й қ ы н б е к. Е, бәсе, тілеуіңді бергір, сүйдесеңші... Ендеше, ой, тұр былай, түге. (Шоқпарын суырып алады). Алдыма түс, Теміршот, алып көрсін бұлар. С а п а p. Қайда? Қайда әлгі офицер?.. Е, келеді, әне келеді... Көрермін қазір.
Жойқынбек. Теміршот, жүр ана терезеге қарай.
Т е м і р ш о т (Алтыншашқа жақындап). Қалқам, шошыма, осындай төмен етек, қызтеке немелер жеңуші ме еді бізді. Жойқынбек. Ежелгі машығым алыспай берісіп көрген емен, тұр былай. (Теміршотты алып терезеден қарғып түсіп кетеді.)
Б і л ә л. Ойбай, кетті ғой. (Офицерлер келеді.) Ұста ананы, ұста! М ү с т а п а. Госпада, жана ғана бір большевик қашып кетті. Ұста, ұста. Ұстата көр... жүр... Жүріңдер тегіс. (Бәрі жөнеледі, Барбар мен Алтыншаш қана қалады.)
Алтыншаш. Жаным-ай, құдай сақтай көр...
Барбар. Ой, сұңқарым, тек тірі бол.
Алтыншаш. Жүгір, жүгірші, ағатайым... Біл... Көрдің бе, ұқтың ба, әлгі сөздерін... Жеткіз... жеткіз жылдам Сергей мен Ерболға... Ұмтыл... Жүгір – жүгір - жүгір, құтқарсын, құтқар деші Теміршотты... (Барбар жүгіреді.)
Ш Ы М Ы Л Д Ы Қ
ІІІ АКТ
Бесінші сурет
Алашордашылардың кеңсесі. Ішінде Сапар, Мұстапа, Біләлдар отырады. Сахна ашылғанда Сұлтан келіп кіреді.
Б і л ә л. Немене, фронт қалай?
С ұ л т а н. Генерал жіберген офицер Шварц бүкіл әскерімен Бондыр партизанға қосылып кетіпті. Енді қаланы шабу ғана қалды.
С а п а p. Е, жеткен екенбіз. Ендігі кезек тек эвакуация десеңші.
Сұлтан. Оны ойлау керек. Бірақ тағы бір сүйінші
бар.
Б і л ә л. Атаман Дутов қалың әскермен жақындап келеді дейді. Алаш қаласын соның әскеріне босатып беруді генерал Березовский қатты бұйрық етіп тапсырып отыр.
М ұ с т а п а. Шын келетін болса қаласы құрғырды аямай-ақ қояйық. С ұ л т а н. Ал, Сапар шырақ, заман екі талай болса, большивектердің тылында кісі қалдыру керек. Кешегі алашорда мәжілісі не дегенін, не міндет атқарғанын ұқтың ғой. Сүйеніш болатын жастарды қамтуды мен саған тапсырам. С а п а р. Оны біраз сенімді жастармен біз де кеңестік, бірақ жалғыз тілек бар, басы осы Теміршот қып бірсыпыра адамдарды атқызбасақ, түбінде көресіні солардан көреміз. Байлау осы. М ұ с т а п а. Мен де қостаймын. Ол жігіт большевиктер революциясынан тыс емес. Сұлтан. Ол тілектерің орындалады. Сезікті жастар аз емес. Енді контрразведкамен нық байланыспай болмайды.
Сапар. Ендеше мен соларға кеттім. (Шығады. Гүлжамила кіреді.)
Сұлтан (қарсы жүріп). Гуля! Жай келдің бе? (Қолынан сүйеді.)
Гүлжамила (отырады, ашулы). Сағат сайын қаланы кернеп бара жатқан қорқыныш. Тіпті есігіңді қағып тұрған сияқты.
М ұ с т а п а. Гуля, шын үрейлісіз ғой өзіңіз. (Қасына келеді.) Гүлжамила. Господин генералдың үй іші буынып-түйініп отыр, ал біз болсаңшы...
Сұлтан. Керек болса біз де оп-оңай дайын боламыз, несі бар.
Гүлжамила. Боламын керегі жоқ. Иә, дұрыстап өзің қорға, иә атаманның қарамағына көшемін. (Орнынан тұра келеді.) Сұлтан. Үрейленбе, Гулишка! Қорқатын тук те жоқ. Осы қалаға орныққалы атаман Дутов келе жатыр дейді. Осыны білдің бе? (Есікке қарай алып жүреді.) Гүлжамила (есіктің аузында). Жоқ. Мен атаман Дутовпен таныс емеспін. Маған осы өзіміздің атаманнан қымбаттысы жоқ. Қайтсең де бүгін аттандырасың. Есіттің бе? Отырмаймын от пен судың шегінде. (Кетеді.)
Б і л ә л. Қайтсын, жағдай жаманға айналды ғой.
Сұлтан. Бәсе, тым құрмаса осылардың да тыныштығын сақтай алмадық.
Сырттағы дауыс. Кіргіз деңдер мына солдаттарыңа! Арызым бар айтатын.
Сұлтан. Бұл не? Осы немене шу өзі?
М ұ с т а п а. Ой, тәйірі әлгі лаң - лаушы, пәтер, сойыс дегендер бар емес пе, соның салмағы түскендер. Қазақ деген елдікті, жұртшылықты білмей... Алашорданың беделін сақтап дегенін істеуді түсіне ме? Б і л ә л. Бәсе, одан да өзінен шыққан сынық бұрауын артық санайды ғой. Тыңдамау керек.
Екі-үш кісі керней кіре келеді.
Сұлтан (кеудесін итеріп). Е, немене, не боп қалды? Қайда кимелеп барасың түге? Ал
тымағыңды!
1-кісі. Шырағым, сендердің бұйрығыңмен аламыз дейді жалғыз атымды.
2-кісі. Жалғыз көлік қып отырған түйемді лауға...
Сұлтан. Жә! Лау ма? Бересің, өлсең де бересің.
3-кісі. Бастағы жаман... жалғыз киіз үйім.
Сұлтан. Ел емессің, білдің бе? Біздің қысылғанымыз сенің ойыңа кірер ме екен.
Б і л ә л. Бай келеді деп қашырғаннан басқа не білуші еді. 3-к і с і. Е, бек болсаң өзің үшін боласың... Осы пәленді әкетесің бе, жандарым мына халықтан? Көпті жарып Шумский мен тағы бір офицер келе жатады.
Сұлтан. Доғар! Болды, жетті.
Ш у м с к и й. Мырзалар, мына халықты шығарыңдар. Біздің өте тығыз сөзіміз бар... Кәне.
Сұлтан. Ал, міне көрдіңдер ме... Бар-бар... Барыңдар... (Кетіседі.) Ш у м с к и й. Мырзалар, мен сіздерге генерал Березовскийдің өте тығыз, өте қатал бұйрығын әкеліп отырмын. Сіздерге 24 сағат.
Сұлтан. О, құдай, тағы 24 сағат.
Шумский. 24 сағат ішінде алаш қаласының қақ жарымын босату міндеті тапсырылады. Атаман Дутов 40 мың әскерімен келе жатыр. Сол атаман күші бесінші армия күшіне қосылып алып, үш күн ішінде барлық облысты өз уысына мықтап тұрып бүгіп алмақ.
Б і л ә л. Иә, сәт, иә, құдай.
