Мазмұнға өту
Home

Сейтен тағлымы

Серік Жетпісқалиев

Оқылуы: 0%

Жазылымсыз режим: 20-беттен кейін жазылым беті ашылады, әрі қарай әр 10 бет сайын (ең көбі 5 рет).

20 px
1.85
0.30 px
0.95 em

Сейтен тағлымы

Авторы: Серік Жетпісқалиев

Серік Сапарұлы Жетпісқалиев Сейтен тағлымы Кҿкшетау, 2003 ББК 74.00 Каз Ж64 Жетпісқалиев С.С “Сейтен тағлымы” ұстаз-ғалым, жазушы Сейтен Сауытбековтің ӛмірі мен шығармашылығын зерттеуге арналған еңбек. -Кӛкшетау: 2003 -60 бет Серік Сапарұлының ―Сейтен тағлымы‖ атты зерттеу еңбегі елімізге белгілі педагог-ұстаз, балалар жазушысы ретінде танымал Сейтен Лиманұлы Сауытбековтың сан қырлы творчестволық болмысын, шығармашылық үлкен ҿрісін бағамдайды.

Редколлегия: Р.Р. Бирюшевбас редактор, пед.ғыл.канд. М.У. Бейсембаев-а-ш.ғыл.канд. В.Н.Калкамбаев-экон.ғыл.канд. В.П. Карпова-пед.ғыл.канд. М.Г. Субханкулов-псих.ғыл.канд. С.В. Фатеев-псих.ғыл.докт. П 0605010405-2003 ISBN 9965-9068-6-6 Кӛкшетау университеті, 2003 Алғысӛз орнына (Серік Сапарұлы Жетпісқалиевтің “Сейтен тағлымы” атты зерттеу еңбегі туралы) Қазақ мҽдениетінің тарихында алаш қайраткерлерінің ғылымға, білімге, ҿнерге қосқан зор үлестері ҿлшеусіз. Олардың алаш жұртына сіңірген зор еңбегін жасымыз да, кҽрімізде ҽрдайым ілтипатты мақтанышпен ұлықтап жатамыз.

Арғыдағы алаш қайраткерлерін айтпаған күннің ҿзінде берідегі кеңес дҽуіріндегі кезеңнің ҿзінде алаш деген жұртының қамы үшін жарғақ құлағы жастыққа тимей қазақ ғылымын, ҿнерін, мҽдениетін дамытуға, оның керегесімен уығын бүтіндесуге ҿздерінің бойларындағы зор дарын қуатын, күш жігерін аямаған Мұхтар Ҽуезов, Қаныш Сҽтбаев, Ҽлкей Марғұлан, Ақжан Машани секілді марғасқаларымыздың есімдерінің ҿзі неге тұрады?! Қолымызға алып отырған бұл зерттеу кітабынан біз осы ғұламалардың игілікті ісін ҽрі қарай дҽстүрлі түрде жалғастырған қазақ руханиятына ҿзіндік үлесін қосқан тағы бір тұлғаның есімін кездестіріп отырмыз.

Ол - белгілі журналист, ақын, ҽдебиетші Серік Сапарұлының ―Сейтен тағлымы‖ атты зерттеу кітабының кейіпкері болған, алдынан елімізге танымал азаматтар Герольд Бельгер, Еслам Зікібаев, Есенғали Лимановтар тҽрбиеленіп білім алған, Қазақ ССР-іне еңбегі сіңген мұғалім, ақын, жазушы, араб жҽне шығыс тілдерін зерттеуші ғалым, ҽрі физик, математик, суретші жҽне қоғам қайраткері, соғыс ардагері Сейтен Лиманұлы Сауытбеков.

Елімізге белгілі педагог-ұстаз, балалар жазушысы ретінде танымал Сейтен Лиманұлы Сауытбековтың сан қырлы творчестволық болмысын, шығармашылық үлкен ҿрісін біз осы Серік Сапарұлының ―Сейтен тағлымы‖ зерттеу еңбегінен бағамдап отырмыз. Кітапта Сейтен Сауытбековтің қазақ этнопедагогикасына қосқан үлесі, ҿмірі мен шығармашылық жолы, ағартушылық-қайраткерлік қызметі шебер талданып, асқан біліктілікпен зерделеніпті. Кітаптың осы құрылымында сан қырлы таланттың ҿнегелі жолы, ҿрісті шығармашылығын зерттеушіге тҽн ҿремен кең қамтыған арнайы диссертациялық еңбектің негізі жатыр деп батыл айта аламыз.

Қазақ баспасҿзінің тарихы, тҿңкеріске дейінгі қазақ кітаптарының жалпы саны, шыққан жылы, шыққан қаласы, басылған баспаханасы жайындағы деректерді саралап, ғылыми жүйеге түсірген қазақтың үлкен ғалымдары профессор Б.Кенжебаев, Ү.Сұбханбердина секілді зерттеушілердің толымды еңбектерін білуші едік. Ал Серік Сапарұлының зерттеу еңбегінен қазақ мҽдениетіне қосқан үлесі аталмыш ғалымдардың үлесінен бірде кем емес, ұлттық кітапханамыздың сирек кездесетін шығысқа қатысты жалпы саны 2206 кітапты жүйелеп, оларға түсіндірме, аннотация беріп, карточкалар толтыруы зерттеуші айтса айтқандай үлкен ерлік деп білеміз.

―Сейтеннің сары кітабы‖ деген тарауда зерттеуші осы кітаптың ғылыми құндылығына, қазақ мҽдениетінің тарихын зерттеуде қосатын үлесіне, игілікті ҽсер-ықпалына жан-жақты тоқталыпты. Сонымен бірге осынау толайым еңбектің 1981 жылы 200 данамен ротапринттік тҽсілмен ғана басылып шығып, ғылым іздеген жалпы қауымға ҽлі толық тарай қоймағанына үлкен қынжылыс білдіруін біз де толық қоштаймыз. Мұндай үлкен еңбек ғылым сүйер жұртшылыққа міндетті түрде танылуы қажет деп ойлаймыз.

Сейтен Сауытбековтың шығармашылығы туралы жазылған бұл кітаптың ғылыми жүйеленуі де ҿте орынды. Зерттеуші мақсатқа сай творчестволық тұлғаның сан-қырлы шығармашылық ҿрісін ҿз кітабында ―Сейтеннің сары кітабы‖, ―Бейнетаспадан түзелген ҽңгіме‖, ―Тағлым тегі‖ туралы‖, ―Ҿртенген ҿлең‖, ―С.Сауытбеков ертегілері‖, ―Ҿс, бҿбек!‖, ―Үлес‖, ―Ақкҿңіл‖ кітаптары туралы‖, ―Үлкенге-ізет, кішіге-құрмет‖, ―С.Сауытбеков туралы естелік мақалалар, арнау ҿлеңдерден үзінділер‖ деп тарауларға бҿліп зерттеуі үлкен біліктілік, теориялық мол мүмкіндікті байқатады. Жазушы ҿмірінен сан-қилы үзіктер ―Бейнетаспадан түзелген ҽңгіме‖ тарауында ҽсерлі де тартымды баяндалған.

Бір ҿзі 14 тіл білетін, ұлттық кітапхананның сирек кездесетін кітаптары мен қолжазбалар бҿліміне ауадай қажет болған бесаспап маман, энциклопедиялық ҿредегі білімі бар ұлағатты қарияның жастық шағынан егде тартқан шағына дейінгі шытырманға толы ҿнегелі ғұмыры тізбектеліп кҿз алдымыздан ҿткендей болады.

Зерттеушінің тартымды тілі, ойлы да жүйелі зерделеуі еңбекті қызғылықты да тартымды ете түскен. ―Бейнетаспадан түзелген ҽңгіме‖ мен ―С.Сауытбеков туралы естелік, мақалалар‖ деген тарауда жазушы ҿмірінің қыр-сыры журналистік ҽсерлі талдау мен публицистикалық үлкен ой-ҿріспен баяндалған. Ал қалған тараулар кҽнігі зерттеушілік ҽдіс-тҽсілдер, ғылыми білім мен біліктілік арқылы зерделеніп, талданған.

Ҽсіресе ҿз басыма ұнағаны ―Сейтеннің сары кітабы‖ мен ―Тағлым тегі‖ еңбектерін ойлы тұрғыда саралап, оқырман кҿпшілікке таныстыруы. Қарт ұстаздың, тағлымды тҽлімгердің ғылыми-педагогикалық қайраткерлігінің түйіні боп есептелетін, қазақ этнопедагогикасына қосқан қомақты үлесі ―Тағлым тегі‖ атты тартымды еңбегінің жалпақ жұртшылыққа кең таралмай жатуы ҿкінішті ҽрине.

Серік Сапарұлы Жетпісқалиевтің ―Сейтен тағлымы‖ деген еңбегі аяулы ұстаздың кейінгіге қалдырып кеткен шығармашылық мұрасын шыпшырғасын шығармай жүйелеп, оқырман қауымға танытуға мұрындық болуы жазушы мұрасын оқып-үйренудегі ізгі мұрат, игілікті қадам деп білемін. Сәбит ЖӘМБЕК, филология ғылымдарының кандидаты

  1. “Сейтеннің сары кітабы”

Алла сыйлаған асыл ғұмырды жұмыр жердің бетінде адаспай, сүрініп мұқалмай, тағлымды, татымды етіп ҿткізу кез келген пенденің бағына жазбаған. Ал, Сейтен Лиманұлы Сауытбековтің (1908-1997) жас ұрпақ тҽрбиесіне сіңірген еңбегі, қалдырған кҿркем шығармалары, тіпті тоқсаны таяғанға дейін қолынан қаламы түспеген зеректігі мен қайсарлығы кімді болса да тҽнті еткендей.

Ҽсіресе, оның ―Республикалық дҽрежедегі дербес зейнеткер‖ атағымен еңбек демалысына шыққаннан кейін де он екі жыл Алматыдағы ұлттық кітапхананың сирек кездесетін кітаптар мен қолжазбалар бҿлімінде ғылыми жұмыспен айналысып, 2206 кітаптың ұзын-ырғасын ұғындырар түсінік жасап тҽржімалауы, бірнеше поэзиялық, прозалық, оқулық кітаптарын жазып, бастырып шығаруы таңдай қақтырар ерлік деп түсіндік.

Бойындағы сол кейінгіге ҿнеге қалдырсам, ұрпақ тҽрбиесіне ҿзіндік үлесімді қоссам деген асыл арман оны бір сҽт те тыншытпаған болса керек. Ҽйтпесе, зейнеткерлікке шыққан кезінде де оның бір кісіге жетерлік атақ, марапаты, жарияланған туындылары бар еді. Мысалға, ―Сейтен Лиманұлы Сауытбековтің марапаттары‖ деген тізім 24 пункттен тұрады. Соның бірқатарын келтіре кетелік: ―Қазақ ССР Жоғарғы Советі Президиумының Грамотасы‖ 1950 ж; ―Құрмет белгісі‖ ордені, 1953; ―Қазақ ССР халық ағарту ісінің үздігі‖ белгісі, 1954 ж; Қазақ ССР Жоғарғы Советі Президиумының құрмет грамотасы, 1967ж; ―Еңбек сіңірген мектеп мұғалімі‖ құрметті атағы, 1967 ж; Қазақ ССР Мҽдениет министрлігінің құрмет грамотасы, 1974 ж; жҽне ұлы Отан соғысы ардагеріне, еңбек ардагеріне берілетін мерекелік медальдар...

Бұған еліміз бойынша жүлделі орындар алған кҿптеген ғылыми баяндамалар мен республикалық белді газет-журналдарға басылған мақалалар, жеке ҿлеңдер жинақтары мен ертегілері топталған кітаптарды қосыңыз. ―Республикалық педагогикалық оқуларында‖ 1961-1966 жылдар арасында ―Физика сабақтарына кҿрнекі құралдарды жасау‖,―Физика сабақтарын оқушылардың еңбегімен байланыстыру‖, ―Математиканың басқа пҽндермен байланысы‖, ―Мектеп, жанұя жҽне қоғам тҽжірбиелерінен‖ атты баяндамалары Қаз ССР Оқу министрлігі Педагогика ғылымдарының ғылыми-зерттеу институтының ұсынуы бойынша грамоталармен марапатталғанын, педагогиканың ҽдістемелік саласына да ҿзіндік үлесін қосқанын ескеріңіз. Қазақ ССР-іне еңбек сіңірген мұғалім, ақын, жазушы, араб жҽне шығыс тілдерін зерттеуші ғалым, ҽрі физик, математик, суретші жҽне қоғам қайраткері, соғыс ардагері. Алдынан Герольд Бельгер, Есенғали Лиманов. Қосыл Омаров, Болат Жалмаханов, Кҿкен Шҽкеев сияқты елімізге танымал азаматтар оқып,тҽлім алып, тҽрбиеленген. Сонда бір азамат атқарар жүк құралмас па еді.

Бірақ, мұғалімдікті бозбала шағында ―Қызыл отауда‖ ―Саужай‖ ұраны астында қызмет істеп бастап, ҿмірлік мамандығы, парызына айналдырған оның денсаулығы жетіп тұрған соң от басында іссіз отыруды кҿңілі қаламаса керек. Жҽне астанадағы еліміздегі ең ірі, орталық ҽмбебап кітапханада шығыс елдерінің не бір құнды шығармалары ешкімге сырын ашпай, шаң басып жатса?!

...Міне, қолымызда бүгінгі кітапханашылар ―Сейтенің сары кітабы‖ атап кеткен қалыңдығы тҿрт елі, зілдей, үлке-е-н сары кітап. Автордың ҿз қолымен жазған, дҽлірек айтсақ кітапхананың тілдей ―карточкаларына‖ толтырған жазбаларын сол күйі кҿшіру-ротапринт ҽдісімен жасақталған. Ҽр бетте карточкалар үш-үштен орналастырылған. Оларда кітаптың қай тілде екені, арабша кітап аты, шыққан жылы, қаласы, баспасы, неше бет екендігі, содан соң осы мҽтін бүгінгі кирил ҽрпімен берілген. Астына жақшаның ішінде ол кітаптың не туралы екендігі жҿнінде мҽлімет ұсынылған. Осылайша шаң басып, жылдар бойы жұмбақ боп жатқан кітаптар құпиясын ашқандай болған. Енді зерттеуші ғалым, аспиранттар, диплом жұмыстарын жазушы студенттер іздеген кітаптарын тауып, қадеге жаратуға мүмкіндік алды.

―Сейтеннің сары кітабы‖ ―СССР халықтарының тіліндегі кітаптар‖, ―Шет ел тілдеріндегі кітаптар‖ деген екі үлкен тарауға бҿлінген. ―СССР халықтарының тіліндегі кітаптар‖ тарауына ―Қазақ тіліндегі кітаптар‖, ―Татар тіліндегі кітаптар‖, ―Ҿзбек тіліндегі кітаптар‖, ―Шағатай тіліндегі кітаптар‖, ―Қырым татары тіліндегі кітаптар‖, ―Азербайжан тіліндегі кітаптар‖, ―Қырғыз тіліндегі кітаптар‖, ―Башқұрт тіліндегі кітаптар‖, ―Урду тіліндегі кітаптар‖,―Тҽжік тіліндегі кітаптар‖, ―ұйғыр тіліндегі кітаптар‖ деген тақырыптар енген. Ал ―Шетелдер тіліндегі кітаптар‖ атты тарау ―Араб тіліндегі кітаптар‖, ―Түрік тіліндегі кітаптар‖, ―Парсы тіліндегі кітаптар‖ деген тақырыптарға бҿлінген.

―Сары кітаптың‖ С.Сауытбеков жазған бір-екі ауыз түсіндірмесінен ақ талай сырға қанығуға болады. Ал кітапта (дұрысы –кҿрсеткіштер) елең еткізер қызық тақырыптар, ерекше мҽлімет-деректер кҿп-ақ. Дегенмен, осы арадан кітаптың ҿз мҽліметіне нақтырақ тоқтала кетейік.

