Əлемдiк философиялық мұра 9 том
Сәбит Мұқанов
Жазылымсыз режим: 20-беттен кейін жазылым беті ашылады, әрі қарай әр 10 бет сайын (ең көбі 5 рет).
Бұл томда XIX ғ. аяғы мен XX басында дүниеге келген «өмір философиясының» қалыптасуы мен дамуына тікелей қатынасты ғұлама ойшылдар А.Шопенгауэрдің, С.Кьеркегордың, И.Фихтенің, А.Бергсонның, В.Дильтейдің және В.Виндельбандтың еңбектерінен үзінділер қазақша аударылып берілген. Бул атақты философтар философия тарихының жаңа бетін ашып, өмір философиясының негізін қалаушылар болды. Қазіргі Қазақстанда болып жатқан саяси-
«Мəдени мұра» мемлекеттік бағдарламасының
кітап сериялары
«Мәдени мұра» мемлекеттік
бағдарламасын іске асыру жөніндегі
қоғамдық кеңестің құрамы:
Құл-Мұхаммед Мұхтар, төраға
Досжан Ардақ, төрағаның орынбасары
Асқаров Әлібек, жауапты хатшы
Қоғамдық кеңестің мүшелері:
Абдрахманов Сауытбек
Аяған Бүркіт
Әбусейітова Меруерт
Әжіғали Серік
Әйтімова Бірғаным
Әлімбай Нұрсан
Әуезов Мұрат
Базылхан Нәпіл
Байпақов Карл
Биекенов Кеңес
Ертісбаев Ермұхамед
«Әлемдік философиялық мұра»
сериясының редакциялық алқасы
Ә. Нысанбаев (төраға), Ж.Әбділдин, Т.Әбжанов, Қ. Әбішев,
Қ.Әлжан (төрағаның орынбасары), Ғ.Есім, Т.Ғабитов,
Д.Кенжетай, Ғ.Құрманғалиева, Ж.Молдабеков (төрағаның
орынбасары), С.Нұрмұратов, М.Сәбит, А. Тайжанов.
Кенжеғозин Марат
Қасқабасов Сейіт
Қойгелдиев Мәмбет
Нысанбаев Әбдімәлік
Өмірбеков Байтұрсын
Салғара Қойшығара
Сариева Рысты
Сейдімбек Ақселеу
Сұлтанов Қуаныш
Таймағамбетов Жәкен
Тұяқбаева Баян
Хұсайынов Көбей
ББК 87.3(0)
Ә 52
Қазақстан Республикасы мәдениет және ақпарат
министрлігінің бағдарламасы бойынша шығарылды
Құрастырушы
М.Сәбит
Ғылыми редакторы
Ә.Н.Нысанбаев
Сарапшы
М.Изотов
“Əлемдік философиялық мұра”. Жиырма томдық. 9-том.
«Өмір философиясы». – Алматы: Жазушы, 2006. – 464 бет.
ІSBN 978-601-200-007-8
Бұл томда XІX ғ. аяғы мен XX басында дүниеге келген «өмір
философиясының» қалыптасуы мен дамуына тікелей қатынасты
ғұлама ойшылдар А.Шопенгауэрдің, С.Кьеркегордың, И.Фихтенің,
А.Бергсонның, В.Дильтейдің және В.Виндельбандтың еңбектерінен
үзінділер қазақша аударылып берілген. Бул атақты философтар
философия тарихының жаңа бетін ашып, өмір философиясының
негізін қалаушылар болды. Қазіргі Қазақстанда болып жатқан
саяси-әлеуметтік үдерістер жағдайында бұл шығармалардың адам
танымын, сана-сезімін кеңейтуге әсері зор болмақ.
Ә 0301030000-061
ББК 87.3(0)
402 (05)-06
ІSBN 978-601-200-007-8-(т.9)
ІSBN 9965-764-01-8
© “Жазушы” баспасы, 2006
Ә 52
алғы сөз
хіх ғ. соңы мен ХХ ғ. басында Батыс Еуропада «Өмір фило
софиясы» атты бағыт орнығып, өз ықпалын ХХ ғ. отызыншы-
қырқыншы жылдарында күш ала бастаған экзистенциализм пайда
болғанға дейін сақтап келген болатын. Белгілі мағынасында экзи
стенциализмді өмір философиясының қарастырған мәселелерін
кеңейтілген түрде әрі жалғастырған, сөйтіп оның орнын басқан
бағыт деп санауға болады. «Өмір философиясы» деген атаудың өзі
де кездейсоқ емес.
Классикалық философия өзінің басты принципі рационализм
ді берік ұстанып, бүкіл дүниені ақыл-ойға, зердеге сыйдырмақ
болып тырысқаны мәлім. Мұның аса көрнекі әрі дамыған фор
масын Гегель ілімінен табуға болады. Оның «шындықтың бәрі
зерделі, зерделінің бәрі шындықты» деген қағидасы осы рацио
нализм принципінің таза айнасы болғандай-тын. Алайда, ХІХ ғ.
орта тұсында философиялық ой желісінде рационализм принц
піне кереғар келетін әр түрлі идеялар пайда бола бастайды.
Мұның басты себебі сол кездері қоғамның дағдарысқа ұшырап,
тұлға мен қоғамның арасындағы қайшылық ұшыға түсуінде, ка
питалистік қоғамға тән жатсыну мәселесінің етек жаюында деу
ге болады. Мұндай зердеге сыймайтын, философиялық рациона
лизм тұрғысынан түсіндіруге көнбейтін құбылыстар барған сай
ын көбейіп, бұлардың түп-тамыры адамның табиғатына, оның
өмірінің айнымас қасиеттеріне телініп, оларды түсіндіру үшін
философия да ішкі құрылымын, бағдарын өзгертуі тиіс делініп,
осы тұрғыда ізденістер жүргізген ойшылдар қатары өсе бастай
ды. Мұндай ізденістер жұрнақтарын Руссо, Гете, Шлегель сияқты
ойшылдардың, сәл кейінірек Якобы, Шеллинг, Шопенгауэр, Кьер
кегор сияқты белгілі философтардың еңбектерінен кездестіруге
болғанымен, олардың ілімі, пайым мен зердені ерік, қиялдар мен
эмоциялар сияқты иррационалдық бұлдыр элементтермен біртұтас
таным үдерісінде өзара үйлестіруге ұмтылғандықтан, әлі де сол
классикалық философия шеңберінен шыға қоймаған еді.
ХІХ ғ. соңына қарай классикалық философияны, оның
рационалистік принципін сынау күшейіп, заманның жаңа
сұраныстарына сай келмейтіндігі әшкереленіп, адам өмірінің нақтылы мәселелерінен бас тартпай, оларға жауап беретін жаңа философиялық бағыт ретінде өмір философиясы дүниеге ке леді. Оның басты өкілдерінің қатарына Ницшені, Бергсонды, Дильтейді, Зиммельді, Шпенглерді жатқызуға болады. Бұлардың ілімдерінде иррационалдылық ұғымға ауырлықтар басым бо лып, рационалдылық қосалқы рөл атқарушы ретінде ғана соған бағындырылып, философия енді бұрынғыдай ұғымдарға негіз делген дүние туралы жүйелі ойлау деп емес, жалғыз ғана зерденің күшімен тануға болмайтын шындықты интуитивті қабылдау мен түсіну деп саналады. Өмір философиясы сонымен бірге ғылыми танымда сол кездері орын алған өзгерістермен де байланысты. ХІХ ғ. соңы мен ХХ ғ. басында жаратылыстану ғылымдарында орын теп кен революциялық ашылымдар (атомның күрделілігінің ашы луы, алғашқы элементарлық бөлшек электронның ашылуы, А.Эйнштейннің салыстырмалылық теориясының жарық көруі, кванттық механиканың қалыптасуы, молекулярлық биология мен дарвинизмнің қатарласа дамып синтезделуге бейімделуі және т.б.) классикалық емес ғылымның дүниеге келгенін паш еткен еді. Классикалық емес философия мен классикалық емес ғылымның қатарласа дүниеге келуі, философия мен ғылымның арасындағы терең қарым-қатынас пен ішкі байланыстың айғағы деуге тұрарлық құбылыс. Өмір философиясы ғылымдағы, әсіресе биологияның тіршілікті танудағы жетістіктеріне сүйене отырып, дүниеде бәрін де тіршілік, өмір тұрғысынан түсіндіріп, «өмір» ұғымына негіз делген тұтас дүниетаным құруды мақсат тұтады, сөйтіп бұл ұғым философияның орталық ұғымына айналдырылады. Өмір дүниенің мәні де, оны танудың бірден-бір құралы да деп саналады. Адам өмірінің мән-мәнісі, оның негізгі құндылықтары туралы мәселе де осы тұрғыдан қарастырылып, өзінше шешіледі. Адам өміріне мән-мағына беретін не деген сұраққа, тап өмірдің өзі деп жауап беріліп, өмір тұтас дүниетанымның әмбебап принципіне айнала ды. Өмір ұғымының көпмәнділігі мен ауқымының кеңдігі Өмір философиясы өкілдерінің көзқарастарының да әр түрлі мақамда өрістеуіне, оны түсіндірмелеудің әрқилы тәсілдеріне (биологиялық, психологиялық, мәдени-тарихи т.б.) жол ашып бергені де анық. Терең мәнді де мағыналы бұл философиялық бағыттың бүкіл ХХ ғ. философиясына, мәдениеті мен өзіндік сана-сезіміне тигізген әсері зор екені белгілі.
Өмір философиясының қалыптасуына айрықша әсер еткен ой
шылдар қатарына әрине, Артур Шопенгауэр (1788-1860) мен Серен
Кьеркогорды (1813-1855) жатқызуға тиіспіз. Міне, сондықтан осы
ІХ томға алдымен олардың еңбектерінен үзінділердің берілуі де
тегін емес. Содан кейін ғана өмір философиясының басты өкілдері
Фридрих Ницшенің (1844-1900), Анри Бергсонның (1859-1941),
Вильгельм Дильтейдің (1833-1911) еңбектерінен үзінділер келтірі
ліп отыр. Әрине, аударуға бұл ойшылдардың оқушыларды олардың
көзқарастарымен етене таныстыру мақсатында, басты еңбектері
таңдалып алынды. Бұл томның соңында өмір философиясының
өкілі
болмағанымен
белгілі
неміс
философы
Вильгельм
Виндельбандтың (1848-1915) екі томдық «Жаңа философия тари
хы» еңбегінің «Канттан Ницшеге дейін» деп аталатын екінші то
мынан үзіндіні қоса орналастыруды жөн санадық. Бұл үзінді ХІХ
ғ. орта тұсында қалыптасқан рационалдықтан иррационалдыққа
өтуге қарай қадам басталған кездегі философиялық ахуалды тама
ша суреттеуімен құнды.
Бұл томда еңбектерінен үзінділер қазақша аудармасында кел
тіріліп отырған философтардың қай-қайсысы болмасын ғұлама
ойшылдар қатарынан табылатыны хақ. Олар философия тари
хында жаңа бетбұрысқа, классикалық философиядан классикалық
емес философияға өтуге жол ашқан ғұламалар. Философтардың
шығармаларын аударудың ауыртпалығы мен қиыншылықтары
бұрыннан да белгілі болғанымен, осы томға енген шығармаларды
қазақшаға аударудың өз машақаттары болғанын атап көрсеткіміз
келеді.
Біздер, құрастырушылар мен аудармашылар, бұл аударманың
тап-тұйнақтай емес екенін, кемшіліктері мен ақаулықтары
бар екенін сезінеміз, сезінеміз де қынжыламыз, болашақ
оқырмандарымыздан кешірім сұрауға да әзірміз. Сонымен бірге,
осындай әр істің орындалуының өз тарихи жағдаяттары, уақыты
мен кеңістігі, өз шама-шарқы болатыны белгілі.
«Көш жүре түзелер» – дегендейін, болашақ аудармашылар бұл
істі әрі жалғастырып, жетілдіре түсетініне кәміл сенеміз. Сондай
ізгі іс-шараның алғашқы нұсқасы болып, бұл томға арқау болған
еңбектер қазақ оқырмандарының назарына ілігетін болса, біз өз
мақсатымызға жеттік деп, еңбегіміз зая кетпеген екен деп санар
едік...
Сәбит МҰРАТ.
Артур Шопенгауэр ДҮНИЕ – ЕРІК ПЕН елес Бірінші кітап Елес хақындағы дүние туралы §1 «Дүние дегенің менің елесім»: әрбір жанды, әрі тани білетін тіршілік иесі үшін күшін жоғалтпайтын ақиқат, міне осы, алайда тек адам ғана оны рефлектифті-абстрактылы сана деңгейіне дейін көтере алатыны аян; және де егер ол шынында да осыны істейтін болса, онда сол адамда заттарға деген философиялық көзқарас ту ындайды. Сонда ол үшін: оның күнді де, жерді де білмейтіні, ал тек күнді көретін көзді, жерді сезінетін қолды ғана білетіні; оны қоршаған дүние тек елес ретінде ғана, яғни тек қана басқаға, еле стенуші адамның өзіне, қатынасында ғана өмір сүретіні анық та күмәнсіз болып шығады. Егер де әлдеқандай a prіorі (көрегендік) айтылатын бір ақиқат бола қалса, онда дәл осы – ақиқаттың өзі, өйткені ол қандай да болмасын мүмкін және ойлауға сияды дей тін тәжірибенің басқа барлық формаларынан да, соның ішін де уақыт, кеңістік және себептіліктен де, асқан жалпылыққа ие форманың көрінісі болып табылады: олардың бәрі де оны алдынала тұспалдайды, сөйтіп егер де бұл формалардың әрқайсысы – ал оларды негіздеме заңының жекелеген түрлері деп мойындаймыз – елестердің тек жекелеген кластары үшін ғана мәнді бола ала тын болса, онда, керісінше, объекті мен субъектіге ажырау осы кластардың бәрі үшін жалпы форма болып қызмет етеді; ал ол елестердің қандайын да болмасын, олар қай текке – абстрактылы немесе интуитивті, таза немесе эмпириялық – жатса да, жалпы алғанда оларды мүмкін қылатын және ойлауға болдыратын бірденбір форма болып табылады. Сонымен, таным үшін берілгеннің бәрі де, яғни осы дүние түгелдей, субъектіге қатынасын алғандағы объ ект қана, аңдаушының аңдауы ғана, қысқаша айтқанда, елес ғана болып табылады дейтін ақиқаттан асқан күмәнсіз, басқалардың бәріне де тәуелсіз, дәлелдеуді де соншама қажет етпейтін ақиқат жоқ. Әрине, бұл қазіргіге де, қандай да болмасын өткенге де, қандай да болмасын болашаққа да, ең алыстағыға да, жақындағыға да тиесілі: өйткені бұл барлық осы айырмашылықтар орын тебетін уақыт пен кеңістіктің өзін қамтиды. Дүниеге жататынның және жата
алатынның бәріне де міндетті түрде осы субъектімен уәжділіктің мөрі басылған және олар субъект үшін өмір сүреді. Дүние дегеніміз елес. Бұл ақиқат соншалықты жаңа да емес. Ол Декарттың скептикалық ойлауларында-ақ кезігетін. Алайда, оны бірінші бо лып шешіле айтқан Беркли еді: ол сонысымен, оның ілімдеріндегі қалғанының бәрі дерлік жөнсіз болғанымен, философияға өлместей еңбек сіңірді. Мен қосымшада көрсеткенімдей, Канттың бірінші қатесі осы тезиске соқпай кетуінде болды. Керісінше, Вьясаға жатқызылатын Ведалар философиясының іргелі қағидасына айналған бұл негізгі ақиқатты үнді даналарының қаншама ертеде тани білгені туралы В.Джонс өзінің «Азиялықтардың философия сы туралы» («Asіatіc researches», vol. ІV, p. 164) деген соңғы трак татында былай куәландырады: “Веданта* мектебінің негізгі догма ты материяның бар екендігін, яғни тығыздықтың, керенаулықтың (непроницаемость) және созылмалықтың бар екендігін жоққа шығаруда емес (оларды жоққа шығару есуастық болар еді), ол туралы кәдімгі ұғымды түзетуде және де ол ақылды қабылдауға тәуелсіз өмір сүрмейді, өмір сүру мен қабылданушылық – айнал малы ұғымдар деген ұйғарымда”. Эмпириялық реалдылықтың трансцендентальдық идеалдылықпен сайма-сай келуін осы сөздер жеткілікті түрде білдіреді. Сонымен, бұл бірінші кітапта біз дүниені тек көрсетілген жағынан ғана – ол елес екендігінен ғана қарастырамыз. Алай да бұл көзқарастың, ол қаншама дұрыс болғанымен, бәрібір сыңаржақ екенін және, демек, әлдебір кездейсоқ абстракциядан туындағанын – мұны дүниені тек өзінің елесі деп қабылдауға де ген әркімнің іштей қарсылығы білдіреді; екінші жағынан, алай да, ол ешқашан мұндай болжалдан арыла алмайды. Бірақ бұл көзқарастың сыңаржақтылығын осы арада біздің басқы нүкте есе бінде алып отырғанымыздай тікелей анық емес басқа бір ақиқаттың, ал бұл ақиқатқа тек терең зерттеу, бірдей еместі айыруға және барабарды бір-біріне қосуға негізделген бұрынғыдан ұқыптырақ жасалған абстракция апара алады, – өте байсалды және әркімді қорқыныш болмағанымен ойға шомдыратын ақиқаттың, – әркімақ “дүние дегеніміз менің еркім” деп айта алатын және айтуға тиіс ақиқаттың көмегімен келесі кітап толықтырады. * Веданта (санскрит) – Ведалардың соңы, Упанишадаларға негізделген ілім, көне үнділік діни-философиялық ойдың жүйесі.
Бірақ оған дейін, демек, осы бірінші кітапта дүниенің біз басқы деп алып отырған жағын, танылу жағын үңіле қарастыру қажет; осыған орай барлық бар объектілерді, тіпті өзіміздің денемізді де (мен мұны жуыр арада түсіндіре кетемін), еш қарсылықсыз тек елес хақында, оларды тек елес қана деп атап, қарастыруға тиіспіз. Біздің бұл арада абстракциаланып отырғанымыз – кейінірек бұл барлығы үшін күмәнсіз болып кетуі ықтимал – дүниенің басқа бір қырын құрайтын әрқашанда тек қана ерік, өйткені дүние дегені міз, бір жағынан, түгелдейін елес, ал, екінші жағынан, түгелдейін ерік болып табылады. Ол да, бұл да бола алмайтын, ал өзіндік таза объект болатын реалдылық (өкінішке орай, Канттың арқасында оның өзіндік заты да соған айналып кеткені белгілі)*, ол – ойдан шығарылған сұрықсыздық, оны бар деп топшылау философияның әр жерден бір жылт ететін от алауы болып табылады. § 2 Бәрін де танып білетін және ешкіммен де танылмайтын, бұл – субъект. Демек, ол дүниенің иегері, барлық құбылыстардың, кез келген объектінің жалпы да әрқашан бар деп саналатын шар ты: өйткені өмір сүретіннің бәрі де тек субъекті үшін ғана өмір сүреді. Әркім өзді өзін танымның объектісі болғандықтан емес, қайта танып білетін болғандықтан ғана осындай субъект деп та бады. Алайда, оның денесі объект болып табылады, осыдан ба рып біз оны, бұл түрғыдан алғанда, түйсінік деп атаймыз. Өйткені дене – объектілер арасындағы объект және де ол, тікелей объ ект** бола түрғанымен, олардың заңдарына бағынады. Аңдаудың барлық объектілері сияқты ол кез келген танымның формаларын да, көптіліктің өмір сүру тәсілі болатын кеңістік пен уақытта орын тебеді. Ал субъект, танып-білуші, ешқашанда танылмаған, ол бұл формаларда болмайды: керісінше, ол өзі әрқашан олармен алдын ала жорытылады, және де сонымен оған көптілік те және оның қарама-қарсысы бірлік те сай келмейді. Біз оны ешқашанда танып біле алмаймыз, ал ол, таным қайда орын тепсе де, танымның иесі болып қала береді. * Өзіндік зат – Канттың сыни философиясында заттардың өздігінен, біздің қабылдауымыздан тысқары өмір сүруін білдіретін термин. Кант өзіндік заттар бізге ашылмайды, берілмейді, сондықтан оларды таныпбілу мүмкін емес, біздің танитынымыз тек сезім мүшелеріміз арқылы қабылданатын құбылыстар ғана деп есептеген. ** Қараңыз: Негіздеменің жеткіліктілігі заңының төрттілік түбірі туралы.
Сонымен, дүние елес хақында – бұл жерде біз оны тек осы қатынаста ғана қарастырамыз – мәнді және бөлінбейтін екі жар тыдан тұрады. Олардың біріншісі – объект: кеңістік пен уақыт, және де солар арқылы көптілік те оның формасы болып табы лады. Екінші жартысы, субъект, кеңістік пен уақыттан тысқары орналасады: өйткені ол әрбір елестенуші жан иесінде әбден әрі айрылмастай орын тебеді. Сондықтан бұлардың бірден-біреуінің өзі, миллиондаған осындай жан иелері сияқты, елес хақындағы дүниені объектімен тұтас толықтырады; ал егерде жалғыз деген жан иесі жоқ бола қалса, онда елес хақындағы дүние де ғайып бо лар еді. Бұл жартылар, сонымен, тіпті ой жүзінде де бөлінбейді, өйткені олардың әрқайсысы тек екіншісі арқылы болмысқа ие бола алады және сол үшін мәнді болады, сонымен бірге өмір сүріп, бір ге жоқ болады. Олар бір-бірін тікелей шектейді: объект басталған жерде субъект бітеді. Бұл шекараның жалпылығы дәл мынадан байқалады: кез келген объектінің мәнді және де сондықтан жал пылама формалары болып табылатын уақыт, кеңістік және себеп тілікті біз объектінің өзін танып білмей, жалғыз субъектіден ба стап-ақ тауып та, әбден танып біле де аламыз, яғни, Кант тілімен айтқанда, олар a prіorі* біздің санамызда бар. Бұл – Канттың басты және де өте үлкен еңбегі болып табылады… § 3 Біздің барлық елестеріміз арасындағы басты айырмашылық интуитивті мен абстрактылының арасындағы айырмашылыққа ке ліп саяды. Соңғысы елестердің тек бір ғана класын – ұғымдарды құрайды, ал бұлар жер бетінде тек жалғыз адамның ғана игілігіне жатады, сөйтіп оның барлық жануарлардан оны бөлектеп тұратын ұғымдарға деген қабілеті баяғыдан зерде деп аталады**. Бұл абстрактылы елестерді біз кейін ерекше қарастырамыз: ал дымен тек интуитивтік елес туралы ғана айтамыз. Ол бүкіл дүниені, немесе тәжірибенің, оның мүмкіндігінің жағдайларын бірге қоса алғандағы, жиынтығын қамтиды. Бұдан бұрын айтылғандай, мы нау Канттың ашқан өте маңызды жаңалығы болып табылады: тәжірибенің аталған осы жағдайлары, осы формалары, яғни оны * a prіorі (лат. - алдыңғыдан) – тәжірибеден бұрын, оған еш тәуелсіз және оған дейін деген мағынаны білдіретін Кант философиясының термині. ** Кант бұл зерде ұғымын шатастырып жіберді; өзімнің «Этиканың негізгі мәселелері» қосымшаға сілтеймін.
қабылдаудағы ең жалпысы, оның барлық көріністеріне бірдей тиі сті болатыны, – уақыт пен кеңістік – өзді өзінен, өз мазмұнына еш тәуелсіз, тек абстрактылы ойлаудың ғана емес, тікелей аңдаудың да пәні бола алатыны. Және де мұндай аңдау қайталау арқылы тәжірибеден алынған қияли бейне емес, оның бірақ тәжірибеден тәуелсіздігі соншама, керісінше, тәжірибені соған тәуелді деп са нау керек, өйткені кеңістік пен уақыт қасиеттері, аңдаудың оларды a prіorі танып білетініндей, мүмкін болар кез келген тәжірибе үшін ол қайда болмасын бағынатын заңдар күшіне иемденеді. Міне, осы себепті негіздеме заңы туралы өзімнің трактатымда мен уақыт пен кеңістікті қарастырған едім, өйткені олар, елестердің ерекше және дербес класы ретінде, таза және мазмұннан ада түрінде аңдалады. Аңдаудың аталған жалпылама формаларының Кант ашқан мы нау қасиеті – олардың өзді-өзінен ап-айқындығы әрі тәжірибеге тәуелсіздігі және де оларды барлық өз заңдылығында танып білуге болатындығы, ал өзінің жаңылмайтындығымен әйгілі математика осыған негізделген-тін, – қаншама маңызды болғанымен, олардың тағы бір қасиетінің – себептілік және дәлелдеу принципі ретінде тәжірибені анықтайтын және пікірлерді негіздейтін заң ретінде ой лауды анықтайтын негіздеменің жеткіліктілігі принципі бұл арада мен болмыстың негізі деп атаған әрі уақытта оның мезеттерінің тізбектелуі, ал кеңістікте шексіз өзара бір-бірін анықтайтын оның бөліктерінің орналасуы болып табылатын мүлде ерекше формаға ие болуының, – маңыздылығы еш кем емес. Менің кіріспе трактатымнан кімде-кімге негіздеме заңының мазмұнының, оның түрлерінің әртүрлілігіне қарамастан, әбден тепетең екендігі анықталса, бұл заңның ішкі мәнін ұғыну үшін оның формаларының, атап көрсеткенде, ең қарапайымы дегенін танудың қаншалықты маңызды екеніне соның көзі жетеді, ал мұндай фор ма деп біз уақытты мойындадық. Онда әрбір мезеттің өз әкесіндей болатын алдыңғысын құртып қана, өзі де соншалықты тез арада құрып кетуі үшін өмір сүретініне ұқсас; өткен мен болашақтың (өз мазмұнының нәтижелерінен сырт алғанда) дәл кез келген түс көру сияқты түкке түрғысыздығына, ал қазіргі тек олардың арасындағы көпке созылмайтын және орнықсыз шекара іспеттес болатыны на, ұқсас – дәл осылай осы түкке түрғысыздықты біз негіздеме заңының барлық басқа формаларында да байқаймыз, сөйтіп уақыт та, кеңістік те, және де оларда бардың бәрі де, яғни себеп пен дәйектемеден туындайтынның бәрі де, бәрі тек салыстырмалы ғана болмысқа ие, тек басқа арқылы және өзі тектес, яғни дәл солай
өмір сүретін, басқа үшін ғана өмір сүреді. Бұл көзқарастың мәні байырғы: сол арқылы Гераклит заттардың мәңгілік ағымына деген өзінің ойын білдірген; Платон оның пәнін әрқашан қалыптасуда, бірақ ешқашан қалыптасып бітпейтін әлдене есебінде тұқырта қарастырған; Спиноза мұны бірден-бір бар және болатын біре гей субстанцияның акциденциясы ғана деп атаған; Кант осылай танылғанды қарапайым құбылыс есебінде өзіндік затқа қарамақарсы қойған; соңында, үнділердің көне даналығы былай дейді: “бұл Майя* , алдаудың жамылғысы, күнәһарлардың көзін тасалап, дүниені бар деп те, жоқ деп те айтуға келмейтіндей етіп көруге мәжбүр етеді; өйткені ол көрген түске ұқсас, жолаушы алыстан су екен деп қалатын күннің құмдағы сәулеленуіне немесе оған жылан болып көрінетін лақтырылып тасталған арқанға ұқсас. (Мұндай салыстырулар Ведалар мен Пурандарда* көп қайталанады). Осы ойшылдардың бәрінің мегзеп және айтып отырғаны негіздеме заңына бағынатын, біз қазір елес хақындағы дүние деп қарастырып отырғанның дәл өзі болып табылады. §4 Негіздеме заңының уақыттың өзіндік таза желісінде көрінетін және барша санау мен есептеуге тірек болатын бұл түрін кім та нып білсе, сол сонымен бірге уақыттың бар мәнін де танып білер болғаны. Ол – негіздеме заңының дәл осы түрінен артық ешнәрсе де емес және оның басқа қасиеттері де жоқ. Бірізділік – негіздеме заңының уақыт желісіндегі формасы; бірізділік – уақыттың толық мәні. Кімде-кім негіздеме заңының таза аңдауды кеңістіктегі билі гін танып білген болса, сол сонымен бірге кеңістіктің де бар мәнін танып болғаны, өйткені соңғысы түгелімен оның бөліктерінің бір-бірі арқылы өзара, анықталу мүмкіндігінен басқа, ал бұл ор наласу деп аталады, ешнәрсе де емес. Кейінгісінің егжей-тег жейін қарастыру және одан туындайтын нәтижелерді абстракты лы ұғымдарға айналдыру (қолдануға ыңғайлырақ болуы үшін) бүкіл геометрияның мазмұнын құрайды. Дәл сол сияқты, кім аталған формалардың (уақыт және кеңістік) мазмұнын, олардың түйсінімділігін, яғни материяны, билейтін негіздеме заңының дәл осы түрін танып білсе, басқаша айтқанда: кім себептілік заңын та * Майя (санскр.) – ведалық дәстүр бойынша алдамшы елес сияқты (иллюзорлық) дүниенің құдайшасының аты. * Пурандар (санскр.-аңыз-әңгіме) – ведизмдегі құдайлар туралы көне аңыз-әңгімелер мен ертегілер.
нып білсе, – сол сонымен бірге материя атаулының бүкіл мән-жай ын да таныған болады, өйткені соңғысы түгелімен себептіліктен басқа ешнәрсе де емес және солай екеніне бұған зер салып, жете ойланған әркімнің де тікелей көзі жетпек. Материяның болмысы – оның әрекеті; оның өзге болмысы тіпті ойға да қонбайды. Тек әрекет арқылы ғана ол кеңістікті толтырады, уақытты толтырады; оның тікелей объектіге (ол да материя) әсер етуі – өзі де тек сонда ғана орын тебетін аңдаудың шарты; әлдебір материалдық объектінің басқа материалдық объектіге әсерінің нәтижесі соңғысының ті келей объектіге енді тек бұрынғыдан басқаша әсер етуінен ғана танылады және де аталған нәтиже тек қана осы болады. Соны мен, себеп пен әрекет – материяның барлық мәні осында: оның болмысы – оның әрекеті (бұл жөнінде толығырақ негіздеме заңы туралы трактаттан қар., §21). Сондықтан да материалдықтың бүкіл жиынтығы шындық** деп өте сәтті аталған; бұл сөз реалдылықтан гөрі анағұрлым құнарлырақ. Материяның әсер ететіні тағы да сол материя: оның барлық болмысы мен мәнісі, сонымен, тек бір бөлігі екінші бөлігінде туғызатын заңды өзгерістен ғана құралған, сондықтан оның бар болмысы мен мәнісі тек оның шеңберінде ғана күші бар қатынасқа сәйкес, өзі де түгелдей қатысты болмақ, – демек, әбден уақытқа ұқсас, кеңістікке ұқсас. Бірақ уақыт пен кеңістік, әрқайсысы өзінше, материясыз да көзге елестетіледі, ал материя оларсыз елестетілмейді. Одан ажы ратылмас форманың өзі кеңістікті алдын ала тұспалдайды, ал материяның бар болмысын құрайтын әрекет әрқашан қандай да болмасын бір өзгеріске, яғни уақытта анықталуға қатысты болады. Кеңістік пен уақыттың материямен алдын ала жорытылуы тек жәй ғана әрқайсысы өздігінше болып жатпайды, оның мәні екеуінің қосылуында, өйткені, оның мәнісі әрекетте, себептілікте жа тыр. Бүкіл ойға сыйымды, сансыз құбылыстар мен күйлер шексіз кеңістікте біріне-бірі қысым жасамай, бірінің жанында бірі тұра беруіне болар еді немесе біріне бірі кедергі болмай, шексіз уақытта бірінің соңынан бірі кезе беруіне болар еді. Онда олардың біріне бірінің қажетті қатынасы мен сол қатынастың заңы мүлдем керек болмас та және тіпті қолданылмас та еді. Демек, онда, кеңістіктегі бүкіл бірлестігіне қарамастан және уақыттағы бүкіл өзгерістеріне қарамастан, бұл екі форманың әрқайсысы өз бетінше және ** «Кейбір жағдайларда сөздердің қасиеті таңғажайып, ежелгі сөйлеу дәстүрі кейбіреуін аса мәнерлі өрнектермен таңбалайды» (Сенека, 81хат).
басқасымен байланыссыз күйта орналасып, не ағылып жатқан кез де, әлі ешқандай себептілік болмас еді, ал соңғысы материяның нағыз мәні болғандықтан, онда материя да болмас еді. Сонымен, себептілік заңымен күйлердің тек бір уақыттағы ғана тізбегі емес, белгілі бір кеңістікке тізбегі және де белгілі бір орындағы күйлердің бар болуы емес, олардың дәл осы орында және белгілі бір уақытта болуы анықталады. Себептілік заңы бойынша орнайтын өзгеріс, яғни алмасу, әрқашан да – бірден және байланыста – кеңістіктің белгілі бір бөлігіне және уақыттың белгілі бір бөлігіне қатысты бо лады. Сондықтан себептілік кеңістікті уақытпен біріктіреді. Бірақ біз материяның бүкіл мәнісі әрекетте, яғни себептілікте жатыр деп тапқанбыз. Демек, онда да кеңістік пен уақыт бірлестірілуі тиіс, яғни ол өз бойында уақыттың да, кеңістіктің де қасиеттерін қатар алып жүруі тиіс (олар біріне-бірі қалай қарсылық жасаса да), және ол өз бойында солардың әрқайсысында жеке алғанда өздігінен мүмкін болмайтынды, атап айтқанда, уақыттың жылжымпаз ағымдылығы мен кеңістіктің сірескен, мызғымас тұрақтылығын біріктіруі тиіс; шексіз бөлінушілігін ол екеуінен де алған. Оның ең алдымен не қасында дегенді білмейтін уақыттың бір ғана өзінде, не бұрын, кейін немесе қазірді білмейтін кеңістіктің бір ғана өзінде болуы мүмкін емес қатар өмір сүрушілікті соңынан ілестіргені міне, сондықтан. Ал көптеген күйлердің қатар өмір сүруі, тегінде, шындықтың мәнін құрайды, өйткені сол арқылы ғана болушылық мүмкіндігі күйтасады, ал соңғысы болушымен қатар орын тепкендердің тек нақ сол алмасуынан ғана танылады; бірақ, екінші жағынан, тек алмасуға қатысып отырған болушының арқасында ғана алмасу өзгеріс, яғни сапа мен форманың ауысуы сипатына ие болады, ал субстанция, яки материя*, сақталып қала береді. Кеңістікті тек бір ғана өзінде дүние мүкіс және қозғалмас, кейінсіз, өзгерістерсіз, әрекетсіз болар еді, ал әрекеттің ныша нынсыз материяның елесі де жоқ қой. Уақыттың бір ғана өзінде бәрі де ақпалы болар еді: тұрақтылық, қасында деген, болмас еді, бірге деген, ал демек, болушылық та болмас еді: сайып келгенде, тағы сол материя да болмас еді. Тек уақыт пен кеңістіктің бірі гуінен ғана материя, яғни қатар өмір сүрушілік және сондықтан болушылық мүмкіндігі, ал одан күйлері алмасқан жағдаяттағы субстанция тұрақтылығының мүмкіндігі туындайды**. Түбінде уақыт пен кеңістіктің қосылысы бола тұра, материя түгелдейін екеуінің де белгілерін өзінде қамтыған. Ол өзінің кеңістіктен * Материя мен субстанцияның бір екендігі қосымшада көрсетілген.
жаратылғандығын, біршама, өзінен ажыратылмас формасымен, ал әсіресе (алмасу тек уақытқа тән, соның бойында ғана орын тепкен, ал өздігінен тұрақты ешнәрсе емес) өзінің тұрақтылығымен (суб станциясымен) дәлелдейді, сондықтан соңғысының априорлық айқындығы түгелімен кеңістіктің айқындылығынан туындала ала ды***. Ал өзінің уақыттан жаратылғандығын ол өз сапалылығымен (акциденциясымен) аңғартады; кейінгісі әрқашан да тек қана се бептілік, басқа материяға әрекет, яғни өзгеріс (уақыттық ұғым ретінде) болады және онсыз материяның бар екендігі ешқашан аңғарылмайды. Ал бұл әрекеттің заңдылығы әрқашан бірден кеңістік пен уақытқа қатысты және тек сондықтан ғана маңызды. Бұл уақытта бұл орында қандай күй орнығуы тиіс – себептіліктің заң ретіндегі күш өрісін қамтитын анықтама міне тек осы. Материяның негізгі анықтамаларының біздің танымның бізге a prіorі белгілі формаларынан осы шығарылуына оның кейбір қасиеттерін (дәлірек айтқанда – кеңістіктің толымдылығын, яғни керенаулығын, яғни әрекеттілігін, одан кейін, созылмалылығын, шексіз бөлінгіштігін, сақталымдылығын, яғни қыйрамастығын және, ақырында, қозғалғыштығын) біздің a prіorі танып-білетін дігіміз негізделген; ал, керісінше, ауырлық, ол енді аса ерекше болмаса да, дегенмен, a posterіorі танылатынға жатқызылуы тиіс, алайда, Кант «Жаратылыстанудың метафизикалық бастамаларын да» оны a prіorі танылады деп санаған. Алайда, объект жалпы тек субъект үшін ғана оның елесі ретін де қалай өмір сүретін болса, сол сияқты елестердің әрбір ерекше сыныбы да субъектте, сонау немесе басқа бір танымдық қабілет деп аталатын, тек дәл сондайлық ерекше анықталу үшін ғана өмір сүреді. Толтырылмаған формалар ретіндегі уақыт пен кеңістіктің өздігінен алғандағы, әрқайсысының субъективтік коррелатын Кант таза сезімділік деп атаған; бұл атаудың, Кант бұл жерде бірінші болып жол салғандықтан, сақталып қалуына да болады, бірақ ол онша сәтті болмады, өйткені материяны сезімділік әрдайым ал дын ала тұспалдап отырады. Материяның, немесе себептіліктің (бұл екеуі бір) субъективті коррелаты пайым болады, одан асар ол ештеңе де емес. Себептілікті танып білу – міне, оның жалғыз ** Бұл Канттың материяны түсіндіруін де анықтап береді, ал ол бойынша материя – «кеңістіктегі қозғалғыш» (10): өйткені қозғалыс тек кеңістік пен уақыттың қосылуынан ғана тұрады ғой. *** Ал, Канттың ойлағанындай, уақыттың танылуынан емес; толығырақ қосымшадан қараңыз.
ғана міндеті, оның ерекше, ұлы, баршаны қамтитын, түрлі-түрлі қолданысы бар, ал, солай бола тұра, өзінің барлық көріністерінде өзді-өзіне сөзсіз-тепе-тең қабілеті. Керісінше, кез-келген себеп тілік, оған орай кез-келген материя, ал онымен бірге бүкіл бол мыс, тек пайым үшін, пайым арқылы, пайымда ғана өмір сүреді. Пайымның бірінші, ең қарапайым және әрқашанғы көрінісі – ол шын дүниені аңдау; ол түгелімен әрекеттен себепті танып білу бо лып табылады, сондықтан әрбір аңдау парасатты болады. Оған же туге сонда да ешқашан болмас еді, егер де белгілі бір әрекет тіке лей танылмаса және осылай бастапқы нүкте ретінде қызмет етпесе. Бұл – тірі тәндерге жасалатын әрекет, соған орай олар субъектінің тікелей объектісі болып шығады: бүкіл басқа объектілердің аңдалуы солар арқылы жүзеге асырылады. Әрбір тірі тәннің басы нан кешіп жатқан өзгерістері тікелей танылады, яғни түйсініледі, ал бұл әрекет сол мезетте-ақ оның себебіне жатқызылатын болғандықтан, соңғысының объект ретіндегі аңдалуы да пайда болады. Бұл ұласу абстрактылы түсініктермен ой қорытындылау емес, ол рефлексияның дәнекерлігінсіз, бассыз-көзсіз емес, тіке лей, қажетті түрде және дұрыс жүзеге асырылады. Бұл таза пай ымды танып білудің тәсілі, онсыз (таза пайымсыз) ешқашан аңдау болмас еді, ал тек ешбір мағынасыз бірінің соңынан бірі ерген ті келей объект өзгерістерінің, егер олардың ерік үшін азап немесе ләззәт ретінде мәнділігі болмаса, тек бұлыңғыр, өсімдіктердегі сияқты, сезімі ғана қалар еді. Ал күннің шығуымен сыртқы дүние қалай айқындалса, солай пайым бір соққысымен, өзінің жалғыз, қарапайым функциясымен бұлыңғыр, ештеңе де айтпайтын се зімді – аңдаушылыққа айналдырады. Көздің, құлақтың, қолдың түйсіктері – аңдау емес, ол – бар болғаны жай ғана сезімдік беріл гендер. Пайым әрекеттен себепке ауысқанда ғана, оның алдында аңдау ретінде кеңістікте өзінің түр-сипаты бойынша құбылмалы, өзінің материясы бойынша (өйткені пайым кеңістік пен уақытты материя, яғни шындық елесінде біріктіреді) мәңгі-бақи өмір сүретін дүние көсіледі. Бұл дүние елес ретінде, тек пайым арқылы ғана өмір сүре тұра, тек қана пайым үшін де өмір сүреді. Өзімнің “Көру және түс туралы” трактатымның бірінші тарауында сезімдер жеткізетін мәліметтерден пайым қалай аңдаушылық туғызатынын, бір объектінің өзінен әртүрлі сезімдер арқылы алынған әсерлерді салыстырудан бала қалай аңдаушылыққа үйренетіндігін, көптеген сезімдік феномендерді – екі көзбен жәй көру, қылыйлықтан, не месе бірінің соңында бірі тұрған заттардың, әртүрлі қашықтықта
бола тұра, бір мезгілде көзбен қабылдануынан қосарланып көрінуі
және сезім органдарындағы кенеттен болатын өзгерістерден пай
да болатын басқа да әртүрлі сағымдарды түсіндірудің кілті ка
лайша дәл осының өзінде ғана жатқандығын мен көрсеткен едім.
Ал одан да толығырақ және тереңірек бұл маңызды сұрақты мен
өзімнің негіздеме заңы туралы трактатымның екінші басылымын
да баяндағанмын. Ондағы айтылғанның бәрі бұл жерде әбден-
ақ орынды болар еді және, негізінде, осында қайталануы тиіс
еді, бірақ маған өз-өзімнен көшіру басқалардан көшірген қандай
болса, дәл сондай дерлік жиренішті болған соң, және мен оны
бәрібір сондағыдан артық баяндай алмайтын болғандықтан, мұнда
қайталап жатудың орнына, аталған шығарманы белгілі деп санай
отырып, мен соған сілтеймін.
Балалардың және операцияға ілінген туа соқырлардың қалай
оқитындығы; екі еселеніп, екі көзбен, қабылданғанды жәй көру;
өздерінің әдетті күйінан тайған кезде сезім органдарының қосарлап
көруі мен сезуі; объектілердің көз ішіндегі образдары төңкеріңкі
бола тұра, олардың тік болып көрінуі; ішкі функцияларды ғана
құрайтын түстің сыртқы заттарға ауысуы, көз қызметінің қарама-
қарсы бөлінуі; ақырында, стереоскоп, осының барлығы мейлі,
қандай болса да кез келген аңдауым тек жәй ғана сексуальды емес,
парасатты екендігінің мызғымас және қатеге шығаруға болмайтын
дәлелдері, яғни себепті әрекеттен таза пайымды тану болады және,
соған орай, себептілік заңын алдын ала тұспалдайды, ал әрбір
аңдауым, сондықтан да өзінің барша бастапқы мүмкіндігіндегі
тәжірибе де, себептілік заңының танылуына тәуелді, ал ешбір
керісінше емес, яғни, Юмның тек осы ой-пікірлермен-ақ жоққа
шығарылатын скептицизмінің пайымдайтынындай, себептілік
заңын танып-білу тәжірибеге тәуелді емес. Өйткені себептілікті
танып-білудің қандай да болмасын тәжірибеге тәуелсіздігін, яғни
оның априорлылығын, қандай да болмасын тәжірибенің тек соған
тәуелділігінен ғана сайып шығаруға болады, ал бұны өз кезегінде
тек осында келтірілген әдіспен (жаңа ғана атап өтілген жерлер
де баяндалған), аумағында әрқилы тәжірибе құрсалған аңдаудың
жалпы өзінің ішінде-ақ себептілікті танып-білудің орын тепкенді
гін, яғни аңдау өзінің тәжірибеге қатынасында түгелдейін априор
лы екендігін, оны тұспалдамай, керісінше, шарт ретінде онымен
алдын ала жорытылатындығын дәлелдеу арқылы ғана істеуге бо
лады. Бірақ бұны Кант қолданған және мен өзімнің негіздеме заңы
туралы трактатымның 23-§-ында сынға алған тәсілмен дәлелдеуге
болмайды.
Бірақ, аңдау себептілікті тану арқылы іске асатындықтан, объ
ект пен субъектінің арасында себеп пен әрекет қарым-қатынасы
бар деген үлкен жаңылыс ойдан сақтану керек; керісінше, мұндай
қарым-қатынас әрқашан тек тіке және жанама объектінің арасында
ғана болады, яғни әрқашан тек қана объектілердің арасында бола
ды. Дәл осы қате жорамалға сыртқы дүниенің реалдылығы туралы
қисынсыз талас негізделген, бұл таласта догматизм мен скепти
цизм, біріне бірі қарсы шығады, оның үстіне біріншісі біресе реа
лизм, біресе иделизм бет-бағдарын ұстайды. Реализм пәнді себеп
ретінде жорамалдайды және оның әрекетін субъектке аударады.
Фихтенің идеализмі объектіні субъектінің әрекеті деп санайды.
Ал бірақ субъект пен объектінің арасында негіздеме заңы бойын
ша қарым-қатынас тіптен жоқ болғандықтан, пікірлердің онысы
да, мұнысы да ешқашан дәлелденіле алмаған және скептицизм ол
екеуіне де олжалы шабуыл жасап отырған. Өйткені қалай негіз
деме заңы шарт ретінде аңдау мен тәжірибенің әрқашан алдында
жүрсе және сондықтан да олардан оны танып-білу мүмкін емес
болса (Юм ойлағандай), солай объект пен субъект, бірінші шарт
ретінде, қандай да бір танымның және, соған орай, жалпы негізде
ме заңының да әу бастан-ақ алдында озып жүрген, себебі соңғысы
әрбір объектінің тек қана формасы, оның аңғарылуының міндетті
тәсілі; объект болса, әрқашан субъектті алдын ала тұспалдайды,
сондықтан ол екеуінің арасында себеп пен салдар қатынасы болуы
мүмкін емес. Менің негіздеме заңы туралы трактатымның мақсаты
бұл заңның мазмұнын әрбір объектінің маңызды формасы ретін
де, яғни әрбір объективтік болмыстың ортақ тәсілі және объектіге
объект ретінде ғана тән дүниені көрсету болды, бірақ объект, объ
ект болғандағы барлық жерінде, өзінің қажетті коррелаты ретінде
субъектті алдын ала тұспалдайды, сондықтан соңғысы әрқашан
негіздеме заңының ықпалынан тыс қалады. Сыртқы дүниенің
реалдылығы туралы пікірталастың негізінде аталған заңның өрісіне
субъектті де нақ осы дұрыс емес енгізу жатыр; бұл жаңылыс ой
тұрғысынан аттана отырып, ол өз-өзін ешқашан түсіне алмаған.
Бір жағынан, реалистік догматизм, елесті объектінің әрекеті ре
тінде қарастырып, оларды – елес пен объектіні – бөлгісі келеді,
ал шындығында олардың екеуі де бір; ол елестен мүлде басқа се
бепті – субъекттен тәуелсіз өзіндік объектіні қабылдағысы келеді,
ал оны тіпті ойлауға да болмайды, өйткені объект өз ретінде-ақ
әрқашан субъектті алдын ала тұспалдап тұрады және сондықтан да әрқашан оның тек елесі болып қалады. Дәл сол жаңылыс жора малдан басталып, скептицизм бұл көзқарасқа қарама-қарсы: біздің оны әрқашан себеп емес, тек әрекет қана деп білеміз,, яғни біз бол мысты ешқашан танып-білмейміз, ал әрқашан – тек объектілердің әрекетін ғана деп ұйғарады; алайда соңғысы біріншісіне мүлде ұқсамауы да, тіпті бүтіндей дұрыс емес түсінілуі де мүмкін, өйткені себептілік заңы тәжірибеден ғана шығарылуы тиіс, ал соңғысының реалдылығы дәл солай тағы да оған негізделуі тиіс. Бұған – екеу іне де дәріс ретінде – ескерте кету керек, біріншіден, объект пен елес – екеуі де бір; екіншіден, көрнекі нәрселердің болмысы – бұл олардың нақты әрекеті және дәл осы соңғысында заттың шындығы құрсалған, ал объект болмысының субъект елесінен тыс болуын және реалдық зат болмысының оның әрекетінен тыс болуын та лап етудің тіпті ешбір жөні жоқ және қайшылық болып табылады; сондықтан түйсікпен қабылданған қандай да болмасын объектінің әрекет тәсілін танып-білу сол объектінің өзін де жете қамтыйды, өйткені ол – объект, яғни елес, себебі одан артық оның ішін де танып-білуге ешнәрсе қалмайды. Бұл мағынада кеңістік пен уақытта аңдалатын, өзін таза себептілік ретінде көрсететін дүние қалтқысыз реалды; және ол өзді-өзін нендей етіп аңғартса, сөзсіз, өзі де дәл сол болмақ, ал ол өзін түгелдейін және қалдықсыз себеп тілік заңы бойынша байланыстырылған елес ретінде аңғартады. Оның эмпирикалық реалдылығы – осында. Ал екінші жағынан, әрбір себептілік тек пайымда және пайым үшін өмір сүреді және, соған орай, баршалық бұл реалдық, яғни әрекетті дүние сол өз тұрғысында әрқашан пайыммен уәжделген және онсыз – түк емес. Алайда, тек сондықтан ғана емес, ал жалпы алғанда қайшылықсыз бір объектіні де субъектісіз ойлауға болмайтындығынан-ақ, сыртқы дүниенің реалдылығын оның субъекттен тәуелсіздігінен көретін мұндай догматикалық түсінуді біз мүлде тойтарып салу ымыз керек. Объект атаулының бүкіл дүниесі – елес және елес бо лып қала береді, нақ сондықтан да ол әбден және мәңгілік субъек тпен уәжделген, яғни трансценденттік идеалдылыққа ие. Алайда, соған орай ол – өтірік емес және сағым да емес: ол өзі шынында қандай болса, өзін дәл сондай ғып көрсетеді, – елес ретінде, тіпті ортақ байланысын негіздеме заңы құрайтын елестердің қатары да ретінде. Дүние сол өз күйінда дені сау пайымға тіпті өзінің ішкі мәнінде де түсінікті және онымен әбден түсінікті тілде сөйлейді. Тек данасынуымен бұрмаланған ақыл ғана оның реалдылығы ту
ралы айтыса алады және бұл әрқашан негіздеме заңын дұрыс емес қолданудан шығады: соңғысы барлық елестерді, олар қай сыныпқа жатпасын, бір-бірімен байланыстырып тұрса да, бірақ оларды субъектпен немесе субъект те болмайтын, объект те болмайтын, ал тек объектінің негізі ғана болатын сондай бір нәрсемен ешқашан да байланыстырмайды; ондай байланыс туралы ойдың өзі де – қисынсыздық, өйткені тек объектілер ғана негіз бола алады және сонымен бірге әрқашан тек объектілердің ғана. Егер сыртқы дүниенің реалдылығы туралы бұл сұрақтың пайда болуын жақынырақ зерттесек, онда біз негіздеме заңының оның өрісінен тысқары жатқанға қатысты аталғандай қате қолданылуынан басқа, тағы оның формаларының ерекше ара ласуы қосылатындығын табамыз, дәлірек айтқанда: оның тек ұғымдарға, немесе абстрактылы елестерге ғана қатысты форма сы көрнекі елестерге, реалдық объектілерге көшіріліп, күйтасу негіздемесі ғана бар болуы мүмкін объектілерден таным негіз демесі талап етіледі. Абстрактылы елестерге, пайымдауларға бі ріктірілген ұғымдарға негіздеме заңы, әрине, келесі мағынада үстемдік жасайды: олардың әрқайсысы өзінің құндылығына, өзінің маңыздылығына, қарастырылып тұрған жағдаятта ақиқат атаулы барлық өзінің тіршілігіне, тек өзінен тысқары тұрған әлденеге, соған орай, оған әрқашан қайтып келу қажет болатын өзінің таным негізіне, пайымдауды қатынастырулары арқылы ғана ие болады. Керісінше, реалдық объектілерге, көрнекі елестер ге, негіздеме заңы таным негізі емес, ал күйтасу негізінің заңы, себептілік заңы, ретінде үстемдік жүргізеді; бұл объектілердің әрқайсысы өз салығын оған өзінің күйтасқандығымен, яғни себеп тен әрекет ретінде пайда болуымен-ақ, төлеп қойған; таным не гіздемесін талап етудің мұнда, олай болса, күші мен мәні жоқ, – ол мүлде басқа объектілер сыныбына жатады. Сондықтан көзалды дүние, әзірше біз оған тоқталудамыз, бақылаушыда сенімсіздік пен күмәндар туғызбайды: мұнда адасу да, ақиқат та жоқ, – олар абстрактылықтың, рефлексияның аумағына шығарылған. Ал бұл жерде болса, аңғырт шындығымен өзі не болса, сол күйінде, яғни – себептілік байланысында заңды дамыған көзалдылық елес ретін де өзін аңғартқан дүние сезімдер мен пайым үшін ашық болады. Сыртқы дүниенің реалдылығы туралы сұрақ, біз оны осы кезге дейінгі қарастыруымыз бойынша, әрқашан өзін-өзі түсінбеушілікке дейін жеткен, зерденің адасуларынан туындаған және ол сұраққа жауап беру тек оның мазмұнын түсіндіру арқылы ғана мүмкін
болған. Негіздеме заңының барша мән-жайын, объект пен субъектінің қарым-қатынасын және сезімдік аңдаудың ақиқатты қасиеттерін зерттеген соң, аталған сұрақ өзді өзінен жоқ болуға тиіс еді, өйткені онда ешбір мән қалмаған-ды. Бірақ аталған, таза ой желісінен пайда болуымен қатар, оның мүлдем басқа да, тегін де эмпирикалық, қайнар көзі бар, дегенмен мұнда да ол әлі спеку лятивтік мақсаттарда қойылады. Соңғы мағынасында оның мәні біріншісіндегіден гөрі анағұрлым түсініктірек. Ол былай: біз түс көреміз – өміріміздің бәрі түс емес пе екен? Немесе, айқынырақ: түстер мен шындықты, қиял мен реалдық объектілерді айыру үшін сенімді өлшем бар ма? Қияли аңдаудың реалдылымен салыстырып қарағанда жандылығы мен анықтығының кем болуына сілтеу ешбір назарға тұрарлық емес, өйткені бұлай салыстыру үшін оларды бір бірімен тікелей әлі ешкім де салғыластырған емес, ал салыстыруға мүмкін болғаны тек түстің естелігі мен нағыз шындық қана. Кант сұрақты былайша шешкен: «Елестердің себептілік заңы бойынша өзара байланысы өмірді түстен ажыратады». Ал бірақ барлық же келік негіздеме заңы бойынша түсте де оның барша формаларын да байланысқан, сөйтіп бұл байланыс тек қана өмір мен ұйқының және жеке түстердің арасында үзіледі. Канттың жауабы сондықтан былай ғана айтылуы мүмкін болар еді: ұзақ түс (өмір) негіздеме заңы бойынша үздіксіз байланыстылығымен ерекшеленеді, бірақ ол қысқа түстермен байланысты емес. Дегенмен, кейінгілердің әрқайсысының өздігінше тура сондай байланылыстылығы болады; сонымен, соңғылар мен біріншінің арасында бұл көпір бұзылғанды, ал оларды осы белгісі бойынша ғана ажыратады да. Алайда, мұндай критериймен зерттеу, – бір нәрсе түске кірді ме, жоқ өңіңде болды ма, – өте қиын және көбінесе мүмкін емес: өйткені әрбір бастан кешкен оқиға мен берілген мезеттің арасындағы себеп тік байланысты біз үзбеден үзбеге ізімен бақылап отыруға мүлде дәрменсізбіз, бірақ та бұның негізінде осындай оқиға түске кір ді деп әлі ұйғара да алмаймыз. Сондықтан шындық өмірде түсті реалдылықтан айыру үшін әдетте бұндай зерттеуді қолданбайды. Ол үшін жалғыз ғана дұрыс өлшем болып іс жүзінде тек оянудың таза эмпирикалық критерийі қызмет етеді: соңғысы түске кірген және реалдық оқиғалар арасындағы себептік байланысты тікелей және сезінерліктей-ақ бұзады. Бұны Гоббстың «Левиафанының» 2ші тарауындағы ескертуі тамаша растайды, ал дәлірек: біз тіпті ояна салып та түстерімізді оп-оңай шындық ретінде қабылдаймыз, егер байқамай, киіммен ұйықтап қалсақ, әсіресе егер біздің барлық есіл
дертіміз түсімізде бізді дәл өңіміздегідей толғандыратын қандай да бір іске немесе көкейтесті ниетке берілген болса; бұл жағдаяттарда біз оянуымызды ұйықтауымыздағыдай-ақ аз байқаймыз – ұйқы шындықпен ұласады да, онымен араласып кетеді. Сонда, әрине, Канттың критерийін қолдану ғана қалады; ал егер одан кейін де шындықпен себептік байланысты немесе оның жоқтығын анықтау тіпті мүмкін емес болса, ал мұндай жиі болып тұрады, онда бел гілі оқиға түске кірді ме, жоқ шынында болды ма – мүлдем ше шілмей қалады. Мұнда шынымен де өмір мен түс арасындағы тығыз туыстық біздің алдымыздан тым айқын шығып тұр; оны мойындауға ұялмай-ақ қояйық, көптеген ұлы ақылдар оны мойын дап және айтып та қойған болатын. Ведалар мен Пурандар, өздері Майяның матасы деп атаған реалдық дүниені түгелдейін танып білу үшін, ұйқыдан асқан ешбір теңеуді білмейді және оны басқа кез-келгенінен жиірек қолданады. Платон адамдар тек ұйқысында ғана өмір сүреді, философ қана ояу болуға тырысады деп талай рет айтады. Пиндар (П. η, 135): адам – көлеңкенің ұйқысы, – деп сипаттайды, Софоклдың айтуынша:
Жер емізгеннің бәрі де –
Жеңіл елес пен бос көлеңке ғана.
(Аякс, 125)
Оның жанында бәрінен абыройлырақ шыққан Шекспир болды:
Болса қандай түстеріміз,
Біз де сондай жасалған.
Қысқа өмір күндеріміз
Ұйқымен шырмап тасталған.
(Буря, 4, 1) Ақырында, Кальдеронның бұл көзғарасты мойындағаны соншалықты, тіпті оны «Өмір – ол ұйқы» атты өзінің әлдебір метафизикалық драмасында бейнелеуге әрекет жасаған. Ақындардан алынған осыншама көп дәйексөздерден кейін, маған да теңеу қолдануға рұқсат болсын. Өмір және түстер – бұл бір кітаптың беттері. Қисынымен оқу реалдық өмір деп аталады. Ал біздің оқуымыздың әдеттегі мезгілі (күн) соңына жетіп, дема лыс уақыты келгенде, біз кітаптың беттерін жиі бекерден бекер әлі де аудара береміз де, ретсіз және байланыссыз біресе бір, біресе басқа, кей кезде оқылған, кей кезде әлі белгісіз, ал бірақ әрқашан сол кітаптың өзінің беттерін ашамыз. Бұндай бөлек оқылатын бет
шынында да ретімен оқумен байланыссыз болады, ал бірақ осыған бола ол одан оншама кем түспейді: өйткені тұтас ретімен оқу да дәл сол сияқты кенет басталып, кенет аяқталады, сондықтан онда да бөлек бетті, бірақ тек көлемі ғана үлкен, көру керек. Сонымен, жеке алған түстердің реалдық өмірден айырмашылық тары оны үнемі ішінен құрсаған тәжірибенің жалпы байланысына кірмегендігінде болса да және осы айырмашылықты ояну көрсетіп тұрса да, соған қарамастан дәл сол тәжірибе байланысы нағыз өмірдің өзіне жатады, оның формасы ретінде, және өз кезегінде түс өзіне тән ішкі байланысын оған қарсы қояды. Ал егер оларды бағалауда өмір мен түстен тысқары тұрғыдан қарасақ, онда біз олардың мәнінен нақты айырмашылық таппаймыз және, ақындармен қосылып, өмір – бұл ұзақ ұйқы деп мойындайтын боламыз. Егер сыртқы дүниенің шынайылығы туралы сұрақтың бұл ба рынша дербес эмпирикалық қайнар көзінен біз оның ой түйсігінде пайда болуына оралсақ, онда біз оны, біріншіден, негіздеме заңының дұрыс емес қолданылуында, атап айтқанда, субъект пен объектінің арасында, екіншіден, оның формаларының араласып кетуінде, атап айтқанда, таным негіздемесі заңының күйтасу не гіздемесі заңы билейтін өріске көшірілуінде жатыр деп тапсақ та, – соның өзінде, бұл сұрақ философтарды осыншама табандылықпен назарландыра қоя алатыны неғайбыл, егер де оның қандай да бол масын ақиқаттық мазмұны болмаса және оның мәнінде сенімді түп нұсқасы ретінде дұрыс ой түйіні жатпаса, ал соңғысы тура лы мынадай болжау жасалса етті: өз бейнесін іздеу жолында ол рефлексия өрісіне еніп қана, осындай жалған, өздеріне түсініксіз формалар мен сұрақтарға тап болған. Жағдай, менің ойымша, осы лай күйтасқан, ал мәселенің түп-мәнісінің, ол таба алмаған, таза қорытпасы ретінде мен келесіні ұсынамын. Бұл көзалды дүние менің елесімнен басқа не? Менімен тек бір түрінде, атап айтқанда, елес ретінде түсінілетін, емес пе ол, менімен екі түрлі түсінілетін менің денем тәрізді, емес пе ол, бір жағынан, елес, ал, екінші жағынан, – ерік? Бұл сұрақты түсіндіру және оған дәйекті жауап беру екінші кітаптың мазмұнын құрайды, ал одан туындайтын қорытындылар сол шығарманың қалған бөлігінен орын алады. §6 Ал әзірге, бұл бірінші кітапта біз барлығын тек қана елес ре тінде, субъектіге арналған объект ретінде қарастырудамыз, және барлық басқа реалдық объектілер тәрізді, біздің өзіміздің дене
мізді де, әр адамның дүниені аңдауы содан басталатын, біз тек танымдылығы жағынан қарастырамыз, сол себептен ол біз үшін тек елес қана. Рас, басқа объектілерді өңкей елес деп жариялауға әлдеқашан қарсы тұрған әркімнің санасы, енді, өз денесі де бар болғаны елес қана ретінде мойындалуға міндетті болған кез де, бұған одан да бетер қарсылық білдіреді. Бұл әркімге өзіндік заттың, ол оның өз денесі болғандықтан, тікелей белгілілігімен түсіндіріледі, қашанда ол басқа аңдалу нәрселерінде объекттел ген болса, ол әркімге жанама түрде ғана белгілі. Алайда, біздің зерттеуіміздің барысы бұл абстракцияны, бұл біржақты тәсілді, бұл түп-мәнісі біртұтас нәрсені зорлықпен айыруды, – қажетті қылады, ал сондықтан мұндай қарсыласуды кезіне дейін баса тұрып, мұнан былайғының қазіргі ой желістерінің біржақтылығын толықтыруын және дүниенің мәнін жете танып білуге әкелуін күтумен сабырлан дыру керек. Сонымен, дене біз үшін мұнда тікелей объект, яғни субъ ект үшін танымның бастапқы нүктесі болып қызмет ететін елес болады, өйткені ол өзінің тіке танылатын өзгерістерімен себеп тілік заңының қолданылуының алдында жүреді және сөйтіп оған бастапқы материал жеткізеді. Материяның бүкіл мәнісі, көрсетілгендей, оның іс-әрекетінде жатыр. Бірақ әрекет пен се беп тек пайым үшін өмір сүреді, ал ол басқа емес, тек олардың субъективтік коррелаты болады. Алайда, пайым өзіне ешқашан қолданыс таба алмас еді, егер оның басқа негізі болмаса. Ал бұл басқасы – қарапайым сезім түйсігі, дене өзгерістерін тіке сезіну, соның нәтижесінде дене тікелей объект болып алға тартылған. Сондықтан көрнекі дүниені танып білу үшін, біз екі шартты та бамыз. Біріншісі, егер біз оны объективті түрде сипаттасақ, бұл денелердің біріне бірі ықпал ету қабілеті, бір-бірінде өзгерістер туғызуы, – барлық денелердің бұл жалпы қасиетінсіз, тіпті жанды денелердің сезімталдығы бар болғанның өзінде де, аңдау мүмкін болмас еді; ал егер де бұл бірінші шартты субъективті түрде сипаттасақ, онда ол мынаны айтады: аңдауды мүмкін қылатын да тек пайым, өйткені пайымнан ғана және сол үшін ғана себеп тілік заңының маңыздылығы, әрекет пен себептің мүмкіндігі бар, сондықтан ол үшін ғана және ол арқылы ғана көрнекі дүние өмір сүреді. Екінші шарт – ол жанды денелердің сезімталдығы, немесе кейбір денелердің субъектінің тікелей объектілері болу қасиеті. Се зім органдарының сыртқы әсерлерге айрықша бейімделгендігінен кешкен қарапайым өзгерістерін, сірә, енді елестер деп атауға бола
ды, өйткені мұндай әсерлер ауырғанды да, рахаттанғанды да сездір мейді, яғни ерік үшін олардың тікелей маңызы болмаса да, бәрібір қабылданады, сондықтан да тек қана таным үшін өмір сүреді; дене тікелей танымды, ол – тікелей объект деп менің айтып тұрғаным да осы мағынада. Бірақ объект ұғымын бұл жерде оның түп нұсқа мағынасында қабылдауға болмайды, өйткені денені осылай тікелей танудың, – пайымның қолданылуынан оза жүріп, қарапайым сезім түйсігі ғана болатын танудың, – көмегімен объект болып шығатын тегінде дененің өзі емес, ал оған ықпал жасап тұрған денелер ғана, себебі объект дегеніміздің, яғни кеңістіктік-көрнекі елестің, қандай танылуы болса да, тек қана пайым арқылы және сол үшін өмір сүреді, – олай болса, оның қолданылуының алдында емес, артында. Сондықтан дене өзінше объект ретінде, яғни кеңістіктегі көз алды елес ретінде, барлық басқа объектілер сияқты жанама ғана таны лады, дененің бір бөлігінің екіншісіне әсер етуіне себептілік заңын қолдану арқылы – мысалы, көздің оны көруімен, ал қолдың оны се зінуімен танылады. Олай болса, жалғыз жалпы көңіл күйіміз бізді өз денеміздің формасымен таныстырмайды, ал тек таным арқылы, тек елесте, яғни тек мида алғаш рет бізге өзіміздің денеміз созылған, бөлінген, органикалық болып көрінеді. Туа соқыр бұл елеске біртін деп қана өзін қамтамасыз ететін сезім мәліметтерінің көмегімен ие болады; қолы жоқ соқыр өз денесінің формасын ешқашан біле ал мас та еді, немесе, ең ары кеткенде, ол туралы біртіндеп қорытынды жасап, басқа денелердің оған жасаған әсерінен оны құрастыруы тиіс еді. Дене – ол тікелей объект деген біздің сөздерімізді, міне осындай шектеумен түсіну керек. Қалғанында, айтылғанға сәйкес, барлық жанды денелер ті келей объектілер болады, яғни бәрін танушы, ал сондықтан ешқашан танылмайтын объект үшін, дүниені аңдаудың бастапқы нүктелері болады. Таным, онымен уәжделген ынталандыру бой ынша қозғалумен бірге, сондықтан, нағыз жануарлықтың сипатын құрайды, тітіркеуіштер бойынша қозғалу өсімдіктердің сипатын құрайтыны сияқты; органикалық емес дүние болса, нақты себептер ден, бұл сөздің тар көлемді мағынасында, туындаған қозғалыстан басқаны білмейді. Бұның бәрін мен өзімнің негізділік заңы туралы трактатымда (§20), «Этиканың екі негізгі проблемасының» (ІІІ) бі рінші мақаласында және «Көру мен түс туралы» шығармамда (§1) толығынан анықтағанмын, – сондықтан мен соларға сілтеймін. Айтылғаннан барлық жануарлардың, тіпті ең тұрпайыларының өздері де, пайымға ие екендігі туындайды, өйткені олардың
барлығы объектілерді танып біледі және бұл таным уәж ретінде олардың қозғалысын билейді. Пайымдаушылық барлық жануар лар мен барлық адамдарда бірдей, барлық жерде бірдей қарапайым формасы бар – себептілікті танып білу, әрекеттен себепке және се бептен әрекетке өту, артық ештеңе де емес. Бірақ оның өткірлік дәрежелері мен оның танымдық өрісінің шектері, тіпті әртүрлі және көптүрлі сатылар бойынша орналасқан: тікелей және жанама объект арасындағы себептік қатынас танылатын, яғни парасаттың денеге жасалған әсерден оның себебіне өту мен оны кеңістіктегі объект ретінде аңдауға ғана жеткен ең төменгісінен басталып, себептер мен әрекеттердің табиғаттағы ең күрделі байланыста рын түсінуге дейін жететін өңкей жанама объектілер арасындағы себептік байланысты танып білудің ең жоғарғы дәрежелерімен аяқталған. Өйткені, бұл жоғарғы таным да, зердеге емес, әлі пайымға жатады, өйткені соңғысының абстрактылы ұғымдары пайымның тікелей түсінгендерін қабылдау, бекіту және біріктіру үшін ғана қызмет ете алады, бірақ ешқашан түсінудің өзін тудыра алмайды. Табиғаттың қандай да болмасын әрбір күші мен әрбір заңы, олар көрініс табатын әрбір оқиға, зерде үшін рефлективті санаға іn abstractо енбей тұрып, ең әуелі пайым арқылы тікелей танылуы, интуитивті қабылданылуы қажет. Р. Гуктың тартылыс заңын ашуы және осы бірегей заңның өрісіне, кейінірек Ньютонның есептеулерімен расталған, көптеген ұлы құбылыстарды жинақтауы пайымның интуитивті, тікелей қабылдауы болған; Лавуазьенің кислородты және оның табиғаттағы маңызды ролін ашуы да сол болған; Гетенің физикалық түстерді ашуы да сол болған. Барлық бұл жаңалықтар – өз соңынан кешікпей сол категориядағы барлық себептерде көрініс табатын табиғат күшінің тепе-теңдігін тану ды ілестіретін тек әрекеттен себепке дұрыс тікелей өтуден басқа ештеңе де емес. Ал бұның бәрін түсіну денесіне әсер ететін се бепті кеңістіктегі объект ретінде жануар да сол арқылы аңдайтын пайымның тап сол жалғыз функциясының тек дәрежесімен ғана өзгешеленетін көрінісі болады. Міне, бұл барлық ұлы жаңалықтар да, аңдау мен пайымның барлық құбылыстары тәрізді, тікелей көру болып табылады және тап сол күйінде бәрі – мезеттің, appe rcu, болжалдың туындылары, ал абстрактылы ой қорытындылары ұзын тізбегінің жемісі емес; ал кейінгілер болса, пайыммен тікелей танылғанды зерденің бұлдыр ұғымдарында бекіту үшін, яғни оны анықтап, басқаларға ұғындыруға жарамды ету үшін қызмет етеді. Жанама танылатын объектілер арасындағы себептік қатынастарды қабылдаудағы пайымның өткірлігі өзінің қолданы
сын тек (барлық жаңалықтарымен оған міндетті) жаратылыстануда ғана емес, сонымен қатар практикалық өмірде де табуда, кейінгіде ол ақыл деп аталады, – ал сол арада, алғашқы оның қолданылуында оны тапқырлық, қырағылық, көрегендік деп атау орындырақ. Сөздің дәл мағынасында ақыл тек қана еріктің қызметіндегі пай ымды білдіреді. Дегенмен, бұл түсініктердің арасынан белгілі ше кара өткізуге болмайды. Өйткені, біздің алдымызда кеңістіктегі объектілерді аңдаған кезде-ақ қандай да болмасын жануарда әлдеқашан әрекет жасап тұратын тағы сол баяғы пайымның баяғы функциясы; өз күшінің ең жоғарғы сатыларында бұл функция бі ресе табиғат құбылыстарынан берілген әрекет бойынша белгісіз себепті дұрыс тауып, сол арқылы зердеге табиғат заңдары ретінде жалпыға бірдей ережелер орнату үшін мәлімет береді; біресе бел гілі себептерді мақсатқа сай әрекеттерге бейімдей отырып, күрделі және айлакер машиналар ойлап шығарады; біресе, уәждікке бет қоя, сұмырайлық пен қулық-сұмдықтың жұқа бетпердесін ашып, оларды әшкерелейді, немесе адамдарды олардың қайсысы болса да тәуелді болатын ынта-жігеріне дәл сәйкес бөледі де, сонан соң, ма шинаны тетіктері мен дөңгелектері арқылы қозғалатыны сияқты, өз қалауымен оларды қозғалысқа келтіріп, белгілі бір мақсаттарға бағыттайды. Пайымның кемшілігі дәл мағынасында ақымақтық деп атала ды; бұл – атап айтқанда, себептілік заңын қолданудағы топастық, себеп пен әрекет, уәж бен қылық араларындағы тіркестіктерді ті келей қабылдауға қабілетсіздік. Ақымақ табиғи құбылыстардың не олар өз еркінде болған жердегі, не олар жоспарлы түрде қолданылатын жердегі, яғни машиналардағы – байланысын көрмейді: міне, сондықтан ол сыйқырлық пен ғажайып дүниелерге құмарлықпен сенеді. Ақымақ сырт қарағанда біріне бірі тәуелсіз жеке адамдардың шындығында бір бірімен алдын ала уәде бойынша әрекет жасайтындарын байқамайды; міне неліктен оны мистифи кациялау және алдап-сулау оңай – ол оған ұсынылған кеңестердегі, айтылған пікірлердегі және жасырынды уәждерді байқамайды. Оған әрқашан бір жетпейтіні: себептілік заңын қолданудағы өткірлік, жылдамдық, жеңілдік, яғни пайымның пәрменділігі жет пейді. Менің қашан болса да көруіме тура келген ақымақтықтың ең үлкені және қарастырылып отырған мағынада ең дәрісті мыса лы деп ақылынан адасқандар үйіндегі, онбір жасар шамасындағы, мүлде нақұрыс баланы айтуға болады. Оның зердесі бар болатын, өйткені ол сөйлейтін және түсінетін; бірақ пайымы жағынан ол
көптеген жануарлардан төмен тұратын. Мен қашан келмесем де, ол менің мойнымда ілінген көзілдірік әйнекшені тамашалап қарай беретін, өйткені онда бөлменің терезелері мен оның арғы жағында көтерілген ағаштардың бейнесі шағылысатын: бұл көрініс оны әрдайым әбден таңғалдырып, мәз-майрам қылатын және ол оған ғажаптануға шаршамайтын, – ол шағылыстың мұндай тікелей се бептілігін түсінбейтін. Қалай әртүрлі адамдарда пайым өткірлігінің дәрежесі тіп ті бірдей емес болса, солай ол одан да бетер әралуан жануарлар тұқымдарының арасында да айырылысады. Алайда бәрінің, тіп ті өсімдіктерге ең жақындарының да, пайымы тікелей объектте гі әрекеттен себеп болған жанамасына, яғни объектіні аңдауға, түйсікпен қабылдауға, өту үшін қанша керек болса, соншаға же теді; өйткені оларды жануар қылатын да тек қана соңғысы, себе бі оларға ол уәждері бойынша қозғалуына, ал сондықтан азығын іздеп табуына, немесе, ең болмағанда, ұстап алуына мүмкіндік береді, – ал сол арада өсімдіктер тек қана тітіркегіштер бойынша қозғалып, не олардың тікелей әсерін күтуі керек, не әлсіреуі керек, ал оларды іздеуге немесе ұстап алуға олар дәрменсіз. Біз ең жетіл ген жануарлардың зеректігіне таңғаламыз. Мысалы, иттің, пілдің, маймылдың ақылын Бюффон соншама шеберлікпен сипаттаған. Бұл ең ақылды жануарлар бойынша, біз жеткілікті дәлдікпен пайымның, зерденің көмегісіз, яғни дерексізденген ұғымдық та нымсыз, қаншалықты күшті екендігін өлшей аламыз: біз өздіөзімізден оны осылай жақсы біле алмаймыз, өйткені бізде пайым мен зерде бірін бірі әрқашан сүйемелдеп тұрады. Міне неліктен жануарлардағы пайымның көріністері жиі біздің күткенімізден бі ресе жоғары, біресе одан төмен болып шығады. Бір жағынан, біз ді Еуропа бойынша саяхат кезінде көптеген көпірлерден өте келе, бір күні, адамдар мен жылқылардың қалған кортежы әдеттегідей өтіп жатқанын көрсе де, өзінің салмағы үшін оған өте осал боп көрінген көпірге шығудан бас тартқан, сонау бір пілдің зеректі гі таңғалдырады. Басқа жағынан, бізді таңырқатқаны, ақылды орангутангтардың өздері тауып алып, қасында жылынып отырған отты сөндіріп алмау үшін отын салмайтыны: кейінгісі мұнда енді абстрактылы ұғымдарсыз мүмкін болмайтын зеректіліктің қажет екендігін дәлелдейді. Себеп пен әрекетті танып білу пайымның жалпы операциясы ретінде жануарларға, тіпті, a prіorі тән; бұл оның сыртқы дүниені көрнекі танып білудің олар үшін, біз үшін де сияқты, бастапқы алғышарты болғандығынан-ақ әбден көрініп
тұр. Егер де бұған тағы да бір айғақ қажет болса, онда, мысалға, тіпті күшік те, өзінің бар әуестігіне қарамастан, столдың үстінен секіріп түсуге батпайтынын, өйткені ол, бұл жағдайға лайықты тәжірибесі болмаса да, өз денесінің ауырлығының әсерін алдын ала білетінін тек еске салсақ қана болады. Бірақ, жануарлар пайы мын талқылағанда, біз оған еріксіз сезімнің (инстинкт) көріністері қызметін атқаратын, – өзінің әсері жағынан пайымнан да, зер деден де мүлдем өзгеше, бірақ жиі екеуінің бірлескен әрекетіне ұқсайтын, – қабілетті тіркеуден сақтануымыз керек. Алайда, бұл сұрақты мұнда түсіндіріп жату орынсыз, ол үйлесімділікті бы лайша айтқанда, табиғат теологиясын қарастырғанда, екінші кі тапта орындалады; қосымшаның 27-ші тарауы да бүтіндей соған арналған. Пайымның жетіспеушілігін біз ақымақтық деп атадық; кейіні рек біз зерденің практикада жеткіліксіз қолданылуы – аңғырттық екенін көреміз; пікір айту қабілетінің жеткіліксіздігі – кеңкелестік; ақыры, естің жарым-жарты болуы, немесе толығынан жетіспеуі – топастық. Бірақ, әрқайсысы туралы өз орнымен айтылатын бо лады. Зердемен дұрыс танылған – ақиқат, яғни жеткілікті негізде месі бар абстрактылы пікір («Негіздеме заңының төрт тармақты тамыры туралы», §29 және кейінг.); пайыммен дұрыс танылған – реалдылық, яғни тікелей объекттегі әрекеттен оның себебіне дұрыс өту. Ақиқатқа зерденің алдануы ретіндегі адасушылық қарамақарсы; реалдылыққа пайымның алдануы ретіндегі көріністілік қарама-қарсы. Бұның бәрінің егжей-тегжей түсіндірмесін менің көру және түстер туралы трактатымның бірінші тарауынан табуға болады. Көріністілік бір ғана әрекеттің мүлдем әртүрлі, біреуі – өте жиі, ал басқасы сирек әсер ететін екі себептен туындауы мүмкін болған кезде пайда болады: пайым, мұнда екі себептің қайсысы әсер етіп тұрғанын анықтауға мәліметтері болмағандықтан (өйткені әсерлері тіпті бірдей), әрқашан әдеттегі себепті болжалдайды да, ол рефлекс бойынша емес, иә дискурсивті емес, ал тура және тіке лей әсер ететіндіктен, бұл жалған себеп бізге аңдалуға тиіс объект ретінде алда тұрады, жалған көріністілік дегеніміз де осы болмақ. Қалай бұл жолмен қос көрініс пен қос сезіну пайда болатынын, егер сезім мүшелері күйсыз жағдайға келтірілген болса, – оны мен аталған жерде анықтап, сонымен аңдаудың тек пайым арқылы және пайым үшін ғана болатындығының бұлжымас дәлелін кел
тірдім. Мұндай ақыл-ой алдануының немесе көріністіліктің бір мысалы – ол сынық боп көрінетін суға батырылған таяқ; сфера формалы айналардағы, беті дөңес болғанда оның біршама ар тында, ал ойыс болғанда анағұрлым алдында көрінетін бейне лер. Бұған көкжиектегі айдың көлемі оның тас-төбедегісінен жо рымалы үлкенірек болуы да жатады, ал бұл мүлдем оптикалық құбылыс емес, өйткені, микрометрдің көрсетуі бойынша, көз айды көк-жиектен гөрі тас-төбеде тіпті үлкеніректеу көз бұрышымен қабылдайды, бірақ көк-жиектегі ай мен жұлдыздар жарқылының әлсіреуінің себебін ай мен барлық жұлдыздардың қашықтығының артығырақ болуында деп санайтын пайым, оны, жердегі заттар ды да сияқты, ауа перспективасымен өлшей отырып, көк-жиекте гі айды тас-төбедегіден сондықтан әлдеқайда үлкенірек, ал көкжиектің аспан күмбезінің өзін жайылыңқылау, яғни қапсырылған деп есептейді. Нақ осы ауа перспективасымен дұрыс өлшемеу бізді өте биік тауларды – таза, тұп-тұнық ауаның ішінде тұрған шыңдары бар, бізге көрінетіні де тек солар, – олардың биіктігіне зарар, шынындағысынан әлдеқайда жақын деп есептеуге мәжбүр етеді; егер оған Салланштан қарасаңыз, Монблан осындай. Бұл жалған құбылыстардың барлығы да зерденің ешбір пай ымдауымен жойылмайтын біздің тікелей аңдауымыз арқылы біздің алдымызда тұрады. Зерденің пайымдауы адасушылықтан, яғни жеткіліксіз негізделген пікірден ғана сақтандыруы мүмкін, оған қарама-қарсы басқасын, ақиқаттысын қойып: мысалы, зерде ай мен жұлдыздар жарқылы әлсіреуінің себебі көбірек қашықтықта емес, ал көк-жиектегі ауаның көбірек тығыздығында екенін іn abstracto мойындай алады, бірақ, ешбір абстрактылы танымға қарамастан, көріністілік барлық келтірілген жағдаяттарда мызғымас күйінде қала береді, өйткені пайым тек адамның ғана кірме танымдық қабілеті ретіндегі зердеден толығынан және күрт бөлінген, тіп ті адамның өзінде де пайым өздігінен алғанда зердесіз. Зерденің әрқашан тек білетін мүмкіндігі ғана бар, пайымның жалғыз өзіне, зерденің ықпалынан тәуелсіз, тек аңдау ғана қалады.
§7 Өз талдауымызда біз объектден де, субъектден емес, ол екеуін де алдын ала қамтитын және тұспалдайтын елестен аттанғанбыз, өйткені, объект пен субъектке бөліну оның бірінші, ең жалпы және мәнді формасы болып табылады. Сондықтан кейінгіні біз сол күйінда бәрінен де бұрынырақ қарастырдық та, сонан соң (ең
маңыздысында кіріспе трактатқа сілтеп) оған тәуелді және тек объектіге ғана тән формалардың басқаларын да талқыға түсірдік – уақыт, кеңістік және себептілік; ал олар объектіге бұның тап осы күйінда мәнді, ал объект, өз кезегінде, субъектке соңғының тап осы күйінда мәнді болғандықтан, олар субъекттен де табылуы, яғни a prіorі танылуы мүмкін және бұл мағынасында оларға екеуінің ортақ шекарасы ретінде қарауға болады. Әйтсе де, оларды мен өзімнің кіріспе трактатымда жан-жақты көрсеткенімдей, – негізде ме заңына – ортақ тұжырымға келтіруге болады . Мұндай тәсіл біздің көзқарасымызды осы уақытқа дейін ұсынылған философемалардан мүлдем айырады. Өйткені олардың бәрі не объекттен, не субъекттен басталған, сөйтіп және сонымен қатар негіздеме заңына сүйене отырып, бірінен бірін түсіндіруге тырысқан; біз болсақ, керісінше, ол заңның үстемдігінен объект пен субъектінің қарым-қатынасын босатып, оның билігіне тек объ ектіні ғана береміз. Аталған альтернативадан біздің күндерде пайда болып, аты жайылған тепе-теңдік философиясы алшақ деп, шама сы, сірә, мойындалған да болар, өйткені ол өзінің нағыз бастапқы нүктесі ретінде объект емес, субъект те емес, үшінші бірдемені – зерделі аңдаумен танылатын абсолютты қабылдаған, ал ол болса, не объект емес, не субъект емес, ал екеуінің немқұрайлығы. Деген мен мен, өзімде ешқандай «зердемен аңдаушылықтың» мүлде жоқ болғандығынан, бұл құрметті немқұрайлық пен абсолют туралы пайымдауға батылданбасам да, сонда да, бәріне, оның ішінде біз ге де, мыйғұлаларға, түсінікті «зердемен аңдаушылардың» прото колдарына ғана сүйене отырып, бұл философияның да аталған екі қателіктің альтернативасынан шығарыла қойылмайтындығын мен ескерте кетуім керек. Өйткені, субъект пен объектінің тепе-теңдігі онда ойланылмайтындығына, ал парасатты аңдалатындығына және бұл оған шому арқылы ұғынылатындығына қарамастан, ол бұл қателердің екеуінен де құтылмайды, керісінше, тезірек ол еке уін өзінде біріктіреді, өйткені өзі екі пәнге бөлінеді, атап айтқанда, біріншіден, трансцендентальды идеализмге, Фихтенің Мен туралы ілімі осы болған және негіздеме заңы бойынша, субъекттен объекті ні шығарып, не суырып алатын, ал, екіншіден, натурфилософияға, конструкция деп аталатын әдістің көмегімен дәл солай объекттен біртіндеп субъект жасайтын (маған ол әдіс туралы өте аз белгі лі, бірақ сонда да анығы оның бірқатар формалардағы негіздеме заңы бойынша үдемелі қозғалыс екендігі). Ол «конструкцияда» жасырынған терең данышпандықтан мен алдын ала бас тарта
мын, себебі «зердемен аңдаудан» мүлдем жұрдай мен үшін оны тұспалдайтын барлық ілімдер жеті мөр басылған кітап болуы тиіс. Шынында да, бұған ұқсас терең ойлы теориялар маған – айтуға ағат – мен бір тек қана аса үрейлі және әбден жалықтыратын босдаңғырлықты естіп тұрғандай әсер етеді. Объекттен таралатын жүйелер әрқашан өздерінің пробле масы ретінде бүкіл көрнекі дүниені және оның құрылымын қамтығанымен, бірақ олардың бастапқы нүкте ретінде таңдаған объектісі әрқашан сол дүние немесе оның негізгі элементі – ма терия бола бермейді. Тезірегінде, бұл жүйелер менің кіріспе трак татымда көрсетілген мүмкін болар объектілердің төрт сыныпына сәйкес бөлінуге бой ұрады. Мысалы, бұл сыныптардың біріншісі, немесе реалдық дүние, Фалес пен иондықтар, Демокрит, Эпикур, Джордано Бруно және француз материалистері үшін бастапқы пункт болған деп айтуға болады. Екінші сыныптан, немесе аб страктылы ұғымнан, Спиноза (атап айтқанда, таза абстракты лы және өзінің дефинициясында ғана өмір сүретін субстанция ұғымынан), ал бұрынырақ элеаттар аттанған. Үшінші сыныптан, яғни уақыттан және, соған орай, сандардан, пифагорлықтар мен «И-цзиндағы» қытай философиясы аттанған. Ақырында, төртінші сынып, яғни таныммен уәжделген еріктік акт, жоқтан жаратылыс туралы тәлімдеген схоластиктердің бастапқы тұрғысы болған, – дүниенен тыс, дара тұлғаның еріктік актымен. Объект тәсілін, егер ол нағыз материализм тұрғысынан бой жазса, барынша рет-ретімен және ұзағынан іске асыруға бола ды. Соңғысы материяны, ал сонымен бірге уақыт пен кеңістікті де күмәнсіз бар деп тұспалдайды да, субъектке қатынасынан ат тап өтеді, ал шындығында болса, оның барлығы осы қатынаста ғана өмір сүреді. Әрі қарай, ол себептілік заңын дүниенің өзіндік мәні бар табиғи тәртібі, verіtas aeterna [мәңгілік ақиқат] деп санай отырып, оны өзінің үдемелі қозғалысы үшін жолсерік жіп етіп таңдайды, сөйтіп, себептілік тек сонда және сол үшін ғана өмір сүретін пайымнан аттап өтеді. Содан соң ол материяның бастапқы, ең қарапайым күйін табуға және, таза механизмнен химизмға, қарама-қарсылыққа, өсімділікке, жануарлыққа өрлей келе, одан басқаларын дамытып шығаруға тырысады; егер де оның бұл әрекеті сәтті болса, онда шынжырдың ең соңғы үзбесі жануарлық сезімталдық, – таным, болып шығар еді, ал олай болғанда, соңғысы материяның қарапайым модификациясы, оның себептіліктен туын дайтын күйі ғана болар еді. Сонымен егер де біз материализмнің
соңынан көрнекі елестермен ерген болсақ, онда, онымен бірге оның шыңына жетіп, біз тоқтатылмас олимпийлік күлкінің кенет екпінін сезетін едік, себебі, ұйқыдан оянғандар тәрізді, күтпеген жерден, оның соңғы, соншалықты еңбекпен жеткен нәтижесі – та ным – құтылмас шарт ретінде бірінші бастапқы нүктесінде-ақ, таза материяда жорытылғандығын байқар едік, ал онымен бірге біз ма терияны ойлап тұрмыз деп қиялдағанмен, шынына келгенде, зер демен ұққанымыз тек материяны елестеткен субъект, оны көретін көз, оны сезетін қол, оны танып білетін пайым басқа ештеңе емес. Сонымен, аяқ асты орасан зор petіtіo prіncіpіі (негіздеменің алдын алу) кеңінен ашылар еді, өйткені соңғы үзбе кенеттен біріншісі ілініп тұрған бекініс орны болып шығып, шынжыр дөңгелекке ай налар еді, ал материалист болса, суда атпен жүзіп жүріп, аяғымен өз атының тоқымынан құлаштап алып, алға үрпиіп шығып тұрған өз бұрымынан өзін тартып шығарған барон Мюнхгаузенге ұқсар еді. Сондықтан, материализмнің негізгі қисынсыздығы оның, объективтіден аттана отырып, соңғы түсіндіруші принцип ретін де сол объективтінің өзін қабылдауында жатыр, – ол материя іn abstracto, тек ойланылатын ретіндегі материя немесе формасына енген, эмпирикалық түрде, яғни зат, мысалы, өздерінің ең жақын қосындыларымен бірге, химиялық элементтер түрінде берілген материя бола ма. Бұның барлығын, осы жерден органикалық табиғатты да, ақыры, танушы субъектті де шығару үшін, сөйтіп оларды толығынан түсіндіру үшін ол өздігінше және абсолютті өмір сүретін дүние ре тінде қабылдайды. Алайда, шындығында объективтінің барлығы тап сол мәнінде-ақ танушы субъектпен, оның танымдық формала рымен, оларды өздерінің алғышарты ретінде тұспалдап, олармен әралуан уәждалған, сондықтан да, егер субъект туралы ойды жоқ қылсақ, мүлдем ғайып болады. Материализм, сонымен, бізге тікелей берілгенді жанама берілгенмен түсіндіру болып табылады. Бүкіл объективтіні, созылмалыны, әрекеттіні, бір сөзбен – бүкіл матери алдыны, – ал оны материализм өз түсіндірулерінің соншалықты берік негізі деп санап, тіпті оған сілтеу (әсіресе, егер ол ақыр аяғында түрткі мен қарсы әрекетке сайылатын болса) оның көзінде одан басқа ешнәрсе қалауды керек етпейді, – бұның барлығы, ай тамын мен, тек жоғарғы дәрежеде жанамалы және шартты түрде ғана берілген, сондықтан да тек қатынасты ғана өмір сүретін бо лады. Өйткені, ол мидың механикасы мен фабрикациясынан өткен және сондықтан оның формаларына – уақыт, кеңістік және себеп
тілік – енген, оның кеңістікте созылатындай және уақытта әрекет жасайтындай болғаны да тек осылардың арқасында ғана. Осылай берілгеннен материализм, тіпті тікелей берілгенді де: елесті (онда бұның барлығы да бар), ақыр аяғында, еріктің өзін де, түсіндіргісі келеді; алайда іс жүзінде, керісінше, себептіліктің жолсерік жібі бойынан, сондықтан да заңды болып табылатын барлық сол негізгі күштерді еріктің нақ өзінен түсіндіру қажет. Таным – материяның модификациясы деген қағидаға, кез келген материя – ол тек субъ ект танымының, оның елесі ретіндегі, модификациясы ғана деген кері қағида әрқашан қарсы қойылады. Соған қарамастан, әрбір жаратылыстанудың өз негізіндегі мақсаты мен мұраты – ол толық жүзеге асырылған материализм. Біздің мұнда оны, сірә, мүмкін емес деп мойындауымыз алдағы зерттеу барысында анықталатын басқа ақиқатпен расталады. Ол былай дейді: бір де бір нағыз мәніндегі ғылым (мен бұндай деп негіздеме заңымен басқарылатын жүйелі танымды ұғамын) ешқашан өзінің түпкі мақсатына жете алмайды және толық қанағаттанарлық анықтама бере алмайды, өйткені ол дүниенің ішкі мән-жайын ешқашан жете ұғынбайды, елестің шегі нен ешқашан шықпайды және, шын мәнінде, тек бір елестің екін шісіне арақатынастарымен ғана таныстырады. Әрбір ғылым әрқашан басты екі берілгеннен басталады. Олардың біреуі – ол, сөзсіз, құрал ретіндегі қандай болмасын өзінің формасындағы негіздеме заңы – органон; екіншісі – про блема ретіндегі оның ерекше объектісі. Мысалы, геометрияның проблемасы – кеңістік болады, ал ондағы болмыстың негіздемесі – оның органоны; арифметика үшін проблема – уақыт, ал ондағы болмыстың негіздемесі – органон; логика үшін ұғымдық тіркестер сол өз күйінде проблема болады, ал танымның негізі – органон, тарихтың проблемасы – адамдардың жасалған ұлы және бұқаралық істері, ынталану заңы – оның органоны; ақырында, жаратылыста ну үшін материя проблеманы құрайды, ал себептілік заңы – орга нонды, ал сондықтан оның мақсаты мен түпкі ойы, себептілікті басшылыққа ала отырып, материяның барлық мүмкін күйлерін бір-біріне тоғыстырып, ақырында, жалғыз бір түйінге келтіру, одан кейін оларды қайтадан бір-бірінен, ал соңында, жалғыз біре уінен шығару болады. Сондықтан жаратылыстануда материяның екі шекті күйі қарама-қарсы қойылады: оның субъектінің тікелей объектісі ретінде бәрінен азырақ және бәрінен көбірек қызмет жа сайтын күйлері, басқаша айтқанда: ең өлі және тұрпайы материя, бастапқы зат, және – адам организмі.
Біріншісіне жаратылыстану химия ретінде, екіншісіне – фи зиология ретінде ізденіс жасайды. Бірақ қазірге дейін бұл екі шеткерліктің ешқайсысына да жету қолдан келген жоқ, ал тек олардың екеуінің арасындағы ғана әлдене танылды. Болашақтың есебінде де үмітке орын жоқтың қасы. Химиктер, материяның сапалық бөлінуі сан жағынан бөлінуі сияқты шексіздікке жайыл майды деген болжалдан аттана отырып, оның әзірге әлі 60-қа дейін жеткен элементтерінің санын үсті-үстіне азайтуға тырысады; егер де өз ізденістерінде олар екі элементке дейін жеткен болса, онда олар ды біреуге дейін саюды мақсат тұтар еді. Өйткені біртектілік заңы материяның өзіндік табиғатына және алдында өткен барлық басқа, материяның өзді-өзі үшін мәнді емес, ал тек оның кездейсоқ форма лары мен қасиеттері ғана болып табылатын күйлеріне тән бастапқы химиялық күйі туралы гипотезаға нысаналайды. Екінші жағынан, оған әсер ететін басқа күйі әлі жоқ кезінде қалай бұл күйдің қандай да бір химиялық өзгеріске ұшырай алғанын түсінуге болмайды. Химиялық тұрғыдан түсіндіру үшін бұл дәл сол, механикалықта атомдардың біреуі өз қозғалысының бастапқы бағытынан алғаш рет қалай ауытқып шыққанын түсіндіруге тиісті болған кезде Эпикурге тап болған қиыншылықты тудырады. Бұл өзді-өзімен ашылатын, қашып құтылмас және шешілмес қайшылықты тура химиялық антиномия ретінде қарастыруға болады: қалай ол мұнда, жартылыстанудың екі табиғи полюстарының біріншісінде табыла қалса, солай екіншісінен де сайма-сай қарама-қарсысы (антипод) бізге шыға келеді. Жаратылыстанудың бұл басқа өрісіне жетуге сондай-ақ үміт аз, өйткені химиялықты ешқашан механикалыққа, ал органикалықты – химиялыққа немесе электрлікке сайып қоюға болмайтыны күннен-күнге анық болып келеді. Біздің күндерде бұл ескі жалған жолға қайта түскен кім де кім одан өздерінің алдында өткендер сияқты, көзге түспей және ұялшақтап, тез арада шығып кетеді. Толығырақ бұл туралы келесі кітапта айтылады. Бұл жер де үстіртін ғана ескертілген қиыншылықтар жаратылыстанудың алдынан оның өз өрісінде шығады. Ал енді философия ретінде алынса, ол алға материализм болып келеді; алайда соңғысы, біздің көргеніміздей, туғанынан-ақ өлімін өз жүрегінде алып жүреді, өйткені ол субъект пен таным формаларынан аттап өтеді, ал сол арада кейінгілер енді содан ол бастағысы келген ең тұрпайы ма терия үшін, ол жеткісі келген организм үшін де сияқты, нақ солай алдын ала жорытылады. Өйткені «субъектсіз объект жоқ» – міне қандай болмасын материализмді мәңгілікке мүмкін емес қылатын
қағида. Күн мен планеталарды, оларды көретін көз және оларды танып білетін пайым болмаса, сөздер деп атауға болады; бірақ елес үшін бұл сөздер – сыңғырлаған кимвал. Екінші жағынан, алайда, себептілік заңы және оның соңынан ерген табиғатты бақылау мен зерттеу бізді шарасыз ең сенімді гипотезаға алып ке леді: материяның әрбір жоғары дәрежеде ұйымдасқан күйі уақыт өрісінде тұрпайырағының соңынан ғана ерген, жануарлар адам дардан бұрын болған, балықтар – құрлық жануарларынан бұрын, өсімдіктер – соңғыларынан бұрын, органикалық емес дүние бүкіл органикалықтан бұрын өмір сүрген; демек, бірінші көздің ашылуы мүмкін болмастан бұрын, бастапқы масса ұзақ өзгерістер қатарын өтуге тиіс болған. Сонда да осы алғашқы ашылған көзге, тіпті ол шыбын-шір кейдікі болса да, бүкіл дүниенің болмысы тәуелді, өйткені ол білімнің қажетті дәнекері, – ал дүние тек білім үшін және бі лімде ғана өмір сүреді және білімсіз оны тіпті ойлау да мүмкін емес, өйткені ол түгелдейін елес және сол сапасында өзінің болмысының иегері ретінде танып білуші субъектті қажет етеді. Тіпті осы ұзақ уақыт кезеңінің өзі де, ақырында алғашқы таным паз жануар пайда болғанынша, материяның формадан формаға өткен сансыз өзгерістеріне толы, – тіпті осы уақыттың өзі де еле стер қатары, таным формасы дәл сол уақыттың өзі болып табы латын, олардан тыс ол қандай болмасын мағынасын жоғалтып, жоққа айналатын тап сондайлық сананың тепе-теңдігінде ғана ойға сыйымды. Сонымен, біздің көріп тұрғанымыз, бір жағынан, барша дүниенің болмысы алғашқы танымпаз тіршілік иесіне, ол қаншалықты кемеліне жетпеген болса да, қажеттілікпен тәуелді екендігі, ал екінші жағынан – бұл алғашқы танымпаз жануардың да оның алдында өткен себептер мен әрекеттердің ұзын тізбе гіне, оған өзі кішкентай үзбе болып кіретін, дәл солай қажетті түрде және түгелдейін тәуелді екендігі. Біз шындығында да бір дей мәжбүрлікпен келген бұл екі қайшылас көзқарасты, әлбетте, біздің танымымыздың екінші антиномиясы деп атауымызға және оны жаратылыстанудың бірінші полюсынан біз тапқан біреуімен сәйкес қоюымызға болады; керісінше, Канттың төрт антиномиясы – негізсіз жаңсақ ой, мен оны осы шығармаға қосымша ретінде оның философиясының сынында көрсетемін. Алайда, бұл біздің алдымыздан ақыры шарасыз шығатын қайшылық, Канттың тілімен айтқанда, уақыт, кеңістік және себептілік өзіндік затқа емес, тек оның құбылысына ғана, оның формасы ретінде, жататындығымен
шешіледі; ал менің тілімде бұл келесі мағынаны білдіреді: объ
ективті дүние, елес ретіндегі дүние, – жалғыз емес, ал дүниенің
тек бір ғана, айталық, сыртқы жағы, оның тағы мүлде басқа да
жағы бар; соңғысы оның ішкі мәні, оның дәні, өзіндік зат болып
табылады; объективациялардың ең турасымен оны ерік деп атай
отырып, біз оны келесі кітапта қарастырамыз. Бірақ елес ретін
дегі дүние, ал біздің мұнда қарастырып отырғанымыз да тек сол
ғана, әрине, алғашқы көз ашылғанда ғана басталады: білімнің
бұл дәнекерінсіз дүние өмір сүре алмайды, демек, ол бұрын да
өмір сүрген жоқ. Бірақ бұл көзсіз, яғни танымнан тыс, бұрын
да болған жоқ, уақыт болған жоқ. Алайда, уақыт емес бастама
сы бар, – керісінше, әрбір бастама соның ішінде орын тебеді. Ал
уақыт – себептілік байланыстың дәнекерлігімен ішінде барлық
құбылыстар жинақталатын танымдылықтың ең жалпы формасы
болғандықтан, алғашқы таныммен бірге барша өзінің екіжақты
шексіздігімен уақыт та пайда болады; бұл алғашқы қазіргіні
өзімен толтырып отырған құбылыс та, сонымен бірге, себепті-
байланысты және өткенге шексіз көсілген құбылыстар қатарына
тәуелді ретінде танылуы тиіс, ал сол өткеннің өзі бұл қазіргімен
дәл солай уәжделген, қалай, керісінше, соңғысы да – біріншісімен.
Сонымен, алғашқы қазіргі, содан ол аттанған бұрынғы да сияқты,
танымпаз субъектке тәуелді және онсыз түкке тұрмайды; соған
қарамастан, олар шарасыздан бұл алғашқы қазіргінің алғашқы
болып, яғни өзінің әкесі ретінде өткені жоқ болып, уақыттың ба
стамасы болып көрінбейтіндігіне алып келеді: жоқ, ол өткеннің,
уақыттағы болмыстың негіздемесі заңы бойынша, салдары бо
лып көрінеді, осы қазіргіні кернеткен құбылыстың да, себептілік
заңы бойынша, сол өткенді кернеткен бұрынғы күйлердің әрекеті
болып шыққаны сияқты. Мифологиялық жоруларға құмар кім де
болса, мұнда көрсетілген бастамасы жоқ уақыттың басталу мезеті
Кроностың (χρονος) дүниеге келуінде символданғанынан көруіне
болады: бұл кенже титан өзінің әкесін піштірген кезде, аспан мен
жердің тұрпайы тумалары тоқталып, сахнаға құдайлар мен адам
дар тегі шыққан болатын.
Объекттен басталатын философиялық жүйелердің ішінде
гі ең жүйелісі – материализмнің ізімен келіп, біз мәселені осы
лай қойғанымыз, сонымен бірге, субъект пен объектінің қажетті
өзара тәуелділігін және, дәл сол мезгілде, олардың арасындағы
жойылмас қарама-қарсылығын көрнекі қылады. Бұны танып
білу дүниенің ішкі мәнін, өзіндік затты, енді елестің аталған екі
элементінің біреуінен емес, одан гөрі елестен мүлдем өзге бірде
меден іздеуге мәжбүр етеді, әубастылы түп-тамырлы және оның
үстіне, шешілмес қарама-қайшылығы жоқ бірдемеден.
Сипатталған одан субъектіні шығару мақсатымен объект
аттануға, одан объектіні шығару мақсатымен субъекттен аттану
қарама-қарсы тұрады. Бірақ, егер біріншісі осыған дейін пайда
болған барлық философиялық жүйелерде көптен көп таралған бол
са, онда екіншісінің жалғыз және, оның үстіне, өте жақын арадағы
мысалы болып, дұрысын айтқанда, тек И.Г.Фихтенің жалған фи
лософиясы ғана қызмет етеді. Оның ілімінің реалдық құндылығы
және ішкі мазмұны қаншалықты аз болғанымен, ол жөнінде бұған
қатысты атап өту қажет; ол жалпы алғанда тек көптірмешілік қана
болған, бірақ терең байыпты түрмен, байсалды сарынмен, жалын
ды әуесқойлықпен баяндалатын, әлсіз қарсыласымен сөзқағыста
шешендікпен қорғанатын, ол жарқырай білген және реалдық бо
лып көріне алған. Бірақ баршалық сыртқы әсерлерді өзіне өре жет
кізбейтін және өз мақсатын, ақиқатты, бұлжытпай ойда тұтқан сол
нағыз байыптылық, – ол Фихтеге және басқа да сол сияқты түрлі
жағдаяттарға бейімпаз философтарға мүлде жетіспеген. Басқаша
болуы да мүмкін емес еді. Әркім тек таңдануға, υανμαζειν, орай,
одан ол арылуды қалайтын және оны Платон μαλα φιλοσοφικον
παυος [тым философиялық сезім] деп атайтын, сол таңдануға орай
философ болады. Бірақ, жалған философтарды мұнда реалдық фи
лософтардан айыратыны, соңғыларда бұл таңдану дүниенің өзін
тамашалаудан пайда болады, ал біріншілерде болса – тек кітап
тан, дайын жүйеден. Фихтемен де осылай болған, өйткені ол тек
канттық өзіндік заттың арқасында ғана философ болып шыққан,
ал онсыз ол, бәлкім, мүлде басқа іспен айналысар еді, – және де
едәуір көбірек жетістікпен, себебі оның әжептәуір шешендік дары
ны болған. Егер де ол оны философ қылған кітаптың мағынасына
«Таза зерде сынына» дегенмен, тереңірек үңілсе, онда ол оның
басты ілімі өзінің рухы бойынша мынадай екенін түсінер еді:
негіздеме заңы тіпті де verіtas aeterna емес, бүкіл схоластикалық
философия ойлағандай, яғни дүниеге дейін, одан тыс және оның
үстінде шартсыз мәнге ие емес, ал тек бір ғана құбылыс шеңберінде
қатынасты және шартты мәнге ие. Ол кеңістік немесе уақыттың
қажетті байланысы ретінде көріне ме, жоқ себептілік немесе
танымның негіздеме заңы ретінде көріне ме бәрібір; сондықтан
дүниенің, өзіндік заттың ішкі мәнін бұл заңның атүсті ашуға бол
майды. Керісінше, оның неге алып келгенінің бәрі де, әрқашан
тәуелді және қатынастылы, әрқашан тек құбылыс қана, өзіндік зат емес; оның үстіне, бұл заңның субъектке мүлде қатысы жоқ, ал тек объектілердің формасы ғана болып қызмет етеді, соңғылардың өзіндік зат еместігі дәл сондықтан; объектпен бір уақытта субъект пайда болады және – керісінше, сондықтан объект субъектке де, субъект объектіге де салдар өзінің негізіне тәрізді сырттан қосыла алмайды. Бірақ бұның бәрі Фихтеге аз да болмасын әсер еткен жоқ: жалғыз-ақ оған назар аударарлық болып көрінгені субъектіден бас тау болды, Кант оны бұрынғы объекттен, сөйтіп кейінгісі өзіндік зат болады деп аттанудың жалғандығын көрсету үшін таңдаған,. Ал Фихте болса, бұл субъекттен аттануды ең негізгі деп санады да, барша еліктеушілердің үлгісімен, егер ол бұл жөнінде Канттан ары барса, одан асып та түсемін деп ойлап, бұрынғы догматизмнің қарама-қарсы бағытта жіберген дәл сол қателіктерін, тура сол себепті Канттың сынын тудырған, осы бағытта қайталады. Со нымен, ең бастысында ешнәрсе өзгермей, ескі негізгі қателік, объект пен субъект өзара себеп пен салдар қатынасымен байла нысты деген ой, қалды, бұрынғысындай; сондықтан негіздеме заңы, бұрынғысынша, шартсыз күшін сақтап қалды, ал өзіндік зат, бұрынғыша объектте мекендеудің орнына, таным субъектіне көшірілді; шәк-шүбәсіз екеуінің қатынастылығы болса, өзіндік затты, немесе дүниенің мәнін, олардан емес, ал олардан тыс іздеу керек екендігін көрсететін, тіпті барлық қатынастылы ғана өмір сүретіндерден де тыс тәрізді, – бұл бұрынғыша түсініксіз қалды. Негіздеме заңы Фихте философиясында, барлық схоластиктерде гіден aeterna verіtas, Кант мүлде өмір сүрмеген де сияқты. Ертеде гі адамдардың құдайларына мәңгі тағдыр үстем болғаны тәрізді, дәл солай схоластиктер құдайына да әлі aeternae verіtates, яғни метафизикалық, математикалық және металогикалық ақиқаттар ал кейбіреулеріне моральдық заңның билігі де үстем болған. Жалғыз сол verіtatesтер ешнәрсеге тәуелді болған жоқ, бірақ олардың күшімен Құдай да, дүние де қажет болды. Осындай Verіtatі aeternae сияқты негіздеме заңы бойынша, Фихтенің Мені, сөйтіп, дүниенің немесе Мен-еместің негізі, дәл сол біріншісінің салдары, соның өнімі болып табылатын объект қызметін атқарады. Негіздеме заңын одан арғы зерттеуге немесе бақылауға тартуға Фихте, әрине, сақтанды. Бірақ, егер маған бұл заңның, соған сәйкес Фихте Менеместі өрмекшіні шырмауы тәрізді, Мен-нен шығуға мәжбүр ет кізген сол формасын көрсету қажет болған болса, онда мен бұл – кеңістіктегі болмыстың негіздеме заңы, дер едім: өйткені тек соған қатысты ғана, Мен Мен-еместі өзінен өндіріп және көбейтіп
шығаратын және тіпті мағынасыз, сондықтан да қашан да бол масын жазылғандардың ішіндегі әбден жалықтыратын кітаптың, мазмұнын құрайтын тәсілдердің сол азапты дедукциялары мән мен мағынаға әйтсе де біршама ұқсастығын табады. Сонымен, тіпті айтуға да тұрмайтын бұл фихтелік философия, бізге тек көне материализмнің кешіккен нағыз қарама-қарсысы ретін де ғана қызықты: Фихте философиясы қалай субъекттен аттанса, ол дәл солай бір ізділікпен объекттен аттанған. Ең қарапайым объектпен бірге ол сол сәтте-ақ субъектті де мақұлдайтынын материализмнің байқамағаны тәрізді, Фихтенің де солай байқамағаны субъектпен бірге (қалай ол оны құрметтеп атамаса да) ол алдын ала объектіні де мақұлдайтыны ғана емес еді, өйткені кейінгісіз ешқандай субъ ект ойға сыйымсыз, бірақ, ол әрбір қорытынды a prіorі екенін және әрбір дәлел жалпы қажеттілікке сүйенетінін, ал әрбір қажеттілік тек қана негіздеме заңына сүйенетінін, себебі қажетті болу мен берілген негіздің салдары болу – бұл бірдей мағыналы ұғымдар, екенін де байқамаған*; ол тағы, негіздеме заңының объектінің объект ретіндегі тек жалпы формасы ғана екенін, ал сондықтан объектіні алдын ала тұспалдайтынын, ал оған дейін, не одан тыс мағынасы болмайтынын және оны тек шақырып алып, өзінің заң шығарушы күшімен өндіре алмайтынын да байқамаған. Жалпы алғанда, субъекттен аттану және жоғарыда сипатталған объекттен аттану қайта-қайта бір ғана ортақ қателікте өзара түйіседі: олардың екеуі де әлі тек шығару керек деп ойлағандарын күні бұрын жорамалдап қояды, яғни өздерінің аттанар нүктесінің қажетті коррелатын алдын ала тұспалдайды. Бұл екі қарама-қарсы қателіктің біздің әдісімізден toto genere (принципиалды) айырмашылығы бар, өйткені біз объекттен емес, субъектіден емес, ал сананың бірінші фактысы – елестен атта намыз, ал оның алғашқы және ең маңызды формасы объект пен субъектке ыдырауы болады. Ал объектінің формасы болып өзінің әралуан түрлерінде негіздеме заңы қызмет етеді, ал олардың әрқайсысы өзіне қатысты елестер сыныбында үстем болғаны соншалықты, тіпті, көрсетілгендей, бұл түрдің танылуымен бірге бүкіл сыныптың да мәні танылады, өйткені соңғысы (елес ретін де) сол түрдің дәл өзінен басқа ештеңе де емес: мысалы, уақыт – басқа ештеңе емес, тек ондағы болмыстың негізі, яғни бірізділік; кеңістік – басқа ештеңе емес, тек ондағы негізделу заңы, яғни орын алу; материя – басқа ештеңе емес, тек себептілік; ұғым (ол қазір анықталатынындай) – басқа ештеңе емес, тек танымның не гізіне қатынас. Дүниенің елес ретіндегі бұл толық және жаппай * Қар. «Негіздеме заңының төрттармақты тамыры туралы», § 49.
қатынастылығы, оның ең жалпы формасында да (субъект және объект), оған тәуелдісінде де (негіздеме заңы), біздің әлде қашан айтқанымыздай, дүниенің ішкі мәнін оның мүлде басқа, елестен тіпті өзгеше жағында іздеу керектігін бізге аңғартады; оны әрбір тіршілік иесі үшін тап соншама тікелей айқын фактіге негізделген келесі кітап анықтайды. Алайда, әуелі жалғыз адамға тән және мазмұны ұғым, ал субъективті коррелаты зерде болып табылатын елестер сыныбын қарастыру қажет; ал осы кезге дейін қарастырылған елестерге кор релат болып жануардың әрқайсысына тән пайым мен сезімталдық қызмет етеді*. §8 Күннің тікелей түскен нұрынан айдың шағылысқан сәулесіне өткендей, біз көрнекі, тікелей, өзіндік мәні бар, өз-өзіне кепілдік бо латын елестен, өзінің барлық мазмұнын тек көрнекі танымнан және соған қатысты ғана алатын рефлексияға, зерденің абстрактылы, дискурсивті ұғымдарына өтеміз. Әзірге біз таза аңдауда қалып кел генімізге дейін, бәрі анық, берік және күмәнсіз. Мұнда сұрақтар да, күдіктер де, адасулар да жоқ: біз бұдан артығын тілемейміз, бұдан артығына дәрменсізбіз, аңдаумен ғана байсал табамыз, қазіргіге ризамыз. Аңдау көңіл-толарлық нәрсе; сондықтан одан өзінің таза жаратылысы басталатынның және оған сенімін сақтағанның бәрі, реалдық өнер туындысы тәрізді, ешқашан жалған болуы не месе қандай болмасын уақытпен жоққа шығарылуы мүмкін емес: өйткені ол пікірді емес, заттың өзін береді. Ал абстрактылы та ныммен, зердемен, теорияда күмән мен адасу, ал практикада уайым мен өкініш пайда болады. Егер көрнекі елестегі көріністілік нақты болмыс кескінін бір мезетке бұзса, онда абстрактылы елесте адасу мыңдаған жылдар билеп, тұтас халықтарға өзінің темір бұғауын са лып, адамзаттың игі ниеттерін тұншықтырып, тіпті өз құлдарының, өз алданғандарының, көмегімен алдауға көнбегендерді кісенмен құрсаулап тастай алады. Адасу – ол жау, барлық уақыттардың ең данышпан адамдары онымен күші тең емес күрес жүргізген; және тек олардың одан күшпен тартып алғаны ғана адамзаттың игілігіне айналды. Міне, сондықтан біз оның аумағына аяқ басқан сәтте-ақ оған көңіл аударғанымыз абзал. Ақиқатты тіпті одан пайда алдын ала көрмеген жерден де іздеу керек деп жиі айтылғанымен, өйткені * Бұл алғашқы жеті параграфқа қосымшалардың бірінші кітабының алғашқы төрт тарауы жатады.
пайда оны күтпеген жерде жанамалап келуі мүмкін, – алайда, мен бұған қосуым тиіс, дәл сондай ынтамен қандай да болмасын ада суды, тіпті одан зияндылық байқалмаған жерде ашып, жою қажет, себебі бұл зияндық ең жанамалы жолмен күтпеген жерде қашан болмасын пайда болуы мүмкін, өйткені, әрбір адасуда у бар. Егер рухпен таным адамды жердің қожасы етсе, онда зиянсыз адасулар жоқ, ал одан да бетер жоғы – абыройлы және құдыретті адасулар. Ал өз күштері менің өмірін адасудың түр-түрлерімен игілікті және соншама қиын күреске арнағандарға жұбаныш ретінде мен айтпай қоя алмайтыным, ақиқат әлі орнамағанша, адасу, түндегі үкілер мен жарғанаттар сияқты, – бірақ өзінің ойынын жүргізе алады, ескі адасу өзінің көлемді орнын ұрыс-талассыз қайырып алуы үшін, танылған және толық айқындылықпен дәлелденген ақиқаттың қайтадан қудалануға ұшырауынан тезірек, үкілер мен жарғанаттар күнді шығысқа кейін қарай үркітер. Ақиқаттың күші де осында жа тыр: оның жеңісі қиыншылықпен және азаппен келеді. Осы уақытқа дейін қарастырылған елестерден басқа, өздерінің құрамы бойынша, объект тұрғысынан қарағанда, уақыт, кеңістік және материяға, ал субъект тұрғысынан – таза сезімдік пен пайымға саятын, олардан бөлек, бүкіл жер жүзін мекендегендердің арасын да тек қана адамда, тағы басқа бір танымдық қабілет қосылды, өте дәл және көрегендікпен рефлексия деп аталған мүлде жаңа сана туды. Өйткені, ол – шынында, көз алды танымнан әлдебір туын ды, бірақ одан әбден ерекше сипат пен қасиеттерге бөленген, оның формаларын білмейтін бейнелеу; тіпті әрбір объектіге үстемдік жасайтын негіздеме заңы да мұнда мүлде басқа түрде көрінеді. Адамға оның санасын жануарлар санасынан пәк шүбәсіз айыра тын ойлану қасиетін беретін де жалғыз осы – жаңа, ең жоғарғы дәрежеге көтерілген таным, осы зерденің дерексіз ұғымындағы бүкіл интуитивтінің абстрактылы бейнесі болып табылады және соның арқасында бүкіл адамның жер бетіндегі тіршілік жолы мақлұқ ағайындарының тіршілік жолына соншама ұқсамайды. Олардан ол қуатымен де, қайғы-қасіретімен де бірдей әлдеқайда асып түскен. Олар тек қазіргіде ғана өмір сүреді, ал ол, оған қоса, қатарынан болашақта да, өткенде де өмір сүреді. Олар мезет қажеттіктерін өтейді, ол жасанды шаралармен өзінің болашағы және тіпті, өмірі таусылған кездер туралы да қам жейді. Олар мезеттік әсердің толық билігінде, көз алды ынтаның ықпалында болады, оны қазіргіге тәуелсіз абстрактылы ұғымдар басқарады. Міне, сондықтан ол, қоршаған жағдаяттар мен мезеттің кездейсоқ
әсерлеріне қарамастан, ойлаған мақсаттарын орындайды немесе өздерінің қағидаларына сәйкес әрекет жасайды; міне сондықтан ол байыпты күйде өз өліміне жасанды дайындықтар жүргізе ала ды, өтірік адам танымастай болып өзгере алады және өзінің сы рын көріне алып кете алады; ол, ақырында, бірнеше ынталардың арасынан нағыз таңдау жасауға өктем, өйткені соңғылар, санада қатар өмір сүре тұра, бірі екіншісін болғызбайтын ретінде тек іn abstracto ғана танылады және бір бірімен өздерінің ерікке үстемдігі жөнінде бәсекелесе алады, ал соның ізінше күштірек ынта жеңіске жетіп, осы сапада өзі туралы сенімді белгімен жариялап, еріктің ойланған шешімі болады. Жануар, керісінше, өз әрекеттерінде мезеттің әсерімен анықталады, оның қалауын тек алдағы зорлап көндіру қорқынышы ғана баса алады, әзірге, сайып келіп, бұл қорқыныш дағдыға айналмағанша және жануарды енді сондай ретінде анықтамағанша: жаттықтыру (дрессировка) деген осы бо лады. Жануар сезінеді және аңдайды; адам, оның үстіне, ойлай ды және біледі; екеуі де қалайды. Жануар өз сезімі мен көңіл-күйі туралы дене қозғалыстары мен үндері арқылы жеткізеді; адам басқаға өз ойларын тіл арқылы білдіреді немесе тіл арқылы өз ойларын жасырады. Тіл – оның зердесінің алғашқы шығармасы және қажетті құралы, сондықтан грекше және итальянша тіл мен зерде тек бір сөзбен ғана белгіленеді: óλγος, іl dіscorso. Не міс сөзі Vernunft (зерде) емес, сөздермен жеткізілетін ойларды саналы түрде қабылдауды білдіретін hören (есту) сөзінің синони мы vernehmen (зер салып тыңдау) деген сөзден туындайды. Тек тіл арқылы ғана зерде өзінің ең маңызды туындыларын: көптеген жеке адамдардың ниеттес іс-әрекетін, көп мыңдардың бір мақсатқа бейімделген қоян-қолтық еңбегін, өркениетті, мемлекетті жүзеге асырады, одан кейін, тек тіл арқылы ғана ғылымды ол жанданды рады, ескі тәжірибені сақтайды, жалпыны бір ұғымға біріктіреді, ақиқатқа үйретеді, адасуды өрістетеді, ойлау мен көркемөнерлік жасампаздықты, догматтар мен иланымдарды туғызады. Жануар өлімді өлімнің өзінде ғана біледі; адам өз өліміне сағат сайын са налы түрде жақындайды және бұл кей кезде, тіпті осы мәңгі жойы лу сипатын өмірдің өзінен әлі ұға қоймаған адамда өмір туралы әбігерлі ой туғызады. Адам өзіне философия мен дінді жаратқаны да ең алдымен сондықтан; ал әділдік бойынша біз оның істеріндегі бәрінен жоғары бағалайтынымыз, атап айтқанда, еркін ізгілік пен игі ниеттілік қашан болса да олардың біреуінің жемісі болды ма екен, – ол белгісіз. Керісінше, екеуінің жалғыз соларға тән шүбәсіз
туындысы ретінде, зерденің жемісі ретінде бұл жолда біздің ал дымызда әртүрлі мектептердегі философтардың таңғаларлық, ғажайып пікірлері және әралуан діндер абыздарының оғаш, кей кезде тіпті мейірімсіз ырымдары тұрады. Осы неше түрлі және алысқа баратын қөріністердің барлығы бір ортақ принциптен, адамды жануардан айыратын және зер де, óλογος το λο – γιοτικον, το λογιμον, ratіo деп аталған сол ерек ше рух күшінен келіп шығатыны, – бұл барлық ғасырлар мен халықтардың ынтымақты пікірін құрады. Және барлық адамдар бұл қабілеттің көріністерін өте жақсы танып, зерделіні зерде сізден айыра алады; олар адамның басқа қабілеттерімен және қасиеттерімен зерде қай жерде қайшылыққа келетінін, тіпті ең ақылды жануардан оның зердесі болмағандықтан нені ешқашан күтуге болмайтынын біледі. Барлық ғасырлардың философтары зерденің бұл жалпы ұғымын бүтіндей алғанда мақұлдайтынын аңғартып, оған қоса, ашу мен қызбалыққа басым болу, ой түйіндеу мен жалпы принциптерді алға жылжыту қабілеті, тіпті қандай бір тәжірибеден бұрын анықтарына дейін, және т.б. сондай сияқты оның кейбір аса маңызды көріністерін басып айтады. Солай бола тұра, зерденің түп мәні жөніндегі олардың барлық түсіндірмелері тұрақсыз, бұлыңғыр, көпсөзді, бірлігі мен түйіні жоқ, біресе бір, біресе басқа көрінісін алға тартқан және сондықтан жиі біріне бірі қайшылас келген. Бұған көпшілігінің бұл жағдаятта зерде мен жансезімнің қарама-қарсылығынан аттанатыны қосылады, ал онысы философияға мүлде жат және былықпаны тек күшейте түседі. Ерекше айта кететін жәйт – осы уақытқа дейін бірде бір философ зерденің барлық осы түрлі-түрлі көріністерін олардың барлығының ішінен оны анықтап тануға болатын, одан олар түсіндірілуіне болатын және сондықтан ол зерденің нағыз түпкі мәні болып табылатын жалғыз бір қарапайым функцияға қатаң тұжырмаған. Рас, асқан керемет Локк өзінің «Адам зердесі тура лы тәжірибесінде» (кітап 2, тар. 11, §10 және 11) жануарлар мен адамдарды бөлетін айырмашылық нышаны ретінде абстрактылы жалпы ұғымдарға асқан әділдікпен нұсқайды; Лейбниц те оны өзінің «Адам зердесі туралы жаңа тәжірибелерінде» (кітап 2, тар. 11, §10 және 11) аса ынтымақты көңілмен қайталайды. Бірақ Локк зердені шындап түсіндіруге келген кезде, оның бұл қарапайым және басты белгісінен мүлде көз жазып, ол да оның әрқилы және туынды көріністеріне тұрақсыз, екіұшты, шолақ нұсқаумен шек теледі (кітап 4, тар. 17, §2,3); Лейбниц те өз шығармасының тиісті
жерінде жалпы дәл соны істейді, бірақ тек одан да әрі шатасыңқы
және бұлыңғыр. Ал Кант зерде мәні ұғымын қандай дәрежеге дей
ін шатастырып бұрмалады, ол туралы мен толығынан қосымшада
айтамын. Кім де кім Канттан кейін пайда болған толып жатқан
философиялық кітаптарды осыған қатысты қарап шығу еңбегін
өзіне артатын болса, сол, қалайша биліктің қателіктері бүтіндей
халықтармен өтелетіні тәрізді, дәл солай ұлы ақылдардың адасуы
өзінің зиянды әсерін бүтін ұрпақтарға, бүтін ғасырларға жайып,
өсіп дамитынын және, ақырында, жан түршігерлік сандыраққа
азғындайтынын түсінеді. Ал осының бәрі, Беркли айтқандай, «ой
лайтын адамдардың аздығынан, бірақ барлығы пікір иесі болуды
қалайтынынан» пайда болады.
Пайымның тек бір ғана функциясы – себеп пен әрекет
қатынасын тікелей тану – болатыны сияқты дүниені аңдау, со
нымен қатар, әрбір ақыл, әрбір зеректік пен тапқырлық, олардың
қолданылуы әртүрлі болғанымен, басқа ештеңе емес, тек осы
қарапайым функцияның көрінісі болып табылатыны тәрізді, – дәл
солай зерденің де бір функциясы бар – ұғымды күйтастыру. Осы
жалғыз функциядан адамның өмірін жануарлардың өмірінен ай
ыратын барлық сол жоғарыда көрсетілген құбылыстар өте оңай
және өзді-өзімен түсіндіріледі; ал бұл функцияның қолданылуына
немесе қолданылмауына барлық жерде және әрқашан зерделі не
месе зердесіз деп аталғанның бәрі тура көрсетеді*.
§9 Ұғымдар ерекше, тек адам рухына ғана тән, осы кезге дей ін қарастырылған көз алды елестерден toto genere өзгеше сынып құрады. Сондықтан біз ешқашан олардың мәнін көрнекі түрде, мүлдем айқын танып біле алмаймыз, – олар туралы біздің білі міміз абстрактылы және дискурсивті ғана. Міне неліктен бұл ұғымдардың тәжірибеде дәлелденуін немесе олардың, көрнекі объектілер тәрізді, көз алдына не қиял алдына қойылуын та лап ету қисынсыз болар еді, өйткені олар көрнекі елестің өзі бо лып табылатын реалдық сыртқы дүниені аңғартады. Оларды тек ойлауға болады, ал аңдауға емес, және адамның тек солар арқылы жасайтын ықпалдары ғана нағыз тәжірибенің еншісінде қызмет атқарады. Ондайлар – тіл, ойластырылған, жоспарланған іс-әрекет * Бұл параграфпен негіздеме заңы туралы трактаттың 26-шы және 27 §§-ын салыстырыңыз.
пен ғылым, ал содан соң бұлардан келіп шығатынның бәрі. Сірә, сөз, сыртқы тәжірибенің еншісі ретінде, кез-келген таңбаларды асқан жылдамдықпен және өте нәзік реңкпен тарататын жетік те леграфтан басқа ештеңе де емес. Бұл таңбалар енді нені білдіреді? Олардың мағынасы қалай түсіндіріледі? Біреу сөйлеп жатқанда, біз сол сәтте-ақ оның сөзін найзағай жылдамдығымен біздің жа нымыздан өте шығатын, қимылдайтын, бірігетін, басқа түрге айна латын және сөздердің сарыны мен олардың грамматикалық флек сияларына сәйкес реңк қабылдайтын қиял бейнелеріне аударып жібермейміз бе? Қандай апай-топай болар еді бұндай жағдаятта біздің басымызда әлдебір сөз тыңдағанда немесе кітап оқығанда! Жоқ, ешқашан олай болмайды. Біз сөз мағынасын оның барынша дәлме-дәлдігі және кесімділігімен тікелей қабылдаймыз – әдетте қиял бейнелерінің килігуінсіз. Мұнда зерде зердеге үн қатады да оның өрісінде қалады, ал оның хабарлағаны мен қабылдағаны – абстрактылы ұғымдар, көрнекіліктен айрылған елестер; олар қайталамастан күйтасқанмен және саны жағынан шамалы болса да, бірақ реалдық дүниенің сансыз объектілерін құшағы мен өз құрамында ұстайды және солардың орынбасарлары болып табы лады. Бізбен ортақ тіл құралдары мен көрнекі елестері болғанымен де, жануардың ешқашан не сөйлей, не ұға алмайтыны да тек осы мен ғана түсіндіріледі; бірақ сөздер біз атап өткен мүлдем ерекше, зерде оның субъективті коррелаты қызметін атқаратын елестер сы ныпын өздерімен белгілейтін болғандықтан ғана, – дәл сол себепті олардың жануар үшін мағынасы мен маңызы болмайды. Сонымен, тіл, біз оны зердеге жатқызатын әрбір басқа да құбылыс сияқты және адамды жануардан айыратынның бәрі сияқты, өзіне түсініктемені тек қана осы біртұтас, қарапайым қайнар көзден табады: ұғымдардан, абстрактылы, көрнекі емес, жалпы, жеке емес, кеңістіктік-уақыттық елестерден. Тек жеке жағдаяттарда ғана біз ұғымдардан аңдауға көшіп, өзімізге қиял бейнелерін тудырамыз: олар біз үшін – ұғымдардың көрнекі уәкілі, оларға, дегенмен, ешқашан теңбе-тең емес. Олар негіздеме заңы туралы трактаттың 28-§-нда арнайы зерттелген, сондықтан мен мұнда қайталанбаймын. Ондағы айтылғанмен Юмда, оның «Философиялық тәжірибелерінің» ішіндегі он екіншісінде, 244б., және Гердерде, оның «Метасынында» (жалпы алғанда, на шар кітабында), 1-бөлім, 274-б., айтылғанды салыстыру керек. Қиял мен зерденің бірігуі оны мүмкін ететін Платонның идеясы, осы шығарманың үшінші кітабының негізгі тақырыбы қызметін атқарады.
Сөйтіп, ұғымдар көрнекі елестерден мүлдем өзгеше болғанымен, олар әйтсе де кейінгілермен қажетті арақатыста болады, өйткені онсыз олар ешнәрсе де болмас еді, сол себепті ол солардың барша мәні мен болмысын құрайды. Рефлексия бастапқы бейнелердің, көрнекі дүниенің лажсыз көшірмесі, қайталануы болып табыла ды, алайда, бұл – қайталанудың аса ерекше түрі, мүлдем әртекті материалдағысы. Міне неліктен ұғымдарға елестер жөніндегі еле стер деген атау әбден тура келеді. Негіздеме заңы мұнда да ерекше формада алға шығады және, елестердің белгілі сыныпына үстемдік еткен оның әрбір формасы қалай сол сыныптың тиісті мәнін құрап, сарқа тамамдаса (ол елес болғандықтан), сол себепті уақыт – ол, көргеніміздей, түгелдейін бір ізді тізбектестік, одан асқан ештеңе де емес, кеңістік – түгелдейін орналасу реті, одан асқан ештеңе де емес, материя – түгелдейін себептілік, одан асқан ештеңе де емес, дәл солай ұғымдардың, немесе абстрактылы елестер сыныпының бүкіл мәні де оларда негіздеме заңын өрнектейтін қатынаспен ғана шектеледі. Және де ол таным негізіне қатынас болғандықтан, аб страктылы елестің барлық мәні оның тек өзінің таным негізі болып табылатын басқа елеске қатынасында ғана өріс алады. Бұл басқа елес, өз кезегінде, ұғым немесе абстрактылы елес болуы мүмкін, ал соңғысы тағы да тек тап сондай ғана дерексіз таным негізіне ие бола алады, бірақ бұлай шексіздікке дейін жалғаса бермейді: ақыр аяғында, таным негіздемелерінің қатары көрнекі танымда өзінің негізі бар ұғыммен тұйықталуы тиіс. Өйткені, бүкіл реф лексия дүниеі өзінің негізі ретінде көрнекі дүниеде тамыр жайған. Сондықтан абстрактылы елестердің басқалармен салыстырғандағы өзгешелігі сол, соңғыларда негіздеме заңы әрқашан тек қана сол сыныптағы басқа елеске қатынасын талап етеді, сол арада-ақ аб страктылы елестер жағдаятында ол ақыр аяғында басқа елеске қатынасын талап етедіні сияқты. Ұғымдардың көрнекі танымға қатынасы, жоғарыда көрсетіл гендей, тікелей емес, ал бір немесе тіпті бірнеше басқа ұғымдардың дәнекерлігімен ғана болғандарын көбінесе abstracta деп атайды; ке рісінше, негізі тікелей көрнекі дүниеде болса, оларды concreta деп атайды. Алайда, соңғы атау өзінің белгілеген ұғымдарына мүлде тура келмейді, өйткені олар да дегенмен әлі abstracta, ал ешқандай да көрнекі елестер емес. Жалпы алғанда, бұл терминдер олардың белгілейтін айырмашылығын өте бұлыңғыр түсінудің нәтижесі болып табылады; алайда, осы жерде жасалған анықтамадан кей
ін оларды сақтап қалуға болады. Қатынас, рахымдылық, зерттеу, бастама және солар сияқты тағы басқа ұғымдар бірінші түрінің мысалдары, яғни ең жоғарғы мағынадағы abstracta болып табы лады. Екінші түрінің мысалдары, яғни дұрыс емес аталатын co ncreta қызметін адам, тас, жылқы және т.с.с. ұғымдар атқарады. Егерде бұл аса бейнелі және сондықтан біршама әзілқой теңеу болмағанда, онда соңғыларын аса дәлдікпен төменгі қабат деп, ал бі ріншілерін – рефлексия ғимаратының жоғарғы қабаттары деп атауға болатын еді. Ұғым өзімен көп нәрсені қамтитыны, яғни көптеген көрнекі, тіпті сол абстрактылы елестер оған таным негізі қатынасында бо латыны, басқаша айтқанда, ол арқылы ойланылатыны, – бұл оның, әдетте ойлағандай, басты емес, ал туынды, екінші дәрежедегі ғана, ол әрқашан мүмкін болғанымен, шындықта тіпті әрқашан болуға тиісті емес қасиеті. Бұл қасиет ұғымның елес елесі ретінде қызмет жасауынан – яғни оның барша мәні тек оның басқа еле ске қатынасында ғана өріс алатындығынан туындайды. Бірақта ұғым – бұл елестің өзі емес және соңғысы тіпті көбінесе мүлде басқа елестер сыныбына, атап айтқанда көрнекі елестерге жататын болғандықтан, ол уақыттық, кеңістіктік және басқа анықтамаларға және ұғымда мүлдем ойланылмайтын жалпы тағы көптеген қатынастарға ие бола алады; міне, неліктен көптеген жеңіл-жел пі айырылатын елестер бір ғана ұғымда ойланылуы мүмкін, яғни соның аясына келтірілуі мүмкін. Алайда, бұл көп нәрсеге қолданымдылық ұғымның негізгі емес, кездейсоқ қасиеті болып табылады. Сондықтан олар арқылы тек жалғыз ғана реалдық объ ект ойланылатын, бірақ әйтсе де абстрактылы және жалпыға бір дей сипаты бар, ал тіпті жеке және көрнекі елестер емес ұғымдар болуы да мүмкін: осындай болған, мысалы, әлдекімнің белгілі бір қала туралы түсінігі, оған, бірақ, географиядан ғана таныс; тап осы жағдаятта тек қана жалғыз осы қала ойланылғанымен, алай да бұл ұғым құрамдық айырмашылықтары жеткілікті бірнеше қалаларға тура келуі ықтимал. Олай болса, ұғымның жалпылыққа ие болуы оның көптеген объектілерден абстракцияланғандығынан емес, ал керісінше, әртүрлі заттардың бір ұғымда ойланыла алуы оған зерденің абстрактылы елесі ретінде жалпылық, яғни жекелік анықтаманың жоқтығы тән болғандықтан. Қандай да бір ұғымның, көрнекі емес, абстрактылы, ал сондықтан толық емес анықталған елес бола тұра, көлем
аталатынға, немесе өріске, ие болатыны, – тіпті егер оған сәйкес келетін жалғыз ғана реалдық объект болған жағдаятта да айтылғаннан анық. Оның үстіне міне біз әрқашан әрбір ұғымның өрісі басқаларының өрістерімен әлдебір ортақ мазмұны болаты нын табамыз; басқаша айтқанда, ол ұғымда кейбір жағынан сол басқаларындағы да бары ойланылады, ал оларда тағы да кейбір жағынан ондағы да бары ойланылады; бұл тек осылай, егер олар шынында да әртүрлі ұғымдар болса, онда әрқайсысының немесе, ең әрі кеткенде, екеуінің бірінің құрамында екіншісінде дәл сондай бірдемесі жоқ болғанына қарамастан: әрбір субъект өзінің преди катына осындай қатынаста болады. Бұл қатынасты танып білу – пі кір айту болып табылады. Аталған өрістерді кеңістік өрнектерімен бейнелеу өте сәтті ой болған. Алғашқы рет ол Готфрид Плукеге келген болса керек, бұл үшін ол квадраттарды қолданған; Ламберт, рас, кейінірек, әлі жай ғана сызықтарды қолданған, оларды бірінің астына бірін жүргізе отырып; Эйлер алғаш шеңберлерді сәтті қолданды. Ұғымдардың қатынастары мен кеңістік өрнектерінің қатынастары арасындағы бұл соншама дәл ұқсастық, ақырғы есеп те, неменеде негізделетінін мен айта алмаймын. Қандай жағдаятта болса да, ұғымдардың барлық қатынастары, тіпті олардың мүмкіндігінде болсын, яғни a prіorі, осындай өрнектермен, атап айтқанда келесі түрде көрсетілуіне болатындығы логика үшін өте қолайлы. 1) Екі ұғымның өрістері бүтіндей бір-біріне беттеседі: мыса лы, қажеттілік ұғымы мен берілген негізден салдар ұғымы; дәл сондай Rumіnantіa және Bіsulca ұғымдары (тепкіш және қостұяқты жануарлар); одан кейін, омыртқалы және қызыл қанды жануарлар (алайда, бұл жерде шығыршықты құрттар жөнінде кейбір келіспе ушілік білдіруге болар еді); бұның бәрі маңызы бірдей ұғымдар. Оларды бірінші ұғымды да, екіншісін де білдіретін бір шеңбер бейнелейді. 2) Бір ұғымның өрісі басқасының өрісін толығынан қамтиды:
жануар
жылқы
3) Бір өріс екі немесе бірнеше біріне бірі сыйыспайтын және дәл сол мезгілде сол өрісті толтыратын басқалардан құралады: Тік Бұрыш Сүйір Доғал 4) Екі өрістің әрбіреуі өзінде екіншісінің бөлігін қамтиды: Гүл Қызыл 5) Екі өріс үшіншісімен қамтылады, бірақ оны толтырмайды:
Су Жер
Материя
Соңғы жағдай өрістерінің өзара тікелей ортақтығы жоқ барша
ұғымдарға қатысты, өйткені, өзімен екеуін де қамтитын әрқашан
үшінші ұғым болады, (жиі өте кең болғанымен де).
Бұл жағдаяттарға ұғымдардың барлық тіркестері келтірілуіне
болады, ал соңғылардан пайымдаулар мен олардың конверсиясы,
контрапозициясы, айналымы, дизъюнкциясы (кейінгісі үшінші
өрнек бойынша) туралы барша ілім шығарылуына болады. Осы
жерден-ақ пайымның Кант құрған жалған категорияларына не
гіз болған пайымдаулардың қасиеттері де шығарылуы мүмкін,
– алайда, гипотетикалық форманы есептемегенде, өйткені ол енді
қарапайым ұғымдардың емес, ал пайымдаулардың тіркесі бо
лып табылады; сонан соң, модальдықты есептемегенде, ол тура
лы, категориялардың негізіне салынған пайымдаулардың барлық
қасиеттері туралы да сияқты, түгелімен қосымшада айтылады.
Көрсетілген ұғымдардың ықтимал тіркестері туралы тағы тек
оларды бір-бірімен де түрліше тіркестіруге болатынын ғана ескер
те кету қажет, мысалы, төртінші өрнекті екіншісімен. Егер өріс,
толығымен немесе кей бір жағынан өзінде басқасын қамтып, өз
кезегінде өзі түгелдейін үшіншісінде қамтылған болса, тек сол
жағдаятта ғана, олардың бәрі бірге бірінші өрнек бойынша пай
ымдау болып табылады, яғни толығымен немесе кейбір жағынан
басқасының құрамына кіретін ұғым дәл солай үшіншісінің де
ішінде болатындығын, ал кейінгісі, өз кезегінде, өзімен сол
басқаны қамтитынын танытатын пайымдаулардың тіркесі; не
енді оның қарама-қарсысы, теріске шығару: оның графикалық
бейнесі, әлбетте, тек екі біріктірілген өрістің әлдебір үшіншіде
жатпайтындығында ғана бола алады. Егер көптеген өрістер сөйтіп,
бірін бірі қамтыса, онда ой қорытындыларының ұзын тізбектері
пайда болады.
Әлдеқашан бірнеше оқулықтарда әжептәуір жақсы баяндалған
бұл ұғымдар схематизмін пайымдаулар туралы ілімнің, бүкіл
силлогистиканың да сияқты, негізіне салуға болады және бұнымен
оларды оқыту өте жеңілдетілетін және оңайлатылатын еді, өйткені
аталған схематизмнен олардың барлық ережелерін олардың
қайнар көзінен оңай табуға, шығаруға және түсіндіруге бола
ды. Алайда олармен ақыл-еске аса салмақ салудың қажеті жоқ,
өйткені логика ешқашан практикалық пайдаға ие бола алмайды, ал
философия үшін тек теоретикалық мүдде ғана болып табылады.
Өйткені, логика зерделі ойға жатады деп айтуға болғанымен де,
генерал-бас музыкаға сияқты, немесе, азырақ дәлдікпен айтқанда,
этика – ізгілікке сияқты, немесе эстетика – өнерге сияқты, алай
да, эстетиканың арқасында ешкім суретші бола қалмағанын және
ешкімнің мінезі этиканы оқығаннан мейірбанды бола қоймағанын,
дұрыс және әдемі композициялар Рамодан көп бұрын жасалғанын
және үйлесімсіздікті байқау үшін генерал-басты білудің, тіпті
қажеті жоқ екенін де ескеру керек; дәл сол сияқты өзіңді жалған
тұжырымдармен алдауға барғызбас үшін логиканы білу қажет
емес. Алайда, егер тек бағалау үшін болмаса да, қандай жағдаятта
да музыкалық композицияны орындау үшін генерал-бастың өте
пайдалы екенін мойындау керек; анағұрлым азырақ дәрежеде
болғанымен де, бірақ орындау үшін бірсыпыра пайда, рас, көбінесе теріс, эстетика да, тіпті этика да әкелуі мүмкін, сондықтан олардың да практикалық құндылығын мүлде мойындамасқа бол майды; ал логиканың арашасына тіпті бұны да айтуға болмайды. Ол әркімнің іn concreto білетінін жай ғана іn abstracto білу болып табылады. Сонымен қатар, жалған ойды қайтару үшін қалай оның қажеті жоқ болғаны тәрізді, солай оның ережелерін дұрыс пікір күйтастыру үшін көмекке шақырмайды және тіпті ғалым логиктің өзі шынымен ойланған кезде оны мүлде тыс қалдырады. Бұл ке лесімен түсіндіріледі. Пәндердің белгілі тегіне қолданылуында әрбір ғылым жалпы, олай болса, – абстрактылы ақиқаттар, заңдар және ережелер жүйесінен құралады. Соған орай, алдыңғыларға қатысты қандай да болмасын жеке жағдаят әрбір ретте барлық жағдаяттар үшін күші бар осы жалпы біліммен анықталады, өйткені жалпы принципті қолдану әрбір жеке жағдаятты жаңадан зерттеуден гөрі шексіз оңайырақ: бір рет тауып алынған жалпы, абстрактылы таным біз үшін жекеліктерді эмпирикалық зерттеу ден гөрі әлдеқайда жақынырақ және қолайлырақ қой. Ал логика мен іс мүлде қарама-қарсы жағдаятта. Ол ережелер формасында аян болған, қандай да болмасын мазмұннан абстракттану арқылы зерденің өзі өзін байқауымен ұғынылған зерденің іс-әрекет тәсілі туралы жалпы білім болып табылады. Зерде үшін бұл тәсіл қажетті де мәнді және өз еркіне қойылған зерде ешқандай жағдаятта одан таймайды. Сондықтан әрбір бөлек жағдаятта оның әрекеті туралы сол әрекеттің өзінен абстракттанған білімді оған бөтен, сырттан міндеттелген заң формасында нұсқағаннан гөрі, оған өзінің жеке табиғатына сәйкес әрекет істеуге еркіндік беру оңайырақ және дұрысырақ. Ол – оңайырақ, өйткені барлық басқа ғылымдарда жеке жағдаятты оның оқшаулығында зерттегеннен гөрі абстрактыланған жалпы ереже бізге жақынырақ болғанымен, бірақ зерденің әрекетінде, керісінше, оның практикасы, әрбір берілген жағдаятта қажет, одан абстрактыланған жалпы ережеден гөрі әруақытта бізге жақынырақ: бізде ойлап тұрғанның өзі де дәл сол зерде ғой. Ол – дұрысырақ, өйткені, өзінің мәніне, өзінің табиғатына қайшылас зерденің әрекеті орындалуынан бұрын, тезірек абстрактылы білім де немесе оның қолдануында адасушылық пайда болуы мүмкін. Басқа ғылымдарда жеке жағдаяттардың ақиқаттығы практикада тексеріліп жатқан кезде, логикада болса, керісінше, ереже жеке жағдаятта тексерілуі тиіс болатын сол керемет факт осымен түсіндіріледі де; ең өнерпаз логик те, жеке жағдаятта ол ереже
талап еткеннен басқа қорытынды жасағанын байқап, өзінің шын қорытындысынан гөрі, әрқашан тезірек ережеден қателіктер іздей тін болады. Сонымен, логикадан практикалық қолданым жасауды тілеу әрбір жеке жағдаятта бізге тікелей және әбден анық белгіліні орасан зор күшпен жалпы ережелерден шығаруды тілеумен тең. Қалай егер біз қозғалуымыз үшін – механикадан, ал ас қорыту үшін физиологиядан кеңес сұрасақ, бұл дәл соның өзі; ал логика ны практикалық мақсаттар үшін оқыған, құндызды өзіне үй салуға үйретуге тырысқан адамға ұқсайды. Сөйтіп, логика практикалық тұрғыдан пайдасыз болғанымен де, соған қарамастан ол сақталуы тиіс, себебі зерденің ұйымдас тырылуы мен әрекеті туралы арнайы білім ретінде философиялық маңызы бар. Оқшау, дербес, кемеліне жеткен, күйтасқан және мүлдем анық пән ретінде ол, басқаларының барлығынан бөлек және тәуелсіз, ғылми ұғындырылуға және дәл солай университет терде оқытуға лайықты; бірақ өзінің нағыз мағынасын ол тек жал пы философиямен байланысты танымды, атап айтқанда, зерделі, немесе абстрактылы, танымды зерттегенде табады. Соған орай оның оқытылуы, бір жағынан, дәл соншама ашық ғылым формасын қабылдауға тиісті болмағаны қажет, ал екіншіден – өзінің құрамына пайымдаулардың дұрыс айналымы үшін, ой тұжырымдары үшін және т.б. ылғи тек жалаң нормаларды ғана кіргізуге тиісті болмағаны қажет; зерде мен ұғымның мәнімен танысуға және негіздеме заңын мұқият талдауға оның көбірек ұмтылғаны қажет, өйткені логика кейінгінің тек парафразасы ғана болып табылады – және тағы тек сол жағдаят үшін, қай кезде пікірлерге ақиқаттылық жолдайтын негіз эмпирикалық немесе метафизикалық емес, ал логикалық не месе металогикалық мазмұнда сипатталса. Таным негізі заңымен қатар, сондықтан, қалған үш негізгі ойлау заңын да, немесе онымен соншалықты жақын туыстықта тұрған металогикалық ақиқаттық пайымдауларды де келтіру қажет, ал сонан соң бұдан аз-аздап бүкіл зерде техникасы өсіп шығады. Нағыз ойлаудың, яғни пайымдау мен ой тұжырымдаудың мәнін, ұғымдар өрістерін, жоғарыда көрсетілгендей, кеңістіктік схемаға сәйкес үйлестіру арқылы баяндау қажет және барлық пайымдау мен ой тұжырымдау ережелерін құрастыру тәсілімен осы схемадан шығару керек. Ло гикадан жасауға болатын жалғыз практикалық қолданыс – ғылми сайыс кезінде өзіңнің қарсыласыңды, қаншалықты оның шыны мен қате пайымдауы үшін болмаса да, соншалықты оның қасақана жалған қорытындылары үшін, оларды техникалық атаулармен
атап әшкерелеу. Логиканың практикалық жағын бұлай төмендету және оның бүкіл философиямен кейінгісінің жеке тарауы ретінде байланысына нұсқау онымен таныстықты қазіргісінен гөрі еш си регірек қылмас еді; өйткені біздің күндерде ең маңыздыдан бейха бар қалғысы келмейтін және надан да икемсіз топқа жатқызылуын қаламайтын әркім спекулятивті философияны оқып білуі тиіс, – ал оның себебі біздің он тоғызыншы ғасырдың философиялық ғасыр болғандығында. Бұнымен біздің айтайын дегеніміз мұнша біздің ғасырдың философияға ие болғандығы немесе онда философияның үстем роль атқаратындығы емес, қанша оның философия үшін пісіп жетілгендігі, ал сондықтан оған аса мұқтаж болғандығы: бұл білімділіктің жоғары дамуының белгісі және тіпті ғасырлар мәдениеті құзындағы берік қазық. Логиканың практикалық пайдасы қаншалықты аз болғанымен де соған қарамастан оның практикалық мақсаттар үшін ойлап шығарылғанын жоққа шығаруға болмайды. Оның пайда болуын мен өзіме келесі түрде түсіндіремін. Элеаттар, мегарлықтар мен со фистер арасындағы дау-дамайға құмарлық өзінің дамуында біртін деп дерт сипатына жетейін деп қалған кезде, әрбір дерлік таласқа ілескен шимай-шатақ көп кешікпей оларды әдістемелік амалдың қажеттігін сезінуге мәжбүр етті, ал оған үйрену үшін, ғылми диа лектиканы табу керек болды. Ең алдымен байқалғаны, дауласқан екі жаққа да, даулы пікірлерді ғылыми сайыстарда соған тұжыруға болатын қандай да бір қағидада әрқашан өзара келісуге тура келе тіндігі еді. Әдістемелік амал, осы көпшілік мойындаған қағидалар сондай ретінде формальды түрде айтылып, зерттеудің алдына қойылуынан басталған. Алайда әуелі бұл қағидалар пікірталастың тек материалдық жағына ғана қатысты болған. Кешікпей, көпшілік мойындаған ақиқатқа жету және одан өз тұжырымдарын шығару жолдары мен тәсілдеріне қатысты да белгілі формалар мен заңдар орындалатыны, ал олар жөнінде, алдын ала келісімсіз болғанымен де, ешқашан алауыздық тумайтыны байқалған; осыдан бұлар зерденің өзіне тән, оның негізіне қаланған ерекшелігі, зерттеудің формальды мезеті болып табылуы тиіс деген тұжырым жасалды. Және бұл мезет күмән мен алауыздық туғызбағанымен, әлдебір тақуа-жүйелі басқа мынадай ой келуі керек болған: егер қандай болмасын пікірталастың осы формальды жағын да, зерденің өзінің осы әрдайым заңды іс-әрекетін де абстрактылы қағидалармен мазмұндаса және, зерттеудің материалдық жағының көпшілік мойындаған принциптері сияқты, жарыссөздің оған әруақытта
сүйенуге және сілтеуге болатын мызғымас ережесі ретінде олар ды пікірталастың басына қойса, өте тамаша болатын еді және әдістемелік диалектиканың толық жүзеге асырылуы болып табыла тын еді. Оған бұрын қалай үнсіз келісім бойынша ергендерін неме се ойсыз сезім арқылы нені орындағандарын саналы түрде заң ре тінде жариялап, формальды түрде көрсетуге бұл ұмтылысында фи лософтар қайшылық заңы, негіздеменің жеткіліктілігі, үшіншінің аластатылуы, dіctum de omnі et nullo (бәрі де туралы айтып, бірін де айтпау) сияқты негізгі логикалық заңдар үшін біртіндеп аздыкөпті жетік ой нақыстарын тапқан; сонан соң силлогистиканың ар найы ережелері үшін, мысалы, мыналар сияқты: ex merіs partіcula rіbus aut negatіvіs nіhіl sequіtur, a ratіonato ad ratіonem non valet co nsequentіa [тек жекелеген немесе теріс алғышарттардан ешқандай салдар келіп шықпайды, салдардан себепке қарай қорытынды жасауға болмайды] және т.б. Алайда бұл жолда алға қарай баяу жылжыған, зор күштер жұмсап, және Аристотельге дейін бұның бәрі өте жетілмеген күйде күй отырған, оны біз Платонның кейбір диалогтарында логикалық ақиқаттарды жарыққа шығарғандағы шорқақтық пен шұбалаңқылықтан біршама көріп те тұрмыз, ал Секст Эмпириктің ең оңай және қарапайым логикалық заңдар жай лы мегарлықтардың ерегісулері мен оларды анықтауға жұмсалған күштер туралы мағлұматтарынан (Sext. Emp. adv. Math. L.8.p. 112 seqq.). Ал Аристотель болса, бұрынғы жасалғанды жинақтап, тәртіпке келтіріп, салыстыра тексеріп, барлығын теңеусіз жоғары кәмелеттік күйқа жеткізді. Грек мәдениетінің ағымы, сөйтіп, қалай Аристотельдің жұмысын дайындап, дүниеге келтіргенін бақылап отырып, үнділіктерден дайын логиканы Каллисфен тауып, оны өзінің немере ағасы Аристотельге салып жіберген-мыс деген парсы жазушыларының мағлұматтарына (оны бізге оларға деген ықыласы зор Джонс [Jones] айтып жеткізген) сенуге оншалық бей імділік сезінбейсің (Asіatіc researches, т.4, 163 б.). Қапалы орта ғасырларда айтыс-тартысты көксеген және қандай болмасын реалдық білімдердің жетіспеушілігінен тек фор мулалармен және сөздермен ғана азықтанған схоластиктер рухы аристотельдік логиканы қуанышпен қарсы алуы керек болғанын, оның тіпті өзінің арабша бұрмалануында да құмарлықпен қағып алынып, тез арада қандай да болмасын білімнің түп қазығы дәрежесіне шығарылғанын оңай түсінуге болады. Сол кездерден бері логика өзінің құрметті орнын жоғалтқан, алайда әлі де ол дербес, практикалық және аса қажетті ғылым атағына ие; өзінің
қағидалық негізін, турасын айтқанда, логикадан алған канттық философияның оған деген назары біздің күндерімізде тіпті қайта өршіді және бұл қатынаста, яғни зерде мәнін танып білу құралы ретінде, логика оған, әрине, тұрарлық. Мүлтіксіз дұрыс ой тұжырымдары ұғымдар өрістерін тиянақты түрде бақылау жолымен жасалады және тек қана егерде бір өріс толығынан екіншінің ішінде, ал бұл екіншісі – үшіншіде болса, сол жағдаятта ғана бірінші де толығынан үшіншінің құрамына кіретін болып мойындалады; бұған қарама-қарсы сендіру өнері (шешендік) ұғымдар өрістерін үстіртін бақылауға және көздеген мақсаттарына сәйкес оларды біржақты анықтауға ғана негізделген. Ол көбінесе былай жасалады: егер қарастырылып тұрған ұғымның өрісі кей бір үлесімен ғана біреуінің құрамына кіріп, ал енді бір үлесімен мүлде басқасына тән болса, онда оны бүтіндей біріншіге немесе бүтіндей екіншіге жатқызып айтады, – шешеннің қойған мақсатына қарай. Мысалы, құмарлық туралы айтқанда, оны өз ықтиярыңмен – ұлы күш, дүниедегі ең құдіретті қозғаушы себеп ұғымына немесе – жөнсіздік ұғымына, ал соңғысын әлсіздік, дәрменсіздік ұғымына жатқызуға болады. Тап сондай амалды әрбір қарастырылмақшы ұғымға қолдана отырып, әрдайым ұстануға болады. Кез келген ұғым өрісіне әрқашан дерлік көптеген басқа өрістер кіреді, ал соның әрқайсысы, бірінші ұғым аймағының әлдебір үлесін қамтый келе, өзі тағы одан ары жайылып жатады; шешен болса, бұл соңғы ұғымдар өрістерінің қайсысына бірінші ұғымды теңдестіремін десе, тек жалғыз соны ғана мазмұндайды, өзгелерін елеусіз қалдырып, не оларды тасалап. Осы айлаға, тегін де, шешендіктің барлық амалдары, барлық нәзік келген софизмдер негізделген, өйткені mentіens [өтірікші], velatus [бүркелген], corn utus [мүйізді] және т.б. сияқты логикалық софизмдер, сірә, барын ша қолдану үшін тым дөрекі. Бүкіл софистика мен шешендіктің мәнін солардың мүмкіндігінің осы соңғы негізіне теңдестіріп, оны ұғымдардың ерекше қасиетінде, яғни зерденің танымдық тәсілдерінде кімде-кімнің осы кезге дейін көрсеткені маған белгісіз болғандықтан, ал менің баяндауым осы сұрақтың алдына мені енді әкеліп те қойған соң, өздігінше ол қаншама түсінікті болмасын, мен оны тағы қосымша кестедегі сұлба арқылы анықтауды өзіме дұрыс деп таптым: қалай ұғымдардың өрістері бірін бірі алуан түрлі қамтып, бір ұғымнан екіншіге еркінше өте беруге сондықтан жол беретіндері одан көрініп тұр. Кестеге бола бұл ықшам және жанама зерттеуге оның өзгешелігіне лайығынан артық маңыз бе
рілуін мен тек қаламас едім. Түсіндірме мысал ретінде мен саяхат ұғымын таңдадым. Оның өрісі басқа төртеуінің аумағын қамтиды және шешен олардың әрқайсысына еркінше өте алады; бұл өрістер өз кезегінде басқаларын қамтыйды, – кей кезде тіпті қатарынан екеуін немесе одан көбін; шешен олардың ішінен өз жолын таңдайды, әрдайым оны жалғыз сияқты көрсетіп, ал сонан соң, өзінің мақсатына қарай, ақыр аяғында ізгілікке немесе зұлымдыққа жетеді. Тек өрістерден өткенде әрқашан ортасынан (берілген негізгі ұғымнан) шетіне қарай жүру керек, ал керісінше емес. Мұндай софистиканың сыр ты не жатық сөз, не қатаң силлогистикалық форма болуы мүмкін – тыңдаушының осал жерінің қайда болуына қарай. Шындығына келсек, ғылми, әсіресе философиялық дәлелдеулердің басым бөлігінің артық құрылғандығы шамалы: әйтпесе соншама көп дүние және әртүрлі уақыттарда тек қателесіп қана ақиқат ретінде қабылданып қоймай (өйткені қателіктің өзді-өзілік басқа көзі бар), мүлтіксіз дәйектелу мен дәлелденуден өтіп, ал кейін келе мүлде жалған шыққаны қалай мүмкін болар еді? Мысалы, лейбництіквольфтік философия, птоломейлік астрономия, Сталь химиясы, түстер туралы ньютондық ілім және т.б осындайға жатады. кірісті
Неге
Игілік
болсада
қабілетті қылады
Істі кеѓестеді
Сергітеді
Пайдалы
Байытады
Жанға жайлы
Көңілді көтереді
Зарығуды серпілтеді
Денсаулыққа пайдалы
Саяхат жасау
Шығындармен сыбайлас
Жадатпалы
Жанның тыныштығын табады
Дәрменсіз үміттерді қуады
Білімді арттырады
Кең тәж
§10 Дәйектілікке қалай жетуге болады, қалай пікірлерді негіз деу керек, тіл және саналы жүріс-тұрыспен қатар, зердемен кел ген ұлы артықшылықтардың ішінде біз үшіншісі деп санайтын білім мен ғылымның мәні неде деген сұраққа бұл бізді барынша жақындатуда. Зердеге әйел табиғаты тән: ол тек қабылдап алып қана туа алады. Өздігінше оның өз операцияларының мазмұнсыз формала рынан басқа ешнәрсесі жоқ. Металогикалық ақиқаттығы бар деп мен есептейтін төрт заңнан, яғни тепе-теңдік, қарама-қайшылық, үшіншінің аласталуы және таным негіздемесінің жеткілік заңдарынан басқа, мүлде таза зерде танымы тіпті де болмайды. Өйткені тіпті қалғанының өзі де логикада енді таза зерде танымы емес, себебі ұғымдар өрістерінің қатынастары мен комбинация ларын алдын ала тұспалдайды; ұғымдар ғой жалпы тек алдында өткен көрнекі елестердің ізімен ғана пайда болады, кейінгілерге қатынасы олардың бүкіл мәнін құрайды және, солай болғасын, сол кейінгілермен олар енді алдын ала жорытылады да. Алайда, бұл жорамал ұғымдардың белгілі бір мазмұнына емес, ал тек олардың жалпы болмысына ғана жайылатын болғандықтан, логика, тұтас алғанда, дегенмен таза зерде ғылымы болып санала алады. Қалған ғылымдардың барлығында зерде өзінің мазмұнын көрнекі еле стерден алады: математикада – кеңістік пен уақыттың қандай да болсын тәжірибеге дейінгі көрер көзге мәлім қарым-қатынасынан; таза жаратылыстануда, яғни қандай да болсын тәжірибеге дейін біздің табиғат ағымы туралы білетінімізде, ғылымның мазмұны таза пайымнан, яғни себептілік заңын және оның кеңістік пен уақыттың таза аңдауларымен байланысын априорлық түрде танып білуден туындайды. Барлық басқа ғылымдарда қазір ғана аталған пәндерден алынып пайдаланбағанның бәрі тәжірибеге жатады. Жалпы алғанда, білу дегеніміздің мәнісі – өз рухыңның билігінде еркінше қайта жаңғыртып тұру үшін, өзінен басқа нәрседе жет кілікті негізін табатын, яғни ақиқатты, пайымдаулардың болуын да. Сөйтіп, тек абстрактылы таным ғана білім болып табылады; сондықтан ол зердемен уәжделген, және біз жануарлар туралы да, қатаң айтқанда,олар бірнәрсе біледі деп тұжырымдай алмай мыз, оларда көрнекі таным, ол туралы естелік және сондықтан қиял елесі бар болғанымен де, – соңғысы олардың түстерімен де дәлелденеді. Сананы біз оларда бар деп есептейміз және оның
ұғымы, олай болса (сөздің өзі білімнен туындағанымен де), жалпы елес ұғымына тура келеді, шыққан тегі қандай болмасын. Міне, неліктен өсімдіктерді біз өмір иесі деп есептейміз, бірақ сананың емес. Сонымен, білім – абстрактылы сана, бұл – өзге жолмен танылғанның зерде ұғымдарында бекітілуі. §11 Бұл қатынаста білімнің шынайы қарама-қарсысы сезім бо лып табылады, сондықтан да біз оны мұнда қарастыруға тиістіміз де. Сезім деген сөзбен белгіленетін ұғым әрқашан тек қана теріс мазмұнға ие болады, ал атап айтқанда: ұғым емес, зерденің абс трактылы танымы емес әйтеуір санада берілген әлдене. Кейін не болса да, ол әрқашан өзінің өлшеусіз-кең өрісімен ең әртекті зат тарды қамтитын сезім ұғымына жатады; және де ол заттардың тек қана осы теріс қатынаста, олардың абстрактылы ұғымдар еместігі нен бірыңғай шығатынын білмегенімізге дейін, біз олардың қалай өзара тоғысатынын түсінбейміз. Өйткені аталған ұғымның аясын да ең әрқилы, тіпті қарсылас элементтер бейбіт орналасады, мыса лы, діни сезім, құштарлық, моральдық сезім, тән сезімдері – тітір кену, ауырғанды сезіну, түстерді, үндерді, олардың үйлесімділігі мен үйлесімсіздігін сезіну; одан кейін, жек көрушілік, жиреніш, масаттанушылық, ар-намыс, ұят, әділдік пен әділсіздік сезімі, ақиқат сезімі, күш, әлсіздік, денсаулық, достық, махаббат сияқты эстетикалық сезім және т.б. Олардың арасында ортақ тіпті ештеңе де жоқ, тек сол бір теріс, олар зерденің абстрактылы танымы емес деген ерекшеліктен басқа. Ал одан да таңқаларлығы, сезім ұғымына тіпті кеңістік қатынастарының көрнекі, априорлы таны мы мен кез-келген таза пайымдық таным да сайылатындығы және жалпы, басында біз интуитивті ғана қабылдайтын, бірақ әлі абс трактылы ұғымдарға жатқызылмаған, әрбір таным туралы, әрбір ақиқат туралы, біз оларды сеземіз деп айтылатындығы. Түсінік беру үшін мен ең жаңа кітаптардан бірнеше мысалдар келтіремін, өйткені олар менің анықтамамды тамаша растайды. Евклидтің бір немісше аудармасының алғысөзінде мен мынаны оқығаным есімде: геометрияны үйрене бастағандарға, дәлелдеулерге кіріс пей тұрып, барлық фигураларды сыздыру керек, өйткені бұндай жағдаятта, дәлелдеу оларды толық танымға алып келуінен бұрын, олар геометриялық ақиқатты алдын ала сезінетін болады деп. Дәл солай Ф. Шлейермахердің «Мінез-құлықтар туралы ілімнің сы
нында» логикалық және математикалық сезім туралы (339 б.), екі формуланың теңдігі мен айырмашылығын сезу туралы (342 б.) ай тылады. Одан кейін, Теннеманның «Философия тарихында» (361 б.) біз оқимыз: «Жалған тұжырымдардың дұрыс еместігі сезіліп тұрды, бірақ қатені табу мүмкін болмады». Әзір бізде сезім ұғымына дұрыс көзқарас күйтаспайынша және әзір біз сол теріс, ол үшін жалғыз ғана мәнді де, белгісін байқамайынша, – сол кезге дейін бұл ұғым, өз өрісінің шамадан тыс кеңдігі мен өзінің тек қана теріс, мүлде бір жақты және тым мар дымсыз мазмұнының нәтижесінде, әрдайым ұғыныспаушылықтар мен айтыс-таластарға сылтау беріп тұратын болады. Бізде мағынасы сондай-ақ дерлік тағы түйсік (Empfіndung) деген сөз бар болғандықтан, оны физикалық сезімдерді білдірудің өзге түрі ретінде пайдалану ыңғайлы болды. Басқаларының бәрімен салыстырғанда пропорционалды емес бұл сезім ұғымының пайда болуын қозғасақ, онда ол күмәнсіз келесідей. Барлық ұғымдар (ал тек ұғымдар ғана сөздермен айтылады да) тек зерде үшін ғана өмір сүреді, содан туындайды. Олай болса, олар бізді бірден әубастанақ сыңаржақты көзқарасқа қояды. Бұл көзқарас тұрғысынан ең жақындағы анық болып көрініп, жағымды мазмұндалады, алысырақтағысы болса, тұтасып, көп кешікпей бақылаушының көзінде теріс сипатқа бөленеді. Мысалы, әрбір ұлт басқалардың бәрін бөтен жердікі деп есептейді, грек қалғандардың бәрін жабайы (варвар) деп атайды, ағылшын үшін Англия емес пен ағылшындық еместің бәрі – contіnent және contіnental; құдайға сенуші басқалардың бәрін шерік қатушы (еретик) немесе пұтқа табынушы (язычник) деп атайды; ақсүйек үшін басқалардың бәрі – roturіes – түрлі шендегі адамдар, студент үшін басқалардың бәрі – филистерлер және т.с.с. Дәл осы сыңаржақтылық үшін, айтуға болады – дәл осы такаппарлықтың тұрпайы надандығы үшін, қандайлық бұл оғаш естілсе де, зерденің өзі де айыпты, себебі ол бір ғана сезім ұғымына сананың кез-келген модификациясын ен гізеді, егер ол тек қана оның өзінің тікелей елестету тәсіліне жат паса, – басқаша айтқанда, абстрактылы ұғым болмаса. Бұл күнәні зерде, өзін терең тану жолымен өзі әрекет салтын өзіне анықтап алмайынша, осы кезге дейін өз алабындағы жаңылыстар мен адасушылықтар бағасымен өтеуге тиісті болған, өйткені сезімнің тіпті ерекше қабілеті ойлап табылып, оның теориялары құрылды емес пе.
