TELEGEI

Home

Әдеп әлемі және журналистика

Уәйдаұлы Үмбетбай (Уайдин)

Оқылуы: 0%

Жазылымсыз режим: 20-беттен кейін жазылым беті ашылады, әрі қарай әр 10 бет сайын (ең көбі 5 рет).

20 px
1.85
0.30 px
0.95 em

Әдеп әлемі және журналистика

Биыл Үмбетбай Уайдин ағамыз өзінің ұзақ жылдық шығар­машылық және ұстаздық жолынан түйген ой­ларын кітап етіп шығарып, оқырманға ұсынды. Мәдениет және спорт министрлігі «Әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару» бағдарламасы бойынша «Мектеп» баспасынан жарық көрген қазақтың танымал сатирик жазушысы Үмбет­бай Уайдиннің «Әдеп әлемі және журналистика» таңдамалы журна­листика, тағлымды педа

Үмбетбай Уайдин
Әдеп әлемі және
журналистика

УДК 070

ББК 76.01

У 12

Қазақстан Республикасының
Мәдениет және спорт министрлігі
«Әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару»
бағдарламасы бойынша шығарылды

Уайдин Ү.
У 12 Әдеп әлемі және журналистика: Талдамалы журна-
листика, тағылымдық педагогика / Үмбетбай Уайдин.

– Алматы, «Білім» баспасы, 2015. – 288 бет.

ІSBN 978-9965-09-848-2

Автор қай тақырыпқа бұрылса да әңгімесін әдеп, әсемдік
әлеміне апарып тірейді. Журналистің мәдениеті, сәлем-сауқаты,
жүріс-тұрысы, сұхбат жүргізу, хат-қолжазба­лар­мен жұмыс
мәдениеті – бәрі-бәрі әдеп, әсемдік әлемінің аясы. Кітап жалпы

көпшілікке және жоғары оқу орындарының сту­денттері мен мек-
теп оқушыларына арналған.

УДК 070

ББК 76.01

ІSBN 978-9965-09-848-2

© Уайдин Ү., 2015
© “Білім” баспасы”, 2015

ЛӘҺИ, ӘУМИН ШӘКІРТТЕР!

... Журналист – тұлға, лауазым,
Мінезі – дала, тау, өзен.
Басады зілдей мысы оның,
Көрсетсе кім нән, дәу өзін!

Тыңдайды оны «керең» де,
Оқиды оны кемеңгер.
Журналист деген әне, сол,
Журналист болам дегендер.

Қарғымай жардан тереңге,
Ерқара болып тек елде,
Жүрсеңдер қарын көтеріп,
Журналист болам демеңдер.

... Журналист аты – сын есім,
Тастаңдар сілкіп «жіп» ерсе.
Күліңдер қарқ-қарқ, әлдекім
Өтірік мақтап жіберсе.

Тұр күтіп қанша «келсең-кел» –
Жуан бел кесір, кеселдер!
Шегініс бір сәт болмасын,
Журналист болам десеңдер.

... Шаршамай дәулет, бақ жоқ шын,
Сапарда ұзақ жол соқсын!
Сүйсініп журфак, деканат,
Шалқайып тұрып қол соқсын.

Әумин!

Кіріспе
Қатар аққан қос өзен – әдеп пен әсемдік әлемі «мә­
дениет» атты телегей теңізге барып құйылады.
Мәдениет – көне дәуірден бастау алатын бүкіл­адам­

заттық құндылық, бұтағы көп биік бәйтерек. Алғашқы
қауым мәдениеті мен антикалық дәуір мәдениеті, Визан-
тия мәдениеті, Батыс-Шығыс мәдениеті, қала, дала
мәдениеті, табиғаттану, тамақтану мәдениеті, туыстық

қарым-қатынас мәдениеті, ұлттық дәстүрлі мәдениет,
халықаралық-дипломатиялық мәдениет – бәрі-бәрі «мә­
де­ниет» сөзінің аясында өрбиді.
Ел аузында «Мәдениет қол жуудан басталады»

десе, ақын Қадыр Мырза Әлі «Мәдениет кітапханадан
басталады» дейді. Қай-қайсысы да көңілге қонатыны
анық.
Мәдениет көп мағыналы ұғым. Қайсыбір мәлімет­

терге қарағанда, оның ағылшын тілінде – 160, Батыс Еу-
ропа елдері тілдерінде – 250-ден астам анықтамасы барға
ұқсайды.
Мәдениет – термин, араб тілінен енген сөз. «Маданий-

ат» – адам баласының қоғамдық санасындағы табыстары
мен ақыл-ой жөніндегі жетістіктерінің жиынтығы»
/Арабша-қазақша сөздіктен/.
Әдеп пен әсемдік те халықаралық тілде – терминдер.

Әдеп – этика, әсемдік – эстетика. Ұғым-мағына жағынан
жақын болғандықтан, бұл екі термин бір-бірін толық­
тырып, көп ретте қосарланып айтылады.
Әр ел, әр халықтың өз әдеп-мәдениеті болатыны сияқ­

ты, әр кәсіптің де, мамандықтың да өз әдеп-мәдениеті
бар. Ол қызмет бабы әдебі (служебная этика) деп атала-

Кіріспе
ды. Дәрігерлік әдеп, әскери әдеп, педагогтік әдеп, діни
әдеп дейміз – бәрі-бәрі қызмет бабы әдеп-мәдениетіне
жатады.

Журналистика – ғылым. Журналистика – тарих. Зерт­
теушілер журналистика тарихын тас дәуірінен бастала-
тынын алға тартады. Ендеше, уақыт тұрғысынан оның
«вторая древнейщина» аталуы бекер болмаса керек.

Журналистика – бейресми төртінші билік, әлеуметтік
құбылыс. Қызық та қиын, құрметті де мазасыз маман­
дықтың адамы да – осы журналист. Оның тілі – заңның
тілі, әділеттің тілі.

Журналист – жолаушы. Өйткені, ол өмір бойы жол
үстінде. Ол жүрмейтін жол, бармайтын ел, жер жоқ. Ол –
қоғамның үні, қоғамның көзі. Журналист қоғамдағы
жақсылық атаулыны жаңғыртып, жамандық атаулының

жер-жебіріне жететін қаламгер, қайраткер. Қай жерде,
кіммен сөйлессе де оның тілі – әдеп, мәдениеттің тілі.
Журналист – ой адамы. Онда ойсыз күн жоқ.
Журналист – сезімнің адамы. Жасыл жағалауды көрсе

жаны жасарып, тылсым табиғатқа қараса, сөзден жыр
төгеді.
Журналист – мінездің адамы. Ол кез келген мықты­
ның алдында «ләпбай, тақсыр» деп жүгіре жөнелмейді.

Оның пірі – халық.
Журналист өз мамандығының құлы. Өз мамандығын
сүймейтіндерге журналистикада орын жоқ. В.А. Кочет­
ковтың: «Если она сурова, если она тебе не нравится,

уходи из газеты в другую, иную профессию!» дейтіні
шындық.
Журналистік жауапкершілік – этикалық жауапкер­ші­
лік. Бұл жердегі тағы бір мақсат: болашақ журналистерге

жауапкершілікті және этика ғылымының пәрменді құрал
екендігін ұғындыру.
Қазақстан – тәуелсіз мемлекет. Оның мақсат-мұрат­
тарына, заң ережелеріне қарай журналистердің де мо­

раль­дық-этикалық ерекшеліктері байқалуда.
Журналистік этиканың аудиториясы – оқырман, көрер­
мен, тыңдарман, халық. Ол (этика) сол қоғаммен, сол

Үмбетбай Уайдин
халықпен бірге қозғалып, бірге дамиды. Қоға­мы­мызда
этикалық заңдылықтардың нормалары сақтала бер­мейді.
Бұл – этикалық проблема. Журналистік дәс­түр­лер сабақ­

тас­тығының сақталмауы, аға ұрпақ тәжіри­белерінен қол
үзу – проблемадан туындаған проблемалар. Журналист
этикасының проблемалары бізде жете зерттелмеген, тал­
данбаған. Тіпті, бұл мәселе жөнінде қазақ тілінде ғылы­

ми әдебиеттер некен-саяқ.
Журналистік қызметтің саяси, құқықтық, адамгер­ші­
лік нормалары, біздің байқауымызда, әлі де шашыраңқы.
Қазіргі бұқаралық ақпарат құралдарындағы қаптаған эти­

калық ақаулар, қым-қиғаш заңсыздықтардың орын алуы
соның салдары.
Бұл еңбек ұзақ жыл әл-Фараби атындағы ұлттық уни­
верситеті журналистика факультетінің студенттеріне оқыл­

ған дәрістердің негізінде жазылды.
Осы тұрғыдан кітаптың мақсаты: кәсіби ше­бер­
ліктерін шыңдау барысында болашақ журналистерді,
жалпы студент-жастарды тар шеңберде қалдырмай, олар­

ға әдеп-мәдениет тұрғысынан жан-жақты, кең ауқым­ды
мағлұмат беру болып табылады.

Қарсы келген мың найзадан гөрі,
қарсы келген төрт газеттен қорқу керек.
Наполеон Бонапарт
Дүниеге жарық беріп, сәуле шаша-

тын екі-ақ күш бар. Оның бірі –
аспандағы күн, екіншісі – жердегі жур-
налист.
Марк Твен

Қай елдің баспасөзі мықты болса,
сол елдің болашағы зор.
Міржақып Дулатов
І тарау

ӘДЕП ӘЛЕМІ:

ТАЛДАМАЛЫ

ЖУРНАЛИСТИКА

1-тақырып. Сәлем-сауқат әдебі және

журналистика
Әуелі сәлем бер, сосын сөйле.
/Халық/
Сәлеміне қарай – адамы, әдеп-мәдениеті. Әр адамның

адамгершілігі, кісілігі, тәртібі – сәлеміне қарай.
Сәлем-сауқатқа, оның қадір-қасиетіне байланысты ба-
балардан бүгінге дейін жеткен қанатты сөздер қаншама...
«Адамдықтың белгісі –

Иіліп сәлем бергені.
Шын достықтың белгісі –
Көп кешікпей келгені».
* * *

«Иіліп сәлем бергені –
Ізгіліктің белгісі»
/Екінші нұсқа/
* * *

Замандас,
Кездескенде күліп-ойнап амандас.
/Халық әні/
Демек, сәлем-сауқатқа зор мән берген бір халық – қа­

зақ халқы. «Сәлем – сөздің анасы», «Сәлем түзу болмай,
әлем түзу болмайды», «Бір күн танысқа – қырық күн
сәлем», «Базарда мың сан адам бар, әркім танысына
сәлем береді», «Сәлемдеспек – ініден,амандық – ағадан»,

«Сәлемде – саттық, жақсыда – жаттық жоқ», «Алыстан
алты жасар бала келсе, ауыл­дағы алпыс жастағы шал
сәлем береді», «Қайырлы таң», «Қайырлы күн», «Қайыр­
лы кеш» немесе «Кеш жарық» – бәрі-бәрі сәлем-сауқат­

тың айнасы. Ал, сәлемдесе білеміз бе?
Алланың 99 аты болса, соның бірі – Әс-салам /ты­
ныш­тық, бейбітшілік/. «Ат үстіндегі адам жаяуға, түре­
геп тұрған адам отырғанға, аз топ үлкен топқа сәлем жа-

сайды. Сәлемге жауап қайтаратындарға ол үшін сауап
болады» /Хадистерден/.
Біреу сәлем бермей кетсе қайырылып,
Қабағыма ұялайды қайғы-бұлт.

Қай уақытта өкпелетіп алдым деп,
Дөңбекшимін түнде ұйқымнан айрылып.
Сырбай Мәуленов
Расында да, әлдекім, не болмаса сіз өзіңіз біреудің

сәлеміне мән бермей, байқамай қапы жіберіп алсаңыз
қандай күйде боласыз? Бұндай жәйт көбіне-көп нәзік
жанды адамдарға, ақындардың жүйкесіне үлкен жүк.
Сәлем

«Егер екі мұсылман бір-бірімен кездесе қалса, өзара
сәлемдесуге міндетті. Олар дос па, араз ба – бәрібір.
Өйткені, сәлемдесу пайғамбарымыздан қалған сүннет.
Сәлемді естіген әрбір мұсылман оны қабыл алып, жауап

береді».
Мұхамед Садық
/«Алдаспан», №5-6, 2002ж./
Көріп тұрса да көрмеген болып, сәлемдеспей өте шы­

ғатындар да аз емес.
Біреу көйлегімен әлдеқандай,
Біреу көлігімен әлдеқандай,
Біреу көлемімен әлдеқандай.

Әлдеқандайлар білсе ғой
Не күтіп тұрғанын алда қандай!

Үмбетбай Уайдин
Сәлем-сауқаттың қадір-қасиетін адамдар көбіне-көп
басына іс түскенде сезінеді, әртүрлі жағдайларда мойын-
дайды.

...Жас қайраттың көңілін сұрадым. Қатты шаршап
қалған екен. Қысқа сәлем-сауқаттан кейін күрсініп:
«Қайран денсаулық, қадіріңді білмейді екенбіз ғой.
Көшенің бергі бетінде кетіп бара жатып, арғы жақтағы

таныстарға «Ай, амансың ба?» деп жүре беруші-ек. Жо-
о-қ, амандық-саулықты көшеден өтіп барып сұрау керек
екен», –деді.
Солай, денсаулықтың бар кезінде адамдар көп нәрсеге

мән бермейді. Сәлем-сауқат та соның ішінде. «Біреумен
амандасқанда оған жылы жүзіңді беріп амандас». /Хади-
стерден/
...Астана. Өзді-өзі әңгімелесіп тұрған қаламдастарға

жақындап барып, шеткісіне қолымды ұсындым. Әңгі­
мемен байқамады ма, ол бетіме қараған да жоқ, қолын
жай ғана сілтей салды. Сол күні бір топ адамның орта-
сында тұрған Еуразия университетінің ректоры Мырза-

тай Жолдасбековпен кездесіп қалдым. Жақындай бере
дыбысымды шығарып-ем, Мырзекең жалт қарап, күлім­
сіреп қолымды алды. Жас жағынан ол менен бір жылға
кіші. Университетте дәрісін тыңдаған ұстазым. Адам

қарапайым болған сайын қадірлі ғой...
...Анадай жерде айналаға одырайып қарап тұрған дәу
қара замадасыма жақындап барып, қолымды ұсындым.
Ол сол қолын калтасынан алмастан оң қолын ұсынып

тұрып, бар айтқаны: «Қалайсың, ай? Сен қайдан жүр­
сің?»
...Редакция. Дәлізде түрегеліп қағаз қарап тұрған
қаламдасқа қолымды создым. Ол оқып тұрған қағаздан

көзін айырмай, маған жай сүлесоқ қолын созды. Сол
әбестігі есіне түсті ме, кенет бетіме жалт қарап, кешірім
сұрады.
Амандық сұрасу жайы болсын, басқасы болсын –

адамдардың қателігіне кей жағдайда түсіністікпен,
кешіріммен де караған жөн. «Не, ұйықтап жүрсің бе?»,
«Түс көріп жүрсің бе?», «Ұйқыңнан оятып жібердім бе?»

І тарау. Әдеп әлемі: Талдамалы журналистика
деп дүрсе қоя бермей, әбестігін бірер ауыз әзілмен,
тұспалмен есіне салған дұрыс. Түсінбейтін, кешір­мейтін
жағдайлар аз ба?

....Дастарқан. Шақырылған қонақтар үздік-создық
келіп, уақыт ұзап кетті. Таныс-бейтаныстар орындық­
тарда қаз-қатар отыр. Кенет бойы екі метр Хайдарбек
келіп, сол қолын қалтасынан алмай, екінші қолымен

отырғандардың бәрімен амандасып шықты. «Ана қолың
қалтаңа жабысып қалды ма?» деп, бір замандасы өзім­
сінген адамның ыңғайын білдіріп еді, оған Хайдекең
сасқан жоқ: «Ә, бұл қол өзі солай» деп, жоғарыға қарай

шығып кетті.
Ардагер қаламгер Мұзафар Әлімбаев бір мақала­сын­
да: «мен ұстазымның алдында темекі шекпеймін, сәле­
мімді үзбеймін» деп жазды. Жасы бір шамаға келсе де

ұстазының алдында темекі шекпейді, сәлемін үзбейді –
қандай тектілік! Ұстаздардың алдында қазіргі шәкірт­тер
өздерін осылай ұстай ма?
«Аурудың емі – саудың сәлемі». Науқас адамның

көңілін сұрау да сәлемдесудің бір түрі. Есті, ескерімді
адамдар: «Құдекең науқас көрінеді, барып, көңілін сұ­
рап, сәлемдесіп қайтайыншы», «Құдекеңді көптен көр­
медім, барып, сәлемдесіп келейінші» дейді.

«Студент кезімде, кейін қызметке араласқан кезімде
де ауыл жаққа жылда соғатынмын, – дейді Зарлық заман-
дасымыз. Сонда шешем марқұм кішкене демімді алған­
нан кейін: «Түгенше атаңа сәлем беріп шық. Науқас,

төсек тартып жатып қалды», «Бәжен жеңгеңе сәлем беріп
шық» деп, мазасыздана қайталап отыратын. Сондайда
сәлемге риза болған ауыл үлкендері:«Көп жаса, өркенің
өссін, қарағым!», «Мұратыңа жет!» дейтін. Байқамай

біреулерін қапы жіберіп алсам: «Сол жаман не біледі
дейсің?» деп ренжитін...
Адамы қайтыс болғандар көңіл айту «дәметіп», үйден
шықпай отырады. Бұл да сәлемнің бір түрі. Көшеде

салдыр-күлдір өте шыққан трамвайдай, сол қаралы үйдің
тұсынан әлдекім өте шықса, ол үйдің естиярлары қандай
күйде болады?...

Үмбетбай Уайдин
...Бала-шағаны еркелетіп, кейде баламен бала болып
кететін бір ақ көңіл үлкен кісі айықпас науқасқа шал­
дығады. Сол айықпас аурудың тұтқыны болған қарт қатты

булығып жөтеліп, түкіргішке түкіріп отырса, бір жас
жігіт: «Ата, қалайсың?» деп, үйге арсалаңдап кіріп келеді.
Сонда қарт түкіргішке түкіріп отырып: «не қа­лайын
сұрайсың, көріп тұрған жоқсың ба қалай екенімді? Одан

да «сәлем бере келдім» деп неге айтпайсың?» дейді.
Шаршап-шалдыққанда, ауырып-сырқағанда сәлем-сауқат
жанға қуат. Науқас адамның сіркесі су көтер­мейді. Орын-
ды сәлем олардың сырқатын сәл де болса жеңілдетсе,

орынсыз, ыңғайсыз сәлем сырқатына сырқат жамайды.
«...Біздің ауланың балалары шетінен сәлемшіл. Жол-
сапардан, кейде жұмыс жақтан келе жатып, үйге жақын­
дағанда аула балалары ана жерден, мына жерден шыға

келіп сәлемдеседі, – дейді Ұлекең. – Кейбіреулері артың­
нан қуып жетіп: «аш-ша-лаумағалейкүм» дейді. Шарша­
ғаныңды ұмытып кетесің». «Ай, баршы ары, мен сенен
сәлем сұрадым ба?» деп жекіп, балалардың сәлемін ите­

ріп жіберген ақсақал-көксақалды да білеміз.
Сәлем-сауқатқа есті үлкендер көбірек мән береді. Бір
қария етжақын інісіне назын айтып жатты. «Көздеріңнен
машинаның доңғалағы көрініп, «әтеңелеттер», сәлемдесу

дегенді білмейсіңдер. Сәлем-сауқат жоқ, үйдің тұсынан
зу етіп өте шығасыңдар. «Қалайсыз?» деп, ең болмаса те-
лефонмен болса да біреуің хабарлассаңдар қайтеді? Біз
соған да мәз боп қаламыз».

Поляк Опольский: «Кезінде қызмет бабында дүрілде­
ген, гүрілдегендердің көбісі қартайғанда – жетім» депті.
«Сонда қалай болғаны?» деп сұрағандарға ойын таратып
айтыпты: «Бір кезде ол басшылық қызметте болды.

Оның кабинетіне талайлар рұқсатпен кірді, талайлардың
оған күні түсті. Зейнеткерлікке шыққаннан кейін оған
кімнің күні түседі? Күндіз-түні үйде. Ара-тұра баласы
мен келінінің шаң-шұң дауысы шығады. «Қойыңдар,

қойсаңдаршы-ей!» дейді. Шаң-шұң дауыс жалғаса бере­
ді. Содан шаршаған әке таяғын ұстап есік алдына, аулаға
шығып отырады. Өткен-кеткенге, көшкен бұлтқа қарай­

І тарау. Әдеп әлемі: Талдамалы журналистика
ды. Сәлемдескен үлкен-кіші кездессе, сәлемін алып,
әңгімеге тартады. Содан бір уақытта қайтадан пәтеріне
қарай қозғалады...»

Не түсіндік?
Бала тілді алмаса беттен алып,
Келін тілді алмаса кердең қағып.
Кемпірің де соларға қосылып-ап,

Отырарсың амалсыз жалғыз қалып.
Қайран, жастық-ай!
Кенен Әзірбаев
Қатарлары сиреп, қарттық жеңіп, сәлем күткен

кішілер көрінбей, өзімен-өзі ойға кеткен бір сәтіндегі
сезімі-ау сірә, дана қарттың?
Ассалаумағалейкүм, Алтын Орда!
Байлықтың сән-салтанат бәрі сонда...

Бұл халыққа, көпшілікке қаратып айтылған сәлем. Біздің
бала кезімізде оқушылар мұғалімнің қарасы көрінгеннен
«ағай келе жатыр», «апай келе жатыр» деп, бір-біріне ды-
быс беріп, бас киімдерін алып, қақшиып-қақшиып тұра-

тұра қалатын. Қазір жалпы тәртіп бол­ғанымен, оқушы-
жастар сол дағдыдан жаңылып қалды. Қазіргі оқушы-жас­тар
арасында мұғалімдерінің қарасы көрінгеннен үсті-басын
жинап, сәлемдесуге дайындал­мақ тұрмақ, реті келсе құр­

дасындай қылжақтап, киген киімдерін әңгіме қылып /ста­
ромодный деген сияқты/, шашының ағын-сарысын ай-
тып, сайқымазақ күлкіге айналдыратын көрінеді. Біздің
бір танысымыздың қызына мұғалім әлде үштік, әлде

төрттік баға қояды. Соған әлгі оқушы қыз қитығып:
«сіздің прическаңыз кандай тамаша» деп кекетіпті. Үй-
іші соны айтып мәз-мәйрам. Бұл шәкірт ұстазына әлден
осылай сөйлейді, кейін кімге қалай сөйлейді?

Біз қалай сәлемдесіп жүрміз? Міне: «Привет», «Здраю-
желаю», «Амансың?», «Салам», «Привет старик».
Қазақстаннның батыс жағында «Сәлем бердік» дей­

Үмбетбай Уайдин
тіндер кездеседі. Біреулерге ерсілеу естілгенімен, бұған
түсіністікпен қарауға болады.
Сәлемнің түрлі дыбыстық айтылуы бар. «Қал қалай?»,

«Қалыңыз калай?», «Деніңіз сау ма?», «Ішек-қарның сау
ма?» /Мысқыл дауыс/.
Әдеп өлшеміне жақындатсақ, бұлардың қай-қайсысы­
ның да құйылатын өзені – сәлем. Сәлемдеменің кекесін

мағынасы: «кедей мен кедейдің арасында дорба жүреді,
бай мен байдың арасында доллар жүреді...» Қашан, қай
заманда сәлем, сәлем-сауқат, сәлемдеме сайқымазаққа
айналған?!

Сәлем-сауқат қолданысында кіші-гірім ағаттық біздің
теле-радио журналистерінде кездесіп қалады. Кейде, ха-
бар аяқталғаннан кейін олар тыңдарман-көрермендерге
қаратып: «сау-саламатта болыңыздар» деп жатады. Қа­

зақ­ша ұғымға жақынырағы, біздіңше: «аман-сау болы­
ңыздар» немесе «келесі кездескенше», «келесі көріскен­
ше», «көріскенше күн жақсы болсын», «бақуатты» /бай,
қуатты/ болайық қой.

Таныстық неден басталады? Жылы жымиыстан, сә­
лемнен. Сәлемнің де сәлемі бар: ұлттық-халықтық салт-
дәстүрден туындайтын сәлем. Яғни, қол беріп сәлем­десу.
Тізе бүгіп, иіліп сәлемдесу; орыннан түрегеліп, аттан,

көліктен түсіп сәлемдесу; жеке, арнайы сәлем; жалпыға
ортақ сәлем; ресми сәлем /әнұран айтылғанда, құрметті
қонақтарды қарсы алғанда/; мектепте, аудиторияда...
Жапондар таныстарын көргенде қолын алдымен белі­

не, содан кейін иіліп тізесіне шейін апарып сәлемдесетін
көрінеді. Еңкейгенде екі көзін алдындағы адамнан айыр-
майды. Тибеттіктер бір-бірімен амандасқанда оң қолы­
мен бас киімін алып, сол қолын құлағының сыртына шы­

ға­рады. Американдықтар бір-бірінің иығынан қағып
амандасады. Ертедегі мысырлықтар «қалайсыз, терлейсіз
бе?» деп сұраған.
Біздің казақ келіндері бұрынғы заманда ата-енелеріне

ертеңгісін де иіліп сәлем беріп, дәрет суын жылытып,
аяқ киімдерді киюге ыңғайлап, асатаяқты босағаға сүйеп
қойған.

І тарау. Әдеп әлемі: Талдамалы журналистика
Сәлемнің бір қайырлысы – хат-хабар, амандық хабар.
Алыстағы ағайын-туыс, құда-жегжаттың, оқып жатқан
балаларының амандық-саулығын шыбын жаны шырқы­

рап, біреулер телефонмен айқайлап сұрап жатады. Қолы
бірдемеге жеткен енді біреулер ағайын-туыстарына, қар­
тайған әке-шешелеріне хат та жазбайды.
Сәлем-сауқаттың келесі бір қайырлысы – өкпе, наз.

Қайсыбір ағайындар болмашы нәрсеге бола торсаңдап,
бір-бірін өмір бойы көрмей кетеді де, өлім-жітімде ғана
«жақсымыз еді», «жайсаңымыз еді», «асылымыз, алты-
нымыз еді», «арысымыз еді» деп жылап жатады. Бұны

қалай түсінеміз? Бұл сауалдың жауабы бабалардан:

Аласаны атқа санама,
Жақсыны жатқа санама.
Жаманды еске санама,
Бір сынаған жаманды

Егіз-екі сынама.
Тіріде сыйласпаған туыс,
Көзіңе құм құйылсын
Өлгенде жылама.

Сәлем-сауқат сұрасудың тарихынан не білеміз?
Қол беріп сәлемдесу XVІ ғасырда ағылшындардан
басталған деген жорамал бар. Енді бір әдебиеттерде
сәлем-сауқат сұрасу жайын адам баласының ес біліп,

етек жиған замандарға апарып тірейді. Яғни, жол
үстінде, орман-тоғай ішінде қарсы кездесіп қалған екі
адамның біреуі қолын көтеріп, анаған алақанын көрсе­
теді. Бұл «міне, қолымда қару-жарақ жоқ, қорықпа» де-

ген белгі көрінеді.
Сәлем-сауқатқа қарап та әр халықтың әдеп-мәде­ние­
тін, дүниеге көзқарасын тану қиын емес.
«Куан» /Ежелгі гректер сәлемі/

«Деніңіз сау болсын!» /Қазіргі гректер сәлемі/
«Алланың сәлемі болсын!» /Арабтар/
«Бәрі жақсы» /Үнділер/
«Сіздерге тыныштық тілеймін!» /Еврейлер/

Үмбетбай Уайдин
«Тамақ іштіңіз бе?» /Қытай/
«Көңіліңіз жайлансын» /Парсылар/
«Қалай көшіп-қонып жүрсіз?» /Моңғол/

«Сені көргеніме қуаныштымын!» /Зулыс/
«Как Ваше здоровье?» /Орыс/. Қазақшасы кәдімгі
«Қалыңыз қалай?»
Оң қолмен төсті басып, бас изеу /өзбек, тәжік/

Екі алақанды маңдайға тигізіп, бас ию /Жапон, Бирма,
үнділіктер/
Еуропалықтар қол алысып, құшақтасып сүйіседі.
Қазақ кімге, қалай сәлем береді? Үлкендерге қаратып

берілетін сәлем бар, көпшілікке қаратып, аналарға қа­
ратып берілетін сәлем бар.
Ассалаумағалейкүм /Алланың нұры жаусын/ – үлкен­
дерге берілетін сәлем.

Уағалейкүмассалам /Өзіңе де Алланың нұры жаусын/.
Сұрақ: Киіз үй. Іште жағалай отырған үлкен-кішілер.
Келім-кетімдер қалай кіріп, қалай сәлемдеседі?
Жауап: Ассалаумағалейкүм! Сәлеметсіздер ме әже,

апа, жеңгелер!
Қазіргі қазақтар құшақтасып, төс түйістіріп сәлем­
деседі. Бұндай сәлемнің, әрине, басқа да жіңішке тұс­
тары бар.

«Қазақ әйелдері жолы үлкен қайын жұртына сол
тізесін бүгіп, ал қайын аға /қайнаға/, қайын атаның үйіне
енгенде оң тізесіне екі қолын қойып, сол аяғын бүгіп, үш
рет сәлем жасайды» /Қайсар Әлім/.

Кеңес қоғамы тұсында Сталин, тағы басқа да мемле-
кет басшылары алаңдағы халыққа қол бұлғайтын. Бұл да
сәлем.
Әскери сәлем. Әскери сәлемнің де әдеп-мәдениеті

бар. Шені төмендер шені жоғарыға сәлем /честь/ береді.
Сау-саламатсыз ба, жолдас лейтенант! Немесе капитан,
майор т.б. Бірақ, әскери адамдар бір-бірімен жалаңбас
сәлемдеспейді.

Дипломатия ұлттық салт-дәстүрлерге түсіністікпен
қарайды. Мәселен, шешен ағайындар ресми орындарда
бас киімдерімен отыра береді.

І тарау. Әдеп әлемі: Талдамалы журналистика
Патшалы Ресей тұсында біздің қазақ халқының өкіл­
дері де ресми орындарда бас киімдерін шешпеген.
Сәлем-сауқаттың бұндай да әдеп-өлшемдері бар.

Кеңес қоғамы тұсында әртүрлі бүкілхалықтық ресми
мейрамдарда сәлемдесу рәсімі: «Сәлем, 1 Май!», /«Да
здравствует 1 Мая!»/, «1 Май жасасын!» деген сияқты
жаңа мағынада айтылып жүрді. Сәлемнің өлеңмен айты-

латын үлгісі қаншама.
Ассалаумағалейкүм!
Аманбысың, Кененім!
Амандаса кеп едім.

Алатауды жаңғыртты,
Зарлап айтқан өлеңің.
* * *
... Жаңа ел, жаңа жерге әнмен келдім,

Иіліп тізе бүгіп, сәлем бердім.
Рұқсат ағалардан алғаннан соң,
Жолымды құт қылғай деп отауға ендім.
/Халық әні «Жас келін»/

Сәлем-сауқат және әдеп өлшемі
Сәлем берген кісі «ассалаумағалейкүм» дегенде дауы-
сын көтеріңкірегені жөн.
Әдепті адам біреумен амандасқанда қол-иықты қоз­

ғап, ерсі қылық көрсетпейді. Құлағы ауыр еститін адамға
қол қимылымен, көзқарасымен немесе ымдап сәлем­
деседі. Бұл – түсінікті сәлем. Түсініксіз сәлемнің жа­
уабы: «Саңырауға сәлем берсең, атаңның басы» дейді.

/Халық/
Әуелі қол берген кісі қашан қолын алғанша екінші
кісі шыдамдылық жасап, күтіп тұрады. Және қол алысып
амандасқанда қабақ түйіп, не мән бермегенсіп теріс

қарамайды, қайта жарқын дидар танытады.
Дінбұзарларға қол беріп амандаспаса да болады.
Мұхамед Садық
/«Алдаспан», №5-6.2002ж./

Үмбетбай Уайдин
Қандай жағдайда сәлемдесуге болмайды?

1. Әжетханада 2. Ұйықтап жатқанда 3. Моншада 4. Тамақтанып отырғанда 5. Құран, дұға оқып, азан шақырғанда 6. Намаз, тілек-бата үстінде

Мұсылмандар «ал, жақсы» деп ақ ниет білдіріп,
жақсы тілекпен қоштасады.
Әдепті, мәдениетті адам бір үйге барарда алдын ала
хабарласып алады. Барған соң, есікті қағып, не жөтеліп

белгі береді. Үйдегілер естімегендей болса, сыртта тұ­
рып «ассалаумағалейкүм» деп тағы да дыбыс шығарады.
Бұған жауап болмаған жағдайда «ассалаумағалейкүмді»
тағы да үш рет қайталаған артық емес. Ал, тағы жауап

болмаса, ол жерден тезірек кетіп қалғаны дұрыс. Егер
іштен «бұл кім?» дегендей дыбыс шықса, әдепті адам
«бәленнің туысы едім», «түгеншенің танысы едім» де-
мей, өз аты-жөнін айтады.

Әдеп
Мұғалім сыныпқа немесе аудиторияға қалай кіруі ке-
рек? Қабақ түйіп, айқайлап, қырып-жойып? Әдепті
мұғалім аудиторияға күлімсіреп, жылы жүзбен кіреді.

Әдепті шәкірттер де орындарынан тұрып, оқытушы,
мүғалімдерін күлімсіреп жылы жүзбен қарсы алып,
жылы жүзбен шығарып салады. Сәлемнің бұл әдеп-
өлшемінде қазір көп ағаттық бар. Кіруге қоңырау

соғылғаннан кейін есікке қарап алаңдап, мұғалімді жылы
жүзбен қарсы алудың орнына қайсыбір шәкірттер қалта
телефондарын шұқылап, орындарынан созылып әрең
тұрады.

Небір шешуі қиын түйіндерді әдемі шешетін де –
сәлем. Демек, сәлем – такт, тактика, дипломатия.
Сәлем – балаға да, данаға да, ханға, қараға да қатысты
бүкіладамзаттық мәдени құндылық.

Ыбырай Алтынсарин бабамыздың «Әдеп» деп атала-
тын әңгімесін еске түсірейікші.

І тарау. Әдеп әлемі: Талдамалы журналистика
«Бір жұрттың бас әкімі екінші бір байға жолығып
сөйлесіп тұрғанда, қасынан бір жарлы мұжық өтіп бара
жатып иіліп, бас ұрып сәлем беріпті. Әлгі үлкен әкім

төре онан да төменірек иіліп сәлемін алады. Қасындағы
бай:

– Тақсыр, осынша жұрттың үстінен қараған әкімсіз,

осы бір мұжыққа неге сонша бас ұрасыз? – депті.
Сонда әкім:

– Ешбір ілім-білім үйренбеген мұжық сонша иіліп,

әдеп көрсеткенде, мен онан әдепсіз болып қалайын ба? –
дейді».
«Ұлық болсаң – кішік бол» деген осы....
Не көп – сәлемнің түрі көп: ыстық сәлем; салқын

сәлем; сәлемдеме сәлем; сарғыш тартқан сағынышты
сәлем; сәби сәлем; адамгершілікті танытатын ақжарқын
сәлем. «Әй, қатын, қалың қалай?» – деп, «әй, қатын,
байың қалай?» – деп келетін, жабайы сәлем; көздерінде

қызыл, көңілдерінде қыжылы бар адамдар арасындағы
қысқа сәлем; көп қиындығы жоқ көз қыспай сәлем; «аға
үйі» деп жарысып келетін жылмаң сәлем; арақ ішпесе
«жарымағыр» деп жамандап кететін жылдам сәлем;

ешкім елемейтін аянышты сәлем; екі есіктің арасындағы
амалсыз сәлем; ауыз жарымайтын азғантай сәлем; «сені
қойшы» дейтін селқос сәлем; жоғалып кетіп табылатын
жөтел сәлем; қолғаппен қолға ұрып беретін тұқымы

құрғыр сәлем; ыңыранған ыңғайсыз сәлем /ың-ң, ауыл-
елің аман? Ың-ң, әке-шешең аман, қуатты?/.Адамды
ойда жоқта ойға қалдыратын оқыс сәлем; есте қалатын
елгезек сәлем; есте қалмайтын иек қақпай сәлем;

жыныңды келтіретін жымысқы сәлем; «басекеңе неге сен
менен бұрын қолыңды бересің?» деп келетін бәсеке
сәлем; өмірі қысқа, өтірік сәлем; өзі қысқа, өмірі ұзақ
сәлем; қанша білдірмеймін дегенімен мықтылықтан,

іріліктен, лауазымынан – әр нәрседен хабар беретін
қитұрқы сәлем; «жаман шал, шаруаң қалай?» деп, «жа-
ман шал, шамаң қалай?» деп келетін сайқымазақ сәлем;
айбат танытатын сайтаналғыр сәлем; берісі «Тамашаға»

билет керек болғанда-а, әрісі бастарына әр түрлі іс

Үмбетбай Уайдин
түскенде-е еске түсетін ығыр сәлем; алақаныңа тиер-
тиместен қолын тартып алатын «нығыз» сәлем; қуланған
құрғақ сәлем; қор болған қайран сәлем! ...

Тапсырма
Сәлемдесе білесіз бе?
Мұсылман елдерінде ер адам әйел адаммен қол алы-
сып сәлемдеспейді. Бізде ше?

Әйелдер мен ерлердің қол алысып амандасуы Сол­
түстік Америка мен Шығыс Азияның кейбір аймақ­та­
рында да көп кездеспейді. Бірсыпыра батыс елдерінде
адамдар алғаш кездескенде бір-біріне оң қолдарын ұсы­

нады.
Арктика тұрғындары – эскимостар бір-бірімен кезде-
скенде мұрындарын үйкелейтін көрінеді.
Намасте – үнді елінде амандық-саулық сұрасудың көп

тараған түрі. Онда кездесіп қалған адамдар алақандарын
алақандарына тигізіп, одан кейін қолдарын кеуде тұсына
апарады. Бұл ішкі емеурінді білдіретін дәстүрлі сәлем.
Кейбір ел, кейбір халық әрқалай түсінетін қол алы­

судың «кілт» деп аталатын да түрі бар. Батыстықтар
үшін бұл – шынайылықтың белгісі. Ал, Азияның кейбір
елдері үшін ол – агрессия...
Қоштасудың басқаша айтылуы, екібастан – «ал, жақ­

сы.» Сол «ал, жақсыны» соңғы кезде сүйісу алмастырып
жүр. Көбіне-көп қыздар «ал, жақсы» ауыздарынан шы­
ғар-шықпастан былш-былш сүйісе бастайды. Ер адамдар
әйелдердің қолының сыртынан, бетінен сүйеді. Адамдар

қарым-қатынасының жақындығын, сыйласты­ғын білді­
ре­тін мұндай әдет, әлбетте, бұрыннан бар.
Соңғы кезде «ауада сүйісу» деген сәлемнің тағы бір
түрі пайда болды. Бұл, негізінен, әзіл-қалжыңдары жа­

рас­қан құрбы-достар арасындағы «свежий» сәлем.
/«Алтын орда»,
№29. 23-29 шілде, 2004 ж./

І тарау. Әдеп әлемі: Талдамалы журналистика
Салам
Әдетте, кісі мен кісі қатты ренжіссе, қашан тіл табыс­
қанша бір-бірімен сәлемдеспеуші еді. Ал қазір, әсіресе,

қалалық жерде бір мекемеде күнде бірге қызмет істейтін
адамдар кейде бір-бірінен көңілдері қалмаса да, бір-
бірімен жүз шайыспаса да жылы шыраймен сәлем­
деспейтін кездері ұшырасады. Үлкені де, кішісі де, ұлы

да, қызы да мүлде танымайтын кісіше бетіңе қарап,
жаныңнан өте шығады. Іштей налисың. Әдепкіде, бай­
қамай қалатын шығар деп ойлайтынмын. Жоқ, бұл
олардың бойындағы күнделікті әдет, әбден қалыптасқан

дағды секілді. Еш оғаш санамайды. Сол күні қайта бір
кездескенде түк болмағандай тіл қатысып жүре береді.
Қызық.... Ешқайсысына күнің түсіп тұрған жоқ, тіпті
кейде мен де өздерінің істегенін өздеріне істесем бе деп

оқталамын, бірақ арым жетпейді. Қазақ деген атымнан
ұяламын. Бала кезде ауылда алған тәлім-тәрбиемді
оларға ерегісіп тәркі еткім келмейді.
Ал, сәлем, сәлемдесу, сәлем беру – қазақ халқының

адамгершілігі мен ұлттық тәлім-тәрбиесінің, кісілік
мінез-құлқының әліпбиі емес пе? Дала тарихында батыр-
лар мен билер, ел ағалары мен бағландары орынды
жерінде жөнін біліп, сәлем бермегені үшін елдік пен

достықтан кетіскен.
Қазақ кісіні сәлеміне қарап таныған. «Сәлемің түзу
болмай, ісің түзу болмайды», «Сәлем – сөздің анасы»
деп әспеттеген. Сәлем бермеу мен сәлемді алмау күнәнің

ауыры.
Кісі бір-бірімен сөйлесу үшін, бір-біріне бұйымтайын
айту үшін әуелі сәлемдесуі керек қой. Бір-бірімен
сәлемдеспей тіл қатысу ақылға сыймайтын нәрсе. Қазақ

халқында сәлемдесу – тұтас бір дәстүр, ұлттық қасиет.
Мен бала кезімде ынты-шынтысымен иіліп сәлем еткен
келіндерге ақсақалды аталар мен ақ жаулықты әжелердің
бар мейір-ықыласын төгіп, жырдай қылып сәлем

қайтарғанын, алғысын, ақ пейілмен батасын бергенін та-
лай көрдім. Бұл еріккен адамның ермегі ме? Біздер, бала-

Үмбетбай Уайдин
лар, алдыңнан қарсы жолыққанын былай қойғанда, сона-
дайдан көзге шалынған жасы үлкен кісіге сәлем беруге
асығып жүгіре жөнелетінбіз. Тәрбие сондай, көрген-

білгеніміз осындай еді. Сәлемдескен кісің алысың болса –
жақының, танысың болса – тумаң болатын. Сәлемдесу –
татулықтың белгісі. Иманы бар, ұяты бар кісілердің
«кеше көшеде асығып бара жатыр едім, көп кісінің ара-

сынан жыға танымай қалдым, пәленшекең емес пе екен,
жүріс-тұрысы соған ұқсады, сәлем бермей кеттім, ұят
болды-ау, сәл кідіргенімде нем кетер еді, мен екенімді
білсе ертең өкпесі қара қазандай болады-ау, бір күні ар-

найы барып сәлем беріп, айыбымды өтемесем...» деген
сөздерін талай естідім.
Неткен ірілік! Неткен кісілік! Мұндай адамдардан
садаға болмайсың ба! Осы арада сәлемге байланысты

бала кездегі бір жайт есіме түсіп отыр.
Бірде Нұрабай ата (аяғын сылтып басатын) мені
көлдің жағасында жайылып жүрген ала сиырдың
бұзауын айдап әкелуге жұмсады. Сиыр есігінің алдында

желіні сыздап, даланы басына көтеріп мөңіреп тұр.
Әншейінде жүгіруге сылтау таппай, зыр қағып құйындай
жөнелуші ем, дәл сол сәтте қырсығым ұстады ма, әлде
алыссындым ба, сөзіне құлақ аспай жалт бұрылып, ана-

дай жерде доп қуып жүрген балаларға қарай тарттым.
Бірақ бұл мен үшін төтенше оқиға болды. Ойнап та жа-
рытпадым. Әбден берекем кетті. Содан қылмыс жасаған
кісідей Нұрабай атаның көзіне түсуге батпай, үнемі

қашып жүретін болдым. Арада екі айдай уақыт өтті. Күз
кетіп, қыс түсті. Күн суық, борандатып тұрған. Бетім ал-
мадай қызарып, көзіме қар тығылып, шұлғауым қамзау
болмай керзі етікті жалаңаяқ кигендей, ауылдан жарты

шақырым жердегі бұлақтан иін ағашпен қос шелекті
меймілдетіп су алып келе жатқанмын. Кенет бір қораның
бұрышынан қақырынып Нұрабай ата шыға келгені. Қалт
тұра қалдым, шелектерім әлдебір бұталарға соғылып,

суы төгілді де қалды. Мен иін ағашты жерге тастай сал-
дым да, қолғабымды шешіп, қолымды жалма-жан
Нұрабай атаға ұмсындым. Іштей сәлемімді алмай қоя ма

І тарау. Әдеп әлемі: Талдамалы журналистика
деген қорқынышым бар. Жоқ, ол жұмсақ алақанымен
алақанымды қысып, жылытып тұрды. Маған қолымды
емес, жүрегімен жанымды жылытып тұрғандай болып

көрінді.
Емен-жарқын
күліп,
«Балалық

жасаған
шығарсың, баяғы ісіңді кешірдім, сәлем берем деп
суыңды төгіп алдың, өкінбейсің бе?» – деді. Мен
«өкінбеймін» дедім қуанып. Мен мынау қыстың қақаған

бораны мен аязында бұлақтан жүз рет су әкелуге дайын
тұрғанмын. Менің бала көңілім осы сәтте сәлемнің
қаншалықты құдіретті екенін ұғынғандай болдым. Мен
сәлем берудің өзі кешірім сұраумен бірдей екен-ау деп

ойладым. Бұлай екенін білгенде, Нұрабай атаға күніне он
рет сәлем беретін едім ғой...
Қазақ кісіге төбесінен ұрғандай қылып, әй жоқ-шәй
жоқ, «сізде шаруам бар еді» демейді, сыпайылап «сізге

сәлем бере келдім» дейді, бұйымтайын сосын айтады.
Қанша іскер болсақ та, қанша уақыт тапшы болса да
сәлеміміздің ұлттық бояуын жоғалтпағанымыз ләзім.
Қазақы сәлемнің қыр-сыры көп. Етжақын ағайындар,

шынайы дос кісілер күнде көріп жүрсе де жылдар бойы
қауышпағандай құшақтасып амандасады.
Жасы үлкен, қамқор кісі інінің сәлемін ала отырып,
ағалық пейілмен арқасынан қақса, бұл да жарасымды.

Бөтен үйдің босағасын аттаған жас келіннің беташар
рәсімінде бүткіл тума-туысқанға иіліп сәлем айтып
тұрғаны ұлттық әдебіміз бен әдетіміздің ең шырқау
шыңы десе де болады. Мұндай ғажайып салт басқа

халықтың ешбірінен ұшыраспайды. Таңданған мен
сүйсінгеннен өзге ештеңе дей алмайсыз.
Қазақ иіліп сәлем беретін, еңкейіп сәлем алатын халық.
Сәлем де сәтімен. Сыйлы, ел аузында жүрген қадірлі

кісілермен жүрдім-бардым сәлемдесу – әдепсіз­дік. Бая­
ғыда ондай қазақтарға сәлем беру, ақ батасын алу, жылы
лебізін есту үшін тіпті айлап, жылдап дайын­дал­ған. Бұл
олардың өміріндегі ерекше сәт болып қалған. Ауыздан-

ауызға беріліп, ұлағатты аңыз әңгімеге айналған.
Сыйлы, сырлас кісінің сәлемі төсек тартып жатқан
кісіге шипадай әсер еткен...

Үмбетбай Уайдин
Әлі есімде, студент кезімізде (70-ші жылдары) ауылға
каникулға барғанда үйден бір шәй ішіп алып, туған-
туысқандарға сәлем беруге шығатынбыз. Әйтпесе олар

ренжитін, ықыласыңа орай «бала ғой» деп қарамай, олар
да құрақ ұшып күтетін... Сәлем беру татулыққа, ауыз­
біршілікке шақыратын... Қазір осынау қасиетті сәле­
міміздің де сыры мен сыны кете бастағандай. Ең басты-

сы, баяғыдай таза емес...
Сәлем де сауданың көзіне айналды. Пәленшеевичке
сәлем берейін деп қалтасын қомақтайтындар жиі ұшы­
расады.

Бастық пен бағыныштының арасындағы сәлемдесу –
адам қасіретінің көрінісі. Сәлем берген қарамағындағы
қызметшілеріне қолын теріс қарап тұрып ұстата салатын
кісілерді көзіміз көріп жүр.

Құйрық-жалы күзелген, жылуы-бояуы жоқ басқа тіл­
мен әлеміштелген «саламдар», «қал қалайлар» қазақы
сәле­мімізді жұтаңдандырып барады.
Естігенде жүрегің ауырады....Шын сәлем – жан таза­

лығының айнасы...
Ғасырлар бойы кісілігіміз бен сыйластығымыздың
арқауы болып келе жатқан ұлттық шынайы сәлеміміздің
тағылымы мен тазалығынан айырылып қалмасақ етті...

Сейітқұл Оспанов.
/«Егемен Қазақстан», 9.02.2001ж./

2-тақырып. Терминология мәселесі

және журналистика
Жер-жердегі газет-журнал редакциялары мен телеради-
оларда өндірістік тәжірибеден өтіп келген студенттер ау-
диторияда көрген-білгендерін кезектесіп айтып отыр. Бір

студент (Индира Өтемісова) термин мәселесін қозғады.
«Біздің факультетте арнаулы курс па екен – термино­
логияға байланысты бір іс-әрекет керек сияқты. Олай
дейтінім, оқу, жазу барысында көптеген термин­дердің

мән-мағынасын түсінбей, сөздіктерге жүгінуіме тура
келді. Сөздіктерден іздегендерімнің көзіме бірі түссе, бірі
түспеді. Көзге түскендерінің кейбіреулері жатық емес».
Жақсы ұсыныс, жақсы пікір. Бүкіл термин атаулы

қамтылмаса да студенттің бұл ұсынысы «журналистік
әдеп» пәнінде біршама ескерілді.
Термин
Термин атаулының барлығы да сөз, ал сөздің барлығы

термин емес.Термин сөзінің өзі де термин. Ол /терминус/
«шек-шегара» деген мағынадағы латын тілінен енген сөз.
Терминус /«божество границ»/ Римнің діни аңыздарында
жиі кездеседі.

Терминдер әуелде бір халықтың тілінде пайда болып,
әрмен қарай ел-елді аралап кетеді. Ол кейде мағыналық
өзгеріске де ұшырайды.
Терминдерді аудару керек пе, жоқ па? Бұл мәселеде

әртүрлі пікір бар.
Баспасөз – жалпыхалықтық игілік. Бүкілхалықтық
болғандықтан оның тілі шаруаға да, министр, академик-
ке де түсінікті болуы шарт. Біздің баспасөз көп ретте бұл

талаптан шыға бермейді, быжынаған термин.

Үмбетбай Уайдин
«...Ә.Ә. Османовтың «Ескілікті эндуративтік панкреа-
тит және панкреаттық-дубенальдық рак кезінде бауыр-
дан тыс жерлердегі өт жолдарының ауруларын хирур­

гиялық тәсілмен емдеу» деген докторлық диссертациясы
бар екен». /Газеттен/
Не түсіндік? Сөйлемдегі «эндуративтік панкреатит­
терді» қазақша ұғым-түсінікке жақындатып немесе олар-

ды айналып өтуге бола ма? Болады. Ендеше, баламала-
рын іздестіріп, терминдерді мүмкіндігінше қазақшалау
керек. Құм, топырақ, қар басып тастаған ауланы, жолды
тазартып тұрмаса жүріс-тұрыс қиындайды. Басылымдар

бетіндегі быжынаған бейтаныс сөздер мен терминдердің
аударма-баламаларын тауып, жеңілдетпесе, оқырманның
ұғым-түсінігі қиындайды. Журналистердің халық алдын­
да­ғы міндет-парызы не? Мінсіз қызмет.

Дүние жүзінде көп тараған термин – демократия. Грек
тілінен енген. Түбірі – демос, яғни – халық. Екінші жар-
тысы – кратос – өкімет немесе билік. Тұтастай алғанда,
демократия – халықтық өкімет, халықтық билік.

Мәдениет немесе әдеп, әсемдік әлемі мағыналары бір-
біріне жақын ондаған, одан да көп термин сөздерден
тұрады. Оларды аудару керек пе, жоқ па? Жауап – әркел­
кі. Біреулер аудару керек, ол баламаларды бүкілхалық­

тық қолданысқа енгізу керек десе, енді біреулер құлақ
үйренген, халықтық тұтыныста бұрыннан бар аударма-
ларды қозғамауды жөн санайды. Сөз орайында осы тер-
миндерге кішкене кідіре кетейік.

«Студент» жоғары оқу орнының оқушысы, интелли­
генцияның бір бөлігі деген мағына берсе, «конспект»
ХІХ ғасырдың ортасында латын, неміс тілдерінде қолда­
нылған «дәріс», «баяндама» деген мағынаны білдіретін

сөз деген мағлұмат бар. Терминдерді қазақшалауда
сәттілік те, сәтсіздіктер де кездеседі. Соңғы кезде басы-
лымдардан «ауысым» деген сөзді көріп қалып жүрміз.
Бұл кәдімгі «сменаның» қазақшасы. (Ұсыныс жазушы

Бексұлтан Нұржекеевтің тарапынан).
Терминкомге мотоциклді – құйынарба, конвертті –

І тарау. Әдеп әлемі: Талдамалы журналистика
хатқалта деп атайық дегендей біздің де тарапымыздан
ұсыныс болды. Әзір қолданыс байқамадық.
Телевидение мен теледидар қатар, не алмасып айты-

лып келеді. Қайсысы бұрын айтылса да құлақ үйренген,
ешкім жатырқамайды. Естуімізше, телевидениені теле-
дидар деп қазақшалаған академик, жазушы Сәбит
Мұқанов деген әңгіме бар.

Бір кезде велосипед – шайтанарба, паровоз – отарба,
революция – төңкеріс деп аударылған. Бұлар халықтың
шығармашылығы. Демек, терминология бүкілхалықтық
шаруа, бүкілхалықтық талпыныс.

Қазір самолет – ұшақ, вертолет – тікұшақ, класс – сы-
нып болып, ауызға қайсысы бұрын түссе сол қол­да­
нылып жүр. Бастапқы кезде ұшақ, тікұшақ, сынып ха­
лық­тың

құлағына
тосындау
естілгенімен,
бүгінде

бүкіл­халықтық қолданыста. Академик Әбдуәли Хайда­
ровтың «Қазақ терминологиясына жаңаша көзқарас» деп
аталатын еңбегі /«Рауан» баспасы, 1993 ж./ 11 принцип-
тен тұрады. Онда бүкіл халық қабылдаған, құлақ

үйренген баламаларды қаз-қалпында қалдыру жайы сөз
болады.
Бұл айтылғандар терминология әлеміне кішкене ғана
кіріспе. Енді ілгеріде аз-кем сөз болған кәсіби әдебімізге

қатысты терминдерге тоқталамыз.
Этика
Э. грек тілінен енген термин. Жалпы мағынасы: салт-
дәстүр, әдет-ғұрып, жөн-жоралғы, үрдіс /традиция, обря-

ды, ритуалы/.
Этика – философиялық категория. /Бұл терминді
ғылымда бірінші Аристотель қолданыпты деген дерек
бар/.

Этикаға мағынасы жақын термин сөздер: эстетика,
этикет, этикетка, гуманизм, критерий, такт, тактика, ди-
пломатия, мораль, ритуал, идеал, кодекс, канон, хартия,
норма, ньюанс, маневр, манера. Барлығының құйылатын

өзені – мәдениет. Ұлттық түсінігімізге жақындатып, та-

Үмбетбай Уайдин
ратып айтсақ, бұлар – әдептілік, сырбаздық, бекзаттық,
тектілік т.б.
Халық халықты қайталамайды. Қайталамайды дейтін

себебіміз, басқа халықтың салт-дәстүрін қайталамайтын
әр халықтың өз салт-дәстүр, әдет-ғұрпы бар. Мәселен,
біздің халықта сүйінші, баланы бесікке бөлеу, тұсау ке-
сер, аужар, сыңсу, беташар, тойбастар, жар-жар, қайтыс

болған адамның хабарын естірту, жоқтау, қоштасу,
жұбату, көңіл айту, бата, ақ бата, теріс бата сияқтылар
басқа
халықта

қайталанбайды.
Бірнешеуіне
кідіре
кетейік.

Аужар
Бұл жар-жардың бір түрі. Ұзатылатынынан құлағдар
болған қыз бала үй ішін, ата-анасын, туған жерін қимай
көңілсіз күйге түседі. Сондай кезде ауыл жастары

өлеңмен оның көңілін аулайды. Ара-тұра қыздың өзін де
өлең-жырмен әңгімеге тартады. «Ол жақта да қалың ел.
Бұнда ата-анаң болса, ол жақта ата-ене, қайны, қайын
сіңлілерің болады» деп әңгіме қозғайды. Аужар деге­

німіздің бір мағынасы осы. Екінші мағынасы – қызба,
қызуқанды деп те келеді.
Беташардан да мән кетті.
Домбыра ұстап қақсаған жас жігіт алашадай бірдемені

жерге жайып жіберіп, жаңа түскен келінге бала-шағаға
шейін сәлем еткізеді. Келіннің сәлемін алғандар ақша
ұстап, доллар ұстап, жаңағы жаюлы затқа қарай кетіп
бара жатады, қайтып келе жатады. Қай заманда қазақ

сәлемі сатулы болған?
Естірту
Қайтыс болған адамның қазасын етжақындарына кез-
келген адам /есер, есерсоқ/ естіртпейді. Елдің жөн біле­

тін, сөз білетін адамдары жайсыз хабарды бірден қойып
қалмай, жайлап, тұспалмен жеткізеді.
Қарашаш анамыз бақилық болғанда Жиренше баба-
мыз сырт жақта жүргенге ұқсайды. Ел-жұрт жиналып,

І тарау. Әдеп әлемі: Талдамалы журналистика
Қарашаштың қазасын Жиренше шешенге қалай естір­
тудің ретін ақылдасып жатады. Сонда Әз Жәнібек хан
естіртуді өз мойнына алады.

Хан:

– А, Жиренше, атасы өлген қандай болады?

Жиренше:

– Асқар тауы құлады десеңші!

Хан:

– Шешесі өлген қандай болады?

Жиренше:

– Ағар бұлағы суалды десейші!

Хан:

– Ағасы өлген қандай болады?

Жиренше:

– Оң қанаты қайырылды десейші.

Хан:

– Інісі өлген қандай болады?

Жиренше:

– Сол қанаты қайырылды десейші.

Хан:

– Баласы өлген қандай болады?

Жиренше:

– Бауыр етінің күйгені десейші.

Хан:

– Әйелі өлген қандай болады?

Жиренше:

– О, дүние-ай, Қарашаш сұлу өлді десейші, – деп

қамшысын таянып, жерге отыра кетеді.
Заман ыңғайына қарай адамдардың қайғы-мұңын
бөлісудің, естіртудің жаңа түрлері пайда болды. Олар
жеделхат арқылы естірту, телефонмен, ұялы телефонмен

естірту, бала жұмсап естірту,т.б....
...Пойыз жолы қаланы қақ жарып жатыр. Қала
маңында тұратын біреудің баласы арғы бет, бергі беттегі
етжақындарына «апам қайтыс болды, апам қайтыс бол-

ды!» деп, үй жағалап жүріп хабарлапты. Қаза – қасірет.
Қасіретті осылай естірте ме? Ұлттық әдеп өлшемі қалай
еді?

Үмбетбай Уайдин
Қоштасу
Дүниеден баз кешерде науқасы жеңген адамдар
ақырғы демімен бала-шағасына, етжақындарына қаратып

өсиет айтады, тіршілікте артық кеткен ағаттықтары бол-
са, кешірім сұрап, қоштасады. Ұзатылып бара жатқан
қыз да ел-жұртымен қоштасады. Ана қоштасу мен мына
қоштасудың арасы, әрине, жер мен көктей. Қазір ше?

«Папа, мама, меня можете поздравлят! Я замуж выхо-
жу!» дейтіндер пайда болды.
Жұбату
Қайғыдан құса болғандарды, күрсінгендерді жанға

жайлы сөзімізбен жұбата білеміз бе? Жұбатудың халық­
тық үлгісі қаншама?
1943 жылы Жамбыл атамыздың баласы Алғадай
Украи­наның Синельниково деген қаласында ерлікпен

қаза табады. Бұл қаралы хабарды ақынға естірту үшін
Қазақстанның орталық партия комитеті мен Жоғарғы
кеңесі ақылдасып, бірнеше адам жібереді. Олардың ішін­
де Сәбит Мұқанов, Кенен Әзірбаев бар.

Жайсыз хабарды бірден бастамай, әріден-беріден жа­
ға­лап келіп, Кенекең былай дейді:
О, Жәке, басыңды көтер елің үшін,
Балаңның кегін алған ерің үшін.

Төсектен бас көтеріп, беліңді бу,
Кеп тұрған мынау халық көңілі үшін.
«Жақсыны Құдай қоя ма», «Құдайға да жақсы адам
керек дейді ғой» деген сықылды жаттанды жұбату емес.

Қаралы замандасын Кенен ақын халықты алға ұстап
қайрайды, сабырға шақырады.
Этикет
Этикет – француз тілінен енген термин сөз. Мағынасы –

тәртіп, ереже /правила/. Бір замандарда француздарда
аула тәртібі («придворная этика») деген болған. Аула

І тарау. Әдеп әлемі: Талдамалы журналистика тәртібі?... «Отан отбасынан басталады» десек, әне, тәртіп те отбасынан, ауладан басталады екен. Тәртіп Мемлекеттік тәртіп, қоғамдық тәртіп, көше тәртібі, еңбек тәртібі, жеке адамдардың өзін-өзі ұстау, сөйлеу немесе жүріс-тұрыс тәртібі. Бәрі-бәрі – этикет. Дала қазақтары және завод-фабрикаларда жұмыс іс­ тей­тіндер дауыстап сөйлейді деген пікір бар. Дала қазақ­ тары аңқылдақ, ашық. Мал қайырып, бір-бірін дауыстап шақыруы немесе завод-фабрикаларда машиналардың арыл-гүрілі – қай-қайсысы да шындыққа саяды. Біз бұларға сөз этикеті, дауыс этикеті /речевой, голосовой этикет/ деген мәселелерде арнайылап қайырыламыз. Телефонмен көшені басымызға көтеріп, айқайлап сөйлесеміз. Автобустарда той қалай өтті, қанша адамдар шақырылды, қанша жәшік арақ ішілді – тағы басқа сол сияқтыларды бар даусымызбен дарылдап айтып жатамыз. Бәрі-бәрі этикетке, тәрбиеге келіп тіреледі... Этикетка Бұл да француз тілінен енген термин сөз. Мағынасы: жапсырма қағаз немесе ярлык. Бөтелкелердің сыртында «Бибігүл», «Нұр», «Сұлтан», «Қыз Жібек», «Асанәлі» деп жазылған есімдер жүр. Бір жағынан бұл адам атына ізет, құрмет, ілтипат. Алайда, әдепке жата ма? Осы да адамға ізет, құрмет, ілтипат па? Ішіліп болғаннан кейін бөтелкелер қайда домалап жатпайды: мал қорада, аяқ астында, әжетханаларда... Енді бұларды ауызекі әңгімеге айналдырып көрейік­ ші. – Не ішіп отырсың? – «Бибігүлді» – Не жеп отырсың? – «Нұрсұлтанды». Қандай ерсі?! Бұл басқа жаққа елік­ теу. Ресейде «Распутин» деген арақ бар. Қоғам қайрат­ керлері мен өнер жұлдыздарын сайқымазаққа айналдыру деген осыдан шығады.

Үмбетбай Уайдин
Сүттің аты – «Айналайын». Қашан, қай заманда қазақ
сүтке «айналайын» деген? Және сүт қалай аталса да
сиырға (малға) бәрібір емес пе? Ал, енді, есімдері араққа,

макаронға, тағы басқа да анаған-мынаған қойылған әлгі
ағайындар тарапынан: «Сендерге не, біздің есіміміз
мазақ па?», «Сендер, әй, тоқтатыңдар!» деген сықылды
қатқыл дауыс шықты ма, шықпады ма – білмейміз.

Баспасөзден көзімізге түспеді.
Эстетика
Э. Грек тілінен енген сөз. Мағынасы: талғам, талғам­
паздық, көркемдік таным. Адамның көркемдікке, сұлу­

лыққа, болмысқа қарым-қатынасы туралы ғылым. Эсте-
тика жақсы нәрсенің жақсы екенін тану, бағалау.
Такт
Т. Француз тілінен латын тіліне ауысқан термин.

Мағынасы: сезім, сезім өлшемі. Такт сонымен қатар
музыкалық термин.
Тактика
Такт пен тактиканың мағынасы жақын. Тактика грек

тілінен енген термин. Мағынасы: әскери әдіс, айла, тәсіл.
Тактиканың ауыспалы мағынасы: сыпайылық, қара­
пайым­дылық, ақыл. Кейде «қу», «айлакер» мағынасында
да айтылады.

Такт, тактикасы мықты адамдар кез келген тығы­
рықтан, әртүрлі қиын жағдайлардан оңай шығып кетеді.
Халық даналығында: «бермегенді беріп ұялт», «тас­
пен ұрғанды аспен ұр», «көрінгенмен барқылдап ұрыспа –

бағаңды жоясың» деген нақылдар бар.
Кезінде бүкілодақтық староста атанған мемлекет
қайраткері Михаил Калинин өте мәдениетті, білімдар
және шешен адам болған. Ұлы Отан соғысы жыл­

дарындағы көп кездесуінің бірінде бейпілауыздау бір
әйел оның сөзін бөле беріп, ыңғайсыз мінез танытады.
Калинин оған қарап қояды да, әңгімесін әрмен қарай
жалғастыра береді. Сәлден соң әлгі әйелдің тағы да да­

І тарау. Әдеп әлемі: Талдамалы журналистика
уысы шығады. «Сен қоясың ба, қоймайсың ба?» деп,
оған бірнеше адам ескертпе жасайды. Калинин: «менің
сөзімді бөлетіндей анау кім өзі? Құртыңдар қарасын!»

демейді, абыр-дабырды жұмсақ, сабырлы дауысымен ба-
сады. Міне, тактика!
Оқырмандармен болған бір кездесуде залда отырған
біреу Сәбит Мұқановқа: «Сіз ақын емессіз» дейді. Сәбит

Мұқанов дауыс шыққан тұсқа бір қарайды да, әңгімесін
әрмен қарай жалғастыра береді. Ауызша, жазбаша
қойылған сұрақтарға көңілді жауап қайтарады. Кездесу
аяқтала бере жазушы залға қарап: «Жаңа ана жерде бір

жас жігіт маған «сіз ақын емессіз» деді-ау. Мен ондайды
көңілге алмаймын. Жас кезімде менің өзім де «Абай
ақын емес» дегенмін. Жастық не айтқызбайды» дейді.
Залдағы халық дуылдатып қол соғады.

Егер сол отырыста жазушы әңгімесін үзіп, «анау кім
өзі, менің сөзімді бөле беретіндей? Тұрсын орынынан!»
деп ашуланса, қатты қолшапалақ бола ма, жоқ па?
Міне, тактика дегеніміз әртүрлі тосын жағдайлардан

немесе тығырықтан ақылмен әдемі жол тауып шығу.
Кейде шегініс жасау.
Біз тұратын үйдің айнала-төңірегінде жаңа құрылыс­
тар салынып жатты. Күні-түні сарт-сұрт, даңғұр-дұңғыр..

Кейде бір әдемі сезіммен ой үстінде немесе жұмыс
істейтін бөлмеңде, кейде келінің, не қызың шай құйып,
жора-жолдас, іні-қарындастарыңмен дастарқан басында
отырасың. Сондай-сондайда сырттағы құрылысшылар

орысша, қазақша неше түрлі айтуға болмайтын сөздерді
аңыратады кеп... Айналада ел-жұрт, бала-шаға бар, олар
неге олай сөйлейді? Кеше ғана дүниеге келген, кеше ғана
мектеп табалдырығын аттап, ұстаздардан тәлім-тәрбие

алған шәкірттер емес пе, неге бұлар бетімен кеткен?
Әдеп қайда? Бұған қандай тосқауыл? «Әй, иттер, шама-
лап ауыздарыңа ие болсаңдаршы! Сендердің мына салып
жатқан үйлеріңнің тоқсан тоғыз пайызы былапыт сөзден,

қалғаны кесектен, бетоннан тұрады!» деп, есік-терезе­
лерден, балкондардан ескерту жасасақ, қарсы дауыстар

Үмбетбай Уайдин
естілуі мүмкін ғой. Онда біздікі білместік, ағаттық, әдеп­
сіздік.
Ертеректе құрылысшыларға арнап жазған, кейін «На-

найын ба, нанбайын ба?» деп аталатын кітабыма енген
өлеңім бар еді, бірде соның бір-екі шумағын есіме
түсірдім.
...Құрылысшы жігіттерміз, айналамыз толған қыз,

Самолетсыз төбесіне бұлттың шығып тұрғанбыз.
Ойнамаңдар, ойнамаңдар құрылысшымен бойшаңдар,
Бәріңнен де күнге жақын, күнге жақын тұрған біз!
Көп қабатты көп үйлерден құттыхана күткендер,

Құрылысшыны көрген кезде сәлемдеспей өтпеңдер.
Жаңа отаудың кілтін ұстап, күлімдескен ғашықтар,
Тойларыңа шақыруды бізді ұмытып кетпеңдер!
Осы шумақтарды күбірлеп айтып, бір күні құрылыс

алаңына қарай аяңдадым. Алаңға кірген соң өзімен-өзі
темір-терсек салдырлатып, жұмыс киімімен отырған жас
жігітке жақындап барып сәлемдестім. «Жоспарым» бой-
ынша, сәлем-сауқаттың соңына таман әлгі екі шумақ

өлеңді аңыратып қоя беруім керек еді. Бірақ аузыма
түспей, оны қара сөзге айналдырып жібердім.

– Бауырым, ағаң мынау үйде тұрады. Сіздерге бір

кішкене өтіншпен қайырылдым. Сіздер адамдарға әдемі-
әдемі үй салып, «уют» жасап бересіздер. Құтты қоныс­
тың кілтін ұстағандар сіздерге сол үшін құрметпен
қарайды. Сол үшін олардың сіздерге деген ықыластары

ерекше. Олардың сіздермен сәлемдескілері келіп тұрады.

– Рахмет, аға!

– Осындай құрмет, осындай ықылас пен ілтипатты

білдіре отырып, енді олардың кішкене өтініш-тілектерін
де құлақтарыңызға сала кетейінші. Әдемі-әдемі үй салып
берумен бірге олар сіздерден әдемі-әдемі әңгіме де
естігілері келеді. Сіздер болсаңыздар, естіген құлаққа

ерсі неше түрлі боғауыздарды боратасыздар кеп, аңыра­
тасыздар кеп...

І тарау. Әдеп әлемі: Талдамалы журналистика
Құрылысшы жігіт орнынан атып түрегеліп:

– Аға, ескертпеңіз орынды. Қазір түсте жиналамыз.

Сонда бәрін айтам, кешіріңіздер, – деді.
Кейін бір жағынан асығыс келе жатсам, сол құрылыс­
шы інім анадай жерден дауыстап, қасыма жақындап
келді де:

– Қалай, аға, естіген құлаққа ерсі анайы сөздер тиыл-

ды ма? – деді.

– Азайды.

– Ох, әлі бар екен ғой, – деп, ол бетін әрмен қаратып

күліп бара жатты.
Тактика. Тактика.
Ритуал
Р. Латын тілінен енген сөз. Мағынасы: жөн-жоба,

жөн-жоралғы, ырым /обряды/.
Қазақ халқы қайтыс болған адамды қайтпас сапарға
қалай жөнелтеді? Үйден қалай шығарады – бас жағымен
бе, аяқ жағымен бе? Құран қашан бағышталады –

адамның демі таусылғаннан кейін бе, жоқ жамбасы жер-
ге тигеннен кейін бе? Жамбасы жерге тигеннен кейін.
Кейде мар­құмның қабірінің басында адамдар оның
қадір-қасиетін, тындырған істерін айтып қоштасады.

Бұлардың қай-қайсысы да қазалы жердегі жөн-жоралғы
тәртібі /ритуал/.
Нюанс
Н. Бұл сөздің түбірі – ню. Ол ағылшын тілінде «жаңа»

деген мағына береді /Нью-Йорк – Жаңа қала, Нью-Дели –
Жаңа Дели/.
Ауыспалы мағынасы: жіңішке, жіңішке ойлау /«Бұл
әңгіменің жіңішке жағы да бар ғой» – «бұл әңгіменің

нюанс­тары да бар ғой» т.б./.
Манера
Мағынасында айырмашылық болмағанымен, бұл сөз
орыс тілінде манер, манера болып екі түрлі жазылады.

Қазақша – мәнер. Баламасы: үлгі, ерекшелік, тәсіл. Мы-

Үмбетбай Уайдин
салы: мәнеріне келтіріп салу, мәнеріне келтіріп айту,
т.б.
Дипломатия

Д. Түбірі – диплома. Бұл – «сенім қағаз» дегенді
білдіретін грек сөзі. Ерте заманда гректер арнайы тап-
сырмамен сапарға шығып бара жатқан адамның қолына
аты-жөні, мекен-жайы жазылған тақтайша ұстатқан. Ди-

пломатия содан шыққан. Туынды мағыналары: ел,
мемлекетаралық дипломатия, құда-жегжатаралық дипло-
матия, ағайын-туысаралық дипломатия. Айналып кел-
генде, бұл термин де әдеп әлеміне барып тіреледі.

Маневр
М. Әскери термин. Француз тілінен енген. Мағынасы:
әскери әдіс, тәсіл, айла.
Маневр әлденені байқау, сынау мағынасында да

қолданылады. Темір жол бойында поезды әрлі-берлі
жүргізіп байқайтын жұмыс тәсілі бар. Соны да маневр
деп атайды.
Мораторий

М. Көне латын тілінен енген термин. Мораторий екі
түрлі мағынада қолданылады.

1. Жеңілдету, жұмсарту (смягчить). 2. Уақыт мерзімін ұзарту, созу (отсрочка).

Кейбір елдерде өлім жазасына мораторий жарияланып
жатады. Бұл адам өміріне парасат биігінен қарау, адам
өліміне асығыстық жасамай, ойлану мүмкіндігін қарас­
тыру немесе өлім жазасын басқа жазамен ауыстыру де-

генге саяды.
Өлім жазасына мұсылман діні қалай қарайды? «Жа­
ман­дықтың жазасы – дәл өзіндей жаза» /Құран Кәрім/.
Норма

Н. Үлгі, ереже, тәртіп, жөн-жоба деген мағынадағы
латын тілінен енген сөз. Ауыспалы мағынасы: шек,
шама, мөлшер, деңгей, қалып.

