Лермонтов
Мұхтар Әуезов
Жазылымсыз режим: 20-беттен кейін жазылым беті ашылады, әрі қарай әр 10 бет сайын (ең көбі 5 рет).
Қазақтың заңғар жазушысы, қоғам қайраткері Мұхтар Әуезовтің шығармашылығы XX ғасырдың қайталанбас құбылысына айналды. М.Әуезов шығармаларында халықтың тыныс-тіршілігін, арман-мақсатын, тарихи болмысы мен бүгінгі келбетін көрсетіп берді. Алғашқы жылдары жазылған көркем туындыларында елдің тұрмыс-т...
(1814-1841)
Михаил Юрьевич Лермонтов — орыс әдебиетінде Пушкинге тетелес шыққан ұлы ақын. Туған жері — Мәскеу қаласы. Туысы ақсүйек тегінен болса да, ез әкесі кедейлікке ұшырап қалған адам еді. Сонымен, үш жасында шешесі өлген соң, жас бала Мәскеудегі бай әжесінің қолында өседі. Мұны тәрбиелеуші шет жұрттың күтуші тәрбиешілері (губернерлері) болады. Он төрт жасында Мәскеудегі ақсүйектер баласын тәрбиелейтін пансионға түседі. Ең алғашқы ақындық өнері сол жылдарда көріне бастайды. 1832 жылы, Мәскеу университетінде екі жыл оқығаннан кейін, Лермонтов Петербургтағы юнкерлік (әскер) мектебіне түседі. Осы оқуды бітіріп, офицер болып шығады. 1835 жылы тұңғыш поэмасы (әңгімелі өлеңі) "Қажи Абрек" басылып шығады. Әдебиет майданында алғаш атақ алған жылы — 1837 жыл. Осы жылы Пушкин өліміне қатты күйзеліп, өзінің "Ақын өліміне" деген аса даңқты, күшті өлеңін жазады. Бұл өлең баспаға шықпаса да, қолжазба күйінде талай мың сан болып, бүкіл Ресейге жайылады. Николай патшаның өкіметі ол өлеңді "революцияға үндеуші" сөз деп біліп, ақынды тұтқынға алады. Артынан Кавказға айдайды. Кейін, 1838 жылы ғана Петербургқа қайтуға рұқсат етеді. Сол жылы "Біздің заманның геройы" деген романы басылады. Бірақ осы жылы біреумен дуэльге шығып, атысқаны үшін тағы да Кавказға айдалады. Сонда жүргенде, 1841 жылы 27 июль күні бұрын юнкерлік мектебінде өзімен бірге оқыған офицер Мартынов дегенмен тағы да дуэльге шығып, осы жолда қаза табады.
ЛЕРМОНТОВТЫҢ АҚЫНДЫҒЫ
Лермонтовтың поэзиясы декабристер көтерілісінің артын ала, ақсүйектер тобынан шыққан алдыңғы қатарлы адамдардың көңіл күйін білдіреді. Ол кезде көтерілісшілердің алдыңғы буыны қазаға ұшыраған еді. Патшаға қарсы атылған зеңбірек үні де өшіп еді. Әскери феодалдық өктемдігіне қарсы енді шабуыл жасайтын буын — революцияшыл-крестьян демократиясы ғана болуға мүмкін еді. Бірақ ол әлі майданға шықпаған. Патшалықтың залым күші зілдей боп басып, бүріп тұрған еді. Міне, Лермонтовтың аз жылдық ақындығы осындай бір мезгілсіздік, шәргездік тұсында өтті. Арты болса, 14 декабрьдің ойраны. Алдына қараса, қоғамдық тілек-талаптар өлі сұрыпталып шықпаған, көмескі. Өз басында тұрған күнді алса, одан да жиренеді. Айналасы толған Николай патшаның "жағым қой", "жорға құлдары". Бас әкім боп отырғандар қараңғы қара күш иесі, "тақ айналасында тұрған аш бөрілер". Соларды көріп ақын "жуылмаған Ресей" күйіне қарсы жалынды, қатты ереуіл жасайды. "Тұманды теңіз өрінде" жүріп, тарих толқындарының үстінде, алыста бұлдырап жүрген "жалғыз жалауға" көзін тігеді. Соның келіп жетуін арман етеді. Ол жалау, ақын тілеген бостандық жалауы. Сол бостандыққа талпынбайтын өз буынының мінін жазады. Өлі жандай, қуыс кеуделі замандастарынан жирене түңіледі. Олардың болашағы "я қуыс, я қараңғы" дейді. Өзі осы буынның ішінде қалып, қол-аяғы тұсаулы боп қалғанын арман етеді. Қылар қайрат, етер дәрмен жоқ, қайғылы жалғыз