Кітап мұқабасында бірде-бір белгі, не сҿз жоқ, түбі де солай. Кітаптың кітапханашылар арасында ―Сейтеннің сары кітабы‖ атануы да осы атыжҿнсіздігінен болса керек. Сырты сол сары қалпында. Бірінші бетін ашсаңыз ғана:―Қазақ ССР-нің А.С.Пушкин атындағы мемлекеттік кітапханасы. Сирек кездесетін кітаптар мен қолжазбалар бҿліміндегі шығыстық кітаптар. Алматы, 1981‖ деген жазуға жолығасыз. Одан арғы бетте: ―Құрастырушы Сауытбеков С.Л. Редактор филология ғылымдарының кандидаты Күмісбаев Ҿ.К.‖ делінген. Одан жалғас беттен ―Құрастырушыдан‖ деген екі беттік кітапқа түсінік ұсынылған. Жоғарғы сҿйлемде келтірілген ―Құрастырушы Сауытбеков С.Л.‖дегенді ескерсек, ―Құрастырушыданды‖ жазған да С.Сауытбеков қой. Сондықтан, осы ―Құрастырушыданды‖ оқып кҿрейік:

―Бұл кҿрсеткіш кітапханамыздың сирек кездесетін кітаптар мен қолжазбалар бҿлімінде сақталған шығыс халықтарының тіліндегі басылған кітаптарға жасалды. Бұған СССР халықтарынан, революцияға дейін шыққан қазақ кітаптары мен ҿзбек, татар, шағатай, азербайжан, қырғыз т.с. ұлттар тіліндегі кітаптар мен шет ел тіліндегі (араб,түрік, парсы) кітаптары кірді. Мұнымен бірге авторлардың жҽне шығарма аттары мен мазмұндамаларда аталған есімдердің кҿрсеткіші де жасалды. Кҿрсеткіш тиісті халықтар тіліне жіктеліп, кітаптар алфавит тҽртібі бойынша орналастырылды. Жеке кітаптар бойынша жасалған карточкелерден:кітаптың аты, авторы, қай қаладағы баспадан шыққандығы түп нұсқасы-оригинал бойынша жазылды. Ол текстер қазақ жазуына аударылып, жақшаға алынып, қысқаша мазмұндама (аннотация) берілді. Бұл кҿрсеткіштен жоғары оқу орындарының ғалымдары мен оқытушылары, ақын-жазушылардың, студенттердің қажетті материалдармен пайдалануына зор мүмкіндік бар. Атап айтқанда тарих,философия, география, табиғат ғылымдары, педагогика, психология, математика, араб грамматикасы, фольклор, этимология т.с.с кітаптарды ұшыратуға болады. Сонымен бірге морфология, синтаксиске байланысты оқулықтар да баршылық. Ондай оқулықтар түрік, татар, ҿзбек оқушылары үшін де шығарылған. Бұдан: Ҽбілхасан Рудаки, Омар Хайям, Жҽлел-ҽд-дин Руми, Муслихҽд—дин Сағди, Шамс-ҽд-дин Хафиз, Ҽбдрахман Жами, Фирдоуси, Низами т.б. шығыстың ұлы ақын жазушыларының шығармаларын оқуға болады. Кітапханамыздағы шығыс кітаптары қорында мынадай ҿзгешеліктер бар: мҽселен, философиялық, діни заңдар мен шариғаттар жинағы, араб дінбасыларының ҿмірбаяны, ҽр кездегі діни соғыстар тарихы, шығыс халқының кҿпшілігінің тіліне аударылған. Сондай-ақ, ―Құран‖ тарауларының (сүрелерінің) түсіндірмелерін түрік, татар, ҿзбек, тілдерінде кездестіруге болады. Кҿркем ҽдебиет шығармаларынан халыққа мҽшһүрлері де кҿптеген ұлт тілінде шығарылған. Мҽселен, ―Мың бір түн‖, ―Шаһнамэ‖, ―Тотынамэ‖ ж.б.. Ислам дінін халыққа таратудың күшті құралы кҿркем ҽдебиет болғаны тарихтан белгілі. Діни догмалар, ҽр уақыттағы соғыстар,алуан түрлі жағдайлар дінге сҽйкестендіріліп ҿлең-жырлармен баяндалған. Тіпті кейбір діни заңдар, мұсылмандық міндеттерді поэзия жанрында оқуға болады. Мысалы: Ғабдул-Қадыр Биделдің сегіз томдығы тек ислам дінін дҽріптеуге арналған. Шығыс сюжетін ҿлеңге аударудан қазақ ақындарының да қалыспағаны байқалады. Мҽселен ―Сал-сал‖, ―Зарқұм‖, ―Сейітбатал‖, ―Жүсіп-Зылиха‖, ―Атымтай-жомарт пен Қасымжомарт‖ т.с. дастандар, революциядан бұрын қазақ тіліне аударылған‖. Міне, С.Сауытбековтің аталмыш кітапқа ―Құрастырушыдан‖ деп жазған қысқа да нұсқа, ұстамды, ғылыми дҽлел, тұжырымдарға құрылған алғы сҿзін біз оқырман назарына түгелдей ұсындық. Осы бір-екі ауыз алғы

сҿзден-ақ оның ҽдебиеттің арғы-бергі тарихына жеттік екенін аңғару қиын емес. Кітап тараулары мен тақырыптырына жоғарыда тоқталдық, 2206 кітапқа мҽлімет берілгенін айттық, сол ―карточкалар‖ тізбегі тҽмҽмдалғаннан кейін 697 беттен ―Авторлардың жҽне мазмұндамаларда аталған есімдердің кҿрсеткіші‖ берілген. Бұл кҿрсеткіштің ерекшелігі тақырыптардың тағы да арабша-қазақша екі тілде берілуі. Автор кҿзмайын тауысып араб тілінде жазып-сызушы оқырман қамын да ойлаған ғой. Осы екі тілді кітап мазмұны 697-нші беттен басталып 746 бетпен аяқталады. Ал 747-748 беттерден ―Авторлардың жҽне мазмұндамаларда аталған есімдердің кҿрсеткішіне қосымшаны‖ оқи аласыз. Онда 34 аты-жҿн екі тілде қайыра жазылып, нақтыланған.―Сары кітап‖ автордың осындай мұқияттылығымен аяқталып, соңғы бетке (749-бет) тҿмендегідей орысша мҽлімет беріледі: ―Аннотированный указатель восточных книг фонда редких книг и рукописей государственной республиканской библиотеки им. А.С.Пушкина (на казахском, татарском, узбекском, чагатайском, кримо-татарском, азербайджанском, киргизским, башкирском, урду, таджикском, уйгурском, арабском, турецком, персидском языках). Ротапринт Г.Б. им. А.С.Пушкина. Пописано к печати 17/VII-81г. УГ.- Тираж 200. Заказ № 188. Осы тұтса ойға екі мҽселе оралады. Жақша ішіндегі тіл саны 14. Бір қатары туыстас түркі тілдері, бір-біріне ұқсас, зерек кісіге түсіну қиын емес, дейікші. Ал араб, урду, тҽжік тілдерін С.Сауытбеков қалай тҽржімалаған. Бұған сұраққа жауапты кітапханашылар, ғалым-ұстаздың балаларынан сұрастыра жүріп таптық. Араб, түрік, парсы тілдерін ол бала кезінде сабақ алып игерген, туыстас тілдерді талай жылғы ұстаздық тҽжірибесі бар ұстаздың ҿзі-ақ жүйелеп, зерделеп, біліп алары сҿзсіз. Ҿзге тілдерді ол сҿздіктер, оқулықтарды оқып, ҿз бетімен үйренген. Зейнеткер-ғалымның мұндай жетістігі ҽркімге-ақ үлгі. Сондай-ақ бұл жҽйт-тынымсыз ізденіс, ҿз білігіне қанағаттанбайтын сыншылдық мінезін аңғартса керек. Жасынан мұғалім болып, оқушыларына ҽйтеуір бір жаңалық, жаңа ұғым ұсынсам-ау деген ұмтылыс, жауапкершілік жасы ұлғайған шағында да жетелей берген ғой. Ол зейнеткерлікке шықса да ҿмірінің мазмұнына айналған ұстаздық мамандығының жауапкершілігі мойынынан түспегені ғой. ―Жастарға білім беру жұмысына Сейтен 15 жасынан кіріскен. Ол алғашқы кезде сол уақытта бірқатар хат танитын ҽкесінен оқып, білім алды. Сҿйтті де жиырмасыншы жылдардың бел ортасында республикадағы сауатсыздық пен шала сауаттықты жою жорығына қатысты. Ол кездерде мұғалім болу қиынның қиыны еді. Ҿйткені, ҽлі қабырғасы қатпаған жас республикада сауатсыздықты жоюмен қатар, ауылды коллективтендіру, сҿйтіп, колхоз, совхоз ұйымдастыру ісі осы мұғалімдер сияқты ішінара сауатты адамдар үлесіне тиді‖-деп жазған екен академик-жазушы Сҽбит Мұқанов Сейтен Сауытбеков туралы ―Сейтен сазы‖ атты 1968 жылы мұғалімдердің Бірінші Одақтық съезі қарсаңында жазған мақаласында. С.Сауытбековтің ҿз естеліктері, С.Мұқанов, М.Ҽлімбаев, Г.Бельгер, т.б.

естеліктері, мақалалары туралы біз ―Сейтен сазы‖ атты тарауда кеңінен сҿз етеміз. Ҽзірге айтпағымыз Сҽбең айтқан ―жиырмасыншы жылдардың бел ортасында‖ ―шала сауаттылықты жою‖ жорығына қатысқан С.Сауытбековтің 80-інші жылдарға, тіпті 90-ншы жылдарға дейін, немесе ҿмірінің соңғы айларына дейін сол жорығын жалғастырғандығы. Халқының сауатын ашу, ғылым-білімге баулу С.Сауытбековтің ҿмірлік мақсаты болғанын тағы бір атай кетелік. Енді ―Сейтеннің сары кітабымен‖ аздап болса да танысып ҿтейік. Ҿйткені, бұл кітап сол 1981 жылы 200 данамен шыққан күйі ғана тұр ғой. Кҿпке таралған жоқ, кітап етіп басылған да жоқ. Бірен-саран ізденуші-зерттеушілердің қарағаны болмаса осынау дайын дүние тағы да тым-тырыс жатыр . Ҽйтпесе, бұл кітап арқылы біздің еліміз ғана емес, ҿзге елдің ғылым іздеген жұрты да біраз дүние табар еді-ау. Аталмыш кҿрсеткіштен үзінділерді молынан келтіріп, тҽптештей түсуіміздің де сыры сол -ҽлдебір зерттеуші сарылып, таппай жүргенін табар, ҽлдебір баспагер қажетті істі қолға алар, дегендік. Сонымен, үңілейік. Тағы бір ескерте кететін жҽйт-ҽр беттегі арабша маржандай тізілген үтір-нүктесі, харҽкҽті анық жазулар. Сұрастырғанымызда кітапханашылар да, ғалымның балалары да бұл жазулардың С.Сауытбековтің ҿз қолтаңбасы екенін растады. Оның үстіне жасында арабша сауат ашқандықтан ба, не нҽрсені де ҽуелі ―тҿтелетіп‖, араб ҽрпімен тездетіп жазып шығып, сосын барып кирилициға түсіретін ғадеті болыпты. Оны жеке архивінде қалған ҿлең, дастан, ҽңгімелері қолжазбаларынан да кҿруге болады. Бірінші ―карточка‖ мҽліметінен-ақ басталықшы. Ҽуелі арабша мҽтін. Оқи түссек араб ҽрпімен қазаша жазылғандығы байқалады. Астына кирил ҽрпімен: ―1. Адамның чумасы турасында. Орысшадан аударушы: С.Бисалиев, Оренбург. Каримов, Хұсаинов баспасының баспаханасы. 1911. /Чума ауруы, одан сақтану туралы/‖ Екінші ―карточка‖ арабшадан кейін ―Альфа-лаваль виуала‖. Тройцкий. ―Энергия баспасы, 1914. /қолмен май айыратын машинаны пайдалану туралы/‖. Жетінші мҽтін: ―Байболдин Ғали. Хикаят имам Зҽфҽр, Қазан. Университет баспаханасы. 1903 /Зҽфҽр дейтін жетім баланың оқып жетіліп ҿскен соң патшаның қызына үйленіп, ҽрі имам, ҽрі патша болғаны туралы дастан/. Он үшінші мҽтін: ―Біздің үйлеріміздің хақында. Оренбург, Г.Каримов баспаханасы, 1906./Үйлеріміздің саулық сақтауға сай болуы туралы/. Он тҿртінші мҽтін: ―Сырғалин К.Ғ. Қазақ балаларына жҽрдем (ҽліппе). Қазан, ағ. Каримовтер баспаханасы. 1913. /Қазақ балаларына арналған ҽліппе/. Жиырма үшінші мҽтін: ―Дүние ісі ахиретке кетпес‖ (орысшадан ауд) Редактор: Ҿтетілеуов Б. Қазан. ағ.Каримовтер баспаханасы. 1912 /Байлыққа қызығып жесір ҽйелді ҿлтіруші мен қызға қызығып ҽйелін ҿлтірген доктор туралы екі поэма/.

Отыз екінші мҽтін: ―Шади тҿре бин Жиһангер тҿре‖. Назм сияр шариф. Ташкент. Г.Х. Арифжанов литографикасы, жылы белгісіз. /Мұхаммедтің ҿмір тарихын толық баяндайтын ҿлең-жырлар/. Отыз сегізінші мҽтін: ―Шешек еккендегі бірнеше ақылдар. Оренбург. ―Дін уа мағашат‖ баспаханасы.1914ж. /Шешек егу жҿніндегі дҽрігерлік кеңес/. Отыз тоғызыншы мҽтін: Корольков Д. Шегірткеге қарсылық қылып жауламақ турасында. Верный. Жетісу обл. Правления баспасы. 1901. /Шегірткеге қарсы күрес туралы/. Міне, ―Сары кітаптың‖ алғашқы беттерін парақтағанда-ақ осындай қызықты мҽліметтерге жолығасыз. Мұның бҽрі араб ҽрпімен жазылған күйі беріліп, кирилше ұсынылған. Кітап бетін аударған сайын жаңа мҽліметтерге жолығып, қызыға түсесін. ―Сейтен Сауытбеков аударып, ұқыптап тізбелеп, қысқаша мазмұнын жазбаса осындай құнды дүниелер белгісіз болып жата береді екен-ау деп‖ ойлайсың. Жалпы араб тіліндегі мҽтіні берілген кітаптар ішінде шариғат туралы, діни бағыттағы еңбектер, шығармалар, дінді уағыздаған дастандар кҿптеп жолығады. Оларды бір бҿлек, ұзақ ҽңгімелеуге болар-ды. Енді, ынтыға түскен оқушы үшін тағы біраз кітаптар анықтамасын ұсына кетелік. Қырық екінші мҽтін: ―Кҿбеев Мҽшһүр Жүсіп. Сары арқаның кімдікі екендігі. Қазан шҽрҽф баспаханасы 1907./ Сары арқаны иемденген елдер тарихы жҽне Қазақ елінің халқы туралы он ҿлең/. Елу екінші мҽтін: ―Қышыманың турасында. (орысшадан аударылған). Оренбург. Мұхаммед Фатих Каримовтың баспаханасы. 1906 ж. (Қышыма қотыр ауруы жҽне онымен күрес туралы/. Алпыс бесінші мҽтін: ―Қарашев Ҿ. (ішкі ордалық). Ҿрнек. Уфа.―Шарқ‖ баспаханасы. 1911 /этикалық мақалалар жинағы/. Алпыс жетінші мҽтін: ―Мұстафа ұялы М.Үшбу китап хазрат/ Зұлқарнайынның Дҽхмҽ шаһанға жасаған жорығы туралы/. Кітаптар ішінде оқулықтар, жырмен жазылған үлгі-насихат, ғашықтық жырлар, дастандар, рубайлар, медицина, тарих тақырыбына жазылған дүниелер кҿптеп ұшырасады. Жоғарыда атап ҿткеніміздей мұсылман мҽдениетінің тарихы, исламның кіші тарихы, дін парыз, сүнҽттері, пайғамбарлар туралы шежірелер, суфизимді жетілдіру жолы жҽне Мұхаммедтік образ туралы, құран тараулары, дін ғалымдарының еңбектеріне сүйенген теория, Құдай бұйрығының дҽлелдері, мұсылмандардың дін заңдарының жинағы, араб тілінің грамматикасы, синтаксис, араб тілін үйрену оқулығы, жоғарғы діни теория-логикалық пікірлер кҿп. Мұхаммед хадистерінің талдауы жҽне Мұхаммед туралы, араб тілінің морфологиялық түсіндірмесі, түрлі дұғалардың араб тіліндегі түсіндірмесі, шариғат жинағы сияқты жүздеген кітапқа С.Сауытбеков түсінік жазған. Мұны тізбелеп отырғанымыз, оның осы білігі кейін Құран каримді аударушылардың қатесін сынап ―Құран сҿзіҚұдай сҿзі‖ деген кҿлемді мақаласын жазуға итермелесе керек. ―Кҿзге шұқып

тұрғандай қателіктерді айтпауды ҿзіме кешпес күнҽ деп сезіндім. Мен жаңа идеологияның бір саласы-Дін деп білемін. Адал-арамды, сауап пен обалды, жақсылық пен жамандықты ҽділеттілік пен ҽділетсіздікті, басқа да қайшылықтарды халқымыз айыра білсе заманға қояр кінҽ болмас еді. Дін осы айтқандардың оңын қолдайды.‖,-деп жазады С.Сауытбеков аталмыш мақаласында. Мақала: ―Құрметті Ратбек қажы һҽм Қадырғалиұлы Уаһаб мырза, сіздерге ақ жүрігеммен ризашылығымды білдіремін‖ деп басталады. ―Қиын жҽне жауапты жұмысқа ықыласты болғандарыңызды мен де батырлық деп бағаладым‖ деп үлкен істі қолға алғандықтары үшін ризашылығын білдіреді де, 13 пункт етіп ҿзі қате деп тапқан тұстарды нақты дҽлелдерге сүйене отырып баяндайды. Біз мҽселені саралап, ежіктемей-ақ дін ғалымдарының еншісіне қалдырайық. ―Сейтеннің сары кітабы‖ аталған еңбектегі ұсынылған кітаптар тақырыптарының сан алуан екендігін оқырман аңғарған шығар. Сҿзіміз дҽлелді болуы үшін тағы бір шола түсейік. Үш жүз жиырма тоғызыншы мҽтін: ―Атласов һади. Сібір тарихы. 1бҿлім. Қазан. ―Ухид‖ баспаханасы . Сібір хандары туралы қазақтар мен Ермак тақырыпты мағлұматтар)‖, Үш жүз отыз бірінші мҽтін: ―Атласов Һади. Қазан хандығы. 1т. Қазан. Маариф баспаханасы. Жылы жоқ. (Қазан хандары туралы деректер)‖. Тҿрт жүз тоқсан бесінші мҽтін: ―Бабур-намэ. Қашан, қайда басылғаны белгісіз. (Бабур ҿміріне байланысты уақиғалар, тарихи, мҽліметтер) Бес жүз жетпіс тоғызыншы мҽтін: ―Мҽнҽла Ғаббас Франсҽуи. Фрэнкистан мҽкгублҽри. Бҽхуҽ сарай. Тҽржима баспаханасы. 1981. (Франция сапарнҽмҽ)‖. Қысқасы, ҽттең шіркін, осы кҿрсеткішкітап кҿпке жария болып таралса, талай оқырман керегін табар еді-ақ. Зейнеткерлік жасқа жетіп, Сейтен Сауытбековтің осынша қызмет атқаруы, қажет болған соң жаңа тілдерді оқып үйренуі оның ұстаздық үлкен жүрегінің жҽдігері іспетті. -Біз ҽлі күн осы кітап бойынша жұмыс жасап келеміз,-дейді ұлттық кітапхананың сирек кездесетін кітаптар мен қолжазбалар бҿлімінің бас сақтаушысы Набат Асқарбекова:-он беске тарта тіл білетін бесаспап маман бұл күнде жоқ. Университеттерден келетін мамандар кҿп болса бір-екі немесе бір-ақ шетел тілін біледі. Ал ҽрбір тіл маманын жеке-жеке қызметке алуға мүмкіндік, штат жоқ. Сейтен атай сирек кездесетін аса білікті адам еді. Бүгінде ондай адамды іздеп таба алмайсыз. Қазір Қытайдан келген Мақсұт Шҽфҽғов деген ағамыз ғана кҿмектесіп жүр...

