Біржан сал шығармалары
Біржан сал Қожағұлұлы
Жазылымсыз режим: 20-беттен кейін жазылым беті ашылады, әрі қарай әр 10 бет сайын (ең көбі 5 рет).
Нұрым Шыршығұлұлының туындыларында қиядан шалатын қырағылық, тапжылмай тап басатын тапқырлық, тосылып-тұтқырланбай, арындап алға сілтейтін еркіндік айқын. Байтақ еліміздің әр қиырындағы айтулы дарындардың іріктелген туындылары – ауызша поэзиямыздың нәзік нақыштары мен айрықша айшықтарының айғағы. Халық рухының жарқын айғағы – ән мен әдебиет. Қазақтың авторлық ауызша поэзиясының байтақ далаға кең т
Нұрым
Шыршығұлұлы
Біржан сал
Қожағұлұлы
Құлманбет ақын
Қашқынбай
Қожамбетұлы
Бұдабай
Қабылұлы
Кемпірбай
Бөгенбайұлы
Әзілкеш (Әзірбай)
Шамырұлы
ШЫҒАРМАЛАРЫ
«Нұрлы Press.kz»
Алматы
УДК 821.512.122
ББК 84 (5 қаз)-5
Н 87
Қазақстан Республикасының Мәдениет министрлігі
«Әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару»
бағдарламасы бойынша жарық көрді
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті
Жамбылтану және халық ақындары ғылыми-зерттеу институты
Редакция алқасы:
С. Пірәлиев, С. Қирабаев, Т. Кәкішев,
У. Қалижанов, Б. Ыбырайым, Б. Сманов
«Ақындар аманаты» атты қазақтың ауызша
әдебиеті жобасының авторы:
Бекен Ыбырайым
Нұрым Шыршығұлұлы, Біржан сал Қожағұлұлы, т. б.
Шығармалары. – Алматы: «Нұрлы Press.kz», 2014 - 288 б. –
(Ақындар аманаты)
ІSBN 978-601-80483-0-2
Нұрым Шыршығұлұлының туындыларында қиядан шалатын қыра ғылық, тапжылмай тап басатын тапқырлық, тосылып-тұтқырланбай, арындап алға сілтейтін еркіндік айқын. Байтақ еліміздің әр қиырындағы айтулы дарындардың іріктелген туындылары – ауызша поэзиямыздың нәзік нақыштары мен айрықша айшықтарының айғағы. Халық рухының жарқын айғағы – ән мен әдебиет. Қазақтың авторлық ауызша поэзиясының байтақ далаға кең таралу сырларының бірі ән-әуен арқылы қалықтауына байланысты. Қазақ әнінің асқаралы шыңы Біржан сал Қожағұлұлының әндерінде де, айтыс-қағыстарында да құдіретті музыка қуаты сезіледі. УДК 821.512.122 ББК 84 (5 қаз)-5 ІSBN 978-601-80483-0-2 © Ыбырайым Б., 2014 © «Нұрлы Press.kz», 2014 Н 87
Нұрым
Шыршығұлұлы
(1831-1908)
ӨЛЕҢДЕР
Нұрым Шыршығұлұлы
МЕН – ҚАШАНҒЫ ЖҮЙРІГІҢ
Мен – қашанғы жүйрігің,
Топ ішінде толғаған.
Шыныменен шырқасам,
Бабам Қадыр қолдаған.
Осылайша сөйлесем,
Сөз қала ма ұртымнан.
Көре алмаған біреулер
Сөз айтады сыртымнан.
Қас жүйріктің белгісі, –
Дуды көрсе, жұлқынған.
Айтулы жүйрік мен едім,
Салдырмай қамшы, ұмтылған.
Ұсынсам, колым жетер ме,
Қырдан асқан түлкідей,
Қырмызы қызыл заманға?
Айтсам, сөзім өтер ме,
Ақылсыз туған жаманға?
Қайыра қамшы сермеме,
Сүйекке біткен шабанға.
Екі жақсы дос болса,
Бірін бірі қия алмас,
Екі жаман дос болса,
Бір мекенге сыя алмас.
Қас жаманға мал бітсе
Ебімменен жидым дер,
Қас жаманнан ұл туса,
Қатарымнан оздым дер,
Бұл күнде өзім болдым дер.
Нұрым Шыршығұлұлы
Дүние деген – сары алтын
Әркімдерді алдаған.
Желді күнгі қаңбақтай
Дүние кімнен қалмаған?!
Қабаты қалың қара жер
Талай ерді жалмаған.
Екі достың арасын
Айырады оңбаған.
Кейбір надан пенделер,
Өлесің десе, нанбаған.
Әзіретіғали, Омардан –
Дүние қалған солардан.
Біз де бір күн өтерміз,
Артықпыз ба бұлардан?!
Он сегіз мың ғаламның
Падишасы Сүлеймен –
Опасыз жалған дүние
Қалған екен солардан.
Жан жаратып, жан берген,
Тіл жаратып, тіл берген,
Аспан мен жердің арасын,
Азғантай емес, мол берген.
Он сегіз мың ғаламның
Тірісі дәурен сүрсін деп,
Өлгенін қазып көмсін деп,
Жеті қабат жер берген.
Аспаннан нұрын төктіріп,
Шапағын шашып күн берген.
Жер реңі келсін деп,
Жарқыратып көл берген.
Көлдің көркі келсін деп,
Қаптай көшкен ел берген.
Нұрым Шыршығұлұлы
Елдің сәні келсін деп,
Қатар-құрбы тең берген.
Теңнің көркі болсын деп,
Сөйлесетін сөз берген.
Сөйлеп кызық көрсін деп,
Оралған қызыл тіл берген.
Жақсы мен жаман көрсін деп,
Жарқыратып көз берген.
Бұл дүниені байқадық
Қасиетті сол бір көзбенен.
Әр бір түрлі сөз айттық
Оралған қызыл тілменен.
Жан барында сөйлейін,
Неше күн жолдас болармыз,
Баянсыз пәни, сеніменен?
Бір күні көзің жұмылса,
Саудаң болмас елменен.
Жастайыңнан бірге өскен
Қатар-құрбы теңменен.
Төсектен жуық болармыз
Төрт қырлап қазған көрменен.
Ажал жетсе, өлерміз,
Құдіретке көнерміз,
Шабуы жоқ, жеңі жоқ
Тардан көйлек киерміз.
Қасы-көзі қиылған
Құрбыны қайдан көрерміз.
Қайғыменен өтерміз.
Жасаған Ие Жаббарым,
Жайшылықпен жүргізгей,
Мәңкүр-нәңкүр келгенде,
Ақ жауабын бергізгей.
Нұрым Шыршығұлұлы
Бір жаннан жанды туғызған,
Өлімге жанды қиғызған,
Құдіреті күшті Құдайым
Он сегіз мың ғаламды
Бір тарының қауызына
Құдіретімен сыйғызган.
Ей, жігіттер, шүкір ет,
Әркімдердің тартқызар
Жалғыз Алла жазасын,
Уакытты күні біткесін
Келтіреді қазасын.
Кімдердің Құдай алған жоқ
Атасы мен анасын.
Інісі мен ағасын,
Қатыны мен баласын?!
Білгенге сөзім жыр болар,
Білмегенге дыр болар.
Қартайғанда сұр өмір
Жас шағыңда ду болар.
Балдан тәтті не көрсе,
Ішпесе, о да у болар.
Жібектен асыл не нәрсе?
Кимесе, о да тұл болар.
Жігітті көркем көрсеткен
Айдап жүрген мал болар.
Бақыты тайса жігіттің,
Хан тағынан айрылса,
Ақылы кетіп, дал болар.
Бәйгеден келген боз шұбар,
Мұны көркем көрсеткен
Құйрығы мен жал болар.
Жал-құйрықтан айрылса,
Нұрым Шыршығұлұлы
Ол бір шолақ тай болар.
Арқар дейтін аң болар,
Ол арқардың мекені
Асқарала тау болар.
Ер жігітті сынаған
Қарсыласқан жау болар.
Ақ, қараны айырған
Қағазға жазған хат болар.
Ұстаны көркем көрсеткен
Ұстасында дат болар.
Жігіттікте сөйлеп қал,
Асқақтаған бұл жанға
Кәрілік шіркін тап болар.
Бір күні көзің жұмылса,
Қатар жүріп шын айтқан,
Тар төсекте сыр айтқан,
Жастайыңнан бірге өскен
Қатар-құрбың жат болар.
Ерлер өтті, қарасам,
Көк сүңгісін өңгерген,
Азын көпке теңгерген,
Астана жұртын меңгерген,
Көкірегі желденген.
Ерегісіп келгенде,
Хандарды тақтан тайдырған.
Қалың дұшпан келгенде,
Жалғызбын деп қарамай,
Азды-көп жауды санамай,
Ақ сүңгісін өңгеріп,
Жауға жалғыз жөнелген.
Сүйтіп жүрген ерлерді
Бір күні тартып жер алған,
Дүнияға мен сене алман.
Нұрым Шыршығұлұлы
Нешелер жыршы өткен жоқ
Қу домбыра қолға алып,
Шаршы топта қақсаған,
Қызыл тілін баптаған?!
Нешелер сұлу өткен жоқ
Ақ бетінің ажарын
Ай менен күнге қақтаған?!
Нешелер батыр өткен жоқ
Көк найзасын саптаған,
Жау дегенде жайнақтап,
Елдің шетін жақтаған,
Дүниені солар тастаған.
Бұл дүниенің мысалы
Алыс емес, жуық-ты,
Жоғары емес, төмен-ді.
Он сегіз мың ғаламға
Патша болған Сүлеймен –
Бір өлімнің айласын,
Шыбын жанның пайдасын
Олар да ойлап таппаған.
Заманнан заман оралған,
Дүние пәни сұм жалған.
Нешелер мырза өткен жоқ
Қызыл мақпал шұлғанған?!
Шеберлерден шен қалған,
Шешендерден сөз қалған.
Алты қанат ақ орда,
Аруы өлсе, тұл қалған.
Алтын кездік жоғалса,
Былғары белбеу қын қалған.
Опасыз мынау жалғаннан,
Ойлап тұрсаң, кім қалған?!
Нұрым Шыршығұлұлы
БИ БАЛАСЫ МАҚТАНСА
Би баласы мақтанса,
Парадан шапан кидім дер.
Бай баласы мақтанса,
Жылқыдан жорға міндім дер.
Палуан жігіт мақтанса,
Өзінен зорға жолығар.
Шешен жігіт мақтанса,
Алқалаған шаршыда
Алаңдатар бір ділмар.
Шалқар теңіз мақтанса,
Астынан тартар құрдым бар.
Бай баласы мақтанса,
Жиюлы жатқан қоры бар.
Жарлы жігіт мақтанса,
Маңдайының соры бар.
Қызыл түлкі мақтанса,
Жеті атасы аң алған
Құба арланға жолығар.
Сыбыр-сыбыр сырғалар,
Сырласқаның бұ қалар.
Сырлы аяқтан ас ішкен
Құрбы-құрдас бұ қалар.
Ат арыса - бір тулақ,
Ажары сынып, зат қалған.
Өзекті жанға – бір өлім,
Гулей бастан аттанған.
Нұрым Шыршығұлұлы
ОРАЗБАЙДЫҢ ҚЫЗЫНА БЕРГЕН БАТАСЫ
Қайырлы болғай сапар үшбу жолың,
Құрметтеп сыйлап жүрсін жүрген жерің,
Сыртыңнан көрген жақсы дұға қылып,
Шалқысын дәрежелі айдын көлің,
Оңғарсын тілегіңді Жаббар Құдай,
Кем болма тең кұрбыңнан мұнан былай.
Талабың, қайда жүрсең, оңғарылып,
Қасыңда Қыдыр Ілияс болғай сыбай.
Лайықты дәрежелі дәулет бітіп,
Шалқысын аққан судай қант пен шай.
Патиха осылайша бермеген соң,
Көңілің тұнық судай болар лай.
Тындасаң, сөздің пәмі осылайша,
Нұрымың бата берсін, қолыңды жай:
Әуелі бай болғайсың, акырда – иман,
Мүлкіңе ие болғайсың әрне жиған.
Насихат үгіт айтып мен кетейін,
Халқына хан болады үйге сыйған.
Әркімнің өз үйіне басы сыйса,
Сонда болады қадірлі тілін тыйған.
Басыңа Қыдырменен дәулет дарып,
Құдайым рыздық бергей, ақырда – иман.
...Жарқыным, Хадишадай пақтылы бол,
Алтыннан Сүлеймендей тақтылы бол.
Басыңа бақыт кұсы ұя салып,
Дәулетке дәрежелі уақтылы бол.
Әлімде отыз ұлды Достандай бол,
Табында Омар менен Оспандай бол,
Адайда Шәбік пенен Досжандай бол,
Бабықта Мыңбай менен Селбайдай бол,
Нұрым Шыршығұлұлы
Шеркеште Құлбай менен Жүзбайдай бол.
Уызы жеті атадан арылмаған
Мысалы Бопылдық пен Тұрландай бол.
Танада Үсен, Сапы, Есенгелді,
Солармен дос, жүрият, құрғандай бол.
Таздағы Әуелбай мен Әбіштей бол,
Ысықта Қонарбай мен Жаныстай бол,
Сары Ысық Түлкібай мен Дабыстай бол.
Беріште Есет пенен Бәшендей бол,
Жаппаста Қалдыбай мен Тәшендей бол.
Жайықтың ар жағында бай Нысанбай,
Төреде Қаналы мен Әлемдей бол,
Алаша Жадыра мен Дағардай бол.
Ішінде Естемір Рысалды,
Тоқтар мен Дәулетәлі, Жанандай бол.
Толқыған он төртінші айдай болып,
Мешітте ғалым жаққан фанардай бол.
Мұстайжап болғай-дағы осы сөзім,
Базардың айтпай-ақ қой ақша бөзін.
Тәрбиең дәулетіңе лайықты,
Ұштаптың киіп тұрсың он бес кезін.
Қарасам, азаматтың аруысың,
Гауһардай жәудіреген екі көзің.
Шын жүйрік, шын асылдың тұкымысың,
Әркімдер әуес болған кәміл кезің.
Әлеумет, аз айтты деп сөге көрме,
Келеді осылайша менің сөзім.
Нұрым Шыршығұлұлы
БІССІМІЛЛА СӨЗ БАСЫ
Біссімілла сөз басы,
Көңілім, жырды қозғашы,
Адамның әдеп жолдасы.
Мұнымды жалған дей алмас
Ғазіреті ғалым молдасы.
Менің сөзім қиын-ды,
Түсінбеген адамның
Ренжір көңілі болмашы.
Он екі ата Байұлы
Сақыраның мен Нұрымы,
Су тағының құлыны,
Тайпалмас жүйрік жорғасы.
Жүргендер білмес саламат,
Дүние деген ғаламат.
Бір тамшы судан қан болып,
Анамыздың қарнында,
Бір қатар мезгіл өткенде,
Қимылдадың жан болып.
Жақұт, маржан секілді
Адамзаттың баласы
Дүниеге келді сән болып.
Өздеріңдей ағамен
Жолығысып отырмыз,
Бұйырған бірге дәм болып.
Нұрым Шыршығұлұлы
ҚАЛЫШҚА КӨҢІЛ АЙТУЫ
Сөйлей гөр, тілім, көмейім,
Бұлайша демей, не дейін?!
Көрген алаш көз салар,
Көлденеңдеп желейін.
Аяйын ба жел сөзді,
Бізге берген жорғалық,
Тұрмайын енді бұлданып.
Сан Пайғамбар, сахаба
Машахат шеккен құлданып.
Солардан қалған сұм дүние,
Тұрғаның ба тұл қалып?
Бала деген базарды
Сағынғанмен не пайда,
Бетінен сүйер күн қайда,
Осы күнде бір барып.
Барып сүйсең бетінен,
Тіріде қалмас есіңнен.
Кәләм бір Құран Шарипте,
Жиырма тоғыз әріпте,
Лаухы менен Махфұзда
Періштелер жазыпты
Алланың әмір бұйрығы –
Азды-көпті өмір жас,
Уақыт бітпей тұра алмас.
Басыңнан дәурен бір өтсе,
Қайтадан дәурен құралмас.
Әуелі Алла жаратқан
Ағузы менен алһам бар.
Нұрым Шыршығұлұлы
Уақытың жетіп барсаңдар,
Жұмақта сарай дарқан бар.
Құданың сөзі Құранда,
Бұл сөзіме нансаңдар.
Олардан кейін жаратқан
Арсы менен күрсіні.
Дүнияны қызық демеңіз,
Қырмызы қызыл түлкі-ді.
Шаттық үшін жаратқан
Ойын менен күлкіні.
Бұл дүнияға келген жан
Бір Құдайдың мүлкі-ді.
Ертеңді – кеш алуға,
Әзірленіп отырмыз
Уақыт болса, баруға.
Сауда берген садақа
Себепкер дейді даруға.
Қырық парызға қиналмаң,
Жарайды дейді қаруға.
Періштеміз белгілі
Бізді тергеп жазуға.
Пенденің ісі бикүнә
Алладан болған ажалға,
Қайғырып қатты налуға.
Жасында кеткен сәбилер
Қайымның мақшар күнінде
Атасы менен анасын
Түсірмейді дейді тамуға.
Жанында шарап бар дейді
Шөлдесең, ішіп қануға.
Әзірейіл хабар еткен күн
Нұрым Шыршығұлұлы
Ылажың болмас қалуға.
Жаратқан жандар көп екен
Бұрынғы өткен заманда.
Түсінік түркі сөзім бар
Кейінгі қалған адамға.
Жолдасым жомарт періште,
Қорғалап жүрміз панаңда.
Хақтағала бұйырды
Қағаз жаз деп қаламға.
Ажалды күні ақ киік
Айдамай түсер аранға.
Қайырсыз өткен Қарынбай
Үлгісі қалған сараңға.
Алла деп тәубе етпеген
Дүниясы кеткен қараңға.
Сәжде – сауап қылмаған
Жаймаған қолын азанға.
Алладан болған әмір бар
Атамыз Сафи Адамға.
Өнерің ғилым болсын деп,
Қайымнан бергі қадамға.
Атасы бірге туды деп,
Арашалап ала алмас
Өзіңнің іні, ағаң да.
Жасында кеткен сәбилер –
Қайымның мақшар күнінде
Сол дейді нағыз балаң да.
Жасаған Ие Алладан,
Бұл дүние кімнен қалмаған?!
Сираттың майдан жолына
Пендесі болмас бармаған?!
Нұрым Шыршығұлұлы
Алланың досты Мұхаммед,
Хазіреті Нұх тағы
Мұсылманды қамдаған.
Намруд-Шадат отына
Ибраһим еді жанбаған.
Құдай үшін үй салып,
Бір ниеттен танбаған,
Жалған сөзге нанбаған.
Дүйсенбі күні алуға
Алласы қалап арнаған,
Бәйтілланы салдырып,
Медина, Мекке тұрғанда,
Ғарафаға кажы етіп,
Халық кеңес құрғанда,
Сояйын десе, қара жоқ,
Алла ісіне шара жоқ,
Жалғыз ұлы Исмағұл –
Оны да шалған құрбанға.
Себеп болар ма екен деп
Қиямет күні бір жанға.
Қырық жыл қашып қиналып,
Ақтық ісін барлаған,
Қорқыт атам – ол қорқып,
Құдайға жылап зарлаған.
Ағузы, алһам бір әліп
Лаухы менен Махфұзда,
Жазылған екен шығарып.
Ғаламдар айтса, тыңдалық,
Жалған емес, бұл анық.
Қараңғы жерде қабір бар,
Иманды кұлға тым жарық.
Нұрым Шыршығұлұлы
Құдайымның дұшпаны
Тәкаббар болған бұлданып.
Бес жасына келгенде,
Бесті бедеу мінгізіп,
Қасыңа ертіп қыдырдың,
Бұ дүнияда құлданып.
Бақида базар деп кетті,
Бұл пәниден құр қалып.
Құшақтап біраз сүйгенің
Алладан болған мырзалық.
Алладан әмір бар болып,
Елу мың ерен жар болып,
Қайым – мақшар күн болмай,
Көруге күн жоқ бір барып.
Кімдер өтіп, кім қалған,
Ойласаң мына сұм жалған.
Жүйрік өткен жүлде алған,
Ата-анадан үлгі алған.
Патша Құдай, мырзасың,
Жаратқан жанның жұмыласын.
Дәуіттің ұлы Сүлеймен
Алып құшқан мың қатын,
Құрмет етіп бір басын.
Бұған да Алла бермеген
Дүнияның перзент-қымбатын.
Расулалла дегендер
Бұл сөзімді тыңдасын.
Халқың қатты қайғырған,
Мұңайып құрбы-құрдасың.
Құл болған соң ғұмырсыз,
Бізден бұрын бір патша
Нұрым Шыршығұлұлы
Өткен екен ұғымсыз.
Ғарапат таудың басында,
Мекке шәрдің қасында
Құрбанға шалған қырық түйе
Жарылғай гөр деп пір ие,
Атын айтсам білерсіз,
Аты болар ер Ие.
Пендесі жоқ-ты пікірсіз,
Тасбих, тәуба, зікірсіз,
Ағузы, алһам әйет бар
Бір Құдайға шүкірсіз.
Жұмақтағы бір терек,
Ол теректің басында
Әнжім деген жапырақ.
Бұл дүниенің жүзінде
Шыққасын Нұржан жасынан,
От пенен суға түсер деп,
Өсіріп едің бақылап,
Аузыменен жем берген
Балапан кұстай асырап.
Терезе әйнек секілді
Сынған күні шатынап,
Ғайыптың құсы болды ғой,
Кеткен соң қолдан шашырап.
Қайғырғаннан пайда жоқ
Қан түкіріп аһлап.
Пәниліктен өткен соң,
Бақилықка жеткен соң,
Адамзаттың баласы
Келмегі жоқ-ты қатынап.
Нұрым Шыршығұлұлы
Пәниге біткен бәйтерек
Сынар-ақ бір күн шатырлап.
Жапанда болса бәйтерек,
Басы сау жанды бай демек.
Қорқыт ата қобалжып,
Дүниені кезіпті,
Өлмейтін жер қайда деп.
Қырық жыл қашып қиналған
ІІІыбын жанға пайда деп.
Кете алмаған жөн тауып,
Айнала теңіз, мұхит бар
Өткелсіз жатқан дайра деп.
Алладан болған ажалға
Таба алмай ақыл, айла деп.
Еділден келдім еңменіп,
Сақырада қоныс жай ма деп.
Қалышты қалай демеңіз,
Төресі кеткен төрінен.
Балапан жүзер су болды
Акқан жастар көзінен.
Дүнияның жүзіне
Адам туып көрінген.
Тіршілікте баяндап
Құтылмаған ешкім өлімнен.
Төрт мың төрт жүз сахаба –
Солардың бәрі көмілген.
Қауырсыны қатпаған
Балапаның ұшты көлінен.
Қайғы еткенің қарсылық,
Адаспа, Қалыш, жөніңнен.
Нұрым Шыршығұлұлы
Маңғыстаудың ойында,
Көлденең шыңның бойында,
Мен болғанмын баяғы
Балаңның қызық тойында.
Бұрынғы ата сойында
Қыдыр көрген Жанғабыл
Бай болды деген бар дабыл,
Базарлы болып бата еткен
Баласы мұның Алданұр.
Амантайдың атасы
Асыл тастан ақ мешіт
Салдырған дәулет сарп етіп,
Құдайға құлдық еткен дұр.
Сенек пенен Сұмсаға
Құдай үшін үй салған
Амандық пенен Амантай,
Болар ма адам солардай!
Базарлы болып, бата еткен,
Қолға алып қағаз, қаламды-ай.
Қол тапсырған қор болмас,
Үйір қылып жаранды-ай.
Баланың бағын білмейміз
Кейінгі қалған заманда-ай.
Ақ мешіттің ажары
Иманды құлға жабысқан.
Бір күндері болғанда
Хабар келді алыстан:
Ақсұңқардан айрылған,
Оң қанаты қайырылған
Хабарым бар деп Қалыштан.
Нұрым Шыршығұлұлы
Құдайың сүйіп, қол берген
Тұлымын сипап ұл берген,
Ұлының аты Нұрберген.
Алласы дәмін айырып,
Нәсібі болды бұл жерден.
Сегіз жұмақ сарайға
Сәбилер келді түрленген.
Берекеті берулі
Періштемен күн көрген.
Ата-анасын жылатты,
Алмаған Құдай кімдерден?!
Пайғамбардың баласын
Айырған Құдай жасында.
Әзірейіл келсе, қарамас
Жылаған қатын-балаға.
Ғаріптікті көп көрген
Жетімдіктің хақында.
Қырық жасына келгенде,
Көктен кітап ендіріп,
Алтын тәжі басында,
Ақырет алыс демеңіз,
Ғарасат майдан қасында.
Құдай берген кұлыңнан,
Соларды сипап тұлымнан,
Жақсылардан қалған сөз,
Ғалымдардан алған сөз,
Жалғандық шықпас мұнымнан.
Ақ сүт берген анасы
Үзгенде күдер шыбыннан,
Ғұмырдың ұзын-қысқасы
Жазылған шығар бұрыннан.
Алладан болған бұл істі
Нұрым Шыршығұлұлы
Айтты деп, көрме Нұрымнан.
Ажалды күні ақ киік
Аранға келіп ұрынған.
Қадір білмей, қапы етпе,
Шам шәрінің базары
Қасыңнан, Қалыш, құрылған.
Бәйнекеден туғанның
Бірің – сұлтан, бірің – хан.
Көкорай шалғын гүлсіңдер
Пақыр, міскін бұрылған.
Адамды азды демеңіз,
Заманның түрі бұзылған.
Көңіл деген қыран құс
Күнде толып бұзылған.
Лаухы менен Махфұзда
Нәсібің жерден сызылған.
Жасаған Ие жар болып,
Жаңылтпағайсың тұзыңнан.
Шекіресі біз кімнің,
Сан пайғамбар, сахаба
Солардың көзі жұмылған.
Жар болсын Алла дініңе,
Тасбих айтқан тіліңе,
Сасқан күні сандалып,
Барасың аға, ініңе.
Жасаған ие жар болар,
Сиынсақ Бекет піріне.
Кешегі өткен Нұрберген
Сүюші еді бетіңнен,
Тіріде кетпес есіңнен.
Сауабы тигей садақаң,
Саудаға берген шарапат
Нұрым Шыршығұлұлы
Жетім менен жесірден.
Жалғыздар жатыр жапанда,
Жарылғай көрші, Ие Алла,
Ғарапаға қажы етіп,
Бір Құдайдан дәме етіп,
Кетіпті Нұржан сапарға.
Мәдинеде Мұхаммед –
Сонда барып жатарға.
Қайым мақшар күн болмай,
Келе алмас біздің қатарға.
Алланың үйі – ақ мешіт,
Келер деген соған көңіл бар
Атасы қалған мұқамға.
Атасы сарай салдырып,
Таудың тасын алдырып,
Алдырған тасы лағыл-ды.
Басына әйет етің деп,
Жыңғылдан астау салдырды,
Сусынын шайменен қандырды.
Шатыланып жүрген Қалыштың
Қайғымен басы қаңғырды.
Қайғы деген қатты дерт
Ішін оттай жандырды.
Әкім болып ел билеп,
Лебізіне жұртты нандырды.
Онан да пайда көрген жоқ,
Кешегі Нұржан жалғызы
Бір көруге зар қылды.
Шалықтап жүрген күніңде
Шаршаған, Қалыш, шамаң бар.
Қайғың күшті, дертің зор,
Нұрым Шыршығұлұлы
Аллаға қандай шараң бар?!
Нұржан сапар етті деп,
Бұ дүниядан кетті деп
Хабар айтқан адам бар.
Жалғыздың мұңы жаман деп,
Тілектес болған адамдар.
Қайғыңнан хабар есіттің,
Қайғысыз елдің қамын жеп,
Сапардан келмей, кешіктің.
Ішінде Нұржан қалыпты
Алтын сарай мешіттің.
Бір күні Қалыш түс көрген:
Түсінде жатқан зынданға
Аңдамай келіп түскеннен,
Құдайлап қайтқан еліне,
Мекен еткен жеріне.
Шағынуға шама жоқ
Жолдас, құрбы, теңіне.
Алладан әмір болған күн,
Адамның болмас ебіне.
Кешегі кеткен Нұрберген
Арасат майдан күнінде
Шыққан еді тап болып
Тарихтың кеңіне.
Жараның ұшқары айтпайды,
Келген адам кезіне.
Жайлы жерге жата алмай,
Бұйрықты дәмін тата алмай,
Нұрмағамбет молласы,
Бірге жүрген жолдасы,
Хақтың ісін айтуға
Нұрым Шыршығұлұлы
Батылы жетіп айта алмай,
Аманияз, Тілеке –
Олар да шыққан хабарға,
Алыс та болса барарға.
Хақтың ісі болғансын,
Қарамас адам ажарға.
Қалыштың көңілі бұзылды,
Түскен соң басы базарға.
................................................
Қайғырған халқың қасыңда
Қарындасқа жолды деп,
Бос қалғанға ұқсайды
Нұрбергеннің орны деп.
Есіткен жерден еңіреп,
Қайғысы көп-ті бегірек.
Амантай ишан басына,
Ақ мешіттің қасына
Қойғызды халқың белгілеп.
Белгісін көріп жығылды
Асасымен жер тіреп,
Мекке менен Медине
Кетсемші деп тентіреп.
Құдайымның өз мүлкі,
Неғылса да еркі деп.
Жасы үлкен ағасы –
Ішінде Досжан данасы,
Қайғысыз елдің қамын жеп
Жүр еді Қалыш панасы.
Қайырылғанға ұқсайды
Оң жағынан қанаты.
Бәйнеке туған елінен
Нұрым Шыршығұлұлы
Бүтін еді жағасы.
Үйрек ұшып, қаз қонған
Келіспей кетті сабасы.
Керуен келмес, білемін,
Айдасаң тұрып, шамасы.
Кімдерге сайғақ болған жоқ
Саздау жердің ағашы?!
Кімдерге сарай болған жоқ
Қара жердің қабаты?!
Мәриям ана секілді
Нұржанның туған анасы.
Анасының асылы,
Малы менен басына
Туғаннан дәулет дарыған.
Тілеумағанбет нағашың
Уызында жарыған.
Дұшпанды қуған шулатып
Жайықтың екі жағынан
Дұшпанның атын атауға
Қорқамын жұрттың заңынан.
Онан туған Мәтжан бар
Талай ханнан дәм татқан,
Отырып бірге тағынан.
Қысылған күн маңынан,
Кетпейді халық жанынан.
Болат найза бұралып,
Өзінің ұшпас сабынан.
Туып еді Нұрберген
Сары алтынның қабынан.
Адамды адам айырмас
Алланың берген бағынан.
Ұшырды Алла, қайтерсің,
Нұрым Шыршығұлұлы
Ойнайтын күліп шағынан.
Бұрынғы өткен ата-ана,
Хақтың ісі болмаса,
Жер астында жата ма?
Пайғамбардан бата алған
Отыз үш мың сахаба,
Өткен Хауа анамыз,
Уақыт болса, барамыз.
Алып қалар адам жоқ,
Келсе бір күн қазамыз...
Сол жандардың бәрі жоқ,
Осыны, Қалыш, енді бір
Өзіңіз байқап қараңыз.
Нұрым Шыршығұлұлы
ШЕНЕН ЕР
(Адайдың Шенен деген биі өлгенде жоқтағаны)
Адал менен арамды,
Танытқан бізге Құранды,
Құранды берген Құдай-ды!
Тіл таңбалы Адай бар,
Әулие Бекет ұранды.
Айтайын деген сөзім бар,
Қаумалап келіп, астана,
Жиылып басың құралды.
Жүйрігім кетті қолымнан
Байраққа қосқан тұмарлы.
Сен қолымда жүргенде,
Ат орнына жұмсадым
Тай, жабағы, құнанды.
Әуелі, Алла піріңнен,
Қорқамын, заман, түріңнен.
Кешегі кеткен Шенен ер
Қатепті қара нар еді
Төс табаны түрілген.
Жүйрік еді саңлақты
Байрақты жерде жүгірген.
Қара қылды қақ жарған
Алысқа кеткен атағы,
Қайыспас қара нар еді,
Қозғалмайтын қатебі.
Әріден тартсақ Мөңке би
Түп нағашы атаны.
Қалай деп айта тұрсақ та,
Хақтан әмір келген күн
Нұрым Шыршығұлұлы
Суытпас кімнің шатағын
Ажарым еді Шенен ер
Жапырақтай жайқалған.
Жау жағыма пана еді,
Дұшпанның бетін қайтарған.
Бұл өлімге не шара,
Кеше бар да, бүгін жоқ,
Қадірлес болған ағаға,
Базынамды енді айта алман.
Нұрым Шыршығұлұлы
ҚОШТАСУ
(Әкесімен қоштасуы)
Жаратқан Ием оларды –
Шамшы менен Қамарды.
Ғұмырсыз құлдар көп өтті,
Жан барында шалқ етіп,
Құруға керек базарды.
Асылы нұрдай балқыған
Қиюға болмас ажарды.
Керуен жөнеп кеткенсін,
Сындырып болмас назарды.
Лаухы менен Махфұздан
Берейін, білсем, хабарды.
Бір төбенің басында
Бақпаған кімдер мазарды?!
Ғазірейлі періште
Әкелген күнде қазаңды,
Мәңкүр-нәңкүр періште
Ерікке қоймай шараңды,
Тергеуге келер жазаңды.
Алһам бір аят оқыған,
Алла, бір қабыл ете гөр
Ертең де, кеш те азанды.
Тамұққа жолдас етіпті
Қайырсыз туған сараңды.
Аққа жолдас етпегей
Асылы басқа харамды.
Жақсыға жолдас етпегей
Ниеті бұзық жаманды.
Әуелі Тәңірім жаратқан
Он сегіз мың ғаламды.
Нұрым Шыршығұлұлы
Бұлардан соң жаратқан
Лаухы мен Махфұз, Кәләмды,
Атамыз Сафи Адамды.
Тоқсан құрсақ көтерген
Жаратқан Хауа – анаңды.
Пейіштерден белгі етіп,
Жұмақтан берген тағамды.
Дүниеге келіп бұлардың
Аты бір қалған заман-ды.
Алысқа кетіп келмейсің,
Аңғардым, ата, шамаңды.
Сіздер түгіл, өткізген
Мұхаммед досты, жаранды.
Ниеті түзуі жандарға
Жақын еткей араңды.
Несібең үшін жөндегей
Лаухы, Махфұз, Кәләмды.
Ата бір деген асқар тау,
Балам деп бізді, басқарды-ау
Он сегіз мың ғаламды,
Ғазірейіл періште
Бәрін де қолдан атқарды-ау.
Тәуекел хаққа сиынып.
Ізденіп едім қарттарды-ай.
Қайырлы болсын заманың
Артыңда қалған жастарға-ай.
Ақыл бір таппай ойланып,
Келуші едік сасқанда-ай.
Сермесем, қолым жетпейді,
Жұлдыздай болдың аспанда-ай.
Жан ата, сені сағынсам,
Нұрым Шыршығұлұлы
Оңғарып Алла көргізгей
Қиямет күні мақшарда-ай.
Заманнан заман оралған,
Ойлап тұрсам сан алуан.
Адам – ата, Хауа – ана
Дүниеге келіп жоғалған.
Хазіреті Омар, Оспаннан –
Бұл дүние қалған солардан.
Зұлқарнайын Ескендір
Патшалар өтіп жол алған.
Он сегіз мың ғаламға
Дәуіттің ұлы Сүлеймен
Мәртебелі хан болған.
Есендік күнде аңқыған,
Саламат күні шалқыған,
Ерік кете бастан келе алмай,
Атамыз Адам осылай
Өлмей қалған жоқ екен
Әуелгі түрлі заманнан.
Әуеліде Мұхаммед
Құдайымның достысы –
Бұл да кеткен екен қазадан.
Мұндай да мекен тұтынып,
Дүниеге келдік жаңадан.
Құдай үшін Ибраһим
Құрбан шалған арадан.
Алла деп Хаққа тапсырып,
Айрылған жалғыз баладан.
Тоқсан құрсақ көтерген
Қалыппыз Хауа – Анадан.
Бес-алты ауыз сөз сөйлеп,
Нұрым Шыршығұлұлы
Неге керек көп сөйлеп,
Қысқартайын сағадан.
Маңғыстаудың ойында
Шақпақ-Ата, Қараман,
Ол туыпты Шопан-Атадан.
Әуелде Жаббар жасаған
Біреу – ерте, біреу – кеш
Келе жатыр қашаннан.
Арқадан іздеп шыққаным
Ағайын тума халық едің.
Көкірегім болса шат,
Көрейін деген алқа едің.
Әркімді елден айырған
Азалдан мына «қоян жыл»
Құданың құран сөзінде
Ізденуге шарт едім.
Маңғыстаудың ойында
Жолығысып қайтарға
Жасы бір жеткен қарт едің.
Іздеген атам Шыршығұл
Дүйсенбі күні дүниеден
Сапар шекті жылқы жыл.
Құдай деген құл түгіл,
Ардақты біздей ұл түгіл,
Хазіреті Кенған, Жүсіп те
Атасынан айрылып,
Алаң болған, біз түгіл.
Маңғыстаудың ойында
Балапаның өргізіп,
Көрсетіп едің көп қызық.