Шумский. Тоқтаңыз, тоқтаңыз, мырзалар. Сіздерге тағы бір қатты ескерту, Дутовтан келген хабарға қарағанда, қазақ даласы атаманға достық ету орнына үнемі қастық жасап, қарсылық етуден жазбай тұр дейді. М ұ с т а п а. Ойпыр - ау, бұл неткен ел?.. Атаманның бетін не жүзбен көреміз енді, батыр-ау, ә? Сұлтан. Ал ендеше, Мұстапа, ұқтың ғой, білдің ғой, сал барыңды... қанша сағат дейсіз?
Шумский. 24 сағат уақыт беріледі.
Сұлтан. Ал, Мұстапа, сен осыған... өзің кіріс, бар мына господин поручиктің қасына ер. Мұстапа. Ердім... Алашорданың бар күші, адамы сіздің әміріңізде, господин поручик.
Сұлтан. Айтпақшы, Біләл, тұр, осы жолға сен де ерші...
Мұстапа. Рас, жалғыз мен емес, қалаға беделің бар, жүр.
Б і л ә л. Барайын, тек осылардың ғана жолын қыла көр, иә құдай. Ал онан соң атаман келісімен осы Шынтасты ғана құртып берсеңдер, осыны ғана уәде қыл енді Сұлтан, Мұстапа... С ұ л т а н. Үндеме, сенсіз де кіжініп жүргенім сол, сондайлар. Березовский Бондыр деп, алашорда Шынтас - Шынтас деп тісін басып тұрған жоқ па... Алаң болма, тарта бер. (Аналар кетеді. Сұлтан әрлі-берлі жүреді... Есікте шу.)
Д а у ы с. Жібер ай, жібер, деймін...
Қ а р а у ы л. Болмайды, болмайды деймін.
Жойқынбек (есіктен қарауылды серпіп). Ой, тәйірі деген, болмаса мынау не. Кір! (Ербол екеуі кіреді.)
С ұ л т а н. Е, сендерге не керек?
Ербол. Керегім — шағым, мырза... Осында алашорда жастары қымызға қызып, қызға таласып, інімді жапқызып қойыпты. Жазықсыздан зарықтырмасын. Шығарып берсін деп кеп тұрмын...
Сұлтан. Ініңнің аты кім?
Е р б о л. Теміршот.
С ұ л т а н. Теміршот?! Е, анау әлгі қайықшының бірдемесі ме? Жоқ, ол босамайды.
Ербол. Неліктен босамайды?
Жойқынбек. Жазығы не?
С ұ л т а н. Жазығында не ақың бар? Ондай іні марқау кетсін. Сұрап сайтаның бар ма?
Ербол. Мырза, бұ не дегенің, мазағың ба?
Сұлтан. Мазақты көп көрсең азапты да тартасың.
Ербол. Бұл зорлығың — зорлық, енді кеп күйген қорлығың не?
Сұлтан. Қорлықтың әкесін көгенде отырып, көздеріңді ойғанда көрерсің.
Е р б о л. Барың осы ма? Тек көген басында тез табысайық ендеше...
С ұ л т а н. Не дейсің, не дедің?
Жойқынбек. Дегені деген ғой, сол мырза... Иә.
С ұ л т а н. Сен кімсің?
Жойқынбек. Мен қол ағаштай жұдырығы бар, қолақпандай кісімін ендеше, ал.
Сұлтан. Ізденген немесің, әлде?
Жойқынбек. Өзім іздеген емеспін, ал бірақ іздегенге сұрағанмын. Онымды тағы жасырар жайым жоқ.
Сұлтан. Белгілі жуан немесің ғой өзің....
Ж о й қ ы н б е к. Е, тілегімнің беті білегіммен қоса қимылдайтыны рас.
Сұлтан. Бәлем, қаланың қу жатағы, беттен алып дәндікке екенсіңдер. Ендеше біліп ал. Әне, 40 мың әскерімен атаман Дутов кеп ертең-ақ осында орнайды. Жаңағы көген дегенім деген. Ініңді де, үніңді де тап сол жерде өшірермін.
Е р б о л. Көгеніңмен кетіп жүрме...
Жойқынбек. Ендеше сені ме, арызшы болып, енді бәрі итім көрсін.
Сұлтан. Тек қана атаман жетіп қалаға кірсін.
Ербол, Жойқынбек сыртқа шығады. Сұлтан кетеді. Ерболдарға Сергей келеді.
Сергей. Орынсыз талап демеп пе ем... Сонда да ажары қалай?
Е р б о л. Ажарын сұрама. Теміршотқа қаны қарая өшіккен көрінеді.
Сергей. Не дестіңдер?
Жойқынбек. Десуге келген жоқ. Сонан соң құр кетейік пе, тіпті болмаған соң жұдырық қана шенестік. Сергей. Ай, Теміршот... Қызу, айласыз, ұшқалақ! Біздің қимыл тездемесе түрмедегі өзге адамдарымызбен бірге о да кетті... Қимыл... Тез қимыл қажет.
Е р б о л. Қимылды айтасың - ау, бірақ Дутов хабарын есіттің бе?
Жойқынбек. Ертең кеп қалаға кіреді. 40 мың әскері бар дейді ғой...
Е р б о л. Қаланы бір атаман үстіне тағы бір атаман әлегі басатын болды. Жуасбек келеді, амандасады, хат береді. Жуасбек. Мә, Сергей, мынаны оқы. Іздегенім сен едің. Ой, Жойқынбек, немене, біреуден таяқ жегенсің бе өзің? Сұры қалай еді? Жойқынбек. Ойбай-ау, қор болдым ғой мүлдем. Жуасбек. Жалғыздап жатыр ма? Жойқынбек. Әлі күнге бір жұдырық сілтесем. Айдағаным құр ғана сыпайы сөз. Сіз, біз. Сен не күн көріп жүрсің?
Жуасбек. Үндеме, бір майдан соң, қырғын төбелес енді-енді ғана келе жатыр.
Ж о й қ ы н б е к. О, балаң аты таң жарық болсын. Сүйдесеңші тым құрмаса.
Сергей. Дутов әскері шынымен осы қалаға беттеп келе ме?
Жуасбек. Қалаға келеді.
Е р б о л. Қалың ба, 40 мың дегені шын ба?
Жуасбек. Санын білмедік. Бірақ қалыңы қалың. Қалаға жеткізбейік деп Шынтас құлшынып отыр.
Сергей. Өз күштерің аз ғой, алғызбайды ғой.
Жуасбек. Енді кеп қалаға кірсе, не болдық?
Сергей. Жоқ, олай болса қаланы ол алмайды, біз аламыз. Бізде де күш шағын, бірақ содан басқа шығар жол жоқ. Атаманнан бұрын қаланы алып көреміз. Жойқынбек, сен мына хатты ал да, Бондырге шап, қалаға қарай бассын. Біз қаланы алысымен, ол осыдан қаруланып алып қырға шықсын. Жуасбек, қайта шап, Шынтасқа айт, түн баласында партизан шабуылын көп жасап, қолындағы көліктерін тартып ала берсін. (Жойқынбекке.) Жай шын төбелес енді келді. Міні келеді. Түсіндің бе, Жойқын, әзірсің бе? Жойқынбек. Әзір болмай қайтушы ем. Дәл осыны күте - күте 40-тан асқан, зар күйіне келген, қырғын жұдырық мінекей! Жіберші, жіберіп қана көрші. Сергей. Ендеше мына хатты жеткіз де, қайта қайт. Бірінші қызу майдан — қалада, Ербол, сен маған ер, өтеміз. Іске басамыз, кәне, жөнеліңдер!
