Мазмұнға өту
Home

Қазақстан табиғаты 4 том М-С (5)

ISBN: 9965-893-84-5 Беттер саны: 16 Жанр:

Оқылуы: 0%

Жазылымсыз режим: 20-беттен кейін жазылым беті ашылады, әрі қарай әр 10 бет сайын (ең көбі 5 рет).

20 px
1.85
0.30 px
0.95 em

Қазақстан табиғаты 4 том М-С (5)

Авторы: ISBN: 9965-893-84-5 Беттер саны: 16 Жанр:

шөптiң хош иiсi, ал ылғалдылығы жоғары шөптi престеп жинаған Пнен көк иiсi шығып тұрады. П-нiң шаңдануы П. аздап қызған кезде пайда болады. П-дi маяда ашық аспанның астында, П. сарайларында немесе кұн қағарлардың астында сақтайды. Тасымалдауға ыңғайлы болу үшiн П-дi жаныштап, шатыр астына жинайды. Маяда сақталған П-нiң 60– 70% каротинi жойылады. Əр түрлi шөптердi шабылғаннан кейiн ылғалдылығын 50–55%-ға дейiн құрғатып, ұсақтап турап, герметик. жағдайда консервiленген азық – пiшендеме жасайды. Оның ылғалдылығы аз болғандықтан суыққа қатпайды, сондықтан малға азық ретiнде қолдануға өте ыңғайлы. Бұршақ тектес өсiмдiктердi П-демеге қауыз жару кезеңiнде, дəндi өсiмдiктердi масақ салу кезеңiнде жинайды. Құрамындағы құрғақ заттардың молдығы жəне Пдi кептiргенде түсiп қалатын шөптiң ең бағалы бөлiктерiнiң (жапырақ, гүл бүршiктерi) сақталуы П-деменiң құндылығын арттырады. П-деме iрi қара мал азығындағы сүрлем мен П-дi толық ауыстыра алады. ПIШЕН ЖЕГIЛЕР (Psocoptera) – бунақденелiлердiң бiр тобы. Қылқан жапырақты ормандарда, орманды жерлерде таралған 800-ге жуық түрi белгiлi. П. ж. шала түрленiп дамиды, ұсақ (1–10 мм), денесi нəзiк, өте жұмсақ. Жіп тəрізді мұртшасы бар жəне қырынан қарағанда басының өзіне тəн құрылымы өзге жəндіктерде кездеспейді. Жақсы жетілген дөңес маңдайы мен жоғ. ернінің арасында көлденең жолақ түрінде қаңқа құрылымы – маңдайшасы болады, осы ерекшелігі арқылы басқа жəндіктерден тез ажыратуға болады. Басы денесiнен айқын бөлiнген, фасеттi көзi үлкен. Кейбiреулерiнде түссіз немесе қара дақтары бар екi жұп жарғақ қанаты болады, екінші жұп қанаты алдыңғы қанатынан қысқа, тыныштық күйінде құрсақ астына бүктеліп жиналады. Ауыз мүшелерi – кемiргiш, 11–14 бунақты жiп тəрiздi жiңiшке, жұп мұрты болады. Ағаш бұтақтарында, ағаш дiңiнiң қабықтарының жарылған жерлерiнде, жапырақ қалдықтарының астында, қамба, қоймаларда кездеседi. Жылына бірнеше рет ұрпақ беретін түрлері көп жəне жұмыртқалары ұрықтандырусыз-ақ дами береді. Жұмыртқаларының сыртын өрмекпен торлап, мекендейтiн жерлерiне салады. Күзде салған жұмыртқалар қыстап шығады да, көктемде битке ұқсайтын дернəсіл (балаңқұрт) шығады, осыған орай оларды кейде «сүрек биті» деп те атайды. Дернəсілдері бірнеше рет түлейді жəне түлеген сайын өсіп отырады. Дернəсiлдерi ересектерiне ұқсас келедi, айырмашылығы – қанат бастамаларының дамуына байланысты. Қына, саңырауқұлақ, органик. қалдықтар, шөп-шалам қалдығымен қоректенедi. П. ж-дiң үйде кездесетiн түрi үй гүлдерінде тіршілік етіп, өсімдік қалдықтарымен қоректенеді, сонымен қатар кiтаптарды, ботан. жəне энтомол. коллекцияны бүлдiредi. ПIШЕНШIЛЕР (Opiliones) – өрмекшiтəрiздiлердiң бiр отряды. Жер шарында кең тараған, 4 мыңға жуық түрi белгiлi. Денесiнiң ұз. 1–22 мм. Өрмекшiлерге ұқсас, бiрақ олардан жiңiшке əрi ұзын (16 см-дей) аяқтарымен ерекшеленедi. Құрсағы 9–10 бунақты, бас-кеуде бөлімімен жалпақ буын арқылы жалғасқан. Табанында тырнағы (кейде екі қабатты) болады. Нашар дамыған дара көздері қарапайым, бас-кеудесінің аздап көтеріңкі, дөңестеу жерінде орналасқан, кей түрінде көзі болмайды. Жамылғысы өте қатты, сауыт тəрізді. Түнгі П-дің түсі сұр, бурыл немесе қара, ал күндізгілерінікі шұбар келеді. Қармалауыш аяқтары қысқа. Аяқтарын ұстағанда соңғылары өте жеңiл үзiлiп, бiраз уақытқа дейiн дiрiлдеп қозғалып тұрады (бұл олардың аутотомия екендiгiн көрсетедi). Осыған байланысты оларды П. деп атайды. Ұрықтанған аналығы жұмыртқасын топыраққа салады. Жаңадан пайда болған П. ересектеріне ұқсайды, олар жетілу кезеңінде 5–7 рет түлегеннен кейін жыныстық жағынан жетіледі. Түтiкшелi трахеялары арқылы тыныс алады. Өрмек жəне улы бездерi жоқ. Оларда жағымсыз иіс бөлетін бас-кеуде безі болады, осы өткір иісі үшін оны жыртқыш жəндіктер мен омыртқалылар жемейді. Көбiсi жыртқыштар; өрмекшiлермен, көпаяқтылармен, шырышты ұлулармен, жəндiктермен, өлексе қалдықтарымен, құс саңғырығымен жəне қауырсынымен қоректенедi. Пішендік жерлерде жиі кездеседі. ПЬЯНКОВО – Тобыл жəне Есіл өзендері аралығындағы тұзды тұйық көл. Солт. Қазақстан обл. Жамбыл ауд. Қабан а-ның солт.-батысында 4 км, Ресеймен шекаралас жерде орналасқан. Теңіз деңгейінен 143 м биіктікте жатыр. Аум. 4,2 км2, ұз. 2,9 км, енді жері 2,3 км, жағалау бойының ұз. 8,4 км. Пішіні дөңгелек тəрізді, шығыс жағалауы жарлауытты, өзге бөліктері жазық келген. Көктемгі еріген қар, жер асты суларымен толысады. Қараша айында суы қатып, сəуірде ериді. Жағалауында қатты сабақты өсімдіктер өскен. Су жиналатын алабы жыртылған. ПЯТИМАР СУ ТОРАБЫ, ЖайықКөшім суғару-суландыру жүйесі аумағында, Көшім өз-нің бойында орналасқан. Батыс Қазақстан обл. Жаңақала ауд. Пятимар а. маңында 1975 ж. салынған. Негізгі мақсаты – Дөңгелек бөгенінен, Орт. Азия құбырынан су алу. Ұз. 860 м, биікт. 4,15 м, жағасы темір-бетон араласқан 15 см таспен көмкерілген. П. с. т-ның ауд. 17,7 км2, көл. 33,3 млн. м3. Пішенжегілер Пішеншілер Пятимар

РАДИАЦИЯ – радиоактивті заттар атомы ыдыраған кездегі корпускулдық сəулелер (альфа, бета, гамма, нейтрондар ағыны) шығаруы жəне Күн сəулесінің электрмагниттік энергия таратуы. Р-ның бірнеше түрі бар: ұзын толқынды Р. (атмосферада) – Жер бетінің, атмосфера мен бұлттардың инфрақызыл сəулелермен сəулеленуі. Бұл кезде толқынның ұз. 4–120 мкм диапазонда болады. Р-ның бұл түрі əлемдік кеңістікте планетаның жылуды жоғалтуына əкеледі; иондаушы Р. (радиац. фон) – табиғи сəулеленудің əсерінен (мыс., ғарыштық сəулелерден) электрондық бейтарап атомдар мен молекулалардың иондануына ықпал жасайды (иондар мен бос электрондар пайда болады). Иондаушы Р. барлық тірі организмдерге зиянды əсер етіп, олардың өзгеруіне ықпалын тигізеді (мыс., мутац. өзгерістер, əр түрлі қауіпті аурулар тудырады); қысқа толқынды Р. (атмосферада) толқынының ұз. 400–200 мкм-ден 4 мкмге дейін (қосымша көрінетін ультракүлгін жəне инфрақызыл сəулелер). Р-ның осы түрінен Жер бетіне жылу келеді; шағылған Р. – Күн радиациясының бір бөлігінің Күн сəулесінің шағылысуынан Жер бетінде жойылуы; өткіш Р. – организмге енетін жəне зақымдайтын гамма-сəулелер мен нейтрондардың ағыны; тік түсетін Р. – параллельді сəуле шоғы түрінде Күннен тіке түседі. Бұл Р-ның қарқындылығы Күннің көкжиектен биіктігіне жəне атмосф. тұнықтығына (0–1,10) байланысты өзгереді; шашыранды Р. – атмосферада көп қайтара шағылысып барып келетін Күн радиациясы. Р-ның бұл түрі аспанды жаппай бұлт торлағанда атмосф. қабаттан Жерге түсетін жалғыз қуат көзі болып саналады; қ. Күн радиациясы. РАДИАЦИЯЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІК – халық пен өндірістік орын жұмысшылары иондаушы сəулеленуден қорғалған жағдай. 1989 ж. Атом энергиясы жөніндегі халықар. агенттік (АТЭНХА) атом электр ст-ларындағы оқиғалардың ауырлығының халықар. шкаласын талдап-белгіледі. Агенттіктің шкаласында 7 деңгей белгіленген: 1) АЭСтегі болмашы оқиғалар; 2) ауырлығы орташа оқиғалар; 3) елеулі оқиғалар; 4) АЭС шеңберіндегі апаттар; 6) ауыр апаттар; 7) ғаламдық апат (алапат). Алғашқы үш деңгейді – оқиғалар, соңғы төртеуін – апаттар деп атайды. Халық үшін, сондай-ақ қоршаған орта үшін соңғы 4 деңгейге қатысты оқиғалар ғана елеулі қауіп болып табылады. «Күші» 3 баллға дейінгі оқиғалар халық үшін елеулі қауіп болып есептелмейді (Халықтың радиациялық қауіпсіздігі картасы 167-бетте). РАДИАЦИЯЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІК ЖƏНЕ ЭКОЛОГИЯ ИНСТИТУТЫ, ҚР Энергетика жəне минералдық ресурстар мин-не қарасты еншілес мемл. кəсіпорын. 1993 ж. құрылған. Шығыс Қазақстан обл. Курчатов қ-нда орналасқан. Ин-т Семей сынақ полигоны (ССП) жабылғаннан кейін ядр. жарылыстардың қоршаған ортаға тигізетін радиоэкол. зардаптарына баға беру мақсатында ҚР Ұлттық ядр. орт. мен 52605 ə/б ғыл.-зерт. бөлімшелері негізінде құрылған. Құрамында радиохим., радиол., өсімдіктер мен жануарлардың экологиясы, т.б. лаб-лар мен ССП нысандарына шолу жасау, ақпараттық талдау, ғыл.-тех. ақпарат, т.б. бөлімдері бар. Ин-т негізгі екі ғыл. бағытта: аумақтарды, нысандарды жəне елді мекендерді радиол. зерттеу; өсімдіктер мен жануарлардың радиоэкологиясы бағытында жұмыс істейді. 1994 жылдан бастап халықар. ұйымдармен (АТЭХАГ, ХҒТО, НАТО) бірлесе отырып, зардап шеккен аумақтардағы радиоэкология жəне радиац. қауіпсіздік бойынша зерттеу жұмыстарын жүргізіп келеді. Зерттеу нəтижелері Семей сынақ полигонындағы шаруашылық іскерлікке жəне ондағы қорды пайдалануға байланысты радиол. қатерді бағалауға септігін тигізуде. Ин-тта ССП-ның құрылу тарихы мен қызметі туралы деректер беретін мұражай бар (167-беттегі картаны қараңыз). РАДИАЦИЯЛЫҚ МЕДИЦИНА ЖƏНЕ ЭКОЛОГИЯ ҒЫЛЫМИЗЕРТТЕУ ИНСТИТУТЫ – ядр. сынақ полигонына жақын орналасқан аумақтардағы тұрғындарға мед. көмек көрсететін жəне радиац. сəуледен кейінгі зардаптардың əсерін зерттейтін ғыл. мекеме. ҚР Денсаулық сақтау мин-нің қарамағында. 1957 ж. Семей қ-нда құрылған. Алғашқыда арнайы мед. мекеме №4 диспансер, 1965 ж. №4 сарыпқа қарсы диспансер болып өзгертілді. 1991 жылдан ҚР Мин. Каб-нің шешімімен қазіргі атымен аталады. Құрамында: клиник. радиология, статист. талдау жəне клиник. эпидемиология, радиоэкология жəне биол. дозиметрия мен цитол. лаб-лары, машинамен тізімдеу жəне сауықтыру жұмыстары, компьютерлік бағдарламалау бөлімдері бар. Негізгі ғыл. бағыттары: əр түрлі радиоэкол. жағдайларда радиац. сəулеленуге ұшыраған Қазақстан тұрғындарының авИнституттың цито-генетикалық лабораториясы Радиация