Біз ізденіп келмесек,
Нұрым Шыршығұлұлы
Жайын мұның кім білер,
Алланың әмір еткен күн
Ойлаған едім бір кідір.
Мен келсем, атам бар екен,
«Шырағым аман ба екен?» – деп,
Бір көруге зар екен.
Атаға шырын бала екен,
Балаға шырын ана екен,
Баланың көркі ата екен.
Тарығып келдім дегенде
Қайыспас қара нар екен.
Торығып келдім дегенде,
Ақыл табар дана екен.
Борандар шулап, жел соқса,
Басымда тұрған пана екен.
Атасы барда арман жоқ,
Ордасы толып отырған
Ортасында хан екен.
Қанша қайғы шексем де,
Уақыты болған қаза екен.
Ата деген алтыным,
– Аман ба, – деді, – жарқыным?
Алыстағы шатақ, жақынның
Сұрады бізден әр сырын.
– Қауіпті, қатер жылым – деп,
Білдіртті сондай ақылын.
«Жан ата, қалай айттың?» – деп
Бармады сұрар батылым.
Бір табақтан дәм татып,
Ауырмай тұрып, қасында
Нұрым Шыршығұлұлы
Отырдым бірге алты күн.
Ауырды атам жеті күн,
Топырағы бұйырған
Ішінен қайтты халқының.
Маңғыстауда көп шайқы
Оңдағай сүйеп пақырын.
Сан пайғамбар сахаба
Дүниенің білген қапылын.
Ауырды атам жеті күн,
Айырды Құдай несібін.
Сегіз күнде селті жоқ,
Біле алмадым нешігін.
Тоғыз күнге толғанда,
Оныншы күн болғанда,
Атам ашарға ұқсайды
Жәннаттың сарай есігін.
Адамды Алла жаратқан,
Жерден алған топырақ
Қайта өзіне қосуға
Жібереді екен сейілін.
Пенденің бекер бетіне
Неғылып бұзсын шешімін.
Пайғамбар деуге Айса емес.
Әулие деуге шайқы емес,
Қайғы еткен жандар есімін.
Қайғылы жандар қарайды,
Кеткен соң бірі иесінің.
«Ағузыбіллә алһам» деп
Оқыдым аят басыңа,
Келіп тұр балаң қасыңа.
Алпыс жас ғұмыр сүргенің
Нұрым Шыршығұлұлы
Болған жоқ себеп жасыңа.
Қош болғай атам бұл уақта,
Кідіртпе Құдай жауапқа
Мәңкүр-нәңкүр сұрақта.
Ат жығылғанға ұқсайды
Таудан аққан бұлаққа.
Сүңгі тигенге ұқсайды
Алтын баулы қияққа.
Пір ишанға жол берді.
Қалармын деп ұятқа.
Құдайтағала құлым деп.
Жұмеке ишан пірім деп,
Жайын білген жақсылар
Айту парыз бұйрық деп,
Пайғамбарға дұға етіп,
Айтушы едік жүзін тек.
Алладан бұйрық атама –
Маңғыстауда үзілмек.
Қарындас, халық қасында,
Қуандым бұған шүкір деп.
Тұтынған пірің Арқада,
Қабаты қалың қалқада.
Маңғыстауда көп шайқы
Атам бір келді алқаңа.
Жолы бір жырақ, жүгі ауыр,
Кете гөр салып арқаңа.
Құдайдан қайтсын құрметің,
Сиындым шайқы баршаңа.
Қожаназар, Балдаман,
Хақтың ісі қалай деп
Көңілді басып зарлаған,
Нұрым Шыршығұлұлы
Ақ көңілді Түрікпенбай
Қиналып жанын қарнаған.
Боқсары мен Исағұл
Ағайын бұл да қамдаған.
Айтжанның ақыл, ниеті
Жақындық етіп аңдаған.
Атаны мен нарларын,
Аямады барларын,
Бар ма еді жерің арнаған.
Қарындас, халқың қаулысы
Жоқты барға жалғаған.
Ниеті түзу атамның
Бұйырған жері осы еді,
Алысқа көңілім бармаған.
Дүние кімнен қалмаған,
Нелер жанды алмаған?!
Дүниенің қызығы
Әркімдерді алдаған.
Қайғырғанмен қайтейін,
Осылай бұйрық болған соң
Жаратқан Жаббар Алладан.
Сабырым еді саламат,
Құдайға шүкір, қанағат.
Аман-есен келгенім,
Жақсы еді бұл бір ғаламат.
Қайғылы қаза тап болып,
Хабарың болды жаманат.
Артыңнан, ата, барармын,
Дүниеде қалдық аманат.
Шайқылардан шарапат,
Қайғылы өлім көп көрген
Нұрым Шыршығұлұлы
Жүрегім болды зарапат.
Пайғамбардың сүндеті –
Бала іздену әкені,
Бермесін Құдай қатені.
Алдыңа салып өсірген
Біз едік шырын әсемі.
Топырағы бізден болар деп,
Жоқ еді жұрттың қапері.
Дүйсенбі күні қаза етті
Иманды құлдың әсері.
Бұл бір күні дүние өттің,
Жапырағың күйзелттің.
Ақ пен қара танытып,
Артыңда калған балаға
Ғылымның жөнін үйреттің.
Екі-үш ұлың жас қалды,
Неғылып оны сүймессің.
Бұл сәбилер дұға етсе,
Оттарға түссең, күймессің.
Алладан әмір келген соң,
Артыңда біз бір дұғашы.
Тап қылма күнге шығасы.
Маңғыстаудың қара ойы
Атамның қалды мұрасы.
Тататын суың болсын да
Зәмзәмнің бұлақ жырасы.
Өзіңді Хаққа тапсырдым,
Сөзімнің, ата, расы.
Аттандым, ата, аман бол,
Нұрым Шыршығұлұлы
Тап болмағай тарлық жол.
Ораза менен намазың,
Алла қабыл ойласа,
Ізгі жолдас саған сол.
Сыраттың қыл көпірі
Алдыңнан болсын қара жол.
Асыра тартып ойлама,
Білгенге пікір – сана сол.
Жолы бір жырақ, жүгі ауыр,
Құдай, өзің пана бол.
Нұрым Шыршығұлұлы
БАЛАСЫН ЖОҚТАУЫ
Әуелі, Құдай, пана бер,
Денсаулығын және бер.
Иінімде екі періште,
Аузыма жауап сала бер.
Жалындым, Құдай, өзіңе,
Өзіңнің берген деміңе.
Ақсұңқар торға ілінер
Бір жейтұғын жемінен.
Сақидың қолы тартылар
Айдарға малдың кемінен.
Ажары кетер арудың
Айрылса қосақ-теңінен.
Жан жаратып өндірген,
Бәрін жерге көмдірген.
Қорқыт ата қобалжып
Сол себептен көп жүрген.
Нешелер жақсы кеткен жоқ,
Дүнияда жүріп жөн білген.
Адам асыл жаралған
Топырақтан тән болып.
Құралындық, білемін,
Бір тамшы судан қан болып,
Алтыншы айдың жүзінде
Қыбырлаған жан болып.
Жақұт, маржан, гауһардай
Адамзаттың баласы
Дүнияға келген сән болып.
Нұрым Шыршығұлұлы
Бір теректен сан бұтақ
Шашыраған екен дән болып.
Жолығысып отырмыз
Лаухы менен Махфұзда
Жазылған бізге дәм болып.
Несібесі көлдей шалқыған,
Асылы нұрдай балқыған
Алланың досты Мұхаммед –
О да бір кеткен халқынан.
Он сегіз мың ғаламның
Өкінген бәрі артынан.
Кім айрылып калған жоқ
Жалғыз бенен жалқыдан?!
Адамзаттың баласы
Асыл болып жаралған
Ақ күміс пен алтыннан.
Қыран бүркіт секілді
Көкірегі көкке талпынған.
«Алла бір» деген тағылым,
Тағатты жанға панасың.
Мақшар күнгі сапарға
Саламат болып барасың.
Біліп айтса ғалымдар
Құранның оқып сарасын,
Жетпіс жылдық жол дейді,
Жебірейіл жазса қанатын,
Жер мен көктің арасын.
Жаратушы Алланың
Өзі білер шамасын.
Алладан соңғы Мұхаммед
Нұрым Шыршығұлұлы
Он сегіз мың ғаламнан
«Алла» деген адамнан
Аямай кеткен панасын.
Досы екенсің деп Алланың,
Кідірткен жоқ-ты қазасын.
Тар лахатқа бармасқа
Адамның бар ма шарасы?!
Соның үшін жаратқан
Адамзаттың баласын.
Кімдер мекен еткен жоқ
Қара бір жердің қабатын?!
Жапанда болса бәйтерек,
Басы есен жанды бай демек.
Әзірейіл бармас қашық жол
Іздеген Қорқыт қайда деп.
Қырық жыл жүріп қыдырған
Шыбын жанға пайда деп.
Айнала теңіз, мұхит бар,
Өткелі жоқ дария деп,
О дағы кете алмаған жөн тартып,
Таба алмадым ажалға
Ешбір лаж-айла деп.
...Қауырсыны қатпаған
Балапан ұшты көлімнен.
Ақ сүтін берген анасы
Қабырғасы сөгілген.
Баласы өлген пақырдың
Жемісі жерге төгілген.
Айтқанды айып етпеңіз.
Адасқан аққу секілді
Кетіп жүр билік өзімнен.
Нұрым Шыршығұлұлы
ТОЙБАСТАР
Бісмілла сөз бастайын, Хақ-Жасаған,
Екеуді жұп, біреуді тақ жасаған.
Несіне айт дегеннің іркілейін,
Тіл менен сөйлесін деп жақ жасаған.
Бір Құдай әуеліде жаратқанда,
Екеуді жұпты етіп шақ жасаған.
Бір қызын пайғамбардың Әли алған,
Той-тойлап өлең айтпақ сонан қалған.
Бір қызы пайғамбардың Матбададай
О дағы аршыланға жылай кеткен.
Қыз бала, кетемін деп көп жылама,
Пайда жоқ жылап шеккен қасіреттен.
Қыз бала ержеткен соң елім дейді,
Жат елге көндіккенше семірмейді,
Үйреніп шыны Мысыр болғанынша,
Ондағы ел мындағы елдей көрінбейді.
Ол жерде бір жыл тұрсаң, үйренерсің,
Үйренсең, бұл қоныстан жиренерсің.
Молладай қырағаттап түзеп алып,
Сұңқардай бабын тапқан күйленерсің.
Ол жерде болса бабың, айналарсың,
Нәсіпке Аллаң қосқан байланарсың.
Бәрі де өткен істің осындай деп,
Азырақ, есің болса, ойланарсың.
Кім білсін ойланғанмен Хақтың ісін,
Көрінед аузыңды ашсаң меруерт тісің.
Адам Ата, Хауа ана – олар да өткен,
Нұрым Шыршығұлұлы
Көңіліңді мен ауладым оның үшін.
Биік бол, биік болсаң, асқар таудай
Басына бақ қондырған дәулет құсын.
Жақсы бол, жақсы болсаң, болғаныңша,
Астана көп жиналса, шығармысың?!
Ойласам, осы тойың болған тойың,
Шалқыған айдын көлдей толған тойың.
Құрметтеп құрбыларың ортаға алып,
Басыңа мен бір бұлбұл қонған тойың.
Тұсыңа келіп тұрмын бұлбұл сайрап,
Қарайсың төңірегіңе көзің жайнап.
Тұғырда тулап тұрған сен бір сұңқар,
Қырғауыл етін жеген, шекер шайнап.
Қондырып биялайға томағалап,
Құсбегі, қойдың қалай жіпсіз байлап?
Бір білсе, қадірімді қыз білер деп,
Той болса, қуанамын алақайлап.
Көшкенде жүгіңді арттың құба нарға,
Құдайым берді бақыт қуанарға.
Жат елге жастан барсаң жабығар деп,
Азырақ күлдіргі айттым жұбанарға.
Самаурын шай қайнаттың алтын сандық,
Шай берсең шекер төгіп – о да сәндік.
Құдайым, байға бәрі жарасады,
Жарлыға жараспайды еткен паңдық.
Әлеумет, сөз баста деп әмір етсең,
Біз енді қайран жұрттың тілін алдық.
Нұрым Шыршығұлұлы
Мәслихат біз етелік сіздіңменен,
Жарқырап дидарлассаң біздіңменен.
Байрақты қайда осындай болса мәжіліс,
Жүйріктің жері бар ма жүгірмеген?!
Оздырып салтанатын миллион жұрттан,
Қашаннан шынжырлысың үзілмеген.
Алашқа көсемдікпен салсаң үлгі,
Көрмекші жұрт шұбырар ізіңменен.
Дүбірің жер жарады тұлпардайын,
Шүкір ет бергеніне мұнша Алланың.
Ішінде өңкей қыздың аққуға ұқсап,
Отырсың ел билеген сұлтандайын.
Басыңнан өтер дәурен – жалған пәни,
Өтпесе, бұрынғылар, көрсет, кәні?!
Басымнан шіркін дүние өтеді деп,
Қайғырып, қасірет шеккен жұрттың бәрі.
Зауық етіп осындайда өлең айтпақ
Қашаннан келе жатқан елдің заңы.
Нұрым Шыршығұлұлы
ҚОШТАСУ
(Қадірлес қызы ұзатылғанда айтқан қоштасу
толғауы)
Жүйрігің көрсе дуды желігеді-ай,
Құландай желге шапқан елігеді-ай.
Ел-жұртпен қоштасатын шағың жетті,
Асыл ең көрісетін келіп ұдай.
Қырымның жұрт жиылған қызығындай,
Бедерің бес жасыңнан тұр бұзылмай!
Қып-қызыл екі бетің алмадайын,
Базарда бұлы қымбат қырмызыдай.
Бай болсын, мырза болсын бұлаңдаған,
Жүйріктің жері бар ма сыналмаған.
Сейілдеп серуенге шыға келсең,
Қорынып, қасыңда ешкім тұра алмаған.
Асылдай ақ күмістен айырулы-ай,
Қасиетті бір мінезің абиұрлы-ай,
Ақ бетің ақ жауқазын айға меңзес,
Бұқардың бұлы қымбат ақ ұнындай.
Тең бар ма пікірліге, жас та болса,
Сайқылық қызға лайық, қызба болса,
Аты әйел кейбір шабаз еркек тайлас,
Жігіттен өнері артық, қыз да болса.
Құдайым берген ақыл, келбетпенен
Пенде жоқ бұл өмірде кез келтпеген.
Жарлы, бай, жақсы, жаман ала жасап,
Адамды бір-біріне теңгертпеген.
Нұрым Шыршығұлұлы
Үстем қып мерейіңді бой сақтама,
Басыңнан өтер дәурен көлбектеген.
Кешікпей біреу алар ықтиярыңды,
Жинаған қазынаңды еңбекпенен.
Бұл сөзді неге айтты деп айып етпе,
Мінезім жеңіл еді елбектеген.
Бір гүлсің бақшадағы ашылмаған,
Науқаның әзір күнге басылмаған.
Көтеріп дәрежесін қанша айтсам да,
Жауаптың бұлын білмес нәсілі жаман.
Сөзімнің өзге нарқын біле бермес,
Болмаса өздеріңдей асыл жаннан.
Жарлы, бай, жақсы, жаман ала жасап,
Еркінше еліктірген қапыл заман.
Дәулетті өзгелерді көрсем-дағы,
Періште көрінеді басың маған.
Ак бетің әйнегіндей Орынбордың,
Шашың бар панарындай жайған тордың.
Гауһардай екі көзің дөңгеленген,
Ақ жүзің жүйесіндей жоғарғы һүрдің.
Бал жалап, шекер жеген бір бұлбұлсың
Рақатын көрген талай айдын көлдің.
Үлгісін көріп өскен асыл жердің
Баласы аяулы ата асылымсың,
Азбаған тұқымындай алтын зердің.
Бір түні қара лашын кетсе қағып,
Кетерсің көркін алып рулы елдің.
Ажары ақ бетіңнің айға меңзес,
Бұл дәурен бір күн-ақ-ты қайта келмес.
Нұрым Шыршығұлұлы
Пендеге шыны қаза келген күні,
Дүниеден қосын түзеп, кім жөнелмес?!
Ерке өстің ата-енеңе жасыңда, қыз,
Бұл күнде қосылғайсыз асылға, қыз.
Қуалап дүние түбін, малды ойласаң,
Бір күні өтер дәурен қапылда, қыз.
Сермесең неге қолың – соған жетер
Тұрғанда қызыл шарқат басыңда, қыз.
Елжіреп іші-баурың елді ойласаң,
Бір жүрген қатар құрбы, теңді ойласаң,
Көл болып көздің жасы көп жыларсың,
Тетелес аға менен жеңге ойласаң.
Басыңда қызыл шарқат боп тұрғанда,
Сол күнің болар дәурен, енді ойласаң.
Басыңнан өтер дәурен пелде-пелде,
Отырсың жөнейін деп бөтен елге.
Көрген жан таң қалғандай бір бала едің,
Тәрбиең сай келетін рулы елге.
Қалған жол аға-жеңге, ата-анадан,
Ойлапты осы ақылды көңіл делбе.
Дүниеде ешбір адам түк ойламас,
Уақытында болып өтсе сендей пенде.
Дабысың дауылпаздан еш кем емес,
Жайылар әлде даңқың әрбір жерге.
Сыйлаумен жасы үлкеннен алғыс алсаң,
Жеткенше қор болмассың басың жерге.
Алыпты Адам Ата Хауа ананы,
Жарқыным, кетемін деп жылай көрме.
Нұрым Шыршығұлұлы
ӘТЕМБЕККЕ АЙТҚАНЫ
Айтса да мен айналман
Көлденеңнің сөзіне.
Әшкере болған ісің бар
Жиылған жұрттың көбіне.
Айдыннан ұшқан аққудай
Келіп қондым еңменіп
Әтекеңнің төріне.
Қанатым талмас, тау қайтпас,
Еркіндеп келіп қонған соң
Дарияның сіздей көліне.
Айрылсақ сізден қонғандай
Елсіз де жердің шөліне.
Жауһарлы болат секілді,
Қарасам, тақсыр, өңіңе.
Әділет ісің болғанмен,
Қарамай айтам көңіліңе.
Сіз бір туған ақсұңқар,
Ұшар деп келдім жөніне.
Атадан туған төртеуің,
Хан ұлдары секілді
Деңгел еді көркемің.
Төртеуің қатар тұрғанда,
Осы бір байтақ қазақта
Бар ма еді сенің өлшеуің?!
Араңа шайтан кіре алмай,
Өсіп еді өркенің.
Айырған алтын секілді
Нұр сәулелі жүздерің.
Қарасам бүгін, өзгеріп,
Солғын тартқан өңдерің.
Нұрым Шыршығұлұлы
Атаның асыл баласы,
Араздықпен өштесіп,
Айрылар болған жөндерің.
Ақылды беріп ашуға,
Шайтан болды ергенің.
Ел жабылып сұраса,
Бір тілегін бермедің,
Әтеке, емес білгенің.
Өлгенше қалмас есіңнен
Жаманнан қорлық көргенің,
Сол болар сіздің өлгенің.
Тең атаның баласы,
Теңдесім сіздер болмасаң,
Аразы мен татуы
Не керек маған өңгенің?!
Сол себептен келгенім,
Қағбаға тауап еткендей,
Иіліп сәлем бергенім.
Талайдың тауын қайырып,
Тек өзіңді жөн дедің.
Халықтан жеке туғандай,
Адамды тең көрмедің.
Өнер қонған кеудеге
Жеделдес мен де бір інің,
Қолынан дәмді көп татқан,
Татулықпенен отырып,
Аға менен жеңгенің.
Ел қазығы едіңіз,
Бақытына болған пенденің.
Хақ кәләмнің жолында
Тәубасы қабыл болмайды
Нұрым Шыршығұлұлы
Такаббар болған менменнің.
Адасып, көнбей ерлерім,
Айрылар болды елдерім.
Алыстағы дұшпанға
Алынар сүйтіп белдерің.
Сен – ақсұңқар құстың баласы,
Тұғырда тұрар талпынып.
Дәреже қонған басың бар,
Бақытың аз күн артылып.
Өзіңнің тума, халқыңның
Тілегін бермей келесің,
Тұрса да күнде сарсылып.
Халықтың көңілін қалдырма,
Зар боларсың бір күні,
Есікті кетсе сарт ұрып.
Теңдесім, сізге айтамын,
Озалдан бақытың жөн алған,
Үйіңе келген қонағың,
Пақыр да болса төр алған,
Жауабыменен сөз алған.
Халықтың мен де бірімін,
Бұл бетіңді таста деп,
Тілегім осы сұранған.
Дұшпаныңды қас көріп,
Ашуыңды дос көрсең.
Бұл тілекті бермесең,
Айтқаныма көнбесең,
Сағынып аңсап аға деп,
Енді сәлем бере алман.
Менен бұрын сен өлсең,
Құрметтеп қолдан көме алман.
Нұрым Шыршығұлұлы
Енді қайта оралып,
Босағаңды көре алман.
Атаның ұлы азар ма
Бастары түспей базарға?!
Жасақты жау көрінсе,
Ер ойланар шабарға.
Жалғызбын деп жасқанбай,
Жолығып соған қаларға.
Жаманға барда бұйым сол,
Басыма тарлық түсті деп,
Жұмсасаң, бармас хабарға.
Адасты шайтан азғырып,
Адам Ата, Хауа Ана
Жәннаттан шықты каңғырып.
Осыларды үлгі етіп
Мен айтпасам, кім айтар
Көңіліңді мендей қалдырып?!
Төріңе шықпас жаманды
Би етерсің алдырып,
Ақылыңды шалдырып,
Сусынын шәйға қандырып.
Нұрым Шыршығұлұлы
ТҮЙЕСІН ІЗДЕГЕНІ
Жоғалды бізден түйе қисық өркеш,
Көріпті күні кеше үдерген көш.
Міндім де кер бедеуге, іздеп шықтым.
Таба алмай елге қайттым, еңбегім еш.
Әлеумет, күні бүгін жиналыпсың,
Түйені о бейнелі көрдіңіз бе,
Қараймын әрбір жерден түсіп енді,
Түйенің білінбейді жосығы енді.
Келгенде жас елуге болып жоқшы,
О дағы бізге Алланың қосуы енді.
Ақ тұмсық, мұрыны бар томпағырақ,
Арасы екі өркештің алшағырақ,
Өзі де биік емес, талпағырақ.
Кез келсе, ойпаң жерге түнейтұғын.
Жануар бір мінезі жалтағырақ.
Жануар бір мінезі құспайтұғын,
Алдынан келсе кісі ұстайтұғын,
Арасы екі өркештің сөгіліңкі,
Шудасы тізесіне төгіліңкі,
Шуылдап шу дегенде жүре бермес,
Жүрісі жануардың сабылыңқы.
Нұрым Шыршығұлұлы МОЛДАШҚА 1. «Болсада отыз ұлдың орны басқа», Келмедің қырық пенен елу жасқа. Амал не, есеңгіреп егілгенмен, Ақсұр ат ұстатпайды, қолдан қашса. Иығың қатарыңнан артық еді, Ордалық айбар едің дұшпан, досқа. Ойлансам, көш адаспас, көп адасар. Орны білгірліктің басқа-басқа. Әжіғали шу дегеннен билікті ұстай келді Жұбанып соған көңіл басылмас па? Нақ бес жыл округті билеп жүрген, Көлденең орыс, қазақ «би» деп жүрген, Жақсы едің тентек пенен мақұлды да Иініне салып бәрін сүйреп жүрген. Аумады басқан жерден табаның да, Бар еді асқар таудай талабың да. Ғұмырың бек өлшеулі қысқа болды, Көз тиіп Уәйіскенің базарында, Қазаңды естіген жұрт қайғырысып, Сынығып кетіп қалды ажары да. 2. Тұлпар еді туды алған, Ақ күміс еді ажары Сары алтынмен буланған. Түлкідей жылмаң дүние Құтылды-ау талай қуғаннан. Бұл күндері айрылдық,
Нұрым Шыршығұлұлы
Арғымақ асыл буданнан.
Ақсұңқар ұшты қолымнан
Құладын менен қуды алған.
Молдағали армансыз,
Артыңда екі ұл қалған.
Әжіғали інісін
Бұқара жұрты құлданған.
Асылдан алған аруы
Бұ да арманмен қалулы.
Қос балапан қолында
Отыр екен бағулы.
Тоқтамыс еді арғы атаң
Туғаннан Қыдыр дарулы.
Елінің қамын ерте ойлап,
Ақылменен қамданған.
Қалам алып, хат жазса,
Көрген жандар таңданған.
Асылы қара болғанмен,
Кем бе еді сұлтан, хандардан?!
Халықтың бақыты қайтқан күн,
Айрылдық сондай жандардан.
АЙТЫСТАР
Нұрым Шыршығұлұлы
НҰРЫМ МЕН ТӨРТ АҚЫН
...Нұрым жол жүріп келе жатып, Кіші жүздегі Тана
Жиенбет руының бір үйіне кезігеді. Ол үйде сол елдің
төрт ақыны отыр екен. Көптен кездесуге құштар ақындар
Нұрым түсіп жатыр дегенді есітіп, қуанып кетеді. Қонақ
үйге кіре бергенде, олар өлеңді төгілте жөнеледі:
Біріншісі: Сұрасаң руымды, біз Танамыз,
Екіншісі: Жиенбет Тана ішінде атанамыз.
Үшіншісі: Сайқыдай ел ішінде көп жүрмейміз,
Төртіншісі: Ақыннан үйге келген бата аламыз.
Нұрым да оларға қолма-қол жауап береді:
Руға қайдан қалдым «Таналаған»,
Көп қарға бір сұңқарды қамалаған.
Ортаңа мен бір келген көкжал бөрі,
Төрт төбет айналамда абалаған.
Нұрым сөзіне риза болған Жиенбет ақындары оны
қонақ етіп, ақыл – кеңес алады.
Нұрым Шыршығұлұлы
НҰРЫМ МЕН ҚАШАҒАН
Жас ақын Қашаған атышулы Нұрым жыраудан бата
алмақ боп үш рет барса да, кездесе алмайды. Оны естіп
Нұрым риза болып:
– Жасы үлкендігімді бұлдамаймын, – деп Қашаған
ауылына өзі келеді.
Кашаған ауылда болмай шығады. Ақыры екеуі бір
тойда кездеседі. Нұрым Қашағанның ақындық дарынын
байқау үшін:
– О, інім, жас күнімде естіген біраз нәрселерім бар
еді, үлкейгесін естен шыға бастапты. Соны сенен сұрап
алайын, – дейді.
– Нұреке, бөтен ауылда отырмыз, Адайдың екі ақыны
айтысып жатыр демей ме? – дейді Қашаған.
Нұрым айтады:
– Жұрт не айтпайды, ат жүйрігі мен адам жүйрігі
жүлделі жерде шаба береді.
– Сұраңыз онда, Нұреке.
Нұрым:
– Аяқ алысыңды көрейін, домбыраңды шалып қара, –
дейді.
– Жасы үлкен, жалы биік ағасыз, сіз бастаңыз,
батаңызды алайын, –дейді Қашаған.
– Талабың таудай екен ғой, сен қаш, мен қуайын.
– Аға, сіз қашыңыз, мен қуайын, жетсем, батаңызды
берерсіз, жете алмасам, өзімнен көрейін.
Нұрым:
Саламатпысың, шырағым,
Алдыңа келді қарт аға.
Мүйіз шықса басыңа,
Нұрым Шыршығұлұлы
Сен талай түстің алқаға.
Тілің – шешен, ернің – еп,
Айтқыш деп жүр ғой сені көп.
Білмегенді білгеннен
Сұрағанның несі шет?!
Мәжіліске басы бірігіп,
Көп жиналған екен аламан.
Естуім бұрын көп еді,
Көргенім бірақ жоқ еді,
Бір-екі сөз сұрайын
Ақылға кәміл данадан.
Бала, білсең, хабар бер,
Үдірегелі Хауа анадан
Қанша заман өтті арадан?
Дүниенің басы неден жаралған?
Жер мен аспан бұ не зат?
Мақұлық қалай тараған?
Адам, Лаухы, һәм Ғалам
Баршасы неден жаралған?
Өлгенге мансұқ, неше аят
Анау отыз парадан?
Мыңсуалмас, Есеттей
Көл едің айдын жаппалы,
Сен – қазақтың тақтағы.
Талайға айтып жібердім,
Құр адасып қайтарды
Дым білмейтін ақымағы.
Білгіш болсаң, Қашаған,
Осыны ойлап тап тағы?
Қашаған:
Көрген жоқ едім бұрында,
Нұрым Шыршығұлұлы
Білмейтін едім сырыңды.
Кұдай қайдан тап қылды
Сүйіндіктегі Нұрымды.
Батаңды берсең, жылдам бер,
Басқа бір жаққа бұрылмай.
Құс қарайтын еді қырымға,
Ит қарайтын еді жырымға.
Айтқыш деп еді бұл аға,
Алады екен ғой бүгін тынымды.
Иманнан жарық болмайды
Таспихқа айтып санаған.
Жұмаққа барад дейді тергеусіз
Алласы анық қалаған.
Дүниенің басы әуелі
Меруерт тастан жаралған.
Меруерт тас еріп су болған,
Судан түтін бу болған,
Аспан, жер содан жаралған.
Адам, Лаухы, Ғалам, – баршасы
Сол заттан дейді жаралған.
Он сегіз мың ғалам болғанда,
Үш бөлім болып тараған.
Алтауы болар жәмәдәт,
Алтауы болар нәбәдәт,
Алтауы болар хайуанат.
Үш алтыны қоса ғой,
Он сегіз мың жан болад,
Білмеген адам таң болад.
Шариғат жолы бойынша,
Өлгенге намаз, ысқат шарт.
Нұреке, енді тілің тарт,
Нұрым Шыршығұлұлы
Көп ішінде көлденең
Туысына ұрынған
Дүниеде жаман зат.
Нұрым:
Шамданба, шайыр данамыз,
Білмеген соң бұ сөзді.
Сұрамай неғып қаламыз?!
Сен бір қойма, дүкенсің
Ұрулы тұрған құлыбың.
Ашармен келіп ашпасақ,
Ішіндегі тауардан
Бүгін қалай аламыз?!
Алдында сенің сөз айтқан
Жасы үлкен ағаңыз.
Дұшпаның емен, Қашаған,
Аяғыңнан алатын,
Қапталдан ауыз салатын.
Қашаған, саған бір сұрақ:
Екеуі жансыз, екі арам
Бейішке кім ед баратын?
Дүлдүлді мініп парлатқан,
Кәпірдің шәрін қандатқан
Шәһимардан Ғалиға
Жәбірейіл келгенде,
Келіп хабар бергенде,
Неше қылыш келген екен жәннаттан?
Ніл дарияның көпірі
Болған екен не заттан?
Көлде жүрген күмпілдек,
Судан даусы шықкан әупілдек,
Бұл болған екен қай жақтан?
Нұрым Шыршығұлұлы
Суда жүрген итбалық,
Неден азған екен бұ халық?
Қашаған:
Әлеумет келсе жиылып,
Айтқан сайын сөздерім
Келе берер құйылып.
Отырмайын сарғайып,
Кісіден көмек сұраман
Тілемсектей қол жайып.
Менің айтқан сөзімді,
Нұреке, көрме сен айып.
Нұреке, сенің қаңқуың –
Қапталымнан жабысқан
Жақтырмайтын шаншуым.
Ұраным Қосай болғасын,
Бүйірімнің тартуын.
Бүйірім, әттең, бұрып тұр,
Амалы түскір құрып тұр.
Басқа біреу болғанда,
Маған қиын емес еді
Табаныммен тарпуым,
Азуыммен қарпуым.
Өзім әзер жүргенде,
Қай-қайдағы пәлелерді артуын!
Білсеңіз, кылма келемеж,
Келемежің жөн емес.
Сол дүниені жаратып жатқанда
Қасында тұрған мен емес.
Бірінші айтқан жұмбағың:
Әзіреті Мұса пайғамбар
Аршы ағланы кезгенде,
Нұрым Шыршығұлұлы
Екі арамы дегенің –
Еріп барған қасына
Қытымыр деген қызыл ит,
Жеті қазынаның бірі еді.
Екіншісін айтайын –
Астына мінген есегі.
Дүниенің бәрін сұрайсың,
Бар деп пе ең менде есебі.
Екі жансыз дегенің:
Біреуі – Айсаның аса таяғы,
Біреуі – Ідірістің кебісі.
Естуіміз шын болса,
Сол төртеуі, Нұреке,
Тергеусіз барады дейді бейішке.
Дүлдүлді мініп парлатқан,
Кәпірдің шәһрін қандатқан
Шаһимардан Ғалиға
Жәбірейіл келгенде,
Келіп хабар бергенде,
Хамсос пенен Самсадай,
Зұлпықар мен Зұлқажжа –
Жәннәттан келген мәрт қылыш.
Ұрыс сайын әр жерге,
Заманда өткен баяғы
Барған екен төрт қылыш,
Болмаса да аяғы.
Перғауын мен Мұсаның
Көп соғысы болғанда,
Ніл дарияға ұрғанда,
Көпір болған деседі
Мұсаның аса таяғы.
Көлде жүрген күмпілдек,
Нұрым Шыршығұлұлы
Суда жүрген әупілдек –
Қарсы болған бұйрыққа
Перғауынның дейді өзі.
Асасын тартып алғанда,
Перғауынның әскері
Суға болды бұ қарық.
Мұса қолын сілтепті,
Кетсін деп көрмей ол жарық.
Суда жүрген итбалық –
Перғауынның әскері,
Қарғаған соң Құдайым,
Осылай азған дейді бұ халық.
Нұрым:
Шабысың енді түзелді,
Жаңа ғана бой жазып.
Естімішің көп екен
Өлең менен жырға азық.
Пайғамбардың кезінде
Қанша қауым өтіпті
Өз пиғылынан өзі азып?
Қашаған:
Сұрасаң, жауап берейін,
Ғазіреті Нұхы пайғамбар
Тағат еттің деп жылаған.
Айтқанына көнбеген
Қауымында бір адам.
«Бұл шәһрдің жүзіне,
Алла, пәле жібер!» - деп,
Шынымен сонда сұраған.
Сұраған тілек бойынша,
Нұрым Шыршығұлұлы
Жердің бетін қаптап ғаламат,
Қырық аршын терең су алып,
Нұхының қауымын су жұтты.
Әзәзіл шайтан азғырып,
Тура жолдан жазғырып,
Лұд пен Ауқат қауымын
Деп айтады жер жұтты.
Нұреке, мысал айтайын:
Сақырада көшіп жүргенде
Нар аунаса шаңдаққа,
Аяғы тиіп, бақыртар,
Бота менен тайлаққа.
Қапталдағы көп жаман
Сені мен маған ұрынса,
Түсіп кете жаздайды
Түбі жоқ терең айлаққа.
Қанатты тұлпар сен едің
Қосылып жүрген байраққа.
Дүбірлі дүлдүл шайырсың,
Кіші жүз бен Орта жүз
Атағың кеткен аймаққа.
Батаңды берсең, жылдам бер,
Ұзаққа созып жайлатпа.
Білмейді екен осы жұрт
Кімнің жақсы, жаманын,
Кімнің де жүйрік, шабанын,
Оқулы менен наданын,
Жаңа қызып келеді
Парлап жүйрік табаным.
Насихаты түзік-ті
Жасы үлкен ағаның.
Нұрым Шыршығұлұлы
Тағы бір мысал айтайын:
Құс үлкені қара құс,
Көлемі дардай, күші жоқ.
Күші жоқтығының себебі –
Бармағының ұшы жоқ.
Бүркіт те жүрер қаусаңдап,
Бүркіттің жейтін жемдерін
Қырғи құс қағып кететін
Екі көзі жаутаңдап.
Шағала менен шақшақай,
Айтайын бәрін тастамай,
Шабағы менен шаянын
Бергісі келмес басқаға-ай.
Байғұз деген құс болар,
Қүдіретімен Алланың
Бір торғай күнде түс болар.
Жапалақ деген құс болар
Төбеде тұрып таранған.
Өзінен басқа неме жоқ,
Жан-жағына қаранған.
Қара қарға қалбағай
Алатын жемін ала алмай,
Ұшады да қонады.
Қапталдағы көп жаман
Сені мен маған келгенде,
Кем болып қалар салмағы-ай.
Шымшық деген зәредей
Бір кішкене құс болар,
Тұла бойы менмен күш болар.
Қыранға келіп тап болса,
Жемсауына барып мыш болар.
Нұрым Шыршығұлұлы
Біреуге біреу ұрынса,
Толып жатқан іс болар.
Сынамақ болған сұрқылдар,
Сені мен менен озғанша
Жыл айналып қыс болар.
Сөйтіп, жұмбақтарының Қашаған бәрін де шешеді.
Айтыс соңында Нұрым Қашағанға риза болып:
– О, шырағым, жұрт айтқыш дейтін еді, рас екен, тір
лікте шылбырыңнан ешкім ұстай алмас, мына тойды сен
баста, сен тұрғанда, ағаң демалғандай екен, – деп батасын
береді.
Нұрым Шыршығұлұлы
НҰРЫМ МЕН БЕРІШ ҚЫЗЫ
Берішқызы талайды сөзбен буған атышулы ақын бо
лыпты. Бірде Нұрым Берішқызымен айтыспақ болады.
Нұрымның інісі Тастемір де ақын, өнерпаз, сал-сері екен.
Ауыл ақсақалдары:
– Сен өз атыңнан айтысып жеңілсең, ұят болар, – дей
ді. Нұрым інісі Тастемір болып айтысады.
