Әкемнің әлемі
Қадыр Әлімқұлов
Жазылымсыз режим: 20-беттен кейін жазылым беті ашылады, әрі қарай әр 10 бет сайын (ең көбі 5 рет).
Автордың бұл шығармасы – нақтылы деректерге негізделгеніне қарамастан, көркем дүние. Кейіпкері – Ұлы Отан соғысының ІІ топтағы мүгедегі, еңбек ардагерінің өмірбаянындағы оқшау оқиғаларды тілге тиек ете отырып, ұлттық ұлағатты құндылықтарымыз: ата-бабаларымыздың салт-дәстүрлері, табиғат тынысынан тың тыңдап өскен өрен жұрттың парасаты мен пайымы, мәрттігі мен мәдениеті, өресінің өзіндік өрінен лайы
Қадыр Әлімқұлов
Әкемнің әлемі
(роман-эссе)
Алматы
Автордың бұл шығармасы – нақтылы деректерге негізделгеніне
қарамастан, көркем дүние. Кейіпкері – Ұлы Отан соғысының ІІ
топтағы мүгедегі, еңбек ардагерінің өмірбаянындағы оқшау оқиға
ларды тілге тиек ете отырып, ұлттық ұлағатты құндылықтарымыз:
ата-бабаларымыздың салт-дәстүрлері, табиғат тынысынан тың
тыңдап өскен өрен жұрттың парасаты мен пайымы, мәрттігі мен
мәдениеті, өресінің өзіндік өрінен лайықты орын берген далалық
педагогикасы - текті тәрбиесі; ауылынан алыстап ешқайда шықпаса
да ғаламдық құбылыстар мен өзгерістерді саралауға тырысқан
балаң құштарлығы; тарихқа айналған тылсым мен болашақ
алдындағы парыз хақындағы пікірі жайлы жан-жақты талдау жа
сайды. Сонысымен де өскелең ұрпақты ұлтымызды ұлықтап,
отансүйгіштікке шақыруымен қатар, жаһандану үрдісіне жұтылып
кетуден сақтандырудың сауапты жолдарын алға тартады.
Кітап көпшілік оқырман қауымға арналған.
ӘОЖ 812.512.122-3
КБЖ 84(5 қаз)-44
Ә — 46
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі
«Әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару»
бағдарламасы бойынша жарық көрді.
Әлімқұлов Қадыр
«Әкемнің әлемі». — (роман-эссе) /Қ. Әлімқұлов — Алматы:
«Хантәңірі» баспасы, 2015 — 372 б.
ІSBN 978-601-03-0375-1
ӘОЖ 070
КБЖ 76.02
ІSBN 978-601-03-0375-1
Қ, Әлімқұлов, 2015 «Хантәңірі» баспасы, 2015 Ә
Әкемнің әлемі
Әкем – Нүсіпақын Әлімқұлұлының
аруағына бағыштадым.
Автор
Алғысөз орнына
Жалпы, көпшілікке кеңінен мәлім кейбір себеп
терге байланысты жақын адамың туралы жазу
қиын-ақ. Ал, егерде ол Құдайдың құзіретімен өзіңді
жаратқан жан - Әкең туралы болса, тіпті қиынның
қиыны.
Оның үстіне, кейінгі кездердегідей зымы
ран замандарда – тіршілік етудің бағзы түрлері
түбірімен өзгеріп, өмір сүрудің дәстүрлі салты жаңа
үрдістермен толысып, тіпті түбегейлі алмасып
кетіп жатқан тұста, ілуде бір пенденің болмаса,
әкесімен ғұмыр бойы бірге тұрып, бірге жүру кімнің
пешенесіне жазылып қойған дейсіз!
Бәлкім, олай болмақ та емес шығар?
Қазақта “Әке – балаға сыншы” дейтін әдемі
сөз бар. Ал қаншалықты сын көзімен қарағанның
өзінде, бала әкеге сыншы бола алар ма?!
Бұл, енді, қаншама риторикалық (шешендік)
сұрақ дегенде де, олай болауы ғажап емес екенін
де сол жұрттың өзі тұжырымдамап па еді? “Бір
бала бар - әкеден оза туар…”
Алайда “оза туу” мен “сыншы бола алу” мүлде екі
басқа ұғым. Ендеше бұл да - әке туралы шығарма
жазуды қиындата түсетін жәйттердің бірі.
Қ. Әлімқұлов
“Әкең өлсе де, әкеңді көрген өлмесін” дейтін
тағы бар…
Бірақ, қалай дегенде де ниет пайда болды. Пай
да болғанда, нақақ көздің жасы бар арзан ақшасына
атын шығарып, әкесін аңызға айналдырудан абы
рой жинағысы келетін кейбір пысықайлардың арам
пиғылындай емес, заманының зар қақсатқан
запыранды зауалына, күнделікті тірлікте көп
кездесетін небір кемшіліктерге, әлдебір “әттеген-
айларына”; ұлттық болмысымыз бен рухани
құндылықтарымыздың құрдымға кету қаупінен қан
жұтқан тұстарда таяныш іздеуден пайда болды.
Соларды құрғақ сөз емес, тірі факті, өмірбаяндық
мәліметтер арқылы баяндай отырып келешектің
көкейіне сәуле себуден, соңымыздағылардың са
насына салт-дәстүрлеріміздің сұлбасын сына ғып
қағу ниетінен пайда болды.
Алайда пайда болған ең ізгі деген ниеттің өзінің
іске асуы да ауыр-ақ. Арыңдай ақ қағаздың алдына
отырғаныңда “әуелде бұл шіркінді бастау қиынның”
көкесіне кезіктік.
Басқаны былай қойғанда, бастамас бұрынғы
осы бір кіріспені келістірудің өзі мейлінше
малтықтырғанын несіне жасырайын?!
Алғашында алып қашқан ауанмен астасты
рып, әкейдің өзіне тікелей арналған сөздермен
тұжырымдамақ болдым. Ол ойымды:
“Арнау” деген тақырыптың аясындағы:
“Әке!
Кезінде көңіл бөле бермегеніммен, менің Сіз ту
ралы бүгінде білетінім көп-ақ. Ал, білмейтінім одан
әлдеқайда көп. Ендеше не айта аламын?!.
Әйтсе де айтқым келеді. Сол біртоға білгенімді
жұпыны болса да жұртыңа жеткізсем деймін.
Әрине, елден ерек ерлігің болғаны үшін емес,
көлдей шалқыған көңілдерде аңызға айналған
Әкемнің әлемі кеңдігің қалғаны үшін емес; жұртты таң қалдырған жаңалық ашқаның үшін немесе тыңнан жол тау ып, тұңғыш қадам басқаның үшін емес. Жо-жоқ, артыңызда ондай айтулы оқиғаның қалмағаны үшін де кінә артудан аулақпын. Әлдеқайда маңыздысы, өз заманыңызда өзгелермен бірге қарапайым қазақ болып өмір сүргеніңіздің суретін салмақ едім. Әлбетте, қадір-халімізше арулап жерледік, шамашарқымызша басыңызға құлыптас тұрғыздық. Су рет-сызбасын өз қолыммен салып, өз қаражатыма айы асқақтаған күмбез көтергеніммен, ол Ескерткіш Сізге деген көңілімнің емес, мүмкіндігімнің көрінісі ғана болып шықты. Сондықтан да қасиетті сөзден қаланған Ескерткіш орнатқым келеді. Әзірге оның да қалай боларын бір Құдай біледі. Менің білерім - ниетім түзу, пейілім - ақ, шын жүрегіммен жазбақпын… Әрі мұны жалғасын үзбей жаңарған дәуірдегі ұрпағыңыздың рухыңызбен сырласуы түрінде түзсем деп едім… Әруағыңыз жар болғай!” деген сөздермен сомдағым келген. Алайда жүз ойлана, мың толғана келіп, ол рай ымнан да қинала-қинала қайтуыма тура келді. Өйткені, олай еткен күнде әкемнің аруағын бір аунатып, риза қылғаныммен, қайсыбір тұстарда қажетті шежірелі шегіністер жасауыма мүмкіндік бола бермейтін сияқты көрінді. Демек, өз тыны сымды өзім тарылтқым келмеді. Әкемнің әр кез де әртүрлі жағдайларға байланысты әңгімелері мен пайымдаған ой-пікірлерін, жүзеге асырған әс-әрекеттерін - бір сөзбен айтқанда: көрсеткен үлгі-өнегесін өз өремнің деңгейінен тұжырымдай келіп, мейлінше ұғынықты етіп, ұлағатты ұрпағына ұсынуды көздедім.
Қ. Әлімқұлов
Өйтпеген жағдайда “Әкемді білетіндердің әңгі
мелері немесе айтқандары” деген сияқты тар аяда
да баяндауға болар ма еді?!
Осылайша ой орманынан омбылап әзер
шыққандағы шешім “Әкемнің әлеміне” әкеліп тіреді.
Өйткені соншалықты кең ауқымды болмағанымен
бұл әлемге де көптеген нәрсені сиғызуға болар еді.
Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні: “кеңестік
кезең” деп аталған ұсқынсыз ұғымның тұсындағы
нақты өмірде және оған дейінгі кезеңдердегі кейбір
тәмсілдерді тілге тиек ете отырып, текті тірліктің
тәлімін түзуге талпыныс жасадық. Әділ қазысы –
уақыт ұңғысындағы оқырман қауым, өздеріңіз.
Әкемнің әлемі Балдәуреннің бастауы немесе бір дәуірдің дастаны Адам кейде не іздеп жүргенін өзі де білместен дел-сал күй кешкенде балалық шағын іздейтіні бо лады. «Неге іздейді?» деп сұрағыңыз келіп тұр ғой... Түсіндіріп көрейін. Тіпті, менің түсіндіргенімнен гөрі, өзіңіздің жауап қайтарғаныңыз одан да дұрыс болар еді. Ендеше екі жақтап байыбына баруға тырысайықшы. Сіздің ересек болған кезде жалаң аяқ, жалаң бас, лыпа атаулыдан бір ғана шыт түрси киіп, шаңы бұрқылдаған көшеде далбалақтап жүгіргіңіз келді ме? Жоқ! Сүт иісі аңқыған анаңыздың ақ төсіне танауыңызды тығып алып бақыттан басыңыз айналды ма? Айналған жоқ! Әкеңіздің тер сіңген болмысын түйсіндіңіз бе? Түйсіне беріп сүйсіндіңіз бе? Әрине, түйсінген де, сүйсінген де жоқсыз! Көрші үйдің бағынан алма-өрік ұрладыңыз ба? Оның итінен қорқып қашамын деп өз бойыңыздан да биік шарбақтан секіріп кеттіңіз бе? Қай-да-а-н... Гүлді көріп қайран қалып, тәттіні татып құмарттыңыз ба? Жымыңдаған жұлдыздарға телміріп тұрып қиял қанатына міндіңіз бе? Сілеңді қатырған сұлудың суретіне сүзіле қарап, сансыраған сана мен селдеткен сезім арасында сергелдеңге түстіңіз бе? Махаббат дертін іштіңіз бе? Ақ құс ар манды аялап, жүрегіңіз алқымыңызға тірелді ме? Жоқ! Жоқ! Жоқ! Соза беріп не керек, шынында да бала кез
Қ. Әлімқұлов
көлкілдеген сағыныш, алыстай берер арман екен.
Тамсана тұрып, сүйіспеншілікпен, соншалықты бір
қимастықпен еске алады екенсің. Алыстаған сайын
аңсарың ауа түседі екен.
Бәлкім, ол балалық бал дәуреннің қас-қағым
сәттігінен, бейкүнә пәктігінен болар? Әлде,
қулық-сұмдық, пәле-жала дейтіндерді білмейтін
аңғалдығынан шығар? Немесе қаннен-қаперсіз
еркіндігенен бе екен? Жоқ, білуге деген шексіз
құштарлығынан дейміз бе? Мүмкін, «Тезірек өссем,
ұлы істерге араласып, жасампаздық жасасам!» де
ген маржандай мұратқа шын жүрегіңмен, мейлінше
құлшынуыңнан деу жөн бе? Қайта оралмайтынын
білгендіктен бе?!
Қалай дегенде де, мейлі қанатыңнан қайырыла
қайғырғанда, мейлі төбең көкке жете қуанғанда,
мейлі сағыныштан сарғайғанда болсын, бәрібір –
балалық кездің сағымды сәулесі алақанына салып
әлдилейді, әйтеуір.
Қолда барда қадірін білуің мүмкін емес, айыры
лып қалған соң ғана өкінтетін өтпелі кезең секілді
ғой, ол да бір...
...Менің де кейінгі кездерде ерсі тірліктерге еңсем
езіліп, көңілім құлази қоятынды шығарып жүр. Сон
дайда балалық шағымды сағынуды әдетке айнал
дырып алғандаймын. Әсіресе...
Міне, осындай бір орайы келе қалатын орасан
жағдайларда... орнын толтыра алмайтын олқылық
пен орда бұза алмай опынған тұстарда немесе
ойлағаным оңынан түсіп, ортаңнан оза шабатын,
жалауың желбіреген желікті шақтарда, неге екенін,
менің де балалық кездің балдәуренін аңсарым ауа
іздейтінім бар.
Оның үстіне, әкем туралы ордалы ойдың ор
маны да мені балалық шаққа қарай еріксіз жете
лер еді. Өйткені, мен әкеммен шын мәнісінде ес
Әкемнің әлемі
білген бес-алты жасар кезімнен бастап бастауыш
мектепті бітіргенге дейінгі жасымда, бар болғаны
бес-ақ жыл бірге өмір сүрген екенмін. Басқасының
бәрі - оқта-текте ғана кездесудің реті орайласар
бейсауыт тірік.
Сондай-ақ, менің бүгінгі бар болмысым мен
жан-дүниемді,
танымым мен көзқарасымды қалыптастырып, іс-әрекетіме іргетас болған да сол бес жыл! Қасынан қарға адым қалдырмай ертіп жүргендіктен, нақ сол бес жылда әкемнің абыройы мен беделіне, тірлігі мен бедеріне кәдімгідей куә бол дым. Жиынтөбенің жотасындағы әрқайсысы бір-бір әулиедей бес ақылгөй де ақжарылқап ақсақалдың әкеме деген айрықша, ыждағатты ықыласын да сол кезде аңғарып, сол ақсақалдардың арасында отырса ғой... деп алғаш рет армандағанмын. Менің де бойымдағы, болмысым мен балаң бағамымдағы сол көгентүп қариялар мен әкемнің аманатын адал арқалайтын асқақ азамат болу хақындағы асыл мұратым мойнына құрық салдырған еді. Әкем туралы жазылған жырыма:
«Балалықтың бастауы,
Даналықтың дастаны.
Ақсақалы ауылдың,
Ардақтысы,
Асқары.» - деген шумақ та сол тұстағы,
сондай жағдайларға байланысты естеліктердің
еліктіруімен енген болатын.
Менің балалық қиялыма қанат қақтырып, әкемнің
әлеміне алғаш жетелеген жүрек қалауы да сол
бір жанартау жағдайларға байланысты. Нақтырақ
айтқанда, санаға сәуле сепкен сиқыр сезім «Батыр
лар жырынан» басталған-ды...
Ауылдың батыс бетінде қора орнындай аумақтан
биіктейтін жатаған төбе болатын. Кешке қарай,
кейде кіші бесіннен бастап-ақ сол төбеге ауылдың
Қ. Әлімқұлов
бес ақсақалы жайғасады. Өзіндік төрде - Мір ата.
Жұрт «Ақ ата», «Абыз ата» дер еді. Шашы мен
қасы да, сақалы мен мұрты да, тіпті кірпігіне дейін
түгел аппақ қудай, киімі де үнемі ақ. Қашанда «ақ
сөйлейтін.» Жарықтық жүзге жетіп дүниеден озды.
Жадынан айырылмай, сөзінен жаңылмай кетті.
Ұрпақтары той өткізгендей етіп жөнелтті. “Сүйегі
асыл адам ғой”, “Құдайдың рахымы жауған жан ғой
атай” десті қимай қоштасқан қауымы.
Ал ол кісінің қамшылар жағына жартылай
доғаланып Толыбай және Жанахмет атайлар,
үзеңгіге аяқ артар қапталынан иін тіресе Қалыбек
және Нұрахмет атайлар жайғасады.
Не айтатындарын кім білген, әйтеуір ауыл-елдің
бар мәселесін сол бес шал шешетін. Ең бастысы,
ақсақалдардың ұйғарымы талқыланбайтын әрі
мүлтіксіз орындалатын. Орындалуын бақылаудың
да еш қажеті жоқ еді.
Менің де сол абыройлы да аяулы, асқақ та
ақпейіл ақсақалдарға, олар отырған тайтұяқ төбеге
аңсарым ауатын да тұратын. Алайда анамыз: “ол
жерге баруға, аталардың мазасын алуға болмай
ды” дейтін. Әрі солай деуінің өзі сертке суарылған
сөздей санаңа сына боп қағылатын да, оның бай
ыбына барып жатудың өзіне батылың жетпес еді.
Сөйтіп жүргенде, мен үшінші класты (сынып)
бітіретін кезде әкем көп жыл қой баққан адам ретінде
орталықтағы шопандар тойына қатысып қайтқан.
Сол жолы басқа базарлықтарымен бірге “Батыр
лар жыры” деген үлкен кітап әкелді. Керемет кітап!
Әсіресе суреттерін айтсаңшы!
Осы жерде тағы бір самала сыр өздігінен өріс
іздеп тұрғандай. Иә, кітаптың суреттері шынында
да ғажап болатын. Олар балаң болмысты ғана тер
беп қоймайды, жалпы көрген жанның көзайымына
айналары даусыз.
Әкемнің әлемі
«Батырлар жыры» одан кейін де әртүрлі баспа
лардан әлденеше рет жарық көрді. Бірақ, олардың
ешқайсысындағы сурет сәби сезімін биіктерге ба
стайтын баспалдаққа баланып, құлыншақ қиялдың
құндағына айнала алған жоқ. Ешкімді де ертегілер
еліне ертіп кетуге құдіреті жетпеді. Кілең бір балбал
тастағы жансыз бедердей төртбақ бейне, адамнан
гөрі маймылға көбірек келіңкірейтін келеңсіз кейіп...
Өкінішті-ақ!
Ақыр айтқан соң, соңына жеткізейік: ол бірегей
батырларымыздың бейнесін бедерлеген Е.Сидоркин
деген саңлақ суретші екенін, Гүлфайруз Ысмаило
ва деген қазақтан шыққан тұңғыш қылқалам шебері
және актриса оның зайыбы екенін кейіндері ғана
білдік.
Сол кітапты оқымас бұрын мен де суреттеріне
сағаттап қарап, небір қиялдарға бататынмын. Бірде
- Алпамыс, бірде – Қобыланды, бірде – Қамбар боп
жауға шабамын қиял қанатында. Әрине, жаудың
бәрі ол кезде фашист болып елестейді. Бірақ алға
шында автомат, пулеметтері, танк, самолеттері
(ұшақ) жоқ – онша қызық емес сияқты көрінген-ді.
Алайда бара-бара, суреттердің сиқырлы сәулесінен
балаң қиял өз дегеніне алып кете береді, кете
береді…
Әкей сондай кітап әкелгенін ақсақалдарға айтып
ты. Маған: “Балам, мына кітапты ертең түс қайта,
ақсақалдар төбеге жиылған кезде алып бар» деген.
Сөйтіп сол кітаптың арқасында менің өмірімдегі
өшпес із қалдырған таңғажайып бір текті уақыт
басталған еді.
Қариялар да қатты қуанды. Алдымен суреттерін
тамашалап, кітапты әрқайсысы бір-ер аударысты
рып, ұзақ қарады. Алғашқы боп Абыз Ата – Мір-дана:
- Ойпыр-ай, Құдай шебер десеңізші, суретші пен
деге де осынша дарын дарытады екен-ау?! – деп
қайран қалады.
Қ. Әлімқұлов
- Иә, солай. Қолындағы қаршығасы – анау,
соңынан ерген тазысы – мынау. Құдды өзің орта
сында жүргендейсің ғой...- деп, іліп әкетеді Жанах
мет жарықтық, таңғажайып болып.
Нұрахмет ата екеуінің сөзін нақтылай түсіп:
- Ертеректе іргеміздегі Іленің бойындағы қалың
қамыстың арасында да осындай жолбарыстар
болған дейтін бұрынғылар... – дегенді қосады. Со
дан сәл ойлана нақтырақ көрейін дегендей көзін
қысыңқырай отырып:
- Қарасаңдаршы, бойы тұнған бұла күш екені
көрініп тұр ғой... Атылғанынан бұрын, айбаттанғанын
айтсаңшы! – деп, бір сілкінгені ме, болмаса дүр
сілкінгені ме – қозғалақтап қалады.
Сөйтіп суреттің сиқырлы сыры да біртіндеп сая
быр таба бастайды. Ойларындағы ғажап әлемнен
орала алмай ма немесе «Енді не істейміз?» деген
ге дендей ме, әйтеуір қара үзген қарттар бір-біріне
қарасып, сәл-кем толас табады.
Сосын бір-екеуі ежіктеп оқыған болды. Өнбеді.
Мандымайтынын сезген Мір ата жасаураған жа
нарын жасқай маған: “Балам, анау етекте тұрған
жолдастарыңды ертіп кел. Қай жақсы оқығандарыңа
мына кітапты аудартайық» деген. Иә, «оқытайық»
емес, «аудартайық» дейтін, жарықтықтар. Бұл –
ауыл балаларының да алғашқы өмір сынағы, елеулі
емтихандары еді.
Әуелде “Қобыландыдан» қозғайтын.
“… “Айт, жануар, шүу!” деді,
Құбылып бурыл гуледі.
Табаны жерге тимеді,
Тау менен тасты өрледі,
Төрт аяқты сермеді,
Құлақтың түбі терледі,
Тер шыққан соң өрледі,
Әкемнің әлемі
Адырды көзі көрмеді.
Көлденең жатқан көк тасты
Тіктеп тиген тұяғы
Саз балшықтай иледі…”
Ондай тұстарда қариялар:
- Пах-пах, шіркін, жануарым-ақ емес пе?! – десіп,
жамырасып алады. Сосын Мір ата:
- Балам, кішкене деміңді басып ал,- дер еді. Бірақ
басқа ақсалардар:
- Бәлі, бала шаршаушы ма еді, Нүсіпақынның
мына ұлы да тұп-тура Тайбурылдың өзі ғой!
Құлағының түбі енді-енді терлеп келеді. Бітіріп та
стап бір-ақ демалысын, - дегенге көндіреді.
- Онда, жөн,-дейді Мір дана да онша қинала
қоймастан.
Өзім де тықыршып әзер отырған мен мақтаныштан
маңғазданған күйі зуылдата жөнелемін.
Келесі күні төбеге екі-үшеу боп, ілесе шығамыз.
“Алпамыс батырдың” алғашқы беттерін қариялар
басқаларға да оқытып көреді. Бірақ қысылып,
сасқалақтап, ежіктеп оқығандары ұнаңқырамайды.
Сыпайы ғана бірінен кейін бірін сипай қамшылайды.
Айыздары қанбаған соң:
- Сендер барып ойнай беріңдер, - деп қалғандарын
босатады. Олар маған қызыға, қарттар иелігіндегі
мына бір ертегідей әлемді қимай, әзер кетеді.
Бұндай сенімге қанаттанған мен болсам:
“Байбөрі сонда сөйлейді:
- Айналайын, құдайым,
Бір өзіңе жылайын,
Бүйтіп қорлық көргенше
Көзімнің жасын бұлайын.
Жалғызым менің келер ме,
Арманда кеткен баламды
Қадыр Алла берер ме?!” – деп жалғай жөнелемін.
Қарттар Алпамыстың жыры аяқталған тұста
қауқылдасып:
Қ. Әлімқұлов
- Ой, өркенің өссін, балам!
- Көсегең көгерсін, айналайын!
- Алла разы болсын! – десіп, қалталарынан тәтті
шығарып береді. Бірі – науат, бірі – прәндік, енді бірі
- қант ұсынады (ол дәмдерді – ондай марапатты
осы күнгінің орден-медаліне айырбстармын ба?!)
Мақтау мен алғыстың бір өзіме бұйырғанына
әбден марақайып тұрған менің жүрегім қуаныштан
қақ жарыла жаздайды. Содан құлдыраңдаған күйі
ойын қызығына батқан қатарластарыма жетем.
Сыбағаларына тиген тәттіге бәрі де қаужаңдап,
мәз-майрам болып қалады. Ендігі жерде балаларға
Алпамыстың мазмұны айтылып жатады.
Үшінші күн дегенде қариялардың қаталатқан
құмарлығы сабасына түсіп, қанағат таба бастаса
керек, оқып отырған жырымды әр жер, бір жерде
тоқтатып, өз ой-пікірлерін сыналайтын болды.
Ал төртінші күні, “Ер Тарғын” жыры тіпті аяқталмай
қойды. Әуелде, “Ай, Қартқожақ, Қартқожақ, Атаңның
басын тарт, Қожақ!” деген тұсқа келгенде Қожахмет
қария: “Балам, тұра тұршы” деп алды да:
“Ай, Қартқожақ, Қартқожақ,
Атыңның басын тарт, Қожақ!
Менің немді сұрайсың?
Бұқар барсаң, қолаң бар,
Қолаңды көр де – шашым көр!
Зергер барсаң, қасында
Алтыннан соққан түйме бар,
Түймені көр де – басым көр!
Молдаға барсаң, қасында
Қиюлы жатқан қалам бар,
Қаламды көр де – қасым көр…” деп тақпақтай
жөнелген.
- Әп бәрекелді! Әй, кәрібоз-ай, ұмытпаған екенсің-
ау?! – десіп, қалған төртеуі әбден риза болған.
Әңгіме:
Әкемнің әлемі
“От орнындай тұяқтым,
Омыртқаң бар отаудай.
Жауырыныңа қарасам,
Сыпыра шапқан тақтайдай.
Құйрығыңа болайын
Қынаптан шыққан қанжардай!
Жалыңа сенің болайын
Күлтеленген жібектей!
Шықшытыңа болайын
Оралып жатқан түбектей!
Құлағыңа болайын
Көлге біткен құрақтай!” - деп Тарлан тұлпарды
суреттеп келіп: “Бауыздау жеріңе болайын, Сарт
мақтадан соққан келептей!” деген жеріндегі “1” циф
рына қадала қарап қалған бала-жыршы рөліндегі
менің беттің соңындағы сілтемені іздегенше-ақ
ақсақалдардың «айтыс-тартысы» бастала береді.
Қариялардың бірі сол сәтте-ақ:
Келеп дегені не болды екен сонда? – деп сұрап
та үлгерген.
- Мына жерге: “Келеп – шумақталған жіп” деп жа
зып қойыпты, - деп мен де тақ ете қалғанмын.
- Шудақталған шығар? – дейді екінші қарт сұраулы
пішінмен барлай қарап.
- Жоқ, міне, “шумақталған” деп жазулы тұр, - деп
мен де қоймаймын.
- Кітап қате жазбайды, шумақталған болса,
шумақталған шығар? – дейді үлкендердің үшіншісі.
- Солай шығар-ау?! Біз түйенің шудасы дегенді
білеміз. Ал мақтаны ата кәсіп қылып отырған өзбектер
біледі де? Бәлкім, біздің кенеп деп жүргеніміз сол
шығар? – дегенді қосқан төртінші ақсақал.
Мір ата да үндемей қалуды мін санағандай:
- Иә, солай болуы да ғажап емес, кім біледі?.. –
дей салғандай еді.
Нағыз дүрмек-дүкен содан кейінгі:
Қ. Әлімқұлов
“Омырауыңа болайын,
Еділден шыққан аңғардай!
Тебініп қиқу келгенде,
Шұбар туды шұлғанып,
Қара терге бұлғанып,
Ақ сүңгіні қолға алып,
Мінер ме еді заңғарды?!” - деген жеті жолдан соң
қызды да, кітап жайына қалды. Сол тұста Толыбай
ата тұрып:
- Біздің жақта “сүңгі” деп көктемде ілініп тұратын
үшкір мұзды айтады… - дей берген.
- Әй, сол сүңгің – қанжардың қылыш сияқты ұзын
түрі-ау? - деген Нұрахмет ата салалы саусақтарымен
сақалын сипап отырып.
- Сүңгі деген – найза емес пе? Адамның денесіне
сүңгітіп жібереді дегеннен шыққан да, - дер еді
Қожахмет қарт.
- Ал мен арғы беттен ауып келген бір қариядан
естігенімде жырдың осы жерінде “Ақкездікті қолға
алып” деген сияқты еді, - деп ақсақал ойланып
қалар еді.
- Қоя-ақ қой. Кездік деген құрттауыштай ғана
пышақ емес пе, кәдімгі шаппалы бәкі сияқты, -
дейтін сонда Мір ата.
- Қандай сөзге бола олай атады екен сонда? -
деп ақсақал да тереңдей түсетін.
- Кәдімгі кез деген сөзден алынған: бас бармақ пен
сұқ саусақтың ұшына дейінгі аралықты – “кез” деген
бұрынғылар… - деп қолымен көрсетіп, тәппіштеп
түсіндіреді.
Нұрахмет ақсақал көріп тұрса да көнгісі келмеген
дей суыртпақ ұшын тарта түседі:
- “Қарыс”, “сүйем” деп жатушы еді, жарықтықтар.
Бірақ “кез” дегендерін естімеппін. Тіпті, сирек
кездесетін сөз-ау, шамасы?
- Жоқ-ә. “Қарыс”, “сүйемнен” көп болмаса, аз
Әкемнің әлемі кездеспейді. Өзіміз қолдана бермеген соң, солай көрінеді. Оның үстіне: заманына қарай тіршілік те, сөз де өзгеріп отырады емес пе. Жаңа ұғым, түсініктер пайда болып жатыр. Болмаса, кездеме деген сөзді екі әйелдің бірі айтпай ма? Бұрын метр деген жоқ, матаны кезбен өлшеген. «Кездеме» со дан қалған… Әйелдердің сөзі десеңізші… - Жо-жоқ! Нағыз еркектердің сөзі-ақ. Кездік – ер ұстайтын қару. Ал кезқұйрық деген құсты құрығанда аптасына бір көретін шығармыз. Кезінде қаршыға деген құс сияқты оны да сейілге ұстаған. Сонда оның әйелге не қатысы бар? Мір атаның аппақ қастары жыбыр-жыбыр ете қалады. Қалған төртеуі қартты ренжітіп алмадық па?! – дегендей дегбірсіздене бастағанда дана қарияның өзі жағдайды жуып-шайып жібереді: - Ал сенің жаңағы екі сөзді жөнді білмесең де жаттап алғаның : “Қарыстан сүйем жақын” деген мәтелді ұстанатыныңнан. Осы тұста Толыбай қарт қыстырыла кетеді: Өйткені адамдарды алалауға бейімсің… - Әй, баба, қатырдыңыз-ау! Өзіне де сол керек, иегінің қышуы жаман еді… - десіп, қалған қариялар балаша мәз-майрам болысып қалады. - Мір ата! Сөзіңізің жалғаны жоқ. Еш уәж айта ал маймын. Туа біткен мінез де… Тек мына қулардың көзінше бекер айттыңыз-ау. Енді мені бір жылға дейін ермек қылатын болды ғой, бұлар… - деп бұртиған болды. Қайран қазына қарттар-ай! Көре-көре көсем, сөйлей-сөйлей шешен болған сол қарттар қаншалықты дана болса, соншалықты бала да еді. Өйткені, олардың қай-қайсысы да ақжүрек-аңғал, пейілдері періштедей пәк болатын. Сондықтан да салихалы саф алтындай сөздерімен, жеке
Қ. Әлімқұлов
өнегелерімен ізін басар ілкі ұрпағына ұлағат ұрығын
сеуіп кетті.
Мұқағали мұзбалақ селкеу түспес сергек сезіміне
сүйене отырып, өз кезінде-ақ: «Қариялар азайып
бара жатыр...» деп, жанұшыра жар салған болатын.