Ш Ы М Ы Л Д Ы Қ
Алтыншы сурет
Күңгірт кеш. Паром аузында. Ертісте сең жатыр. Алыста ана жағада аржақтың, үлкен қаланың оты жарқылдайды. Бір топ қайықшы, орталарында Сергей, суға қарап сөйлеседі.
1-қайықшы. Қорықпайды, қарашы, сіресіп келе жатқан сең болса да...
2-қ а й ы қ ш ы. Сескенбей сілкіседі.
Сергей. Ербол қайда?
1-қ а й ы қ ш ы. Үндеме, жабысып жатыр.
3-қа й ы қ ш ы. Қадалғаннан қан алмай неге шықсын Ерекең.
4-қа й ы қ ш ы. Тоқта, я сәт!
1-қа й ы қ ш ы. Ақырын, дабырлама.
2-қа й ы қ ш ы. Ал, ақырын... я сәт, ақырын... я сәт.
1-қ а й ы қ ш ы. Ерім... жарайсың, болды, әні кесті...
көрдің бе, Сергей? Сүйінші, кесіп жіберді Ербол.
Сергей. Тоқта, үндеме. Үлкен істің ең басы осы.
1-қайықшы. Ал енді ар жақ, бер жақ арасы пышақпен кескендей кесілді де үзілді. 3-қ а й ы қ ш ы. Әні кетті... Шу қара құйрық! Ербол кесті де жолыңды байлады. Өзі міне қайта салды... Кел! Келші айналайын, Еркем-ай! Қайық жылжып келе береді, Ербол мен бір қайықшы. Сергей. Достар, Ербол паромды ғана кескен жоқ, ақ қашатын жолды да кесті. Бүгін-ертең қалаға келсе де, ар жаққа өте алмайтын қып Дутовтың да алдын кесті.
5-қ а й ы қ ш ы. Бәсе, соны айтсаңшы.
Сергей. Ал, Ербол, енді не білгенің бар?
Ербол. Бұйыр да, міндет арт. Сөз осы емес пе, жігіттер?
Д а у ы с. Осы... Тас түйінбіз!
Сергей. Құп, жолдастар, ал, бері таман, жә екі жағыңның әр қайықшысынан да екі өкіл бар ма осы арада? Ербол. Бар, түгел, міне, мына Қырықпай бас жатақтан. Ботпай орта жатақтан, мен болсам аяқ жатақтан. Тапсыратыныңды айт, бар қайықшыға біз таратамыз. Сергей. Ендеше бұдан былай қайық екі жағадан да біздің адамдардан басқа ешкімге берілмейді.
Е р б о л. Болды, өз адамдарыңның белгісін айт.
Сергей. Белгіні білесіңдер, жеткіземіз. Ол бір, екінші — Дутов келсе, қырғын келеді. Келмесін, пәтер берілмесін, көлік тимесін деген сыбысты тарата беріңдер. Ұқтыңдар ма? Д а у ы с. Ал, түнгі сағат бірде пулемет атылса, іс басталды деп біліңдер, сол! Жә, тарандар! Барыңдар. 1-қ а й ы қ ш ы. Бүгін түнде қайықшы атаулының кірпігі ілінбейді. Оны өз міндетіме аламын. Ал, жігіттер, жүріңдер. (Кете беріседі. Қараңдап екеу келе жатады.)
Сергей (қайықтан шыға бере). Алтыншаш, қызым!
Е р б о л. Немене?
Алтыншаш. Ағалар, үйден ұрланып шықтым. Өлер, тірілер жерім келді. Жаным қысылып шықтым. Теміршот басы қатерде. Менің өгей шешем мен Бесбілезік біліпті. Анық бүгін түнде атылады деп Сапар келіп айтып кетіпті. Жаным, паналарым, құтқара көріңдер! Құтқара көріңдер!
Е р б о л. Шырағым - ай, жанкүйер, шын досы екенсің - ау Теміршотымның. Алтыншаш. Тұншыққан күнде тапқан жарық жұлдызым. Тіршілік тынысым еді Теміршот. Ереке, Сергей, айла бар ма? Сергей. Жылама, Алтыншашым, жақсы қарындасым... Теміршот құтқарылады. Сол үшін кетіп барамыз. Алтыншаш. Ағатай, жолыңа жаным құрбандық болсын ендеше, жөнел, жөнеле көрші. Сергей. Жарайды, берік бол. Ал, біз жөнелдік. (Қайыққа міне береді. Жойқынбек шығады.)
Жойқынбек. Апырай, дәл басқанымды қара, Сергей.
Сергей. Жойқын, немене көрдің бе Болдырды?
Жойқынбек. Көрмей қоям ба? Мә, мынаны оқи бер. (Өзгелерге.) Шіркін, еркек солар екен. Сергей (қатты оқи бере). Еркек жалғыз олар мен, міне, мұнда қара, мінекей қасында тұр. (Алтыншашты көрсетеді.) Ж о й қ ы н б е к. А? Не дедің? Ой, Алтыншаш, жүрісің қалай жақсы еді. Әлде сен де өзіме тартып төбелес іздейін дедің бе? Алтыншаш. Ашынғаннан ашылады екен, аға. Сендердің жолыңнан аяп қалар аяулым жоқ.
Жойқынбек. Мінекей, сөз төресі осы десеңші.
Сергей. Бондыр жарапты. Хабар бізден, жә!
Барбар. Алтыншаш, айтсаңшы...
Ербол (Алтыншашқа). Қарағым не қалың бар? Әлде өзің де қыспақта ма едің?
Сергей. Алтыншаш, айт, жәрдем керек пе?
Алтыншаш. Теміршот басың қыспаққа түссе, Сергейге сен, соған білдір деп еді. Ағатайлар, өзім де қатермін. Сергей. Болды. Түсінікті... Жә, ендеше, Жойқынбек, Барбар, мына Алтынымның амандығы екеуіңе міндет. Сақта, жылатпа... Байланысты үзбей, білдіріп тұр. Телефон хабары — 2-полк штаб начальнигі арқылы Сергейді сұрарсың. Ал, барыңдар, Ереке, жүр, бас! (Қайық жөнеле береді.) Алтыншаш. Жолдарың болсын, жарық күнім қолында, осы барар жолында. Сапарыңнан таң күтемін, енді бар тілеуім жолында.
Ш Ы М Ы Л Д Ы Қ
Жетінші сурет
Алтыншаштың үйінде. Түн. Қызу жиын. Алтыншаш қымыз құйып отыр. Қасында гармоншылар Барбар, Сапар, Мәжитов және бірнеше түсі жаман мас ақтар. Барбар (ән салады, әні "Жиырма бес"). Шүкірлік бергеніне, Ойында ешнәрсе жоқ бозбаланың. Тарқатып жас дәуреннің жәрмеңкесін, Шетіне шығып қалдық ду базардың.
С а п а p. Өтірік, шыққанбыз жоқ.
М ә ж и т о в. Былшылдайды ол ән.
С а п а p. Жә, доғар!.. Сөз бар. Бүгін ойран - топан іс бар. Тында, жауап бер, сендер кімнің досы, а? Кімнің досы? Қожағұл, Іңкәр кіреді.
М ә ж и т о в. Дұрыс жауап айт! Міне, мынау мүңкір. Кімнің досы?
Алтыншаш. Ей, құрбылар, осы қорқытқанды қоясың?
М ә ж и т о в. Қорқытамыз, көріп қой, міне, біз құдайың.
Алтыншаш. Мұндай жапалақ бет, қара пұшық, құдайды көрген емен.
С а п а p. Жоқ, жақауратпа, жауап бер. Айт, Қожағұл.