Нұрым:
Әуелі сөздің басы біссімілла рахман,
Мал жиса адалдықпен – ақырда иман.
Татар дәм күнде айырмас, жерім алыс,
Бұл тойға болдым душар жұртты жиған.
Айтайын әп дегеннен, ақын апа-ай,
Сөзіммен салған жерден сені жанай.
Ерегес екіталай болған жерде,
Салдыртып озып жүрміз біздер талай.
Байрағын бізге берген талай жүйрік,
Дүниеден кім кешпейді болса бұйрық.
Алқада көп ұзатпай кідіртермін,
Кезегін енді сөздің сізге қидық.
Берішқызы:
Сен, жігіт, айқай салдың мазамды алып,
Берішқыз атым менің, тұрсаң танып.
Қорықпай қыз тұсына келемін деп,
Сан жүйрік құр сандалған есі танып.
Көрмеген бұрын жүзін құрбы екенсің,
Айт маған аты-жөнің, танысайық.
Нұрым Шыршығұлұлы
Нұрым:
Сұрасаң руымды – Жаманадай,
Қолымда көк қаршыға томағалы-ай.
Ерегес екіталай болған жерде,
Байрақты бізден бұрын кім алады-ай?!
Тастемір өзім атым, ағам Нұрым,
Алқада жан сөйлемес бізден бұрын.
Айдаған әркімдерді Ақтағала-ай,
Ай, апа-ау, сөз сөйлейсің қалай-қалай?
Келгенде қызыл тілге қыз-қызысып,
Белгілі толы жұртқа сөздің пәмі-ай.
Берішқызы:
Өзім де ойлап едім Адай-ды деп,
Жасымнан көріп жүрмін талайды көп.
Әуелде үйден ойлай шығып едім,
Құр айқай тап болар деп өлеңі-ай жоқ.
Әуелі келген жерден бір шошындым,
Адайда айтқыш Нұрым осы ма деп.
Жолаушы болсаң, байғұс, қалма жолдан,
Сан жүйрік жас екен деп әуре болған.
Қыдырып бұл Адайлар жүре береді,
Үстіне киіп алып сары тоннан.
Нұрым:
Бұл Адай кисе-дағы сары тонды,
Беріштің талай қызы тоқал болды.
Жұт болса, біздің елден тұқым қалады,
Бір бай жоқ бұл Беріште жеті баулы.
Қыдырып Беріш деген жүре береді,
Беріштің бізде бар-ды төрт-бес ауылы.
Нұрым Шыршығұлұлы
Абылды Қабыл, сірә, өлтірген соң,
Мұсылман кәпірменен, сірә, даулы.
Қызыл тіл сөйлей-сөйлей желдей ескен,
Беріштің бір өнері - ағаш кескен,
Мал берсе, Беріш қызын бере берер,
Сізді де тоқалдыққа берер дескен,
Жағалай Жайық бойын қоныс етіп,
Орыспен сыбаймыз деп желдей ескен.
Берішқызы:
Халқының кім күймейді жаласына,
Жоқ жайым сеніменен таласуға,
Беріпті жас кезімде мені-дағы
Бір байдың әлпештеген баласына.
Сен, жігіт, көлбей кеттің елді мақтап,
Артыңда ештеңең жоқ қойған сақтап.
Харазм барған Адай сорлы Адай ма,
Қоян жыл о да қайтты жасық қақтап.
Сен жеңдің, біз жеңілдік, ақын жігіт,
Сенімен айтысуға тілім мүкі.
Қарасам, төрт аяғым бірдей ақсақ,
Құдайым бізге бермес енді жақсы ат.
Бұ дәурен екі айналып сірә келмес,
Өз елім аяғымнан ала берді,
Біз болдық мұнан былай пайда көрмес,
Таздағы Ораз жырау душар болып,
Мұны да жеңіп едім жасымда он бес,
Қызыл тіл, он сегізде бір сүріндің,
Таусылмас ұры-қасық, ел-теңізге,
Бізді де айтқыш деп еді бірді-бірге.
Нұрым Шыршығұлұлы
Жіберген ел шабарын Иса болыс,
Атамыз Сарыарқаны еткен қоныс,
Бұ құрбы қызыл тілге болмайды деп,
Шулайды қырда қазақ, тоғайда орыс.
Талайды келекеге еткем мазақ,
Шулаған тоғайда орыс, қырда қазақ.
Сөз таппай қапияда сүрінгеннен,
Жаксы екен ақыретте тартқан азап.
Нұрым:
Жақындап жаңа келдім, кетпе қашып,
Бір сөзім бір сөзімнен кетеді асып.
Харазм барған Адай сорлы Адай ма,
Қоян жыл о да қайтты қақтап жасық.
Енші алып шыққан Иса Тіленбайдан,
Ерім еді атағын жұртқа жайған.
Шынымен сол Исамен айтысам деп,
Құдаша, корықпадың ба бір Құдайдан?
Тіліңді қысқартарсың Иса деген,
Нұрымнан Иса-екемді көрме төмен.
Бүлдіріп Форт қаласын қайратпенен,
Жалындай ол пәлеге қарсы жүрген,
Оязға өзі барып жауап берген.
Заңына жетік едім Арқа жақтың,
Беріштің талай қызы опық жеген.
Беріштің бас жігіті Қаныш сардар,
Төреге Беріш қызы сондай қардар.
Ежелден аты шыққан Нұрым едім,
Еліңнен ер шықты ма арыңды арлар?
Нұрым Шыршығұлұлы
Берішқызы:
Сен, жігіт, елімізге жала жаптың,
Орынсыз өтірікті қайдан таптың?
Бұл сөзің өз басыңа болар тажал,
Әдетін қайдан білдің Арқа жақтың?
Қарабау, Қаракөлде жүрмедің бе?
Сөзбенен құр өтірік күрмедің бе?
Әншейін жеңу үшін сен айтасың,
Неше күн жолдас болар бұл дүние?!
Байландым өз аузымнан жеңілдім деп,
Арқадағы сиазды көргенің жоқ,
Ішінде сол сиаздың болған болсаң,
Беріште мөрлі билер кімдер-кімдер?
Нұрым:
Заңына жетік едім Арқа жақтың,
Қызығын көріп жүрміз біткен бақтың.
Сарайшық-Сарайжүңке Беріш жері,
Сол елдің жүрген жерін қайдан таптым?!
Жанпейіс, Әлден, Берген, Елеш, Телеш,
Және де Бегіс пенен Қара Құлкеш –
Арысы бұл еліңнін жаман емес.
Бұл қыз бен бұл төрені қайтеміз деп,
Жиналып талай билер қылды кеңес.
Сиазды құрған жері Жаманқала,
Сыймады Беріш шулап жерге дала.
Талтаңдап қақ ортаңнан орыс кетті,
Япырым-ай, тумады ма қанды бала?
Нұрым Шыршығұлұлы
Үйінде жатыр едім Елеш бидің,
Сөзіне Беріштердің жаман күйдім.
Сөйлесіп бір орыспен жатқаныңда,
Төрт жігіт аңдып барып алмады ма
Суырып сонда ішінен ақ боз үйдің?
Бұл сөзім алқада айтпас бір сөз еді-ау,
Кісіге қарап тұрған өзің тидің.
Нұрым Шыршығұлұлы
НҰРЫМ МЕН ЖАСКІЛЕҢ
Адайдың бір жиынында бес жүз киіз үй тігіліп, Кіші
жүздің барлық руынан қонақ шақырылады. Әлімнен жүз
елу кісі келеді. Ішінде Жаскілең ақын бар екен. Күтушілер
алдынан шығып, аттан түсіре бергенде:
– Мен Адайдың Нұрым деген ақынымен айтысқалы
келдім, – дейді.
Нұрым арнайы тігілген бір ақбоз үйде отыр екен. Соның
қасынан Жаскілеңге бір үй тігіледі. Шай ішілгесін, төрт-бес
жолдасымен Жаскілең Нұрымға барып сәлем береді.
Нұрымның жасы үлкен екен. Амандасу үстінде Әлімді
мақтап, Адайды қағыта сөйлейді.
– Жаскілең, сен 500 үй тігіп, құрмет көрсетіп отырған
Адайды да осал ел көрме, – дейді Нұрым.
– Оның несіне мақтанасың, мен елімнің тәрбиесі мен
салтын, дәулеті мен ерлігін айтайын, – деп Жаскілең до
мбырасын қолға алып, жырлай жөнеледі.
Жаскілең:
Руың сенің сары Адай,
Әлімім елге ағадай.
Әлімім жұрттың асылы,
Ақ күмістен тазадай.
Жазымдықпен жеңбесең,
Тарттырармын, Нұрым, жазаңды-ай.
Аржағың, Адай, белгілі
Мен айтамын, сен тыңда
Есетімнің ерлігін.
Өтіп кетті демесең,
Мен білмеймін Есеттің
Әзіретіғалидан
Нұрым Шыршығұлұлы
Бір кішкентай кемдігін.
Бір ерлігі Есеттің
Тәуекелмен іс еткен –
Арыстандай төрені
Өлтірген Орда ішінде,
Өлшеу бар ма күшінде?!
Адай, Әлім болғалы
Елеңдетіп тең мінген
Екі бірдей жорғаны.
Өтірік айтпа, рас айт,
Адайыңда бар ма еді
Тап Есеттей болғаны?
Біздің Әлім ішінде
Әлібек пен Достан бар,
Жетімдегі Қостан бар.
Көшкен күні желіде
Ұмытылып қалып боздаған
Жүз аруана, тоқсан нар.
Байлық жағын сұрасаң,
Әнеки, сондай жоспал бар.
Қарағұл мен Дауылбай
Құлындатып қулықтан
Жүз биені байлаған,
Мыңнан жылқы айдаған.
Мен көрмеген Есеттен
Артық ерің қайда бар?
Әлімнен озған Тайшыбай,
Байлық жағын қоялық
Біразырақ айтып-ай.
Қорықсаң, Нұрым, шақыршы
Нұрым Шыршығұлұлы
Әулиең мен шайқыңды-ай.
Көп ұзатпан сені мен,
Күні бүгін алмаса
Бергенін Құдай қайтып-ай.
Біздің Әлім мырзасы
Қырмызы қызыл асылдың
Талайын жүздеп алдырған.
Айналасына алтын зерлер салдырған,
Салтанатын сүйтіп оздырған.
Құдіреті күшті Құдайым,
Шын қаһары келген күн
Он сегіз мың ғаламды
Сыйғызған жалғыз қауызға.
Ескілікте болмаса,
Жаңалықта кімің бар,
Айтатын алып ауызға? –дейді.
Сонда Нұрым айтыпты:
Жасаған Жаббар, Жан Ие,
Жұмыла бәрің әнбие,
Маңғыстаудың ойында,
Көлденең шыңның бойында
Үш жүз алпыс әулие,
Шын күнәлі болмасам,
Осы жерде бір сүйе.
Маңғыстауда берекет,
Әнеки, сонда керемет.
Кетсе, кемін толтырған
Адайда бар Ер Бекет!
Нұрым Шыршығұлұлы
Садуақас сахидан
Біздің Адай елінің
Жомарттығы кем емес.
Көлденең қазақ баласы
Адайға тіпті тең емес.
Анау барып көрсеңіз,
Маңғыстаудың қара ойы,
Әулиесі қойдай күңіренген,
Адам қияр жер емес.
Сенің айтқан Есетің
Мақтайтұғын ер емес.
Менің жалғыз көргенім,
Жаскілең, жалғыз сен емес.
Шамасыз жерге шарқ ұрып,
Досқа күлкі, пақыр-ай,
Дұшпанға болдың келемеш.
Анау Көкаланың құмында
Әлімді қойдай шулатып
Біздің Адай шапқанда,
Тегін олжа тапқанда,
Бердібекке тиіп еді
Алпыс кілем ағалық.
Әлімге сонан қалып па еді
Батырлық пен даналық?!
Күні бүгін болғанда,
Өтірік айтып мақтанған
Мынау пақыр Жаскілең,
Бұған қайтіп наналық?!
Есетің сенің ер болған
Кешегі бір кезеңде
Нұрым Шыршығұлұлы
Ұлық пен төре шуылдап,
Бөрідей түскен артына.
Діні үшін емес, күні үшін
Таныс болған орыстың
Гүбірнатыр сортына.
Байұлы деген халқымнан,
Дұшпандасқан зарпынан
Адай деген ауылымның
Аруағы асты Алшыннан.
Ерлерім қолда барында
Қос арғымақ талпынған.
Бір аттанып шыққанда,
Біреуінің дәл басы
Мың кісіге шарп ұрған.
Бір мырзаның үйінде
Сексен-сексен құлы бар.
Сексен құлдың қасында
Сексен күңнен жұбы бар.
Бір мырзамның үйінде
Жүзден інген боздаған.
Шынын айтып мақтасам,
Кедейімнің үйінде
Мыңнан саулық қоздаған.
Арғын менен Алшында
Бізден байлық озбаған.
Жерің бар ма, Жаскілең,
Кедейліктен тозбаған?
Бір мырзамның белінде
Ақ күмістен қыны бар.
Сары ала тон, қылыш бау
Мың биенің пұлы бар.
Нұрым Шыршығұлұлы
Қаруының өзінде
Бір кісінің құны бар.
Адайымның дәулетін
Кәні, шамаң келсе, жұлып ал.
Жеңілетін Нұрым жок,
Біраз жатып тыным ал,
Көзіңнің ұйықтап шырымын ал.
Сонда Әлімнің біреуі:
– Адай ақыны өтірік айтады, сексен құл, сексен күң бір
үйге сыя ма? – депті. Сонда:
– Әуелі өтірікті сіздер айттыңыздар, екі жүз түйе боздап
жұртта қалады дейсің, соны көрмей, көздерің қайда кет
кен? – дейді бір Адай адамы.
Той бастаушылар жеңісті Нұрымдікі деп жариялайды,
Нұрымға той бастатады.
Нұрым Шыршығұлұлы ТОҒЫЗ АУЫЛ (Байбоз – Жанбоз) Дастан І Бұрынғы өткен шайқының Адаса көрме ізінен. Қорқамын, заман, түріңнен, Жасаған ие пірімнен. Пірлерде шайқы көп өтті, Пәниде сенің жүзіңнен. Қабаты қалың қара жер, Өлгендер келмес түбіңнен. Неше күн жолдас боламыз, Жалғаншы дүние, сізіңмен. Өлгеннен соң не пайда Сайраған қызыл тілімнен. Әуелі Абылды Қабыл өлтіріп. Қас болды кәпір бізіңмен. Хан Аюке деген қалмаққа Уса-Серен бас болып Дұшпанымсн қас болып. Қытай жұрты бүлінген. Көлденең жатқан Еділде Қарға бойлы Қазтуған Ердің даңқы білінген. Қарабау менен Тайсойған, Ол Қайғы Асанның жұрты екен, Қарауыл салып қараған. Қорғанша деген күдерден Сондай жұрттың жері екен
Нұрым Шыршығұлұлы Көлденең жатқан ұзын Жем. Көргенім жоқ көзіммен, Айтамын сондай ізіңмен. Сондай ескі сөздің мағынасы Ноғайлының ішінде Күзей қарттан білінген. ІІ Ойыл да Қиыл, Жем, Қайнар, Көлденең өтіп ел жайлар. Бетегесі белден шық, Жегендерін желдентіп, Жаз ортасы болғанда, Күн зауалға толғанда. Қонушы еді қарыштап Маңғыстаудың ойына, Сыя алмай шыққан көп байлар. Желпіндіріп ат сайлар, Желбіретіп ту байлар. Күні бір бүгін болғанда, Әдірә қалып барасың, Қайран Шоқыбоз бенен Бегайдар. Бегайдар менен Басқақтан Ноғайлының елдері Ерте тұрып, кеш жатқан. Бұрынғы өткен заманда Панжырдың ұлы Шуақта, Атасы қалмақ демесең, О дағы әділдікті бір тапқан. Әдірә қалған жер еді Мұсаның ұлы Орақтан.
Нұрым Шыршығұлұлы Қарғабойлы Қазтуған Сол арада жау шапқан. Ноғайлының ішінде Қара Мәмбет аз ауыл. Салмаған екен қарауыл. Тарлық басқа түскенде, БірТәңіріні пана қыл. Тар қамашау қоныста Қаперсіз ердің жатқаны, Алладан келген қаза бұл. ІІІ Қауыпсыз ерлер жатқанда Қапыда түсті қақпанға, Елдің алды асқанда, Көлденең шыңға басқанда. Есіл ердің баласы Айла таппай сасқанда. Тұс-тұсына қашқанда, Күйкеннен бергі бауырда Екі жүз елу жәуміт келіп ұрынды Екінді мен ақшамда. Екі жүз елу жәуміт келіп ұрынған Күйкеннен бергі мұрыннан, Көштің алды бұрылған. Әдірә қалғыр жер еді Жаңбыршының ұлы Телағыс Кешегі өткен қырық таңбалы қырымнан. Төремұрат батырдың Өлген жері сол екен, Ойлап тұрсам, бұл қоныс Құтсыз екен бұрыннан.
Нұрым Шыршығұлұлы ІV Борқұдықтың басында, Сайқұдықтың қасында Көтерді жәуміт іргені, Жидырды жәуміт сіргені. Жағалбайлы атанған Құрман, Таған бірге еді. Жау келерін білмеді, Хабар ерте тимеді. Болжамады ертеден, Жетімді алды желкеден. Ақ орданы аударып, Аруларды алды теңселген. Әулием Бекет болғалы, Бұ секілді шулатып Алған жоқ еді дұшпан еңсемнен. Тал шыбықтай белі бұралып, Мақпал мен жібекке оранып, Құлағында алтын үзбе сырғасы, Қызы кетті байлардың, Оң жағында сылдырлап. Бұл хабарды есітсе, Маңғыстау толған әулие, Тәмәм шайқы қынжылмақ. Әулиелер қарғаса, Алып кеткен дұшпанның Ак киіктей орттырып. Алдынан жебе құрдырмақ. Екі жүз елу жәумітті Табан серіппей қырдырмақ.
Нұрым Шыршығұлұлы Байбоз, Жамбоз – екі ауыл Ілгері көшті қырындап, Адайдан бұрын зырылдап. Тәңірі қайтып алмаса, Қайтқан жоқ еді бұрын бақ. Зеңбірегі қардай бораған. Жәуміт түгіл, орысты Алушы едің біздің жақ. Қарсыласқан көп дұшпан Қалушы еді ызылдап. Есік – ойран, төр – талқан Ер өлген күні бұзылмақ. Алпыс екі жесірдің Шулап дауысы шыққанда Көкірегім қайғы-шер, Ішім бір толды қызғындап. V Бұ хабарды есітіп, Қуып шыққан қырық жігіт Қойсуы менен Қамаудан, Алпыс екі тараудан. Дүние өтті талайдан, Көп өтіп, дәурен азайған. Тоғыз ауыл шабылды Толықсып жүрген Адайдан. Қатын-бала, қара орман Еріксіз кетіп барады Жау қолында қарайған. VІ Доспанбет, Төлен бас болып, Дұшпанымен қас болып,
Нұрым Шыршығұлұлы
Қуып шыққан қырық жігіт
Ат құйрығын сүздіріп,
Қатын-бала, қара орман
Қалғанына күдер үздіріп.
Байбоз, Жамбоз – екі ауыл,
Ол ұрыспай нағылсын:
Сегіз арыс Адайдың
Қасқа, жайсаң қандысы,
Аты шыққан даңдысы.
Көп жүрмеген жабының
Жолда қалды жалдысы.
Жау көрмеген жаманның
Үйінде қалды малдысы.
Қуып шыққан қырық жігіт
Құланқақтың сыртында
Жәуміттің көрді қарасын.
Арада үш-төрт күн жүріп,
Қуып шыққан сол кісі,
Толарсақтан саз кешіп,
Шыбындай жаннан баз кешіп
Енді қарап тұрмайды,
Құланақтың сыртында
Араласып жәумітпен,
Соғыс етті әрнешік.
Ол ұрыспай нағылсын
Ардақтап өскен ұл үшін,
Арулап сүйген қыз үшін,
Елсізде қалған құрбы үшін,
Тарығып тұрған мұңды үшін.
Аттанған күні Төлен би:
«Мен садақа, – деген – жұрт үшін!»
Сол сапарда бір берді
Орақ та Мамай, Қарасай
Нұрым Шыршығұлұлы Кешегі ердің үлгісін. Үлескенде кімде бар еді Сыбағаға он беске тиген жүз кісің?! Мақтанса, біздің Адай мақтансын! Алып кеткен дұшпанның Түсіріп қалды бұлдысын Соғыс еткен аз кісің. VІІ Аз еді көпке жолыққан, Бедеулері бектің зорыққан. Айналдырған қырық жігіт Кешке дейін соғысқан. Еш те көмек болмады Былайғы Мұңал, Тобыштан. Ертеңнен кешке соғысып, Тастады жәуміт олжасын, Қорғаумен болды өз басын. Біздің Адай баласы, Өлгеніңе өкінбе, Өлгенің шәйт болғасын. Алуға әлі келмеді Асыл қару заттарын. Түс қайтқанда болжады Қырғыншылық тапқанын, Өз жанына батқанын, Ер шайқының атқанын, Сол күні жәуміт бір тапты Қияметтің мақшарын. Біздің Адай баласы, Өлгеніңе өкінбе, Не көрмеген бастарың?!
Нұрым Шыршығұлұлы Ата-баба істерін Үлгі тұтып сөз қылар Кейінгі туған жастарың. VІІІ Бурабайқұдық шыңырау – Ноғайлының қазған құдығы Сол жәуміттің қашқан жер, Ақыл бір таппай, сасқан жер, Жауды қара басқан жер, Ер шайқының атқан жер, Екі жүз елу жәуміттің Қатарынан жатқан жер. Еснияз батыр ішінде, Адайдан төрт ақсұңқар Бір жерде шәйттік тапқан жер. Сол кісінің ішінде Ықылас пенен Төленді, Қабыл батыр сол өлді. Адайдан төрт ақсұңқар Бір жерде шәйіттікке жөнелді. Сегіз жұмақ бір үйін Мекен етер ол енді. Еснияздай батырдың Орнында тұяқ қалмады. Ойлап тұрсам, пенденің Бір арманы сол енді. ІX Адай деген жұртымның Хиуа еді базары. Ат үстіне мінгенсін,
Нұрым Шыршығұлұлы
Үстіне келген дұшпаннан
Қайтқан жоқ еді назары.
Кейінгі қалған Адайға
Тасболат батыр, Тілеген
Жетісті сонан хабары.
Сол хабарды есітіп,
Екі жүз кісі қол болып,
Бәйменбет, Тайлан ақсақал
Қуып шықты жолданып.
Маяның ұлы Бәйменбет
Айтыпты ақыл мол салып,
Атасы Әнет болғалы
Тұқымынан бар еді
Арылмаған жорғалық.
Құланды қақтан қайырған
Ерлерімнің қайраты
Бұл дүниеге болды анық.
Шапты деп жәуміт елімді,
Аламын деп кегімді,
Әулиеге сиынып,
Шайқылар тәмәм жиылып,
Тілеген аяқ, тел жүріс
Тентектер іштен тыйылып,
Тататұғын түз нәсіп
Әркімге сонан бұйырып,
Бақытты Мыңбай бас болып,
Дұшпанымен қас болып,
Самның шеті Жарқұдық
Тағы да барды жиылып.
Нұрым Шыршығұлұлы Х Сол кісінің ішінде Еркек қоян қабақты Шабайдың ұлы Сүгір бар, Қашаннан сондай дүбір бар. Жазғаны Құнанорыс демесең, Сегіз арыс Адайда Онан өтер кімің бар?! Ол кісінің ішінде Әбілғазы, Көтібар, Мың бір әлем досы бар. Аттанған күні ерлердің Жолдасы еді осылар. Амантұрлы батырдың Атасы шайқы Ер Бекет Аян берді түсінде: «Оңбас, – деп, – балам, ісің-ді,» Айтқан тілін алмады. Аттанған қолдан қалмады. Желбіретіп ту байлап, Желіктіріп ат сайлап, Елден шыққан шалғайлап, Бөтен жерге маңдайлап, Хан тірсегі деген жерменен Дәукескенді жағдайлап. Күркіреуік атаға Жорықшыны келтірді Бес күн жүріп Тәңір айдап. Ыбырайым атаның Көріп өтті мұқамын, Зиратына ерлерім
Нұрым Шыршығұлұлы
Жалғыз өркеш нар байлап,
Түнеп өтті басына
Жан басына қой байлап.
Тіледі ерлер сапарын,
Амантұрлы батырдың
Ат үстіне мінгелі
Кетпеген қолдан намысы.
Қазасына тап болды
Сарттың қазған жабысы.
Амантұрлы батырдың
Ағайыны жоқ екен
Ат құйрығын саларға,
Сүйегіне барарға.
Шабайдың ұлы Ер Сүгір
Шаппады десе, нанар ма?!
«Бергей, – деп, – Алла тілекті»,
Тоқтатып алып жүректі,
Үшке дейін ұрынды
Түтеп тұрған қамалға.
Қияметтік дос үшін
Шабайдың ұлы Ер Сүгір
Басын салды базарға.
Амантұрлы батырдың
Дәл жүректен оқ тиіп,
Ордан болды жазымы.
Қазасына тап болды
Сарттың қазған қазуы.
Айтқанменен не пайда,
Алланың солай-дағы жазуы.
Біржан сал
Қожағұлұлы
(1834-1897)
ӨЛЕҢДЕР
Біржан сал Қожағұлұлы
Баласы Қожағұлдың Біржан салмын,
Адамға зияным жоқ жүрген жанмын.
Адамға анау-мынау бас имеймін,
Өзім сал, өзім сылқым, кімге зармын!
Жасым бар жиырмада, жасырмаймын,
Басымнан дұшпан сөзін асырмаймын.
Елімнің еркелеткен серісімін,
Сен түгіл патшаға да бас ұрмаймын.
Біржан сал Қожағұлұлы
АЙТБАЙ
Атымның қақ тұрады сауырына,
Қос тепкі салып келем бауырына.
Қолыңнан шай құйдырып ішейін деп,
Келеміз Айтбай сұлу ауылына...
Мамекең Айтбай десем күлімдейді,
Сұр жорға астымдағы сүрінбейді!
Аққудай аспандағы жүз құбылтып,
Сал Біржан ән салуға мүдірмейді.
Мен жаздым сәлемдеме қаламқасқа,
Сүйгенім болмаған соң сенен басқа.
Бір жауап құрбысына қайтарар деп,
Жалынып мұңымды айттым сұлу шашқа.
Қайырмасы:
Қаламқас, қалдың кейін, мен не дейін,
Барармыз дәм бұйырса, кешке дейін.
Біржан сал Қожағұлұлы
АЛТЫН БАЛДАҚ
Қолыма асынғаным алтын балдақ,
Мен келдім Әсемкерді суға жалдап.
Құйрығын екі-екіден талдап өріп,
Қылтитып мініп шықтым қалқаға арнап.
Болғанда кешке таман апақ-сапақ,
Алдымнан шықты сәулем – аппақ шапақ.
Кигені қара қамшат оқалаған,
Басында бір шоқ үкі бұлғалақтап.
Атымның, шаужайынан ұстай алды,
Мен кеттім сол қалқаны сөзбен алдап.
Біржан сал Қожағұлұлы
АҚСЕРКЕШ
Бір атты сатып міндім елу беске,
Болмайды шапсаң-дағы қара кешке,
Бозбала, бекер сал боп неге керек,
Салып қал шын сал болсаң «Ақсеркешке».
Бәйгеден озып келген атты алайын,
Ер жігіт сынамай ма бақталайын.
Жиылып үлкен-кіші отырғанда,
Толқытып «Ақсеркешке» ән салайын.
Жем жейді қара арғымақ «түрт» дегенде,
Аяғын әсем басар «қық» дегенде.
Жерлерге үш күншілік болады азық,
Аузынан жан қалқаның «үп» дегенде.
Бір атты сатып алдым елу беске,
Ертеден болдырмайды қара кешке.
Аралап неше дуан жүрсем-дағы
Өзімдей жан салмайды «Ақсеркешке».
Біржан сал Қожағұлұлы
СОҚПАЙ-АЙ СОҚ
Мінезі жүйрік аттың соқпа-ай, соқпа,
Айтамын мен өлеңді осынау топқа,
Сөйлеп қал, қызыл тілім, өлмей тұрып,
Өмірің бір азырақ бар ма-ай, жоқ па?.
Қайырмасы:
Хайрым-хайрым-хайрау-хайрау-хайрай.
Ал десе еркін жүйрік азғындаған,
Ақылға кейбір надан бағынбаған.
Жігіттік бойға таққан бір гауһар тас,
Қартайсаң қайта айналып тағылмаған.
Қайырмасы:
Хайрым-хайрым-хайрау-хайрау-хайрай.
Біржан сал Қожағұлұлы
КЕРКЕКІЛ
Астымда Керкекілім бұлаңдайды,
Сұлу қыз кербезденіп сылаңдайды.
Ауылын сүйген жардың іздеп бармай,
Көңілім еш уақытта тына алмайды.
Жадағай-жайсыз жерден жүре алмаймын,
Жадырап сенсіз жерде күле алмаймын.
Жасымнан ғашық болып, сүйген сәулем,
Басқаны бір өзіңнен біле алмаймын!
Қарағым, айналайын, көз көргенім,
Жоқ сенен көңілімде өзге менің,
Сөзің бал, тісің меруерт, беу қарағым,
Есімде «мен сендік» деп сөз бергенің.
Қайырмасы:
Ахау Бірлән,
Әнім түрлен,
Ән еді, жаңа шыққан, ахау, үри-ай.
Көрінер сұлу жирен жарағанда,
Шаштарың гүл-гүл жайнар тарағанда,
Таңданып жығылуға таянамын,
Мойныңды бұра тастап қарағанда.
Қайырмасы.
Біржан сал Қожағұлұлы
ҒАШЫҒЫМ
Ғашықпын тағат-сабыр ете алмаған,
Мұратқа көп ізденіп жете алмаған.
Қайырса қара қарға қаз алмайды,
Жібекті жүн қылады, түте алмаған.
Қайырмасы:
Ғашығым, асылым,
қайғың менен-ай жасыдым.
Ғашық жар
Қиын екен жалғанда сүйген ғашық,
Сөйлеспесе екеуі мауқын басып.
Қайырмасы.
Ғашық жар енді аман бол!
Жапырақ жарған ағаштай, жан сәулешім,
Топ ішінде тұрса екен шоқтыгы асып.
Қайырмасы.
Біржан сал Қожағұлұлы
ЖАЙМА-ШУАҚ
Қарқаралы басында жалғыз арша,
Хатқа жүйрік сол қалқа мұсылманша.
Кішкенеден бірге өскен сәулем едің,
Ғұмырың аз ба, көп пе, әлде қанша?
Қайырмасы:
Өттің жалған, кештім сайран.
Уә, шіркін, қыз бала-ай!
Жастықтың әсерімен еттім сайран!
Көл жағалай бітеді көкше құрақ,
Ән салмағың қайда еді-ау Ләйлім шырақ!
Қозыбайдың үйінде мәжіліс боп,
Біржан салған ән екен «Жайма-шуақ».
Қайырмасы.
Біржан сал Қожағұлұлы
ЖОНЫП АЛДЫ
Аты еді бұл әнімнің, «Жонып алды»
Алғандай сұлу жонып өрім талды.
Жасымнан сүйіп айтқан ән болған соң,
Жаңылмай әлі күнге есте қалды.
Жан едім, әсем әнді сүйіп айтқан,
Жағымды көпке бірдей, жұрт ұнатқан.
Келетін нақысына жүз құбылтып,
Кейде өрлеп, кейде шалқып, баяулатқан.
Кім сүймес көкке өрлеген әсем әнді,
Көңілдің күйін шерткен көркем-сәнді,
Болғандай бойға қуат, ойға азық,
Балқытып еріткендей тербеп жанды.
Біржан сал Қожағұлұлы
СЫРҒАҚТЫ
Ақ тұйғын құс, қолымда сырғақты ма,
Басып-басып алайын ырғақтыма.
Бозбала, саған айтар өсиетім:
Жақын жүр әлпештеген ардақтыға.
Жанып тұрған жас өмір алқызыл гүл,
Сипаттауға қызығын жетпейді тіл.
Жауқазын желбіреген жастық шақта,
Өмірдің мағынасына түсіне біл.
Біржан сал Қожағұлұлы
АҚҚОШҚАР
Өрісім өрдегі «Алтай Қуандық-ты»
Әр кімге көрсетіпті жуандықты.
Аққошқар – Сайдалының заманында,
Бір келден қырық мың жылқы суарыпты.
Көлі бар «Аққошқардың» саумал атқан,
Бір көлден қырық мың жылқы ішіп жатқан,
Байлығын «Аққошқардың» баян қылсам,
Бес жүз ат Орынборға бір күн сатқан.
Қызы едің Ақтентектің Шұға, Мақпал,
Әр жерде сабырлы ерді тәңірім сақтар.
Көңілі бір-біріңмен болса ғасыл,
Ауылын сұлу қыздың жігіт жақтар.
Қайырмасы:
Гей-гигей-гек-гек-гей-гигей-гек-гек,
Лиллай-лиллай, Лиллай-лиллай,
Лиллай-лиллай-лай-лау.
Қызы едің Ақтентектің Ажар атың,
Ешкімнен кейін емес салтанатың.
Алыстан ат терлетіп келіп едім,
Жүрмісің есен-аман, перизатым.
Қайырмасы.
Біржан сал Қожағұлұлы
МАҚПАЛ
Сайына Шағырайдың-ай-ау ағып кеттім,
Жыраға тырнағымдай-ай-ау неғып кеттім.
Бұрында жаңылмайтын-ай-ау байғұс басым,
Неліктен осы жерде-ай-ау қапы кеттім.
Қайырмасы:
Үриау, үриау, үриау,
Ей Мақпал, мен разы-ай-ау, сертке жетсең,
Жер жерден қиын-қыстау-ай-ау, аман өтсең.
Жанымды бір тиындай-ай-ау, көрмеуші едім,
Өзің біл ғашығыңды-ай-ау, зар еңіретсең.
Қайырмасы:
Шаһардың Иранбағы-ай-ау, гүліндейсің,
Зайтундей ерте піскен-ай-ау, күлімдейсің.
Көп ішіп бойға сіңген-ай-ау, апиындай,
Денеме қанша айтсам да-ай-ау, білінбейеің,
Қайырмасы.
Жігітке кедейшілік ол сергелдең,
Жоқ болса жалғыз атың, өлгенмен тең.
Үйіңе құрбың келіп құр аттанса,
Не керек дүниеде үміттенген!
Қайырмасы.
Шешеннің сөз шығады таңдайынан,
Жұмақтың сізге мекен қандайынан?
Бар болып, байлар кімді асырайды,
Әр кімнің жазған Алла маңдайынан.
Біржан сал Қожағұлұлы
БҮРЫЛТАЙ
І түрі
Таңбасы жоқ, ені жоқ Бурылтайдың,
Сағасы өткел бермейді терең сайдың.
Құба жонға жүгіртіп шыға келсем,
Жұрты жатыр, өзі жоқ қалқатайдың.
Қайырмасы.
Ақау бикем, жар-жар,
Алма мойын, ақ сұңқар.
Қ,ош есен бол, құрбым-ай!
Құрбылықпен жүрдім-ай,
Ақау айдай, жариям айдай,
Жардың көңілін қалдырма, қыз қалқатай.
ІІ түрі
Таңбасы жоқ, ені бар Бурылтайдың,
Сағасы өткел бермейді-ау терең сайдың.
Жүгіріп құба деңге-ай шыға келсем,
Жұрты жатыр, өзі-ай жоқ қалқатайдың-ау.
Қайырмасы.
Шалушы-ед түйе барып талдың басын,
Кетіп ем болжау қылып, ай-ау, жардың тасын.
Жеріңнен болжалдасқан-ай табылмасаң,
Сыпыра төгіп кетем, ай-ау көздің жасын.
Қайырмасы.
Біржан сал Қожағұлұлы
ІІІ түрі
Қамшы бастым асыға Бурылтайға,
Өткел бермей тоқтатқан терең сай ма?
Жұрт жаңғыртып орнынан бір күн түнде,
Қалқатайдың ауылы кетті қайда?
Қайырмасы.
Біржан сал Қожағұлұлы
КӨКЕК
Аты жоқ құс болады көкек деген,
Алдында терезенің секектеген.
Ойымда үш ұйықтасам бар ма менің,
Айрылып сені, сәулем кетед деген.
Қайырмасы:
Ей, ат жоқ көкек, бей, ат жоқ көкек!
Кім сүймес шешек атқан көкек айын,
Бейне жаз, менің сүйген сәулетайым.
Ақ қалқам отыр ма екен, жатыр ма екен,
Ей, көкек, ұшып барып білші жайын!
Қайырмасы:
Шекеңе селдіретіп айдар тағып,
Көкек – деп бос жүргенше секең қагып,
Қосайын өле-өлгенше мен әніме,
Қалқадан хабар әкел ұшып барып.
Қайырмасы.
І түрі
Телқоңыр қайтып кетті елге таман,
Ит-құстан барар ма екен есен-аман?
Ит-құстан аман-есен бара қалсаң,
Сәлемді үш қайтара айттым саған.
Жүгіріп жалаң аяқ шықтым қырға,
Басқаға жолда тұрған мойның бұрма.