§12 Білім, оның контрадикторлық қарама-қарсылығы сипатын да жаңа ғана мен сезім ұғымымен таныстырған, бұл, жоғарыда айтылғанындай, – қандай да болмасын абстрактылы таным, яғни зердемен танып білу. Бірақ зерде әрқашан танымға ал дын ала қабылданып қойғанды ғана өзге жолмен қайтаратын болғандықтан, ол, шындығында, біздің білімімізді кеңейтпейді, ал тек оны басқа формаға келтіреді. Атап айтқанда, интуитивті, іn concreto, танылған нәрсе оның арқасында абстрактылы және жалпы түрде танылады, ал бұл, ондай формада айтылғанның алғаш қарағандағы байқалғанынан гөрі әлдеқайда маңыздырақ. Өйткені танылғанның берік сақталуы, оны табыс ету мүмкіндігі, практикада сенімді және кең қолданылуы, танылғанның білімге айналғанына, абстрактылы сипат алғанына бүтіндей тәуелді бола ды. Интуитивті таным әрқашан тек жеке оқиғаларға ғана қатысты болады, тек ең жақынды ғана қозғайды және соған тоқталады, өйткені сезімталдық пен пайым, тегінде, қатар тек бір ғана объек тіні қабылдай алады. Кез-келген ұзаққа созылған, жүйелі, жоспар лы іс-әрекет сондықтан негізгі принциптерден, яғни абстрактылы білімнен басталып, солармен басқарылуы қажет. Мысалы, себеп пен әрекет арасындағы қатынас туралы пай ымда бар таным, ол жөнінде іn abstracto ойлауға болатыннан гөрі, өздігінше анағұрлым кемелдірек, тереңірек және мазмұндырақ: тек пайым ғана көрнекі, тікелей және кемеліне жеткізе таниды, – тетіктің, палиспастың, тісті дөңгелектің қозғалғаны тәрізді, күмбездің өзін өзі ұстап тұрғаны және т.б. сияқты. Бірақ интуитив тік танымның қазір ғана сөз қылған қасиетінің – тікелей берілген ге ғана назар аударудың салдарынан, бір ғана пайым машиналар мен ғимараттар тұрғызу үшін жеткіліксіз; бұл жерде іске зерде кі рісіп, аңдауларды абстрактылы ұғымдармен алмастырып, оларды өз іс-әрекетінің арқауы етуі қажет, ал егер олар дұрыс болса, онда табысқа жетудің кепілдігі әбден сенімді болғаны. Дәл солай таза аңдауда біз параболаның, гиперболаның, спиральдың мәнісі мен заңдылығын кәміл жете танимыз, бірақ бұл танымнан шындыққа дұрыс қолданыс жасау үшін, оны алдымен абстрактылы білімге айналдыру қажет. Мұнда ол көрнекілігін жоғалтса да, бірақ оның есесіне абстрактылы білімнің дұрыстығы мен кесімділігіне ие бо лады. Сонымен, бүкіл дифференциалды есептеу қисықтар туралы біздің білімімізді, шындығына келгенде, кеңейтпейді, олардың
таза аңдалуда әубастан бар болғанына ештеңе қоспайды; бірақ ол, интуитивтіні абстрактылыға айналдырып, танымның сипатын өзгертеді, соған орай, қолдануда айрықша зор нәтиже беретін бо лып шығады. Мұнда, алайда, біздің танымдық қабілетіміздің тағы бір қасиеті туралы айта кету қажет, – мұны көрнекі және абстрак тылы таным арасындағы айырмашылықты әбден анықтамайынша ешкім байқай алмаған. Бұл қасиет – кеңістік қатынастарын сол кейпінде абстрактылы танымға тікелей көшіру мүмкін еместігінде, ал бірақ ол үшін тек қана уақыттық шамалардың, яғни сандардың жарамды болғандығында. Тек сандар ғана, бірақ кеңістіктік шама лар емес оларға дәлме-дәл сәйкес келетін абстрактылы ұғымдарда мазмұндалады. Мың ұғымының он ұғымынан айырмашылығы аңдаудағы екі уақыт шамаларының айырмашылығымен бірдей болады: мыңда біз оннан белгілі мөлшер есе көп санды ойлай мыз және уақыт желісінде аңдау үшін біз бұл мыңды еркінше ондарға бөліп жаямыз, яғни оны санап шыға аламыз. Бірақ миля және фут абстрактылы ұғымдарының арасында, олар жөніндегі көрнекі елессіз және санның көмегінсіз осы шамалардың өздеріне сәйкес келетін, нақты айырмашылық жоқ. Екі ұғымда да тек жалпы кеңістіктік шама ғана ойланылады, ал оларды жеткілік ті айыру үшін қажет болатыны – не кеңістіктік аңдауын көмекке шақыру, яғни абстрактылы таным аясынан енді біржола кету, не бұл айырмашылықты сандар арқылы ойлау. Сонымен, егер біз кеңістіктік қатынастар туралы абстрактылы білімге ие боламыз десек, онда оларды әуелі уақыттық қатынастарға, яғни сандарға көшіру керек. Сондықтан геометрия емес, тек қана арифметика шамалар туралы жалпы ғылым болып табылады және геометрия, егер оны басқаларға баяндау үшін ыңғайлы, дәл анықталған және практикада қолданымды қыламыз десек, арифметикаға аударылуы тиіс. Рас, кеңістіктік қатынасты да сол кейпінде іn abstracto ойлауға болады, – мысалы, синустың бұрышқа сәйкес үлкеюі; ал егер бұл қатынастың шамасын көрсету қажеттігі туса, сан керек. Кеңістікті оның үш өлшемдерімен тек бір ғана өлшемі бар уақытқа аудару қажеттігі, егер біз кеңістіктік қатынастардың абстрактылы таны мына ие болғымыз келсе (яғни білімге, ал жәй аңдауға ғана емес), – математиканы соншама қиын қылатын да осы қажеттілік. Егер қисықтардың аңдалуын – олардың аналитикалық есептеулерімен, немесе тек ең болмағанда тригонометриялық функциялардың ло гарифмдер кестелерін осы кестелермен өрнектелетін үшбұрыш бөліктері арасындағы өзгермелі қатынастардың аңдалуымен
салыстырсақ, бұл өте анық болып шығады. Аңдаудың толық және
шегіне жеткен дәлдікпен мұнда бір қарағаннан қағып алатынын,
мысалы, қалай синустың көбеюімен косинус азаяды, қалай бір
бұрыштың қосинусы екіншінің синусы болады, екі бұрыштың
ұлғаюы мен кішіреюі арасындағы кері байланыс және т.с.с., –
осының барлығы іn abstracto өрнектелуі үшін, орасан зор сандар
тоқымасы мен жалықтыратын есептеулерді талап еткен болар еді.
Өзінің жалғыз өлшемімен кеңістіктің үш өлшемін жеткізе алуы
үшін уақыттың қандай азапқа төзуі керек еді! – деп айтуға болады.
Егер біз практикалық мақсаттар үшін, кеңістіктік қатынастардың
абстрактылы ұғымдарда бекітілгенін қалайтын болсақ, бұл сол
кезде қажет: алдыңғылары соңғыларда тікелей емес, ал абстракты
лы таным үшін жалғыз тікелей жарамды болатын, таза уақыттық
шаманың, санның, арқасында ғана мазмұндала алады. Тағы да та
машасы сол, егер аңдау үшін кеңістік әбден қолайлы болып, өзінің
үш өлшемінің көмегімен, абстрактылы таным үшін, алайда, өре
жетпестей бола тұра, тіпті күрделі қатынастарды да оңай қамтуға
мүмкіндік берсе, онда уақыт, керісінше, дерексіз ұғымдарға оңай
жатқызылады да, оның есесіне аңдауға өте аз береді: сандардың
өзіндік табиғи күйінда, таза уақытта, кеңістіктің қатысуынсыз,
біздің оларды аңдауымыз онға дейін әрең жетеді, – бұл шектен әрі
бізде енді тек абстрактылы ұғымдар ғана бар, ал сандардың көрнекі
танымы емес; екінші жағынан, біз әрбір сан есіммен және барлық
алгебралық белгілермен дәл анықталған абстрактылы ұғымдарды
біріктіреміз.
Ескерте кетейік, айтқандай, кейбір ақылдар тек көрнекі та
нымнан ғана өздеріне толық қанағат табады. Көрнекі елестетілген
кеңістіктегі болмыстың негіздемесі мен салдары – олардың ізде
гендері міне осы; кеңістіктік есептердң евклидтық дәлелдемесі
немесе арифметикалық шешімі оларды қанағаттандырмайды.
Басқа ақылдар, керісінше, тек пайдалану мен мазмұндауға ғана
жарамды болатын абстрактылы ұғымдарды талап етеді: олар
да ой қорытындыларының ұзын тізбегіндегі абстрактылы тези
стер, формулалар, дәлелдеулер үшін және белгілері ең күрделі
абстракциялардың орынбасарлары болып табылатын есептеу
лер үшін, шыдам мен жады бар. Кейінгі ақылдар анықтылыққа
ұмтылады, біріншілері – көрнекілікке. Айырмашылығы – мәнге
тән сипатты.
Білімнің, абстрактылы танымның, ең жоғары құндылығы оны
басқаларға жеткізуге және бекітіліп, сақтауға болатындығында:
тек соның арқасында ол практика үшін соншалық баға жетпес маңызды болады. Өзге біреу өз пайымында физикалық денелердің өзгерістері мен қозғалыстары арасындағы себепті байланыстың тікелей көрнекі танымына ие болып, одан толық қанағат табуы мүмкін; бірақ оның білімі басқаларға жетуі үшін, оны алдымен ұғымдарда бекіту керек. Тіпті практикалық мақсаттар үшін де, бірінші түрдегі таным жеткілікті, егер оның иесі оның қолдануын түгелімен өзіне алып, және тағы, әзір көрнекі таным әлі жан ды тұрған кезде, жете орындалатын әрекетте істесе; бірақ басқа біреудің көмегіне қажеттік бар болған кезде немесе тіпті өзіңнің әрекеттерің де әртүлі уақыт аралығында орындалатын болып, соған орай, ойланылған жоспарды қажет еткен кезде, мұндай таным жет кіліксіз. Мысалы, тәжірибелі биллиардшы ойыншысы тек қана пайымда, тек қана тікелей аңдауда эластикалық денелердің өзара қақтығысу заңдарын толық игере алады және бұл оған әбден жет кілікті; бірақ бұл заңдар туралы реалдық білімге, яғни іn abstracto танымға, тек қана ғалым механик ие болады. Тіпті машиналарды жа сау үшін де пайымның осындай таза интуитивті танымы жеткілікті, егер машинаны ойлап шығарушы, ешқандай ғылыми деректерсіз талантты қолөнершілер бұны жиі істегендей, оны өзі жасаса. Ал егер, керісінше, механикалық операцияны, машинаны, ғимаратты жасау үшін бірнеше адамдар мен олардың күрделі, әртүрлі уақыт мезгілінде басталатын жұмысында қажеттік болса, онда мұндай бірлескен іс-әрекеттің басшысы өзіне іn adstracto оның жоспарын жасауы тиіс, ал ол тек қана зерденің көмегімен болуы мүмкін. Та маша, алайда, іс-әрекеттің бірінші тегінде біреу белгілі бір әрекетті жалғыз өзі және үзілістерсіз орындау керек болған жерде, мысалы, биллиард ойнағанда, сайысқанда, аспаптарды күйіне келтіргенде, өлең айтқанда, білім, зерденің қолданылуы, рефлексия жиі тіпті кедергі жасауы да мүмкін. Мұндай жағдаяттарда іс-әрекетті тіке лей көрнекі таным басқаруы тиіс, ал рефлексия, назарды быты ратып және адамды естен жаңылдырып, оны босаңсытады. Міне неліктен жабайы және оқымаған, ойлануға дағдысы аз адамдар белгілі дене жаттығуларын, мысалы, жануарлармен күресті, садақ атуды және т.б., рефлексияға бейім еуропалық үшін қол жеткізбес батылдықпен және жылдамдықпен орындайды, – өйткені рефлек сия оны абыржуға және кешеуілдеуге мәжбүр етеді. Ол, мысалы, қолайлы орын анықтауға, дұрыс емес екі шектіліктің арасынан тиісті сәттің ретін табуға тырысады; табиғат адамы бұның бәрін тікелей табады, бөтен ешнәрсе туралы ойламай-ақ. Дәл солай-
ақ менің іn abstracto, градустар мен минуттарда, ұстараны қай бұрышпен басу керек екенін анықтай алатындығымның мен үшін түк те бір мәні жоқ, егер мен оны, қолымда ұстараны ұстап тұрып, интуитивті түрде білмесем. Дәл солай зерде адамның бет-келбетін түсінуге де кедергі жасайды: ол да тікелей пайыммен істелуі ке рек, бекер айтпайды ғой, жүз көрінісін, бет-әлпет мәнін тек сезуге ғана болады деп, яғни олар абстрактылы ұғымдарда ыдырап кет пейді. Әр адамның өзінің тікелей интуитивті физиогномикасы мен патогномикасы бар, бірақ біреу бұл sіgnatura rerumды [заттардың мәнділігін] басқадан гөрі анығырақ айырады. Ал физиогномика ны іn abstracto оқуға және оқытуға болмайды, өйткені реңктердің мұнда өте нәзік болғандығы сондайлық, тіпті ұғым оларға дейін төмендеп түсе де алмайды. Сондықтан абстрактылы білімнің оларға қатынасы мозаикалық суреттің Ван дер Верфтке немесе Деннерге қатынасындай: мозаиканың барша нәзіктігіне қарамастан, май да тастардың шекаралары әрқашан айқын болып, сол себепті бір түстен екіншіге біртіндеп өту мүмкін еместігі тәрізді, дәл солай ұғымдар да, өздерінің қозғалыссыздығы мен айқын кескіндерінде, оларды ең жақын анықтамалармен қалай жұқалап жармағанмен де, ешқашан аңдалғанның нәзік модификацияларына жете алмай ды, ал, мен мысал ретінде нұсқаған физиогномиканың бар мәнісі де дәл осы соңғыларда жатыр*. Ұғымдардың дәл осы қасиеті, оларды мозаикалық суреттің майда тастарына ұқсататын және соның арқасында аңдау әрқашан олардың асимптотасы болып қалатын, – осы қасиеті өнерде олардың көмегімен неліктен жақсы ештеңеге жетуге болмайтындығының себебі болып табылады. Егер әнші немесе асқан шебер (виртуоз) рефлексияға бағынса, ол өлі қалады. Дәл соның композиторға да, * Мен сондықтан физиогномиканың дәлдігі бірнеше мүлде жалпы заңдарды орнатқаннан ары бара алмайды деген пікірді ұстаймын, мысалы, мынадай: маңдай мен көздерден интеллектуалдылықты, ерін мен беттің төмен жағынан еріктің этикалық белгілерін оқуға болады; маңдай мен көздер өзара бірін бірі айқындайды және ол кескіндердің әрқайсысы екіншісісіз бақыланғанда, тек жартылай ғана түсінікті; данышпандық биік, кең, тамаша дөңгеленген маңдайсыз ешқашан болмайды, ал соңғысы онсыз да жиі бола береді; бет сұлулығы аз болған сайын, ақылды келбет бойынша ақыл туралы дұрысырақ тұжыруға болады және бет сұлуырақ болған сайын, ақылсыз келбет бойынша ақылсыздық туралы дұрысырақ тұжыруға болады, өйткені сұлулық адам типіне сәйкестік ретінде әубастан өзі-ақ рухани айқындылықтың белгісін өзінде ұстайды, ал шырайсыздық қарама-қарсы сипатқа ие және т.с.с.
суретшіге де және тіпті ақынға да қатысы бар; ұғым өнер үшін
әруақытта жеміссіз және тек оның техникасын ғана басқара ала
ды, ұғымның өрісі – ғылым. Үшінші кітапта нағыз өнердің нелік
тен әрқашан ұғымнан емес, ал көрнекі танымнан шығатындығын
біз түгелімен зерттейміз. Тіпті, сұхбаттасқанда да, сыйластықтың
өзіндік жылы жүзділігінде де, ұғым эгоизм мен хайуандықтың
тұрпайы дүмпулерін тоқтатудың теріс ролін ойнайды, әдептіліктің
оның барынша мақтауға тұрарлық туындысы да болғаны сол себеп
ті. Алайда, сүйкімділік, қимыл жарасымдылығы, сұхбаттасудағы
әсемділік, махаббат және достық ұғымнан ілеспеуі тиіс, әйтпесе
Әдейілік бәрін бүлдіреді Қылымсудың қай-қайсысы да – рефлексияның ісі; бірақ ұзақ және үзіліссіз оған шыдау мүмкін емес: nemo potest personam dіu ferre fіctam**, – дейді Сенека өзінің De clementіa кітабында; көбіне ол сол кездері анықталып, өз мақсатына жетпейді. Өмірдің қиын мезгілдерінде жылдам шешімдер, батыл қылықтар, жедел және дәл тапқырлық керек болғанда, зерде, әрине, қажет; бірақ ал егер ол басымдылық алып, тиістіні түсінудегі интуитивті, тікелей, таза пайымдық талғауды өзінің күдіктерімен бөгесе, ол жасқаншақтық туғызып, оп-оңай бәрін бүлдіруі мүмкін. Ақырында, рақымдылық та және қасиеттілік те рефлексиядан емес, ал еріктің ішкі тереңдігі мен оның танымға қатынасынан туындайды. Бұның түсіндірілуі осы кітаптың мүлде басқа жері не қатысты, ал бұл жерде мен өзіме тек келесіні ғана айта кетуге ерік бердім: адамгершіліктің сірескен қағидалары (догматтары) бүкіл халықтардың зердесінде бірдей болуы мүмкін, бірақ әрбір жеке адам өзінше қылық жасайды; және керісінше, қылықтар, со лай демек, сезімдерге негізделген, яғни дәл айтқанда ұғымдарға емес, – егер көкейде олардың этикалық мазмұнын ұстасақ. Сірескен қағидалар (догматтар) зеріккен зердеде орын тебеді; қылық ақыр аяғы олардан тәуелсіз, өз жолымен жүреді және ол көбінесе абстрактылы емес, ал айтылмаған максималар, өзінің біртұтастығында адамның нақ өзі солардың көрінісі болып тұрған максималар бойынша істеледі. Сондықтан, халықтардың діни қағидалары қалай әртүрлі болмаса да, бәрінде мейірімді қылыққа айтып жеткізілмес ризашылық, ал келеңсіз қылыққа – шексіз ** Ешкім ұзақ уақыт бет перде жамылып жүре алмайды.
жиіркеніш ілеседі; біріншіні ешқандай да келеке қобалжытпайды, соңғыдан ешқандай рухани кешірім босатпайды. Алайда, бұл жерден иманды өмір сүру үшін зерденің қатысы керек емес деген қорытынды шықпайды, бірақ ол – оның қайнар көзі емес. Оның функциясы тәуелді: ол, мезеттік дәрменсіздіктерге қарсылық көрсетіп және біздің қылықтарымызға бірізділік сипат беріп, бір кезде қабылданған шешімдерді сақтап, принциптердің күзетінде тұрады. Дәл осыған, түптің түбінде, оның өнердегі ролі де келіп саяды: мұнда да ол ең маңыздысында тура солай дәрменсіз, бірақ түпкі ойдың орындалуына көмектеседі, өйткені, даналық әрбір ме зетте көріне бермейді, ал шығарма әйтседе барлық бөлімдерінде аяқталып, бір бүтінге айналдырылуы тиіс. §13 Зердені қолданудың пайдасы мен зияны да туралы барлық бұл ой-пікірлер, абстрактылы білім көрнекі елестің рефлексі бо лып, оған негізделгенімен де, соған қарамастан ол кейінгіге, оны барлық жерде өзгертіп жүре алатындай, дәл соншалық тура кел мейді; керісінше, олардың арасында ешқашан толық сәйкестік жоқ. Ал адам істерінің көбісі, көргеніміздей, тек қана зерденің көмегі мен ойланып жасалған жоспар бойынша жүзеге асырыла тын болғанымен де, алайда олардың кейбіреулерін ондай көмексіз істегеніміз абзал. Көрнекі және абстрактылы танымның бір-біріне сәйкессіздігі, – дәл соның нәтижесінде кейінгісі біріншіге мозаи ка сурет салу өнеріне сияқты тек жақындайтын ғана, – әбден та маша құбылыстың негізінде жатыр, зерде де сияқты, тек адамға ғана тән, бірақ барша үсті-үстіне жаңа әрекеттеріне қарамастан, оның барлық түсіндірулері әлі күнге дейін қанағаттанарлықсыз қалған: менің ойда тұтқаным – күлкі. Күлкінің бұлайша пайда бо луына қарай, біз осы жерде оны түсіндірусіз тұра алмаймыз, біздің жолымыздағы ол жаңа кідіріс болса да. Күлкі әрқашан белгілі бір ұғым мен қандай да болса қатынаста сол ұғымда ойластырылған реалдық объектілер арасындағы сәйкессіздікті кенет түсінуден туып, өзі сол сәйкессіздіктің өрнектелуі ғана болып табылады. Сәйкессіздік жиі екі немесе бірнеше реалдық объектілердің бір ұғымда ойланылып, мұның барабарлығы соларға ауысуынан пайда болады; міне сол кез де қалған барлығындағы олардың толық бейұқсастығы жаңағы ұғымның оларға әлдебір ғана жағынан тура келгендігін көрсетеді. Дәл солай жиі дара реалдық объектінің бір қатынасында ол
дұрыс теңестірілетін ұғымға тура келмеуі де кенеттен сезіледі. Сондықтан мұндай шындықтар белгілі ұғымға қандай да болсын бір жағынан неғұрлым дұрысырақ теңестірілсе және олардың басқа қатынастарда онымен сәйкес еместігі неғұрлым көбірек және анығырақ болса, соғұрлым бұл қарама-қарсылықтан келіп шығатын күлкілік салдар күштірек. Күлкінің әдетке қайшы келе тін жаңа және күтпеген мінез-құлықтан туындайды – ол сөздермен айтыла ма немесе қылықтар арқылы көріне ме бәрібір. Күлкінің дұрыс түсіндірілуі қысқаша алғанда осындай. Мен бұл жерде өзімнің түсініктемемді мысалдар ретін де қолдай алатын анекдоттар айтып кідірмеймін, өйткені ол өте қарапайым және түсінікті болғандықтан, оларды қажет етпей ді және де оның растығын дәл солай-ақ оқырманның кез кел ген күлкілі естеліктерінің бір-ақ нығайтып бере алады. Бірақ сүйенішін және сонымен бірге мән-жайының ашылуын біздің теориямыз күлкілінің, тек біздің анықтамамыздан түсінікті екі түрге ажырап, сол екі текте өмір сүруінен табады. Не санада екі (немесе бірнеше) тым әртүрлі реалдық объект, көрнекі елес, пайда болып, оларды әдейілеп екі пәнді де қамтитын ұғымның бірлігін де барабар қылады: күлкілінің бұл түрі өткірлік деп аталады. Не, керісінше, ұғым ең бастан санада болып, ал содан реалдылыққа және оған әсер етуге – қылыққа көшеді; барлық жағынан әртүрлі, бірақ бұл ұғымда бірдей ойланылатын объектілер, ғажаптанып аң-таң болған қайраткердің алдында олардың басқа қатынастардағы толық айырмашылығы әлі ашылмағанша, бір кей іпте қарастырылып түсіндіріледі: күлкілінің бұл түрі ақымақтық деп аталады. Сонымен, күлкілінің барлығы – ол не өткір ойдан шыққан сөз, не ақылсыз қылық, бір-біріне өту объектілердің тура келмеуінен ұғымның барабарлығына атқарылды ма немесе кері сінше ме, соған орай: біріншісі әрқашан әдейілеп істеледі, соңғысы әрқашан еріксіз және сырттан мәжбүр ету арқылы орындалады. Ал бастапқы орынды сырт көзге өзгертіп, өткірлікті ақымақтық кей пінде көрсету сарай қуақысы мен Гансвурсттың өнеріне жатады: объектілердің айырмашылығын өте жақсы ұғына тұрып, ол сонда да оларды құпия өткірлікпен бір ұғымға біріктіреді де, одан атта на, объектілердің сонан соң ашылып жатқан айырмашылығынан өзі-ақ өзіне әзірлеп те қойған таңырқану сезіміне бөленеді. Осы қысқаша, бірақ қанағаттанарлық мазмұндалған күлкілінің теория сынан (қуақының оқыйғасын елемей шет қалдыра тұрғанда) өткір ойшылдықтың әрқашан сөздермен айтылуына, ал ақымақтықтың
көбінесе қылықтарда көрінуіне тиіс екендігі сайып келеді; де
генмен, кейінгісі сөздерде де байқалады, қашан ол өз ниетін тек
айтқанда, шындықта оны іске асырмай, немесе өзін ылғи тек қана
пайымдаулар мен пікірлерде көрсеткен кезде.
Ақымақтыққа сондай-ақ педантизм де жатады. Ол адамның,
өз пайымына онша сенбей, тиістіні тікелей тануды әрбір жеке
жағдаятта оның еркіне беруге шешіле алмай, оны түгелдей
зерденің бақылауына тапсырып, кейінгімен басқарылғысы келген
діктен, яғни әрқашан жалпы ұғымдардан, ережелерден, принцип
терді негізге алып, оларды өмірде, өнерде және тіпті этикалық
жүріс-тұрыста қатаң ұстағысы келгендіктен пайда болады. Осы
дан барып, педантизмге тән, ол үшін істің мән-жайының орнын
басатын, формаға, мәнерге, әлпет пен сөзге бейімділік шығады.
Бұл жерде тез арада ұғымның реалдылықпен тура келмейтіндігі
анықталады, ұғынылғанның ешқашан жекеліктерге дейін төмен
түспейтіндігі, оның жалпылығы мен қатаң айқындылығының
ешқашан шындықтың нәзік өзгешеліктері мен алуан түрлі күй
өзгерістеріне толығынан тура келе алмайтындығы анықталады.
Педант сондықтан, өзінің жалпы принциптерімен, өмірде әрқашан
дерлік тым қысыңқы болып келеді; ол ақылды емес, талғамсыз,
пайдасыз; ұғым онда жеміссіз болатын өнерде ол жансыз, мәнерлі,
қатып-семіген әлденені тудырады. Тіпті моральда да, әділетті
немесе бекзаттық іске шешімділік барлық жерде абстракты
лы принциптер бойынша жүзеге асырыла бермейді; көптеген
жағдаяттарда туған жағдайдың шексіз нәзік өзгешеліктері мі
нез-құлыққа тікелей сай келетін тиістіні таңдау қажеттілігін алға
тартады, ал сол арада, жартылай ғана жарамды, таза дерексіз при
нциптерді қолдану бір жағынан жалған нәтижелер береді, ал бір
жағынан мүлде мүмкін емес те, өйткені қатысып тұрған адамның
одан ешқашан арылуға болмайтын дара мінез-құлқына олар жат.
Бірізділіктің болмауы да міне осыдан. Біз Кантты, моральдық
педантизмді мадақтағаны үшін, кінәдан толық босата алмаймыз,
өйткені қылықтың моральдық құндылығының шарты деп, ол оның
қандай да болсын бейімділікке немесе мезеттік жүрек лапылына
қатынассыз, таза зерделі абстрактылы принциптерден пайда бо
луын санайды. Мұндай кінәлауда Шиллердің «Ұждан алдында
азап шегу» эпиграммасының мәні де жатыр. Доктринерлар, теоре
тиктер, ғалымдар және т.с.с. жайында сөз қозғалған кезде, әсіресе
саясатта, ойда педанттар, яғни заттарды іn abstracto, бірақ іn
concreto емес, білетін адамдар тұрады. Абстракцияның мәні жеке
анықтамаларды ойша жоқ етуде болса да, практикада нақ солар маңызды роль атқарады. Теорияның толықтығы үшін өткірліктің заңсыз түрі – сөздер ойынын, calembourg, pun, атап өту қажет; дәл осыған екі мәнділік те, l’equіvoque, жатады, оның негізгі өрісі – ұятсыздық. Өткірлік бір ұғымға әртүрлі екі реалдық объектіні зорлықпен қалай теңгертсе, солай сөздер ойыны, жағдаятты пайдаланып, әртүрлі екі ұғымды бір сөзге тықпалайды: контраст дәл сондай болып шығады, бірақ тек анағұрлым бәсеңдеу және үстіртіндеу, өйткені ол заттардың мәнінен емес, ал аталуының кездейсоқтығынан ғана туындайды. Өткірліктегі барабарлық – ұғымда, айырмашылық – шындықта; сөздер ойынындағы айырмашылық – ұғымдарда, ал барабарлық – сөздің дыбысталуымен айқындалатын шындықта. Салыстырудың, сірә, машақаты тым көптеу болар еді, егер біз жоғарғы айналдырылған конус параболасының төменгісінің па раболасына қатынасы қандай болса, сөздер ойыны өткірлікке дәл сондай қатынаста болады деп айтсақ. Сөз жаңылысы болса, неме се quіd pro quo, болса – бұл еріксіз calembourg және оның кейінгіге қатынасы ақылсыздықтың өткірлікке қатынасындай; сондықтан құлағы тосаң есітетін адам, ақымақ тәрізді, күлкіге жиі сылтау бо лады және оны нашар комедиялардың авторлары ақымақтың ор нына күлкі қоздыру үшін пайдаланады. Мен мұнда күлкіні тек қана психологиялық жағынан қарастырдым; ал физикалығына қатысты “Пapepгдa”, ІІ т., 6-тар., §96, 134-б. (бірінші басылым) айтылғанға сілтейме жасаймын. § 14 Зерденің танымы, білім, ұғым, – бір жағынан, және таза сезімдік математикалық аңдау мен пайым арқылы қабылдаудың тікелей та нымы – екіншіден, араларындағы айырмашылық пен қатынасты, сенемін, толық айқындаған осы әртүрлі ой-пікірлерден; одан кейінгі, біздің танымдық күштеріміздің тамаша арақатынасын тал дау бізді шарасыз дерлік алып келген сезім мен күлкі туралы ауықауық ескертулерден, – мен енді ғылымды, адамға зерде беретін бұл үшінші артықшылықты (тіл және ойланып істелген әрекетпен қатар) одан әрі талдауға қайтып ораламын. Ғылымды алдағы біздің жалпы қарастыруымыз бір жағынан оның формасына, бір жағынан оның пайымдауларын негіздеуге және, ақырында, оның мазмұнына қатысты болады.
Таза логиканың негізін санамағанда, қандай да болсын жал пы білімнің қайнар көзі зерденің өзінде емес екендігін біз көрдік: басқа жолдан алынған, өзінің сипаты бойынша көрнекі, ол зердеде тек жайғасады және сөйтіп танымның мүлде басқа тегіне – абс трактылы тегіне өтеді. Қандай да болсын білімнің, яғни іn abstracto ұғынуға дейін көтерілген танымның, өзіндік мағынасындағы ғылымға қатынасы бөліктің бүтінге қатынасындай болады. Әрбір адам тәжірибесінен және өзіне кездесетін жеке құбылыстарды бақылауынан әртүрлі заттар туралы білімді меңгереді; ал ғылымға, пәндердің қандай да болмасын белгілі бір аумағының іn abstracto толық танымына жетуді кім өзіне мақсат тұтса, тек сол ғана ұмтылған. Бұл аумақты ол тек қана ұғым арқылы атап көрсете ала ды; міне неліктен әрбір ғылымның басында ұғым тұрады да, онда заттар жиынтығының тек сол бөлігі ғана ойланылады, қайсысы ту ралы ғылым іn abstracto толық таным беретін болып уәде қылса: мы салы, кеңістік қатынастары, органикалық емес денелердің бір-бірі не әсері, өсімдіктер немесе жануарлардың қасиеттері, жер бетінің жүйелі өзгерістері, бүкіл адамзат өзгерістері, тілдің құрылымы және т.б. ұғымдар осындай. Егер ғылым өз объектісі туралы білімді өз ұғымында ойланылатын әрбір бөлек пәнді зерттеу арқылы табуды мақсат қойса, біртіндеп барлығы зерттеліп болғанша, онда ол үшін, бір жағынан, ешқандай адами ақыл-ес жетпес еді, ал екіншіден, – біле білгеннің толықтығының кәміл сеніміне де жетуге болмас еді. Сондықтан ұғымдар өрістерінің сол жоғарыда көрсетілген бірі екіншісінің құрамына кіретін ерекшелігін пайдаланып, ол, оның объектісі ұғымының ішінде тек қашанда болса жататын, көбінесе ең кең өрістеріне ұмтылады. Осы өрістердің өзара қатынастарын анықтап, ол сол арқылы олардағы жалпы барлық ойланылатынды да анықтайды және, әрбір ретінде тарыла түскен ұғым өрістерін бөліп шығарып, сол ойланылатынды өзінің анықтамаларымен үстіүстіне дәлірек қамти алады. Өз пәнін құшағына бүтіндей сыйғызу ғылым үшін осы себептен мүмкін болған да. Ғылымның танымға келетін бұл жолы, жалпыдан ерекшеге жол, оны қарапайым білім нен айырып тұрады; міне неліктен жүйелі форма ғылымның мәнді және ерекше нышаны болып табылады. Әр ғылымның ең жалпы ұғымдары өрістерінің бірігуі, яғни оның ең жоғарғы принциптерін білу, оны зерттеу үшін мызғымас шарт қызметін атқарады; мұндай принциптерден одан жекерек қағидаларға қарай қаншалықты ұзақ жүруге болады, ол біздің еркімізге тәуелді және ғалымдылықтың негізділігін емес, ал тек көлемін ұлғайтады. Оларға басқаларының
бәрі тәуелді болатын ең жоғарғы принциптердің саны әртүрлі ғылымдарда тіпті әралуан, сол себептен олардың біреулерінде су бординация көбірек, басқаларында – координация; бұл қатынаста біріншілері пайымдау қабілетін көбірек талап етеді, ал соңғылары – көбірек есте сақтау қабілетін. Ой тұжырымдау алғышарты есебін де екі пікірді қажет ететін болғандықтан, ешқандай ғылым жалғыз, одан ары енді қорытындыланбайтын басты принциптен аттана алмайтыны схоластиктерге әлдеқашан-ақ белгілі болған*: әрбір ғылымның мұндай бірнеше принциптері болуы тиіс, ең кемінде – екі. Көбінесе жіктеумен айналысатын ғылымдар: зоология, бо таника және сондай-ақ физика мен химия бүкіл органикалық емес іс-әрекетті көп емес негізгі күштерге тоғыстыратын болғандықтан, олардың құрамдарында бәрінен көп субординация болады, керісін ше, тарихта, тегінде, ол мүлде болмайды, өйткені онда жалпылық тек негізгі кезеңдерді шолуда ғана тұжырылады, олардан, бірақ, жеке оқиғаларды шығарып тастауға болмайтын: соңғылары бірін шілеріне тек қана хронологиялық жағынан бағынышты, ал өзінің ұғымы бойынша олармен құрылымдас; міне неліктен тарих, қатаң айтқанда, бұл білім, ал ғылым емес. Рас, математикада, Евклид оны қалағандай, тек қана аксиомалар дәлелденбейтін басты қағидалар болып есептеледі, ал барлық дәлелдеулер оларға қатаң жүйелі бірізділікпен бағынады. Алайда, мұндай құрылым математиканың мәнімен байланысты емес және іс жүзінде әрбір теорема өзімен жаңа кеңістік конструкциясын бастайды, – өзді-өзі алдыңғыларға тәуелсіз және, затында, олармен мүлде байланыссыз таныла ала тын, өз бойынан өзі, таза аңдау кеңістігінде, онда тіпті ең шие леніскен конструкция да, аксиома да сияқты, түпкі мәнінде дәл со лай тікелей айқын болып тұратын; бұл туралы нақтырақ төменде айтылады. Сол арада, әрбір математикалық қағида әйтседе сансыз жеке жағдаяттарға қолдануға болатын жалпылық ақиқат болып қала береді және сондай-ақ оған тағы қарапайым қағидалардан, со лардан келіп шығатын күрделілеріне біртіндеп өту қасиеті де тән; сонымен, математика барлық жақтарынан – ғылым. Ғылымның ғылым ретіндегі, яғни формасы бойынша кемел ділігі оның қағидаларында мүмкіндігінше көбірек субординация ның және мүмкіндігінше азырақ координацияның болуында мазмұндалады. Сондықтан жалпы-ғылми дарын – ол ұғымдар өрістерін олардың әртүрлі анықтамалары бойынша бірлес * Суарес, Dіsput. metaphysіcae, dіsp.ІІІ, sect.3, tіt.3.
тіре бағындыру қабілеті, тек ғылым, Платон әлденеше рет
бұны талап еткендей, аясында ұшы-қыйырсыз әралуандық ті
келей салыстырылған жәй ғана жалпылық болып қоймай, ал
тек, нақтылана түсетін анықтамаларға негізделген дәнекер
ұғымдар мен бөліністер арқылы, білім шегіне жеткен жалпы
дан ерекшеге бірте-бірте ылдилап түсуі үшін. Канттың тілімен
айтқанда, бұның мәнісі біркелкілік және ерекшелену заңдарын
бірдей қанағаттандыруда. Бірақ мұнда нағыз кәмелетке жеткен
дік тұрғандықтан, дәл осыдан келесі анықталады: ғылымның
мақсаты – дұрыстығының артықтығы емес (өйткені соңғыға
ең байланыссыз жеке мағлұмат та ие бола алады), ал оның
формасының дәнекерлігімен білімнің жеңілденуі және білімнің
толықтығына сол арқылы берілген мүмкіндік. Сондықтан,
танымның ғылымилығы растылықтың көбіректігінде жатыр, де
ген кең таралған пікір жалған, және математика мен логика ғана
– шын мәніндегі ғылымдар, өйткені тек қана солар, өздерінің таза
априорлығына орай, жоққа шығарылмайтын таным дұрыстығына
ие, деген осы жерден келіп шығатын тұжырым да, дәл сондайлық
жалған. Бұл соңғы артықшылық үшін олармен таласуға болмайды,
бірақ мәні растылықта емес, ал танымның жүйелі формасында жа
татын, жалпыдан ерекшеге бірте-бірте ылдилап түсуге негізделген
ғылмилыққа ерекше хұқықты оларға ол тіпті бермейді.
Ғылымдарға тән бұл жалпыдан ерекшеге қарай таным жолы
өз соңынан олардағы көп нәрсенің алдыңғы қағидалардан дедук
циямен, яғни дәлелдеулермен негізделуін ілестіреді; бұл да тек
дәлелденген ғана толық ақиқатты және әрбір ақиқат дәлелдеуді
қажет етеді деген ескі жаңылыс пікірге сылтау болды, сол арада,
керісінше, әрбір дәлелдеу тезірегінде, дәлелденбейтін ақиқатты
қажет етеді, оның өзінің немесе оның тағы сол дәлелдеулерінің
соңғы тірегі қызметін атқарса болатын; міне неліктен тікелей не
гізделінген ақиқаттың дәлелдеуге негізделген ақиқат алдындағы
артықшылығы, қайнар бұлақ суы науадан алынған судан қаншалық
жақсырақ болса соншалық.
Аңдау – мейлі ол математиканы негіздейтін, таза a prіorі бол
сын, мейлі ол барлық басқа ғылымдарды негіздейтін, эмпирикалық
a posterіorі болсын,– әрбір ақиқаттың қайнар көзі және әрбір
ғылымның негізі. (Ерекше орын алатын тек логика ғана, зер
де арқылы оның өз заңдарын, көрнекі болмаса да, бірақ тікелей
тануға негізделген.) Дәлелденген пайымдаулар емес, олардың
дәлелдеулері емес, ал аңдаудан тікелей көсіліп шығарылып, қандай
да дәлелдеудің орнына соған негізделген пайымдаулар, – ғылым
үшін бұл дүниедегі күнмен тең, өйткені жарықтың қандайы бол
сын солардан таралып, басқалар да олармен нұрлана жарқырайды.
Мұндай бастапқы пайымдаулардың ақиқаттығын аңдаудан тіке
лей қорытындылау, ғылымның мұндай ұстанымдарын реалдық
заттардың ұшы-қыйырсыз көпшілігінен алға шығару – бұл дәл
осы, көрнекі танылғанды абстрактылы санаға дұрыс және дәл жет
кізе білуден тұратын және сондықтан пайым мен зерде арасында
дәнекер болатын, пайымдау қабілетінің ісі болып табылады. Жеке
адамдағы бұл қабілеттің тек ерекше және әдеттегі шамадан асатын
күші ғана ғылымды шынымен алға қозғалта алады, ал пікірден пі
кір пайымдау, дәлелдеу, ой тұжырымдау – бұны тек сау зердемен
дарытылған әркім де істей біледі. Керісінше, аңдауда танылғанды
тиісті ұғымдарға тұжырып, бір жағынан, көптеген реалдық объ
ектілер үшін жалпы тек бірыңғай ұғымда ойланылатындай етіп
рефлексия үшін бекіту және екінші жағынан, олардағы әртүрлі тек
лайықты ұғымдар санында ойланылатындай етіп; сөйтіп әртүрлілі,
жарым-жарты тура келгендігіне қарамастан, дегенмен тек әртүрлі
ретінде танылатындай және ойланылатындай етіп, ал барабарлы, бі
рен-саран айырмашылығына қарамастан, дегенмен тек барабар ре
тінде танылатындай және ойланылатындай етіп, әрбір осы аталған
жағдай үшін қойылған мақсат пен жоспарға сәйкес – бұның бәрін
іске асыратын пайымдау қабілеті. Кемшілігі оның – өріссіздік. Ой
өрісі тар адам не белгілі бір қатынаста барабар болатын бөлікті
немесе салыстырмалы айырмашылықты ұқпайды, не арақатысты
немесе бөлікті айырмашылығы бар барабарлықты ұқпайды. Со
лай бола тұрса да, пайымдау қабілетінің бұл түсіндірілуіне де оны
рефлексияланушы мен анықтаушыға канттық бөлу қолданылуы
мүмкін, көрнекі объектілерден ұғымға келеді ме ол, немесе одан
оларға, – екі жағдаятта да пайымның көрнекі танымы мен зерденің
рефлективті танымы арасында дәнекер болып, – соған байланы
сты. Шүбәсіз ой тұжырымдарының жолы ғана әкелетін ақиқат
мүмкін емес, олармен оны негіздеу қажеттігі әрқашан арақатысты
ғана, тіпті субъективті де. Барлық дәлелдеулер ой тұжырымдары
болғандықтан, жаңа ақиқат үшін ең алдымен дәлелдеулерді емес,
ал тікелей айқындықты іздеу керек және тек қана ол әзірге жет
кіліксіз болғанша, дәлелдеулерді әлі келтіруге болады. Бір де бір
ғылым түгелдей дәлелді бола алмайды, ғимараттың қалай ауаға
ілініп тұра алмайтыны сияқты: оның барлық дәлелдеулері әлдебір
көрнекі, ал сондықтан одан әрі дәлелденбейтін нәрсеге сайылуы
керек. Өйткені, бүкіл рефлексия дүниесі көрнекі дүниеде орна ласып, тамырын жайған. Қандай да болсын түпкі, яғни бастапқы айқындық – көрнекі: оны сөздің өзі-ақ көрсетіп тұр. Сол себепті ол не эмпирикалық, не мүмкін болар тәжірибенің шарттарын априор лы аңдауға негізделеді; жағдаяттың екеуінде де, сөйтіп, ол транс цендентті емес, ал имманентті танымға ғана қол жеткізеді. Әрбір ұғым мағына мен болмысқа тек өзінің, өте жанама болса да, көрнекі елеске қатынасында ғана ие болады, ал ұғымдарға жататын нәрсе олардан құралатын пайымдауларға да және тұтас ғылымдарға да жатады. Сол себепті ой тұжырымдарының дәнекерлігімен ашы латын және дәлелдеулердің дәнекерлігімен хабардар болатын әрбір ақиқатты, дәлелдеулер мен ой тұжырымдарының көмегінсіз, тікелей-ақ тануға қандай да бір мүмкіндік болуы тиіс. Кейбір күрделі, оларға дейін біз тек қана ой тұжырымдауларының реті мен жететін математикалық теоремаларға қатысты, бұл бәрінен де, әрине, қиынырақ; қандай да болсын доға үшін пифагорлық теоремадан қорытындылаулар жолымен хордалар мен жанама ларды есептеу, мысалы, осындай. Бірақ мұндай ақиқат та абстрак тылы қағидаларға затына сай және бүтіндей сүйене алмайды, ал оның негізінде жатқан кеңістік қатынастары a prіorі таза аңдау үшін, тіпті олардың абстрактылы көрінісі тікелей негіздеме таба тындай, соншалық айқын болуы тиіс. Дегенмен, математикалық дәлелдеулер туралы қазір толығырақ айтылатын болады. Рас, еш күмәнсіз жортпалардан жасалған дұрыс тұжырымдарға түгелдейін негізделіп, ал сондықтан қатеге шығарылмайтындай ақиқатты болған тәрізді ғылымдар туралы жиі-жиі көтеріңкі сарында сөз айтылады. Ал іс жүзінде, таза логикалық ой тұжырымдарының қатары, жортпалар қалай да дұрыс болма сын, әрқашан тек қана сол жортпалардың өздерінде әубастанақ дайын сақталғанды анықтау мен ашуға алып келеді: іmplіcіte оларда не түсінілсе, тек сол ғана explіcіte баяндалатын болады. Мұндай даңқы шыққан ғылымдарға көбінесе жатқызылатындары математикалық ғылымдар, солардың ішінде астрономия. Алайда соңғының сенімділігі оның негізінде a prіorі берілген, олай бол са, кеңістіктің мүлтіксіз аңдауы жатқандығынан келіп шығады, ал барлық кеңістіктік қатынастар априорлы растылықты туғызатын қажеттілікпен (болмыстың негіздемесі) бірі екіншісіне ілеседі, ал сондықтан бірінен екіншісі батыл қорытындылануына бола ды. Бұл математикалық анықтамаларға мұнда тағы массалар мен қашықтықтар квадраттарының дәл арақатынасында әрекет жа
сайтын табиғаттың жалғыз күші де – тартылыс қосылады және ақырында, себептілік заңының салдары ретінде, a prіorі ақиқатты инерция заңы, сол массалардың әрқайсысына біржолата мәңгібақиға берілген қозғалыстың эмпирикалық көрсеткішімен қоса. Бүкіл астрономия материалының мазмұны да осында жатыр; өзінің қарапайымдылығымен де, дәл солай өзінің растылығымен де, ол мызғымас және, пәннің ұлылығы мен маңыздылығының арқасында, өте қызғылықты нәтижелерге жеткізеді. Мысалы, егер мен қандай да бір планетаның массасын және одан оның серігі не дейінгі қашықтықты білсем, онда мен оның айналымы туралы қатесіз тұжырымдай аламын – Кеплердің екінші заңы бойынша; ал бұл заң болса, бір мезгілде серігін планетаға бұғаулайтын да, оны оған құлатпай ұстап қалатын да, берілген бір қашықтықтағы тек қана берілген бір жылдамдық болғандығына негізделеді. Сонымен, тек ұқсас геометриялық негізде, яғни a prіorі аңдаудың дәнекерлігімен, және оған қоса тағы белгілі табиғат заңын қолдана отырып, ой тұжырымдауларының көмегімен талайға жетуге бола ды – өйткені олар мұнда бір көрнекі түйсіктен екіншісіне өтетін көпірлерді құрады; бұған таза ой тұжырымдарының бір өздерімен ғана тек логикалық жолда жетуге болмайды. Астрономияның бірінші және негізгі ақиқаттарының қайнар көзі – индукция, яғни көп аңдауларда берілгенді бір дұрыс, тіке лей негізделген пайымдауға үйлестіру болып табылады; сонан соң одан гипотезалар қорытындалады, ал оларды толықтығына жақындап келе жатқан индукция ретіндегі тәжірибемен растау, аталған бірінші пайымдаудың дәлелі қызметін атқарады. Мысалы, планеталардың көрінер қозғалысы эмпирикалық жолмен танылды: бұл қозғалыстың кеңістіктік байланысы (планеталардың орбита лары) туралы көптеген жалған гипотезалардан кейін, ақырында, нағыз қозғалыс табылған, сонан соң ол бағынатын заңдар (ке плерлік), ал түптің түбінде – оның себебі (жалпыға бірдей тар тылыс) ашылған; сонымен қатар барлық бұл гипотезалардың дұрыстығын кемеліне жеткізген олармен және олардың қортындыларымен барлық реалдық жағдаяттардың эмпирикалық жолмен танылған сәйкестігі, яғни индукция. Гипотезаны табу, бе рілген фактыны дұрыс қабылдап, оған лайықты түр берген пай ымдау қабілетінің ісі болған; ал индукция болса, яғни көп еселі аңдау, гипотезаның ақиқаттығын нығытты. Бірақ соңғысы бір ғана эмпирикалық аңдаудың көмегімен тікелей де дәлелденуіне бо лар еді, тек егер біз дүниенік кеңістіктерді еркін кезіп өте алған
болсақ және телескоптық көздердің иесі болсақ. Демек, мұнда да
ой тұжырымдары танымның мәнді және жалғыз қайнар көзі емес,
ал тек шеткері жағдаятқа деген құрал ғана.
Ақырында, үшінші, басқа текті мысал келтіру үшін, тағы
ескере кетейік, метафизикалық деп аталатын ақиқаттар да, олар
ды Кант «Жаратылыстанудың метафизикалық бастамаларында»
баяндағанындай, өздерінің айқындылығымен дәлелдеулерге бо
рышты емес. A prіorі күмәнсізді біз тікелей танимыз: қандай да
танымның формасы ретінде ол бізбен шегіне жеткен қажеттілікпен
ұғылады. Мысалы, материяның тұрақты екенін, яғни не пайда бо
лып, не жойылып кете алмайтынын біз теріс ақиқат ретінде тіке
лей білеміз, өйткені біздің кеңістік пен уақытты таза аңдауымыз
қозғалыс мүмкіндігін береді, ал пайым, себептілік заңында, фор
ма мен сапаның өзгеруіне мүмкіндік береді; бірақ материяның
пайда болуы мен жойылуы үшін бізде лайықты елес формала
ры жоқ. Міне сондықтан бұл ақиқат барлық уақыттарда, барлық
жерлерде және әркімге айқын болып, ешқашан шындап күмәнға
салынбаған; бұл мүмкін болмас еді, егер оның соншама қиын
және иненің ұшында теңгеріліп тұрған канттық дәлелдеуден
бөлек, танымның өзге негізіне ие болмаса. Бұнымен қатар мен
(қосымшада анықталғанындай) канттық дәлелдеуді дұрыс емес
деп таптым және мен материяның тұрақтылығын уақыттың емес,
кеңістіктің тәжірибелік мүмкіндігінде бар қатынасынан шығару
керектігін жоғарыда көрсеттім. Осы мағынада метафизикалық деп
аталатын барлық ақиқаттардың, яғни танымның қажетті және жал
пы формаларының абстрактылы өрнектерінің реалдық негіздеме
сі, тағы келіп абстрактылы қағидаларда тұжырымдала алмайды:
ол тек аподиктикалық және ешқандай қарсы пікірді жолатпайтын
тезистерінде a prіorі көрініс табатын елес формаларын тікелей
ұғынуда ғана мазмұндалады. Ал егер дегенмен ондай ақиқаттардың
дәлелін беру керек болса, онда ол, дәлелденетін ақиқаттың қандай
болмасын күмән туғызбайтын ақиқатта, бөлік ретінде немесе ал
дын ала жорытпа ретінде, әлдеқашан-ақ тұжырылғандығына сіл
теуде ғана өз мазмұнын табады. Мысалы, мен әрбір эмпирикалық
аңдаудың құрамында әубастан-ақ себептілік заңы қолданылғанын
анықтадым, оны танып білу сондықтан қандай да тәжірибенің
шарты болып табылады да, сөйтіп, Юмның пікірінше, одан туын
дай алмайды және оған тәуелді бола алмайды.
Жалпы алғанда, дәлелдемелер, таласуды қалайтындардан гөрі,
оқуды қалайтындар үшін азырақ қызмет етеді. Алдыңғылары тіке
лей рас ойды қасарысып қабыл алмайды: тек ақиқат қана барлық жағынан бірізді сәйкес бола алады; сондықтан таласқыштарға олардың бір форманың аясында және жанама түрде өздерінің басқа форманың аясында және тікелей қабыл алмайтынымен келі сетіндігін көрсету керек, – яғни оларға теріске шығарылатын мен мойындалатынның арасындағы логикалық қажетті байланысты көрсету керек. Сонымен қатар, ғылыми форма, яғни бүкіл ерекшенің өрлеу тәртібінде жалпыға бой сұнуы, өзінің соңынан көптеген қағидалар ақиқаттығының тек қана логикалық жүйемен, атап айтқанда, олардың басқа қағидаларға тәуелділігімен, яғни сонымен бір ге дәлелдеулер ретінде алға шығатын ой тұжырымдауларының дәнекерлігімен негізделуін ертеді. Бірақ бұл бүкіл ғылыми форма көбірек ақиқатқа жетудің емес, ал тек танымды жеңілдетудің ғана құралы болып табылатындығын ешқашан ұмытпау керек. Қандай болмасын жануардың қасиетін оның өзі жататын түрінен, одан әрі тегіне, тұқымдастығына, тектік тәртібі мен сыныпына өрлей келе білу оңайырақ, әрбір ретте әлгі жануарды бөлек зерттеп жатқаннан гөрі; бірақ ой тұжырымдарының көмегімен қорытындыланатын барлық қағидалардың ақиқаттығы әрдайым уәжделген және түптің түбінде, қандай да болмасын басқа, ой тұжырымдарына емес, ал аңдауға негізделген ақиқатқа тәуелді болады. Егер аңдау, ой тұжырымының көмегімен қорытындылау сияқты, біз үшін әрқашан дәл соншалық жақын болса, онда оны, сөз жоқ, артығырақ көру қажет болар еді. Өйткені, ұғымдардан әрбір қорытынды, өрістердің жоғарыда көрсетілген өзара әралуан үйлесуі мен олардың мазмұнын анықтаудағы жиі ауытқулардың салдарынан, жалған болып шығуы мүмкін; бұның мысалдары болып жалған ілімдер мен әртүрлі софизмдердің соншама толып жатқан дәлелдеулері қызмет етеді. Ой тұжырымдары өзінің формасы бойынша, рас, әбден дұрыс, бірақ олар өзінің материясы – ұғымдар бойынша өте сенімсіз, бір жағынан соңғылардың өрістері әрқашан қатаң меже ленбегендіктен, бір жағынан олар өзара әралуан қиылысып, бір өріс өзінің жеке бөліктерімен көптеген басқаларының ішінде орын тепкендіктен, сол себепті одан сол немесе басқа өріске, ал сонан соң әрі қарай да, әлде қашан-ақ көрсетілгендей, еркінше өте беруге болады. Немесе, басқа сөздермен: termіnus mіnor [кішірек термин], medіus [орташа] та сияқты, әрқашан, солардың ішінен қалауы бойынша termіnus major (үлкен термин) мен medіus таңдалатын әртүрлі ұғымдарға тәуелді болуы мүмкін, ал соған орай, тұжырым да әртүрлі болып шығады.
Сонымен, барлық жерде тікелей айқындық дәлелденген
ақиқаттан анағұрлым артық көріледі және біріншісін тым алыс
іздеуге тура келген жерде ғана, ал айқындығы дәлелденген
ақиқаттан гөрі, соншалықты-ақ немесе одан да аса жақынырақ
болған жерде емес, соңғысын пайдалану керек. Шынында, ло
гикада, әрбір жеке жағдаятта тікелей таным біз үшін, туынды
ғылымидан гөрі жақынырақ болған жерде біз өзіміздің ойымызда
логиканы қолданбай, әрқашан ойлау заңдарын тек тікелей тануды
басшылыққа алатынымызды жоғарыда біз көрдік.
А. Шопенгауэр
Собр. соч. Т. 1.
Москва, «Московский клуб»
1992. С. 54-108.
Сёрен Кьеркегор ҚОРҚЫНЫШ ПЕН ҚАЛШЫЛ Жалпы мағынасы1 Баяғыда, бала кезінде-ақ Құдайдың Авраамды қалай сынағаны туралы және оның қалай бұл сынақтан өткені, өз сенімін сақтап, екінші рет, барлық күтулерге қарамастан, ұлын өзіне қайтарып алғаны туралы бұл тамаша повесті естіген адам өмір сүріпті. Өсе келе ол бұл повесті одан да күшті қызығушылықпен оқып шықты, өйткені өмірдің өзі баланың балғын санасында әлі сіресіп жатқанды айырып берді. Сөйтіп, өскен сайын оның ойы жиіжиі осы повестке қайтып оралатын, оның делебесі барған сайын қаттырақ қозып, сонымен бірге ол оны ұғынуға барған сайын азырақ қабілетті болатын. Ақырында ол бүкіл дүниені тек №№ Авраамды көруді ғана қалайтын болады және осы уақиғалардың куәгері болуға деген бір ғана құмарлық оның жанын жегідей жей ді. Оның қалауы Шығыстағы сол бір тамаша орынды аңдауда емес, сол бір тоқмейіл елдің жер бетіндегі салтанаттылығын неме се сол бір құдайға берілген Жаратушы олардың кәрілігін өз бата сымен көгерткен ерлі-зайыптыларды, кәрі патриархтың құрметке лайықты бейнесін, Құдай берген Исаактың жуас жастық шағын көруде емес, – оған, егер мұның бәрі құлазыған далада орын теп се де оған бәрібір болған болар еді. Оның ұмтылысы үш күндік жолда Авраам қайғылы түрде тура алдына қарап, ал Исаак оның қасында отырғанда, солардың соңында еріп жүру болатын. Оның қалауы, Авраамның басын көтеріп, алыстағы Мориа тауын көрген шағында, есектерді жіберіп, Исаакпен бірге тауға шыққан шағында олардың қасында болу болатын; өйткені, оны қозғаған қиялдың жасанды дірілі емес-ті, ол – ойдың қалшылы болатын. Бұл адам ойшыл емес еді, бірақ өзінде сенімнің шегінен шығуға итермелеген желпіністі ол сезінбеді; сенімнің әкесі ретін де жұрттың есінде қалу оған ең даңқты болып көрінетін, ал бұған қол жеткізу, тіпті егер ол туралы ешкімге де белгілі болмаса да, ол үшін қызғанышқа лайықты болып елестейтін. Бұл адам ғалым-экзегетик емес болатын, ол ивритты (еврей тілін – ред.) білмейтін; ивритты білгенде, тегі, ол бұл повесті де, Авраамның өзін де оп-оңай түсінген болар еді.
І «Сонда Жаратушы Авраамды сынақтан өткізбек болып, былай дейді оған: өзіңнің жалғыз сүйікті ұлыңды – Исаакты алып жүр; сөйтіп Мориа жеріне бар және сонда Мен саған көрсететін бір таудың басында сен оны құрбандыққа шал»2. Таңертеңгі ертемен Авраам дер кезінде тұрып, есектерді же гуге бұйырды да, Исаакпен бірге өз шатырын тастап шықты; ал Сарра оларға әйнектен тау бөктеріне дейін, олар көрінбей кеткенге дейін қарап тұрды. Олар үндеместен үш күн жүріп, төртінші күні таңертең Авраам дәл солай бір сөз де айтпай, бірақ басын көтеріп еді, алыстағы Мориа тауын көрді. Ол қызметшілерін жіберіп, Иса акты қолынан алып, тауға оныменен жалғыз шықты. Бірақ Авра ам өзіне-өзі: «Исаактан бұл жолдың оны қайда апаратынын менің жасырғым келмес еді», – деді. Ол тоқтады да, қолын бата бермекке Исаактың басына қойды, ал Исаак сол батаны қабыл алмақ болып еңкейе түсті. Авраамның жүзі әкелік махаббатқа толып, көз қарасы жұмсарып, сөздері де нәзік шықты. Бірақ Исаак оны түсінбеді, жаны оның әуелей алмады; ол амалсыздан екі қолдап Авраамның тізесін құшақтап алып, өзінің жас өмірін, үмітке толы болашағын аяуды сұрап, аяғына жығылды, ол Авраам үйінің қуаныштарын, өзінің уайым-қайғылары мен жалғыздығын қоса, есіне алды. Сон да Авраам баланы тұрғызып, қолынан жетектеп алып әрі кете барды және де Авраамның айтқан сөздері жаны ашырлық пен қайырымдылыққа толы еді. Бірақ Исаак оны түсіне алмады. Авра ам Мориа тауына көтерілді, бірақ Исаак оны түсінбеді. Сол кезде Авраам бір сәтке Исаактан теріс бұрылды, ал Исаак Авраамның жүзін қайтадан көргенді, ол өзгеріп, көзі от шашып, түрі бұзылып кетіпті. Ол Исаакты кеудесінен алып, жерге бір соқты да, бы лай дейді: «Ақымақ бала, сен не, мен сенің әкең екеніме сенесің бе? Мен – пұтқа табынушымын. Сен не, бұл Құдай бұйрық деп сенесің бе? Жоқ! Бұл менің тілеуім». Сонда Исаак қалтырап, қорқыныштан: «Аспандағы Жаратушымыз маған мейіріміңді төкші, Авраамдардың Құдайы, маған мейіріміңді төкші; егер жер бетінде менің әкем болмаса, менің әкем болшы!», – деп айқайлап жіберді. Ал Авраам ішінен ақырын ғана: «Аспандағы Жаратушы мыз, Саған алғысымды білдіремін; ол Саған сенімін жоғалтқанша, менің Сойқан екеніме сенгені дұрысырақ», – деді.
* * * Баланы емшектен айыру керек болғанда, ана өз емшегін қараға бояйды; егер де кеудесі сол әдемі қалпында болып, ал балаға оны ұстауға болмаса, онда бұл күнә болар еді. Сондықтан ана сол бұрынғыдай болып қалды, ол көзімен дәл бұрынғысындай еркеле те және мейлінше нәзік қарайды, ал өзгерген тек емшек қана деп сенеді. Баланы емшектен айырудың бұдан да асқан сорақы құралы керек болмайтын адам бақытты болып табылады! ІІ Таңертеңгі ерте кез. Авраам дер кезінде тұрды да, өз кәрілігінің серігі Сарраны құшты, ал Сарра өзінің абыройын сақтап, бүкіл болашақ ұрпақтарға оның мақтанышы мен үмітіне айналған Иса акты сүйіп алды. Олар есектеріне мініп үндеместен келе жатты, ал Исаактың көзі жерге қараумен болды, олар төртінші күнге дейін дәл осылай жүріп отырды, сол сәтте Авраам алыстағы Мориа тауын көріп еді, бірақ ол қайтадан жерге көзін сүзіп алды. Үндеместен ол қурайды жазды да, Исаакты байлап, еш сөз айтпастан пышағын суырды; сол кезде ол Жаратушы алдын ала дайындап қойған қозыны көрді. Ол қозыны құрмалдыққа шалып, үйіне қайтып оралды... Сол күннен бастап ол қартайып кетті, ол Құдайдың одан нені талап еткенін ұмыта алмады. Исаак бұрынғысынан да гүлдене түсті; бірақ Авраамның көзі қарауытып, ол бұдан былай қуанудан қалды. ІІІ Таңғы ерте кез болатын. Авраам уақытында тұрып, жас анаСарраны бетінен сүйді, ал Сарра өзінің бақытын, өзінің мәңгілік қуанышын Исаакты сүйді. Сөйтіп, Авраам ойлы түрде жолға шықты. Ол Агари мен оның сайын далаға өзі қуып жіберген баласы туралы ойлады. Ол Мориа тауына көтерілді, ол пышағын суырды. Авраам жалғыз өзі шығып, Мориа тауына кеткенде тыныш қана кеш болатын; ол бетін жастанып құлап, Құдайдан өз күнәсі үшін, Исаакты құрмалдық шалғысы келгені үшін, әкесі ұлының алдындағы борышын ұмытқаны үшін кешірім сұрады. Ол жиіжиі өзінің жалғызділікті жолымен баратын болды, бірақ өзіне тыныштық таба алмады. Ол Құдайға өзінің қарамағындағы ең жақсыны, ол үшін өз өмірін бірнеше мәрте қиюға даяр ең жақсының жақсысын құрмалдыққа шалуға дайын болғаны қалайша күнә бо
лып табылатынына түсіне алмады; сөйтіп бұл күнә болған болса, егер ол Исаакты шыныменен жақсы көрмеген болса, мұндайды жалпы қалай ғана кешіруге болатынын ол түсіне алмады, өйткені, қандай күнә бұдан қорқыныштырақ болуы мүмкін? * * * Баланы емшектен айыру керек болғанда, ана да, бала мен оның барған сайын бір-бірінен алыстай беруі себепті; жүрегінің астын да көтеріп, одан соң кеудесінде жатып жүрген баласының бұдан былай дәл соншама жақын бола алмайтыны себепті қайғыдан бас сауғалай алмайды. Міне осылай, бірге, олар бұл қысқа қайғыны бастан кешіріседі. Баланы соншама жақын кеудесіне басқан және одан кейін енді қайғыға ұшырамаған адам бақытты! ІV Таңның ерте кезі болатын. Авраамның үй-іші саяхатқа дайын болатын. Авраам Саррамен қоштасты да, ал сенімді қызметшісі Елизар болса, оларды кейін оралуға тура келгенге дейін шығарып салды. Авраам мен Исаак Мориа тауына жеткенше бір-бірімен жа расымды түрде жүріп келді. Сөйтіп Авраам бәрін де жайбарақат әрі ақырын ғана құрбандық шалуға дайындап қойып, бірақ ол теріс айналған кезінде Исаак Авраамның сол қолының амалсыз дан жұдырыққа түйіліп, оның өне бойы қалтырап тұрғанын көріп қалды, бірақ Авраам пышағын суырып алды. Кейін олар қайтадан үйлеріне оралды, ал Сарра оларға қарсы жүгіріп шықты, бірақ Исаак өз сенімін жоғалтты. Бүкіл әлемде бұл туралы ешкім де ауыз ашқан емес, Исаак та адамдарға өзі көргені туралы ешқашан айтқан емес, ал Авраам оның жалпы әлденені көргені не көрмегені туралы ойламапты да. * * * Баланы кеудеден айыру керек болғанда, анасының қол астында баланың шетінеп кетпесі үшін тамақ дайын тұрады. Кімде-кімнің қол астында осы тойымдырақ тамағы бар болса, сол бақытты! Осы және басқа да тәсілдермен сөз болып отырған адам барлық болғанның бәрін ой елегінен өткізеді. Мориа тауына сая хаттан үйіне қайтып әрбір оралған сайын ол шаршағанынан құлап, қолдарын түйіп: «Ешкім де Авраамдай соншама ұлы болған емес, ал оны кім түсінуге қабілетті?» – дейтін.
Авраамға арналған мақтау сөз
Егер де адамда мәңгілік сана болмаса, егер де бәрінің негізін
де әлдебір тағы күш қана жатса – ал бұл күш қара құмарлықтарға
өріле келе ұлыдан бастап түкке тұрмайтынға дейінгінің бәрін
тудыратын болса, егер де осының бәрінің артында ештеңеге де
тоймайтын түпсіз бостық жатқан болса, онда өмір, егер ол амал
сыздан көрген күн болмаса, не болар еді? Егер де бәрі де осылай
болса, егер де адамзатты бірегей қылып қосатын қасиетті бір то
рап болмаса, егер де бір ұрпақтан кейін екінші ұрпақ тоғайдағы
жаңа жапыраққа ұқсап өсіп-өнетін болса3, егер де бір ұрпақ басқа
ұрпақтан кейін құстардың тоғайдағы әндеріндей алмасып жататын
болса, егер де адам тегі суда сырғитын кеме немесе сайын дала
да зырлаған жел сияқты ойсыз әрі жеміссіз қыңырлыққа ұқсап
дүниеден із қалдырмай өтетін болса, егер де мәңгілік ұмытушылық
бұл дүниеде үстем болатын болса, онда өмір қандай мәнсіз әрі
түкке де тұрмайтын бос болып шығар еді! Бірақ бұл әлдебір себеп
ті де солай емес, сөйтіп, Иеленушіміздің еркек пен әйелді жасап
шығарғанында ұқсас, ол кейіпкерді, ал оныменен бірге ақынды
немесе жазушыны жарыққа келтірді. Соңғысы алғашқының
жасағанын жасай алмайды, ол кейіпкерде таңырқап, оны жақсы
көруге, оған қуануға ғана қабілетті. Алайда, ол тап сол бірінші
сияқты, одан кем емес, бақытты болады, өйткені кейіпкер бұл оның
мейлінше сүйетін өзіндік ең жақсы мәні болып табылады; және де
оның өзі сол болмағанына ол қуанады, сөйтіп оның сүйіспеншілігі
шыныменен де таңырқау бола алады. Оның өзі – еске түсірудің
данышпаны, ол істелгенге таңырқамайынша, ештеңе де тындыра
алмайды; ол ештеңені де өзімдікі деп санамайды, бірақ өзіне се
ніп тапсырылғанға ол қызғаныштық танытады. Ол өз жүрегінің
таңдауына ереді, алайда оған әлдебір жәндікті тапса болғаны, ол
тағы да өз өлеңдері және сөздерімен, жұрттың барлығы да кейіп
керге ол сияқты таңырқауы үшін, кейіпкермен ол сияқты мақтануы
үшін, барлық қақпалардың алдын бермей қақсайтын болады. Бұл
– оның дәулеті, оның байыпты жетістігі болып табылады, оның
кейіпкер үйіндегі беріле жасайтын қызметі де осында тұр. Егер ол
өз махаббатына берілген қалпында қалатын болса, оны өз кейіп
керінен ажыратуға тырысатын ұмытшақтықтың ауыртпалығымен
күні-түні күресетін болса, онда оның қызметінің әбден жетілге
ні, сөйтіп оның өз кейіпкерінен қосылғаны, ал бұл соңғысы дәл
соншама сенімділікпен оған сүйіспеншілікпен жауап қайтарады,
өйткені ақын – бұл кейіпкердің ең жақсы мәні тәріздес, сөйтіп,
қандай да еске түсіру сияқты әлсіз болғанымен, бірақ ол еске
түсірудің жасайтынындай бәрін де түсіндіріп береді. Сондықтан да
ұлы болғандардың ешқайсысы да ұмытылмайды; сөйтіп қаншама
бұл ұзаққа созылғанымен, тіпті егер түсінбестіктің бұлттары
кейіпкерді өзімен айдалаға ұшырып әкететін болса дағы4, оның
қошеметтеушісінің бәрібір оған қолы жетеді, және де қаншама
көбірек уақыт өтсе, соншама сенімді түрде ол кейіпкердің қасында
қалатын болады.
О жоқ! Бұл дүниеде ұлы болғандардың ешқайсысы да
ұмытылмайды; бірақ олардың әрқайсысы мұнда өзінше және де
әрқайсысы өз сүйгенінің шамасына сәйкес ұлы болған, ал басқа
адамдарды сүйген өзінің берілгендігі арқылы ұлы болған, бірақ
Құдайды сүйген бәрінен де ең ұлы болып шықты. Олардың бәрі
де есте қалады, бірақ әрқайсысы өзінің күткеніне (Forventnіng)
орай ұлы болады. Бірі мүмкінді күтуді арқылы ұлы болды, екінші
сі мәңгіні күткені арқылы, бірақ мүмкін еместі күткен бәрінен де
ұлы болып шықты. Олардың бәрі де есте қалады, бірақ олардың
әрқайсысы өзінің күрескен шамасына орай ұлы болады. Өйткені
әлеммен күрескен әлемді жеңгенінен ұлы болады, ал өзімен
өзі күрескен өзін өзі жеңіп, одан да асқан ұлы болады, алайда
Құдаймен күрескен, бәрінен де ең ұлы болып шықты. Олар осылай
бұл жер бетінде сайысумен болды: бәрін өзінің күшімен жеңген
болды, ал Құдайды өзінің әлсіздігімен жеңген де болды. Өзіне өзі
сүйеніп бәрін де жаулап алған болды, және өз күшіне сене оты
рып бәрін де құрмалдыққа шалған да болды; бірақ Құдайға арқа
сүйенген бәрінен де ұлы болып шықты. Өз күшінен сай ұлы болған
да, өз даналығына сай ұлы болған да, үмітіне сай ұлы болған да,
өз махаббатына сай ұл болған да болды; бірақ бәрінен де Авра
ам ұлы болып шықты: ол бар күші әлсіздікте жатқан қайратымен
ұлы болды, бар құпиясы ақымақтықта жатқан даналығымен ұлы
болды, ессіздік болып көрінген үмітінде ұлы болды, өзді өзіне жек
көрушілік болып табылатын махаббатыңда ұлы болды.
Өз сенімі арқылы Авраам ата қонысынан алыстап, ант бе
ріп, қан төгілген жерге жат болды. Ол артында бірді қалдырып,
өзімен басқаны ала кетті; ол артында өзінің жер бетілік пайымын
қалдырып, өзімен бірге өз сенімін ала жүрді; әйтпеген жағдаятта
ол жолға, бұл мағынасыз деп тауып, тіпті шықпас та еді. Өзінің
сенімі арқылы ол ант беріп, қан төгілген жерде жат болып шықты;
ана жақта оған ештеңе де ең қымбаттысы туралы есіне салмай
тын, бірақ онда бәрі де өзінің жаңа болғандығымен оның жа
нын қайғылы шалдығуға бастайтын. Дегенмен де ол Құдайдың
таңдауына іліккен адам еді, оған Жаратушы оң көзімен қарапты!
Иә, егер де ол Құдай игі-берекеден қуылған, аулақтанған болса,
онда ол мұны оңайырақ түсінер еді; ал енді бәрі де оған және
оның сеніміне деген күлкіге ұқсағандай болып тұрды. Әлдеқашан
бұл дүниеде қуғында, өзі сүйген ата-бабаларының жерінен алы
ста өмір сүрген бір адам болыпты. Ол ұмытылған жоқ, оның ая
нышты өлеңдері де, ал онда ол өзінің қайғысына бөлене жүріп,
жоғалтқанын іздеп табатын еді, ұмытылмаған. Авраамның артын
да ешқандай да аянышты өлеңдер қалмады. Адамға шағымдану
тән, жылағанмен бірге жылау тән, алайда сенетін адам ұлырақ
және сенушіні аңдайтын адам игіліктірек.
Өзінің сенімі арқылы Авраам жер бетіндегі адамның атаулы
тегі оның ұрығында бата алады деген уәдеге ие болады. Уақыт
өтіп жатты, мұның мүмкіндігі сол мүмкіндік қалпында қала бер
ді, ал Авраам сенді; уақыт өтіп жатты; бұл бейықтималға айнал
ды, Авраам сенді. Дүниеде әлдеқашан дәл осылай өз күткенін
тосқан адам болған еді. Уақыт өтіп жатты, күн бітуге таяды, бірақ
ол өз күткені туралы ұмытатындай соншама ынжық болмады; ал
сондықтан оның өзі де ұмытылмайды. Содан соң оны қайғы ба
сты, ал қайғысы оны, өмір оны алдағанындай, алдаған жоқ, ол
оған қолынан келгенінің бәрін де берді, сөйтіп осы қайғысының
тәттісінде оған өзінің алдамшы күткенін иеленуге қолы жетті.
Адам қайғы-қасіретке бейім, басқаның қайғысына ортақтасуға
бейім, алайда кім сенсе, сол ұлырақ және кім сенушіні аңдаса, сол
игіліктірек. Ал Авраамнан кейін ешқандай да қайғылы ән-әуендер
қалған жоқ. Ол сағынышты күндерді санаған жоқ, уақыт өткен
сайын ол Сарраға қартайып барады-ау деп күдікпен қараған жоқ;
Сарра оның барлық болашақтан күткендерімен бірге қартайып
қалмасы үшін, ол күннің қозғалысын тоқтатқан емес5, ол Сарра
үшін құпиялы түрде қайғылы шағымдарын әндеткен емес. Авра
ам қартайды, Сарра болса бұл жерде күлкі-мазақтың нәрсесіне
айналды, дегенменен де Авраам Құдайдың қалаулысы болып
қалып, оның ұрығында жер бетіндегі адам тегінің қай-қайсысы да
Құдайдың батасына ие болады деген сертті мұраланған. Құдайдың
қалаулысы болмай-ақ қойғанның өзі жақсырақ емес пе еді мұнда?
Жалпы, Құдайдың қалаулысы болу – бұл нені білдіреді? Бұл жастық
шағындағы жігіттік ынтызарлығың, қартайғанда соншама жоғары
анықтылықпен іске асуы үшін, мейлінше тежеледі дегенді білді
ре ме екен? Бірақ Авраам сенді және өз акт-аңызына берік болды. Егер де Авраам күдіктенсе, онда ол одан бас тартқан болар еді. Ол Құдайға былай деген болар еді: «Мүмкін, әйткенменен мұның іске асуына деген Сенің еркің жоқ шығар; онда мен өз қалауымнан, менің жалғыз ләззәтім болған тек осы бір ғана қалауынан, бас тарта мын. Менің жаным тура, Сенің маған мұны беруден бас тартқаның үшін, мен реніш тұтпаймын». Ол ештеңе де ұмытпас еді, ол өз үлгісімен көптеген басқаларды рухтандырған болар еді, бірақ ол сенімнің әкесі болмас еді; өйткені өз қалауынан бас тартқан адам ұлы болмақ, бірақ бас тартқаннан кейін де соны ұстанған одан да ұлы; мәңгілікті ұстанған адам ұлы, бірақ уақытшаны ұстанған адам, одан бас тартқаннан соң да, одан да ұлы. Бірақ артынан уақыты келді. Егер де Авраам сенбеген болса, Сарра қайғыдан өлген болар еді де, сағыныштан жаны күйзелген Авраам, не болғанын түсінбей, сол сертке жастық шағының арманы есебінде жылжып қана қояр еді. Бірақ Авраам сенді, сондықтан да ол жас жігіттей еді, өйткені әрдайым жақсыдан үміттенген адам, өмірдің алдаусырауынан қартаяды, ал жаман жағдаяттардың болуына әрқашан дайын адам, ол уақыты жетпей жатып қартаяды; бірақ кім сенсе, сол мәңгілік жігіттігін сақтайды. Сондықтан да осы повесті мақтайықшы бір! Өйткені Сарра, жасы келіп қалса да, ана болу қуанышына бөленуге жарайтындай жас болатын, ал Авраам шашы әбден ағарғанымен әке болуды қалау үшін жетерліктей жас еді. Сырттай алғанда, кере мет бәрінің де олардың күткеніндей болып шығуында, ал тереңірек түсінігінде сенімнің кереметі мынада: Авраам мен Сарра осы сенім арқылы өз қалауларын сақтап қалу үшін, ал сол қалаулары арқылы жастық шаққа тән өз ынтызарлықтарын сақтап қалуы үшін жеткі лікті жас еді. Ол серттің орындалуын сенімі арқылы қабыл алды, сөйтіп бұл күту мен сенім бойынша іске асты; өйткені Моисей те мір таяғымен тау шатқалын соққылағанымен, дегенмен де сенбе ген болатын. Сондықтан да Авраамның үйі алтын тойы күні Сарраның жас келінше босанғанындай қуанышқа бөленді. Бірақ бұл олайша қала бермеуі тиіс еді; Авраам тағы да бір рет сынаққа түсуі тиіс болатын. Ол бәрін де ойлап шығаратын тапқыр күшпен, ешқашан да көз ілмес дұшпанмен, бәрін де жалмай өмір сүре беретін шалмен, ол уақыттың өзімен күресті және сенімін сақтап қалды. Енді күрестің барлық қорқыныштары бір сәтке шоғырлануы тиіс еді. «Сонда Құдай Авраамды сынақтан өткізбек болып, былай деді: өзіңнің жалғыз сүйікті ұлыңды, Исаакты алып
жүр; сөйтіп Мориа жеріне бар, және сонда Мен саған көрсететін
бір таудың басында, сен оны құрмалдыққа шал».
Сонымен, бәрі де құрдымға кетті, егер де жалпы ештеңе
болмаған күнде қандай жаман болса, енді одан да жаман күн
туды! Кереметтің күшімен Ол мүмкін еместі мүмкін қылған еді,
ал енді осының бәрінің қайтадан қирауын талап етуде. Демек,
осының бәрі ақымақтық болған ғой, бірақ Авраам, Сарраның
серттің қабылданғанында күлгеніндей, бұл ақымақтыққа күлген
жоқ. Бәрі де құрдымға кетті! Жетпіс жыл айнымай күту6, одан
соң – сенім ақталуының қысқа ғана қуанышы. Бірақ қарияның
қолынан таяғын жұлып алмақшы болып жатқан кім, құпияның
өзі оны қақ бөлсін деп талап етіп отырған кім! Шашы ағарған
шағында оны орны толмас қайғыға ұшыратпақ болып отырған кім,
оның өзі осылай жасасын деп талап етіп отырған кім! Әлде мұнда
жолы үлкен қарияға деген, күнәсіз нәрестеге деген ешқандай да
бір аяныш сезімі жоқ па! Әйтсе де Авраам Құдайдың қалаулысы
болатын, сөйтіп Иеленушінің өзі оны осы сынаққа салып отырған
еді. Енді бәрінің де құрдымға кеткені анық! Адам тегі туралы та
маша естелік, Авраамның ұрығы жөніндегі серт – осының бәрі
де жай ғана кездейсоқтық, Авраамның өзі енді қиратуы тиіс бо
лып отырған Иеленушінің өткінші ғана ойы болып шықты. Бұл
жасы жағынан Авраам жүрегінің сенімімен жасты, Исаактан
әлдеқайда үлкен таңқаларлық қымбат қазына, бұл Авраам өмірінің
күресте иісіп, дұғамен нұрланған жемісі, бұл Авраамның аузынан
түспейтін бататөк сөздері, бұл жеміс енді уақыты жетпей-ақ үзілуі
тиіс еді, ол өз мағынасын, ал өйткені Исаакты құрмалдыққа шалу
да қандай мағына болуы мүмкін, жоғалтуы тиіс еді! Авраамның
оған қымбаттың бәрімен қоштасуы тиіс болған, өзінің игі ба
сын тағы бір көтеруі тиіс болған, оның жүзі Құдайдың жүзіндей
жарқырауы тиіс болған, Исааққа оның барлық өміріне, қуаныш
тілеуге арналған батаға өзінің барлық жанын жұмылдыруға тиіс
болған бұл қайғылы, бірақ та баталы саған, – бұл сағатты келуге
жазбапты. Өйткені, Авраам шыныменен де Исаакпен қоштасуы
тиіс еді, бірақ жер бетінде оның өзі қалуы керек-ті; өлім оларды
бір-бірінен айырып тастауы тиіс еді, бірақ оның құрмалдығы бо
луы тап Исааққа бұйыруы керек-ті. Қарияға өлер сағатында бата
беру үшін өз қолымен Исаактың басынан сипау жазбапты, бірақ,
өмірден шаршаған ол қолын Исааққа оны өлтіру үшін көтеруге
тура келмек. Сөйтіп оны сыныққа салушы Иеленушінің өзі еді. О
қасірет! Авраамның алдына осындай хабарды жеткізушіге қасірет
жаусын! Мұндай қайғыны жеткізуге кімнің ғана дәті шыдар еді? Бірақ Авраамды сынаққа салған Иеленушінің өзі болатын. Сөйтсе де Авраам сенді және де ол осы өмірге бола сенді. Иә, егер де оның сенімі әлдебір болашаққа ғана санамаланған болса, онда оған, әрине, өзгенің бәрін тастап өзіне тиесілі емес бұл өмірден тезірек кетуі әлдеқайда жеңілірек болар еді. Алайда Авраамның сенімі ондай емес-ті... Бірақ Авраам тап осы өмір үшін сенді, ол осы жер бетінде өз халқының қошеметіне бөленіп, өз те гінде батаға бөгіп, өзі өмірінің ең сүйіктісі Исаакта ұмытылмас болып қартаюына сенді. Исаакты оның сүйгені соншалық, бұл ту ралы ол ұлын сүюге деген әкелік борышын орындады деп айту, ондай махаббаттың әлсіз ғана елесі болар еді, діни қағидаларда: «сенің сүйікті ұлың» делінуі тегін емес қой. Иаковта он екі ұл бол ды, ал ол біреуін сүйді, Авраамда тек біреуі ғана болатын – ол соны сүйетін. Алайда Авраам күмәнданбады, ол сенді, ол қайшылыққа сенді. Егер де Авраам күмәнданса, ол әлдене басқаны, әлдене ұлыны және кереметті жасар еді; өйткені Авраам қалайша ұлы және керемет емес болатын әлденені істей алады! Ол есегіне мі ніп Мориа тауына барар еді, қурайды шауып алып, от жағар еді, пышағын суырып алып, Құдайға былай деп жалбарынар еді: «Бұл құрбандығыма разы бол, бұл менде бардың ең тәуірі емес, мен мұны білемін; өйткені уәделескен жас баламен салыстырғанда қария не тұрады, алайда бұл менің бере алатынымның ішінде гі ең жақсысы. Исаак ешқашан да бұл туралы білмесінші, өзінің жастық шағын қайғы-мұңсыз өткізуі үшін». Сөйтіп ол өз кеудесіне пышақ сұғар еді. Дүние жүзінде жұрт оны дәріптер еді, оның есімі ешқашан да ұмытылмас еді; алайда сені дәріптеу, сені мақтан тұту бір нәрсе де, ал қорқыныш билегендерді құтқаратын маңдай алды жұлдыз болуың мүлде басқа нәрсе. Бірақ Авраам сенді. Ол мүмкіндігінше Иеленушіні мазала май, өзі үшін ештеңе сұрамады; Содом мен Гоморра әділ сазайын тартқанда ғана Авраам да өз дұғасын жасады. Қасиетті Жазбадан біз мынаны оқимыз: «Сонда Жаратушы Авраамды сынамақ болып: Авраам, Авраам, сен қайдасың? – деді. Сонда Авраам: мен мұндамын, – деп жауап қатты». Менің сөздерім саған арналған, сол сенімен осындай жағдай болды ма? Алыстан тағдырдың талайы саған төніп келе жатқанда, сен тауларға: мені тығыңдар, ал төбешіктерге: мені қалқалаңдар демедің бе? Неме се, егер де сен күштірек болсаң, сен аяқтарыңды жайырақ баспап
па едің, аяқтарың басқан ізімен кері қайтуға тырыспап па еді? Ал сенің атыңды атап шақырғанда, айтшы, сен жауап бердің бе әлде бермедің бе?, немесе, мүмкін, сен әзер естілердей сыбырлап қана жауап берген боларсың? Бірақ Авраамның жауабы басқадай шықты; ол: «Мен мұндамын», – деп көңілді, батыл, толық сенім мен жауап қатты. Біз әрі қарай: «Сөйтіп, Авраам таңертең ерте тұрды», – деп оқимыз. Ол мерекеге асыққандай асықты, сөйтіп таңертең ертемен уәделескен орында, Мориа тауында болды. Ол Сарраға ештеңе демеді, Елизарға ештеңе айтпады, – иә, оны айтса да кім түсінер еді, және де бұл сынақ өз мәнінде оған үндемеу ан тын тақпақ па еді? «Ол ағаш шауып, Исаактың қол-аяғын байлап, от жағып, пышағын суырды». Оу, менің тыңдаушым! Өз баласын жоғалту – жер бетіндегі ең қымбатыңды жоғалту, болашаққа деген үмітіңді жоғалту деп санаған әкелер көп болған; бірақ бір де бала сонда, Авраам үшін Исаактың болғанындай, сертке жығылған ұл емес-ті. Өз баласын жоғалтқан әкелер көп болған, алайда онда Иеленушінің өзі, Жаратқанның мызғымас та танып-білуге жатпас еркі, Оның қолы баланы алып кететін. Аврааммен олай болма ды. Оның үлесіне әлдеқайда ауыр сынақ дайындалыпты; сөйтіп, Исаактың тағдыры пышақпен бірге Авраамның уысына салынып ты. Өзінің жалғыз үмітімен бірге болған қария қақшиып сонда тұрған! Алайда ол күмән келтірмеді, ол қорқынышпен оңды-сол ды жалтақтамады, ол өз дұғаларында аспанға қарап ұлымады. Оны Жаратқан Иеленушінің өзі сынаққа салып отырғанын ол білді, мұның одан талап етуге болатын ең ауыр құрбандық екенін ол біл ді; бірақ сонымен бірге Иеленуші талап етсе, қандай құрбандықтың болсын тым ауыр болмайтынын да ол білетін, – сөйтіп ол пышағын суырды. Авраамның қолына күш берген кім, кім оның оң қолын басы нан жоғары көтертіп, сылқ төмен түсуіне жібермей ұстап тұрған! Мұны көрген әркім-ақ сезімсіз ұшып түсер еді. Көздері тым тұманданбайтындай қылып, әйтпесе ол Исаакты да, қозыны да көре алмас еді, оның жанын мықтыландырған кім! Мұны көрген адам, әпсәтте-ақ соқыр болар еді. Дегенменен де, бір уақытта соқыр және әлсіздердің сирек кездесетініндей, онда ненің болғанын лайықты түрде айтып бере алатын адамды табу одан да сирек кездеседі. Ал біз бәрін білеміз – бұл барлық жағы сынақ (Provelse) қана болатын. Егер де Мориа тауында тұрып Авраам күмәнданса, егер де ол еш дәрменсіз жан-жағына қарап жалтақтаса, егер де ол, пышағын көтермес бұрын қозыны кездейсоқ көріп қалып, Иеленуші Исаактың
орнына соны құрбандыққа шалуға рұқсат етсе, онда ол үйіне қайтар еді, бәрі де бұрынғыдай болар еді, оның Саррасы қолында болар еді, ол Исаакты да сақтап қалар еді, бірақ бәрібір қаншама бәрі өзгерер еді! Өйткені оның үйге қайтып оралуы қашқанмен тең болар еді, оның құтқарылуы – кездейсоқ болған жағдаят болып табылар еді, оның алған марапаты ар-намыстан жұрдай болуға тең болар еді, ал оның болашағы, мүмкін, қарғысқа айналар еді. Онда ол өзінің сенімі туралы немесе Құдай мейірімділік туралы куәландыра алмас еді, ал тек Мориа тауына шығудың қаншама қасіретті болғаны туралы ғана айта алар еді. Авраам сонда да ұмытылмас еді, бұл таудың да ұмытыла қоймайтыны сияқты. Бірақ бұл жағдаятта оны Нойдың кемесі келіп тірелген Арарат тауындай еске алмас еді, қайта қасіретті әлдене ретінде еске алар еді, өйткені тап осы Мориа тауында Авраам күмәнданған болар еді ғой. Ардақты әке Авраам! Сен Мориа тауынан үйіңе қайтқан кезде, сенің қаралы көңіліңді аулау үшін, саған мақтау сөздерің керегі жоқ еді; өйткені шыныменен сен бәріне де ие болып, әрі Исаакты сақтап қалдың. Әлде бұл солай болған жоқ па? Иеленуші оны сенен одан соң алмаққа талаптанған жоқ, сені онымен өз шатырыңда тамақ ішіп шаттанып отырдың, сен сонда мәңгілік уақытқа қалдың. Ардақты әке Авраам! Сол күндерден бері мыңдаған жылдар өтті, бірақ сен туралы естелікті ұмытудың әмірінен босатып жатудың керегі жоқ; өйткені қазір енді сені қай тіл болсын сені мадақтайды, сөйтіп сен өз алдыңда тізесін бүгіп ишарат жасағанның қай-қайсысының да жүрегінде үміт отын жағуды кімнен болса да әлдеқайда тамашарақ жалғастырудасың. Сен оны өз атақ-даңқыңның дересінде барлық келер уақыт бойына батаға бөлейсің, өз іс-әрекетіңнің кереметі не орай осында және қазір оның көзқарасы мен жүрегін мәңгілік уақытқа билейсің. Ардақты әке Авраам! Бүкіл адам тегінің екінші әкесі! Қатулы стихиялар мен табиғат күштеріне қарсы қасіретті күресті оның орнына Құдаймен күресу үшін көзге ілмейтін зор құмарлықты бірінші болып көріп, соған куә болған сен, осы жоғары құмарлықты, пұтқа табынушылар соншама таңырқайтын құдай ессіздіктің қасиеті, таза әрі жуас өрнегін бірінші болып та нып-білген сен, сені мадақтауға тырысушыны, егер ол мұны дұрыс жасамаса, кешірерсің. Ол сенің жүрегіңнің қалауына құлақ алып, байыппен ғана сөйлейді, жағдаяттың өзіне сай ол қысқа айтады; бірақ ол барлық мүмкін болар күтулерге бой бермей өз кәрілігінің ұлын иелену үшін саған жүз жыл керек болғанын және Исаакты сақтап қалардан бұрын саған пышақты көтеруге тура келгенін
ешқашан ұмытпайды; барлық жүз отыз жыл бойы сенің сенімді аттап ешқайда кетпегеніңді ол ешқашан ұмытпайды. Мәселелер Шын жүректен сөз басы Сыртқары әрі көзге көрінетін дүниеге қатынасы бар ескі бір мақал: «Кім жұмыс істемесе, сол нан жемейді»7, – дейді. Қаншама оғаш көрінгенімен, бұл мақал дәл осы, өзі онымен ең табиғи түрде байланысты деген дүниеге қолдануға мүлде жарамсыз, өйткені сыртқары дүние жетілмегендік заңына қарасты: мұнда сол бірдеңе қайта-қайта қайталана береді — кім жұмыс істемесе, сол өз нанын табады, еңбектенгенге қарағанда ұйықтаған оған әлдеқайда оңай қол жеткізеді. Сыртқы дүниеде бәрі де кімде бар болса, соған жа тады, сыртқары дүние жалпы немқұрайдылық заңына бағынады, ал шығыршық данышпаны кімде-кім сол шығыршықты тақса, – ол Нуреддин не Аладдин болсын8, — соған мойынсұнады; дүниелік байлықтарды үйіп алған әлдекім бұл байлықтарды, оған олар қандай айла-шарғымен түскеніне қарамастан, иеленеді. Рух дүниесінде бәрі де өзгеше. Мұнда мәңгілік құдайы тәртіп патшалық құрған: мұнда жаңбыр бәріне күнәлі-күнәсіздігіне қарамастан құйыла бермейді, мұнда күн қайрымдылар мен зұлымдыларға бірдей жарығын төкпейді; сөйтіп тек кім еңбектенсе, сол ғана мұнда өз на нын алады, тек кім мазасызданса, сол ғана тыныштық табады, тек кім жер астындағы дүниеге түссе, сол ғана өз сүйгенін құтқарады, тек кім пышағын жұмсаса, сол ғана Исаакты табады. Кімде-кім еңбектенбесе, нанын ала алмайды, құдайлар сүйіктісінің орны на әуе сағымын көрсеткен Орфейге ұқсап, тек адасумен болады9; олардың оны алдағаны — оның батыл еместігінен, жүрексіздігінен, оның нағыз еркек емес, кифаред болғанынан. Және де мұнда сенің әкең тіпті Авраамның10 өзі болса да, ал ар жағыңда он жеті ғасырлық бекзаттылық жатса да, сен үшін пайдасы шамалы; кім де кімнің жұмыс істегісі келмесе, мұнда ол туралы Израильдің күйеуге шықпаған қызы туралы: «Ол жел туады»11 дейтілетініндей айтылған; ал кімде-кімнің жұмыс істеуге құлқы болса, онда ол өз әкесін қайта тудырғандай болады. Бүкіл сыртқары дүние бағынатын сол баяғы немқұрайлылық заңын рух дүниесіне енгізуге тырмысатын білім бар. Мұндай білім ұлы әрі бәрін қамтитын әлденеге көз жеткізсең болғаны, одан басқа ешқандай да күш салудың керегі жоқ деп топшылайды. Бірақ
алайда, мұндай білім нанға ілікпейді, ол айналасындағының бәрі де алтынға айналса да аштықтан өледі. Сонымен оған не белгілі екен? Грекияда қай заманда да Мильтиадтың барлық салтанаттары туралы білетін мыңдаған адамдар болған, олардың соңынан ерген сансыз көп ізбасарла ры және бар, алайда сол үшін ұйқысынан айрылған біреу ғана болған екен12. Авраам туралы сөзбе-сөз білетіндердің сансыз көп ұрпақтары дүниеден өтті, бірақ солардың ішінде қаншасын бұл по весть ұйқыдан айырды? Алайда, Авраам туралы повестің бір тамаша ерекшелігі оның әрқашан біздің түсінінігіміздің жұтаңдығына немесе жеткіліксіз дігіне еш тәуелсіз түрде біркелкі кереметтілігін сақтауында; бірақ та осы түсініктің өзі тек, егер біз еңбектенуге және ауыртпалықтың өзіндік үлесін көтеруге даяр болсақ қана келеді. Повесті бәрі де түсінгісі келгенімен, ешкімнің де еңбектенгісі келмейді. Адамдар Авраамның абыройына орай сөйлейді, өйткенмен де олар қалайқалай сөйлейді? Көбіне олар осының бәрін әншейінгі сөзбен бы лай: «Ұлылық бұл арада оның Құдайды соншалықты сүйіп, ол үшін ең жақсысын қиюға дайын болғанында», – деп жеткізеді. Бұл – әбден дұрыс, бірақ та «ең жақсысы» деген — тым айқын емес сөз. Ойлау мен сөйлеу үрдісінде оп-оңай Исаакты «ең жақсысымен» теңестіріп алуға болады, сөйтіп осылай ойлайтын кісі әлгіндей ойлау кезінде трубкасын тартып, ал тыңдаушы сол кезде жалқаулықпен аяғын созғылап отыруға әбден құқықты. Ал егер Христос жолда кездестірген сол бір бай жігіт өзінің бар мүлкін сатып, ақшасын кедейлерге таратып берсе13, одна біз оны, барлық ұлылықты мақтайтынымыздай, жатпай-тұрмай мақтаған болар едік, алайда біраз күш салмайынша, оның өзін де түсіне алмас едік; ал ол, тіпті ең жақсысын қиғанның өзінде де, Авраам бола алмаған болар еді. Авраам туралы повестен осы арада сылынып қалатыны – бұл қорқыныш14, өйткені ақшаға қарасты менде ешқандай да этикалық міндеттемелер жоқ, ал балаға қарасты әкенің ең жоғарғы және ең касиетті міндеттемелері бар екені анық. Дегенмен де қорқыныш – бұл әлсіздер үшін тым қауіпті нәрсе, соңдықтан, тіпті әңгіме Авра ам туралы болса да, әдетте ұмытылады. Бұл туралы сөз қозғалады, бірақ сол мазмұндау үрдісінде «Исаак» және «ең жақсы» деген сөздер өзара алмастырылады, сөйтіп бәрі де тамаша бола қалады. Егер де мұнда кенет тыңдаушылардың әлде бірі ұйқысыздықтан жапа шегіп жүрген болса, онда ең қауыпты, терең, трагикалық және комикалық жаңсақтыққа да алыс емес. Мұндай тыңдаушы Аврааммен тендеспек болып үйіне қайтады; өйткені баласы – онда
бардың ең жақсысы болары анық әрине. Егер әңгімелеуші адам бұл туралы кенет ести қалса, онда ол сол кісіге барып, өзінің барлық рухани абыройын салып, былай деп айқай салуы мүмкін: «Сорақы адам, адам баласының ішіндегі сорлысы, өз балаңды өлтірмек болатындай, сені қай албасты басты екен!» Авраам ту ралы уағыз айтқан шағында ерекше бір ыстыққандылықпен құлшыныс көрсетпеген дін уағыздаушысы (священник) осы пақырға жаудырған өзінің әділ ашу ызасына өзі де таңырқар еді; оның өзіне-өзі разы болары сөзсіз, өйткені ол ешқашанда дәл осындай жалындап және дәл осындай ашынғандықпен сөйлемеген болатын. Ол кейін өзіне өзі және әйеліне: «Мен нағыз шешенмін, маған әттеген қолайлы жағдай кездеспей жүр, ал жексенбі күні Авраам туралы әңгімелегенімде, мені бұл жайдан-жай соншама еліктіре қоймады», – деп айтады. Және де мұндай шешенде байып ты пайымның жоғалтуға тұрарлықтай әлдебір үлесі қалған болса, онда ол, егер де күнәкар оған салқын қанды түрде және абыроймен: «Бұл сіз өзіңіз жексенбі күні уағыздағанның дәл өзі ғой», – деп жауап берсе, онда ол, менің ойымша, зерденің осы бір бөлікшесін де жоғалтары анық. Қалай ғана осындай ой дін уағыздаушысының басына келе қалатынын кім білсін, ал бәрі де солай болғаны рас, және де қате ол өзі не айтқанын өзі білмегенінде ғана. Комедиялар мен романдарды толтырған ақымақтық пен бекер сөздердің орны на осындай ахуалдарды пайдалануға бел шеше кірісетін ақындар неге ғана жоқ екен! Мұнда абсолюттік шексіздікте комикалық пен трагикалық бір-бірімен ұштасып жатыр. Дін уағыздаушысының уағызы өзді-өзінен және өзі үшін күлкілі болуы әбден мүмкін, бірақ көрсеткен өз әсері бойынша ол тіпті шексіз күлкілі болып шықты; және де бұл әбден дерлік табиғи тұрғыда орын алды де уге болады. Бірақ күнәһар дін уағыздаушысының білдірген қапаналын расында еш қарсылықсыз қабылдап, бұл қытымыр руха ни қызметкер, тек кафедрадан ғана емес, сонымен бірге жексен бі күндері қауымды рухтандырғанда, ал дүйсенбі күндері отты қылыш сүйреткен періштеге ұқсап, өз қылықтарымен пастордың уағызы бойынша ештеңе де дүниеде тынбайды* деген ескі мәтелді * Бұрынғы уақыттарда: «Әттең, дүниеде ешқашан пастордың уағызы бойынша ештеңе де тынбайды», – деп айтылатын-ды. Бірақ, мүмкін, – философия арқасында: «Бақытқа орай, дүниеде ешқашан пастордың уағызы бойынша ештеңе де тынбайды», өйткені өмірде әйтеуір әлдебір мағына бар, ал оның уағыздарында мүлде ешқандай мағына жоқ, – деп айтатындай уақыт әлі келер.
жоққа шығаруға ұмтылушылар алдына шыққанда да, оларға өзінің
жандарға үстемдік жүргізуші ретіндегі қайтпас қуатымен әсер
етуге қабілеттімін деген ойға шаттанып, үйіне көңілі хош болып
қайтты екен делік.
Ал егер күнәкар, керісінше, өзін сендіруге көнбесе, онда
оның ахуалы айтарлықтай трагедиялық апатқа енеді. Оны, тегі,
не соттайды, не жындылар үйіне жібереді, – қысқаша, ол шындық
дейтінмен бақытсыздық қарым-қатынасқа түседі; рас, басқа бір
мағынасында, маған солай болып көрінетініндей, Авраам оны
мұнда бақытты қылған болар еді; өйткені, кімде-кім еңбектенсе,
сол өлмек емес.
Алайда, уағыздаушы іліккенге ұқсайтын қайшылық бізге
нені білдіреді? Мұндай қайшылық Авраам ұлы адам, яғни оның
істейтінінің бәрі де ұлы саналатындықтан, сондықтан басқа біреу
соны істесе, онда бұл – күнә, аспанға шапшыған күнә екендігінен
пайда бола ма? Бұл жағдаятта мұндай ойсыз мақтанға менің еш
қатынасқым жоқ. Егер сенім өз балаңды өлтіруге деген ұмтылысты
қасиетті іске айналдыра алмаса, онда кез-келген басқа адамға
шығарылатын үкім Авраамға да кесілсін. Және де егер кімде-
кімнің, айталық, осы ойды соңына дейін жеткізе ойлауға, сөйтіп
Авраам кісі өлтіруші болған деп айтуға батылы жетпесе, онда
еңбек сіңбеген мақтан сөзге бостан босқа уақыт жұмсағанша, осы
батылдыққа қол жеткізуге талпынған дұрыс шығар. Авраамның
іс-қимылының этикалық көрінісі өз баласын өлтіру болды, ал
діни көрінісі – оны құрбандыққа шалу; алайда, осы қайшылықта
адамды ұйқыдан ада қыла алатындай қорқыныш жатыр; және де
Авраам мұндай қорқынышсыз өзі кім болса, сол бола алмас еді.
Ал мүмкін Авраам осында айтылғанды мүлдем істемеген шығар,
мүмкін бұрынғы уақыттағы қарым-қатынастардың негіздеме
леріне орай бұл мүлде басқаша бірдеңе болған шығар, жарайды
онда оны ұмытайық; өйткені қазір бола алмайтын сол өткенді еске
алуға да тұрмайды. Әлде, мүмкін, сол шешен Исаак оның баласы
екені жағдаятының этикалық сарынына сай келетін әлдене тура
лы ұмытқан болар? Егер сенім жай ғана сандырақ пен болмашыға
айналдырылғандықтан ысырылып тасталатын болса, онда тек: Ав
раам Исаакты өлтіруге ұмтылды деген жалаң ғана дерек қалады, –
ал мұны сенімі жоқтың, яғни мұны жасауды қиындатуға бірден-бір
қабілетті деген сенімі жоқтың, қай-қайсысы да оп-оңай қайталай
алады.
Маған келетін болсақ, ойды аяғына дейін жеткізе ойлауға деген
батылдықтың маған жетпеген кезі ешқашан да болған емес; бұған
дейін мен әлі бір де идеядан қорыққан емеспін, және де мұндайға кез келетіндей бола қалсам, менің, ең кемінде: бұл ойдан мен қорқақтаймын, ол мендегі әлдебір өзге ішекті қозғайды, сондықтан да ол туралы менің ойлағым келмейді деп айтуға адалдығым же теді деп үміттенемін. Егер мен дұрыс істемесем, жазам менің дапдаяр. Тіпті Авраам жендет болған деген пайымды ақиқат екен деп мойындасам да, соныммен өзімнің ар-намысымның үнін шығармай тастайтыныма бәрібір мен сенімді емеспін. Бірақ егер де мен өзім шынында да осылай ойласам, онда бұл туралы мен тегі аузымды ашпаған болар едім, өйткені осындай ойларды басқаларға жеткізіп керегі жоқ. Бірақ Авраам – иллюзия емес, ол өз даңқына қолын түсінде жеткізіп жүрген жоқ, өз даңқымен ол тағдырдың тәлкегіне қарыз емес. Бірақ, шынында да әлдебір адам жаңылысып, соған ұқсауға тырысып, әлдене жасап қоймайды ма деген қауіпке төзбей, Авра ам туралы еш ескертпесіз әңгімелеуге бола ма? Бірақ егер де мен бұған батылдығым жетпейтін болса, онда Авраам туралы жалпы үндемей-ақ қойғаным жөн, ең алдымен осы себепті әлсіздер үшін тұзаққа айналарлықтай қылып оны кемсіткім келмейді. Егер де сенім басты деп, яғни ол шынында қандай болса сондай деп есеп телетін болса, онда біздің кезімізде бұл туралы еш қауіп-қатерсіз айтуға болатындай көрінеді маған, себебі бұл уақыт сенімге кел генде аса ерекшеленбейтін тәрізді; өйткені тек сенім арқасында ғана, ал мүлде өлтіру арқасында емес, Авраамға ұқсап бағуға бо лады. Махаббат өткінші көңіл-күйге адамға тән ұнамды қобалжуға айналдырылған кезде, біреулер махаббат ісі туралы айта отырып, мәнісінде әлсіздерге сондайлық тұзақтар құратын болады. Өткінші қобалжуларды әркім-ақ бастан кешеді, бірақ егер де мұнда адам, ма хаббат өлмес істер деп қастерлеген барлық айуандық қылықтардың бәрін істеуді қалайтын болса, онда барлығы да осы қылықтар үшін де, осылайша адасушылар үшін де жоғалып тынады. Қалай болғанда да, Авраам туралы айтуға әбден болады; өйткені ұлылық, оны осы ұлылығында тани білсе, ешкімге зақым әкелмейді; ол әрі өлтіріп, әрі құтқаратын екі жүзді семсерге ұқсас. Егер де бұл туралы айтудың жөні маған келе қалса, мен онда Авраамның Құдайдың қалағаны деп айтуға лайықты, қаншама игі мінезді және Құдайдан именетін кісі екенін көрсетуден бастар едім. Тек қана осындай адам осы сияқты сынаққа салынары хақ; бірақ та кім шындығында осындай бола алады? Бұдан кейін мен Авраамның Исаакты қаншалықты сүйгенін көрсетер едім. Бұл
мақсатқа жету үшін мен барлық қайырымды періштелерді менің қасымда болып, менің әңгімелерім әкенің балаға деген махабба тындай соншама ыстық құмарлықпен шығуы үшін, мені қолдауға шақырар едім. Бұл махаббатты, барлық патшалықтар мен жер атаулының бәрінде де бірде-бір әке баласын осылайша сүйемін деп айтуға батылы жетпейтіндей қылып суреттеу, менің қолымнан ке лер еді деп үміттенемін. Ал егер де ол баласын Авраамдай сүймесе ғой, онда Исаакты құрбандыққа шалу туралы қандай да болмасын ой еліктелушілік болар еді. Осының бәрі туралы әлден бірнеше жексембілер бойында айтуға болар еді, сондықтан тым алға тар тып керегі жоқ. Және егер де бәрі дұрыс әңгімеленген болса, онда мұның салдары мынандай болып шығар еді: әкелердің бір бөлігі одан әрі естуге мүлде ұмтылмай-ақ, бірақ әзірше оларға да Авраам сүйгендей сүю бақыты бұйырғанына қуанған болар еді. Және егер де одан кейін олардың біреуі, Авраамның іс-әрекетінің ұлылығы, сонымен бірге үрейлілігі туралы естіп алып, сол жолға түсуге бел байласа, мен атымды ерттеп алып онымен бірге баруға асығар едім. Және Мориа тауына жеткенше әрбір тоқтаған сайын мен оған әлі де оны мұндай елігушілікке көнуге итермелеген түсінбеушілікті мойындап, бас тартуға болатынын түсіндірген болар едім; мен оған батылдығының жетіспегендігін мойындай алатынын, сол себепті, егер Құдайдың Исаакты иеленгісі келсе, оның өзіне оны алуға тура келетінін де түсіндірер едім. Менің сенімімше, мұндай адам құрып кетпес еді, ол басқалардың бәрімен қатар, тек сол бір уақытта ғана емес, бата алған болар еді. Және де тіпті сенімнің өз күшінде тұрған уақытында да мұндай адам туралы дәл осылайша айтылмас па еді? Мен, бірде менің өмірімді, егерде ол тек дарқан пейілді болғанда, аман алып қала алатын адамды білген едім. Ол жай ғана: «Мен не істей аларымды кереметтей көріп тұрмын, бірақ мен оған аяқ баспаймын, кейінірек менің күшім жетпей, сан соғып қаламын ба деп қорқамын»,- деді. Оның жаны кеңшілік таныта ал мады, бірақ соған бола кім оны жек көретін болар еді? Осының бәрін айтып болып, өз тыңдаушыларымды сенімнің диалектикалық күресі мен оған тән орасан зор құмарлық туралы аз да болса білердей етіп толқытқанмен, менің олар жағынан: «Әу, ол соншама жоғары сенімге берік екен, егер де біз оның жейдесінің етегінен мықтап ұстасақ, бізге сол да жетеді»,- деген қате ойға ба руларына кінәлі болғым келмес еді. Мен онда былай деп қосуға асығар едім: «Менде сенім мүлде жоқ. Мен өз жаратылысым бойынша ақылдысымақтардың бірімін, ал мұндайлар әрқашан
сенімге аяқ басуға келгенде үлкен қиындықтарға ұшырайды,
мен сол бір қиындықты – өздігінен де, мен үшін де — соншама
құнды деп санамас едім, өйткені ол, тіпті оны жеңгеннің өзінде
де, ақылдысымақты ең қарапайым және орташа ғана адам оп-оңай
жете алатын нүктеден әрі қарай асырып әкете алмайды».
Махаббат, алайда, өз құдіреттеушілерін ақындардан табады,
сөйтіп кейде махаббаттың абырой-атағын қолпаштайтын дауыс
ты естуге болады; бірақ сенім туралы бір сөз де естілмейді; бұл
құмарлықтың абырой-атағына кім бет бұра алады? Философия
одан асып түседі. Теология философияның оң қабағын алмаққа
тырысып, оған ләззәттар ұсынып, терезе алдында боянып-сыла
нып отыр. Гегельді түсіну қиын, ал Авраамды түсіну — тіпті түкке
де тұрмайды деседі. Өз тарапымнан мен Гегельдің философиясын
түсінуге біраз уақыт жұмсадым, және де оны жеткілікті дәрежеде
мен түсіне алдым деп санаймын, мен тіпті былай: егер де қаншама
күштенгенмен мен оның кейбір тұстарын бәрібір ұғына алмай
тындай болсам, мұның себебі олар жөнінде оның өзінде де толық
анықтылықтың болмағаны ғой деп болжамдауға батылым жетеді.
Мұның бәрін, әсте, мен оп-оңай жасаймын, бұдан менің басым
ауыра қоймайды. Ал, керісінше, маған Авраам туралы ойлауға тура
келгенде, мен өзімді құрып қалғандай сезінемін. Әрбір сәтте менің
көз алдымда Авраам өмірінің мазмұнын құратын осы қорқынышты
парадокс тұрады; әрбір сәтте мен артқа қарай ысырылып қаламын,
және де менің ойым, ол қаншама құмарлыққа салынса да, осы
парадоксқа бойлай алмайды, иненің жасауындай да алға жылжи ал
майды. Мен оны көру үшін әрбір бұлшық етімді сарқа күштенемін,
бірақ сол сәтте-ақ дәрменсіз халге түсемін.
Бұл дүниеде ұлы және игілікті деп жұрттың неге таңырқайтын
ынан мен хабардармын, менің жаным бұл дегенде жылусырап сала
береді, және де ол қаншама сыпайылық сақтағанымен кейіпкер
күрескен кездері мен туралы да сөз болғанына сенімді; аңғарым
сәтінде мен өзім үшін: jam tua res agіtur15 деп дауыстаймын. Мен
ой жүзінде кейіпкер бола алар едім, бірақ тек Авраам емес; менің
осы биікке көтерілуім мұң, мен бірден төмен құлаймын, өйткені
мұнда менің алдыма ұсынылатыны – ол парадокс. Бірақ мен осы
дан барып сенім дегеніміз әлдебір түкке де тұрмайтын бірдеңе
деп тіпті де ойламаймын; керісінше, ол ең жоғары болып табы
лады; ең соңында, философия тұсынан сенімді қорлайтындай
және оның орнын басатындай әлдебір басқаны ұсыну адалдыққа
жатпайды. Философия бізге сенім бере алмайды және беруге тиіс
те емес, алайда ол өзін-өзі түсінуі, нені ұсынып отырғанын білуі
керек, және де ол адамдардан ештеңені де тартып алмауы тиіс, ал
тіпті болмағанда бұл ештеңе де емес деп мүләйімсіп, адамдарды
алдамауға тиіс. Мен өмірдің мұқтаждықтары мен қауіптерінен
хабардармын, мен олардан қорықпаймын және оларға қасқиып
қарап тұрамын. Қорқыныш маған жақсы таныс, менің есім мен
үшін – адал жар, ал менің қиялым – менің өзімнен өзгеше – күні
бойы бас көтермей жұмыста отыратын ынталы жас қыз сияқты,
ол кешқұрым маған осы туралы майын тамызып әдемілеп айтып
беретіні соншалық, маған кейде осының бәріне, ол менің алды
ма ылғисын да пейзаждар, гүлдер немесе пасторальдар жайып
салмағанымен, көз тастап қарағым келеді. Мен оның көзіне тура
қарай алдым, мен одан қорқып қашқаным жоқ, алайда маған, мен
оған қаншама батыл қарсы шыққаныммен, менің батылдығым – бұл
мүлде сенімнің батылдығы емес немесе сеніммен салыстыруға
боларлықтай әлдене емес екендігі әбден белгілі. Мен сенімнің
түбіне дейін жете алмаймын, мен көзімді жұмып, толық сенімділік
пен сандырақтың (det Absurde) құшағына қойып кете алмаймын,
мен үшін бұл мүмкін емес, алайда мен өзімді бұл үшін мақтаудан
аулақпын. Құдай дегеніміз бұл махаббат екеніне мен сенімдімін:
бұл ойдың мен үшін ең басынан лирикалық айқындылығы бар. Ол
реалдық түрінде мен үшін бар болғанда, мен айтып жеткізе алмас
тай бақыттымын, жоқ болғанда, ғашықтан да асқан құмарлықпен
мен оны аңсаймын: алайда мен сене алмаймын, бұл батылдық мен
де жетіспейді. Құдайдың махаббаты мен үшін, тура мағынасында
да, ауыстырмалы мағынасында да, әрқашан кез келген көз алдында
бар шындықпен мүлде салыстыруға келмейтін әлдене болады да
тұрады. Мен осыған бола күрсініп, қапаланатындай соншалықты
қорқақ емеспін, бірақ сенімнің әлдеқайда жоғарырақ әлдене екенін
дауға салатынай соншама қушыгеш те емеспін. Мен өз мәнерімде
әбден өмір сүре аламын, мен қуаныштымын әрі разымын, бірақ
та менің қуанышым әлбетте сенімнің қуанышы емес, сондықтан
онымен салыстырғанда сорлы деуге болады. Мен өзімнің кішігірім
қам-қаракеттеріммен Құдайдың басын ауыртпаймын, кейбір ұсақ-
түйектер мені толғандырмайды, мен тек өз махаббатыма қарап,
оның қаймағы бұзылмаған жалынын таза да анық қалпында
ұстаймын; ал сенім Құдай тағала ұсақ-түйек үшін де қам жейді
деп нанады. Мен бұл өмірде сол қолдың неке қиюына да разымын,
сенімнің бейкүнәлігі соншалық, ол оң қолды талап етеді; ал мұның
ақиқатында да бейкүнәлік екенін мен жоққа шағармаймын және
ешқашанда жоққа шығармайтын боламын.
Бірақ шындығында да менің замандастарымның әрқайсысы да сенімге деген осы қимылды жасауға қабілетті ме екен? Егер де мен олар туралы соншама көп қателеспесем, олардың пікірінше, менің қабілетім жетпейтіндей әлденені, яғни жетілмегенді, жасап жатқандарын олар мақтаныш тұтуға бар. Ұлылық туралы, арада өткен бірнеше мыңжылдық тым алыс қашықтық болғандай делініп, мүлде кісілікке жатпайтын тұрғыда пайымдау, осы тым жиі болып тұратын ахуалды жасау қажеттілігі менің жанымды түршіктіреді; мен болсам бұл туралы, бәрі де кеше ғана болғандай, тек ұлылықтың өзін ғана не қол жетпес биіктікке көтеретін, не кері үкімге жығатын әлдебір қашықтыққа теңеп, кісілік тұрғысынан айтуға ынтықпын. Егер де мен (трагикалық кейіпкер хакында; өйткені бŸдан жоғары мен көтеріле алмаймын) Мориа тауына апаратын осыншама кере мет патшалық дейтіндей саяхат жасауға жұмсалатын болсам, онда менің не істерім өзіме әбден белгілі. Мен үйде бұғып қалатындай соншама қорқақтық көрсетпес едім, болатынды сәл болса да әрілету үшін мен жолда селқос жүріп алмас едім және пышағымды ұмытып кетпес едім; мен дер уақытында көздеген орында болаты ныма әбден сенімдімін және бәрін де қаз-қалпындай етіп даярлап қояр едім, мүмкін, мен бәрін де тезірек аяқтау үшін тіпті ертерек те келер едім. Бірақ мен содан кейін де не істейтінімді білемін. Ат тан түсіп жатқан сәтімде мен іштей өзіме: «Міне, енді бәрі біт ті, Құдай Исаакты талап етіп жатыр, мен оны, онымен бірге бар өзімнің қуанышымды да құрбандыққа шаламын, және де соны мен қатар: Құдай дегеніміз махаббат, мен үшін бұл солай болып қалады», – дер едім; өйткені осы уақыт аралығында, бізде ортақ тіл болмағандықтан, Құдай екеуміз бір-бірімізбен сөйлесе алмас едік. Мүмкін, біздің күндері сол бір не басқа бір адам соншалықты ақылсыз, соналықты ұлылыққа қызғанышты болып, өзі мен мені, егер де мен солай істей қалсам, Авраам жасағаннан да тағы ұлылырақ әлдене жасаған болар едің деп, сендіргісі келер; ал менің үрейге толы өзді-өздігімен бас тартуым Авраамның тарлығына қарағанда әлдеқайда идеалдырақ және ақынгөйлірек болған болар еді. Және алайда зор өтірік те осында тұрақтап қалар еді; өйткені менің үрейлі өзді-өзімнен бас тартуым сенімнің суррогатыған бо лар еді. Мен мұнда өзді-өзімді табуыма және өзді-өзімде қайтадан тынышталуыма бағытталған шексіз қозғалыстан асқан ештеңе жасай алмаған болар едім. Және де бұл Исаакты менің Авраам сүйгендей сүймегенімді білдірер еді. Менің қимылымда соңына дейін жеткізуге деген шешімге толы болуым, адами көзқарас
тұрғысынан алғанда, менің батылдығымның дәлеліндей көрінуі мүмкін-ді; бірақ менің оны жанымдай жақсы көріп сүюім, онсыз бәрі де қылмысқа айналмас үшін, әлдебір алдын ала қойылған шарт болатын; сонда да бәрібір мен оны Авраамдай сүймеген болар едім, өйткені солай болса, мен соңғы минутта кібіртіктеп қалған болар едім, бірақ та бұл менің Мориа тауына тым кешігіп келуіме себеп бола қоймас еді. Одан да әрмен, менің қылығым бүкіл тарихты бастан-аяқ бұзған болар еді; егер де мен Исаакты қайтадан алсам, мен мәңгіріп қалғандай болар едім. Авраам үшін ең оңай болғаны – Исаакты қайта алып қуанышқа бөлену! – мен үшін ең қиынға айналар еді. Өйткені өз жанының бүкіл шексіздігі мен, proprіo motu et proprііs auspіcііs16, шексіз қимыл жасаған және енді ештене істей алмайтын кісі, Исаакты тек қайғыда ғана қайтып ала алады. Ал Авраам не істеді? Ол орнына тым ерте де емес, тым кеш те емес жетті. Ол есегіне мініп алып, жолда баяу ғана жүріп отырды. Және де бүкіл осы уақыт бойы ол сенімге шомды; ол Құдай одан Исаакты талап ете қоймас деп сенді, ал өзі дегенмен, егер бұл қажет бола қалса, оны құрбандыққа шалуға даяр болатын. Оның сенімі сандырақ сенім еді; өйткені, барлық адами есеп бойынша, Құдайдың одан осыны талап ете тұрып, келесі сәтте-ақ кенеттен өз талабынан бас тартуы туралы сөз болуы мүмкін де емес, – сандырақ міне осы арада болатын. Ол тауға көтерілді, және де тіпті пышағын жарқ ет кізіп суырып алған кезде де ол сенді – Құдай-тағала Исаакты талап ете қоймас деп сенді. Әрине оны жағдайдың қалай тыңғаны есінен тандырды, алайда ол екі орай қимылдың әсерінен қайтадан өзінің бастапқы қалпына келе қалды да, Исаакты бұрынғыдан да бетер қуанышпен қарсы алды. Ойымызды әрі қарай жалғастырайықшы: Исаак расында құрбандыққа шалынсын делік. Авраам сенді. Ол басқа өмірде бір кездері игілікке батамын деп сенген жоқ, бірақ ол осында, осы дүниеде, бақытты болуға тиістімін деп сенді. Құдай оған жаңадан Исаакты беруі, құрбандыққа шалынғанды қайтадан өмірге келтіруі мүмкін деп сенді. Ол сандырақтың күшімен сен ді; өйткені бүкіл адами есеп баяғыда-ақ біткен болатын. Қайғы адамды ақылынан адастыруы мүмкін, мұндай болады, және бұл жеткілікті түрде ауыр соғады; және тек пайымды сақтап қалу үшін ғана, тіпті егер бұл жолда адамның өзі оғаштау көрінгенімен, шек тен асқанша желге қарсы жүруге қабілетті болатындай ерік күші де болады, – мұндай да болып тұрады, мен мұны жоққа шығармақ емеспін; алайда өз пайымыңды және сонымен ол өкілі болып та
былатын барлық шектілігіңді жоғалтып алу, ал кейін сандырақтың
күшімен сол шектіліктің дәл өзін қайтып алу – бұған менің жаным
түршігеді; бірақ мен сондықтан мұның бәрі түкке тұрғысыз әлдене
деп ұйғармаймын, керісінше, жалғыз-ақ керемет міне осында жа
тыр. Әншейінде сенім әлдебір өнер шығармасын тудыра алмайды
деп есептеледі, тудырса да орашолақ біреулерге жарайтындай ғана
дөрекі және ортанқол жұмысты тудыруы мүмкін саналады; алай
да бәрі де мүлде өзгеше болмақ. Сенім диалектикасы – бәрінен
де ең нәзігі және танқаларлығы, онда әлдебір, мен ол туралы тек
әлдеқандай секем ғана ала алатындай, ұшқарылық бар. Мен трам
плиннен мені шексіздікке тасымалдайтын үлкен секіріс жасай
аламын,- канатпен жүрушілермен жасалатындай менің белім әлі
бала кезімде-ақ әдейілеп орнынан тайдырылған-тын, сондықтан
бұл маған оңай, мен – бір,екі, үш – осы бар қалпымда басыма тұра
да аламын, – алайда келесі қадам жасауға мен қабілетті емеспін;
өйткені мен кереметті жасай алмаймын, мен оған тек таңырқай
аламын. Иә, егер де Авраам есегіне мінбек болып аяғын көтере
берген шағында-ақ ішінен: «Енді Исаак біз үшін жоқ, Мориа тауы
на алыс жолға барудың орнына осында, үйде-ақ, дәл сондай табыс
пенен мен оны құрбандыққа шала аламын», – десе, онда мен Авра
амды керек қылмас едім, ал енді қазір мен оның есімінің алдында
жеті рет және оның бітірген ісінің алдында жетпіс рет бас иемін.
Өйткені дәл осыны ол істеген жоқ, себебі ол үшін Исаакты қайтып
алу бақыт, нағыз іштейгі бақыт болып табылғанын, шектілікке және
оның қуанышына бейімделу үшін оған ешқандай дайындықтың,
ешқандай уақыттың керегі жоқ болғанын мен дәлелдей аламын.
Егер Авраамның ісі дәл осылай шықпаса, ол тегінде, Құдайды
бәрібір сүйген болар еді, бірақ ол сенбес еді, өйткені кімде-кім
Құдайды сенімсіз сүйетін болса, ол өзді өзі туралы ойлайды, ал
Құдайды сеніп сүйетін кісі Құдай туралы ойға шомады.
Мына шыңда Авраам тұр. Көз алдынан оның ғайып болатын
соңғы саты – бұл шексіз өзді-өзінен түңілу17 болып табылады. Ол
ақиқатында әрі қарай аяқ басады, сөйтіп сенімге жетеді; өйткені
сенімге деген барлық осы карикатуралар, ешқандай қажеті жоқ,
уақытынан бұрын қайғырып керегі жоқ деп жоритын аянышты,
жылымық енжарлық; кім біледі не болатынын, бұл дегенмен де
мүмкін ғой дейтін осы бір нашар үміт – барлық бұл карикатуралар
өмірдің жарамсыз жағына жатады да, және олар шексіз өзді-өзінен
түнілумен әлден-ақ шексіз жиіркенген болатын-ды.
Мен Авраамды түсіне алмаймын, белгілі мағынасында ол ту
ралы мен ештеңені біле де алмаймын, – тек қана таң қалуға бола
ды. Егер біз осы тарихтың ақырын ойлай отырып, сенімге қарай
жақындай аламыз деп санасақ, онда біз өзімізді өзіміз алдаусыра
тамыз және де сенімге деген алғашқы қадам турасында Құдайды
да алдауға тырысамыз: мұнда өмірлік даналыққа парадокс арқылы
қол жеткізуге деген ұмтылыс бар. Мүмкін, бұл жөнінде біреулердің
жолы да болар, дегенмен, біздің уақыт сенімді қаламайды ғой,
оның суды шарапқа айналдыратын кереметіне тоқтамай18, шарап
ты суға айналдырып, әрі қарай аяқ басады.
Ал сенімді қалау, сеніммен қалау дұрысырақ болмас па еді,
әркімнің одан әрі кеткісі келетіні қорқыныш туғызбай ма? Біздің
уақытымызда адамның махаббатпен болғысы келмейтін кезінде,
– ал бұл туралы әртүрлі дабыл жан-жақтан келіп түсіп жатады,
– ол сонда қалай қарай бет алады? Жалған түсінгіштікке, ұсақ
есепқорлыққа, нашарсоқтыққа және аяқастылыққа, адамның
құдаи жаратылғанына күмәндандыратынның бәріне. Әсте сенім
мен бірге болған артығырақ емес пе, ал кімді-кім бұрыннан сон
да болса, құлап қалмасын байқастырғаны дұрысырақ болмас па
еді?19 Өйткені сенім қимылы әрқашан да сандырақтың күшімен
іске асырылуы тиіс, және де, байқаңыз, адам мұнда шектілік
ті жоғалтпай қайта тұтасымен және толығымен оны тұтатындай
болуы керек. Маған келсек, мен сенім қимылын сипаттап беруге
қабілеттімін, бірақ-та оны іске асыра алмаймын. Адам жүзудің
барлық қимылдарын жасауға үйренгісі келгенде, төбеге ілінген
арнайы белдеулікке жармасып, барлық осы қимылдарды жасап бе
руге әбден қабілетті болады, бірақ өзі жүзбейді; міне солай мен
де сенім қимылдарын сипаттап беруге әбден қабілеттімін, бірақ
егер мені суға лақтырса, онда мен, жүзе жөнелгеніммен де (ал
мен суды қара жаяу өтетіндерге жатпаймын), бірақ мүлде басқа
қимылдар жасаймын, ал сонда сенім тура қарама-қарсыны жа
сайды: шексіздік қимылдарын жасап алып, ал содан кейін шек
тілік қимылдарын жасай бастайды. Сенім шексіздік қимылдарын
жасап алып, ол содан кейін шектілік қимылдарын жасайды. Бұл
қимылдарды жасауға қабілетті адамға нұр жаусын, ол әлдене ке
реметті жасайды, сондықтан мен оған таңырқануға ешқашанда
шаршамаймын; ол Авраамның өзі немесе Авраамның үйіндегі
қызметшісі болсын, ол философия профессоры немесе жарлы
қызметші әйел болсын,- мұның бәрі мен үшін абсолютты түрде
бәрібір, мен тек сол қимылдарға ғана қараймын. Бірақта мен
оларға шындап қараймын, сөйтіп өзімді өзіме де, басқаға да ал
даусыраттырмаймын. Шексіз өзді-өзінен түнілудің серілерін та
нып-білу оңай, олардың қимылы жеңіл, көңілді. Керісінше, өзінде
сенім құндылығын мықтап ұстайтындардан көңілдің қалуы әбден
мүмкін, өйткені олардың сырт пішіні филистерлік мещандықпен,
– оны шексіз мойынсұнушылық та, сенім де соншалықты терең
жек көреді ғой, – таңқаларлықтай ұқсас болып келеді.
Өз практикамда сенімді мысалдарды таба алмағанымды мен
бірден мойындауға тиіспін, және де осыған сүйеніп, айталық, әрбір
екіншінің осындай мысал бола алатынын жоққа шығаруға мен аяқ
баспаған болар едім. Алайда көптеген жылдар бойы мен тым бол
маса біреуінің ізін кесемін деп босқа тырысыппын. Адамдар
әншейінде таулар мен өзендерді, жаңа жұлдыздарды, түрлі-түсті
құстарды, түрі оғаш балықтарды, адамның күлдіргі типтерін көру
үшін жер бетін аралап, саяхат жасайды; олар бұл арада тікелей
өмір сүретінге жіті көз жүгіртіп, шынында да әлденені көрдік деп
ойласады. Бұлардың ешқайсысы да мені қызықтырмайды. Алайда
егер мен осындай сенімнің серісі20 қайда өмір сүретінін білсем,
мен оған жаяу-ақ аттанар едім; өйткені бұл керемет мені абсолютті
түрде қызықтырады. Мен оны бір сәтке де көзден таса қылмай,
әрбір минутымды оның өз қимылдарында қалай ашылатынын
қадағалаумен өткізер едім; мен өзімді өмір бойына қамтамасыз
етілдім деп есептеп, қарауға және өзім де жаттығуға болар едім,
өзімнің бар уақытымды оған таңырқанумен өткізер едім. Жоғарыда
айтылғандай, әзірше мен ондай адамды таппадым, алайда мен оны
өзіме елестете аламын. Міне ол. Танысу болды, мен оған танысты
рылдым. Ол менің көз алдыма түскен сәтте мен оны итермелеп,
өзім артқа шегінемін де, дауысымды төмендете: «Құдайым-ай, бұл
расында да сол адам ба, расында да ол ма? Ол мүлде салық жина
ушыдай көрінеді», – деп лепіремін. Ал бұл расында да ол екен.
Мен оған жақындап келіп оның әрбір қимылын қадағалаймын:
кішігірім болса да шексіздіктен айналы телеграфпен берілген үзік
болсын хабар білінбес пе екен деп,- көзінің қарасынан, бет
әлпетінен, ымынан, қапалануынан, күлкісінен, шектілікпен
ұқсаспайтың шексіздік көрініс таппас па екен деп. Ештеңе жоқ!
Мен оны бастан-аяқ қараймын: шексіздік қылтиып көрінетіндей
әлдебір үзік-тесік жоқ па екен дегендеймін? Ештеңе жоқ! Ол
толығымен тұтас және қатты. Ал оның тірегі ше? Ол қуатты, ол
толығымен шектілікке жатады, жексенбі күні кешкісін Фресберге
қарай қыдыруға киініп шыққан бірде-бір қала тұрғыны жер бетін
одан нығыз баса қоймас; ол толығымен дүниеге қарасты, бірде-бір
тоғышар дүниеге одан толығырақ қарасты бола қоймас. Мұнда
шексіздіктің серісіне шақ келетін бөгде әрі игі мәннен ештеңені де таба алмайсын. Ол бәріне де қуанады, бәріне де қатынасады, және оны осы жеке уақиғалардың қатынасушысы ретінде көрген сайын ол мұны жаны осының бәрімен тығыз байланысқан, жер басып жүрген адамға тән ынтамен жасайды. Ол өз ісімен айналысады. Және оны жұмыс кезінде көргенде оның ұсақ-түйекке дейінгі дәлдігі сондай, ол туралы: жақсы итальяндық бухгалтерияға толығымен кенелген жазғыш па деп ойлап қаласыз. Ол жексенбі күндері демалыс алады. Ол шіркеуге барады. Ешқандай да аспандаған көзқарас, бірде-бір өлшемсіздік белгісі оны ерекшелеп бөлмейді; және егер оны танымасаң, жалпы тобырдан оны бөліп алу мүлдем мүмкін емес; өйткені оның псалмдары қуатты да дұрыс айтуы асып кеткенде оның өкпесінің жақсы екенін дәлелдейді. Түскі тамақтан кейін ол тоғайға барады. Ол не көргеннің бәріне қуанады: адамдар тобырларына, жаңа омнибиустарға, Сундқа. Оны Страндвайенда жолықтыра қалсаң, оның қуануы соншалық сіз оны ерікке шыққан ләпкеші деп қаласың; өйткені ол ешқандай да ақын емес, мен сондықтан одан ақылдық оқшаулықтың құпиясын біліп аламын деп босқа әуре болған болар едім. Кешке қарай ол үйіне қайтады, оның жүрісі поштасының жүрісіндей тың келеді. Жолда ол әйелі оған арнайы дайындаған қандай да бір ыстық тамақтың, мысалы, көкөніспен қуырылған қойдың басының оны сөзсіз тосып тұрғаны жайлы ойлап келе жатады. Егер ол жол ды өзіне туыстас жанды кездестіре қалса, ондай адаммен сол тамақ туралы ресторторға тән қызуқандылықпен әңгіме құрып, Ёстерпорттың өзіне дейін жүріп өтуге қабілетті. Айттыайтпады,онда, бәлкім, төрт шиллинг те жоқ болар, дегенмен де әйелінің, оған сондай деликатес дайындап қойғаның ол абсолютті сенімді. Егер шынында әйелі соны істеген болса, онда оның тамақты жеуінің өзі әулетті адамдар үшін қызғаныштың сылтауы және қарапайым адамдар үшін серігудің сылтауы болады, – өйткені оның тәбеті Исайанікінен артық болмаса, кем соқпас. Егер де әйелі ондай тамақты дайындамаған болса, ол – қаншама оғаш көрінгенімен – мүлдем сол қалпында қалады. Жолда ол құрылыс алаңының жанынан өте бере, басқа адамды кездестіреді. Сәл уақыт олар бірге әңгімелеседі де, ол тез арада әлдебір құрылғыны көтеруге көмектесе қояды, бұл үшін онда бәрі де алдын-ала дайын тұрғандай. Кездейсоқ кезіккен адам мұны бұл нағыз капиталист екен деп ойлап қалады, ал менің сылқым серім: иә, егер де іс осыған жетсе, мен мұны оп-оңай тындырар едім деп ойлаған болар
еді. Ол ашық әйнек алдында жайбарақат отырып алып, ұй қасындағы алаңға қарап, оның көз алдынан өткеннің бәрін – ағаш қиындыларынан аяғы тайып кеткен, егеуқұйрық сұр тышқан бол сын, ойын балалары болсын – қызыға көріп, әлдебір он алты жасар қызға ұқсап, осы бар болмысымен тыныштық рахатына батады. Дегенмен ол ешқандай данышпан емес; өйткені мен одан данышпанға тән оқшаулықты қанша тырыссам да байқай алмадым. Кешқұрым ол өзінің трубкасын тартады; оны осындайда көргеніңде қарсы үйде тұратын сыр сатушы ғой, мұнда қараңғыда демалып отырған деп, ант ұруға болар еді. Ол бәріне де саусақтарының ара сынан ешбір уайымы жоқ адамдай қарайтыны соншалық, оны әлдебір жеңілтек босбелбеу біреу екен деп қаласың, ал, алайда, ол өз өмірінің әр мезетін21, «уақытпен есептесіп, себебі күндер ал дамшы»,22 дегендей, ең қымбат бағамен сатып алып отырады, өйткені ол тіпті ең аз дегеннің өзін басқадай емес, сандырақтың күшімен жасайды. Ал дегенмен де, мен осының бәрінен ашу-ызам қайнап жынданып кете жаздаймын, егер де басқадай бір себеппен болмаса да, тым болмаса қызғаныштан-ақ, – дегенмен де бұл адам шексіздік қимылын іске асырады және оны әрбір келесі сәтте де іске асыруды жалғастырып келеді. Ол жүзбе-жүз бар өмір сүрудің терең қайғықасіретін өзінің шексіз өзді-өзінен бас тартуына сыйғыза сіміреді, оған шексіздіктің ләззәті таңсық емес, ол бәрінен де бас тартудың, бұл дүниеде тек адам баласында ғана болатын ең сүйіктіден де бас тартудың, ауыртпалығын бастан кешкен; деген мен де ол үшін бұдан жоғарырақ ештеңені де білмейтінге қалай болса, дәл солай шектіліктің дәмі жағады, өйткені оның шектілік тегі жалғасып жатқан болмысы азапқа, қорқынышқа толы жаттандылықтың ешбір ізін білдірмейді, сонда да ол шектіге қуануға, бәрінен де ең берігі осы шектідей-ақ, көмектесетін мықты сенімділікке ие. Дегенмен де, дегенмен, оның өне-бойына тән осы қарапайым түр сандырақтың күшінен келген жаңа туынды. Ол әрдайым шексіздік қимылын іске асырады, алайда оның мұны дәлдікпен және сенімділікпен жасайтыны соншалық, ол тұрақты түрде осыдан шектіні алып тұрады, және ешкім бір секунд бойы да басқа әлдене деп күдіктене алмайды. Бишінің ең қиын міндеті секірістен кейін белгілі бір кейіпке енуде жатыр, және де бұл кейіпке түсуге бір секунд те бұрын әдейілеп қомданбайтындай, бірақ осы кейіп алдын-ала секірісте тұтылып тұрғандай болуы тиіс. Мүмкін, бұл бірде бір бишінің қолынан келмес, ал сері бұны істейді. Көптеген адамдар табиғи қайғылар мен қуаныштарға бөленіп өмір сүреді, бірақ олар залда отырып қалатындар, олар
енді биге қатыспайды. Шексіздік серілері бишілер болып келеді, және оларда әуелеу бар. Олар бірде жоғарылап, енді бірде төмендеп қозғалады, бірақ тіпті өзді-өзінен алғанда да мұндай іс – бұл әлдеқандай құр босқа уақыт өткізу емес, және тіпті оларға қараудың өзі өте жағымды әсер қалдырады. Алайда әрбір рет құлдырап төмен түскен сайын, олар керекті кейіпке тез арада кіре алмайды, олар қандай да бір сәтке мүдіріп қалады, және бұл мүдіру олардың бұл дүниеде дегенмен де бөтен екендігін дәлелдейді. Осындай мүдіру олардың өз өнерін қаншалықты меңгергеніне орай көп бол сын не аз болсын көзге ұрып тұруы мүмкін бірақ тіпті серілердің ішіндегі ең ептілері де мұндай тербелісті жасыра алмайды. Мұндайда оларды әуеде көрудің керегі жоқ, олар жерге енді ғана жанасқан сәтте немесе жанасқаннан сәл кейін қарасаң болғаны; оларды түстеп алу үшін соның өзі-ақ жеткілікті. Алайда сол секун дта-ақ олар тұрғандай не жүріп келе жатқадай әсер қалдыра құлдырау, бүкіл өмір секірісін өзіндікбір жүріс мәнеріне айнал дыру, жаяу жүріс әдеттерінде нәзік нәрсенің абсолюттік өрнегін табу, – мұндайға тек осындай серілер ғана қабілетті; бірден-бір кереметтің өзі де осында тұр. Бірақ бұл керемет оп-оңай алдап та кетуі мүмкін; сондықтан мен барлық қимылдарды шындыққа деген осындай қарым-қатынас жарық түсіруге көмектесетін бір белгілі жағдайға орай суреттейін. Әлдебір балаң жігіт принцессаға ғашық болып, өмірінің бар мәні осы махаббатқа тіреледі делік, және, алайда, бұл қарым-қатынастың іске асуы, оның идеалдықтан реалдылыққа аударылуы тіпті де мүмкін емес делік*. Түкке тұрғысыздықтың құлдары, өмірдің лай балшығының бақалары әрине былай деп айқайға басады: мұндай махаббат – барып тұрған ақымақтық, ал шарап қуушының жесірі де сондай жақсы әрі сенімді қалыңдық болған болар еді-ақ. Жа райды-ақ олар балшықта бақылдай берсін тынышымен. Бұл шексіз өзді-өзінен түңілудің серісіне (Rіdderen of den uendіlіge Resіgnatіon) еш жараспайды; ол өз махаббатынан жарық дүниенің ешқандай да игілігі үшін бас тартпайды. Ол – даңғаза сән қуғыш әлде біреу емес қой. Ең алдымен ол бұл махаббаттың оның өмірінің мән- * Индивид өзі үшін шындықтың бүкіл реалдылығын шоғырландырған кез-келген өзге басым түрде, әйтеуір бұл мүдде іске аса алмайтындай болған емес, өзді-өзнен түңілу қимылына бастама беруге қабілетті екені өзінен-өзі түсінікті. Мен мысал есебінде ғашық болуды таңдап алдым, сөйтіп оның көмегімен мұндай қимылдың қалайша ширатылатының көрсетпекпін: ал бұл мүддені ұғыну әлдеқайда жеңіл болғандықтан, ол мені шыныменен терңінде тек өз ғана адамдарға қызықты болатын барлық алдын алатын пайымдауларға бару қажеттілікпен босата алады.
мазмұнын құрайтынына көз жеткізуге тырысады, және бұл мас қылып естен айырарлық махабаттың тіпті ең кішігірім бөлігінің де бостан-босқа шашылуына жол беріп қоюы үшін оның жаны тым табиғи және тым тәкәппар. Ол үрейленіп саспайды, бұл ма хаббат оның ең жасырын, ең құпия деген ойларына бойлап енеді деп, оның санасының әрбір бөлшегін сансыз шығыршықтар құрып аймалап алады деп қорықпайды; егер махаббат бақытсыз болса, ол енді ешқашан да оның құшағынан қашып құтыла алмайды. Ол өзінің әрбір жүйкесіне махабаттың терең сіңгеніне төзіп, ләззәты мол рақатқа батады. Алайда, оның жаны у құйған ыдысты қағып салып, енді қанының әрбір тамшысына бұл улы шырын қалай та рап жатқанын сезетін адамның жанындай. Өйткені бұл сәт өмір мен өлімнің өзі ғой, – салтанат құрады. Сөйтіп, бүкіл осы махаб батты өзіне сіңіріп және оған тереңдей еніп, ол бәрін де көріп-білу және бәріне де бел буып кірісу үшін өзінде жеткілікті батылдығы барын сезінеді. Ол өз өмірінің қарым-қатынастарын қарастырады, ол шапшаң ойларын бірге жинақтайды, ал бұл ойлары үйретілген пошташы кептерлерге ұқсап, оның әрбір белгісіне бағынады, ол өзінің темір таяқшасын олардың үстінен олай да былай сілтегенде, олар жанжаққа ұшып тынатын болады. Бірақ енді олардың бәрі оған мұның бәрінің мүмкін еместігін түсіндіріп, қайғының хабар шысы ретінде қайтып оралғанда, ол тынышталып, олардың бәріне алғысын айтып жалғыз қалады және сонда ғана осы қимылды жасайды. Егер де менің осында айтқаным әлдебір мағнаға ие бо латын болса, онда осының бәрі дұрыс болып шығады, әттең тек қана қимыл қалыпты өтсе болғаны*. Сонда серіге өз өмірінің бар * Бұл – ынтызарлықты қажет етеді. Шексіздіктің кез-келген қимылы ынтызарлық арқылы іске асады және ешқандай да рефлексияның қимылды тудыруға хал-күші келмейді. Осы тікелей бар өмір сүруде тұрақты созылатын секіріс-қимылды түсіндіретін секіріс, ал сол арада уәждеу химера болып табылады; Гегельде осы уәждеу бәрін де түсіндіруге тиісті, және сол уақытта бұл оның ешқашанда түсіндіруге ұмтылмаған нәрсесі. Тіпті, нені түсінетін мен нені түсінбейтіннің арасына белгілі сократтық шекара жүргізу үшін де ынтызарлық қажет; және де өзіндік сократтық қимыл – білместік қимылын – жасау үшін одан да артық ынтызарлықтың керектігі әбден табиғи. Алайда, біздің кезімізде жетіспейтін нәрсе бұл рефлексия емес, бірақ ынтызарлық. Сондықтан біздің кезіміз әлдебір мағынасында өлімге,өлімге қарағанда өмірге тым құштар, өйткені өлу-бұл ең таңқаларлық секірістердің бірі, және әлдебір ақынның кішірек бір өлеңі әрқашан маған ұнайтын-ды, себебі автор бес-алты алдыңғы жолдарда бұл өмірде өзіне әртүрлі керемет және қарапайым заттарды тілей келе, соңынан мына сөздермен аяқтайды: «Eіn selіger Sprung іn dіe Enіgkeіt»23.
мазмұнын және шындықтың мағынасын бірден-бір жалғыз тіле
гіне жинақтау үшін бірінші рет күш бітеді. Егер де адамға осын
дай жинақылық, осындай тұйықтық пен оңашалық жетіспесе,
онда оның жаны әуелден-ақ санқилы бөлшектенген болғаны, ал
сондықтан ешқашан да мұндай қимылдарды жасау оның қолынан
келмейтін болады; бір жерден ұтылса, екінші жерден ұтуы үшін
өз капиталын әртүрлі бағалы қағаздарға салғыштайтын банкир
лерге ұқсап, ол өз өмірінде байқап-байқап әрекеттенетін болады;
қысқасы ол ешқандай да сері емес. Ой жүзіндегі операцияның бүкіл
қорытындысын сананың бірден-бір актысына жинақтау үшін, сол
үшін сері күшіне енетін болады. Егер де оған мұндай тұйықтылық
пен онашалық жетіспесе, онда, оның жаны ең басынан санқилы
бөлшектенген, және сондықтан ол бұл қимылды жасауға ешқашан
уақыт таппайды; сөйтіп ол өзінің ұсақ-түйек өмірлік істеріне
асығып жүріп, ешқашанда мәңгілікке батылы жетіп кіре алмайды;
өйткені мәңгілікке ең жақындап келген сәтте ол кенеттен әлденені
ұмытып кеткені және сондықтан міндетті түрде кері қайтуы тиіс
екені есіне түсе қалады. Келесі бір сәтте бұл мүмкін болар деп
ойлайды ол, және де мұнысы әбден дұрыс та; алайда, осындай
ойлардың салдарынан ол ешқашанда осы қимылды жасауға жете
алмайды, керісінше, олардың көмегімен ол барған сайын тереңдей
саздаққа малынады.
Сері қимыл жасайды, бірақ қандай қимылды? Ол тұтасты
ұмыта ма? Мұнда да жинақталудың әлдебір тегі бар ғой. О, жоқ!
Өйткені ол өзіне-өзі қайшы келмейді, ал мұнда қайшылықтың
бар екені анық: өзінің барлық өмірінің мазмұнын ұмыту, сөйтсе
де өзімен өзі болып қалу. Ол басқа біреуге айналуға деген ешбір
ұмтылысты сезінбейді, ол одан ешқандай да ұлылықты аңдамайды.
Тек төмен тектілер ғана өзді-өзін ұмытып, жаңа бірдеңеге ауыса
ды. Солайша, көбелек бір кезде құрт болғанын мүлде ұмытады;
мүмкін, ол көбелек болғанын да соншама толығынан ұмытуға
қабілетті болып, соның арқасында балыққа айналып кетер. Тегі
тереңдер өзді-өзін ешқашан ұмытпайды және ешқашанда өзінен
өзге бір нәрсеге ауыспайды. Сондықтан сері бәрін де есінде
ұстайтын болады; алайда мұндай еске алу аумаған дерт болып
табылады, ал сыңайында ол өзінің шексіз өзді-өзінен түңілуінде
тікелей бар болмысқа көндіккен еді. Сол бір принцессаға деген
махаббат ол үшін мәңгілік махаббаттың кәріне айналады, діни
сипат алады, мәңгілік мәнге деген махаббат деңгейіне көтеріледі;
ал бұл соңғысы одан бас тартса-дағы, дегенмен де оның мәңгілік
тұрпатындағы мәнділігін одан енді ешқандай да шындық тартып ала алмайтын мәңгі сезінуінде оны қайтадан көніктіреді. Ақылы жоқтар мен жас адамдар адам үшін бәрі де мүмкін деп көп сөйлей береді. Шындығында бұл үлкен қате. Рух тұрғысынан алғанда бәрі мүмкін, бірақ шектілік дүниесінде мүмкін емес нәрселер то лып жатыр. Алайда сері бұл мүмкін еместі оны рухани өрнектеу арқылы мүмкін қылады, бірақ мұны одан бас тарту арқасында ру хани өрнектейді. Оны шындық бетіне шығаруы тиісті деген, бірақ мүмкін емеске кезігіп дал-далы шыққан ықылас, енді ішке қарай бағытталған болып шығады,- ал сондықтан ол жоғалмайды да және ұмытылмайды да. Кейде ықыластың ең бір беймәлім деген қозғалысы онда еске алуды қоздырады, кейде еске алу өзді-өзінен қоза бастайды; өйткені, ол тым тәкәппар және оның бүкіл өмірінің мазмұны алыпқашпа бір минуттың ісі ғана болғанын қаламайды. Ол бұл махаббатты болған қалпында сақтайды, және де бұл ма хаббат онымен бірге жасасып, сұлулана түседі. Және де керісін ше, бұлайша өсу үшін оған шектілік жағынан әлдебір соған сай келетін жағдайдың керегі жоқ. Ол осы қимылды жасаған сол бір сәттен бастап, принцесса ол үшін жоғалады. Енді оған, айталық, ол өзінің сүйіктісін көргендегісіндей және тағысын тағысындай, бұл эротикалық жүйкелік күйзелістер бұдан былай керегі жоқ, оған енді сөздің шекті мағнасында онымен әрдайым қоштасудың керегі жоқ, өйткені ол оны сөздің мәңгілік мағынасында есінде ұстайды, және де ол, айрылысар кезінде бірін-бірі тағы да бір рет, соңғы рет, көруге ынтық болатын ғашықтардың осындай ынтықтығында әбден дұрыс істейтінін, және де олардың бұл соңғы рет деп жоры туы да дұрыс екендігін, ол әбден жақсы біледі; өйткені дәл солар бірін-бірі бәрінен де тез ұмытады да. Ол терең бір құпия сырды өзіне ашты: тіпті, басқаға деген өз махаббатында адамның өзі өзі үшін жеткілікті болуы маңызды. Ол принцессаның не істейтініне деген шекті қызығушылықтан арылды, – бұл тура ғана оның өз қимылын шексіздікпен іске асырғанын дәлелдейді. Мұнда тура ғана жеке бір индивидтің қимылы ақиқат немесе жалған болып шыққанын анықтауға жағдай туындайды. Айталық, әлдеқашан осы қимылды мен де жасадым деп жүрген бір адам болды делік, бірақ қараңыз: уақыт өтті, принцесса бірдеңе бір басқаны жаса ды, мысалы принцке күйеуге шықты, және оның жаны өзді-өзінен түңілуге деген икемділігін жоғалтты делік. Сонысымен ол тек бұл қимылды шыныменен де іске асыра алмағанын ғана дәлелдеп бер ді: өйткені, шексіз түңілген адам өзді-өзіне жеткілікті адам болып
табылады. Сері өзінің өзді-өзінен түнілуін жоққа шығармайды, ол өз махаббатын ең алғаш сәтте болғанындай балғын қалпында сақтайды, ол тек бұл қимылды шексіздікпен іске асырғандығы арқасында ешқашанда оған тайып кетуге мұрша бермейді. Сөйтіп, принцессаның не істейтіні оны ешқалай да күйзелте алмайды; тек негізі төмендер ғана өз іс-әрекеттерінің заңын басқа адамнан, өз іс-әрекеттерінің алғышарттарын өзді-өздерінен емес, тысқарыдан іздестіреді. Егер де, керісінше, принцесса ол үшін туыстас жан болатын болса, мұнда тамаша салдар туындауы мүмкін. Онда ол өзі бұл серілер орденіне кіреді, ал бұған жай ғана сайлауға түсу арқылы ешкім де қабылданбайды; оған өзді-өзінен кіруге батылы жеткен кез келген адам бұл орденнің мүшесі бола ала ды, – еркек пен әйелдің арасында ешқандай да айырмашылық жасамайтындығымен бұл орден өзінің өлместігін дәлелдейді. При нцесса дәл солай өз махаббатын балаң әрі балғын түрде сақтайды, ол дәл солай, егер де тіпті, өлеңде айтылатынындай, оған «әр түн сайын өз мырзасының қасында жатуға»24 тура келмесе де, өз азабына төзе біледі. Бұл екеуі бұдан былай бүкіл мәңгілік бойы айқын және ырғақты harmonіa praestabіlіta* түрінде бір-біріне жаралған болатыны соншама, тіпті әлдебір мезеті келе қалғандай болса, – бұл мезет, алайда, шекті дүниеде оларды тіпті де соншама жайлай алмайды, өйткені бұл дүниеде олар қартаяды, – олардың өз махаббатын уақыт дересінде көрсете алуға мүмкіндік беретін мұндай мезет, дегенмен, келе қалатындай болса, онда олар басы нан бір-бірімен қосылған болғанда қайда бастайтын болса, дәл сонда бастайтындай халде бола алар еді. Мұны түсінетін кім-кім де мейлі еркек не әйел болсын – ешқашан да алданып қалмайтын болады; өйткені, тек табиғаты төмендер ғана алданып қалғандай күй кешеді. Тәкәппарлығы жетімсіз бірде-бір қыз нағыз сүйе біл мейді; егер де ол шынында да асқан тәкәппар болатын болса, онда бүкіл дүниенің қулығы мен айласы дегенмен де оны алдаусырара та алмаған болар еді. Шексіз өзді-өзінен түңілуде бейбітшілік пен тыныштық қоныстанған; мұны қалайтын және өзіне – өзі деген жеккөрушілігімен (ал бұл тым тәкәппар болудан да қорқыныштырақ) өзін қорламайтын әрбір адам, өзінің тауқыметінде-ақ оны бар деген болмысымен келістіре алатын бұл қимылды жасау қолынан ке летіндей қылып өзін тәрбиелей алады. Шексіз өзді-өзінен түңілу- * - «Алдын-ала құрылған үйлесімділік» (лат).
бұл көне бір халық еретегісінде айтылатын сол бір көйлек25. Оның жібі көз жасымен иіріледі, матасы көз жасымен ағартылады, көйлек көз жасымен тігіледі, бірақта ол болат пен темірден артық қорғайды. Бұл халық ертегісінің кемшін жері, оның матаны әлдебір үшінші біреудің дайындайтындығын мәлімдейтіндігінде. Өмірдің құпиясы әркімнің өзіне мұндай көйлекті өзі тігуге тиіс екендігінде жатыр, және еркектің әйелден еш кем түспей оны жақсы тігу білу ге қабілетті екендігі тамаша. Шексіз өзді-өзіне түңілуде бейбіт шілік пен тыныштық және де, шындығында, тек егер қимыл дұрыс атқарылған болса ғана, тауқыметте жұбаныш табу қоныстанады. Сол аралықта-ақ мен өзімнің кішігірім практикамда ұшыратқан неше түрлі жаңсақтықтарды қарастыруға көңілім түссе, маған толық бір кітапты жазып тастау қиынға соқпас еді. Адамдар рухқа тым аз сенеді, ал әлдекім бұл қимылды жасауға талпынғанда әңгіме дәл рух жөнінде болады, әңгіме бұл қимылдың dіra necessіtas26тың әлдебір сыңаржақ қорытпасы еместігі екендігінде болып отыр; және бұл қимыл неғұрлым көбірек үзіктелсе, соғұрлым оның дұрыс іске асқаны күдікті болып көрінеді. Мұнда суық та құнарсыз қажеттілік бәрі бір міндетті түрде болуы тиіс деп талап ету, өлудің шынайы сәті келгенге дейін ешкім де өлімді елестете алмайды дегенмен барабар, – ал бұл маған дөрекі материализм бо лып көрінеді. Дегенмен де біздің уақытымызда адамдар таза қимыл жасау қамына аз көңіл бөледі. Айталық, биге үйренуші әлдекім былай деді делік: «Жүздеген жылдар бойы ұрпақтар бірінен кейін бірі осы қимылдарға үйреніп келді, маған соны әлдеқалай пайда ланып, бірден француз биін билей бастаудың кезі келді-ау». Бәрі де, әрине, оған аз-аздап күлген болар еді; алайда рух дүниесінде осыған ұқсас әлдене әбден орынды деп саналады. Олай болса, тәрбие дегеніміз нені білдіреді? Мен әрқашан мұны жеке адамдар өзді-өзін тезге салу үшін өтетін әлдебір курс деп санайтынмын; және де мұндай курсты өткісі келмейтінге оның ең бір білімді де ген ғасырда туғанының көмегі шамалы болады. Шексіз өзді-өзінен түңілу – бұл сенімнің тікелей алдында бо латын соңғы саты, бұл қимылды жасамағанның бір де біреуінің сенімі жоқ; өйткені тек шексіз өзді-өзінен түңілуде ғана мен өзіме өзім мәңгілік мәнісінде анық бола аламын және тек сонда ғана бар болмысты сенім күшімен тану арқылы сөз қозғауға болады. Ал енді бұл мұнда талқыланып жатқан жайдың ішіне сенімнің серісі (Troens Rіdder) кірсін делік. Ол да абсолютті басқа бір серінің жасағанын жасайды, ол шексіз бас тартуда бүкіл
өмірінің мазмұнын құрайтын махаббатын береді, ол тауқыметте
тыныштыққа бөгілген; алайда мұнда бір керемет орын алады, ол
тағы да бір қимылды, бәрінен де ең таңқаларлық қимылды іске
асырады, өйткені ол былай дейді: «Мен дегенмен де оны аламын
деп сенемін, нақ сандырақтың күшімен, Құдайға бәрі де мүмкін
дегеннің күшімен сенемін». Сандырақ пайымға қарасты саланың
ішінде орын тебетін айырмашылықтарға мүлде дерлік жатпайды.