Қожағұл. Не дейін, шырағым-ау, жат болған жерің бар ма еді?
С а п а p. Доғар, білеміз... Досың біз емес, басқа.
І ң к ә р. Ойбай, қалқам, Сапар - ау.
С а п а p. Жоқ, жалған айтпа, мына Алтыншаш достым Теміршот емес, большевик емес, сенсің, Сапарсың деп...
М ә ж и т о в. Уа, һәм сенсің, Мәжитовсың деп...
С а п а p. Сапарсың деп...
М ә ж и т о в. Нет, стой! Мәжитовсің деп...
С а п а р. Мәжитов, уәдені ұмытпа, қоя тұр. Иә, Сапарсың деп бейіл берсін. Болмаса, болмаса бар ма, бүгінгі түн — ойран - топан түні. Сират көпірінде қылыш үстінде тұрмын деп біл. Жә, кімнің досы?
І ң к ә р. Сапар, мен баяғыда айтпап па едім, қызым сен демесе сандалғаны.
Алтыншаш. Япырай, не дейсің? Өзгенің қорлығы аз деп пе дің. Мұның не?
Сапар. А, қайта айтшы, не дейсің?
І ң к ә р. Тыңдама оны, айттың ғой демегін. Мен ғана емес, мына әкесінің сөзі де сол. С а п а р. А - а болды, жетті! Досы біз. Ендеше Теміршотты бүгін түнде сағат бірде пристань сыртындағы құмда, төбеде...
М ә ж и т о в. Атаманның күндегі өкім орындайтын жерінде...
С а п а p. Бір топ большевиктермен бірге атылады. Марқұм кетеді... Ал, біз, жер жайлау жарасып тойлаймыз... гармондатамыз. Әкел, ұста, ал ана гармонды. Алтыншаш (зорға тұрып сырт айналады. Аяғын әрең басады. Барбар бірге жақындайды.) Ағатай, нені есіттім, не деді мына құзғын? Барбар. Қалқам, жаңағы жерін білдірейін Сергейге. Жойқынбек хабар тосып отыр. Сен сыр бермей, сабыр ет те шыдай тұр, ие болшы өзіңе.
Алтыншаш. Ағатай, жүгірте көр кісіңді. Я тәңірі, қуат бер! Барбар кетеді. С а п а p. Жә, есіттің де білдің ғой. Байқап қой, сенің бүгінгі қабағың барды шешеді. Мына Мәжитовтың аты жегулі тұр. Менікі емей жат болсаң, өзгенікі емес, дәл осы боласың, өзім берем. Өз қолымнан берем. Сүйіп отырып, қызғанып жылап отырып берем, бірақ бәрі бір берем... кәні, жөніңді айт!
Алтыншаш. Өзің не тілейсің, не қыл дейсің?
С а п а р. Сыныма шыда... Сырыңды аш деймін.
Алтыншаш (Барбар кіреді. Соған қарап). Ендеше, сырыңды айтшы.
І ң к ә p. Е, бәсе, ақылы бар емес пе еді?
Қ о ж a ғ ұ л. Айналайын, ұғыссаңшы, сүйтіп.
С а п а p. Жарайсың, жақсы бастадың. Олай болса әзірге сын мынау - ақ. Осы қолындағы гармонға қосылып, сонау бір кезде айтқан "Ақ қайың" деген әніңді қайта айт. Ол күнде Теміршотқа, өзгені сүймеймін, сенімен өлемін деген сырыңды сол "Ақ қайыңмен" айтып ең. Енді Теміршоттың өлімін естіген жерде "Ақ қайынды" маған айтсаң, мен риза. Сенемін, кәне, не дейсің?
М ә ж и т о в (Іңкәрға). Айтқыз. Сенің де қыл мойынға тақалған жерің осы. Алтыншаш. Достықты тілейсің, соныңа қарай өзі дос па екен деп барласам, дос емессің, қайта өшсің. Өштікпен сыйламақ боласың. Ондайыңа, сұм зорлығыңа көнерім жоқ. Айтпаймын.
С а п а p. Жоқ, жоқ, айтасың! Айт, баста! Соңғы сөз, соңғы сын.
М ә ж и т о в. Тіпті соңғы бұйрық, айт.
І ң к ә р. Қарағым қызым, өлердей тілегенім болсын, айтшы енді.
Қ о ж а ғ ұ л. Балам - ай, қиын да болса, жиын тіледі ғой, айта көрші, айтшы енді. С а п а р. Ойпырмай, Теміршотты сүйетіні шын-ау! Күймей қайтіп шыдайын. Қайтіп аман қояйын! Айтшы, айтасың ба, жоқ па?
М ә ж и т о в. Айт деймін.
І ң к ә р. Айт, айтшы, Данажан.
Қ о ж а ғ ұ л. Айтшы, Алтыншаш.Тыста ат-шананың сықыры, қоңырау дыбысы естіледі.
М ә ж и т о в. Айт, "Ақ қайыңды".
С а п а р. Баста, әйтпесе, әне, ат әзір. Өлген жерім де, қалған жерім де осы ғана. Алтыншаш (гармонды алып). Ақ бөкен пана қылған ақ қайынды, Жапанға жалғыз біткен ақ қайынды... Уай, Алтыным, айттың ба, мендік болдың ба, қуатым. Алтыншаш. Өзге емес, өзіне айтам қиял жары, Азбаспын, қайдан білсін жат жайымды. Ақ бөкен, неге ұмытсын жар мекенін?
Ақ қайың жасырар ма зарлы екенін?
Ғашық жар, өлсең өлем, жаным бірге,
Көнетін қор өмірге мен бе екенмін?
Жан жарым, рухың риза болсын маған,
Жолыңа айтқан тоқты, мен садағаң,
Қияда тас қамауда көзім жасы,
Бір сен деп, жау көзінше сорғалаған.
С а п а р. Ойпырай, нені айтқызып ем! Неге айтқызып ем? Не дейді мынау? Көзіндегі жасты көрші, жауыма төккен жасы ғой. (Жылап жіберіп.) Жә, болды, бітті ендеше, бұл ойын өзіме бұйырмаса, оған да бұйырмасын. Тұр, Мәжитов, жолың болсын алып кет! Әй, қайдасың түте, кел бері. (Әскерлер кіреді.) Ұста, киіндір! (Алтыншашты қамап қоршап, киіндіре береді.)
М ә ж и т о в. Киіндір, сал шанаға. Қасыма отырғыз!
Барбар. Ей, жігіттер, қасқыр ме едіңдер? Бұларың не? Тиме!
Сапар. Сөйлеме. Үн қатпа!
Қ о ж а ғ ұ л. Ойбай-ай, өстіп өлтірмек пе едіңдер?
Алтыншаш. Ей, Мәжитов, ер болсаң есінді жи.
Сапар. Тыңдама, аяма, қорла, жазала, талауға сал... Бірақ әкет көзімнен.
Алтыншаш. Ендеше ойнап жүрген шығарсың. Арам тер болғаныңды ақырғы сағатта танытармын, көрермін.
М ә ж и т о в. Болды, жабылды қымыз қызығы, тарт енді.
Дауыстар (тыста). Ойбай, қуғын, қуғын, Жойқынбек! Төбелес, жібер, ұста. (Жөнеле бергенде алдарынан шу шығады.) Барбар. Жойқынбек, әкетті ғой, қайдасың, қайдасың, ойбай! (Барбар мен Қожағұлды Сапар ұрып жығады). С а п а р. Тарт, Мәжитов, терезеден тарт. Әкет, өзім төтеп берем. (Терезені теуіп жіберіп сындырады. Мәжитов пен Алтыншашты итеріп шығарып жібереді.) І ң к ә р. Қуарған көк ауру, қыңыр қыз, қанжығада кеттің бе? (Сапар есікте, тартысады.)