  1. Бейнетаспадан түзелген әңгіме

Сабырлы, байыпты ақсақал қазақтың мақамды, шешен тілімен ҿмір жолын, ҿткенді еске ала, баппен баяндап отыр. ...-Кішкентай күнімізден ҽкемнен арабша сауат аштық қой. Ҽкем-ұстаз, ағам Нұрғали екеуіміз шҽкіртпіз. Мен аса зерек болдым, жақсы оқыдым. Нұрғали малсақ. Ҽлсін-ҽлі мал жайлауға шығып кетеді. Маңыраған мал дауысын

естісе болды, шыдай алмайды. Ол келгенше мен біраз сабақ алып, ілгерілеп кетемін. -Сен малға бармайсың, сабақ аласың,-деп маған ұрысатын, марқұм.

Содан бір күні ҽкем, ―енді сені Сейдахмет ғазіретке, соқыр Қалиға оқытамын‖ деп алып шықты. Менің оған барғым жоқ. Ескіше білімді ҽкемнен алдым, енді мектепке барып, жаңаша оқығым келеді. ―Ҽке,-деймін сосын:-молдада кҿп болса 10 бала оқиды. Ал мектепте мыңдаған бала. Сонда 10 бала жеңе ме, ҽлде 1000 бала жеңе ме?‖ -Е-е, сені Құдай ұрып келе жатыр екен ғой. Ойың Совет мектебінде оқу екен ғой!-дейді ол. Сонда да ҿзі бір тоқтамға келген болса керек, атының басын бұрған еді жарықтық. Мектеп басқарушысына ҿзі барып жолықты.

-Ҿзі сауатты. 5 жыл түрікше, парсыша, арабша оқыды. Сізге қиындық келтіре қоймас,-деп табыстады. Ҿзінің орысша оқып, кҽпір болып кете ме, деген ойда болғаны кҽміл. Сонда да менің кҿңілімді жықпағаны, заман ағымына қарай жығылғаны ғой. Содан бір жыл үстемелете оқып, бастауыш мектепті бітірдім.

Ҽкемнің одан ҽрі орысша мектепке беруге құлқы жоқ, үйде жүргенмін. Елде жұртты Қызыл Отауда оқытуға мұғалім жетіспейді, мені шақырды. Содан 1 жаз Шыбықкҿл деген ауылда мұғалім болдым. Оқитындар-сауат ашқысы келген келіншектер, бойжеткен қыздар. Мектепте жүргенде мұғалімнің балаларға сабақ үйрету, оқыту тҽсілдерін зердеме құйып алғам. Жұмысым жемісті болды. Менен оқып шыққандар кҽдімгідей сауаттанып, ҽлеуметтік жұмыстарға араласып, хатшылық жұмыстарға жарап қалды. Одан нағашым ауылына алып кетіп, тағы 7-8 баланы оқытып, табыс таптым.

Айтпақшы, алғашқы табысымды 11 жасымда тапқам. Екі жігітті ақтар ҿлтіріп кетіп, солардың басына үлкендер 40 күн аят оқытып, ―еңбегің‖ деп бір қашар берген еді.

1928 жылы Майбалыққа мұғалімдікке шақырды. Бір класты беріп қойды. Сыншы кҿп. Бұрын молла болғандар бір иықтап, менің орныма қызметке кіріп алғылары келеді. Бірақ аудандық оқу бҿлімі:-Жоқ, мына Сейтен жас, осыны тҽрбиелейміз!-деп болмайды. Сҿйтіп жүргенде педтехникумнан 2 мұғалім жігіт келсін. Шіркін, 2 профессор келгендей болды. Олар сабағыма қатысады, кемшіліктерімді айтады. Сҿйтіп, тез жетілдім. Одан ҽрі 1 жыл дайындық курсынан ҿтіп, 1931 жылы Алматыға келіп, Қаз ПИ-дің филфагіне келіп түстім. Оқуға Хамит Бегенов деген жігіт екеуіміз келдік. Ол менен едҽуір үлкен, кҿп жыл мұғалім болып істеп қалған азамат еді. Екеуіміз де жазушы, ақын болғымыз келеді. Содан ақылдасуға жерлесіміз деп, Ғабит Мүсіреповке барайық. Шаруамызды, мақсатымызды айтып едік, ол кісі күлді:-Филфакта сендер бір-екі жыл ертегі, жұмбақ, жаңылтпаштар оқып текке уақыт ҿткізесіңдер... Хамит, ақындық қуатың бар болса сенен ендігі бірдеңе шықпас па еді? Сендер ересексіңдер. Сендерге керегі жақсы білім беретін физмат еді. Бірақ, оған тым кеш. Үлгере алмай жүрулерің мүмкін. Сондықтан сендердің тарих-экономика факультетінде оқығандарың дұрыс.

Ғабит айтты бітті. Соған бекіндік. Сҿйтіп жүргенімізде ҽлгі айтқан тарих-экономикалық факультетінен мұғалімдер келді. ―Бізде адам жетіспейді, 5-6 ғана студент қалды, бізге ауысыңдар‖ дейді. ―Ғабиттің айтқаны келді‖ деп біз қуана-қуана ауысып кеттік. Сол факультетте оқып жүргенімізде біздің бағымызға Мҽскеуден қудаланып Тарле деген профессор келді. Шамасы компартияға қарсы бір ағымға мүше болғаны үшін қудаланса керек. Оның лекциясына біреулер қатысып отырады, бақылауда ұстайды. Ой, азаматың ғұлама, білімдар адам екен-ақ! Қағазға қарамай сҿйлейді. Айтқан сҿзі сондай ҽсерлі, ҽдемі, жадыңа кітаптай жазыла береді. Сондай ғаламатқа тап болдым.

Бір күні физматтан біреу келсін: ―Студенттердің бҽрі тарих факультетіне ауысып кетті. Бізде 5-6 адам қалды. Қане, ҿз ықыластарыңмен ауысыңдар, ҽйтпесе, құжаттарыңды суырып аламын да, ҿзім ауыстырамын!‖ дейді. Мен бірден қол кҿтердім. Физиканы да, математиканы да ҽуелден жақсы кҿретінмін. Тек арада біраз уақыт ҿтіп кетті, қиын болады-ау, деп, ол күдігімді де айттым. Олар маған: ―Ниетің болса болды, үлгеріп кетесің. Жоғары курс студенттерін жаныңа қосып, кҿмектесеміз. Мұғалімдер қосымша сабақтар ҿткізеді‖ деп уҽде берді. Не керек, уҽделерінде тұрды, мен сабақты жақсы үлгеріп, оқып кеттім.

Бірақ, ҿмір соқпағы, тағдыр 2 жыл оқығаннан кейін оқуымды үзуге мҽжбүр етті. Елде масқара аштық басталды. Ҽкемнен ―біздің жағдайымыз тҿмен‖ деген хат келді. Бір ағайымыз болатын, ―Үлкен аға‖ деуші едік, сол кісі аштан ҿліпті. ―Біздің кҿріміз осы шым үй болады. 7 жанбыз. Біз ҿлгенде ешкімнің қол ұшын беретін жағдайы жоқ. Шамаң келсе бір ҿндіріске бар, табыс тап, күніңді кҿр‖ деген келесі хат келді. Тҿбеме кҿк құлағандай. ―Кҿмектесуім керек‖ деп түйдім, де ректорға жүгірдім: ―Рұқсат етіңіз мен елге кетемін. Ҽкемнен хат келді. Мен бармасам олар аштан ҿліп, қырылып қалады‖. -Ой, бала, сабыр,-деп жібергісі келмейді оның. -Жоқ, қала алмаймын. -Степендияңды ҿсірейік. -Степендия маған ғана жетеді, отбасыма жетпейді. -Ҿзің ашығып қалсаң қайтесің? -Жоқ, мен ашықпаймын.

Осылай ұзақ тҽжікелесіп, ақыры кететін болдым. Ол кісі де менің тастүйін бекініп, енді алған бетімнен қайтпайтынымды ұқса керек.

Тҿсек-орыным, оны мұны азық-түлігімді дүкенге ҿткізіп, азын-шоғын ақша қылып тартып кеттім. Бұл 1932 жылдың басы болса керек. Қорғаннан ҽрі Макушина деген стансадан түсіп қалып, жаяу жүріп, ҽуелі аудандық атқару комитетіне жұмыс сұрап келдім. Ол кез оқытушылардың аз кезі ғой, Майбалыққа оқу ісінің меңгерушісі етіп жіберді. Оқытушыларға 8 килҽдан ―пайок‖ беретін, соны тағайындайтын болды. Сосын барып ҿз ауылым Балуанға келдім. Расында да хал ҿте нашар екен. Үлкен ағамнан 5 бала қалған, 4 бала ҿз үйімізде, қартайған ҽжем ол бір бала, 10 бала десейші.

Мен келген соң апам дастархан жайып үстіне бірдеңені шашып кеп жіберген. Аузыма алып, байқасам-қуырылған құйқа, тері. -Жағдай осы-деп күрсінді ҽкем. (Қайырымды, еңбекқор Сейтен ұстаздың отбасында оған қараған туматуысы, кейін талай шҽкірттері де тҽрбиеленген. Балалары аналары Зүбираның: ―Мен келін боп түскенде мына кҿп кісі тойға келгендер екен, сосын тарайды ғой деп ойлағам. Сҿйтсем, осы үйде тұратындар екен‖ деген ҽңгімесін ұмытпапты-автор.) Ауыр уақыт жылжып ҿте берді, бір байқағаным-қай жерде кҿрсең белсенділердің бетінен қан тамып тұрады, ҿліп жатқандар қарапайым колхозшылар.

Содан бірде белсенділер жиылып басқарманың үйін тінтуге кірістік. Жұрт аш, ашынған. Іздесек ол біраз астығын қармен жауып тастаған екен. Біраз ет те табылды. Соның бҽрін кҿшеге алып шығып, жұртқа таратып бердік. Шынында еңбек, табыс солардікі еді. Ҽлгіні кҿріп колхозшылар жағаларын ұстады. Бұлардың еңбегін жымқырып ұрланғаны, жасырып жеп отырғаны ғой. Кҿбі: ―Бұл жерден кетеміз, мына іргедегі орыстар тұратын Семиполкоға кҿшеміз, соларға қосыламыз, орыс ҽділ‖ десіп, кҿшуге қамдана бастады. Біз Балуаннан 30 шақырым Майбалыққа кҿштік. ***

Міне, қадірлі оқырман, Сейтен Сауытбеков айтқан осындай бір ҽңгімені бейне таспадан тыңдадық. Алғашқы тарауда біз оның кеңес заманында ұзақ жыл ұлағатты ұстаз, мектеп басшысы болып қызмет істеп, зейнеткерлікке шыққаннан кейінгі атқарған істерінің бірі туралы ҽңгімелеген едік, бұл тарауда ҿз ауызынан ҿмірінің қиыншылыққа толы алғашқы кезеңін естідік. ―Тоқтық не дегізбейді, аштық не жегізбейді‖ деген,елге індеттей тиген ауыр заманда да оның табысын ақ адал еңбегімен тауып, отбасын аштықтан аман алып қалғанының куҽсі болдық. Енді, оның сол кездегі елге сіңірген еңбегі, атқарған қызметінің мҽн-жайы, қадір-қасиетін аша түсу мақсатында сол дҽуірдің бел ортасында жүрген Сҽбит Мұқановтың ―Сейтен сазы‖ атты мақаласынан толығырақ үзінді келтіре кетейік. ―...Мұндай игілікті іс бүкіл Қазақстандағы сияқты республиканың солтүстік аудандарында да қызу қолға алынды. Осы кезде Солтүстік Қазақстанның қазіргі Сергеев ауданында жасы 15-16-лар шамасындағы бір бала жігіт жүрді. Ол осы жастығына қарамастан, сол кездегі дҽуірмен салыстырғанда едҽуір кҿзі ашылған, кҿкірегі ояу, хат таныған жас. Сол кездегі уыз жас қазір кемеліне келген қарт мұғалім атанып отыр. Ол Солтүстік Қазақстан мектептерінде табан аудармай қырық жылдан астам ұстаздық еткен Сейтен Саыутбеков еді. ...Осындай ұлы істің тҿңірегінде кішкентай болса да ҿзінің үлесін қосқан, сол жолға бар жиған-терген білімін, жүрегінің жалынын, бойындағы күш-қуатын маңдай терімен қосып сарп еткен шын мҽніндегі халық мұғалімі Сейтен Сауытбеков сияқты ұстаздардың ұстазын, оның еңбек жолын мына үлкен жиынның алдында құрметпен атап ҿтуді жҿн кҿрдік‖. Ҽлемге аты

мҽшһүр Сҽбең-Сҽбит Мұқанов Сейтен Сауытбеков туралы осылайша тебірене толғаныпты. Сейтен Сауытбеков шығармашылығын зерттеу мақсатымен 2003 жылдың мамыр айында Алматыда болдық. Сол сапарымызда Сҽбеңнің зайыбы Мҽриям апаймен хабарластық. Науқастанып, тҿсек тартып жатса да Мҽриям апай Мұқанова қария да ―Сейтен Сауытбеков‖ дегенде елең етіп, жылы лебізін білдірді: -Сейтен мінезі жайлы, қалтарыс-бұлтарысы жоқ ақ кҿңіл, пейілі кең, кісіге жақын кішіпейіл, жақсы адам еді. Баймағамбет Ізтҿлин оның қайынағасы. Сейтеннің бҽйбішесі де жақсы адам-ды, араласып тұрдық. Ол туралы кітап жазамын деген талабыңа нұр жаусын!-деп ақ батасын жаудырды. Сейтен Сауытбеков туралы белгілі адамдар жазған мақалалар, естеліктер жеткілікті. Оларға сҽл кейінірек тоқталайық.

  1. “Тағлым тегі” туралы

Сейтен Лиманұлы Сауытбековтің ―Еңбек гимні‖ ―Жазушы‖ баспасы, Алматы, 1973; ―Ҿс, бҿбек!‖ ―Жазушы‖ баспасы, Алматы, 1974; ―Аютас‖ ―Жазушы‖ баспасы, Алматы, 1975ж., ―Үлес‖, ―Жазушы‖ баспасы, Алматы 1978ж; ―Ақкҿңіл‖ ―‖Жалын‖ баспасы, Алматы 1981ж; ―Ҿртенген ҿлең‖, ―Жалын‖ баспасы, 1984ж; ―Ақазу‖, ―Жалын‖ баспасы, Алматы 1989; ―Ақазу арлан‖ Алматы, ―Жалын‖ баспасы, 1989ж; ―Тағлым тегі‖ Қаз МСҚА,Алматы, 1995ж. кітаптары жарық кҿрген. Сондай-ақ ол ―Таң сҽулесі‖ ―Жазушы‖ баспасы, Алматы 1981ж, ―Халықтар достығы‖ ―Жазушы‖ баспасы, Алматы 1985ж. атты кітаптардың құрастырушысы.

Біз оның кітаптары туралы ҽңгімені кҿпшілік, ұстаздар кҿңілінен шыққан ―Тағлым тегі‖ деп аталатын ең соңғы еңбегінен бастамақпыз. Ҿйткені, бұл кітап ҿмірдің небір қиынқыстау кезеңдерін басынан ҿткеріп, қырық жылдам астам ұстаздық етіп, одан кейін ұлттық кітапхананың сирек кездесетін кітаптар мен қолжазбалар бҿлімінде ұзақ жылдар зерттеумен айналысқан қария қаламгердің қартайған шағында ұсынған тағлымды дүниесі, қазақ этнопедагогикасына қосқан қомақты үлесі.

―Тағлым тегі‖ ―Адамның дүниеге келгендегі тұңғыш тойлары‖ деген тақырыппен ашылады. Демек, адамның дүниеге келгендегі сҽтінен бастап ―Тағлым тегінің‖ тҽлімі, тҽрбиесі басталады. Осыдан бастап тану, білу, зерделеу бірте-бірте дами береді. Кіші түгілі үлкеннің де талай білмейтіні алдан шығады. ұмыт болған ұлттық дҽстүрлер, ырым-ғадеттер жатық баяндалады. ―Адамның дүниеге келгендегі тұңғыш тойлары‖ деген тақырып 1. Жарысқазан. 2. Шілдехана. 3. Ат қою. 4. Бесікке салар. 5. Баланы қырқынан шығару. 6. Иткҿйлек деп аталған тақырыпшаларға бҿлініп, тҽптештелген. ―Иткҿйлекті‖ оқып кҿрелікші: ―Ҿңін айналдырып тіккен,

жағасыз, шолақ жең кҿйлекті ―иткҿйлек‖ дейді. Бала қырқынан шыққан күні иткҿйлекке ҽртүрлі тағам түйіп, иттің мойынына байлап жібереді. Балалар кҿйлекті ит мойынынан алып, дҽмді таласып жейді. Иткҿйлекті бедеу ҽйел қалап алатын болған. Қалауды берсе де, бір жеңін алып қалатын болған. Ҿйтпесе, ―Бала тумау дерті ҿзіне аууы мүмкін‖,- деп ырымдайтын. Қалау алған ҽйелге батагҿй бҽйбіше: ―Итше күшікте!‖-деп тілек айтатын.