Ол шындыққа ұқсас емеспен, тосыннан болатынмен, байқаусызда
іске асатынмен тіпті де бара бар емес. Сері түңілетін сол бір ме
зетте ол, адам тұрғысынан алғанда, қалағанның мүмкін еместігіне
көзі жетеді, сөйтіп бұл пайымдық ойланудың жиынтығы болып
табылады, және де оған мұны ойлап үлгіруге энергиясы да жетеді.
Шексіздік мағынасында бұл – керісінше, мүмкін және оның дәл
осы бас тартуы арқасында мүмкін болады; алайда, мұндай ие болу
пайым үшін сандырақты болмағанымен сол мезетте-ақ бас тарту
болып табылады; өйткені пайым өзі патшалық ететін шекті дүниеде
бұл мүмкін емес болғанында және бола беретінінде өзінің бар
шындықтығын сақтайды. Сенімнің серісінде де мұның сана-сезім
ге жетуі соншама айқын орын тебеді; оны құтқарып қалатын бір
ден-бір нәрсе – осы сандырақ мұның бәрін ол сенімнің көмегімен
танып-біледі. Демек, ол мүмкін еместікті мойындайды, және де
сол мезетте-ақ ол сандыраққа сенеді; өйткені ол сенімі бар екен
ғой деп елестеткісі келіп, сонымен бірге өз жаны мен жүрегінің
бар ынтызарлығымен мүмкін еместікті мойындамаса, онда ол өзді-
өзін алдайтын болады, және оның куәлігі негізді болып шықпайды,
өйткені ол тіпті шексіз өзді-өзінен түңілуге де жете алған жоқ.
Сондықтан да сенім – бұл әлдебір эстетикалық толқу емес,
ал әлдеқайда жоғарырақ әлдене болып табылады; дәл осы өзді-
өзінен түңілу оның алдын алатындықтан, ол тікелей жүректің
қимылы бола алмайды, ал тек бар болмыстың парадоксы (Tіl
vaerelsens Paradоx) ғана болады. Сол себепті, егер де жас қыз,
барлық қиыншылықтарға қарамастан, дегенменде оның тілеге
ні орындалады деп сенетін болса, мұндай сенімділік ешқалай да
сенімнің сенімділігі бола алмайды, және де бұл оны тәрбиелеген
әке-шешесінің христиандар болғанына, ал оның өзі, мүмкін, жыл
бойы ылғи да пасторға барып жүргеніне қарамастан солай болып
шығады. Ол мұнысында барлық балалық аңғырттығымен және
кінәратсыздығымен сенеді, бірақ тіпті осындай сенісділіктің өзі
оның бар болмысын оның өзіне жаратылысынан ерек ұлылық бере
отырып игілендіреді; сондықтан да ол, таңғажайыпты тудырушыға
ұқсап, бар болмыстың шекті күштерін дуалап және тіпті тастарды да өкіре жылауға мәжбүрлеуге қабілетті, және де, екінші жағынан, дәл өзінің абыржыған шағында ол, барша дүниені өзінің жалба рынышты күйімен елжірете, қолдау сұрай Иродқа да, Пилатқа да жүгінуге бар. Оның сеніміне берілгендігінің махаббатқа лайықтығы айтарлықтай, және де одан көп нәрсеге үйренуге болады, алайда одан бір нәрсеге – осы қимылды іске асыруға үйрене алмайсың; өйткені оның сенімділігі өзді-өзінен түңілудің тауқыметті қайғысында мүмкін еместің көзіне тесіле қарауға ше шіле алмайды. Мен сонымен өзді-өзінен түңілудің шексіз қимылын жа сау үшін рухтың күші мен энергиясы қажет екенін түсінуге қабілеттімін; менің дәл солай оны жасауға болатынын да түсінуге қабілетім жетеді. Бірақ келесі қадам мені таңдандырады, басым ды шыр айналдырып жібереді; енді, өзді-өзінен түңілу қимылы іске асырылғаннан кейін, сандырақтың күшімен бәріне қол жет кізу, тілегенімнің толық және шартсыз орындалуына қол жеткі зу – мұны түсіну адамның күшіне сыймайды, бұл керемет. Бірақ қалай болғанда да, жас қыздың өзіне деген сенімділігі сенімнің бе кемділігімен салыстырғанда тек қана жеңіл-желпі әлдене екенді гін, мұның баршама мүмкін еместігін сенімнің әбден сезінетініне мүлдем тәуелсіз, түсінуге мен қабілеттімін. Осы қимылды жасамақ болған әрбір кезімде менің көзім қарауытады, дәл сол бір сәтте мен онымен абсолютті таңданамын және де осы бір сәтте менің жанымды аскан бір қорқыныш би лейді, өйткені: Құдайды еліктіру дегеніміз не? Дегенмен, филосо фия барлық ұғымдарды шатастыру үшін ғана онда сенім бар деп қаншама бізді көндірмек болғанымен, және де теология қашама оны арзан саудаға салуға тырысқанымен, сенімнің осы қимылы өз қалпында қалады. Түңілу үшін ешқандай да сенім керек емес, өйткені түңілу арқылы менің табатыным ол менің мәңгілік санам, ал бұл шындығында — таза философиялық қимыл, оны мен керек болғанда жасауға кірісе аламын және де менің алдыма әлдебір шекті жағдай оғаштана келе қалғандай әлдебір кезде мен оған өзім дайын бола аламын; мен мұнайда өзімді аштықпен қинаймын, осы қимылды жасап болғанша мен өзімді жардың жиегіне дейін жеткіземін; өйткені менің мәңгілік санам ол менің Құдайға деген махаббатым, ал ол мен үшін бәрінен де жоғары тұр. Түңілу үшін ешқандай да сенім керек емес. Алайда, сенім осы менің мәңгілік
санама қарағанда әлдеқайда шамалыға қол жеткізу үшін керек болады. Кереғарлық осында жатыр. Бұл қимылдарды жұрт жиі шатастырады. Барлығынан да бас тарта білу үшін сенім қажет де седі; иә, одан да оғаштау әлденені естуге болады: кейде адам сені мімді жоғалтып алдым деп шағымданады, ал біз оның қай тұста тұрғанын анықтау үшін жалпы шәкілге көз тастасақ болғаны, оның жалпы тек өзді-өзінен түңілудің шексіз қимылы жасалуға тиісті нүктеге ғана жеткенін оғаш та болса, байқаймыз. Осын дай түңілу арқылы мен бәрінен бас тартамын, бұл қимылды мен өзім арқылы жасаймын, және де егер мен оны істемесем, онда бұл менің қорқақтығымнан және нашарлығымнан әрі шабыттан жұрдай болғандығымнан, әрбір адамнан өзінің меншікті цензо ры болуды,- ал бұл, шындығында барша Рим республикасының бас цензоры болудан әлдеқайда ұнамды яғни талап ететін жоғары қадыр-қасиеттің мәнін менің сезінбейтіндігімнен орын тебеді. Мен бұл қимылды өзді-өзім арқылы жасаймын, және де мен сол арқылы дәл өзімнің мәңгілік қозғалысымдағы мәңгілік мәнге де ген менің махаббатыммен игі келісімдегі өзді-өзіммен табысамын. Өз-өзінен түңілу арқылы мен әлденеден бас тартпаймын, керісін ше, өзді-өзінен түңілу арқылы мен бәріне, бұршақтың дәніндей сенімі бар тауларды қозғай алады27 дейтіндейін мағынада, қол жеткізе аламын. Мәңгілікке қол жеткізу мақсатымен өткіншінің бәрінен бас тарту үшін таза адами батылдық керек, алайда егер де ол менің қолыма түссе, мен одан мәңгі бақи бас тарта алмай мын, әйтпегенде бүл өзді-өзімдегі қайшылық болар еді; алайда парадоксқа толы және кішіпейіл батылдық бар уақытшалықты сандырақтың күшімен тану үшін қажет, және де мұңдай батылдық – сенімнің батылдығы. Сенім арқылы Авраам Исаактан бас тарт пады, ол сенім арқылы Исаакқа қол жеткізеді. Сол бай балаң жігіт өзді-өзінен түңілудің күшімен бәрін берер еді, алайда ол мұны жа сап үлгірген кезде, сенімнің серісі оған: «Абсурдтың күшімен сен бәрін қайтып аласың, әрбір тиынына дейін, бұған сенуіңе болады», – деп айта алар еді. Және мұндай сөздер бұл бір кезде бай болған балаң жігітке ешқалай да немқұрайды болып қалмас еді: егер де ол өзінің бар байлығын тек оны жалықтырғаны үшін ғана таратып берген болса, демек, оның өзді-өзінен түңілуінің жайсыз болып шыққаны ғой. Уақытшалық, шектілік – міне, бәрі осы екеуінің маңында шыр айналады. Мен өз күшім арқылы соңынан өз тауқыметімде татулық пен тыныштық тауып бәрінен де түңіле аламын; мен
бәріне де көне аламын, егер де бұл қорқынышты әзәзіл адамдар
ды корқытатын бас сүйегі мен сүйектерден де қорқышынты бол
са дағы, егер де тіпті есерсоқтықтың өзі менің көз алдымда шут
қалпағын ұстап тұратын болса және оның бет-әлпетіне қарап мен
бұл қалпақтың маған кигізілетінін түсінсем дағы, – бәрібір тіпті
осы жағдайда да, егер де пендешілдік бақытымнан гөрі Құдайға
деген махаббатымның менде жеңіп бара жатқандығын сезіну мен
үшін маңыздырақ болса, мен өз жанымды құтқара аламын. Адам,
тіпті осы соңғы мезетте де бүкіл өзінің жанын бізге жақсылық жа
удыратын аспанға қадалған бірден-бір көзқарасына жұмылдыруға
қабілетті, және де бұл көздің қарасы оның өзіне де, содан оның
іздегеніне де түсінікті болады; бұдан оның өз махаббатына берік
екендігі айқындалады. Ал онда ол өз басына шут қалпағын жайы
мен-ақ кие алады. Жаны мұндай романтикадан жұрдай адам іс
жүзінде, ол бұл үшін патшалықты алды ма әлде бар-жоғы бір-екі
құрыған күміс ақша алды ма, оған қарамастан жанын сатқан болып
табылады. Алайда, өзімдік күшім арқылы шектілікке жататыннан
мен кішігірім де үлес ала алмаймын; өйткені бәрінен де түңілу
үшін мен бұл күшіме әрқашан құштармын. Өз күшім арқылы мен
принцессадан бас тарта аламын, және де мен шағымданып жатпай
мын, бірақ өз тауқыметімде татулық пен тыныштық табатын бола
мын, алайда өзімнің өзімдік күшім арқылы мен оны қайтарып ала
алмаймын, өйткені одан түңілу үшін мен бұл күшке құштармын.
Алайда, сенім арқылы, дейді бұл таңғажайып сері, сенім арқылы
абсурдтың күшімен сен оны қайтадан ала аласың.
Бірақ қараңызшы, міне дәл осы қимылды мен жасай да ал
майды екенмін. Оны тек бастамақ болып ұмтылсам болғаны, бәрі
кері қайтады. Сөйтіп мен тағы да өзді-өзімнен түңілу тауқыметіне
қарай кері сырғақтаймын. Мен өмірдің бетімен жүзуге қабілеттімін,
бірақ мұндай тылсымдық қалықтау үшін мен тым ауырмын. Өмір
сүруге деген қарама-қарсылық әр мезетте мен үшін сұп-сұлу әрі ең
сенімді гармония сияқты көрінетіндей болып, солайша өмір сүру,
– бұған мен қабілетті емеспін. Дегенмен де бұл – принцессаны алу
– кереметтей болуға тиіс, мен әр мезет сайын өзіме-өзім солай деп
қайталаймын, ал мұны айтпайтын өзді-өзінен түңілу серісі, тегі,
алдауыш болар, онда мұндай бірден-бір тілек болған емес, және
де ол өз тілегін тауқыметті сағынышта балаң қалпында сақтай
алмаған. Мүмкін, ол өз тілектерінің тірі қалпында қалмағанын,
тауқыметінің өткір ұшының мұқалғанын өзіне өте қолайлы
санайтындардың бірі болар; алайда мұндай адам мүлдем сері
емес-ті. Өзінің осындай жағдайда екенін түсінген еркін туған жан өзді-өзіне жек көрінішті болып, бәрін де қайтадан бастайды; және де мұндай адам ең алдымен өзді-өзіне өз жанын алдаусыратуға жол бермейді. Алайда, сонымен, принцессаны қайтарып алу – бұл керемет болуға тиіс, алайда сонымен сенім серісі ғана – бәрінің ішінен де жалғыз бақытты, шектіліктің заңды мұрагері, ал өздіөзінен түңілу серісі болса – жат және келімсек болып табылады. Принцессаны, міне осылай қайтып алу, онымен көптеген күндер бойы көңілді әрі бақытты өмір сүру (өзді-өзінен түңілу серісі де дәл осылай принцессаны қабыл алуға қабілетті деп ойлауға әбден болар-ақ еді, алайда оның жаны олардың болашақ бақытының мүмкін еместігін алдын ала білген еді), саңдырақтың күшімен әрбір мезетте, міне осылай қуанышты әрі бақытты өмір сүру, әрбір мезет сайын сүйіктіңнің басына семсердің төніп келгенін көру, және де бәрібір өзді-өзінен түңілудің тауқыметті сағынышында тыныштыққа емес, бірақ сандырақтың күшімен қуанышқа қол жеткізу, – бұл таңғажайыптың тап өзі болып табылады. Кімде-кім осыны жасаса, сол шынында да ұлы болмақ, бәрінен де сол жалғыз болып қалады; бұл туралы ой ұлылықты таңырқауға ешқашанда сараңдық қылмаған менің жанымды тебірентеді. Расында да, егер менің ұрпағыма жататынның сенім ге тоқталғысы келмегендерінің әрбірі шынында да өмірдің тауқыметіне бойлаған түнде, ауа-райының бұзылған шағында, жарылғыш заттар қоймасында қолындағы оқталған мылтығымен қарауылда тұрған солдаттың басына оғаш ойлар келуі мүмкін дегенінде Даубтың28 нені айтқысы келгенін түсінген адам бо латын болса; егер расында да сенімге тоқталғысы келмегеннің әрбірі жүректерінің тілегі мүмкін еместігін түсінуге, түсініп қана қоймай, сонымен бірге осы оймен бетпе-бет кездесуге өзіне уақыт бере алуға жететіндей жанының қуаты бар адам болатын болса; егер сенімге тоқталғысы келмегендердің әрбірі тауқымет тартуы және тауқыметі арқылы келісімге келетін адам болса; егер сенім ге тоқталғысы келмейтіннің әрбірі бұдан соң (ал егер ол барлық қажетті деген алғыларын жасамаса, оған, сөз сенім туралы бо лып отырғандықтан, басқасы туралы мазаланып та керегі жоқ) таңғажайып әлденені жасай алатын, абсурдттың күшімен бүкіл бар болмысты түгесе тани алатын, адам болса, – сонда міне менің жазып отырғаным, мәнісінде, осы замандастың даңқын арттыруға арналған жоғары дәрежелі мақтау сөзден басқа ештеңе де емес, осы ұрпақтың адамдарының ішіндегі ең бір бейшара адамы, тек өзді-
өзінен түңілу қимылын ғана жасай алған адам жазған сөз болып табылады. Бірақ онда не себепті де сенімге тоқталмасқа, не себепті біз оқтын-оқтын өздерінде сенімі бар екенін мойындауға ұялатын адамдар туралы естиміз? Міне осыны мен түсіне алмаймын. Егер де менің өзімнің қашанда болмасын осындай қимылды жасауға қолым жетсе, мен бұдан кейін тек төрт ат қана жегіп жүрер едім. Шыныменен бәрі де бұл осылай ма, шыныменен өмірде қақтығысатын және сөзбен де, іспен де мен айыптамайтын тоғышар мещандық, шынымен де ол көрінгеніне қарағанда әлде не басқа ма, іс жүзінде ол таңғажайыптың өзі емес пе? Қайткенде де, солай деп ойлауға болады; өйткені сенімнің сол батыры осының бәрімен қайран-қалаларлықтай ұқсастыққа ие болатын; өйткені сенімнің сол батыры сықақшы да, юморшы да емес, бірақ әлдеқайда жоғарырақ әлдене болатын. Біздің кезімізде сықақ пен юмор ту ралы көп айтылады, әсіресе оларды ешқашан қолдана алмайтын, бірақ бұған қарамастан бәрін де түсіндіре алатын адамдармен. Бұд екі құмарлық маған соншама бөтен емес, мен олар туралы неміс пен даттық коммедиялардан табылатынан гөрі сәл болсын көбірек білемін. Сондықтан бұл екі құмарлықтың өз мәнісі бойынша сенім құмарлығынан өзгеше екені маған белгілі. Сықақ пен юмор да өзді-өзі туралы рефлексия кешеді, ол сондықтан да шексіз өздіөзінен түңілу саласына жатады, олардың икемділігі индивидтің шындықпен өлшемсіздігінде29 жатыр. Соңғы қимылды, сенімнің парадоксқа толы қимылын, ол менің алдымда менің борышымдай болсын немесе менің мұны жасауға деген үлкен ықыласыма мүлде байланыссыз болсын, -мұның бәріне тәуелсіз түрде мен оны іске асыра алмаймын. Адамның бұл туралы айтуға жөні бар ма, жоқ па, – мұны мен сол адамның арұятына жатқызар едім; бұл әрқашан да оны мен сенімнің объектісі болатын мәңгілік болмыстың арасында қалатын ахуал, өзара екі жақты келісім бар не жоқ екенін солар шешуге тиіс. Міне алай да әрбір адамның қолынан келетіні: ол өзді-өзінен бас тартудың шексіз қимылын іске асыра алады, мұны ол үшін мүмкін емес деп есептейтіннің қай-қайсысын да қорқақ деп жарияласам, мен онда ешқандай да ұятқа батпас едім. Сеніммен бәрі де мүлде басқадай болмақ. Алайда міне ненің ешбір жөні жоқ десек, сенім дегеніміз әлдебір түкке де түрмайтын әлдене немесе ең жеңілі сол дейтін түсініктің жөні жоқ; шынтуайтында ол барлық мүмкін болатынның ішіндегі ең ұлысы және ең қиыны болып табылады.
Кейде Авраам туралы повесті басқаша түсінетіндер бар. Адам дар Исаакты оған қайтарып берген Құдайдың қайырымдылығын мадақтап, бәрі де тек сынау (Rrvelse) болады деп санайды. “Сы нау”, солай болсын-ақ бұл сөз көп те, аз да мағынаны білдіруі мұмкін, алайда мұнда бәрі де өте тез, айтылуы қаншама тез болса, соншалықты тез артта қалады. Мұндайда қанатты атқа мінесің, бір минуттан кейін Мориа та уына жетіп барасың да сол минутта-ақ серкені көресің; осындайда Авраамның алға аяғын баяу ғана басатын есекке мінгенін, оның үшкіндік жол жүргені және де оған ағаш отын жинап, Исаактың қол-аяғын байлап, пышағын қайрауға уақыт керек болғаны бір түрлі ұмытылады. Дегенмен, Авраамды жұрт мадақтайды. Осы тарихты айтып бермекші болған адам әңгімесінің дәл алдындағы ширек сағатқа дейін жайбарақат ұйықтай беруі мүмкін, ал тыңдаушы әңгіменің айтылуы кезінде тып-тыныш ұйқыға батуы мүмкін; өйткені бәрі де еш кедір-бұдырсыз, ол жағынан да, бұл жағынан да еш маза ланусыз өтіп жатыр ғой. Ал егер қатысушылардың әлде біреуі ұйқысыздықтан қиналып жүрсе, ол тіпті үйіне барып, бір бұрышта отырып алып, былай деп ойлануы мүмкін: «Түптің түбінде, осының бәрі бір ғана сәттің ісі, тек бір минут тоссақ болғаны, қойды көресің, ал сонымен сынақ бітеді». Егер әңгімеші оның осы көңіл-күйін байқай қалса, онда ол оған жақындап келіп, өзінің бар ұлықтығына сала былай дер еді: «О сорлы, қалайша сен өз жаныңды осыншама ақылсыздыққа қиясың; ешқандай да кереметке орын жоқ, сөйтіп барлық өмір — ол сынақ». Әңгімеші өзінің шешендік шабытына барынша мінген сайын, ол мейлінше толқи түседі және барған сай ын өзіне өзі разы болады; сөйтіп бұрын Авраам туралы айтқанда қанында ешқандай да ерекше толқу түйсігі байқалмаса, енді ол маңдайындағы тамырдың білеуленіп бара жатқанын сезінеді. Егер де күнәһар оған тыныш қана және лайықты түрде: «Алайда бұл сіздің өткен жексенбіде уағыздап айтқаныңыздың өзі ғой», – десе, онда ол өз орнында қатып қалары әбден ықтимал. Біздің уақытымызда, кез келген басқа уақыттағыдай, егер сенімің бар болса, қуануға тиісті екеніңді біз ақыр-ақ түсіне алу ымыз үшін Авраам туралы не мүлде ұмытайық, немесе оның өмірінің мәнісін құрайтын қорқынышты парадокстан үрейленіп үйренейік. Егер Авраам түкке тұрмас әлдене, фантом, уақыт өткізуге ғана керек ойыншық болмаса, онда күнәһардың ол сияқты болуды қалайтынында ешқашан да қате болуы мүмкін емес; әңгіме
алдымен жасағанның қаншалықты ұлы екендігін, содан кейін ба
рып қана адамның өзі онда мұндай сынаққа төзуге деген бейімді
лігі мен батылдығы бар-жоқ екенін шешу үшін түсіну туралы бо
луы мүмкін. Анау әңгімешімен байланысты комикалық қайшылық
оның Авраамды әддебір мәнсіз бірдеңеге айналдырып және соны
мен бірге басқаға сол сияқты әрекет жасауға тиым салып қойғысы
келетінінде болып отыр.
Бұл Авраам туралы жалпы айтуға болмайды дегенді білдіре
ме? Менің ойымша, дегенмен айту керек. Егер де маған ол туралы
айтуға тура келсе, мен онда алдымен оның басына түскен сынақтың
сары уайымын сипаттар едім. Осы мақсатпен Авраамның басынан
кешкенін көрсете алу үшін әкелік азаптануының бар қорқынышын,
барлық мұқтажы мен азабын мен өзіме сорғыш сияқты тартып алар
едім, соған қарамастан оның сол уақытта сенімнен таймағаны және
бар. Мен тыңдаушыларға саяхаттың үш күнге және төртінші күннің
көбірек бөлігіне созылғанын және де осы үш жарым күннің мені
Авраамнан бөліп тұрган екі мыңжылдықтан да шексіз ұзағырақ
созылуға тиіс болғанын ескертер едім. Одан соң мен, менің пікі
рімше, әрбір адам мұндайға ұқсас әлденеге кіpіcпec бұрын өз ше
шімін әлі де болса өзгерте алатынын, кез келген сәтте ол әлі де
болса аттың басын кейін бұра алатынын ескертер едім. Адамнын,
мұны істейтінінен мен ешқандай қауіпті көрмеймін, менің сөзіме
орай адамдарда Авраам сиякты дәл сондай сынаққа ұшырауға де
ген қайтпас ықылас оянады деп те қауіптенбеймін. Біpaқ алдымен
Авраамның арзанқол ғана халықтық бейнесін жасауға тырысып,
ал артынан іле адамдарға осыған ұқсап бірдеңе жасауға тиым
салу — бұл шындығында да маған күлуге әбден тұрарлық болып
көрінеді.
Ал енді мен Авраам туралы повестен сенімнің қандай кісі
шошынарлық; парадокс, кісі өлтіруді касиетті әрі Құдайға жағымды
іске айналдыруға қабілетті парадокс, Исаакты қайтадан Авраамға
қайтарып беретін парадокс, ешбір ойлауға, өйткені сенім дәл сол
ойлау тиылған жерден басталады, бой бермейтін парадокс екенін
көру үшін; оның диалектикалық мазмұнын белгілі бір проблемалар
формасында аршып алуға деген ниет қылмақпын.
Проблема І Этикалықтың телеологиялық жойылуы бар ма? Этикалық, таза күйінде, әлдене жалпылық болып табылады, ал жалпылық – бұл кез келген нәрселердің әрбіріне қолданыла алады, ал бұл, екінші жағынан, былайша да айтылуы мүмкін: ол – әрбір мезет сайын мәңгілікке ие. Ол имманентті* түрде өзді-өзінде тыныштық табады, өзінен өзге оның τέλος-ы**, болатындай ештене де жоқ, бірақ одан сырт орналасқанның бәріне де ол τέλος болады, сөйтіп егер этикалық осының бәрін өз ішіне қабылдаса, онда оған енді әрі бару жоқ. Тікелей сезінетін әрі жанды ретінде анықталған жеке индивид өз τέλος-ын жалпылықта табатын жекелікке жатады, ал сондықтан оның этикалық міндеті өзін әрдайым өз жекелігінен бас тартып, жалпылыққа ұмтылу дересінде ұстау қажеттілігінде тұр. Жеке индивид өзін жалпылықтың алдында өз жекелігінде маңызды қылмақ болып тырыса бастаса болғаны, ол күнәға бата ды, сөйтіп тек мұны мойындап қана, қайтадан жалпылықпен та туласа алады. Бірақ жалпылыққа сіңіскен жеке индивид жекелік есебінде бекініп қалуға ұмтылысты түйсінген кездерінде ол елігу күйіне енеді, ал бұдан ол өкініп барып, тек жекелік есебіндегі өзін жалпылыққа беріп қана шыға алады. Бірақ егер бұл адам туралы және оның өмірі туралы айтуға болатынның ең жоғарғысы болса, онда этикалықтың іс-әрекетінің саласы адамның мәңгілік рахатқа батуының саласымен теңгерілер еді, – ал бұл рақаттану мәңгілік бойында және әрбір мезетте адам үшін оның τέλος-ы болып табы лады, – онда этикалықтан бас тарту (яғни телеологиялық жойы лу) мүмкіндігі қайшылыққа айналар еді, өйткені мұндай мақсатты жойғанда, оны соныменен қиратады, ал сөздің әншейінгі мәнімен сәйкестігінде әлдене жойылғанда, ол қиратылмайды, бірақ тура ғана жоғарғыда, яғни τέλος-та, сақталады. Егер бәрі де осылайша болған болса, демек Гегельдің30 адам ды оның қайрымдылығы мен ұятында алғанда тек жеке индивид есебінде ғана анықтауы дұрыс, мұндай анықтаманы «жауыздықтың моральдық формасы» есебінде қарастырғанда (әсіресе оның «Құқық философиясында») да оның айтқаны дұрыс; бұл форма, оның айтуынша, адамгершілік өмірдің теологиясында шелденуі тиіс, ал бұл сатыда қалатын жеке индивид не күнәға бататын, не * - іштей (лат) ** - мақсат(гр)
елігушілік күй кешетін болады. Керісінше, Гегельдің сенім тура лы31 айтқаны мүлде дұрыс емес, сенімнің әкесі ретінде Авраамның үлесіне тиісті данқ пен абыройға қарсы айқын әрі дауыс көтере наразылық білдірмегендіктен, шындығында ол кісі өлтіруші ретін де сотталуы әрі аласталуы тиіс болса дағы тым болмаса осы себеп ті оныкі дұрыс емес32. Сенім – парадокс, өйткені, жеке индивид жалпылықтан жоғарырақ тұр, дегенмен бұл арада мынаған көңіл бөлген жөн: қимыл қайталанады, сөйтіп жеке индивид жалпылықта болып алған екен, енді бөлектеніп алып, жалпылықтан жоғарырақ тұруда. Егер ле бұл сенім емес болса, яғни, Авраамның өлгені, демек, бұл дүниеде сенімнің ешқашанда болмағаны, атап айтқанда онда оның әрқашан болғаны себепті. Өйткені, әйтеуір этикалық, яғни адам гершіліктік, жоғары болып, сондықтан адамда жауыздық, яғни түбінде жалпылықта өрнектелуге тиісті жекелік болып табылатын нан басқа өлшемсіз ештеңе де қалмайтындықтан, әлден грек фи лософиясы меңгерген категориялардан немесе одан жүйелі ойлау арқасында шығарып алуға болатындарынан басқа категориялардың керегі жоқ. Гегельдің бұл туралы үндемей қалуы орынсыз, өйткені ол түптің түбінде, гректерді зерделеумен айналысқан еді ғой. Кейде мұндай зерделеуге бойламай, құр бекер бояу сөзге ұрынуға бейім адамдарды тыңдауға тура келеді, олардың ай туы бойынша, христиандық дүниеге нұр төгіліп тұр, ал пұтқа табынушылық дүниесін қараңғылық басып тұр екен. Мұндай сөздер маған әрқашан әсіре қызыл сөздей әсер қалдырады, өйткені қазір де әрбір терең ойшыл, әрбір байыпты суреткер жаңаруды грек философиясының мәнгілік балғын болмысынан іздейтін болады. Мұндай айтуларды тек бұл адамдардың не айту керектігін білмей, бірақ әйтеуір бірдеңе айтылуы тиіс дегендігіменен ғана түсіндіруге болады. Пұтқа табынушылықты сенім болған жоқ деп айту әбден орынды, бірақта егер мұнда шыныменен әлденені айтқылары кел се, онда «сенім» сөзін қалайша түсінетіндерін өздеріне аз да бол са анығырақ елестетулері қажет,- әйтпесе адам қайтадан бояулы фразаларға басатын болады. Сенімнің не екені туралы кішігірім де елесі болмаған адамға тікелей бардың бәрін, сенімді қоса алғанда, түсіндіру оңай; сөйтіп мұндай түсіндірме беретін адам мұнысымен жұрттың сүйсіне таңырқауынан үміттенгенде, бұл мүлдем жұрттың бәрінен де нашар есептейтінінен емес; Буало былай деген ғой: «Un sot trouve toujours un plus sot quі l’admіre»33.
Сенім – бұл тура ғана сондай парадокс: ол парадокс бойын
ша жекелік ретіндегі жеке индивид жалпылықтан жоғары тұрады,
жеке жалпылық алдында ақталған, оған бағынышты емес, бірақта
одан расында былай асып түседі: жеке индивид жекелік ретінде
жалпылыққа бағынышты болғаннан кейін, енді осы жалпылықтың
арқасында жекелік есебінде жалпылықтан асып түсетін жекелікке
айналады; сенім – бұл парадокс: ол бойынша жеке индивид же
келік ретінде абсолютке абсолюттік қатынаста тұрады. Мұндай
позиция өткеріле алмайды – әрбір өткерілу34 жалпылықтың күші
арқылы ғана өтетіндіктен, ол ойлауға қол жеткізбейтін парадокс
болған және бүкіл мәңгілікте болып қала бермек. Дегенмен де
сенім сондай парадокс (бұл салдарды, мен солай болғанын қалар
едім, оқырман тұрақты түрде іn mente* ұстар деймін, өйткені бұл
туралы қайта-қайта еске салып отыру мен үшін тым күрделі болар
еді), немесе бұл дүниеде сенім ешқашанда болған емес, оның онда
әрқашан болғаны себебінің тап өзінен немесе: Авраам өлді.
Иә, жеке индивид мұндай парадоксты оп-оңай еліктеу
(Anfaegtelse) деп қабыл алуы мүмкін, бірақ бұл сондықтан мұндай
жағдайды елемей кету керек дегенді білдірмейді. Мұның көп
адамдардың бетін қайтаратыны да шын, бірақ бұл сенімге ие бола
алу үшін оны әлдене өзгеге айналдыру керек дегенді білдірмей
ді: бұл арада сенде сенімнің жоқ екенін тура мойындау жақсырақ;
алайда, дегенмен де сенімі бар адамдарға парадоксты елігушілік
тен айыруға мүмкіндік беретін небір тану белгілерін ұсыну туралы
ойлап қойған жөн болар еді.
Ал Авраам туралы повесть этикалықтың дәл осындай
теологиялық жойылуын өзінде тұтады. Ол үшін келісті анало
гиялар тапқан ақылды бастар мен байыпты ғалымдар кемшін
болған жоқ. Олардың даналығы бәрі де өз негізінде – бірден-бір
ғана нәрсе деген тамаша тезиске сайылады. Егер де көңіл қойып
қарайтын болсақ, мен бүкіл дүниеде тым болмаса бірден-бір ғана
аналогияның, ештеңені де дәлелдемейтін ең соңғы аналогияны
былай қойғанда, табылатынына күмәндімін, өйткені бір нәрсе
өзгеріссіз қалады: Авраам өзі сенімді білдіреді және сенім онда
табиғи өрнегін табады, ал оның өмірі ойлауға бола алатынның
ішінде жай ғана ең парадоксалдылы болып қана қоймайды, жоқ
оның парадоксалдығы соншама, оны жалпы ойлауға болмайды.
Ол абсурдтың күшімен іс-әрекет жасайды; өйткені бұл, оның жеке
* «санада» (лат.).
индивид есебінде жалпылыққа қарағанда жоғары тұруы, шынын да да абсурд. Бұл парадокс өткеріле алмайды; Авраам мұны тек қана жасай бастаса болғаны, оның еліру күйінде болатынын оған мойындауға тура келеді, ал егер бұл осылай болса, онда ол Исаакты ешқашанда құрмалдық шалмас еді, немесе, егер оны құрмалдыққа шалып қойса, ол өкінішпен жалпылыққа қайтып оралуға тиіс бо лар еді. Абсурдтың күшімен ол қайтадан Исаакты иеленеді. Ал сондықтан ешбір мезетте де Авраам трагикалық кейіпкер емес, жоқ, ол әлдене мүлде өзге – әлде кісі өлтіргіш, әлде сенуші. Авра амда трагикалық кейіпкерді құтқаратын сол қосарланған анықтама жоқ. Содан да болар, мен трагикалық кейіпкерді түсінуге әбден қабілеттімін, бірақ Авраамды мен түсінбеймін, сөздің әлдебір ақылға жатпас мағынасында кімнен болса да артығырақ танырқап, оған әуес болсам дағы. Авраамның Исаакқа қатынасы этикалық тұрғыда өте қарапайым өрнектеледі: әке баласын өзінен артық суюге тиіс. Дегенмен, этикалықтың өз саласының ішінде кейбір өзіндік айырмашылықтары бар. Этикалықтың телеологиясының шекте рінен аспай-ақ, бұл повесте этикалық үшін Авраамның қылығы этикалық тұрғыдан түсіндіре алатын, этикалық көзқарас бойынша оны ақтайтын, оның баласына қатынасындағы этикалық борышын жоятын әлдеқандай жоғарырақ бір сөз өрнегіне таба алар ма екен міз, соны қарап көрейік. Бүкіл халық өз қамқорлығына алған әлдебір іс-шаруа кенет тоқтап қалған кезде, мұндай жоспардың аспанның қаһарымен ас тан-кестені шыққанда, Алланың ашу-ызасы адамдардың барлық қаракетін ажуа қылатындай тымырсықты туғызғанда, сәуегей өз ауыр ісін жасап, Құдай өзіне құрбандыққа жас қызды талап етуде деп хабарлағанда, әке бұл құрбандықты қаншама ауыр болса да шалуға көнуі тиіс35. Осы жағдаятқа сай келерлік рухани ұлылықпен ол өз дертін, егер де тіпті оған мырзалық іс қылатын патша емес, «жы лауына болатын кішкене ғана адам»36 болғысы келсе де, жасыруға тиіс. Сөйтіп дерт оның жалғызсыраған көкірегін кере айырса да, бүкіл халықтың арасында оның тек үш сенімді досы болса-дағы37, бәрібір өте тез арада бүкіл халық оның өз қызын, жап-жас тама ша қыз баланы, баршаның игілігі үшін құрмалдыққа шалғанының куәсі, оның дертінің күәсі болады. О, бұл қыздың кеудесі неткен еді! Беттері қандай, ақшылтым шаштары неткен керемет (687 өлең)! Қызының көз жасына шыдай алмай, әкесі бетін бұрып теріс қарайды; бірақ кейіпкер пышағын жұмсайды. Сөйтіп бұл хабар
туған жеріне жеткенде, Грекияның тамаша қыздарының көңілдері құлазығаннан беттері қызарады, ал егер қыз айттырылған болса, жігіті ашу шақырмайды, қайта оны қыздың әкесінің іс-әрекетіне қатынасы бар болғанына мақтаныш сезімі билейді, өйткені қыз тіпті әкесінен гөрі онымен тығызырақ байланыста болатын. Егер де біз Жаратушы мен өзді өзін бір уәдесімен дем ара сында байланыстырып, Израильді қажет сағатында құтқарған сол бір ержүрек сотты алатын болсақ, онда ол жас қыздың шаттығын, сүйікті қызының қуанышын геройлықпен қайғы-қасіретке айнал дырады, сөйтіп бүкіл Израиль оның балғын жастық шағын оны мен бірге қайғыратын болады; бірақ әрбір еркін еркек Иеффайды38 түсінеді, әрбір жүрегі жұмсақ әйел онымен мақтанатын болады және де Израильдің әрбір қыз баласы оның қызынша іс-қимыл жасауды қалайды; өйткені Иеффай үшін өзінің уәдесі арқасында жеңудің, егер де ол оны орындамаса, қандай ғана қасиеті болар еді, және де ондай жағдайда жеңіс оның халқынан қайтадан алынып қоймас па еді? Баласы өз борышын ұмытқанда, ал мемлекет сот төрелігінің семсерін әкесіне сеніп тапсырғанда, заңдар айыптының жазасын беруді әкесіне жүктегенде, әкесі айыптының өз баласы екенін ер лікпен ұмытуы тиіс, ол өз дертін жоғарғы ержүректікпен жасыруы тиіс, алайда сонымен бірге бүкіл оның халқында, бұл баласын қоса алғанда, оның әкесін мақтан тұтпайтын бірде-біреу болмай ды, және де римдік заңдар түсіндірмеленуінің әрбір кезінде олар ды көптеген адамдардың ғылыми тұрғыдан түсіндірмелегені еске алынары хақ, бірақ ешкімнің де түсіндірмесі Бруттың39 бергенінен кереметірек болған емес. Екінші жағынан, егер де Агамемнон, өзінің желкенді кемелерін оңтайлы жел көздеген мақсатқа қарай ықтырып бара жатқан кезде, Ифигенияны құрмалдық шалатын орынға жеткізуге тиісті атша барын жіберген болса, егер де Иеффай, халық тағдырын шешетін ешбір уәдемен өзін матамай-ақ, өз қызына: «Екі ай бойы өзіңнің тез өтер жастық шағыңмен жылап-сықтап көрісе бер, өйткені, мен сені құрмалдыққа шалғым келеді» десе, егер де Бруттың ба ласы ізгілікті болып, ал ол бәрібір оны дарға асу үшін ликторлар ды шақыртса, кім оларды түсіне алар еді? Сөйтіп, егер де бұл үш кісі, не себепті олар солай істеді деген сұраққа: «Бұл бізді тексеріп жатқан сынақ», – деп жауап қайтарса, – бұл жағдаятта оларды түсіну оңайырақ болған болар ма еді?
Шешуші мезетте Агамемнон, Иеффай, Брут бәрінен де ең сүйіктілерін жоғалтқандықтан өз дертіне шыдап, бұл қылықты таза сыртқы түрде жасаған кездерінде, бүкіл дүниеде олардың дертіне көңілін қоса көз жасын төкпеген, олардың қылықтарын мақтан тұтпаған бір де ізгі жан табылмаған болар еді. Бірақ егер де бұл ше шуші мезетте бұл үш кісі дерттерін көтерген ерліктеріне барлықжоғы: «Бұл болмайды» дегендей бірнеше ғана сөзді қосатын болса, – кім онда оларды түсінген болар еді? Және егер де олар түсіндіру есебінде: «Біз бұған абсурдтың күшімен сенеміз», – деп қосатын болса, – кім оларды жақсырақ түсіне қояр еді? Өйткені мұның шы нында да абсурдты екенін кім оңайлықпен түсіне алмас еді, бірақ мұндай әлденеге сенуге болатынын кім түсіне алар еді? Трагикалық кейіпкер мен Авраамның арасындағы айырма шылық тура ғана көзге ұрып тұр. Трагикалық кейіпкер әлі де бол са этикалықтың ішінде орналасқан. Ол этикалықтың бір өрнегіне этикалықтың жоғарырақ өрнегінде өзіне τέλος табуға жағдай жа сайды, ол әке мен баласының не әке мен қызының арасындағы этикалық қатынасты әлдебір сезімге әкеліп саяды, ал бұл сезімнің адамгершіліктік өмір идеясына деген өзіндік қатынасындағы өз диалектикасы бар. Ал сондықтан мұнда этикалықтың өзін телеологиялық жою туралы сөз болуы мүмкін емес. Аврааммен іс мүлде басқаша жағдайда тұр. Өз іс-әрекеті арқылы ол бүкіл этикалықты аттап өтеді, сөйтіп одан тысқарыда жоғарырақ τέλοςқа ие болады да, соған қатынасында ол этикалықты жойғылайды. Авраамның іс-әрекетін жалпылыққа қалайша қатынастыруға болатынын менің білгім келер-ақ еді; Авраамның істейтінімен жалпылықтың арасында оның осы жалпылықты атап кететінінен өзгеше әлдебір басқа жанасымды табуға болар ма екен? Авраамның қылығы – бұл халықты не мемлекет иде ясын құтқаратын әлдене емес; Авраам мұны ашу-ыза кернеген құдайларды сабасына келтіру үшін жасамайды. Егер де сөз жал пы Құдаи ашу-ыза туралы болатындай болса, онда бұл ашу-ыза дәл Авраамға қарсы арналған болар еді, бірақ Авраамның бар ісәрекетінің жалпылықпен ешқандай да байланысы жоқ, бұл оның өзіндік, жеке ісі. Сондықтан егер трагикалық кейіпкер өзінің адамгершілік ізгіліктілігі40 арқылы ұлы болатын болса, Авраам өзінің, таза өзімділік ізгіліктілігі арқылы ұлы. Және де Авраамның өмірінде әке баласын сүюге тиісті дегеннен асқан этикалық талаптардың ешқандай да жоғарырақ өрнегі жоқ. Адамгершілік өмір мәнінде этикалық туралы жалпы сөз болуы да мүмкін емес.
Жалпылық мұнда жалпы алғанда әлдеқалай қатынасқан болса, ол дәл Исаакта жабулы болды, оның чреслаларында тығылулы болғандай еді, және бұл жалпылық Исаактың аузымен былай деп айқайға басуы тиіс еді: «Жасама мұны, сен бәрін құртып аласың!» Бірақ неге ғана Авраам мұны жасайды? Иеленуші үшін және бұл да дәл соның өзі үшін. Ол мұны Иеленуші үшін жасайды, өйткені Құдай оның сенімінің дәлелдемесін талап етеді, және де ол мұны осындай дәлелдемені бере алу мақсатында өзді өзі үшін жа сайды. Бұл аспектілердің бірлігі әрқашан бұл қатынасты белгілей тін сөзбен абсолютті дәл өрнектеледі: бұл сынақ, еліктіру. Еліктіру бұл нені білдіреді? Әшейінде біз еліктіру деп адамды өз борышын орындаудан тежейтінді атаймыз; алайда, мұнда этикалықтың өзі оны Құдаи ерікті орындаудан тежей алатын еліктіру болып табы лады. Ал онда мұндағы борыш (Plіgt) қайсысы? Борыш бұл тура ғана Құдаи ерікті белгілейтін өрнек болып табылады. Бұл арада Авраамды түсіну үшін жаңа категорияның пайда болу қажеттілігі туады. Пұтқа табынушылықта құдайылыққа де ген мұндай қатынас белгісіз. Трагикалық кейіпкер құдаиылықпен әлдебір өзімділік қатынасқа тіпті де барыспайды, бірақ этикалықтың өзі құдаилыққа иеленеді, ал сондықтан да бұл құдаилықтағы пара докс жалпылықта өткеріле алады. Авраам ғой өткеріле алмайды, ал бұл басқаша мына сөздермен де өрнектеле алады: ол сөйлей алмайды. Мен тек сөйлей бастасам болғаны, мен жалпылықты өрнектеймін, егер де мен мұны істеме сем, мені ешкім де түсіне алмайды. Сондықтан, тек Авраамның өзін жалпылықта өрнектегісі келуі мұң, ол оның ахуалы еліктіру екенін айтуға тиіс, өйткені онда ол аттап өтетін жалпылықтың үстінен асып түсетін жалпылықтың ешқандай да жоғарырақ өрнектелуі жоқ. Ал сондықтан, Авраам мені мақтаныш сезіміне бөлегенімен, ол мені қорқынышқа да кенелтеді. Ол өзін терістейтін және борышы үшін өзін құрмалдыққа шалатын адам, шексіздікке жармасу үшін шектіні береді, – ол бұл арада жеткілікті түрде қамтамасыздалған; трагикалық кейіпкер сенімдіні одан да сенімдірекке бола береді, сөйтіп бақылаушының көзі оған сеніммен қарай алады. Бірақ жалпылықтан да жоғарыраққа, ал бұл енді жалпылық емес, жар масу үшін жалпылықты беретін кісі, ол не істейді? Мұның еліктіру болмай, әлдене өзге болуы мүмкін бе? Сөйтіп егер тіпті бұл мүмкін болса да, бірақ міне мына жеке индивид жайдан-жай қателесіпті, қандай құтқарылу оны тосып тұр екен? Ол трагикалық кейіпкердің
барлық қайғы-қасіретін бастан кешіреді, ол бұл дүниедегі барлық
өз қуанышын қиратады, ол барлығынан да бас тартады, және,
мүмкін, дәл сол мезетте-ақ ол үшін соншама қымбат болған асқақ
қуаныштан, ал бұл үшін ол кез-келген бағаны төлеуге бар, ол өзін
құр қалтырады. Оны бақылаушы мүлде түсіне алмайды, сөйтіп
бақылаушының көзі оған сеніммен қарай алмайды. Мүмкін құдайға
сенушінің істемек болғаны мүлде іске аспайтын да болар, өйткені
ол ойға да симайды ғой. Ал егер мұны іске асыруға болатын болса,
бірақ жеке индивид құдайылықты дұрыс түсінбеген болса, онда
оны қандай құтқарылу күтеді екен? Трагикалық кейіпкерге көздің
жасы керек болды, ол көздің жасын талап етті де; ал, Агамемнонмен
бірге жылай алмаған, соншама жеміссіз болып шыққан қызғаншақ
көздер қайда кеткен, бірақ сонымен бірге жанының қысылғаны
соншама, тіпті Агамемнонды көріп жылағысы келетін кісі қайда?
Трагикалық кейіпкер өз ісін белгілі бір мезетте жасайды, алайда
уақыт өте оған мәні одан да кем емес әлденені жасауына тура ке
леді: жандарын қайғы басқан, кеуделері қарс айрылып, еркін демін
ала алмайтындарды, ойлары әрдайым болашақ көздің жасының
ауыртпалығына жетелейтіндерді аралайды. Ол олардың алдына ба
рып, қайғыларын жеңілдетеді, қатты тартылған тыныштандырғыш
көйлекті босатады, ол көз жастарын төгуге жағдай жасайды, ал сол
кездері олар мұның қайғы-шерін сезініп, өз азаптарын ұмытады.
Ал Авраамды көріп көздің жасын төгуге болмайды. Оған Из
раильдік тайпаның Синай тауына жақындағанына ұқсап, horror
relіgіosuś* пен жақындайсың. Егер де шыңы Аули жазықтығының
үстінен аспанға шапшыған Мориа тауына шыққан жалғыз адам,
егер де сол адам – жер бетін сенімді түрде басатын лунатик емес
болып, ал сол уақытта таудың етегінде тұрып, оны көргенде
қорқыныштан діріл қаққан басқа біреу үрей мен құрмет сезімінен
оны шақыруға батылы бармаса, егер ол өзі адасып қалса, егер ол
өзі өзін алдаусыратса не болмақ! Өмір қайғылары меңдеген және
солардың тоқпақтарынан жалаңаш қалған бақытсыз бейбақтың
аузына дұрыс сөз салған сол бір адамға рахмет және тағы да рах
мет, бұл бақытсызға жалаңаш денесін жабуға жарайтын сөздері
бар бір бет қағаз ұсынатын адамға рахмет. Саған рахмет, о ұлы
Шекспир, бәрін де дәлме-дәл, іс жүзінде қалай болса, дәл солай
айта алатын саған рахмет, – дегенмен де, не себепті сен сол қалпы
ешқашанда бұл азапты айтпай кеттің? Мүмкін, сен, осы уақытқа
* - «қасиетті үрей» (лат.).
дейін атын бүкіл дүние алдында атасаң тағатың жетпейтін сол бір
ғашығыңа ұқсатып, оны өзіңе сақтаған шығарсың41? Өйткені ақын
басқа адамдардың барлық батпан құпия сырларын жеткізе алатын
сөз билігін, ол өзі айта алмайтын кішкене құпиялар есебінен сатып
алады; ал ақын бұл – апостол** емес қой, ол албастыны тек осы
албастының өз күшімен ғана қудалайды42.
Туу ал енді, егер этикалық, соныменен, телеологиялық түрде
жойылған болса,онысы жойылған жеке индивид қалай өмір сүреді
екен? Ол жалпылыққа қарама-қарсы жекелік ретінде өмір сүреді.
Бұл оның күнәкар екенін білдіреді ме? Өйткені бұл десе дағы иде
алды түрде қарастырылған күнәнің формасы; бұл нәрестенің өмір
сүруінде барға ұқсайды: ол күнә жасамағанымен, өйткені ол мұны
сана елігінен өткізе алмайды, алайда дегенменен идеалды тұрғыда
қарастырылған оның өмір сүруі де күнә болып табылады, сөйтіп
этикалық әрбір мезетте оған өз талаптарын қояды. Егер әлдебіреу:
бұл форманың қайталануы ол күнә болып табылмайды деп айтып
қарсы шықса, демек, онда Авраамға сот үкімінің шығарылғаны.
Бірақ онда Авраам қалай ғана өмір сүреді? Ол сенеді. Бұл пара
докс, сол арқылы ол шыңда құламай жүргені, және де бұл шыңның
өзін басқа ешкімге де анығырақ етіп нұсқай алмайды; өйткені па
радокс мынада: ол жеке индивид есебінде өзін абсолютке абсолют
тік қатынасқа қояды. Ол мұнысында ақталған ба? Оның ақталуы
да парадокс болып табылады; өйткені егер бұл солай болғанда да,
бұл оның әлдебір жалпылық болуының күшімен емес, бірақ оның
жекелік болуының күшімен жүреді.
Бірақ жеке индивид мұнысында оқталғанына қалай ғана көз
жеткізе алады? Барлық жария өмір сүретіннің бәрін де мемлекет
идеясына немесе қауымдастық идеясына сайып қоюдан жеңіл
ештеңе жоқ екені айқынды. Егер мұны жасаса, онда өткеліруді
оңай табуға болады; өйткені онда жеке индивид жекелік есебінде
жалпылықтан жоғары тұр дейтін парадокске келудің мүлде керегі
жоқ болар еді, ал мұны мен Пифагордың тақ сандар жұп сандардан
жетілгенірек дейтін тезисімен тамаша өрнектей алар едім. Сөйтіп
егер біздің уақытымызда бұл парадокспен байланысты әлдебір
жауап естуге кездейсоқ тура келетін болса, ол былай естілер еді:
«Бұл туралы ақырын бағып барып жазғыру керек». Өзінің зер
делі ой түзілісіне жатпайтын парадокс екенін сезінуі арқасында
өз уақытының σκάυδαλου’сы* болған кейіпкер, өз замандастары
** Христостың он екі шәкіртінің қай-қайсысы (гр.).
* Мұнда – «ашу-ыза» (гр.).
на арнай: «Менің дұрыстығымды болашақ көрсетеді» – деп, ба тыл айқайлай алады. Біздің уақытымызда мұндай айқайды сирек естисің, өйткені, егер бұл уақыттың кемшілігі оның кейіпкерлерді тұғызбайтындығында болса, оның сонымен бірге карикатураларды да азырақ жасайтын жақсы жағы да бар. Сөйтіп қазір: «Бұл туралы ақырын бағып барып жазғыру керек» деген сөздерді естуіміз мұң, біздің кіммен сөйлесіп тұрғанымыз сол сәтте-ақ айқындалады. Осылайша айтатындардың саны әжептәуір көп халайық, мен оларға «доценттер» деген жалпы ат тағамын. Олар өз ойларымен өздері болады, олар өз өмір сүруінде тыныштық қалпын сақтайды, олардың жақсы ұйымдастырылған мемлекетте сенімді жай-күйі және айқын перспективалары бар, оларды жария өмір сүрудің барлық сілкіністерінен жүздеген, тіптен, мыңдаған жылдар бөліп тұрады, олар ұқсас әлдене қайталанады ма деп қауіптенбейді де; және де бұған полиция мен газеттер не айта алады? Олардың бүкіл өмірінің ісі – ұлы адамдарды жазғыру, атап айтқанда да олардың нәтижелері бойынша жазғыру. Ұлыларға деген мұндай қарым-қатынас олардағы менмендік пен ұсақтықтың ерекше бір қоспасын білдіреді; менмендіктің – өйткені олар өздерін пікір шығарушылармыз деп есептейді, ұсақтықтың – өйткені олардың өмірі мен ұлылардың өмірінің арасында тіпті ең алыс деген байла ныс табылмайды. Erectіorіs іngenіí’дің** тым болмаса түйірі бар кез келген адам тұтасымен мұндай суық әрі ылғалды моллюскіге ай нала алмайды, сөйтіп ұлыларға жақындағанда дүниенің жасалған шағынан бастап, нәтиже бәрінен де кеш орнығады деп санау қабылданған болатынын, ал ұлылардан шыныменен әлденеге үйренгісі келетін кісінің дәл ғана бастамаға көңіл бөлуі тиіс екенін мүлдем естен шығармайды. Егер де іс-әрекет жасағысы келетін адам, өзі туралы істің ақыры (Udfаldet) бойынша пікір түйгісі кел се, ол ешқашан бастамаға дейін жете алмас еді. Сөйтіп тіпті істің ақыры бүкіл дүниені қызықтырса да, ол кейіпкерге көмектесе ал майды; өйткені ол ақырын тек бәрі де біткенде ғана біледі және ол тіпті де соның арқысында кейіпкерге (геройға) айналмайды, бірақ ол бастағанына бола кейіпкерге айналады. Одан басқа, істің ақыры (оның қаншалықты шексіз сұраққа шекті жауап бола алатынына орай) өз диалектикасында кейіпкердің өмір сүруімен мүлдем үйлеспейді. Әлде Авраамның жекелік ретін де жалпылыққа өз қатынасында ақталғандығының дәлелі оның ** - «ойлардың жоғарырақ салты» (лат.).
Исаакты кереметтің арқасында алғанында ма екен? Бірақ ал егер де
Авраам шыныменен Исаакты құрмалдыққа шалса, онда бұл оның
осы себептен кемірек дәрежеде ақталғандығын білдірер ме еді?
Алайда, біз әрқашан, кітаптың немен бітетіні бізді әрқашан
әуестендіретіні сияқты, істің ақырына әуес келеміз, біздің
қорқыныш туралы да, мұқтаждық туралы да, парадокс туралы да
ештенені білгіміз келмейді. Істің ақырымен эстетикалық түрде
ойнақылануға болады; ол лотереядағы ұтыс сияқты қаншама ке
нет болса, бірақ соншама жеңіл бола қалады; сөйтіп адам істің
ақыры туралы естігенде, ол мейірімділірек бола түседі. Дегенме
нен де каторгада шынжырмен маталып жұмыс істейтің храмдарды
тонаушылардың бірде-бірі, қасиетті қазынаны ұятсыз тонайтын
қылмыскердей, соншалық жексұрын қылмыскер болмайды; тіпті
отыз күміс ақша үшін өз Иеленушісін сатқан Иуданың да, ұлыны
дәл солай саудаға салатын адамға қарағанда жеккөрініштілікке
лайықтығы артық емес.
Ұлылық туралы бейқасиет сөз айту, оған зор қашықтықтан
көмескіленіп қана көрінетін қылып, ұлы болуға жол ашу, сөйтіп
мұнда әлдене адамшылықтың көруінуіне жол бермеу, әйтпегенде
ол ұлы болудан қалады ғой, менің жаныма жақпайды. Өйткені мені
ұлы қылатын менімен бола қалған әлдене емес,бірақ тек менің өзім
ғана жасайтын әлдене, сөйтіп әлдекім лотореяға ұтып алып ұлы
бола алады деп жоритын адам бұл дүниеде әлі болған жоқ. Адам
тіпті кішіпейіл ғана өмірге туған делік, патша сарайы туралы тек
алыста жатқан әлдене деп ойлап, бұл ұлылық туралы соншама бел
гісіз түрде армандап, дегенмен өзді-өзіне соншама бейадами бол
мауын одан талап етемін мен; сөйтіп бұл ұлылықты, ол алдынғы
уақытта ең нашарсоқ түрде ғана бой түзуі үшін, ұлықтағылары және
бір уақытта, сол бір іс-әрекеттің арқасында жойғылары келгендей
болады; мен одан бұл ұлылыққа батыл және аброймен жақындай
алуы үшін жеткілікті дәрежеде адам болуын талап етемін. Ол тура
көшеден патшаның бөлмесіне баса-көктеп кіріп, барлық ережелер
ді ұятсыз бұзатындай соншалықты бейқасиет болмауы тиіс, олай
болғанда патшаның өзінен гөрі ол көбірек жоғалтқан болар еді;
керісінше, мүмкін, ол этикеттің әрбір талабына көңілді әрі сенім
шіл армандылықпен көніп, сол арқылы ол өзін емін-еркін ұстай
алатын болар еді де, бұдан ол өзіне қуаныш табар еді. Бұл, әрине,
барлық жоғы бейне ғана; өйткені кез-келген айырмашылық рухани
қашықтықтың әлдебір тым жетіле қоймаған өрнегі болып табыла
ды. Мен әрбір адамнан, мәртебелі адамдар есте ғана емес, бірақ
қазір де олар өздері өмір сүретін сол сарайға кіруге мүлде баты лы бармайтындай, өзі туралы сонша бейадами ойламауды талап етемін. Оларды өзінің олармен туысқан екеніне сендіре, оған еш ұятсыз алға ұмтылмау керек, олардың алдында бас иген сайын, ол өзін бақытты деп сезінуі тиіс, алайда сонымен бірге ол емін-еркін әрі өзіне сенімді және әрқашан қатардағы қызметші әйелден гөрі үлкенірек әлдене болуы тиіс; өйткені ол үлкенірек әлдене болғысы келмесе, оған мұнда ешқашан кіру жоқ. Ал оған ұлыларды сы найтын қорқыныш пен мұқтаждық көмектесуі тиіс, өйткені кері жағдаятта, егер, әрине, онда аз да болса беріктік пен шешім ділік болатын болса, олар оның өне бойында тек әбден орынды қызғанышты ғана тудыра алады. Ал қашықтықта ғана ұлы болуға қабілетті әлденені, бос әрі мағынасыз фразалардың көмегімен әлдебір ұлыға айналдыруға ұмтылдырылатын әлденені, кейіннен адамдардың өздері-ақ қиратып тынады. Бұл дүниеде игі батагөй әйел, Құдаи ана, дева Мариядай кім тағы да соншама ұлы болған? Және ол туралы не айтылады? Әйелдер арасында оның батагөй болғаны, өзді-өзінен алғанда оны әлі ұлы қыла алмайды; сөйтіп егер де әңгімелеушілер сияқты, тыңдаушылардың да дәл соншама бейадами ойлайтынындай оғаш жағдаят болмағанда, онда, бәлки, әрбір балғын қыз бала: «Не себеп ті мені де батаға бөлемеген?» деп сұраған болар еді. Сөйтіп, тіпті егер де мен басқа ештеңені айта алмасам да, дегенменен де мұндай сұрақты бос ақымақтық ретінде мүлдем ысырып тастамаған болар едім; өйткені игі ниетті сүйеушілікке қатынасында, барлық адам дар – абстрактылы көзқарас тұрғысынан – бірдей құқыққа иеле неді. Мұндайда тек мұқтаждық, қорқыныш, парадокс қана сырт қалады. Менің ойларым, кез келген басқа адамның ойларындай да, соншама таза, сөйтіп әрине бұл туралы ойлауға қабілеттінің ойла ры да таза болады; егер де олай болмаса, онда әлдене шыныменен жамандылықты тосуға тура келеді, өйткені, мұндай бейнелер қашан да болмасын басына кірген адам, олардан оңайлықпен құтыла ал майды, ал оларға қарсы күнәға батса, онда олар өздері үшін, ондаған қатал рецензенттерінің ащы дауыстарынан әлдеқайда қорқынышты өзінің жай ақырын ғана ашу-ызасымен, жаман өш алатын болады. Әрине, Мария нәрестені кереметтің арқасында туды, алайда деген менен бұл онда «әйелдерде әншейінде болатының»43 үлгісі бой ынша өткен болатын, ал барлық әйелдер үшін бұл қорқыныштың, мұқтаждықтың және парадокстың уақыты екені белгілі. Сөйтіп әрине періште қызметші рух болғанымен, бірақ ол жағымпаз рух
болған емес қой, сөйтіп ол Израильдің басқа да балғын қыз бала
ларын: «Марияны жек көруші болмаңдар, онымен төтенше әлдене
болуда» деп айтып, назарынан тыс қалдыра алмас еді. Жоқ, періш
те тек Марияға ғана қонады, сөйтіп ешкім де оны түсіне алмаған.
Және басқа қай әйел Мариядан гөрі артық залал кешкен екен? Әлде
мұнда да: Құдай кімді батаға бөлесе, ол соны сол бір дем арасын
да-ақ қарғысқа жығады дейтін белгілі мәтел қолданыла алмай ма?
Марияның рухани мәнісі осындай, ал оның өзі ешқалай да, ол ту
ралы осылай айтуға тура келетіні мені шыныменен ашуландырады,
бірақ ол туралы басқалар тек қана өзінің ойсыздығынан және жау
апкершіліксіздігінен осылайшы айтқан кезде мен одан да әрі ашуға
булығамын, – қайталап айтамын, ол ешқалай да онда байлыққа
бөгіп, құдаи бөпемен ойнап отырған әлдебір зайып емес. Сөйтіп
егер осының бәріне қарамастан, ол: «Бұл, Жаратқан Иенің Құлы»44
десе, демек, оның шыныменен ұлы болғаны, сөйтіп оның не себеп
ті Құдай ана болғанын түсіндіру, менің ойымша, соншама қиынға
соқпайды. Оған ешқандай да күнделікті болмыстық мақтанның,
Авраамға дәл солай сіздердің көз жастарыңның керектігі жоқтығы
сияқты, керегі жоқ, өйткені Мария да кейіпкер (героиня) болған
емес, ол да кейіпкер болмаған, бірақ, алайда, мұқтаждық, азап
пен парадокстан олардың қорғалғанына бола емес, қайта дәл осы
барлық азаптар арқасында, олар екеуін де кез келген кейіпкерлерге
қарағанда ұлырақ болып шықты.
Ақынның өз трагикалық кейіпкерін адамдардың мақтаныш се
зіміне бөлей отырып, кейіннен: «Ол туралы жылаңдар, өйткені ол
бұған еңбек сіңіріп қол жеткізген» деп айта алатынында ұлылық
жатыр, өйткені көз жасын төгуге лайықтылардың көз жасына
еңбек сіңіріп қол жеткізуде де даусыз ұлылық бар; ақынның то
бырды басқаруға қабілеттілігінде де, сөйтіп оның бұл адамдар
дан олардың әрқайсысы өзінің кейіпкерді жоқтауға лайықты
ма – ал боқмұрындардың төгетін жуынды суы – бұл әрқашан
қасиеттіні қорлау ғана ғой, – екенін шешіп, өзді-өздерін тексеру
ге мәжбүрлей алатынында да ұлылық бар. Бірақ сенім серісінің
тіпті ізгі адамның өзіне: «Мен жөнінде жылама, бірақ өзді-өзің
туралы жыла» деп айта алатынында одан да асқан ұлылық жа
тыр.
Әрине, бұл адамды сезіктендіреді, сол бір тамаша уақыттар ту
ралы сағынышпен ойлай бастайсың, қалауларыңның мақсатына ба
стайтын нәзік маужырау сезімі билейді сені, – әрине, Христостың
жер жаннатын басып жүргегін көргің келеді. Бірақ мұнда әсте
тағы да қорқыныш туралы, мұқтаждық туралы, парадокс туралы ұмытылады. Және сол кезде қателеспеу соншалық оңай болып па екен? Басқалардың арасында жүрген бұл адамның Құдай екендігі зәре-құтты қашырмай ма, онымен бірге үстелге отыру үрейлі емес пе? Апостол болу да соншама оңайлыққа түсті дейсің бе? Алайда нәтиже, бұл он сегіз жүзжылдықтар, – осының бәрі көмектеседі, біз өзімізді және басқаларды алдаусырататын осы нашарсоқ алдауарбауға көмектеседі. Осындайлық уақиғалардың замандасы болу ды қалау үшін жетерлік батылдықты мен өзімде сезінбеймін, бірақ дәл сондықтан мен қателескендерді тым қатал жазғырмаймын және ақиқатты көргендер туралы да жаман ойламаймын. Бірақ енді мен тағы да Авраамға қайтып ораламын. Сол бір уақыт, істің ақыры әбден анықталғанға дейін, әлде Авраам әрбір ми нут кісі өлтіруші болады, әлде біз қандай да болмасын өткерілуден жоғары болатын парадокстың алдында тұрамыз. Демек, Авраамның тарихы этикалықтың телеологиялық жойылуын өзінде тұтады. Жеке индивид ретінде ол жалпылыққа қарағанда ұлырақ болады. Бұл – өткерілуге жатпайтын парадокс. Оның бұған қалай кіргені қаншама түсініксіз болса, оның онда қалайша қала алғаны да соншама түсініксіз. Егер де Аврааммен іс басқаша болған болса, демек, онда ол трагикалық кейіпкер емес, бірақ жай ғана кісі өлтіруші. Сөйтіп оны сезімнің әкесі деп атай беру, тек сөзге ғана қызығатын адамдарға бұл туралы әңгімелей беру, – өзіңе бұл туралы ойлануға да ерік бермеумен барабар. Өз күшімен адам трагикалық кейіпкер бола алады, бірақ тек сенімнің серісі ғана емес. Адам трагикалық кейіпкердің жолына түскен кез де – бұл жол әлдебір мағынасында шыныменен қиын болып табы лады, – көптеген адамдар оған кеңес беріп көмектесуге қабілетті; ал сенімнің тар жолына түскен адамға ешкім кеңес бере алмайды және ешкім оны түсіне алмайды. Сенім – бұл керемет, дегенмен де бірде-бір адам одан тыс қалмайды; өйткені кез келген адам өмірінің жалғасатын жері – бұл ынтызарлық, ал сенім ақиқатында ынтызарлық болып табылады. С. Кьеркегор. Страх и трепет. Москва. «Республика», 1993. С. 18-64.
Түсініктемелер 1. Лат.: Stemnіng, тікелей алғанда: «дайындау», «рухты сәйкесті күйге келтіру», «саздық инструментті күйлеу» дегенді білдіреді. 2. Бытие, 22. 1-2. 3. Гомерге жасырын сілтеме – Илиада. ІV. 146. 4. Қараңыз: Гомер. Илиада. ІІІ. 381. Бұл тарауда Құдайдың кейіп керді бұлтқа орап алып кетіп, қалай құтқарғаны туралы айтылады. 5. Иисус Навиннің кітабын қараңыз, 10№ 12-13. Сонда Иисустың Гаваонның үстінде күнді қалай тоқтатқаны туралы ай тылады. 6. Ескі өсиеттегі дерек бойынша (Бытие, 21№5 және т.б.), Иса ак туғанда Авраамның жасы жүзге толған болатын. 7. Бұл «Жаңа өсиет» кітабынан алынған. 8. Бұл жерде Нуреддин мен Аладдин жарық пен қараңғылықтың символын білдіреді. 9. Бұл әйгілі аңызды баяндауда Кьеркегор Платонның «Думан» атты диалогына сүйенгені байқалады. 10,11. «Жаңа өсиет» кітабының кейіпкерлері туралы. 12. Плутархтың «Фемистокл» атты шығармасы бойынша. 13. Бұл да «Жаңа өсиет» кітабының желісімен жазылған. 14. Шығарманың осы тұсында қорқыныш ұғымы алғаш ен гізіледі. Мұнда ол экзистенциалдық қорқыныш, яғни белгілі бір нәрседен қорқу, шошу емес, адам өмір сүруінің негізінде жатқан тиылмас мазасыздану мағынасында түсініледі. 15. Лат: «Енді сөз сенің өз ісің туралы болуда» (Гораций. Письма. І.18.84). Гораций мұнда, егер сенің көршіңнің үйі кенет жана бастаса, бұл сол сәтте-ақ сенің өзіңді де шарпып өтеді деп жазып отыр. 16. Лат: «өз бастауымен және өз жауапкершілігінде». 17. Resіgnatіon (qam), стоикалық өзді-өзінен түңілу. Кьеркегор ілімі бойынша, бұл діни сенімнің тікелей қарсаңындағы саты бо лып табылады. 18. Мұнда Иса пайғамбардың суды шарапқа айналдырғаны ту ралы аңыз еске алынып отыр. 19. Бұл да «Жаңа өсиет» кітабының желісімен сенімге берік болу деген мағынаны білдіреді. 20. «Troens Rіdder» (qam.) – «сенімнің серісі», яғни «өзді-өзінен түңілудің серісімен». («Resіgnatіons Rіdder») салыстырғанда, өмір сүрудің ең жоғары, діни, сатысына көтерілген адам. 21. Бұл мәтінде «мезет» деген сөз бірнеше рет кездескенімен,
тек осы арада алғаш Кьеркегор оны өзіне тән ерекше мағынада, «мәңгіліктің атомы» деген мағынада, қолданып отыр. Яғни бұл мезетте адам жер бетіндегі өмірінде-ақ шексіздік пен мәңгілік ләзәттың шарпуын сезінетін болады. 22. «Жаңа өсиет» кітабынан. 23. Нем: «Мәңгілікке деген игілікті секіріс». 24. Даттық халық өлеңінен алынған сөздер. 25. Кьеркегор неміс тіліне аударылған венгерлік ертегілер жинағындағы «Эрци-жіп» атты ертегіге сілтеме жасап отыр. 26. Лат: «қатыгез қажеттілік». Бұл қанатты сөз тіркесі Горацийдің «Одаларынан» (ІІІ. 24. 6.) алынған. Онда «тағдырдың қатыгез қажеттілігі» туралы айтылады. 27. «Жаңа өсиет» кітабындағы Иса пайғамбар туралы аңыздан. 28. Дауб Карл (Karl Daub) – XІX ғ. бас кезіндегі белгілі неміс теологы. 29. Jncommensurabelt (qam.), яғни жай бір-бірімен салғыластыруға келмейтін ғана емес, сапалы айырмашылықтағы, бірегей өлшемі жоқ мәндер: шексіздік пен өлместікті өзінде тұтатын дара адам (индивид) және өлімші де өткінші күнделікті шындық. 30. «Этикалық өмір» – Гегельдің «Құқық философиясының» («Rechtspіlosophіe») үшінші бөлігінің тақырыбы; «Рақым мен арұят» – осы шығарманың екінші бөлігіндегі бір бөлімінің атауы. Кьеркегор мұнда этикалықтың қалайша дінилікпен қайшылыққа түсетінін көрсетеді. Гегельдің өзі үшін де мұнда анықтылық болған жоқ, ол тезірегінде дінилікте адамдағы этикалықтың, адамгершіліктің табиғи жалғасын көруге бейім болатын. 31. Қараңыз: Гегель. Рух феноменологиясы. VІ В. 32. Бір қызығы, Гегельдің тек 1906 жылы ғана жарық көрген жас шағындағы жұмыстарында (Hegel. Theologіsche Jugendschrі ften. Tübіngen, 1906) Авраам дәл бір қылмыскер әрі кісі өлтіруші ретінде суреттеледі, – бұл туралы Кьеркегор, әсте, ешқалай да біле алмаған. 33. Французша: «Ақымақ әрқашан оны мақтан тұтатын одан да асқан ақымақты табады» // Буало Н. Поэтикалық өнер (Boіleau N.L΄art poétіque. 1674. І. 232). 34. Medіatіon (qam.); «Өткерілу» («опосредование») ұғымы Гегель ілімінде тұғырнамалар немесе ұғымдар арасындағы қайшылықтарды оларды жоғарырақ қатарлы тұғырнамалық
құрылғыларға кіргізу жолымен шешуді білдіреді; айталық,
«қоғамдық игілік» және «өзімдік еркіндік» («личная свобода»)
ұғымдары арасындағы қайшылық еркіндіктің түптің түбінде
осы игілікке арқа сүйейтінін түсіну арқасында шешіледі (яғни
«өткеріледі»). «Өткерілу», «медиация» әрқашан жалпылықтың
күші, басқаша айтқанда, кеңірек ұғымның күші арқылы өтеді дей
тін ұйғарымды осы мағынада түсіну керек.
35. Эврипидтің «Авлидадағы Ифигения» поэмасынан алынған
сюжет. 36. Бұл да содан, 448 өлең, мұнда Агамемнон кімде-кім төмен
туған болса, сол бақытты, өйткені оған жылауға болады дейді. 37. Бұлар Менелай, Кальхас және Улисс (бұл да содан, 107
– өлең).
38. Қараңыз: Книга Судей Израилевых, 11.30-40. Бұл кітаптың
бір кейіпкері Иеффай Аммонитяндармен соғысар алдында, Иеле
нушіге жалынып, егер ол жеңіске қолын жеткіздірсе, онда үйіне
оралған кезінде алдынан кім бірінші шықса, соны оған құрмалдыққа
шалуға уәде береді. Ол шынымен жеңіп үйіне оралғанда, алды
нан қуанып жалғыз қызы бірінші болып қарсы алған екен. Сон
да Иеффай уәдесіне берік болып, қызының келісімін алып, оны
құрмалдыққа шалыпты-мыс.
39. Брут (б.д.д. 85-42жж.) Римдегі бірінші консул болған кезін
де, Тарквинийлердің өкіметін қайта құрғылары келгені үшін өзінің
екі ұлын дарға асуға бұйырған екен.
40. Saedelіge Dyd (qam.); бұл термин Гегельдің «Құқық
философиясындағы» «sіttlіche Tuqend» («адамгершіліктік ізгілік
тілік») ұғымына сәйкес келеді, ал Гегель оны «eіgentlіche Tuqend»
(«өзімділік ізгіліктілік») ұғымына қарсы қойып қарастырады.
41. Бұл сюжет Шекспирдің «Сонеттерінен» алынған; ондағы
ғашықтың есімі әлі күнге дейін дау туғызуда. 42. Бұл Інжілдердің бірінен (Марк) алынған. 43. «Жаңа өсиет» кітабынан. 44. Інжілден (Лука).
Фридрих Ницше ІЗГІЛІК ПЕН ЗҰЛЫМДЫҚТЫҢ АР ЖАҒЫНДА Болашақ философиясына прелюдия Алғы сөз Философтар ақиқатты әйел деп топшылай отырып, догмати ктер болғандықтан әйелдерді дұрыс түсіне алмаған деп күдіктенуге құқымыз жоқ па? Олардың ақиқатқа тым байсалдылықпен, түсініксіз беймазалықпен қарауы әйелді өзіне қаратуға жарамсыз құрал болып шықты емес пе? Әйел арбауға көнбейді де, сөйтіп, әртүрлі текті догматика қазір көңілсіз әрі қайғылы күйді бастан кешіруде. Егер де ол сондай күйде бола алса! Өйткені бүкіл догма тика күйреді, тізе бүкті, тіпті ол жаны шығар сәтке таянды деп ке кететіндер де табылады. Байыптап айтар болсақ, философиядағы әрбір догмаға салынушылық өзін қаншама орынды және шындыққа жақын етіп көрсетпек болса да, ден қоярлық дәрежеге жеткен жоқ деп үміттенуге берік негіз бар; мүмкін осы кезге дейін догмати ктер қалаған маңғазда шартсыз философиялық құрылыстардың ірге тасы не болғанын түсінетін уақыт қашық болмас, – бұл, мүмкін, ежелден келе жатқан халық ырымы, мысалға, әлі қазірге дейін «субъект» және Мен сияқты ырымшыл ұғымдар түрінде бұзақылығын тимаған жан ырымы, болмаса қайдағы бір ауысып түскен сөздер (игра слов), әлдебір грамматикалық еліктіру немесе аясы тар, жекелеген, адамға ғана тән, тым адамилық деректердің батыл қорытылуы болар. Догматиктердің философиясы, бір кездегі көп еңбекті, қаражатты, тапқырлықты, шыдамдылықты жұмсауға тура келген астрология сияқты, мыңдаған жылдардан кейін жүзеге асатын арман болар деп үміттенеміз, – Азия мен Мысыр сәулет саласындағы жоғарғы стилге тап осы арқылы жетті. Дүниедегі ұлы [істердің] бәрі де адам жүрегінен орын алу үшін, әуелі жан түршіктірерлік, үрейлі карикатура түрінде жарық көретін сияқты: догматикалық философия, мысалы, Азиядағы Веданта ілімі және Еуропадағы платонизм сондай карикатура болатын. Оның рөлін тегістей жоққа шығаруға болмас, дегенмен де [философияда] орын алған адасулардың ішіндегі ең төмені және ең қауіптісі догматиктердің адасуы болды, атап айтқанда, Платонның таза рух және өзіндік ізгілік жөніндегі сандырағы (выдумка). Енді
Еуропа бұл ауыр тиетін түс көруден босанып жақсы ұйқыға бері ле бастағанда, сергек болу міндеті алдымызда тұрған біздер, осы адасумен күресте шыныққан күштің мұрагері болып табыламыз. Рух пен ізгілік жөнінде Платон сияқты пайымдау – бұл, сөзсіз, ақиқатты аяғымен жоғары қою және бүкіл олардың шарты болып табылатын перспективаны жоққа шығару; тіпті, дәрігер құсап: «ежелгі дәуірдің керемет ұрпағы Платонда бұл ауру қайдан пайда болған? Мүмкін, оны залым Сократ бұзған шығар? шынында да Сократ жастарды теріс жолға салған болар? және ол өзі ішкен уды (цикутасын) солай ақтаған шығар?» – Бірақ Платонмен күрес, не месе «халық» үшін де түсініктірек айтсақ, христиандық-шіркеулік мыңжылдық ізгімен күрес – өйткені христиандық халық үшін пла тонизммен барабар – Еуропада жер бетінде бұған дейін болмаған рухтың зор шиеленісін туғызды: мұндай қатты керілген садақтан алыстағы нысаналарды атуға болады. Әрине, еуропалық бұл шие леністі қысылтаяң шақ деп біледі; адырнаны босатпақ болған екі әрекет те жасалды, бірде иезуитизм, екіншіде демократиялық ағарту арқылы; ағарту ісі баспасөз еркіндігі мен газет тарату арқылы шы нында да рухтың өзіне өзі «жүк болмауын» қамтамасыз ете алады. (Немістер оқ-дәріні ойлап тапты – мұнымен оларды құттықтауға болады, бірақ оларға бұл үшін тағы да есеп айырысуға тура келді – олар баспасөзді ойлап тапты). Біздер болсақ, иезуиттер де, демок раттар да, тіпті жеткілікті деңгейде немістер де болмағандықтан, біздер, мейірбан еуропалықтар және ерікті өте ерікті, ақыл-естілер, – біздер рухтың бар ауыртпалығында және оның садағының қатты керілуінде, тіпті мүмкін, жебені де, міндетті де, кім біледі? ныса наны да әлі сезінудеміз...
Сильс Мария, Жоғарғы Энгадин,
1885, маусым
Бірінші бөлім Философтардың теріс нанымдары туралы Бізді талай батыл қадамға бастайтын ақиқатқа деген ерік, барлық философтар осы кезге дейін қастерлеп келе жатқан атақты ақиқаттылық – қандай сұрақтарды алдымызға тартып келді, бұл ақиқатқа деген ерік! Қандай ғажап, күрделі, ден қоярлық сұрақтар! Бұл тарих көптен бері созылып келеді – сонымен бірге ол тап қазір басталған сияқты. Егерде біз қазір сенбестік танытып, шыдамым ыз таусылып, алды-артымызға қарай бастасақ, мұның таңданатын несі бар? Егерде біз, өз кезегінде, бұл сфинкстен сұрақ қоюды үйреніп жатсақ? Бізге сұрақтар қойып тұрған кім өзі? Кім бізден «ақиқатты» талап етіп тұрған? – Шынында да, біз бұл қалаудың себебін білмей тұрып өзімізге ұзаққа созылған демалыс бердік, сөйтіп бұдан бетер, бұдаң да терең сұраққа келіп тірелдік. Біз бұл қалаудың құндылығын білмек болдық, айталық, біз ақиқатты ке рек етеміз, – неге біз бұдан гөрі жалғанға құмартпаймыз? Күдікке? Тіпті, білместікке? Біздің алдымызда тұрған ақиқаттың құндылығы туралы мәселе ме, әлде біз бұл мәселеге енді ғана бет бұрдық па? Арамыздағы Эдип кім? Сфинкс кім? Шынында да, бұл сұрақтардың және сұрақ белгілерінің жүздесуі. Ақыр аяғында бізге бұл мәселе әлі ешқашанда қойылмаған сияқты, біз оны алғаш қойған, оған ба тылымыз жеткен адамдар сияқты болып көрінетініне біреу сенер ме? Бұл үлкен тәуекелдікті керек етеді және мүмкін, бұдан өткен тәуекелдік те болмас. «Бірдеңе өзінің қарама-қарсылығынан қалай пайда бола алған болар еді? Мысалы, адасудан ақиқат? Немесе алдауға деген ерік тен ақиқатқа деген ерік? Немесе пайда күнемдіктен риясыз әрекет? Немесе тойымсыз қалаудан дананың таза, күншуақты аңдауы? Мұндай пайда болу мүмкін емес; бұл жөнінде армандайтын адам аңқау, тіпті бұдан да бетер ақмақ; жоғары құндылыққа жататын нәрселер басқа жолмен өзінен өзі пайда болады, – олардың көзін бұл өткінші, алдау-арбауға толы жалған дүниеден, бұл есуастық пен құмарлықтардың астасуынан іздеуге болмайды. Керісін ше, болмыстың қойнауында, бақида көзге көрінбейтін құдайда, «өзіндік затта» – сонда олардың себебі, басқа еш жерде емес!» Мұндай пікір – үйреншікті теріс наным, барлық заманның метафи
зиктерін осы нанымдар арқылы тануға болады; құндылықты бұлай анықтау оларда барлық логикалық пайымдаудың арт жағында қылтиып тұрады; өздерінің осы «сеніміне» сүйене отырып, олар «білімге», салтанатпен «ақиқат» деп аталатын асқақ дүниеге жат пен болады. Метафизиктердің негізгі сенімі құндылықтардың қарама-қарсылығына сену. Олардың ішіндегі ең сақ дегендердің де тап осы арада, кіре берісте күдіктену ойына да келмеді, ал олар «de omnіbus dubіtandum»1, принципті берік ұстаймыз деп уәде берді ғой. Ал күдіктену керек еді, әсіресе, мына екі жағдайда: біріншеден, жалпы қарама-қарсылықтар бар ма, екіншіден, құндылықтар мен құнды еместер жөніндегі жұртшылықтың пікірі алдыңғы шептің бағасы, тек жақын жердегі перспективалар, сондай-ақ, мүмкін, бұрыштан қарағандағы перспектива, мүмкін, төменнен жоғары қарай, суретшілердің сөзімен айтсақ, бақалық перспективалар бо лар. Ақиқаттың, шындықтың, риясыздықтың құндылығы күмән туғызбаса да, мүмкін, өмір үшін елестің (иллюзия), алданудың, өз қамын ойлаудың, құмарлықтың құндылығы жоғары және дау сыз болар. Мүмкін, бұл жақсы және сыйлы заттардың құндылығы олардың соңғы күйсіз, жағымсыз заттармен бірлігінде, байла нысында, тепе-теңдігінде шығар. Мүмкін! – Бірақ кім мұндай қауіпті, «мүмкін» болатын нәрселермен басын қатыруды қалайды! Бұл үшін бұрынғылардың қалауына қарсы құндылықтарды бетке ұстаған философтардың жаңа нәсілі (новая порода философов) пайда болуы керек. – Және шынын айту керек, мен сондай жаңа философтардың пайда бола бастағанын көріп отырмын. Философтардың үстінен әжептәуір ұзақ бақылаудың әсерімен және олардың туындыларын долбарлап оқыған соң мен өзіммен өзім саналы ойлаудың, тіпті философиялық ойлаудың да басым бөлшегін, инстинкттің қызметіне жатқызу керек-ау деген ойға кел дім; бұл арада тұқым қуалаушылық және «туа біткендік» жайлы қайта оқығанымыз сияқты, қайта оқу керек. Туу актісінің тұқым қуалаудың өткендегі және кейінгі үдерісіне сәйкес келе бермей тіні сияқты, «саналылық та» белгілі бір шешуші мағынада инс тиктивтілікке қайшы келе бермейді; – философтың саналы ой лауына жеткілікті дәрежеде инстинкттер ықпал етіп, оны белгілі бір жолға бағыттап отырады. Өз қозғалысында ештеңеге тәуелсіз өздігінен жүзеге асып жатқан сияқты көрінетін логиканың артын да да құндылықтардың өлшемі жатыр, дәлірек айтқанда, белгілі
бір тіршілік түрін қамтамасыз етуге бағытталған физиологиялық сұраныстар жатыр. Мысалы, нәрсенің белгілі белгісіз нәрсеге қарағанда құндырақ екені, елестің «ақиқатқа» қарағанда құны аз болатыны – біз үшін бағыт сілтер маңызды болуына қарамастан, мұндай бағалар суреттің тек алдыңғы бетпердесінің бағалары ғана, біздер сияқты жандарды қолдау үшін ғана маңызды nіaіserіe2дің бір түрі ғана болуы мүмкін. «Заттардың өлшемі» тіпті де адам емес деген болжаммен. Пікірдің терістігі біз үшін пікірді жоққа шығаруға дәлел бола алмайды; бұл, мүмкін, біздің ең оғаш парадокстарымыздың бірі болар. Мәселе пікірдің өмірге ілесіп, өмірді қолдап, түрді қолдап, тіпті, мүмкін,түрді тәрбиелеуге септігін тигізе алатынында, ең теріс пікірлер де (бұған a prіorі синтетикалық пікірлерді жатқызуға болады) біз үшін аса қажетті, мұндай жалған түсініктер болмаса, егер адам шындықты ойдан шығарылған дүниемен салыстырмаса, салдар арқылы дүниені өне бойы бұрмаламаса, ол өмір сүре алмас еді, теріс түсініктерден бас тарту ол үшін өмірден бас тарту, өмірді жоққа шығару болар еді деп зор сеніммен айта аламыз. Жалғанды өмірдің кепілі деп есептеу – бұл, әрине, заттардың құндылығы жөніндегі қалыптасқан сезімге қарсы тұрудың тәуекелдік тәсілі және бұған батылы барған философия тек осынысымен өзін ізгілік пен зұлымдықтың аржағында қалдырады. Бізді барлық философтарға кейде сенімсіздікпен, кейде ке кесінмен қарауға итермелейтін нәрсе олардың аңқаулығы, жиіжиі қателесетіндігі, бір сөзбен айтқанда, олардың балалығы мен шалалығы емес, олардың ісіндегі адалдықтың жетіспеуі: шындық жөніндегі мәселе көтеріле қалса болды, олардың барлығы бір дей бір ауыздан шулап шыға келеді. Бәрі де өз ойлары мен пікір леріне өздері жеткендей және оларды салқын, таза, алаңсыз диалектиканың өздігінен дамуы арқасында ашқандай тәлімсиді (приворяются) (бұлардан адал және ақымақтау мистиктерден бұл философтардың айырмашылығы – бұлар «шабыт» жөнінде көлгірсиді), – ал шын мәнісінде олар бұрмаланған негіздерге сүйене отырып қайдағы бір теріс қағиданы, кенеттен туған ойды, «илан дыруды», абстрактыланған жүрек қалауын жақтайды. Олардың бәрі де жақтаушылар (бұлай деп атағанды олар жаратпаса да) және
көпшілігі өздерінің «ақиқат» деп атаған соқырсенімдерінің, жы
лпос уағызшылары; – ар-ұяттан тым ада болғандар, ерлік дәмін
татпағандар. Кәрі Кант өзінің тәкаппар да, өнегелі тартюфтілігі
мен бізді өзінің «категориялық императивіне» бастайтын жа
сырын диалектикалық жолдарына алдап түсірмек болады, – бұл
көрініс біздей бетімен кеткен адамдардың кекесінін туғызады,
өйткені біз қарт моралистер және адамгершілік уағызшыларының
мұндай арам ойларынан еш те бір ләззат ала алмаймыз. Немесе
мынау Спиноза өз философиясын түптің түбінде «өз даналығына
құмарлығын», егер бұл сөз дұрыс әрі дәл мағынасында түсіндірілсе
– жасырып, сауытпен қаптағандай етіп құрсаулаған математикалық
формуламен фокус-покусті алайық, жеңілмейтін қызға және Пал
лада – Афинаға көз тастауға батылы барған шабуылшының пысын
басу үшін бұл істегенін байқаймыз: науқас тақуаның (отшельник)
бұл мүләйімсуі (маскарад) оның өзінің қорқақтығы мен әлсіздігін
көрсетіп тұр!
Бұған дейінгі әрбір ұлы философияның қандай болғаны маған
бірте-бірте белгілі болды: оның негізін қалаушының оның еркі
нен тыс және байқаусыз жазылған жазбалары (mіmoіres): маған
тағы белгілі болғаны – өнегелі (немесе өнегесіз) мақсаттар әрбір
философияның кейін одан тұтас өсімдік өсіп шығатын дәнін
құрайды. Шынында да, бұл философтың ең әрідегі алғашқы
метафизикалық тұжырымдары қалай пайда болғанын білгіміз
келсе, біз алдымызға мынадай мәселе қойсақ орынды болады: ол
қандай моральды бетке ұстаған? Сондықтан мен философияның
түп тамыры «танымға құмарлық» болды деп ойламаймын, менің
ойымша, басқа жағдайдағыдай бұл арада қандай болмасын бір
инстинкт білімді (және білместікті) қару ретінде пайдалана
ды. Кімде-кім адамның негізгі инстинктеріне ден қойып, адамға
шабыт берер даналар (немесе перілер мен ...) ретіндегі олардың
ықпалы қандай боларын зерттесе, ол олардың бұрын да филосо
фиямен айналысқанын және олардың әрбіреуі өзін өмір сүрудің
түпкі мақсаты, басқа бүкіл инстинкттердің заңды әміршісі ретінде
көрсетпек болатынын байқар еді. Өйткені әрбір инстинкт – билік
құмар; сондықтан да ол философиямен айналысуға тырысады.
Әрине, ғалымдардың, нағыз ғылым адамдарының жайы басқаша
– тіпті «жақсы» болуы мүмкін, – оларда шынындада танымға
ынталылық орын алуы ғажап емес, бұл сағат механизмінің
кішігірім дөңгелегі сияқты нәрсе: егер де ол дұрыс бұралса, онда
ғалымның қалған басқа инстинкттерінің қатысуынсыз да жұмыс
істей береді. Сондықтан ғалымның түпкі «мүдделері» мүлде басқа
нәрселер төңірегінде топтасады: мысалы, жанұяның жағдайы,
табыс табу немесе саясат сияқты; оның кішкентай машинасы
ғылымның бір саласын қамти ала ма және «үміт күттіретін» жас
еңбекші жақсы филолог немесе санырауқұлақтың жайын жақсы
білетін маман болмаса химик пе – қайсысының өкілі болса да
бәрібір – бұл оны сипаттамайды. Керісінше, философта ешқандай
өзіндік қасиеті жоқ, әсіресе оның адамгершілігі оның кім екенін,
яғни оның табиғатына тән инстинктер рангілеріне қарай өзара
қандай қатынаста болатынын көрсетеді.
Философтар
кейде
қандай
ашуланшақ
болуы
мүмкін
десеңізші! Эпикурдің бір кезде Платонның және платониктердің
тарапына айтқан әзілінен ұлы ештенені мен білмеймін: ол олар
ды Dіonysіokolakes деп атапты. Бұл сөздің мағынасы ең алдымен
«Дионисийдің жағымпаздары» немесе тиранның құйыршықтары
дегенді білдіреді. (Эпикур бұл арада Платонның кіші Дионисий
тиранмен дос болғанын еске салып отыр); сонымен бірге бұл
сөздің тағы бір мағынасы: «бұлар комедианттар (актерлар)», олар
да жасанды емес ештеңе жоқ, өйткені Dіonysokolax актерлардың
үйреншікті жалған аты болды. Ал бұл Эпикурдің Платонға жібер
ген кекті жебесі: оған бұлардың маңғаз мәнерлері, өздерін өздері
көтермелеуі ұнамайтын; Самос аралынан шыққан қарт ұстаз,
Афинадағы өз бағында тығылып жүрген, үш жүздей кітап жазған
Эпикур мұндай мәнерге үйренбеген еді. Грекия Эпикурдың,
бақтағы данышпанның кім болғанын танып білгенше жүз жыл
өтті. Соның өзінде оны елі танып білді ме екен?
Әрбір философияда философтың «нанымы» сахнаға шығатын
пункт бар, немесе, ескі бір мистерияның тілімен айтқанда:
adventavіt asіnus
pulcher et fortіssіmus3
Сіз «табиғатқа сай» өмір сүргіңіз келе ме? О, игі Стоик
тер, қандай алданыш сөздер! Табиғатқа ұқсайтын мақұлықты
көз алдарыңызға келтіріңіздер – шексіз ысырапшыл, шексіз немқұрайды, ниетсіз және жалтақтаусыз, аяусыз және әділетсіз, жемісті және жеміссіз, тұрақсыз, билік күйіндегі парықсыздықты көз алдыңызға келтіріңіз – қалайша осындай парықсыздыққа сай өмір сүргіңіз келеді? Өмір сүру – бұл дәл табиғаттан басқа нәрсе болуға тырысу емес пе? Егер де сіздің «табиғатқа сай өмір сүру» деген принципіңіз шын мәнісінде «өмірге сай өмір сүруді» аңғартады деп есептесек, онда сіз қалайша мұны істей алмас едініз? Өзіңізге тән нәрсені және өзіңіз болуға тиісті нәрсені при нципке айналдырудың қандай қажеті бар? Шындығында жағдай мүлдем басқаша: өзіңіздің заңыңызды табиғаттан алғаныңызды шаттықпен жариялай отырып, сіздер басқаны қалап отырсыз дар, сіздер, бапшыл актерлар және өздерін өздері алдаушылар! Сіздердің өркөкіректігіңіз табиғатқа, табиғаттың өзіне өз моралы мен мұратын таңғысы келеді, оларды оған ендіргісі келеді; сіз дер оның «Стояға сәйкес» табиғат болғанын қалайсыздар және бүкіл болмысқа тек өздеріңіздің бейнеңіз бен ұсқыныңызды қабылдатқыңыз келеді – стоицизмнің шексіз мәңгілікке данқы артып, әлемге таралуы үшін! Ақиқатқа деген өздеріңіздің сүйіспеншілігіңізбен сіздер тым ұзақ, тым қажырлы естеріңізден танғанша өздеріңізді табиғатқа деген жалған, атап айтқанда сто иктік көзқарасты қабылдауға мәжбүр еткілеріңіз келеді, сөйтіп басқа көзқарасты қабылдайтын қабілетіңізден айырыласыздар. Терең жасырылған менмендік ақыр соңында сіздерде өздеріңізді зорлайтындарыңыз сияқты (стоицизм деген өзіндік тирания ғой) табиғатты да тираниялауға болады деген үміт туғызады, өйткені стоик табиғаттың бөлшегі емес пе?... Бірақ бұл ескі, мәнгілік та рих: бір кездегі стоиктерге тап болған жағдай қазір де болады, егер де белгілі бір философия өзіне сене бастаса. Ол әрқашанда өзіне ұқсас дүниені құрады, ол басқаша әрекет жасай алмайды; философияның өзі – осы тираниялық инстинкт, билікке, «дүниені жасауға», causa prіmaға деген рухани ерік. «Шындық дүние мен оған ұқсас болып көрінетін дүние» жөніндегі қазіргі кезде Еуропада орын алып отырған ынта мен сезімталдық – тіпті құлық деп айтқым келеді – ойлануға және ден қоюға сылтау болып табылады; кім де кім бұдан «ақиқатқа еріктен» басқа ештеңені естімесе, ол, сөз жоқ, саққұлақпын деп мақтана ал майды. Кейбір және сирек кездесетін жағдайларда бұл арада шы
нындада ақиқатқа деген еріктің, қандай да болса шектен шыққан және ерен оқиғаны іздейтін ерліктің, өз позициясынан бас тартқан метафизиктің атаққұмарлығы орын алуы мүмкін. Ар-ұятты бәрінен жоғары қоятын фанатиктер болады: олар сенімсіз Бірдеңеден гөрі сенімді Ештеңе үшін жанын қиюға да әзір. Мұндай жақсылық өзіне қандай ерлік бейнесін таңып алса да нигилизм күйінде және өле шаршаған жанның кейпі болып қалады. Күштірек және өмірге құштар ойшылдарда жағдай басқаша болады: шындық бо лып көрінетін нәрсеге (Scheіn) қарсы бола тұрып және «болашағы бар» («перспективный») деген сөзді менмендікпен айта отырып, өз денесінің бар екендігін де, «жер қозғалмайды» деген шүбәсіз деп есептелетін тұжырымның дұрыстығын да жете бағаламай, сөйтіп қолда бардан айрыла жаздап (себебі өз денесінен басқа нені анық деп тануға болады?), – кім біледі, олар бір кезде бұдан да айқын көрінген бірдеңені қайта қайтарып алғысы келетін болар, ерте гі сенімнен бірдеңені, мүмкін, «мәңгі тірі жанды», мүмкін, «ескі Құдайды», біл сөзбен, солар арқылы жақсы өмір сүрген идеяларды жандандыруға тырысатын болар. Бұдан аталған қазіргі идеяларға, кеше және бүгін құрылған нәрселердің бәріне сенбеу байқалады; бұған, мүмкін, позитивизм ұсынған әр алуан ұғымдардың brіca-brac4 тойып болу және кекесіндік жаратпау қосылатын болар, – нәзік талғамның жәрменкелік ала-құлаға шындық туралы осы ала-құладан басқа жаңа және тиянақты ештеңе айта алмайтын көпірме философастерлерге5 деген жиеркеніш сезімі тағы бар. Менің ойымша, мұндай шындықты мойындамауға және қазіргі шындыққа немқұрайды қарауға итермелейтін нистинктті жеңу қиын екендігін атап өту керек – олардың ретроградтық жанама жолдарында біздің ісіміз жоқ! Бұлардағы маңызды нәрсе олардың «кері» жүргісі келетіні емес, олардың басқа жаққа кеткісі келетіні. Аздаған күш, ерлік, ынта, артистизм көбірек болса болды – олар бұл шындықтан кері қарай емес, бас ауған жаққа қарай қашқысы келер еді! Менің ойымша, қазір барлық жерде Канттың неміс философи ясына тигізген оңды ықпалын елемеуге және оның өзі атап өткен өзінің абыройы жөніндегі ойын жасыруға тырысады. Кант ол ал дымен өзі жасаған категориялар кестесін мақтаныш етті; бұл кес тені қолға алып отырып, ол: «метафизика мақсаттары үшін бұрынсоңды атқарылуы мүмкін болатын істердің ең қиыны осы болды», –
деді. «Мүмкін болатын» деген сөзге назар аударыңызшы! Ол адам бойындағы жаңа қабілетті, априорлық синтетикалық пікірлерге қабілетін ашқанын мақтаныш етті. Бұл арада ол өзін өзі алдап отыр деп есептеп көрейік, бірақ неміс философиясының дамуы және өркендеуі осы мақтанышпен және бүкіл кейінгі ұрпақтың бұдан да бетер мақтан етерлік «жаңа қабілеттерді» ашпақ болып тырысуымен байланысты. Бұл туралы әлде де ойланып көрелік: бұл өте орынды болады. Кант өзінен: априорлық синтетикалық пікірлер қалай мүмкін болады деп сұрайды және бұған ол қалай жауап берген? Қабілетінің күшіне қарай: өкінішке орай, алайда, үш сөзбен емес, тыңғылықты түрде, абыройлылықпен және неміс ке тән ойлылықпен және сырбаздықпен жауап беретіні соншалық, адамдар мұндайлық жауапта жасырынған көңілді nіaіserіe allemande6-ні құлақтарынан тыс жіберіп алды. Бұл жаңа қабілет төтенше құштарлыққа себеп болды. Кант бұған қоса адамдағы моральдық қабілетті ашқан кезде – ол кезде немістер саясаттан гөрі моральға ден қоюшы еді – массаттану өзінің шегіне жетті. – Неміс философиясының балдай тәтті кезі басталды; Тюбинген мектебінің жас діндарлары бірден бұтаның түбіне тығылды, – бәрі де жаңа «қабілеттерді» іздеумен болды. Романтизмнің қатал феясы дем берген герман рухының кінәсіз, бай, жас шағында «тауып алу» және «ойлап табу» ұғымдарын ажыратып алмаған кезде не табыл мады дейсіз! Ең алдымен «сезімнен тысқа» қабілет ашылды: Шел линг оны интеллектуалдық пайымдау деп атады және, сөйтіп өз заманындағы ізгі ниеттегі немістердің қалауын қанағаттандырды. Бұл албырт және делқұлы қозғалыс көмескі және ескі ұғымдарды қанша бүркемелесе де, не дегенмен әлі балаң күйде еді және оны тым маңызды деп есептеп, оған кінә тағу артығырақ болар еді; не болса да, біз есейдік – ұйқы қашты. Біздің маңдайымызды си пап, ойланатын кезіміз келді: біз қазір де ойланудамыз. Бәрі де қиялдайды – және ең алдымен кәрі Кант: «Қабілетінің күшіне қарай» – деп еді ол, немесе қалай болғанда да, ол солай ойлады. Бірақ бұл жауап па? Бұл түсіндіру ме? Бұл шындығында сұрақты тек қайталау емес пе? Қалайша апиын ұйықтауға көмектеседі? Мо льердегі белгілі дәрігер «Қабілетінің күшіне қарай», атап айтқанда, vіrtus dormіtіva деп жауап береді: quіa est іn eo vіrtus dormіtіva, cujus est natura sensus assoupіre7. Бірақ мұндай жауаптарға тек комедияда орын бар және сайып келгенде, «априорлық синтетикалық пікірлер қалай мүмкін бола ды?» деген Канттың сұрағын басқа сұрақпен: «мұндай пікірлер
ге сену неге керек?» – деген сұрақпен алмастыратын уақыт туды, яғни біздей жандардың өмірін қолдау үшін мұндай пікірлер ақиқат деп есептелінуі тиіс; неліктен олар жалған пікірлер болып шығуы мүмкін! Немесе дәлірек айтсақ, – дөрекі және батыл: априорлық синтетикалық пікірлер мүлдем «мүмкін» болмауы керек; біздің оларға ешқандай құқымыз жоқ; біздің түсінігімізде бұл мүлдем теріс пікірлер. Әрине, олардың ақиқат екендігіне авансценаға және өмірдің болашақ оптикасының құрамына кіретін иллюзияға сену сияқты сену керек. «Неміс философиясының» бүкіл Еуропада зор ықпал еткенін енді мойындай отырып (оның тырнақшаға алынуы на құқы бар екендігі барлығына түсінікті болар деп үміттенемін), алайда, бұған белгілі vіrtus dormіtіvaның қатысы барына күмән болмауы керек. Әр ұлттағы жалқаулардың, мейірбандардың, мистиктердің, суретшілердің, үштен бірі христиандардың және са яси обскуранттардың арасында неміс философиясының арқасында өткен ғасырдан осы ғасырға кең ағыспен келіп құйылған шектен асқан сенсулизмге қарсы у қайтарғыш табуға мүдделілер болды, «sensus assoupіre» демекші... Материалистік атомистикаға байланысты ол оңай жоққа шығарылатын теориялардың қатарына жатады деп айтуға болады, мүмкін, қазір Еуропада ғалымдар арасында ол жөнінде үй ішінде ғана қолдануға ыңғайлы ілімнен басқа маңызды бірдеме деп ай татын надандар табыла қоймас; бұған септігін тигізген осы кезге дейін айқындықтың жеңімпаз қарсыласы болған поляк Коперник пен бірге поляк Боскович болды. Тап осы Коперник бізді барлық сезім мүшелерімізге қайшы жердің қозғалмай тұрмайтынына сен дірген кезде, Боскович жердің «мызғымайтынынан» қалған сенім нен, «затқа», «материяға», ұсақ атомға сенуден бас тартуға үйретті. Бұл осы кезге дейін жер бетінде сезім үстінен қол жеткен ұлы сал танат еді. Алайда әлі алға жылжу керек және енді «атомистикалық қажеттікке» де аяусыз соғыс жариялау керек, өйткені ол атақты «метафизикалық қажеттік» сияқты оны ешкім аңғармайтын салалар да әлі орын алып келеді; алдымен христиандық уағыздайтын одан да бетер қатерлі атомистиканың, яғни жандар атомистикасының титығына жету керек. Жанды өзгермейтін, мәңгілік, бөлінбейтін бірдеңе, монада, atomon деп есептейтін сенімді жан атомисти касы деп атау айып болмас, – осы сенімді ғылымнан аластау ке рек. Өзара айтқанда, сонымен бірге «жанның» өзінен құтылудың
және ежелгі әрі құрметтеуге тұрарлық болжамнан құтылудың тіпті де қажеті жоқ; әдетте натуралистердің икемсіздігі осыған алып келеді: «жанға» жанасса болды, олар табанда одан айыры лып қалады. Бірақ жан туралы болжамды жаңадан баяндауға және нәзік өңдеуге апаратын жол ашық болып қалып отыр; «өлімші жан»,«сан қырлы субъект ретіндегі жан» және «инстинкттер мен аффектілердің қоғамдық құрылымы ретіндегі жан» деген сияқты ұғымдар сол кезден бері өздеріне ғылымнан орын алу құқын талап етуде. Жан төңірегіндегі тропикалық малшылықпен кең тараған ескі нанымды жоюға әзірлік үстінде жаңа психолог, әрине, өзін жаңа шөлге және сенбестіктің жаңа аймағына қуып тыққан сияқты болады, – мүмкін, бұрынғы психологтар күйлі және көңілді тұрған болар – бірақ ең ақырында осының арқасында ол өзінің ойлап табуға (изобретение) және, мүмкін, – кім біледі? – ие болуға (обре тение) мәжбүр екенін сезінеді. Физиологтарға органикалық жанды заттарға тән түбегейлі инстинкттерге ұқсас өзін өзі сақтау инстинкті жөнінде ойланған дұрыс болар еді. Ең алдымен тірі мақұлық өзінің күшін көрсеткісі келеді – тіршілік дегеннің өзі билікке ерік болып табылады (воля к власти); өзін өзі сақтауға тырысу – осының жанама және көптеген салдарларының бірі. Бір сөзбен, мұнда, басқа жердегідей, – басы артық теологиялық принциптерге сақ болу керек! – солардың бірі өзін өзі сақтау принципі (ол үшін біз Спинозаның дәйексіздігіне қарыздармыз). Принциптердегі үнемшілдікті қажет ететін әдістің талабы дәл осындай. Мүмкін бес-алты адамның басына физика дүниені түсіндірудің емес, ол жөнінде пайымдаудың және оны реттеудің (біздің шамала уымызша – егер осылай айтуға болатын болса) жолы деген ой ке лер; бірақ, сезімдерге сүйене отырып, физика қазір де, болашақта да көпке дейін дүниені түсіндірудің құралы деп, яғни мүмкіндігінен жоғары тұрғыда қарастырылатын болады. Оны көздер мен қолдар, айқындық пен сезімталдық қолдайды; плебейлік (құлдық) мәнерді қалайтын ғасырға бұл тартымды, нанымды, көңілге қонымды (убедительно) әсер етеді – себебі ол инстинктті түрде байырғы халықтық сенсуализмнің қағидасына арқа сүйейді. Не айқын, нені «түсіндіреді?» Тек қана көзбен көріп, қолмен ұстауға болатын
нәрсені – әртүрлі мәселені сол шекке дейін зерттеу керек. Керісін ше: Платондық ойлау тәсілінің, – ал бұл игі ойлау тәсілі бола тын, – сиқыры да дәл осы көзге түсерлікке қарсылығында жатыр; бұлай ойлау біздің замандастарымызға қарағанда күштірек және талғампаз сезімдерге ие болған адамдарға тән болатын; олар бірақ өзі сезімдерін билеуді абырой көрді және олар мұндай дәрежеге әртүрлі сезімдер иірімдеріне, Платонның сөзімен айтсақ, қалай болса солай пайда болған сезімдерге ұғымдардың солғын, салқын, сұрғылт желілерін жабу арқылы жеткен. Дүниені бұлай игеруден, Платон құсап дүниені бұлай түсіндіруден бізге қазіргі физиктер, немесе дарвинистер мен телеологияны қолдамайтын физиолог тар өздерінің «күшті аз жұмсау» және ақымақтықты көп жұмсау принципіне сүйеніп ұсынатын көріністен өзгеше ләззат алуға бо лады. «Адам ештеңені көре алмайтын және қолмен ұстай алмай тын жерден ештеңені іздеудің де қажеті жоқ» деген императив, әрине, Платонның түсінігіне сай келмейді, бірақ қара жұмысты ғана атқаруға дағдыланған болашақтың машинистері мен көпір салушыларының еңбекқор ұрпағы үшін, бұл ең тиімді императив болуы мүмкін. Физиологиямен ойдағыдай айналысу үшін сезім мүшелерін идеалистік философия қарастыратын құбылыстар емес деп есеп теу керек: бұл күйде олар себеп бола алмас еді. Сонымен, сенсу ализм асып кеткенде – эвристикалық принцип деп есептемегеннің өзінде басшылыққа алатын болжам. – Қалайша? Кейбіреулердің пікірінше сыртқы дүние біздің сезім мүшелеріміздің жемісі екен. Олай болса, онда біздің денеміз сыртқы дүниенің бөлшегі ретінде сезім мүшелеріміздің жемісі болып шығар еді! Бірақ онда біздің мүшелеріміздің өзі біздің мүшелеріміздің жемісі болып шығар еді! Міне, менің ойымша, бұл барып тұрған reductіo ad absurdum, егер де біз causa suі8 ұғымын абсурд деп есептейтін болсақ. Демек, сыртқы дүние біздің сезім мүшелеріміздің жемісі болмағаны ғой – ? «Мен ойлаймын» немесе Шопенгауэрдың «мен қалаймын» деген түсініктері сияқты «тікелей айқындықтар» болады деп есеп тейтін ақкөңіл пайымдаушылар әлі кездеседі, – яғни таным өзінің предметін таза және ашық күйінде, «өзіндік зат» сияқты таниды және субъект жағынан да, объект жағынан да жалғанға жол беріл
мейді. Бірақ мен «абсолюттік таным» және «өзіндік зат» дейтін дер сияқты «тікелей айқындық» та іштей contradіctіo іn abjekto9 болып табылады деп жүз рет қайталай аламын: қалай еткенде де сөзбен алдаудан арылу керек қой! Халық, мейлі, тану деген бәрін білу деп ойлай берсін, өзіне айтуы егер де мен «мен ойлаймын» деген сөйлемдегі оқиғаны талдайтын болсам, онда мен негізделуі қиын, мүмкін, негізделмейтін, неше түрлі батыл тұжырымдарға тап болам, – мысалы, Мен – бұл ойлайтын адам; жалпы алғанда ойлайтын әлдене болуы тиіс; ойлау деген себеп деп танылатын бір адамның іс-әрекеті және қимылы; Мен бар; ақыр соңында, «ой лау» деген сөздің мағынасы белгілі; ойлау дегеннің не екенін мен білемін. Өйткені, егер мен өзім үшін осының бәрін шешіп алма сам, онда мен болып жатқан нәрсенің «қалау» немесе «сезіну» емес екенін қайдан білемін? Бір сөзбен бұл «мен ойлаймын» менің осы сәттегі халімді маған белгілі басқа менің сәттеріммен салыс тырып, оның не екенін білгім келгенін білдіреді; басқа «білімге» сүйенген жағдайда ол мен үшін қалай болғанда да ешқандай «ті келей айқындықты» аңғартпайды. Бұған көпшіліктің сенетін «ті келей айқындықтың» орнына философ неше түрлі метафизикалық сұрақтарға, интеллект үшін ұжданның нағыз сұрақтарына тап болады: «Ойлау ұғымын мен қайдан аламын?. Неліктен мен се беп пен қимылға сенемін? Маған қайдағы бір Мен және себеп болып табылатын Мен және, сайып келгенде, ойлаудың себебі болып табылатын Мен жөнінде айтуға құқық беретін не?» Бұл метафизикалық сұрақтарға таным интуициясына сүйене отырып бірден жауап беруге кімнің батылы барады? Оған да және «Мен мұның кем дегенде ақиқат, шындық, анық екендігін білемін» деген адамға да философ әзілмен және бірнеше сұрақ белгілерімен жау ап қатар еді. Философ оған, мүмкін: «Қайрымды патшамыз, сіздің қателеспеуіңіз ақылға сыймайды, бірақ даусыз ақиқат неге керек?» – деп жауап берер еді. Логиктердің ырымшылдығына келер болсақ, мен осы ырым шылдар амалсыздан мойындайтын бір кішігірім деректі атап өтуден жалықпаймын, атап айтқанда: ой «мен» керек еткенде емес, «өзі» келгісі келгенде келеді; сондықтан, субъект «мен» «ойлай мын» деген предикаттың шарты деу істің мәнісін бұрмалағандық болады. Ойланылады (Es denkt): бірақ бұл «ды» ны дәл ескі атақты Мен деп есептеу тек болжам, тек тұжырым, бұл тіпті де «тікелей
айқындық» емес. Ақыр аяғында осы «ойлалылады» мен көп нәрсе тындырылған: бұл «ды»-ның өзінде оқиғаны түсіндіру бар және өзі оның құрамына кірмейді. Әдетте қорытындыны грамматикалық дағдыға сүйеніп жасайды: «ойлау – іс-әрекет; әрбір іс-әрекетке әрекет жасайтын адамның қатысы бар демек-». Ескі атомистика шамамен осы схемаға сәйкес қазіргі «күшке» ол отырған және со дан әрекет жасайтын материяның бір түйірін – атомды қоспақ бол ды; тереңірек ойлайтындар ақыры «жердегінің осы қалдығынсыз» да әрекет жасауға үйренді және, мүмкін, бір кезде логиктер бұл кішігірім «ды»-сыз да амалдауға үйренетін шығар. Әрбір осындай теорияның шын мәнісіндегі тартымдылығы оның жоққа шығарылатынында: тап осынысымен ол сезімтал ой шылдарды өзіне тартып тұрады. Жүз рет жоққа шығарылған «ер кін ерік»жөніндегі теорияның әлі де өмір сүріп келе жатқандығы оның осындай тартылымдығына байланысты: оны жоққа шығаруға күшім жетеді деп сезінетін біреу қашан да табылады. Философтар, әдетте ерік (воля) дегенді дүниедегі белгілі нәрседей пайымдайды; Шопенгауэр ерікті бізге бірден-бір анық бел гілі, еш те бір кемітусіз және қоспасыз белгілі деп жариялады. Бұл арада Шопенгауэр не дегенмен де, менің ойымша, философтардың үйреншікті ісін қайталап отыр: халықтың жалған нанымыма сүйеніп отыр және оны күшейтіп отыр. Менің ойымша, қалау де ген алдымен күрделі, тек сөз ретінде бір тұтас болып келетін нәрсе – және дәл оның осы бір сөзбен бейнелеуінде философтардың болар-болмыс сақтығының үстінен үстемдік құратын халықтың жалған нанымы жатыр. Сөйтіп, сақ болуға, «философтар» болу дан бас тартуға тырысайық дегіміз келеді: әрбір қалауда, бірін шіден, көптеген сезімдер бар, атап айтқанда: одан құтылғымыз келетін жайдың сезімі, оған жеткіміз келетін жайдың сезімі, осы талаптардың өзін сезіну, сосын бұдан туатын, біздің қалауымыздан біздің «аяқ-қолымызды» іске қоспай-ақ пайда болатын бұлшық ет сезімі. Екіншіден, әртүрлі түйсіктерді еріктің ингредиенті деп есептейтініміз сияқты ойлаумен де істің жағдайы сондай болып келеді: әрбір ерікті әрекетте билеуші ой бар; алайда бұл ойды «қалаудан» бөліп алуға болады және сонда еріктің өзі қалады деп ойлаудың өзі қате! Үшіншіден, ерік деген түйсіктер мен ойлау ке
шені ғана емес, сонымен бірге ең алдымен ол – аффект және соның өзінде әмір ету аффекті. «Ерік еркіндігі» деп аталатын нәрсе шын мәнісінде бағынуға тиісті нәрсеге байланысты басымдық аффект: «мен еріктімін, ол бағынуға тиісті» – әрбір жігерде осындай сана орын алады. Сол сияқты назар аудару, бір ғана нәрсені байқайтын тура қарау, сөзсіз бағынады деген ішкі сенім, бір сөзбен, билеу шіге тән күйдің бәрі кездеседі. Бірденеңі қалайтын адам-өзіне өзі біреудің ырқына көнуге бұйырады немесе біреудің ырқына көндім деп ойлайды. Бірақ енді еріктің, халықта бір сөзбен бейнеленетін сан қырлы нәрсенің ғажап жағына назар аударайық: бұл ара да біз бір мезгілде бұйырушы әрі бағынушы болғандығымыздан бізге ерік актімен байланысты болатын зорлап көндіру, тегеурін, қысым, қарсылық сезімдері жақсы таныс; екінші жағынан, біз бұл екі жақтылыққа мән бермеуге, Мен деген синтетикалық ұғым арқылы алдамшы түрде оны елемеуге үйрендік, – қалауға өздігінен неше түрлі теріс тұжырымдар, демек, еріктің өзін теріс бағалау қосылады; сөйтіп қалаушы әрекет жасау үшін қалаудың өзін жет кілікті деп шын сенеді. Көптеген жағдайларда қалау бұйрықтың, демек, бағынудың, демек, қимылдың әсерін күтуге болатын жерде орын алады; бұл арада істің көзге көрінбейтін жағы – іс-қимылдың қажеттігі бар-ау деген сезім пайда болады; бір сөзбен, қалаушы зор сеніммен жігер мен қимыл біртұтас болып бірігеді деп ойлайды – ол табысты да, қалаудың іске асуын да еріктің өзімен байланыс тырады және сөйтіп әрбір табыстан туатын пәрменділік сезімінің күшеюінен рақаттанады. Билік жүргізетін, сонымен бірге сол сәтте орындаушыға айналып кететін, кездескен кедергілерді жеңгеніне масаттанып, бірақ іштей оларды жеңіп жатқан өзі емес, өзінің еркі деп ойлайтын қалаушының әр алуан ризашылық күйлерін «ерік еркіндігі» деген сөзбен білдіруге болады. Сонымен, қалаушы билеушінің ризашылық сезіміне орындаушының ойдағыдай әрекет жасайтын құралдың ризашылық сезімін қосады, – өйткені біздің денеміз көптеген «жандардың», қоғамдық құрылысы ғана. L’effet c’est moі10: мұнда әрбір көрікті және бақытты қауымда кездесетін жағдай орын алып отыр: билеуші тап өзін қоғамдық жетістіктермен тендестіреді. Әрбір қалау үстінде әңгіме бұйыру мен бағыну жөнінде болады, жоғарыда айтқанымыздай, көптеген «жандардың» қоғамдық құрылысы негізінде. Сондықтан философ қалауды мораль тұрғысынан қарауға өзін еріктімін деп есептеуі керек еді және бұл арада мораль ретінде «өмір» феномені пайда болатын билік қатынастары жөніндегі ілім танылып отыр.
Жекелеген философиялық ұғымдардың ойдан шығарылмай тыны, өздігінен пайда болмайтыны, олар ойлау тарихында кенеттен және өздігінен пайда болатын сияқты көрінгенмен, шын мәнісінде өзара байланыста және туыстықта қалыптасатыны, сол сияқты белгілі бір жүйеге кіретіні – кейін әртүрлі философтар болашақта болатын философиялардың негізгі схемасын толтыра бастағанда білінеді. (Мұндай схеманы Р.Штейнер XX ғасырдың басында құрып еді.) Көрінбейтін бұғаудың астымен олар үнемі айналма жолмен қайтадан жүріп отырады, және, олар өздері өздерінің сыни немесе жүйелі жігері арқылы тәуелсізбіз деп сезінсе де өздеріндегі бірдеңе оларды бастап келеді, бірдеңе оларды бірінің артынан бірін белгілі ретпен қуады – бұл ұғымдардың жаратылысындағы жүйелілігі және туыстығы. Олардың ойлауы өте төмен дәрежеде, жаңалықты ашу дан гөрі ескіні тану, еске түсіру, туған жерге, жанның алыстағы ерте кездегі осы ұғымдар бір кезде пайда болған жеріне қайтып оралу бо лып табылады, бұл жағынан философиямен шұғылдану ең жоғарғы дәрежедегі атавизмнің бір түрі болып табылады (лат. Atavі–арғы ата). Бүкіл үнділік, грек, германдық философиямен шұғылданудың таңқаларлық ұқсастығы оңай түсіндіріледі. Тілдердің туыстығы бар жерде грамматиканың жалпы философиясы арқасында (яғни бейсаналық биліктің және бірдей грамматикалық) функцияларды басшылыққа алудың арқасында) бәрі философиялық жүйелердің біртекті және бір ізбен дамуына қажетті түрде және алдын ала әзірленген; ал дүниені кейбір басқаша түсіндіруге жол жабық сияқты. Орал-Алтай тілінде сөйлейтін философтар (оларда «субъ ект» ұғымы басқалардан нашар дамыған) индогермандықтар мен мұсылмандарға қарағанда «дүниенің түбіне» басқаша қарауы және басқа жолдармен жүруі өте ықтимал: белгілі бір грамматикалық функциялардың бұғауы, ақыр соңында, құндылықтар және нәсілдік шарттар жөніндегі физиологиялық пікірлердің бұғауы болып табы лады. Локктың идеяның шығуы жөніндегі үстірт көзқарасы жөнінде айтарымыз осы. Causa suіосы кезге дейін ойлап табылған өзіндік қайшылық тардың ішіндегі ең сорақысы, логикалық зорлық және табиғилық пен сиыспайтын көзқарас; бірақ адамның шектен асқан астамшылы ғының оны бұрмалағаны сондай, ол қорқынышты түрде тап осы мағынасыздыққа тіреліп шатасты. Шала оқымыстылардың сана
сын билеп алған метафизикалық мағынадағы «ерік еркіндігіне» ұмтылу өз істері үшін жауапкершілікі Құдайдан, дүниеден, ба балардан, қоғамнан тартып алып өзіне ғана артуға тырысу және Мюнхаузен құсап өзін Ештеңенің батпағынан шашынан тартып шығарып болмысқа айналдыруға тырысу, сол сausa suі болуға ұмтылудан басқа ештеңе емес. Біреу-міреу бұл «ерік еркіндігі» деген атаулы ұғымның мұжықтық қарапайымдылығын түсініп, одан бас тартты делік, онда мен оның сауатын одан әрі жетілдіріп, осы «ерік еркіндігі» деген жалған ұғымның инверсиясынан да бас тартуды өтінер едім: менің айтып тұрғаным себеп пен қимылды дұрыс пайдаланбаудың салдары болып табылатын «бейеркін ерік» («несвободная воля»). Себепті зорлықпен іске қосуға тырысатын натуралистер (және осы кезде ойлау саласында оларға еретіндер) құсап, «себеп» пен «қимылды» заттандыруға болмайды. «Себеп» пен «қимылды» таза ұғымдар, яғни көпшілік мақұлдаған функци ялар ретінде түсіндіру үшін емес, белгілеу, келісу үшін пайдала ну керек. «Заттардың мәнінде» ешқандай «себептік байланыс», «қажеттілік», «психологиялық еріксіздік» жоқ: онда «қимыл» «себептің артынан» жүрмек емес, онда еш те бір «заң» үстемдік құрмайды. Бұл біз, біз ғана себептерді, жүйелілікті, өзара байла нысты, салыстырмалықты, зорлықты, санды, заңды, еркіндікті, негізді, мақсатты ойдан шығарған; егерде біз заттарға осы өзіндік нышандар дүниесін (мир знаков) қосатын, тіркейтін болсақ, онда біз тағы да бұрынғыдай, мифологиялық тұрғыда әрекет жасаған бо ламыз. «Бейеркін ерік» деген бұл мифология: шындығында өмірде әңгіме тек күшті және әлсіз ерік жөнінде болады. Егерде ойшыл әрбір «себептік байланыста» және «психологиялық қажеттілікте» бойсұндырудың, мұқтаждықтың, салдардың қажеттілігін, қысымның, еріксіздіктін кейбір үлесін сезетін болса, онда бұл оның өзіне не жетпейтіндігінің белгісі: олай сезіну – сатқындық: тұлға өзін өзі ұстап береді. Жалпы алғанда, егер менің байқауым дұрыс болса, «бейеркін ерік» екі қарама-қарсы жақтан, бірақ әрқашанда біреудің өзіндік көзқарасын білдіретін мәселе деп есептеледі: біреулер өз жауапкершілігінен, өзіне деген сенімнен, өзінің еңбек сіңіріп қол жеткізгеніне деген өзіндік құқынан (бұл категорияға атаққұмар нәсілдерді жатқызуға болады) ешбір жазықсыз бас тартқысы келмейді; екіншілер, керісінше, ештеңе үшін жауап бер гісі, ештеңе үшін өзін кінәлі деп есптегісі келмейді және өздерін іш тей жек көргеннен өздерін бір жаққа өткізуді қалар еді. Соңғылар, егерде олар кітап жазатын болса, осы кезде қылмыстарды қорғауға
тырысар еді; социалистік аяушылық – олардың сүйікті бетпердесі (маска). Шынында да, ынжықтардың фатализмі, егер де ол өзін озық «la relіgіon de la souffrance humaіne11» ретінде көрсете алса, жақсы көрінер еді: бұл оның «жақсы талғамы». Мені, түсінік берудің жаман амалын әшкерелеуге әзір тұратын қатал ғадеттен бас тартпайтын бұрынғы филологты кешірсін, – бірақ бұл сіздер, физиктер, мақтанышпен айтатын «табиғат заңдылығы», қалай деуге болар екен... – тек сіздердің түсіндіруіңіз бойынша және нашар «филологияның» арқасында өмір сүреді, – ол істің мәні емес, «мәтін» емес, дұрысы – қазіргі жанның демократиялық инстинкт терін қанағаттандыруға тырысқан мағынаны аңғал-гуманитарлық тұрғыда түзету және бұрмалау. «Барлық жерде заң алдында бәрі тең»; «табиғатта бұл жағынан істің жайы біздегіден өзгеше және артық емес»; тобырдың барлық пұрсаттыларға және ақсүйектерге өшпенділігін бүркемелейтін өнегелі артқы ойының артында одан да гөрі нәзік атеизм тұр. «Nі dіeu,nі maіtre-ге»12 – осы ғой сіздерге керегі – сондықтан да «табиғат заңы жасасын!» – солай емес пе? Бірақ бұрын айтылғандай, бұл мәтін емес, тсіндірме (толкование): басқа біреу келіп басқа ниетпен және басқа түсіндіру тәсілімен сол табиғаттан және сол құбылыстар жөнінде биліктің қатал және ай нымас табанды талаптарын оқып шығуы мүмкін; басқа түсіндіруші табылып, сіздерге әрбір «билікке еріктің» бұлжымастығын және сөзсіздігін паш етуі мүмкін; онда әрбір сөз, тіпті «тирания» деген сөз де қодануға жарамай тым әлсіз және жұмсақ метафора, тым адами амал болып көрінуі мүмкін; соның өзінде ол, мүмкін, бұл дүние жөнінде сіздің пікіріңізді қолдап шығар, атап айтқанда, бұл дүниенің «қажетті» және «есептеуге болатын» ағымы бар, және оның өзіне тән заңдары болғандықтан емес, керісінше, ешқандай заңдары жоқ болғандықтан және әрбір билік әр сәтте өзіне тиімді қорытынды жасай алады деп. Мұны да тек түсіндіру деп есептелік – бұған қарсы шығуға сіздердің шамаңыз келе ме? – қайтеміз онда тіпті жақсы. Бүкіл психология осы кезге дейін ескі моральдық нанымдар дан және үрейлерден арыла алмай келеді: оның тереңге бойлауға батылы жетпеді. Оны морфология ретінде және мен түсінетіндей билікке еріктің дамуы жөніндегі ілім деп түсіну – бұл әлі ешкімнің
ойына да кіріп шыққан жоқ; егер осы кезге дейін жазылғанды осы кезге дейін айтылмағанның белгісі деп білмесек. Ескі моральдық нанымдардың күші адамның салқын қанды және бол жамнан ада болуға тиісті рухани дүниесіне терең еніп алды және, өзінен өзі түсінікті, ол зиян келтіреді, тежейді, көз қаратпайды, бұрмалайды. Нағыз физиопсихологияға зерттеушінің жүрегінде бейсаналық қарсы әрекеттермен күресуге тура келеді; оның қарсыласы –«жүрек»: «жақсы» және «жаман» инстинкттердің өзара шарттастығы жөніндегі ілімнің өзі, одан гөрі барлық жақсы инстинкттердің жаман инстинкттерден шығатыны жөніндегі ештеңеден жасқанбайтын ұжданды да ауыр күйге түсіреді. Алай да, айталық біреу-міреу өшпенділік, қызғаныш, қомағайлық, билік құмарлық аффектілерін өмірден туған, тіршілік үшін маңызды және қажетті, өмірмен бірге жетіліп отыратын аффектілерге ба лады делік, онда ол өз ойларының сондай бағытынан теңіз ау руынан азап шеккендей азап шегеді. Бірақ та осы болжам қауіпті танымдардың жаңа саласындағы ең азапты, ең оғаш болжам болып табылмайды: дұрысында әркімнің бұл саладан аулақ жүруге тыры сатынына жүздеген салмақты дәлелдер келтіруге болады. Екінші жағынан: егер біздің кемемізді сонда алып барса, онда қайтеміз? Қатты тістеніп аламыз! Жан-жағымызға сұқтана қараймыз! Рульді мықтырақ ұстаймыз! Сөйтіп, моральді тіке басып өтеміз, батылы мыз барып жолымызды солай бұрмақ болсақ, біз, мүмкін, сонымен бірге өз адамгершілігіміздің қалдығында таптап өтерміз, – бірақ бізде тұрған не бар! Батыл саяхатшылар мен ғажап оқиғалар іздеп жүретін адамдарға танымның тереңірек дүниесі ешқашанда ашы лып көрген жоқ: және сөйтіп, құрбандық шалған (бірақ бұл sacrіfіzіo dell`іntelletto13 емес, керісінше!) психологтың психологияның қайтадан ғылымдардың әміршісі болуын талап етуге кем дегенде құқы бар; басқа ғылымдар оған қызмет ету үшін және оны әзірлеу үшін өмір сүреді. Өйткені психология қазір қайтадан негізгі мәселелерге жол ашып отыр.
Екінші бөлім Еркін ақыл O sancta sіmplіcіtas! Адам қандай ғажап қарапайымдылықта пен жалғандықта өмір сүреді?! Егерде біздің бұл кереметке әйтеуір бір көзіміз ашылса, біз айналамызды қандай жарқын, еркін, жеңіл және айқын ете алар едік – бұған мейлінше таңдану мүмкін емес! – біз қалай өзіміздің сезімдерімізге барлық үстіртінге еркін кіру ге, өзіміздің ойлауымызға –қарқынды өзгерістерге (секірістер ге) және теріс тұжырымдарға – құдай берген құмарлыққа жол ашар едік! Қалай біз жаңа ғана қолымызға тиген еркіндігіміз ге, күмәнсыздығымызға, аңғырттығымызға, батылдығымызға, өмірге құштарлығымызға рақаттану үшін, өмірге рақаттану үшін біз о бастан-ақ өзіміздің білместігімізді сақтаудың амалын іздеп әлек болдық! Білместіктің осы мықты граниттей іргетасында, өте күшті еріктің, білместікке, терістікке, қателікке ынтызарлықтың негізінде ғана осы кезге дейін ғылым, білімге құмарлық өрістеп, дамып келеді! Және оның қарама-қарсылығы ретінде емес, оның талғампаздығы (утонченность) ретінде! Сөздің өзі, мейлі, осы және басқа жағдайларда өзінің оралымсыздығынан шыға алмай, дәрежелер мен ерекшеліктер арасында болар болмас нәзіктіктер бар жердің бәрінде қарама-қарсылықтар жөнінде айта берсін; біздің жеңімпаз «тәніміз бен қанымызға» сіңген моральдық жүзеге асқан тартюфтілігі біздін сөзімізді бұрмасын-біз мұны кейде түсінеміз және ең жақсы ғылымның бар айбынын салып, бізді осындай қарапайымданған, тегістей, жасанды, қисынды ойластырылған, қисынды жасалған дүниеде ұстап тұруға тырысатынын, оның да адасуға құмар екенін көріп күлеміз, өйткені, ол да тірі, ол да өмірді сүйеді. Осындай көңілді кіріспеден кейін тиянақты сөз де естілсін: ол тиянақты тыңдаушыларға арналған. Философтар мен таным доста ры, сақтаныңыздар және азаптан сақ болыңыздар! «Ақиқат үшін» азап шегуден сақ болыңыздар! Тіпті «өзіңіздің қорғанышыныздан да сақтаныз» Бұл сіздің ұжданынызды кіршіксіздіктен және нәзік бейтараптықтан айырады, бұл сіздерді қарсылықтарға және қызыл орамалдарға тоң милықпен қарауға мәжбүр етеді, сіздерге қауіп-
қатермен, қорлаумен, күдіктермен, қудалаумен және бұдан басқа да дұшпандықтың салдарымен күресте өздеріңді жер бетінде гі ақиқаттың қорғаушылары болуға тура келгенде бұл сіздерді топастандырады, жыртқыштандырады, өгізге айналдырады! «Ақиқат» деген өзін қорғаушыларды қажет ететін ақкөңіл және еп сіз нәрсе сияқты. Және тап сіздерді, о, өкінерлік образдың серілері, еріккен мырзалар және ақылдың өрмекші-тоқымашылары, қажет ететіндей! Ақыр аяғында сіздер жақсы білесіздер – тап сіздердікі дұрыс па жоқ па – бәрі бір, өйткені осы кезге дейін еш те бір философтың пікірі дұрыс болып шыққан жоқ және ден қоярлық шындық сіздердің айыптаушылар мен соттың алдындағы салтанат ты ымдарыңыздан гөрі өздеріңіздің ең ұнамды сөздеріңізден және ұнатқан ілімдеріңізден (реті келсе тап өздеріңізден) кейін қоятын кішкентай сұрақ белгісінде болуы ғажап емес! Одан да былай тұрыңыздар! Жоғалыңдар! Және сіздерді басқалармен шатастыру үшін өздеріңіздің бет пердеңізді киіп, айлаңызды іске қосыңыздар! Немене, аздап қорықтыңыз ба? Және алтын торы бар бақ жөнінде ұмытпаңыздар! Және өздеріңізді баққа немесе кешқұрымғы күн естелікке айналған кездегі су үстіндегі музыкаға ұқсаған адамдар мен қоршаңыздар, – өздеріңізге қандай мағынада болса да жақсы болып қалуға пұрсат беретін жалғыздықты, жақсы еркін көңілді, жеңіл жалғыздықты таңдаңыздар! Ашықтан ашық жүргізуге бол майтын әрбір ұзақ соғыс адамдарды қандай улы, қандай айлашыл, қандай ақымақ етеді! Ұзаққа созылған үрей, ұзаққа созылған жауларды, болашақ жауларды бақылау оларды қандай өзімшіл етеді! Бұл – қоғамның қуғындалушылары мен қудаланғандары, сол сияқты зорлықпен дүниеден безгендер, бұл – Спинозалар мен Джордано Брунолар әрқашанда ақыр аяғында өздері аңғармай (бір рет болса да Спинозаның этикасы мен теологиясының түбіне бойлап көріңдер!) аршылған кекшілдерге және улаушыларға айна лады; бұл арада философтың философиялық мысқылдан жұрдай болғандығының қатесіз белгісі болып табылатын моральдық наразылықтың жөнсіздігі жөнінде айтып жатудың қажеті жоқ. Философтың азап шегушілігі, оның «өзін ақиқат үшін құрбан етуі» онда көрінбей келген үгітшілік пен актерлікті паш етеді; егер де оған осы кезге дейін тек артистік әуестікпен қарап келген деп ұйғарсақ, онда басқа философ туралы оны қашан болса да азғындау жағдайында (немесе «азап шегушіге», мінбенің жаршысына айналғанын) көруге тырысу түсінікті болып көрінер. Тек мұндай қалау да сонымен бірге қандай жағдайда болса да нені көруге тура
келетінін міндетті түрде анық түсініп алу керек: тек сатарлардың драмасын ба, тек соңғы фарсты ма, тек ұзаққа созылған нағыз трагедияның (философияның дүниеге келуі сондай ұзақ трагедия болғаны белгілі) аяқталғандығының үздіксіз дәлелін бе. Әрбір таңдаулы адам инстинктті түрде өзінің қамалына (за мок) және жасырын баспанасына ұмтылады; онда ол тобырдан, көптен, көпшіліктен құтылады, онда ол ерекше болып табылатын «адам» деген ережені, егерде одан да гөрі күшті инстинкт оны кең мағынадағы танушы ретінде қайтадан осы ережеге тап қылмаса, ұмыта алады. Адамдармен қарым-қатынаста кім сәтсіздіктің, қырсықтың барлық бояуымен құбылмаса, жеккөрініштен, жалығудан, жаны ашудан, тұнжыраудан, жалғыздықтан сұрланып, бозармаса, ол онда жоғарғы мәнердің адамы болмағаны; бірақ, айталық, ол өз еркімен бұл ауыр жүкті арқалағысы келмейді, үнемі бұдан бас тартумен болады, өзінің қамалында менмендікпен және тым-тырыс тығылады, – бұл жағдайда ақыры мынау: ол таным үшін жаралмаған. Өйткені ол күндерде бір күн өзіне өзі айтар еді: «менің жақсы мәнерімді жын соқсын! бірақ ерекшеге қарағанда ерекше мен болсам да, – ереже жағымдырақ!» – сөйтіп төменге, ең алдымен «ортаға» жөнелер еді. Орташа адамды ұзақ, тиянақты зерттеу және осы мақсатпен қайта-қайта киіну, өзіне өзі үңілу, әдепсіздікке, жылпостыққа салыну (жағынудың қай түрі де – өзің сияқтыларға болмаса – жаман) – әрбір философтың өмірбаянының, мүмкін, ең жағымсыз, ең көнілді қалдыратын бөлігі осы. Егер де оның – танымның еркесі ретінде – сыбағасына бақыт қонса, онда ол өзінің міндетін жеңілдететін адамдарға тап болады, бұл арада мен киниктер деп аталатындарды, яғни өздеріндегі айуандықты, өрескелдікті жасырмайтын және онымен тұрмай, күнәлардың ал дында мұнысын астамшылықпен паш ететін адамдарды айтып отырмын: олар тіпті кейде кітаптарда өз көңінде аунап жатқандай болып көрінеді. Цинизм – көргенсіз жандардың адалдық дегенмен түйісуінің бірден бір формасы; жоғары деңгейдегі адамға цинизмнің әрбір ірі және нәзік түріне тап болғанда сақ болуы керек және өзінің тап алдында ұятсыз скоморох (күлдіргіш) немесе ғылыми сатир сөйлеген сәтте өзін өзі құттықтауы керек. Сонымен бірге кейде жиіркеніш сезіміне қызығушылық та араласатын кезі болады: атап айтқанда, сондай дөрекі текемен және маймылмен табиғат назына сай аббат Галианидегідей, ең терең, ең көреген және, мүмкін, өз
заманының адамдарының ішіндегі ең арам данышпан қосылғанда да; ол Вольтерге қарағанда тереңірек және, демек, айтарлықтай түйық еді. Ақылды бастың маймыл денесіне қондырылатыны, сезімтал зерденің пасық жанмен қосылатыны жиі болып тұрады, мысалы, дәрігерлер мен мораль физиологтарының арасында бұл сирек оқиға емес. Қайда болса да кімде кім кейімей ақкөңілмен адамды екі қажеттілігі бар қарынға, бір қажеттілігі бар басқа теңесе; барлық жерде кімде-кім адамдардың іс-әрекетінің түпкі се бептерін аштықтан, жыныс құмарлығынан және атаққұмарлықтан іздесе және көргісі келсе; бір сөзбен, қайда болса да адам тура лы жағымсыз, бірақ зілсіз сөздер айтар болса, онда танымқұмар адам мұндай сөздерге ыждағаттықпен ден қоюы керек; жалпы зіл сіз айтылған сөздерге құлақ асу керек. Өйткені ызақор адам және өзін өне бойы тісімен жұлып қинайтын адам (өзін болмаса дүниені немесе Құдайды немесе қоғамды) моральдық тұрғыдан күлегеш және масайраған сатирдан жоғары тұруы мүмкін, оның орнына басқа мағынада ол әдеттегі, маңызы шамалы, өнегесі аз нәрсе. Ызақор адамдай ешкім де көп өтірік айтпайды. Түсінікті болу қиын: әсіресе егерде сен шетінен басқаша ой лап, басқаша өмір сүретін адамдардың арасында gangesrotogatі өмір сүріп ойлайтын болсаң, атап айтқанда kurmagatі немесе асып кеткенде «бақаның аллюрымен», mandeіkagatі14, – мен де өзімді «қиындықпен түсінетін» деп, бар күшімді жұмсап отырған жоқпын ба, – түсіндірудің кейбір нәзік жақтарына ықылас білдіретіні үшін ризашылық білдіру керек. Әрқашанда ерінетін және дос болғасын ерінуге еркіміз бар деп ойлайтын «ізгі достарға» келетін болсақ, оларға алдын-ала ұрыс-керістердің үлкен алаңын әзірлеп қою ке рек: сонда оларды күлкіге айналдыруға болады; немесе олардан – мұндай достардан – құтылуға болады, сөйтіп оларды келеке ету ге болады! Бір тілден екінші тілге аудармада қиындық туғызатын нәрсе – бұл әр нәсілдің мінез-құлқына тән стильдің қарқыны неме се, физиологиялық тұрғыда айтатын болсақ, нәсілдің «заттар алмасуының» орташа қарқыны. Ұқыпты деп тануға болатын, бірақ түпнұсқаны бұрмалайтын аудармалар болады: олар түпнұсқаның батыл, еркін, көңілді, заттардағы және сөздердегі қауіп-қатерлерді
аттап өтетін, олардан бізді алып шығатын қарқынын дәл бейнелей алмайды. Неміс өз сөзіне presto-ны, яғни жылдам қарқынды, өзінен өзі түсінікті, еркін, ашық ойдың көптеген қызықты, батыл nuances (нюанстарын) бейнелей алмайды деуге болады. Оған буффон мен сатир, өздерінің денесімен және ұятымен қандай жат болса, Аристофан мен Петроний да ол үшін алдауға көнбейтін авторлар. Барлық маңызды, оралымсыз, ұтымсыз нәрселер стильдің барлық зарықтыратын және жалықтыратын түрлері немістерде жеткілік ті мөлшерде дамыған – бұл сөзімді кешірсін – тіпті паңдық пен көркемдіктің қоспасы болып табылатын, «қайырымды өткен шақтың» бейнесіндей көрінетін және сол кездегі неміс мәнерінің – ол кезде «неміс мәнері», іn morіbus et artіbus15 рококо мәнері болды – көрінісі ретінде Гете прозасы да айтқанымыздан тыс қалмайды. Лессинг өзінің көпті түсінетін және көп нәрсені істей алатын ак терлік натурасының арқасында бұл топқа кірмейді, – тектен тек ол Бейльдің аудармашысы болған жоқ және Дидро мен Вольтер ден, одан да гөрі римдік комедиографтардан қуана-қуана баспана іздеген жоқ: Лессинг те қарқынды еркіндікті, Германиядан қашуды жақсы көрді. Бірақ неміс тілі қайтіп, тіпті қайдағы бір Лессингтің прозасында болса да, Макиавеллидің қарқынын қабылдар еді: ол өзінің prіncіpe16 Флоренцияның құрғақ, таза ауасымен демалуға мәжбүр етеді және өзі де өзінің күрделі дүниелерін іркілмес allegrіssіmo түрінде баяндауға мәжбүр болады – бұл, мүмкін, өзі қалаған контрастың – ұзақ, ауыр, қатал, қауіпті ойлар – және шоқырақтың және ең көңілді көңіл-күйінің қарқынының әсері бо лар. Ақырында қиялдағы, елестегі, сөздегі presto-ның шебері бо лып табылатын, осы кезге дейінгі сазгерлердің қай-қайсысынан да жоғары тұрған Петронийді неміс тіліне аударуға кімнің батылы ба рады және желдің аяғы бар, қанаты мен тынысы бар ондай адамға, бәріне дем беріп, бәрін жаза алатын адамға науқас және кіріптар дүниенің, сол сияқты «ежелгі дүниенің» бүкіл батпағы не бола ды? Аристофанға, айналасын жарықтандыр, толықтырып тұратын данаға келер болсақ, сол үшін бүкіл эллиндікке оның өмір сүруін кешіруге болады, егерде адамдар нені кешіріп, нені сергіту керек екендігін жете түсінер болса; Платонның тұйықтығы және оның сфинкс сияқты натурасы жөнінде армандауға сәті түсіп сақталған petіt faіt17-тан басқа не мәжбүр ететінін білмеймін: өлім төсегінде жатқан Платонның бас жағынан табылған нәрсе «Таурат» емес, египеттік, пифагорлық, платондық бірдеңе емес, Аристофан бо лыпты. Осы Аристофан болмаса, өзі талақ еткен грек өміріне Пла тон қалай шыдар еді!
Тәуелсіздік – азшылықтың сыбағасы: бұл күштілердің артықшылығын аңғартады. Және оған толық құқы бола тұрса да, бірақ жөнсіз қастандық жасаған адам күштілігімен қатар жүгенсіз батыл екендігін де көрсетеді. Ол лабиринтке енеді, ол өмірде кездесетін қауіп-қатерлерді мың есе өсіреді; олардың ішінде гі ең жеңілі оның қашан және қай жерде адасқанын, адамардан алыстағанын және қайдағы бір үңгірдегі ұят Минотаврының оны қалай бөлшектеп тастағанын көрмейтін қауіп емес. Егерде ондай адам қаза болса, онда бұл адам түсінігінен тым алшақ болады, сондықтан адамдар оны сезбейді және оған жаны ашымайды, – ал ол болса енді кері қайтып орала алмайды. Ол енді адамдардың рақымшылығына қайта орала алмайды! – Біздің көзіміздің жеткендері, егерде олар тиым салынған жолдар мен ол үшін жаралмаған адамдардың құлағына шалынатын болса, онда олар – міндетті түрде! – есуастық, ал кейбір жағдайларда қылмыс болып көрінуі тиіс. Эксотерикалық пен эсотерикалықтың арасындағы айырмашылық философтардың, индустардың, сол сияқты гректердің, парсылардың және мұсылмандардың арасында ежелден қалыптасқан түсінік бойынша, бір сөзбен, теңдік пен теңқұқылыққа емес, касталық тәртіпке сенетін жердің бәрінде – бұл айырмашылық эксотериктің заттарды сырттан қарастырып, бағалауына, өлшеп-пішуіне, заттар жөнінде іштен емес сырттан пікір айтуына негізделмейді: бұл арадағы маңызды нәрсе – ол заттарға төменнен жоғары қарайды, ал эсотерик, керісінше, жоғарыдан төмен қарайды! Кейбір рухани биіктер болады, ол тұрғыдан қарағанда трагедияның өзі трагикалық әсер етуін қояды; егерде бүкіл әлемдік қасіретті бір қасіретке бірік тірсе, онда бұл көрініс қажетті түрде бәрімізді рақымшылыққа итер мелейді және сөйтіп қасіреттің екі есе өсуіне әкеліп соқтырады деп кім айта алады? Жоғары текті адамдардың қорегі және ләззаты бо лып табылатын нәрсе олардан тым бөлек және төменгі текті адам дар үшін у болып көрінуі керек. Қатардағы адамның игі қасиеттері философ үшін кемістіктер мен әлсіздіктер болып көрінуі мүмкін және жоғары текті адамдар азып-тозып құрығанда тек осының арқасында оның құлдырауына себеп болған төменгі дүниеде оны әулие деп құрметтейтіндей қасиеттерге ие болады. Жан мен ахуал тарапынан әртүрлі бағаланатын кітаптар болады: әңгіме оларды қандай жандардың пайдаланатынында; арам, ұятсыз жандардың
қолында олар қауіпті, аздыратын, алауыздық туғызатын кітаптарға айналады, ал ізгі жанды, қуатты күштер үшін олар айбындылар ды ерлікке шақыратын жаршының ұранындай қабылданады. Көпшілік мақұлдаған кітаптар – әрқашанда сасыған кітаптар: ұсақ адамдардың иісі оларға сіңіп қалады. Тобыр тамақ жейтін жерде, тіпті тобыр табынатын жерде де әдетте жаман иіс болады. Егерде таза ауамен демалғың келсе, онда шіркеуге барудың қажеті жоқ. Жас кезімізде біз өмірдің ең жақсы игілігі болып табылатын сезімдерімізді билеу өнеріне үйрене алмадық: сондықтан не жақсы көреміз, не жек көреміз, кейін бізге адамдарды және заттарды сөйтіп сөзсіз жақтағанымыз немесе даттағанымыз үшін әділеттілікке сай жазамызды тартуға тура келеді. Өмірде жиі болып тұратын нәрсе: талғамдардың ішіндегі ең нашары – шүбәсіздік, – егер адам өз сезім деріне аз ғана болса да үлес қосуға үйренбесе – күшті ақымақтандыруға және қиянатшылдыққа ұшырайды, одан да өмірдің нағыз артистері сияқты адам жасандылықтың үстінен тәжірибе жасаудаң қашпауы керек. Жастық шаққа тән сезімдер ашу мен қастерлеу адамдар мен заттарды бұрмалауды ашық айтар дәрежеге жеткізбей тыныштала алмайтын сияқты: жастықтың өзі бұрмалауға және алдауға апа ратын кезең. Кейін қатарласып келген көңілі қайтудан шаршап, ақыр соңында өзіне өзі сенбейтін халге жеткенде өзінің осы сен беуінде және ұяты алдында азап шегуінде албырт және тағы жас жан қалай өзіне өзі ыза болады, қалай ол шыдамсыздықпен өзін өзі қинайды, қалай ол өзінің ұзақ уақыт соқыр болып келгені үшін (бұл оның өз еркімен қалаған соқырлығы сияқты) өзінен өзі өш алады?! Осы өткелі кезеңде біз өзімізді өзіміз өз сезімімізге сенбе уімізбен жазалаймыз, біз өз шабытымызды күдікпен қинаймыз, біз тіпті таза ұжданның өзінен небір қауіпті сеземіз және ең алдымен біз «жастықтың» жауы болып шығамыз. – Алайда, оншақты жыл өткен соң біз түсінеміз – мұның өзі әлі жастық екен! Адамзат тарихының тарихқа дейінгі деп аталатын ұзақ кезеңінде қимылдың (поступок) жақсылығы немесе жарамсыздығы оның салдарымен анықталатын: қимылдың өзіне және оның себебіне жете көңіл бөлінбеген; қазірде Қытайда балаларының жақсылығы не жамандығы үшін ата-анасы жауап беретіні сияқты, сол кезде де жетістіктің не сәтсіздіктің кері әсері адамның сол қимыл жөніндегі
оң не теріс пікірін анықтаушы еді. Бұл кезеңді адамзаттың моральға дейінгі кезеңі деп атайық; «өзіңді өзің таны» деген им ператив (ереже) ол кезде әлі белгісіз болатын, керісінше, соңғы он мыңжылдықта жер бетінің кейбір ірі кеңістіктерінде қимылдың құндылығы жөнінде шешуші дауысты адамдар бірте-бірте оның салдарына емес, себебіне беретін болды: тұтас ұлы оқиға, көзқарас пен масштабтың ден қоярлық талғампаздығы, аристократиялық артықшылықтардың үстемдігінің бейсаналық салдары және «шығу тегіне» сенім, моральдық деп атуға болатын кезеңнің бел гісі, – өзін өзі танудың алғашқы қадамы жасалды. Салдардың ор нына шығу тегі: перспективаның қандай төңкерісі! Және, бәлкім, бұл – ұзақ күрес пе ауытқудан кейін қол жеткен төңкеріс! Әрине, жаңа қатерлі ырымшылдық түсіндірудің сипатты тайыздығы тек осының арқасында үстемдікке ие болды: қимылдың көзі бел гілі бір мағынада пиғылға байланысты деп есептелді; қимылдың құндылығы оны туғызған пиғылдың құндылығына байланысты деген сенімнің арқасында адамдар бірікті. Қимылды туғызатын нәрселердің бәрін, оның өткендегі тарихын пиғылдан шығару – бұл осы кезге дейін жер бетінде кез келген моральдық құптаудың, айыптаудың, моральдық соттың, философияға салынудың негізі болып келген теріс наным. – Біз қазір тағы да төңкеріс жасауға және адамның өзін өзі түсініп, өзіне өзінің үңілуі арқасында барлық құндылықтарды қайта қарауына тура келетін қажеттілікке тап болған жоқпыз ба, біз қазір моральдан тыс деп теріс мағынада анықтауға болатын кезеңнің шегінде тұрған жоқпыз ба: қазір не болғанда да біздердің, имморалистердің, арасында қимылдың басты құндылығы оның пиғылдан тыс болғанында емес пе және оның мүдделілігі, ондағы көруге, білуге болатын нәрселердің барлығы, қимылдың бергі жағы және сыртқы қабығы болар және бұл барлық қабықтар сияқты бірдеңені ашатын болар және одан да гөрі бірдеңені жасыратын болар деген күдік пайда болды. Бір сөзбен, біз пиғыл әуелі түсінуді қажет ететін ишарат, симптом деп есептейміз, сонымен бірге бұл көп нәрсені аңғартатын, демек, өздігінен ештеңені білдірмейтін белгі; ескі мағынадағы мораль, былайша айтқанда, пиғылдар моралі теріс наным, аңғырт, мүмкін, алғашқы астрология немесе алхимия сияқты, қалай болғанда да біздер жеңуге тиісті бірдеңе болатын. Моральды жеңу, кейбір мағынада моральдың өзін өзі жеңуі – мейлі, бұл ең нәзік, ең адал және сонымен бірге ең ызалы қазіргі ұжданның ұзақ жасырын жұмысының нәтижесі болсын.
Амал жоқ: өзін өзі құрбан қылу сезімін, басқа үшін өзін құрбан
қылуды, бүкіл өзінен өзін айыру моралын, сол сияқты өнерді
піштіруге жол ашқан «риясыз меңзеу» эстетиксын аяусыз жауапқа
тартып, сотқа беру керек. «Басқа үшін», «өзі үшін емес» деп ата
латын бұл сенімдерде қызықтыратын нәрселердің көбейіп кеткені
соншалық, адамда амалсыздан күдіктер көбейіп, орынды сұрақ ту
ады: «алдамшы бірдеме емес пе бұл?» – Олардың өз иесіне және
олардың жемісін пайдаланатын адамға, сол сияқты қатардағы
көрерменге ұнауы олардың пайдасына қызымет ететін дәлел бо
лып табылмайды, керісінше, бізді сақтыққа шақырады. Сонымен,
сақ болуымыз керек!
Казір біз қандай да болмасын философиялық көзқарасты
ұстансақ та, бізге жан-жақтан мәлім болатын шындық – біз
өмір сүріп отырған дүниенің жалғандығы, мұның толып жатқан
дәлелдері бізді дүниенің «түпкі мәнінде» алдау принципі жатқан
шығар деген болжам жасауға мәжбүр етеді. Дүниенің жалғандығы
үшін жауапкершілікті ойлаудың өзіне, демек, «зердеге» жүктейтін –
бұл әрбір саналы не санасыз advocatus deі18 табатын жолы – бұл
дүниені кеңістікпен, уақытпен, формамен, қозғалыспен бірге
теріс қорытынды деп есептейтін адам ақыр аяғында ойлаудың
өзіне күдікпен қарауға тамаша сылтау табады: ойлау бізді ұлы
қалжыңмен әуреге салған жоқ па? Және алда да осылай әуре-
сарсаңға салып қоймайтынына кім кепілдік бере алады? Қалжыңды
қоя тұрғанда, ойшылдардың аңғалдығында жүрекке жылы тиетін
және терең құрмет сезімін тудыратын бірдеңе бар: олар әлі де
санаға өздеріне адал жауаптар беруді сұрап өтініш жасайды: мы
салы, ол «реалдық па» және неге ол сыртқы дүниені өзінен шетте
теді, т.б. көптеген осыған ұқсас сұрақтар. «Тікелей нақтылыққа»
сену – бұл біздерге философтарға үйлесетін моральдық аңғалдық;
бірақ біз, сайып келгенде, «тек қана моральды» адамдар болуға
тиісті емеспіз ғой! Моральды қоя тұрғанда, бұл сенім бізге абы
рой әпермейтін ақылсыздық! Мейлі, бюргерлердің арасында
өне бойы сенбеу «жаман мінездің», демек, ақылсыздықтың бел
гісі деп есептеле берсін, бірақ мұнда, біздің арамызда, бюргер
лік дүниенің, оның «Иә»-сімен «Жоғының» бер жағында бізге
ақылсыз болуға не кедергі бола алады; философ осы кезге дейін
үнемі келеке болып келе жатқан жан ретінде, дұрысын айтқанда, «жаман мінездің» адамы болуға, құқы бар – ол қазір сенбейтін адам болуға міндетті. Мұндай көңілсіз –келемеж түрінде айтылған әзіл үшін кешірім сұраймын: өйткені өзім де көптен алдау мен алдану жөнінде басқаша ойлауға және оларды басқаша бағалауға үйрендім және философтардың бар күшін жұмсап алданбағысы келген соқыр ашуын бір-екі жұдырықпен қарсы алуға әзірмін. Неге олай етпеске? Ақиқаттың елестен құндылығы жөніндегі әңгіме – бұл моральдық жалған наным; бұл болжамдардың ішін дегі ең нашар дәлелденгені. Мынаны мойындауға тура келеді: егер де өмірдің ірге тасы ретінде перспективті бағалар мен жорамалдар болмаса, ешқандай өмір де болмас еді; егер де сіз игі шабыттың және кейбір философтардың зердесіздігінің әсерімен «жалған дүниеден» құтылмақ болсаңыз және бұған сіздің қолыңыз же тер деп есептеген жағдайда, онда сіздің «шындығыңыздан», не болғанда да, ештеңе қалмас еді! «Шындық» пен «жалғанның» ара сында айтарлықтай айырмашылық бар деп ойлауға не себеп бола ды? Жорамалдардың әртүрлі дәрежелері, былайша айтқанда, ашық және күңгірт көлеңкелері және елестің сарындары, суретшілердің тілімен айтқанда, әртүрлі valeurs19 болады деп ойлаудың өзі жетпей ме? Бізге біршама қатынасы бар дүние жалған (фикция) бола ал май ма? Егерде біреу-міреу сонымен: «бірақ жалғанды (фикцияны) жасаушының онымен байланысы бар ма?» – деп сұрай қалса, оған қысқа да ашық: неге? деп жауап беруге болмай ма? Мүмкін, осы «байланыс» деген сөздің өзі жалғанмен байланысты болар? Субъ ектіге де, сол сияқты предикат пен объектіге де біраз мысқылмен қарауға болмай ма? Философтың грамматиканың беріктігіне сенімнен жоғары тұруына батылы жетпей ме? Гувернанткалар ды құрметтеу дұрыс – бірақ философтардың гувернанткалардың сенімінен бас тартатын уақыты келген жоқ па? О, Вольтер! О, мейірімділік (гуманность)! О, жарыместік! «Ақиқат», ақиқатты іздеудің қандай да боса бір мәні бар емес па және егерде адам сөйтіп, тым адамша әрекет жасайтын болса – «іl ne cherche la vraі que pour faіre le bіen20» – бәс тігуге болады, ол ештеңе таба алмайды! Біздің қажеттеріміз бен құмарлықтарымыздан басқа нақты «берілгендер» жоқ, біз өзіміздің инстинкттеріміздің реалдығынан
басқа еште бір «реалдыққа» жете алмаймыз немесе көтеріле алмай мыз деп ойлайық – өйткені ойлау дегеннің өзі осы инстинкттердің өзара қатынасы, – олай болса тәжірибе жасап және осы «берілгендердің» өзі сол сияқты нәрселер арқылы механикалық (немесе материалдық) деп аталатын дүниені де түсінуге жет кілікті емес пе – деген сұрақ қоюға болмас па? Менің ойымша, оны (дүниені) алдамшы, «елес», «көрініс» (Беркли және Шопен гауэр түсінігіндегі) ретінде емес, біздің аффектілеріміз қандай реалдыққа ие болса, ол да сондай реалдылыққа ие бірдеңедей, кейін органикалық процесте тармақталып әртүрлі формаларға ие болатын нәрселердің бәрін тұжырылған күйде бойына жыйнай білген аффектілер дүниесінің прилистивтірек формасы ретінде, барлық органикалық функциялары – өзін өзі реттеу, ассимиля ция, қоректену, заттар алмасуы т.б. – бірімен бірі астасып жатқан инстинкттер өмірінің түрі ретінде – өмірдің праформасы ретін де түсіну керек. Ең ақырында бұл тәжірибені жасау қажетті ғана емес, сонымен бірге бұл әдістің талабы болып табылады. Бір ғана себептіліктің түпкі шегіне жеткенше (түкке түрмайтын дәрежеге жеткенше деуге болады) ашып алмай тұрып себептіліктің басқа түрлерін қарастырудың қажеті жоқ – міне әдістің моралі осыны та лап етеді; бұл талаптан қазірде бас тартуға болмайды, өйткені ол, математик айтпақшы, «оның анықтамасынан туындайды». Мәселе сайып келгенде мынаған тіреледі: шынында да біз ерікті әрекет жасаушы ретінде танимыз ба, еріктің себептілігіне сенеміз бе? Егер де осылай болса, – ал бұған сену біздің себептілікке сенуіміз болып табылады, – онда еріктің себептілігін болжаулы түрде бір ден бір себептілік деп ұйғаруға талап етуге тиіспіз. «Ерік» әрине «заттарға» емес («жүйкеге» емес, мысалы –) тек ерікке ғана әсер ете алады; бір сөзбен, «қимыл» орын алатын жердің бәрінде ерік ерікке әсер ете ме және өздерінде кейбір күштер, атап айтқанда, ерік күші әрекет жасайтын механикалық құбылыстардың бәрін ерікті қимылдар деп тануға болмай ма деп болжам жасап көру керек. Біздің инстинкттеріміздің тұтас өмірін еріктің бір негізгі түрінің, атап айтқанда, билікке еріктің формаға еруі мен тарамдалуы деп түсіндірдік делік; барлық органикалық функцияларды осы билік ке ерікке жатқызуға және сол арқылы ұрықтану және қоректену мәселесін (ал бұл бір мәселе) шешуге де мүмкіндік туды делік, – онда біз осымен бүкіл әрекет жасаушы күшті тек билікке ерік деп есептеу құқына ие болған болар едік. Іштен қарастырылған дүние, өзінің «интеллигибельдік сипатына» қарай анықталған дүние «билікке еріктен» басқа ештеңе де болмас еді.