І тарау. Әдеп әлемі: Талдамалы журналистика
Критерий
К. Гректің «критерион» деген сөзінен туындаған тер-
мин. Мағынасы: өлшем, өлшеуіш, дәлел.

Мысалы: сенің бұл айтқандарың оған критерий бола
алмайды.
Басқаша айтылуы: сенің бұл айтқандарың оған дәлел
бола алмайды.

Хартия
Х. Грек тілінен. Қоғамдық-саяси мәні бар құжат. Мы-
салы: француз журналистерінің хартиясы.
Кодекс – адамгершілік, ізгілік жайындағы кітап. Заң

ережелері кітабы. Латын тілінен енген.
Гуманизм – «гуманус», яғни адамгершілік, адамгер­
шілікке берілетін ең жоғары баға, имандылық деген
мағынадағы латын сөзі. Қазақша – ақыл, парасат.

Олжас Сүлейменов бір сөзінде: «Тарихтың бетіне
қарасам, қып-қызыл қанды көремін. Қырғын соғыс...Ана
мемлекет мына мемлекетті жаулап алады да жатады.
Сонда қалай, тарих тек қырғын соғыстардан тұра ма

екен?» депті. Мәдениет әлемінің, гуманизм әңгімесінің
бір қайырлысы осы.
Ақымақтарға өмір сүру қиын. Ақылдыларға өмір
сүру одан да қиын. Қай заманда да әдепсіздіктен көре­

сіні ақылдылар, ұлы адамдар көрмеп пе еді? Грибоедов
қалай дейді? «Ақымақтар өз азабын өзі арқалайды,
ақыл­дылар басқаның азабын қосып арқалайды» /«Ақыл­
дың азабы»/.

Гуманизмнің туынды мағынасы – гуманитария, гума­
нитарлық көмек, жәрдем. Гуманитария қызыл крест, қызыл
жарты ай, тағы басқа да осындай миссиялар атқарады.
Арал балықшыларына көмек, Ауғанстанға көмек, соғыста

зардап шеккендерге көмек... Бәрі-бәрі гуманитария.
Әртүрлі себептермен бірі-бірінен көз жазып қалған
адамдар баспасөз бетінде, теледидарда бауырлары мен
етжақындарына іздеу салып жатады. Оған бір дәлел

Үмбетбай Уайдин
«Бармысың, бауырым!» телехабары. Адамдардың жоғын
тауып беру, оның ішінде етжақындарын тауып беру қандай
сауап! Демек, обал-сауаптың басқаша айтылуы – гуманизм!

Идеал
Бұл терминнің түбірі – идея. Грекше түр, бейне /об-
раз/,
ұғым,

түсінік
дегенді
білдіреді.
Ауыспалы

мағынасы: үлгі, үлгілі, пір. «Менің пірім – Сүйінбай!».
Бұның басқаша айтылуы: менің идеалым – Сүйінбай! Не-
месе «Менің әкем – менің идеалым» /студент Бейбіт
Мекеевтің бір шығармасының бас тақырыбы/.

Кеңес қоғамы тұсында халық партияны, көсемдерді,
батырларды идеал тұтты. Ата-аналар балаларына Мар-
кен, Маркс, Марлен, Мэлс деп солардың есімдерін қойды.
Тапсырма

Теледидарда Ғабит Мүсірепов жайында хабар өтіп
жатыр. Хабардың бас жағында жазушының 80 жылдық
мерейтойынан үзінді көрсетілді. Жазушы халыққа басын
иіп, тағзым етті.

Жол бойында зираттың тұсынан өтіп бара жатып неме-
се ауыл-аймақ жаққа жол түскенде үлкен-кіші азаматтар
жүрістерін іркіп, бет сипай ма, ата-бабалар қоры­мына,
оқыған мектептеріне қайырыла ма? Ондайлар бар ма, жоқ

па? Барды айтсақ, біз білетін талай қалалық азаматтар
ауыл жаққа жолдары түскен сайын ата-баба­ларының
зират-қорымдарына қайырылып құран бағыш­тайды. Ас
береді. Қарттармен сәлемдесіп, өмір­ден оз­ған­дардың от-

басыларына бас сұғып, ізет біл­діреді.
Бұған керісінше жақты айтсақ, кейбір қалалықтар
ауылға барса, ауыздары арақтан босамайды. Карта.
Жырқ-жырқ күлкі. Қарқылдап күліп, зираттың тұсынан

олай өтеді, былай өтеді. Іркіліп бет сипау қаперлеріне
кіріп шықпайды. Сөйтіп жүргенде бір ай демалыстары
өте шығады. Содан қайқайып қалаға келіп, жұмыстарына
қосылып кетеді...

Не түсіндік?

І тарау. Әдеп әлемі: Талдамалы журналистика
* * *
Көйлегінің екі жеңін түріп алған бір журналист
облыстық партия комитетінің бірінші хатшысының

кабинетіне арсалаңдап кіріп барып, сәлем береді. Хатшы
оған көзін тоқтатып:

– Иә, батыр, не, менімен күресуге келдің бе? – дейді

жұмсақ дауыспен.

– Түсіндім, аға.

– Түсінсең болды. Шаруаңды айта бер.

Мына жердегі тұспал, біздіңше:
«Киіміне қарап, қарсы алады,
Болымына қарай шығарып салады».
* * *

Қарындары жарқырап, ыңғайсыз киінген екі-үш орыс
тілді әйел журналистер әкімнің кабинетіне кіріп келеді.
Әкім олардың сәлемін қабылдар-қабылдамастан түсін
суытып:

– Сіздер, журналистер, қайда келдіңіздер, моншаға

ма? Кешіріңіздер, дұрыстап киініп келіңіздер, – дейді.
Не түсіндік?
* * *
Әскер

қызметінен
босағаннан
кейін
Бауыржан

Момыш­ұлы Алматыға келіп, бірыңғай жазу-сызумен ай-
налысады. «Наша семья», «За нами – Москва» атты
кітаптары бірінен кейін бірі жарық көреді.
Бір күні қалалық кеңес батырға жаңа үйдің ордерін

тапсырады. Ордерде көрсетілген үйге келсе, есік алдын-
да бір орыс тілді кемпір отырады. Батыр одан жөн
сұрайды. Сонда кемпір тұрып: «маған осы үйден пәтер
тиіп еді, қалалық кеңестегілер қайтып алып, бір әскери

адамға беріпті» дейді. Батыр тарс кетеді.

– Мен солдаттың анасын жылатып, бұл үйге кір­

меймін! Берсеңдер бос үй беріңдер, – деп, ордерді қала­
лық кеңеске қайтып береді.
Не түсіндік? Мәрттік? Тектілік? Ірілік? Бәрі!

Үмбетбай Уайдин
* * *
Не әділ болса, сол мәңгілік.
Джузеппе Феррари

Адамның ең асыл қасиеті – жақсылығы.
Мартирос Сарьян
Жасында әдеп үйренбеген кісіден өскен соң қайран
жоқ.

Сайф Сараи
Әдептіліктің алды – абайлап сөйлеу.
А.Иүгінеки
Рухыңды сақтаймын десең, ұлтыңды тәрбиеле.

Платон
Ұлыңды бөтен үйден тойдырма, қызыңды бөтен үйге
қондырма.
Халық даналығы

Ойлау таңданудан басталады.
Аристотель

3-тақырып. Журналистің қызмет

этикасы мен моральдық

принциптері
Өткен дәрісте пәнге қатысты бірсыпыра термин сөз­
дердің баламалары талданды. Түсінуге ауыр терминдер
мен тосын сөздердің баламалары алдағы дәрістерде жал­

ғасады.
Бұл дәрістегі тосын сөздер мораль және принцип.
Мораль. Латын тілінен енген сөз. «Моралис» – адам­
гершілік, ізгілік, имандылық.

Принцип. «Айтпан, айтқанымнан қайтпан».

Немесе:

«Еңгейгенге – еңкей,

Ол әкеңнің құлы емес.

Шалқайғанға – шалқай,

Ол құдайдың ұлы емес».
Әр мамандықтың өз әдеп-мәдениеті, өлшемі, тәр­
тібі, талаптары бар. Сол әр кәсіптің, мамандықтың
шарт-талаптарына қарай әр қызметкердің де жұмыс

стилі, жүріс-тұрысы, ұстанымы қалыптасады. Мәселен,
әскер қызметкерлері әдеп-мәдениетінің нормалары,
негізінен, жүріс-тұрысынан: «Бермен кел!» («Ко мне!»),
«Оңға!», «Солға!» деген бұйрықты пәрменнен баста­

лады.
Жүріс-тұрыс (сарт-сұрт) жағынан журналистердің
әскер қызметкерлерімен сәйкестігі бар. Оның себебі,
әскер қызметкерлері сияқты журналистердің де аяғына

Үмбетбай Уайдин
тыным жоқ. Олар ылғи да ой үстінде, жол үстінде, іс са-
парда.
...Салдары қыруар көп істің –

Журналистердің қолы ыстық.
Әр күні қауырт-қарбалас:
Аэропорт. Вокзал. Жол үсті.
Журналистика – өмір. Егер ол нағыз журналист болса,

егер ол журналистикаға жүрек қалауымен келсе, оның
өмірі жылдармен емес, жазғандарымен есептеледі.
«...что бы ни случилось, что бы ни произошло, а мате-
риал должен быть доставлен во время. Во имя этого не

будешь спать ночь, вторую, третью, во имя этого проша-
гаешь полсотни, сотни километров, во имя этого пропу-
стишь чьи-то очень важные именины и наживаешь се-
мейные неприятности, во имя этого обойдешься без вы-

ходных, обморозишь ноги,если зима. Поссоришься с
тем, с кем не хотел бы ссориться, на что только не пой-
дешь во имя этого, чего только не перетерпишь. Таков
закон. Если он для тебя суров, и ты им не доволен, уходи

из газеты в любую иную профессию, но не прикидывай-
ся журналистом, газетчиком».
Вс.А.Коетов
Журналистика – мазасыз мамандық. Небәрі, бар-жоғы

бес-он бет материал үшін журналист әне, жүздеген,
мыңдаған шақырым жер жүріп қайтады. Сондықтан
«журналист – халықтың елгезек қолғанаты».
Журналист еместер түн қатып баспаханаларда кезек­

шілік атқармайды. Фотоаппараттарын арқалап ел-жер
араламайды, ұйқылары қанық, жандары тыныш...
Журналистің қызмет-бабы барысындағы бүкіл мораль­
дық-этикалық принциптер – осы жолдардың жиынтығы.

Тақырыпқа орай кішкене үзінді. 1. Журналист өз сөзіне, ой-пікіріне қандай жауап­кер­

шілікпен қараса, халықтың ой-пікіріне де сондай жауап­
кершілікпен, құрметпен қарайды.

І тарау. Әдеп әлемі: Талдамалы журналистика 2. Журналистің алдында әрдайым халық үшін, оқыр­

ман үшін не істеуім керек, жазған-сызғандарымды оқыр­
ман қажетсіне ме, жоқ па дегендей мазасыз сұрақтар
тұруы керек. Және соған жауап іздейді.

3. Мамандығына құлай берілген, жаны таза нағыз

журналист оқырманға ақиқатына әбден көзі жеткен,
анық­талған шығармалар ұсынады. Деректерінен күдік,
күмән пайда болса, оны кейінге ірке тұрады.

4. Журналистің кімді болмасын өтірік мадақтап та,

қаралап та жазуына қатаң тиым салынған. Ондай
жағдайда журналист өзінің ар-иманы алдында, Заңның,
халықтың алдында жауап береді, моральдық өтемге
шейін барады.

5. Журналист әңгімелесіп отырған адамның жас ша-

масына, кәсіби деңгейіне қарай бейімделіп, онымен
бүкпесіз, ашық-жарқын әңгімелеседі. Тұрпайы мінез,
дөрекілік танытпайды.

6. Мәлімет жинау барысында журналист ішкі ойын

жайып салмайды. 7. Әдепті журналист дерек жинау, объектіні зерттеу

барысында адамдардың уақытын алмайды. «Қай жерде,
қай уақытта кездескенді қолайлы көресіз?» деп, уақыт
белгілеуді адамдардың өз ықтиярына салады.

8. Біреулердің жүйкесінің жұқарып жүретін кезі бола-

ды. Сондықтан парасатты журналист адамдардың ішкі
құпиясын қазып сұрай бермейді, заң орындарына жасы-
рынып бармайды.

9. Әңгімелесіп отырған адам (информант) сөз арасын-

да: «мақала бірдеме жазғандай болсаңыз мына нәрсе­
лерді кіргізбей-ақ қоярсыз, жай өзіңіз үшін айтып отыр-
мын» дей қалса, журналист оны ескеруі тиіс.

10. Журналист жақын-жуығының өтініш-тілегін пай-

далана қалса, өте сақ, абай болғаны жөн. 11. Журналист редакция почтасына келіп түскен

хаттарға да, хат авторларына да құрметпен қарайды.
«Осылай да жаза ма екен?», «бос сөз», «мылжың» деп,
авторлар хаттарын ысырып тастау журналистің үлкен
әдепсіздігі.

Үмбетбай Уайдин 12. Редакция қызметкері хабарлар дайындағанда

авторлардың аты-жөнін сызып тастап, орнына өзінің
аты-жөнін жазуына немесе авторларға өз аты-жөнін
тіркеп жазуына /соавтор/ қатаң тиым салынады.

13. Редакция қызметкері жарық көрген шығармасы

үшін ешкімнен ештеме дәметпейді. 14. Редакция қызметкері редакцияның ішкі құпиясын

қатаң сақтайды.
Тапсырма
Қызмет этикасы
неге белден басыла береді?

Қанша жыл өтсе де мәні мен маңызын жоғалтпайтын,
ескірмейтін әдебиет пен өнер туындылары классика
делінеді. Сол секілді мерзімді басылым беттерінде де,
бұдан біраз жылдар бұрын жазылса да, көкейкестілігі арта

түспесе, бір мысқал да кемімейтін материалдар да
ұшырасып тұрады. Мысалы, бұдан жеті жыл бұрын,
дәлірек айтқанда «Егемен Қазақстанның» 1998 жылғы 20
наурызында «Басшы болдың ба – бас қамын ұмыт» атты

жан-жақты зерттеліп, терең талдау жасалып, салыстырыла
жазылған мақала осы пікірімізге толық дәлел бола алады.
Ең бір сүйсінерлігі, ол дәл бүгін жазылғандай әсер
қалдырады. Ал ондағы көтерілген мәселелер әлі күнге

дейін сеңі сөгілмей жатқаны кәміл. Оқырманның есіне
сала кетейік, аталмыш мақалада қай кезде де маңызын
жоймайтын мемлекеттік қызметкерлердің қызмет этика-
сы туралы сөз болған еді.

Қазақстанда бұдан бес жыл бұрын мемлекеттік
қызметшілердің қызмет этикасы туралы ереже бекітілді.
Бірақ ол тым біржақты, солғын, шолақ, тайыз жазыл­
ғандай әсер қалдырады. Барына мәзір десек те болар еді.

Алайда, мемлекеттік кызметте жүрген лауазым иеле­
рінің кей жағдайларда қолда бар қызмет этикасы ере­
желерінің өзін белден баса беретіні қынжылтады. Атал­
ған мақалада көрсетілгендей, мемлекет қызметкерлерінің

І тарау. Әдеп әлемі: Талдамалы журналистика
қолы, ары таза болмаса, ол мемлекеттің беделі өсе қоя
ма? Мұның өзі ерте ме, кеш пе мемлекеттік қызмет­
керлердің қалыпты мінез-құлық дағдыларынан, қызмет

этикасынан ауытқымауын бақылауға алу қажеттігін
туғызады.
Кейде құқық қорғау органдары тарапынан мемле­кет­
тік қызметкерлердің қылмыстық әрекеттеріне қатысты

тергеу жүргізіліп, іс қозғайтын деректер кездесетін де
шығар. Алайда, олардың қызмет этикасына катысты
мәселелермен айналысқанын естімеппіз де, көрмеппіз де.
Өйткені оған қажетті заң құрығы жоқ. Құлық та

жетіспейді. Бізде оның бәріне ұсақ-түйек деп қарау
үрдісі басым. Ал бетімен кету осы ұсақ-түйектен баста-
латынына ешкім басын қатырғысы келмейді.
Қане, ашығын айтайықшы. Ол нендей ұсақ-түйек?

Айталық, бірқатар аудан, кент, қала, облыс басқарып
отырған басшылардың өзінің атында болмағанымен,
әйелінің, ұл-қызының, яки күйеу баласы мен жиенінің
атында ресторан, дүкен, салон, компьютерлік ойын зал-

дары бар екені талас туғызбайды. Оған олардың бүйрегі
бұрылмайды деп айта алар ма екенбіз? Қаржы жұмса­
латын жобаларға тендер жарияланғанда, не лицензия,
жер телімдерін бергенде де олар өз пайдасына қарай

ықпал жасауы әбден мүмкін. Ал осыны ұсақ-түйек дей
аламыз ба? Былайша қарағанда, құжат жүзінде бәрі де
заңға сыйымды секілді. Осы «заңға сыйымды істің» арғы
жағында қызмет этикасынан ауытқудың небір көрініс­

тері жатқанын екінің бірі сезе бермейді.
Қоғамдық өмірімізде төмендегідей жәйттер де жиі
ұшырасып тұрады. Бір кезде республика қалалары мен
облыс орталықтарындағы зауыт, фабрикалардың бірін

ұзақ уақыт басқарғандардың бірқатары атқарушы билік
тізгініне ие болып жатады. Мұндайлар облыс әкімі
болмағанмен соның орынбасарларының бірі немесе мә­
жі­ліс,сенат депутаттары болуы да әбден мүмкін. Содан

кейін не болды дейсіз ғой. Оны да айтайық. Содан кейін
халық арасында әлгі зауыт, фабрика әкім орын­басары­
ның, яки мәжіліс, сенат депутатының жеке меншігі деген

Үмбетбай Уайдин
пікір қалыптасады. Жел тұрмаса шөптің басы қимыл­
дамайды. Мұндай халықтық ой-пікірлерді де жоққа
шығара алмаймыз. Бұл басшылар акциялардың қомақты

бөлігіне ие болып, көл-көсір пайдаға да кенелуі ғажап
емес. Оған да етіміз әбден үйреніп кеткен. Жә, қайтесің,
соны әңгіме деп отырсың ба дей саламыз. Бізде о баста
тәп-тәуір қолға алынған мемлекеттік қызметкерлердің

салық декларациясын толтыру үрдісі де жойылып бара-
ды. Өкінішті-ақ.
Мәселен, Америка Құрама Штаттары Конгресінің Се-
натында 1964 жылдан бері этика жөніндегі комитет

жұмыс істейді екен. Олар арнайы қабылданған этика
кодексі негізінде сенаторлардың қызмет ережесі ауқы­
мы­нан ауытқымауын қадағалап отыратын көрінеді. Әрі
арыз-шағымдармен жұмыс істеп, әртүрлі ақыл-кеңестер

береді екен. Құптауға тұрарлық қағида.
Тағы бір айтарымыз, жергілікті деңгейде қызмет эти-
касын сақтай бермейтін басшылар мен мемлекеттік
қызметкерлер де жиі ұшырасып тұрады. Осыған бір мы-

сал. Бірде Орал қаласындағы бір басқарма бастығының
бойынан ұзақ жылдардан бері байқалған этика дағды­
сынан ауытқу дерегі жөнінде сол салаға жетекшілік жа-
сайтын Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары

Станислав Качалоға мәлімдеуге тура келгені бар. Обалы
не керек, ол бұл мәселеге түсіністікпен қарағандай сыңай
танытты. Мәселенің мән-жайын зерттеп, қорытындысын
хабарлауға уәде етті. Бірақ уақыт созыла берді.

Осы жәйтке байланысты тағы бір хабарласқанымызда,
ол ыршып түсті. «Адамға тіпті жұмыс істеттірмедің ғой»
(байқайсыз ба, сіз деген сыпайыгершіліктің ізі де жоқ)
деп дауысын көтеріп, тәп-тәуір зіл көрсетті. Сөйтіп, біз

бұл мәселеде онымен түсіністік таба алмадық. «Бір
қызым бар, ол одан да өткен сорақы» демекші, орынба-
сардан қарауындағы қызметкердің қызмет этикасына
қатысты мән-жайды білмек болғанымызда алған жауабы-

мыз осындай. «Сенген қойым сен болсаң» дегендей, бұл
кезде орынбасардың өзі де қызмет этикасын бұзғаны
анық еді. Бұдан кейін бұл тақырыптағы әңгіменің өзін

І тарау. Әдеп әлемі: Талдамалы журналистика
жалғастыра берудің де ыңғайы келмейтін секілді. Деген-
мен, баспасөздің тәрбиелік ықпалы деген бар. Осы жол-
дарды да сондай оң ниетпен жазып отырмыз.

Қызмет этикасынан ауытқудың басты себебін арнайы
әзірлік пен дағдының кемшілігінен іздегеніміз жөн.
Өкінішке қарай біздегі мемлекеттік қызметкерлердің
бірқатары «Мемлекеттік қызмет туралы» Заң мен Үкі­

меттің өзге де ережелерін белден басуға бейім тұрады.
Оған құрметпен қарау сезімін орнықтырмаған.
Тұжырымдап айтқанда, олардан мұны сұрап, талап
ету жағы да кемшін бе деп қаласың. Ал кезінде респу-

бликада, облыстарда құрылған тәртіптік кеңестер қызмет
этикасы, басшы беделі, бет-бейнесі тұрғысында едәуір
қызмет атқарған еді. Ал қазір олардың орнында қалған
мекемелер тек ақпар жинаумен ғана шұғылданатындай

әсер қалдырады.
Темір Құсайын.
/Қызмет этикасы неге белден басыла береді?
«Егемен Қазақстан», 9.02.2005 ж./

4-тақырып. Баспасөз бостандығы. Заң,

заңдылық, заңсыздық
«...Мемлекеттік қызметкерлердің жеке
бас этикасы күн тәртібінен түспейді.
Мемлекеттік

қызметкерлердің
бойында
адамға
жаны

ашымаушылық,
безбүй­
ректік, селқостық деген қайдан ғана пайда
болады? Мемлекетке қызмет ету, ең алды-

мен, халыққа қызмет ету деген сөз.Каби-
нетке кірген сайын осы сөзді іштей бір
қайталап қойған артық емес».
Нұрсұлтан Назарбаев.

/Асықсақ та аптықпайық.
«Егемен Қазақстан», 25.01.2002 ж./
Бұл тақырыпта да айтылатын ойдың құйылатын
байтақ көлі – журналистің кәсіби әдебі.

Адам баласы жауынан қалай, немен қорғанады?
Таяқпен? Танкпен? Заңмен?
Журналистердің де, журналист еместердің де өмір­
дегі, қоғамдағы басты қалқаны – әуелі заң, кодекс. Заң

дегеніміз не? Заң – әр қоғамның, әрбір жеке адамның
өмір сүру ережесі. Заң – тәртіп, талап, тиым, шара, жаза.
Әлбетте, шара бар да, жаза бар. Шара қолданады,
жазаға тартады. Ауызша ескерту, екінші қайтара ескерту,

жазбаша ескерту, көпшіліктің талқысына салу, қызмет­
тен босату – бәрі-бәрі тәртіп, шара. Шараға қарағанда
жазаның табиғаты қаталдау. Жазалаудың түрі көп. Ол –
дүре, дарға асу, зындан, түрме, абақты т.б.

Заң – жалпы есім: шариғат заңы, жаратылыс заңы,
өмір заңы, неке заңы, Ом заңы, қайшылық заңы, ұлттық

І тарау. Әдеп әлемі: Талдамалы журналистика дәстүр заңы т.б. болып келеді. «Жеті жарғы» – дәстүр заңы, әрі тарихи құжат. Бұлардың барлығының жиынтығы – әдеп заңы. Заң Заң жоқ болса үкімет те, мемлекет те жоқ. Заңы жоқ халық – тобыр. Заңның ғылыми анықтамасы: 1. Заң – заттардың, құбылыстардың немесе процес­тер­ дің өзара байланыстылығы, олардың бір-біріне тәуел­ ділігі. 2. Мемлекеттің ең жоғарғы өкімет органдары қабыл­ дайтын, ерекше заңдылық күші бар жалпыға ортақ жоба, ереже. 3. Қалыптасқан белгілі бір тәртіп, жүйе. Заңдылық – белгілі бір заң жүйелері, заңдар жиынтығы. /Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінен/ Заңдылық дегеніміз – заң өлшем-нормаларының жалпы сипаты. Заңсыздық заң нормаларының бұзылуы, заңнан ауытқу. Ал жазаның ғылыми атауы – кодекс. Кодекстің әр заманда, әр елде әртүрлі атаулары болған. Кәсіптік этика туралы заң /Швеция, 1900/, Тәртіп хартиясы /Франция, 1918/, Этика кодекстері және журналистік практиканың нормалары /Голландия, 1921/, Журнализм канондары /Америка, 1923/, Пресса кодекстері /Германия, 1973/, БАҚ-тың негізгі принциптері туралы Декларация /ЮНЕСКО, 1943/, Словения журналистерінің кодексі т.б. Бір замандарда баспасөз билеуші алпауыттардың мүддесін көздеп, солардың ашса – алақанында, жұмса – жұдырығында болды. Ыңғайға келмеген журналистер қуғын-сүргінге ұшырады. Оларды қорғайтын заң, кодекс болмады. Бұл мәселемен заманында В.Ломоносов біршама айналысқан, бірақ ол көздеген мақсатын аяқтай алмай өмірден озады. «Журнализм канондарын» қабылдаған – американдық

Үмбетбай Уайдин басылымдар редакторларының қауымдастығы. Канон күні бүгінге шейін өзгеріссіз келе жатыр. Бірер үзінді. «Баспасөз /пресса/ – қоғамдық немесе жартылай қоғамдық институт. Оның басты мақсаты – оқырманға ақиқат мағлұмат беру, үкіметті бақылап отыруға көмек­ тесу». • Баспасөз әркімнің игілігі және әркім газет шығаруға ерікті. • Пресса немесе баспасөз бақылауда болады. • Ғайбаттап жазуға болмайды. • Хабарлар, деректер мен мәліметтерді бұрмаламау. • Жалпыадамзаттық әдеп, ізгілік нормаларын сақтау. • Өзіңді ыңғайсыз жағдайға қалдыратындай болса да мәліметтерге мықты болу. • Ағаттық, қателіктер жіберілгендей болса – түзеу. • Демократиялық институттар мен моральдың жалпы нормаларын сақтап, құрметтеу т.б. Мазмұн, мән-мағынасы жағынан Кеңес қоғамы тұ­ сын­дағы БАҚ ережелері «Американ журнализм канонда­ рының» көшірмесі болмаса да моральдық-этикалық ұқ­ сас­тығы бар. Тәуелсіз Қазақстанда БАҚ туралы заң бірнеше рет жаңартылды. Жаңартылғанға дейін ұзақ талқылаудан өтті. Парламенттің кезекті мәжілісінде жазушы, қоғам қайраткері Алтыншаш Жағанова: «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы заңымыз қазіргі уақыттың талабына жауап бере алмайды. Сондықтан оны жаңартуымыз, жаңғыртуымыз керек» деп пікір білдірді. Профессор Сағымбай Қозыбаевтың пікірі де осыған ұқсас: «Заманның ағымына, дамуына қарай журналистиканың нормалары жетілдіріліп отырса, онда тұрған ештеме жоқ» /«Экспресс-К»: 11.12.2001ж./. Осындай бүкілха­ лықтық талқылаудың нәтижесінде бұқаралық ақпарат құралдары туралы заң 1999 жылдың шілде айында қабылданды /«Заң газеті», 11.08.1999 ж./. Заң 7 тарау, 26 баптан тұрады. 1. Жалпы ережелер. 2. БАҚ-тың қызметін ұйымдастыру.

І тарау. Әдеп әлемі: Талдамалы журналистика 3. БАҚ-ты тарату. 4. БАҚ-тың азаматтармен және ұйымдармен қарым-

қатынасы. 5. Журналистің құқықтары мен міндеттері. 6. Журналистерді тіркеу /аккредиттеу/. 7. БАҚ туралы заңдарды бұзғаны үшін жауапкершілік.

Бұлардың ішінде бүгінгі тақырыпқа тікелей қатыс­
тысы 1-ші, 5-ші, 7-ші тараулары.
«...Сөз бостандығын теріс пайдалануға жол беріл­
мейді. Қоғамдық құрылысты күштеп құлатуға немесе

өзгертуге, республиканың егемендігі мен территориялық
тұтастығын бұзуға шақыру, соғысты, зорлық-зомбылық
пен қатігездікті, нәсілдік, ұлттық, діни астамшылықты
немесе төзімсіздікті насихаттау және рулық артықшы­

лықтарды, қатігездік пен зорлыққа табынуды насихат­
тауға жол берілмейді».
/Сөз немесе баспасөз бостандығы/
«...Журналист лауазымды адамдардың қабылдауында

болуға, суретке түсіруге, куәлік көрсетіп шеру /демон-
страция/, митингілерге, табиғат апаттары болған жерлер-
де болуға, өзінің намысына қайшы келетін материалды
өз қолын қойып жазудан бас тартуға, редакция материал-

дарын әзірлеу барысында мазмұны бұрмаланған матери-
алдардан өзінің қойған қолын алып тастауға, авторлық
құпияның сақталуын ескеруге құқылы.
/Журналистің құқықтары/

«...Журналист редакцияның ішкі тәртібін орындауға
немесе
жарғысын
/устав/

басшылыққа
алуға,
азаматтардың құқықтарын, заңды мүдделерін, ұлттық
қадір-қасиетін, мемлекеттік органдар мен ұйымдардың

құқықтарын құрметтеуге міндетті».
/Журналистің міндеттері/
Журналист бұл міндеттерді ұстанбай, заңды белінен
басса, онда ол заңның алдында жауап береді.

Журналистің кәсіби заң ережелері, міне, тайға таңба

Үмбетбай Уайдин
басқандай, осылай сөйлейді. Ал, өмірде? Баспасөз бет­
терінде? Телерадиода?
Қай заман, қай қоғамда да заң – заң. Қайшылықсыз

адам, қайшылықсыз қоғам жоқ. Кеңес қоғамы тұсында
да жақсы заң, жақсы идеялар болды. «Еңбек ет деген осы
заң, дем ал деген осы заң, білім ал деген осы заң» – сол
қоғамда да көп айтылды. Заңға қаратып айтылған мұндай

жақсы сөз қазір аз ба? Оған қарап бүгінгі өмірде
заңдылық, заңсыздықтар жоқ дей аламыз ба? Біреулердің
бірнеше үйі бар. Ал, көп балалы Жанна Сембекова
қорада тұрады. /«Айқын», 12.01.2010 ж./. Бұны қалай

түсінеміз? Заңдылық? Заңсыздық? Қайшылық?
Қоғамның әрбір мүшесі, оның ішінде журналистер де
заңның әділдігіне зәру. Өйткені, қайнаған өмірдің қақ
ортасында жүретін, кейде арандап, күйіп кететін де со-

лар. Халықтың жоғын жоқтап, мұңын мұңдаймын деп
жүріп оққа ұшып жатқандары қаншама?!
«Жариялылықты қолдау жөніндегі қызмет» жетекшісі
Борис Тимошенконың мәлімдеуінше, 10 жылда Ресей

федерациясында 148 журналист қаза тапқан. Сонымен
қатар таяу жылдағы редакциялар мен журналистерге
қоқан-лоққы көрсетілген 99 оқиға тіркелген» /«Алматы
ақшамы», 16.01.2003 ж./. Біздің республикамызда мұн­

дай фактілер жоқ па? Өз ажалдарынан дегенімізбен,
сатирик-журналистер Нуриден Муфтаховтың, Жұматай
Сабыр­жан­ұлының, Тоқтархан Шәріпжановтың қазасын
зерттеген кім бар?!

Бізде заң жұмыс істейді ме? Істемей ме? Кодекске
келсек, ығы-жығы пікір. Журналист Талғат Ешенұлы
«журналистерге кодекс керек пе, жоқ па?» деген сұраққа:
«журналистерді қорғайтын халықаралық заң актілері

бар. Ата заңымыз бар. БАҚ туралы заң бар. Респу­бли­
калық журналистер одағының жарғысы бар, әрбір газет-
журналдардың өз тәртіп-ережелері бар. Олай болса,
заңды көбейте берудің не қажеті бар?»– дейді. /Өзіміз

туралы. «Егемен Қазақстан», 27.02.2002 ж./
Апталық «СолДАТ» басылымының бас редакторы
Ермұрат Бапи: «маған ешқандай кодекстің керегі жоқ.

І тарау. Әдеп әлемі: Талдамалы журналистика
Кодекс менің жүрегімде, ішімде» дейді. «Экспресс-К»
газетінің шолушысы Андрей Ждановтың пікірі Талғат
Ешенұлының пікіріне жақын: «Азаматтық дейміз бе,

процессуалдық, жеке бастың құқығы дейміз бе – бізде
кодекс баршылық. Ар-ұят, жалпы мәдениет деген кодекс
тағы бар. Біздің кәсібімізге қатысты кодексті мен
қатардағы журналистерден гөрі БАҚ басшыларына қыз­

мет етеді дер едім».
Әркімнің өз пікірі өзінікі. Жеке пікірімізді айтсақ, ко-
декс керек. Республикамызда 3 мыңның о жақ, бұ
жағында басылымдар бар болса, оның 80 пайызға жуығы

мемлекеттік емес. Сол мемлекеттік емес, яғни тәуелсіз
басылымдардың көпшілігі заңды баса-көктеп, кәсіптік
этиканың нормаларын сақтамай, ойларына не келсе,
соны айтып кетеді. Желеу – демократия. Іші «тыр­

жалаңаш» сөз, «тыржалаңаш» суреттерден тұратын сары
басылымдар тіпті бетімен кетті. Неге бұлай? Себебі, заң
әлсіз, заң тайғанақ. Заң әлсіз, заң тайғанақ, жалпақ ше-
шей болса, ақпарат рыногы бетімен кетпегенде қайтеді?

Айбары, сұсы болмаса заңның «бар» атынан не қайыр?
Демек, бұқаралық ақпарат құралдарына ақылды, ай-
барлы, сұсты Заң керек. Ол – кодекс!
Қазақстан

журналистерінің
бірінші
конгресінде
сөйлеген сөзінде Президентіміз сұқ саусағын жоғары

көтеріп: «БАҚ саясатшылардың, шенеуніктердің, қаржы-
өнеркәсіп топтарының қолшоқпарына айналды. Олар
өздері ұйымдастырып, бұқпантайлап жөндеріне жүреді.
Журналистерді бір-біріне айдап салады» деді. Бұл

әңгіменің де тұмсығы айбарлы, қауқарлы Заңға, Кодек-
ске барып тірелмей ме?
БАҚ-қа кодекс керек! Керек болатын себебі, «ақы­
мақтар өз азабын өзі арқалайды, ақылдылар ақымақтың

бейнетін қосып арқалайды». Журналистердің де түрлі
заңсыздықтардан туындайтын азабы мен бейнетін екінің
бірі біле бермейді. Қиянаттың қаны қарайған қара
пышағы қаншасының тамағына тақалды!..

Талантты сықақшы, журналист, әлгінде аты-жөні
аталған Жұматай Сабыржанұлының қазасы қиянаттан

Үмбетбай Уайдин
болды деген әңгіме бар. Қиянат оны итше талайды. «Ана
тілі» газетінің бір санында оның мемлекеттік тіл пробле-
масына байланысты мақаласы жарық көреді. Содан

қазағы, орысы, басқасы бар – оны жан-жақтан қыспаққа
алады. «Инфо-цес» деп аталатын апталықта Респу­
бликалық «Ана тілі» газетінің атына ашық хат жарияла-
нады. Онымен де тынбай, Сабыржанұлының мәселесі

облыстық мәслихаттың кезекті сессиясында күн тәрті­
біне қойылады. «Мені талап жатыр, сендер не дейсің­
дер?» дегендей Сабыржанұлы «Ана тілі» мен «Заң
газетіндегі» әріптестеріне мойынын бұрып қарайды. Бұл

басылымдардағы журналистер
қимыл-әрекетке
енді
кірісе бергенде қиянат /заңсыздық/ күш алып кетеді.

Жаны ышқынған автор өзіне келтірілген моральдық
және материалдық шығын үшін «Ашық хаттың» әр авто-
рынан 100 мың, «Инфо-цес» апталығы мен «Цесна»
корпорациясының «Акцент» жарнама-ақпарат агенттігі­

нен жарты миллион теңге өндіріп беруді талап етіп,
Заңға жүгінеді.
...Бәлкім, бірер деректен мүлт кетуі де мүмкін. Сонда
солай талап жеуге бола ма? Заңның күші қайда? Иман,

әдеп? Мәдениет қайда?
Біз білетін Жұматай Сабыржанұлы нағыз қайсар
мінездің қазағы болатын. Ғабит Мүсіреповтың «Тұтқын
қыз» деген кітабында «Ғажайып бір адам» деп аталатын

әңгіме бар /303-бет/.
«Айтарын айтады да, содан кейін ешкімнің сөзіне
құлақ аспайтын мінез көрсетіп, ал мұрны құрғыр еш
нәрсеге түсінер де, қосылар да емес». Осы жолдарға

көзіміз түскенде көз алдымызға Жұматай келеді. Журна-
листикада сондай мінездер азайып қалды!
Заңдылық. Заңсыздық. Бір мойындайтын шындық,
журналистикадағы кейбір мүлт кетулер – заң ережелерін

жетік білмеуден. «Әрқайсымыздың білуге тиісті нәрсеміз –
заңды нашар білгендей, ештеңені де нашар білмей­ті­
німіз».
О.Бальзак

І тарау. Әдеп әлемі: Талдамалы журналистика
Адамзаттың тірлігі – жақсы-жаман жіптен тоқылған
мата.
В.Шекспир

Жаман адамдарға көзжұмбайлық жасаушылар жақсы
адамдарға зиян келтіреді.
Публий Сир
Сыртынан сәнді, қатар кетіп бара жатқан екі жасты

көргенде сүйсініп тұрасың. Ал сол екеуі қабысып, жұрт
көзінше сүйісіп жатқанын көргенде теріс қарайсың.
...Махаббат пердесі – ұят, әдеп.
Ғабиден Мұстафин

Ақсақалдық жасына жетіп ақиқатты айтпасаң, абы-
ройлымын деме.
Мұзафар Әлімбаев
Сендер бізге демократияларыңды айтпаңдар, түрме­

леріңді көрсетіңдер. Демократияларыңды сол арқылы
білеміз.
Уинстон Черчилль
Әділ адамның адамгершілік қасиеттері заңды жоқтат­

пайды.
Менандр
/Ежелгі грек философы/
Заң жоқ жерде қылмыс та жоқ.

Апостол Павел
Қосымша тапсырма

1. Қазақстан журналистикасының адамгершілік негіз­

дері жөніндегі Декларация. 2. Шаяхмет Оразымбетұлы. Жаза басқанның бәрін

түрмеге қамау шарт емес. «Заң газеті», 23.01.2002 ж. 3. Елеужан Серімов. Сот әдебін сөз етсек... «Егемен

Қазақстан», 17.11.2009 ж. 4. Қамбар Ахметов. Ел қорғайтын жеті өрен қорада

тұрып жатыр. «Айқын», 12.01.2010 ж.

5-тақырып. Автор. Редакция почтасы.

Хатқа жауап
«Автор» сөзіне кішкене түсініктеме.
Автор «өзі» деген мағына беретін, түп-төркіні гректің
«autos» сөзінен шыққан халықаралық термин. Мысалы:

автомобиль /өзі жүретін арба/, автобиография /өзінің
өмірбаяны/, автограф /өз қолтаңбасы/, автор – шығар­
маның иесі, өзі.
Редакция, баспаларға күн сайын почта, электронды

почта /факс/, телефон арқылы жер-жерден ондаған, жүз­
деген хат-хабарлар келіп түсіп жатады. Қайдан, кімнен
келсе де хат-хабарлар хат бөлімінде арнаулы журналға
тіркелінеді. Содан кейін әр салалық бөлімдерге тараты-

лады. Редакция қызметкерлерінің атына келген хаттар
ашылмай, әркімнің жеке өзіне, ал аса маңызды хабарлар
бас редакторға, не оның міндетін атқаратын қызмет­
керлердің қолына беріледі.

Үлкен басылымдар жер-жерде меншікті тілшілер
ұстайды. Олардың да хат-хабарлары журналға тіркеледі.
Авторлардың ой салатындай ұсыныс-тілектері, не редак-
ция қызметкерлерінің атына сын-ескертпелері болса, он-

дай жағдай ұжымның назарынан тыс қалмайды.
Қайдан, кімнен келсе де авторлар қолжазбаларының
тағдырын шешетін – редакция қызметкерлері. Журна-
лист әр хатқа аса жауапкершілікпен, әдеп, әділет көзімен

қарайды.
Авторға, автордың қолжазбасына құрметпен қарау
қай қоғамда да бірінші кезекте. Еңбекшілердің қол­
жазбаларына құрметпен қарау жөнінде Кеңес қоғамы

кезінде бірнеше қаулы-қарарлар қабылданды. Олар: «Со-
вет баспасөзі мен радиода қоғамдық бастамаларды одан

І тарау. Әдеп әлемі: Талдамалы журналистика
әрі жақсарту туралы», «Совет баспасөзінің жұмысшы
және село тілшілерінің бұқаралық қозғалысына басшы­
лықты жақсарту туралы» қаулы-қарарлары. Ол қаулы-

қарарлар қазірде де маңызын жойған жоқ.
Хаттың да хаты бар. Мемлекетаралық ресми дипло­
матиялық хаттар; түрлі қатынас хаттар; шыңғырып шын­
дық іздеген шағым хаттар; «алтыннан ардақты, күмістен

салмақты» деп келетін амандық хаттар; сарғайған
сағынышты хаттар; құлаш-құлаш ғашықтық хаттар; басы
әріден басталып, аяқ жағы бұйымтайға тірелетін жылмаң
хаттар; асықпай отырып, бойға сіңіріп оқитын ойлы хат-

тар; оқыған сайын жаның жадырап, бір жасап қалатын
көңілді хаттар; айдақтатып-сойдақтатып жазылатын
ұшы-қиыры жоқ көкмылжың хаттар; қара аспанды жерге
төндіріп, жау жоқ жерде жау шаптыратын «аттан!» хат-

тар; тұла бойы «ішіп қойды, жеп қойды, обып жатыр,
құртып жатыр» деп келетін ақырзаман хаттар; нақты
мекен-жайы көрсетілмеген домалақ немесе арыз-шағым
хаттар.

Редакция қызметкерлері хат-қолжазбаларды бөлек
қойып, ыңғайға келмейтіндеріне ауызша, жазбаша жауап
береді. Кеңес қоғамы кезінде ыңғайға келмейтін хат-
хабарларға бір айдай уақыт ішінде жауап қайтарылатын.

Тәуелсіздік алғаннан кейінгі уақытта да сол тәртіп, сол
талап.
Дәлелдері жеткіліксіз, түсініксіз хаттар заң орындары
мен жергілікті әкімшіліктерге жіберіледі. Қайсыбір арыз-

шағым хаттар редакция қызметкерін іссапарға шыға­
рады. Журналист жазылған жайды әбден жеріне жеткізе
зерттеп, ақ-қараны анықтайды. Есімдері жазылмаған, не
бөтен адамның атынан жазылған «жаптым жала, жақтым

күйе» сықылды дерек, мағлұматы мардымсыз, жауапсыз
жазылған бейәдеп хаттарды хат бөлімі бөлек жәшікте
ұстайды. Кеңес қоғамы тұсында шығып тұрған «Ара–
Шмель» журналының редакциясына келіп түскен бірер

хаттарға назар аударайық.
«...Біз қазір тек өз жеріміздің (СССР) ішіндегі ел
мемлекетінің көркеюіне шұғыл кірісуіміз бәрінен өте,

Үмбетбай Уайдин
өте және өте керек екенін білгеніміз жөн. Ел мәде­
ниетінің ісіне кірісуіміз керек. Жасасын Марксизм!»
«...Ел тоқ, жер тоқ, нұр заман, жыр заман.

Бұл кезең коммунизм дәуірінің басы, ал аяғы не бо-
лып жатыр?
Жолдастар!
Коммунизм болып тұр.

Өйткені халық кенеліп толды. Дүние жетерлік бол-
ды».
Алдына келген авторға да, олардың шығармасына да
құрметпен, ақыл-парасат көзімен қарайтын адал, әділ,

білімдар, іскер, өз сөзін дәлелдей алатын және ретті жер-
де кіммен де болса тайталаса алатын табанды журналист
бар; «тастап кет, көрерміз» деп дүңк ете қалатын журна-
лист бар; өзі түрте білмейтін, түрте алатындардың жаз­

ған-сызғандарын қиып-қиып қиқалап тастайтын «қайшы­
сы өткір» журналист бар; «ну, хорош, жақсы» деп
шығарып салатын журналист бар. Айналып келгенде,
қолжазбаның қандай журналистке тап боларын автордың

талғамы біледі.
Кеңес қоғамы тұсында республикамыздағы бір бас­
паға ұзақ жыл төсек тартып жатқан науқас журналистің
қолжазбасы келіп түседі. Михаил Шолохов жайында

жазылған бұл естелік қолдан-қолға көшіп, баспада бір­
неше жыл шыр айналып жүріп алады. Оқып танысқан­
дардың ауызынан «жарамайдыдан» басқа сөз шықпайды.
Кейінірек ол қолжазбаға осы баспаның редакторы Өркен

Кортиковтің көзі түсіп, ол бас алмай оқып шығады да,
жалма-жан «құдайшылығын» қағазға түсіреді. Сөйтіп,
жылдар бойы жолы болмаған қолжазбаның ойда жоқта
бағы жанады.

Н.А.Островскийдің «Как закалялась сталь» /«Құрыш
қалай шынықты»/ деп аталатын қолжазбасымен алғаш
танысқан баспагер-журналистер: өмір шындығына жана-
спайды. Бас кейіпкер майданда болып жарытпаған,

қатардан ерте шығып қалған дегенге ұқсас пікір айтып,
қолжазбаны іске асырмайды. Қолжазба кейін Марк Бори-

І тарау. Әдеп әлемі: Талдамалы журналистика
сович Колосовтың қолына тиіп, содан кейін барып бағы
жанады.
Автордың да авторы бар: кәнігі /профессионал/ автор

бар; күлді-бадам бірдемелерін әкеп тастап, содан редак-
ция мен баспаларды ығыр қылатын автор бар; әр
мықтысын бір айтып, айбат шегетін автор бар. Кім болса
да әділ, адал, мәдениетті журналист ақыл-парасатын

үнемі іске қосып, автормен жұмыс істесе біледі. Тапсыр-
малар береді.
Көптеген қолжазбалар редакцияларға авторлардың
өздерімен келеді. Журналистің кәсіби әдеп-мәдениетінің

бір жіңішке тұсы осындайда байқалады.
Аудиториямен диалог

– Журналист кабинетінде ой үстінде, не телефонмен

сөйлесіп отыр. Ішке есікті қағып, қарт кісі кірді. Осы
кезде журналист үлкен кісіге қандай ізет, ілтипат таны-
тады?
Студент:

– Егер журналист ой үстінде немесе жазу жазып от-

ырса, келген кісіге көзі түсер-түспестен қаламын
қағаздың бетіне қойып, орнынан атып тұрады. Сосын
үлкен кісіге жақындап барып сәлемдесіп, қарсы алдын­
дағы орындықтардың біріне қолымен ишара жасайды.

Үлкен кісі отырғаннан кейін: «а-ал, аға немесе әжей,
құлағым өзіңізде» деп, жылы жүз танытады.

– Бәрекелді, дұрыс. Ал, телефонмен сөйлесіп отырған

жағдайда ше?
Ақсақал ішке кіруін кіріп, есік алдында тұрып қалды.
Журналист оны көрмеген, байқамаған болып, құлағын
телефоннан айырмай әңгімесін әрмен қарай жалғастыра

бере ме, жоқ...
Студент:

– Ондай жағдайда журналист, меніңше, телефонмен

сөйлесіп отырған кісіге: «кешіріңіз, мында автор келіп
қалды. Кейін хабарласарсыз» немесе «мен өзім хабар-
ласармын» деп, тұтқаны орнына қояды да, үлкен кісіге
жылы жүзін қаратып сәлемдеседі. Орындыққа отыр­

Үмбетбай Уайдин ған­нан кейін қысқа амандық-саулықтың артынша: «ал, үлкен кісі, құлағым өзіңізде» дейді. Мұқият тың­ дайды. – Аузында басы түтіндеген сигарет? – Жоқ, мәдениетті журналист кабинетте темекі тартпайды. – Байқамай тартып қалды? – Ондайда журналист темекісін сөндіріп, автордан кешірім сұрайды. – Дұрыс. Енді бір сұрақ. Ішке ыржиып күліп бала автор келді. – Меніңше, бала авторға журналист: «кел, балақай, сөйле!» деп, жылы қабақ танытса болды. – Түрегелудің қажеті жоқ? – Ия. – Бала өлең немесе мақала әкеліп едім деді дейік? – Онда журналист баланың жазған-сызғандарын алып, табанда қарап тастайды. Не «қалдырып кет» дейді. – Кішкене толықтырайын. Біріншіден, бала автордың жазған-сызғандарын қарап тастау уақыт мүмкіндігіне байланысты. Уақыт мүмкіндігі болса, бала автордың шаруасын табанда тындырған жақсы. Жазған-сызғандары ыңғайға келсе: «тастап кет, айналайын, көреміз» деп, көзіне үміт сәулесін жаққан жақсыдан да жақсы. Ыңғайға келмесе: «талабың таудай екен, жаза бер, келіп тұр» деп жылы сөзбен шығарып салады. Қолына кітап па, әлде не ұстатып жіберсе тіпті құба-құп. Журналистің кәсіби әдебінің бір қайырлысы авторларға хат жазу мәдениеті. Хат қай жастағы авторға қалай жазылады? Әдепмәдениет тұрғысынан бұл сұрақтың да талай қалтарысы бар. Авторлар, әлбетте, әр жастағы таныс-бейтаныстар, студент жастар, мектеп оқушылары. «Балаға баланың тілімен сөйле» деп халық үйрет­ кендей, біріншіден, әр хаттың қаратпа сөзі әрқалай. Мектеп оқушысына «қадірлі», «қадірменді», «аса қадірлі», «мәртебелі», «аса мәртебелі», «жоғары мәртебелі», «құр­ мет­ті», «мырза», «ханым» деп жауап жазу әдепке жата

І тарау. Әдеп әлемі: Талдамалы журналистика
ма? Жоқ, әрине. Балаға ең жақын сөздер: «Айналайын»,
«қарағым», «шырағым». Немесе атымен атау. Яғни,
хаттың ең бастапқы қаратпа сөзі: Серік! Сергей! Талғат!

Бауыржан! Не болмаса: «Жас дос, Серік!», «Сүйкімді
дос, Сергей!», «Жас тілші, Жанар!», «Өнерпаз Өмір­
бек!», «Жас талапкер, Жарас дос!» т.б.
Баспа, редакция – ресми орын. «Айналайын», «қара­

ғым», «шырағым», «інім», «қызым» деген қаратпа сөз­
дер­дің жиі қайталана бергені де орынды бола қоймас.
Сондықтан есімінен басталғаны жөн.
«Құрметті» – үлкен сөз. Бұл үлкен сөзге кез-келген

бала, әрине мән бермейді.
Хат дәлелді, сыпайы тілмен жазылуы керек. Хат
жазған адамның ақыл-парасаты, білімі, білігі, ой-өрісі
хаттан көрініп тұрады. Айталық, қолжазба пайдаланыл-

мады. Не себепті пайдаланылмады – дәлелдеп жазу па-
рыз. Бір мысал:
«Құрметті Құрал Тайыров мырза!
Қолжазбаңызбен таныстық. Дерек көздері жете зерт-

телмегенге ұқсайды. Сондай ретпен пайдалана алмадық.
Қатысып тұрыңыз.
Сәлеммен...»
* * *

Хаты көп газеттің – қанаты көп.
* * *
Таудай факті таудай оқиғаға апарады.
* * *

Елгезек тілші етігіне маза бермейді.
* * *
Жақсы тілші жайдарыланып келеді,
Жаман тілші айбарланып келеді.

* * *
Мылжың тілшінің сұрағы таусылмайды.

Үмбетбай Уайдин
* * *
Жас журналист жасқаншақ,
Зердесіз журналист – мақтаншақ.

* * *
Есірген журналист еріксіз өтірік айтады.
* * *
Жақсы журналист жаңашыл келеді.

* * *
Сылбыр редактор сипақшыл келеді.
Сылдыр редактор цитатшыл келеді.
* * *

Авторсыз газет – аққусыз көлмен тең.
Әзілхан Нұршайықов
Тапсырма

1. Қызмет этикасы ережелері. «Егемен Қазақстан»,

20.03.1993 ж. 2. Ғабит Мүсірепов. Журналистік этика жайлы. «Еге-

мен Қазақстан», 31.10.1997 ж. 3. М.Әлімбаев. Редакторлар да әрқилы. «Мәдениет»

журналы, №20-21, 1993 ж. 4. Нестеренко С. Говорим «чиновник» – подразумева-

ем «этика». «Казахстанская правда», 17.07.2004 г.

6-тақырып. Сөз әдебі және норма
Әрбір жақсының өлшеуі бар,
өлшеуінен асса жарамайды.
Абай

Норма – үлгі, заң, ереже, тәртіп, жөн-жоба, нобай
мағынасындағы латын сөзі. Ауыспалы мағынасы: шек,
шама, тең, деңгей, қалып, өлшем, мөлшер,қана.
Шек: шектен шықпау, шектен аспау;

Шама: шамадан аспау, шаманы байқау, шама-
шарықты білу;
Тең: тең бөлу, теңдей бөлу, қылдай бөлу, қақ бөлу,
қақ жару;

Мөлшер: мөлшерлеп беру, мөлшермен ішіп-жеу;
Қана: қанадан аспау, мөлшерден артық кетпеу;
Қалып: қалып сақтау, қалыптан шықпау /Ол көп
өзгер­мейтін, құбылуды білмейтін бірқалыпты адам/.

Деңгей: теңіздің деңгейінен жоғары, төмен.
«Жауынгерлік әзірлік қай деңгейде?», «Айтыс деңгейі –
ауылдың алты ауызы».
Норма, нормативтің бір мағынасы – өлшем, өлшеуіш.

Өлшем: салмақ өлшемі, қашықтық өлшемі, тереңдік
өлшемі, ұлттық ұғымдағы ақыл-ой, парасат өлшемі,
ғылыми-математикалық өлшем.
Мағына жағынан нормаға ең жақын термин – крите-

рий. Кей жағдайда бұл екі сөз бірінің орнына бірі
қолданыла береді.
/«Сенің бұл айтқандарың нормаға келмейді». – «Сенің
бұл айтқандарың оның критерийі емес»/.

Үмбетбай Уайдин
Қазақтың ұлттық ұғымдағы ұзындық өлшемдері қалай
аталады? Адым, қадам, аттам, табан, шақырым, аршын,
әудемжер.

Әудемжер жүре алмаймын аяғымнан,
Ұстаймын екі қолдап таяғымнан.
Ақан сері
Бой, кісі бойы /1,70–1,75 метр шамасы/, белуар /аяқ­

тың басынан белдікке дейінгі аралық. – 1 м. 35 см/,
қарыс /бармақ. – 33-34 см/, сүйем, бір сүйем /бармақ пен
сұқ саусақты кергендегі аралық – 21-22 см/, сынық сүйем
/саусақ пен бас бармақтың аралығы, – 17-18 см/, елі, екі

елі, үш елі, төрт елі /қатар тұрған 4 саусақтың еніне тең –
8 см/, бармақ елі, шынашақ елі, тұтам т.б.
Әрмен қарай: көш жер, ит өлген жер /«Жақсы ит
өлімтігін көрсетпейді»/, ит жеккен жер /«Ит жеккенге ай-

далып кетіпті»/.
Халық ұғымында «ит жеккен жер» – Сібір.
«Ит жеккен жер» – «ит өлген жер» емес. «Ит жеккен» –
қашық, адам аяғы жете қоймайтын жер. Сталиндік

зобалаң жылдарында адамдар сол «ит жеккенге» айдал­
ған.
Қазақ халқының ендігі бір өлшемі – «кісі бойы». Су
шыққанға дейінгі құдықтың тереңдігі – кісі бойы, екі кісі

бойы аталады.
Қазақтың тағы бір ұлттық өлшемі: белуар. «Өткелдің
суы белуардан екен», «белуардан кешіп өтті», «шөп, егін
белуарға келіпті, аттың бауырынан келеді екен» деп жа-

тамыз. Тайыз, бітік мағынасында.
Арқан. «Күн арқан бойы көтеріліпті.»
Уақыт өлшемі: бие сауым уақыт, қас-қағым сәт, көз­
ді ашып-жұмғанша /секунд/, сүт пісірім уақыт.

Қосылғыштардың немесе көбейткіштердің орында-
рын ауыстырғаннан қосынды да, көбейтінді де өзгер­
мейді. Шақырым мен километр бұған кереғар. Адамдар
оған қарамайды, ауызға қайсысы бұрын түссе, соны айта

І тарау. Әдеп әлемі: Талдамалы журналистика
салады. Метр мен адымды да солай айта саламыз, жаза
саламыз.
Адым жай жүріспен бір басқан екі аяқтың аралығы

немесе 60 сантиметр шамасы.
Құлаш, кере құлаш деген де өлшем бар. Кере құла­
шымыз 1 метр шамасы. Немесе 70-75 сантиметр.
Үнді жерінде дүниеге келген шығыс халықтарының

ортақ мұрасы – «Ману бақтары» әдеп кодексі саналады.
Кодексте қыз баланың 64 түрлі өнер-білім, іскерлігі жай-
ында айтылған. Күлтегіннің өнегелік жазба жәдігер­лік­
тері, Ахмет Югнакидің «Ақиқат сыйы», Жүсіп Баласа­

ғұнның «Құдатқу білігі», Қорқыт баба мен Ұлықпан
Хакімнің насихат сөздері, ұлы жыраулар мен аттары
аңыз болған Аяз би, Жиренше, Қожанасыр, Алдаркөсе,
Асанқайғы бабалардың әңгіме-өсиеттері – бәрі-бәрі әдеп

кодекстері.
«Аяз би, әліңді біл. Құмырсқа, жолыңды білді» қалай
түсінеміз? Әдеп тұрғысынан онда «Көрпеге қарап көсіл»
деген тұспал жатыр.

Ұлықпан хакім «үш мыңдай насихат сөз жаздым.
Соның үшеуін ғана бөліп алдым. Олар: Алланың бар
екенін, ажалдың бар екенін ұмытпау және елге, халыққа,
біреуге жасаған жақсылығыңды ұмыт, міндетті қыз­

метіңді міндетсімей атқар» депті. Халық: «Жақсылық
жаса­саң – жасыр, жақсылық көрсең – асыр» дейді.
Мораль­дық кодексіміз осы!
Тағы да Ұлықпан Хакім бабаға жүгінейік.

«Құдайдан қорқып, халыққа ынсаппен қарап, үлкен­
дерге қызмет, кішілерге шапағат, дәруіштерге рақым,
дос-жарандарыңа кеңес, дұшпандарыңа жұмсақтық, қыз
балаларға сабыр, ғалымдарға тағзым қылып өмір сүр.

Біреудің малына көз сүзбе» /«Ана тілі», 18.05.1995 ж./.
Норма. Кодекс.
Әдеп, әсемдік әлемінің келесі өлшем, өлшеуіштері –
заң ережелері: канон, құжат, уставтар. «Адамның қадір-

қасиетіне қол сұғылмайды» /Қазақстан Республика­сы­
ның конституциясы, 17-бап/.
Өмірде?

Үмбетбай Уайдин
Әдеп, әсемдік әлемінің келесі өлшем-өлшеуіші –
халықтың қанатты сөздері.
Әдеп-әсемдік әлемінің тағы бір өлшем, өлшеуіші бұ­

рынғы, соңғы ұлы адамдардың ұлағатты сөздері, ой-тұ­
жырымдары /«Ұлы адамдар ұлы категориямен ойлайды»/.
Әкесіз ұлдың ауызы үлкен.
/Қазақ халық даналығы/

Ақымақтардың ұстазы сөз емес, бақытсыздық.
Демокрит
Көптеген адамдар жақсы нәрселер айта алады, бірақ
тыңдай білетіндер тым аз, өйткені бұл үшін ақылдың

күші қажет.
Рабиндранат Тагор
Заман азса, тіл сөйлемес, пұл сөйлер,
Адам азса, діл сөйлемес, жын сөйлер.

Мұзафар Әлімбаев
Әр халықтың тиым сөздері де әдеп әлемінің өлшеуіші.
Өйткені, әр тиым сөздің тұла бойында «олай айтуға, олай
жазуға болмайды, олай етуге болмайды» дегендей тәртіп

ережелері жатыр.

– Буаз малды қуаламайды. Неге? Іш тастайды, обал.

– Ұрлық жасайтын, өтірік айтатын адамға мал бағуға

болмайды.

– Адамы қайтыс болған үй бірнеше күн қазан асып,

тамақ пісірмейді.

– Күлді күн батпай төгеді. Неге?

– Отты аяқпен тебуге болмайды. Неге?

– Малдың алдынан бос ыдыспен шығуға болмайды.

Неге? Емексиді. – Сойылған малдың қанын түлік көзін­
ше, әсіресе сиыр малына көрсетіп төкпейді. Неге?

– Малды балағаттап, айқайлап қуалауға болмайды./

Жақсы сөз естігенде мал екеш малдың да жаны кіреді.
«Әукім, әукім» деп әукесін қасыса сиыр жақсы ииді/.

– Қолды артқа қайырып ұстап жүруге болмайды.

Неге? Жаман ырым. Түрмені шақырады. Тұтқын...

І тарау. Әдеп әлемі: Талдамалы журналистика

– Бүйір таянып отыруға болмайды. Неге? Жаман

ырым. Күйеуі қайтыс болған әйелдер бүйірін таянып жы-
лайды. Жоқтау айтады.

– Ауылға атпен шауып келуге, үйге жүгіріп кіруге

болмайды. Неге? Жаман ырым. /«Жау!» «Жау!» «Өрт!»/.
Ұлттық жөн-жоралғылар және нормалар
* * *
Біреумен сөйлескенде бетіне қадалып қарап, тақалып

тұрма.
* * *
Кемтар адамға күлме.
* * *

Біреудің дүниесіне қызығып, ішегіңді тартпа.
* * *
Сынған, жоғалған нәрселеріңді айтып зарлай берме.
* * *

Сұраншақ болма.
Мұсылман дінінің
моральдық-этикалық өлшемдері
* * *

Күреске түсіп жыққан адам емес, ашу үстінде өзін
ұстай білген адам күшті.
* * *
Сыпайылық – даналықтың белгісі.

* * *
Қарапайым киіну – имандылық белгісі.

Үмбетбай Уайдин
* * *
Кімнің кішкентай сәбиі болса, оған сәбише қылық
көрсетсін. /Баламен балаша сөйлес/

/Мұхаммед Пайғамбардың хадистерінен/
Әр адамның өз деңгейі, ой-өріс, ақыл-парасаты, өнері,
қабілеті, дарын, таланты бар. Олар қалай бағаланып
келеді?

«Жақсының жақсылығын айт – нұры тасысынның»
нормалары сақталып жүр ме? Шамадан шығып кету жоқ
па? Бүгінде екінің бірі ұлы, данышпан, кемеңгер, ғұлама,
ұлттық шеңберге сыймайтын нартұлға, таутұлға, тауасар,

біртуар, бірегей, алып, ақиық, аңыз, құбылыс, классик,
дана, заңғар, дарабоз, сайыпқыран, аса көрнекті қыран,
сардар, халқымыздың маңдайына біткен жарық жұл­ды­
зы, бәйтерек, майталман, алты алаштың ардақтысы, жұл­

дыз. Бұған кім не дейді?
Әр сөздің мағынасы бар да, естілуі және бар. Қазақ­
тың «яғни» сөзі орыс ағайындарға ыңғайсыздау естіледі.
Әсіресе теле-радиодан берілетін репортаждарда, фотоса-

лондарда «кодак» сөзі үлкен әріптермен жазулы тұрады.
Бұл сөздерді тұтынбау керек деген тиым жоқ. Мүмкін­
дігінше көп қайталамау, ыңғайы келсе басқа сөзбен ауы-
стыру, не айналып өтуді мегзеп отырмыз.

Қазіргі бұқаралық ақпарат құралдарында моральдық-
этикалық шама сақтала ма? Ел-жұрт не дейді?
«... Соңғы жылдары қазақ баспасөзінде әдеп, ұят, жал-
пы, баспасөздің жауапкершілігі мен этикасы дегендерді

ұмыту мүлдем дағдыға айналып кетті. Бүгіндері газет-
журналдар біреуге жала жапқан, боқтап-балағаттаған,
ғайбаттаған материалдарды еш қымсынбастан баса ба-
стады...»

Бекділдә Алдамжаров
/Отырсаң – опақ, тұрсаң – сопақтың кері...
«Жұлдыз», №2, 2005ж./
«... БАҚ туралы дұрыс тілдік қолданыс та, ауытқу да,

қателер де /.../, мақсатты, мақсатсыз, мәнді, мәнсіз ауыт­

І тарау. Әдеп әлемі: Талдамалы журналистика
қулар да аса көп данамен таралады. Сондықтан жур­
налистердің сөзді ойнатудан бұрын ойланғандары жөн».
Бағдан Момынов

/Сөз және бұқаралық ақпарат құралдары.
«Ана тілі». 29.12.2005ж./
Бұқаралық ақпарат құралдарындағы сөз әдебі, тілдік
қолданыс нормасы қазір ғана емес, кеңес қоғамы тұсын­

да да жиі ауызға алынды. «Лениншіл жас» газетіне хат»
деп аталатын мақаласында ақын Жұмағали Саин редак-
ция ұжымына қаратып: «біраздан бері көзге түсіп жүр­
ген, жанымызға батып жүрген бір елеулі кемшілік тура-

лы болмақ» дей келіп, әрмен қарай «мақалалардың
сөй­лемдері теріс, сөз қолданыстары жаңсақ » деп біраз
дәлелдер келтіріп, зілсіз ағалығын, үлкендігін жазады.
«Сендер осы не оқыдыңдар?», «сендер қазақсыңдар ма?»

деп, жерден алып, жерге салмайды.
Кәнігі журналист, үлкен аудармашы Нияз Сыздықов
«Жас алаш» газетіндегі бір материалдан «жүрген қызым
бар» деген сөздерге көзі түсіп, астын сызады да, редак­

циядағы іні-қарындастарына: «насихаттық жақсы мақала
екен. Бір әттегенайы, жап-жақсы кейіпкердің аузына сон-
дай сөз салыпсыңдар. Шырақтарым-ай, байқасаңдаршы»
депті.

Редакцияның әдепті қызметкері «ой, осы шалдар-ақ...
тырнақтың астынан кір іздеп» деп шап ете қалмайды,
«аға, жақсы, ескереміз. Үлкендігіңізге үлкен рахмет»
дейді.

Ғалым, профессор Бағыбек Құндақбаев: «сендер өнер­
ді жаза білмейсіңдер. Сендердің тілдерің дөрекі, қасаң.
Бір шығармада «Абылайды аттан аударып тастады» де-
ген сөйлем жүр. Соны жұмсартуға болмай ма?» деп жасы

кіші бірер журналист інілеріне өзімсінген дауыспен
ескерту жасайды.
Сөз әдебінен, тілдік қолданыс нормасынан туындаған
бұл сын-ескертпелер табу, эвфемизм терминдерін қоз­

ғады.
Дүние жүзінің көптеген халқы қасқыр, құрт, қандала,

Үмбетбай Уайдин
рак деп тура мағынасында емес, өзгертіп айтады. Немесе
құлаққа жеңіл, жұмсақтау сөздермен ауыстырылады.
Қасқырды қалай дейді? Бөрі, ит-құс, қара құлақ, серек

құлақ, теріс азу, қара ауыз, ұлыма. Рак – қылтамақ, обыр,
бейдауа ауру. Демек, табудың тура мағынасы: тиым
салынған, айтуға болмайтын сөздер, ұғымдар. Ақыл-есі
дұрыс адам науқасқа «сен өлесің» демейді /Олай деу

көргенсіздік, тәртіпсіздік/. Керісінше, аяқ-қолы сырқы­
рамайтын, тұмауратпайтын кім бар? Анадағыдай емес,
тіфә, тіфә, ажарың жақсы екен. «Ауырып тұрдың – аунап
тұрдың демей ме» деп, науқастың жанын жұмсақ дауы-

спен сипалайды. Бұл жолдардың түйіні: жанды жаралай-
тын да сөз, жаңалайтын да – сөз. /Слово лечит, слово ко-
лечит/.
Кебек жесең де қыстан шық,

Не жедің деп кім сұрар.
Кебенек кисең де жаудан шық,
Не кидің деп кім сұрар.
Бұл жолдардағы «кебек», «кебенек» көне сөздер. Ке-

бек – тарының қауызы /қабығы демейді/. Келіге бір
түйгеннен кейін тарыны суырып, қауызын ұшырып
жібереді. Өйткені, онда құнар болмайды. Екінші түйіл­
гені талқан деп аталады.

Кебенек – су өткізбейтін, малшылар жауын-шашында
киетін сырт киім. Кебенек ешкі малында кездесетін
індет. «Кебенек келгір» – қарғыс. Кебек, кебенек, кебін,
кебен сырттай ұқсас сөздер. «Кебін киген келмейді, кебе-

нек киген келеді» деген де бар. Кебін қайтыс болған
адамның сүйегін орайтын мата. Ақырет киімі. Кебен –
үйінді шөп.
Табу мен эвфемизмнің бір қайырлысы – ат тергеу.

Сарқыраманың арғы жағында,
Сылдыраманың бергі жағында,
Маңыраманы ұлыма жеп жатыр,
Жанымаға сүйкемені әкел...

І тарау. Әдеп әлемі: Талдамалы журналистика
Этнопедагогикалық әдеп. Тұспал. Сарқырама –
өзен, дария, бұлақ. Маңырама – қой, ұлыма – қасқыр, жа-
ныма – қайрақ, сүйкеме – пышақ. Демек, ауылда Өзен­

бай немесе Дайрабай, Бұлақбай, Қойлыбай, Қасқырбай,
Қайрақбай, Пышақбай сияқты үлкендердің есімдері бо-
луы мүмкін. Әдепті қазақ әйелдері олардың есімін тура
атамайды. Бұл ұлттық әдептің классикалық үлгісі.

Қазақ әйелдері қайны, қайын сіңлілерінің де аттарын
атамаған. Олар Шырақ, Төрем, Ақтөре, Төрежан, Кербез,
Ақкербез, Кербез жігіт, Мырза жігіт, Мырза бала, Ақ
жігіт, Сылқым жігіт, Ортаншым, Кішкенем, Кенжем, Ұл,

Үлкен ұл, Кіші ұл, Тентек, Ақтентек, Ерке, Еркем, Ер-
кеш, Еркетай, Еркежан, Шырайлым, Шашбаулым, Ерке­
сылқым, Көзжақсым, Көзайым, Көр­кем, Әсем, Әсемқыз,
Әсембала аталып кете береді. Бұлардың басқаша аталуы –

аттергеу.
Қазақ әйелдері ата-енелерінің де аттарын атамай ата,
әже, ене дейді.
Дене бітіміне, кәсібіне, жағымды, жағымсыз іс-қы­

лық­тарына қарай кейбір еркетотайлау әйелдер ауылдың
үлкен-кішілерін: Дүкенші, Дүкенші қайнаға, Кілтші қай­
наға, Ақсақ, Шойнақ, Қисық, Ағаш аяқ, Мылтық /Бүкір/,
Қыршаңқы, Қонжық, Месқарын, Семізсары, Семізмалай,

Леонов /Леонов кайнаға/, Соқыр, Сарыазбан, Қара
айғыр, Пайдақара, Қабасақал, Қабан қайнаға атайды.
Ауыл-ел арасында үлкен-кішінің кәсіп-мамандығына
қарай да қойылатын: Ұста, Ұста ағай, Ұста бала, Молда

бала, Мұғалім, Тілші, Кілтші, Қоймашы, Желтабан, Сұлу
қайнаға, Есепші қайнаға, Етікші қайнаға, Бұзаутіл қай­
наға, Машинашы атам, Гүрілдек атам, Аттеріс қайнаға,
Енем, Үлкен үйдегі енем, Кіші үйдегі енем, Дәу енем,

Кішкене енем сияқты аттергеулер де ұшырасады.
Жасы үлкендердің бір-біріне қаратпа сөзі: Мәке, Сәке,
Мөке, Мырза, Ханым, Отағасы.
«Мырза», «ханым» қай жастағы адамға қаратып айты-

лады? Соңғы кезде мектеп жасындағы оқушыларға да
«Мырза», «Ханым» дейтін болдық. Әдеп шек-шама­сы­
нан ауытқудың бір мысалы осы.

Үмбетбай Уайдин
Міне, табу, эвфемизм терминдерін өмір мысалдары-
мен таратып айттық.
Табу терминінің жазылуы: французша табоу, ағыл­

шынша табоо. Қай тілде қалай айтылып, қалай жазылса
да мағынасы бір: қатаң тиым салу, тоқтату.
Эвфемизм терминінің түп төркіні грек тілінен. Мағы­
насы: дұрыс сөйлеу, дұрыс жазу. Ауыспалы мағынасы:

естіген құлаққа ерсі, тұрпайы, дөрекі сөздерді жүрекке
жылы, жанға жайлы сөздермен ауыстыру.
Қарттар,
қариялар,

шал-шауқан,
кемпір-сампыр,
өлмелі кәрі-құртаңдар, зейнет жасындағы адамдар, егде
кісілер, жасы асқандар, кәрі қыздар, отырып қалған

қыздар, екеу болу бақытын күткендер. /«Отырған қыз ор-
нын табар».../. Бұлардың қайсысы естіген құлаққа ерсі,
қайсысы жанға жайлы, жүрекке жылы? «Өтірікті соғып
жіберу» мен «қосыңқырап жіберудің» қайсысы құлаққа

жеңіл?
АҚШ-та 40-қа жуық, ал Қытайда сауда саласында
істейтіндерге елуге жуық сөз тіркесін қолдануға үзілді-
кесілді тиым салынған. Олар: «Сіздің шаруаңыз емес»,

«Неге желімше жабысып қалдыңыз?», «Білмеймін, ба-
сымды қатырмаңыз» т.б. /«Қазақ елі» газеті, 20 қазан,
1995 ж./
Әдеп-мәдениет нормасына байланысты біздің мемле­

ке­тімізде де заң-ережелер аз емес. Өмірде ше? БАҚ не
дейді?
«...Мәулен Балақаевты бұрын-соңды көрмегендер
сырт­қы түріне қарап, өз қандастарымызға жатқыза бер­

мейді...» /«Деген екен». «Өнер» баспасы/.
Біреудің жүйкесінің жұқарып жүретін кезі болады.
Түр-түсінің қазаққа ұқсамауы, кім біледі, профессор-
ұстаздың жұқа жері шығар. «Бір қараған адам», «бір

көрген адам» деп жұмсартуға болмай ма?
«...Соттың ішінде сирек те болса пара алмай істі әділ
шешетіндер бар.» /Газеттен/.
«Сирек те болса» /?/ Сонда сот атаулының барлығы да

парақор болғаны ма?