Кеткенде аулың шалғай, беу қарағым,
Салсайшы өзімдей қып «Телқоңырға!»
Біржан сал Қожағұлұлы
ІІ түрі
Жүйрік ат, қыран бүркіт, қазақ атым,
Құлақ сал «Телқоңырға», азаматым!
Баласы Қожағұлдың Біржан салмын,
Тез жеткіз Телқоңырдың аманатын.
Телқоңыр қайтып кетті елге таман,
Ит-құстан барар ма екен есен-аман.
Қалқаға үш қайтара айттым сәлем,
Ит-құстан бара қалса есен-аман.
ІІІ түрі
Телқоңыр қайтып кетті елге таман,
Ит-құстан барар ма екен есен-аман?
Ит-құстан барса жақсы есен-аман,
Дау-жанжал бүліншілік, елім жаман.
Жібердім Телқоңырды елге бар деп,
Жүруге бұл өлкеде жолың тар деп.
Жаныма бағалаған жануарым,
Шығардым осы әнімді саған арнап.
ІV түрі
Телқоңыр қайтып кетті елге таман,
Ит-құстан барар ма екен есен-аман?
Ит-құстан қалса егер есен-аман,
Қалқаға үш қайтара-ау, шіркін, айттым сәлем.
Жүгіртіп жалаңаяқ шықтым қырға,
Басқаға жолда тұрған, шіркін, мойның бұрма!
Басқаға жолда тұрған мойның бұрсаң,
Біржанды зар қыларсың «Телқоңырға».
Біржан сал Қожағұлұлы
ЛӘЙЛІМ ШЫРАҚ
Ләйлім шырақ дегенде, Ләйлім шырақ,
Таудан аққан құм қайрақ сен бір бұлақ.
Қайыс болсын, жіп болсын, неге керек,
Шідерімнің бағасы қырық қысырақ.
Қайырмасы:
Өзіме бер, шідерімді тауып алсаң,
Елу теңге берер ем, сүйінші алсаң,
Жерде шіріп қалса да өзіме бер,
Шыбын жаным қиналсын, бітім алсам.
Қайырмасы.
Ләйлім шырақ, дегенде, Ләйлім шырақ,
Мен де өзіңдей жас едім жаңа талап.
Біреуге Ташкент барған алдырып ең,
Қызыл жібек, қырмызы, пұт-бес қадақ.
Біржан сал Қожағұлұлы
КӨЛБАЙ – ЖАНБАЙ
Ар жақта отыратын Көлбай – Жанбай,
Шідерімді кім алды Ләйлім алмай?
Балағы шідерімнің алтын еді,
Асығыстан барамын сұрай алмай.
Қайырмасы.
Көлбай, Жанбай дегенге, Көлбай, Жанбай,
Тізгінімді кім алды, Ләйлім алмай?
Көлбай – Жанбай, тыңдашы, асыл тасым,
Біте қайнап, бірге өскен замандасым!
Көктен жел, жерден шайтан әкеткен жоқ,
Ұрлап алған – өзіңнің, қарындасың.
Қайырмасы.
Сегіз би съезіне бердім жөнге,
Шідерімді таң қалар көрген пенде.
Шідерімнің бағасын сұрасаңыз,
Бағасы болады оның жүз мың теңге.
Қайырмасы.
Көлбай – Жанбай дегенге, қалқам шырақ,
Ағып жатқан құм қайрақ, сен бір бұлақ.
Бағасын шідерімнін, сұрасаңыз,
Шідерімнің бағасы – қырық қысырақ.
Біржан сал Қожағұлұлы
Қайырмасы.
Көлбай – Жанбай дегендер асыл сүйек,
Бір тәңірден мен жүрмін тілек тілеп,
Форымын шідерімнің, сұрасаңыз,
Сап күмістен балағы, алтын тиек.
Қайырмасы.
Біржан сал Қожағұлұлы
ШІДЕР
Көлбай – Жанбай дегенге Көлбай – Жанбай,
Шідерімді кім алды қыздар алмай?
Шідерімнің бағасы атыммен тең,
Ақырында қоймаймын сенен алмай.
Қайырмасы.
Шідеріме сен, Көлбай, қылма зорлық,
Шідерсіз ат тұрмайды, о да – қорлық.
Ат-көліксіз қалам ба, шідерім жоқ,
Шідер үшін, сіздермен араз болдық.
Қайырмасы.
Өзі жалғыз, өзі асау күрең төбел,
Жексем – арба, мінсем – құс, жүрер жедел.
Сатпаймын да, бермеймін еш адамға,
Қолқа қылсаң, басқаны ал, шідерді алмай.
Қайырмасы.
Біржан сал Қожағұлұлы
АЙЖАН ҚЫЗҒА
Айжанның разы болдым құрметіне,
Жайылар бұл құрметің ел шетіне.
Мал мен бас, ықыласың бәрі бірдей,
Оралған бәрі тегіс ниетіңе,
Қызы екен Айжан сұлу Ақжол байдың,
Құрметін көріп едім мен талайдың.
Бұралған нәзік белі талшыбықтай,
Бұралған жағасында аққан сайдың.
Біржан сал Қожағұлұлы
БІРЖАННЫҢ ОМБЫДА
БІР ҚЫЗҒА АЙТҚАНЫ
Сіз бұрын естіп пе еңіз Біржан серді,
Бұл Біржан аралаған талай елді.
Жалғанда ырысың бар жан екенсің,
Құлағың естігенді көзің көрді...
Біржан сал Қожағұлұлы
АТЫМ БІРЖАН
Алтынмен тең түспейді інжу-маржан,
Асылдан кем болмайды алмас-бірлан.
Әніме сегіз дуан таңырқаған,
Баласы Қожағұлдың атым Біржан.
Біржан сал Қожағұлұлы
ОРЫНТАЙ
Дегенге Орынтай-ды, Орынтай-ды.
Қыздардан биыл менің жолым тайды
Қолымды Орынтайға бір жеткізсең,
Берер ем жеңгелікке торы тайды.
Ғашықпын бір өзіңе, Орынтайым,
Басқаны жолда тұрса, не қылайын!
Ойымнан жатсам-тұрсам бір кетпейсің,
Жолыңа сәруәр еткен бір – нұр естен кетпес,
Сен үшін не болсам да уақа етпес.
Жолыңа шашсам-дағьі дүние малын,
Сонда да, Орынтайым, қолым жетпес.
Қалқама хат жаздырдым алақандай,
Тоғыз қыз бір өзіңнің садағаңдай.
Айналып дүние сұмға қолым тимей,
Талпындым көк қауырсын балапандай.
Өлеңім ағын судың басындай-ды,
Найзағай аспандағы тасқындай-ды.
Алмасаң тар қойныңа өзің тартып,
Мойныңа өзім барып асылмаймын.
Басынан Бүркіттінің түн қатайын,
Шылбырын Кершұбардың шұбатайын.
Кершұбар маған десе арам қатсын,
Іздеп келген қалқама тіл қатайын.
Біржан сал Қожағұлұлы
ПАР ЖЕКТІМ
Пар жектім қос күреңді сүмеңдетіп,
Жеріңе уәғада еткен келдім жетіп.
Уәғадаң өткен айдың жүзінде еді,
Барады әлденеше күндер етіп.
Қарағым, қарақаттай – көз жанарың,
Ерігіп жаңа келді сөз ажарың.
Жәрмеңке – жас уақыт өтіп кетіп,
Бұл күнде тоқталып тұр сол базарың.
Біржан сал Қожағұлұлы
ҚАРАША
Қараша қыстың басы, болады күз,
Дәм жазып осы ауылда болдық қон кез.
Сіздің ел біздің елмен не деспейді,
Құрбым-ау, оған бола қамықпа, қыз.
Біржан сал Қожағұлұлы
ОН ЕКІ ЗВОД
І түрі
Қара нар жүк көтермес бел кеткен соң,
Кең жайлау құлазиды ел кеткен соң,
Бірге өскен кішкенеден, қалқатайым,
Жүремін кіммен ойнап сен кеткен соң.
Қайырмасы:
Беу, өттің дәурен,
Өттің сайран,
Жігіттік дағуасына қалдым қайран.
Шалшық су құдық болмас қазбаған соң,
Сабырдан ат өте алмас саздаған соң.
Жете алмай мұрадыма болдым ғарып,
Әуелде тағдыр өзі жазбаған соң.
Қайырмасы:
Беу, өттің дәурен, өттің сайран,
Жігіттік дағуасына қалдым қайран.
Қазғанмен су шықпайды тау басынан,
Бір лексе сөз кетпейді сау басыңнан.
Ер жігіт бір қисайса түзелмейді,
Әуелде жаңылған соң тәубәсінан.
Біржан сал Қожағұлұлы
АХАУ, АРИ-АЙДАЙ
Ахауға мен салайын ари-айдай,
Артымда құрбыларға сөзім қалды-ай,
Үш жүздің, баласына еркеледім,
Әншілік бұдан артық болсын қандай?
Ахауға мен салайын он екі алуан,
Сөзімде менің, айтқан жоқ тұр жалған.
Арасын Орта жүздің аралап ем,
Өтерсің бізден-дағы, дүние жалған!
Біржан сал Қожағұлұлы
ОРЫНБОР
Жігітке жарамайды ызақорлық,
Дауысқа келмесе де, еттім зорлық,
Бозбала, сала білсең осы әнге бас,
Аңызым жаңа шыққан «Орынборлық».
Қолыма ұстағаным қу қарағай,
Не болды, дауысым, саған, сырғанамай!
Күлмейін, ойнамайын десем дағы,
Барады өтіп дәурен бір қарамай.
Ажарың ақ түлкінің ажарындай,
Кұс кетпес айдын көлден күз арылмай,
Ауылдан қыз кеткен соң, қызық кетер,
Тарқаған жәрмеңкенің базарындай.
Домбыра алдым қолға сегіз перне,
Қызығы бұл шіркіннің тарқар жерде,
Қолға алып арлы-берлі тартқанымда,
Жаны жоқ кеудесінде адам дерге.
Біржан сал Қожағұлұлы
ТАЛАЙ ЗАМАН
Мен Біржан болғалы талай заман,
Пар келмеген еш әнші тіпті маған.
Бір сұлу қыз Найманда бар дегенмен,
Бек мұқтаж көруге болдым соған.
Мен Біржан болғалы биыл емес,
Өлең шіркін біздерге қиын емес.
Алты қырдың, астынан ән шырқасам,
Дауысым отарбадан кейін емес.
Қарайып қара көлде қамыс қалды,
Ауылы ғашық жардың алыс қалды.
Ауылы ғашық жардың алыс қалып,
Сағынғаннан қараумен кезім талды.
Біржан сал Қожағұлұлы
ЖЕТІСУ
Мен өзім Жетісуға барып қайттым,
Манабын жақсылардың көріп қайттым.
Қыздары Жетісудың сұлу екен,
Жиғаным-тергенімді беріп қайттым.
Біржан сал Қожағұлұлы
АҚЖОРҒА ЖАН
Басына кәмшат бөрік қиғашырақ,
Қыз сапы бас болғанда, біз – шамшырақ.
Ала үйрек, алма мойын перизатым,
Болмаппын сізбен таныс бұрынырақ.
Қайырмасы:
Ақжорғажан, Ақжорғажан,
Жігітке қыз сыйласа-ай-ау болмайды арман.
Мінгенім дәйім менің Сұрқызылтай-ай,
Көңілім сізді көріп бір бұзылды-ай.
Көзіме әйбаттанып көрінесің,
Бейіште сегіз сарай хор қызындай.
Серінің серменуге көңілі ауды,
Ойландым бастайын деп бір хиялды.
Түсті ғой, жолдастарым, сәуле еске,
Ап келші қамыс құлақ Бозқоянды.
ІІ түрі
боз үйден таң алдында шығар күйеу,
Артынан жары қарар бетін басып.
Келгенше енді айналып кім бар, кім жоқ,
Қарағым, бір сүйгізші, аха-хай-ау, –
аузыңды ашып, ей-ау.
Біржан сал Қожағұлұлы
ЖАСТАРҒА
Ер жігіт дүниені көрген артық,
Дүниеде не бар-жоғын сезген артық.
Түскендей аспан жерге іс болса да,
Бел байлап, тәуекел деп төзген артық...
Қол берген қиын жерде жолдас артық,
Бас тартқан жолдасынан оңбас артық.
Өзіңмен бірдей жанып, бірдей күйген,
Досыңнан қатын-балаң болмас артық.
Жігітке сайран етіп жүрген артық,
Жігіттік бір кеткен соң келмес қайтып.
Дүниеде үйде жатып босқа өлгенше,
Жан-тәнің бірдей жанып күйген артық.
Осылай бозбалаға салдым нұсқа,
Өмірің зайып болар бекер босқа.
Көргенің бір күнгідей болмас сірә,
Міне ажал, келді наубат деген тұста..
Біржан сал Қожағұлұлы
ҚОСДӘУЛЕТКЕ
Үйімде жатыр едім көрінбей-ақ,
Ән салсам кез келгенде ерінбей-ақ.
Қолым қысқа болған соң, амал бар ма,
Бір биеден құлын туар өзіңдей-ақ!
Ұсынсам қолым жетпес туған айға,
Айтсам да арызым жетпес бір құдайга.
Жылына бес жүз теңге тапсам-дағы,
Жақпадым өзім әкем Тұрлыбайға.
Біржан сал Қожағұлұлы
ҚАСЕНГЕ
Кетейін сөйлеп-сөйлеп сөз келгенде,
Түзелер қисық ағаш тез келгенде.
Өлеңді мұнда айтпаған, қайда айтамын,
Жақсылар, тату жолдас кез келгенде.
Қасеке, Назар, Нияз-ата-бабам,
Сөйлейін бір азырақ келсе шамам!
Тоқсан түйе, тоғанақ жүгіменен,
Бай-батшаңыз келді ме есен-аман?
Біржан сал Қожағұлұлы
БАЙПАҚҚА
Ей, Байпақ, өлең айта келдім саған,
Қалтаңда бір сом болса, берші маған!
Біржанды өліпті деп естігенде,
Сабаң мен азаң болсын салған маған.
Біржан сал Қожағұлұлы
КҮЛЕН МАЙМАҚҚА
Сен өзің туғаныңнан маймақ едің,
Есіл бойын Көкшолақпен жайлап едің.
Қаңғырып Қызылжардың көшесінде
Қылжаңдап арақ ішкен парнақ едің.
– Атандың дәулет бітіп Күлен-Маймақ,
Жігіт болар, мінекей, осындай-ақ.
Жігітке бақыт бітсе, гүлденеді,
Кешегі қалыбыңа тартпа бірақ.
Біржан сал Қожағұлұлы
ШОРМАННЫҢ МҰСАСЫНА
Ассалаумағалейкүм, атың Мұса,
Жүзіңді бір көруге едім құса!
Қуандық-Сүйіндіктің қазығысың,
Кешегі өтіп кеткен әкеге ұса.
Шорманнан туған екен төрт асылтас,
Дәуірлеп орнап отыр мал менен бас.
Мұстафа, Аужан, Иса, Мұса мырза,
Ығыңды паналаған дос пенен қас.
Атың Мұса болғанда, әкең – Шорман,
Артық қылса, әр кімді тәңірім қылған.
Өзің сұлтан болғанда, інің – болыс,
Егіз болып бар ма екен сендей туған?
Баласы Қожағұлдың Біржан салмын,
Адамға зияным жоқ жүрген жанмын.
Өлеңнің бес-алты ауыз арқасында
Үш жүздің баласына ашына-жаймын.
Сіз шыққан арғы атаңнан шынжыр балақ,
Орнаған сізге бақыт аямай-ақ.
Мұсеке, сізге өтірік, маған шын,
Тай -құнан топтан озып, болдым саяқ.
Мұсеке, біздің әнге кенелерсің,
Әнімді естігенде бұлбұл дерсің!
Ән салсам дауысымды көкке шырқап,
Бұл үйдің сындырамын терезесін.
Біржан сал Қожағұлұлы
БАЛҚОЖАҒА
Балқожа, сенін, әкең – Құдайберген,
Әрқашан жаман болмайд жақсыға ерген.
Кешегі жаңа закон шыққан кезде,
Оязнай елге шығып бала берген.
Иіс-қоңыс, іріп-шіріп жатқанында,
Қолыңнан Азнабай ұстап берген,
Көтерем аусыл болған өгіздерше,
Жаңа шығып келесің биік өрден.
«Көн құрысса, қалпына барад» деген,
Атаңды мен қайтейін аштан өлген.
Біржан сал Қожағұлұлы
ТҰРЛЫБЕККЕ
Тұрлыеке, үміткерміз бір құдайдан,
Қарада хан өтпепті Абылайдан.
Тұсында Абылайдың құтпан болған,
Сөйлейін баян қылын Жолдыбайдан.
Сұрасаң руымды Алтай-Қарпық,
Мен келдім дуаныңа шеру тартып,
Алым жоқ, рамат та жоқ, ел жайында,
Шен алдың осы күнде, ол бір анық.
Болғанда өзің советник, Жүсіп қазы,
Әулие боламысың бұдан артық.
Мал мен бас, бақыт, өнер бәрі түгел,
Теңіздің мұқитындай тұрсың шалқып.
Біржан сал Қожағұлұлы
АЛТЫН ҚЫЗҒА
Алтынжан, сен де Керей мен де Керей,
Ән салсам бүлкілдейді айыр көмей!
Алтынжан, домбыраңды маған берші,
Тағы да істеп берер арық Керей.
Алтынжан, домбыраңды сұрағаным,
Домбыраң маған тіпті ұнағанын,
Құбылтып неше түрлі әнге қоссам,
Қояр еді жас бала да жылағанын.
Алтынжан, домбыраңды берсең маған,
Риза боп жүрер едім мен де саған.
Дәм жазып бір жат елге бара қалсаң,
Еске алып, барып жүрер Біржан ағаң.
Біржан сал Қожағұлұлы
ЖАНБОТА
Жанбота, осы ма еді өлген жерім,
Көкшетау боқтығына көмген жерін?
Кісісін бір болыстын, біреу сабап,
Бар ма еді статьяда керген жерің?
Қайырмасы.
Жанбота өзің – болыс, әкең – Қарпық,
Ішінде сегіз болыс шенің артық.
Өзіңдей Азнабайдың поштабайы
Қолымнан домбырамды алды тартып.
Тартса да, домбырамды бергенім жоқ,
Есерді поштабайдай көргенім жоқ.
Қамшымен топ ішінде ұрып еді,
Намыстан, уа, дариға, өлгенім жоқ...
Қайырмасы.
Біржан сал Қожағұлұлы
АДАСҚАҚ
Созады Біржан даусын қоңыр қаздай,
Басқаға бір өзіңнен жүрмін жазбай.
Бас қосқан мәжілісіміз болады деп,
Жанбота, мазамды алдың ала жаздай.
Біржанды өзің қойдың еркелетіп,
Салады Біржан әнді ентелетіп.
Есерге поштабайдай көз алдыңда,
Біржанды қойғаның ба желкелетіп?!
Біржан сал Қожағұлұлы
ЖАНБОТАҒА
Жанбота, жоқтамадың, кетті кегім,
Өтпеді басқа елге болыстығың!
Неше жыл арасында өтсе-дағы,
Бір жоқтар сүйегімді Иса інім.
Біржан сал Қожағұлұлы
ЖАНБОТАҒА ТАҒЫ БІР АЙТҚАНЫ
Бұрынғының биіндей би қалмады,
Бүгінгінің биінде ми қалмады.
Хатым – құран болмаса молдалардан,
Өлікке тамнан басқа сый қалмады.
Бұрынғының билері тамам болды,
Ендігінің билері жаман болды.
Арғымақтың аяғын арқан шалып,
Есек озып бәйге алған заман болды.
Біржан сал Қожағұлұлы
ӘЙЕЛІ ӘПІШКЕ АЙТҚАНЫ
Үш жүзге бойың жеткен биік аршын,
Үш жүзден таңдап алған ғашық жарсың,
Именбей ақ төсіңнен аймалатшы,
Иіскеп шыбын жаным сая тапсын.
Жайлауы еліміздің – мидай дала,
Түріндей масатының күрең ала.
Ел кезіп, өз үйіме оралғанда,
Мұңдасым, көңіл ашар Әпіш қана.
Жылама енді, анасы, сен де бекер,
Біржанға уақыт жетті алыс кетер.
Артымда жастай қалған құлындарым,
Тірлікте әлі-ақ бір күн, өсіп жетер.
Біржан сал Қожағұлұлы
АТЫҒАЙДЫҢ ЕЛІНІҢ
АДАМДАРЫНА АЙТҚАНЫ
Атығай қайран елім, қоныстасым,
Бар еді, құрбы-құрдас, шын мұңдасым.
Құданың құдіретімен уақыт жетті,
Барады алыс жолға ғарып басым.
Сәлем айт, Атығайдың баласына-ай,
Жасы кіші, жасы үлкен ағасына-ай.
Ортаңда түрлендіріп ән салғанда,
Біржанға қалушы еді таласып-ай.
Сәлем айт, құрбы-құрдас замандасқа,
Көп еді мұңдастарым ауылдаста.
Саулықта ойнап-күліп жүретұғын
Мұңшылдық түсіп тұр ғой ғарып басқа.
Қазғанмен су шықпайды қыр басынан,
Бір іліксе сөз қалмайды сау басыңнан.
Ер жігіт бір қисайса оңалмайды,
Басында жаңылған соң таубасынан.
Біржан сал Қожағұлұлы
ЖАНБАС СИПАР
Ұшына орамалдың, түйдім сусар,
Көп жылқы көк алалы көлде жусар.
Кешегі ел қыдырған есер шақта,
Ән еді Біржан салған «Жанбас сипар»,
Деген сон, біз қартайдық, біа қартайдық,
Белгісі қартайғанның серттен тайдық.
Қанекей, соныменен шыққан мүйіз,
Қасына сұлулардың көп жантайдық.
Берген соң тәңірім әмір, ақ бас болдық,
Бала мен ағайынға жақпас болдық.
Көрген соң көзі құрғыр шыдай алмай,
Ойланып адам ебін таппас болдық.
Біржан сал Қожағұлұлы
КӨКЕЙКЕСТІ
Ай қараңғы көрінер солған сайын,
Пенде азар кемеліне толған сайын.
Адамға ашу – пышақ, ақыл – таяқ,
Таяқ та мұжылады жонған сайын.
Мінгенім дәйім менің – күрең бесті.
Жүрісіне жануардын, көңілім өсті.
Есіме сен түскенде, қайран елім,
Шығарған әнім еді «Көкейкесті».
Мінгенім ел көшкенде көкше бесті,
Жекейден Мамай көлге елім көшті.
Есіме түскенінде, құлындарым,
Елжіреп іші-бауырым жерге түсті.
Біржан сал Қожағұлұлы
ЖАҚСЫ МЕН ЖАМАН
Біреудің, аспанда жүр даражасы,
Біреудің көкте қолы, жерде басы.
Жақсының жаман менен айырмасы –
Ойласаң, жер мен көктің екі арасы.
Жігітке ақыл – пана, уайым – қорған,
Сабыр сақтар жігітті қазған ордан.
Көрмегенді көрдім деп айтқан адам –
Білсеңіз, ол бір жаман хайуаннан.
Біржан сал Қожағұлұлы
БҮРКІТТІ
Бүркітті, асуыңнан талай өттім,
Қалың, ну орманыңда сайран еттім.
Айнала Жөкей көлдің жағалауын,
Шіркін-ай, бір көруге арман еттім.
Біржан сал Қожағұлұлы
МӘТІ – ДӘУЛЕН
Ар жақта Керей, Уақ, Мәті – Дәулен,
Сайланған жігіттікте бұл бір дәурен.
Ішінде осыншалық формың артық,
Жаратқан құдай артық, жалғыз сәулем.
Біржан сал Қожағұлұлы
ТЕМІРТАС
Біржан деп атым шықты алты алашқа,
Құдайым берсін ғұмыр Теміртасқа.
Жасына алпыс бестің келгенімде,
Құдайым берді науқас ғарып басқа.
Біржан сал Қожағұлұлы
БІРЖАННЫҢ ҚАРТАЙҒАН ЖӘНЕ
СЫРҚАТТАНҒАН КЕЗІНДЕ
ШЫҒАРҒАН ӨЛЕҢДЕРІ
Ал, дүние, өтеріңді біліп едім,
Білдірмей серілікпен жүріп едім.
Бұл күйде арық қойдан бағам кейін,
Үш жүзді сайран қылған Біржан едім.
Қарасу есік алды лайланды,
Бай қылмақ, кедей қылмақ құдайдан-ды.
Қамзолдай қысқа пішкен дөңгеленіп,
Дүние өтерінде шыр айналды.
Ағаш үй от жаққаным қобылан пеш,
Құдай-ау, ғапу етіп күнәмді кеш!
Теміртас, Асыл, Ақық – қарақтарым,
Байлаулы арқандағы қолымды шеш.
Теміртас, Асыл, Ақық, қалдың зарлап,
Ежелден мирас екен зарлап қалмақ.
Көз көрген құрбыларға сәлем деңдер,
Дұғасын оқи берсін әдейі арнап.
Ел кездім кертөбелмен арықтатып,
Жақсыға сөз сөйледім анықтатып.
Үш жүздін, ортасында Біржан едім,
Бүл күнде қойды құдай шалықтатып.
Теміртас, Асыл, Ақық, балдан тәтті,
Кем қылмай өсіріп ем салтанатты.
Біржан сал Қожағұлұлы
Әкең ем аяйтұғын жаның ашып,
Шешсең-ші, білегіме арқан батты!..
Саясы кем болады қу қайыңның,
Жігіттер керегі не құр уайымның.
Келгенде алпыс жасқа қонды қонақ,
Білмеймін не қыларын құдайымның.
Ақ үйдің ай көрінер маңдайынан,
Шешеннің сөз шығады таңдайынан.
Теміртас, Асыл, Акық қарақтарым,
Сүйгізіп жүрсеңдерші маңдайыңнан.
Теміртас, Асыл, Ақық қарақтарым,
Үкідей жақсыларды балақтадым.
Бірге өскен құрбы-құрдас, замандастар,
Есікке келе ме деп алақтадым.
Салғаным ағаш үйге взвотты пеш,
Жаратқан мен пенденің күнәсін кеш.
Сан денеме қыл арқан жаман батты,
Қайдасың, Асыл, Ақық, қолымды шеш.
Теміртас, Асыл, Ақық, балдан тәтті,
Қинауға салады екен адамзатты.
Үкідей желпіндірген, қарақтарым,
Шешсеңші, білегіме арқан батты!
Арқаның түгел көрдім кәрі-жасын,
Ұмытпас қүрбы-құрдас, замандасым.
Біржан сал Қожағұлұлы
Ойланам, ауруымның түрі жаман,
Біржанның кім ұстар деп домбырасын.
Аурудан ақыл кетіп адасам ба?
Жақсымен бұрынғыдай жаңнасам ба?
Білмеймін бұл аурудың не қыларын,
Егерде алам десе таласам ба?
Жәкейдің ат суардым тұнығына,
Ажалдың кім ілінбес құрығына.
Кешегі ел қыдырған есер кезде,
Қызыл су жұқпаушы еді жұлығыма.
Туған ел, көрші-қолаң қоныстасым,
Нағашы, қайын жұртым, ауылдасым.
Аз күнде алыс жолға сапар шегем,
Аман бол, бәрің-дағы, бауырласым.
Қара нар жүк көтермес саздаған соң,
Су шықпас ойпаң жерден қазбаған соң.
Жете алмай мұратыма болдым қапа,
Тағдырда хақ-тағала жазбаған соң.
Жұрт қойған «Біржан сал» деп атымды атап,
Олжаға батушы едім қысырақ матап.
Елімнен озып шыққан ақын едім,
Біржанды сырқат деген шыққан лақап.
Секірткен тау мен тасқа, қарақтарым,
Дүниеде баға жетпес, шырақтарым.
Сол құдай, Шөжені алған, мені алмай ма,
Біржан сал Қожағұлұлы
Тиыш болар біраздан соң құлақтарың.
Теміртас, Асыл, Ақық, затың басқа,
Құдайым өмір берсін Теміртасқа.
Келмейді көп айтуға менің шамам,
Сәлем айт, құрбы-құрдас, замандасқа.
Алдымда шамшырағым, Теміртасым,
Тілегім сенің ұзақ болсын жасың.
Хош болыңдар, бауырым, балапаным,
Байқаймын ажал шіркін құтқармасын.
Білмеймін таң атып, күн батқанын-ай,
Аяқ-қолым байлаулы жатқанын-ай.
Үш жүзге мәлім болган Біржан едім,
Дариға, қолға арқанның батқанын-ай.
Теміртас, Асыл, Ақық, қарақтарым,
Алдында жақсылардың бұлғақтадым.
Өгіздей өрге тартқан әкең өлсе,
Не болар сонда күнің, шырақтарым.
Біржан сал Қожағұлұлы
БІРЖАННЫҢ АЙТҚАНЫ
Патша заманында байлар өз балаларының орнына ке
дей балаларын оқуға жіберетін болғаны белгілі. Кедей
балаларының кейбірі оқу бітіріп, ауылда тілмаш болып,
шаруалары түзеліп байып, тіпті «ханға сәлем бермейтін»
халге жеткен.
Соның бірі Омбыда оқыған Құдайбергеннің Балғожасы
деген болады.
Бір күні тілмаш Балғожаның үйіне Біржан сал келіп
ән салады. Балғожа Біржанды кемітпек болып, әніңнің
ақысы деп үш сом ақша ұсынады. Біржан ақшасын өзіне
лақтырып жіберіп:
Балғожа, сенің әкең Құдайберген,
Әрқашан жаман болмас жақсыға ерген.
Кешегі жаңа закон шыққан кезде,
Оязной келіп елден бала терген.
Бит басып, іріп-шіріп жатқаныңда,
Азнабай өз қолымен сені берген.
Көтерем, аусық болған өгіздерше,
Жаңа шығып келесің биік өрден.
«Көн тартылса қалыбына барад» деген
Әкеңді мен ұрайын аштан өлген» – деген екен.
Асығыс киімін киіп, шығуға айналған әншіні Балғожа
тоқтатып, кешірім сұрап, қонақ қылып, қайтадан қазан
көтереді.
АЙТЫСТАР
Біржан сал Қожағұлұлы
БІРЖАН МЕН САРАНЫҢ АЙТЫСЫ
1898-жылы басылған алғашқы нұсқасы
Қызы екен Тастанбектің ақын Сара
Бәйгеден күнде келген жалғыз қара.
Қыз да болса адамның жүйрігі екен,
Көрмедім сөзді адамды ондай дана.
Қызы екен ақын Сара Тастанбектің
Жақыны, заты Найман, Маман, Толқын,
Есімбектің,
Сауық қып Садыр – Матай жиылысып
Аулына алдырыпты Тұрысбектің.
Аулына Тұрысбектің Сара кепті,
Өлеңді жүндей сабап дүрілдетті.
Сол кезде он жетіде ақын Сара
Жел сөзге адам болмас одан епті.
Сараның атын білед Арғын-Найман,
Жүйрік шыққан аталық Қаптағайдан.
Баласы Қожағұлдың сері Біржан
Сараны іздеп шықты әлдеқайдан.
Елі Керей Біржанның ұраны Алтай-Қарпық,
Қызыққа тірлігінде жүрген батып.
Атасы Алтай-Қарпық, елі Арғын,
Сауықпен жүрген сері дүрілдетіп.
Сараны есітіпті Біржан анық,
Бұған да жүрген жігіт өнер дарып.
Құдай берген дәулетті аясын ба,
Шығыпты он бір жігіт жолдас алып.
Біржан сал Қожағұлұлы
Серілік құдай салған мұндай өнер,
Пендеге әр не болса тәңірім берер.
Мың жарым жылқысы бар атасының,
Уақыты екен отыз сегіз жасқа келер.
Келеді он бір кісі жолдас алып,
Дулатып түрлі-түрлі әнге салып,
Ат жіберіп Сараны алдыртуга
Аулына Тұрысбектің жеткен барып:
– Сара да болар – дейді – сөзге тығын,
Айтысып Сараменен қылсақ шығын.
Найманның асыранды бұлбұл құсы
Сараның айттырармын барлық шынын.
Баралық Тұрысбектің ордасына,
Сараның қоямын ба болмасына.
Он бір кісі жолдасым ертең түсте
Біржанның қарық боларсың олжасына.
Арғыннан артық болды салған әнім,
Найманға Арғын түгіл болды мәлім.
Ән салып тоқсан екі түрлендіріп,
Найманның бір жияйын тірі жанын.
Сара да жетік дейді сөйлер сөзге.
Найманда аты шыққан осы кезде,
Ауызын қарсы келсе аштырмаспын,
Адамға мақтанар ол менен өзге.
Бөденедей қырғи алған жұмарлармын
Құдайым уақыт берсе енді бізге.
Біржан сал Қожағұлұлы
Алқисса Жүсіпбек қожаға Сара қыздың Біржанмен ай
тысқанын Сара өзі аузынан осылай деп бастан-аяқ баян
қылғаны айтысқанның келер жылында. Сараның сөзі:
Қызы едім Тастанбектің атым Сара,
Ішінен ер Қаптағай шықтым дара.
Он үште домбыра алып сөз сөйлеп ем,
Келемін бір сүрінбей жеке-дара.
Қолдай көр, ер Қаптағай, ата-бабам,
Сөзімді тыңда, құрбым, келсе шамаң.
Ақсүйек пайғамбардың тұқымы деп,
Сөзімді естірткелі келдім саған.
Тақсыр-ау, күні құрсын ұрғашының,
Билігі болмаған соң бір басының.
Тері-терсек берген соң ит те алады,
Бұлындай берекесіз арбашының.
Әкемнің төрт түлігі бәрі де сай,
Алты ауыл аруақты үш ағам бай.
Бұраңдап асау Керей жүрсем-дағы,
Тоқтыдай борышқа кеттім, уа, дариға-ай.
Баста құдай бұйыртпаса, нәсіп етпес
зарлағанға.
Тұңғиық сезім терең барлағанға.
Тақсыр-ау, он жетіге биыл жеттім.
Сан жүйрік ілесе алмас самғағанда.
Хан, қара, шаршы топта сөз сөйледім,
Көз көрмей, бәрі бекер нанбағанға.
Біржан сал Қожағұлұлы
Бөденедей қырғи алған жұмарлармын
Құдайым қуат берсе шыбын жанға.
Арсалаң, Саниязбек іздеп келіп,
Шошыған жүгірістен танбағанға.
Сөйледім қаз мойынды жарма-жалмен
Әкеме ұлдай боп ем біткен малмен.
Аулында Тұрысбектің сөз сөйлестім
Баласы Қожағұлдың Біржан салмен.
Үйінде отыр едім Тұрысбектің,
Бұл үйге құдай айдап дұрыс кеппін.
Қасында жеті-сегіз жат кісі бар,
Сөйлес деп даусы шықты Жүнісбектің,
«Бұл үйде кім бар?» – деді келе сала-ақ,
Отыр ем домбырамды қолыма ала-ақ.
Есімбек, Маман құтым, ер Шерубай,
Қасына еріп келген өңшең манап.
Кісі екен отыз екі жолаушымен.
Ақ үйдің жабығынан көрсем санап.
«Сүйінші, іздеген қыз осында» – деп,
Біреуін тонап жатыр жаудай талап.
Сырлаған домбырасын қолына алып,
Ән шырқап қоя берді жүндей сабап.
Біреуі атын ұстап тұр шаужайынан,
Сөзінің білдім Біржан ыңғайынан.
Толықсып – төңкеріліп ән шырқап тұр,
Сүйтсе де шошымадым айғайынан.
Біржан сал Қожағұлұлы
Сонда Біржанның
қызды шақырып айтқан сөзі:
Бұл үйде Сара бар ма, келсін бері,
Іздеген келіп тұрмын Біржан сері,
Жолықпай сөзі өктемге жүрген шығар,
Ауылында Тұрысбектің өлер жері!
Сайраған Орта жүздің бұлбұлымын,
Арғынның, Алтай-Қарпық – ақтанкері.
Барабар сөзі теңдес адам болса,
Көңілімнің тарқаушы еді қайғы-шері,
Қырандай аспандағы желді күнгі,
Дауысымның көтерілер шықса тері,
Болжаған жер шаршысын майталманмын,
Жасымнан маған мағлұм қыз не дері.
Алтын менен күмістің нақысындай,
Міні жоқ, бізден шығар сөз бедері.
Шатыр тік көк майсаға, бір тайды сой,
Кешікпей үйден шықсын болса өнері.
Ақ иық мұз балақпын жерге түспес,
Кең қолтық арғымақпын алқымы іспес,
Басайын аптығыңды, тез шық, Сара,
Сен түгіл әкеңдеймен болдым істес.
Бұл үйде Сара бар ма, отыр нағып,
Қарсы ұшпай тоты құстай қанат қағып,
Жел қабыз, жез тағалы еңреумін,
Қара тер шыққан сайын кетем ағып.
Ғаламға машһүр болдым өлең жаттап,
Қысқартам адымыңды бір-ақ аттап,
Ұялып үлкендерден отыр едім,
Айғайлап ұран салды «Қарқабаттап».
Біржан сал Қожағұлұлы
Сараның сөзі:
Көктемде Тұрысбектің ауылында,
Көруші ем істің қиын, ауырын да,
Біржанның төңкерілген әніменен
Ешкіөлмес ел жиылды бауырына.
Арындап дәуірлейді барған сайын,
Екпіні соққан желдей, көрдім жайын.