Қазіргі жағдай одан да қиын. Бүгінде ондай қарттар
қасқалдақтың қанынан да қат. Тіпті сирексіп кетті.
Көп ағайынның келешектің келбетіне күдіктене
қарауының салалы себебінің бірі де – сол.
Өйткені, ол жарықтықтар тек айтқанына көндіріп,
айдаған жағына жүргізетін беделді біліктілер ғана
емес, бағыт-бағдар берер Темірқазық жұлдыздай
жол нұсқаушылар мен ізашарлар да болатын.
Сондықтан да салт-дәстүрін көзінің қарашығындай
сқатаған жұртымыз небір дәуірлерден адаспай
өткен-ді.
Жиынтөбенің
қашан
олай
аталғанын,
тірі
әулиелердей болған бес ақсақалдың онда қашаннан
бастап мәжіліс құратынын білмеймін. Тек маған
сол төбе мен қасиетті қарттар бірге жаратылғандай
көрінетін. Қашан да түс ауғанша төбе бос тұрады.
Неге екенін, оған ешкім көтерілмейді.
Бес ақсақал бас қосқан соң да бейсауыт ешкім
шыға бермейді.
Үстіртін шаруасы бар адамдар ғана ақсақалдарға
барып, шұғыл мәселесін шешіп қайтады. Сөйтіп
ауылдың барлық маңызды мәселесі мен келелі
кеңесі төбе басында шешілуші еді. Ал, ақсақалдар
– әділ де әтуерлі қазылар алқасы-тын.
Беу, бейкүнә дүние-ай десеңізші. Бертінге дейін
аракідік милиционерді көріп қалғанымыз болмаса,
сот, прокурор, адвокат дегендерді естіген де емес
едік.
Әрине өмір болған соң, көпшілік болған соң кейбір
кішігірім кінараттарсыз бола ма, тәйірі? Оның өзі
шектен шыға қоймайтын шалыс қадамдар ғана-тын.
Әкемнің әлемі
Әрі соның бәрі сол ақсақалдардың арқасында «Бас
жарылса – бөрік ішінде, қол сынса – жең ішіндеден»
ары аспайтын еді-ау!
Әйтсе де, шарық тастай бекем, шар айнадай анық
сол шалдар тек шатақтарды тезге салады екен деу
мүлде қате түсінік болар еді. Күнделікті күйбең тірлік
пен келешектің көкжиегі арасындағы араласуды
қажет ететін қай шаруаның да шыптығын шығармай
шешетін. Шешкенде де, ауыздықпен алыспай, бас
жаққа барыспай, келте кесілмейтіндей етіп, келісе
отырып шешетін. Содан да еш мәселе ши шықпай
шешіліп, әділдікпен әдіптелетін.
Жиырмасыншы
ғасырдың
алпысыншы
жылдарының басында бірінен соң бірі бес ақсақал
да бас-аяғы бір-ер жылдың о жақ, бұ жағында
дүниеден озды. Таңданарлығы сол, шынымен-ақ
кезекке тұрғандай жастарына қарай қайтты. Және
ешқайсысы төсек тартып жатып қалмай, жылдам
аттанып кете берді. Алғаш бақилық болатын Мір
дана жетпіске жеткен үлкен ұлын оңаша шақырып
ап: “Ертең көп қонақ келгелі жатыр, дайындал”
депті де, соңғы тұяқ – Толыбай қария: “Ана шалдар
күнде шақырып, мазамды алды. Көп күттіргенім жа
рамас?..” деген көрінеді.
Ел-жұрты бес ақсақалды да той өткізгендей етіп
жер бесікке бөледі. Соңғы қарияны жөнелткенде
ғой балаларының бірі жетімсіреп тұрған төбеге
қарап: “Бес шалдың конторы қаңырап бос қалды…”
десе, келіндерінің бірі: “О жақта да Жиынтөбелерін
тауып алып, кеңестерін өткізіп жүрген шығар,
жарықтықтар?!.” деп еді.
Иә, сөйтіп бір төбенің басына күнде шоғырланатын
бес әулие өз алдына бір-бір төмпешік боп, топыраққа
айналды.
Жиынтөбенің иелері де, киелері де сол
ақсақалдар екен-ау?! Ақсақалдармен бірге төбенің
Қ. Әлімқұлов де ажары мен базары тарқап кетті. Алайда, төбе жаны жоқ болса да орнында тұр ғой, оны қойшы, екі-үш жылдан соң-ақ елдің бірлігі бұзыла бастадыау… Бұзылғанда ешкім қырық пышақ боп қырылып қалған жоқ, тек сүйкімді сыйластыққа сызат түсіп, сыр бере бастады. «Өзім – би, өзім – қожамын» деп, ешкімді тыңдағысы келмейтін тоңмойныдар пайда болды. Ішімдіктің індеті тарады. Соның сал дарынан ірілі-ұсақты әбестіктер қылаң берді. Үйдің есігі мен қораның қақпасына құлпы салынатын болды. Құдайдан қорқу, адамнан ұялу, обал-сауап ұмытылып бара жатты. Үлкенді сыйлау, кішіге үлгіөнеге көрсету сұйылып кетті. Бірлік бұзылса, тірліктен де мән кетеді екен де?! Содан-ақ төбе бос қалды. Әрине, ел болған соң ауыл шал-шауқансыз емес еді. Бірақ олардың ешқайсысы бес әулиенің орны на отыра алмады. Тіпті солардың солярка ия бен зин сасып төбеде отырғанын көзіңе елестетудің өзі қиын-тын. Жанармайдың исін әңгіме етпеуге де болар еді, ол – нан тауып жеп жүрген кәсіптерінің иісіндей ғой. Тек оқта-текте болса да ауыздарынан арақ исі мүңкіп, темекінің исі тебіндеп тұратынын қайда қоясыз?! Ол ол ма, ауыздарынан тәубасы түспейтін әулиелердің орнында орысша балағат араластыр май сөйлей алмайтын қырма иек, “қарасақалдардың” отырғанына қалай қарар едіңіз?! Иә, ауылдың төбесі орнында тұрғанмен, көбесі сөгіліп кеткендей еді. Әрі сол “жаңатұрпатты” шалдарға лайықты шүлдірлеген ұрпақ өсіп келе жатты… Нақ сол ауылда сондай сұмдықтар орын алмағанымен көрші елді мекендерде «Жастары ішіп алып, қыз зорлаймыз деп сотталып кетіпті»,
Әкемнің әлемі
«Пәленшенің баласы өзіне өзі қол жұмсапты»,
«Әлдебіреулер түленшенің бүгін-ертең әкесінің асы
на сойғалы отырған ту биесін ұрлап кетіпті» деген
сияқты қаңқу сөздер туып-өскен құт мекенімізді де
төңіректей торлап, елес боп кезіп жүр еді.
Содан саясаттан сиса киген «сайлау» деген
сайқал пайда болды. «Елу жылда ел жаңа» деген
сол-ау?! Біздің бала кезімізде сайлау – нағыз ме
реке болып өтетін. Гармондатып түнімен қыдырған
жұрт мәз-майрам, шат-шадыман күйі дауыс беріп,
сосын үйді-үйіне тарасатын. Балалардың база
ры тіпті тарқамаушы еді. Неше түрлі тәттіге ау
ыздары жетіп, аңсаған армандарын қолдарына
қондырғандай қуанатын-ды.
Ал қазір ше? Ел есігінің алдынан басқаның ма
лын өткізбей, бір-бірінің итін ұрып, қара басуда.
Әр көшені қойып, көрші тұрған әр үй өз алдына бір
«партия». Бұрын ешкім білмеген деуге болатын
небір «тарихи» жаңалықтар ашыла бастады. Атап
айтқанда, алақандай ауылда ондаған ұлттың өкілі
тұрады екен. Бірлі-жарым үй орыс бұрын да бар бо
латын. Бір өзі бүкіл ауылдың кіндік шешесі атанған
Дуся апай – Евдокия Куксан со-о-нау Финляндиядан
келгенін, соғыс кезінде екі-үш үйден чешен, курд,
неміс, кәріс келгенін жұрт жапа-тармағай білетін.
Олардың сыртында татар, үйғыр, украин бар.
Қазақтың оншақты руы бар екені енді ғана белгілі
болып отыр. Бір үйдің баласындай, бір қолдың са
ласындай араласқан ауылда албан, суан, жалай
ыр, найман, арғынмен бірге со-о-онау батыстан
келген жағалбайлы жүр екен. Алатау асып, Іле өтіп
келген қырғыз қосылыпты, тіпті бес қайнаса сорпа
сы қазаққа қосылмайтын қалмақ, қожа, төре мен
төлеңгіт дегендер болады екен. Демократиялық
сайлау соның көзін шұқыды.
Сыйыспай, басқа жақтарға көшіп кеткендер де
Қ. Әлімқұлов
бірен-саран болса да кездесетін көрінеді. Ағайынын
сағалап сырттан келіп жатқандар да жоқ емес.
Елдің есебінен қоң жинайтындар пайда болды.
Әкесінің дәулетін бас-аяғы бір-ер жылда талан-
таражға салған балалар да табылып қалады.
Заман-ай десеңізші! Бес ақсақал аман болса,
бұндай сорақылықтар орын алмас па еді? Әлде,
әулие қарттардың осыларды көрмегені де дұрыс
болған деп қуануымыз керек пе?
Кім біледі...
Мен мектепте де, жоғары оқу орнында да үздік
үлгерімім үшін талай-талай мадақ естідім, кейін
жұмысқа араласып сан мәрте алғыс алып, мара
патталдым – бірақ соның ешқайсысы бес әулиенің
“Батырлар жырын” оқытып отырып: “Әй, жарайсың!
Азамат!”, “Өркенің өссін, балам, бақытты бол! Көп
жаса!” дегеніндей әсер еткен емес.
Соғыстан соңғы оншақты жылдың жүзінде-ақ
тұрмыс түзеліп, тәттінің түр-түрі көбейді. Бірақ
соның ешқайсысы бес ақсақал қалталарынан алып
беретін бір түйір науаттың дәміндей таңдайыма та
тып, тілімді үйірген емес!
Небір әңгімешіл адамдарды тыңдағаным бар.
Алайда олардың айтқан айшықты сырлары да дәл
бес абыздың қарапайым ғана сөздеріндей қиялымды
қанаттандырған да емес!
Келе-келе көп кітап оқыдым. Тек солардың
ешқайсысы “Батырлар жыры” сияқты арманымды
алға жетелеген емес!
Кәсібімнің нәсібіне орай бірлі-жарым алыс-жақын
шетелдерді қосқанда, кезіндегі КСРО-ның біраз
бөлігін, Қазақстанды түгелдей дерлік араладым.
Таңғажайып табиғаты көз тұндыратын, кереметтей
көрікті жерлер мен жанарыңды жасқап, жадымда
жаңыратын жәдігерлер көп-ақ. Алайда, солардың
ешқайсысы шалғай шеттегі шағын ғана ауылым
Әкемнің әлемі
дай шуақ шаша алмады. Шаттыққа бөлеп, қайта
шақырып алуға шамалары жеткен жоқ.
Ал туырлықтай болса да туған жер, тозаңы
шықса да кіндік қаным тамған топырақ қашанда
қол бұлғауынан жаңылған емес. Өйткені оның жөні
мүлде бөлек. Себебі, ол - әкемнің соғысқа қатысқан
бір-ер жылын қоспағанда бүкіл ғұмыры өткен құтты
мекен. Сол сияқты менің де өле-өлгенше кіндігімнен
байланған киелі бесігім.
Әрі ол өңірді тек дүние есігін ашқан аймағым
деп қана ардақтамайтыным айдан анық. Оның әр
тасы – тарих, әр төбесі – көненің куәсі. Әр бұтасы –
бұрымдай, әр түп шие – жыр ыңғай. Болмысыңмен
байланбай, аңсарыңа айналмай тұра алмайды – ол!
Болмаса сол бір бетегелі гүл мекен:
Мұндалап мөлдір аспаның,
Аңсарым мәңгі тынар ма?!
Шөмеле шөпті жастанып,
Бір түнеп қайту –
Мың арман... – деген сағыныштың сарғайған
жапырақтарын сапырылыстырған, сезіміңді селдете
қапылыстырған жыр жолдарын жазғызып, жүрегіңді
жарып шыға ма?!
Аралтөбем – ар мекенім,
Өз балалық шағымдай.
Қайда жүрсем бар ма екен бір,
Жүрер кезім сағынбай?! - деп қайырылған сама
ла боп самсаған сөздерге жан жүйеңді жанартаудай
жұлқылап, жауқазын әнінің сазын тудыра ма?!
Айтқандайын, ол әнді сол өңірде туып-өскен ба
уырымыз, халқымыздың сүйікті әншісі Нұрғали
Нүсіпжанов нақышына келтіре орындап жүр.
Көрікті де өрісті өлкеміздің өрнекті жерлерінен
тарих тәбәрігі боп тұнған тұстары туралы кейінірек
Қ. Әлімқұлов
кеңінен әңгімелермін, қазірше аты аңызға айналған
Алтынемел асуынан өте салғанда құшақ жая қарсы
алатын Балдыбастау бұлақ-қайнары мен Іле өзенінің
іргеснідегі Қарабастау қыстағының арасындағы
тылсым табиғат пен тағылымды тіршілікті тобықтай
түйінмен тәмамдайын.
Балдыбастау өз атауын өзі айқындап тұр ғой,
ал Қарабастауға бір қайрылмай өту мүлде мүмкін
емес-ақ. Қайырылғанда да:
Қарабастау,
Қиялды ала қашты-ау.
Содан бері өзіңе бір жете алмай,
Мені де қара басты-ау!
Қырға барам,
Балалық мұндалаған...
Шеңгелің мен жидеңнің тікенегі,
Бүгінде жүрегімді тырналаған... – деп, қанатыңнан
қайырыла, тағатыңнан айырыла; қаталай-қапыла,
жан дүниеңмен асыға айқай салмасқа амалың бар
ма?!
Әр қыры – әкемнің өзіндей, әр бұлағы – көзіндей,
әр самалы – сөзіндей сүйікті де сүйкімді мекен
сөйтіп жадыңда жатталып, санаңда сақталып тер
бете де, тебіренте де береді.
Аңсарыңды жандырып, айызыңды қандырып
асқақтай түседі.
Қай шалғайда жүрсең де жүрегіңнің түкпірінен
тапжылмастай орын теуіп, шағала көңіліңді шарқ
ұрғызған күйі шақырады да тұрады.
Ол – сонысымен де туған жер.
Ол - әкемді де, әкемнің әкесі мен ата-бабала
рын да, мені және бауырларымды, барша ағйын-
туғанды алақанына сап аялаған, Жұмақ бағы боп
саялаған әлемде жоқ жаннат та абат Жерұйық!
Әкемнің әлемі
Жігеріңді жаныған, талабыңды таныған талбесік
– ол.
Үмітіңе дем берген, желкеніңді жел керген; патша
көңіліңнің киігі, асқақ арманыңның биігі – ол деген.
Оған біз қашан да қарыздармыз.
Оған әрқашан да мың тағзым!
Балалық шақ болғанда да, оның базарлы
күндерінің қызықты кездері көп қой, бірақ негізінен
мен осы сәттерді сарғая сағынамын.
Әлбетте, фәни жалғанның есігін ашып, шыр
етіп дүниеге келгеннен кейін әрбір адамның мейлі
ол дұрыс өтсін, мейлі бұрыс болсын - әйтеуір бір
балалық базарлы дәуренді басынан өткізетіні
белгілі. Тек ендігі ұрпақ сол бес баба сияқты
әулие ақсақалдарды – қазына қарттарды көре
алмайды-ау; солардың өнегесінен үлгі қабылдап,
салт-дәстүр қалыбында тәрбиеленбейді-ау; адам
түгілі, жаратылыстың жазмышын алалау дейтінді
білмейтін, қара қылды қақ жарған әділдіктерін
әдіптеп, ойлары мен бойларына сіңірмейді-ау; індет
індеген заманда да ізгіліктерін іздемейді-ау; қиял-
ғажайып ертегілердегі әмбиелердей сол шынар
шалдарға балалық қолқабыстарын тигізіп, көсегеңді
көгертетін ақжарылқап ақ баталарын алмайды-ау
дейтін өкініш өзегін өртегендіктен де сағынатын
шығар сол сәттерді?
Ең өкініштісі, хрущевтік тың игеру тұсында
шаруашылықтарды ірілендіріп, ауылдарды бір-
біріне қосқанда бес әулие ақсақал тұрған шағын елді
мекен мүлде жоқ болып кеткен. Әрине, ешнәрсе
өзінен өзі жоғалмайды. Елді көрші қонысқа көшірген
соң үкімет ескі үйлерді бұзды. Олардың орнын
жермен жексен етіп тегістеп, үстінен түрен тартып
жіберді. «Жүгері егуге жер керек!»
Қариялар, қалай десең де, ешқашан қайтып
келмейді ғой. Егер солардың көзіндей боп, ең бол
Қ. Әлімқұлов
маса ауылдары, үй-жайлары тұрса; ел іші көші-
қонсыз орнында қалса; бөгделермен будандаспаса
қалай болар еді деген құр қиял шығар?
Бөтен адам түгілі сонау батыстың бөтен идея
сы билеп-төстеп бара жатқан дүмпуіне бес қария
да бөгесін бола алмас па еді? Маған салса, қанша
сойқан болса да сол бес шал ел ішін бәле-жаладан
сақтап қалар данышпандардай болады да тұрады.
Кім біледі, кім біледі?!.
Иә, туған жердің топырағы мен атырабына не
жетсін, шіркін! Қанша жырақта жүрсең де аулыңа
деген аңсарыңның аласармай, сағынышыңның
сағымданбай, елде асыр салған ағайынға деген
ыстық ықыласың ыдырамайтыны да; туған жер ту
ралы толғаныстың ешқашан тарқамайтыны да
сондықтан.
Ақиық ақын Мұқағали Мақатаев та ол жөніндегі
жан тебіренісін: «Бір әңгіме қозғашы ауыл жайлы,
одан артық рахат табылмайды» - деп төгілдірмеуші
ме еді?
Атыңнан да, затыңнан да айналайын, аяулы бек
ардақты Ата қоныс!
Әлем әдебиеті классиктерінің бірі, француздың
ұлы жазушысы Оноре де Бальзактың «Осын
дай адамдардан шеге жасаса ғой, шіркін!» деп
шымырқанатыны бар.
Менің де: «Әкелеріміздің қатарымен қайырылған
сол шалдар өз замандарының шегелері боп,
жұртымыздың шаңырағын шайқалтпай ұстап тұрған
екен-ау!» дегенді жаһанға жар сала, айқайлай ай
тып, шапалағымды шаттана соққым келеді де
тұрады.
Өкініші де көп болғанымен, өзгермелі, өркендеулі
өмір ғой. Тарихты қайта айналдыра алмайтының
сияқты, тіршілікті де толастата алмақ емеспіз.
Әкемді сол төбенің басынан көре алмадым, өзім де
Әкемнің әлемі
сол ақсақалдардай ауыл-ағайынды аузыма қарата
алмадым демесем, ол сәби сезім мен нәресте
ниет аңсары күннен күнге көмескіленіп, балалық
балдәурен сәттің өзіндей абайлатпай алыстап ба
рады демесем, өмірге өкпе артаудың өзі ағаттық.
... Жақында әке-шешемнің бейітінің басына ба
рып, құран бағыштаған соң, арғы жағындағы арда
ауылдың жұрнағына арнайы ат басын тірегем. Ай
наласына қанша түрен тартылғанымен, Жиынтөбе
жарықтық орнында екен. Бірақ, бұрынғысындай
емес: айбыны аласарып, шөгіп қапты. Маған да
біртүрлі жатырқай қарайтын сияқты...
Бес бабамның әруағын бір аунатып, қынжыла-
қынжыла қайттым.
Шіркін-ай!..
Қ. Әлімқұлов
Соғыс салған жара
немесеең сорақы сұмдық
Мен - кітаптан оқып, кинодан көргенім демесеңіз,
соғыс
атаулыны
шын жаныммен түйсінбей өскен ұрпақтың өкілімін. Там-тұмдап түсінуге тырысқанымды қоспағанда, ол тақсіретке тікелей қатысты адамдардай арда түйсінуім мүмкін де емес. Тіпті, бүгінгі күннің өзінде аз-кем көрген-білгенім мен сол саладағы суыртпақтап жинаған жалпылама, жұпынылау да жұлымданған білімімнің арқасында санамда саралай алғаным болмаса, тігісін жатқызып танымаймын да. Ал, болжалдың жөні – бір басқа… Әрине, әкеміздің “азды-көпті” деген ұғымның ұңғысына сия қоймайтын, ауыз толтырып айтарлықтай сексен жеті жыл өмірінде, сонша ма жас кешіп өткен қилы-қилы жағдайлар мен оқиғалар толы ғұмырында тілге тиек етер тірліктің аз болмағаны да даусыз. Дей тұрғанмен де, сол бір сексен жеті жылдың жадында жаңғырып тұратын жағдайдың ең жойқыны да, орын алған оқиғалардың ішіндегі ең оспадарсызы мен оқшауы да, нағыз қасіреттісі мен сұмдығы да сұрапыл соғыс екені және ақиқат. Иә, кәдімгі жиырмаснышы ғасырдың шығандап шығар жойқын опаты - Екінші Дүниежүзілік соғыс. Ал әкеміз елу миллион адамның қанын жүктеген сол соғыстың екінші топтағы мүгедегі-тін. * * * Соғыстан соңғы жылдардағы ашқұрсақ кезеңмен тұспа-тұс келген балалық шағымыз да бізге сұрапыл
Әкемнің әлемі
сұмдықтың анау айтқан ауыртпалығын артқан жоқ
десек те болғандай. Талғап киім киіп, таңдап ас
ішпедік демесек, аштан өліп, көштен қалмайтындай
қарапайым тіршілік кештік. Одан жақсы тіршіліктің
болуы мүмкін-ау деп ойлай алмағанымыз да ақиқат.
Керісінше, үлкендердің “Соғыс құрысын, жаман
ырым бастамаңдар” дегеніне қарамастан “соғыс”
ойнадық.
…Екі жаққа бөлініп ап, сілеміз қатқанша “атыса
тын” едік. Кәдімгі жүгерінің мәдегін лақтырысамыз.
Ескі-құсқы шүперекке топырақ орап алып, жарамыз.
Ол – граната. Жартылай құлап, қаңырап қалған
қора-қопсыға жауынгер жасағы иә партизан боп
тығыламыз. Әрине, жеңген жағымыз - қызыл әскер
де, жеңілген жақ - фашист болып шыға келеді.
Қанша ойынның қызығына түскенімізбен көзіміз
шығып, басымыз жарылған емес.
Әлбетте соғыс болған соң жеңіл “жарақаттанатын”
кездер болады. Бірақ жылаған күннің өзінде оған
ешкім ренжімейтін. Тіпті, реніш орын алса да, ол
алысқа созылмас еді.
Соның бәрі ел еңсесінің биік болғандығынан
екен. “Соғысты жеңдік, енді бақытты бейбіт өмір
сүреміз” деген сенімнің, ұлы Жеңіс жігерлендірген
асқақ рухының көрінісі екен.
Адамдар адал еді. Шын қуанып, шын қайғыратын.
Бүкіл ауыл бір үйдің баласындай болатын. Жама
улы киім киген жадау тұрмыстарына қарамастан,
той көп болатын. Адамдардың сол бір ақжарылқап
пейілі бізге соғыс салмағын сездірген жоқ.
Қайта қайсыбір қасіретін, көп кейін, есейгенде
ғана біле бастадық…
Рас, Кеңестер Одағының кезінде, мерзімді әскер
қатарында жүргенде, екі рет соғыс өртіне қойып кете
жаздап, Алла жар болған шығар, аман қалғанмын.
Мүмкін олардан да әкелереміздің соғыс өтеуін толық
Қ. Әлімқұлов
болмағанымен, бір кісідей тәуір-ақ төлеп қайтқаны
араша түсіп, құтқарған болар?
Бала кезде байыбына бармаған болармын,
әкейдің өте сараң әңгімелерінің де әу-жайын
бертінде ғана ұққандай едім.
Соғыстың не екенін әуелгіде әкем де білмеген.
Басына түсті - баспақыл болды. Оны әкемізден
ешкім сұраған да жоқ. Қолына мылтық беріп,
ажал сепкен қарудың мәнісі мен қолданылуын
да ұқтырған ешкім болмады. Тіпті не үшін, кім үшін
соғысатындарын да саралай алмастан, қалың
қасап – қырғынның ортасынан бір-ақ шықты. Небәрі
жарты-ақ жылдай сұрапыл өрттің ортасында болып,
Жаратқан сыйлаған екі аяғының бірін орыс жеріне
тастап қайтты.
Мен әкемнің бір аяғының кемтар екенін тіпті беріде
білдім. Өмір тауқыметін ерте тартқандықтан ба, жоқ
әлде соғыс сұмдығының шындығын өз көзімен
көріп, санасымен сезгендіктен бе, өмірге қатты
құштар еді. Менің бар білетінім - сол ғана. Әрине,
суыртпақтай беріп, саралай келіп ол білгенді байы
та беруге болар. Алайда, тоқ етері – осы.
Қайталап айтуыма тура келеді: әкей соғыс жайлы
әңгімелерді мүлде ұнатпайтын. Ел қатарлы бірнеше
медальдары да болатын. Әсте 9 мамыр - Жеңіс күні
шаруашылық басшылары қолқалағанда болмаса
оларды өңіріне тағуды да онша жаратпайтын.
Әкейдің соғыс жайлы әңгімелерін – өзіндік пай
ымдары мен тұжырымдарын әскер қатарынан
оралғаннан кейін ғана, ара-тұра өзім суыртпақтап
сұрап білдім. Алайда, соның өзінде аса ағынан
жарыла қоймай, аракідік өз пікірлерін сынама
лай өріп отырып, ой орманын шарлаған күйі айтып
беретін. Оқырманға ол орайдағы ойларды мынадай
жүйемен жеткізген жөн секілді.
Не бір ауыз орыс сөзін ұқпайтын, не әліпті
Әкемнің әлемі
таяқ деп білмейтін бұратана халықтардың әкеміз
құралпас азаматтары мал тиейтін эшалонға
тоғытылып, Батысқа қарай бет түзепті. Екі адамға
бір қару: оның қандай қару екенін бақилық болғанға
дейін де білмей кеткен болса керек, әйтеуір “ұзын,
ауыр мылтық еді” дейтін. Менің нобайлауымша кра
бин болса керек.
Дәл қай жер екенін де білмейді: “Жеті тәуліктен
соң құмды далаға ене түстік” дейтін еді. Сталинград
қаласы, Дон өзені деген географиялық атауларды
тілге тиек ететін. Шамасы Ұлы Отан соғысының та
рихында “Сталинград шайқасы” деген атпен қалған
қанды қырғынның қасабына іліккен сияқты.
“Жүріп келе жатқан поезды неміс самолеттері
бомбалай жөнелді” дейтін.
- Дереу вагондардан түсіңдер де, орманға
қарай қашыңдар! - деген пәрмен естіледі. Оны
да жанындағы серіктері түсіндірсе керек. Бүкіл
эшалондағы ешнәрсені ұқпай, от пен оқтың асты
на қамалған қалың нөпір бірін-бірі итермелей,
жанұшыра жүгіргенде соңдарынан ілесіпті. Бом
бадан аман қалғандарын жау самолеттері қардай
бораған оқтың астына алған. Өліктерге сүріне
жүріп, әйтеуір қол созымдағы орманға ілігіпті. Ша
буыл саябырсып, қайта жиналғандарында бір эша
лоннан бірде бір сау вагон қалмаған екен. Мыңға
тарта адамнан елу-алпысының ғана аман қалғанын
бір-ақ біліпті.
Міне, әкеміз үшін соғыс солай басталыпты.
Одан кейінгі сұрапыл сойқан жәйі төмендегідей.
- Соғыс құрбандарын, қаза тапқан жазықсыз жан
дарды алғаш көруіміз емес пе, есіміз шығып-ақ
қалды. Тіпті не болып жатқанын ұғып болғандай
жағдай жоқ. Құлақ тұндырған дүрсіл мен жерді
дірілдеткен жойқын соққыға; жанарды тұмшалаған
топырақ пен түтінге; үрей мен үміт араласқан
Қ. Әлімқұлов
у-шуға бойымыз үйрене бастады ма, болмаса, аяқ
астынан орын алған ақырзаман апатты санамыз
әлі қабылдап үлгермей жатты ма – әйтеуір оларға
ешкім онша мән беріп жатпаған сияқты. Мән берер
еді-ау, оған мұрса қайда?!
Әйтсе де, қай-қайсымыздың да көз алдымыздан
көпке дейін еш кетпей қойған суретті көрдік қой...
Әртүрлі кейіпте қан-жоса боп, жартылай көмілген
адам өлігіне қарауға дәтің шыдамас еді. Ал, енді
бір бейшараның жұлынған қолының қан сорлаған
жеңімен қоса самырсын бұтағына ілініп тұрғанын
көргенде құйқа тамырымыз шымырлап қоя берген...
Сәл әріректе жарылған бомба қазып кеткен үй ор
нындай шұқыр. Оның жиегінде жартылай көмулі,
жартылай жанып кеткен тұқыл дене...
Қанша сасып, үрей құшып тұрсақ та біреулер
лоқсып, бетін бұрып кетіп жатыр. Енді біреулер
көргісі келмей көздерін көлегейлеген болады. Әйтсе
де, бәріміз-ақ танауымызды тұмшалауға әуре
болғанымыз бар. Өйткені, біржолата жауып алайық
десек – тұншығып өліп барамыз, жаппайық десек -
қолқаны қапқан алапат ауыр иіс шыдатар емес.
Кейінірек білдім, адамның қан-жынымен қоса
денесі жанған кезде сондай бір сұмдық сасық иіс
шығады екен.
Сөйтіп, соғыс дегеннің не екенін санамызбен
ұқпасақ та, нағыз жан алысып, жан берісер қан
майданға – қасапқа кіргенімізді сонда барып бір-
ақ, әрі нақты ұғындық. Шүкіршілік жасайтынымыз –
аман қалғанымыз, ал шайқасқа кірмей жатып, мерт
болғандарға не деуге болады?!
Алайда, қаймана қазақ үшін соғыстың сұмдығы да,
сорақысы да көп екен. Кейінірек, сол оқиғадан бір-екі
аптадан соң тағы бір бомбалаудың астында қалдық.
Бірақ ол кезде біраз жеңіл жараланғандарды, тіпті
контузия алғандарды көріп, етіміз өле бастаған
Әкемнің әлемі
уақыт болатын. Оның үстіне, окоп-траншея қазып,
шабуылдан қорғануға әзір де едік. Өзі де бір тал
ма тұс-тын. Екі-үш күннен бері оқ-дәрі жеткізілмей,
«жау бізді қоршап алыпты» деген қаңқу сөздер ай
тылып қап жатқан.
Аяқ астынан ию-қию шу шығып, ысқырған
бомбалар төбемізден жауып кеп бермесі бар
ма. Үйреткендері бойынша окоптың қабырғасына
бетімізді беріп, жүрелей отыра қалыстық. Басқаға
қайдам, маған тым ұзаққа созылған сияқты көрінді.
Өйткені ауыр соққылардан жердің өзі тітіркеніп кетті.
Жер мен көктің арасы тұтасып бара жатқандай.
Түтін мен шаңнан ешнәрсе көрінер емес. Үрейлі
үн, түнек...
Құм аралс топырақ қойын-қонышымызға құйы
луда. Баяғы сол сүйкімсіз иіс қолқаны қабады. Адам
баласының үні естілмейтіндей, бірақ азан-қазан.
Шын мәнінде қаншаға созылғанын бір Құдай
біледі, меңіреу тыныштық орнады. Тырс еткен ды
быс жоқ. Қорқыныш емес, бір түсініксіз мазасыздық
миға шегедей қадалады. Сол-ақ екен: «Шамасы ме
нен бөтен тірі жан қалмаса керек, енді не істеймін?»