Алыс сапарға жүретін болғанда, ҽйелдері ер киімінің ішіне баласының иткҿйлегін тігіп аттандырады екен. ―Ішіне иткҿйлек тігілген қазақ жауынгерлері Отан соғысынан үйіне аман оралыпты-мыс‖. Сҿйтіп, иткҿйлекті қазақтар ҿте қасиет санайды.‖

Одан ҽрі бесік жырлары, тұсау кесу жыры,тҽй-тҽй беріледі. Енді келесі беттен ―Санамақтар‖ шығады. ―Жаңбыр жауғанда‖, ―Жазда‖,―Күзде‖, ―Қыста‖ деген танымдық ҿлеңдер, ―Ыдыстар‖,―Құстар‖ деген 5-6 жолдық хабарлама-анықтамаға жалғасады. Міне, ―Ыдыстар‖ мҽтіні: ―Қазан, тегене, шара, табақ, аяқ, тостаған, кесе, шыныаяқ, тастабақ, құман, шайнек, шелек, күбі, астау, саптыаяқ, шҿміш, ожау, бақыраш, қасық, саба, торсық, мес, сүйретпе, кҿнек, қауға, қап, аяққап, басқап, дорба, талыс, қоржын, оқшантай‖. Бар-жоғы осы ғана. Автор мақсаты бүгіндері күнделікті ҿмірде қолданылмағандықтан аты аталмай ұмыт бола бастаған сҿздерді, кҿне құралдар атауларын жас кезден бала жадында қалдыру. Мұғалімге ҽр сҿзге сҿйлем, ҽңгіме құрғызып сабаққа пайдалануға қолайлы. ―Кҿмекші құралдың‖ қажеттігі қол астыңда осындай дайын тұратындығында емес пе? Мұғалімнің 45 минутының ҽр секундының қымбат екенін жақсы білетін С.Сауытбеков бұл кітапты баланың жас ерекшелігімен логикалық ұштастыра отырып, поэзиямен прозаны да алмастыра құрған.

13 беттегі ―6-7 жастағыларға тапсырма‖ ―Қазақтың тиым сҿздері‖ үлгісінде, тек жас ерекшелігіне, заман ағымына орайластыра жазылған.

―Тамаққа жуынбай отырма. Ауызыңды шайып, тісіңді тазалап жүр. Дастарханға тура қарап түшкірме, жҿтелме де. Сҿзді ынталы, анық тыңда. Ант-су ішіп сҿйлеме. Сҿзіңді басқа ұлттың тілімен шұбарламай сҿйле‖. Тапсырма осылайша жалғаса береді. Бұл тапсырмалар жаттауға жеңіл. Мұғалім үйге тапсырманы қайталап сұрап, жиі-жиі еске түсіріп отырса, жақсы ғадет бала құлағында қалып, ҽркез ҽдеп сақтап, мҽдениетті болып ҿсуге мұндай тапсырмалардың орыны ерекше болса керек. Жҽне тапсырма біздің қазақи, ұлттық дҽстүріміз шеңберінде құрылуымен құнды.

―Тҿрт түлік тҿлді шақыру‖ деген айдармен берілген бес шумақ- ―Пұшайт-пұшайт‖, ―Шҿре-шҿре‖, ―Құрау-құрау‖, ―Ҽукім-ҽукім‖, ―Кҿс-кҿс‖ те мал кҿрмей ҿсетін қала балалары үшін қажетсіз деп ешкім айта алмас. Кітапта ҽр түрлі қысқа ертегі, аңыздар, мысалдар жиі берілген. Мұндай ҽңгімелердің балалардың кҿркем, ұтқыр тілге машықтанып, тапқырлыққа үйреніп, сергек ҿсуіне септігін тигізері сҿзсіз. ұстаз-жазушының қандайма

оқиғаға құрылған аңыз, ертегі, мысалы болмасын танымдық мҽлімет ұсынуымен құнды. Ал арнайы танымдық мҽліметтер ҽңгіме, ҿлеңдер арасында қысқа да нұсқа түрінде сыналанып беріліп отыруы оқушыны мезі етіп, ығыр қылмауды ойлағандықтан болса керек. Солардың бірі 18-нші бетте тұр. ―Қазақша жыл аттары: тышқан, сиыр, барыс, қоян, ұлу, жылан, жылқы, қой, мешін, тауық, ит, доңыз. Адамның мүшел жастары: 13,25,37,49,61,73,85,97... жас.‖ ―Тағлым тегі‖ осылайша ҽр бет ашылған сайын ―есейіп‖, кейінгі беттерінде ересек адам да ақылына ақыл қосар ақылгҿйге айналады. Немесе, білігіңді тағы бір тексеріп, жадыңды тағы бір жаңғыртқанға не жетсін. Мҽселен ―Құстар былай тіл қатадыны‖ (31-бет) оқып кҿрелікші: Аққу-сұңқылдайды, сыңқылдайды. Қаз-қаңқылдайды. Үйрек-пырылдайды,қырылдайды. Тауық-қыт-қыттайды. Қораз-шақырады, қақылықтайды. Торғай-шырылдайды. Бұлбұл-сайрайды. Бүркіт-сұңқылдайды, шаңқылдайды, пістҿктейді. Тырна-тыраулайды. Безгелдек-безектейді. Қарға-қарқылдайды. Сауысқан-шықылықтайды. Бҿдене-бытпылдықтайды. Ҽупілдек-ҽупілдейді. Жылқышы-ысқырады. Кҿгершін-уілдейді. Қара торғай-сұңқылдайды. Осындай ―ұсақ-түйектен‖ де кейде ҽлдебірі еске түспей, сүрініп жатамыз ғой. ―Дабылды шулы аспаптарға‖ (140 –бет) Дабыл, Шыңдауыл, Дауылпаз, Даңғыра, Дудыға, Тоқылдақ, Сылдырмақ, Қоңырау, ―Уілдекті аспаптарға‖ Сыбызғы, Уілдектер, Саз сырнай, Үскірік, Желбуаз, Желқобыз жататынын жаңылмай айтып шығу да оп-оңай емес. ―Жасына қарай бүркіт атаулары‖ да солай. Бір жасары-балапан құс. Екі жасары-қан түбіт. Үш жастағысы-тас түлек (тірнек деп те атайды). Тҿрт жастағысы-тас түлек (талассыз). Бес жастағысы-мұзбалақ. Алты жаста-кҿк түбіт. Жеті жастағысын-қана дейді. Сегіз жастағысы-жаңа деп аталады. Тоғыз жасары-майтүбіт аталған. Он жасарын-барқын деген. Он бір жаста-баршын атанған.

Он екі жаста-шҿгел атанған. Осылайша 15-20 жасқа дейін атай берген. Шешендік, тапқырлық, ҽдептілік, танымдық материалдар, тіл сындырып, анық сҿйлеуге машықтандырар жаңылтпаштар, игілікке баулып, сҿз байлығын арыттырар ҽр тақырыптағы мақал-мҽтелдер, жұмбақтар, метограммалар, анаграммалар, шарадалар (сҿзжұмбақ), логогрифтер толықтырыла түскен. Кітаптан ―Мінездер‖, ―Сауап‖ (75-бет), ―Обал‖ (76-бет) ―Шешендік‖ (77-бет), ―Күншіл‖ (78-бет), ―Сараңдық‖ (79-бет), ―Ысырапшылдық‖ (80-бет), ―Туған, туыстар, іліктер‖, ―Ана, ҽже, шеше‖, ―Аға, апа‖ (81-бет) т.б. кҿптеген қысқа да тұжырымды анықтамаларды да жолықтырасыз. Кітаптың екіші бетіндегі анықтамасында: ―Еңбектің қолжазба күйіндегі алғашқы нұсқасы (варианты) ҿткен оқу жылында Кҿкшетау қаласындағы лицей (директоры профессор Жанат Қасым) педагогтарының пайдалануында болды. Олар тарапынан жылы пікірлер айтылды. Ҽсіресе қазіргі жасҿспірімдер үшін аталған еңбектің берері мол‖ делінген. Бұл тұжырымның ешқандай жалалығы жоқ. Ал шын мҽнісінде бұл кітаптың дүниеге келу мҽнісі былай болған екен. Жанат Жақыпсейітұлы Қасым 1990 жылы Кҿкшетауда алғаш рет қазақ лицейін ашады. Негізінен қазақтың ұлттық педагоикасы-этнопедагогика шеңберінде, ұлттық мҽдениет, ҿнеге теріңінен нҽр алып, білім беріп, тҽрбиелеуге ұмтылған қазақ лицейіне оқу құралдары жетіспейді. Қайта құру кезеңі жаңа басталған. Бұрынғы Кеңестік дҽуір оқулықтары мардымсыз, жарамсыз, жаңа дүниелер ҽлі жазылған да, жарияланған да жоқ. Сол кезде Жанат Қасым Сейтен Сауытбеков ақсақалға қолқа салады. Бала тҽрбиесі ісіне барша ғұмырын сарп еткен қарт ұстаз ғалым жігіттің қазақ лицейін ашып талпынуын қуана қолдап, қолына қалам ал?ан екен. Шабыт пырағына мінген қарт ұстаз кітапты аз уақыт ішінде құрастырып шыққан. ―Құрастырып‖ дегенде бұл кітапта ҿзге авторлар туындылары некен-саяқ, негізінен Сейтен Сауытбековтің ҿз шығармалары енген. Оның жоғарыда жарық кҿрген бірнеше кітаптарын атадық. Оған қоса С.Сауытбеков ―Балдырған‖, ―Жұлдыз‖ сияқты журналдарға ҽңгіме, ҿлең, ертегілерін, ел аузынан жинағандарын да үнемі жариялап отырған. Демек, ҽдеби, педагогикалық, танымдық материалдардан оның ҿз қоржыны да құр емес еді. Кітап 9.09.93 жылы теруге жіберіліп, 9.03.95жылы басуға қол қойылыпты. (С.Сауытбековтың туған жылы 1908 жыл екенін ескеріңіз-автор) 1993 жылдың қыркүйек айында кітап материалдары теруге жіберілсе ―қайта құру кезеңі жаңа басталған‖ деген сҿзіміз расқа шығады. ―Тағлым тегінің‖ бала тҽрбиесі, оқыту процесіне қатысты кҿптеген тақырыптарды қамтыған, мақсатты, мамұнды аса құнды еңбек екенін біз біраз беттер материалдарынан үзінділер келтіре отырып дҽлелдедік деп ойлаймыз. Ендеше, Сейтен Сауытбековтің ―Тағлым тегін‖ қазақ этнопедагогикасына қосылған елеулі үлес деп те жауапкершілікпен айтуға болар.

4.“Ӛртенген ӛлең” Сейтен Сауытбековтің ҿмірден тым ерте ҿткен революционер ақын Баймағанбет Ізтҿлин туралы ―Ҿртенген ҿлең‖ атты деректі повесі ―Жалын‖ баспасынан 1984 жылы 7 мың данамен ―Ҿнегелі ҿмір‖ сериясымен жарық кҿрген.

Туған-туыстарының айтуларына қарағанда бұл повесть кҿп кедергіге ұшырап, кҿп қысқартылып барып жарық кҿрген. Ҿйткені автор да сол ҿңірдің тумасы, оқиға ізі суымай тұрып сол кезде ҽлеумет жұмысына араласқан кҿзі ашық, кҿкірегі ояу бала жігіт. Оның үстіне Баймағамбеттің туған қарындасын алған күйеу баласы, туыстарымен жақын араласқандығы оның ақын туралы мол деректер жинауына мүмкіндік ҽперді. Ақынмен қызметтес, ҽріптес болған Сҽбит Мұқановпен де Сейтен Сауытбеков араласқұралас, талай дҽмдес болғандықтан Баймағамбет туралы мҽліметін молайта түскендігі, кең, кҿлемді дүние жазуға толық мүмкіндігі болғандығы сҿзсіз.

Кітаптың тағы бір қысқартылуы мүмкін-ау дегізетін фактор Баймағамбет Ізтҿлиннің қателікті бетке айтар ҿткірлігі, сыншылдығы, суырып салмалылығы, қызу қанды, орақ тілді ақын болғандығы. С.Сауытбеков Б.Ізтҿлиннің кеңестік кезең цензурасы талаптарына қайшы келетін ҿткір ҿлеңдері, кесек іс-ҽрекеттерін баяндап, цензура соны кесіппішуі ҽбден мүмкін.

Ал, құнды дүниенің қысқартылуының негізгі, дҽлелді себебі ол туралы жазылған анықтамалардан табамыз. Онда: ―Белгілі ақын Баймағамбет Ізтҿлиннің ҿмірбаяны туралы жазылған ―Ҿртенген ҿлең‖ кітабының қомақты бҿлігі Совет цензурасынан ҿтпей (Ахмет, Мағжан жҽне басқа ―халық жауларының‖ есімдеріне байланысты), сонымен қатар жариялауға үлгермеген басқа да еңбектері артында қолжазба түрінде қалды, мысалы: ―Бала Баймағамбет‖, ―Ортақ ұл‖ делінген.

Сондай қысқартуға ұшырағанына қарамастан ―Ҿртенген ҿлең‖ қызықты, тағлымды дүние болып шыққан. Кітаптың ―Автордан‖ деп берілген алғы сҿзінде С.Сауытбеков былай дейді: ―Бұл кітаптың жазылуына белгілі жазушымыз Сҽбит Мұқанов себепші болған еді. Ол бір ҽңгіме үстінде: ―Ақын-революционер Баймағамбеттің ҿмір тарихын сенен артық білетін ешкім жоқ, тайсақтап қорғалақтамай, сол кісі туралы жазатын бол‖-деді. Осының алдында ғана ―Ленин туы‖ газетінде Баймағамбет Ізтҿлиннің туғанына 60 жыл толуына байланысты ―Жекпе-жек‖ атты очеркім жарияланған-ды. Сҽбең соны оқыған соң маған сенім білдірген екен. Ойланып қалдым. Шынындада, Баймағамбетті жҽне ол ҿскен ортаны бір кісідей білетінім рас еді. ...Кітапқа Сҽбеңнің ҿзі бейне бір ат қойып кеткен сияқты. Ол ақынның ҿртеніп кеткен ҿлеңдері жайында кҿп айтатын. ―Мұндай ҿлеңдер Баймағамбетте ҽлденешеу болушы еді, бірақ, амал нешік ол ҿлеңдер жалынды жас ақынның ҿзімен бірге аянышты қазаға ұшырады‖ (С.М.15 том, 326-бет). Бұлай дейтіні жау Қызылжар (қазіргі Петропавл) қаласын басып алып, ҽрбір үйді тінтуге кіріскен. Сол кезде М.Жҽнібеков дейтін кісінің

жұбайы Мҽриям тінтуден қорқып Баймағамбеттің сақтауға қалдырып кеткен қалың қолжазбасын жанып жатқан отқа тастап жіберген. Осы қайғылы оқиғаға байланысты кітапты ―Ҿртенген ҿлең‖ деп атадық.‖

Жандүниесімен педагог, кішіпейіл, биязы Сейтен Сауытбеков жастай, қыршын кеткен жас ақын ҿмірі мен шығармашылығын жақсы біле тұра оған туыс болған соң ―кім қалай ойлайды?‖ деп, жазудан бҿгеле берген ғой. ―1932 жылы Бҽкеңнің қарындасы Зүбирамен дҽм-тұзымыз жарасып, семья құрдық‖ деп ҿзі жазғандай, осы туыстығы қолға қалам алдырмай, тұсай берсе керек. Соны дҽп басып, аңғарған Сҽбеңді айтсаңызшы: ―...тайсақтап қорғалақтамай, сол кісі туралы жазатын бол‖ деп С.Сауытбековке нықтап тапсырма беріптіау! ―Қазақ-совет ҽдебиетінде Сҽкеннің ізін шола шыққан екінші адамБаймағамбет Ізтҿлин. Егер барлық ҿлеңі түгел сақталғанда, қазақ совет ҽдебиетінің екінші Сҽкені сол Баймағамбет болар еді‖ деп Сҽбит Мұқанов баға берген Б.Ізтҿлин туралы деректі повест жазуға осындай тапсырмадан кейін ғана С.Сауытбеков жазуға отырған сыңайлы.

―Ҿртенген ҿлең‖ жазушының кемел шағында, тақырып талай жылдар ой елегінде қорытылып, толғағы жеткен тұста туған шығармасы. Ҿзіне етене таныс кезең, ыстық бейнелер, ауыл-аймақ, жер-су, қиын да болса қимас шақ... осының бҽрін автор сағынышқа толы үлкен жүрекпен, шежірешідей толғайды.

Повесть ―Ақын бала‖ жҽне ―Жеңіс жолында‖ атты екі бҿлімнен тұрады. Оқушыға кейіпкердің ҿмір жолын ұғынықты баяндауды мақсат еткен автор ҽр бҿлімді тақырып-тақырыпқа бҿліп, ой қорытып отырған. Мысалы, бірінші бҿлім ―Оқуда‖, ―Ойыннан от‖, ―Қатерлі түндер‖, ―Қайғы мен қаһар‖, ―Арманына жолыққан‖, ―Таң атарда‖, ―Шұғылалы күн шыққанда‖,―Талпыныс‖ деген тақырыптарға бҿлінген. Мұның бір себебі кітаптың негізінен мектептердің жоғарғы класс оқушыларына арналуында болса керек. Ҿйткені, ұзына-шұбақ ұзақ баяндаудың баланы жалықтырып жіберері болады. Сондай-ақ үлкен мен бала арасындағы сый-құрмет, ізеттілік, тҽрбие мҽселесі үнемі оқиғамен біте қайнап, ҿріліп отырады. Бала психологиясына жетік жазушы күлкілі жҽйттер, қызық оқиға, қылықтарды ара-кідік қосып, ара-арасында жас оқырманның білім кҿкжиегін кеңейту мақсатында танымдық материалдарды да сыналап пайдаланады.

―Шіркін-ай, десейші... Пушкин, Лермонтов, Некрасов секілді ақындардың ҿлеңдерімен, ҽлем ҽдебиетімен танысса, ҽмбе жұрт білетін алып тұлғалы ақсақалдардың бірі болып отырар еді-ау! Сен мендей емессің келешектің күрескері, кісілікті кҿрсетпесең, адам болып жер басып жүргеніңнен не пайда?‖ Бұл бала Баймағамбеттің ұстазы Сейткерейдің Шағырай шешен туралы айта келіп бала ақын туралы түйген ойы. Немесе, Сейткерей тағы бір жерде: -Абай-нағыз данышпан ақын. Сол кемеңгер кісі: ―Бҿтен сҿзбен былғанса сҿз арасы, ол ақынның білімсіз бейшарасы‖,-депті, дейді.