«Шырағым Сара, саған не болды?» деп
Есімбек шыға келді, ағатайым.
«Шырағым, Арғынға орай бар ғой Найман,
Бала едің атағыңды жұртқа жайған,
Кең жерде келістіріп душар болмай,
Қапыда хажы үйінде келді қайдан.
«Тартынба, еңді балам», деді хажы,
Адымың аттан артық, шықты тайдан,
Сөзі бұзық антұрған көрінеді,
Бар еді бір кісідей өлеңге айлаң.
Аптыққан қу Арғынды бір дөңгелет,
Ағаңа осы болсын тиген пайдаң.
Өнері ұлдан артық қарағым-ай,
Тұрайын мен де тілеп бір құдайдан.
Хажының әлгі сөзі болды себеп,
Қолтықтап көтере көр, аруақ демеп,
Дулат, Сабыр, Кеншімбай, Сұртай, Жылтыр,
Жанұзақ, қолда деді, бәрің демеп.
Аспаннан бойға түсті ғайып пірім,
Даусыма жаңғырығар тұрған жерім.
Ән шырқап ақ ордадан шыға келдім,
Көрген соң аттан түсті Біржан серім.
Қозғадым қырмызыдан сөзді талдап,
Басында баяуладым Біржанды алдап,
Біржан сал Қожағұлұлы
Төрт қызы Тұрысбектің қасыма ерді,
Ақ үйден шыға келдім «Найман шалдап».
Таңданып жиылған жұрт қарап тұрды,
Қыз да болсам Біржанға балап тұрды,
Қамшат бөрік, күлдері белбеуі бар,
Көк торғын шапанды адам қарсы жүрді.
Түрінен мен таныдым, осы Біржан,
Сандалтып орта жүзді әнмен қырған,
Сары сұр адам екен, тым өңді емес,
Құбылар тоты құстай әлгі антұрған.
Біржан салдың айтқаны:
Осы ма – деді – Матай бұлбұл құсы?
Кеп сұрап жаңа таптым жазы-қысы.
Әуелі қазақшалап көрісейік,
Шырағым, берірек кел, жасың кіші.
Баласың менен көрі жасың кейін,
Ежелден менің сөзім қызға бейім.
Бері кел замандасым, Сара жазған,
Тоқталып бөгелесің неге кейін.
Мен Біржан қызға барман аяғымнан,
Шын қызсам дәуірлеймін баяғымнан.
Бері кел, ұрғашылық қылма жаным,
Дәндеме Наймандағы саяғыңнан.
Найманның болады екен қызы надан,
Үлгісіз қалай халық түрі жаман.
Ағаға іні келер біздің елде,
Көп боп па, сұрасуға есен-аман.
Баласы Қожағұлдың Біржан салмын,
Сен түгіл сенен артық құмар маған.
Жалымнан ұстаған қызда арман қалмас,
Біржан сал Қожағұлұлы
Жібек жал арғымақпын тұмарлаган.
Еркек тілін алмайтын жының бар ма,
Адам деп сөз айтамын, Сара, саған.
Сонда қыздың берген жауабы:
Жалынмын жанып тұрған нөсерге өтпес,
Болатпын екі жүзді алмас кеспес.
Жөнімен сөздің жөнін сөйлеу керек,
Сандалып Арғынмын деп қылмай егес.
Ей, Біржан, кімге дәрі амандығың,
Сөз білсең бұ да сенің жамандығың,
Қыссасул-анбиядан көрмеп пе едің,
Белгілі мағлұм болды надандығың.
Адамды топырақтан жаратқан хақ,
Надандығың білінді бұл сөзге бақ.
Хауаға бұрын барған Адам ата,
Естігенің жоқ па еді мұны да, ахмақ.
Данышпан білгіш қой деп ойлаушы едім
Арғында жүр екен ғой жоқты мақтап.
Найманда екі жүзді нар кескенмін,
Желкеңді қимақ үшін қойған саптап.
Тозаңың анда-санда бір бұрқ етер,
Саулатсам бейпіл желді екі жақтап.
Күн көргелі келдің бе, құрдым Арғын,
Жинауға сынық малта Найманды ақтап.
Артыңның ашыларын білмейсің бе,
Көрпеңді көсілсеңші бойға шақтап,
Жерге кіріп кетерсің, жынды антұрған,
Шын қазсам асты-үстіңді жездей қақтап.
Делбелігі емес пе Біржан салдың,
Кісісін жеңетұғын жаңа таптық.
Біржан сал Қожағұлұлы Талпынған жас баланың білегіндей, Қолымнан ұстатпаймын сен итке аппақ. *** Сонда Біржан сөйлейді: Жіберді домбырасын көкке сермеп, Ағытты түрлендіріп әннен өрнек, Сөзіме ызаланып алғаннан соң, Дауысқа салды Біржан аспанға өрлеп. «Мың жарым жылқы біткен Қожағұлға, Сөйлеткен сені балап қазақ ұлға, Асықша ақ жамбыны сұлуға аттым, Тиінім шыққан емес сендей тұлға. Сайратқан Орта жүздің бұлбұлымын, Қызығып жүргенім жоқ алар пұлға, Күшігін асыраған ұрғашы иттей, Азғындап шөктің, Сара, жылдан-жылға. Қырсығың өз басыңнан арылған жоқ, Тегістеп айыбыңды тізсем қылға. Қолыңнан ұстатпайтын ерке болсаң, Күлімсі әкең неге берді құлға. Бар екен жаннан артық сөйлер сөзің, Сүйенген қызыл тілге шын сорлы өзің, Қолға түскен қалмақша ықтиярсыз, Төрт болар құлға барсаң екі көзің. Сөзіңе таң қаламын сынай алмай, Айтқаным кетті саған ұнай алмай, Көзіңді күшік құрлы бір ашпайын, Қортиған шірігіңді құдай алмай, Есекке қосақтаулы бір қашырсың, Күң сырын көпке жаяр жылай алмай.
Біржан сал Қожағұлұлы
Құшақ толар еркекке арапшың бар,
Сәнсисің күйгеніңнен шыдай алмай.
Жан жетпес ән-жырымның өрісіне,
Құданың ризамын берісіне.
Сықылды қортық тайша бармақ байың,
Бір қойдың сыяр тұлып терісіне.
Алыстан түлеп ұшқан түз құсындай,
Біржанның жұрт таң қалар келісіне.
Қайғылы қара кемік байтал түгіл,
Арғымақ ат шыдамас желісіме.
Бәйге аты серпуіме шалмайтұғын,
Әрқашан жұрт таң қалар жүрісіме.
Мойыным жүзген қаздай иіледі,
Орта жүз ән шырқасам сүйінеді.
Арғынның жалғыз тоны қолға түссе,
Төрт Найман орта бойлы киінеді.
Найманда байлық бар ма біздің елдей,
Жүрсем де адам боламын мұнда келмей.
Қыз сөзін кек көрмейтін сайтаным бар,
Онымды тастамаймын өзім өмей.
Атадан Біржан сал боп тудым артық,
Ұраным «Ер Қарқабат, Алтай-Қарпық».
Аққумен аспандағы ән қосамын,
Қозғасам ащы күйді түптен тартып.
Қырмызы, асыл бекзат бір мінезім,
Кетер ем еркек болсаң бір-ақ тарпып.
Қыз итті сыйлайтұғын бір мінезім,
Самғаймын бәйге атындай артып-тартып.
Көкшетау дуанына даңқың барған,
Мен Біржан алтын тудай айқындаған.
Естігелі, Сара, сені, үш жыл болды,
Біржан сал Қожағұлұлы
Сері едім төңірекке құлаш жайған.
Түлкінің жүгірісін қыран байқар,
Ұялсаң, сөзің емес маған айтар,
Қанды көз, май жеп алған, ақиықпын,
Сен түгіл қасқыр көрсе бір-ақ шайқар.
Қайтару сұрамаймын келсе әнім,
Қыз сөзін парық қылмайтын ескі заңым...
Күнінде он көрінсе айнымайтын,
Көк төбет болды деме мені, жаным.
Төстіктен жұрт таң қалар кергеніме,
Жеңбесем қуанбаймын келгеніме,
Ақ марал, осы жолы жығылмай кет,
Алтайдың душар болдың мергеніне.
Өзімдей бір басты адам сөз білмейді,
Құданың мың шүкірлік бергеніне,
Қыз сөзі батқан сайын жаным кірер,
Қараман, қатты сөйле, өлгеніме.
Адымым күні бүгін қалыбында,
Екі жыл отыз беске келгеніме.
Қуырылып апшымның қай сасқаным,
Өтірік ентелетіп желгеніңе,
Көзімнің Көкшетаудан қыры түсті,
Аталық Қаптағайда жүргеніңде,
Аю болсаң, басамын «аф» дегенде,
Түспеймін жаман құстай көргеніңе.
Сонда Сараның айтқаны:
Әй, Біржан, жасың үлкен, өзің аға,
Қымбаттығым белгілі білсең баға,
Қамысты терең көлдің сұқсырымын,
Қаңғырған ілдірмеймін қаршығаға,
Біржан сал Қожағұлұлы
Ежелден сен белгілі желді көрік,
Таң қалдым сәулетіңді сенің көріп,
Сені айдап ажалыңа алып келген,
Құт Маман, ер Шерубай қасыңа еріп,
Сөйлетпей шыға сала кеттім дерсің,
Түрімді көрсетейін сөйлеп беріп.
Қарны ашқан қырсығы бар еркек мысық,
«Сасық» дер аузы жетпей, майдан жеріп,
Кездеспей мен сықылды өнерпазға,
Дәндеме жүрген күңнен тезек теріп.
Өлеңді қолқа қылсаң ағытайын,
Самарқан жібегіндей оннан өріп.
Әншейін сыпайы деп қимай тұрмын,
Көзіңді төрт қылар ем иттей керіп.
Сөзбенен жеңемін деп ойламаңыз,
Бір жерден мүдірер деп көңіл бөліп.
Тіліңді тарта сөйле, Біржан батыр,
Жарамас жүдеп қайтсаң, іздеп келіп.
Тартылып таразыға тең келмейсің,
Тірілсең ертең кешке, бүгін өліп.
Арғынның тантықтығы, міне, осындай.
Кім байқар ер қадірін сөз қосылмай.
Жай тастап құшағымды кең созамын,
Сен түгіл әкеңнен де бір шошынбай.
Күшпенен көндіремін болмасаң да,
Түстеніп тамақ жерсің, қонбасаң да.
Аптығып ақынсынып сандырама,
Ойлайсың артықпын деп оңбасаң да.
Найманға жалғыз тиын керегің жоқ,
Келесің қайыр сұрап анда-санда.
Біржан сал Қожағұлұлы
Мен пәлен дегеніңе сескенбеймін,
Шошыр деп қоразданып алдасаң да.
Ақыр өнер барынша байқасармын,
Өзіңді-өзің мақтап арбасаң да.
Қарамды әр-берден соң бір көрмейсің,
Соңымнан үмітті боп қалмасаң да.
Тоймайтын жеті басты жалмауызсың,
Ескі-ұсқы елден жиып алмасаң да.
Қуып жетіп озармын Найман шалдап,
Пысықсып ап дегенде самғасаң да.
Ей, Біржан, ділмәрсімай жүр жайыңа,
Әке десең көнбеймін ыңғайыңа.
Жауды аяған жаралы болар деген,
Шын тілеп сөйлейінші құдайыма.
Жылқының арығындай Арғын кедей,
Тойғансып мәз боласың ішпей, жемей.
Құр айғай салғаныңа кім шошиды,
Жеңермін иттей қылып, адам демей.
Найманның аруағынан кет садаға,
Әзәзіл бола берме екі араға.
Жанақ та қобызымен түк қылған жоқ,
Оңай ма сендей сорлы, бейшараға.
Орынбай іздеп келіп кеткен қаңғып,
Жеңген жоқ Кеншімбайды о дағы аңдып.
Жанақ қашан жол алды Сабырбайдан,
Жаманын көтереді Арғын сән ғып.
Біржанды әке десе менсінбеймін,
Жаратты қыз да болсам сонша паң ғып.
Жынды бота сықылды бір делбені,
Құдайым тірі қойған несін жан ғып?
Біржан сал Қожағұлұлы
Біржанның айтқаны:
Арғынға жете алмайды Найман өлмей,
Ежелден артық туған теңдік бермей.
Жеңбесем осы жолы, Сара, сені,
Өлгенім жақсы емес пе үйді көрмей.
Сараның айтқаны:
Ей, Біржан, өнер бітер қай жеріңе?
Бүл жолы пайда ілінбес құр теріңе.
Жеңбек түгіл келмейсің ширегіме,
Әкеңнің менен қорықсаң кір көріне.
Біржанның айтқаны:
Арғынның көз жеткісіз аймағы бар,
Төңірек жеті дуан ойнағы бар.
Кім жетер Жанайдарға Алтайдағы,
Алты жүз жас бота мен тайлағы бар.
Шалқыған Жәнібек пен Тұрсын, Жанай,
Ит қосты Нұрмұхамбет, Досан, Қанай,
Солардың хисабына көз жетпейді,
Ол түгіл бір Шақамдай болсаң қалай.
Қаржаста бір құтым бар Мұса, Шорман,
Үзілмей келе жатыр ескі қордан,
Қажының белбаласы Садуақас,
Құтқарған сан қыранды түскен тордан.
Ұл туған Қазанғаптай ата ұлынан,
Тұқымы декдар шыққан жатынынан,
«Полковник» шен алады туа сала,
Шырылдап туған бала қатынынан.
Шыныбай асып еді, пір шағында,
Жан жетпес ер Қажекем аруағына.
Біржан сал Қожағұлұлы
Жамантай, Құсбек, Шыңғыс, Сартай төрем
Ілінген талай Найман қармағына.
Тәттімбет ардагерім Арғын асқан,
Қырық түрлі күй ілінген бармағына,
Ежелден әрі баймын, әрі молмын,
Шын қызсам шыдамайсың, зардабыма.
Адамның ақиығы хажы Құнанбай,
Сан жүйрік сау кеткен жоқ бір сыналмай.
Найманның әулиесі батыр Барақ,
Ішқұста болып кеткен түк қыла алмай,
Ыбырай жас жолбарыс білектенген,
Дұшпанға арыстандай жүректенген,
Өзінің заманының бозбаласы,
Перінің жігітіндей іргектелген.
Ей, Сара, қайсының бар оған жетер,
Өнерін көрген жанның есі кетер.
Адамның жалғыз басты білімдісі
Оны да жамандамас Найман бекер.
Орта жүз Абай қойды атын батпай,
Үйіне ояз кірмес жауап қатпай,
Арғынның асылдығы міне осындай,
Наймандай ағайынын жүрген сатпай.
Бар болса, бұған орай қоймай сөйле,
Әйтпесе сөзіңді қой босқа шатпай.
Сараның айтқаны:
Ей, Біржан, сөз сөйлейін анықтатып,
Көңілің ауырмасын, қабақ қатып,
Көкшетау, Қызылжарда талай Арғын,
Күн көрген жанын жалдап, жатақ жатып,
Найманнан қай жерің бай мақтағанмен,
Біржан сал Қожағұлұлы
Тентіреп нан жемейміз шілік сатып.
Бармаған соң жайымды білмейді деп,
Құр босқа мақтанасың тәңірі атып.
Найманда Қаракерей, Сыбан, Мұрын,
Жеті ата Жолымбетке құйған нұрын,
Шерубай, Тана мырза, ер Тәукебай,
Кай қазақ сөз бастаған онан бұрын.
Баласы Қозыбайдың Тілеуберді,
Алихан оның ұлын әркім көрді.
Құдайдан қорыққан Арғын осал демес,
Қарадан хан боп шыққан Қисық ерді.
Жан жетпес Бабатайға Жалбы Жанақ,
Аққожа би, Ақтайлақ асқан манап,
Ақтамберді, Алтыбай, Ырайымбет,
Дұшпанын қуалаған қойдай талап.
Кенжеқұл, қазақ жетпес бабасына,
Төрт арыс билік айтқан баласына.
Байтұқа, Кеңесбай мен Құт Данияр,
Тұңғиық сөздің сөйлер шамасына.
Арғын жоқ мақтанғанмен Тойғылудай,
Қор құйған қыдыр келіп сабасын-ай,
Бірін-бірі аңдыған қу Арғынсың,
Мақтанған мінсең орыс шанасына,
Екі жыл бақ айналса біреуіңе,
Қайдағы жаулық қылған данасына.
Арғында кісілік жоқ мен білмейтін,
Қарны ашса қарамайды анасына.
Қім жетер Қабанбайға дуа қонған,
Үзілмей тұқымына қуа қонған,
Қожағұл, Әлі, Жәкеш, ер Әділбек,
Сүлеймен оның ұлы шықты соңынан.
Біржан сал Қожағұлұлы
Бұтабай, Байжігітте, құт Шиямбай,
Сасан би, шапты Кенже жауға аянбай,
Шынымен құлаш ұрып самғай берсем,
Қаласың жетпек түгіл бір таянбай.
Таласпас, Танекенің жан бағына,
Жеңермін егер тартса іс ағына,
Шетінен қыдыр қонған өңшең, құтым,
Мың-мыңнан құт растаған арт жағына.
Арғынның болад дейді қызы сойқы,
Шот маңдай, иегі ұзын, мұрны көйкі.
Бұйра шаш, дөң жаурын, қысқа тұмсық,
Дорбелжі дорбиған күң ойқы-шойқы.
Жігіті Қоқандықтың аңлағандай,
Аптығар өрттің шалқып жанғанындай,
Асыққа ақ жамбыны ертіп құйған,
Найманның жігіт қайда Бағланындай.
Екі ауыз ән білгені ақынмын дер,
Қыдырдан түсте бата алғанындай.
Ұятсыз сіздің елдің бәрі даңқой,
Айтпасаң мұнан басқа қалғаныңды-ай.
Қапыда қалдым деме, ақын Біржан,
Көңліңнен қоймай сөйле арманыңды-ай.
Сара ақын екеніне көзің жетпей,
Осында қайдан білдің қармануды-ай.
Найманнан жылда тойып кетсең-дағы,
Қоймайсың жылда келіп жалмануды-ай.
Елу күн ғайып білген сұсты құспын,
Білмеймін, әкеңнен де алдануды-ай,
Өзіңді ата қылдың, құс та қылдың,
Жайымды адам күймен атайын мен.
Өнерге екі жағым бәрі бірдей,
Біржан сал Қожағұлұлы
Құр босқа бөгелемін келіспей нем.
Сайраған бүтін Найман бұлбұлымын.
Ұрғашы ғой демесең, қай жерім кем.
Құдай талап бермесе сүйегіне,
Жабайы тұлпар болмас жегенмен жем.
Арғымақ ғиялының артығымын,
Он күндей тынбай шапсам бір алмас дем.
Өз басым ұрғашының қара тілі,
Иран бақ бет бітісім қызыл гүлі.
Біржан сал, құдай айдап өзің келдің,
Іздеуге ойланып ем өткен жылы.
Майысып нәзік белім бұраң қаққан,
Қырық түрлі, дана кеудем өнер тапқан.
Сөйлесе май тамызған бұлбұл тілім,
Сықылды кәуһар сағат нақыс шапқан.
Ажымсыз он саусағым бәрі де аппақ,
Болғанда аузым сағат, ернім қақбақ.
Міні жоқ отыз тісім меруерттей,
Ерінбей тіздіргендей адамзатқа-ақ.
Мойыным сұңғағындай жүзген қудың,
Лебізім шырынындай шарбат судың.
Қаққанда төңкерілген қас бітімім,
Ашылған айбатындай жібек тудың.
Қырмызы қызыл жібек маңдайым кең,
Арғынның құдай кәне, қай қызы тең.
Тал бойым ұзын да емес, қысқа да емес,
Азар дұшпан-болсаң да қай жерім кем.
Тамағым жас баланың білегіндей,
Иығым нақ сандалдың тірегіндей.
Бет алдым қоңыр қаздың кеудесіндей,
Тал бойым жолбарыстың жүрегіндей,
Біржан сал Қожағұлұлы
Арғынды мақтасаң да артық Найман,
Жетпек тұрсын байлыққа өтті Найман.
Бұралқы елге сіңген күшік иттей,
Бай болсаң мұнда, Біржан, келдің қайдан.
Найманның Арғын жетпес қоғамына,
Қаласың бекер мақтап обалына,
Базарда қымыз сатып күн көресің,
Естимін таянды деп жоғалуға.
Мақтанып жоқ нәрсеңді айтпа маған,
Рас, жаным ашиды, Біржан саған.
Сөз білсең кеп таласпа меніменен,
Алысып құр қу даңмен қалмас бағаң.
Ей, Біржан, шыдамаймын қылығыңа,
Мақтанба Құсбек, Сартай ұлығыңа.
Үстіне Жамантайды сомдап қоссаң,
Барақтың пар келмейді сынығына.
Ұстаған Тобықтыға дүре соғып,
Аққан қан ат суарған тұнығына.
Қапанның Байқарамен қосы қонса,
Жетпеген қалың тоғай қорығына.
Қазбек Құнанбайды найзалаған,
Төрем түгіл төлеңгіт жорығына
Садырбай, Жаманбала, Арқабайым,
Тел емген екі енені марқадайын,
Есілге, Едіреймен қамалған қу,
Көкмайса жерің бар ма Арқадайын.
Ақ Найман Қожамбетке Арғын жетпес,
Төрт ру Қаратайдан қазақ өтпес.
Көкжарлы Сары, Жомарттай қайсының бар,
Қызығы Мысыр, Шамдай естен кетпес.
Есігі іргенекті жатыр талай,
Біржан сал Қожағұлұлы
Ойласаң есің шығар санай-санай.
Бора батыр көптігі толық дуан,
Атасы әулие өткен ер Қонақбай,
Дәулетке Бора-дағы артық асқан,
Кім баймын дегенменен жағаласқан.
Жаяубайлар көрді ғой малдан ыза,
Қозғалып көшіп жұртқа жете алмастан.
Қайсы Арғын жетеді Аман, Көшеріме,
Мен дайын сезді қалай десеріңе,
Кең қолтық өзім теңдес кез болмаса,
Алтайдың көзім толмас есеріне.
Түйкі мен Жоламандай тумас қазақ,
Дұшпанын беттетпеген жүндей сабап.
Менімен айтысуға қайдан жеттің,
Жыл сайын мүжуші едің сүйек қажап,
Қоңырға жан теңелмес Бәкешпенен,
Құр айғай түк өнбейді егеспенен.
Түнеп қыдыр қонбаған Ыбырайға:
Күн өтті тойсам деген өңешпенен.
Ел арытпас Серікбайдың жарлығынан,
Құт болды бас қыдыры барлығынан.
Мақтаған Ыбырайың дәнеңе емес.
Бүлінді бар Тобықты паңдығынан.
Наймандай Арғын болмас қоңыр майда,
Ел тоқтатар бір мінез жоқ Ыбырайда.
Қазақта өнері асқан ер болғанда
Бағланы Жігітектің кетті қайда?
Сал Біржан, мақтансаңшы түбін ойлай,
Арғынның бәрін білем бірін қоймай.
Күнінде-ақ болып тұрған ел бүлінді,
Біржан сал Қожағұлұлы
Тобықты быт-шыт болды үріккен қойдай.
Быт-шыт қып Тобықтыны тентіретті,
Түбіне аяғында түгел жетті.
Елге құт, берекелі кісі болса,
Маңғазы Шекетайың қайда кетті.
Өнердің күш көрерсің өкімінен,
Сезімнің түйсең керек секілінен.
Жарыған жалғыз Арғын керінбейді,
Жас қызын ұстап берген кекілінен.
Түйеше құр бойыңа сенесің сен.
Қара керей Матайға жау болған жоқ,
Барақтық артық қайрат етуінен.
Ісің жоқ Найман қуып жетуінен.
Тойғұлының асында бәйге тікті,
Тоғыз қыз Арғын берген жетімінен.
Төлеуші ең бір түйе ұрлап екі бала,
Антұрған, ұялмайсың бітіміңнен.
Құтырмай жайыңа жүр, жынды делбе,
Келіп кісі болмассың біздің елге,
Сыр білмейтін жеріңе мақтана бер,
Бұл жақта құр айғайың кетер желге,
Ей, Біржан, көңіліңді тындырайын,
Аруақ пенен құдайғ ұрдырайын.
Найманда түлеп ұшқан ақиықпын,
Топшыңды қанатыммен сындырайын.
Құнанбай не себепті Омбы барған,
Ер еді өз басы әділ қылды жарған.
Ел тоқтап, сасқан кезде ұйытқы болар,
Баласы жоқ-ақ дейді оңды болған.
Ей, Біржан, бұ да жетер бір~басыңа,
Құл болып одан-дағы тұр қасыма.
Біржан сал Қожағұлұлы
Сен-дағы жас күніңнен ардакерсің,
Құрбың мен жеткізбеген құрдасыңа.
Әуенің жез сырнайдың көмейіндей,
Әніңнің қазақ жетпес бұрмасына.
Ақын емес жігітсің әңгімешіл,
Мұныңмен шыға алмайсың қыр басына.
Он Жанақ, он Орынбай жолдас алсаң,
Мен кепіл сен жеңілмей тұрмасыңа.
Есің болса, осымен тоқта, Біржан.
Арғынды бос қаздырмай ұрғашыға.
Сонда Біржаннын, айтқан жауабы:
Құтыма тіл тигізбе, ер Құнанбай,
Алашқа аты шыққан кер бұландай,
Ескермес он ақынды есіл басым,
Қадалдың маған, Сара, сұр жыландай.
Сен түгіл жеткен емес еркек қуып,
Төмен болған жерім жоқ, өзім туып,
Шынымен жайнаң қағып самғағанда,
Тұсыма келген емес адам жуық.
Менсінбей қапы болып өкінермін,
Ызғарлы көрінеді сөзің суық.
Болдырып түстен кейін сандырарсың.
Байталсың қапелімшіл бір жел қуық.
Барынша өнеріңнің аянбай сал,
Көңілімді көтермей-ақ сөзбен жуып,
Мені қалай, сен бала, кемітесің,
Жорғамын сарынымен самғайтұғын,
Бәйге аты серпілімді шалмайтұғын.
Әнімді он екі взвод жіберемін,
Есіңнен өле-өлгенше қалмайтұғын.
Біржан сал Қожағұлұлы
Ежелден құлаш мойын көк айылмын,
Ылауға жеті күнде талмайтұғын.
Болатпын екі жүзді жетем құрыш,
Күйсеуін шапқан түйе танбайтұғын.
Гауһармын бозбалаға сәуле берген,
Дәндеме жаманыңнан жақбайтұғын.
Ой желке, қамыс құлақ қара көкпін,
Тұнықтан жүзіп ішпей қанбайтұғын
Қазақ жоқ Біржан десе нанбайтұғын.
Даусымның жаңа түсті кәрі жыны,
Дәуірлеп барған сайын болмайтұғын.
Қарқабат, Қарақожа ата-бабам,
Осындай ерегісте қолдайтұғын.
Қырымға қарайтұғын қара кермін,
Аң алмай жерге бекер қонбайтұғын.
Айнымас қанды балақ ақиықпын,
Тұяғым тиген қасқыр оңбайтұғын.
Асылмын аспандағы құс болғанда,
Қаңтарда қалшылдаған тоңбайтұғын.
Тұлпармын «Көрұғылының» пырағындай,
Алдына жүгірсе алдына мал салмайтұғын.
Рүстем-Дастандаймын дәл өнерге,
Меңгеріп кісі билеп алмайтұғын.
Бір итке елің неге берем дейді,
Алаштан лайықсың таңдайтұғын.
Он бестен ұрғашыға саятшымын,
Күн сайын қанжығаны қандайтұғын.
Аңдап бас аяғыңды, байғұс Сара,
Мен сенің кісің емес алдайтұғын.
Сонда Сараның айтқан жауабы:
Қазақ жоқ хан Бараққа теңгерілген,
Біржан сал Қожағұлұлы
Күшімен Арғын – Найман меңгерілген.
Есіл ер, аруақ біткен заманында,
Тоқтыдай сан Тобықты өңгерілген.
Еркек жоқ өз басыма теңгерілген,
Сөз пірім он жасымнан меңгерілген.
Небір көзге олқы боп көрінсем де,
Сан жүйрік қойдан оңай өңгерілген.
Ұшырған тәрбиелеп ақ тұйғынмын,
Матайдың Қаракерей сеңгерінен,
Даусыма аспандағы құс айналар,
Құбылып тоты құстай төңкерілген.
Антұрған, құдай қане, жасырмай айт,
Сөзім жоқ бір кісіден кем көрінген.
Сайраған мен бір Найман бұлбұлымын,
Қапаста жел тигізбей жем берілген.
Жұрт сыншы, өзі білмес екі даугер,
Белгі жоқ адымында теңгерілген.
Мақтанғаным болмаса осы кеудем,
Он Арғын шалымымнан кем көрінген.
Бірінен-бірі дамып асып түсер,
Дауысым алтын тудай, шаң көрінген.
Сонда Біржанның айтқан жауабы:
Жарайды, жаным, Сара, осы сөзің,
Тас түлек тұрымтайдай екі көзің,
Сөз айтар қандай адам деген кезде,
Алдымнан құдай айдап келді кезің.
Бір асқанға, бір тосқан бар-ақ деген,
Талайдың қисық деуші ем құрған тезін.
Шіркін-ай, мұндай жүйрік туармысың,
Сөйлейсің алтындай ғып сөздің жезін.
Біржан сал Қожағұлұлы
Қанатын күн шалмаған ақ тұйғынның,
Жапалақ иемденер басқан ізін.
Қор болдың бір қортыққа, Сара қалқам,
Армансыз қылар кімнің үйі-түзін.
Дені сау адам емес Тастанбегің,
Жүр екен тастай алмай о да қызын.
Біліп ем, Сара, сенің сыңарыңды,
Баса алмай армандамын құмарымды,
Ақ үйден айғай салып шыққан кезде-ақ,
Білгенмін сөзге қайрат қыларыңды.
Сұмдықпен бит ішіне қан құясың,
Білмейсің неден зар боп жыларыңды
Майысқан сегіз қырлы жүйрік-ақсың,
Қай жерден болжамайсың тынарыңды.
Шақыртып күйеуіңді осында алдырт,
Көрейін таңдап қосқан сыңарыңды.
Тез алдырт күйеуіңді, Сара саңлақ,
Көрейін еркегіңді тиген таңдап,
Ырас жаны ашыса Тұрысбектің
Белгісі білінеді келсе сонда-ақ.
Шыбықтай жігіт шығар өңі нұрлы,
Өнері өзің теңдес сегіз қырлы,
Шеберден мін алатын мініскермін,
Ер шығар тоты құстай неше түрлі.
«Жақсыны көрмек үшін» деген, Сара,
Өзің түгіл ел қамын жеген, Сара,
Мырзаңды ит Жиенқұл шапшаң шақырт,
Ұялып бөгелесің неге, Сара?
Сонда Сараның Найманның жақсыларына шағы
нып айтқаны:
Хажеке-ау, мынау қалай ақырады,
Біржан сал Қожағұлұлы
Жиенқұл тез келсін деп шақырады.
Көруге асылыңды әпкеліңдер,
Аулыңда ол келгенше отырады.
Арғынға жол бермеген есіл тілім,
Күн өтпей, қор боп ұшқан қызыл гүлім,
Сіздерден ұялғаннан үндемеуші ем,
Есекке қосақтаулы өтті күнім.
Өзі білер деуші едім жақсылардың
Ақыры қайғы болды енді мұным.
Алтайдың сандағымен сөйлесем де
Жоқ екен жүйрік иттей өлсем құным,
Сіздерге сенетұғын сорлы басым,
Келгенде Жиенқұлға шықпайды үнім,
Өздерің Жиенқұлды көріп едің,
Құдайдан қорықпай шыдап беріп едің,
Отырған «Найман шалдың» аруағына,
Бәріңе қыз да болсам серік едім.
Біржанға көрсетіңдер Жиенқұлды,
Бар жұртқа оның сыры аян болды,
Ұяттан кісі өлмейді, сағы сынар,
Қайтейін құдай қосып ием болды.
Итіңді келмесе де келтір байлап,
Өлмесін зығырданым күнде қайнап,
Ағалар нәсіліңе дұрыс болса,
Құдайға тапсырамын «Қаптағайлап»,
Хажеке-ау, көріп келдің хақтың үйін,
Мен түгіл ботаңа да зорлық қиын.
Жиенқұл ерім болып тұрар ма екен,
Күнінде таңда – махшар болса жиын.
Көзімді аш, көңілімді ала қылмай,
Кетсең де өкпеледім бала қылмай,
Біржан сал Қожағұлұлы
Сыртынан өлеңменен шақырайын,
Біржанға өзімді-өзім таба қылмай.
Сәлем де Жиенқұлға, келсін жатпай,
Келуге шошынады неден батпай,
Әркімнің қолда бары өзіне алтын,
Біржанға бір тырнағын тұрмын сатпай.
Көрінсін Біржан салға ай сықылды,
Ақ құйрық көңіл ашар шай сықылды.
Ұсынса қол жетпейтін арғымағым,
Арғынға баламаймын тай сықылды.
Тез келіп амандассын Біржан салға,
Көрінсін айбаттанып Арғын шалға,
«Әркім теке қояды өз ылағын»,
Әйтеуір мені сатып алды малға.
Бермесін дұшпаныма намысымды,
Біледі, Арғын – Найман дабысымды,
Бар болса шыбын жаны, шапшаң жетсін,
Ел таныр арғымақтай шабысымды.
Қылмасын дос Жиекем сөзге сынық,
Шарбаттай ағып жатқан сөзім тұнық,
Қамалдан тартынбайтын қайран басым,
Көлге кеп қойып кетсін көзді жұмып,
Асылым құдай берген өз бағыма,
Теңелмес жеті Біржан тырнағына,
Найманда ұлы дария саяткерім,
Балық боп ілінгенмін қармағына.
Бағының зор екенін көрсін Арғын,
Сықылды салтанатым батыр Тарғын.
Көрмеп пе Біржан ондай болам десе,
Сескенбей шапшаң жетсін біздің балғын.
Бесіннен қалмай жетсін жаны болса,
Біржан сал Қожағұлұлы
Бөгелмей жете көрсін әлі болса,
Елден қайыр сұраған кедей Біржан,
Алмай ма, мендей қызды малы болса.
Көрінсін саясатпен менің серім,
Сол еді құдай қосқан барар жерім,
Кедейге қонақасы тай әкелсін,
Талабы Тәттімбеттей асыл серім.
Сонда Біржан сөйлейді:
Көрейін, кісі жібер, күйеуіңе,
Көнбейді жаман болса сүйенуге,
Күйеуің қандай екен, көзім көрсін,
Адамның таласасың біреуіне.
Жасырмай көрсет көзге келтіріп-ақ,
Сөзбенен жүдеттің ғой өлтіріп-ақ,
Ұялмай осы топқа көріне ме?
Өнерсіз жігері жоқ жетпегір-ақ.
Сараның айтқан сөзі:
Хажеке-ау, кісі жібер балаңызға,
Әзәзіл болды Біржан арамызға,
Сыртынан мақтасам да керек болды,
Көрсетпей жігітті ұрлап қаламыз ба?
Өзіңнің құла жорғаң барсын оған,
Жиекем «Бижан» ерін салсын оған.
Біржанды бір қаққаннан қалдырмас ем,
Құдайым мені жар ғып қосты соған.
Хажеке-ау, алдыртыңыз қонақ кетпей,
Біржан тұр көремін деп сөзге бітпей,
Ажал да кісі таңдап алады екен,
Сол итті, неге қойған алып кетпей.
Біржан сал Қожағұлұлы
Қонжиып мінер құла жорға барса,
Келе алмас сол шіркінің қорғаласа,
Рас, бізді масқара қылар сонда,
Қорс етіп бармаймын деп үйде қалса.
Кісі емес ел намысын ұққандай-ақ,
Ер бияз елсіз тауға шыққандай-ақ.
Жиенқұл күжірейіп келер ме екен,
Он мата арқасына тыққандай-ақ.
Бар еді ұлы-қызың, хажы аға,
Қалдым ғой Біржан деген беймазаға,
Өзіңнің болып тұрған заманыңда,
Дені сау кез болмадым бір тазаға.
Арғынды бір дөңгелек деп едіңіз,
Мен түгіл Найман қамын жеп едіңіз.
Меке мен зиярат қылып Байтулланы,
Бақытыма аман-есен кеп едіңіз.
Көрмейсіз неге менің көз жасымды...
Сол жерде Біржан тоқтап, сөз басылды.
Жиылған «Қаптағайдың» жақсылары,
Басқаға айырып бер өз басымды.
Алдырып не қылады оны Біржан,
Көруге ынтық емес соны Біржан,
Арғыннан асып кеткен бай болмайды,
Жеткенмен Жиенқұлға қолы Біржан.
Сонда Біржанның айтқаны:
Шырағым, Сара, сендей тумас бала,
Шежіре туармысың мұндай дана.
Обалың Есімбек пен Түрысбекке,
Жігітің жөндеу екен, ей бишара.
Ел-жұртың қорықса керек көз жасыңнан,
Біржан сал Қожағұлұлы
Қиып кеткім келмейді мен қасыңнан.
Кемітер қай жеріңді дұшпан шіркін,
Адамзат озар емес бір басыңнан.
Жіберме Жиенқұлға шақыруды,
Өнерсіз үйде білер аһ ұруды,
Қайнайды зығырданым көргеннен соң,
Алдырма бекер мұнда кәпіріңді.