«Қалайша? Демек, түсінікті тілмен айтқанда: Құдай жоққа шығарылған, ал шайтан деген жоқ па –? Керісінше! Керісінше, до старым менің! Кім сіздерді, шайтан алғыр, түсінікті тілде сөйлеуге мәжбүр етеді! – Француз революциясы жаңа дәуірлер тұрғысынан қарағанда жантүршігерлік және ол жөнінде жақыннан топшылар болсақ, қажетсіз фарс болып табылады; алайда, бүкіл Еуропаның игі және шаттанған көрермендері оны алыстан тамашалап, ол жөніндегі орын алған көзқарасқа өздерінің наразылықтары мен ризашылықтарын қосты. Сол сияқты кейбір текті әулет өткен шақты теріс түсініп, оған қанағаттанарлық сезім білдіреді. Немесе дұрысырақ айтқанда: бұл жүзеге асқан жоқ па? Біздің өзіміз сол «игі әулеттің» өкілдері емеспіз бе? Осыны біз түсінгесін, бұл енді жоқ болған жоқ па? Ізгілікке, ақиқатқа, әсемдікке, жанықұмар және әр алуан түрлі түсті, икемсіз және аққөңіл тілектердің өздерінің тоғанында жүзіп жүруіне мүмкіндік беретін сүйкімді «идеалистерден» басқа ешкім де қандай да болмасын ілімді бақытқа және ізгілікке жол ашқаны үшін ақиқат деп танымайды. Бақыт та, ізгілік те жеткілікті дәлел болып табылмайды. Бірақ тіпті өте сақ ойшылдар да бақытсыз ету және де ашулы ету де қарсы дәлелдер болып табылмайтынын опоңай ұмытып кетеді. Әлдебір нәрсе сондай зиянды және қауіпті бола тұрса да ақиқат болуы мүмкін: өмір сүрудің негізгі белгілерінің бірі, мүмкін, оны толық танудың өлімге апарып соқтыратынында болар, сондықтан ақылдың күші, сірә, оның «ақиқаттың» қандай мөлшерін көтере алатынымен өлшенетін шығар, дәлірек айтқанда, ақиқат қандай мөлшерде сұйылған, перделенген, тәттіленген бұрмаланған болуы тиіс екендігімен. Ақиқаттың белгілі бір жақтарын ашу үшін сұмдар мен бақытсыздардың көбірек қолайлы жағдайда болмайтыны және олардың табысқа жету мүмкіндігі көбірек болатыны күмән туғызбайды; біз бұл арада моралис тер әңгіме ете қоймайтын бақытты сұмдарды сөз етіп отырған жоқпыз. Күшті, тәуелсіз ойдың және философтың пайда болуы үшін ғылымда бағаланатын және орынды бағаланатын момындық, сезімталдық, көнбістік, үстірт өнегелілік сияқты қасиеттерге
қарағанда табандылық және қулық, мүмкін, тиімділеу болып шығуы. Менің ойымша «философ» деген ұғым кітаптар жазатын және осы кітаптарында өз философиясын паш ететін философқа қолданылуымен шектелмесе керек. – Еркін ойлайтын философтың келбетіне соңғы белгіні қосқан Стендаль болды және мен мұны неміс мәнері үшін әдейі атап өтуге мәжбүрмін – өйткені ол неміс мәнеріне қайшы келеді. «Pour tre bon phіlosophe, – дейді бұл соңғы ұлы психолог, – іl faut tre sec, claіr, sans іllusіon. Un banquіer, quі a faіt fortune, a une partіe du caract tre requіs pour faіre des couvertes en phіlosophіe, c’est – dіre pour voіr claіr daus ee quі est»21. Терең нәрсенің бәрі бетпердені жақсы көреді; ең терең заттар бейне мен ұқсастықты, тіпті, жек көреді, кейбір құдірет (божество) өзінің ұялшақтығын сездірмеу үшін қажет болатын шынайы мас ка тек қарама-қарсылық болуы керек шығар? Ден қоятын мәселе және де егер бір мистик осындайға жасырын түрде батылы бар маса, бұл таңқаларлық іс болар еді. Өте нәзік сипаттағы оқиғалар болады, оларды дөрекілікпен көмкеріп, танылмайтын ету тиімді болады; сүйіспеншілік пен шамадан тыс қайырымдылықтан туған істер болады, олардан кейін басы-қасында болған кісіні таяқпен төмпештеуден артық ештеме ойлап таба алмайсың: бұл оның жадын күнгірттейді. Ең болмағанда осы жалғыз куәгерден өшін алу үшін кейбіреулер өзінің жадын күңгірттеп, азаптауға дейін барады: ұялшақтық ойлап тапқыш болып келеді. Бізді көбірек ұялтатын нәрселердің бәрін жаман деуге болмайды; бетпердемен бүркемеленетін тек қана жауыздық емес-құлықта да мейірімділік жетіп жатады. Өзінің бір қымбат және өте осал нәрсесін жасырғысы келген адамның өмір жолымен ескі, ауыр құрсауланған шарап бөшкесіндей салдырлап және дөңгеленіп өткенін көз алдыма келті ре алар едім: оның ұялшақтығы осыны талап етеді. Ұяты бар адам тағдырының жазғанын және өзінің шетін (деликатные) шешімдерін де кез келгеннің қолы жетпейтін және мұндай жолдардың бәрін оның жақындары мен адал достары да біле бермейтін жерде кез дестіреді; оның өміріне төнген қауіп қайтадан қол жеткен өмірдің қауіпсіздігі сияқты олардың назарына ілікпеуі керек. Мұндай тұйық және сөзді үндемеу үшін және ештеңе айтпау үшін пайдала натын, басқалардың көзіне түспеу үшін айла-амалды іздестірумен болатын адам достарының алдында және жүрегінде оның бейнесі емес пердесі болғанын қалайды; егер ол мұны қаламаса да бәрібір бір күні оның көзі ашылып, ол одан не дегенмен өзінің маскасын көреді және осыған риза болады. Әрбір терең ой (ойшыл) масканы
керек етеді – тіпті әрбір терең ойшылдың төңірегінде, оның әрбір сөзін, әрбір қадамын, әрбір тіршілік қамын бұрмалаудың, одағай түсінудің салдарынан бірте-бірте маска пайда болады. Адам өзіне-өзі тәуелсіздік және билік жүргізу үшін жаралғандығының дәлелдерін табуы керек және мұны дер кезінде жасауы керек. Өзін өзі сынаудан қашуға болмайды; әрине, бұл аса қауіпті ойын, бірақ ақыр соңында тек қана сынақтар арқылы біз басқа төрешінің алдында емес, өзіміздің алдымызда кім екенімізді біле аламыз. Кісіге (личность), тіпті ұнатқан кісіге де беріле бермеу керек – әрбір кісі – түрме әрі бұрыш. Отанға да, тіпті қиындықтарға тап болып, көмекті қажет етсе де, берілуге болмайды, – жеңімпаз отаннан жүрегіңді бұрып алу қиынға соқпайды. Қайырымдылыққа да әуес болмау керек, – бұл биікте тұрған адамдарға тән болса да; олардың да азаптары мен дәрменсіздіктеріне біз кездейсоқ куә болдық. Ғылымға да тым берілмеу керек, аса құнды және тап біздер үшін сақталған жаңалықтарымен ол адамды өзіне тартып тұрса да. Қол жеткен еркіндікке де массаттануға болмайды, төмендегілердің бәрін көру үшін бірте-бірте биіктеп ұшқан құстың алдындағы бұлдырап көрінген қиырлары мен таныс емес елдеріндей болып көрінсе де. Бойымыздағы ізгіліктерге де берілмей, өзіміздің кейбір қасиеттеріміздің, айталық аққөңілділіктің, құрбаны болмауымыз керек: бұл өзіне өзі қалай болса солай бейқам қарайтын, сөйтіп либералдық игілікті кемістікке айналдырып алатын игі және пейілі кең жандардың алдында тұрған қауіптердің ішіндегі ең қауіптісі осы болып табылады. Адам өзін сақтай білуі керек – тәуелсіздіктің ең күшті сынағы осы. Философтардың жаңа түрі пайда бола бастады: оларды мен қауіпсіз емес атпен атауға бекіндім. Мен оларды қаншалықты тани алсам әрине, олар өздерін қаншалықты тануға мүмкіндік берсе, – өйткені оларда кейбір жағынан жұмбақ болып қалғылары келетін ниет бар, – бұл болашақ философтарының құқыққа сай, мүмкін, ешқандай құқысыз да сыйқыршы болып қалғылары келер еді. Бұл аттың өзі ақыр соңында тек қастандық және егер қажет болса, алдаушылық.
«Ақиқаттың» бұл достарын, дүниеге енді келіп жатқан фило
софтарды жаңа деп тануға бола ма? Солар болар, өйткені барлық
философтар осы кезге дейін өздерінің ақиқаттарын жақсы көріп
келді. Бірақ олар сөзсіз догматиктер болмайды. Олар ашқан
ақиқаттың сонымен бірге әркімнің де ақиқаты болғаны олардың
намысы мен талғамына жақпа керек, ал бұл барлық догматиктердің
ішкі арманы және артқы ойы болып келді. Болашақтың филосо
фы, мүмкін, айтар: «Менің пікірім – бұл менің пікірім: оған кез
келгеннің құқы жоқ» – деп. Көппен пікірлес болуды қалайтын жа
ман ғадеттен арылу керек. «Игілік» игілік болмайды, егер де ол
жөнінде көрші әңгіме етсе! Ал «жалпы игілік» деген қалай өмір
сүрер еді! Сөздер өздеріне өздері қайшы келеді: жалпы болып та
былатын нәрсенің құны әрқашанда шамалы. Ақыр аяғында істің
бәрі ойдағыдай болуы тиіс: ұлы заттар ұлы адамдарға, тұңғиықтар
– тереңдерге, нәзіктіктер және қорқыныштың дірілі – сергектерге,
жалпы алғанда сирек нәрселердің бәрі –сиректерге қалуы тиіс.
Бұдан кейін маған бұл болашақ философтары еркін, тым ер
кін ойшылдар болатыны жөнінде қосып айтар ештеңе бола ма
екен? Бұлар тек еркін ойшылдар болып қана қоймайды, негізінде
одан да зор, одан да жоғары – оларды танымау және басқамен ша
тастыру мүмкін емес болатын дәрежедегі жандар екендігі күмән
туғызбайды. Осыны айта отырып, мені оларға қатысты және
олардың ізашарлары – біздерге, ерікті ойшылдарға! – қатысты
бір сезім билеп алды: «біз еркін ой» ұғымы жөніндегі санамызды
билеп алған ескі нанымнан, жалған түсініктен арылуға тиістіміз.
Еуропаның барлық елдерінде, сол сияқты Америкада бұл ұғымды
теріс пайдалануға тырысатын тым тайыз, мардымсыз, шынжыр
мен санасы шырмалған ой иелері бар, олардың қимылы біздің
тілектеріміз бен инстинкттерімізге қарама-қарсы; болашақтағы
жаңа философтар үшін олардың ойы мықтап жабылған терезелер
мен ысырмамен бекітілген есіктердің аржағында қалуы керек. Бір
сөзбен, «еркін ой иелері» деген жалған атаққа ие болып жүрген
бұл демократиялық талғамның және оның «қазіргі идеяларының»
сөз құмар және тез жазатын құлдары нивелиршілердің қатарына
жатқызылуы керек; бұлардың бәрі жалғыздықтың дәмін татпаған,
ысылмаған, айбынды балалар; бұларда батылдық та, ізеттілік те
бар, бірақ олар адам күлерліктей тайыз: адамдардың басына түскен
ауырпашылықтардың және сәтсіздіктердің бәрінің себебін олар бұрынғы, ескі қоғамдық құрылыстан көруге бейім, сонымен бірге ақиқатқа басымен төмен тұруға тура келеді. Олардың көздейтіні ауқаттылықты, қауіпсіздікті, емін-еркіндікті, әркімнің тұрмысын жеңілдетуді қамтамасыз ету арқылы көгілдір жайылымдағы жал пы табындық бақытқа жету; олардың қайталап айта беретін екі әні, екі ілімі «құқықтардың теңдігі» және «кемтарларға жаны ашу» деп аталады, – және олардың түсінігінде азап шегу жойылуға тиісті нәрсе болып табылады. Біздер бұған қарама-қарсы көзқарасты ұстанатындар және «адам» деген өсімдік қайда және қайтіп көкке бойлап өскен деген сұраққа мұқият және дәйекті түрде қарайтындар мұның себебін басқаша түсінеміз: адам өсіп жетілу үшін оның халжағдайы аса қауіпті жағдайға жетуі, адамның тапқырлығы мен амал-айласының күші (оның «ақылы») ұзаққа созылған езгі мен зорлық-зомбылықтың салдарынан нәзіктікке және жүректілікке дейін дамып жетілуі, оның өмірге деген еркі (құштарлығы) билікке деген сөзсіз ерікке дейін өрлеуі қажет болды деп есептейміз: біздің ойымызша, қатаңдық, зорлық, құлдық, көшедегі және жүректегі қауіп-қатер, тұйықтық стоицизм (төзімділік), арбаушының айла сы, тағы басқа әр алуан қылықтар, сол сияқты адам бойындағы жауыздық, жексұрындық, тирандық, жыртқыштық және уыттылық сияқты нәрселер де «адам» деген мақұлықтың өсіп жетілуіне сеп тігін тигізеді.– Осылай дей тұра біз әлі бәрін де жайып салып жатқан жоқпыз және қалай болғанда да біз қазіргі замандағы идеологияның және табындық сұралымның (стадной желатель ности) арт жағында тұрмыз, мүмкін мұның антиподы шығармыз? Егерде біз, «еркін ойлаушылар», адамдарға үйір емес ойшылдар ретінде ақыл-ойдын неден еркін бола алатыны және оны қай жолға бағыттау керек екені жөнінде әр кезде де ашып айта алмасақ, мұнда тұрған таңғаларлық не бар? Бізді басқалармен шатастырмасын деп сақтанып жүрген «ізгілік пен зұлымдықтың ар жағында» деген формуланың мәнісі неде? «Қазіргі идеялардың жақтаушылары өзін қалай атаса да, біздер мәнісінде «lіbres penseurs», «lіberі pensatorі», «еркін ойлаушылардан» басқа ешкім де емеспіз. Біз дер өзімізді үйдегідей сездік немесе қалай болғанда да рухтың көптеген салаларында қонақта болдық; біз шалғайдағы өзімізге ұнаған жерлерді үнемі тастап кетіп жүрдік; бізді оларға біржақты махаббат пен өшпенділік жастық , кездейсоқ адамдар және кітап тар тартып тұратын сияқты еді; тәуелсіздіктің сый-сияпат, ақша, лауазым арқылы өзіне тартатын алдамшы амалдарын жаратпай
тын; жоқтыққа да әртүрлі өзгерістерге апаратын ауруға да біздерді
қайдағы бір ережелерден және «теріс нанымдардан» құтқарғаны
үшін риза; өзіміздегі құдайға да, періге де, қойға да және құртқа
да риза; кесапатты елемейтін әуесқойлар, қатыгездікке баратын,
ұстатпайтын нәрсені де ұстай алатын, қорытылмас нәрсені де,
қорытып бойға сіңіре алатын тістері мен асқазаны бар зерттеу
шілер; өткір ақыл мен өткір сезімді қажет ететін кәсіпті алып ке
туге әзір; асып-тасып жататын «еркін еріктің» арқасында қандай
тәуекелге де бара алатын; онайлықпен түбіне бойлау қиын болатын
алдынғы және артқы ниетімен; ешкім жүріп өте алмайтын (жүзеге
асыра алмайтын) қазіргі және кейінгі жоспарлармен; мұрагерлерге
және ысырапшыларға ұқсайтын жеңімпаздар; жинағандарын
таңертеңнен кешке дейін реттеумен айналысатындар; біздің
байлығымызды және лық толы жәшіктерімізді қорғайтын сараңдар;
оқуда да, ұмытуда да ұқыптылар; сұлбалардағы өнертапқыштар;
кейде категориялар кестесін мақтан тұтатындар, кейде педанттар;
кейде еңбектің түнгі, кейде күндізгі жапалақтары, кей жағдайда,–
ал қазір тап қандай жағдай, – қарақшылар: дәл солай, себебі біз
тұрмысымыздан жалғыздықтың, өзіміздің қанымызға сіңген,
түнгі, күндізгі жалғыздығымыздың өзгермейтін, қызғаншақ до
стары – міне, біз, еркін ойлайтындар, қандай сорттың адамдары
мыз! Мүмкін, сіздер де туындап жатқан жаңа философтар, біздерге
ұқсас боларсыздар?
Үшінші бөлім
Діншілдіктің мәні
Адам жаны және оның шектері, адамның ішкі тәжірибесінің
осы кезге дейін жалпы игерілген аумағы, бұл тәжірибенің биіктігі,
тереңдігі және көкжиегі, жанның барлық бұрынғы тарихы және
оның игерілмеген мүмкіндіктері. Міне, психолог болып туған және
«үлкен аңшылықты» жақсы көретін адам үшін қажет аң аулайтын
жер осы. Бірақ оған ашынғаннан: «мен мұнда жалғызбын! Ах,
тек өзім ғана мұнда, ал айналам – шеті мен шегі жоқ ну орман!»
– деп жиі айқайлауға тура келеді. Енді оған өз қарамағында адам
жаңының тарихы саласына жіберіп, сонда өз құстарын аулауға жібе
ретін бірнеше жүз аңшылар мен иісшіл ғалым іздеушілер болғаны
қажет. Бірақ бұл тілектен ештеңе шықпайды: оны қызықтыратын нәрселерді іздеп табу үшін көмекшілер мен иттердің жеткіліксіз екендігіне әркез оның көзі жетеді. Батылдықты, естілікті және үлкен сезімталдықты керек ететін жаңа және қауіпті аң аулайтын жерлерге ғалымдарды жіберудің тиімсіздігі – «үлкен аңшылық» және сонымен бірге үлкен қауіп-қатер басталатын жерде олардың пайдасы шамалы: тап сондай жерде олар өздерінің қырағылығынан және иісшілдігінен айрылып қалады. Homіnes relіgіosідің жан дүниесінде білім мен ар мәселесінің қандай күйде болғанын білу үшін, мысалы, адамның өзі Паскальдің интелектуальдық ары сияқты терең, сондай жәбірленген, сондай кең болуы керек, – соның өзінде де бұл қатерлі және қайғылы ескіліктің сарқыншақтарының үстінен биіктін бәрін байқап, тәртіпке келтіретін, формулаларға айналдыратын жарқын, кекті данышпандықтың аспаны ашылуы қажет болар еді. – Бірақ мұндай қызыметшілерді күтуге кімнің шы дамы жетеді! – сірә олар өте сирек кездеседі, әркезде де олардың барлығы күмән туғызады! Ақыр аяғында өзің бірдеңе білу үшін бәрін де өзің игеруіңе тура келеді, демек, көп нәрселер істеуге тура келеді! Бірақ менікіндей әуестік не дегенмен барлық кемістіктердің ішіндегі ең жағымдысы болып қалады, кешірім өтінемін, менің айтайын дегенім: ақиқатқа құмарлық өзінің марапатын көктен де, жерден де алады. Көптеген ғасырларға созылған философиялық мектептердің күресінен кейін пайда болған, скептикалық әрі оңтүстіктік-ер кін ойлау әлемінде алғашқы христианшылдық талап еткен және аракідік қол жеткізе алған түрдегі сенім, іmperіum Romanum бер ген шыдамдылық рухындағы тәрбиемен параллель алғанда, – бұл сенім қайдағы бір Лютерді не Кромвельді немесе тағы бір рухтың солтүстіктегі варварын олардың құдайымен және христиандықпен байланыстыратын діндарлардың ақниетті және долы сенімі емес; дұрысы, бұл Паскальдің – табанды, тиянақты ақылдың жайлап өзін өзі өлтіруіне ұқсас – сенімі; мұндай ақылды бірден, бір ұрып өлтіруге болмайды. Христиандық сенім о бастан-ақ құрбан шалу болды: бүкіл еркіндікті, намысты, рухтың өзіне-өзі сенушілігін құрбан ету және сонымен бірге өзін-өзі құлдыққа беру, өзін-өзі қорлау, өзін-өзі мүгедек ету еді. Әлсіреген және еркімен кеткен арұятқа таңылатын бұл сенімде финикийліктердің қатыгездігі мен діни табынуы сезіледі, ақылды бағындыру бұл сенім тұрғысынан
айтып жеткізуге болмайтын аурумен бірдей мұндай ақылдың бүкіл
өткені және барлық әдеттері «сенімді» білдіретін absurdіssіmum
– ға қарсыласып бағады. Қазіргі адамдар өздерінін топастанған
ақылымен антикалық талғам үшін «крестегі Құдай» деген форму
ладан туындайтын қорқынышты суперлативті күйзелісті бастан
кешпейді. Осы кезге дейін ешқашанда және еш жерде батылдығы
жағынан осы формуладан басталған бетбұрыстың батылдығымен
салыстыруға болатын ештеңе де болған жоқ: бұл формула бүкіл
антикалық құндылықтарды қайта қарау керектігінен нышан бер
ді. Бұл Шығыс, терең Шығыс, сөйтіп шығыстағы құл Римнен
және оның игі және ұшқалақ шыдамдылығынан, римдік сенім
католизмінен кегін алды,- әрине, құлдарды өз әміршілеріндегі
ашындырған және оларға қарсы қойған нәрсе сенім емес, сенімнен
бас тарту, осы жартылай стоиктік және сенімнің маңыздылығын
елемейтін бейқамдық. «Ағарту» ашуландырады: құл тек сөзсіз
нәрсені қалайды, ол тек тирандықты түсінеді, сол сияқты мо
ральда да ол өзгешеліксіз, түбіне дейін, есенгіреткенше, жанына
батқанша сүйеді де, жек көреді де, оның жетерліктей жасырын
қасіреті азап дегенді жоққа шығаратын игі мәнерді жаратпайды.
Ақсүйектер моралінің кейпі болып табылатын қасіретке сенімсіз
дікпен қарау француз төңкерісінен басталған құлдардың соңғы
ұлы көтерілісінің шығуына айтарлықтай ықпал етті.
Жер бетінде осы кезге дейін діни невроз тараған жерлердің
бәрінде де біз оны үш түрлі қауіпті диетикалық нұсқамаларға
байланысты екенін көреміз. Жалғыздық, пост және жыныстық
ұстамдылық. Алайда мұнда қайсысы себеп, ал қайсысы салдар
екенін немесе бұл арада себеп пен салдардың арасында байланыс
бар ма – мұны сенімділікпен шешу қиын. Бізге мұндай күмәндануға
ерік беретін нәрсе – тағы және қолға үйретілген халықтардың ара
сында орын алатын бұл құбылыстың төмендегідей белгілері: кенет
тен пайда болатын шектен асқан нәпсіқұмарлық және де сол сияқты
кенеттен пайда болатын өкініштің өзекті өртеуі және дүниені
ерікті талақ ету; мүмкін, ол да, бұл да бүкпе эпилепсия шығар?
Бірақ бұл арада басқа жердегінің бәрінен көбірек түсіндірулерден
бас тарту керек; еш те бір тип осы кезге дейін айналасында тап
мұндай сандырақ пен теріс түсініктерді туғызып көрген жоқ;
ештеңе де, шамасы, жеткілікті дәрежеде адамдарды және фило
софтарды қызықтырып көрген жоқ. Бұл құбылысқа немқұрайлы
қарайтын, сақтыққа үйренетін, тіпті оған көңіл бөлмейтін, одан
алшақтанатын уақыт келген сияқты. – Соңғы философияның,
Шопенгауэр философиясының ретінде діни дағдарыс пен оянуға
байланысты осы қиын сұрақ тұр. Ерікті жоққа шығару қалай
мүмкін болады? Әулие қалай мүмкін болады? – Шопенгауэр, ша
масы, өзінің философиялық қызыметін осы сұрақты қарастырудан
бастаған болуы керек. Шопенгауэрдің шын мәнісіндегі дәйектілігі
мынадан байқалады: оның сенімді жақтаушыларының бірі, атап
айтқанда, Рихард Вагнер өзінің шығармашылық қызметін осы
мен аяқтап еді және ақырында ол сахнаға Кундри кейпінде осы
қорқынышты және мәнгілік типті, type vіcu22 шығарды; алайда,
тап сол кезде Еуропадағы барлық елдердің дерлік психиатрлары
діни дағдарыстың – мен оны «діншілдіктің мәні» деп атаймын
– «құтқару армиясы» деген атпен таралған соңғы эпидемиялық
ушығуын жақыннан бақылауға мүмкіндік алды. Егерде біз барлық
нәсілдер мен дәуірлердің, сол сияқты философтардың өкілдерін
әулие феноменінде қызықтыратын не деп өзімізден сұрар болсақ,
онда айтар едік: оларды қызықтырған нәрсе онымен байланыс
ты керемет көрінісі, яғни қарама-қарсылықтардың моральдық
тұрғыдан қарама-қарсы бағаланатын көңіл күйлерінің тура біріз
ділігі, мұнда «жаман адамнан» кенеттен жақсы адам, «әулие»
пайда болғаны күмән туғызбайтын сияқты болып көрінеді.
Бұрынғы психология бұл арада апатқа ұшырады; бұл ең алдымен
оның моральдық үстемдігіне көнгенінен, оның құндылықтардың
моральдық қарама-қарсылығына сенгенінен және бұл қарама-
қарсылықтарды мәтіннен және істің мәнінен шығарғанынан болған
жоқ па екен? – Қалайша? «Керемет» тек теріс түніктің салдары ма?
Философияның жетіспеуінен бе?
Латын нәсілдері біздің, Солтүстік тұрғындарының, жалпы
христиандықпен байланысымызға қарағанда өз католицизмімен
ішкі тығыз байланыста болатын сияқты. Демек, католик елдеріндегі
сенбеушілік протестант елдеріндегіден бөлек, оларда сенбеушілік
нәсіл рухына қарсы бағытталған, ал біздерде, керісінше, нәсіл ру
хына қайтып оралу болып табылады. Біз – Солтүстік тұрғындары,
сөз жоқ, тағы нәсілдерден шыққандармыз; бұл біздің дінге де
ген қабілетімізден де көрінеді: біз дінмен нашар ауызданғанбыз.
Бұл арада кельттерді есепке алмау керек; олар да Солтүстікте
христиандық инфекцияны қабылдауда тамаша негіз болып шықты;
Францияда христиандық идеал Солтүстіктегі күннің солғын сәулесіне қарамастан толық дамып жетілді. Егерде бұл соңғы француз скептиктерінің тегінде қаншама да болмасын кельт қаны болса, онда олар біздің талғамымызда тіптен дін жолына берілген дер болып көрінер еді. Огюст Конттың римдік инстинкттер логи касына негізделген социологиясынан бізге қандай немістік емес, қандай католиктік иіс келеді! Пор-Рояльдан, Сент-Бёвадан шыққан бұл құрметті және ақылды Цицероннан, оның иезуиттарды сон дай жек көргеніне қарамастан, иезуитизмнің қандай лебі еседі! Тіпті Эрнест Ренанның өзі – оның сөзі бізге, солтүстіктегілерге, жат болып естіледі – оның нәзік мағынадағы тәттіге құмар және тыныштықты қалайтын жанын болмашы діни кернеудің өзі сәт сайын тепе-тендіктен шығарады да тұрады! Оған ілесе, оның әдемі фразаларын қайталар болсақ, – онда біздің, ықтимал, он дай әдемі емес және одан қаталдырақ неміс жанымызды қандай ашу-ыза, қандай асқақтық кернейді! – «dіsons donc hardіment que la relіgіon est un produіt de l’homme normal, que l’homme est le plus dans le vraі quand іl est le plus relіgіeux et le plus assur d’une destіn le іnfіnіe… C’est quand іl est bon qu’іl veut que la vertu corresponde un ordre ternel, c’est quand іl contemple les choses d’une manі re d sіnt ress le qu’іl trouve la mort revoltante et absurde. Comment ne pas supposer que c’est dans ce moments-le, que l’homme voіt le mіenx?..» Бұл сөздердің менің есту қабілетіме және дағдыларыма антипод келгені соншалық, оларды оқығанда мен ашу-ызамның алғашқы қарқынында тұсына: «la nіaіserіe relіgіeuse par excellence!23» деп жаздым, ал соңғы қарқынында мен тіпті ол сөздерді аяғы аспан нан келген ақиқатына қарамастан ұнатып та қалдым! Бұл сондай тамаша, сондай әдеттен тыс – өзіңнің өз-өзіндік антиподтарыңды табу! Ежелгі гректердің діншілдігінде бізді таңдандыратын нәрсе – оның шектен асқан ризашылдығы, бұл табиғатқа және өмірге солай қарайтын адамдар тұқымының ең жоғарғы дәрежедегі бекзаттығы! Кейін Грекияда күш тобырлар жағына ауысқанда, үрей діннің өзінде де басты элементке айналды; христиандыққа әзірлік басталды.
Құдайға деген құмарлық әртүрлі болып келеді: мұжықтық, шын жүректен және Лютердікіндей мазасыз құмарту, – бүкіл про тестантизм оңтүстікке тән delіcatezza-сыз амалдай алады. Онда жөнсіз шапағатқа бөленген немесе Августиндегідей дәріптелген құлға, өз мәнерлері мен құмарлықтарында өкінішті түрде қандайда болмасын игіліктен жұрдай құлға тән шығыстың қатыгездік те бо лады. Онда әйелге тән мейірімділік те және m-me де Гюйондағы сияқты, ұятты әрі кінәсіз түрде unіo mystіca et physіca24 ұмтылатын ынтықтық та болады. Көп жағдайларда құдайға деген құмарлық немесе жасөспірімнің жыныстық жетілгенін жасырғанындай, кей де тіпті кәрі қыздың долылығындай және оның соңғы менменшіл дігіндей біркелкі назды болып келеді. Шіркеу мұндай жағдаяттарда әлденеше рет әйелді қасиетті деп мойындаған болатын. Осы кезге дейін құдыретті адамдардың өздері әулиенің ал дында өзін өзі ұстаудың және әдейі кемтарлыққа ұшыраудың үлгісіндей бас иіп келді: неге олар бас иіп келді? Олар оның сұрақ белгісіне ұқсаған жүдеу және аянышты түрінің артындағы өзін ауыздықтау арқылы өзін өзі сынамақ болған күшін сезді, оның еркінің басымдылығынан олар қайтадан өздерінің күшті және билікке ұмытылысын сезді және мұны бағалай білді: әулиені құрметтеу арқылы олар өздеріндегі бірдеңені құрметтеді. Соны мен бірге, әулиенің түрі оларда күдік туғызды: олардың ойын ша, мұндай ғажайып мансұқтауға табиғи еместікке тектен тек ұмтылмайды. Мұның, шамасы, негізі бар, қандай болмасын үлкен қауіп бар және бұл жөнінде аскет өзінің жасырын жұбатушылары және келіп-кетушілері арқылы жақсы білетін болар? Бір сөзбен, дүниенің күштілері жаңа қорқынышты сезді: «билікке ерік» олар ды әулиенің алдында кідіруге мәжбүр етті. Олар одан сұрауы керек еді– Иудейлік «Көне Өсиетте» – Құдайдың әділеттілігі жөніндегі осы кітапта адамдар, заттар және соншалықты жоғарғы стильдегі сөздер бар, грек және үнді әдебиетінде онымен салыстыруға бо латын ештеңе жоқ. Біз үреймен және құрметпен бір кезде болған адамның сүйектеріне қарап тұрмыз және бізде көне Азия мен
оның алдында «адам прогресінің» мәнінде көрінбек болған оның алға суырылып шыққан түбегі Еуропа жөнінде көңілсіз ойлар пайда болады. Әрине: өзі тек әлсіз қолға үйретілген үй-жануары на айналған және үй жануарының қажеттерін ғана білетіндерге (қазіргі біздің сауатты адамдарымыз сияқты және бұларға «білімді» христианшылдықтың христиандарын қоса алғанда) бұл қираған орындарға таңданудың және олар үшін қайғырудың реті келмей ді – «Көне Өсиеттен» алар рақат сезімі «ұлыға» және «кішіге» қатысты сынайтын тас, – мүмкін, Жаңа Өсиет, қайырымдылық, жөніндегі осы кітап оның жанына жағатын шығар (онда өйткені шыншылдардың, нәзіктердің, құдайшыл топастардың және ұсақ жандардың рухынан көп нәрсе бар). Барлық жағынан мәнердің ро кокосы іспеттес бұл Жаңа Өсиетті Көне Өсиетпен бір кітап етіп біріктіріп, одан «Тәуратты», «Өзіндік кітапты», жасау, тегі, зор батылдық және әдеби Еуропа ұятындағы ең үлкен «рухқа қарсы күнә». Атеизм қазір қайдан шығуда? Құдайдағы «Әке» түп негізінде жоққа шығарылды; сол сияқты «Қазы» да және «Жазалаушы» да. Оның «еркін еркі» де жоққа шығарылды: ол естімейді, егер естісе де, бәрібір көмектесе алмас еді. Ең жаманы, ол, шамасы, түсінісе де алмайды: есінен ауысқан емес пе ол? Міне, менің көптеген әнгімелерден кейін, басқалардан сұрап, басқаларға ден қойғаннан кейін түйгенім: еуропалық теизмнің құлдырауының себебі осы; менің ойымша, діни инстинкт қуатты түрде жоғары өрлегенімен – ол теизмнің арқасында қол жеткен қанағат сезіміне зор күдікпен қарайды. Бүкіл жаңа философияның қызметі сонымен неге саяды? Дека рттан берікөп жағдайда оны үлгі тұтқаннан гөрі, одан өзге барлық философтар «субъект» және «предикат» ұғымдарын сынаған бо лып, «жан» ұғымын бұрмалаумен айналысып келеді, – мұнын мәнісі: христиандық ілімнің негізгі алғышартына қарсы шығу. Жаңа философия теориялық-танымдық скепсис ретінде жасырын немесе ашық түрде христиандыққа қарсы: бірақ айта кету керек ол тәіпті де дінге қарсы емес. Бір кездері жұрт грамматикаға және грамматикалық субъектіге сенген сияқты «жанға» сеніп еді: «мен» шарт болып табылады; «ойлаймын» – предикат және шартталған,
– ойлау оған себеп ретінде субъект қосылуы тиіс іс-әрекет болып
табылады. Сөйтіп, таңқаларлық табандылықпен және айлакерлік
пен бұл желіден шығудын жолдарын, іздестіре бастады, – мүмкін
ақиқаты керісінше болар: «ойлаймын» – шарт, «мен» онымен
анықталады; олай болса «мен» – ойлау арқылы жүзеге асатын син
тез ғана. Кант, шындығында, субъект арқылы субъектіні де, сол
сияқты объектіні де дәлелдеуге болмайтынын дәлелдемек болды:
мүмкін, солай болып көрінетін индивидуалдық субъекттің, яғни
«жанның», бар екендігі туралы ой оған жат болмас; мұндай ой бір
кезде жер бетінде зор беделге ие болған Веданта философиясы
түрінде орын алды.
Әртүрлі сатылардан тұратын діни қатыгездіктің үлкен
баспалдағы бар; соның ішінде үшеуі өте маңызды. Бір кезде
құдайға адамды құрбандыққа шалды, мүмкін, ең жақсы көретін
адамдарын, – бұған көптеген ежелгі діндердің бәрінде тұңғыш
балаларды құрбандыққа шалу жатады, ал сол сияқты Капри
аралының Митрагротындағы Тиберий императорды құрбандыққа
шалуды да – барлық римдік акихронизмдердің ішіндегі ең жан
түршіктірері – осыған жатқызуға болады. Кейін, адамзаттың
моральдық дәуірінде адамдар Құдайға өздерінің ең күшті
инстинкттерінің бірін, өздерінің «табиғатын» құрбан етті; бұл ме
рекелі қуаныш аскеттің, шабытты «табиғилықтың қарсыласының»
қатал жанарында жалт етіп көрініп қалады. Ақыр соңында, – енді
нені құрбан етуге болады? Ең ақырында барлық көңіл жұбатарлық,
қасиетті, шипалы нәрселерді, бүкіл үмітті, ішкі үйлесімділікке,
болашақтағы рақат пен әділеттілікке деген сенімді құрбан ету
ге тиісті емес пе? ең ақырында Құдайдың өзін құрбан етуге тура
келмей ме, сөйтіп, адамның өзіне деген мейірімсіздігінен тас
ты, ақымақтықты, ауырлықты, тағдырды, Ештеңені Құдайға
айналдыруға тура келеді емес пе?. Ештеңе? Ештеңе үшін Құдайды
құрбан ету – соңғы қатыгездіктің бұл ақылға сыймайтын мисте
риясы қазіргі ұрпақтардың үлесіне қалды: біз бәріміз бұл жөнінде
бірдеңені әлден-ақ білеміз.
Кім, мен сияқты, ұзақ уақыт иессимизмді түсініксіз
қанағатсыздық пен түп негізіне дейін ойластырды және оны осы
ғасырда, атап айтқанда, Шопенгауэр философиясында қалыптасқан
жартылай христиандық, жартылай немістік тайыздықтан және
аңғалдықтан артпақ болды; кім шынында да қашан болса да
барлық ойлау түрлерінің ішіндегі барып тұрған дүниені: талақ
етумен көрінген ойлаудың бұл түріне, азиаттық тұрғыдан бойлап
көрді және оған жоғарыдан төмен ізгілік пен зұлымдықтың Будда
мен Шопенгауэр құсап шегінде қалып қоймай, оның аржағынан
қарай білді, – сол, мүмкін, осының арқасында мүлдем кері иде
алды: жақсы жүзді және айналасына толық сеніммен қарайтын
адамның бейнесін көз алдына келтіре алды; бұл болған және бар
нәрсені сол күйінде қабылдауды үйреніп қана қойған жоқ, соны
мен бірге осының ғасырлар бойы қалай орын алса сол күйінде
өзіне де, пьесаға да және көрініске де, көрініске ғана емес, сол
көріністі қажет ететін адамға ашкөздікпен da capo қараудың орын
алғанын қалайды; өйткені ол өне бойы өзін керек етеді – және
өзін басқаларға да керек еткізеді – Қайтіп? Ал бұл сонда cіrculus
vіtіosus dens25 болмас па?
Адамның рухани көзінің өсіп жетілуіне және оянуына қарай
оның көкжиегі де және айналасындағы кеңістігі де кеңейе береді:
оның дүниесі тереңдей береді, оның назарына жаңа жұлдыздар,
жаңа жұмбақтар мен бейнелер ашылады. Мүмкін рухани көздің
өзінің тапқырлығы мен терең ойлылығын жаттықтыратын
нәрселердің бәрі оның жаттығуы үшін сылтау болар, балалар үшін
және балалардың зердесі үшін жасаған ойыншық сияқты болар;
мүмкін, адам баласы солар үшін алысып, азап шеккен маңызды
ұғымдардың, айталық, Құдай және күнә ұғымдарының адам үшін
маңызы бір – кезде баланың ойыншығы мен баланың уайымының
кәрі кісіге етер әсеріндей болар – сонда, мүмкін, «кәрі кісіге»
тағы да басқа ойыншық, басқа уайым қажет болар, – сөйтіп, ол әлі
әжептәуір сәби, мәңгі-бақи сәби болып қалар!
Шынайы діни өмір үшін (және оның өзін өзі тануына
бағытталған өзі ұнатқан микроскопиялық жұмысы үшін және сол
сияқты «дұға оқу»деп аталатын және «Құдайдың келуіне» әзірлік
болып табылатын нәзік көңіл күйі үшін) сыртқы дырдулық, не
месе жартылай дырдулық қандай қажет екенін байқаған кісі бол
ды ма? – бұл арада мен жұмыс жан мен тәнді қорлайды, атап
айтқанда, бұрмалайды деп есептейтін аристократтық сезімнен
ада емес ежелгі, рулық, таза ұжданды дырдулық жөнінде айтып отырмын. Демек, қазіргі айғайшыл, уақытты босқа өткізбейтін, өркөкірек, әпербақан еңбексүйгіштік адамды басқаларға қарағанда көбірек «сенбестікке» тәрбиелейтін және әзірлейтін болып тұр ғой? Германиядағы қазіргі кездегі өздерін діннен аулақ ұстайтын адамдардың арасынан мен «еркін ойлайтындардың» не бір түрін кездестіріп жүрмін, солардың көпшілігіндегі діни инстинкттер ді құртқан нәрсе ұрпақтан ұрпаққа тараған еңбекқорлық, сол се бептен олар діндердің не үшін қажет екенін мүлдем білмейді, тек қайдағы бір ойсыз таңырқаумен олардың дүнеиде орын алып келе жатқанын сезеді. Бұл айбынды адамдар онсызда өзерін әртүрлі жағдайлардың: өздерінің қам-қаракеттерінің, құмарлықтарының, отан, отбасы алдындағы міндеттердің ауырпалығын көтеріп жүрген адамдардай көреді, демек, олардың дінмен айналасуға уақыттары жоқ және оларға бұл арада әңгіме не жөнінде болып отырғаны түсініксіз, жаңа гешефт немесе жаңа ләззат жөнінде ме; олар үшін шіркеуге тек көңіл-күйді бұзу үшін бару ақылға сый майтын сияқты. Олар әсте де діни ғұрыптардың жауы емес, қажет болғанда белгілі бір жағдайларда олар діни ғұрыптарға қатысудан бас тартпайды және олар мұндай жағдайларда істелуге тиісті нәрселердің бәрін басқалар сияқты атқарады, – әрине, көп ынта сыз: өйткені олар бұлардың бәрінен тыс өздерімен өздері болып өмір сүреді, сондықтан олар мұндай заттарды жүрекке жақын қабылдамайды . Мұндай немқұрайдылар қатарына қазір орта со словие өкілдері, әсіресе жұмыс қызып жатқан үлкен сауда және қатынас орталықтарындағы протестанттардың көбі жатады; сол сияқты еңбекқор ғалымдардың көпшілігі және тегістей университет құрамы жатады (олардың қатарына, әрине, бұл оқу орнындағы тео логтар кірмейді). Дін тәртібін ұстанушылар немесе шіркеудің жай жақтастары неміс ғалымына қазір дін мәселесіне байсалдылықпен қарауы үшін оған қаншама ізгі ниет, тіпті өктемдік қажет екенін көз алдарына елестете де алмайды; оның бүкіл кәсібі (және кәсіби еңбексүйгіштігі) оны дін мәселесіне немқұрайды қарауға итерме лейді; ол әлі де шіркеуге мойынсұну бар жерде рухтың «бейкір шіксіздігі» орын алады деп топшылайды. Ғалымды тек тарих қана (демек, оның жеке тәжірибесі негізінде емес) діндерді құрметтеуге және оларға байсалдылықпен қарауға үйретеді; бірақ егер ол дін дерге оң көзімен қарауға үйренсе де, бәрібір оның өзі шіркеу неме се дін жолын ұстану дегенге бір табан да жақындамайды, – мүмкін, бәрі керісінше болады. Ол өскен және тәрбиеленген ортаға тән
діни нәрселерге деген практикалық немқұрайдылық әдетте оны
сақтыққа және пәктікке үйретеді, бірақ діндарлармен және діни
нәрселермен байланыс жасау бұларға қайшы келеді; мүмкін, оның
төзімділігі мен адамгершіліктік деңгейі оған шыдамдылықтан
туындайтын қиын жағдайды жеңе білуге мүмкіндік береді. – Әр
уақыттың басқа ғасырлардың қызғанышын туғызатын өзіне ғана
тән құдай берген аңғалдығы болады; ғалымның – бұл кішкентай,
менмен бейшараның, «идеялардың», «қазіргі идеялардың» ой
лау кәсіпкерінің өзінің артықшылығы жөнінідегі сенімінде, оның
шыдамдылығының таза ұжданында, оның діншіл адамды өзінен
төмен тұрған, түкке тұрмайтын, тип деп білетін, өзін одан асып
кеткен деп санайтын аңқау да ашық сенімінде қанша аңғалдық,
мәртебелі, балалық және шексіз есер аңғалдық жатыр!
Адамдардың аңғалдығында қандай даналық жатқанын дүниенің
түбіне бойлаған адам, әрине, сезеді. Бұл өзін өзі сақтау инстин
кті оларды құбылмалы алаңғасар және өтірікші болуға үйретеді.
Кейде біз философтардан да, суретшілерден де «таза формаларға»
бас июге шектен асқан ынта мен құмарлықты кездестіреміз, –
тайыздыққа соншама табынуы керек болатын адамның қашан бол
са да оның астына енуге әрекет жасайтыны күмән туғызбайды. Ал
осы аузы күйген балаларға, тумысынан суретшілерге келер болсақ,
олар өмірдің бейнесін бұрмалауды (өмірден өш алғандай) өмірден
алған рақат деп біледі; олардың өмірге құштарлығы қалмағанын
олардың өмірдің бейнесін бұрмаланған, сүйылған, дүниешілікке
айналған, құдайланған күйде көргісі келетінінен аңғаруға болады,
– сөйтіп homіnes relіgіosі-ді олардың жоғарғы дәрежесі ретінде
суретшілер қатарына жатқызуға болар еді. Емі жоқ пессимизнен
бұлай қатты қорқу адамдарды мыңдаған жылдар бойы болмысты
діни тұрғыдан түсіндіруге жармасуға мәжбүр етеді, бұл – адам
жеткілікті дәрежеде күш алып, табанды болып, суретші болмай
тұрып-ақ ақиқатқа тым ерте ие болуға болады деген инстинктке
тән қорқыныш... Осы тұрғыдан қарағанда діншілдік (благочестие),
«Құдай үшін өмір сүру» онда ақиқат алдындағы қорқыныштың ең
нәзіктелген және ең соңғы көрінісі, жалғандықтың алдында бас
ию, ақиқатты бұрмалауға деген, қалай болғанда жалғанға ұмтылуға
деген ерік болар еді. Мүмкін, осы кезге дейін адамды жақсартудың
діндарлықтан, тақуалықтан басқа құралы табылмаған болар: ал
мұның арқасында адам аяушылық сезімін туғызбайтындай жасан
ды, тайыз, құбылмалы, ақкөңіл болып шыға алады.
Құдай үшін адамды сүю – бұл адамдардың ертеден бері қол жеткен игі сезімі. Адамды сүю, егерде оның аржағында оны қуаттайтын жасырын жатқан мақсат болмаса, көбірек ақымақтыққа және хайуандыққа ұқсайтыны, мұндай адамсүйгіштікке ынтықтық белгісіз бір жоғарғы құштарлықтан өзінің шамасын, өзінің талғамын, өзінің тұздық түйірі мен амбраның (ambre –фр. – әтірдің иісін күшейту үшін пайдаланылатын күштің тамақ жолында пайда боатын зат) ұнтағын алатыны: мұны алғаш сезген және «бастан кешкен» адам, мұндай нәзік, тылсым нәрсені тұңғыш рет жеткізем деп тілі күрмелген адам – кім болса да – біз үшін мәңгілікке әулие әрі қадір тұтар адам болып қалады; оның самғауы әлі күнге дейін қол жетпес биік, оның қателігі әлі тамаша болып табылады! Біз, еркін ойдың адамдары философты үлкен жауапкершіліктің және адамның жалпы дамуын бойына жиған ұждан адамы ретінде түсінеміз, – мұндай философ басқа да саяси және экономикалық жағдайлар сияқты діндерді де тәртіпке үйрету және тәрбиелеу мақсатында пайдаланады. Діндердің көмегімен адамдарға тигі зер әсер әрқашанда екі жақты: әрі бүлдіретін, әрі жасампаз, қалыптастыратын болып келеді және оның ықпалына түскен адамдардың жай-күйіне қарай әралуан болып келеді. Күшті, тәуелсіз билік құруға даярланған және жаралған, өз бойына үстем нәсілдің ақылы мен өнерін жия білген адамдарға кедергілерді жеңіп, билік құруға, діннің қажеті шамалы: керісінше, ол әміршіні қол астындағылармен байланыстырып тұрған бұғау болып табыла ды, дін оның қолына олардың ұжданын, жүректерінің түкпіріндегі бағынудан жалтаруға мүмкіндік беретін амалды тапсырады; егер де ақсүйектер тұқымынан шыққан кейбіреулер өздерінің рухани күштерінің биік жетілуіне байланысты күнделікті тіршіліктен оңаша және аулақ өмір сүруге бейім болса және өздеріне билік құрудың (таңдаулы шәкірттерінің, не орден мүшелерінің үстінен) ең талғампаз түрін таңдап алса, онда олар үшін, дін тұрпайылау биліктің қауіп-қатері мен ауырпалықтарынан құтылудың құралы да бола алады. Браминдер, мысалы, істің жайына осылай қараған: олар діни ұйымның көмегімен өздеріне халыққа оның патша ларын тағайындау билігін иемденген, бірақ өздері ең жоғарғы патшалардың үстінен қарайтын адамдар ретінде өздерін билік тен тыс, биліктен аулақ ұстаған. Дін сонымен бірге адамдардың
кейбір бөлігіне, жанұядағы қолайлы жағдайларға байланысты
өзін өзі билеуге қажетті күшке және ерікке ие болған топтар мен
сословияларға болашақта үстемдік құруға мүмкіндік туғызады:
дін оларды рухани күштердің жете дамуына бастайтын, өзін өзі
женудің, өзін өзі ұстаудың жолына түсуге еліктейді, талпынтады;
егерде нәсіл өзінің қарадан шыққандығынан асып түскісі кел
се және болашақтағы үстемдік үшін өзін әзірлегісі келсе, онда
тәрбиелеу мен асылдандырудың қажетті құралдары аскетизм
және пуританизм болып табылады. Ақыр соңында, басқаларға
қызмет ету үшін, пайда келтіру үшін өмір сүретін, сондықтан да
өмір сүруге құқы бар қарапайым адамдарды, көпшілікті дін өз
жағдайына, тегіне ризашылық сезіміне бөлейді, жан тыныштығын
әпереді, өзі сияқтылардың бақыты мен қайғысына ортақ болуға,
билікке бойсынуға үйретеді; дін күнделікті күйкі тіршілікке өң
береді, ажарландырады, жан күйінің бишаралығын белгілі бір
шамаға дейін ақтайды. Дін және діни өмір әрқашанда үнжырғасы
түскен мұндай кемтар адамдарға күн сәулесін шашады, оларды
өздері үшін қанағат қылуға үйретеді; дін күйзелгендерге, эпику
рейлік философия сияқты әсер етіп, еңсесін көтереді, бейнеттің
болажақ екенін көрсетіп, оған көнуге, оны жеңе білуге үйретеді.
Мүмкін, христиандықта және буддизмде олардың ең бұзылған
адамды да түзейтін, сөйтіп қалыптасқан қатаң тәртіпті (ал мұндай
тәртіп керек-ақ!) сақтауға мәжбүрлейтін өнеріндей құрметтеуге
тұрарлық ештеңе болмас.
Бірақ сайып келгенде мұндай діндердің олқылықтарының теріс
теңгерімін ескеріп, олардың қатерлі қауіптерін көрсету мақсатында
мынаны атап өткен жөн болады: егерде діндер философтардың
қолындағы тәрбиелеу мен тәртіпке шақырудың құралы емес бо
лып, дербес және өздігінен әрекет жасай бастаса, егерде олар
өздерін басқа құралдар сияқты құрал ретінде емес, түпкі мақсаттар
ретінде көрсетуге ұмтылса, онда бұл адамзатқа өте қымбатқа
түседі және залалды салдарға апарып соқтырады. Адамзат, басқа
да жануарлар түрі сияқты, сәтсіз түрлерге (экземпляр) – ауру,
азғындаған, нашар, әлсіз түрлерге толы болып келеді; адамның әлі
де қалыптасып болмаған жануарлық тип екенін ескерер болсақ,
олардың арасында сәтті жағдайлар сирек болатынын атар едік.
Бірақ істің жайы бұдан да жаман: бұл адамның түрі (тип) тым
жоғары болған сайын, оның сәтті болып шығу мүмкіндігі өте төмен
болады, адамзаттың жалпы есебінде үстемдік ететін кездейсоқтық,
мағынасыздық заңы өзінің бүлдіргіш әрекетінде өздері өмір сүру
үшін ерекше нәзік жағдайларды керек ететін жоғары адамдар
үшін жан түршігерлік түрде ықпал етеді. Аталған ұлы діндер
сәтсіз жағдайлардың бұл асып түсіп жатқанына қалай қарайды?
Олар сақтала алатын нәрселердің бәрін қостайды, әдейі барлық
сәтсіздердің жағына шығып, күйзелгендердің діні ретінде, өмірде
азап шеккендердің бәріне қол ұшын бергісі келеді; өмірді басқаша
түсінуді теріс деп тауып, оның болмағанын қалайды. Адамдардың
барлық түрін (жоғарғы түрін де) аяйтын және қорғайтын бұл
қамқорлықты қалай жоғары бағаласақ та, бәрі бір «адам» типінің
төменгі сатыда қалып қоюына басты себеп осы егеменді діндер
болып табылады; олар жойылуға тиісті нәрселердің көбін сақтап
қалды. Біз оларға баға жетпес игіліктер үшін қарыздармыз;
«Еуропа дін қызыметшілерінің» Еуропа үшін, осы кезге дейін не
істегенін ойлағанда қандай алғыс та аздық етеді. Айталық, олар
қиналғандарды жұбатты, езілгендер мен түңілгендерге дем берді,
басыбайлыларды қолдады, бұларды монастырларға және рухани
түрмелерге алдап апарды, есі ауысқандарды қоғамнан аластады;
аурулармен күйзелгендерді сақтау үшін, яғни Еуропалық нәсілді
бүлдіру үшін, байсалды ұжданмен тиянақты еңбек ету үшін,
олар тағы не істеу керек еді? Құндылықтарды бағалауды басы
мен төмен қою – міне, атқарылатын іс осы еді! Күштілерді жасы
ту, асқан үміттерді қорлау, сұлулыққа тән бақытқа шүбә келтіру,
өрліктегі, ерліктегі, жеңімпаздықтағы, биліктегі және жоғарыға,
«адамның» ең сәтті түріне, тән барлық инстинкттерді құртып, сен
беушілікке, ұялшақтыққа, өзін өзі кемітуге айналдыру, жер бетін
дегіге және жер бетіндегі билікке деген сүйіспеншіліктің бәрін,
жер бетіндегінің бәрін жек көруге ұластыру – міне, шіркеудің
түсінігіндегі «дүниеден безу», «сезімнен бас тарту» және «жоғарғы
адам» дегендердің бір сезімге айналғанына дейінгі алдына қойған
және алдына қоюға тиісті болған міндеті осы болды. Егерде біреу-
міреу Еуропалық христиандықтың мұңды-назды және сонымен
бірге әрі дөрекі, әрі нәзік комедиясына эпикурейлік құдайдың
мысқылшыл және бейтарап көзімен қарайтын болса, онда оны
тандандыратын да, ашындыратын да жәйттар аз болмас еді; оған
онда Еуропада он сегіз ғасыр бойы бір ғана мүдде – адамнан
маңғаз азғынды жасау мүддесі – үстемдік құрған жоқ па деген ой
келмес пе еді? Кімде-кім осы еркінен тыс бұзылып, құрып бара
жатқан Еуропалық христианшы деп аталатын адамға Эпикур
ше емес, басқа тұрғыдан қолындағы құдай соққан балғамен қарар болса, онда ол: «О, ақымақтар, тәкәппар кісі аяғыш ақымақтар, не істегенсіңдер! Бұл сіздер атқаруға тиісті жұмыс па еді?! Сіздер менің ең жақсы тасымды қалай ұнтақтап бүлдіріп тастағансыңдар! Сіздер ойларыңызға келгенді істепсіздер ғой!» – деп айқайламай ма? Менің айтайын дегенім: христианшылық осы кезге дейін адам баласының өркөкіректігінің ең қатерлі түрі болып келді. Адаммен сүретшілерше жұмыс істеу үшін көтеріңкі және табанды еркі жетіс пейтін адамдар: өзін өзі игілікпен тежеу үшін және табиғаттың мыңдаған сәтсіз жандарды дүниеге әкеліп, дүниеден әкетіп жатқан бастапқы заңының жүзеге асыруына еркіндік беруге күші жетпейтін адамдар; адамдардың арасындағы өткір айырмашылықты және бір адамды екіншіден бөліп тұрған шынырауды ажырата алмайтын тек сіз адамдар, – міне, осы кезге дейін Еуропаның тағдырын ұстап келе жатқан осындай адамдар; сөйтіп солардың арқасында ұсақталған, күлкі боларлық тұқым, үйірлі айуан сияқты, ақкөңіл, нашар және орташа бірдеме – қазіргі Еуропалық [адам] дүниеге келді... Төртінші бөлім Нақыл сөздер мен интермедиялар Ұстаздық қанына сіңген адам шәкірттеріне ғана назар аудара отырып-ақ барлық заттарға, тіпті өзіне де байыппен қарайды. «Өзіндік мәні бар таным» – бұл мораль құратын соңғы тұзақтар: олардың кесірінен онда әбден шатасып қалуға болады. Танымның тартымдылығы түкке тұрмас еді, егерде оның жо лында соншама ұятқа қалуға тура келмесе. 65 а Бәрінен де бұрын адамдар Құдайға қиянат жасайды: ол күнәға бата алмайды. Мүмкін әлденендей Құдайдың өзін қорлауға, талан-таражға салуға, алдауға, қанауына жол беруге бейімділігі оның адамдардың алдындағы ұялшақтығынан болар.
Біреуді ғана сүю – тағылық: өйткені, ол басқаларға салғырт қарау арқылы жүзеге асады. Құдайды сүю де сол сияқты. «Мен мұны істедім», – дейді менің жадым. «Мен мұны істей алмас едім», – дейді менің намысым және айтқанынан танбайды. Ақыр аяғында жады жеңіледі. Егерде біз аяғандықтан өлтіретін қолды көрмесек, онда біздің өмірге дұрыс үңіле алмағанымыз. Егерде мінезің болса, онда өне бойы қайталанатын өзіңнің тұрпатты ескіліктеріңнің де болғаны. Астроном рөліндегі данагөй. – Сен әлі де жұлдыздарды тас төбеңде тұрғандай сезінсең, сен әлі танитын адамның көзқарасына ие бола алмағаның. Жоғары дәрежедегі адамдарды жасайтын жоғарғы түйсіктердің күші емес, ұзақтығы. Мұратына (идеал) жеткен адам, сонымен бірге одан асып түседі. 73 а Кейбір павхин өзінің құйрығын басқалардан жасырады және мұны өзінің мақтанышы санайды. Данышпан адам, егер сонысымен бірге, ең кемінде, тағы екі түрлі қасиетке: ризалық сезіміне және пәктікке ие болмаса, төзгісіз болады.
Адам тектілігінің дәрежесі мен сипаты оның мәнін рухының сонғы шыңына дейін баса көктейді. Соғысқұмар адам бейбіт жағдайда өзіне-өзі тиіседі. Бұл өзіміздің ұстанымдарымыз арқылы өз әдеттерімізді не қорлағымыз, не ақтағымыз, не оларды құрметтегіміз, не даттағымыз, не жасырғымыз келеді; сонымен бірге ұстанымы бір дей екі адам негізінде мүлдем әртүрлі нәрселерді қалауы әбден ықтимал. Өзін-өзі жек көретін адам дегенмен өзін жек көретін ретінде сыйлайды. Өзінің сүйікті екендігін сезетін, бірақ өзі басқаны сүймейтін жан өз сырын байқатады: ондағы ең жаман нәрсе бетке шығады. Түсінікті болған нәрсе бізді қызықтырмайтын болады. – «Өзіңді өзің таны!» – деп кеңес берген сол бір құдай, не айтпақ болды екен! Мүмкін бұл оның: «өзіңе көңіл бөле беруіңді қой, объективті бол!» – дегені болар. – Сократ ше? – «Ғылым адамы» ше? Теңізде шөлден өлу сұмдық. Сіз өз ақиқатыңызды бұдан былай ешқашанда шөлді қандырмайтындай етіп тұздағыңыз келе ме? «Барлығына бірдей аяушылық білдіру», жаным менің, көршім, сен үшін қаталдық және жәбірлеу болар еді. Инстинкт. – Үй өртеніп жатқанда, тіпті тамақ та ұмытылады. – Иә – бірақ оның есесі күл болғанда қайтарылады.
Әйел басқаны қызықтыруды қоюына орай жек көруді үйрене
бастайды.
Еркекте де, әйелде де бірдей аффектілер не дегенмен
қарқынына қарап ажыратылады – сондықтан да еркек пен әйел
бірін бірі түсінбеуін қоймайды.
Әйелдердің менмендігінің түбінде әрқашанда басқаны –
«әйелді» жек көру жатыр.
Жүрек тарылды, ақыл еркін. – Егер жүрегіңді қатты матап,
бұғауда ұстасаң, онда ақылыңа көп ерік беруге болады, – бұл
жөнінде мен бұрын да айтқанмын. Бірақ сөзіме ден қойған ешкім
болған жоқ, шамасы, өздері де білмейтін болса керек.
Өте ақылды адамдарға да, егерде олардың қысылғандарын
көрсе, сенбестікпен қарай бастайды.
Өмірдің жан түршігетін күйзелістеріне қарап, ойлайсың: олар
ды бастан кешірген адамның өзі кісі шошырлық бірдеме емес пе
екен деп.
Ауыр, түнеріңкі адамдар басқаларға салмақ түсіргеннен, жақсы
және жек көргеннен жеңілденіп, аз уақытқа болса да қалқып өз
бетіне шығады.
Сондай салқын, сондай мұздай, қолың тисе, саусақтарың күйіп
қалғандай болады! Оған тиіп кеткен қай қол да қалтырайды! –
Сондықтан да оны қызған деп есептейді.
Кімге өзінің жақсы атағы үшін бір рет те болса өзін құрбан
етуге тура келмеді? –
Мейірімділікте адам баласына қастық ойлаудың ізі де жоқ,
бірақ сондықтан да адамдарды жек көру өріс алды.
Есті адам болу – бұл балалық кезінде ойнап жүргендегі
байсалдылыққа қайтадан ие болу деген сөз.
Өзінің өнегесіздігінен ұялу – бұл шыңында өзінің өнегелілігінен
ұялатын баспалдақтың сатыларының бірі.
Өмірмен,
Одиссейдің
Навсикаямен
қоштасқанындай,
қимастықтан гөрі ризашылықпен қоштасу керек.
Калайша? Ұлы адам ба? – Мен әлі де тек өзінің өздік мұратының
актерін ғана көріп тұрмын.
Егерде ар-ұятымызды баптар болсақ, онда ол тістеп жатып та
бізді сүюмен болады.
Көңілі қалған адамның сөзі: «Мен жаңғырыққа құлақ қойдым,
сондағы естігенім мадақтау болды» –
Өзімізбен өзіміз болғанда біз барлығын өзімізден ақкөңілдеу
көреміз: сөйтіп өзімізге жақындарымыздан демалыс береміз.
Біздің кезімізде танушы өзін оп-оңай жануарға айналған
құдайша сезіне алады.
Өзі жақсы көретін адамының өзін де сүйетінін сезген адам ол
жөнінде ойлануы тиісті: «Қалайша? Тіпті, сені сүюдің өзі – тым
жұпыны ма? Әлде тым ақымақтық па? Немесе – немесе».
Бақыттың қауіптілігі. – «Бәрі де менің игілігімее қызымет етеді;
енді маған кез келген тағдыр ұнайды – кім енді менің тағдырым
болғысы келеді?»
Қазіргі христиандардың бізді өртеуге жол бермейтін нәрсесі
олардың адамсүйгіштігі емес, адамсүйгіштігінің дәрменсіздігі.
Еркін ойлайтын адамға, «танымның тақуасына», pіa fraus
(оның «тақуалығына» ұнамсыз) іmpіa fraus26-тан гөрі әлдеқайда
ұнамсыз. Осыдан оның «еркін ойлаушыларға» тән – оның еріксіз
дігіне балап, – шіркеуді мүлдем түсінбеуі.
Музыка құмарлықтың өзді-өзін қанағаттандыруының құралы
болып табылады.
Негізі бар қарсы, дәлелді тыңдамауға деген басынан
қабылданған шешім –мықты мінездің белгісі. Демек, кездейсоқ
ерік ақымақтықтан.
Моральдық құбылыстар (феномендер) деген мүлдем жоқ, тек
оларды моральдық тұрғыдан түсіндіру бар...
Қылмыскерге оның қылығының дес бермеуі, әдетте жиі бола
тын жәйт – ол оны кемітуге және бұрмалауға тырысады.
Қылмыскердің
қорғаушыларының
болған
істің
барлық
сұмдығын оның пайдасына пайдалануға қабілеті бар артистер бо
луы сирек кездеседі.
Біздің намысымызға нұқсан келген дәл сол бір кезде біздің
менмендігімізді жәбірлеу өте қиынға соғады.
Өзін сену үшін емес, аңдау үшін жаралған деп есептейтін адам
барлық діндарларды айғайшыл және мазасыз деп таниды, – ол
олардан қорғануға тырысады.
«Сен оны өзіңе қаратқың келе ме? Онда оның алдында абды
рап қалғандай болып көрін –»
Жыныстық сүйіспеншіліктен көп нәрсені күту және бұл үшін
деген ұяту әйелдерге барлық перспективаны алдын ала бүлдіреді.
Сүйіспеншілік пен өшпенділік болмаған жерде әйел рөлін на
шар ойнайды.
Бізде өзіміздің зұлымдылығымызды ізгілігімізге айналдыруға
батылдық жеткен кезде өміріміздің ұлы дәуірлері басталады.
Бір аффектіні жеңуге деген ерік түптің түбінде, алайда, тек
басқа аффектінің не көптеген басқа аффектілердің еркі болып
шығады.
Таңданудың бейкүнәлігі болады: оған да біреу күндердің
күнінде таңданар – ау деп ойламайтын адам осыған ие болады.
Ластан жеркену сондай күшті болуы мүмкін, ол біздің
тазаруымызға – «ақталуымызға» кедергі болады.
Әдетте сезімділік сүйіспеншіліктің өркенін басып озады;
соның салдарынан сүйіспеншіліктің тамыры әлсізденіп, оңай
жұлынып қалады.
Жазушы болғысы келген кезде Құдайдың грек тілін үйренуінде
оны жақсы меңгере алмағанында да үлкен талғампаздық жатыр.
Мақтауға қуанатын адам мұнысымен тек жүрегінің сыпайылығын ғана – сөйтіп ақылдың мансапқұмарлығына қарамақарсы әлденені көрсетеді. Тіпті, конкубинат* та некемен бұзылған. Алдаудың үстінде жанып жатып шаттанатын адам ауруды жеңгеніне емес, ауырар-ау деп күткен жерін, ауруды сезбегеніне масаттанады. Егер бізге біреуге байланысты қайта үйренуге тура келсе, онда осыдан туған ынғайсыздық үшін өшімізді оның өзінен алуға ты рысамыз. Халық табиғаттың алты-жеті ұлы адамдарға алып баратын ай налма жолы, – Иә, – және оларды сосын басып озу үшін. Ғылым барлық нағыз әйлдердің ұялшақтығына нұқсан кел тіреді. Олар бұл арада өздерін біреу-міреу олардың терісінің ішіне, бұдан да сорақысы – көйлегі мен киімінің ішіне үңілгендей сезі неді. Сенің ұқтырғың келген ақиқатың абстрактылы болған сайын, сен оған сезімдерді де одан сайын күштірек иландыруға тиіссің. Шайтанның алдында Құдайға қарай ең кең перспективалар ашылады; содан да ол одан өзін аулақ ұстайды – шайтан деген танымның жан досы ғой. Адамның кім екені оның дарыны бәсеңдеген шақта, ол өз * Конкубинат – лат. Заңсыз бірге тұру.
мүмкіндіктерін көрсете алмайтын болғанда байқала бастайды. Да
рын да киім сияқты: киім – бой тасалаудың тәсілі.
Ер де, әйел де бірі мен бірі жөнінде алданады – осыдан ба
рып олар, тек өзді өздерін (немесе, егер басқаша айту керек бол
са, өздері қалаған идеалды-) ғана жақсы көреді екен.Сөйтіп, ер
әйелден тату-тәттілікті қалайды, ал әйел болса ол, өз мәнісінде,
тату-тәтті болып көрінуге қаншама жақсы үйренген болса-дағы,
мысық сияқты сиыспайды.
Адамдар өзінің ізгіліктері үшін бәрінен де күштірек жазала
нады.
Кім өзінің мұратына апарар жолды таба білмесе, сол идеалсыз
адамға қарағанда жеңіл-желпірек және үятсызырақ өмір кешеді.
Тек сезімдер әлемінен ғана әрбір шынайылық, әрбір таза
ұждан, ақиқаттың әрбір айқындылығы шығады.
Екіжүзділік (фарисейство) жақсы адамның бұзылуы емес,
керісінше, тезірегінде оның белгілі бір мөлшері әрбір ырыс-
берекенің шарты болып табылады.
Біреу өз ойларына акушер іздейді, ал екінші біреу сол ойлар
дан босануына өзі көмектесе алатын адамды іздейді: сүйтіп жақсы
әңгіме-дүкен құрылады.
Ғалымдар мен суретшілердің арасында араласып жүріп, кері
бағытта қателесу өте оңай: тамаша ғалымды ортаңқол адамға ба
лап, ал ортаңқол суретшіні өте тамаша адам деп табамыз.
Ояу кезімізде біз тап түсіміздегідей әрекет жасаймыз: біз әуелі
қатынас жасайтын адамымызды ойдан тауып шығарамыз да – со сын бұл туралы сол сәтте ұмытып кетеміз. Өш алуда және махаббатта әйел еркектен де жабайы. Жұмбақ ретіндегі кеңес. – «Егерде бұғаулар өздігінен үзілмесе, онда оларды тістелеп үзіп көр». Адамның құрсағы оның өзін оп-оңай Құдаймын деп көкіректенбеуіне себеп болады. Мен естіген ең сыпайы сөздер мынау: «Dans le v rіtable amour c’est l’ me, quі enveloppe le corps27». Біздің менмендігімізге өзіміздің бәрінен де жақсы ісімізді басқалардың біз үшін ең ауыр жұмыс болды деп есептегені ұнайды. Моральдың кейбір түрлерінің пайда болуы туралы. Егерде әйел өзінің ғылымға бейімділігін танытса, онда оның жыныс жүйесінде бірдеменің оңды болмағаны. Бедеуліктің өзі белгілі бір шамада талғамның ерлердікіне ұқсас болуына септігін тигізеді; ал еркек, айтуға рұқсат болса, ол – «бедеу жануардың» дәл өзі. Еркек пен әйелді жалпы салыстыра отырып, мынаны айтуға бо лады: егер әйел, инстинкті түрде болса да өзінің үлесі екінші рөлдер екенін сезбесе, ол безену өнерінде соншама данышпандылық та нытпас еді. Жауыздармен күреске шыққан адам өзі де сонда жауызға айна лып кетуден сақтануы керек. Егер де сен тұңғиыққа ұзақ қарасаң, онда тұңғиық та саған қараумен болады.
Ертедегі флорентиалық новеллалардан – дәл сол сияқты өмірден: buona femmіna e mala femmіna vuol bastone. Sacchettі Nov. 8628. Жақындасын өзі жөнінде жақсы пікірде болуға еліктіріп, кейін жақындасының осы пікіріне өзі де жан – тәнімен сеніп – мұндай айла-амалда (фокуста) әйелге тең келетін жан барма екен! – Қазірде зұлымдық болып саналатын нәрсе әдетте бір кез де ізгілік деп саналған нәрсенің уақыты өткен жаңғырығы – ескі мұраттың сарқыншағы (атавизмі). Кейіпкердің айналасындағының бәрі трагедияға айналады, жартылай құдайдың айналасындағының бәрі сайқымазақтардың (сатирлардың) драмасына айналады, ал Құдайдың айналасындағының бәрі – қалай? мүмкін, «дүниеге» – айналатын шығар? Дарынды болу жеткіліксіз: бұған сонымен бірге сіздердің ризашылығыныз қажет болар – солай емес пе? достарым менің? «Таным терегі бар жерде, әрқашанда жұмақ бар» – солай деп жариялайды бұрынғы да және қазіргі де жыландар. Сүйіспеншіліктен істелген нәрселердің бәрі әрқашанда ізгілік пен зұлымдықтың ар жағында жасалып жатады. Қарсылық, ақымақтық қылық, сенбеушілік күлегештілік – саулықтың белгілері, ал шартсыздықтың бәрі патология саласына жатады.
Трагедиялықты түсіну сезімділікпен бірге әлсіреп немесе
күшейіп жатады.
Жалғыздардың есалаңдығы – ерекше, ал тұтас топтардың,
партиялардың, халықтардың, уақыттардың есалаңдығы – ереже.
Өзін-өзі өлтіру жөніндегі ой – күшті жұбатарлық құрал: оны
мен кейбір жабыңқы түндер жеңіл бастан кешіледі.
Біздің ең күшті инстинкттерімізге, өз ішіміздегі тиранымызға,
біздің ақылымыз ғана емес, ар-ұятымыз да бағынады.
Ізгіліктің де, зұлымдықтың да төлемі болуы тиіс, бірақ нелік
тен дәл сол бізге ізгілік не зұлымдық жасаған кісіге болуы керек?
Біз танып-білген нәрсемізге сол жөнінде басқалармен
сырласқан сәттен бастап суына бастаймыз.
Ақындар өз күйзелістеріне арсыздықпен қарайды: оларды
қанайды.
«Біздің жақын-жуығымыз – бұл біздің көршіміз емес,
көршіміздің көршісі» – әр халық та солай деп ойлайды.
Махаббат сүйетін адамның бойындағы жоғарғы және жасы
рын сапаларды – оның бойындағы сирек кездесетінді, ерекшені
– жайып салады: сондықтан махаббат оғантән ережеге келгенде
оп-оңай алдайды.
Иисус өзінің иудейлеріне айтқан екен: «Заң құлдар үшін
болған, ал сіздер болсаңыздар Құдайды менше, Құдай ұлы сияқты
сүйесіңдер! Құдай ұлдарына моральдың қандай қатысы бар!» –
Партияның қай түріне де қатысты. – Бақташыға – реті келгенде
өзі де қойға айналып кетпеуі үшін – әрқашанда озат қошқар ке
рек.
Адамдар аузымен еркін өтірік айтады, бірақ сол сәттегі
олардың бет-әлпеті дегенменен шындықты білдіріп тұрады.
Қатыгез адамдарда сырластық ұят нәрсе болып табылады
– және құнды әлдене болып табылады.
Христианшылық Эротқа у ішкізді: ол, айталық, бұдан өлген
жоқ, бірақ кемістікке айналды.
Өзі жөнінде көп айту – өзін-өзі жасырудың құралы болуы да
мүмкін.
Мадақтау да кінәлауға қарағанда беймазалық басым.
Таным адамындағы аяушылық, циклоптың жұмсақ қолдары
сияқты күлкілі деуге болады.
Адамға деген сүйіспеншіліктен біз кейде бірінші кезіккенді
құшақтаймыз себебі, (барлығын бірдей құшақтай алмаймыз ғой):
бірақ тап осыны кез келгенге ашып жатудың қажеті жоқ...
Біз адамды өзімізден төмен деп есептеп әлі жек көре қоймаймыз;
біз бірақ оны өзімізге тең немесе өзімізден жоғары деп есептеген
де ғана жек көреміз.
Сіздер, утилитаристер, сіздер де барлық utіle-ні өздеріңіздің
бейімділіктеріңіздің экипажындай жақсы көресіздер – және сіздер
оның оңғалақтарының дүрсілін мәнісінде адам төзгісіз деп таба
сыздар?
Түптің түбінде біздер өздеріміздің қалауымызды – оның пред
метін емес – жақсы көреміз.
Басқаның атаққұмарлығы өзіміздің атақ құмарлығымызға
қайшы келген-де ғана, біз оны жаратпаймыз.
«Шынайылық» дегеннің, не екендігіне, мүмкін, әлі ешкімнің
де жеткілікті дәрежеде көзі жетпеген болар.
Біз ақылды адамдардың ақымақтығына сене бермейміз адам
құқықтарының қандай бұзылғаны!
Біздің қарекеттеріміздің салдары біздің сол уақыт аралығында
«түзелгенімізді» мүлдем ескермей, біздің шашымызға жармасады.
Өтіріктің де кінәсіздігі болады, және ол әлде бір нәрсеге қатты
сенудің белгісі болып табылады.
Сені қарғап жатқан жерде бата беру адамшылыққа жатпайды.
Күшті адамның әдепсіздігі жанға батады, өйткені оған сол мо
нетамен жауап бере алмайсың.
«Маған батқаны сенің жала жапқаның емес, енді менің бұдан
былай саған сенбейтінім».
Қайырымдылықтың да ашу шақыратын асқақтығы болады.
«Бұл маған ұнамайды». – Неліктен? – «Мен бұған әлі өсіп жетілген жоқпын» – Осылай деп бірде біреу қашан болса да жауап берді ме екен? Бесінші бөлім Моралдың табиғи тарихы туралы Қазіргі кезде Еуропада моральдық сезім өте нәзік, жетілген, жан-жақты, түсінікті, тазартылған, ал оған қарағанда «мораль ғылымы» әлі жас, жетілмеген, икемсіз және тым қарапайым – кей бір моралистердің қылығынан көзге түсетін қызық контраст. «Мо раль ғылымы» деген сөздің өзі – мағынасын ескерер болсақ, сы пайы сөздерді ұнататын жақсы талғам үшін тым такаппар және ерсі болып көрінеді. Бұл арада бізге ұзақ уақыт керек болатын не, ненің мұнда өмір сүруге айрықша құқы бар екенін қатал түрде мойындаған дұрыс болар еді: атап айтқанда, материалды жинақтау ма, ұғымдық анықтама ма немесе құндылықтардың нәзік түйсіктерінің және құндылықтар айырмашылықтарының, өмір сүретін, өсетін, туа тын және өлетін түйсіктер мен айырмашылықтардың зор жинағын үйлестіру ме; мүмкін, бұл арада мораль типтері жөніндегі ілімге әзірлік ретінде осы жанды кристаллизацияның қайталана беретін және жиі кездесетін түрлерін көрнекі түрде бейнелеу әрекеттері керек болар. Әрине, осы кезге дейін ондай сыпайылық болған емес. Барлық философтар ғылым ретіндегі моральға келгенде өздерінен күлкі туғызатын көпірме байыптылықпен тым ұлы, тым салтанатты бірдеңені талап етіп келді: олар моральдың не гізделгенін қалады, – және бұған дейін әрбір философ оны не гіздедім деп көкіді; ал моральдың өзі бұл арада «әзір» нәрсе деп есептелді. Олардың оралымсыз мақтанышынан бұл болмашы бо лып көрінетін және шаң-тозаңның астында қалған суреттеу мін деті қандай қашық еді және де ол үшін ең епті деген қолдар мен ең нәзік сезімдер жеткілікті түрде нәзік бола алмас еді! Моральфилософтары моральдық деректермен дөрекі түрде, қалай болса солай не кездейсоқ қысқартылған күйде, мысалы, айналасындағы адамдарының, өздерінің сословиелерінің, өздерінің шіркеуінің, өз заманының рухының өздерінің климатының адамгершілігі фор масында таныс болғандықтан, – олар басқа халықтар, уақыттар,
өткен шақтар жөнінде хабарсыз болғандықтан және тіпті бұған қатынасында білімқұмарлық танытпағандықтан олар моральдық кенейкесті мәселелерін көріп-біле алмады, ал бұл мәселелер тек көптеген моральдарды салыстырғанда ғана көрінген болар еді. Бұл таңырқарлық болғанымен, бүкіл «мораль ғылымында» осы кезге дейін моральдың өз төнірегінде мәселе назардан тыс қалып келді: мұнда проблемалық бірдеңе бар-ау деген күдік жетіспеді. Философтардың «моральдың негіздемесі» деп танығаны және оны өздерінен талап еткені-егерде істің жайына тереңірек үңілер болсақ – үстемдік құрып келген моральға нық сенудің ғылыми формасы болып шықты, оны өрнектеудің жаңа құралы еді, демек, түп-тамыры белгілі бір адамгершілік аясында орын алатын дерек еді; шын мәнісінде, тіпті бұл моральды проблема ретінде түсінуге болатынын жоққа шығару сияқты әлдене еді... Тыңдаңыздар, мы салы, құрметтеуге тұрарлық кінәсіздікпен Шопенгауэр өз міндетін қалай түсінеді, сосын соңғы өкілдері сәбилерше және кемпірлер ше пайымдайтын «ғылымның» қандай ғылым екендігі жөнінде тұжырым жасаңыздар: «Принцип, – дейді Шопенгауэр (өзінің «Этиканың негізгі мәселелерінде»), – мазмұнымен тегінде барлық моралистер келісетін негіздеме: nemіnem laede, іmmo omnes, quontum potes, juva29 – міне тегінде барлық моралистердің негізде уге тырысатын қағидасы осы... тегінде этиканың мыңдаған жыл дар бойы философиялық тасты іздегендей іздеп келе жатқан нағыз іргетасы осы»... Бұл келтірілген қағиданы негіздеудің қиындығы әрине, тым зор болуы мүмкін – оны жүзеге асыру Шопенгауэрдің де қолынан келмегені белгілі; билікке ерік төстеген бұл дүниеде осы тезис жалған және сентиментальды тұрғыда естілетінін сез ген адам Шопенгауэрдің де тегінде пессимист бола тұра, флей тада ойнағанын еске түсірсін... Күн сайын түскі тамақтан кейін: бұл жөнінде оның өмірбаянынан білуге болады. Сонымен бірге тағы бір сұрақ: бір жағынан, Құдайды да және дүниені де жоққа шығаратын, моральдың алдында қол-аяғын байлап тастағандай тік тұратын, екінші жағынан моральды мойындайтын және флей тада ойнайтын, laede-nemіnem-моральды қолдайтын пессимист: қалайша? Бұл тегінде – пессимист пе? «Бізде категориялық императив бар» деген сияқты ұйғарымдардың құндылығын айтпағанның өзінде әрқашанда: мұндай ұйғарым оны айтқан адам жөнінде не айтады? – деп сұрауға
болады. Кейбір моральдардың мақсаты – оны жасаған адамды басқалардың алдында ақтау; тағы бір моральдардың мақсаты – оны жұбатып, оның көңілінде өзіне өзі ризашылық сезімін туғызу: кейбіреулерімен – өзін өзі крестке танып, өзін көніктіруге, ал үшіншілерімен – өш алуға, төртіншілерімен – жасырынуға, тағы басқаларымен – түрленіп, өзін қол жетпейтін биікке көтеруге тыры сады. Бір мораль өзінің құрушысына ұмыттыру үшін қызмет етеді, екінші мораль – өзін немесе өз бойындағы бір қасиетті ұмыттыруға мәжбүр етпек болады; бір моралист адамзат арқылы өзінің қуатын және шығармашылық қиялдарын сынамақ болады; ал Кант сияқты тағы біреу өз моралымен бізге мынаны ұғындырмақ болады: «мендегі құрметтеуге тұрарлық нәрсе – менің көне алатындығым, – және сіздер де мендей болуларың керек!» – бір сөзбен, моральдар тек аффектілердің ымдап сөйлеуі ғана болып табылады. Әрбір мораль laіsser aller30-ге қарама-қарсылығында «табиғатқа», «зердеге» де қатынасында тирания іспеттес – бірақ мұны моральға қарсы болу деп түсінбеу керек. Өйткені, әрбір ти рания және әрбір ақылсыздық жарамайды деп тану да белгілі бір моральға сүйеніп жасалады ғой. Әр моральдағы мәнді және құнды нәрсе оның ұзаққа созылған езгі болып табылатындығы: стоицизм, Пор-Рояль немесе пуританизм дегендердің мәнін түсіну үшін әрбір тілдің күш-қуатқа және еркіндікке ие болуына осы кезге дейін ықпал етіп келген езгіні: – метрикалық езгіні, рифмдер мен ритмдердің зорлық-зомбылығын еске түсірсек болғаны. Барлық халықтардың ақындары мен шешендері, – олардың қатарына ар ұяттан арыла қоймаған жазушыларды да қосуға болады, – асқан дана бірдеңені ай тып тұрғандай болатын меңіреу-утилистаристердің айтатынындай, «ақымақтық үшін», өздерін «еріктіміз», «еркін ойлаушыларымыз» деп өзеурейтін анархистердің пікірінше, «өктемдіктің заңдарына мойнсұнғандықтан» қаншама күштерін жұмсады десеңізші! Бірақ бір таңқаларлығы – тек «осындай өктемдік заңдарының тирани ясы» арқасында ғана әр салада – ойлау үрдісінде, билік басында да, көсемсөзде, өнерде немесе адамгершілік аясында – жер бетін де еркіндік, нәзіктік, батылдық, би және шебердің сенімділігі түрінде орын алып келетіннің; шынында да, laіsser aller емес, тап осы ахуалдың «табиғатқа» және «табиғилыққа» сай келетіні әбден ықтимал! Әрбір суретші оның өзі реттеп, түзеп, қалауынша орнатып жататын, «шабыты» келгенде өзінше әртүрлі оң бере
тін «табиғи» күйінің сырттан танылатын тәртіптен қандай алшақ жатқанын жақсы біледі және тап осындай сәттерде ол қатаң және нәзік түрде мыңдаған заңдарға, ал бұлар тап осы өздерінің қатаңдығы мен дәлдігі салдарынан қандай болмасын ұғымдық тұжырымдаудан тайқып кетеді (олармен салыстырғанда тіпті ең анық деген ұғымның өзі әлдене бұлдырлықты, көп түрлілікті, көп мәнділікті өзінде тұтады –), өз еркімен бағынады. «Көктегі және жердегі» мәнді нәрсе, тегі ұзақ әрі бір бағытта өз еркіңмен бағынуға тіреледі; соның арқасында жер бетінде әрқашанда со лар үшін өмір сүруге тұрарлық нәрселер, айталық, ізгілік, өнер, саз, би, зерде, руханилық – әлдене жарақтандыратын, нәзіктенген, ақылға сыйғысыз және құдайлық – пайда болады. Көпке дейін ой лау еркіндігінің болмауы зардабы, ойшылдардың қалыптасқан ере желер шеңберінде ойлауға тырысып, өзіне танатын тәртібі, ақылойдын дүниеде болып жатқан оқиғаларды ұзақ уақыт христиандық нобайға сай түсіндіруге және әрбір кездейсоқтықтан христиандық Құдайды қайтадан ашып ақтап алуға ұмтылуы – осындай зорлық, асқындық, қаталдық, ақылға симайтын қорқыныштының бәрі еуропалық рухтың күшін білімқұмарлығын, нәзік әрекетшілдігін арттырудың құралы болды; бұған көптеген күштер мен ақылойдын тұншыққанын, құрып кеткенін қосуға болады (өйткені «табиғат» бұл арада да, барлығындағыдай өзі қажет болса, солай өзінің ысырапшылдығында, немқұрайлы кербездігінде көрсетеді). Мыңдаған жылдар бойы еуропалық ойшылдардың қам жегені нені болса да дәлелдеу – қазіргі кезде, керісінше, «бірдеңені дәлелдегісі келген ойшылға күдікпен қарау дағдыға айналды, – ал олар үшін ойланып-толғанудан туған нәрсе алдын-ала белгіленіп қойған нәрседей көрінетін, мысалы, ежелден азиаттық астрологиядағыдай немесе қазір де орын алып отырған бастан кешкен жәйттарды христиандық-моральдық тұрғыдан «Құдай үшін» және «жанды құтқару үшін» деп түйіндеу сияқты: рухты тәрбиелеген осы зорлықзомбылық, осы барып тұрған ақымақтық, шамасы тұрпайы және нәзік мағынадағы құлдық та рухани тәрбиенің және жазалаудың қажетті құралы болса керек. Осы тұрғыдан мораль атаулыға зер салып қараңыздар, сонда сіздер мораль «табиғаты» laіsser allerді, асып бара жатқан еркіндікті қаламауға және әр қайсымызда да мақсат-мүдделерімізді тежей білуге үйрететінін көресіздер; мо раль бізді алдымыздағы перспективаны тарылтуға, сөйтіп өмір сүрудің және өсіп жетілудің шарты ретінде ақымақтыққа ден қоюға үйретеді. «Сен өмір бойы кімге болса да бағынуын керек: әйтпесе,
сен құрисың және өзіңе деген ең сонғы құрметтен айырыласың» –
табиғаттың моральдық императиві (талабы) осы, бұл, әрине, кәрі
Канттың моральдан күткен категориялық императиві емес және бұл
императив жекелерге емес – табиғаттың жекелермен ісі бола ма?
– халықтарға, нәсілдерге, ғасырларға, сословиелерге, ең алдымен,
адамға, адам деген жануарлардың барлық түріне бағытталған.
Еңбекқор нәсілдер үшін дырдулыққа (праздность) салыну ауыр
тиеді: ағылшындық инстинктің шебер қулығы – ағылшындар өздері
де байқамай күнделікті өмірін жұмыс күндерін аңсайтын болсын
деп жексенбіні сондай дәрежеде қасиетті және жабырқаңқы жасап
қойғаны; бұл ақылмен ойлап тапқан постқа (діндарларға шіркеу
тарапынан қойылатын тежеуге) ұқсайды; бұған, қатысты мысал
дарды, антика дәуірінен де көптеп табуға болады (тек ол оңтүстік
халықтарда еңбекке байланысты емес) . Әртүрлі посттар болуы
керек; және күшті инстинкттер мен дағдылар үстемдік құратын
жердің бәрінде заң шығарушылар мұндай инстинкттерді тежей
алатын бұғаулар жасап, оларды ашығуға қайтадан үйрететін күндер
белгілеуі керек. Жоғарыдан көз тастағанда белгілі бір моральдық
фанатизмге ұрынған тұтас ұрпақтар мен ғасырлар құлдық пен
посттың сондай қалыптасқан кезеңдері болып табылады; осын
дай кезде сөз болған инстинкт басқаның алдында тізе бүгуге және
жерге басы тигенше иінуге үйренеді, сонымен бірге тазарып, сез
гіштенеді, мұндай пікірді жекелеген философиялық секталардан
да кездестіруге болады... – Сөйтіп төмендегі парадоксты түсінуге
мүмкіндік туады: қалайша Еуропаның христиандық дәуірінде
және христиандық көзқарастың ықпалымен жыныстық инстинкт
түрленіп сүйіспеншілікке айналды (amourpassіon).
Платонның моралында, Платонға тән емес, бірақ – оның
қалауынан тыс деуге болады – оның философиясында орын алған
бірдеңе бар: Сократизм; бұл үшін Платонның өзі тым аристократ
болып көрінеді. «Ешкім өзіне зиян келтіргісі келмейді, демек,
жамандықтың бәрі еріксіз жасалады. Өйткені жаман адам өзіне
өзі зиян келтіреді: ол жамандықтың жаман екенін білсе, мұны
істемес еді. Сондықтан жаман адам білместіктен жаман болады;
егерде оны білместіктен арылтса, ол міндетті түрде жақсы бола
ды». – Бұлай деп пайымдау тобырға (чернь) тән, өйткені ол жа
ман қылықтардың тек жағымсыз салдарын ғана көреді және ол «жамандық істеу ақымақтың ғана қолынан келеді» деген сөзді ол «пайдалымен және жағымдымен» шатастырады. Утилитаризмге жүгінетін моральдың түп тамырын тану қиын емес, бұл үшін иіс сезіміне сүйенсек болғаны: мұндай жерде қателіктер сирек кезде седі – Платон ұстазының тезисіне нәзік және игі бірдеңені – ең алдымен өзін – енгізуге тырысып бақты; Сократтың шәкіртерінің ішінднгі ең батылы Платон болды және ол ұстазын көшеден тұтас күйінде қабылдап түсінікті тақырыпқа, халық әніне айландыра ды; сөйтіп ол бұл тақырыпты шектен асқанша және әр тұрғыда құбылтты. Әзіл ретінде және Гомер стилімен айтар болсақ, Платонның Сократы деген не егер προδθε πλατων οπίθεντε πλατων μεσσητε χίμαίρα31. «Сенім» мен «білім» немесе дәлірек айтқанда инстинкт пен ақыл жөніндегі ежелгі теологиялық мәселе – былайша айтқанда, заттарды бағалауда инстинкттің ақылдан, «неге?» деген сұрақ қойып, негіздемелеуді, демек, мақсаттылық пен пайдалылықты, талап ететін ақылдан, беделі жоғары ма? – деген ескі моральдың мәселені алғаш Сократ алға тартты және бұл мәселе христиандықтан әлдеқайда бұрын ойлау әлемінде жікке бөлінуді туғызды. Рас, Сократ өзінің тамаша диалектикалық талантына сай алғашында ақыл жағында тұрды; оның бүкіл ғұмырында айналысқан кәсібі өз заманындағы атақты афиндықтардың – ал олар барлық атақты – адамдар сияқты инстинктіге ғана сүйенеді және өз әрекеттерінің себебін ешқашанда дұрыс түсіндіріп бере алмайды – сол атақты афиндықтардың ебедейсіз қабілетсіздіктерін келеке қылудан басқа не болды? Ақырында жайлап әрі астыртын түрде болса да Сок рат өзін-өзі келеке қылатын болды: өзіне өзі үңілгенде және өзінің сезімталырақ ар-ұятының алдында ол өзінен де сол қиыншылық пен сол қабілетсіздікті тапты. Бірақ, деді өзіне Сократ, бұған бола инстинкттерден босауға бола ма! Оларға да, сонымен бірге зерде ге де құқық беру керек, – инстинкттерге де сүйенген дұрыс, бірақ зерде де өз тарапына инстинкттерге орынды дәлелдермен көмек беріп тұруы керек. Тап осыдан ұлы жұмбақ мысқылшылдың жалғандыққа жол бергенін аңғаруға болады; ол өзінің ұжданын өзін өзі алдаумен қанағаттануға мәжбүр етті; шындығында, ол моральдық пікірдегі иррациональдықты көре білді.– Платон бұл нәрселердегі өзінің адалдығын сақтап және плебейлерге тән айла-
шарғыдан ада болғанынан өзінің бар күш-жігерін – бұған дейін философтар тарапынан жұмсалған күш-жігердің ең зорын! – ақыл да, инстинкт те өзді-өздері бір мақсатқа, ізгілікке, «Құдайға» ба ратын өзіне дәлелдеуге жұмсады; сөйтіп Платон заманынан бері барлық теологтар да, философтар да осы жолды ұстанады, – яғни мораль мәселелерінде осы кезге дейін инстинкт, немесе, христи андар айтатынындай, «сенім», немесе, менің мұны атайтынымдай, «табын», үстемдік құрып келді. Бұл бағытқа Декартты, рациона лизм әкесін (демек, революция атасын) қатыстырудың қажеті жоқ, өйткені ол тек зерденің беделін мойындайды, – бірақ зерде тек құрал ғана, ал Декарт бұл арада тайыздық танытып отыр. Кез келген жекелеген ғылымның тарихын зерделеген адам оның даму барысындағы «білу мен танудың» ежелгі және жал пы заңдылықтарын түсінуге мүмкіндік беретін желіні таба ала ды: онда да, мұнда да ең алдымен асығыс жасаған гипотезалар, ойдан шығарылған нәрселер, «сенімге» деген ақылсыз ізгі ерік, сенбеушіліктің және шыдамдылықтың жетіспеуі орын алып кел ген; біздің сезімдеріміз танымның сезімтал, сенімді, тыңғылықты құралдары болуға тым кеш үйренеді және ешқашанда толық үйренбейді. Біздің көзімізге кейбір әсердің үйреншікті емес, әрі жаңа элементтерін қабылдағаннан гөрі бұдан бұрын талай қабылданған көріністі қайталау оңай: өйткені, жаңаны қабылдау көп күшті, көп «моральдықты» қажет етеді. Жаңа нәрсені тыңдау құлаққа ауыр тиеді және жалықтырады: біз бөтен музыканы нашар тыңдаймыз. Бөтен сөзді естіген кезде біз еркімізден тыс естілген дыбыстарды өзіміз үшін ашына (интим) және жақын сөздермен біріктіреміз: бір кезде германдық солай arcubalіsta деген сөзді Armbrust (садақ) деген сөзге айналдырыпты. Біздің сезімдеріміз барлық жаңаға дұшпандықпен және жаратпаушылықпен қарайды; тіпті сезімдік қабылдаудың «ең қарапайым» түрлерінде де үрей, сүйіспеншілік, өшпенділік сияқты аффектілер және сонымен бір ге жалқаулықтың енжар аффектілері үстем болады. Қазір оқырман кітап бетіндегі барлық сөздерді тегіс оқып шықпай, жиырма сөздің ішінен шамамен кездейсоқ бесеуін таңдап, соларға тән болар ықтимал мағынаны «ойдан табатыны» сияқты, – біз де дәл солай ағашқа қарап тұрып өзімізге, оның жапырақтары, бұтақтары, түрі мен түсі қандай екендігіне есеп беріп жатпаймыз; бізге қиялдың көмегімен ағашқа ұқсас бірдеңені жасау анағұрлым жеңіл сияқты.
Тіпті, сондай бір ерекше оқиғаны бастан кеше отырып, біз солай әрекет жасауға әуеспіз: болған нәрсе жөніндегі күйзелгеніміздің көбін біз ойдан шығарамыз және бізді қандай болмасын оқиғаға «ойлап шығарушы» емес күйде қарауға мәжбүр ету қиын. Бұдан шығатын қорытынды: біз түпкілікті және ежелден өтірікке үйренгенбіз. Немесе жанға жайлы тұрғыда айтар болсақ: біз өзіміз білгеннен де гөрі суретшілер екенбіз. – Жанды әңгіме барысын да жиі түрде әңгімелесушінің ойына немесе оған тигізген менің әсіріме байланысты болып көрінетін ойға орай, мен оның бетәлпетін айқын көретінім соншалық, бұл айқындылықтың дәрежесі менің көру қабілетімнің күшінен әлдеқайда асатын болады, – де мек, бұл да шындықтан гөрі ойдан шығарылған нәрсеге жақын. Шындығында да менімен әңгімелесіп отырған адамның бет-әлпеті мүлдем өзгеше болса немесе ешқандай да болмаса керек. Quіdquіd luce fuіt, tenebrіs agіt32 – бірақ дәл солай керісіншеде. Басымызда жиі болғандай болып көрінетін түсімізде көрген нәрсе өзімізде де жаңымыздың ішкі дүниесінің құрамына кіріп, бізді бай немесе кедей қылады, бір қажеттігімізді көбейтіп, бір қажеттігімізді кемітеді; ақыр сонында тал түсте немесе сергек рухымыздың жарқын сәттерінде бізге сүйеніш болады. Біреу-міреу түсінде жиіжиі ұшып жүрген және түс көрген сайын өзінің ұшуға бейімділігін сезіп, мұны өзінің артықшылығы және кісі қызығарлық бақыты деп білген дейік... түсінде ұшып үйренген мұндай адамға өңінде де «бақыт» сөзі түптің түбінде басқа түрде және басқа мағынада тап болмай ма? Ол бақытты басқаша қалауға тиіс емес пе? Ақындар суреттейтін түрдегі «ұшу» ол үшін түсіндегі «ұшуға» қарағанда тым «ауыр», тым жерлік, тым күшке түсетін зорлықпен іске аса тындай болып көрінуі тиіс. Адамдардың арасындағы айырмашылық тек қана олардың игіліктерінің түр-түрлерінің айырмашылығында. Демек, тек олардың қандай игіліктерді таңдауында, көпшілік таныған игіліктердің дәрежелер тізімін белгілеуінде ғана емес, – бұдан да гөрі олардың әлде бір игілікке шыныменен ие болу мен иемдену деп нені санайтынынан білінеді. Әйелге қатынасында, мысалы, та лаптары жұпыны адам үшін әйелдің тәніне ие болғаны және өзінің жыныстық сезімін қанағаттандырғаны жетіп жатыр, осыны ол
әйелге ие болу деп біледі; ал басқа иемденуге құмар адам мұндай жақындасуды місе тұтпайды, бұған ол сенімсіздікпен қарайды. Ол үшін әйелдің оған жай беріле салғаны жеткіліксіз, ол одан сонымен бірге өзі үшін өзіне қымбат нәрселердің бәрінен бас тартуға әзір болғанын керек етеді – осыны ғана ол «иемдену» деп біледі. Бірақ үшінші адам өзінің сенбеуімен және иемденуге құмарлығымен бұғанда қанағаттанбауы мүмкін. Әйелдің ол үшін бәрінен де бас тартуға әзір болғанына күдікпен қарап, ол мұны өзі құрған қияли фантомның әсерімен істеген жоқ па екен деп өзіне өзі сұрақ қояды. Сүйікті болу үшін ол әйелдің өзін жан-жақты тиянақты танып біл генін қалайды, ол өзін оған жайып салуға тырысады. Сонда ғана ол сүйген әйелін өзімдікі деп біледі, әйел енді ол жөнінде қателеспейді, оны жақсы жағынан да – ізгілігі, шыдамдылығы және естілігі үшін, сонымен бірге жаман жағынан да – зұлымдығы мен тоятсыздығы үшін – сүйеді деп есептейді. Біреу халықты билемек болады – бұл мақсат үшін Калиостро мен Катилинаның қулық-сұмдықтары оның ойы бойынша пайдаға аса алады. Басқа иемденудің талғампаз жолдарын таңдаған біреу өзіне өзі: «билік құрмақ болған жерде алдауға болмайды» – деп тиым салады; халықтың жүрегін оның өзі емес, маскасы билеп алды-ау деген ой оған маза бермейді: «сонымен, мен өзімді білдіруге беруге тиіспін, алдымен бірақ мен өзімді білуге тиіспін!» деп шешеді ол. Көмекке, қайырымдылыққа қолы ашық адамдардан біз әрдайым көмек күткен адамдарды өздеріне тартып тұратын дөрекілеу қулықшылдықты аңғарамыз: соңғылар, айталық, көмекке «лайық екен», көмекті қажет етті және көрсеткен көмектері үшін қайырымдыларға риза болды және шын берілді; мұндай ниетпен көмекшілер өздерінен көмек күткен адам дарды өздерінің меншігіндегі заттар құсатып қалай болса солай пайдалануға тырысады; өйткені олардың қайырымдылығының не гізінде жатқан нәрсе – жеке меншікке ие болу. Олар басқалардың өздерінің қайырымдылық жасауына ара тұрғанын не болма са олардан бұрын көмек көрсеткенін қызғанышпен қаламайды. Ата-аналар өздері аңғармай баласын өздеріне ұқсас бірдеңе етіп шығарғысы келеді. Мұны олар «тәрбие» деп атайды. Еш те бір ана өзінен туған баланың өзінің меншігі екендігіне күмән келтірмейді, бірде-бір әке оны өз ұғымдары мен ережелеріне бағындыруға де ген өзінің құқығына күмән келтірмейді. Бір кездері (мысалы, ежел гі германдықтарда) әкелер дүниеге келген баласының өмірі мен өлімін өз қалауына қарай шешуін әділеттілік деп санаған. Біздің заманымызда мұғалім де, пастор да, князь да әке сияқты әрбір
жаңа адамға иемденудің мүмкіндігі деп қарайды. Бұдан шығатын
қорытынды...
Тациттің33 және бүкіл антика әлемінің пайымдауынша, еврейлер
«құлдық үшін жаралған халық» немесе олардың өздері айтатындай
және ойлайтындай, «басқа халықтардың ішіндегі таңдаулы халық»
– осы еврейлер құндылықтардың өңін айналдырған фокус жаса
ды, солардың арқасында жердегі өмір мыңдаған жылдарға жаңа
және қауіпті тартымдылыққа ие болды: олардың пайғамбарлары
«байлық», «құдайсыздық», «зұлымдық», «зорлық», «сезімдік» де
ген нәрселерді біртұтас етіп біріктірді және, тұнғыш рет «дүние»
деген сөзді балағатқа айналдырды. Еврей халқының маңызы
құндылықтарға жасалған осы төңкерісте жатыр (бұған «кедей»
деген сөзді «әулие» және «дос» деген сөздермен астастырып жі
бергенін жатқызуға болады): осымен құлдардың моральдағы
көтерілісі бастау алады.
Күннің айналасында біз ешқашанда көре алмайтын сан жет
пейтін күңгірт деңелердің бар екендігі жөнінде тұжырым жасауға
болады. Өз арамызда айтқанда, бұл астарлы сөз; сөйтіп, мораль
писхологы барлық жұлдыз жазуларын көп нәрселер жөнінде
үндемеуге мүмкіндік беретін символдар мен беліглердің тілі ретін
де оқиды.
Біз жыртқыш жануарды және жыртқыш адамды (мысалы Че
заре Борджды) мүлдем түсінбейміз, сол сияқты, – осы кезге дейін
барлық моралистер жасағандай, «табиғатты» да түсіне алмаймыз,
егерде дені сап-сау тропикалық рақымсыз құбыжықтардың және
өсімдіктердің ішінен қайдағы бір «сырқатты» («болезненность»)
іздер болсақ. Шамасы, моралистер ну орманды да және торпиктер
ді де жек көретін болса керек. Шамасы, олар «тропикалық адамды»
– одан қандай да болса бір ауруды және адамның азғындауын та
уып, – қалай еткенде де беделін түсіруге тырысады. Бірақ не үшін?
«Орташа белделердің» пайдасына ма? Орташа адамның пайдасы
на ма? Моральды адамның? Ортаңқол адамның? – Бұл «Мораль
қорқақтық ретінде» дейтін тарауда.
Әр адамның «бақытын» көздейтін бұл моральдар қауіп-қатер арасында өзімен өзі өмір сүретін адамға арналған тәртіп ережелері нен басқа ештеңе емес; бұл оның құмарлықтарын, жақсы не жаман қалауларын тежеуге арналған рецептер, өйткені адам баласының билікке деген еркі бар және ол өзін әмірші етіп көрсеткісі келеді; бұл ескі үй құралдарының және ескірген даналықтың сасық исі сіңген үлкен-кіші қулықтар. Олардың бәрі түрі жағынан оғаш және ерсі болып келеді, өйткені олар «бәрін» қамтуға тырыса ды және топшылауға келмейтін нәрсені топшыламақ болады, бәрі шартсызды паш етеді және өздерін де шартсыздар қатарына жатқызады; олардың бәріне тұздыққа тек бір түйір тұз ғана жет кіліксіз – олар, керісінше, әртүрлі татымдылармен шектен тыс дәмденгенде және қауіпті иіс, атап айтқанда, «басқа дүниенің» иісін шығара бастағанда барып жөнге келеді, тіпті кейде еліктіріп әкетердей болады. Мұның бәрі, іске байыппен қарар болсақ, түкке тұрмайтын нәрсе және «ғылымның», одан да бетер «даналықтың» маңайына да бармайды, бірақ тағы да қайталап айтам, үш рет қайталауға бармын, бұл ақылсыздықпен, ақылсыздықпен және ақылсыздықпен астасқан естілік, естілік және естілік – мей лі бұл стоиктер дәріптеп, еңгізген болған аффектілердің албырт ақымақтығына деген немқұрайдылық және салқын қандылық болсын, немесе бұл Спинозаның «күлмеу» де «жыламау» да ке рек деп талдау және вивисекция арқылы аффектілерді билеуге бағытталған аңғырт амалы болсын, ... немесе бұл, ақыры Хафиз бен Гете үйреткен көңілшектікпен және еркелікпен аффектілерге бағыну болсын, сол бір шылбырды батыл босату, сол бір кәрі, дана кезбелер мен маскүнемдердің ерекше жағдаятында бұл «енді қауіп туғызбайтын» рухани-тәни lіcentіa morum34 болсын. Бұл да «Мо раль қорқақтық ретінде» дейтін тарауға. Адамдар өмір сүріп келе жатқан кездің бәрінде де адамдар табыны (рулық одақтар, қауымдар, тайпалар, халықтар, мемле кеттер, шіркеулер) болғанын және ат төбеліндей әміршілерге бас июшілердің көп болғанын, сөйтіп, осы кезге дейін адамдардың арасында басқаға мойынсұнушылықтың кең көлемде орын алғанын ескере отырып, қазір орта есеппен адам баласына мойынсұнушылық туа біткен қажеттікке айналған деген әділ топ шылама жасауға болады, бұл «сен бірдеңені сөзсіз істеуің керек, ал
бірдеңені сөзсіз істемеуіңе болады», бір сөзбен «сен міндеттісің»
деп сырттан таңылатын формалдық ұжданға ұқсас бірдеңе. Бұл
өзінің формасын мазмұнмен толтырғысы, байытқысы келген
қажеттік: ол сонымен бірге істің байыбына бармай-ақ жарлық
берушілердің – ата-ананың, ұстаздың, заңдардың, қоғамдық
пікірдің – барлық талаптарын бұлжытпай орындауға әзір тұрады.
Адам дамуының әдеттен тыс мешеулігі, бәсеңдігі, қажуы, жиі-
жиі кері кетуі немесе бір орында шыр айналуы – осының бәрі
бағынушылықтың табындық инстинктінің билеушілік өнеріне
қарағанда ұрпақтан ұрпаққа табысты тарауына байланысты. Егер
де біз көз алдымызға бұл инстинкттің азғындаудың соңғы шегіне
жеткенін келтірер болсақ, онда біз ешқандай басқарушылар мен
тәуелсіздердің қалмағанына куә боламыз; не болмаса бұлар да
өздерін өздері алдап, тек бағынатын кісілердей болып көрінуге ты
рысады. Еуропаның қазіргі нақты жағдайы тап осындай – мұны
мен билеушілердің моральдық екіжүзділігі деп атаймын. Олар
өздерінің ластанған ұжданынан қорғану үшін өздерін ежелгі
және жоғарғы жарлықтарды (бұрынғылардың, конституцияның,
занның, тіпті Құдайдың жарлықтарын) орындаушылар ретінде
көрсетуге тырысады немесе олар табындық ойлау дағдысының
табындық максималарын пайдаланып бағады, сөйтіп өздерін
«халық қызыметшілері» болмаса «ортақ мүдденің құралдары»
деп таныстырады. Басқа жағынан, Еуропадағы табын адамы енді
өзін адамның бірден бір асыл тұқымы етіп көрсеткісі келеді және
өзіне тән, және өзін табын үшін тиімді, жуас, оралымды ететін
қасиеттерді адам бойындағы ізгі қасиеттер ретінде дәріптейді,
бұл – қоғамшылдық рухы, мейірбандық, ізеттілік, ыждағаттылық,
қанағатшылдық, кішіпейілділік, жұмсақтық, аяушылық. Көсемсіз
және озат қошқарларсыз күн көру қиын болған кезде қазір
бастықтарды есті табын адамдарының жиынтығымен ауыстыруға
күш салады: барлық өкімдік мекемедегілер, мысалы, сол тек
тілер. Мұндай табындық хайуандар, еуропалықтар үшін билігіне
шек қойылмаған қайдағы бір әміршінің пайда болғаны сондай
жақсылық, жан төзгісіз езгіден құтқарар азаттық болып көрінуі
орынды – мұның соңғы ұлы айғағы ретінде Наполеон келуінің
тигізген әсері бола алады: бұл әсердің тарихын өтіп жатқан
жүзжылдықтың өзінің ең қымбат адамдары түрінде және ең
қымбат сәттерінде қол жеткізген жоғарғы бақытының тарихы де
уге болатындай.
Нәсілдерді қалай болса солай шатастыратын, соның арқасында әр алуан тайпалық мұраға, яғни бірі мен бірі тартысқан, күрескен, қарама-қарсы бағыттағы инстинкттер мен құндылықтарға ие болған ыдырау дәуірінің – кейінгі мәдениеттердің адамы шамамен алғанда әлсіз болып келеді: оның көкейкесті тілегі өзі кейіптейтін соғыстың бітуі. Тыныштандыратын (мысалы, эпикурейлік неме се христиандық) бальзам мен жұбататын ойлау машығы рухын да мұндай адам бақыт дегенді көбінесе тыныштық, бүліксіздік, тоқтық, ынтымақтық, «сенбінің сенбісі» ретінде, бір сөзбен әулие Августинше түсінеді. Августиннің өзі де сондай адам болатын. – Егерде ішкі алауыздық пен соғыс ондай натураға артық қоздырғыш алдауыш және өмір қытығындай әсер етсе; және де егер, екінші жағынан, қуатты және бітіспес инстинкттермен бірге ол өзін өзі тежеу мен алдарқату – қабілетіне иемденген болса, – онда біздің алдымызда сыйқыршы, түсініксіз жеңістер үшін жаралған – Ал кивиад пен Цезарьдай..., ал суретшілерден, мүмкін, Леонардо да Винчи сияқты жұмбақ адамдар пайда болған болар еді. Мұндай адамдар тап осындай тыныштықты қалайтын әлсіз тип алдыңғы қатарға шыққан кезде пайда болады; екі тип те бір-бірімен байла нысты және бірдей себептерден туындайды. Заттардың құндылығы туралы моральдық пайымдауларда үстем болып отырған пайдалылық тек табындық пайдалылық қана болып отырған шақта, көңіл тек қауымды қолдауға бөлініп, бейіз гіліктік атап айтқанда және тек қана қауымның өмір сүруіне қауіпті болып көрінетіннен ізделетін болған шақта, – соған дейін әлі «жақынға деген сүйіспеншілік моралі» өмір сүре алмайды. Мұнда да әлден біз тұрақты түрде сыйласудың, қайғыға ортақтасудың, әділдіктің, момындықтың, өзара көмектің аз да болсын практика сымен кездеседі екенбіз делік; әлден қоғам дамуының бұл саты сында да кейінірек «ізгіліктер» дейтін құрметті атқа ие болатын және түптің-түбінде «адамгершілік» ұғымымен сайма-сай келеді деуге болатын барлық инстинкттер әрекет етеді делік, – деген менен ол кезде олар әлі моральдық құндылықтар санына мүлдем кірмейтін болады – олар әлі моральдан тысқары. Римнің ең та маша уақыттарында қайғыға ортақтасу, мысалы, ізгілік деп те, зұлымдық деп те, адамгершілікке жатады деп те, бейадамгершілік деп те аталмаған; сөйтіп егер тіпті мұндай қылық мақтауға іліксе
де, онда, алайда, осы мақтаумен қатар еріксіз жеккөрудей әлдене де таң-тамаша бірге жүретін, атап айтқанда, тұтастың игілігіне, қызмет ететін әлдебір сондай қылықпен салыстырғанда, неме се reі publіcае. Түптің түбінде «жақыныңа деген сүйіспеншілік» жақыныңның алдындағы қорқынышқа қатынасында әрқашан әлдене қосалқы, жартылай шартты және бейберекет – жалған бо лып келеді. Қоғамдық құрылыс әбден дерлік нығайған және сыртқы қауіп-қатерден қамтамасыз етілген кезде, онда бұл жақыныңнан қорқу моральдық бағалаулар үшін тағы да жаңа перспективалар тудырады. Кейбір күшті әрі қауіпті, мысалы, тапқырлық, бас-көзсіз батылдық, кекшілдік, айлакерлік, жыртқыштық, билік құмарлық сияқты инстинкттер, оларды бұған дейін жалпы пайдалылығы үшін құрметтеп қана қоймай, – әрине, әлгінде ғана келтірілген ата улардан басқа атаулармен, – бірақ тіпті тәрбие жүзінде дамыту мен қоштауға тура келетін (себебі жалпы қауіп төнгенде, ортақ жауларға қарсы олар әрқашан мұқтаж болатын) – бұл инстинкттер енді, оларды басқа жаққа бұрып жіберетін каналдар жоқ болған кезде, – адамдардың көз алдында қауіптілігі бойынша екі еселеніп отыр да, оларды біртіндеп бейадамгершіліктік деген атпен масқаралап, қарғысқа жығу басталуда. Енді моральдық құрметтеулер қарамақарсы инстинкттер мен бейімділіктердің үлесіне тиюде, табындық инстинкт қадымдап өз ұйғарымын шығаруды. Әлдебір пікір де, әлдебір күй мен аффектіде, әлдебір ерікте, әлдебір дарында жатқан қоғам үшін қауіптің, теңдік үшін қауіптің қаншама зор не месе қаншама аз екені, – міне ендігі моральдық перспективаның қандайлығы; мұнда да тағы-дағы қорқыныш (боязнь) моральдың анасы болып табылады. Жоғарғы әрі ең күшті инстинкттерден олар құмарлықтар түрінде бетке шығып, жекелеген тұлғаны ор таша және ең төменгі табындық ар-ұяттан тым жоғары және тым шегінен асыра құштандырып әкеткенде, қауымның өзіндік қадірқасиетіне деген сезімі өледі, оның өзіне деген сенімі тынады, оның жотасы үзілгендей халге түседі – демек, дәл осы инстинкттерді адамдар бәрінен де күштірек масқаралайтын және ұрысатын бола ды. Ұлы тәуелсіз рух, дара болуды қалау, ұлы зерде енді қауіпті бо лып көрінеді; жекелеген тұлғаны табыннан жоғарылататының әрі жақыныңа қорқыныш төндіретіннің бәрі бұдан былай зұлымдық деп аталады; ұстамды, кішіпейіл, бейімделгіш, жуып-шайғыш (нивелирующий) ойлау салты, құлшыныстардың орташалығы моральдық мәнге иеленіп, дәріптеледі. Түптің-түбінде жай-күй тым бейбіт болғанда өз сезіміңді қатаңдық пен қасаңдық рухында
тәрбиелеу үшін барған сайын жағдаяттар мен түрткі боларлық се бептер азая түседі; енді кез-келген қатаңдық, тіпті сот төрелігінде де, ар-ожданды мазасыздандырады; бабына толған әрі қатаң бекзаттылық және өз іс-қылықтары үшін жауапкершілікті өзіне алу ренішті көрінеді, әрі сенімсіздік туғызады; «қошақан», ал «қой» болу одан да әрі, құрметке бөленеді. Қоғам тарихында кеселді босаңсу мен нәзіктену сәттері болып тұрады; ол кездері қоғам өзінің ренжітушісі, қылмыскер, үшін арашаға түседі, және де мұны әбден байыпты әрі адал жасайды. Кейбір жағдаяттарда оған жазалау әділ емес көрінеді – «жаза» және «жазалау міндеті» тура лы елестіктердің өзі, сеніммен айтуға болады, оның жанын ауыр тады, онда қорқыныш сезімін тудыртады. «Оны қауіпсіз қылса, сол жеткілікті емес пе? Жазалап тағы керегі не? Жазалаудың өзі қорқыныш қой!» – осы сұрақпен табындық мораль, қорқақтық мо ралі, өзінің соңғы қорытындысын жасайды. Егер де жалпы алғанда қауіпті құрту, қорқудың себебін құрту мүмкін болса, онда соны мен бірге осы мораль да жойылған болар еді: ол керексіз болып қалар еді, оның өзі өзін енді крексіз деп санаған болар еді! – Кімде кім қазіргі Еуропа тұрғынының ар-ұятын зерттесе, ол мыңдаған моральдық бүктесіндер мен құпиялылықтарда бір ғана импера тивті, табындық қорқақтық императивін табатын болады: «біздер күндердің бір күнінде енді ештеңеден де қорықпайтын уақыттың келуін қалаймыз!». Бұл «күндердің бір күніне» деген ұмтылыс пен жол қазір Еуропада «прогресс» деп аталады. Осыған дейін талай рет айтқанымызды қайталайықшы: өйткені, мұндай ақиқаттар – біздің ақиқаттар – қазіргі кезде сонша ма құмарлықпен тыңдалмайды. Адамды әлдекім ешқандай да бо ямасыз әрі салғастырусыз-ақ тура ғана жануарларға жатқызғанда, мұның қаншама тұрпайы естілетіні бізге жеткілікті түрде белгілі; бізге де, әрине, дәл «қазіргі идеялардың» адамдарына қатынасында «табын», «табындық инстинкт» және сол сияқты сөз тіркестерін ұдайы қолдануымызға байланысты жағдаят, айыпқа тағылатын болатын шығар. Бірақ не істерсің! Бізге басқаша істеуге болмай ды, себебі біздің жаңа көзқарасымыз дәл осы іспеттес. Еуропа мен еуропалық әсер билейтін елдердің барлық басты моральдық пайымдауларда толық келісімге жеткенін біз таптық: Еуропа да тегі Сократқа белгісіз болып көрінгенді әрі әлдеқашан әйгілі көне Айдаһардың үйретуге уәде бергенін білетін болғаны ғой.
Еуропада енді ізгілік пен зұлымдықтың не екенін біледі. Есту
үшін бұл қалайда шорт және жағымсыз естілгенімен, бәрібір біз
қайталаймыз: бұл жағдаятта өзін білетіндейін санайтын, өзді-
өзінің өз мадақтауымен және даттауымен де даңқын аттыратын,
өзді-өзін ізгі санайтын – бұл басқа инстинкттер қатарын бұзып-
жарып өтіп, олардың бәрінен асып түскен және бұл жағынан жы
ныстар арасындағы айырмашылықтардың физиологиялық тұрғыда
тегістеле түсуі өскен сайын арта түсетін және соның нышаны бо
лып табылатын адамның табындық жануарлық инстинкті.
Қазіргі кездегі Еуропадағы мораль табындық жануарлардың
моралі болады: бұл біздің көзқарасымызда, адам моралінің тек
бір түрі ғана, ал одан басқа, оған дейін және одан кейін көптеген
басқа моральдардың, ең алдымен жоғарғы моральдардың,
басқалары мүмкін не мүмкін болулары тиіс. Бірақ бұл мораль
мұндай «мүмкіндікке» қарсы, мұндай «болуға тиіске» қарсы бар
күшімен қорғанады; бірбеткей әрі қажырлы ол: «мен – моральдың
өзі болып табыламын, және менен басқа ештеңе де мораль емес!»
– деп айқайға басады... Әрқашан әуеленген табындық әуестіктерге
қызмет қылуға даяр және оларға жағынып келген діннің көмегімен
іс, тіпті насырға шауып, саяси да, қоғами да нұсқамаларда бұл
моральдың барған сайын айқын өрнегін көрудеміз: демократиялық
қозғалыс христиандық қозғалысты мұра қылуда. Алайда, аталған
инстинкттің ең шыдамсыз, ауру әрі күйіп-пісетін жақтастары үшін
мұның қарқынының әлі тым ақырын әрі ұйқы шақыратындай
екені енді еуропалық мәдениеттің қора-қопсақтарын жайлаған
анархистік ит-күшіктердің барған сайын ашықтан-ашық тістерін
ақситып, барған сайын жанын сала қарсы шапшуынан байқалады
бұл; бейбіт сүйгіш және жұмыс істегіш демократтарға және
революцияның идеологтарына, ал одан да аса өздерін социалис
тер деп атап, «еркін қоғамды» қалайтын бауырластықтың мылқау
философастерлері мен фанатиктеріне, жалған түрде қарама-қарсы
болатын олар, алайда, шындығында олармен автономды табыннан
басқа қоғамның кез келген өзге формасына деген терең де инстин
ктивті дұшпандығында (бұл дұшпандығында «мырза» және «құл»
ұғымдарының өзін теріске шығаруға дейін жетіп; nі dіeu nі matre
дейді бір социалистік формула) түйіседі. Олар олармен кез келген
ерекше талаптануға, кез келген ерекше құқық пен артықшылыққа
(түптің түбінде бұл кез келген құқыққа дегенге саяды: өйткені
бәрі тең болғанда, «құқықтардың» ешкімге де керегі жоқ болмақ)
қажырлы қарсылық көрсетуде түйіседі. Олар жазалайтын сот
төрелігіне сенбестіктерінде түйіседі (бұл ең нашарсоқтардың үстінен жасалатын әлдебір зорлықтайын, бүкіл бұрынғы қоғамның қажетті жемісіне қатынасындағы әлдебір бейәділдіктейін); бірақ олар дәл солай қайғыға ортақтасу дінінде, тек қайда ғана сезіну, өмір сүру және қасірет шегу орын алмаса да дағы көрініс таба тын көңіл білдіруде (жануарға дейін құлдырап әрі «Құдайға» дейін аспандап: «Құдайға деген қайғыға ортақтасудағы» шетке шыққан демократиялық ғасырға жатады) түйіседі. Олардың бәрі де қайғыға ортақтасуды айқай-шуға, шыдамсыздыққа айналдыру да, жалпы қайғы-қасіретке деген өлімші жеккөрініште, мұндайда көрермен болып қалуға дегендегі әйелдерге тән қабілетсіздікте, қасіретті төзуді беруге деген қабілетсіздікте түйіседі. Олар еріксіз жабырқаңқылықта және нәзіктікте түйіседі, ал бұлардың жаншуы, көрінер көзге, Еуропаға жаңа буддизм қаупін төндіруде: олар шың ретінде, адамның қолы жеткен шыңы ретінде, болашақтың жалғыз үміті, замандастарды жұбатудың құралы, бүкіл бастапқы кінәнің ұлы кешірімі ретінде жалпы қайғыға ортақтасу мораліне сенуде, ол моральдің өзді-өзі болатындай-ақ, түйіседі. – Олардың бәрі азат етуші ретіндегі қоғамилыққа (общность), демек, табынға, «өзіне», сенуде түйіседі. Біздер – өзге сенімнің адамдары, демократиялық қозғалыста тек саяси ұйымның құлдырауының формасын ғана емес, бірақ құлдырау формасын да, атап айтқанда, адамның ұсақтануының, оны орташалылық дәрежесіне түсіру мен оның құндылығын төмендету ретіндегі, формасын көретін біздер, – біздер өз үмітімізді неге артуға тиіспіз? Жаңа философтарға басқадай таңдау жоқ; заттардың қарама-қарсы бағалауына жол ашу және «мәңгілік құндылықтарды» төңкеру, қайта бағалау үшін, жеткілік ті күшті әрі дербес ақыл-ойы бар адамдарға; мыңжылдықтардың еркін жаңа жолдарға бастайтын арқанды қазіргі шақта бекем дейтін болашақтың адамдарына, жаңа дәуірдің алғы тіректеріне. Адамды адамның болашақтылығына өз еркі ретінде, адам еркі не тәуелді әлдене ретінде қарауға үйрету үшін, тәрбиелеу және тәртіптендіру ісінде ұлы да батыл ұжымдық тәжірибелер дайын дау үшін, сөйтіп бұған дейін тарих деп аталып келген бассыздық пен кездейсоқтықтың адам шошырлық езгісін – «көпшіліктің» бассыздығы оның тек соңғы формасы ғана – тидыру мақсатында: бұл үшін әлдебір уақыттарда философтар мен әміршілердің, ал
олардың алдында жасырын, үрейлі және игі тілектес ақыл-ой лар түрінде жер басып жүргендердің бәрі де сұрықсыз әрі түкке тұрғысыз болып көрінетін, жаңа тегі керек болады. Біздің көз алдымызда тап осындай көсемдердің бейнесі елес тейді. Бұны, сіздер – еркін ақыл-ой иелері, жұрт алдында батыл ай тып бере аламын ба мен? Олардың пайда болуы үшін бір бөлігінде жасалуы, басқа бір бөлігінде пайдаланылуы тиіс жағдаяттар; жа нымыз бұл міндеттерге деген серігуді (побуждение) сезінуі үшін солардың көмегімен қажет биіктік пен күшті иеленуінің ықтимал жолдары мен сынақтары; мұндай жауапкершіліктің ауыртпалығын көтеру үшін, жаңа езгісінің, балғасының астында ар-ұятымыздың шыңдалуы және жүрегіміздің қолаға айналуы мүмкін боларлықтай, құндылықтарды қайта бағалау; екінші жағынан, мұндай көсемдердің қажеттілігі, олардың тумай қалуының немесе туса да жарамсыз және шалағай болуының қорқынышты қауіпі, – міне ненің, өздігінде, бізді күйіндіретінін және қайғылатындыратынын, – осыны білесіздер ме, сіздер, еркін ақыл-ой иелері? Бұлар біздің өміріміздің аспанында жарқылдайтын найзағайлар мен ауыр да алыс ойлар. Қашан да болмасын әйгілі адамның өз жолынан ада сып, теріс айналуын көруден, алдын ала оны жори білуден, сезіну ден асқан қайғы-қасіреттің болуы екіталай. Кімде-кім «адамның» өзінің теріс айналуында жатқан жалпы қауіпті көре білетін дей сирек қабілетке ие болса, бізге ұқсап, бұған дейін адамның болашақтылығын анықтап келген масқара кездейсоқтықты – мұнда қолы түгілі тіпті «Құдайдың жүзігі» де араласпаған! – танып-білсе, «қазіргі идеялардың» топас көнгіштігінде әрі иланымдылығында, ал одан да әрмен бүкіл христиандық-еуропалық моральда, жа сырын жатқан қатерді көріп қойса, – сол басқа ешқайсысын да онымен салыстыруға келмейтін зарығу мен мазасыздануға бел шесінен батады. – Ол ғой күштер мен міндеттердің қолайлы өсуі мен жинақталуы жағдайында адамда әлі де болса үміт отын маз дату болатынның бәрін де бір қарағанда-ақ қамти алады, ол ұлы мүмкіндіктер үшін адамның әлі қаншама түгесілмес екендігін және «адам» типінің қаншама рет құпия шешімдер мен жаңа жол дар алдында тұрғандығын өз ар-ұятының бар білімімен біледі; өткен кездері жоғары дәрежелі жарандардың әншейінде қандай да бір болымсыз бөгеттерге ұрынып сынғанын, төмен түсіп түкке тұрғысыз болғанын өзінің ең азабы мол естеліктері бойынша ол одан да жақсы біледі! Адамның жалпы теріс айналуы (общее вырождение человека), топас та құр бос социалистердің идеясы
болатын «болашақтың адамын» қоса алғанда, – адамның жетіл
ген табындық жануарға дейінгі (немесе олар айтатындай, «еркін
қоғам» адамына дейінгі) ұсақтануы мен теріс айналуы, адамның
бірдей құқықты және талабы да бірдей карликті жануарға айна
луы мүмкін, мұнда күмән жоқ! Кімде-кім қашанда болмасын бұл
мүмкіндікті аяғына дейін ой елегінен өткізген болса, ол басқа
адамдарға қарағанда бір сұмпайылықты артық біледі, және де дәл
солай жаңа міндетті де білуі мүмкін болар!
Алтыншы бөлім
Біздер, ғалымдар
Мұнда да мораль айту (морализование) оның әрқашан немен
тынатынына, – Бальзактың сөзімен айтқанда, тап еш қорқынышсыз
monter ses plaіes35 болатындай, – бел байлай отырып, мен мүлдем
көзге ілінбестей болып және ар-ұяттың тыныштығын да бұзбастан
қазіргі кезде ғылым мен философия арасында орын алайын
деп отырған дәрежелердің (рангов) орынсыз да зиянды орын
алмастыруының қарсыласы болудан бас тартамын. Дәреженің
мұндай жоғарғы мәселелері туралы өз пікіріңді айту үшін өз
тәжірибеңе негізделген құқығың болуға тиіс деп ойлаймын, – ал
тәжірибе, маған көрінетініндей, әрқашан қисық-қыңыр тәжірибе
болмақ па? Соқырлардың түр-түс туралы немесе әйелдер мен
суретшілердің ғылымға қарсы айтатынындай («ах, бұл қырсық
ғылым! – деп, өз инстинкті мен ұялшақтығына беріле демдерін
іштеріне тартады олар, – ол әрқашан әшкерелеуге дайын!» – ).
Ғылым адамының философияға тәуелсіздігін, оның одан эманси
пациялануын жария ету демократиялық құрылыс пен жөнсіздіктің
ең нәзік деген салдарының бірі болып табылады; ғалымның өзді-
өзін мадақтауы мен өзді-өзін көкке көтеруі қазіргі кезде барлық
жерде де толық көктемгі гүлдеу кезеңін басынан кешуде. Алай
да, бұл әлі өзді-өзін мақтау осы жағдаятта жанға жайлы тиеді
дегенді білдірмейді. «Барлық мырзалар құрысын!» – міне мұнда
да төмен тектілер инстинктінің нені қалайтыны; ғылым теологи
ядан, – ал ол ғылымды тым «даяшы әйел» есебінде ұстаған еді.
Тамаша табысты түрде құтылған соң, өзінің асқан өзеурегіштігі
мен ақылынан адасқандығы арқасында философияға заңдарды
тыққыштауға ұмтылуда, сөйтіп өз жағынан «мырза», – мен не деп
кеттім! – философ болмақшы. Менің жадым – ғылым адамының жады, айтуға мархабат етілсе! Жас жаратылыстанушылар мен кәрі дәрігерлер жағынан философия мен философтарға қатынасындағы менмендіктерінің аңғырт шәлкестіктеріне толы (барлық ғалымдардың ішінде басынан ең біліктісі және ең тәкаппары бо лып табылатын философтар мен педагогтар туралы айтпағанда). Бірде ол жалпы қандай да болмасын синтетикалық міндеттер мен қабілеттерден инстинктивті түрде қорғалақтайтын маман әрі жал дамшы біреу болатын; бірде философтың жан дүниесінде otіum мен аристократиялық салтанаттың иісін сезініп, өзін сол арада жәбір мен қорлық шеккендей көретін ынтызарлы жұмыскер бола тын. Бірде ол философияда теріске шығарылған жүйелер қатары мен ешкімге де «пайда әкелмейтін» ысырапты салтанаттан өзге ештеңені де көрмейтін утилитаристің дальтонизмі болатын. Бірде сахнаға бүркемеленген мистика мен танымалаудың шекараларын ретке келтірудің алдындағы қорқыныш шығады; бірде жекеле ген философтарды менсінбеушілік, ал бұл еріксіз философияға деген менсінбеушілікке ұласады. Жас ғалымдардың философи яны менменсінген құрметтемеушілігінің ар жағында көбіне мен әлдебір философтың жаман әсерін табатынмын; олар оны жалпы алғанда мойындамағанымен, бірақ оның басқа философтарға бер ген жеккөрінішті бағалауларына көнігіп, мұның салдары ретінде бүкіл философияға деген жалпы теріс қатынас орнығады. (Мы салы, Шопенгауэрдің қазіргі Германияға әсері маған осындай болып көрінеді: өзінің Гегельге деген ақылға симастай ашу-ыза сымен оның істі насырға шаптырғаны, немістердің бүкіл соңғы ұрпағы тарихи сезімнің шыңы мен көреген нәзіктігі болатын не міс мәдениетімен байланысын үзіп алды; бірақ тап осы жағдаятта Шопенгауэрдің өзі данышпандықтың аз-ақ алдындай кедей, қабылданғысыз, немістік емес болып шықты). Жалпы айтқанда, мүмкін болар, ең алдымен адамдық, тым адамдық, қысқаша – ең жаңа философтардың өзінің рухани жұтаңдығы философияға деген сый-құрметті түбегейлі түрде бұзып, қақпаны плебейлік инстинк тіге айқара ашып берді. Біздің қазіргі дүниемізден Гераклиттердің, Платондардың, Эмпедоклдардың бүкіл тегі – ойдың бүкіл бұл пат ша тектес, ұлы дерлік жаһангерлері қалай аталмаса да – қандай дәрежеде алыс екенін мойындайықшы; қазіргі кезде моданың арқасында қаншама тез бетке шыға келетін болса, соншама да тез құрдымға кететін, – мысалы, Германияда екі терминдік арыстандар анархист Евгений Дюринг пен амальгамист Эдуард фон Гартман
сияқты, – философияның мұндай өкілдерінің алдында ғылымның айбынды адамы толық құқықпен өзін жақсырақпын және шығу тегім артығырақ деп сезіне алады. Әсіресе өздерін «шындық фи лософтары» немесе «позитивистер» деп атайтын қоқыр-соқырдың философтарының түрі жас та намысқұмар ғалымның жанына сенімсіздік себуге қабілетті: олардың өздері ең асып кеткенде ғалымдар мен мамандар ғой – бұл күндізгідей ап-анық! – олардың бәрі де жеңілген және ғылыммен қайта игерілген адамдар ғой, ал олар әлдебір кезде өздерінен үлкенірек әлденені, бұл «үлкенірекке» құқығы болмаса да, жауапкершілікке құқығы болмаса да қалап алынған болатын, – сөйтіп олар енді аброймен, бірақ ашу-ыза және өш алу сезіміне бойлай отырып, философияның патшалық міндеті мен патшалық мәніне сөзімен де, ісімен де сенбестік білдіреді. Түптің түбінде, қалай да өзгеше бола қоюы мүмкін еді! Ғылым қазіргі кезде гүлденуде және сырт қарағанда керемет ізгілікті бо лып көрінеді, ал сол арада бүкіл жаңаша философияның біртіндеп төмендеп келген жері, біздің күндеріміздегі философияның бұл қалдығы, егер де күлкі мен қайғыға ортақтасу сезімі болмаса да, сенімсіздік пен мұңлы күйді тудырады. «Таным теориясына» дейін қысқартылған, іс жүзінде қорқақ эпохистика36 мен ұстамдылық туралы ілімге айналған философия; табалдырықтан мүлде аттай алмайтын және қинала-қинала өзінің кіруге деген құқығынан бас тартатын философия, – бұл соңғы демінде жатқан философия, әлдебір соңы, әлдебір агония, қайғыға ортақтану сезімін тудыра тын әлдене. Қазіргі кезде философтың дамуына төнген қауіп-қатерлердің көптүрлілігі соншама, бәлки, әлі де бұл жеміс пісіп жетіле ала ма екен деп күмәнданасың. Ғылымдар мұнараларының сығылысуы мен көлемі өсу аумағының зорлығы соншама, сонымен бірге философтың оқушы бола беруге шаршауының немесе әлдебір жерде тоқтап, «мамандануының» да ықтималдығы өсетін болады; ал онда оған өз биігіне, сол жақтан ол шолу жасай алатын, жан-жағына көз тастайтын, жоғарыдан төмен қарай алатын биігіне көтерілуге күші жетпей қалуы мүмкін. Немесе ол оған тым кеш, оның ең жақсы кезі өтіп, күші әлсірегенде жетуі немесе ол оған бұзылып, дөрекіленіп, теріс айналып барып жетуі. Онда оның көзқарасының, заттардың құндылығы туралы оның жалпы пікірінің мәні азайып қалады. Мүмкін, тап оның интеллектуалдық ар-ұятының нәзіктігі оны жол
бойы баяулауға және мүдіруге мәжбүрлейтін болар; ол дилетантқа, қырықаяққа әрі мың аяқ-қолды жәндікке айналу еліктірмесінен қорқады, ол өзді-өзіне сый-құрметін жоғалтқан адамның бұйыруға хақы жоқ екенін және танып-білуші ретінде жұртты өз артына ерте алмайтынын тым жақсы біледі, – тек қана егер де ол ұлы актер, философиялық Калиостро және рухтардың тышқан аулағышы, бір сөзбен, еліктіргіш болғысы келіп жүрмесе. Бұл түптің-түбінде, егер де тіпті ар-ұяттың мәселесі болмаған күнде де, талғамның мәселесі болар еді. Философтың үлесіне тиетін қиыншылықтарды ушықтыратын тағы да бір жағдаят бар: ол өзінен ғылым туралы емес, ал өмір туралы және өмірдің құндылығы туралы пайымды, оң не теріс пайымды, талап етеді, – сондықтан оған мұндай пайымға деген өз құқығына немесе тіпті міндетіне сенім оңайлықпен келмей ді, сөйтіп тек көптеген, болуы мүмкін, ең мазасыз да ең күйреткіш күйзелістердің негізінде, көбіне баяулап, күмәндана отырып, үнтүнсіз ғана, бұл құқыққа және бұл сенімге өз жолын іздеуге тиіс. Іс жүзінде, жұрт көпке дейін философты тани алмады да оны бірде ғылым адамымен және идеалды ғылыммен, бірде діни-шабыттанған, өзінде тәндік қызықтың бәрін өлтіріп, «дүниеден бас тартқан» фана тикпен және Құдай маскүнеммен (Trunkenbold) шатастырды: сөйтіп егер тіпті біздің күндері де әлдекімді ол «дана түрде» немесе «фи лософ сияқты» өмір сүреді деп мақтайтын болса, онда бұл «ақылды және сырт қана» дегеннен артықты білдірмейді. Даналық: бұл қара сүйектілерге қашып шығу сияқты әлдене, кез келген жағдайлардан аман-есен құтылып кетудің құралы және өнері болып көрінеді; бірақ нағыз философ – біздерге солай көріне ме, менің достарым? – «фи лософтайын емес» және «дана түрде емес», ең алдымен ақылды емес өмір сүреді, сөйтіп өмірдің көптеген сынақтары мен еліктеу лерін бастан кешірудің міндеті мен ауыртпалығы сезінетін болды: ол ылғи да өзін тәуекелге тігеді, ол зұлым ойынға салынады... Данышпанмен, яғни өндіретін немесе тудыратын, екі сөзді де ең кең мағынасында алғандағы, жаранмен салыстырғанда, – ғалымының, ғылымның орташа адамының әрқашан кәрі қызбен ұқсастығы болады: өйткені оған, соңғысына сияқты, адамның ең қымбат екі өмірлік әрекеті бейтаныс келеді. Шынында да, олардың екеуін де, ғалымдарды да және кәрі қыздарды да, соның орнын толтыруға бола сый-құрметке лайық деп мойындайды, – бұл жағдаяттарда олардың сый-құрметке лайық екендігі баса айтыла
ды, – сөйтіп бұл мәжбүрлі мойындауға бірдей дәрежеде қынжылыс
та қосылады. Нақтылырақ қарастырайық: ғылым адамы дегеніміз
кім? Ең алдымен ол әйгілі емес тұқымның адамы, әйгілі емес,
яғни билеп-төстеуші емес, абройы жоқтың қасы дерлік және де
адамдардың менмендігі жоқ тұқымының ізгіліктерін бойына
дарытқан адам: ол еңбекқор, қатарда шыдаммен тұра алатын, оның
қабілеттері мен мұқтаждықтары біркелкі және орынды, онда өзіне
ұқсастарды және оған ұқсастарға не керектігін сезіну инстинкті
бар, – мысалы, тыныш қана жұмыс істеуге қажетті тәуелсіздіктің
бөлшегі мен жасыл жайылымның бір кішкене аумағы, тәуелді
адамның және табынды жануардың түпкілікті сызатын құрайтын
ішкі сенімсіздікті үздіксіз жеңіп отыруға керекті құрмет пен
мойындатуға деген талаптану (ал бұл ең алдымен және басты
түрде оны танып-білуге болатынын, оның көзге түсетіндігін, бел
гілігін топшылайды –), ізгі ниетті адам деген атының бар болуы,
өзінің құндылығы мен пайдалылығын әрдайым мөрмен басқандай
дәлелдеп отыру. Ғалымға, өзіне сай, әйгілі емес тұқымның ауру
лары мен жаман әдеттері де дарыған: ол ұсақ қызғанышқа бай
келеді және биіктігіне көтеріле алмайтын жарандардың жаман
қасиеттеріне көз тастағыш болады. Ол сенгіш келеді, бірақ өзіне
жылжуға, ал ұмтылуға емес, рұқсат ететін адам ретінде ғана;
сөйтіп ол тап ұлы ұмтылыстар адамының алдында одан әрі суыта
және тұйықтала түседі, – оның көз шалымы ондай кезде сүйініш
те, жан ашу да толқыта алмайтын өзіндік мінезі бар жазық көлге
ұқсайтын болады. Ғалымның қабілеті жететін ең жаман мен ең
қауіптінің себебі оның тұқымына тән орташалықтың инстинктін
де жатыр: инстинктті түрде шектен асқан, ерекшеленген адамды
құртуға қызмет қылатын және әрбір тартылған садақты сындыруға
немесе – одан да артық! – әлсіретуге тырысатын орташалықтықтың
сол бір иезуитизмі. Тап әлсірету – байқастап қана, абайлы қолмен,
әрине, – сендіре қайғырсына отырып әлсірету: бұл өзін әрдайым
қайғыны бөлісудің діні есебінде ұсына білетін иезуитизмнің нағыз
өнері болмақ.
Объективті ақыл бізде әрқашан қандай да алғыс сезімін
тудырғанымен, – ал субъективтіліктің бәрі оның қарғыс атқан
шеткері солипсисүйгіштігімен (Jpsіssіmosіtet) кімді ғана өле-
өлгенше жалықтырмады екен! – алайда түптің түбінде өз алғыс
сезіміңде сақ болуға және қазіргі кезде өз менінен бастарту мен
рухани өзімділіктен құлан таза айырылуды мадақтаудағы асы
ра сілтеулерден бойды аулақ салуға үйрену керек, ал өз жағынан
«пайдакүнемсіз танымалау» алдында бас иу үшін байыпты себеп
тері бар пессимистік мектепте әншейінде тап осында өзді-өзіндік
бір мақсаттай, азаттану мен жарықтану сияқты әлденені көру
орын тебеді. Пессимист сияқтанып қарғысқа жықпайтын және
ұрысыспайтын объективті адам, ғылыми инстинкті мыңдаған рет
кі сәттіліктер мен сәтсіздіктерден кейін барып ашылатын әрі толық
гүлденуіне жететін идеалды ғалым, еш күмәнсіз, барлардың ішін
дегі ең қымбат құралдардың бірі болып табылады, – бірақ оның
орны одан мықтылардың қолында. Ол тек құрал ғана, айталық: ол
айна ғана, – ол мүлде «өзіндік мақсат» емес. Объективті адам шы
нымен де өзі айна болып табылады: танымалауды талап ететіннің
бәріне бағынуға әдеттенген, танымалау, «бейнелеу», беретіннен
басқа қуанышты білмейтін ол, әлдененің келгенінше күтеді де,
ол келгенде бетіндегі және қабыршағындағы тіпті жеңіл табаны
мен сырғитын елестердің де іздері құрдымға кетпейтіндей болып,
нәзіктікпен бой жазады. Онда әлі «тұлғадан» қалатынның бәрі
оған кездейсоқ, көбіне бас-көзі жоқ, одан да көбірегінде мазас
ыз болып көрінеді: оның өз көз алдында оған жат бейнелер мен
уақиғалардың қабылдаушысы әрі тойтарушысы (отражатель)
болғаны соншама дәрежеде дерлік. «Өзі» туралы естеліктер оған
қиындықпен беріледі, олар көбіне дұрыс емес; ол өзін оп-оңай
басқалармен шатастырады, ол өзінің мұқтаждарына қатынасты
қателеседі және жалғыз бұл жағдаятта ол соншалықты өткір емес
және салақ болады. Мүмкін, оны денсаулығының кемшілдігі не
месе әйелі мен достары тудырған ұсақ-түйек пен үйдегі атмос
фера, немесе жолдастарымен қоғамның жеткіліксіздігі ренжітер,
– сөйтіп міне ол өзін оны ненің қиналтатыны жөнінде ойлануға
мәжбүрлейді, – бірақ бәрі босқа!
Оның ойы енді басқа жаққа қарай, жалпырақ жағдаятқа ауы
сады, сөйтіп ол ертең оған ненің көмектесе алатынын, кеше мұны
қандай аз білсе, соншама аз білетін болады. Ол өзіне байыпты
түрде қатынасу қабілетін, ал және де өзімен айналысу үшін керек
бос уақытын жоғалтты: ол мұқтаждығы жоқтығынан емес, қайта
өз мұқтаждығын түйсіне алатын саусақтарының жоқтығынан
көңілді. Әрбір затқа және өмірдегі әрбір уақиғаға қарсы жүруге
деген әдеттер; жолыққанның бәрін қарсы алуға даяр оның жарық
сәулелі, аңғырт қонақжайлылығы; оған тән әр нәрсенің нарқын
айыра білмес мейірбандылық, Иә және Жоққа қатынасындағы
қауіпті қамқорсыздық: ах, бұл өзінің ізгіліктерінен оның опық жейтін жағдаяттары да жеткілікті кездеседі! – және, жалпы адам ретінде, ол тым жеңіл бұл ізгіліктерінің caput mortuunі37 айналады. Егер одан махаббат пен жек көру, оларды Құдайдың, әйелдің және жануардың түсінігіндегі, талап етілетін болса, онда ол қолынан келгенін жасайтын болады және барын беретін болады. Бірақ, егер бұл аздық қылса, оған таңырқап керегі жоқ, – егер дәл осы жағдаятта ол өзін қолдан жасалғандай, омырылғыш, күмәнді және мойыған қылып көрсететін болса. Оның махаббаты қолдан істел ген, оның жек көруі жасанды және тезірегінде un tour de force38, ұсақ мақтаншақтыққа және аффектацияға ұқсайды. Ол объективті бола алатын жерінде ғана жасанды емес: өзінің қаймағы бұзылмаған тотализмінде ғана ол әлі «натураға» жатады, әлі «натуралды» болып табылады. Оның айнаша бейнелейтін және мәңгілік айнатақтайдай жұмарланған жаны енді ұйғара да, терістей де алмай ды; ол бұйыра алмайды; ол қиратпайды да. «Je ne maprіse plesque rіen»39, – дейді ол Лейбницке қосылып, бұл presque құлақтан тыс жіберуге және оған мән бермей қоюға болмайды! Ол үлгі болуға да жарамайды; ол басқалардың алдында да, соңында да жүрмейді; ізгілік пен зұлымдықтың бір жағына шығуға себебі болуы үшін, ол жалпы бәрінен де өзін тым алыс ұстайды. Егер де оны осынша ма ұзақ уақыт философпен, мәдениеттің бұл цезарлылық күшпен орнықтырушысы әрі зорлықшысымен шатастырылып келсе, онда оған тым көп құрмет көрсетіліп, ондағы ең мәнді қасиет байқалмай келгені, – ол құрал, құлдың әлдебір нұсқасы, дегенмен күмәнсіз, құлдың ең жоғары түрі, өзді-өзінен алғанда – ештеңе – presque rіen! Объективті адам құрал болып табылады; бұл қымбат, оңай бүлінетін әрі тотығатын өлшеуіш прибор, сақтауды және бағалауды керек ететін көркем орындалған айна; бірақ ол мақсат та, шығу мен өрлеу де емес, ол басқа адамдарды толықтырмайды, ол бүкіл қалған болмыс онда өзінің ақталуын табатын адам емес, ол қорытынды емес, оның бастама, басқы нүкте әрі алғы себеп бола қоюы одан да кемірек, ол билеп-төстегісі келетін әлдене-бір мықты, қуатты, де рбес те емес: тезірегінде бұл нәзік, үрленбе, жұқа, икемді, құймалы форма, ал ол әлдебір мазмұн мен көлемді, соларға сай «түрге енуі» үшін, тосуы тиіс, – әншейінде бұл мазмұнсыз әрі көлемсіз адам, «кескінсіз» адам. Демек, әйелдерді де қызықтырмайтын адам, іn parenthesі40.
Егер қазіргі кезде әлдебір философ өзінің скептик емес екенін білдірмек болса – менің үміт артатынымдай, бұл объектив тік ақылдың әлгінде ғана келтірілген кескіндемесінен түсінікті емес пе? – онда бұл ешкімге де ұнамайды; оған жұрт әлдебір қорқынышпен қарайлайтын болады, адамдардың көп нәрсені сұрағысы, сұрай бергісі келеді... сөйтіп қазіргі кезде қаптап кеткен қорқақ тыңдағыштар арасында, ол осы кезден бастап қауіптіге сана лады. Оның скептицизмнен бас тартқан кезінде оларға алыстан дәл әлдебір зұлым, зор қауіп төндірер шу естіліп жатқандай, әлдеқайда жаңа жарылғыш затты, әлдеқандай рухани динамитті, мүмкін, жаңа ашылған орыс нигилинін, сынақтан өткізіп жатқандай, жоқ деп ай тып қана қоймайтын, Жоқты қалайтын, сонымен қатар – ойлаудың өзі қорқынышты! – Жоқты жасайтын bonae voluntatіs41 пессимиз мі елестейді. Бұл тектес «ізгі ерікке» – өмірді ақиқат, шынайы терістеуге деген ерікке – қарсы, мойындалғанындай, қазіргі кезде скепсистен артық, жұмсақ, ұнамды, бесікше тербелетін макскеп систен артық ұйықтатқыш және тыныштатқыш құрал жоқ; сөйтіп қазіргі дәрігерлер Гамлеттің өзін ақылға және оның жер астындағы құтырғандығына қарсы дәрі есебінде ұсынады. «Барлық құлақтар қорқынышты шуға толы емес пе еді? – дейді тыныштықты сүюші және полиция күзетшісі деуге боларлықтай ретіндегі скептик. – Бұл жер астылық Жоқ кісі шошырлық жаман! Үндеріңді ақыр-ақ шығармаңдар сендер, пессимистік көр тышқандар!» Скептик, бұл нәзік жаранды, тым оңай қорқады; оның ар-ұятының тәрбиелілігі соншама, ол кез келген Жоқтан әрі тіпті кез келген шешімді қатты айтылған Иәден де селк ете түседі, сол кезде ол әлдене шағып алғандай әсер сезінеді. Иә! және Жоқ! – оның адамгершілігіне бұл қайшы келеді; ол бұған керіні жақсы көреді, – мысалы, Монтень мен бірге: «мен нені білемін?» деп айтып, өз мейірбандылығын игілікті ұстамдылығымен рахатқа кенелдіргенді немесе Сократ пен бірге: «мен ештеңені де білмейтінімді білемін», – деп. Не месе: «мұнда мен өзіме сенбеймін, мұнда менің алдымда ашық тұрған есік жоқ», – деп. Немесе: «ол ашық-ақ болды делік, несі не сол сәтте-ақ кіріп бару?». Немесе: «барлық шала піскен гипо тезалар неменеге жарайды? Ешқандай да гипотезаны құрмаудың жақсы талғам болып шығуы өте ықтимал. Әлдебір қисықты тура дәл қазір түзетуге сіз тиістісіз бе? Кез келген тесікті әлдебір жүнжұрқамен бітеулеу тура ғана міндет пе? Ал бұған уақыт болмай ма? Ал уақыттың да уақыты болмай ма? Ах сендер, тентектер, сендер
мүлдем тоса алмаймысыңдар? Белгісіздің де өз кереметі болады, Сфинкс те сол бір уақытта Цирцея, Цирцея да философ болған». – Осылай скептик өзін уатады; шынымен де, ол әлдебір уатуды керек етеді. Скепсис дегеніміз кәдуілгі тілде жүйкенің әлсіздігі және аурушаңдық деп аталатын көп түрлі болып келетін белгілі физиологиялық қасиеттің ең бір руханилық көрінісі; ол ұзақ уақыт бір-бірінен аласталған нәсілдер мен сословиелер бел шешіп және кенет бір-бірімен отасқанда әр кез пайда болады. Өз қанында әртүрлі өлшемдер мен құндылықтарды мұралағандайын болған жаңа ұрпақ өзінде тынышсыздықты, мазасыздықты, күмәнді, та лаптануды тұтады; ең жақсы күштер онда тежеуіш ретінде әсер етеді, тіпті ізгіліктер де өзара бір-біріне өсіп-өнуге жол бермей ді, жаны мен тәнінде тепе-теңдік, салмақтылық, перпендикуляр лы орнықтылық жетіспейді. Бірақ бұл аралас қандыларда бәрінен де қатты ауыратыны және теріс айналатыны, бұл енді ерік; олар енді шешімдерінде тәуелсіздіктен жұрдай болады, қалауларында қуанышты ерлік сезімінен айрылады, олар тіпті өз арман-тілек терінде «ерік еркіндігіне» күмәнданатын болады. Сословиелердің және, демек, нәсілдердің еш мәнсіз түбегейлі араласуының ке нет тәжірибелерінің аренасы болып табылатын біздің қазіргі Еуропа, сондықтан барлық биіктіктері мен тереңдіктерінде скеп сиске толы, бірде бір бұтақтан екіншісіне шыдамсыздықпен әрі парықсыздықпен секеңдейтін орнықсыз скепсиске, бірде сұрақ белгілеріндей бұралаңдаған, қара бұлттай түнерген скепсиске толы, – сөйтіп оны көбіне өз еркі өлгенше жалықтырады! Еріктің дәрменсіздігі: қайда ғана кездестірмейсің енді бұл мүгедекті! Әрі көбіне тағы қандайлық әшекейленген түрінде! Қалайша әдемі киінген қалпында! Бұл ауру үшін өтірік пен жарқырауықтан тоқылған керемет сәнді киімдер бар; қазіргі кездері, мысалы, «объективтілік», «ғылымилық», «l΄art pour l΄art»42, «еріксіз таза танымалау» деген атпен көрмеге қойғандай қылып жарияланып жатқанның көбірек бөлігі әшекейленген скепсис және еріктің дәрменсіздігі ғана, – еуропалық аурудың бұл диагнозына мен кепіл бола аламын. – Ерік ауруының Еуропада таралуы бірқалыпты емес: мәдениет әлдеқашан тамырланған жерлерде ол бәрінен де күштірек әрі түрлі-түсті болып көрініс табады, және батыстық білім киімін үстіне қалай болса солай ілген «варвардың» тағы – немесе қайтадан – өз құқығын айқара жариялағаны сайын ол да жоқ болады. Сондықтан қазіргі кездегі Францияда, көзге ұрып тұрғандай, ерік бәрінен де қауқарсыз; сөйтіп өзінің тіпті
ең тағдырлы ақыл-парасаттық ағымдарын жағымды әрі еліктір гіш әлденеге айналдырудың әрқашан шебері болатын Франция, қазіргі кезде өзінің Еуропадағы мәдени басымдылығын скепсистің барлық қадір-қасиетінің нағыз мектебі мен көрмесі ретінде жайып салуда. Әлденені қалау, тап барлық еркіңмен қалау қабілеті Гер манияда енді сәл болсын күштірек, және де солтүстік Германи яда орталық Германияға қарағанда күштірек, ол Англияда, Ис панияда және Корсикада әлдеқайда күштірек, алдыңғыларында флегматикалық мінезге байланысты болса, соңғысында бас сүйектерінің қаттылығына орай, – нені қалағысы келетінін білуі үшін әлі тым жас Италияны айтпай-ақ қойғанның өзінде, себебі ол алдыменен әлі өзінің қалауға дәрменділігін дәлелдеуі тиіс; бірақ бұл қабілет Еуропаның Азияға түрленуі бас алатын зор ортааралық мемлекет болып табылатын Ресейде ұлы да таңқаларлық күшке иеленеді. Онда ерік күші баяғыдан бері жиылып әрі жинақталып келеді, онда ерік, – және де терістеу еркі ме әлде құптау еркі ме белгісіз, – қазіргі физиктердің қолданатын сүйікті сөзімен айтсақ, босануын ашына тосуда. Еуропаның өз үлкен қаупінен босануы үшін тек үнділік соғыстар мен Азиядағы шиеленісулер ғана керек емес, жоқ бұл үшін ішкі төңкерістер, мемлекеттің ұсақ бөліктерге ыдырауы және ең алдымен парламенттік топастықтың кіргізілуі, бұған әркімнің таңғы тамақ кезінде өз газетін оқуы міндетін қоса алғанда, қажет. Менің былай айтуым осылай болуын тілегендік тен емес: мен үшін жүрегіме жағымдысы қарама-қарсысы болар еді, – менің бұл арадағы топшылағым келгені, Ресейдің күшін, Еуропаның дәл сондай дәрежеде алып күшке айналуға шешілуін мәжбүрлей алатындай болып күшеюі, яғни Еуропа оны билептөстеуші жаңа кастаның арқасында бірегей ерікке иеленуі тиіс, ал бұл өзіндік еріктің ұзақ та күшті болуы оған мыңдаған жылдардың алдын алатындай мақсаттарды тағайындауға жол ашуында жа тыр, – сөйтіп ақырында оның кішігірім мемлекеттерінің ұзын-со нар комедиясының, және де сонымен бірге оның династиялық әрі демократиялық көп еріктілігінің, аяқталуы үшін. Ұсақ саясаттың уақыты өтті; келер жүзжылдық өзімен бірге бүкіл жер шарына билік жүргізу үшін күресті ілестіріп келеді, – ұлы саясатқа деген итермелеу. Біздер, еуропалықтар, аяқ басқан жаңа жаугер ғасырдың скепсистің басқа да күштірек түрінің дамуына қаншалықты қолайлы
жағдай жасайтынын, мұны мен әзірше неміс тарихын сүюшілер, әрине, түсінетін притчада ғана білдіріп көрейін. Сұлу бойшаң гренадерлерді ұнатушы, оспадар энтузиаст, Пруссияның королі болған кезінде милитаристік әрі скептикалық данышпандықтың рухына жол ашқан, – ал сонысымен, мәнісінде, немістің дәл қазір жеңісті түрде дүркіреп өсіп келе жатқан типіне бастау салған, – Ұлы Фридрихтің осы күмәнді де ақылынан адасқандау әкесінің өзі де бір пунктінде данышпанның бақытты тырнақтарына және ұстаған жерінен айрылмастай күшіне ие болған екен: ол сол кез дері Германияда ненің жетіспейтінін және білімнің жетіспеуі мен дұрыс мінез-құлық жағындағы кемшіліктерге қарағанда қандай кемшіліктің жүз есе қорқыныштырақ және маңыздырақ екенін білді, – оның жас Фридрихқа деген жек көрушілігі терең инстин ктілік негізі бар сезіктенуден туған болатын. Ер кісілер жетіспей тін және де ол өзінің зор өкінішіне орай, өз ұлының жеткілікті дәрежеде ер кісі екенін күдіктенетін еді. Ол мұнысында алданып қалды – бірақ оның орнында кім алданбас еді? Ол өз ұлының атеизмнің әсеріне, espіt-тің және тапқыр француздардың тәтті де көңілді өмірге салынушылығының әсеріне берілгенін көрді, – ол мұның арғы жағынан ұлы қанішерді, скепсистің өрмекшісін көрді, ол ізгілікке де, зұлымдыққа да қайсарлығы жетімсіз, жүректің емі жоқ нашарсоқтығынан, енді бұйрығы жүрмейтін және бұйыра да алмайтын, сағы сынған еріктен күдіктенді. Алайда, оның ұлында скепсистің қауіптірек те әрі қасаң да жаңа түрі – әкесінің жек көрушілігінің және жалғыздыққа ұрынған еріктің мұзды меланхолиясының қандай дәрежеде бұған оң септігін тигізгенін кім біледі? – Германияда ұлы Фридрихтің бейнесінде алғаш пай да болған, әскери және жаугершілік данышпандыққа жақын туыс, батыл ержүректіктің скепсисі дамуда еді сол арада. Бұл скепсис жек көреді әрі дегенмен де өзіне жақын тартады, ол бұзады әрі ие ленеді; ол сенбейді, бірақ сонымен де саспайды; ол ақылға қауіпті еркіндік береді, бірақ жүректі қатаң ұстайды; бұл скепсистің не містік формасы, ал ол рухтың жоғары салаларына жалғастырылған және енген фридрицианизм түрінде Еуропаны ұзақ уақыт неміс рухының әсеріне және оның сын мен тарих облысындағы сенім сіздігіне бағынышты қылды. Ұлы неміс филологтары мен тарих сыншылар (ал олар, оларға деген дұрыс көзқарас тұрғысынан алғанда, еш алып тастаусыз түгелімен қирату мен жіктеу ісінде де артистер болатын) арқасында, музыка мен философиядағы барлық романтикаға қарамастан, бірте-бірте ержүрек скепсике деген
құштарлығы көзге ұрып тұратын алмандық рух туралы жаңа ұғым берік орнықты: мысалы, көзқарастың мойымайтындығы түрінде, жіктеуші қолдың батылдығы мен қатаңдығы түрінде, жаңалықтар ашу үшін қауіпті іс-шараларға деген, жазық та қауіпті аспаналар астымен Солтүстік полюске қарайғы батыл экспедицияларға де ген қажымас ерік түрінде. Сөйтіп, ықтимал, кісіліктің жылымшы әрі жеңілтек жақтаушыларының тап осы рухтан бас сауғалауының салиқалы себептерінің болуы; Мишленің оны cet esprіt fatalіste, іronіque, mephіstophelіque43 деп атайтыны тегін емес. Егер де әлдекім Еуропаны «догматикалық қалғуынан» оятқан алмандық рухтан бұл қорқыныштың қаншалықты үлкен екенін сезінгісі ке летін болса, онда ол бұл рух туралы жаңасының ығыстыруына тура келген бұрынғы ұғымды еске алсын, – ол ер адамға ұқсайтын бір әйелдің өзінің ауа жайылған тәкаппарлығымен ізгі жүректі, тыныш, еркі нашар және ақынжан пасықтар ретіндегі неміс терге Еуропаның жан ашуына шақырғаны туралы уақыты көп оза қоймаған фактіні еске алсын. Ақырында Гëтені көргендегі Наполеонның таңырқағанын дұрыстап түсініп алу керек: бұл таңырқау «алмандық рух» деп тұтас жүзжылдықтар бойы ненің топшыланып келгенін бірден айшықтайды. «Voіl oun homme!» – бұл мынаны білдіретін: «міне сенің ерің! Ал мен тек немісті ғана кездестіремін деп күткен едім!». Сонымен, егер біз болашақтың философтарының бейнесін дегі әлдебір сызат сөздің жаңа ғана көрсетілген мағынасында оларды скептиктер болуы тиіс емес пе екенін дәл шешуге мүмкіндік береді деп жорамалдайтын болсақ, онда мұнымен, алайда, олардың өзі емес, – олардағы әлдене ғана анықталатын болады. Оларды бірдей құқықпен сыншылар деп атауға болады; және сірә, олар эксперименттердің жақтастары болуы да мүмкін. Оларға беріп үлгірген атаумен мен тәжірибе және тәжірибенің беретін қанағаттану сезімін ерекше баса көрсеттім: бұл олардың жан-тәнімен сыншы ретінде сөздің жаңа, бәлкім кеңірек, бәлкім қауіптірек, мағынасындағы экспетименттерді қолдануды сүйетіні себепті болып отырған жоқ па екен? Олар танымға деген өз құмарлықтарында батыл да азапты тәжірибелері арқасында, демократиялық ғасырдың жұмсақ та нәзік талғамы рұқсат ете алатынынан асып түсуге тиіс емес пе? – Қалай дегенмен де: бұл келешек философтардың ең кемінде сыншыны скептиктен айы
рып тұратын байыпты әрі қанша да болмасын күмәнді сапаларсыз, – менің айтып отырғандарым бағалаудың дұрыстығы, әдістің бір лігін саналы қадағалау, әсірелік ержүректілік, дербестік және өзі үшін жауап беруге деген қабілеттілік, – өмір сүрулеріне құқықтары болатын болады; иә, олар өздерінің терістеу мен бөлектеуден және белгілі дәрежедегі ой елегінен өткерілген, жүрегің қан жұтқанда да пышақты дұрыс та епті жұмсай алатын қатыгездіктен ала тын қанағаттану сезімін мойындайды. Олар ізгі адамдардың қалағанынан гөрі қаталдау болады (және, мүмкін, әрқашан өздеріне қатынасында ғана емес), олар «ақиқатқа», «оларға ризалық берсін» деп немесе оларды «көтермелесін» және «рухтандырсын» деп, жа лынып-жалбарынбайды: тегінде тап ақиқаттың сезімге мұндай жағымдылықтарды әкелетініне олардың сенімі соншама зор емес болар. Олар, бұл қатаң ақыл иелері, егер әлдекім оларға: «бұл ой мені көтермелейді: ол қалайша ақиқатты болмайды екен?» – деп. Немесе: «бұл шығарма мені таңдандырады: ол қалайша тамаша болмайды?» – деп. Немесе: «бұл суретші менің рухым ды көтермелейді: ол қалайша ғана ұлы болмас екен?» – деп ай тар болса, күлер еді, – және, бәлкім, осы дәрежедегі армандының, идеалистіктің, әйелділінің, гермафродиттінің бәрі тек күлкі ғана емес, ал нағыз жиреніш туғызар еді оларда. Олардың жүректерінің құпия сырларына бойлай алған адамның, онда «христиандық сезім дерді» «антикалық талғаммен», ал одан да әрі «қазіргі парламен таризммен», келістіру ниетін таба қоюы неғайбыл. Болашақтың бұл философтары өздерінен тек сынилық тәртіпті және рухани саланың тазалығы мен қатаңдығына апаратынның бәріне үйренуді ғана талап етіп қоймайды: олардың тіпті бұл қасиеттерді, оларға тән әшекейлер есебінде, көрмеге қойғандай қылып көрсетуге де құқығы болған болар еді, – сонда да олар әлі сыншылар деп аталудан бас тартар еді. Егер қазіргі кезде жиі кездесетіндей: «философияның өзі сын және сыни ғылым – одан артық ештеңе де емес!» деп, нұсқамалар айтылса, олар үшін бұл философия ны әжептәуір кемсіту болар еді. Философияны бұлайша бағалау Франция мен Алманияның барлық позитивистерінің қолдауын тапса дағы (– бұл бағалау, өте мүмкін, тіпті Канттың да жүрегі мен талғамынан орын алған болар еді, оның басты шығармаларының атауларын еске алсаңыз болғаны –), біздің жаңа философтар бұған қарамастан былай дер еді: сыншылар философтың құралдары ғана және тап сондықтан, құралдар есебінде, олардың өздері әлі фило соф болудан тым алыс! Кëнигсбергтен шыққан ұлы қытайшы да ұлы сыншы ғана болған. –
Мен философия жұмыскерлері мен жалпы ғылым адамдарын
философтармен шатастыруды ақыры тоқтату керек деп баса айта
мын, – тап осында «әркімге өзінікі» қатаң түрде айқындалуы үшін
және біріншілерінің үлесіне тым көп, ал соңғыларының үлесіне тым
аз тимеуі үшін. Ақиқат философты тәрбиелеу үшін, мүмкін, оның
өзі де оның қызметкерлері, философияның ғылыми жұмыскерлері
қалатын және қалуға тиіс сатылардың бәрінде бір кездері тұруы
қажет шығар; адами құндылықтардың және құндылықтарды әр
текті сезінулердің бүкіл шеңберін өту үшін, жоғарыдан кез келген
алысқа, тереңнен кез келген биікке, бұрыштан кез келген алқапқа
әртүрлі көздермен және әртүрлі ар-ұятпен қарау мүмкіндігіне ие
болу үшін, мүмкін, оның өзі де сыншы әрі скептик, әрі догматик,
әрі тарихшы және оның үстіне, ақын әрі жинаушы, әрі саяхатшы,
әрі жұмбақтарды шешуші, әрі моралист, әрі сәуегей, әрі «еркін ой
лаушы», әрі түгел дерлік бәрі де болуы тиіс шығар.