деген сұрақ сапырылыса жөнелді.
Қойын-қонышымдағы құм-топырақты қаққан бо
лып орнымнан тұрғанда бір-ақ байқадым, құлағым
бітеліп қалған екен. Ауырсынып, ыңырсыған дау
ысты естіп, бір-ер адым аттағанымда есімнен та
нып қала жаздадым. Самырсынның тұқыл түбіріне
сүйенген біреу отыр... Қарны жарылып кеткен екен.
Ішектері шашылып қалыпты. Соны жанталаса жина
стырып, ішіне тығып әлек. Бірақ ішек-қарын ырқына
көнбейді, қайта сыртқа сырғып түседі. Өңінде қан-
сөл жоқ. Қаншалықты қиналып, ауырсынғанымен
үндемейді. «Айта алмай отыр-ау» деп ойлағанмын.
Сөйтсем, тістеніп алған екен, бейшара. Қайсар аза
мат болғаны ғой!
Қ. Әлімқұлов
Абыр-гүбірді естіп, көрген-білген басқа да тірі
қалғандар жинала бастады. Оншақты болып абды
рап тұрып қалдық. Не істерімізді білмейміз. Сасып та
қалғанбыз-ау. Оның үстіне, қолымыздан не келген
дей, тәйірі? Өзімізден береке қашып, жанашырлық
танытқымыз-ақ келеді. Жәрдемдескіміз-ақ келеді.
Бірақ, қайдан?..
Бұндай халдің қаншаға созылғанын да бағамдау
қиын. Әйтеуір бір кезде зембіл көтерген фель
дшер де жетті-ау. Бәрімізді ығыстырып, қасындағы
көмекшісімен алып кетті. Ішектерін жинастырып,
дәкемен орап қойғанын ғана көрдік.
Кетіп бара жатқанда байқағаным, байқұстың
ішектерімен алысуға да әл-дәрмені келмей қалған
болса керек. Сұлқ жатыр екен. «Жаңағысы – жан
далбасы, талқаны таусылған екен» дегенді біреу да
усы дірілдей, үрке айтқан. «Көретін жарығы болса
әлі жазылып та кетер?..» деген үміт үні де естіліп
қалды.
Не айтатыны бар, соғыс деген де - бір басқа түскен
сын. Тәлейіңе қарай неше түрліні көресің. Ел басы
на туған күн болғандықтан көнесің. Шымырқана
жүріп шыдайсың. Тіпті жайшылықтағыдай шаршап-
шалдығуға, ауырып-сырқауға да мұрсаң жоқ қой.
Жалпы қалай дегенде де, батырды – батыр, қор
қақты – қорқақ дейсің. Ал, сұрапыл соғыс кезінде
әртүрлі жағдайға байланысты осы екеуінің ара-
жігін ажырата алмай қалатын жәйттер де кез
десіп жатады. Жан алқымға келген тұста қардай
бораған жау оғына қарамай, жалаң мылтықпен
алдыға тұра ұмтылып, мұрттай ұшқанды соның
қайсысына жатқызуға болады? Немесе, тізеден
төмен жұлынып қалған аяқтан атқылап жатқан
қанды алғаш көргенде есінен танып құлаған еркекті
не деп жазғырғандайсың? Ал, өмірді өлердей жақсы
көргендіктен тірі қалғысы келтіндерді кіналай алар
ма едің?
Әкемнің әлемі
Бір ауыз сөзбен айтқанда, Құдай басқа бермесін
деңіз. Соғыс деген – ең сүйкімсіз нәрсе. Алайда,
пешенеңе жазылса - қашып құтыла алмайсың ғой.
«Қырық жыл қырғын болса да ажалды өледі» деген
емес пе. Талқаның таусылмай өлмейтініңе сенуің
керек. Өзіңді снедіруің керек. Тірі қалуды ойлап бас
сауғалай беруге де болмайды. Онда жаңағы айтқан
қорқақтың шегіне шығып кетуің мүмкін. Сондықтан
басқа түссе – баспақшыл, «құрығанда жастығымды
ала жығылармын» дегенге көндігуге керек.
Адам көрмеген соң біле де бермейді, соғыста не
бір қисынсыз оқиғалар да орын алып жатады. Тіпті
ойыңа түгіл, түсіңе кіре бермейтін нәрселерге еріксіз
куә болуың ғажап емес. Әрине, бар ауыртпалық
адам баласына түседі ғой, әйтсе де ол соғыс
темір-терсектің, яғни қару-жарақтың соғысы-тын.
Біздің естіп өскен ертегі-аңыздарымыз бен қисса-
дастандарда қылыш-найза сияқты бес қару мен
мініс жылқысы ғана болса, өткен соғыс жақындамай-
ақ жайпап салатын жойқын қаруға басымдық
берді емес пе? Сондықтан оның құрбандығы
да көп, шығыны да шаш етектен болды. Сонау
аспаннан бомбалап, астан-кестеніңді шығарады.
Шақырымдаған жерлерден зеңбірекпен, жүз-екі жүз
қадам жерден автомат, карабинмен атқылайды.
Жерді селкілдеткен танкі дегенің де өріп жүр.
Ал енді мынадай кереғарлыққа не дерің бар?
Тегінде, шабуылдаған жақ үстем болуға тиіс қой.
Бұл соғыста ол жағы да керісінше көрініс тапқан
сияқты. Алдын ала әзірленіп, окоп-траншеяларға
бекініп алған жақ шабуылдаушыларды баудай
түсіреді. Титықтатып, есінен тандырады. Қайткенде
де, түгелдей жойып жібермегенімен, қатарын
кәдімгідей-ақ сиретіп тастайды.
Бірақ адамнан айла артылған ба? Шабуылда
ушы жақ алдымен «артиллериялық даярлық»
дегенді қолданатын болды. Мүмкіндігі болған кез
Қ. Әлімқұлов
де, одан да бұрынырақ аспаннан бомбалап та ала
ды. Сөйтіп, ту талақайы шыққан қарсы жаққа ес
жиғызбай тарпа бас салады.
Жеке өз басым үшін сондай тосын жағдайлардың
ең сәттісі былай болған еді. Жалпы мен өмірімде
өкіметтің асханасынан тамақ ішіп көрген пенде
емеспін. Оған ең басты себеп әкемнің өлер алдын
да өсиеттей ғып айтқан мына бір сөздері болды.
Қазан төңкерісі болып, ел екіұдай күй кешулі кез
еді. Тікелей біздің ауылдарда ешқандай дүмпу
болмағанымен, біреулер «жақсы болды» деп
алақандарын ысқыласа, екіншілері азын-аулақ
байлығының тағдыры үшін бастарын қатырып,
біртүрлі кезең орнаған-ды.
Алайда бұндай сүргінді заман біздің ауыл-
аймақта одан бірер жыл бұрын-ақ белең ала
бастаған. Әуелгіде соғысқа қара жұмысшы алу
науқаны етек алды. Содан үріккен біраз ағайын
азамат атанған жігіттерді таулы-тоғайлы бұлақ ба
старына мал баққызып, тығып жүрген. Артынша
Іленің арғы бетіндегі туыстар «Ақ патшаға адам
бермейміз!» деп ереуілге шығыпты. Біздің жақтан
да оншақты жүрек жұтқан аптал азамат солардың
қатарына аттанған. Бірлі-жарымы оққа ұшып, екі-
үшеуі тұтқынға түсіп, аман қалып, елге оралған бес-
алтауы тағы тау-тасты паналауға мәжбүр болады.
Міне, сондай аласапыран тұста, елу төрт жасын
да әкем аз күн ғана ауырып, аяқ астынан дүние
салды. Мен сонда - он үштен он төртке қараған боз
баламын.
Жарықтық тірі пендеге қиянаты жоқ сабыр
лы адам еді. Бес уақыт намазын қаза қылмайтын
пірадар да болатын. Қандай жолмен екенін қайдан
білейін, өлетінін сезді. Бақиға аттанарынан бір
күн бұрын бізді - үш ұлын жанына шақырып алып,
соңғы аманатындай ақыл-кеңесін айтты. Кімді
Әкемнің әлемі
қара тартуымыз керек екенінен бастап, өзіміздің
ауызбіршілігімізге дейін жайып салды.
Содан сәл ентігін басып:
- Заманның күйі жаман, доңыз етін жеп, шоқынып
кетпесеңдер болар еді... – дегенді күрсініске көме,
әзер айтты.
Бұл маған да, басқа ұрпағына да аманаттаған
соңғы сөздері болатын. Алдында отырғанда-ақ
іштей «Дінімді де, ұлтымды да, салтымды да сат
паймын!» деп, ант бергендей едім. Шама-шарқымша
оны орындауға тырыстым. Жолға шыққанда да бір
күндік, тіпті бір тәуліктік жерге қоректенбей-ақ жүре
беремін. Жазды күндері шөл қысса, шай ішумен
ғана шектелемін. Өкіметтің асханасынан тамақ
жемедім деуімнің бір себебі – сол. Ал, оны айтып
отырғаным, жоғарыда ескерткенімдей, соғыста
жүргенде тірі қалуыма бірден бір септігі тиген
жағдай, сол асхананың тамағын жемейтіндігім аман
алып қалды.
Ол өзі былай болды.
Орман ішіндегі шағын деревнияны басып алдық.
Жау мүлде күтпеген болуы керек, алғашында естері
шығып, жөнді қарсылық та көрсете алмады. Ал,
естерін жиып үлгергенде қапы қалған еді. Шегіне
атысып, елді мекенді тастай қашудан басқа амал
дары қалған жоқ. Біраз өлексесін қалдырған күйі
әзер құтылды.
«Офицерлер тұрған үйді мұқият қарап шығыңдар,
құнды құжаттар табылып қалуы мүмкін» деген тап
сырма берілген екен, біздің бөлімше еңселі клуб
үйіне кіргенбіз. Самсата жайылған дастарханды
көргенде көзіміз тұнып, жанарымыз жасқанды. Шы
нында да көз сүрінетіндей-ақ көрініс қарсы алған.
Айға жуық уақыт қыспақта қалып, ауыз толтырып
ас жемеген жауынгерлердің сілекейі шұбырып,
жұтқыншақтарының жүгірмесіне амалы жоқ еді.
Қ. Әлімқұлов
Неше түрлі консерві, колбаса, арақ-шарап, аппақ
тоқаштар...
Жағдайды бағалау қабілеттері қайта оянған тұста
жауынгерлер де тарпа бас салды. Біреуі колбаса
дан бір қарпып, екіншілері консервілерді қасықтап,
үшіншілері қырлы стаканды толтыра арақ-шараптан
тартып жіберіп, қиярды қыршылдата шайнап деген
дей, жапыра кіріскен. Асығыс-үсігіс қауқылдасқан
болады. Соғыс кезі екені мүлде ұмытылғандай...
Мен есіктің көзінде не істерімді білмей, состиып
тұрып қалыппын. Сержантымыз:
- Оу, батыр, сен неғып тұрсың? Кел, бәрімізге
жетеді... - дей беріп, қақалып қалған адамдай,
ар жағын айта алмады. Ауа қармап, оң қолымен
кеңірдегін сығымдаған күйі кескен теректей құлап
түсті. Сол-ақ екен қасындағылар да бірінен соң бірі
жығылып, тыпырлап жатты.
Мен ешнәрсе түсінетін емеспін.
- Сен неғып тұрсың? – деген дауыстан есімді
жиғандай болдым. Тек алғашында «сержант
қайталап сұраған екен» деп қуанып қалғанмын.
Сөйтсем, сержантым сол орнында серейіп жатыр.
Басқа жеті-сегізі де тұяқ серпетін емес.
Сонда ғана байқадым, жанында екі офицері бар
полк командирі екен.
Содан олар да құлап жатқандарға алғашында
таң-тамаша болып, сосын тосырқай қарасты.
Өй, мыналар қашан үлгерген-ей? - деген
офицерлердің біреуі.
- Бәрі бірдей қас-қағымда мас болуы мүмкін емес
қой? – деп екіншісі иығын қиқаң еткізген.
Полк командирі екеуінің сөзін қорытындылағандай:
- Жоқ! Бұл жерде мәселе мүлде басқада ма
деп қорқамын, - деген бойы жығылып жатқан
жауынгерлердің жанына жетіп барды да, бір-
екеуінің тамағындағы тамырларын саусақтарымен
басып көрді.
Әкемнің әлемі
- Бәрі де өліп қалған. Жауыздар тағамдарды
улап кеткен екен... – деп бас киімін шешіп, қайтыс
болған срабаздарына жауынгерлік құрмет көрсетті.
Кейін менен қалай болғанын сұрады. Ас-суды
түгел тексреді – расында да солай болған екен.
Міне, мен осылайша оншақты адамның арасынан
жалғыз аман қалдым.
Әрине, пешенеңе жазылғаны да. Болмаса,
солардың ешқайсысы тамақсау, қомағайлығынан
дәмге бас қойған жоқ. Мен де, солай болуым мүмкін-
ау деген сақтығымнан аман қалған жоқпын. Тіпті,
өз көзіммен көрмесем, сенбейтін де шығармын?
Жаратқан Иемнің жар болғаны ғой.
... Әкем солай дейтін.
Мен не дейін?!
«Асхананың тамағын ішпеуші еді» дегеннен
дендейді, осы тұста алдыға оза отырып, тағы бір
орай мен орын алған оқиғаны ортаға сала кеткім
келеді.
Біз ес білгенде әкеміздің бір аяғының кеміс екенін
онша аңғарған да емеспіз. Оны да анамыздың
әңгімесінен білдік қой. Қатарымнан қалмаймын
деген қайсарлығынан соғыс салған жарақатты да
жеңгені-ау?! Бір қора қоймен қотандасып, оңашаға
шығып кетуін сондайда түсіндік.
Ақыры, аяғының кемшіндігін ретке келтірген
соң таудан ойдағы ауылға түсіп, тепсе темір үзетін
жігіт ағаларымен үзеңгілесіпті. Хрушевтің жүгері
науқанына орай алдымен сушы, кейіннен звено
жетекшісі болды.
Сол «қатардан қалмау» қағидасымен намысын
жанудың арқасында бір жылдары жоғары табыстарға
қол жеткізіп, Бүкілодақтық халық шаруашылығы
жетістіктері көрмесінің (ВДНХ) Алтын медалін алған
екен. Ал, жоғарыда аталған мекеменің жарғысы
бойынша ондай атаққа ие болған адам медаль мен
Қ. Әлімқұлов
куәлікті Мәскеуге, көрменің кеңсесіне барып, өзі
алатын болған. Арғы-бергі теміржол ақысы, жатын
жері, ас-суы түгел тегін. Тегін болғанда, көрменің
есебінен.
Міне,
әкеміз
медальді
жеңіп
алғанымен,
Мәскеуге барудан бас тартады. Басқалар сатып ала
алмай жүрген ондай «курортқа» неге бармағанын
сұрағанымызда анамыз алдын орап:
- «Бар рысқұтын өкімет өзі көтеріп отыр: ел көріп,
жер көріп келесің, барып қайт» деп едім, көнбеді.
Асхананың тамағын ішіп қоямын деп қорықты ма,
айтқанынан қайтпады ғой, - деп қалды.
Сонда ол ойды салмақты түрде жалғап, әкей бы
лай деген:
- Әй, қарағым-ай, тегін екен деп тентірей беру де
тәуір тірлік дейсің бе? Облыстан бес-алты адам
ды жинап, бір дөкей бастап барады екен, астан
арылтпас-ау? Алайда, ары-бес, бері – бес, он
тәулік бойына вагонда түк істемей жата алмаймын
да. Екі қолым алдыма симай, жынданып кететін
шығармын? – деп бір қойған. Содан сәл ойланып:
- Мен поезбен соғысқа ғана барып, қайтыппын.
Содан зәразап болдым ба, кежегем кейін тартып,
әйтеуір жолға жібермеді... – дегенді қосты.
Иә, адам санасына саяхат жасай аласың ба,
әңгіме сол сөздермен тамамдалды.
Айтпақшы, Алтын медаль мен куәлікті облытсық
кәсіподақ комитетінің төрағасы шаруашылыққа ар
найы келіп, жұртты Мәдениет үйіне жинап салта
натты жағдайда тапсырыпты.
Әлбетте, әкей бұлайша тігісін жатқызып,
әңгімелеп отырмас еді. Жарықтық өзі де сөзге
сараң жан болатын, ал соғыс туралы тіпті ешнәрсе
айтуға құлқы мүлде жоқ еді. «Оның несін айтатыны
бар? Қасіретті қаузағаннан не опа»- дейтін. Содан
сәл сабасына түсіп:
Әкемнің әлемі
- Мен өзі мандытып соғысқан да жоқпын ғой. Бас-
аяғы бес-алты ай ғана мылтық асынғаным болма
са, соғысып жарытқаным шамалы. Тірі немісіңді
көрмедім десем де болады. Көздеп-ақ талай
оқ аттық, бірақ ол дұшпанға тиді ме, жоқ па – кім
біліпті?- деумен қайыратын.
Ал жоғарыда баяндалғандар әкейдің әр кез
де, әртүрлі жағдайларға байланысты там-тұмдап
суыртпақтаған сырлары. Тігісін мен жатқыздым.
Алайда, әкей сияқты соғыс жайлы ешнәрсе айта
қоймайтындардың бәрі бірдей айтатыны жоқ деген
ұғым тумаса керек. Ауыр күндерді, сын сағаттарды
жадында жаңғырту олар үшін оңай емес те шығар?!
Әкемізге
қарағанда,
соншалықты
сөзуар болмағанымен, шешеміз әдемі демей-ақ қояйын, жатық сөйлейтін. Қандай әңгіменің де шырайын шығарып айта білетіндігі тәнті етуші еді. Сондықтан да болар, мен әкей туралы біраз мағлұматты суыртпақтап сұрастыра жүріп анамыздың аузынан естігенмін. Мәселен, әкемізден «қалай жараланып, қайтіп емделдіңіз?» деп сұрасам: - Бомбаның осколкысы тиді, бірінші Құдайға, екінші Панкрат доғдырға рахмет, тірі қалдым, - дейтін де қоятын. Кейде: - Панкрат та біздің Асан оташы сияқты қолы жеңіл керемет доғдыр, - дер еді. Ал шешей болса ол оқиғаларды өзі көзімен көріп, қолымен қойғандай етіп былай баяндайтын. - Өздері де тозақ отына түскендей болып, түн қатып, түстері қашып жүрген күркіреген күндердің бірінде қардай бораған бомбаның астында қалыпты. «Жарқ еткен от пен гүрс еткен дауыстан басқа ешнәрсе білмеймін» дейді. Бомбаның жарықшағы сол жамбасының сыртын ала тиіп, сүйегін талқандаған күйі жарты етін жұлып әкетіпті. Сол жамбасында күні бүгінге дейін білектей ойық бар,
Қ. Әлімқұлов еті жоқ, үңірейіп тұр. Сүйектің сыртын құр терімен қаптап қойғандай. Жамбас сүйегі быт-шыт, асықты жіліктен төменгінің бәрі ет пен теріге ілініп қалған да. Госпитальда есін жиғанда, жанындағылар соны түсіндіріпті. Өзінің айтуында «енді мал болмайтын шығармын» - деп, өмірден күдер үзсе керек. Соғысқа дейін бес балалы болған едік. Бес сәби де нәресте кезінде шетіней берді. Ешқайсы үш жасқа да толмады. Бірі – сүзектен, бірі – шешектен, енді бірі – қызылшадан баудай түсіп, көз жұмды. Құдай өзі кешірсін, әкелеріңнің аман қалуына ол да себеп болған сияқты... Ой орманында омбылап жүріп, артымда қалған ұрпағым да жоқ, құрдымға кетер болдым-ау дегенге тіреліп, тірі қалуға бар жан-тәнімен тырыса талпынса керек. Майдандағы аурухана деген аты болмаса, госпи таль дегеніңіз де бір азапты жер көрінеді ғой. Қан сасыған жертөлелерде жараланып, жанталасқан байғұстар көп те, оларға ем жасайтын дәрігерлер аз. Алайда «қырық жыл қырғын болса да ажалды өледі» деген емес пе? Әкелеріңнің көрер жарығы бар екен. Өзі атын табына айтатын Панкрат-Панкратов деген дәрігер (хирург) тас-талқаны шыққан сүйек сынықтарын жинап шығыпты. Жинағанда да, жа нын қинап бақыртып жатып жинапты. Бар қолынан келген көмегі, бір стакан спиртті зорлағандай етіп ішкізіпті. Бірақ жамбастың шашырап кеткен сүйектерін тергіштеу табанға кірген шөңгені суырып алу емес қой, сәлден кейін спирттің әлі келмеген екен. «Бақыртып» жинайтыны - содан. Сол жерде тоғыз ай жатып, небір сұмдықтарды көріпті. Сынған жерлерін қоларамен кескенді де, іштерін кәдімгі пышақпен тескенді де, ішекқарынды ине-жіппен тіккенді де көріпті. Өзін де от алап, жарасын таңып бергеннен кейін бір тағдырға
Әкемнің әлемі
тапсырып тастап қойыпты. Оқта-текте аузына су та
мызып, екі-үш күнде дәкесін ауыстырғандары бол
маса оған қарауға мұршалары да келмепті.Өзінің
қайсарлығынан, намыскөйлігі мен пысықтығынан
жазылып жүр.
Алғаш ауылға азып-тозып, арып-ашып, қос
балдаққа сүйеніп әрең келгенде құдды тірі аруақ-
тын. Сол аяғы жерге жарты метр жетпейді. Асты
нан кепе қозы еркін өтіп кететіндей. Сол сұрапыл
намысшылдығының арқасында жамбасын да, жа
нын да қинап жүріп, ел қатарына қосылып кетті.
Басшылар күзетші болыңыз деп те көрді. Кемтар
атануға наыстанып бір отар қойды қоймай жүріп
қалап алды емес пе?!
Әбден кейіндері соғыс туралы бәрі де айтылып,
жазылып та болды-ау деген тұста өзі де майдан
даласын мол шиырлаған Константин Симоновтың
кітабынан мынандай жолдарды оқығаным бар.
«Көптеген жылдардан кейін есімізге түсіріп, «соғыс»
деген сөзді айтуымыз мұң екен, Сталинградтың көз
алдымызға келе қалатыны даусыз: зымырандардың
жасындай жарқылы мен өрттің жалқыны, құлақ
тұндырған бомба жарылысының жарқылы... күйіктің
күлімсі иісін де лажсыз сезінеміз.
Иә, мұнда өмір сүру өте қиын, әрі ең бастысы –
мұнда іс-әрекетсіз өмір сүру мүлде мүмкін емес.
Алайда, мұнда шайқаса жүріп, фашистерді өлтіре
жүріп өмір сүруге болады. Мұнда солай өмір сүру
қажет. Отқа оранып, түтін мен қанға бөккен қаланы
қорғай жүріп, біз мұнда солай өмір сүретін бола
мыз! Ажал төбемізден қаншалықты төне түскен
сайын даңқ та соншалықты қолтығымыздан демей
түспек...»
Не алып-қосатыны бар? Осы сөздер Еділ өзені
боыйдағы қаһарман қала үшін шайқасқан барша
ардагерлердің атынан айтылып тұрғандай емес пе?
Қ. Әлімқұлов
Әрине, 1418 күнге созылған Екінші Дүниежүзілік
соғыс сұрапылында ірілі-ұсақты шайқастардың аз
болмағаны ақиқат. Әйтсе де, Сталинград қаласы
үшін болған ұрыстың орны да бөлек, маңызы да
орасан зор.
Біріншіден, саяси тұрғыдан алғанда КСРО
көсемінің есімін еншілеген қаланың тізе бүгуі Кеңес
жауынгерлерінің рухын жаншып, бүкіл елдің еңсесін
езіп жіберуі сөзсіз еді.
Екіншіден,
экономикалық
тұрғыдан
Қапқаз
өңірінің мол мұнайлы аудандарына иелік ету –
соғыс қимылдарының үстемдігін қамтамасыз етуге
жол ашар еді.
Үшіншіден,
тактикалық
тұрғыдан
қарағанда,
өңірді елден кесіп тастау - арғы жағындағы Орта
Азияға, тіпті Үнді мұхитына дейінгі жердегі бүкіл ел
дерге еркін шығуға мүмкіндік туғызар еді.
Міне, сондықтан да неміс жағы Сталинград
маңына орасан күш шоғырландырып, қаланы
қайткенде де басып алуға үлкен күш жұмсап бақты.
Тіпті, Сталинград майданының қолбасшылығына
тағайындалған Паульске сол күні Үшінші Рейх
империясының ең жоғары әскери шені – генерал-
фельдмаршал атағын беріп, үлкен үмітпен аттанды
рып салған болатын.
Алайда адам баласының ойлағаны бола бер
ген бе, генерал Шумилов басқарған Кеңес
жауңынгерлері теңдессіз ерлік жасады. Әр көше, әр
үй үшін қырылысқан қанды шайқаста қаланы ғана
емес, бүкіл елдің абыройын қорғап қалды. Қорғап
қана қалған жоқ, абыройын аспандатып жіберді.
Екінші жағынан, жау 600 мыңдай жауынгерінен
айырылды. Оның төрттен бірі өз еріктерімен
беріліп, тірідей тұтқынға түсті. Сөйтіп фашистік
Германияның жеңілісті білмейтін жаужүрек сарбаз
дары туралы аңыздың күлі алғаш рет көкке ұшты.
Әкемнің әлемі
Ең соңында, пенделік тұрғыдан алғанда деп,
төртінші тармақты қосуға болар еді. Ол – сол
соғысқа әкемнің де қатысып, қан төккендігі.
Міне, там-тұмдап айтқандағы ол тұстың тарихы
осылай.
Алайда соғыс басталмасын деңіз, ал бір басталды
екен, соғыс салдарының соңы болмақ емес. Қанша
айтылып-жазылып, киноға түсіріліп жатқанымен,
соғыс ақтаңдақтары ашылып бітпейтін де болар.
Алысқа бармай-ақ өзім көзіммен көріп, куәсі
болған, құлағыммен естіп, жадыма түйген екі-үш
мысалға тоқталып өтсем, төмендегідей желі тарты
лар еді. Әрі оларды күні бүгінге дейін көп адам біле
де бермейді. Мен қал-қадірімше көркем дүниелерге
арқау еткен болдым. Тек олар да оқырмандарына
әлі жете алмай жүр.
Сонау
фин соғысы кезінде, атақты «челюскиншілермен» бірге, алғашқылардың бірі бо лып Кеңес Одағының Батыры атағын алған, алай да қасіретті соғыс сұмдығының өзін саяси ойынға айналдырған коммунистік идеологияға қарсы болғандықтан өмір бойы өкімет пен партиядан, қала берді, өзінен өзі қашып өткен азаматқа арнайы жолыққаным бар. Жанындағы тоқсан тоғыз адам ды жау қырып тастап, жалғыз өзі тірі қалғаны үшін жоғары атақ берілгеніне ұялады, тіпті намыстанады екен. Билік әскери бөлімшелерге, мектептерге шақырып, «ерлігі» туралы баяндатқысы келеді. Ал, Батыр болса, өтірік айта алмайды, мемлекеттік ма шина шындықты айтқызбайды... Бес-алты жасында қоршаудағы Ленинградта қалған, өмір бойы нанды бір тойып жеуді арманда умен өткен қызды білетін едім. Үйінде де, жұмыс стөлінің тартпасында да, тіпті қол дорбасында да нан болмаса берекесі кетіп, дегбірі қашады екен.
Қ. Әлімқұлов
Нанды жегісі келеді де тұрады. Әрі қанша жесе де
ешқашан тоймайды. Үнемі аузы жыбырлап, нан шай
нап жүреді. Ақырында, дәрумен жетіспеушілігінен
айықпас дертке душар болып, он екіде бір гүлі
ашылмаған күйі қайтыс болды.
Енді бір қандасымыз НКВД-нің құйыршығы ретінде
броньмен соғыстан құтылған екен. Бейбіт күнде
одан да қуылыпты. Содан соғыстан жараланып
келіп, көп кешіпей дүние салған тетелес ағасының
құжаттарын иеленіп, соғыс ардагерлеріне тиесілі
жеңілдіктерді түк қалдырмай пайдалаланған. Оны
айтасыз, барлық салтанатты жиындарда төралқада
отырып, мінберлерден сайраған пақыр туралы куә
болған жақын жандарының әңгімесін естіп жағамды
ұстағаным да бар.
Бірақ обал мен сауапқа опасыздық жүрген бе,
ғибратсыз ғұмырының соңында масқара болып,
әшкереленіпті.
Тағы бір тексіз тірлік мынандай. Оны студент
кезімізде бір курстасымыз айтқан еді. Соғыс
тауқыметі белортадан ауған тұста ағайындас ата
лары бір қолынан ба, әлде бір аяғынан ба айыры
лып (ұмытып та қалыппын, әрі оның соншалықты
маңызы да жоқ) ауылға оралыпты. Бас көтеретін
басқа ешкім болмаған соң бригадир деген мансаптың
тізгіні қолына тиген екен. Биліктің дәмін алған соң,
онсыз да өлместің күнін көріп жүрген қатын-қалаш,
кемпір-шал мен бала-шағаға бүйідей тиіп, апшы
сын қуырғанымен қоймай, еркек кіндіктінің елесін
аңсап, есі шығып жүрген келіншектердің көрпесін
көтеруге де дағдыланып алған көрінеді.
Әлгі шолақ белсенді сондай бір тоят түнінен кейін
ауыл маңындағы қырмнада қалғып-мүлгіп жатса ау
ылдан аңдыздап келе жатқан бір баланың «Сүйінші!
Сүйінші!» деген дауысы естіледі дейді. Екі өкпесін
қолына алып жеткен балаға бригадир-бастық:
- Тағы кім келді-ей, сонша шулыған болатындай?
Әкемнің әлемі
– деп, ықылассыз сұрақ қояды. Анау да тақылдап
тұрған бала екен, алқына тұрып:
- Ешкім келген жоқ. Жеңіс! Жеңіс! – деп тақ ете
түскен.
Сонда бригадирдің түсі бұзылып, тынысы тары
лыпты. Бар болғаны:
- Тек, ей! Ой, жағың қарысқыр! – деуге ғана ша
масы келіп, сұлай кетіпті.
Оған енді не деуге болады?
Ол да – тарих. Ол да – соғыс салған
ауыртпашылықты майданнан кем арқаламаған
ауыл-ел тұрғындарының келеңсіз болса да бір
көрінісі. Жоққа да шығара алмайтын, алып тастауға
да болмайтын шындық – ол.
Бір-екі жыл орта мектепте мұғалім болып жұмыс
істегенім бар. Сол тұста педагогикалық училище
бітірген Отто Боргер деген жігіт неміс тілінен сабақ
беретін. Жүз грамдатудан қашпайтын, орыста
нып кеткендігі болмаса, өте биязы, аса мәдениетті
азамат еді. Гете мен Гейненің өлеңдерінің көбін
жатқа оқитын. Тілдің өзі қатқыл дегенмен де, жақұт-
жыр қай тілде де жүрекке жылы, құлаққа жағымды
естілмей ме? Отто оқыған өлеңдер де сондай-тын.
Көңіл күйі көкке қол созған сәттерде «...Да хор
ман шөн ди нахтигаль...» деп, тебірене төгілдіретін.
Онысымен қоймай, М.Лермонтов аудармаларын
тақпақтайтын.
- Біздің Абай атамыз Гетені Лермонтовтан та
жақсы аударған! – деп қойып, мен де «қараңғы түнде
тау қалғыпқа...» басамын. Таң-тамаша қалады.
Обалы қане, аузын ашып, көзін жұмып тыңдауға
әзір еді.
Әңгіме соғысқа байланысты ойымды жаңа бір
арнаға бұрып жіберген Отто достың оқыс қылығы
хақында. Кезекті тоғызыншы мамыр - Жеңіс күні
болатын. Әдеттегідей бүкілхалықтық мерекені
Қ. Әлімқұлов
көтеріңкі көңіл-күймен қарсы алып жатқанбыз.