боп сарнайды. Саясат әуесінің қараңғы түнегі басып тұрған уақытта, ақсүйектен шыққан оқымыстылар азғындап бара жатыр. Солардың артында жалғыз Лермонтов канаты қырқылып отырса да, шығар жол іздейді. Дауыл соқса екен, ереуіл күшейсе екен деп талпынады. Бірақ сол талабының әзірше іс болмайтынын сезіп шерленеді. Осы жағынан қарағанда, Лермонтов орыс әдебиетіне, декабрист ақындардың ізін, жолын қуған ақын боп кіреді. Ол өз тұсындағы Ресейдің қоғамдық-саяси құрылысына қарсы ереуіл жасап шығады ("Түрік мұңы" деген өлеңінде). Декабристер шығармаларында кездесетін крестьянды құлдануға қарсы айтылған сөздер мұның да драма, әңгімелерінен орын алады. Рас, ақсүйектер ішінен шыққан революцияшыларға крестьян революциясы көп жағынан жат болатын. Бірақ сонда да күл крестьянға алпауыттың істеп отырған жауыздық, қорлық, зорлықтарының дәл суретін беру арқылы Лермонтов өз дәуірінде көп шындықтың бетін ашады. Ақын кер кеткен заманда өз талабының өрте баспайтынын көреді. Сондықтан, барлық шығармасына түңілген уайым сарыны жайылады. Кейде болмысқа тағдыр бұйрығындай қарап, өзі де дарашылдықсыз беріледі. Өзін шетке қағылып қалған жалғыз жандай сезінеді. Осындай түңілу күйі асқындаған сайып, ақын өз дәуірінен безгісі келеді. Өзі көріп жүрген болмысты "қожалар мен құлдар отаны" деп суреттейді.
ҚОЖА БОЛҒАН КӨК МУНДИР (ШЕНДІ КИІМ)
"Ақын өліміне" деген өлеңінде Лермонтов ақсүйектер ортасын "қызғаншақ, сұмырай орта" — деп келіп, жаңағы көк мундирлі патша тобын да соққыға ұшыратады. Бұл өлеңіндегі революцияшылдық, бір жағынан бұрынғы жауыз аталардың "тәкәббар ұрпақтарын" шенеуде болса, екінші жағынан соларға қарсы қып "ақынның нақ аққанын" жоқтайды. Барлық қанішер тобыңмен ақынымнан садаға кет дегендей қылады. Бұл сөзі жалғыз патша маңындағы ұлықтар емес, ең алдымен Николай патшаның, тақ иесі жауыздың өзіне айтқан үкімі еді. Патшалықтың жорға құлдары осыны сезді де, ақынға қарсы неше түрлі пәлені ойлап кеп, аяғында Кавказға айдатып жіберді. Патшасымен барлығының ойы Лермонтов та Пушкиндей боп, оқ астында өлсін деген еді. Басында патшалықты солайша сөгіп шенеп кеп, артынан 1839 жылы "Қарасам қайғыртар" деген өлеңінде өзі шыққан ақсүйектер ортасын да қатты сынайды. Оларға айтқан үкімінде, ақсүйектердің ендігі жасы құнсыз, олардың болашағы "я қуыс, я қараңғы" деп байлау жасайды. Бұлар "өнерсіз қартаяды", өмірі "мақсатсыз өткен бір сапар" — деп байлады. Бұл елеңде 1830 жылдың жастарының ұсақ құмарлық, берекесіз талап сияқты нәрсіздігін айтып кеп, өзінің солардан аулақ болғысы келгенін білдіреді. Бұдан кейінгі "Ақын" деген сияқты талай өлеңдерінде де Лермонтов осы ниетін айқын білдіріп отырады. "Махаббатты, шындықты" жоқтаушы ақын өзінің қоғамдық лирикасында (сыршылдық өлеңдерінде) ұдайы заманы мен ортасын мінеп, солардан көрген қорлығы мен соққысын көп айтады. Лермонтовтың бұл түрдегі өлеңдерін қазақ тіліне әдемі қылып аударған атақты ақын Абай — осы Лермонтов мұңындай мұңды өз басынан да көп кешкен. Сондықтан, өзінің көп өлеңдерінде де осы Лермонтовша жырлайды. Лермонтовтың жазғаны ұсақ өлеңдер ғана емес. Оның әңгімелі өлеңдері де, қара сөзбен жазған әңгіме, романы да бар. Әңгімелі өлең (поэмаларының) ішіндегі ең атақтылары: 1837 жылы жазылған "Купец Калашников жайындағы жыр", 1840 жылы жазылған "Мцыри", онан соң 1841 жылы жазылған "Демон".