Жойқынбек (сыртта). Қират былай иттерді, беремін сыбағанды.
С а п а p. Көрермін айырғаныңды.
Жойқынбек (тартысып есікті аша беріп). Кім келеді қарсыма? Босат жаның барында!
С а п а p. Қайт, өлесің! (Мылтығын төсей береді.) Жойқынбек. Мә, шын өлгенді енді көресің. (Сапардың мылтығын ұрып түсіріп, өзін төбеден бір періп серейте құлатады.) Қайда, қайда Алтыншаш? Сорлы басым, қайда, ойбай-ау? Қ о ж а ғ ұ л. Қор болдым ғой, зарландым, әкетті. Қор етті ғой. Үш! Шап! Ұмтыл! Жойқынбек терезеден ырғып жөнеледі. Тыста қоңырауы шылдырап бара жатқан тройка.
ШЫМЫЛДЫҚ
ІV АКТ
Сегізінші сурет
Түн. Өзен жағасы. Сең жүріп жатыр. Семей жақ жағада тас үй. 5-ші армия штабының үйі. Жағада үш қайың. отырған қайықшылар. Бұлар Сергей, Ербол, Шынтас, екі қайықшы. Жуасбек (ыңырсып әндетіп). Сырғанды қайық қылып өткіз мені. (Тоқтап.) Е - е... Ш ы н т а с. Жандарал неткен сақ десеңші. Тығыламын десе жасын атса күйремес, тас сарайы онда тұр, жылысам десе жедел қашып жөнейтін жел қайығы тұр мұнда.
Сергей. Жандарал әлі мығым. Уақыт болса өтіп барады.
Ербол. Бұл қалай, ә? Неғып кешікті?
Сергей. Не болды бұл Бондаренкоға?
Е р б о л. Әлде білініп, ашылып қалды ма?
үлкен екі қабат Сонда екіден Жуасбек, тағы.
Ш ы н т а с. Құр күдік айтпай тұра тұр.
l - қ а й ы қ ш ы. Кешіккен сайын Теміршот жазым болмаса игі еді деп дәт жоқ.
Е р б о л. Бір Теміршот емес, талай басты большевиктер де жазым ғой.
Сергей. Біздің кісілер ең болмаса түрмені бағуға міндетті.
Жуасбек. Ал, осы жандарал қайықты керек етпей басқа бір жолмен кететін болса қайтеміз? Сергей. Басқа жолды оған кім береді? Әзірлеп отырған қайықпен кетпей немен кетеді?
Жуасбек. Тек дегенің болсын. Қақпанды баспай кетпейді десейші ендеше. Сергей. Жалғыз-ақ осы ана жақтың кешеуіл... (Алыста мылтық атылады.) Тоқта! (Бәрі де "тоқта - тоқта " деседі.) Бір... иә, екінші қайда. Сол жақтың кешеуіл жақпай тұр.
Шынтас. Әлде өзіміз солай барып, сонда араласамыз ба?
Сергей. Жоқ, біздің барлық күш дәл бөлінген. Штабты басу оңай емес. Өз міндеттерін олар өздері ұға біледі. Бұл қалай, ә?
Е р б о л. Неғып кешікті бұл? Жуасбек. Қайран Теміршоттар... 1- қайықшы. Бәсе, өкіндіріп жүрмесе игі еді-ау! Шынтас. Тоқта, күдікті қоя тұр... Күпті қылатын күдігі құрғырды қойшы сол. Жуасбек. Әйтсе де Теміршот күйі батып тұр... зығырды қайнатып, сабырды алып тұр. (Пулемет даусы бытырлап қоя береді.) Я, сәт, біздікі ме, қайдан шығып тұр! Сергей, Шынтас!
Сергей. Түрме тұсы... 2-полк штабының тұсы. Ұқсайды. Біздікі болу керек.
Шынтас. Дәл өзі... Біздікі!
2- қ а й ы қ ш ы. Ой, еркектерім, дегеніңе жет. (Пулемет.)
Сергей. Екінші рет, дұрыс, уәделі белгі. Ал, жігіттер, түн ішінде осы сағатта біздің күн, совет күні, мына дауылпаз пулемет үнімен қатар, қайта туды деп біліңдер. Дер кезім жетті, сағатым соқты деп біліңдер. Кәні ерлер, енді қимылға әзір бол! Ш ы н т а с. Ер ұраны естіліп тұр әні. Сын сағатым соғып тұр. Бұнда әзір болмай қайда әзір болам? Ә с к е р и (асығып келе жатып). Әзірле! Қайықшылар, қайдасың? Қайықты! Господин генерал қазір жетеді! Бол, жылдам.
Сергей. Жуасбек! Бол...
Жуасбек (офицерге). Господин подпоручик! (Жақындай береді.) Тыңдаңызшы... мұзды қараңызшы. Сең қалдың. (Жақындап келе береді.)
Ә с к е р и. Шығарма үніңді. Өлсең де алып өтесің, сөйлеме!
Жуасбек (қасына барып бас салады, барлығы аузын басып жабыла түседі, суға тастап жібереді). Е, сөйлемесең сөйлеме! (Суға қарап тұрып.) Ал, үндемейін, үндеп не қылайын. Сергей. Тоқта, бері қара, келе жатыр, тығылыңдар. (Тығылып тұрады. Сол уақытта асығып басып жандарал және бес-алты офицер шыға келеді. Үйден шығып асығып келеді.) Генерал (кекетіп). Адмирал... диктатор! Атамандар! Әмір аз боп пе еді? Шет елдердің көмегі аз боп пе еді? Әлсіз туған ақсүйек, болжыр тұқым. Мұжық селеннің астында тұншық енді. Өздерің ғана емес, мені де ала кеттің. Қайда, қайда 2-полк? Қайда командир? Көтеріліс... қаптады әні қалың сел. Қайық, әзір ме қайық? Кетемін, кеттім Қытайға, әзір ме?
Офицер. Әзір, ваше превосходительство.
Генерал. Қайда, қайда 2-полк? Хабарын ғана айтса екен. Командир, офицер. Бәлем, 2-полк командирі, осы кешіккеніңді ме?... Ә с к е р и (штаб жақтан жүгіріп кеп.) Ваше превосходительство, 2-полкпен жалғастық. Қатынас бұрынғыша, полк орнына. Генерал. Уһ! Рахмет, офицер мырза. Ал, қайда, Шмит командир қайда? Шақырдыңыз ба? Шақырсаңыз етті.
Офицер. Өзі де осында кетті дейді. Келеді. Қазір келеді.
Генерал. Жарайды, тосайық.
Офицер. Міне, келе жатыр... 2-полк командирі! Өзі де келді. Біздің бар зор үмітіміз! Господин поручик Шмит! Шмит келеді. Генерал. Господин поручик, тез, тез баян етіңіз, хал қалай? Күшіңіз не күйде? Шмит (рапорт беріп тұрып). Господин генерал, күшіміз берік. Қалайда 2-полктан басқа әскери күш жоқ. Ал, 2-полк қазіргі сағатта революция полкі болып түрмені алды.
Генерал. Қалай? Не, не, не?
Шмит. Ал, сіз сол революция атынан барлық мына штабыңызбен арестке алындыңыз деп жариялаймын. (Мылтығын төсейді.)