І тарау. Әдеп әлемі: Талдамалы журналистика
«Өмірдің өзі түс көргендей өте шығады екен» деуші
еді тоқсан алтысында тоңқалаң асқан бір атамыз.
Жалаладдин Әлиханұлы

/«Қазақ елі», 20 сәуір, 1995 ж./
«Тоңқалаң асқан?»
«...Қазір әдеп пен ұяттан айырылғанымыз соншалық,
орыс тіліндегі газеттер әркімнің ойына не келсе, соны га-

зет бетіне шығаруды әдетке айналдыруда. Мәселен, «Ар-
гументы и факты» апталығының соңғы 14-санындағы
«Қазақстан» қосымшасының «Бәсекелесімді атып өлті­
ретін киллерді /жасы 30-дан аспаған, көзі жақсы көретін/

жалдаймын. Ақысы келісім бойынша, Тел. 8.290...0-475.
Жүздік» деген хабарландыруды оқығанда жаның қалай
түршікпейді? /«Алматы ақшамы», 8 сәуір, 1998 ж./
Түсініп көр!

Бата-тілек әдебі
...Асың, асың, асыңа,
Береке берсін басыңа.
Қырғауылдай жорғалап,

Бөденедей жорғалап,
Қыдыр келсін қасыңа.
Жақсы досқа берер асың осы болса,
Қыдыр түгіл /...!/ келмес қасыңа.

«Өмір» журналы, №1.
Тарақты Шалқарбектің батасы.
Жаңаарқа ауданы, Жезқазған қаласы.
...Қара ала ат пен торы ала ат,

Келінді құдай балалат. /?!/.
Қыз тумасын, ұл тусын,
Бәрімізге қолғанат.
Керегенің басынан кенек кетпесін,

Борбайының арасынан /.../ кетпесін.
Сол басылым. «Өмір», сол номер.
Бұлардың сыртында «т-а-к», «да-а-аа» сияқтылар жә­
не жатыр.

Үмбетбай Уайдин
Көшеде, көпшілік көліктерінде, мінбеде, бұқаралық
ақпарат құралдарында қалай сөйлеп, қалай жазып
жүрміз?

«... телеарналар арқылы сөйлеушілердің көбісі қазақ
тілін дұрыс білмейтін, тілге жауапсыз қарайтын, әйтеуір
бірдеңе деп былықтыратын адамдар болып келеді».
«Қазақ тіліндегі хабарлар шұбар тілді қойыртпаққа айна-

ла бастады».
Сабыржан Шүкірұлы
/Біз қалай сөйлесеміз? «Ана тілі», 22 наурыз, 2003ж./
Автор мақаласында модный, современный, функция,

концепция, архитектура, энциклопедия, уникальный,
штраф, учет, претензия, трибуна, коллективизм, рынок,
дизентерия, контрабанда, цензура, машиностроение, гос­
органдар, прокаттар, тариф, сертификат, резервуар, ры-

чаг, квота, эпидемия, отставка, глинозем, телекоммуни-
кация, иновация, новигация сияқты кірме сөздерді тілге
тиек қылған.
Біз өзімізді дастарқан басында қалай ұстаймыз,

қалай сөйлеп, қалай ойнап-күлеміз?
«... Вообще-то мен сөзімді орысша сөйлеуші едім. Но
қазір тосымды қазақша айтамын. Алмабай мне как друг,
бір жағынан брат, әйелі жағынан – сват. Я, Алмабай, сені

қатты уважаю. Кеше Маруся звонить еткен соң бүгін
сенің 41 жасқа толған юбилейіңе подружкаммен келіп
тұрмын. Ну, что тебе пожелать, саған основной нәрсе –
море бақыт, долгий өмір, мықты денсаулық тілеймін. Ко-

нечно, бала-шағаң көп болсын. Қазір өмір сүру трудно,
бірақ сенің күшің бар, дерзай. Сені постоянно телевизор-
дан көріп тұрамыз. Сен уже звездасың. Жарқырай бер,
гори-гори ясно. Елуге келіп еңсеріп, алпысыңда Англия-

да демалып, жетпісіңде тағы бір женись, сексеніңде
селкілдемей, тоқсаныңда торт жеп, жүз жасыңда бренди
іш». Бүгінгі грандиозный тойға подружкам екеуміз до-
машный кинотеатр әкелдік, от чистого сердца қабыл ал!»

І тарау. Әдеп әлемі: Талдамалы журналистика
Жұрттың бәрі келіншектің тілекті ана тілінде айт­
қанына «мәз болысып», алақандарын қуана соқты.
Саят Қамшыгер

/«Тойдағы тілек»/
Не түсіндік?
Әрмен кеттік.
Бірінші тілек /тост/:

«... Сара, саған тілерім, ұзақ өмір, көктемдей сұлулық,
жаздай ыстық махаббат, күздей асыл байлық, аппақ
қыстай кіршіксіз көңіл және «Өмір» атты қиын да
қызықты дүниеден тек «Бақыт» атты гүл шоғын сыйлай-

мын...»
Екінші тілек:
«Сара, саған тілер тілегім толып жатыр. Аңсаған
арманыңа жетіп, қалаған оқуыңа түсіп, ата-анаңның бо-

рышын ақта...»
Үшінші тілек:
«Өмірде бақыт, қажымас қайрат, талмас қанат, ашық
аспан, мөлдір махаббат, қалаған мамандығыңның иесі

болуыңа тілектеспін...»
Төртінші тілек:
«Менің саған тілерім, Сара, ұзақ өмір, мол бақыт,
қажымас қайрат, талмас қанат, арман деген асыл мұра­

тыңа, махаббат деген бағалы мақсатыңа, өмір деген іңкәр
үмітіңе жетуіңе және аспан ашық боп...»
Бесінші тілек:
«...Саған тілерім, Сара, зор денсаулық, мол бақыт,

қажымас қайрат, талмас қанат тілеймін. Сүйгеніңе қосы­
лып, сүйіктіңнің сүйкімдісі бол...»
Алтыншы тілек:
«Мен саған зор денсаулық, қажымас қайрат, талмас

қанат... ұзақ өмір, мол бақыт, ашық аспан, шат күлкі,

Үмбетбай Уайдин
мөлдір махаббат, таусылмас арман, таудай талап, оқуда
озат және құдай қосқан қосағыңмен бірге бол. Қысқасы,
мен саған зор денсаулық, мол бақыт, қажымас қайрат,

аспаның ашық, жолың жазық болуын тілей отырып,
бақытыңа нұр жаусын деймін».
Шәкірттер, дастарқан басында ақ тілек айтушыдан
ешкім де шешендік талап етпейді. Дұрысы, әркімнің өз

сөзі, өз сезімі, өз тілегі... Пікір айтайық.
Біз қай тілде хат жазысып жүрміз?
«Муратик, саған много уақыт хат жаза алмадым. По-
тому что, қол тимеді. Прямо, уақыт жоқ, понимаешь?

Знаешь, ғапу прошу.
Особенно қазір осень влияет. Күзгі сарғыш жапырақ­
тардай көп нәрсені сағынамын. Ауылды ойлаймын, сені
тоже. Смыслын басқаға ауып кетпе? Сен ауылда таныс­

тырған жерлесің бар ғой, ә, Булат, прямо өзі қызық жігіт
екен. Қасымдағы қыздар бәріміз оны бір күн көрмесек,
просто скучно. Четвергте қара теңізге шомылдық. Ой,
как там было весело! Субботада базарда сауда жасадық.

Алматыдан келген бір журналист аға сауда жасап тұрған
мені көріп, жайымды сұрады. Мен қатты ұялып, аптасы-
на 50-70 доллар табатынымды айттым. Просто, ұялып
қашқақтай бердім.

Недавно бір подругамның имениесін өткіздік. Мен та-
нец «животаны» биледім. Мұндай вечерде, конечно,
өлең пели и аздап пили. Ал түнге кешкі Стамбул көрі­
ністерін тамашалап, үйге әзер қайттым. Сен туралы ску-

чать етіп жүрмін. Просто не знаю, осы хатты поэтому
жазып отырмын. Пожалуй, ертең некогда. Арғы күнге
приглашением бар. Скоро ВУЗ-да фестиваль өтеді. Фес­
тивальда занят болам. Сен, Муратик, почаще маған хат

жаза бер, жаза бер.
Стамбул.
/Қолға түскен хат/
Не түсіндік?

І тарау. Әдеп әлемі: Талдамалы журналистика
Тағы да дастарқан. Тілек, тілек.
Дастарқан басында кім болмайды: батагөй қария да,
ақ жаулықты ана да, бетінен иманы тамған келін де,

ибалы іні-қарындас, шәкірттер де. Оған-бұған ұрынып,
той-қызықтың шырқын бұзатын телі-тентек те сонда.
Той-қызықтың шырқының бұзылуы, ия, көбіне-көп со-
лардан.

Сөз орайында, бір сәт ақын Қадыр Мырза Әлидің сұқ
саусағына көз салайық.
... Қалжыңдалық,
Қатты-қатты ойналық.

Күлгенді де,
Ілгенді де қоймалық.
Қай-қай сөз де айту үшін жаралған,
Бірақ соны айтқан абзал ойланып!

Дастарқанда,
Клубтарда,
Бақтарда,
Сырым мол деп,

Сырыңды мол ақтарма.
Отырғанда алаяқтың жанында
Түлкі жайлы мысалдарға көп барма.
Қанішермен ерегіспе,

Кектеспе.
Әділдіктің жолын және көп кеспе.
Өзі отырып келген жанға –
Қайтесің –

Түрме менен сала берме сотты еске!
Өз ақылын қойған адам күзетке
Бәрін ұғар,
Бәрін байқар мезетте.

Перзенті жоқ ата-ананың алдында
Көп балалы үй жөнінде сөз етпе!

Үмбетбай Уайдин
Ойда болсын,
Есте жүрсін мәңгіге:
Тұлпар жайлы сөз жақпайды әңгіге.

Ағайыны өлген үйде асылып,
Арқан жайлы айтылмайды әңгіме.
Осы сөзді,
Осы ақылды ал естіп.

Атам менің сөйлер еді дәл өстіп.
Бәйбішесі қалған үйде қартайып,
Тоқал жайлы сөз қозғасаң – әбестік!
Жақсыны да,

Жаманды да тапты ана.
Жөнімен айт,
Жөн-жосықсыз даттама.
Түсіп қалған бастығыңның көзінше

Жаңа келген бастығыңды мақтама.
Не демейді құрдасына құрдасы!
Жаман кейде кейбір сөздің бұрмасы.
... Бір орманның кетуіне өртеніп,

Жетіп жатыр сіріңкенің бір басы!
Әр той-қызықтың, әр дастарқанның өз тақырыбы бар.
Қандай тақырыптағы дастарқан болса да ажар-көркі –
көңілді әңгіме, күлкі. Күле, күлдіре білеміз бе? Баспасөз

не дейді?
«... Әй, ботқа бет, бері кел. Пай-пай, мына жарты гек-
тар бетті ауырсынбай қалай көтеріп жүрсің-ей? Ха-ха-ха!»
«... Сөйтіп коммерсант болып кеттім де, заводты тас­

тап... Әй, сен бір диірменге түссең бүтін шығатын­дардың
бірісің ғой. Бірақ өлмейсің, сені ана қара қа­ты­ның
өлтірмейді. Жердің түбіне түсіп кетсең де құ­ла­ғың­нан тар-
тып шығарады. Пысық қой қара қаты­ның...»

Орынтай Көмеков
/Қалжыңдаса білеміз бе?
«Әділет» газеті, 12.03.1993ж./

І тарау. Әдеп әлемі: Талдамалы журналистика Біз қазақ тілін бүлдіріп жүрміз Дүние жүзінде 6000-ға жуық тіл болса, оның ішінде үш ұлы тіл бар – француз тілі, орыс тілі, қазақ тілі. Академик Радлов Адамның бұзылуы оның тілінің шұ­ бар­лығынан басталады. Р. Эмерсон Тіл – қай заманда да әр халықтың айнасы. Орыс тілінің тазалығы үшін кезінде Лев Толстой қалай шырылдаған. Ленин ше? Міне: «Біз орыс тілін бүлдіріп жүрміз. Шет ел сөздерін орынсыз қолдана береміз. Кемістіктер, кемшіліктер немесе олқылықтар деуге бола тұрса да «дефектілер» деудің не қажеті бар?» /Толық шығармалар жинағы, 40-том, 52-бет/. Тағы бір сөзінде Ленин: орыстың қоздыру, мазалау, ояту мағынасын беретін «будировать» деген сықылды сөзі тұрғанда, француздың ашулану, бұртаңдау мағы­ насындағы сөзін қыстырудың қажеті қанша дейді. Қазақ тілінің тазалығын Абай атамыз айналып өтті ме? ... Бөтен сөзбен былғанса сөз арасы, Ол – ақынның білімсіз бишарасы. Тіл мәселесі, тіл тазалығы «Дала уәлаяты», «Түр­кі­стан уәлаятында» да аз айтылмапты. Қазір ше? Барлық басылымдар, әсіресе «Ана тілі» бысылымы ылғи шыр-пыр. «...Қазақшаға орысша араластырып немесе қазақшаға мүлдем тілі келмей жатқан студенттерді көргенде қатты таң қалдым. Өздері қазақша әрең-әрең сөйлеп тұрған олар ертең қазақ мектебінде қазақ тілінен қалай сабақ береді?» /Айжан Кесебаева. Обалы кімге? «Жас Алаш», №118, 4.10.2005 ж/.

Үмбетбай Уайдин
Заманында тіл тазалығына орыстың зиялы қауымы­
ның қалай алаңдағаны баршаға мәлім. Шет ел сөздерін
орынды-орынсыз қолдана береміз. Кемістіктер, кемші­

ліктер немесе олқылықтар деуге бола тұрса да «дефек­
тілер» деудің не қажеті бар?».
Біз қазақ тілін бүлдіріп жүрміз. Қазақта «свежий»
сөзінің 80-нен астам баламасы бар екен. Ал біз екі

сөзіміздің бірінде «свежий газет», «свежий сүт» дей са-
ламыз. Не керек, тіліміз барған сайын кірме сөздермен
былығып барады. Дәлел: «сәпсім, мәшін, аптабыс, вап-
ше, пожалыста, падажди, ладно, тышто, қарашо, давай,

інтересно, серьезно, прямі, ну, заныт, өшірет, прости,
примерні, приблизительно, или, ну, тойыс, знашить,
только, уже, канкретно, постоянно, мешает, обьязатель-
но, обет /обед/, какраз, пашти, тошно, тошке /точка/,

рожке /ручка/, может, помоему, междупрочим, обышно,
возможно, наобарот, ужын /ужин/, дрож, кашы, сібет /свет/,
тряпке, ушетшік, қыладілнік, квартір, күліш /ключ/, об-
шым, а то, на то, за то, тото, чето, сразм».

Сейілбек Қышқашұлы
/Кірме сөздерден туған қорқыныш.
«Жас Алаш», 22 ақпан, 2001ж./
Әркімдердің ауызынан құлағым шалған, бірді-екілісі

өзімнің ауызымнан ұшып шыққан бұндай қисайған-
мисайған сөздер менің дәптерімнен де табылып қалады.
Бастадық.
Мәшін, терренкур /терең көр емес/. Бұл екі тілдің

қосындысы. Алғашқы жартысы – француздың жер, орын
деген мағынадағы сөзі. Екінші жартысы – кур. Немісше.
Мағынасы емдеу. Сонда терренкурымыз емдейтін, сауық­
тыратын жер, орын деген сөз екен. Сирек кездесетін тер-

мин болғандықтан әдейі тоқталдық. Смотри /ты смотри/,
обстоятельство, выход, голубчик, золотой /мой золотой/,
охран, охрана, баран, дармоед, инсульт, инфаркт, сантех-
ник, ксерокс, зараза, кашалок, кашмара, резюме, перерас-

ход, союз /союздың кезінде/, дневальный, обжора, дик-

І тарау. Әдеп әлемі: Талдамалы журналистика
товка, туалет, пока, ремень, ремонт, надоело, концовка,
комуслуг, клиент, командировка, канцелярия, коммента-
рий, ужас, ужасно, служебный /служебный телефон/,

кончай /кончаймаймын/, офис, наоборот, календарь /күн­
тізбе, күнпарақ/, добро, доброе утро, добрый день, до-
брый вечер, спокойной ночи, кредит, сандал, сандалик,
визитка, остановка, дача /саяжай деп жүрміз/, пляж /жа­

ғажай деп жүрміз/, дежурный, будка, самопал, мигайт
/шам мигайт етіп тұр/, подарка, гостиница, чао, в натуре,
отвечаю, базара нет, сдвиг /сдвиг жоқ/, изоляция, под-
ставка, настольный, чмо, укол, уполномочие, удоволь-

ствие, режім, вождизм, детсад, садик, версия, электорат,
промоутер, экстремизм, реквизит, бутафор, момент,
гольф, астма, бруцеллез, геморрой, ожог, паралич, пара-
зит, радикулит, рак, матизм, диабет /сахарный диабет/,

язва, удобно, неудобно, каприз, частный, честное слово,
ей богу, многоэтажка /многоэтажкадан үй алды/, крутой,
аллергия, блин, острый /маған бұрыш араласқан острый
тамақ жеуге болмайды дейміз/, каридор, мораторий,

каша, суп, уточнить, морозильник, чепуха, массаж, уча-
сток, участковый, враш, пассажир, повар, слабость, ерун-
да, казенный, котлован, подвал, курортное место, душ,
умывальник, әшки, пекарный, грузовик, все, бесполезно,

спикулянт, зубочистка, даром /даром алмаймын/, авария,
криминал, кризис, критический, момент, баклашка, на-
парник, подруга, зараза, природа, водитель, идеал, иде-
альный, лампошка, лепешка, булочка /бөлкей/, магазин,

роддом, көкне /кухня/, мощный, состоятельный, показу-
ха, настроение, рок, поп, шоу, рокер, брок, полотенца,
салфетка, энергия, проходной, проходимец, тротуар,
привет, пока, помогайт /қолыңнан келсе помогайт ет/,

операция, желудок, браконьер, званок, детектив, ночной
клуб /жынойнақ/, псих, овчарка, блин, застой, платный /
мыс. платныйға түсіпті/, капот, водовоз, кантор, завклуб,
завмаг, заявка, завсклад, интрига, интригант /мыс. ол ба-

рып тұрған оңбаған, интригант адам/, свинья, идиот,
школ, здан /здан үй/, керуха, зам, карьера, округ, объект,

Үмбетбай Уайдин
объектив, субъект, тезист, бизнес, округ, медицина, ка-
краз, замыкание, лампошка, отменить, ипотека, сертифи-
кат, инновация, одурел /а/, дура, дурак, дурной, сотовый,

иммунитет, собрание, пигмент, ультрадыбыс, окурка,
ряд, рядом, проездной, ведомость\мыс. ақшаны ведомы-
спен беріп жатыр/, строго, пропал, звандау, зажигалка,
спишка /сіріңке, шырпы, күкірт, т.б./, банкрот, скорый /

скорый поезд, скорая помощь/, инкассатор, секция, диа-
спора, школ, бронь, заказ, обгон, байкот, и так та/ онсыз
да/, аппарат, пар /ыстық пар, бу/, подушка, конечно, на-
рушать, виноват /өздері виноват/, тройник, пост /

посткеңестік/, рупор, формация, банк, банкир, киллер,
трагедия, трибуна, бартер, капризный, ненормальный,
шарлатан, ничего /ничего, пойдет/, подойдет, аргумент,
факт, овыш, находка, находок /стол находок/, порядок,

закон, варенье /мыс. биыл варенье қайната алмадым/, где
то, что то, что бы, пешеход, простыня, грелка, посуда,
покуда, завтрак, прямо, ну прямо, кавалер, необходимо,
пахан, пробка, индеец, картошке, капченный, жареный,

жаропонижающий, стоп, стопкран, наушник, вечер, не-
обходимо, действительно, случайно, валюта, континен-
таль, безвыходное положение, хирургия /грек тілінен/,
педиатрия, оперативка, олимпийка, трусы, шортик, шут-

ник, заинтересован, шантаж, двухкомнатный, двухспаль-
ный, туберкулез /құрт ауру/, туберкулезная палочка, на-
града, лауреат, ясно, понятно т.б.
Бұлардың сыртында айтуға ауыз бармайтын былға­

ныш сөздер қаншама!

І тарау. Әдеп әлемі: Талдамалы журналистика
Тапсырма
Әдеп әлемі және журналистік шығармашылық
(Тақырыптар)

1. Той (Дарқандық және дарақылық. Норма). 2. Оң аяқ (Ырым. Жақсылықты шақыру). 3. Ақ босаға (Ұлттық салт-дәстүр. Әдеп). 4. Шашу (Қуаныш. Тәубә, шүкіршілік. Норма). 5. Ыстық ықылас (Ниет тазалығы. Иман). 6. «Ішіме сиған бала...» (Намыс. Жалған намыс. Әдеп.

Иман). 7. Жыртыс (Ұлттық үрдіс. Моральдық-этикалық мән-

жай). 8. Қалау (Моральдық-этикалық мән-жай. Норма). 9. «Торғай екеш торғай да...» (Тастанды балалар

тағдыры). 10. Кешірім (Принцип және этикалық норма). 11. Алғыс алдыңыз ба? (Мораль. Әдеп). 12. Өкініш (Мораль: ой, ойлау, сабақ). 13. Сынға қалайсыз? (Мораль: әдеп, норма). 14. Әулетіміздің альбомы (Мораль: мұрағатқа мұқият­

тылық. Өткен-кеткенге ізет, құрмет, ілтипат). 15. Қабырғада қаптаған сурет... (Талғам. Иман. Әдеп). 16. «Біздің жұмысымыз емес...» (Мораль. Иман. Әдеп.

т.б.). 17. «Бетті бастым, тұра қаштым...» (Сахна мәдениеті). 18. Қуанышымызға ортақ болыңыз... (Мораль: жан-

дүние тазалығы және іштарлық т.б.). 19. «Араша, батыр, араша» (Әдеп. Иман. Норма). 20. Біз жатақханада жатамыз (Отаншылдық сезім. Әдеп). 21. Интернат... Интернат... (Қасаң ой және түсінік). 22. «Бір нәзік сәуле...» (Нәзік сезім. Иман.Әдеп т.б.). 23. «Туған күніңізбен...» (Әдеп және норма т.б.). 24. «Әжептәуір ән еді...» (Білім. Білік. Әдеп т.б.). 25. Мөлдір аспан (Моральдық тазалық. Әдеп т.б.). 26. Біз тұратын көше (Білім. Білік. Ізет. Құрмет т.б.). 27. Іштегі қоңырау (Әдеп. Норма. Тәубе т.б.).

Үмбетбай Уайдин 28. Мен Алматыда тұрамын (Отаншылдық сезім.

Әдеп т.б.). 29. Менің атым – Алпамыс. (Ат тергеу. Ізет. Құрмет

т.б.) 30. Аталық сұрау айып па? (Тек, тектілік. Әдеп т.б.) 31. Ауыл сұрау айып па? (Тосын ой, тосын пікір.

Әдеп). 32. Автобустағы айқай-шу (Жүріс-тұрыс әдебі). 33. Сіздің орныңыз қай қатарда? (Жүріс-тұрыс әдебі). 34. Құлағым сізде... (Әңгіме-дүкен әдебі). 35. Сөзіңіз аузыңызда... (Әңгіме-дүкен әдебі). 36. «Хатыңызды алдық...» (Хатқа жауап. Әдеп). 37. «Ол кісі өзінде жоқ» (Автор қабылдау әдебі). 38. Тост (Тілек. Жылы сөз. Шырай шығару әдебі т.б.). 39. Жыбыр-жыбыр (Басылымдарды безендіру мәде­

ниеті. Оқырманға ізет, құрмет, ілтипат т.б.). 40. «Иат-ай, иат-ай!..» (Баланың тілі).

Қалжыңының сиқы-ай!
«... Жаман есекке жарбиып мініп алған әңгүдік. Бас­
қаша мүмкін емес. Аяғындағы резіңке кебісті қараңыз.
Балақты қайырып алып «еңіретіп» келеді. Екі қолды ер­

битіп өзімен-өзі...»
Автордың /Мекейұлы/ қыстырма сөзі: «Халықты қор­
лағаны ма, мақтаған түрі ме? Жо-о-қ! Мәселе қолда емес.
Мәселе жүректің тазалығында». «Мүмкін, мереке қар­

саңында қалжыңдағысы келген шығар. Бірақ тұтас халық
нағашысы емес қой. «Әзіл айтсаң әділ айт» деген қазақ­
тың мақалы бар емес пе?»
/«Жас Алаш», 20.03.1994ж./

Екі шал әңгімелесуде.

– Түнде қауындықты біреу таптап кетіпті.

– Студенттер шығар.

– Қайдағы студенттер, іздер адамдікі ғой.

М.Мамытұлы
/«Аруана», 20.05.1994ж./

І тарау. Әдеп әлемі: Талдамалы журналистика
Сонда студенттер адам санатына жатпағаны ма?
Күлкі. Күлкі. Күлкі жайында қаншама тұспал тиым
сөз бар.

«Іріген ауыздан шіріген сөз шығады». «Сөйлей
алмаған, күле білмеген ауыздан бірдеме артық».
«Күліп тұрған бетті жұдырықпен ұрмайды». «Жүзінде
күлкі үйірілмеген адамның сауда дүкенін ашуға құқы

жоқ» /Қытай даналығы/. «Қайғылының көзінше қарқыл­
дап күлме», «Аузының әзілі жоқтың қолында қолшоқ­
пары». «Күлме досқа, келер басқа» /Қазақ/. «Ойын – ар-
зан, күлкі – қымбат» /Абай/. «Көз екі түрлі жағдайда

күледі: иесі қуанғанда және қуланғанда» /Ғаббас Қабыш­
ұлы/.
Бұқаралық ақпарат құралдарында орнын таппаған
сөздер, бір қайнауы ішіндегі сөйлемдер қаншама. Басы-

лымдар мен авторлардың аты-жөндерін жыбырлатпай,
ойымызды дәлелдейік.
«...Егер сіз бақытты болғыңыз келсе, денсаулығыңыз­
дың қадірін білгіңіз келсе, көп бас қатырмай Көкеевтің

кітабын алыңыз» /Газеттен/.
«Көп бас қатырмай» (?)
«Бір қызығы, бұл ірі көкөніс ешқандай жасанды
қоспалар мен тыңайтқыштардың көмегінсіз өсіп шыққан

екен» /Газеттен/.
«Көмегінсіз» (?)
«... Тасқын қасиетті өліммен көз жұмғанын білеміз.
Кетерінде бір ауыз ескертпеді ме?

–Жоқ, ескертпеді... Жүрегі түнгі сағат үште тоқтаған

екен /.../.
Расымен де, қасиетті өлім ғой. Өзінің де жаны қинал­
ған жоқ, бізді де қинамады . /Газеттен/.
Не дейді?

«Қазақстанда ақпарат алу қаншалықты қиын болса,
Грузияда соншалықты оңай».
Не дейді?
«– Айбат Жақсылықұлы, білетін адамдар сізді текті

Үмбетбай Уайдин
теміржолшылардың отбасынан шыққан деп сендіре­
ді...»
«Текті теміржолшы» (?)

«Осындай игі жұмыстардың нәтижесінде далада босқа
жанып тұрған газ алаулары ауыздықталды».
«Ауыздықталды» (?)
«Бейбіттің адамгершілігіне ғашықпын».

«Адамгершілігіне ғашықпын» (?)
Тәнтімін, қызығамын десе ше?
«Нұрбақыт бәрімізді бақытты етті».
«Нұрбақыт бәрімізді қуанышқа бөледі». «Нұрбақыт

бәрімізді қуантып, төбемізді көкке жеткізді» десек ше?
«Жалғыздың шаңы шықпас» /Бас тақырып/.
Солай ма? «Жалғыздың үні шықпас, жаяудың шаңы
шықпас» емес пе?

«Ұмыт қалған қазақ жауынгері» /Бас тақырып/.
Ұмыт қалған ба, әлде ұмыт болған, ұмытылған ба?
Радио: «Алматыда таңғы сағат – 11».
«Таңғы сағат – 11» (?) 11 дегеніміз сәске түс емес пе?

«Дүлей жаңбыр екі елді мекенге шығын әкелді».
«Дүлей жаңбыр»? «Толассыз жауған жауын-шашын
шығын әкелді» десек ше?
«Иті иесіне тартқан. Үруді білмейтін бір керемет».

Ал, керек болса!
«Біз /.../ әлі жиырмаға да толмаған жас мемлекетпіз».
Қалай жас мемлекетпіз?!
«Орыстың бір ғұламасы «Россия менсіз күнін көрер-

ау, мен Россиясыз бір күн де өмір сүре алмас едім депті
ғой».

І тарау. Әдеп әлемі: Талдамалы журналистика Олай емес. «Россия менсіз-ақ күн көрер-ау, ал менің Россиясыз күнім қараң ғой». /И.С.Тургенев/ Радио: «көкейіңіздегі сұрақтарды қойыңыз». «Көкейіңіздегі» (?) «Өзіңізді мазалап жүрген», немесе «көптен ойыңызда жүрген» десек ше? Радио: «Сұрағыңызға рахмет». «Орынды сұрақ екен, жауап беруге тырысайық» десек ше? «Альпинистер Амангелдінің басына шықты» /Бас тақырып/. Амангелдінің басына емес, Амангелді атымен аталатын шыңның төбесіне шыққан шығар? Радио: «Дәл қазір Астанада аздаған қар жауып тұр». «Қазір Астанада қар қылаулап тұр» десек ше? «Жаңа жылда тың лек келді» /Бас тақырып/. «Тың лек» (?) Радио: «Кілемдегі суретке ғашық болып...» Кім кілемдегі суретке ғашық болады? Радио: «Жолаушылардың арасында жүкті әйел де бар...» «Жүкті әйел» (?) «Жолаушылардың арасында аяғы ауыр немесе екіқабат әйел де бар екен» деп өңдесек ше? «Қыстың күні қалада да, ауылда да үйдің жылуы үлкен бір әңгіме». «Үлкен бір әңгіме» (?) «Мәңгі бойдақ болып өткен Шерлок Холмс пен Иммануил Канттың ізбасарлары». «Мәңгі бойдақ» (?) «Мәңгі бойдағы» қалай? Өмір бойы шығар? Әлде өмір бақи?

Үмбетбай Уайдин
«...Сонда Энгельстың риза болғанын көрсеңіз. «Дұрыс
істедіңіз, бауырым. Бұндай иттерді осылай жазалау ке-
рек» деп күректей алақанын иығыма салды».

«Иттер»? «Жазалау»?
Радио: «Тоғыз жасында қобызға ғашық болып...»
«Ғашық болып» (?) Қызықты, құмар болды, құмартты,
үйір болды десек ше?

«Қайтыс болған әйелдің сүйегі аулаға шығарылды.
Бала-шағалар дауыс шығарып жылай бастады. Молда
«айқайламаңдар!» деп тиып тастады».
«Айқайламаңдар» (?) «Сабыр сақтаңыздар» десе ше?

Радио: «Әр заманның тұсында бір сұрқылтай де-
ген...»
«Әр ханның тұсында бір сұрқылтай» емес пе?
Радио: «Абай атамыздан асқан құсбегі болмаған.»/

Абай атамыздан асқан ақын жоқ» десек бір жөн, асқан
құсбегі неге болмасын/.
Астананы күлкіге көмген әзіл. КВН» /Бас тақырып/.
«Күлкіге көмген» дейді? «Әзіл-қалжыңға бөлеген»,

«күлкімен тербеткен» десе ше?
«Көшеде кездесіп қалып», «мынаны қараңызшы» деп
баласына нұсқады».
«Нұсқады» (?)

Мағынасы жақын болғанымен «көп», «мол» сөзде­
рінің өз қолданыс аясы бар. Қайсысы дұрыс: көп пішіл­
ген көйлек пе, мол пішілген көйлек пе? Жазушылар
Одағы үйіне мол қаламгер жиналды дегеніміз дұ­рыс па,

болмаса көп қаламгер жиналды дегеніміз дұрыс па?
«Көп» сөзі тұрған сөйлемдегі көптік жалғауы – лар, лер,
дар, дер жайында не айтамыз? Көптеген адам жиналды,
көп адам сөйледі деудің орынына көп адамдар жиналды,

көптеген адамдар сөйледі дейміз. Дұрысы қайсы?

І тарау. Әдеп әлемі: Талдамалы журналистика
«... Кеттім мен кешіп белшемнен,
Төгіліп жатқан маржанды.
Мөлдірлік деген өлшеммен,

Бағалау үшін бар жанды».
«Белшеден кешу» (?) Терең, тайыздығына қарай су
тізеден, белуардан келеді. Бойлайды, бойламайды. Бел-
шеден батады.«Кеттім мен кешіп белшемненді» қалай

түсінеміз?
Халық қалай дейді? – «Баламен балаша сөйлес». Де-
мек, әдепті әке: «Неменеге ырылдап қалдың? Құрт
қараңды!» деп ақырып-бақырмайды.

Әр адамның өз ой-өрісі, өнері, қабілеті, дарын-та­
ланты, ақыл-парасатының өлшем-деңгейі бар. Бұлар қа­
лай бағаланып келеді? «Жақсының жақсылығын айт –
нұры тасысынның» өлшем-нормалары сақталып жүр дей

аламыз ба?
«Біз жақсылықты қолпаштап жүріп, жамандыққа да
жол ашып беретінімізді ескере бермейміз».
Ф.Ницше

«Қыранға айтар теңеуді көрінген құсқа тели беретін
болдық».
Ғабит Мүсірепов
«... Сөз қадірін бағаламай, жақсы сөздерді оңды-

солды бората беретін орынсыз жомарттық та сөз
білмеудің бір түрі».
Ілияс Омаров
Біз сөз әдебі мен сөз қолданысы өлшемінің о жақ-бұ

жағынан келдік. «Жаңылыспайтын жақ, шалыс баспай-
тын тұяқ жоқ.» Артық-ауыс сөз, жаңсақ пікір қалам
ұстайтын, ұстамайтындардың қай-қайсысының да жаз­
ған-сызғандарында кездеседі. Өзімізден де табылады.

Алайда, кем-кетікті мойындау бар да, «газеттің өзі бір

Үмбетбай Уайдин
күндік, сөзі мың күндікті» жадымыздан шығармау неме-
се жауапкершілік деген де бар ғой. Жауапкершіліктің бір
қайырлысы – «біліп жазу, сүйіп жазу».

Ғабиден Мұстафин
«Басылым басшысына тартады» /Газеттен/.
Не түсіндік?
«Сөз өнерінің дертіне шалдыққан Нұрпейісов әр

сөзіне асқан жауапкершілікпен қарайды».
Дархан Қыдырәлі
/Әбдіжәміл әлемі. «ҚӘ», 16.10.2009 ж./
«Мен өз жазғандарыма қараған сайын түзете бергім,

түзете бергім келеді де тұрады. Тіпті бөтен кітап оқып
отырсам да үстінен редакциялап жібергім келіп, қолым
қышып тұрады».
Әлібек Асқаров

/«Алматы Ақшамы», 29 қараша, 2007ж./
«Түзете бергім, түзете бергім келеді де тұрады» дей­
ді? Жазу өнеріне деген сол адалдық, жауапкер­шілігінен
ғой, бұл автор «Өр Алтай мен қайтейін биі­гіңді» деп ата-

латын хикаятын 6 жылдай жазған /1988-1994 ж.ж./.

І тарау. Әдеп әлемі: Талдамалы журналистика
Тапсырма
Тақырыпқа қатысты мына сөздер мен ой орам­да­
рының мән-мағынасын ашып, талдайық.

Сөз аузыңнан шыққанша – өзіңдікі, шыққаннан кейін

– өзгенікі.

/Армян халық даналығы/
Мың сөз ойлап тауып, бір сөз таңдап алу қандай
қиямет-қайым.
Лев Толстой

* * *
Өткір сөздің оттығы болады,
Іскердің шоқтығы болады,
Әдепсіздің боқтығы болады.

/Қазақ халық даналығы/
Адамның бұзылуы оның тілінің шұбарлануынан бас­
талады.
Д.Дидро

Әкең өлсін...
Қазір бүлдіршіндер тілді теледидардан үйренеді.
Тәрбиені сол жәшіктің ішіндегі атыс-шабыс, айтыс-
тартыс, көргенсіз қылықтардан алады.

Сол теледидардан өзгелерге еліктеп, еркін сөйлеген
болып қисалаңдап тұратын іні-қарындастарымыз тіл
шұбарлап қана қоймай, салт-дәстүрді өзгертіп, мақал-
мәтелді бұрмалап, сөз мағынасын өзгертіп әуре. Сол

қисық қылықтардың қайталана беруіне қарағанда, шама-
сы, ол хабарларды талқылап, кемшіліктерін көрсетіп
көзге шұқып жатқан ешкім жоқ-ау деген ойға келесіз.
Журналистер «арқасында, нәтижесінде» деген сөздер­

ді «салдарынан, кесірінен» сөздерімен ауыстырып алға­
лы қашан...

Үмбетбай Уайдин
Мысалы: «Осының арқасында кемшіліктерге жол
беріл­ді», «Соның салдарынан осындай табысқа жетіп от-
ырмыз», – дегендерге құлақ үйренді.

Бір ініміз: «Дүкеннің сөрелері шар домалатқандай
бос», – деп соғып тұр /Хоть шаром покати/. Осы жерде
халықтың «жылан жалағандай» деген тіркесі сұранып
тұрған жоқ па? Өткенде бір хабарға қатысқан қарын­

дасымыздың: «Әкең өлсін, әкеңді көрген өлмесін» деген
сөзін естігенде жағамды ұстадым.
Қазақтың мақалы қашан «Әкең өлсін!» – деп қарғап
еді? Дұрысы: «Әкең өлсе өлсін, әкеңнің көзін көргендер

өлмесін» емес пе? Тағдырдың бұйрығына шара жоқ, әкең
өлгенмен, сол әкеңді жоқтатпауға тырысатын заманда-
стары аман болсын деген періште тілек емес пе?
Бүйтіп көз жұма қарасақ, мемлекеттік тіл деп атала-

тын, орысша мен қазақшаның арасында дүбәра тілдің
пайда болмауына кім кепіл?
Қонысбай Әбіл.
/«Егемен Қазақстан», 31.01.2007 ж./

Жаңа қазақтардың жиналысын көріп пе едіңіз?
Товарищи... то есть, дамы... а-а-а... извините, ханым-
дар и мырзалар! Бүгінгі собраниеміздің повестке дня­
сын­дағы вопрос біреу: «Ұжымдағы государственный

язык­тың жағдайы туралы».
Докладчик мен өзім, то есть ұжымның басшысы Боль-
шевиков Жаңақазақ Коммунистович.
Да, ханымдар и мырзалар! Я сразу могу сказать, что

бізде гос язык жақсы развивается. Например? Я сам не-
сколько лет назад қазақша білмедім. Теперь сами видите,
даже қазақша доклад жасап тұрмын. Но бізде немножко
кемшіліктер бар. Например, іс қағаздары еще на русском

нетіп жатыр. Мен ойлайм, бұл вопросты переводчик
алып неғыламыз... І-і...шешеміз.
В прошлом году бізге бюджеттен көп ақша бөлінді.
Госязык үйрену үшін. Год оқыдық. В результате, вот

І тарау. Әдеп әлемі: Талдамалы журналистика
Шүлдірбай Мәңгүртович пять слов, Орыскүл Шалақа­
зақов­на десять слов үйренді. Молодцы! Біз на этом же
собрании оларға денежный премия береміз. Подойдите,

пожалуйста? Шүлдірбай Мәңгүртович. Вот вам Орыскүл
Шалақазақовна, десять тысяч теңге. Спасибо... То есть
коп-коп рахмет вам. Біз еще раз газетке береміз, мақтап.
Ханымдар мен мырзалар! Давайте қазақша сөйлеңдер.

А то совсем скоро бәрі госязыкке өтет, тогда қиын болат.
Вообще, біз почему изучаем только госязык-ты? Ведь ел-
басы сказал же, развивать всех языков, пусть и бізде де
звучат многоголосье языков. Госязыкке преимущество

беру дурыс емес...
Ну, ханымдар мен мырзалар, сіздер мені конечно из-
вините, на этом собраниені аяқтаймын. А то жұмыс
қалып кетет. А, айтпақшы, чуть не забыл, Гәлдүргүл

Сақаубаевна, я вас очень прошу, осы собраниенін прото-
колын писать не госязыке? Ничего страшнего, орысша
тілде жазыңыз! Ведь в акимате тоже білмейді қазақ­
шаны, оларға и так удобно даже.

Әбдісәли Дәулетбаев
/«Жас Алаш» №7, 25.01.2007ж./

7-тақырып. Сыр-сұхбат және кәсіби әдеп
Ақылды болғың келсе, есті сұрақтар
қоюға, мұқият тыңдауға, сабырлы жа­уап
беруге және айтарың болмаса үнде­меуге

үйрен.
И. Лафатер
Журналист – педагог-тәрбиеші. Ол ойдың, тәртіптің,
білік-білімнің адамы, шешендік өнер, бүкіладамзаттық

мәдениетті бойына жинаған интеллект, эстет.
Журналист – психолог. Ол адамдардың ішкі әлемін
көзқарастан, қас-қабақтан, дауыстан таниды.
Журналист небір күрмеуі қиын, күрделі мәселелерден

білік-білімімен, әдебімен, дипломатиямен оңай жол тау-
ып шығып кететін ақыл-парасат иесі.
Жақсы журналист – принциптің адамы. Ұстанымы
мықты журналист «мейлі, солай болса солай-ақ болсын»

деп, оп-оңай жығыла салмайды. Қандай жағдайда да
оның сөзі «айтқаным – айтқан».
Журналист қай жерде қалай жүріп-тұрады? Адамдар-
мен сыр-сұхбат, әңгіме-дүкен барысында өзін қалай ұс­

тайды? Оның бұл қыры адамдармен сыр-сұхбат, әңгіме-
дүкен барысында айқын байқалады.
Сонымен, сыр-сұхабт, әңгіме-дүкен барысында жур-
налист өзін қалай ұстайды? Бұл мәселеде журналистке

қойылатын шарт-талаптар қандай? Еске түсірейік.
Әдепті, білікті журналист халықтың алдында екі қо­
лын қалтасына салып немесе шалқайып, қайқайып, тал-
тайып отырмайды. Баламен балаша, данамен данаша

сөй­леседі.

І тарау. Әдеп әлемі: Талдамалы журналистика Әдепті, мәдениетті журналист беторамалын әлсінәлсін мұрынына қатынатып, ысқырып-пысқырып отырып әңгіме айтпайды. Қалта телефонын уақытша сөн­ діріп қояды. Алдынала дайындап барған сауал-сұ­рақ­тарын әңгімеге қатысушыға біртіндеп жеткізіп, жылы жүзбен жауабын күтеді, сөзді ретсіз бөлмейді. Қабақ түйіп, «Сіз не айтып кеттіңіз аяғында» дегендей... ыңғай білдір­ мейді. Әңгіме барысында әлдене есіне түсіп, анық­та­ғысы келсе, оң қолын сәл қозғап, сұқ саусағын жоғары қаратады. Бұл «кешіріңіз, сөзіңізді бөлейін» деген ишара. Әңгіме-дүкеннің ажары ақжарқын сырласу. «Ақжар­ қын» дегенде, әрине, әңгімені алақалжыңға айналдыруға болмайды. Сыр-сұхбат, әңгіме-дүкеннің ажары – еркін, ақжарқын сырласу, ал шырқын бұзатын – жасандылық және ала­ қал­жың. Жасандылық деп отырғанымыз, кәдімгі тақылдап, мақалдап, мәтелдеп, жұтынып, суырылып өтірік шешенсу. Сонымен сұрақ қоя білеміз бе? Әңгімелесе білеміз бе? Әрқалай. Кеуде керіп, қыр көрсетуден сақтан. Өйткені, Тәңір тәкаппарды жек көреді /Мұхаммед пайғамбардың хадис­ терінен/. Қазіргі бұқаралық ақпарат құралдарында көзге көбі­ рек түсетін жанр – интервью /сыр-сұхбат/. Мазмұнды, қызық, тартымды, танымдық-тағылымдық мән-мағынасы терең сыр-сұхбаттар жайында әңгіме қозғала бастаса Совет Мазғұтов, Сағат Әшімбаев, Сұл­ тан Оразалиндердің есімдерін ешкім айналып өтпейді. Орынды. Қазіргіні айтсақ, өздерін ұстау мәдениеті, қой­ ған сауал-сұрақтары болсын – Нұртілеу Иманғалиұлы, Дана Нұржігіттер де көпшіліктің аузында. Бұл жанрда кейінгі толқын өкілдерінен тележурналист Қасым Аманжол жақсы көрінді. Сондай-ақ Кәмшат Мәсімжанова, Мұрат Есжан, Нәзира Бердалының да хабарлары оқыр­ ман-көрерменнің жылы ілтипатына ие. Оларды оқырман,

Үмбетбай Уайдин
көрермен басылымдардан іздейді, теледидардан күтеді.
Іздеген, күткен қандай жақсы!
Сыр-сұхбат жүргізетін журналистердің атына орынды

сын-ескертпелер де аз емес. Кідіре кетейік.
«...Осы біз елге сауал қойғанда журналистік әдеп­тілікті
сақтап жүрміз бе?» «...Жасанды сөздерімен нешеме
құбыл­тып сауал қоямын деп, айтар ойы күңгірт тартып,

айдалаға лағып кететін, өзін кербез ұстап кер­дең­дейтін
журналистер де бар».
Өтеш Қырғызбай
/Тілші тергеуші емес.

«Алматы ақшамы», 31.02.2011 ж./
«...Кейбірі тіпті сөз етуге тұрмайтын ұсақ-түйектер.
Мәселен, «Ертеңгісін қандай тамақ ішесіз?», «Гольф ой-
найсыз ба?», «Сахнаға киетін киімді қалай дайындай-

сыз?» және т.б.»
Нұрдаулет Ақыш
/Дүниенің тірегі әншілер ме?
«Ана тілі», №19, 2011 жыл/.

«...Жұрт түсінсін, түсінбесін, тойларды қазір жаппай
эстрада жаулап алған. Үлкен де, кіші де сол айқайды
тыңдап отырады. Ол тойдан бір адам баталы сөз, ұлттық
ойды оятатын сөз тыңдамайды».

Ақұштап Бақтыгереева
/«Айқын», 30 қараша, 2007 ж./
Бұл авторлар әрине, қазіргі қазақ журналистикасында­
ғы интервью жанрының әттегенай­ларына бекер алаң­

даушылық білдірмеген болса керек. Сонда ол «әттеген­
ай­лардың» себеп-салдары неден?
Себеп-салдар көп. Олар: біліксіздік, білімсіздік, тәжі­
ри­бесіздік, мінез қайшылығы және... журналисти­каға

басқа кәсіп мамандарының түрлі себептермен баса-
көктеп еніп кетуі. Тағы да баспасөзге жүгінейік.
«...Қазіргі Қазақстанның жағдайын қарап отырсам,
кәсіби емес мамандардың, яғни эстрада, спорт жұлдыз­

дарының эфирге шығып кетуінен сөздің қадірін қашыр­
ғанын байқау қиын емес. Өздері сұхбат алып отырған

І тарау. Әдеп әлемі: Талдамалы журналистика
кісілерінен деңгейінің көп төмендігі қойған сұрақтан
ғана емес, сөйлеуінен көрініп тұрады»
Бекжан Әшірбеков

/Тарихтың бетін жаба салу оңай, қайта ашу қиын.
«Айқын», 30.04.2011 ж./.
Әдеп, әдептілік өлшемдері, талаптар қатыспайтын
кәсіп, мамандық жоқ. Медицина ше?

«...Үшінші шарт – адамдармен, науқастармен тіл та-
бысып сөйлесе білуі, қарым-қатынас мәдениеті, айталық,
науқастың
диагнозын

барынша
сыпайы
жеткізуі,
көңіліне қарауы, яғни дәрігерлік дипломатияны игеруі.

Төртіншіден...
Бесіншіден...»
Айқын Ақанов – Қорған Аманжол
/Сұхбат. «Егемен Қазақстан», 26.04.2011 ж./

Кәсіби журналистикада да, негізінен, осы әдеп
өлшемдері, осы талаптар.
Әр адам – құпия-құлып. Кілті сәйкес келмесе құлып,
құпия өздігінен ашыла ма? Журналист шеберлігінің бір

қыры сол адамдар құпиясын ашып, танымдық-тағы­
лымдық құндылықтарды қалың жұртшылыққа жеткізе
білуінде ғой. Әр адам ішінде бұғып жатқан құпия
құндылықтарды журналист сонда қандай әдіс – тәсілдер­

мен сыртқа шығара алады? Оны, әрине, әр журналистің
такт, тактика, дипломатиясы – ішкі мәдениеті, шеберлігі
біледі.
Ақылды, әдепті, білімдар журналистер адамдармен

әңгімелесе біледі. Қай жас, қай жыныс, қандай маман­
дық-кәсіптің адамы болсын – олардың алдына бірі біріне
онша ұқсамайтын, бірі бірін қайталамайтын сауал-
сұрақтармен, яғни жан-жақты дайындықпен барады.

Абатбай Кірқабақов сондай журналист. Оның «Үш
қиян» баспасынан жарық көрген /2009 ж./ «Тіршілік
толғауы» атты кітабы өлең, аударма, толғаныстардан
және жиырмаға тарта адамдармен жүргізген сыр-сұхбат­

тардан жинақталған. Сыр-сұхбатқа қатысқандар кәсіп-
мамандық, мінез-құлық, жаратылыс-табиғаты жағынан

Үмбетбай Уайдин
бірі біріне ұқсамайды. Кілең жайсаңдар. Бәрі де ағынан
жарылып сөйлейді. Олар өмірде бар, өмірде жоқ ақын-
жазушылар Мұзафар Әлімбаев, Қалтай Мұхамеджанов,

Фариза Оңғарсынова, Қадыр Мырзалиев, Герольд Бель-
гер, Жұмабай Тәшеновтың жары Райса Күлшіманова,
Сағи Жиенбаевтың жары Өзипа Әсембайқызы, Төлеген
Айбергеновтың жары Үрниса Төлегенова, Смағүл Елу-

бай. Олар өнер мен ғылымның әр саласының өкілдері –
академик Әбдірахман Нұрлыбаев, Шәдібай Абдоллаев,
Төрегелді Шарманов, Николай Беклемишов, Әлмағамбет
Дайыров, Ханиса Сәтбаева, Жағда Бабалықұлы, Жеткер-

ген Арзықұлов, Сахи Романов, Ермек Серкебаев, Жұма­
бай Медетбаев, Әбілсейіт Айханов, Тимур Сегізбаев, Ба-
уыржан Ибрагимов.
Абатбайдың қызмет орны «Денсаулық» журналының

редакциясы. Сондай ретпен деп түсіндік, сыр-сұхбат ба-
рысында ол кімге қандай сауал – сұрақ қойса да медици-
наны айналып өтпейді. Мінекей.
«...Өз денсаулығыңызды бұрын қалай күттіңіз, қазір

қалай күтініп жүрсіз?» /Жасы тоқсанды алқымдаған
Мұзафар Әлімбаев ағаға қаратып қойылған сұрақ/.
«...Адам баласы өмірге келгеннен кейін, әрине, сау-
саламат, әрі ұзақ жасағысы келеді. Осыған орай сіз

ұстанған принциптер қандай?» /Ақын Фариза Оңғарсы­
новаға қаратып қойылған сұрақ/.
«Денсаулық болса көңіл-күй де бар. Осы екеуіне руха-
ни байлықтың тигізер әсері қандай?» /Қадыр Мырзалиев-

ке қаратып қойылған сұрақ/.
«Денсаулық – терең байлық» дейді ғой халқымыз... Өз
денсаулығыңызға қай кезден бастап көңіл бөле баста­
дыңыз?» /Герольд Бельгерге қаратып.../.

«Халқымыздың денсаулығын жақсарту жөнінде көке­
йіңізде жүрген ойлармен бөліссеңіз?» /Медицина ғылым­
да­рының докторы, профессор Шәдібай Абдоллаевқа
қаратып.../

«– Николай Дмитриевич, ұзақ жасаудың қандай-
қандай негізгі субъективті өзгерістері бар?» /Академик
Н.Д. Беклемишевке қаратып.../ т.б.

І тарау. Әдеп әлемі: Талдамалы журналистика
Сұрағына қарай – жауабы. Сұрақтардың ұзын ырғасы
осы бағытта. Ешкім бірін бірі қайталамайды, керісінше
бірін бірі толықтырып отырады.

Бүкіләлемдік медицинада адамзат ашқан, ашып бол­
маған әлі қаншама құпия-сыр жатыр. Құлағымызға ти-
меп еді, қаламдас қатарымыз Смағұл Елубаев пен зайы-
бы Жұмажан екеуі ұзақ уақыт ем қонбаған бір науқаспен

шырмалады. Күндердің күнінде құдай сәтін салып, әлгі
сыры беймәлім сырқаттан олар ақыры ақи-тақи құты­
лады.
Смағұл тоқсаныншы жылдардың ортасында «Пара-

сат» журналында бас редактор болып қызмет атқарып
жүріп, Мюнхендегі «Азаттық» радиосына ауысады. Оған
басты себеп әйелінің қатерлі ісік ауруына шалдығуы.
Дәрігерден дәрігер... Операция столы...

«Операция өте қызық болды. Мен дәлізде күтіп отыр-
дым. Операция небәрі 12 минутқа созылды. Сурет ала-
тын аппарат арқылы ішекке кішкене түтікше жіберді.
Жеңгеңіздің өзі де: «Оны экраннан көріп отырдым»

дейді. Сол бір ішектің қалтарысында жара пайда болған
екен. Жаңағы жараны барды да аппарат тістеп қырқып
алып шықты» дейді. /Сұхбаттан үзінді/.
Сөйтіп, жазушының жұбайы құлан-таза айығып

кетеді. Енді өз жағдайына бұрылайық.
Университеттің соңғы курсында кітап оқыса, көпші­
ліктің ортасында болса шаршайды, жарықты жаратпай-
ды. Дәрігерлер жүйкенің жұқаруынан дейді. Берегірек

келе талып, құлап қалатын жағдайға ұшырайды. Жапон
аппаратының көрсетуі бойынша мида қан толып қалған
/тромба/. Отасыз үміт жоқ. Оған Смағұлдың жүрегі да­
уаламайды. Өзін тыңдайық.

«Чехиядағы бір дәрігерге бардым. Ол Германиядан
алдырған «Жасартушы» деген 150 компоненттен тұра­
тын дәріні маған екі ай бойы құйды. Оның әсері кәдім­
гідей елеулі болды. Жарықтан қорқу, көпшілік жиналған

жерде тез шаршау өзінен өзі кетті».
Қандай қызық мағлұмат. Егер журналист сұхбаттасу­
шыға: «Ертеңгісін қандай тамақ ішесіз?», «Гольф ойнай­

Үмбетбай Уайдин
сызбаға» ұқсас сауал-сұрақтар жаудырса, оқырманға
мұндай мағлұмат жете ме, жетпей ме?
Йодтың емдік қасиетін біреу білсе, біреу білмейді.

Жемсау /зоб/, баспа /ангина/, атеросклероз, жүрек-қан та-
мырлары мен іш аурулары, күйік – бәрі– бәріне бірме-бір
ем «йодты кисель» деп аталатын қоспаны қайсымыз
білеміз? ҚР Ғылым академиясының Қ.И.Сәтбаев атында­

ғы геология институтының зертхана меңгерушісі Әбді­
рахман Нұрлыбаевтың 3 жастағы немересі іші ауырып
ауруханаға түседі. Бірақ, ешқандай дәрі-дәрмек әсер ет-
пей, баланың жағдайы қиындай бастайды. Содан баланы

ауруханадан шығарып үйге әкеліп, «йодты кисельді»
қолданып көреді. Екі күннен кейін бала тәуір боп кетеді
/«Бейқамдық түбімізге жетпесе жарар еді» деп атала-
тын сұхбаттан/.

Автордың сыр-сұхбаттарынан заман, қоғам проблема-
лары мен адамдар тағдырын қозғайтын әңгімелерді де
ұшырастырдық. Қарт қаламгер Мұзафар Әлімбаев аға­
мыздың шығармаларын біршама білгенімізбен тағдыры­

нан бейхабар-тұғынбыз. Әке-шешесінен ерте айырылып-
ты. Бақытсыз балалық шақ. Одан ары: соғыс. Жарақат.
Үш операция столы. Жосалыдағы ұшақ апаты...
Сыр-сұхбаттардан қиянат талаған тағдырларды да

ұшы­растырдық. «Лениндік сыйлыққа ұсынылған Жұма­
бай Тәшеновтің үстінен өз қандастарының бір тобы арыз
түсіріп, жолын байлады. Бұл жағдай адам баласына зәре­
дей де қиянаты жоқ абзал жан Жұмекеңнің жүрегіне жа-

зылмастай жара салып, ол жүрек талмасымен ауруханаға
түсті» /«Мыңнан озған тұлпар»/.
...Журналистің сыр-сұхбат, әңгіме-дүкен үстіндегі
кәсіби әдебі, міне, тағы да алдымыздан шықты.

«...Кім көрінген эфирге шығады да, аузына түскен
сөзді айтып отырады. Көбісінің тілі – шұбар, жұтаң».
«Біз байырғы мәдени-рухани әлемімізді қайта түлет­
кеніміз дұрыс. Оның негізі шешендік өнерде жатыр»

Манап Ахмет – Тоқтарәлі Таңжарық
/Сұхбат. Шешендік пен көсемдік – егіз ұғым.
«ҚӘ», 4.12.2009 ж./.

І тарау. Әдеп әлемі: Талдамалы журналистика Шешендік? Жақсы ой, жақсы ұсыныс. Шешендік бар да, шешенсу, ділмарлық бар да, ділмарсу, батырлық бар да, батырсыну бар ғой. Ақыл бар да, ақылгөйсу және бар. Олай болса, құр босқа лапылдап сөйлей бергеннің несі шешендік? Жо-о-қ, ойы бай адам – шешен. Сөйлеген сөзінің жартысы қазақша, жартысы орысша – екі сөзінің бірі цитат – қаламдастар жоқ па? Қаламгер Абатбай Кірқабақов ондай «сорттан» аулақ! Ол өмір көрген, көп оқыған, жан-жақты дамыған қаламгер. Ол – ақын, ол – жақ­сы аудармашы. Ол – интеллект. Бұл «сапа белгі­лер­ ді» оның барлық жанрдағы шығармаларынан, жеке басы­ ның жүріс-тұрыс мәдение­тінен, байсалды, орнықты қал­пынан байқадық. Демек, оның шешендігі, әлгі айтқан құр тақылдаған, тақпақ­таған шешендік емес. Білімдар­ лық шешендік. Шешендік өнер, екібастан, екінің бірінің пешенесіне жазылмаған қасиет. Журналист тіпті суырылған шешен болмаса да, жақсы сөйлей білуі керек. Білімдар, шешен журналист әңгімесімен, әдебімен кез-келген аудиторияны ұйытып, үйіріп әкетеді. Әдепті, ақылды, жылы жүзді журналист әңгіме-дүкен үстінде әлсін-әлсін өзін алға шығарып, «мен» есімдігін көп айтпайды. Абатбай жүргізген сыр-сұхбаттардан да бірде-бір «мен» көзге түспеді. Әдепті, білікті журналист әңгіме-дүкен барысында сіреспей, қатып-семіп қалмай, өзін еркін ұстайды және әңгімеге қатысып отырған адамның ыңғайына қарай ара-тұра әдемі, жеңіл әзілге де ыңғай табады. Сонда сұх­баттасушы одан сайын ашыла түседі. Әлгінде атыжөні аталған, бұдан біраз уақыт бұрын «Шынның жүзі» хабарын жүргізген Қасым Аманжоловтың және қазіргі жас тележурналист Мейрамгүл Мәдәлінің бойынан осындай кәсіби әдеп байқалады. Қасымның бір ағаттығы, алдын­дағы адамнан көзін айырмайтыны. Бір кездескенде «Қасым, айналайын, хабарларың жақсы, тек көзіңді қарсы алдыңдағы адамға көп қадама, алып кетіп, қайтып кел» деп үлкендігімізді айтқанбыз. Күліп басын изеді.

Үмбетбай Уайдин
Сыр-сұхбат мәселесінде сөз білетін, жөн білетін және
сүйкімді адамдардың жолы болғыш. Сұп-суық бетпен:
«Сізбен сөйлесуге бола ма?», «Сізден интервью алуға

бола ма?» деп, қақиып тұрған журналистке кім «иә»,
«жарайды» деп ыңғайға келе қалады. Ондайлардың ал-
дынан шығатын сөз: «кешірерсіз, асығыспын. Уақытым
да, дайындығым да жоқ». «Кешірерсіз, сіз мені енді көп

мазаламаңыз». Бұл айтылғандар журналист Абатбай
Кірқабақовтан аулақ. Адамдар кодының кілті Абатбай­
дың жан қалтасында.
Абатбай Кірқабақовтың «Тіршілік толғауы» атты

кітабының көлемі 25 баспа табақ. Ал, таралымы – 500
дана. Қаражат тапшылығынан болар, таралым тым жары-
тымсыз. Қаражат көзі табылса бұл рухани дүние тұтас,
не журналистикаға қатысты бөлігі қайта басылып, жур-

налистика қарбаласына енді кірісе бастаған жастардың
қолына тисе, бөтен болмас еді. Біздің байқауымызда
қазіргі журналистикада теориялық әдебиеттер баршы­
лық. Керісінше, бір кездегі «Мен-журналистпін» /Әзіл­

хан Нұршайықов/, «Жол үстінде журналист» /Намазалы
Омашев/, «Қазақ радиодраматургиясы» /Темірғали Көп­
баев/ сынды танымдық-тағылымдық әдебиеттер көзге
көп түспей кетті.

І тарау. Әдеп әлемі: Талдамалы журналистика
Тапсырма
Сөйлем қалай құрылған?
«... Ауылда екі қолы алдына сыймай жүрген жасы мен

жасамысы, кәртемішіне (?) дейін түгел ағылатын...» «Өзі
жоқтың көзі жоқ», сүйегі баяғыда шіріп (?) кеткен
қайраткердің атын жамыл да, «ақшаны күрей бер»
Алмас Нүсіп.

/Қазаннан қақпақ кетсе...
«Жас қазақ», 29.04.2013 ж/.
«... Алапат көшкіндер тек адамдарды ғана емес үйір-
үйірімен жортып жүретін қасқыр екеш қасқырларға

шейін (?) басып қалып, олар да қардың астында жан
тапсырады» (?).
«Үйір-үйір қасқырды» қалай түсінеміз? Үйір-үйір
жылқы, қора-қора қой деген сияқты тұрақты тіркестер

бар емес пе еді? «Қалың қардың астында жан тапсырды»
ма, жоқ «қалың қардың астында көміліп қалды» ма?
«...Қоңыр үнімен баппен сөйлеп тұрған асабамыз күл­
кі­лі әңгімелерге (анекдот) үйірлеу екен. Бірден халықты

қыран-топан күлкіге кенелтейін десе керек, жұртшы­
лықтың аяғынан сарсылып, тойдың басталуын күткен екі
үш сағаты уһ дегенде әрең өтіп, тиісті-тиісті орындарына
отырып, астан ала бастағандары сол еді, естір құлаққа да

ерсілеу анайы анекдоттар зал ішін жайлап кетті.»
«Тиісті-тиісті орындарына отырып» па, жоқ «әркім өз
орнына отырып» па? Қайсысы дұрыс? Сосын зал ішін
анекдоттар қалай жайлайды?

«... Сұхбаттарының түрі: «Үйленгенсіз бе?» «Неше
балаңыз бар?» «Қыздар сізге көп ғашық болды ма?»,
«Зайыбыңыз қызғанбай ма?», «Көлігіңіз қандайдан» әрі
аса алмайтын, түкке керегі жоқ дәйіс (?) сөздер ғана.

Пікір айтайық.
«... Алматыдан Атырауға дейінгі барар жол 35 сағат
30 минутты құрайды.»
Неге барар жол? Екі арасы немесе екі аралық

қашықтық емес пе?

Үмбетбай Уайдин
«Құрайды?»
«... Қызылорда облысында құрылысы жүріп жатқан
мектептің бір қабырғасы опырылып түсті. Айдың күні

аманында осылайша білім ордасы жергілікті жұртты бір
дүрліктірді».
«Айдың күні аманында» ма әлде «айдың, күннің ама-
нында» ма?

Үйдің төбесі опырылып құлап, ортасына түседі.
Қабырға қалай опырылады? Гүрс құлады десек бір сәрі.
Пікір айтайық.
«... Бірде мен Алматы қаласының нақ (?) ортасындағы

бір фотосалонның алдынан «срочное фото» деп жарна-
малап қойғанын көрдім. Сірә, аудармашы ол сөзді «ско-
рый поездбен» шатастырып алса керек. Дұрысы, «шұғыл
фото» боп аударылуға тиіс.»

Не түсіндік?
Халықтың қайғы-қасіретін ойнап отырып жеңіл жазу­
ға болмайды.
Тахауи Ахтанов

Неге?
Мені адалдық, әділеттілік, қарапайымдылық, шынайы
берілгендік сияқты ешқашан өзгермейтін адамгершілік
құндылықтары туралы түсініктің құбылмалы бола бас­

тағаны қатты күйіндіреді.
Өмірбек Байгелді
Неге?
Мен ақшасыз адамды адамсыз ақшадан жақсы көрем.

Фемистокол
Көп ауыз сөйлесе, бір ауыз жоқ болады.
/Қазақ даналығы/
Не түсіндік?

... Бостандық дегеніміз – бас өзімдікі деп бетімен
кетіп, ауыз өзімдікі деп бей-берекет сөйлеу емес,
демократияның әлемге аян өз заңдылықтары бар.
Иманғали Тасмағамбетов

І тарау. Әдеп әлемі: Талдамалы журналистика
...Біздің көпшілігіміз дастарқан басында сұлу сөйлей­
міз. Біздің сол сұлу сөзіміз өмірдегі әртүрлі жағдайларда
үйлесім таппай жатады. Біздің сорымыз содан.

Шынында да...
Дулат Исабеков
Тақырыпқа қатысты әдебиеттер

1. Жәмеңке Жанкүміс. Сөйлесе білу де өнер /«Жас

Алаш», 12.10.2000 ж./ 2. Ғабит Мүсірепов. Журналистік этика жайлы /«Еге-

мен Қазақстан», 31 қазан, 1997 ж./ 3. Теплюк В.М. Журналист ведет беседу. М. МГУ.

«Журналист», серия ІХ. 1958. 4. Шүкірұлы Сабыржан. Дұрыс сөйлеу сөздігі /«Ана

тілі», 02.03.2000 ж./

Дауыс әдебі және т.б. Сөз естіліп тұрсын, естіген сөзің көзіңе көрініп тұрсын. Гиппократ Мәнді сөзді мәнді дыбыс құлпыртады. /Қазақ халық даналығы/ Сөйлемнің де, сөздің де өз әуені бар. Ғабит Мүсірепов Әдеп әлемінің бір үлкен тарауы – дауыс. Адамдар бірбірімен қай жерде қандай дауыспен сөйлеседі? Бармайтын жері, шықпайтын тауы, кездеспейтін адамы жоқ – журналистер ше? «Мәнерлеп, майын тамызып әдемі айтып шықты», «мәнеріне келтіріп оқыды» немесе «сал­дыркүлдір оқып шықты», «зуылдатып айтып шықты» деген сияқтылардың дауыс әдебіне, журналистерге қатысы бар ма? Мәнерлеп сөйлеу, әрине, жалпы талап. Бұл жалпы талап­тың дауысқа қатысты о жақ-бұ жақ әңгімесі қан­ шама. Конфуций «Мәрт азамат мәнерсіз сөйлейді, мәні­

Үмбетбай Уайдин
мен іс тындырады» депті. Философтың бұл сөзі,
біздіңше, «жігіттің жүргенін сұрама, тындырғанын сұра»
деген қазақ даналығымен мағыналас. «Кісінің сөзіне

қарама, тындырған ісіне қара» дегенге де жақындап
қалады.
Дауыс. Дауыс.
Дауыс танимыз ба? Әйел, еркек дауыс; ертек дауыс;

бесік тербеткен «әлди-әлди» дауыс; дүниені көшірген
есек дауыс; салтанатты, қуанышты дауыс /«Әже-е, ата-а,
көкемнен хат келді!»/. Алғыс дауыс /«Көп жаса, көсегең
көгерсін, жаным!»/. Қарғыс дауыс /«Жолың болмасын!»,

«Бала-шағаңның қызығын көрме!»/. Кіжінген, кісімсіген
кіржік мұрын дауыс; кішірейген дауыс /«Құрметті құда,
біздің тараптан бір қателік кетті. Ғафу етіңіз»/. Бала
жұбатқан дауыс /«Сенің ақылың бар ғой. Сен ата, әже ба-

ласы»/. Бала жылатқан дауыс /«Болды, әй, ырылдама.
Өшір үніңді!»/. «Төрем», «кенжем», «шашбаулым» деп
келетін жүзі жайдары жеңге дауыс /«Кенжем, жол соғып
тастаған жоқ па? Не ішесің?»/. Шаршатып тастайтын

шарылдақ, шаң-шұң дауыс; шаршағанды басатын шағала
дауыс; қайтып айналып келіп, қайтып айналып келіп жер
тепкілейтін зірк-зірк дауыс; ауызы бұртиған, дүңкетпе
дауыс /«Өй, кетсінші әрі, мен үшін айлық алып жүр ме»/.

Бұйрық райлы ар-гүр дауыс /«Оңға!», «Солға!». «Өл-
тіріл, осыны орында!», «Тұрыңыздар, сот келе жатыр!»/.
Ұйқы үркітетін үрейлі дауыс /«Жауынгер жайшылықта,
халық ортасында/ бұзаудай момын, жайдары, тыныш бол­

сын. Ал соғысқа кіргенде аш бүркіттей ызаланып, ащы
айғаймен жаудың үрейін ұшыратын болсын.» /Шың­
ғысханның «Ұлы жарғы» – «Великая Яса» заң-жар­ғы­
сынан/. Ит қуғандай ерсі дауыс /«Ай, мына қаңғы мұнда

нағып жүр? Кет, әй, енеңді ұрайын!/.
Дауыс. Дауыс.
Жаны ауырған адамның жан дауысы шығады. Еште-
меге басы ауырмайтын, дүние өртеніп жатсын – қос

қолды қолтыққа тығып, міз бақпай: «маған бәрібір, мне
все равно» дейтін жарықтықтардан қандай дауыс
шығады? Мұны сенің сұрағыңның орайында айтып от-

І тарау. Әдеп әлемі: Талдамалы журналистика
ырмын. Адам жүрген жерде проблема екі есе, үш есе.
Бала жүрген жерде одан да көп. Мектепте анда-санда
бірер мұғалімдердің жан дауысы шығып жатады. Тәртіп

тұрғысынан ондайға мен өзім түсіністікпен қараймын.
Алайда, дауыстың да дауысы бар ғой. «Бізді құдай бүй­
тіп өмір бойы қысып қояр деймісің, біздің де қолы­мызға
қарға тышар» деп келетін өкпелі дауыс; қазір бақы­рып,

қазір басыла қалатын өтпелі дауыс; өңмеңің­нен өтетін
өкпек жел дауыс; анауысы басыла бергенде мынауысы
жалғастырып әкететін «апалы-сіңлілі» дауыс; сиыр
қайыр­ғандай естілетін арқыраған дауыс; даң­ғырлаған,

қаңғырлаған қаңылтыр дауыс; «өй, әкеңді» деп бастала-
тын өкірген өктем дауыс; «жаным-күнімнен» бастау ала-
тын жалынышты дауыс; шаң боратқан шаң­қылдақ дау-
ыс; боғауыз араласқан, жаңғырығы шам сөн­діретін,

есті­ген құлаққа бір түрлі... ауыр дауыс; үй жығатын дау-
ыл дауыс; «айтқан жоқпын ба, айттым ғой, сен жалмауыз
тыңдайсың ба» деп, бұрнағы күні басталып, бүгінге
шейін жалғасып келе жатқан көп сериялы жанжал дауыс.

Әр адам – пенде. Көп қайшылықты жеңілдететін бір
ауыз ақылды сөз. Оған да шүкір.
Дауыс қайдан шығады? Ауыздан. Ауыз жайында не
естіп білдің? Еске түсірейік. Оймақтай ауыз; ашық ауыз;

берекесіз, бейпіл ауыз; дуалы ауыз; жайын ауыз; өкпе
толы бұртиған ауыз; итаяқ ауыз; қыңыр-қырсық ауыз.
Біздің бір білместігіміз, барлық жақсы-жаманды байғұс
ауыздың үстіне үйіп-төгеміз. Ерін ше? Шүртиген ерін;

үлбіреген ерін; түрік ерін; дүрдік ерін; салпы ерін;
кеберсіген, тобарсыған ерін; тілік ерін; қоян жырық ерін.
Болар. Неменеге күлесіңдер?
Адамдар адамдарды сөзінен, көзінен, қас-қабағынан

да, күлкісінен, дауысынан да таниды. Мәселен, «әйел­де­
ріне өтірік айтқанда және олармен телефонмен сөйлес­
кенде ерлердің көбі дауысын жоғарылатуға тырысатын
көрінеді» /«Алаш айнасы», 19.10.2013 ж./.