Бірақ мұның бәрі оның міндетінің тек алғы шарттары ғана;
міндеттің өзіне келетін болсақ, ол әлдене басқаны талап етеді,
– міндет одан құндылықтарды жасауды талап етеді. Жоғарыда
ескертілген философиялық жұмыскерлерге, Кант пен Гегельдің
ізгі бастамасы бойынша бағалаулардың, яғни қазіргі кезде биік
ке ие және әлдебір уақыттан бері «ақиқаттар» деп аталатын
құндылықтардың бұрындары айқындалуының, құндылықтардың,
бағалаулардың жасалуының, – мұның қай салада, логикалық па,
әлде саяси (моральдық) ма, әлде көркемдік пе, болатынның бәрі
бір, – өмірде бар зор құрамын берік айқындап, формулаларға
сығылыстыру керек. Бұл зерттеушілердің міндетіне болғандардың
және бағаланғандардың бәрін анық ету, талқылауға қол жететіндей
ету, түсінуге, қолдануға ыңғайлы ету, ұзын-салқардың бәрін, тіп
ті «уақыттың» өзін, қысқарту, және барлық болып өткенді меңдеу
жатады: бұл зор әрі жоғары дәрежелі таңқаларлық міндет, және
де бұған қызмет ету кез келген нәзік тәкәппарлықты, кез келген
қажырлы ерікті қанағаттандыра алады. Нағыз философтар, бұл
бұйрық берушілер мен заң шығарушылар, олар: «солай болуы
тиіс!» дейді, оалр ғой адамның «қайдасы?» және «не үшінін?»
анықтайды және сонымен барлық философиялық жұмыскерлердің,
өткенннің жеңімпаздарының бәрінің дайындық жұмысына бас-көз
болады, – олар шығармашылық қолын болашаққа созғылайды,
сөйтіп бардың және болғанның бәрі де мұндайда олар үшін ке
рек-жараққа, құралға, балғаға айналады. Олрадың «танымалауы»
бұл жасампаздық, олардың жасампаздығы бұл заң шығарушылық, олардың ақиқатқа деген еркі бұл билікке деген ерік. – Қазіргі кезде мұндай философтар бар ма екен? Мұндай философтар болып па екен? Мұндай философтар болуға тиіс емес пе екен?... Маған әрі барған сайын ертеңгі және одан арғы күннің қажетті адамы ретіндегі философ барлық уақыттарда да өзінің «бүгінімен» ымыраға келе алмаған болып және ымыраға келе алмауы тиіс бо лып көрінеді де тұрады: бүгінгі идеал әрқашан оның жауы болған. Бұған дейін философтар деп аталатын және өздерін даналықтың әуесқойларынан гөрі тезірегінде жағымсыз ақылынан адасқандар және қауіпті сұрақ белгілері ретінде сезініп келген адамзаттың бұл әйгілі бастампаздары өз міндетін, өзінің қасаң, алдын-ала пиғылына кірмеген, мойымас міндетін, ал түптің-түбінде оның ұлылығын да, өз уақытының зұлым ар-ұяты болуда деп тапқан. Вивисекторларға* ұқсап, өздеріне замандас ізгіліктердің кеудесі не пышақ тақап, олар өздерінің құпия сырларын жайып салған: адамның жаңа ұлылығын, оны ұлықтаудың әлі танымал емес жо лын білуге деген ықылас. Әрбір рет олар қазіргі адамгершіліктің ең құрметті типінің ар жағында қаншама қулық-сұмдықтың, жалқаулықтың, сабырсыздықтың және арсыздықтың, қаншама жалғандықтың жасырынып жатқанын, қаншама ізгіліктердің өз ғасырын тамамдағанын ашатын; әрбір рет олар: «қазіргі кезде сен дер өздеріңді үйдегідей сезіне алмайтын жаққа баруға тиіспіз біз», – дейтін. Әркім де әлдебір бұрышқа, әлдебір «мамандыққа» қуып тыға алатын «қазіргі идеялар» дүниесін еске ала отырып, философ, егер де қазір философтар бола алатын болса, адамның ұлылығын, «ұлылық» ұғымын тап оның кеңдігіне және жан-жақтылығына, оның көп түрліліктегі тұтастығына қатынастыруға мәжбүр болған болар еді: ол тіпті адамның құндылығы мен дәрежесін оның нені өзіне жүктеп, алып жүре алатынының саны мен әртүрлілігінің қаншалықты зор екеніне орай, оның жауапкершілігінің қаншама алысқа бара алатынын,- анықтар еді. Қазіргі талғам мен ізгілік ерікті әлсіретеді әрі сүйылтады; еріктің әлсіздігіндей ештеңе де уақытқа соншалықты дәрежеде сайма-сай келмес: демек философтың идеалында «ұлылық» ұғымының құрамына тап осы ерік күші, сұстылық және ұзақ уақытқа созылатын байламдылыққа деген қабілет кіруі тиіс; дәл сол негіздемеде, кері ілім және жасқаншақ, жан қиярлық, именшек, пайдакүнемсіз кісіліктің
идеалы ретінде характері бойынша қарама-қарсы ғасырға, он ал
тыншы жүзжылдыққа ұқсап, еріктің шығыршық атқан энерги
ясынан, эгоизмнің қату ағыны мен долы толқындарынан қасірет
шеккен ғасырға көз тасталатын. Сократтың кездерінде бас-басына
инстинкттің шаршауы жұққан адамдардың арасында, консерва
тивті кәрі афиняндар арасында, ал олар өз сезімдеріне,- олардың
айтуынша, «бақытқа бола», іс жүзінде рақатқа бату үшін, – ерік
берген және олар бұрынғы тап-тамаша сөздерді, өмір оларға бұған
баяғыда-ақ құқық бермесе де, әлі де болса тастамаған, – сол кез
дерде жанның ұлылығы үшін, мүмкін, ирония,яғни өз денесіне де
«әйгілілердің» жүрегі мен денесіне де, сияқты, аямай қадалатын,
– «менің алдымда қылымсымаңдаршы! мұнда – біз теңбіз! – деп
анық-ақ айтатын көздің қарашығындай қадалатын, – кәрі дәрігер
әрі плебейдің сократтық зұлым сенімділігі керек болған болар.
Керісінше, қазіргі Еуропада жалғыз табынды жануар ғана
құрметке бөленетін және қошеметтерді тарататын, «құқықтар
теңдігі» оп-оңай құқықсыздықтағы теңдікпен яғни сиректік,
өкімділік, артықшылықтар дегеннің бәріне, жоғары адамға,
жоғары жанға, жоғары міндеттемеге, жоғары жауапкершілікке,
күш пен өкімділіктің шығармашылықтық молшылығына деген
жалпы дүшпандық қатынаспен алмаса қалатын қазіргі кезде,-
«ұлылық» ұғымының құрамына осы қазіргі кезде әйгілілікке, өзі
үшін өмір сүруді тілеу, былайғылардан айрықша болу қабілеті,
дербестік, өз қорқынышы мен тәуекелге бел байлап өмір сүру
қажеттілігі кіреді; сөйтіп философ, егер «кімде – кім ең жалғыз,
ең жасырын, басқалардың бәріне де ең ұқсамайтын бола алса, сол
ең ұлы болмақ, – ізгілік пен зұлымдықтың ар жағында тұрған, өз
ізгіліктерінің қожайыны, еріктің зор қорына ие адам; ұлылық деп
міне не аталуы тиіс: бірегейлігің қандайлық болса, сондай жан-
жақтылықпен, толықтығың қандай болса, сондай кеңдігіңмен
айырықшалану қабілеті деген ережені ұстанса, ол өзіндік идеа
лынан әлденені білдіртіп алады. Бірақ тағы да сұрайын: ұлылық
қазіргі кезде мүмкін бе?
Философтың не екенін түсінуге үйренудің қиындығы, бұған
үйретуге болмайтындығында: мұны тәжірибеден «білу» керек
– немес мұны білмеуге деген тәкәппарлық керек. Алайда біздің
күндерімізде бәрі де ешқандай тәжірибеде кездестіре алмайтын зат
тар туралы айтып бағады, ал бұл басты түрде және ең жаман түрде
философтарға және философияның жай-күйлеріне әсерін тигі
зеді: оларды білетіндердің, оларды білуге құқығы барлардың саны
өте аз, ал олар туралы көпшілікке таралған пікірлердің барлығы
да жалған. Ал, мысалы, рresto* құйқылжыған батыл да дүлей
данышпандық пен бір де жалған қадам баспайтын диалектикалық
қаталдық пен қажеттіліктің шынайы философиялық бірлігі ой
шылдар мен ғалымдарға олардың көбісінің өзіндік тәжірибесі
бойынша белгісіз, сондықтан да егер әлдекім олармен бұл ту
ралы сөйлесе қалатын болса, ол ықтимал емес болып көрінеді.
Олар өздеріне кез-келген қажеттілікті мұқтаждық түрінде, азапты
бағыну мен мәжбүрлеу түрінде елестетеді, ойлаудың өзін де олар
баяу, шаршатқыш әлдене деп, ауыр еңбекке татырлық деп, және де
көбіне «ізгілікті адамдардың тер төгуіне лайықты» еңбек деп есеп
тейді, – ал мүлде жеңіл, құдай және биге, әдемі қимылға жақын
туыс әлдене деп емес! «Ойлау» және іске «байыпты қатынасу»,
«еңбектеніп барын түісну» – бұл заттар олар үшін жалпы байланысқа
ие: тек осы түрінде ғана олар бұл құбылысты «бастан кешіріскен».
– Суретшілерде бұл жағдайятта нәзігірек сезім орын тебеді: олар
енді ештеңені де «бас-көзсіз» жасамай, ал бәрін де қажеттілік
бойынша жасайтын болған кезде, олардың еркіндікті, нәзіктікті,
толыққанды билікті, шығармашылық композицияны тәртіпті бей
нелеуге енуді сезінуі өз шыңына жететіні, – бір сөзбен айтқанда,
сол кезде оларда қажеттілік пен «ерік бостандығы» бір нәрсені
құрайды. Ақырында, мәселелер градациясы оларға сәйкес келетін
жани күйлердің гардациясы өмір сүреді; өз рухани күштерінің
қуаты мен ұлылығы бойынша оларды шешуге арнайыланған бол
мастан оларға жақындауға батылы барғандардың қай-қайсысын да
жоғарғы мәселелер еш қайырымсыз итеріп тастайды. Қазіргі кезде
мұның жиі орын алатынындай, епті білгіштердің немесе епсіз ай
бынды механиктер мен эмпириктердің оларға өз плебейлік намысқа
тырысқандығымен жақындауынан, сөйтіп бұл «қасиеттілердің
қасиеттісіне» бұзып-жармақ болып екпіндеусуінен қандай пай
да! Мұндай кілемдерді дөрекі аяқтардың басып жүруі ешқашан
болмақ емес: бұл заттардың бастапқы заңында-ақ әлден жазылып
қойылған; бұл маза берместер үшін есіктер тас жабық қала бер
мек, олар тіпті бастарымен есікті соққылап, бастарын быт-шыт
қылып езіп-жарып алатын болса да! Кез келген жоғары қауымға
кіру үшін сондай болып туылуың керек; анығырақ айтқанда, сол
үшін әке-шешеден жасалу керек: философияға деген құқыққа, –
егер бұл сөзді кең мағынада алатын болсаң, – тек өз шығу тегіңнің
арқасында ғана иелене аласың: ата-бабаң, «қан» мұнда да ше шуші мәнге ие. Философтың пайда болуы үшін көптеген ұрпақтар алдын-ала жұмыс істеуі тиіс: оның ізгіліктерінің әрбірі қабыл алынуы,тәрбиеленуі, тектен – текке ауысуы және оған әрқайсысы өз бетімен қонуы тиіс, – және де бұған тек оның ойларының ба тыл, жеңіл әрі жатық ағымы ғана жатпайды, бірақ ең алдымен зор жауапкершілікке деген дайындық, көз тастаудың патшалық ұлылығы, өзінің жұртшылықтан, оның міндеттемелері мен ізгілік терінен алшақтығын сезіну, жұрттың түсінбейтінін әрі жала жаба тынын – ол құдай болсын, ол сайтан болсын, – қайырымдылықпен сақтау және қорғау, ұлы әділдікке деген бейімділік және әдет, әмір ету өнері, ерік кеңдігі, сирек таңырқайтын, өзінің көз шалымын аспанға сирек қадайтын, сирек сүйетін байыпты көз... Жетінші бөлім Біздің ізгіліктеріміз Біздің ізгіліктеріміз? – Бізде де әлі өзімізге тән ізгіліктердің бо луы өте ықтимал, бірақ, біздің өз аталарымызды, оларды өзімізден сәл алшақтата отырып, сол үшін құрмет тұтатын баяғы таза жүректік және ебедейсіздеу ізгіліктер емес, әрине. Біздер, бүрсікүнгі күннің еуропалықтары, біздер, жиырмасыншы ғасыврдың тұңғыштары, – біздің барлық қауіпті әуестігімізге, біздің жанжақтылығымыз бен қайта киіне қоюға деген өнерімізге, ақылымыз бен сезімдеріміздің қауқары кеткен және тәттілендірілгенсымақ қатаңдығына қарамастан, игіліктер бізде болатын болса, біздің еншімізге, ықтимал, ең біздің жүрегімізге жақындары әрі ең құпия бейімділік терімізбен, біздің ең қайнаған мұқтаждықтарымызбен тамаша үйлесімді бола алатындары ғана тиер еді. Ал онда! Оларды біздің лабиринттарымыздан, ал онда соншама көп нәрсенің жоғалатыны, зым-зия жоқ болып кететіні белгілі ғой, іздеп көрейік. Өзіңнің өзіндік ізгіліктеріңді іздеуден тамашарақ әлдене бар ма екен? Ал бұл дегеніңіз өзіндік ізгілітерге сену дерлікті білдірмей ме? Ал бұл «өз ізгілігіңе деген сенім» – бұрындары «таза ар-ождан» деп аталғанның өзі емес пе, біздің аталарымыз өз желкелеріне, ал жиі регінде өз ақылдарына да іліп алатын ұғымдардың сол бір ыжда натты да ұзын сонар бұрымы емес пе екен? Сондықтан болар, біз өзімізді ескі модадан және аталарымыздың салиқалылығынан
қаншама да алыспыз деп санағанымызбен, бір ноқатта біз деген менен өз аталарымыздың оларға лайықты немерелері болып та былатын сияқтымыз, біз, таза ар-ожданды соңғы еуропалықтар: сөйтіп біз әлі олардың бұрымын тағып жүрміз. – Ах, егерде сіздер білсеңіздер, бәрі де басқаша болатын уақыттың қандай алыс емес тігін, қандай жақын екендігін! Жұлдызды дүниеде кейде бір планетаның жолын анықтайтын екі күннің болатыны сияқты, бір планетаны кей кездері түрлітүсті күндердің, біресе оны қызылға, біресе жасылға бояп, жарықтандыратыны, ал одан соң бір уақытта жарықтандырғанда оны қайтадан түрлі-түстіге бояйтыны сияқты, біздер де, жаңа уақыт адамдары, біздің «жұлдызды аспанымыздың» күрделі меха никасы арқасында дәл солай әр түрлі моральдармен анықталамыз; біздің қылықтарымыз кезекпен-кезек әртүрлі түстерге боялады, олар сирек бір мәнділікке ие болады, – сөйтіп біздің түрлі-түсті қылықтар көрсететін жағдаяттарымыз да кем емес. Өз жауларыңды сүю ме? Адамдар бұған тәп-тәуір үйренген деп ойлаймын мен: қазірде бұл кішкенеде де, ұлы істе де мың-мыңдап орын алып жатады; кейде тіпті көтеріңкірек және тамашарақ әлдене де болып жатады, – біз жақсы көріп тұрған кезімізде және де тап бәрінен де күштірек жақсы көрген кезімізде жек көруге үйренеміз: бірақ мұның бәрін біз бейсаналықты түрде, айқай-шусыз және салтанаттылықсыз, меійірімділіктің салтанатты сөздер мен ізгіліктің формаларын айтуға тиым салатын сол бір ұялшақтығы мен жасырындылығы түрінде жасаймыз. Қазірде бізге мораль өз кейпіміз ретінде ұнамайды. Біздің әкелеріміздің прогресі оларға өз кейпі ретінде діннің ұнамағаны, егер де бұған дінге қатынасындағы вольтерлік уыт пен дұшпандықты да (еркін ойлаушылардың сол кездері мақтан қылғандарының бәрін де) қосып алғанда, болатыны сияқты, бұл да прогреске жатады. Бұл біздің ар-намысымыздағы музыка, біздің ақылымыздағы би, ал бұлармен пуритандардың барлық уайымы, барлық моральдық уағыз бен көлгірсу гармони яда болғысы келмейді. Өздерінің моральдық әдебіне және моральдық таным-
тынысының нәзіктігіне сенімді жоғары бағалайтын адамдармен сақтану керек: егер де олар біздің алдымызда (немесе біздерде) қателесе қалатын болса, олар ешқашан оны бізге кешірмейді, – олар, тіпті әлі біздің «достарымыз» болып қалса дағы, қажетті түрде біздің инстинктивті жала жабушыларымыз әрі жәбірлеушілеріміз болып алады. Ұмытшақтар ізгі, өйткені олар өз ақымақтықтарының да «басына су құяды». Францияның психологтары – ал қазір психологтар тағы қайда бар екен? – оларға batіse bourgeoіse44 әкелетін ащы да неше түрлі жан рахатын әлі де тауыса алған жоқ, әлденеге меңзегендей – бір сөзбен, олар мұнысымен бірдеңені тындыратындай. Мысалы, Фло бер, бұл айбынды руандық буржуа, түптің түбінде басқа ештеңені де көрмеген, естімеген және байқамаған да: бұл оған тән өздіөзінен азаптанудың әрі нәзіктенген қатыгездіктің түрі болатын. Енді әртүрлілік үшін – себебі бұл іш пыстырып барады – шаттану үшін басқа нәрсені ұсынамын: барлық жаны мейірімді, топастау, шыншыл орташа адамдардың жоғары ақыл иелері мен олардың міндеттеріне қатынасын білдіретін сол бір бейсаналы айлакерлік ті, сол бір нәзік те бұраланған иезуиттік айлакерлікті, ал бұл айла керлік осы орта сословиенің оның ең жақсы деген уақытындағы ақылы мен талғамынан мыңдаған есе нәзіктеу – және тіпті олардың құрбандықтарының ақылынан да нәзіктеу: бұл интеллигенттіктің барлық бұған дейін ашылған түрлерінің ішінде «инстинкттің» ең интеллигентті екенінің тағы да бір дәлелі бола алады. Бір сөзбен, сіздер, психологтар, «ерекшелікпен» күресіндегі «ереже» филосо фиясын зерделеңіздерші – бұл сіздер үшін құдайларға және құдай ашу-ызаға лайық көрініс болады! Немесе, бұдан да анығырақ ай тар болсақ: «мейірбан адамның» үстінен, «homo bonal voluntatіs»45 үстінен... өзіңіздің үстіңізден вивисекция жасаңыз! Моральдық пайымдау мен айыптау – бұл ақылы шекті адамдардың ақылы кеңірек адамдарға деген сүйікті өш алуы, бұл белгілі мағынасында табиғаттың оларды кешін қылып жаратуының орнын толтыру, бұл, ақырында, ақылдырақ және нәзіктірек болуға деген жағдаят: ыза ақылды дамытады. Оларға ақылға бай және ақылы асқан адамдармен теңдестіретін ауқымның бар болғаны іштей өте ұнамды, – олар «Құдай алдындағы жалпы
теңдік» үшін күреседі, сөйтіп осы үшін-ақ оларға Құдайға сену ке рек. Олардың арасында атеизмнің мықты қарсыластары кездеседі. Егер де оларға әлдебіреу «ақылы жоғары дамығандық таза мораль ды адамның адалдығы мен құдіреттілігінен қалай да болмасын са лыстырудан озық тұрады» деп айтса, онда оларды ашу-ыза кернер еді: менің мұны істеуге батылым бармайды. Керісінше, ақылдың жоғары дамығандығының өзі моральдық сапалардың соңғы тума сы ғана деп айтып, мен оларға жағымсып қоюға бейіммін; ақылдың жоғары дамуы «таза моральды» адамдарға қатысты деп саналатын сол барлық күйлердің, – оларды бір-бірлеп, ұзақ тәртіп пен жаттығу арқылы, мүмкін, ұрпақтардың тұтас тізбесі бойында, жиыстырып алғаннан соңғы, – синтезі деп; ақылдың жоғары дамуы дүниеде өзін – тек адамдардың арасында ғана емес, тіпті заттар арасында да, – дәрежелер туралы кестені сақтауға жаралған деп сезінетін әділдік пен жылы жүзді қатаңдықтың рухтануы деп айтар едім мен тағы. Қазіргі «пайдакүнемсіздікке» деген соншама кең тараған мақтауға орай, мүмкін, кейбір қауіп болса дағы, халықтың пайдакүнемдік деп нені танитынын және жалпы қатардағы адамның, соның ішінде білімді адамдардың да, тіпті ғалымдардың және егер қателеспесем, әлбетте, философтардың да, не жөнінде ең көп қамығатынын өзіңе түсіндіріп алуың керек. Мұнда мынандай дерек ашылады: нәзігірек және талғамды, биік рухты тұлғаларды қызықтыратын және өзіне тартатын заттардың зор көпшілігі ор таша адамға мүлде «қызықты емес» болып көрінеді екен, – егер де, осыған қарамастан, ол бұл заттарға деген оң сыңайды байқаса, онда ол оны «desіntpresse» деп атап, пайдакүнемсіздік әрекеттің мүмкін екендігіне таңырқайтын болады. Бұл халықтың таңырқауға, «пайдакүнемсіз» қылықтың өте тіпті де қызық «пайдакүнемді» қылық екендігі туралы жалаң әрі жоғары дәрежеде қарапайым ақиқатты ашудың орнына, былай деп жори отырып, әдеміше, мистикалық-аспанаралық тұжырым бере алған философтар болған (- олардың тәжірибеден биік рухты тұлғаларды біле алмағандығы себебінен болар, мүмкін? -). «Ал махаббат ше?» – Қалай? – тіпті әлдекімге деген махаббаттан туған қылық та «эгоистік емес» пе? Ах сендер, ақымақсымақтар-ай! «Ал құрбандық берушіге деген мадақ ше?» – Бірақ шыныменен құрбандық жасаған адам бұл үшін нені алғысы келгенін және алғанын, – мүмкін, өзді өзінен өзінің әлденесі үшін, – біледі, онау жақта зорырағын алу үшін ол мына
жақта бергенін, мүмкін, жалпы зорырақ болу үшін немесе өзін
«зорырақ» сезінуі үшін бергенін біледі. Бірақ бұл сұрақтар мен
жауаптардың тұтас бір саласы, ал бұл салаға еркелеу ақылдың
соншама бара қойғысы келмейді: мұнда ақиқат, егер де оған жауап
беруге тура келетін болса, есінеуін басу үшін бар күшін жұмсауы
тиіс. Бірақ түптің түбінде ол әйел ғой – оған күш қолданудың ке
регі жоқ.
Кейде, дейді моральдың бір педанты әрі ұсақ сатушысы,
пайдакүнемсіз адамды менің сыйлайтын және басқалардан айы
ра алатын кездерім болады: бірақ ол пайдакүнемсіз болғандықтан
емес, ал, менің көзқарасым бойынша, өзіне зиянды болғанымен
басқа адамға пайда әкелуге оның құқығы барлығы себепті. Бір
сөзбен, сұрақ әрқашан мынада: біріншісі не екен және екін
шісі – не? Мысалы, бұйыруға арналған және жасалған адамдағы
өздігінен бас тарту мен байыпты шегіншектеу ізгілік болмас еді,
қайта ізгіліктің орынсыз жұмсалуы болар еді – маған солай бо
лып көрінеді. Өзін шартсызбын деп есептеп, барлық адамдарға
сөз тастайтын кез келген эгоистік емес мораль тек талғамға қарсы
күнәлі болып қана қоймайды: ол өз борышын орындамау күнәсіна
деген арандатушылық болып табылады, ол адамды сүю бет пердесін
бүркенген басы артық еліктіру – және де атап айтқанда жоғары,
сирек, асыл адамдар үшін еліктіру және залал болады. Моральдар
ды ең алдымен дәрежелер туралы кесте алдында бас июге көндіру
керек, «біреу үшін әділ нәрсе, басқа үшін де әділ болмақ» деп
айтудың адамгершілікке жатпайтыны туралы олар ақырында өзара
келіскенінше, олардың менмендігін санасына тықпалап иландыру
керек. – Сонымен, менің моральдық педантым және bonhomme
моарьдарды міне осылай адамгершілікке шақырғанда, оны күлкіге
жығуыма шыныменен лайық болғаны ма? Бірақ, егер өз жағыңда
күлушілер болсын десең, тым дұрыс болудың керегі жоқ; тіпті
дұрыс еместіктің бір шөкімінің болуы талғамның жақсылығының
белгісі болып табылады.
Қазіргі кезде қайғыға ортақтасу уағыздалатын жерде, – ал, шы
нын айтқанда, ешқандай да өзге дін енді уағыздалмайды да, – пси
холог құлағын түре қалсын: бұл уағызшыларға (уағызшылардың
қай-қайсысына да сияқты) тән бүкіл менменділік пен барлық айғай-
шудың ар жағынан ол өзінен-өзі түңілудің қарлыққан, өлімсіреген шынайы ыңырсуын естиді. Бұл өзінен-өзі түңілу Еуропаның тұтас жүз жылдық бойы өсіп келе жатқан түнеруі және бұзылуымен байланысты (оның алғаш көріністері Галманидің т-те д’Эпинаға жазған ойға бөктіретін бір хатында-ақ шынайы түрде суреттелген болатын) болып келеді, – егер тек ол оның себебі болып табылатын бюолмаса! «Қазіргі идеялар» адамның, бұл өркөкірек маймылдың, өзіне тым көңілі тоймайтыны рас – бұл даусыз. Ол қайғырады, ал оның менмендігі оның тек «қайғыға ортақтасқанын» ғана қалайды... Еуропалық метис – жалпы алғанда түрі әжептәуір нашарпле бей – костюмге міндетті түрде мұқтаж келеді: тарих оған костюм дерге толған қойма ретінде керек. Әрине, олардың бір де біреуі оған шақ емес екенін ол байқайды да, – сөйтіп міне оларды бірінен кейін бірін ол ауыстырады. Он тоғызыншы ғасырға көз тастасаңыз да, әртүрлі стильдегі масштабтарға деген құмарлықтардың бұл тез ауысуына, және де бізге «ештеңенің де жараспайтыны» туғызатын қиналыс шағына көңіл аударыңыз. – Романтикалық, немесе классикалық, немесе христиандық, немесе флорентийлік стильде, немесе барокко стилінде, немесе «ұлттық», іn morіbus et artіbus, стилде киініп көру бәрі де бекер: мұның бәрі бізге «жараспайды»! Бірақ, «рух», әсіресе «тарихи рух», бұл қиналыстан да өз пайда сын көрмек болады: соның арқасында әрдайым көне мен шетел діден әлдене дәмге тартылады, ақтарылады, былай қойылады, бүктетіледі, ең алдымен зерделінеді, – біздің ғасырымыз «костюм дерді», – менің айтайын дегенім: моральдарды, наным-сенімдерді, көркемдік талғамдар мен діндерді, – зерделеуге кемінде алдына жан салмайды; біздің ғасыр үлкен стиль карнавалына, руханимасленицалық* күлкі мен ойын-сауыққа, жоғарғы топастықпен дүниені аристофондық мазақтаудың трансценденталдық биігі не дайын және басқа ешқандай да уақыт бұл жағынан оған шақ келмейді. Мүмкін, тап осыдан біз өнертабыстарымыз үшін аймақ ашармыз, бұл аймақта біз де әлі оригиналдық танытатындай бо лармыз, мысалы, бүкіләлемдік тарихтың породисттері және Құдай әзілқойлары ретінде – мүмкін, егер де қазіргі ештеңеміздің де болашағы болмағанымен, дегенменен тап біздің күлкіміз әлі оған ие!
Тарихи сезім (немесе осы халық, қоғам, адам өз өмірінде басшылыққа алған бағалардың дәрежелік тәртібін тез арада ше шуге деген қабілет, осы бағалардың қатынастарын, құндылықтар абройының әрекеттенуші күштер обройына қатынастарын байқағыш «сәуегейлік инстинкт») – біздер, еуропалықтар, ере кшелігіміз ретінде өзімізге жатқызғымыз келетін бұл тарихи сезім, бізге сословиелер мен нәсілдердің демократиялық са пырылысуы арқылы Еуропа белшесінен батқан оның латынша сезімі ретінде жартылай тағылықпен бірге келді, – он тоғызыншы жүзжылдыққа ғана белгілі бұл сезім. Осы сапырылыс арқылы біздің «қазіргі заманғы жандарымызға» өмірдің барлық фор малары мен бейнелерінің өткені, бұрындары бір бірімен тығыз жанасқан, бірімен бірі қат-қабат араласқан мәдениеттердің өткені құйылысады; біздің инстинкттеріміз енді барлық бағыттар бойын ша кері ұмтылады, сөйтіп біздің өздеріміз де хаосқа ұқсас әлденеге айналамыз – түптің түбінде, айтылып кеткендей, «рух» бұдан өз пайдасын көреді. Біздің тәніміз бен аңсарларымыздың жарты лай тағылықтығы арқасында бізге барлығына құпия есік ашық, ал аристократизм ғасырында бұл болмаған еді, және де ең алды мен аяқталмаған мәдениеттер лабиринттеріне және жер бетінде бұрын-соңды өмір сүрген әрбір жартылай тағылыққа ашық; ал адамзат мәдениетінің ең мәнді бөлігі бұған дейін тап осы жарты лай тағылық болғандықтан, «тарихи сезім» барлығына деген сезім мен инстинктті дерлік, барлығына деген татымды дерлік білдіреді, – мұнысыменен ол өзін бірден аристократиялық емес сезім ретінде көрсетеді. Біз, мысалы, Гомермен қайтадан рақаттанамыз: Гомермен рахаттана алатынымыз бұл, тегі, біздің бақытты артықшылығымыз болар, ал оны аристократиялық мәдениет адамдары дәл соншама жеңіл игере алмайды және игере алмаған да (мысалы, Сент-Эвре мон сияқты он жетінші жүзжылдықтың француздары, ол оны espіt vaste46 үшін сөгеді, және де тіпті олардың жаңғырығы – Вольтер), – олар онымен рахаттануға өздеріне рұқсат ете қоймаған. Олардың талғамының тым анық Иәсі мен Жоғы, басқа елдіктің бәріне деген жеңіл қозатын жиіркеніш, баяу енжарлық, тіпті жан ды әуестікте де жасырынғандай көрінетін талғамсыздықтан аттонын ала қашу, сөйтіп жалпы кез келген аристократтық және өзіне-өзі мәз мәдениеттің өзіндегі жаңа аңсарларды мойындағысы келмейтіні, өзінікіне қанағаттанбаушылық, басқанікіне таңырқау – осының бәрі оларды тіпті дүниедегі ең жақсы деген заттарға,
егер олардың меншігіне жатпайтын не олардың олжасына айнала алмайтын болса, қайырымсыздықпен қарауға күйлейді, – сөйтіп мұндай адамдар үшін бағынышты плебейлік әуестік тән тап осы тарихи сезімнен өзге ешбір сезім бұдан да түсініксіздеу бола ал майды. Эсхилдың бас июшісі болып табылатын Афинаның көне тұрғынын күлкіден сілесін қатыратын не ашуын шақыртатын. Шескспирмен де, талғамның бұл тамаша испандық-мавритандықсаксондық синтезімен, істің жай-күйі басқаша емес, – ал біз болсақ, керісінше, бұл тағы ала-құлалықты, ең нәзіктің, ең дөрекінің және ең жасандының бұл қоспасын құпия достық сезіммен және жүрек жылулығымен қабылдаймыз, біз онымен өнердің әдейімен бізге сақтаған қаракеттері ретінде қабылдап рахатқа батамыз, және де бізді Неополдағы Chіajaque кедей-кепшіктер кварталда рынан есіп тұрған сасықтыққа қарамастан таңырқап өтетініміз сияқты, Шекспирдің өнері мен талғамына көрші тұратын кедейкепшіктердің жақындығы мен сасық иістері де соншама аз маза лайды. Біздің, «тарихи сезім» адамдарының, сөзсіз, қандай да бол масын өз ізгіліктеріміздің бар екені рас, – біз ұрыншақ емеспіз, риясызбыз, кішіпейілміз, батылмыз, өзді-өзімізден асып түсуге, жанқиярлыққа даярмыз, өте алғысшылмыз, өте шыдамдымыз, өте инабаттымыз, – сонымен бірге біз мүмкін, үлкен талғамға ие де емес шығармыз. Түптің-түбінде өзді-өзіміз мойындайықшы: бізге, «тарихи сезім» адамдарына, түсінуге, сезінуге, дәмін татуға, жақсы көруге бәрінен де қиынға түсетіні, шындығында да біздің сенімсіздікпен және қастықпен дерлік қарайтынымыз әрбір мәдениет пен өнердегі әбден піскен мен жетілген нәрселер, адамдар мен туындылардағы ең таңдаулылар, күйзелуі емес: бұл әлеуметтік «нәубеттерге», «қоғамға» және бізді айнала аяқ асты болып жатқан оның аурулары мен аш-жалаңаштарына, туғанынан кемитіндері мен өмірі өксігендеріне деген жан күйзелісі емес; бұл тіпті де «еркіндік» деген атпен билдікке ұмтылатын қанағатсыз, езгі, бүлікшіл құлдарға деген жан күйзелісі емес. Біздің жан күйзелісіміз жоғарырақ және алыста аңғаратын күйзеліс: біз адамның қалайша еленбейтінін, сіздердің оны қалайша елемейтіндеріңізді көреміз! – кей кездері біз тап сіздердің жан күйзелістеріңізден өзіміз қорғаймыз, – бұл кездері біз сіздердің байсалды қалыптарыңызды кез келген жеңілтектікпен қауіптірек деп табамыз. Сіздердің, тегі, – бұдан асқан ессіз «тегі» бола қоймас – күйзелісті жоқ қылғыларыңыз келеді; ал біздер ше? – біздер, байқауымызша, оның одан да жоғары және бұрынғыдан да жаман
болуын қалаймыз! Сіздердің түсініктеріңіздегі жайбарақаттық – бұл мақсат емес, біздіңше бұл істің ақыры! Адамды сол сәтте-ақ келекелі әрі жек көрінішті қылатын күй, оның құрып кетуін тілеуге мәжбүрлейтін күй! Күйзеле білуді, ұлы күйзелісті тәрбиелеу, – тек осы тәрбиелеу ғана бұған дейін адамды көтермелеп келгенін сіздер білмейтін бе едіңіздер? Жанның оны беріктендіретін бақытсыздық кезіндегі кернелуі, зор күйреу көрінісі кезіндегі оның буырқануы, бақытсыздықты бастан кешкен кезіндегі оның тапқырлығы мен батылдығы, оған тереңдікті, құпиялықты, тұлғалықты, ақылды, айланы, ұлылықты сыйлағанның бәрі де, – бұл оған күйзеліс жамылғысы астында, ұлы күйзелісті тәрбиелеу түрінде сыйланған жоқ па еді? Адамда жасамық пен жасампаз бірге қосылған: адам да материал, әлдененің сынығы, балшық, кір, мағынасыздық, хаос бар; бірақ адамда жасампаз, мүсінші, балғаның қатқылдығы, құдай көрермен және жетінші күн де бар – бұл қайшылықты сіз дер олардың тымық теңіздік және халкионистік өзімен-өзі ризалық сәті, барлық жетілген заттарға тән олардың алтыны мен салқыны болып табылады. Мүмкін, біздің тарихи сезім атаулы ұлы ізгілігіміз жақсы немесе, әсіре өлшеммен алғанда, ең тәуір талғамға қажетті контраст болып табылар, ал біз жоғары бақыт пен адам өмірі кейде онда, не мұнда жарқ-жұрқ ете қалатын қысқа сәттерін, ұлы күштің өлшемсіз бен шекарасыз алдында өз еркімен тоқтауының керемет тей сәттерін, – сол сәтте-ақ асауға тұсау салу мен тастай қата қалу, тоқтай қалу мен әлі де тербелмелі топырақта мығым тұра қалу ту дыратын нәзік рахаттың аста-төк сезінген кездерін, – өзімізде әлсіз дәрежеде ғана, қиналу әрі мәжбүрлеумен ғана қайта жаңғырта аламыз. Өлшем бізге жат, мұны мойындайықшы; бізді шексізді өлшемсіздің тап өзі ғана қытықтайды. Ауыздығымен алысқан атқа мініп шауып келе жатқан адамға ұқсап, біздер, қазіргі заман адам дары, біздер, шала тағылар, біздер шексіздің алдында шылбырды лақтырып тастаймыз, – сөйтіп ең үлкен қауіп төнетін тұста ғана біз өз рахатымызды табамыз. Гедонизм де, пессимизм де, утилитаризм де, евдемонизм де – заттардың бағалылығын олар тудыратын раххаттану мен күйзеліс бойынша, яғни оларға ере жүретін күйлер мен тұспалды құбылыстар бойынша, анықтайтын ойлардың бұл барлық салттарына беткерілік пен аңғырттық тән, ал бұған өзінде шығармашылық күштері мен суретшінің ар-ұятын сезінетін әрбір адам кекесінсіз және де жаны
күйзелмей қарай алмайды. Сіздерге деген жанның күйзелуі! бұл, әрине, сіздің түсінген мағынадағы жанның түсінесіздер ме? Сөйтіп сіздер өз жан күйзелістеріңіздің «адамдағы жасамыққа», қалыпқа келтірілуі, қиратылуы, соққылануы, жұлқылануы, күйдірілуі, шынықтырылуы, тазартылуы тиістіге, – қажеттілік бойын ша күйзелетінге және күйзелуге тиістіге – қатынасты екендігін түсінесіздер ме? Ал біздің жан күйзелісіміз – ең нашар нәзіктік пен әлсіздік ретінде сіздердің жан күйзелістеріңізден қорғанған кезінде біздің кері жан күйзелісіміздің кімге қатынасты екендігін сіздер түсінбейсіздер ме? Сонымен жан күйзелісі жан күйзеліске қарсы! – Бірақ, тағы бір рет айтайық, рахаттану, күйзелу және жан күйзелістің барлық мәселелерімен салыстырғанда жоғарырақ мәселелер бар; сөйтіп тек сонымен ғана айналысатын әрбір фило софия – аңғырттық. Біздер, имморалистер! – Бұл бізге жақын дүние, біздің сүйініп те, күйініп те өмір сүретін дүниеміз, бұл көзге көрінбейтін, құлаққа естілмейтін дерлік нәзіктелген бұйыру мен бас ию дүниесі, барлық қатынастарында «дерлік» патшалық құрған, күршектелген, зұлым, тікенекті, нәзік дүние, – иә, ол дөрекі көрермендер мен фамильярлық әуестіктен жақсы қорғалулы! Біз міндеттемелердің мықты тора бы мен сауытына құрсалғанбыз және одан шыға алмаймыз – тап осында біз, тіпті біз де, «борыш адамдарымыз»! Кей кездері, рас, біз өз «шынжырларымызда» және өз «семсерлеріміз» арасында билейміз; жиірек, ал бұл да рас, олардың ауыртпалығы астында тістерімізді шықырлатып, өз жеребеміздің құпиялы қатаңдығын сезініп шыдамсыз аласұрамыз. Бірақ біз не болса соны жасай ала мыз: ақыл-есінен жаңылысқандар мен көзге түрткілік бізге қарсы айтады – «бұл адамдар борыш сезімі жоқтар» деп, – ақыл-есінен жаңылысқандар мен көзге түрткілік әрқашан бізге қарсы! Адалдық – бұл біз, еркін ақыл иелері, одан құтыла алмайтын өз ізгілігіміз деп топшылайық, – бұл бізде жалғыз қалған ізгілігіміз бен барлық қастық пен махаббатымызды төгіп жұмыс істейік, сөйтіп адалдықты шаршамай «жетіле түсейік»: оның жарқылы, алтынданған көгілдір күлімдеген кешкі шапаққа ұқсап, бұл топас та түнерген байыптылығымен көне тартқан мәдениетті қашанда бір шарпып өтсінші! Сөйтіп егер, алайда, біздің адалдығымыз
күндердің бір күнінде шаршап-шалдығып, аяқ созып қалатындай болса, сөйтіп бізді тым қатаң деп тауып, оған жақсырақ, жеңілірек болуын, оған жұмсағырақ, жағымды кемшілікке қарағандай қарауды қаласа, – дегенменен біздер, соңғы стоиктер! қатаң болып қалайық, сөйтіп оған көмекке барлық бізге тән сайтандығымызды жіберейік, ... – біздің «Құдайымызға» барлық өзіміздің «сайтан дарымызбен» көмекке барайық! Осыған бола бізді танымаула ры және басқалармен шатастыруы әбден ықтимал, – бірақ бұда тұрған не бар! Біз туралы: «олардың адалдығы» – бұл олардың сайтандығы, және одан басқа ештеңе де емес! деп айтылар, онда тұрған не бар! Сөйтіп егер тіпті бұл әділ бола қалса да! Барлық құдайлар бұған дейін осындай канонға сиғызылған, қайта пре стіленген сайтандар емес пе еді? ... Және де біз ақырында өзіміз туралы не білеміз? Бізді бастап келе жатқан сол бір рух қалай ата лады (барлық іс атауларда ғой)? Және де біз өзімізде қанша рух жасырынған? Біздер, еркін ақылдылар, адалдығымыз біздің ман сап құмарлыққа, біздің әдемі киіміміз бен сән-салтанатымызға, біздің шекарамызға, біздің ақымақтығымызға айналып кетпесіне қамданайық! Әрбір ізгілік ақымақтыққа, әрбір ақымақтық ізгілік ке айналуға бар; Ресейде: «қасиетті дерлік ақымақ» деп айтылады, ақырында адалдығымыздан қасиетті және зеріккен адам болып кетпестің қамын жасайық! Зерігу үшін өмір тым қысқа емес пе? [Әлдене] үшін, мәңгілік өмірге сену керек қой... Бүкіл моральдық философияның бұған дейін адамды зерлік тіргіш болғанын және ұйқы келтіруші құралға жатқанын және де, меніңше, «ізгілікке» бәрінен де көбірек оның жанкүйерлерінің осы зеріктіргіштігінің зиянды болғанын ашқанымды маған кешірер деймін, алайда, мұнымен оның осы сапасының жалпы пайдалылығын мойындамаймын деп айтқым келмейді. Мораль туралы неғұрлым азырақ адамдардың ойланғандары өте маңызды, – демек, моральдың әлдеқашан қызықты бола қалмауы төтенше маңызды болып табылады! Бірақ бұл жөнінде қам жемесе де бола ды. Қазір де іс сол бәз-баяғы қалпында: мен Еуропада мораль ой кешудің қауіпті, тәуекелді, еліктіргіш бола алатыны туралы, – мұнда жазмыш әлдененің бар болуы мүмкін екендігі туралы, – ұғымы бар (не берер) ешкімді де көріп тұрған жоқпын. Мысалы, шаршауды білмейтін, қашсаң да, құтыла алмайтын ағылшын утилитаристері не көз тастаңызшы, олардың Бентамның ізімен қалайша ауыр ба
сып, қандай лайықты түрде әрлі-берлі жүріп жатқанын көресіз..., оның өзінің дәл солай аса құрметті Гельвецийдің ізімен жүргені сияқты... Бәрі де бір жаңа ой жоқ, ескі ойдың да жаңаша тереңірек дамытылуы мен шынайы тарихы берілмеген: бұл жалпы алғанда өзі үшін оны ашу-ызаның әлдебір мөлшерімен тұздықдай алмаған адамға беймүмкін әдебиет. Бұл моралистердің жандарына (егер оларды оқу керек болған күнде де, міндетті түрде әлдебір қосалқы мақсатпен оқу керек) cant47 деп аталатын, бұл жолы ғылымилықтың жаңа формасымен жасырынған моральдық тартюфшылдық болып табылатын ескі ағылшындық кесел еніп кеткен... Түптің түбінде олардың бәрі де ағылшындық адамгершіліктің, тап сол адамзатқа, немесе «жалпы пайдаға», немесе «көпшіліктің бақытына», – жоқ! Англияның бақытына – бәрінен де артық жәрдемдесетін себеп ті мойындалуын қалайды; олар бар күшін салып ағылшындық бақытқа, яғни comfort48 және fashіonға (және де, ең басты, парла менттен креслоға) ұмтылу, сонымен бірге ізгіліктің ақиқат жолы екендігін, тіпті дүниеде бұған дейін өмір сүрген ізгілік тап осындай ұмтылыста жатқанын өздеріне дәлелдеуге тырысады. Бұл ебедей сіз, ар-ұяты назасызданған табынды жануардың бір де біреуінің (ал бұлар эгоистік мүдделерді жалпы игіліктің мүдделерімен теңестіруге бел шешпек) «жалпы игіліктің» тіпті де мұрат емес тігін, мақсат еместігін, әлдебір ақылға қонымды ұғым емес, ал қайта тек адамның құсқысын келтіретін ұғым екендігін, – біреу үшін әділ нәрсе басқа үшін әлі мүлдем әділ болмауы мүмкін екен дігін, жұрттың бәріне бірдей бір моральды талап етудің жоғары адамдарға зиянды екендігін, бір сөзбен, адам мен адам арасында, ал, демек, мораль мен мораль арасында да, дәрежелік айырма бар екенін, – белгісі де, иісін сезгісі де келмейді. Олар, бұл утилита ристер-ағылшындар, адамдардың кішіпейіл де түбірлі орташа түрі болып табылады, сөйтіп, жоғарыда айтылғанындай, олар адамды зеріктіргіш болғандықтан, олардың пайдалылығы туралы жоғары пікірде болып керегі жоқ... Адамға деген сүйіспеншілігімен мақтануға құқығы бар кейінірек дәуірде, «тағы қатыгез аңды» жеңгендік бұл гумандылығы басымырақ уақыттың мақтанышы болғанымен, оның алдындағы қорқыныштың, ырымшыл қорқыныштың қалғаны соншалық, тұтас жүзжылдықтар бойы, уәделескендейін, ап-айқын ақиқаттар ай тылмай келді, өйткені олар (ақиқаттар) қайтадан осы тағы, ақырақ
өлтірілген аңды өмірге шақыратындай көрінетін-ді. Мен, мүмкін,
мұндай ақиқатты өз уысымнан шығара отырып әлдене тәуекелге
ұшырамын, – ал басқалар қайтадан ұстап алып, ол тынышталып,
өзінің ескі бұрышында ұмытылған күйінде жайғасқанша, оны
«ойлардың игілікті салты сүтінің» жеткілікті мөлшерімен суар
сыншы. – Қатыгездікке басқа көзқарасты өзіңе меңгеру керек,
сөйтіп көзіңді ашуың керек; ақырында, мұндай кішіпейілдікке жат,
мысалы, ескі де жаңа философтар еміздірген трагедия жөніндегі
адасуы сияқты, семірген адасулар жер бетінде жайыменен әрі
ауыздықпенен аяқ басып жүрмес үшін, шыдамсыздық танытуға
үйрену керек. «Жоғары мәдениет» деп атап жүргеніміздің түгелі
дерлік қатыгездікті рухтандыру мен тереңдетуге негізделеді –
менің қағидам осындай; жоғарыда сөз болған «тағы аң» өлмеген,
ол бар, ол жандануда, ол тек – құдайланып алды. Трагедияның
азапты тәттілігін құрайтын ие, ол – қатыгездік; трагикалық жан
күйзелісі деп аталатында, шын мәнінде тіпті бүкіл асқақтықта,
метафизиканың жоғарғы және ең нәзік дірілдеріне дейін, адамға
жағымды әсер ететін нәрсе тек қана қатыгездіктің қатысуы
арқасында өз тәттілігін бойына жинайды. Аренадағы римляндық,
кресттің шаттығындағы христиандық, алаулаған оттың неме
се бұқалар сайысы көрінісінің алдындағы испандық, трагедияға
ұмтылатын қазіргі жапондық, қанды революцияларда құмарта
сағынатын Париж төңірегінің жұмысшысы, Тристан мен Изоль
даны шаршап шырқы қашқан еркімен «көріп күйзелетін» вагнер
лік әйел, – бұлардың бәрі де бір нәрседен – «қатыгездіктің» ұлы
Циркеясының уытты заттарынан – құпия ашқарақтықпен құныға
ләззәт алады. Соның өзінде, әрине, қатыгездік туралы тек бір ғана
ол бөтендердің қайғы-қасіреттерін көргенде туындайды дейтінді
қайталап беретін ақымақтың ескі психологияны тарс қуу керек:
өз күйзелісіңде, өзіңе өзің күйзелтуде де үлкен, тым үлкен ләззәт
алу бар, – адамның діни мағынада өзді-өзінен бас тартуға немесе
өзін-өзі жарақаттауға басы ауған ... барлық жағдаяттарда, – оны
құпия түрде өзінің қатыгездігі құштандырып алға итермелейді,
өзді-өзіне қарсы арналған қатыгездіктің қауіпті қалтыраулары алға
тартқылайды. Түптің түбінде мынаны еске алған жөн: тіпті таным
адамы да, өз рухын оның ұмтылысына кереғар түрде және жиі-жиі
өз жүрегінің қалауларына кереғар түрде тануға, яғни ұйғарайын
ба дегенін терістеуге, бас иемін бе дегенін сүюге мәжбүрлегенде,
қатыгездікті қастерлейтін суретші ретінде әрекеттенеді; әрбір
тереңге үңгілеудің өзінде-ақ күштеу жатыр, қажымай-талмай
көрініп-білінетінге және беткейлікке ұмтылатын рухтың соңғы еркін күйзелтуге деген тілек жатыр, – танымдарға деген әрбір ұмтылыстың өзінде-ақ қатыгездіктің тамшысы бар. Менің мұнда «рухтың соңғы еркі» туралы айтқаным, бірден түсініксіз болып көрінуі мүмкін, сөйтіп сіздер бұл жөнінде кей бір түсіндірме беруге маған рұқсат етерсіздер. – Халық «рух» деп атайтын әмірлі әлдене өзінде және өз айналасында билеп-төстеуші болғысы келеді, өзін билеп-төстеуші болып сезінгісі келеді: оның көптіліктен бірлікке ұмтылатын, байланыстыратын, өзіне қарататын, билікті сүйетін және шынымен өкімі күшті еркі бар. Оның бұған қатынасындағы мұқтаждықтары мен қабілеттері физиологтардың өмір сүретіннің, өсіп-өнетіннің бәрі үшін ашқандары қандай бол са, дәл сондай. Рухтың жат нәрсені меңгеруге қабілеті жаңаны ес кіге ұқсатуға, түр-түрліні қарапайымдатуға, қайшылықтыны көзге ілмей немесе мүлдем ысырып тастауға деген күшті бейімділік те байқасталады: дәл солай оның өзіне жат нәрсенің, «сырттан» келетіннің бәрінде әбестікпен белгілі қырлар мен сызықтарды күштірек баса көрсететіні, алға тартатыны, өзі ыңғайына кел тіретіні сияқты. Және де жаңа «тәжірибелерді» іске асыру, жаңа зат тарды ескі қатарларға қосу, – демек, өсуді үлкейту, тағы да дәлірек айтқанда, өсуді сезіну, көбейген күшті сезіну, – оның мақсаты бо лып табылады. Сол ерікке рухтың, тегі, қарама-қарсы ұмтылысы да қызмет етеді, кенет жалындайтын қалыс қалуға деген шешіл гендік, өз бей-берекетсіздігімен өз-өзіне тұйықталу, өз әйнектерін жабу, ондай не мұндай заттан іштей бас тарту, өзіне ешкімді жі бермеу, білімге берілетін көптеген нәрселерге қарсы қорғаныстың тұрғы сияқты әлдене, қараңғылықпен, тұйықталған көкжиекпен қанағаттанғандық, білместікті ұйғару және қолдау: рухтың меңгерерлік күшінің дәрежесіне, немесе, бейнелеп айтқанда, оның «тамақ қорыту күшіне» тәуелді осының бәрі керек, – шынында да «рух» көп нәрседе асқазанға ұқсас. Бұған дәл солайша, мүмкін, бұл шын мәнінде бұлай емес екенін, ал тек осылайша саналаты нын алдын ала тентектікпен сезінудегі рухтың алдауға көнуге деген еркетотай еркі де жатады; барлық дұрыс емеспен және көп мәндімен рахаттану бұрыштың әбес тарлығы мен жайлылығына, тым жақын, үлкейтілген, кішірейтілген, қисайтылған, боямалаған алдыңғы ауқымға шаттана ләзәттану, – қуаттың барлық осы көріністерінің әбестігіне өздігінен ләзәттану. Соңында, бұған
рухтың басқа рухтарды алдауға және олардың алдында өтірік кісімси қалуға деген осы әжептәуір шүбәлі дайындылығы, жасам паз, құрағыш, өзгерістерді тудыруға қабілетті күштің осы тұрақты жаншуы мен қысымы жатады: рух өз маскаларының басқабасқалығымен және өзінің қулығымен, және де өз қауіпсіздігін сезінумен рақатқа батады, – өзіне тән Протейдің өнері арқасында ол бәрінен де жақсырақ қорғалған және жасырылған! – Көзге ұрынып көрінгенге, оңайлатуға, маскаға, плащқа, бір сөзбен, беткейлікке – өйткені әрбір беткейлік плащ болады – деген осы ерікке танушы адамның заттарды терең, жан-жақты, негізді қарастыратын және осылай қарастырғысы келетін көтеріңкі бейімділігі қарсы тұрады: бұл бейімділік интеллектуалдық ар-ұят пен талғамның қатыгездігі сияқты әлдене болып табылады, ал мұны әрбір батылдау ойшыл, егер де ол, солайша болуға тиісіндей, өзінің өзіне қатынасында өз қырағылың жеткілікті ұзақ шыңдаған әрі әккілендірілген бол са және қатаң тәртіп пен қатаң сөздерге әдеттенген болса, өзінде мойындайды. Ол: «менің рухымның бейімділігінде қатыгез әлдене бар» дейді, – ал енді қайырымды да сыпайы адамдар оны мұнысынан жерітіп ала көрсінші! Шыныменен де, егер де, біз туралы сыртымыздан сөз қозғап, бізге қатыгездіктің орнына, айталық, «асқан адалдықты» тағып, сол үшін мақтап-мадақтап жатса бізді, еркін, тым еркін ақыл иелерін, онда бұл жағымдырақ естілер еді, – шынымен де әлдебір кезде біздің өлгеннен кейін гі даңқымыз осындайлық болмас па екен? Ал әзірше – өйткені ол кезге дейін әлі уақыт баршылық – моральдық сөздердің мұндайлық әшекейін іліп алып сән құруға біз соншалықты құмар емеспіз: біздің бүкіл бұрынғы жұмысымыз тап осы ойнақы сәнсалтанаты мол талғамға деген құлқымызды басып тастайды. Бұл керемет, жарқыраған, саңқылдақ, салтанатты сөздер: «адалдық», «ақиқатқа деген махаббат», «таным үшін құрбандық», «шыншыл адамның героизмі», – бұларда адами астамшылдықты маздататын әлдене бар. Бірақ біздер, қаңғыбастар мен көртышқандар, біздің қаңғыбастық ар-ұятымыздың құпия қалтасында бұл лайықты сөз байлығының да ескірген жалған әдеміліктің шүберегі мен бейсаналық адами мансапқорлықтың жарқылына жататынына және осындай жарамсақ бояу мен шимайдың ар жағынан homa natura-ның қорқынышты түпнұсқасы қайтадан танылуы тиіс екені не өзімізді баяғыда-ақ сендіріп қойғанбыз. Адамды қайта табиғат тіліне аударту; homa natura-ның осы мәңгілікті түпнұсқасына бұған дейін шимайланған мағынаның көптеген мансапқор әрі арманға
толы түсіндірмелері мен реңктерін игеру; алда да, қазіргі кезде
гідей, ғылымның тәртібімен шынықтырылып, Эдиптің қырағы
көзімен әрі Одиссейдің бекітіліп тасталған құлақтарымен, «сен
үлкенірексің! Сен жоғарырақсың! Сен басқа тектісің!» деп тым
ұзақ әндеткен бұрынғы құс аулаушы-метафизиктердің барлық ар
бауларына тас керең, сыртқары табиғаттың алдында тұрғанындай,
адам адамның алдында тұруына қол жеткізу – бұл сирек те ақылға
қонбас міндет болып табылар еді, иә тап міндеттің өзі – кім мұны
жоққа шығарған болар еді! Не үшін біз оны, осы ақылға қонбас
міндетті таңдап алдық? Немесе, басқаша сұрасақ: «таным жалпы
не үшін?» – Бұл жөнінде кез келген бізден сұрай алады. Сөйтіп,
осылайша тығырыққа тірелген біздер, осы сұрақты жүздеген рет
өзді өзімізге қойып жүрген біздер, ең дұрыс жауапты таппадық
және табатын емеспіз...
Оқу-білім бізді түрлендіреді, ол кез келген қоректің, – ал бұл
физиологтарға белгілі болғанындай, тек «қолдап» қана қоймайды,
– істегенін істейді.
Бірақ біздің жаратылысымыздың негізінде, сонда, «ең төменде»,
әрине, оқып-үйренуге білмейтін әлдене, рухани фатумның*, ал
дын ала анықталған, таңдамалы сұрақтарға алдын ала анықталған
шешулер мен жауаптардың, әлдебір граниті бар. Әрбір қиын да
күрделі мәселе кезінде мызғымас әлдене: «бұл мен» дейді; ай
талы, еркектер мен әйелдер тақырыбында ойшыл жата-жастана
қайталап оқып-үйреніп жатпайды, ал тек қана үйреніп шыға ала
ды, – тек бұл жөнінде онда «қатаң анықталғандығы» ғана соңына
дейін аша алады. Кей кездері тап біздерді күшті сенімге иландыра
тын мәселелердің белгілі шешімдерін табамыз; мүмкін, сол кезден
біз оларды өздеріміздің «наным-сенімдеріміз» деп атай бастаймыз.
Кейінірек – олардан тек өзді-өзімізді тануға бағытталған біздің
қозғалысымыздың іздерін ғана, тек біздің өзіміз болып табылатын
мәселеге – шынтуайтынында, біздің өзіміз болып табылатын ұлы
ақымақтыққа, біздің рухани фатумымызға, сонда, «ең төменде»,
жатқан оқып-үйренуге көнбейтін элементке – апаратын жол
бойындағы бағаналарды ғана көреміз. – Өзіме қатынасты жаңа ғана
менің көрсеткен сыпайыгершілігіне орай, маған, мүмкін, «өзді-өзі
әйел» туралы кейбір ақиқаттарды айтуыма рұқсат етілер деймін:
* фатум - тағдыр
манағы, енді бұл ақиқаттардың қаншалықты менің ақиқаттарым екендігі алдын ала белгілі болды ғой деген топшылаумен. Әйел дербес болғысы келеді: және де сол үшін ол еркектерді «өзді өзі әйел» жөнінде үйрете бастайды, – міне Еуропаның жалпы лама сұмпайылануының ісіндегі ең өрескел табыстарының бірі неде жатыр. Өйткені әйел оқымыстылығы мен өзін жалаңаштауының бұл дөрекі тәжірибелері тек нені ғана айқара ашпайды! Әйелдің ұялыуына деген себептері соншама көп: әйелде жасырын жатқан педантизм, беткейлілік, тәлімгерлік, ұсақ менмендік, ұсақ долылық пен бөспелік соншама – оның балалармен қарым-қатынасына көз салсаңыз болғаны, – ал мұның бәрі, шын мәнінде, бұған дейін ең дұрысы еркек алдындағы қорқынышпен тежеліп және тұсауланып келген болатын. Егер де тек «әйелдегі мәңгі-зеріктір гіш» нәрсенің – ал ол оған бай! – сыртқа шығуға батылы барса, онда бұл қасіреттің тап өзі! Егер ол принципті әрі түпкілікті түрде өзіне тән ақыл-зейінін және әсем, ойнақы бола білуін, қапа-мұңды жолатпайтын, жағдайды жеңілдететін және бәріне де жеңіл-желпі қарайтын өнерін ұмыта бастаса, – егер ол ұнамды құмарлықтарға деген өзінің нәзік бейімдеушілігін түпкілікті жоғалса ше? Қазірдің өзінде-ақ қасиетті Аристофанмен ант етемін! – үрей туғызарлық әйел дауыстары естілуде; медициналық анықтылықпен әйелдің ер кектен ең алдымен және түптің түбінде нені қалайтыны жөнінде қоқан-лоққы естіледі. Ал бұл, егер әйел міне осылай оқымысты болғысы келетін босла, ең жаман талғамның көрінісі емес пе? Бұған дейін, бақытқа орай, ағарту еркектің ісі және дарыны бо латын, – сөйтіп «өз адамдарыңның арасында» қала беруге бола тын-ды; әйелдердің «әйел» туралы жазғандарының бәрін ескере отырып, біздің, ақырында, әйел өзі жөнінде ақылдарды ағартуды қалайтынына және қалай ала алатынына күмәндануға толық құқығымыз бар... Егер, солай істей отырып, әйел өзіне жаңа киім іздемесе, – ал мен әдемі киіну өнері. Мәнгілік – Әйелдікке жата ды-ау деп топшылаймын? – демек, оның өзіне деген қорқынышқа иландыруды қалағаны: ол, мүмкін, мұнысымен билікке қол жет кізуді қалайды. Бірақ ол ақиқатты қаламайды – әйелдің ақиқатта не жұмысы бар! Ең алдымен әйелде ештеңе де ақиқатқа қарағанда оғаш, жағымсызырақ, ұнамсызырақ бола алмайды – жалған оның ұлы өнері болып табылады, оның басты аңсары иллюзия мен сұлулықта. Біздер, еркектер, мойындайықшы: біздер әйелде тап осы өнер мен осы инстинктті бағалаймыз да сүйеміз ғой; біздің өміріміз ауыр, өмірімізді жеңілдендіру үшін біз осы жарандардың қауымына
құмарлана қосыламыз, ал бұлардың қолдары, қиылған көздері мен нәзік қылық-шылықтары астында біздің байыптылығымыз, біздің мінез-құлқымыздың ауырлығы мен тереңдігіміз ақымақтық тәрізді болып көріне бастайды. Ақырында, мен мына сұрақты қоямын: әйелдің өзі қандай да болмасын әйел ақылындағы тереңдікті, қандай да болмасын әйел жүрегіндегі әділдікті мойындаған заман болып па еді? Және де, жалпы айтқанда, бұған дейін «әйелге деген» ең зор жеккөрінішпен қарайтын біз емес, әйел екені шындық емес пе еді? – Біздер, еркектер, түсіндірмелермен өз атына кір келтіруін қойса екен деп тілейміз; әйелге деген еркектік қамқорлық пен құнттылықты шіркеудің: mulіr taccat іn ecclesіa! – деп қабылдаған қаулысынан көруге болады. Наполеонның тым сөздер де Сталь ханымға: mulіer taceat іn polіtіcіs! – дегені де әйелдің пайдасы на қызмет етті, ал, менің ойымша, қазір оларға: mulіer taceat de mulіere!49 – деп дауыс көтере айтқан адам әйелдердің нағыз ұлы болып табылады. Әйелдің Ролан ханымға, немесе Сталь ханымға, немесе Жорж Санд мырзаға тікелей сілтеме жасауы, мұныменен «өзді өзі әйелдің» пайдасына әлденені дәлелдеуге болатындай-ақ, – бұл, оның жағымсыз талғамның белгісі екендігін былай қойғанда, – инстинкттің бұзылуының белгісі болып табылады. Еркектер ара сында аттары аталған адамдар – тек үш өзді-өзі каникалық әйелдер ғана, – одан артық емес! – және де дәлме-дәл әйел эмансипациясы мен билігіне қарсы жойқын күшті ырықсыз контраргументтер бо лып табылады. Аспазханадағы ақымақтық; әйел аспазшы ретінде; отбасының және оның қожайынының тамақтануы туралы қамқорлық ойдың мүлдем жоқтығы! Әйел қоректің не екенін түсінбейді; сөйте оты рып аспазшы болғысы келеді! Еегер де әйел ойға бейім жаранды болса, онда, әрине, мыңдаған жылдар бойы аспазшы бола жүріп, ұлы физиологиялық фактілерді ашуы, дәл солай дәрігерлік өнерді игеруі тиіс еді. Жарамсыз аспазшылар арқасында, аспазханада ақыл-ойдың толығымен жоқ болуы арқасында адамның дамуы бәрінен де ұзақ тежеледі, оған жойқын күшті зиян келтіріледі; қазіргі біздің кезімізде де іс оңалған жоқ. Бұл сөз жоғары дәрежелі әйел балаларына арналған.
Ақыл-ойдың кейбір айналымдары мен лақтырмалары, сентен циялары болады, – сөздердің кішігірім уыс-уыстары тәріздес. Ақыл-ойдың, кенет тұтас мәдениетті, тұтас қоғамды сығымдап ауқымына сыйғызатын сөздердің кішігірім уыс-уыстары тәріздес кейбір айналымдары мен лақтырмалары, сентенциялары болады. Бұлардың қатарына мына де Ламбер ханымның өз ұлына айтқан кездейсоқ сөздері де жатады: «mon arm, ne vous permetter jamaіs que de folіes, quі vous feront grand plaіsіr»50, – сырағысын айтқанда, ананың қашанда болмасын ұлына айтқан ең естияр сөздері. Данте мен Гетенің – біріншісі «ella guardava suso, ed іo іn leі»51 деп әндеткенде, екіншісі мұны: das Ewіg – Weіblіche zіent uns hіnan» (Мәңгілі – Әйелдік бізді жоғарыға жетелейді) деп аударғанда – әйел туралы ойлағандары, әрбір бекзаттырақ әйелдің мұндай сенімге қарсы тұратынына менің еш күмәнім жоқ, себебі дәл соны ол Мәңгілі-Еркектік туралы ойлайды... ... Бұған дейін еркектер әйелдерге жолдан адасып, әлдебір құздардан оларға ұшып келген құстар сияқты қатынасып келді: олар әйелдерді жоғары дәрежелі нәзік, жараланғыш, тағы, кере метті, тәтті, жаны толық әлдене деп, бірақ сол мезетте де ол ұшып кетпеуі үшін қамап ұстауы қажет әлдене деп қабылдайды. «Еркек пен әйел» негізгі мәселесін шешкенде қатеге ұрыну, мұндағы терең антагонизм мен мәңгі дұшпандық кернеуліктің қажеттілігін теріске шығару, мұнда, мүмкін, тең құқық туралы, тәрбиенің теңдігі, талап пен міндеттірдің теңдігі туралы арман дау – бұл ақыл қысқалығының типтік белгісі, бұл қауіпті пунктте қысқа – инстинктте қысқа! – болған ойшылды күдікті деп, одан да әрмен, жұмбағы ешеілген, анық-танығына әбден көз жеткен деп са нау керек; және өмірдің, оның ішінде, болашақ өмірдің де, барлық сұрақтары үшін де ол, ықтимал, тым «тайыз» болып шығуы, сөйтіп еш тереңдікке жете алмауы мүмкін. Керісінше, ақылы да, талаптілектері де терең адам, сонымен бірге ерік-жігерінде қатал да қатаң адам, – мұндай адамның оп-оңай қатал да қатаң деп аталып кетуі, – әйел туралы әрқашан тек шығысша ойлай алады: ол әйелде
иемдену нәрсесін, қамап қоюға да болатын меншікті, қызмет етуге арнайыланған және бұл салада жетілуге даяр әлденені көруге тиіс – ол бұл жағдаятта Азияның асқан зор зердесіне, оның инстинкттің басымдылығына сүйенуі тиіс; дәл осылай әлдебір уақыттарда грек тер, Азияның бұл ең жақсы ізбасарлары мен шәкірттері, – жасаған болатын: ал олар, белгілі болғанындай, Гомерден Периклге дейін, өсіп келе жатқан мәдениетпен және биліктің кеңеюімен бірге, әр қадам сайын әйелге қаталырақ бола түсті, қысқасы, олардың шығыстық қасиеттері арта түсті. Қаншалықты бұл қажет болды, қаншалықты қисынды, тіпті қаншалықты адами тұрғыдан алғанда аңсарлы болды, – бұл туралы әркімнің өз іші білсін! Әлсіз жыныс біздің ғасырымыздағыдай әлі ешқашанда ер кектер жағынан осыншама құрметпен пайдаланған емес, – бұл, кәрілікке деген сый-құрметтің жоқ екендігі сияқты, демократиялық бейімділіктер мен негізгі талғамдарға жатады, – егер де бұл құрметпен сол сәтте-ақ теріс пайдалана бастаса, таңқаларлық несі бар? Одан да артық болғанын қалайды, талап етуге үйренеді, құрметтеудің бұл белгісін ақырында қорлаудай көреді, құқықтарға ие болғанды, солар үшін нағыз күрес жүргізгенді артық көреді: бір сөзбен, әйел ар-ұятын жоғалта бастайды. Со сәтте-ақ қосып қояйық, ол талғамын да жоғалта бастайды. Ол еркектен қорқудан қала бастайды: бірақ «қорқудан қала бастап», әйел өзінің ең әйелдік инстинкттерінен айырылады. Еркектің қорқынышты көрінетін жағы, анығырақ айтқанда, еркектегі еркек керексіз болса және тәрбиемен қалыптастырылмайтын болса, онда әйелдің алға шығуға батылының баруы, бұл әбден орынды және де әбден түсінікті; түсінуге қиыны – тап осы себептен әйелдің аза бастауы. Бұл осы біздің күндері орын алуда – өзімізді бұл жөнінде алдаусыратпайық! Өндірістік рух әскери және аристократиялық рухты жеңген жердің бәрінде де енді әйел приказшіктің экономикалық және құқықтық дербестігіне ұмтылады: «приказшіктің рөліндегі әйел» жаңадан құрылып жатқан қоғам қақпасының алдында тұр. Ол осылай ша жаңа өнегеге қол жеткізіп, «билікке ұмтылып», әйелдік про гресті өз тулары мен жалаушаларына ұран қылып іліп жүрген осы уақытта, қорқынышты айқындылықпен кері үдеріс орын алуды: әйел кері кетуде. Француз революциясының кезінен бастап Еуро пада әйелдің ықпалы оның құқықтары мен талаптары өскен сай ын кеми түсуде; сөйтіп «әйел эмансипациясы», әйелдердің өздері
(еркек текті топастар ғана емес)соны қалап және қолпаштап жүргендіктен, ең бір әйелдік инстинкттердің барған сайын өсіп бара жатқан құлдырауы мен мұқалуының кереметтей симптомы болып табылады. Бұл қозғалыстың ар жағында еркектік ақымақтық деуге боларлық ақымақтық жатыр, ал бұдан әрбір жөні түзу әйел – ал әрбір мұндай әйел ақылды – өзінің барлық жан-тәнімен ұялуға тиісті-ақ. Жеңіске жетудің ең ұтымды жолы қандай екендігіне де ген сезімталдықтьы жоғалту; өзіне тән қаруды қолдана білуді менсінбеу; еркектің алдында өзін соншалықты дәрежеде, мүмкін, «кітапқа енуге дейін», босаңсыту, ал бұрынырақта бұл жағынан тәртіп және нәзік қушыгешті байыптылық сақталатын; еркектің әйелде жасырынған мүлде басқа мұратқа, Мәңгі – және ҚажеттіӘйелдік әлденеге, деген сеніміне ізгілікті дөрекілікпен қарсы тұруы; табанды бос сөзбен өте нәзік, тамаша тағы әрі жағымды үй жануары ретінде әйелді сақтау, қамқорлыққа алу, қорғау, аяу ке ректігі турасында еркекті сенімінен айрылту; бұрынғы қоғамдық құрылыс кезінде әйелдің жағдайында орын алған әлі де алып келе жатқан құлдық пен крепостнойлықтың элементтерін ебедейсіз және ашумен іздестіру, – осының бәрі әйелдік инстинкттердің күйреуі, әйелділікті жоғалту емей немене? Әрине, еркек жыныс ты оқымысты есектер арасында әйелдердің топас достары мен оларды бұзатындар бар, олар әйелге жалпы әйел баласына тән нәзіктіктен осындай жолмен арылуға, сөйтіп еуропалық «еркек» ауыратын, еуропалық «еркектік» ауыратын ақымақтықтардың бәріне еліктеуге кеңес береді, – олардың әйелді «жалпы білімге» дейін, тіпті газеттерді оқуға және саясатпен айналысуға дейін құлдыратқылары келеді. Кейбір жерлерде әйелдерден тіпті еркін ойшылдар мен әдебиетшілерді жасағылары келеді... – барлық жер лерде дерлік олардың жүйкелерін саздың барлық тектерінің ішінен ең аурушаң әрі ең қауіптілермен (біздің ең жаңа немістік сазбенен) құртады, сөйтіп оларды әр күн сайын ашушаң және өзінің басты және соңғы талапты – дені сау балаларды табуға қабілетсізірек жасайды. Сөйтіп жалпы, мәдениеттің көмегімен «әлсіз жынысты» одан әрі екшей түсуді және, әншейінде айтылатынындай, күшті қылуды қалайды: адамды «екшей түсу» мен босаңсытудың – атап айтқанда ерік күшінің босаңсытуының бытыратылыуы, нашар соқтануының әрқашан жұбын жазбай бірге жүретініне және әлемнің ең құдіретті, әрі ықпалды әйелдерінің (ақырында, Наполеонның анасы да) өз құдіреттілігінен әрі еркектерден басымдылығынан тіпті де мектептегі мұғалімдеріне емес, өз еркінің күшіне мін
детті екеніне тарих бізді сенімді түрде үйретпейтіндей-ақ тіпті!
Әйелге деген құрмет, ал көбіне қорқыныш да тудыратын, – бұл
оның еркектің натурасынан да «натуралдырақ» болатын натура
сы, оның нағыз жыртқыштық, зұлыми әсемдігі, оның қолғабының
астындағы жолбарысқа тән өткір тырнақтары, оның эгоизміндегі
аңғырттығы, оның тәрбиеге көнбейтін ішкі тағылығы, оның талап-
талғамдары мен ізгіліктеріндегі танып-білуге берілмес құшаққа
сыймас, көзге ілінбес әлдененің барлығы... Осы қауіпті әрі әдемі
мысыққа, әйелге, барлық қорқынышпен бірге жаныңның ашып,
көңіліңнің ауып, қасірет-қайғысын бірге бөлісуге не итермелейді
десек, онда бұл оның қандай да болмасын жан-жануарға қарағанда
көбірек қайғы-мұңға салынғыштығы, оңай мұқалғыштығы,
сүйіспеншілікке көбірек мұқтаждығы және көңіліңнің тым тез
қайтуға көбірек бейімділігі. Қорқыныш пен қасірет-қайғысына
ортақтасу: бұған дейін еркек әйелдің алдында осы сезімдермен,
әрқашанда бір аяғымен оның жанын жұлып жейтін және сонымен
бірге сиқырша алдаусырататын трагедияға бата тұрып келген бо
латын. – Қалай? Сөйтіп мұның ақыр-соңының келгені ме? Сөйтіп
әйелдің бейсиқырлануының басталғаны ма? Сөйтіп әйел біртіндеп
барған сайын іш пыстыратындай зеріктіргіш бола бермек пе? О
Еуропа, Еуропа! Саған әманда ерекше тартымды болып көрінетін
мүйізді аңды біз білеміз, – саған одан әлі де қауіп төнуде! Сенің
ескі мысалың тағы да «тарихқа» айнала алады, – тағы керемет зор
ақымақтық сені билеп-төстеп, еліктіріп әкетуі мүмкін! Және де
оның астарында ешқандай да құдай жасырынып тұрған емес, жоқ!
Тек «идея» ғана, «қазіргі заманғы идея»!...
Ф. Ницше.
По ту сторону добра и зла.
Москва-Харьков, 2005. С. 557-694.
Түсініктемелер
1. Бәрінен де күмәндәну (лат.). 2. Ақымақтық, сандырақ (франц.). 3. Есек келді. Әдемі және өте күшті. 4. Қоспа (франц.). 5. Философиялық мылжың. 6. Немістік ақымақтық (франц).
7. «Өйткені онда ұйықтататын күш бар, ал бұл күш өз табиғаты
бойынша сезімдерді ұйықтатады. (лат). 8. Сандыраққа айналдыру... өзді өзінің себебі (лат). 9. Анықталатын сөз бен анықтаманың арасындағы қайшылық
(лат). 10. Әрекет – бұл мен (франц). 11. Адам азабының діні (франц). 12. Құдай да жоқ, қожайын да жоқ (франц). 13. Ақылды құрбандыққа шалу (итал). 14. Бұл санскриттік үш сөз мынаны білдіреді: Гангтың
ағымының жүрісімен (presto), тасбақаның жүрісімен (lento),
бақаның жүрісімен (staccato).
15. Әдет-ғұрыптарға және өнерлердегі (лат). 16. Әмірші (итал). 17. Кішкентай дерек (франц). 18. Құдайдың адвокаты (лат). 19. Реңкілер (франц). 20. Ол ақиқатты қайрымдылық жасау үшін ғана іздейді
(франц). 21. «Жақсы философ болу үшін, құрғақ, анық, иллюзиялардан
бос болу керек. Жолы болған банкирде аз да болсын философияда
жаңалық ашуға, яғни барды анық көруге бейімделген мінез бола
ды» (франц., Стендаль).
22. Заманы өткен типті (франц). 23. Ницше Ренаннан дәйексөз келтіреді: «Дін қалыпты адамның
жемісі деп, адам ең діндар және шексіз тағдырға ең сенімді
болғанда, ол ең шыншыл да болады... Тек мейірбан болған кезде
ғана, ол мейірбандықтың мәңгілік тәртіпке сай болғанын қалайды,
тек заттарға немқұрайды көзқараспен аңғарғанда ғана, ол өлімді
жөнсіз және сандырақ деп табады. Осы сәттерде адам бәрінен де
жақсы көре алады деп қалайша топшыламассың?»... көбіне діни
ақымақтық» (франц).
24. Мистикалық және физикалық бірлік (лат). 25. Құдайдың шыр айналмасы (лат). 26. Тақуалық алдау... тақуасыз алдау (лат.) 27. Нағыз махаббатта жан тәнді билейді (франц). 28. Жақсы әйел және жаман әйел де қамшыны керек етеді
(итал., Сакетти. Новеллалар). 29. Ешкімге кеселіңді тигізбе, және жұрттың бәрінен де,
қолыңнан келгенше көмектес (лат).
30. Бейбастық, бетімен кеткендік (франц). 31. Алдында Платон, артында Платон, ал ортасында түкте
емес (грек). 32. Жарықта болған, қараңғыда да орын тебеді (лат). 33. Тацит. Тарих V8. 34. Әдет-ғұрыптардың бетімен кеткендігі (лат.). 35. Өз жараларын көрсету (франц). 36. εποχη деген грек сөзінен – пайымдауды тоқтату, күмәндәну.
Терминді, тегі, скептикалық позицияны білдіру үшін Аркелсилой
енгізген болуы керек. Жаңа философияда Гуссерльдің феномено
логиясында қолданылады.
37. Өлі қалдықтар (лат). 38. Оңтайлы әзіл, күш айласы (франц). 39. Мен ештеңені де дерлік жек көрмеймін (франц). 40. Жаңша ішінде (лат). 41. Ізгі еріктің (лат). 42. Өнер өнер үшін (франц). 43. Бұл фаталистік, ирониялық, мефистофелдік рух (франц). 44. Буржуазиялық ақымақтық (франц). 45. Ізгі ерік адамы (лат). 46. Ауқымды рух (франц). 47. Пасықтық (ағылш). 48. Комфорт және кереметтей жайлылық (ағылш). 49. Әйел иә шіркеуде үндемесін (лат). 50. «Достым менің, өзіңізге үлкен ләззәт әкелетін бейбастық
тардан басқа ештеңені де дарытпаңыз» (франц). 51. Ол жоғарыға қарады, ал мен оған қарадым (итал).
БИЛІККЕ ЫРЫҚ Барлық құндылықтарды қайта бағалау тәжірибесі І. Нигилизм*. Нигилизм осы уақытқа дейін болып келген болмыстың құндылығын түсіндірудің салдары ретінде Нигилизмнің мәнісі не? Ең биік құндылықтардың бағасының жоғалуын көрсету. Мақсаттың жоқтығы. “Не үшін” деген сауалға жауаптың жоқтығы. Шегіне жеткен нигилизм – мойындалып жүрген ең биік құндылықтарға қатынасында әлемнің абсолюттік мәнсіздігіне көз жеткізуде; оған қандай да болмасын о дүниелікті немесе өзі өздігінде бар нәрсені құдіреттің көрінісі, моральдылықтың іске асқан түрі деп мойындауға ешқандай құқығымыздың жоқ екендігін санамызға түю қосылады. Бұндай сана қайта оралған “шыншылдықтың” салдары, олай болса, оның өзі – моральға сенудің жемісі. Христиандық моральдық жорамалдың қандай артықшылықтары бар еді? 1) Қалыптасу мен жоғалудың ағымындағы болымсыздығына әрі кездейсоқтығына қарамастан ол адамды абсолюттік құндылық ретінде бағалады; 2) Зұлымдық пен азапқа толы болса да, ол әлемге жетілгендік сипат беріп, құдайдың ақтаушысы қызметін атқарды, нәтижесінде зұлымдық соншалықты мәнді болып шықты; 3) Оның түсінуінде адамда абсолюттік құндылықтарды білу бар, сондықтан да ең маңызды нәрселер үшін адекваттық** таным берді; 4) Ол адамды адамға деген жиіреніштен, өмірге наразылықтан, танымдағы шарасыздық сезімінен қорғады, ол адамға өзін сақтаудың құралы болды… Антиномия*** мынада: біз моральға сенгендіктен болмысты жазғырамыз. * Нилигизм (лат. nіhіl – ештеңе) – белгілі бір құндылықтарды теріске шығару, мойындамау. ** Адекваттық (лат.) – сәйкес, бара-бар, өзіне-өзі тең. *** Антиномия (гр.) – екеуі де дұрыс деп есептелетін екі тұжырымның бір-біріне қарама-қарсылығы.
Адамдардың, әсіресе аса ауыр әрі өте қымбатқа түсетін шақтарында өз өмірін жұмсайтын ең биік құндылықтар, әлеуметтік құндылықтар – олардың мәнін арттыру үшін құдайдың әмірі деп қаралып – адамдардан жоғарғы “реалдылық”, “шын” дүние, ақырғы үміт және келешек дүние деп орнықтырылды. Сол құндылықтардың шыққан көзінің тұнық еместігі анықталып жатқанда енді әлемнің өзі бізге ешбір бағасы жоқ “мәнсіз” болып көрінеді… Бірақ, бұл тек өткінші қалып. ІІ. Космологиялық құндылықтардың құлдырауы А Белгілі бір психологиялық қалып ретінде, нигилизм, бірінші ден, барлық болып жатқан нәрселерден “мағына” іздеп, бірақ ешбір таба алмай, жігер мұқалғаннан кейін пайда болады. Ондайда ниги лизм тым ұзақ уақытта күштердің босқа жұмсалғандығының са насы, шарасыздықтың азабы, ешнәрсеге сенімсіздік, бір нәрседен тірек тауып, рухыңа тыныс беруге мүмкіндіктің жоқтығы – өзіңді өзің ұзақ уақыт алдарқатқандай ұялу сезімі… Іздейтін мағына мы надай нәрселер болуы мүмкін: белгілі бір аса биік адамгершіліктің шартын “іске асыру”, адамгершілік жайлаған әлем, немесе тірі жандардың арақатынастарындағы сүйіспеншілік пен үйлесімдік, немесе жаппай бақыттылыққа жақындау, немесе тіпті жаппай “ештеңелікке” қарай ұмсыну – мақсаттың өзі белгілі бір мағына (мән) болып тұрады. Осы сияқты түсініктердің бәріне тән нәрсе – белгілі бір ұмтылатын мақсатқа үдерістің нәтижесінде қол жету ке рек; ақырсында ешнәрсеге қол жетпейтіндігі туралы сана пайда бо лады, олай болса, нигилизмнің туу себебі мақсатты қалыптасудың елесінен түңілушілік: белгілі бір мақсаттан түңілушілік неме се тіпті қандай да болмасын мақсаттылықтың татымсыздығы жөнінде саналау, өйткені осыған дейінгі бүкіл “дамуды” қамтитын мақсаттардың мәнділігі пәс болып шықты (адам бұдан былай қалыптасудың қызметшісі де, ұйытқысы да емес). Б Екіншіден, психологиялық көңіл-күй ретінде нигилизм барлық болып жатқан нәрселердің әшәнде, астында белгілі бір бірлік, жүйе, ұйымдастық бар деп сенгенде; соның арқасында бір нәрсенің алдында бас иіп, таңданып, шаттануға бейім жан билік пен басқарудың бір жоғарғы формасына еліккенде (егер
бұл логиктің жаны болса, оның елтуі үшін абсолюттік жүйелілік
пен реалдық диалектиканың өзі де оны барлық нәрселермен
үйлестіруіне жеткілікті…). Белгілі бір бірлік, “монизмнің” бір
формасы: осындай нанымның салдары ретінде – құдайдың modus-
ы тәрізді өзінен шексіз жоғары бір тұтастық пен тығыз байланы
сын әрі одан терең тәуелділігін сезінетін адам… “Тұтастықтың
игілігі жекелікті құрбан етуді талап етеді” … және осылардан
бәрінен кейін кенеттен – ондай “тұтастық” жоқ! Шын мәнінде
адам, егер ол арқылы шексіз құнды тұтастық әрекет етпесе,
өз құндылығына сенімін жоғалтады: басқаша айтқанда, ондай
тұтастықты ол өзінің құндылығына сенуге мүмкіндік алу үшін өзі
жасайды. Психологиялық қалып ретінде нигилизмнің үшінші және
соңғы формасы бар. Егер барлық қалыптасудың иірімінде адам
сүңгіп жоғалып кететіндей ешқандай ұлы бірлік және қалыптасу
арқылы ештеңеге де қол жетпейді дейтін екі тұжырымға иланса,
онда одан шығатын бір-ақ жол: ол осы қалыптасу әлемін түгелдей
сағым тәрізді баянсыз, жалған дүние ретінде тәрік етіп, шын деп
басқа бір дүниені, біздің дүниенің ар жағындағы дүниені ойлап
табу ғана қалды. Бірақ, осы жаңа дүниені адам өз психологиялық
қажеттілігінен өзі ойлап шығарғанын әрі олай етуге ешқандай
құқығының жоқ екендігін түсінгеннен кейін нигилизмнің ең соңғы
формасы – ешбір метафизикалық дүниеге сенбеушілік, өзіне
ешқандай шын дүниеге сенуге тыйым салушылық пайда болады.
Осы көзқарастан енді қалыптасудың реальдылығы жалғыз бар
реальдылық деп танылады және дүниенің қандай да болмасын
құпия астарлылығына сілтейтін әрі жалған құдайларға жетелей
тін жандардың бәріне де тыйым салынады, екінші жағынан, енді
осы теріске шығарылғысы келмейтін дүниенің өзі де соншалықты
төзгісіз нәрсеге айналады.
Сонымен не болды? Қандай да болмасын құндылықтың жоқ
екендігі туралы сана болмыстың жалпы сипаты “мақсат” ұғымымен
де, “бірлік” ұғымымен де, “ақиқат” ұғымымен де түсіндіру мүмкін
еместігі айқын болған шақта ғана орнығады. Ол жолда ешбір
нәтижеге қол жетпейді, ешнәрсеге ие бола алмаймыз; көптеген бо
лып жатқан нәрселерге бәріне ортақ бірлік жетіспейді: болмыстың
сипаты “ақиқат” емес, жалған … ақырсында ақиқат дүниені бар деп
илануға ешбір негіз жоқ… Қысқаша айтқанда: “мақсат”, “бірлік”
(барабарлық), “болмыс” сияқты дүниеге құндылық сипат беретін
категорияларымыз қайтадан сол дүниеден шығарылып тасталады,
осыдан келіп дүниенің ешбір бағасы болмай қалады.
Айталық, дүниені осы үш категориямен түсіндірудің қаншалықты дәрежеде теріс екенін біз санамызда анықтадық және одан кейін сол дүниенің бағасы біз үшін кеми берді дейік; онда біз осы үш категорияға деген сенімнің бізде пайда болуының бас тау көзі қайда деп өзімізден сұрауымыз қажет, сөйтіп оларды да сенімнен ажыратуымызға болмас па екен, оны сынап көрген жөн. Осы үш категорияның да бағасын түсіре алсақ, онда олардың тұтастыққа қолдануға жарамсыздығы тұтастықтың бағасын жоюға негіз бола алмайды. Мұның нәтижесі: зерденің категориялары на сенім нигилизмнің себебі; біз бастан-аяқ ойдан шығарылған дүниеге жататын категориялармен дүниенің құндылғын өлшедік. Ақырғы нәтиже: дүниені бағалы ету үшін оған таңған, одан соң олардың жарамсыздығынан дүниеден ажыратып, дүниенің өзін пәс еткен құндылықтарымыздың бәрі де – психологиялық – мағынада алғанда адамдардың дүниеге үстемдік идеясын қолдау және күшейту мақсатындағы утилитарлық бағыттың нәтижесі. Бірақ заттардың табиғатына жалған түрде таңылған. Бұл да сол баяғы адамдардың өздерін барлық заттардың мәні әрі өлшемі деп сезінетін әсіре аңғалдығы. Құндылықтар және олардың өзгеруі сондай құндылықтарды енгізетін әрі орнықтыратын тұлғаның қуатының артуына байла нысты. Сенбеушіліктің және рух еркіндігінің деңгейі сондай қуаттың артуының өлшемі ретінде. “Нигилизм” ақылдың ең жоғары қуаттылығының, өмірдің аспа-төктігінің кейде бұзатын, кейде мысқылшыл мұраты ретінде. Наным дегеніміз не? Ол қалай пайда болады? Қандай да бол масын наным – бір нәрсені ақиқат деп тану. Қандай да болмасын наным, қандай да болмасын нәрсені ақиқат деп тану міндетті түрде жалған, өйткені ешқандай ақиқат дүние деген жоқ деу нигилизмнің шектен шыққан формасы болар еді. Олай болса, бұл шығар көзі тек өзімізде болатын (өйткені біз ге үнемі шектелген, қарапайымдалған дүние қажет) сағымдалған көкжиек. Өйткені біз өзімізді жойып алмайтындай дәрежеде осын дай сағымдылықты және жалғандықтың қажеттілігін қаншалықты мойындай алатынымыз біздің қуатымыздың өлшемі. Мұндай ақиқат дүниені, болмысты мойындамайтын нигилизм жаратушының ой келбеті болар еді.
Қазіргі дәуірдің ең жалпы белгісі: адамның өз қасиетінің
оның өз көзінде жоғалуы. Ұзақ уақыт ол болмыстың ұйтқысы
әрі оның трагедиялық қаһарманы; ал кейін ол болмыстың ең ше
шуші және құнды жағымен өзінің туыстастығын орнатумен ай
ланысты; моральдық құндылықтар ең түбегейлі құндылықтар
деп сену арқылы адамның қасиетін сақтауға мүдделі болған
метафизиктердің бәрі де осылай етті. Құдаймен ажырасқандардың
моральға деген сенімі соншалықты берік болып келеді.
Қандай да болмасын тек қана моральдық құндылықтар жүйесі
(мысалы, буддалық) нигилизмге алып келеді: Еуропаға осы қауіп
төніп тұр. Діни негізсіз-ақ морализммен шектелмекші, бірақ бұл
нигилизмге бұлтартпай апаратын жол. Дінде адамға өз құндылығын
жасаушы өзі деп қараудың мұқтаждығы жоқ.
Нигилизмдегі “не үшін?” деген сауал біз үйреншікті болып
кеткен түпкі мақсатымыздың бізге тәуелсіз сырттай беріліп, адам
дардан жоғарғы бір асқақ беделдің талабы түрінде орнатылғандай
көрінуінен шығады. Осы беделге сенуден қалғаннан кейін де біз
бұрынғы әдет бойынша бізге міндеттер мен мақсаттарды ешбір
шартсыз, бұлтартпайтын түрде айтатын және жүктейтін басқа
бір беделдерді іздейміз. Ардың беделі қазір алға шықты (мораль
Құдай туралы ілімнен босанған сайын оның талабы да күшейе
түседі), ол жеке тұлғаның беделін жоғалтудың өтеуі ретінде, не
месе зерденің беделі, немесе қоғамдық инстинкт (табын), немесе
ақырында ішкі имманенттік рухты “тарих” – біздің соның ағымына
өзімізді еркін жібере салуымызға болатын өз мақсаты өзіндегі
тарих. Біз ырықтану қажеттілігімен, мақсаттың ырықтануынан,
өзімізге өзіміз мақсат қоюдың тәуекелінен қашқымыз келеді,
жауапкершіліктің ауыртпалығынан тайқығымыз келеді (біз фата
лизмді қалар едік). Ақырсында бақыт, тартюфтік екіжүзділікпен
көпшіліктің бақыты алға шығады. Біз өзімізге былай дейміз:
1) нақты бір мақсаттың қажеті жоқ; 2) оны алдын ала болжау мүмкін емес.
Аса қуатты ең биік ырық қажет болып отырған тап осы бүгінгі
шақта ол әсіресе бәсең, әсіресе ынжық. Ырықтың тұтастықты
ұйыстыра алатын қабілетіне абсолюттік сенімсіздік.
Нигилизм. Оның екі түрлі мәні болуы мүмкін: А. Рухтың ең жоғарғы қуаттылығының белгісі ретінде: белсен ді нигилизм. Б. Рухтың қуатының әлсіреуі мен құлдырауы ретінде: енжар нигилизм. 2. Нигилизмнің тағы бір себептері. Нигилизмнің себептері: 1. Адамның ең артық туған түрі, яғни адамзатта адамға деген сенімді сөндірмей отыратын таусылмас жемістілік пен қажыр жоқ. (Осы ғасырдағы ең биік үміттеріміз үшін біз, мысалы, Наполеонға қарыздар екенімізді еске алайықшы). 2. Төменгі түр (“табын”, “тобыр”, “қоғам”) ынсаптылықтан айрылып өзінің мұқтаждықтарын шексіз асыруда космостық әрі метафизикалық құндылықтар дәрежесіне дейін жеткізуде. Оны мен бүкіл өмірдің өзі дөрекіленеді: үстемдікке қолы жеткен тобыр барлық өзгешелерді қудалайды, ал ондайлар өз күшіне сенуден қалып, нигилистерге айналады. Жоғары типтерді ойлап табудың барлық әрекеттері сәтсіздікке ұшырады (“романтика”, суретші, философ; Карлейльдің оларға биік моральдық мән беру әрекетіне қарсы). Жоғарғы типтерге қарсы күрестердің нәтижесі. Барлық жоғарғы типтердің құлдырауы және сенімсіздігі. Ге нийге қарсы күрес (“халықтық поэзия” т.т.). Жанның дархандығын бейшаралар мен мүсәпірлерге мейірбандықтан көру. Істің мәнін басқа түрде баяндаушы ғана емес, оны түсіндіруші философ жоқ. Өзін өзі кәйф ету жолдары. Жүрегінің түкпірінде тығырықтан шығудың амалын білмеу ме? Жан кеңістігінің бостығы. Сон дай қалыпты жеңуді мастықтан іздеу; кәйфтік музыка түрінде, тектіліктің мерт болуындағы қаталдықпен масығу, жеке тұлғалар мен дәуірлерге көзсіз арманшылдықпен елігіп, елту (өшпенділік ретінде де). Ешбір ойсыз, ғылымның соқыр құралындай болып жұмыс істеуге т.т. әрекеттену; бір болмашы нәрселерден, оның ішін
де танымдық істе де, өзіне рахат таба білу (өзіне деген бір жалған ынсаппен өзінің өрісіне шек қою); шабыттылық дәрежесіне дейін жететін өзі туралы қандай да болмасын қорытындылаудан тайқу; мистика, түпсіз жадағайлықтан рахат тауып, соның тұңғиығына бату; көркемөнер тек өзі үшін, (“de faіt”), “таза жаным” өзіне деген жиренішке қарсы қолданатын нашақорлық түрінде; болмашы бір жұмыс, бір кішкентай жалған фанатизм; барлығы да тек құралдар, жалпы тойымсыздықтан туатын дерт (барлық нәрседе азғындау шын рахатты жояды). 1. Ырықтың әлсіреуі нәтиже ретінде. 2. Қарсы жақтардың бетпе-беттігінде сезілетін өзінің болма шы бір қабілеттерімен тым асқақ немесе төменшік сана. Арудың теориясы. Азғындық, жан дертіне ұшырағандар (артистермен салыстырыңыз…), қылмыскерлер, анархистер – бұлардың бәрі езгідегі таптар емес, осы кезге дейін өмір кешіп отырған қоғамның нәжістері… Біздің барлық сословиелер мен қалыптарымыз осындай эле менттермен сіңісіп кеткендігін көре отырып, біз қазіргі қоғам “қоғам” немесе бір бүтін тірі “тән” емес, сілікпелердің (чанда лы) құрамасы, өзіне зиянды элементтерді өзінен сығып шығару қуатынан айрылған қоғам екенін түсіндік. Ұзақ ғасырлар бойы бірге тіршілік етуден осындай дерттілік тым тереңдеп барады: Қазіргі қайырымдылық Қазіргі руханияттық } сондай дерттің формалары біздің ғылым Азғындаудың қалпы. Азғындаулықтың барлық формаларының өзара сабақтас екендігін түсінуде христиандық азғындаушылықты ұмытпау (Паскаль тип ретінде); сол сияқты социалистік – комму нистік азғындаушылықты да (бұл – христиандықтың салдары); жаратылыстанушылықтық көзқарастан социалистердің қоғамның жоғарғы концепциясына сай қоғамдар иерархиясында (сатысын да) төменгі болып көрінеді. “О дүниелік” азғындаушылық, осы бар дүниеден, қалыптасу дүниесінен басқа бір дүние бардай-ақ. Мұнда ешқандай ымырашылдық болуы тиіс емес: мұнда тек адалау, құрту, соғыс ашу, барлық нәрселерден бағалаудың христиандық-нигилистік ауқымын аршып алып, оны қандай да болмасын бет пердесінің астынан тауып, күрес жүргізу; мысалы, қазіргі пессимизмнен (христиандық құндылықтар мұратының
барлық формаларын) бүркемеліліктен жарыққа шығару. Екінің бірі ғана ақиқат; бұл жерде ақиқат болу деген “адам” типінің өрлеуіне қолдау көрсету. Дін қызметшілері (священники), жанның бақташылары өмір сұрудің жарамсыз формалары. Тәрбие берудің барлығы осы кез ге дейін дәрменсіз, тұрақсыз, қажетті тіректері мен салмағы жоқ, құндылықтар қайшылығының табы түскен. Табиғат есі кемістерге (дегенератам) ешбір мейірмсіз, ол үшін оны адамгершіліксіз деу орынсыз: керісінше, адамзаттағы физиологиялық және моральдық азғындық табиғатқа қайшы ке летін моральдық дерттің нәтижесі. Адамдардың көпшілігінде болатын, әсіресе сезімталдық бейтабиғилық, дерт. Адамзаттың физиологиялық және моральдық азушылығы неге тәуелді? Белгілі бір мүшесі жоғалса, тән өледі. Альтруизмге құқықтылық физиологиядан деуге болмайды, тап сол сияқты көмек беруге, тағдырлардың бірдей болуына деген құқық та: бұлардың бәрі есі кемістер мен бейшараларға берілетін сыйлық. Жаратушылықсыз, жеміссіз, бұзатын әрі өзінен кейін өздерінен де бетер азған тұқым қалдыратын элементтері бар қоғамда мейірбандыққа орын жоқ... Тұтас мыңжылдықтар бойындағы адасу мен шатасулардан кейін қайтадан кейбір “иә” және кейбір “жоқтарға” апаратын жолды табудың сәті түсті. Мен әлсірету мен аруға жетелейтіннің бәріне “жоқ” деуге үйретемін… Мен күшейтетіндердің, күш жинаттыратынның, күшті сезінуді ақтайтынның бәріне “ия” деуге үйретемін. Осы уақытқа дейін оларға ешкім үйреткен емес: қайырымдылыққа, өзінің өздігінен бас тартуға, жанашырлыққа үйретіп келді, тіпті тіршіліктен бас тартуға дейін үйретті. Бұлар арығандардың құндылықтары. Арығандықтың физиология сы туралы ұзақ ойлану мені арығандардың пікірлерінің негізгі құндылықтардың мәніне қаншалықты енгендігі туралы мәселеге әкеліп тіреді. Сол жолдан қол жеткен нәтижелер тіпті менің өзім үшін соншалықты күтпеген нәрселер болып шықты: адамзатқа, ең бол маса, жүгенделген адамзатқа үстем болып отырған құндылықтар осы арығандардың ғана көретін бағалы нәрселері екен…
Кезінде Шопенгауэрдің де ең биік, бірден-бір, негізгі деп уағыздаған ізгілігін, тап соны (бұл мейірбандық) мен қандай да болмасын азғындықтан да гөрі қауіпті деп таптым… Қайырымдылық (добродетель) дегеніміз біздің ең мағынасыз нәрсеміз… Орта және төменгі қалыптар мен сословиелердің (соның ішін де рух пен тәннің) бірте-бірте алға шығуы – Француз революция сымен жылдамдатылған болса да, олар онсыз да өзіне жол ашқан болар еді, – ол осы табынның бақташылардан және жетекшілерден артықтығына алып келді… …Альтруизм* эгоизмнің** жалғандыққа барынша бөккен фор масы… Прогресс. Қателікке ұрынбау керек! Уақыт зымырауда, ал бізге сол уақыттағы нәрселердің бәрі де сонымен бірге зымырап, ілгері леуде, даму дегеніміз – ол өрлеу жолымен даму деп сенгіміз келеді. Ең қатаң пайымдаушылардың өзін еліктіретін көрініс осы. Бірақ, он тоғызыншы ғасыр он алтыншы ғасырмен салыстырғанда іл герілеу емес; 1888 жылғы немістік рух 1788 жылғы немістік рухқа қарағанда бір қадам кері шегіну. “Адамзат” ілгері жылжуда емес, тіпті оның өзі де жоқ. Болып жатқандардың ең жалпы қырына қарағанда әр түрлі уақыттар мен дәуірлерде ғана ұшырайтын кей бір нәрселер сәтті шығып жатса да, адам айтқысыз көп нәрселер сәтсіз, оларда ешбір тәртіп, логика, байланыс я міндеттілік жоқ. Христиандықтың пайда болуынан декаденттік (құлдыраулық) қозғалысты қалай көрмеуге болады? Немістік реформациядан христиандық тағылықтың күшейген түрде екінші рет көрнуін қалай көрмейміз?.. Қоғамның ең ұлы ұйымдасуына тартатын ин стинктті революция күйреткен жоқ па?.. Жануарларға қарағанда адам бір қадам алға басу емес; Мәдениетті нәзік адам араб пен корсикалықтың қасында бұзылған түсік; қытайлық еуропалыққа қарағанда тұрақты, сәтті шыққан тип. * альтруизм (лат. alter – басқа) – өз мүддесін жалпы мүдде үшін құрбан ету. ** эгоизм (лат. ego – мен) – өз мүддесін қоғамдық мүддеден жоғары қою.
В) Қуаттың артуының емеуріндері
XІX ғасырдағы адамның табиғатқа жақындауы (XVІІІ
ғасыр жасанды сәндіктің, нәзіктің және sentіments genereux,
сезімталдықтың) заманы. “Табиғатқа қайта оралу” емес, өйткені
адамзат ешуақытта табиғи болып көрген емес. Табиғи және жа
санды құндылықтардың схоластикасы – осы ереже, осы бастама;
табиғатқа адам ұзақ тартыстан кейін келеді, оған тіпті ешқашан
қайта оралмайды… Табиғат мұнда жаратылыстың өзі сияқты ешбір
моральсыз болуға бел байлау дегенді білдіреді… Әр нәрселерде
табиғилыққа ойыстадық. Біздің күшіміз артты, біз тағы да XVІІ
ғасырға жақындадық, дәлірек айтсақ, сол ғасырдың соңында
орныққан мінез-құлықтағы үйірліктерге оралдық.
Мәдениет өркениетке contra. Мәдениет пен өркениеттің ең
көтерілген шыңдары сәйкес емес: Мәдениет пен өркениеттің өзара
терең антагонизмі туралы мәселеде алданбайық. Мәдениеттің
ең ұлы кезеңдері моральдық тұрғыдан азудың дәуірлері еді;
екінші жағынан, жыртқыш адамды мақсатты әрі зорлықпен
ауыздықтаудың дәуірлері (өркениет) ең рухани, ең батыл адамдарға
деген төзбестіктің де кезеңдері еді. Өркениет мәдениеттен басқа
бір нәрсені, мүмкін, тіпті бір қарама-қарсы нәрсені қалайды...
Ешбір шешілмеген, мен қайта қойып отырған проблема
лар: өркениет проблемасы, 1760 ж-дағы Руссо мен Вольтердің
арасындағы тартыс. Адам тереңдеу, сене салмайтын, “амораль
шыл”, күштілеу, өзіне сенімділеу әрі соған сай “табиғилау” да
болып келеді. Бұл прогресс. Сонымен қатар, белгілі бір еңбек
бөліске байланысты ызалы топтар ымырашыл, мойындатылған
топтардан бөлінген, сондықтан жалпы факт көзге көріне де бер
мейді. Күштің ішкі табиғатынан, өзіне өзінің билігінен, күштің
тартымдылығынан осы күштірек топтар өзінің ашу-ызалығынан
басқаларды бір артықшылықтарды көруге мәжбүр ету шеберлігі
не қол жеткізеді. Әрбір “прогресс” күші артқандарды “игілік” деп
түсіндірумен қатар жүреді.
Адамдарға олардың табиғи инстинкттерінің “қажырын”
қайтару қажет. Олардың “өздерін тым төмен бағалауына” тосқауыл
жасау (жеке адамның өзін адам ретінде бағасыз етуін емес, адамды табиғат ретінде)… Заттарды қарама-қарсылықтардан ада ету, өйткені оларды біз өзіміз енгізгенбіз. Өмірден қоғамдастықтың идиосинкразиясын* аластау (кінә, жазалау, әділеттік, адалдық, еркіндік, сүйіспеншілік, т.т.)… Социализм ебелектер мен мақаулардың, ойсыз тайыздардың, көрсеқызарлардың, төрттен үші актерлердің ақырына жете ойластырылған тираниясы, ол шындығында “осы заманғы идеялар дың”, оның астарындағы анархизмнің шегіне жеткен тұжырымы, бірақ демократиялық мамыражайлықтың шуақ атмосферасында нағыз қорытындыларға келуге, тіпті бір нәрсенің ақырына дейін жетуге деген жігер әлсірейді. Адамдар тек ағымдардың ығына қарай малтиды, бірақ ешбір тұжырым жасамайды. Сондықтан социализм бір қышқылдау әрі үмітсіз нәрсе сияқты; қазіргі социалистердің ұлы да түнерген жүзі мен үміттері мен тілек теріне сай тек қойларға ғана жарасты бақытының арасындағы қарама-қайшылықты аңдаудың өзі бір қызық нәрсе. Олардың стилінің өзі бишаралық пен езілген сезімдердің куәсі. Бірақ, со лай бола тұра олар Еуропаның көп жерлерінде күш қолдану мен шабуылдарға шыға алады; келе жатқан ғасырды біраз жерлерде қатты “шаншуларды” бастан кешіру күтіп тұр, және де болатын нәрселерге қарағанда өзінің жақтастары мен табынатындары тіпті Германиядан да табылып жүрген Париж коммунасы жәй уақытша “іші өткендей” ғана болып қалады. Сонда да болса меншіктілер қауымы қашанда жеткілікті болып қалады. Сонда да болса меншік тілер қауымы қашанда жеткілікті болып қала беретіндіктен олар социализмнің бір науқастың уақытша асқынғанындай дәрежеден артық нәрсеге айналуына тосқауыл бола алады; ал бұл меншік тілер бәрі бір кісідей “бірдеңе болу үшін бір нәрсе” болуы керек деген нанымды ұстанады. Ал бұл байырғы инстинкттердің ішін дегі ең өміршеңі; мен оған былай деп қосар едім: “бір қалпыңнан артық бірдеңе болу үшін барыңнан да артық нәрселерді иемде нуге ұмтылу керек”. Барлық тіршілік етіп отырғандарға өмірдің өзі осыны дамудың моралі уағыздап келеді. Иемдену және ием * Идиосинкразия (гр. іdіos - өзгеше + synkrasіs – араластыру) – белгілі бір нәрсеге (мыс., затқа) айрықша сезімталдық.
денуді арттыру, өсу, бір сөзбен айтқанда – өмірдің өзі осы. Соци
ализм қағидасында “өмірді теріске шығаруға деген ырық” нашар
бүркемеленген: мұндай қағиданы тек өмірде жеңіліске ұшыраған
адамдар мен нәсілдер ғана ойлап таба алады…
3. Табын
Моральда кімнің билікке деген ырқы көрінген? Еуропаның Сок
раттан бергі тарихына ортақ тән нәрсе моральдің құндылықтарының
басқа барлық құндылықтарға үстем етуге әрекеті…
Жауап. Оның артында үш түрлі күш жасырынған: 1) күштілер
мен тәуелсіздерге қарсы табынның инстинкті; 2) бақыттыларға
қарсы жапа шегушілер мен сәтсіздікке ұшырағандардың инстинк
ті; 3) орта деңгейліктің үздіктілікке қарсы инстинкті… (Моральдің
өмірдің негізгі инстинкттеріне қарсы күрес тарихы жер бетіндегі
болған ең зор адамгершіліксіздік болып шықты…)…
Егер құдайға сенім жоғалса, онда кім сөйлейді деген сауалға
менің жауабым: табынның инстинкті сөйлейді. Ол үстемдік еткісі
келеді.
Қандай да болмасын еуропалық моральдің негізінде жатқан
нәрсе – табынның пайдасы…
4. Билікке деген ырық пен құндылықтар теориясы
… Егер жеке бастың “бақыты” (барлық тіршілік етушілер
тек соған ұмтылады деп есептелінеді) дегеннің орнына біз
“билік” дегенді қойсақ, істің жайы әлде қайда айқындала түседі:
“барлық тіршілік етушілер тек билікке, артық билікке ұмтылады”,
рахаттанушылық – ол тек билікке қол жеткендіктің белгісі,
сыртқы емеуріні, саналы түрде айырмашылықтың деңгейін сезі
ну (тіршілік етуші рахатқа ұмтылмайды: керісінше, рахаттылық
ұмтылған нәрсесіне қол жеткізгендікпен қабаттасып жүреді, ол
қозғаушы күш емес); барлық нәрсенің қозғаушы күші – билікке
деген ырық, одан басқа ешқандай физикалық, динамикалық неме
се психикалық күш жоқ.
Біздің ғылымымызда себеп пен салдар ұғымдары теңгермелік қатынасқа келіп тірелетіндіктен, бәрі де екі жағындағы күштердің мөлшерінің өзгермейтіндігіне келіп саяды, қозғаушы күш жоқ: біз тек салдарларды қарастырамыз, күштің мазмұнына қатынасында оларды тең деп қараймыз… Барлық тірі тіршілікте айдан анық бір нәрсені көрсетуге бо лар еді, атап айтқанда, тіршілік өзін сақтауға емес, өзін арттыруға ұмтылады. Билікке деген ырық және каузализм. “Себеп” ұғымын пихологиялық тұрғыдан қарағанда, ол біздің үстемдік сезіміміз, ол біздің ырқымызбен жапсарласып, еріп жүретін нәрсе, ал біздің “салдар” деген ұғымымыз осы билік сезімімізді тап биліктің өзі деп қабылдайтын адасушылық… Ол бізді үнемі билікке қарай ай дайтын күш… Егер болмыстың ең тереңдегі мәні билікке деген ырық болатын болса, егер рахаттанушылық сол биліктің артуымен бірге жүретін болса, ал көңілдің қаяушылығы қарсыласудың мүмкін еместігімен, жеңіп шығу мүмкін еместігінің нәтижесі болып жүрсе, онда осы қарама-қарсы сезімдерді түбегейлі фактілер деп қарай аламыз ба? Осы екі ең қарама-қарсы шет жақтарсыз, “иә” немесе “жоқсыз” ырық болуы мүмкін бе? Бірақ кім рахаттанады? Кім билікті тілей ді? Мағынасыз сауал! Кез келген тіршілік етуші өзі билікке деген ырық, олай болса, сол рахаттану немесе жабырқау сезімдерінің өзі болса да! Сонда да болса, ол қарама-қарсылықтарды, яғни, салыс тырмалы мағынада, өз шеңберін кеңейтуге ұмтылатын басқа бір ліктерден қарсыластықты тілейді. …Арығандардың жалғыз рахаты – ұйықтау; қалғандарынікі – тек қана жеңіс. Психологтардың ең терең шатасқан жері осы рахаттанудың екі түрін араластырып жіберіп, ажырата білмеу: ұйықтаудың раха ты және жеңістің рахаты. Арығандар тыныштықты, бейбітшілікті қалайды – бұл нигилистік діндер мен философиялардың бақыты; байлар мен тірілер жеңісті, жеңілген қарсыластарды, билік сезімі үшін жаңа дүниелерді жаулап алуды қалайды. Осы мұқтаждықты организмнің барлық өміршең функциялары және организм тұтасымен қалайды…
Табиғат күштерінің қожасы болған адам, өз тағылығының
әрі жүгенсіздігінің қожасы бола білген адам (тілектер бағыттауға
көнген, пайдалы болуға ұмсынған), адамдарға дейінгілермен
салыстырғандағы адам, ол – биліктің орасан зор түрі, бірақ
“бақытқа” қосымша емес!..
“Өмірдің” құндылығы. Өмір тек бір түр ғана; тек өмірді ғана
емес, тіршілік етудің барлығын ақтау қажет, ақтайтын принцип
– өмірді түсіндіретін принцип.
Өмір басқа бірдеңе үшін тек құрал ғана: ол биліктің өсу
формаларының көрінісі.
Негізгі қателік – біз саналылықты өмірдің жалпы жүйесінде
құрал және жекелік мәнді нәрсе деп түсінудің орнына оны
ауқымдылық, өмірдің ең жоғарғы құндылығы деп қабылдадық:
бұл жоғалуға a parte ad totum апаратын бағыт.
Құндылық дегеніміз адамның қолы жете алатын ең жоғарғы,
ең артық билік, адамзаттың емес, адамның! Адамзат, сөзсіз, мақсат
болудан гөрі құрал. Әңгіме тип жөнінде: адамзат тек тәжірибеге
керек материал, сәтсіз шыққан жарамсыздықтың орасан молдығы,
қиратындылардың үйіндісі.
Құндылықтың тұрғысынан бола алатын көзқарас – қалыптасу
үрдерісінің ішінде біршама күрделі құрамалардың сақталуының,
көтерілуінің шартты жағдайларының тұрғысынан бола алатын
көзқарас.
Ф. Ницше. Воля к власти.
Посмертные афоризмы.
Минск: “Попурри”, 1999. С. 50-70.
Анри Бергсон шыҒармашылыҚ эволюция Кіріспе Тіршілік эволюциясының тарихы осы кезге дейін қаншама да фрагментарлы болғанымен, бізге үздіксіз даму процесін де омыртқалылар қатары арқылы адамға қарай өрлейтін сызық бойында интеллектің қалайша пайда болғанын түсінуге жол ашады. Ол бізге түсіну қабілетінің әрекетке деген қабілетті толықтыратынын көрсетеді, ал түсіну қабілеті болса, ол тіршілік иелері санасының тіршілік сүрудің берілген жағдайларына барған сайын дәл, барған сайын икемді және күрделілене түсетін бейім делуі болып табылады. Осыменен біздің интеллектіміздің сөздің тар мағынасындағы тағайыны анықталады: ол біздің денеміздің қоршаған ортаға толығымен кірігуін қамтамасыз етеді, бір-бірі не сыртқары заттардың қатынастары туралы елестер туғызады, – бір сөзбен, ол материяны ой елегінен өткізеді. Бұл жұмыстың қорытындыларының бірі, шыныменен, осындай болмақ. Адам ин теллектісі қозғалмайтын нәрселермен, мәселен, қатты денелермен, – ал бұларда біздің әрекеттеріміз өзіне сүйеніш нүктесін, ал біздің еңбегіміз өз құралдарын табатыны белгілі, – істес болғанынша өзін емін-еркін сезінетінін, ал біздің ұғымдарымыздың солардың үлгісімен қалыптасқандығын және біздің логикамыздың, көбіне, қатты денелер логикасы екенін біздер көретін боламыз. Соның арқасында біздің интеллектіміз геометрия саласында жарқыраған жеңістерге қол жеткізеді, ал мұнда, геометрияда, логикалық ойдың инертті материямен туыстастығы байқалады және де ин теллект, тәжірибемен сәл ғана жұғыса сала, тәжірибе оған ілесіп, оның расталуы ретінде бұлжымастай қызмет етеді деген сеніммен бір жаңалықтан екінші жаңалыққа жетуі үшін, тек өзінің табиғи желісіне басып отырса болғаны. Бұдан таза логикалық формадағы біздің ойымыздың тіршіліктің ақиқат табиғатын, эволюциялық қозғалыстың терең мәнісін өзіне елестете алмайтыны да анықталады. Белгілі бір жағдайда белгілі заттарға әрекет ету үшін тіршіліктің өзі туғыздырған біздің ойымыз, оның бір эманациясы, бір жағы ғана бола тұрып, бүкіл тіршілік ті қамти ала ма? Эволюциялық қозғалысқа ілесе келген ол, осы қозғалыстың өзіне қолданыла ала ма? Бұл бөлік тұтасқа тең, салда ры өзінің себебін өзінде тұта алады немесе жағаға лықытылған тас оны алып келген толқынның формасын қайталайды деген ұйғарымға
тең болар еді. Іс жүзінде біздің ойымыздың бірде-бір категориясы – бірлік, көптілік, механикалық себептілік, зерделі мақсаттылық және т.б. – тіршілік құбылыстарына дәлме-дәл қолданыла алмай тынын сеземіз: даралылықтың қайда басталып, қайда тынатынын, тіршілік иесі бірлік пе әлде көптілік пе екенін, клеткалар қосылып организм құратынын не организмнің клеткаларға ажыратылаты нын кім айта алады? Тіріні біз бекерден-бекер белгілі бір шеңберге тыққыштаймыз. Барлық мұндай шеңберлер быт-шыты шығып үзіледі: олар тым тар, ең бастысы, біздің оларда орналастырмақ болып талпынған нәрсеміз үшін олардың кірісі тым қатты. Инертті заттармен істес болғанда соншама сенімді біздің ой-пікіріміз, бұл жаңа салада өзін еркін емес сезінеді. Таза ой-пікірмен қол жеткен тым болмаса бір биологиялық жаңалықты атау өте қиын. Және де көбінесе белгілі нәтижеге қол жеткізу үшін тіршіліктің қандай тәсілдерге жүгінгенін тәжірибе бізге көрсеткенде, біз дәл осының ешқашан біздің басымызға да келмейтіндігін көреміз. Дегенмен де эволюциялық философия ұйымдастырылмаған ма терия саласында табысты қолданылып келген түсіндіру тәсілдерін тіршілік құбылыстарына еш именбестен таратады. Алғашында ол бізге интеллектіні эволюцияның локалдық көрінісі ретінде, әлдебір – мүмкін кездейсоқ болар – тіршілік иелерінің олардың әрекетіне бола ашылған тар жолдағы қозғалысына жарық түсіретін жарқыл ретінде елестеткен еді. Енді кенеттен, бізге бұрын хабарлағанын ұмытып, жер астындағы тереңде жыпылықтаған бұл әлжуаз жарық көзін, ол бүкіл дүниені жарықтандыратын Күнге айналдырады. Ол бір ғана тұғырнамалық ойлаудың көмегімен барлығын да, тіпті тір шілікті де, идеалды түрде бейнелеп беруге батыл кіріседі. Рас, оның жол бойы соншама ауыр кедергілерге ұшырасып, өз логикасының көмегімен қолы жеткен қорытындларында соншалықты оғаш қайшылықтарды байқастап, өте тез арада өзінің алғашқы кеудемсоқтықтарынан райы қайтуына тура келе ді. Ол енді реалдылықты емес, қайта реалдылыққа еліктеуді ғана, немесе, дәлірегінде, оның символикалық бейнесін ғана жасай мын деп мәлімдейді: заттардың мәні бізден тайқып кетеді және әрқашан тайқып кете беретін болады; біз қатынастар арасын да сайрандаймыз, абсолюттілікке біздің қолымыз жетпейді, біз Танылмайтынның алдында тоқтауға тиіспіз. Бірақ шындығында, бұл адам интеллектісінің артық дандайсуынан кейін асқан түрдегі өзін-өзі таптауы болып табылады. Егер тіршілік иесі интеллектісінің формасы біртіндеп-біртіндеп белгілі бір денелер мен оларды
қоршаған материалдық орта арасындағы өзара әсерлер мен кері әсерлердің үлгісі бойынша құйылған болса, онда ол не себепті осы денелерді құрайтынның мәнінің өзі туралы әлде бірдеңені айта алмайды? Әрекет бейреалдықта іске аса алмайды. Ақылгөйліктер не тәтті армандар үшін жаралған рух туралы, ол реалдылықтан тыс қалады, оны бұзады және өзгертеді, – тіпті, мүмкін, біздің адамдар мен жануарлар фигураларын өз қиялымызбен көшпелі бұлттан бөліп алып жасайтынымыз сияқты, оны жасайды деп те айтуға болар еді. Бірақ жасалуға тиісті әрекетке және одан кейін іле орын алатын кері әрекетке ұмтылатын интеллект, өз объекті сін минут сайын ол туралы өзгермелі әсер алу үшін тіміскілей тін интеллект, – әлдебір абсолютті бірдеңемен жанасады. Егер де философия біздің ақылмандығымыздың қандай қайшылықтарға ұшырайтынын, қандай тұйықтарға тірелетінін көрсетпегенде, біздің танымымыздың осы абсолюттік құндылығына күмәндану біздің ойымызға қашан да болмасын келер ме еді? Бірақ бұл қиыншылықтар мен қайшылықтар біздің ойымыздың әдеттегі формаларын практикалық іс-әрекетіміз қолданыла алмайтын және, демек, олар үшін біздің қойған шеңберлеріміз жарамайтын нәрселерге қолданатынымыздан туындайды. Инертті материяның белгілі бір жағына жанасатын интеллектуалдық таным, керісін ше, бізге оның дұрыс дағын беруге тиіс, өйткені оның өзі де осы ерекше нәрсе қалпында құйылған-ды. Оның относительді болуы өзді-өзі бола тұрып, бізге тіршілікті, яғни дақты дүниеге келтірген құюшының өзін елестетпек болғанда орын алады. Осыған бола тіршілік табиғатына тереңдеп бойлай түсуден бас тартуға тиістіміз бе? Біздің пайымымыз әрқашан беру ге даяр тұратын механистік елесті, қажетті түрде жасанды да символикалық елесті, – өйткені ол тіршіліктің тұтас белсенділігін білгілі бір адам іс-әрекетінің формасына апарып телиді, бұл ісәрекеттің тіршіліктің бөлікті де локалды көмкерісі ғана, тіршілік жұмысының салдары, оның тұнбасы ғана іспеттес екені белгілі, – ұстануымыз керек пе? Егер тіршіліктің барлық психикалық мүмкіндіктері таза пайымдарды ғана тудыруға бағытталған болса, яғни егер тір шілік таза геометрлерді ғана дайындайтын болса, бұл қажетті бо лар еді. Бірақ адамға әкелетін эволюциялық сызық жалғыз емес. Басқа – жан-жаққа айырылысатын – жолдарда сананың басқа фор малары дамыды; ал бұлар адам интеллекті жасағандай сыртқы
мәжбүрлеулерден босана да, өзді-өзін жеңе де алмады, бірақ олар дегенмен де эволюциялық қозғалыста мәнді және оған имманент ті деген әлденені білдіреді. Сананың осы формаларын бір-бірімен жақындастырып, одан кейін оларды интеллектпен қосылысуға мәжбүрлей отырып, тіршілікке коэкстенсивті сананы ала алмай мыз ба екен? Және де мұндай сана оның ту сыртынан сезілетін тіршіліктің тегеурініне кенеттен бұрылып, оның тұтас, дегенмен, әрине, оңай сырғып кететін көрінісіне қол жеткізуге қабілетті болуға тиіс. Бұл жолмен де біз интеллекттің шекарасынан асып шыға алмаймыз, өйткені сананың басқа формаларын да тек біздің интеллектіміздің көмегімен, тек біздің интеллектіміздің призма сы арқылы ғана қарастырамыз деп айтулары мүмкін. Егер де біз таза интеллекттер болсақ, егер де біздің тұғырнамалық логикалық ойдың айналасында күңгірт тұмандылық қалып қоймаса, – ал бұл соңғысы оған зиянды түрде біз интеллект деп атайтын жарқыраған ядро түзілген сол бір субстанциядан жасалады, – бұл сөздерде де қисын болар еді. Мұнда пайымды толықтыратын, өзді-өзімізде тұйықталып қалғанымызда олардың бар екендігін күңгірт қана сезі нетін белгілі бір күштер орын алады; бірақ олар өздерін, айталық, табиғат эволюциясындағы жұмысында көргенде жарықталынады және көрнектілінеді. Сонда олар қарқындылырақ болу және тір шілікпен бір бағытта кеңейе беру үшін қандай күш жұмсауға тура келетінін білетін болады. Бұл таным теориясы мен тіршілік теориясы бізге бір-бірінен айырылмастай болып елестейтінін білдіреді. Танымды зертте умен қатарласа жүрмейтін тіршілік теориясы оның қарамағына зерде салып беретін ұғымдарды өзгеріссіз қабылдауға міндетті: ерікті ме әлде еріксіз бе ол фактілерді өзі біржола дайын ретінде қарастыратын бұрыннан қалған шеңберлерге тыққыштауға тиіс болады. Ол, міне осылай, оң ғылымға қолайлы, ал мүмкін, тіпті қажетті дерлік символизмге қол жеткізеді, бірақ онда өз пәнін (пред метін) тікелей байқастау жоқ болады. Екінші жағынан, интеллек тіні тіршілік эволюциясының жалпы процесіне малтықтырмайтын таным теориясы, бізге таным шеңберлерінің қалай құралғанын да, қалайша біз оларды кеңейте немесе аттап кете алатынымызды да көрсетпейді. Осы екі зерттеулер – таным теориясы мен тіршілік теориясы – өз күштерін біріктірулері, сөйтіп дөңгелене қозғалыста бір-бірін шексіз итермелеулері керек. Екеулеп, дұрысырақ, тәжірибеге жақынырақ әдістің көмегімен, олар философия қойған ұлы проблемаларды шеше алатын бо лады. Өз міндеттерін табысты түрде орындаған соң, олар бізге
интеллектінің пайда болуын, ал сонысыменен біздің интеллект жалпы ауқымында алғанда суреттемелейтін материяның генезисін де көрсеткен болар еді. Олар табиғат пен рухтың түп-тамырларына дейін қазбалаған болар еді. Эволюцияның белгілі бір сатысында тұрған тікелей бар реалдылықты дәл солай эволюциядан өткен ке сектерге бөлуден, сонан соң оны осы бөліктерден қайта тұрғызудан, сөйтіп түсіндіруді талап ететіннің бәрін алдын ала қабылдаудан тұратын Спенсердің жалған эволюционизмін, – бұл эволюцио низмді олар реалдылықты оның тууы мен өсуінде байқастайтын ақиқат эволюционизммен алмастырар еді. Бірақ тегі мұндайлық философия бір күнде пайда бола ал майды. Әрқайсысы әлдебір данышпанның туындысы болатын және біз қабылдайтын не қабылдамайтын тұтас әлдене болып көрінетін сөздің шын мағынасындағы жүйелерден өзгеше, бұл философияның көптеген ойшылдардың, ал сондай-ақ бірін-бірі толықтыратын, жөндейтін, қолдайтын көптеген байқаушылардың да, ұжымдық және жүйелі түрдегі күш жұмсауымен ғана жаса луы мүмкін. Міне сондықтан ұсынылып отырған тәжірибе ұлы мәселелерді бірден шешу мақсатын көздемейді. Оның міндеті – тек қана әдісті анықтау және кейбір мәнді пункттерінде оны қолданудың мүмкіндігін көрсету. Оның жоспары пәннің өзімен айқындалған. Бірінші тарауда эволюциялық үдеріске біздің зердемізде бар екі дайын форманы, дайын киімді: механицизм мен мақсаттылықты1 өлшеп көргеміз; біз олардың екеуінің де дәл келмейтінін, бірақ олардың біреуінің 1Дегенмен, тіршіліктің мақсаттылықтан, механицизмді қоса алғандағы, асып түсетіні туралы идея тіпті де жаңа емес. Оның тереңдетілген мазмұндамасын, мысалға, Дюнанның «Тіршілік мәселесі» («Revue phіlosophіque», 1892) атты үш мақаласынан табуға болады. Бұл идеяны дамытуда біз Дюнанмен әлденеш рет тоғысқанбыз. Алайда бұл сұрақ бойынша, оған жақын деген мәселелер туралы да, көзқарастарымызды біз әлдеқашан «Сананың тікелей берілгендері туралы тәжірибе» (Parіs, 1889) кітабымызда баяндаған болатынбыз. Бұл «Тәжірибенің» басты міндеттерінің бірі психологиялық өмірдің бірлік те, көптілік те емес екенін, оның механицизмнен де, зерделіден де асып түсетінін, өйткені механицизм мен телеология тек «бөлінетін көптілік», «кеңістілік» және, демек, алдын ала өмір сүретін бөліктердің қосылуы бар жерде ғана мағынаға ие бола алады: «реалды ұзақтылық» сол мезетте-ақ әрі бөлінбейтін үздіксіздікті, әрі шығармашылықты білдіреді. Бұл еңбекте біз сол бір идеяларды психологиялық тұрғыдан қарастырылатын жалпы алғандағы тіршілікке қолданамыз.
қайта пішіліп, қайта тігілуі мүмкін екендігін, сөйтіп жаңартылған түрінде екіншісіне қарағанда жақсырақ қонатынын көрсетеміз. Зерденің көзқарасын көктеп өту үшін, біз екінші тарауда тіршілік өткерген негізгі эволюциялық сызықтарды, адами интеллектке әкелген жолмен қатар, жаңғыртып өтуге тырысамыз. Интеллект, міне осылай, оны тудыратын себебіне қарай жылжиды, ал оны, бұл себепті, оның өзінде танып-білу және оның өзіндік қозғалысында бақылау керек. Осы текті қарастыруды – мүлде толық емес – біз үшінші тарауда қолға аламыз. Төртінші және соңғы бөлімде біздің зерденің өзі белгілі тәртіпке бағына отырып, оның шектерінен асып түсетін философияны қалайша дайындай алатынын көрсеткіміз ке леді. Бұл үшін бізге жүйелердің тарихына көз жүгіртуге, ал сонымен бірге жалпы реалдылық туралы дерексіз түрде пайымдай бастағанда адам зердесі ілігетін екі иллюзияны талдауға тура келді. БІРІНШІ ТАРАУ ТІРШІЛІКТІҢ ЭВОЛЮЦИЯСЫ ТУРАЛЫ – МЕХАНИЦИЗМ ЖӘНЕ МАҚСАТТЫЛЫҚ Тіршілік сүретіннің бәрінен де бізге ең анық және жақсырақ белгілісі, шартсыз түрде, біздің өзіміздің тіршілік сүруіміз болып табылады, өйткені басқа нәрселер туралы біздің ұғымдарымызды сыртқы және үстірт деп санауға болады, ал өзді-өзімізді біз іш тей және терең танып-білеміз. Біз міне осылай нені танимыз? Бұл ерекше жағдаяттағы «тіршілік сүру» сөзінің дәл мағынасы қандай? Алдыңғы жұмыстың қорытындыларын қысқаша еске салайық. Ең алдымен мен бір күйден екінші күйге өтетінімді сезінемін. Маған суық немесе ыстық, мен көңілдімін немесе қайғылымын, мен өзімді қоршағанға қараймын немесе басқа әлдене туралы ой лаймын. Түйсіктер, сезімдер, тілектер, елестер – міне біздің тір шілік сүруіміздің бөліктерін құрайтын және оның кезекпен-кезек бояуын қандыратын модификациялар. Сонымен, мен ылғисында өзгеремін. Бірақ бұл әлі бәрі емес. Болып жатқан өзгеріс алғаш көрінгенінен әлдеқайда тереңірек. Шынында да, өз күйлерімнің әрқайсысы туралы мен тұтастайын әлденедей айтамын. Мен өзгеремін деймін, бірақ бұл өзгеріс, менің байқауымша, бір күйден одан кейін келетін күйге өту болып табылады; жеке алғандағы сол бір күй ол тіршілік сүретін уақыт бойында маған өзгермейтін болып елестейді. Ал соның арасын
да көңілдің сәл ғана күштірек қойылуы минут сайын өзгермейтін аффектінің де, елестің де, тілектің де жоқ екенін маған ашқан бо лар еді; егер де жанның күйі өзгеруін тоқтатса, онда ұзақтылық өз ағымын қоя қояр еді. Ішкі күйлердің арасынан ең берігін – сыртқы қозғалмайтын нәрсенің көру арқылы қабылдануын алайық. Нәрсе сол өзі болып қала берсін, ал мен оған бір ғана жағынан, белгілі бір бұрышпен, сол бір ғана күнде қараймын делік: бәрібір менің қазір көретінім менің әлгінде ғана көргенімнен өзгеше болып шығады, тым болмағанда оның бір мезетке жасының ұлғайғаны бойыншаақ. Бұл арада менің жадым қатынасып, өткеннен қазіргіге қарай бірдеңені итермелейді. Менің жанымның күйі уақыт жолымен қозғала отырып, тұрақты түрде өзі қалап алатын ұзақтылықпен толықсиды: ол өзді-өзінен қарлы кесек соққандай болады. Бұдан да үлкендеу негіздемемен мұны тереңірек ішкі күйлер туралы, қарапайым көру қабылдауы жағдайындағыдай орнықты сыртқы нәрсеге қатынасы жоқ түйсіктер, аффектілер, тілектер және т.б. ту ралы да айтуға болады. Бірақ бізге бұл үздіксіз өзгеріске көңіл бөлмеу ыңғайлырақ, біз оны ол соншалықты үлкейіп, денені жаңа бір жағдайға келтіріп, көңілді жаңа жолға бағыттағанда ғана байқайтын боламыз. Дәл осы сәтте біз күйдің өзгергенін, өзгеріс үздіксіз жүріп жатқанын және күйдің өзі өзгеріс болып табылатынын байқастаймыз. Бұл бір күйден екіншісіне өту мен сол бірден-бір күйде болудың арасында мәнді айырмашылықтың жоқтығын білдіре ді. Егер де «сол қалпында қалатын» күй былайғы көрінгеніне қарағанда өзгермелірек болса, онда, керісінше, бір күйден екін ші күйге өту біздің жорамалдауымыздан артығырақ бірден бір ғана ұзайтын күйге көбірек ұқсайтын болады: бірі екіншісімен тоқтамастан алмасады. Бірақ біз әрбір психологиялық күйдің тоқтаусыз өзгерісіне көзімізді жабатын болғандықтан, дәл сондықтан, – бұл өзгеріс тым ұлғайып, біздің көңілімізді өзіне бұрғызғанда, – біз оны бұрынғымен қатар пайда болған жаңа күй деп атауға міндеттіміз. Бұл жаңа күйді біз дәл солай өзгермейтін санаймыз және т.с. шексізге дейін. Психологиялық тіршілікдің үздіктілігі туралы емес, демек, біздің көңіліміздің бұл тіршілікді жекелеген актілер қатарында тіркелейтініне байланысты: жайдақ қана дөңес бар жерде біздің көңілдің актылары құрайтын сынық сызыққа елігіп, біз баспалдақтың сатыларын көреміз. Рас, біздің психологиялық тіршілігіміз көріп-біле алмайтынға толы. Олардың алдындағыдан бөлініп алынғандай және олардан кейінгі бола
тынмен байланыспаған болып көрінетін мыңдаған кездейсоқ құбылыстар қалықтап шығады. Бірақ олардың бетке шығуының үздіктілігі үздіксіз салалайтын аралығын анықтайтын үздіксіз бір фон жүзінде белгілі болады; бұл – симфонияда анда-санда ғана да уысы шығатын литаврдың соққылары. Біздің «көңіліміз», олар оны көбірек мазасыздандырғандықтан, соларға бөлінеді, ал олардың әрқайсысы біздің бүкіл психологиялық тіршілік сүруіміздің ағылып жатқан массасымен әкелінді. Олардың әрқайсысы – біздің сезінетініміздің, ойлайтынымыздың, тілейтініміздің бәрін қамтитын қозғалмалы сферада ең жарығы мол нүкте ғана, – бір сөзбен айтқанда, қазіргі мезетте біз не болсақ, соның бәрі болып та былады. Тұтас алғандағы осы сфера шындығында біздің күйімізді құрайды. Мұндай анықтама берілетін күйлер туралы олар жекеле ген элементтер болып табылады деп айтуға болмайды: олар біреу лері екеншілерінде шексіз тоғысуында жалғасып жатады. Бірақ біздің аударылған көңіліміз оларды жасанды түрде бөліп және айырып алғандықтан, ол енді оларды сол жасанды байла ныспен қосуға міндетті. Ол, сонымен, аморфты, индифферентті, өзгермейтін менді ойлап табады да, тәуелсіз мәндер дәрежесіне көтерілген психологиялық күйлер соған төңкеріледі немесе соның жүзімен сырғақтайды. Қозғалмалы, бір-біріне айналып жататын реңктердің ағымдылығының орнына көңіл алқадағы түрлі-түсті інжу-маржандар сияқты қатар түзетін бір-бірінен әсіре бөлек және қанық деп айтуға болатындай түстерді байқайды: онда оған бұл інжу-маржандарды біріктіре алатындай берік жіптің бар болуын болжалдауға тура келеді. Бірақ егер бұл түссіз субстрат толассыз оған жұғысқанға боялатын болса, онда өзінің бейанықтылығында ол біз үшін жоқтың қасы десе де болады: біз тек боялғанды, яғни психологиялық күйлерді ғана қабылдаймыз ғой. Шындығын айтсақ, бұл «субстрат» реалдылыққа жатпайды, бұл – біздің санамызға үздіксіздік орын теуіп жатқан жерде көңілге әртүрлі күйлердің қатарын түзуге жол ашатын операцияның жасандылығын тұрақты түрде еске салуға қызмет ететін жай белгі. Егер де біздің тіршілікіміз бейқұмар «мен» синтездеуге тиіс жекелеген күйлерден тұратын болса, онда біз үшін ұзақтық тіршілік сүрмеген болар еді. Өйткені өзгермейтін «мен» – уақытта ұзамайды; келесі күй ауыстырғанша өзіне-өзі тепе-тең болып қала беретін психологиялық күй де – дәл солай ұзамайды. Онда бұл күйлерді оларды демеп тұратын «менде» қаншама қатарластырмақ болғанымызбен, ешқашан өзгермейтінге тізілген бұл өзгермейтін денелер ағымды ұзақтылықты құрмайды.
Бұл жолмен біз ішкі тіршілікдің жасанды еліктеушісін, одан реалдық уақыт сылынып тасталғандықтан логика мен тілдің та лаптарын жақсырақ қанағаттандыратын статикалық эквивалентті аламыз. Ал сол арада, егер біз оны көмкеріп жатқан рәміздердің астында өтіп жатқан психологиялық тіршілікге ден қойсақ, онда көп қиналмай-ақ оның тіні уақыт екенін байқар едік. Сонымен бірге, бұдан мықтырақ, бұдан субстанциалдырақ тін болмайды. Бізге тән ұзақтылық бірінен соң бірі орын басып жатқан мезеттер емес қой: онда тұрақты түрде тек қазіргі ғана тіршілік сүрген болар еді, өткеннің қазіргідегі жалғасы да, эволюция да, нақтылы ұзақтылық та болмас еді. Ұзақтылық – бұл өзіне болашақты сіңіретін және алға басқан сайын дүмпи түсетін өткеннің үздіксіз дамуы. Бірақ егер өткен үзілместен өсетін болса, онда ол шексіз сақталады да. Адам жады, біздің көрсетуге тырысқанымыздай2, еске түсірулердің тізбесін жасау немесе оларды полкаларға бөліп жинақтылау қабілеті емес. Мұнда тізбе де, полкалар да жоқ; мұнда тіпті сөздің өз мағынасында алғандағы, қабілет те болмайды, өйткені қабілет, оның тілеуіне не қолынан келуі-келмеуіне орай, үздікті түрде әрекет жасайды, ал өткен өткеннің үстіне үзіліссіз қосыла береді. Шындығында өткен өзді-өзінен, автоматты түрде сақталады. Шүбәсіз, кез келген сәтте ол түгелімен бізге ере жүреді: біздің жас кезімізден бері сезгендеріміздің, ойланғандарымыздың, тілегендеріміздің бәрі, мұның бәрі осында – бәрі де оған қосылуға даяр тұрған қазіргіге ентелейді, бәріде оны сырғытып тастауға ұмтылатын сананың есігіне жармасады. Ми механизмі өткеннің бүкіл дерлік жиынтығын бейсаналыққа ығыстыру және берілген ахуалды сәулелендіретінді ғана санаға кіргізу, дайындалып жатқан іс-әрекетке көмектесу – бір сөзбен айтқанда, пайдалы еңбекке жет кізу – үшін жасалған. Сәнділікке ғана жарасты деуге болатын басқа естеліктерге жартылай ашық есіктен ұрланып қана бас сұғуға бола ды. Бейсаналықтың жолдаушылары, өзіміз де білмей, соңымыздан ертіп келе жатқанымыз туралы бізді хабардар етеді. Бірақ біз, тіпті бұл туралы тіпті анық елесіміз болмаса дағы, бәрібір біздің өткеніміз бізден қалыптаспайтыны күңгірт болсын сезінеміз. Шы нында да, біз қандаймыз, біздің мінез-құлқымыз нендей, егер де ол туғаннан, тіпті туғанға дейін, өйткені біз өзімізбен бірге туа біткен қабілеттерді ала келеміз ғой, бастан кешкен тарихтың экстракты болмаса. Әрине, ойлау үшін өткеніміздің бөлшегі ғана керек, бірақ «Matіére et mémoіre». Parіs, 1896, ch. ІІ, ІІІ.
бізді тілеуге, ұмтылуға, әрекеттенуге бүкіл өткеніміз мәжбүрлейді, соның ішінде біздің жанымыздың туа біткен қасиеттері де. Со нымен, біздің өткеніміз, оның азғантай бөлшегі ғана елеске айналғаныменен, – тенденция ретінде, – түгел барлығымен бізге өзі туралы білдіреді. Өткеннің осы сақталуынан санаға бірден-бір күй арқылы екі рет өтудің мүмкін еместігі шығады. Жағдаяттар бұрынғы болғанымен, бірақ олар енді сол бұрынғы тұлғаға әсер етпейді, өйткені олар оны тарихының жаңа бір сәтінде кезіктіреді. Әрбір мезетте жинақталған тәжірибеден құрылатын біздің тұлғамыз тұрақты түрде өзгеріп отырады. Өзгере отырып ол қандай да болма сын күйге қашан да болмасын тереңінде қайталануына мүмкіндік бермейді, тіпті егер ол бетінде өзді-өзіне тепе-тең болса дағы. Міне не себептен біздің ұзақтығымызға қайта оралмастық тән. Біз оның бір бөлшегін де қайтадан басымыздан кешіре алмас едік, өйткені ол үшін ең алдымен соңынан не болғанының бәрі туралы естелікті өшіру керек болар еді. Ең асқанда, бұл естелікті біздің интеллекті мізден сызып тастауға болар еді, бірақ біздің еркімізден емес. Сонымен, біздің тұлғамыз көтеріледі, өседі, тұрақты түрде пісе түседі. Әрбір сәт сайын бұрынғы болғанына әлдебір жаңаны қосып отырады. Одан әрі, мұнысы тек жаңа ғана емес, бірақ алдынала ешкім көріп-білмеген де. Әрине, менің қазіргі күйім оған дейін менде болғанмен және маған әсер еткенмен түсіндіріле алады. Оны талдай келе, мен онда басқа элементтерді таба алмаймын. Бірақ тіпті адамнан да жоғары интеллект бұл абстрактылық элементтер ге олардың нақтылы ұйымдасуын беретін қарапайым бөлінбейтін форманы алдын ала көріп-біле алмас еді. Алдын-ала көріп-біле алу – өткенде қабылдағанды болашаққа проекциялау деген ғой, неме се қабылданылған элементтердің кейініректігі жаңа қосылысын, басқа тәртібін елестету ғой. Элементтерге ажыратылмайтын және ешқашан қабылданбаған нәрсені қажетті түрде алдын-ала көріпбілуге болмайды. Ал ширатылып бара жатқан тарихтың бір сәті есебінде қарастырылатын біздің күйлеріміздің әрбірі сондай бо лып табылады: ол қарапайым және бұрындары қабылдануы мүмкін болмаған, өйткені өзінің бөлінбестігінде бұрын қабылданғанды да және қазіргінің қосатынын да біріктіреді. Бұл – сонылығы артық болмаса кем емес тарихтың соны сәті. Міне дайын портрет. Ол өз түсіндірмесін модельде, суретшінің мінез-құлқында, палитраға жағылған бояуларда табады. Бірақ, түсіндірме беретіннің бәрін білгенімен ешкім, тіпті суретшінің
өзі де, бұл портреттің не болып шығатынын дәл болжап айта ал мас еді, өйткені мұны болжау – оны жасалғанынан бұрын жасау болып шығар еді: жөнсіз, өзін-өзі талқандайтын гипотеза. Біз құрылысшылары болып табылатын тіршілікіміздің сәттерімен де дәл солай. Олардың әрқайсысы да шығармашылық актінің бір тегі болады. Суретшінің талантының дамитыны немесе деформация ланатыны, тіпті болмағанды оның тудыратын шығармаларының өзінің әсерінен өзгеретіні сияқты, дәл солай біздің әрбір күйіміз де бізден басталып, сол уақытта-ақ біздің тұлғамызды өзгертеді, өйткені тың, біздің жаңа ғана қабылдаған формамыз болып табы лады. Біздің істейтініміз біздің мән-мәнісімізге тәуелді деп айтуға толық негіздеме бар: бірақ белгілі мағынасында, біздің мәнмәнісіміз сол біздің істейтініміз және де біз өзімізді үздіксіз жасап, жаңартып отырамыз деп қосуға болады. Бұл өзді-өзін жасау, қоса айтқанда, неғұрлым не істейтініміз туралы жақсырақ ойлана алатын болсақ, соғұрлым толығырақ іске асады. Мұнда зерденің әрекеті геометриядағыдай емес; геометрияда мендігі жоқ алғышарттар бір ден мәңгілікке беріледі де, олардан өзді-өзінен дерлік мендігі жоқ қорытынды туындап жатады. Мұнда, керісінше, бірден-бір себеп тер әртүрлі адамдарды немесе бірден-бір адамды әртүрлі сәттерде зерделілігі бірдей дегенмен де мүлде басқа қаракеттерге түрткілеуі мүмкін. Мәнісінде, бұл толығымен дерлік бірдей себептер емес, өйткені олар бірден-бір тұлғаға және бірден-бір сәтке жатпайды. Міне сондықтан бұл себептерге, геометриядағы сияқты, іn abstr acto, сырттан әрекет жасауға да, басқалар үшін тіршілік олардың алдына қойып отырған мәселелерін шешуге де болмайды. Әркім оларды өзінше, өз ішінде шешеді. Бірақта бұл сұраққа біз тереңдей алмаймыз. Біз тек «тіршілік сүру» деген сөзге біздің санамыздың беретін дәл мағынасының қандай екенін ғана іздейміз де, саналы тіршілік иесі үшін бұл дегеніміз өзгеру екенін табамыз; өзгеру – пісіп жетілу деген сөз, ал пісіп жетілу – бұл өзді-өзін шексіз жа саулау. Дәл осыны жалпы тіршілік сүру туралы айтуға бола ма? Кез келген материалдық нәрсе жаңа ғана көрсетілген қасиеттерге кері қасиеттерді білдіреді. Ол өзі не болса, сол болып қалады, не, егер де сыртқы күш әсерінен өзгеретін болса, онда біз бұл өзгерісті мұнда өзгермейтін бөліктердің орын ауыстыруы ретінде елестетеміз. Егер де бұларда да өзгеріс көрініс тапса, біз оларды да бөліктеп жіберер едік. Міне осылай біз бөліктері дайын күйінде берілетін молекулаларға дейін, молекулаларды құрайтын атомдарға дейін, атомдарды жасақтайтын кішігірім бөлшектерге
дейін, қойнауында қарапайым айналдыру жолымен мұндай бөлшек
пайда бола алатындай «салмақсызға» дейін төмен түсеміз. Бір
сөзбен, біз бөлуде, немесе талдауда, қаншалықты керек делінсе,
соншалықты тереңдеп барамыз. Бірақ біздің алдымызда әрқашанда
өзгермейтін ғана болады.
Әрі барайық. Біз құрамы күрделі нәрсенің өзгеруі оның
бөліктерінің орын ауыстыруы болып табылады дейміз. Бірақ егер
бір бөлік өз орнын тастап кетсе, онда оған оны қайта басуына
ештеңе де бөгет жасамайды. Яғни, әлдебір күйден өткен элемент
тер тобы, әрқашан оған қайтып орала алады екен, – егер де өзінен-
өзі болмаса, онда бәрін өз орын-орынына қоятын небір сыртқы
себептің әсерінен. Бұл элементтер тобының белгілі күйі неше рет
болса да қайталануы мүмкін, демек, топ қартаймайды деген сөз.
Оның тарихы жоқ.
Сонымен, мұнда ештеңе де жасалмайды, – форма да, мате
рия да. Топтың не болатыны оның қазір не болып табылатынын
да қамтылған, егер тек оның не екендігіне Әлемнің ол байланы
сты-ау деген барлық нүктелерін енгізетін болса ғана. Адамнан
жоғары интеллект уақыттың кез келген сәті үшін жүйенің кез кел
ген нүктесінің кеңістікте қалай орналасқанын есептеп берген бо
лар еді. Ал тұтастың формасы оның бөліктерінің орналасуы ғана
болғандықтан, жүйенің болашақ формалары теориялық тұрғыдан
оның қазіргі жайғасуынан-ақ көрінуі мүмкін.
Нәрселерге деген біздің барлық сеніміміз, ғылым бөліп алып
қарастыратын жүйелермен жасалатын біздің барлық операцияла
рымыз уақыттың оларға әмірі жүрмейді деген идеяға негізделген.
Бұл сұраққа біз алдыңғы жұмысымызда соққанбыз және оған бұл
зерттеуде қайтып ораламыз. Ал қазір ғылымның материалдық
нәрсеге немесе бөлектенген жүйеге тағатын абстрактылық
уақыты t тек біруақыттылықтардың, немесе, жалпырақ алғандағы
тұрғыда, сәйкестіктердің, белгілі бір санынан ғана тұрады, және
бұл сәйкестіктердің арасын бөлетін интервалдардың табиғаты
қандай да болмасын бұл сан сол қалпында қалады деген ескертпе
мен шектелейік. Әңгіме ұйымдаспаған материя туралы болғанда
бұл интервалдар туралы сұрақ тумайды, егер де оларға әлдекім
тоқталатын бола қалса, онда олардағы жаңа сәйкестіктерді санау
үшін ғана тоқталады, ал бұл сәйкестіктер арасында тағы да не бол
са сол орын алуы мүмкін. Ісі тек жеке нәрселермен ғана болатын
қисынды ой, тек бөлектенген жүйелерді ғана қарастыратын ғылым
да – интервалдардың ішінде емес, олардың шекараларында орна
ласады. Міне қай себепті уақыт ағымы шексіз лездікке ие болды,
материалдық нәрселердің немесе бөлектенген жүйелердің барлық
өткені, қазіргісі және болашағы кеңістікте бірден түзіле қалды
деп жорамалдауға болады: мұндай жорамалдың нәтижесінде
ғалымдардың формулаларында да, тіпті кәдуілгі тілімізде де
ештеңені өзгертудің керегі жоқ болар еді. Әрқашанда t саны
сол бір мәнді белгілеген болар еді. Ол нәрселер мен жүйелердің
күйлері мен енді «уақыт ағымын» көрсететін толығымен берілген
сызықтың нүктелері арасындағы сәйкестіктердің сол бір санын
қамтып жатқан болар еді.
Ал енді реттілік – дау тудырмайтын факт, тіпті материалдық
дүниеде де. Жекеленген жүйелер жөнінде ой қозғай отырып,
олардың әрқайсысының өткен, қазіргі және болашақ тарихы жел
пуіш сияқты бірден түзіле алады деп, біз қаншама да жорамалдай
аламыз: бірақ бұл тарих дегенмен де, оның ұзақтылығы біздікіне
ұқсайтындай сыңаймен, біртіндеп түзілетін болады. Егер мен өзіме
бір стақан тәттіленген суды дайындағым келсе, онда мен не істесем
де, қанттың ерігенін тосуыма тура келеді. Осы кішігірім фактіден
көп нәрсеге үйренуге болады. Өйткені менің тосуға жұмсайтын
уақытым, материалдық дүниенің бүкіл тарихына, егер де ол ке
неттен кеңістікте түзіле қалатындай бола қалса, қолданыла алатын
сол бір математикалық уақыт емес. Ол менің шыдамсыздығыммен,
яғни қалай болса солай созуға немесе қысқартуға келмейтін менің
ұзақтылығымның белгілі бір бөлігімен сәйкес келеді. Бұл енді
ойдың аймағы емес, күйзелістің аймағы. Бұл енді қатынас емес;
бұл абсолюттіге жатады. Бұл стақан су, қант және қанттың суда
еру үдерісі тек абстракциялар ғана екенінен және менің сезімдерім
мен менің зердемнің күшімен жасалынған бұл абстракциялардың
арғы жағындағы Тұтастық менің санамның дами тәсілімен дами
тын болар дегеннен басқа нені білдіре алады.
Әрине, ғылымның әлдебір жүйені бөлектеу және даралау
жолында қолданатын операциясы мүлдем жасанды болмай
ды. Егер мұнда объективтік негіздеме болмаса, онда мұның бір
жағдайларда әбден орынды екендігін, ал басқа жолдары мүмкін
еместігін түсіндіре алмас едік. Материяға геометриялық тұрғыда
қарастыруға келетін бөлектенген жүйелерді туғызуға деген
тенденцияның тән екендігін біз көре аламыз. Материяға анықтама
берерде бұл тенденция бізге көмектеседі әлі. Бірақ бұл – тенден
циядан әрі ештеңе емес. Материя шегіне дейін жетпейтіндіктен
бөлектену де ешқашан толық болмайды. Егер де ғылым шегі
не дейін жетіп, әлденені толығыменен бөлектейтін болса, онда
ол мұны зерттеудің қолайлылығына бола жасайды. Кез келген
бөлектенген жүйенің белгілі бір сыртқы әсерлерге бағынышты
болып қалатынын ол сезінеді. Бірақ оларды – олар тым әлсіз
болғандықтан ескермей-ақ кетуге болатындықтан ба әлде оларға
кейінірек көңіл бөлермін дегендіктен бе – ол тысқары қалдыратын
болады. Дегенмен де дәл осы әсерлер бір жүйені кеңірек деген
екіншісімен, ал мұны – бұл екеуін де қамтитын үшіншісімен және
тағысын солай ең бөлектенген және ең тәуелсіз жүйеге, яғни бүкіл
күн жүйесіне дейін байланыстыратын жіптер болып табылады.
Бірақ мұнда да бөлектенгендік абсолютті емес. Біздің Күніміз ең
алыстағы деген планеталардың шегінен асыра жарық пен жылуды
сәулелендіреді. Екінші жағынан, Күн оның ілестіре жүретін плане
таларымен және олардың серіктестерімен бірге белгілі бір бағытта
қозғалады. Әрине, оны қалған Әлеммен байланыстыратын жіп өте
жіңішке. Сөйтсе де, алайда, біз тіршілік сүретін дүниенің ең кіші
бөлшектеріне де дәл осы жіп бойынша тұтас алғандағы Әлемге
тән ұзақтылық берілетін болады.
Әлем ұзайды. Уақыт табиғатын неғұрлым тереңірек білген сай
ын, ұзақтылық дегеніміздің формаларды жасау, ойлап табу, абсо
лютті жаңаны толассыз жасақтау екенін анығырақ ұғынатын бола
мыз. Ғылымның шектеген жүйелері қалған Әлеммен бөлінбестей
байланысып жатқандықтан ғана ұзайды. Расында, Әлемнің
өзінде, кейінірек көретініміздей, екі қарама-қарсы қозғалысты
– «құлдырау» мен «өрлеуді» – айыру керек. Біріншісі тек дайын
тұрған тізбені жайып салатын болады. Мұның, принципті тұрғыдан
алғанда, сығылған пружинаның серпілуіне ұқсас әп-сәтте өте
шығуы мүмкін. Бірақ пісіп-жетілу мен шығармашылықтың ішкі
жұмысына сай келетін екіншісінің ұзайтыны оның мәнінің осында
екендігінен туындайды, сөйтіп бұл одан бөлінбейтін біріншісіне өз
ырғағын орнықтырады.
Сонымен, ғылымның бөлектейтін жүйелеріне, егер оларды
қайтадан тұтастыққа енгізетін болсақ, ал олар сонда енгізілу
ге тиісті де, ұзақтылықты, ал демек, біздің тіршілік сүруіміздің
формасына ұқсас форманы жұғыстыруымызға ештеңе де бөгет
бола алмайды. Дәл осыны, a fortіorі, біздің қабылдауымыз дара
лайтын нәрселер туралы да айтуға болады. Әлдебір нәрсенің біз
оған беретін және оларға даралық дарытатын айқын контурлары
кеңістіктің берілген нүктесіне біз көрсете алатындай белгілі бір
текті әсерді ғана қоршалайды: заттардың беттері мен қырларын
байқастағанда біздің көзімізде, дәл айнадайын, бейнеленетін мүмкін болар іс-әрекеттеріміздің жоспары бұл. Бұл әсерді, ал де мек, реалдылықтың шәлкем-шалыстарында оның қабылдаудың көмегімен салған кең жолдарын алып тастадық делік, – онда нәрсенің даралығы реалдылықтың өзі болып табылатын жалпы өзара әсермен жұтылып тынады. Біз бейберекет алынған материалдық нәрселерді қарастырдық. Бірақ ерекше текті нәрселер болмас па екен? Біз ұйымдастырылмаған денелер табиғат тінінен қабылдау қайшысымен қиылып алы натынын айттық; оның қайшысы әрекеттің мүмкін болар алы мын анықтайтын сызықтар пунктиріне ілесе қимылдайды делік. Бірақ бұл әрекетті жасайтын дене, реалдық әрекет жасамас бұрын материяға мүмкін болар әсерлердің контурын әлден проекциялай тын дене, реалдылық ағымын белгілі бір формаларға сыйғыздыру және, сонымен, басқа денелер жасау үшін өз сезім мүшелерін соған бағыттауы жеткілікті болатын дене, – бір сөзбен, тірі дене – басқа денелерге ол ұқсай ма? Әрине, онда да дәл солай басқа созылмалықпен байланысқан, Тұтаспен ынтымақтас, материяның кез келген бөлігін басқаратын сол бір физикалық және химиялық заңдарға бағынатын созылмалылықтың бөлігі бар. Бірақ егер материяның бөлектенген денелерге бөлінуі біздің қабылдауларымызға, ал материалдық нүктелердің тұйықталған жүйелерінің ұйымдасуы біздің ғылымға тәуелді болса, онда тірі дененің бөлектенуі мен тұйықталуы табиғаттың өзімен анықталған. Ол бір-бірімен толықтыратын әртекті бөліктерден тұрады. Ол бір-бірімен байланысқан әртүрлі функцияларды атқарады. Бұл – индивидуум, және де басқа ешқандай да нәрсе туралы, тіпті кристалл туралы да, мұны айтуға болмайды, өйткені кристалда бөліктерінің әртектілігі де, функицяларының айырмашылығы да жоқ. Әрине, тіпті ұйымдасқан дүниеде де ненің индивудизм екенін, ненің еместігін анықтау оңай емес. Қиыншылықтар жануарлар дүниесіне қатынасқанда-ақ әжептәуір мәнді болады; егер өсімдіктер дүниесіне қарайлайтын болсақ, олар шешілмейтіндейін түрге енеді: өте тереңде жатқан себептерге біз әріректе тоқталамыз. Даралық дәрежелердің шексіз санына жол ашатынын және ешқайда, тіпті адамда да, ол түгелімен іске аспай тынын біз көре аламыз. Бірақ бұл ондағы тіршіліктің айшықты қасиетін мойындамауға негіздемелер бере алмайды. Геометрдің әдіс-айлаларына басатын биолог даралыққа дәл де жалпы анықтама беруге келгендегі біздің қабілетсіздігімізді тым оп-оңай жеңіп
шыққан болар еді. Дәл анықтаманы тек тамалдалған реалдылыққа
ғана беруге болады, ал тіршілік қасиеттері ешқашанда толығымен
іске асырылған болмайды; олар әманда – іске асу жолында ғана:
бұл дегеніңіз күйлерден гөрі ұмтылыстарға көбірек жатады. Бірақ
ұмтылыс ешқандай да басқа бір ұмтылыспен қақтығыспағанда
ғана өзінің неге бағытталғанының бәріне қол жеткізе алады. Біздің
көрсететеніміздей, әманда қарама-қарсы ұмтылыстардың өзара
қым-ғуыт өрілімі орын алатын тіршілік саласында бұл қалайша
мүмкін болар екен? Жекелей алғанда, даралылыққа келетін
болсақ, егер даралылықтануға деген ұмтылыс бүкіл ұйымдасқан
дүниеге тән болса, онда бұл барлық жерде де қайта өндірілуге де
ген ұмтылыспен қақтығысады деп айтуға болады. Тамамдалған
даралылық жағдайында ағзадан бөлектенген бірде-бір бөлшек
өзді-өзі болып тіршілік сүре алмас еді. Бірақ онда көбею мүмкін
болмай қалар еді. Көбею дегеніміз, шынында да, ескіден
бөлектенген бөліктен жаңа ағзаның туындауы емей немене? Со
нымен, даралылықтану тиісті өз жауына жол береді. Оның уақытта
жалғасуға деген мұқтаждығы оны кеңістікте шектелуге мәжбүр
етеді. Биолог әрбір жағдайда екі ұмтылысты да есепке алуға мін
детті. Ал сондықтан одан даралылыққа мәңгілікке жарайтындай
тұйықталған, автоматты түрде қолдануға болатын анықтаманы бер
деп талап ету пайдасыз.