Генерал. Сіз? Шмит? Не дейсіз? (Офицерлер қамай береді.)
Шмит. Сүйдеймін! Ну?! (Офицерлер Шмитке ұмтыла бергенде.)
Сергей. Стой! Бер қаруды! Ал қаруларын. (Барлық қайықшы мылтықтарын төсеп тұрып ареске алады.) Генерал (ызалы). Қайықшы! Түкке тұрмайтын қырғыз, қайықшы... А, сіздер, ех, офицерлер, түкке тұрмайтын.
Жуасбек. Түкке тұрмаған осы бола ма екен?
Шынтас. Өзіңді тырайтып отырса да түкке тұрмай ма екен жандарал, а? Білмейсің бе, знаком, мен Шынтас!
Генерал. Шынтас? Ә онда түсінікті. (Бұларды әкете береді.) Шмит (Сергейлермен қол алысады, рапорт). Жолдастар, достар. (Иығындағы пагонды жұлып жатып, Сергейге.) Жолдас военно - революционный комитет бастығы! Бондыр бастаған Қарағай партизандары бүгін түнде, сағат 2-де қалаға кеп кіреді.
Сергей. Қалада түрмеден басқа почта, вокзалдарға кісі жіберілді ме?
Ш м и т. Жіберілді, қолға алып жатырмыз.
Сергей. Болды, енді штабқа кіріп, іске басайық.
Ш м и т. Бәсе, ендігі істің басшылығын қолға алыңыз, бастаңыз. Бұйырыңыз, жолдас Сергей! (Кете беріседі, бұларға қарсы жүгіріп, бірнеше топ граждандар келеді.)
Дауыстар. Ойбай, жаман хабар... Қаптап кеп қапты.
— Ар жаққа Дутов әскері жетіп қапты.
— Алып қойыпты ар жақты.
— Дутов Семей басып, таптап келеді дейді.
— Енді қайттік?
Сергей. Саспаңдар, достар, енді бір емес он Дутов болса да қала бізде, ақтарға қайта бермейміз, алысамыз. (Шмит, Шынтас, Ерболмен оңашаланып.) Қазір қала, бер жақ тегіс алынсын. Бондыр күші түгел ар жаққа Дутовқа қарсы Шынтас күшіне барып қосылсын. Шынтас, сендер дереу ар жаққа от. Дутов қалаға келсе қалада, қалаға келмесе даланың, ауылдың өзінде бар үлкен жауапты операция істе.
Шынтас. Құп, айт, бұйыр...
Сергей. Қарсы соғыс жаудан бұрын стратегиялық, партизандық бір үлкен қимыл бар. Ол ең алдымен сол Дутовтың дәл өзі бастаған бар штабын жоқ қылу. Мінекей, саған тапсырылатын зор міндет осы. Бар да осыны орындап шық. Ал соғыс үшін Бондыр күші ертең ар жаққа өтеді, саған жетеді.
Шынтас. Құп, орындаймын.
Сергей. Ал, жол болсын, жөнел! (Жөнеледі. Барбар келеді.)
Барбар. Қайырлы түн болсын, азаматым Сергей! Жаңа сарын жақсы басталғандай ... Е р б о л (қуанған пішінде). Аузыңа май Барбар, тек ішің біле берсін. Даусың жетсе пулеметке өзіңді қоса бер.
Сергей. Зеңбіректерге деңіз. (Барбарға.) Зеңбіректерге.
Барбар. Қосқанда қандай. Айтпақшы, Теміршоттар не болды екен. Аман ба екен қайықтары? Сергей. Әлі толық хабарымыз жоқ. Бірақ, түрменің мезгілінде алынуына қарағанда аман болу керек. Барбар. Тек жандары аман болсын... (Кенеттен.) Апырау, айтарымды ұмытыппын ғой. Масқара болғанда Алтыншаштан айрылып қалдық.
Сергей. Қалай, не дейсің?
Барбар. Әкеткен қанды көз Мәжитов деген офицер, ана құзғындар өз қолдарынан қол-аяғын байлап берді, не қару қылсын бейшара, жылай-жылай кетті. "Сергей ағайға сәлем де" деді бар айтқаны, одан басқа сөзге келтірмеді, шанаға басып алып тартып отырды, иттер. Е р б о л. Қап, болмаған екен. Уыздай еді, өрім еді Алтыншашым. Обал болған екен. Сергей. Рас, обал болған. Барбар, уақыт тығыз, жұмыс көп, сен Теміршотты тап, маған жолықсын. Алтыншашты қайтсек те құтқарамыз. Жүріңдер, жолдастар, штабқа! (Жалғыз Барбар қалады, отырады.) Барбар. Қайда екен Теміршот... Жалындай жас, жүректі жолбарыс кездесе кетіп жанындай сүйген жарын, (тоқталып) Алтыншашты сұраса не бетімді айтамын?.. Аға тұтынып маған тапсырып еді-ау. (Басын шайқайды, ыңылдап өлең айтады.)
Ән-күйдің ағып жатқан бұлағымын,
Аққудың саялаған құрағымын.
Ат берген "Ақ қайың" деп қарындасқа,
Батагөй, сөнбес жарық шырағымын.
Аққайың...
Осы кезде қасында екі-үш кісі бар өзен жағасынан Теміршот шығып қарайды.
Т е м і р ш о т. Ақылды Алтыншаш, еңірей кеткен екен ғой. Етек жеңі ыстық жасқа тола кеткен екен ғой, Теміршотым, бауырым, деп қолын соза - соза кеткен екен ғой, жоқ-жоқ, бақыт таңына бірге қанат қаққан жарымды құтқарамын, бермеймін.
Ш Ы М Ы Л Д Ы Қ
Тоғызыншы сурет
Малды ауылдың қыстауы. Жарымы — үйлер, жарымы — мал қоралар. Екі аралығы -төбесі жабық дала. Терезелерде қырау. Мал қоралардың есіктері ашық, қарауытып тұрады. Анда-санда көрініп кетіп қарауылдар жүр. Ауылда ақтың қалың тобы, төрелері орнап жатқан тәрізді. Тыста сықырлаған аяз. Шынтас (малай киімінде, жегін саймандарын тасып бір араға үйіп жүр. Әр қораға кіріп шығады. Бір қорада уһілеп, қиналған үн шығады. Шынтас қарап тұрып). Сабыр ет, қайрат жый... шыдай тұр, қария! Ш а л. Ойпырай қарағым - ай, азаматым - ай, қор етті ғой... дүре соқты, сүмемен дүреледі ғой. 1- әйел. Кімді аяйды бұл қаскөйлер. Баламды өлімші қылды-ау. Ара түсіп ем, өзімді сабап, осында айдап жөнелді.
2- ә й е л. Қыз, келінде үрей жоқ... тау-таста...
Ш а л. Есіл ел аң боп кетті-ау... бәрі осылар, осындағы төрелер жіберген жендеттер. 1-ә й е л. Өзі бар ұлығы осында ғой, айтсақ арыз тыңдайтын неме ме, жоқ па түге?! Шынтас. Әуре болма, тыңдамайды, таң атқанша 500 түйе тап дегенді ғана біледі. Ш а р у а. Ер дүреден, әйел қорлықтан, бала қорқыныштан өлер болды ғой, қуарған жауыз төре.
Шынтас. Үндеме, көп дауыстап дабылдамаңдар.
Ш а р у а. Өзі, бар төресінің бәрі үйде ме?