Қатты дауыс, ақырын дауыс деп жатамыз. Үн, дыбыс,
сыбдыр, сылдыр, сыңғыр, сыбыс, ызың, күбір-сыбыр
ше? Бұлар дауыстың кішірейтілген нұсқасы. «Күшейт­

Үмбетбай Уайдин
кіш» аппаратына қосса бұлар да арыл-гүріл дауыс, ыс­
қыр­ған, ысылдаған дауыс. Әрине, маса-шыбын ысқыр­
майды, ызыңдайды.

Дауыс, дыбысты ажырата алмауымыздың салдарынан
қазіргі басылымдарда қаншама қайшылықтар жүр.
Сыңғырлаған әйбәт дауыс; тауар жыртқандай дар-
дүр дауыс; «құлақтан кіріп бойды алар» ән-жыр дау-

ыс; «ағыл-тегіл» ақыл дауыс /«Адам болу жағын ойлау
керек.» «Үй болу жағын ойлау керек»/. Бақырған бала
дауыс; байғыз дауыс; өз пікірінен басқаны бетбақтыр­
май­тын ұзын өңеш өзеуреген дауыс; іші-бауырыңа

кіріп кететін өзімсінген дауыс; қуланған қитұрқы дау-
ыс; әл бермейтін әңгі дауыс; ашынған ащы дауыс
/«Ашынған­нан шығады ащы даусым». «Жер сату –
иттік!» – «Продать землю – свинство!» Лев Толстой/.

Алыс-жақыннан естілетін азан шақырған дауыс; құран
дауыс; базына да­уыс /«Шай ішіп кетсең қайтеді, мен
ұсынған кеседен». /Ибрагим Исаев/. Базар дауыс; жа-
лынышты жаман дауыс; жасанды жалған дауыс;

жалмаңдаған жарнама дауыс; өкірген өгіз дауыс;
қыңсылаған күшік дауыс; мияулаған мысық дауыс;
қорқынышты қорыл дауыс; шыңыраудан шыққан
шыңғырған дауыс; шекеңді шертетін шіңкілдек дауыс;

көзі кіртиген кіріптар дауыс; әкіреңдеген әкім дауыс;
өкініші өзек өртеген «қап, әттегенай» дауыс; баланың
басынан сипап, көйлегіне құтты болсын айтатын «әй-
әй» дауыс; ауызды ауыз асаған «я тебя люблю» немесе

махаббат дауыс; «сен мынауыңды маған қи» деп,
қиылып отырып алатын қолқа дауыс; «кешеден бері
нәр татқан жоқпын, әкең...» деп, ішіп-жемге қорсыл­
дап қойып кететін қомағай дауыс; қайдағы-жайдағыны

соғып кететін ұйқылы-ояу дауыс; әдепті, әдемі дауыс
/«Пожалуйста, оставьте голосовое сообщение. Ұялы
телефон/. Көкжөтел дауыс; болмашыдан, «боқ жеме-
ден» басталатын ығы-жығы дауыс. Таба дауыс /«Өзіңе

де сол керек. Обалың жоқ!/. Міндетсіген өктем дауыс;
миды жейтін мыжыма дауыс; қабағын түйген қатқыл
дауыс /«Сендер қайда жүрсіңдер, ей? Әйда, тәртіп

І тарау. Әдеп әлемі: Талдамалы журналистика
сақтаңдар/. Жылаңқы балп-балп дауыс /«Таң атқаннан
күн батқанға шейін маған құдайдың тынымы жоқ...
Сылп-сылп...»/. Аузы-мұрынын қисайтып, тілін тісте­

ген мазақ дауыс; тарс-тұрс тапсынған дауыс; уралаған
ұран дауыс; қалжың, қағытпа дауыс /«Қарыныңа қар­
быз тығып алғанбысың, ай»/. Өткен-кеткенді күліп,
күрсініп еске түсіретін естелік дауыс; ауру меңдеткен

әлсіз дауыс. /«...Өнегем... болса тірлігімде көрсете ал-
дым ба, жоқ па? Өсиетім болса... құлағым, тілім ба-
рында айтып болдым ба, жоқ па? Қайтейін!.. Енді
қайтейін!.. Бүгін мынау әлім біткен шағымда не

дәметесіңдер екеуің!.. не күтіп телміресің­дер?..» деді.
Осы сөздерін көп қиналып, ұзақ айтып еді...»
Мұхтар Әуезов
/«Абай жолы», І-кітап, 237 бет/

Зере ананың ақырғы демі. «Екеуің» дегені сүйікті
келіні Ұлжан мен немересі Абай. Қандай дауыс? Арқа-
жарқа? Аха-хау?
«Жау!» «Жау!» «Өрт!» «Өрт!» Бұлар қандай хабар?

Қандай дауыс? Суыт, суық хабар. Жан ұшырған жан да­
уысы.
Қазаны қай жастағы адам қандай дауыспен естіртеді?
Жоқтау?..

Қаратпа сөз: «Айналайын. Айна-а-лайын, жаным сол».
Дауыс?
«Ай, айналайын, басымды ауыртпа. Әйда, қайқай!»
Дауыс? Қалқам, қарағым, шырағым, қарғам, ботам,

қызым, қарындасым, інішек, бауырым. Дауыс?
Ән, әуен, мәтін, мақам, мәнер дейміз бе, айтылуы, ай-
тушысы дейміз бе – дауыстан тарайтын ән-жырдың о
жақ-бұ жағы қаншама? Бұл «қаншаманың» бір қайыр­

лысы – дауыс ырғағы. «Тыңдамаса сөз жетім», «Жібекті
түте алмаған жүн етеді» немесе «ұйып тыңдайды»,
«шыбынның ызыңы естілмейді» деген сияқтылдар айту­
шының немесе оқытушы, мұғалімдердің сөйлеу шебер­

лігіне, шешендігіне қатысты әңгімелер екені белгілі.
Оқытушы дәрісінің қай жерінде көтеріңкі дауыспен, қай

Үмбетбай Уайдин
жерінде төменгі дауыспен сөйлейді – әлгі «ұйып тың­
даудың» бір кілтипаны сонда ғой. «... Мұхаңнан үйрене­
тін көп құбылыстар бар: лирикалық, романтикалық

сезім­дерді бір әуенмен, ашулы, кекті сөзді екінші әуен­
мен, әжуалы-мысқылды басқа ырғақпен айтатын. Дауыс­
тың жоғары-төмендігіне және жылдамдығы мен екпініне
айрықша мән беретін».

Сұлтанғали Садырбайұлы
/«Ұлы ұстаз»/.
Қазіргі ән-әуендерге байланысты жылы сөздер мен сын-
ескертпелердің жиілеп кеткені баршаға аян. Біреуіне

кідірейік. «Жұрт жылауық әннен жалықты. Сүйгеніне жете
алмай ыңырсып, көз жасын төгіп, «жаным» дегенді жетпіс
рет қайталап айтатын әндер қазақ сахнасында соңғы жыл-
дары көбейіп кетті.» «... Әрине, ауызды құр шөппен сүртіп

түк жоқ демейміз. Бар. Мысалы, Ибрагим Ескендірдің
патриоттық әндері жүректерге жетіп жатыр. Роза Әлқожа
шырқап салған әнді жұрт ұйып тыңдайды. Жоқтан құдай
сақтасын. «Қайбір жылы Бейбіт Қорған «Шоқ қыздарын»

айтып еді, барша Қазақстан соны айтты»
Ержан Байтілес
/Ән мен мән. «Егемен Қазақстан», 1.02.2013 ж./.
Әр халық өз ән-жырына қарай да қалыптасады деген

әңгіме құлағымызға тиіп, баспасөзден көзімізге түсті.
«... Қытайдың Сюнь-Цзы деген оқымыстысы «ән-күйі
салмақты, сазды халық ауыз бірлігі мықты, адамгер­
шілігі мол, парасатты болып келеді. Ал, ән-күйі даң­­

ғыр-дұңғыр, адамның есін алып, делебесін қоздырып,
тың­даушыларын желіктіріп тұрса, ондай музыкаға /ән-
күй­ге – М.К./ елтіген ел бірте-бірте кісіліктен, адам­
гершіліктен жұрдай болады, сөйтіп олар жақсылық атау-

лыдан мүлде алыстап, жақсылыққа жат, әркім қара ба-
сын күйтте­геніне, ішіп-жегеніне, күйкілігіне мәз ұлтқа
айналады».
Мырзан Кенжебай

/«Түркістан», 23.05.2013 ж./.

І тарау. Әдеп әлемі: Талдамалы журналистика
Дауысқа байланысты әңгіме неге бұлай ұзап кетті?
Оның себебін айтсақ: білімдар, шешен, сыпайы, дауыста-
ры да жап-жақсы кәсіби журналистер баршылық. Тек...

Тек... Кеңес қоғамы тұсындағы Левитан, Әнуарбек Бай-
жанбаев, Мәмбет Сержанов, Ермек Серкебаев, Олжас
Сүлейменов, Мұқағали Мақатаев, Сауық Жақанова,
Рабиға Аманжолова, Шолпан Байғабылова, Сахи Мырза-

баев, Абай Байтуғаев, Қажы Қорғанов, Құдайберген
Тұрсынов сынды /.../ дикторлар қазір ілуде біреу.
Сабақтастық деген болмаушы ма еді? Көріп, байқап
жүрміз, сол «ілуде біреуден» басқалары қуанышты, сал-

танатты хабарды да, дүниеде болып жатқан түрлі жайсыз
хабарларды да бір дауыспен зуылдатып айтып шығады.
Сосын, «теледидарды ашып қалсаң «ң-ды» айта алмай
тұрған біреу. Кейбіреулер «мын» дейді. Кейде дикторлар

да «ң-ға» тілі келмей қалады.» /Қуандық Түменбай. «Ал-
маты ақшамы», 13.03.2014 ж./. Тағы бір байқағанымыз,
поэзияның бірсыпыра кейінгі өкілдері жап-жақсы өлең­
дерін жылап оқиды. Тайыр Жароков, Сырбай Мәуленов,

Ғафу Қайырбеков, Хамит Ерғалиевтердің өлең оқығанын
көрдік. Олардың өздері де, мінездері де, өлең оқыған­
дағы дауыстары да бір-біріне мүлдем ұқсамайтын. Тайыр
Жароковтың өлең оқығандағы дауыс ырғағы әлі күнге

шейін көзін көргендердің құлағында.
Жаудың зәре-құтын қашырған Левитанның дауысын
кім естіп, кім естімеді: «Говорит Москва, говорит Мо-
сква. Передаем сообщения ТАСС...»

Байжанбаев: «Алматыдан сөйлеп тұрмыз...»
Айналып келгенде, дауыс өнері әннің де, әншінің де,
журналистиканың да мерей-шырайы ғой. Олай болса...
...Айтпақшы, «Ана тілі» газетінің бетінен /31 қазан,

2013 ж./ «Көркем сөз оқу шеберлері» деген бас тақы­
рыпқа көзіміз түсіп, ішіміз жылып қалды. Әлгі «олай
болсаның» бір тұспалы осы еді.
Бәрекелді, нәтижесі қолшапалақ болғай.

Үмбетбай Уайдин Тапсырма Қазіргі қазақ әндері * * * Ой-пікір аясы: Әуен – мәтін – мақам – дауыс. Жауап ауызша, жазбаша. * * * ... Айналайын көзіңнен ашып-жұмған. /!/ * * * Сұлуым, сұлуым, сұлуым-ай, Жаныңа жақындап барғанымда Жүректің сағатша соғуын-ай. /!/ * * * Ұстараның жүзіндей Аударылған дүние-ай. /!/ * * * Өңірінде қос жұлдыз, Көктен түсті көркем қыз. Көркем қызға мән бермей, /?/ Жүруші едік көптен біз. Десем енді кездесіп: – Құттықтаймын өңірін. Көктен түскен көркем қыз Бөлер ме екен көңілін? * * * ... Бір шеті көрпем қалды түрілмеген. Өйткені, сені ойладым түніменен. /!/ * * * ... Оның бәрін аз десең, Жан беруге әзірмін, Сен аман бол, сен аман бол немерем. /!/

І тарау. Әдеп әлемі: Талдамалы журналистика * * * Бойжеткен, Бойжеткен, Сен асықпа. Көзің нұрлы неткен? /?/ Секілдісің сұлу көктем. Бойжеткен, Өзіңмен бірге болайыншы? * * * ... Әңгімесі ауылдың, Жеңешемнің мінезі. Ағайынның, бауырдың – Сәні бір өзі. /!/ * * * ... Тәттім-ай, Тәттім-ай, Өзіңді әрең таптым-ай. /!/ * * * ... Қуанта бер жаным, Ел-жұртыңның бәрін, Жа-а-ным.

/?/ * * * ... Хат жазып тұр, Хат жазып тұр, Басқа ойды таста да. /+/ * * * ... Төмен қарап сен қасымнан өткенде Төмен қарап сен қасымнан өткенде... /!/ * * * ... Жа-а-ным, Жа-а-ным,

Үмбетбай Уайдин Ойланып қадам басамын, Көңілдің сырын ашамын. Жа-а-ным, Замана мынау желқайық – /?/ Шын сүйсең оның несі айып? * * * ... Көрінесің алыстан сағым болып. ... Сүйемін деп жар саламын. Саған қашан жетемін аңсағаным? /?/ * * * ... Сен мені ұмыттың ба, жаным? Мен сені жақсы көрем. /?/ Сен мені ұмыттың ба, жаным? Мен сені жақсы көрем. * * * ... Жаным, сен кейде сағымсың. Жаным... /?/ * * * ... Су ағады арықтан, Қыз қарайды жабықтан. /!/ Сүйер едім бетіңнен, Ұяламын халықтан. * * * ... Жасыл бағым-ау, Асыл жарым-ау, ... Аяулым-ай, Қолыңды берші, Жүзік салайын. Жаныма келші, Алқа тағайын. /?/ * * * ... Сенсіз өмір сүре алмаймын, Сән-салтанат құра алмаймын. /?/

І тарау. Әдеп әлемі: Талдамалы журналистика Найн, найн... Найн... найн... * * * ... Сені сүйем, Сені сүйем, Сені сүйем. Тағдырыма ризамын Сол үшін. /?/ * * * ... Ауырмайды жүрек, Сүйем деген сөзің болмаса. Ауырмайды жүрек, /?/ Сүйем деген сөзің болмаса. /Түсінбедік. Жүрек сонда сүйем деген сөз болса ауыра ма, әлде болмаса ауыра ма?/ * * * ... Қолыңды созшы, Бағыма қоншы, аяулым. /?/ * * * Сендей адам Жалғыз. Жалғыз! /?/ * * * ... Махаббат толы жүрегім, Күйіп-жанып барады. /?/ * * * Өзіңдей ару жоқ қалада, Өзіңдей ару жоқ далада. /?/ * * * Бақыты бол, Бақыты бол, Бақыты бол махаббаттың. /?/

Үмбетбай Уайдин * * * Алтындайын айдарлым, Жарқылдаған жайдарлым, Мен өзіңді, Мен өзіңді, Мен өзіңді таңдадым. /?/ * * * ... Аяулым, Мен мындамын. /?/ * * * ... Сені ойлаумен өтеді уақыт. Өзіңнен жаным табамын бақыт. Қайдасың, қайда, қайда Аяулым менің? /?/ * * * Оралшы махаббат, Оралшы маған махаббат. Ләззатқа мас болып, Ұйықтап қалыппын. Білмеймін не боларын? /?/ * * * Болса да көңілің басқада Қайтерін білмей, Жа-а-ным. /?/ * * * Махаббаттың Махаббаттың, Нұрын шашып сезімменен, Сағынамын сені, Жа-а-ным. /?/ * * * Ардақтаймын сені Алтын ардағым.

І тарау. Әдеп әлемі: Талдамалы журналистика Менің ғашығым. Жел үркіткен самалдай. /?/ * * * Жаныма маза бермейді, Махаббат деген бір әлем. /?/ * * * ... Қараймын көк жиекке күнде тұрып, Артымда анам келе жатқандайын. /!/ * * * Келем деші күнім, Келем деші бүгін. Шын бақыттың гүлін Берші маған бүгін. Келем деші ертең... /+/ * * * Ұнатамын сені, Күтемін тек сені, Ардағым. /?/ * * * Сағындым, сағындым, сағындым. /?/ * * * ... Арманым менің, Ардағым менің. /?/ * * * Көзің – арай, Сөзің балдай. Ұмыттың сен Мені қалай? /?/ * * * Қайдасың сен аяулым? Сағындым сені,

Үмбетбай Уайдин Аялашы мені Жан-е-м, Жан-е-м. /?/ * * * Сағынамын сені, Сағынамын. Аңсайды жүрек Сезімменен бір сені. /?/ * * * Мен сені сағындым ғой, Мен сені сағындым ғой, Қайда жүрсің, жа-а-а-ным? /?/ * * * Айтшы, қашан келесің Махаббатым мәңгілік, Аққу болып? /?/ * * * Шыдау керек өмірде, Ауырға да жеңілге, Менің жарқын достарым. /+/ Сұрақ: Үзінділер қандай әндердің мәтінінен? Авторлары? Әсер? Пікір? Мәтіндер тұсындағы белгілер: Леп белгісі /!/ – Бәрекелді! Қосу белгісі /+/ – Жарайды. Сұрақ белгісі /?/ – Түсінбедік.

І тарау. Әдеп әлемі: Талдамалы журналистика
Студенттер шығармашылығы
Ән. Ән. Ән!
Басылымдар беттерінен «Әжептәуір ән еді...» деген тақы­

рыппен берілген бірнеше мақалаға көзім түсті. «Егемен Қа­
зақ­стан» газетінде басылған /5.02.2002 ж./ Оңай­гүл Тұржан­
ның да «Ән қайда шөл көңілді көл еткендей?» деп аталатын
мақаласы да сол жаңағы ма­қа­ла­лармен сабақтас. Қай-

қайсысы да менің жан-дүнием­ді жайбарақат қал­дырмады.
Неге біздің замандастарымыз ажылдаған-бажылдаған
ана жақтың, мына жақтың әндеріне әуес? Ең болмаса, әуені
былай тұрсын, сөзін түсінеміз бе? Өзімізде тамаша әндер аз

ба? «Ән қайда шөл көңілді көл еткендей» демекші, жас
жаныңды көл еткің келе ме, жоқ, әлде, сағынышқа шым
батқың келе ме, әлде балалық күніңді, ата-анаңды аңсап
жылағың келе ме, туған топырақтың қасиетін сезінгің келе

ме – қандай әнді қалайсыз? Қаншасы керек?
Ән дегенде, тағы бір айтпағым, біздің әншілеріміз ән
таңдай білмейтін сияқты. Ғарифолла атамыз салатын
әндерді Жүсіпбек Елебеков атамыз салмайды ғой. Дауы-

сына келсін-келмесін халықтың алдына шығып алып, ау-
ызды ашып-жауып, бақырғанның не жөні бар? Содан
кейін тағы бір байқағаным, ер адамдар салатын халық
ән­де­рін кейде әйел адамдар айтады. Бұл дұрыс па?

Ән. Ән! Сахнаға ашық-шашық киініп шығып, бет-
ауыздарын баттастырып бояп, бөкселерімен ыңғайсыз
қимылдар жасап, қазақ әндерін тіпті мазаққа айналды-
рып жүргендер де көбейіп барады. Ұлтымыздың рухани

асыл құндылықтарын мазақ қылып жүрген сол әлгін­
дейлерге заң неге тиым салмайды? Соған қайранмын.
Кішкентай кезімізден құлағымыз үйренген «Қара ба­
уыр қасқалдақ» деп аталатын мұңды, ойлы әнді шың­ғырып

айтып, екі иықтарын жұлып жеп, қазақтың бір әншісымақ
қыздары әбден берекетін алды. Айта берсек, мұндай мы-
салдар қаншама. Қай әнді қалай, қай жерде орындау ке-
рек екенін осы продюсерлер неге ескермейді екен?

Біздіңше, әдемі ән әдемі айтылуы керек!
Жазира Көпбаева. Журфак, 4-курс.

Үмбетбай Уайдин
Жер астындағы әндер
Жоғарыға іліп қоятын жақсы сөздерді аяқ сүртетін
шүберекке айналдырдық. Төрде, дастарқан басында, сах-

нада айтылатын әндерді жер астында шырқайтын
болдық.
Мүсәпірлерді аяймын. Бірақ, мүсәпірдің де мүсәпірі
бар ғой. Мысалы, аяқ-қолдары балғадай жап-жас адам­

дардың жер астында отырып қайыр сұрап отырғанын
мен дұрыс көрмеймін. Жай, өзімен өзі отырса бір сәрі
ғой, олар қазақтың тамаша әндерін домбырамен айтады.
Онан да жердің үстіне шығып, биікке шығып айтпай ма?

Меніңше, қазір қазақтың әндерін, әсіресе халық
әндерін қолжаулық қылушылар көбейіп бара жатқан
сияқты. Тосқауыл қоймай болмайды-ау.
Сәруар Қабдоллаев.

4-курс.

8-тақырып. Адам, қоғам және бейәдеп

мәселелер
Ана құрсағына тіршілік пайда бола бастағаннан адам-
дар оны асыға күтеді, күтіп алады. Жақсы есім қояды.
Әрмен қарай: қырқынан шығару, бесікке бөлеу, тұсау

кесу, тағы басқа да ұлттық рәсімдер жалғаса береді.
Адам тәрбиесі жатырдан басталады деген халық ұғымы
бекер айтылмаса керек.
Есімге, жалпы, адам ардақтауға байланысты қандай-

қандай аңыз-ертегі, жыр-толғаулар бар? Еске түсірейік:
«Керқұла атты Кендебай», «Көрұғлы», «Сақыпжамал»,
«Омар мен Ғазиза» /аңыз-ертегілер/, «Алпамыс батыр»,
«Қобыланды батыр», «Ер Тарғын», «Қамбар батыр»,

«Едіге», «Орақ-Мамай», «Қарасай-Қази» /батырлар
жы­ры/, «Қозы Көрпеш – Баян сұлу», «Қыз Жібек»,
«Еңлік-Кебек», «Ләйлі Мәжнүн» /лиро-эпостық жыр-
лар/.

Жер-су, елді мекендерді, қала, көше, мәдени орындар-
ды айтамыз ба – бәрі-бәрі тағы да адам атымен. Бәрі-бәрі
адамға ізет-құрмет, ілтипат. Олар әнекей, мінекей: Ле-
нинград, Ворошиловград, Жамбыл /облыс/, Байғанин /ау-

дан/, Бұқар жырау /аудан/.
Адам атымен аталатын ауылдар, жайлау, қыстау,
құдық, бұлақ, өзен-көлдер қаншама. Жаныс би ауылы,
Абай ауылы, Құнанбай қыстауы, Құтикөл, Жайсаңбай

/елді мекен/, Бақшақ көл, Асабай көлі, Әжібай көлі,
Байжан бұлағы, Күләнқұдық, Исатай мешіті, Шонай
түбегі.
Ән-күйлер: «Айжанқыз», «Жанбота», «Бірлән», «Гау­

һар қыз», «Шолпан», «Балқадиша», «Ләйлім», «Ақтоқ­
ты», «Алуаш», «Зәуреш». Бәрі-бәрі адам атымен.

Үмбетбай Уайдин
Уа, Зәйреш, сенің үшін елден келдім,
Баяғы өзің көрген жерден келдім.
Сен неге мен келгенде тебіренбейсің,

Иіскеп бір сүйейін деген едім.
Қай шығарма да түрлі жайлардан туындайды. Зәу­
рештің атымен аталатын әннің мәтіні төңірегінде ел ау-
зында түрлі-түрлі пікірлер жүр. Яғни: әнді шығарған

кім? Зәурешті іздеп келген кім – әкесі ме, жоқ сүйген
жігіті ме? /Зәурештің жатқан жері Ақтөбе облысында­
ғы Ырғыз зиратында/.
«Әр ханның тұсында бір сұрқылтай». Ал, әр заманның

сұрқылтайы жоқ па?
Қабырғада ілулі тұрған қадірлі адамның суретін неме-
се қасиетті құранды жұлып алып лақтырып тастап, басқа
суретпен ауыстырғандай әрісі патшалы Ресей, берісі

кешегі Кеңес қоғамы тұсында ел-жұртпен санаспай
қаншама елді мекендер «Ванновка», «Успенка», «Черни-
яевка», «Шушинск» /Шортан/ боп өзгертілді. Қоғамның
ыңғайына қарай колхоз, совхоз атанған ұжымдық

шаруашылықтар мен қатар тағы да қаншама мектеп,
жоғары оқу орындары, мәдениет ғимараттары Карл
Маркс, Энгельс, Ленин, Сталин, Тельман, Молотов, Ка-
линин, Киров, Ворошилов аталып, Коминтерн, бәленінші

партсъезд, түгенінші партсъездер тағы қаптады.
Заман, қоғам, заң тағы да өзгерді. Бір ғана Ырғыз
ауданының өзінде «Партизан», «Ворошилов», «Отыз
жылдық», Калининнің орнына бұрынғы атаулар «Ақши»,

«Шеңбертал», «Құрылыс» қайта айналып келді. Бұл
өзгеріс, бұл ауытқуларды сонда қалай түсінеміз? Заман,
қоғам ауысқан сайын адам атын ардақтау сияқты
қасиетті ұғымдар да өзгере беруі керек болғаны ма? Заң,

заңдылық, этикалық өлшемдер қайда?
Бұның аты – «Күш атасын танымас» немесе зорлық,
әділетсіздік.
Этиканың зерттеу объектісі – мораль дедік. Тақыры­

бымызды баладан бастап-ек, тағы да балаға бұрылайық.
Жарық дүниеге жаңа келген адам – періште. Періште

І тарау. Әдеп әлемі: Талдамалы журналистика
өмірде жауыздық, зұлымдық, зорлық-зомбылық барын
біле ме: ауырып-сырқаса, жанына әлдене батса – жылай-
ды, қарыны тойып, ұйқысы қанса – күледі. Не нәрсе де

сол – жүре, есейе келе.
Соғыс жылдары шырылдап бала жылап жатқан үйге
бір неміс жауынгері кіріп барып, оған пистолетін
жақындатады. Бала пистолетті ұстап, жылауын қоя

қояды.
Соғыстың өз заңы, тактикасы бар. Онда да әділет пен
әділетсіздіктер қатар жүреді. Әлгі мысалдан не түсіндік?
Әділеттілік пен әділетсіздіктер, имандылық пен

имансыздықтар, әлбетте, кеше, бүгін пайда болған жоқ.
Жоғарыда айттық, олар өлең-жыр, ән-күйге, ертегілерге
еріп, ғасырлар жағалап келе жатыр. «Молданың үйінде
оқыған бала» деп аталатын аңызға зер салып көрейік.

Молда және отыз тоғыз шәкірт. Отыз сегіз шәкірттің
әке-шешелері бар. Олар кезектесіп бір-бірін қонаққа
шақырады. Бір күні қонақ шақыру кезегі әке-шешесі жоқ
әлгі жетім балаға келеді. Ол жолдастарын шақырайын

десе не үйі, не жағдайы жоқ... Содан ол қайыр сұрап, ел
кезіп кетеді. Бірде біреуден нан сұрап алып, жолда келе
жатса, алдынан бір сұлу қыз шығады. Ол мұның нанын
сұрап алып толайым жеп қойып, қаша жөнеледі. Бала

оны қуып жетіп, басындағы әдемі тақиясын ала қашады.
Содан молдаға келіп мына тақияны сатып алыңызшы,
жолдастарымды қонақ еткім келеді дейді. Молда: «мұны
қайдан алдың? – деп сұрайды. – Сатып алуға менің ша-

мам келмейді ғой, ханға бар. Мүмкін сол алар» дейді.
Бала ханның алдына барып, болған жайдың бәрін айта-
ды. Хан «бұл тақияны кімнен алдың?» деп сұрайды. Бала
түсіндіреді. Хан: «қызды іздеп тауып кел, әйтпесе басың­

ды аламын» дейді. Балаға отыз сегіз жолдасы кепілдікке
тұрады. Қызды іздеп жүріп бала бір кемпірдің үйіне
келеді. Қызды кемпір төрт күннің ішінде тауып береді.
Қыз бұған тұрмысқа шығады.

Баланың да, басқаның да қадір-қасиет, ар-намысымен
санаспай, ақ-қараға көз жеткізбей хан бас салып әділет-
шындықты, әдеп заңын күшке салды. Ұрлық жасаған

Үмбетбай Уайдин жоқ, қылмысы жоқ – баланың жазығы не? Бәрібір ар-ұят, намыс оны мұратына иіп әкелді. Не түсіндік? Заман, қоғам, заң өзгереді, уақыт өтеді. Тек әділдікшындық, адамның қадір-қасиеті, әдеп өлшемдері ғана қандай жағдайда да өз бояуымен өз орнында қалады. Ұлы Отан соғысында жүзден астам қазақ халқының ұл қыздары Кеңестер Одағының Батыры атағына ие болды. Бейбіт өмірде Еңбек Ері атанып, шырайы шыққан есімдер қаншама! Омырауларында орден-медаль және жұлдыз жарқырағандар кімдер? Шығанақ Берсиев, Ыбырай Жақаев, Нұрмолда Алдабергенов, Жазылбек Қуа­ ныш­баев, Кәмшат Дөнентаева... Ғылымда, өнерде, спортта бағы жанып, ат-есімдері дүрілдеген «иегер», қай­рат­керлерден кім-кімдерді білеміз? Мұхтар Әуезов, Қаныш Сәтпаев, Шахмардан Есенов. Тағы? Сталиндік немесе мемлекеттік сыйлық иегерлерінен кім-кімнің ат-есімін білеміз? Күләш Бәйсейітова, Әбді­ жәміл Нүрпейісов, Әзірбайжан Мәмбетов. Кеңес Одағының халық әртісі /Күләш Бәйсейітова, Роза Бағланова, Ермек Серкебаев т.б./, Бүкілодақтық және республикалық Ленин комсомолы сыйлығының иегері /Олжас Сүлейменов, Мұхтар Шаханов т.б./, Абай атындағы Республика мемлекеттік сыйлығының иегері... Ескерткіштер, ескерткіш тақталар. Халық қаһарманы, Халық мұғалімі, Қоғам қайраткері, Құрметті азамат, Құр­ метті шахтер, Ардагерлер үйі – бәрі-бәрі адам ардақтау, адам еңбегінің бағалануы. Алайда, қазіргі қоғам тұлабойында түк мін жоқ, жақсы дейміз бе? Дулат Исабеков қалай деп еді: «Біз дастарқан басында сұлу сөйлеуге әбден үйренгенбіз. Ал, өмірде...» Дастарқан басында, расында да, біз қалай әдемі сөйлейміз. Ал, жан-жағымызға қарайықшы. Мектептің қарсы алдындағы газет-журнал сататын дүңгіршекте тыр жалаңаш әйелдің суреті басылған басылым ілулі тұр. Көрмейін десең көзің бар. Не істейін, бетімді басып өте шығайын ба? Бағасы – 100 теңге. Са-

І тарау. Әдеп әлемі: Талдамалы журналистика тып алдым. Неге? Ерсілі-қарсылы өтіп жатқан балалар­ дың көзіне түсірмеу үшін және әшкерелеу үшін /«Сексуальный гороскоп», 2008, №2»/. Автор – редактор – оқырман /Кітап оқу мәдениеті және... және.../ 1. Газет оқып отырмын. Емізігін бүлк-бүлк сорып, ақ бесікте Арда жатыр. Мамандығы баспасөзден алыстау Қуантай есімді көне танысым: – Материал таптырмайды, материал таптырса басқа бірдемелер таптырмайды – мына үй салу, жоқтан бар жасау құдайдың азабы екен, – деп қолындағы кітапты үстел үстіне шиіріп лақтырып жіберді. – Сен-ақ оқудан жалық­пайды екенсің, тастасай газетіңді. Әңгіме айтсай... – Мына газетке менің мақалам шығыпты. Қуантай газетті қолына алып, мақаланың «бетіне» қарап-қарап отырды да: – Осыған қанша ақша аласың? -деді. – «Осыған қанша ақша аласың» деп әрмен қарай аунап түскенше, оқымайсың ба? – Не жазғам дейсің, күнде айтып жүрген қыршаңқы бірдемелерің тә... – Соқ... – Соққан-соқпағанда өзің айтсай, сонда не жазасың­ дар? Жазатынның бәрін Абай, Жамбыл, Пушкин жазып тауысқан жоқ па? Сендердікі тек солардан көшіру, біріңнен бірің ұрлау ғой... – Өмір таусылмай өлең таусыла ма, сен өзің не айтып отырсың? – Оның несіне шатынайсың, менікі жай сөз ғой, – деп, Қуантай үстел үстіндегі әлгі кітапты қолына алып, қайтадан шиіріп лақтырып жіберді.

Үмбетбай Уайдин

– Көңілден шықпау кімге оңай. Көңілден шықпау

қалам ұстайтындарға қандай ауыр. Әріптестерімнің
кітаптары­на сен, үй салғыш, мұрын шүйіріп менсінбей
қарасаң мен неге шатынамаймын. «Мен осы жазушының
жазға­нын ұнат­паймын», «Мен осы кісінің жазғанын

түсінбей­мін» дейтін­дер мына сен сияқты тойынған қулар
ғой.

– «Тойынған қулар?..»

– Тамақтың түрі көп болса әркім қалағанын ішеді,

жоқ болса табылғанын ішеді. Біреудің сүйген тамағы –
сүт көже, енді біреудің сүйген тамағы – борщ. Ашар­
шылық болса көрер едім тамақ таңдағанын, кітап тапшы
болса көрер едім жазушы талғағанын, кітап таңдағанын.

Бәрі – баршылықтан, бәрі – тоқшылықтан, бауырым.
Сенің сөзің де тойынған адамның сөзі.
Қуантай күшейді.

– Сенің кітабыңды оқымағаным сол.

– Қиын болды. Менің кітабымды сен оқымасаң

оқитындар табылар бауырым. Біз салған суретті, біз
жазған кітапты біреу көрмесе біреу көреді, біреу
оқымаса біреу оқиды, о не деп қорқытқаның.
Осы тұста өзім куә болған бірер жәйттер ойыма оралды.

Кім қай жерде не қызмет жасайды, аты-жөні кім,
туыстық-жолдастық қатысы қандай – дастарқан басын­
дағы қонақтарын Шөкең бір-бірлеп таныстырып шықты.
Менің аты-жөнімді айтып, әрмен қарай жүре бергенде

қонақтардың біреуі:

– Білеміз. Газет-журналдарға жиі жазып тұрады ғой.

«Жұлдыздан» ба, әлде «Арадан» ба, жоқ «Қазақстан
әдебиетінен» бе осы жақында бір кішкентай әңгімесін
оқығанмын, – деді.
«Қазақстан әдебиеті» /?/ Өйтіп «танығаны» бар бол-

сын...
1983 жылдың жазында Ырғыздан Шалқарға қарай
келе жатып, жол бойындағы жалғыз үйге қайырыла
кеттік. Үй иесі шай-суға қаратты. Шыбыртқымен әр

нәрсені бір сабалап, есік алдында он жас шамасындағы
ер бала өзімен өзі ойнап жүрді. Күн күйіп тұр. Үйден

І тарау. Әдеп әлемі: Талдамалы журналистика
әрегіректе жалаңаш төбе көрінеді. Сол жаққа жүріп
қайтқым келіп, баланы қасыма шақырдым.

– Атың кім?

– Арыстан.

– Арыстан, екеуіміз былай жүріп қайтайықшы.

– Жарайт.

– Қалай, бұл жақта жылан көп пе?

– Көп.

– Ауыз суды қайдан алып ішесіңдер?

– Ано-о-у шидің ішінде құдық бар, содан нетеміз.

– Нешінші класта оқисың?

– Бесінші класқа көштім. Үйім Шалқарда. Оқу бастал­

ғанда барамын. Атам, не әжем апарып салады.

– Дұр-р-ыс. Мені танисың ба?

– Жоқ.

– Ондашы, танысып қояйық, – деп, мен аты-жөнімді

айта беріп-ем, бала жүрісін іркіп бетіме қарады да:

– Мен... қазір, – деп, үйге қарай жүгіре жөнелді.

Сәлден соң қолында жырым-жырымы шыққан менің
«Быды-быды» деп аталатын кітабым бар – шапқылап
қайтып келді.

– Ой... мына кітап маған таныс қой.

– Анада Шалқардан көкем келіп, кө-ө-п кітап әкеп

беріп кеткен. Үйде тағы бар.
Бұған нануға болады...
«Мына қасқа бөсіп кетті ғой, аяғында» дегені ме,
Қуантай дүңк ете қалды.

– Ой, қойшы, әй.

Қалай ойласа олай ойласын, қоймадым.
Айы, күні әлі есімде /1984 жыл, 7 тамыз/ жазушы­
лар­дың шығармашылық үйінен шығып көшеге түсе
беріп-ем, алдымда кетіп бара жатқан бір бейтаныс бозба-

ла артына қайрылып қарады да жүрісін іркіп, сәлем
берді.

– Жүре сөйлесейік.

– Аға, менің осы Алматыдағы он екінші қазақ орта

мектебін бітіргеніме үш жыл болды. Мұғалім болғым
келіп, жылда КазГУ-ге емтихан тапсырамын, жылда кон-

Үмбетбай Уайдин
курстан өтпей қаламын. Биыл тағы да сонда документ
тапсырып, екі сабақтан құтылдым. Бір 4, бір 3. Енді
шығарма. Жазуым жақсы. Үтірлері кетіп қалуы мүмкін.

Жалғыз шешем бар. Мына жерде тұрамыз. Мен сізді
аялдамаға шейін шығарып салайын, аға. Фамилиям На-
мазбаев, аға. Атым Еркін. Оқуға түсіп кетсем, бітірген
соң мұғалім болсам деймін. Мұғалім бола алмасам «үш

әріпте» істесем деймін. Аты-жөніңіз кім, аға?
Сауалына жауап бердім.

– Білем,аға. Жазғандарыңызды оқып жүрмін, – деді

де, ол қалтасынан «ССО» деген жазуы бар қызыл мата
шығарды. Осында жұмыс істеп жүрмін. Жақсы аға.
Айып етпеңіз. Рахмет, аға...

– Өзіңе де рахмет. Жолың болсын, айналайын.

Беті быттиып, Қуантайдың дауысы жаңағыдан да
қатты шықты.

– Қойшы дедім ғой мен саған.

Қоймадым. Мұндай күймеспін.

– Мен сенің бейнетпен салған үйіңнің үстінен трак-

тормен жүріп өтсем, сен оны не деп түсінер-ең?

– Қастандық!

– Жоқ, айтшы, не деп түсінер-ең?

– Не деп түсінер-ем? Иттік!

– Кітапқа да құрмет керек, жолдас үй салғыш. Кітапты

құрметтеу оны жазған адамды құрметтеу, жазған адамның
еңбегін бағалау. Қайдан білесің, бәлкім, ол адам мына
кітабын жазу үстінде жазым болды ма... Қайдан білесің,
ол адам бұл кітабын жазу барысында ұйқыдан қалып,

жүрегінің жүрісін бұзып алды ма... Қайдан білесің, бұл
кітап, мүмкін, жазған адамға бақыт әкелді ме... А, мүмкін,
бұл кітапты біреулер кітап дүкендерінен іздеп таба алмай
жүрген шығар... Кітапқа құрметпен қарайтын жұрт

кітапты ана жер, мына жерге лақтырмайды, жастықтың
астына тастамайды, бетін шимайлап, мұқабасын жапыр-
майды. Үй салу құдайдың азабы деп отырсың, кітап жазу
азап емес деп кім айтты саған.

– Басқаны білмеймін, «үйіңнің үстінен трактормен

жүріп өтсем» дегенің қатты көңіліме келіп отыр.

І тарау. Әдеп әлемі: Талдамалы журналистика

– Ана кітапқа сен кешеден бері не көрсетпедің? Сенің

бейнетпен біткен үйің сияқты бұл кітап та менің
әріптестерімнің бейнетпен біткен еңбегі, біле-білсең.
Сенің мұның біздің көңілімізге келмей ме.

– Қойшы, біріңнен бірің ұрлайсыңдар да... Шындасам,

сендердің сол шәлей-бәлей шимай-шатпақтарыңды мен
де жазамын.

– Кітап оқу өз алдына, көшіру, ұрлау өз алдына –

екеуі екі басқа нәрсе. Сен ғой жаңа бір сөзіңде:
«жазғанда не жазамын дейсіңдер» дедің...
Арда басқа жамбасына аунап түсе беріп, «тырс»
еткізді. «Бұл не тырсыл» дегендей ол жалма-жан басын

көтеріп, «тырсылды» аяғының астынан іздеді, аудары­
лып-төңкеріліп жамбасының астынан, көрпесін көтеріп
іздеді. Бұған Қуантай көзінен жас аққанша күлді.

– «Жазғанда не жазасыңдар» дейсің, сәбидің мына

қылығы да ойласаң ойға келмейтін жазу. Жазғыш болсаң
жаз, кәні?

– Үлкен кісілер сөйтсе ғой – өлім, біз сөйтсек қой

ешкім кешірмейді, біз сөйттік десек қой ешкім нанбай-
ды, – деп, Қуантай секіріп, селкілдеп күлді, ышқырын
көтеріп ышқынып күлді.

– Сен осыны жаз. Сендер кітап жазғанды оп-оңай

көресіңдер ғой, жаз.

– Қой, мұны жазған ұят шығар.

– Несі ұят? Жазғанда, сен тырсылды жазбайсың, тыр-

сылды іздеген сәбидің қылығын жазасың ғой? Онда не
тұр, оның несі ұят? Тырсыл сенің үстіңнен шықса – ұят
сонда. Тырсыл сенің үстіңнен шықса, өзің айттың, оның
аты – өлім. Өлімді жазып қайтеміз...

– Біріңді-бірің осы мақтайсыңдар да жатасыңдар, мен

де мақтауға ілігіп қалар ма екем – жазсам жазайыншы.
Қуантай екеуміз содан кейін біраз уақыт бір-бірімізді
көрмей кеткенбіз. Міне, бүгін кездесіп қалдық.

– Әу, үй салғыш, анау жазамын деген тырсыл не бол-

ды, жаздың ба?

– Соны келістіре алмадым, ай. Қолыма қағаз-қалам

алып ойланып көргенмін, миым ашып кетті.

Үмбетбай Уайдин – Неге, жазу оп-оңай емес пе? – Ай, сол, оп-оңай кітап жазу жоқ па деп қалдым ғой, сенің сөзіңнің жаны бар ма деймін... – Сөзің түзелді. Сенімен енді сөйлесуге болады. 2. Үстелге күні-түні еңкейіп, жатса-тұрса жанын жегідей жеген ойын қаламгер қағазға түсірді. Қосты, алды, қопсытты, жаңа ойлар жамап жаңғыртты, бір жолдардың орынын бір жолдармен ауыстырып, бірінен-біріне қотарып құйды – шимайының үстінен қайта бір шимай жүргізіп, күндердің күнінде ол машинкаға отырды. Машинкадан шыққан шығармасын кейін тағы да мұқият қарап, араға уақыт салып баспаға апарды. Ендігі шаруа газет-журнал қызметкерлеріне тәуелді. Ендігі билік бас­ па редакторларынікі... Алдарына кім келсе де дәрігерлер науқастарды жылы жүзбен қабылдауға және елгезек мінез танытып, емдеуге міндетті. Етікші ме, есепші ме – баспа редакторлары үшін де автор атаулының бәрі бірдей, дәрігерлер сияқты олар да елгезек мінез танытып, мүмкіндігінше алдарына келген шикізаттан (қолжазба) мүлік жасап беруге мін­детті. Редакторлар осындай болуы керек. Авторлар ше? Автор күлді-көмеш бірдемелерін әкеп тастап, содан онысын әр мықтыға бір айтып, әр мықтының аузымен телефон қоңыраулатқызып, кітап шығарып алатын ығыр автор; күш айтып, айқай шығарып, батырсынып келетін айбат автор; қақырынып-түкірініп, мықтымсып келетін шайпау автор; сигарет сорып, сигарет ұсынып, қуланып сөйлеп қайтып айналып келе беретін «сәлемшіл» автор; ауа райын жамандап, басқа біреуді жамандап, шаруасын тындыратын пысық автор... – Бар ғой авторлардың да түрлі-түрлісі. Оқырмандарға кітап керек, жақсы кітап керек. Қолжазба өндіріске кетті. «Корректура», «сверка», «подписной...». Әлі қаншама жұмыс жатыр. Шыққан жерін, елін айтамыз, жасаған завод-фабри­

І тарау. Әдеп әлемі: Талдамалы журналистика
касын, заттық сапасын, түрі-түсін айтамыз – ең берісі
дүкеннен сатып алған бәтеңкеміздің де, әрісі әрбір
жиһаз, машинамыздың да өз әңгімесі бар. Дүкенге түсіп,

оқырмандардың қолына тигенге дейінгі кітаптарымыз­
дың да қаншама әңгімесі бар... Жарық көрген әр кітап бір
әңгіме, тираж, қағаз және әңгіме.
Қағаз демекші: «Казахстанская правда» газетін шыға­

ру үшін бір жылда 100 гектар жердің ағашы кесілетінін
біздің оқырмандарымыз, біздің мына Қуантайлар біле
ме, білмей ме...

– Өміріңде бір үй салып, сен соның азап-бейнетін

айттың. Әр кітаптың жарық көргенше қанша «өткелден»
өтетіні енді жетеңе жетті ме?

– Сен өзің әзіл түсінбейтін жарықтықсың ба деймін.

Әр адам, әсіресе, әр әдебиетші өзін әуелі сын көтеруге
тәрбиелеуі керек қой.

– Талантты шығарма, талантты көрермен дегендер

соңғы кезді жиі айтылып жүр. Сол сияқты, біздер де
оқырмандарымызды кітап түсінуге тәрбиелеуіміз керек.
Үй салған жақсы. Кітап оқу, газет-журнал қарау одан да
жақсы ғой.

– Сен өзің адамның қыр соңынан қалмайды екенсің...

– Жоқ, айтшы, газет-журнал, кітап оқисың ба, жоқ па?

– Бас алмай кітап оқымағанмен, қол қалт еткенде га­

зет-журнал қараймыз ғой енді. «Осылар не дейді екен»
деп, анда-санда сыншыларыңның жазғандарына да көз
жүгіртемін. Көңіліме түйгендерімді айтсам, сен мені
тағы да талай жерге апарып тастайсың...

– Жарайды, айтсаң айт. Тек шыныңды айт, шындықты

айт.

– Шындықты әуелі өзің айтшы, қазір дұрыс сын бар

ма? Қай сын мақаланы оқымайын: кілең бір жатқан
мақтау, кілең бір шұбырған тізім. Айналып келіп, біріңді
бірің мақтайсыңдар да жатасыңдар. Көңіліңе келмесін,
менің байқауымша, сендердің сыншыларыңның арасын-

да соңғы уақытта икемпаздар көбейіп барады.

– Дәлел?

– Бір жазушыларыңның кітабын қыста оқи бастап едім,

Үмбетбай Уайдин тізеден балшық кешкендей малтығып жүре алсамшы. Бітпей қойды. – Жүргізіп оқи алмаған өзіңнен көрмесең жазушы мен сыншының жазығы не онда? – Таяуда шыққан бір газетте бір сыншы сол кітапты табанын жерге тигізбей мақтапты. – Әр шығарма әркімге әрқалай ұнауы мүмкін ғой? – Горький, Әуезов, Мұқанов, Шолохов, Айтматовтар әркімге жеке-жеке кітап жазып беріп пе, олардың шығармалары неге жұрттың бәрінің көңілінен шығады? – Сонда да бар ғой біреуге ұнап, біреуге ұнамайтын шығармалар. Қуантай шегінбеді. – Жақта, жақтама, жаман жазушы, жалтақ сыншы бол­ ғаннан мына мен сияқты ортаңқол оқырман болған көш артық: жақсы кітаптарыңды оқып, айызым қанғанын да жасырмаймын, небір шикі, бірқайнауы ішіндегі кітап­ тарды оқып, көңілім қалғанын да жасырмаймын. Сол шикі шығармалар жайында жазылған қайдағы бір аты-жөні белгісіз, солқылдақ, дүмше сыншыларыңның табанын жерге тигізбей мақтаған табақтай-табақтай мақалаларын оқығанда жүрегімді ұстағанымды және жасырмаймын. – Атап айтқанда? – Қайсы бірі есімде қалыпты. Дүмбілез шығарма­ лардың, солқылдақ, дүмше сыншылардың бары, немене, өтірік пе? – Мен сені әдебиетшілер ауылынан мақұрым ба десем, жоқ, хабарың мол ма деймін... – Қазір қараңғы кім бар... Мен Қуантаймен тағы да біраз «салғыласып» алдым. Дегенмен, бастапқыдай емес, бұл оқырман өршіген сайын менің пәтім қайтып, күшім азайып, даусым төмен түсті... 3. «Әдеби сын – әдебиеттің өзін өзі тануы» деп жүрміз. Мұны теоретик ғалым А.Н.Иезутов: «әдеби сын – әде­

І тарау. Әдеп әлемі: Талдамалы журналистика
биеттің даму барысында өзін-өзі тануы және қоғамның
өзін-өзі көркемдік тұрғыдан тануы» деп кеңейтіңкіреп
тұжырымдаған. Құлаққа кіретін сөз.

Қазақ әдебиетінде сын жоқ емес, бар. «Әдебиет және
эстетика», «Асулар алда», «Революция рухымен» (М Қа­
ратаев), «Замандас парасаты» (Ш.Елеукенов), «Шын­дық
және шығарма» (С.Қирабаев), «Роман және заман»,

«Дәстүр тағлымы», «Қазақтың тарихи романы» (Р.Бер­
дібаев), «Жылдар сазы», «Ақыл таразысы» (З.Серік­
қалиев), »Күретамыр» (Р.Нұрғалиев), «Тоғыз тарау»,
«Үш тоғыс», «Қос қағыс» (Т.Тоқбергенов), «Сын

мұраты», «Талантқа тағзым» (С.Әшімбаев), «Сыр мен
сымбат» (А.Егеубаев), «Кең өріс» (М.Серғалиев), «Сөз
сиқыры» (Қ.Мырзалиев), «Парасат пен парыз» (Ж Әбді­
рашев) – сын болмаса бұл не... Сын жоқ емес, бар.

«Қазақ әдебиеті» газеті мен «Жұлдыз» журналы сын
мәселесін соңғы кезде тіпті қатты қолға алды.
Сын мәдениеті, сын объектісі, сын диалектикасы,
сыншы парасаты – көбіне «Қазақ әдебиеті» газеті көтеріп

келе жатқан сынның біз байқаған бағыт-бағдары, мінезі,
міне осылар. Демек, сында қозғалыс бар...
Бірінің
айтпағанын

бірі
айтып,
бірінің
есіне

келмегенді екіншісі ескеріп, сыншыларымыздың бірін-
бірі толықтырып жүргенін мойындайық:
«... Әдеби шығарманың идеялық-көркемдік сапасы
мен эстетикалық құндылығын анықтайтын критерийдің

жоқтығы ХХVІ партия съезінде айтылған тақырып
актуальдылығын бұлдайтын сұрқайлық пен сүреңсіздік­
ке қарсы күресте көп қиындық келтіруде.»
«... Аталмыш қаулыдан кейін қазақ әдеби сынында да

серпіліс болды, бірақ сол серпіліс кейін қайтадан
бәсеңсіп кеткендей. Бұл жайында республика жазушы­
ларының VІІІ съезі әділ баға берді. Үстірт қалқу, субъек-
тивизм, төзімшілдік, әдейі үндемей қалу, не әдейі көпір­

те мақтау қазақ сынының үйреншікті сырқауларына ай-
налып барады» (Ә.Кекілбаев, «Қазақ әдебиеті», 22
қаң­тар 1982 ж.).
«Біз тілдесіп жүрген орта буыннан сәл төмендеу

Үмбетбай Уайдин
жазушылардың кәсібі де сыншыларға «сынамай жүр»
деп емес, «мақтамай жүр» деп өкпелі. Ал, кейбір
жолдастарға мақтау өтіп кеткендігі соншалық, қырыққа

жетпей-ақ балпаңдап жүре алмай қалған, тіпті жұрт
иығына мінгізіп алса да кет әрі емес» (М.Қаназов, «Қазақ
әдебиеті», 1982 ж.).
«... Кейде белгісіздеу автордың шығармасы бәрібір

назарға ілінбей қалатыны бар...» «Пікір әділдігі – азамат­
тық кредосы» (Т.Жұртбаев, «Қазақ әдебиеті», 29 қаң­
тар 1982 ж.).
«Егер қазақ әдебиеті ұнамды кейіпкер проблемасына

өзіндік үлес қосты десек, біздің қаламгерлеріміздің осы
саладағы көркемдік табыстарын есепке алуымыз керек»
(С.Қирабев. «Қазақ әдебиеті», 5 қазан 1984 ж.). «Сынау­ға
жеңіл болу үшін біреудің айтпағанын айтты деу, болмаса

цитат бұрмалап теріс келтіру – тым ерсі қылық»
(Т.Қордабаев. «Қазақ әдебиеті», 16 қараша 1984 ж.).
Қайырлыс-қалтарыстарымызды айтсақ, сынымыз мін­
сіз бе! «Кейбір», «қайсыбір», «тағы сол сияқтылар» мен

ұзын тізімнің қысқарғанын мойындай отырып, әлі де
болса сынымызда азаматтық парасаттың жетіспейтін,
яғни іштарлықтың қырсығынан, жершілдік (жерлестік
емес) сияқты ұсақтықтың қырсығынан жақсы шығар­

маны жақсы деуге көп-аса аузымыз бара бермейтінін,
жамандауға батылдығымыз жетпейтінін айтпау әділдік
пе. Менмендік, дүмшелік және бар.
Содан кейінгі бір түсінбестік: әдеби майданға, әде­

биет төңірегіндегі қызыл шоқ әңгімеге араласпай, сырт-
тай қызықтап, не болмаса: «енді бізге бәрібір» дегендей
Мүсіреповтен басқа үлкен ақын-жазушыларымыздың
үнсіз, бір бүйір жүруі – көп жұрт үшін жұмбақ. Шаршап

қалды ма, әлде өмірдің қат-қабат тіршіліктері мойын
бұрғызбай жіберді ме, өздері құралпылас ақын-жазу­
шылардың мүшел тойлары қарсаңында жазған бірді-екілі
мақалалары болмаса азулы аға сыншыларымыз да (Мұха­

метжан Қаратаевтан өзгесі) соңғы уақыттары мерзімді
баспасөз беттерінде көп көрінбей кетті. Бұған қарап: сын
жоқ, дым жоқ деп ауызды қу шөппен сүртіп, барымызды

І тарау. Әдеп әлемі: Талдамалы журналистика
қиып-қиып тастау әдебиетке қиянат шығар. Сын жоқ
емес, бар. Сыншы жоқ емес, бар.
Сатирик-жазушы Садықбек Адамбековтың «Атылған

қыз туралы аңыз» романына жазған Темірбек Қожа­
кеевтің сын мақаласы көп оқырманның көңілінен шық­
ты. Өйткені, онда күмпілдетіп мақтау да жоқ, тұқыртып
даттау да жоқ, ағы – ақ, қарасы – қара.

Сынның парызы: жалпақ шешейлікке салып, жоқты
бардай, барды дардай қып, жұрттың бәрінің айдарынан
сипап, сыпыра мақтау емес, әңгіменің әділін айту ғой.
Маманданбай мамандық жоқ. Сыншылдық екінің

бірінде болмайтын қабілет. Екі көзі кітапқа үймелеп,
үнемі шұқынып-ізденбесе, өзін-өзі жетілдірмесе, әрине,
құр қабілеттен не қайыр...
Сыншының міндеті: сынға арқа сүйеп, өші кеткен

әлдекімдерден кек, қарымта қайтару емес, керісінше:
шығарманы шағып талдап, жақсы жағын жарқыратып,
басқа жағын қызыл сиямен шиедей қып сызып көрсету
ғой. Өзін де аямаған, өзгені де аямаған сыншы ғана –

сыншы. Әркімнің қас-қабағына қарай, әркімнің «таста­
бағына» қарай, әркімнің кресло-лауазымына – қызмет
орнына қарай ыңғайланып, олардың кітаптарын күмпи­
тіп мақтап, мақала жазатындар сыншы ма?.. Сынға жама-

нат әкеліп, сынға абырой бермейтіндер, негізінен,
сондай­лар. Жалтақ та, солқылдақ та, икемпаз, ыңға­йым­
паз­дар да солар. Өздерінің табанды пікірлері жоқ, әр
жерден оқығанын, әркімнің ауызынан естігенін келсін-

келмесін тықпалап көлдей сын жазып жүрген, әне, солар.
Кітаптың аннотациясын оқи салып және әр бетіне көз
жүгіртіп шығып, пікірін жобамен жазып тастайтын сын-
шы ағайындар да табылатын көрінеді.

(Қуантай сәл кейін шегінді).
Мақтауды кім білмейді. Мақтауға келгенде сайрап, ал,
жұқа жерге жақындағанда кібіртіктеп барып, «жол тау-
ып» шығып кететін әдетіміздің барын біздер жасырмай-

мыз. Айтып-айтып келіп, жаңағы жұқа жерге жақындай
бергенде кері қайтып кететінімізді немесе қақырынып-
түкірініп жүре беретінімізді, не болмаса, түкірігімізді

Үмбетбай Уайдин
жұтып қоятынымызды тағы жасырмаймыз. Сауатты,
білімді, принципті деген сыншыларымыз бен әдебиетші-
ғалымдарымыздың өздерінен де соңғы кезде мұндай

мінез байқалып қалып жүр.
Бұдан бірер жыл бұрын «Лениншіл жас» газетінде
Зейтін Ақышевтің «Әдептен озбайық» деп аталатын
көлемді де, тұшымды мақаласына орын берілді. Сын-

ескертпелеріне дау жоқ, бәрі орынды. Тек мақалада тілге
тиек болған шығармалардың аттары аталмаған, авторла-
ры көрсетілмеген.
Мұндай мінез «киімін өзгертіп» бірсыпыра жастарға

да жұққан. Оны ақын Мұзафар Әлімбаев дұрыс аңғарған.
Академик-жазушы Ғабит Мүсірепов бетің бар, жүзің
бар демей, шаштың ағына, қарасына қарамай сонау бір
жылы бірталай дүмбілез шығармаларды авторларымен

қосақтап атап көрсетіп, әдебиетші қауымды қатты қағып-
сілкіп алғаны есімізде.
Сынау қиын, сыналу оның арғы жағында қиын. Дай-
ын асқа тік қасық боп, біреудің шығармасының «бет-

ауызын» қызыл сиямен бояп-бояп беру қай сыншыға
оңай. Бет-аузын «қып-қызыл қып тырнатып» көшеге
шығу, елге көріну қай ақын-жазушыға оңай. Оңай
болмағанымен оқырмандардан «солқылдақ», «ыңға­

йым­паз», «икемпаз» деген сықылды жексұрын сөздерді
есіту одан жеңіл ме. Айтып-айтып келгенде сынсыз күн
жоқ.
Сыншының жаратылысы бір есептен өнер жарысы,

өлең жарысы ипподромында дүркіреп шауып келе
жатқан қалың жүйріктердің аяқ алысын алыстан танитын
бапкерге де, шын жанашыр, шын жанкүйерге де, әр
адамның тамырын ұстап, қан айналысын, қан қысымын,

жүрек соғысының ырғағын байқайтын дәрігерге де
ұқсайды. Осы қасиеттерді бойына жинаған сыншыға ай-
бат та, қайрат та керек. Әлде де таратыңқырап айтсақ:
нағыз сыншының тұла бойында күлтектеуді білмейтін,

қадалған жерінен «қан алатын» Жүсіп Алтабаевтың тура
мінезі, әр сөзі миды солқ еткізетін Асқар Сүлейменовтың
тастай тілі, Әбіш Кекілбаев пен Зейнолла Серікқалиевтің

І тарау. Әдеп әлемі: Талдамалы журналистика
ой-өрісі, Темірбек Қожакеев пен Шериязден Елеукенов­
тің шығарманы шағып талдайтын шеберлігі, авторға де-
ген адалдығы қанмен айналып жүрсе...

Кейінгі буын «жас иіс» сыншылардың ішінен Сағат
Әшімбаев, Бақыт Сарбалаев және Асқар Егеубаевтарды
суырып алуға болады. Сағат болса, ойдан басы босамай-
тын, көп ізденіп, көп еңбектенетін қаламгер. Жалпы,

біздің бағалауымызда, бұл үш сыншы да әркімнен
естігендерін, әр жерден үзіп-жұлып оқығандарын емес,
өз білгендерін, өз пікірлерін ғана ұсынады. Бұлардың
шығарма талдаудағы біз байқаған басты ерекшелігі: ой-

ларын бейнелі тілмен, философиялық тереңдікпен, ара-
тұра мысқылмен беруге тырысады. Жұмысшы тақыры­
бын көтерген көлемді шығармалардың бір-біріне егіздің
сыңарындай ұқсастығын Сағат Әшімбаев бір сын мақа­

ласында: құрылыс алаңының қақ ортасында сорайған
нән кран тұрады. Адамдар сол сорайған кранның айнала-
сында жүреді де қояды деген сияқты әдемі ой өргені жа-
дымызда. Жүрегі нәзік қой, тек жанға тиер жұқа жерге

жақындап келіп, кері шегініп кетеді.
Қазіргісінен де жастау кезінде жақсы ой-пікірлерімен
жарқырап көрінген бір сыншы – Жарасқан Әбдірашев.
Өлең «азғырды ма», әлде әлдекімдердің өкпе-реніші ой-

лантып тастады ма, кейінірек ол да алғашқы қарқынынан
сәл босаңсып қалды.
Абдул-хамит Мархабаев және бірер азулы сын мақа­
лаларымен оқырмандардың айызын қандырған, айтарын

бетің бар, жүзің бар демей айтып-айтып алып, содан соң
«әукесін» көтеріп, ақырын басып жүре беретін аңқау да,
адал Ұзақбай Доспанбетов соңғы уақытта сынның ауы-
лына бұрылмай кетті. Осы мәселеге байланысты бірде

одан:

– Баяғы пәтің, қарқының қайда, Ұзақбай-ау? – деп

сұрағанымызда ол:

– Тұмсықтан ұрды ғой, тұмсықтан. Көкірегімді сы-

рылдатып алдым ғой, – деп, әзіл жауап қатты.
Әзілдің арғы жағын аршығанымызда қара қазандай
қалың өкпелер, ақсиған тістер, қарасынан ағы басым

Үмбетбай Уайдин
көздер, бір бәлелерді ұйымдастырып жүрген сұп-сұр,
сұп-суық беттер көрінді...
Сынның аты – сын. Сыналушылардың мінез-құлқы

көбімізге аян.
Сыналғандар тұсыңнан зу етеді,
Зу еткенде арқаңнан су өтеді.
Түртіп қалып біреуді сөйлетеді,

Әне, шыбын жаныңа сол өтеді...
Бұл шумақты қара сөз – жай сөйлемге айналдырсақ:
сыналған авторлардан неше түрлі мінез күтуге де,
күтпеуге де болады. Сыншының «кәріне» ұшыраған

қаламгер, бәлкім, оның айналасында әртүрлі әңгіме қау­
латып, өш алудың жолдарын қарастырар. Қызметінен
қудалап, шекпенінен шенін жұлып алып, атынан ауда-
рып тастар. Бірақ, әділетке әлі жете ме?

Не десек те, сын – қиын жанр. Қиын болмаса,
қайсыбір жас сыншылар неге тез есеңгіреп қалады? Оған
басты себеп, Доспанбетов айтқандай, «қақ маңдайдан
ұру.» Осы тұста қай жастағы сыншы болсын, екі оттың

ортасында қалдырмайтын Жүсіп Алтайбаевтай батыр
мінезді редакторлардың есімін құрметпен еске алған жөн
болар.
Айтпақшы, осы жолдардың авторы да жайына қарап

жүрмей, ана жылы бір қаламдастың кітабына тілі қатты
тиіп, редактор Шерхан Мұртазаевтың айбатының арқа­
сында аман қалды...
Сыналғаннан өлген адамның моласын көрген кім бар.

Өзімді айтсам, өмірде «жынды» сөз де, жылы сөз де
естідім. Бір жылы республика комсомолының съезінде,
дүйім жұрттың алдында, Өзбекәлі Жәнібеков аға аты-
жөнімді айтып, көңілінен шықпаған бір өлеңімді аузына

алды. Жас кезім, ол сынға бастапқыда бұртаңдасам да,
әділдікке бас изеп, кейін түсіністікпен қарадым.
Бұдан шығар қорытынды: «тура айтқан тура қа­
райды». Шындықты айтқаннан ешкімнің өті жарылып

кетпейді. Көп болса, олар (сыналғандар) сіздің сыр­

І тарау. Әдеп әлемі: Талдамалы журналистика тыңыздан сыбырлап, дәлізде күбірлер. Көп болса, олар, сигарет сорып кабинеттен кабинетке кіріп, біреулерді анекдот қып айтып күлдіріп, сіздің жоспарда тұрған кітабыңызды сыздырып тастар. Дастарқан басында қатар отыра қалғандай болсаңыз, табан астынан олардың көкі­ регіндегі көне «кесел» қозып, кесесін қисайтып, кекетіпмұқатып аяқтан шалар. Сіз, жолдас сыншы, осының бәріне төтеп беретін қайтпас-қайсар қайраткерсіз. Сонда ғана сіз, сіздер «ыңғайымпаз», «икемпаз», «жалтақ», «жалпақ шешей», «солқылдақ» деген сияқты жаманаттан тазарып, дүмшелерден құтыла аласыздар. Сонда ғана, әр нәрсенің басын бір шалып, шатып-бұтып жүрген «қос мекенділер», мемлекетті сауын сиырындай көріп жүрген «сүт қоректілер» азайып, шығармалардың шырайы кіреді деп білемін. ... – Қалай, Қуеке, бұл әңгіме көкейіңе қона ма? – Бұл әңгімең дұрыс. – Жеке адамдардың кітапханалары көбейген сайын қоғамдық кітапханаларға келушілердің саны кеміп барады деген әңгіме шығып жүр ғой, қалай, үйіңде кітап көп пе? – Көп болмағанымен оқитындай бар ғой. – Оқитындай болса, ол да жақсы. Осы күні дүниемүліктен кітапқа орын ауыспайтын үйлерді де көріп жүрміз. –Оқылмаса, меніңше, кітаптың сол болмағаны да ақыл. – Сенің бұл сөзіңді құптаған мақұл. 4. Зиялылар оқты ойлап тапқандарға қарғыс, кітапты ойлап тапқандарға алғыс айтады. Кітап. Ғасырлар бойы қаншама қалалар қирап, қан­ шама халықтар жер бетінен жоғалып кетті... Араға екі мың жылдай уақыт салып, Гомердің «Одиссейі», Россия­ ның «Апостолы» ғана бір әрпі мүжілмей бізге жетті. Оттан, оқтан аман шығып, ғасырлардан ғасырларға өтіп,бір

Үмбетбай Уайдин
замандардағы адамдардың ерлігін, қуанышын, қайғы-
қасіретін бізге айтып берген осынау қасиетті ұлы
шежірелердің қадірін білмейтіндерге не шара!.. Осынау

ұлы мұралардың жалғасы – бүгінгі кітаптарды мүлік
ретінде рухани қазына ретінде тұтынбай: «осы не айта
қояр дейсің», «осы не оңған нәрсе жазған дейсің», «ақша
табу үшін жазған мылжыңы да» дейтін­дерге қалай қаның

қайнамас... Бір ғана біздің республи­камыздың астана­
сын­дағы 7 баспадан жылына 1500-дей атпен кітап шыға­
рылса – бұл не деген қазына-байлық... Тек тұтына біл.
Тұтына білеміз бе? Мына әңгімеге құлақ түрейік.

«...– Өз басым кітап оқығыштарды әулие көремін.

– Құдай зердесіне беріп, өмірден тоқымаса кітапты

көп оқығаннан кім сол ғұлама боп кетеді дейсің. Өзі
қатқан басты одан сайын қатырып не азабым.

– Ойбай, Омеке, сенің мына әңгімең маған ұнамайды.

Оқымаса ол адам несін тоқиды. Оқығанның бәрі
«қауалақта» ұйып қалмағанмен, әр кітаптан жұғын
қалғанда да адам аз ақыл жинай ма, аз нәрсе тоқи ма?

– Үйімізде кітап жоқ емес, бар. Жыл сайын, тоқсан

сайын ондаған, одан да көп газет-журналдарға және жа-
зыламыз. Жазылғаннан не пайда, оқитын ешкім жоқ,
қалай келеді – солай жатады бір бұрышта беті ашылмай,
үйіліп. Бетін аша қалсақ, кітабымыз диваннан еденге

дүрс етіп құлап, газетімізді мұрнымыздан соққан жел
үрлеп... Содан қорылдап ұйқыға кетеміз. Жұмыстан шар-
шап келесің де... Таң атады, күн батады – жатып алып
кітап оқитын уақыт қайда қазір...

– Ой, неге, кітап оқимын деген адам уақыт таба-а-ды.

«Уақыт жоқ» деген бір таусылмайтын сылтау бар
әйтеуір. Газет-журнал қарамай, кітап оқымай, құрысын,
не бітіресіңдер.»
Ендігі сөздің кезегін тағы да өзіміз алайық. Сағаттар

бойы телевизордың алдында өтетін уақыттың есебінен,
есік алдындағы, ауладағы отырғыштарда отырып алып
өткен-кеткеннің туфлиін, ондатр, норка терісінен тігіл­
ген құлақшынын, тонын әңгімелеуге кеткен уақыттың

есебінен, ресторан-кафелердегі көпірген көп сөздің есе­

І тарау. Әдеп әлемі: Талдамалы журналистика
бі­нен болмаса, әрине, уақыт жетпейді. Уақыт мақсат-
жос­пардың көптігінен жетпесе, бұл, бір жағынан кеші­
рімді. Газет-журнал қарауға, кітап оқуға уақыт басқа

тірліктен ауыспаса, онда оны түсінбеймін.
Кітап оқудың бір өнетін кезі – мектеп жасындағы
уақыт, содан соң студенттік шақ. Біздің бала кезімізде
ауылда кітапхана болған жоқ. Қолға түскенді көлеңкеде

отырып, көгалда жатып, кейде шешемізден қашып үйдің
төбесіне шығып алып оқитынбыз. Соған қарағанда, өзім
аз кітап оқымаған сияқтымын. Былай ойлап қарасам, сол
оқыдым дегенімнің көбісі детектив қуып детектеп жүріп

оқыған дүниелерге ұқсайды. Одан қалғаны соғыс, махаб-
бат, анау-мынау... Америка ашпасам да, менің өз тәжі­
рибемнен туындайтын бір ой: не нәрсені де басынан
бастаған және бәрін басынан дұрыс бастаған ба деймін.

Мәселен, мектепте ұстаздар: «Марат, сен осы қазір
қандай кітап оқып жүрсің? Болат, сен ше?» «Әлібек, сен
мынадай кітапты тауып алып оқышы» деп, шәкірттерінің
нендей нәрселермен айналысып жүргенін сұрай келе

кітапқа ауысып, ол кітаптан не түсінгенін тыңдап, дұрыс
бағыт-бағдар сілтесе жасөспірімдер талғампаздыққа, кез
келгенді оқымай, мүмкіндігінше керегін оқуға ерте ба-
стан дағдыланбас па еді. Көптеген мектептердің әдебиет

үйірмелерінде, өмір тәжірибесінде осылай істеліп те жүр.
Солай десек те, формальды жағы да жоқ емес.
Кітап оқуға уақыт табатындар табады. Жол үстінде:
самолетте, поезда, кемеде, аялдамаларда газет-журнал­

дарға, кітапқа үңіліп айналадағы өмірден «оқшау қалған»
талайларды кездестірдік.
Техникалық ақау табылып, Көкшетауға қарай ұшатын
самолет Алматы аэропортында бірнеше сағатқа кідір­

тілді. Жолаушылардың самолетке отыруына шамамен
төрт-бес сағаттан кейін рұқсат етілді. Салонда, біздің
қатардың терезе жағында отырған алтын жұлдызды бір
егде кісіден мен жолшыбай көз айырмадым: бірауық

газет-журналға, бірауық кітапқа үңіледі. Енді бір кезде
терезеге қарап ойланып, қойын дәптерін қолына алады.
Көкшетау аэропортында ол кісінің аты-жөнін мен

Үмбетбай Уайдин
жолаушылардың біреуінен сыбырлап сұрап көріп-ем,
осы облыстағы Зеренді аудандық партия комитетінің
бұрынғы бірінші секретары Баян Жанғабылов деген аза-

мат екен.
Тағы ма? Ақтөбе облысының бірқатар аудандарында
басшылық қызметте болған Төлеу Алдияровты (мар­
құм) Алматыға келген бір-екі сапарында кітап дүкен­

дерінен кездестірдім. Қызмет бабы арасындағы бір
әңгімеде мен оның әдебиеттен мол хабарының барын
байқадым.
Шалқарлық қарт журналист Тілеужан Шойғарин ағай

бір жолы: Николай Ановтың «Выборг жағасында» атты
романын таба алмай жүргенін, «сол есіңде болсыншы»
деп менің құлағыма салды. Үнді шайы емес, не сирек
ұшырасатын басқа зат емес, кітап...

Жамбыл қаласындағы қонақ үйдің бір бөлмесінде
төрт жолаушымыз. Орта жастағы бір азаматта тыным
болмады. Сырттан әлдекімдер телефон қоңыраулатса –
соны сұрайды. Есік қоңырауы шылдыраса – соған.

Бәрімен әңгімелесіп, бәріне уақыт бөліп жатыр. Үй
көрсетуші, дәмге шақырушылар да көбейді. Бөлмеге
кешкілік әбден қалжырап келеді. Жүрегі ауырады екен,
ішке кіре сала дәрі ішіп, содан соң жайланып жатып

алып, кітап оқуға кіріседі.
Бір қолында кітап салған торқалта, екінші қолында
ораулы түйіншек және балалардың ойыншығы бар сол
қазақ үшінші күні түстен кейін ішке сөйлеп кіріп келді.

– А-ал, біз қайтамыз, айрылысар көжеге жүріңіздер.

Ешкім ештеме дей қоймады.