Мұғалімдер ұжымы мен оқушылар бар-баршасы
шат-шадыман. Тек, О.Боргер ғана бір шетте
бұйығып тұр. Ойымда ешнәрсе жоқ:
- Әй, бауырым! Күллі жұрт қуанып жатқанда, мына
тұрысың не? Сен де шаттансаңшы, - деп, қойып
қалмасым бар ма?
Ол болса, түрін тіпті сұстылау етіп:
- Түсінбейсің, ә? Әрине, сендер үшін - қуаныш,
ал, мен - неміспін. Ендеше мен үшін бүгін траур
күні...
Сасып қалып:
- Оу, немістің бәрі бірдей фашист емес қой... –
дей беріп едім:
- Соны да ұқпайсың ба, қалжың ғой, - деп, жуып-
шайған болып өңін жылытты.
Бар болғаны - осы. Әйтсе де санама сан-алуан
сәуле сеуіп, неше түрлі ойға жетелеген әңгіме күні-
бүгінге дейін құлағымда күмбірлеп, көз алдымда
кес-кестеуін қойған емес. Өйткені, әзіл де болса,.
астарында ақиқаттың арнасы мен мұндалаған ауыр
шындық шығандап болса да шырай танытатын.
Әрі мұндай мысалдарды көптеп келтіруге де бо
лар еді. Бірақ, мәселе онда емес, мәселе – әкемнің
«ең сорақы сұмдық қой соғыс» деген пікірін пай
ымдауда. Ендеше, бұл мысалдар да сол сөздердің
суретіне аз-кем штрихтар ретінде қолданылған бе
дерлер мен бояулар деп түсінген жөн-ау.
* * *
Иә, адамзат баласы жаратылып, қолына алғаш
ағаш пен тас қару алғаннан бері соғыс толастаған
емес. Бізге жеткен жәдігерлерден белгілі өмір-
тірліктің де, өркениеттің де даму тынысы соғыстар
тарихы түрінде түзіліп келгенін аңғару қиын емес,
Әкемнің әлемі Бейне бір тарихтың қозғаушы күшінің өзі соғыс сияқты... Шариғаттық шығармашылықтың шындығы да сол соқпаққа келіп тіреледі. Күмбезді көктегі Жұмақ бағынан қуылған Адам Ата мен Хауа Ананың күнаһар Жердегі пенде-пақырлық тіршілігі адам өлтіруден – Қабылдың Әбілді таспен ұрып өлтіруінен бастала ды. Сол соғыс біткен жоқ. Әлі жалғасып келеді. Күнкөрістің амалсыз қаракеті ретіндегі қарадүрсін қантөгіс уақыт өткен сайын неше түрлі айлашарғымен астасып, тойымсыздық пен саясаттың сойылын соғып, қаныпезер қалыпқа еніп барады. Жекелеген пенденің жанын қыю сөз болмай қалды. Жапатармағай қынадай қыру етек алуда. Оның тәсілі мен қару-жарағы да сан-салалы. Кешегі жойқын соғыстардың жанкешті лағнет айтушылары болғандардың ұрпақтарының қолына қару алып, қан төгулері өкінішті-ақ. Ең сорақысы – әрнәрсеге табынған құдайсыздардың дінаралық алауыздықты ушықтырып, арам пиғылдарын жүзеге асыруларында. «Ислам экстремизимі» деген сайқал саясатты жалаулатқан алпауыттардың арандатуы на ешкімнің ара түсе алмауы алаңдатады. Өзі берген жанын алу – тек Құдай тағаланың ғана құзіретіндегі іс-әрекет екенін ұғатын уақыт әлдеқашан жетті... Саясатты «сасық қулық» деп білетін әкеміздің онда, әрине, көп шаруасы бола бермейтін. Сондықтан да соғыстың болу себебін: «қайдан білейін, құдайсыз қоғам құрамыз деп, өз халқын өзі қынадай қырған Кеңес өкіметіне ғана емес, бақталасуын қоймайтын, дүние боққа тоймайтын бұкіл ашкөз адамзатқа жіберген құдіреті күшті Құдайдың ол да бір зауалы ма екен?!» деуге бейім болатын.
Қ. Әлімқұлов
Қол көтеріп, қосыла кетпегеннің өзінде, «бәлкім,
солай да шығар?..» деп күлбілтелеуге де көнбейтін
салмақты-ақ сауал. Өйткені: «жазықсыз жанды
өлтірген адам – барлық адам баласын өлтіргенмен
тең күнаһар болады...» дейді Жаратушы Иеміз
(«Мәида» сүресі, 32-аят).
Не деп болады?!
Өмір бойы соғыс сұмдығының ауыртпалығын
арқалап,
өле-өлгенше
ұрпағының
ондай
сорақылыққа ұрынбауын тілеп өткен адамның
ұрпағы ретінде аз-кем де болса адам баласын
сақтандыру – менің де перзенттік әрі пенделік па
рызым. Осы бір ойларды сондықтан да сыналап
отырмын.
Әкемнің әлемі
Кенжеақын аға
немесе көрген түстей келбет
Әкеміз үшін соғыс қаншалықты күйзелісті болып,
күрт келте қайырылғанымен, сол кездегі Әлімқұл
әулетін оның соншалықты қатыгез құрбандықтарға
душар еткені де айқын ақиқат. Әлімқұл атамыздың
үш ұлы: Нүсіпжан 42 жасында, Нүсіпақын 39 жасын
да және Кенжеақын 32-інде түгелдей бір жылдың
ішінде соғысқа аттанған. Содан ортаншы ұл – біздің
әкеміз ғана тірі қайтыпты. Үлкен әкеміз Нүсіпжанға
қатысты “майданда қаза тапты” деген қара қағаз,
ал кіші әкеміз Кенжеақын хақында қасіретті “қара
қағаздан” бір де кем емес “із-түзсіз жоғалып кетті”
деген үшбұрышты үшбу хат келіпті.
…Алайда, өмірде не болмайды?! Соғыс салған
жараның жанды жылатар, сүйегің ғана емес,
санаңда сырқыраған салдары бітіп болмайды екен.
Тіпті, не қуанарыңды, не қайғырарыңды білмей
сарсаңға
салып,
қарама-қайшылығымен-ақ құрдымға батырардай батпан ауыртпалығы аз деп кім айта алады? Күдігі күлбілтеленіп тұрса да үмітін үзе алмайтын адам баласының аңсарын адастырар ақиқаттың алдында не істей алғандайсың?! Ол, енді, “Кебін киген келмейді, кебенек киген келеді” мен “Өлмегенге – өлі балықтың” кебі сияқты да… * * * Есімді енді-енді біле бастаған кезім ғой, ша масы жеті жасқа аяқ артқан тұсым болса керек.
Қ. Әлімқұлов Неге екенін қайдам, түн екен деймін. Біздің үйде ойламаған жерден бейтаныс “белсенді” адам пайда болды. Мен оны тек түнде көретінмін, сондықтанау “түн адамы” еді ол. Ал “белсенді” дейтінім, балаң сананың қабылдауы солай-тын: ол кезде мұғалімнен басқа кастөм киген адамды ауылда көрмейтінбіз. Тіпті, “мұғалімдер солай киінуге тиіс-ау” дейтін сенім де ұялап үлгергендей болатын. Ал “түн ада мы” болса, анау-мынау мата да емес, былғары кастөм киіп алған. Оқта-текте кинодан ғана көрген әскери ұшқыштар сияқты. Бойшаң, денесі сәл толықтау бейтаныс алғашқысында сұстылау көрінген. Бір тәуліктен соң-ақ үйренісіп кетсек керек, шүйіркелесе бастадық. Өңі де жылынып сала берген. Сол кісі әкелген ғой, анам кәмпит береді. Әлгіні көршілердің балалары на көрсетіп мақтанғым келеді-ақ. Бірақ айналсоқтап қонақтың қасынан шыға алмаймын. Мен сыртқа шықсам болды бейтаныс мейман кетіп қалатындай. Арамызда көзге көрінбейтін бір магнит бардай, бір-бірімізге тартылып тұратындай едік-ау. Сонымен, не керек, екеуміз жақсылап тұрып тіл табыстық. Ол қайдағы-жайдағының бәрін тәптіштеп сұрайды, мен шама-шарқымша жауап қайтаруға ты рысып бағамын. Ара-арасында: “Ой, азамат! Мек тепке баруға даяр екенсің” деп қояды. Бұл - мен үшін ең үлкен мадақ, ең жоғарғы баға. Шынымен-ақ мәз болып қаламын. Ол күндіз үйден көп шықпайтын. Алғашқы екіүш күннің кешінде әкеймен ұзақ әңгімелесіп, түннің бір уағына дейін отырып жүрді. Әңгімелерін де түсіне бермеймін. Көбіне аяғына дейін отыра ал май, ұйықтап қалатынмын. Әрине, маған оның әңгімесі қажет те емес, бейнесінде баурап алған бір сиқыр бар еді. Бәлкім, “осындай бұл өңірде жоқ адам - менің ағам!” деген жұдырықтай жүрегімдегі мақтаныш сезімінен болар?
Әкемнің әлемі Келе-келе кешкі ас ішіліп, қараңғылық қоюлана бастаған тұста бейтаныс та жаныма аса жақын ағай мені ертіп көшеге шығады. Көше дегенде де ауылды қақ жарып жатқан сол жалғыз көше ғой. Ол көшеде - ат, үйлерде - нөмір жоқ. Ешқашан болған да емес. Құдай біледі деп айтайын, ол кезде көшенің аты, үйлердің нөмірі болады дегенді білсе - сол қонақ ағай білер, біздің ауыл адамдарының ешқайсысы ондайды білмейтін. Иә, сол ағай ел орынға отырып болды-ау деген мезгілде мені ертіп алып көшеге шығар еді. Көшеге шығар еді де жан-жағына асықпай-саспай, барлай қарап алады. Әр жерден ауыл итінің еріне “мыңқ” дегені болмаса, оған шегірткенің шырылы мен бірлі-жарым масаның ызыңын қоспасаңыз, бөтен үн де, дыбыс-сыбыс та, бейсауыт адам да, мал да жоқ екеніне көзін жеткізіп алған соң, кастөмінің төс қалтасынан “Беламор-канал” деген темекіні жай ымен шығарар еді. Сосын бір талын алып қатқыл қағаз қорапқа ұрып-ұрып жіберіп, белінен бір-екі майыстырып алып аузына салар еді. Үрлеп қоятын кездері де болады. Содан соң сіріңкенің күкіртін жарқ еткізіп тұтататын да құмарлана сорып-сорып жіберетін. Сонда Кәшкебай аға тырқылдақ тракто рын оталдырғандағыдай көк түтін будақ-будақ бо лып, бұрқылдай шығар еді. Түтін аузынан да, қос танауынан да қабаттаса шығады. Керемет бір сурет! Әрине оның бәрін мен түн қараңғысында көре ал маймын, бірақ күндізгі әсер бойынша көз алдыма елестете сезінемін. Содан темекісін кеуде керіп, құмарлана, рахатта на тартып алып, тұқылын табанымен таптап өшіреді де: Ал, Кәдікен, тарт алдыға! - дейді көтеріңкі үнмен. Мен түсіне алмаймын. Ол соны ұға қояды да оң қолының алақанына менің сол қолымның кішкентай
Қ. Әлімқұлов
саусақтарын сүңгітіп жіберіп, алшаңдай басып, жүре
береді. Мен желе ілесемін. Сол кезде көрші үйді
нұсқап:
Мынау кімнің үйі? - деп сұрайды сыбырлағандай.
Әлсейіт атанікі.
Ол кісінің балалары қайда?
Ой, ол кісінің балалары жоқ қой?..
- Неге? Жаңыл деген қызы, Сейсен, Бейсен де
ген ұлдары бар емес пе еді? - дейді ағай таңданып.
- Олар балалар емес, үлкен кісілер ғой? - деймін
мен де одан бетер таңданып.
Ол үндемейді. Тек мырс етеді де әрі қарай адым
дайды.
Сөйтіп шағын ауылдың аяғына шыға қоямыз.
Ағай оңашалау тұрған шеткі үйді меңзеп:
- Мынау Қалыбай атайдың үйі ме? - дейді.
Ауылға күні кеше ғана келген адам бұлардың
бәрін қайдан біледі деп қайран қаламын. Екіұдай
күй кеше тұрып:
Иә, - дей салам.
- Ілежан деген қызы бар еді, ол қазір қайда екен?
- Менен сұрағаны ма немесе өзінен өзі сұрағаны
ма, белгісіз, біртүрлі айтады. Мен үндемей қойған
соң:
- Ілежан тәтең қайда, Кәдікен? - деп арнайы
сұрайды.
Ой, ол күйеуге тиіп кеткен…
Ағай алдымен “е-е-е” деген сияқты онша анық
емес бір өзгеше үн шығарады да, артынша терең
күрсінеді. Мен түк те түсінбеймін. Ол кезде өкініш
дегенді қайдан ұға қоюшы едім?!
Әне-міне дегенше түнделеткен тірліктің бір ап
тасы да өте шықты. Бірді-екілі етжақын ағайын
түнделетіп қонақ қылды. Күндіз түпкі бөлмеден
көп шыға бермейтін. Күн ыстық болғандықтан ол
бөлменің терезесін қараңғылап тастаушы еді. Бірде
Әкемнің әлемі
байқамай кіріп қалсам, ағай терезеге тұтылған
шүберектің етегін түріп қойып кітап оқып тұр
екен. Беріле, құмарта оқиды. Сәбит Мұқановтың
“Ботагөзі” болар деп топшыладым кейіндері.
Кейде аулаға шығып шылым шегеді. Сондай са
наулы күндердің бірінде алқын-жұлқын боп Омар
бек ата жетіп келсін. Астындағы қажыған қара
жылқының да танауы едірейіп кетіпті. Атынанан
түспеген күйі асығыс сөйледі.
- Колхоздың қорасына қабан шошқа кіріп кетіпті,
қамап қойдым. Өзі де бір өңкиген, тайыншадай ірі
неме екен... Соны өлтіру керек!
Тәтті көрген баладай ағайдың көзі жайнап кетті.
Жүзі бал-бұл жанып тұрып:
Мылтығыңызда оқ бар ма? - деп сұрады.
- Қайдағы оқ, мен айбат қылып дәрімен ғана ата
мын да… - Солай дегенде атайдың еңсесі түсе бер
ген. Сонысын сездіргісі келмесе керек:
- Ауылды жерде көп керегі де жоқ қой… жыл он
екі айда бір-екі рет қана аспанға атқан боламын…
Әйтпесе атпаймын да, - дегенді ақталғандай
аптығып айтты.
Ыңғайсыз әңгімеден қалай құтыларын білмей
тұрғандай біраз желкесін қасып еді, есіне бірдеңе
түскендей шоқша сақалын селт еткізіп жүзін тіктеп
алды. Тіпті, жерден жеті қоян тапқандай қуана
сөйледі.
- Сол жерде бір орыс қатынымен тұр. “Өлтіріп
берсеңдер отыз сом беремін” дейді…
- Ол неғылған орыс?
-Ой, Сәшке деген, Сарыөзекте тұрады. Іледегі
Мекалай деген бәкіншіктің бауыры. Ағасының
амандығын біліп, қайтып бара жатқан беті де?
- Оның мылтығы жоқ па екен?
- Жоқ, ә. Мылтығы болса - өзі-ақ атып алмай ма?
- Қабанды мылтығы бар адамның да бәрі бірдей
Қ. Әлімқұлов атып ала алмайды. Оның да әдісін білу керек. - Е-е-е, қайдан білейін? Қабан атқанды кім көріпті? Борсықты, әйтеуір ұстап жатады… “ініне түтін салып, тұмсығынан ұрдық” дейді ұстағандар. “Басқа жерінен қанша ұрсаң да өлмейді, қайта ісініп, үлкейе береді” дегендерін талай естігем. - Қабан - борсық емес, қария. Жарайды, сіз солай қарай жүре беріңіз, мен қазір артыңыздан жетемін. Ал, қабанға тиіспеңіздер, ашуланса - қиын болады, - дегенді жүре айтып, үйге кіріп кетті. Бір кезде әкейдің қора-қопсыға киетін ескіқұсқысын иығына іліп үйден шықты. Қолында әкеміздің опырмалы он алтыншы мылтығы. Мылтықтың көздейтін қарауылы түсіп қалған, басқа міні жоқ. “Тауда арқар қуып жүріп, тасқа соғып ал дым” дейтін әкеміз қарауылын сұрағандарға. Сол мылтықты екіге бөліп, кенепке салып алды. - Ағамыз жарады, дара оғы да бар екен, - деп мәз болып жүр. Өзінің ағасы болған соң солай дейді, әйтпесе біздің әкемізді айтып тұр емес пе? Ауылдың сыртына ғана салынған колхоздың қорасына келсек арбашасы бар үш дөңгелекті мо тоцикл тұр. Кейін білдік қой, “Иж-Юпитер” деп ата лады. Қасында бір орыс әйелімен состиып Сәшке тұр. Омарбек ата атынан түспеген күйі ердің үстінде бір жамбастап отыр екен. Содан соң ғана қабан шошқаны іздей бастағам. Жабық қорамен жапсарлас салынған ашық алаңқайда тұр екен. Көзге бірден түскені - екі орақ тісі болды. Одан кейін дөңгелек танауы көрінді. Күдірейген кәдімгідей жалы бар. Шынында да “тайыншадай” дейтіндей, тым ірі екен. Бұрын суреттен білетінім болмаса, шошқаны кім көріпті. Аса сұсты сияқты. Оның үстіне кітаптағы суреттегідей ақ емес, қап-қара. Аузынан ақ көбік бүркеді. Адам түгілі, аттың қарнын ақтарып
Әкемнің әлемі
тастайтынның өзі.
Ағай да ырғалып-жырғалып жатпады. Екі оры
спен орысша амандасты да мылтығын әзірлеп,
оқтап алған күйі топырақтан соғылған дуалдан ішке
қарғып түсті. Қойнынан бірнәрсені алып, етігінің
қонышына сүңгіткен. Жүзі күнге шағылысып, жарқ
ете қалғанда байқадым, әкейдің “чешен тамырым
берген” деп тығып жүретін қанжар-пышағы екен.
Қабан әу дегенде қозғала қойған жоқ. Құдды қой
бауыздайтындай қамсыз тұрған адамнан қаймықты
ма, әлде не істерін білмей сасып қалды ма, әйтеуір
қалшиған күйі біраз тұрды. Содан соң ғана ба
рып, есін әзер жинағандай жинақыланып алды да
шыңғырып тұра ұмтылды. Алып денесіне қарамай
ағып келе жатқандай көрінді маған. Үсті-басымды
үрей кезіп барады. Көзі не деген қаһарлы еді,
қанталап кеткен.
Өзін жан-тәсілім етпек жанға жұлдыздай ағып,
жақындап келеді. Әне-міне дегенше ағайды жарып
жіберетіндей. Бірақ ағай саспады. Үйреншікті кәсібі
сыңайлы. Сол-ақ екен көз ілеспес жылдамдықпен
мылтықты кезей қойды. Бұрқ еткен түтін мен шаңқ
еткен дауыс қатар шықты. Тұмсығын қан жауып
кеткен қабан тағы бір шыңғырып жіберіп, тоңқалаң
асты. Жүйткіген дыю таяқ тастамнан жалғыз адым
жерге жетіп құлаған. Бос топырақ шаң боп бұрқ
етті. Ағай дереу қарғып барып, бақырып жатқан
қабанның үстіне құлады. Сүрініп кетіп жығылды ма,
әлде әдейі жата кетті ме, деп ойлап үлгергенімше
болмады: сол қолымен құлағынан тұқырта ұстап, оң
қолындағы қанжарды құлаштай сермеп, қабанның
қолтығына екі-үш рет сүңгітіп жіберді. Шошқа қорс
етті ме болмаса қор ете қалды ма, әйтеуір бір сүйкісіз
дыбыс шығарды да сұлқ жата берді.
- Оқ болсын, пышақ болсын жүрегіне барып
қадалғанша бұл пәле күш бермейді, - деп күлімсірей
Қ. Әлімқұлов бізге қараған. Ыржиып біраз отырды да жайлап түрегелген. Самайын қуалай тер саулап тұр екен. Үшеуі үш жақтап жүріп шошқаны мотоциклдің арбашасына әрең дегенде артқаннан кейін ағай екеуміз үйге қарай аяңдадық. Мен “ағай неге ақша алмады?” деп мазасызданғам. Байқасам, Ормар бек ата алған сияқты. Өйткені кешкісін қойын сой ып, біздің үйді қонаққа шақырды. Екі шиша арақ құйылған (ішімдікке әуестік енді-енді ене бастаған шақ қой): Ормабек ата қылжалақтап қалды. Ағай болса шекесі сәл тершіп, жүзі бал-бұл жанған күйі отыра берді. Өзі де кең маңдайлы, қою шашын ар тына қайырған келісті кісі екен-ау?! Ормабек ата әкеме ағай туралы: “Нағыз ба тыр екен, жүрек жұтқан ер екен! Тайыншадай қабаныңызға қасқайып қарсы шапты емес пе!” деп қайталауынан жаңылмады. Әкей тіс жарып үндемеді. Ал мені ағама де ген мақтаныш сезімі қанат болып қалқытып, қиялғажайып әсер әлеміне әкетіп бара жатты. * * * Оншақты күн қонақ болған ағай ойламаған жерден қайтар жолға жиналды. Үлкендердің не сөйлескенін білмеймін, мен ешнәрсе түсінбей де қалдым. Ау лада тұрып анаммен ұзақ көрісіп қоштасты. Жана рына жас алып: “Енді кездесеміз бе, жоқ па, аман болыңыздар!” дегені жадымда. Сосын беторама лына бір уыс топырақты түйіп, жан қалтасына сал ды. Содан соң барып мені көтеріп алып, бауырына қысты. Әкейдің “үстіңді былғайсың” дегеніне қараған жоқ, маңдайымнан мейірлене сүйген. Көзінен жас парлап кеткен екен, сүртпеді де. “Кәдікен, бауы рым... балам, өскенде іздеп кел, әпке-қарындасың бар” дегені көпке дейін құлағымнан кетпей қойғанды. Әкей Сарыөзекке дейін шығарып салып, поезға
Әкемнің әлемі
отырғызып жібермек болып бірге кеткен. Ертесінде
күреңітіп, күйзеліп келді. Шаршап, шөлдеп келді деп
ойлаған болуы керек, анам дереу шай қамдаған.
Оны да құлықсыз ішті. Бір-екі шыныны сораптап
зорға бітірді де кесенің бетін басып, “болдым” де
ген ишара білдірген. Сосын жамбасап жатқан күйі,
құлазыған үнімен ұзынырға әңгімесін бастаған.
Әрине, әкей әңгімесін анама айтты. Алайда бірі бол
маса бірі есінде қалар дегені шығар, маған да тыңда
деген емеурін танытты.
Ол кезде әкемнің айтқандарын түгел түсіндім, бәрі
де есімде деп күнаһар бола алмаймын. Кейіндері
көбісін қайта сұрап жүріп, жүйесіне түсіргендегі сол
сөздердің ұзын-ырғасы мынандай-тын.
Кенжеақын ағамыз - қазақша айтқанда, кіші әкеміз
оқ пен оттың арасында жүріп, соғыс сұрапылын бір
кісідей-ақ көрген сыңайлы. Сегіз ай бойы өмір мен
өлім арпалысқан соғыс өртінде қан кеше жүріп Смо
ленск қаласына дейін барған. Бірнеше рет жеңіл
жараланғаны болмаса, дене бітімі дін аман, Алла
тағала сақтапты. Днепр өзенінен өтетін қисапсыз
қырғында арғы бетке алғашқылардың бірі бо
лып жетіп, ерен ерлік көрсетіпті. Сол үшін “Қызыл
Жұлдыз” орденін де алған екен. “Өзі де қайығын
қара суға қарсы есетін қуатты да қайсар еді. Жас
кезінде Іле өзенін өрлей талай жүзген: балық
аулауға, аң-құс атуға қатты құмар-тын” деп қоятын
әңгімесінің ара-арасында.
“Қырық жыл қырғын болса да ажалды өледі” деген
емес пе, Кенже-ағамыз да шыбын жанын шүберекке
түйіп
алып,
құрсанған
қас-дұшпанмен
шама-
шарқынша шайқасып-ақ бағыпты. Бірақ “шөлмек
мың күнде сынбайды, бір күнде сынады” дегеннің
кері келіп, ойламаған жерден омақаса құлайды.
“Омақаса құлайды” дегенді шынында да лайықты сөз
таба алмағандықтан айтып отырмын. Өйткені оқ ти
Қ. Әлімқұлов
меген, зымыран (снаряд) жарықшағы жараламаған,
ешкім мылтық найзасын болмаса қанжар сұқпаған
- төрт мүшесі түгел сау, дене бітімі дін-аман. Тек
жақын жерге түсіп, жарылған бомбаның дүниені дүр
сілкіндірген даусы мен қуатты соққысынан құлағы
тас бітеліп тұнған күйі есінен тана құлаған ғой.
Әскери госпиталда сол жатқаннан мол жа
тыпты. Құлағы - естімейді, басы - көтертпейді.
Ми қыртыстарының қақсайтыны соншалықты -
ешнәрсені есіне түсіре алмайды. Ояуында басы ай
налып, лоқси береді екен де, көзі ілініп кетсе - шошып
ояна береді екен. Әңгіме осы тұсқа келгенде ана
мыз: “Шошып қалған ғой, сол жердің топырағымен
ұшықтап жіберетін ешкімнің табылмағаны-ау, ә?”
дейтін. Әй, аңғал анашым-ай!
Ал өзі әкейге былай депті:
- Есімді еміс жиып, бетім бері қарай бастағанда
түс көріппін. Ақ сақалды, ақ шапанды қария: “Балам,
алдыңда үш таңдау тұр: соғысқа кірсең - опынасың,
осында қалсаң - шоқынасың, еліңе қайтсаң -
өкінесің, - дегенді анық айтты. Әкеміз Әлімқұлдың
әкесі Жақсыбай бабамыз болар деп шамаладым…
Сол түс көрген түні есі кіре бастаған сияқты. Қара
терге малынып, титықтап ояныпты. “Опынысы -
ажал шығар, өкініші - ол да бір тажал шығар, не де
болса - егер таңдау туа қалса - “шоқынармын” депті
де қойыпты. “Өйткені онсыз да орысша шүлдірлеп,
шошқаның етін жеп жүрміз ғой. Сонда шоқынбаған
неміз қалды?!” – дегенді діттегені.
Сондай ойлармен сансырай оянып, көзін ашқанда
Светкасын (Светлана да) көріпті. Жадындағы көп
нәрсе жойылып кеткендіктен біреуге ұқсатып қатты
қиналған ғой сонда. Екі ай өткенде ғана есі еміс-еміс
кіріп, басының ауырғаны бәсеңдеп, құлағы біртіндеп
ести бастайды. Сөйтсе, Светлана сұлу ауылдағы,
бір кезде қолы жетпей қалған Ілежан-қызға қатты
Әкемнің әлемі
ұқсайтын болып шығады. Осы жерде “қолы жетпе
ген” деген сөздерді қысқаша түсіндіре кетейін.
Ілежан - ертеректе біздің өңірге Тезек төреге
ере келген төлеңгіттер тұқымынан тарайтын аз
санды атаның қызы. Төңкеріс жасап, қай жерде
де төр менікі деп, баса-көктеп кірген Кеңес өкіметі
қыздың
әкесін
бай-құлақ
ретінде
кәмпіскелеп
(тәркілеп), тігерге тұяғын қалдырмай, тоздырып
жіберіпті. Ашық қарсылыққа қауқары жоқ, әйтсе
де көкірегіндегі қыжылын жасыра алмаған сияқты.
Әйтеуір Кенжеақын ағамызбен көңіл қосқан Ілежан-
қызды көрші ауылдағы ауқатты біреудің баласына
қосып жібереді. Буындары бекімей жатып жетім
қалған үш ұлдың біреуі - Кенже-әкеміз бармағын
шайнап қала беріпті…
Кейін әкем айтатын:
- Ілежан аяқ астынан, бір түнде ұшты-күйлі жоқ
боп кетіп, екі-үш күннен кейін белгілі болғанда - інім
қатты күйзелді. Күйеуін сойылға жығып, тартып
алып келмек те болды. Кенжеақын қызу қандылау
еді: оны да істесе - істеуі мүмкін. Ағайын-ел боп жа
тып, әрең тоқтаттық. Бірақ сол оқыс оқиғадан кейін
інім мүлде өзгеріп кетті. Жанып тұрған от жігіт бірте-
бірте сөне берді. Ешнәрсеге зауқы жоқ, сүлесоқ
күйге түсті. Не шаруаны да амалдың жоғынан
істейтіндей-тін. Соғысқа да азаматтар ел мен жерді,
ағайын-туғанды қимай-қимай қоштасып, көздеріне
жас алысып аттанғанда - Кенжеақын селт етпеді.
Тіпті соғысқа кетіп бара жатқанына қуанатын да
сияқты еді.
Осы жерде алдыға оза тағы бір әңгіме айтқым
келіп отыр. Өйткені ол да сол Ілежан апамызға бай
ланысты болып тұр.
Жоғарыда кіші әкеміздің түнде мені ертіп алып
ауылдың шетінен шығатынын, сол кезде оқшау
тұрған үлкен үйді нұсқап: “Қалыбай атайдың үйі
Қ. Әлімқұлов ме?” деп сұрайтынын, Ілежан тәтемізге байланы сты сыр суыртпақтап, терең күрсінгенін, алайда ол өкініштің мәнін менің ұға қоймағанымды айтқан едім. Сөйтсем, Кенжеақын аға ғайыптан тайып Ілежан әпкеміз ауылда болса, амалын тауып жолықсам дейді екен де?!. Сол аңсарын ақыры әкеме айтса керек. “Сарыөзекке апарып, поезға салып жіберемін” деп кеткенде әкеміз Ілежан апамыздың ауылына соғып, інісі екеуін жолықтырыпты. Кейін әкем айтатын: - Ілежан сәл толысқаны болмаса - әрін бермепті. Бес құрсақ көтеріпті. Балалары да шетінен сүйкімді. Күйеуі де діні түзу адам екен. “Құдайы қонақпын” деп кіргеніме қарамастан бірден таныды. Құрақ ұшып қарсы алып, жік-жаппар боп күтті. Кенжеақынды сұраған. “Хабар-ошарсыз кетті” де ген қағаз алғанбыз…” дедім. Бетін сипады… Ілежан да ұмытпапты… ұмытпайды екен. Оңашада күтіп тұрғанын айтып едім, есінен танып, құлап қала жаздады. Кездесуге көзі жайнап кет кен… күйзеліп келді… Кенжеақын да поезға құр сүлдер боп мінді… Әңгіме - осы. Енді бастапқы оқиғаны ретімен қайта баяндауға көшейін. Госпитальда ес жиып, көзін ашқанда көргені - осы Света екен. Медбике (медсестра) қызметін атқарып жүрген башқұрт қызы Ілежан болып көз алдынан кетпей қойыпты. Қыз да кетәрі емес. Өзінен бір мүшел жас үлкен болғанымен келбетті де келісті еркекті құлай ұнатқан. Құдайдан тілеуін тілеп, күндіз-түні қасынан шықпай ем-домын істепті. Күтіп-бағыпты. Беті бері қарағаннан былай екі жас сезімнің қылын шертіп, сыр бөлісе бастайды. Күлімдеген күндер,
Әкемнің әлемі
дірілдеген түндер өте береді, өте береді… Жасын
дай жарқыраған жастықтың жарға соққаны ма, жоқ
әлде жапырақ жайып, жемісін бергіні ме - қыз ауыр
аяқ болып қалады. Сөйтіп “Қуған жетпейді, бұйырған
кетпейді” дегендей, екеуі түсіністік тауыпты.