томаттандырылған мед. тізімін жасауға; Қазақстанның бақылау аймағына кіретін, ядр. сынақ аймағына жақын орналасқан елді мекендерде мониторинг жүргізу; радиац. сəулеге ұшырағаннан кейін байқалатын мед.- демогр. зардаптардың мөлшері мен сипатына баға беру; радиация əсерінен пайда болған жалпы соматик. жəне онкол. ауруларды емханалық-эпидемиол. бірізділікке түсіріп, сол аурулардың даму ерекшеліктері мен радиац. қаупінің кең спектрі бойынша ұзақ мерзімдік сипатын бағалау үшін елеулі зерттеулер жүргізу; сəулемен ауырған адамдардың ұрпақтарын мед.-генетик. зерттеуден өткізіп, оларда байқалатын жалпы соматик. патология мен радиация арасындағы байланыстың мед.-демогр. көрсеткіштеріне баға беру. Ин-т ғалымдары Жапония, Германия, АҚШ, Ұлыбритания жəне Ресей ғыл.-зерт. ин-ттарының ғалымдарымен радиац. медицина жəне экол. қауіп-қатердің адам организміне əсерін зерттеу жұмыстарын жүргізеді. РАДИАЦИЯЛЫҚ ЭКОЛОГИЯ – радиоактивтік заттектердің (нуклидтердің) организмге ықпалын, нуклидтердің экожүйелердегі (популяциядағы, биоценоздық ортада, əсіресе, топырақтағы) бөлінуі мен миграциясын зерттейтін экология саласы. Жер бетіндегі, тұщы су жəне теңіз экожүйелерінің радиоэкологиясы болып бөлінеді. қ. Радиациялық қауіпсіздік жəне экология институты. РАДИЙ, Ra – элементтердің периодтық жүйесінің ІІ тобындағы радиоактивті хим. элемент, ат. н. 88, ат. м. 226. Р-ді алғаш уран кендерінен француз ғалымдары П.Кюри мен М.Складовская-Кюри ашқан (1898). Жер қыртысындағы салмақ мөлш. 1⋅10-10%. Табиғатта 14 изотопы бар. Мейлінше тұрақты изотопы 226Ra (Т1/2 – шамамен 1620 жыл). Маңызды минералы – уранинит. Р. күмістей ақ металл, кристалл торы көлемді орталықтандырылған; тығызд. 12,02 г/см3, балқу t 969°С, қайнау t 1140°С. Тотығу дəрежесі +2, хим. қасиеті бариймен ұқсас, бірақ белсенділігі жоғары. Бөлме темп-расында азотпен (күңгірттенеді), оттекпен, сумен, қышқыл ерітінділерімен жəне галогендермен əрекеттеседі. Галогенидтері суда жақсы ериді. Р-ді уран кендерінен бариймен бірге бөліп, тұндыру немесе ион алмасу əдістері арқылы барийден ажыратады. Бериллийді Р. a-бөлшектерімен атқылап нейтрон алуда, g-сəулелері қатерлі ісік (рак) ауруын емдеуде қолданылады. РАДИОАКТИВТІК ҚАЛДЫҚТАР – ядр. реактормен жұмыс кезінде радиоактивтік изотоптарды қолданып жəне оларды өндіргенде түзілетін, бұдан əрі қолданылмайтын радиоактивтік заттектер. Олардың үш типі ажыратылады: төмен активті (0,2 Кu/м3-ден аз), орташа активті (0,1-ден 1000 Кu/м3-ге дейін), жоғары активті (1000 Кu/м3-ден артық). Р. қ-ға АЭСте пайдаланылған жылу шығаратын элементтер, бөлшектеу жəне жөндеу кезіндегі АЭС құрылымдары, радиоактивтілігі бар мед. аспаптардың бөлшектері, қызметкерлерінің жұмыс киімдері, т.б. жатады. Р. қ. қоршаған ортаға түспейтіндей етіліп сақталуы немесе көмілуі керек. Физ. күйі жағынан тозаң газ түзушілер, сұйық жəне қатты болып бөлінеді. Төмен активті категорияға жататын тозаңгазды Р. қ. құбыр арқылы шығарылып, таралып кетеді. Оларды радиоактивті аэрозольдан тазалау үшін тозаңтұтқыштар пайдаланылады. Жоғары дисперсті бөлшектерді тұту үшін сүзгіш элементтері бар əр түрлі құрылымдағы сүзгіштер қолданылады. Төмен жəне орташа активті шығарынды (қалдық) суды радионуклидтерден əр түрлі əдістерді (иондық алмасу, физ.-хим. əдістер, т.б.) қолданып тазартады. Активтігі жоғары қатты Р. қ-ды арнайы полигондарға көміп тастау қажет (Халықтың радиациялық қауіпсіздігі картасын қараңыз). Мұндай қалдықтар көмілген жəне сақталатын жерлерде радиац. жағдайды білу мақсатымен тұрақты дозиметриялық бақылау жүргізіледі. Бұл жұмыстарды Атом энергиясы жөніндегі халықар. агенттік (АТЭНХА) үйлестіреді, радиац. жағдайды бақылаудың автоматты жүйесі қолданылады. РАДИОАКТИВТІК ТАБИҒИ СУЛАР – радиоактивтік заттектері бар сулар. Табиғи суларда радиоактивтіліктің болу мөлшері төмен. Əдетте, олар суда 40 К жəне 226 Ra болуымен байланысты 50-ден 500 Бк/м3-ге дейін болады. Салыстырмалы түрде алғанда, кейбір жанартаулы аудандардағы суларда радийдің көптігі байқалады. Өзендер мен суқоймалар уран қазу немесе АЭС жəне т.б. имараттардан түсетін ағынды сулардан ластанады. Радиоактивті заттектерді пайдаланатын кəсіпорындардан шығатын сулар барлық елде қатаң бақыланады жəне олардың радиоактивтілігі қажетті нормадан аспайды. Олар табиғи сулар мен су түбі шөгінділерінің радиоактивтілігін арттырады. Атом қаруын ауада сынауға тыйым салынғанға дейін табиғи сулардың тритериймен ластануы күшті болды. Қазіргі кезде мұхит жəне жер бетіндегі сулардағы тритерийдің мөлшері анағұрлым азайды. Табиғи суларда олардың радиоактивтік мутагендік қасиеттеріне байланысты уранды иеленуіне бақылау жасау айрықша экол. маңызға ие. Жер шары өзендерінің суларындағы уранның концентрациясы 0,04 мкг/л-ден бірнеше мкг/л-ге дейін болады, яғни бар-жоғы 2 шама көлемінде ауытқып отырады. Салыстырмалы түрде алғанда, уран концентрациясының барынша мол болуы антропогендік ластанумен түсіндіріледі. Радиоактивтік заттектердің белгілі бір дəрежеде таралу мүмкіндігі судың сутектік көрсеткішіне, ондық күшке, түп шөгінділерінің түріне, заттектің суда болу уақытының ұзақтығына байланысты анықталады. РАДИОАКТИВТІК ШӨГІНДІЛЕР – жер бетіне жауын немесе қар арқылы құрғақ түрде (құрғақ жаңбыр) атмосферадан түсетін радиоактивтік заттектер. Р. ш. ядр. қаруды əуеде жəне жер үстінде сынағаннан соң, сондай-ақ əскери жəне энергет. реакторлардағы апаттардан кейін үнемі байқалады. Барынша қарқынды Р. ш. 1950 жылдардың басы мен соңындағы жəне 1960 жылдардың басындағы ядр. сынақтар топтамасынан соң байқалды. Ядр. сынақтар көбіне жер астында жүргізілді (Халықтың радиациялық қауіпсіздігі картасы 167-бетте). РАДИОАКТИВТІ ЛАСТАНУ – қоршаған ортада радиоактивтік заттектер құрамының қалыпты деңгейден артуына байланысты физ. ластану түрі. Р. л-дың негізгі көздері – ядр. сынақ жəне қондырғылар (оның ішінде АЭС те бар). Мыс., Чернобыль АЭС-ндағы апат келтірген зияны жағынан дүние жүзінде алғашқылардың біріне жатады. Апат салдарынан ТМД-ның еуропалық бөлігінің 100 мың км2-і радионуклидтермен зақымданды. Ал 2011 ж. 11 наурызда Жапонияның Фукусима-1 АЭС-нда болған ірі радиац. апат ІNES шкаласы бойынша 7-дəрежелі апатқа жатқызылды; қ. Радиациялық қауіпсіздік. РАДИОАКТИВТІ МИНЕРАЛДАР – құрамында табиғи радиоактивті элементтердің (ұзақ мерзімді 238U, 235U, 232Th изотоптары) мөлшері бұлардың жер қыртысындағы орташа шамасынан көбірек шоғырланған миРадиоактивті

нералдар тобы. Табиғатта Р. м-дың 250-ге жуық түрі бар. Оларды уранды жəне торийлі деп бөледі. Уранды минералдар екі топқа бөлінеді: 1) құрамында төрт кейде алты валентті уран катиондары бар оксидтер (уранинит жəне оның силикаты – коффинит) кездеседі. Настуран (уран шайыры) мен коффинит гидротермальдық жəне экзогендік жағдайда жаралып, уран кен орындарының басты минералдары болып табылады. 2) құрамында алты валентті уран катионы бар сулы оксидтер (беккерелит, кюрит), силикаттар (уранофан, казолит), фосфаттар (отенит, торбернит), арсенаттар (цейнерит, ураноспинит), ванадаттар (карнотит), т.б. тұздар кездеседі. Осы екі топтағы минералдардың барлығы да уран кен орындарының тотығу белдемінде кең таралған. Торийдің өз минералдары мен торийлі минералдардың жалпы саны 120-дай, бірақ сирек кездеседі. Табиғатта оксидтер, силикаттар, фосфаттар, карбонаттар, т.б. түрінде ұшырасады. Басты минералдары: торианит, торутит, торит, ферриторит, эканит, иттариалит, приорит, торогумит. Құрамында уран мен торий қатар ұшырасатын минералдар: давидит, самарскит, колумбит, пирохлор, монацит, т.б. Олар табиғатта акцессорлық минералдар деңгейінде граниттерде, сиениттерде сирек кездесіп, осы тау жыныстарында табиғи радиоактивтілік қасиет туғызады. Қазақстан Р. м. Кен орындарына өте бай. Уран мен торий минералдарының біразы метамиктілі күйде ұшырасады. Р. м. тау жыныстарының абсолют жасын анықтауға қолданылады. РАДИОАКТИВТІ ЭЛЕМЕНТТЕР – барлық изотоптары радиоактивті болатын хим. элементтер. Оларға технеций, прометий, полоний жəне элементтердің периодтық жүйесінде бұлардан кейін орналасқан барлық элементтер жатады. Р. э. α, β жəне γ сəулелерін бөліп, өздігінен ыдырайды. Ядроның ыдырауы тұрақтылық дəрежесімен сипатталып, оның сан көрсеткіші Т½-мен (жартылай ыдырау периоды) белгіленеді. Мыс., 238U (T1/2=4,51⋅109 жыл), 232Тһ(Т1/2=1,41⋅1010 жыл), т.б., ал торий біртіндеп 13 изотоп түзіп, соңында қорғасын 208Pb изотопына айналады. Қорғасын – барлық радиоактивті ыдыраудың соңғы өнімі. Жер қыртысында кездесетін тау жыныстарының, минералдардың жəне археол. қазбалардың жасын анықтау радиоактивті ыдырау құбылысына негізделген. Кейбір Р. э-дің ядросы өте тұрақсыз, секундтың 3⋅10–7 бөлігінде жартысы ыдырайды. Табиғатта жартылай ыдырау периоды өте ұзақ болатын тұрақты изотоптар сақталады. Онда кездесетін актиний, радий, франций, радон, астат, полоний, нептуний, плутоний, т.б. радиоактивті қатарлардың ыдырау өнімдері болғандықтан екінші реттік Р. э. деп аталады. Р. э. ғылым мен техникада кеңінен қолданылады. Мыс., γ сəулелерін шығаратын изотоптар металдар мен қорытпалардың ақауын табуға, кен барлау ісінде, қатерлі ісік ауруларын емдеуде жəне β сəулелі изотоптар атом батареяларында электр энергиясын алуда, таңбаланған изотоптар организмде маңызды қосылыстардың түзілу жəне жиналу жолдарын зерттеуде қолданылады. РАДОН, Rn – элементтердің периодтық жүйесінің VІІІ тобындағы радиоактивті хим. элемент, ат. н. 86, ат. м. 222,01; инертті газдар тобына жатады. Р-ды алғаш америкалық физик Р.Оуэнс торийдің ыдырауы кезінде байқаған (1899). Ең тұрақты изотопы 222Rn (Т1/2= 3,823 тəулік). Р. табиғатта сирек кездеседі. Қалыпты жағдайда түссіз, иіссіз, дəмсіз газ; тығызд. 9,9 г/л (0°С-та), балқу t –71°С, қайнау t –61,8°C; фтормен əрекеттесіп, фторид (RnF2) түзеді. 500°С-та Р-ды сутекпен тотықсыздандырады. Толуолда, фенолда, суда ерігенде клатраттар түзеді. Р. радий тұздарынан алынады. Ол өте улы, ыдырау кезінде организмнен қиын шығарылатын, ұшпайтын радиоактивті өнімдер (Po, Bі, Pb изотоптары) түзеді. Медицинада (радонды ванна, т.б.), техникада, биологияда, табиғатта радиоактивті элементтерді анықтауда қолданылады. РАЗДОЛЬНЕНСКОЕ ЖЕР АСТЫ СУ КЕНІ, Ақмола обл. Зеренді ауднда орналасқан. Васильков кен байыту комб-тын жəне кенішін шаруашылық жəне ауыз сумен қамтамасыз етуге байланысты барланған. Кен орны ордовик дəуірінің жарықшақты белдемінің тау жыныстарындағы сулы қабатта шоғырланған. Су көзіне палеоген шөгіндісінің сулы кешені жатады. Су сыйыстырушы жыныстар жарықшақты алевролиттен, құмтас, тақтатас, аргиллит жəне порфириттерден тұрады. Жер асты суы 28– 46 м тереңдікте жатыр. Суы арынды, арынның мөлш. 22 м-ге жетеді. Жер асты суы 8–16 м төмендегенде тектоник. бұзылуға ұшыраған белдемдегі ұңғымалардың дебиті 3–16 л/с аралығында болады. Суы тұщы, минералд. 0,3–1 г/л, солт.-шығыс телімінде 2–3 г/л. Хим. құрамы бойынша гидрокарбонатты жəне хлорид-гидрокарбонатты. Тұздылау суы (ашқылтым суы) хлоридті-натрийлі. Сутіректің есептік сұлбасы алаңдық типті, тереңд. 70–100 м болатын 10 ұңғымадан тұрады. Пайдаланылатын жер асты суының қоры В категориясы бойынша тəулігіне 6,3 мың м3. Кен орны игерілмеген. РАЗЛОМНОЕ ЖЕР АСТЫ СУ КЕНІ, Атасу синклинорийінде, Қарағанды обл. Жаңаарқа ауд. Жəйрем кентінің солт.-шығысында 30 км жерде орналасқан. Жəйрем кен байыту комб-тын шаруашылық жəне ауыз сумен қамтамасыз етуге байланысты барланған. Кен орны кембрийдің терригенді тау жыныстарымен түйіскен белдеміндегі орта девондық-франкілік тау жыныстарының жанартаутектік шөгінділерінде шоғырланған. Терригендік тау жыныстарының барлық алаңы соңғы тектоник. əсердің салдарынан қапталдарға (блоктарға) бөлінген. Кембрийдің терригенді тау жыныстарының жарықшақты сулы белдемі 150 м тереңдікке дейін таралған. Су сыйыстырушы тау жыныстары аргиллит, кварцит жəне құмтастардан тұрады. Жер асты суы арынсыз жəне сəл арынды, ол 1,5– 2,3 м тереңдікте жатыр. Су деңгейі 8,1–31 м төмендегенде ұңғымалардағы дебит 0,3–4 л/с-қа дейін өзгереді. Тектоник. бұзылуға ұшыраған белдемдегі телімде су мол болады. Мұнда су деңгейі 10–21,2 м төмендегенде ұңғымалардағы дебит 4,1– 17,6 л/с болады. Үш ұңғымадағы судың жиынтық дебиті 33,8 л/с. Кен орнының жер асты суы негізінен тұщы. Минералдануының орташа мөлш. 0,8 г/л. Ионның құрамы бойынша суы сульфатты кальций-натрийлі. Сутірек қатар түзеген 4 ұңғымадан тұрады, олардың тереңд. 120–140 м. Кен орны игерілмеген. РАЙ – Қамыстыбас (Қамбаш) көлінің солт.-батысындағы құдық. Қызылорда обл. Арал ауд. Аралқұм а-ның оңт.-батысында 25 км жерде орналасқан. Тереңд. 2 м, су шығымы 150 л/сағ. Құдық жонды-қырқалы төбешіктердің етегінде, теңіз деңгейінен шамамен 80 м биіктікте жатыр. Батысында Тұзқонды құдығы, шығысында Сарышоқы қыстауы, оңт.-шығысында Радиоактивті