– Көшкен үйдің жүгі көп болады деген рас-ау, – деді

сәлден соң ол буыншақ-түйіншектерін жиыстырып жа-
тып. – Жеңгелеріңіздің де, балалардың да көңілін аулау
керек.
Қарбалас қызмет. Бала-шаға қамы. Жора-жолдас­

тардың көңілі. Сол қат-қабат тіршіліктің арасында
дүкендерге кіріп, үй-ішін де ойлайды, кітап дүкендеріне
қайырыла кетіп, сөреге көз жүгіртеді – қандай жақсы
азамат, қандай жақсы қасиет. Аты-жөні есте қалмады,

І тарау. Әдеп әлемі: Талдамалы журналистика әйтеуір Шу ауданындағы бір шаруашылықтың директоры. Ырғыз ауданындағы мал мамандары Кенжебай Баяубаев пен бухгалтер Айса Саринді, механизаторлар Әбдірахман Санбаев пен Жәми Жолдасовтарды кім қашан, қай жерде көрсе де – қолдарында кітап. Кім неше машина шөп түсіріп алды, кім қайдан неше арба қи әкелді – олардың мұндай ұсақ-түйекпен шаруалары жоқ. Бір-бірімен кездесе қалса, әуелгі әңгімелері – кітап. Жібек есімді жеңгеміз жас ортасынан асқан шаруаәйел. 8 баланың анасы. Кітап оқымайтын күні сирек. Газет-журналдар түрлі себептермен кешігіп қалса, почтаға балаларын жүгіртіп жіберіп жатқаны. Демалысты тек пырылдап ұйықтау, суға шомылып, құмға аунау, тоғай аралау деп түсінетіндер қаншама. Кітап адам баласы ашқан ұлы жаңалықтардың ішін­ дегі ұлы жаңалық. Мұны Цицеронның сөзімен толық­ тырсақ: «кітапсыз үй жансыз тән тәрізді.» Қазір кітабы жоқ үй сирек. Кітаппен жұмысы жоқтар кітап жинамақ түгіл: «тентек шоқпар жинайды» деп, бәрі кітапханада бар, кітап жинаған сән бе, не керек сол», «кітапты көп оқығаннан академик болармын деймісің» деп, кітапқұмарларды әңгіме қылып, мүйіздесе бұған не дерсің. Рас, кітап жинау – сән емес. Кітапхана – кітапхана, ол көпшіліктің игілігі. Өзіңдегі – өзіңдікі, керек кезіңде сөреден суырып аласың да пайдаланасың, пайдаланып болған соң орнына қайта қоясың. Көпшілік кітап­хана­ ларында ондай мүмкіндіктер ылғи да бола бере ме. Ізде­ ген дүниең бірде табылса, бірде табылмайтыны және бар. Кітапты сән үшін жинайтындардың бар екенін жоққа шығармаймыз. Үй болған соң бір шкаф керек сияқты. Шкаф болған соң оны кітаппен, онда да әдемі тысты кітаптармен сықап толтыру міндет сияқты. Осындай жәйттерге байланысты жамбылдық дәрігер С.Тажбенов «Лениншіл жас» газетінде жарияланған «Сәндік үшін бе?» деген бір мақаласында жақсы ойлар қозғаған. «Жақында жаңа кітаптар түсіпті дегенді естіп

Үмбетбай Уайдин
кітап дүкеніне барғанымда еріксіз мынадай оқиғаның
куәсі болдым. Жанымдағы әлемет боянып, әдемі киінген
толық сары әйел:

– Ой, Жанночка. Мына книга сенің книжный шкафың­

ның светін ашпайды, даже не думай, – деді жанындағы
арық келген әйелге.

– Почему Марияш, басқалар покупает, – деді «Жан-

ночка» есімді әйел қасын кере түсіп.

– Мынаның переплеті желтый екен. Саған қызыл

переплетті книга нужна. Броская, эстетику надо пони-
мать, – деп бармағын шошайтты Марияш.

– Да, мен саған завидую, сенде на все тонкий вкус

Марияш, – деп ақыры қара әйел қолындағы бүкіл әлемге
танымал ұлы жазушы М.О.Әуезовтың атақты «Абай
жолы» эпопеясын (орыс тілінде) сатушыға қайтарып
берді.

«Бұлар кітапты сән үшін жинайтын еріккен ерке то-
тайлар болды ғой және өздері сөзден салат жасауға ше-
бер екен-ау» деп құлазып қалдым. Осы жерде ойыма
бұрын аса мән бермеген жай оралды. Өткен жылы жұ­

мыс бабымен бір жолдасымның үйіне барғанымда кітап
сөресінен бірыңғай жасыл және қызыл түсті әртүрлі
кітаптарды көрген едім. Жаңағы естіген әңгімемнен
кейін әлгі жолдасым мына екі әйелдей болмағай деген ой

басты мені».
Осының өзінен-ақ күнделікті тұрмысымыздағы біраз
«аурудың» сыры ашылмай ма... Нағыз кітапқұмарларды
мұндайлармен шатыстыруға әсте болмайды.

Бір жылы қызмет бабымен Екібастұзға жолым түсіп,
сол сапарымда жазушы Ахат Жақсыбаевтың ағасы Серік
Жақсыбаевтың отбасында болғаным бар. Сонда Серіктің
үйінен байқағаным: дүние-мүлкінің дені кітап па деп

қалдым. Кітапты сән үшін емес, рухани қазына ретінде
тұтынатынын мен оның әңгімесінен, ой-өріс деңгейінен
аңғардым. Мұндай білімдар жолдастармен әңгімелесу­
дің, әңгімесін тыңдағанның өзі қандай ғанибет.

Біздің ұстазымыз көп. Ең үлкен, ең ұлы ұстазымыз,
әрине алдымен өмір. Содан кейінгі ұстазымыз – кітап,

І тарау. Әдеп әлемі: Талдамалы журналистика театр, радио, телевизор, газет-журналдар. Біз мектептегі, институт, университеттердегі ұстаздарымызға да, театр, радио, теледидар, кітапқа да – бәрі-бәріне шәкіртпіз, борыштымыз. Сонда да кітапқа жететін не бар.. Кітап! Кітап адамды күресе білуге, жеңе білуге үйретеді. Кітап адамды армандай білуге, сағына білуге, өмір сүйе білуге және өмірді қорғай білуге үйретеді. Кітап адамды күле білуге, қуана білуге, жылай білуге, жыласа жұбата білуге үйретеді. Серік Жақсыбаев секілді жолдастар кітапты мүлік ретінде тұтынып қана қоймай, оны ұлы ұстаз ретінде бағалайды. Кітап... * * * – Дұр-ре-е-с, – деді Қуантай «болдың ба» дегендей менің бетіме қарап. – Жете білмеген соң не нәрсені де біздің сандалап жай, әшейін нәрсе көретініміз жаман та... – Сонымен, сен анау «тырсылды» неғылдың, жаздың ба? – Ой, сен де мешін жылғыны ұмытпайды екенсің. Айттым ғой келістіре алмай қойдым деп. Дұрысы, бауырым, жаман жазушы болғанша жақсы оқырман болған ба деймін. – Біз екеуміздің әңгімеміз, міне, енді жарасады. Қолжазба және оның тағдыры Ел-жұртынан, ата-анасынан, баласынан, бауырынан кім несін аяйды. Тәрбиелі жасөспірім – ата-әже, әкешешелерінің қолына алғашқы еңбекақыларын ұстатып, қуантып жатады. Ең сәтті шығармаларын Отанға, ет-жақындарына арнайтын қаламгерлеріміз қаншама?! Қайсыбір қаламгер­ лер кейде кітаптарының алдыңғы беттерінің біріне: «анаған арнаймын, мынаған арнаймын» деп жазады.

Үмбетбай Уайдин
Сондай жазуларға көзіміз түскенде: «кітабын арнаған
адам автордың кімі болды екен? Қандай жақыны, жана-
шыры, қандай аяулысы болды екен?» деген сияқты

сауалдарымыздың көбейіп кететіні бар. Михаил Алек-
сандрович Шолохов та өзінің әйгілі «Адам тағдыры»
атты кітабының алғашқы бетіне: «1903 жылдан КПСС
мүшесі Евгения Григорьевна Левицкаяға арнаймын» деп

жазыпты. Жаңағы айтқан: «Левицкая Михаил Алексан­
дро­вичтің кімі, қандай жақыны болды екен? Жерлесі?..
Жеңгесі?..» – Бұл сұрақтардың жауабын «Известия»
газетінің 1986 жылғы 15 мамыр айында жарияланған

«Бір арнаудың мән-жайы» /«История одного посвеще-
ния»/ деп аталатын материалдан таптық. Бақсақ, былай
екен:
Е.Г.Левицкая «Тынық Донның» бірінші редакторы бо-

лыпты. Сол кезде «Тынық Донның» айналасында аз
айқай-шу болмағанға ұқсайды. Левицкая қолжазбаны бас
көтермей оқып, жанын салып қорғап, оның жарық
көруіне – халыққа жетуіне көп күш-жігер жұмсаған. Егер

«Тынық донды» біреулер сияқты Левицкая да түсінбесе,
тіпті
түсініп
тұрып

түсінбесе,
түсінгісі
келмесе,
қиянаттың көкесі сол емес пе?! Жалғанда жан-дүниеңді

түсінген адамнан жақын кім бар?! Жалғанда жан-
дүниеңді түсінбеген, жазғандарыңды түсінбеген адам-
дардан жексұрын кім бар?!
Михаил Александрович басын қауіп-қатерге тігіп,

оны қорғап, жарық көруіне себепкер болған сол тұңғыш
редакторын өмір бойы құрмет тұтқан, Москваға жолы
түскен сайын үйіне арнайылап барып дидарласып,
амандық-саулығын біліп тұрған. Бертінірек москвалық

бір жазушы жаңа жылды /1959/ астана әдебиетшілерімен
бірге қарсы алу жөнінде Михаил Александровичке
ұсыныс-тілек білдіргенге ұқсайды. Сонда ұлы жазушы:
«Рахмет», – дейді. – Бұл тілегіңізді қуана-қуана қарсы

алуға бармын. Бірақ, амалым болмай тұр. Евгения
Григорьевнаның қасында болуым керек. Ол науқас қой».
Осы сөздің өзінде қаншама тәлім-тәрбиелік мән-
мағына жатыр. Үлкеніміз, кішіміз бар – қалам ұстап

І тарау. Әдеп әлемі: Талдамалы журналистика
жүрген бүгінгі біздер кітаптарымыздың редакторларын
осылай құрметтейміз бе? Жасыратыны жоқ, көпшілігіміз
қолжазба қашан өндіріске кеткенше редакторларымызды

айналшықтаймыз да, кейін жөнімізге кетеміз.
Бірі біріне сілтеп, редакторлық міндетті мойындарына
алуға бірде-бір баспа қызметкері тәуекел етпеген бір
қолжазба Әбдіжәміл Нұрпейісовтің «Курляндия» /«Күт­

кен күн»/ романы. Автор бір әңгімесінде осы кітабының
қандай
қиыншылықпен,
яғни

Сәбит
Мұқановтың,
Қазақстан Компартиясы Орталық комитетінің секретары
Ілияс Омаровтың тікелей араласуымен /редакторсыз/

жарық көргенін ерекше ілтипатпен еске алғаны бар.
Фантаст-жазушы Шоқан Әлімбаевтың «Альфа гениаль-
ности», Қойшықара Салғариннің «Алтын тамырлар»
кітаптарының да «көрмегені» жоқ.

Таныс, бейтаныс қаламгерлердің қолжазбаларына
осы­лай қызмет етіп, кітап боп жарық көруіне шын
қамқор көңілмен шырылдап жүрген тағы қандай редак-
тор, қаламдастарды білеміз? Ерте марқұм боп кеткен Ер-

мек Қонарбаевтың қолжазба-мұраларын жиыстырып,
ішінен ең тәуірлерін баспасөзде жариялатып жүрген Са-
фуан Шаймерденов екенін білеміз дейтінімізге бір мы-
сал. Ғалым-әдебиетші Сағатбек Омарбаевтың қойын

дәптеріндегі философиялық шумақтар мен афоризмдерді
жиып-теріп машинкаға бастырып, қашан кітап боп
шыққанша жарғақ-құлағы жастыққа тимеген Қажытай
Ілиясов тағы бір мысал.

Оңай жазылатын шығарма болса болар, бірақ, баспаға
бүгін апарса келесі күні, келесі апта, келесі ай, келесі
жылда оп-оңай кітап боп шыға келетін қолжазба жоқ. Әр
автордың өз өмірбаяны, өз тағдыры болатыны сияқты, әр

кітаптың да әрқилы шырғалаңы, тағдыры бар. Бұл мәсе­
леге Шолохов жайындағы естелік-қолжазбаға қайыры­
лып соққанда сәл-пәл аялдаймыз.
Қолжазбаның да қолжазбасы, редакторлардың да ре-

дакторлары бар.
Евгения Левицкая мен Марк Колосов сияқты білім­
дар, әділ редакторлар біздің республика баспаларында да

Үмбетбай Уайдин
аз емес. Сонымен қатар, «Бұл қалпақтың иесі өзім, қалай
кисем де еркім» дейтіннің кері: «автормен санаспай қол­
жазбаны ретті-ретсіз қиып-қиқалап тастайтын редактор-

лар, зерттеп оқымай, авторға бірдеме-бірдеме деп жыл­
маңдатып хат жазып қоя беретін редакторлар да бар.
Партия-совет органдарында қызмет ететін, жазудың да,
кітап шығарудың да қыр-сырын онша білмейтін, Алма-

тыдан алыста тұратын біздің бір ағамыз баспалардың
біріне қолжазбасын жіберіп, жауабын күтеді. Ай өтеді,
жыл өтеді – үнсіздік. Сұрау салып хат жазады. Күндер­
дің күнінде хатына: «қолжазбаңызды оқып, танысуға әлі

кезек тимей жатыр» деген жауап алады. Содан күндердің
күнінде ағамыз: «бас-көз болшы» деп, қолжазбасы
жатқан баспаның мекен-жайын еске салып, біраз таны-
старына хат жолдайды. «Сол төңіректе жүрсің ғой, әлсін-

әлсін соғып қозғау салшы» деген мағынадағы хат менің
атыма да келді. Бірде сол шаруамен әдейілеп барға­
нымда, әріптесіміз: «соны иесіне қайтаратын шығармыз
Оқып шығып едік, ұнамады», – деді. «Ұнамаса, ұнамаған

себебін дәлелдеп, жауап жазып жіберсеңдерші алаңдат­
пай». Арада бірнеше ай өтті. Қолжазбасының жай-жап­
сарын сұрап әлгі ағамыз күн-түн демей үйге, жұмысқа
телефон шалды. Сұрау салып, кейінірек баспаға мен тағы

бір соққанымда әріптесім: «түу, сендер де бір жағы­
нан...» деп шаршап қалды.
Кезекті демалысын қолжазбасының тағдырына арнап,
күндердің күнінде сол ағамыз Алматыға салып-ұрып өзі

келді. Баспаға ертіп барып өзін қалдырып, мен жұмыс
жағыма кеттім. Жарты сағаттың о жақ-бұ жағында аға­
мыз жұмыс істейтін жеріме көңілсіз келді.

– Анауыңның есі дұрыс емес қой деймін. Біз сендерді

сырттарыңнан әулие көреміз. Әулие көрген әріптесіңнің
уәжін тыңда: «бас жағын оқып-ем, ары қарай жүрмей
қойды» дей ме-ау, «Сіздің осыныңыздан ештеме шық­
пайды, ақсақал» дей ме-ау...

Жақсы болсын, жаман болсын, еңбек тұрғысынан
қолжазба әуелі – еңбек. Еңбекке құрметпен қарау әрбір
саналы азаматтың міндеті. Екіншіден, істеген істерінен

І тарау. Әдеп әлемі: Талдамалы журналистика
адамдар толқып, толғанып нәтиже күтіп, өмірлерін
үмітпен ұзартады. Әрбір қолжазбаның артында да сол
толқу, толғану, күту, үміт жатқан жоқ па? Дүниеде

күткеннен қиын не бар? Оны біздің әріптестеріміз өте
жіңішке түсінуі тиіс. Енді бұл әңгіменің екінші жағына
бұрылайық. Кейбір авторлар: «Мен сол құрлы жоқпын
ба», «Түгенше қалыңдығы кере қарыс роман жазыпты,

мен содан сорлымын ба» деп, ойына келгенін сүйкеп-
сүйкеп, күндердің күнінде онысын арқалап баспаға әкеп
тастайды. Әкеп тастайды да таныс жағалап, әркімдерге
телефон қоңыраулатқызып, аласұрады. Ішінде іліп алар

жылтырағы жоқ бір қолжазбаға мен өзім «құдайшы­
лығымды» айттым. Сол сол-ақ екен, қолжазбаның авто-
ры: «Уайдин мен Берік Шаханов екеуі ақылдасып, менің
еңбегімді іске асырмады» деп, әңгіме қаулатты. Жап-

жақсы дүниені іске асырмайтындай не, сонда ол автор
біздің әкемізді өлтіріп пе? /Қолжазбаның да қолжазбасы
бар деуіміздің мәнісі осындай реттерден-тұғын/. Содан
әлгі автор қолжазбасын алып кетіп, біреулердің кеңе­

сімен үстінен қарап, үш дана етіп бастырып, баспаға
қайта әкелді. Бұл жолы қолжазба басқа редакторға тап-
сырылды. «Басқа редактор» қолжазбаны ыждағаттап
қарап шығып, авторға былай деп хат жазады: «... Қол­

жазба машинкаға баспа талабына сай стандартпен басыл­
маған. Дефистің /-/ орнына сызықша /–/ қойылыпты.
Сондай-сондай реттермен қолжазбаны өзіңізге қайтарып
отырмыз. Сәлеммен...»

Қолжазбаның бар мін-кемшілігі тек әріп қателерінде
және стандартпен басылмауында емес. Көрсетілген
ескертпелер ескерілсе қолжазба «все», кітап боп шыға
келеді деп ойлап, автор дәмеленіп, емексіп қалмауға тиіс.

Емексу демекші, бір көңіл жақын жолдас аудандық жер-
де қазақша басатын машинка болмағандықтан қолжаз­
басын менің атыма жолдапты. «Үстінен жақсылап қарап,
машинкаға бер. Мынау машинистканың еңбек ақысы»

деп, қолжазба келгеннен кейін 60 сом ақша жіберіпті.
Үстінен қарап, машинкаға бастыруын бастырармын ғой,
әрмен қарай қалай болады?

Үмбетбай Уайдин
Қолжазбалардың тағдырына байланысты әңгіменің
бір ұшы жазбаша пікір білдірушілерде. Кейде жарамсыз
қолжазбаларды өтірік мақтап-мақтап, сөйтіп, автордың

танауын делитіп, редакторларды екі оттың ортасында
қалдыратын рецензенттер жоқ емес. «Екі оттың ортасы»
деуіміздің мәнісі: «қолжазбаны екі... үш адам оқыған
екен, бәрі де мақтапты. Тек бәленше деген редактор

анау-мынау деп ұстап, қатты обалыма қалып отыр» деп
жамандаған авторлардың тағы қаншасын ұшырас­тыр­
дық!
Қайшылықтар! Қайшылықтар!

Біреулер жазған-сызғандарының баспасөз беттерінде
көріне бергеніне мәз. Енді біреулер жазған-сызғанда­
рының баспасөз беттерінде көріне бергеніне және
қағазға түскен ойларының қалың оқырманға тұтас жетіп,

ел-жұртқа қызмет еткеніне мәз. Алайда, кейде әдеби
қызметкерлер ана жер, мына жерін қырқып, одан бөлім
меңгерушісі тырналап, жұлмалап, одан жауапты хатшы
күзеп, кезекшілер тағы... сөйтіп, автор ойының құр

қаңқа-сүйегі ғана қалатын реттер де жоқ емес. «Литера-
турная газетада» басылған Шыңғыс Айтматов пен Олжас
Сүлейменовтың көлдей-көлдей ақылды мақалалары сол
«қырқымшылардың» көзіне түсті ме, түспеді ме кім

білсін.
«Авторлардың да авторлары бар» дегенге қайтып
оралайық.
Материалдарын

редакцияға
қалдырар-
қалдыр­мастан телефон шалып, араға адам салып маза-
лап, редакция қызметкерлерін ығыр қылатын авторлар

бар. Мақа­ла-материалдары жуық арада газет-журналдар
бетінде көрінбесе анда-мында шапқылап, әңгіме гуле­
тетіндер де жоқ емес. Біз ондайларды жақта­маймыз. Біз
өз жазған-сызғандарын қорғайтын, қорғай білетін ав-

торлар жағын­дамыз. Біздің тағы да жақтайтынымыз:
әрбір саналы ата-ана балаларын халыққа адал қызмет
етуге баулиды, тәрбиелеп өсіреді. Зиялы авторлар да
солай: қағазға түс­кен ойларының оқырмандарға «жол-

шыбай» көп төгіл­мей, шашылмай жетіп, халыққа адал
қызмет еткенін қалай­ды, яғни жазған-сызғандары қа­

І тарау. Әдеп әлемі: Талдамалы журналистика шан баспа бетін көргенше жандары жай таппайды. Қай­ шыға, «қаны қарай­ған» қара пышаққа ілікпей жарыққа шықса, ол автор­лардың мерейі үстем. Керісінше, жазған-сызған­дары шыққаннан кейін әлдекімдердің ауызынан: «слушай, ай... сенің газеттегі ана міттей мақа­ лаңды оқыдым. Кешір, сенің соныңнан түк түсінсем бұйырмасын» деген сияқты сөздер шықса, қандай көңіл-күйде болар еді! Бұл жерде, біз, әрине, қолжазбаларға қол тимеуі керек, қысқармауы керек деуден аулақпыз. Гәп, қалай қысқартуда, қысқарта білуде ғой. Қысқарту, қысқартпаулардың түсінуге болатын, болмайтын дәлелді, дәлелсіз себептері де бар, әрине. Ол, біріншіден, шығарманың сапасына, екіншіден газетжурналдардың көлеміне, үшіншіден, редакция қызмет­ кер­лерінің авторға деген пендешілік көзқарасына байланысты. Көлем дедік. Көлем көтермесе, қолжазбаны газетжурналдың бірнеше санына бөліп-бөліп беруге болмай ма? «Біздің Шолоховқа» қайтып оралайық. Кітаптың авторлары: Михаил Александровичтің оралдық досы Ғапар Рамазанов пен журналист Хамидолла Қыдыров. ...Содан, Рафаэль Ниязбековтен басқа бірсыпыра әріп­ тестеріміз қағазға түсірген өз піркілерінде бұл кітаптың қолжазбасын іске алғысыз етіп, Өркен Кортиковтан өзге бірнеше редактор да беттемей қояды. Әркімнің өз білгені бар, оларды кінәлау артық болар. Кортиков болса, өз тәуекелінен қайтпады. Кейде балаларымыз туралы бөтен біреулер жақсы сөз айтса да ішіміз жылып, қуанып қаламыз, ал халқымыз туралы Шолоховтай ұлы адам жүректен шыққан сөз айтса ше? Бәлкім қолжазбадағы: «Қазақтардың мәдениетіне, тіліне және әдет-ғұрпына қатты қызығамын. Қазақстан менің екінші Отаным болып алды» деген Шолоховтың сөзі сезімін қозғады ма... Қалай десек те, жап-жақсы дүниенің ел-жұртқа жетуіне редактор үлкен себепкерлік міндет атқарды.

Үмбетбай Уайдин
Адамдар бақытты күтпейді, шарқ ұрып іздейді, қуып
жетеді, күреспен жеңіп алады. Бір күрескер, бір бақытты
адам – Шолохов.

Кітаптың аты – «Біздің Шолохов». Ойлап қарасақ, бұл
«Біздің Шолоховта» қаншама жақсы әңгіме жатыр! Ин-
тернационализм, ел-халықпен араласу, ұлық болу, кішік
болу, қарапайымдылық... – бәрі-бәрі осы атаудың ішінде.

Дүниедегі ең күшті адамдардың бірі Шолохов десек,
бір кездері оның да тағдыры қалт-құлт халде болғанын
біле бермейміз. «1936-1937 жылдары арам ниеттілер Шо-
лоховты «Отан алдында ауыр қылмыс жасады» дегендей

айып тағып, оның кейбір сужүрек жерлестерін қорқы­
тып-үркіту арқылы өтірік-жала жапқызып, қылмысқа
тартпақшы болады. Осы жағдайды біліп, жазушыға
жаны ашыған достары түн жамылып келіп, оның Вещен-

скаядан кетуін өтінеді. Осындай жантүршігерлік хабар-
ды естігеннен кейін ол Москваға, партияның Орталық
Комитетіне барып, өзіне ойламаған жерден жабысқалы
тұрған жаладан құтылады. Сөйтіп, партияның Орталық

Комитетінің қамқорлығы арқасында жер жүзі әдебие­
тінің бақытына Михаил Александрович Шолохов көлде­
нең қазадан аман қалады» (109-бет). Оп-оңай атақ-даңқ
қуып, бақытқа оп-оңай жеткісі келетін қайсыбір оқыр­

мандардың кітаптан алар бір ғибраты осы.
Кітап жазғаннан гөрі оны шығарудың әлдеқайда қиын
екенін ілгеріде айттық. «Біздің Шолохов» қолжазбасы
тағдырынан да соны аңғардық. «Шындықтан ешқайда

қашып құтыла алмайсың, – деп, Шолохов сөзін әрмен
қарай жалғастырды. – Рас, шындық үшін күресу кейде
оп-оңай бола да бермейді. «Көтерілген тың» жөнінде
осылай болған-ды. Кулактарды жою жайындағы тарау

естеріңізде ме? Кейбір қайраткерлер осы тарауды
өткізгісі келмеді. Егер осының бәрі іс жүзінде болған
оқиға болса, қалайша өткізбеске. Болғаны рас. Қатал,
бірақ нағыз шындық. Мен бұл тараусыз романды жария-

лай алмадым. И.В. Сталинге барып, өзімнің қандай
қиыншылыққа тап болғанымды айтып беруіме тура
келді. Мәселе әп-сәтте шешілді. Сталин тіпті ашуланып:

І тарау. Әдеп әлемі: Талдамалы журналистика
«Мұнсыз қалайша мүмкін болады? Әйтпесе, оқиғалар
тым ұсақталып, тұрмыстық суреттемелерге айналып
кетеді ғой» деді» (102-бет).

Кітап шығару қиыншылығының бұл бір ғана әңгімесі.
Шыққаннан кейінгі дау-дамайы ше? Бұндай жағдай
Латвиялық халық жазушысы Вилис Лацистің де басында
болған. 1942 жылдың 1 қаңтарында жазған күнделігінде

ол былай дейді: «... Москва. Получил выдержку из Риж-
ской фашистской газеты. Статья обо мне – грязная, кле-
ветническая, демагогическая. Пытаются оболгать меня
в глазах латышского народа, изображая шпионом, пре-

дателем. Самое поразительное: стремятся заронить
мысль, будто последние романы написал вовсе не я, а
кто-то, мол, сделал это за меня. Сначала клевета разо-
злила, потом плюнул. Подлецы, ничего другого и не

умеют, кроме как сплетничать и клеветать. Придет вре-
мя и я честно отвечу всему латышскому народу» /«Лит.
газета», 3.04.1985 г./.
Кіріскен, қолға алған не нәрсе де уақытқа, ден­сау­

лыққа тура пропорция. Уақыт пен денсаулықты қалам­
герлерге қаратып айтсақ: біреулерде дизель трак­то­
рының
мотор

күші
бар,
енді
біреулерде

мопед
мото­рының күші бар – әркімнің мүмкіншілігі, екібастан,
әрқалай. Әрқалай жүк арқалаймыз. – «Біздің Шолохов-
тан» да осы сияқты ғибрат аларлық қаншама құнды­

лықтар бар.
Біздің байқауымызда, Шолохов уақытын дұрыс
тұтынып, демалысын жақсы ұйымдастыра білген адам.
Олай дейтін себебіміз, ол әрі демалыстың ретімен, әрі

болашақ кітабының жоспарымен араға жылдар салып
Орал өңіріне келіп тұрады. Біреулердей: «мен сіздер ту-
ралы кітап жазамын», «мен сіздер туралы сұмдық кітап
жазып шығарамын» деп лепірмейді – үндемей жүріп ма-

териал жинайды. Бір-ақ жерде ғана ол Ғапардың сауалы-
на орай сыр ашып қалады.
«...– Ғапар, – деді жазушы сәл езу тарта күлімсіреп, –
екеуіміздің арамыздағы достық Ақжайықтың суындай

мөлдір екенін білесіз, басқалар да сезетін шығар.

Үмбетбай Уайдин
Мақтаған Шолоховы Қазақстанда қанша рет болса да, еш
нәрсе жазбай қойды ғой. Сонымен қартайды деген сөз
мен үшін жақсы емес. Менің асықпай жазатын жазушы

екенімді білесіздер. Осындай бір еңбектің жазыла
бастағанына көп болды. Несін жасырайын, оны келген
сайын ширата түсемін. Өмір жеткізсе достық тілегіңіз
орындалады!..» /86-бет/.

Адамдар өлермендікпен де мезгілсіз өліп кетеді,
өмірді «өле» сүйгендіктен де мезгілсіз өліп кетеді.
Біреулер ерекше жаратылысымен, енді біреулер ақыл-
парасатымен, сабырымен көп жасайды, жүзден асады.

Басқа біреулер өмір бойы бет-ауыздарын сипалап,
шөптің басын сындырмай-ақ көп жасайды, жүзден аса-
ды. Көп жасағандардың бәрі шетінен көп іс тындыр­
ғандар емес және көп іс тындырғандардың бәрі шетінен

көп жасағандар емес. Өз мүмкіндіктерінен артық жүк
көтеріп мертігетіндер де, өз мүмкіндіктерінен артық ма-
хаббат пен өлең-өнер сүйіп, өмір сүріп те мертігетіндер
бар. Шолохов та өнерді, өмірді құлай сүйіп, бірақ, ақыл-

парасатынан адаспай, сексенге таяп дүние салды, ұлы
істер тындырып кетті. – «Біздің Шолоховтан» және бір
түйгеніміз осы.
Жоғарыда айтқандарымызға тағы да қайырылып соғу­

ға тура келді: кітап жазу дегеніміз – азап-бейнет. Кітап
жазу дегеніміз – уақыт, денсаулық, талант. Сергеев-
Ценский қалай тауып айтқан: «Для того, что бы быть
русским писателем, надобно иметь колоссальнейшее

здоровье!» /Жауапкершілік мағынасында/.
Не нәрсенің де барып тірелетін жері – ар-ұят. Не
нәрсенің де тағдырын шешетін тағы да сол ар-ұят,
адалдық, әділдік, білімдарлық. «Біздің Шолохов» сияқты

қолжазбалар көңге көміліп жатқан гауһардай шаңға
көміліп жатпай, адал, әділ, әдепті, білімдар редактор­лар­
дың қолына тап болғай.

І тарау. Әдеп әлемі: Талдамалы журналистика
Көк сия, қара сия, қызыл сия
Балалық-шалалығы, ыржаңы-ыржалағы көп алыста
қалған жастық шақ кім-кім үшін де – сағыныш қой.

Өзімнің Шалқарда өткен жастық шағым қағазыма
біршама түсті.
1957 жылы әскери міндетімді өтеп болғаннан кейін
жастық романтика мені Донбасқа /Ворошиловград облы-

сы, Красный луч қаласы, 17-17 бис/ апарды. Онда шама-
лы уақыт тасқалаушы боп жұмыс істеп, Шалқарға
келдім. Мұнда бір жақсы ұжымға тап болдым. Ұжым
Шалқар аудандық газетінің редакциясы мен баспахана-

сы. Тілеужан Шойғарин, Тауман Төреханов, Нысан Му-
син, Сарша Мусина, Үбәйт Төлеубаев сияқты жақсы аға-
апалардың қамқорлығын көрдім.
«... Алматыдан Москваға қарай қатынайтын жүрдек

поезд ол кезде Шалқар станциясына ыңғайсыз уақытта –
түн ортасы ауа аялдайтын. Студент кезімде демалысым,
практикам бар – әртүрлі реттермен Шалқар жаққа жол
жүргенімде мезгілсіз уақыт болса да поездан түсу бойы-

на тура баспаханаға тартатынмын. Баспахананың шамы
сөнбей, «Ейск» сартылдап жатса, қуанып қалатынмын.
Оқу талабымен алғаш жолға шыққанымда көздеріне
қимай жас алып сәт сапар тілеген тілеулестерім келіп-

кеткен сайын қаражат жинап беріп, мереке-мейрамдарда
және елеп, көңілдерімен демеген жайсаң аға-апа, іні-
қарындас, құрбы-құрдастарым осында болса, қуанба­
ғанда ше?!

Ол жылдары қаражаттан қатты тарықтым. Стипендия-
мен күн көрдім. Анда-санда Шалқар жағынан он бес-
жиырма сом келіп қалады. «Бұл кімнен болды екен» деп
қағазға көз жүгіртсем, көбіне: «Үмбетбай! Денің сау ма,

қалқам. Мынау редакция-баспаханадағы жолдастарың­ның
көңілі. Мейрамға. Ағаң Үбәйт» деген жазуды оқи­мын.»
/«Өмірге құштарлық». «Жалын» баспасы, 1985 жыл/.
Бүгінде сол аға-апа, жора-жолдастардың бірсыпырасы

бұ дүниеде жоқ. Тауман Төреханов Алматыда тұрады.
Журналистиканың ардагері. Тілеужан Шойғарин ағайдан

Үмбетбай Уайдин
кейін ол Шалқар аудандық «Коммунизм таңы» газетінде
отыз жылдан астам уақыт редакторлық қызмет атқарды,
Шалқар ауданының Құрметті азаматы. Жасы сексеннен

асса да әлі қаламын тастаған жоқ. Соңғы он-он бес жыл
шамасында оның қаламынан «Көз көргендер еді»,
«Қанмен жазылған тағдырлар», «Ғасыр қасіреті», «Зер­
де­сінде ұрпақтың», «Жұмақ елі», «Жазбады-ау демесін»,

«Кісенделген дала», «Адам әлемі» сияқты дүниелер
туды. Жалпы қарасы екі жүзден астам очерк, эссе,
әңгіме, новеллалары және бар. Жиі хабарласып, әртүрлі
тақырыпта ой бөлісеміз, қазіргі журналистикаға байла-

нысты пікірімізді айтып тұрамыз.
Бірде мектеп оқушысы /шәкірт/ сабақ аяқтала бере
қасыма жақындап:

– Ағай, менің журналист болғым келеді. Бірақ, бір кісі

«қазір бұрынғы журналистика жоқ. Бүгінгі журналисти-
ка білім бермейді. Және журналистика ғылым емес. Сен
философияға түс, жақсы мамандық» деп айтты» деді.

– Саған бұлай ағыл-тегіл ақыл-кеңес берген кім деген

кісі, аты-жөнін білемісің?

– Ұмытып қалдым.

– Ұмытсаң, жарайды, оқасы жоқ, мені тыңда. Бірін­

шіден, кім қай оқу орынына талап қылады – ол әркімнің
өз ықтияры, мамандықтың жаманы жоқ. Екін­ші­ден,
саған ағыл-тегіл ақыл-кеңес берген біздің ол замандас
қатты қателеседі: журналистика – кәсіп, мамандық.

Құрметті мамандық.
Журналистика
дерекпен
сөйлейді.

Әлгі
ағайың
«бүгінгі журналистика білім бермейді» деп те дерексіз,
жауапсыз, оңай айта салған. Әрине, өз пікірі. Өз пікірі

десек те – қатты қателеседі.
Шәкірт басын изеді. Ақыл иесінің аты-жөнін ақыры
айтпай жүгіріп кетті.
Осындай оңай әңгіме бір бұл емес, әр жерде құла­

ғымызға тиіп, баспасөз беттерінен де көзімізге түсіп жүр.
Бірде көркем әдебиеттің проза жанры мен журналистика-
да жап-жақсы көрініп келе жатқан жасы кіші қалам­
дасымызбен түсініспей қалдым. Ол әріптесіміздің де

І тарау. Әдеп әлемі: Талдамалы журналистика
қазіргі қазақ журналистикасы кадрларына көңілі толмай-
ды. «Қай кезде де қай кәсіп-мамандықтың болсын әңгі­
месі болған. Қай кезде де «жүзден – жүйрік, мыңнан –

тұлпар» емес пе, бауырым» деп, мен өз дәлелдерімді алға
тостым. – Не, өзің бірден төселген журналист-қаламгер
бола қалдың ба? Не?

– Мен өз пікірімді, дәлелімді айтып отырмын. Келіс­

песеңіз өзіңіз біліңіз, шындығына келсек, университеттің
журналистика факультеттері соңғы кезде жөнді маман-
кадрларды даярлауды қойды. Бұрнағы жылы бір-екеуінің
аяқ алысын байқап көріп-ек, алып кете алмады. Жарама-

ды. Сосын...

– Сосын айдап шықтыңыздар?

– Ол өз шаруамыз...

Қасымызға тағы бір қаламдас жақындап, ол да мына
қаламдас-әріптеске ыңғайланып сөйледі.

– Қазір ақша төлеп, журналистикада кім болса сол

оқитын болды ғой. Баяғы біздің кезіміздегі талап жоқ.
Қайсысы мемлекеттік, қайсысы жекеменшік – журналист
кадрларын даярлайтын оқу орындары һәм қаптап кетті.
Сосын қайдан сапа болсын, сосын қайдан кадр оңсын.

– Сөзіңізді бөлейін. Біріншіден, студенттер универси-

теттен жалпы теориялық білім алып шығады. Талант-
қабілеттері жүре-бара шығармашылық ұжымда ашыла-
ды, ысылады. Шеберліктерін шыңдайды. Мына сіздер,
мына біздер университеттен дап-дайын журналист бо-

лып шықтық па? Не көрмедік? Редакциялардың қара
жұмысына жегіліп, өмірдің қара қазанында қайнамадық
па? Жазған-сызғандарымыз өзімізден бұрынғы аға-апа­
ларымыздың, редакторлардың көк сия, қара сия, қызыл

сиясымен қанша шимайланды. Қайсымыз аспаннан сал-
бырап түстік, құдайшылығыңды айтшы?

– Біз оны айтып отырған жоқпыз.

– Жоқ, сендер соны айтып отырсыңдар.

Қаламдастар арасындағы бұл әңгіме осылай аяқталды.
«Болдың ба?» дегендей бетіме бір қарап, Тәкең өз
пікірін айтты.

– Көзіңе түспеді-ау деймін,бұл тақырыпқа мен де

Үмбетбай Уайдин
қайырылғанмын. Өмірдің қара қазанында қайнау, шебер­
лік шыңдау дегеніңе қосыламын. Бірақ, журналист кад-
рларын даярлайтын оқу орындарын қаптатудың қажеті

жоқ.
Шеберлік. шеберлік. «Шеберленген сайын адам қина­
ла, терлей түсуге тиіс. Ал шеберлік – шексіз дүние» /Зей-
нолла Қабдолов/.

Иә, қалам, қылқалам ұстайтын кім-кім де шеберлікке
шимай-шатпақтан, аға-ұрпақтың әлгінде айтқан көк сия,
қара сия, қызыл сиямен түзеткен мектебінен келеді. Мен
де және Аманбай Көздібаев, Ұзақбай Төлебаев, Әбдісағи

Мүтәлиев, Болат Теміров, Әкімжан Оралбаев, Әбдіқұл
Жұмабаев сынды көзі бар, көзі жоқ қаламдас достарым
жазу-сызу өнерінің алғашқы бастауында Тілеужан Шой­
ғарин, Тауман Төрехановтың көк сия, қара сия, қызыл

сия түзетулерінен өттік.
Тәкең, Тауман Алыбайұлы, талаптың адамы. «Әй,
Үмбетбай, айдақтатып-сойдақтатып жазып, не болса
соны сүйретіп алып келетінің не? Ең болмаса ойланып,

дұрыстаңқырап әкелмейсің бе?» деп, бет-ауызы көк ала,
қара ала, қызыл ала мақала, өлең-пөлеңдерімді қолыма
ұстататын. Оны машинка басатын Раушан апайға ыржа­
лаңдап апарып, қайта-қайта бастыратыным әлі есімде.

Соның өзі мектеп екен ғой!
Құрдасым, ұжым мүшесі Әбдіқұл Жұмабаев та
алғашқы журналистік қадамын және Тілеужан Шойға­
рин, Тауман Төрехановтай қамқор ағаларын жиі еске

алады.
... Өз жазған-сызғандарын қайта-қайта қарап өңдемей
төселу, шыңдалу, шеберлік қайда. Лев Толстой да
«Соғыс және бейбітшілік» /«Война и мир»/ романын

қайта-қайта өңдеп, қайта-қайта көшірсе, «Жексенбі»
/«Воскресенье»/ романын 9 рет, ал «Набег» атты әңгі­
месін 23 рет түзеткен.
Ғабит Мүсірепов «Амангелді» атты шығармасына 17

рет қайтып айналып соққан.
Флобер мен Мопассан бір сөзді 200 жолдан жақын
қолданбауға тырысқан.

І тарау. Әдеп әлемі: Талдамалы журналистика
Жазу-сызу өнерінің осындай азап-бейнетін бастан
кешпей кім университетті бітіре сала дап-дайын журна-
лист бола қалады. Менің бұл айтып отырғаным жөн бе,

жөнсіз бе, Тәке?

– Қосып-аларым жоқ.

Өндірістік тәжірибеден өтіп келген бірер студенттің
жазған сызғандарына талдау жасадым. Заметка, интер-
вьюден басқа жанр қамтылмаған. Өздері көңілсіздеу. Не
жағдай? Бұл «не жағдайды» жайлап студенттердің

өздерінен сұрап көріп-ем, реті бар екен. «Өндірістік
тәжірибе кезінде, неге екенін білмейміз, өзіміз болған
редакциядағы аға-апалар бізге ешқандай жылылық та-
нытпады, – деді бір студент. – Барған кезде сұраған соң

бір-екі рет аты-жөнімізді айттық. Бірақ «практикант»
атанып кеттік. Сосын күнделігімізге қол қойдырып, мөр
бастырдық та «ал, жақсы» дедік. Барлық жерде ондай
емес шығар, біз болған газет редакциясында солай бол-

ды».

– Студенттердің бұл өкпе-назына қалай қарайсыз,

Тәке?

– Дұрыс қараймын. Студенттердің реніші орынды.

Студент кезімізде біз де өндірістік тәжірибеден өттік.
Бөлім меңгерушілері тапсырма беретін. Студент қой деп,
жауапты хатшылар қаламақыны көтеріңкіреп қоятын.
«Кәне, батыр, тапсырма ал», «кәне, қалқам, не жаздың?»

деген сықылды жұмсақ дауыстарды жиі еститінбіз.
Қазіргі студенттердің ауызынан естіген жаңағы әңгіме­
ден кейін қайран қалдым.
Ұжымына өндірістік тәжерибеден өтуге келген сту­

дент-жастарға құрметпен қарайтын редакция қызметкер­
лерінің талайын білеміз. Журналистиканың ардагері,
марқұм Бибіхан Байтілесова апай жайында жақсы пікір­
лер көп.

«Қарапайым көрінгенімен біздің Бибіхан апайымыз
өте мәдениетті. Марқұм Хасен ағаны «қазақ» немесе
«Хасеке» дейтін. Атын атағанын естіген емеспін. Ғалым
ағаны да «Ғалеке» дегеннен танған емес. «Бадырайтып

атын қалай атайсың» дейді. Сейдахмет ағадан жасы

Үмбетбай Уайдин
үлкен болса да, ол кісі кабинетке кіріп келгенде, орыны-
нан атып тұратын» /Сәлима Ысқақова: Жаны жақсы
апайымыз. «Жас Алаш», 8.03.2000 ж./.

Біреуге біреу себепкер. «Жақсыдан – шарапат, жа-
маннан – кесапат». Бибіхан, Тілеужан, Тауман сияқты
аға-апалар тікелей өздері немесе біреулер арқылы
қаншама таланттарға себепкер болды. Заманында Абай

атамыз­дың шығармаларының кітап болып шығуына
Әлихан Бөкейханов тікелей себепкер болса, қаржының
көзін тауып, тікелей көмектескен /меценат/ Бекбай
Байысұлы деген кісі көрінеді. Сол Байысұлының бала-

сы Асылғазы Бекбайұлы қазіргі үлке-е-н ақынымыз Ол-
жас Сүлейме­нов­тің жолын ашқан екен. Ол кісі: «Бір
күні кабинетте отырғанмын. «Жетісу» газетінің сол кез­
дегі редакторы Әбдуәли Қарағұлов қасына Олжасты

ертіп келіпті. Ол кезде Мәскеудегі әдебиет институ­
тінде оқитын Олжасты ешкім біле бермейді. Әбекең
Олжастың жазған-сызған­дарын көрсетті. Қысқаша айт­
қанда, оның тұңғыш жина­ғының жарық көруіне ықпал

еткенім рас» дейді.
Сол Олжас кейін Раушан Аспандиярова деген бастау-
ыш мектеп оқушысының шығармасын өз алғы сөзімен
жарыққа шығарды.

«Адамзаттың Айтматовы» атанған Шыңғыс Айтматов
ұлы Әуезовті пір тұтады. Қадыр Мырза Әли Мұза­фар
Әлімбаев пен Әбу Сәрсенбаевтың есімдерін ауызша да,
жазбаша да ылғи құрметпен еске алады.

Солай, біреуге біреу, бірдемеге бірдеме себеп-себеп­
кер. «Ұстаз менің өмірімде» /«Учитель в моей жизни»/
деп аталатын кітапта ондаған еңбек ерлері, батырлар,
космонавтар, атақты ақын-жазушылар ұстаздарын терең

сезіммен еске алады. Аты-жөндерін келтірсе, ондайлар
бізде де аз емес.
Темірхан Медетбек: «Әдебиеттен Асанбаев деген кісі
сабақ берді. Өте әдебиетші еді. Сол кісінің әсері болу ке-

рек, әдебиетті сүйіп оқитын бодым. Үлкен әдебиеттегі
ұстазым деп Әбу Сәрсенбаевты айтар едім.»
Күләш Ахметова: «Ең алғаш өлең жазуыма себепкер

І тарау. Әдеп әлемі: Талдамалы журналистика
болған кісі 7-сыныптағы мұғалімім Мәдина апай еді».
«1968 жылдың көктемінде «Лениншіл жас» газетіне екі
өлең жібердім. Сәбит Мұқанов сол газетте жақсы пікір

жазды».
Сайын Мұратбеков: «Сөйтіп, Әбекеңнің /Әбу Сарсен-
баев/ қамқорлығы арқасында «Жазушы» баспасынан
1961 жылы алғашқы жинағым жарық көрді».

Тынымбай Нұрмағамбетов:
«Мен мектепте жүргенде гуманитарлық пәндерді жақ­
сы көретінмін. Әдебиет, тарих сияқты пәндерді жақсы
меңгердім. Әдебиет пәнінен бізге Мағжан Махамбетов

дейтін мұғалім сабақ берді. Менің әдебиетке құмартуыма
белгілі бір дәрежеде осы кісі себепші болды-ау деп ой-
лаймын».
Гуманист Ғабит Мүсіреповтің жастарға қалай алаң­

дап, оларды әртүрлі жағдайлардан қалай арашалағанын
да біреу біліп, біреу білмес.
«...Жастарды ерте қартайтпауымыз керек. Балғын
шақтың өз сұлулығы, ұшқырлығы бар. Буыны қатқан,

қызуы басылған аға буын аяғын қия басқан жасты
дүрелей бастамауымыз керек. Әсіресе жас дарынның жа-
лынын тұншықтыру – қылмыс. Жалынды жас, дарынды
жас көк шыбықты көрмей-ақ өссін.

В.Г. Короленконың алғашқы әңгімелерімен танысқан­
нан кейін-ақ А.П. Чехов «мұндай жаспен қатар жүру
түгіл, соңынан еріп жүрудің өзі қандай қуаныш!» деген.
«Біз мұндайға әлі тоңмойындаумыз» /«Суреткер пары-

зы» кітабынан/.
Рас, тоңмойындаумыз. Тоңмойындықтың бір мысалы
«жаза алмайды, жарамайды. Шығарып жібердік».
... Жоқ, қыр-қырдың астында тасырлатып шауып келе

жатқан ізбасарларының аяқ алысынан көз айырмайтын
аға буын өкілдерінің біразын білеміз. Бұдан бірер жыл
бұрын қарт қаламгер, шебер аудармашы Нұрғазы Шә­
кеев бір әңгіменің келе жағында: «соңғы кезде баспасөз

беттерінен жаңа есімдер көзіме жиі түсіп жүр, – деп,
«Жас Алаштан» Қали Сәрсенбайдың, Жанарбек Әшім­
жанның, Роза Қараева мен Жұлдыз Әбділданың ат-есім­

Үмбетбай Уайдин
дерін сүйсініп атады. Мен Нұрекеңнің бұл «тізімін»
баспасөз бен теле-радиода жақсы көрініп жүрген Ахмет
Аляз /«Қазақстан-Заман». Түрік журналисі/, Талғат

Ешен­ұлы, Нұржан Қуантайұлы, Жарас Сәрсек, Нұр­
жамал Әлішева, Амангелді Сейітханов, Әмірхан Бал­
қыбек, Индира Өтемісова /Ақтөбе/, Ермахан Шайқыұлы,
Алмат Исаділ, Ержан Байтілес, Есей Жеңісұлы, Салтанат

Өтеуғалиева, Арман Жусанбай, Шүкір Шахай, Қанат
Ескендіров, Нұрділдә Оразов, Гүлназ Әлімгерей, Кәмшат
Тасболатова, Кәмшат Мәсімжанова, Өміржан Әбдіхалық,
Гүлзина Бектасова, Нәзира Жоямергенқызы т.б. есім­

дермен толықтырдым. Бәрі де көк сия, қара сия, қызыл
сия мектебінен өткендер. Бірлі-жырымы болмаса, негі­
зінен, бұлардың дені Әл-Фараби атындағы ұлттық
университеті журналистика факультетінің түлектері. Ен-

деше, қайсыбір қаламдас-әріптестеріміз неге қазіргі жур-
налистика кадрларына көңілдері толмай, неге неше түрлі
әңгіме қаулатады?!

– Құлағыңызға тиіп жүр ме, Тәке, соңғы кезде: «жур-

налистика мамандығына студентті бәлен жыл оқытудың
қажеті жоқ. Ана жақта өйтеді, мына жақта бүйтеді» де-
ген де әңгіме шығып жүр-ау?

– Теориялық білімнің аты – теориялық білім. Сөйлем

құрағанның бәрі журналист емес.

– Түсінікті. Рахмет, әзірге.

ІІ тарау

ӘДЕП ӘЛЕМІ:

ТАҒЫЛЫМДЫҚ

ПЕДАГОГИКА

ҚОСЫМША САБАҚ

Сол бір ауыз сөз...
Талай үлкен-кішілердің мейірім-шапағатын көрдім,
жақсы сөздерін естідім. Олардың біразы қағазыма түсті.
Ұмыт болғандары да жоқ емес. Тауман Амандосов ұстаз­

дың бір жылы сөзі күні бүгінге шейін жадымда. Ол
жылы сөзді әр кезде, әр әңгіменің ыңғайында терең
сезіммен есіме алып қоямын.
Біреу біліп, біреу білмейді: менің өмірім де, мек­теп­

тегі оқуым да ирелең-қиралаң жол. Олай дейтінім, уни-
верситетке оқуға келгенімде бір жылдың төлдері – менің
құрдастарым (1935) Қадыр, Тұманбай, Қалихандар жұ­
мыс істеп жүрді. Ал, менің оқуға кешеуілдеңкіреп талап­

танған себебім: әскер қатарына мектептен алындым.
Әскер – үш жыл. Сөйтіп қалған-құтқан оқуымды кешкі
мектепте бітіріп, 1960 жылы үлкен оқуға талаптандым.
Жолым бола ма, болмай ма – білмеймін. Қаупім үлкен.

Біліміме бәлендей сенімім жоқ. Конкурс қатты. Сонда да
үмітсіз емеспін. Коммунистпін. Әскердегіні, өндіріс­те­
гіні қосқанда – 6 жыл стаж бар. Ол кезде жоғары оқу
орындарына талаптанғандарға әртүрлі жеңілдіктер бол-

ды. Жеңілдіктер, негізінен, әскер қатарында болғандар
мен кемі екі жыл өндірісте жұмыс істеп келгендерге.
Құламай мемелекеттік емтихандардан аман өттім.
Баға­ларым бәлендей «күйлі» емес. Екі төрттік, қалған­

дары үйелмелі-сүйелмелі үштіктер.
Ендігі мәселе мемелекеттік комиссияның ұйғары­мын­
да. Уайымым күшейді. Студент атанам ба, жоқ па? Сту-
дент болсам арғы жағы ше? Жатақхана? Стипендия?

ІІ тарау. Әдеп әлемі: Тағылымдық педагогика
Бір күні осы ойларымды көтеріп, кіріптар көзбен де­
кан­ның кабинетіне кірдім. Орындыққа отырар-отыр­мас­
тан ирелең-қиралаң жолдарымды, көмектесетін ет­жа­қын

ешкімімнің жоқтығын ықшамдап құлағына салдым. Со-
сын бағаларымды айттым. Декан мені тыңдап болып,
«мемлекеттік комиссияның ұйғарымын күт» деді. Болды.
Ол күн де келді. Комиссия абитуриенттерді бір-бірлеп

қабылдайды екен. Абитуриенттер комиссия мүшелері
отырған кабинеттен күліп шығып, жылап шығып жатыр.
Комиссия қабылдауынан шыққан абитуриент келесі
абитуриенттің есімін дауыстап айтады. Кірсін деген ха-

бар. Бір кезде іштен Ерсайын Асыләлиев деген жуан дау-
ысты абитуриент шығып: «Уәлиев деді ме, Уадиев деді
ме» – түсініксіздеу бір фамилияны айтты. Мен:
− Уайдин шығар?-дедім.

− Солай ғой деймін – деді анау.
Ішке кірдім. Амандосов ағай алдындағы қағаздарға
қарап, менің аты-жөнімді анықтап айтты. Әрмен қарай
коммунистігіме, әскеріме, жұмыс істеген жерлеріме

тоқтала келе, «бұл өзі нағыз қасқа жетімнің өзі екен»
деді. Комиссия мүшелерінен көңілді қозғалыс байқа­дым.
Комиссия мүшелерінің төрағасы, жаңылыспасам Сар-
мурзина деген апай ғой деймін, сол апай «жатақхана да,

стипендия да берілсін. Қарсылық жоқ па?» деді. Қарсы­
лық жоқ. Амандосов ағай: «бара бер» деп келесі абиту­
риент­тің атын атады. Мен есікке қарай бұрыла бере жы-
лап жібердім. Қуаныштың көз жасы!...

Сол жолы ұстаз «өзінің тұрмыс жағдайы бәлендей мәз
емес-ау деймін» деп пе, тағы сондай жалпылама бірде­
мені сылбыр айта салса, айналаға қалай естіліп, кім
қалай қабылдар еді? Сол бір ауыз көңілді сөзімен ұстаз

менің өмірімнің тарс жабық бір есігін күлімсіреп ашқан­
дай болды.
Арқалық жағында, орақ науқаны кезінде қазақ қыз­
дарының намысын қорғап, бір топ студент түн ішінде

сарт-сұрт «өткізгеніміз» бар. Соның салдары – оқудан
шығып қалу қаупі төнді. Бірақ ректорат, деканат біздің
ол сарт-сұртымызға түсіністікпен қарап, бұл тығырықтан

Үмбетбай Уайдин
да аман-есен шығып кеттік. Тауман Амандосов, әлбетте,
сол түсіністіктің қақ ортасында.
Әруағыңыз риза болғай, Ұстаз!

Эталон
Көшкен бұлттарға, өткен-кеткендерге қарап, қолына
таяқ ұстаған бір қария үйінің алдындағы отырғышта
ылғи ой үстінде отыратын көрінеді. Өткен-кеткендер

оған қайырылып келіп сәлем береді – бірін таныса, бірін
танымайды. Ұзын қос өрім шашын кейде сыртына бос
жіберіп, кейде желкесіне түйіп, бұл ауылға келін боп
түскен мұғалима да жүрісін іркіп, иіліп сәлем етеді.

Қарттың оған деген ішкі ықыласы: «Осы бір... Осы бір
қарағым, айналайын.. Өзі».
Мектепке қарай кетіп бара жата ма, мектептен қайтып
келе жата ма – жүрісі ылғи асығыс, сол айналайын кейін

көрінбей кетеді. Ақсақал оның бір-екі рет әрегіректе
кетіп бара жатқанын байқап қалады. «Бар болғыр,
сәлемін бұлдағаны ма?» деп, ақсақал ішінен сөйлейді.
Бірде осы ойын дастарқан басында сыртқа шығарғаны

бар.
Қателескен екен, сол әңгімесінің келесі күні мұғалима
үйдің тұсымен асығып кетіп бара жатып, кенет атасын
көріп, кілт тоқтап сәлем береді.

– Ой айналайын, көп жаса. Біраздан бері көрінбей ке­

тіп-ең. Бірнеше рет анадай жерде кетіп бара жатқаныңда
көзім шалған. «Менің қызым сәлем беруді ұмытты ғой»
деп өкпелеп жүр едім.
Мұғалиманың екі беті қып-қызыл болып кетеді.

– Ойбай, жоқ, ата, олай-бұлай жүріп, көз алдыңызда

көлбеңдемейін дегенім ғой.
Осы жақсы әңгіме ауыл-аймаққа тарап кетеді.
Бұл әңгіме құлағымызға тигенде қашан көрсең бір
қалпы: әдепті, әдемі біздің Тұрымтай замандасымыз көз

алдымызға келеді.
Әдемілік те, әдеп те Тұрымтаймен өмір бойы бірге

ІІ тарау. Әдеп әлемі: Тағылымдық педагогика
еріп келеді. Яғни, әдемі, әдепті бойжеткен; әдемі, әдепті
студент; әдемі, әдепті жар, ана, ұстаз.
Бұл жолдарды таратып айтсақ, Тұрымтай көп жыл

ұлттық университеттің журналистика факультетінде
ұстаздық қызмет атқарды. Әдемі даусымен дәріс оқитын.
Жиын-тойларда ән салатын. «Атқа мінген» қайсыбір
шәкірттердей бірде-бір ұстазын «Тауке», «Темке» деге­

нін байқамадық. «Ағай» сөзінен жаңылмайды. Әдемі,
әдепті қалпымен өзі де жүздеген, мыңдаған шәкірт­те­
рінің жүрегінде, аузында.
Тағдырдың аяғы кімнің басына сарт-сұрт тимеген.

Тұрымтай да басынан небір тағдыр талайын өткізді. Жа-
стай жан-жарынан айырылды. Бәрі артта қалды...
...Иә, Тұрымтай замандасымыз табиғаттың небір ала-
патында сыр бермеген, сылағы түспеген әдемі үйдей

құдай берген сабырымен, табиғи сұлулығын сақтап
бүгінде – 75 жасқа жетті. Талдың бір бұтағы сынса,
қабырғама қараймын деп Жұмекен Нәжімеденов жазған­
дай, ауыздары жыбыр-жыбыр, шаштарын машинкамен

қырып алып тастаған қайсыбір қалалық «әжешкаларды»
көргенде, біз Тұрымтайға қараймыз, Тұрымтайды көз
алдымызға әкелеміз.Мына бір өлең жолдары да сондай
реттен туындаған.

Орамал. Орамал!
Бір жағдайды айтайын ал енді мен:
Құран оқып молда отыр Әлем деген.
Қол жайып отырғанда қайран қалдым,

Орамалсыз көргенде әйелді мен.
Ырс-ырс етіп шығарып әрең демін,
Отыр мұнда Түген мен Бәлен деген.
Бастарына салфетка тастай салып,

Отыр және қаланың әйелдері.
Құран оқып әлі отыр Әлем деген
Түсінбеймін бір жайға ал, енді мен.

Үмбетбай Уайдин Кімді алдайды: дінді ме, құранды ма Орамалсыз қаланың әйелдері? Құран оқып болды, әне, Әлем деген. Орынымнан тұрайын ал енді мен. Ұзын сөздің қысқасы, салфетка емес, Орамалмен әдемі-ау, әйел деген! (Әдептіліктің, әдеміліктің эталоны Тұреке, Тұрымтай замандасымыз, айналаны жалт-жұлт қаратып, эталон боп жүре бер. Аман бол, аман болайық. Әумин!) Әп, бәрекелді! Жақсылықтың көкесі – адамды жақсы көру. Люк де Вовенарг. Исламбек орындыққа отырар-отырмастан: – Сіздерге сәлем беруге келдім аға, апа. Уақытым тығыз. Бір мәжіліске қатысамын, – деді. Ерлі-зайыпты екеуміздің даусымыз қабаттасып шық­ ты. – Бұл қалай болды? – Мәжілістен кейін? Қалта телефоны қоңыраулап, Исламбек «алло» деді де, бізге қарап оң қолының алақанын қозғады. Түсіндік. «Рахмет, асығыспын» дегені. Телефонын қалтасына сала бергенде тағы да қоңырау.. Тағы да... Біреулер уақыт өткізе алмай аласұрады, біреулер тір­ шіліктеріне уақыт жеткізе алмай аласұрады. Қайсы­ сының ақыр түбі – абырой, қайсысының ақыр түбі – әп, бәрекелді? Исламбекті бұл екі аласұрудың қайсысына жатқызамыз? Исламбек Салжанов – кәсіпкер. «Алтын қыран» компаниялар тобының бас директоры. «Алтын қыран»

ІІ тарау. Әдеп әлемі: Тағылымдық педагогика
(2011 ж.), «Жыл ұйымы» атағына ие болды. Исламбектің
өзі «Алтын жүрек» сыйлығының иегері.
«Алтын қыран», «Алтын жүрек», «Жыл ұйымы». Әп,

бәрекелді!
«Әп бәркелдіге» тілдері келмейтіндер, бәлкім, «Жоға­
рыда бір дөкейі бар ғой» деп соғар. Қайдағы!
Жайбарақаттық жаратылысына жат, алға қойған мақ­

саттарына жету үшін кездескен кедергілерді аяғымен
теуіп, маңдайымен бұзып-жарып жететін, қара басының
қамы емес, баршаның бақыты үшін, мазмұнды, мағы­
налы өмір сүру үшін аласұратын адамның дөкейі кім

деп ойлаймыз? Мінез. Қайсар мінез. Ақ тер-көк тер
Еңбек! Поэзия тілімен айтсақ, бұл жолдардың жиын­
тығы:
.. Ел сүю. Адам сүю. Алға шығу.

Зорығу. Артта қалу.
Ал осыны
Жіберсек жайып-жазып:
Өмір сүру –

Баршаның бақыты үшін аласұру!
Өмір ме?
Өмір сүру?
Түсінгенге ол:

Қанатты, ғажап жандар ұшып жүрген!
Мәселе өлуде емес,

ерлік үшін.
Мәселе ерлікті ұстап түсу жерге!
Исламбек Төлебайұлымен таныстығым соңғы екі-үш
жылдың айналасы. Таныстығымызға бір жақсы кездесу

себеп болды. Содан бері аға мен іні, әке мен бала
арасындағыдай жылы сезім ағысы, яғни «тонның ішкі
бауындай» бір әдемі қарым-қатынас басталды. Алматыға
жолы түскен сайын сәлемінен жаңылмайды. Ел ішінде

ме, шет елде ме – қайда жүрсе де хабарын үзбейді. Мере-
келерде, туған күндерде – телефон қоңыраулатуды ұмыт­

Үмбетбай Уайдин
пайды. Тәрбиеден бе, тегінен бе – әйтеуір бір сүй­кімді,
ескерімді, басы артық сөзі жоқ өте ұстамды, мәдениетті
азамат. Сол аппақ пиғыл-ниетінен бе, бизнесі де жақсы

жүріп жатыр.
Аты, кейбір ой-пікірлері, қайырымдылық қызметі оқта-
текте баспасөзден көзімізге түсетін. Соңғы кездегі бір
сұхбатта (Нәзира Егеухан): «Әдемілік – түрінен, қайы­

рымдылық – ісінен» депті. Тағы бір журналист Шәріпхан
Қайсардың сұрағына: «Қайырымдылықтың ең үлкені –
айтпай істеген жақсылық» деп жауап беріпті. Әп, бәре­
келді! «Анаған өйттім, мыныған бүйттім» деп өзін-өзі

жар­намаламайды. Дұрыс. Онсыз да «Ел құлағы – елу».
Онсыз да бұқаралық ақпарат құралдары әр сәтті қадамын
қалт жіберіп жатқан жоқ.
Тәрбие мен тектілік ауызға алынса «адамның сапасы

тәрбиеге қарай ма» дейтіндер бар. Исламбекке бір
қаратпа сөзім осы төңіректе болды.

– Исламбек, ата-тек, әулетің жайынан не айтасың?

– Әкеміз өмір бойы машина айдаған. Алты ағайын­

дымыз. Әкеміз де, анамыз да өмірден өтті. Олардың қаза­
сы бізді тез есейткен сияқты.

– Қазақша сөйлегенде тіліңде кішкене кібіртік бар.

Орысша оқығансың-ау шамасы?

– Байқаған екенсіз ғой, орыс мектебінде оқыдым.

Ақтөбе облысының Исатай ауданындағы Красноярск деп
аталатын совхоздың Брусиловка деген елді мекенінде
дүниеге келіппін. Ол жердің негізгі тұрғындары − орыс,
орыс тілді халықтар. Қазақ мектебі болмағандықтан ата-

анамыз орыс мектебіне беруге мәжбүр болғанға ұқсайды.
Үй-ішімізде өз ана тілімізде сөйлесеміз де, сыртқа
шықсақ шүлдір-шүлдірге басамыз.

– Бәлен-түген деуден аулақпын, Исламбек мырза.

Сон­дай заман болды ғой.
Исламбекті түсінуге болады. Мектебін, бала кездегі
ортасын айттық – орыс тілі басым болған. Одан әрі меди-
цина университеті. Онда да орысша. Алматыдағы Қазақ

басқару академиясы жанындағы Нарық институтында
оқыды. Мәскеудің халық шаруашылық академиясының

ІІ тарау. Әдеп әлемі: Тағылымдық педагогика
дипломын алды. Бәрі орысша. Есейе келе жаңа уақыт та-
лабы, ұлттық намыс Исламбекті қатты ойлантты.Қазақ
тілін үйрететін үйірмелерді көп жағалады. Қазақ тілді

орталарда көбірек болуға тырысты. Соның нәтижесі:
«Уолт Дисней» компаниясы түсірген «Көліктер-2»
мульт­фильмі белгілі ақын Дәурен Бердіқожаұлының
ағылшын тілінен тікелей аударуымен Республиканың

көптеген театрларында көрсетіліп, үлкен абырой әкелді.
Бұл мультфильмнің дубляжына компания тарапынан 16
миллион теңге қаржы бөлінді. Мұнымен қатар «Бал
бала» атымен шығарылған, қазақ тілінде сөйлейтін қуыр­

шақтар барлық балабақшаларға таратылды. Бұл қызмет
те ескерусіз қалған жоқ: «Бейбітшілік және келісім» са-
райында Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 20 жыл­
дығына орай өткен жиында бір топ замандастары қата­

рында Исламбек Салжанов та «Тіл жанашыры» құрмет
белгісімен марапатталды.

– Ана тілімізге шорқақтық бізбен кетсін. Қуыршақпен

қазақша сөйлессе де ендігі ұрпақ бізді қайталамаса екен, –
деп, Исламбек бір күліп алды.

– Өздеріңнің кішкентайларың қай тілде сөйлейді?

– Балаларымыз бар. Екі кішкентайымыз қазақ бала­

бақшасына барады.

– Тілден шықпай қойдық па. Оқасы жоқ. Тағы бір

білгім келгені,ағылшын, неміс тілдерінде де әжептеуір
сөйлейді деп естідік. Қат-қабат тіршіліктің арасында
соған қалай үлгеріп жүрсің, Исламбек?

– Бұл екі тілге мәжбүрліктен мойын бұрдым, аға.

Бизнесіміз шет елмен байланысты. Ағылшын тілінсіз аяқ
басу жоқ қой. Былай, жайлап, түсіндіргенім болмаса,
онша жақсы сөйлей алмаймын.

– Енді бір білгім келгені, дәрігерлік мамандығың бар.

Ол мамандықтың оқуына ғой құдай біледі: «мен дәрігер
боламын», «мен адам жанының арашашысы боламын»
деп армандап бардың. Нағып...

– Түсіндім. Ондай сезім болды. Анамның қазасынан

кейін ойым қайда кетпеді. «Әттең-ай, ертерек есейіп,
дәрігерлік мамандық алып, анашымның қасында болға­

Үмбетбай Уайдин
нымда.. кім біледі» деп, мен қалай аласұрдым. Дәрігерлік
оқуды сондай сезіммен қалағаным рас. «Нағып» деген
сөзіңіз – менің жанды жерім, аға. Дәрігерлік дипломға

қолым жетуін жеткенімен уақыт ағымы, нарық бүткіл
ой-қиялымды басқа арнаға бұрып жіберді. Сырттан тауар
тасып, оны болмашы артық бағаға өткізумен айналы-
стым. Бұл тіршілігіме көңілім толмай, бизнеске қатысты

экономикалық әдебиеттерді ақтара бастадым. Сол бас
көтермей оқу, сол сүрініп-қабыну күндердің күнінде
мені басқа бір дүниеге жетектей бастады.

– Әп, бәрекелді!

Кәсіп қыбыр-қыбыр немесе күйбең тіршілік дейді ғой.
Исламбек айтып отырса, кәсібі тұсаулы аттай сол қыбыр-
қыбырдан, сол күйбеңнен әрі аспай, оны күндіз күлкіден,
түнде ұйқыдан айырады. Оған керегі – кәсібінің тыпыр-

тыпыры емес, гүрілдеуі, дүрілдеуі. Ақыры бір себептер-
мен қыбыр-қыбырдың доңғалағы жылдам айналып,
Исламбектің өзі айтпақшы, тіршілігі басқа бір дүниеге
қарай бұрыла бастайды. Адамның күні адаммен: енді

әлгі «бір себептерді» осы тұста таратып айтсақ, Ислам­
бектің шаруасына бір үлкен себепкер Германияның Гам-
бург қаласының тұрғыны, үлкен компанияның прези­
денті Туре Фон Валь деген неміс азаматы. Ол Исламбек-

пен ақылдаса, кеңесе келе екі жаққа да тиімді үлкен жо-
баны қолға алады. Исламбектің компаниясына қомақты
қаржы құяды. Соның нәтижесі: Ақтөбеде жанар-жағар
май станциясы төбе көтереді. Станция іске қосылмас

бұрын Исламбек Төлебайұлы Еуропа елдерінде жұмыс
істеп тұрған станцияларды өз көзімен аралап көріп, ішкі
ой-жоспарларын дамыта түседі.
Іскерлік ақыл-ой қозғалмай бір орында тұрып қалса,

істі орнынан кім итеріп жылжытады. Қол жеткен азды-
көпті табыстарын місе тұтпай Исламбек содан Оксфорд
қаласынан бір-ақ шығады. Әп, бәрекелді! Онсыз «жүрген
аяққа жөргем іліге ме?».Бір «жөргем» шет елден әке­

лінген жасыл шыршаларды қызықтағандар қайран
қалып, бастарын шайқайды. Жасыл шөп немесе көгал
бірте-бірте жекелеген мекемелер мен үйлердің ауласына

ІІ тарау. Әдеп әлемі: Тағылымдық педагогика
шейін «кіре» бастайды. Бұл жаңалық қала аумағынан
ұзап, қазір Атырау, Орал, жағына да жетіп қалды. Әп,
бәрекелді!

Араға көп уақыт салмай «Ақжол» бүкіл Батыс Қазақ­
стан аймақтары бойынша мұнай өнімдерін сататын ірі
компанияға айналды. Жас шамасы қырықтың о жақ-бұ
жағындағы қазақ жігіті Исламбек Салжановтың бұл іс-

қимылдары, біздіңше, нағыз ерлік!
Ерлік айтылып болған жоқ. Ерлікті толықтыратын
қайырымдылық, гуманизм дегендер тағы бар ғой.
Гуманистер, Атымтай жомарттар қайда жоқ. Делма

Кинни деген американдық «Супер миллион» лотореясы-
мен миллион-миллионнан екі рет екі миллион доллар
ұтып алады. Бірінші ұтысынан мәлімет жоқ. Екінші
ұтысының жартысын үш баласының оқу-тоқуына, жар-

тысын қайырымдылық шараларына арнайды. «Құдай де-
генге құдай береді» деген бар ғой, құдайдан тілеген адам
шығар. Әйтпесе, шашау шығармай банкке апарып атып
ұрмай ма.

Жақсы адамдар біреуге жасаған жақсылығын айтпай-
ды. Исламбек те солай дейді. Делма Киннидің қайы­
рымдылық шарасы айдай әлемге тарап кетті. Дилма оны
өз ауызымен айтты ма, айтпады ма – обалына қала ал-

маймыз. Оның орнында біздің Исламбек болса, ол да тіс
жармаған болар еді.
Ғылым адам тәрбиесін үшке бөледі. Олар: интел­лек­
туалдық, адамгершілік, эстетикалық. Исламбектің бойы-

нан үшеуі де табылады. Сонда да адамгершілік сапасы,
біздің байқауымызша, ана екеуінен де басым. Олай дейтін
себебіміз, адамгершіліктің анықтамасы: Отан сүю, адамды
жақсы көру дейді ғой. Өз аузымен айтпа­ғанымен, «ел

құлағы – елу», Исламбектің қаншама қайырымдылық ша-
ралары шартарапқа тарап жатыр. Ілге­ріде бірсыпырасын
айттық. Тағы да кішкене қайы­рыла кетейік.
Денсаулық сақтау: Бүкіләлемдік нейрохирургиялық

қоғамдар федерациясы мен білім беру курстарына
қаржылай көмек.
Қостанай қаласы: 2011 жылдың 3-4 маусым аралығы.

Үмбетбай Уайдин
Қазақстан патриоттарының ІV Республикалық форумы.
25 ноутбук.
Жетім көрсең жебей жүр. Республикадағы 16 ай­мақ­

тық балалар үйіне қаржылай көмек.
Астана қаласында тұратын жағдайлары қиын 66 соғыс
ардагері мен мүгедектерге қаржылай көмек.
Әлем біріншіліктері мен Азия құрлығының жүлде­

герлерін марапаттау және қаржылай көмек.
Кітаптарының жарық көруіне қаржылай көмек қолын
созып, мерейтойларын атап өтіп, бірнеше қаламгер­лер­
дің шырайын шығарған тағы да сол Исламбек Салжанов­

тың басқаруындағы «Алтын қыран» қайырымдылық
қоры. Кете береді....
Абырой. Абырой.

– Исламбек, жаттандылау болса да өзіңе тағы бір

сұрақ: бақыт дегенді қалай түсінесің? Өзіңді бақыт­
тымын деп есептейсің бе?

– Ойланайын...