Адамның тағдыры деген де тақтайдай түзу
жол емес қой. Ауруынан бірсыдырғы айығып,
өз бөлімшесін тапқан күйде соғысқа қайта кіруге
тиісті Кенжеақын ағай ойламаған жерден әскери
ұрыстардан сытылып шыға береді. Бас дәрігермен,
басқа да әріптестермен келіскен Светка (ағай со
лай атайтын) ауыр контузия алған, екінші топтың
мүгедегі, соғыс қимылдарына жарамсыз деген
құжат (документ) алып береді. Өз құжаттарын
да заңдастырып алған болса керек, ағамыз екеуі
еш алаңсыз Куйбышев қаласы (қазіргі - Самара)
қайдасың деп тартып отырады.
Қыздың әкесі өңірдегі өте ықпалды адамдардың
бірі екен. Қорғаныс комитетінің Куйбышев облы
сындағы өкілдігінің жауапты қызметкері болғанға
ұқсайды. Білетіндердің айтуына қарағанда ол
облыстық партия комитетінің хатшысы сияқты ла
уазым көрінеді. Броньмен соғысқа жібермей, алып
қалған. Алғашқы бейбіт жылдарда сол Юсупов
обкомның хатшысы да болыпты.
Міне, қыздың сол өте ықпалды әкесі екеуінің
заңды некесін қидырып, Кенжеақын ағамызды
әйелінің тегіне (фамилиясына) көшіріп, Куйбышев
қаласының іргесіндегі өз үйіне тұрғызып қойыпты.
“Сақ болыңдар, елдің көзіне көп түсе бермеңдер!”
дегенді қатты тапсырып, өзі қорғап-қоршап жүріпті.
Үйелмелі-сүйелмелі Зоя, Оля деген екі қыздары
дүниеге келіпті. Төртеуінің бірге түскен фотосуретін
елге келгенде қалдырып кеткен. Сырт жағында
мекен-жайы (адресі) бар болатын. Сол суретті
әкеміздің соғыста қайтыс болған жалғыз ағасының
Қ. Әлімқұлов
бір тал ұлы - Ерназар ағамыз әскер қатарынан кел
генде: “Іздеп барамын” деп алған екен, жоғалтып
жіберіпті. Ал, үйленген соң іздеп бару ниетінен де
айырылып қалған. Сөйтіп нақты дерек жойылып
кеткен. Жалғыз ғана мағлұмат әкеміздің жадында
сақталыпты. Алғашында төте жазуды, кейін латын
әріптерін бірер айдан оқыған кісі нәтижесінде шөре-
шөре болып қалған да. Біріншісін - дүмше молда,
кейінгісін - ликбездің (сауатсыздықты жою) шала са
уатты насихатшысы оқытқан.
Кім біледі, бәлкім сондықтан да шығар, әкеміздің
жадында сақтау қабілеті өте күшті еді. Келінінің
аты-жөнін, қыздарының есімдерін, мекен-жайын
және басқа да бірқатар деректерді кейініректе мен
әкеміздің сол зерделі зейінінен алдым. “Куйбышев
облысы, Карснояр ауданы, Белозер селосы, фа
милиясы - Юсупов” дейтін. Әрине орысша жақсы
білмеген адам оларды қолмен қойғандай айта ал
майды да. Мәселен, Куйбышевті “Қойбішіп” дер еді.
(Құдай-ай десеңізші, бала кезде ондай сөздеріне
жата кеп күлуші едік-ау). Қалай болғанда да, сол
мағлұматтар сәл де болса өз көмегін көрсетті ғой.
Әрине, дені сау адамның армансызы болмай
тын шығар? Мені де сол жылдарда Кенжеақын
ағамызды іздеп барсам, отбасы, ошақ қасын көрсем,
сөйтіп амандық-саулықтарын біліп, қуантып қайтсам
дейтін қайырымды ой қармап алды. Қармап алды
да, құшағынан босатпай қойды. Босатпай қойғаны
соншалық, тіпті аңсатқан арманыма айнала берді.
Алайда “арманыма айнала берді” деуім де ағаттық
болмаса жарар еді. Өйткені ол ой балаң арман
ретінде көкейімде біраздан бері жүрді емес пе?
Енді, міне, кезі келген тұста жеделдетіп жүзеге асы
руымды да уақыт шіркін алдыға тартқан.
Бірақ армандаған нәрсенің бәрі бірдей, еш
қиындықсыз жүзеге аса берсе - онда арман да бол
Әкемнің әлемі мас еді. Болғанда да оның еш асқақтығы, жүректі елжіретер мөлдірлігі, үмітті үрлер ынтықтығы, құлшындырар құмарлығы қалмас еді де. Бәлкім сон дай арманынан айырылған, қанатынан қайырылған жандардың мұңы болмаса - бұл өмірдің мәні де толық білінбес пе еді?!. * * * Өткен ғасырдың жетпісінші жылдарында жоғары оқу орындарындағы каникул кездерінде ССО (Студенттік құрылыс отряды), СМО (Студенттік механикаландырылған отряд) деген ұжымдар ұйымдастырылып, халық шаруашылығына өзіндік үлес қосатын. Әрі демалыс уақытында студент жа стар қомақты қаражат та тауып алушы еді. Міне сон дай отрядтар КазГУ-де (Қазақ Ұлттық университеті) де
құрылған. Ал журналистика факультеті жеделдетілген комбайншылар курстарын бітіріп, сол кездегі Торғай облысының астық ору науқанына белсене жұмылдырылатын-ды. Біздің курсымыз қатарынан үш жыл бойы Жаңадала ауданының “Нахимов” совхозында (кеңшар) егін жинауға қатысты. Екінші жылы, яғни 1972-нің күзінде кәдімгідей еңбекақы алып, сол қаражатқа кіші әкемізді іздеп Куйбышев қайдасың деп тарттым да кеттім. Краснояр ауданы облыс орталығымен іргелес екен де, Белозер селосы Куйбышев қаласынан небәрі отыз шақырымдай ғана қашықтықта - тиіп тұр екен. Қиналмай, шаршамай жетіп-ақ бардым. Аумақты, әдемі ауыл. Көшелері кең де түзу әрі таза. Үйлері еңселі. Қуатты шаруашылық екені, халқының әл-ауқаты жақсы екені бірден аңғарылғандай. Тек көңілі құрғыр көншімейді. Бүкіл жолдың ұзына бойына
тулай
соққан
жұдырықтай
жүрегім де қиялымды шартарапқа шалықтатып,
ауыздақталмаған арғымақтай алып ұшады. Жөңкіле
Қ. Әлімқұлов
жеткен жүрдек автобус ауыл орталығына келіп
аялдаған. Қарсы беттегі дүкенге кіріп-шыққан бірлі-
жарымды адамнан сұрастырып едім, ондайларды
білмейтін болып шықты. Сатушылар да танымай
тындарын айтты. Бірақ сөздерінің соңына: “Осы
көшенің аяғында баба Шура деген кейуана бар, бір
білсе - сол кісі біледі” деген мағлұматты қосты.
Юсуповтардан
айырмашылығы
“баба
Шура
ны” жұрттың бәрі біледі екен. Тез-ақ таптым. Ақ
шашты, етжеңділеу кемпір емен-жарқын қарсы
алды. Қазақстаннан келгенімді естігеннен кейін
тіпті көңілденіп кеткендей көрінді. Өз бағынан өзі
қайнатқан салқын да дәмді компотын аузыма то
сты. Шөлімді басқызып, сабасына түсірдім-ау деген
кезде ғана жөн сұрасуға кірісті.
Алдыға оза айтайын. Қамқор жанды қарттан
естігендерім екіұдай күй кешкізді. Алғашында
жалғанды-ау деп жандандыра бастаған үміт жібі
үзіліп бара жатты. Жастықтың желігімен “әртүрлі
жағдайлар болуы мүмкін-ау?” дегенге де мойын
бұрғызбаған көзсіз тәуекелмен алыс жолға аяқ асты
тартып кеткеніме де өкіндім. Алайда ағайдың со
нау алыс күндердегі “бізді іздеп кел, әпкең мен
қарындасың бар” деген ақтық аманатын орындап,
қарызымнан құтылуға шын ниетіммен ұмтылыс жа
садым ғой…” деген ақтарылған ой да атойлайтын
дай…
Александра Петровна әжей (“баба Шура”) біртоға
байсалды, тіпті тұйықтау болып шықты. Әлде абай
лап сөйлеп, Кенжеақын ағамызды артық ауыз
сөзден “құтқарып қалғысы” келгені ме, кім білсін,
суыртпақтаған сұрақтарыма ғана қысқа қайырып
жауап бергені болмаса, шешіле қоймады.
Өзі көп жылдар бойы осы шаруашылықтың жылы
жайында көкөніс өсірумен айналысып, зейнеткерлік
демалысқа шығыпты. Күйеуі мен ұлы соғыста қаза
Әкемнің әлемі тапқан. Жалғыз қызы ғылым саласында, Мәскеуде тұрады екен. Жалпы, жағдайы жақсы, аузында - тәубесі. Ағамызды “Николай” деп отырды. (Кенжеақыннан - Коля, Колядан - Николай болып кеткен ғой). Мал дәрігерлік техникум бітірген сияқты. Көп жылдар мал фермасының басшы маманы болды дейді. Ақжарқын, сауыққой адам еді дегенді бірнеше қайталаған. Гармошканы өте жақсы ойнайтын. Кез келген жаңа естіген әуенін бірден сол аспабына де реу сала қояды екен. Сонысымен де той-думан, ойын-сауқытың сәні болған көрінеді. Тағы бір ерекшелігі - адамдарды алаламай қамқор қолын созуға құштар еді дегенді де баса айтқан. Елге сыйлы, жұртқа абыройлы қалпынан танбапты. Әйелі ауыл ауруханасының бас дәрігері болып ты. “Даусы керемет еді, әнді әдемі айтатын. Өзі де еріксіз елең еткізердей сұлу еді!” деп қояды Алек снадра Петровна Светлана кіші шешеміз туралы толғанып. Екі қызы да тәрбиелі-текті боп өскен. Жоғары оқу орындарын бітіріп, тұрмысқа шығып кетіпті. Ал маған ең қажетті әңгіме былайша қысқа қайырылды: - Ойламаған жерден көрші-қолаңды жиып, қоштасу тойын жасады да, бір түнде көшті де кетті. Соның алдында ғана Николай бір айдай жоқ болып кеткен. Кейін білсем, Қазақстанға - туған жеріне ба рып келіпті. Отанынан оралған бойда көшті ғой… Светаның әкесі солай шешті-ау, шамасы?!. Одан бері де, міне, жиырма жылға жақындап қалды емес пе, еш сыбыс жоқ… “Екеумізге де жақсы қызмет табылып тұр, Куйбы шевке көшеміз” деген. Бірақ Света қоштасарда жы лап тұрып: “Куйбышевке емес, Башкирияға көшіп барамыз, әкемнің атамекеніне…” деп сыбырлаған еді маған.
Қ. Әлімқұлов
“Баба Шура” аз сөйлегенімен, осылайша ағынан
жарылған. Менің де тұрған жерінен қашқандай бо
лып қоныс аударған ағамыздың үй-ішінің жанын
жралағым келмеді. Оның үстіне, Башкирияңыз да
біраз жер. Тіпті, «біраз жер» екенін былай қойғанда,
кіші әкемді оның қай қиырынан іздемекпін? Бәлкім,
іздеуге де тәуекел етер ме едім, уақыт та тығыз бо
латын. Екі-үш күннен кейін оқуға кіруім керек.
Міне, менің ағамды іздеген іңкәр ниет, ақ арма
ным осылайша опат болды…
Тек анамызбен арада болған бір әңгіменің әуенін
алданыш қылып, көпке дейін өз-өзіме келе алмай,
өзегімді өртеген өкініштің өксігін жұтып жүрдім де
қойдым. Ал, ол мынандай әңгіме-тін.
- Ой, сұмдық-ай десеңізші, сол кезде-ақ орыс
болып кететінін сездірді ме екен, ауылдағы аз сан
ды орыстарға үйірсек еді, - деп бастайтын анамыз
Кенжеақын қайнысы туралы тұжырымын әріден
сабақтап.
-Дұрысы жеті-сегіз орыстың өзі қалыптас ұл-
қызы соның аузына қарап, айтқанынан шықпайтын.
Әділдігі үшін бе, батылдығы үшін бе кім біледі.
Әйтеуір, солармен қоян-қолтық араласа жүріп,
тілдерін де үйренді, алғашқылардың бірі боп темір-
терсекті де (техника) меңгерді. ҚТЗ, ШТЗ деген
темір тісті доңғалағы бар тракторлар тоқтап қалса,
бұзылған жерін жөндеуге де білек сыбана кірісіп
кетіп, май-май боп жүретін. Тіпті, темекі тартып,
арақ ішуді де ерте үйренді.
Тентектеу де еді. Тентек болғанда да, көшенің
анау-мынау шатағы емес, ақылды тентек-ті. Бұла
күші бойына сыймай тұратындықтан да шығар, ба
сынан сөз асырмайтын. Әйтсе де оның бәрі ретімен
ғана болатын. Өздігінен, қисынсыз қызбалана да
бермейтін. Әйтеуір бозбала біткен содан пана
іздейтіндей еді.
Әкемнің әлемі
Ауыл ақсақалдары да: «Кенжеақын, қарағым,
жастарды жинап бәленшенің анадай шаруа
сына қолқабыс жасап жіберіңдер, пәлен деген
бала бұзылып жүрген сыңкайлы, өздерің тезге
салсаңдаршы» деп қолқанат санайтын. Бірақ, оқта-
текте болмаса ондай оқыс оқиғалар орын ала да
қоймайтын ауылда.
«Ат құлағында ойнайтын» демегенмен, жылқы
баласына қатты құмар еді. Ағаларын қоймай
қолқалап жүріп, су жорға алғызғаны да бар. Қыста
қоянға тұзақ құрып, жазда Іледегі бәкіншік доста
рына барып, балық аулап келетін. Сөйтіп ауыл елді
қарық етіп жүретін.
«Ер азығы мен бөрі азығы жолда» деген емес
пе, Кенже қайным қалай болғанда да көштен қалып,
аштан өлмес еді. Жалғыз атты жарлы болғанымен,
еті тірі ер ретінде, сезімтал жүректі сері ретінде
ауыл-ел жұрты қатты қадірлейтін.
Келісті де келбетті жігіт-ақ еді, не керек, Ілежан
ішіне түскен індет болды ғой...-деп аяқтап, күрсініске
көмілген күйі көпке дейін ойланып отырып қалатын.
... Әкей, жалпы, соғыс туралы көп ешнәрсе айта
бермейтін. Тіпті суыртпақтап сыр тартқанның өзінде
ашылап ештеңе айта қоймас еді. Әрі не айтса да
аяғында: “Соғыс деген - қасірет қой. Құдай ешкімнің
басына бермесін” деп бітіретін.
Ол кісіге қарағанда інісі анағұрлым сауаттырақ
болған сияқты. Соғыс туралы да өз түсінігі, өз
көзқарасы қалыптасқан ба деп қаласыз. Әрі сол
ойларымен әкеймен де бөлісіпті. Кейінірек әкеме:
“Кенжеақын аға неге олай істепті?” деген сұрақ
қойғаным бар. Сонда әкей: “Балам, оның себебі көп
сияқты. Бірақ, ең бастысы, ол соғысқа қарсы екен”
деп еді.
- Ой, сол да сөз боп па, соғысқа елдің бәрі де
қарсы, - деймін мен.
Қ. Әлімқұлов
- Солайы солай-ау… тек ағаң жалпы соғысқа
ғана емес, біздің жақтың жүргізген соғыс қарекетіне
қарсы… әділетсіздік көп дейді.
- «Біздің ісіміз - әділ, біз жеңеміз!» деп жүріп,
жеңіп шыққан жоқпыз ба?
- Жоқ, сол “әділетті” соғыстың өзінде әділетсіздік
көп орын алды демей ме?
- Сонда нені айтады?
- Ағаң көп нәрсені айтады… Ептеп есіме түсіріп
көрейін: “Ең алдымен, өзіміздің адамдарды
қисапсыз шығынға ұшыратып, қынадай қырды, -
дейді. “Өзіміздің адамдар” біз үшін ғана солай, ал
бастықтар үшін - бұратана халықтар еді, - дейді.
Мәселен: қазақ, қырғыз, өзбек, түркімен, тәжік,
татар, башқұрт, бұйрат, якут, әзірбайжан, тағы
басқалары. Ол сорлылардың көбісі орысша бір
ауыз да сөз білмейтін, өмірінде қолына мылтық
ұстап көрмеген, жастары ұлғайып, балалы-шағалы
болған, қулық-сұмдықтан ада, табан ақы, маңдай
терімен ғана күн кешкен және де көпшілігі кедей-
кепшіктің ұрпағы болғандықтан Кеңес үкіметіне
көзссіз сенетін сорлылар еді, - дейді. Міне, сол сор
лыларды “Ана төбеде жау жатыр, соларды қуып
шығу керек!” деп бақайшығына дейін қаруланған
немістерге қарай қойша айдайды. Оңды-солын
әбден барлап, жақсылап тұрып бекініп алған жау
аясын ба? Байқұстар шыбынша қырылып қалады.
Ал шабуылды дұрыстап ойлап алып ұйымдастырса,
шығын анағұрлым аз болар еді: мың адам емес, бар
болғаны жүз адам ғана қаза табар еді.
Бұратана байқұстарды қырып тастау арқылы
жаудың қай жерде қандай қаруы, шамамен қанша
күші бар екенін біліп алған соң, орыстар мен
солардың ағайындарын “наркомның жүз грамын”
ауыздарына ақ қып тамызып жібереді. Әбден
титықтап, сырын алдырған жауға уралай ұмтылып,
“жеңіп шығады”.
Әкемнің әлемі Жалпы, сол соғысып жүрген орыс, украин, беларустардың да көпшілігі біздің бұратаналардан бір былай емес - сауатсыздары. Білімі барлары не командирлер, не ұшқыш, танкішілер, не тылмен байланыс тірлігіндегілер. Басқалары Орал тауының арғы жағындағы алып заводтарда қару-жарақ шығарып жатқан көрінеді. Ал енді, орыспыз деп жазылып алатын басқа да ақылды ұлттар бар сияқты. Олар көбінесе штабтарда қызмет атқарады екен. Кейбіреулері тіпті, Алматыға кеп кино түсіріп жүріпті. Үкіметтің қаржысына, заңды түрде. Тұтқынға түскендердің де
ешқайсысының
соғысқысы келіп тұрған жоқ дейді. Олар негізінен
немістер басып алған елдердің азаматтары көрінеді,
яғни, біздің бұратана халықтар сияқты. Амалдары
жоқ, қорыққандарынан ғана қолдарына қару алған.
Өйтпесе өздерін атып тастайды.
Жараланған неміс солдатын да (сарбаз) көріпті.
Мұрты енді ғана тебіндей бастаған жас өрім дейді.
Ол байқұс та: “Азын-аулақ жеріміз, бес-алты бас
малымыз бар момақан ғана шаруа едік. Алды-
артымызға қаратпай айдап салды, қайтейін…” деп
жылапты.
Әкей - жаны жайдары болғанымен рухы күшті
адам-тын. Ақитаттың ақ сөзіне келгенде ешкімге
бетің бар, жүзің бар деместен айтып салатын.
Әуелде: “Ол да бір шіріген жұмыртқа болды ғой…”
дейтін шығар дегем. Жоқ, ешуақытта інісі туралы
оны айтпаған күйі көз жұмды. Не де болса, жан
сыры ішінде кетті. Ал, менің олай дейтінін күткен
себебім: әкелеріміз - кедейдің балалары, өздері де
жастайларынан жетім қалып, сирақтары шыққан
сұраншақтар болмағанымен, бірде бар, бірде жоқ
можантомпай күй кешкен, қанша шаруақор болса да
бүйірлері шықпаған жандар-ды. Тек: “өтірік айтқан
Қ. Әлімқұлов жоқпын, ешкімнің алажібін аттамадым, тірі пенде ге қиянат жасаған емеспін” деп өтті. Бізді де солай тәрбиеледі. Міне, сондықтан да “кедейлердің жоғын жоқтайтын” деген Кеңес өкіметіне кәдімгі соқыр сеніммен сенген. (Көзі ашық, дипломы бар де ген біздің өзіміз сол, коммунистік идеологиямен уланғандықтан бертіндерге дейін имандай иланып келген жоқпыз ба?!) Өмірінің соңына дейін танымы нан танған емес. Оны айтасыз, “атаңа нәлет қалды таз! Аннан қашқан, мынаннан қашқанның бәріне Сталинді жамандатып қойды ғой” деп Горбачевті балағаттап отыратын. Әкейдің тағы бір жақсы көретін мақалы болушы еді, ол былай айтылатын: “Жерге қараған жетеуден, елге қараған екеу артық”. Онысынан да қайтқан жоқ. Тек кейіндері мен қызмет бабымен ел аралап жүргенімде естіп, әкеме: “Сіздің мақалыңызды басқа жұрт: “Жерге қараған жетеу туғанша, елге қараған біреу туғаны игі” деп айтады екен” деген едім. Сон да әкей маған сынай қарап тұрып: - Әй, айналайын-ай! Халық айтыпты дейтін сөздер ғой мұның бәрі. Бірақ бір кезде оны да мен сияқты біреу айтты емес пе? Біреу - мейлі ол ақын болсын, мейлі батыр болсын, мейлі - бала, мейлі - дана болсын - ол - жалғыз. Ал жалғыздық - Құдайға ғана жарасқан. “Жалғыздың үні шықпайды, жаяудың шаңы шықпайды” деген де сол дана халық, өзіміздің қазақ. Адамның баласы болған соң кім-кімге де серік керек, сүйеу керек, қажет болса - қамқор ке рек. Жүрмін ғой мен де, міне, жападан жалғыз: не арқа сүйер аға жоқ, не иек артар іні жоқ... Әйтеуір ел іші болған соң біліне бермейді: өзім тырбанып, сендерді демеу тұтам... Оның үстіне, екеу деген жетеу дегеннің ұйқасына өзі сұранып тұрған жоқ па?! Сондықтан ел не десе о десін - мен солай
Әкемнің әлемі айтқанымнан жаңыла алмаймын! – дегенді нық айтқан. Куйбышевке барғанымды, ондағы көргенбілгенімді, әсіресе естігенімді түгін қалдырмай ай тып бердім. Зейін қойып тыңдады. Ауыр күрсініп алды да: -Көсегең көгерсін, қарағым! Сен бүкіл әулетіміздің адамгершілік парызын атқарып келіпсің, - деп арқамнан қағып, маңдайымнан иіскеді. Менің де төбем көкке сәл жетпей қалды. Бойым ды мардымды мақтаныш сезімі биледі. Өйткені, әкей ілуде бірде болмаса, жоқты - барға мейірленіп, жалпақшешейлік таныта қоймайтын. Яғни арқамнан қағып, маңдайымнан иіскеуі шын жанымен риясыз риза болғанының белгісі-тін. Анамыз көзіне жас алған. “Жаман ырымды ба стама, тірі шығар, маған қарағанда жас қой…” - деп зілсіз тиып тастады. Сәл үнсіздіктен кейін: - Кезінде өзі осында келгенде мен де “документтеріңді (құжаттар) жөндеткізіп берейін, милицияның бастығы - ағайындас бауырымыз, ол военкомды (әскери комиссар) жақсы таниды екен, келін мен балаларды алып кел туған жер ге, ел-жұрттың арасында бірге тұрайық” дегенмін. Келіспеді. “Дизертирдің туыстары деп сіздерге зи яным тиіп кетуі мүмкін. Көрдім, білдім, тірі екенімді ұқтырдым…” деген үзілді-кесілді. Сондықтан мен не дейін? Өз шешімі - сол, - деді біртүрлі мұңды үнмен. Ал сол кездегі әңгімеге орай інісі туралы ләм-мим деп тіс жарып, тіл қатпады. Ақтаған да, даттаған да жоқ. Өңі күреңітіп, көңілі құлазыған күйі сыртқа шығып кете берді. Тек шығып бара жатып: “Жерлегенде жаназасын шығармайды-ау!..” - деп күбірлеген. Бізге айтты ма, өзіне-өзі айтты ма, болмаса басқа біреуге айтты
Қ. Әлімқұлов
ма - оны бір Құдайдың өзі ғана білсе керек. Әрі ол
інісінен біржола күдер үзгені сияқты естілді маған.
Тағдыр-ай десеңізші…
Бұл да сол соғыс атты сұмдықтың сорақысы, зор
ақысы!
Әкемнің әлемі
Қасқыр ит
немесе қазынаның бір қатпары
Ежелден-ақ «Иесін сыйласаң – итіне сүйек та
ста» дегенге діттеген ел емеспіз бе? Әрі астындағы
тұлпарын, қолындағы сұңқары мен үй іргесіндегі
сырттанын қастерлеген халық үшін ондай сөздің
неге айтылғанын анықтап жатудың өзі артық болса
керек.
Жақсысы мен жаманы бірдей әрі қашан да қатар
жүретін жұртымыздың жадында «Ит ұяласын таны
майды» немесе «Итті қонақ жараспас» деген сали
халы сөздер де сайрап жатқаны және даусыз.
Сондай-ақ, «Ит ішпейтін тамағынан дәме етеді»,
«Ақсақ иттің ойы арғы жақта» деген сияқты
тіркестермен де жалғастыра беруге болады. Бірақ,
бұлар иттен гөрі, иттік істеген адамдарға қарата
ашына айтылған кейіген көңілдің көрінісі деп білген
жөн болар?
Иә, қазақтың жеті қазынаның бірі - ит туралы
қанатты қағидалары көп-ақ. Әйтсе де, «Жақсы ит
өлігін көрсетпейді» деген мәтелдің мәні мүлде бөлек
сиқты. «Малым – жанымның садағасы, жаным
- арымның садағасы» дейтін жұртымыздың асқақ
рухы мен мұзарт мәрттігімен қапысыз қауышып жа
туы ұлтымыздың жаны мен ұлағатын айдан анық
айшықтап тұрған жоқ па?!
«Ит иесіне тартады» деген де сол қазақ...
Ендеше, әкей өміріндегі өзекті өрімнің біріне
айналған сондай бір орайлы оқиғаны ортаға сала
кетейін.
Қ. Әлімқұлов
* * *
Өткен ғасырдың тоқсаныншы жылдарындағы
өтпелі кезеңнің тұсында Ресей телеарнасынан То
льятти қаласында итке ескерткіш орнатылғандығы
туралы шағын хабар берілді. Экраннан әлгі
ескерткішті әр жағынан қайта-қайта көрсеткен соң
құлақ түрсем, мәселе былай болыпты. Қаладан
шыға беріс трассада иттің иесін машина қағып,
өлтіріп кетеді. Содан бір жыл бойына жаңағы ит
иесі өлген жерде шоқиып отырыпты да қойыпты.
Біреулер үйлеріне алып кетіп, асырамақ та болған
екен, көнбеген... Қарнын тойғызып алады екен де,
қайта қашып өз орнына келіп отыратын көрінеді.
Питомникке алған екен, күндіз-түні ұлып, естерін
шығарып, ақыры қашып шығыпты.
Күнде жол бойында шоңқиған күйінде қозғалмай
отыратын ит туралы бүкіл қала жұрты хабардар бо
лады. Бірінен соң бірі тамақ әкеліп, күтімге алады.
Алайда тура бір жыл өткенде жаңағы ит ұшты-күйлі
жоқ болып кетеді. «Өлігін көрсетпейін деген ғой»
дегенді пайымдайтын пенделер жылу жинап, иттің
нақты көшірмесін қоладан құйғызған.
Қарап отырып қайран қалдым. Ескерткішке емес,
елдің мынандай қиын-қыстау замнада ауыздарынан
жырып ақша жиғандарына, өліп қалған итке сон
ша құрмет көрсеткендеріне таңдандым. Өздері де
қаншықтай қатындардың кірпияз күшіктердің аузын
жалағаны көз алдыма келді. Байқұс қандендерді
нешетүрлі
етіп
күзеп,
ермек
қылғандарын,
соншалықты қымбат киім киіндіргендерін талай рет
көргенмін. Сол есіме түсті.
Сондай-ақ
әлем
әдебиетінің
жауқазын
жауһарларына айналған шырайлы шығармалар да
аз емес қой. Мәселен, Джек Лондонның «Ақ азуы»
мен Мұхтар Әуезовтің «Көксерегі» әлімсақтан-ақ
Әкемнің әлемі жер жаһанды жаулап алмап па еді?! Солардың негізінде түсірілген кереметтей көркем фильмдер ше? Көркем фильм дегеннен шығады, ит туралы түсірілген кино аз ба? Өткен ғасырды айтпағнада, ХХІ ғасрыдың алғашқы он жылдығында ғана дүние жүзілік және еуропалық мәртебелі сыйлықтарға ұсынылған ресейлік «Ақ құлақ қара бим» мен жапондық пошта арқылы жаңылыс Францияға жөнелтіліп жіберілген сирек текті иттің тағдыры ше?.. Ойды ой қозғады... Көзі тірі орысты көрмеген кезім ғой. Көргеніңіз не, естімеген де шақ. Тіпті, естіп-көрмегенді былай қойғанда, дүниеде қазақтан басқа ұлт болуы мүмкінау деген ойдың да келуінің өзі неғайбыл жас еді ғой ол бір. Шынында да, о баста бір ата-анадан тарағанымыз рас болса, тілі басқа, түрі бөтен қаптаған ұлт пен ұлыстың жарыса өмір сүріп жатуы ғажап емес пе?! Бұны айтып отырғаным, бала кезімізде, қойлы ауылдағы біздің үйде де бір ит бар еді. Мен әрине, ит деген сондай болады екен ғой деп қабылдайтынмын. Сөйтіп, кейінірек байқасам, біздің иттің дене бітімі көршілердің иттерінен мүлде бөлек. Оны да қойшы, аты бір түрлі болатын. Елдің иті шетінен берісі – Майлыаяқ, Алыпсоқ, Сырттан, Ақтөс, арысы - Бөрібасар да, біздікі – Бәлшөк… Орыс тілін түсінетін кезде бірақ білдім, ол иттің аты – Волчек, Бөлтірік, яғни Қасқыр ит екен де. Мен оны онша жақсы білмеймін де. Ес тоқтата бастағанымда ұшты-күйлі жоқ болып кетті. Көп кешікпей орнын Ақтамақ басып, Волчек біртіндепбіртіндеп көңілден көмескілене берді. Бірақ біржолата ұмытылып та қалған емес. Тұрпаты өте әдемі, текті ит болатын. Көбінесе “ “Ит
Қ. Әлімқұлов
ақылды хайуан ғой, айтқаныңды ұғады, әттең…
сөйлей алмайды” деп жатамыз. Жоқ! Иттер өзінше
“сөйлейді” де. Тек адамдар аңғалдығынан олардың
“тілін” ұға бермейді. Өйткені, ойын жеткізбек болған
ниетіне жете мән беріп, назар аудармайды.
Әкейдің Қасқыр ит туралы әңгімелері менің бұл
ойымды орнықтыра түсетін. Неге десеңіз, әкеміздің
ұстаз алдын көрген арнайы білімі болмағанымен,
табиғаттың тынысын тыңдап өскендігі қашан да
танылып тұрар еді. Демек, өз өмірлік тәжірибесі
негізінде жинақталған мол танымы бар болатын.
Желдің өтін, жердің отын барлап өткен кәсібі де оған
өз септігін тигізген болар?!