Сарышоқы төбесі бар. Құдықтың шығысынан Сапақ-Аманөткел аралығына жер асты құбыр суы өтеді. РАЙЫМБЕК АУДАНЫ – Алматы обл-ның оңт.-шығыс бөлігінде орналасқан əкімш. бөлініс. 1997 ж. Нарынқол мен Кеген аудандары біріктірілгеннен кейін қазіргі атымен аталады. Жер аум. 14,2 мың км2. Тұрғыны 79,4 мың адам, орташа тығызд. 1 км2ге шаққанда 5,6 адамнан келеді (2011). Аудандағы 51 елді мекен 1 кенттік жəне 22 ауылдық округке біріктірілген. Аудан орт. – Кеген а. Аудан жері облыстың таулы жерін қамтыған. Шығыс, солт.-шығысында Қытаймен шектесер тұсында Темірліктау, Сарытау жоталары, солт-нде Кетпен (Ұзынқара) жотасы, оңт., оңт.-шығысында, Солт. Тянь-Шаньның Теріскей Алатауы жотасының сілемдері орналасқан. Қазақстанның ең биік шыңы – Хантəңірі (6995 м) осы ауданда. Жер бедері əр қилы. Негізгі аумағы теңіз деңгейінен 1700–3700 м биіктікте жатыр. Орта тұсы мен батысының басым бөлігі жазық. Қиыр батысы Іле Алатауының Торайғыр, Сөгеті, Бұғыты, т.б. тауларымен шектеседі. Жер қойнауынан қорғасын, уран, мырыш, тас көмір, құрылыс материалдары табылған. Ауданның климаты тым континенттік, қысы суық, жазы жылы. Қаңтар айының орташа темп-расы -10 – 15°С, шілдеде 15–22°С. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлш. 350– 650 мм. Аудан жерімен Шілік, Кеген, Қарқара, Текес, Байынқол, Шалкөдесу, Қақпақ, Үлкенқақпақ, т.б. өзендер ағып өтеді. Топырақ жамылғысы негізінен қызғылт қоңыр, қара жəне шалғынды-аллювийлі топырақты. Онда жусан, бетеге, альпі, субальпі шалғыны, қайың, тал, долана, шетен, шырша, арша, қарағай өседі. Жануарлардан қасқыр, түлкі, аю, барыс, арқар, тауешкі, марал, елік, жабайы шошқа, суыр, сарышұнақ, қоян, борсық кездеседі. Ірі елді мекендері: Кеген, Нарынқол, Жалаңаш, Текес, Сарыжаз, Сарыбастау, Сүмбе, Қайнар. А. ш-на пайдаланылатын жарамды жер аум. 855,7 мың га, оның ішінде егістік 74 мың га, жайылым 746,1 мың га, шабындық 35,6 мың га. Аудан аумағынан халықар. маңызы бар Алматы – Кеген – Нарынқол, Нарынқол – Кеген – Шонжы – Жаркент – Қорғас жəне Кеген – Көктал – Сарыөзек – Талдықорған автомоб. жолы өтеді. Ауданда ежелгі сақ дəуірінің, үйсіндердің мəдениет белгілері қалған Қарашоқы, Таңбалытас, Тұйық, Ақтастының алтыны, Байынқол мен Шалкөденің алтын кеніштері, Ұлы Жібек жолы бойындағы Шығу, Құмтекей қ-ларының орындары бар. Шоқан Уəлихановтың Қашқарияға сапары осы өңір арқылы өткен. Елі мен жерін қорғаған Хангелді, Райымбек, Байсейіт, Əжібай, Малай жəне Жетен батырлар, Құлмамбет, Көдек Байшығанұлы, Бөлтірік Атығанұлы, Қойдым, Қабай жырау, Қожеке күйші, Асан Бəрменбекұлы, т.б. шешендер өмір сүрген. Еліміздің белгілі ақыны М.Мақатаев туып-өскен. РАЙЫМКӨЛ – Арал Қарақұмы шөлінің оңт.-батыс бөлігінде, Сырдария алабындағы көл. Қызылорда обл. Арал ауд. Райым а-ның оңт-нде орналасқан. Аум. 17 км2, ұз. 3,7 км, енді жері 2,7 км, ең терең жері 4,5 м, суының көл. 8 млн. м3. Көл жағалауы жайпақ, саяз, оңт., оңт.-батысын жəне батысын ну қамыс, қоға басқан. Суында сазан, көкбас, т.б. балықтар бар. РАЙЫМҚАН – Бақанас өз. аңғарындағы қыстау. Шығыс Қазақстан обл. Аягөз ауд. Өркен а-ның оңт-нде 16 км жерде орналасқан. Жер бедері сай, жыралармен тілімденген. Солтнде Жұматай, шығысында Орта, батысында 2-Балатас қыстаулары, оңтнде Қарашоқы тауы бар. Сортаң топырақ жамылғысында боз, бетеге басым бұталар, т.б. өсімдіктер өседі. Аудандағы тау шатқалы Ауданның биік таулы аймағы Райымқан

Қыстау маңы жазғы мал жайылымы ретінде маңызы зор. РАЙЫС КАНАЛЫ, Жамбыл обл. Жамбыл ауд-ндағы суғару-суландыру жүйесі. 1973 ж. пайдалануға берілген. Ұз. 13,7 км, су өтімділігі 3 м3/с, ауданның 3,1 мың га егістігін суғарады жəне суландырады. Бастауын Теріс жəне Күркіреусу өзендері аралығында, Қырғызстан респ-ндағы Маймақ кенті маңынан алып, Терісащыбұлақ бөгенінің шығысымен ағып өтеді. РАКУШЕЧНОЕ ГАЗКОНДЕНСАТ КЕНІ, Оңт. Маңғыстау иін ойысының Құмдымүйіс – Ұлутасты антиклинальдық бөлігінде, Маңғыстау обл-нда орналасқан. Кен 1973 ж. ашылған. Кен сыйыстырушы құрылым – күмбез тəрізді көтерілім. Ондағы ортаңғы юра қабаты желегінің мөлш. 5,5×4 км жəне амплитудасы 30 м. Триас шөгінділерінде құрылым тектоник. тіліктер арқылы күрделіленіп Солт. жəне Солт. Ракуша блоктарына бөлінген. Солт. Ракуша блогында екі иірім (А жəне Б) бар. Солт. блогындағы иірім (А) триастың оленек ярусы мен ортаңғы юраның байос (Ю-Х қабатының иірімі) ярусы шөгінділерінің өнімділігі анықталды. Қанығу сипатына қарай триас жыныстарындағы иірімдер газконденсатты, ортаңғы юранікі газды. Сыйымдылық түріне қарай иірімдер Солт. Ракуша блогында қабаттық дөңдік, тектоник. қалқаланған. Солт. блокта қабаттық дөңдік. Қуысты доломиттерден жəне жарықшақты əктастардан құралған оленек ярусының өнімді шөгінділеріндегі қуысты-жарықшақты жəне жарықшақты коллекторлардың кеуект. 14% жəне өткізгіштігі 0,007 мкм2. Иірімдердің биікт. 153–157 м. Солт. Ракуша блогындағы А иірімінің өнімді қалыңд. 7,5 м-ді, газға қаныққан қалыңд. 7,2 м-ді, ал Солт. блокта тиісінше 5 жəне 3,4 м-ді құрайды. Газға қаныққан дебиті 67%. Б иірімінің газға қаныққан қалыңд. 20,2 м, газға қанығуы 85%. Юра қабатының иірімі үшін кеуект. 14% жəне өткізгіштігі 0,015 мкм2 құмтастан құралған коллекторлар тəн. Иірімнің биікт. 21 м. Тиімді қалыңд. 9,8 м, газға қаныққан қалыңд. 4,4 м. Газ құрамында 68,1– 71,5% этан, 24–30% ауыр көмірсутектері, 2% азот, 0,6–0,8% көмір қышқыл газ бар. Конденсаттың мөлш. 786 г/м3-ге жетеді. Солт. Ракуша блогының А жəне Б иірімдеріндегі бастапқы қабаттың қысымы 40 МПа, темп-расы 156°С. Солт. блоктың А иірімінде тиісінше 43,2 МПа жəне 163°С. Блоктардағы газ бен конденсаттың шығымдары тиісінше 17–92 мың м3/тəулікке жəне 60–205 мың м3/тəулікке дейін өзгереді. Тығызд. 798 кг/м3 конденсаттағы парафин мөлш. 22,8%- ға жетеді. Юра қабатының газы 81,25% метаннан, 16%-ы ауыр көмірсутектерден, 2,7%-ы азоттан тұрады. Бастапқы қабаттық қысым 29,7 МПа, темпра 127°С. газдың шығымы 46,4 мың м3/тəулік, тұрақты қабат суларының тығызд. 1034 кг/м3, минералд. 56,6 г/л, құрамында йод, бром, бор бар. Ю–Х қабаты суларының ерекшелігі болып жоғ. минералдылығы мен бромның кондициялық (өнеркəсіптік) мөлшері саналады. А жəне Б иірімдерінің режимі серпімді газ суарынды. Кен 1981 жылдан бері пайдаланылуда. РАКУШЕЧНЫЙ – Маңғыстау түбегінде, Каспий т-нің шығыс бөлігіндегі мүйіс. Маңғыстау обл. Қарақия ауд. Қазақ шығанағының солт-нде орналасқан. Теңізге сұғынған бөлігі доғал келген. Пішіні доға тəріздес, еңістеу келген. Жағалауы теңіз деңгейінен 27 м төмен жатыр. Тік жартасты жағалауына кеме келу үшін өзімен аттас шамшырақ орнатылған. РАҢ (Carex physodes) – қияқөлеңдер туысына жататын көп жылдық өсімдік. Қазақстанда Каспий, Арал т-дері маңында, Зайсан қазаншұңқырында, Солт. жəне Оңт. Үстіртте, Маңғыстау тауларында, Бетпақдала шөлінде, Мойынқұм құмды алқабы мен Қызылқұм шөлінде, т.б. құмды шөл далада өседі. Биікт. 10–40 см, жатаған тамыр сабағының ұзын өскіндері бар. Сабағы тік əрі жіңішке, сырты тегіс, төм. жағы бурыл қоңыр, ұзын жапырақ қынабымен жабылған. Жапырағы иілмелі, ширатылып тұрады. 3–6 масақшасы ұзынша келген үзілмелі масаққа біріккен. Үшкір қабыршағы қандауыр тəрізді, қоңыр түсті, жиегінде жалпақ əрі тегіс емес қабығы болады. Ұрық қапшығы басында сəл дөңестеу жəне қабыршағымен бірдей, кейіннен 2 см-ге дейін ұлғайып, үрленген көпіршік тəрізді түрге енеді, жарғақты қызыл қоңыр жіпшесі бар. Сəуір–мамыр айларында гүлдеп, жеміс береді. Құмды шөл даладағы құнарлы жайылымдық мал азықтық дақыл. РАҢ – Қаратау жотасының солт.-батысындағы асу. Оңт. Қазақстан жəне Қызылорда облыстары аумағының қиылысында, Теріскей тауында орналасқан. Абс. биікт. 1045 м. Сəуір– қараша айларында асудан салт атты адам өте алады. Асудың батысындағы Жиделі, солт. бөлігіндегі Күмісті өзендері тау бұлақтарынан бастау алады. Екі облыстың елді мекендерін байланыстыруда маңызы зор. РАПА – тұзды сулы табиғи жəне жасанды суқоймалардағы (бөгендерде) қаныққан тұз ерітіндісі. Р-ның құрамы суқойма ауд-ның климаттық жағдайына, суқойманың пайда болуына, алап аймағынан келетін ағын тұздардың құрамына жəне т.б. факторларға байланысты болады. Ол тұзды көлдердің түбінде жиналған, күн жылуы тікелей əсер ететін шөгінділердің бетін жауып жататын үстіңгі Р. жəне осындай көлдердің түбіндегі шөгінділерге сіңіп кеткен жəне кристалдар арасындағы кеуектер мен қуыстарды толтырып тұратын кристаларалық немесе түптік Р. болып ажыратылады. Біріншісі жер бетіне жақын болғандықтан, жауын-шашын əсерімен ондағы ерітіндінің қоюлықсұйықтық шоғыры ауыспалы болып келеді; түпкі ерітінділер (төм.) сазбалшықты тұзды шөгінділер кеуегі мен қуыстарын толтыратындықтан, айтарлықтай өзгеріске ұшырамайды. Жер бетіндегі кейбір Р-ның жыл бойына сақталатыны да болады. Оларды Р-лы көл деп атайды, ал кебетін көлдікін жартылай Р-лық көл дейді. РАПС (Brassіca napus) – орамжапырақтар тұқымдасына жататын бір жылдық майлы əрі азықтық дақыл. Дақыл ретінде б.з.б. 4-мыңжылдықтан бастап белгілі. Тамыры бұтақтанған. Күздік Р-тың тамыры топыраққа 3 мге дейін, жаздық Р-тікі 2 м-ге дейін енеді. Биікт. 60–190 см, жуанд. 0,8– 3,5 см. Сабағы тік, көкшіл жасыл түсті, сыртын балауызды өңез жапқан. Көкшіл жасыл немесе күлгін түсті сағақты жапырақтары кезектесе орналасқан. Төм. жапырақтары қауырсын тілімді, ұшына қарай сопақ немесе домалақтана келген. Ортаңғы Раң өсімдігі Райыс