Бірақ тіршілік құбылыстары туралы да тым жиі ұйымдаспаған
материяның қасиеттері туралы пайымдалғандай пайымдалады.
Мұндай қателесу даралылық туралы дауласулардағыдай басқа
еш жерде де ап-айқын орын алмайды. Бізге әр бөлігі өз басын
регенерациялайтын және өз бетінше дара болып тіршілік ететін
Lumbrіculus құртын, немесе гидраны, бөліктері жаңа гидралар
ды туғызатын, немесе әр кесегінен толық балапаншықтар дамып
шығатын теңіз кірпісінің жұмыртқасын көрсетіп: жұмыртқаның,
гидраның, құрттың даралылығы қайда? – деп сұрайды бізден. Бірақ
қазір бірнеше даралылықтың болуынан бұрындары бір даралылық
болуы мүмкін емес деген қорытынды шықпайды. Әлдебір шкаф
тан шығып жатқан бірнеше жәшікті көргенімде, бұл шкаф біртұтас
кесектен жасалған деп айтуға менің құқығым жоқ екенін мен мой
ындаймын. Бірақ әңгіме бұл шкафтың қазіргісі оның өткеніне
қарағанда көбіректі өзіне дарыта алмайтынында, ал егер енді ол
бірнеше әртекті кесектерден тұратын болса, онда ол өзінің дай
ын болған кезінен-ақ сондай болғаны. Жалпы айтқанда, әрекет
жасау үшін біз оларға мұқтаж болатын және соларға қарап ойлау
тәсілімізді қалыптастырған ұйымдаспаған денелер мынандай
қарапайым заңға бағынады: «қазіргі бұрынғыдай болғаннан артық
ештеңені өзінде тұтпайды, және де әрекетте көрінетіннің бәрі де
себепте алдын-ала болған». Бірақ ұйымдасқан дененің айшықты
белгісі өсу мен толассыз өзгеріс болып табылады делік, – мұны,
шынтуайтында, ең бір жеңіл-желпі бақылаудан-ақ көруімізге бо
лады, – басында біреу болып, ал кейін бірнешеу болатын бол
са, мұнда таңқаларлық ештеңе жоқ деуге болады. Бір клеткалы
ағзаның көбеюі тірі жан иесінің әрқайсысы тұтастайын индивиду
ум құрайтын екі жартыға бөлінуі болып табылады. Рас, күрделірек
жануарларда тұтастың қайта өндірілу қабілеті жыныстық деп
аталатын және тәуелсіз деуге болатын клеткаларда оқшауланған.
Бірақта бұл қабілеттің әлдебір жұрнағы, регенерациялану факті
лері көрсеткеніндей, ағзаның қалған бөлігінде ыдырап орналасуы
мүмкін, сөйтіп ерекше жағдайларда ол жасырын күйінде бүкіл
ағзада түгелдейін орын тебеді де, мүмкін бола сала-ақ көрініс бе
реді деп болжалдауға болады. Менің даралылық туралы айтуға
хақымның бар болуы тек қана ағза тіршілікге қабілетті фрагмент
терге бөлінбейтін кезінде ғана емес. Бұл ағзаның бөлінер алдын
да бөлшектердің белгілі бір жүйеліленуі болғаны және бөлініп
шыққан бөліктерде сол бір жүйеліленуге деген ұмтылыстың болуы
жеткілікті. Ұйымдасқан дүниеде дәл осы байқалады да. Сонымен,
мынандай қорытынды жасауға болады: даралылық ешқашанда
тамамдалған болмайды және индивидтің не екенін, ненің индивид
емес екенін айту қиынға соғады, ал кейде мүмкін де емес; бірақ
тіршілік дегенменде даралылыққа жолдар іздестіріп, табиғи түрде
бөлектенген, табиғи түрде тұйықталған жүйелерді жасап шығаруға
ұмтылады.
Осынысымен тірі жан иесі біздің қабылдауымыз бен
ғылымымыз жасанды жолмен бөлектейтін мен ерекшелейтінінің
бәрінен айырықшаланады. Міне, сондықтан оны нәрсемен салыс
тыру жөнсіз болған болар еді. Егер де біздің оны ұйымдастырыл
маған дүниенің әлденесімен салыстырғымыз келсе, онда ту
расында әлдеқандай белгілі бір материалдық нәрсемен емес,
қайта тұтас материалдық Әлеммен параллель жүргізуге болар
еді. Рас, бұл салыстыру соншалықты пайда әкеле қоймас еді,
өйткені тірі жан иесі бақылау объектісі бола алады, ал тұтас
алғандағы Әлемге келетін болсақ, ол ой жүзінде құрылып және
қайта құрылып отырады. Бірақ бәрібір бұл жағдайда да көңіл
ұйымдасудың мәнді деген қасиеттеріне бағытталған болар еді.
Тірі ағза – тұтастығында алынғандағы Әлем ретінде де, жеке алынғандағы әрбір саналы жан иесі ретінде де – ұзайтын әлдене болып табылады. Оның өткені толығымен қазіргіде жалғасын та бады, онда орын теуіп, әрекет жасайды. Ағзаның белгілі бір фаза лардан өтетінін, оның жас шамасының өзгеретінін, – бір сөзбен, оның тарихы барлығын басқаша түсінуге болар ма еді? Егер мен, мысалға өз денемді қарастыратын болсам, онда оның, менің са нама ұқсап, біртіндеп, балалық шақтан кәрілікке қарай, кемел денетінін көрер едім; менің өзім сияқты, ол да қартаяды. Кемел ділік пен кәрілік турасын айтқанда, менің денемнің қасиеттері ғана болып табылады, және тек метафора тұрғысында ғана сана лы тұлғаның сәйкесті өзгерістеріне мен сол атауды беремін. Егер мен енді тірі жан иелерінің сатысымен төмен түсетін болсам, егер мен бір ең көбірек дифференциацияланғанынан бір ең азырақ дифференциацияланғанына, адамның көп клеткалы ағзасынан бір клеткалы инфузорияға өтетін болсам, мен осы қарапайым клеткада да сол қартаю процесіне тап болар едім. Бөлінулердің белгілі бір санынан кейін инфузория өз күштерін сарқиды, ал олардың қайта жаңғыруы үшін қосылу қажет. Ортаны өзгерте отырып, бұл сәтті біз алыстата алғанымызбен де, бәрібір оны шексізге дейін алыста та беруге болмайды3. Рас, ағза мүлде ерекшеленетін бұл екі шеткері жағдайлар аралығында даралылығы кемірек көзге ұрынатын көптеген басқа жағдайлар кездеседі, бұларда қартаю байқалғанымен, бірақ ненің ғана қартайатынын дәл анықтау қиынған соғар еді. Қайталап ай тамын, еш өзгеріссіз, автоматты түрде кез келген тірі жан иесі не қолданылатын әмбебап биологиялық заң жоқ. Тек тіршіліктің жалпы түрлерге беретін бағыттары ғана бар. Әрбір жеке түр өз ұйымдасуының іске асу актісімен-ақ өз тәуелсіздігін баянды қылады, өз қыңырлығына басады, азды-көпті бір жағына қисаяды кейде тіпті кері де қайтады, сөйтіп бастапқы бағытқа арқасын бер гендей болады. Ағаштың қартаймайтындығын көрсету қиынға соқпас еді, өйткені оның ұшындағы бұтақтары әманда біркелкі жас болады, әманда тармақталып, жаңа бұтақтар туғызуға қабілетті бо лады. Бірақ мұндай-сынды ағзада да, – ол индивидтен гөрі қоғамға көбірек ұқсайды, – қартаятын бірдеңе бар; жапырақтар қартаяды, стволының іші қартаяды; жеке-жеке алғандағы әрбір клеточкасы да 3 Calkіns. Studіes on the lіfe hіstory of Protozoa (Arch. f. Entwіcklungs mechanіk, v. XV, 1903, P. 139-186).
белгілі бір тұрғыда эволюцияланады. Әлдене тіршілік сүретіннің бәрінде де уақыт өз дағын қалдыратын ашық тізілім (реестр) әрқашанда табылады. Бұл тек метафора ғана деп бізге айтулары мүмкін. Шынында да, уақытқа қарымдылық пен шынайы реалдылық тиістіретін кез келген сөз байламын метафоралық деп есептеу механицизмге тән қасиет. Біздің саналы тіршілік сүруіміздің негізінің өзі жадымыз екенін, яғни өткеннің қазіргідегі жалғасы, немесе, өзгеше айтқанда, қарымды және кері оралмас ұзақтылық екендігін, тікелей бақылау бізге көрсетсін-ақ делік. Қисынды ой мен ғылым бөлектейтін айқын сызбаланған нәрселер мен жүйелерден неғұрлым бас тартқан сай ын, соғұрлым біздің реалдылыққа жақындай түсетінімізді пайым дау бізге дәлелдесін-ақ делік; ал реалдылық, оған өткеннің жиыс тырушысы болып табылатын адам жады кейін қайтуды мүмкін емес қылып тастағандайын, бүкіл өзінің ішкі тұтастығында ғана өзгере алады. Ақылдың механикалық инстинкті пайымдаудан да, тікелей бақылаудан да күшті. Біздің әрқайсымызда сұраусыз-ақ тіршілік сүретін метафизикте, – ал оның бізде бар екендігі, кейін көретініміздей, адамның тірі жан иелерінің арасындағы орнымен түсіндіріледі, – өзінің белгілі бір талаптары, дайын түсіндірулері, мұқалмас қағидалары бар: олардың бәрі нақтылы ұзақтылықты терістеуге келіп саяды. Өзгерістің бөліктер орналасуы және орын ауыстыруымен шектеулі болуы, уақыттың кері оралмастығының біздің білместігімізден туындайтын көзге көрінушілік болуы, ал кері қайтудың мүмкін еместігі – адамның заттарды өз орындарына қоюға деген қабілетсіздігінің сырт көрінісі ғана болуы керек. Сон да қартаю дегеніміз белгілі заттардың жүйелі түрде қосылуына не месе біртіндеп ғайып болуына айналады. Онда уақыттың тірі жан иесі үшін реалдылығы құм сағат үшінгі реалдылығымен барабар болады; ал құм сағатта оның жоғарғы резервуарының ақтарылуы төменгісінің толуымен қатар жүретіні және аппаратты төңкеріп, бәрін қайта орын-орынына қоюға болатыны белгілі. Рас, туу күні мен өлу күні аралығында ненің қосылып және ненің жоғалатыны туралы сұрақта келісім жоқ. Кейбіреулер клетка тууынан тура оның өлуіне дейін протоплазма көлемінің үздіксіз ұлғаюы орын алады деп мойындайды4. Азаюды ағзаның жаңаруы орын алатын «ішкі ортадағы» қоректі заттардың мөлшерімен, 4 Sedgwіck Mіnot. On certaіn phenomena of growіng old. (Proc. of the Amerіcan Assoc. for the advancement of scіence, 39 th meetіng. Salem, 1891, p. 271-288).
көбеюді ағзада жинала келе, түптің түбінде «қабыршақ құрайтын»5 сыртқа шығарылмаған тұнбалардың мөлшерімен байланыстыра тын теория шындыққа жақынырақ және негізділірек болып та былады. Дегенмен де, атақты микробиологпен бірге фагоцитозды ескермейтін қартаюдың кез келген түсіндіруін6 жеткіліксіз деп мойындау керек пе? Біз бұл сұрақты шешуді мақсат тұтпаймыз. Бірақ екі теория белгілі тектегі материяның тұрақты жинақталуын немесе тұрақты ғайып болуын мойындауға келісе отырып, сол арада ненің қосылып, ненің жоғалатынын анықтауға келгенде келісімге келе алмаған кезінде, олардың ұғыныс шеңберін a prіorі жүргізгені айқын болып шығады. Бұл біздің арғы зерттеуіміз ба рысында бұдан да әрі айқындала түседі: уақыт туралы ойлағанда, құмды сағат бейнесінен арылу оңай емес. Қартаюдың себебі тереңірек болуға тиіс. Ұрықтың дамуы мен толық ағза дамуы арасында үздіксіз сабақтастық бар екенін біз мойындаймыз. Тірі жан иесінің өсіп, дамып және қартаюына қозғаушы болатын импульс оны эмбрионалдық тіршілікдің фазала рынан өтуге мәжбүр етті. Ұрықтың дамуы – бұл форманың тұрақты өзгеруі. Оның барлық жүйелі желісін тізбектеп шығам деген адам, мәселе үздіксіздік туралы болғанда орын алатынындай, шексіздік те адасып кетер еді. Тіршілік дегеніміз тууға дейін басталған осы эволюцияның жалғасуы болып табылады. Дәлелі ісің қартайып келе жатқан ағзамен әлде дамып бара жатқан ұрықпен болып отырғанын айырып айтудың мүмкін болмайтынында: мысалға, мұндай жағдаят жәндіктердің немесе шаянтектілердің личинкала рында орын тебеді. Екінші жағынан, біздің ағзамыздың тіршілікін дегі жыныстық кемелділік немесе климакс сияқты индивидтің толығынан қайта тууына апаратын сыни кезеңдерді личинканың немесе ұрықтың тіршілікі бойында орын алатын өзгерістерге теңестіру әбден мүмкін; алайда олар қартаю процесінің айырыл мастай сәтін құрайды. Олар белгілі бір жас шамасында өтетінімен және тым ұзаққа созылмайтынымен, тек, 20 жасқа келгендердің әскери қызметке шақыруға тап болатыны сияқты, уақыты келді де ген себептен ешкім де оларды ex abrupto, сыртқары, деп ешкім де ұйғара алмайды. Жыныстық кемелділік сияқты өзгерістің туғанның 5 Le Dantec. L’іndіvіdualіté et l’erreur іndіvіdualіste. Rarіs, 1905, p. 84 және келесілері. 6 Metchnіkoff. La dégénérescence senіle (Année bіologіque, ІІІ, 1897, p. 249 және келесілері). Қараңыз сол автордың: La nature humaіne. Parіs, 1903, p. 313 және келесілері.
өзінен тіпті туғанға дейін басталып, минут сайын дайындалатыны
анық, сөйтіп тірі жан иесінің осы дағдарысқа дейінгі қартаюы да,
тым болмағанда бір үлесінде, осындай біртіндеген дайындықтан
тұрады. Қысқаша айтқанда, қартаюдағы форманың дәл осы
байқалмас, шексіз өзгерісі тіршіліктінің тап өзі болып табылады.
Күмәнсіз, онда сонымен бірге органикалық күйреу құбылыстары
да қатарласа жүреді. Қартаюдың механикалық түсіндірмесі солар
ды көңілге түйеді. Ол склероз құбылыстарын, тұнбалардың біртін
деп қордалануын, клеткалық протоплазманың өскін гипертрофия
сын байқайды. Бірақ бұл сыртқы салдарлардың ар жағында жасы
рын ішкі себеп жатыр. Тірі жан иесінің эволюциясы, ұрықтың да
эволюциясы сияқты, ұзақтылықтың үздіксіз жазылуын, өткеннің
қазіргіге енуін және, демек, ең кемінде, органикалық жадтың
ықтималдылығын қосып алады.
Ұйымдаспаған дененің бұл күйі тек қана алдыңғы сәтте
не болғанына тәуелді. Ғылым бөлектеген әлдебір жүйенің
матриалдық нүктелерінің орналасуы тікелей алдыңғы өткен сәттегі
сол нүктелердің орналасуымен анықталады. Басқаша айтқанда,
ұйымдаспаған материяны басқаратын заңдар принципті түрде
дифференциалдық теңдеулермен, ал оларда уақыт (математиктің
оған беретін мағынасында алғанда) тәуелсіз айнымалы шаманың
рөлін атқарады. Тіршілік заңдары осындай ма? Тірі дене өзінің
толық түсіндірмесін тікелей алдыңғы өткен күйден таба ала ма? Иә,
егер a prіorі тірі ағзаны табиғаттың басқа денелеріне ұқсастыруға
және, бұл қажет болғанда, химик, физик және астроном опера
циялар жасайтын жасанды жүйелермен теңестіруге шарттасатын
болса. Бірақ астрономияда, физикада және химияда бұл қағида
әбден бір анық мағынаға ие: ол қазіргінің ғылымға маңызды де
ген белгілі бір жақтарын жуырда ғана өткеннің функциясы ре
тінде есептеуге келетінін білдіреді. Тіршілік саласында бұған
ұқсас ештеңе де орын алмайды. Мұнда есептеуге органикалық
қираудың белгілі құбылыстары ғана жатады. Бірақ біз өзімізге
сөздің өз мағынасындағы тіршілікті құрайтын органикалық
шығармашылықты, эволюциялық құбылыстарды қалай ғана
математикалық операцияларға жатқызуға болатынын тіпті елесте
те де алмаймыз. Бұл беймүмкіндік біздің жаңсақтығымызға ғана
байланысты деп айтулары ғажап емес. Бірақ ол тірі дененің бе
рілген сәті тікелей алдыңғы өткенмен шарттаспайтындығының,
бұған ағзаның бүкіл өткенін, оның тұқым қуалаушылығын, бір
сөзбен, бүкіл оның өте ұзақ тарихын қосу керектігінің көрсеткіші
де бола алады. Шындығында, осы екі гипотезаның екінші сі биологиялық ғылымдардың қазіргі күйін және тіпті олардың бағытын да білдіреді. Адамнан да зор ақылы бар әлдебір есепте уіш тірі ағзаны, күн жүйесін жасағандайын, математикалық зерт теуге сала алады деген идеяның түбірі белгілі текті метафизикада жатыр; ал бұл соңғысы Галилейдің физикалық жаңалықтарынан бері айқындырақ қана формаға енгені болмаса, ол әрқашан, біздің кейінірек көрсететеніміздей, адам ақылының табиғи метафизи касы болған. Оның көпе-көрнеу анықтығы, біздің оны дұрыс деп санауға деген ыстық ықыласымыз, соншама жарқын ақыл иелерінің оны дәлелсіз қабылдауға даярлығы, – бір сөзбен, біздің ойымыз үшінгі оның барлық желікпелері бізді оған сақтықпен қарауға мәжбүр етуге тиіс еді. Оның бізге деген тартымдылығы оның әлдебір туа біткен бейімділікті қанағаттандыратынын жеткілікті түрде дәлелдейді. Бірақ, кейінірек анықталатынындай, тіршілік өз эволюциясының барысында туғызуға тиісті болған, қазір енді туа біткенге айналған интеллектуалдық тенденциялардың мүлде бізге тіршілікті түсіндіріп беру үшін жасалмағаны хақ. Бұл интеллектуалдық тенденциялар жасанды жүйені табиғидан, өліні тіріден айырмақ болғанымызда бізге ұшырасатын кедергілер болып табылады. Олардың кесірінен ұйымдасқан нәрсе ұзайды деп те және ұйымдаспаған нәрсе ұзамайды деп те ойлау бірдей қиынға соғады. Қалай, деулері мүмкін бізге, жасанды жүйенің күйі тек қана оның алдыңғы сәттегі күйіне тәуелді деп ұйғарғанда, сіздер соныменен уақытқа жүгінбейсіздер ме, бұл жүйені ұзақтылыққа енгізбейсіздер ме? Және, екінші жағынан, тірі жан иесінің берілген сәтімен тығыз байланысты деп сіз дер ұйғаратын осы өткені органикалық жадта түгелімен тікелей алдыңғы сәтке сығылыстырылмай ма, сөйтіп бұл қазіргі сәттің жалғыз-ақ себебі болатындайын? – Бұлай деу – реалдық жүйе дамитын нақтылы уақыт пен жасанды жүйелер туралы біздің пайымдауларымызға енетін абстрактылы уақыт аралығындағы не гізгі айырмашылықты түсінбеу болып табылады. Жасанды жүйенің күйі оның тікелей алдыңғы сәтте не болғанына тәуелді дегенде, біз нені есте ұстаймыз? Басқа математикалық нүктемен жанамаласа тын математикалық нүктенің болмайтыны сияқты, берілген сәтке тікелей алдыңғы болатын сәт жоқ және болуы мүмкін емес. «Тікелей алдыңғы» сәт шындығында берілген сәтпен dt интер валы арқылы байланысатын сәт болып табылады. Сонымен, біздің
dl, dv айтпағымыз: жүйенің қазіргі күйі dt dt сияқты, яғни, мәнісінде, қазіргі сәттің жылдамдығы мен қазіргі сәттің үдеуі бола тын, дифференциалдық коэффициенттер кіретін теңдеулермен анықталады. Демек, әңгіме тек қазіргі туралы ғана, рас, оның тенденциясымен алынғандағы қазіргі туралы ғана болып отыр. Іс жүзінде ғылымның айналысатын жүйелері әманда қас-қағымдық, тұрақты түрде қайта жаңғыратын қазіргіде тіршілік сүреді, бірақ өткені қазіргіден бөлектенбейтін реалды нақтылы ұзақтылықта емес. Әлдебір жүйенің белгілі t уақыт кезеңінің соңындағы болашақ күйін математик есептеген кезде, оған берілген сәттен бастап материалдық Әлем жоқ болып кетіп, кенет қайта пайда болады деп жорамалдауына ештеңе де бөгет жасамайды. Ол t уақыт кезеңінің тек соңғы сәтін ғана ескереді, ал бұл сөздің толық мағынасында бір сәттілік суреті болатын әлдене дегенді білдіреді. Интервалда не болатыны, яғни реалдық уақыт, еске алынбайды және есепке кір мейді. Егер математик осы интервалмен жұмыс істеймін деп айта тын болса, онда оның ылғи да белгілі бір нүктеге сырғығаны және белгілі бір сәтте, яғни t’ уақыттың шекті сәтінде, ал сонда t’-ке дейінгі интервал туралы сөз бұдан былай болмақ емес. Егер ол ин тервалды dt дифференциалға сәйкестендіріп шексіз кіші бөліктерге бөлетін болса, онда ол сонысымен үдеулер мен жылдамдықтарды, яғни тенденцияларды белгілейтін және жүйенің берілген сәттегі күйлерін есептеуге жол ашатын сандарды қарастыратынын жайы мен ғана көрсетеді; бірақ әңгіме әрқашан берілген сәт туралы, яғни қатып-семіп, тоқтап қалған сәт туралы, ал ағып жатқан уақыт туралы емес, болады. Қысқаша айтқанда, математиктің ісіне ілігетін дүние әрбір мезет сайын өлетін және қайта түлейтін дүние, Декарттың толассыз жасампаздық туралы айтқанында ойластырған дүниесі болып табылады. Бірақ мұндайлық уақытта эволюцияны, яғни тіршілікті сипаттайтын нәрсені қалай ғана өзімізге елестету мүмкін? Эволюция – алғышарт есебінде өткеннің қазіргіде реалдық жалғасуын, байлаушы жіп болатын ұзақтылықты қалайды. Басқаша айтқанда, тірі жан иесін, немесе табиғи жүйені тану ұзақтылық интервалының өзіне бағытталған таным болып табылады, ал жасанды, немесе математикалық, жүйені тану тек оның шекті сәтіне ғана бағытталған болады. Үздіксіз өзгермелілік, қазіргіде өткенді сақтау, ақиқат созылмалылық, – міне, байқасақ, тірі жан иесінің сананың қасиеттерімен ортақ қасиеттері осындай. Әрі қарай барыңқырап,
тіршілік дегеніміз саналы іс-әрекетке ұқсап, өнертапқыштық пен де шығармашылық болып табылады деп айтуға болмайды ма екен? Біздің міндетімізге трансформизмнің дәлелдерін санамалып шығу кірмейді. Біз не себептен бұл жұмыста оны жалпыға бел гілі фактілердің жеткілікті түрде дәл және дұрыс түсіндірмесі деп қабылдайтынымызды екі сөзбен түсіндіріп қана кетпекпіз. Транс формизм идеясы бастапқы формасында тірі ағзалардың табиғи классификациясында-ақ орын тапқан. Шынында да, натуралист бір-бірімен ұқсас ағзаларды жақындастырады, сонан соң топты ішінде ұқсастығы одан да көбірек болатын шағын топтарға бөледі, және тағы солай: бүкіл осы операция бойы топтық нышандар жал пы тақырып ретінде жүріп, шағын топтардың әрбірі соның өзіндік вариацияларын орындағандайын сыңай танытады. Дәл осындай қарым-қатынасты біз жануарлар мен өсімдіктер дүниелерінде ненің туып, ненің туылатынының арасында да табамыз: зәузаты өз түлектеріне қалдыратын ортақ арқауға, олардың әрбірі өз ерекше өрнегін қалдырады. Рас, зәузат пен түлек арасындағы айырмашылықтар айтарлықтай мәнді де емес, сондықтан да мы надай сұрақ туады: сол бір ғана тірі материя бірінен кейін бірін балықтың, жорғалаушының және құстың формалары сияқты қаншама әртүрлі формаларды тудыру үшін, соншалықты икемді бола ала ма? Бірақ бұл сұраққа бақылау әбден бір белгілі түрде жауап береді. Бақылау дамудың белгілі бір кезеңіне дейін құстың ұрығын жорғалаушының ұрығынан әзер айырып алуға болатынын және эмбрионалдық тіршілік барысында индивидтің тіпті эволюциялық теория бойынша бір түрден екінші бір басқасына өту іске асатын айналымдарға ұқсайтын айналымдар тізбегінен өтетінін көрсетеді. Екі клетканың – ер және әйел клеткаларының – комбинациясынан алынатын бір клетка бұл процесті бөліну арқылы іске асырады. Күн сайын біздің көзімізше тіршіліктің ең жоғарғы формалары өте элементарлы формадан ұшқындап жатады. Тәжірибе, сонымен, ең күрделінің эволюция жолымен ең қарапайымнан шыға алатынын көрсетеді. Бірақ шындығында да ол содан шыққан ба екен? Па леонтология оның берілгендерінің жеткіліксіздігіне қарамастан осыған сенуге бізді мәжбүр етеді, өйткені оның белгілі бір дәлірек дәржесінде түрлердің тізбегіндегі ашқан тәртібі эмбриология мен салыстырмалы анатомияның берілгендері бойынша болжаланатын тәртіпке дәл сай келеді, сөйтіп әрбір жаңа палеонтологиялық ашы
лым трансформизмге жаңа растауды әкеледі. Солайша, қарапайым
және анық бақылаудан алынған дәлелдеме әрқашан өзіне бекемдеме
тауып жатады, ал, екінші жағынан, тәжірибе кезекпен-кезек қарсы
айтылған уәждерді жолдан тайдырады. Мысалы, жуықта қойылған
де Фриздің тәжірибелерін алайық. Олар маңызды өзгерістердің ке
нет пайда бола алатынын және ретімен беріле алатынын көрсетіп,
теория тұрғызған ең байыпты деген қиыншылықтардың кейбірін
жолдан тайдырды. Олар биологиялық эволюция үшін қажетті
деген уақытты мейлінше қысқартуға әкеліп соғады. Олар тағы
біздің тарапымыздан палеонтологияға қойылатын талаптарды
кемітуге мәжбүрлейді. Сөйтіп, нәтижесінде трансфоризм гипоте
засы ең кемінде ақиқаттың жуықталған өрнектемесі ретінде алға
тартылады. Ол қатаң түрде дәлелдеуге келмейді; бірақ теориялық
және эксперименталдық дәлелдеме беретін дәйектілік облысынан
төменірек көрнекіліктің орнын басатын және соған өзінің шегі
ретінде ұмтылатын, шексіз өсетін ықтималдылық бар; трансфо
ризм осы текті ықтималдыққа жатады.
Алайда, трансформизм адасушылық болып шықты де
лік. Пайымдау арқылы немесе тәжірибеде түрлер әлдебір біз
ге беймәлім үздікті процесте пайда болыпты деп топшылайық.
Мұнымен трансформизм доктринасы оның біз үшін ең қызық және
маңызды деген бөлігінде жоққа шығар ма еді? Жалпы тұрғысында
алғанда, күмәнсіз, классификация сақталып қалған болар еді.
Қазіргі эмбриологияның берілгендері де қалар еді. Салыстырмалы
эмбриология мен салыстырмалы анатомия арасындағы сәйкестік
те сақталар еді. Олай болса, биология тірі формалар арасын
да қазір трансформизм топшылап отырған сол бір туыстықты,
сол бір қатынастарды бұрынғыша орнықтыра алар еді және
орнықтыруға тиіс болар еді. Рас, әңгіме материалдық туыстық
байланыс туралы емес, идеалды туыстық туралы болар еді. Бірақ
сондай-ақ палеонтологияның қазіргі берілгендері де бар болатын
болғандықтан, араларында идеалды туыстығы бар формалар бір
уақытта емес, қайта бірінен кейін бірі пайда болған деп есептеу
керек болар еді тағы. Алайда эволюциялық теория өзінің фило
соф үшін мап-маңызды бөлігінде бұдан артықты талап етпейді.
Оның басым мәнісін идеалды туыстық қатынасын айқындау және
формалар арасында логикалық байланыс деп айтарлық қатынас
бар деген жерде сондай-ақ бұл формалар материаландырылатын
түрлер арасында хронологиялық жүйелілік қатынасы да бар деген
ұйғарым құрайды. Бұл қосарлы тезис қай жағдайда да сақталады.
Ал онда тағы бір жерлерде эволюция бар деп топшылау қажет бо
лар еді – не шығармашылық Ойда: онда әрқилы идеялар транс
формизмге сай Жер бетінде бір түрлер екіншілерін туғызатыны
тәрізді бірін-бірі туғызар еді; не табиғатқа тән және тіршілік
ұйымдасуының біртіндеп айқындалып келе жатқан жоспарында:
онда таза формалар арасындағы логикалық және хронологиялық
байланыстың қатынастары дәлме-дәл трансформизмнің бізге
тірі индивидтер арасындағы реалдық байланыстың қатынастары
түрінде көрсететініндей болар еді; не, ең соңында, тіршіліктің
әлдебір белгісіз себебінде: ол өз салдарларын олардың біреулері
екіншілерін тудырып жатқандайын қылып жайып салған болар
еді. Сонымен, эволюцияны көрінетіннен көрінбейтінге аударып
жай ғана оның орынын ауыстырған болар еді. Трансформизмнің
бүгін ұйғаратынының бәрі дерлік, басқаша түсіндірмелеу құқында
болса дағы, сақталып қалар еді. Бұл жағдайда ғалымдардың бір
ауыздан дерлік мойындайтын түріндегі трансформизмді ұстану
дұрысырақ болмас па? Егерде бұл эволюционизмнің қай шамада
фактілерді суреттейтіні, ал қай шамада рәміздемелеу (символиза
ция) болатыны туралы сұраққа көңіл бөлмесек, онда бұл эволюци
онизмде онымен орнын жаппақ болып жүрген басқа доктриналар
мен сиыспайтындай ештеңе де қалмайды, тіпті әншейінде ол қарсы
қойылатын Құдай жасампаздығының жекелеген актілері туралы
іліммен де. Міне осы себептен трансформизм тілі, ғылым үшін
оның постулаттарын ұстану міндетті болып бара жатқанындай,
енді кез келген философия үшін де міндетті болып шығады.
Бірақ бұл жағдайда енді абстракция ретіндегі не барлық тір
шілік иелерін қамтитын қарапайым рубрика ретіндегі жалпы тір
шілік туралы айтуға болмай қалады. Белгілі бір сәтте, кеңістіктің
белгілі бір нүктесінде нақтылы ағым туындады: бұл тіршілік
ағымы, бірінен кейін бірі ол ұйымдастырған денелерден өтіп,
ұрпақтан ұрпаққа жетіп, күшін еш жоғалтпай, қайта алға басқан
сайын қарқынын арттыра отырып, түрлерге бөлінді және индивид
тер арасына тарқады. Вейсман қолдайтын «ұрықтық плазманың
үздіксіздігі» теориясы бойынша, тудырғыш ағзаның жыныстық
элементтері туып келе жатқан ағзаның жыныстық элементтеріне
өз ерекшеліктерін тікелей беретіні белгілі. Теория бұл шекті фор
масында даулы болып көрінеді. Өйткені ерекше бір жағдайларда
ғана
ұрықтанға
клетка-жұмыртқаның
бөлінуі
сәтінен-ақ
жыныстық бездердің сұлбасын байқауға болады. Бірақ жыныстық
элементтердің тудырғыш клеткалары эмбрион тіршілігінің ең басы
нан пайда болғанымен, дегенменен де олар әрқашан әлі ешқандай да арнайы функционалдық дифференциацияға жатпаған және клеткалары өзгермеген протоплазмадан тұратын ұрықтық тіндер есебінен қалыптасады7. Басқаша айтқанда, ұрықталған клеткажұмыртқаның тудырғыш күші ұрықтық тіндердің өсетін масса сы бойынша таратылуы шамасына орай азаяды; бірақ сөйтіп ол жойылып кетіп бара жатқанда, оның бір бөлігі белгілі бір ноқатта атап айтқанда, клетка-жұмыртқалар немесе сперматозоидтар туындайтын клеткаларда, қайтадан шоғырланатын болады. Демек, егер ұрықтық плазманың үздіксіздігі орын алмаса да, дегенмен де тудырғыш энергияның үздіксіздігі бар деп айтуға болады, ал ол эмбрионалдық тіршілікке импульс берілетін бірнеше мезеттерде-ақ, тез арада жаңа жыныстық элементтерде толықтырылып, қайтадан өз сағатын тосып жатуы үшін дерлік, шығынданып үлгіреді. Осы тұрғыдан қарағанда, тіршілік дамыған ағза көмегімен ұрықтан ұрыққа аяқ басатын ағым сияқты көрінеді. Бәрі де ағзаның өзі тек ескі ұрықтың жаңада жалғаспаққа ұмтылып өзінен шығаратын өскіні, бүршігі ғана болатындайын өтеді. Ең бастысы прогрестің, шексіз жалғасатын, көзге көрінбейтін прогрестің, әрбір көзге ұрынатын ағзаның оның тіршілігі үшін берілген қысқа ғана уақыт аралығында жете алатын прогрестің үздіксіздігінде жатыр. Бірақ тіршіліктің осы үздіксіздігіне неғұрлым көбірек көңіл бөлген сайын, соғұрлым көбірек органикалық эволюцияның сана эволюциясына жақындағанын байқайсың, ал бұл соңғысында өткен қазіргіні қыспақтап, одан бұрынғыларымен өлшемсіз жаңа форманы ығыстырып шығаратын болады. Ешкім де өсімдіктер дүниесі мен жануарлар дүниесінің пайда болуы белгілі бір се бептерден туатынын жоққа шығармайды. Бірақ мұны тек бы лай деп қана түсінгеніміз жөн: егер де кейіннен бұл себептерді барлық детальдарына дейін білетін болсақ, онда біз жаңа форманы түсіндіре алған болар едік; алайда жаңа форманы алдын ала бол жау туралы әңгіме де болуы мүмкін емес8. Егер де біз оның пайда болуының жағдайларын біршама толықтығында білетін болсақ, онда оны болжау мүмкін болар еді деп айтулары мүмкін. Бірақ бұл жағдайлар онымен тығыз байланысты және тіпті тіршілік тарихының берілген сәтін сипаттап, онымен бірегей тұтастық құрайды; өз тегінде жалғыз әлі ешқашан болмаған және ешқашан да қайталанбайтын ахуалды қалайша алдын ала белгілі деп есеп 7 Roule. Lémbryologіe générale. Parіs, 1893, p. 319. 8 Тірі жарандар қатарының кері оралмайтындығын Болдуин тамаша көрсеткен болатын (Development and evolutіon, New York, 1902, әсіресе р. 327).
теуге болады? Болашақтан тек өткенмен ұқсастығы барды неме се өткеннің элементтеріне ұқсас элементтерден тұратынды ғана болжай алуға болады. Астрономиялық, физикалық, химиялық фактілер – қозғалмайды деп қарастырылатын элементтері бір-бірі мен қатарласа ғана орналасатын, орналасу жайы ғана өзгеретін, теориялық тұрғысынан заттардың орын-орынына қайтуы сандырақ болып көрінбейтін, демек, сол бір тұтас құбылыс немесе, тіпті болмағанда, құбылыстың сол бір элементтері қайталана алады дейтіндей әлдебір жүйеге қатынасындағы фактілердің бәрі осын дай. Бірақ сол бір оригиналдық ахуал, осы оригиналдығының әлденесін өз элементтеріне, яғни одан түсірілген жекелеген су реттерге бере алатын ахуал, өзі пайда болғаннан да бұрын беріледі деп қалайша елестетуге болады?9 Бір кезде пайда болған ол, өз түсіндірмесін тек қазір онда талдау ашып берген элементтері арқылы табады деп қана айтуға болады. Бірақ жаңа түрдің пайда болуына қатынасында дұрыс нәрсе, сондай-ақ жаңа индивидтің пайда болуына және жалпы кез келген тірі форманың кез келген сәтіне қатынасында да дұрыс. Өйткені, егер жаңа түрдің пайда бо луы үшін өзгерістің белгілі бір шама мен жалпылыққа жетуі керек болса, ол әрбір тіршілік иесінде әрбір сәт сайын көзге көрінбей, үздіксіз өтіп жатады. Сөйтіп, қазірде біз көп еститін кенет му тациялар көрер көзге өзгермегендейін ұрпақтар қатарындағы инкубациялық жұмыс немесе, дұрысырағында, пісіп-жетілу жұмысы, аяқталғанда ғана мүмкін болады. Осы мағынасында тір шілік туралы, сана турасындағыдайын, ол минут сайын әлденені туындатып жатады деп айтуға болады10. Біз бұны мына жұмысымызда баса айтқан едік: «Essaі sur les données іm medіates de la conscіence», р. 140-151. Сеай өзінің «Өнердегі данышпан» кітабында өнер табиғатты жалғастырады, ал тіршілік дегеніміз шығармашылық деген қосарланған тезисті дамытады. Біз екінші қағиданы хош қабылдаймыз. Бірақ автордың солай жасайтындай, шығармашылықты элементтердің синтезі деп түсіну керек пе? Элементтер алдын ала бар жерде бұл элементтердің мүмкін болар комбинацияларының бірі ретінде потенциалды түрде олардың синтезі де орын тебеді: әлдебір адамнан да жоғары интеллект түгел басқалары арасынан бұл комбинацияны алдын ала көріп-біле алар еді. Біз, керісінше, тіршілік облысында элементтер реалдық және жекеленген өмір сүруді иелене алмайды деп есептейміз. Бұл – бірегей бөлінбес үдеріске зерденің көзқарастарының көптіліктігі. Сол себепті де үдерісте толық кездейсоқтық, алдыңғы мен жалғасы арасындағы өлшемсіздік, – бір сөзбен, ұзақтылық – орын алады.
Бірақ формалардың абсолютті оригиналдылығы және болжауға келмейтіндігі туралы бұл идеяға біздің интеллект түгелімен қарсы тұрады. Интеллекттің, оны тіршілік эволюци ясы қалыптастырғанындай, мәнді функциясына біздің жүрістұрысымызды сәулелендіру, заттарға деген біздің әсерлерімізді дайындау, берілген жай-күй үшін қолайлы немесе қолайсыз уақиғаларды болжау жатады. Сондықтан ол инстинктивті түрде ахуалдығы бұрын белгіліге ұқсастың бәрін айырып отырады; өзінің «ұқсас ұқсасты тудырады» дейтін принципін қолдану мүмкіндігі үшін ол ұқсасты іздейді. Қисынды ойдың болашақты болжауы осындай болады. Ғылым бұл операцияны дәлдік пен айқындылықтың мүмкін болар жоғарырақ деңгейіне көтереді, бірақ оның мәнді ерекшеліктерін өзгертпейді. Кәдуілгі таным тәрізді ғылым заттардың бір жағын қайталауды ғана сақтайды. Егер тұтас оригиналды болса, ғылым оның өткенді қайта жаңғыртуға таяуландыратын элементтері мен жақтарын талдауға бет бұрып орнығады. Ол тек қайталанады деп саналатынмен ғана операция жасай алады, яғни топшылап алғанда, ұзақтылықтың әсерінен қашқақтайды. Одан тарихтың бірізділік сәттеріндегі редукциялауға келмейтіннің және кері оралмайтынның бәрі сы тылып шығады. Өзіңе осы редукциялауға келмейтіндік пен кері оралмайтындықты елестету үшін ойдың маңызды-маңызды талап тарына сай келетін ғылыми әдеттерден бас тарту керек, зердеге күш жүргізу, интеллекттің табиғи бейімділіктеріне қарсы тұру ке рек. Бірақ философияның рөлі міне осында тұрақтанады. Міне осы себепті, тіршілік біздің көзімізше болжауға келмей тін форманың үздіксіз туындауы тәрізді дамып жатқанымен, фор ма, бейболжамдылық пен үздіксіздік біздің білімдеріміздің жеткі ліксіздігін бейнелейтін тек сыртқы елестер болып табылады дейтін идея әрқашан сақталады. Сіздердің сезімдеріңізге үздіксіз тарих сияқты болып көрінетінді бірізділі күйлерге жіктеуге болған болар еді деседі бізге. Сіздердің оригиналды күй деп білетіндеріңіз талдау кезінде әрқайсысы белгілі фактінің қайталануы болып табылатын элементарлық фактілерге бөлшектенеді. Сіздердің бейболжам фор ма дейтіндеріңіз – барлық жоғы бұрынғы элементтердің жаңа топта масы. Жиынтығы топтаманы демдейтін элементарлық себептердің өзі қайталау кезінде жаңа тәртіппен орналасатын бұрынғы себеп тер болып табылады. Элементтер мен элементарлық себептерді білу олардың қосындысы және нәтижесі болып табылатын тірі форманы алдын ала бейнелеуге жағдай жасар еді. Құбылыстардың
биологиялық жағын физикалық-химиялық факторларға жіктей от ырып, егер қажет болса, физика мен химиядан да секіріп кете ала мыз: біз массалардан молекулаларға, молекулалардан атомдарға, атомдардан корпускулаларға барамыз, сөйтіп түбінде, күн жүйесі тектес деп, астрономиялық тұрғыда қарастыруға болатын әлденеге қол жеткіземіз. Егер сіздер мұны жоққа шығаратын болсаңыздар, онда сіздер ғылыми механицизм принципінің өзін саудаға сала сыздар, сөйтіп тірі материя басқа материяны құрайтын элемент терден жасалмаған дейтін сіздердің ұйғарымдарыңыз бейберекет болып шығады. – Ұйымдаспаған материя мен ұйымдасқан мате рия арасындағы фундаменталдық барабарлықты саудаға салмай мыз, – деп жауап береміз біз. Тек: біз тіршілік иелері деп атай тын табиғи жүйелерді ғылымның ұйымдаспаған материядан ойып алған жасанды жүйелеріне ұқсастыру жөн бе? – деп қана сұрақ қойылады. Біз оларды тезірегінде тұтас Әлем сияқтанған табиғи жүйемен салыстыруға тиіс емеспіз бе екен? Тіршілік өзінше бір механизм дегенмен мен әбден дерлік келісемін. Бірақ бұл тұтас Әлемнен жасанды түрде бөлініп алынатын бөліктер механизмі ме әлде реалдық тұтастықтың механизмі ме? Реалдық тұтастық әбден, біздің айтқанымыздай, бөлінбейтін үздіксіздік бола алады: онда бұл тұтастықтан біздің бөліп алатын жүйелеріміз сөздің өз мағынасындағы бөліктерге жатпайды, олар тұтасқа деген жеке леген көзқарастар болып табылады. Және де бұл көзқарастарды өзара түйістіре отырып, сіздер тұтасты қайта тұрғызуды тіп ті бастай да алмайсыз; бұл – әлдебір нәрсенің әртүрлі ракурста түсірілген фотографияларының санын ұлғайта отырып, сол нәрсені оның материалдылық сипатында ешқашан да ала алмайтыныңыз сияқты. Тіршілік туралы және оны, топшылау бойынша, жіктеу ге болады делінетін физикалық-химиялық құбылыстар туралы да дәл соны айтуға болады. Әрине, талдау органикалық жасампаздық үдерістерінде физикалық-химиялық құбылыстардың барған сайын көбірек санын ашады. Химиктер мен физиктер осыған сүйенеді. Бірақ осыдан химия мен физика бізге тіршіліктің кілтін беруге тиіс деген қорытынды шықпайды. Қисық сызықтың кішігірім бөлігін түзу сызық десе де болғандай. Және неғұрлым ол кішірек болған сайын, соғұрлым ол түзу сызыққа жақындай түседі. Шегінде оны түзудің бөлігі немесе қисықтың бөлігі деп атаудың айырмасы болмайды. Қисық өзінің әрбір нүктесінде шынында да жанама мен ұштасып жатады. Сол сияқты «тіршіліктілік» те өзінің әрбір нүктесінде физикалық және химиялық күштердің жанамасы бо
лып табылады; бірақ бұл нүктелер, шын мәнінде, – қисық сызықты тұрғызатын қозғалыстың кейбір сәттеріндегі аялдамаларды өзіне елестетін зерденің көзқарастары ғана. Шындығында тіршіліктің физикалық-химиялық элементтерден тұратындығы қисықтың түзу сызықтардан тұратындығының мөлшерінен артық емес. Жалпы алғанда, әлдебір ғылымның ең бір радикалды прогресі бұрын алынған нәтижелерді тек жаңа тұтастыққа енгізуде ғана болуы мүмкін; ал бұл тұтастыққа қатынасында олар қозғалыстың үздіксіздігінен мезгіл-мезгіл жасалатын тапжылмастық және мезеттік суреттерге айналады. Мысалға, қазіргі геометрияның көнелер геометриясына қатынасы осындай. Соңғысы сөздің толық мағынасында статикалық болып, бірде сызылған дайын фигура лармен істес болған; қазіргі геометрия функцияның өзгерістерін, яғни фигураны сызатын қозғалыстың үздіксіздігін зерделейді. Әрине, қатаңырақ болу үшін біздің математикалық амалдары мыздан қозғалыстың қандай да болмасын қарастырылуын сылып тастауымызға болады; бірақ дегенмен де фигуралар генезисіне қозғалысты енгізу қазіргі математиканың негізінде жатыр. Егер де биология өз пәніне тақап келгеніндей жақындайтын болса, онда ол ұйымдастырылған денелердің физика-химиясына қатынасында қазіргі математиканың антикалық математикаға қатынасы қандай болса, сондай болып шығар еді. Физика мен химия зерделейтін мас салар мен молекулалардың таза беткі орын алмастырулары тереңде жүріп жатқан және орын алмастыру емес, түрленуі болып табы латын тіршіліктік қозғалысқа қатынасында қозғалатын дененің тоқтатылған күйі, оның кеңістіктегі қозғалысына қатынасында не болатын болса, сол болар еді. Және, – біздің алдын ала айта алаты нымыздай, – белгілі тіршілік актісінің анықтамасынан осы актінің өз қажетіне керек қылатын физика-химиялық құбылыстардың жүйесіне апаратын амал функциядан оның туындысына, қисықтың теңдеуінен (яғни қисық сызықты туындататын үздіксіз қозғалыстың заңынан) бұл сызыққа оның қозғалысының әлдебір сәтінде бағыт беретін жанаманың теңдеуіне өткізетін операцияға ұқсас болған болар еді. Мынандай ғылым түрлендіру механикасы болар еді, ал оған қатынасында біздің орын ауыстыру механикасы бөлек бір жағдай, оңайлату, таза сан жазықтығына деген проекция болар еді. Сөйтіп, сол бір дифференциалы бар бір-бірінен тұрақты шамалары арқылы айырықшаланатын шексіз функциялардың бар болатыны сияқты өзіндік тіршіліктік актінің физика-химиялық элементтерінің интеграциясы мүмкін бұл актіні бір бөлігінде ғана
жағдаяттандыратын шығар: былайғысының бәрі белгісіздікке қалған болар еді. Бірақ біз мынандай интеграция туралы тек ар мандай ғана аламыз, біз арман бір кездері шындыққа айналады деп ұйғара алмаймыз. Осы салыстыруды мүмкіндігінше алға да мыта отырып, тек біздің тезисіміздің таза механицизммен неде жақындасатынын және неде одан өзгешеленетінін көрсеткіміз кел ді. Ұйымдаспағанның тіршілікке еліктеуі, дегенмен, тым алысқа баруы мүмкін. Химия тек органикалық синтездерді ғана іске асырмайды: ұйымдасудың клетканың тікелей емес бөлінуі және протоплазмалық циркуляция сияқты фактілерінің сыртқы жағын жасанды жолмен туындыру қолдан келеді. Клетканың протоплазмасының өз қабыршағында неше түрлі қозғалыстар жа сай алатыны белгілі. Екінші жағынан, клетканың тура емес деп аталатын бөлінуі біреулері ядроны, ал енді біреулері цитоплазма ны жанап өтетін өте-мөте күрделі операциялар арқылы өтеді. Бұл соңғылары центросоманың, ядроның қасында орналасқан кішкен тай шар тәріздес денесымақтың, екіге бөлінуінен бастайды. Осы лайша пайда болған екі центросома бір-бірінен алыстап, алғашқы ядроның басты құрамдас бөлігі болып табылатын талшықтың дәл солай екіге бөлінген кесектерін әрқайсысы өздеріне тартады, сөйтіп түптің-түбінде екі жаңа ядроны құрайды, ал бұлардың ай наласында алғашқысының орнын басатын екі жаңа клетка пайда болады. Ал міне, жалпы тұрғысында және сыртқы көріністерінде осы үдерістердің кейбірін қайталап жаңғыртуға қол жетті. Егер біз қант пен ас тұзын ұнтақтап, оған өте ескірген өсімдік майын қосып микроскоп арқылы осы қоспаның бір тамшысын қарайтын болсақ, онда біз, кейбір ғалымдардың пікірінше, сырт пішінінде протоплазманы көзге елестетіп, ұяшықтық құрылымы бар көбікті көреміз; қалай болғанда да, онда көбіне-көп протоплазманың циркуляциялануына ұқсас қозғалыстар орын тебеді11. Егер осын дай көбіктен сырт қарағанда ұяшық болып көрінетінді сылып алатын болсақ, онда ядроның бөлінуі үдерісінде центросомалар айналасында пайда болатын конустарға ұқсайтын тартылыс кону сын байқауға болады12. Механистік түсіндіру мүмкіндігіне сену бір клеткалы ағзаның, немесе, ең кем дегенде, амебаның сыртқы toplasma. Leіpzіg, 1892, 1-бөлім. 12 Rhumbler. Versuch eіner mechanіschen Erklärung der іndіrekten Zell – und Kerntheіlung (Roux’s Archіv, 1896).
қозғалысына да таратылады. Амебаның су тамшысындағы орын ауыстыруын ашық әйнектерімен есіктері ауа ағымдарының цирку ляциясын туғызатын бөлмедегі тозаң түйіршегінің қозғалысымен салыстыруға болады. Оның массасы қоршаған суда бар кейбір еритін заттарды үнемі сіміріп, оған басқаларын бөліп шығарады: ашық-тесікті қалқамен бөлінген екі резервуар арасында өтетінге ұқсас мұндай тұрақты алмасу ағзаның айналасында үздіксіз өзгеріп отыратын зат алмасуын туғызады. Амеба иеленді-мыс делінетін уақытша өскіндерге, немесе жалған аяқшаларға ке летін болсақ, онда олар оның өзі созғылайтыныннан гөрі оларды қоршаған орта деміне тартып немесе сорып алатындайын сырт тан тартылатынға көбірек келеді13. Біртіндеп түсіндірудің бұл тәсілін бұдан да күрделілірек қозғалыстарға, мысалы, инфузория өзінің діріл қаққан кірпікшелерімен, – ал бұлардың сол бір, тек қаттыланып қалған жалған аяқшалар болуы әбден ықтимал, – жа сайтын қозғалыстарына, таратуға болады. Алайда ғалымдар осы тектес түсіндірулер мен сұлбаларды бағалауда бір пікірге келе бермейді. Егер тіпті ұйымдасқан материяға жетпей-ақ тек органикалықты ғана қарастырумен шектелетін болсақ та, онда ғылым, химиктер көрсеткендей, әзірше тіршіліктік қызмет қалдықтарының жемістерін ғана қайта жаңғырта алады; ағзаны қалыптастыратын өзіндік белсен ділігі бар заттар синтезге көнбейді. Біздің заманымыздың ең та маша натуралистерінің бірі тірі тіндерде байқалатын екі текті құбылыстардың қарама-қарсылығы туралы идеяны ұсынады: ана генез құбылыстары, бір жағынан, және катагенез құбылыстары – екіншісінен. Анагенетикалық энергиялардың рөлі төменгі энер гияларды органикалық емес заттарды ассимиляциалау арқылы өз деңгейіне көтеруде жатыр. Олар тіндерді жасайды. Тіршіліктің функциялануының тек өзі (алайда, ассимиляцияны, өсу мен көбеюді былай қойғанда) катагенетикалық қатарға жатады: бұл енді энергияның көтерілуі емес, қайта оның құлдырауы. Физи ка-химияның катагенетикалық қатардағы осы фактілермен, яғни, мәнісінде, тірімен емес, қайта өлімен ғана ісі бар14. Әрине, бірінші тектілі фактілер, олар тіпті сөздің өз мағынасында анагенетикалық 13 Berthold. Studіen über Protoplasmamechanіk. Leіpzіg, 1886, S. 102. Мұны Ле Дантек берген түсіндірмемен салыстырыңыз: Théorіc nonvelle de la vіe. Parіs, 1896, p. 60. 14 Cope. The prіmary factors of organіc evolutіon. Chіcago, 1896, p. 475484.
болмаса да, физика-химиялық талдаудан тайқып кетеді. Протоплаз маның сыртқы жағын жасанды түрде имитациялауға келетін болсақ, онда, егер бұл заттың физикалық құрылымы туралы сұрақта әлі толық келісім жоқ болса, оған реалды теориялық мән беру мүмкін бе? Қазір оның химиялық құрамын қайта жаңғырту туралы сөздің болуы одан да әрі мүмкін емес. Соңында, амебаның, ал одан да әрі инфузорияның, қозғалыстарын физика-химиялық түсіндірудің мүмкіндігімен бұл ең қарапайым ағзаларды тікелей бақылағандардың көбісі келісе бермейді. Тіршіліктің ең прими тивті көріністерінен олар нағыз психикалық іс-әрекеттің іздерін байқастайды15. Бірақ ең ақыл-ойға қонымдысы сол, гистологиялық құбылыстарды тереңдей зерттеу бәрін де физика мен химияның көмегімен түсіндіруге тырысуды көбіне мүлде жақтамайды, ал, керісінше, оны күшінен айырады. Гистолог Вильсонның клетканың дамуына арналған керемет кітабының тұжырымы мынандай: «Қорытындысында клетканы зерделеу тіршіліктің тіпті ең төменгі формаларын органикалық емес дүниеден бөлектейтін зор апанды тарылтудың орнына қайта кеңейте түскені байқалатын сияқты»16. Бір сөзбен, тек тіршілік иесінің функционалдық белсенділігі мен ғана айналысушылар физика мен химия бізге биологиялық процестердің кілтін береді деп ойлауға бейім17. Шындығында олар басты түрде тіршілік иесінде ретортадағыдай үнемі қайталанатын құбылыстармен іс тындырады. Физиологиядағы механистік тен денциялар бір бөлігінде осыменен-ақ түсіндіріледі. Тірі тіндердің нәзік құрылымына, олардың генезисі мен эволюциясына ден қоятындар, – бір жағынан, гистологтар мен эмбриологтар, екінші жағынан, натуралистер – өз алдарында ретортаның өзін, ал тек оның ішіндегіні ғана емес, көреді. Олар осы реторта шынайы тарихты құрайтын тәжрибелердің өз тегіндегі бірден-бір сериясының кезін 15 Maupas. Etude des Іnfusoіres cіlіés (Arch.de zoologіe expérіmentale, 1833), p. 47, 491, 518, 549 әрелігінде. – P. Vіgnon. Recherches de cytologіe générale sur les épіthélіums. Parіs, 1902, p. 655. – Соңғы кезде инфузориялар қозғалыстарын тереңдей зерттеуді және тропизм идеяларына терең бойлаған сынды Дженнингс қолға алды (Contrіbutіons to the study of the behavіor of lower organіsms. Washіngton, 1904). Бұл төменгі ағзалардың «қылықтану типі», Дженнингстің мұны анықтағаныныдай (р. 237-252), шартсыз, психологиялық тәртіптес. 16 «The study of the cell has on the whole seemed to wіden rather than to narrow the enormous gap that separates even the lowest forms of lіfe from the іnorganіc world» (E.B. Wіlson. The cell іn development and іnherіtance. New York, 1897, p. 330). 17 Dastre. La vіe et la mort, p. 43.
де өзінің өзіндік формасын жасайды деп табады. Сөйтіп олардың
бәрі – гистологтар, эмбриологтар және натуралистер – физиоло
гтар сияқты бар ниетімен тіршілік актілерінің физика-химиялық
сипатына сенуден алшақтау тұрады.
Шынын айтқанда, екі тезистің екеуі де – элементарлық
ағзаны химиялық тәсілмен тудыру мүмкіндігін мойындайтыны
да, жоққа шығаратыны да – тәжірибенің беделіне сүйене алмай
ды. Олардың екеуін де тексеру мүмкін емес – біріншісі ғылымның
тірі затты химиялық синтездеуге әлі бір қадым да жақындай
алмағандығынан, екіншісі – әлдебір фактінің мүмкін емес
тігін эксперименталды түрде дәлелдеудің ақылға қонатын тәсілі
жоқтығынан. Бірақ тіршілік иесін, бұл табиғаттың айырықшалаған
жүйесін, біздің ғылымның бөлектеген жүйелеріне ұқсатуға бөгет
жасайтын теориялық дәлелдерді мазмұндап бердік. Бұл дәлеледер
амеба сияқты эволюция жолында сәл ғана алға басқан қарапайым
ағза туралы сөз қозғағанда соншалықты күшті емес. Бірақ егер
түрлендірулердің дұрыс циклін төзіп жатқан күрделірек ағзаға бет
бұратын болсақ, олар үлкенірек мәнге ие болады. Тіршілік иесіне
ұзақтылықтың қалдыратын дағы неғұрлым тереңірек болған сай
ын, соғұрлым ағза таза әрі қарапайым механизмнен, ұзақтылық
оның бетімен тереңдемей сырғанайтын механизмнен, айқынырақ
өзгешеленеді. Сөйтіп дәлелдеу, ол тіршіліктің жалпы эволюция
сына, оның ең төменгі көріністерінен жоғарғы деген қазіргі фор
маларына дейін қамтып жайылғанында мейлінше күшейе түседі,
өйткені бұл эволюция, оны қолдайтын жанды материяның бірлігі
мен үздіксіздігі арқасында, бір бөлінбейтін тарихты құрайды. Міне
сол себепті эволюционизм гипотезасының тіршіліктің механистік
тұғырнамасымен жалпы қалайша ғана сыйыса алатынын біз
түсінбейміз. Біз, әрине, бұл механистік тұғырнаманың түпкілікті
және математикалық дәл теріске шығаруын беруге талаптанбай
мыз. Бірақ ұзақтылықты қарастырудан бас алатын және, біздің
пікірімізше, жалғыз ғана мүмкін болатын бұл теріске шығару
эволюциялық гипотезаны неғұрлым батылырақ қабылдасақ,
соғұрлым қатаңырақ және сенімдірек бола түседі. Біздің бұл
сұрақты тәптіштеп қарауымызға тура келеді. Бірақ алдымен
тіршіліктің дәл қандай тұғырнамасына сүйенетінімізді дәлірек
түсіндірейік.
Біз механистік түсіндірулер ойымызбен тұтастан жасанды
түрде бөліп алынған жүйелер үшін жарамды дегенбіз. Бірақ мұндай
түсіндірмені автоматты түрде тұтастың өзіне және осы тұтастың
ішінде және оның үлгісімен табиғи жолмен жасалатын жүйелерге қолдануға болады деп а prіorі ұйғаруға болмайды, өйткені онда уақыт пайдасыз және тіпті бейреалды болар еді. Шынында да, ме ханистік түсіндірмелердің мәнісі болашақ пен өткенді қазіргінің функциясы ретінде есептеуге болады және, демек бәрі берілген деген ұйғарымға келіп тіреледі. Бұл гипотезаға сәйкес өткенді қазіргіні және болашақты қажетті есептеулерді жасай алатын адамнан жоғары интеллект бір ден көре алар еді. Міне қай себептен механистік түсіндірмелердің әмбебаптығына және толығынан объективтілігіне сенген ғалымдар саналы түрде не бейсаналы түрде болсын осы тектес гипотезаны ұсынған болатын. Кезінде Лаплас мұны зор дәлдікпен тұжырымдап берген болатын: «егер де адам интеллекті қазіргі сәттегі табиғаттың манданған барлық күштерін және оны құрайтын нәрселердің өзара орналасуын біле алатын болса әрі сонымен бірге осы берілгендерді талдай алатындай жеткілікті түрде күшті болатын болса, онда Әлемнің – оның зор денелерінің де, атомдардың ең жеңіл дегенінің де – барлық қозғалыстарын бір формулаға сыйғыза алған болар еді: ол үшін ештеңе де белгісіз болмас еді, өткен де сол сияқты болашақ та, оның көз алдында тұрар еді»18. Ал Дюбул-Раймонның тезисі мынандай: «Табиғатты танудың жалпылама дүниелік про цесті бір математикалық формулаға, дүниенің кез келген атомның кез келген сәттегі бағыты мен жылдамдығын анықтайтын бір уақыттылық дифференциалдық теңдеулердің асқан бір кең жүйесіне сыйғызатындай күйге жеткенін елестетуге болады»19. Сол идеяны да, өз тұрғысынан, Гексли нақтырақ өрнектеп бер ді. «Егер бүкіл дүние – жанды және жансыз – Әлемнің бастапқы тұмандылығын құраған молекулаларға тән күштердің белгілі бір заңдарға бағынған өзара әсерінің нәтижесі деген эволюцияның не гізгі қағидасы дұрыс болса, онда қазіргі кездегі дүниенің потенци алды түрде космикалық буда алдын ала бар болғаны және жергілікті түрде қуатты интеллект, бұл будың молекулаларының қасиеттерін біле отырып, мысалға, Ұлыбританияда 1868 ж. Фаунаның күйін қысқы суық күнде біздің демімізбен шығатын бумен не болаты нын қаншалықты дәлдікпен анықтай алатынымыздағы дәлдікпен анықтар екеніміз де дәл содан кем еместей дұрыс болар еді». Бұл ілімнің жақтастары уақыт туралы да айтады, бұл сөзді атайды, бірақ 18 Laplace. Іntroductіon á la théorіe analytіque des probabіlіtіes (Oeuvres completes, v. VІІ. Parіs, 1886, p. VІ). 19 Du Boіs – Reymond. Ueber dіe Grenzen des Naturerkennens. Leіpzіg, 1892.
оның нені білдіретіні туралы ойламайды, өйткені уақыт мұнда әсерліліктен айырылған, – ал ол әсер етпейтін болса, оның ештеңе де емес болғаны. Радикалды механизмнің метафизикасы бойынша реалдылықтың тұтастығы бірден мәңгілікте еріледі, ал заттардың көзге түсетін ұзақтылығы тек бәрін де бір мезетте тани алмайтын рухтың жетілмегендігін ғана білдіреді. Бірақ біздің санамыз үшін, яғни біздің тәжірибеміздегі ең дау туғызбайтын үшін, ұзақтылық – мүлде басқа бірдеңе. Біз оны оған қайтудан кіруге болмайтын ағын ретінде қабылдаймыз. Біз оны біздің болмысымыздың негізі және бізбен байланысты заттардың субстанциясының өзі ретінде жақсы сезінеміз. Әмбебап математиканың жарқын болашағымен бізді басқа қызықтырмақ болады: біз жүйенің талаптарына бола тәжірибені құрбандыққа шала алмаймыз. Міне біздің радикалды механизмді жоққа шығаратынымыз қай себептен екені. Бірақ радикалды телеологизм де бізге жарамайтындай болып көрінеді және де дәл сол негіздемелер бойынша. Мақсаттылық до ктринасы өзінің шеткері формасында мысалы, Лейбницте табаты нымыздай, заттар мен жарандар әлде бірде сызылған бағдарламаны іске асырады деп жорамалдайды. Бірақ егер дүниеде белгісіз ештеңе, өнертапқыштық та, шығармашылық та жоқ болса, онда уақыт тағы да пайдасыз болып шығады. Механистік гипотезадағы сияқты мұнда бәрі берілген деп жорамалданады. Дәл осылай түсінілген телеологизм сол бір тек керісінше ғана алынғандағы механицизм болып табылады. Ол бір ғана айырмашылығы бар сол постулаттың өзімен қуаттанады: біздің жолымызды, оның пікірін ше, жарықтандыратын отты ол біздің артымызда емес, қайта ал дымызда орналастырады, яғни біздің шекті интеллектеріміздің заттардың мүлде иллюзорлық ізбе-ізділігінің бойымен қозғалысына орай. Өткеннің импульсін ол болашақтың тартылысымен алмасты рады. Бірақ ізбе-ізділік бәрібір, былайша алғанда, қозғалыстың өзі де сияқты, таза көз қылушылық болып қалады. Лейбництің ілімін де уақыт адамға тән көзқарасқа тәуелді күңгірт қабылдауға апарып тіреледі: ол заттардың орталығына орналастырылған интеллектінің алдында тұманша сейілген болар еді. Бірақ дегенмен де телеологизм, механицизмге ұқсап, сыр-си паты қатып-семіп қалған ілім емес. Ол қаншама болмасын ше гіністерге жол береді. Механистік философияны не қабылдау, не қабылдамау керек: егер кішкентай тозаң механика анықтап берген жолдан ауытқып, аз да болсын өзін-өзі анықтаушылық ізін таныта тын болса, онда оны теріске шығарған жөн. Керісінше, түпкілікті себептер туралы ілімнің ешқашанда мүлдем теріске шығарылуы мүмкін емес. Егер оның бір формасын жоқ қылсаң, ол екінші
формасына енеді. Оның принципі – мәнісінде, психологиялық – өте бейімді. Оның созылмалылығы соншалықты және соған орай кеңдігінің де жеткілікті сондай, оны таза механизмді жоққа шығару арқылы-ақ жартылай қабылдайтын болады. Бұл кітапта біз ұсынатын тезис сондықтан белгілі мөлшерде телеологизмге тиісті болуға тиіс. Міне сол себепті біздің одан нені сақтайтынымызды және неден бас тартуымыз керек деп есептейтінімізді дәл көрсетуіміз маңызды. Лейбництің телеологизмін оны шексіз болу арқылы жұмсарта түсу, біздің ойымызша, жалған жолға түсу болатынын бірден көрсете кетейік. Сөйтіп, алайда, мақсаттылық туралы ілім дәл осы бағытты қабылдап алды. Егер тұтас алғандағы Әлем белгілі бір жоспардың іске асуы болса, онда мұның эмпирикалық түрде дәлелдене алмайтыны әбден анық. Егер тіпті ұйымдасқан дүниемен ғана шектелетін болсақ, онда да бәрі үйлесімділікте болатынын дәлелдеудің аз да болса оңайырақ еместігі дәл соншалықты айқын. Біздің сұрақтарымызға фактілердің қарама-қарсы жауаптар беруі де мүмкін. Табиғат тіршілік иелерін бір-бірімен түйістіреді. Ол барлық жерде де бізге тәртіптілікпен қатар тәртіпсіздікті, прогреспен қатар регресті көрсетеді. Бірақ, мүмкін, тұтас алғандағы материямен де, тұтас тіршілікпен де расталмайтын нәрсе жеке ағза үшін дұрыс бо лып шығар? Шексіз күрделіленуге қарамастан онда жетілген тәртіпті, бөліктері арасындағы кереметтей ынтымақтастықты, таңқаларлық еңбек бөлісін байқауға болмай ма? Бұл мағынасында әрбір тіршілік иесі оның субстанциясына имманентті келетін белгілі бір жоспар ды іске асырмас па екен? Бұл ұйғарым, мәнісінде, мақсаттылықтың антикалық тұғырнамасының быт-шытын шығарады. Тіршілік ие лерін бір-біріне өзара бағынышты қылатын сыртқы мақсаттылық идеясы қабылданбайды және тіпті құмарлана күлкіге жығылады: шөп сиыр үшін, қозы қасқыр үшін жаралған деп жору, деседі біз ге, ақылға қонбайды. Бірақ ішкі мақсаттылық бар: әрбір тіршілік иесі өзді-өзі үшін жаратылған, оның барлық бөліктері тұтастықтың асқан игілігі үшін өзара үйлестірілген және осы мақсат үшін зерделі түрде өзара ұйымдастырылған. Ұзақ уақыт бойы классикалық бо лып келген мақсаттылықтың тұғырнамасы осындай. Телеологизмнің тарылғаны соншалық, ол бір ретте бір тіршілік иесінен артықты мәңгі де қамти алмайтын болған. Кемшін күйінде ол, әрине, соққыға беттің азын тосуға бел байлаған болатын. Іс жүзінде ол бұрынғыдан да осал болып шықты. Біздің тезисіміз өз кезегінде, қаншама батыл болып көрінгенімен, мақсаттылық тек сыртқы ғана бола алады деп ұйғарамыз біз, әйтпегенде ол – түкте емес.
Шынында да, ең күрделі және ең үйлесімді ағзаны қарастырайық. Оның барлық элементтері, деседі бізге, тұтастық асқан игілігіне көмек беруге қатынасады. Солай-ақ болсын делік; бірақ элементтердің әрбірінің өзі кейбір жағдайларда ағза болуы мүмкін екенін және осы кіші ағзаның тіршілік сүруін үлкенінің тіршілігіне бағындары отырып, біздің сыртқы мақсаттылық при нципін қабылдап отырғанымызды ұмытпау керек. Сөйтіп, тек қана ішкі мақсаттылық тұғырнамасы өзін-өзі қиратады. Ағза әрбірі өз есебімен тіршілік сүретін тіндерден тұрады. Тіндерді құрайтын клеткаларға да белгілі бір тәуелсіздік тән. Тек индивидтің барлық элементтері индивидтің өзіне толық бағынған жағдайда ғана олар ды ағзалар емес деп есептеп, ағза деген атауды индивидке танып, тек ішкі мақсаттылық туралы ғана айтуға болар еді. Бірақ бұл элементтердің ақиқат автономияға ие бола алатыны әркімге бел гілі. Өз тәуелсіздігінде оларды қоректендіретін ағзаға шабуыл жасауға дейін баратын фагоциттер туралы айтпай-ақ, соматикалық клеткалармен қатар өзі өздігімен тіршілік сүретін ұрықтық клетка лар туралы айтпай-ақ, регенерация фактілері туралы еске салсақ та жеткілікті; мұнда бір элемент немесе элементтер тобы – әншейінгі уақытта сәл ғана орын алып, тек шекті ғана функциялар атқаруға көнгенімен, бірақ ол кенеттен әлдеқайда көп нәрсені жасай ала тынын, ал кейбір жағдайларда тіпті тұтастық эквиваленті ретінде бола алатынын көрсетеді. Бұл витализм теориялары үшін алынбайтын қамал болып та былады. Біз оларды сұраққа сұрақпен жауап береді деп, әншейінде жұрттың сөйтіп жататынындай, сөкпейміз. Әрине, «тіршілік бас тамасы» көп нәрсені түсіндіре алмайды, бірақ бәрібір оның бір артықшылығы бар: ол біздің білместігіміздің белгісіндей бола отырып, әлде бір жағдайда сол туралы біздің есімізге салады20, ал механицизм болса бізді бұл туралы ұмытуға үндейді. Рас, 20 Іс жүзінде қазіргі неовитализмде екі бөлімді айыру керек: бір жағынан, таза механицизмнің қанағатсыздығы туралы оның ұйғарымы, ал бұл ұйғарым Дриш не Рейнке сияқты ғалымдардың аузынан шыққанда өте абыройлы болып табылады; ал екінші жағынан, механицизммен үйлесімді гипотезалар (Дриштің «энтелехиясы», Рейнкенің «дминанталары» және т.б.). Бұл екі бөлімдердің біріншісі даусыз қызығырақ. Дриш (Dіe Loka lіsatіon morphogenetіscher Vorgänge. Leіpzіg, 1899; Dіe organіschen Regu latіonen. Leіgulatіonen. Leіpzіg, 1901; Naturbegrіffe und Natururteіle. Leіp zіg. 1904; Der Vіtalіsmus als Jeschіchte und als Lehre. Leіpzіg, 1905) пен Рейнкенің (Dіe Welt als That. Berlіn, 1901; Phіlosophіe der Botanіk, Leіpzіg, 1905) осы келтірілген тамаша зерттеулерін қараңыз.
табиғатта таза ішкі мақсаттылық та, мүлде жекеленген даралылық та тіршілік сүрмейтіндігі фактісі витализмнің жағдайын тым қатты қиындатады. Индивидтің құрамына енетін өзара ұйымдасқан элементтердің өздері де белгілі бір даралыққа ие болады, және олардың әрқайсысы, егер индивид тіршілік бастамасына ие болуға тиіс болса, өз тіршілік бастамасы жөнінде талап қойып өтінген бо лар еді. Бірақ, екінші жағынан, біз оның өзіндік «тіршілік бастама сы» бар деп мойындай алатындай; индивидтің өзі жеткілікті түрде тәуелсіз де, жеткілікті түрде басқаның бәрінен де бөлектенген де бола аламайды. Мысалға, жоғары омырқалының ағзасы барлық ағзалар ішінде ең зор даралылыққа ие; және сөйтсе де, егер оның анасының денесінің бір бөлігі болып табылатын жұмыртқа-клет ка мен оның әкесінің денесіне жататын сперматозоидтың дамуы ғана екеніне, бұл жұмыртқаның (яғни ұрықтанған жұмыртқаклетканың), ол екеуіне де ортақ субстанцияға ие болатындықтан, екі тудырушылар арасындағы шынайы байланыстырушы буын екені не, ден қоятын болсақ, онда әрбір дара ағза, тіпті адам ағзасы бол са дағы, өз ата-анасының қосақталған денесінде гүлденген бүршік қана екені анықталады. Олай болса қайнарлар қайда, индивидтің тіршілік бастамасының аяқталуы қайда? Біртіндей отырып оның ең арғы деген ата-бабаларына дейін жетуге, сөйтіп олардың әрқайсысымен оның байланысын тіршіліктің генеалогиялық ағашының түбірі болуы ықтимал-ау дейтін кішігірім ғана протоплазмалық-үлпілдек массамен байланысын ашуға болады. Белгілі мөлшерде осы алғашқы ата-бабасымен бірегей бола оты рып, ол сондай-ақ ұрпақтардың дивергенциялану жолында одан бөлініп шыққандардың бәрімен де байланысты; осы мағынасында ол барлық тіршілік иелерінің жиынтығымен көзге көрінбейтін жіп термен байланып жатыр деуге болады. Сондықтан мақсаттылық облысын тіршілік иесінің даралығына дейін тарылтуға жұрт бекер тырысады. Егер тіршілік саласында мақсаттылық болатын болса, онда ол бүкіл тіршілікті бірегей құшағы айқара қапсырады. Бүкіл тіріге ортақ бұл тіршілікте, әрине, көптеген ақтаңдақтар, көптеген кері тартпалықтар бар; екінші жағынан, әркімге белгілі мөлшерде өз даралығын көрсетуге мүмкіндік бермейтіндейін соншалықты математикалық бірегейлік оған тән емес. Дегенменде ол бірегей тұтасты құрайды: сөйтіп мақсаттылықты толығынан және тікелей терістеу мен ағзаның бөліктерінің тек ағзаның өзімен ғана емес, сонымен бірге әрбір тіршілік иесінің қалғандардың жиынтығымен өзара байланысын мойындайтын гипотеза арасында таңдау керек.
Мақсаттылық идеяларына өтуді оны бытыратып шаң-тозаңға айналдыру арқылы жеңілдетуге болмайды. Не тіршілікке іштей тән мақсаттылық игпотезасын, толығымен жоққа шығару керек, не оның өзгеруіне, біздің жоритынымыздай, мүлде басқа бағыт беру керек. Радикалды телеологизмнің адасуы, былайша айтқанда, ра дикалды механизмнің де адасуы секілді, біздің интеллектімізге табиғи болып келетін кейбір ұғымдарды аса кеңейтілген мағынада қолдануында жатыр. Біздің ойымыз ең басынан іс-әрекетпен байланысты. Біздің интеллектіміз іс-әрекет формасы бойынша құйылған. Ойға бойлау – бұл молшылыққа жатады, ал іс-әрекет болса қажеттілік болып табылады. Бірақ, іс-әрекет жасау үшін, біз алдымен өзімізге мақсат қоямыз: біз жоспар құрамыз, сонан соң оны іске аысратын механизмнің бөлек-салақтарына көшеміз. Соңғы операция тек біздің неден үміттеніп, нені тосатынымызды білгенде ғана мүмкін болады. Біздің табиғатта болашақты алдынала көре білуге жағдай жасайтын ұқсастықтарды сұрыптай білуі міз керек. Демек, біз, саналы не бейсаналы түрде, себеп-себептілік заңын қолдануымыз керек. Біздің ақыл-ойымызда әрекетшіл себеп тілік идеясы неғұрлым анығырақ айқындалатын болса, соғұрлым көбірек бұл себептілік механикалық себептілік формасына енеді. Бұл соңғы қатынас, өз кезегінде, неғұрлым ол қатаң қажеттілікті дұрысырақ өрнектесе, соғұрлым математикалық түрде жеңілірек елестетіле алады. Міне қай себепті бізге математик болып шығу үшін тек біздің интеллектіміздің ыңғайына көнуіміздің өзі жеткі лікті. Бірақ, екінші жағынан, бұл табиғи математика сол бірден-бір себептерді сол бірден-бір салдарлармен байланыстыратын біздің саналы әдетіміздің бейсаналық тірегі ғана болып табылады; ал бұл әдеттің өзі әншейінде пиғыл-ниеттерден туындайтын іс-әрекеттерді басқаруға немесе, бұл да соған саяды, әлдебір үлгіні іске асыру үшін біріктірілген қозғалыстарды басқрамалауға көзделген; біз дер қол өнершілері (ремесленниктер) және геометрлер болып ту амыз, және де тіпті біздің геометр болатынымыздың себебі тек біз қол өнершілер болуымызда ғана. Сөйтіп, адам интеллекті, адам іс-әрекетінің талаптарына сай қалыптасқан болғандықтан, бір мезетте пиғыл-ниетпен де және есеппен де сәйкес операция жа сайтын интеллект болып табылады, ал бұл құралдарды мақсатқа бағындыру және барған сайын геометриялық формалары жетіле түсетін механизмдерді жасақтау арқылы іске алады. Табиғатқа
математикалық заңдармен басқарылатын машина ретінде қарай ма немесе онда әлдебір жоспардың іске асуын көре ме, – бұл екі жағдайда да ерденің бірден-бір тіршіліклік қажеттіліктен туын дайтын, өзара бір-бірін толықтыратын екі тенденцияларына тек бастан-аяқ еретін ғана болады. Міне сол себепті радикалды телеологизм көптеген қатынастарда радикалды механицизмге жақын тұрады. Екі ілім де заттар барысында, немесе тіпті жай ғана тіршіліктің дамуын да форманың болжауға келмейтін жасалуын көруден бас тартады. Механицизм реалдылықтың тек бір жағын ғана: ұқсастықты не месе қайталауды байқайды. Сөйтіп, ол табиғатта тек форма ғана болсын, шығармашылықтың нәтижесі болуы мүмкін деп жори алады. Геометрлер есебінде біз болжауға келмейтінде жоқ дейміз. Суретшілер есебінде, біздер, әрине, оны жори алар едік, өйткені өнер шығармашылықпен тіршілік сүреді және табиғаттың өзіндік еркіндігіне деген жасырын сенімді алдын-ала ұстанады. Бірақ пайдакүнемсіздік өнер – таза ақылгөйлік тәрізді астамшылдық. Суретші болмас бұрын біз қол өнершілер боламыз. Ал қандай да болмасын қол өнері, ол қаншама жабайы болса дағы, оған сүйеніш нүктесі болып қызмет жасайтын табиғи геометрия тәрізді, ұқсастықтар мен қайталанулар арқылы тіршілік сүреді. Ол модельдер бойынша, соларды қайта жаңғыртуды мақсат тұтып, жұмыс жасайды. Сөйтіп ол өнер тапқыштыққа басқан кезінде бұрыннан белгілі элементтердің жаңа комбинациясымен операция жасайды немесе соны жасаймын деп қиялданады. «Ұқсасты жа сау үшін ұқсас керек», – міне оның принципі. Қысқаша айтқанда, мақсаттылық принципінің, механикалық себептілік принципінің де сияқты қатаң қолданылуы «бәрі берілген» деген қорытындыға әкелді. Екі принцип, әрқайсысы өз тілінде, бір нәрсені айтады, өйткені бірден-бір ғана мұқтаждыққа жауа береді. Міне сол себептен екеуі үшін де уақыт tabula rasa болатыны на олар келіседі. Реалдық ұзақтылық заттарға кірігіп, оларда өз тістерінің іздерін қалдырады. Егер бәрі де уақытта тіршіліксүретін болса, онда бүкіл ішкінің бәрі өзгереді және бірден-бір ғана нақтылы реалдылық ешқашан қайталанбайды. Қайталану, де мек, тек абстрактылы да ғана орынды; реалдылықтың біздің се зімдеріміз, әсіресе біздің интеллектіміз, ерекшелейтін әлдебір аспектісі ғана қайталанды, және де оның қайталануының себебі біздің интеллектіміздің әрбір қайрат-күші бағытталған. Біздің әрекетіміз тек қайталанулар арасында ғана іске аса алатынында.
Ал, мысалы, қайталанатынға шоғырланған, ұқсасты ұқсаспен ғана ұштастыратын интеллект, – уақытты көруден бас тартады. Ол ағымдылыққа қарсы тұрады: ол жұғыса қалғанның бәрі де қатыпсеміп қалады. Біз реалдылық уақытты ойламаймыз, бірақ оны бастан кешіреміз, өйткені тіршілік интеллекттің шекараларынан асып түседі. Біздің эволюциямызды және барлық заттардың эво люциясын біз таза ұзақтылықта сезінеміз, және де бұл сезім сол бір интеллектуалдық елестің айналасында түнекте батып тына тын бұлдыр түтіншеше бұлаң қағады. Механизм де, телеологизм де тек ортада жалтырап, жарық шашқан ядроны ғана есепке ала ды. Олар тіршіліктің ішкі қозғалысын тап басу үшін бұл ядроның басқаларының есебінен қоюлану жолымен пайда болғанын және бәрін де – ағымдағыны да, тығыздалғанды да (біріншісін екіншісі не қарағанда тіпті көбірек) – пайдалану керектігін ұмытады. Шындығын айтқанда, егер бұл түтінше, мейлі бұлдыр және сей ілгіш болсын, бар болса, философ үшін ол, соның аралығындағы жарқыраған ядроға қарағанда, әлдеқайда маңыздырақ болуға тиіс. Өйткені тек оның бар болуы ғана ядроның ядро екенін, таза интеллекттің басқадай, кеңірек бір қабілеттің – қоюлану арқылы – тарылуы екенін біздің ұйғаруымызға мүмкіндік береді. Және де бұл күңгірт интуиция біздің заттарға деген әрекетімізді, толығымен реалдылықтың бет жағында шоғырланған әрекетімізді басқаруда ешқандай көмек көрсетпейтіндіктен, дәл осы себептен, – ол өз күшін бет жағында емес, қайта тереңде көрсетеді деп топшылауға болады. Механицизм мен радикалды телеологизм біздің ойды қоршалап қойған шеңберден тек шықсақ болғаны, реалдылық біздің алдымызды қазіргіде пайда бола салысымен өткенге қарай шегіншектейтін жаңаның үздіксіз фонтанша атқылауы ретінде өре тұра келеді: дәл осы сәтте оны интеллект байқап үлгереді, ал интеллекттің көзқарасы әрқашан артқа қарай ұсынылған бола ды. Біздің ішкі тіршілігіміз осындай. Біздің қылықтарымыздың әрбірінің алғышарттарын, ал бұларға қатынасында қылықтар олардың механикалық теңгерушісіндей болып табылады, еш қиындықсыз-ақ тауып алуға болады. Және де әрбір қылық әлдебір пиғылдың іске асуы болып табылады деп те айтуға болады. Осы мағынасында біздің мі нез-құлқымыздың эволюциясында әрқашан механицизм де, мақсаттылық та орын тебеді. Бірақ біздің әрекетіміздің өз тұлғамызға қатынасы қаншама аз болса да, қаншама шамалы
ол шынайы біздікі болса да, кейіннен алғышарттары арқылы түсіндіріле алса дағы, ол болжауға жатпайды. Сөйтіп, белгілі бір пиғылды іске асыра отырып, бұл жаңа көзбекөз бар реалдылық тек өткеннің элементтерін қайта түлету немесе оларды қайта топтастыру жоспары ғана бола алатын пиғылдың өзінен өзгеше болып шығады. Механицизм мен телеологизм мұнда, сонымен, біздің мі нез-құлқымыздың тек сыртқы көшірмесі ғана болып табылады. Олар одан интеллектуалдықты сылып алады. Бірақ біздің мінезқұлқымыз олардың ара-арасымен жылжып, әлдеқайда кеңірек об лысты қамтиды. Қайталап айтамыз, бұл еркін әрекет қыңырлыққа бойлаған, пайымсыз әрекет дегенді білдірмейді. Қыңырлыққа көніп қылық жасау, – екі немесе бірнеше дайын шешімдер аралығында механикалық түрде тербеліп, дегенмен де түптің-түбінде солардың біреуіне тоқтау болып табылады; мұнда ішкі күйдің пісіп-жеті луі жоқ, эволюция жоқ: бұл ұйғарым қаншалықты оғаш болып көрінгенімен, мұнда ерік интеллектің механизміне еліктеуге дейін төмендейді. Керісінше, біздің шынайы мінез-құлқымыз интеллекттің көшірмесі болып қалмай, өзімен-өзі болатын, яғни эволюцияланатын, сөйтіп біртіндеп пісіп-жетілу арқылы интел лект ешқашан түбіне жете алмай ұғымдар – элементтерге жіктеме лейтіндей әрекеттерге қол жеткізетін, еріктің мінез-құлқы. Еркін акт идеямен өлшемсіз келеді, сөйтіп оның «рационалдығы» онда интеллекттің жұмысы үшін қаншама керек болса соншама мате риал табуға мүмкіндік беретін сол осы өлшемсіздікпен анықталуы тиіс. Біздің ішкі эволюциямыздың сипаты осындай. Тіршілік эволюциясының спаты да, тегі, сондайлық. Сауықпайтындай өзіне-өзі сенімді біздің зердеміз, тууы нан құқылы ма әлде жаулап алғандығынан құқылы ма, ақиқатты танудың барлық мәнді элементтерін – туа біткендері немесе да рытып алғандарына қарамастан – өз уысында санайды, тіпті егер оған көрсетілген нәрсені тек оның бұрынғы категорияларының қайсысына жататынын ғана білмеймін деп топшылайды. Біз оны ашылуға даяр тұрған қай жәшікке саламыз? Қандай пішілуі дайын киімді оған кигіземіз? Ол ма әлде бұл ма өзі, әлде басқа бірдеңе ме? Және барлық осы «ол», «сол», «басқа бірдеңе» дегендеріміз әрқашан біздің алдымызға бұрыннан танылған, белгілі әлдене бо лып тұрады да қояды. Жаңа нәрсе үшін мүлде жаңа ұғым, немесе, мүмкін, тіпті ойлаудың жаңа әдісін жасауымызғатура келуі мүмкін деген ойға біз түпкілікті қарсы тұрамыз. Ал ол кезде философия тер
мині бізге жүйелердің мәңгілік қақтығыста, реалдылықты бұл дай ын көйлекке, яғни біздің дайын ұғымдарымызға сыйғыза салудың мүмкін еместігін көрсетеді, – ол бізді әр нәрсенің өз өлшеулі бой ынша жұмыс істеу қажеттілігіне мегзейді. Бірақ біздің зердеміз мұндай шеткерлікке, яғни ол тек қатынастылығы (относительді лігі) ғана тани алатынын, ал абсолютті – оның компетенциясының жатпайтынын бірден және біржола мақтан кішіпейілділікпен жариялау сияқты шеткерілікке жетпеуді қалайды. Бұл алдын ала иланғандылық оған қысылмастан өзінің үйреншікті ойлау әдісін қолдануға жол ашады, сөйтіп, абсолюттікке қатынасым жоқ деген сылтаумен, ол абсолютті түгелдейін туралы беделді түрде пікірін айтады. Платон бірінші болып, реалдылықты тану дегеніміз ол үшін Идеяны табу, яғни оны алдын ала берілген, біздің қол астымызда бұрыннан болған рамкаларға біз құпия түрде әмбебап ғылымға ие болып отырғандай сыңайда, сығылыстыру деген ұйғарымды тео рия деңгейіне көтерді. Және бұл сенім әлдебір нәрсені бұрыннан дайын рубриканың қайсысына жатқызуға болады деп әрдайым қамқор болып жүретін адам интелекті үшін табиғи болып табылады, сөйтіп белгілі мағынасында біз бәріміз платониктер болып туамыз деп айтуға болады. Бұл әдістің әлсіздігі тіршілік теориясындағыдай болып, ешқайда да соншалықты айқын байқалмайды. Жалпы омыртқалыларға, адамға және интелектке жекелей алғанда, бағытталған даму да Тіршілік ұйымдасудың бұл ерекше тәсілімен сыйыспайтын көптеген элементтерді жолда қалдыруға, сөйтіп оларды, біздің көрсететініміздей, дамудың басқа бағыттарына қалдыруға тиіс болды. Сондықтан, тіршілік іс-әрекетінің ақиқат табиғатын дәл басу үшін бізге осы элементтер жиынтығын қайтадан іздеп тауып, оларды таза интеллекттің өзімен үйлестіру керек. Бізге, ықтимал, мұнда анық елесті, яғни интелектуалдық елесті қоршаған сол бір күңгірт емес, сол бір түтінше көмектесер. Бұл пайдасыз түтінше, шындығында, біздің ұйымдасуымыздың арнайы формасына сыймай қалған және контрабанда түрінде өткен эволюциялық бастаманың бөлігі болмағанда не болуы мүмкін? Демек, біздің ойымыздың интелектуалдық формасын кеңейту үшін нұсқамалар табуға дәл солай қарай аттануға тиіспіз; бізді өз-өзімізден биігірек ке көтере алатын қажетті – сонда табамыз. Тіршілікті тұтасында елестету оның эволюциясы барысында тіршіліктің өзі бізде қалдырған қарапайым идеялардың комбинациясын жасау емес:
бөлік тұтасқа, мазмұны сол мазмұнды сыйғызып тұрушыға, тірші лік жұмысының қалдықтары сол осы жұмысына тепе тең бола ала ма? Ал сөйтсе тіршілік эволюциясын «бір тектіліктен әр тектілік ке өту» деп немесе интеллектінің элементтерін қиыстыру арқылы алынған кез келген басқа ұғымның көмегімен анықтағанда, біз осы иллюзияға салынамыз. Біздер эволюцияның шекті пунктінің бірін де тұрмыз, әлбетте, басты пуктінде, бірақ жалғыз емес; және тіпті осы пунктте де онда бардың бәрін алмаймыз, өйткені біз интелек тіден оның өрнектелетін тек бір не екі ұғымын ғана сақтаймыз, – сөйтіп бөліктің осы бір бөлігін тұтастың, тіпті қатып-семіп қалған тұтастың шекарасынан асып түсетін әлдебірдеңенің өкілі деп жар саламыз; яғни, оған қатынасында бұл «тұтас» тек қазіргі саты ғана болатын, сол бір эволюциялық қызғылыстың өкілі деп. Шыңдығында, егер біз тіпті бүкіл интелектті алсақ та, бұл тым асқандық болмас еді, бұл жеткіліксіз болар еді. Эволюцияның әрбір шекті пунктінде табатынымыздың бәрін онымен жақындастыру жөн болар еді. Сөйтіп бұл әртүрлі және жан-жаққа тармақталатын элементтерді бірін-бірі толықтыратын немесе, тіпті болмағанда, өздерінің төменгі формаларында толықтырған фрагменттер есе біне қарастыру керек еді. Тек сонда ғана бізде эволюциялық қозғалыстың реалдық табиғатын алдын-ала сезіну пайда бола алар еді; соның өзінде де бұл барлық жағы алдын-ала сезіну ғана болар еді, өйткені біз әрдайым тек бұрын эволюцияланғанымен, нәтижемен ғана, ал бірақ эволюцияның өзімен емес, яғни нәтижеге апаратын актінің өзімен емес, істеп болған болар едік. Біздің ұстанатын тіршілік философиясы осындай. Ол ме ханизмді де, телеологизмді де жеңуге ұмтылады, бірақ, біздің жоғарыда атап өткендей, ол біріншісіне қарағанда екінші іліммен көбірек жақындасады. Осы сұраққа тоқталып, оның телеологизм мен ұқсастығы неде және айырмашылығы неде екенін дәлірек көрсетейік. Радикалды телеологизмге ұқсап, жайылыңқы формада болса да, ол бізге ұйымдасқан дүниені үйлесімді (гармониялық) тұтастық ретінде көрсетеді. Бірақ бұл үйлесім (гармония) айтылғанындайғы соншама жетілгендіктен алыстау. Ол көптеген ауытқуларға орын бе реді, өйткені әрбір түр, тіпті әрбір индивид тіршіліктік импульстің тұтастығынан тек әлдебір екпінді ғана сақтайды және бұл энер гияны өз мүддесіне пайдалануға ұмтылады; бейімделу дегеніміз осындай. Түр мен индивид тек өзді-өздері туралы ғана ойлайды, ал бұдан тіршіліктің басқа формаларымен жанжалдасу мүмкіндігі
туады. De fasto, сөйтіп, үйлесім (гармония) жоқ; ол тезірегінде de jure бар. Мен мұнымен алғашқы екпін жалпы екпін болып табы лады және біз қаншама оны бойлап алысқа барған сайын, сонша ма көбірек әртүрлі тенденциялар өзара толықтырушылар ретінде көрінеді деп айтқым келеді. Солайша желдің екпіні қиылыста ауаның тармақталған ағыстарына бөлінеді, бірақ олардың бәрі сол бір желдің үрлеуіне жатады. Үйлесім (гармония), немесе, те зірегінде «толықтырғыштық», тек тұтасында ғана және күйлерден гөрі тенденцияларда көбірек байқалады. Бастысы – және осы сұрақта телеологизм көбірек жаңылысады – үйлесім (гармония) алдағыдан гөрі тезірек артта табылады. Ол жалпы ұмтылыста емес, қайта импульстің тепе-тендігінде тұр. Тіршілікке сөздің адами мәніндегі мақсаттылықты тану бекер болар еді. Мақсат туралы айту – іске асуы ғана қалған әлдебір алдын-ала берілген үлгі туралы ойлау дегенді білдіреді. Мәнісінде, бұл бәрі берілген, болашақты қазіргіден оқып табуға болады дегенді білдіреді. Бұл тіршілік өз қозғалысында және өзінің барлық тұтастығында да, біздің тіршіліктің тек қозғалмайтын және фрагментарлық суреті ғана болатын және табиғи түрде әрқашан уақыттан тыс орналаса тын интеллектіміз сияқты әрекет жасайды деп ойлауды білдіреді. Ал тіршілік дамиды және ұзайды. Әрине, бұрын өтілген жолға кері қарап әрдайым оның бағытын белгілеуге болады, психологиялық ұғымдар арқылы бұл бағытты анықтап, білгі лі бір мақсат көзделгендей ғой деп айтуға болады. Біз де солай айталық. Бірақ әлі жүріп өтілетін жол туралы адам зердесі ештеңе де айта алмайды, өйткені жол оны өту актісі іске асқан бойда жа салынып отырған; ол тек осы актінің өзінің бағыты ғана болып табылады. Сөйтіп, эволюция әрбір сәтте ме, біздің көзқарасымыз бойынша, оны бәрінен де дұрысырақ түсіндіретін психологиялық түсіндірмеге жол ашады, бірақ бұл түсіндірме ретроспективтік мағынада ғана құндылық пен маңызғы ие болмақ. Біздің ұсынып отырған телеологиялық интерпретациямыз болашақты болжау үшін ешқашан да қызмет етпейді. Бұл – қазіргінің бет пердесін де өткенді белгілі бір көру болып табылады. Қысқаша айтқанда, мақсаттылықтың классикалық тұғырнамасы бір уақытта тым көп те және тым аз да қамтуды қалайды. Ол аса кең және аса тар. Тіршіліктің түсінігін интеллектіден тауып, ол тіршіліктің мәнін аса тарылтады. Интеллектті, тым болмағанда біз оны өзді-өзімізде қандай деп табатын болсақ сондай интеллекті, өзінің қозғалыс процесінде эволюция тудырған; ол кеңірек әлде бірдеңеден
жасалынған, немесе, тезірегінде, ол тек реалдылықтың проекция сы ғана, қажеттілігінде жазық проекциясы ғана болып табылады, ал реалдылыққа рельеф пен тереңдік тән келеді. Осы кеңірек деген реалдылықты ақиқат телеологизм қайта тұрғызуға, немесе, тезін де, егер мүмкін болса, бір қарапайым көріністе қамтуы тиіс болуы керек-ті. Бірақ, екінші жағынан, реалдылық интеллект шекарасы нан нағыз асып түсетіндіктен, – ал интеллект ұқсасты ұқсаспен байланыстыру; қайталануларды байқау және жасау қабілеті болып табылады, – бұл қабілетке, күмәнсіз, шығармашылықтық тән бо лып келеді, яғни ол кеңіп, өзді-өзінен асып кететіндей әрекеттер жасайды. Бұл әрекеттер, сөйтіп, оған алдын-ала берілген емес-тін, және демек, оларды ол мақсаттар деп қабылдай алмайды; ал іске асырылғаннан соң, әлдебір үлгі бойынша жасалған нәрсе сияқты, олар да рационалды түрде түсіндірме алады. Бір сөзбен, түпкілікті себептер теориясы табиғатта интеллектіні орнықтырумен шектел генде, жеткілікті түрде алысқа бара қоймайды, бірақ қазіргіде идея түрінде болашақтың бар екендігін топшылағанда, ол тым алысқа сілтейді. Тым үлкейтумен күнәланатын екінші тезис, дегенмен, тым кішірейтумен күнәланатын бірншісінің салдары болып табылады. Сөздің өз мағынасындағы интеллектіні кеңірек реалдылықпен ал мастыру керек: интеллект бұл реалдылықтың тек тарылуы ғана бо лып табылады. Болашақ сонда қазіргінің кеңеюі болып шығады. Ол қазіргіде, демек, алға қойылған мақсат түрінде берілмеген. Және дегенмен де, іске асқаннан соң, оның өзі қазіргімен түсіндірілгені сияқты, ол қазіргіге дәл сондай табысты түрде түсінік бере алады, және тіпті одан да бетер, оны нәтижеден гөрі сондай, тіпті одан да жоғары мөлшерде мақсат деп қарастыруға болатын болады. Біздің интеллекттің оны абстрактылы түрде, өзінің кәдуілгі тұрғысынан қарастыруға құқығы бар, өйткені өзі де оны тұрғызған себептің аб стракциясы болып табылады. Рас, сонда себеп ұстатпайтындай болып көрінеді. Енді тіршіліктің телеологиялық теориясы қандай да болмасын дәл тек серуден тайқып кетіп бара жатқандай. Егер біз оның бағыттарының берілген одан да әрі қозғалатын болсақ, деседі бізге, не болар еді? Сонымен, қажетті шегінуден кейін біз негізгі деп санайтын сұраққа келіп тірелдік: фактілердің көмегімен механицизмнің жеткіліксіз дігін дәлелдеу мүмкін бе? Егер бұл дәлел мүмкін болатын болса, онда эволюционизм гипотезасын қабылдап алған жағдайда ғана ол мүмкін болмақ деп біз ұйғарған болатынбыз. Егер механицизм эво люцияны түсіндіру үшін жеткіліксіз болса, онда мақсаттылықтың
классикалық тұғырнамасында, ал одан да бетер оның шектел ген немесе жұмсартылған түрінде тоқтап қалуға болмайтынын көрсетудің уақыты келді: керісінше, одан да әрі бару қажет. Енді біздің дәлелдеуіміздің принципін анықтайық. Біз тірші лік ең басынан эволюцияның тармақталған сызықтары арасында бөлінген сол бірден-бір ғана екпіннің жалғасы болып табылады де дік. Бірдеңе-бірдеңе өсті, бірдеңе-бірдеңе әрбірі де шығарушылық болатын қосымшалар қатары жолымен дамиды. Осы дамудың өзі сондай тенденциялардың, әрі қарай өсуі оларды бір-бірімен сыйыспайтынға айналдыратын тенденциялардың бөлініп шығуына әкеліп соқты. Былайша айтқанда, бізге, мыңдаған ғасырлар бойы онда бірінен кейін бірі орын алатын айналулар жолымен тіршілік эволюциясы жүретін, жалғыз индивидті қиялымызда туғызуға ештеңе де бөгет жасамайды. Немесе бір индивидтің орнына, бірінен кейін бірі бір сызықтың бойымен жүретін көптеген индивидтерді топшылауға болады. Бірақ шындығында эволюция миллиондаған индивидтер арқасында және әрқайсысы қиылысумен бітетұғын тармақталған сызықтар бойынша жүрген, ал бұл қиылыстан жан-жаққа жаңа жолдар шығатын болған және т.с.с. шексізге дейін. Егер біздің гипотезамыздың негіздемесі бар болса, егер бұл әртүрлі жолдарда әсер ететін себептер өз табиғаты бойынша психологиялық болса, онда олардың салдарларының дивергенция лануына қарамастан, олар әлдене жалпыны сақтап қалуы тиіс, бұл баяғыда айрылысқан жолдастардың балалық туралы сол бір ғана естеліктерді сақтайтынына ұқсайды. Екіге айрылысу қанша болса да, оларды бір-біріне тәуелсіз, өзара бөлектенген элементтер дами тын қаншама бүйірлік жолдар ашылса да, дегенменен бөліктердің бұл қозғалысы тұтастың алғашқы екпінінің күші арқасында жалғасады. Осы тұстан әлдене, демек, оның бөліктерінде болуы тиіс. Және бұл ортақ элемент әлдебір тәсілмен көрініс табуы мүмкін – мүлдем әртүрлі ағзаларда тепе-тең мүшелердің бар болу ымен, мысалға. Механицизм теориясы ақиқат және эволюция бірбіріне қосылатын кездейсоқтықтар тізбегі жолымен іске асады деп топшылайық бір минутке; және де, егер тіршілік иесінің қазіргі формасы болып табылатын алдыңғы пайдалы кездейсоқтықтардың қосындысы үшін бұл пайдалы болатын болса, онда әрбір жаңа кездейсоқтық сұрыпталу арқылы сақталды делік. Мұндайда мүлдем әртүрлі, бір-біріне қосылатын кездейсоқтықтардың екі қатарынан кейін екі мүлдем басқа эволюциялық ағымдардың бір
дей нәтижеге әкелуі үшін қандай ғана ықтималдықтың бар болуы мүмкін? Екі эволюциялық сызық неғұрлым көбірек айрылысқан сайын, соғұрлым бұл сызықтар бойында кездейсоқ сыртқы әсерлердің немесе кездейсоқ ішкі өзгерістердің өзара тепе-тең мүшелердің қалыптасуына әкелуінің мүмкіндігі азырақ болады, әсіресе егер екі ге айырылсу орын алған сәтте, бұл мүшелердің іздері де болмаған болса. Бұл ұқсастық, керісінше, біздің гипотезамыз үшін табиғи болып табылады; барлығында да, ең соңғы жылға-жылғаларға дейін, біздердің қайнар көздерде алынған импульстен жеткен әлденені табуымыз ықтимал. Сонымен, таза механизм теріске шығарылған, ал мақсаттылық – біздің түсінуіміздің сол бір ере кше мағынасында – дәлеледенген болар еді, егер де тіршіліктің әртүрлі құрал-жабдықтардың көмегімен айрылысқан эволюциялық сызықтар бойында тепе-тең мүшелерді тудыратынын анықтау қолдан келетін болса. Дәлелдеу күші таңдап алынған эволюциялық сызықтардың бір-бірінен алшақтық дәрежесіне және оларда табылған ұқсас құрылымдардың күрделілік дәрежесіне пропорци оналды болып шығар еді сонда. Құрылымның ұқсастығы тіршілік эволюциясы өтетін жал пы жағдайлардың тепе-теңдігінен шығаратынына сілтеулері мүмкін кейбіреулердің. Мұндай сыртқы жағдайлар, егер олар ұзақ орын алатын болса, не сондай, не мұндай мүшені туғызатын күштерді, өткінші сыртқы әсерлердің және ішкі кездейсоқ өзгерістердің өзгешелігіне қарамастан, бірдей бағдарлауы мүмкін. Қазіргі ғылымда бейімделу ұғымының қандай рөл атқаратынын, шындығында, біз білеміз. Әрине, биологтардың барлығы да оны бірдей мағынада қолданбайды. Кейбіреулерінің пікірі бойынша, сыртқы жағдайлар ағзаның белгілі бір бағыттағы өзгерісіне тікелей апаруға қабілетті және бұл өзгеріс тірі затта осы жағдайлар тудыра тын физика-химиялық түрленудердің күші арқылы орын тебеді де лінеді; мысалға, Эймердің гипотезасы осындай. Дарвинизм рухы на адалырақ деген басқаларының айтуынша, жағдайлар, тіршілік үшін күресте түрдің өкілдерінің арасында туу кездейсоқтықтары ортаға жақсырақ бейімдегендеріне қолайлы бола отырып тек жана ма түрде ғана әсер ете алады. Басқаша айтқанда, біреулер сыртқы жағдаяттарға ең әсер, басқалары – теріс әсер беріседі; бірінші гипотеза бойынша бұл себеп өзгерістер туғызады, екіншісінде ол өзгерістерді тек қана жоқ қылады. Бірақ екеуінде де сол себеп ағзаның тіршілік сүру жағдайларына толығынан бейімделуіне апа
рады деп ұйғарылады. Осы ортақ бейімделу арқылы құрылымның
ұқсастығын механистік тұрғыдан түсіндіруге, әрине, тырысатын
дар бар, алайда, біздің пікірімізше, бұл ұқсастық механицизмге
қарсы ең күшті аргумент болып табылады. Міне сондықтан, біз
қазір ұсақ-түйектерге өтпес бұрын, «бейімделуге» негізделген
интерпретациялардың бізге жеткіліксіз болып көрінетінін жалпы
тұрғыда түсіндіруге тиістіміз.
Ең алдымен жаңа ғана біздің тұжырымдаған екі гипотезамыздың
екіншісі ғана өзінде екі мағыналылықты тұтпайтынын атап өтелік.
Бейімделмегендерді автоматты түрде жоқ қылу арқылы іске аса
тын бейімделудің дарвиндік идеясы қарапайым әрі анық. Бірақта
сонымен бірге эволюцияны бағыттайтын сыртқы себепке ол
толығыменен теріс әсер беретіндіктен, оған тіпті біз зерттемек
болып отырған күрделі мүшелердің тура сызықты прогрессивтік
дамуын түсіндірудің өзі қиынға соғады. Егер оның айрылысатын
эволюциялық сызықтар бойында кездесетін аса күрделі мүшелердің
құрылымының тепе-теңдігін түсіндіргісі келетін бола қалса, онда
не болмақ? Кездейсоқ өзгеріс, ол қаншама кішігірім болса дағы,
көптеген ұсақ физикалық және химиялық себептердің әсерінің
болғанын топшылайды. Күрделі құрылымды жасауға қажетті
кездейсоқ өзгерістердің жинақталуы шексіз кішігірім себептердің
шексіз санының қатынасуын, солай делік, талап етеді. Сол бір ғана
мүлдем кездейсоқ себептердің кеңістік пен уақыттың әртүрлі пун
кттерінде сол бір тәртібінде қайтадан пайда бола қалуы мүмкін бе?
Ешкім де былай деп ұйғара алмайды, және тіпті дарвинистің өзі
де: тепе-тең әсерлер әртүрлі себептерден шығуы мүмкін деп, сол
бір бірден-бір орынға бір жол ғана апармайды деп қана айта алар
еді. Бірақ бұл метафорамен өзімізді алдаусыратуға көнбейік. Жет
кен орын оған алып келген жолды белгілемейді, ал органикалық
құрылым болса, ол осы құрылымды туғызу үшін эволюция өтуге
тиісті болған ең үлкен айырмашылықтар жинақталуының өзі бо
лып табылады. (Тіршілік сүру үшін күрес және табиғи сұрыптау
мәселенің бұл бөлігін шешуде бізге көмектесе алмайды, өйткені
бізді мұнда жоқ болып кеткен қызықтырмайды, өйткені бізді
мұнда жоқ болып кеткен қызықтырмайды; біз сақталғанға ғана
көңіл бөлеміз). Сөйтіп, міне біз эволюцияның өзара тәуелсіз
сызықтары бойында бір-біріне қосылатын нәтижелердің біртіндеп
жинақталуы жолында тепе-тең құрылымдардың түзіле қалғанын
көреміз. Кездейсоқ тәртіппен жүретін кездейсоқ себептердің, егер
бұл себептердің саны шексіз болса, ол нәтиже шексіз күрделі бола
тын болса, қайта-қайта көп рет ел бірден-бір ғана нәтижеге апарып соғатынына қалайша төзуге болады? «Бірдей себептер бірдей әсерлер туғызады» – механицизмнің принципі міне осы. Бірдей әсерлердің әрқашан бірдей себептері болу ын бұл принциптің топшыламағанымен, алайда бұл қорытындыны одан кейбір ерекше жағдайларды, себептерді олардың туғызған әсерінде, және де өздері осы әсердің құрылымдық элементтері бола отырып, айырып алуға болатындай кезде, шығарып алуға бо лады. Егер екі қыдырып жүрген адам, әртүрлі пункттерден шығып, қаланың сыртында өз қыңырлығының еркі бойынша әуелеп жүріп, ақырында кездесетін болса, мұнда асқан ойға сыймастай ештеңе жоқ. Бірақ олардың, осылайша жүріп, бір-біріне дәлмедәл түсетін бірдей қисық сызықты сызуы, – бұл мүлдем ықтимал емес. Және де бұл ықтимал еместік екі жақтың өтетін жолдарының траекторияларының күрделілеу мөлшеріне орай көбейетін болады. Егер бұл шым-шытырық қисық сызықтар шексіз күрделіленетін болса, онда ол мүмкін еместікке айналады. Бірақ ондағы, әрбірі өзінше бір-бір ағза болып табылатын мыңдаған клеткалар белгілі бір тәртіппен орналасқан мүшенің күрделілігімен салыстырғанда, бұл күрделілік неге татиды? Басқа гипотезаға ауысып, оның бұл мәселені қалай шешетінін қарайық. Бейімделу мұнда бейімделмегендерді жоқ қылу болып табылмайды. Ол ағзаны өзінің меншікті формасында қалыпқа са латын сыртқы жағдайлардың оң әсеріне міндетті болады. Бұл жолы нәтижелердің ұқсастығы себептердің ұқсастығымен түсіндірілетін болғандықтан, біздер, көрер көзге, таза механицизммен істес болғандай боламыз. Бірақ етене жақынырақ қарайық. Біз мұның таза сөз түріндегі түсіндіру екенін, біздің тағы да сөзге беріліп кет кенімізді және шешімнің жасандылығы «бейімделу» терминін бір мезетте екі әртүрлі мағынада алғандағымызда екенін көреміз. Егер мен сол бір ғана стаканға кезекпенен су мен шарап құятын болсам, онда екі сұйық та бір ғана сол форманы қабылдайды, сөйтіп форманың тепе-теңдігі құйылғанның құйған ыдысқа бейімделу імен байланысты болады. Бұл жағдайда бейімделу механикалық кірігуді көрсетеді, яғни материяның бейімделетін формасы бұрын әбден дайын болып, оған өзінің меншікті конфигурациясын күштеп танытқан болып шығады. Бірақ ағзаның оның тіршілік сүруге тиісті жағдайларына бейімделуі туралы сөз қозғағанда, мұнда алдын ала тіршілік сүретін, өз материясын тосып тұрған форма қайда? Жағдайлар – бұл болат құюшының формасы емес,
оған тіршілік құйылып, оның формасын қабыл алатындай: бұлай
пайымдау – метафораның жемі болумен барабар. Мұнда әлі форма
жоқ; тіршіліктің өзі оған берілген жағдайларға бейімделген фор
маны жасап шығаруға тиісті болады. Оған осы жағдайлардан пай
да көруге, қолайлы емесін шарасыздандырып, артықшылықтарын
пайдалануға, бір сөзбен, сыртқы әсерлерге бұл әсерлермен ешқандай
да ұқсастығы жоқ аппаратты жасауменен жауап беруге тура келеді.
Бейімделу мұнда қайталауды емес, жауап беруді білдіреді, ал бұл
мүлде бір ғана нәрсе емес. Егер мұнда бейімделу бар болса, онда
да, мысалы, геометриялық есептің шығарылуы тұжырымдалған
жағдайларға бейімделеді деп айтатындай мағынада ғана бар. Осы
лай түсінілетін бейімдеу эволюцияның әртүрлі процестерінің ұқсас
формаларға әкелетінін түсіндіретінін мен әбден мүмкін деп санай
мын: сол бір ғана мәселе, шынында да, бірден бір шешімді талап
етеді. Бірақ онда, геометриялық есепті шығару үшін болатыны
сияқты, зерделі іс-әрекетті немесе, ең болмағанда, ұқсас тұрғыда
әрекет жасайтын себепті енгізу керек. Қайтадан және де бұл жолы
әлдеқайда жоғары дәрежеде антропоморфикалық элементтермен
жүктемеленген мақсаттылықты кіргізуге тура келеді. Бір сөзбен,
егер әңгіме болып отырған бейімделу енжар ғана болса, егер бұл
дөңес формада жағдайлар ойыс формада бергенді жай жаңғырту
болатын болса, ол одан тосылғанның ешқайсысын да жасай ал
майды; егер де оны белсенді, жағдайлар қойған мәселеге есепті
шешіммен жауап бере алатын деп хабарлайтын болса, онда бұл
жағдайда біздің бас кезінде көрсеткен бағытпен бізден әлдеқайда
алысқа – біздің көзқарасымыз бойынша, тіпті тым алысқа барады.
Іс жүзінде бұл мағыналардың бірінен білдірмей екіншісіне ауы
сады, әрі екіншісін қолданғанда телеологизмде айыпталу қаупі
тұрғанын әрбір кез біріншісінде бассауға табысады. Атап айтқанда
екінші мағына ғылымның күнделікті практикасына шыныменен
қызмет етеді, біріншісі көбінесе ғылымды оның философиясымен
жабдықтайды. Әрбір жеке жағдайда бейімделу процесі ағзаның
сыртқы жағдайлардан барлық ең жақсыны алуға қабілетті аппа
рат құруға деген ынтасынан туғандайын айтылады; ал содан кейін
жалпы бейімделу туралы, ол индифферентті материямен енжар
қабылданған жағдаяттардың таңбасы болғандайын айтылады.
Бірақ мысалдарға жүгінейік. Ең алдымен тұтас алғанда
өсімдіктер мен жануарларды салыстыру қызық болар еді. Ол жақтан
да, бұл жақтан да жыныстық қатынастағы параллельді прогреске
қалайша таң қалмассың? Жоғарғы өсімдіктер мен жануарларда
тек ұрықтандырудың ғана, өйткені онда да, мұнда да ол, олардың жақындасқанына дейін өз қаситетері мен құрылымы бойынша ере кшеленіп, ал жақындасқаннан кейін бірден бір-біріне эквивалентті бола қалатын, екі жартылай ядроның қосылуынан тұрады, тепетең емес, сонымен бірге жыныстық элементтердің дайындалуы да бұл екі жағдаяттарда бірдей жағдайларда өтеді: ол, басты тұрғыда, хромосомдар санының азаюынан және хроматикалық заттың бел гілі бір мөлшерінің лақтырылуынан тұрады21. Ал сол аралықта өсімдіктер мен жануарлар қолайлы жағдайлардың да, сол сияқты жол бойы кездесетін кедергілердің де айрықшылығында тәуелсіз сызықтар бойымен дамыған болатын. Бұлар ажырасатын бағыттар бойынша кеткен екі басты сызықтар. Олардың әрқайсысында морфологиялық және функционалдық эволюциялық анықтайтын мыңдаған себептер тіркескен. Сөйтіп, алайда, бұл шексіз күрделі себептер ол жағы мен бұл жағынан бірден бір ғана нәтижеге әкелді. Бұл нәтижені «бейімделу» құбылысы деп әлдебіреудің айта қоюы екіталай: егер жыныстық көбеюдің пайдасы айқын болмаса және ең әртүрлі мағынада түсіндіріле алатын болса және де егер жарқын ақыл иелері өсімдіктердің жыныстық айрықшалықтарында табиғат онсыз да өз күнін көре бере алатындай басы артық байлық деп та нитын болса, қалайша бейімделу туралы, сыртқы жағдаяттардың қысымы туралы айтуға болады?22 Бірақ біз әлі даусыз деп атауға келмейтін фактілерді баса көрсеткіміз келмейді. «Бейімделу» терминінің қос мағыналылығын, механикалық себептіліктің де, антропоморфикалық мақсаттылықтың да көзқарасын бір уақытта жеңіп шығу қажеттілігін қарапайымырақ мысалдардан анығырақ көрсетуге болады. Барлық уақыттарда да мақсаттылық доктринасы табиғаттың қызметін зерделі жұмыскердің еңбегіне ұқсастырып, сезім мүшелерінің кереметтей құрылысына мегзеп келді. Екінші жағынан, бұл мүшелер ұрықтанған күйінде төменгі жануарлар да да болатындықтан, табиғат бізге ең жабайы деген ағзалардың пигметтік дағы мен омыртқалардың шексіз күрделі арасындағы барлық аралық сатыларды айқара ашып көрсететіндіктен, мұнда барған сайын өсетін жетілгендіктің жағдайын туғызатын табиғи 21 P. Guérіn. Les connaіssances actuelles sur la fecundatіon cher les Phanérogames. Parіs, 1904, p. 144-148. Cp. Delage. L’Hérédіté, 2-me edіtіon, 1903, p. 140 және әрі қарай. 1897, әсіресе S. 203-206. Cp. Hartog. Sur les Phémoménes de reproductіon (Année bіologіque, 1895, p. 707-709).
сұрыптаудың механикалық әсерін енгізу әбден де мүмкін. Бір сөзбен айтқанда, егер де әлдебір жерде толық құқықпенен бейім делуге сілтеме жасау мүмкін болса, онда бұл дәл осы арада болуға тиіс-ақ секілді. Жыныстық көбеюдің рөлі мен маңызы туралы, оның іске аса алатын жағдайлармен байланысы туралы дауласуға болады ғой; бірақ көз бен жарықтың арасындағы қатынас апайқын, және мұнда бейімделу туралы сөз қозғаған кезде, олар не айтқылары келетінін, ықтимал, білетін болар. Сондықтан егер бұл ерекше жағдаятта ол жақ пен бұл жақтың келтіретін дәлелдерінің қанағаттанарлық емес екенін біз көрсете алар болсақ, онда біздің дәлеліміз бірден жалпылықтың жоғары дәрежесіне әкетер еді. Мақсаттылықты қорғаушылардың әманда келтіретін мысалын, адам көзінің құрылысын, қарастырайық. Бұл соншалықты күрделі аппараттың барлық элементтерінің тамаша түрде бір-бірімен үйлестірілгендігін көрсету олар үшін қиынға соқпайды. Көру үшін, дейді «Түпкілікті себептер» туралы белгілі кітаптың авторы, «көздің қабығы өз бетінің бір нүктесінде мөлдірленіп, жарық сәулелерін өткізуі керек..., мүйізді қабықтың көз орбитасындағы тесікке дәлме-дәл сәйкес келуі керек..., торлы қабықтың көз камерасының шетінде болуы керек...23, торлы қабыққа перпендикуляр түрінде тек олардың осі бағытында түсетін жарықты ғана нервтік қабыққа жіберетін мөлдір конустардың шексіз көбінің орналасуы керек24 және т.с.». Бұған жауап ретінде түпкілікті себептердің қорғаушысы эволюциялық гипотезаның көзқарасын ұстасуға шақырылған бо латын. Шынында да, мыңдаған элементтерді физиологиялық функцияның бірлігіне бағынатын біздің көзімізде бәрі де тамаша болып көрінеді. Бірақ функцияны оның ең қайнар бастамасында, инфузорияда алу керек, ал онда ол пигменттік дақтың жарыққа деген қарапайым (химиялық деуге болатын) қабылдаушылығына барып саяды. Бұл функция – басында тек кездейсоқ қана факт – тура ма, белгісіз механизмнің көмегімен, әлде жанама ма, тір шілік иесіне артықшылық беріп және, солай, табиғи сұрыптауды қолдай отырып, мүшенің сәл ғана күрделіленуіне апаруға тиіс болды, ал бұл өз ретінде функционалдық қызметтің жетілуіне әкеліп соқты. Сөйтіп, соншалықты жақсы қиыстырылған біздің көзіміздің біртіндеп қалыптасуын әлдебір асқан механикалық се бепті қатыстырмай-ақ, функция мен мүшенің арасындағы өзара әсерлердің шексіз қатарымен түсіндіруге болады. 23 Paul Janet. Les causes fіnales. Parіs, 1876, p. 83. 24 Іbіd, p. 80.
Шынында да, егер функция мен мүше туралы сұрақты мақсаттылық тұғырнамасы мен механизмнің өзі жасағандарындай қоятын болсақ, онда оны шешу қиынға соғады. Өйткені мүше мен функция ұғымдарының әртекті және өзара септі ұғымдар екендігі соншалық, олардың өзара қатынасын мазмұндағанда олардың қайсысынан бастау керектігін a prіorі айту мүмкін емес: механицизмнің қалайтынындай біріншісінен бе әлде мақсаттылық теориясы талап ететініндейін екіншісінен бе. Бірақ біз, егер ал дымен табиғаты бір екі объектіні, – мүшені мүшемен, ал мүшені функциямен емес, – салыстыратын болсақ, онда дауымыз мүлде басқаша жүрер еді деп топшылаймыз. Солайша біртіндеп барған сайын шындыққа саятын шешімге жақындау мүмкін болар еді. Эволюциялық гипотезаны неғұрлым батылырақ қабылдасақ, соғұрлым соңына дейін жетуге деген мүмкіндік те көбейе түсер еді. Мінеки, омыртқалының көзінің қасында теңіз тарақшасы сияқты моллюскінің көзі. Екеуінде де ұқсас элементтерден тұратын бір ден-бір негізгі бөліктер бар. Теңіз тарақшасының көзінде де, біздің көзіміздегі сияқты, торлы қабық, мүйізді қабық, ұялы құрылымды көздің қарашығы бар. Онда тіпті омыртқасыздарда жалпы кез деспейтін көз торының элементтерінің айрықшаланған орны нан жылжуын да байқауға болады. Әрине, моллюскілердің шығу тегі туралы дауласуға болады, бірақ қандай көзқарасты ұстасақ та, моллюскілер мен омыртқалылардың теңіз тарақшысының көзіндей соншалықты күрделі көздің пайда болғанына әлдеқайда бұрын олардың ортақ діңгектен бөлініп шыққанын ешкім де жоққа шығара алмайды. Онда құрылыстарындағы бұл аналогия қайдан шыққан? Бұл сұрақты кезекпе-кезек эволюциялық көзқараста ұстанған екі бір-біріне қарама-қарсы түсіндіру жүйелеріне берелік: таза кездейсоқ өзгерістер гипотезасы мен сыртқы жағдайлардың әсерінен белгілі бір тұрғыда бағдарланған өзгерістер гипотезасы мұны қалай шешеді екен? Біріншісіне келетін болсақ, оның қазіргі кезде мүлдем дерлік айырықшаланатын екі формада кездесетіні белгілі. Дарвин табиғи сұрыптау жолымен жинақталатын тым мәні шамалы өзгерістер тура лы айтқан болатын. Ол кенет пайда болатын вариациялар фактілерін білетін, бірақ бұл «спорт», оның сөзімен айтқанда, оның пікірінше, тек жалғасуға қабілетсіз кемтарларды ғана тудыр алады; түрлердің
шығу тегін ол тек мәні шамалы өзгерістердің жинақталуымен ғана түсіндірді25. Мұндай көзқарастағы көптеген натуралистер ұстанады. Бірақ ол бұрынғылардан өзгеше көптеген жаңа белгілердің бір уақытта пайда болуының нәтижесінде жаңа түр бірден пайда болады дейтін қарама-қарсы идеяға орын беруге даяр. Әртүрлі авторлар солардың ішінде Бэргсон өзінің кереметтей кітабында26, ұсынған бұл гипоте за терең мағынаға ие болып, Хуго де Фриздің әйгілі тәжірибесінен кейін өте беделді болып алады. Бұл ботаник OEnothers Lamarckіana мен тәжірибелер жасап, бірнеше ұрпақтардан кейін жаңа түрлердің бірнешеуін ала алды. Осы тәжірибелерден оның шығарған теориясы өте қызықты. Түрлердің дамуында, де Фриз бойынша, орнықтылық пен өзгермелілік кезеңдері кезектесіп отырады. «Өзгермелілік» кезеңі келгенде, түрлер әртүрлі бағыттардың көпшілігінде мүлде күтпеген формаларды жасайды27. Бұл теорияның да, мәні шамалы өзгерістер теориясының да жағын біз қабылдауға тәуекел деп бел байлай алмай мыз. Мүмкін, олардың екеуінде де ақиқаттың үлесі бар болар. Біздің көрсеткіміз келетіні сөз болып отырған өзгерістер – олар үлкен бе, не кіші ме бәрібір – кездейсоқ болғандықтан, құрылымдағы жоғарыда суреттеген ұқсастығы түсіндіре алмайды. Басында Дарвиннің шамалы мәнді өзгерістер теория сын алайық. Кездейсоқтықтар тудырған және тұрақты түрде жинақталатын кішігірім айырмашылықтар бар делік. Ағзаның барлық бөліктерінің бір-бірімен қажетті түрде үйлесімділенгендігін ұмытпау керек. Функция мүшенің себебі ме әлде салдары ма – мұның маңызы шамалы: даусызы біреу-ақ – мүше тек функция сын атқарғанда ғана сұрыптауға көмектеседі немесе оны дүниеге келтіреді. Егер торламаның нәзік құрылымы дамып күрделенсе, онда бұл прогресс көздің көруіне қолайлы болмайды, қайта, күмәнсіз, оны бұзады, егер сол уақытта көру орталықтары да, көру мүшесінің өзінің әртүрлі бөліктері де дамымайтын болса. Егер өзгерістер кездейсоқ болса, онда, мүшенің барлық бөліктерінде бір уақытта өтуі және оған әрі қарай да өз функциясын орындауға мүмкіндік беруі үшін, олардың бір-бірімен шарттаса алмайтыны мүлдем айқын. Дарвин мұны тамаша түсіне білді, сөйтіп бұл шама лы мәнді өзгерістер туралы оның гипотезасының негіздемелерінің біріне айналды28. Көру аппаратының бір нүктесінде кездейсоқ пай 25 Darwіn. Orіgіne des espéces, trad. Barbіer. Parіs, 1887, p. 46. 26 Bateson. Materіals for the stundy of varіatіon. London, 1894, әсіресе р.567 және әрі қарай. Ср. Scott. Varіatіons and mutatіons (Amerіcan Journal of Scіence, nov. 1894). 27 De vrіes. Dіe Mutatіonstheorіe. Leіpzіg, 1901-1903. Cp. Specіes and varіetіes. Chіcago, 1905. 28 Darwіn. Orіgіne des espréces, trad. Barbіer, p. 198.
да болатын өзгешелік мүшенің қызмет атқаруына бөгет жасамай ды; сол сәттен бастап бұл бірнеше кездейсоқ өзгеріс оған қосымша өзгерістер қосыла ма, сөйтіп көруді жетілу жолында бір сатыға жоғары көтере ме деп тосқандай болады. Солай-ақ болсын делік; бірақ егер шамалы ғана өзгеріс көздің қызмет жасауына бөгет жа самайтын болса, онда ол, қосымша өзгерістер орын алғанына, дәл солай оған пайдалы да бола алмайды: онда ол сұрыпталу арқылы қалайша сақтала алады? Еріксізден еріксіз шамалы өзгеріс ағзаның қалап алған және әрмен қарай да оның құрылысы үшін сақталатын сынақ қайрағы болып табылатындайын пайымдауға тура келеді. Сөйтіп, байқауымызша, дарвинизм принциптерімен соншалықты, тіпті бір ұлы эволюция сызығында дамып шыққан, мысалға, омыртқалының көзі сияқты мүшені талдағанда, аз сәйкестенетін бұл гипотезадан тайқып кету қиынға соғады. Омыртқалы мен моллюскінің көзінің құрылысындағы ұқсастықты байқағанда, ол шартсыз қажеттілікке айналады. Сөйтіп шынында да, егер бұл ша малы өзгерістер мүлдем кездейсоқ болатын болса, онда екі тәуелсіз эволюциялық сызық бойында бір ғана тәртіппен бұлардың сансыз көп тізбегі орын алған деп қалай ғана топшылауға болады? Егер бұл өзгерістердің әрқайсысы жекелеп алғанда ешқандай пайда әкелмейтін болса, онда олар – біп-бірдей және бір ғана тәртіппен – екі жақтан да сұрыпталу жолымен қалай ғана сақтала және жинақтала алды екен? Енді кенет өзгерістер гипотезасына көшіп, ол мәселені шеше ала ма, соны қарастырайық. Әрине, бір пунктте ол қиыншылықты жұмсартады; бірақ оның орнына басқасында оны күшті ұлғайта түседі. Егер моллюскінің көзі, омыртқалылар көзіндей, қазіргі формасына дейін саны жағынан тым көп емес кенет секірістердің жолымен көтерілген болса, онда бұл мүшелердің ұқсастығын түсіну, егер де бұл форма шексіз кішігірім ұқсас өзгерістердің сан сыз мөлшерін біртіндеп қабылдаудың нәтижесінде қалыптасқан дегенмен салыстырғанда, оңайырақ болып шықпайды; екі құбылыстарда да кездейсоқтық орын тебеді, бірақ екіншісінде одан, біріншісінде орын алатынындай, кереметті талап етпейді. Мұнда мен бір-біріне қосатын ұқсастықтар саны тек қысқартылып қана қоймайды, және сонымен олардың әрқайсысының басқаларға қосылу мақсатымен сақталатыны да түсініктірек болады, өйткені бұл жолы элементарлық өзгеріс, тіршілік иесіне пайда әкелетіндей және сөйтіп сұрыпталудың әсеріне жататындай, жеткілікті түрде
мәнді болып табылады. Бірақ мұнда, қауіптілігі бұрынғыдан көп болмаса аз емес, басқа мәселе туындайды: көру аппаратының барлық бөліктері олардың кенет өзгерістері кезінде көздің өз қызметін жалғастыра беруі үшін қалай ғана соншалықты жақсы координациясын сақтайды екен? Әлдебір бір бөліктің өзгерісі, ол енді шексіз аз болмайтындықтан, көруді мүлде мүмкін емес қылады ғой. Сондықтан барлық бөліктердің бір уақытта өзгергені және сонда әрқайсысының басқаларымен мәжіліс құрып келіскені керек. Жолы бола қоймаған индивидтерде көптеген координаци ясы бұзылған өзгерістердің болатынымен, табиғи сұрыптау олар ды жойып, бір тіршілікге қабілетті комбинация ғана, яғни көруді сақтап және жақсартатыны ғана, қалатынына мен келісемін. Бірақ тағы мұндай комбинацияның пайда бола қалуы керек. Сөйтіп, егер тіпті мұндай жағдай бірде бола қалды десек те, түрдің тарихының бойында мұндай жағдайдың, әрбір жолы бір уақытта бір-біріне ке реметтей бейімделген және бұрынғыларды жалғастыратын жаңа күрделіленулерді тудыра отырып, қайталануын топшылауға бола ма? Мысалы, жаң ғана «кездейсоқтықтар» қатары бола отырып, бұл кенет өзгерістердің бір ғана тәртіппен туындап және әрбір ретте барған сайын саны көбірек әрі күрделі элементтердің толық келісімі бола отырып, екі тәуелсіз эволюциялық сызықтар бойын да бірдей болып шығуын күтуге бола ма? Рас, Дарвиннің өзі де қолданған корреляция заңына сілтейтін дер бар...29 Корреляция сөзін қалай болса солай қолдануға жол бер меу керек. Өзара байланысты өзгерістердің жиынтығы – бір нәрсе де, ал қосымша өзгерістердің жүйесі – екінші нәрсе: олар күрделірек жағдайлардағы мүшенің қызмет жасауын қолдап және тіпті жетіл діретіндей түрде бір-бірімен координацияланған өзгерістер болып табылады... шындығында «корреляция» сөзінің осы екі мағынасы, «бейімделу» сөзінің екі мағынасындай да, биологтың ақыл-ойын да жиі-жиі шатасып кетіп жатады... «Корреляция» сөзінің екі мағынасын анық айыра білген жөн: пайымдаудың алғышартында бір мағынаны, ал қорытындысында екінші мағынаны қабылдау логикаға қарсы шығумен барабар. Бірақ, алайда құбылысты тәптіштеп түсіндіру үшін қосымша өзгерістерді интерпретацияла уды мақсат тұтып, корреляция принципін қолданғанда, ал содан кейін жалпы корреляция туралы, ол ұрықтың әлдебір өзгерісінен туындаған өзгерістердің небір жиынтығы ғана болғандайын, Іbіd. P. 11, 12.
айтқанда, дәл осыны істейді. Басында корреляция идеясын әншейінгі ғылымда мақсаттылықтың қорғаушысы жасайтынын дай сияқтандырып қолданады: бұл – жай ғана сөз жүзінде айтуға қолайлы тәсіл, принциптердің табиғатын түсіндіріп, ғылымнан философияға көшкенде оны жөндеп, таза механизмге қайтып ора ламыз деседі өздеріне. Шынында да, сонда механизмге қайтып оралысады; бірақ «корреляция» сөзі тәптіштеп түсіндіруге жара майтындайын жаңа мағынасында алынған жағдайда. Сонымен, егер эволюцияны анықтайтын кездейсоқ өзгерістер шамалы болса, онда оларды сақтау және жинақтау үшін әлдебір қайырымды данышпанды – болашақ түрдің данышпандығын – шақыру керек болады, өйткені сұрыптау мұны өзіне ала алмайды. Егер, басқа жағынан, кездейсоқ өзгерістер кенет болатын болса, онда бұрынғы функция әрекет жасай беруі мүмкін немесе бірденбір актіні орындау мақсатымен барлық бірден пайда бол қалған өзгерістер бірін-бірі толықтырған жағдайда ғана жаңамен ауы стырыла алады. Сөйтіп тағы да қайырымды данышпанға жүгінуге тура келеді: бұл жолы барлық бір уақыттық өзгерістердің дөп келу іне қол жеткізу үшін, ал бірінші жағдайда ол бірізді өзгерістердің бағытындағы үздіксіздікті қамтамасыз етуге тиіс болатынды. Не ол, не бұл жағдайда да тәуелсіз эволюциялық сызықтар бойындағы барабар күрделі құрылымдардың параллельді дамуы кездейсоқ өзгерістердің қарапайым жинақтауымен байланыстырылуы мүмкін емес. Енді біз зерттеуге тиісті екі басты гипотезалардың екіншісі не ауысайық. Өзгерістер кездейсоқ әрі ішкі себептерге емес, қайта сыртқы жағдайлардың тікелей әсеріне міндетті деп топшылайық. Осы жағдайда филогенетикалық тұрғыдан тіршілік иелерінің тәуелсіз қатарларындағы көз құрылысының ұқсастығын қалай түсіндіруге болатынын қарап көрейік. Моллюскілер мен омыртқалылар эволюция жолымен бөлекбөлек жүргенімен, олар да және бұлар да жарықтың әсеріне төзген болатын. Жарық белгілі бір салдарларды тудыратын физикалық себеп болып табылады. Үздіксіз әсер етіп ол бір ден бір бағыттағы тұрақты өзгерісті туғыздыра алған болар еді. Әрине, омыртқалар көзі мен моллюскілер көзінің жай ғана кездейсоқтыққа міндетті өзгерістер қатары арқылы қалыптасуы, бейықтимал. Егер жарық мұнда пайдалы өзгерістердің ғана бар болуын қамтамасыз ететін сұрыптау құралы ретінде әсер етеді деп
жоритын болсақ, онда, тіпті сырттағы осындай қамқор жағдайдың өзінде де, кездейсоқтық ойынының онда да және мұнда да бір дей үйлестірілген элементтердің сол бірдей қатарласуына әкеліп соғуының ешбір мүмкіндігі жоқ. Егер жарық ұйымдасқан материяға, оның құрылымын өзгерте және оны өзінің өзіндік фор масына бейімдей отырып, тікелей әсер етеді деп топшыласақ, іс басқадай болмақ. Екі салдарлардың ұқсастығы бұл жолы жай ғана себептің тепе-теңдігімен түсіндіріледі. Біртіндеп күрделенетін көз жарықтың материядағы барған сайын тереңіректейтін дағындай, ал ұйымдасқан материя бұл дақты қабылдап алатындай қасиетке suі generіs ие болады. Бірақ органикалық құрылымды дақпенен салыстыруға бола ма? Біз бұрындары «бейімделу» терминінің екіұштылығы тура лы айтқанбыз. Сыртқы жағдайларға барған сайын жұғымдырақ бола түсетін форманың біртіндеген күрделенуі бір нәрсе де, осы жағдайлардан барған сайын арта түсетін пайда көретін құралдың біртіндеп күрделіленетін құрылысы – басқа болып табылады. Біріншісінде материя тек қана әлдебір дақ алады да, екіншісінде ол белсенді реакция беріп, мәселені шешеді. Көз барған сайын жақсырақ жарықтың әсеріне бейімделеді деген де, әлбетте, сөздің екінші мағынасы пайдаланылады. Бірақ көбірек пен не азырақ па болсын бейсаналы түрде екіншіден біріншіге өтіп, таза меха нистік биология ортаның әсеріне төзетін инертті материяның ен жар бейімделуін және осы әсерден сәйкес түрде пайда табатын ағзаның белсенді бейімделуін теңестіруге тырысып бағады. Біз, дегенмен де, табиғаттың өзі біздің зердемізді бейімдеудің бұл екі тегін араластыруға итермелейтіндей сыңай танытады, өйткені ол уақыт өте белсенді реакция беретін механизмді тудыруға тиісті деген жерде әншейінде енжар бейімделуден бастайды. Мысалы, бізді қызықтап отырған жағдаятымызда көздің алғашқы ұйытқысы болып, даусыз, төменгі ағзалардың пигметтік дағын айту ке рек; бәрінен де бұрын дерлік, ол физикалық себептің-жарықтың – әсерінен пайда болған; екінші жағынан, қарапайым пигмент тік дақ пен омыртқалылардың күрделі көзі арасында қаптаған делдалдар байқалады. Бірақ біздің біртіндеп бір нәрседен екін шісіне өткенімізден олардың табиғатының бірдейлігі шықпайды. Басында оратордың өз тыңдаушыларының, олардың іле-шала өзіне көндіріп алу үшін, құмарлықтарымен санасуымен, ілесу мен басқару – бір ғана нәрсе деп қорытуға болмайды. Тірі материяның,
тегінде, жағдаяттардан пайданы табыстауға соларға бастапқы ен
жар бейімделуден басқа өзгеше құралы жоқ. Қозғалысты басқаруға
тиіс жерде ол онымен дауласпаудан бастайды. Тіршілік іс-қимылды
сақтықпен жасайды. Пигменттік дақ пенен көздің арасындағы бізге
қаншама делдалдарды көрсеткенімен, олардың арасында әрқашан
фотография мен фотоаппараттың арасындағыдай қашықтық бо
лып тұрады. Әрине, фотография біртіндеп фотоаппаратқа қарай
жақындай түскен. Бірақ тек бір ғана жарық, физикалық күш, бұл
өтуді іске асырып, ол қалдырған дақты осы жарықты пайдалануға
қабілетті механизмге айналдыра алды ма екен?
Біздің пайдакүнемдік түсініктерді енгізгенімізді бекер деп;
көз көру үшін жасалған жоқ, қайта бізде көздер болғандықтан
көреміз деп; мүше дегеніміз ол мүше, ал «пайдалылық» – беріл
ген құрылымның қызметтенуінен шығатынды белгілейтін сөз деп,
атап көрсетулері мүмкін. Бірақ мен көз «жарықтан пайда таба
ды» дегенімде, мен тек көздің көруге қабілеттілігін ғана түсініп
отырған жоқпын; мен бұл мүше мен қозғалыс мүшелерінің жүйесі
арасындағы әжептәуір дерлік дәл үйлесімділікке сілтеп отырмын.
Омыртқалылардың торлы қабығы көру нервіне айналады; ал ол,
өз кезегінде, ми орталықтарының өрілімдері арқылы қозғалыс
мүшелеріне жалғасады. Біздің көзіміз жарықтан пайда табады
дегеннің мағынасы мынада: ол бізге сәйкесті реакциялар арқылы
біз пайдалы деп санайтын нәрселерді қолдануға және зиянды
болып көретіндерінен жалтаруға жағдай жасайды. Егер жарық
физикалық жолмен пигменттік дақты түсірген болса, онда ол дәл
солай белгілі бір ағзалардың қозғалысына да түрткі болуы мүмкін;
кірпікті инфузориялар, мысалға, жарыққа реакция береді. Деген
мен де жарықтың әсері физикалық жолмен омыртқалылардың көру
аппаратымен байланысатының бәрінің – нерв, бұлшық ет, сүйек
жүйелерінің пайда болуына әкеліп соқты деп ешкім айта алмай
ды. Расын айтқанда, көздің біртіндеп пайда болуын түсіндіргенде,
ал көзді одан ажырамаспен байланыстырған кезде одан да әрі,
жарықтың тікелей әсерінен мүлде өзгеше әлдене енгізіледі.
Ұйымдасқан материяға астыртын түрде әлдебір suі generіs күш,
яғни өте күрделі, оған әсерін тигізетін қарапайым тітіркеністен
пайда табу үшін керекті қондырғыларды жасаудың құпия қабілеті
қосымша тіркеледі.
Ал сол арада дәл осыны болдырмауға ұмтылысады. Бәрінің
де кілтін физика мен химиядан тапқылары келеді. Эймердің ір
гелі жұмысы бұған қатынасында сабақ боларлықтай маңызды.
Түрлілену сыртқының ішкіге әбден бір белгілі бағыттағы үздіксіз
әсері жолымен, ал бірақ, Дарвин болжағандай, кездейсоқ өзгерістер
жолымен емес, өтетінін көрсету үшін бұл биологтың қаншама
күш жұмсағаны белгілі. Эймердің теориясы кейбір кесірткілердің
олардың терісінің түсі өзгеруіне байланысты орын алмастырула
рын зерделеуден бас алған өте-мөте қызықты бақылауларға негіз
делген... Бұл тәжірибелердің бәрінде сыртқы фактор түрліленудің
себебі ретінде есептеледі. Бірақ мұнда «себеп» сөзін қай мағынада
түсіну керек? Себептілік идеясын түгел талдауға бармай-ақ, тек
әншейінде бұл сөздің үш мүлде өзгеше мағыналарын өзара ша
тастыратынын ғана атап өтейік. Себеп соққы ретінде, босату (раз
ряд) ретінде және созғылану (развертывание) ретінде әрекет ете
алады. Басқа шарға бағытталған биллярд шары алдыңғысының
қозғалысын соққы арқылы анықтайды. Оталғыш дәрі заттың
(порох) қопарылысын туғызатын ұшқын босату ретінде әрекет
етеді. Фонографты айналдыратын пружинаның біртіндеп әлсіреуі
цилиндрде жазылған мелодияны созғыландырады: егер естіліп
жатқан мелодияны әрекет деп, ал пружинаның әлсіреуін себеп
деп тапсам, онда мен мұнда себеп созғылану арқылы әрекет етеді
дер едім. Бұл үш жағдай бір-бірінен себеп пен әрекет арасындағы
байланыстың мықтылығымен немесе әлсіздігімен өзгешеленеді.
Бірінші жағдайда әрекеттің саны мен сапасы себептің саны және
сапасымен бірге өзгереді. Екіншісінде әрекеттің сапасы да, саны
да себептің сапасы мен санынан өзгермейді: әрекет өзгеріссіз қала
береді. Үшіншісінде әрекеттің саны себептің санын тәуелді, бірақ
себеп әрекеттің сапасына әсерін тигізбейді: пружинаның әрекеті
арқасында цилиндр неғұрлым ұзағырақ айналатын болса, менің
тыңдап үлгерген мелодия бөлігі соғұрлым ұзынырақ болады, бірақ
мелодияның өзінің немесе оның мен тыңдаған бөлігінің табиғаты
пружинаның әрекетіне тәуелді емес. Тек бірінші жағдайда ғана
себеп әрекетті түсіндіреді, басқа екеуінде әрекет көп болсын не
аз болсын алдын ала берілген болады және сөз болып отырған
алғышарт – рас, әртүрлі дәрежеде – тезірек себептен гөрі сыл
тау болып табылады. Бірақ Artemіa түрліленуінің себебі судағы
тұздың мөлшері дегенде немесе көбелекке айналатын қуыршаққа
қанаттарының түсі мен суретін температура анықтайды дегенде,
«себеп» сөзі бірінші мағынада алынады ма екен? Әрине, жоқ: се
бептілік мұнда созғылау мен босату аралығындағы мағынаға ие
болады. Әйткенмен, Эймердің өзі де, өзгерістің «калейдоскоптық»
сипаты туралы30 немесе ұйымдаспаған материяның кристаллиза циялануы сияқты ұйымдасқан материяның өзгеруі де белгілі бір бағытта өтетіні туралы айтқанда31, мұны осылай түсінеді. Тері бояуының өзгеруі құбылысында біздің ісіміз таза физика-химиялық процеспен түседі дегенмен, тегі, келісуге болар әлі. Бірақ егер түсіндірудің бұл тәсілін, мысалы, омыртқалылар көзінің біртін деп қалыптасуына қолдансақ, онда ағзаның мынандайлық физи ка-химиясын, жарықтың әсерімен өте-мөте күрделі және сонда да көруге, әрі барған сайын жақсырақ және жақсырақ көруге қабілетті көру аппараттарының тізбекті қатарын жасайтын физика-химия сын топшылауға тура келеді32. Егер де бұл мүлде ерекшеленген фи зика-химияға сипаттама бергісі келе қалса, бұған омыртқалының жұмыртқасындағыдай химиялық құрамға ие бола алмайтыны, ал бұл екі форманың біріншісіне дамыған органикалық субстан ция, басқа бағытпен кеткеніне химиялық жағынан барабар бола алмайтыны, – және де бәрібір жарықтың әсерімен екі жағдайда да сол бір мүше қалыптасқаны, – көрсетілген кезде механистік философияның жағдайы бұдан да әрі қиындап кетпес пе екен? Сол бір ғана салдарды екі әрқилы жинақталған ұсақ себептердің шексіз көптіктерінен бұл шығарудың механистік филосфияның принциптерімен қаншалықты сиыспайтындығы, бұл жөнінде қаншама көбірек ойлаған сайын соншама анықтала түседі. Біз зерттеуімізде өз күштерімізді филогенезден алынған бір мысалға шоғырландырдық. Бірақ онтогенез бізге сенімділігі бұдан кем емес фактілерді берген болар еді. Мүлде әртүрлі эмбрионалдық процестердің арқасында табиғат әрбір минут сайын біздің көз ал дымызда түрлерде, кейде тіпті бір-біріне жақын келетіндерінде де, барабар нәтижелерге қол жеткізеді. Кейінгі жылдары «гетероблас тияны»33 бақылау көбейді де, әрбір ұрықтың айырықшылығының классикалық болып қалды деуге болатын теориясынан бас тартуға тура келді... Сөйтіп, әрқилы орналасқан, құрамы бойын ша әртүрлі болып келетін, әншейінде әртүрлі функциялар орын 30 Eіmer. Orthogenesіs der Schmetterlіnge. Leіpzіg, 1897, S. 24; cp. Dіe Entstehung der Arten, S. 53. 31 Eіmer. Dіe Entstehung der Arten. Jena, 1888. S. 25. 32 Іbіd. S. 165 және әрі. 33 Salensky. Heteroblastіe (Proc. Of the fourth іnternatіonal (ongress of Zoology. London, 1899, p. 111-118). Зеленский бұл терминді өзара туыс жандардың сол бір жерлерінде сәйкесті, алайда, эмбриологиялық шығу тегі бойынша әртүрлі, органдардың түзілуін белгілеу үшін жасаған.
дайтын бөліктер сол біреудің орнын басуға және керек болғанда, механизмнің сол бір ғана бөліктерін тудыруға қабілетті болады. Сол бір ғана салдар мұнда себептердің әртүрлі комбинациялары нан туындайды. Нәтижелердің мұндайлық конвергенциясын түсіндіру үшін, еріксізден-еріксіз ішкі бағыттайтын бастамаға жүгінуге тура ке леді. Мұндай конвергенцияның мүмкіндігі шамалы кездейсоқ өзгерістердің дарвинистік, ал басты түрде неодарвинистік, те ориясында да, кенеттен болатын кездейсоқ өзгерістер гипоте засында да, тіпті әртүрлі мүшелердің эволюциялануының бел гілі бір бағыттарын ішкі және сыртқы күштердің механикалық комбинациясының нәтижесі деп танитын тұғырнамада да байқалмайды. Сондықтан қазіргі эволюциялық теориялардың біздің еске салуымызға тура келіп тұрған соңғысына – неоламар кизмге – көңіл аударайық. Ламарктың тіршілік иесінде оның мүшелерін пайдалануы немесе пайдаланбауы салдарынан өзгеру, ал және де осылай ша дарыған өзгерісті тұқымына беру қабілеті бар деп есептегені белгілі. Қазіргі биологтардың көбісі де осындай тұғырнаманы ұстанады. Түптің түбінде жаңа түрге алып баратын өзгерістің, олардың көзқарасы бойынша, ұрықтың өзіне тән болатын кездейсоқ өзгеріс болуы мүмкін емес. Ол пайда туралы қандайда болмасын қамқорлыққа тәуелсіз, белгілі бір қасиеттерді белгілі бір бағытта дамытатын suі generіs детерминизммен басқарыла алмайды. Ол тіршілік иесінің өзі тіршілік сүруге тиісті жағдайларға бейімделу ге көзделген күш жұмсауының өзінен туындайды. Бұл күш жұмсау сыртқы жағдаяттардың қысымынан механикалық түрде туындаған жай ғана белгілі бір мүшелердің бейсаналы жаттығуы болуы мүмкін. Бірақ ол сана мен ерікті де алдын ала топшылауы мүмкін және байқауымша, бұл тұғырнаманың ең көрнекті өкілдерінің бірі американдық натуралист Копта мұны дәл осы мағынада түсінеді34. Сонымен, эволюционизмнің қазіргі формаларының барлығының ішінде жалғыз неоламаркизм ғана дамудың ішкі және психологиялық принципін, оған әрқашанда жүгінбегенімен де, ұстанады. Сөйтіп бұл, біздің байқауымызша, дербес дамитын сызықтар бойында күрделі әрі барабар мүшелердің пайда болуын түсіндіретін бірден-бір эволюциялық теория. Шыныменен сол бір ғана жағдаяттардан пайда табуға көзделген сол бір ғана күш 34 Cope. The orіgіn of the fіttest, 1887; The prіmary factors of organіc evo lutіon, 1896.
жұмсаудың бір нәтижеге апаратыны белгілі, әсіресе егер сыртқы жағдаяттар қоятын мәселе бір ғана шешімге «күш жұмсау» сөзін тереңірек, неоламаркизмнен де асқан психологиялық мағынасында алуға тура келмес пе екенін тек анықтау ғана қалады. Шынында, шаманың қарапайым өзгерісі – бір нәрсе де, форманың өзгерісі – мүлдем басқа нәрсе. Жаттығу арқылы мүшенің күшейе және үлкейе алатынын ешкім де жоққа шығара алмайды. Бірақ бұдан моллюскілер мен омыртқалылардың көзінің прогресивті дамуына дейін алыс. Бұл дамуды енжар қабылданатын жарықтың әсерінің үздіксіздігіне жатқызғанда, біз жаңа ғана сынаған теорияға қайта оралады. Егер де, керісінше, ішкі іс-әрекетке сілтегенде, онда сөз мүлде біз әншейінде күш жұмсау деп атайтын туралы емес болуға тиіс, өйткені күш жұмсау біздің көзімізше бірде бір рет мүшенің аз да болса күрделенуін тудырған жоқ, ал сол арада, инфузорияның пигменттік дағынан омыртқалының көзіне өту үшін, өзара кере меттей координацияланған мұндай күрделенулердің зор саны ке рек болар еді. Алайда, жануарлар үшін эволюциялық процестің бұл тұғырнамасын қабылдайық: бірақ мұны өсімдіктер дүниесіне қалай таратуға болады? Мұнда форманың өзгерісі, байқауымызша, әрқашан функционалдық өзгерістермен байланысты емес, сөйтіп егер өзгерістің себебі – психологиялық қатардан болса, онда оны, сөздің мағынасын тым кеңітіп алмайынша, күш жұмсау деп атау қиынға соғады. Демек, күш жұмсаудың өзінен де әрі барып, одан да тереңірек себебін іздестіру керек. Бұл, біздің байқауымызша, егер рет-ретімен тұқым қуалап ке тетін өзгерістердің себебін тапқылары келетін болғанда, әсіресе қажет. Біз қабыл алынған белгілердің тұқым қуалауы туралы айтыстардың егжей-тегжейіне бармай-ақ қояйық; біздің білік тілігімізге жатпайтын бұл сұрақ бойынша белгілі бір ой айту дан біз алшақпыз. Бірақ алайда, біз мүлде онымен айналыспай кете алмаймыз. Басқа ешқайда да философтар үшін бүгін бел гісіз бір жалпылауларға жармасудың мүмкін еместігі, олардың тәжірибелерінің бүге-шігесінде ғалымдарға ерудің және олармен нәтижелерді талқылаудың қажеттігі дәл осылай анық сезілмейді. Егер де Спенсер қабыл алынған белгілердің тұқым қуалауы туралы сұрақты ең басынан қойған болса, оның эволюционизмі, күмәнсіз, басқа формаға енер еді. Егер (ал бұл ықтимал болып көрінеді) индивидтің үйреншікті дағдысы оның тұқымдарына айрықша жағдайларда ғана берілетін болса, онда бүкіл Спенсердің психоло гиясы қайта қарауды керек етер еді және оның философиясының
көптеген бөлігінің тағаны таяр еді. Сонымен, қалай, біздің байқауымызша, бұл мәселенің қойылатынын және қай бағытта оның шешімін іздестіру керек болатынын түсіндірейік. Қабыл алынған белгілердің тұқым қуалауы догма ретін де қабылданғаннан кейін, ол кем соқпайтындай догматикалық тұрғыдан – ұрық клеткаларының табиғаты туралы топшылаудан a prіorі шығарылған себептер бойынша – жоққа шығарылды. Ұрықтық плазманың үздіксіздігі гипотезасы Вейсманды ұрықтық клеткаларды – жұмыртқа-клеткаларды және сперматозоидтарды – соматикалық клеткалардан тәуелсіз дерлік деп санауға мәжбүр еткені белгілі. Осыған сүйеніп, әлдебір қабыл алынған белгінің тұқым қуалау арқылы берілуі түсініксіз әлдене деп ұйғарылып кел ді және қазір де жиі-жиі ұйғарылуда. Бірақ егер де кездейсоқ түрде тәжірибе қабыл алынған белгілердің берілуін көрсететін болса, онда ол сонысыменен ұрықтық плазманың соматикалық ортадан соншалықты топшыланғандай тәуелсіз емес екенін дәлеледеген болар еді де, қабыл алынған белгілердің тұқым қуалауы іpso facto түсінікті болған болар еді. Бұл мұндай айтыстарда іс бел гілі құбылыстың түсінікті болуы не болмауында емес екендігінен білдіреді: сұрақ тек қана тәжірибемен ғана шешіледі. Бірақ дәл осында-ақ қиыншылықтар басталады. Сөз болып отырған қабыл алынған белгілер көбінесе дағды немесе дағдының нәтижесі болып табылады. Бірақ игерілген дағдының негізінде табиғи икемділіктің болмауы өте сирек кездеседі, сондықтан әрдайым индивидтің со масында пайда болған дағды берілді ме, әлде, мүмкін, бұл тезіре гінде игерілген дағдыдан бұрын орын алған табиғи икемділік емес пе екен деген сұрақ туындауы мүмкін; бұл икемділік, оның бұрын индвидке, ал демек, ол дамып шыққан ұрыққа да тән болғанындай, индивид өзінде тұтатын ұрыққа тән болуы мүмкін. Мысалға, көр тышқанның соқыр болуы оның жер астында тіршілік сүруге дағдыланғанынан екенін ештеңе де дәлелдей алмайды: бәлкім, көр тышқанның жер астында тіршілік сүруге өзін қыстауы оның көздерінің кем....ндене бастағанынан болар35. Соңғы жағдайда көз көруінің солғындауына деген тенденция бір ұрықтан екін шісіне берілуі тиіс болатын, ал сол кезде көр тышқанның санасы ештеңені қалап алмаса да және жоғалтпаса да... Тұқым қуалаушы болып шығатын қабыл алынған белгілердің бәрімен де іс осылай болмас па екен? 35 Cuénot. La nouvelle theórіe transformіste (Revue générale des scіences, 1894). Cал.: Morgan. Evolutіon and adaptatіon. London, 1903, p. 357.
Қабылданған белгілердің тұқым қуалаушылығын мақұлдау шылар да және теріске шығарушылар да тоғысатын, шынын да да, бір пункт бар: белгілі әсерлердің, мысалға, алкогольдің әсерінің, бір уақытта тіршілік иесінің өзіне де және ол иеленетін ұрықтық плазмаға да тие алатынын мойындау. Мұнда мұра болып кесел беріледі, сөйтіп бәрі туғызушының сомасы оның ұрығына бәлки әсер еткендей болып өтеді, ал іс жүзінде жай ғана ұрық пен сома сол бірден-бір себептің әсерін төзген болса-дағы. Осыны анықтап алып, қабыл алынған белгілердің берілуі жөніндегі те зисті жақтаушылардың сенетініндейін, сома ұрыққа әсер ете ала ды деп топшылайық. Екінші жағдайда да бәрі де дәл біріншідегі дей болып өтеді, сөйтіп ұрықтық плазманың жалпы өзгерісі сома әсерінің тікелей салдары болып табылады деп жорамалдау бәрінен де табиғи болып шықпас па екен? Егер де бұл солай болатын бол са, онда туғызушы мен ұрпақтағы өзгерістің барабарлығы, алкого лизм кеселік мұралағанда болатынындай, ерекше жағдай немесе кездейсоқтық қана болар еді: бұл кесел, әрине, әкеден балаларға беріледі, бірақ ол балалардың әрқайсысында әртүрлі, және де әкесіндегіге мүлдем ұқсамайтын, формаға енуі мүмкін. С әрпімен плазмада орын алған өзгерісті белгілейік, және де С оң немесе теріс шама болуы мүмкін, яғни өзімен белгілі бір заттардың не пайда болуын, не жоқ болуын білдіреді. Іс-әрекет өз себебіне дәлме-дәл келеді, соманың белгілі бөлігінің белгілі бір өзгерісінен туындаған ұрықтың өзгеруі, жаңадан қалыптасып келе жатқан ағзаның сол бір бөлігінің дәл сондайлық өзгерісін тек мына жағдайда ғана, егер бұл ағзаның қалған бөліктері С-ға қатынасында иммунитет ке ұқсас бірдеңеге ие болатын болса ғана, өзінен кейін шұбырта алады: онда жаңа ағзада дәл сол бір бөлігі өзгеріске енетін болады, өйткені тек соның қалыптасуы ғана жаңа әсерді қабылдап алуға бейім келеді, ал дегенмен де оның басқа ағзаның сәйкесті бөлігіне қарағанда мүлдем басқа бағытта өзгеруі мүмкін болса-дағы. Біз, соныменен, ауытқудың тұқым қуалауы мен белгінің тұқым қуалауы арасында айырмашылық енгізуді ұсынамыз. Жаңа бел гіні қабылдаушы индивид сонысыменен сол бір формадан өзі ие болған және онда бар ұрықтар немесе көбіне жартылай-ұрықтар тудырған формадан, ауытқиды. Егер бұл өзгеріс ұрыққа әсер ету ге қабілетті заттардың пайда болуын да, оны кейбір элементтер ден арылтатын қоректенудегі жалпы жаңарған жайтты да өзінен соң тудырмайтын болса, онда ол индивидтің ұрпағына ешқандай іс-әрекет көрсетпейді. Көбіне дәл осылай болады да. Егер де,
керісінше, ол әлдебір әрекет ететін болса, онда, ықтимал, ұрықтық плазмадағы химиялық өзгерістің себебінен болар. Бұл өзгеріс, ере кше бір жағдай ретінде, дамуы тиіс ағзада өндірушінің ағзасында орын алған жаңарған жайтпен біркелкі жайтқа апарып соғуы мүмкін; бірақ оның мүлдем басқа әлденеге апарып соғуының да соншалықты немесе тіпті одан да көбірек мүмкіндігі бар. Бұл жағдайда туған ағзаның нормалдық типтен ауытқуы, мүмкін, басқа ағзадан орын алғанындай соншалықты да болар, бірақ ол өзгеше ауытқиды. Ол ауытқуды, бірақ белгілі емес, мұраланады. Жалпы, демек, ағзаның қабыл алған дағдылары, бәрінен де ықтималдырақ, оның ұрпағында ешқандай да көрініс таппайды; ал егер көрініс тапса да, онда ұрпақта бой көрсеткен өзгеріс бастапқы өзгеріспен ешқандай да көзге түсер ұқсастықты иеленбеуі мүмкін. Бізге ең ықтимал болып көрінетін гипотеза, ең кемінде, осындай. Қалай болғанда да, бұған керісі дәлелденгенге дейін және әйгілі биолог36 айтып жүрген шешуші тәжірибелер қойылғанға дейін, біз бақылаудың қазіргі нәтижелерін ұстануға тиіспіз. Бірақ тіпті қабылданған белгілердің тұқым қуалауы теориясы үшін ең қолайлы, атап айтқанда, көп жағдайларда қабылданған белгі деп атайты нымыз туа біткен белгінің көп болсын не аз болсын кешігіңкіреп дамуы болып табылмайды дейтін топшылаудың өзінде, – фак тілер дегенмен де бізге тұқым қуалаушылық берілістің ереже не месе, қайта айрықша бір жағдай болып табылатынын көрсетеді. Оның дәл көз сияқты мүшені дамытып шығаруын қалай ғана күтуге болады? Инфузрияның пигменттік дағынан моллюскі мен омыртқалылының көзіне өту орын алуы үшін бірінің үстіне бірі үймеленуге тиісті бір бағытталған өзгерістердің сол бір зор саны туралы ойлағанда, мынандай сауалға бой ұрасың: біз бақылайтын тұқым қуалаушылық айырмашылықтардың бұл қордаланып, егер бұл айырмашылықтардың әрбірі даралық күш жұмсауменен жаса луы мүмкін деп топшылайтын болсақ, қашанда болмасын дүниеге келтіре алуы мүмкін бе? Басқаша айтқанда, неоламаркизм де, басқа эволюциялық теорияларға ұқсап, мәселені шешуге қабілетсіз бо лып көрінеді бізге. Сонымен қазіргі эволюционизмнің әртүрлі формаларын жалпы сынақтан өткізіп және олардың бәрі де бірден-бір ғана шешілмей тін қиындыққа соғатынын көрсете отырып, біздің оларды біржола та жоққа шығарамыз ба деген ықыласымыз мүлдем жоқ. Керісінше, 36 Gіard. Controverses transformіstes. Parіs, 1904, p. 147.