Ал, жыл он екі ай бойына қыстау – көктеу – жай
лау – күздеу деумен дегбірсіз көшіп-қонып, түз
тағысынан басқаны көп көре бермейтін қойшы үшін
иттің орны өте ерекше-ау. Өйткені, ит – шопанның
сенімді серігі. Көмекшісі де – сол. Керек десеңіз,
жалғызсыраған жанның айнымас досы, сырмінез
сырласы да. Бәлшөк те әкеміз үшін нақ сондай
еді. Әкей ол итпен кәдімгі адаммен сөйлескендей
тілдесіп жүретін. Ит те иесіне мөлие қарап оты
рып, айтқанын ағынан жарыла орындайтын. Тіпті,
өзіне сеніп тапсырма бергеніне қуанып кететін бол
са керек, құйрығын бұлғаңдатқан күйі құлдыраңдап
жүгіре жөнелетін. Қойды қораға қамағандай үйіріп
тастайтыны еміс-еміс есімде.
Әкей кейінгі күндердің өзінде, әңгіме бола қалса:
“Әй, Бәлшөк сияқты ит жоқ қой…” деп айызы қанып
отыратын. Сондай сәттерді пайдаланып мен де
сұрағымды сыналай қоямын. Жарықтық, жады
рап жүре береді. Әңгімесін де әсерлемегенмен,
мәнерлеп айтуға тырысып, сүйсіне сабақтайды.
Сол бір сері күндеріне қайта оралғандай қомданып,
қоңданып қалатын. Соның өзінен-ақ ол кісінің Қасқыр
итке деген қалтқысыз ризашылығын мен де сезе
түсуші едім.
Әкемнің әлемі
- Соғыстан кейінгі сирағы шыққан сүреңсіз тірлік,
- деп бастар еді қарт әңгімесін. - Аллалаған ашқұрсақ
күнкөріс. Мал да, жан да жұтаң шақ. Содан бір-екі
күн бұрын қой ферме Айнабек келіп:
- Нүсеке, үш-төрт күн етекке түсіп, қойды жазыққа
жаймаңыздар, тіпті, отарыңызды күнгей бөктерге
өргізбеңіз. Әскерлер келіп, жаттығу өткізеді, абай
сызда қаңғырған оққа ұрынып қалмаңыздар, - деген.
Сырмінез жігіт болған соң:
- Айнабек-ау, соғыс болса енді ғана бітті, әскер ой
натады дегендерің не пәле? – деп күдігімді білдіріп
едім:
- Әй, аға-ай, өкіметтің өтірігін де айбқызбайсыз-
ау! “Елге солай деп хабарларңдар” деген бастықтар.
Ал, шындығында солдаттарға (сарбаздарға) ет
үшін қарықұйрық атып қайтпақ көрінеді. Өкімет со
лай шешсе, біз не дейік?.. Тек, тірі жанға тісіңізден
шығара көрмеңіз… - деп кеткен.
- Ол жылдарда қарықұйрық көп-ақ еді. Үлкентау
мен Іленің арасындағы аумақты жазықта үйір-үйір
боп өріп жүретін. Өздері де тым әдемі ғой, жану
арлар! Қап-қара құйрықтарын көкке шаншып алып
жүгіргенде шаң қаптырады. Содан да қарақұйрық
атанған да...
Соғыс жылдарында бірлі-жарым шал-шауқан
қақпан құрып, ауыл-елді аштыққа ұрындырмапты. Ал,
мылтық алып, соңынан ешкім өкшелеп қумаған соң,
жақсы өсіп-өнген де. Жалпы мал мол болғандықтан
ба, біздің жақта аңшылықты арнайы кәсіп қылған
адам аз ғой. Тіпті, жоқтың қасы. Қазіргілердікі кәсіп
емес, нағыз қиянат десеңші. Аңның дағдысын,
жүретін жолын біліп, соңынан түсіп тер төкпегеннен
кейін ол құмарлық бола ма, тәйірі?
Қалмағы бар, қазағы бар; жер ауып келген ка
загы бар; төңкеріс тұсындағы ақ- қызылы бар;
қарақшысы бар, сарапшысы бар; қасқыры бар,
Қ. Әлімқұлов
басқа ұры бар – әйтеуір ет жейтіннің бәрі бірігіп,
өңірдегі аң атаулыны жер бетінен жойып жіберуге
жақын қалған. Абырой болғанда соңғы жылдарда
қорық ұйымдастырылып, келе-келе ол ұлттық парк
ке айналды да аң мен құстың құрып кетуге қараған
бірнеше түрі аман қалды.
Болмаса, тауда – арқар мен тауешкі, жазықта
қарақұйрық пен елік өріп жүретін. Бассыздар ба
удай түсіріп, қырды-ақ. Бірақ ол аңқұмарлық та,
күн көрістің амалсыз әрекеті де емес, барып тұрған
жауыздық еді. Басқаша қалай деуге болады?
Бір сөзбен айтқанда, қазіргілердікі нағыз
күнаһарлық.
«Иә, ол да бір сөзінің сәуегейлігіне сенген
ғалымның «Біз табиғаттан рақым күтіп отыра ал
маймыз, оның бермегенін тартып алу - біздің
міндетіміз!» дейтін фәлсапасын төңкерісшіл өкімет
саяси науқандарының бірінің сойылын соққызу үшін
ұрандатып ала жөнелген жылдар еді ғой» деп мен
де ойыма орана кетем. «Құдай-ау, өзің табиғаттың
төл перзенті бола отырып, оған қол көтергенің қалай
болмақ? Әрі мұның өзі: «Анамның міндеті – мені туу
еді, туды. Енді мен оны тепкілеп жүріп өзіме қызмет
еткізуім керек!» - дегендей болып шықпай ма?
Бірақ таңданатын несі бар: бір емес, бірнеше
ұрпақты әкесін өлтірген Павлик Морозовты
өнеге етіп тәрбиелеген тексіз саясатқа не деу
ге болады? Тек, ақшасы болса – болды, тілін
де, ділін де, дінін де ұмытып, қызмет қылуға әзір
қайсыбір қандастарымыздың бұл қылығын қатты
алаңдататындықтан ғана айтып отырмын. Амал
жоқ...
Мотоциклге не машинаға мініп алып, арнайы
жарық (прожектор) түсіріп, қырғынға ұшыратады.
Көзіне жарық түскен соң аң байқұс су қараңғы
соқырдай бір орнында шыр айналып, ешқайда қаша
Әкемнің әлемі алмай қалады екен. Ондай «аңшылықтан» қандай ләззат алуға болады? Түсінсем - бұйырмасын! Ен деше, ол сейіл бола ма? Жарайды, бірді айтамын деп бірге кетіп қалдымау, сол Айнабек келіп кеткен күннің ертесінде, түннің бір уағына дейін мылтық үні тынбаған. Біраз қырған болулары керек. “Өздеріне керегін ғана ататын бо лар?” деген үмітке алдандым да қойдым. Әйтсе де нобайлап көрейінші деп жазыққа жақындайын. Шеткері төбенің бергі қапталында бір шоқ бозқараған болушы еді. Соның жанында қолында мылтығы бар солдат тұр. Біресе мылтығының ұңғысын төмен қаратып бозқораған бұталарына жақындап бара ды да келесі сәтте мылтығының аузын жоғары көтеріп, кейін шегінеді. Бір орнында байыз тауып тұра алмай, қас-қағымда жаңағы қимылдарын қайта қайталайды. Басқа не ойлауға болушы еді, ондайда “бозқарағанның ішіне жараланған қарақұйрық кіріп кетіп, соны не істерін білмей тұр екен ғой байқұс…” дегеннен басқа? Сол ойға сенген күйі жанына жет кем… Мұрты енді ғана тебіндеген жап-жас жігіт. Әскери киімнің сәл ересейтіп тұрғаны ғой, болма са, тіпті, бозбала ғана. Жасаураған көзі қызарып кетіпті. Мені көргенде өз көзіне өзі сенбей селк ете түсті. “Атып жіберер ме екен” деп өзім де сасып қалдым. Бозқарағанның түбіне жалтақ-жалтақ қарайды. Сонда ғана барып көзім түсті: есік пен төрдей бо лып нән ит жатыр. Қарақошқыл қылшығының қалыңдығынан зорға айырдым, болмаса – нағыз қасқырдың өзі. Бұрын-соңды ондай сұлу да сұсты, ірі де күшті итті көрген емеспін, қатты қызықтым. Жалпы, ит өзі қорықпаған адамды бірден біледі. Сол қағидама сүйеніп жанына жақындап бардым. Солдат бала да “араша” түсе қойған жоқ. Сөйтсем,
Қ. Әлімқұлов
иттің екі алдыңғы сирағы бірдей салбырап жатыр.
Оқ тиген болуы керек, жіліктері шорт сынып кеткен.
Тек терілеріне ғана ілініп тұр.
Мен қазақшалап сұраймын, әскер бала орысша
лап бірдеңелерді айтады. Жорамалдап сезінгеніміз
болмаса,
бір-бірімізді
түсінбейміз.
Ұққаным:
бастықтары “бұл ит енді мал болмайды, атып таста!”
деп жұмсаған сыңайлы. Бала-жігіт оның иесі ретінде
әбден бауыр басып кеткен, атуға қимай тұр. Иті бар
болғыр бәрін сезіп жатқандай. Абайлап барып жо
нынан сипап едім, мыңқ етпеді. Көзінде – жалыныш
сияқты аянышты сәуле. Менің де ойымда үміт нұры
жарқ ете түсті. “Жау жағадан алғанда, бөрі – етек
тен” демекші, қасқыр қағынып тұрған тұс болатын.
Иттерге пысқырмайды да. Әбден басынып біткен.
“Бір қайрат қылса – осыдан шығар?” дегенім ғой.
Байқаймын, менің ниетімді жігіт те ұғып тұр.
Жүзіне жылу жүгіріп, өңі кіріп қалыпты. Қалбаң
қағып, асты-үстіме түседі. Самбырлап бірдеңелерді
айтып жүр. “Бәлшөк, Бәлшөк” дейді, мені көрсетеді
де “хорошо” деп қояды. “Ендігі қожайының осы кісі,
тыңда” дейтін сыңайлы. “Хорошосы” мені мақтап,
“жақсы адам, саған да жақсы қарайды” дегені болса
керек. “Бәлшөгі” дәу де болса иттің аты ғой деп ша
малап үлгергем.
Жерді нұсқап, “мылтығыңды осында ат!” деп ым
дадым. Алғашында түсінбеген. Әйтеуір ұқты-ау!
Содан соң “енді ана жолдастарыңа, бастықтарыңа
қарай зыт” дегенді ымдап, ишарасын көрсеттім.
Онымды бірден ұқты. Жүрелеп отыра қалып иттің
басынан сипады. Бас салып сүйіп-сүйіп алды. Онысы
онша ұнамаса да баланың жанын түсіндім. Екеуінің
көзіндегі қимастықты көріп тұрып: “Уәйімдеме, әлі-ақ
жазылып кетеді. Сенен кем бақпаймын” деп айтқым
келген. Айтпадым. Айтқанмен – түсінбейді. Ал,
дұрыс қарайтынымды онсыз да сезіп тұрған сияқты.
Әкемнің әлемі
Бір кезде барып орнынан ұшып тұрды да қырдың
жотасына қарай жүгіре жөнелді. Оншақты қадамнан
соң тоқтап, мылтығын бір атты. Содан соң артына
бұрылды да тұншыға:
– Бәлшөк… Бәлшөк, - деді.
Жауынгер қыр асып, көрінбей кеткеннен кейін де
бозқарағанның ішінде тығылып біраз отырдым. Еш
сыбыс жоқ. Содан барып күпәйкемнің сыртынан жа
мылып жүрген ескі сулығымды иттің үстіне жаптым
да үйге қайттым.
Сонымен не керек, ауылға барып Асан атаңды
алып келдім. Саусақтарының сиқыры бар жан еді
ғой, жарықтық, сәбиді мәпелегендей сипалап оты
рып жарасын емдеді, сынықты салды. Ырғайдан
тақтай жонып, таңып тастады.
- Асан ата оташы да ма еді? – деймін мен осы бір
тұста шынымен-ақ анықтап алғым келіп.
- Жоқ, ол кісі ешқашан да: “Оташымын не
месе емшімін” деген емес. Бірақ жұрт қолқалап
қоймайтын. Өйткені Асекеңе сенетін. Содан да
жаны қысылғандар оған бар үмітін арқалататын.
Білікті адам ғой…
- Сонда, атамыз оқыған кісі ме?
- Жетіжылдық мектепті бітіріп, малдәрігерлік
техникумға түскен екен, бір жыл ғана оқыпты. Әкесі
қайтыс болып, оқуын жалғастыра алмаған. Одан
тұрмыс құрып, үйлі-баранды болған. Енді есін жи
дым дегенде соғыс басталған. Ауыр жараланып,
әрең оңалды ғой…
Мен байқамай:
Бір жыл ғана оқыған ба? – деп қаламын.
Мен Асан атамның біліктілігіне күдік келтіріп
отыр дей ме екен, әкей маған жақтырыңқарамай
қарап алады да, өз сөзін дәлелдей түскісі келгендей
әңгімесін әрі қарай жалғайды.
- Ол кездің оқуы да күшті болған-ау?! Бірақ
Қ. Әлімқұлов бәрі бірдей оқудан дейсің бе? Өз санасы сәулелі, аңғарымпаз адам да. Бес жыл оқып, институт бітіріп келген жігіттердің өзі көп нәрсені сол Асекеңнен үйреніп жүреді. Осы елдің бар малын пішетін де, балаларын сүндетке отырғызатын да сол кісі емес пе? Әкем осы тұсқа келгенде «бұған не дейсің?» дегендей маған сынай қарайды. Әрине жаңағы жігіттерді былай қойғанда, жеті жыл оқыған адам дәрігерлердің өзі бала сүндеттеуді білмейтінін түсінемін.
Сондықтан да қарттың құмарын қанағаттандырғаннан басқа түк те қалмайды. Со нымды сездіре отырып: - Адамдарға да ем-дом қолданады деген сияқты едіңіз... – деймін. - Ой, ол кезде қазіргідей ауырудың түрі де көп емес еді ғой. Буыны шыққан, сүйегі сынған, жазым болып, ет-терісі жараланғаны болмаса, бөтен кесел келе бермейтін. Ал оның бәрін Асекең «ойнап» отырып жазып жіберетін. Әрқайсысымыз өз ойымызбен: қиял құсы шағала боп шарқ ұрып, біраз үнсіз отырып қаламыз. Мен Асан атамыздың оқта-текте «тентек» суды ұрттап алып жылайтынын еміс-еміс елестететінмін. Әкем де өзі қатты құрметтейтін қарияның артында ұрпақ қалмай, қайғы жұтқан қарақан басының құрдымға кеткенін ойлайтын болса керек… Көп жылдар бойына қиян түзде, жападан жалғыз қой соңында салпақтаған адамның тірлігі де та лай-талай итке тәуелді болған тұстары аз емесау. Алыпсоқ, Майлыаяқ деген иттерінің болғанын айтатын. Жуынды-шайынды құйылған астауды аңдығаннан аспайтын иттердің де болатынына кейитін. Сырттан болар итті күшігінен тануға бола тынына тоқталатын. Қауқарсыз, бірақ қой қайыруға өте бейім ит тұқымы туралы тілінің майын тамыза, тәптіштей сөз қозғайтын.
Әкемнің әлемі Әйтсе де ит туралы әңгіменің алтын арқауы, әрине, Бәлшөк – Қасқыр ит туралы аңыздай әңгіме арқылы өтетін еді. Оның өжеттігі, сымбаттылығы, ақылдылығы, адалдығы - әрқайсысы бір жыр. Олар ды айызы қана отырып айтудан еш жалықпас та еді. Басқа иттердің Бәлшөкті көргенде құйрықтарын бұтына тығып, бейшара болып қалатынын сурет тегенде өзі де жоталанып, марқайып қалатын. Асан атаның ит жазылып, жүре бастаған кезде ар найы келіп қарап: «Оң аяғы жақсы қиуласыпты, сол аяғының бір түйір сүйегі табылмап еді, сол кемшіндігін тигізген ғой – шор болып бітіп кетіпті…» дегеніне, ақыр-соңында сол кемшін сүйек түйірінің түбіне жеткенін жалықпай баяндайтын. «Үйірлі қасқырдан қаймықпай, қарсы шабатын көзсіз жаужүрек иттің туа бермейтінін» де тауы шағылып, таусыла айтар еді. Қасқыр ит туралы сөз қозғала қалса, анамыз да айналып-толғанып отыратын. Ондайда: - Обалы қане, бекзат болмысты ит еді ғой... – деп бастайтын айтар ойын. – Басқа иттер сияқты сыртта қалып кеткен ыдыс-аяқты иіскілеп, қалғанқұтқанды талғажу етуді білмейтін. Білмегеніңіз бы лай тұрсын, басқа иттер ыдыс жаққа жақындағанын байқап қалса, азуын ақсита ырылдап, айбат шегетін де жолатпайтын. Өзі де арнайы тамақ бермесеңіз,
күл-
қоқысты тіміскелемес еді. Қанша аш болса да
қыңсыламайтын, сұраншақтанбайтын. Уақыты кел
генде өзі тамақ ішетін түкпірдегі арнайы дегерінің
жанына барып жатады.
Бір уақыт астан қалған сүйек-саяқты қосып, ке
бектен көже қайнатып беретінмін. Құдды адам
сияқты: ризашылығын білдіргендей, еркелеп қарсы
алады.
Иә, бекзат болмысты болатын.
Қ. Әлімқұлов * * * - Күздің демі күннен күнге айқынырақ сезіліп, табиғаттың етек-жеңін жия бастаған кезі-тін. Қара суық қыса қоймағанымен, түнере жөңкілген ауыр бұлттардың еңсе басқан салмағынан ызғар табы есер еді. Көңілге бір демеуі - жаз жайлаудан қой қоңды түскен. Оның үстіне, қыстаудың қолатқолтығындағы жайылымдардың да жатаған шөбінің мұрты ойылмаған күйі. Тек итқұстың қағынып тұрғаны болмаса, мал-жанға байланысты уәйім-қайғы жоқ. Атам қазақ: «Жау жоқ деме, жар астында, бөрі жоқ деме, бөрік астында» дегенді де бекер айтпаған ғой. Ол оқиға да ойламаған жерден, аяқ астынан болған-ды. Қыстағымыз қоныстанған аңғарды неше күннен бері аңдыған сабалақ жүнді, салқын қабақты қалың бұлт әуелі себелеп бастап, түн ортасына қарай нөсерлете құйған. Күн күркіреп, найжағай жарқылдап дегендей – астан-кестеңі шықты. Қойшы байқұстар да құс ұйқылы келеді емес пе, сол аласапыранның арасынан тың тыңдап, құлағымды түріп жатқам. Қашанғыдан қалып қойған әдет те бар: ауа райымен қатар қасқырдың да құтыратын дағдысы болады. Жоқ, әлде, Жаратқан ием жар болып, сездірді ме екен, әйтеуір әлденеге елегізіп, мазам кетті. Бір кезде сол қобалжуымды растағандай, Бәлшөк арс-арс ете қалды. Текті ит емес пе, ол ешқашан да жөн-жосықсыз үрмейтін. Бірден: «Қораны қасқыр торып жүр екен…» деген ой келді. Бірақ ит жалғастырып үрмей қалды. Оның үстіне қорадағы қойлар да тыныш. Қасқыр үйірімен жүруге тиіс. Ен деше, қасқыр шабуылдаса, ит те үргенін қоймауы керек те, қорадағы қой ендігі дүрлігіп кетер еді. Сон да не болғаны? Бес минут өтті ме, өтпеді ме, ит қайтадан ар
Әкемнің әлемі
сылдай үріп барып, тағы да кілт тоқталды. Бөтен
ешқандай дыбыс естілмейді. Тіпті түсініксіз… «Әлде
күн қытымырланған соң жаралы тауешкі немесе
қарақұйрық қора сағалап келіп қалды ма екен?»
Не де болса, байқайыншы деп, жеңіл киініп,
мылтығымды іле далаға шықтым. Түн тастай
қараңғы. Нөсерлеткен жаңбыр төпеп тұр. Бөгде ды
быс естілмейді. Сол кезде найзағайдың жарқылымен
жағаласа ит тағы да қораның бір қабырғасы болып
барып бітетін жартасқа қарай арпылдай ұмтылды
да, қайтадан тым-тырс бола қалды.
Мылтықтың
аузын
жорамалдап
жартасқа
қараттым да шүріппесін басып қалдым. Бір нәрсе
апыл-ғұпыл қашқан сияқты болды. Алайда неге
жорырымды білмеймін, жүгіргенде аяғының дыбы
сы біртүрлі дүңкілдеп, тұншыға шығатындай. «Түйе
болғаны ма?» деген ойдың сап ете түскені сол
еді… жасын ойнап, найзағай жарқ ете қалған: қас
қағым сәттің арасында андыздай шауып, алшақтап
бара жатқан атты кісіні көріп қалғандай болдым.
«Тұра тұр, тұра тұр… Сонда бұл атының тұяқтарын
шүперекпен орап алып, арнайы әзірленіп келген
қаскөй болды ғой?»
Солай деп ойлауын ойласам да: «Өңір ұры-
қарыдан ада еді, кім болуы мүмкін?» деген екінші
ой қосарлана кетті.
Қора-қопсыны аралап келіп, төсегіме қисайғам,
кірпігімді іліндірмеді. Күдіктенгеніме қарамастан түн
тыныштығын бұзған жұмбақ оқиға да қайталанбады.
Жаңбыр басылған соң таң бозымен тысқы шыққам.
Шатқал жақтан суық жел тұрыпты. Жұмарланған
бұлт жөңкіле көшіп барады. Жан-жағыма байып
пен қарап та үлгергенім жоқ, Бәлшөгім жаныма
жүгіріп жетті. Содан басын шұлғып алып, жартасқа
қарай тұра жүгірді. Бес-он қадам жерге жеткенде
тоқтай қалып, маған қайырылып қарады. Тағы ба
Қ. Әлімқұлов
сын шайқай шұлғып, құйрығын қамшылады. Түсіне
қойдым: мені шақырып тұр. «Соңымнан жүр» дегені.
Орнымнан қозғалғаным сол еді, құлдырыңдай
жөнелді де жартастың түбіне барып шоқиып отыр
ды. Бірдеңені иіскегендей тұмсығын тұқырады.
Маған көрсеткені. Қасына келгенде бір-ақ байқадым,
иттің алдында кәдімгі құрым етіктің сыртынан киетін
бақабас рәзіңке кәлөш жатыр. Жап-жаңа. Ішіне
жаңбырдың суы толып қалыпты. Соның өзінде
қызыл құрымы мен мұндалап, жалт-жұлт етеді.
Басқа ешнәрсе жоқ. Ізді жаңбыр шайып кеткен.
Алайда осының өзі-ақ біраз мағлұмат берер еді.
«Жарайсың!» деп Бәлшөктің жонынан сипап қойдым
да кәлөшті үйге алып келдім. Сыңар кәлөш кімге
керек дейсің? Тек итімнің ерлігі мен адалдығының
көзқақты куәсіндей сақталар дегенмін.
Қайда-а-ан?! Ол ойым да орнықсыз болып шықты.
Сол оқиғадан кейін үшінші күні қойды бөктерге
құлатып қойып, жайбарақат жайылып жүрген соң өзім
де бір шоғыр тобылғының түбінде жамбастап жатыр
едім. Күн кіші бесінге таяп қалған тұс. Ит тау аңғары
жаққа қарап үре бастады. Басымды көтеріп, көз тігіп
қарасам – салт атты адам асықпай аяңдап келеді
екен. Бағыты – бізді бетке алған. Үстіндегі адамды
танитын емес, арақашықтық біраз жер, астындағы
атын да шырамата алмадым. Біздің ауылдың адам
дары мен көрші-қолаңда мұндай жылқы жоқ. Өзі де
ірі денелі, келісті мал екен. Алыстан қаракер көрінді.
Алғашында «Теріскей жақтың жоқ іздеп шыққан
малшыларының бірі шығар?..» дегем де қойғам.
Жоқ, олай болмай шықты. Жақындаған сайын
жалғыз атты жолаушының жоқ іздеуші емес екнедігі
де, мүлде бейтаныс, бөтен адам екені де айқын
аңғарыла берді. Тіпті тойлы ауылға келе жатқан
тоқмейіл де құрметті қонақ сияқты. Мейманасы
тасымағанымен, атқа мінісінің өзінде өрлік секілді
Әкемнің әлемі
бір өзгешілік бар. Жылқысының да анау-мынау ша
руаторы емес екені көзге ұрып-ақ тұр. Ер-тұрман,
жүген-әбзелдері де әдемі, бұл жақта қат келісті
дүниелер.
Өзі де өңі сәл суықтау демесең, келісті шал.
Сұстылау көрсетіп тұрған қалың мұрты мен қаба
сақалы болса керек. «Ақсақал» дейін десем, бет-
аузын басқан түгі не ақ емес, не қара емес – жирен
ге жуық бір белгісіз түс.
Жиырмашақты қадам қалғанда тізгінін іркіп, ат
тан түскен. Қимылы да ширақ: ердің алдыңғы
қасынан ғана ұстап, жерге тік күйінде дік ете түсті.
Жас жігіттің шалт қимылына көбірек ұқсайтындай
жинақы қозғалыс.
Осы тұста ит те оқыс мінез көрсетіп қалды.
Жалпы, Бәлшөк менің жанымда болса еш адамға
үрмейтін. Бейтаныс жолаушы аттан түсіп, алдыға
қарай адымдағаны сол екен, айбат шегіп, «ыр» ете
түсті. Ызалана ырылдағанын сезіп тұрмын. «Мүлде
танымайтын адамға сонша кектенгені несі?» деп ой
ланып қалдым. Сөйткенше болған жоқ, бар «құпия»
өзінен өзі ашыла берді. Аттың арғы қапталында
болғандықтан сол аяғын көрмегенмін ғой, енді
байқасам – оң аяғында сыңарсыз кәлөші бар екен.
Жалма-жан мылтығымды оңтайлай ұстап, орным
нан қалай ұшып тұра келгенімді өзім де байқамай
қалдым. Бірақ бейтанысым сасатын емес. Бет-
жүзіндегі бір тамыры бүлк етпеді-ау бәтшағардың.
Оның есесіне:
- Нүсеке! Кешірім сұрап келдім. Міне – жаным,
міне – иманым! – деп алдыма екі-үш қадам қалғанда
қос тізерлеп отыра кетті.
Ол емес, енді өзім састым. Сасқанда: қорыққам
жоқ, қобалжығам жоқ, бірақ не істерімді, не дерімді
білмей дал болдым. Бұндайды бұрын кім көріпті?
Атып тастай алмайтыным – айдан анық. «Жарай
Қ. Әлімқұлов
ды, кешірдім!» дей салудың да жөні жоқ… біртүрлі,
ыңғайсыз сияқты. Сонда не істеуім керек?
Әккі
неме
болса
керек,
менің
бүгежектеп
тұрғанымды сезген-ау, түк те болмағандай сөзін
жалғап кетті.
- Бауырым! «Алдыңа келсе- атаңның құнын кеш!»
демей ме? Сен де кеш мен бейбақты. Ат-шапан
айыбыңды төлеймін.
Сәл бөгелді. Ойланып отырғанын, қиналып әрең
айтып отырғанын білмеймін, тежеліп қалды. Дау
ысында не үрей, не ешқандай жарықшақ жоқ, толқу
да білінер емес. Тек қадала қараған көзі өңменімнен
өтіп, ішіп-жеп барады.
- Қалауыңды біліп, не айтсаң да орындайын деп
келіп тұрмын. Ақыреттік құлым бол десең – көнемін;
қорғанышым, көмекшім бол десең – оған да әзірмін;
кешірмеймін десең – атып таста, ешкім құнымды
сұрамайды. Оллаһи-білләһи, - деп бетін сипады да
отыра берді міз бақпастан.
- Атымды біліп тұрғаныңа қарағанда, біраз
нәрседен хабардар сияқтысың. Мынаны айтшы…
- Менің атым – Нәжімитден…
- Иә, Нәжімитден, сен мынаны айтшы: айнала
қойшылар көп, неге менің отарыма ұрындың?
- Біріншіден, арғы-бергі жағыңыздағы қойшы
лардың бәрінен болмағнымен, көпшілігінен он-он
бес қойдан «алдым». Екіншіден, «Нүсіпақын сияқты
қойшылар төрт аяқты қасқырға да, екі аяқты ұрыға
да қойын алғызбайды!» деген қауесетті тексеріп
көрейін; Сізді де, өзімді де бір сынайын деп едім.
- Сөйтіп?..
- Рас екен. «Халық айтса – қалып айтпайды» да!
Мақтағанды кім жек көрсін, мен де жұмыр басты
пенде емеспін бе, кәдімгідей марқайып қалдым. «Әй,
кәз-зап-ай! Жанды жерімнен сипауын қарашы». Ол -
ойым. Осалдығымды сездіргім келмей, дауысымды
қатайтқан болып:
Әкемнің әлемі - Тағы не айтасың? – дегем. - Ешнәрсе айтпаймын, Сіздің әміріңізді күтіп отыр мын, - дейді найсап шіміркпестен. Өжет екенінде дау жоқ. Атып тастағаныма да әзір екеніне сендім. Мен де өзінің мәнеріне салып былай дедім: - Нәжімитден, біріншіден, мен сенің қораңа қол сұққам жоқ, сен арам пиғылмен ала жіп аттап отырсың. Екіншіден, ұры мен өтірікшінің сөзінде пәтуа болмайды, сондықтан да саған сенбеймін! Ашу қысты ма болмаса бетінің қытығы өре түрегелді ме, қайдан білейін, қызылкүреңітіп, са зара қалды. Менің де қолдарым мылтықты қысқан күйі қарыса берген. Бірақ ол маған емес, итке тесіле қарайды. Жүрелеп отырған жерінен ит тырп еткізбей бас салады деп қорқатын сияқты. Қорқа қоймаса да қаймығатын шығар? Өйткені, ит менің аузымды бағып, пәрменімді күтіп тықыршып-ақ отыр. Қас пен көздің арасында бүріп жіберуге әзір. - Үшіншіден, - дедім мен де алдыма келіп, қол қусырып отырған бейшараны қорлағандай болмай ын деп, - үшіншіден, мен үкімет емеспін үкім ай татын, ар-ұятыңа лайықты шешімді өзің шығар! – дедім. Солай деуім мұң екен, көзіндегі ызғар ыдырап, жылымық пайда болды. - Рахмет, Нүсеке! Екі дүниеде қарыздармын Сізге, ақыреттік тамыр болайық! – деп қос қолын бірден ұсынды. Алғашқы ойым «қолын алмай қояйын» дегенге дендеген. Көзім жанарына түскенде аңғардым, иттің көзіндей жалынышты екен. Аяп кеттім. Сауырынан сипаған асау тайдай бұлғақтап жүрген еркін еркектің балаша бүгежектеп, бейшара болып тұрғанына, пұшайман хәлге түскеніне жаным ашыды. Бір сөзбен айтқанда, аяушылығым оянды. Болмаса, менде де бір кісілік жын бар еді…
Қ. Әлімқұлов
Тағдыр да. Сол жолы қолын қағып, қайтарып
жібергенімде қалай болар еді, оны бір Құдай біледі.
Өжеттігін бағалаған болуым керек, сағын сныдыр
мадым – қолын алдым.
Қанша қаскүнем болса да ет пен сүйектен
жаратылған адамзаттың баласы емес пе, тебіреніп
кетті. Тіпті күнәмнан осыншалықты оңай құтылармын
деп ойламаса керек.
- Нүсеке, әкемдей құрметтеймін деп өтірік айта
алмаймын, әкем әлі тірі. Ағам жоқ еді, аға таптым
деп жүрейін…
- Уақытында көре жатармыз: адал болсаң –
сыйласуға, қарау болсаң – шайқасуға әзірмін! –
дедім.
Сөз осылай тәмамдалған.
Сөз тамамдалғанымен шақырылмаған қонағым
кібіртіктеп кете алмай тұр. Айта алмайды, аяғына
қарай береді. Ұқтым.
- Ауылыңа сыңараяқтанып барсаң, «Аға тауып
келдім» дегеніңе ешкім сене қоймас, кәлөшіңді киіп
кет, - деп үйге ертіп келдім.