жапырақтары ұзындау, найза тəрізді, сағақсыз төбе жапырақтары ұзын, қандауыр тəрізді. Сары түсті 4 күлтелі гүлдері қалқан тəрізді гүлшоғырына топтасқан, тостағанша жапырақшалары жұмыртқа тəрізді, 6 аталығы, аузы шоғырбасты болатын аналығы бар. Екі ұялы жоғ. түйінінде 20–40 тұқым бүршігі болады. Тұқымы жіңішке немесе аздап иілген бұршаққын. Р. күздік жəне жаздық болып бөлінеді. Суыққа төзімді, құрғақшылыққа төзімсіз өсімдік. Тұқымы 1–3°С-та өне бастайды, жас өркені -3–5°С-та үсімейді. Ылғалды ең көп қажет ететін уақыт – гүлдеу, дəнінің толысып, пісу кезеңі. Күздік Рқа қарағанда жаздық Р. климат жағдайына төзімдірек. Вегетац. кезең күздік Р-та 270–300 күн, жаздық Р-та 80–100 күнге созылады. Айқас тозаңданады. Барлық майлы дақылдардың ішінде күздік Р. айрықша топырақ талғайды, ол қоректік заттары мол, қышқылдау ортасы бар топырақта жақсы өнім береді. Ал жаздық Р. ауыр саздақ жəне жеңіл құмдақ топырақтан басқа жерлердің бəрінде өсіп, өнім бере алады. Р-тың дəнінде 43%-дан (жаздық) 50%-ға (күздік) дейін май болады. Майын тағам ретінде жəне тех. мақсаттарға, сабын қайнату, тоқыма, металлургия, бояу, полиграфия, тері, т.б. өндірістерде пайдаланады. Р-тың 100 кг көк балаусасында 15,7 кг мал азықтық бірлік бар жəне ол витаминдерге (А, С) бай, жақсы қорытылады. Күнжарасы бағалы құрама жем, сонымен қатар малға берілетін құрама жем мен премикстердің азықтық негізі болып табылады. Ауыспалы егістерде аралық дақыл ретінде себілген Р. малға күз жəне көктем айларында жақсы жайылым. Жаздық Р. Солт. Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Ақмола облыстарында, ал күздік Р. Атырау, Жамбыл, Оңт. Қазақстан облыстарында өсіріледі. Қарағанды жəне Қостанай облыстарында жаздық Р-ты дəн алу үшін жəне мал азықтық дақыл ретінде егеді. РАСКОЛОТАЯ – Айыртау тауының батыс бөлігіндегі тау массиві. Солт. Қазақстан обл. Айыртау ауд. Шалқар а-ның оңт.-батысында 14 км жерде орналасқан. Абс. биікт. 523 м. Солт-тен оңт-ке қарай бойлық бағытта 3 км-ге созылған, енді жері 1,5 км. Беткейлері тіктеу, бірнеше шоқылардан тұрады. Силур граниттерінен түзілген, бетін плиоцен шөгінділері жауып жатыр. Қара, күлгін топырақ жамылғысында қарағайлықайыңды орман шоқтары, түрлі шөптесін өсімдіктер өседі. РАУАЛЫ ШЕКТЕЛГЕН КОНЦЕНТРАЦИЯ – адам организмі мен қоршаған ортаға белгілі бір мерзімде қайталанып немесе үнемі əсер ететін атмосферадағы зиянды заттардың көлемі мен салмақ бірліктерінің максималды мүмкін болатын мөлшері. Мұндай мөлшердегі зиянды заттар патол. ауытқулар мен ұрпаққа келеңсіз өзгерістер туғызбайды. Егер Р. ш. к. белгіленбеген болса, рауалы концентрация, əсердің қауіпсіз деңгей шамасы, шектеулі рауалы мөлшер, шектеулі рауалы деңгей уақытша қолданылады. Адам баласы қоршаған ортаның хим., физ., биол. факторларының құрамалы, кешенді жəне жиынтықты əсер етуіне тап болатындықтан, олар денсаулық көрсеткішінің орта сапасының маңызды критерийі бола алады. Бір зиянды заттың Р. ш. к-сының деңгейі сыртқы ортаның əр құраушыларында (ауа, су, топырақ, т.б.) ғана емес, əр мемлекетте де əр түрлі болады. Əсердің рауалы шегін анықтау экологияның көптеген салаларымен, ең алдымен экол. нормалаумен, тəуекелді бағалаумен, экотоксикологиямен тығыз байланысты. Ауыз судағы хим. элементтердің мемлекет дəрежесінде бекітілген шекті мөлшері бойынша орталықтандырылған құбырдан алынатын ауыз судың құрамында құрғақ қалдық (немесе минералдылық) 1000 мг/дм3-ге (1 г/лге) дейін; кермектік 7–10 мг-экв/дм3ден аспауы керек. Ал кейбір жеке иондар саны төмендегідей болуы шарт (мг/дм3): хлоридтер 350, сульфаттар 500, екі-үш валентті темір қосындысы 0,3, фосфат-ион 3,5, т.б. Суға тапшы аудандарда кейде минералд. 2000– 3000 мг/дм3-ге дейінгі сулар да пайдаланылады. РАУАН – күннің батуы жəне таңның атуы кезінде, атмосфера қабаттарында байқалатын жарықтың түрлі түсті құбылыстарының жиынтығы. Негізінен Күн мен көкжиек арасындағы қашықтыққа байланысты. Күн төмендеп көкжиекке таяғанда, бұлтсыз ашық аспан сары, қызғылт сары түске боялады; себебі, Күннің түрлі түсті сəулелері Жер бетіне жанамалай бағытталып атмосфера қабаттарынан өткен кезде көгілдір сəулелер əлсірейді, шашырап жұтылады, керісінше сарғыш түс беруші сəулелер күшейеді. Күн көкжиектен сəл төмен түскенде, аспанның бүкіл батыс бөлігінде күндізгідей жарық алаңы (Р. шашырауы) пайда болады. Күн 2–3° төмендегенде Р. қызыл түске боялады да 5°-қа дейін бұл түс айқындала түседі. Ғалымдар мұны атмосф. шаң-тозаңды қабаттан, Күн сəулелерінің төменнен жоғары қарай өтуінің салдары деп түсіндіреді. Күн 12° төмендегенде аспан көкшілдене бастайды. 18°-та рауандық бояулар жойылады, қараңғылық түседі. Таңның атуы кезінде Р. құбылыстары кері тəртіппен қайталанады. РАУҒАШ (Rheum) – тарандар тұқымдасына жататын көп жылдық шөптесін өсімдік. Қазақстанда Ақтөбе, Алматы, Қостанай, Қызылорда, Павлодар облыстары мен Алтайдың далалы, шалғынды жерлерінде өсетін 10 түрі бар. Биікт. 1,5 м-дей, бұтақтанған, сүректенген тамыр сабағы мен көген тамыры жуан. Сабақ түбіне орналасқан ұзын сағақты тамыр жапырақтары өте ірі болады, бүтін, саусақ салалы немесе жиекті. Сағағы цилиндр тəрізді немесе көп қырлы. Сабақ жапырақтары кішірек, оның ұшында сыпыртқы гүлшоғыры орналасқан. Гүлі ұсақ, ақсары, қызғылт, қызыл Рапстың гүлдеу кезеңі Рауғаш Рауғаш