олардың әрбірі, көптеген фактілерге сүйенетін болғандықтан, өзінше ақиқат болуы ықтимал; әрбірі эволюция процесіне деген белгілі бір көзқарасқа сәйкес келеді. Мүмкін, теория, егер ол ғылыми болып қалғысы, яғни егжей-тегжейлі зерттеулерге белгілі бір бағыт бергісі келетін болса, әлдебір арнайы көзқарастың біреуін айрықша ұстануы керек те шығар. Бірақ бұл теориялардың әрбірі осы теориялардың барлығының шегінен асып түсетін реалдылықтың бөлікті ғана аспек тісі болып табылады. Дәл осы реалдылық философияның пәні бола ды, ал философия ғылыми дәлділікке байланып қалмайды, өйткені ол қандай да болмасын практикалық қолдануға көзделген емес. Енді екі сөзбен-ақ қазіргі эволюционизмнің үш басты формасының, біздің көзқарасымыз бойынша, мәселенің шешуіне қандай үлес қосатынын, ненің бұлардың әрқайсысы шет қалдыратынын және эволюциялық процестің кеңірек, алайда сонымен анықтылығы азырақ идеясына қол жеткізу үшін, бұл үштік күш қосуды қай пунк тке бағыттаған жөн екендігін көрсетейік. Біздің ойымызша, өзгерістердің маңызды себептері болып индивидте орын тебетін ұрықтағы айырмашылықтар, ал тіпті де индивидтің тіршілік бойында жасайтын қылықтары емес, деген де, неодарвинистер дұрыс айтады. Бірақ осы биологтарға еріп, ұрықтың айырмашылықтары таза кездейсоқ әрі дара болып келеді деп мойындау мүмкіндігі неғайбыл. Олар ұрықтан ұрыққа инди видтер арқылы берілетін бірден-бір ғана импульстің дамуы болып табылады, ал демек, олар – таза кездейсоқтықта емес және бір уақытта бір формада бірден-бір ғана түрдің барлық өкілдерінде не месе, кем дегенде, олардың кейбіреулерінде әбден шыға келулері мүмкін деп біз ойламай тұра алмаймыз. Дарвинизмді бұл пунктін де мутациялар теориясы-ақ мәнді түрде түрлендіруге әкеліп соқты. Оның ұйғаруы бойынша, белгілі бір мезетте, ұзақ кезең өткеннен соң, бүкіл түрді өзгеруге деген ұмтылыс билейді. Бұл өзгеруге де ген тенденция – кездейсоқ емес дегенді білдіреді. Рас, өзгерістің өзі кездейсоқ болуы мүмкін, өйткені мутация, Де Фриздің пікірі бойынша, түрдің әртүрлі өкілдерінде әрқилы бағыттарда өтеді. Бірақ, біріншіден, бұл теория көптеген басқа өсімдіктер түрлерінде (Де Фриз оны тек OEnothera Lamarckіanaga ғана тексерген бола тын)37 растала ма жоқ па соны тосу керек, ал екіншіден, біздің 37 Бірнеше ұқсас фактілер дегенменен тағы да өсімдіктер дүниесінен көрсетілген болатын. Қараңыз: Blarіnghem. La notіon déspéce et la theorіe de la mutatіon (Année psychologіque, v. XІІ, 1906, p. 95 және әрі) және De Vrіes. Specіes and Varіetіes, p. 655.
әріректе дәлелдейтініміздей, өсімдіктердің жануарларға қарағанда өнерпаздығындағы кездейсоқтықтың үлесінің кеңіректеу екенінде мүмкін емес дейтіндей ештеңе жоқ, себебі өсімдіктер дүниесінде функция формамен соншалықты тығыз байланысты емес. Қалай болғанда да, дарвинистер мутациялар кезеңдері – кездейсоқ емес екендігін топшылауға бейім. Демек, мутацияның бағыты да, ең кем дегенде, жануарларда сондайлық болуы мүмкін және мұның қандайлық дәрежеде болатынын бізге әлі көрсету міндет. Бұл бізді Эймердің гипотезасына ұқсас гипотезаға алып бара ды, ал ол бойынша әртүрлі белгілердің өзгерістері ұрпақтан ұрпаққа қарай белгілі бір бағытта өтеді. Бұл гипотеза бізге Эймердің өзі көрсеткен шекараларда қабылдап алуға тұрарлық болып көрінеді. Әрине, органикалық дүниенің эволюциясы тұтас алғанда алдын ала анықталған болуы мүмкін емес. Біз, керісінше, тіршілікдің өзіндік еріктілігі бірінен кейін бірі орын алатын формалардың толассыз шығармалауында өрнектеледі деп ұйғарамыз. Бірақ бұл белгісіздіктің толық болуы мүмкін емес: ол белгілілікке орын бе руі тиіс. Мысалы, көз сияқты мүше белгілі бір бағыттағы үздіксіз өзгеріс жолымен жасалады. Тарихы басқа түрлердің көздерінің құрылымындағы ұқсастықты басқаша қалай түсіндіруге болаты нын біз білмейміз. Біздің Эймерден алшақтауымыз, нәтижеге қол жеткізу үшін физикалық және химиялық себептер жеткілікті деп ол ұйғарған мезеттен басталады. Біз, керісінше, көздің ап-анық мыса лында, егер мұнда «ортогенез» бар болса, онда психологиялық се беп те әрекет етуге тиіс екенін көрсетуге тырыстық. Неоламаркистердің кейбіреулері де психологиялық қатардағы себепке жүгінеді. Біздің пікірімізше, неоламаркизмнің ең шымыр деген негіздемелерінің бірі осында жатыр. Бірақ егер бұл себеп индивидтің саналы түрдегі күш жұмсауы болатын болса, онда ол тек шектелген жағдайлар дәрежесінде ғана әрекет жасай алады: ең көп дегенде жанураларда, бірақ өсімдіктер дүниесінде емес. Жану арда да ол өз әрекетін тікелей не жанама болсын текеріктің әсеріне бағыну бар жерде ғана көрсетеді. Бірақ тіпті оның әрекет еткенінің өзінде де күрделіліктің өскіндеуі сияқтанған терең өзгеріске оның қалай қол жеткізе алатыны байқалмайды. Егер де қабыл алынған белгілер бір-біріне қосылысып ұдайы беріліп тұрғанда, мұны әлі түсінуге болар еді. Бірақ мұндай ерілу ережеден гөрі айрықша жағдайға санды. Тұқым қуалайтын және қордалануды және өздіөзімен қиыстырылуы барысында барған сайын күрделілірек қондырғы пайда болатын белгілі бір бағыттағы өзгеріс, – мұндай
өзгеріс, әрине, белгілі бір тектегі күш салуға, бірақ даралық күшке салуға қарағанда басқаша терең, жағдаяттарға басқаша тәуелсіз күш салуға, бірден-бір ғана түрдің өкілдерінің көбісіне ортақ, олардың жалғыз субстанциясынан гөрі олар өздерінде тұтатын ұрықтарға тән болатын, ал сондықтан олардың ұрпағына беріле алатын күш салуға жатуы тиіс. Сонымен, ұзақ кейін шегінуден кейін біз өзіміз бастаған идеяға, тіршіліктің бастапқы құлшынысы идеясына қайтып оралатын боламыз; ал бұл құлшыныс ұрықтардың бір ұрпағынан келесісі не ұрықтар арасындағы байланыстырушы жіп рөлін атқаратын дамыған ағзалар арқылы беріледі. Бұл құлшыныс өзі олардың арасында бөлінетін эволюциялық сызықтарда сақталады, сөйтіп өзгерістердің, ең кем дегенде ұдайы берілетін, қордаланатын және жаңа түрлер жасайтын өзгерістердің түпкі себебі болып табылады. Жалпы алғанда, түрлердің өз эволюциясының жалғасуы процесін де ортақ діңгектен жан-жаққа тарамдала бастаған шақтан бері, олар бұл тарамдалуды тереңдете түсуде. Дегенмен де, егер жалпы құлшыныс гипотезасын қабылдайтын болсақ, белгілі бір пункт терде олар тепе-тең түрде дами аладу және тіпті дамуға тиіс. Бізге мұны сол таңдап алған моллюскі мен омыртқалылардың көзінің құралуы мысалында анығырақ көрсету қалады. Бұл «бастапқы құлшыныс идеясының» айқындала түсуіне де көмектеседі. Көз сияқты мүшеде екі нәрсе, – құрылымының күрделілігі және қызметтенуінің қарапайымдылығы – бірдей таң қалдырады. Көз әртүрлі бөліктерден – тарасынан, мүйізді қабығынан, то рапшасынан, қарашығынан және т.б. – тұрады. Бұл бөліктердің әрқайсысы шексіз бөлінеді. Торапшасын-ақ алып қарастырайық. Оның жүйкелік элементтердің бір-бірінің үстіне орналасқан үш қабатынан тұратыны белгілі: мультполярлық клеткалар, биополярлық клеткалар, көру клеткалары; әрбір қабаттың өзіндік даралығы бар және әрбірі күмәнсіз, өте күрделі ағза болып та былады: және бұл әлі осы торапшаның нәзік құрылымының өте жабайыланған сызбасы болады. Көз сияқты аппарат, демек, әрқайсысы асқан күрделі болып келетін шексіз санды аппараттар дан тұрады. Сөйтсе де көру – қарапайым акт. Көзді ашсаң болды, көре бастайсың. Және қызметтенуі дәл қарапайым болғандықтан шексіз күрделі аппараттың құрылысындағы табиғаттың сәл ғана ауытқуы оны мүмкін емес қылар еді. Мүшенің күрделілігімен функцияның бірлігі арасындағы бұл контраст ақылға қонбайтындай сияқ береді.
Механистік теория ағзаның тіндерге тікелей не жанама
әрекет ететін сыртқы жағдаяттардың әсерінен біртіндеп туында
уын жақсырақ бейімделгендерді іріктеу арқылы көрсетеді. Бірақ
қандай да болмасын формаға енсе де бұл теория, егер тіпті оның
бөлшектерді тәптіштеп суреттеуі құндылық деп топшаласақ тағы,
– бұл бөлшектердің корреляциялануына ол ешқандай да сәуле
түсірмейді.
Сол кезде сахнаға мақсаттылық теориясы шығуы. Ол
бөлшектер алдын ала көзделген жоспар бойынша, белгілі бір
мақсатпен құрастырылған деп ұйғарады. Мұнысымен ол табиғат
еңбегін әлдебір идеяны іске асыру мақсатында немесе үлгіге қарап
бөлшектерді құрастыратын жұмыскердің еңбегіне ұқсастырады.
Сондықтан механизмнің телеологизмге оның антропоморфтық си
патын бетіне басуына құқығы бар. Бірақ ол өзінің де сол әдіспен,
тек оның тарылтқан күйінде, пайдаланатынын байқамайды. Әрине,
ол жетелеген мақсаттан немесе идеалды үлгіден құтылды. Бірақ
ол да дәл солай табиғаттың, жұмыскер-адам сияқты, бөлшектерді
жинастырғанын қалайды. Алайда, тіпті ұрықтың дамуына тасталған
жіті көзқарастың өзі де тіршіліктің бұған мүлдем басқаша кірісе
тінін көрсеткен болар еді. Ол элементтердің ассоциациялануы мен
қосылуы арқылы емес, бірақ диссоциациялануы мен екіленуінің
көмегімен әрекеттенді.
Сонымен, бұл екі көзқарасты да – механицизм мен иелео
логизмді артта қалдыру керек, ал бұларға адам зердесінің, шын
мәнісінде, адам жұмысын бақылаудың нәтижесінде жеткені мәлім.
Бірақ оларды қай мағынада артта қалдыруға болады? Біз тұтастық
қызметтенуі қарапайым нәрсе болғанымен мүше құрылысын
талдау шексіздікке дейін кете бере алады деп айтқанбыз. Бұл
мүшенің шексіз күрделілігі мен қызметінің (функциясының) тым
қарапайымдылығы арасындағы контраст біздің көзімізді ашуға
тиіс.
Жалпы айтқанда, бірден-бір нәрсе, бір жағынан, қарапайым,
ал екіншісінен – шексіз күрделі болып шыққан кезде, онда
осы аспектінің маңызы бірдейліктен алыс жатады, немесе,
дұрысырағында, олар реалдылықтың әртүрлі дәрежесіне ие
болады. Қарапайымдылық бұл жағдайда нәрсенің өзіне, шек
сіз күрделілік – оны айналсоқтап жүріп біздің сезімдеріміз бен
біздің интеллектіміз елестетін қатарласқан символдарға тән бола
ды, – тұтас алғанда, түрлі текті элементтерге тән болады, ал бұл
элементтердің көмегімен біз осы нәрсені жасанды түрде елікте
мелеуге тырысқанменен, табиғаты мүлде басқаша болғандықтан ол бұл элементтермен бейөлшем болып табылады. Данышпан су ретші адамның бет-әлпетін матаға салды делік. Біз оның суретін мозаиканың түрлі-түсті квадратшаларының көмегімен еліктемелей аламыз. Неғұрлым біздің квадратшаларымыз кішірек болған сай ын, неғұрлым олардың саны көбейіп, түрлі-түстірек болған сай ын, соғұрлым біз модельдің бүктесіндері мен реңдерін жақсырақ жаңғыртатын боламыз. Бірақ суретші қарапайым әлдене есебінде танып-біліп, толығымен суретінде көрсетпек болған және бірегей бөлінбес интуицияны толығырақ білдірген сайын жетіле түсетін бетәлпеттің дәл эквивалентіне қол жеткізу үшін, реңдерінің шексіздігі не тап болатын шексіз кіші элементтердің шексіз саны керек болған болар еді. Енді біздің көзіміз ұлы суретшінің шығармаларынан тек мозаиканы ғана көре алатындай болып құрылған депп топшылайық. Немесе біздің интеллектіміз бейненің матада пайда болуын мозаиканың нәтижесі ғана деп түсіндіре алатын болып жасалған делік. Біз онда тек кішкентай квадратшалардың қосылысы тура лы ғана айта алар едік те, механистік гипотезаны бөліскен болар едік. Біз бұл қосылыстың материалдылығынан басқа, мозаистің жұмыс жасауына арқау боларлық жоспар керек болған деп қосқан болар едік: бұл жолы біз телеологияның жақтастары есебінде сөйлеген болар едік. Бірақ біз не ол, не бұл жағдайда да реалдық процесті дөп баса алмас едік, өйткені қосылысқан квадратшалар болған емес. Матаға проекцияланған қарапайым акт болып табы латын сурет бар; ол өзі біздің қабылдауымызға енген бойы біздің көзімізде мыңдаған кішігірім квадратшаларға, өзінің бірегей қосылысында өзара орналасудың таңқаларлық тәртібін көрсететін квадратшаларға, бөлінеді. Сол сияқты көз де өз құрылымының тама ша күрделілігіне қарамастан тек көрудің қарапайым актісі ғана бола тұрып, сол уақытта-ақ бізге клеткалардың, егер тұтасты бөліктердің жиынтығы деп елестететін болсақ, орналасуларындағы тәртіп бізді таңқалдыратындай клеткалардың, мозаикасы болып табала алады. Қолымды А-дан В-ға көтергенімде, бұл қозғалыс маған бірден екі аспектіде бой көтереді. Іштей қабылданғанда ол – қарапайым бөлінбейтін акт. Сырттай байқағанда – бұл әлдебір АВ қисық сызығының өткен жолы. Бұл сызықта толып жатқан орналасу ларды ажырата аламын, сызықтың өзі де осы орналасулардың белгілі бір координациясы ретінде анықтала алады. Бірақ шек сіз санды бұл орналасулардың өзі де, оларды байланыстыратын тәртіп те қолдың А-дан В-ға дейінгі қозғалуының бөлінбес ак
тісінен автоматты түрде шығады. Механицизм мұнда тек орна ласуларды ғана көреді. Телеологизм олардың тәртібін де еске реді. Бірақ ол да, бұл да реалдылықтың тап өзі болып табылатын қозғалысты маңайламайды. Белгілі мағынасында қозғалыс орна ласулар мен олардың тәртібіне қарағанда көбірек, өйткені шексіз қарапайымдылығындағы осы қозғалыстың берілуінің өзімен-ақ сол уақытта тізбектелген орналасулардың шексіздігі де, олардың тәртібі де, және тағы тәртіп те, орналасу да болмағанымен ең бас ты болып табылатын әлдене де, яғни қозғалмалылық та, беріледі. Бірақ, басқа жағынан, қозғалыс орналасулардың оларды байланыс тыратын тәртібімен бірге алғандағы қатарына қарағанда азырақ, өйткені нүктелерді белгілі бір тәртіппен орналастыру үшін, ал дымен бұл тәртіпті өзіңе елестету, ал сосын барып нүктелердің көмегімен оны іске асыру керек, байланыстыру еңбегі мен интел лект керек, ал қолдың қарапайым қозғалысы мұның ешқайсысын да өзінде тұтпайтын болса-дағы. Ол сөздің адами мағынасында алғанда зерделі емес, ол қосылыс та болып табылмайды, өйткені элементтерден құралмайды. Көзбен көруге де дәл солай. Көру өзінде оны құрайтын клеткалар мен олардың өзара координация сына қарағанда көбіректі тұтады: бұл мағынасында механицизм де, телеологизм де керек болатындайын алысқа бара қоймайды. Бірақ басқа қатынасында механицизм мен телеологизм де тым алысқа барысады, өйткені табиғаттан, шексіз күрделі элементтердің шексіз санын ол көрудің қарапайым актісіне дейін көтерсін деп қалап, Геракл ерліктерінің ең қиынын талап етеді, ал табиғат үшін көзді жасау менің қолды көтеруімнен қиын болған емес. Оның қарапайым актісі автоматты түрде элементтердің шексіз санына бөлшектенді, ал олар, менің қолымның қозғалысы бір теңдеумен қамтылатын нүктелердің шексіз санын құрағанына ұқсап, бір идеяға бағынышты болып шықты. Бірақ дәл осыны түсіну бізге өте қиынға соғады, себебі біз ұйымдасуды фабрикациялану процесінен өзгеше елестете алмай мыз. Ал шындығында фабрикациялау бір нәрсе де, ал ұйымдастыру басқа нәрсе. Бірінші текті операция адамға тән. Ол материяның бірбірінде орналастырып, біріге әрекет етуге болатындай қылып пішіл ген бөлшектерін үйлестіруде жатыр. Оларды, былайша айтқанда, олардың идеалды орталығы ретінде әлден бар болатын әрекеттің айналасына жайғастырады. Демек, фабрикациялау перифериядан орталыққа қарау, немесе философтар айтатындай, көптіліктен біре гейлікке қарай жүреді. Ұйымдасу жұмысы, керісінше, орталықтан
периферияға қарай жүреді. Ол бір, математикалық деуге болатын,
нүктеден басталып, осы нүктенің айналасында концентрлік және
ұдайы кеңейетін толқындар түрінде тарайды. Фабрикациялау еңбегі
ол материяның неғұрлым көбірек мөлшерін қамтыса, соғұрлым
жемісті болады. Ол концентрациялану және сығылу жолымен іске
асады. Керісінше, ұйымдасу актісі тезірегінде қопарылыс сипаты
на ие болады: стартта, ұйымдастырушы күштер кеңістікке заңды
соқпағандай түрде кірісетін сияқтанып, оған азырақ қана орын,
материяның да минимумы керек. Эмбрионалдық тіршіліктің эво
люциялану процесіне қозғау салатын сперматозоид – ағзаның ең
кішкене клеткаларының бірі ғана, және де оның шамалы ғана бір
бөлігі реалды түрде әрекет ететін болады.
Бірақ бұл беткі айырмашылықтардан әрі аспайтындары.
Олардың ар жағында, біздің топшылауымызша, тереңіректерін де
табуға болады.
Фабрикацияланған туынды фабрикациялау еңбегінің форма
сын суреттемелейді. Мұнымен мен мынаны айтқым келеді: фабри
калаушы өз туындысынан дәл соған өзі құйғанын табады. Егер ол
машина жасағысы келсе, ол бірінен кейін бірін оның бөлшектерін
қиып алып, содан кейін оларды құрастырады: жасалған машина
бөлшектерді де, олардың қосылысын да көруге жағдай жасайды.
Тұтас нәтиже мұнда тұтас еңбекпен сәйкестеніп, еңбектің әрбір
бөлігіне де нәтиженің бір бөлігі сәйкес келеді.
Әрі қарай, позитивті ғылым, егер де ұйымдасу ұқсас текті
еңбек болғандайын, әрекет жасай алады және әрекет жасауға тиіс
деп мен мойындаймын. Тек осы жағдайға ғана ғылым ұйымдасқан
денелерді игере алатын болады. Шынында, ол өзінің міндеті
қылып заттардың мәнісін айқындауды емес, ол бірақ заттарға
әрекет етудің артығырақ тәсілін қамтамасыз етуді қояды. Физи
ка мен химия алысқа алға қадымдап кетті, тірі материя да оған
біздің физика мен химияның айла-әдістерін қаншама өлшемде
қолдана алсақ тек сондай өлшемде ғана ол біздің әрекетімізге
көнеді. Демек, ұйымдасу ғылыми зерделеудің пәні болуы үшін,
ең алдымен ұйымдасқан денені машинаға теңестіру қажет екен.
Клеткалар машинаның бөліктеріне, ал ағза олардың жиынтығына
теңестіріледі. Бұл бөліктерді ұжымдастырған элементарлық күш
жұмсаулар да тұтасты ұйымдастырған еңбектің реалдық элемент
тері ретінде қарастыратын болады. Ғылымның көзқарасы осындай.
Біздің пікірімізше, философияның көзқарасы мүлде басқадай.
Ұйымдастырылған машина тұтас алғанда әлі ұйымдастырушы
жұмысын толығымен жаңғырта алады (бұл да толығымен әділдікке
жатпаса да), бірақ, бізге солай көрінеді, машинаның бөліктері жұмыстың бөліктеріне сәйкес келмейді, өйткені бұл машинаның материалдылығы пайдаланылған құралдардың жиынтығын емес, бірақ өткерілген кедергілер жиынтығын жаңғыртады: бұл тезіре гінде оң реалдылықтан гөрі терістеуге жатады. Сөйтіп, бұрынғы зерттеуімізде көрсеткеніміздей, көру біздің көзімізге шалынбай тын заттардың шексіз көп санын de jure қамти алатын күш болып табылады. Бірақ мұндай көру іс-әрекетке жалғаса алмас еді: ол фантом үшін, бірақ тіршілік иесі үшін емес, жаралған болар еді. Тіршілік иесінің көруі оның әрекет жасай алатын нәрселерімен шектелген утилитарлық көру болып табылады: бұл көру белгілі бір арнаға бағытталған сынды, көру аппараты да осы арнаны жүргізу жұмысын жай ғана рәміздейді. Бірақ онда көру аппаратының қалыптасуы дәл каналды жүргізу оның жағаларын тұрғызатын жердің әкелуімен түсіндірілмейтіні сияқты, анатомиялық элементтердің қосылысуымен түсіндіріле алмайды. Механистік те ория бұл жағдайда жер арба-арбаланып әкелінді дейді; телеология жер қалай болса солай тастала салынған жоқ, тасушылар белгілі жоспар бойынша жұмыс жасауы деп қосады. Бірақ механицизм де, телеологияда адасқан болар еді, өйткені канал басқаша құрылады. Дәлірек болайық. Біз табиғаттың көзді жасайтын амалдарын қолды көтерудің қарапайым актісімен салыстырдық. Бірақ біз қол ешқандай да кедергі кездестірмейді деп топшылағанбыз. Қол ауа да қозғалудың орнына мен қолымды қозғаған уақыттың өне бойы кедергі жасайтын темір үгінділер арқылы өтеді деп елестейік. Бел гілі бір мезетте қол өзінің күшін түгесиді, дәл сол кезде үгінділер де жайғасып, белгілі бір форманы – тоқтаған қолдың формасын – қабылдайды. Енді қол көрінбейтін болды деп жорамалдайық. Көреремендер үгінділер орналасуының мәнісін солардың өзінен және олардың массасының ішкі күштерінен іздейтін болады. Бі реулер үгінділердің әрбір бөлшегінің орналасуын оған көрші бөлшектер әсерімен түсіндіреді: бұлар механицистер болып табы лады. Басқалары бұл элементарлық әрекеттердің жалпы жоспарға бағынғанын қалайды: бұлар телеологияның жақтастары болмақ. Бірақ іс жүзінде бір қарапайым және бөлінбес акті, үгінділерден өтетін қолдың әрекеті орын алды: жекелеген бөлшектердің үздіксіз қозғалысы, олардың түпкілікті орналасу тәртібін де қоса алғанда, былайша айтқанда, барлық қарсы әрекеттің тұтас жалпы форма сы, бірақ оң элементарлық әрекеттердің синтезі емес болатын бұл бөлінбейтін қозғалысты терістелген түрінде білдіреді. Міне
қай себептен, егер үгінділердің орналасуын «әрекет», ал қолдың қозғалысын «себеп» дейтін болсақ, онда тұтас алғандағы әрекет тұтас себеппен түсіндіріледі деп әлі мойындауға сәйкес келмейді. Басқаша айтқанда, механицизм де, телеология да мұнда орынсыз, сөйтіп suі generіs түсіндіру тәсіліне жүгіну қажетті болып шығады. Біз ұсынатын гипотезада көрудің көру аппаратына қатынасы, жуықтап алғанда қолдың оның қозғалысын суреттемелейтін, бел гілі бір арнаға бағыттайтын және оның қозғалысын шектейтін те мір үгінділерге қатынасындай болады. Қолдың күштілігі неғұрлым артығырақ болған сайын, соғұрлым ол үгінділерге тереңірек бастады. Бірақ ол қайда тоқтаса да, үгінділер сол сәтте-ақ және автоматты түрде тепе-теңдікке келіп, өзара тәртіппен орналасады. Көру мен оның мүшесіне де мұның қатынасы бар. Көрудің бөлінбес актісі қаншама прогрес ке ұшырауына байланысты мүшенің материалдылығы өзара координацияланған элементтердің көбірек не азырақ санынан құралады, бірақ олардың тәртібі әрқашан қажетті түрде толық және жетілген. Оның бөлікті болуы мүмкін емес, өйткені – тағы да қайталайық – оны тудыратын реалдық процестің бөліктері жоқ. Механицизм де, телеология да мұнымен санаспайды; бұған біз де, көз сияқты аспаптың тамаша құрылғысына таңқалған кезімізде, көңіл бөлмейміз. Мәнісінде, біздің таңырқауымызда әрқашан бұл тәртіптің тек бөлігінің ғана іске асуы мүмкін бо лар еді, оның толық іске асуы игі нұрдай әлдене деген идея жа сырынады. Телеологияның жақтастары бұл игі нұрды түпкілікті себепте бірден төгілуге мәжбүрлейді; механицистердің пікірін ше, ол табиғи сұрыптаудың әрекеті арқылы біртіндеп көрініс та бады; бірақ аналар да, бұлар да бұл тәртіптен әлдебір оңтайлы нәрсені, ал оның себебінен, демек, аяқталудың бар мүмкін болар дәрежелерін өзінде тұтатын бөлінуге бейім әлденнені байқайды. Шындығында себеп көп пе не аз ба қарқынды болуы мүмкін, бірақ ол өзінің әрекетін тек тұтасымен, аяқталған формада ғана көрініс тапқызады. Көру бағытында оның қаншама алысқа сұғынғанына тәуелді, ол не төменгі ағзадағы пигменттің жай ғана жинақталуын, не серпуланың рудиментке айналған көзін, не альциопаның қалыптасып қалған көзін, не құстың жоғары дәрежелі жетілдірілген көзін береді; бірақ күрделілігі бойынша өте әртүрлі болып келетін бұл мүшелерде бөліктерінің координациясы әрқашан бірдей бола ды. Міне қай себептен жануарлардың екі түрі бір-бірінен қалай да алыс болғанымен, бірақ егер олар көруге әртүрлі жағынан бірдей
ұзақ жүрген болса, онда олардың екеуінде де бірдей көру мүшесі болмақ, өйткені мүшенің формасы тек оның функционалдық қызметінің жеткен дәрежесін ғана білдіреді. Бірақ, көруге қарай жылжу туралы айтқанда, мақсаттылықтың бұрынғы тұғырнамасына қайтып оралмаймыз ба екен? Әрине, егер де бұл жылжу саналы немесе бейсаналы түрде қол жеткізуге тиісті мақсат туралы елесті талап ететін болса, солай да болар еді. Бірақ іс жүзінде ол бастапқы тіршіліктік құлшыныс күшімен жүзеге асады, ол бұл процестің өзіне ілестіріліп, міне сондықтан да оны эволюцияның дербес сызықтарынан табуға болады. Егер де бізден ол мұнда неге және қалайша ілестірілген деп сұрайтын болса, онда біз тіршілік дегеніміз бұл ең алдымен ұйымдаспаған материяға әрекет ету тенденциясы деп жауап берер едік. Бұл әрекеттің бағыты, әрине, алдын ала анықталмаған; осыдан тіршілік дами келе, өз жо лында себетін формаларының болжауға көнбейтін әртүрлілілгі. Бірақ бұл әрекет, әрқашан әлдебір дәрежеде кездейсоқ бола оты рып, тым болмаса таңдау еркіндігінің ұрығын өзінде тұтады. Таңдау бірнеше мүмкін болар әрекеттерді алдын ала сезе білуді топшылайды. Демек, әрекеттену мүмкіндіктерінің тіршілік иесінің алдына әрекеттің өзіне дейін айшықталып шыққаны керек. Көзбен қабылдау басқаша әлдене емес38: нәрселердің көрінетін контурла ры – бұл біздің оларға мүмкін болар әрекетіміздің сызбасы. Со нымен, көру оның әртүрлі сатыларында әртүрлі жануарлардың өзінде байқалатын болады, сөйтіп ол қарқындылықтың бірдейлік күрделілігін көрсететін болады. Біз тұтас алғандағы құрылымның осы ұқсастықтарына, бөліктеп алғанда көз мысалында, тоқталып өттік, өйткені біз механизмге, бір жағынан, телеологияға да, екінші жағынан, қатынасымыздағы өз тұрағымызды анықтауға тиіс болдық. Енді бізге бұл тұрағымыздың өзді-өзін дәлірек анықтау мін деті қалды. Эволюцияның тарамдалған нәтижелерін бұл жолы олардың ұқсастығы тұрғысынан емес, ал өзара толықтырғыштығы тұрғысынан зерттей отырып, біз мұны да тындырамыз. А. Бергсон. Творческая эволюция. Москва: “Канон-Пресс” и “Кучково поле”, 1998. С. 33-119. 38 Бұл туралы қараңыз: «Материя және жады».
Түсініктемелер*
Спенсердің жалған эволюционизмі. – Спенсер Герберт (1820-
1903) – ағылшын философы, әрі социологы, позитивизмнің не
гізін қалаушылардың бірі. Механицизм принциптеріне негіз
делген жалпы эволюция туралы ілімнің авторы («Основные нача
ла», СПб, 1989, «Основания биологии» және басқа еңбектерінде
баяндалған).
Дюнана Ш. – француздық философ-спиритуалист, «Essaі
de phіlosophіe générale» (1898), «Les deux іdéalіsmes» (1911)
кітаптарының авторы.
...біз әлдеқашан «Сананың тікелей берілгендері туралы
тәжірибе» (Parіs, 1889) кітабымызда баяндаған болатынбыз. – Бұл
Бергсонның бірінші үлкен жұмысы, онда ол ұзақтылық, «нақтылы
уақыт» тұғырнамасын дамытқан болатын. Қараңыз: Бергсон А.
Собр.соч., Т.1. М., 1992.
Алдыңғы жұмыстың қорытындыларын қысқаша еске салайық.
– Бұл жерде «Сананың тікелей берілгендері туралы тәжірибе» кі
табы жайлы айтылып отыр.
Адам жады, біздің көрсетуге тырысқанымыздай... – «Ма
терия және жады» (1897) – рух пен тән арақатынасы мәселесі
қарастырылып, интуитивизмнің гносеология мен қабылдау те
ориясы тұрғысынан алғашқы негіздемесі ерілетін Бергсонның
жұмысы. Қараңыз: Бергсон А. Собр.соч., Т.1. М., 1992.
іn abstracto – дерексіз, жалпы (лат.).
Адамның жоғары интеллект...есептеп берген болар еді. – Бер
гсон жиі-жиі өз жұмыстарында француз математигі мен астрономы
Пьер Симон Лапластың (1749-1827) ол «Ықтималдықтар теориясы
философиясының тәжірибесі» (1814) жұмысында айтқан және ме
ханистік, «лапластық» деп аталатын, детерминизмнің классикалық
тұжырым болып алған осы тезисін келтіреді.
* Бұл ескертпелер орысшасынан сәл қысқартылып аударылған.
– М.С.
Қараңыз тағы б. Онда Бергсон, лапласқа сілтеме жасай оты
рып, бұл тезистің дәл тұжырымдамасын келтіреді.
Бұл сұраққа біз алдыңғы жұмысымызда соққанбыз... – Әңгіме
«сананың тікелей берілгендері туралы тәжірибе» туралы болып
отыр.
...екі қарама-қарсы қозғалысты – «құлдырау» мен «өрлеуді»
– айыру керек. – Бергсон мұнда Плотиннің Бірегейдің материяға
эманациясы (процессия) және кері қозғалыс – жанның Бірегейге
көтерілуі (конверсия) туралы идеясына сүйенеді.
a fortіorі – одан да асыра (лат.)
Біздің саналы тіршілік сүруіміздің негізінің өзі жады
мыз екенін... – «Материя және жады» жұмысының орталық
идеяларының бірі осы.
...атақты микробиолгпен бірге... – И.И. Мечников (1845-1916),
орыс биологы, эволюциялық эмбриологияны, эволюциялық мор
фологияны, иммунологичны жасаушылардың бірі. Жұмыстарын
қараңыз: Этюды о природе человека (1904); Этюды оптимизма
(1907).
ex abrupto – бірден, кенеттен (лат.)
...Галилейдің физикалық жаңалықтарынан бері... – Қараңыз:
Галилей Г. Диалог о двух главнейших системах мира // Избр. труды
в 2-х томах, т. 1. М., 1964; Беседы и математические доказательс
тва // Там же, т.2.
...Декарттың толассыз жасампаздық туралы айтқанда
ойластырған дүниесі... – Қараңыз, мысалы: Декарт Р. Мир или
Трактат о свете // Соч. в 2-х томах, т.1. М., 1989, с. 204.
Трансформизм – органикалық формалардың өзгермелілігі, бір
ағзалардың басқалардан туындауы туралы елес. Биологияда ХVІІІ
ғ. тұжырымдалған трансформизм ілімі креационизмге қарасы
тұрды.
Де Фриз (Де Фрис) Хуго (1848-1935) – нидерландық ботаник,
өзгермелілік пен эволюция теориясын жасаушылардың бірі. «Му
тация» терминін кіргізіп, эволюциялық процестегі мутациялардың
рөлін сипаттап берген. Вейсманизммен қатар оның теориясы
неодарвинизмнің бұтақтарының біріне жатады. Қараңыз тағы...б.
Вейсман қолдайтын «ұрықтық плазманың үздіксіздігі» те
ориясы бойынша... – Вейсман Август (1834-1914) – немістің
зоолог-эволюционисті; тұқым қуалаушылықтың хромосомдық
теориясының кейбір идеяларының алдын алатын неодарвинизм
тұғырнамасын жасақтаған. Ұрықтық плазма – А. Вейсманның
1892 ж. гипотетикалық затты – тұқым қуалаушылықтың тасушы
сы болып, ұрпақтан ұрпаққа берілетін жыныстық клеткалар
ядроларының материалдық субстанциясын – белгілеу үшін кір
гізген ұғымы. Вейсман дененің – саоматикалық клеткалары мен
жыныстық клеткалар арасында қасаң айырмашылық жүргізген.
Бұл тұғырнама қабылданған қасиеттер мен белгілердің тұқым
қуалаушылығын терістеді.
(ескерт.) Болдуин Джеймс Марк (1861-1934) – солтүстік-
америкалық философ, даму психологиясы мен әлеуметтік психо
логия бойынша еңбектердің авторы.
(ескерт.) Сеай Габриэль (1852-1922) – француздық философ-
спиртуалист, Рекувье мен Равессонның ізбасары «Essaі sur le genіe
dans l’art» кітабын ол 1883 ж. жазған.
Ле Дантек Феликс (1869-1917) – француздық биолог-эво
люционист, дарвинизмнің сыншысы. Эволюцияда қабылданған
белгілерді тұқым қуалауын да, табиғи сұрыптаудың рөлін де бір
уақытта мойындай отырып, ламаркизм мен дарвинизмді біріктіру
ге талаптанған.
Біздің заманымыздың ең тамаша натуралистерінің бірі... – Коп
Эдуард Дринкер (1840-1897) – американдық палеонтолог және
зоолог, американдық палеонтологиядағы неоламаркизмнің не
гізін қалаушылардың бірі. Қабылданған белгілердің тұқым қуалау
мүмкіндігін, соның ішінде «виталистік принциптің» – «энергияның
айырықша түрінің», «өсу күшінің» – әсерімен, мойындаған.
Қараңыз тағы 81-бетті.
тропизмдер (грекше tropos – бұрылыс, бағыт) – өсімдіктердің әртүрлі мүшелерінің (өскінінің, түбірінің, жапырақтарының) тітіркегіштің – жарықтың, жердің тарту күшінің және басқа – әрекеті арқасындағы өсу қозғалыстары. Тропизмдердің негізінде өсімдіктің мүшесіндегі фитогормондардың қайта бөлінісуі туды ратын бірқалыпты елес өсу жатыр. Дженнингс Герберт Спенсер (1868-1947) – американдық био лог. Популяциялар генетикасы мен жануарлар экологиясы бойын ша еңбектердің авторы; оның зерттеулерінде сұрыптаудың тек генетикалық тұрғыда гетергенді популяцияларда ғана нәтижелілігі туралы деректер алынған. Вильсон Э. – американдық цитолог. Дюбул-Реймон Эмиль Генрих (1818-1896) – неміс физиоло гы, шығу тегі бойынша швейцарлық, механистік материализмнің өкілі. Гексли (Хаксли) Томас Генри (1825-1895) – ағылшын жараты лыстанушы және философ-эволюционисті, Ч. Дарвиннің серігі. Лондондық Корольдық қоғамның Президенті (1883-1885). Мақсаттылық доктринасы өзінің шеткері формасында, мы салы, Лейбницте табатынымыздай... – Қараңыз: Лейбниц Г.В. Рассуждение о метафизике, 19-23; Монадология, 79. – Соч. в 4-х томах, т.1. М., 1982. Лейбництің ілімінде уақыт... күңгірт қабылдауға апарып тіре леді... – Лейбництің уақыт тұғырнамасы, Бергсон ұйғарғанындай, кішігірім қабылдаулар идеясына сайымайды. ...мақсаттылықтың антикалық тұғырнамасының... – Қараңыз, мысалы: Аристотель. Физика, ІІ, 1966-2006 // Соч. в 4-х томах. Т.3. М., 1981; Метафизика, І, 3, 983а // Сонда, т.1. Витализм – бұл тұғырнама бойынша тіршілік процестері мен құбылыстарының негізінде, өлі табиғатта жоқ және тірі денелердің сапалық өзгешелігін анықтайтын айырықша факторлар – «тіршілік күші» (лат. vіs vіtalіs), «энтелехия» деп аталатындар және басқалар
жатады. Тіріні тірі емеске саястын механистік түсіндірмелерге қарсы тұрады. ХХ ғасырда өкілдеріне Дриш, Рейнгке, Венцель, Бе хер және басқалар жататын неовитализм идеялары даму тапты. Би олог философ Ханс Дриш (1867-1941), Геккель идеяларына сүйене отырып, жартылай Аристотельден және оның энтелехия ұғымынан бас алатын сыни неовитализм жүйесін жасады. Иоганн Рейнке (1849-1931), ботаник әрі философ, ағзада оның амуын анықтайтын рухани күштер (доминанттар) тіршілік сүретіні туралы идеяны қорғаған. Витализм биология мен психологиядағы ағымдардың бір қатарына, мысалы, гештальтпсихологияға, әсер етіп, органицизм мен холизм тұғырнамаларының қайнар көздерінің бірі болған. tabula rasa – таза тахта (лат.) Платон бірінші болып...реалдылықты тану дегеніміз ол үшін Идеяны табу... деген ұйғарымды теория деңгейіне көтерді... – қараңыз, мысалы: Платон, Парменид // Собр.соч. в 4-х томах. Т.2. М., 1993. Эймер Теодор Густав Генрих (1843-1898) – неміс зоологы, омыртқасыз және омыртқалы жануарлар морфологиясы, гис тологиясы және физиологиясы бойынша еңбектердің авторы. «Классикалық трансформизмнің» өкілі; қабылданған белгілердің тұқым қуалауы туралы қағиданың жақтаушысы. ...бейімделудің дарвиндік идеясы... – Дарвинизм, негізін ағылшын жаратылыс танушысы Чарльз Дарвин (1809-1882) қалаған ХХ ғ. ең беделді эволюциялық тұғырнамалардың бірі, мына идеяларға сүйенеді; тіршілік иелерінің түрлерінің өзгеруі жекеленген ағзалардың белгілеріндегі мардымсыз өзгерістердің негізінде өтеді; тіршілік үшін күресте ортаның берілген жағдайына ең бейімделген формалары тіршілікшең келеді; бұл формалар өз қасиеттерін ұрпақтарға ең төзімділерін сұрыптау арқылы береді (табиғи сұрыптау). «...Түпкілікті себептер» туралы белгілі кітаптың авторы... – Жане Поль (1823-1899) – француз философы және философия та рихшысы, В. Кузеннің ізбасары. Vіctor Cousіn et son ocuvre (1885), Causes fіnales (1876). Psychologіe et métaphysіqve (1897).
Бэтсон Уильям (1861-1926) – ағылшын генетигі және цитоло
гы, мендельдің ізбасары және дарвинизмнің қарсыласы.
suі generіs – өз тегінде, өзгеше (лат.)
Эймердің іргелі жұмысы... – Эймердің жұмыстарының атта
рын Бергсон 79-бетте келтіреді.
Заленский В.В. (1847-1918) – орыс биолог-дарвинисті, салыс
тырмалы эмбриология бойынша еңбектердің авторы.
Неодарвинизм – ХІХ ғасырдың 80-90 жылдары А. Вейсман (34-
бетке) деген ескертпені қараңыз) жасаған эволюциялық тұғырнама.
Ол бірқатар жемісті идеяларға (тұқым қуалаушылықтағы
хромосоманың рөлі туралы, қабылданған белгілердің тұқым
қуалауын терістеу) ие болғанымен, жалпы алғанда қате болып
шықты.
Ламарк Жан Батист (1744-1829) – француз жаратылыстанушы
сы, Дарвиннің ізашары, механистік детерминизмнің жақтаушысы.
Тірі табиғат эволюциясының бірінші тұтас тұғырнамасын (ламар
кизм) жасаған. Оның негізінде сыртқы ортаның әсерінен ағзаның
әдеттері мен іс-әрекетінің түрлерінің өзгерісі және осылайша
қабылданған жаңа белгілердің тұқым қуалауы туралы идея жа
тыр...
Неоламаркизм – ХІХ ғ. екінші жартысында пайда болып, ламар
кизм идеяларын дамыта түскен эволюциялық теорияның әртүрлі
бағыттарының жиынтығы. Бұл бағыттарға қабылданған белгілердің
тұқым қуалайтынын мойындау және табиғи сұрыптаудың форма
ны құрастырушылық рөлін терістеу ортақ.
іpso facto – фактінің өзінің күшімен (лат.)
...әйгілі биолог айтып жүрген... – Жиар Альфред (1846-1908),
алғашқы неоламаркистердің бірі.
...бұрынғы зерттеуімізде көрсеткеніміздей... – мұнда «Мате
рия және жады» жұмысы (Ш тарауы) туралы сөз болып отыр.
СананыҢ тікелей берілгендері
туралы тӘжІрибе
Бірінші тарау
Психологиялық күйлердің интенсивтілігі туралы Әншейінде сананың күйлерін, түйсіктерді, сезімдерді, құмарлықтарды, күштерді артуға және кемуге қабілетті деп жорта ды. Кейбіреулер бір түйсік табиғаты дәл сондай екінші түйсіктен екі, үш, төрт есе интенсивті болады деп сендіреді. Төменде біз психофизиктердің осы тезисін қарастырамыз. Бірақ тіпті психофизиканың* қарсыластары да бір түйсік екіншісінен интен сивтірек, ал бір күш екіншісінен артығырақ дейтін ұйғарымды әбден орынды санайды. Сөйтіп олар таза ішкі күйлер арасында сандық айырмашылықтарды енгізуді мойындайды. Алайда байыпты ой (здравый смысл) бұл сұрақты еш бұлтақсыз шешіп береді. Әркім өзіне азды-көпті жылы, азды-көпті мұңды деп айтып жатады. Міне осы “көбірек” және “азырақ” деп айыру, тіпті әңгіме субъектив тік деректер және бейсозылыңқы құбылыстар туралы болсадағы, ешкімді де таң қалдырмайды. Ал сөз арасында, бұл проблеманың дәл соншалықты айқын еместігін және де әншейіндегі жортуылға қарағанда маңыздырақ екенін айта кету керек. Шынында, бір сан немесе бір дене екіншісінен үлкен дегенде, сөздің не туралы екені бәріне де аян. Өйткені бұл екі жағдайда да, біз төменде көрсететініміздей, ойда тең емес кеңістіктер тұрады, және де біз үлкенірек деп, бірі екіншісін тұтып тұрған кеңістікті атаймыз. Бірақ интенсивтілігі күштірек түйсік интенсивтілігі кемірегі өзіне қалайша сыйғыза алады? Біріншісі екіншісінің болуын топшы лайды, түйсіктің жоғары интенсивтілігіне оның интенсивтілігінің төменгі сатыларынан өтіп қана жете аламыз, яғни, сонымен бұл жағдайда сөз сыйғызушының сиюшыға қатынасы туралы болып отыр деп айтылуы мүмкін? Байыпты ой интенсивті шаманы осы лай деп елестетеді; бірақ философиялық түсіндірмеге айналған соң бұл көзқарас бізді кеселді айналшыққа әкеліп соғады. Егер * Психофизика – ХІХ ғ. екінші жартысында неміс физиологы Г.Т.Фехнер негізін қалаған жалпы психологияның бір тармағы. Мұнда тітіркендіргіш күші мен содан туындаған түйсіктің шамасы арасындағы мөлшерлік қатынастар зерттеліп, кейіннен бұл зерттеулерде қолданылған методтар эксперименталдық психологияның дауына зор әсерін тигізген.
сандардың натуралдық қатарында бір сан екіншісінен кейін орна
ласса, онда оның үлкен екендігі күмән туғызбайды, бірақ біздің
сандарды өсу тәртібіне сай орналастыра алған бірден-бір себебіміз
– олардың арасында тұтас пен бөліктің қатынасының барлығында,
сондықтан бір санның екіншісінен қай мағынада үлкен екенін дәл
анықтап алу біз үшін қиынға соқпайды. Алайда сұрақ бірімен бірі
жалғаспайтын интенсивтіліктердің осыған ұқсас қатарын қалай
құрастыруға болатындығында. Осы қатардың мүшелері мысалға,
кемімейтінін, қайта артатынын біз қандай белгі арқылы біле ала
мыз; ал бұдан не себепті интенсивтілікті шамаға ұқсастыруға
болатындығы туралы сұрақ туындайды.
Әншейінде шамаларды: экстенсивті әрі өлшенетін деп, және
интенсивті, өлшеуге жатпайтын, бірақ соған қарамастан олардың
бір-бірінен интенсивтілік дәрежесі бойынша айрылатыны туралы
айтуға болатын деп, екі текке бөледі.
Бірақ бұлай бөлу сұрақтың қиындығын ысырып тастай алмай
ды. Өйткені оларды шама деп атап, артуға және кемуге қабілетті
дейміз, сонымен шамалардың екі формаларына да ортақ әлдене бар
екені мойындалады. Алайда шама тұрғысынан алғанда экстенсивті
мен интенсивтінің арасында, созылмалы мен созылмалы еместің
арасында ортақ не болуы мүмкін? Егер бірінші жағдайда өзінде
екіншісін сыйғызып тұрғанды үлкенірек шама деп атайтын болсақ,
онда сыйғызушы да, сыюшы да жоқ жерде қалайша сан және шама
туралы айтуға болады? Мүмкін, сан артуға және кемуге қабілетті
болғандықтан, оның кіші бөлігі, былайша айтқанда, үлкенінің
қойнауына еніп тұрғандықтан, бөлінетін және созылмалы болатын
шығар? Экстенсивті емес сан туралы айту сондықтан қайшылыққа
әкеліп соқпай ма? Алайда байыпты ой философтармен толық ке
лісімінде таза интенсивтіліктен созылмалыққа ұқсас шаманы
көреді. Және де мұнда біздің бірдей сөздерді қолданғанымыз бы
лай тұрсын, екі жағдайда да, үлкенірек интенсивтілік туралы ой
лаймыз ба немесе үлкенірек созылмалылық туралы сөз қозғаймыз
ба, ұқсас әсер аламыз: “үлкенірек” және “кішірек” терминдері
бір ғана елес туғызады. Егер де біз бұл елес нендей деп сұрасақ,
онда біздің санамызда сыйғызушы және сыюшы бейнесі қалқып
шыға келеді. Мысалға, күштің үлкенірек интенсивтілігін біз
өзімізге иірме жіптің үлкенірек ұзындығындай, керілген түрінде
үлкенірек кеңістік алатын серіппе сыяқты елестетеміз. Интенсив
тілік идеясы және тіпті соны өрнектейтін сөздің өзі дәл қазіргі
сәтте сығылған әлдененің бейнесін және, демек, болашақ созылу
бейнесін, мүмкін болар созылмалық бейнесін, былайша айтқанда,
сығымдалған кеңістік бейнесін өзінде тұтады. Міне осылай біз
интенсивтілікті экстенсивтілікке аударамыз. Екі интенсивтілікті
салыстыру екі созылмалықтың қатынасын көмескі түрде елесте
ту арқылы өткізіледі немесе, кемінде, өрнектеледі. Бірақ дәл осы
операцияның мәнісін, байқауымша, анықтау қиын.
Осындай жолға түскен ғалым мынадай міндетке кезігеді:
оған түйсіктің немесе сананың әлдебір күйінің интенсивтілі
гін оны дүниеге келтірген объективтік және, демек, өлшенетін
себептердің саны және шамасы арқылы анықтауға тура келеді.
Бір-бірімен тепе-тең және белгілі бір қашықтықта орналасқан
жарық көздерінің көбірек санымен туғызылған немесе туғызылуы
мүмкін жарық түйсігі интенсивтілігінің артық болуы күмәнсіз.
Бірақ мұндай жағдайлардың көбісінде тіпті себептің табиғатын,
одан да бөтен, оның шамасын білмей жатып-ақ біз салдардың
интенсивтілігі туралы айтамыз. Тап осы салдардың интенсивті
лігі бізді жиі себептердің саны мен табиғаты туралы гипотезаға
бастайды, ал бұл біздің басында сол себептерді мәнсіз деп есепте
уге негіз болған сезімдеріміздің куәліктерін тѕзетуге мәжбүр ете
ді. Бұған ұқсас жағдайларда біздің “меніміздің” осы күйін оның
алдында ғана болып өткен күймен салдарды түйсінген сәтте себеп
толығынан байқалатын күймен салғастырамыз деген сілтемелер
бекер. Көбіне көп біз шынында да тап солай істейміз, бірақ мұнда
әлдебір сыртқы себептен емес біздің өзімізден бас алатын терең
психологиялық деректер арасындағы бізге байқалатын интен
сивтіліктегі айырмашылықтарды өзімізге түсіндіріп жатпаймыз.
Екінші жағынан алғанда, бізді басты түрде құбылыстың субъек
тивтік жағы қызықтырғанда немесе оның сыртқы себебі деп са
найтынымызды өлшеу қиындық тудырғанда, тек сол кезде ғана
біз психикалық күйдің интенсивтілігі туралы бұлтартпай пікір
айта аламыз. Мысалға, тісімізді жұлғанда шашымызды жұлғанға
қарағанда әлдеқайда интенсивтілігі жоғарырақ ауруды сезетіні
міз бізге анық сияқты көрінеді. Белгілі шебердің салған суреті
магазиннің әшекейіне қарағанда оны көбірек қанағаттандыратынын
суретші біледі. Тартылыс күштерін білмеуіміз мүмкін, бірақ бо
латтан жасалған жүзді сындыру үшін темір брусты майыстыруға
қарағанда азырақ күш керек деп ұйғаруға әбден болады. Соны
мен, екі интенсивтілікті салыстыру көбінесе себептерінің санда
рын, олардың әрекеттену тәсілін және созылуын анықтамастан-ақ
өткізіледі екен.
Әлбетте, осы іспеттес, бірақ табиғаты нәзіктеу тағы бір болжам ды ұсынуға болады. Механикалық, әсіресе кинетикалық, теориялар* денелердің көзге көрінетін және түйсікте берілетін қасиеттерін олардың элементарлық бөлшектерінің нақты бір қозғалыстарымен түсіндіруге тырысатыны белгілі. Кейбіреулер тіпті сапалардың, яғни біздің түйсіктеріміздің, интенсивтік айырмашылықтарын осы түйсіктердің ар жағында орын алып жатқан өзгерістер арасындағы экстенсивтік айырмашылықтарға апарып сайып қоюға болатын кезді аңсайды. Интенсивтілігі жоғарырақ дыбыстың ар жағында тербелетін ортада тарайтын ауқымдырақ вибрация бар деп шешіп, және де интенсивтілігі жоғарырақ дыбыс туралы айтқанда біздер, соншама анық сана-сезімізбен қабылдамағанымызбен, әлгіндей дәлме-дәл математикалық қатынасты ойымызда ұстап, сөйтіп осы теорияларды білмей тұрып-ақ күңгірт болсын оларды алдын ала елестетеміз деп ұйғаруға болмас па? Бірақ та, осыншама алыс бар май-ақ, сананың кез келген күйі ми затының молекулалары мең атомдарының белгілі бір тербелісіне сай келмес пе екен деп және түйсіктердің интенсивтілігі осы молекуларлық қозғалыстардың амплитудасы, кѕрделілігі және созылуымен өлшенбес пе екен деп, принципті түрде болжамдауға болмас па екен? Бұл болжамның да шындыққа жанасуы біріншісінен еш кем емес, алайда ол да про блеманы шеше алмайды. Өйткені, түйсіктің интенсивтілігі біздің организмде орын алған азды-көпті жұмыс туралы куәландыруы мүмкін, бірақ та біздің санамызда механикалық жұмыс емес, тек осы түйсік қана берілген ғой. Атқарылған жұмыс мөлшерінің аз немесе көп екендігі туралы біз тап осы түйсіктің интенсивтілігі бойынша түйеміз. Сондықтан интенсивтілік, үстірт қарағанда болсын, бұрынғыдай түйсіктің қасиеті болып қала береді. Біз жоғары ин тенсивтілік туралы, оның көбірек болғаны туралы қандай негізде *«Механикалық, әсіресе кинетикалық, теориялар» дегенде А.Бергсон ХІХ ғ. физикада қалыптасқан статистикалық механикаға, соның ішінде әсіресе газдардың кинетикалық теориясы деген бөлігіне, мезгеп отыр. Мұнда, мысалы, қысым, жылулық, температура сияқты психологиялық ұғымдарға статистикалық түсінік беріліп, олардың арғы жағында көзге көрінбейтін бөлшектердің – атомдар мен молекулалардың – қозғалысы жатқаны негізге алынады. Мұндай таза механикалық көзқарастың кейіннен ғылымның басқа салаларына да, соның ішінде психологияға да, сіңіп кетуге ұмтылған кездері болған. А.Бергсон мұндай үрдістің алдын алып, оның жеткіліксіз екенін көрсетеді.
айта аламыз деген сұрақ қайтадан туындайды. Біз не себепті бұл арада көбірек мөлшер немесе көбірек кеңістік туралы ойлаймыз? Мүмкін мәселенің қиындығы біздің табиғаты бойынша мүлдем басқаша құбылыстарды, мысалы, сезім интенсивтілігі мен түйсік немесе күш жұмсау интенсивтілігін өзімізге бірдей елестетін, бір атаумен атайтынымызда шығар. Күш жұмсау кезінде бұлшық етте түйсік пайда болады, ал түйсіктердің өзі белгілі бір физикалық жағдайлармен байланысты, ал бұл жағдайлардың ненің болса да интенсивтілігін бағалағанда есепке алынуы ықтимал. Бұлар — сана бетінде орын алатын құбылыстар және де олар, кейін біздің көзіміз жететініндей, әрқашанда қозғалысты не сыртқы объектіні қабылдауда қатарласа орын алып отырады. Алайда жанның кей бір күйлері, рас па әлде жоқ па, асқан басымдылық танытқандай әсер береді: мысалы, терең қуаныш немесе қайғы, сананы биле ген құмарлықтар, эстетикалық эмоциялар. Таза интенсивтілік осы, байқауымызша, ешқандай да экстенсивтік элементтері жоқ қарапайым жағдайларда оңайырақ көрініс табады. Бұл жағдайларда интенсивтілік психикалық күйлердің белгілі бір сапасына немесе азды-көпті болсын белгілі көлемінің түрі-түсінің реңіне, немесе, керек болса, негізгі эмоцияны қарпып өтетін қарапайым күйлердің көпті не азды санына барып саятынын біз көреміз. Міне бір мысал: күңгірт қана бір ынтызарлық біртіндеп терең құмарлыққа айналады. Осы ынтызарлықтың әлсіз интенсивтілігі бас кезінде оның ішкі өміріңіздің барлық басқа бөлігінен оқшау және оған жат сияқты көрінетінінде екендігін сіз байқайсыз. Алай да аз-аздап ол психикалық элементтердің көпшілігін баса көктеп, оларды, былайша айтқанда, өз түсіне бояйды. Міне енді сіздердің көзқарастарыңыз барлық қоршағанға өзгерген сияқты болып көрінеді. Әлдебір терең құмарлық бойыңызды билегенде былайғы нәрселер бұрынғыдай әсер қалдырмайтыны рас емес пе? Барлық түйсіктеріңіз бен елестеріңіз жаңарғандай, сөйтіп балалық шағыңыз қайта оралғандай сезінесіз. Біздер осыған ұқсас күйлерді түсімізде, түсімізге ең бір кәдуілгі заттар еніп, бірақ та бәрі де әлдебір ерек ше саздың әуенімен көмкерілгендей болғанда, кешеміз. Өйткені біз сананың тереңдеріне бойлаған сайын, психологиялық деректерді жай ғана қатарлас нәрселер деп қарастыруға деген құқымыз азайа түседі. Әлдебір нәрсе жан-күйімізде үлкен орын алады немесе жа нымызды түгел билейді дегенде, бұл осы нәрсенің бейнесі мыңсан қабылдаулар немесе естеліктердің реңін өзгертетінін, осы мағынада оларды көрінбей-білінбей қаулап өтетінін білдіреді. Алайда бұл
таза динамикалық елес көзге ұрып тұрған, сөзбен де оңай айты
латын айырмашылықтарды, кеңістікте көріп жүретін нәрселердей
айқын контурлы заттарды сүйетін пайымдық санаға қарсы келеді.
Пайымдық сана әлдебір ынтызарлық өсе келе шамалар тізбегінен
өтеді, ал барлық басқа күйлер сол қалпында қалады деп топшы
лайды; бірақ жиынтықтық та, кеңістік те жоқ жерде шама туралы
сөз қозғауға бола ма? Интенсивтілігі арта түсетін күш жұмсауды
іске асыру үшін бұл сана, көзіміз жететініндей, организмнің бе
рілген бір нүктесінде дене бетінде орын тебетін бұлшық еттердің
барған сайын саны көбейе түсетін тартылуларын жинақтатады, дәл
сол сияқты ол қатар өмір сүретін психикалық деректердің күңгірт
бір көлеміндегі біртіндеген өзгерістерді жекеше өсіп келе жатқан
құмарлық формасында, кристалша жинақтайды. Бірақ бұл жерде
біз шаманың емес, сапаның өзгірісімен кезігеміз.
Үміт бізге үлкен ризашылдық сезімін береді, алайда бұл
ризашылдығымыздың соншалықты интенсивтілігінің себебі мы
нада: өз еркімізбен билейтін болашағымыз бір мезетте бірдей
қызығарлықтай және бірдей мүмкін боларлықтай көптеген фор
маларда әрленеді. Бірақ ең ынтызар болашақ әлдебір басқадан
айрылу, ауыр жоғалтулар арқылы орнығуы мүмкін. Шексіз
мүмкіндіктермен көмкерілген болашақ идеясы сол болашақтың
өзінен байырақ болып келеді. Үмітімізде иемденуге қарағанда,
түсімізде өңімізге қарағанда тамашаның көбірек болатыны міне
осы себепті.
Қуаныш не уайым сезімінің, бұл сезімге ешқандай физикалық
симптом қосылмайтын сирек кездесетін жағдайларындағы, өсіп
отыратын интенсивтілігінің мәнісі неде екенін анықтап көрелік.
Ішкі қуаныш, құмарлық сияқты, жанымыздың бір бұрышын
алып, біртіндеп оны түгелдей жайлайтын жеке психологиялық де
рек емес. Өзінің ең төменгі баспалдағында қуаныш сезімі біздің
сананың болашаққа қарай ұмтылысы сияқты болады. Біздің идея
ларымыз бен түйсіктеріміз осы кезде, осы ұмтылысында салмағын
жоғалтқандай болып, барған сайын аса түсетін лездікпен бірінен
соң бірі өтіп жатады. Біздің қозғалыстарымыз енді бұрынғыдай күш
жұмсауды керек қылмайды. Соңында, біз шектен шыққан қуаныш
сезіміне бөленген кезімізде, біздің қабылдауларымыз бен естелік
терімізге жылу не жарық түйсігіне ұқсас белгісіз бір сапалық рең
бітеді. Бұл реңнің тосындығы соншалық, кейбір кездері өзімізге
өзіміз қарайлап отырып, біз өзіміздің өмір сұретінімізге таң
қалатындай боламыз. Сонымен, таза ішкі қуаныштың бірнеше
типтік формалары және біздің психикалық күйлеріміздің барлық
көлемінің сапалық өзгерістеріне сай соншама бірінен сон бірі ке
летін баспалдақтар да бар. Бірақ, осы өзгерістердің әрқайсысы же
тетін күйлерінің саны аз да көп те емес әжептәуір деуге боларлық.
Біз оларды ашықтан ашық түрде санамағанымызбен, бірақ та,
мысалға, қуанышымыз кѕні бойғы алған әсерлеріміздің бәрін
қамти ма, әлде олардың кейбіреулері одан, қуаныш сезімінен, жал
тарып кете ме, біз мұны дәл біле аламыз. Яғни, қуаныш сезімінің
бірінен соң бірі келетін екі формасын бөліп тұратын аралықтағы
деңгейлерді айыра аламыз. Бір формадан екіншісіне осындай
біртіндеп өтудің арқасында олардың екеуі де шамасы бойынша
өзгеріп тұратын бір ғана сезімнің интенсивтілігінің дәрежелері
сияқты қалыпқа енеді. Уайымның әртүрлі дәрежелері де сапалық
өзгерістерге сай келетінін көрсету қиынға соқпайды. Ең басынан-
ақ уайым сезімі өткенге деген ұмтылыс, біздің түйсіктеріміз бен
елестеріміздің олардың әрқайсысының қазір бар аз ғана мазмұны
оларды түгеситіндей, болашақ бізге тарс жабылғандай тұрғыда ке
дейленуі болып табылады…
А. Бергсон.
Сананың тікелей берілгендері туралы тәжірибе
//Собрание сочинений в 4-х томах.
Т.1. Москва, 1992. С. 51-55.
Материя жӘне жады
Жиынтығын қысқаша мазмұндау және қорытынды
І. – Деректерден біз қорытып шығарған және пайымдаумен
растап отырған идея біздің денеміз іс-қимылдың және де тек іс-
қимылдың ғана аспабы екендігін білдіруде. Ешқалай да, ешқандай
мағынада да, ешбір қырынан да ол елесті жасақтауға және одан да
әрі түсіндіруге қызмет жасамайды. Сыртқы қабылдауды алайық. Бас
миының перцептивтік қабілеттері мен жұлынның рефлекторлық
функциялары арасында айырмашылық шын мәнісіндегі айырма
шылық емес, тек дәрежесіндегі ғана. Жұлын қабылдап алынған
импульстерді азды не көпті болсын қалтқысыз орындалатын
қозғалыстарға айналдыратын болса, бас миы бұл импульстерді
азды-көпті еркін таңдалынатын қозғалыс тетіктерімен байланысқа
келтіреді; міне сонымен, бас миының операциялары арқылы біздің
қабылдауларымыздағы іс-қимылдарымызды – басталған, немесе
дайындалып жатқан, немесе иландырылған іс-қимылдарымызды,
бірақ қабылдауларымыздың өзін емес, түсіндіруге болады. Неме
се сөз естеліктер туралы болсын делік. – Дене өткенді жаңадан
қайталауға қабілетті деген қозғалыс әдеттерін сақтайды: ол
өткенді іштей қамтитын қозғалыс нұсқамасына қайта орнығуы
мүмкін, немесе, баяғы қабылдаулардың жалғасы болып табы
латын ми құбылыстарын қайталау арқылы, еске алу қабіолетіне
актуальдықпен – қазіргі бар реалдылыққа ғайып болған ықпалды
қайтадан қайтару тәсілі болатын – жанасу нүктесін беруі мүмкін;
қандай жағдайда да ми естеліктерді немесе бейнелерді жинасты
ра бермейді. Міне сонымен, қабылдауда да, есте де, одан да бетер
рухтың жоғары операцияларында да дене елестерді құрастыруға
тікелей қатынаспайды. Осы гипотезаны оның көп түрлі аспек
тілерінде дамыта отырып және сонымен дуализмді ең шарықтау
шегіне жеткізе отырып, біз, көпе-көрнеу, дене мен рухтың арасы
на түпсіз шыңырау қазғандай болдық. Шындығында, біз оларды
жақындастыру мен қосудың бірден-бір мүмкін болар құралын
көрсеткен едік.
ІІ. – Шынында, бұл проблемадан туындайтын қиындықтардың
бәрі де, – тұрпайы дуализмде, материализмде немесе идеализмде
болсын, – қабылдау және еске алу құбылыстарында тәниліқ пен
руханилық бір-бірінің дубликаты есебінде қарастырылғандықтан
туындайды. Егер мен сана-эпифеномен дейтін материалистік
көзқарасқа көшсем, онда не себепті кейбір ми құбылыстарымен
сананың қарбаласатыны, яғни алдын ала берілген материалдық
әлемнің неге қызмет ететіні немесе қалай саналы түрде қайта
жаңғыратыны түсініксіз болады. Егер де мен идеализмнің
көзқарасына шықсам, онда менің қарамағымда тек қабылдаулар
ғана қалып, менің денем солардың бірі ғана болады. Бірақ мен
өзімнің денем деп жүрген бейненің (мен көретін әлемнің жоқ
болуы үшін, көзімді жұмсам болғаны) сәл ғана өзгеруі мұң екен,
қабылданған бейнелер басынан аяғына дейін теріс айналатынын
бақылау маған көрсетіп тұрған уақытта ғылым мені мынаған сен
діреді: барлық құбылыстар белгілі бір тәртіппен бірінен кейін
бірі туындап, бірін-бірі уәждестіруі тиіс, және де мұнда барлық
салдарлар себептермен қатаң сәйкестікте болады. Демек, мен
өзімнің денем деп атайтын және де әрқашан әрі барлық жер
де менің қасымда болатын бейнеде бұл жолы жақсы реттелген,
бір-біріне дәл үйлестірілген және менің денем айналасындағы
бейнелерге эквивалентті болатын өзгерістерді іздестіруге тиіс
пін: мен бұл жолы қайта табыстайтын мидағы қозғалыстар тағы
да менің қабылдауларымның дубликаты болып шығады. Рас, бұл
қозғалыстар қалай дегенмен де қабылдаулар, “мүмкін болар”
қабылдаулар, болып табылады. Яғни бұл екінші болжам бірін
шісіне қарағанда түсініктірек; бірақ соған орай оған, өз кезегін
де, менің заттарды реалдық қабылдауым мен осы заттарға еш
ұқсастығы жоқ кейбір мидағы қозғалыстарды менің мүмкін бо
лар қабылдауым арасында түсініксіз үйлесімділікті топшылауға
тура келеді. Жақынырақ қарағанда кез келген идеализмнің
сүрінетін тасы осы арада жатқаны көрініп қалады: ол (сүрінетін
тас) қабылдауда бізге берілетін тәртіптен ғылымның қолы жететін
тәртіпке осы өтуде болып табылады, – немесе, егер, жеке алғанда,
сөз Канттың идеализмі туралы болса, сезімділіктен пайымға өтуде
болады. – Әлі тұрпайы дуализм қалып тұр. Мен бір жағынан ма
терияны, екінші жағынан рухты қоямын да, мидағы қозғалыстар
– бұл нәрселер туралы менің елестерімнің себебі немесе сылтауы
деп топшылаймын. Бірақ егер олар елестің себебін құрса, егер олар
оны жасақтауға жеткілікті болса, онда мен тағы біртіндеп, сана-
эпифеномен дейтін материалистік болжамға қайта ораламын. Егер
де олар тек сылтау ғана болса, бұл осы қозғалыстар мен елестер
арасында ешқандай да ұқсастық жоқ екенін білдіреді; бірақ онда
материядан өз түйсініктерімде оған таққан барлық сапаларды алып
тастап, мен идеализмге қайтып ораламын. Идеализм мен материа
лизм, сонымен, араларында әрқашан осы сияқты дуализм тербеліп жүретін екі полюсті құрайды; субстанциялардың екі ұдайылығын ұстап қалу үшін дуализм оларды бірдей дәрежеге көтеруге шешіл се, онда дуализм оларда бірден-бір ғана оригиналдың екі аудар масын көруге мәжбүр болады, бірден бір принциптің екі алдын ала тәртіптелген дамуын, ал яғни олардың өзара әсерін терісте уге және де, мойымас салдары есебінде, еркіндікті құрбандыққа шалуға мәжбүр болады. Енді, бұл үш болжамды тереңдете отырып, мен олардың ортақ негізін табамын: олар рухтың элементарлық іс-қимылдарын, қабылдау мен жадыны таза танымның актілері деп есептейді. Сананың негізінде олар біресе сыртқы реалдылықтың пайда сыз дубликатын, біресе мүлде беймүдделілік интеллектуалдық құрылыстың жемісі ретіндегі инертті материяны қояды: бірақ олар ылғида қабылдаудың іс-қимылға және еске алудың мінез-құлыққа қатынасын менсінбей кетеді. Әрине, идеалды шекара есебінде рия сыз жадыны да, риясыз қабылдауды да елестетуге болар еді, – деректі түрде қабылдау мен жады іс-қимылға бағытталған, және дене осы іс-қимылды дайындайды. Қабылдауға қарайлайық. Нерв жүйесінің артып бара жатқан күрделілігі сырттан алынған қоздырудың қозғаушы нұсқамалардың көбейіп жатқан әртүрлілігімен байланы сын анықтап, сонымен бір уақытта мүмкін болар іс-қимылдардың анағұрлым асқан санын түспалдайды. Жадыға келетін болсақ, оның бірінші функциясы қазіргі бар қабылдауға ұқсайтын өткен қабылдаулардың бүкіл жиынтығын шақырту, ненің алдымен болғанын және ненің содан кейін болғанын еске салу болып та былады; сөйтіп ол бізді ең пайдалы деген шешімге иландырады. Бірақ мұнымен бәрі бітпейді. Бізді бірегей интуицияда уақыт мезеттерінің жиынтықтығын қамтуға мәжбүр қыла отырып, ол бізді заттар ағынының қозғалысынан, яғни қажеттілік ырығынан босатады. Осындай мезеттердің неғұрлым көбісін ол бір мезет ке тықсыра алса, солғұрылым оның бізге беретін материяға де ген өктемдігі салмақтанып, тірі жанның жады ең алдымен оның заттарға әсерінің күшін көрсететіндігі және соның менталдық өрнегі болып табылатындығы байқалады. Ақиқат принцип есебін дегі осы әрекетшіл күштен бастап көрейік: дене – бұл іс-қимыл орталығы және тек қана іс-қимыл орталығы деп топшылап, бұдан қабылдау үшін, жады үшін және дене мен рухтың өзара әсері үшін қандай салдарлар шығатынын байқап көрелік.
ІІІ. – Ең алдымен, қабылдау үшін болатын салдар туралы. Міне
менің алдымда “қабылдаушы орталықтарымен” менің денем тұр.
Осы орталықтар қозады, сөйтіп мен заттар туралы елес аламын.
Екінші жағынан, мен бұл қоздырулар менің қабылдауымды не ту
дыра, не өрнектей алмайды деп топшыладым. Демек, қабылдау
олардан тысқары. Бірақ ол қайда екен?
Мен еш тартынбай былай жауап берер едім: өз денемді бар
деп топшылағанда, мен белгілі бір бейнені топшылаймын, алайда
сонымен басқа бейнелер жиынтығын да сөйтемін, өйткені оның
әлем тұтастығында алатын орнына сапасы, детерминациясы, тіпті,
ең соңында, өмір сүруі тәуелсіз болатын сондайлық материалдық
нәрсе жоқ. Менің қабылдауым, сонымен, осы нәрселердің өзінен
алынған әлдене болуы мүмкін: бұл нәрселер онда болудан гөрі
ол тезірек осы нәрселерде тұтылған болуы мүмкін. Бірақ атап
айтқанда бұл нәрселердің несі қабылдау болуы мүмкін? Мен
көріп тұрғандай, менің қабылдауым, көпе-көрінеу, сензитивті
нерв қозулары деп аталатындардың барлық бөлшектеріне ілеседі;
екінші жағынан, осы қозулардың ролі жалғыз-ақ менің денемнің
қоршаған денелерге деген реакцияларын дайындауында, менің
виртуалдық іс-қимылдарымды түспалдауында екенін мен білемін.
Демек, қабылдап алу – нәрселер жиынтығының менің денемнің
оларға деген мүмкін болар іс-қимылын бөліп шығару. Онда
қабылдау – ол тек қана сұрыптау. Ол ештеңені де туғызбайды: оның
рөлі, керісінше, бейнелер жиынтығынан мен оларға әсер ете ала
тын бейнелердің барлығын жою, одан соң қалтырылған бейнелер
ден өзімнің денем деп мен атайтын бейненің қажеттеріне қатысы
жоқтардың бәрін сылып тастау. Біз таза қабылдау деп атағанның
әрі дегенде аса қарапайымдалған түсіндірмесі, сұлбалық суретте
месі осындай. Нәтижесінде біз реализм мен идеализм арасында
қандай жағдайға тоқтағанымызды бірден белгілейік.
Кез келген реалдылықтың санамен туысқандығы, ұқсастығы,
ең соңында, арақатынасы бар екенін мойындап, заттарды “бейне
лер” деп атап, біз идеализмге жол аштық. Ешбір философиялық
доктрина, егер де ол өзімен өзі келісімде болса, бұл ұйғарымнан
қашып құтыла алмайды. Бірақ егер барлық санасы бар жан ие
лері санасының барлық өткен, қазіргі және мүмкін боларлық
күйлерін қоса алатын болсақ, онда мұнымен, біздің ойымызша,
материалдық реалдылықтың өте аз ғана бөлігі қамтылған болар
еді, өйткені бейнелер жаппай қабылдаудың шегінен асып жа
тады. Бұл ғылым мен метафизика қалпына келтіруді қалайтын бейнелердің дәл өзі; ғылым мен метафизика бұл бейнелердің біздің қабылдауымыз бірнеше буынын қамтитын тұтас тізбегін қайта жаңғыртуға ұмтылады. Бірақ қабылдау мен реалдылық ара сында бөліктің тұтасқа деген қатынасын орнату үшін, қабылдауға іс-қимылдарды дайындауда тұратын оның ақиқат ролін беру керек болар еді. Бұл идеализмнің істемейтініне жатады. Неге ол, жаңа ғана біз айтқандай, қабылдауда байқалатын тәртіптен ғылымда қол жететін тәртіпке, яғни біздің түйсіктеріміз бірінен кейін бірі жайғасатындай қарапайым кездейсоқтықтан табиғат құбылыстарын байланыстыратын детерминизмге өтуге тырысқанда сәтсіздікке ұшырайды? Атап айтқанда, мұның себебі идеализм қабылдайтын санаға спекулятивтік роль беретінінде, сөйтіп, мысалы, екі түйсік арасында орын тепкен дәнекерлерді, бұлардың көмегімен екін ші түйсік біріншісінен шығарылатын дәнекерлерді, сананың байқамауының қандай мәнісі бар екені мүлде көрінбейді. Сол кез де бұл дәнекерлердің табиғаты және олардың қатаң тәртібі оларды тіпті, Милль айтқандай* , “мүмкін түйсіктер” разрядына жатқызса да, ал олардың тәртібін, Кант жасағандай, тұл зерде орнатқан ір гелі конструкцияларға** жабыстырса да, анықталмаған болып қалады. Бірақ менің саналы қабылдауымның таза практикалық тағайыны бар деп, ол заттар жиынтығында оларға менің мүмкін болар іс-қимылымды қызықтыратынын ғана бөліп алады деп топшылайық; қалғанының бәрі менен тайғақтайтынын және де, дегенмен, бұл қалғанының мен қабылдайтынмен табиғаты бір екенін мен түсінемін. Онда менің материяны тануым ағылшын идеализмі көрсететіндей, субъективті де емес, және де канттық идеализм көрсеткісі келетініңей, салыстырмалы да емес. Ол субъ ективті емес, өйткені ол менде емес, одан да гөрі ол заттарда, және де ол салыстырмалы емес, өйткені “құбылыс” пен “зат” арасында * Бұл жерде ағылшын философы Джон Милльдің «Сэр Вильям Гамильтонның философиясын қарастыру» атты еңбегінде материяны түйсіктердің тұрақты мүмкіндігі, ал сананы – осы түйсіктердің тұрақты мүмкіндігі, ал сананы – сол түйсіктерді төзе мүмкіндігі деген концепциясына сілтеме беріліп тұр. ** Канттың «іргелі конструкциялары» деп, автор Кант іліміндегі априотизмді меңгейді: Кант ілімінде тәртіп, заң ұйғарымдары, дәл сол сияқты себептілік, тіпті кеңістік, уақыт ұғымдары да, жалпы пайым ұғымдары априорлық (яғни тәжірибеге дейінгі) конструкциялар деп есептеледі.
сырт көріністің реалдылыққа емес, ал жай ғана бөліктің тұтасқа
қатынасы бар.
Осынымен біз реализмге қайтып ораламыз. Бірақ реализм,
егер де оған маңызды бір ноқатында түзету енгізбесе, дәл идеа
лизм сияқты және де дәл сол себепті жарамсыз болады. Идеализм
қабылдауда байқалатын тәртіптен ғылымда қол жететін тәртіпке,
яғни реалдылыққа, өте алмайды дедік біз. Реализмнің, керісінше,
реалдылықтан ол туралы бізде бар тікелей білімді алу қолынан
келмейді. Іс жүзінде, тұрпайы реализм көзқарасына тұрып көрейік.
Бір жағынан, азды не көпті болсын тәуелсіз бөліктерден тұратын
және кеңістікте шашыратылған көптілікті материя бар, екінші
жағынан – егер қояр да қоймай материалистермен бірге материяның
түсініксіз эпифеномені деп мойындамасақ, материямен еш жа
наспайтын рух бар. Мүмкін, канттық реализмге артықшылық
берерміз? Өзіндік зат, яғни реалдылық, және біз танымымызды
құрастыратын сезімдік көптүрлілік арасында ешқандай ойға сияр
қатынас, ешқандай ортақ өлшем жоқ. Енді, бұл реализмнің екі
шеткері формаларына тереңдей бойлағанда, олардың бір нүктеде
кезігетіні байқалады: ол да, бұл да біртекті кеңістікті зерде мен
заттар арасындағы кедергіге айналдырады. Аңғал реализм бұл
кеңістіктен онда қалқып жүрген заттармен бірге реалдық орта
жасайды, канттық реализм онда түйсіктердің жиынтығы бір-
бірімен үйлесетін идеалдық ортаны көреді, – бірақ біріншісінде
де, екіншісінде де бұл орта онда бар мазмұнның қажетті шарты
есебінде әу бастан берілген. Өз кезегінде, бұл жалпыма болжам
ды тереңдете келе, біз оның біртекті кеңістікті әлдебір риясыз
рөлмен жасақтайтынын байқаймыз: не материалдық реалдылыққа
қызмете ету, не дәл сондай толығымен спекулятивті, түйсіктерге
өзара үйлесу (координация) құралын жеткізу функциясын иеле
ну. Сонымен, реализмнің анық еместігі, дәл идеализмнің анық
еместігіндей, олардың саналы қабылдауларымызды және саналы
қабылдауларымыздың жағдайларын таза танымға, ал іс-қимылға
емес, бағыттауларынан туындайды. – Бірақ енді осы біртекті
кеңістік материалдық заттарға және олар туралы біз ие бола ала
тын таза танымға қатынасында логикалық тұрғыдан алдыңғы емес,
қайта кейінгі деп топшылайық; созылмалылық кеңістіктен алғы
болады деп топшылайық; біртекті кеңістік біздің іс-қимылымызға
байланысты және де тек сонымен ғана байланысты көрініс табады
деп топшылайық, және де ол біз материалдық үздіксіздікті өзімізге
бағындыру үшін, осы үздіксіздікті біздің іс-қимылдарымыз бен
біздің қажеттерімізге бағыттау үшін материалдық үздіксіздікке
кигізетін шексіз бөлшектелген тор секілді бірдеңе болатынын ес
керейік. Сонда біз ұтамыз, және де кезкелген зат, барлық басқа
заттарға әсер ететінін, демек, белгілі бір мағынада, созылудың
барлық жиынтығына жайғасатынын көрсететін ғылыммен бірлікті
қайта жаңғыртатынымыздың арқасында ғана емес… Метафизи
када, басқа мәселермен қатар, кеңістіктегі үздіксіздікпен байла
нысты қайшылықтарды, – біз көрсеткеніміздей іс-қимыл және
таным көзқарастарын бірі-бірінен айырып алмағанда ылғи пайда
болатын қайшылықтарды, – жоятынымыз және жұмсартатынымыз
арқасында ғана емес. Біз мұнда ең алдымен реализмнің кеңістікте
созылған заттар мен біздің оларды қабылдауымыз арасында
тұрғызған алынбас бөгетін қиратуымыз арқылы ұтамыз. Іс жүзінде,
бір жағынан көпшілікті және бір-бірінен бөлектелген сыртқы
реалдылық, ал екінші жағынан созылмайтын және онымен қандай
да болмасын мүмкін деген байланыссыз түйсіктер топшыланған
кезде, біз, дәл осылай тікелей қабылдау іс-жүзінде интенсивтілік
тен айрылмағаны секілді, нақтылы созылмалылық шындығында
бөлінбегенін көреміз. Реализмнен бастап жөнеліп, идеализм бізді
алып барған нүктеге қайтып ораламыз: біз тағы да қабылдауды зат
та орналастырамыз. Реализм мен идеализм екеуімен талқылаусыз
қабылданған, оларға ортақ шекарадай болып қызмет ететін посту
латты жойса болғаны, олардың бірегейленуге әбден дайын болаты
нын біз көреміз….
А. Бергсон. Материя и память
//Собрание сочинений в 4-х томах.
Т.1. Москва, 1992. С. 301-305.
Вильгельм Дильтей ӨМІР КАТЕГОРИЯЛАРЫ* Өмір Адамдық дүниеге көз тігейікші. Онда біз ақындарды кез дестіреміз. Олардың жырының нысаны – адамдық дүние. Дүниеде болып жататын оқиғалар ақындардың ой елегінен өтіп бейне ленеді. Белгілі бір оқиғаларды ақын адамдық дүниенің өзіне тән кейбір нышандары арқылы мәнді етеді. Сонымен, меніңше, ол дүниеден биігірек, біздің жанымызды сол өмірдің өзіндей жаңғыртатын, оны кеңейте де, биіктете де, алатын жаңа бір ре алды дүние түзейтін ақынның жұмбағын біз адамдық дүниенің, оның ең өзіндік белгілерінің поэзиямен қалай тамырлас екендігін ашқанда ғана түсіне аламыз. Поэзия тарихын тарихи ғылымға ай налдыра алғанда ғана теория пайда бола алады ғой. Өмір өтетін сыртқы жағдайлары қай жерде және қай мезгілде екендігіне тәуелсіз таныла алатын жеке тұлғалардың өзара ықпалы. Мен «рух туралы ғылымдардағы өмір» деген сөзді тек адамдық дүниеге ғана қатысты қолданамын; сол арқылы бұл сөздің қолдану аясы анықталды, яғни оны теріс түсіндірудің жолы кесілді. Өмір де геніміз тірі жандардың өзара ықпалы. Біздің түсінуіміз бойынша өтуінің басталуы мен аяқталуы бар жанды тәни процесстер тәни қозғалыстардың автономдық (Selbіgkeіt) дербестігіне сай сырттай бақылаушы үшін өзіне өзі барабар ғой; сонымен қатар осы жан ды тәни процесске оның әрбір элементіне басқа элементтерімен үздіксіздікті, өзара байланысты және оның өзі өзіне барабарлықты белгілі бір типтік түрде сезініп толғанудың арқасында саналы бай ланыс болатындықтан бір ғажайып сипаттары айқындалады. Рух туралы ғылымдардағы «өзара ықпал» деген сөз ойдың табиғаттағы себептіліктің бір қыры ретінде көретін қатынасты білдірмей ді, табиғаттағы танымның табатын себептілігінде қашанда causa aeguat effectum** бар. Керісінше, бұл сөздің өзі толғанысты біл діреді; ал бұл соңғы өз кезегінде ұмтылыс пен қарсылықтық қатынасты, қысымды, талапты, басқалар үшін қуанышты т.б. * В. Дильтейдің «Рух туралы ғылымдардың құрылымы» деген еңбегінің тарауы. Журн. «Вопросы философии», М., 1995 г., №10, С. 129. ** Себеп салдарымен тең – лат.
игеріп қабылдаудың көріністері болып тұрады. Ұмтылыс мұнда түсініктемелік психологиядағыдай себептіліктің өзіндік ішкі қуатын белгілемейді; оның мәнісі мазмұнды сезімдік толғану (переживание), ол мазмұн тірі мақұлықтарда қалай да болмасын орныққан және сыртқы бір нәтижеге бағытталған әрекеттерді іске асыруға деген талпынысты бастан кешіруді мүмкін етеді. Әртүрлі кісілердің арасындағы өзара ықпалда көрініс табатын толғаныстар осылай туындайды. Сонымен, өмір – тірі тәндерге де қатысты себептілік заңына бағынатын табиғат объектілерінің өзара белгілі бір байланыстары жағдайында өтіп жататын олардың өзара байланыстарындағы іш тей өзара ықпалдасу. Өмір қашанда және барлық жерде кеңістік пен уақытта айқындалған тірі жандардың өздеріне сай процесстердің кеңістік пен уақытта ұйымдасып оқшауланады. Егер адамдық дүниеде кеңістікпен уақытта айқындалған оқиғаны мүмкін ете тінді әуелде бүтіндіктің өзіне өзі барабарлығын сақтайтын қалпындағы қасиеттерінен бастау алып кеңістік пен уақытта ажы райтын қасиеттеріне абстракциялау жолымен емес, аңдау түрінде тоқталғанда ғана өмір туралы ұғым туады, ал тек сол ғана барлық құрамды формалардың, жүйелердің, біздің толғануларымыздың, ұғынуларымыздың, көрінулеріміздің және салыстырмалы қарастыруларымыздың негізін құрайды. Осындай өмірде бізді тірі немесе организмдік жәндіктер дей тіндерімізде ешбір кездеспейтін оның бүкілжалпы бір қасиеті таңдандырады. Толғаныс Уақытпен өмір барынша тығыз байланысты. Оның тұтастығы да, оған тән ыдырау процесстері де және әр сәттегі өзара байланыс пен бірлігі (өздігі), – бәрі де уақытпен анықталады. Өмір уақытта элементтерінің бүтіндікке қатынасы түрінде, яғни белгілі бір өзара байланыс ретінде іске асады. Түсінуде бірге толғану да осы сипатта берілген. Өмір мен бірге толғануға элементтерінің бүтінге ерекше қатынасы тән. Бүтін үшін элементтер маңызды. Бұл қатынас әсіресе еске түсіруде анық көрінеді. Кез келген өмірлік қатынаста – мейлі ол өз өміріміздің бүтіндігінің өзінің өзіне қатынасы болсын, неме се басқа бір бүтіндікке қатынасы болсын, – элементтердің бүтіндік үшін маңызды екендігі үнемі айқын көрінеді. Мен ландшафтға
қарап, оны танимын. Ең алдымен бұл қатынастың өмірлік емес тек ақылдық (интеллектуалдық) деген жорамалдан бас тарту қажет. Сондықтан, белгілі бір сәтті толғануды ландшафтың өмірлік қатынастағы «бейнесі» деп қабылдауға болмайды. Оны мен әсер деп есептеймін. Шын мағынасында маған тек әсерлер берілген. Әсерлерден ажыраған мендік (Selbst) жоқ және меннен басқа оның шығар көзі де жоқ. Әсерлердің шығар көзін мен құрамын. Ескертпе Әйтсе де маңыздылық танушы субъектінің бүтіндігімен бай ланысты екендігін нықтап айту қажет. Еегер осы тіркесті ойдың нысаны да, дәлірек айтсақ, нысандық ойлаудағы элементтердің қатынасы да кіретін, мақсаттың өзін түзуде тап осылай ашыла тын бөліктердің бүтінге кез келген қатынасына сай дәрежеде қорытындылай алсақ, онда ол маңыз бүтіндікке жататындықты білдіреді, ал бүтіндіктің өзінде ол қалай органикалық немесе психикалық реалдылыққа айналады деген сияқты жұмбақтары жойылады. ІІ Психологиялық көзбен қарағанда қазіргі дейтініміз – ұзақтығы бірлікте қабылданған уақыттың ағымы. Қазіргінің сипатын түйсінуде біз сол сәтте үздіксіздігінен оның біз байқай алмайтын қасиетін де түсінеміз. Бұл біз толғаныста бастан кешетін бір сәт. Оның үстіне біз толғануда уақыттың ерекшелігіне байланысты өзгешелігі бола тұрғанына қарамастан еске алудағы құрылым жағынан байланысқан нәрселерді де ұстай аламыз. Толғанудың принципі: біз үшін өмір сүріп отырған нәрселердің бәрі де бүтін сол қалпымен қазіргілікте берілген. Тіпті өткендегі бір нәрселерді жан күйімізде толғансақ та, ол қазіргідегі жан толғанысы. Сананың принципіне қатынас: жан күйімізде толғану ең жалпы әрі толық принцип. Өйткені ол өмір шындығында жоқты да қамтиды ғой. Келесі бір нышан: толғану – ол сапалық болмыс-реалдылық, ол игерудің көмегімен анықтала алмайды, ол біз иемденетін күңгірт тұңғиықтарға дейін жетеді, (бірақ осы иемденеміз дейтініміз дұрыс па?). Сыртқы болмысты немесе сыртқы дүниені жан дүниемде толғану мен түсінбеген нәрселерді де қамтиды. (Менің толғануым байқаусыз нәрселерді де қамтиды және мен оны анықтай аламын деймін).
Факт: менің аңдауым (кең мағынадағы) қамтитын нәрселердің ішінен белгілі бір бөлігі маңыздылық тұрғысынан бөлініп, назардың негізгі нысанына айналдырылып, апперцепцияланады* да, апперцепцияланбаған рухани процесстерден ажыратылады. Біздің Мен деп жүретініміз осы, ол екі түрлі қатынаста: Мен бар мын және Мен иеленемін. Келесі бір дәлелдеме: толғану бір сәттің аясында реалдылық ретінде өмірдің құрамды бөліктерінің өзара байланысын ұстайды; қазіргіден шығатын кеңістік уақыттың аяқталғандығы т.б.; ал онда – оған іштей тән мақсат түзеушілік әрекет етіп жататын құрылымдық өзарабайланыс. Егер біз бұрынғы бір толғануларымызды еске түсірсек, ондағы қазіргіге ықпал етудің жолы (динамикасы жағынан) өтіп кеткен толғанулардан тіпті толығынан өзгеше. Біріншісінде сезім толық өздігінде қайта пайда болады, екіншісінде – сезімдер туралы елес т.т. және осы сәттен бастап тек сезімдер туралы елестің сезімдері пайда болады. Толғану мен толғану актісі бір-бірімен ажырамас нәрселер: олар бір нәрсенің екі түрлі болу тәсілі. Апперцепцияда берілетін пікірді толғанудан ажырату қажет: өліп бара жатқан кісіні көргенде немесе біреудің өлгендігі тура лы хабарды естігенде мен қайғы сезімін бастан өткеремін. Онда мұндай шындықты айтудың екі түрлі бағыты бар. Түсінудегі ұзақтықты қамту Өз жанындағы толғанысқа бағышталған интроспекцияда психикалық процесстердің қозғалу үдерісін түсіну мүмкін емес; өйткені қандай да болмасын процессті ұстау қозғалысты тоқтатады және сол ұсталған нәрсеге бір ұзақтық сипат береді. Бірақ мұнда да толғанудың, көрінудің және түсінудің қатынасы шешімді мүмкін етеді. Біз әрекеттердің көрінісін түйсінеміз және осы көрінісіне сай толғаныстық күй кешеміз. Уақыттың алға қарай қозғалысы өткенді артта қалдырып, алыстата береді, оның қозғалысы тек келешекке бағытталған. Мәселенің қиындығы мынада: психикалық процесстер белгілі бір нәрсенің өту үдерісі ме, жоқ әлде олар іс-әрекет пе? Ал түсінілген нәрсе де сол процесстердің бағытталғандығының көріну жолын * Жандағы жаңа әсердің бұрын қалыптасқан күйлерімен қабаттасуы.
таба алсақ, тек сонда ғана мәселе шешуін табады. Бірақ бұл үшін
уақыттың жәй ағымы мен өткенді психикалық тізбектеу жеткілік
сіз. Ол үшін мен уақытта өз ағымымен жүретін және сырттай бір
нәрсемен бұзылмайтын көріну жолын табуым керек. Аспаптық саз
(музыка) мысалы осындай. Ол қалай жазылса да тек процессте ту
ады; сол процессте оны жаратушы бір шығарманың екіншісімен
өзара уақыттағы байланысын қадағалайды. Мұнда процесстің
бағыттылығы, іске асыруға бағытталған әрекет, әрекеттің ілгері
леуі, өткенмен сабақтастық, әртүрлі мүмкіндіктерді өзінде сақтау,
экспликация*, ал бұл соңғы әрі жасампаздық.
Маңыз
Өмірдің уақытқа тәуелді жаңа нышаны енді көзге анық
көрінеді, ал ол жаңа болғандықтан да өмірдің шегінен шығып ке
теді. Өзінің өзгешелігінде өмір табиғатты тануға тіпті жат кате
гориялармен танылады. Және де мұндағы ең шешуші жақ – олар
өмірге сырттай таңылатын, a prіorі қолданылатын формалар емес,
тамырлары өмірдің өзінен туындайтын категориялар екендігі.
Бұларда абсрактылық көрініс табатын қатынас – өмірді түсінудің
бірден бір ұмтылатын нысанасы бола алатын қатынас. Өмірдің
өзі бүтіндік пен оның элементтерінің белгілі бір арақатынасы
ғой. Ал егер осы арақатынасты абстрактылы дәрежеде катего
риялармен бөліп алсақ, онда осылай әрекет жасаудың тәсілінің
өзі категориялардың сандық шекарасының жіктелмегендігін,
ал олардың қатынастарының логикалық формаға ие бола
алмайтындығын көреміз. Маңыздылық, құндылық, мақсат, даму,
мұрат (идеал) – осындай категориялар. Бұл өмір процестері тек
«Маңыз» категориясының көмегімен түсініледі, атап айтқанда,
мысалы, адамзат өміріндегі оның кез келген сатысы оның басқа
барлық сатыларымен тәуелді байланысын білгенде ғана түсінікті
болатыны сияқты өмірдің әр бөлігінің тұтас өмір үшін маңызын
түсінгенде ғана жалпы өмір процесстерінің ара байланыстары
түсініле алады. Маңыз – өмірді түсінудегі бәрін қамтитын ең жал
пы категория.
Өзгермелілік табиғатты танудағы біз құратын объектілерге
де, өз айқындықтарында өзін саналайтын өмірге де тән. Тек өз
мүмкіндіктерін орындайтын өмірде ғана қазіргі өткенді еске түсіру
* Ішкі мазмұнның сырттай көрінуі.
елестерінде және келешекті өз қиялдарында өз мүмкіндіктеріндегі белсенділігінде өз мақсаттарын қамтиды. Сонымен қазіргі өткенмен толыққан және келешекті өзінде ұстайды. «Даму» категориясының рух туралы ғылымдардағы барлық мағынасы осында. Бұл ұғым мақсаттарын іске асыратын жеке адамның, ұлттың, адамзаттың өміріне сырттай қолдануға болады дегенді білдірмейді. Зерттеліп отырған нысанның табиғатына мұндай қолданыс тура келмейді, оны түбірінен теріске шығару қажет. Ұғым [даму] өмірдің өзіне тән қатынасты сипаттайды. Онымен бірге форматүзу (формооб разование) ұғымы да берілген. Форматүзу өмірге тұтасымен тән қасиет. Егер біз өмірге үңіліңкірей қарасақ, тіпті ең төменгі жан дарда да өзінше форматүзу бар екендігін көреміз. Тарихтағы ең көрнекті адамдардың тағдырында форматүзу неғұрлым айқын; ал форматүзуі болмайтын ең қарапайым жанның болуы мүмкін емес. Жанның аясында және соның арқасында пайда болған құрылым, оның ішкі байланысы барлық өзгерістер мен өткінші жағдайларда үнемі тұрақты, тек осындай қалыпта өмірдің жоғарыда айтылған қатынастарға сәйкес уақыт үдерісінде өтуі форматүзу болып есеп телінеді. Сондықтанда да болса осы форматүзу туралы ұғымымыз өмірді «маңыз» категориясына сүйене отырып танығанымызда пайда болады. «Маңыз» категориясы өмірдің элементтерінің оның түпкі мәніне негізделген бүтіндікке қатынасын көрсетеді. Біз осы өзара байланысқа еске түсіруде болатын өмірдің бұрынғы ағысына шолу жасаудың арқасында ғана иеміз. Онда маңыз өмірді түсінудің фор масы ретінде маңыздылық болып қалыптасады. Біз бұрынғының бір сәтінің маңызын түсінеміз. Ол маңызды, өйткені онда әрекет немесе нәтиже арқылы келешекпен байланыс іске асады. Ол маңызды, өйткені онда өмірдің келешектегі бейнесінің жоспары немесе сол өмір бейнесін іске асырудың жоспары берілген. Неме се ол бүкіл жалпы өмір үшін маңызды, өйткені индивид ол өмірге араласып, оның өзіндік мәнділігі бүкіл адамзаттың қалыптасуына шешуші ықпал етеді. Осындай және де басқа жағдайларда жеке бір сәт өзінің жалпы бүтіндікпен байланысы арқылы, өткен мен ке лешекті сабақтастыру арқылы, жеке адамның болмысы мен бүкіл адамзат болмысын ұштастыру арқылы маңызға ие болады. Осы өмірдің ауқымындағы элементтер мен бүтіндікті қабыстырудың өзгешелігі неде? Бұл қатынастың бір өзгешелігі – ол ешқашанда түгел іске аса алмайды. Бір жағынан бүтіндікті түгел шолу үшін әр өмірдің
аяқталу кезеңін күтсе, яғни оның барлық элементтерінің өзара
тәуелділіктерін қамтуға ұмтылса болар еді. Бүкіл маңызын
анықтауға қажет материалға ие болу үшін тарихтың да аяқталуын
күтсе болар еді. Екінші жағынан, бүтіндік біз үшін тек жеке эле
менттерінен ғана құралады. Түсіну болса, қарастырудың осы
екі жолының ортасында қалықтайды. Өмірдің маңызын біздің
түсінуіміз үнемі осы екі тәсілдің арасында ауытқуда болады. Кез
келген өмірлік жоспар – ол өмірдің маңызын түсінудің көрінісі.
Мақсат ретінде біздің келешекке бағыштап ұмсынуымыз өткеннің
маңызын түсінуді анықтайды. Сөздердің біздің оларға беретін
мағынасы, сөйлемдердің белгілі бір мәнісі болатыны сияқты өмір
элементтерінің өзара байланыстарынан олардың біршама анық,
біршама күңгірт маңызын да құруымызға болады.
Маңыз – өмір элементтерінің оның аясындағы бүтіндікпен
арақатынастарының белгілі бір түрі. Бұл маңызды біз сөздердің
мағынасын сөйлемде ғана түсінетініміз сияқты еске түсіру мен
келешектің мүмкіндіктері арқылы түсінеміз. Маңыздың өзара
қатынасының мәні уақытта өмір құрылымының негізінде белгілі
бір ортаға тән жағдайда өтетін өмір процестеріне сай қатынас.
Өмірді түсінуге мүмкіндік беретін әрі соның арқасында
өмірдің бір өзгеше ағымында жеке бөліктерді тұтас бірлікке келті
руге жол ашатын осындай өзара байланысты тудыратын не нәрсе?
Жеке сәттерін ортақ маңызбен біріктіретін тұтастық, ол – толғану.
Біреудің өмірінің ең маңызды кезеңдерін іріктегенде жазушы осы
лай істейді. Тарихшы біреуді көрнекті, ал оның өмірлік тағдырын
маңызды деп атайды, белгілі шығармалардың немесе адамның
өзінің адамзат тағдырына белгілі бір ықпалына қарай ол олардың
маңызын таниды. Оның өмірінің жеке бір сәттері оның бүкіл өмірі
үшін маңызды: қысқаша айтқанда «маңыз» категориясы түсінумен
тікелей байланысты. Біз осыны ашуымыз керек.
Өмірдің кез келген көрінісінің маңыздылығы бар, өйткені ол
белгі сияқты өмірге қатысты бір нәрсені көрсетеді, көрініс ре
тінде басқа бірдеңеге сілтеп тұрады. Ал өмір өзі өздігінде басқа
ештеңені көрсетпейді. Өзіне сырт нәрсеге сілтейтіндей онда жік
теліп, оқшаулану жоқ.
Ұғымдардың көмегімен біз өмірдегі белгілі бір нәрселерді
бөліп алып отырғандықтан оларды өмірдің қайталанбас өзгешелігін
баяндау үшін пайдаланамыз. Сол арқылы бүкіл жалпы ұғымдар
өмірді түсінуге қызмет етеді. Сонымен мұнда алғышартты негіз
бен оған қосылатынға қарай қозғалысының еркін қатынасы бар:
жаңа нәрсе формальдық түрде алғышарттан шыға салмайды. Ке рісінше, түсіну түсінілген бір белгіден содан шыға алатын нәрсеге қарай жүреді. Ішкі қатынас болғанды қайталаумен соны толғану мүмкіндігінде берілген. Түсіну сөздер мен олардың мәніс аясымен, белгілердің мәнін жәй іздеумен шектелмей, өмір көріністерінің тереңірек мәнін қарастыратындықтан оның бүкілжалпы тәсілі осындай. Осындай тәсілді тұңғыш Фихте сезген. Өмір бір реалдық нәрселерді көрсететін әуенге ұқсайды. Әуен өмірдің өзіне тән нәрсе. 1. Белгілі бір сөйлемді түсіну маңызды ашудың ең қарапайым түрі. Ондағы әрбір сөздің мағынасы бар, ал олардың бірлігі нен сөйлемнің мәні туады. Сонымен әрекеттің амалы мынан дай: жеке сөздердің мағынасынан сөйлемді түсіну пайда бола ды, атап айтқанда, бүтін мен сәттердің арақатынасы бар, соның нәтижесінде бүкіл сөйлем мен жеке сөздердің мүмкіндіктерінен мәннің айқынсыздығы шығып отырды. 2. Тап осындай қатынас элементтер мен өмірдің бүтін үдерісі арасында да бар әрі мұнда да бүтінді өмірдің мәнін түсіну [жеке элементтердің] маңызынан туындайды. 3. Осындай маңыз бен мәннің (смысл) қатынасы, ендеше, өмір процесінде де бар: оны құрайтын жеке оқиғалар сезімдік дүниеде сөйлемдегі сөздер сияқты басқа бір нәрсеге қатыстылықты көрсетіп тұрады. Соның арқасында әрбір жеке толғанудың мәнісі бүтіндіктің мәнінде тоғысады. Сөздерді түсіну үшін олардың сөйлемге бірі гетіні сияқты толғанулардың арақатынастарынан өмір үдерісінің мағынасы ашылады. Тарихта да осы тәрізді. 4. Сонымен маңыз ұғымы ең алдымен тек қана түсіну өрісінде пайдаланылады. Ол өзінде сыртқы сезілетін нәрсенің өзі көрінісі бо лып тұрған ішкі нәрсеге қатынасын қамтиды. Бірақ бұл арақатынас грамматикалық қатынастан түбегейлі түрде өзгеше. Өмір элемент теріндегі ішкінің көрінуі сөздік т.б. белгілерде көрінуден тіпті өзге нәрсе. 5. Олай болса, «маңыз», «түсіну», «өмірдің мәні» неме се «тарихтың мәні» деген сөздер бізге тұспалдау, ішкі өзара байланыстың түсінудегі көрінуі деген мағынаны ғана білдірмей тіндігі анық. 6. Біздің іздейтініміз өмірдің өзіне тән өзара байланыстың жолы; және біз оны өмірдегі жеке оқиғалардан шыға отырып іздей міз. Осы өзара байланысқа пайдалы нәрселердің бәрі де өмірдің маңызын куәландырып тұратын болуы керек; одан басқа өмірдің
маңызы да жеке оқиғалардың жәй ара байланыстарынан туа ал майды. Жаратылыстану ұғымдарындағы көрінетін физикалық дүниеде үстемдік ететін себептіліктің бүкілжалпы схематизмі және соған сай өзгеше методологиясы, яғни оны түсіну әдістері болатыны сияқты мұнда да бізге өмірдің категориялары, олардың бір-бірімен сәйкестігі, олардың схематизмі мен оны түсінудің әдістері ашылады. Бірақ, егер біз жаратылыстануда логикалық табиғаты соншалықты анық та мөлдір өзара байланысты көрсек, онда гуманитарлық ғылымдарда біз өмірдің өз арақатынастарын түсінуіміз қажет болады, ал оны толығымен тану мүмкін емес. Біз өмірді оған үнемі тек жақындау арқылы танимыз; басқаша айтқанда өмірді түсінудің табиғатында және өмірдің өз табиғатында оның әртүрлі көзқарастар тұрғысынан уақыт ағымында танылғандықтан сан алуан жақтарынан көрінетіндігі бар. Еске түсіруде (бір нәрселерді еске түсіргенде) маңыз категори ясы да тұңғыш пайда болды. Әрбір қазіргі реалдылыққа толы. Оған біз негативтікте, позитивтік те құндылықты таңамыз. Келешекке ұмтылғанымызда мақсат, мұрат, өмірдің қалыптасуы категорияла ры пайда болады. Өмірдің құпиясы – барлық жеке мақсаттарды өзіне бағындыратын ең биік мақсат іске асады; онда ең биік игілік іске асады; және ол мұраттармен анықталуы тиіс. Онда қалыптасу іске асады. Осы категориялардың әр қайсысы өз тұрғысынан өмірдің тұтастығын қамтиды: сол арқылы ол өзінің көмегімен өмірді түсінудің категориясына айналады. Ол категориялардың еш қайсысы басқасына бағынбайды ғой, өйткені әр қайсысы белгілі бір көзқарас тұрғысынан өмірді түсінуге мүмкіндік бе реді. Сондықтан да олар бір-біріне салыстыруға келмейді. Сон да да болса бұл жерде бір айырмашылықты көрсету қажет. Бас тан кешіп отырған қазіргіні толғанудың өзгеше құндылықтары бір-бірінен оқшау. Оларды тек салыстыруға болады. Осындай құндылықтар тұрғысынан өмір сүрудің жағымды да, жағымсыз да құндылықтарының, ерекше құндылықтардың шексіз тоғысуы болып көрінеді. Бұл – үйлесімдіктер мен сәйкессіздіктердің (гар монии и диссонансов) тәртіпсіз қосындысы, бірақ сәйкессіздіктер үйлесімдіктерде жоғалмаған. Өтіп кеткен және кейінгі дыбыстарға музыкалық қатыссыз қазіргіде бірде бір дыбыс жоқ. Өзіндік құндылықтар мен туынды құндылықтардың ара қатынасының ме ханистік себептілік сипаты өмірдің түпкі тұңғиықтарын түсінуге мүмкіндік бермейді. Өмірді келешектің тұрғысынан түсінуге мүмкіндік беретін категориялар «құндылық» категориясының негізінде туындайды; олар алға қарай бағытталған мүмкіндерде өрістейді.
Тек өмірлік процесстердің маңызы өмірдің тұтастығының мәні
және түсінуімен үйлескенде ғана өмірдің өзіндегі өзара байланыс
өзіне сай түрде іске асады. Тек осы деңгейде ғана категориялардың
селқос қатарлығы мен жәй өзара бағыныштылығы жойылады.
Сол арқылы құндылық пен мақсаттың өмірді түсінудің әртүрлі
жақтары ретіндегі арақатынастары осы өмірді бүтіндік байланы
сында түсініле алады.
Маңыз және құрылым (структура)
1. Толғанудың өзара байланысының нақты шындығы «маңыз»
категориясында. Бұл – толғанудың және еске түсірудегі қосалқы
толғанудың (бұрын толғанғанды қазіргі толғанудың аясында қайта
толғану – Қ.Ә.) ағымдарын түгел қамтитын бірлік, атап айтқанда
оның маңызы толғанудан сырт жатқан нүктеде емес, олардың өзара
байланысын құратын нәрсе ретінде осы толғанулардың өзінде.
Сонымен, бұл өзара байланыс толғанылатынның табиғатына
тән сәйкестіктің тәсілі немесе категория.
Өмірдің маңызының неде екендігі, индивид, яғни мен не
месе басқа біреу, немесе ұлт түгелімен нені толғанды, ол осын
дай маңыздың болуымен бастанаяқ анықталмайды. Маңыздың
бар екендігін толғануға қатысты еске түсіруші біледі. Өмірдің
ең соңғы сәтінде ғана оның маңызын түсінуге болады, ендеше
маңыздың өзі өмірдің соңында, оның ақырғы қас қағуында немесе
өмірді толғанушыға ашылуы мүмкін. Мысалы, Лютердің өмірінің
маңызы барлық нақты оқиғалардың арақатынасы ретінде тек жаңа
діншілдікті табу мен соны іске асыруда ашылды. Өз тарапында
діншілдік – нақтылықтың оған дейінгі және кейінгі универсалдық
арақатынастың белгілі сатысын құрайды. Мұнда маңыз тари
хи тұрғыдан қаралып тұр. Сонымен қатар бұл маңызды өмірдің
позитивтік (жағымды ) т.б. құндылықтарынан да табуға болады.
Мұндайда олар субъективтік сезіммен ұштасады. 2. Тап осында ғана маңыздың белгілі бір өмірдегі
құндылықтармен де, олардың арабайланыстарымен де бірдей еме
стігі анықталады.
3. Өмірдің ажырамас арабайланысын сипаттайтын категория
– маңыз болса, құрылым категориясы тірінің айналымына тал
дау жасағанда тұңғыш пайда болады. Осы мағынада талдау (ана
лиз) сондай айналымда үнемі сақталатынды іздейді. Сол үдерісте
сақталатыннан басқа ол еш нәрсе таппайды. Сақталатын нәрсе
– ол бір оқшауланған нәрсе, ал оның үнемі сақталып отыратын өмірлік өзара байланыстарымен сана ұдайы ұштасқанда ғана ол туралы ұғым маңызға ие болады. Осындай мүшелеу қаншалықты алысқа кете алады? Жаратылыстану психологиясының соңынан Брентаноның атомистік психологиясы пайда болды, ал бұл психологиядағы схоластика еді. Психологиядағы осы мектеп те өмірді түсіндіру үшін мінез-құлықтық әрекеттердің жолдары, предмет, мазмұн сияқты абстрактылық мәндер жасалды ғой. Осы жол шектен шыққан түрін Гуссерльде тапты. Осындай тұрғыға қарама-қарсы – өмір бір бүтіндік. Құрылым: сыртқы дүниемен сәйкестіліктігіне тәуелді тұтас өмірдің арабай ланысы. Өмірдің қалыпты бір жолы (образ жизни) осы тектес бір қатынас. Сезім немесе ерік – өмірдің бір элементін қалай жарату ды көрсетуге бағытталған ұғымдар. Маңыз, мағыналылық, құндылық 1. Өмірдің объективтену формаларының бәрін де қамтитын өмірмен өзін түсіндіруде сабақтастырылатын объективтік дүниенің әрбір бөлшегі өз көрінулерінде элементтері бар бір бүтін нәрсе және әрі өзі бір бүтіннің элементі, өйткені өзі де элементтерге жік телген және тағы бір одан да көрі кең ауқымды арабайланысқа кір ген шындықпен байланысқан. Яғни, шындықтың әрбір бөлшегінің екі ұдайлық маңызы бар, өйткені ол өзі кең ауқымды бүтіннің мүшесі. Әрбір толғанудағы және толғанылған нәрсеге өмірдің дарытатын өзгешелік белгісі осы. Өзінде жеке өмірлік қатынас ретінде көрінгеннің бәріне де толғануда белгілі бір ұстаным неме се тұрғы бар ғой; экономикалық болмысқа, достыққа, көрінбейтін дүниеге. Осы ұстанымға, осы ішкі тұрғыға тәуелді әрекеттің де арабайланысы бар. Өмірде қарама-қарсы тұрғыдағы адаммен де арақатынасқа келуге тура келеді, онымен қатынастар жолын табу керек болады: осындайларға араздық өмірлік байланыстарды үзу, оқшаулану, ғашықтық, өзі өзіне тұйығу, бір нәрсеге зарығу, өзін қарсы қою, бір нәрсені мұқтаж ету, бір нәрсені ережелеу, бір нәрсені сыйлау, форма, формасыздық, өмір мен объективтіктің ара қайшылығы, объективтік дүниедегі өмірдің дәрменсіздігі, ырық, өмір тағы да қанағаттанушылық туғызуы үшін объективтендірудің қалыптасқан амалдарын жеңудің мүмкін еместігі, мұрат, жады, алшақтану, бірігу. Өмірдің арабайланыстарының түйінінде өткіншіліктің зары, оны жеңуге ұмтылушылық, іске асыру мен объективтендіруге
күш салу, нақты бір шектерді теріске шығару және оларды жеңу,
алшақтану және бірігу бар.
Бақытсыздық, жарлылық, өмірдің кереметтігі, еркіндік, өмір
жолдары, өзара байланыс, даму, ішкі логика, ішкі диалектика
өмірдің өз предикаттары (ажырамас қасиеттері).
Осы дүние жағына, о дүние жағына, трансценденттікке, имма
ненттікке* ұмсынған ұстанымдардың қарама-қарсылығы, олардың
бітісуі.
2. Осылай пайда болған қатынастарда өмірдің жеке
элементтерінің маңыздылығы нық белгіленген. Маңыздылық
әрекеттің арабайланыс негізінде пайда болған элементтердің
бүтіндік үшін маңызының айқындылығы. Өмірдің қалыпты си
патында ол әрекеттің арақатынасында бүтіннің органдарының
бүтіннің өзіне қатынасы түрінде көрінген, одан кейін әрекетті
толғануға айналып, органдарды әрекетке тәуелсіз тәртіпке айнал
дырады. Өмірде пайда болғандардың барлығын да әрекет құрайды
ғой. Танушы үшін онда тек ықпал етуші ғана бар. Мендіктің
(Selbst) әрекеті белгісіз ғой. Әйтсе де өмірді құрайтын әрекеттің
жолынан көрі тұрғы мен ұстаным әлдеқайда тереңірек. Жоғарыда
өрбітілген ұғымдардың барлығы да өмірдің өзіндегі өз ұғымдары.
Әрбір тірі жанның өмірінің кезекті сатысында бұл ұғымдар жаңа
ара байланысқа ие болады. Өмірге тән нәрселердің бәріне олар
жаңа бір өң береді. Кеңдік, алыстық, биіктік, төмендік сияқты
кеңістік қатынастар қалыпты өмір сипатына сай жаңа мазмұн ала
ды. Бұл уақытқа да қатысты.
3. Осындай қатынастарға (кеңістік және уақыттық) сай
антропологиялық рефлексияда, көркем өнерде, тарихта және фило
софияда өмірдегі бар нәрсенің сананың деңгейіне дейін көтерілетін
арабайланысы пайда болады.
Оның түпкі бастамасы – антропологиялық рефлексия.
Оның ашатын арабайланысын тарығу т.б. сияқты әрекеттік
арабайланыстарға негізделеді; ол ондайлардың типологиясын
ұсынады және өмірдің тұтастығындағы арабайланыстардың
маңыздылығын нық айқындайды.
Өз өміріңе көзқарас басқалардың өмірін қарастырумен, ал
өзіңнің өздігіңді толғану және түсіну басқа адамдарды және
адамзаттың өмірін түсінуге де тәуелді болғандықтан өмірдің
құндылығы, мәні және мақсаты туралы ұғымдар, жаңа көрінетін
* Имманенттік – ішкі дүниеден, мұнда жан дүниесінен шығуды
білдіреді (Қ.Ә.).
қорытындылар пайда болады. Олар өмірмен оны көркемөнерде
және бүкіләлемдік тарихта суреттелудің арасындағы бір қабатты
құрайды. Шексіз дерлік қамтушылық қабілеті бар әдебиет осын
дай. Тап осы жерде тарихи категориялардың әдебиеттегі түсінуді
қалай дәнекерлейтіндігі туралы сауал туындайды.
Егер қазірде болып отырғандай адамды зерттеу ғылыми психо
логиямен ғана шектелсе, онда мұндай шектелу адамды реалдық та
рихи зерттеу процесіне сәйкес емес. Адамды зерттеудің тұрғылары
әртүрлі бағыттарда ізделді. Бірақ, бұл саладағы ең терең қайшылық
– менің бір кезде мазмұнды психология, ал дәлірек айтқанда
нақты психология, антропология мен шын атауына сәйкес келе
тін психология ғылымының арасындағы қайшылық болып отыр.
Өмірдің маңызы, оның құндылықтары жөніндегі мәселелер осы
антропологияға жақын, өйткені оның өзі нақты өмірге жақын.
Белгілі бір типтің шеңберіндегі оның әр сатыларында өмірдің
маңыздылығы қалай іске асатынына сәйкес өмір процесстерін
де типтер мен сатылардың арасындағы айырмашылықты табу
әрекеттері тап осындай.
Жаңаплатондық тип, ортағасырлық мистикалық тип – Спинозаның
сатылары. Осы схемаларда өмірдің маңызы іске асады.
Поэзияның негізі – өмір әрекеттерінің комплексі, оқиға. Кез
келген поэзия белгілі бір түрде толғанылатын немесе түсінілетін
оқиғамен байланысты. Оқиғаны суреттей отырып фантазияның
өзгешелігі болатын еркін қиялдың көмегімен поэзия оның жеке
жақтарына маңыздылық береді. Қалыпты өмір жолы туралы
айтылғанның бәрін поэзия да құрайды әрі ол өмірге осындай
қатынасқа неғұрлым қуатты өң береді. Қалыпты өмір жолына
қатысты нәрселердің бәрі сол арқылы оған тән өңге ие болады:
алысырақ, биігірек, тереңірек. Өткен мен қазіргі шындықтың
жай ғана айқындықтары емес, ақын өз толғануларында өмірге
сол қатынасты қайта түзейді, ал ол интеллектілік дамудың бары
сында және практикалық мүдделердің ықпалымен екінші қатарға
ығысады.
4. Маңыздың элементтерінің айқындықтарына сай маңызға ие
болған фактылар құрайтын осындай бүтіндік – бұл жай интеллекті
лік қатынас емес, зерденің немесе ойдың белгілі бір оқиғаның эле
менттеріне енгізгені емес, өмірлік қатынас. Маңыздылық өмірдің
өзінен өніп шығады. Егер өмірдің мәні ретінде бүтіндік сияқты
элементтердің маңызынан туатын арабайланысты атаса, онда по
эзия шығармасы мәнін маңыздың байланыстарын еркін жарату
жолымен көрсетеді. Оқиға өмірдің символына (рәмізіне?) айнала ды. Бәрі де антропологиялық рефлексиядан соң – ағартушылық, өмірдің өзінің экспликациясы (сыртқылық түрге ауысуы – Қ.Ә), яғни, олай болса, поэзия. Бақылау мен пайымның жете алмай тын өмір тұңғиықтары жарық дүниеге шығарылады. Ақындағы шабыттылық осылай пайда болады. Поэзияның шекарасы өмірді түсінудің әдістемесінің онда жоқ екендігінде. Онда өмір құбылыстары өзара байланысқа келтіріліп тәртіптелмеген. Поэзияның қуатының өзі оқиғаның өмірге тіке лей қатынасты екендігінде, сондықтан да поэзия өмірдің тікелей көрінісі; сонымен бірге поэзия [өмірлік] маңыздылыққа көзге көрінетіндей оқиғалық түр беретін еркін шығармашылық. Өмір уақытты объективтендіру ретінде, өмір уақыт пен әрекеттің қатынастарына сай ұйымдастыру түрінде түсінілгенде біз оны тарих дейміз. Ол ешқауытта аяқтала алмайтын бүтіндік. Жәдігерлерде бар нәрселердің негізінде тарихшы әрекеттердің арабайланыстарын, оқиғалардың барысын айқындайды. Оның міндеті оқиғалардың барысын саналы түрде түсінуге әкелу. Сонымен, элементтің маңызы мұнда оның бүтіндікке қатынасымен анықталады, бірақ бүтіндік мұнда өмірдің объектив тенгендігі деп қаралады, яғни сол қатынас арқылы түсініледі. Құндылықтар Құндылықтар әлемінің үнемі кең өріс алып отыратыны – рухани өміріміздің айнымас фактісі. Бұл факт тірі жандардың нәрселердің сипатын құндылық ретінде көрсететін қатынасын бейнелейді. Ендеше, құндылық о бастан нысандар туралы ойлауға қызмет ететін жолда түзелетін ұғымдар сияқты өнім емес. Егер құндылық бір жағынан әрекеттің жолын айғақтаса, ал екінші жағынан нысандық қатынастарға енген болса ғана сондай өнім бола алады. Құндылықтарды бағалау жөнінде де жағдай осындай. Әрекеттің жолы ретінде бағалау нысанды тану қызметіне тәуелсіз. «Құндылық сезім» деген сөз тіркесі де осы мағынада қайта ойла стырылуы керек. Құндылық – айтылған әрекет тәсілінің абсрак тылы көрінісі. Құндылықтар көбінесе психологиялық жолмен шығарылады. Бұл психологиядағы үстем болып отырған дедук тивтік тәсілге тура келеді. Бірақ бұл тәсілдің мәні күмәнді, өйткені ол нені құндылық деп есептеу керек деген және құндылықтар арасындағы оларды бір-бірінен шығару қатынасының қалай
орныққаны туралы бастапқы психологиялық көзқарас тұрғысына тәуелді. Оларды трансцендентальдық жолмен шығару да соншалықты қате, өйткені ол шартсыз құндылықтарды салыстыр малы құндылықтарға қарама-қарсы қояды. Мұндағы әдіс тіпті басқа болуы тиіс. Кез келген құндылыққа емеуріні бар тіркесті алып, содан барлық құндылықтарды айқындау қажет. Тек содан кейін ғана болып отырған әрекет жолы туралы мәселе қоюға бо лады. Өмірдің өзі бір-бірін ауыстырып жататын жағымды және жағымсыз әрекеттер түрінде, ұмтылыстарда, рахаттануда, құптауда, қанағаттандыруда (мұқтаждықтарды) көрініс таба ды. Ұзақ уақытқа жасалған бұйымдар еске түсірулердегі туған сезімдердің мағынасының куәсіне айналып, әртүрлі мүмкін жан толғаныстарын паш етіп тұрады. Ойлау өзінде жанды осындай нысандармен қатыстырады; аңдау (созерцание) мен құндылық ұғымы осылай пайда болады. Аффектіленген (сезімдер билеген) субъектімен ерекше байланыс болғандықтан әрі ол байланыс заттардың өзіндік қасиеттерінен аулақ болғандықтан құндылық заттардың қасиетінен өзгеше әрқашан өмірде басқа бір орынға ие. Өмірдің дамуымен қатар жанды сезімге бөлеуді мүмкін ететін нысандар саналуан бола береді. Тікелей зәруліктің аффектілерін (құмарлықтарын – Қ.Ә.) еске түсірулер ығыстыра береді. Туындап және өшіп жататын аффектілерден құндылық бірте-бірте тәуелсіз бола бастайды. Бар нысандармен қоса бұл ұғым өткенде болған бір ғана мүмкіндіктер қосындысын өзіне кіргізе алады. Мақсатқа сәйкес ырықтың құндылықтарды бағалайтын практикалық қатынастарынан әуелі құндылықтарды бір-бірімен салыстыру пай да болады, ал оның барысында игілік немесе мақсат бола алатын құндылық келешекпен ұштасады. Мұнда – енді құндылық ұғыммен теңдес деңгейдегі жаңа бір дербестікке ие болады: ырықпен ұштастырылғандықтан босанған кезде де құндылық өзінің осы дербестігінде өмір сүре бере алады. Құндылық ұғымының біртебірте дамуына толғанудың ықпалы осындай. Сөз осы ықпалдың бір тарихи сатыға ұласқандығы жөнінде емес, оны талдау (ана лиз) жолымен бөліп алып қарау туралы болып отырғанын тағы да ескертіп отырмыз. Меннің өзінің өзіне бойлауы, өзін өзі ойластыруынан кейін оның өзін нысанға айналдыру мүмкіндігі туады және оны мүмкіндіктердің иесі ретінде пайдаланып, басқаларға ләззаттанудың нысаны түрінде көрсетуге болады. Осындай тепе-теңдікте ол пайдалы болу
мүмкіндіктерге толы басқа да нәрселер сияқты болып шығады, бұл оның өмір сүретіндігін, әрекет ететіндігін айтпағанның өзінде де солай. Дегенмен, тіпті саналуан түрде өзін өзі сезінетін мән өзіне өзі нысан болған жерде де, өзін өзіне нысан еткен жердің өзінде де тұлғаның өзі өздігінен бағалылығы туралы ерекше түсінік пайда болады, өйткені өзінің тудырған нәрселерінің бәрін де қамтитын әрі сол әрекетпен ләззат табатын өздіктің сезімі әрекет ете бастай ды. Өзінің өздігінде бағалы екендігін таныған тұлға өзінің өздігінен ләззат алуды білмейтін басқа дүниенің бәрінен оқшауланады. Қайта өрлеу дәуірінде ұсынылған монада ұғымының мәнісі осында, онда зат, ләззат, құндылық, жетілген – бәрі де бірлікте. Неміс филосо фиясына Лейбниц осы ұғымды енгізді, оны ол өзін кернеген күшті сезіммен қуаттандырды. Құндылық ұғымының басқаша даму жолын түсіну іске асы рады. Мұнда шын өмірдің өзіне тән күш – индивидтің бізге ете тін ықпалының күші түпкі нәрсе. Түсіндірудің өзі біздің басқа кісіні түсінуімізге сәйкес түзілетіні сияқты мұнда құндылықты аңдау мен оның ұғымының одан әрі жанның аффектілерінен ажы рауы да тап солай өтеді. Олар мұнда тек қайта жаңғырып қана емес, басқа субъектімен қатынастылықта ғой. Бұдан шығатыны – мұнда аффектілердің қозу мүмкіндігі мен осы мүмкіндікке ие субъектінің өзін өзі түсінуінің арақатынасы әлдеқайда анық түсініледі. Тұлғаның өзі өздігіндегі бағалылығы оның сыртқы нысандылығында, бүкіл әлеммен барлық қатынастылығындағы байсалды объективтілігінде толық көрінеді. Мұнда тарихи алшақтылықпен ғана тұңғыш жеңілетін бір шек әлі де сақталады. Мұндай түсінуде сыртқы күштің әсерімен өзімен салыстыру, өзіне сүйсіну, көре алмаушылық, қызғаныш, тарығу аралас; ал өткенді бағалауға қажетті алыстық әлі жоқ. Құндылық – ұғымның көмегімен іске асқан нысандық сипат тама. Өмір онда сөнген. Бірақ, өмірмен тамырластығын құндылық жоғалтпаған. Құндылықтық ұғымы қалыптасқаннан кейін ол өмірге қатынасының арқасында өмірдегі бөлектенген, күңгірт те әрі ағымды нәрсені ұстай алғандықтан белгілі бір күшке айнала ды. Құндылықтар тарихта ашылатындықтан, ал құндылықтың түйсінулері (интуиции) құжаттарда көрініс табатындықтан олардың өмірге қатынасы толғанушылық арқылы ондағы бар нәрселермен қайта жаңғыртылады.
Бүтін және оның элементтері
Уақыт ағымында өтіп жататын және кеңістіктегі қатар өмір
кешуде ажырасатын бүтіндіктің бөліктерге қатынасына сай өмір
категорияларға жіктеледі. Тарих та өмірдің уақыт ағымында не
месе бір уақытта іске асуы болғандықтан категориялық тұрғыдан
қаралып, одан әрі элементтердің бүтінге қатынасына қарай жікте
ле алады. Тарихты да тыныштықта тұрған және субъектілермен
сырттай танылатын заттарға ұқсатуға болмайды; мұндай заттар
тек тұлғаға, өмірге қатыстылығында ғана бір бүтіндікті құрай ала
ды, өйткені олар өмір процесіне тартылған, онсыз олар пайда бола
алмайды: оларды бір-біріне қатынас байланыстырмайды. Тарихта
бәрі де мүлдем басқа! Жаратылыстанулық көзқарастың тұрғысынан
әрбір форманы жаратушылық денелердің селқос қозғалысы ғана,
ал қозғалыс пен денелер, олардың заңдас қатынастары уақытқа
бағынбайды. Керісінше, өмірдің барлық формалары элементтің
бүтіндікке белгілі бір қатынасына ие, сондықтан да оның форма
жаратулары ешқашанда селқос емес, өйткені олар т.т.
Осы тиістілік (бүтінге) әр түрлі өмірлік қатынастарда ашылып
жатады және әрқайсысында әр түрлі.
Даму, мән және басқа категориялар
Мұнда жаңадан екі категория пайда болады. Өмір және өмірлік
процесс арабайланыстардың жинағы болып есептеледі. Бұл байла
ныстар бұрынғы толғанулардың негізінде үнемі жаңа толғаныстарға
ұласу арқылы туындайды, сондықтан мен оларды жанның табы
лып қосылған арабайланыстары деп атаймын. Олардың форма
лары да сондай. Қаншалықты өзгермелі болса да бұл процесстің
табиғатының нәтижесі – арабайланыстардың белгілі бір ұзақтығы
және үздіксіздігі. Бүткіл рухани өмірге тән осы қалыпты мен мән
(сущность – Қ.Ә.) категориясы деп белгілеймін. Екінші жағынан,
мән үнемі өзгеріп отырады. Сыртқы ықпалдардан болатын біре
гей өмірлік арабайланыстағы өзгерістің өзі осы арабайланыстың
өзімен анықталатындығы осының өзінен көрініп тұр. Кез келген
өмірлік процесстің сипаты осылай туындайды. Мұны ешбір рия
сыз мойындау қажет. Бірте-бірте сатылы даму туралы қандай да
болмасын теоремадан бас тарту керек.
Бәрінде де көрініс табатын бұл қандай процесс? Жеке өмір
сүрудің, оның кез келген қалпының өзгеше айқындығы оның
аяқталатын шегін өзінде ұстайды. Мұндай шектерді кеңістік шек
терден ажырата білу керек. Оның табиғаты рухта. Жеке өмір сүру
– бұл жеке өзгешелік (индивидуальность – Қ.Ә.). Осы шектен
барып тарығушылық, одан құтылуға ұмтылушылық туындайды.
Шектіліктің трагедиясы әрі одан асуға талпынудың сыры осында.
Сырттай тек әлемнің субъектіге ететін қысымы түрінде ашылады.
Ол қысым қатынастардың күшімен және жанның табиғатымен іл
герілеуді қиындатуға дейін күшейтілуі мүмкін. Дегенмен көбінесе
шектеулі жан жаңа жағдайлардың және адамдарға басқа да
қатынастардың қысымын жеңуге қабілетті болып шығады. Әрбір
жаңа қалып өз ішінде шектелгендіктен онда да тәуелділікпен ту
ындайтын тап сол билікке ырық, ішкі шекарадан өрбитін тап сол
ішкі еркіндікке ұмтылу пайда болады. Мұның барлығын да, бірақ,
белгілі бір ұзақтықта өмір кешетін жеке өмір сүрудің ерекшелігін
де және жаңадан табылған арабайланысында көрінетін оның ішкі
қуаты мен ішкі шекарасы бірлікте ұстайды. Сонымен бәрінде де тап
осы мән ықпалды. Бәрінен де мүмкіндіктердің белгілі бір шегі бар,
сонда да болса соларды таңдау еркіндігі бар және сонымен бірге
өз болмысыңды үнемі жаңа бір мүмкіндіктерді іске асыруға және
ілгерілей алуға жол ашықтай бір керемет сезім пайда болады. Өмір
процесіндегі өзгерістердің үздіксіз прогрес жолын анықтайтын
осы ішкі өзгеше арабайланысты мен даму деп атаймын.
Үнемі жаңа сатыларға көтерілу прогресі хақындағы ой
жүзіндегі қиялданулардан бұл ұғым тіпті басқаша. Мүмкін оған
субъектінің айқындығының оқшаулануының өсуі т.т. кіретін болар.
Бірақ биік маңызды іске асырмаса өмір процесі тіршіліктің төменгі
формаларындағыдай туған сәтінен вегетациалық өсу, толысу және
ыдыраудан өтетін табиғи негізінде ғана қалып қоюы мүмкін. Өмір
процесі өшуге ерте ойысуы да, ақырына дейін өрлеуі де мүмкін.
ІV. Өмірбаян (биография)
1. Өмірбаянның ғылыми сипаты
Өмірбаянның ғылыми сипаты жөнінде тарихшылардың пікір
лері әр түрлі. Өмірбаян тарих ғылымына оның бір құрамды бөлігі
ретінде кіре ме немесе рух туралы ғылымдар арабайланысында
дербес өзіндік орын алатындықтан ғылымнан тыс па деген шын
мәнінде терминдік мағынадағы сұрақ; оған жауап «тарих ғылымы»
дегенге қандай мазмұн беруге байланысты. Бірақ, өмірбаян
жөніндегі кез келген пікірталастың түпкі мәні гносеологиялық
немесе методологиялық проблемада: өмірбаян ғылыми сауалдың жалпыға бірдей мәні бар шешімі бола ала ма? Мен тарихтың ны саны бізге өмірдің объективтенгендерінің тұтас жинағы түрінде беріледі дегеннен шығамын: табиғаттағы өзарабайланыстарға шапшаң да өткінші қимыл ишараттар мен жоғалып жататын ауызша айтылған сөздерден бастап өшпейтін поэзия туындыларына дейінгі рух өмірінің көріністері енеді, ал табиғатты және өзімізді тәртіпке келтіруге өздеріміздің өмір кешіп жататын құқық пен ұстанымдар реті де кіреді. Олар рухтың сырттай болмысы. Өмірбаянның не гізгі сүйеніші болып жүретін құжаттар – тұлғаның әрекеттері мен көріністерін сақтайтын қалдықтар. Олардың ішінде хаттар мен куәландырулар айрықша орынға ие. Өмірбаянның міндеті – жеке адамның ортадан келетін ықпал мен оған қайта әрекетінің ара байланысын осындай құжаттардан түсіну. Қандай да болмасын тарих әрекеттердің өзара байланыстарын түсіну қажет. Тарихшы неғұрлым жеке арабайланыстарды жіктеп, олардың өміріне терең бойлаған сайын солғұрлым ол тарих әлемінің құрылымына терең ене алады. Бүкіл тарихтың өн бойын алып жататын дін, көркемөнер, мемлекет, саяси және діни ұйымдар осындай арабайланыстарды құрайды. Олардың арасындағы ең түпкі негізгі арабайланыс – бел гілі ортаның ықпалындағы және оған өзі де ықпал етіп жататын жеке адамның өмірі. Еске түсірудің өзінде осы қатынас берілген: өз өмірінің үдерісі, оның жағдайлары, әрекеттері. Тап осы жерде біз тарихтың түпкі түбірін табамыз. Тарихтың өзіндік категориялары содан өніп шығады ғой. Өмірдің үдерісі өзінің баяндылығында өздікпен танылатындықтан өмірдің барлық сәттері негізін өздік (самость – Қ.Ә.) катего риясынан табады. Үздіктілік байланыстылықта болғандықтан үздіксіздікке ұласады, еске түсірулерді бір қатарда тізе отырып, – балалық кез бен дүниеге қарсы өзінің тұрақты қалыптасқан, өзіне бойлаған жан жүйесін бекітетін ересек адамның естеліктері не дейін, – біз белгілі бір түрде әрекет пен қалыптасып үлгерген және өз ішінде өздігінде дамитынның оған кері ықпалының арақатынасын аңдаймыз. Тұлғаға әсер ететін сыртқы оқиғалардың ол үшін әрекеттік бағасы бар. Тұлғаның жеке қалыптары және оған етілетін әсерлер өмірлік процесстерге және ондағы қалыптасып жатқандарға өз маңызын түзейді. Өз өмірбаяны (автобиография) – бұл жеке адамның өз өмір үдерісі туралы ойластыруы, оны әдеби түрде көрсету. Бірақ өз өмірі туралы ойластыру басқа адамның өмірін түсінуге көшкенде басқаның өмірін түсінудің әдеби форма сы ретінде биография пайда болады.
Кез келген өмір – кішкентай адамның ба, көрнектінің бе,
күнделікті күйбең бе, керемет пе, – баяндаудың нысаны бола
алады. Осындай баяндауға деген әуестік әр түрлі пиғылдардан
тууы мүмкін. От басында отбасылық еске түсірулер сақталады.
Криминалистік (қылмыстық құқық – Қ.Ә.) және оның теорияла
ры қылмыскердің, психиатрия саласы – жаны сырқат адамның,
– өмірін сипаттауға тырысады. Барлық адамдықтың көріністері
құжатқа айналып, олар біздің болмысымыздың бір қырларын
өзекті етеді. Әсіресе, өмірі ұзақ замандарда ықпалын жоймай
тын тарихи маңызды тұлғаның биографиясы өнердің нысанына
айналғаны заңды. Осындай тарихи маңызды адамдардың ішінде
өмірбаяншылардың назарына ықпалы адамдық болмыстың ең
тұңғиығына жетуге, ең қиын қойнауларына өте алғандығына бай
ланысты кісілер, адам өміріне неғұрлым терең бойлай алғандардың
қайталанбас өзіндік кейпі ілінгені лайық.
Тарих
әлемінің
күрделі
арабайланыстарын
түсінудегі
өмірбаянның өшпес маңызын қалай теріске шығаруға болады? Адам
табиғатының тұңғиықтары мен тарихи өмірге бүкілжалпылық си
пат берудің арасындағы байланыс, тарихтың кез келген нүктесінен
ашылып жататын байланыс айқын ғой. Мұндағы түпкі нәрсе
өмірдің өзі мен тарихтың арасындағы байланыс. Сондықтан да біз
қойған мәселенің шешілуі өзекті: өмірбаян қалай мүмкін?
Тарихи тұлғаның өмірі – бұл әрекеттер жүйесі, оның шеңберінде
жеке адам тарих әлемінің ықпалында болады, солармен қалыптасады
және сол тарихи әлемге өзі де ықпалын тигізеді. Өмірлік ықпалдасу
деген осы, содан ғана жеке адамға ықпалдар туындайды және
өмірдің өзі де қалыптасқан жеке адамның ықпалында бола ала
ды. Ғылыми түрде түзелетін өмірбаянның мүмкіндігі тап осыдан
тамыр алады. Жеке адам тарих күштерінің шексіз ойынына сырт
тай қарсы тұрған жоқ; керісінше, мемлекет, дін, ғылым, қысқаша
айтқанда, оның өмірінің жүйесі немесе арабайланысы. Ол жүйенің
ішкі құрылымы жеке адамның өз қалауынша түзілген; ол оның
әрекеттерінің бағытымен қалыптасады және анықталады: осы
ішкі құрылымдағы мүмкіндіктер белгілі бір ақиқаттық сәтте тари
хи өзгерістерді анықтайды. Егер Шлейермахердің өмір жолына көз
жүгіртсек, онда оның өмірбаяны саналуан қылықтарда жоғалып
кететін сияқты көрінеді. Бірақ оған анығырақ үңілсек, бұл кісінің
қатардағыдан биіктігін, оның дінді, философияны, сыншылдықты,
Платонды да, пайғамбар Апостолды да қайта түсінуді, оның шір
кеулік және мемлекеттік істерін қамтитын әрекеттерінің арабайла
нысынан көруге болады. Адамның өмірі мен іс-әрекетінен жоғары
көтеріле алған, оны өзінің нысанына айналдыра білген толғану
мен түсінудің құдіреті, адамды тағдырлардан, тарығулардан, жал
пы әлемнен биіктететін жандағы асқақ сананың үстемдігіне негіз делген құдірет... 1. Өмірбаян көркем шығарма ретінде Өз өмірінің баяны – ол өзін өзі түсіну. Тек осында ғана өмір жеке бір адамның өмір ағымы ретінде нысанға айналады. Тек осында ғана жеке адамның өмірінің мағынасын айқындаумен бай ланысты толғану түсінудің үнемі әрі тікелей негізі болып тұрады. Үнемі қазіргіде өтетін толғану өзіне жанның жаңадан ие болған ара байланыстарына жататын кейбір элементтерін кіргізген өткендегі арабайланысты бастан кешіреді. Онда бір сәттің ауқымында жаңадан толғанылатын элементтер де, тек еске түсірілген эле менттер де әрекеттің арабайланысының бөліктері болып шығады. Бірақ әрекеттің құрылымы әрекеттердің жүйесі емес, кез келген әрекетке тән белгілі бір мақсат шығарып өзін келешекке жоба ретінде бағыштайтын сана болып шығады. Мақсат қана әрекеттің арабайланысын анықтайды, өйткені тіпті құмарлықтың өзінде де мақсат бар. Сонымен әрекеттің арабайланысы ең алдымен көпшілігі дерлік саналы түрде болатын мақсаттарды іске асыру түрінде толғанылады. Оларға құрал түріндегі өзгерудің және толғанудың объектілері бағынады. Мақсаттардың арқасында әртүрлі мақсаттар мен құралдарды біріктіретін өмірдің жоспары қалыптасады. Мұның барлығы да, өмірлік жоспардың қалыптасуы да, қазіргіні өткеннің мұқтаждықтары және қиялдарымен т.т. толықтыратын құндылықтың санасы да қазіргінің аясында өтеді. Сонын мен, қазіргінің мағынасын категориялық түрде ұғыну өткенде қалыптасқан мағынаға қарама-қарсы тұр. Онда сыртқы жеке оқиғалар бір ішкі нәрсемен тоғысқан, бірақ сол жеке оқиғалардың құрылымындағы ішкі нәрсе сол қатардың соңғы мүшесі емес, орталық нүктеде шоғырланған, сол нүктеде барлық сыртқы нәрселер ішкімен тоғысады. Ішкі мәні бар әрекеттердің шексіз қатары осындай. Бірлік тұңғыш осында жасалған. Түсінуге бел гілі бір сыртқы жағдайларда қол жетеді. Ол үнемі адамның соңғы деміне дейін іске асады, оның шекарасы тек қалған нәрселермен анықталады. Өмірбаянның өз өмірбаянынан (автобиографиядан) артықшылығы осында. Өмірбаян сыртқы жағдайларды түсінуге пайдаланылуы мүмкін, соның ішінде өмірлік жоспарды да, оның мәнін де қосқанда. Хаттар кісінің белгілі бір жағдайларға берген бағасын ашады, басқа бір құжаттар оның өткенінің жеке сәттерінің маңызын көрсетеді. Түсінуге апаратын бірегей арабайланыс құрылады:
адамның дарындылығы түсініледі, басқалар оны сапасында қабылдайды; өмірбаян өмірдің жағдайларына, адасушылықтарына, тарығушылықтарына көңіл бөлмейді немесе ортаның ықпалын әсіре бағалайды; ол сырттан берілген міндеттерді қабылдайды, ал оны шешу я игілікке, я жамандыққа әкеледі. Мұның артықшылығы: өмірбаян материалда сыртқы мен ішкінің, сыртқы жағдайлар мен ішкі мәннің қабысуын іздейді; өз өмірбаяны сол қабысудың өзі ту ралы айтады. Мысалы, Гетенің өз өмірбаяны жөніндегі прозасы осындай (менің түсінуімше). Ал өмірбаяншыда тарихи ықпалдың, оның шектерінің санасы т.т. бар. Хаттар өмірдің кейбір сәттерін айқындайды. Олар ең алды мен кімге бағышталса, соған әсер етеді. Ол белгілі бір өмірлік қатынастарды көрсетеді, бір кез келген өмірлік қатынас белгілі бір қырында ғана қаралады. Бірақ, егер өмір аяқталды ма, жоқ па, та рихи бір маңыздылыққа ие бола алды ма, жоқ па, оған қарамастан осыдан бастап-ақ өзінің мәніне сай бағалана алатын болса, онда тек бар құжаттар талдаудың көмегімен өткенмен айналасының ықпалымен, келешекке ететін әсерімен байланысы қаншалықты ашылатынына қарай ғана ол іске аса алады. Ондай құжаттар жеке адамды жігерлі қадамдардың иесі, соларды қабылдаушы әрі іске асырушы ретінде түсінуге мүмкіндік береді. Дегенмен тарихи арабайланыстардағы өмірдің маңызы туралы мәселе, егерде бүкіл жалпы арабайланыстардан жеке адамды бөліп алып түсіну жалпы мүмкін болса, тек қойылған деңгейде ғана... Сонымен, белгілі бір тарихи кезеңге бойламай көркем шығарма ретінде өмірбаян бұл міндетті орындай алмайды. Соған байланысты түпкі көзқарас өзгереді. Егер жеке адам ды түсіндіру оны өзінің өзіне ғана негізделгендігі деп қаралса, онда өмірбаяншы да оны өзі өзінің нысаны деп көрсетеді. Өмірбаян көркем шығарма ретінде жеке адамды арабайланыстар мен әрекеттердің орталығы ете отырып соған сай бүкіләлемдік кеңістікте көрсетуі керек: бұл міндетті кез келген өмірбаян тек белгілі бір деңгейде ғана шеше алады. Бір жағынан өмірбаян объективтік арабайланысты оның салалуан күштерімен бірге, ол арабайланыстың тарихи өзгеше айқындығын, сол айқындықтың құндылықтарын, маңыздың арабайланыстарын табуы тиіс: қашанда оның шексіздігі, әр тарапқа кеңею мүмкіндіктері қаперде болып, сонымен бірге солардың барлығының тоғысатын түйіні жеке адам екенін белгілеу қажет. Бұдан шығатын қорытынды – өмірбаянның көркемдік формасы тек тарихи тұлғаларға ғана қатысты бола ала ды. Өйткені тек соларда ғана осындай тарихи түйін бола алатын дай қуат бар ғой.
Өмірбаяншыларда болатын көзқарастың екі ұдайылығына қатысты туатын қиындықты алаңсыз жою мүмкін емес. Тарихи баяндауларда өмірбаянның рөлі үнемі артып келеді. Өмірбаян романдармен дайындалған болатын. Өмірбаянның маңыздылығын тұңғыш толық мәнінде көре білген, бәлкім, Кар лейль болар. Оның сілтемесі бойынша Ранкеге дейінгі тарих мектебі қойған проблеманың қиындығы тарихи баяндау үшін өмірдің соншалықты жан-жақты екендігіне қатысты. Тап осы баяндау тарихты тұтастық ретінде көрсетуі тиіс. Тарихтың бағалылығы туралы ақырғы мәселелердің барлығы да адамның өзін өзі танитындығында шешіледі. Біз адамның табиғатын интроспекцияның көмегімен тани алмаймыз. Ницшенің адам айтқысыз адасушылығы осында. Сондықтан да ол тарихтың маңызын түсіне алған жоқ. Тарихтың міндеттерін бүкілжалпылық мағынасында алға қою Гегельдің фи лософиясында іштей бар. Табиғи халықтардың бейтарихтық өмірін зерттеуден көрі оған осы міндет жақын болып шықты. Ондай халықтарға тән нәрсе – белгілі бір өмірлік мазмұнды үнемі біркел кілікте қайталай беру. Бүкіл тарихтың табиғи негізі осындай. Тари хи көрнекті адамдардың тарихын зерттеу тіпті басқа әдісті қажет ететіндіктен адамзаттың өмірінің шегі басқа жақтардан көріне бас тайды. Мінез-құлықтарды зерттеу солардың арасында. Осындай зерттеулердің бастаулары. Карлейльдің жазған өмірбаяндары, жеке мәдениеттердің негізін түсіндірген Якоб Бурхгарттың еңбектері, Маколейдің (ағайынды Гриммдер) мінез-құлықтарды саралаула ры еді. Көркем шығарма ретінде өмірбаян осындай негізде жаңа мәнге әрі жаңа мағынаға ие болды. Әйтседе, оның шегі де осында: бүкілжалпы қозғалыстар жеке адам арқылы өзінің бір транзиттік өткінші нүктесі ретінде өтеді; оларды түсіну үшін бізге жаңа негіздер, жеке адамға ғана келіп тірелмейтін негіздер табу қажет. Өмірбаян өзі өздігінде ғылыми көркем шығармаға айнала алмайды. Жеке адам өмірінде көрінбейтін жаңа категориялар, бейнелер және өмірдің формалары бар, соларға көңіл аудару қажет. Жеке адам әртүрлі мәдениеттер жүйесі мен ұйымдардың түйісу нүктесі, оның болмысы соны мен байланысқан: тек жеке адамнан шыға отырып оларды қалай түсінуге болады? В.Дильтей. Категория жизни //Вопросы философии. 1995. №10. С. 129-143.
ӘДЕБИ АРХИВТЕР ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ФИЛОСОФИЯ ТАРИХЫН ЗЕРДЕЛЕУдегі МАҢЫЗЫ1 Бұл мақала философия тарихымен және жалпы ғылыми қозғалыстар тарихымен айналысатын мамандардың назарын көптен беруі ойластырып, қатынасушылардың тар ғана шеңберіне жуырда ғана мен ұсынған бір жоспарға аударуды мақсат тұтады2. Гуманизм мен Реформация уақытынан бері Алмания дүниеге келтірген әйгілі рухани қызметкерлерінің қолжазбалары көпшілігінде оларға деген немқұрайды қатынастың нәтижесінде құрып тынды. Олардың қалған-құтқандары бүкіл Алмания бойынша шашырап, көпшілік кітапханалардың немесе жекеле ген адамдардың иемденуінде жайғасуда. Жеке иемденудегілерінің үлкен санының мүлдем жоғалып кете ме деген қаупі бар. Істің мұндайлық жай-күйін төзу мүмкін емес. Бұның салдарынан кітапханаларға және басқа да көпшілік мекемелерге кездейсоқ ілі гуі арқасында құтқарылып қалмаған қолжазбалардың барлығының біртіндеп құрып кетпегі анық. Сонымен бірге мұндай ахуал әдебиет пен рухани өмір саласында нағыз тарихнаманың болуына мүмкіндік бермейді. Бүгіндері рухани қозғалыстар тарихын зерде леуші жақсы жүйелендірілген архивтерде қазіргі саяси тарих сала сы бойынша жұмыс істеп жатқан өз жолдасына еріксіз қызғаныш сезімімен қарайды. Мұндай архивтер әдебиет саласында да ке рек-ақ. Әдебиет деп біз бұдан әрі практикалық өмірге қызмет ететіннің шеңберінен асып, тілге тиек етуге келетін, демек өз мәнін тұрақты сақтайтын халық өмірі көріністерінің бәрін түсінетін бо ламыз. Сондықтан әдебиет поэзия мен философияны, тарих пен ғылымды өзінде тұтатын болады. Ең жалпы мағынасында мұндай архивтердің қажеттілігін (басқа бір жерде) талқыланғандықтан мен енді мұндай архивтердің философиялық тарихнама үшін де 1 Dіlthey Wіlhelm, Archіve der Lіteratur іn іhrer Bedeutung für das Studі um der Geschіchte der Phіlosophіe//Dіlthey W. Gesammelte Schrіften. Band. ІV. Leіpzіg und Berlіn, 1925. S. 555-575 (Archіv für Geschіchte der Phіloso phіe журналында, Band ІІ, S. 343-367, Deutsche Rundschau журналында, 1888-1889, Band ІІ, S. 342-357 басылған. – Шығармалары жинағының редакторының ескертпесі). 2 Бұл ой желістерінің сүйеніші болатын әдеби архивтердің жоспары неміс әдебиеті қоғамы жиналысының осы жылғы 16 қаңтарындағы ашылуында жасалған менің баяндамамда алғаш рет хабарланған болатын. Баяндама «Неміс шолуының» (1889) наурыздық шығарылымында жарияланған.
және дәл солай тұтас рухани қозғалыстар тарихнамасы үшін де қаншалықты маңызды болатындығын талқылаумен шектелемін. Жаңа философия тарихы үшін қолжазбалар құндылығының тек біртіндеп қана және тым баяу мойындалуы фактісі ең алды мен философия тарихына тым ұзақ уақыт үстем болып келген қатынаспен шарттасып жатыр. XVІІ-XVІІІ ғасырлардағы гуманистік дәуір еңбектерінен Арис тотель және оның мектебі негізін қалаған формадағы философияның жалпы тарихы, жекелеген философиялық пәндердің тарихы пай да болған кезде, сонда доксографиялық баяндаулар жекелеген философтардың өмірі туралы, жекелеген мектептік жүйелер тура лы баяндаулармен және мұндай өмірбаяндарды тұтастандырумен толығынан ығыстырылған еді. Диоген Лаэртский бұл өте қолайлы және сонымен бірге, қызықты жанр үшін үлгі болатын. Осы негізде біздер, немістер, философияның жалпы тарихын жасап шықтық. Өйткені Стэнли көне философияны ғана, тек соны ғана түп нұсқалы санап, қарастырумен шектеледі. Бейль Пьер өз тұрғысынан жеке леген философтардың өмірі мен ілімдері туралы, оларды тәуелсіз скептикалық сынға ала отырып, баяндағанымен, алайда ол үшін де жалпыәлемдік-тарихи өзара байланыс болмаған еді. Керісін ше, Яков Томазий, Брукер және Теннеман философияның жалпы тарихын жасап берді. Брукер әлі де Диоген Лаэртскийдің әдісіне жақын болатын да, оның түсінігіндегі жаңа философия тарихы ол өзі қазіргі философияның «геройлары» деп атап бір қатарға қойған ұлы адамдардың – Джордано Бруноның, Карданоның, Бэконның, Кампанелланың, Гоббстың, Декарттың, Лейбництің, Томазияның – өмірлері мен ілімдерінен тұратын (hіst. crіt. ІV. 2. p. 521). Бірақ ол да бұл баяндауды Жаңа уақыттағы жекелеген философиялық ғылымдар тарихымен толықтыруға мұқтаж болды, ал осы тарих оның шығармасының соңғы бөлігін құраған еді. Философияның жекелеген бөліктерін дамытқан философтар ішінде біз мұнда Лок кты, Спинозаны, Ньютонды, ал және Брукердің соншама құрмет тұтатын ХVІІІ ғасырдың неміс эклектиктерін де кездестіреміз. Жекелеген пәндердегі жүйеліленгенді тарихилықпен біріктіру осы эклектикалық мектеп философтарының академиялық мәнерін құрайтын-ды, ал олар үшін Томазий үлгі еді. Дегенменен философияның ғылыми тарихы тарих ғылымының бұл бөлігіне жаңа екі сәттің кірігуі кезінен ғана басталады.
Бірінші сәтті неміс философиясы мен ол жасаған әдеби әдіс құрайды. Кез келген шығарманы оның жасалуы, мақсат-мұраты және композициясы тұрғысынан талдауға, жоғалған шығарманы фрагменттері мен куәлілендірулерінен реконстркциялауға үйрену керек болатын. Шығармалардың әрбір автор басындағы өзара байланысын, әдеби қозғалыс шеңберіндегі шығармалардың не месе авторлардың қатынастарын әдістемелік дәлдікпен аша білуге үйрену керек болатын. Ал біздің күндерімізде бұл әдеби әдістің апогейін ескі және жаңа өсиеттік шығармаларды зерделегенде де дамытылған мына амал құрайды; ал бұл амалдың мәнісі компи ляторлар туындыларының ар жағынан оргиналдардың өшірілген мәтінін таба білу мен оқуда, баяу туындаған кітаптардан олардың арасындағы тігістерін, жетпейтін жерлерін және қайшылықтарын таба білуде және де олардың құрылысындағы қабаттарды айыра білуде жатыр. Философияның ғылыми тарихының пайда болуын жарыққа келтірген екінші сәт неміс тарихи ғылымы мен философия сы Винкельман заманынан бері біртіндеп жетілдірілген әдеби құбылыстарды өрлей дамудың өзара байланысына тәртіптеуде жа тыр. Жүйелер арасындағы ішкі өзара байланысты ашқан, олардың әрқайсысының адамзат дамуы үшін салыстырмалы маңызын анықтаған және философиялық ілімдер алмасуында ақиқатқа қарай жеңісті қозғалыстың барлығын растаған даму туралы бұл ілім – неміс рухының ерекше деген табыстарының біріне жатады. Тек біздің халқымыз ғана жоғарғы мағынасындағы тарихи сананы иеленеді. Бүгіндері, жұрттың көбісін таңқалдырып, Гегель фило софиясы эмпиристік Англияға әжептәуір әсер ете бастаған кезде, – бүгінгі ағылшындар үшін тап Гегель тарихи сананың көзі болып табылады, ал біздерде рух туралы ғылымдардың бәрі де тарихи санаға арқа сүйейтіні белгілі. Францияда Декарт, Англияда Бэкон, Гоббс және Локк антика заманы мен ортағасырлардан қазіргі кезге дейінгі интеллектуалдық дамудың рухани үздіксіздігін бұзған бола тын. Ал бізде, керісінше, антикалық пен христиандық рухтың бірлі гіне толығымен бас ұрған Меланхтон кезінен бастап, гимназиялар, университеттер мен ғылымдар осы бірлік рухында өмір сүріп кел ді. Одан кейін басқа бір ұлы praeceptor Germanіae – Лейбниц – бұл кең байтақ шеңберге қазіргі ғылымды енгізді. Антикалық заман мен христианшылдық Жаңа уақыттың механистік дүниетанымымен бір тұтас болып біріктірілді. Сөйтіп әмбабаптылық неміс ғылымының негізгі сипаттамасына айналды. Ал өмірдің рухани
бейнелерінің мұндай қосылысы сана тереңінде даму туралы ойға әкелуі тиіс еді, өйткені сана үшін бұл бейнелердің бірлігі тек да муда ғана орнықтырыла алады. Істің осы жағдаятынан Лейбницте мұндай ойдың қалай өскін беретінін көруге болады. «Теодицеяға» алғы сөздің өзінде-ақ Лессингтің «Адам тегінің тәрбиесі» ұрық түрінде жатыр ғой. Неміс рухының тарихи әмбебаптығы мен соған негізделген даму туралы ой кейіннен Винкельманның, Лессингтің, Гердердің, Изелиннің, Песталоццидің тарихи идеяла ры мен еңбектерінің іргетасына айналғаны белгілі. Білімнің бүкіл жиынтығында бұл ойдың ізін баққан Гегель, оған дәл солай фило софия тарихын да бағындырды. Егер де Гегель, өкініше орай, философиялық әдістердің дәл негіздемелерін ескермеген болса, онда келесі ұрпақ философия тарихының ғылыми қарастырылуы негіз табатын екі сәтті де бі регей байланыстыра алған еді. Философия сыни зерттейтін же келеген ұлы ойшылдардың даму тарихы тұп-тура философиялық ойдың өзара байланыстарын танудың негіздемесіне айналды. Сөйтіп философия тарихында біртіндеп бастапқы қойылған шек теулерден бас тартып, ол енді жалғыз тек ұлы философтар тарихы болудан қалады. Дегенменен де, егер біздің ғылыми ойымыз бен университеттік білім беруімізде философия тарихының соншалықты әйгілі орын алатыны анық болатын болса, онда бұл маңызды материалдың біздің тарихи санамызбен тереңірек өзара байланысқа келтірілуі тиіс деген мұқтаждық пайда болады. Философиялық жүйелер мәдениеттің бүкіл жиынтығынан пайда болып, өз кезегінде, оған кері әсер тигізеді. Мұны Ге гель түсінген болатын. Енді бұл өзара әсердің себептілік өзара байланыстың қандай тармақтары арқылы іске асатынын анықтап алу қажет. Мұндай міндетті Гегель өз алдына қоймаған еді. Ал оны орындау, яғни философтарды олардың жанды байланысындағы өзді орын-орнына қою бірден әдеби қарастыруды талап етеді; ал мұндай қарастыру бұл үдерістің қатынасушылары, олардың қарсыластары, сонымен бірге олардан әсер алған адамдар тура ды бүкіл бізге әлі де тиесілі білімнің негізінде себептілік өзара байланыстардың басын ашуы тиіс. Пор-Рояльдің тарихына байла нысты Сент-Бев, өркениет тарихының кейбір бөлімдерінде Бокль, ағылшын әдебиеті тарихының кейбір бөліктерін қарастыруда Тэн мұндай әдісті пайдаланудың тамаша үлгілерін көрсетеді. Дегенме нен де тарихи қозғалыстардың күші мен ауқымын анықтауда, дәл
солай Құдаи сөз, әдебиет, философия және позитивтік ғылымдар
арасындағы себептілік қатынастарды зерттегенде бұл жазушы
лар әлі де дереккөздер берген мүмкіндіктер жүзінде жеткілікті
әдіснауи іс атқара алмады. Францияға Декартты берген, ал со
дан кейін оның мектебінің әсері арқасында белгілі мөлшерде
француз рухын айшықтаған қозғалыс, барысында Бэкон, Гоббс
және Локк қатынасқан қозғалыс та, көптеген тұлғалардың бі
ріккен іс-әрекетінен тұрады. Тарихи ақиқат ортада – жекелеген
әйгілі тұлғалар арасында абстрактылы суыртпақтар жүргізетін
тарихнамадағы философиялық геройларға табыну мен Бокль
еңгізбек болған бұқаралық қозғалыстар негізінде демократиялық
түсіндірмелеу арасында жатыр, сондықтан да оны формула түрінде
өрнектеуге болмайды. Бұл ақиқатты тану, керісінше, арнайы тари
хи зерттеудің нәтижесі болып табылады.
Философия тарихы мен мәдени тарихтың осы өзара байланы
сын психологиялық тұрғыдан түсіндіріп беруге маған рұқсат етіл
се деймін.
Жанды өмірдің құрылымы жануи тұтастықтардың біріккен
әрекетінен пайда болатын барлық тарихи үрдістердің сұлбасын
және сол бір уақытта, арқауын да өзінде тұтады. Адам өмір сүретін
рухани атмосферадан оның алатын әсерлері туындайды, олар
оның жинақталған тәжірибесімен бірігеді де ой жүзінде өңделеді.
Біздің өмір сүруіміздің тамырында сезімдер мен ұмтылыстардың
көптілігі жатқандықтан, ал бұлар стихиялық күшпенен шындыққа
қарай талпыныста болады және шындықтың көмегімен оларды
қанағаттандыруға индивидуумның сақталуы, бақыты мен дамуы
да, дәл солай тектің сақталуы да тәуелді келеді, – сондықтан да
осылайша жасалып, ұмтылыстарға, арман-тілектерге және сезім
дерге толы адам үшін барлық заттар, тұлғалар, танылған табиғи
және өмірлік қатынастар оның өмірлік сезімінің, оның жанының
ұмтылыстар және аффектілер мотор есебінде индивидуалдық өмірді
өзіндік жай-күйлерімізді өмір жағдайларымен сәйкестендіретін,
еріктік үдерістер мен қозғалыстарды іске қосады.