Шынтас. Осында. Суық соғып қалжырап келген немелер ғой, бастары жастыққа тие салса сілейеді білем. (Көп деп қи арқалап Жуасбек келеді). Жай бір сағат болды. Жатқалы сағаттан асты. Жуасбек. Пешті қып-қызыл шаласымен жаптық қой. Бәлем иістен у жеген қасқырдай серейген болар ендігі. Бастасам қайтеді? Шынтас. Ертең қалаға кіретін, қайта нығаятын неме ғой. Бондыр жетті ме екен? Жуасбек. Жетіп қалар. Бірақ ол ақтың ана ауылдарда жатқан әскерлеріне араласса, мылтық дауысынан мыналар оянып еріп кетеді. Бассақ қайтеді қимылға, тәуекел! Шынтас. Тоқта, тағы бір байқайын. (Терезеге жабысып қарап.) Ұйқыда. Тоқта ана қарауыл өтсін. (Әскер өтіп кетеді.) Жап, бастыр есікті.
Жуасбек. Е бәсе, соны айтсаңшы енді бір. Бастыр. Әке десең ашылмас. Шынтас. Жай, сырттағы қарауыл үшеу ғой? Тоқта, мінекей мынадан басталсын. (Әскер шыға береді.) Өй, знаком, темекі берші.
Ә с к е р. Үндеме, сөйлеме. (Кете береді.) Шынтас. Әй, знаком, берсеңші әй! (Жақындап барып бас салады. Жуасбек те қона түседі. Өлтіріп қораға тастайды.) Жүр сырттағы екеуіне. (Жөнеледі.)
Дауыстар (қорадан). Я құдай, бере көр азаматыма!
— Күн туар, күн туар бізге де!
— Мал-дүние талауда...
— Бас бола қорлықта...
Шынтастар қайта жүгіріп шығады. Қораларды ашады.
Шынтас. Жай, біздің жігіттер, бері шыға бер! (Ылғи шоқпар, наган ұстаған он шақты жігіттер шығады.) Тоқта тағы бір шолайын. (Терезеден қарайды.) Өңшең пәлесі осында. Міне, жігіттер, сыбағаңа тиіп тұрған бағандарың осындай. Кәні жүр, Жуасбек (Өзгелерге.) Бізден белгі тосыңдар. Аш! (Жуасбек ашады, екеуі де үйде.) Жый былай қаруларын! (Екеуі жиыстырып ала береді.) Жуасбек. Өй, өлексе, мына бірің қара. Жат былай! (Періп жіберіп, ұрып жығады.)
Офицер. Қарауыл! Біз қырылдық, біз біттік!
Д а у ы с т а р. Ой, божымой! Не болды?
— Бізге не болды?
— Әл жоқ, бізді улатқан!
Жуасбек. Шулатқан. (Шынтас екеуі кезек ұрып жығып жүр. Барлық офицер тырайып жатыр. Бірен - сараңы ғана мас кісідей, есуас адамдай көтеріле беріп мұрттай түседі. Мылтыққа ұмтылғандарын мына екеуі ұрып жығып, қаруларын тартып алып жүр.) Әй, ағатай, өзіме бер, енді өзіме ғана бір берші, ағатай! (Ұрып жығып.) Былай да былай соқ десеңші! Әй бірақ, арман көп, не керек!
Шынтас. Е, тоныңды ит жеді ме, не көрінді?
Жуасбек. Шіркін дәл осы жерде Жойқынбек болсайшы... сорлы зіңгіттей жойқын боп, оның шәйнектей жұдырығы боп кеп мына мырзалардың тұмсығымен айқасса десейші... мынау не? (Жұдырығына қарап, біреуін періп ұшырып.) Тәйір мынау жұдырық па? (Тағы бірін түсіріп.) Бірақ тілеуін бергір осы мыналар адам болады. (Періп ұшырып.) Көрдің бе? Тіпті мүлдем ынта - пейілімен барып түседі. Шаншыла түседі. (Жұдырығына қарап.) Өй, осы біздің мына жаман қараның өзі де тегін емес осы. (Ұрып ұшырып.) Ән нені қара... Шынтас. Жай, қару тегіс алынды. Құмарың да тарқады ғой. Әй жігіттер, кел кіріңдер. (Жігіттер кіреді.)
Д а у ы с т а p. Өй, өздерің жайлап қойыпсыңдар ғой!
— Уа, бізге несін қойғансың? (Төрелерді сүйрелеп үйіп тастайды.)
Шынтас. Жай, алыңдар қаруларды. Қарулан да қыр мына иттерді. (Жұрт айтқанын орындай бастайды. Сырттан дауыс естіледі.)
Д а у ы с . Шынтас, Шынтасқа! Қайдасың?
Шынтас. Уай ерім Бондыр, Бондырдың өзі ғой. (Жүгіре шығады.)
Бондыр. Кел ерім, Шынтасқа. (Құшақтасады.) Не қылдың төрелерді?
Шынтас. Бірде-бір оқ шығармадық.
Жуасбек. Және тіпті ренжіткеніміз де жоқ.
Шынтас. Тамағына тойдырып, төсегіне рақатпен жатқызып қойып...
Жуасбек. Сонан соң құр қол ғана ұшықтадық әшейін.
Шынтас. Мына жалғыз Жуасбек жайратты.
Бондыр. Жарайсыңдар екеуің де. Ал менің күшім, мына тау ішінде тұр. Дутов әскеріне осы түнде соқтығып ауыл жайлау керек.
Шынтас. Біздің күш те соған әзір отыр. Ал, өз командаңа ал!
Бондыр (оңашалап). Шынтас, сонан соң үлкен жаман хабар бар. Бүгін таң атқанша атаман Анненков пен алашорда күштері барлық басшылары бірігіп, мына Дутовтың қолына қосылғалы қатты асығып келеді дейді. Шынтас. Өй, ендеше кәзір тез, барлық күшті қосып, мынаның әскерін, осы түнде басып ал десеңші.
Бондыр. Міне таптың! Міндет сол, бол, әзірлен, мін аттарыңа! Шынтас. Ал, Бондыр, өзіңмен қолым да, құшағым да біріккен. Қасқыр жауға қас қарая шабар, зар күйіне енді келді еңбек елі! Жігіттер, қалың жауға қуана шабар, қуалай шабар күн келді. Ал тарт жауыңа!
Оныншы сурет
Бекет. Қаладан қашқан төрелер мен алаштардың шарлап жатқан бекеті. Екі бөлме. Іштерінде ішік, кілем тәрізді қазына мүлік. Ханымдар да бар.
Гүлжамила. Атаман Дутов осы қазір, осы түнде жетеді емес пе? М ә ж и т о в. Жетеді. Осы бекет біздің атаман мен екеуінің бас қосуына уәде қылған жері. Жетеді. Табысамыз. Қазір. Генерал әйел і. Я тәңірі, зор тәңір, болса екен сол сағаты, әйтпесе анау қызылдар қуа келсе не болмақ... не боламыз?
Гүлжамила. Әсіресе әне бір Шынтас деген партизан қорқытады.
Генерал әйелі. Анау партизан Бондыр қандай сұмдық?
М ә ж и т о в. Шошымаңыз, ханым. Біз күштіміз әлі, біз сүмбемен сұлулаймыз олардың арқасы мен жұмсақ жерлерін.
Генерал әйелі. Ах, қымбатты офицер! Біздің рыцарь! (Нарочный кіреді.)
Нарочный. Господин атаманға пакет әкелдім. (Төргі бөлмеге кетеді.)
Генерал әйелі. Сол қорқынышты партизандармен алыспаққа қалып отырған жалғыз менің ерім, менің генералымды айтсаңыз.