Білесің, Арғын – Найман тегіс затын,
Алашқа шығып еді Біржан атым.
Кісіге сен сықылды малын шашпай,
Қазақ та қылады екен итті қатын.
Дұшпаның жамандайды не деп сені,
Белгіге жарар саған берсем нені,
Бір басты адам болмас, сен өнерлі,
Айбатың әлемге аян ай бедерлі.
Садаға тырнағыңнан кетсін, Сара,
Сан жүйрік көріп едім мен не дүрді,
Сонда Біржан сөз айтты біздің жаққа,
Ұмытпан, Сара, сені әр уақытта,
Қайырған сөзбен жетіп есіл шіркін,
Көрермін қайта айналып қайсы уақытта?
Есімбек боққа сатпа асылыңды,
Сыйлай көр, қыз да болса, нәсіліңді,
Ұқбасаң, Арғын жоқты айтты дерсің,
Есеке-ау, құлағыңа ал осынымды.
Қылайын көп ұзатпай сөзді қысқа,
Өлеңге жан көрмедім мұнан ұста.
Аты ұрғашы демесең қарындасың,
Адамның артығы екен осы тұста.
Шынымен бапты күнде дұға салса,
Ілеспес ақын түгіл ұшқан құс та.
Біржан сал Қожағұлұлы
Обал тұрған орнында жауап та бар,
Жиенқұл тең емес қой бұл байғұсқа.
Закунде зорлық болмас жанды адамға,
Жақсыны қор қып болмас бір наданға,
Және де аят пенен хадис те бар,
Жылатып берме деген еш адамға.
Хажы барған «Қаптағайдың» арыстаны,
Жалғыз сіз осы күнде данышпаны,
Өзіңе құдай беріп тұрған кезде,
Дұшпанның топ етеді алысқаны.
Көрмеп пе Сарадай қыз теңін тапса,
Ішінен өнер қысар аузын ашса.
Қор болып Жиенқұлға жібергенше,
Қытайша он есе артық басын шапса,
Тұрысбек, Есімбектен, сау тұр Маман,
Таянды қайтар уақытым енді маған.
Айналып ендігі жыл бір келермін,
Тысқары топырақтан болсам аман.
Сараны Жиенқұлға бере көрме,
Қызы түгіл ер құнына келер шамаң.
Бар болса сүйегіңде ойларсыңдар,
«Өлі тілін тірі алмас» деген заман.
Байлаулы бала құстай Сара сорлы,
Жоқ екен осы күнде мұнан жаман.
Алқисса, Сараның күйеуінен ұялып, Біржанға көрсе
те алмай, Жиенқұлды, жамиғы Найман тоқтады, қыз әм
тоқтадым – деді. Намыс жақсыларым Жиенқұлдан айы
рар ма деп, болмаса айтар сөзім басқа еді,– деді.
Енді Сараның өзінің айтқан сөзі:
Сал Біржан, жүріп кетті амандасып,
Екі күн арпалыстым табандасып.
Біржан сал Қожағұлұлы
Шіркінге қимағаннан жорға бердім,
Басында сөйлессем де жамандасып.
«Хош, Біржан, сау бол,– дедім сағым – керім,
Арда күрең жігітсің әлім-берім.
Қашан өзің өлгенше есіл көзел,
Күнде той, күнде жиын жүрген жерің.
Жүре бер, ақын Біржан, бізді сұрай,
Тысқары топырақтан қылса құдай,
Аптығып Арғынсынып сандырама,
Көзіңе қыз көрінсе мұнан былай.
Жолықтым атағыңа құмар едім,
Болмаса келместей ғып сығар едім.
Сыйладым сағың жерде қалмасын деп,
Аттатпай адымыңды қияр едім.
Боп қалды бір көргенім көз таныстай,
Сен-дағы жол бермедің, бір қалыспай.
Есекем керек болса бере қалмас,
Кісідей қарапайым бір салыспай».
Тәмат тәмәм.
Біржан сал Қожағұлұлы
БІРЖАННЫҢ НҰРҒАЙША ҚЫЗБЕН
ҚАҒЫСУЫ
Біржан қасында жолдастарымен бір ауылға жақында-
ғанда, Қарағайлы деген өзеннің, тасалау жерінде үш
бойжеткен қыз суға шомылып жатыр екен. Байқаусызда
үстіне келіп қалған кісілерді көріп, шыға алмай отыра
беріпті. Қасындағы жолдастары: «Біржан, мына қыздарға
бірдеңе десейші»—дегенде, Біржан:
Бауыры Көкшетаудың – қарағайлы,
Қар кеткен соң болады малға жайлы.
Ішінде адал да бар, арам да бар,
Ей, қыздар, шығардыңдар судың лайын, –
дейді. Қыздардың ішінен Нұрғайша деген бір қыз судан
басын көтеріп алып, былай деп жауап қайырады:
Ұшады аққу көлден сабаланып,
Біз қалдық сіздің сөзге назаланып.
Келед деп игі жақсы алдымызға,
Шомылып жатыр едік тазаланып.
Біржан қыздың беталысын көрген соң, ат үстінен
амандасып жүріп кеткен екен.
Біржан сал Қожағұлұлы
БІРЖАННЫҢ БІР ҚЫЗБЕН
ҚАҒЫСУЫ
Біржан сал жолаушылап бір кедей адамның үйіне
кездеседі, сол үйдің қызы оған қатықсыз қара көже құйып
берсе, Біржан ернін ғана тигізіп қайтарады.
Сонда қыз айтады:
Байлардың жейтін асы – жая мен жал,
Шығады нақ кедейден осындай сал.
Қыс аяғы шаруаға күйзеу болды,
Көжеге кекіреймей ерніңді мал!
Біржан:
Атанған ақындықпен Біржан сері,
Серінің күнде думан жүрген жері,
Қарындасым, ағаңа сөзің өтті,
Көжеңді басып-басып әкел бері.
Біржан сал Қожағұлұлы
БІРЖАННЫҢ ШӨЖЕ АҚЫНМЕН
ҚАҒЫСУЫ
Біржан бір кезде Шөже ақынмен кездесіп, Шөжені
сөзбен қажай беріпті. Сонда Шөже өлеңмен былай депті:
Шөже:
Ай, Біржан, маған берші бір азды дат,
Аяңа жоқ нәрсенің бәрі де хат.
Сасық күзен секілді шақылдама,
Сенен бұрын туғанмын, тіліңді тарт.
Біржан-ау, осы емес-ті көрген жерім,
Еншалла, жаңылмаса көрген көзім.
Ұлмұлқұра деген алладан аят келді,
Соны тапсаң, сен мені жеңген жерің.
Біржан:
Жақынды алыс қылар жүрмеген соң,
Мереке – қызық болмайды күлмеген соң.
«Аталы сөзге арсыз таласады»,
Шөжеке, шорқақ едім білмеген соң.
Шөже:
Әкесі Қожағұл Ақсарыға үлгі берген,
Бұл неге теріс кетсін үлгі көрген.
Арсыз болса, жанжалға салар еді,
Бұ-дағы келіп қалды даңгыл жолмен, –
дейді. Біржан әрі қарай жауап қайтармайды.
Біржан сал Қожағұлұлы
БІРЖАННЫҢ ТЕЗЕКБАЙ АҚЫНМЕН
ҚАҒЫСУЫ
Біржан сал Тезекбай ақынмен замандас болған соң әр
уақыт кездесіп әзілдесіп, қағысып жүреді екен. Бір кездес
кенде екеуі былайша қағысып қалыпты:
Тезекбай:
Бұл өнерді кім берді, Біржан, саған,
Өнер берген кісіңді айтшы маған.
Өнер берген кісіңді айта алмасаң,
Сенің өлең айтуың тіпті арам.
Біржан:
Жаратқан бәрімізді – бір құдайым,
Абзал қылып жаратқан күн мен айын.
Өнердің бойға біткен арқасында,
Тезеке-ау, салдық құрмай не қылайын.
Тезекбай:
Рас, бәрімізді жаратқан – бір құдай-ды,
Абзал қылып жаратқан күн мен айды.
Бір құдайдың бірлігін хақ деп білсең,
Неше сипатпен танисың бір құдайды.
Біржан:
Өзің молла, оқисың жазған хатты,
Сері қайдан біледі шариғатты.
Әкем Қожағұл болғанда, өзім – салмын,
Мен сізден сұрамаймын насихатты.
Біржан сал Қожағұлұлы
Тезекбай:
Олай болса, отырғанда, ақынмен ой таба бер,
Күндіз-түні жүрсең де жол таба бер.
Орта жүздің баласы «Темір Қақпан,
Байғұлыбай»
деп әне, зарлап тұр ғой.
Қыз-келіншекке айтып, тана-моншақ жиып, сонымен
жолығысып мал таба бер, – деп батасын беріпті.
Біржан сал Қожағұлұлы
БІРЖАН, ОРЫНБАЙ, ШӨЖЕ АҚЫНДАРДЫҢ
АЙТҚЫРЛЫҚТАРЫ
Керей Сағынайдың асына сауын айтылып, жан-жақтан
жұрт жиналады. Сол аста басқа кедейлермен бірге, ақын
дар бәйгесі де тігіледі – ақындардан Сағынайдың байлық-
салтанаттық дәрежесін кім де кім бір ауызға сыйғызып
жақсы өлең шығарып айтса, соған бас бәйге берілмекші.
Жиылған ақындардьщ ішінен Орынбай, Шөже, Біржан
сал өлең бәйгесіне түседі. Бірінші сөзді Керей баласы деп
Біржанға береді, онан кейін, Орынбай, Шөже айтады:
Біржан:
Сағынай, Мәті – Дәулен, жайындайсың,
Тел ескен, сен қысырдың тайындайсың,
Дәулетің жеті атаңнан арылмаған,
Киіктің даладағы лағындайсың.
Орынбай:
Керейде Сағынай мен Мәті – Дәулен,
Көркің көпке күндей болып түсер сәулең,
Көп айдың көрмегелі жүзі болды,
Жүрмісің есен-аман, өңкей сәулем?
Шөже:
Сағынай, Мәті – Дәулен – егізімсің,
Қол жетпес қабырғаңа семізімсің.
Жеті атаң, жеті руға жетім берген,
Сонда да, таусылмайтын теңізімсің.
Біржан сал Қожағұлұлы
БАБАЙ МЕН ҚАСҚЫРДЫҢ АЙТЫСЫ
Бабекең қарсақ аулап жүрген екен,
Астына буаз бие мінген екен.
Жартастың өзенінде келе жатса,
Алдында қасқыр ізін көрген екен,
Сол кезде қылау жауып, ізді басты,
Кәрілік кетіп Бабекең болды жас-ты.
Бір қурайды пана қып жатыр екен,
Дәл үстіне келгенде, тұра қашты.
Бабекең үйден шықты белін буып,
Мұндай қызық көрген жоқ өзі туып.
Буаз бие құлынын елемей-ақ,
Жартастың өзенінде жетті қуып.
Жүрегі Бабекеңнің кетті суып,
Тартады төс айылын белін буып.
Буаз бие мінгенін елемей-ақ,
Құйрығын көлденең ап кетті қуып.
Қиқу сап дем алғызбай қуған бетпен,
«Жартастың» өзенінде қуып жеткен.
Ақшамның ақырында екі көкжал
Айтысып қайымдасып кеңес еткен.
Бабай:
– Аузыңда тіс, арқаңда жүн бар екен,
Кеудең жақсы, бөксеңде мін бар екен.
Талай малды жеп едің бәлем, қасқыр,
Саған да жететұғын күн бар екен.
Қасқыр:
Бабеке, ішің толған амал екен,
Кер биең өзі буаз, шабан екен.
Біржан сал Қожағұлұлы
Төселіп бұрынғыдай қаша алмадым,
Жұрт қарғысын көп алған жаман екен.
Бабай:
Мекен қылып жатыпсың мидай дала,
Қурайдың қылып жаттың несін пана?
Осы мұз осы бойы жата қалса,
Талайыңды қылармын қызыл ала.
Қасқыр:
Сені маған жеткізген жаббар ием,
Ұрған сайын босайды жүйе-жүйем.
Бәрімізді қырам деп жүргеніңде,
Құлын тастап кетпесін буаз биең.
Бабай:
Қасқыр-ау, көріп пе едің бұдан қиын,
Аллаға арызың жетсе, сен де сиын.
Сендей кәрі тірсекті жүгіртпейтін,
Баһауидтинге айтамын жеті тиын.
Қасқыр:
Бабеке, айтқан сөзіңде жоқ қой қате,
Байсары моллаң «жолың болсын» деп берген
бата.
Мен-дағы қашқанымда сиынып ем,
Еш қайла қыла алмады «сыңсыма ата».
Бабай:
Шектерін талай малдын, шұбыртқансың,
Жығып беріп балаңды қуантқансың.
Соның-дағы обалы жіберсін бе,
Ақ сүтін талай малдың суалтқансың.
Біржан сал Қожағұлұлы
Қасқыр:
Үйіңнен шығып едің өлең айта,
Қулығың көп жұрт едің қоян қарта.
Жиын сайын төбелес қылушы едің,
Сен нағып тиыш жүрсің «Майлы балта»?
Бабай:
Ұрмайтын мінезің жоқ уаәм жығылып,
Болар деп ойлап па едің мұндай қылық.
Жанғозының жеп кеттің құр дөненін,
Сақалымен жылады-ау шөпті жұлып.
Қасқыр:
Мекен қылып жатыр едім сайды деймін,
Еліңді ақтап, тіліңіз майда деймін.
Мен жесем өлімтігі жатпас па еді,
Даманың көк биесі қайда деймін.
Бабай:
Сен жүйрік, жеткізбессің арғымаққа,
Мына мұз жатып қалды біздің баққа.
Өзенде қаптаған су, қазған құдық,
Жығылып қалған болар шұғанаққа.
Қасқыр:
Сен маған жетіп қалдың нағып оңай,
Кіретұғын болмады қалың тоғай.
Еліңе дәнеңені жолатпайсың,
Бабекең, қайда кетті екі ноғай?
Бабай:
Сен неге шықтың, енген тоғайыңнан,
Мені-ақ жеңе қоярсың оңайыңнан.
Біржан сал Қожағұлұлы
Елу кісі ант беріп былтырғы жыл,
Құтылғамыз сол жала ноғайыңнан.
Қасқыр:
Еліңді ақтап, тіліңіз тым-ақ майда,
Балаларым кек алар келер айда.
Жала қылған ноғайдан құтылыпсың,
Бабеке, Жұмабай мен Қодар қайда?
Бабай:
Осы күнде жетіп тұр саған әлім,
Елуге жеткен шығар жеген малың.
Қайда тентіреп жүргенің кім біледі,
О да сендей қаңғырған екі залым.
Қасқыр:
Жақсы деп кете алмайсың қонысыңнан,
Ішке айдаса, қорқасың ұры сұмнан.
Екі жерде өлімнен алып қапты
Үш айналсаң болмай ма болысыңнан?
Бабай:
Қасқыр, сенің тіліңде сенім бар ма,
Қыпшақтан, – жақсы көрер елім бар ма?
Аузыңа келген сөзді оттай бердің
Болысымды тастап жүрген жерім бар ма?
Қасқыр:
Оқитұғын менде жоқ кітап, құран,
Құшатұғын дәуренім қайда тұрған,
Күнәдан арылатын жерің бар ма,
Ағасының жағадан ап інісі ұрған.
Біржан сал Қожағұлұлы
Бабай:
Сен жылқыны көп жегенде қуанасын,
Жүнің қалың, аязға жылынасың.
Сен-дағы ол жағына күлгенің не,
Енеңнің байы болып ұлығансың.
Қасқыр:
Еліңіз мен кеткенсін бие саусын,
Қой күзеткен балалар қояр дауысын.
Ойнас жағын көп айтыссаң жеңер едім,
Бабеке, не қылсаң да жеңген жаусың.
Күн кеш болды өлеңді қояйын да,
Құрықпенен төбеңді ояйын да.
Екі жылда жеп едің он жылқымды,
Жаның шықпай, теріңді сояйын да.
Қасқыр:
Кеш болды деп өлеңді қойғаның ба,
Құрықпенен төбемді ойғаның ба?
Еліңді ұры дегенге намыстанып,
Үш сом үшін терімді сойғаның ба?
Мен өзім жүгіре алмай қайран қалдым,
Қанын ұрттап ішуші ем талай малдың.
Ұрғаныңнан барады сөзің өтіп,
Ақ шекпенді бүкішке мен таңдандым.
Бабаңның қатты шықты ащы тері,
Осындай қасқыр соқты Бабай сері.
Тақсыр-ау, өз айтты деп сөге көрме,
Кеш болып әбден тәмам болған жері.
Құлманбет ақын
(ХІХ ғ.)
АЙТЫС
Құлманбет
ҚҰЛМАНБЕТ ПЕН БАЛА ОРАЗ АЙТЫСЫ
1876-1878 жылдары Мұқыр өзені бойында (бұрынғы
Гурьев облысы, Қызылқоға ауданы) болған. Өткен бір
тойды Жиенбет айтуымен Бала Ораз бастаған. Содан
бері «Жолыма қол сұқтың» деп Құлманбет өкпелі жүреді.
Айтыстың тууына осы жай себеп болған.
Құлманбет:
Алып келді мені сөйле деп
Мына Балтаның ұлы Бекпенбет.
Мен жасымнан шешен туғанмын,
Сөйлер сөзге тым жендет.
Кейінгі өскен балалар,
Көрмегейсің тосырқап,
Аузы-басын түк басқан,
Сақал-мұртын шаң басқан,
Әлдекім деп жүрмеңіз.
Мен – кешегі бір күндерде
Алашқа бәйге бермеген
Белгілі тарлан Құлманбет.
Ер баласы ерге ұсар,
Базарда қымбат зерге ұсар.
Жұрт көшкенмен, тебіренбес,
Мінезі ауыр жерге ұсар.
Кәрі жыным келген соң,
Әруағы құрғыр төнген соң,
Мына отырған Оразға
Олай да былай сөз айтып,
Желкесінен бір тістеп,
Құлманбет
Жүдетейін десем де,
Азырақ түсі меңзеп тұр,
Өзіміздің Тазға ұқсап.
Ақсұңқар құс секілді
Қанатым сүйір дөңгелек.
Қыран бүркіт секілді
Қауырсыны мықты шеңбірек.
Қары лашын секілді
Бауырым шұбар, сыртым көк.
Ашуым келсе, шыдатпас,
Менің аузым құрысын, –
Құрулы тұрған зеңбірек.
Жас алпысқа келгенде,
Бір сөйлейін барымды,
Келген жоқ па маған бір кезек?!
Бала Ораз:
Мен бір жасыма келгенде,
Балалықпен жүргенмін.
Екі жасқа келгенде,
Еңбектеп дәурен сүргенмін.
Үш жасыма келгенде,
Тілім шығып, сөйледім.
Төрт жасыма келгенде,
Ата-анама ергенмін.
Бес жасыма келгенде,
Ойын түрін білгенмін.
Алты жасқа келгенде,
Ағаға сәлем бергенмін.
Құлманбет
Жеті жасқа келгенде,
Бала болдым зерделі.
Сегіз жасқа келгенде,
Жақсы менен жаманды
Ақылым жетіп тергедім.
Тоғыз жасқа келгенде,
Топтанған қолды көргенмін.
Он жасыма келгенде,
Ордаға жауап бергенмін.
Он бес жасқа келген соң,
Келдібай деген ауылға
Жиенмін деп еркелеп,
Өзімді өзім тыя алмай,
Олай да былай сөйледім.
Жиырмаға жасым жеткен соң,
Аспанның астын кезгенмін.
Сырдан шыққан Қуаңды,
Ырғыздан шыққан Торғайды,
Арқаның алпыс саласы,
Атпен жүріп айналып,
Сан қызығын көргенмін.
Айналасы алты айлық,
Төңірегі төрт айлық,
Шалқып жатқан Нарынды,
Үш жылдай кезіп келгенмін.
Сүйтіп алаштан озып жүргенде,
«Нағашың кім?» дегенде,
Қарақұл менен Құлманбет,
Екі жүйрік, сен дедім.
«Жиені кім?» деп айтқанда,
Құлманбет
Төсімді қағып, мен дедім.
Ашулансаң, нарынды ал,
Назарыңды аулақ сал.
Сен алғанмен бір нарды,
Бөтенге кетпес еңбегім.
Құлманбет:
Дәулеті бар деп естігем
Сонау Жайықтан арғы Нарында.
Бұл күндері болғанда,
Нарыннан дәулет арылды.
Кешегі бір уақытта,
Нарын деген ар жақта
Иесіз қоныс көп еді.
Бұ күндері болғанда,
Нарындағы иесіз қоныстың
Біразы кетті хандыққа,
Біразы кетті қазынаға.
Қайырулы мал өспес,
Нарыннан дәулет арылды.
Сүйтіп шалқып жүргенде,
Кімнің жақсы, жаманы,
Кімнің адал, арамы,
Кімнің ұшқыр, шабаны
Бұл халыққа мәлім-ді.
Мен кешегі күнімде
Алашқа бәйгі бермеген
Құлманбет едім кәдімгі.
Жиенбеттің тойында,
Мұқыр судың бойында,
Құлманбет
Мен аянып нетейін,
Шамаға келсе, барымды.
Жолымды менің алған соң,
Арқа терім тарылды.
Өзім жоқта нар беріп,
Өз қолынан ар беріп,
Мен Жиенбеттей көрмедім
Жұртқа қайтқан жарымды.
Бала Ораз:
Асу да асу ел көшіп,
Есепсіз ауыр жүк салып,
Бақалшағы майысса,
Түн қатқанда кірпігі,
Бір-біріне жақын келіп ойысса,
Қабағын шытып мұңаймас
Сен едің бітеу өркеш үлегім.
Қаршыға құстай қайқиған,
Тұрымтай құстай тұңқиған,
Ителгі құстай еңкейген,
Салқиғанда қаз ілген,
Қабағы тарса түйілген
Сен бір қыран түлегім.
Палуанның қолындай
Ұстауға мықты білегің.
Падишаның сойындай
Қашаннан болат сүйегің.
Қарақұл менен Құлманбет,
Сен екеуің тұрғанда,
Құлманбет
Бір Тәңірден болмаса,
Кер келмес деп жүр едім.
Нағашым жүйрік сен едің,
Сойыңа тартқан мен едім.
Сен жоғары кеткен соң,
Төменгі болған жиынға
Жиенбет кез келген соң:
«Жүйрігім, сөйле!» – деген соң,
Айт деп рұқсат берген соң,
Астана жұртты көрген соң,
Көп ішінде көтеріп,
Біразырақ сөйледім.
Ашулансаң, жолыңды ал,
Назарыңды аулақ сал.
Қолыма тиген олжамды
Ұсынбай кетпен деп едім.
Құлманбет:
Мен жиырмаға жасым жеткен соң,
Талай да жерде сөйледім
Берендей безеп тілімді.
Сөйтіп шалқып жүргенде,
Қазаққа даңқым білінді.
Мен кешегі күнімде
Бір қазақтан кем бе едім?!
Бір қазақтан кем болсам,
Таз баласы, сынарсың,
Өшіріп таста үнімді.
Енді айтайын шынымды,
Жасырмайын мінімді.
Құлманбет
Мен желігіп кеткен соң.
Ораз түгіл, қара Таз,
Бәріңе бермен тынымды.
Тынымды неғып берейін,
Жас алпысқа келгенде,
Жолымды берді деген соң,
Кәрілігім білінді.
Енді айрылман деп тұрмын,
Шамам келмей қалмаса,
Жез қармағыма ілінді.
Жиырмаға жасым жеткен соң,
Талай да айқай салғанмын.
Ел сыйлығын көп көрдім,
Өмірде жоқ-ты арманым.
Алшиып атқа мінген соң,
Арқадаға алты Әлім,
Желкедегі Жетіру,
Он екі ата Байұлы –
Аспанның астын шарладым.
Шарлап жүрген жерімнің
Өңгесін айтып нетейін,
Осы Таздың ішінен
Көргенімді-ақ айтып өтейін.
Біздің Таздың ішінде
Артық еді Байсары.
Байсарының ішінде
Алашқа аты жайылған
Құлманбет
Төремұрат, Өтендей
Ерлер еді-ау қайсары.
Олар кетіп қалған соң,
Ендігі мынау заманда
Дәулет біткен малдысы –
Қабылдың ұлы Игібай,
Қуанышұлы Тайжан деп
Айтушы еді жайсаңы.
Екеуі бірдей той қылды,
Екеуінің тойынан
Көрген істі айталы.
Екеуінің тойына
Қабатыменен барғанмын.
Түніменен жыр айтып,
Жалғыз шапан алғанмын,
Ұяттан шаршап қалғанмын.
Енді Шарғаның жайын айтайын,
Сегіз арыс Шарғада
Біздің Жиенбеттің құдасы
Шотаннан басқа байың жоқ,
Мен білмейтін жайың жоқ.
Мына жақта той қылды,
Сағыз деген бір судың
Тоғайыңа тығылып,
Елден бөлек шығынып.
Той қылатын ойы жоқ,
Тойға сойған қойы жоқ,
Құлманбет
Жиенбеттен барған бір бие
Отау жабар қылғанда,
Асқан етке таласты,
Бұлар да жолдан адасты.
Қылыштарын суырып,
Заманасын қуырып,
Көшбайдың ұлы Құлнияз,
Көбентайұлы Жанияз,
Өлтірем деп дүбініп,
Ездігі тұрды білініп.
Сағыз судың бойында
Бір тоқтыға таласып,
Мына тұрған Боранбай
Сексенге келген Шотанды
Жусанға сүйреп сабаған.
Тілеп алған баланың
Құрметі сол болса,
Шарғалардың қатыны
Ұл таппай-ақ, тас тапсын!
Қасқырдайын күшіктеп,
Әр шұқырдың ішінен,
Өздері-ақ өрсін даладан.
Шарғадан есті туған жоқ,
Нысанбекке неге айтпасқа,
Қалыңдығын әркімнің,
Күйеуге бермей, үйіне
Қартайғанша қамаған.
Бұ кісінің ішінде
Кімдер бар да, кімдер жоқ!
Құлманбет
Біздің алты Абдалдың баласы,
Бұған кімнің шарасы.
Аржағыңа қарасам,
Қарағұлдың Әуелбай,
Бүгін екі аты келді бәйгіден,
Бұған жоқ жанның таласы.
Онан соң мына Бегежан,
Кекілбайдың Бітірбай.
Сусынына ішкен шай.
Айсеттен туған баланың
Ортаншысы еді Қарабай.
Тіпті үйінен шықпаған
Ең кенжесі Адайбай.
Сегіз арыс Адайда
Қосқұлақтың ішінен
Көтібардан қыз алып,
Дабылы кетті талайға-ай.
Бұ кісінің ішінде
Кімдер бар да, кімдер жоқ!
Қанайдан туған бесеу бар,
Дайрабайдың Дәуімшар,
Құлметен менен Дәрментай –
Бәрі бірдей қара нар.
Менің даусым шыққан соң,
Бірі қалмай желігіп,
Қысырақтан мал салып,
Тоты құстай таранар.
Осындай топтың ішінде
Құлманбет
Жастабан мен Шарғаның
Бір мырзасын атасам
Дәулет біткен малды деп,
Қашайын деп жалтақтап,
Жан-жағына қаранар.
Қоспақ (төрелік айтады):
Тарпи да тарпи, Құлеке-ай,
Сен, таласты көрсең, желген ер,
Шылбыр тақпай әр жерде,
Көтермесіз келген ер.
Келегеніңнің белгісі –
Сонау Орынбордың басында,
Тілеуқабыл төренің
Алқасының қасында,
Жетірудың үш ақын,
Ең жүйрігі Марабай,
Жалғыз-ақ барып жеңген ер.
Мынау Ораз жат емес,
Өзіңнен шыққан сүйегің,
Анаңнан туған жиенің.
Сен шыныңмен кәрленсең,
Былайғы елден ұялып,
Қарсыласпас сізбенен,
Кәріңнен қорқып, жерге енер.
Оразбенен екеуің
Айтыса көрме таласып,
Қия бір кетсек қисайып,
Ата-баба аруағы
Бүгінгі күні тебіренер.
Құлманбет
Сен – Келдібайдың Құлманбет,
Мынау – Жастабанның Оразы.
Екеуіңді де мақтамас
Осы алқада көрген ер.
Аңғарсаң сынап тұрған-ды
Ақылы асқан зерделі ер.
Жиенбеттің тойынан
Тоймағандай қақылдап,
Азғантай ауыл Абдалдан,
Жастабан мен Шарғаны
Оразбенен екеуің
Бөлуге қалдың мақұлдап.
Айтайын деп сен тұрсың,
Ауыздығың сақылдап.
Абырой берген күн екен,
Ортаңа келдім жақындап.
Заманда болған бөрі едің,
Қанды көйлек ер едің,
Кешегі шалқып жүргенде,
Сан дүлдүлмен сайысып,
Талайын сөзбен жеп едің.
Ашуыңды көрген соң,
Дәнекер үшін, Құлеке-ай,
Екеуіңнің ортаңа
Сөйлейінші деп едім.
Қабыл-ақ екен тілегім,
Сол Ойылдан Теңірі айдап,
Мен де бүгін кез келдім.
Құлманбет
Бұ кісінің ішінде
Кімдер бар да, кімдер жоқ!
Жеті аталы Жетіру,
Арқадағы алты Әлім,
Сегіз арыс Адай бар,
Есентемір, Беріш бар,
Ысық пенен Шеркеш бар,
Қызылқұрт пенен Алаша,
Байбақты менен Тана бар...
Көрмеген халқың және бар.
Біздің елдің боз бала
Жоқ жоғалтып, әр елді
Екеу-екеу аралар.
Аралап жүрген күнінде,
Былайғы елдің сөйлескен
Әңгімесі бар еді.
Біздің Тазға біткен жігіттің
Бірқатары нар еді.
Нары кім деп сұрасаң,
Шарғадағы Нарынбай,
Жастабанның ішінде,
Төремұрат, Ер Өтен,
Келдібайдың ішінде
Бекет, Пыштан, Күнжарық,
Басықара, Серікбай –
Осылар елдің бары еді.
Таз деген ауыл бөп-бөлек,
Әлі жаудан аман жүр.
Бұрындағы жігіттің
Құлманбет
Бірқатарын батыр дер.
Бұ күндері болғанда,
Не дейтінін білмеймін.
Тоқтатайық тартысты,
Жиенбеттің тойында,
Мұқыр судың бойында,
Келдібайдың Құлманбет,
Жастабанның Оразы,
Азғантай ауыл Таз екен,
Сақылдасып айтысып,
Бүлдіріп елін жатыр дер.
Қашқынбай
Қожамбетұлы
(1830-1870)
ӨЛЕҢДЕР
Қашқынбай Қожамбетұлы
Әуелі, сөз бастайын жүрген жайдан,
Бір лебіз тыңдасаңыз Қашқынбайдан.
Еліне, Хиуаның болдың қонақ,
Дәм айдап бұл жерлерге келдік қайдан?
Алшында он екі ата Байұлымыз,
Ішінде Байұлының қай ұлымыз?
Сахара салқын самал, самиян жел,
Жақсы еді жаз жайлауға Ойылымыз.
Ішінде Қаратаздың Жастабанбыз,
Бір жүріс елден шығып бастағанбыз.
Қу таяқ көлденеңдеп қолға алып,
Әр үйдің есігінде қақсағанбыз.
Ішінде Жастабанның Байсарымыз,
Бұл жерді мекен етсек, жай салармыз.
Қыдырып ел жақсысын танығандай,
Келіп жүр осы күні қай сәніміз?
Жерімде жол бермеген едім жүйрік,
Келгесін Бесқалаға ақсағанбыз.
Әркімге етіп дұға, алып зекет,
Моллаға қарақалпақ ұқсағанбыз.
Қожамбет арғы атам Айдабол-ды,
Дәулетті ата-бабам айдап еді.
Сапарым осы кеткен келіспей жүр,
Талабым бұрынғы өткен қайда болды?
Сынадық ел қыдырып халық ғұрпын,
Біз сонан келіп көрдік Үрген жұртын.
Қашқынбай Қожамбетұлы
Ерінің мұңайғанын білетұғын,
Қаратаз қайда болды, қайран жұртым?
Мен Қашым дүниенің гүлін терген,
Аралап талай жұртқа нұсқа берген.
Сайраған бұлбұл құстай қызыл тілім,
Опасыз бұл дүниеден өтер ерден.
Жайықтың мен бір жүрген бұлбұл құсы,
Тәуекел ер жігітке Хақтың ісі.
Болғанда екіталай мәжілістес,
Әркімнің айрылады алтын, мысы.
Дұшпанның жамандамас жері бар ма,
Бұл Қашым қараған ба ықты-жарға.
Мың қарға тие ала ма бір сұңқарға,
Он жабы сатсам жетпес бір тұлпарға.
Айрылып жұрттан жалғыз жүрген кезде,
Көрмегей жолықтыра бейілі тарға.
Мақалы бұрынғының дұрыс болса,
«Көп кешер, – деген сөз бар, – сынық арба».
Қашқынбай Қожамбетұлы *** Айналайын Ыбыраш, Аман-есен келдің бе? Шырағым, сені жылаттым, Ағайынға сендім де. Ағайын, туған еске алмай, Әтендейін өлдім бе? Атаң пақыр сау болса, Жетер дәулет кемдігі. Көзіңнің жасы тыйылар, Сәламат болсаң ендігі. Шырағым, бүйтіп жүргенде, Қайда жүр едің, ағайын? Талай да жұрттан дәм татып, Сынадым қазақ талайын. Қазақтай малды баға алман, Қаламды қолға алайын. Ыбырашым, перзентім, Атаңды іздеп сен келдің. Сен келген соң, қарағым, Бес мыңдай ауыл ел болдым. Су ішпес адам сор едім, Шалқыған айдын көл болдым. Ұмытқандай біздерді, Ағайынға не қылдым? Жолыққанша, шырағым, Қайғының тонын жамылдым. Адам безер сараңнан, Жарлы болып жүрсем де,
Қашқынбай Қожамбетұлы
Жимадым малды харамнан.
Сен келген соң, қарағым,
Бүтінделіп бекіді,
Үзіліп белім бұралған.
Іздесе халқым табылман,
Мен де бір жылқы ұры алған.
Ыбырашым, перзентім,
Көтердің келіп белімді,
Тарқаттың іштен шерімді,
Алыста аңсап жүргенде,
Көргендей болдым елімді!
Бұдабай
Қабылұлы
(1830-1890)
Бұдабай Қабылұлы ӘЙЕКЕНІ ЖОҚТАУЫ 1. Әуелі Құдай жаратқан. Екінші сөзім – Мұхаммед. Бейнетті басқа бір өлім, Мұхаммедке болса үмбет. Жылады деп сөкпеңіз, Жиналып келген әлеумет. Ақырын Алла бермесе, Орнады бізге бір нәубет. Қарадан шығып хан болса, Қиын екен хүкімет. Хүкіметті құрысын, Тарткызып кетті-ау тақсырет. Басымда менің қайғы көп, Аузым – жалын, ішім – өрт. Айналайын көкежан, Қараның болдың ханындай. Қарайғанды ықтаттың Қамысқа түскен жалындай. Адыра қалды ақ ордаң Иесіз қалған ауылдай. Көсегемді көгерттің Көктемдегі жауындай. Жерілмей қалды жеңсігім Жаңа бір піскен қауындай. Аға деп арқа сүйейтін Арқада жатыр Ағыбай. Әйтілеу болса қартайды Тұғырдан түскен жабыдай. Орта жүздің көркі едің Қоңыраулы бұйра нарындай,
Бұдабай Қабылұлы Ай мүйізді қошқардай, Қол жетпейтін асқардай. Порымың, көке, бар еді Рүстем шері Дастандай. Сақылығың бар еді Баязит пенен Бастандай. Қазылығың бар еді Хазіреті Омар, Оспандай. Үммәтқа белді байладың Алланың құлы арыстандай. Үлгілі қылып сөз айттың Тәпсірден шыққан дастандай. Құрама жиып ел қылдың Еспенің көзін ашқандай! Қара суды қайнатып, Қаймағын алған бар ма екен? Қара нарды зарлатып, Тайлағын алған бар ма екен? Әйекем менің сыймайтын – Дүние сонша тар ма екен?! 2. Кешке таман болғанда, Күтумен көз талғанда, Дауысы шықты арбаның. Бір ауыз сөзі есітпей, Ішімде кетті арманым. «Ой, бауырымдап» ат қойып, Күңіреніп кетті жан-жағым. Жылағанда, қайтейін, Бұйрығы болса Алланың! Кешке таман болғанда,
Бұдабай Қабылұлы Күтумен көз талғанда Арбасы келді сүйекпен. Елі-жұртын өксітіп, Езілтіп кетті жүректі. Еспе – Сарысудың бір саласы. Ойымда жоқ өлері, Көңілім жоқ-ты дір еткен. Боздағымды бозартып, Жарақаты жүдеткен. Атқан күнін ойласам, Дүйсенбіде, түн бе екен? Әйекежан ауылдан Мезгілсіз шыққан күн бе екен Ажалға біткен жалғыз оқ Айнымай қалай тиді екен? Орта жүздің арысын Өлімге қайтіп қиды екен? Кұдіреті Құданың Алпыс екі алуан. Желекке келген жерінде, Жарадан ақты қызыл қан. Ақыры мұндай боларын Ақылмен болжап таныған. Елі-жұртын көрмекке Шыққан екен қаладан. Мұратына жете алмай, Үзіліп кетті далада! 3. Ел бастаған жастан-ды-ай, Қой бастаған қошқардай.