түсті, қос жынысты. Гүлсерігі қарапайым, алты жапырақты, тозаңданғаннан кейін солып қалады. Аталығы 9, дөңгелене екі қатар болып орналасқан. Аналық гүлі біреу, үш қырлы жоғ. түйіні бір ұялы. Таға тəрізді аналық аузы бар үш аналық мойны болады. Сəуірден маусым айына дейін гүлдеп, шілдеде жеміс салады. Жемісі – үш қырлы жалпақ немесе жіңішке қанатты қоңыр түсті жаңғақша. Суыққа төзімді өсімдік. Ауа райы қоңыр салқын, жазы жауын-шашынды аймақта, құнарлы топырақта өседі, 8–10°С-та көктейді. Р. тұқымынан, көшетінен жəне тамыр сабағынан бөлу арқылы көбейтіледі. Жапырақ сағағын жеуге болады. Құрамында 2,5%-дай қант, 3,5%-дай органик. қышқылдар мен минералды тұздар бар. Тамыры медицинада дəрі алуда, өндірісте былғары илеуде жəне бояу алуда пайдаланылады. Р-тың 2 түрі: алтай Р-ы мен Виттрок Р-ы өте сирек кездесетін өсімдіктер болғандықтан қорғауға алынып, Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген. РАУШАНГҮЛ, қ. Итмұрын. РАУШАНГҮЛДЕР ТҰҚЫМДАСЫ (Rosaceae) – қос жарнақтыларға жататын бұта, ағаш тəріздес бір не екі жылдық өсімдіктер. Жер шарында кең таралған, негізінен, қоңыржай аймақта өседі. 100-ден аса туысы, 3 мыңнан астам түрі белгілі. Қазақстанның барлық жерінде кездесетін 36 туысы, 200-ден астам түрі бар, оның 12-сі өте сирек кездесетін өсімдіктер, сондықтан қорғауға алынып, Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген. Р. т-на жататын өсімдіктердің жапырақтары күрделі, кезектесіп орналасады, бүтін жиекті, қосалқы жапырақшалары болады. Гүлі қос жынысты, кейде дара жынысты, жеке не топталып орналасқан. Гүл күлтесі бесеу, аталығы мен аналығы көп, гүл қоршауы көбіне екі қатарлы. Бұл тұқымдасқа жататын өсімдіктер жел жəне жəндіктер арқылы тозаңданады. Жемісі – көп сүйекті жаңғақ, жаңғақша, жидек, алма, тұқымы эндоспермсіз (кейбір өсімдіктің тұқымы мен жемісінде ұрықтың қоректенуіне қажетті ерекше ұлпа болмайды). Р. т-ның көбі пайдалы өсімдіктер: жеміс беретін ағаштар (алма, алмұрт, айва, шие, өрік, шабдалы, т.б.); жидек (таңқурай, қой бүлдірген, сиыр бүлдірген, қарақат, т.б.), əсемдік түрлері (раушангүл, шетен, тобылғы, долана, т.б.) жəне дəрілік түрлері (итмұрын, қазтабан, бүршікгүл, т.б.). Жемісі тамаққа пайдаланылады, құнарлы мал азығы, гүлінен ара бал жинайды. Қазақстан ҒА-ның Бас ботаник. бағында 1957–84 жылдар аралығында Р. тның əсемдік түрі – раушан гүлінің 16 сорты шығарылған. Ең бастылары: «Қазақстандық мерекелік» (биікт. 130 см-дей, гүлі қызыл түсті); «Алматыдан сəлем» (биікт. 130 см-дей, гүлі қызғылт түсті); «Алматы хош иістісі» (биікт. 190 см-дей, гүлі қызғылт түсті, хош иісті); «Қызжібек» (биікт. 110 см, гүлі қызыл күрең түсті); «Аққу» (биікт. 250 см-дей, гүлі ақ түсті); «Гүлсұлу» (биікт. 190 см-дей, гүлі қызыл күрең түсті, қыста үсімейді), т.б. РАХМАН ҚАЙНАРЫ, Р а х м а н к ө л і, А р а с а н – Шығыс Қазақстан обл-ның Қатонқарағай ауд-ндағы шипалы жылы су көзі. Оңт. Алтайдың кішкене тектоник. ойпатында, Арасан көлі жағалауында теңіз деңгейінен 1750 м биіктікте орналасқан. Айналасын биік тау, орман қоршаған көрікті жерде. Су граниттегі терең тектоник. жарықтан шығады, темп-расы 35–42°С. Қайнардың шипалық қасиеті ертеден белгілі. 1925–36 ж. бұл жерде курорт болды. Кейін 1960 жылдан қайта жұмыс істей бастады. Р. қның шипалық қасиеті оның құрамындағы көмір қышқылының, радонның молдығында. Суы тұщы, минералд. 200 мг/л, құрамында гидрокарбонаттар, натрий, кальций, т.б. элементтер бар; қ. «Рахман қайнары» санаторийі. «РАХМАН ҚАЙНАРЫ» САНАТОРИЙІ – табиғи минералды термальды, радонды жер асты суымен емдейтін бальнеотерапиялық санаторий. 1964 жылдан бері жұмыс істейді. Шығыс Қазақстан обл-ндағы Қатонқарағай ұлттық табиғи саябағының аумағында. Алтай тауларының орт. бөлігінде теңіз деңгейінен 1760 м биіктікте, Рахман қайнарына жақын орналасқан. Қайнардың суы хим. құрамы бойынша аз минералданған азотты-кремнийлі, шипалылығы жоғары емдік суларға жатады. Санаторийдегі 2 этажды коттедждерде барлығы 31 нөмір бар. Отбасымен демалушыларға 4 орындық нөмірлер, сонымен қатар «жартылай люкс» санатындағы бір этажды 6 коттедж қарастырылған. Санаторийде радон ваннасы, массаж, гинекол. гидромассаж жəне панта ванналары, гидроколонотерапия, омыртқаны су астында тарту, емдік душ, балшықпен жəне тұзбен емдеу [Өлі теңіздің (Израильдегі) балшығы мен тұзы қолданылады], радонды суды ішу арқылы емдеу кабинеттері бар 2 ғимарат жұмыс істейді. Жер астынан атқылап жатқан термальды радонды су көздерінде (t 34–42°С) орналасқан емдік ванналар арқылы жүрек-қан тамырлары, тірек-қозғалыс мүшелері (артрит, полиартрит, сүйек-бұлшық етті, омыртқа аурулары, ревматизм, радикулит), жүйке жүйесі, əр түрлі тері (псориаз, экземаның барлық түрі, ихтиоз, т.б.) ауруларын емдейді, сонымен қатар бедеулікке қарсы жақсы нəтиже береді. Радонды су орт. жүйке жүйесіне жақсы əсер етіп, Раушангүл Рахман қайнары алабы

ұйқыны жақсартады, ауырсынуды басады. Оның əсерінен жүйке тіндерінің қалпына келуі жылдамдайды, қабыну процестерінің жүруі баяулайды. Радон ваннасын қабылдағанда жүрек-қан тамырлары жүйесінің жұмысы қалыпты күйге түсіп, зат алмасу процесі жақсарады жəне суын ішу арқылы асқазан-ішек жолдары ауруларын, асқазан жəне 12 елі ішек жарасын емдеуге пайдаланады. Əсем табиғаты бар санаторий климаты жоғ. тыныс алу жолдары, бронхтық демікпе, қан аздық, өкпе ауруларына өте жақсы əсер береді. РƏПИЯ (Ruppіa) – рəпия тұқымдасының бір ғана өкілі, көп жылдық өсімдік. Толығымен (гүлшоғырынан басқа) суға батып тұратын 10-ға жуық түрі бар. Негізінен ашқылтым жəне тұздылау суда өседі. Қазақстанда Каспий жəне Арал т-дері маңында, Торғай қолаты мен үстіртінде, Сарыарқа тауларында, Тобыл–Есіл аралығында, Зайсан қазаншұңқырында, Мойынқұм құмды алқабында, Балқаш–Алакөл ойысында, Сырдария жайылмасында (Түркістан қ. маңы) өсетін 2 түрі бар. Ең жиі кездесетіні – т е ң і з Р-сы (R.marіtіma). Сабағы қысқа əрі жіңішке, шамамен ұз. 20–40 см. Жіңішке əрі ұзын төселмелі тамыр сабағының түйіндерінен ұзын түктері бар тамыр тарайды. Таспа (кейде біз) тəрізді сағақсыз жапырағы өте жіңішке, үшкір. Гүлшоғыры алғашында екі төбе жапырағының кеңейген қынабына орналасады, кейіннен гүлсағағы ұзарып өседі. Қос жынысты ұсақ гүлдері масақ гүлшоғырына топтасқан, гүлсерігі болмайды. Жемісі 4–6 сүйекті, сыртқы қабығы етті жəне крахмалға бай, ал ішкі қабығы қатты болады. Өзен жағалауының жəне теңіз шығанағының сор топырақты жерлерінде өседі. Теңіз Р-сы халық медицинасында іш жүргізуге, жараны емдеуге қолданылады. Кептіргеннен кейін ашық жасыл түске енеді. Сүрегі өте мықты болғандықтан орындық жасауға пайдаланылады. РЕВУЛЬ – Аманқарағай жəне Қазанбасы қоныстарының аралығындағы тұйық көл. Қостанай обл. Əулиекөл ауд. Қарақалпақ т. ж. ст-ның солт.-шығысында 14 км жерде орналасқан. Теңіз деңгейінен 201 м биіктікте жатыр. Аум. 3,5 км2, ұз. 3,6 км, енді жері 1,6 км, жағалау бойының ұз. 9,9 км. Көктемгі еріген қар жəне жер асты суларымен толысады. Жағалауы жазық, түбі лайлы келген. Суы қараша айының аяғында қатып, сəуірде ериді. Солт.-шығысында Третье көлі, оңт.-батысында Березовое батпағы бар. Алабы – шабындық. Мал суаруға пайдаланылады. РЕЗЕДАЛАР ТҰҚЫМДАСЫ, қ. Шашақгүлдер тұқымдасы. РЕЗЕРВТІ ЖЕР АСТЫ СУ КЕНІ, Ақтөбе обл-ндағы Батыс Қазақстан темір жол бөлімшесіне қарасты қосалқы шаруашылығы аумағында орналасқан. Орограф. тұрғыдан Елек өз-нің оң жайылмасы мен екі жайылма үстілік террасада көрініс тапқан. Аңғарлық жайылманың ені 3 км. Ақтөбе қ-ның ферроқорытпа з-тын тех. жəне ауыз сумен қамтамасыз етуге байланысты барланды. Кен орнының сулы қабаты жоғ. төрттік кезеңінің аллювийлі шөгіндісінде шоғырланған. Су сыйыстырушы тау жыныстары табаны өзен малтатасынан тұратын құмды-қиыршықтасты қиындылармен алмасып отыратын түрлі түйіршікті кварц құмдарынан тұрады. Жер бедеріне байланысты грунт суы 2–11 м тереңдікте жатыр. Аллювийлік бөлігінің қалыңд. 0,4-тен 9,5 м аралығында өзгереді. Су деңгейі 5 м төмендегенде ұңғымалардағы дебит 14–23 л/с болады. Жер асты суы тұщы, минералд. 0,1–0,7 г/л. Құрамы гидрокарбонатты-натрийлі. Жобалық сутірек алаң типтес. Арақашықтығы 400–900 м, 12 ұңғымадан тұрады. Олардың жиынтық өнімд. 195,2 л/с. Кен орны 1964 жылдан игерілуде. РЕКРЕАЦИЯ – адамның еңбек процесінде жұмсаған дене жəне рухани күштерін қалпына келтіру мен дамыту. Р-ның тиімділігін арттырудың жолдарын зерттеумен қоғамдық жəне жаратылыстану ғылымдарының əр түрлі салалары (география, əлеуметтану, экономика, физиология, медицина, архитектура жəне т.б.) айналысады. Олардың ішінде Р-лық географияның маңызы зор. РЕКРЕАЦИЯЛЫҚ ГЕОГРАФИЯ – адамның жұмыстан тыс уақыттағы іс-қимылдарын ұйымдастырудың аумақтық жүйелерінің қызмет етуі мен дамуының геогр. заңдылықтарын зерттейтін ғыл. бағыт. Еуропа мен Американың көптеген елдерінде Р. г-ның ұқсас түрлері – туризм мен демалыс географиясы, бос уақыт географиясы. Р. г-ның негізгі зерттейтін нысаны – аумақтық рекреациялық жүйе (АРЖ). Р. г. АРЖ-ның басқа аумақтық жүйелермен байланысын, оның қасиеттері мен жеке жүйешіктерін, рекреациялық ресурстарды, рекреациялық аудандарды, АРЖ-ны басқару мен болжау жолдарын зерттейді. Теңіз рəпиясы «Рахман қайнары» санаторийі Рекреациялық

РЕКРЕАЦИЯЛЫҚ РЕСУРСТАР – өндіргіш күштердің қазіргі деңгейі кезінде қоғамның рекреациялық қажеттілігін қанағаттандыру жəне халыққа рекреациялық қызмет етуге маманданған шаруашылық саласын ұйымдастыру үшін пайдаланылуы мүмкін табиғи жəне антропогендік нысандар. Р. р-ға табиғи кешендер мен оларды құраушылар (жер бедері, климат, өсімдік, суқойма), сирек кездесетін бірегей əрі эстет. тұрғыдан тартымды мəдени-тарихи ескерткіштер, қалалар мен басқа елді мекендер, ерекше тех. ғимараттар, т.б. жатады. Сондай-ақ Р. р. курорттық, шипалысауықтырғыш, спорттық жəне экскурсиялық-туристік болып ажыратылады. РЕЛИКТ (лат. relіctum – қалдық) – өткен геол. заманда кеңінен таралған, осы кезде тек белгілі бір шағын алқапта сақталған өсімдіктер мен жануарлар түрлері немесе табиғи бірлестіктер. Р-тер өздері тіршілік еткен заманның жасымен: мыс., палеозой (латимерия), мезозой (гаттерия, гинкго), кайнозой дəуірлерімен (секвойя, қортық қайың, т.б.) ерекшеленеді. Кайнозойдың мұздану немесе мұзданудан кейінгі кезеңінен сақталған Р. өсімдіктер мен жануарлар палеонтол. Р-ілер деп аталады. Қазақстанда нағыз Р. жануарларға қоқиқаз бен реликт шағала жатады, олардың алғашқысы байырғы мекенінен тым алыстап кеткен, соңғысы тек Алакөл алабында ұялайды. Жануарлар мекенінің өзгеруі олардың тіршілік жағдайының ұзақ уақыт өзгеріп отыруына байланысты. Қазір жұпартышқан, Мензбир суыры, жалман, Үстірт арқарының таралу аймағы тарылып кетті. Ал Жетісу аяқтыбалығы Қазақстанда ғана сақталып қалған. Ертеде ылғалды жерлерді қоныс еткен, оңт. аймақтарға ғана тəн кейбір жануарлар (кіші аққұтан, сары құтан, сұлтан тауығы, қырғауыл, бірқазан, т.б.) Р. жануар ретінде Каспий т-нің солт-нде тіршілік етеді. Кейбір Р. өсімдіктер ерекше ландшафт түзеді. Қазақстанда Р. өсімдіктер деп Шарын өз-нің аңғарында кездесетін шаған (ерен) тоғайын атауға болады. Ғалымдар ол тоғайдың жасын 25 млн. жылға теңеп отыр. Мұндай тоғай қазір АҚШ-тағы Колорадо штатындағы Үлкен каньонда ғана сақталған. «Алтынемел» ұлттық табиғи саябағында кездесетін тораңғы тоғайы да Р. түрге жатады. Мұздану кезеңінен сақталған Алматы обл-ндағы Шыңтүрген шыршалы алқабы – бір кездегі солт. тайганың қылқан жапырақты орманының қалдығы. Мұндай Р. түрлерге Бурабай, Зеренді аймағындағы сфагнум мүгін, Қарқаралы таулы алқабындағы шымтезектібатпақты биоценозды жатқызуға болады. Р. түрлерінің ғыл. маңызы зор. Олардың таралу аймағы тарылып, санының азаюына байланысты қорғауға алынып, Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген. Р. көлдер бұрынғы теңіз алаптарының немесе ірі көлдердің қалдықтары болып табылады. Ондай көлдерде кейде жаңа жағдайға бейімделген ежелгі немесе теңіз организмдері кездеседі. РЕЛИКТ ШАҒАЛА, қ а р а м о йн а қ ш а ғ а л а (Larus relіctus) – татреңділер отрядына, шағалалар тұқымдасына жататын құс. Дене мөлшері қарғадай, ақ түсті, басы мен мойны түгелдей қара, тек көзі мен тұмсығының арасы ашық қоңыр түсті, көзінің айналасы ақ шеңбермен қоршалған. Тұмсығы алғашында қошқыл, түбі ақшылдау, ал кейіннен сарғыш қызыл түске енеді. Аяғы қошқыл сұр түсті. Қанаты ашық сұр түсті, қауырсындарының жиегі қара сызықпен көмкерілген. Р. ш. – жыл құсы. Қазақстанға сəуірдің басында ұшып келеді. Шоғырласып құрғақ жазық жерлерге, құмды шағылдарға, тұзды сулы көлдердің жағалауына ұя салады. Жыныстық жағынан 3 жасында жетіледі. Аналығы ұяға 1–4 жұмыртқа салып, оны 24–26 күнде басып шығарады. Балапандары 40– 45 күнде қанаттанып, ұядан ұшады. Омыртқасыз жəндіктермен, шөптермен қоректенеді, əсіресе, масаларды жақсы жейді. Тамыздың басында қыстау үшін Оңт.-Шығыс Азияға ұшып кетеді. Р. ш-ның тіршілігі аз зерттелген, себебі, осы күнге дейін олардың тұрақты ұялаған екі жері – БарунТорей көлі (Забайкалье) мен Алакөл (Шығыс Қазақстан) ғана белгілі. Соңғы кезде ара-тұра Балқаш көлі маңында ұшырасып қалады. 1976–94 ж. Р. ш-ның жалғыз қоразы Алматы хайуанаттар паркінде ұсталды. 1991 ж. көл шағаласымен будандастырылып алынған будан хайуанаттар паркінде тіршілік етуде. Р. ш. өте сирек кездесетін, жойылып бара жатқан құс болғандықтан қорғауға алынып, Халықар. табиғат қорғау одағының жəне Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген. 1971 ж. Р. ш-ның ұялайтын орны – Алакөлде «Реликт шағала» орнитол. қорықшасы ұйымдастырылды. РЕЛЬЕФ, қ. Жер бедері. РЕНИЙ, Re – элементтердің периодтық жүйесінің VІІ тобындағы хим. элемент, ат. н. 75, ат. м. 186,207. Р. – ақшыл сұр түсті, иілгіш металл; тығызд. 21,03 г/см3, балқу t 3180°С, қайнау t 5627°С, кристалдық торы гексагоналды, тығыз жинақталған. Табиғатта тұрақты 185Re жəне радиоактивті 185Re (T1/2=1011 жыл) изотоптары бар. Жер қыртысындағы салмақ мөлш. 7⋅10-8%. Р-дің табиғатта бар екендігін 1871 ж. Д.И.Менделеев болжаған, 1925 ж. колумбит минералын зерттеу кезінде ағайынды неміс ғалымдары И. жəне В.Ноддактар мен О.Берг ашты. Р. атауы Германиядағы Рейн өз-нің лат. аталуынан (Rhenus) шыққан. Табиғатта молибденитпен бірге кездеседі. Қазақстан ғалымдары Р-дің жалғыз минералын (Re3Mo3Pb4S16) ашып, оны жезқазғанит деп атады. Тотығу дəрежесі +7-ден –1-ге дейін. Қалыпты темп-рада тұрақты. 300°Стан жоғары темп-рада оттекпен оксидтер (ReO3, Re2O7) түзіп əрекеттеседі; F2, Cl2-мен, ал 700–800°С-та күкірт буымен реакцияға түседі. Р. азот қышқылында, ыстық күкірт қышқылында жəне сутек асқын тотығында еріп, күшті қышқыл HReO4 түзеді. HReO4 сілтілермен, карбонаттармен жəне металл оксидтерімен əрекеттесіп, суда ерігіштігімен ерекшеленетін перренаттар алынады. Таза Р-ді – 500–800°С-та тех. металдан алынатын Re2O7 немесе ReF6 қосылыстарын тотықсыздандыру арқылы жəне молибден кендерінен алады. Р-дің вольфраммен қорытпасы электр шамы мен электр вакуумдық аспаптардың қыздырғыш сымдарын, баяу балқитын қорытпасы ұшақ пен зымыран тетіктерін жасауда жəне катализатор ретінде қолданылады. РЕЧНОЕ – Тобыл алабындағы ағынды көл. Қостанай обл. Ұзынкөл ауд. Реликт шағала Рекреациялық