Үйге кірмеді. Керегеге сүйеніп отырып нан ауыз
тиді. Бір тостаған айранды сіміріп салды да бетін
сипап жолға шықты. Шешең сыңар кәлөшті алды
на әкеп тастай беріп: «Ұялмай осы үшін келіп пе?..»
деп күңк еткен. Былайырақ шыққан соң сол ойды
сабақтады.
- Аға бағана да айттым ғой, имандай шыным,
кәлөш үшін келген жоқпын. Кешірім сұрап, аяғыңызға
жығылайын деп келдім.
- Оны несіне айта бересің, қол алысып, келісімге
келген жоқпыз ба? – дегем жақтырыңқырамай.
- Жоқ, аға! Қайталайын деп те тұрған жоқпын.
Кәлөшім басқа қораның қасында қалса, ешуақытта
бермас та едім. Сіздің өжеттілігіңізге тәнті болып,
өзіңізді көргім келді.
Әкемнің әлемі - Мен ешқандай өжеттік көрсеткенім жоқ. Ол мадағыңды ана итке айт! - Оныңыз да рас. Өзімді иттей қылса да итіңізге де әбден айызым қанды. Оны да көргім келді… Ал, ең бастысы, мейлі сеніңіз, мейлі сенбеңіз бәрібір әрі ол көзіңізге көлгірсіп мақтағаным да, жағынып жалпақтағаным да емес, сіз – нағыз еркексіз! – деді. - Жарайды енді, жетеді. «Қашқан жауға қатын да батыр» дейтін мақал бар қазақта. Қолымда мылтығым тұрып, ит үргенде қарғып тұрмасам – қой бағудың қажеті қанша? - Аға, оны да білмеген соң айтып тұрсыз. Менің де қаруым сай. Қашан да қоржынымда – шолақ мылтығым, белдігімде қанжарым дегендей… Жа ным қысылса – кімді де жазым қылуым әбден мүмкін. Содан соң, ұрлықты кәсіп қып жүрген соң да мен біраз шындықты білемін ғой: қай-қай қойшыда да мылтық бар. Бірақ көбісі жеме-жемге келгенде шыға бермейді. Тіпті көпшілігі қойының қорасынан ұрлағанын ешкімге айтпайды да. Өз малының есебінен үкіметке қосады, сөйтіп бармағын шайнап жүре береді. Мен де оншақты қойдан артық алып көрген емеспін… Олардың иттері де сіздің Бәлшөк сияқты емес. Қарындары тойса болды, қожайындарын да, міндеттерін де ұмытып қалады. Өйткені, оларға тамақ бергендердің бәрі – «иесі»… - Түсінбедім. - Мен қой қораға ұрлыққа түсерде қойныма бір тапа нан салып аламын. Екі-үш ит ырылдап алдымнан шығады. Жаңағы нанды үшке бөліп, әрқайсысының алдына тастай қоямын. Содан қайтып олардың менімен шаруасы болмайды… Ал, енді сіздің итіңіз де басқа болып шықты. Алғаш арсылдай ұмтылғанда бір үзім нан лақтырып едім, үндемей қалды. «Жеп жатыр, ендеше бұл
Қ. Әлімқұлов
да басқа иттер сияқты екен ғой?…» деп жүрегімді
тоқтатқандай болғанмын. Қай-да-ғы! Нанды жеп
бола сап қайта арсылдайды. Тағы лақтырам – тағы
жеп алады да қайта ұмтылады. Қашанғы аңдысатын
едік, Құдай біледі. Наным да таусылар еді… Екі-үш
қайталағанда өзіңіз шықтыңыз…
- Түсінікті. Бірақ, былай ғой. Жаңа ғана өзің:
«Жаным қысылғанда кімді де жазым қылуым әбден
мүмкін» деп қалдың. Солай-ақ дейік. Мен де ит
үрген жаққа қаратып тұспалдап мылтық аттым. Оқ
тура барып, сені тапса – не болар еді?
- Ол, енді – жазмыштың ісі. Пенде пешенесіне
жазылғанды көреді. Алайда көріп-біліп тұрып, кісіні
ату деген - оңай шаруа емес қой.
- Неге оңай болмасын? Мен деген соғысқа
қатысып, адамдарды арнайы атып қайтқан қанды
қол жан емеспін бе?
- Соғыстың жөні бөлек шығар? … Сіз оларды
атсаңыз адам деп емес, жау, дұшпан деп аттыңыз.
Оның үстіне, сіз атпасаңыз, сізді ол атады. «Ат!»
деген бұйрығыңыз тағы бар…
- Жарайды, «жазмышқа» да сенейік. Тек,
жаныңды шүперекке түйіп, өмірден баз кешетіндей
не басыңа күн туды? Құдай да: «Сақтансаң –
сақтаймын»
деген.
Тепсе
темір
үзетіндейсің.
Қиындықтан қаймықпайтының да көрініп тұр. Неге
ұрлық істейсің деймін?
Қайтіп ақталарын білмей, өтірігін құрастырып тұр
ма, сәл бөгеліп қалды. Сосын бетіме тесіле қарап
тұрып:
- Аға, мен жеке меншік малды ұрламаймын,
өкіметтің малын ғана ұрлаймын десем – «қандай
айырмашылығы бар: ұрлықтың аты – ұрлық» деп
түсінбейсіз. Сондықтан былай дегенім жөн болар:
мына көршідегі өзбек деген елде сауда жасамаған
адамды онша сыйлай қоймайтын дағды бар көрінеді.
Әкемнің әлемі
Ал орыстар арақ ішпегенді адам қатарына қоспайды.
Сол сияқты бізде де ұрлық істемейтін, өмірін қатерге
тігіп көрмегендерге мүсіркей қарайтын, тіпті жек
көретін әдет бар…
- Қай халықтың да осал тұстары болатын шығар,
бірақ мынауың – елге жала жабу сияқты. Бірлі-жарым
баукеспенің өзін-өзі алдаусыратып ақталғандағы
түрі ғой бұның? Енді былай болсын: өтірік айтқан,
ұрлық істеген адам маған жақын бола алмайды.
- Ұқтым, аға. Ендігі жерде өліп бара жатсам да
ұрлық істемеймін. Еркектік сөзімді беремін! Оны
айтасыз, енді сіздің өңірден бір де бір тышқақ лақ
ұрланбайды…
Екеуміз қайта қол алыстық.
- Сенемін, - дедім сосын. – Біздің халықта:
«Жігіттің екі сөйлегені - өлгені» деген де мақал бар.
Соны ұмытпа.
- Ешқашан ұмытпаймын! Тек бізде де: «Ит – иесіне
ұқсайды» деген сөз бар. Бәлшөкті сізге Алла берген.
Сіз де ұмытпаңыз! Ал енді сау болып тұрыңыз. Екі-
үш күннен кейін арнайы келіп қайтамын, - деп атта
нып кеткен.
- “Қайтып келген қыз жаман, қайта шапқан жау
жаман” демекші, ұсынысын қабыл алмасам, жа
панда жалғыз отырған үйге қайта ұрынып, қастық
қылуы мүмкін деп қорықтыңыз ба? – деп сұрап едім
әкейден.
- “Қайтқан малда қайыр бар” дейтін де мақал
бар емес пе? Жоқ, қорыққан да, қаймыққан да, тіпті
үрейленген де емеспін. Біз – “Құдай өзі берген жа
нын өзі алады”, “Қорықаннан жан қалмайды” деген
түсінікті сіңіріп өскен адамдармыз. Өзекті жанға –
бір өлім, пешенеңе жазылғаны болады да?!
Жалпы, біздің ауылға соғыс жылдарында жер
аударылған көп адам келді ғой. Әрқайсысы үш-төрт
үйден: немістер, кәрістер, шешендер, ингуштер,
Қ. Әлімқұлов
күрділер қоныстандырылды. (Мен де жақсы білемін,
соңғыларын әзірбайжандар деп әкелген, кейін Мес
хет түріктері деді. Өздері “күрділерміз” десті. Әрі
өмірге тым икемсіздеу, ықылас-ұмтылыссыз жан
дар сияқты әсер қалдыратын. Хусейн деген бір жігіт
ағасы жасындағы адамды жараған бура таптап
өлтіріпті. Содан кейін үш отбасы да Хусейн бауыр
ларын жер қойнауына қалдырып, басқа жаққа көшіп
кетіпті).
Біраз чешен азаматтарын Нажимитденге дейін де
білетінмін. Ел болған соң, неше түрлі адамдар кез
десе береді де. Қай-қайсысының да жайсаңымен
қатар жаманы да жүреді. Тек, чешендердің (мен
осылай алып отырмын, болмаса әкей де , былайғы
жұрттің бәрі де “шешен” дейді”) бір ерекшелігі бола
тын: өмірге, басқа жұртқа деген бір өшпенділігі бар
сияқты еді. Дінге құлай берілгендеріне риза болу
шы едім. Алайда: “Алла” деп, ант ішкендей болып
тұрып өтірік айтып, ұрлық істегендерін ұнатпадым.
“Кілең қайсар жігіттерді содан да Құдай қолдамайды-
ау?” деп те жорамалдаушы едім. (Әрине, олардың
сан ғасырлар отаршылардың бұғауымен алы
сып, қанды қырғыннан көз ашпағанын, сол кездің
өзінде халықтар достығының үлгісіміз деп көкірек
соққан Кеңес үкіметінің де арттарынан шырақ алып
түскенін, бүтін бір ұлтты бір түннің ішінде қойдай
тоғытып, қияндағы қазақ жеріне қаңғытып жібергенін
әкей біле бермейді).
- Жалғыз-ақ, Нәжімитден басқаларынан өзгеше
леу, көкірек көзі ояу, өтірік айтпайтын, мәрт жігіт, -
дейтұғын. Демек, олай деуге негізі болып тұр-ау?!
Ол енді келер-келмес, араласармыз-араласпаз
пыз, оны бір Құдай біледі, әйтеуір жаңбырлы түннің
оқиғасына қанық боп, Бәлшөгіме тағы бір мәрте
ризашылығымды
жаудырып,
күнделікті
күйбең
тірлікпен жүріп жаттым. Содан кейін де араға бір-екі
Әкемнің әлемі
күн түсіп кеткен. Өзіміз отырған сайдың желкеснідегі
Жыланды жазығына қойды қаптатып жіберіп, қарап
отырғам.
- Айтпақшы сол жерде жылан көп пе еді? – деп
мен де сұрай қоямын. Өйткені жыланға байланы
сты да біраз әңгіме атйқаны бар болатын.
Осындайда ойды ой түртіп, ортаға тықпыштамай-
ақ қояйын деген орамымды ойқастатып жібермей
ме? Бұл тұрғыдағы аңыздай айтылғанына қара
мастан, өмірде нақты болған жәйіт жөніндегі
әңгіменің бірі төмендегідей.
Ауылдың күншығыс бетінде жерінің сортаңдау
лығына қарамастан, доғаланған топ жыңғыл өсетін
де ортасындағы ойдымда бүлкілдеген қайнар
бұлақ болушы еді. Жылғасы да, жұрнағы да жоқ.
Тек суын қанша алсаң да тартылмайтын, мүлде ал
май қойсаң да кенересінен артылмайтын. Сәдірмек
деген әпенделеу атамыз жұрттан жырылып, сол
жерде оңаша тұратын. Азан шақырып қойған атын
ұмытып, ауыл-ағайын Төкіш деп кеткен жалғыз ұлы
әскер қатарынан келген соң жалаңтөстеніп алып,
жуынайын деп қайнарға қарай бармай ма? Алдынан
ысылдаған қарашұбар жылан шығады. Мейманасы
тасыған жігіт оны өлтіріп тастайды.
Келесі күнгі таңертең табалдырықтың аузында
дәл сондай екі жылан жататын көрінеді ысылдай
айбат шегіп. Оларды да ойланып жатпай өлтіріп
тастайды.
Үшінші күні үш жылан жатады дейді. Абырой
болғанда анасы араласып, бастарына ақ құйыпты.
Содан саябырсыған сыңайлы.
Бірақ құлағдар болған үлкендер қауіп қылады.
Жаманшылықтың хабарындай қабылдап, Төкішке
налиды. Сөйтіп жүргенде қаптаған жылан қайнарды
қоршап алып, суға жан жолатпайтынға жетеді.
Жұрттың дегбірі қашып, берекелері безеді.
Қ. Әлімқұлов
Шаруашылық орталығына шабарман шығып, аудан
мен облысқа қолқа салынады.
Ақыр аяғында өкімет араласқандықтан, Алматы
дан арнайы ғалымдар келіп, зерттеп-зерделеген соң
әдейі жабдықталған машиалармен қайнарбұлақтың
басынан жылан тасылды дейді. Тіпті апталап ол
жерді әскер мен милиция қоршап тұрған көрінеді.
Жұрттың жыр ғып айтқаны: «Он сегіз мың жы
лан аулапты!» болып, біраз жыл жаңғырыққан. Сол
тұста аудан немесе облысқа барған ауылдастары
мыздан былайғы ел «Оу, әлгі жыландарың не бол
ды?» деп, жөн сұрасатын болыпты-мыс.
Ал, өзіміз бала кезде жыланның неше түрін
көрдік. Тіпті Үйеңкілі өзенінің иірімдерінде сары
бас су жыландармен бірге талай жүздік те. Алайда
оның бәрі басқа әңгіменің арқауы.
- Бұрын көп болған деседі. Қарақойнау өңірінде
қыста қар жатпайтынын өзің де жақсы білесің,
жауған күйі еріп кетеді ғой. Демек жердің асты
жылы. Білгіштер уран бар екен, алтын мол екен,
сондықтан жыланның көп болуы – заңды деп жа
тады. Кейіндері біз көп жылан байқағанымызбен,
үйірін көрмедік. Соғыстан кейін-ақ сол жерлер
де жүрдім, байқамадым. Енді бірлі-екілі жылан
қай жерлерде де бар шығар? Есесіне қарақұрт көп.
Бірақ одан қиянат көрген адамды жолықтырған
жоқпын. Ал енді, мына қызықты қара: қазақы қой
сол қарақұртыңды қуып жүріп жейді және қарақұрт
жеген қой қолма-қол қоңданып, тез семіреді. Оны өз
көзіммен көріп, көкірегіме түйгем...
Жазықтың қарсы қапталына отарын оттатып
көрші шопан Сыдық келе қалған. Екі-үш жас кішілігі
бар, бір атадан тарайтын ағайындас адам болатын,
келіп сәлем берді.
(Бойы биік, бірақ ылғи еңкіш тартып, бүктетіліп
жүретін бір мейірбан жан еді, жарықтық. Менің де
есімде…)
Әкемнің әлемі
Мал-жанның амандық-сауалығын сұрасып, оны-
мұныны әңгімелеп біраз отырдық. Малына алаңдап,
асыға берді. Бұрын ондай дағдысы жоқ еді, оның
үстіне отары көз алдымызда жусап жатыр. Соның
жөнін сұрағанымда:
- Кешкісін қораға қамағанымда малым түгел
сияқты еді. Ертеңгісін, өргізерде санағанымда – он
үш қойым кем боп шықты. Қайтара санауға мұршам
болмады. Жаңа қайырып жүріп байқасам: бір қоңыр
төбел еркек қой мен семіз ту саулық көрінбейтін
сияқты… - дегенді сенімсіздеу айтты. Табылып
қалатынына әлі де үміт артатын сияқты. Тіпті,
санағанда қателестім бе екен дейтін ой да жоқ еме
стей.
Қылп ете қалдым. Нәжімитден есіме сап ете түсті.
“Енді ешқашан ұрлық істемеймін, бұл өңірден мал
жоғалмайтын болады” деген сөздері құлағымда
жаңғырығатындай. Бірақ інішекті қобалжытпай-ақ
қояйын деп:
- Күйлі мал бірін-бірі кимелеп саната да бермейді
ғой, жаңылысып, қате санаған шығарсың? Бөлініп те
қалуы мүмкін… - дей салдым.
Әлгі әңгімеден кейін, ертесінде ежелгі танысым
дай, артынып-тартынып чешен тамырым келіп тұр.
Екі езуі екі құлағында. Өңгеріп келген екі қабын
түсіріп, үлестіріп жатыр. Маған келіскен ер-тоқым
әкепті. Керемет-ақ! Жұрт “офицер ері” дейтін. Он
дай ер үлкен қызметтегі мықтылардың ғана қолына
түспесе, былайғы жұртқа жеткізбейтін.
- Менің ер-тұрманға әуестігімді қайдан білдің? –
деп сұрағанмын.
- Алғаш келген күні мен сіздің итіңізден көз ал
май, иттей боп отырғанда, сіз ер-тұрманға қарай
бергенсіз, - дейді бәтшағар қутың-қутың етіп. Ой,
Алла-ай десеңші, адамнан айла артылмайды екен-
ау?!
Қ. Әлімқұлов
Қонақ болып жағдайын айтып, асықпай аттанды.
Қу кәсібі болмаса, кәдімгідей-ақ көкірек көзі ашық
жігіт екен.
Кешегі Сыдықтың әңгімесі есіме түсіп, кетерінде:
- Маған көрші қойшының қорасынан он үш қойдың
ұрланғаны мәлім болып отыр. Әнеукүнгі уәде
күшінде ме? – дегем. Тұспалым емес пе, болмаса
кешеден бері іркіп отыра алам ба, тәйірі.
- Аға, мен екі сөйлемеймін! Ұрлаған адамды таба
мын да, енртең түнде орнына қайтарамын! – дегенді
нық айтты.
…Қойшының тіршілігі де қай бір оңған тіршілік
дейсің, күнделікті күйбеңмен ұмытып та кетіппін, екі-
үш күннен кейін жолыққанда Сыдықтың өзі былай
деген:
-Нүсеке, мен шаршаған шығармын. Неше күннен
бері кем болып жүрген он үш қойым ертеңгісін
санағанымда түгел болып шықты. “Бөлініп қап,
өрістен қосылған ғой” дейін десем, кешкі санақта да
жоқ еді…
- Е-е, түгел болсын лайым! Жаңылыс санап
жүргенсің ғой? – дегеннен басқа не дейін?
Шынында да, біреу емес, екеу емес – он үш қойды
бірдей ұрлап кету дегенің – қиынның қиыны емес
пе? Жарайды, соны кәсіп қылып жүрген қулар ғой,
ұрлады. Ал, сол он үш қойды білдірмей, қайтадан
қораға кіргізіп кету деген… басқаны қайдам, менің
миыма сыймайтын-ақ нәрсе.
* * *
Осы жерде әкейдің әңгімесін доғара тұрып,
мен бір шегініс жасайын. Әрине, итке байлнысты
менің бала жадымда айтарлықтай ешнәрсе жоқтың
қасы. Ал айтайын деп отырғаным, сол итке байла
нысты туындайтын, әкейдің «шешен тамырының»
Әкемнің әлемі
тіршілік-тірлігіне қатысты бір-ер мағлұмат. Қасқыр
иттің тағдырына содан соң қайта оралармын.
Мен Нәжмитденді қойдың қотанынан көрмеген
сияқтымын. Мүмкін көрсем де есте қалмаған бо
лар, кім біледі? Есесіне, оның Дәуіт деген баласы
мен бір жаз бойы ойнағанымды ұмыта да алмайтын
шығармын?! Бәлкім балалық шақтағы еш алаңсыз
беймарал санама сәуле шашып тұратындығынан
болар? Кей-кейде ет жүрегім елжіреп, соншалықты
бір сағынышпен еске алатыным бар.
Өзімнен екі жас үлкен ағайым Елеу екеуіміз тете
болғандықтан шығар, шекісіп қала беретінбіз. Ол
да қайбір қақтығыс болсын, әйтеуір жоқтан өзгеге
ерегісе түсеміз де. Дәуіт бізден бес-алты жас үлкен
еді әрі біздің түсінігімізде білмейтіні де, қолынан
келмейтіні де жоқ ересек бала-тұғын. Оның үстіне,
қаншалықты өжет болса, соншалықты мейірбан-ды.
Елеу бауырымыз екеуіміз кезекті бір ұстаса
қалған тұста:
- Сендер - бір әке, бір шешеден туған
қандассыңдар. Сондықтан бір-бірлеріңмен соғысуға
болмайды. Қайта, біреуіңе басқа бала тиіссе –
екеуің жабылып сабауларың керек, - дейді.
Ол «өсиет» бізге, әрине бірден дарып кетпейді.
Дей тұрғанмен де, ұстасуымыз бірте-бірте сирексіп,
сөз мәні сүйегімізге сіңе береді. Әлбетте, ондай
тілекті ата-анамыз да қақтығыса қалған сайын
құлағымызға құяды десем артық айтқандық емес.
Бірақ балаң санамызда: «Әке-шгеше болған соң
айтуға міндетті ғой» дейтін ұры ой сығалап тұратын.
Ал Дәуіттің айтуы – мүлде бөлек мазмұнға ие бола
қояды.
Дәуіт те бізді тәрбиелеуден жалықпайтын. Өзі
де білгіш-ақ еді. Дүкеннің ойыншығы деген ұғым
да жоқ уақыт қой. Малдың сүйек-саяғынан, ырғай,
тобылғыдан, қораның қамысынан, тері мен жүннен
Қ. Әлімқұлов
неше түрлі ойыншық жасап береді. Мәселен, қойлы
ауылда не көп – асық көп. Елеу екеумізде екі дор
басы бар. Оқта-текте ермек демесең екеуден екеу
қашанғы ойнай береміз. Оның үстіне, Елеу ересек
теу болған соң ұта береді. Несі қызық?
Міне, сол көзге ілінбей, шашылып жататын
асқытарды Дәуіт тастың қынасына бояп берген
де – мүлде басқа. Кәдімгідей жаңа ойынның түрі
ойлап табылғандай болғанымыз әлі есімде. Ал
әрқайсымызға іріктеп отырып, сақа сайлап, оларға
қорғасын құйып бергені ше?
Дәуіт сондай-ақ құрт пен ірімшікке қатты құмар
еді. Рахаттанып жейтін. Біз оның үйінен арнайы
алып келетін шөрек-нанына керемет қызығатынбыз.
Ол жүгерінің ұнынан, ұнынан да емес, қол диірменге
тартылған талқанынан пісірілетін. Таңсық болғаннан
соң да ма, жеңсік астай болып көрінуші еді.
Бір сөзбен айтқанда Дәуіт біздің балалық
дәуренімізді
дауылдатып
өткен
думанды
күндеріміздің көмескі көрінісіндей көкейімізде қалып
қойды.
Бүгінде ғой біздің санамыздың бір түкпірінде
«белгілі емес пе?» немесе «Е-е-е, соны қойшы!»
деп бас қатыра бермейтін болып, сондай қалыпқа
етіміз өліп кеткен. Ойлана қалғанның өзінде «оның
қандай пайдасы бар: тиімді ме, тиімсіз бе, ел ол ту
ралы не деп ойлайды?» деген сияқты сан түрлі са
уалды саралап, кимелеген күдікке көмілдіріп әуре-
сарсаңға түсеміз.
Ал бала жанының нұрлы жүрегіне, күнге телміре
тілеу тілеген күнбағыстың көзіндей нәзік те мейірбан
жүрегіне әрбір әдемі сөз, әрбір әдемі әрекет, әрбір
әдемі
жаңалық
жанартаудың
бұлқынғанындай,
жасынның жұлқынғанындай әсер етер еді. Әрі
ол әсер арада қаншама жылдар өтсе де сағымға
сіңіп, солғынданбай, қайта, керісінше самаладай
Әкемнің әлемі
жарқырай жаңғырып, әр еске алған сайын аялап,
саялап, әлдилей бермек, әлдилей бермек...
Мен мектепке баратын болғанда әкей өкіметтің
отарын өткізіп, қойшылықпен қоштасты да ауылға
көшіп келді. Ол кезде Дәуітпен тіпті бір үйдің бала
сындай болып кеттік. Жазда – балық аулап, өзенге
шомыламыз, қыста - қоянға тұзақ құрамыз, күзде
- қырғауыл – бұлдырық атамыз. Ара-арасында үйге
шөп, отын тасып қорятынымыз тағы бар.
Әрине оның бәрін, негізінен Дәуіт атқарады ғой.
Бірақ мені қасынан тастамайтын. Өзі не істесе,
маған соны үйретеді. Мен де қызығып, көрген-
білгенімді Дәуітше істеуге тырысатынмын.
Күндердің күнінде, 1961 жылдың күзінде жер
аударылып келген шешендер туған жерлеріне
– Қапқазға көшетін болды. Айта берсе олардың
қоштасу рәсімі туралы көз көріп, құлақ естігендердің
әңгімесі көп-ақ. Мен соның екеуіне ғана тоқталайын.
Біріншісі, үш үйлі шешен әулетінің , жалпы
саны жиырма шақты жанның біздің ауылға, оның
жұртына, сол арқылы бүкіл қазақ халқына, оның
қасиетті жеріне деген риясыз ризашылығы хақында.
Әлбетте, ол тұста өздері де «Құдайлап» әзер
отырған ауылдстарымыз зорлық пен зомбылықпен
жер аударылып келген жұртты қуана, құшақ
жая қарсы алды дей алмаймын, бірақ олардың
да тұрлаусыз тағдырына түсіністікпен қарап,
жанашырлық танытқаны, бүтін дәнді бөліп жемесе
де там-тұмдаған талқанын қонақжайлық қалпымен,
бауырмашыл салтымен бірге жегендері хақ. Көптігін
көрсетіп, әлімжеттік жасамағаны, жаттығын таны
тып, өзекке теппегені тағы рас. Қолынан келген
ше қамқорлық жасап, ретіне қарай көмек қолын
созғаны да, қалыпты тіршілік етіп, өсіп-өнуіне
кедергі келтірмегені де ақиқат.
Соның қайтаруындай, ертең көшеміз деген кеште
Қ. Әлімқұлов
үлкен той болды. Сол тойға ауыл адамдары түгел
шақырылып, бір шала мереке орын алды. Сол кеш
те шешен әулетінің ақсақалы тоқсанға келген Тоқ
ата қазақтарға жылап тұрып, аппақ қудай басын
жерге жеткеше иіп тұрып мың мәртебе алғыс айтты.
Тебірене тұрып небір тәуір сөздерді төгілдірді.
Өздері де ауылдағы ауқаттылар қатарында-
тұғын. Соғыстың салдарынан сорлап қалған жесір
лер мен жетімдерге басы артық мал-мүліктерін
атап, ағайынның көзінше үлестіріп берді. Біреуіне
– бұзаулы сиыр, бреуіне – қозылы қой, енді біре
уіне - лақты ешкі, бсқаларына кебеже, арба, одан
кейінгісіне сандық дейсіз бе, былайғы жұрт та
жырғап қалды.
Әкейге шашасына шаң жұқпас кер жорға сый
ланыпты. Жәушеңділікте анау-мынауға қозғала
қоймайтын әкейдің қалбалақтап, балаша қуанға
нын сонда алғаш рет көрген шығармын?! Жылқы
жануардың да соншалықты сұлу мүсінді бола
тынын сонда алғаш рет аңғардым-ау деймін?
Кейінірек ер қанаты атанған түлік түрінің тектілігін
де сол кержорғаны білу арқылы танығаным да жа
сырын емес.
Несін айтсыз, әкей әдемі әбзелдерін тағып
алып, сол сайгүлігімен той-томалақтарда талай-
талай желпінген жігіттерді тамсандырды ғой... Он
дайда маған әкем мен кер жорға бөлінбейтін бір
бүтіндей де көрініп кететін. Сонда: «Шіркін, жанда
рында Қасқыр ит болар ма еді!» дегенді өкінішпен
армандайтынмын. Алайда адам баласының арма
ны таусылған ба?!.
Екіншісі - менің туған жердің бір уыс топырағы
туралы түсінігіме тың мазмұн қосқан маңызды
оқиға-тын.
Түннің бір уағына дейін тойлап, таң алдында
ғана тарасқан шағын ауылдың кейбір тұрғындары
Әкемнің әлемі
күн кірпігін қағуы мұң екен, Тоқ ақсақалдың ауласы
на қайта қотарылған. Өйткені сол күні орталықтан
көлік келіп, олар жүктерін тиеп алып көшулері керек.
Бізге ғой көштің толық мағынасы көмескі де,
«шешендерді» тиеп әкетуге машина келеді» деген
хабардың дүмпуі әлдеқайда маңызды. Оқта-текте
болмаса машина көре бермейтн кезіміз емес пе,
көріп қалу – нағыз той.
Түске таянғанда көлік те келіп жетті-ау. «Урал
ЗИС». Одан басқа машинаның түрі болуы мүмкін
деген ой орала қоймайтын тұс. Күнделікті тіршілікке,
әсіресе жолда, еліне барған кзедегі алғашқы
қажет болатын буынтықтарын тиеп боп, өздері де
жайғасты. Сол кезде қария өз тілдерінде бірдеңе
деп еді, Висит деген баласы бақшаларынан жар
ты қаптай кәдімгі топырақты әкеліп, машинаға
салды. Басқаға қайдам, маған бұл әрекет біртүрлі
көрінді. Бағасы бәлендей мал-мүлкін тегін таратып
жатқанда, түкке тұрмайтын топырақты не қылады?
Сонда менің есіме, Қасенбай атайдың сөзі
мен соған байлакнысты өз пайымым түсе кеткен.
Қасенбай баласына Ілияс деп ат қойғаны үшін
І.Жансүгіров атылып кеткен соң «халық жауы» боп
жиырма жыл Қиыр шығыста түрмеде отырып кел
ген аталас ағайынымыз. Қамауда өкпе ауруына
шалдыққан екен, елге келген соң сегіз айдан соң
қайтыс болды. Күрк-күрк жөтеліп жүріп жалған
дүниеден өткен-ді. Сол кісі лайым: «Туған жердің
бір уыс топырағы бұйыратын болды ғой, бүгін өліп
кетсем - арманым жоқ!» деп отыратын жөтелден
сәл құтылғандай тұстарда. Бала пайыммен: «Е,
туған жердің топырағы өлгенде керек екен ғой?»
деп ойлайтынмын.
Ал, бұлардың жөні бөлек емес пе? Тоқ қария
болмаса, басқаларының өлімді ойлайтын реті
жоқ. Жалғыз шалға бір уыс та емес, жарты қап
Қ. Әлімқұлов
топырақтың қажеті қанша? Жалпы олар өлуге емес,
өз туған топырақтарына барып өмір сүруге, қуана-
қуана қайтып бара жатқан жоқ па? Сұрақ көп, жауап
жоқ.
Осыны Дәуітке айтқанмын. Айтпақшы, Нәжмитден
«ата кәсібін» қойған соң, достарынан қағажу көріп,
біздің ауылға көшіп келген. Жекеменшіктің малын
бағып, ауыл арасына абыройлы азаматқа айналған
болатын. Дәуіт иығын қиқаң еткізді де әкесінен
сұрады. Әкесі маған күле қарап тұрып:
- Біз ол жақтың суынан жерініп қалдық. Бірден
барып бас қойсақ, іш ауруына шалдығамыз.
Сондықтан барған бойда мына топырақтың бір уы
сын шелектегі суға саламыз. Соны тұндырып ішіп,
жерсінгенге дейін солай пайдаланамыз, - деген.
Сонда менің сәби түсінігіме «е-е, үлкендер айта
беретін бір уыс топырақ тіршілік ету үшін керек екен
ғой?» деген ұғым ұрығы түскен.
Айтпақшы, шешендер машинаға отырған кезде
әкей Нәжмитденге ораулы бір нәрсені беріп тұрып:
- Мынау Бәлшөктің соңғы алған арланының
терісі еді. Жеңіл ғой, ала кет. Қасқыр итті де есіңе
ала жүрерсің – деген.
Тамыры теріні алып тұрып, әкеймен төс
қағыстырып қайта қоштасқан-ды.
- Бәлшөк маған жеті жыл сенімді серік болып, адал
қызмет етті, - деп бастар еді ит туралы әңгімесінің
соңын әкей әжәптәуір мұңая отырып. – Ақыры ажалы
да адам баласының аңға деген қаскөй қатыгездігінің
сладарынан жетті.