Қара созбен жазылған әңгімесі атақты "Біздің заманның геройы" деген роман. Лермонтовтың өлеңдері мен әңгімелеріндегі тағы бір зор ерекшелік, ол сол өз заманындағы Кавказ елінің тіршілігін көп жазады. Патшаның өкіметі Кавказды өзіне отар қылып алам деп, қатты қорлық, қаталдықтар істесе, Каказ халқын орыс елінің жауы деп түсіндірсе, Лермонтов әрқашан сол Кавказдың адамдарын дос ниетпен жақсы көріп, жыр етеді. Патшаның өкіметі бұларға қиянат етеді, қастық істейді деген сөздерге шейін айтып отырады. Пушкиннің артынан жедел шыққан ақын Лермонтов жас кезінде, ақындық жөнінде көп жайда Пушкиннің шәкірті еді. Екінші жағынан, сол Пушкиннің ізімен өсіп, орыс әдебиетінде Пушкинмен қатар аты аталатын ұлы ақынның бірі боп өтті.
құлдануға қарсы айтылған сөздер мұның да драма, әңгімелерінен орын алады. Рас, ақсүйектер ішінен шыққан революцияшыларға крестьян революциясы көп жағынан жат болатын. Бірақ сонда да құл крестьянға алпауыттың істеп отырған жауыздық, қорлық, зорлықтарының дәл суретін беру арқылы Лермонтов өз дәуірінде көп шындықтың бетін ашады. Ақын кер кеткен заманда өз талабының өрге баспайтынын көреді. Сондықтан, барлық шығармасына түңілген уайым сарыны жайылады. Кейде болмысқа тағдыр бұйрығындай қарап, өзі де дарашылдыққа беріледі. Өзін шетке қалып қалған жалғыз жандай сезінеді. Осындай түңілу күйі асқындаған сайын, ақын өз дәуірінен безгісі келеді. Өзі көріп жүрген болмысты "қожалар мен құлдар отаны" деп суреттейді. "Ақын өліміне" деген өлеңінде Лермонтов ақсүйектер ортасын "қызғаншақ, сұмырай орта" — деп келіп, жаңағы көк мундирлі патша тобын да соққы ұшыратады. Бұл өлеңіндегі революцияшылдық, бір жағынан бұрынғы жауыз аталардың "тәкәббар ұрпақтарын" шенеуде болса, екінші жағынан соларға қарсы қып "ақынның нақақ қанын" жоқтайды. Барлық қанішер тобыңмен ақынымнан садаға кет дегендей қылады. Бұл сөзі жалғыз патша маңындағы ұлықтар емес, ең алдымен Николай патшаның, тақ иесі жауыздың өзіне айтқан үкімі еді. Патшалықтың жорға құлдары осыны сезді де, ақынға қарсы неше түрлі пәлені ойлап кеп, аяғында Кавказға айдатып жіберді. Патшасымен барлығының ойы Лермонтов та Пушкиндей боп, оқ астында өлсін деген еді. Басында патшалықты солайша сөгіп шенеп кеп, артынан 1839 жылы "Қарасам қайғыртар" деген өлеңінде өзі шыққан ақсүйектер ортасын да қатты сынайды. Оларға айтқан үкімінде, ақсүйектердің ендігі жасы құнсыз, олардың болашағы "я қуыс, я қараңғы" деп байлау жасайды. Бұлар "өнерсіз қартаяды", өмірі "мақсатсыз өткен бір сапар" — деп байлады. Бұл өлеңде 1830 жылдың жастарының ұсақ құмарлық, берекесіз талап сияқты нәрсіздігін айтып кеп, өзінің солардан аулақ болғысы келгенін білдіреді. Бұдан кейінгі "Ақын" деген сияқты талай өлеңдерінде де Лермонтов осы ниетін айқын білдіріп отырады. "Махаббатты, шындықты" жоқтаушы ақын өзінің қоғамдық лирикасында (сыршылдық өлеңдерінде) ұдайы заманы мен ортасын мінеп, солардан көрген қорлығы мен соққысын көп айтады. Лермонтовтың бұл түрдегі өлендерін қазақ тіліне әдемі қылып аударған атақты ақын Абай — осы Лермонтов мұңындай мұңды өз басынан да көп кешкен. Сондықтан, өзінің көп өлеңдерінде де осы Лермонтовша жырлайды. Лермонтовтың жазғаны ұсақ өлеңдер ғана емес. Оның әңгімелі өлеңдері де, қара сөзбен жазған әңгіме, романы да бар. Әңгімелі өлең (поэмаларының) ішіндегі ең атақтылары: 1837 жылы жазылған "Купец Калашников жайындағы жыр", 1840 жылы жазылған "Мцыри", онан соң 1841 жылы жазылған "Демон".