Ұзынкөл а-ның солт.-шығысында 25 км жерде орналасқан. Теңіз деңгейінен 167 м биіктікте жатыр. Аум. 18–25 км2, көл. 21–79 млн. м3, жылдық орташа көл. 13 млн. м3, жылдық орташа ұз. 6,2 км, енді жері 5,3 км, жағалау бойының ұз. 21,6 км. Су жиналатын алабы 777 км2. Көлге оңт-нен Қарасу өз. құяды. Жағалау бойында (100–200 м-ге дейін) қамыс өскен. Көктемгі еріген қар, жер асты суларымен толысады. Көл маңы жазық, атырабы егістікке, қалған бөлігі шөбі шүйгін мал жайылымына пайдаланылады. РИДДЕР-СОКОЛЬНЫЙ ПОЛИМЕТАЛЛ КЕН ОРНЫ, Шығыс Қазақстан обл-нда, Өскемен қ-нан солт-ке қарай 100 км жерде. 1784 ж. ашылған. Кен орны қалыңд. 700 м-ден асатын күрделі дислокацияланған жəне күшті метаморфтанған тақтатастардан тұратын Лениногор грабенінің көтерілген бөлігінде орналасқан. Өнеркəсіптік кенденуі жағынан: Лениногор (D2e11n) мен крюков (D2e1kr) шоғырларының шекарасында жатқан төм. мыс-мырышты жəне крюков шоғырының ортаңғы жəне жоғ. бөлігіндегі қорғасын-мырышты горизонтқа бөлінеді. Олар 20 км2 ауданды алып, 19 кенді шоғырларда жинақталған. Кенді шоғырлар мыс-колчеданды, мыс-мырышты, полиметалды, барит полиметалды болып бөлінеді. Минералдар саны 100-ге дейін жетеді. Кенді минералдану ерте девонның метаморфты тақтатастарымен қоса барлық шоғырларда анықталған. Жоғ. горизонтта сыйыстырушы горизонтпен үйлесімді жатқан жазық қабат тəрізді дене, ол тереңдеген сайын қысылып, штокверк типті кенге ауысады. Заттық құрамы жағынан кен полиметалдық, ондағы қорғасын, мырыш, мыстың арақатынасы 1:2,1:0,2, ал мыс-мырышта 1:4,3:8,1 болады. Негізгі өнеркəсіптік құраушыларға қорғасын, мырыш, мыс жəне ілеспе түрінде алтын, күміс, кадмий, т.б. жатады. Өндірілетін кендер «Қазмырыш» АҚ кəсіпорнының маңызды шикізат базасы болып есептеледі. РИЗОСФЕРА – тамырды қоршап тұратын жұқа топырақ қабаты. Тамыр бөліп шығаратын органик. заттектер есебінен бұл қабатта азот тұтушы бактериялар жəне органик. заттектерді минералдандырып, тамырдың қорек элементтерін сіңіруге себепші болатын микроорганизмдер тіршілік етеді. Р. мен тамырдың көптеген микроорганизмдері мутуалистік қарым-қатынаста (шыдамдылық) болады. Р. құрамында тамыр ауруларын тарататын, кейде түрлі ауру қоздырушы зиянды микроорганизмдердің тіршілігіне тосқауыл бола алатын, азот тұтушы бактериялар мен микориздік саңырауқұлақтардың қызметін нашарлататын патогенді микроорганизмдер де болуы мүмкін. Өсімдіктердің тамыр айналасында тіршілік ететін Р. микроорганизмдері тамырдан бөлінетін заттармен қоректеніп, көбейеді. Өсімдіктің даму дəуіріне байланысты олардағы микроорганизмдер қауымының құрамы да өзгеріп отырады. РИСОВОДЧЕСКОЕ ЖЕР АСТЫ СУ КЕНІ, Қызылорда обл-ның Жалағаш, Қармақшы жəне Сырдария аудандары жерінде орналасқан. Жоғарыда аталған аудандардың күріш танаптарын сумен қамтамасыз етуге байланысты барланған. Кен орны желегінің тереңд. 280-нен 425 м-ге дейін жететін сеноман шөгінділерінің сулы қабатында шоғырланған. Су сыйыстырушы тау жыныстары жіңішке жəне ұсақ түйіршікті құмдардан тұрады. Суы арынды, арыны 280– 420 м. Су деңгейі 4–23 м төмендегенде сəйкесінше 2,8 жəне 12,1 л/с-қа дейін өзгереді. Суы сəл ашқылтым, минералд. 1,3–1,6 г/л. Хим. құрамы бойынша хлорид-сульфатты жəне сульРиддер-Сокольный полиметалл кен орнындағы бұрғылау станогы Речное көлінің қамыс, құрақ өскен айдыны Рисоводческое

фат-хлоридті натрийлі. Суын шаруашылыққа пайдалануға болады. Сутіректері жеке топтардан (əр топта 3 ұңғыма бар) тұрады. Олардың тереңд. 310–470 м. Жиынтық дебиті 15 л/с. Ұсынылып отырған барлық сутіректерінің жиынтық өнімд. 412,1 л/с (тəулігіне 35,6 мың м3). Кен орны 1966 жылдан игерілуде. РИЯН (Rubіa) – рияндар тұқымдасына жататын көп жылдық шөптесін өсімдіктер мен бұталар, жартылай бұталар. Қазақстанда Каспий мен Арал т-дері маңында, Балқаш–Алакөл ойысында, Қызылқұм мен Мойынқұм құмды алқаптарында, Іле жəне Күнгей Алатауларында өсетін 8 түрі бар. Жиі кездесетіні – б о я у Р-ы (R. tіnctorum). Оның биікт. 2 м-дей, негізгі тамырынан тарайтын сүректенген жуан тамыр сабағы көлденеңінен жайылған, тарамданған өскіндері болады, сыртын қабатталған қызыл қоңыр қабық жапқан. Жіңішке, төрт қырлы сабағы көп бұтақты. Тығыз əрі қатты жапырақтары қандауыр немесе ұзынша эллипс тəрізді. Сарғыш жасыл түсті ұсақ гүлдері сабақ ұшында орналасқан сыпыртқы гүлшоғырына топталған. Күлтесі құйғы тəрізді, жоғ. бөлігінде 4(5) күлте алақанына бөлінген. Маусым–қыркүйек айларында гүлдеп, тамыз–қыркүйекте жеміс салады. Жемісі алғашқы кезде қызыл қоңыр, əбден піскенде қара түсті шырынды сүйекті жеміс. Тұқымынан жəне вегетативті жолмен көбейетін жылу жəне ылғал сүйгіш өсімдік. Құрамында органик. қышқылдар, С дəрумені, қант, белок, т.б. бар. Екі жылдық бояу Р-ының тамырынан қызыл бояу алынады. Медицинада тамырынан алынған тұнбаны бүйрек ауруларына, бүйректегі тасты түсіретін зат ретінде қолданылады. Р-ның 2 түрі: бор рияны, Резниченко Р-ы – өте сирек кездесетін, жылдан-жылға таралу аймағы тарылып бара жатқан өсімдіктер болғандықтан қорғауға алынып, Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген. РИЯНДАР ТҰҚЫМДАСЫ (Rubіaceae) – қос жарнақты бір немесе көп жылдық шөптесін өсімдіктер, жартылай бұталар мен бұталар. Дүние жүзінде кең тараған. Қазақстанда тастақты жерлерде, альпі-субальпілік шалғындарда, қылқан жəне жалпақ жапырақты ормандардағы бұталар арасында, өзен мен арық жағалауларында, құмды жерлерде өсетін 7 туысы (бояушөп, бидайбас, лептунис, қызыл бояу, микрофиза, риян, каллипельтис), 51 түрі бар. Жапырақтары бүтін жиекті немесе ара тісті, қарама-қарсы орналасқан. 4–5 буынды гүлі көбінесе қос жынысты, ұсақ, топталып, кейде жеке жетіледі, кейде шар тəрізді шоғырбас гүлшоғырына топталып сабақ ұшында орналасады. Тостағаншасы нашар дамыған, тостаған жапырақшалары 4–5 бөлікке тілімденген ара тісті. Күлтесі құйғы, қоңырау, сирек жағдайда түтік тəрізді болады. Күлте түтігі ұзын əрі жіңішке, кейде қысқа. Аталығының саны күлте қалақшасының санымен бірдей болады жəне онымен кезектесе күлте түтігіне жабысып тұрады. Тозаңдығы екі ұялы. Аналық мойнының түбінде шірнелік безі болады. 2-ұялы түйіні төм., сирек көп ұялы немесе 1 ұялы. Р. тның көптеген түрлері жəндіктер, кейде жел арқылы тозаңданады. Маусым–қыркүйек айларында гүлдеп, тамыз–қыркүйекте жеміс салады. Жемісі – шырынды немесе құрғақ, жидек не сүйекті жеміс, кейде қауашақ. Тұқымы көбіне ұсақ. Р. т-на жататын пайдалы өсімдіктер көп, олардың маңыздыларының бірі кофе жəне хинна ағаштары. Бұл тұқымдасқа жататын кейбірінің жемісі тағам ретінде пайдаланылады; дəрілер (хинин ағашы, ипекакуана, т.б.), бояу (риян, моринда, т.б.) жəне илік заттар алынады (гамбир); əсемдік үшін өсіріледі (гардения, бувардия, т.б.). РОБОРОВСКИЙ АТЖАЛМАНЫ (Phodopus roborovskіі satunіn) – аламантəрізділер тұқымдасының атжалман туысына жататын кеміргіш. Қазақстанда Зайсан қазаншұңқырының шығысында Қара Ертіс жайылмасының құмды жерлерін ғана мекендейді. Қазақстанда кездесетін атжалмандардың ішіндегі ең ұсағы (дене тұрқы 75–90,5 мм, салм. 17,5– 26 г). Басы мен арқасы сарғыш құм түстес, бауыр бөлігі ақ. Оның өзіне ғана тəн ерекшелігі – аппақ қасы болады. Құмды аймақтарда құмды қазып 1–2 аузы бар ін жасайды. Ініне азықтық қор жинайды. Күндіз інінде жатады да, түнде қорегін іздеуге шығады, негізінен, жеке тіршілік етеді. Мамыр–қыркүйек айлары аралығында көбейеді. Р. а-ның аналықтары жылына екі (кейде 3–4) рет 4–8-ден ұрпақ туады. Буаздық мерзімі 19–22 күнге созылады. Ұрғашысы 3–4 апталығында жыныстық жағынан жетіледі, бірақ 4 апталығынан бастап көбеюге қатыса алады. Өсімдік тұқымын, жапырағын кеміреді жəне ұсақ жəндіктермен қоректенеді. Өте сирек кездеседі, таралу аймағы шағын болғандықтан қорғауға алынып, Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген. РОВНОЕ МҰНАЙ КЕНІ – Каспий маңы ойпатының оңт. бөлігінде, Атырау обл. Махамбет ауд-нда орналасқан. 1978 ж. ашылған. Кен қос қанатты тұз күмбезді құрылымнан тұрады. Төм. борда апт жəне неоком мұнайлы-газды қабаттары бөлінген. Олар 627–647 м тереңдікте жатыр. Иірімнің биікт. 24–38 м, су-мұнай жапсары 688–694 м-лік тереңдік белгілерде. Иірімдер қабаттық, тектоник. қалқаланған. Өнімді шөгінділер терригендік жыныстардан құралған, коллекторларының ашық кеуект. 29–31%, өткізгіштігі 1,303–2,29 мкм3, мұнай-газға қанығу коэфф. 0,6–0,83. Мұнайға қаныққан қалыңд. 2,7–6,9 м. 7 мм-лік штуцерде мұнайдың бастапқы шығымдары 40,2 м3/тəулік. Бастапқы қабаттық қысым 7,1–7,4 МПа, темп-ра 29,5°С. мұнайдың тығызд. 744–745 кг/м3. Аз күкіртті 0,1–0,18%, аз парафинді 2,5–2,94%. Газ құрамында 81,21–96,96% метан, 0,59– 12,61% этан, 0,21–3,56% пропан, 0,07– 0,18% изобутан, т.б. бар. Иірімдердің режимі суарынды. Хлоркальцийлі қабат суларының тығызд. 1169–1172 кг/м3. Кен 1979 жылдан пайдаланылуда. Бояу рияны Роборовский атжалманы Риян