Повесте тек сол заман оқиғалары ғана суреттелмейді, сол кезгі адамдардың тұрмыс-тіршілігі, сҿйлеу мҽнері, ойлау жүйесі де дҽл беріледі. Ал, ―деректі повесть‖ деген сирек жанрдың жүгі ҿз алдына біртҿбе екені де даусыз. Бірақ, нешеме жылғы ізденісі, зерделеп, жиып-теріп жүруі автордың жанрды еркін егеруіне мүмкіндік ҽпереді.

Ҽрине, кітап кеңес үкіметі тұсында жазылғандықтан Баймағамбеттің революцияға қатысы жан-жақты баяндалады. Ҿйтпесе, бұл кітаптың мүлдем жарық кҿрмеуі де мүмкін еді. Сондай-ақ, кеңестік идеология сарынымен қожа-моланы сынау, ҽжуалау да жоқ емес. ―Таңқитып қара мұртын қырған қажы, Болып жүр нағыз құдай ұрған қажы, Қажы деп айта кҿрме кҽпіріңді, Талайға құсыттықты қылған қажы.

Оны жұрт қолпаштады Ереке деп, ―Қызыр Ілияс секілді береке‖ деп. Құран мен хадистерді жиып қойып, Отыр ол сайтандықты мерекелеп. (Сейткерей) Сол қолында құран бар, Оң қолында құрал бар, Қажыдан қирап қанаты, Қалды-ау қайран қырандар... Ҽлсіздерді талағыш, Озбырлыққа құмар бар. (Баймағамбет) (15-бет). Қалай болғанда да, компартия идеологиясы ҿршіп тұрса да бала жасынан Құран жаттап ҿскен С.Сауытбеков ислам мен оны таратушы, насихаттаушыларға тіл тигізбейді. Оның кейіпкерлерінің сынайтыны ислам атын жамылып, ҿздерінің жымысқы ҽрекеттерін жүзеге асырушылар.

Повесть шытырман оқиғаларға құрылған, тартымды, қызғылықты. Оқиға баяндалатын заманның ҿзі де сондай, ал бала Баймағамбет сол шытырман оқиғалардың бел ортасында жүріп, ойы да бойы да ҿсіп, толыға береді. ұстаз-жазушы баланың ой-ҿрісінің ҿсіп жетілуін, ҿмірге кҿзқарасының дамуын дҽлелді, нанымды, ҽсерлі суреттейді. Деректі повесть болған соң да кейіпкерлері оқшау-оқшау, сом-сом сомдалған. Ҿйткені ҽр кейіпкер ҿмірден алынған ғой. Тіпті ҽрқайсының мінез-құлқына орай сҿйлеу мҽнері, сҿз қолданыстары да ерекше.

―-Мынау Мұқанның баласы Сҽбит. Жүрегінің жалыны бар ақын жігіт. Анау Тҿлшібай баласы Темірхан. Мені білетін шығарсың‖ 81-нші бет. Кітапта осындай нақтылы кейіпкерлер іс-ҽрекеті баяндалады. ―Ҿртенген ҿлеңінде‖ Сейтен Сауытбеков Баймағамбет Ізтҿлин ҿмірін ғана алға тартып қоймайды, артына аз ғана шығармасы қалған ақынның шығармашылығының қыр-сырын паш етеді. Шығармадан біз ақын ҿлеңдерінің кҿбіне табан астында, жүректен туындайтын, шымыр да ширақ, уытты болып келетінен аңғарамыз. Аласапыран уақытта амалсыз қолға қару алса да ол қоғамдағы, адамдар ҽрекетіндегі кемістік-кемшіліктерге негізінен ҿлеңін қарсы жұмсағандығын ұғынамыз.

Автор Б.Ізтҿлин ҿлеңдерінің ҽсер-қуатын біліктілікпен жеткізеді. Сҿйтіп, қазақ ҽдебиетінің ерте ҿшкен бір жұлдызы орнына ҿшпес шырақ жағады. ―Ҿртенген ҿлең‖ сонысымен де құнды.

  1. С.Сауытбеков ертегілері

Ертегі біздің ұлтымыздың кҽрісі де жасы да ұйи тыңдайтын, қиялыңды қанаттандырып, еңсеңді кҿтеріп, ойыңды ұштайтын ҽсем бір ҿнегесі, ғажайып оқиғалар қызығына еліте отырып тҽрбиелеудің тамаша бір құралы. Сондықтан, ҽр қадамында бала тҽрбиесі, болашақ ұрпақ қамын ойлайтын Сейтен Сауытбеков ҽр жанрға қалам тарта жүре ертегілер жазуды да сырт айналып ҿтпеген. Мерзімді баспасҿз беттерінде оның тартымды ертегілері үнемі жаряиланып тұрған. ―Аютас‖ атты (―Жазушы‖ баспасы, Алматы, 1975ж.) ертегілер топтамасы да осындай ұзақ жылдар жазылған ертегілердің ішінен іріктеліп құрылса керек. Бұл кітапқа жазушының ―Айдос‖,―Керімдүр‖, ―Текебай тентек‖. ―Ҿзіңнен зор шықса‖, ―Тік мұрт раббік‖, ―Таңатар‖, ―Сары батыр мен қара батыр‖, ―Қосбармақ‖, ―Ажалға арашашы‖, ―Ақыл сатқан ақсақал‖, ―Ақазу‖, ―Аютас‖, ―Хан мен қайыршы бала‖, ―Батырлық‖ тҽрізді 14 ертегісі енген. Олардың кейбірі 4-5 беттік болса, кейбірі жарты-ақ беттік, ықшам дүниелер.

Осы шығармаларды зерделей оқып шықсаңыз автордың қазақ ертегілерінің байрығы мақамы, ҿзіндік табиғатын сақтай отырып, оны бүгінгі жас оқырман талабына сай дамытып, жетілдіргенінің куҽсі боласыз. Бұл ұстаз-жазушының ―бүгінгі балалар ҽсем ҽлем-ертегі оқудан қол үзіп кетпесін, қызығушылықтары басылмасын‖ деген ізденістен туған шығармалары деп ойлайсың.

―Айдос‖ деп аталатын ертегісінде, тағы да басқа ертегілерінде автор балаларды жан-жануарларды жақсы кҿріп, бағып күтіп, қадірлеуге үйретеді. Сонда ғана олар дегеніңе кҿнеді, еңбегіңді ақтайды дегенді үндейді. Айдос дейтін кедей баласы түйе бағып жүріп астындағы атыАқжаясына тіл үйретеді. ―Ол балауса шағын бос ҿткізбей, ат үстінде алуан түрлі ойын ойнап, батырлыққа машықтана берген. Ақжаясына тіл үйретіп, айтқанын істетіпті. ―Тоқта, жат, шап, кет, кел, секір, қарғы, тарт, теп, тісте, тік тұр‖ деген сияқты бұйрықтарды мүлтіксіз орындатыпты. А?ылды Ақжаясының қызғылықты қылығын тамашалған Айдос уақыттың қалай ҿткенін де сезбейді екен.‖ (4-бет).

―...Бұл жайды естіп-білген бай тұс-тұсқа қуғыншы аттандырып, Айдосты ҿлтіруге ҽрекет жасайды. Он тҿрт жасар Айдос талай батырмен айдалада айқасып, қауіпті кездерде Ақжаяға тістетіп, тепкізіп, таяп келгенде түп-түгел аттан түсіріп, жаяу тастап кетіп отырыпты‖. (5-бет). Сҿйтіп, ―Сат‖ деген байға ―Жарты жылқыңды берсең де сатпаймын‖ деп алып қалған малын тай күнінен тҽрбиелеп, бағып-күтіп, тіл үйретуінің, ерінбейтін еңбекқорлығының, тапқырлығының арқасында неше түрлі кҿлденең оқиғаларға, жұлқыс-тартысқа жолықса да бар қиындықты жеңіп, ақыры мұратына жетеді. ―Керімдүр‖ ертегісінде Керімдүр атты жалғыз атты

кедей жігіт күш-қайраттың емес, ойыншыл, ұтқыр қу тілі, айлакерлігі, тапқырлығы арқасында талай апайтҿс баһадүрлерге тізе бүктіреді. С.Сауытбековтің кҿптеген ертегілерінде тасыған бай, ауқатты, алып қайратты болмай ақ, біліктіліктің, тапқырлықтың арқасында кездескен қиындықтарды жеңе отырып, бақытқа қол жеткізуге болатындығы айтылады. Бұл балалардың оқу-білімге ден қоюына, сергек сезімді, білікті болуға ұмтылуына ықпал етерлік тақырыптар. ―Қосбармақ‖ ертегісі бір қызық хикая. Құндақта жатқан балаларын алып құс іліп ҽкеткен ата-ана оны жер-дүниені кезіп іздеуден танбайды.

―Қапыда қалған ата-ана: ―Баланың арса-арса болып қалған қаңқасын тапсақ та армансызбыз‖-деп бекініпті. Олар баланың бармағы қос болғандықтан сүйегінен де танимыз деп есептеген‖ (59-бет). Алайда баланы қарға-құзғын қаумалап жатқан жерінен күшіктегелі бір жеті болған қаншық қасқыр бҿлтіріктері есіне түсіп, сүт сүмелектеген емшектерін Қосбармақтың аузына тосыпты. Сҿйтіп, ―сол күннен бастап бҿлтіріктеріне жегенін құсып беріп, Қосбармақты емізіп асырапты.‖ ―Қосбармақ күн ҿткен сайын қасқырлық ҿмірге кҿндігіп, түз тағысына тҿзе берген. Бүкіл денесін түк басып, тырнақтары қалыңдап, сүйірленіп бүріле берген. Қалың ҿскен қара шашы арқасын жауып, артығы жерге сүйретіліпті. Алғашқы жылдары тҿрт тағандап жүргенмен, артынан адамша жүгіретін болған. Емшектен ажырап есейген соң, қасқырлар не жесе, сонымен тамақтаныпты. Тегіне тартып ашу шақырса, жұдырық жұмсайтын ҽдеттері де, қолына түскен қатты затпен соғып қалатын қылықтары да болған‖ (60-бет). Балалар мұндай оқиғаларды кҿздері шырадай жанып оқып, Қосбармақтың бҿрілерге басшы болғандығын, жылқыны құйрығынан тартып тоқтататыны, тағы басқа қылықтарын қызықтап оқыры кҽміл. Ҽрине, мұндай оқиғалар кҿптеген басқа ҽдеби шығармаларда кездесетіні де рас. Бірақ, бұл ертегіде оқиға басқаша, ҽсерлі, тағлымды ҿрбиді. ?асқырға айналып кеткен, жұрт кҿзін жоюға бекінген балаларын ата-анасы ақыры тауып, тор лақтырып, байлап ұстап жасырады, ҿлімнен арашалайды. ―Ҿмірдің құбылысы мен қисынын жете ойлайтын саналы ана, баласының табиғатына байланысты амал-айла қолданып, ҿзі дайындаған тағамдарға үйреткен. Күндіз-түні еміреніп, жайлы жатқызып аялап, аналық мейірімнің асылдығын сездіре отырып, Қосбармақтың қасқырлық мінезін де азайтыпты‖ (64-бет). Ақыры ата-ана балаларына қауышады. Ертегі идеясы ата-ананың перзентіне деген айнымас махаббаты. Автор осы асыл сезім, қасиетті ұғымды жас ұрпақ жадына ҽлгіндей тосын оқиға арқылы тағы бір жазып ҿтеді. Қысқасы, ―Аютас‖ атты ертегілер жинағы да С.Сауытбековтің ұлттық педагогикаға, бала тҽрбиесіне қосқан тағы бір тамаша үлесі. Мұнда кҿркем тіл де, ұтымды ҿлең, ұтқыр мақал да, ізгі қасиет, асыл мінез де жеткілікті. Кҿңіл аспаны кірбіңсіз жасҿспірімдер сондай ҽсем қасиеттерді ҽсер арқылы қуана қабылдары сҿзсіз.

  1. “Ӛс, бӛбек!”, “Үлес”, “Ақкӛңіл”, “Ақазу арлан” кітаптары туралы

―Шығармашылық ізденісте шек жоқ‖ демекші С.Сауытбеков балаларға арналған бұл кітаптарында ҿзінің ұстаздық тҽжірибесі мен ақындық, жазушылық шеберлігін ұштастырған.

Жеңіл тілді, қысқа келетін туындылары арқылы бала жүрегіне адалдық, еңбекқорлық, ҽдептілік сияқты ізгі қасиеттер нұрын құяды. Ата-ананы, ақ пейіл досты, туған Отанды құрметтеуді үйретеді. ―Ҿс, бҿбектің‖ 9-ншы бетіндегі ―Жаңбыр‖ атты ҿлеңін оқиық: Жан нұрымсың-жаңбырсың, Жау, шҿлге жан кірсін. Жаңаланып жыр-ҽні, Гүлденсін жер, жаңғырсын. Нұрыңа қанып құмары, Егін шҿлін қандырсын. Еселенсін құнары, Шығымы таң қалдырсын. Осы екі шумақтан тұратын шуақты ҿлеңнің баланы ҽдемі ҽсерге бҿлеп, туған табиғатты аялап, сүюге, қазақ тілінің құнарына қануына бастары жҽне автордың ақындық қуатын дҽлелдері сҿзсіз.

Балаларға арналған кітаптарында кҿбіне ақын белгілі бір жаман ғадетті сюжетті ҿлең арқылы сынап, одан жиренуге шақырады. Ҿлеңнің диалогтармен жазылуы бала түсінігіне жеңіл. Есте сақтап, жаттап алуына оңай. С.Сауытбековтің осындай ҿлеңдерінің мектеп оқулықтарына еніп, елімізге кең таралып тұрған ―Балдырған‖ журналына жиі жариялануы да оның ҿлеңдерінің бала тҽрбиесінде таптырмас құрал екендігін дҽлелдейді.

ұлттық дҽсүр, сыйластық, ҽдеп деген ұзақ толғауға болар үлкен тақырыпты ―Ерсі‖ (―Ҿс, бҿбек!‖ (6-бет) деген тҿрт-ақ шумақ ҿлеңінде бала санасына оп-оңай ұялататындай. Асыр салды Асандар, Ҽкелгенде табақты. ―Шаң-тозаңмен асаңдар‖,- Дегендей-ақ тамақты. Секілді бір кекілік, Шошаңдады секіріп. Тынар емес, атасы Тастамаса жекіріп. Қонақтардан кҿп бұрын Салды қолды тамаққа. Қарамастан бір қырын, -Ҽп-түш-щ!-деді табаққа. Асанның ол мінезін, Тым ерсі деп ойлаймын. Содан бері мен ҿзім Астан аулақ ойнаймын.

Міне, бұл ҿлең де біз еңбегіміздің желісінде ―Сейтен Сауытбеков қазақ этнопедагогикасының дамуына қомақты үлес қосты‖ деген -пікіріміздің бір дҽлелі деп түсінеміз. Мұндай сҽтті, ойнақы, ҿлең формасындағы айтылған ақылдар, ұлттық дҽстүр балаға талай қайталап, тҽптештеп тапсырған үйретуден кҿп артық. Тҿрт-ақ шумақ ҿлеңде дастарханға тамақ келгенде үйішін шаңдатып, асыр салмау, үлкендер отырған жерде орынсыз ойнақтамау, қонақтан, немесе үлкендерден бұрын табаққа қол салмау, асқа қарап түшкірмеу сияқты тҽрбие беріліп тұрған жоқ па?

Ҽрі ықшам, ҽрі ҽуезді де тағлымды тағы бір ҿлеңді оқи кетелік. ―Жаннаның жыры‖ (25-бет). Сүйді Жанна Қуыршағын. Сыйпады да Тұлымшағын. -Сенсің,-дедіКүн шуағым! Гүл құшағым, Құлыншағым! Сыйға берді Шұбар шарын. Киімдерді Шағын-шағын. -Ала ғой,-деп,- Шамшырағым! Кие ғой деп, Нұр шынарым! Тоңады деп, Жақты шамын. Астарсыз, аңғал бала сҿзі сияқты ойнақы ҿлеңнің мақсат-мазмұны тереңде жатыр. ұстаз-ақын қыз баланы жас шағынан аналық мейірбандыққа, ұқыптылыққа ұмтылдырады. Кішкентай Жанна қуыршағы ―тоңады‖ деп шҽлісін жауып, ―қорқады‖ деп шамын жағады.

―Ҿс, бҿбек!‖ кітабына ақынның ―Қашқындар‖ атты дастаны кірген. Оның кҿптеген ертегі, аңыз ҽңгіме, дастандарындағы сияқты бұл дастанның да бас кейіпкері ―Құлағы дыр қамшыдан қақ бҿлінген‖, бай баласына мазақ

боп жүретін, жалшы-малай баласы Бағай. Бұл да ҿз күнін ҿзі кҿруді кҿксеп айдалаға безіп кетеді. ―Аспанның асты қуыс, жері-дала‖ Дүниеден табылмайды неғып пана? ―Бейнеттің түбі зейнет‖ деуші еді ғой, Деді де, кетті қашып кҿңілі жара. Бұлайша жалшы болып жүріп, ҽлдебір жанжал туып (кҿбіне байдың малының ҿлуіне байланысты), талайын тағдырынан кҿрейін деп қашып кету, сҿйтіп, қилы-қилы оқиғаларға жолығу басқа да шығармаларында кездессе де, одан арғы сюжет желісі тіпті басқаша ҿрбиді. Ҿмір бойы балалармен жұмыс істеген ұстаз-ақынның қиялы да бала қиялындай шексіз. Шығармаларындағы тосын оқиғалар бірінен соң бірі кезігіп, қызықтырып, бас алдырмайды. Бағайды кҿргеннен соң болды аң-таң, -Япырмай,-деді ішінен, не қылған жан? Жан-жағын қасқырлармен қымтап алып, Бұйығып тастай қатып ұйықтап қалған. Бұл қасқырлармен алысып, оларды айла тауып ҿлтіріп, ҿзі де қалжырап, тоңғаннан ұйқысырап жан-жағындағы ҿлі қасқырларды ҿзіне тартып жамылып, ұйқыға кеткен баланы суреттеген шумақтар.