Бұдабай Қабылұлы
Артықша оған бақ берді,
Қарадан шығып тасқандай.
Не жазығы бар еді
Екпінін тез басқандай?
Көңілім жаман шошиды
Қасқыр көрген лақтардай.
Ауылға шейін жеткізді
Абдолла берген арбасы.
Көз жасын көл еткізді,
Іші-бауырын өрт қылды,
Қазақтан бетер кайғырды –
Өзбектің бөлек таңбасы!
Сәден менен Тәшімнің,
Таусылды ақыл-айласы.
Хабар күтіп қайрылды
Атасы мен анасы.
Ақырын алда бермесе,
Дұшпанның өтті табасы.
Бұл іске тағы кез келді
Үзеңгі тартқан жолдасы.
Бәрі ұйлығып жиылды
Ишан, қожа, молдасы.
Сәрсенбі күні сәскеде
Жерге тиді жамбасы.
Әйекем еді шалқар көл,
Көзімнің жасы болды сел.
Әйекемнен айрылып,
Талауға түсті қалың ел.
Әйекем еді шынарым,
Білмей де қалдық сыңарын.
Бұдабай Қабылұлы
Ағайынның арасы
Ажырасса осылай,
Басымыз бір қосылмай –
Білмедім немен тынарын...
Аңқып ұшқан пырағым!
Арғын, қыпшақ, құлақ сал
Бұдабайдың сөзіне.
Сабырға кел бірауық
Сана болса өзіңде!
Айтатыным алдыңда –
Ағекемнің дастаны-ай,
Жұмыр басты пенденің
Ажалдан бар ма қашқаны-ай.
Мен отырмын ортаңда
Өксігімді басқалы-ай.
Жалған деп қайсың айтасың,
Орта жүзден асқаны-ай.
Артықша туған ерімді
Мақтайын, босқа қақсамай.
Бес күндік жалған дүние,
Болармысың бейопа?
Жаны ашыған ағайын,
Боздағыңа қыл бата!
Жоғалды жарық жұлдызын,
Жоғалды алтын ақ сақа!
Татулықтан айрылып,
Қанатымнан қайрылып,
Көк болаттай майрылып,
Көңілге түсті көп қапа.
Болмашыға таласып,
Бақ-дәулетті санасып,
Бұдабай Қабылұлы Тартқыздың неге көп жапа? Өлген үшін өлмек жоқ, Жүреміз де айта-айта! Жарылған мұздай күңіреніп, Жаралы қудай ыңыранып – Тұғырдан ұшты есіл ер Дүйсенбі күні таң ата! 4. Аспан асты желдетті, Түнек басты жер-көкті. Жел аударған қаңбақтай Желкені ұшқан көл кетті. Жалаңаш қалған жапаннан Жабырқаған ер де өтті. Көз жұмған соң Әйекем, Қадірі артып елге өтті. Ағасынан айрылып, Арғынды Құдай еңіретті. Арманда кеттің, қайтейін, Дауа таппай жаныңа-ай! Ажал құрық салған соң, Табылмас дәру тарыдай. Ауылдан кеттің аттанып Ақмешіт деген қалаға. Қалаға барып жолықтың Өсек-өтірік, жалаға. Ту сыртыңнан атқандай, Қызыл қанға батқандай Не жазығың бар еді Үлкен-кіші, ағаға?! Болыстыққа таласып,
Бұдабай Қабылұлы
Кезігіпсің қазаға.
Аман жүрсең, ағатай,
Артыңда қалған ағайын
Болмас па еді садаға?!
Ай батқандай қызарып,
Күн батқандай ұзарып,
Келмеске енді жөнелдің,
Қысылғанда, қырмызым,
Халқыңа бар-ды керегің.
Артыңдағы еліңді
Иесіз қалар демедің.
Ақылың жүйрік болса да,
Азға тиді көмегің...
Ішіңе сыймай кернеді
Қайратың мен өнерің.
Өрге жүзген нәһандай
Сол өнерден не көрдің?!
Жолықтырған ажалға –
Менмендік болды себебің!
Дүбір-дүбір ат қандай,
Үй сыртында жортқандай.
Айдалаға қараймын
Ағекем келе жатқандай.
Қанша досың бар еді
Сый-сыбаға тартқандай?
Қай сүйенішің бар еді
Көңіліңе жаққандай?
Бақталасың көп еді
Жанын жалдап сатқандай.
Арманда кеттің, көкежан,
Қарауыл қойып сақтанбай!
Бұдабай Қабылұлы
Осыны көріп мен-дағы
Өлімнен болдым қорыққандай.
Жалғыз жатып болдың мерт,
Басыма түсті қайғы-дерт.
Қара шашы жайылып,
Қосағынан айрылып,
Жарың қалды ақша бет.
Әжібайдың баласы –
Досыңыз еді Тоқпамбет.
Құдаларың әне отыр –
Алшынбай мен Еспембет.
Бар сүйенішім сендерсің,
Көзің қырын салып өт.
Жетім-жесір баланың
Мандайынан сипай кет!
Ердің өзі өлді деп,
Әруаққа болма шет!
Құдай салды, біз көндік,
Айықпайтын таптым дерт.
Бұдабай Қабылұлы
БҰДАБАЙДЫҢ ӘЛМӘМБЕТ БОЛЫСҚА
АЙТҚАНЫ
Жыласаң жылаушы едік, күлсең күліп,
Араға бір сұрқия салды бүлік,
Даладан жем таппаған қара құстай,
Кетпесін ақырында өзіңді іліп.
Күшті екен құдіреті нашан құдай
Жүріңдер ешнәрсені пашам қылмай.
Басында татулықпен ішілген бал,
Кетпейді ақырында нашар қалмай.
Бұл жерде қанша дос бар, қанша қас бар,
Балалар, мұнша неге болдың құштар?!
Мерт болып мүйіздерің қап жүрмесін,
Соғысып бір қорада өңшең қошқар.
Қалназар, Қайыпназар, Жүсіпназар,
Тіл алсаң, бұл жұмысты қой, мырзалар,
Қой-дағы ашуыңды ақылға тос,
Топтанған тозған қудан қарға да озар.
Әлеке, ол білмесе, сіз біліңіз,
Әлі де білмегенін білдіріңіз.
Сенбеңдер, құдайға сен, күштеріңе,
Сыпарлық сақтамаңдар іштеріңе.
Бабаңның әруағы бүйте берсең,
Енбей кетіп жүрмесін түстеріңе.
Балалар, жүр екенсің түрің келмей,
Біріңнің айтқаныңа, бірің көнбей.
Өрекпіп күннен күнге көңілің тасып,
Би болғың келген екен бәрің бірдей.
Кемпірбай
Бөгенбайұлы
(1834-1895)
ӨЛЕҢДЕР
Кемпірбай Бөгенбайұлы
ҚИСЫҚ БАТЫРҒА КЕМПІРБАЙДЫҢ АЙТҚАНЫ
Ертеде Арқада Андас деген батыр болып, одан Қылжыр
туады. Қылжырдан Қисық туады. Бұл мойны қисық, бойы
бір тұтам болады. Ол ер жете келе, даңқты батыр атана
ды... Түр-сыпатына қарамай, елден таңдап жүріп, Аталы
Мәңкенің қызын алып, ақ орда тігеді. Арқаның атақты
Кемпірбай ақыны өз заманындағы даңқты батырдың
жүзін көріп, сәлем берейін деп, Қисықты іздеп келеді.
Қисықтың үйінде маманың айналасын сыпырып жүрген
құйттай құржыққа, менсініп, жөнді сәлемдеспей-ақ, үйге
кіреді де, Қисықтың әйелінен батырды сұрайды. Әйелі:
«Даладағы жүрген батыр» деп жауап береді. Кемпір
бай қатты сасып, енді өлер жеріме жеткен екенмін деп
қысылып отырғанда, батыр үйге кіріп келіп, босағада ілулі
қылышты алып, алдына көлденең қояды да, ақынның де
несін бұралап, тақымына басып отырып, «Кәне, батыр, не
айтуға келдің сөйле!» – дейді. Кемпірбайдың зәресі ұшып,
аузына түскен өлеңді айта жөнеледі:
Келіп ем батыр іздеп көрейін деп,
Пайғамбар ақ сәлемін берейін деп.
Өзіңе сәлем бермей кіргеннен соң,
Ыза болып қапсың маған өлейін деп,
Ер едің заманында қақпа болат,
Мал мен жан құдай сүйер жақта болад.
Ауылдан сізді көре шығып едім,
Өзіңе шыбын жаным қатты аманат.
Ақын ем Сарыарқадан іздеп келген,
Әлгінде амандаспай көрген жерден.
Дариға, Кемпірбайдай ақыныңа
Осы ара құдай жазып, өлген жер ме ең?
Айтайын өлмей тұрып зарымды енді,
Кемпірбай Бөгенбайұлы
Көсілтіп көмекейден барымды енді.
Қызырлы заманында батыр бопсың.
Қия гөр бір қасықтай қанымды енді.
Бұл жолдан басым аман қалар ма екем,
Кептесіп әңгімеге қанар ма екем?
Ашуың сондай қатты көрінеді,
Ауылға өлмей тірі барар ма екем?
Осы үйден аман кетсем өлмей тірі,
Бола ма ердің бейнет көрмейтіні.
Ақын ем атым шыққан мен Кемпірбай,
Алдыңа іздеп келген бүгін міне.
Тап бердің келген жерден қылыш ала,
Сұраусыз кетер деме өлсе құны.
Сонда батыр әйеліне ым қағады. Әйелі жібек шапан
әкеліп, ақынға жапқанда, батыр Кемпірбайға: «Шық
үйден» – деп айқайлайды. Кемпірбай үйден шыға берген
де: «Тоқта» – деп ақырады. – Сен ата-бабамды айтпай, өз
басыма қонған бақытты айттың. Ойланбай, енді өзімді жа
манда, бол, тез айт – деп қаһарланады. Кемпірбай сөйлей
жөнеледі:
Белгілі сенің атың Андас жаман,
Үстінен жаман күпі алмаспаған.
Тәттімбет тәтті қожа қайда кеткен,
Берді екен Мәңке қызын қайтып саған?
Мейманды іздеп келген сонша қинап,
Ісі осы көргенсіздің нағылғанмен.
Оншама текті болсаң, бүйтер ме едің,
Кемпірбай Бөгенбайұлы
Жаманға жан қалмайды жалынғанмен.
Әр үйдің атаң жүрген малын бағып,
Шешең жүрген күңдікте отын жағып.
Қисайтып елде еркек құрығандай,
Қойды екен батыр қылып сені нағып.
Атаңыз онан бергі Қылжыр еді,
Жөн білмейтін бос белбеу, былжыр еді.
Сол Қылжырдан бүгінде сіз туыпсыз,
Қай сөз түссін аузыма құрғыр енді.
Кей күні көңілің келсе көлкілдейсің,
Көжедей қатығы жоқ мөлтілдейсің.
Жерінде бойың тұрған боғың қатып,
Ашуың келіп қалса селкілдейсің.
Атқа мінсең, кәдімгі тақадайсың.
Тәрізің шөлдеу жердің масасындай,
Қамшың бар дуананың асасындай.
Қарасаң, бас-аяғың бүрісіп тұр,
Сен неме қайдан таптың қасасуды-ай.
Қатының сұлу екен алған таңдап,
Қасында ұялмастан жатасың ба-ай?!
Мінезің жаман екен доңыздай боп,
Шүмпиген бақсы ұстаған қобыздай боп.
Қатының таңдап алған сұлу екен,
Қасында жатсың қалай қоңыздай боп?!
«Бұл айтқандарыңыздың бәрі рас, егер мал болсам, не
менеге ұқсатар едің, соны айт» – деп бұйырады, Кемпір
бай не де болса айтып өлейін деп, былай деген екен:
Қой болсаң болар едің тоқты ғана,
Сарыала құйрық жағың боқты ғана.
Кемпірбай Бөгенбайұлы
Үйіңе екі кісі мейман келсе,
Соя салсаң ыңғайлы бопты ғана.
Ешкі болсаң болар ең қара серкеш,
Қыңыр қисық, сабалақ дара серкеш.
Желді күні малымды желге бастап,
Кесіріңді келерсің ала серкеш.
Түйе болсаң, болар ең қотыр қоспақ,
Ел көшкенде жүрер ем босқа қостап,
Босқа жүріп көшіме ілеспесең,
Сабап-сабап кетермін жолға тастап.
Сен болсаң жүк көтермес қотыр үлек,
Жатар ең әрбір жерде көлге түнеп,
Бағаң жоқ бес тиындық болғаннан соң.
Азаға салар еді әркім тілеп.
Ол болмасаң, болар ең тайлақ деймін,
«Қаңғи берсең» қояр ем байлап деймін.
Құдайыңа құлдығың айтар шақта,
Ертеңіне келер ем айдап деймін.
Сиыр болсаң, болар ең қара тана,
Қақпалап мінер еді бала-шаға.
Жерінде бойы тұрған боғы қатып,
Ашуын бұл неменің қарасаң,ә !?
Алдыңа сәлем бере келгеніміз,
Біз едің заманында ермегіңіз.
Мейманды іздеп келген сонша қинап,
Жүгенсіз бір-ақ шапан бергеніңіз.
Кемпірбай Бөгенбайұлы
Егер де ат пен шапан берер едің,
Бар болса бұдан бөтен көргеніңіз.
Мейманды үйге келген сонша қинап,
Мұнан да жақсы емес пе өлгеніңіз.
Қопарып ар жағыңды ашып бердім.
Қалды екен айтылмаған енді неңіз?
– Ақын неме екенсің, әрқашан да маған өлең айтып
тұр, – деп, Қисық батыр Кемпірбайға атақты торы атын
қоса мінгізеді.
Кемпірбай Бөгенбайұлы
КЕМПІРБАЙДЫҢ ӘСЕТКЕ АЙТҚАНЫ
Көңілді Әсет келді көтергелі,
Болмайды кеуде шіркін жөтелгелі.
Артыма бір-екі ауыз сөз тастайын,
Басымды жастықпенен көтер бері!
Өлсем де «Көк кептерге» бір соғайын,
Қу тақтай екі ішекті әпер бері.
Аузыма айрыларда сөз салмасаң,
Қонғаның, өлең шіркін, бекер ме еді?
Ал енді шіркін көмей былпылдасын,
Сөзімді әшиесіз кім тыңдасын.
Ішінде Арғын, Найман салдым айғай,
Не кылып шіркін көмей жыртылмасын!
Мойынға әзірейіл салса құқық,
Білемін ғазиз жанның құтылмасын.
Кемпірбай бұл дүниеден көшіп кетсе,
Білемін енді өзімдей ұл тумасын.
Суырған қынабынан наркескендей
Әр жерден қызыл тілім қылтыңдасын.
Көңілімді Әсет сұрап келгеніңде,
Шаба алмай кәрі тарлан сылпыңдасын.
Боз шапса, боз озбай ма буырылдан,
Мен шапсам, жер танабы қуырылған.
Жай тастап, құлашымды алып жылдам,
Жабының күнде озушы ем тұғырынан.
Біреумен алтын жүзді дос-жар болмақ
Өзіңнің бойға біткен пығылыңнан.
Келсе де тоқсан ақын, торай бермей,
Мен дағы озып жүрмін ығылымнан.
Ер Дәуіт жеті жаста иектеген,
Кемпірбай Бөгенбайұлы
Жасыңның суын іштім құдығынан.
Тереңдеп Сырдың суы қаптаса да,
Сонда да келмеуші еді жұлығымнан.
Әй, Әсет, осынау дерттен мен өлемін,
Науқасым меңдеу тартты бұрынғыдан.
Ұшса да қанат байлап аспанменен,
Өлімнің кім құтылар құрығынан.
Сұрасаң хал-жайымды, Әсетжаным,
Жатырмын ұшайын деп тұғырымнан...
Әсетжан, осы аурудан өлем білем,
Алланың аманатын берем білем.
Кеудемнен көкала үйрек «қош» деп ұшты,
Сол шіркін кәрі жолдас өлең білем.
Басымда отырды өксіп қимай, тоқтап,
Кете алмай бөтен жаққа, айналсоқтап.
«Серігім, қош, аман бол, Кемпірбай» деп,
Жылады бұрынғы өткен күнді жоқтап.
Әсетжан, осы ауру коймас білем,
Алланың әмірі екі болмас білем.
Қамығып, «қош» деп жылап, ұшып кетті,
Осы өлең Серкебайға қонбас білем.
Сәлем айт Арқадағы хан-қараға,
Қара Ертіс, Қарқаралы жандараға.
Атығай, Қарауыл мен өрдегі Үйсін,
Қараөткел таныс едім екі араға.
Семейде топырағым болар білем,
Кемпірбай – дұға қылсын бейшараға.
АЙТЫС
Кемпірбай Бөгенбайұлы
КЕМПІРБАЙ МЕН ШӨЖЕНІҢ АЙТЫСЫ
1-НҰСҚА
1880 жыл мөлшерінде. Қырғыз ақыны Шөжеменен
Арқада Арғын елі бошан руында Кемпірбайдың айтысуы.
Кемпірбай сөзі:
Аллаға тағатсыз құл ағасы болды,
Отызда Кемпірбайдың жасы болды.
Шілденің он бесінде сауын айтып,
Жаныстың Сәтбайының асы болды.
Тәуекел дариясына бетім жудым,
Әзілде онан қорықсам неге тудым?
Сол асқа жұрт жиналған барайын деп
Жаратып жалғыз көктің тілін будым.
Талаймен салып едім жанжал жауға,
Жасаған, бергеніңе қылдым тәубә.
Сыртынан қаралы үйдің жетелеткен,
Жолықтым келе жатып шөже дәуге.
Соқырмен бір сөйлесіп қалайын деп,
Сол жерде ала қойдым омырауға.
Бес намаз он екі имам жанға пайда.
Қалайын бір сөйлесіп осындайда.
Біреуге мал, біреуге бас қайғы деп,
Барасың, соқыр азбан, жаяу қайда?
Шөже:
Жүзіндей ұстараның жалған дүние,
Түсіп ең мені көріп қандай күйге.
Жаныстың Сәтбайының дұғасына
Кемпірбай Бөгенбайұлы
Барамын құран оқып қаралы үйге.
Мен өзім айменен болса маған тиме,
Жиналып ел жақсысы тұр деген соң,
Бергелі қалса сәлем болып биге.
Қайырмасы:
Уал – уал, есік алды бал қурай,
Басына қонар бозтарғай.
Кімнен дәме қыласың?
Ғатыл надан Кемпірбай.
Бүгін өліп тірілсең,
Болалмайсың соқырдай.
Бажаланып итше үрмей
Кет алдымнан жүр былай!
Өз бойыңды байқамай,
Соқтығасың сұмырай.
Қилу лилу – лилулай
Лилулай
Лилулай.
Кемпірбай:
Асыма шақырмаған келдің жетіп.
Алатау асқар белден көктей өтіп.
Арқада хожа, молда жоқ дедің бе?
Соқыр ит, кім шақырды жетелетіп.
Басыңда дағарадай сәлдең барсып,
Молдаға өзіңді үкәз есептетіп,
Қарасам әзәзілдай көзің қылый,
Арқадан айдатармен кісендетіп.
Кемпірбай Бөгенбайұлы
Шөже:
Жасымнан дін ислам жеушем қамын,
Сөйлеймін мойныма алып талай заңын,
Айтысып ешбір ақын жеңген емес,
Сен қылармын деймісін енең (....)
Мұқтасар тілім майда тақта сындай,
Бұхардың омырауым қақпасындай.
Айтысып он жеті ақын жеңе алмаған,
Бұхардың алаяқпын шақтасындай.
Орынбай, Шортанбайда түк қылған жоқ.
Сен қыларсың.... қақбасынай,
Қайырмасы:
Уал – уал, есік алды тал шіркін,
Ұстатпайды мал шіркін.
Қоржын толмас қу тапал,
Бұл тілімді ал, шіркін.
Арыстанмен алыспай,
Ақылыма нан шіркін.
Иттей үрмей, Кемпірбай,
Кел артымда қал шіркін.
Кемпірбай:
Бұл елге ақын болған Шөже қайдан,
Орынбай дәндеп қалсын Шортандайдан.
Жас өсіп, жарлы байыр заман болды,
Жүрмесін көзің шығып Кемпірбайдан.
Жолықпай жақсы ақынға тіпті асыпсың,
Берермін сыбағаңды, соқыр азбан.
Боқ ауыз өзі тантық ит дөрекі,
Көрмегем сендей арсыз бір талайдан.
Кемпірбай Бөгенбайұлы
Шөже:
Көңіліңді қой, Кемпірбай, тындырармын,
Асса құдай қалса аруаққа ұрдырармын.
Алтайдан түлеп ұшқан ақсұңқармын,
Топшыңды қанатыңмен сындырармын.
Салмағы ол көзімнің бұл көзімде,
Алланың әрне қылса ерік өзінде.
Бар болса кереметің көзімді жаз.
...жазалмасаң қой сөзіңді.
Қайырмасы:
Уал-уал жастан қалған көзімді,
Дәмді қылған сөзімді.
Маған тең ғып Кемпірбай,
Отырмысың өзіңді?
Мен надан ба сен надан,
Үйде отырып болмайды,
Нәпсім жұртқа кезілді.
Айдап келген құдайым,
Түзететін тезіңді.
Кемпірбай:
Сенімен қой, соқыр, көп сөйлеген,
Көрмедім сендей арсыз жаннан кешкен.
Болғанда сен ақиық мен бидайық,
Топшыңды қанатыңмен қимай түспен.
Елінде бошан шаншар декдарлы едім,
Ішінде ауған қырғыз сен жарлы едің.
Көзіңді көрінгенге төле дейсің,
Шыққанда сенің көзің мен бар ма едім.
Шөже:
Қап – қара кесек күңнен туған,
Хан болып Қазыбегің белін буған.
Кемпірбай Бөгенбайұлы
Жасынан аға сыйлап көрмеген ит,
Сөйлейсің қалай-қалай сен, ант ұрған.
Сен қашан орай едің меніменен?
Кісіме мен лайық сеніменен.
Әншейін шұқанақтың лай суы,
Тең боппа дәрияның көліменен.
Қазандай бұрық – сарық етіп бір қайнасам.
Сорпамның май боларсың сөлі менен,
Қой, байғұс, салындыға ораларсың,
Бір аққан тақымымның теріменен.
Кетемін ашулансам талқан қылып,
Қой бірге жайылмайды бөріменен.
Туғанның Бөгенбайдан бәрі жынды,
Болған ба шешең ойнас феріменен?
....уал-уал, Кемпірбайдың итінай,
Алаңғасыр қыртынай!
Арыстаннан дәм қып,
Бейшараның құлқындай!
Осы маған лайықпа?
Қазылашы, жұртым-ай!
Кемпірбай:
Қалайша сен соқыр ит алшаңдайсың?
Бұл елден қайыр тілеп жаутаңдайсың?
Беруге саған қайыр мүмкін емес,
Сен он қияметте қайтармайсың.
Мысықша көзің жұмып жеп-жеп алып,
Пәленнен соны алдым деп айта алмайсың.
Айтуың маған мақтан дұрыс емес,
Арқаны жылда келіп сайқалдайсың.
Қырғызбай симай шығып мұнда келіп,
Шығарған айғыр құйып байталдайсың.
Кемпірбай Бөгенбайұлы
Шөже:
Бір құсын жеңілсең де жалтармайсың,
Тоқталып бөтен сөзге қалтармайсың.
Ризығын жұрттан терген алаяқты,
Тілемсек, мұндар кедей, қайтармайсың.
Қабағын бай қайырып ит байлайды,
Аздырған Қарынбайды шайтандайсың.
Кемпірбай, менде көз жоқ, сенде көз бар,
Кітапта сопы алдияр құрған тез бар.
Сен итті не айтты деп сөгейін бе?
Ит үрер керкен кешер деген сөз бар.
...уал-уал: күә қылып сөйлейін,
Бошандағы адамды,
Кісі деп қашан ойлаушы ем,
Сен секілді наданды.
Қой дегенді қоймасаң,
Берермін сенің жазаңды.
Айтқан тілді алмасаң,
Тартқызармын сазаңды.
Сұр мергендей соқтығып,
Іздеп тұрсаң алжалды.
Кемпірбай:
Сөйлейсің қалай қалай, соқыр нардан,
Тиеді сөзің суық жауған қардан.
Абылай Кенесайы үркіткенде,
Қара үйде әкең қаржаң аштан қалған.
Қырғыздан сол сапарда күн көре алмай,
Шешеңіз Қара өткелге қаңғып барған,
Орыстан шашырап деген шошқа бағып,
Кәпірдің суқарынан көрек алған.
Кемпірбай Бөгенбайұлы
Арқаның мырзасынан алып-алып,
Сөйлесін маған мақтан соқыр қайдан.
Шөже:
Ант айтқан, тәңір атқан, кері кеткен,
Мойнына көкшолақтың ері кеткен.
Ақтабан шұбырынды көп сөйлеме,
Мен бе едім қазағыңды тентіреткен?
Ішінен кең түбектің қайың сауып,
Бөгенбай сенің әкең Семей кеткен.
Қатынын орта жолда нанға сатып,
Кедейлік сенен қашан маған жеткен.
Ежелден қыр қыдырған сусыдыра ған,
Көтің көн шалбарың бұрын кеткен,
Кемпірбай, білмеймісін өтерімді,
Артыңнан шапсам қуып жетерімді.
Неменей Қаракесек тілемсек ит,
Япырмау осы қайдан көтерілді!?
Сен түгіл әкең таппас бір сөзді айтып,
Қол бойы түсірейін көтеніңді.
Кемпірбай жерде не бар? Көкте не бар?
Жаратқан неше жұпат қадыр жанар?
Алланың достысы кім, дұшпаны кім?
Өзіңнен сұрайтұғын сауалым бар.
Қай күні ғарасатта майдан болып?
Қай күні өлім қошқар бауыздалар?
Қайтадан адамзатты тірілткенде,
Барша жан қай арада қайран болар?
Күнәсін пенделердің кеше гөр деп,
Қай пенде пенделерге жәрдем қылар?
Аймалғұн күнәйіңді мойныңа ал деп,
Кемпірбай Бөгенбайұлы
Қай пенде шайтандарға қазы болар?
Қолына қанлы тонмен кесе алып,
Кімнен кім қияметте құнын даулар?
Мені де шапағатыңнан тастама деп,
Кімерсе оттан тонын киіп тұрар?
Алланың әмірімен пәрмен болып,
Кімге-кім қияметте не хақланар?
Жиналып көп халайық ет жесін деп,
Тойына екеуінің не сойылар?
Тойының екеуінің қызығы үшін,
Кімнен-кім қияметте күрес салар?
Ысырап қып жәһәнімнің қылар қарар,
Уал-уал: оқымаған адамсың,
Білімсіз білден жамансың?
Менен басқа қазаққа,
Қара қасқа қабансың.
Ұшып бір өрге шырқасам,
Шаңымды көрмей қаларсың.
Соқтықпай маған жүргенде,
Өзге ақыннан амансың.
Жат дүниеге апарсам,
Қамалып сонда қаларсың.
Кемпірбайдың шешкені:
Болғанда жерде мәді, көкте ғайсы,
Жаралған алты күнде осы дүние.
Жаратқан жүнатлықты енді айтайын,
Білмесең олақ уалды менен сұра.
Оттан екі нәрсе жаратқан қадыр алла,
Бұлардың орны болар жәһәнімда.
Болғанда бірі тәблет, бірі жәблет,
Ұқсаған жылан менен хайуанға.
Кемпірбай Бөгенбайұлы
Әзәзіл осылардан пайда болған,
Айуанша құйрығынан шағылғанда.
Жеті хат жер астында көк өгіз бар,
Дүние бұзылғанша өлмей тұрар.
Қай күні ғарасатта майдан болса,
Сол күні өлім қошқар бауыздалар.
Қайтадан адамзатты тірілткенде
Жетпіс жыл қабір үстінде хайран болар.
Күнәсін пенделердің кеше көр деп,
Пендеге төрі шәһәряр жәрдем қылар.
Ей, малғұн күнәңді мойныңа ал деп,
Шайтанға иман ағзам қазы болар.
Қолына қанды тонмен кесе алып,
Бибіфатима Хұсайынның құнын дауалар.
Мені де шапағатыңнан тастама деп,
Абужаһел оттан тонын киіп тұрар.
Алланың параманымен парман болып,
Мәриям Мұхаметке не хақланар?
Жиналып көп халайық ет жесе деп,
Тойына екеуінің қызығы үшін.
Қаһарман ғалименен күрес салар.
Ерғали дәрежесі артық еді,
Арыстан бір мүдіртіп жұлып алар,
Екінші қайта келіп тіленсе де,
Күресуге ерік бермес періштелер.
Соқыр ит әкең қаржау басы бар ма?
Тағы да сұрайтұғын енді нең бар?
Шөже:
Ей, надан, көп мақтанба оңай сөзге,
Жаныңды көрсетермін қазір көзге.
Кемпірбай Бөгенбайұлы
Түзелмей көптен бері қисайыпсың,
Бұйырса түзетейін әділ тезге.
Бір дәрхат дүниеде бұтағы бес,
Болғанда оғы он төрт, садағы бес.
Қыны үш, қылышы алты бір жапанда,
Таппасаң екі сөзді болады күш.
Қыны үш құптамаша байқағанға,
Сен егер білгіш болсаң осыны шеш,
Уал-уал: желікпе тамыр қыл сабыр.
Екеумізді ел таныр.
Қатарласып сөйлессек,
Сенен көрі мен тәуір.
Шөже деген атым бар,
Қарлататын мен дауыл.
Кемпірбайдың шешкені:
Ол дарқат дін ислам күллі жанға,
Бұтағы бес намазы мұсылманға.
Дегенің садағы бес бес парыз тұр,
Секілді міндет қылған дін исламға.
Дегенің оғы он төрт намдат бесін,
Мәселе оның сірә қылдың несін?
Тексеріп парыздарды жұмбақ қылған,
Айтайын қу соқырдың әңгімесін.
Бұл жұмбақ сізден бұрын көп жайылған,
Күрсіде ғалам басы екі айрылған.
Қыны үш деген сөзің уәтәр уәжип,
Пайғамбар алып қайтқан меғраждан.
Бірінші бәлесіне сабыр қылмақ,
Екінші қазасына мойын бұрмақ.
Жауабы парыз ғайын осылайша,
Бар болса тағы қамың қамданып бақ.
Кемпірбай Бөгенбайұлы
Шөже:
Кемпірбай, бұл сөзімді табаласын,
Бұл сөзім орта жүзді ағаласын.
Қойқаптың алатаумен сеңгіріндей
Шөжемен жаннан қорықпай жағаластың.
Бермеген Алла нысап, бәяпар ит,
Болам деп сенде мендей қағынасын.
Қансонар бұл майдандан ит боп қалсаң,
Басыңа қатын жаулық салынасың.
Алланың аятынан түк білмейсің,
Менімен сөйлесуді не қыласың.
Уәтини уәзззәйтүни уәттури синина деген аят,
Тауып бер осы сөздің мағынасын?
Уал - уал: Ей, Кемпірбай ақымақ,
Сенің теңің мен бе едім?
Тіктесуге менімен,
Жарайтұғын сенбе едің?
Сен ақпа менің көргенім.
Көрерсің әзір әкеңнің,
Тірідей жерге көмгенің.
Кемпірбайдың табалмай қалып айтқанын
Соқыр ит мына сөзден кәпір болдың,
Айырылып алал малдан тақыр болдың,
Өлеңге құдай сөзін қосамын деп.
Қатының талақ деп өзің кәпір болдың.
Шөженің өзінің шешкені:
Кемпірбай жай жүр десем жай жүрмейсің,
Ит хайуан жақсы жаннан түңілмейсің,
Сен итпен былшылдасып отырмаймын,
Кемпірбай Бөгенбайұлы
Алланың аятынан түк білмейсің.
Уәттини тұрмауына муса барған,
Алладан төрт мәселе жауап алған.
Көрсет деп дидарыңды жалынғанда,
Дидарын Мұсаны аяп тауға салған.
Үш рет халық жаққа қарағанда,
Асқар тау алдындағы от боп жанған.
Мұсаның өзі еріп қорғасындай,
Тағаны басып кеткен таста қалған.
Осындай дәлел сөзден түк білмейсін,
Алдымнан былшылдамай кет ит арман.
Уал-уал: атым Шөже ала аяқ,
Сен орайсың халайық.
Бүркітпен ойнап қарғадай,
Мен болдым ба оңай-ақ.
Шөже жеген лашын,
Сөйлейді сөздің пасын.
Жалпылдаған, қу қарға,
Қыранға жетпес құлашың.
Төбеңнен құдай ұрған соң,
Осымен тоқтап тұрасын.
Отырма ең арғын болып көптейін деп,
Екен деп жалғыз қырғыз етпейін деп,
Сен итпен былшылдасып отырғанша.
Қаралы үйде қатындардан ет жейін деп,
Уал-уал: Шөженің сөзі асылы,
Кемпірбай сөзі жасыды,
Мен жылқының айғыры,
Сен есектің қашыры, – деп жүрген кеткен.
Кемпірбай Бөгенбайұлы
«Кемпірбайдың жеңіліп қалып айтқаны»
Өзімде жүруші едім секемделіп.
Соқтықтысы сонадайдан көптен келіп.
Соқырға жан тимеген соқтыға деп,
Жығылдым төрт аяғым көптен келіп.
Кемпірбай Бөгенбайұлы
ІЛГЕРІ УАҚЫТТА КЕМПІРБАЙ МЕН ШӨЖЕ
АЙТЫСЫ
(2 НҰСҚА)
Ақын ба топта тілін беземеген,
Ақын сол бойын көпке тежемеген.
Жаныстың Сәтбайының асы болып,
Кемпірбай айтысыпты Шөжеменен.
Баласы Қуандықтың Алтай Қарпық,
Шөп жейді атан түйе қардан тарпып.
Байлығын есеп қылып қарасаңыз,
Желісін қағады екен атпен тартып.
Әкесі Алтай Қарпық Қуандық-ты,
Әр жерге істеп өткен жуандықты.
Белгісін байлығының қарасаңыз,
Бір күнде қырық мың жылқы суарыпты.
Бошаннан тағы да өтті осындай бай,
Байлығы бес болысқа тең болғандай.
Байлығын есеп қылып қарасаңыз,
Жылында қосылады жүз жорға тай.
Шалқыған заманында барлықпенен,
Тегене алтын ожау барлығы сай,
Ешкімге ажал келсе тоқтау болмас,
Арманмен бәрі де өтті о, дәриға-ай.
Ержігіт түрленеді ақыл ойлап,
Тең болса терезесі тұрған бойлап.
Белгісі байлығының бұл емес пе,
Жылында қосылады бес жүз тайлақ.
Кемпірбай Бөгенбайұлы
Заманда сайыпқыран жан жолдасы,
Құрметін салтанатпен жүргізіпті.
Бұрынғы өткен ердің туын байлап.
Бір атын сұрасаңыз Байқара еді,
Өзге бай мұны естісе жай қалады.
Белгісі байлығының бұл емес пе,
Жұртында көшкен сайын тай қалады.
Бай болып өткен екен қаран Жаныс,
Үш жүзге Шұбар өзен болған таныс.
Сәтбайға ат шаптыртып ас бермекке,
Жиналып жалпы халық қылған намыс.
Келеді енді айтуға сөздің басы,
Жиналған тамашаға кәрі-жасы.
Қырық бес жүз бір өзінен енші тиген,
Өліпті Сәтбай деген бел баласы.
Жүниеде бес күн тәрік мына жалған,
Әр іске көнер пенде тәңірім салған.
Шілденің он бесінде сауын айтып,
Үш жүздің баласына хабар салған.
Қызықты Қарқаралыда жиын бар деп,
Оралдан келген екен Шөже тарлан.
Қадірлес білгендердің көңілі жақын,
Жақсы адам жемейді асылы жетім ақын.
Осы астың тамашалы қызығына,
Атақты қосты басын он жеті ақын.
Мекеге сопы кісі қылған тауап,
Шапағат жақындаса болған сауап.
Кемпірбай Бөгенбайұлы
Семейдің ар жағында Белағашта,
Бошта мен Кемпірбайға тиді жауап.
Кемпірбай тәуекелге белді буды,
Анадан осал болса неге туды?
Сол топқа халық жиылған барайын деп,
Жаратып күміс көктің кірін жуды.
Жаратқан барша әлемге тәңірім пана,
Сөйлеген қалың топта жеке дара.
Саймандап сұлу көкті мініп алды,
Сол екен ортасында жалғыз қара.
Осындай болсаң ақын қайтпас серттен,
Не болса білу керек құдіреттен.
Кемпірбай жалғыз атпен жүрсе дағы,
Қасына он бес жігіт жолдас ерткен.
Сабаздың жиырмаға келген кезі,
Көрген жан Кемпірбайды тамаша еткен.
Арада бірнеше күн тынбай жүріп,
Сол күні топқа жиылған келіп жеткен.
Ақынды тәрбиелеп кету үшін,
Жібектен Кемпірбайға шатыр тіккен.
Жанақ, Түбек, Орымбайдың бәрін жеңіп,
Ас берген үйге жүрді Шөже тарлан.
Сөйлеткен қара өлеңді тіл менен жақ,
Бақ берген патша құдай аямай-ақ.
Ақынның он жетісін жеңіп тастап,
Барады қаралы үйге Шөже алаяқ.