Гүлжамила. Біздің атаман ше? Бізге пана, бізге мақтан емес пе? Генерал әйелі. Атаман дейсіз. Бұл бірақ қайда отыр? Қауіп-қатер ортасында жалғыз жүрген бекзада рыцарь менің ерім, менің генералым... Атаман (ана бөлмеден асыға шығады, кекетіп). Иә, сіздің еріңіз! Генералыңыз. Миы сұйылған, алжыған...
Генерал әйелі. Господин атаман, мен қайран қалам...
Атаман. Генералыңыз, қаһарман еріңіз тұтқын болған... генерал, армия бастығы...
Генерал әйелі. Ах, рахымсыз тағдыр.
Атаман. Қойнына салып жауды өсірген. Штабын большевик офицерлерге толтырған. Генерал: оған генералдық емес, әскер басшылық емес, сіздің ығыңызда паналап, сіздің құс төсегіңізге көміліп жату керек еді... (Арлы-берлі жүріп.) Қалаға келе жатыр ем, Жетісу фронтын тастап, әдейі осы қаланы басып ұстап тұрмаққа келе жатыр ем. Айрылған. Енді Дутовқа қосылып... Қайта алғанша қанша. Бірақ қайта аламын. Алмай қоймаймын. Өртеймін, жоқ қыламын бұл большевик қаласын, жаулыққа толған даласын да өрт пен апат құшағына беремін. Бәлем! Қайда, қайда енді Дутов, Дутов қолы қайда? Қашан жетеді бұл жерге? М ә ж и т о в. Шық алдынан. Адаспасын, белгі беріңіз. (Мәжитов тысқа шыға бергенде алдынан Нарочный кіреді.)
Нарочный. Господин атаман керек еді, пакет.
Атаман. Бері әкел. (Ашып оқып.) Не дейді? Не сұмдық? (Офицері жақындайды.) Барлық штабын қазақ партизаны Шынтас қырып тастаған. Өзі соны ести сала қайтадан Балқашқа қарай шалқайып кеткен. Қазақ дал асы да — жау дала.
Алашшылар Сұлтан, Мұстапа кіреді.
Сұлтан. Господин атаман. (Жақындап қолын бере береді.)
Атаман. Тартыңыз, алмаймын қолыңызды!..
Сұлтан. Ваше превосходительство, айыбым не?
Мұстапа. Тыңдап кіналасаңыз екен бізді...
Атаман. Нені тыңдаймын? Қайда жүрсіңдер, не істедіңдер?
Мұстапа. Қайда жүрсің? Біз большевиктердің арасында қалып іс істейтін күштерді сайлағанымыз жоқ па? Атаман. Оны істеген контрразведка. Сіздер өзгенің ісін өздеріңізге жапсыруға мастерсіздер.
Мұстапа. Біз іріктеп, жиып бердік қой.
Атаман. Қазаққа мықты болсаңдар не ғып отыр мына дала? Қазақ күші сендерде емес, Шынтаста. Олар міне, міне қырып отыр Дутовтың штабын. Ие, болысқандарың, басқандарың қайда, қыр қарсылығын басқандарың қайда?
Сұлтан. Рас, қор етті, жерге қаратты бұл дала.
Мұстапа. Жайын дала... не дейік?
Атаман. Ваше превосходительство, сонда да біздің сізден бөтен досымыз жоқ.
Мұстапа. Сізбен бірге кетіп, не болса да бірге көрмекке бекініп келдік.
Сұлтан. Қума бізді.
Атаман. Жоқ, жетті, алмаймын қасыма. Аулақ болыңдар.
Сұлтан. Япырай, осы шыныңыз ба?
Атаман. Жетті, болды. (Офицерлеріне.) Әзірлет. Әзір ме? Жүреміз, тартыңдар.
Сұлтан. Қайтеміз. Енді қайттік? Масқара болған соң енді қайтеміз? Ал, Гулішқа, әзірлен. Гүлжамила. Господин атаман, туғаным, досым, шынымен маған да айтқаныңыз осы ма? Атаман (Сұлтандарға). Өздерің менен аулақ болыңдар, бұл бір. Екінші, ханым Гүлжамила, сіз мына алашорда бастығының әйелісіз. Мен Қытай шегіне аман өткенше мына ерлердің айыбы үшін, ел айыбы үшін сізді заложница етіп, өзіммен бірге алып кетемін, ханым. Гүлжамила (риза болып). Рахмет, господин атаман, мен қуанышпен алғыс айта еремін сізге. Мынау еркектер үшін намыстанып отырып сіздей жалғыз ермен бірге кетем. ( Әзірленеді.) Генерал әйелі. Господин атаман ... өлтірмеңіз, тастамаңыз мені де. Ханым, өтінемін. Атаман. Болыңыз ендеше, жүріңіз. (Кетіседі, атаман есік аузында ток,тап алашшыларға.) Менің артымнан 100 шақырымдай еріп отырасыздар... ең соңғы достық сөзім сол-ақ, қош!
С ү л т а н. Құп, рахмет! Осы айтқан жеріңізден шықпасақ адам болмайық.
С ү л т а н. Ал, бұ не болғаны?
М ү с т а п а. Жүр, Гүлжамила кепіл ғой! Соншалық ит жемі қылмас. Тарт! (Кете береді.) М ә ж и т о в (бір жақтан Алтыншашты сүйреп құшақтап шығып). Өлсем сені құшақтап өлемін, бол, тез киін, кетеміз.
Алтыншаш. Ей, Мәжитов, тарт қолыңды енді.
М ә ж и т о в. Не, дейсің, әлде қалам деп тұрмысың?
Алтыншаш. Сен немене, алам деп пе едің?
М ә ж и т о в. Жә, шығарма үніңді. Жүр, жүресің.
Алтыншаш. Мен кесер сөзді анада айтқанмын. Саған берер бейіл, салар назар жоқ дегем. Садағам кетерсің. М ә ж и т о в. Не дейсің? (Ұмтылып құшақтай бергенде мылтық тарс етеді. Сырттан кіре бере атқан Теміршот. Мәжитов құлап түседі.)
Алтыншаш. Қуатым, жарым. (Құшақтайды.) Теміршот. Ау, жылағаны несі? Батпайтын күн шықты еліме. Енді басылмайтын гүл өреді жеріме. Біз еркін елдің ерке тотысымыз. Ертеңгі бақытты ұрпақтың батыр ата-аналары болып саналамыз. Келеді әне! Келіндер, жеңімпаз қыран достар. Сергей кіреді. Сергей (мәз болып табысқаннан соң). Ал, достар, алдымызда әлі де болса аманмын деп атаман кетіп барады. Жеңбей, жоймай тоқтау жол емес. Еңбек елі, Отан ұлы, шын майдан әлі біткен жоқ. Бұл ұран — ұлы уран. Октябрь ұраны, большевик партизанның ураны. Жауды тегіс тапа басу үшін әлі де болса тарт алға қарай! Алтыншаш. Аталар, өлген жерден тірілген, өшкен жерден қайта жанған — сендер әкелген ұлы күннің нұрымен жанған едім. Қастарыңа мен де ерем, ала жүр! Шынтас. Бәсе, батыр бауырым, халық қызы, бір күнде "Ақ қайың" деп басыңа пана тілеп жырлап едің, енді өзгеге өзің пана болам деп жырлаған "Ақ қайындай" әннен туған. "Ақ қайың" деп досын таныған, өнері мен бақытын тапқан бауырым, ер қасыма!
Пікірлер (0)
Пікір жазу үшін аккаунтқа кіріңіз. Кіру