Тағы бірде Бағайды шағуға бет алған сұр жыланды асығып, жалаңаяқ езгілеп, ҿзін шақтырған жолдасы Қараны Бағай құтқармақ болады. Оянып Бағай білді жолдас жайын, -Сұмдық дайын, ҽр сағат ҿткен сайын. Деді де, сорпылдатып сорды аяқты, Ажалдың тиген оғын етіп уайым. У, сорып ҿміріне болмақ қорған, Жас жанын жолдасы үшін етпек құрбан. Бұның да біраздан соң басы істі, Зҽрлі у зақымет боп қайта сорған. Алқымы жалқылдады кҿз жұмылып, Қараның аяғы да бейне тұлып. Келеді бірін-бірі сүйемелдеп, Болат боп, болған іске сабыр қылып.

Дастаннның осы үш шумағынан ақ біраз ҽңгімеге қанығып, біраз сыр ұғуға болады. Ҿздері ашжалаңаш, үйсіз-күйсіз, дала кезіп келе жатса да бұлар достыққа берік, досты аман алып қалу үшін ҿлімнен де тайынбайды. Сондай-ақ, зҽрлі уды денеге тарамай тұрып, жылан шаққан жерден сорып алуға болатындығы, бірақ мұндай ҽрекеттің аса қауіпті екендігі, жылан шаққанда адамның қызуы кҿтеріліп, денесі ісінетінінен хабардар еткен танымдық жағы тағы бар. ―Тіл, дҽлдік жҽне қысқа жазу-шеберлік материгі осынау үш киттің үстінде тұр‖ деген екен В.Инбер. Ҿмірлік тҽжірибесі, аңғарғаны, зерделегені

де, оқып-тоқыған білімі де мол С.Сауытбеков алдына ҽр жанрдағы кҿркем шығармалары арқылы балалар білігін арттыра түсу мақсатын қойып, сол мақсаты жолында ұланғайыр іс атқарған. Тҽжірибелі ұстаз ізгі қасиеттерді бала санасына сіңірудің ҽр түрлі жолдарын қарастырып, үнемі ізденіс үстінде болған. Оның ҽңгімелер, мысалдар, ертегілер енген ―Ақкҿңіл‖ кітабы жоғарыдағы пікірімізді дҽлелдей түседі.

―Озаттар сыны‖ деген ҽңгіме: ―Сҿйтіп бір үйдегі екі оқу озаты осылайша сабақ оқуға кірісті, білмегендерін бір-біріне түсіндіреді. Олар сондықтан да жақсы оқитын еді‖-деп аяқталады. Ал ―Қайрат пен Қарақанат‖ ҽңгімесі: ―Қайрат пен Қарақанат айқасын кҿріп тұрған Қозыбай қарт: ―Батырлықтың белгісі балалық шақта байқалады‖,-деді немересінің батылдығына риза болып‖-деп түйінделеді.

Жас бала еліктегіш келеді. Автор бала бойындағы сол мінезді пайдаланып айтпақ ақылын қызықты сюжет арқылы ұсынып отыр. Бұл 70 беттік кітаптың барлық ҽңгімелері де қысқа-қысқа, оқушыны зеріктірмейді. Л.Толстойдың ―Адам баласы бір-біріне сҿз арқылы ойын танытса, ҿнер арқылы сезімін дарытады‖ деген екен. Сондай-ақ, ғұлама қария-ұстаз, мейірбан сезімін жас оқырманның мінезінен ҿмірлік орын алардай ҽдемі ҽшекелейді. Бес-алты жолдық шағын шығармаларынан бастап, кҿлемді туындыларына дейін ҽр сҿзді екшеп, ҽр сҿйлемін орамды құрып, айтар идеясын тұспалдау, мысал оқиғалар арқылы дҽл жеткізеді.

Оның ҽңгімелерін оқи отырып қоршаған ортаның неше алуан ғаламатына жолығасың. Ҽсіресе, қала балалары үшін табиғатқа жақын болу, жан-жануардың ҽр түрлі қасиеттерін, мінез ерекшеліктерін ұғып, сырға толы сайын даланы сүюге үндеуі күні бүгіндері аса қажет идея дер едік.

―Үлес‖ жинағындағы басқа тағлымды ҿлеңдерін талдамай ақ, ҽңгіме арнасын басқа арнаға бұрсақ. Мҽселен, жинаққа ―Баймағамбет Ізтҿлинннің монологы‖ деген (22-бет) ҿлең енген. Сегіз шумақтан тұратын ҿлең Баймағамбеттің бүкіл ҿмір жолы, атқарған ісі, ұстанған идеясын түгел қамтыған. Жалпы ҽлдекімнің атынан монолог жазу үшін ол адамның ойсарайы, мақсат-мүддесі, кҿзқарасы, тағысын-тағыларды жетік білу шарт. Ал ол туралы мол мағлұмат жиып, ―Ҿртенген ҿлең‖ сияқты деректі повесть жазған С.Сауытбековтің сол мол мҽліметін сегіз шумаққа сыйдырып монолог жазуы жалынды ақын Баймағамбеттің бүкіл болмысын ой елегінен ҿткізгендігі, мҿлдір тамшылар, тасқа түскен ұмытылмас таңбалар іспетті. ―Ҿмірім қысқа болған соң, Аз болды менің еңбегім. Ондаған оқу ордасын, Аштым-сол елге бергенім.‖

Бұл шумақтан ақын ҿмірінің ерте үзілгендігіне ҿкінішті де, оның кҿптеген мектептер ашуға атсалысқан ел алдындағы зор еңбегін де аңғарасыз. Б.Ізтҿлин туралы ―Ақын бала‖ атты тағы бір ҽңгіме ―Ел аузынан‖ деген айдармен берілген. ―Баймағамбеттің ҽжесі Бүлтікей аңыз, ертегілерді кҿп айтатын шежіре кісі еді. Туған анасы Кесте саусағынан күй тҿгілген домбырашы болатын. Ҽкесі Қанапия, оның інісі Жҽкі де домбыраны біршама

жақсы шертетін. Немере ағасы Бұлқайыр кҿптеген жыр-дастандарды жатқа айтатын. Осындай ҿнерлі ортада ҿскен Баймағамбеттің ҿлеңге деген бейімі сҽби шағында-ақ байқалған еді‖ деп ақын туралы мҽліметті тҿкпелетіп алады да жазушы оның суырып салған, ұшқыр шумақтарын оқиғамен ҿреді.

―Үлес‖ жинағына ―Балуан‖, ―Достық жыры‖ поэмалары енген. Осының ішінен біз ―Балуанға‖ айрықша тоқталғымыз келеді. Балуан ақынның кҿп жыл ғұмыры ҿткен алтын бесік ауылы, ҿзі ұзақ жыл басқарған талай талантты шҽкірттерді тҽрбиелеген Балуан мектебі де осында. 2003 жылды? 30-мамыр күнгі № 497-нші Үкімет қаулысымен Солтүстік Қазақстан облысы, Шал ақын ауданындағы Балуан мектебі Сейтен Сауытбеков атымен аталатын болды. ―Балуан‖ ақынның туған жерге деген ыстық ықыласы, перзентттік парызы, тағзымы ғана емес, ―Балуан‖ кҿлінің осы атпен атану тарихы, сол кезеңгі тұрмыс-салтты, қазақ жұртының ой ҿресін ел ішіндегі тартыстар, игі жақсылар мен қара ниеттілері жан-жақты суреттелген толыққанды, тарихи деректерге құрылған кҿркем туынды. Ҿзі жетік білетін ҿңір, жер бедері, адамдар мінез-құлқы, іс-ҽрекетін, рулар арасындағы егесті, ақын шабыттана жырлайды. Жасындай жас сұлудың күміс кҿлім, Дос та едің, ҿзің маған туыс та едің. Мен енді оқушыға баяндайын, Атыңды ―Балуан‖ қойды неге сенің?

Ақын осылайша шебер тҿгілтіп, жыр шумақтарын нҿсерлетеді. Болыпты баяғыда Малай балуан, Шеніне келтірмеген ешбір адам. Батпанды баданадай кҿтеріпті, Қайратпен қазақ елін қалдырып таң.

Сҿйткен Малай балуан байдың жұмсауымен барымтада жүріп он жігітті сілейтіп кетеді. Енді ―Қазақтың қасқа жолы қасарысып‖ ―қанды қанмен жуу‖ дегенді шығарады. Тіпті ―Қанды қолды атпай-шаппай, Тірідей терең қазып кҿрге кҿмгін‖ деген сұмдық үкімге кеседі. ―Күнҽсі кешірілсін кҿп алдында, Егер де шығып кетсе кҿрді бұзып‖ деген ―жеңілдігі‖ тағы бар. Кедейлердің кейігенін, ҽйелдердің жылап-еңірегенін ешкім елең қылып жатқан жоқ. Құдай берген қара күш қойсын ба, алар демі таусылып, бұлқынғанда Малай топырақты бұрқ еткізіп, кҿрден шыға келеді. Бірақ, кҿздері қанға толып, құтырынып алғандар кесімді бұзып, балуанды ұрып, найзамен түйреп ҿлтірмекші болады. Ашуға булыққан балуан ҽлгілерді ҽп сҽтте ―Ағатайлайтып‖ тас-талқан етеді де, олар бас иіп, құлдық ұрған соң ―Жарайды, кешірдім‖ деп кешірім етеді. Абдырап, ҽрі-сҽрі жүрген балуанды ҿзіне барымташы-қарымташы қылмақ арам ниетпен Дҽулеткелді деген байдың Айбет деген ұлы ҿзіне алады. Малай бір аста Қожақ атты түйе балуанды жығып, байға абырой ҽпереді. Алайда арсыз бай баласымен араға тағы жік түседі. Ол үшінші тоқалына еріп келген Райхан деген сұлу қызды тағы алмақшы болады. Ал

Малай балуан мен Райхан екеуі бір-біріне ғашық болып, қосылмаққа бел буады. Ақыры арамза бай екі ғашықты улап ҿлтіреді. Ардақты, адал жігіт балуан Малайды жұрт Балуан деп атап кеткен. Халық Балуанның ақ ҿліммен емес, кісі қолынан, арамзалықпен қапыда қаза болғанын біліп қояды. Ҽлгілердің ―Тҽндерін жыртқыш аңға жегізіңдер‖ деген ұйғарымдарына қарсы шығып айнакҿлдің жиегіне арулап жерлейді. Содан бұлай осы кҿл ―Балуан‖ атанады. Сорғалап Самұрық пен батыр Сапақ, Қар жауып қабағынан келді қақап. Ҿкіріп, ҿксіп жылап жатты біраз, Қайғырып абзал досқа тҿсін тақап.

Келді жұрт қара құрттай арманы ортақ, Естілмей жай жата ма, жаман лақап. Найзасын ырғай сапты қыса ұстап, Сапақ тұр ―келейін деп байды жотап‖. Бірақ, жұрт тоқтау айтып, ―Тасқынға тасқын‖ болмай қоймас, деп сабырға шақырады. Поэма бастан аяқ шымыр ұйқастармен, кҿркем тілмен, айшықты теңеулермен тартымды жазылған. С.Сауытбековтің ақындық ҿнерінің биік сатыда екендігінің тағы бір дҽлелі де, үздік поэмаларының бірі де осы ―Балуан‖ деуге болады.

С.Сауытбековтің жеке архивін ақтарып отырып тағы бір қызықты дерекке тап болдық. Олалақандай ғана сарғайған газет қиындысы, ―Мұғалім мерейі‖ атты шағын ғана мақала. Қай газет, қай жылғы, қай нҿмірі екендігі белгісіз. Ең бастысы, мақала авторы профессор Темірғалин Нұртазин! Ҽйгілі ҽдебиет білгірі, кҿрнекті ғалым. Ендеше осы шағын мақаланы тұшына оқып ҿткеннің артығы болмас: “Мұғалім мерейі

С.Сауытбеков Алматыға жыл сайын, кейде жыл аралатып келіп жүреді. Інісі Есенғали Лиманов-инженер, ғылми қызметкер, политекникалық институтта оқытушы: бір қызы-академияның биология институтында зерттеуші, бір қызы-ағылшын тілінен мұғалім, екі баласы орта мектепте оқиды. -Балалардың есен-саулығын білмексің ғой?-дедім оған бір жолы келгенде. -Ия, балаларды сағынамын,-деді ол, -басқа да жұмыстар бар еді... Санай бастап еді, ―басқа жұмыстары‖кҿбейіп кетті. Ҽнге арналған ҿлеңін композиторлар Одағы қабылдаған екен.

―Культоргтың‖ базасынан қыруар музыкалық аспаптар алыпты. Алатыны ҽлі де бар. Ҿзі директор болып істейтін мектепте ҽн сабағын жүргізіп, ҽншілер үйірмесін басқарады екен. -Қартайғанда ҽншілік жолға түскенің ғой...-деп қалжыңдадым. Сейтен қалжыңымды қабыл алмай: -Жұртқа керек,-деді байсалды үнмен,-ҽнге, музыкаға құмарлар елде кҿп. Жҽне қожырамайтын құмарлық. Оқыған, тоқығаны барлар табылмаса, ынтыға құмартқан жұрт , кҿрсет, үйрет деп маза бермесе, не істемексің? 2-3 жыл бұрын Сейтен Сауытбеков Оқу министрлігі жариялаған конкурске берген оқулығының қолжазбасын кҿрсетті.

-Бҽйгеден дҽмем жоқ-ты,-Сейтен жымиды,-Іс басындағы, кҿрік аузындағылар да ойласуға, жазысуға керек деген ғой. Комиссия жақсы бағалады, кҿтерме сыйлық берді. ...Бірер ай бұрын кҿлемді пакет келді Сейтеннен. ―Балуан‖ деген үлкен поэмасы екен. Ҿлеңмен арасы ажыраспай жазып, жариялап жүретінін білетінмін. Оқыдым-―Балуаны‖ тҽуір кҿрінді. Ақын болған соң, пікір тұжырымдауға жұрексіндім. Ақын Сағи Жиенбаев оқып шығып: ―Жақсы екен, ептеп түзейтіні бар‖ –деп поштамен дереу Сейтенге жҿнелтті.

Сейтен Лиманұлы Сауытбеков-мұғалім, ҿзінің туған жерінде Солтүстік Қазақстан Сергеев ауданында тұрады. Оқытушылықты он бес жасында сауатсыздықы жою жорығынан бастаған ол содан бері талмай еңбек етіп келеді.

Сейтен Баймағамбет Ізтҿлиннің белгісіз ҿлеңдерін іздеп тапты, ҿмірбаянын анықтады, толықтырды. 42 жыл мұғалім болған алпыстың асуындағы Сейтен қазір жас ҿнерпаздардың жуан ортасында. Қоңыр дауыспен құйқылжыта ҽн шырқап тұрады кейде... Хорды басқарып, дирижерлық жасайды. Бұл мезеттерде оны жоғары білімді математик, 25 жыл математиканы оқытқан жан демейсің, ҿнер адамы тҽрізді болып кҿрінеді. Оның еңбегін партия , үкімет, жұртшылық бағалап, ―Құрмет белгісі‖ орденімен, ―Еңбектегі ерлігі үшін‖ медалімен наградтады. Қазақ ССР Жоғары Советінің Құрмет грамотасын да алған, ―Қазақстанның еңбегі сіңген мұғалімі‖деген атағы бар. Шіркін, ҿмірден ҿз орнын тауып, кірпіш болып қаланған жанда не арман! Алпыстың асуын кҽрілікке бой алдырмай аттағалы отырған Сейтен жұртқа осы жағымен де үлгі бола алады. Темірғали Нұртазин, профессор.” Тіпті ғалымның ―Оқыдым-―Балуаны‖тҽп-тҽуір кҿрінді. Ақын болмаған соң, пікір тұжырымдауға жүрексіндім‖ деуінің ҿзін поэмаға берілген жоғары баға деп қабылдауға болмас па?! Жҽне сҿз зергерінің поэзия алдындағы жауапкершілігін айтсаңызшы! Бұл күнгі ―білгіштердің‖ бірі болса, пікір, рецензия дегендерді онды-солды сілтей салмас па еді?! ―Шіркін, ҿмірден ҿз орнын тауып, кірпіш болып қаланған жанда не арман!‖ деп тебіренуінің де сыры тереңде емес пе?! С.Сауытбековтің ―Ақазу арлан‖ атты кітабы 1989 жылы ―Жалын‖ баспасынан жарық кҿрген. Кітап алғы сҿзінде: ―Бұл кітапқа автордың ертеректе жарық кҿрген туындылары еніп отыр. Жинақтың бірінші бҿліміне ҽңгімелері, ал екінші бҿліміне ертегілері жинақталған.

Ҿмірден кҿргені, кҿңілге түйгені мол қарт ұстаз ел аузындағы аңызҽңгімелерді балалар ұғымына лайықтай білген, шығармаларының тҽлімтҽрбиелік мҽніне ерекше кҿңіл бҿлген‖ делінген. Бұған алып-қосарымыз жоқ. С.Сауытбеков қолжазбалары арасынан ―Ерлік‖, ―Тағдыр таңбасы‖, ―Зейін‖атты кҿлемді ҽңгімелерін жолықтырдық. Ҽр қилы күрделі оқиғалардан құрылған ҽңгімелерінде де автор бала тҽрбиесі мҽселесін басты назарда ұстайды. Тіпті, ҽдеби шығармалары ҿз алдына ―Кҿзге түспеген бақ‖ атты сын мақаласында да Алматының бір қараусыз қалған бағын нысанаға алып, онда жиналып арақ-шарап ішетіндер, ―ерке‖ иттерін мұрындықсыз жіберіп, мҽдени демалыстың шырқын бұзып, бала-шағаға қауып тҿндіріп жүргендерді жҿнге шақыру туралы қала басшылары алдына мҽселе қояды. Мақала газетке жарияланған . Ол уытты тіл мен осылай қоғамдық ҿмірдегі келеңсіз қылықтарды журналистік қырағылық, ұшқырлықпен сын мақалаларды да тҽрбие ісіне қару еткен қаламгер.