– Ойлансаң ойлана тұр. Бақытқа байланысты бір

ағаларыма қаратып жазған ұзақтау өлеңім бар еді, содан
үзінді оқиын.
... Бақыт сонда не болды, ағалар-ау?
Көрінеді бақыт боп маған алау.

Бақытсыздық, меніңше асып-тасу,
Бақытсыздық бақытты бағаламау.
Бақыт, жалпы, қонады қандай басқа?
Біздіңше, онда ақыл-ес, маңдай басқа.

Бақытсыз түске шейін ұйықтап жатқан
Әне, анау жардай қасқа!
Не түсіндің?
Халықтың «әп, бәрекелдісін» естіген сенің мерейің

үстем. Мерейі үстем, абыройлы адам – ең бақытты адам.
Тыным көрме, аман бол, айналайын!

ІІ тарау. Әдеп әлемі: Тағылымдық педагогика
Ой, аз-з-за-мат!
Оқу жылының екінші жарты жылдығы аяқталып қал­
ды. Алда мемлекеттік емтихан. Факультет абыр-сабыр.

Бірде дәлізде келе жатсам, артқы жақта біреу «ағай,
ағай» дегендей болды. Бұрылып қарасам 4 курс студенті
Гүлмира Нәлібаева екен.

– Ағай..

– Құлағым өзіңде, Гүлмира?

– Мемлекеттік емтиханға жіберілмейтін болдым.

– О, неге?

– Оқу ақысының жартысы төленбеп еді. Тұрмыс жағ­

дайымыз мәз емес. Әкем ауруханада.

– Мынауың қиын болды ғой, Гүлмира? Ағайыңнан

қайран жоқ. Факультеттегі бірер ұстаздарыңның құла­
ғына салып көрейін. Балалары кәсіппен айналысатын кім
бар, өзі, бізде...
Гүлмира Алматыдағы Республикалық №2 мектеп-

интернаттың түлегі. Бұл оқу орнының қазіргі аты бас­
қаша: Абай атындағы қазақ тілі мен әдебиетін тереңдетіп
оқытатын дарынды балалар мектебі деп аталады. Мен
онда ұзақ жыл «Журналистика негіздері» деп аталатын

қосымша пәнді жүргіздім. Сондай ретпен, журналистика
факультетінде оқитын ол мектептің түлектері мені
іштартып, әкелеріндей көреді. Солардың бірі – Гүлмира.
Оның қыл үстіндегі жағдайы біздің отбасымызда аздап

әңгіме болды, мектептегі мұғалім-тәрбиешілердің де
құлағына тиді. Амал не, бізден де, олардан да мүмкіндік
көзі табылмады.
Жаңылыспасам Мереке Құлкенов біздің факультетте

екі рет мемлекеттік емтиханның төрағасы болды. Доцент
Дәмегүл Баялиева сияқты жаны жақсы ұстаздар Гүлми­
раның жағдайына қатты алаңдап, «анаған барып жолық­
саң қайтеді, мынаған барып жолықсаң қайтеді» деп бір­

неше адамның аттарын атап, ең соңында ауыздарына
Мереке Құлкенов түсті.
Сәлеміміз түзу демесек, менің Мерекемен аралас-құра­
ласым жоқ. Былай өзін ұстауы, емтиханда білім баға­

Үмбетбай Уайдин лаудағы адалдығы, принципі және жазғандары көңі­ліме қонатын. Гүлмираға мен осы көзқарасымнан хабар бердім. – Жолықсаң жолық, айналайын. Ойымды жинап, бәлкім, мен де телефондап көрейін. Мерекеге телефон шалдым ба, жоқ па есімде жоқ. Есімде қалғаны, арада бір шамалы уақыт өткеннен кейін Гүлмираның аузынан қуанышты хабар естідім. – Ағай, Мереке ағаның алдында болдым. – Иә, ал? – Емтиханыңа дайындала бер, – деді Мен ішімнен сөйледім: «ой, аз-за-мат!» Сессия аяқталды. Факультеттегі абыр-сабыр сәл бә­ сең­сіді. 4 курс студенттері дипломдарын күтіп жүр. Сол күндердің бірінде Гүлмира кафедраның есігінен қара­ ғандай болды. Бірақ ішке кірмеді. Жарты сағаттың о-жақ-бұ жағында кафедрадан шықсам, Гүлмира анадай жерде үш-төрт студенттің ортасында тұр екен, мені көріп бұрылып кеп сәлем берді. – Гүлмира, осы сен Мереке ағайыңа рахмет айттың ба? – Жоқ, әлі. – Енді қашан? – Иә, ағай, айтам, айтам. Мерекенің туған күн, ай, жылы – 1951 жылдың 8 қа­ рашасы. 60-қа келді. Мен 1935 жылдың 10 қарашасында дүниеге келгем. Күн жағынан айырмамыз – 2 күн. Содан «та-а-ак» деп, ішімнен жымидым да одан әрі «зерттеу» жұмысына кірісіп кеттім. Мерекенің мерейтойы қарса­ ңында бірсыпыра қаламдастары баспасөз бетінде оның қаламгерлік талантын, басқаға көп ұқсамайтын қалпын, жан-дүние тазалығын жарысып жазды. Сонда бір бай­ қағаным, туған күніміздің арасы жақын болғанымен, Мерекенің сапа белгісін мен өзімнен көп кездестіре алмадым. Дәлелдейін. «Құлкенов кейіпкер сомдаудың хас шебері» /Дү­кен­ бай Досжан. «Егемен Қазақстан», 4.11.2011ж./. «Өзіңе қашан да тәнтімін» /Темірхан Медетбек. «Егемен Қазақстан», 4.11.2011 ж./.

ІІ тарау. Әдеп әлемі: Тағылымдық педагогика
«Талантты адамды бағалауға келгенде кейбір талант-
ты ағаларымыздың таланты қасақана ашылмай жатады.
Ал, Құлкеновтің қабілеті бұл мәселеге келгенде жар­

қырап көрінеді» /Қали Сәрсенбай. Бүтін бітім. «Алматы
ақшамы», 3.11.2011 ж./.
«Мереке Құлкенов ту етіп ұстайтын, сонымен бірге
үлкен тактикалық қуатпен жырлайтын жәйттер тек осын-

дай ар мен намыстың, адамгершіліктің сынға түсер тұ­
сындағы биік коллезиялар» /Қажығали Мұқанбетқали­
ұлы, «Айқын», 2.11.2011ж./.
Ой, аз-з-замат!

Біреудің біреуге жасаған қызметін, кісілігін естігенде,
иә осылай «ой, аз-за-мат!», «Азамат екен ғой» деп, жүзі
жайнап сала беретін талайларды көріп-ек. Сиректеу ай-
тылатын сол жақсы сөзді маған да қайталауға тура келді.

Кіріптарлық кімнің басында болмайды. Кіріптарды
екінің бірі түсіне ме? «Маған неғыл дейсің?», «Менің
қолымда не бар?» деп, алдына үрейлі көзбен, үмітпен
барған кіріптар студентті аузы толған сөзбен ыңыранып

шығарып салса – ол Мерекенің білгендігі ме, кіріптар­
лықты түсінгені ме? Студенттің естігені: «емтиханыңа
дайындала бер».
Гүлмира Нәлібаева бүгінде қазақ радиосының абы-

ройлы журналистерінің бірі. Менің анау дағдылы
сұрағым оның қарсы алдында тағы да түрегеліп тұрды.

– Гүлмира, сен осы Мереке ағайыңа рахмет айттым

дедің бе?

– Иә, ағай. Газет бетінде де ризашылығымды біл­

дірдім.

– Газет бетінде? Көзіме түспеп еді, оның дұрыс бол­

ған екен.
Білгендік.
...Осы бір дабырасыз, шынайы жақсылық менің
ішімде әр кезде, әр түрлі жағдайларда қозғалып тұратын.

Тек оны сыртқа жарқыратып шығарудың ыңғайлы сәтін
түсіре алмай қойғам. Және Мерекенің өзін де сирек көре­
тінмін. Айтайын дегенім, күн сәулесі түссе, әрегірек-
берегіректе жатқан әйнектің кішкентай сынығының өзі

Үмбетбай Уайдин
өткен-кеткенді жалт қаратпай қоя ма. Күл-қоқыста көмі­
ліп жатса, алтынды кім көреді. Өзім куә болған Мереке
Құлкеновтің сол азаматтығын қалың жұртшылыққа

жеткізуге осындай ретпен қайрылдым. Қағазың шашыл-
масын, қаламың қолдан түспесін, аман бол, қазақтың
текті ұлы Мереке бауырым!
Рахмет, Бибігүл апа!

Тыңдар құлақ, шығар нәтиже болса бұқаралық ақпа­
рат құралдары қоғамымыздың күнгейі мен көлеңкелі
жақтарын айтудайын айтып, жазудайын жазып жатыр
ғой: Аты-жөнін жадыма сақтай алмай қалдым, осыдан он

шақты жыл бұрын бір орыс тілді азамат радиодан ән
жайында, ән мәдениеті жайында әдемі пікір айтты. Мына
жолдарды ғана «ұстап» үлгердім. «В нынешних песнях
больше громкости, меньше искренности»... – Түсінеміз,

қазіргі әндер адамдардың жан дүниесін қозғамайды, ар-
манды шақырмайды, ешкімді өмір сүруге ынтықтыр­
майды, күрсінтпейді, күлдіртпейді, жеңіске құлшынт­
пайды. Шынайылық жоқ, кілең бір шыңғырған дауыс де-

ген болса керек. Осыған ұқсас, яғни ән әншілерге байла-
нысты азды-көпті ойларымды мен де баспасөз беттерінде
/«Парасат», «Қазақ әдебиеті», «Егемен Қазақстан»/
оқта-текте айтып-жазып келе жатқандардың бірімін.

Қара қазандай өкпеге, көздердің ағына, аласына қалған
реттерім жоқ емес. Қалай қыласың: қазіргі бүткіл мас­
қаралар сол өтірік әндерден, жақсыға да, жаманға да қол
шапалақтаудан, жалған қолпаштардан, жасанды мінез­

дерден «балалап» жатыр ғой! «Қазақ әдебиеті» газетінде
жарияланған мына бір жолдар сондай реттерден туған.
... Қосылар оқыған да, оқымаған,
Көбейіп бара жатыр өтірік ән.

Найзағай шыбыртқымен осып-осып,
Шыңғыртып жалғандықты отырып ал!
/«Ән салғым келеді» топтамасынан/

ІІ тарау. Әдеп әлемі: Тағылымдық педагогика
Соңғы кезде ауызекі де, бұқаралық ақпарат құралдары
беттерінде де «қазақ қыздары арзан қолды тауарға айна-
лып бара жатыр. Қонақүйлерді торуылдап жүрген, шет­

ел­дік автотұрақтарды жағалап жүрген солар. Дым көр­
мегендей шетелдік машиналардың ішінде отыр­ған­да­ры­на
мәз – көрінгеннің қолтығында кетіп бара жатқан, көрін­
геннің көрпесінің астында ... /әрмен қарай аузым бармай-

ды/ солар» деген сықылды жан айқайлары қатты есті­
луде. Бұл мәселелерді де ұлттық сезім тәрбиесінің
кем­шін­дігінен немесе «Ардақты», «Гауһартасты», «Қар­
ғашты» /Сегіз сері/, «Көзімнің қарасы» /Абай/, «Бурыл-

тайды» /Біржан/, «Сұрша қызды» /Жаяу Мұса/, «Ләй­
лім», «Маңмаңкер», «Сырымбетті» /Ақан сері/, «Айдай»,
«Айнамкөз», «Зәуреш» /Мұхит/, «Қаракесек», «Қарқа­
ралы» /Мәди/ бойға сіңірмегеннің салдары деп білеміз.

Бұл жөнінде «Қазақ елі» газетінің бетінде сөйлемек ой-
дамыз.
«Ханның айтқанын қара да айтады, бірақ аузы дуалы
емес». Қазіргі сұмдықтар жайлы ауыздары дуалы Шер-

хан, Камал сияқты қаламгерлер аз шырылдап жүрген
жоқ. Дауыстары қарлықты. Қарлықса да бұлардың дауы-
старында «больше искренности!»
Сәлем мәселесінің де сәні кетті. Сәлемнің де бойынан

ығы-жығы өтіріктер шығып жатыр. Біздің үйімізді біраз
ерлі-зайыптылар шамалы уақыт паналады. Келіншегі
үлкендерге кілең иіліп сәлем береді. Құданың құдіреті,
сол өтірік болып шықты: күндердің күнінде бізді ыңғай­

сыз жағдайға қалдырып, өздері тайып тұрды. Бұл мәсе­
леге шамалы уақыттан кейін, қайырыламыз. Оларға ашу-
ымыз қатты. Айтпақшы үйімізде тұрған екі-үш айдың
ішінде әлгілердің ауыздарынан бірде-бір қазақ әнін,

қолдарынан бірде-бір қазақ басылымдарын көрмедік.
Бұл әңгімелердің барлығы да, айналып келгенде,
мәдениетке, мәдениетсіздікке тіреліп отыр.
«Қазақ әдебиеті» газетінің бетінен /26 тамыз, 1997ж./

халқымыздың қаһарман қыздарының бірі Бибігүл апа­
мыз­дың жан айқайын оқып, жанымыз жадырап қалды.
Бұл өнер байлығын базар байлығынан жоғары қойған

Үмбетбай Уайдин
жаны сұлу адамның жан айқайы. /«Бақырған құр айғай
құлаққа ән бе екен?...»/
Біздер бүгінге кешегі уақыттан, кешегі «Кеңес» деп

аталатын қоғамнан, кешегі идеологиядан келдік. Ол
қоғамда да жақсы әңгімелер, жақсы идеялар, жақсы заң
тармақтары болды. Ол қоғамда да жақсы үйде, жаман
үйде тұрдық, жақсы кітап, орташа кітап жаздық. Ақ нан,

қара нан жедік. Таланттар бағаланды. Мәскеуде, Одақтас
республикаларда декада – онкүндіктер дүрілдеп өтіп
жат­ты. Бұларды жоққа шығаруға бола ма?
Үлкен өнер жұлдызы өткен қоғамның жарқын жақ­

тарын осы бағытта әділ бағалайды. Бірақ ол қоғамның
ашса – алақанында, жұмса –жұдырығында ұстау сияқты
өктемдігін, қиянаттарын жоққа шығармайды. Орта
ғасыр, болмаса он тоғызыншы, жиырмасыншы ғасыр бар

ма? Бүгінгі біздер сол ғасырлардың сабақтастығы емес­
піз бе? Оны неге ескермейміз? Мұхиттың суы таусылса,
құдықтың да суы таусылады. Неге ғайыптан бүгін пайда
болғандай

боламыз
дегендей
мақалада
түрлі-түсті

тұспалдар бар. Мақаладан тағы бір аңғарғанымыз, үлкен
мәдениет қай­рат­кері қайсібіреулердей халыққа жекір­
мей­ді, кіжінбей­ді, көл-көсір ақыл айтпайды. Қайта хал­
қын, халқының мәдениетін, өнерін, өнер адамдарын

қорғап сөйлейді. «Намыс, адалдық деген аяқ асты бол-
ды». Ең бастысы – мемлекеттік мәдени саясат керек.
Мәдениет бірер демеушінің көмегімен көтерілмейді. Қит
етсе «демеуші керек» деп жан ұшырудың өзі қансыраған

адамға донор іздеумен парапар».
«Күләш Бәйсейітова – опера өнерінің тұңғыш жұл­
дызы ғой. Биыл туғанына 75 жыл толды. Ғалымдар
үйінде театр өз тарапынан әлі келгенше атап өтті. Жетім

қыздың тойындай болды. Жаның құлазиды. «Күләш –
бұлбұлымыз» деп таңдай қағатын зиялы қауым сол зал-
дан көрінбеді. Басшылықтан да ешкім болған жоқ.»
Әнекей!

«Президентке қолымыз жетпейтін, еш жерде сөзіміз
өтпейтін заманға тап болдық. Президент стипендиясы
берілген кездесуде де өнер туралы толымды айта ала­

ІІ тарау. Әдеп әлемі: Тағылымдық педагогика
мадық. Президенттің стипендия тағайындағаны – өнер
адамдарының жағдайын ойлағаны ғой. Онысына көп ри-
замыз. Бірақ сондай кездесулерде алдын ала дайындаған

адамдар кезекті сөздерін айтып, қалғандары Президент
айналасында қоғадай жапырылып, жебеушім-жарыл­қау­
шым, ақ патшам деп иіліп, бүгілуі де ешқандай да мәде­
ниет емес. Сол қабылдауда мәнді-мәнді әңгіме айта,

көкейтесті мәселелерімізді ортаға сала білуіміз керек еді.
Ол кісі де біздерді тәттіге қуанған бала дәрежесінде
көргісі келмейтін шығар...»
«Қолына гитара ұстап, төрт-бес ән жазған адам өзін

ұялмай, «мен кәсіби музыкантпын» деп таныстыратын
болды. «Бақырған құр айғай құлаққа ән бе екен?» дейді
Абай атамыз. Таңнан кешке дейін осындай әндерді естіп
өскен жастар не тәрбие алады?»

«...Ағымнан жарылайын, қазіргі ән өнеріне қарын
ашады. Әнді өзі жазып, өзі орындайтын сазгерлер, жетіл­
меген бала дауыспен немесе домбыра тыңқылдатып, дау-
сын дірілдетіп ән айтатын әншілер қатары көбейіп бара-

ды...». «Өзін небір концерттерде, той-томалақтарда пат-
ша сезініп, масаттанатын мұндай әншілерге әрі күлкің
келеді, әрі ішің ашиды».
«Мәдениет, өнер адамдары қазір ешкімге керек емес

болып қалды». Бұл мәселеде Ата түрік не дейді? «Біздің
бәріміз парламент депутаты бола аламыз. Сондықтан да,
өнер адамы біздің емес, біз өнер адамының қолынан
сүйеміз». Бұдан артық өнерді кие тұту, қасиет санау,

өнер адамына деген құрмет бола ма?! Даналық болмаса
да, таратып айтатын сөз ғой! Мұның арғы жағында
қаншама
жалбақпай-далбақпайлыққа

қарсы,
жалған
қолпаш, өтірік күлкіге қарсы майдан жатыр!
Рахмет, Сізге, құрметті Бибігүл апа! Қазіргі мынау қым-

қуыт уақытта халыққа сіздердің дауыстарыңыз көбірек ке-
рек. Ұлттық байлығымыздың бір бөлшегі – біздің арулары-
мыз арзан қолды тауарға немесе көрінген шетелдіктің
сайқымазағына айналып барады деген әңгімелер құлағы­

ңызға тиіп жүрген болар. Осы мәселеге байланысты мен
жақын арада «Қазақ елі» газетінің бетінде «сөйлемекпін».

Үмбетбай Уайдин Сізді, сіздерді бұл сұмдыққа бейтарап қалмас деп ойлаймын. Әлия, Мәншүк апаларымыз қан майданға қазақтың намысын алып бармапа? Әлем сахнасында «Бұлбұлды», «Гауһартасты» шырқаған қай халықтың қыздары? «Әлияны» ше? Қазір байқайсыз ба, апа, Әлия, Мәншүк, Күләш, Бибігүл, Роза есімдері азайып барады. Байқайсыз ба, қазір жер-көк шарылдаған, бажылдаған, ойбайлаған, шыңғырған шет ел музыкасы. Кез келген көлікке мініңіз – тағы сол шыңғырған, бажылдаған бейтаныс дауыстар. «Осының сөзін түсінесіңдер ме?» деп сұрасақ, таңдайларын қағады. Қазіргі күні туған ұл-қыздарымыздың ауыздарында сорайған-сорайған сигарет. Оларға қабақ шытып, түс суытатын үлкендеріміз қайда? Қалталылар? Қалталылар қазір әзіл-қалжың түсінбейді. Олар салатын әндер хан сарайындай қабат-қабат үйлерге, талтаң-талтаң жүріске айналып кетті... деген бір мысқыл құлағыңызға тиді ме, Бибігүл апай? Сіздің сегіз мың зейнетақыңыз олардың сегіз «обеді» екен ғой? Бұған не дейсіз қадірменді Бибігүл апа? Құлағым өзіңізде. Шындық шырылдаған түн.... Адам үйден қырық қадам аттағаннан кейін – мүсәпір. /Халық/ Екінің бірі шындық жоқ дейді. Сонда шындықтың қайда кеткені? * * * ... Табан астынан Ақтөбеге жол жүруге тура келді. Пойызға да, ұшаққа да билет жоқ. Таныс жағаладық. Кенже баламыз жолдастары арқылы вокзал бастығының тілін тапты. Жол ақысын жолшыбай төлейтін болып, «Батыс» пойызына іліктік (08.09.2011 ж.) Жолсеріктер­ дің купесінде ерлі-зайыпты екеуіміз. Отыз-қырық жас

ІІ тарау. Әдеп әлемі: Тағылымдық педагогика
шамасындағы жолсеріктер (біреуі әйел адам) ішке кіріп-
шығып жүрді. Бір келгенінде әйел жолсерік:

– Аға, апа, Таразға шейін бос орын жоқ. Сіздерге мы­

на жерге матрас салып берсек дейміз, – деді.
Жұбайымыз екеуіміз бір-бірімізге қарадық. Менің
көздерім жоғары-төмен түсіп кетті.

– Мына орындар бос емес пе?

– Онда ревизорлар жатады.

– Олар қайда?

– Ресторанда. Қазір келеді.

Жұбайымның дауысы қатқылдау шықты

– Ревизорлар сонда қай шамадағы адамдар?

– Жиырма-отыздың о жақ-бұ жағы.

– Жарайды шырақтарым, ревизорларыңның жатқан

жері жайлы болсын, біз отырғышта отырып-ақ барармыз.
Баламызбен жасты балалардың аяғының астында жата
алмаспыз енді.
Әйел жолсерік тіл қатпай есіктен әрі шегініп кетті.

Еркегінде үн жоқ. Әңгімені одан әрі созбай біз купенің
алдындағы отырғыштарға барып «жайғастық». Әр купе­
нің алдында отырған, тұрған әр жастағы жолаушылар.
Әйел жолсерік сол кеткеннен қайтып қара көрсетпеді.

Мынауысы купеге бір кіріп, бір шығып жүр. Байқауы­
мызша мазасы жоқ.
Ревизорлар да келді. Қазақ жастары екен. Олар біздің
бет-аузымызға сәл-пәл көз кідіртті де, купеге кіріп кетті.

Жолсерік бірер минуттен кейін іштен шығып:

– Үлкен кісілер, сіздерге қисая тұратын жағдай жаса­

йын, – деді.

– Қалай?

Менің бұл «қалайыма» ол «қазір,қазір» деп купеге
лып етіп кіріп кетті де, төсектің арқалығы-ау деймін,
тақтайға ұқсас ұзын бірдемені көтеріп алып шықты. Со-
дан ырсылдап-пырсылдап әлгінің екі басын екі отыр­

ғышқа отырғызып, купеге тағы кіріп кетті. Басы артық
төсеніш, жастық па – бірдеме-бірдемелерді құшақ­тап
қайта шықты. Сөз менің аузымнан болды.

– Інім дейін бе, балам дейін бе, әй, қарағым, бұл

Үмбетбай Уайдин
төсекте әжең екеуміздің ертек айтып қатар жатқанымыз
жараспас. Оның үстіне әжең шатақ адам, басымыз
піспейді, – дей беріп-ем, жолсерік күліп жіберді.

– Ой, аға, сізге де бір лажын жасаймын.

– Жоқ, әуре болма, мен отырып барамын.

Тараз жеткізіп болмады. Мен бір тұрдым, бір отыр-
дым, бел сыр бере бастады. Мариям оң жамбасымен жа-
тыр. Темір доңғалақтың тарсылымен қосақабаттасып
маған бірдеме-бірдеме дейді, жөнді естімеймін. Әлгінде

жантая бере «жатқан жерің жайлы болсын» дегенмін,
соны көңіліне алып қалды ма, қайдам....

– Жолсерік тұсымыздан олай-былай әлденеше қайтара

өтті – бізге назар аудармады. Мен ішімнен сөйледім.
«Жақсы-жаманға еті өліп кеткен, ақшаға құныққан пәле­
кеттер-ау, сірә. Отырған-тұрған біздің ана «тағдырлас­
тар» тегін келе жатыр деймісің. Тәртіп қайда, иман,

шындық қайда? Айбат шекпей, жай, үлкендігімді айтып,
ұялтайын ба? Пойыздан түсіріп тастамас. Шынында да
сөйтейінші. Сонда ойланар».
Тұсымыздан келесі бір өтіп бара жатқан жолсерікке

дыбыс бердім.
Інім, кідір.
Жолсерік кілт тоқтап, менің сол жақ қапталыма келіп,
жүресінен отырды. Арғы жағында ұйқылы-ояу әжесі жа-

тыр.

– Інім, бес минуттей уақытыңды аламын.

– Айта беріңіз.

– Неғып көңілсізсің, әлгі бір әзірде жайраңдап жақсы

жүр едің ғой?

– Ой, аға шындық жоқ.

– Шындық жоқ? Шындықтың қайда кеткені?

Жауап болмады. Мен сөзімді әрман қарай жалғас­тыр­
дым.

– Шындық әуелі әркімнің өзінен басталады, айналай-

ын. Жасы алпыстан жетпіске қарай кеткен әжеңнің жа-
тысы анау. Ұстаз. Жасы жетпістен сексенге қарай кеткен
атаңның отырысы мынау қалғып-мүлгіп. Өз рұхсатта­
рыңмен кіріп жайғасқан купеден ревизорлар жатады деп

ІІ тарау. Әдеп әлемі: Тағылымдық педагогика
айдап шықтыңдар. Біле-білсеңдер, олар біздің немере­
леріміздің қатарлары ғой. Шындық жоқ дейсің, бұ іс-
қылықтарың шындықпен үйлесе ме?

– Кешіріңіз

– Қасыңдағы серігің қайда?

– Басқа вагонда. Демалып жатыр.

– Қарттарың бар ма?

Басын шайқады ма, изеді ме түсінбедім.
Жолсеріктің басы төмен салбырап барады.

– Кешіріңіз

– Түсінгеніңе рахмет. Енді боссың.

– Ағай... бірге отырып шай ішейікші?

– Рахмет, айналайын.

Жолсерік кетісімен Мариям дыбыс берді.

– Дұрыс айттың.

– Ойбай, сен ояу ма едің?

– Бәрін естіп жатырмын. Ертең анаусына мен де бір­

талай әңгіме айтып кетемін.

– Қой, енді артық болады.

– Қоятыны жоқ.

Таразда босаған орындарға жайғастық. Жүйке шы-
тынады ма, мазам болмай, купеден бір шықтым, бір
кірдім. Таң атты. Адамдардың әрлі-берлі жүрісі жиі­
леді.

Жуынып-шайынатын бөлме әлгі біздің «көзімізге
ыстық» купеге таяу. Кезек күтіп тұрмын.
«Көзге ыстық» купенің есігі ашылды. Екі мырза (ре-
визорлар) ылдым-жылдым киініп, алды-арттарына қара­

май шығып кетті. Мен олардың ылдым-жылдымын «мы­
на үлкен кісілерден ұят болды-ау» деп, өз қателіктеріне
беттері күйген жастарға ұйғардым. Ләһим, солай болғай
да...

Екінші жолсерік көрінді. Кешегідей емес, жүзі сы­
нықтау...
Ақтөбе вокзалы. Екі жолсерік сыртта, вагон есігінің
алдында тұр.

– Аман болыңдар, қарақтарым.

Менің даусыма екеуі қатар жауап қатты.

Үмбетбай Уайдин

– Өздеріңіз де аман-сау болыңыздар аға, апа.

– Кешіріңіздер.

«Кешіріңіздер?» Шындықтың дауысы. Әне, бір жеңіс
шындықтың жағында!
Кіріптар жолаушы
Тағы да сол «Батыс» пойызы (28.09.2011 жыл).Ұйқы­

лы-ояу жатырмын. Қай бекет, қай станса екенін білмедім –
пойыз сырғанап барып тоқтағандай болды. Сыртта адам­
дардың абыр-дабыры, хабарлаушының саңқылдаған
ашық дауысы.

Кеудемді жартылай көтеріп, терезенің пердесін ысыр-
дым. Стансаның аты жазылған жазуды іздеп едім, көзіме
түспеді. Түрегеліп жолаушылардың абыр-дабыры шы­
ғып жатқан есікке қарай беттедім. Ойым: әжетханаға

қайырылып, әрмен қарай, реті келсе, сыртқа шығып
қайту.
Вагон есігі жағынан бір кіріптар адамның дауысын
құлағым шалды. Түсінгенім: вокзалда бүкіл буыншақ-

түйіншектерін ұрлатып алып, ақша-мақшалары соның
ішінде кеткен. Баратын жері – Ақтөбе. Жақындап барып
көз тоқтаттым. Жолсеріктің қарсы алдында орта бойлы
жігіт демігіп сөйлеп тұр.

– Үй-ішім Ақтөбеде. Менің бұл жағдайымнан олар

хабардар. Вокзалға шығады. Жақсылығыңды бұл дүние­
де ұмытпаспын.
Кірген-шыққан бірді-екілі адамдардың күбір-сыбы­
рын құлағым шалды.

– Өтірік айтады, алаяқ біреу ғой.

– Қайдан білесің, рас шығар. Ондай болады ғой.

«Кіре бер» дегені болар, жолсерік кіріптарға бірдеме
деп ауызын жыбырлатып, ішке қарай басын ырғады.
Ертеңіне әлдекімдерге мұңын шаққан әлгі кіріптар
жігіттің дауысы естілді. Мен купенің есігін саңылаулап

ашып, дыбыс шыққан тұсқа сығалап қарап едім, кіріптар
жігіт үш-төрт адамның ортасында тұр екен.

ІІ тарау. Әдеп әлемі: Тағылымдық педагогика

– Нанасыздар ма, нәр татпағаныма бүгін екінші күн...

«Мен осындай болып қалдым» деп кімге жағдай айтайын
және сені түсініп жатқан кім бар?
Кіріптардың айналасындағы үлкен-кішілерден: «алда
байғұс-ай» деп аяныш білдірген ешкім байқалмады –

біреуі олай кетті, біреуі былай кетті.
Біздің купедегі төрт адамның екеуі жоғарыдағы төсек­
те ұйықтап жатыр. Олардан қайран жоқ. Мен шайдың
қамымен жүрген әйеліме бұрылдым.

– Сен қапшығыңның аузын шеш. Әнебір жаны қы­

дыр­ған жігіттің көңілін аулайық

– Ой, сен де.. шерез шур...

– Сауап... Сауап болады.

Мариямның сөмкесінен шыққан азын-аулақты алып,
әрмен қарап тұрған кіріптарға дыбыс бердім.

– Бауырым, мына бір азын-аулақты кәдеңе жарата

тұр. Құдай қай жағынан тағы не береді.

– О, аға-а...

Бес жүз теңге, мың теңге біреулер үшін дым да
емес, біреулер үшін – ақша. Бір стансада нан, тәтті су
құйыл­ған бөтелке ұстап кіріптар сырттан келе жатты.
Аңғар­маған болып, купеме кіріп кеттім.Кіріптар ва-

гонда бір көрініп, бір көрінбеді. Купеден бір шық­
қанымда ол бір тұрып, бір отырып, әрлі-берлі кезіп
жүр екен. Ішінде қандай астан-кестен жатқанын
қайдан білейін, әйтеуір жаны қыдырып жүрген адамға

ұқсаттым. Бір ой келді. Сол ой мені жолсеріктің
купесіне ертіп барды.

– Інім, уақытыңды алмаймын. Бір әкелік өтінішім бар.

– Айта беріңіз.

– Ақтөбеге шейін баратын пойызға билетсіз мінген

әнебір жолаушы әбден қалжыраған. Соған қисая тұратын
бір қуыс тауып берсей. Кімнің басында не болмайды.

– Болады аға, болады.

«Ақсақал, ол біздің өз шаруамыз, ішкі ісімізге ара­
ласпаңыз» десе не дер едім. Бір үлкендік сөзімді өткіз­
геніме жаным жылынып, купеден шыға бергенімде,
кіріптар жолаушы қарсы соқты.

Үмбетбай Уайдин

– Бауырым, кідір. Өзіңе байланысты жолсерікке бір

ауыз өтініш айттым. Құп алды. Демалатын орын қарас­
тыратын болды.

– Ой, аға-а, рахмет!

Ақтөбе вокзалы. Жолсерік вагонның есігі алдында
маған қолын созды.

– Ақсақал, аман болыңыз.

– Жақсы, інім. Өздерің де аман болыңдар.

Бір түсінбегенім, байқамадым ба, кіріптар жолаушы
қайтып көрінбеді.
...Кіріптарлық...О-о, қасқа кіріптарлық –
Мұқатпады ол кімді іліп-тартып.

Өтінішін, мұқтажын жеткізе алмай
Қанша көздер жұмылды құрып қалғыр!
«Ел жақтан не хабар?»
Жерлес жора-жолдастар бас қосып қалғанда амандық-

саулықтың артынша сұрайтындары: «Ел жақтан не ха-
бар?», болмаса «Ырғыз жақтан не хабар?». Бір дастарқан
басында «Ырғыз» газеті әңгіме болып, жерлестер дабыр-
ласып кетті.

– Жауапкершілігі шектеулі серіктестік дей ме, қалай

деуші еді, «Ырғыз» күні кешеге дейін сол серіктестікке
бағынып келген екен, енді өз биліктері өз қолдарына
тиіпті. Сол дұрыс қой.

– Газетте «Жерлестер» деген бет бар көрінеді.

– Оны айтасың, интернетте де «Жерлестер» деген

сайт ашылыпты.

– Бұлары енді дұрыс болған, дұрыс ойластырылған.

– Біз де солай ойлаймыз.

Жерлес дегенді біреулер қысқа түсінеді, басқа мағы­
нада қабылдайды, тіпті жершілдікпен шатастырады.
«Жер­лестер» дегенде не тұр?
Біздің жас кезімізде оқу талабымен ел-ел, жер-жерден

Алматыға ағылғандар таныс жағалайтын. Алайда, көбі­

ІІ тарау. Әдеп әлемі: Тағылымдық педагогика
сінің етжақын ешкімі болмайтын. Содан қашан жатақха­
наға орналасқанша вокзалдарда жүретін, не оқу орын­
дарының жатақханаларындағы ауылдас жерлестерін

із­дес­тіріп, бірер күн соларды паналайтын. Сондай жағ­
дай­дан ба, біздің кезіміздегі студенттер ұйымшыл, ауыз­
біршіліктері мықты, бауырмал келетін. Сабақтан, спорт-
тан бос кездерінде, не демалыс күндері бір-бірлерін іздеп

жатақханаларға баратын, мереке-мейрамдарда бас қосып,
туған күндерін атап өтетін. Үйлену тойлары тағы бар.
Сол кездегі тойға шақыру билеттері – біздің үйде үлкен
бір альбом. Бір жылы Ырғыздың Алматыда тұратын

біраз белгілі адамдарын іздестіріп тауып, ортамызға
шақырдық. Суретке түсуді ұйымдастырдық. Олардың
ішінде жазушы Өтебай Қанахин, жоғары партия мек­
тебінің тыңдаушысы, кейін Ырғыз аудандық партия ко­

ми­тетінің идеология хатшысы болған Тойған Жылқама­
нова бар. Бұл жақсы үрдісті тоқсаныншы жылдары
Ырғыздың қазіргі әкімі Мейірхан Дуанбеков бастаған,
Баян Сәрсенбина сияқты студент-жастар қоштап, қайта

жаңғыртып еді. Өкінішке орай, түрлі жағдайлар кедергі
болып, ол жалғасын таппады.
Оқу-білім, өнер талабымен аудан көлемінен ұзап, жақ­
сы аттары шыға бастағандарды ауыл-аймақтағылар «біз­

дің ауылдан», «біздің жақтікі», «біздің мектепте оқыған»
деп, қуанышты сезіммен әңгімелейді. «Айналайын, аман
болсыншы» деп, тілектерін тілейді. Атамекен, атақоныс­
тарына алаңдап, түрлі проблемаларға сөздерімен, істері­

мен атсалысып жүрген жер-жердегі перзенттерін үлкенді-
кішілі шараларға қатыстырып, мерейтойларын өткізу
үрдісі әр жақта бар ғой. Ырғыз халқы да ондай іс-шара­
ларды қапы жіберген емес. Қиянаттың қыл арқаны келмес­

ке сүйретіп әкеткен Темірбек Жүргенов, Ұзақбай Құлым­
бетовтей әруақ-арыстарға құран бағышталып, ауыл,
көшелерге есімдері беріліп, ескерткіш орнатылды. Бұл
айтылғандардың бәрі, әлбетте, жершілдіктің емес, жерлес­

тік аясындағы мәселелер.
«Ит – тойған жеріне, жігіт – туған жеріне».Бұл халық
даналығының арғы жағында да қаншама мән-мағына не-

Үмбетбай Уайдин
месе жерлестік жайында қаншама ой жатыр. Ұстаз, жан-
дүниесі аппақ азамат Нарымбек Асылбековтің жары,
әнші-актриса Мәриям Ахмадиева апай Ырғыздың қызы.

Ерлі-зайыпты екеуі де Шымкент қаласында дүниеден
озды. Ырғыз, ырғыздықтар жайында әңгіме қозғала
қалса, Мариям апай: «Ырғыз.. Ырғызым!» деп, Ырғыз
топырағына бастап барсаңдаршы деп оқта-текте бізге

құлаққағыс жасайтын. Бұл ерлі-зайыптылар жайында
менің біраз сезімім қағазға түскен. Сонда да, таныс-
бейтаныстарға түсінікті болу үшін кішкене шегініс жа-
сайын.

1949-1952 жылдар аралығында бұл ерлі-зайыптылар
әуелі Құрылыс (Калинин) колхозында сосын Ырғызда
тұрды. Тағдырдың ұйғарымымен 1953 жылға дейін мен
осы кісілердің отбасын паналадым. Қызметтің ретімен

Ырғыздан Шымкентке қоныс аударды. Мені өздерімен
бірге ертіп кетті. Әлгі «бір ыңғайын тауып, бізді Ырғыз
топырағына бастап барсаңдаршы» деген құлаққағысы
осындай реттен туған-тұғын. Қайтыс боларынан шамалы

уақыт бұрын бір әңгіменің барысында мен: «Апа, Ырғыз­
дың мұражайында суретіңіз тұр» дедім. «Неғыл дейді,
олар оны кімнен, қайдан алған?» деп, көңілі бұзылды.
«Ит – тойған жеріне» дегеннен шықты ғой: бұл ерлі-

зайыптыларда ағыл-тегіл тұрмыс болған жоқ. Оның
есесіне көңілдері бай еді. Терезесі көшеге қараған бір
бөлмелі үйлерінен келім-кетім арылмайтын. Көбісі
ырғыздықтар десем қателеспеспін. Ұстаз Итемген ағай

да бірнеше рет болды. Әкемізді ағай дейтінмін. Аңқыл­
даған, әңгімешіл адам еді. Домбыраны жақсы тартатын.
Тере­зенің ашық көзінен сыртқа ылғи көңілді абыр-дабыр
дауыстар естіліп жататын. Арасында ағай­дың домбыра-

сы, сырнай қосылып кетеді. Бір кезде апай «Жалғыз ар-
шаны» шырқап қоя береді. Көңіл байлығы дегеніміз осы
емес пе?
«Ай көрмесе – ағайын жат, жыл көрмесе – жегжат жат».

Ауыл-аймақ, ағайын-жұртқа алаңдау дегенді білмейтін,
шен-шекпеніне, ішіп-жегеніне, байлығына мәз, шүкір-
тәубені ұмытқан, сағыныш сезімнен жұрдай азаматтар

ІІ тарау. Әдеп әлемі: Тағылымдық педагогика
жоқ па? Бұл жолдар да «Жерлестер» тақырыбына орай
айтылып отыр.
«Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп» (Абай). Дүние­

ге тұтас қарау, дүниенің тыныштығын тұтас ойлау –
имандылық өлшемі. Сонымен бірге, қайда жүрсе де
әркімнің өз отбасы, Отаны жүрегінің бір түкпірінде жат-
пай ма. Айтпағым, туып-өскен ата-қоныстан, аудан

көлемінен жырақта жүрген жерлестердің бірі − өзім.
Қайда жүрсем де ауыл-ел жаққа алаңмын. Жақсылық ха-
барлар – қуанышым, әттегенайлар – әттегенайым! Осы
тұста бұл ойымды ертеректе жазған мына бір өлең жол-

дарымен толықтыра кетейін.
...Ырғыздық халқым – пір-елім,
Тілекшілеріңнің бірі едім.
Іркіліп қалдым – шыға алмай

Шамалы жайға тіреліп.
Жүректе Ырғыз – ауыл жақ,
Тілек те Ырғыз – ауыл жақ.
Күрсініп алам,

батты-ау деп.
Өтпелі мынау ауыр шақ!
Әлдекім айтса абыржып:
«Ырғызда биыл жауын жоқ» –

Күрсініп алам тағы да,
Жанымды жаншып ауыр жүк!
«Ел көшіп жатыр» десе кім:
Көтеріп басын кеселім,

Кеудеден шаншу қадалып,
Төсімнің астын теседі!
«Тасыды Ырғыз» – десе кім,
Кетеді еріп кеселім.

Бетіме қалқып шығады
Қуаныш-шырай бес елі!

Үмбетбай Уайдин
Құлдарың болам мен әлі,
«Капремонт» бітсін мына бір.
Жол сапар – тұрған алдағы

Ырғыз бен Шалқар прямо!
Өлең тілімен айтқанда, «жерлестер» әңгімесінің тағы
бір қайрылысы – осы.
Көп нәрсе ойға келмейді, ойға келсе өмірдің қым-

қиғаш қарбаласы есті шығарып жібереді. Не мүмкіндік
болмайды – әлі қаншама қайырылыс-қалтарыстар жер­
лес­терді күтіп тұр. Бұл құлаққағыс менің өзімді де маза-
лап қояды.

Біздің ауылға Жаныс бабамыздың, бір көшеге тары
өсіруден рекорд жасаған Өксікбай Ашанбаев марқұмның
аты берілді. Бұған қалай қуанбассың!
Бет дейміз бе, айдар дейміз бе – қалай аталса да «Жер-

лестер» аясы кең, жақсы идея. Редакция шығармашылық
ұжымының осы идея аясында іске асырмақ талай ой-
жоспарлары бар болар. Бәрекелді! Осы тұста мен өз та-
рапымнан бір кішкене ойларымды құлақтарыңызға сал-

сам деймін, қадірлі қаламдас іні-қарындастарым.
Әр адам – тағдыр, өмірбаян. Ат-есімдері белгілі талай
ырғыздық тағдырлар өмірден озды, талай өмірбаян орта
жолда үзілді. «Жерлестерде» жекелеп-даралап болса да

солар көбірек ескерілсе, мүмкіндігінше олардың белгісіз
қырлары ашылса деймін.
Көп болып келесі бір ескерілетін мәселе – Жаныс би
ауылындағы мектептің аты. Өз ойымша, мектепке атта-

ры лайық Әбдікерей Шамғонов пен Әбен Есіркепов
ұстаздар. Ақылдасу, ұсыныс-тілек ретінде бұл ойларым-
ды ауызша, хат арқылы бірер іні-қарындастарымның
құлағына салғанмын. Әзір нақты хабар жоқ. Бүкіл өмірін

бір мектепте өткізген, жүздеген шәкірттерге білім, тәлім-
тәрбие берген бұл ұстаздардың есімдерін мектепке «аз-
сыну», меніңше, үлкен әбестік. (Артық, асығыс айтсам
кешірім сұраймын). Айналып келгенде, бұл да «жерле-

стер» тақырыбының бір қайырлысы.
Айтпақшы, осыдан бірер жыл бұрын ел жаққа барға­

ІІ тарау. Әдеп әлемі: Тағылымдық педагогика ны­мызда жол бойында ырғыздық біраз перзенттердің суреттеріне көзіміз түсті. Жерлестердің жерлестеріне құрметі. Рахмет, түсінуге болады. Алайда, кейінірек бұл құрмет менің ойымды бөле берді. Содан, әрі ойлап, бері ойлап: «Жол бойының аты – жол бойы. Онымен олайбұлай кім жүрмейді. Мұндай құрмет біреулердің ішіне сыйса, біреулердің ішіне сыймай әр суретке былш-былш түкіріп немесе жел ұшырып әкетуі мүмкін ғой. Осыған қалай қарайсыздар?» деп, бірер жолдастарға ауызша, хатпен ішкі ойымды білдіргенмін. Естуімше, ескерілген сияқты. Өмірдің әр саласында – ғылымда, өлеңде (т.б.) дабырасыз жақсы іс тындырып жүрген абыройлы жерлестер аз емес. «Ырғыз» ара-тұра ел-жұртқа олардың да ат-есім­дерін таныстырып тұрса деген тағы бір құлаққағысым бар. Басқалар толықтыра жатар, өзімнің есіме түскен бірсыпыра ат-есімдерді атасам, олар мыналар: 1. Сүлейменов Жүсіп – ғалым, профессор. 2. Байғабылов Нариман – ғалым, профессор. 3. Ертазин Хамза – ғалым, профессор. Қазақ Ұлттық аграрлық университетінің кафедра меңгерушісі. 4. Қойшыбаев Нұрғали – ғалым, профессор. 5. Қалиева Күләнда – ғалым. Абылай хан атындағы әлем тілдері университетінің доценті. 6. Қалмырзин Талап – журналистика ардагері. 7. Сәрсенов Әбетай – ғалым. 8. Лидия Каденова – театр тарланы. 9. Жылқаманова Тойған – Ырғыз аудандық партия комитетінің көп жылғы идеология хатшысы. 10. Аймағамбетова Қазына – ғалым, профессор. 11. Қойшыбаев Нұрғали – ғалым, профессор. 12. Қарабалина Орынша – ардагер ұстаз (Ұзақбай Құ­ лым­бетовтың қызы) т.б. Өмірден озған жерлестер: 13. Бердіқұлов Нұрқасым – Соц. Еңбек Ері. 14. Шаңғытбаев Қуандық – классик ақын.

Үмбетбай Уайдин 15. Шалтақбаев Жұмахмет – чекист, полковник. 16. Сисекенов Марат – медицина ардагері 17. Ахметов Қуаныш – ақын,журналист. Ұлытау ауда­

нының құрметті азаматы. 18. Омаров Әнәпия – журналист. 19. Еламанов Қапаз – ұстаз, қаламгер 20. Айтазин Қазтай – ғалым, профессор 21. Төлегенов Мырзағали – ғалым, профессор. 22. Қасенов Шоқан – Ырғыз ауданының әкімі. 23. Шайқақов Жолболсын – журналист, чекист. 24. Өтепов Байдаулет – ғалым. 25. Құндықбаев Қани – полковник.

Сонымен, қадірменді қаламдас іні-қарындастарым,
бастаған жақсы идеяның жалғасы әрман қарай ұзай бер-
гей. Мерейлеріңіз үстем болсын. Әумин!

АЛТЫН ҰЯ

Әл-Фараби атындағы ұлттық университеттің журна-
листика факультетінде және Абай атамыздың атымен
ата­латын Алматыдағы қазақ тілі мен әдебиетін терең­
детіп оқытатын дарынды балалар мектебінде ұзақ жыл

ұстаздық қызмет еттім. Аты аталған мектепте «Журнали-
стика негіздері» деген пәнді жүргіздім. Жоғарғы класс
оқушылары екі жыл журналистиканың теориясы мен
практикасынан жалпы мағлұмат алды. Сонымен қатар,

жазу-сызу өнеріне бейім талапкерлер республикамыздың
көптеген басылымдары мен теле-радиода көрінді. Бірне­
ше жалпы жинақ және талапкерлердің өздерінің жеке
кітаптары оқырманның көзайымына айналып, мектеп

ұжымының мерейін үстем етті. Журналистика мен фило­
логияға талаптанушылар саны жылдан-жылға көбейді.
Бүгінде бүкіл бұқаралық ақпарат құралдарында осы мек­
теп­тің түлектері. Есімізге түскен бірсыпыра азаматтар­

ның есім­дерін атай кетсек, олар: Танакөз Ілиясова (ақын,
журналист), Айнаш Есалиева («Егемен Қазақстан»),

ІІ тарау. Әдеп әлемі: Тағылымдық педагогика
Айбын Шағалақов (баспасөз орталығы), Марлен Жиен-
баев, Алмас Жұмағұлов, Дархан Нұрқабылов (мерзімді
баспасөз), Индира Табылдиева (халықаралық журнали-

стика), Айнұр Атагелді (халықаралық «Дала» журналы),
Нұрділда Ораз, Мұрат Есжан, Кәмшат Мәсімжанова, Да-
нияр Мәлібеков, Нұрлан Оқа, Мейрамгүл Мәдәлиева,
Құ­дайберген Баға­шаров, Саламат Омашев (тележурна-

листер), Гүлбану Алпамысқызы, Гүлмира Нәлібаева,
Ай­нұр Төлеу, Райхан Рахметова (радиожурналистер).
Бұлардан басқа әл-Фа­ра­би атындағы ұлттық универ­си­те­
ті мен Евразия универ­ситетінің журналистика факультет­

терінде Жұмағали Есен­беков сияқты бірнеше түлектер
ұстаздық етеді. Осын­дай реттермен мектепте журналис­
ти­каның құрметі­не журналистика кабинеті ашылды.
Мектептің алпыс жылға жуық тарихы бар. Қуанышты,

күншуақ күндер де, ұйқы қашырған мазасыз түндер де
сол тарихтың ішінде.
Әне-е бір жылдары «мектеп жабылады екен, мектеп басқа
жерге көшіріледі екен» деген әңгіме қаулады. «Мек­тепке

қатысы бар ғой, әрі қалам ұстап жүрген үлкен кісі ғой» деген
ретпен болар, біреулер маған: «Сіз Мұхтар Шахановтың
құлағына жеткізбейсіз бе?» деп қолқа салды. Енді біреулер
үйге телефон шалды. «Қауесет шығар. Анық–қанығына көз

жеткізбей анда-мында шапқылағанның реті қайсы? Және
түсінбе­гендер «мына кісі не былықтырып жүр?» демей ме
деп, мен өз ойымнан хабар бердім.
Қауесет, өсек-аяң қауласа кімнің көңіліне қарайды,

кейінірек: «мына кісі дым білмегендей мектепке мың­қиып
келіп, мыңқиып кетіп бара жатады» деген сықылды әңгіме
құлағыма тиді. «Мына кісісі» – мен. Әңгіме, өсек-аяң қайда
жоқ – «мыңқиып» одан әрі жүре бердім... Жарты ғасырдан

астам тарихы бар, Алатаудың баурайына орналасқан осы
оқу орнына көз салып жүргендерді естіп жүрмін. Ендеше,
«мыңқиятын» мен бе? Жыртпайын ба өңешті!
Бұл мектепте менің үш балам оқыды. Әйелім Мариям

Алданова көп жыл ұстаз–тәрбиеші болды. Ендеше мек-
теп басқалар сияқты біздің де жанды жеріміз емес пе –
аянатын не бар!

Үмбетбай Уайдин
Содан намысқа қызып, әйеліміз екеуіміз «майданға»
кіріп кеттік. Мен сол кездегі оқу министрі Мырзатай
Жолдасбековтің алдында болдым. Осы тұста бұрын

қағазыма түскен мына бір жолдарға көз жүгірте кетейін.
«... – Сәлеметсіз бе, Мырзатай Жолдасбекұлы! Аты-
жөнім – Мариям Алданова. Мен Астанадағы №2 экспе-
риментальды мектеп-интернатта істеймін, әрі ата-ана­

мын. Бізді мазалап тұрғаны, осы мектеп сегізжылдық бо-
лады деген қауесет бар.»

– Сіз дұрыс айттыңыз, бұл нағыз қауесет. Осы мектеп

бойынша көп ата-ана телефон шалды. Ата-аналар коми­
тетінің председателі Үмбетбай Уайдин де әңгімелесті. Қазір
бұл мектеп қалалық оқу бөліміне қарайды. Бола­шақта оны
Республикалық әдеби, мәдени-эстетикалық бағыттағы үл­

гілі білім ордасына, нағыз таланттар мек­тебіне айналдыр­
мақ ойдамыз. («Лениншіл жас» №08, 1988 ж.)
Содан... Содан кейін көп ұзамай мектептің аты өзгерді.
Бір өкініштісі, ұжымның және бүкіл бұқаралық ақпарат

құралдарының наразылығымен санаспай бір белгісіз күш
мектеп құрылыстарын гүрс-гүрс құлатты. Қасиетті тақта,
парталар, яғни, бүкіл құрал-жабдық іргедегі мұғалім­дер­
дің білімін жетілдіру институтына көшірілді.

Мектептің тарихынан шығып кетті ғой, міне, осындай
жағдайлардың да куәсіміз.«Жаңа» мектеп сыртынан
қарағанда әп-әсем. Жатақханалары, спортзалы, жақсы
кітап­ханасы бар. Дегенмен мектепке арналып салынба­

ғаны әр нәрседен байқалады. Ауласы тар. Класс каби­
неттерінің бірі − атшаптырым, бірі − қуықтай. Мектеп
ұжымы бұл жайдан бірнеше қайтара ауызша, жазбаша
түрде жоғары жақтың құлағына салды. Тым-тырыс.

Қиратылған мектеп құрылыстарының орнына, әрине,
түптің түбінде жаңа игілік, жаңа зәулім үй бой көтерді
ғой. Бұрынғысы енді қайтып қалпына келе ме? Мектепті
бітіріп кеткен түлектері топ-топ болып келіп, қақпадан

сығалап қарап: «қайда біздің алтын ұямыз?!» деп өкіріп-
бақырып жылап кетіпті деп естідік. Өзіміздің де жүре­
гіміз ауырды. Түсінуге бола ма?
Мектепке ерлі-зайыпты екеуіміз де бауыр басып қал­

ІІ тарау. Әдеп әлемі: Тағылымдық педагогика
дық. Ұжым екеуіміздің де орталарында жүре тұрғаны­
мызды бөтен көрмеді. Оған... біріміз алпыстан, біріміз
жетпістен астық – абыроймен босағанды жөн санап, жаз-

баша өтініш білдірдік. Осы тұста тағы бір әттеген-ай:
белгісіз себептермен журналистика пәні бағдарламадан
сызылды. «Бұ қалайға» алған жуабым – «жоғары жақтың
ұйғарымы солай.»

Мешітке ең жақын сөз, ең қасиетті ұғым – мектеп.
«Мешіт – Алланың жердегі үйі» деген бар. Мектеп ше?
Ол да! Мектеп әңгіме болған жерде, оның төбесі
көрінгенде, тұсынан өткенде кімнің жаны жылымайды.

Кімнің көзі жайнамайды, кімнің көңілі бұзылмайды.
Менің өзімнің ше? Сезіміме сөз берейін.
... Толған бала, таза күлкі, осы маң,
Мен де оларға бір бала боп қосылам.

Балажанмын.
Содан болар,

шаршасам
Жүріп өтем ақ мектептің тұсынан.
Ойда жоқта қуқыл тартса түр-өңім,
Қатты соғып, сыр берсе егер жүрегім,

Ауыр ойдан жеңілдегім келсе де,
Ақ мектепті айналшықтап жүремін.
Күлкім сиреп, сарғыш тартса реңім,
Бар құпия қабылдайтын бір емім:

Жайлап жылжып, балабақша жанымен
Ақ мектептің ауласына кіремін...
Жүз шайыссам жазатайым кісімен,
Қабылдаймын тағы да бір тосын ем:

Ол – яғни, балабақша арқылы
Жүріп өтем ақ мектептің тұсымен..
...Бала болып кетсем бе екен осы мен?
Мектеп. Мектеп. Алтын ұя!

Алла, қанаттылар пыр-пыр ұшқан алтын ұяларды
гүрс-гүрс құлаудан сақтай гөр. Әумин!

Үмбетбай Уайдин Шөл Өткен шақтың бәрі естелік және сағыныш та ғой. Жер басып жүрген бір жылдың төлдері – қазіргі біздің құрбықұрдастарымыз сексенге қарай бет алды. Құдай жеткізсе өзімнің сексенім бір-екі қырдың арғы жағы. Сөзді сөз, ойды ой түртіп, кей-кейде әрігірек-берегіректен оралып қайтатыным бар. Күлемін, күрсінемін. Күлетін себебім, балалық–шалалықтарым көп болды. Күрсінетінім, өмір жолымда қаншама тығырыққа тірелдім. Жасаған Ие жар болып, ол тығырықтардан бүгінге сүрініп-қабынып аманесен жеттім. Отағасымын, әкемін, атамын. Оны-мұны сұрап, қасымда отырған жаңа таныс жігіт­ тің келесі сұрағы сағынышымды қозғады. – Ағай, сіз мектепте қалай оқыдыңыз? – Қай-қай бағаның да көңілін қалдырғаным жоқ. Ха­ лықаралық /үштік/ баға молшылық болды. Күлгені ме, білмедім, жаңа таныс жігіт кішкене ыс­ қырып-пысқырып алды да, сауалын әрмен қарай жал­ғас­ тырды. – Тәртіп жағыңыз? – Осы бір сұрақ алдымнан ылғи жүгіріп шығып, жыныма тиеді. Болды ғой әртүрлі, әртүсті сарт-сұрт. – Оқыған мектебіңізге төбе көрсетіп тұрасыз ба? – Өзіңе бір сұрақ: адам шөлін немен басады, шөлдегенде не ішеді? – Су. – Тағы? – Білмедім. – Сағыныш та − шөл. Сағынышын кім немен басады? – Білмедім. – Менің өзімінің бір сағынышым, сон-а-ау көп қыр­ дың арғы жақ ылдиында қалған балалық-жастық шағым, оқыған мектептерім, ұстаздарым. Осындай сауал-сұрақ­ тар алдымнан шыққанда, көңілді әңгіменің тығыны ашылады. Демалып қаламын. Шөл қандыру дегенім сол. Жаңа таныс жігіт рұқсат сұрап сыртқа шығып кетті. Шө­ лім әлі қана қойған жоқ, сағынышымды жалғас­тырайын.

ІІ тарау. Әдеп әлемі: Тағылымдық педагогика
Алғаш табалдырығын аттаған ауылымдағы бастауыш
мектептің бүгінде орны да жоқ. Бірнеше қайтара
жаңадан салынды. Жағдайдың қиындығынан бастауыш

мектепте мен бір-екі жыл оқи алмай орнымда қалдым.
Бесінші класты «Құрылыс» деп аталатын колхоздағы
орталау мектепте оқыдым. Әрмен қарай, алтыншы,
жетінші класты аудан орталығы – Ырғызда, сегізінші

класты – Шымкентте, тоғызыншы класты Есіктегі Моло-
тов атымен аталатын мектеп-интернатта жалғастырдым.
Әскерге жасым келіп қалып, содан оқуым ойда жоқта,
орта жолда үзілді. Қалған-құтқан оқуымды Шалқар

аудандық баспаханасында жұмыс істей жүріп, кешкі
жұмысшы-жастар мектебінде жалғастырдым. 1960 жылы
қазіргі әл-Фараби атындағы ұлттық университеттің фи-
лология факультетіне құжат тапсырып, жолым болды.

1965 жылы журналистік кәсіби мамандығыма кірісіп
кеттім. Жұмыс , отбасы жауапкершілігі,пәтерден-пәтерге
көшіп-қону – үйдің кезегі (т.б.) – қарбалас өмір бастал-
ды. Сол қарбалас өмірдің ара-арасында оқыған мектеп­

теріме қайырылып тұрдым. Құрылыс, кейін Калинин
атындағы шаруашылық болып қайта құрылып, оны Қияс
Сәрсенбаев, Үбіғажып Жұмағалиев сынды адал азамат-
тар басқарды. Сол тұста екі қабатты мектеп үйі салынды.

Ырғыздағы біз оқыған орта мектеп бүгінде аудандық
кітапхана. Жолым түскен сайын оған да қайы­рылып,
оқыған класыма кіріп, шөлімді басып шыға­мын... Ұзын
бойлы, қалың қабақ, талапшыл Алдан Жа­рылғапов

ағайдың дәлізде қарасы көрінгеннен ішке жүгі­ріп кіріп,
орнымыздан атып-атып тұрып қарсы алушы-ек. Ал­
ғаш­қы өлеңімді түзеп, бата бергендей «бәре­келді» деп
басын изеген сол ұстазым еді. Өмірден оз­ғанша

сәлемімді үзгенім жоқ. Бүгінде Ырғыз ма­ңайын­да
Жаңылма апайдан басқа ұстаз қалмады. Қа­тар­лас­
тарымыз сиреді!...
Шымкенттегі мен оқыған орта мектеп Кеңестер

Одағының Батыры Қарсыбай Спатаев атымен аталады.
Кейін естіп білдім, бұл мектепте Бауыржан Момышұлы,
Өмірбек Жолдасбеков, Әбділдә Тәжібаевтай сынды ұлы

Үмбетбай Уайдин
тұлғалар оқыған көрінеді. Мектепте түрлі үйірмелер
жұмыс істеді. Соның бірі әдебиет үйірмесі және бокс
секциясы. Шапай Сүндетов деген жоғары сынып оқу­

шысы бокстан жақсы нәтижеге жетіп, мектепке үлкен
абырой әкелді. Нәтиже шығарып қарық қылмасам да мен
екеуіне де қатыстым. Бір орыс аға келіп, бірде біздің
әдебиет үйірмесін суретке түсірді.. Мен өлең оқыдым.

Сол өлең оқып тұрған суретім «Правда Южного Казах-
стана» деген газетке шықты /18.1.1953/ Суретке түсірген
кісінің аты-жөні В. Захаров. Ол газетті жоғалтып алып,
кейін Іздан Мусин деген ініміздің себепкерлігімен Шым-

кент мұрағатынан таптым.
Бірін үлгерсең, бірін үлгермейсің – қарбалас. Сан
сабалаған көп «қап, әттегенайлар» сол қарбаластардың
қайырылыс-қалтарысында қалды. Бір «әттегенай» Шым-

кентке неше қайтара жолым түссе де мектепке бұрылу
есіме келмепті. «Құдайыңды ұмытпа» деген мағынадағы
бірер жолдастардың сұқ саусақтары қамшы болып, сол
әлгі қателігімді қағазға өлеңмен түсіргенім бар. Оқиын.

...Бала достар, Шымкент жақ, Есіктегі,
Наздарыңды айтқан сол есіткелі.
Зыр жүгіріп ыстық қан тұла бойда,
Кетті кеңіп жүректің тесіктері.

Бала достар, Шымкент жақ, Есіктегі,
Наздарыңды айтқан сол есіткелі.
Көктем келіп көп қырдың ар жағынан,
Көк көйлегін көңіліме шешіп берді.

Қозғады да сол хабар сезімімді,
Саулығымның сұп-сұр бет көзі күлді.
Жыртық көйлек, монтиған сары бала
Өткен шақтан жүгіріп өзі келді.

Іштен өнген жылы леп жалап бетті,
Шартараптан келді ұшып бар ақ кептер.
Балалық шақ ыржиып басын изеп,
Қайта-қайта есіктен қарап кетті.

ІІ тарау. Әдеп әлемі: Тағылымдық педагогика
Бір түймесін уақыттың басып қалдым –
Шыға келді қалайы қасықтар кіл.
Шыға келді өткен шақ,

интернатқа
Темір-терсек ыдыстың тасып бәрін.
Шыға келді қалайы тостағаным,
Ернеуінен қос қолдап ұстап алдым.

Мұндай қатты күлмеспін,

«экраннан»
Бір көрініп кеткенде күс табаным.
«Іздеу». /Үзінді/
Мектеп лицей болып өзгеріп, басқа жерге көшіріл­

генін ұзынқұлақтан естідік. Сұрастыра келгенде, рас бол-
ды. «Сұқ саусақтардан» және әлгі өлең жолдарындағы
сезімімнен туындаған ойлар әрмен қарай ұзап, кейінірек
оларды қағазға түсіріп, лицей мекен-жайына хат жаздым.

Тұтқада әйел дауысы. Ол өзін мен хат жазған лицейдің
директоры Орынкүл Алшынбаева деген боламын деп та-
ныстырды. Қысқа да, қызық әңгіме болды. Бір шөлімді
қандырғаным сол әңгіме!

Кеңес қоғамы тұсында Есік қаласындағы мектеп-
интернат екі қабатты үй болатын. Жоғарғы қабаты
жатақхана, төменгі қабаты сабақ өтетін класс-кабинеттер
еді. Онда қазақ, орыс, ұйғыр, күрд халықтарының және

жетім балалар үйінің түлектері оқыды. Мектеп ұжымы
кейін жаңа үлгіде салынған ғимаратқа көшті. Қазір Мал-
кеев атындағы қазақ-түрік лицейі.
Жаңа жақсы болғанымен, көне көзге ыстық деген бар

ғой. Сонау бір жылдары біз сол маңайдан саяжай сатып
алдық. Бір күні мектепке жалғыз өзім арнайылап барып,
сыртынан қарап біраз уақыт тұрдым. Бірде-бір ұстаз-
тәрбиеші, бірде-бір сыныптастарым көрінбеді. Қоңырау

соғылмады. Кіріп-шығып жатқандар басқа адамдар.
Көңілім құлазып, сосын жайлап жылжып жүре бердім.
Жалғыз мен бе десем, бұндай көңіл-күй сол мектептің
түлегі, журналистиканың ардагері Нығметжан Әбенов­

тың да басында болған екен.

Үмбетбай Уайдин
«Алтын ұямыз – мектебімізге жылда барамыз-ау,
бірақ көңіліміз құлазып, салымыз суға кеткендей болып
қайтамыз. Екі қабатты еңселі мектебіміз басқа мекеме-

лерге берілген. Еңбектеніп маңдайымыздан тер төгіп,
қол күшімен жасаған спорт алаңы жоқ». /«Біз отыз екіде
едік»/
Әңгімеге тиек болған Ырғыз, Шымкент, Есік мектеп­

те­ріндегі жағдайларға түсіністікпен қарауға болар. Дә­
лел­ді-дәлелсіз түрлі себеп-сылтауларды қаптатып бұзуға
қимайтын, бұзуға болмайтын, бұзбай болмайтын – мек­
тебі, басқасы бар – гүрс-гүрс құлатылып жатқан ғимарат­

тарды, ал кім қалай түсінеді, кім қалай түсіндіреді?
Біздің түсінігімізде, бұл «гүрс-гүрстердің» арғы жағында
көбіне «күштінің ана несі диірмен тартады» жатыр... Жа-
райды, шөлге бұрылайық.

Есіктегі мектеп-интернатта ілгерінді-кейінді оқыған
біз қатарлылардың жасы бүгінде жетпіс-сексеннің о жақ-
бұ жағы. Арман-мұрат, жастық романтика мектептен
кейін әркімді әр-жаққа шашып жіберді. Өмір заңдылығы.

Алматыдағылар мен басқа алыс-жақындағылар рабайда,
кездейсоқ кездесіп қалғанда болмаса, араласа алмады.
Оған басты себеп, тағы да сол қарбалас өмір. «Ий, осы
ана кім қайда?», «Осы ана кім бар ма?», «Осы Науқан

Қордабаевтан ұрпақ қалды ма екен? Байғұс өмірден ерте
кетті ғой. Қадір Мырзалиевтің, тағы бірер ақынның
өлеңдеріне ән жазып еді, радиода орындалатын. Кейін
естілмей кетті». «Осы ана кім қайда?» кейін тағы

жалғасты. Серғазы? Өмен? Сандыбай? Барқытбай?
Рыскелді? Өмірәлі? Нұрұлу?...
Сиреп қалдық! Көзі бар ұстаз-тәрбиешілер де біреу,
екеу... Кеңестер одағының батыры Рахымжан Тоқатаев

ұстаз да жасы сексеннен асып, өмірден озды. Қауқыл­
дасқан тағы бір әңгіменің арасында Жанария апай еске
түсті. «Осы Жанария апай бар ма екен? Қарағанды, Жез­
қазған жағында деп еді біреу».

... Ол кезде арнайылап, не бір реті келіп қалғанда бол-
маса, суретке түсу деген сирек еді. Жақында альбом
қарап отырып, екі сурет көзіме түсті. Оның бірі −

ІІ тарау. Әдеп әлемі: Тағылымдық педагогика
Рыскелді екеуміз түскен сурет. Екіншісінде үш бала от-
ырмыз. Қасымдағы екеудің есімдерін ұмыттым. Шимай-
шатпағым Есікте де жалғасты. Нем шығып, нем

шық­пағаны жадымда жоқ – өлеңдерімді алып, оқта-текте
аудандық газет редакциясына барып тұрдым. Газеттің
сол кездегі редакторы, жасы тоқсанға жақындаған
Үсенбай Тастанбеков қазіргі уақытта Қаскелең жақта

тұрады деп естідім.
Бұл сезімдер жиналып-жиналып келіп, бір кішігірім
отырыста шүкір, тәубенің әңгімесін қозғады, ұсыныс-
тілектер айтылды. Ол қандай ұсыныстар?

Біз интернат-пансионды паналаған, жетім балалар
үйінде тәрбиеленген, кісі есігінде өскен бір кездегі
жыртық көйлек, жарымжан көңіл, жаутаң көз ұрпақтың
өкілдеріміз. Ана қоғамды көрдік, қарттық жасқа жетіп,

мына қоғамда өмір сүріп жатырмыз. Сүрініп-қабынып
алға ұмтылдық, оқыдық, еңбекке араластық, отбасылы
болдық, көктедік, көгердік, көбейдік. Ендеше, неге біз
бір мезгіл шүкір, тәубенің әңгімесін өткізбейміз? Бір

мезгіл ақ мектепке қайырылып, өмірден озған ұстаздар
мен сыныптас-қатарластарға неге құран бағыштамай­
мыз? Қолдарында сотка, мінгендері иномарка – қазіргі
ұрпаққа неге сонау бит, бүрге, қандала талаған өмірден

әңгіме айтып бермейміз? «Әкең өлсе де, әкеңнің көзін
көрген өлмесіннің» тұспалы және бар. Неге естеліктер
айтпасқа?...
Бұл ұсыныстарды кеңейтіп мен Еңбекшіқазақ ауданы

әкімшілігін хат арқылы хабардар еттім. Арада көп уақыт
өтпей аудан әкімінің орынбасары Бекет Төлегенұлы Ах-
метов қол қойған көңілді хат келді. Ақылдаса келе кезде-
су уақыты мамыр, маусым айларының біріне ұйғарылды.

Қадірлі замандастар, келіңіздер, сағынышымызды, шөлі­
мізді басайық. Білім берген, балалық-шалалығымызды
кешірген қасиетті ақ мектепке тағзым етейік.

Үмбетбай Уайдин
Аласұру
Жәдігердің дауысы жаңағыдан да қаттырақ шықты.

– Тұр деймін мен саған! Талтүс болды, бұл не жатыс

сенікі? Ит, түнімен қаңғисың да... Отыздан астың – әлі
ой жоқ. Қатын аламын дедің, қарызданып-қауғаланып
той жасап, ол айтқаныңды істедік. Машина дедің, маши-
на міндің. Салдыр-күлдір айдап, бір жазға жеткізбей оны

құрттың. Ана жұмыс анадай, мына жұмыс мынадай деп,
бір жерде тұрақтап жұмыс істеу тағы жоқ. Әй, бұл не
талт-а-ң сенікі? Неге сүрініп-қабынбайсың, неге ышқын­
байсың, неге аласұрмайсың?!

«Сүрініп – қабыну?», «Аласұру?»
Бір ойды бір ой қозғайды. Баласына күйініп сөйлеген
Жәкеңнің мына наразы дауысы менің сонау алпысыншы
жылдардағы сүрініп қабынған, аласұрған кезімді еске са-

лып, ішімнен күліп алдым, күрсініп алдым.
Сәт, сәтсіздіктер кімнің басынан өтпейді. Сәтсіздік­
терін біреулер зарлап айтады. Сәтсіздіктерінің себебін
өзінен көрмей анаған, мынаған сілтеп, оған, бұған кіжі­

ніп, енді біреулер әңгіме-қаңқу қаулатады.
1965 жыл. Соңғы курс. Сүрініп-қабыну, аласұру.
Ол кезде қазіргідей қаптаған газет-журнал жоқ. Респу­
бликалық басылымдардың өзі санаулы. Жастардың бір

бөлігі өндірісте жұмыс істей жүріп, жоғары оқу орында-
рында сырттай оқитын. Болашақ журналистер төртініші,
бесінші курста аудиторияларға кіріп-шығып жүріп,
әртүрлі басылымдарды, көбіне «Лениншіл жас», «Жетісу»

және балалар басылымдарын жағалай бастайтын, өнді­
ріс­тік тәжірибеден өтетін. Біздің курстың студенттері
Ахат Жақсыбев, Әнес Сараев, Шанжархан Төрегелдиев,
Балта Исаевтар «Лениншіл жас» пен «Жетісудың» төңі­

регінде жүрді. Бесінші курста (бұрын қағазыма түскен)
мен де «Лениншіл жаста» бір столды иемдендім. Ол
кезде жұмысқа жаңа қабылданғандар бір айдай бай­
қауда болатын. Жұмысты алып кете алмаса, оның арғы

жағын­дағы әңгіме – «Тә-ә-к, сіз боссыз». Жұмысты
алып кете алмай, мен де ақырында «қайқай» болдым.

ІІ тарау. Әдеп әлемі: Тағылымдық педагогика Бұл «қайқай» да әр әңгіменің ара-арасында қағазыма түскен. Әлгіндегі «сүрініп-қабынуды» кішкене таратып айтайын. Төртінші курста үйлендім, бөпелі болдық. Пәтер жалдап тұрамыз. Стипендия – 30 сом. Оның жарым-жар­ тысы пәтерақыға. Диплом жұмысын бастыру да – ақылы. Арасында үйлену тойлары. Қалғаны жолпұл, нанпұл. Еш жақтан ештеме келмейді. Сессия басталды. Сүрініп-қабыну, аласұру одан сайын қарқын алды. Ақыр түбі – қайыр, диплом қолға тиді! Ендігі мәселе – жұмыс. Редакциялардағы жолдастардың құлағына салдым. Үнсіздік. Сол шамада «Жетісу» газе­ тінде жұмыс істеп жүрген курстасым Балта Исаевты редакцияға іздеп барып, әңгіменің ара-арасында жұмыс жайын құлағына салдым. «Сен редакторға барсай, осылай да осылай деп жағдайыңды айтсай. Өте жақсы адам» деп, ол аңқылдап қоя берді. Жұмыс бөлмесінде болмады ма, білмеймін, редакторға ол күні жолыға алмаған сияқтымын. «Өмірге құштарлық» атты кітабымда /«Жалын» баспасы,1985 ж./ сол кездегі сүрініп-қабынуды былай деп еске түсірген екенмін. «...Бір күні «Жетісу» газетінің редакциясына бардым. – Көреміз, шамаңды байқаймыз, шырағым, – деп, газет редакторы Әбдуәли Қарағұлов ағай бұйрықты беріп жіберді. Секретариатқа күмп ете қалдым.» Оқуға түскенге дейін мен Ақтөбе облысының Шалқар ауданындағы баспаханада жұмыс істедім. Әдебиет пен журналистикадағы тындырғаным – өлең-пөлең және бесон жолдық хабарлар. «Лениншіл жастағы» тындырғаным – анау. Мұнда ше? «... Сызған макетім макет болмай, қиқым-сиқым аудармаларым, өз жазғандарым жарамай, редакция мен типографияның екі ортасында борсаңдап жүгіріп жүргенімде материал жоғалтып, графикті бытыстырып, мұнда келген соң жаман иісім шығып, әсіресе Сарбас Ақтаев шамамды байқап, түңіле бастады. Жан ыш­қын­ ды.»