Қара сөзбен жазылған әңгімесі атақты "Біздің заманның геройы" деген роман. Лермонтовтың өлеңдері мен әңгімелеріндегі тағы бір зор ерекшелік, ол сол өз заманындағы Кавказ елінің тіршілігін көп жазады. Патшаның өкіметі Кавказды өзіне отар қылып алам деп, қатты қорлық, қаталдықтар істесе, Каказ халқын орыс елінің жауы деп түсіндірсе, Лермонтов әрқашан сол Кавказдың адамдарын дос ниетпен жақсы көріп, жыр етеді. Патшаның өкіметі бұларға қиянат етеді, қастық істейді деген сөздерге шейін айтып отырады. Пушкиннің артынан жедел шыққан ақын Лермонтов жас кезінде, ақындық жөнінде көп жайда Пушкиннің шәкірті еді. Екінші жағынан, сол Пушкиннің ізімен өсіп, орыс әдебиетінде Пушкинмен қатар аты аталатын ұлы ақынның бірі боп өтті.
ЖАЛҒЫЗ ЖАЛАУ ЖАЛТЫЛДАП
Жалғыз жалау жалтылдап,
Тұманды теңіз өрінде.
Жат жерде жүр не тандап,
Несі бар туған жерінде?
Ойнақтап, толқып жел гулеп,
Майысар діңгек сықырлап.
Ол жүрген жоқ бақ іздеп,
Қашпайды бақтан бой ұрлап.
Астында дария көк майдан,
Үстінде сәуле алтын күн.
Қарашы, өршіл майталман
Тілейді дауыл күні-түн.
Аударған — Абай
ҚОНАДЫ БІР КҮН ЖАС БҰЛТ
Қонады бір күн жас бұлт,
Жартастың төсін құшақтап.
Жөнелді ертең, қалды үміт,
Көк жүзіне ойнақтап.
Әжімді жүзі тершіген,
Кәрі жартас таң қапты.
Бәрі осы-ay деп іздеген
Тілейді дауыл күні-түн.
Аударған — Абай
АҚЫННЫҢ ӨЛІМІНЕ
Ақын өлді! Намыс құлы
Құлады оқтан у кекпен.
Еңкейді, иді басын ұлы,
Шыдамай сұм өсектен.
Ақын жанын жаралады
Арсыздықтың соққысы.
Қайрат қылды, қарсы барды,
Көпке жалғыз... оққа ұшты! Өлді!..
Неге өтірік мадақтау,
Дүниеден ол қайтқан соң,
Аһ ұру тағдыр неге?
Бос мақтау билік айтқан соң.
Еркін, өткір өнеріне
Қуғын салған сендерсің.
Өрт бәсеңдеп, сөнерінде,
От жандырған сендерсің.
Жендеті оның рақымсыз,
Соқты қатты... амал жоқ!
Қуыс жүрек соғады жансыз,
Қолда қалды пистолет,
Тастауымен тағдыр бізге
Шеттен қашып келген көп.
Аңсап баққа, шөлдеп шенге,
Мен қожаңмын — деген көп.
Омыраумен, ожарлықпен,
Таптап жерді, тепті заң,
Қорлады әлем, бұл қылықпен,
Білмейміз бе? Несі таң?
Аямады ол, сыйлау қайда,
Біздің елдің асылын,
Ол уклады, қолын қайда,
Қандай қанға малғанын...
Өлді енді ол, алды мола,
Қайсар, бірақ ерке әнші
Өзі әдемі жыр еткен,
Жас ақынша оққа ұшқан.