  1. Үлкенге-ізет, кішіге-құрмет

Сонымен, келтірілген мақала, естеліктерден біз Сейтен Сауытбековтің еңбекқор, зиялы, үнемі шҽкірттері үшін шыр-пыр болған үлкен жүректі адам болғанын аңғардық. Сҽбит Мұқанов, Мұзафар Ҽлімбаев, Герольд Бельгер сияқты ақылман жазушылардың оны қалай қадірлегенін, Ғабит Мүсіреповпен бірге таныс-біліс болғанын оқыдық. Сондай-ақ, ол Ғафу Қайырбеков, Сырбай Мҽуленов, Оралхан Бҿкеев, Ҽбіш Кекілбаев, Тұрсынбек Кҽкішев сынды қазақ ҽдебиетінің алыптарымен де достық қарымқатынаста болыпты.

Серік Тұрғынбеков, Шҿмшібай Сариев, Жарасқан Ҽбдірҽшевтер де Сейтен ақсақалға келіп, сҽлем беріп, мазмұнды ҽңгімелерін ұзақ-ұзақ тыңдасады екен. Ғалымдармен араласы ҿз алдына, қысқасы, қазақ зиялыларымен қоянқолтық араласып, пікірлесіп тұрған. Белгілі ақын Тұманбай Молдағалиев ол кісі талантын құрметтейтінін білдіріп, Балуан мектебіне С.Сауытбеков атын беру мҽселесінен білек сыбана кірісіпті. Ол кісі шебер ҽңгімеші де екен. Еске сақтау қабілеті ерекше болған кҿрінеді.

...Бірде Сҽбит Мұқанов Қызылжардан Ресей арқылы Алматыға Мҽриям апайды балаларымен бірге пойызға отырғызады да елгезек жас Сейтенге тапсырады. Вагонда ҽйгілі суырып салма ақын Иса Байзақов та болады. Пойыз ұзақ жүреді. Іші пысқан ақын домбырасын алып вагон терезесінен не кҿрінсе соны ҿлеңге қосып, жырлай беріпті. Сонда Сейтен ақсақал: ―Исеке, одан да бізге Алматы қандай қала, соны суреттеп беріңізші‖ деп қолқа салыпты. Қамшы салдыратын Иса ма, желдірте жҿнеліпті. Вокзалдан түскеннен бастап, кҿзге түсер тау, тал-тоғай, кҿшелер, ескерткіштер, үйлер, сарайлар... Бҽрін ҿлеңге келтіріп суреттей беріпті.

-Алматыға келіп түссек, бұрын кҿрген, жүрген жерлеріміз секілді. Бҽрі жадымызда сайрап тұр, Иса ақын тап басып айтқан да қойған. Міне, Иса сондай суреткер, ерекше талантты ақын еді,-деп ҽңгімелейді екен ол. -Ҿте жұмысбасты болатын,-деп еске алады ардақты ҽкесін, қызы Зейнет:-Түс мезгілінде апам шайын қайта-қайта қайнатып, тамағын қайтақайта жылытып ҽбігерге түсетін. Ол кезде ауылда газ, электр қуаты жоқ, тамақ жылыта қою деген де оңай емес. Апам мектепке ―ҽкеңді шайға шақыр‖ деп бізді жүгіртеді. Ол болса ―қазір, қазір‖ деп жүре береді. Ҽрине, ауыл мектебінінің директорының жҽне бірнеше пҽннен сабақ беретін мұғалімнің жұмысы таусылушы ма еді.

..Бірде Қызылжардан келіп, Алматы вокзалынан түссе Аралдан келген екі-үш адам, үлкен кісілер ―Не ғып отырсыздар?‖-десе: ―Қайда барарымызды білмей отырмыз‖ депті. Сҿйтсе, Сейтекең ―Е, онда біздің үйге жүріңдер‖ деп үйіне ертіп келіпті. Қай жерде болмасын танысып, ҽңгімесі жарасқан, тҽрбиелі, кҿргені мол адам болса, ―Ертең біздің үйге қонаққа келіңіз‖ деп шақырып келетін де ҽдеті болыпты.

...Бірде ауыл мұғалімі Сейтен Лиманұлы Бегенов Халық деген баланың цирк ҿнеріне қабілеті барын байқайды. Сосын оның осы қабілетін ары қарай дамыта түсуді ойлап, онымен осы тақырыпқа арнайы сҿйлесіп, тапсырмалар береді. Ҿзі ҽр түрлі басылымдардан кҿзбояушылық (фокус) туралы мақалаларды оқып Халыққа үйретеді. Кір тасын кҿтеруге машықтандырып, жаттығулар түрлерін кҿрсетеді. Оның осыларды қайталап, дайындалуын талап етіп, қадағалайды. Бала 8 класты бітірген соң, Алматыға алып келіп, спорт мектебіне орналастырады. Қалада тұратын кепіл адамы болмаса мектепке алмайтын проблема туады осы тұста. Сонда ҽлгі бала үшін Алматыда тұратын қызы мен күйеу баласын ол үшін жауап беретін етіп заңдастырып кеткен екен ұстаз.

Сҿйткен Халық Бегенов кейін цирк ҿнерінің майталман ҿнерпазына айналып, Қазақ Циркін басқаратын дҽрежеге дейін жеткен екен. Сҿйтіп, мұғалім жанашырлығы арқасында талант кҿзі ашылып, ел-жұртымызды ҿнерімен тамсандырыпты.

...Бірде, тоғызыншыны бітіріп Алматыға кеткелі жүрген Халық ҿтіп бара жатып, терең құдықтан су тарта алмай ҽбігерленіп жатқан қарияны кҿреді. Сҿйтіп, еңкейе бергенде оның қойын қалтасынан қаншама уақыт жүгіріп жүріп жинаған бір бума құжаты салп етіп құдық түбіне түсіп кетеді. Барша үміті, арманы су түбіне кеткендей болды ма, қайдам, жүректі бала ойланбастан құдық түбіне сүңгіп кетеді. Іздегенін ілезде іліп алып, су үстіне кҿтеріп тұрады. Құдық суы мұздай, қалшылдатып барады. Жоғарыдағы қарияның оны тартып шығарар қауқары жоқ, жұртты кҿмекке шақырып ҽрліберлі жүгіргенмен ешкім келмейді. Науқан кезі, ауылда естияр ешкім болмаған да. Сонда Халық бар күшін жиып құдықтың екі жағынан кезек басып, мысықша ҿрмелеп, құдық бетіне ырғып бір-ақ шығыпты! Бұл да болса

талапты баланы Сейтен ұстаздың мықтап жаттықтыруының бір мысалы болса керек. Енді бірде, жазғы каникул кезінде Сейтен мектебінің оқушылары Есіл бойын жағалап саяхатқа шығады. Орталарында директор-Сейтен Сауытбеков. Жас саяхатшылар кешкілік ҽр ауылға тамылжытып ҽн салып, мың бұралып би билеп, концерт қойып тиын-тебен де түсіреді. Осы концерттерде Халықтың акробатикасы, тағы басқа ҿнері кҿрерменді таң қалдырып, таңдай қақтырады екен. Ауыл ауылды аралап ҿзен жағасымен жаяу жүрген саяхатшылар кешкілік ҿзен жағасына шатырларын тігіп, сонда түнейді екен. Ҽрине, директорлері балаларының ортасында. Ал, ауыл клубтарына бұлардың ҿнерлерін кҿрушілер кҿп жиналатындығы соншалық, клубтарда ине шаншар орын болмайды екен.

Сейтен Лиманұлының дос-жарандарына, ағайын-тумасына, бала, немерелеріне ҽманда ақыл айтып, ақ тілеу тілеп, ҿз кітаптарын, немесе басқа бір ҿнеге-ҿсиетті кітапты табыстап жүретін де ғадеті екен. Оның отырған жерінде ҽрқашан тағлымды ҽңгімелер, тартымды хикаят, ғаламаттар айтылады, ҽрине. Бірде ол қызы Гүлнҽр мен күйеу баласы Жанаттан кҿрген жиен немересі Шоқанға Ж.Бейсембаевтың ―Жасын тағдыр жарқылы‖ атты Шоқан Уҽлиханов туралы кітабын сыйлап: ―Үлкен үмітіміз Шоқанжан! ұлы бабаң Шоқаннан тағлым алып ҿссін деп, осы кітапты арнайы сыйладым. АтаңСейтен‖ деп қолтаңба жазып береді. Енді бірде осы Шоқанға “Жанатұлы Шоқанға‖ деп ҿлең арнайды.

Жанатұлы Шоқанға Ж а н а т ұ л ы Ш о қ а н ғ а Бүлдіршінім – Шоқаным, Гүлдей жайнап өсе бер. Мақтаны бол атаңның, Өнеріңмен нешелер! Жүлдызым бол құйрықты, Сәуле шашар әлемге! Тәңрі тартсын сыйыңды, Даңқың тарап бар елге! Шоқандай бол ғұлама, Қыран құстай ерікті. Сүйсінсін дос-дұшпан да “Ер екен” – деп білікті. Зерделі бол-зейінді, Жаңалық аш керемет. Істеріңді тындырған Ғылыми сынға төрелет. Еншіңе тисін бақ таңы, Саған деп атқан ақ таңы, Масайрасын ата-анаң, Несіп болсын шат таңы! Сҿйткен Шоқан 16 жасында 2003 жылдың 27-сҽуір күні Жапонияда кекушинкай-каратэден жасҿспірімдер арасында, 70 килоға дейінгі салмақта ҽлем чемпионы атанды.

Бұл жерде біз ―жақсы сҿз-жарым ырыс‖ демекші, оның ақ батасының айнымай келгенін айтпақпыз. Оның ―ұлыма‖, ―Қызыма‖ (―Үлес 7,10-беттер) тағы басқа ұл, қыздары, немерелеріне жазған ҿлеңдері, қолтаңбасымен ақ тілек жазып ұсынған дос-жаран, шҽкірттері кҿп. Бұл да бір ҿнегеге баулуды?, жақсылыққа ұмтылдырудың, сенім арта отырып адам мінезін тҽрбиелеу тҽсілі іспетті. Оны ұстаз туралы естеліктерден анық байқауға болады. Бес уақыт намазын оқып, ұзақ жасаған қарт ұстаз ешкімге салмағын салмай, ақ орда, ақ тҿсегінде, қадірлі қалпында о дүниеге аттанса керек. Ағайын-жұрт, тума-туысы, қыз-күйеулерімен да аса тату болған ақылгҿй адам емес пе?

Қайтарында бар баласы жанында болып, күзетіп отырыпты.Түнде ұлы Сейім мен келіні-Гүлнҽр күзетіп, басқа, күндіз қыздары аяулы ҽкелерін жалғыз тастамаған. Он бірінші қазан күні (қайтар күні) түстен кейін ҽкенің басын сүйеп қыздары Роза апа, Гүлнҽр, Сапура жеңгей ( інісі Есенғалидың жолдасы, Қазақстанға еңбегі сіңген дҽрігер) болыпты. Сонда қыздары жылап отырып: -Ҽке, біздер білместік жасап, ҿкпелетіп, ренжітіп алған кездеріміз болса кешіріңіз. Кешіңіз!-деп , ҽкелерінің маңдайынан сүйеді. Сонда ақырын ғана ҽлсіреп жатса да, балаларына ақырғы, ақтық сҿзін айтып үлгеріпті. -Құлындарым-ай! Ҿз балаларын кешірмейтін ата-ана болушы ма еді? Ҽрине, кешіремін, кешірдім. Менің ұлым-президент, қыздарым бес министр болуға лайық қой,-деп жымиыпты. ұлының физика-математика ғылымының докторы болуына жақын қалғанын қыздарының жоғары білімді, білікті маман иелері болғанына риза болғаны ма екен, мейірбан ҽкенің. Қан қысымын ҿлшеп отырған Сапура жеңгей: -Қан қысымы тҿмендеп, нашарлап барады. Берік болайық,-деп жылап жібереді. ―Енді кҿзін ашпайма‖,-деп қимай басын құшақтап, аяғын сипалап отырған қыздары мен келініне ақырын ,ана ҽлсіз үнмен соңғы рет тіл қатыпты: -Ауа райы қалай? А... жақсы ма , жігіттер ренжімейтін болар... Мен кҿп жасадым. Бақытты ҿмір сүрдім. Ҿйткені ұрпақтарға, қоғамға пайдам тиді,- деп кҿзін жұмыпты. Қасына жинала қалған балалары , туыс-жұрағаттары, немерелері ақырын демін алып, бойын түзеп мҽңгіге ұйықтап кеткен асыл жанды кҿреді. Артынан Сапура жеңгей: -Мен қырық жылдай дҽрігер болдым, кҿп ҿлім кҿрдім. Бірақ осындай ҿнегелі, ақ ҿлімді бірінші рет кҿруім,-деген екен.

Иҽ, асыл ҽке, ұстаздардың ұстазы болған Сейтен Лиманұлы Сауытбековтің ақырғы сҿзі де ―ұрпақ‖, ―қоғам‖ болған екен-ау!

  1. С.Сауытбеков туралы естелік, мақалалар, арнау ӛлеңдерден үзінділер

С.Сауытбеков туралы еліміздің атақты жазушылары, ғалымдары, журналистер, ҽр саладағы шҽкірттері кҿптеген мақалалар, естеліктер жазып, республикалық газет-журналдар беттерінде жариялаған. Біз осы еңбегімізде жазушының ҽр жылдары жазылған кітаптарын атап, кейбір шығармаларына арнайы тоқталып, барлық дүниелерін атап ҿтуді, сҿйтіп кҿп жылғы еңбектерін бір арнада тоғыстырып, оқушымен таныстыруды мақсат еткендіктен кейбір мақалалардың тың дерек, соны пікірлер айтылатын тұстарынан үзінділер келтіре кетуді жҿн кҿрдік. Мұзафар Әлімбаев, Халық жазушысы:

―С.Сауытбеков ертегілері мен аңыздары, прозалық мысалдарының бастауы қазақ балалар ҽдебиетінің атасы, ұлы педагог Ыбырай Алтынсариннен басталады. Оның үзілмес дҽстүрінен нҽр алған, ҿрнек алған дүниелер‖. ―С.Сауытбековтың жазу мҽнеріндегі тағы бір айрықша ҿзгешелігі-сҿз байламдарындағы құлаққа майдай жағар саздылық, дыбыс үндестігі, ішкі ұйқастар толқыны дер едім.‖ *** Мұзафар Ҽлімбаев С.Сауытбеков шығармашылығы туралы ғылыми тұжырымдар, мҽністі пайымдауларға толы аталмыш ұзақ мақаласына қоса ―ұлағатты ұстаз, ақын Сейтен Сауытбековке‖ деп он шумақтан тұратын ҿлеңін де арнаған. ***

ұстазымыз, КазГУ-дің профессоры, филология ғылымының докторы, Халықаралық жоғары мектеп академиясының құрметті академигі, Қазақстан Республикасының ғылымына еңбегі сіңген қайраткер Тұрсынбек Кәкішұлы Сейтен Сауытбеков туралы естелігін ―ұлы мұғалім‖ деп атапты. Енді осы мақаладан үзінділер келтірейік.

―Сейтен Сауытбековтің атын естігенде, неге екенін анық білмеймін, шын мҽніндегі ұлы мұғалімнің келбетін, мінез-құлқын кҿз алдыма елестетемін. ұстаз демей мұғалім деп отырғанымның мҽні бар. Ҽдетте ұстаз атына ие болғандар сабақ берудің, дҽріс оқудың үстіне ананы былай, мынаны олай істеу керек деп ақыл айтатын, нұсқауы басымдау адамға ылайық сияқты да, ал мұғалім бҽрін ҿз қолымен тындыратын пендеге ылайықтау ма деймін. Мен Сейтекеңнің сабақ бергенін де, мектеп директоры болғанын да кҿрмеген адаммын, бірақ ол кісінің майда үнінен, сабырлы мінезінен шын мҽніндегі Мұғалімнің бейнесін кҿріп тұрмын деп ҽсерленуші едім. Ҽрине,

ҽркім ҿз биігінен кҿреді ғой. Маған Сейтекең бас ҽріппен жазылатын Мұғалім болып кҿрініп еді, ҽлі де сол бейнесінде кҿзіме елестейді‖.

―Құран оқығанда мақамы керемет екен, естігендердің бҽрі қайран қалды. Құран сүрелерінің мҽн-мағнасын түсіндіріп, оқығанда арабша білмесек те ұғып отырдық. Бұл зиялылықтың белгісі. Сейтекең бізге осы жағынан да үлкен сабақ берген Мұғалім.‖ *** Герольд Бельгер, жазушы: ―ұстаз, ұлағат, тағлым, тҽлім-тҽрбие, имандылық, ыждағаттылық, білікбілім, зейін-ынта, руханият, құштарлық, ―білімдіден шықан сҿз‖, ―ұстаздық еткен жалықпас‖, мейірімділік, инабаттылық, парасаттылық, ізденгіштік, жаңашылдық, ізгілік, ҽдеп, ҽуестік-міне, осы тектес терең де кҿп мағыналы ұғымдардан шынайы азамат Сейтен аға Сауытбековтың адами, қоғами, рухани кескін-келбетін құрастырып, оның ҽмбебап тұлғасын зерделеуге болады.‖

Қайырбек Сыздықов, ССРО Қарулы Күштерінің ардагері: ―Секеңнің мамандығы математик-физик бола тұра, ол мектептерде жүретін барлық пҽндердің де маманы еді. Мектеп қабырғасында жүретін пҽндердің қандайын алма, сол пҽндердің кез-келген темасына талдау жүргізіп, ҿзінің сол білгірлікбілімділігімен мұғалімдерді сабаққа терең. ұқыпты дайындалуларына тҽрбиелейтін‖.