Тұлғада орын тебетін бұл үдерістердің нақтылы бірлігі
әрқашан тарихи болып келеді. Белгілі бір дәуірдің мәдениеті бүкіл
тұтастыққа индивидуумдардың бір-біріне тигізетін әсері арқылы
таралатын осы құрылымдық өзара байланыстың осы тұтастық
ішінде құрылымның құрамдас бөліктері мен олардың арасындағы
байланыстардың, басқаша айтқанда, бақылау, ләззаттану және шығармашылық органдарының, дәл солайша іс-әрекеттің
мәнді әрі өзгермес әлдене ретінде өрнектелмейтіндігі анықталады. Адами дүниеде әрекет жасайтын күштер әрқашан біркелкі болғандықтан, тарихтың алғашқы жұмысының табиғатын оның кейініректегі және тарихи анығырақ кезеңдеріндегі сипатына сүйене отырып аша аламыз. Рас, бұл тарихи анығырақ дәуірлерде де әр түрлі салалардағы даму мөлдірлігінің дәрежесі де бірдей емес. Білімнің өсімін және ондағы өзгерістердің өркениетке әсерін тарихи дәл бейнелеуге болады. Дәл солай адам әрекетінің аспа бы ретіндегі өнертапқыштардың, өнердің, өмірлік тәртіптердің дамуын да айқындауға болады. Бірақ олардың арасында адам табиғатының өзегін құрайтын әлдене орын тебеді. Бұл өзек бізді және заттардың жалпы желісін басқаратын биліктік ұмтылыстар, адам жанының нәзік толқыныстары мен күйлері басында жекежеке әрекет жасап келіп, енді бір-бірімен қарым-қатынасқа түскен жерде; белгілі бір өмірлік жағдаяттарында, білім мен әрекеттің бар құралдарының белгілі бір күйінде өмірлік өзара байланыстар үшін олар маңызды құндылыққа ие болған жерде; олар шындықпен белгілі бір байланысқа түскен жерде пайда болады. Осылай тұлғаның мазмұнды бірлігі, өзегі пайда болады. Сөйтіп, барлық адам әрекетінің бұл жоғарғысы болып табылатын, сыртқы әсерлер және жинақталған тәжірибемен шарттасқан және де, өз ретінде, әрекеттердің өзі анықтайтын бірегей ерік те бізге ең басынан беріле салмаған, бірақ әдет-ғұрыптар мен тілдің, поэзия мен мифтің фор масын иеленетін еңбектің жемісі. Тұлға өзінің дәл осы өзегінде, көбіне метафизикалық сенім мен метафизикалық ғылымының әсері арқасында дамиды. Осылайша адамдардың өмірлік сезімін дегі ұлы өзгерістер философияның өзгерістерінде өз өрнегін таба ды. Философия тарихы адам жанының өмірлік айқындамаларының тізбегін көзге көрінетіндей қылып береді. Ол әдебиеттің, құдаи ілімнің және ғылымның жекелеген құбылыстарының тарихи ор нын тануға мүмкіндік береді. Өйткені философиялық ой қамтыған сананың әрбір жаңа айқындамасы, шындықтың ғылыми таны мында, сезімнің құндылықтық қондырғыларында және еріктік қылықтарда да, яғни өмірді меңгеру мен қоғамды басқаруда да, бірдей өрнектеледі. Бұл қағидалар шеңберінде философияның алға қарай баяу қозғалысы орын алатын себептілік өзара байланысты суреттейді. Егер философияны тек жеңіл-желпі тұрғыдан ғана суреттемей,
оны өмірлік күш ретінде түсінетін болсақ, онда тарих нақтылы
дәуірдің философиясынан әрі шатасып жатқан құбылысты біл
мейді. Соған орай бұл феноменді талдағанда барлық қосымша
құрал-жабдықтарды пайдалану керек және кеңес алу үшін кез
келген тарихи куәгерліктерге жүгіну керек. Адамның өмірлік ісі
неғұрлым ұлырақ болса, соғұрлым өз дәуірінің шаруашылығы,
адамгершілігі мен құқығының жер бетіндегі патшалығында оның
рухани еңбегі тереңірек тамырланатын болады, соғұрлым оның
өсуіне ықпал ететін жарық және жылумен алмасуы көп түрлі
және жанды болады. Мұндай незік, терең әрі шатасып жатқан
өзара байланыста тіпті қағаздың ең қажетсіз деген бір парағы да
себептілік танымның элементіне айнала алады. Тамамдалған кі
тап өз пайда болуының құпиясы туралы тым аз мәлімет береді.
Сұлбалар, эскиздер, алдын ала жасалған сызбалар, хаттар – тұлға
өмірінің тынысына қатынасының бәрі де, – суреттер де сияқты,
дайын картиналарға қарағанда көбірек айтып бере алады. Әрине
жүйелер тарихын, оларды пантографтың көмегімен кішірейтілген
түрде жаңғыртатындай қылып, белгілі кітаптар негізінде жазуға
болады. Мұндай тарих жүйелерді суреттеп, олардың формала
рын айшықтайды. Бірақ егер зерттеуші кітаптардан адамға қайта
оралып, оның өмірлік күшіне көз жеткізгісі және оның дамуын
танығысы келсе, онда оған сол дәуірдің бізге жеткен барлық
кітаптарының жиынтығы керек болған болар еді, – сөйтіп ол бел
гілі жазушылардан ұмытылғандарына бет бұратын, кітаптардың
бұл өзара байланысының барлық элементтерінің ізін бағатын,
ақырында, қозжазбаларға да көңіл бөлетін болады. Ал сонда
жөні дұрыс қолға түскен қағаздың әрбір парағының бізге нені
хөабарлайтынын алдын ала айтуға болмас еді.
Біздің уақытымызға, оның шындыққа деген сезіміне сай адам
тарихтың бұл саласының, басқа да салаларының секілді, негізін
құрайтын материя болып көрінеді. Сөйтіп бұл рух қозғалыстарына
жанасатын барлық негізгі елестерге өз әсерін тигізбей қоймайды.
Және де бұл өмірдің тікелей сырластық көріністерін – қолжазбалар
мен хаттарды – тым жоғары құндылыққа бөлейді.
Рухани қозғалыстың желісін біз оның көмегімен өлшейтін бір
лікті адамның тап өзінен іздеу керек. Рухани қозғалыстың ырғағы
тек сырт көзқарас үшін ғана біздер алғашында тарихилықты
соның көмегімен тәптіштейтін сағаттарды, айларды, жылдар
ды және онжылдықтарды санамалау жүйесінде жатқандайын
көрінеді. Сағат секундының уақыт өлшемінің психологиялық бір
лігіне қатынасына онжылдықтар мен жүзжылдықтардың тарихтың үлкен уақыт аралықтарындағы адам өмірінің уақытына немесе жасына қатынасы сәйкес келеді. Рухани қозғалыстар тарихының көрнекті өлшемінің табиғи бірлігі адам өмірі ағымының өзімен берілген. Біресе ұзаратын, біресе қысқаратын өмірлік сызықтарды графикалық бейнелеу тәжірибесін, қаншалықты мен білетіндейін, алғаш болып өзінің Chart of bіographyында жасаған физик әрі фи лософ Пристли еді. Поггендроф мұны дәл ғылымдар арихында (1835) өмірлік сызықтарды бейнелеу үшін қолданды. Дегенмен де бұл мысал, менің білуімше, лайықты жалғасын таппады. Маңызды-маңызды рухани қозғалыстар мен өзгерістердің мүмкін болар биологиялық өлшемінің уақыттық бірлігі ұрпақ болып табылады3. Ұрпақ туғаннан эволюциялық даму ағашында жаңа жылдық сақина басталатын жас шекарасына дейін созылып жатқан уақыт аралығының белгілемесі. Ұрпақ ұзақтылығы неке лесу әдет-ғұрпымен шарттас келеді. Әке мен балалар арасындағы жас айырмашылығы, егер мұнда отбасындағы ағалары мен қарындастарының орташа жасын алар болсақ, Германияда 36,5 жылға, Англияда – 35,5 жылға, Францияда – 34,5 жылға тең. Бір ғасыр тұтас алғанда, сонымен, үш ұрпақты қамтиды. Еуропаның біздің мәліметіміз бойынша бірінші ғылыми зерттеуші болған Фа лестен басталатын бүкіл интеллектуалдық тарихы барлық-жоғы 84 ұрпақты қамтиды екен. Схоластиканың соңғы гүл жаруынан біз 14 ұрпақтайға ғана ара қашықтықтамыз. Мұндай есептеулер рухани өзгерістер арасындағы реалдық өмірлік қашықтықтарды көрнекті елестету үшін өте пайдалы. Біздің әрқайсымыз өзінің ойлары мен сезімдерін әке-шешемізден айырып тұрған рухани қашықтықты сезінеміз және де, өз ретімізде, өз балаларымыздың біздің ойла рымыз бен сезімдерімізді қаншалықты түсінетінін әрі бөлісетінін басымыздан кешіре аламыз. Бұл рухани аңдауды біз тарихтағы ру хани өзгерістердің желісін аңғарғанда қолдана аламыз. Одан әрі ұрпақтар арасындағы қашықтықты бұлайша аңдауға өмір шыңына шыққан елу жастағы адам мен оқушы жас бала арасындағы қатынас қосылады – оларды өлшемдес уақыт аралығы бөліп тұрады. 3 Рухани қозғалыстардың тарихы үшін ұрпақ туралы осы негізгі түсініктің маңызын мен, нақтылы жағдаятқа байланысында, Новалис туралы мақаламда (Пруссиялық жылнама, 1865, 596-650 бб.) атап көрсеткенмін. Оны статистикалық тұрғыдан Рюмелин қарастырған (Сөздер мен мақалалар, 1875, 285 б. әрі қарай), ал Оттокар Лоренц («Тарихи ғылым туралы», 1886) оның тарихи салдарларын шығарып берді.
Рухани қозғалыстардағы уақыттың ішкі ағымын өлшеуге көмектесетін сол ұғым бір уақыттылыны нақтылы әрі реалистік түсінуге қызмет жасайды. Бір-бірімен бір уақытта өскен, жастық шағын бірге өткізген және ер жете келе бір-бірімен ынтымақтаса қызмет еткен адамдарды біз бір ұрпаққа жатқызамыз. Бұл тұлғалар қабылдауға қабілетті жасында біркелкі ұлы оқиғалар әсерін бастан кешкендіктен, бұл әсерлердің күші мен тазалығының әртүрлілігіне қарамастан олар біртекті тұтастықты құрайды. Ағайынды Шле гельдер, Шлейермахер, Гегель, Новалис, Гельдерлин, Вакенродер, Тик және Шеллинг осындай ұрпаққа жатады. Егер осындай негіз гі түсініктерге сүйенсек, онда дәуірдің жанды көрінісі көз алдыңа келеді – бір-бірімен қатарласа құрбы-құрдастар – бір ұрпақтың адамдары өмір сүреді, осында аға ұрпақ та өз орнын тебеді әрі жас ұрпақ өсіп жетіледі. Жекелеген тұлға, өмір жасы және ұрпақ туралы не гізгі түсініктерден рухани қозғалыстар тарихы үшін пай да болатын нақтылы жанды қатынастар әрдайым кез келген сырластық-өмірлік көріністерді қарастыруды талап етеді. Рухани қозғалыстарды қарастырудың негізіне жекелеген адамның өмір жолы қойылатын болғандықтан, өмірбаяндық және эволюциялықтарихи материалдарға деген мұқтаждық әрқашан орын ала ды. Қарастырудың мұндай тәсілі өзінің өміршеңдігін және толыққандылығын қолжазбалар арқылы иеленеді. Келесі қадам жекелеген маңызды тұлғаны эволюциялық-та рихи тұрғыдан қарастыруда жатыр. Бұл өмірбаяндық мәселенің шешімі маңызы және күрделілігі бойынша ең ірі тарихи мәселеден кем түспейді. Өйткені кез келген тарихтың негізгі элементі тап осы өмірбаянда танылады. Қолжазбалар жоқ жерде психологияның және данышпан өткір ойдың барлық жетістіктері жеткіліксіздік білдіреді. Куәгер болатын әрі өмірге толы шындықты сақтайтын сұлбалар мен хаттар болмайынша, автордың шығармалары мен рухы арасындағы байланыстарды тиянақтау гипотетикалық әрі өміршең емес қана болар еді. Ұлы ойшылдың немесе жазушының архивтік жинағынан керектіні ала алатын жерде – тарихтың же келеген фрагментінің біздің қолымыз тек жетер ғана дейтін ең жетілген бейнесі туындайды. Өйткені кітаптың шыншылдығы, ойдың мөлдірлігі және оған қоса жазба түрде өрнектелген беріл ген тарихи үдерістің барлық мәнді бөліктері, – осылардың бәрі біріге әсерлесіп,тарих фрагменттеріне тек оған тән ғылыми аяқталғандық береді. – Мұнда да басты тұлға айналысында дәл солай біріге әрекет жасаушы заманластары топтасады: абыройлы
аға ұрпақ және аға ұрпақтың әсерін қабылдаушы әрі күшіне еніп
келе жатқан жас ұрпақ. Бүкіл осы қатынастар өзінің түгесілген
реалдылығында хаттар мен құжаттар ар жағынан тұлғаның демін
сезген адам алдында ғана тұра алады.
Рухани қозғалыстардың тарихнамасы тұтасында осындай
монографияларда өз сүйенішін табуы тиіс. Егер де ол енді бұл
аумақты есепті шешу алдында тұрса, онда қозғалыс бөліктері
арасында сандық қатынастар орнықтырылуы тиіс. Сонымен бірге
ғылыми бағыттардың күші мен кеңдігін, олардың өсуін, жоғарғы
ноқаты мен батуын, қысқаша айтқанда, ғылыми атмосферадағы
ағымдарды, кітап басу ісі сандық әдісті қолдануды мүмкін қылған
уақыттан бастап, өлшеуге біз жетімсіз түрде ғана және белгілі бір
шекараларда ғана қабілеттіміз. Тым болмағанда, статистикалық
әдістермен сәйкестігінде, біздің кітапханаларымыздың барлық
кітаптық қорларын есептеу талап етіледі. Нәтижесінде әлдебірде
белгілі бір рухани қозғалыстың оның мәнді-мәнді құрамдас
бөліктеріндегі себептік қатынасының тұтас суретін жасай аламыз:
мәдени ортаның ең жалпылама жағдайларынан қоғамдық пікір
арқылы – алғашқы абайлаған тәжірибелерге қарай, ал, олар арқылы
– данышпан туындыға қарай. Сонда бұрындары аз ғана тұлғалар
мен үдерістерге сайылып келген интеллектуалдық феномендер
күрделі құрамды рухани қозғалыстың түпкі нәтижесі ретінде бас
көтеретін болады. Сезімдердің, көңіл-күйлердің, идеялардың та
ралуына да, дәл солай көптеген тұлғалардың ынтымақтастығына
да тек, егер әлі де сақталып қалған кітап қорларымен бірдей
қозжазбаларды да пайдалану мүмкіндігі болса ғана, көз жеткізуге
болады ғой.
Егер қолжазбалардың философия мен рухани қозғалыстар
тарихы үшін бағасы жоқ маңызы мен оларға қатынасында
қамқорсыздықты
салғыластырсақ,
егер
осыдан
туындаған
маңызды қолжазбалардың көбісінің құрып кетуі мен қолжазбалық
жинақтардың түгел дерлік бытырап кетуіне қарайтын болсақ, онда
осыған мүдделі адамдардың бәрінде де осындай төзгісіз жай-
күйдің неғұрлым тезірек аяқталуына деген жанды ынта-тілек пай
да болады.
Бізді ең алдымен қызықтыратын Кант архивін мысал етіп
қарастырайын. Канттың өзі өз қағаздарына көп маңыз беріп,
олардың маңызды деген мазмұнының жарық көруін қалаған
екен; бұл туралы оның 1800 ж. басында өзінің әлі сақталған қолжазбаларының қара нұсқаларының, сұлбаларының, таза нұсқаларының, дәрістік дәптерлерінің, компендиумдары мен хаттарының барлығын Ринк4 пен Йешаға5, олар қарап шығып, ең жарайтындарын баспаға дайындап, тәртіпке келтірулері үшін, бергенінен-ақ байқауға болады. Ринк өзінің «1800 ж. ме тасыни шапқыншылығының тарихына»6 атты жинағында сыни философияның достары мен құрметтеушілеріне метафизика, логи ка, табиғи теология, физикалық география бойынша жұмыстардың, ал және Канттың басқа да қызықты шығармаларының Йеша мен оның өзінің редакциясында біртіндеп жарық көретініне уәде бер ген еді ғой. Осылай көптеген шығармалар жарық көрген бола тын. Канттың өлімінен кейін архивтің негізгі массасы кішігірім кітапхананың мұрагері профессор Гензинхенге7, Канттың баспа гері кітап саудагері Николовиуске және Канттың өсиетнамасын орындаушы христиан дінінің уағыздаушысы Васяньскийге өткен еді. Толып жатқан бөлек-салақ қағаздар сыйлыққа тарқатылып кетті. Алғашқы екі адамның өлімінен кейін бұл қағаздар сатылып кетті; керісінше, Васяньскийдің жинағы Кенигсбергтің кітапхана сына сыйға тартылды; жан-жақты сыйға таратылған қағаздардың кейбірі, түптің түбінде тағы да сатуға қойылды. Міне осылай қазір де сақталып отырған ахуал пайда болған еді. Қағаздардың көптеген бөлігі Кенигсберг университетінің кі тапханасына келіп жинақталды. Бұл кітапхананың қолжазбалық қорының доктор Райке мырзаның көмегі арқасында алынған мына сипаттамасын келтірейін: «Мұндағы Корольдік және универси теттік кітапханадағы Канттың қолжазбалар қоры көбіне 30-ыншы және одан кейінгі жылдары сыйлықтар түрінде алынған әр түрлі форматтағы тегіс дерлік бытыраңқы парақтардан тұрады. Шуберт оларды (Кант шығармаларының Розенкранцпен бірге дайындалып жатқан басылымында пайдалану мақсатымен) 13 конволюталарға бөліп, тәртіпке келтірген еді. Бұл конволюталарда (жуырда ғана А 4 Ринк, Фридрих Теодор (1770-1821) – Кенигсбергтегі құдай сөз профессор (Ауд. ескертпесі). 5 Йеше, Готтлиб Беньямин (1762-1842) – Дорпаттағы философия профессоры (Ауд. ескертпесі). 6 Mancherley zur Qeschіchte der metacrіtіschen Іnvasіon. Könіgsberg, 1811 (Ауд. ескертпесі) 7 Гензихен, Иоганн Фридрих (1759-1807) – Кенигсбергтегі кітапханашы әрі математика профессоры (1794 жылдан) (Ауд. ескертпесі).
дан N-ге дейінгі әріптермен белгіленген) Шуберттің қолымен мы надай атаулар қойылған: А. Физика мен математика бойынша 18 парақ және қағаздар қиындысы; В.12 парақ таза зерде сынына. С. 15 парақ логика бойынша және Эберхардқа қарсы. Д. 33 парақ ме тафизика бойынша. Идеализмге қарсы. Е. 78 парақ мораль, құқық туралы ілім және практикалық зерденің сыны бойынша. F. 23 парақ. Канттың 1785-1799 жж. жалпы саясилық және таза мемлекеттік құқық тақырыптарына көзқарасы. G. 28 парақ. Канттың дін фило софиясы мен табиғи дінге көзқарасы. Факультеттердің айтыс-тар тысына. H. 59 парақ антропология бойынша. J. 6 парақ физикалық география бойынша. K. 15 парақша. Канттың қолымен жазылған кішігірім қара нұсқалар; оларды кітаптар аукционында профессор Гензихен сатып алған еді. L. 61 сақтау бірлігі. Канттың өз қолымен орындалған оның өмірінің соңғы жылдары жады үшін ұсақ жаз балар (кітаптар аукционында профессор Гензихен сатып алған), осының ішінде Бук мырзаның полковник мырза Г.Г.Р.Ройштан алынған жазбаларының үш кітабы бар. M. 36 сақтау бірлігі. Жалпы тәртіптік мәндегі өмірбаяндық хабарламалар. Хаттар, сызбалар. N. Кантқа жазылған 63 хат (кітаптар аукционында профессор Гензихен сатып алған). Осында тағы 6 басқа хаттар»8. Бұған қосылатындар: 1755 ж. докторлық диссертацияның «de іgne» қолжазбасы, содан соң Вальдтың қорынан алынған өмірбаяндық жағынан өте маңызды «Кантиана» жинағы (1860 ж. Райке жарыққа шығарған), «Таза зерде ге сынның» жұмыстық данасы (1-басылымы) қолжазбалық ескерт пелерімен (бұларды «Сынның» мерейтойы жылы Бенно Эрдманн басып шығарған), вольфиандықтардың көп санды компендиумда ры, ол солардың негізінде Кант дәрістерін оқып, өз ескертпелерімен жасақтаған. Райкенің сипаттамасы осындай. Канттың басқа қағаздары мен хаттары Дорпатта, Ростокта, Гамбургте және т.б. қалаларда шашыраған. Проф. Гензихеннің қарамағында болған Кант қағаздарының аукционынан сатылып, Баумгартеннің «Метафизикасының» бір данасы, ал оның ішінде таза парақтарға Канттың толып жатқан ескертпе жазбалары бар, олардың кейбірі кітаптың беттерінде де кездеседі (оларды Бенно Эрдманн дәйексөзге келтіреді – «Канттың сыни философия ту ралы ой-толғаулары» атты кітабында, 1882) және ол да Канттың қолжазбалық ескертпелерімен өрнектелген Майердің «Зерде ту ралы ілім» атты компендиумының бір данасы Дорпатқа түскен. 8 А-Д аралығындағылар мынада жарық көрген: Кант қорынан алынған «жекелеген парақтар». Рудольф Райкенің хабарламасы. Басылым 1. 1889.
Одан басқа ондағы кітапханада Кантқа арналған хаттардың екі
қалың томы бар (кейбір хаттарды Ескі прусстық Айаралық жур
налында Канттың өзі жазған және оған арналған хаттарын басып
шығаруды жоспарлап жүрген Зинтенис пен Райке жариялаған бола
тын). Ақырында, Гамбургтық дін уағыздаушысы д-р Краузе мыр
за Канттың жуырда жарық көрген, өкінішке орай, бітпей қалған
жаратылыстанудың метафизикалық түпқағидаларынан физикаға
қарай өту туралы манускриптін сатып алған болатын...
Кант қағаздарының тағдырынан жоғары дәрежелі сабақ алуға
боларлық. Ең басынан бұл қағаздар барлық уақыттардың ұлы фи
лософия данышпандары бірінің даму тарихын және оның ойының
қалыптасуының ақиқат тарихи себептерін расымен танып-білуге
реалды мүмкіндік береді деп топшылауға болатын. Бірақ тіпті бүгін
де кез келген осындайлық ұмтылыс оның күйреп жатқан архивіне
сүйенуі тиіс. Бұл ақылдың шабытты жастық дәуірі, оның әлі жүйелі
қатып-сенуге дейінгі еркін дархандылығы бізге әрқашан ең алды
мен «Аспанның табиғи тарихында», «Әдемілік пен асқақтық се
зімдері туралы ой-тебіреністерінде» және «Тәуіптің мұңдарында»,
ал одан соң осы ертерек уақыттағы барлық қағаздарда да айқара
ашылатын болады. Ал олардың тағдыры қандай! Бізге бұл
архивтің көлемді де маңызды бөліктерінің кемінде төрт рет аук
ционнан сатылып, ақшалы алыпсатарлардың қолдарынан өткені
белгілі. Кемінде бір рет әлдебірде олар бакалея сататын дүкенге
түсіп, кофе мен селедканы орауға пайдаланылған. Университеттің
оқу администрациясы да, Кенигсберг кітапханасының басшылары
да сонда бұл архивті сақтап қалу үшін қажеттінің бәрін жасауды
өз міндеттеріне алмады. Канттың хат жазысып тұрған адамдарына
арналған хаттары туралы қамқорлық жасау керек екендігін ешкім
де сол кезде ойламады. Қолжазбаларды жинап алу бастамасын өз
мойынына ала қоярдай бір де бір мекеме болмады. Ал енді архив
бытырап кетті. Оның бір бөлігі жалпы Алманиядан ада болды, ал
қалғаны жарықшаққа ұқсап бытырап кетті.
Қолжазбалармен жұмыс істеп көрмеген адам, мұның не еке
нін өзіне елестете де алмайды. Бұл бытыраған қолжазбалардың
барлығын біртіндеп қарап шығып, оларды пайдалану үшін
қажеті тек саяхаттар, ақша және уақыт деп ойлайды кейбіреу
лер. Ал ұлы адамның даму тарихының өшіп бара жатқан іздерін
қолжазбалардың сарғайған беттерінен таппақ болып қамданған
адам бұл парақтардың бытыраңқы болмағанынан көп нәрсенің
тәуелді болатынын тым жақсы біледі, қолтаңбаның немесе жазу
мәнерінің өзгерулері сенімді сүйеніш болатынын және мазмұны
өзгерістермен, дәл солайша әр текті сыртқы белгілермен де жаңаша
байланыстырыла алатынын да біледі. Платонның даму тарихын
оның диалогтарынан оқып табыстауға деген зор қиындықтарға
толы талпыныстардың осы күнге дейін нәтиже бермегені мәлім.
Бірақ мұнда, басқа ұлы ақыл иесі жағдаятында, бұл міндетті ше
шуді жеңілдететін материал шыныменен бар болып отыр. Рас,
оны шешу Канттың іс шаруашылығымен тап өзінің қағаздарын
қаншама жақсы білсе, соншама жақсы айналыса алатын, сөйтіп
қағаз бетіндегі қолтаңбасының сипатына қарап, оны Канттың қай
жасында жазғанын бірден анықтауға қабілеті жететін адамның
ғана қолынан келеді. Бірақ баршама қабілеттерге, қаншама
еңбектенгенге қарамастан, Канттың бүкіл архиві бір жерге жи
налмайынша бұл мақсатқа жету мүмкін емес. Сонда ғана Канттың
толық басылымы іске асуы мүмкін – Берлин Академиясының
құрметті міндеті! Дәл солай Канттың даму тарихын да тек Кант
пен оның замандастарының кітаптары мен қолжазбаларының ара
сында өзін емін-еркін сезінетін адам ғана жаза алады.
Бұдан әлдеқайда ауқымдырақ, сирегірек кезігетін, бірақ бұл да
жоғары дәрежелі сабақ боларлық басқа мысалға жүгінейік. Бізді
католиктік және претестанттық схоластикадан Лейбницке және сол
ұрпақтың жетістіктеріне әкелген рухани қозғалыстың желісі осы
күнге дейін әлі нашар зерттелген. Осындай ақтаңдақтар Англияның
дамуында Бэкон мен Гоббсқа дейін және Францияның дамуында
Гассенди мен Декартқа дейін орын алған. Бұл соншалықты әртүрлі
жағдаяттарда біздің философия тарихын әйгілі тұлғалардың аз
ғана санымен шектеуіміздің салдары байқалады.
Ал сол арада-ақ ХVІ ғасырдағы әртүрлі дін-ұстанушылықтағы
құдаи ілімнің қалыптасуы ең басынан адамдар санасының бүкіл
күйінің және олардың метафизикалық сенімінің өзгерісі болып та
былады, ал бұл өзгерісті философия тарихы айналып өтіп кете ал
майды. Сол уақыттың логикасын, физикасын және этикасын, олар
құдаи ілімде қызметте болғандықтан, сол кездері бәрінің үстінен
патшалық құрған құдаиілімдік көзқарас тұрғысынан басқаша еле
стету мүмкін емес. Бастапқы пункт протестанттық сенім ілімінде
сенім тұлғаның барлық іс-әрекеттік күштерінің ішкі ноқаты ретін
де қарастырылатынында жатыр. Тұлға және оның еркі Құдайдың
алдында да, оның сотының алдында да, дәл адамдар алдындағы
сияқты да бөлінбес ішкі мән есебінде көрінеді. Адам күшін се
зінуден шығып, өзі күштің көзіне айналған бұл алманиялық
христианшылдық ХVІ ғасырда бізде классикалық көнелікті гума
нистік құрметтеумен және меңгерумен байланыстырылды. Міне,
біздің немістік білім алуымыздың негізі осында жатыр. Бұл бай
ланыстыруды іске асырған Меланхтон, соныменен, Praeceptоr Ge
rmanіae болды. Бұл байланыстыру неміс рухын сол кезде пайда
болған гимназиялар арқылы айшықтай бастайды. Ол университет
термен әрі тарқатылды. Сол уақыттағы метафизика мен құдаи ілім
қойнауынан ол тіпті қазіргіге де жанды әсерін тигізуде.
Бірақ Герхардтың, Каловтың және олардың неокатоликалық
қарсыластарының құдаи ілімдік фолианттары сол кездегі
адамдардың ішкі мәнісі және бұл метафизика мен құдаи ілімнің
жанды қозғаушы әуені туралы ештеңені де дерлік айтпайды. Біздің
әлі де қолымыз жетерлік дейтіндейін кітаптар мен қолжазбалардың
барлығымен олардың байланысын анықтау қажет. Сонда ғана біз
сол күндер адамының жанды демін сезіне аламыз. Ал Цюрихтегі
екі зор жинақтың өзі ғана қаншама материал ұсынады! Ориента
лист Й.Х.Хоттингер (1667 ж. қайтыс болған) ойластырған Thesa
urus Hottіngerіanus ХVІ-ХVІІ ғасырлардағы жазылған хаттардың
50 томынан тұрады. Ал Зиммлердің жинағы 1500 ж. бастап 1783
ж. аралығындағы 200 том жазылған хаттардың, іс қағаздарының,
кітапшалардың және үндеухаттардың басын қосады. Екі жинақ та
Швейцария шегінен алысқа кетеді және ХVІ ғасыр үшін әсіресе
маңызды болып табылады. Одан соң, бүкіл Алмания бойынша
XVІ-XVІІ ғғ. ғалымдар дәрістерінің конспектілері, басылмаған
жұмыстары мен хаттарының жинақтары шашырап жатыр. Мысалы,
Дрезденнің, Иенаның, Геттингеннің және Хельмштадтың кітапха
наларында протестанттық шеңберлерге қатысты қолжазбалардың
едәуір мөлшері сақтаулы. Алайда бұл қағаздардың, біршама
кітаптардың да, зор мөлшерін кішкене қалалық, мектептік және
шіркеулік кітапханалардың, ал дәл солай барлық сыныптардың
архивтерінен де іздеп табу керек. Олар жинақталып болғанда, тек
сонда ғана бірегей бейне де туындайды.
Тіпті жекелеген тұлғалар туралы білім де осыдан кейін ғана
мүмкіндікке айналады, өйткені жинақтарда хаттар әншейінде
оның авторының емес, оны алушының атында сақталады ғой.
Кейіннен ғана бұл жинақталған материал сол кездегі теологияның
барлық қайрат-күшін, оның ішіндегі жекелеген қозғалыстардың
қарқындылығы мен кеңдігін анықтауға мүмкіндік береді.
Қолжазбалардың реестрі мен XVІ-XVІІ ғасырларда басылған
кітаптардың тізімін жасау-ақ материалдың қаншама байлығын
және оның шаң-тозаңша бытырауының қаншама мағынасыздығын ашатынында, соған орай протестанттық шіркеу мен құдаи ілім айналалдарында біздің көне протестанттық шіркеудің бағасы жоқ құжаттарын сақтау мен жинақтауды көздеген қозғалыстың міндетті түрде пайда болатынында менің күмәнім жоқ. Осы өздіөзінен еш дерлік пайдаланылмай жатқан жинақтарға жекелеген кітапханалардың меншік иесі ретіндегі өз құқығына соншалықты құнығуы орынды ма? Қазіргі быт-шыт қамында бұл қолжазбалар мүлде пайдасыз болып қала бермек. Оларды бір орынға жинасақ қана, олар өз мәніне ие болады. Ал осы метафизикалық және құдаи ілімдік оқу формаларының ішінде қазіргі заман ойы жасақталатыны белгілі. Ең алдымен ол ойлаудың ескі тәсілдерінің қабаттарына келіп құйылады. Ол әлі дүние жоғарыдан төмен қарай әрекет ететін психикалық күштер жүйесіне бағынған дейтін ескі метафизика формасында көрініс та бады. Басында бұл қозғалыстар бірі-бірінен тәуелсіз түрде туын дайды; олар біресе мұнда, біресе онда өзара әсерлесіп, ақырында Лейбниц ұрпағында берік философиялық туынды болып тоғысып тынады. Олардың әрқайсысын зерттеу қолжазбалар мен әлі де сақталып келе жатқан сирек кітаптардың қосымша шолуын талап етеді. Бұл қозғалыстардың біріншісі үшін сирек кітаптар мен қолжазбалардың маңызы Людвиг Келлердің қажымай-талмай жүргізген ізденістерінде байқалды, ал олардың нәтижелерімен ке лісу әрдайым мүмкін болмаса да. Ішкі тәжірибенің негізіндегі бүкіл діни-тарихилықтың интерпретациясы неміс рухының тереңінен біздің алдымызға протестанттық қозғалыстың қатысушылары ре тіндегі Ганс Денк пен Балтазар Хубмейердің, Себастьян Франк пен Валентин Вайгельдің түрінде шыға келді: тарих уақыттан тыс өтетін ішкі жасалымның бейнесі әрі символы есебінде, өзді-өзімділіктің (самость) ішкі мәні немесе микрокосм бүкіл табиғаттың кілті есебінде, адам жаны Құдайдың ұшқыны есебінде және ақиқат өмір индивидуалдық еріктің өлімі есебінде. Қазіргі дін философиясының тамырлары және метафизикалық жетістіктердің ерекшеленген бірі болып табылатын монадологияның әуендері осы адамдар мен көзқарастарда жатыр. Егер Рамус пен Каликс жақтастарының жанжалын айналып өтетін болсақ, онда бұл бірінші қозғалыс Коперник, Кеплер және Юнгиус сияқтанған маңызы сәл төмендеулер де арқылы іске асқан жаратылыстанудың ұлы дамуымен байланысты. Бұл тұлғалардың
әрқайсысын зерттегенде қолжазбалардың маңыздылығы расталды. Мысалы, бұл адамдарға қатысты жаңа жұмыстар мен басылым дар Кеплердің көптеген қолжазбалары мен хаттарын, әсіресе Ве нада сақталғандарына (хаттардың бірнешеуі Грацта да бар) және Гамбургтағы Юнгиустың үлкен жеке қорына (оның әжептәуір бөлігі өртте жанып кетсе дағы) арқа сүйейді. Рас, қолжазбалар негізінде Германияға басқа әсерлердің – жаратылыстануға іле се келген шетелдік қозғалыс жағынан тиген әсерлердің – қай дәрежеде айқындала алатыны әзірге әлі сұрақ болып қалуда. 16321655 жылдар кезеңіне Пуффендорфтың, Шпенердің, Лейбництің, Чирнхаузеннің және Томазияның туған күндері келеді. Бұл ұрпақ қорытындылар шығарады. Біздің интеллектуалдық тарихымыздың бұл ұлы да шарықтаған дәуірінің қолжазбалары болашақ ұрпақтарға сақталып қалды және толыққанды пайдаланды деп ойлауға болар еді. Бірақ бұл Лейбницке қатынасында ғана расқа жатады, өйткені мұнда біздің бүкіл қалған философтарымызға қарағанда оның бағы жанды деуге болады, – біздің бүкіл ақындарымыздың арасында Гете сияқты. Керісінше, Чирнхаузенге қатысты метариалдардың қайда орналасқаны жөнінде бір де бір орынды анықтау әлі де менің үлесіме тимеді. Самуэль Пуффендорфтың кейбір құжаттары Гиссен мен Дрезденде орын тауыпты. Шпенердің хаттары әртүрлі орындарда – Галлда, Эрлангенде, Гиссенде – шашырап жатыр. Со ныменен, осы уақыттың маңызды ойшылдары қолжазбаларының кейбір сирек жағдаяттарды ескермегенде, тым азы ғана белгілі, және олардың өзі де шашырап жатқандықтан пайдасыз деуге бо лады. Мысалдар санын көбейте берген не береді? Осы келтірілген дер неге үйретсе, олар да соны тек растайтын болады. ХVІІІ ғасыр философтарының көбісінің жинақтары осындай тағдырды бастап кешті. Жаман ұйымдастырылған, тар кеңістікке тыққышталған, беттері шатастырылған, мамандардың тезінен өтпеген мұндай архив, жекелеген адамдардың қолында болып, өздері сақталатын отбасыларының тағдырына ортақтасады. Бірінші ұрпақ оны ықыласты түрде сақтап бағады, ал келесі ұрпаққа ол түкке жа рамсыз бос ауыртпалыққа айналады. Көшіп-қону, отбасылардың ажырасуы, ақшаның және баспананың тапшылығы, өрт, су, шаңтозаң – осы және жүздеген басқа да қауіп-қатерлер қауқарсыз қағаз үйіндісіне төніп тұрады, сөйтіп егер кітапханалар мен басқа көпшілік орындарда құтқару таппаса, ерте ме кеш пе олар осы қауіптерді ба стан кешетін болады. Осылайша бұл бағасы жоқ ғылыми материал
кездейсоқ халға түседі. Ал кейде әлдеқайда маңызы төмен нәрселер сақталып қалады. Николаидың ауқымды қоры осында, Берлин кі тапханасында, сақтаулы; Бутервек қорының 13 томы да дәл солай осында жатыр; Майнер қорынан қолжазбалардың 42 томы Гет тинген университетінің кітапханасында, Краустың қолжазбалары Кенигсбергтің кітапханасында сақтаулы. Кейбір жағдаяттарда, ке рісінше, өте маңыздылары жоғалып кеткен. Тап осылай мысалы, Томазийдің немесе Кристиан Вольфтің қолжазбалық мұрасының аз бөлігін ғана белгілі. Рас, қолжазбалардың бір көне Дрездендік каталогында Adversarіa et collectanea D.Chrіstіanі Thomasіі 13 vol umіna 4 деген рубрика бар; бірақ аға кітапханашы д-р Шнорр фон Каролсфельд мырза бұл томдар туралы маған мынаны хабарлады: олар көшірушінің қолымен жазылған екен және онда Томазийдің гравюрадағы суреті ғана бар екен де, ал оның авторлығы жайында басқадай ешбір анықтамалар жоқ көрінеді. Дәл солай Крузийдің, Ламберттің, Морицтің, Тетенстің қолжазбаларының қандай да бол масын маңызды бөлігі мен бұған дейін еш жерден таба алмадым. Атақтары оларға деген ынта-назарды соншама берік қолдап, олардың өзіндік жинақтары осыған дейін отбасыларында ұқыпты түрде сақталған қазіргі уақытқа соншама жақын тұрған философтарға көңіл аударғанда, істің жайы басқаша болып шыға келеді. Бірақ түптің түбінле ХVІІІ ғасыр қолжазбаларын осы лайша құлдыратқан барлық себептер ХІХ ғасырдың сақталған қолжазбаларына қатынасында да өзінің ірітушілік рөлін ойна май қоймайды, егер олар дәл бұрынғыдай жеке меншікке жатып, өзгермелі отбасылық жағдаяттарға тәуелді болып қала беретін болса. Бұл күйден арылуға қалайша жәрдемдесуге болады? Біздің басты дереккөзіміз кітаптарда жатыр. Оларды пайда лану, біздің кітапханаларымыздың құрылысына орай, әзірше әлі біздің қалағанымыздай соншалықты оңай емес болып тұр. Ең алды мен Алманияда әлі бар кітаптардың қай-қайсысы туралы мәлімет алуға болатын орталық жоқ. Жалпы каталогты құрастыру жолын да кездесетін зор техникалық күрделіліктерді, оған жұмсалатын қаржының мөлшерін жете бағаламауға болмайды. Егер жүйелі және әліппелік каталогтың орнына кітаптардың жылдар бойынша, ал одан соң әрбір жыл ішінде пәндік рубрикалар бойынша шолу жасалатын болса, онда күрделіліктер мен жұмсалатын қаржы өсе
түседі. Дегенмен, қашан да болмасын осы тектес әлдене орын алуы тиіс. Қолжазбалармен пайдалану мүмкін болуы үшін алғашқы қадам қолда барды тіркеуде жатыр. Біздің әдебиетіміздің қолжазбалары ақырында әлдебір тұлғаға әлде жылға қатысты немесе әр жерлерде шашырап жатқан материалдарды тауып алуға мүмкіндік беретін белгілі бір тәртіпке келтірілуі тиіс екендігі жалпы мойындалған қажеттілікке айналатыны еш күмән туғызбайды, сондықтан да өкімет ұзақ уақыт бойы бұл мұқтаждыққа көңіл аудармай жүре бере алмайды. Сонымен, ең алдымен, бұл міндетті орындауға қажетті жабдықтар бөлініп берілуі (бірнеше жылға) тиіс. Жеке леген адамдар, қоғамдар немесе Академиялар бұған қатынаса алмайды, өйткені алда күткен қиыншылықтар мен кедергілерді тек мемлекеттің абыройымен ғана жеңуге болады. Манускрип ттерді форматы (folіo, octavo, guarto) және оңтайсыз жүйелі ру брикалар бойынша айырмалау мұнда уақыт және тұлғалар бой ынша тәртіптеуге орын беруі тиіс. Тым болмағанда маңыздымаңызды хаттар архивтық қорлардан арнайы алынып, олардың авторларының атына аударылуы тиіс, ал бүгіндері олар көбісінде адресаттардың атында сақтаулы жатыр. Мүмкіндігінше тезірек қолжазбаларды әдебиеттің бір мемле кеттік архивінде жинақтауды бастау керек. Рухани қозғалыстардың, философияның, ғылымның, әдебиеттің тарихы өмір сүруге деген құқығын өз күшімен табыстауға тиіс болды; саяси тарих архив терде ұқыпты күзетіліп отырған материалдардың зор жинақтарын иемденіп отырған шақта, біз әдеби архивтердің іргетасын тек енді ғана қалауды бастауға тиіспіз. Саясат архивтері өмір қажеттерінен пайда болған. Құжаттар архиві әлдебір монастырьдың не князьдің құқықтық актыларын сақтайтын. Іс қағаздарының архиві меке мелерге жекелеген келісім-шарттардың тарихы туралы түсінік алудың мүмкіндігі сақталуы үшін қызмет етеді. Бұл текті архив тер кейін қазіргі мемлекеттік архивтерге біріктірілді, сөйтіп сон да ғана тарихи материалдар тәртіпке келтіріле және ашыла алды. Мұнда өмірдің өз қажеттерінен туындап отырған нәрсе, енді ғылымның сұраныстарына орай әдебиет үшін де туындауы тиіс. Егер де қолжазбаларда тұнып тұрған ұлы ұлттық игілікті сақтауды талап ететін ұлттық сезімнің сұранысы қосылмаса, онда бұл істің табысты болуына деген үміт соншама зор бола қоймас еді. Ерте мен кеш пе ұлттық сезім бұл талапты орындатпай қоймайды. Бұл тезірек болса керек! Өткен ғасырлардан әлі материалдардың
көптеген мөлшері сақталған. Әлі, дегенменен, Канттан кейін өмір
сүрген ұлы философтардың жинақтары қаймағы бұзылмаған және
бөлшектенбеген қалпында сақтаулы. Тек қолжазбалардың өздерінің
мүддесіне тәуелді түрде ғана архивтерді ұйымдастырудың тәртібі
мен олардың құқықтық тәртібінің ретке келтіруінің маңызы зор.
Отбасылық қағаздарды шыныменен өзіне тартып тұратын орынға
айналуы үшін, олар байыпты отбасылық сезімге барлық мүмкін бо
лар кепілдіктерді беруі тиіс. Олар жарияланған ережелер көмегімен
архив пен отбасыларының өкілдері арасында мығым құқықтық
қатынастар орнықтыруы тиіс. Олар дәл солай отбасының, қаланың
немесе сол жердің меншіктік құқығына соқпай-ақ, дегенменен
қорларды депозитке қабылдап, оларды тәртіпке келтіре және аша
алады. Олар дәл солай алғаш уақытта жағымсыз деген матери
алдарды да әрі дұрыс түсінілмеуі мүмкін дегендерін де «жауып
қойып» инабаттылықтың әділ отбасылық сезімін қанағаттандыруы
мүмкін. Сөйтіп олар ашылатын жеке адамдар қорларын іріктеуде
отбасыларға жағымды деген кез келген тұрғыдағы сақтық шара
ларын іске асыра алады. Сонда мұндай архивтің үй-жайында бұл
қағаздарды қадағалайтын үйдің рухы орнығатын болады, – ол сол
бір уақытта-ақ оларды ашатын да әрі сақтайтын, құнттайтын да
әрі хабарлайтын болады. Ал сонда әйгілі адамның отбасы үшін
олардың туыстарының қағаздары басқа да соншалықты тамаша
адамдар қағаздарымен көршілес орналасқанын білу абырой әрі
жұбаныш болатын болады.
В.Дильтей. Литературные архивы и
их значение для изучения истории философии
//Вопросы философии. 1995. №5. С. 124-136.
Вильгельм Виндельбанд КАНТТАН НИЦШЕГЕ ДЕЙІН Логикалық идеализм (Гегель) Шлейермахердің ілімі белгілі бір мағынада Шеллингтің барабарлық жүйесінен шыға отырып, Кантқа қайта оралудың әрекеті еді. Абсолюттік идеализм сияқты ол ілім құбылыстардың тарихи және табиғи тараптарын Құдайдың алғашқы бейнесінің өзіне екі түрлі объективтік түр беруі деп қарайды. Бірақ бұл алғашқы бейне таныла алмайды. Ол бейне тек діни сезімде ғана пайда болады. Сондықтан да бұл ілім Абсолюттің неліктен басқа түрлерде емес тап осындай құбылыстарда көрінетіндігіне ешбір түсініктеме бер мейді. Шлейермахердың шешпек түгіл өз мәнінде қоя да алмаған бұл мәселенің шын шешімін біз тіпті Шеллингтің бара-барлық жүйесінен де таппаймыз ғой. Мұнда, бірақ, осындай жіктелудің бар екендігі айтылады, сонда да болса оны белгілі бір түсіну жоқ. Бұл Абсолютті құбылыстар жиынтығының ешбір сапалық айқындығы жоқ селқос бірлігі деп түсінудің табиғи салдары болатын. Әйтсе де не екендігі айқын емес негізден жеке құбылыстардың айқындығы қалай туатындығы Спинозаның субстанциясы мен оның жалпы атрибуттарының қалай жеке модустарға айналатындығы сияқты түсініксіз болып қала берді. Барлық өзгешіліктер жоғалып кететін «Абсолюттің түнегінен» шындықтың күндізгі жарығында ашылатын бейнелердің қатаң айқындығын шығаруға болмайтын еді. Сонымен идеалистік бағытта ең ақырғы әрі ең биік міндет туды: шындықтың басқаша емес, тап осындай түрінде тууы үшін Абсолютті де соған сай түрде өрбіту қажет. Трансцендентальдық логика зердені эмпирикалық өмірдің ең елеулі айқындықтарын содан шығаруға болатындай етіп түсініп, анықтама беруі тиіс еді. Ал бұл міндет Абсолют ұғымын оның құбылыстар ерекшеліктерінің немқұрайды тепе-теңдігі түріндегі қалпынан ішкі мәнінен дамудың барлық формаларын шығаруға болатын айқын сапалық ретінде қалыптастырғанда ғана шешіле алар еді. Тіпті ол қол жетпес нәрсе деп танылған күнде де адамдық ғылымның ең биік мұраты деп мойындалуға тиіс осы міндетті шешуді алдына мақсат етіп қойған Гегель болды. Оны шешудің шартын Абсолютті өзі өздігінен дамитын рух деп тану
да деп біледі ол. Оның: «субстанцияны субъект деңгейіне дейін
көтеру керек» деген белгілі сөзінің шын мағынасы осыған саяды.
Ал бұл ұмтылыс философияны Шлейермахерден басқаша жолмен
Шеллингтен Кантқа, тіпті одан да әрі қарай бұрады. Қандай да
болмасын философияның тууы рухтың құрылымына тәуелді дей
тін тұжырым неміс философиясының дамуының негізгі тақырыбы
болды. Канттың сыни тәсілінің шығу көзі адам рухының құрылымы
болғандықтан ол ойлаудың формаларын қарастырумен шектелді
және осы мағынада құбылыстар дүниесі заттардың шын мәнінен
өзгеше деп есептеді. Бірақ сол Канттың өзі теориялық философи
яда «жалпы сана» ұғымын кіргізді де, оның үстіне «Практикалық
зердеге сынында» барлық зерделі жандарға тән жалпы заң ретін
де оны барлығының негізі ретінде қарауға мәжбүр болды. Өзінің
түпкі негізіне осындай зақым түсіріп алған алғашқы субъективизм
одан арғы дамуында бірте-бірте жоғала берді, сөйтіп тепе-теңдік
жүйесі теориялық зердені тағы да әлемнің заңы деп қарай бастады.
Байырғы рационализмнің ойлау мен болмыстың бара-барлығы ту
ралы Канттың шүбәлі нәрсе деп алып тастаған аңғырт алғышартын
енді жаңа рационализм саналы және айқын түрде түпкі ұстанымы
етті. Бұл ұстанымды Гегель сыншылдыққа қарсы түрде «ақиқаттың
айбындығы», «рухтың қуатына деген сенім» деп жариялады, ол
бұларды кез келген философияның басты шарты деп білді. Бұл
көзқарастың тұрғысынан Канттың танымды сынауы өз объектісін
жоғалтты. Бұл көзқарас үшін құрылымы әлемді философиялық та
нуды анықтауға тиіс рух енді адамның рухы емес, абсолюттік рух
және оның құрылымы ойлаудың формасына ғана емес, мазмұнына
да қатысты. Таным енді субъективтік құбылыстармен ғана шек
телмей, абсолюттік рухтың дамуының объективтік формаларын да
қамтиды. Бара-барлықтың көзқарасы бойынша рухтың құрылымы
сонымен бірге реалдық дүниенің де құрылымы: философия енді
Канттық интуициялық зердені де игеріп алғысы келеді. Осының
арқасында метафизикалық көзқарас үшін әлемнің өзі абсолюттік
рухтың даму тарихы, ал әлемді философиялық таным тәсіліне
қатысты рухтың өзі өзінен қажетті дамуының диалектикалық
дедукциясы болып шығады. Канттың трансцендентальдық ло
гикасы бара-барлық қағидасымен бірігіп алып, категориялар
жүйесін шындықтың абсолюттік жүйесі ретінде қарайтын негіз
гі философиялық ғылымға айналады. Шлейермахерге абсолюттік
білімнің мұраты болып көрінген логика мен метафизиканың бірігуі
Гегельдің логикасында шешілген жұмбақ түрінде көрінді. Осыған
ұқсас идеяларды бұрынғы бір ойшылдардан да ұшыратуға бола
ды. Мысалы, Бардили (1761-1808) өзінің «Логика бастауларының
очеркі», «қарапайым философияның ілімі» деген еңбектерінде осы
көзқарасқа жақын тұрғыдан Канттың ілімін теріске шығарған, ал
оның Рейнгольдке жазған хаттарында бұл ой одан да кеңірек өріс
тапқан121. Бардилидің пікірі бойынша, Канттың сыншылдығы талап
ететін ойлау мен болмысты ажырату оның негізгі адасушылығы
және ол қандай да болмасын ғылыми танымды мүмкін етпейді.
Егер ойлау тек өзімен өзі айналысатын болса, тек өз формаларын
өзінен өрнектей беретін болса, онда ол таным емес, бұлдыр елес,
ол өрмекшінің торынан да бетер осал, себебі еш нәрсге беки ал
майды. Осы жерде Бардили мен Рейнгольд Якобидің сыншылдық
нигилизмге алып келеді дегенімен келіседі. Елес қызметін ойла
удан мұқият түрде ажырату қажет (бұл ілім «қарапайым филосо
фиямен» осылай ұштасады): ойлау – қажетті, яғни реалдылықпен
бара-бар елес. Ойластырылатын нәрсе қажетті түрде өмір сүреді,
ал тек болмыс қана қажетті түрде ойластырылады. Сондықтан да
Бардили өз жүйесін рационалдық реализм деп атаған. Мұнда ойлау
туралы ілім – болмыс туралы ілім, ал логика метафизика немесе
онтология болып шығады. Осы мағынада Бардилидің өзі оны диа
лектика деп атайды. Бірақ бұдан керісінше тұжырым да шығады:
қандай да болмасын болмыс, ол – әрі ойлау, өйткені біздің танымы
мыз реалдық заттардың мәнін құрайтын ұғымдарды қайта түзейді
ғой. Қандай да болмасын алғашқы болмыс, ол – ой немесе реалды
идея және біз оны өзімізде субъективтік түрде қайталау жолымен
ғана танимыз. Философиялық таным ұғымы Платонның άνάμνηοις
шектеледі. Мұндай негізде метафизиканы құру тек болмыстағы
айырмашылықтардың бәрінің де себебі ойлаудың әр түрлі
пәрменділігі дейтін принциптің көмегімен ғана бола алады. Бұл
принципті Бардили Лейбництің монадологиясына кері қайтарады,
сол арқылы ойлаудың айқындығының деңгейлерін болмыстың
өрлеу сатылары формаларының өлшемі ретінде қарастырады. Бұл
ілім сонымен бірге Шеллингтің натурфилософиясына да ұқсайды
және одан негізінде Платон мен Аристотельден жоғарғы қуаттың
ішінде төменгі қуат та болуы тиіс дейтін ойды алған. Болмыс ма
терияда тек селқос жәйбарақаттықта, өсімдікте ол елестететін, ал
жануарларда санаға дейін жетіп, ақырында адамда өзін өзі тануға
көтеріледі.
Тегі даниялық Эрих фон Бергер де (1772-1833) Бардили
сияқты Гегельдің көлеңкесінде қалды. Ол Кильде профессор
болған. «Әлемнің үйлесімдігін философиялық баяндау» де
ген еңбегінде ол ғылым хақындағы ілімді (Фихте – Қ.Ә.) бара-
барлық жүйемен біріктіруге әрекет жасайды, ал бұдан Гегельдың
«Рух феноменологиясының» әсерін көруге болатын болар. Қалай
болса да «Ғылымның бүкілжалпы сипаттамалары» деген төрт
томдығы оны Гегельдің біршама ғана дербес шәкірті емес екенді
гін көрсетеді. Бара-барлық ұстанымын ол шындықтың өзінде ре
алды ойлау бар болғанда ғана оны тануға болады деген мағынада
түсінеді. Шындықтың өзінің зерделігі оны зерделі танудың
алғышарты. Тек өзі зерде болатын дүниені ғана зерде тани алады,
танушы мен танылатын, субъективтік және объективтік зерделер
түпкі тегі әрі тамырлары бір болғанда ғана таныла алады. Табиғат
өзі қаншалықты реалдық ойлау болса, соншалықты ғана ол таны
ла алады. Бұл принципті Шеллинг іске асырған еді. Сондықтан
да натурфилософияның алдында зерденің өзін өзі тануы ретінде
ғылым туралы ілім немесе логика тұруы тиіс. Осыдан келіп Бергер
кейін философияны үш бөлімге бөлді. Рух өзін логикада, өзін өзіне
сырт әрі жат реалдылық ретінде физикада, ал сол өзіне «жатқа»
өзінің үстемдігін этикада таниды. Абсолют – «басқалықтардың»
бәрінде де көрінетін, өзін өзін сонда іске асыратын және танитын
идея. Осы ойды толығымен және жүйелі түрде дамыту Гегельдің
бүкіл өмірінің еңбегі болды.
Георг Вильгельм Фридрих Гегель Штутгардта 1770 ж. туды.
1788-1793 жж. ол Гельдерлин және Шеллингпен бірге Тюбингенде
теологиялық институтта оқыды. Онда ол классикалық және қазіргі
заманның бай білім қоры қабылдады. Гуманизмнің үйлесімді
дамыған үлгісі ретінде эллинизм оның екі ұлы достарының да сияқты
рухани отанына айналды. Ол дүние оған Шиллер суреттеген жетіл
ген дүниедей көрінуші еді. Элладаның ақындары мен философтары
өмір бойы оның ең жақын достары болып қалды, ал грек мемлеке
тін қоғамның эстетикалық әрі адамгершілік үйлесімдігінің мұраты
леп танып, құрмет тұтты. Француз революциясы мен Канттың
философиясын ол айрықша шабытпен қабылдап, біріншісінің
өмір бойы жақтасы болып өтті де, екіншісін өз философиясының
алғышарты етті. Бірнеше жыл Бернде үй мұғалімі болып тұрғанда
ол бос уақытын бір жағынан тарихпен тереңірек танысуға, ал екін
ші жағынан Фихте мен Шиллердің философиясының өрбітілуін
қадағалап отыруға жұмсады. Осы кезеңнен Иисустың өмірі туралы
діни дамуды түсінуде оның Лессингтің тұрғысында болғандығын
көрсететін қолжазбасы сақталған. Майндағы Франкфуртқа
ауысқаннан кейін де оның жағдайы өзгерген жоқ, бұл кезеңде ол
діни және саясат мәселелерімен шұғылдануын тоқтатпаса да, күші
мен назарын әсіресе өзінің келешек философиялық жүйесінің
негізгі ерекшеліктерін баяндайтын очерк жазуға бөлген. Осы
көлемді қолжазбасының кейбір тұстарымен ол Гельдерлинді таны
стырып, талқылаған. Бұл очерк негізгі қолданған тәсілі жағынан
да, мазмұны жағынан да оның келешек философиялық ілімінің
негізгі белгілерін өзінде тұтып, мұның бара-барлық жүйесіне
тәуелсіздігін, түпкі проблемасы Кант пен Фихтенің философия
сынан туындайтындығын көрсетеді. Тумысынан салқынқанды,
жәйбарақат мінезді Гегель даналықтың асқақтығымен ауырған
жоқ. Өзіне қатаң талап қоя білген ол өз ойларын кабинеттік тыныш
жағдайда шегіне жеткізе ойластырып, жетіліп толысқан кезде ғана
жарық дүниеге шығарып отырған. Шеллингтің шығармаларындағы
Платонның сұхбаттарындағы сияқты біз үнемі дамып, жол үстіндегі
ойшылдарды көретін болсақ, Гегельдің жүйесі оның ең бірінші
үлкен шығармасында-ақ барлық қаруын асынып, Зевстің басы
нан шыққан Минервадай шықты, ал сондықтан да Аристотельдің
шығармаларындағы сияқты Гегельдің барлық шығармалырының
басынан аяғына дейін өзімен өзі келісімді ойшылды көреміз. Бірақ
бұл томаға тұйық жүйе өзіне бүкіл дәуірдің рухани өмірінің барлық
сан алуан жақтарын сіңіре алған ойшылдың аса терең, жан-жақты
әрі табанды іс-әрекетінің жемісі еді. Гегельдің ойында өшіп бара
жатқан ағартушылықтың да, жаңа туып келе жатқан романтизмнің
де принциптері тоғысып жататын. Бұл күндері ғана Берлин кітап
ханасында сақталып қалған қолжазбаларға сүйене отырып Виль
гельм Дильтейге осы аса қызық үдерістің сырын тамаша ашып
берудің сәті түсті.
Дайындалу, идеялық материалды жинап және қорыту кезеңінен
кейін 1801 жылы Гегельдің өмірінде екінші саты – академиялық
қызмет сатысы басталды. Әкесі дүние салғаннан кейін дербес
болған ол Шеллингтің үнемі айтып жүрген ұсынысымен Йенаға ау
ысып, жас шағындағы досы екеуі «Сыни философиялық журнал»
шығара бастады. Шеллинг екеуі ол кезде философиялық ойлары
мыз бірдей деп (дербес ойшылдар болса да) есептегендері сонша,
философиялық мақалалар жөнінде, әсіресе «Натурфилософияның
жалпы философияға қатынасы жөнінде»128 деген мақалаға байла
нысты ол екеуінің қайсысы мұның авторы екендігі жөнінде талас
туған. Кейін басқа бір мақалалардың негізінде оны достардың
бірге жазғандығы анықталды. Бірақ одан басқа «сенім және бі
лім жөнінде» және «Фихте мен Шеллингтің философиялық
жүйелерінің айырмашылығы» туралы деген ой түзулері де
бара-барлық жүйесінің рухында жазылған. Шынында ол кезде
Шеллингтің де Гегель салған жолмен кетуі мүмкін еді және бұрын
да айтылғанындай оның «Бруно» және «Университеттің білім
беру жолы жөніндегі лекциялары» көрсететініндей онда идеалдық
фактордың басым екендігі анық, ал бұл Гегельдің философиялық
ойларының негізгі бағытына сәйкес (Абсолют, ол – рух). Тек
Вюрцбургте басқа ықпалға түскен Шеллинг теософияға қарай бет
бұрғанда достардың арасында кеңістікте ғана емес, рухани ажы
расу басталды және оларда көңілге қаяу түсірген аса қызбалықпен
(әсіресе Шеллинг тарапынан) өзара бәсеке туды. Бара-барлық
жүйемен идеялық байланысын үзетінін Гегель өзінің «Рух фе
номенологиясында» – ең алғашқы және белгілі бір мағынада ең
асқақ шығармасында – жария еткен болатын. Осы еңбегін бітір
ген сәтте-ақ француз-пруссиялық соғыс басталып, Йенадағы
ақыл-ой тартыстарын біраз уақытқа тоқтатып тастады. 1805 жылы
алған экстраординарлық профессорлық орнынан айрылған Гегель
кейінгі жылдары Бамбергтегі бір шағын газеттің редакторы бо
лып күнкөрістік табыс тауып жүрді. Нитгаммердің көмегімен ол
Нюрнбергтегі Эгидий гимназиясына директор болып орналасады.
Ұстаздық кезеңінен есте қалатын еңбегі – «Философиялық про
педевтика». Оны ол гимназияның жоғарғы сыныптарына арнаған
екен. Осы жылдары ол өзінің негізгі еңбегі үш томдық «Логика
ғылымын» баспадан шығарады. Соғыс аяқталғаннан кейін ол үш
бірдей – Берлин, Эрланген, Гейдельберг – университеттерінен
жұмысқа шақырылады. Даубтың кеңесі бойынша ол соңғысын
қалаған. Бірақ 1818 жылы-ақ Берлин университетіне ауысады. Осы
кезден бастап 1831 жылы қайтыс болғанға дейін Берлиндегі кафер
даны меңгерді. Бұл жылдар оның ең табысты да, даңқты да жылда
ры болды. Жылдар өткен сайын оның шәкірттері мен жақтастары
көбейгені ғана емес, мемлекеттің ең жоғарғы алпауыттары мен
қоғамның бетке ұстарларының оның лекцияларына топырлап ке
ліп жатқандығы ғана емес, оның үстіне министр Альтенштейн
арқылы оның өкіметке ықпалды болып алғаны сондай, оның ілімі
«Пруссияның мемлекеттік философиясы» деп есептелді, ал басқа
университеттердегі кафедраларды оның шәкірттері басқарып
жүрді. 1827 жылдан бастап Берлинде «Ғылыми сынның жылнама
сы» аталған баспа органы бар философиялық мектептің басында
бола отырып, ол кезінде Кант та көтеріле алмаған Германияның
ақыл-ой өміріндегі аса қуатты күшке айналды, ал ілімнің
энциклопедиялық сипаты бұл қозғалысқа басқа ғылымдарды да
тартты. Германия үшін бір ғасыр бұрын Вольф қандай болса, Ге
гель де енді сондай болды, атап айтқанда, ол ұлтты рационалистік
ақылдық жаттығудан өткізді; сондай жолмен Вольф те оны ғасыр
бұрын ұлы даму дәуіріне дайындаған болатын. Егер Вольфтің
логикалық универсалдығы идеализмде Канттан бастап көрінген
ойлау мазмұнының аса қуатты дамуының түрткісі болған болса,
Гегельдің логикалық универсалдығы оны аяқтаған ойластырудың
қорытындысы болды деуге болар. Гегельдің оған ұқсастығы да,
одан артықшылығы да осында. Неміс рухының ғасыр бойындағы
дамуы қаншалықты ілгері кеткендігін анықтау үшін екеуінің де
жүйелерін салыстырып көрген дұрыс.
Гегель өзі тең үш бөлімнен тұратын «Философия ғылымдары
ның энциклопедиясын» және «Табиғи құқық пен мемлекет тура
лы ғылымның негізі. Құқық философиясының негіздері» деген
шығармаларын бастырып шығарды. Бірақ бір топ шәкірттері
қосылып бастырған шығармалар жинағына олардан басқа филосо
фия тарихынан, эстетикадан, дін философиясы мен философия та
рихынан оның өз қолжазбалары мен тыңдаушылардың жазбалары
негізінде дайындалған лекциялары да кірді. Олардағы Гегельді ба
яндауды сәтті деп айтуға болмайды. Өте сирек тұстарда ғана оның
ойлары әрі керемет, асқақ түрде баяндалған. Көпшілігінде – бұл,
әсіресе, лекцияларға қатысты – баяндаулар ойлаудың өзімен өзі
тартысы болып шыққан, ал бұл терминдік қиындықтарға душар
етеді. Ең шағын бөліктеріне дейін бәрін қамтитын формальдылық
түсінуді қиындатады, сондықтан да осы күнге дейін оның жан
сыз сыртқы қабатынан бүтіндіктің өміршеңдікке толы, сарқылмас
өнімді дәніне өте алуға тек азғана топтардың ғана мүмкіндігі бар.
Егер идеалистік ұлы жүйелерді әлем туралы бір метафизикалық
дастандар деп қараса, олардың өзін жаратушылардың мінез ерек
шеліктеріне соншалықты тәуелді екенін көреміз, сондықтан да
оларды поэзияның әр түрлеріне жатқызуға болады. Фихтенің
үнемі іс-әрекетке жетелейтін қуатты тұлғасы ғылым туралы
ілімнің құрылуының драмалық жолын анықтады. Шеллингтің
барлығын да қамтуға ұмсынатын көзқарасы әлемнің дамуын бір
эпикалық сипатта бейнелейді. Шлейермахердің нәзік діншіл
дігі оның сезім туралы ілімінде керемет лирикалық толғаныс
тапқан. Гегельдің жүйесі – өсиеттің ұлы жыры. Оның негізгі си
паты – дидактика, жаратушысының насихатшылдығына сай өзінен
бұрынғы жүйелермен салыстырғанда бұл жүйе сезімшілдіктен ада прозаға жақын. Шынында, «Рух феноменологиясынан» басталған Гегельдің бара-барлық жүйесімен ат құйрығын кесісуінің мәнісі – ол өзін «данагөйлік философияшылдықтың» жауымын деп жа риялауында еді. Абсолюттің мәнін тікелей түйсінуге құлаш ұратын интуицияның орнына ол енді ұғымның қатаң әрекетін қойды. Ой лау мен болмыстың бірлігі туралы принципте барлық нәрселердің түпкі мәні зерде дейтін алғышарт бар. Өмір сүретін нәрселердің бәрі де зерделі, тек зерделі нәрселер ғана өмір сүреді. Сондықтан да зерделі сана барлық нәрселердің ең түпкі сырларына бойлай алуы және олардан қажетті зердені жарыққа шығара алуы тиіс. Осы кезге дейін даналық концепциясының, тұжырымдар мен ұқсатулардың негізінде табылғандардың бәрі де зерделі ойлаудың қажетті өнімі болып шығуы тиіс. Бара-барлық жүйесі жаңа раци онализмге айналуы керек. Поэзиялық философиялаудан Гегель қайтадан ғылымилық философиялауға оралды. Сондықтан да оның жүйесі «романтизмді рационализмдендіру» деп аталды. Бірақ Гегельдің рационализмге айналдырғысы келген романтизмнің мазмұны ақылдық айрықша әлуетті күш еді, жаңа ра ционализм оған бағынуға тиіс болды. Сондықтан, Гегельдің құрған ұғымдар ғылымында қиял мен пайымның керемет ағымдарын көреміз. Гегель жүйесіндегі философиялық қиялдану мен аналогия ұғымдарға тән қажеттіліктің тонын киіп көрінетіндіктен де ол ерекше қатерлі. Сондықтан да оның ілімінің рационалистік сипаты Кантқа дейінгі догматикалық рационализмнен тіпті басқаша. Логиканың ережелеріне соншалықты басыбайлы жүгініп, сонысынан да жаңа еш нәрсе аша алмайтын пайымдық философияның дәрменсіз реф лексиясына Гегель де менсінбей қараған. «Рационалдық» ойлаудан Гегель танымның жаңа формасын – өзі «зерде» деп атаған ұғымдар арқылы тануды игеруді күтеді. Сыншылдық көрсетіп берген тек өзінің тану – мүмкіндіктерінің шекті екендігін мойындайтын, сондықтан да шын бағалы танымнан бас тартатын пайымдық та нымнан диалектикалық әдіс әлдеқайда жоғары тұр. Бұл әдістің Гегельде соншалықты универсалдық түрде құлаш ұруы және оның кәдуілгі формальдық логикаға қарамақарсы қойылуы Гегельдің ойлауының фихтелік ғылым-ілімі нен шыққандығының айқын көрінісі. Ғылым-ілімінің өзінің ең алғашқы тұжырымдарын формальдық логика принциптерінің про блемаларынан өрбітетін жерлері ең қиын тұстары. Ғылым-ілімін құру формальдық логиканың басында тұрған басты принцип
ке – қайшылық заңына – бағына алмайтындығы туралы ой осы тұстың өзінде-ақ көрінеді. Керісінше, ғылым-ілімі өзін өзі тану санасының даму тарихын «мендегі» қайшылықтың реалды, шын бар екендігі хақындағы принципке негіздеді. Фихтенің жақтастары бұл көзқарасты өзі өзінде қайшылықты «меннің» туындылары деп қаралған заттардың бәріне де қатысты деп есептеді. Қарама-қарсы полюстер туралы қағидасында натурфилософия (Шеллингтің – Қ.Ә.) бұл тұжырымды толық қабылдады. «Университеттік білім беру жолы» туралы лекциясында Шеллинг Джордано Бруноның «coіncіdenfіa opposіtorum»ына* тікелей сілтеме жасайды. Ал ро мантиктер, Новалис және Фридрих Шлегель, «қайшылық заңының өмірі бітті, өмірде бәрі де қайшылыққа құрылған, сондықтан да оны формалдық логиканың бұл заңы бойынша түсінуге болмайды» деген қорытындыға тез арада-ақ келді. Көріп жүрген фактілердегі өзгерістердің қарама-қарсы жақта әрекет ететін күштердің өзара ықпалдарынан туатындығына бұл тұжырымдар сәйкес келеді, оның үстіне ол қарама-қарсы күштер екеуі де жалпы жарамды нәрселер. Бірақ романтиктер өмірдегі реалдық қайшылықты логикалық «қайшылықпен» шатастырды, ал мұндай шатастыруды Канттың өзі-ақ «Философияға теріс шамалар ұғымын кіргізу тәжірибесі» де ген шығармасында көрегендікпен алдын-ала болжап әшкерелеген еді ғой. Солай болса да мұндай шатастыру одан әрі кең тарала берді, ақырында Гегельдің жүйесінде «терістеу» енді дамудың метафизикалық күші ретінде қаралды. Егер қарама-қарсылық бар факт түрінде қабылданбай, тек оның қажеттілігі ойлауда ғана та нылатын болса, онда терістеудің логикалық формасы алғашқы алғышарттан реалды қайшылық ретінде өрбігенде ғана мүмкін болады. Бұл принципті 1804-1806 жылдар Кельнде оқылған және 1836-1837 жылдары баспадан Виндишман шығарған лекцияларын да Фридрих Шлегель ұсынған болатын. Бұл кезде ол да данагөйлік философшылдықтан бас тартып, бір шеткі тұрғыдан екіншісіне ауысқан кездегі қашанғы әдетінше философиядан енді айрықша қатаң әдісті талап еткен. Ғылым іліммен келісе отырып, ол бұл әдіс қайшылық арқылы жоғарғы бірлікке жете алатын үштілік форма сында көрінуі тиіс, дейді. Осы соңғы ілімінде Шлегель Бардили мен Бергер сияқты осындай қайшылық арқылы ақиқатқа көтерілетін ойлауды құдаи ойлау деп атап, оны әрі реалдық деп есептеді. Оның адам ойлауындағы көрінуін «еске түсіру» деп білді. Сондықтан * Қарама-қарсылықтың дөптілігі (лат)
онда да қайшылық әдісі логикаға да, метафизикаға да қатысты. Осы әдістің негізін құраған және кейінгі «Өмір философиясы» және «Тарих философиясы» деген еңбектерінде дамытылған оның ойлары шын мағынасында мистикалық-діни сипатта еді. Шлегель шексіздіктің диалектикалық қажеттіліктің нәтижесінде қалай шек тілікке айналатынын, ал ол шектілік күнәкар адамда қалай шек сіздікті толығымен теріске шығару болатынын және қалай бүкіл тарихи үдерісте шектілік шексіздікке қайта оралып, ақырында сонда жоғалатынын дәлелдеуге тырысты. Ойлаудың осы бары сы біршама Шлейермахердің спинозизмін, біршама Шеллингтің соңғы көзқарастарын еске түсіреді. Теориялық жағынан Шлегель де бұл жеке адамның игілікті құдіреттің заңына бағынуы оның ең жоғарғы әрі ақырғы міндеті екендігі жөніндегі ойға жетелейді. Осындай ұмтылыстардың бәрінің аяқталу нәтижесі Гегельдің диалектикалық әдісі. Шлегельдің «үштіктің бірлігі» деп атаған сұлбасы мұнда тек қана ұйғарым, терістеу және қайшылықты шешудің – үштілігі ретінде көрінеді. Бірақ бұл шешімді (сни ятие) ғана ақиқат, ол өзінен бұрынғы тезис пен антитезисті алаңсыз жоққа шығарады дегенді білдіреді деп ойлауға болмай ды. Керісінше, осы үш кезең де ақиқат дамуының қажетті де ре альды формалары. Қайшылықтар шындықтың ішкі мәні, бірақ шындық және де олардың үйлесуін де өзінде ұстайды. Әрбір ұғым метафизикалық қажеттілікпен өзінің қарама-қарсысына өтеді, бірақ қайшылықтардың синтезінен олардың бірігуінің жоғарғы ұғымы қалыптасады, ал бұл өз тарапында тағы да сол жолдардан өтеді. Бұл ең жоғарғы әрі ақырғы синтез іске асқанға дейін жалғаса береді. Бірақ, бұл тек философиялық ойлау үдерісі ғана емес. Рух пен ұғым заттардың ішкі мәнін құрайтын болғандықтан ол әрі реалдық даму, оның мәнісі – рух өзінен әлемді тудырады және сол арқылы өзіне өзі қайта оралады. Ұғымдардың дамуы, олай болса, бір уақытта әрі логика, әрі метафизика. Осы ішкі диалек тикада рухтың туғызатын қажетті формалары шындықтың катего риялары болып табылады. Осы үдерістегі оның өтетін сатылары Гегель үшін субъективтік емес, объективтік маңызға ие. Заттардың өтетін диалектикалық өрлеу сатылары абсолюттік рухтың өзін өзі айқындауы, ал оның мәні ол өзінен өзі екіге айрылады және осын дай айрылудан өзіне қайтып оралады. Гегельдің жүйесіндегі осы негізгі ойдың терминдері басқа болғанымен фихтелік идеализм арқылы аристотельдік метафизи каны өз бойына сіңіру екендігі анық. Гегельдің ілімін Лейбниц
тен де гөрі әлдеқайда терең мағынада Аристотельдің даму туралы
ұғымы анықтайды. Құдіреттік рух өз категорияларында барлық
заттардың идеалдық мүмкіндігін өзінде тұтады, сөйтіп ал бүкіл
әлемдік үдерістегі табиғат пен рухтың барлық құрамаларында осы
мүмкіндіктің іске асуында жатыр. Және тек осының арқасында
ғана идеяның өзі жетілген шындыққа (энтелехия) айналады. Бірақ
осы іске асудың өзі құдіретті рухтың бастапқы әрі хас мәнінен
басқа ешнәрсе де емес.
Гегельдің негізгі үш мүшелік жүйесінің орныққан басты
тұрғысы осы. «Өзі өзіндегі» абсолюттік рухты (немесе «өзі
өзіндегі идеяны») тану және ондағы диалектикалық дамудың
қажеттілігі – логиканың нысаны, ал оның жүйесінде қалған екі
бөлігінің қарастыратын формалары өз өздігінен-ақ орындарын
табады. Өзінің «өзге болмысындағы» рух, сыртқы нәрсе ретінде
берілген рух, ол – табиғат. Ақырында, натурфилософиямен қатар,
үшінші бөлігі ретінде рух философиясы тұрады, ол оның өзі өзіне
жаңа деңгейде оралған, қайта тапқан формалары хақындағы ілімі,
яғни «өзі өзіндегі» және «өзі өзі үшін» рух түрінде ол өз даму
ын аяқтайды. Осы бөліктердің әрқайсысы тағы да диалектиканың
триадалық принципі бойынша бөлінеді және бұл сұлбаны Гегель ең
ұсақ тетіктеріне дейін асқан шеберлікпен іске асырған. Асқан ше
берлікпен де әрі асқан жасандылықпен де логикалық түзілістерді
ол көбіне схоластикалық сұлбашылдықтың үлгісі етіп, кейде бір
ғана номенклатурамен аяқтай алады, ал бұл ең соңғы неоплато
ник Проклдің антикалық ойларды триадалық әдіспен маржандай
тізгенін еске түсіреді. Диалектикалық әдіс танымдық материалды
белгілі бір зорлықпен жүйелейді, кейде ол танымдық мазмұнның
біразын жоғалтудың нәтижесінде, онда да болса Гегельдің кере
мет шеберлігінің арқасында ғана, іске асады. Логиканың заңын
әрі әлемнің заңы деп қарайтын алғышартынан шыға отырып және
әлемдік тұтастықтың логикалық жіктелуін түсінуге адам рухының
қажыры да, қуаты да жетеді дегеннен шыға отырып, Гегель өз ой
ларын ұштастыруда адамдар білімін, олар тіпті оның – сұлбасына
үйлеспейтін жағдайларда да, үнемі кіргізіп отыруға итермеледі.
Сондықтан да Гегельдің бүкіл жүйесі қолдан жасалғандай түрде.
Эмпирикалық білімдерге деген онда ешбір құрмет болған жоқ,
оларды қосып жіберіп, кейін сол үдерістің өзінен қайта туғызып,
рухтың өзі өздігінен туғызған өнімі етіп көрсету онда жиі кезде
седі. Осы жолмен жеке ғылымдардың өздеріне тән жолдарымен
тапқан білімдердің бәрін де диалектикалық әдіс қайтадан өзінде
туғызатын, соның нәтижесінде басқа ғылымдарда, барлығының
басы артық, қажетсіз, тек философияның аясында сіңіріліп жоғалып
кететін қауіп туғандайын көрініс пайда болады. Ал шындығында
істің жайы тіпті басқаша еді. Ешбір нақты білімдердің мазмұнын
диалектикалық әдіс тудырған жоқ және ол еш нәрсе де тудыра ал
мас еді. Оның жемісті жол болып көрінуі эмпирикалық біліммен
құпия одақтастығына негізделген. Сондықтан да кейінірек оның
кейбір жақын, ал кейде тіпті оған алыс шәкірттері (мысалы, Вейсе)
Гегельдің заттардың ішкі құпиясына терең ене алатын бұл ілімінің
нақты реалдық мазмұнын баяндағанда, оның өз мағынасынан еш
нәрсе жоғалтпайтындығы, тіпті одан оның ұта түсетіндігі айқын
болып шықты. Бұл көп адамдарды таң қалдырды. Олай бол
са, гегельдік әдістің шын мәні барлық ғылымдардың өздеріне
тән әдістері арқылы тапқан білімдерінің негізінде оларды түпкі
логикалық байланыстарында түсіну, яғни оны түпкі әлемдік себе
бінде көру, логикалық осындай сұлбасының көмегімен бұл әлемдік
түпкі себеп неліктен басқа ғылымдардың тапқан және шын деп
қабылдаған формаларын өз дамуында туғызатынын түсіндіру бола
тын. Диалектикалық әдіс қандай да болмасын адамдық танымның
абсолюттік мұратына ұмтылады: ол эмпирикалық танымымызда
дүние қандай болып көрінсе, оның тап сондай болуы тиіс екен
дігін түсінудің әрекеті. Ол бұл есепті дүниені құдаи рухтың
қажетті дамуы деп түсіну арқылы шешуге және де сол дамудың
шеңберінде әлем тіршілігінің жеке формаларының лайықты орны
мен құндылығын көрсетуге үміттенді. Сондықтан да мұнда, егер
дүниені құдаи рухтың туындысы деп қарасақ, онда философия мен
дінді бір нәрсе деп есептейтін қағида тек айтылып қана қоймай,
түсінілуі әрі дәлелденуі керек екендігі туралы сөз болып отыр.
Гегельдің бұл әрекеті, әрине, сәтсіз болды, және де бұл мұрат
Кант пен Фихтенің мазмұнының өзінде оған қол жетпейтіндігі бар
деп көрсеткен мұраттарының санатына жататын болу керек. Сон
да да болса, осы есепті шешу үшін соншалықты бай әрі қуатты
парасатымен жұмыс істеп, өмірін сарп еткен Гегельді қазіргі
әдетке айналып кеткен келемеж етушілік тым тайыз да парықсыз
ойдың ісі. Мұндай есепті шешуге кең байтақ ғалым, адамдық бі
лім қорын түгелімен тікелей өз жанында қорыта алған адам ғана
кірісе алар еді ғой. Білімнің барлық салаларында диалектикалық
әдісті сол жолдан ешбір айнымай өткізу үшін Гегельде шыныме
нен бар болған өмірде сирек кездесетін байтақ білімдарлық қажет
еді. Ол жаратылыстану ғылымдарына қатысты да көрінді. Бірақ,
айрықша жоғары дәрежеде танымның осы ауқымдылығы тарихи пәндерде ашылды, және де бұл салаларда оның ерекшелігі тек білімдарлығының сан тараптылығы жағынан ғана емес, адамдар өмірінің түрлі жақтарындағы тарихи құбылыстардың ішкі мәніне терең бойлай білуінде еді. Тарихи фактілердің ең маңызды белгі лерін ол нағыз даналықтың түйсігімен біле білді, ал оның тарихи үдерістер барысы туралы түзімдері тарихи хронологияға тура келе бермесе де, жеке құбылыстардың маңызын жетік түсінуімен ерек шеленетін әрі соның арқасында жемісті болып шықты. Білімдер дүниесінің осынша кең ауқымды материалына гегельдік рух шын мағынасында өз билігін еркін жүргізе алды. Осындай деректер ді ол ешбір қайталанбайтын еркіндікпен өзінің оларды жүйелеп жіктеуіне бағындырып, эмпирикалық мәнін өзінің құрып отырған бүтіндігіндегі орнын көрсету арқылы түсіндіре алды. Ондағы аса таң қаларлық нәрсе – оның өз білімдеріндегі диалектикалық әдістің еркін патшалығы және өз заманындағы ақыл-ой байлығының бәрін бір тұтастықта қорытуға қолын жеткізген теңдесі жоқ жүйелілеу өнері. Білімдері универсалдық өңде болған өз замандастарына және барлық, әсіресе тарихи ғылымдарға еткен оның тұлғасының ықпалы мен әсерінің сыры оның шығармашылығының көп тұстарының жаңашылдығынан гөрі осы ерекшелігінде болуы тиіс. Онда жеке адамның ерекшелігін бүтіндіктен түсінуге және оның бағасын да бүтіндіктің тұрғысынан беруді қалайтын нағыз философиялық рух үстем. Көркем сөзде Гетенің поэзиясы қандай болса, ғылым са ласында Гегельдің жүйесі универсалдық білімдарлықтың сондай жетілген туындысы болып есептеледі. Идеалистік философияның дамуындағы Гегельдің жағдайы да осындай. Бұл философияда Канттың кезінен бастап пайда болған елеулі нәрселердің бәрін оның ілімі бір ұлы жүйеге біріктіріп, оған аяқталған түр берді. Өз философиясының әр түрлі бөліктерінде Гегель не нәрсеге үйретсе де, олар идеалистік бағыттың әр түрлі теорияларымен байланысты. Оның жеке өзіне тиісті нәрсе – олардың барлығын бүтіндіктің жал пы жоспарымен тікелей байланысқа келтіру және оларды бір ғана тәсілдің жолымен шығару. Гегель бүкіл философия бұрын-соңды білмеген ұлы жүйелеуші. Неміс идеализмінің негізгі ілімдерінің бәрі оның жүйесінде біршама тұйықталған жүйеге бірігіп, өзінің құрылымының симметриялық үйлесімдігі мен танымының мазмұнындағы әдістемелік заңның үстемдігі жағынан идеализмнің дамуында үстемдік алған эстетикалық талаптың ең жетілген түрде іске асуы болды.
Жүйесінің басында Гегель оны түсінуге оқырманды дайындай
тын әрі қажетті сілтемелер беретін кіріспе жазды. Диалектикалық
әдіс данышпан интеллектілік интуициясын қажет етпейді. Ол тек
әрбір адамға түсінікті танымның ғылыми формасы болғысы келеді.
Бірақ, бұл әдіс күнделікті қарапайым ойлаудың шеңберінен тыс да
миды, сондықтан да ол соңғыдан шыға отырып дамытылуы керек.
Адамдық ойлау өзінің алғашқы табиғи қалпында философиялық
көзқарасты ұстанбайды. Оған ол тек тарихи дамуда ғана ие бол
ды және де оны сондай ойлауға әрбір сәтте құлшындырып отыру
қажет. Кәдімгі қарапайым санадан философиялық көзқарас дамып,
өніп шығуы үшін қарапайым санаға тән қайшылықтарды ашу шарт
әрі солай ашқаннан кейін сонда қалатын жалғыз нәрсе ретінде сол
философиялық көзқарасты шығару керек. Философияда осылай
рухқа оның өзіндегі қайшылықтарды көрсете отырып, оны өзінің
кәдімгілік қалпынан бас тартқызып, сатыдан сатыға жетелей келіп
ақырында философиялық көзқарасқа әкелуге дайындайтын ғылым
бар. Ондай білімнің басынан өткізетін құбылыстарынан филосо
фия деңгейіне көтерілуге болатын формалары туралы ілім, оны
рух феноменологиясы дейді. Осындай ілімге арналған Гегельдің
шығармасы, әрине, жалпы қарапайым санадан философиялық
ойлауға көшуді басқару міндетіне сәйкес келе алмайды. Оның «Рух
феноменологиясы» оқушысын да философиялық ойластыруларға
деген ықылас пен қабілетті керек етуді былай қойғанда, бұл
шығарма философияда бұрын-соңды пайда болған шығармалардың
ішіндегі меңгеріп алу үшін ең қиыны. Гегель философиясының
кіріспесін түсінуге деген ойлаудың зорығуымен салыстырғанда
Платонның сұхбаттары мен «Таза зердеге сынды» оқу әлдеқайда
жеңіл нәрседей көрінеді. Оның себебі бұл кітаптың автордың басқа
шығармаларымен қатар оның формасының күрделілігінде ғана
емес, философиялық әдебиетте болмаған, басқаға ешбір ұқсастығы
жоқ өзгеше мазмұнында. Қарапайым санадан философиялық
көзқарасқа өту әуелде өз өзіндегі өз мүддесінің итеруімен ойлау
философиялық деңгейде тыным тапқанға дейінгі сатыдан сатыға
көтерілудің гносеологиялық қажеттілігі деп түсініледі. Бірақ, бұл
үдеріс, Гегельдің түсінуі бойынша, әрбір жеке адам ойлауының,
мейлі ол әлемдік рухтың жетілмеген бір көрінісі түрінде болса
да, психологиялық қажеттілікпен өтетін жолы. Және іс мұнымен
де бітпейді. Шеллинг сияқты Гегель де рухани дүниеде де қазіргі
биологиялық ғылымдарда негізгі биогенетикалық заң деп атала
тын принцип әрекет етеді, атап айтқанда: индивидуум мен жал
пы тектің дамуларының арасында ұқсастық (аналогия) бар деп есептейді. Осыған сәйкес «Рух феноменологиясының» сурет тейтін үдерісі адам тегінің ғылыми қозғалысында да, яғни фило софия мен басқа да ғылымдардың тарихында қайталануы тиіс. Ақырында, жалпы рухани өмір бір болғандықтан мұндай дамуда жалпы мәдени қозғалыстың да идеалдық бейнесі бар: соныменен, оның фазаларында бұл үдерістің де сатыларын білетін боламыз. Әрине, «Рух феноменологиясында» бұл даму әлі толық парал лелизм тұрғысынан қаралмайды, бірақ дегенменен де мынадай мағынада түсініледі: мұнда диалектикалық және психологиялық тұрғызылған өтеулер мен байланыстар тарихтың кейбір жалпы құбылыстары мен олардың өзара қатынастарында өз бейнеленуі мен безендірілуін тауып жатады. Сөйтіп логикалық формалар бүкіләлемдік бейнелерге дейін кеңейтіледі. Сан алуан формалардың барлығында да бір негізгі процесс іске асуы арқылы олар бірін бірі айқындап әрі түсіне алатындықтан мұндай көп қырлы аналогия аса биік дәрежеде жемісті болып шықты. Осы ілімнің алғышарты болып табылатын әр түрлі салалардың ұқсас түрде дамулары бірбірімен шатастырылмаса немесе олардың бір-бірімен астасулары мұқият та әрі дәлдікпен қадағаланған болса, мұндай аналогиядан ешбір зиян болмас еді. Бірақ, тап осы жоқ. Гегель, керісінше, осы ны анық көрсетпей-ақ бір саладан екіншісіне емін-еркін өте бе реді. Оқушыны ол байқаусыз әрі тікелей гносеология саласынан біресе психология, біресе философиялық тарихи, біресе мәденитарихи салаларға ауыстыра береді. Көзқарастардың тұрғысының осындай ауысуына оқушының назарын аударуға көңіл бөлінбейді де, тіпті ондай секірулерді әдейі байқаусыз етуге тырысады. Соны мен, «Рух феноменологиясы» әр түрлі түсті жіптерден тоқылған, әр түрлі түстерде құбылып тұратын мата сияқты әсер қалдырады, сол арқылы әуелде алаңсыз шатастырылған нәрседей көрінеді. Бұл кітапты оқуға кіріскен адам әуелде бір тұманда адасып жүргендей болады, себебі зерттеудің қай саласында жүргенін ешқашан біл мейді, айқын түсіндім деп ойлаған әрбір бейне бірден басқа бірдеңеге айналып, бір күңгірт нәрсеге ұласып, не нәрсеге табан тіреуін білмей қалады. Бұл кітапта ақыл мен білімнің сарқылмас көзі бар. Тарихи құбылыстардың қайталанбас өзгешеліктерін де қамти алатын тарихи көзқарастың барлық тереңдігін Гегель осын да ашты. Бірақ осы терең даналық көбінесе аса бір ишаратпен, нәзік сілтемелермен бүркемеленгендігі сондай, оларды түсіну үшін айрықша жаттыққан ақыл мен үлкен білім қоры қажет. Бұл
еңбектің бай мазмұнын қабылдауға қабілетті ұрпақ өмірден өтіп ба
рады, ал енді оны бастан аяғына дейін оқып шыққандар саусақпен
санарлықтай ғана. Сондықтан да, әсіресе, Куно Фишердің өзіне
тән айқындықпен «Рух феноменологиясына» жасаған тамаша сәтті
талдауындағы бүтіндіктің даму үрдісін, жеке байланыстары мен
жеке бейнелерін Гегельдің іліміне жасаған баяндауында көрсете
алғанын ерекше алғыспен қарсы алған жөн. Қазіргі оқушыны енді
осы мұқият баяндауға қарай жол сілтеуіміз керек.
«Рух феноменологиясы» мынандай идеяны басшылыққа алып
құрылған: рефлексияның көрсетуінше сана әрбір жаңа сатыға
көтерілгенде шын өмірде өз ойындағыдан тіпті басқа бір нәрсе бо
лып шығады, сондықтан да әрқашан жаңа сатыда одан бұрынғы
сатылардың шын мағынасын түсіну бар. Бұл үдеріс сана фило
софияда өз мазмұнымен өзі толық бара-барлыққа келгендігін
ашқанда ғана аяқталады. Бұл дамуда Гегель үш негізгі сатыны
ерекше ажыратады. Әуелде заттар дүниесінен ажырамаған анайы
сана сезімдік түйсіктің айқындығынан және қабылдау мен заттар
ды пайымдық түсіну арқылы даралық өзіндік санаға дейін жетеді.
Ал бұл соңғы өзін сыртқы дүниеге қарсы қойып әуелде бір бұзушы
күштей, сонан соң реттеуші және жаратушы «мен» ретінде әрекет
етеді. Өзінің өздігіне бекініп алып, сыртқы жат дүниеден өзінің
еркіндігіне ойысып, ақырында өзі өзінен түңіліп, тарихи бір бе
делге бағынуға кенеледі. Сонымен ол ортақтық санаға негізделген
зердені дамытуға мүмкіндік алады. Бұл жоғарғы сатыны Гегель
тағы да үш формада дамытады. Біріншісі – зерделі өзіндік сана,
ол бақылаушы зерде сапасында объективтік дүниенің заңдарын із
дейді, алайда, оларды тауып танығаннан кейін барлық жерде тағы
да тек өзінің формаларын табатындығына көзі жетіп, практикалық
«менге» айналады. Ал бұл соңғы заттардан ләззат алудан бас
тайды. Олардың тағдырынан ол бәрінен мардымсыз өткіншілікті
көріп, олардан адамгершілік түрінде жоғары көтеріледі де, одан
мұнда да әлемдік ағымда жоғарғы зерденің үстем екендігіне көзі
жетіп, объективтік күшке бағынуға мойынсұнады. Осылай зерделі
өзіндік сана адамгершілік рухына айналады. Мұның таза формасы
– индивидуумның мемлекеттік одақта жоғалатын көне грек қоғамы.
Бірақ мұнда да индивидуум мен тектің арасындағы араздық ашы
лады. Ортақтық немесе жалпылық шексіздік өзін өзі тану ретін
де универсалдық құқық түрінде салтанат құрады, индивидуум
тағы да жалпылыққа қарсы бас көтереді – білім мен нанымның
өзара тартысы сананы бұзып, ағартушылық түрінде моральдық
дүниетаным кәдімгі пайдагерлік пен адамгершіліктік даналықтың қайшылықты диалектикасын дамытып, өзін дінде аяқтағанға дейін ағартушылық түрінде абсолюттік террорға дейін жетеді. Феномено логия зерденің бұл үшінші формасын – дінді – тағы да үш сатылық (табиғи, көркемдік және құдаилықты ашу діндері) даму түрінде қарастырады, сөйтіп ақырында діни көзқарастың сатысында тек көрсетіліп қана қойылатын шекті нәрселердің барлығының шексіз рухпен бірлігі енді қажеттілік мағынасында түсінілуі тиіс екендігі ашылады, ал бұл енді философияның міндеті, оның көркемдік композициясына қатынасында үшін «Рух феноменологиясы» тек увертюра ғана болып табылады. ...Өзінің дамуында адамдық рухтың туғызған нәрселерінің терең сырлары оның іс-әрекетінің іске асқан формалары арқылы түсінілуі тиіс. Оның туындыларының бәрін әлемдік рухтың дамуының қажетті формалары ретінде ол әлемдік таным жүйесіне біріктіруі қажет. Эстетикалық ұғымдарды философиялық-тарихи түзімдерден шығарған Шиллер сияқты Гегель де адамдық рухтың тарихи дамуының сабақтастығынан одан әлдеқайда ауқымды мағынада бүкіл философияны өрбіткісі келді. Адамның өзіндік санасы – өзіне қайтып оралған әлемдік рух; адам танымының да муы – ол әлемдік рухтың өзін өзі саналы түрде түсінуі... Гегельдің философиясы өзін бүкіл адамзаттың тектік зердесінің мәдени дамуының өзіндік санасы деп қарастырады, ал оны әлем түрінде дамудағы абсолюттік рухтың өзіндік санасы деп түсінеді... Гегельдің логикасы жоғарыда айтылған «субстанцияның субъ ектіге дейін көтерілуін» абсолюттік «болмыстан» басталып, «иде ямен» аяқталуымен, сөйтіп бүкіл ұғымдар жүйесін диалектикалық ілгерілеу жолымен дамыту арқылы іске асырады. Бірақ катего риялар мұнда Канттағы сияқты пайым қызметінің дәнекерлеуші формалары емес, әлемдік өмірде идеяның өзінің өзінен дамуының объективтік бейнелері болып табылады... Иррационализм (Якоби, Шеллинг, Шопенгауэр, Фейербах)*
Гегельдік панлогизм толық дәрежесінде неміс философия
сының диалектикалық дамуының жалпы өзгешелігін қатаң түрде
көрсетеді. Әр қадам сайын ол әлемді таза рационалдық танудың
* Бұл параграфтың тек Шопенгауэрге қатынасты тұсы ғана аударылған
(Ауд. ескертпесі).
міндеттерін көздеді: онда ылғи шындықтың бүтіндей қалдықсыз зерде ұғымдарын тарқатылуы туралы сөз болды. Гегельдің жүйесі өзінің терең негізгі нанымы ретінде анық және қатаң түрде тек бір өзі ғана философияның алдында мынадай міндет ті қоюға құқық беретін: “Барлық тіршілік ететін нәрсе, зерденің тұжырымын жариялайды. Егер ғалам қалдықсыз рационалды та нымда жүзеге асырылуы керек болса, онда бұл енді a prіorі, кез келген реалдылықтың өзі бір рационалдық болып табылатынын көрсетеді, Бардили айтқандай, кез келген зат оның ұғымынан өзгеше ештеңе емес, немесе Гегельдің тілімен айтсақ, заттардың мәні рух болады. Әлем тек өзінің негізіне дейін зерделі болған кезде ғана өлшене және зерделі танымды жеңе алады. Бұл тұжырымнан Канттың трансцендентальдық логикасы дамыды, және де дәл осыған байланысты ол адамның елестететін әлемінің суреті зер демен қамтамасыз етілген және реалдылыққа қатынасы туралы біз ешнәрсені біле алмайтын құбылыс қана деген ұйғарымға келеді. Өзіндік зат ұғымының күйреуіне байланысты бұл сыншыл шекте улік алынып қалды, философия ескі рационалистік көзқарастарға қайта оралды. Бұл процесс Гегельге дейін одан сайын кеңіді, және бұл жолмен канттық идеализмнен тағы да абсолютті шектеусіз ра ционализм шықты. Бірақ шындықтың “зердеге” қалдықсыз толық айналуы бұл тек көз қылушылық. Шындығында кез келген рационалистік жүйеде соңында танымнан сусып кететін, ұғымдарға таралып кетуі мүмкін емес болып көрінетін, және зерделі санамен салыстыруға келмейтін бір нәрсе қалады. Біздің санамыздың мазмұнын кез келген рационалды түрде мәнін түсінуде онда оған бөтен ретінде кедергі келтіретін қалдық қалыптасады және ол зерденің өзінен шығаруға көнбейді. Заттардың негізінде танып-білуге болмайтын – құпия “бір нәрсе” жатыр. Ол біздің алдымызда тұрады, дәл соны біз қанша тырыссақ та, бәрібір ешқашан танып-біле алмаймыз. “Шығарылғанның” түбінде шығарылмайтын жатыр, ол туралы біз оның тіршілік ететінінен басқа ешнәрсе білмейміз. Сонымен, әрбір рационалистік жүйе, оның алдында таным бас иетін, тек қана зердеге негізделген, әлдебір қалдықты та бады. Осылардың арасынан тек қана бір жүйе ашық түрде бұл фактіні мойындайды – ол Канттың практикалық рационализ мі. Ол априорлық танымды зерденің формаларымен шектеді, ал тәжірибенің әртүрлі мазмұнын жай ғана “берілген” деп қарастырды. Міне, Маймонда анық көрсетілген – өзіндік зат ілімнің терең
мағынасы осында. Рационализм шекті ұғымды қажет етеді, оның
көмегімен ол айтар еді: “бұл жерде біздің алдымызда небір ақыл
жетпес, шындық, бірақ танып-білуге болмайтын факт тұр”. Тари
хи жағынан алсақ, мүмкін, бұл Лейбництің метафизикасының ең
бір асыл тереңдіктерін және “Тұжырым қабілеттілігіне сынында”
табиғат спецификасы ұғымы туралы сұрақтан табылатын Кант
пен терең туысқандығын бәрінен де артығырақ ашып берер еді.
“Мәңгілік ақиқаттармен” бірге Лейбниц, күші арқылы барлық сан
сыз мүмкіндіктерден өзінде болып жатқандармен шындығында
дәл осы әлем жасалған ақылға симас құдайлық таңдау фактісін
қабылдаған: яғни, Лейбниц үшін шындығында логикалық санамен
салыстырғысыз “vérіté de faіt”* бар. Сондықтан, құдайлық ырық
лейбництік рационализмнің шекті ұғымы қызметін атқарады.
Осыған өте ұқсас нәрсені, бірақ тіпті басқа ойлар шырмауын
да болса да, біз Фихтеден табамыз: рационалдық сана жетпейтін
барлық шындықтың негізін бұл жерде себепсіз, сондықтан да ақыл
жетпейтін абсолютті “меннің” “іс-әрекеттің фактісін” құрайды.
Фихте, өзіндік зат ұғымын лақтырып тастап, қалдықсыз бүкіл
әлемді “мен” арқылы және оның қажетті мақсат актісі арқылы
түсінуге тырысып, сонда да болса, әрекетін дедукцияға сүйеніп,
қорытынды жасауға болатын, бірақ мазмұнын шығара алмаған,
шекті ұғымды түйсіктен тапты. Осы көзқарас, мүмкін, оның
философиялық дамуының жаңа кезеңі болған шығар. Сонымен
қатар, дәл осы жерде кейінірек ол, канттық сөздің мағынасындағы
интеллектуалды интуиция ұғымына көңіл аударған, Шеллингтен
бөлініп кетті.
Бұл ұғымның мистикалық және эстетикалық элементтері
оның кейінгі дамуында біршама анық болып шықты. Кейінірек Ге
гель, оның жүйесінің айрықша белгілерін құрайтын идеялардың
романтикалық әлемін “рационалдауы” қорытылған интеллектуал
ды интуицияның шекті ұғымын алып тастауға ұмтылды. Өйткені,
идеяның табиғи шындыққа “айналуының” диалектикалық дамуы
на көше отырып, ол табиғатта идеалдыға жат бір нәрсе (нечто),
“терістеу”, идеалды кезеңнің жоқтығын ғана білдірмейтін, керісін
ше, оған қарама-қарсы тұрған реалдылықтың күшін кездестірді.
Оны рационалды түрде түсінуге шамасы келмей, ол табиғаттың
“кездейсоқтығы” деген атпен оны факт ретінде мойындауы ке
рек болды. Осындай жолмен басқа формада жарыққа тағы да осы
шындықтың иррационалды қалдығы Протей келді – “кездейсоқтық”
логикалық идеализмнің шекті ұғымын құрады.
* Фактінің ақиқаттылығы (франц.).
Рационалистік жүйелердің бұл шеткері ұғымдары Канттан Гегельге дейінгі рационалистік иедализмнің дамуына көлеңке сияқты ілескен жоғары дәрежелі кереметтей әрі қызықты философиялық ілімдердің тұтас қатарының бастаушы ноқатына айналды. Сондықтанда оларды ең алдымен қарастыруымыз ке рек бұл арада. Заттар мәнін соңғы негіздемесіне дейін таныпбілуге рационализмнің қабілетсіздігін сыни ойластыру ең алды мен рационалдық білімге қайнар көзі әлдебір деректерде жатқан иррационалдық білімді қарсы қоя бастауға жетелейді. Ал содан соң иррационалдық білімнің бұл объектісін «зерделілік» сала сынан аластатуға, сөйтіп оған немесе зерделіліден-жоғарылық, немесе зерделілі-еместік сипатын тануға деген маңыздырақ метафизикалық талаптанулар бірінен кейін бірі орын тебеді. Рационализмнің шеткері ұғымдары үстінен рефлексия жасау арқылы пайда болған, сөйтіп олардың шығу тегінің осы ішкі туыстығы негізінде мұнда иррационализм деген жалпы атаумен біріктіріліп отырған философия жүйелері, табиғи, тым әр түрлі және бір-бірімен тізбекті даму барысында байланысты емес. Тезірегінде, олардың әрқайсысы – идеализмнің басты діңгегінде оның көлеңкелі жағында дамудың белгілі бір фазасы кезінде бір бүйірінен өрбіп келе жатқан өскін ретіндегі әлдене. Сондықтан иррационализмнің бұл жүйелерінің пайдаланатын ұғымдары өз мәнінде сыни және полемикалық қатынас арқасында өздері дамып шығатын сол рационалистік жүйенің ұғымдары болып табыла ды. Міне, сол себепті бұл жүйелердің көбісін асқан сыни дарын ды адамдар жасаған. Бұл адамдардың рационалистік жүйелермен оларға тәуелділігінен гөрі өз келіспеушілігін әлдеқайда шымыр сезінуі мен білдіруі де осыменен түсіндіріледі, сөйтіп тек тари хи зерттеу ғана жалпы дамудағы олардың ақиқат орнын анықтап берді, ал олардың өздері бұл жөнінде көбіне адасумен болған еді. Рационалистік жүйелерге деген мұндай көп түрлі шатасқан қатынаспен бірге барлық иррационалистерге, ақырында, ортақ бо латыны мынада: олар ұғымдарды дамытудың мектептік формасын лақтырып тастап, еркіндірек және көпшілікке түсініктірек баяндау тәсіліне көшті, сөйтіп олар, осының арқасында жалпы оқу-білім ге рационалистік мектептің қатаң тұжырымдауларына қарағанда – жақсы және жақсылығы азырақ мағынасында – тікелейлеу әсер көрсете алды...* * Бұдан әрі В.Виндельбанд иррационалистік ойшылдар қатарына, Ф.Г.Якобиден (1743-1819) бастап, Эшенмайерді (1770-1852), Франц фон Баадерді (1765-1841), Артур Шопенгауэрді (1788-1860) және т.б. жатқызып, олардың еңбектеріне сипаттама береді. – Аудармашының ескертпесі.
Осы баяндауға Артур Шопенгауэрдің ілімімен (біздің уақытымыздың жемісі болғандықтан ол, ереже есебінде, замандастарға белгілі келеді) бұрыннан таныс бола отырып, құлақ асқан адам, оның жүйесінің жарқыраған мозаикасын құраған тастардың (ал бұл мозаика сол тастардың таңқаларлық қиыстырылуы болып табылады) қалайша біртіндеп бірінен соң бірі пайда болғанын байқай алады. Мүмкін, Шопенгауэр сияқты, бір де бір ұлы философ ой тарихындағы өз орны жөнінде мұндай адасуда болған жоқ шығар, олардың бір де біреуі өз көзқарасының ақиқат басқы ноқатын өз баяндауымен соншама күшті түрде жасырған жоқ шығар. Оның еңбектерін оқыған тарихи танымы саяз адам оның бірден-бір ізашары Кант болған екен деп және Шопенгау эр содан бастап, Фихте мен Шеллингтің есімдерімен белгіленетін ағымдармен ортақ ештеңесі жоқ мүлде қарама-қарсы бағытта әрі асқан екен деп оп-оңай ойлап қалуы мүмкін. Ал шындығында Шопенгауэр, өз тұлғасының ішкі қайшылықтарына орай, бұл жалпы дамудың негізгі ойын, рас, жоғары дәрежедегі соны түрде – тек қана түрлендіре алды, сөйтіп Канттың басқа ізбасарларының алдындағы оның зор басымдылығы басты түрде оның керемет тей жазушы болғанында еді. Барлық халықтар философиялық әдебиетінің бір де бір ойшылы философиялық ойды Шопенгау эр сияқты сондайлық тиянақты, сондайлық нақтылы сұлу түрде тұжырымдай алмайтын. Оның өзі туындатпаған, бірақ мектеп тілі нен аударылған тың көптеген принциптерді шыныменен жарқын да айқын түрде баяндай бере алатын және неміс идеализміның жал пы дүниетанымын соншама дәл өрнектей алатын дарыны болғаны соншалық, бұл Шопенгауэрдің шығармалары кең көпшіліктің арасында тарқай бастағанла өз әсерін көрсетпей қоймайтын еді. Екінші жағынан, бұл әсер оның өзіндік жеке-даралығы арқасында, – ал мұның көзге ұрып тұрған сызаттары оның ілімінің логикалық зерттеулерінің ұзына бойында стихиялы күшпен сезіліп, тура ғана оқырманның өзіне арналғандай болып көрінетін, – тағы күшейе түсетін. Шопенгауэр данцингтік* коммерсанттың ұлы болатын. Ол 1788 жылы туған. Ұзаққа созылған саяхаттардан кейін ол, әкесінің айтуымен, сауда ісімен айналысуға мәжбүр болыпты. Кейінірек өз дербестігіне қолы жеткенде және оның шешесі, белгілі рома нист-жазушы, Веймарда қоныстанғанда, ол өзінің ғылыми білімін * Данцинг – Гданьскінің бұрынғы атауы.
толықтырумен айналысыпты. 1809 жылы Шопенгауэр Гет тинген университетіне түсіпті, одан соң Берлинде Фихтенің дәрістерін тыңдапты. Кейірінек Йена мен Веймарға қайта оралғанда, ол Гетемен жақын достық қарым-қатынаста болған екен. 1814 пен 1818 жылдар кезеңінде ол Дрезденде, өзінің басты туындысын жазу үстінде өткізеді де, одан соң Италия ны саяхаттайды, сөйтіп 1820 жылы Берлин университетінде приват-доцент лауазымында дәріс оқу құқығына ие болады. Кафедрадағы жұмысының соншама табысты болмауы (бұл үш жылдан кейін де, үш жыл бойғы саяхаттан кейін, қайтадан академиялық қызметімен айналыспақ болған кезде, қайталанған еді) оның академиялық қызметтен бас тартуына әкеледі, сөйтіп 1831 жылдан ол Майндағы Франкфуртке алшақтап, сонда 1860 жылы қайтыс болғанға дейін, жападан-жалғыздықта, аңғалсымақ өмір кешіпті. Оның басты туындысының тақырыбының өзі-ақ – «Дүние ерік және түсінік хақынды»** – жазушының жоғарыда айтылған философиялық ойды көпшілікке түсінікті формаға, құя ала тын бақытты қабілетіне мезгейді. Өзіндік заттың құбылысқа кантша қарсы қойылуы, біздің тәжірибеміз бен пайымдық танымымыздың дүниесі тек түсініктің дүниесі ғана дейтін фе номеналистік ілім, метафизикалық көзқарасты теориялық зер деден практикалық зердеге ауыстыру, заттардың ақиқат мәні ерікте дейтін тезис Кант, Фихте және Шеллинг ілімдерінің осы негізгі қағидаларының бәрі осы тақырыпта өз өрнегін та уып тұр. Құбылыстар дүниесі түсінікте ғана берілетін дүние. Сондықтан Шопенгауэр үшін ол дүниеде елестің ізі бар. Дүние – бұл бізден ақиқат мәнді жасыратын жамылғы, егер біз оны сол мән деп қабылдайтын болсақ, онда ол бізді адасуға жетелейді. Шопенгауэр бұл ойларды, жекелеп алғанда, себептілік ұғымына қатынасында дамытады, ал бұл ұғымға оның «негізденің жет кіліктілігі заңының төрт түрлі түбірі туралы» атты өте қызықты докторлық диссертациясы арналған болатын*. Бұл туындының басты қадыр-қасиеті: мұнда, бір жағынан, себептің әсерге метафизикалық қатынасы мен, екінші жағынан, негіздеменің ** «Dіe Welt als Wіlle und Vorstellung» (1819). * «Über dіe vіerfаche Wurzel des Satzes vom zureіchenden Grunde. Eіne phіlosophіsche Abhandlunq» (1813) – философия докторы дәрежесін алу үшін Йен университетіне жіберілген диссертациясы
салдарға логикалық қатынасы арасындағы айырмашылық дәл
өткізілген. Шопенгауэр негіздеменің жеткіліктілігі заңының
тағы екі «түбірін» – математикалық қатынастар мен «ниет
темені» – ұсынса дағы, бірақ кейіннен ол соңғысын («ниет
темені») себептілік принципіне бағындырды, ал біріншісін
(математикалық қатынастардың негіздемесін) танымның не
гіздемесі принципіне әкеліп тірейді. Метафизикалық мәніндегі
себептілікті Шопенгауэр категориялардың канттық жүйесінде
бар ақиқаттылықтың жалғыз өзі деп санады. Шопенгауэр
оны пайымның негізгі қызметі деп анықтайды: оның сезімдік
интуицияның таза формаларымен, кеңістік пен уақытпен,
қосылуы алғаш рет объективтік дүниені тудырады (мұндай
келісті біз Фихтенің теориялық ғылым-ілімінде кездестірген бо
латынбыз). Физиологиялық зерттеулерді қолдана отырып, Шо
пенгауэр себептіліктің қолдауынсыз бір де сезімдік қабылдау
орын ала алмайды, тек сол арқылы ғана түйсік сыртқы нәрсенің
бейнесінде проекцияланады деген ойды өткізеді. Оның басты
түрде оптика облысында жасақталған сезімдік қабылдаудың ин
теллектуалдылануы деп аталатын бұл теориясы, кейінірек, оны
Гельмгольцтің қабылдап алуының салдарынан, физиологияға
әжептәуір әсерін тигізді.
Пайым қызметінің жалғыз негізгі формасы ретіндегі се
бептілік Шопенгауэр үшін сонымен бірге танымның да жалғыз
басқарушы жібі болып табылады. Бірақ оның салдарынан
таным құбылыстармен ғана шектеледі, ол тек үздіксіз бір
шарттыланғаннан екінші шарттыланғанға ғана өте алады және
де бұл қозғалысында өз алдында да, артында да соңын көрмейді.
Дәлірек айтқанда, таным өзі бұрын ешқандай да басқа себеппен
шартталмаған бірінші себеп ұғымын ұсына алмайды. Себептілік
қайда қаласаң сонда тоқтауға бұйыра алатын фиакр емес, ол,
сиқырлы өнердің гетелік оқушысының қолындағы сыпырғыш
сияқты, бір рет іске қосылғаннан кейін енді тоқтатыла алмай
ды. Якоби үшін де, дәл солай Шопенгауэр үшін де кез келген
таным басы да, аяғы да жоқ құбылыстар арасындағы себептілік-
қажеттілік қатынастардың шынжыры ғана. Бірақ адам рухы
сонымен бірге тәжірибе тұтастығын оның ішкі байланысынан
байқастауға деген, құбылыстарды олардың жалпылығында
көріп, олардың алмасуында көрініс табатын бірлігін ұғынуға
деген мұқтаждықты сезінеді. Шопенгауэр метафизикалық
мұқтаждықты әйтеуір тап осылай анықтайтын болғандықтан, ол соныменен ешбір дәлелсіз оны құбылыстардың негізінде дүниенің абсолюттік бірлігі жатыр деп топшылайтын панте истік алғышартпен теңдестіреді. Кеңістік пен уақыт «prіncіpіum іndіvіduatіonіs»*, көптіліктілік және өзгермелілік принципін құрайды. Бірақ ол тек құбылыстар үшін ғана, түсінік ретіндегі дүние үшін ғана мәнді болады. Ал өзіндік зат құбылыстардың ар жағында жасырын қалатын абсолюттік бірлік болып табыла ды. Ол тұрақты қалыптасу қалпында болатын өткінші сезімдік дүниеге қарсы тұратын мәңгі өзгермейтін идеяға ұқсас. Тіпті егер де бұл туралы Шопенгауэрдің өзі өтініш жасамаған күннің өзінде де, бұл сенімнің оған дегенменен де Платонның ілімі мен танысқанынан келгендігінде ешқандай да күдік болмас еді; ал Платонды зерделеумен айналысуға оған күшті кеңес берген оның Геттингендегі мұғалімі Энезидем – Шульце болатын. Дүниенің абсолюттік бірлігі себептік танымның пәні бола алмайды. Оны ғылыми әдіс көмегімен танып-білуге бол майды. Сөйтіп егер философияның міндеті метафизикалық мұқтаждықты қанағаттандыруға саятын болса, онда бұл мін дет ерекшеленген ғылыми жұмыстың көмегімен емес, ал тезі регінде философ соның көмегімен тәжірибе байланыстарын «түсіндірмелейтін» дана интуиция жолымен шешілуі тиіс. Бұл көзқарас неміс философиясының барлық басқа бағыттарына қатынасындағы Шопенгауэрдің орнын анықтайды. Ең алды мен, ол философияны ерекше әдіспен, ұғымдар туралы априор лы ғылым есебінде, жасақтауға деген ұмтылысқа қайшы келеді. Әлдебір ойшылдың өз іліміне әдістің көмегімен келетінін Шо пенгауэр тікелей жоққа шығарады. Тезірегінде оның ойынша, дербес ойшылдың данышпан туындысынан оның шәкірттері мен ізбасарлары қинала-қинала әрі бейшебер түрде әдісті бөліп шығарады, ал бұл ұлы суретшінің шығармаларында эстетиктің өнер ережелерін табатынына ұқсайды. Осыдан Шопенгауэрдің философиялық және эстетикалық шығармашылық арасында дәл романтиктердің жүргізген параллеліне келгені өзінен-өзі орын алады, сөйтіп оның көркем-аңғармалық философияға деген ұмтылысы поэзия мен философияның өзара қосылуы уақытының дағын өзінде арқалайды. Сондықтан оған бұл қосылудың түбіне * Индивидтелу принципі (лат.), яғни қайталанбас индивидтер көптілігі ретіндегі тірі және өлі табиғаттың көрінісі.
жетуді қалаған (шын мәнінде тек қалап қана қойғандай болып шықты), сөйтіп философияны қайтадан ұғымдардан бастау алатын таза ғылымға айналдыруға ұмтылған, Гегельден асқан ешкім де жағымсыз болған емес. Екінші жағынан, Шопенгауэр өз ілімінің тәжірибемен тығыз жанасып жатқанын байқайды. Оның философиясы тек тәжірибені түсіндіруге ғана ұмтылады. Бірақ бұл барлық құбылыстардың құпия туыстығы мен жасы рын мәнін тек тікелей интуицияда ашу арқылы ғана мүмкін. Метафизикалық таным кеңістікпен, уақытпен және себептілік пен шектелген ойлау арқасында емес, бірақ заттардың мәніне тікелей көз жеткізу жолымен ғана мүмкін. Шопенгауэр канттық таным теориясының шегінен шығып кетпейтіндей түрде метафизикалық қажетті қанағаттандырмақ болып, адамда, бұл терминнен қашқақтағанымен, интеллектуалдық интуицияға де ген қабілет бар деп қосады, сондықтан да оған бұл жағдаятта өзі еліктейтін Фихте мен Шеллингке соншама шүйлікпесе де болар еді. «Тәжірибенің тұтасына» деген бұл данышпан көзқарасқа, ғылыми танымның жұмысымен қол жеткізе алмай тын, бірақ артық жаралған рухтың дарыны ғана болып табы латын көзқарасқа ие болғанын ол өте мақтан тұтатын. Сөйтіп ол өзі шыныменен заттарды интуитивті түрде тікелей таныпбілудің данышпандығына, ал дәл солай бұл танымды көркем жеткізе алуға деген бақытты қабілетке де ие болған еді. Сонымен бірге тіпті Шопенгауэр данышпан интуициясының сипаты да дәлме-дәл Фихтенікіндей болып шықты. Субъективтік ақылкөзі, Фихтедегідей сияқты, кез келген түсінік пен кез кел ген құбылыстың негізінде тұлғаның ақиқат мәні ерік жатқанын көрсетеді. Субъект өзінің өзіндік мәнін аңдаған кезінде, оның бүкіл санасы оның өзіне өзі деген құбылысы ғана екенін, ал дәл сол кезде мінез-құлықтың немесе еріктің, оның ақиқат әрі өзгермес мәні болып табылатынын танып біледі. Бұл интуи циядан (тек ғана έν χαί πάν принципі бойынша) Шопенгауэр per analogіam* метафизикалық зерттеудің ерікті бүкіл барлық заттардың негізінде жатқан жалпы өзіндік зат деп есептеуі тиіс екенін шығарады. Құбылыстарда елестетілетін күштер мен әуестіктің барлығы да бірегей шексіз еріктің өзін-өзі көрсетуі ғана, ал ішкі интуиция оны біздің мәніміз ретінде білуіміз * «έν χαί πάν» – «бәрінде де орын тебу» (грек.), «per analogіam» - «аналогия бойынша» (лат.)
ге жол ашады. Осы арада, әрине, ерік ұғымынан саналы ниет
белгісі сылынып тасталуы тиіс – тек бейсаналық ерікті ғана
күшпен және әуестікпен теңестіруге болады. Шопенгауэр ерікті
тек осылай ғана түсінді, алайда, ол бұл сөздің онда тап қандай
мағынада пайдаланатынын түсіндіріп жатқан емес. Бірақ та дәл
осы, оңай байқауға болатынындай, оның ілімінің белгілі бір қос
мағыналығын тудырады, өйткені кейбір жағдаятта ол дәл осы
қараңғы дүниелік әуестікті тағы да жалғыз ғана саналы ерікке
тиесілі белгілерге бөктіреді.
Өзіндік зат есебіндегі ерік пен құбылыстар дүниесі
арасындағы қатынасқа орай Шопенгауэр ілімінде, оның жеке
өз басына да тиесілі, тәни жарықшақ үстемдік жасайды.
Гносеологиялық негіздеме бойынша, ал одан да әрі себеп
тілік туралы ілімге орай, шопенгауэрлік метафизикадағы ерік
ешбір жағдаятта да құбылыстардың себебі деп атала алмайды.
Сондықтан сезімдік дүние онда, дәл кантша, еріктің тек «объ
ективленуі» ғана деп, яғни өзіндік заттың түсініктегі көріну
формасы ғана деп саналады. Алайда, Кантта да, мұнда да
құбылыстың «негізі» өзіндік затта жатыр деп айтылады. Со
нымен, тым болмаса, өрнектеу тәсіліндегі жүйені жасақтаған
кезде, ал көбірек ретінде істің шын мәнісінде де, шопенгауэр
лік ерік тағы да дүниені тудыратын сол бір жасампаз әлемдік
күшке айналады.
Өзіндік дүние, демек, ерік ретіндегі дүние болып табыла
ды. Неміс философиясында да дүниенің түсінігі басты түрде
психологиялық көзқарастардың метафизикалық қайта ой еле
гінен өткізілуін өзінде тұтатыны фактісі Шопенгауэрде кіммен
де салыстырғанда айқынырақ байқалады. Кантқа дейінгі фи
лософия әрқашан түсінікті prіus* ретінде, ал ерікті оныменен
анықталатын әлдене ретінде қарастырып келді. Оның детерми
низмі де, логикалық заңдарды табиғат заңдары ретінде түсінуі
де, Лейбниц жүйесінде көрініс тапқан интеллигибельдік фата
лизм де осыменен түсіндіріледі. Канттан кейінгі философия –
бұған қатынасында сананың екіншілік сипаты туралы Фихтенің
ілімі өте типтес болып келеді – ерікті рухтың анықтаушы
мәні деп танып, ал түсінікті оның көріну формасы ғана деп
қарастырады: осыдан барып еркіндік туралы ілім, практикалық
зерденің теориялық зердеден басымдылығы, өзіндік зат ретінде
* Алдыңғы өткен, алғы (лат.).
гі ерік туралы ілім туындайды. Демек, бұған қатынасында Шо
пенгауэр толығымен ғылым-ілімнің көзқарасында тұр. Бірақ ол,
сонымен бірге, еріктің мәнін мүлдем басқаша түсінгендіктен,
бұл философиялық жүйеден алыстай түседі. Рас, өзіндік зат
ретіндегі еріктің тек өзді-өзіне ғана бағытталғандығына кел
генде ол Фихтемен келіседі; ол (ерік) тек қалау еркі ғана, одан
басқа ештеңе де емес, немесе – бұл ілім бойынша бүкіл өмір
еріктің құбылысы және өзінің терең негіздемесінде тағы да тек
ерік қана болғандықтан, «өмірге деген ерік» болып табыла
ды. Бірақ Фихте бұл әрекет үшін әрекетті, бұл ұмтылыс үшін
ұмтылысты адамгершіліктік және, демек, практикалық зерде
деп анықтады. Ал Шопенгауэр болса, бұл қосымша анықтаманы
сызып тастайды, оның Фихтеден бар айырмашылығы міне
осында. Егер істі таза сыртқы түрде қарастырсақ, мұнда ол
Фихтеге қарағанда бірізділік деп айтуға болар, тегі. «Әрекет
үшін әрекеттің» жай ғана формалдық анықтамасы іс жүзінде
әлі адамгершілік қылықтың мазмұнын анықтай алмайды ғой,
ал Фихте оны осы мағынасында тек қана өзінің жеке басының
сеніміне және Канттың категориялық императивіне деген
құрметіне орай түсіндірмелейді. Ал Шопенгауэр болса, ол
мүлдем қатаң түрде бейсаналық ерік ұғымын туғызады: ол тек
қалаудан басқа ештеңені қаламайды ғой, ол сондықтан ешбір
теологиялық мазмұны жоқ сондайлық өзінің шексіз жалғасып
өзді-өзінде тұтады, сондықтан да ол абсолютті бейзерделі ерік
болып табылады. Мұндай бағыт әдісті принципті түрде терісте
уге қарағанда көбірек дәрежеле шопенгауэрлік ілімнің ирраци
онализмге айналуына қолғабыс етті. Сана оның барлық зерделі
формаларымен бірге құбылыс қана болып табылады. Ал онда
байқалатын мәнге келсек, ол тек қалауды ғана қалайтын еріктің
абсолютті бейзерделілігі. Осындай өзгерістің салдарынан
Шопенгауэрдің философиясы фихтелік ілімнің карикатурасына
айналғандай болады. Олардың екеуі де ерікті барлық заттардың
алғы бастамасы ретінде қарастырады, бірақ ғылым-ілімнің
принципі болып табылатын адамгершілік қалаудың сызаттары
Шопенгауэрде, соқыр да мазмұнсыз әуестіктің бейзерделілігін
айналып, бұрмаланады.
Өзінің салдары жағынан дүниенің бейсаналық ерік пен зер
деден туатыны туралы Шеллингтің ілімін де еске салатын бүкіл
Шопенгауэр ілімін баса-көктеп өтетін көңіл аударуға тұрарлық қайшылық осыменен түсіндіріледі. Еріктің құбылысы ретінде сезімдік дүние мақсаттылы, яғни зерделі болуы тиіс, бірақ бей зерделі еріктің құбылысы ретінде ол өзінде осы бейзерделіліктің мөрін арқалануы тиіс. Осындай жолмен Шопенгауэрде таңданарлық түрде табиғаттың телеологиялық қарастырылуы оның дүниеге деген жеке бастық көзқарасының бейнесі бо латын пессимизммен қосылады, сөйтіп бұған қайшылықты одан да әрі күшейте түсетін тағы да жаңа қиыншылық келіп қосылады: осы бейзерделі алғы ерікке зерделі сана бейнесінде көріну шолжаңдығының келіп қонғанын (теориялық зерденің оптимизмінде пайда болатын кері мәселе де сияқты соншама қиын шешілетін сұрақ), не себепті игі даналықтың өмірге күнә мен қайғы-қасіретке толы дүниені әкелгенін қалай түсіндіруге болады. Шопенгауэрдің «Табиғаттағы ерік туралы. Автор философия сының, басылып шыққан уақытынан бері алынған эмпириялық ғылымдармен расталуларын талқылау»* атты шығармасында баяндалған нутарфилософиясы еріктің «объективтіленуінің» үш басты баспалдағын көрсетеді. Еріктің көрінуінің екі төменгі формасы – механикалық себеп, жоғарырақ формада ол органикалық тітіркену ретінде көрініс табады, және, ақырында, біткен түрде, жануарлық жаранда оның әрекеттерін саналы анықтайтын ниет ретінде көрінеді. Соныменен, табиғат еріктің көрініс табуы баспалдақтарының тізбекті қатары болып табы лады, ал мұнда ерік біртіндеп таза сыртқысынан себептіліктің ішкі формасына өтетін болады. Демек, табиғаттағы бүкіл се бептілік үдерісінің мағынасы еріктің онда бейсаналық фор мадан құбылыстың саналы формасына айналуында жатыр. Логикалық тұжырымдамасының бүкіл айырмашылығына қарамастан, әлбетте, шеллингтік натурфилософияның негізгі ойымен қайтадан кездесеміз, – жалпы жиынтық осындай. Шопенгауэр мен Шеллингтің бұл туыстығының тамыры кез келген күш пен кез келген әуестікті «еріктің» әрекеті ретін де түсінікпен Фихтеден олардың жалпы тәуелділігінде жатыр. Шеллинг үшн табиғаттың жасырын мәні «мен» болу үшінге * «Über den Wіllen іn der Natur. Eіne Erörterung der Bestätіgunqen, welche dіe Phіlosophіe des Verfassers seіt іhrem Auftreten erhalten hat» (1836).
деген әуестік, ал Шопенгауэр үшін бұл түптің түбінде сана
мен зердеге жететін бейсаналық ерік болып табылады. Бірақ
тәжірибені өзінің метафизикалық түсінуінде Шопенгауэрдің
қолданған «тәржімаламасының» жалпылығы Шеллинг пен
оның ізбасарлары жасағанындай жаратылыстанудың физикалық
берілгендерін күштеп көндіруге оған бөгет болды, ал сондықтан
Шопенгауэрдің ілімі іс жүзінде Канттың заманынан бергі басқа
философтардың жүйелеріне қарағанда эмпириялық ғылыммен
келісімдірек болды. Соңынан жаратылыстанушылар арасын
да Шопенгауэр ілімінің салыстырмалы түрде көбірек тара
лым табуының басты себебі осында. Шопенгауэрдің табиғатқа
көзқарастары соңғы кезеңдегі шеллингтік философияның
қағидаларына тағы мына қатынасында да жақындайды: ол да
күштерді, заңдарды және типтерді өзгермес идеялар ретінде
анықтаған болатын, ал бұл идеялардың мәңгілік орын ауысуын
да еріктің тұрақты мәні көрініс табады делінетін. Шопенгауэр
де де платондық элементтің әсері сезіледі, тек оны бірегей ерік
алғашында кеңістік пен уақыттың арқасында индивидтелінеді
деген деген ұйғырыммен келістіру қиынға соғады, ал идеялар
болса, кеңістіксіз әрі уақыттан тыс әлдене ретінде, Платонда
олардың сезімдік дүние мен игілік идеясының арасында бо
латынындай, сезімдік дүние мен еріктің арасындағы аралық
баспалдақты құрайды.
Табиғаттағы идеялар туралы қазір айтылған, шопенгауэрлік
ілім бойынша, индивидуалдық мінез-құлықтарға да қолданыла
алады. Олар да құбылыстың кеңістік-уақыттық формасының
алдын алуға тиіс еріктің индивидтелуін өздерінде тұтады. Бұған
қатынасында Шопегауэрдің жолы болғаны соншалық, екі оның
ең құрметтейтін ойшылдары, Платон мен Канттың, арасында ол
толық келісімді тағайындай алды, сөйтіп ол ақылменен жететін
мінез-құлық туралы ілімді әрі қарай дамыта түсті, ал бұған де
ген ықыластың қайта қозуы еркіндік туралы шеллингтік ілім
ге байланысты еді. Ниеттену табиғи себептіліктің бір форма
сы ретінде әлден-ақ мойындалған болғандықтан, Шопенгауэр
эмпириялық мінез-құлықтың дамуында және оның барлық
қылықтарының генезисінде толық детерминизмді мойындай
ды. Бірақ жиынтығындағы бүкіл осы «құбылыс» үшін ол да
ақылменен жететін мінез-құлықты жауапкер қылады, ал мұның
болмысының біліп болмас еркіндігінен әркеттің бар қажеттілігі
шығады. Мәнісінде, демек, мұнда да еркін индивидуалдық мі нез-құлықтар, мүлдем дәл Канттағы сияқты, құбылыс себебінің рөлін ойнайтын өзіндік заттар болып табылады. Шопенгауэрдегі ерік ұғымы тек қана формалдық жағынан анықталғандықтан және этикалық белгілерден жұрдай болмағандықтан, оған этика үшін Кант пен Фихте де болғаннан мүлде басқа негіздеме іздеуге тура келді. Оның ілімінде ерік «тиістілілікпен» анықталмайды, ал сондықтан ол моральдық философияның императивтік формасын түгелімен жоққа шығаруға мұқтаж болды. Шопенгауэр моральдық философияның міндеті қағидаларды айқындау емес, ал шынайы адамгершіліктік өмірдің метафизикалық және психологиялық түсіндірмесін беру дейтін бұрынғы көзқарасқа қайтып орала ды. Осының салдарынан өзінің зерттеуінде ол эвдемонизмге салынып, еріктің эмпириялық өмірінің негізгі қозғаушы ниеті ретінде рахаттануға ұмтылуды қарастырады. Ниеттенудің эго истік формасы тек қана жекелеген жарандар өзді өзімен өмір сүреді дейтін адасуға тәуелді. Ал шындығында олар жіктелген түрде кеңістік пен уақытта* көрініс табатын бірден-бір ғана бірегей ерікті құрайды, ал бұл тұрғыдан басқа жаранға біздің жасағанымыздың барлығы да, зұлымдық пен қайырымдылық, біздің өзімізге арналған болып шығады. Басқаның мүддесіне тап өзінің мүддесіндейін қатынасатын этикалық ниеттенудің мүмкіндігі осыған негізделеді. Бірақ альтруизмнің негізгі формасы деп Шопенгауэр «қайырымды көңіл-күйден» гөрі «жанның бірге ашуын» айтады. Мұндай көзқарас онда ерік ұғымының өзімен тікелей байланысқан пессимизмнің салдары болып табылады. Әрқашан тек қалауды ғана қалайтын ерік тап өзінің мәні бойынша мәңгілік қанағаттанбайтын болады ғой. Өз мақсатына жетуі арқылы ол өзін қайтадан тудырады, сөйтіп еріктің біз сезінетін көрінісінде онымен қажетті және қайтпас түрде жанның бірге ашуы сезімі байланысты. * Бұл арада өзіндік заттар ретіндегі индивидуумдардың уақыттан тыс күйі туралы ілім мен этиканың метафизикалық негіздемесі арасындағы сәйкес келмеушілік аңғарылады, – егер Шопенгауэр жалпы байқаған болса да, қалай болғанда да шығармашылығының кейінірек кезеңінде ғана байқаған айырмашылық.
Әрине, бұл дәлелдемеге, егер ерік тек қалаудан басқа
ештеңені де қаламайтын болса, онда ол үздіксіз өзді-өзі арқылы
өз мақсатына жететін болады және соныменен оның ұмтылысы
тұрақты түрде қанағаттанып отырады деп қарсы айтуға болады.
Сондықтан Шопенгауэр пессимизмді әрқашан бұған ең көп назар
аудара отырып, эмдемонистік түрде негіздемелейтін еді, сөйтіп
фактілер негізінде рахатқа ұмтылудың орындалмайтындығын
дәлелдеуге тырысты. Философтың өз пессимизмі де – ол жай
ғана бақылаушы көрерменнің теориясы болмағандықтан – эго
истік сезімдерімен, асқан талапшылдығымен және осының
бәрімен боялған күйзелулерімен түсіндірілетін еді ғой. Өз фи
лософиясында Шопенгауэр реалдық өмірдің зұлматтары ал
дында дүниелік құрылыстың ақыл жетпес мақсаттылығы мен
даналығын уағыздап бағатын кең тараған оптимизм ойының
тым жеңіл-желпілігін шаршамастан әшкерелейді. Бұл дүниеде
мүмкін болар рахаттану сезімінің тым аз мөлшерінің ең жақсы
дегенде тұрақты түрде әлі қанағаттанбаған әуестік тудыра
тын бейрахаттылықтың әлдеқайда көп мөлшері алдын алады.
Сондықтан ол қайғы-қасіретті оң сезім деп, ал рахаттануды
қайғы-қасіреттің азабы ғана деп қарастырады. Соныменен,
бұл пессимизм оның ілімінің жекелеген бөліктеріне дейін
лейбництік теодицеяның төңкерілген теориясы болып табы
лады, бұл терісі кері айналдырылған оптимизм. Ол да, бұл да
эвдемоникалық сұраққа, ал мұның қойылуының принципті қате
екенін Кант әлдеқашан түсінген болатын, қарама-қайшы жауап
тар болып табылады. Бірақ сондықтан да жанның біреуге ашуы
Шопенгауэр үшін негізгі этикалық сезім болады. Ол үшін адам
гершілік қылық басқаның бақытсыздығын жеңілдетуде жатыр
және тек содан кейін ғана – басқаның игілігіне деген әрекетшіл
сүйіспеншілік болмақ. Шопенгауэр өз принциптеріне сүйене
отырып, еуропалық философтар-моралистер ішінде жанның
біреуге ашуы мен сүйіспеншіліктің адамгершіліктік міндетте
месін жануарларға да таратқан жалғыз өзі болатын.
Алайда бұл этикалық әрекет те барлық-жоғы паллиатив
қана болып қалады. Қайғы-қасірет ерік мәнінен бөлінбейді,
сөйтіп дүниенің қиыншылықтарын толық құрту, егер олардың
ең терең түбірі – еріктің өзі – кесілген жағдаятта ғана,
мүмкін болады. Қайғы-қасіреттен тек бір ғана құтылу бар
– Ештеңеге кету. Бірақ мұндай құтылуға жер бетіндегі өмірді
тоқтату арқылы жетуге болмайды, себебі индивидуалдық ерік
қиратылмас өзіндік зат болып табылады, сөйтіп өз көрінісінің
жаңа формасын бірден-ақ туындатқан болар еді. Метемпсихо
өзін өлтіруді ақымақтыққа айналдырады. Құрып кетудің еріктің
объективтіленуіне қатынасуы тиіс емес, ол оның өзін жалмауы
тиіс. Ерік өмір сүруін қойған кезде ғана, оның қажетті түрде өз
соңынан ертіп жүретін қайғы-қасіреті де тоқталады. Этикалық
әрекеттен жоғары жоққа шығарылған еріктің квиетизмі тұр,
іс-әрекетті сүйіспеншіліктен жоғары дүниеден аскетикалық
жатсыну, қандай болмасын ұмтылудың түкке тұрғысыздығын
мойындау және барлық әуестіктердің толығынан өлтірілуі тұр.
Шығыстың жекеленген күнәлі өмір сүрудің құдаилықта еруі
туралы мистикалық ілімі мұнда абсолютті құрып кетудің иде
алына айналады. Фихтенің екінші ілімі адамгершіліктік өмірде
Құдайды аңдаудың жоғарғы «жайбарахатына» дайындықты
ғана көретін, ал Шопенгауэр үшін мұндай жайбарахат Ештеңе
болады – еріктің кез келген өмірінің таусылуы сол бір уақытта-
ақ абсолютті құрып кету де болып табылады. Өйткені оның
ілімінде, Фихтенің екінші ілімінде болғаны сияқты, еріктің ар
жағында еріктен айырылған интеллект үшін «аңдаудың» объек
тісі бола алатын абсолюттік болмыс тығылып жатқан жоқ. Бұл
соңғы ілімнің баяндалуы Шопенгауэрде Үнді философиясынан
алынған аналогиялармен көмкеріледі, ал Үнді философияның
үзінділері сол кездері Еуропада алғаш белгілі бола бастаған
болатын. Ганг жағалауларынан шыққан күнәсін кешуді сұрап
бас ұрып жүрген, оларды алдаусырататын майя жамылғысынан
босанып, нирванаға енетін даналар ол үшін философиялық
идеал болып табылады, ал өз жеке өмірінде ол бұл идеалға
салынбаған болса дағы. Әрине, еріктің оның метафизикалық
анықтамаларында мұндай тайқытылуының қалай іске асуы
мүмкін екендігі мүлде түсініксіз болып қалады, сондықтан
Шопенгауэр оны дәл еркіндік сияқты құпияны құрайтын
қайта өрлеу деп атайды. Өмірге деген еріктің бұл терістеуін
де, барлық, тіпті адамгершіліктік, әуестіктердің толығынан
құртылуында ол ақиқат діни актіні көріп біледі. Ол үшін осы
терістеу христианшылдықтың ең терең мазмұнын құрайды, ал
оның күнәсін өтеу қажеттігінде анық белгіленетін пессимистік
жағы дүниені құдайдың жасағаны және оны басқаратыны
туралы оптимистік қасаң ұйғарымға қарама-қарсылығында
алға қарай тәптіштеп ұмтылдырылады. Соныменен, философ
мынандай парадоксқа келеді: ол Құдайылыққа сенімсіз діни
мінез-құлықты орнықтырады. Фихтеде, оның бірінші ілімін
де, мұндай үйлестіру болған еді: ол да құдаи жаранның өмір
сүретініне сенімді емес, ал абсолюттік адамгершілік идеалға
деген сенімді ғана мүмкін дейтін. Алайда шопенгауэрлік ерік
бейзерделі және сондықтан оның идеалы – Ештеңе. Алайда
Фихтенің идеалы да, бұл бейзерделі ерік те Құдай деп атауға
жарамайды, сондықтан Шопенгауэр буддизмнің «атеистік діні
не» келіп тіреледі.
Еріктің абсолюттік жоққа шығарылуы онымен бірге оның
көрінуінің жалпы формасын де құртып жіберген болар еді,
ал бұл дүниенің ақыры болғанымен барабар. Демек, Шопен
гауэр үшін мұндай жоққа шығару Канттың шеткері ұғым,
немесе идея, деп атайтынының орнына жүрер еді. Бірақ сол
тұста Шопенгауэр құбылыстар дүниесінде мұндай жоққа
шығарудың іске аспайтындығын баса айтады да, сондықтан
оны дүниенің біртіндеп даму жолымен ұмтылатын мақсаты
ретінде қарастырмайды. Ерік өзінің құрып кетуіне арнап жұмыс
істейтіндей соншама ақымақ емес. Осының салдарынан Шо
пенгауэр Кант ілімінің философиялық-тарихи үрдістеріне
мүлдем теріс қарайды. Ол тарихи үдерісте ешқандай да про
гресті мойындамайды: ол үшін тарих – бұл өмірге деген еріктің
күмп беретін зардаптарының мәңгілік мағынасыз қайталануы
ғана. Шопенгауэр дүниетанымы түгелімен антитарихилы және
оның иррационализмі ең алдымен тарихқа қарсы бағытталған,
ал тарихта ол зерденің кішкене де болсын ізіне орын бермейді.
Мұнысында ол, ең кемінде, Гегельдің қарсыластарының ішін
дегі ең жүйелісі болып табылады.
Алайда құбылыстар дүниесінің шеңберінде де Шопенгауэр
дегенмен де еріктің бөлікті түрде құрып кетуіне жол береді, ал
бұл осы дүниеде де оған ақиқат жайбарахаттықты қамтамасыз
ете алады. Жалпы алғанда, интеллект еріктің құбылысы бо
лып табылады және ерікпен анықталады. Практикалық
зерденің басымдылығы принципіне сәйкес ойға әуестік ерік
те жатыр. Бірақ интеллекттің еріктен босануының мүмкіндігі
бар. Мүдделіліксіз түрде оған аңдау мен ойлауға қолы жет
кен жерде, сол арада, тым болмаса бір сәттер бойы бақытсыз,
бейақылды ерік үн-түнсіз қалады да сол жерде жай ғана аңқау
кезінде-ақ әуестіктер өмірінен туындайтын зардаптардан ары
лу ретінде әрекеттенетін интеллектуалдық қанағаттану орын
тебеді. Осыған байланысты Шопенгауэр үшін канттық-шил
лерлік мүдделіліксіз аңдау ұғымының қандай мәнге ие болуы
тиіс екендігі анықтала түседі. Ол үшін бұл ұғым романти
ктер үшін ирония қандай құндылыққа ие болса, сондай де
рлік құндылыққа ие болады, яғни еріктің қандай да болмасын
жұмысынан босанған фантазияның рахаттануы болып табы
лады. Құбылыстар дүниесінде ол оған ерікті құртудағы діни
мұқтаждықтың іске асуы ретінде елестейді. Бірақ Шопангауэр
оның ар жағында тек эстетикалық мақсатты ғана емес, жалпырақ
мақсатты да мойындайды. Мүдделіліксіз аңдау табиғат пен
өнерден эстетикалық рахаттану әпереді, мүдделіліксіз ой
лау ғылымды тудырады. Заттарға эстетикалық және ғылыми
қатынас кезінде интеллект еріктен босанады, сөйтіп бұл екі
жағдаятты да жекелеген құбылыстардың бөлек-салақтарының
емес, бірақ жалпыға – идеяға, оларда әрекет жасайтын заңға
бағытталуымен өрнектеледі. Сонымен, Шопенгауэр де өнер мен
ғылым оның дініне айналатын және олар арқылы өмірдегі қайғы-
қасіреттен арылатын білімділіктің пайғамбарына айналады.
Интеллектуалдық рахаттану – бұл дүниенің қараңғы бейзерделі
негізінен зерделі сананың күшімен қымбат өзіндік бостандыққа
қол жеткізу. Сонымен, шопенгауэрлік философияның соңында
оның тарихи бастауы болған диалектикалық қайшылық при
нципі анық та айқын байқалады: бейзерделі ерік зерделі са
наны тудырады, – егер де тек білсек қалай ғана екенін! – ал
бұл зерделі сананың мақсат-мұраты бейзерделі еріктен асып
түсуде, оны жеңуде жатыр. Ерік пен интеллект арасындағы бұл
келіспеушілік Шопенгауэрдің бүкіл философиясына үстемдік
жүргізеді, ол оның іліміне де, дәл оның тұлғасына және оның
өміріне де сияқты, бірлік береді...
ХІХ ғасыр философиясы
§3. Құндылықтар мәселесі
Соңғы онжылдықтағы ақын Ф.Ницшенің (1844-1900)
дүниенің жалпы түсінігіне тигізетін зор әсері және оның
әдебиеттегі өрнектелуі мұны тағы да айқынырақ қылады.
Бұл әсердің шартына көптеген факторлар жатады: тіпті
мазмұны жұмбақ тұспалға айналған жерде де әлі де болса
мадақпен бас айналдыратын және масаңдандыратын тілдің
сиқырлы сұлулығы; одан кейін әсіресе Заратустраның
поэтикалық туындысында белгісіздіктегі ымырттық бату
ды мүмкін қылатын алғы сезімдерге толы символизмі; одан
әрі оқырманнан ешқашан да сындарлы логикалық ойлауды
талап етпейтін, ал керісінше, ол қаншалықты өткір ақылды
еліктіруге беріліп, кереметтей фантазиялармен жарқыраған
тұжырымдамалармен, табысты салыстырулармен және па
радоксалды комбинациялармен рахаттануға өзіне рұқсат
ететінін оның өзіне шешуге жағдай жасайтын баяндаудың
афористік формасы. Бірақ мұның бәрі ақын тұлғасының
өзі тудыратын тікелей әсердің алдында кейін тартынады.
Біздің алдымызда ең жоғарғы мәдени мазмұнға ие тұлға, өз
уақытымен бірге онда үстем болатын барлық ұмтылыстармен
күйзелетін және сол уақыттың өзі де ауыратын шешілмейтін
қайшылықпен ауыратын тым ерекшеленген тұлға. Осыдан
– оның сөзіне деген лебіздің сиқысы, бірақ сонымен бірге
оның әсерінің қауіптілігі де осыдан: бұл әсер ауруды емде
мейді, қайта тек оны күшейте түседі.
Бұл ішкі антагонизмнің өзінің өзіндік мәніндегі екі
жағын Ницшенің өзі «дионистік» және «аполлондық» бас
тамалар деп белгілеген болатын. Бұл волюнтаризм мен
интеллектуализм арасындағы, шопенгауэрлік ерік пен ге
гельдік идеяның арасындағы қарама-қарсылықтар басқа
ештеңе де емес. Бұл қарама-қарсылық мұнда ең жоғары
интеллектуалдық білімі мен эстетикалық жемістілігі бар ин
дивидуумда, тарих пен өмірді сөз жетпес сезімталдықпен
тани алуға және қайтадан оларды поэтикалық түрде тұрғыза
алуға күйі келетін адамда көрініс табады. Бірақ ғылым
мен өнер оны өмірге деген қараңғы еріктен сауықтыра ал
мады. Жанының тереңінде оған қызу іс-әрекетке, билікке
ие болуға, күшті арттыруға деген құмарға толы ұмтылыс
тыныштық бермейді. Бұл – өз еркімен ештеңеге іркілмей
тін тиран болуға да даяр және енді кезекпе-кезек оны біресе
жоғарғы мәдени игіліктермен тыныш қана рахатқа батуға
деген ұмтылыс, біресе қызу өмірге деген құпиялы жалын
ды тілек билейтін жүйкесі тозған профессор. Біресе ол аңдау мен шығармашылықтың таза жайбарахаттылығына тойы нып, енді бірде мұның бәрін лақтырып тастап, әуестіктерге, инстинкттерге, құмарлықтарға ғана орын береді. Бірақ ешқашан, – ал бұл оның табиғатының жоғарылығы мен тазалығын көрсетеді, – ешқашан өзді-өзіндік сезімдік ра хаттану ол үшін құндылық болған емес; оның іздейтін ра хаты әрқашанда не өзді-өзіндік таным, не өзді-өзіндік билік болып табылады. Олардың арасындағы күреске малыққан ол ғасырдың құрбанына айналады да интеллектуалдық, эстетикалық және моральдық мәдениеттің тұлғасыз және тұлғадан жоғары құндылықтарына енді разы болмаған ол, қайтадан индивидуум іс-әрекетінің шексіз дамуын қалайды, сөйтіп, өзінің мұрасына тиген зердесі мен өзінің болашақты қалайтын құмарлығы арасындағы күресте өзін-өзі де және онда бар құнды дегеннің бәрін де құртады. Бұл екіге жа рылу күйінің көркем өрнектелуі Ницше шығармаларының тартымдылығының құпиясын құрайды. Ницшенің ілімі дамуының бірінші кезеңінде, ал онда ұрық түрінде кейінгі кезеңдердің барлық идеялары да тұнып тұрған болатын, бұл екі сәттің арасындағы қақтығысулар әлі байқала қоймаған еді. Керісінше, мұнда еріктің қайғықасіреттен айығуы өнерде болатын. Бұл тезис Шопенга уэр философиясының негізгі ойын грек трагедиясының пайда болуы мен Рихард Вагнердің* саздық драмасының мазмұндамасын түсіндіру үшін пайдаланудың көмегімен негіздемеленеді. Бірақ сонда-ақ бұл трагедиялық көңіл-күй жаңа жоғары мәдениетке, батыл, қауіп-қатерге ұмтылатын еркі бар және рухтың қазіргі өмірінің тарлығын жеңісті түрде бұзатын тәккаппарырақ текке әкелуі тиіс болатын. Сол кезде-ақ бұл бастапқыға және шексіз билікке деген ұмтылыс тарихи балластты сыртқа лақтырып жібереді. Ешбір дәстүр, ешқандай абырой бұл көркем мәдениетті езіп-жаншымауға тиіс – эстетикалық еркіндікті білім де, өмір де қыспақтамауы тиіс. * Сөз ең алдымен «Трагедияның саз рухынан туындауы» («Dіe Geburt der Tragödіe aus dem Geіste der Musіk», 1872) жұмысы туралы болуды.
Осы ойлар анықтала бастағанда, философ-ақынның ал дымен біраз уақыт интеллектуализм жолына түскенін түсіну қиын емес. Өзін барлық құрсаулардан босатып, өз үстіндегі ештеңені де мойындамайтын еркін рух, бұл – ғылым. Бірақ ол, тек егер «шыни» адамды өзді өзінде еркін, барлық сезімнен тысқарыдан және бейсезімдіден тәуелсіз қылған жағдаятта ғана, өз тағайынына сәйкес келеді. Ницшенің көз алдында енді мәдениет мәнінің иегері болып табыла тын бұл ғылым позитивті ғылымға жатады. Бұл метафизи ка емес, тіпті ерік метафизикасы да емес. сондықтан «еркін рухтарға» («für freіe Geіster»)* бағышталған өз кітабын, ол Вольтерді еске алуға арнайды. Онда Ницше өмірді фейер бахша түсінуге жақындайды. Ол П.Реенің утилитарлық эти касымен келісіп, таза ғылыми мәдениет мүмкіндігіне сенеді, тіпті өмірдің жоғарғы және ең жақсы мақсатын танымда көруге дейін жетеді. Таным оған ақиқат қуаныш болып елес тейді. Бұл уақыттың – оның пешенесіне біткен ең бақытты деген бұл уақыттың – негізгі сызатына дүниемен қуанышты түрде келісімге келетін таза білімнің (νεωρια)** жаңалығы жатады, ал бұл эстетикалық және сол бір уақытта-ақ өмірмен теориялық рахаттануды да құрайды. Бірақ одан соң дионистік құмарлық, тұлғаны биліктілік ті, әмірлі, еш аяусыз түгелімен тас-талқанын шығара құртуға деген қайтпас ұмтылыс лап береді. Адамның ең күшті инс тинкті бұл – билікке деген ерік. Оны мойындамасқа болмай ды. Бірақ бұл шартсыз мойындау бұрынғы мәдениетті құрсап тұрған ережелер жүйесін үзеді. Бұл мағынасында жаңа идеал «қайырымдылық пен зұлымдылықтың арғы жағында» орын тебеді. Билікке деген ерік «болады-болмайдының» ешқандай да шекараларын білмейді: ол үшін биліктен басталғанның және билікті көтермелейтіннің бәрі де жақсы, әлсіздіктен басталғанның және билікті әлсірететіннің бәрі де жаман. * Бұл арада сөз «Адамилық, тым адамилық. Еркін ақылдар үшін кітап» («Menschlіches. Allzumenschіches. Eіn Buch für freіe Geіster», 1878) кітабы туралы болуда. ** Теория, қарастыру (грекше).
Дәл солай-ақ біздің пайымдауларымызда да таным мен сенім
салаларындағы, маңыздысы олардың «ақиқаттылығында»
емес, ал олардың бізге көмектесетіндігінде, біздің өмірімізге
сәйкестігінде және біздің билігімізді арттыратындығында.
Егер олар бізді күшейтетін болса, тек сонда ғана олар бағалы
болады. Сондықтан өмірдің аумалы-төкпелі жағдаяттарында
наным-сенімдер де өзгере алады және өзгеруі тиіс (Ницшенің
өзінде мұның ептеп болсын орын алғанындай) – адам өзіне
керек сенімді таңдайды. Танымның құндылығы да ақиқат
пен жалғанның аржағында жатыр. «Ештеңе ақиқатты
емес – бәріне де рұқсат». Сондықтан мұнда «барлық
құндылықтардың қайта бағалануы» басталады, сөйтіп «фи
лософ» моральдің реформалаушысы, жаңа мәдениеттің
заңдастырушысына айналады. Осы міндетті сезіну Ницшені
оның дамуының үшінші кезеңінде толқытқан еді.
Осыған негізделіп, Ницше әншейінгі қарапайым адамға,
бұл табынды жандарға, «асқақ-адам» идеалын қарсы қояды.
Өйткені билікке деген ерік үстемдікке деген ерік қой, ал ең
жоғары үстемдік бұл – адамның адамға үстемдігі. Гегельдің:
бүкіләлемдік тарихта біздің кездестіретін барлық ұлы
дегеннің ішіндегі ең ұлысы бұл – бір еркін еріктің басқалардың
үстінен жүргізетін үстемдігі деп, әлдебірде айтқаны бар.
«Мырзалар моралін» «құлдар мораліне» қарсы қойып, Ниц
ше өзінің жаңа мәдени идеалын дамыта бастағанда, осы
сөздер еске келеді. Басқаны қандай да болмасын күштеп тап
тау, өзіндегі басқы «тағы аңды» қандай да болмасын босату
мұнда күштінің құқығы мен міндеті ретінде қарастырылады:
ол өмірден бас тарту мен құрып кету қайғыларына қарама-
қарсы өмір энергиясын аша түседі, қорғайды. Сол себепті де
«құлдар моралі» бастысында супранатурализмнің дүниеден
алыстайтын мәнімен сай келеді; Ницше супранатурализмге
бұрыннан-ақ қарсы болатын, аралық өту уақытының оның
үшінші кезеңімен оң байланысы дүниені бағырдынмақшы
өмірге деген құштарлықты «қуанышты» мойындауында жа
тыр.
Алайда «асқақ-адам» идеалы поэтикалық жайылмалық
пен бейанықтамалық шеңберінен аспайды. Бір, ең басқы,
мағынасында бұл идеалдың ар жағында ұлы индивидуалдылық
топшыланады, ал ол бұқараға қарама-қарсылығында өзінің
алғы құқығын іске асыруға ұмтылады. «Көпшіліктің – тым
– көпшіліктің» табынды тобыры, сирек кездесетін бақытты
жағдаяттарда оның үстінен қарайтын «асқақ-адамдардың»
одан тууы үшін, тек сол үшін ғана, өмір сүреді; ал бұлар
жүз жылдықтар өте бүкіл осы жеміссіз қозғалыстың
мағынасының иегерлері ретінде бір-бірін қошеметтейтін бо
лады. Данышпан тарихтың мақсаты болып табылады: міне
осында, мещанға қарама-қарсылығында, оның мырза ретін
дегі құқығы тамыр жаяды. Екінші жағынан, «асқақ-адам»
адамдар тұқымының жоғарғы типіне жатады, ал ол әлі оны
тежейтін және оған бөгет жасайтын құлдар моралінен ары
лып, өмірдің қайратты дамуында мырза ретінде өз билігінен
ләззат табарлықтай болып тәрбиеленуі тиіс. Екі жағдаятта
да ницшелік «асқақ-адам» идеалы аристократиялық және
тым ерекшеленген болып табылады. Ницше афоризмдерінің
поэтикалық бейанықтылығы мен рәміздік қос мағыналылығы
үшін әжептәуір түйсікті жазасына мына жағдаят жатады:
Ницшенің «құлдар мораліне» және оның супранатуралистік
негіздеріне қарсы күресі оның беделін дәл «асқақ-адамның»
осы «көпшілік – тым – көпшіліктің» үстінен асыратын ба
сын бірінші болып шауып тастауға асығатындардың алдын
да көтеріп жіберді.
Ақын «асқақ-адам» идеалы дами алатын ол не бұл бағыт
үшін де анық ештеңе айта алған жоқ. «Заратустрада» бұл екі
бағыт араласып, тым түрлі-түсті сурет құрап, бірі-біріне өтіп
жатады. Олардың бірінің романтизмнің данышпандығына,
ал екіншісінің социологиялық эволюционизмге ұқсайтыны
анық. Адамның тектік типінің философия арқасында
әуеленуі туралы ой дәл солай неміс идеологизмінің посту
латтарын еске салады. «Асқақ-адам» туралы ілімнің осын
дай түсінігінен Фихтеге дейін тек бір қадам ғана деп, өте
дұрыс айтылған. Ницше бұл қадамды жасамады, ал бұл
Шлегельдің ирониялық данышпандығының онда тым көп
болғанымен түсіндіріледі, сондықтан да ол даралық билік
тік еріктен жалпы «менге», құндылықтардың аса көрнекті
күшіне кері қайтар жолда таба алмаған еді.
Барлық құндылықтардың салыстырмалылығы туралы
ұйғарымда шектеусіз индивидуализмнің көтерілісі өзінің
шарықтау нүктесіне жетеді. Тек «асқақ-адамның» билік
тік еркі ғана абсолютті құндылық сапасында өмір сүруін
жалғастырып, кез келген құралдың қолданылуына рұқсат
береді. «Жоғары» адамға енді ешқандай да – логикалық та,
этикалық та – норма жоқ. «Зерде автономиясының» орнын
«асқақ-адамның» бассыздығы басады – міне ХІХ ғасырдың
Канттан Ницшеге жеткен жолы осындай.
Осыменен болашақтың міндеті де анықталады. Реляти
визм – бұл философияның орнынан таюы және оның өлімі.
Сондықтан ол өз өмірін жалпы мәнді құндылықтар туралы
ілім ретінде ғана жалғастыра алады. Ол бұдан былай жеке
леген ғылымдардың жұмысына, ал бұлардың қатарына енді
психология да жатады, араласпайтын болады. Олардың нені
білгенін өз тұсынан тануға ұмтылу үшін ол соншалықты
атаққұмар емес, сөйтіп ол компиляция жасаудан, жекеле
ген ғылымдардың жалпылама қорытындыларынан ең жал
пы құрылғыларды өруден ол ләззат таппайды. Мәдениеттің
барлық қызметтерінің жалпы жоспарын және құндылықтың
кез келген жекелеген іске асуының негізін құрайтын жалпы
мәнділі құндылықтарды қарастыруда оның өзінің меншікті
облысы және өзінің меншікті міндеті бар. Бірақ оларды да фи
лософия олардың мәнін анықтау үшін ғана суреттейтін және
түсіндіретін болады. Ол жалпы мәнді құндылықтарды фак
тілер есебінде емес, бірақ нормалар есебінде қарастырады.
Сондықтан оның міндеті де «заң шығауға» келіп тіреледі,
бірақ бұл оның әмірінен туындайтын бассыздық заңдары
емес, оның өзі ашатын әрі терең танитын зерденің заңдары
болады.
Қазіргі, әлі көптеген қатынастарында басы бірік
пеген қозғалыс, тегі, бұл мақсатқа деген жолда неміс
философиясының ұлы кезеңінің жетістіктерін қайтадан
қолға алғылары келетіндей. Құндылық ұғымын Лотце бірін
ші қатарға қуатты ұмтылдырып, оны логиканын да, дәл
солай метафизиканың да басына қойғанынан бері, негізгі
философиялық ғылымның жаңа түрі ретінде «құндылықтар
теориясын» жасауға деген талпыныстар жиі жасалынуда. Бұл
талпыныстардың кейде психологиялық және социологиялық
облыстарда қолға алынуы зардап емес, тек мұндай анықтаулар
мен генетикалық түсіндіру арқылы біз барлық жоғы матери
ал ғана алатынымызды есімізден шығармасақ болғаны, ал
бұл материалды философия өзінің меншікті міндетін орын
дай отырып, сыни тұрғыда өңдеуге тиіс болады.
Бұл басты философиялық жұмыс үшін маңызы кем емес
негіз болып бұл пәннің тарихы тұрады, ал ол бұл мағынасында
– мұны бірінші болып Гегельдің мойындағанындай – фило
софиянын өзінің құрамдас бөлігі ретінде қарастырылуы тиіс.
Егер де ол еуропалық адамзаттың соның арқасында өзі дүниені
түсінігін және өмірге көзқарасын ғылыми ұғымдарға бөлеген
үдерісін бейнелейтін болса, онда сонысымен-ақ ол жекеле
ген күйзелістердің негізінде және арнайы гносеологиялық
мәселелер көмегімен біртіндеп, барған сайын анық та
сенімді санаменен жалпы мәнділігі философияның өзінің
пәні болып табылатын мәдени құндылықтардың қалайша
айқындала түскендігі орын алғанын көрсетеді.
В. Виндельбанд.
История новой философии.
Т.2. От Канта до Ницше. М., 2000.
С. 58-60, 65-66, 321-341, 387.
МазмҰны
Алғы сөз. (Сәбит Мұрат)
.....................................................5
Артур Шопенгауэр
Дүние – ерік пен елес .......................................8
(Аударған Ш. Шағатаева)
Серен Кьеркегор.
Қорқыныш пен қалшыл ...............................81
(Аударған М.Сəбит)
Фридрих Ницше
Ізгілік пен зұлымдықтың аржағында ........139
(Аударғандар Т.Рысқалиев, М.Сəбит)
Билікке ырық .................................................261
(Аударған Қ. Əбішев)
Анри Бергсон
Шығармашылық эволюция .......................281
(Аударған М. Сəбит)
Сананың тікелей берілгендері
туралы тəжірибе
............................. .....361
(Аударған М. Сəбит)
Материя жəне жады
...................................367
(Аударған М. Сəбит)
Вильгельм Дильтей
Өмір категориялары ..................................... 375
(Аударған Қ. Əбішев)
Әдеби архивтер жəне олардың философия
тарихын зерделеудегі маңызы ......................398
(Аударған М. Сəбит)
Вильгельм Виндельбанд
Канттан Ницшеге дейін ...............................419
(Аударғандар М. Сəбит, Қ. Əбішев)
ХІХ ғасыр философиясы
.................................................452
“Əлемдік философиялық мұра”. Жиырма томдық. 9-том.
«Өмір философиясы». – Алматы: Жазушы, 2006. – 464 бет.
ІSBN 978-601-200-007-8
Бұл томда XІX ғ. аяғы мен XX басында дүниеге келген «өмір
философиясының» қалыптасуы мен дамуына тікелей қатынасты
ғұлама ойшылдар А.Шопенгауэрдің, С.Кьеркегордың, И.Фихтенің,
А.Бергсонның, В.Дильтейдің және В.Виндельбандтың еңбектерінен
үзінділер қазақша аударылып берілген. Бул атақты философтар
философия тарихының жаңа бетін ашып, өмір философиясының
негізін қалаушылар болды. Қазіргі Қазақстанда болып жатқан
саяси-әлеуметтік үдерістер жағдайында бұл шығармалардың адам
танымын, сана-сезімін кеңейтуге әсері зор болмақ.
Ә 0301030000-061
ББК 87.3(0)
402 (05)-06
ІSBN 978-601-200-007-8-(т.9)
ІSBN 9965-764-01-8
© “Жазушы” баспасы, 2006
Ә 52
Өмір философиясы
Жиырма томдық
9-том
Редакторы Мырзан Кенжебай
Көркемдеуші редакторы Бейсен Серікбай
Техникалық редакторы Зайра Бошанова
Компьютерде беттеген Салтанат Алтайбекова
Мұқабаны дайындаған “Бауыр” баспасы
ИБ 6931
Теруге 27.11.2006 жіберілді. Басуға 20.12.2006 қол қойылды.
Қалыбы 84х1081/32. Офсетті басылыс. Қаріп түрі “Тіmes New
Roman”. Шартты баспа табағы 24.36. Есепті баспа табағы 30.0.
Таралымы 3000 дана. Тапсырыс
Қазақстан Республикасы “Жазушы” баспасы, 050009.
Алматы қаласы, Абай даңғылы, 143-й.
Пікірлер (0)
Пікір жазу үшін аккаунтқа кіріңіз. Кіру