Үмбетбай Уайдин
Бір айдың о жақ,бұ жағында редактор мені өзіне ша­
қы­рып алып:

– Бала, бізге жазатын, жаза білетін, қолынан іс ке­

летін адам керек, – деді. – Шамаңды байқадық, бұл жер
саған қол емес.
Жүрегім дүрс-дүрс... «Шамаңызды байқадық» дегені
қандай ауыр? Мен сөз танысам мұның арғы жағында:

«бала, мүлік болмайсың, бала, сен журналистикаға бекер
келгенсің» деген тұспал жатқан сияқтанды. «Сонда, мен
журналистикаға шынымен адасып келгенім бе? Жоқ, мен –
журналистпін!»

«...Ышқынған жан одан сайын ышқынды. Еркебұ­
лан мен шешесіне беделім болмай бара жатқан соң,
тағы да анда-мында шапқыладым. Радио, телестудия
жақты жаға­ладым. Ақыры радионың әдебиет және

драматургия редакциясына орналастым. «Қуылып-
қуылып» зәрезап боп қалған басым, «қай жағымнан
тағы не пәле шығып қалады» деп қорқып, мұнда кел-
ген соң, бір-екі айға шейін жаным жай таппады»

(Үзінді аяқталды).
Солай, сәттіліктер мен сәтсіздіктер кімнің басынан
өтпейді. Мен сәтсіздіктерімді ешкімнен көрмеймін.
Жаңылмасам Сұлтанмахмұт Торайғыровтың мынадай

өлеңі бар еді:
Жақсы болсам – өзімнен,
Жаман болсам – өзімнен.
Тағдыр қылды дегенді

Шығарамын сөзімнен.
Менің де айтарым сол – өзімнен!
Ұжым – көпшілік орны ғана емес, тәрбиеші де ғой.
«Лениншіл жас» пен «Жетісудан» қаншама қаламдастар

тәрбиеленіп, биікке самғады. Ал мен... мен... бұл екі
ұжымға да бауыр басып келістірмедім. Редакторлардың
орынбасарлары Кәкімжан Қазыбаев ағайдың бір орысша
сөзді «тастүйін» деп аударғаны әлі есімде. Сарбас

ІІ тарау. Әдеп әлемі: Тағылымдық педагогика
екеуміздің сәлеміміз түзу, анда-санда әр жерде кездесіп
қаламыз.
«Жас Алаш» пен «Жетісу» көзге ыстық. Екеуінен де

ха­лықты ынтымаққа, адамдарды адал өмір сүруге ша­
қыр­ған ащы да, тұщы талай материалға көзім түсті.
Олар­ға кейінірек қайрыламын.
... Іс-тірлік бір басқа,

Іскерлік бір басқа,
Сүйкімділік бір басқа.
Сүйкімділік сүртілсе –
Сүйкімдіде түр басқа.

Сүйкімді болғанға не жетсін. Тек, бет-ауыздары көк
ала, сары ала сүйкімділердің беті әрман! Өз басым
сүйкімсіз болдым деп айта алмаймын. Анау жыл­дар­
дағы сәтсіздіктерімді мамандығыма дайындықсыз­ды­

ғым­нан және түсініксіздеу мінезімнен көрем. Және ба­
қыт, адал өмір сүру дегеніміз не – соны дәлелдеу үшін
аласұрдым.
.. Өмір ме?

Өмір сүру?
Ол дегенің –
Жүз өліп, жүз тірілу күнде менің.
(Ішінде майданы жоқ, қайраны жоқ

Не керек алып жүру құр денені!).
Басымның тұла бойы толған тесік,
Тастөбем «төбелестен» болған есік.
Жатады кіріп-шығып жеңілістер,

Жеңістер күнде қолдан-қолға көшіп.
Найзағай-найзағайдың арасымен,
Көп жүрдім мақсат қуып ағасы, мен.
Ит талап, адам талап, жылан шақты –

Меніңше өмір сүру бәрі осының.

Үмбетбай Уайдин
Дарқандық. Дарақылық. Қара шығын..
Мән-жайын түсіндірші аға осының?
Меніңше, өмір сүру дегеніміз

Басыңның бақыты үшін аласұру!
Ел сүю. Адам сүю. Алға шығу,
Зорығу. Артта қалу..
Ал, осыны

Жіберсек жайып-жазып,
Өмір сүру –
Баршаның бақыты үшін аласұру!
...Жәдігердің баласы төсегінен тұра сала пультты

алып, теледидарды қосты...

Айтпайын десем, сөзім бар...
(Үзінділер)
«Қалай сөйлегеніне қарап, адамды тануға болатыны
анық. Инабатты адам жаман сөз айтпайды.

Қазір жастар топтанып тұрған жерде таза сөз есіту
қиын болып барады». «Осылай бейәдеп сөйлейтін жас­
тар ертең қайда барып оңдырады дейсің». «Жақында
көсемсымақ біреу өзінің естелігінде мен былай дедім деп

жеке отырғанның өзінде дауыстап айтуға болмайтын бы-
лапыт сөздің басқы әрпін жазып, көп нүкте қойып, айы-
зы қанғандай болады. Елден ұят емес пе?» «Іріген ауыз-
дан шіріген сөз шығады» дейтініміз бар. Әркімнің ауызы

өзінікі. Бірақ, тіл, сөз халықтікі ғой. Оны бүлдіруге,
орынсыз қолдануға ешкімнің қақысы жоқ». Қой дегенге
қоймаса қойдыратын заң керек болар.»
Орыстар бейәдеп сөйлейтін Жириновскийлерді ауыз­

дық­тай­тын орыс тілінің тазалығы туралы заң шығарды.
Сөзді орынсыз қолданса жауап береді. Бейәдеп өлең ай-
татын «Ленинград» рок-тобының Мәскеуде концерт
қоюына Ю. Лужков тыйым салды. Олар енді Алматыға

келіп концерт қойып жүр. Бізде бәріне рұқсат сияқты. Не
дерсің!
«Былапыт, бейәдеп сөздері жоқ елдер бар екен. Қазақ­
тың тілін де, сөзін де қорлатпайық, тілімізге былғаныш

сөздерді кіргізбейік, қақпақ болайық. Ата-аналар болып,
үлкендер болып, қоғам болып, заң болып, қарсы
тұрайық.»
Мамадияр Жақып

«Егемен Қазақстан»,
22.03.2003 ж.

Үмбетбай Уайдин
Әйгілі жандардың көбісі сөз айтқыш
(Үзінділер)
«... Алматыда әнші болып, атағым шығып жүргенде.»

«Ойы кеткендер «екінші әйелім бол» дейді. Сонда мен
айтамын: «Мен өмір бойы екінші әйел болуым керек пе?
Хотя бы, бір рет бірінші әйел болайыншы», – деймін.
«Хотя бы ажырасып кеткендер табылатын шығар...».

«Бір жындансам, қатты жынданамын». «Мені ұнатып,
көңілін айтқан жігіттер өте көп болды. Оның қайсыбірін
айта берейін». «Әйгілі жандардың ішінде көңілін білдір­
гендер болды». «Ол кісі маған өнер адамы ретінде ұнай­

ды. Ал еркек ретінде олай айта алмайымын, расын
айтқанда». «Белгісіз жандарға келсек, кейбіреулер күнде
телефон соғып жатады. Жалғыз болғаннан кейін бәрінің
«көргісі» келетін шығар мені... Еркек болғаннан кейін...

Енді тәтті тағамды жегің келеді ғой... Сол сияқты
енді...». «Кейбір менің әніме табынушыларым, ер азамат-
тар «Аққуым» деп звондайды маған». «Ол кісі бірін­
шіден обаяниесімен ұнайды».«Қазір біреумен тұрып жа-

тыр деп есіттім. Оны да туғызыпты».
Тойларда ән салып, 500-700 долларға шейін табады
екен... Оны бүйтіп әлпіш-тәлпіш сөйлетіп қойған сол
500-700 доллар емес пе екен?..

Сұхбат.
Шаһизада – Қ.Жарылқасынұлы.
«Жас қазақ үні», 14.03.2003 ж.
Сауатты халыққа – сауатсыз министр

Жақында Астанада бір топ журналистермен жүздес­
кен қоршаған ортаны қорғау министрі орысша «зуыл-
дап» отыр еді, қазақшаға келгенде байқамай, балдыр-
батпаққа батты да қалды. Сөзінің сықпытынан жа­ға­мызды

ұстадық. Диктофонға жазып алған едік. Оқып көріңізші:
«Елбасына бір-екі ұсыныс айттым. Ұлттық программаны
қабылдау керек. Сол ұлттық прог­раммаға жаңағы ұлттық

ІІ тарау. Әдеп әлемі: Тағылымдық педагогика
комиссия қарайтын мәселелер 8 приоритет дейді, сол 8
приоритеттің ішінде экология, образование, здраво­
охранениесі бар. Жаңағы Приаральесі и Семейдің поли-

гондары бар. Сол токсический отходтар бар». «Бұрынғы
министр кетті. Мен келгенше сол бюджетный програм-
малар бәрі қаралып болды да, біз кішкене үлгермедік.
Оған қарамастан да бәрібір мына местный бюджеттерде

бір айтып жатырмыз. Қазір мына платежи за загрязнение
дейміз. Солар түсіп жатыр. 7,7 млрд-ы біздің экологияға
кетті деп жатырмыз. Біз айтып жатырмыз. Сол эколо­
гияға ақша түскен, соны экологияға жібермейсіздер ме

деп, сол мәселені көтеріп жатырмыз. Енді әкімшілік­
термен біз өзіміз сөйлесіп жатырмыз. Әнеу күні
көрдіңіздер, бірінші деген Алматы қаладағы әкіммен
меморандумға қол қойып жатырмыз. Сол меморандумға

ақшаны да қарап жатырмыз. Сол 50 процент болса да
природоохранный мероприятиеге кетсінші деп жатыр-
мыз. Мына экологияны жөндемесек, біздің, просто елдің
денсаулығы қиыншылап кетті. Жаңағы рак молочный

железы деп жатырсыздар. Әйелдер бірінші орында тұр.
Бізде злокачественный заболеваниеде. Анемия деген.
Анау Приаральедегі әйелдерді алсақ. Туатын әйелдерді.
Сол жастары жас әйелдерді алғанда 60 проценті анемия-

мен ауырады.»
Бізде өз ана тілін білмейтіндер мен шала білетіндер
және сонысын мақтаныш санайтындар көп. Әттең, сол
ұлт мақтанышы сезімінен жұрдайларды Марат Қабанбай

ағамыз айтқандай, былай жазаласа ғой: «Қазақ мақал-
мәтелдері» деген кітапты түп-түгел жаттап алмайынша,
суық үйге қамап ұстап, ас-су бермей, шөлден қатырса...
Оны тәмәмдай бере Абайды ұстата қойса... Сонымен-ақ

саудалары бітер еді.»
Жаяу Кенжекұлы.

Үмбетбай Уайдин
Біз қуана білеміз бе?
Біз осы күле білеміз бе? Жалған күлкі жайлап барады
деген не әңгіме? Бір сәт жұртымызға құлақ тосайық.

«... Шын күлкімен күле алмай келеміз».
Жеңіс Шыныбеков
/Осы біз шын күле аламыз ба?..
«Алматы ақ­шамы» 29.04.2010 ж./.

«Иманды, инабатты күлкі азайды».
Толымбек Әлім­бекұлы
/«Жұлдыздар отбасы», №7, 2010 ж./.
«Бір спектакльден налып қайттым. Біздің халық арзан

күлкіге әбден үйреніп алған».
Асанәлі Әшімұлы
/Менің жанарым ─ күнделік.
«Алматы ақшамы», 17.04.2010 ж./

Қуаныш, Қуаныш!
Жоғы табылған адамның қуанышы қандай? Онда
өтірік, жалған не бар?
Адамдардың жан-дүние тазалығын мен өзім олардың

күлкісімен, қуанышымен өлшеймін. Оқып отырған басы-
лымдарда «қуаныш» сөзі көзіме түссе, жалма-жан астын
сызып, қағазыма түртіп алатын дағдым бар, соны тара-
тып айтайын.

Қуана білу, қуанта білу де – бақыт.
Дінмұхамед Қонаев
Қуана білмегенге – құт қонбайды, бағалай білмегенге –
бақ тұрмайды.

Әбіш Кекілбаев
«...Кеше Әбіш інім үлкен атақ алып, абыройға
бөленді, бүкіл әдебиетіміздің мерейін көкке көтерді.
Соған мен қуанып, телеграмма жіберіп құттықтадым.»

Тұманбай Молдағалиев.
/«ЕҚ», 20.03.2010 ж./.

ІІ тарау. Әдеп әлемі: Тағылымдық педагогика
Біреу біреуге жылы сөз айтса, біреулер марапатқа ие
болса, үшінші, төртінші біреулердің беттері бозарып, ау-
ыздары гу-гу әңгімеге кірісіп кетеді, аналардың ішкен-

жегенін мұрындарынан шығарады. Тұманбай ақын Әбіш
інісінің үлкен марапатына қуанып жеделхат жібереді.
Мұнда жалған не бар?
«Кітап жаршысы» басылымынан ақын, журналист

Мылтықбай Ерімбетовтің күнделіктеріне көзім түсіп,
сүйсініп оқыдым. Сүйсініп оқыған себебім, онда бір
түйір жаттанды, жасанды, жалған ештеме байқалмады.
Қуанышы да – шынайы, күрсінгені де – шынайы:

«Жарылқаптың /Бейсенбаевтың/ «Буырқанған бояу-
ларын» оқыдым. Өте тамаша кітап» (...) «Комсомол
сый­лығын ойланбастан берер-ем. Әттең қолда билік
жоқ!»

«Сағат Әшімбаевтың «Талантқа тағзым» кітабында­ғы
Өтежан Нұрғалиев поэзиясы туралы мақаласы ұнады.
Өтежанды оқығанда Бейімбет, Шукшин есіме түсіп еді.
Сағат та солай келтіріпті. Менің есіме алыста, Мырзашөлде

жатып, жақсы дүниелер жазып жатқан Есенғали досым
Рау­шанов түсті».
/«Кітап жаршысы», №6 маусым, 2009 ж./
Сағат пікіріне бас изейді, Өтежан ақынның поэзиясы-

на қол соғады. Есенғали досына алаңдайды – жан дүние
тазалығы осы емес пе?
«Дәл осы кезде Мұхтар Шаханов Одақтық комсомол
сыйлығын алды. «Лики времени» деген кітабына. Қазақ­

тар әбден түртпектеді Мұхтарды. Сырттай, іштей бас­
пасөз бетінде де, ауызша да сын айтты. Ал Мұхтар орыс­
шаға аударып сыйлық алды. Қазақтар іште жүргенде
неге өз таланттарының қадірін белмейді? Шетелге кету

керек пе?
/«Кітап жаршысы», №9 қыркүйек, 2009 ж./
Біреу үшін осылай екінің бірінің жаны шырылдай ма?
Жоқ, адамға, қоғамға адал адамның ғана жаны осылай

Үмбетбай Уайдин
шырылдайды. Өйткені, «адалдық дегеніміз – жүректің
тазалығы». (Франсу де Ларошфуко)
«Жұмабек өлеңдері кітапқа кіргелі – «бір адамға жақ­

сылық жасадым» деп қуанып жүрмін».
/«Кітап жаршысы», №11 қараша, 2009 ж./
«Қуанып жүрмін» дейді? Қуана білетіндер осылай
қуанады. «Қуана білмеген, таңырқай білмеген адамның

жаны жаралы». (Тахауи Ахтанов)
Адам – табиғаттың бір бөлшегі. Сырлассаң – сырын
айтады, ақылдассаң – ақыл қосады, мұңыңды шақсаң –
тыңдайды, ой бөліседі, арманыңды жақындатады, жан –

дүниеңді тазалайды – шіркін табиғат! Қуантқаны да –
шын, қорқытқаны да, ойлантқаны да шын – табиғатта
өтірік не бар. Жаратылыс-табиғатқа тартып туғандар аз
ба? Мысалы, Мылтықбай?

Сөз түсінетін, сөздің бағасын білетін, өмірге, өлеңге,
білімге құштар адамдар «не айтар екен» деп, сөй­
леушінің аузына ынтығып қарап отырады. Керісінше, сөз
түсінбейтін, сөздің бағасын білмейтін Мырқымбайлар

«мына қасқа қашан, қалай сүрінер екен» деп, «тілек»
тілеп отырады. Мылтықбай ─ бұл екі тыңдарманның
алдыңғысы. Олай деуімізге себеп: қуанғаны да, қуант­
қаны да шын – оның мінез-құлқынан табиғатпен көп

ұқсастық байқадық.
Әр адам туған жерінің табиғатына тартып туады деген
бар ғой.
Мылтықбай Мырзашөлден. Адам өтірік шөлдей ме?

Мылтықбай – ақын. Сезімнің адамы. Ештемеге селт
етпеген, селк етпеген адам ақын болып көгерте ме.
Мылтықбайдың «Диірменші қайнаға» деп аталатын
ұзақтау өлеңі бар.

/«Тауға шыққым келеді..», 2008 ж./
Әр жаңа нәрсеге көз тоқтайды, әр жаңалыққа құлақ
елеңдейді. Көнеге ше? Көзге ыстық көне жоқ па? Көнере

ІІ тарау. Әдеп әлемі: Тағылымдық педагогика
бастағаннан адамдар күні кешегі жаңаны қоқыс жәшігіне
атып ұрады. Біреулерге ол көнелер қоқыс жәшігіне
бақырып жылап бара жатқандай сезіледі. Мылтық­бай­

дың әлгі өлеңінде «диірменші шал» аталып кеткен
кейіпкер бар. Сұры қашқан «Универсалды»» жөн­дейтін
де сол, Қаройға диірмен құрып жатқан да сол.
Қағбадайын қасиетті, баталы,

Диірмен болды – диірменшінің Отаны.
Тырылдаған тракторға қосылып,
Шырылдаған даусы шығып жатады.
Сәрі уақтан, көрінбей күн шапағы,

Адам біткен ақ тозаңға батады.
«Универсал» трактордың моторы,
Бидай алып, ұн шығарып жатады.
Арада біраз уақыт өтеді. Жаңа техника келе бастайды.

Күн ескірді, ай өтіп, жыл алмасты,
Жаңбыр шайды, шөл даланы қар басты.
Мінбесіне шығып алған тоқшылық,
Диірменді шетке қақты алғашқы!

«Өтті» бәрі: қайсібірін айтасың?
Нені ұмытсаң қасіретін тартасың.
Жоңышқасын екті колхоз ол жерге,
Сүйреп тастап «Универсал» қаңқасын.

...Барлық сырын ішке бүгіп қырат тұр,
Мәңги-бақи шешілмейтін сұрақ бұл!
Бөліп кетті диірмен тастың жартысын,
Жылжығанда жыланбауыр трактор!

«Өтті» бәрі: енді несін айтасың?
Екті тағы жүгерісін, арпасын...
«Жатырсың ба жарықтығым?» – дейді шал,
Көрген сайын диірменінің дәу тасын...

Үмбетбай Уайдин
Жыланбауыр трактор бөліп кеткен диірмен біреулер
үшін әшейін қара тас. Кезінде қажет болды, кәдеге асты.
Енді неменеге керек? Оның енді диірменші шалға да

керегі жоқ. Бірақ, ол диірменші шалдың көзіне ыстық.
Тіпті жан жарасы...
«Жатырсың ба, жарықтығым?» – Тұспалы не?
Диірменнің орнына кезінде қызмет бабында дүріл­

деген, гүрілдеген, қартайғанда ешкімге керегі жоқ, бірде
ауру, бірде сау күркілдеген қарияны қойып көрейікші.
Өтірік, жалған не бар? Тағдыр! Бұл тағдырды ақын
жіңішке жеткізген. Жан айқайы...

Біреулерге жақындап кетсең – былғанып шығасың,
біреу­лерге жақындап кетсең – тазарып шығасың. Мыл­
тықбаймен дастарқан басында ол лапылдаған мақтау-
мадақ пен өсек-аяңның жолын күлкімен кесіп, көңілді,

қуанышты әңгімеге жол ашып отырды. Бұған кері­
сінше, «осы күні қайсыбір қаламгерді алсаңыз да
ұлттық һәм жұртты өлтіре сынау, күйрете тепкілеу,
сілейте соқ­қылауды әдетке айналдырып бара жатқандай

ғой».
Жолтай Жұмат
/Қуана білейік, ағайын! «ЕҚ», 11.01.2010ж./
Ол (қуаныш) – мәз-мәйрам дидар, айқара ашылған

ыстық құшақтар, жүрекжарды қолпаш, қол соғу, қол­
шапалақ..
Ол – жақсы қан айналысы, жан дүниені жарып шық­
қан жақсы сөздер: жаным, жарығым, көкем, ақ көкем, бо-

там, құлыным, құлдығым.
Адам жанын жадырататын қазақтың тағы бір жақсы
сөзі – сүйінші. Зарығып күткен хаттың хабарын жет­
кізген ер бала, қыз баланың дауысы қандай: «ата, әже-е,

көкемнен хат».
Сонымен, қуана білеміз бе? Білеміз, білмейміз. Бұл
мәселеде үлкен сор – күншілдік, іштарлық. Күншілдер

ІІ тарау. Әдеп әлемі: Тағылымдық педагогика
мен ішітарлардың дауыстары қандай? Салайық. «Ілмиіп
жүріп, ана Лақтыбайдың пәлесін қарашы, тағы сыйлық
алыпты». «Данақтың қызметі тағы жоғарылаған ба?

Мықырайып алып, пәле өзі». «Ана Седен жалмауыз өліп
қалған ба, өлмейтіндей болып жүр еді».
Біреу қызмет бабында өсіп, таққа отырады. Гу-гу
әң­гіме. Біреу жаңа үйдің кілтін алады, біреу өңіріне

жар­қыратып орден, медаль тағады. Біреу лауреат ата-
нады. Тағы да түрлі-түсті, көп сериялы әңгіме. Сөйтіп,
ана байғұстардың ішкен-жегенін мұрындарынан шыға­
рады. Иман қайда, тектілік қайда? Шынайы қуаныш

қайда?
Той-думан атаулының да түп мағынасы – қуаныш,
қуанышты атап өту. Бүгінде не көп, шүкір, той-думан
көп. Ол той-думандарымыз қалай өтіп жүр? Ақтөбелік

журналист Шара Елеусіз «Тойға баруға ұялатын бол­
дық» дейді /«Айқап», 25.02.2010 ж./. Неге? Жауабы:
адамның беті шыдамайтын ерсіліктер ерсі емеске айнал­
ған. Бораған қызыл сөз, жаттанды, таптаурын тілектер.

Тілек, Тілек. «Қайғыны бөліссең – азаяды, қуанышты
бөліссең көбейеді» (Халық). Журналист не дейді, халық
не дейді?
«Бақыт» сөзі, «бақытты болыңдар» да жақсы сөз,

жақсы тілектер. Алайда бұл жақсы сөздердің барлығын
ылғи да жүректі жарып шыққан сөздер деп айта аламыз
ба? Таптаурын деп журналист, біздіңше, соны мегзеп
отыр.

Қай той-думанда болмайық, барлық тілек сөздер
«Мен де сол жаңағы сөйлеген кісілердің тілектеріне қо­
сылам. Мол бақыт, зор денсаулықтан» басталады. Олар
неге жаңағы сөйлеген кісілердің сөздеріне қосылады?

Бірыңғай жаттанды сөз, мақтау, мадақ та солай айтыла
берсе жұртты жалықтырады, көп жуылып өңі кеткен та­
уардай жақсы адамның қадірі кетеді. Оның бергі
жағында той-думанда ешкім ешкімнен шешендік талап

етпейді, әркімнің өз сөзі, өз тілегі, өз қуанышы бар емес
пе? Біле-білсек, кейде көз жасы да куаныштың сөзі ғой...
Сонымен, қазіргі той-думандарда біз қалай сөйлеп

Үмбетбай Уайдин
жүрміз – екі жасқа қаратып айтылған мына бір тілек
сөздерге назар аударып көрейікші:
«...Бақыттың базарында, Алланың назарында болып,

еліне елеулі, халқына қалаулы, ата-анасына мейірімді
болсын дегім келеді».
«...Мол бақыт, зор денсаулық, сарқылмас байлық
тілеп, жұртына жұғымды, еліне сүйкімді болсын дегім

келеді».
«...Өмір айдынында, махаббат айдынында құлаштап
жүзіп, алаулап атқан ақ таңдарды күнде қарсы алыңдар
дегім келеді. Аңсаған армандарыңа жетіп, күндеріңіз

көркем, жолдарыңыз жемісті болсын деп тілеймін. Және
де зор денсаулық болсын, таңдарың шуақты болсын
дегім келеді».
«Денсаулықтарың мықты, жастарың ұзақ болсын.

Өмірдің өрінен, құрметтің төрінен орын болсын, деп...
және де салқын белі, саялы желі, кең құшақ еліңде тау
тұлғалы азамат болыңдар дегім келеді. (Қойын дәп­
терден)».

...Тағы да бір-екі дастарқан басындағы тілек-сөздерге
қайырыла кетейік:
«...Ақ сақалды, ақ шашты, ақ жаулықты кемпір-шал
болып, бала-шағаларыңның қызығын көріп, қартаймай

жүре беріңдер дегім келеді. Жандарың жаздай жадырап,
өмірдегі барлық жақсылық атаулыны тілеймін».
«...Жастарыңыз
ұзақ

болып,
құдайдың
берген
балаларының рахатын көріп, бақытты болыңыздар дегім

келеді».
«Қыран бейнелі» деп басталатын тағы бір тілектер
бар.

ІІ тарау. Әдеп әлемі: Тағылымдық педагогика
Біреулер елім, халқым, жұртым деп жұтынып сөй­
лейді. Содан қыза-қыза келе саясат жайындағы әңгімеге
күмп береді. Саясатты айтпа деген тиым жоқ. Саясат

жайындағы әңгіме қоғамға, билікке деген әркімнің өз
көзқарасы, өз пікірі. Алайда, саясат ауызға келгенді ата-
лау, беталды сөйлеу деген сөз бе? Қуаныштың сөзі
қайда?

Жолтай Жұматтың біздің замандастарымызға қаратып
айтқан реніші орынды. «Жастарға жөн сілтер үлкендер
мектебі үзіліп барады, – дейді ол. – Алпыстан асса да
арақ ішіп аузына келгенін оттап, кішілерге мазақ болып

жүргендерге не деуге болады? Қисық мінез, қиқар
қариялар көбейіп барады.» /Қуана білейік, ағайын! «ЕҚ»,
11.10.2010 ж./.
«...Біздің жазушылардың мінезі қызық қой, Асқар

Сүлейменов туралы естелік айтып отырған сияқты бола-
ды да, бірақ өздерін насихаттап кетеді».
Роза Мұқанова
«Әдебиет айдыны,

29.11.2009 ж./
Не түсіндік?
«... Әйел затының өнерімен, шығармашылығымен аты
шыға бастаса, кебіреулердің «бұл кімнің көңілдесі» не-

месе «қай дөкейдің қарындасы» деп бір-бірінен сұрап,
қуанудың орнына күрсініп, қол соғудың орнына көре ал-
май күңкілдейтіндер бар емес пе?»
Фариза Оңғарсынова

/«ЕҚ», 15.12.2009ж./
«Оны жиі көріп қана қоймай, бірге қыдыратынымды,
сырласатынымды есіме алсам, алып-ұшқан жүрегім қуа­
ныштан жарылып кете жаздайды».

Амангелді Кеңшілік
/«ҚӘ», 02.04.2010ж./

Үмбетбай Уайдин
«...Тәуелсіздік күні осы әнді сонда шырқапты. Интер-
неттен біліп, қуанып қалдым».
Әкім Ысқақ

/«Өлең жазу өзім үшін керек»
«Айқын», 23.04.2010ж./.
...Шын, шынайы қуаныштар, сүйіншілер есіктеріңізді
қақсын, есімдеріңізді тапсын, ағайын. Әумин!

Арсалаң күлкі және т.б.
Қандай адамдар арсалаңдап күледі? Алаңғасарлар?
Жо-о-қ! Арсалаңдаған күлкі бала мінезді және кім
қандай бұйымтай айтса да қалбалақтап жүгіре жөнелетін,

жан-дүниесі аппақ адамдарға тән қасиет деседі. Біз
білетіндерден жасы алпысқа келіп қалған сықақшы,
халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері Еркін
Жаппасұлының күлкісі «точно» сондай күлкі.

Мәтінінде «сендер аман болыңдар, жақсы адамдар»
деген жолдар кездесетін әнебір әдемі әнді тыңдаған сай-
ын, не альбом қарағанда тағы да Еркін және оның түй­дей
құрдасы, ғалым-ұстаз Шәріп Кенжебаев арсалаңдап көз

алдыма жүгіріп келеді.
Бір көпшілік жиналған жерде біреу ту сыртымнан
қапсыра құшақтап, тырп еткізбей қойды. «Бұ қайсың,
әй?» десем үндемейді. «Бұқайсыңайды» келесі қайта­ла­

ғанымда арт жағымдағы бет-ауыз арсалаңдап қарсы ал-
дыма келді. Қарасам – Еркін.

– Ассалумағалейкум?

– Ай, арсалаңбай, сенбісің? Құшағың тұқымымды

құртып жібере жаздады ғой.
Қашан көрсең оның осы жайдары қалпы, осы арса­
лаңы. Мұндай арсалаңдаған күлкіге мен өзім түсініс­
тікпен қараймын. Ақкөңіл, жасы кішілер өзімсініп, ал­

дыңғы толқын ағаларына арсалаңдап еркелеп жатса,
онда тұрған не бар?
Мұқанбет – Шәріп Кенжебаев Ақтөбе облысындағы

ІІ тарау. Әдеп әлемі: Тағылымдық педагогика
Ырғыз ауданының тумасы. Қазіргі тұрағы – Алматы. Ау-
зын ашса – жүрегі көрінетін кәдімгі ақкөңіл бір арсалаң
осы азамат. Сыйласпыз. Біздің үйдегі жеңгесі кейде оны

Қожанасыр атайды. Қалжыңы емес, расы.
Жетпіс бес жасымның тұсында Ақтөбе жақ қол
бұлғады. Бір дастарқан басында Шәріп: «осындай бір ха-
бар құлағыма тиді, аға. Бару ойыңызда болса, менің де

жолым түсіп қалар» деді. Ештеме дегенім жоқ, ішімнен
«көңілі –тә» дедім де қойдым.
Ақтөбе. 22.12.2010 жыл. Ғазиза Жұбанова атындағы
облыстық филармония. Кездесу кешінің тақырыбы

«Сырымды айтайыншы». Жүргізуші: ақын Мейірхан
Ақдәу­лет­ұлы. Сахнаның бір жағында жүргізуші екеу­
міз. Өнер­паздар сахнада өнер көрсетіп, тілек білдіру­
шілер ке­зек­тесіп мінбеге көтеріліп жатты. Сауал-

сұрақтар ауыз­ша, жазбаша. Тілек айтам деушілердің
тілдей хаттары жүргізушінің алдында жиналып қалды.
Уақытқа кіріптарлық салдарынан біраз тілдей хаттар
үнсіз қалды.

Үзіліс. Сахнадан залға қарай беттей бергенімізде,
көптің ішінен бізге қарай арсалаңдап күліп Шәріп келе
жатты.

– Өй, Шәріппісің? Өңіміз бе, түсіміз бе?

Самолетпен ұшып келіпті. Сөз сұрап жүргізушіге хат
жолдапты. О жақ-бұ жағымыздан келіп, амандық сұрас­
қан таныстардың ортасында тұрғанымызда біз Шәріптен
көз жазып қалдық. Мейрамхананың мекен-жайын құла­

ғына салған сияқты едік, бірақ онда барғанымызда
көрінбеді. «Дұрыс түсіндірмедік пе, бұ қалай болды?»
Келесі күні «осы біледі-ау» деген бірер таныстармен ха-
барласып көріп-ек, Алматыға қайтып кеткенін естіп

білдік. Өкпелеп қалды–ау деп қатты ыңғайсыздандық.
Алматыға келгеннен кейін мен телефон шалдым. Кеші­
рім сұрамасам да, соған жақындатып мен әңгіме бастай
беріп-ем, ол: «Ой, аға, қысылмаңыздар, кінә өзімнен.

Мейрамхананың атын дұрыс түсінбеппін» деді.

– Ай, жүрегіңнен айналайын «Қожанасыр»!

Уақыт, қаражат мүмкіншілігі бар болса, бар шығар.

Үмбетбай Уайдин
Бар болғанымен, ондай ірілік, ондай ақ бояу кез келген­
нің көйлегінен көріне бере ме?...Болмашыға бола ауызда-
рынан ақ ит кіріп, көк ит шығып, әңгіме-қаңқу бора­

татындардың талайын, бұртиған ауыз, қыржым-тыржым
маңдайлардың неше түрін естіп, көріп жүрміз ғой.
...Бұртитып ауызын жүр өкпе.
Маза жоқ байғұс жүректе.

Ашудың қолы мылтықта,
Сөйлейді не деп шүріппе?!
Бірер күн бері, арысы –
Тоң-торыс жүрсе танысым,

Бозарып, жүдеп қалады,
Көңілдің қарыны қабысып.
Бес-он күн бері, арысы –
Хабарсыз қалса танысым,

Іркіліп, тоқтап қалады,
Жүгірген зыр-зыр бар ісім.
Шамамен бір ай арасы –
Жым-жырт боп қалды танысым.

Сарт та сұрт жүрек қақпасы
(Басылды ах, ох, дәрі ішіп!).
Жүгірсін бойда бар ісім,
Жүгірсін бойда қан ысып –

Сарт еткіз қолды иыққа
«Әй, черт» деп күліп танысым...
Еркін, Шәріптердің арсалаңдаған күлкісі өткен-кеткен
көп жайды еске салады. «Сен қайдан жүрсің, ай?», «Сен

қашан келіп қалдың, ай?» деп, сырт жағыңнан келсе
шекең­нен шертіп, иығыңнан қағатын, алдыңғы жағың­
нан келсе арсалаңдап құшағын ашатын қатарымыз сиреп
қалды!

Көшеде, жол үстінде кездейсоқ кездесіп қалғанда:

ІІ тарау. Әдеп әлемі: Тағылымдық педагогика «Амансың ба? Ауыл-ел аман? Балдар аман? Аман бол­ саңдар болар» деп, шұбырта жөнелетін қайсыбіреулердің «амандық-саулығынан» тұла бойы аппақ арсалаңдаған күлкінің жылуына жететін жылу бар ма? Асқарбек нағашы әжесінің айқара ашылған құшағына арсалаңдап күліп кіріп кетті. Әжесінің дауысында діріл... «Ж..а..ным-ау, жарығым-ау кішкентай, қаладан қашан келдің? Қарның ашқан жоқ па?» – Сағыныштың дауысы, сағыныштың көз жасы. Ал «Ойбай, мына жаман жиен қайдан жүр». Құлаққа қалай естілді? «Ж...а...ным», «жарығым» ше? Қай қайсысы да арсалаңдаған күлкінің туындысы. Қазір қайсыбір жасы кішілер ыржыңдап келіп құшақ­ тап, бетіңе бетін тигізіп, сүйген сияқты дыбыс шыға­ рады. Арсалаңдаған күлкіде ондай өтірік, ондай жалғанжасандылық бар ма? Жан-дүниелері аппақ бір жылдың төлдері және өкшелестер Арасанбай Естен (18.12.1953ж.), Серік Байхонов (13.05.1953 ж.), Нұрман Жылқышиев (03.05.1953 ж.), Темірхан Момбекұлы (27.12.1953 ж.), Қорғанбек Аманжолов (08.11.1953 ж.), Еркін Жаппасұлы (06.06.1954 ж.), Берік Садыр (28.06.1954 ж.), Ұлықбек Есдәулет (29.03.1954 ж.), Нұртас Исабаев (13.11.1954 ж.), Толымбек Әлімбек (18.03.1954 ж.), Талғат Айтбайұлы (19.05.1954ж.) т.б. қаламдас інілерім, құдай сендердің арсалаңдаған күлкілеріңді көпсінбесін, аппақ көйлек­ терің кірлемесін. «Аппақ ойлау» деп аталатын мына бір өлең шумақтарын өздеріңе қаратып оқимын. ...Күллі әлемнің көз алдында, көз алдында гүрілдеп, Сөйле, сөйле ақ бет бояу, ақиқаттың тілінде. Сөйле, сөйле аппақ бояу қанмен зыр-зыр айналып, Сенің сөзің өте қажет, аса қажет бүгінде! Кім айтады: дүниеде күштіден де күшті не? (Жымыңдайды алаяқтар, естеріне түсті не?). Сен сөйлеші аппақ бояу, шашыратқан кім болды, Қара бояу саған және мына менің үстіме?!

Үмбетбай Уайдин
«Қара түнек заман келді» деп зарлайды кім неге?
Қара бұлттың ар жағында тұр емес пе күн деген?!
Ақиқаттың антеннасын созыңқырап жоғары,

Аппақ бояу – аппақ ойлар көтерілші мінбеге.
Қара бояу, сөз өзіңде: ал, көтеріл мінбеге.
Көп ауыздар ашуланып сенен тапқыш мін неге?
«Түннің дағы өз ажары, рақаты бар ғой» деп,

Білесің бе, арашалап келем сені мен неге?!
Қара күйе, қара мысық, қара пиғыл.. қанша әлі?
(Қара көрсем, неге екенін, жүрек тұсым шаншады.)
Аппақ ойлар, аппақ ойлау ұзын жолда әйтеуір,

Аман алып келе жатыр мына мені, баршаны!
......Қара түсті , ақ ниетті жан жолдасым, ғафу ет,
Ақ көйлекпен құрметіңе берейінші ән салып!
Көзін көрсетпейтін қыз

Бір аялдамада менің оң қапталымдағы бос орынға
жиегі жалпақ қара қалпақ киген қыз бала келіп отырды.
Шамамен жиырма жастың о жақ-бұ жағы. Сәлден кейін
ол бір қолымен қалпағының төбесінен төмен қарай тар-

тып, көзін көміп тастады. Онымен де қоймады, пілдің
құлағынан тартқандай екі қолымен қалпақтың екі жиегі­
нен тартып, бетінің жартысын тағы көмді. Аялдама са­
йын ішке қарттар да, балалы әйелдер де кіріп-шығып жа-

тыр. Менің қасымдағы қыз бала оның бірде-біреуін
көрген жоқ. Автобус «Қажымұқан» аялдамасына жақын­
дай бергенде барып ол қалпағын көтеріп,көзін ашты.

– Стоп!

Дауысым қаттырақ шығып кетсе де, түсімді жылытып
«көршіме» білген орысшаммен кішкене үлкендігімді
айттым. Қазақшасы:

– Қарағым, сіз қандай сұлу қызсыз. Өкінішке орай,

сіздің сол сұлу бет-әлпетіңіздің жартысын қалпағыңыз

ІІ тарау. Әдеп әлемі: Тағылымдық педагогика
жауып тастады. Бұдан былай көзіңізді көпшілікке көр­
сетіп жүріңіз, иә ма?

– Түсіндім, – деп қыз бала салқындау тіл қатып, атал­

ған аялдамада түсіп қалды. Талдайық.
Бетперде дейміз бе, көзжұмбай дейміз бе – үйдегі,
түздегі көп қайшылықтар, сөз жоқ, әлгіндегідей мысал-
дан. Ол көз көрсетпеудің арғы жағында қаншама сұм­

дықтар бұғып жатыр! Көргенсіздік, міндетті жұмысты
міндетсіп атқару. Бәрі-бәрі соның ішінде.
Міндетті жұмыстарын міндетсіп атқаратын, бастары-
нан бір ауыз сөз асырмайтын бажылдақтар көп. Көпшілік

көліктерін алайық. Адамдарға жылы сөйлеп, жылы­
қарап, жастармен тіл табысып, қарттарға, балалы әйел­
дерге орын ығыстырып беріп, халыққа мә­де­ниетті
қызмет көрсететін кондукторларды сирек ұшы­рас­тыра­

мыз. Білетіндері тек ақша, көлікпұл. Авто­бус-трол­лей­
бустардың ана шетінен мына шетіне шейін жұртты
жапыра-мапыра аласұрып жүргені. Жұмыс тұр­ғы­сынан,
жоспар тұрғысынан оларды түсінуге болады. Сонымен

бірге иман, тәртіп деген де бар емес пе? Қай­сібір кондук-
торлар мен билет тексерушілер /ревизор/ тіпті адам
жейтіндей. Бұл жүргізуші ағайындарға да тән.
Иман демекші, Алматыдағы қазақ тілі мен әдебиетін

тереңдетіп оқытатын №2 мектеп-интернаттың тәрбиеші-
ұстазы қатты күйініп бір әңгіме айтты.

– Өткен жылдың /1988/ желтоқсан айында қырық

шақ­ты оқушыны бір кездесуге алып барып, кеш тарқа­
дық. Мемлекеттік көліктер келіп болмады. Жеке меншік
көліктер бірінен кейін бірі ағылып жатыр. Оған қалта
көтермейді. Балалар жаурай бастады.

Ұстаздың әңгімесінен ұстағанымыз: келесі бір жеке
меншік автобустың кабинасына бас сұғып, жүргізушіге
осылай да осылай, интернаттың балалары еді, ала
кетіңізші деп өтініш айтады. Жүргізуші (қазақ) міз

бақпайды: «жоқ болмайды!» /Бүйіріндегі нөмер: 28-93/.
Ұстаз келесі автобусқа кіріп, жүргізушісіне /орысқа
ұқсайды/ әлгі өтінішін жаңғыртып айтады. Жүргізуші:
«Жартысын алайын. Артқы жақта тұрсын» дейді. /324

Үмбетбай Уайдин
бағыт бойынша қатынайтын автобус. Бүйіріндегі но-
мер:11-29/. Балалардың қалған жартысы келесі жеке мен­
шік автобусқа /10-57/ ілігеді. Жүргізушінің аты-жөні –

Жанбатыров Бекмұрат.
Бұл жерде біз міндетті қызмет пен иман мәселесін
қатар алып отырмыз. Қандай жағдайда да ақша иманды
басып озса, түптің түбінде оның арғы жағы – апат! Катас­

трофа!
Көпшілік көліктерінде, сауда орындарында, әсіресе
базарларда бейәдеп сөздердің неше түрі ысқырып жата-
ды. «Әй» дейтін ажа, «қой» дейтін қожа жоқ. Ал, Қытай

әкімшіліктері 50-ге жуық сөздер мен сөз тіркестерін
қолдануға үзілді-кесілді тиым салған. Олар «сіздің
шаруаңыз емес», «Неге желімше жабысып қалдыңыз»,
«Білмеймін» т.б. / «Қазақ елі», 20 қазан 1990 жыл/

Жалпы, Қытай елінде әдептіліктің 30 мыңға жуық
түрі бар көрінеді.
Халықтың тиым сөздері дейміз бе, хандар жарлығы,
қазіргі ресми құжаттар дейміз бе әдеп-мәдениет жайын-

да, әрине бізде де іс-шаралар аз емес.Дипломатиялық
қызмет туралы Қазастан Республика­сының Заңы. Әдеп
пен адамгершілік /хадистер/, қызмет этикасы ережелері
т.б./ Осы мәселені «Егемен Қазақ­стан» газетінің бетінде

журналист Мейрамбек Төлепбер­ген әлденеше қайтара
көтерді. Өкінішке орай, күнделікті өмірде әдепсіздік,
дөрекілік үдеп барады. Бірер дәлел.
Көзінде қара көзілдірік, қасында айқайлаған магнита-

фон – төртінші бағыт бойынша қатынайтын троллейбус­
тың жүргізушісі бірнеше рет жолаушыларды қырып ала
жаздады. Тоңқалаң асқанның бірі өзім. Жолаушылар
ығы-жығы. Жүргізуші мен кондуктор өздерінікін жөн

санап, бет бақтырмайды. Осылардың ғой ұжымдары,
басшылары бар. Сол басшылар жұмысшыларына қайт­
кенде де ақша табу, жоспар орындауды міндеттеп қой­
май, халыққа мәдениетті, адал қызмет етуді қатаң талап

етсе, әлгіндегідей берекесіздіктерге жол беріле ме, жоқ
па?!

ІІ тарау. Әдеп әлемі: Тағылымдық педагогика
Әңгіме көлік-транспорттың ішінде басталғандықтан,
автобус– троллейбусты көбірек жағалап кеттік. Тағы да
сол төртінші бағыт бойынша қатынайтын троллейбус

маңдайын екінші темір жол вокзалына тірей бергенде,
ішке сау етіп бір топ тексерушілер кіріп келді. Түстері
суық. Көзіне қара көзілдірік киген, бас киімінің күн­
қағары адам сүзетіндей. Біреуі шпион ұстағандай үлкен

кісінің зейнеткерлік куәлігінің «ішек-қарнын» ақтарып
тастады... Буыншақ-түйіншегі бар екі қария жерге әрең
түсті. Олардың қолтықтарынан демеп, сүйемелдеп
түсіріп жіберу әлгілердің естеріне келмейді.

«Тәрбиешінің өзі тәрбиеленген болуға тиіс» /К. Маркс/.
Халықпен жұмыс істейтін болғандықтан біздің кон­
дуктор-ревизорларымыз да тәрбиелі, мәдениетті адамдар
болуға тиіс емес пе? Өкінішке орай, кейде билет-пұл та-

лап етіп, әдеп-сәдептен көп хабары жоқ кішкентай бала-
лар жүреді ұрынып-соғылып...
Мұның бәрі, сөз жоқ, нашар тәрбиенің нәтижесі.
Бұның бәрі отбасынан басталған дерт, өмір сүрген орта-

дан кеткен өрт! Мектептерде беті сау парта ілуде біреу.
Жоғары оқу орындарында да столдардың беті адам
көргісіз. «Сабит бабник», «я, тебя убью», «надоело
жить» т.б. /Әжетханалар мен лифтілерде қандай жазу,

қандай суреттер жоқ! Үйлердің кіреберіс, шығаберістері
ше?!
Мектеп өмірінен бір мысал.
8 «б»-ның ұлдары

– Сендер кеше неге шықпадыңдар?

– Біз өзіміз ұялып қалдық қой.

– Біз сендерге записка жазғанымызды біздің ұлдарға

айтпаңдар.
...............ттарың да шығыңдар.
...............жазғанымызға ренжімеңдер.
Жауап жазыңдар, оқыған соң жыртып тастаңдар.

Үмбетбай Уайдин
С/мен Б2 МАГ
Мына жолдар жоғары оқу орындары өмірінен. «...Қуа­
ныш, келесі сабақтан қашайық» /қызыл қарындаш/.

«Өзім де қашқым келіп отыр. Сенде Қ. Қамбарбаевтан
конс. жұмыс бар ма? Ағайға уақыт болды деп айтың­
даршы /көк бояулы қарындаш/.
«Қамбарбаевтан мен де жазған жоқпын. Мақала­ла­

рымды да әкелген жоқ едім. Келесі сабақ не еді?» /қызыл
бояулы қарындаш/
Бұлар кімдер? Бұлар міндетті жұмыстарын міндетсіп
атқарып жүргендер. Бұлар қалпақтарымен көзін көрсет­

пейтіндер.
Жастыққа, жаппай жастарға топырақ шашпаймыз.
Кәсіптік немесе қызмет бабы әдебі /служебная этика/
барлық жерде қараңғы қалды демейміз. Өткен желтоқсан

айында «Жас алаш» газеті редакциясының жаңа мекен-
жайына жолымыз түсті. Көзтаныс бұрынғы биік үйде
бөлме сайын бір-екі қызметкерден отыратын ұжым
мүшелері жаңа мекен-жайда бес-оннан отырады екен.

Дәлізге кіре берістегі есікті ашып ішке аттай берге­
німізде жалпы қарасы жаңағы айтқан шамадағы қызмет­
керлер /Роза, Дәурен, Гүлнәр, Қабай т.б./ күлімсіреп
орындарынан тұрып қарсы алып, күлімсіреп шығарып

салды. Бұны не деп түсінуге болады? Бұл авторға, жасы
үлкен адамға және, әрине ұстазға деген ізет, құрмет,
ілтипат. Барлық жерде осылай ма? Балжаңдап сағыз
шайнап сауалыңа жүре жауап беретін, телефоннан баста-

рын көтермейтін, поштамен жіберіп немесе өзің апарып
тастаған материалыңа сұрау сала қалсаң бүкіл дүниені
қопарыстырып, міндетті жұмыстарын кіржіңдеп, міндет­
сіп атқаратын әріптестеріміз аз емес. Бұлар да сол

жаңағы: отбасынан, мектеп пен жоғары оқу орындарын-
да стол-партаның беттерін жонып, бір-біріне хат бора-
тып көпшілік көліктерінде көздерін қалпақтарымен
көрсетпейтіндерден бастау алған жарықтықтар...

Мәселе қайда жатыр!

ІІ тарау. Әдеп әлемі: Тағылымдық педагогика
Сотка... сотка...
(Қазіргі оқырман мәдениеті және... және...)
Кітап маған тақтан да қымбат.

У. Шекспир
Кітап оқудан тиылсақ, ой ойлаудан да тиылар едік.
Ғабит Мүсірепов
Бізде рухани жұтаған, рухани иммунитеттен жұрдай

ұрпақ өсіп шықты. (...) Есімізді жияйық. Есерлікті
қояйық, бүгінімізде болашақ жатқанын ойлайық.
С. Михалков
«Кітап оқылмайды», «оқитын кітап жоқ» дегенге

ұқсас әңгімелер соңғы кезде көп айтылып, баспасөзде
жиі жазылып жүр. Солай ма, кітап шынымен оқылмай
ма, болмаса оқитын кітап жоқ па? Бірер пікірлерге
жүгінейік.

«...Біз кітаптың қадірін кетіріп, аяқасты етіп, құрт­
тық».
Мархаббат Байғұт
/«Халық сөзі», 06.09.2013 ж./

«... Қазір кітап – теңіз.» (...) «Оқырман қауым ненің
асыл, ненің жасық екенін ажырата алмай адасып қал­ды.»
Сәт Тоқпақбаев
/«Айқын», 8.06.2010 ж./

«Қазір қазақ поэзиясы артта қалды».
Әубәкір Нілібаев
/«Қазақ үні», 8.10.2013 ж./
«... Бірде көшеде менен қолтаңба алу үшін тұра

жүгірген жастарға қасымдағы Әшірбек Сығайды нұсқап:
«Менен неге қолтаңба ала бересіңдер, міне, алдарыңда
Мұхтар Әуезовтің өзі тұр емес пе?» деп едім, әлгі жастар

Үмбетбай Уайдин
Әшірбекке тұра ұмтылды. «О, Мұхтар аға, біз сіздің
«Абай жолыңызды» оқығанбыз» деп.
Асанәлі Әшімов

/«Алаш айнасы», 18.08.2012 ж./
«...Қазір қазақ әдебиеті кризис кезеңінде.» (...) «Бұ­
рынғыдай шалқаңнан жатып алып роман оқитын да кез
емес.»

Қабдеш Жұмаділов
/«Парасат», №9, 2013ж./
«Әркім өзінің оқырманын іздейді.»
Болат Мүрсәлім

/«Қазақ әдебиеті», 11.10.2013 ж./
«Біздің халқымыз кезінде кітап оқудан дүние жүзі
бойынша бірінші орынға шыққан. Қазіргі таңда (...) кітап
оқу жөнінен, руханият мәселесінен өте құлдырап кетті.»

Құлбек Ергөбек
/«Парасат», №9, 2013 ж./
Бәрі-бәрі кітапқа байланысты пікірлер. Түсінгеніміз:
қазіргі уақытта кітаптың қадірі кеткен. Сонда кітап

қадірінің кетуіне не себеп? Кітап – теңіз болса, оқитын,
оқылатын кітап жоқ деген не сөз?
Қыркүйек айының жиырмасы күні (2013 ж.) Ұлттық
кітапханада жазушы Өтебай Канахиннің 90 жылдық ме-

рейтойына орай әдебиетшілер мен оқырмандардың бас
қосуы ұйымдастырылды. Сонда сөз алған бір студент
«кітап оқитын оқырман аз емес, оқырман оқитын кітап
жағы мәз емес» деген мағынада пікір айтты. Сәт

Тоқпақпаев не дейді? «Кітап жоқ емес – теңіз». Сонда
студенттің әлгі уәжін қалай түсінеміз?
«Біз өзі ауызымызды қу шөппен сүртуге үйреніп
қалғанбыз. Әйтпесе, Мұхтар Мағауиннің «Жармағы»,

Шерхан Мұртазаның «Бір кем дүниесі», Төлен Әбдіков­
тің «Тұғыр мен ғұмыры»,Таласбек Әсемқұловтың «Тал
түсі», Асқар Алтайдың «Туажаты», Тұрсынжан Шапай­

ІІ тарау. Әдеп әлемі: Тағылымдық педагогика
дың «Қазақтың жаны» кітабы секілді кесек-кесек көркем
шығармалар тәуелсіздік алғаннан кейін жарық көрді»
емес пе? /Балжан Мұратқызы жүргізген сұхбаттан.

«Халық сөзі», 31.08.2013 ж./
Құлбек Ергөбектің пікірінің жаны бар: Кеңес қоғамы
тұсында, рас, кітап оқу бүкілхалықтық сипат алды.
Есімізде хат-хабар күтіп, бүкіл ауыл адамдары почтаға

алаңдайтын. Почташы келіп, хат, газет-журнал қол­да­
рына тигеннен үйдің үлкен-кішілері үйге таза ауа кір­
гендей сезінетін. Ол кезде кітап қойшылардың қол­
тығында, газет-журнал етіктерінің қонышында жүретін.

Біздің замандастарымыз көзін кітаппен ашты. Кітапты
көлеңкеде отырып алып оқитын. Етбетінен, шалқасынан
жатып алып оқитын. «Қасқа-ау, көзіңнен не қалды, қоя
тұрсай» деген сияқты дауыстар қазір естіле ме?

Ой, уақыт-ай, беті ашық-жабық кітап төсектің үстінде,
жастықтың астында жататын. Көпшілік көліктерінде көп
адамның қолында, қолтығында кітап жүретін. Пойызда,
самолетте. Бесік тербетіп отырып... Ал, қазір?..

Фантаст-жазушы Шоқан Әлімбаевпен бір бөлмеде
жаттық. Жан-дүниесі аппақ, талантты жазушы еді. Өмір­
ден ерте кетті. Қолынан кітап түспейтін. Кітап оқып оты-
рып, әлсін-әлсін санын сабалап қойып, рахаттанып күліп

алатын. Қазір сондай оқырманды кездестіреміз бе?
«Жосалыдан Шымкентке дейін бір саркідір әйел
мінді. Қазақша әрең сөйлейді. «Өзбек-ау» деп шамала-
дым. Таза қазақ екен. Ол кісі купеге кіргенде кітап оқып

отырғанбыз. Көп ұзамай көз талды деп кітапты жоғарыға
қойған едік. Біраз уақыттан соң апам әлгі кітабымды
сұрап тұр. «Айн Ридті берші. Оқып көрейін деп едім.»
«Бұл авторды қайдан білесіз?» «Үйдегі бала оқып жүр

ғой.» /Қарагөз Сімәділ. Алматыдан Атырауға дейін.
«Қазақ әдебиеті», 4.10.2013 жыл/
Алдыңғы оқырман мен соңғы оқырманды салысты-
рып көрейікші?

Қазір әлдекімнің қолынан кітап көрсек, қайран
қалғандай көз тоқтататын болдық. Әнші қызымыз Жанар
Айжанованың үйінде, жаюлы көрпенің үстінде ортасына

Үмбетбай Уайдин
дейін оқылған кітап етбетінен жатты. Жанардың ана­
сының қолынан, жарықтық, осы күнге шейін кітап
түспейді екен.

Алматы. Әл-Фараби мен Достық даңғылының қиы­лы­
сындағы Ритц-Палас ауласында бір әйел адам кітап оқып
отырды. Бұл маңайда жиырма жылдан астам уақыт
тұрып келеміз. Кітап оқып отырған адамды менің осы-

мен екінші рет кездестіруім. Жайлап қасына барып оты-
рып, әңгімеге тарттым.

– Кітап оқып отыр екенсіз.Не кітап?

Ол кітаптың сыртын көрсетті. Көзім алдамаса кітап
«Революция Некст» деп аталады. Авторы Олег Никитич
деген.

– Қазір кітап оқу қалды ғой. Аты-жөніңіз?

– Лена Новикова.

Ашық әйел екен, әңгімеміз үйлесіп, кітап жайында аз-
кем пікір алмастық.

– Интернет деген кісімен байланысыңыз қалай?

«Интернет деген кісі» құлағына тосындау естілді ме,
Лена бетіме ыңғайсыздау қарап:

– Ол кісімен жақсы доспын. Бірақ, кітаптың өзін

оқығанға не жетсін, – деді.
/5.09.2013 ж./
Кітап оқылады, кітап оқылмайды мәселесінің бір
қайырлысы – кітаптың қадір-қасиеті. Жазушы Мархаб-

бат Байғұт кітаптың қадірі кетті деп күрсінеді. Бұл жай
күрсіну ме?
Аш жүріп, тоқ жүріп, біздің замандастар кітап жинады.
Естіп-біліп жүрміз, өмірден озған олардың бірта­лайының

кітапханалары тоз-тоз болып, кітаптары ұс­тағанның
қолында, тістегеннің ауызында кеткен. Кінә – мұра­гер­
лерінен. Көп қабатты үйлердің кіреберіс, шығаберісінен,
қоқыс жәшігінің айналасынан қаншама кітапқа көзіміз

түсті. Мархаббат кітаптың қадір-қасиетін, бәлкім, осын-
дай реттермен де ауызына алған шығар.
Біздің кітапқұмар замандастар кітап дүкенін көрсе,
айналып өтпейтін. Ал, қазір?

ІІ тарау. Әдеп әлемі: Тағылымдық педагогика
Пушкин төсек тартып жатып, кітаптарына қарап:
«қош, менің сүйікті достарым» («Прощай, мои любимые
друзья») деп барып көз жұмған көрінеді.

Қадыр Мырза Әли марқұмның да кітапханасына қат­
ты алаңдағаны баршаға аян.
Кітап. Кітап!
Кітап – ақылына ақы сұрамайтын алып қазына.

Әлішер Науаи
Мен одан артық қайырымды көршіні, одан әділ досты,
одан асқан елгезек жолсерікті, одан артық көнбіс ұстаз­
ды, одан асқан дарынды ақылшыны білмеймін.

Әл-Жиһаз
(Араб жазушысы, 767 ж.т.)
Адамзаттың өмірінен әдебиетті алып тастаса, сықыр­
лаған қару мен сыңғырлаған тиындар ғана қалады.

Андрей Битов
Менің ақылшым кітап болды.
Құралай Нұрқаділова
«Жұлдыздар отбасы»,

№12, маусым, 2010 жыл.
Түптеп келгенде, дүниедегі ең ұлы құндылық – кітап
болды.
Ендеше, сол ұлы құндылықтың төңірегінде неге неше

түрлі әңгіме қозып кетті? Оқылады, оқылмайды жайында
тағы не айтамыз?
Кеңес қоғамы тұсындағыдай кітап оқудан дүние
жүзінде бірінші орында болмасақ та, кітап оқылады.

Осы жылдың (2013) жазында Ырғыз жаққа жолымыз
түсіп, аудандық кітапханаға қайырыла кеткенбіз. Қашан
кірсең де бұл кітапхана тап-тұйнақтай. Заманауи жаңа
технологиямен жақсы жабдықталған. Оқырмандарға қа­

Үмбетбай Уайдин
тыс­ты бір әңгіменің келе жағында кітапхана меңгерушісі
Рақия Байманова:

– Басқа жақты білмеймін, бізде кітап жақсы оқылады, –

деп, кім қашан алып, қашан қайтарды деген жазуы бар
бірталай кітапты әкеп көрсетті. Және біздің өтінішімізді
ескеріп, сол оқылған кітаптардың ішкі, сыртқы беттерін
көшіріп берді. «Бұл не нәрсеге қажет болды?» деп

сұраған жоқ. Кітап оқылады, оқылмайдының бір әңгімесі
осы.
... Сонымен, бір кездегімен салыстырғанда мардым-
сыздау болғанымен, кітап оқылады екен. Ал, неге мар-

дымсыз? Себеп? Не кедергі? Оған басты себеп – жыл­
дан-жылға жаңарып жатқан жаңа техника, жаңа техноло-
гия. Әне, қақ төрде теледидар. (Арнадан арна). Олжас
(Сүлейменов) теледидар бізден кітапты тартып алды де-

генге ұқсас пікір айтыпты деп естідік. Жайдан-жай
айтпады-ау, сірә?
Кітап оқуға, иә, тағы не кедергі? Ноутбук, айпат, ай-
фон, плеер. Сосын? Қалта телефоны (сотка). Қайда бар-

ма, қайда қарама – үлкеннің де, кішінің де қолында –
сот­ка...
Ой, уақыт-ай, сонау жылдары пойызда екінің бірі
кітап оқып отыратын, кітап оқып жататын. Соңғы жыл-

дары пойызбен бірнеше қайтара жолға шықтық. Сонда
байқағанымыз, кітап оқып отырған, кітап оқып жатқан
бір үлкен-кішіні кездестірмедік. Қай жағымызға бұрыл­
сақ та – сотка, ноутбук.

Жаңа техника, жаңа технология көнермей тұрмайды,
жаңара береді. Оған кім қарсы? Қарсы болмағанымен,
қалам ұстайтын, ұстамайтын кітапқұмарларда: жаңа тех-
нология кітап дүкендері мен кітапханаларды қи, тезек

толы қора, сарайларға ұқсатып жібермес пе екен деген
қауіп бар. Өйткені, қазір «кітапты қайтем, некерегімді
интернеттен табам» дейтіндер шықты. А-ал, бұған сіз
қандай уәж айтасыз, қадірлі оқырман? Ойбай, ана жақта

сотка... соткам шырылдап жатыр.

ІІ тарау. Әдеп әлемі: Тағылымдық педагогика

ИНФАРКТ

Өсер үйіне бір жағынан түтігіп сөйлеп кірді.

–Талап тастады. Талап тастады, иттер!

Үй ішіндегілердің үрейлі көзі Өсерде.

– Не, не болды?

– Жайшылық па?

Өсер өзімен өзі. Екі шынтағы өзі отырған жұмсақ
орындықтың екі қапталында, ісінген екі көзі қарсы
қабырғада. Жұдырықтары түюлі.

– Өздері білсін, аспанда құдай бар ғой. Құдай бәрін

көріп тұр. Иттер!
Түн ортасында Өсердің үйіне үрей кірді. Өсер қатты
мазасызданып, жедел жәрдем шақырылды.
Аурухана, Инфаркт!

* * *
Инфаркт?
Инфаркт – медициналық термин. Латын тілінен енген.
Жалпы мағынасы: жүрек бұлшықетінің жансыздануы.

Сонда жүрек бұлшық етінің жансыздануына не себеп?
Себеп көп. Темекі, жүректі май басу, аз қозғалыс, қан
тасу, қанда қанттың көбеюі, жүйкенің жұқаруы т.б.
Жүректің «тігісі» жүйкеден сөгіледі. Оған да себеп

көп. Бір себеп – сөз, сөз қиянаты – «Жаптым – жала,
жақтым – күйе».
Ақын Темірхан Медетбек «Мен сөзден қорқамын» дей­
ді. Түсінуге болады. «Ой, оттай берсін, ауыз не демейді,

ит не жемейді» «Ит үреді, керуен көшеді» деп, пыш-
пышқа пысқырмайтындар бар. Ондайларды түсінуге бола-
ды. Олар өздеріне сенімділер, ішкі иммунитеті күштілер –
«бетбақтар». Олардың қарсы қимылы – айбат, қарғыс:

«біл­генін істесін», «кесіп алсын», «Өзі ше, өзі періште ме,
сволыш!», «Құдайдан тапсын!», «Ана жерде анаусы отыр
қоқиып, оның көзірі, оның крышасы сол ғой. Ұрдым
көзірін, ұрдым крышасын!»

Сөз (күбір-сыбыр) жанына батпаса, кім бұлай ышқы­
нып сөйлейді?!

Үмбетбай Уайдин
Сөз, сөз!
Ашылмайтын ауыз, қозғалмайтын жақ жоқ. Жазыл­
маған тақырып көп, айтылмаған сөз ше?

«Жақсы сөз – жарым ырыс», «Жылы-жылы сөйлесе –
жылан інінен шығады», «Екі елі ауызға – төрт елі қақпақ»,
«Басқа пәле – тілден», «Аңдамай сөйлеген ауырмай
өледі», «Сөз бас жарады, бас жармаса тас жарады», «Ау-

руда – шаншу, сөзде қаңқу жаман». Бәрі-бәрі сөздің қадір-
қасиеті. Тиымы бар, емесі бар – бұл халық даналықтарын
таратып айтсақ қаншама том кітап! Әлде де...
Сөз – шырай, сөз – баға, сөз – пікір, көзқарас, құдай­

шылық.
Өлең сөз, өтірік сөз, қара сөз, қанатты сөз, қағытпа
сөз, естіген құлаққа ерсі тыржалаңаш жаман сөз, жан жа-
ралайтын жала сөз, әшейін сөз, әшкере сөз, бетің бар,

жүзің бар демей айтылатын, яғни айтпай болмайтын не-
месе «бас кеспек болса да тіл кеспек жоқ» қаһарлы сөз.
Көзі кіртиген кінәмшілдің сөзі, кірпияздың, кіріптардың
сөзі. Сөз – қорғаныс, сөз – мінез, сөз – бұйрық райы.

Бірде жаймашуақ, бірде азынған жел, боран, бұрқа­
сын, бірде сақылдаған сары аяз – жаратылыс –табиғат та
мінезін өзгертпей тұрмайды.
Адам өмірі де соған ұқсас: тып-тыныш, жым-жырт

ештемесі жоқ. Табиғат пен адам мінезінің осындай заң­
дылықтарына түсіністікпен қарай отырып, сөздің о жақ-
бұ жағын қамти келе айтпағымыз – адамға адамның,
қоғамның қиянаты, сөз қиянаты жайы.

Қиянат қай ғасыр, қай қоғамда болмаған. Қиянат қай
халықта жоқ. Қиянат, әсіресе сөз қиянаты жайында, кәне,
кім не айтады?
«...Бізде мың талантты ертерек өлтіріп алып, жылаған

болып, әділет пен шындық іздеген болып, жабыла мақ­
тауымыз, жұмыла жоқтауымыз бар» /Сұхбат: Софы Сма­
таев – Алмат Исаділ. «Алаш айнасы»,. 22.06.2011 ж./.
«Қазақтың елі бай, жері бай, қазаққа бәрі жетеді, тек

бір нәрсе жетіспей жатады. Ол – ауызбіршілік» (...) «Бір

ІІ тарау. Әдеп әлемі: Тағылымдық педагогика
қорықсам, осы алауыздықтан қорқамын» /Серік Үмбе­
тов. «Алматы ақшамы, 9.10.2011 ж./.
«... Қазақ әсіресе, бірін-бірі сырттан жамандағанда ал-

дына жан салмайды ғой» /Сәулебек Жәмкенұлы Жүрсін.
«Егемен Қазақстан». 26.10.2011 ж./.
«Қазақты қазаққа айдап салып, қызығына қарап оты­
ра­тындардың қолымен жасалған тірлік үрдіске айналып

бара жатқандай.» /Айгүл Аханбайқызы «Халық сөзі»,
7.10.2011 ж./.
«Бір жақтағы біреулерге ауданның құрметті азаматы
атағын беріп жатыр». Жерлес, қаламдас қарындасымыз­

дың аузынан жылдам шыққан сөз. «Менің қазіргі көріп
жүрген күнімді адамның басына бермесін. Өз-өзіме
ұқсамай бара жатқан сияқтымын.»
«Мен кешкен сергелдеңді бір еркек те көтере алмас

еді. Қиналсам да арқамда панам болуға, қателессем үл­
кенге тән ұлағатпен жөнге салуға тиісті мүйізі қара­ғай­
дай ағаларымнан көрген соққы мен жөнсіз өсек, ғайбат­
тар қыр арқамнан аяздай өтті.» (...) «Басымнан сипайтын

адам да, қоғам да жоқ» /Ақсұңқар Ақынбабқызы. «Үш
қоңыр», 22.06.2011 ж./.
«Мені сыртымнан ғайбаттайтындардың сөздері құла­
ғыма тиіп жатады, солардың жартысы әйелдер болса,

қалған жартысы – ер азаматтар». /Сұхбат. Сәуле Әбеди­
нова – Балжан Мұратқызы. «Халық сөзі», 06.12.2011 ж./.
Ох, бұл сөз – жала кімді таламады, кімнің түбіне
жетпеді!

Жаланың, өсек-аяңның құрбаны болды ма, бұрынғы
денсаулық сақтау министрі Жақсылық Досқалиевті де
көпшіліктің көңілі жамандыққа қимайды.
Солай, «Слезами пропитана земля» (Владимир Гунда-

рев).
Қиянат, ох, қиянат!
Әділетсіздік атаулының бәрі – қиянат, көз жасы, жан
жарасы. Әділетсіздік адамзатпен бірге жасасып келе жа-

Үмбетбай Уайдин
тыр дегенді естідік – не деген сарқылмайтын көз жасы,
не деген таусылмайтын, таралымы көп пәлекет?!
Қиянаттың да киянаты бар. Біз адамды иттен бетер та-

лайтын сөз қиянатына, яғни, өсек-аяң, күбір-сыбырға
көбірек бейімделіп барамыз.
Адамзаттың ақыл-ойы небір ғажайыптарды ойлап тау-
ып жатқанда неғып өсек-аяң, күбір-сыбыр қиянатына ең

болмаса, бір түйір бірдеме ойлап таппағанын?...
«Кісі жамандау – кісі етін жегенмен бірдей» деген
хақыл сөз Хадистерден көзімізге түскен еді. Қандай
қатаң ескерту! Осындай қатаң ескерту құлақтарына ти-

генде өсек–аяңшылардың неғып селк ете қалмайтынын...
Өкінішке орай бұл қатаң ескерту күбір-сыбырға тос­
қауыл бола алмады.
«Ауруда – шаншу жаман, сөзде – қаңқу жаман».

Халық ойлап тапқан қанатты сөз. Ал, сол халық қаңқу-
шаншуға қандай амал-айла ойлап тапты?
Ерте заманда бір хан Әпендіні алдына шақырып алып:

– Сіз өсекшілерге қандай шара қолданар едіңіз? – деп

сұрайды.
Әпенді:

– Мен болсам, өсек айтушыларға тимей, өсек

тыңдаушылардың құлақтарын кесіп алар едім, – дейді
Бір есептен Әпендінікі дұрыс шығар. Бірақ, құлақ шұн­
титуға заң, мораль, халықаралық адам құқы не дейді? Біздің­
ше, Әпендінің жауабы – эмоция. Күйіп кеткесін айтқаны.

Жарайды, алдағыны Алла біледі. Өтіп кеткен қиянат­
тар ше? Айтылмай, әшкерленбей көмулі күйінде қала
бере ме? Болған ғой небір сұмдық қиянаттар. Қиянат
Абай бабамызды таяққа жықты. Шәкәрімнің, Пушкиннің

түбіне жетті. Маяковский, Есенин, Фадеев, Олжасты 47
академик жұлмалады. Софы Сматаев – үш рет инфаркт
алды. Құдай жар болсын! Академик Манаш Қозыбаев
төрт рет инфаркт алып, өмірден озды. «Жазғыштар

Баукеңді де жамандап жазыпты ғой» /Мамытбек
Қалдыбай. «Түркістан», №7. 2011 ж./.
«Ақ патшам» деп, олай өтіп, былай өтіп, айнаға сүйеу­
лі тұрған Роза Бағланова апамыздың суретіне қарап пырс-

ІІ тарау. Әдеп әлемі: Тағылымдық педагогика
пырс еткен бір түтін ауызды «сен, давай, оттама!» – деп,
жуан даусымен тиып тастаған замандасымыз әлі есіміз­
де. «Онда сендердің не шаруаларың бар, әй, қас­қалар?

Әйда, әңгімені қойыңдар!» – деген сықылды тиым сөздер
жиі естілсе ғой, шірк-і-і-н!
Мына бір өлең жолдары осындай реттерден туып еді:
...Тоқтатыңдар, сендер, әй, әңгімені!

Қопсыттыңдар қаншама әрнемені?
Жақтарыңнан не қалды, қасқалар-ау,
Сықыр-сықыр қозғалтып әрлі-берлі.
Тоқтатыңдар дедім ғой әңгімені!

Не... қарайсың сен маған әңгі неме?
Ұрынғанша әркімге,

тыңдамайсың
Күліп салған әнебір әнді неге?!
Қысқартыңдар дедім ғой әңгімені!
Бермен қара сен... сен, әй, әңгі неме:

Ұрынғанша әркімге,

тыңдамайсың
Жылап салған әнебір әнді неге?!
Салса салсын зәулім үй,

нелерің бар?
Алсын сатып самолет,

нелерің бар?
Бұл неғылған бітпейтін күбір-сыбыр?
Сенікі не, әй, сақал, еліріп ап?...
Күләш Бәйсейітова апамыздың да өмірін қысқартқан

сөз қиянаты көрінеді.
«...Оны көре алмайтын адамдар өте көп болды. Коми-
тетке үстінен арыз түскеннен кейін, кішкене науқас­танып,
үйде жүрді. Қан қысымы да көтерілді». /Тұрсын Бәйісова

(Күләш Бәйсейітова апаның сіңілісі). «Абыз», №4, сәуір,
2011ж. Сұхбаттасқан журналист Риза Исаева/.