Ол кезікті жауыз қолға,
Әні, енді тек жұбанышы
Жан достықтан, таныстықтан,
Тар, қаскүнем жалғанға,
Неге келген құрмалықтан,
Еркін жүрек жанғанға.
Кенеуі жоқ жалақорға
Неге қолын берді екен?
Сыры мәлім сұм алдауға
Неге, неге сенді екен?
Ол бұрынғы гүл орнына,
Тікеннен тәж салғанды,
Ол тікендер өскен уда,
Дерт улады маңдайды,
Сұмырайлардың сыбырынан
Уланды да, көз жұмды.
Өтірік үміт сұм сырымен,
Өтті, кетті, сөз тынды.
Тынды үні әннің мәңгі,
Енді қайта зар шықпас,
Ақын жайы тар, қараңғы,
Аузында мөр, үн шықпас.
Арсыздықпен атақ алған,
Аталардың ұрпағы,
Сорлыны жеп сайрандаған,
Ішкендерің күл қаны!
Тақ мінгендер, жендетсіңдер,
Ерік, ақылды бауыздап,
Закон әділ сот дейсіндер,
Сотта әділ жоқ — ауызды жап!
Бұзылғандар, сот ілгері,
Болар ол сот, үлкен сот,
Сөз де, іс те аян оған,
Оны алтынмен алдау жоқ.
Онда өтпес жалғандарың,
Өтірік жәрдем бола ал мас
Ақиқат ақ, ақын қанын
Қара қаның жуа алмас.
ҚАРАСАМ ҚАЙҒЫРТАР ЖҰРТ
Қарасам қайғыртар жұрт бұл заманғы,
Салқын қуыс өмірі, я қараңғы.
Білім де жоқ, білімге сенім де жоқ,
Өнерсіз қартаяр деп біл баланды.
Жасынан білер ескі шалдың мінін,
Аптық жерін, ақылға кеш енгенін,
Өзі өнерсіз, өмірден тез суынар,
Ойлаған жолаушыдай бос жүргенін.
Жамандық жақсылыққа қарар салқын,
Солығы тез басылып қайтар қарқын.
Ұлыққа қошеметшіл құл сықылды,
Қатерге аяқ баспас көрмей артын.
Дәл бейне ерте шыққан бүлдіргенше,
Суық соғып бүрсиген дәмі енгенше,
Көзге де, ауызға да қызығы жоқ,
Қызуы үзілгенше бос жүргенше.
Пайдасыз ғылым менен ми кептірер,
Дос-жарға мақтан етіп бұлдап көрер.
Жақсы сөз, жақын үміт тәттілікті,
Кемітер, көңіл қоймас, көкең кірер.
Қуаты қызық қызмет тойларының,
Қос қыртысын кетірмес ойларының.
Лап бергіш, сырт айланғыш, қайта ойланғыш,
Тиянақ, оты сөнген бойларының.
Келісімді тәтті ой, әм шеберлік,
Қуантпас ойын қозғап пәлен дерлік.
Өз кеудесін өзі андып, бой салдырмас,
Тоқымығы бусанбас неткен ерлік.
Жек көрер, жақсы көрер, көзі білер,
Ашуы, махаббаты босқа сөнер,
Жанында суықтық бар бір жасырын,
Қаны отты жас күнінде шықпас өнер.
Бала мінез, ойыншы бұрынғылар,
екен, мазақтап соны сынар.
Артқа қарап, ақ пейіл шалға күліп,
Абұйырсыз, атақсыз көрге құлар.
Көп салқын бірін-бірі ойына алмас,
Кетер жым-жырт, артына із қалдырмас.
Ой қозғарлық артқыға түк қалдырмай,
Ұмыт болар, жоғалар, көпке бармас.
Аударған — Абай
ҚАНЖАР
Сүйкімді болат қанжар тұрсын жайнап,
Ыстық-суық майданда шығады ойнап.
Грузин, ашулы ұста көкке соққан,
Ер шеркес соғыс үшін алған қайрап.
Еркелі нәзік қолмен маған тиді,
"Ұмытпа" деп айрылар жерде берді.
Қан сорғалар жүзінен жас сорғалап,
Қайғымен өртенгеннің белгісі еді.
Қара көз қарап маған көп қадалған,
Құпия, қайғы өртеніп, бойын алған.
Болатша дірілдеген жалын көрген,
Бір күңгірт тартып және оттай жанған.
Аударған — Абай
Пікірлер (0)
Пікір жазу үшін аккаунтқа кіріңіз. Кіру