―Секеңнің бір қасиеті-оқушылардың қайсысы оқып келді, қайсысы оқымай келді, соны сыныпқа бір қарағаннан білетін. Тіпті кейбір оқушылардың бос уақыттарында не істегенін де айтып беріп, беттерін қызартып, таң қалдыратын.‖ ―Секең қазақ ―Ҽліппесін‖ құрастыру жҿнінде жарияланған жарысқа да қатынасып, бірінші қолдау сыйлығына ие болған маман педагог‖.

Жарасбай Сүлейменов, Қазақстан Журналистер одағы сыйлығының иегері, ―Жасы ұлғайып қалған Секеңнің еңбекқорлығына қатты қызықтым. Соның бір дҽлеліндей қоштасарда столының суырмасынан машинкаға басылған ҿлеңдерді алып маған ұсынды. -Мынау Мағжанның ―Батыр Баян‖ поэмасы мен бұрын еш жерде жарық кҿрмеген ҿлеңдері. Естуімше Мағжан таяуда толық ақталып, халқына қайта оралатын сияқты, сол кезде жерлестеріме жұрттан бұрын ұсынып жібер. Пушкин атындағы кітапхананың сирек кездесетін ҽдебиеттер бҿлімінде істеп жүргенде түрік тілінен аударған едім,-дейді. Секеңнің айтқаны келді. Мағжан ақталды. Ол кезде мен Солтүстік Қазақстан облыстық радиосының директоры едім. Мағжанның ақталғаны туралы хабар жетісімен-ақ, ―Батыр Баянды‖ радиодан саңқылдаттық.‖ ―Секеңмен соңғы рет ауылда жаңа орта мектеп үйінің ашылу салтанатында кездестік. Сондағы қарт ұстаздың қуанғанын кҿрсеңіз! Ҿшкені

жанып, ҿлгені тірілгендей күй кешкен. Оның ҿзіндік себебі бар еді. Секең Алматыға кҿшіп кеткеннен кейін ауылдағы мектеп үйі тозып, күтімсіздіктің салдарынан қасындағы, кезінде мектеп директоры балалармен бірге жүріп ҿз қолымен отырғызған бақша қурап қалған еді. Бір кездескенде Секең барды ұқсата алмаған ізбасарларына реніш те білдірген. Соның бҽрінің орнына келуін, шағын ауылда қос қабатты орта мектептің пайдалануға берілуін қарт ұстаз бақытқа балап, қатты қуанған.‖

Қосыл Омаров, зейнеткер: ―...Ол кісі шын мҽнінде үлкен педагог болатын. Балалардың жас айырмашылығына, отбасы тҽрбиесіне қарай ҿз тілі, ҿз кілті болатын. Секең тамыршыдай ҽр баланың кҿңіл күйін де, ой ҿрісін де дҽл басатын. Ол кісінің ҽр балаға жасаған картотекасы болатын. Секең балалар тҽрбиесінде жалықпайтын еді.‖ ―Сейтен Лиманұлы қазақтың сегіз қырлы, бір сырлы деп айтатын дарын иесі болатын. Ҿнердің ҽр саласынан хабары бар, кейбір түрінен айшықты із қалдырған адам еді. Ол кісі мектепте істеп жүргенде сурет салумен де айналысатын. Мектепті безендіретін де ҿзі, Абайдың, Ыбырайдың, тағы басқалардың портреттерін салатын да ҿзі.‖

Асқар Мыңжасаровтың ―Атамның 70 жасқа толуына‖ атты арнау ҿлеңінен үзінді: Қасқалығы Лениндей, Мінезі жас келіндей. Тазалығы, пҽктігі Бурабай мҿлдір кҿліндей. Шарафаты, мейірі, Арқаның жібек желіндей. Пейілінің кеңдігі Қазақтың байтақ жеріндей. Ой қуаты, тасқыны Алатаудың селіндей. Ақындық сҿз, шабыты Ап кететін періңдей. Қасиеті таусылмас, Айта берсең ерінбей. Әнуәрбек Ережепұлы, шҽкірті, хаттан үзінді:

―ұстазым Сейтен Лиманұлы! Гавриловкаға келіп, біздікіне келмей кеткеніңізге ҿкпелеп қалдым. Сізге соятын қойға дейін үй-ішіне айтып, белгілеп қойып едім. Сейілбек деген інімді Кҿкшетауға жіберіп, оны-мұны да алғызғанмын . Балалар да :―Алматыдағы мұғалімің қашан келеді?‖-деп жүр еді. Сіздің портретіңізді рамкалап, гүлдеп қойып едім, келген бетте кҿреді ғой‖-деп. *** Амрин Қажақ деген мұғаліміміз дұрысын айтты, сіздің үйге бара алмадық, дҽм жазбады, деп Амандық болып, дҽм тартса, тағы келерсіз. Ал, ұстазым, кҿріскенше күн жақсы болсын. Хат жазушы шҽкіртіңіз-Ҽнуҽрбек Ережепұлы.

*** Жҽния Сұрағанқызы Мусинаның мына бір жүрекжарды туындысын сол күйі ұсынуды жҿн кҿрдік: Сағыныш ұстаз еді ол шын берілген ісіне, ұйықтап жатса, шҽкірт енген түсіне. Күмбезіндей кҿрінуші ед ауылдың, Сана қүйған үлкенге де, кішіге. Айдарынан жел есетін сесті еді, Бейнесінің ҿзі ыстық ес тегі. ұстаз жолын ту ғып ұстап, тұмарлап, Бізге мҽлім қандай ҿмір кешкені. ұстаздарың ұстазы дара тұлға, Жайсаң еді бҿленген жаны нұрға. Алшақ басып, асқақтап келе жатқан, Тұлғасы ұқсаушы еді алып шыңға. Тҿресіндей сыйлы еді туған елге, Шығарған шҽкірттерін биік белге. Сабырлы ойлы жүзі ақыл тұнған, ұқсайтын кҿш бастаған кемеңгерге.

Қиялы кияндарға бойлататын, Жұмбағын сырлы ҿмірдің ойлататын. Шалғай жатқан ауылдың ойлататын, Жұлдыз сҽуле жүрекке орнататын. Жарқ еткен жаңалықты құптаушы еді, Сан қырлы ҿмір жолын нұсқаушы еді. Шҽкен Ағам екеуі қатар жүріп, Білімнің тізгінін нық ұстаушы еді. Туған елдің самалы сыр шертеді, Дариға-ай, ҿткен ҿмір бір ертегі. Зар жылап, басып кеткен іздеріне, Жүректі сағынышты мұңы ҿртеді. Мусина Ж.С. Алматы қаласы, 21.12.2002.

Алдыңғы тарауларда біз Сҽбит Мұқановтың ―Сейтен сазы‖ атты мақаласынан үзінділер келтірген едік. Дегенмен оның: ―..Осындай ұлы істің тҿңірегінде кішкентай болса да ҿзінің үлесін қосқан. Сол жолғы бар жиған терген білімін, жүрегінің жалынын, бойындағы күш-қуатын маңдай терімен қосып сарп еткен шын мҽніндегі халық мұғалімі Сейтен Сауытбеков сияқты ұстаздардың ұстазын, оның еңбек жолын мына үлкен жиынның алдында құрметпен атап ҿтуді жҿн кҿрдік‖-деген аталы сҿзін тағы бір қайталап ҿтуді жҿн санадық.

...Сҽбит Мұқановтың Сейтен Сауытбековты ―шын мҽніндегі халық мұғалімі, ұстаздардың ұстазы‖ деп бағалауы оның бүкіл еңбек жолын, атқарған игілікті істерін нақты білгендіктен берілген талассыз, лайықты баға. Шын мҽнісінде біз ҽңгімелеген ҽдеби мұрасынан басқа да жас ұрпақ тҽрбиесінде оның атқарған қызметтері, ҿнегелі істері шексіз.

...Сейтен ақсақалдың барлық балалары да ажарлы, соның ішінде Розасы асқан сұлу адам. Атақты киноактриса Раиса Мұхамедияровамен Алматының шет ел тілдері институтында бірге оқиды. Екі сұлуды Қазақ киностудиясы ―пробаға‖ түсуге шақырады. Киношылардың сан қырлы сынынан екі сұлу да сылаң етіп ҿте шығады. Қазір, кім білсін, ол кезде киноға түсуге шақырылып, оның сынынан, неше түрлі ―пробаларынан‖ ҿту ҿте сирек оқиға, мыңдаған қыз-жігіттің түсінде ғана кҿретін арманы. Роза да киноға түсуге кҿңілі ауғанда, ҽкесі тиым салған екен... Тіпті, Роза Шҽкен Айманов ҿтінішіне де құлақ аспапты. Одан да қызығы бар. Роза жоғарғы курста оқып жүріп тұрмысқа шығуға рұқсат сұрап, ҽкесіне хат жазады. Сонда Сейтекең: ―Қызым! Сен ҽуелі ауылға келіп Балуан мектебіне 1 жыл қызмет істеп, қандай мұғалім екендігіңді кҿрсет. Тұрмысқа сосын шығарсың..‖ дейді.

Ҽкенің айтқанын екі етпеген Роза Балуанға келіп мұғалім болып орналасады. Ҿз пҽнін сапалы ҿткізіп жатады, оның сабағына тексерушілер кҿбірек кіреді, ашық сабақ жиірек ҿтеді. Бірақ, білікті Роза ол сындардан сүрінбейді. Қызының институт қабырғасында бимен айналысқанын білетін директор-ҽке бір жолы он бес одақтас республика халықтарының би ҿнері туралы қалың кітапты ҽкеледі де: ―Балаларды биге үйрет. Аудандық кҿркемҿнерпаздар байқауына дайында‖ деп, қосымша тапсырма береді.

Суретші Сейтен Лиманұлы би кҿйлектерін ҿзі пішіп береді екен. Тіпті, ―Қамажайды баяғыда былай билейтін. Дұрысы осылай болуы керек‖ деп би элементтерін кҿрсетіп те береді екен. Жас шағында пьесаларға қатысып, гримделіп, киініп шығып, ҽйел рольдерін де қатырып ойнаған кҿрінеді. Тіпті ол рольді ер адам ойнағанын да ешкім аңғармай қалады екен. Мектеп бишілері сҽн-салтанатты киімдерімен де, бишілік ҿнерлерімен де байқауда ерекше кҿзге түседі.

Ал, мектеп жанындағы участокті баптап, тҽртіптеп, бҿлек-бҿлек етіп сҽбіз, қияр, помидор, гүлдер, т.б. егіп, олардың ҽр қайсысына тақтайша қағып, оған кҿкҿніс атын қазақша, орысша, латынша жазып қоюы, балаларды бағбандыққа, жер мен жұмыс жасауға үйретуі, ботаника пҽнін тҽжірибе жұмыстарымен тиімді байланыстыруы кезінде талай мақталған. Тіпті, қоян, ақ тышқан, қара тышқан, құстар т.б. аңдар ұстайтын бір бҿлек орны болыпты. Оқушылар аңдарға шҿп-су, жем беріп, асырап, оларды күтетін болған.

Ал ―аңдарға қарап, ұзақ бақылаңдар, мінез-құлықтарын аңғарыңдар...‖ деп, сосын аңдар туралы танымдық, қызықты ҽңгімелер айтуы тҽрбие мҽселесімен жалғасып жатады екен. Орамалға баланың ҿз қиялынан туған суретін салып беріп кесте тоқытып, оларды қабырғаға іліп конкрус ұйымдастыруының ҽсерін шҽкірттері ҽлі күн ұмытпапты. Осы шебер туындылар мектеп қабырғасында ұзақ жылдар ілініп те тұрыпты. Мектептің осындай таңартеңнен кешке дейін бітпейтін тынымсыз жұмыстарын атқара жүріп ол ауылдағы, ағайын-арасындағы дау-дамайды да ҽділ шешіп, ағалық ақылын айтып жүреді екен.

Ата-аналар жиналысында ауыл тұрғындарына осы жерге ексеңдер ҿспейтін ҿсімдік жоқ, оны мектеп учаскесінен кҿріп жүрсіңдер, үйлеріңнің айналасын осылай кҿгалдандырып, ҽдемілеп ұстаңдар деп үйретеді екен. Осындай тынымсыз жұмыстардан шаршағанда оның есеп шығарып дем алатын ҽдеті болыпты. Қорытынды

Артына ұлан-ғайыр еңбек қалдырған Сейтен Лиманұлы Сауытбековтың шығармашылығын түгел қамту бұл жолы мүмкін болмады. Мҽселен, оның ―Жұлдыз‖ журналы, басқа газет-журналдар беттерінде жарияланған Шағырай шешен, Батыр Баян туралы, т.б. зерттеулері, ел аузынан жиған тергендері, ―Ҿртенген ҿлең‖ атты деректі повесінің жалғасы немесе толық нұсқасы, дайындаған ―Ҽліппесі‖ қолымызға түспеді. Тағы басқа еңбектерінің түп нұсқаларын ҿз қолымен архивтерге табыстағаны белгілі.

Оның тҿрттағандары, туғызған мақал-мҽтел, нақылдары-оймаржандарын жинастырып бастыру, саралап, зерделеу де бір міндет. Салған суреттері, сабақ тақырыбына орай жасаған кҿрнекі құралдары, ғылыми баяндамалары туралы да ҽңгіме қозғалса бүгінгі мұғалімдер үшін үлкен кҿмек болар еді. Бірақ біз саралай, талдай, таныстыра алмаған еңбектердің ең болмаса аттарын атап, барлығын білдіріп ҿттік. Ал қолда бар кітаптары мен қолжазбалары, ол туралы жазылған мақалалардың, естеліктердің ҿзі Сейтен Сауытбековтың оқу ағарту, тҽрбие,

ҽдебиет, мҽдениет саласына, елімізде енді дамып келе жатқан этнопедагогика ғылымына қомақты үлес қосқандығын қапысыз дҽлелдесе керек.

Ҿзі туралы Сейтен-ұстаз ―Мінезім‖ деген ҿлеңінде былай деген екен: Ақ ниетті, жүректі пҽк ұстаймын, Арды былғап, арамдыққа баспаймын. Тауды жайлап, тоғайсам да торайып, Тҽкаппарсың ―мен‖-деп асып-таспаймын. Тҽлім алмай кей майысқақ маңғаздан, Еңбек десе елпілдеген жастаймын. Күтіп ылғи нҽрлі жеміс ҿрімнен, Ертеңіме үмітпен ой тастаймын. Жаңашылға жан қиярлық достаймын, Оның ісін қолдаймын да қостаймын. Оныменен ортақ ойы болмаған. Керенауды қатарыма қоспаймын, Қарапайым қазақылық қолымнан, Айнымайым ҿз арнамнан аспаймын. Ҿмірімнің ҿзі берген сабағын, Дҽптеріме таңнан жаза бастаймын.

Осы бір ауыз ҿлеңімен де ұстаз ақын ҿзінің ҿмірлік позициясын анықтап бергендей.

С.Сауытбековтің артына қалдырған мұрасы мол, сан-салалы, талай тағлымды томдарға жүк боларлық. Прозасы, поэзиясы, қай жанрға болмасын жазған шығармаларының айтары, мақсат-мүддесі біреу-ақ. Олтҽрбие, ұрпақ тҽрбиесі , ұлт тҽрбиесі. ―Ғалымның хаты ҿлмейді‖ демекші оның ҽлі жарық кҿрмеген дүниелері жинақталып, ҽріректе, ҽр жылдары басылып ұмыт қалған кітаптары топталып, жарқыратып бір басылса бүгінгі ұрпақ бас алмай сусындар мейірлі бір бұлақтай болар еді-ау... Жақында халық педагогикасын зерттеуші ғалым, Қазақтың Ы.Алтынсарин атындағы Білім Академиясының аспирантурасын осы сала бойынша тҽмҽмдаған Мұхамедрахим Құрсабаев ―Ағартушы-ғалым С.Л.Сауытбековтың этнопедагогикалық мұралары жҽне оны мектептегі тҽрбие жұмыстарында жүзеге асырудың ғылыми-ҽдістемелік негіздері‖ деген тақырыпқа кандидаттық диссертация жазуды қолға алды. Алла жазса бұл жұмыстың Сейтен Сауытбеков еңбектерінің сан қырын ашып, тағлымды тұжырымдарының бүгінігі оқу орындарына кеңінен пайдалануларына жол ашады деген сенімдеміз. 7 шілде, 2003 жыл

МАЗМұНЫ Алғысҿз орнына ―Сейтеннің сары кітабы‖ Бейнетаспадан түзелген ҽңгіме ―Тағлым тегі‖ туралы ―Ҿртенген ҿлең‖ С.Сауытбеков ертегілері ―Ҿс, бҿбек!‖, ―Үлес‖, ―Ақкҿңіл‖, ―Ақазу арлан‖ кітаптары туралы Үлкенге-ізет, кішіге-құрмет С.Сауытбеков туралы естелік, мақалалар, арнау ҿлеңдерден үзінділер Қорытынды Серік Сапарұлы Жетпісқалиев Сейтен тағлымы Редакторы: Жанат Қасым. Техникалық редактор: Рашида Мұқатқызы. Корректоры: Мҽншүк Мұса. Компьютерде терген: Ҽлия Ахметова. Бет қатаушы: Асхат Шҽріпбаев.

Теруге берілген күні 7.07.03. Басуға қол қойылған күні 8.07.03. Пішімі 1\16. Офсеттік қағаз. 3,7 шартты баспа табақ. Таралымы 1500 дана. Тапсырыс 05. Бағасы келісімді. Кітап Кҿкшетау Университеті баспасының компьютерлік орталығында теріліп, беттелген жҽне кҿркемделген

Пікірлер (0)

Әзірге пікір жоқ.
An error has occurred. This application may no longer respond until reloaded. Reload 🗙