Үмбетбай Уайдин
«Тағы бір жайсыз оқиға болды. 1956 жылы анамның
үстінен көре алмағандар жоғары жаққа арыз түсіреді. Ко-
митеттен қайтып келгеннен кейін: «Маған енді өлу ғана

қалды» – деп анам қамығып еді» /Қарлығаш Бәйсейіто­
ва. «Абыз», №4, сәуір, 2011 ж./.
Ой, әттегене-ай, бұл қиянатқа не деуге болады?! «Осы
біздің қазақтың өлген кісісінде жаманы жоқ, тірі кісінің

жамандаудан аманы жоқ болатыны қалай?» (Абай.
Қырқыншы қара сөз).
Тағдыр таяқтамаған, қиянат таламаған қаламгер қане?
Қасым Аманжолов ше?

... Қасіретпен өткен Қасым ағам-ай!
Сенің айыбың –
Көп жұрттан артық туғаның.
Қасымдай ақынын –

Талауға тастаған
Құдайым-ау, неткен замансың!
Темірхан Медетбек
/«Үш қоңыр», 14.09.2011ж./.

...Ішінде абақтының біз жатамыз,
Көңілді құмалақпен жұбатамыз.
Алыстан іздеп келген ағайынға
Тесіктен алақандай тіл қатамыз.

Мәди
«Адамды құртатын әуелі қаңқу сөз» дегенді де талай-
лардан естідік. Біз де «көп ағайынды» қаңқу-шаншу,
өсек-аяң, пыш-пыш, күбір-сыбыр, жыбыр-жыбыр деп

аталатын сөз қиянатына сондай ретпен әдейілеп қайрыл­
дық. Алайда, сөз атаулының бәрі қиянат па? «Айтпаса
сөздің атасы өледі», «Тура айтқан туғанына жақпайды»
дегендейлерді қалай түсінеміз?

Әңгіме емес әңгіме жоқ. «Кетеді біреу мақтап, біреу
боқтап». Бұның да өз әңгімесі, өз дәлелі бар.
«Ешкілі қой өреген, қызды ауыл өсекші». – Бұның да
көш жер әңгімесі, өз дәлел-себептері бар.

ІІ тарау. Әдеп әлемі: Тағылымдық педагогика
«Ауру – ауыз қуысында..»
Нанайық па, нанбайық па, денсаулық тұрғысынан ме-
дицина ғылымы өсек-аяңды, пыш-пышты бір жақты

ақтайды, дәлелдейді. Гарвард университетінің дәрігері
Колин Гилл дегеннің ерінбей-жалықпай зерттеуіне қара­
ғанда әйелдердің 85 пайызы өсек айтқан кезде рахатта-
нып, күш қуат жинап, бойларындағы андай-мындай жел-

құзды айдап шығатын көрінеді. Өйткені, өсек-аяң қыза
бастағаннан олардың ағзасында серитонин тәрізді гар-
мон түзіліп, ашу ызалары басылып, жайма-шуақ күй
кешеді екен. /«Алаш айнасы», 8.12.2011 ж./.

Бұған не дейміз? Өсек-аяңды гулете береміз бе? Ке-е-
етсін әрі!
Өсек-аяңның өршуіне не себеп? Әуелі іштарлықтан.
Баз біреудің бойында құштарлық бар.

Біреуде жауыз тектес іштарлық бар.
Құштарлықты бар жанға жая бермес,
Қу Құдайдың өзінде іштарлық бар.
Оспанхан Әубәкіров

Келесі себеп – «бір атым насыбай» немесе өкпе-наз,
базына. Таразысы – ақыл-парасат.
Өкпе. Өкпе
Ақылдылар өкпе-назын айта біледі,

Ақылсыздар айта береді,
Кетіп қалып, қайта келеді.
* * *
Біреулерді жамандаса,

Біреулердің жаны кіреді.
Өздерін біреулер жамандаса –
Жарылып өледі.
Қап-қара өкпенің дауысы – өктем. Жаргоны: «отырық

қой», «жатырық қой», «көрінеді».
«Қатыспайтын көрінеді», «Бірінің бетін бірі көрмей­

Үмбетбай Уайдин тін көрінеді», «Ит пен мысықтай көрінеді» деген әңгіме­ лердің түп-төркіні қайдан, неден? Қап-қара өкпеден. Оның арғы жағында не жатыр? «Ай көрмесе – ағайын жат, жыл көрмесе жегжат жат». Тағы? Біреулер шаруасын ақ тер-көк тер еңбекпен үйлестіріп, тұрмыстарын түзейді. Біреулерге ол да әңгіме. «Құрсын өлермен пәлекеттер ғой», «Құрсын, оның бәрі көзге ғана ғой. Бұлардікі – ұрлық. Осы кеше ғана емес пе еді, бізден кесе-аяқ сұрап жүретіні?» Ақылды, парасатты адамдар базына-назын жай, өзім­ сін­ген дауыспен тұспалдап, астарлап, жұмбақтап, арқадан қағып, еркелеп, еркелетіп айтады. Зіл болмайды. Бұлар­дың базына-назын әнмен айтса қандай тамаша! Қайыр­масы: «Жақсы адамның өкпе-назы жібек орамал кепкенше, жаман адамның өкпе-назы кеудесі жерге жеткенше.» Қап-қара өкпеге тағы бір себеп – кінәмшілдік. Қалам-қағаздан басқа лауазымым да, кісі баласына жазығым да жоқ кішкентай адаммын. Сонда да, маса маған да қазірге шейін маза бермейді. Қабақ танимын, адам танимын: кіртиген көз, қыртыс маңдай, таңқиған танау, кекірейген бас, жөтел сәлем, пәле ойлаған пәлекет – көрдік қой талайын. Күбір-сыбырды біреулер шыбын шаққан құрлы көр­ мейді. Күбір-сыбыр құлақтарына тигеннен біреулер ауырып қалады. Күбір-сыбыр қиянатына таланып, қира­лаң­ дап жүре алмай қалғанның бірі – өзім. Жұлқысып дорағыңмен, жөлігіңмен, Қарыным төмен түсіп, жүдедім мен. Жанымның ақ көйлегі шұрық-тесік, Пытыра үсті-басы жүрегімнің. «Күйе күйдірмесе де күйелейді». Әттең-ай, әттегенеай! Бәрібір, жала атаулының бетіне түкірдім. «Ақ, аққа құдай жақ» «Таза адам өзгеге күйе жаға алмайды. Күйе жағу үшін өзінде күйе болу керек.» Ғабит Мүсірепов

ІІ тарау. Әдеп әлемі: Тағылымдық педагогика
... Өсер ауруханада көз жұмды!
Ажал деген атаңа нағілет,
Айтып келмейді екен.

Адамды бір алса –
Қайтып бермейді екен.
Айтайық дегеніміз:
Ағыбай әзіл айтты,

Алыбай базына айтты,
Бапи Балманның
Үш бұрыш басын айтты.

– Баяғы бәтеңкең,

Баяғы көйлек анау.
Ұялмай қалай жүресің –
Әй, көлиган-ау? –
Деп Ағыбай Алыбайға

Тағы да әзіл айтты.
...– Оттама!..
Жұрт не ішіп, не киеді –
Аңдып жүресің.

Қайда көрсем – қаңғып жүресің,
Түбі сен қаңғып өлесің!

– Мен айтайын ба?

Ұйықтағанда сенің ауызыңның дыбысы қамыр иле-
гендей.

– Қамыр нан емес пе?

– Айтпақшы,

Ұйықтаған кезде сенің ауызың тағы бірдемедей...
...Содан, мынау ананы нағылып жіберді.
Анау мынаның мұрынының тұла бойын
Толайым ағызып жіберді.

Содан бұл мұрнына іздеу салып,
Бері жүгірді, ары жүгірді.
Содан, үлке-е-н айтыс болды,
Инфарктен екі адам қайтыс болды.

...Болмашыға басын беретін
Бұл жұрт неден байғұс болды?!

КӨРМЕЙІН ДЕСЕМ, КӨЗІМ БАР...

* * *
Обал-сауап әңгіме болып қалды ғой. Бала кезімде жы-
ланды көп өлтірдім. Қашып бара жатса да қолыма не
түссе сонымен сабалай бастайтынмын. Обал-сауап де­

ген­ді бала біле ме? Қазір аяғымның астында құрт-
құмырсқа кетіп бара жатса да, баспай аттап өтемін. Өмір
үйретті ғой...
* * *

Кім қалай қабылдайды, қалай түсінеді – өздері білсін:
оқып болған соң басылымдарды лақтырып тастауға
қимаймын, ыңғайсыз сезінем. Өйткені, оларды тастасаң
мемлекеттік рәміз-нышандар дейміз бе, әл-Фараби

бабамыздың, Алаш көсемдерінің суреттері дейміз бе не-
месе шарқ ұрып іздеп таба алмай жүрген біреулердің
керегі бірге кетіп қалуы мүмкін ғой. Біреудің жоғын тау-
ып берген қандай жақсы!

– Абай бабамыздың атын көрінген жерге жапсыра

бергеннен Абай кемеңгер бола ма? Ол онсыз да Абай,
онсыз да кемеңгер? Осыны тиісті орындарға айтсақ,
кейбір кереңдер мазақ қылады. «Айқын» басылымынан
(2.07.2011 ж.) «Ленин атында 16 көше бар» деген жол­

дарға көзіміз түсті. Ал, не түсіндік?

ІІ тарау. Әдеп әлемі: Тағылымдық педагогика
* * *
«Айқын»,18.01.2008 ж.
* * *

Алматы ақшамы. 15.11.2005 ж.

Үмбетбай Уайдин
Нарқобызды бөстекке
айналдырмайық
Менің жүйкемді жұқартып жүрген «Хабар» арнасын­

дағы «Алтыбақан» бағдарламасы.
Сахнаның еденіне төсейтін басқа түк таппағандай,
өнерлі жастарымыздың нар қобыздың бейнесін аяқасты
етіп, үстіне шығып, ән айтып, күй тартып жүргені қалай?

Осы хабарды ұйымдастырушылар бір сәт «Киелі қобыз­
дың болмысын бұлай еткеніміз ұлттық музыка аспапта­
рымыздың, ел ардақтыларының бірін қорла­ғанымыз емес
пе?» – деп ойласа етті, шіркін! Атам қазақ домбыраны,

қобызды, жалпы ұлттық аспаптарды ардақтап, төрге, ке­
ре­генің басына ілген. Бағдарламаны жасаушы жігіттер
мен қыздарды бұны білмейді деп айтуға аузым бармай-
ды. Солай бола тұрса да, өзге ұлт емес, өзіміз саз аспап­

тарымыздың қадір-қасиетін кетіріп, ән-күйімізді ардақ­
тамай жатсақ, өзгелер не істемейді? Күні ертең басқа ұлт
өкілдері бізден көргенін істеп, домбырамызды жерге тө­
сеп, сахна жасап жатса, «бұларың не?» деп айта алмай,

аузымызға құм құйылмай ма? Себебі, бәрін өзіміз бас­тап,
басқаларға «үлгі-өнеге» көрсетіп отырған жоқпыз ба?
Орынбасар Әлтайұлы
/«Жас Алаш» №46, 19.04.2005 ж./

Ел атауын неге аяқасты етеміз?
Кейде мені бір ой мазалайды. Неге біз еліміздің ата­
уын аяқасты етіп, қолжаулыққа айналдырамыз? Қай
мемлекет өз елінің атауын қарғыс атқыр арақ пен

темекіге апарып жапсырып жүр? «Қазақстан» деген
қастерлі атты аялап, төбемізге көтерудің орнына, біз
неге тұла бойы толған улы заттарға, ұрпағымыздың та-
мырына балта шабар шарап пен темекіге «Қазақстан»

деген атауды апарып жапсырамыз. Өйтпесек бізді біреу
ұрар ма еді. Қазір қай жерге барсаңыз да «Қазақстан»
темекісінің қорабы аяқасты болып жатыр. Әжетханада,

ІІ тарау. Әдеп әлемі: Тағылымдық педагогика
күл-қоқыс арасында жатқан «Қазақстан» шарабының
бос шөлмегі мен еліміз аттас темекі қораптарын көріп,
қатты қынжыламыз.

Неліктен осы біз біле тұра қазіргі жойылмайтын
ұлттық, елдік атауларымызды кез келген арақ, шарап,
темекі өнімдеріне береміз? Ұлтыңды сүю үшін алдымен
ел атауын, Елтаңба, Әнұран, Ту және тағы басқасын сый-

лай білуің керек. Ұлттық рух, ұлтжандылық деген содан
басталады.
Нүркен Тоқаев
/«Жас алаш», №45 /16.4.2005ж./

Жарнама, жарнама, жарнама...
Қоғамдық сана мен мораль
алкогольге мейлінше қарсы
болуға тиіс.

Н.Ә.Назарбаев
«Нұр», «Сұлтаннан» іштім,
«Бибігүлден» іштім.
Бұларыңның қасында,

«Распутинің» пішту.
«Нұр», «Сұлтаннан» іштім,
«Шыңғысханнан» іштім.
Бұларының қасында

«Напалеоның» пішту.
А-хау,
Тыңда Шығыс, Батыс-ай,
/Қайдан, неден шатыс-ай?!/

Мал қорада аунап,
«Қыз Жібектің» жатысы-ай!
Іштім,іштім, ішт-і-ем,
Этаждан да ұшт-ы-ем.

Үмбетбай Уайдин
Тұқымы құрысын арақтың,
Керек боп тұр күшті ем.
Желмен ұшқан қап-ай

Елбасының хаты-ай!
Бөтелкенің бүйіріндегі,
Апекемнің аты-ай!
Қап-әй!

* * *
«Заң газеті», 30.07.2008 ж.

ІІ тарау. Әдеп әлемі: Тағылымдық педагогика
* * *

Үмбетбай Уайдин
Қалың қиындылар арасынан шыққан қиынды. Кеңес
қоғамы тұсындағы мораль. Сәйкестік
* * *

Шоколад. Ұлы ақынға құрмет?..

ІІ тарау. Әдеп әлемі: Тағылымдық педагогика
* * *
Алматы. Митин, 6.
12.02.2008 ж.

«Погиб поэт...»

Үмбетбай Уайдин
Домбыра қайда, домбыра?
Қазақтың үйінің төрінде домбыра
ілулі тұруы керек. Үйдегі бала сол

аспапты тыңдап өсуі керек.
Таласбек Әсемқұлов.
Кімдер келді, кім келмеді – бар тізім,
Арқа-жарқа шақырылған бар кісі.

Кіріп-шығып ауыздардан жатыр сөз –
Жартысы – шын, арақ-шарап жартысы.
Мейрамхана..
Іші адамға лық толы.

/Туған күні МБ деген мықтының/
Азан-қазан музыка сәл жайланып,
Асабаның арыл-гүріл шықты үні.
Әрі кеттік, әрі кеттік әлде де,

Той-қызықта бар тағы да мәнді не?
Анау үйде өтіп жатыр «жарыс сөз»,
Мында да сол: «әңгіме де, әңгіме».
Әр қызықтан мол тәрбие бар деме,

Әрі кеттік олай болса әлде де.
Қауқылдасқан әңгімеге не жетсін,
Бірақ..бірақ айтылмайды ән неге?
Айтылмаған қанша әңгіме әлі де,

Әрі кеттік әріден де әріге.
И....й айтпақшы, домбыра қайда, домбыра?
Домбырасыз той-қызықтың мәні не?
Отырайық қалай, қайтіп үндемей,

Әңгіме мынау: бірдеме де, бірдеме.
«Сөйлемейді неге, неге домбыра?» –
Деп айқайлап жібергенім бірде мен...

ІІ тарау. Әдеп әлемі: Тағылымдық педагогика
Таныс үйге соға кеткем бірде мен,
Домбыраны көрдім жатқан іргеде.
Түрегелтіп, шаңын сүртіп бес елі,

Күрсіндім де шығып кеттім үндемей.
Домбыраға мініп алған қайқайып,
Бала көрдім
Не бетімді айтайын!

/Ырқ-ырқ күліп атасы отыр/
Сондағы
Ел көшірген айқайым-ай, айқайым!
Балақайды жылап қалған бақырып,

«Бері кел» деп сұқ саусақпен шақырып:
«Екіншілей өйтпе» – деп ем жай ғана,
Басын қасып «жарайт» деді ақырын.
Жинап алып бет-аузынан күлкісін,

Замандасым сұп-сұр болып түр-түсі:
«Бала емес пе, бала емес пе,– дей берді,
Әй жаман шал, туған біздің ұлт үшін».
Міне, тағы шықты алдымнан кекесін,

Қарсы ұмтылды менен де сөз еп-ерсі.
«Ал домбыра, сен сөйлеші, мен қойдым,
Сен сөйлеші шешен болсаң егер шын...»

Үмбетбай Уайдин
* * *
«Ана
тілі»,

№41, 2007 ж.
* * *
«Заң газеті»,
26.09.2007 ж.

ІІ тарау. Әдеп әлемі: Тағылымдық педагогика
Гүл. Гүл!
Терезенің жақтауында гүлдің түр-түрі тұр, біреуінің
аты-затын білсем бұйырмасын. Әнебіреуінің жапырақ­

тарынан әлсін-әлсін су тамшылайды. У ма, су ма – сұра­
йық десек тілін білмейміз. Түйетабан жапыраққа ұқса­ған
мынау біреуісі тіпті қызық. Қалың жапырақтың орта­
сынан сойдиып шығып тұрған жалғыз тал жылына екі

рет гүлдейді. Кәдімгі аппақ гүл! Әртүрлі көңіл-күйде
отырғандардың көздері айналып келіп соған соғады.
Әлгінде ғана кісі баласын бет бақтырмай жынданып
сөйлеп отырған Элошаның әйелі: «қысты күні де гүл­

дейді екен-ау» деп, гүлге әуелі көзін, сосын мұрнын
жақындатты. Гүлден жауап жоқ.
Біз тұратын биік үйдің қарсы бетіндегі көгалдың қақ
ортасында айналдыра қойылған отырғыштар бар. Ала­

қандай бұл алаңқайдың айналасында жеміс беретін, бер­
мейтін ағаштың түр-түрі өсіп тұр.
Отырғыштарда тыныстап отырған үш-төрт көршіме
қайырылып барып сәлемдесіп, кішкене тізе бүктім де,

әңгімелеріне бөгет болмайын деп, сәлден соң орнымнан
енді қозғала бергенімде, біреуі қолымнан ұстап жаңалық
сұрады. «Не жаңалық?» деп сұрауын сұрап, өзі сөйлеп
кетті. Сериалдарды талдады, билікті сынады, газет-

журналдарға қайырылды. Ауызынан «Казахстанская
правда» мен «Караван» және бір-екі орыс басылымдары
шықты.

– Дұры-е-с... Енді қазақ басылымдарына қарай жү­

рейік.

– Ой, мен өзім қазақ газеттерін оқымаймын. Қазақ

газеттері ештеме жазбайды, кілең өсек, анау-мынау.

– Қазақ газеттерін оқымасаңыз олардағы өсек, анау-

мынауды қайдан білесіз?

– Білеміз ғой, қазақтың жүрген жері белгілі ғой.

Қан сарқылдап қайнады. Әдептен озбауға тырыссам
да, ара-тұра дауысым қаттырақ шығып кетті. «Мыналар
ұзап барады ғой, ренжісіп қала ма?» деп ойлады ма ке-
нет, «Караванның» арғы жағында отырған көрші:

Үмбетбай Уайдин

– Әнебір гүлді біреу отырғызды ма екен? Жападан

жал­ғыз... – деп қалды. Ол жалғыз тал гүл менің де көзім­
ді жеп отырған. Шынында да...
«Каз.правда», «Караван» жайына қалды, әңгіменің ау-
аны жалғыз тал гүлге ауды. Алайда, «гүл», «гүл» деп әр

нәрсенің басын бір шалғанымызбен әңгімемізде бәлен­
дей мәнді ештеме жоқ. «Ұрығы бір жақтан ұшып келіп
түсті ме екен? Әлде біреу әкеп отырғызды ма екен,
қалайша жалғыз?»

Сауал-сұрақ бізден. Гүлде үн жоқ. Түсініксіз. Дүниеде
түсініксізді түсіндіре алмағаннан қиын не бар?! А,
мүмкін өлең түсіндірер?
Гүлмен сырласу

Ішімде ай домалап, күн домалап,
Күбірлеп көп сөйлеймін гүлге қарап.
Өлуім әлдеқашан мүмкін екен,
Гүлзарға отырмасам күнде қарап.

Гүлдер-ай, жайнап өскен алаң-қырда,
Қанша өмір, қанша көйлек жаңарттыңдар?
Жылаған қанша адамның жанын сипап,
Көңілін қанша жұрттың жаңартыңдар?

Ақ гүлдер, қызыл гүлдер, сары гүлдер,
Түстерің қандай жылы бәріңнің де.
Сұп-суық жерді тесіп шығасыңдар,
Осы бір сиқыр күштің мәні неде?

Ән – гүлдер, ақын – гүлдер, өлең – гүлдер,
Қолынан қанша адамның көрем күнде.
Барады ұстап біреу сыпырғыштай,
Барады ұстап біреу бөбегіндей.

Ақ гүлдер, аққу гүлдер, көгілдірлер,
Ән болып, өлең болып төгілдіңдер.

ІІ тарау. Әдеп әлемі: Тағылымдық педагогика
Бетіне бақытының күйе жаққан
Көзіне көргенсіздің көрінбеңдер!
Ақ гүлдер, қызыл гүлдер, нәзік гүлдер,

Қамыққан қанша адамды мәз еттіңдер?
Ән салып, қызықтырып тұра бермей,
Қай жаққа жиналдыңдар жаз өткенде?...
Түтін иісі шыққан гүл

Қызым, қызым, қызым, әй, гүл ұстаған,
Айналасын көзіңнің «кім ыстаған?»
Боямасыз өмірдің баламасы –
Гүлдер, қалқам, айтпақшы, туыс маған.

Гүл ұстаған қызым, оу, гүл ұстаған,
Кірпігіңді, қасыңды кім «ыстаған?»
Айналайын, мән-жайы сұрағымның –
Тәңір берген сұлулық туыс маған.

Түсірейін бір ақыл түртіп бастан,
Қызым, қызым, сәл кідір, үркіп қашпа.
Өзің дағы гүлсің ғой, сұлусың ғой,
Бетіңдегі ысты анау сүртіп таста!

Қызым, қызым, ау, қызым гүл ұстаған,
Гүлді танып, тергенің дұрыс болған.
Қанша жерде жүлде алды алабажақ,
Сұлулыққа бұйырмай дұрыс баға!

Қызым, қызым, қып-қызыл гүл ұстаған,
Осы біреу сұлулық таныс маған.
Гүл бетіне түкірген былш еткізіп,
Қалды ма адам бұл ағаң ұрыспаған.

Гүлге жақын адамдар туыс маған,
Естимісің қызым-ау, гүл ұстаған?

Үмбетбай Уайдин
Сигаретің барады үгітіліп,
Тасасында қанша оның тұр стакан?!
Жақсы болды табылып дұрыс бағаң,

Жұмыс болды алайда бұл іс маған.
«Гүлден түтін иісі шығады» деп,
Онсызда мен қыз бар ма ұрыспаған.
Қылыш, мылтық көрінбей жатыр іште:

«Жау жоқ деме...» – бабалар хаты емес пе?
Бәрі дұрыс,
Бәрінен сұлулықты
Бағалауға келгенде қателеспеу!

Моралдық шығын
Аңқау, аңғал, балғын шақ қайда қалдың?
Не тындырдың, жаяулап қайда бардың?
Ей, жастық шақ, жарайды, сен сөйлеші,

Бозбаланың ыржаңын «пайдаланып».
Балалық шақ күлегеш – сағынышым,
Білемісің, лық толы саған ішім.
Залымдарды көргенде, қиялыммен

Сені іздеймін қанатым талып ұшып.
Көңілім пәс, білмеймін неге олайын,
Тілімнен бе?
/Онда оған ие болайын/.

Телефон шал жастығым,

ең болмаса,
Бала болып қуанып демалайын.
Балалық шақ, жаңғалақ, қайда қалдың?
Жастық шағым, ақ көңіл, қайда қалдың?

Былайырақ кішкене тұрыңызшы,
Ей, кәрілік, алсаңыз шайға қанып.

ІІ тарау. Әдеп әлемі: Тағылымдық педагогика
Тыңдамайтын, сүймейтін әнді кім бар,
Әнұраннан жас достар, мәнді ұғыңдар.
Ей, кәрілік /Уақыт!/ кешіріңіз,

Жастық шақпен оңаша әңгімем бар.
Жастықпысың?
Жастық шақ?
Бәрекелді!

Бәрекелді тағы да бәрекелді!
Сағыз ба, не, жабысқан сәлеміңе?
Түкір, ойбай!
Жүрегім....

Дәрі әкел тез!
Ықтиярың, «білгіш» де, «білгіш» деме,
Көжеңе де шақырма, «бірге іш» деме.
Тек талтайып тұрмашы жұрт алдында,

Шолақ дамбал сияқты ілгіштегі.
Қалың дәптер бабалар хаттары бар,
Сол хаттармен аға ұрпақ атқа мінді.
Айналайын, Айнамкөз , түсіндің бе? –

Жарқыратпай кәне, тез жап қарныңды!
Айналайын, әдеп бар ізет деген,
Бетбақ дейді адамды сөз өтпеген.
Күлкіңді тый ыңғайсыз,

Иман заңы
Айдап қуып шығады «КЗОТ» пенен!
Әрең жеттік, білесің, Егеменге,
Егеменге, ей, Жастық, бергенің не? –

Кірер тесік таппадым:
«дипломды
Сатып алам оқымай» дегеніңде.
Ту қадады биікке Егеменің,

Қазақстан, яғни, деген елің.

Үмбетбай Уайдин
Шетелдіктің алдында
«мен казакча
Не понимай» дегенің не дегенің?!

Әрең жеттік қырғынмен Егеменге,
Кебек? Талқан? Ақ нан ба – жегенің не?
Жаның ғана шыққыр-ау,
/Ол де, маған!/

«Мен әскерге бармаймын!» - дегенің не?!
Көзіңе көп түспейді оқу үйі,
Пішен шауып жатпайсың, отын үйіп.
Мекен-жайың ресторан, кафе тағы

Кашан көрсем құлақта сотовыйың.
Жастық, жастық, бос, болбыр етің неге?
Сын айтқанда бозарды бетің неге?
Сен өйткені мақтауға бой алдырдың –

Жаның сынға шынығып, жетілмеген!
Алаңдаймын мен саған өте-мөте:
«Кришнайд боп, тегің сенің кете ме деп.
Жайлап алды ел ішін зымияндық –

Сөзі майда «аласа бетегеден....».
Ырду-дырду ақылын далаға айдап,
Қыз құтырса,
Сөйлейтін қаны қайнап,

Бетін шымшып «қасқа қыз өлтіреді,
Әкең білсе» дейтұғын ана қайда?!
Заңда бар ма сұлуды сүйме деген?
Заңда қайта қорға оны, сөйле деген.

Керісінше жүр қанша сілімтіктер
Қарындасты төсекке сүйрелеген.
Жұрт көзінше бір-бірін «аймалаған»,
Не жөн айтам қай қызға, қай балаға.

ІІ тарау. Әдеп әлемі: Тағылымдық педагогика Кіріп-шығып аузынан «әкең!», «шешең!» Ырқ-ырқ күліп әне отыр қайнағалар! ОҺ, Ойдан ішім ашиды, ойдан ішім! Күйіп-пісіп әр жайға ойран ішім. Бір қаупім бар қайсыбір келіндерден, «Осы кісі», – дей ме деп, – Уайдиничің». Аты-жөні ауыл, үй, көшеге аян, Кейбіреудің ауызы өсек-аяң. «Оттамашы, ай, осы,» – десең болды – Жер қозғалып, шошиды көрші-қолаң. Жымыңдайды мақтасаң күле қалып, Түс суытсаң немесе тұра қалып: «Ақылыңды артыңа тығып қой» – деп, Көр қазады табанда күрек алып. Жылы сөз бе? Жылы сөз? «Пажалыста» /Жамандықпен аз емен аз алысқан/. Басымды изеп, қол соғып отырамын, Шыққан кезде кілемге Қазақстан! Жақсы сөз бе? Жақсы сөз? «Пажалыста» /Жамандықпен аз емен аз алысқан/. Атып тұрам орнымнан ұрандатып, Жеңген кезде рингте Қазақстан! Ширасын деп жастық шақ көп сынадым, Айтатынды айтпауға жоқ шыдамым. Пышақ таспа тіле ме изегенмен, Қайрамаса қайраққа от шығарып. Ән-күй залды кернеді бәрекелді! /Мен қазақпын дегеннің бәрі келді/.

Үмбетбай Уайдин
Газет оқып отырған біреулерге
Ішімдегі жүгіріп «пәле» келді.
Болмашыға адамдар құн төлейді,

Құн болмаса бітейді құм көмейді.
Ұлт бойынан жоғалған құндылықты,
Бекзаттықты, мысалы, кім төлейді?
Құн төлеу ме?

О-о, қазір ол көбейді.
/Кейде көміп тастайды пұл көмейді/.
Салт-дәстүр ше? Жоғалған ұлт бойынан?
Бұл моралдық шығынды кім төлейді?

Күн тәртібі тағы да алға кетті,
Мәселеден мәселе парламентте.
Қол соғайық,
Жастық шақ дүбірлетіп,

Келе жатыр билікті алған бетке!
Тұщы да айттық, ащы да – шындықты айттық,
Таусылады ащы айтпай сұмдық қайтіп?
Кел, қария, оңаша отырайық,

Ең болмаса тоқсан, жүз жылдықты айтып....

Кімде сұрақ бар? Әртүрлі ортада, ресми, бейресми бас қосуларда, жол үстінде таныс-бейтаныстар тарапынан қойылған сұрақ­ тарға жауап қайтардым, қайтармадым. Жауап қайтар­ мауыма уақыт тығыздығы, ой жинап үлгермеу сияқтылар кедергі болды. Ауызша, жазбаша ол сұрақтардың біразы қиындылар жапсырылған дәптерлерімнің ішінде. Ауызша сұрақ қойғандарын бірі есімде, бірі есімде жоқ. Сондай ретпен, олардың есімдерін жабырлатпайын деп, орнына сұрақ белгісін қойып, әрмен қарай өзіме сөз бердім. Қайталау сұрақтарды айналып өтіп, ыңғайға келетін­ дерге ғана қайырылып отырдым. – ? – Сәлем берудің ретімен Ұстаздың үйіне кіре шыққанмын, көңілсіз көрінді. Бес-он минут кідіріп, орнымнан қозғалдым. – Сау-саламат болыңыз, ағай. – Қайда асықтың? Сенің өзі... даусың да, жүрісің де өзгерген бе қалай.. Шайға қара. – Рахмет. Жүрісім де, дауысым да бұрынғы. – Жүрісің бе, жүрісің болдым-толдым деген адамның жүрісіне ұқсап кеткен. Ештеме демедім, аяқ киімдерімді апыл-ғұпыл киіп шығып кеттім. Жүрегім астан-кестен. Түсінбедім. Біреулер арандатып жүргеннен аман ба. Осы кісіге жақындау жүретін әнебір қаламдас мазақ қылғандай менің фамилиямды аузын толтырып маңқыл­ дап айтып, бір-екі рет ретсіз сүйкеніп еді. Бірде оған түсімді суытқанмын, содан кейін жым болған. Кім біледі,

Үмбетбай Уайдин обалына қалмайын... «Болдым-толдым»? Түсінбедім. Жү­рі­сім өзімше сол баяғы. ..Жүрісім болмай қалған – балпаң-балпаң, Тұрысым оңбай қалған – әр кім аң-таң. Қимылым салдыр-күлдір, қаңғыр-күңгір, Жүрегім ашық-тесік, алқам-салқам. * * * ... Жүрісіне қарасаң, Палуандардың жүрісі. Жұмысына қарасаң, «Жалқаудың» ең ірісі. Оспанхан Әубәкіров * * * ...Қиянат? Қабаған ит? Оқта-текте о пәлекет о жақ-бұ жағымнан абалап тұрады. Осы бүгін де бір қия­нат балтырымды қанатты. Редактордың кабинетіне бас сұға бергенімде, жас шамасы алпыстың о жақ-бұ жағындағы дәу мұрынды бір қазақ қарсы соқты. Қолымды создым. Қолымды босатып, терезе жақта отырған жігітке бұрыла бергенімде, әлгі мұрын барқ ете қалды. «Жазушылар Одағына менің мүшелікке өтуіме байланысты баяғы жиналыстың ұйғарымы қайда? Тап! Мақала жаздың. Мойында?» деп кабинеттен шығып кетіп, қайтып келді. Түсін шырамыттым, бірақ аты-жөнін есіме түсіре алмай қойдым. – Түк түсінсем бұйырмасын. Сен өзің кімсің? Қайдағы ұйғарым? – Сенің жазғаныңды мен де жазамын. Мен драматургпін. Мен сені пародиямен соямын! – Күтем. Шығып кетті. Терезе жақта отырған қызметкерден мен оның есімін сұрадым. – Ұмытып қалып тұрғаным. Біздің газеттің осы соңғы нөмірінде бірдемесі шыққан, – деп, қызметкер

ІІ тарау. Әдеп әлемі: Тағылымдық педагогика
орнынан түрегеліп, қол созым жердегі тігіндіге жақын­
дай бергенде, жаңағы қайта келді. Мен одан бұрын
сөйледім.

– Бауырым аты-жөнің кім?...

Аты-жөнін айтты.

– Пародия, фельетоныңды жаза бер. Немесе мені есік

алдында күт!
* * *

– Менің көлемім ойыңа қайдан түсті, Еске? Білем,

менің көлеміме сен сияқты талай сораңбайлардың көңілі
толмаған. Қарға бойлы Қазтуған жырау бабамыздың
ұзындық жағынан қаншама см болғанын білмеймін,
өзімнің ұзындық өлшемім біреуден ілгері, біреуден

кейін. Естуімше, әлемдегі бұрынғы-соңғы аласалар:
Шыңғысхан, Моцарт, Герберт, Караян, Хельмут Шмидт,
Чарли Чаплин, Аристотель, Аль Пачино, Вуди Аллен­
дердің ұзындық өлшемдерінен мағлұматым жоқ. Нақты

десең, жақсы, нақтыны айтайық.
Напалеон Бонапарт – 1 метр 51 саниметр.
Николя Саркози – 1 метр 65 сантиметр.
Дмитрий Медведев – 1 метр 65 сантиметр.

Александр Македонский – 1 метр 50 сантиметр.
Карль великий – 1 метр 50 сантиметр.
Гитлер – 1 метр 50 сантиметр.
Муссолин – 1 метр 60 сантиметр.

Бенито Хуарес (Мексика президенті) – 1 метр 35 сан-
тиметр.
Ленин – 1 метр 64 сантиметр.
Калинин, Бухарин – 1 метр 55 сантиметр.

Киров – 1 метр, 54 сантиметр.
Ворошилов – 1 метр – 57 сантиметр.
Сталин – 1 метр 62 сантиметр.
Хрущев – 1 метр 66 снтиметр.

Ақсақ Темір– 1 метр 45 сантиметр.

Үмбетбай Уайдин
* * *

– Кітап, газет-журналдар біреулер үшін ештеме емес.

«Ештеме еместі» таратып айтсақ, кітап, газет-журнал
біреулер үшін ет жеп болғаннан кейін дар-дұр жыртып
қол, тағы бірдемелерді сүртетін әшейін қағаз. Біреулер
үшін – құндылық, талайлардың жанды жері.

– Рас, сөйлей білеміз, білмейміз. Үлкен-кішілердің әр

жерде айтқан әңгімелерінен құлағыма тиген, телерадио-
дан естіген, баспасөзден көзіме түскен ерсі, тұрпайы
сөздерді қағазға түртіп қоямын. Бір дәптер болып қалды.
«Шал-шауқан», «кемпір-сампыр», «кәрі-құртаң», «ақсақ-

тоқсақтар» қай жерде, қандай жағдайда, қандай ретпен,
қандай дауыспен кімдер кімдерге қаратып айтады?
Қалжыңға жығып, қатар-замандастардың аузынан шықса
бір сәрі, жастарға жараса ма? Біздің халық жанға тиетін,

жан жаралайтын сөздерді жанға жайлы басқа сөздермен
ауыстырып немесе оларды айналып өтпей ме? Қазір
екінің бірінің аузынан еститініміз: «Әке-шешесін жұтқан
жалмауыз», «қу жетім», «су мұрын сораңбай», «сүмек»,

«мырқымбай», «бүкір», «мықыр», «байдан қайтып кел-
ген қаншық», «отырып қалған қыз», «кәрі қыз..» Кете
береді, кете береді. Соңғы айтылғандарды: «екеу болу,
жұп құру бақытын күткен қыздарымыз», «теңінен немесе

екеу болу бақытынан кешеуілдеңкіреп жүрген арулары-
мыз» деп, ауыстырып айтса ауыздары қисайып қала ма?
Неге, неге біз ойланбай сөйлейміз?! Неге олардың
жүрегін ауыртамыз? Ең болмаса кешірім сұрасақ қой.

* * *
Сөз – бояу, түрлі-түсті бояу. Бояу әр нәрсеге әртүрлі
жұғады. Ақ түске ең жақсы жұғатын бояу – қара бояу.
Қарадан да қара бояу немесе ең жаман иіс – өсек аяң,

қаңқу-шаншу. Бұл жаман иістен біреулер ауырып
қалады, біреулер ауруынан айығып кетеді. Қалай
болғанда да таза ауаға не жетсін. Ауа таза болғай да...

ІІ тарау. Әдеп әлемі: Тағылымдық педагогика * * * – Жыласаң жылайтын жағдай аз ба: қашпаған қашарға қарап та, құлап жатқан құманға қарап та жылауға болады. Жылайтынға жылайық та. * * * Мен сағаттың тілін түсінемін, сағат менің тілімді түсінбейді. Содан екеуміздің басымыз піспей, ұйқыға кетер алдында, мен бұрыштан бұрышқа, қуыстан қуысқа қашамын. Сағат сөйлеп тұрған жерде көзім ілінбейді. Ал, иттер үріп, пойыздар доңғалақтарын сартылдатып ерсіліқарсылы зулай берсін – одан менің ұйқыма келіп-кетер ештеме жоқ. Түсініп көр... * * * Шаршаудың да шаршауы бар ғой, бауырым. Мысалы, қалжыраған жұмыстың шаршауы, қажып-қажалған жүй­ ке­нің шаршауы. Жұмыстың шаршауы бақытты жақын­ датады, жүйкенің шаршауы аты жаман анау уақытты жақындатады... * * * Мәңгі, мәңгілік деймісің? Дұрыс айтасың, бұл сөздерді кейбіреулер оп-оңай айта салады. Біреулер біреулерге «мен сені мәңгі ұмытпаймын» деп жатады. Сонда мәңгі өмір сүретін болғаны ма? «Мен сенің бұл жақсылығыңды өмірі ұмытпаймын» десе ше? Кеңес Одағы мәңгі жасайды дедік. Бар-жоғы қанша жыл өмір сүрді? Мәңгілік дегеніміз, әуелі – уақыт. Аспан жерге түсіп, дүние астаң-кестең болса да уақыт жолынан қалмайды. Ертеңгісін жарық дүниеге келіп, кешке қарай жоқ болатын жәндік бар көрінеді. Жүз жасасын, мейлі мың жасасын – мәңгілік уақытпен салыстырғанда ол ұзақ өмір ме? Орта есеппен адам баласы әрі кетсе 100 жыл, жарайды, 150 жыл өмір сүреді дейік. Сол уақыт ішінде кім қандай із қалдырды? Напалеон? Гитлер? Мәңгі өмір сүретіндей...

Үмбетбай Уайдин
* * *

– Дұрыс айтып отырсың. Мен кішкене толықтырайын.

Өзің білесің, артық жесе май жүректі айнытады, құс­
тырады. Жей берсе адам тәттіден де шығады, ауыз уыла-
ды. Мақтау-мадақ та соған ұқсас: айтыла берсе, айтыла
берсе жақсы сөз де жұртты жалықтырып, жақсы адам­

ның қадірі кетеді. Көп жуылып, өңі оңған тауарды көзіңе
елестетші?
* * *

– Жиын-тойларға, арнайылап жайылған дастарқан ба-

сына алып барған тілек сөз, сезіміңді дұрыстап
жеткізгенге не жетсін. Сөз сөйлеудің реті келіп жатса,
ептеп сөйлейміз ғой. Тамағымның аурып қалатыны бар,
оған тағы бір себептер қосылып, кей-кейде сөз

сөйлеуден шегіншектей беретін құпиям және бар. Ол
неғылған құпия? Аз айтылып-жазылып жүрген жоқ;
қазір жиын-той, дастарқан мәдениетінде өңдеп-жаңар­
татын жәйттер жиналып қалды. Біріншіден, сөз тыңдау

жоқ. Есік-қақпа сарт-сұрт. Ерсілі-қарсылы жүріс-тұрыс,
абыр-дабыр әңгіме, тарқ-тұрқ күлкі. Ондай жерде қай­
дағы сезімнің әңгімесі? «Тыңдамаса сөз жетім.»
Екіншіден, үшіншіден...

– «Жақсы сөз – жарым ырыс», «Жаман айтпай жақсы

жоқ» деген тағы бар. Қайшылық жоқ па? Меніңше жоқ.
Жақсы сөз жақсылықты қол бұлғап шақырады. Жаман­
дықтың жақсылығы – сұқ саусақ. Сұқ саусақтың тілі –
«білдің бе?» «Түсіндің бе?...»

– Бүгін көңілсізсіз ғой?

– Күн күнде жарқырап тұрмайды.

– Папа, сіз неге қазақ күйлерін көп тыңдайсыз?

– Ішімдегі бәле-мәтерді айдап шығу үшін.

ІІ тарау. Әдеп әлемі: Тағылымдық педагогика
* * *

– Ойланып қалдыңыз ғой?

– Ирак елі астаң-кестең. Ақындары қандай тақырыпта

өлең жазып жатыр екен? «Өмір?», «Демократия?»,
«Бақыт?».
* * *

– Қайда, қай жерде, қандай жағдайда жүрсе де күлкі

әркімнің өзімен бірге. Ол – менің күншуағым және
қаруым, мылтығым. Тұмсығын қандай жағдайда қайда,
кімге қаратамын – өзім білем.
* * *

Қиқу, әйт-шу көкпардағы атқа да, көтерем атқа да де-
меу. Көтере білсе қолпаш, қолшапалақ – өнер адамдары-
на да демеу.
Құдірет бір де бір пендесін өнерден құралақан қал­

дыр­маған: біреуде бар өнер, біреуде жоқ, біреуде жоқ
өнер, біреуде бар.
Бала бақыты, өнер-білім бақыты – барлық бақыт атау­
лыға алып баратын бір ғана құдірет – еңбек. Кәдімгі ақ

тер, көк тер еңбек!..
Бойдағы барды бағаламау – ең басты қырсық. Сол
қырсықтың салдары: көл-көсір талантты шашып-төгу.
Қырсықтың қырсығы, жаудың жауы – жалқаулық,

бойкүйзедік. Шарқұрып, аласұрып, өз денелерінен
жоқты іздеп, жоқты тауып, гүлдеп, біреулердің басы
бақтан көрінеді. Әне, еңбек!
* * *

– Атақ...

– Атақтан қашпаймын. Ол – ел-жұрттың, көптің

бағасы, сый-құрметі. Ыңғайы келіп жатса – ықыласым
дайын. Ыңғайы келмесе, атақта шатағым жоқ. Атақ-
абыройға жетіп жатқандар болса, қолдарын қысамын,
қол соғамын.

Үмбетбай Уайдин
* * *
Өмір сүру дегеніміз ас ішіп, аяқ босату емес. Ол
мақсат-мұрат, идея жолындағы сүрініп-қабыну, алыс-

жұлыс, сәтсіздіктер, жеңіс, жеңілістер.
Өмір дегеніміз – тыпыр-тыпыр, тырп-тырп тәпішке.
Өмір сүру дегеніміз – шаршап жұмыс істеу, жақсылап
демалу, рахаттанып күлу.

* * *
Ата-тегімді біршама білемін, іштей сиынамын. Біледі
екенмін деп, әрине, көпіріп оны көрінген жерде айтпай-
мын. Құдай тексіздіктен сақтасын.

* * * Шынымды айтсам, мені өмірде кездескен неше түрлі жағдайлардан құтқарған, тығырықтан шығарған – күлкі. Күжілдеген, гүрілдеген дауыспен кімді жеңесің. Бұл сырымды саған айтып отырмын, бауырым. * * * Байлық пен бақыт сөздерінде, былай мағыналық ұқ­сас­ тық болғанымен, айырмашылығы жер мен көктей. Ақылпарасат салпақтап байлықтың артында жүрсе, не қарасы құрып кетсе байлық-баршылықтың баратын жері – апат! * * * – ? – Жоғың үйден табылса қандай жақсы. Біреудің жо­ ғын тауып беріп, қуантқан одан да жақсы ғой. Сондай ретпен газет-журналдарды тігіп жүретін «ауруым» бар еді, кейін қиындыға көштім. Өйткені тігінді жер-көкке сыймайды. Ана жылы бір арбадайын студенттер жатақ­ ханасына апардым. Саяжайымның төбесінде бір арбадайы, осы тұрып жатқан үйімнің төменгі қабатында бір арбадайы үюлі жатыр. Өрт шығып кете ме деген қауіп­ пен КСК қызметкерлері оқтын-оқтын «Аға-а-й» деп ыңыр­сып қояды. Бір-екі кітапханаға құлаққағыс қылып ем, олар әзір үнсіз.

ІІ тарау. Әдеп әлемі: Тағылымдық педагогика

– Кітап жөні баршылық. Кабинетім бар. Ықылық атып

тұр. Әр сөреде екі қатардан кітап, артық-ауысы балкон-
да, саяжайда. Тап осы сұрақ Көпен Әмірбектің аузынан
да шығып еді /«Із»/. Сол сауал-сұраққа қайтарған жауап-
тарымнан кішкене «ұрлайын».

«Кеңес қоғамы тұсында кітапты сәндік үшін жина­ған­
дар болды. Кітапқа ондай жалған әуестік біздің қалам­
дас­тардың арасында бар деп айта алмаймын. Көзінен
қалмаса, қай-қай қаламгердің де кітап оқымай отыруы

мүмкін емес. Соның бірі – өзім..»
Көне, сирек, аса құнды кітап менде жоққа тән. Сөз
орайында бір жағдайға қайырыла кетейін.
Бұдан сәл бұрынырақ ел жаққа барғанымда «Қайыр­

хан көне үйдің кесегін тарқатып жатып, араб қарпімен
жазылған 4 кітап тауып алыпты» деген хабар құлағыма
тиді.
Қайырхан да, оның жұбайы Күләйім де өзімнің мек-

тепте бірге оқыған жақсы жолдастарым.
Содан Қайырханды «Ақши» елді мекенінде кездес­
тіріп қалып, бұйымтайымды айттым. «Осылай да осы-
лай, сенде араб қарпімен жазылған төрт кітап бар көрі­

неді. Сен оларды маған көрсет, көзің қиса Алматыға
алып кетейін» дедім. Қайырхан: «Екеуі үйде, екеуі
біреудің қолында. Көп болды – қайтармай жүр, үйде­
гіні алсаң ал. Сұраған кейбір мәжігүндерге бермей

жүр-ем. Ұстатып жібере ме деп. Саған сенем ғой» деді
күліп.
Сөйтіп бұйымтайым орындалды. Мұқабасы терімен
мұқият қапталған екі кітап қолымда. Ол кезде мен Жазу-

шылар одағының жанынан ашылған аударма редакция-
сында қызмет істейтінмін. Ғаббас /Қабышев/, Мұрат /Әуе­
зов/, Ақселеу /Сейдімбеков/ т.б. қаламдастар сондамыз.
Арабша жазуды таниды деген бірнеше жолдасқа әлгі

кітапты көрсеттім. Мұрат басын шайқады. Ақселеу жыға
танымады. Қытай жағынан келген әріптестер де оқи ал-
мады. Біреуі «бұны бір оқыса сыртқы істер министір­лі­
гін­дегілер оқи алады» деп кеңес берді. Ондағылар «Сіз

Ғылым Академиясына барып көріңіз, онда араб жазуы­

Үмбетбай Уайдин
ның көнесін де, жаңасын да оқи алатындар бар» деп, ғы­
лым ордасына қарай иек қақты. Содан бір күні «қанша­
лықты құнды, құнды еместігін білмеймін, менде осындай

кітап бар. Маған ол кітаптың үйде жатқаны қызық емес,
халыққа қызметі қызық» деген мағынада мақала жазып,
«Алматы ақшамы» газетіне ұсындым. Мақала көп ұзамай
жарық көрді. Содан бірнеше күн өткен соң Ғылым Ака-

демиясынан бір қазақ: «Сізді Манаш Қозыбаев Акаде­
мияға келіп кетуіңізді сұрайды. «Алматы ақшамындағы»
мақалаңызды оқығанға ұқсайды» деп телефон шалды.
Уәделескен уақытта бардым. Бұл академик ағамыздың

қолын өмірімде бірінші рет алуым.

– Ем қабылдап жатқанмын. Сіздің «Алматы ақша­мын­

дағы» мақалаңызды оқығаннан кейін «ол неғылған көне
кітап екен» деп ұйықтай алмадым. Сұранып келдім, –
деп, мен алып барған кітапты бірінен кейін бірін ауда­
рып-төңкеріп қарады. Ұмытпасам Көмеков деген жігіт

қой деймін, соны қасына шақырып алып: «Мынау не
кітап?» – деді. Қызметкері оқыды. Менің түсінгенім:
кітап­тың иесі – татар. Біздің қолымыздағы кітаптың біре­
уі – тазалық, екіншісі – саяхат жайында көрінеді.

Академик маған қарап:
− Бұл кітаптар бізде қалсын, әрмен қарай көрейік.
Бізде жоғалмайды, – деді.
Арада біраз уақыт өткеннен кейін үйге Ырғыз ауданы

мұражайының директоры Бекарыстан Мырзабаев деген
жігіт келіп, біз әңгіме етіп отырған кітаптарға сұрау сал-
ды. «Мен оларды бірнеше дана етіп көбейтіп, түпнұс­
қасын Ырғыз мұражайына қойып, көшірмесінің бір дана-

сын сізге беріп, бір данасын Ақтөбе мұражайына тапсыр-
сам деймін» деді. Мен мән-жайды түсіндіріп, академияға
жөн сілтедім. Естуімше, Бекарыстан академия қызмет­
керлерінің тілін тауып, екі кітапты қолына тигізгенге

ұқсайды. Ол уақыттан бері Ырғыз жағына менің
әлденеше рет жолым түсті. Әлгі кітаптарды Ырғыз
мұражайынан көре алмадым. Ақтөбе мұражайында бо-
луы мүмкін.

ІІ тарау. Әдеп әлемі: Тағылымдық педагогика
* * *
− Активпісің? Үйге кірмей құмборанда, сыртта неғып
отырсың?

− Үйге кіруді білем ғой. Просто өзім құмборанды
сезінейін деп отырмын.
− Көзіңе құм толып кетсе қайтесің?
− Оны да сезінейін де, шел басқаннан жақсы ғой.

− Бар-жоғың анау-ақ, жел ұшырып әкетсе қайтесің?
− Онда тіптен жақсы.
− Кет, оның несі жақсы?
− Сезінуге.

− Болды ма?
− Болған жоқ. Содан кейін жел мені ұшырып әкетіп,
айда ма, айдың арғы жағында ма – бір жақта жүремін.
Жерде мені бала-шаға, ағайын-туыс шарқ ұрып іздейді.

«Бетін безеу басқан әнебір көпірменің қасында жүрген»
деп, мені іздегендер сенен күдік алады. Күндердің күніне
полиция қолыңды қайырып байлап, көрдей қараңғы
түрмеге атып ұрады.

− Содан кейін не болады?
− Содан кейін не болатыны белгілі емес пе: тергеуден
тергеу. Ұрып-соғу, құлақтан тарту, көз шығару. Жарық
дүниенің қадірін сен сонда ғана сезініп, өкіріп-бақырып

жылап, бостандыққа ұмтыласың.
− Содан кейін не болады?
− «Содан кейін не болады» деме, «содан кейін не бол-
ды?» де.

− Иә, ал содан кейін не болды?
− Содан кейін сен он жылға сотталып, не атылып
кетесің. Мен дәм жазып, аман-есен үйге қайтып келемін.
− Содан кейін не болды?

− Ештеме де болған жоқ: сен де аман, мен де аман.
Түсінгеніңе, сезінгеніңе рахмет. Бұдан былай құтырма,
дұрыс жүр!

Үмбетбай Уайдин
Тосын сұрақ
− Ата, терезенің алдына құстар нетіп кетіпті.
− Нетіп? Саңып? Құсып?

− Жоқ, тысып.
Памила
− Ағай, сісін атыныс кім?
− Тарибари.

− Тосебедым,как? Как?
− Тарибари.
− Отрқ айтаснс. Қазақсыныс па?
− Қазақсыныс па?

− Мен сорап тормын ғой. Сіс қазақсыныс па?
− Мен де айтып тормын ғой сіске, қазақсыныс па? Ой,
торн бар босын сының.
− Өсніс онып тұрсыныс па? Сісін бұнысыныс дорс

імес.
− Дорс айтаснс.
Келін күліп жіберіп, күлкісін сол жерде жылдам жи-
нап алды.

− Ағай, мна морныны бары сістінікі ма?
− Жартысы өзімдікі, жартысы Дарай деген дорақтікі.
− Тоснбедым?
− Оның не тоснбейтны бар. Дарай – аты, басты ауырт-

па – памиласы.
Байғазы мәселесі

– Кіржік, бері кел, – деп, Ноқай баласы Нокианы қа­

сы­на шақырып алды.

– Мыналар менің баяғұ-ұ-да алған орден-медаль­да­

рым.

– Сонда маған неғыл дейсіз?

– Байғазы?

– Байығасын.

ІІ тарау. Әдеп әлемі: Тағылымдық педагогика
Ал... Ендеше...

– Діңке кіртиген көзін баласы Дарауға қаратып, сөзін

сүйретіп сөйледі.

– Ұйқыдан көз ашпайтын болдың-ау, сен ит!

– Мен ит емеспін.

– Ит болмасаң бұ не жатыс? Тірлік қайда! Біз өліп

қалсақ қалай көмесің?

– Өлсеңдер қарыздансақ та, кредит алсақ та бірдеме

қыламыз ғой.

– Ал... ендеше...

Қысқа соғыс

– Ағай, осы ең қысқа соғыс қашан, қай жерде болды?

– Кеше біздің үйде болды.

Нашар тормоз

– Құда, неғып үндемей отырсыз?

– Бір сөйлесем тоқтай алмаймын.Тормозым нашар.

Сосын...

– Сосын деп қалдыңыз ғой?

– Сосын сізден де нашар сөйлеймін.

Ктшиблин
Есік қоңыраулағандай болып, теледидардан мульт­
фильм көріп отырған Патшағар орнынан тұра жүгірді.

– Дотам (Кто там?)

«Дотамға» арғы жақтың жауабы естілер-естілместен
Патшағар аузын сөйлетіп кері қарай жүгірді.

– Мыаммм дағбы шбірыннар гді (Мама, тағы да

шұбырындылар келді).
«Шбірнар» ішке кірді. Батиха оларға қарай жүрді.

– Иба-а-й, Ынсаппысың? Ойыбай, Нәбиламысың?

И-й, қашан келдіңдер? Ауыл аман ба?
Құшаққа-құшақ кіріп, ауызға-ауыз батып шықты.

Үмбетбай Уайдин
Сүйіс.Бұл құшақ, бұл сүйістерді «әлде өтірік, әлде шын»
дегендей Патшағар мойынын қисайтып, сырттарынан
қар-а-п тұр. Ауыл-елдің амандық-саулығын сұрап тауы-

сып, Батиха ас үй жаққа кетті. Екі шбрінні Патшағарды
әңгімеге тартты.

– Ей кішкентай, атың кім?

– Ктшиблин.

Шбріннар бір-біріне қарап күлді.

– Ол не дегені?

Ас үй жақта жүрген Батиханың дауысы мына жаққа
келді.

– Дұрыс сөйле,әй. Айт, атым Патшағар деп...

Мындағы сыр-сұхбат әрмен қарай жылжыды.

– Е-е, атың, Патшағар болды ғой. Патшағар, папаңды

жақсы көресің бе?

– Гөлем.

– Мамаңды ше, мамаңды да жақсы көресің бе?

– Гөлем.

– Әже бар ма, әже?

– Зо-о-ғ...

– Папаң саған қызық әңгіме айтып бере ме? Ертегі

айта ма?

– Зо-о-ғ. Мымағғайта-ы.

– Не деп, қалай деп?

– Есіңе түсірші?

– Ктшиблин.

Батиханың өзі ана жақта, дауысы мына жақта.

– Ай, дұрыс сөйле дедім ғой мен саған. Таяқ жейсің.

Құрсын, сөйлетсең ол соға береді. Бұл үйге кім келіп, кім
кетпейді. Солар не айтса, артынша айнытпай қайта­
лайды.

– Онда үлкен болғанда пародис болар, ана кім ағасы

құсап.

– Бала ғой, неғыласың, айта берсін. Патшағар, иа, со-

сын?

– Ктшиблин Аббасы. Зным гілділбе білдінбе? (Кетші-

ей, блин.. Албасты. Жынымды келтірме, білдің бе). Аада
пабым мыамды уорды.

ІІ тарау. Әдеп әлемі: Тағылымдық педагогика

– Ойбай, папасының мамасын ұрғаны несі. Неге

ұрды?

– Бібім. Мыам пабма смолк діп злады.Пабым злама

кзуаққы діді. (Мамам папама сүмелек деп жылады. Па-
пам жылама көзің аққыр деді). Мнадайна гүк тігінін,
гітбылай. (Маңдайыңа көк тігілсін, кет былай!)

– Сен өзің әңгімешіл, жақсы бала екенсің. Иә, сосын?

– Шаой!

Шбірннар бір-біріне қарап күлді.

– Бұл не дегені?

– Шай қой дегені шығар. Солай ма Патшағар?

– Сдініш, млабоор. Көтніс. Қыссасыс. Ғыртбай. Ғырт­

басаа ғырба. Ктәрі. Ктәрідиім, знымды кітіме. Зымауыз.
Забаузн. (Шай қой, ай. Сідігімді іш. Жынымды келтірме,
жалмауыз. Жап аузыңды!)

– Болдың ба?

– Трайзамус. Шірт айраші лмтік. Томқырсн снің.

Баронғатыңа. Урбах. Тлебизл голп отырм, гтблай.
(Тұр,әй, жалмауыз. Шірік, қайыршы, өлімтік. Тұқымың
құрсын сенің. Бар, ана қатыныңа...)
Еденді дүрсілдетіп ас үй жақтан Зағипа жүгіріп келді.

– Мен саған не дедім, әй, көк мылжың? Бар, ана

мультфиліміңді көр.
Шбірндар шай-су ішіп болып, сыртқа шықты. Іштен
Зылиханың шаңқылдаған, баланың бақырып жылаған да-
уысы естілді.

– Сонда ктшиблиніміз не болды? Көтніс ғартпа?

– Е-е, құдай, Ктшиблиніміздің аудармасы – кетші, ей,

блин екен ғой.
Күлкі екі шбірнді аялдамаға шейін шығарып салды...
Өзіңмен өзің...

– Көке, сіз тамақ талғайсыз ба?

– Жоқ, сыйғанын сыйғандай аузыма кезекпен, кезек­

сіз лақтыра беремін, лақтыра беремін.

– Сонда да тағамның қандай түрін аса жақсы көресіз?

– Түріне қарамаймын. Өзімнің түрім оңып тұр ма.

Үмбетбай Уайдин
Жалпы, мен өзім ұрлап ішкен тамақтың түрін көбірек
жақсы көремін. Оның басты себебі, ұрлық, біріншіден,
бала кезден ілесіп келе жатқан жан жолдасым. Сосын,

ұрлап ішкен тамақтың бір жақсысы, мұрыныңмен алы-
сып, өзіңмен өзің дегендей...
Демалыс

– Көке, жаның неден рахат табады? Қалай демала-

сыз?

– Мен үшін ең жақсы демалыс не айтсаң да нана

беретін, не болса соған күле беретін тілі шыққан,
шықпаған балалармен қыдыру. Бір кездегі жалаңаяқ,
жалаңбұт ауыл баласымын. Қыдыруға бірге шығатын
жаңағы балалардың арқасында мен бүгінде қандай

дәрежеге жеттім. Соғыс ардагерімін. Совет Одағының
батырымын. Бокстан олимпиада чемпионымын. Генерал
және профессормын. Балалардың қазіргі әжелерін жас
кезде бір топ жетпегірлермен төбелесіп, жеңіп алдым.

Мен осылай сырымды, шынымды айтқанда әлгі бірге
қыдыратын «қатар-құрбыларымның» бірде-біреуі «өйдөйт
деген-ай», «ой, қасқа, жыртыл, ешір» деген жоқ, қайта
ауыздарын аңқайтып ашып, қайран қалды. Осындай та-

маша демалыс тұрғанда маған курорттың не керегі бар.
Және өзінің путевкасы да удай қымбат.
Әлжуаз

– Көке, сіз балаларыңызға қай кезде, қандай жағдайда

ағыл-тегіл ақыл айтасыз?

– Тамаша сұрақ. Үйге өле мас боп келгенде... Яғни,

түн ортасында бәрін тұрғызып қойып: «қашан адам
боласыңдар?» – деймін

– Нет, серьозно?

– Өз әкең қай кезде, қандай жағдайда ағыл-тегіл ақыл

айтады?

– Ой, біздің папа жағдай талғамайды, чуть чего, миды

шірітеді.

ІІ тарау. Әдеп әлемі: Тағылымдық педагогика

– Ақылы ағыл-тегіл болды ғой. Сондай ағыл-тегіл

ақылым болмаса мен балаларыма немді айтам.

– Сонда дым да демейсіз бе?

– Ой, сен өзің қыр соңымнан қалмай қойдың ғой.

Жаңа айттым емес пе, түн ортасында, жынданғанда-а
деп... Кенжеміз әлі үйленген жоқ. Өзі өте әлжуаз. Қай­
дам, ақылымды алса: «Балам, боксер қызға жолама» деп,
күнде құлағына құямын.

Жоғалған мұрын

– Әу, дәу пері, мұрының қайда кеткен?

– Жоқ.

– Жоқ екенін көріп тұрмыз ғой. Жоқ деп енді отыра

береміз бе, іздеу салмаймыз ба?

– Қажеті жоқ. Кеше үйге мамамның ана жынды бауы-

ры келген, әкең...

– Содан?

– Мұрынды сол алып кетті, ш...шең!

– Айта бер. Әрмен қарай жүре бер. Сонда араларыңда

қандай жағдай болды?

– Ой: «біздің жаман жиен», «біздің жаман жиен» деп

жыныма тие берді.

– Әрмен қарай?

– Содан мен шыдай алмай «ой, ш..шең!» дей беріп-ем...

– Айта бер.

– Содан «сенің мына кавказ мұрының нағашыларыңа

тартпаған, біздің жақта мұндай мұрын бұрын-соңды
болмаған. Мен мұны ықшамдап әкелем» деп алып кет-
кен, содан жоқ...

– «Жаман айтпай жақсы жоқ», мұрының жөндеу

жұмысы кезінде қайтыс болып кетсе қалай болады?

– Сотқа берем, ш...шең!

Тұтықпа ауруы
Сәбеш сабақ дайындап отырған баласының дәптеріне
көзін тоқтатып, кірпігін қағып-қағып жіберді. Артынан
ауызы тез-тез ашылып-жабылды.

Үмбетбай Уайдин

– Сен өзің қалай-қалай жазасың-ей? Адам түсінбейді.

Сосын мына жерге қос нүкте, мына жерге сызықша
қойылмай ма?

– Қай жерге қандай тыныс белгісін қояды – ол

әркімнің өз құқы, көке.
Қаны басына шапшып, әкесі тұншығып қалды.
Ана жерде, мына жерде...

– Жүн-жұрқа сенің бетің құрсын.

– Жүре бер!

– Үйге кезектесіп қонбайтын

Сендердегі екі ұл құрсын!

– Жүре бер!

– Сенің жауырыны жалаңаш қызың

Қарасын қашан құртады екен шетелге осы!

– Жүре бер!

– Мұрныңнан боран соғып кетті – жетер құрсын

– Түрегел!

– Ойнап айтам...

– Түрегел!

Содан...
Қырғын төбелес болды түнімен.
Соғыстың аты соғыс емес пе –
Көп ештеме қалмады

Мынаның бұрынғы бет,
бұрынғы түрінен.
Мұрынын толайым қопарып тастады
Анау түбімен!...

Әдебиеттер 1. Назарбаев Н.Ә. Қазақстанның болашағы – қоғам­

ның идеялық бірлігінде. – Алматы, 1993 (Бес дағдырыс). 2. Қазақстан Республикасының конституциясы. – Ал-

маты, 1995. 3. Қазақстан Республикасының азаматтық кодексі. –

Алматы, 1999. 4. Бұқаралық ақпарат құралдары туралы Қазақстан

Республикасының Заңы. – Алматы, 1999. 5. Азаматтардың өтініштерін қарау туралы Қазақстан

Республикасының Заңы. – Алматы, 1995. 6. Қазақстан Республикасының «Мәдениет туралы»

Заңы. – Алматы, 1996. 7. Қазақстан Республикасында Ұлтаралық қатынас­

тарды жазып көрсетудегі этика кодексі. – Алматы, 1999. 8. Қазақстан Республикасының «Дипломатиялық қыз­

мет туралы» Заңы. – Алматы, 1997. 9. «Тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану»

туралы Қазақстан Республикасының Заңы // «Егемен
Қазақстан», 4 тамыз, 1992/.

10. Қызмет этикасы ережелері. – Алматы, 1998. 11. Судья этикасының кодексі. – «Заң газеті»,

29.01.1997. 12. Кропаткин П.А. Этика. – М., 1991. 13. Этическая мысль. -М., 1991. 14. Этика и идеология. – М., 1983. 15. Кодекс профессиональной этики Советской жур-

налистики. – М.,«Журналист». N1, 1989. 16. Дэвид Рэндалл. Новая этика. («Универсальный

жур­налист». – Алматы, 1996).

Үмбетбай Уайдин 17. Әл-Фараби. Әлеуметтік-этикалық трактаттар. –

Алматы, 1975. 18. Авраамов Д. Профессиональная этика журналиста.

– М., МГУ.1991.

19. Теплюк В.М. Журналист ведет беседу. – М., МГУ.

«Журналист». Серия-ІХ. 1958. 20. Теплюк В.М. Служебная этика. («Социальная от-

ветственность журналиста». І, 1984). 21. Карнеги Дейл. Как завоевать друзей и оказать вли-

яние на людей. – Алматы, 1992. 22. Этикет. (Энциклопедия. -М., 1999). 23. Синица И.Е. Педагогтік әдеп және ұстаздық ше­

берлік. – Алматы, 1997. 24. Кольцов М.Из мира этики. (Восторг и яркость. –

М., 1990).

25. Вольченко Л.Б. Гуманность, деликатность, вежли-

вость и этикет. – М., 1992. 26. Оразбекова К. Иман және инабат. – Алматы, 1993. 27. Базарбаев Ж., Нұсқабаев Ж., Дәулетбаева К.,

Әбділдәұлы Ұ., Инабат. – Алматы: Рауан, 1995. 28. Кондубаева М.Р. Культура русской речи. – Алма-

ты, 1993. 29. Формановская Ф., Краснова Т.А. Речевой этикет. –

М., 1992.

30. Әдептен озбайық. Ұжымдық жинақ. – Алматы,

1984. 31. Шрейдер Ю.А. Лекции по этике. – М., 1994. 32. Жарықбаев К., Табылдиев Ә. Әдеп және жантану.

– Алматы, 1994.

33. Судья өміріндегі әдеп және психология. – Алматы,

1986. 34. Табылдиев Ә. Халық тағлымы. – Алматы, 1992. 35. Әлімбаев М., Халық – ғажайып тәлімгер. – Алма-

ты, 1994. 36. Кенжеахметов С. Қазақтың салт-дәстүрлері мен

әдет-ғүрыптары. – Алматы, 1994. 37. Сейдімбек А., Қазақ әлемі. – Алматы, 1997. 38. Егеубаев А. Кісілік кітабы. – Алматы, 1998.

ІІ тарау. Әдеп әлемі: Тағылымдық педагогика 39. Солтиева Ж. Сыпайылық сыры. – Алматы, 1997. 40. Сухомлинский А.А. Ата-ана педагогикасы. – Ал-

маты, 1983. 41. Ақ бата. – Алматы, 1992. 42. Ғабит Мүсіреп. Журналистік этика жайлы //«Еге-

мен Қазақстан», 31 қазан, 1997. 43. Заликина Л.С. Сырқаттың жалпы күтімі. – Алма-

ты, 1992. 44. Уәлиев Н. Сөз мәдениеті. – Алматы, 1971. 45. «Нұр», «Сұлтан» және «Бибігүл» // «Егемен Қазақ­

стан», 04.03.1998. 46. Әдеп пен адамгершілік // «Қазақ әдебиеті», N4447. 1997. 47. Мекежанқызы Ж. Ел тарихына құрмет. // «Егемен

Қазақстан», 27.03.1998. 48. Сөз бостандығын теріс пайдалануға қарсы іс қоз­

ғалды. //«Егемен Қазақстан», 05.05.1998. 49. Рақымшылдық жасау туралы Заң қабылданды //

«Егемен Қазақстан»,15.12.2000/. 50. Қазақстанда жұмыс істейтін шетелдік инвестор­

лар­дың этика кодексі туралы Декларация // «Егемен
Қазақстан», 09.12.2000/.

51. Жүсіп Н. Бір орыс келіншек базарда бесік іздеп

жүр // «Жас Алаш»,21.11.2000. 52. Асылбеков К. Әдет пе, әлде мода ма? // «Қазақ

үні», №354. 11.11.2000/. 53. Мұқай Өмірзақ. Мен бейпіл сөздің академигімін //

«Жас Алаш», 12.10.2000/. 54. Өсерұлы Н. Жеті жарғы. – Алматы, 1995. 55. Өсерұлы Н. Қазақтың үкім-кесімдері. – Алматы,

1994. 56. Балақаев М. Қазақ тілінің мәдениеті. – Алматы,

1971. 57. Сейсенова А. Қазақ тіліндегі этикеттер // «Ақи­

қат», N9, 1994. 58. Мұхаммед пайғамбардың хадистері. – Алматы,

1994. 59. Даналардан шыққан сөз. – Алматы, 1987.

Қосымша әдебиеттер 1. Қалижанов У. Жаңа дәстүр, жаңа салт (Дәстүрдің озығы бар»). Алматы, 1981. 2. Әлімбаев М. Редакторлар да әрқилы. // «Мәдениет» газеті. N20-21, 1993, қараша. 3. Наурызбаев Е. Сотта азаматтарды қалай қабылдау керек? // «Заң газеті», 19.05.1999/. 4. Жәменке Жанкүміс. Сөйлесе білу де өнер. // «Жетісу», 7-казан, 2000. 5. Тегінбайқызы Нұржамал. Телефонмен сөйлесу мәдениетіміз қалай? // «Алматы Ақшамы», 24.08.2000. 6. Сабыржан Шүкірұлы. Әдеп басы – тіл. // «Ана тілі», 2000. 7. Шүкірұлы С. Дұрыс сөйлеу сөздігі. // «Ана тілі», 02.03.2000/. 8. Кәпқызы Е. Қазақстаннның болашағы кімдердің қолында? // «Түркістан», N9, наурыз,2000/. 9. Мұртаза Шерхан. Бюрократияның айнасы. // «Егемен Қазақстан»,28.01.2000. 10. Лифтіге мінудің де өзіндік этикеті бар // «Жас Алаш», 20.01.2000/. 11. Мұхтаров Қ. «Ұлы» сөзінен де мән кетті // «Атамекен», 18.01.2000/. 12. Әшімханұлы Д. Қасиеті – қарапайымдылығында, таланты –табиғилығында // «Түркістан», N45/280, қараша, 1999.

МАЗМҰНЫ Кіріспе ......................................................................................6 І тарау. Әдеп әлемі. Талдамалы журналистика 1-тақырып. Сәлем-сауқат әдебі және

журналистика ................................................ 10
2-тақырып. Терминология мәселесі және

журналистика ................................................ 27
3-тақырып. Журналистің қызмет этикасы мен

моральдық принциптер ............................. 43
4-тақырып. Баспасөз бостандығы. Заң, заңдылық,

заңсыздықтар ................................................. 50
5-тақырып. Автор. Редакция почтасы.

Хатқа жауап ..................................................... 58 6-тақырып. Сөз әдебі және норма ................................. 65 7-тақырып. Сыр-сұхбат және кәсіби әдеп ............... 96

Дауыс әдебі .................................................... 107 8-тақырып. Адам. Қоғам және

бейәдеп мәселелер ................................... 123

Автор. Редактор. Оқырман ...................... 127

Қолжазба және оның тағдыры ........... 147

Көк сия, қызыл сия, қара сия................ 157 ІІ тарау. Әдеп әлемі. Тағылымдық педагогика Қосымша сабақ ............................................................... 166 Айтпайын десем, сөзім бар... .................................... 211 КӨРМЕЙІН ДЕСЕМ, КӨЗІМ БАР... ....................................... 246 Кімде сұрақ бар? ............................................................... 265 Әдебиеттер .......................................................................... 283 Қосымша әдебиеттер ................................................... 286

Үмбетбай Уайдин
Әдеп әлемі
және
журналистика

(Талдамалы журналистика,
тағылымдық педагогика)
Баспа директоры – Жарылқасын Нұсқабайұлы
Редакторы Жадыра Мәуежанова

Техникалық редакторы Клара Тұрымбетова
Қалыптаған Қыпшақ Мұхамедин
Суретші Ерлан Қожабаев

ИБ №210

Басуға 20.07.2015 ж. қол қойылды. Пішімі 84×108 1/32.
Офсеттік қағаз. Қаріп түрі “Tіmes New Roman”.
Шартты баспа табағы 15.0. Таралымы 2000 дана.
Тапсырыс №

Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі.
ЖШС «Білім» баспасы. 050009, Алматы қаласы,
Абай даңғылы, 143-үй. Тел.394 -41-63.
Тапсырыс берушінің файлдарынан Қазақстан Республикасы

«Полиграфкомбинат» ЖШС-де басылды.
050002, Алматы қаласы, М.Мақатаев көшесі, 41.

Пікірлер (0)

Әзірге пікір жоқ.
An error has occurred. This application may no longer respond until reloaded. Reload 🗙