РОДИЙ, Rh – элементтердің периодтық жүйесінің VІІІ тобындағы хим. элемент, ат. н. 45, ат. м. 102,905; платиналық металдарға жатады. Көгілдір, күміс түсті, сынғыш, баяу балқитын қатты металл; тығызд. 12,44 г/см3, балқу t 2020°С, қайнау t 3727°С. Кристалдық торы орталықтандырылған қырлары куб тəрізді. Табиғатта тұрақты бір изотопы (103Rh) бар. Жер қыртысындағы салмақ мөлш. 1⋅107%. Р-ді 1804 ж. ағылшын химигі У.Х.Волластон (1766 – 1828) ашты. Тотығу дəрежесі +3, сирек жағдайда +1, +2, +4, +6, хим. инертті. Қыздырғанда оттекпен əрекеттесіп, суда, қышқылда, сілтіде ерімейтін кристалл (Rh2O3) түзеді; галогендермен 200–600°С-та реакцияға түсіп, суда нашар еритін тұздар (RhF3, RhCl3, RhBr3, RhІ3) түзеді. Р-дің нитраты мен сульфаты суда жақсы ериді. Р-ді алу үшін платина аффинажының өнімдеріндегі [Rh(NH3)3Cl3]-ті инертті газ ағынында қыздырып, бөлінген кеуекті Р-ді HCl-мен шайып, 900°С-та сутекпен металл Р-ге дейін тотықсыздандырады. Физ. қасиетіне байланысты Р. вискоза жəне шыны талшықтар өндірісінде фильер жасауда, катализатор ретінде, прожектор мен рефлекторлардың айналарына сақтандырғыш пленка дайындауда қолданылады. Платинародийлік терможұп Халықар. темп-ралық шкалада стандарт болып саналады. РОДОНИТ – силикаттар класының минералы. Хим. формуласы: CaMn4(Sі5O15), құрамындағы: MnO – 30–46%, CaO – 4–6,5%, SіO2 – 45– 48%, ZnO қоспалары 12%-ға дейін жетеді. Жаратылысы метаморфтық, триклиндік сингонияда кристалданады. Кристалдары кесте типтес немесе созылыңқы тығыз түйіршік массалар, сирек кездеседі. Кристалдық құрылымына [SіO4] буынының бес мүшелі тізбегі тəн. Түсі қызыл, алқызыл, қызыл күрең, қоңыр қызғылт, жымдастығы жетілген. Қатт. 5,5–6, тығызд. 3,4 – 3,75 г/см3; морт, шыныдай жылтырайды. Р. əшекей тас ретінде жəне құрылыста қаптама тас есебінде қолданылады. Қазақстанның оңт. (Жетісу Алатауы, Балқаш маңы), шығыс (Риддер ауд.) аймақтарында кездеседі. РОДОХРОЗИТ, м а р г а н е ц ш п ат ы – карбонаттар класының минералы. Хим. формуласы MnCO3, құрамы – MnO – 61,7%, CO2 – 38,3%; қоспалары: Mg, Zn, Fe, кейде Co. Тригондық сингонияда кристалданып, сирек кездесетін ромбоэдр типтес кристалл түзеді. Радиалды тарамдалған немесе сферолит құрылымды шар, бүйрек пішінді агрегаттар құрайды. Түсі алқызыл, қызыл, ақ, сұрғылт ақ, жасыл сұр, түсінің өзгеруі құрамындағы Mn иондарының мөлшеріне байланысты; шыныдай жылтыр, қатт. 3,5–4,0, тығызд. 3,6–3,7 г/см3, жіктілігі бір бағытта жетілген, морт. Р. Қазақстанда гидротермальды желілерде кварц, вольфрамит, марганец кентастарымен бірге Қараоба, Жəйрем, Жезді, Үшқатын кен орындарында кездеседі. Р. химия өндірісінде, шойын мен болат шихта, ферромарганецтер балқытуда қолданылады. РОЖДЕСТВЕНСКОЕ-1 ЖЕР АСТЫ СУ КЕНІ, Астана қ-ның оңтнде, 25–45 км жерде, Нұра өз-нің оң жағалаулық аңғарында орналасқан. Кен орны Батыс жəне Шығыс телімдерден тұрады. Астана қ-н шаруашылықтық жəне ауыз сумен қамтамасыз етуге байланысты барланған. Жер асты суы төм. тас көмірдің турне шөгінділерінде шоғырланған. Жарықшақтылығы мен ұралары 150 м тереңдікке дейін жеткен. Аршылған сулы қабаттың орташа қалыңд. 95,5 м. Суы арынсыз, кейбір жерлерінде арынды келеді, арынының мөлш. 10 м. Жер асты суы 5–31 м тереңдікте жатыр. Су деңгейі 13,8–5,9 м төмендегенде ұңғымалардағы дебит 1,7–10,3 л/сқа дейін өзгереді. Хим. құрамы бойынша суы ала-құла, құрғақ қалдықтардың мөлш. 0,2–2,7 г/л, жалпы кермект. 1,2–12,7 мг⋅экв/л. Батыс телімде жобалық сутірек 9, Шығыс телімде 8 ұңғымада байқалған. Ұңғымалардың арақашықтығы 1,5 км, тереңд. 120–150 м. Жер асты суының пайдаланылатын қоры тəулігіне 7,9 мың м3. С1 категориясы бойынша 4,7 мың м3 жəне С2 бойынша 3,2 мың м3. Кен орны игерілмеген. РОЖДЕСТВЕНСКОЕ ЖЕР АСТЫ СУ КЕНІ, Нұра алабында, Астана қның оңт-нде, 25–45 км жерде. Астана қ-н шаруашылықтық жəне ауыз сумен қамтамасыз етуге байланысты барланған. Кен орны Нұра аңғарының төрттік кезеңінің аллювийлі шөгінділерінде шоғырланған. Су сыйыстырушы тау жыныстары саз жəне саздақ қабатшаларымен бөлінген түрлі түйіршікті құм жəне қиыршықтастымалтатасты келген. Сулы қабаттың қалыңд. 1,2–11,6 м аралығында өзгереді. Суы арынсыз, ол 1–13,3 м тереңдікте жатыр. Жер асты суының деңгейі 3,5–6 м төмендегенде ұңғымалардағы дебиттің мөлш. 0,2–15 л/с болады. Суы тұщы жəне сəл ашқылтым, минералд. 0,4–1,5 г/л, кейбір жерлерінде 2,2 г/л болады. Хим. құрамы бойынша гидрокарбонат-хлоридті натрий-кальцийлі. Кен орнының жер асты суы фенол, мұнай өнімдерімен, сынап жəне азотпен ластанған. Екі телімге бөлінген жолақ типті сутіректің жобасы: жоғ. телімде сутіректің ұз. 12,5 км, ұңғымалар саны 25, олардың арақашықтығы 300 м, Нұра өз-нен қашықтығы 50– 200 м, сутіректің өнімділігі тəулігіне 14,2 мың м3, ұңғымалардың тереңд. 10–20 м, төм. телімдегі сутіректің ұз. 6,3 км, ұңғымалар саны 22, арақашықтығы 142–370 м, өзеннен қашықтығы 50–190 м, сутіректің жалпы өнімділігі тəулігіне 22 мың м3, ұңғымалардың тереңд. 10–20 м. Кен орны игерілмеген. РОССЫПНОЙ БЕЛОК – Иванов жотасының оңт.-батысындағы жота. Шығыс Қазақстан обл. Зырянов ауд. Родонит минералы Родохрозит минералы Россыпной

мен Риддер қалалық əкімдігіне қарасты аумақта орналасқан. Абс. биікт. 2319 м. Солт.-батыстан оңт.-шығысқа қарай 18 км-ге созылған, енді жері 14 км. Жотаның биік белдемдері жалаңаштанған. Көптеген жонды-қырқалы жоталардан тұрады. Батыс беткейінен Марчиха өз., шығысынан Громотуха өз-нің салалары бастау алады. Жотаның төм. беткейіндегі күңгірт қоңыр жəне қара топырақ жамылғысында шырша, қарағай, қайың, көк терек аралас орман өседі. РОСТОВ ЖЕР АСТЫ СУ КЕНІ, Нұра өз-нің орта ағысында, Қарағанды обл. Теміртау қ-нан батысқа қарай 20–22 км жерде орналасқан. Теміртау өнеркəсіптік ауданды тех. сумен қамтамасыз етуге байланысты барланған. Жер асты суы орта жəне қазіргі төрттік кезеңінің аллювийлі шөгінділерінде шоғырланған. Су сыйыстырушы тау жыныстары қалыңд. 13,2 – 28,7 м құмды-қиыршықтасты шөгінділерден тұрады. Суы грунтты, ол 2–8 м тереңдікте. Су деңгейі 3,3–4,5 м-ге төмендегенде ұңғымалардың дебиті 16–47,6 л/с болады. Жер асты суы негізінен тұщы, минералд. 1 г/л-ге дейін. Хим. құрамы бойынша суы негізінен сульфат-хлоридті натрий-кальцийлі. Жер асты суының қоры гидродинамик. əдіспен жүргізілген. Арақашықтығы 1250 м болатын режимі бекітілмеген екі сутірек бойынан алынған. Сутіректердің жалпы өнімд. 150 л/с. Ұңғымалардың тереңд. 25–36 м. Пайдаланылатын жер асты суының қоры А категориясы бойынша тəулігіне 11,2 мың м3, В категориясы бойынша 1,73 мың м3. Кен орны игерілмеген. РОСТОША ГАЗ КЕНІ – Батыс Қазақстан обл. Зеленов ауд-нда, Орал қ-нан батысқа қарай 15 км жерде, Ростоша а-ның жанында орналасқан. 1993 ж. ашылған. Құрылымы органогенді құрамдармен байланысты. Мөлшері тұйық – 4800 м изогипспен есептегенде 3,0×10,0 км, биікт. 200 м. Органогенді-детритті, оолитті жəне псевдолитті əктасты қабаты төм. башқұрт жəне жоғ. серпухов ярустарына тəн. Коллекторлары кеуекті, кеуект. 4,4%-дан 12,0%-ға дейін өзгеріп отырады (орташа шамасы 6,1%). Беткі қабаты 6 м-ден ондаған м-ге дейінгі верей горизонтының аргиллитті қабаты жауып жатыр. Кен шоғыры ауқымды. Анықталған шоғырдың аум. 4670 м (абс. – 4607 м). Газдың дебиті 119,3 м3/тəулік. Бастапқы қабаттың қысымы 54,9 МПа, темпрасы 102°С. Газ негізінен метанды (89–95%). Басқа компоненттерінен этан 0,6–4,1%, пропан 0,04–0,06%, бутан жəне оның басқа гомологтары 0,02%-ға дейін, күкіртті сутек 2,85– 3,56%, көмір қышқыл диоксиді 3,41– 4,03, азот 2,79%-ға дейін. 476 м төмен алынған башқұрт иірімінің табан суларының тығызд. 1142 кг/м3, минералд. 207 г/л. Кен орны іздестіру-барлау деңгейінде. РУБЕЖКА – Жайық алабындағы өзен. Батыс Қазақстан обл. Зеленов ауд. жəне Ресей жерімен ағады. Бастауын Ресей аумағында Жалпы Сырт қыратындағы бұлақтардан алып, Рубежка а. тұсында Жайық өз-не құяды. Ұз. 80 км, су жиналатын алабы 720 км2. Кішігірім 3–4 саласы бар. Өзен аңғары 2–3 км-ді құрайды. Раздольное а-ның тұсынан бөген салынған. Жайыққа құяр сағасындағы жарқабақтардың биікт. 6–8 м-ге жетеді. Көктемде (суы) тасып, жазғыкүзгі кезеңде сабасына түседі, қыста суы қатады. Негізінен жауын-шашын, жер асты суларымен толығады. Өзен бойында орналасқан елді мекендерді ауыз сумен қамтамасыз етеді. Егістік, шабындық суғаруға пайдаланылады. Россыпной белок жотасы Рубежка өзенінің жағалауы Ростов