Мінеки, Кемпірбайдың айтар сөзі,
Сол күнде жиырмаға келген кезі.
Кемпірбай Бөгенбайұлы
Шатырда сайран етіп жатыр еді,
Соқырды жетелеткен көзі көрді.
Қорқарлық ер емес қой уайым жеп,
Пендесі сыйынады Құдайым деп.
Қолында қызыл сырлы домбырасы,
Сұрайды жетелеткен анау кім деп?
Кемпірбай жігіт емен төмендеген,
Артық деп айтты біреу ақын сенен.
Бір жерде он жетіні түгел жеңген,
Алаяқ ақын Шөже осы деген.
Кемпірбай ойланады барайын деп,
Шөжемен бір сөйлесіп қалайын деп.
Жеңілсем Шөже ақынның жолын беріп,
Соқырдан жеңсем жолымды алайын деп.
Қу соқыр салады екен жанжал дауға,
Құдая бергеніңе деді тауба.
Артында қаралы үйдің жолын тосып,
Кездесті сөйлесуге Шөже дауға.
Кемпірбай:
Ақтасаң тәнді таза жанға пайда,
Бір сөйленіп қалайын осындайда.
Біреуге мал, біреуге жан қайғы деп,
Барасың жетелетіп, соқыр, қайда?
Шөже:
Жүзіндей ұстараның жалған дүние,
Шаптықтың мені көріп мұнша неге?
Жаныстың Сәтбайының асы болып,
Кемпірбай Бөгенбайұлы
Барамын құран оқи қаралы үйге.
Көрмеген дүние жүзін мен бір ғаріп,
Кемпірбай, ақылың болса маған тиме.
Соқтықпай осы бастан тілің тартып,
Ағаңды онан-дағы өрге сүйре.
Кемпірбай:
Асыма шақырмаған келдің жетіп,
Арқалық тағилидан көктей өтіп.
Арқада боқ қалды ма сен термеген?
Соқырым, кім шақырды жетелетіп.
Шөже:
Салмағы оң көзімнің сол көзімде,
Не қылса бір Құдайдың еркі өзінде.
Бар болса кереметің көзімді жаз,
Боқтаймын жаза алмасаң қой, сөзіңді.
Кемпірбай:
Бошанның ортасында дегдарлы едім,
Ішінде ауған қырғыз сен жарлы едің.
Көзіңді көрінгенге төле дейсің,
Шыққанда сенің көзің мен бар ма едім?
Шөже:
Мынау ма Кемпірбайың ел мақтаған,
Шоғындай тақияның бұлғақтаған.
Тұқымың ителгідей теуіп өткен,
Бар екен бір мінезің шұнақтаған,
Туғанның Бөгембайдан бәрі жынды,
...........тұқымыңды жын қаптаған.
Байқасаң анық болат мен емес пе,
Кемпірбай Бөгенбайұлы
Шын асыл қап түбінде тек жатпаған.
Кемпірбай түк қалды ма сен қылмаған,
Ұры едің ат тақымын құрғатпаған.
Кемпірбай:
Қонады бозша торғай томашаға,
Қарап тұр халық жиналып тамашаға.
Соқыр ит көрген жерден төрт боқтадың,
Аузыңды мен де орармын оңашада.
Боқтасам көп ішінде ұят болар,
Жиылған кәрі мен жас, бала-шаға,
Төбеңнен төмен қарай құртар едім,
Кездессең аулақ жерде оңашаға.
Шөже:
Қап-қара Қаракесек күңнен туған,
Би болып Қазыбегі бетін жуған.
Жасынан аға сыйлап көрмеген ит,
Сыйлайды дейсің кімді бұл антұрған.
Кемпірбай:
Соқырым, сөйлер сөзің кетті текке,
Сөйледім талай жиын ұлы көпке.
Халқына орыс-қазақ ұран болған,
Тең тапшы өзің айтқан Қазыбекке.
Шөже:
Кемпірбай, көңіліңді тындырайын,
Құдайға аруақпенен ұрдырайын.
Оралдан түлеп ұшқан ақиықпын,
Топшыңды қанатыңмен сындырайын.
Кемпірбай Бөгенбайұлы
Кемпірбай:
Соқырым, сеніменен сөй сөйлеспен,
Асылмын екі жүзді мен наркескен.
Сен – қарға қарқылдаған, мен – бидайық,
Топшыңды қанатыңмен қимай түспен.
Ерлерге айт дегенге аңғыл соқыр.
Ежелден күнің кешкен төбелеспен.
Соқырым, жеңе алмайсың мойныңменен,
Құр айғай салсаң-дағы ерегеспен.
Шөже:
Ант атып, тәңір айтып, кері кеткен,
Мойнына көк шолақтың ері кеткен.
Ежелден қыр қыдырған сүрмекедей,
Мен бе едім сен иттерді тентіреткен.
Қатынан орта жолда нанға сатып,
Семейге әкең Бөгембай қаңғып кеткен.
Өзінің басындағы боғын көрмей,
Шөженің шоғын көрдің ей, ант еткен.
Кемпірбай:
Сөйлейсің қалай-қалай, соқыр азбан,
Айтасың ақылың жоқ, байқұс жазған.
Әкең Қаржай Қараөткелде аштан өліп,
Шешең Шама Ташкенге қаңғып барған.
Орыстан ала жаздай шошқа бағып,
Мұжықтың суарымен жаның қалған.
Мырзасы қазағымнан алып-алып,
Сөйлейсің маған өктеп, соқыр тарлан.
Төртеуің бір арада бас қосқанда,
Батырдың төбелеспен ұзақ күнді.
Кемпірбай Бөгенбайұлы
Үйінде әкесінің балта жұмсап,
Сыйлайды бұл антұрған енді кімді?
Кемпірбай:
Сөйлейсің, әңгі соқыр, қалай-қалай,
Әкең Қардау ішінен туа соқыр.
Көр қылған тұзымыңмен сені Құдай,
Шешең өліп көңілің жабырқаса,
Өлсе көрін ...........жатсын солай,
Соқырды сен секілді ескермейтін,
Қазақтың тас түлегі мен Кемпірбай.
Шөже:
Кемпірбай, қонбап едің бай қасына,
Тікпеп ең жарты лашық жар басына.
Жаныстың Сәтбайының атын ұрлап,
Таңылған ит емес пе ең арбасына.
Көтіңе тікенектен дүре салған,
Саныңның көзіңді сал таңбасына.
Мұқтсар сөзім түгел тақтасындай,
Сымбатты сөзім алтын ат басындай.
Жанақ, Түбек, Орымбай,
Шортанбай түк қылған жоқ,
Сен қыларсың қаямның қақ басындай.
Білмейсің мойныңа алып жығылғаның,
Көресің әлі ілгері бұйырғанын.
Қамалап он жеті ақын түк қылған жоқ,
Кемпірбай сен қыларсың енең амын.
Кемпірбай Бөгенбайұлы
Кемпірбай:
Қаңғырып, әңгі соқыр, кедің қайдан?
Дәндепсің Жанақ, Түбек, Орымбайдан.
«Жас өсер, жарлы байып» деген сөз бар,
Соқырым, жаның шошыр Кемпірбайдан.
Саждаға туып басың тиген емес,
Берейін сазайыңды, соқыр хайуан.
Соқырым, әлгі сөзің мін емес пе?!
Антұрған, күндіз күнің түн емес пе?!
Әкең Қаржау Жайықтың құлы емес пе?!
Шешең Шама Төренің күңі емес пе?!
Жаралған екеуінен омбы-домбы,
Ақымақ қылжыр соқыр сен емес пе?!
Арқалық көк сеңгірдің арасында,
Соқтықтың өзіңменен тең емеске.
Соқырым, танымасаң білдірейін,
Қазақтың тас түлегі мен емес пе?!
Шөже:
Кемпірбай, әлгі сөзің мін емес пе?!
Шөженің күндіз күні түн емес пе?!
Әкем Қаржау Жайықтың ұлы емес пе?!
Шешем Шара Төренің қызы емес пе?!
Жаралған екеуінен шын ақсүйек,
Дегдарың әуелден-ақ мен емес пе?!
Шешеңнің жатырынан жын қаптаған,
Соғылған әуелден-ақ сен емес пе?!
Кемпірбай, не себепті көтерілдің?
Бір басып мен кетейін жөтеліңді.
Кемпірбай Бөгенбайұлы
Кемпірбай, өзің түгіл әкең таппас,
Жұмбақпен түсірейін көтеніңді.
Ей, Кемпірбай, жерде не бар, көкте не бар?
Жаратты неше жұпты қадір Жаппар.
Алланың достысы кім, дұшпаны кім?
Сұрайтын өз басыңнан сауалым бар.
Исрапыл пәрменменен сұрын ұрса,
Қай күні өлім қошқар бауыздалар?
Қолына шақи менен кесені алып,
Қай пенде қай пенденің құнын сұрар.
«Апиғы даргайыңнан қор қылма» деп,
Қай пенде оттан тонын киіп барар?
«айтқанда күнайыңды өзің ал» деп,
Қай пенде малғұндарға қазы болар?
Ғарасат майданында тергеу болса,
Қай пенде қай пендені неке қылар?
Олардың тойларының қызығы үшін,
Қай пенде қай пендемен күрес салар.
Бірінен бірінің дәрежесі артық үшін,
Қайсысы дығып қайсысы жолыр алар?
Екінші күресерге тілесе де,
Оларға рұқсат бермес қандай жандар?
Құдайдың құдіретінен пәрмен болса,
Қай күні қай мағлұқты құрбан қылар?
Таразысы Сираттың нәсілі немесе екен?
Бір жағын кім бір жағын тұтып тұрар?
Сираттың нәсілінен сөз сұрайын,
Жуандық-жіңішкелігі, ұзындығы неше жылдар?
Әр іске мұны шешсең қолың жетер,
Ойланып шеше алмасаң есің кетер.
Кемпірбай Бөгенбайұлы
Біреуін қате шешсең кәпір болдың,
Сігейін көмейіңді, шешпе бекер.
Кемпірбай:
Қу соқыр-ай, деп салдың оның несін,
Өлімнің билейді Алла ерте-кешін.
Жиналған, халқым, тыңдасаңыз,
Шешейін соқырыңның әңгімесін.
Жерде қызыр болғанда, көкте Ғайса Нәби,
Жаратты алты күнде бү дұнияны.
Сулы-сусыз дегенің от пенен су,
Аспан мен жер, әйел-еркек, рахат-бейнет.
Он екі болады екен жұптылары,
Достысы бір Алланың нұр Мұхаммед.
Дұшпаны ғазәзілдей лағнет,
Шешерімді білместен айтып салдың,
Ит тиген қазаныңа, соқыр төбет.
Исрапыл пәрменменен сұрын ұрар,
Сол күні өлім қошқар бауыздалар.
Қолына шақи менен кесені алып,
Алланың дәргайынан Бәтима Құсайынның құнын
даулар.
Шапиғы дәргайыңнан қор қылма деп,
Әбу Жаһил оттан тон киіп барар.
«Шайтан, күнайыңды өзің ал» деп,
Имам ағзам малғұнға қазы болар.
Ғарасат майданында тергеу болса,
Жетпіс жыл қабір үстінде қайран болар.
Жиналған сол майданда тойлар болса,
Мариямды Мұхамедке неке қылар.
Кемпірбай Бөгенбайұлы
Олардың тойларының қызығы үшін,
Ғали арыстан Қаһарманмен күрес салар.
Арыстанның дәрежесі артық үшін,
Тізесін бір мүдіртіп жолын алар.
Екінші күрестерге тілесе де,
Оларға рұқсат бермес періштелер.
Құдайдың құдіретінен пәрмен болса,
Сол күні көк өгізді тойға сояр.
Қу соқыр, сен білмесең мен айтайын,
Ұзындығы Сираттың үш мың жылдар.
Таразысы Сираттың Құдаш жылан,
Бір жағын шын Мекайыл басып тұрар.
Қылдан жіңішке, қылыштан өткір, мұздан тайғақ,
Өткізер періштелер сонан айдап.
Көрмеген ешнәрсені сендей соқыр,
Жығылар сондай жерге соры қайнап.
Өтеді құстай ұшып көзі барлар,
Жығылар сен секілді соқыр мұндар.
Әкең Қаржау Жайықтың басы бар ма,
Қу соқыр құмарланып мұнда нең бар?
Шөже:
Сөйлеткен қара өлеңді тіл мен жағы,
Сыналар қалың топта ердің бағы.
Алаяқ шаң жұқпаған болсаң ақын,
Кемпірбай, шешіп берші мұны тағы.
Арықтан бір түйе өлді жетіп ажал,
Майы бар алты батпан безбенге сал.
Жиілігі жиырма төрт, топайы бес,
Кемпірбай Бөгенбайұлы
Сабы төрт, қылыш екі, қиыны үш,
Кемпірбай, болсаң ақын бөгелмей шеш.
Көтерген жеті бидай жалғыз тауық,
От оттап су ішеді ебін тауып.
Арыстан аждаһадан қорықпайды,
Жалғыз-ақ көртышқаннан қылар қауіп.
Баласын Орта жүздің үйір қылған,
Шаң шыққан таңдайыңнан болсаң ақын,
Осыны бөгелместен берші тауып.
Басына бәйтеректің бітеді рәң,
Рәңді мекен қылған екі түрлі аң.
Қылышын өткір қылып қайрап алып,
Он жігіт аралайды сайыпқыран.
Кемпірбай:
Сыналар қалың топта ердің бағы,
Шешен топта шығады аруағы.
Жиналған күллі қауым құп тыңдаңыз,
Шешейін әңгімесін мұның тағы.
Азырақ сөйлер сөзге болдым зерек,
Шабыстан болдырмайтын мен бір керік.
Арықтан өлген түйеңді ойға салдым,
Айы біткен бір жілік болса керек.
Жілігі жиырма төрт дегенің жұмасы жер төрт,
Топайы бес дегенің бес намаздан.
Қас қылдың мұсылманға ақылың аздан,
Сабы төрт дегенің құтпанның төрт парызы.
Шешерімді білмедің, соқыр жазған.
Кемпірбай Бөгенбайұлы
Қылыш екі дегінің сүннет екі,
Қиыны үш дегенің отыра жіп,
Пайғамбар алып қайтқан Михраждан.
Бәйтерек басындағы реңі шашың,
Бит, сірке екі түрлі аң қылған қасың.
Сайыпқыран он жігіт он саусағың,
Қылышы өткір деп ұстарасын.
Осы ма маған айтқан ұпайыңыз?
Бұл жерде жеңсең мені қоқайыңыз.
Топайды мен шаққанда қажаларсың,
Басында дастарқанның шоқайыңыз.
Шөже:
Бұл сөзім Орта жүзді жағаласын,
Кемпірбай, ақылың болса таба аларсың.
Шөжені жұрт жеңбеген жеңемін деп,
Ағаңмен көп ішінде жағаластың.
Жалғаннан өтіп кетсең өмірің еш,
От туры уктабим мастуры деш.
Құраннан міне дәлел аят айттым,
Кемпірбай, болсаң ақын бөгелмей шеш.
Кемпірбай:
Қу соқыр, сөзің қайсы ұғынатын,
Кезегің келді міне жығылатын.
Соқырым, айтысқанда әдетің ғой,
Сасқанда құранға кеп тығылатын.
Кемпірбай Бөгенбайұлы
Бұрынғы әңгі соқыр пақыр болдың,
Айрылып таза малдан тақыр болдың.
Өлеңге құран сөзін қосып айтып,
Қатының талақ, өзің кәпір болдың.
Шешейін төртеуіне Мұса барған,
Алладан төрт ауыз сөз жауап алған.
Дидарыңды көрсет деп жылағанда,
Мұсаны аяп нұрын тасқа салған.
Денесі тәлімиллә балқып кетіп,
Тағаны еріп кетіп таста қалған.
Осындай дәлел сөзден түк білмейсің,
Қу соқыр, былшылдамай, жоғал, арман.
Шөже:
Шөже айтты ақын келмес беттеймін деп,
Бәрің де қаламадың бітпеймін деп.
Жаманмен түк білмейтін айғайласпай,
Ас үйге жөнеледі ет жеймін деп.
Кемпірбай:
Құранды тәлби ғылым молла оқыр,
Көпшілігі сөздің түрін аңдып отыр.
Арасын адал-арам айырмайсың,
Қайда барсаң онда бар, аңғал соқыр.
Сүзеген киме соқыр азбан екен,
Берілмей дін жолынан азған екен.
Арасын артық-кемнің айырмайтын,
Шөжені бір қолдаушы жазған екен.
Әзілкеш (Әзірбай)
Шамырұлы
(1830 – өлген жылы белгісіз)
АЙТЫС
Әзілкеш (Әзірбай) Шамырұлы
ҚЫЗ БОЛЫҚ ПЕН ӘЗІЛКЕШ
Әзілкеш:
Ащыкөл, Ащыөзендей сайың бар ма?
Желіңде жетпіс шұбар тайың бар ма?
Жетпіс інген, сексен мая боталатқан,
Еліңде Әбекемдей байың бар ма?!
Сұрасаң, байдың атын – Баймырза бай,
Ділда артқан жеті атанға Құнба, Шоқай.
Елімде есепсіз бай толып жатыр,
Қоздатқан қырық мың саулық Қосаса бай.
Әбекем, Қырды жайлап, Сырды қыстап,
Ішікке пұшпақтаған жанат тыстап.
Қолында жезден тоқпақ, жібек ноқта,
Жібектен жетпіс құлаш желі ұстап.
Арқада жатушы еді Сарышыбық,
Жүруші ек бие байлап, қымыз ішіп.
Теңеліп бесті атанға, құнан, тайлақ,
Әр істі құдай қылар өзі пішіп.
Тұрады самауырда шайың қайнап,
Жаяңды, жалыңменен кесе шайнап.
Байлықтың о да болса бір белгісі,
Көшкенде бос жүреді алпыс тайлақ.
Қыздары Әбекемнің сондай әсем,
Дәулеті алла берген болды басым.
Қырық құлаш қызыл шәйі беліне орап,
Дүниеде бай көрдің бе мұндай көсем?!
Күніне жүз теңгенің шайын ішіп,
Байлықпен кеңес құрар елмен көшіп.
Әзілкеш (Әзірбай) Шамырұлы
Алдында мың сомға алған ақ самауыр,
Жүз қонақ тауыса алмас оны да ішіп.
Артады, ел көшкенде сексен нарды,
Мақтанса керек қой жан қолда барды,
Үстінде әр бірінің төрттен сандық,
Он мыңнан әр бірінде бұйым бар-ды.
Артады жеті атанға шекер, шайды,
Көрдің бе, өміріңде мұндай байды?
Сыртында ауылыңның алты шатыр,
Ішіне масатыдан төсек жайды.
Алыстан келген дұшпан бас алмайды,
Қорғалап, аяғымен баса алмайды,
Бәрін де алты алаштың араладым,
Біреуі де Әбекемнен аса алмайды.
Алшын Әзілкеш Арқадағы Болық қызға келді. Келсе
үйдің тұсында бір Бала қыз Болыққа арнап өлең айтып
екен. Балаға қарап, Алшын Әзілкеш өлеңді қоя берді:
Салғанда сөйлер сөзге, шешен келді,
Серкедей қара мойын көсем келді.
Құдайым сөйлесін деп тілді берді,
Ақының сөйлеген соң аттай желді.
Шырағым, босат-тағы орынды бер,
Орныңа айтайын деп көкең келді.
Бала:
Жарасар қымыз құйса, жез тегене,
Семірер арық саулық күзді күні.
Әзілкеш (Әзірбай) Шамырұлы
Босатып орынымды мен берейін
Ағаке-ау, сабыр қылшы, кішегене!
Әзілкеш:
Шабынар тышқан көрсе қыран мысық,
Барады, қайтейін мен, ішім пысып.
Қойыпты сыпайының тонын пішіп,
Барады көкірегім алып-ұшып.
Қалады көп отырсаң, жыным келіп,
Жүре бер айтқан сөзбен жөнді біліп.
Мен келгенде, намазшам сағат еді,
Қалып па ең ақ Болықпен ілінісіп?
Бала:
Ақ Болық жатыр еді-ау аққуға ұсап,
Толықсып құшағына сені қысып.
Жолықтың, жолықпағыр, әлдеқайдан,
Тығылған құйысқанға қурай құсап?
Әзілкеш:
Шырағым, сіздер – көбдік , біз – бір кебе Болғанда
сен – жел қайық, біз – бір кеме, Бәріміз Кіші жүздің бала
сымыз, Бәйгеңді қызыл тілден жібермеспін, Ағаңа бейпіл
сөйлеп шүлдірлеме!
Қыз Болық:
Өлеңім ақсақалдың ақиқаттай,
Көңілі ақ Болықтың жазған хаттай.
Айтысар меніменен есі кеткен
Қарт бекен мен бір жүйрік Шошай аттай.
Әзілкеш (Әзірбай) Шамырұлы
Әзілкеш:
Өлеңім ақсақалдың ақиқаттай,
Көңілі ақын жігіт жазған хаттай,
Мейлің бер, қонақ асы, мейлің берме,
Мен келдім ауылыңа, түзге жатпай.
Шошайтып Шошайыңды кетер еді,
Сәдірбек алып келсе Бурыл атты-ай.
Қыз Болық:
Апырым-ау, бұ кім еді аттай желген?
Шешеннің көп жаңғалақ сөзін бөлген.
Шошайым алты алаштан озып жүрген,
Бір жазда ол бәйгеден отыз келген.
Әзілкеш:
Дегенің сенің Шошай, үшке келген,
Зорынан көтерменің, күшке келген.
Жүйрік деп біздің жақта Ақбауырды айт,
Ташкенттен Орынборға түсте келген!
Қыз Болық:
Келгенмен Ақбауырың мәз емес-ті,
Домбыраң дауысыңа саз емес-ті.
Бір қолдан тоқсан байтал санап берген,
Ахмет Шалқасқа аты аз емес-ті.
Әзілкеш:
Қыз Болық біреу жаяу, біреу атты,
Өтірік айтып, сені неден сүрен атты?
Өзіңдей екі қызға бермей жүрген,
Қайтесің, Қашқынбайда Күрең атты?
Әзілкеш (Әзірбай) Шамырұлы
Әзілкеш:
Сөзіңнің қарасайшы бұрысына,
Кіші жүз мен туыппын ырысына!
Бәрін де көрінгеннің жайпама қар,
Әлінің жолығарсың қылышына!
Қыз Болық:
Сүт берген, емшек берген, қайран ене!
Қор болар өлгеннен соң адал дене.
Отырмын дауысыңнан шырамытып,
Руың қай Шөмекей, білдір кәне?
Әзілкеш:
Орыстың бір қаласы — Тал қаласы,
Күмісті алтынменен малшылашы.
Ақ Болық, сұрап маған тимеймісің?
Кіші жүз мен де өзіңдей бір баласы.
Қыз Болық:
Шырағым, ақылмысың, кеңеспісің?
Қолымнан өрік берсем, жемеспісің?
Отырмын дауысыңнан шырамытып,
Алшынның Әзілкеші емеспісің?
Әзілкеш:
Ана тау, мына таумен Оралма тау,
Жарасқан биқасапқа жібектен бау.
Отырсаң дауысымнан шырамытып,
Сол айтқан Әзілкешің болармыз-ау!
Қыз Болық:
Аулымның қонған жері Маман ба екен?
Білмеген малдың жайын, жаман екен?
Әзілкеш (Әзірбай) Шамырұлы
Қонсаңыз, қоналқаңды соң сұрарсыз,
Еліңіз Қырға кеткен аман ба екен?
Әзілкеш:
Арқада бес жүз ауыл Шолық келген,
Кеңсазға Қараторғай қонып келген.
Жағасы жауды қырып, бос болған соң,
Еліміз көрмегенін көріп келген.
Қыз Болық:
Орыстың бір арбасы күймелі ме?
Камзолың кемболаттан түймелі ме?
Ежелден қарсыласқан жауың еді,
Содыры ит Қоқанның тимеді ме?
Әзілкеш:
Құдайым, «малым арық» дегізбеген,
Малыма сынық шөпті жегізбеген.
Елімнің ханы — Елекей хан тұрған соң,
Шыбышым, тоқтым қашып, егіздеген.
Қыз Болық:
Әр сөзім мың теңгелік, тілім балдай,
Жарасқан ақ Болыққа ала таңдай.
«Ішімнен хан қойдым!», – деп қампаясың,
Қызығын о ханыңның көрдің қандай?
Әзілкеш:
Аулымның қонған жері қопаланған,
Керім қыз далап жағып, опаланған.
Елімнің ханы — Елекей, хан тұрған соң,
Тайлағым, тайым топтап боталанған.
Әзілкеш (Әзірбай) Шамырұлы
Қыз Болық:
Әр сөзім мың теңгелік, тілім балдай,
Жарасқан ақ Болыққа ала таңдай.
Ханыңа екі кісі төрелессе,
Беруге ханың төре әлдеқандай?
Әзілкеш:
Арқадан бес жүз ауыл асып келген,
Көңілі ат басындай тасып келген.
Ханыма екі кісі төрелессе,
Төресін бейшараға басып берген.
Қыз Болық:
О ханың, олай болса, тумайды екен,
Қасына жұрттың қуын жимайды екен.
Төресін бейшараға басып берсе,
О ханың маңдайыңа симайды екен.
Әзілкеш:
Айтамын, айт дегенін, әуелім-жар,
«Айт,– деген, – жыр» құдайдың кәлемің бар.
«О ханың маңдайыңа симайды» деп,
Сен Уәли болыпсың пейілің тар?
Қыз Болық:
О, байғұс, сен де сасқан, мен де сасқан,
Айтасың неге үй деп қара басқан?
Еліңді Қоқан шауып, қор қылғанда.
Ханыңыз басын алып неге қашқан?
Әзілкеш:
Елекей бес жүз ауыл қырға барған,
Өте алмай Сарман елі Сырда қалған.
Әзілкеш (Әзірбай) Шамырұлы
«Тілімді алып, жөніме жүрмедің», – деп,
Ханымыз кесірленіп қудырмаған.
Қыз Болық:
О, байғұс, сен де дертпей, мен де дертпей,
Жүреді намарт жігіт сертке жетпей.
Ханыңның ерегесіне жау барған жоқ,
Сенің ханың болар ма Ахметтей.
Әзілкеш:
Қайнекең Шүленді алған Назарменен,
Өртеген Адырлыңды Базарменен.
Айқожа, Күнқожаңды қабат шауып,
Құтылған Ахметің азарменен.
Қыз Болық:
Қу Алшын, білмеймісің азғаныңды?
Қу тілге қуараңдап жазғаныңды...
Қайнакең – кесірі көп біздің хан-ды,
Мақтағын тапсаң тауып, өз ханыңды.
Әзілкеш:
Сұрасаң, ханым аты Қайып еді,
Заһарын жеті жұртқа жайып еді.
Аттанып, Қоқан менен Қалмақты алды,
Табаны қай дұшпаннан тайып еді?
Қыз Болық:
Қу Алшын, сен сөз сөйлеп миың бар ма?
Үстіңде сырлап соққан үйің бар ма?
Патшадан әр барғанда енғам алған,
Еліңде Наурызбайдай биің бар ма?
Баяғы бала Әзілкешке жақ болды. Әзілкешке айтты:
Әзілкеш (Әзірбай) Шамырұлы
«Ей, Әзеке, Наурызбай мұның ғашығы. Онан жүз сом
алады. Наурызбайдан Ақ боз атты алып, жеңге боп қызға
таныстырушы Ахмет төре. Сіз сол жағынан басыңқырап
айтыңыз! Тағы міні болса, тағы да айтармын,— деді.
Әзілкеш:
Сыртына Нұратанық Балқым жатыр,
Бір талай Балқы деген халқым жатыр.
Ақша алған ашына боп Наурызбайың,
Ондай жан біздің елде толып жатыр!
Қыз Болық:
Қайыңнан қақтай шапсаң, тоз қала ма?
Жылқы да арықтаса, боз қала ма?
Әр барғанда ақ патшадан тон алады,
Берген бақ бір кісіге азғана ма?
Әзілкеш:
Деуші еді өз елімде бізді Табын,
Киімді ағартады-ау, жуса сабын.
Кешегі Өтетілеу бар шағында,
Жеуші еді, о кісі де бала қамын.
Ащыкөл, Тұщыөзендей сайың бар ма?
Желіңде сексен шұбар тайың бар ма?
Жетпіс інген, сексен мая боталатқан,
Еліңде Әбекемдей байың бар ма?
Қыз Болық:
Далада қырық мың саулық қоздайтұғын,
Желіде жетпіс інген боздайтұғын,
Қырық ауыл он баласы болып жүрген,
Еш байлық Жабағыдан озбайтұғын.
Әзілкеш (Әзірбай) Шамырұлы
Мен саған сары атанға жазыдаймын,
Үйірдегі айғырдай азынайым.
Жалаң нардан желіде бес жүз бота
Қоздатқан қырық мың саулық Қазыбайым.
Әзілкеш:
Ақ Болық, жіңішке мен жуан қандай?
Симайды-ау камзолыңа сыбанғандай!
Мақтайсың оның несін ей, ақ Балық,
Қоздатқан сексен мыңды Қуаң қандай?
Қыз Болық:
Мінесің арғымақ ат арындатып,
Муыққа кетер тоңсаң қалтыратып.
Байыңнан игілікті, бір байың жоқ,
Мақтайсың оның несін жалтыратып?
Әзілкеш:
Әуелі серттескенде құдай десер,
Көкейін ақ Балықтың өлең тесер.
Жеті мың торы аладан жылқы айдап,
Жетісті осы күнде Кете Көшер.
Қыз Болық:
Дегенің Кете Көшер, Кете ме екен?
Байлығы өз табынан өте ме екен?
Кетенің бас-аяғы бес-ақ ауыл,
Біздің Қабыл, Байболға жете ме екен?
Әзілкеш:
Арқада, айтайын кен, Қарпақ жатыр,
Оны да жау бетіне тартып жатыр.
Болып тұр правитель Бермағамбет,
Әзілкеш (Әзірбай) Шамырұлы
Жан болмас мырзалыққа оған татыр.
Баласы Жарасбайдың Мырқымыз бар,
Біздің ел байлығынан болмайды қар,
Ділда артып жеті атанға Мырқы, Жақып.
Байымыз Басықара, о да жатыр.
Қыз Болық:
Арқаның бір жайлауы – Аспантұрған,
Кеменің дауыл соғып, басын бұрған.
Ондай елің бай болса шалқып жатқан,
Малай тұрып, күн көрмей құдай ұрған.
Әзілкеш:
Бір биі Кіші Жүздің – Маутық төре,
Басыңа іс түскенде о да керек.
Атандық жезөкше боп, ақша алып,
Деп келдім: «Ойнайын, – деп – мен де беріп».
Қыз Болық:
Бір биі Кіші жүздің Жамақ Сағыр,
Әзеке-ау, сөйлер сөзге болдың мамыр.
Көп дұшпан арадағы не демейді,
Мен емес, Наурызбаймен ағаш тамыр!
Әзілкеш:
Арқаның бір жайлауы – Аспантұрған,
Кеменің дауыл соғып басын бұрған.
Төресін жалғыз сомға басып беріп,
Жоқ еді-ау, үш тегінде төре болған.
Қыз Болық:
Алдында қасапшының арам еттер,
Бұлт етіп ағын судан балық өтер.
Әзілкеш (Әзірбай) Шамырұлы
Дұшпанның арадағы тіліне ерме,
Азеке-ау, тіліне ерсең, дінің кетер.
Әзілкеш:
Қолымда қара балта тоң айырған,
Оңбайды ақ сүйектен қол айырған.
Болмай ма хақтан сұрап жүре берсең,
Ақша үшін саттың иман, құдай ұрған!
Қаладан және келер Ноғайыңыз,
Беруге ақша сізге оңайыңыз.
Бәріңіз — төре, Ноғай араласып,
Келіскен екеу ара жұбайыңыз!
МАЗМҰНЫ Нұрым Шыршығұлұлы Өлеңдер.....................................................................................4 Мен – қашанғы жүйрігің.....................................................5 Би баласы мақтанса........................................................... 11 Оразбайдың қызына берген батасы.................................12 Біссімілла сөз басы............................................................14 Қалышқа көңіл айтуы........................................................15 Шенен ер.............................................................................30 Қоштасу..............................................................................32 Баласын жоқтауы...............................................................42 Тойбастар............................................................................45 Қоштасу..............................................................................48 Әтембекке айтқаны............................................................51 Түйесін іздегені..................................................................55 Молдашқа...........................................................................56 Айтыстар................................................................................58 Нұрым мен төрт ақын........................................................59 Нұрым мен Қашаған..........................................................60 Нұрым мен Беріш қызы.....................................................70 Нұрым мен Жаскілең.........................................................76 Тоғыз ауыл..........................................................................82 Біржан сал Қожағұлұлы Өлеңдер...................................................................................94 Баласы Қожағұлдың Біржан салмын,..............................95 Айтбай.................................................................................96 Алтын балдақ.....................................................................97 Ақсеркеш............................................................................98 Соқпай-ай соқ.....................................................................99
Керкекіл............................................................................100 Ғашығым...........................................................................101 Жайма-шуақ......................................................................102 Жонып алды.....................................................................103 Сырғақты..........................................................................104 Аққошқар..........................................................................105 Мақпал..............................................................................106 Бұрылтай...........................................................................107 Көкек.................................................................................109 Ләйлім шырақ................................................................... 111 Көлбай – Жанбай............................................................. 112 Шідер................................................................................ 114 Айжан қызға..................................................................... 115 Біржанның омбыда Бір қызға айтқаны.......................... 116 Атым Біржан..................................................................... 117 Орынтай............................................................................ 118 Пар жектім........................................................................ 119 Қараша..............................................................................120 Он екі звод........................................................................121 Ахау, ари-айдай................................................................122 Орынбор............................................................................123 Талай заман.......................................................................124 Жетісу................................................................................125 Ақжорға жан.....................................................................126 Жастарға...........................................................................127 Қосдәулетке......................................................................128 Қасенге..............................................................................129 Байпаққа............................................................................130 Күлен маймаққа...............................................................131 Шорманның Мұсасына...................................................132 Балқожаға.........................................................................133
Тұрлыбекке.......................................................................134 Алтын қызға.....................................................................135 Жанбота............................................................................136 Адасқақ.............................................................................137 Жанботаға.........................................................................138 Жанботаға тағы бір айтқаны...........................................139 Әйелі Әпішке айтқаны....................................................140 Атығайдың елінің адамдарына айтқаны........................141 Жанбас сипар....................................................................142 Көкейкесті.........................................................................143 Жақсы мен жаман............................................................144 Бүркітті.............................................................................145 Мәті – Дәулен...................................................................146 Теміртас............................................................................147 Біржанның қартайған және сырқаттанған кезінде шығарған өлеңдері...........................................................148 Біржанның айтқаны.........................................................152 Айтыстар..............................................................................153 Біржан мен сараның айтысы...........................................154 Біржанның Нұрғайша қызбен қағысуы.........................186 Біржанның бір қызбен қағысуы.....................................187 Біржанның Шөже ақынмен қағысуы.............................188 Біржанның тезекбай ақынмен Қағысуы........................189 Біржан, Орынбай, Шөже ақындардың айтқырлықтары.191 Бабай мен қасқырдың айтысы........................................192 Құлманбет ақын Айтыс ...................................................................................198 Құлманбет пен Бала Ораз айтысы..................................199
Қашқынбай Қожамбетұлы Өлеңдер................................................................................. 214 Әуелі, сөз бастайын жүрген жайдан..............................215 Айналайын Ыбыраш... ..................................................217 Бұдабай Қабылұлы Әйекені жоқтауы..............................................................220 Бұдабайдың Әлмәмбет болысқа айтқаны .....................228 Кемпірбай Бөгенбайұлы Өлеңдер................................................................................. 230 Қисық батырға Кемпірбайдың айтқаны........................231 Кемпірбайдың Әсетке айтқаны......................................236 Айтыс.................................................................................... 238 Кемпірбай мен Шөженің айтысы 1-нұсқа.....................239 Ілгері уақытта Кемпірбай мен Шөже айтысы 2 нұсқа....252 Әзілкеш (Әзірбай) Шамырұлы Айтыс.................................................................................... 268 Қыз Болық пен Әзілкеш ........................................................269
Нұрым Шыршығұлұлы
Біржан сал Қожағұлұлы
Құлманбет ақын
Қашқынбай Қожамбетұлы
Бұдабай Қабылұлы
Кемпірбай Бөгенбайұлы
Әзілкеш (Әзірбай) Шамырұлы
ШЫҒАРМАЛАРЫ
Редактор
Ш. ЖҰБАТОВА
Мұқабаны көркемдеген
Ж. БОЛАТАЕВ
Беттеуші:
С.ЯГОВКИНА
ИБ 4(6)
Теруге 25. 06.2014 ж. берілді. Басуға 21.10.2014 ж. қол қойылды.
Пішімі 84х1081/32. Әріп түрі «Tіmes New Roman», кегль 11,5.
Офсеттік басылыс. Қағазы офсеттік. Көлемі 15 шартты баспа табақ.
Таралымы 2000+10. Тапсырыс № 259.
«Нұрлы Press.kz» ЖШС
050009, Алматы қаласы, Абай даңғылы, 143
«Полиграфсервис» ЖШС.
050050, Алматы қаласы, Зелёная көшесі, 13 «А».
Пікірлер (0)
Пікір жазу үшін аккаунтқа кіріңіз. Кіру