РУБИДИЙ, Rb – элементтердің периодтық жүйесінің І тобындағы хим. элемент, ат. н. 37, ат. м. 85,47, сілтілік металдарға жатады. Күмістей ақ, жұмсақ металл; тығызд. 1,525 г/см3, балқу t 38,9°С, қайнау t 703°С. Кристалдық торы кубты, көлемді орталықтандырылған. Тұрақты бір изотопы 85Rb жəне əлсіз радиоактивті изотопы 87Rb (Т=4,8⋅1010 жыл) бар. Жер қыртысындағы салмақ мөлш. 1,5⋅102%. Шашыранды элемент, көптеген тау жыныстарының құрамында кездеседі. Р-ді 1861 ж. Р.Бунзен (1811–99) мен Г.Кирхгоф (1824–87) ашқан. Тотығу дəрежесі +1, хим. активтігі жоғары. Р. оттекте тұтанып жанады, оттек жеткіліксіз болғанда Rb2O-ге, ал оттек жеткілікті болғанда Rb2O2-ге айналады. Су, галоген жəне сұйытылған минералды қышқылдармен əрекеттескенде қопарылыс береді. Тұздары (RbCl, RbF, RbBr, RbІ, Rb2SO4, Rb2CO3, т.б.) суда жақсы ериді. Р-ді вакуумда тұздарынан тотықсыздандыру арқылы алады. Оны инертті ортада ампулада сақтайды. Р. фотоэлемент жасауда, құймалары вакуум шамдарында газ сіңіргіш ретінде қолданылады. РУБИН, қ. Лағыл. РУДА, қ. Кентас. РУДНИЧНОЕ, Ш а л қ а р к ө л – Қарағанды обл. Бұқар жырау ауд. Семізбұғы а-нан солт.-шығысқа қарай 3 км жерде орналасқан көл. Аум. 6,5 км2, ұз. 4,2 км, енді жері 2 км, жағалау бойының ұз. 15 км. Ең терең жері 8,5 м (орташа тереңд. 4,5 м). Көл түбінің басым бөлігі тегіс, ортасына қарай лайлы келеді. Жауын-шашын жəне жер асты суларымен толысады. Су жиналатын алабы 30 км2. Суының көл. 35,9 млн. м3. Суының жоғ. деңгейі сəуірде, сабасы қыркүйекте байқалады. Суы кермек, тұтқыр. Көлде алабұға, шортан, табан, қара балық кездеседі. РУЗАЕВ ЖЕР АСТЫ СУ КЕНІ, Солт. Қазақстан обл. Ғ.Мүсірепов ауд-нда, Рузаевка а-нан оңт-ке қарай 6 км жерде орналасқан. Аудан орт. Новоишим жəне Рузаевка, Члетополье елді мекендерін сумен қамтамасыз етуге байланысты барланған. Кен орны палеозойдың тау жыныстарындағы ашық жарықшақты белдемінде шоғырланған. Өзара гидравлик. тұрғыдан байланысқан, үгілуге ұшыраған аллювий жəне қайыршақты-қиыршықтасты шөгінділер қабатында жатқан жер асты суымен толығып отырады. Су сыйыстырушы тау жыныстары жарықшақты аргиллиттен, туфты құмтастан, туфты конгломерат жəне порфириттерден тұрады. Белсенді жарықшақты тау жыныстары 150 м тереңдікке дейін жетеді. Кен орны палеозой тау жыныстары қалыңд. 5–20 м болатын құмды-саздақты шөгінділермен жабылған. Жер асты суы 5–6 м тереңдікте. Су деңгейі 7,6–13,8 м төмендегенде ұңғымалардағы дебит 2,4–6,3 л/с болады. Құрамы бойынша гидрокарбонатты жəне гидрокарбонат-хлорид типті. Сутіректің есептік сұлбасы қатар түзеген 11 ұңғымадан тұрады. Араларының қашықтығы 800 м. Сутіректің жиынтық өнімд. 73 л/с. Кен орны игерілмеген. РУМБ – солт., оңт. сызығы мен көкжиектегі белгіленген нүктеге немесе затқа бағытталған сызықтың арасындағы бұрыш. Ол 0°-тан 360°- қа дейін саналады. Бұрын бүкіл көкжиек пен компас дүние бөліктерінің бірлескен аттарынан тұратын арнаулы аттары бар 32 Р-ыға бөлінеді; мұндай жағдайда кеменің екі бағытының арасындағы бұрыш Р-ымен өлшенеді. РУСАКОВИТ – фосфаттар мен ванадаттар класының сулы тотығына жататын минерал. Геолог М.П.Русаковтың құрметіне аталған. Хим. формуласы Fе5[VО4]2(OH)9⋅3Н2O. Хим. құрамы: Fе2О3 – 45%, Р2O5 – 6,5%, Al2O3 – 5%, H2O – 13,3%; қоспалары Mg, Sі, SO2, P, Al. Моноклиндік сингонияда кристалданады. Агрегаттары Рудничное көлі Русаковит Көкжиек румбысы Русаковит минералы

қабыршақ тəрізді кеуек, пластинка, тығыз болып келеді. Р. құрамында аллофаноидтар, аллюмофосфаттар, т.б. бар. Тау жыныстарының қуыстарында, жарықтарында кездеседі. Түсі қызғылт сары, күңгірт; жылтыр, қатт. 1,5–2, тығызд. 2,73 – 2,80 г/см3. Р. алғаш Қазақстанда Солт.-батыс Қаратау жотасынан (Оңт. Қазақстан жəне Қызылорда облыстары аумағында) табылған (1955). РУТА ТҰҚЫМДАСЫ (Rutaceae) – ағаш, бұта, кейде шөптесін түрінде кездесетін қос жарнақты өсімдіктер. Дүние жүзінде кең тараған. Қазақстанда 2 туысы: күймесгүл жəне тұтасжапырақ өседі. Р. т-на жататын өсімдіктердің сырты түгелдей дерлік безбен жабылған. Жапырақтары бүтін немесе тілімденген, көбіне кезектесе орналасады. Жапырақ серіктері болмайды. Қос жынысты гүлдері əр түрлі, ұсақ жəне жасыл, көбінесе ашық түсті, 4–5 (сирек 3–6 немесе 8) буынды. Тостағаншасы жеке немесе бірігіп кеткен 4–5 жапырақшалардан тұрады. Күлтесінің желектері кейде бірігіп кетеді, аталықтары əдетте күлтесінен 2–4 есе көп, бірігіп кеткен, кейде бос жатады. Аталық жəне аналық гүлдерінің ортасында домалақ, жастық тəрізді немесе тостаған тəрізді ирек немесе тісті табақшасы (диск) болады. Жеміс жапырағы 4– 5 (сирек 1–3 немесе 6), түбіне қарай бос, бірақ аналық мойнымен жəне аналық аузымен бірігіп, көбіне көпұялы (сирек бірұялы) түйіні бар аналық гүлін құрайды. Жемісі – қауашақ немесе жидек, олар құстармен, сүтқоректілермен, сумен жəне желмен таралады, көп түріне автохордия (тұқымының өздігінен шашылуы; салмағын көтере алмай жемісі мен тұқымы піскенде маңайындағы топыраққа аналығы арқылы таралуы) тəн. Тұқымы бүйрек тəрізді немесе ұзынша келген. Жəндіктермен тозаңданады, көпшілік түрі қуаңшылыққа төзімді ксерофиттер. Р. т-на жататын өсімдіктердің кей түрі дəруменге бай, шырынды жемісі үшін өсіріледі. Кей елдерде тағамға, медицинада дəрідəрмек жасауға қолданылады, сонымен қатар кей түрі əсемдік үшін өсіріледі. РУТЕНИЙ, Ru – элементтердің периодтық жүйесінің VІІІ тобындағы хим. элемент, ат. н. 44, ат. м. 101,07, платиналық металдарға жатады. Р-ді алғаш 1844 ж. К.К.Клаус (1796–1864) ашқан. Күмістей ақ, платинаға ұқсас қатты металл; тығызд. 12,37 г/см3, балқу t 250°С, қайнау t 4200°С. Кристалдық торы гексагоналды тығыз орналасқан. Табиғатта тұрақты 7 изотопы бар. Жер қыртысындағы салмақ мөлш. 5⋅10-7%. Минералдары: рутенийлі сысерскит (Os, Іr, Ru), ауросмирид (Іr, Os, Аu), осрутин (Ru, Os), т.б. Құрамында RuО2 болатын сирек минерал – лаурит түзеді. Тотығу дəрежелері +3, +4, +6, +8, кей жағдайларда 0, +1, +2, +5, +7, хим. инертті. Ұнтақ күйінде NaClO ерітіндісімен, қыздырғанда Ғ2, Cl2, Br2, S, Se, Te, Pмен əрекеттеседі. Қышқылдардың, патша арағының əсеріне төзімді. Р-ді платиндық металдарды өңдеуден жəне никель өндірісінен алынған өнеркəсіптік өнімдерден алады; RuO4-тің ұшқыштық қасиетіне негізделген метанол мен тұз қышқылының қоспасының ерітіндісімен шайып алу жолы қолданылады. Р. сутек алу жəне радиоэлектроника саласында пайдаланылады. Р-дің платина тобындағы металдармен басқа никельмен, кобальтпен, молибденмен, т.б. түзетін құймалары электродтар, электр шамының қылы мен лаб. ыдыс жасауда қолданылады. РУТИЛ – оксидтер класына жататын минерал. Хим. формуласы TiО2 (Ti – 60%). Изоморфты қоспалары: Nb, Ta, V, Cr, Fe. Тетрагондық сингонияда кристалданып, кристалы ұзынша, агрегаттары тығыз, жұмыр дəн тəрiздi болып келедi. Кристалды құрылымының негiзiн оттек атомдарының аса тығыз гексагондық текшесi құрайды. Түсi қызыл қоңыр, қара қызыл, сары, алқызыл; алмастай жылтыр, қатт. 6,0–6,5, тығызд. 4,23 г/см3. Р. негiздi, ультранегiздi, сiлтiлi, интрузивРутил минералы тік тау жыныстарында, кристалдық тақтатастарда, гидротермальды кентас желiлерiнде, пегматиттерде, қорымдарда кездеседі. Р. – титан өндiрiлетiн басты кентас. Қазақстандағы Обухов (Ақмола), Қараөткел (Шығыс Қазақстан), Шоқаш (Ақтөбе обл.) кен орындары Өскемен титанмагний комб-тының шикiзат базасы болып есептеледi. РҮСТЕМ – Маятас тауының солт.- батысындағы бұлақ. Шығыс Қазақстан обл. Жарма ауд. Қызылжелек қыстағының оңт.-шығысында 7 км жерде орналасқан. Су шығымы 500 л/сағ. Солт-нде Жамбас, шығысында Тайеке қыстаулары, оңт.-батысында Қосымбет тауы бар. Бұлақ суы мал суаруға пайдаланылады. РЫБАЧИЙ – Каспий т-нің солт.- шығыс бөлігіндегі арал. Маңғыстау обл. Түпқараған ауд-нда орналасқан. Түлендер (Итбалықтар) аралдарының құрамында. Каспийдің шығыс жағалауындағы Түпқараған мүйісінің солт.- шығысында 14 км жерде. Аум. 5 км2, ұз. 7 км, енді жері 1 км. Арал жағалауы теңіз деңгейінен 27 м төмен жатыр. Жер бедері аласа келген. Жағалаулары құм қайырлы. Өсімдігі сирек. РЫСКЕЛТҰМА – Зайсан көлінің солт.-шығысындағы қоныс. Шығыс Қазақстан обл. Күршім ауд. Қаратоғай а-ның оңт.-батысында 32 км жерде орналасқан. Теңіз деңгейінен шамамен 450 м биіктікте жатыр. Батыстан шығысқа қарай ендік бағытта 15 кмге созылған, енді жері 6–7 км. Жер бедері жонды келген. Батысында Пұшық, оңт-нде Шаңкелмес таулары, солт-нде Сарытұма құдығы бар. Бозғылт қоңыр топырақ жамылғысында жусан, бетеге, селеу, бидайық, сексеуіл өседі. РЯМ – аласа бойлы қылқан жапырақты ағаштар жəне бұталар өскен шымтезекті сфангалық батпақ. Солт. Қазақстан обл-ның орманды даласында кездеседі жəне табиғаттың өте сирек ұшырайтын плейстоцендегі мұз басуды бастан кешкен реликт таралым. Онда Р-ның 4 түрі белгілі. Олар: Становской (Мамлют ауд.), Марковский, Черное жəне Безымянное (Қызылжар ауд.) батпақтары. Р. жағалауларында қарағайдан басқа қайың, мүкжидек, қырыққұлақ, жасыл сфагнум (қына), т.б. өседі. Жоғарыда аталған Р-дар ресми түрде респ. жəне облыстық мəндегі табиғат ескерткіштері саналады. Рута

Пікірлер (0)

Әзірге пікір жоқ.
An error has occurred. This application may no longer respond until reloaded. Reload 🗙