Алдымен адам қасқырға қиянат жасады. Сосын
қасқыр адамға кектеніп, өш алуға кірісті. Оны қайдан
түсінсін, өз міндетіне адал ит қасқырларға қарсы
шықты. Сөйтіп, аз-кем арпалыстың ақырында ит те,
қасқырлар да өлім қапты. Адамдар түк болмағандай,
қу тіршіліктерін қаузап, күйбеңдеп жүріп жатыр…
Әкемнің әлемі Әкей осыларды айтады да біраз ойға кетеді. Сол тізбектелген оқиғалардың санасындағы сүреңсіз суреттерін көз алдынан қайта өткізіп, өзегі өкініштен өртенетін болса керек. - Сыдық екеуміздің қыстауымыз тіпті жақын болатын. Бір қырдың екі қапталына көрші қоныстанатынбыз. Бастапқы оқиға сонда орын алған екен, ақыры осында аяқталып тынды. Тек соған се беп болған еренсіздік, бүгінгіше айтқанда оқиғаның алғышарты - жаз жайлауда басталған екен, мен оны әбден кейін, болар іс болып, баяуы сіңгенде бірақ білдім. …Сыдық өзі жалғызлікті еді ғой. Тумасынан төртеу еді: ең кенжелері енді ес кіргенде Іленің суына ба тып өлді. Иірімге түсіп қалыпты. Ағасы мен тетелес інісі соғыстан қайтпады: үлкеніне “қара қағаз” келді, кішісі “ұшты-күйлі жоғалып кеткендердің” қатарында қалды. Сол хабар-ошарсыз інісі Қаратайдың жалғыз ұлы бар болатын. Аты кім еді, жолың болғырдың? Е-е, Бекбатыр. “Жаман иттің атын Бөрібасар қояды” демекші… Бірақ, кім баласын жаман болсын дейді? Оның үстіне, әкесі жоқ ұл бала тегі быт-шыт боп өседі-ау?! Шешесі соғыс біткеннен кейін төркініне кетіп, сол кеткеннен қайтап келмеді. Өзі де діні қатты әйел екен, тұла бойы тұңғышы, жалғыз ұлына да бір ат ізін салмады-ау, қызталақ. Ел іші өзі-ақ тәрбиелейтін еді, Сыдық өкіметтің қойнынан шыға алмаған соң, амал жоқ интернатқа берген. Сол жақта жүріп өз сүйкімін өзі кетірді сол бала. Бәлен деп кінә арту да қиын. “Жетім қозы – тасбауыр” де ген де бар. Қалай болғанда да әумесерлеу болып өсті. Адам парықсыз болғаннан кейін, басқаның бәрі бекер. Мектепте жүргенде-ақ темекі тартады, арақ ішеді дегенді Сыдықтың өз аузынан естігем. Оқуды да оңдырмады. Жеті жылдықты әупірімдеп
Қ. Әлімқұлов
әзер бітірген соң, училищеге - трәктірдің оқуына
барған. Басқа балалар ешнәрсені оқымай-ақ ау
ылда мәшине болмағанымен трәктірді шырқ иіріп
жүр емес пе? Оның немен тынғанын қайдам,
әйтеуір әскерге алып кетіп, Сыдықтың көзі үш жылға
ашылған-ды.
Сол бала әскерден келіпті дегенде амандық-
саулығын білуге Сыдықтың үйіне бір бардық, екі-
үш күннен кейін үйден дәм татсын деп шақырып,
арнайы қонақ қып күттік – екі көрдім ғой: әскер де
түзей қоймаған сыңайлы. Бойы өсіпті демесең,
ойының өскенін байқай алмағанмын. Қайта, орыс
ша бірмедемелерді былдырлап, бөсіп сөйлеп,
берекемізді қашырған. Міне, сөйткен Бекбатыр
Бәлшөктің де түбіне жетіп тынды...
Сыдық байқұстың бір жағына шығуына болатын
еді де. Тепсе, темір үзетін соқталдай жігіт. Үйленем
десе, біреудің қызын алып беріп, отау ғып шығарып
қояр да еді. Бірақ Жаратушы саңлау бермеген соң
бәрі де бекер екен. Салақтап жүріп алды. Адамның
түк істемей, қалай бос қарап отыратынына қайран
қаламын. Жарты сағат – бір сағат бос болып қалсақ
– қолымыз алдымызға сыймайды, жаратылысының
қандай екенін ұқпайсыз. Шіркіннің іші де пыспайды
екен!
Ешнәрсе істемегені-ақ жөн екен… Аяғының уы
бар ма бәтшағардың, жүрген жеріне шөп шықпайтын
ғой!
Бір-екі ай қыдырыстады. Бір-екі аяқ босатқаннан
басқаны білмей тағы жатты. Содан Сыдықтың шолақ
мылтығын шошаңдатып тау-тас кезуді әдетке айнал
дыра бастап еді. Арқар, тауешкі атып, суыр аңдып
жүреді де. Сөйтіп жүріп Желтиместің желкесіндегі
қасқырдың апанына, яғни - ұясына кезігеді.
Сол арада қасқырдың іні бар екенін біз де
білетінбіз. “Иттің иесі болса, қасқырдың киесі бар”
Әкемнің әлемі
дегендей, ит-құс өз апанының айналасындағыларға
тиіспейді, қайта қорғыштап жүреді. Ол – адамдар
ды аяғандығы емес, бөлтіріктерін қорғағаны, ізін
жасырғандағысы.
Сандалып жүріп сол қасқырлардың мекеніне
Бекбатыр тура тап келсін. Басқа үш бөлтірігі адам
ды бұрынырақ байқап қалып, індеріне жасыры
нып үлгерген көрінеді. Әлжуаздау біреуі қолға
түсіп қалады. Соны Сыдықтың үйіне алып келіпті.
Жөндеп қарамағандықтан ба, жоқ, әлде, иттер та
лап тастады ма екен, бөлтірік өліп қалған. Бек
батыр болса оны да ешкімге айтпастан қораның
артындағы қоқысқа тастай салады. Міне, Сыдықтың
қонысына деген қасқырлардың өшпенділігі содан
басталады.
Тегінде “Қасқыр да қас қылмайды жолдасына”
деген де рас, сол “достарының” “иттігіне” шыдай
алмағандығы да шындық. Ақиқатын айтқан абзал,
“Қасқырдың аузы жесе де – қан, жемесе да – қан” деп
қаралай беру де қиянат қой. Өңірдегі елге де, малға
да өгейілік танытпай, өз бетінше өніп-өсіп, өмір сүріп
жатқан; жыртқыш та болса жан иесіне, адамзат ба
ласына өзі барып ұрынып отырмаса – қасқырға
қандай кінә тақпақпыз? Сорлыны соған мәжбүр
еткен өзімізді жазғырғаннан басқа амал қәне?! Ең
өкініштісі – күні бүгінге дейін көпшілігіміз олай пай
ымдамаймыз, әттең! Хақ тағала дүниедегі ешнәрсені
де артық не кем етіп жаратпаған: табиғаттың өзіндік
тепе-теңдігі де, үкілі үйлесімі де – сонда дегенді мой
ындай алмаймыз. Ал, күпіршіліктің көкесі - өзімізді
Құдай санауға бейімделіп бара жатқанымызда.
Әуелі бір-екі рет өрісте жүрген отарға тұтқиылдан
тиіп, оншақты қойды алқымдап кетіпті. Ол тұста
қандыауызға айналып қалған үш бөлтірігімен бес
қасқырлы үйір екен. Болмай бара жатқан соң,
бір топ жігіт үйірлі қасқырға қарсы ұрыс салады.
Қ. Әлімқұлов
Жасырынған бөлтіріктің біреуі топтың ішінен тура
Бекбатырға атылыпты. Абырой болғанда, сақадай
сай келе жатқан қарулы жігіттердің бірі ырдуан
қамшымен ұрып үлгеріпті. Екінші бөлтірікті оқпен
жыққан көрінеді де, қалған үш қасқыр қара үзіп,
құтылып кеткен.
Араға апта салып үш қасқыр түнделетіп қой
қораға түседі. Дүрліктіріп, оншақты қойды тағы бау
ыздап тастапты.
Тіпті, басынған болса керек, бір күннен кейін
қайталап шапқан ғой. Соның ертесінде Сыдық аға
әкейге ол оқиға туралы былай деп әңгімелеп беріпті.
Қасқырлар түні бойы қораны торып жүріп алыпты.
Әшейінде құйрықтарын бұтына қысып, доңайбат
көрсетіп қана шәуілдегені болмаса, қыңсылап
қора-қопсыға қашып тығылатын иттері өршелене
үріп, қораны айнала шапқылап, кәдімгідей қайрат
көрсеткен ғой. Өзі де қайран қалыпты. Бір өзгерістің
барын біліп, барлай қараса: өзінің үш иті төртеу бо
лып кеткенін аңғарады. Тіпті, алғашында иттерінің
арасында бірге жүгіріп жүрген “қасқырды” көргенде…
ешнәрсе ұқпай қалыпты.
- Сөйтсем, үш итті “қорғаныс ұйымдастыртып”
жүрген… Сіздің Бәлшөк екен. Ол қашан, неге кел
ген… түсінсем бұйырмасын, - деп таң қалыпты
Сыдық аға.
Ақырында қасқырлар таң атар шақтың таяу екенін
аңғарса керек, ашық айқасқа шығыпты. Үш бірдей
қасқыр тап беріп, тұра ұмтылғанда иттер де не
істерлерін білмей сасқалақтап қалыпты. Ал Бәлшөк
болса қарсы жүгірген. Арындап келіп қалған арлан
айласын асырып, қасына жеткенде бұлт ете түскен
итке шалына, бір аунап кеткен көрінеді. Сол мезетте
арланды айбат қып соңынан ерген қасқыр да иттің
қапталына келіп қалған екен… қас қағым сәтте қаңқ
етіпті де, бүктетіліп жатып қалыпты.
Әкемнің әлемі
Қасқырлардың пысы басып, әбден қорқып қалған
иттер де ұяластарының қайратын көріп қауқарланып
қалса керек, қашпай, қарсылық көрсете бастап
ты. Осы тұста Сыдық та мылтығын атып, айқайлай
ұмтылған.
Екі қасқыр сытылып шыққан бойда жан тасалап
жотаға қарай қаша жөнеліпті. Бәлшөк қуып жетіп,
арланның сауырынан шаппақ екен, әккі қасқыр
сауырынан сипай қамшылағандай ғана тістетіп,
айбат шегіп, ырылдай қашып, азуын дарытпапты.
Қаншық та қолма-қол қайырылып, жабыла кеткісі
келгендіктен ит те көп құлшына шайқаспаған сияқты.
Соны аңғарған қос қасқыр жоннан асып жайына кет
кен көрінеді.
Ертесіне, жарық түскен соң тұрмай жатып қалған
бөлтірікті қарап көріп, терісін сыпырып алғанмын.
(“Бөлтірік” дегенді Арлан мен Қаншық қасқырларға
қатысты айтады да, болмаса ол да үш жасар бөрінің
өзі емес пе?!) Бәлшөк омыртқадан орақ аузымен ора
тістеген екен, белін опырып, жұлынын үзіп жіберген.
Омақаса құлаған күйі сеспей қатыпты. Тіпті, қыңқ
ете түспек түгілі, қыңсылауға да мұршасы келмеген
сияқты. Ойпыр-ай, Қасқыр ит дегеннің өзінде, иттің
мойны мұншалықты күшті болады екен-ау?!
Терісін сыпырғанда анықтап қарадым: иттің
азу тістерінің орны мен омырылған омыртқаның
жарақатынан бөтен бірде-бір сызат жоқ. Еш жері
жараланбаған. Сонда қаусыра тістеп көтеріп алған
да бір жұлқыған болып шығады! Бітті. Міне – қуат,
міне –күш! Әрине, ондай тәуекелге бел будыратын
өжеттіктің өлшемі айтпаса да түсінікті ғой…
Содан оншақты күн қасқырлар қарасын мүлде
көрсетпеген. “Қасқырлардың қаскөйлігінен құтылдық-
ау, сонымен” дегендей дегбірсіз тыныштық та
қалыптаса бастапты.
- Бөлтіріктерінен түгел айырылды, иттердің
Қ. Әлімқұлов
қарсылығын да айқын аңғарды, олар енді ұрпағын
жалғастыру үшін қолайлы жер іздеп алысырақ
жаққа кеткен шығар? – депті Сыдық көршісі. Әкей
де сондай ойға малданып қалыпты.
- Ал, ақырында – сол оныншы түн деген
де – адамдарды ада алаң қылмаған, малды да
дүрліктірмеген, бірақ орны толмас орасан оқиғаға
көзсіз куә болған бір тылсым түн түнекке сіңіпті. Ол
да бір қаншалықты қайғылы болса, соншалықты
қайран қалдырар, әрі-беріден соң табиғаттың
төл перзенттері: түз тағысы мен адам қызметіне
өткен солардың тұқымдастарының өзара тіршілік
телімі үшін болған, жан берісіп, жан алысқан ақтық
айқастарының; өмір мен өлім бетпе-бет келген
оқиға-тын. Ол, сондай-ақ, сөйлесе алмағанарымен,
түйсіктерімен түсініскен, сезімдерімен ұғысқан,
беріспеуге бекінген ата жаулардың ақырғы арпалы
сы да еді.
Әкейдің айтуына қарағанда, түн ортасы ауа иттің
“ыр-р” еткені тұншыға естілген көрінеді. Содан сәл-
пәл тыныштықтан соң арырақтан иттердің “шаңқ-
шұңқ” еткен дауыстары естілгендей болады. Біраз
құлақ түрген екен, ешнәрсе ести алмапты. Бірақ,
тыншып жата да алмаған. Мылтығын оңтайлай
ұстап, тысқа шыққанда қарсы алдынан шоқ шашып
тұрған қос жанарды көреді. Өңменінен өтеді дейді.
Кәдімгі қасқырдың түн түнегін тілімдеген екі көзі
қалт жібермей қадалып қалған ғой.
Жалпы, қандай хайуан болса да, ойламаған
жерден оқыс кездесіп қалмаса, немесе ұрпағын
қорғау үшін басын қатерге тіккенде болмаса – адам
нан қаймығатыны хақ. Ал қолында ажал шашқан
қаруы бар, өз қорғанынан шыққан адамнан қорқып-
сескенбеуі мүмкін емес. Жоқ, мүлде қыңбайтын
көрінеді. Қайта, бірдеңе айтқысы келгендей ыза
лана ырылдап, адамның өзіне қарай жылжыпты.
Әкемнің әлемі
Әдетте, тұра ұмтылуға тиісті жыртқыштың мынадай
қылығын әкей де ұға алмаған. Әбден жақындап,
атылуға ыңғайлы бес-алты қадам қалғанда екі
шоқтың ортасын қарауылға алып, шүріппені ба
сып қалған екен, ұшып түскен қасқыр жанталасып,
жатқан орнынанда шыркөбелек айналыпты. Әкем
осы тұсын айтқанда: “Қасқырдың күші ме, жоқ жаны
ма- құйрығында болса керек? Қандай қасқыр бол
масын, жантәсілім етерде жанталасып құйрығының
ұшын тістеуге тырысады…” деп қоятын.
Екінші қасқырдың да, иттің де үні шықпайды екен.
Қашқан да, қуған да сыбыс жоқ дейді. Қалай болғанда
да мылтық үні естілгенде – иттердің арқаланып,
қасқырлардың жүні жығыла бастайтыны даусыз.
Санасына сіңісті болған сол пайымын басшылыққа
алып аз-кем тың тыңдайды. Еш дыбыс та, сыбыс
та жоқ болған соң арғы-бергі үй маңын шолмай ма?
Сөйтсе, қасқыр мен ит ұстасқан күйі қатып қалған
екен. Екеуінде де тіршілік белгісі болмағанымен,
екеуі де тірі көрінеді. Бірақ үстілерінен қоралы қой
айдап өтсең де селт етер мұршалары қалмаған:
иттің арлан қасқырдың алқымынан алып, тамағынан
тістеген күйі, жағы қарысып қалыпты.
... Тағы да жан ұшырып жетіп, Асан қарияны алып
келгенмін. Үйтіп-бүйтіп жүріп, әрең дегенде жағын
босатқан. Арланның денесі суып та қалыпты. Иттің,
әйтеуір кеудесінде жаны бар дегенің болмаса,
қимылдауға шамасы жоқ. Кірпіктерін әзер қозғайды.
Сол аяғы қайтадан терісіне ғана ілініп тұр. Үсті-басы
қан-қан.
- Сонда қасқыр деген пәле иттің осал жерін сезіп-
біліп жүр-ау, ә? – деп басын шайқай берді Асан атаң.
Мен:
- Нені айтасыз? – деп мәнін аңғармағынымды
байқаттым.
- Тура баяғы бір түйір сүйегі кем болып, шор
Қ. Әлімқұлов
боп біткен сол аяғының жаралы жерін шайнап та
стапты. Содан ит те екі жақтаған жаудың алмай
қоймайтынын түсініп, тамағына жабысқан күйі,
тіршілігінен баз кешіп, тастүйін тәуекелмен қатып
қалған да?!
- Екеуі біраз таласқан сияқты ғой...
- Жоқ, екеуі көп таласпаған шығар. Иттің жағы
қарысып, сіресіп қалған тұста қаншық ту сыртынан
ауыз салған сияқты.
- Мен шыққанда ол үй маңында еді ғой?..
- Екеуінің өліспей беріспейтінін, арланның енді
иттің азуынан тірі құтылмасын ұғып, өлімге бас
тігіп барғаны емес пе?! Бәлкім: “Ал, енді менің
алаңдайтын ешкімім қалған жоқ. Ендеше, тірі
жүрудің маған да түкке қажеті жоқ. Ат мені!” деп
әдейі барған шығар, алдыңа? Қанша ақылдымыз
дегенмен, аңның тілін түсінбейміз… түсінгіміз де
келмейді… - деп сөзінің соңын жұтқан.
- Итті емдейсіз бе, беті бері қарайтын ба өзінің? –
дегеніме:
- Жоқ. Бәлшөгіңнің талқаны тауысылуға таяу: жа
расы көп, Қаншық құныға қауып , талап тастаған.
Қимылдамай жатқан қас жауын аясын ба? Әбден
қансыраған… Мен аянып тұрған жоқпын, ем
қонбайды, - деді.
Түн жарымына таман тұрып қарағанымда тым-
тырс жатыр еді, таңертең үшті-күйлі жоқ. Алғашында
қуанып ем. Артынша-ақ ауыр мұң мен мұндалай
қойды. Қарастырып жүріп ізін таптым. Бірден
таптырмағанын да түсіндім: біраз жер үш аяқтап
жүріпті де әлі біткенде бауырымен сүйретіле жыл
жыпты. Сөйтіп жүріп, өзін алғаш көрген жерім – бір
топ бозқараған бұталарына тірелген. Соның ара
сында өліп жатыр…
Әбден бауыр басып кенкен екем, қатты қиналдым.
Бірде – бала боп ойнақ салатын, бірде - ақылды
Әкемнің әлемі
қамқоршың боп “қол ұшын беретін”, кейде – орын
сыз ренішіңе “мұңая” қалатын кейбір қылықтары
есіме түсіп көңілім босады. “Арулап көмдім” десем
артық болар, қарға-құзғынға жемтік қылмайын деп
топырақпен жасырып, көміп тастадым.
Әй, өзі де бір итім-ақ еді-ау! Ондай адал да
ақылды, қарулы да қайсар ит туыла бермейді, -
дегендегі үні қамыққан қырылға, өзегін өртеген
өкініштің суретіндей күрсініске көміліп естілер еді…
Әкей өмірінен өзіндік ерекше орын алған Қасқыр
ит хикаясы – осы.
* * *
Иә, әкейдің Бәлшөкке деген бейілі бөлек бола
тын. Бейне бір тағдырлас танысын еске алғандай
елегізе де елжірей әңгіме қылар еді.
- Бәлшөктің тұқымының асылдығы сонда ғой
ұлығаны түгілі, бей-берекет үргенін көрген де ,
естіген де емеспін, - деп қоятын кей-кейде.
«Иттің иесі болса, қасқырдың киесі бар» дейді
жұртымыз. Иә, қысқырдың ұлуы – сол киесінің
құдіреті, ұяластарымен ұғысуының жолы да. Ал
иттің ұлуын қазақ жамандыққа жориды. Ондай
итті кім де болса жек көреді. «Ой, өзіңе көрінгір!»
деп қарғап, одан құтылғанша асығады. Әкейдің
жоғарыдағы сөздері соны меңзесе керек. Әрі ретін
келтіріп, қимас итіне деген ризашылығын білдіргені
ғой.
Әйтсе де осы жерде өкінішпен өрілген және бір
өрескел жәйіт тіл ұшына келіп түрткілей береді.
Жаһан жүзінде итті қазақтай құрметтейтін, жеті
қазынаның бірі етіп қалтқысыз қастерлейтін ұлт пен
ұлыс кем де кем шығар-ау?!
Тек, қанша жерден жақсы көрсе де, жұртымыз
сенімді серігі санап, соншалықты жоғары көтер
генімен, итке аузын жалатып, қойнына алып жатпа
ушы еді...
Қ. Әлімқұлов
Бір қарын май
немесе елге етене ерліктер
Қанша жерден жалпы қазақтың дәстүрлі тірлігі
бірдей дегенмен де, «Әр жердің салты басқа, иттері
– қара қасқа» екенін де жоққа шығара алмасымыз
анық. Тіпті орналасқан оры мен жерінің табиғатына,
ауа райы мен кәсібіне орай әр ауылдың өз
айрықшалығы болуы да ғажап емес.
Ендеше сол ауылдарда түтін түтетіп, тіршілік
ететін адамдардың да айтарлықтай артықшылығы
болмағанымен, сол жұртқа тән өзіндік ерекшеліктері
де кездеспей тұра алмаса керек.
Біздің өңір ерлерінің көкпаршылықпен һәм
қамшыгерлікпен, ал әйелдердің текемет басып,
ши тоқумен аты шығып, дағдылы істері даралана
тын еді. Оларға кейіннен, кеңестік кезеңмен келген
кейбір кесірлі дағдылар да қосылды. Ең өкініштісі,
солардың қайсыбірі, тіпті ерлікке саналып жатты.
* * *
Әкейді еске алған кездерде тіпті көбіне-көп
Әндиша апам ойыма орала береді. Өйткені ол кісі
біздің өмірімізбен біте қайнасып кеткен аз санды
ағайын ауылдастардың бірі болатын. Оның үстіне
Әндиша апа - әкеміздің етжақын жеңгесі де, менің
- кіндік шешем еді.
Өзі де бір сыны кетпеген сырлы тостағандай
сымбатты да сүйкімді жан болатын, жарықтық. Қақ
та соқ, өсек-аяңда шаруасы жоқ, біртоға, биязы да
мейірбанды адам-ды. Мен төрт сыныпты (класс),
яғни бастауыш мектепті ауылдан бітірген соң-
ақ үнемі сыртта жүрдім. Оқта-текте ауылға келе
Әкемнің әлемі
қалғанда, құлағына жетті - болды, Әндиша апам
алып-ұшып жететін.
- Ой, шешей-ай, өзім барып сәлем беретін едім
ғой… - деп ыңғайсыздық танытсам:
- Кәдікен-ау, о не дегенің: “Алыстан алты жасар
бала келсе, алпыстағы шал сәлем береді” деген
емес пе? Сенің келгеніңді ести тұрып, қашан келеді
деп қалай ғана күтіп отырмақпын? Оқасы жоқ,
Құдайға шүкір: көз көреді, аяқ жүреді,-дер еді. Со
сын:
- Мендей жаман кемпірдің жақсы атын шығарып
жүрген ұлым жылына бір кеп жатқанда, өзі келеді
деп шіренгенім ұят та, - дейтін.
Сәл дамылдап ап тағы да:
- Сенің кіндік шешеме деп әкелген шай-қантың
мына жұрттан артылмай қалуы мүмкін ғой, - дегенді
қосып, аяғын қалжыңға айналдырып жіберетін.
Тағы бір ерен ерекшелігі - үнемі ақ киім киуге ты
рысатын келісті де кербез кісі-тін. Сырт көзге тіпті,
паң көрінетін. Балалары өскенмен, немерелерінің
бірін - арқалап, бірін - жетектеп-ақ жүретін. Сон
да да әппақ шағаладай боп, мұнтаздай киінуінен
ешқашан жаңылған емес.
Әйтсе де ең басты ерекшелігі - өмір бойы екі
үй аралас-құралас өмір сүргендіктен әкеміздің
ғұмырын бес саусағындай жақсы білетін. Әттең,
дүние десеңізші, жастықтың желігімен жанталасып
жүріп, сол білетіндерін жүйелеп сұрап та алмаппыз.
Тек ретіне қарай өзі айтқан бірлі-жарым әңгімесін
ғана естіп қалдық. Өкінішті-ақ, әрине.
Дегенмен, менің әкемнің әлемін танып-білуіме
өзіндік үлкен үлес қосқан бір әңгімесін айтып
берейін.
Сондай бір араға айлар салып ауылға келген
кезіміз еді. Бір ауылда тұрады демесеңіз, күнде
бастары қосыла бере ме, әртүрлі әңгіме айтып,
Қ. Әлімқұлов
өткен-кеткенді естеріне түсіріп үлкендер жағы біраз
отырған. Жаңада ғана сойылған қойдың жас етін
сүйсіне жеп, қай-қайсымызды да шөл қыса бастаған
болса керек. Соны аңғарған әкем:
- Балалар жолдан келді ғой, шөлдеп отырған да
шығар, шәйларыңды тездетіп келтіріңдер, - деген.
Әндиша апам сонда:
- Әй, Қырғи - қайным-ай, қаталағанда майды да
сіміріп салатын өзіңдей жігіттер жоқ қой бүгінде, ә?
- деп қалды.
- «Қырғи-қайны» дегенін бұрыннан білетін едім.
Апайым әкемізді солай атайтын.
“Неге олай атадыңыз?” деп бірде сұрағанмын да.
Әзілдеген боп:
“Әкең жас кезінде қыз-қырқынға қырғидай
тиетін…” дей салды. Оны әкеме айтып едім:
“Апаң әзілдейді. Өзінің құсжандылығынан қойып
жүргені де…” деген.
Кейін бір реті келгенде оның мәнін түсіндірді де.
Әндиша апамыздың әкесі - Ермұқан өңірге аты әйгілі
құсбегі болыпты. Қиын-қыстау кездерде аулаған
аң-құсымен ауыл-елді асыраған күндері болғанға
ұқсайды. Қалатай дейтін атамыз Іледен балық ау
лайды екен. Сөйтіп екеуі жұртты жұт жайлаған
жылдарда ашаршылықтан арашалап алған деседі.
Әрине, сондықтан да шығар, Әндиша шешеміз
құстардың түрлерін өте жетік білген де, адамдардың
өзіндік ерекшеліктеріне, түр-тұлғаларына қарап,
құстардың атымен атайды екен. Әрі олардың тапқыр
таңдаланытыны соншалық, ел арасына кеңінен та
ралып, сіңісіп кетіп отырған. Ал енді олардың ара
сында ауыл жұрты көрмек түгілі, атын естімеген
құстар қаншама десеңізші! “Жезқұйрық жеңешем”,
“Күйкентай
келін”,
“Ителгі
қайнаға”,
“Тазқара
қайным” дегендерінің азан шақырылып қойылған
есімдері ел есінен мүлде ұмытылып, апамыз қойған
Әкемнің әлемі
лақап аттары ауыздарынан түспейтін болған. Ең
бастысы, үлкені бар, кішісі бар, ол “жаңа аттары
на” ешкім ашуланбайды екен. Керісінше, дуалы
ауыздан айтылған дұғадай қабылдап, жатырқамай-
жатсынбай жалт қарайтын болған.
Әндиша апамның әкей туралы әңгімесі өзінен өзі,
былайша басталып кететін.
- Балам, бір жерің ауырып жүр ме, былтырғыңа
қарағанда жүзің сынық, өңің жүдеу сияқты?
Мен үндемеймін. Жымия қараймын да қоямын.
- Кеңсе дегенің де бір бәле көрінеді ғой? Төрт
қабырғаға қамалған тірлік қиынақ-ау, ә? Қаланың
тамағының да қай кенеуі бар дейсің? Ауылдың бір
тостаған ағарғанына қайдан жетсін? Жастайыңнан
сергек едің, елді-жерді де сағынасың да?!
- Кім біледі, ауылда кездесе бермейтін тағамның
неше түрлісін ішіп-жейміз-ақ, мүмкін кенеуі жоқ бол
са, жоқ шығар? Туған жер, өскен елді сағынбайтын
адам бола ма? Сағынамыз…
- Басқа бір оқу оқысаң - ауылда деректір боп
жүрер едің, жорналист болам деп сырттап кеттің
ғой.
- Әй, ақжүрек шешем-ай… Олардан дейсіз бе?
Әкеміздің түрі - анау, жұдырықтай ғана жұқалтым
шал. Шешеміз де шағын адам…
- Жоқ, Кәдікен, сен олай деме. Әкеңнің денесі
ықшам болғанымен, қуатты, жүректі жан.
- Қайныңыз болған соң мақтай бересіз, болмаса
қандай қайрат қылғанын көріп едіңіз?
- Қайрат қылғаның не, мен әкеңнің көзсіз ерлігін
көргенмін!
- О-о, мынауыңыз, тіпті, тосын жаңалық болды
ғой? Соншалықты ол не қылған ерлік тағы да?
- Балам, бекер күлесің. Одан да тыңда, - дейді де
әңгімесін әдемілеп айта бастайды.
Ерлігін қайдам, көзссіздігіне көзім жеткендей бо
Қ. Әлімқұлов
лады. Әйтсе де біздің қолымыздан келе қоймайтын
қылық екенін мойындауға мәжбүр етеді.
Әндиша апамыз ол кезде сиыр фермасында
арбакеш екен. Қос өгіз жеккен арбамен сауын
қосынан колхоз (ұжымшар) орталығындағы ұраға
май тасиды. Ұра дегенін бала кезімде мен де
көргенмін. Төрт-бес метрлік құдық сияқты шұңқырға
кесек-кесек мұзды толтырып тастайды. Дөңгелек
ені - екі метрдей. Аузында киізбен қапталған тақтай
қақпағы болады. Соған ауданнан арнайы машина
келгенше қарын-қарын май сақталады. Қазіргі күнгі
тоңазытқыштың қарабайыр түрі. Бірақ, өз кезінде
халықты қыжалатыннан құтқарған әдемі әдіс.
Екі аралық - жеті шақырым. Сол қашықтықты
Әндиша шешеміз бір күнде әзер басып өтеді екен.
Ары-бергі жолды ғой, әйтсе де “өгіз аяң” деген сол
да?!
Орта жолға жетіп қалғанда (жер бедері жазық бо
лып келеді) қарсы келе жатқан атты көреді. Байқап
қараса, ерттеулі ат сияқты. Одан кейінгі сәтте
әкеміздің тобылғы торысын таниды. “Ойб-у-у,
“Қырғи қайным” құрыған екен, аты ер-тұрманымен
қашып кетіпті… жоқ, әлде, қара басып құлап қалды
ма екен? Бірақ ол қандай жағдай болғанда да ат
тан құлайтын қордан емес еді ғой?” деп дал бола
ды. Енді бір кезде барлай көз салса, үстінде ер-
тұрманға бауырлай жатып, бұлғақтап келе жатқан
адамды байқайды . Сөйтіп торы атының о жағына
бір, бұ жағына бір өңгеріліп, дағар сияқты былқ-
сылқ еткен әкейді көреді де, тани кетеді.
Сойылға жығылып, жарақат алды дейтіндей ау
ыл-елде шығанға шыққан содыр-сойқан жоқ. Бірлі-
жарым ел ішінің тентегіне қайнысы да алғыза қоятын
осал олжа емес-ті. “Не де болса, ауырып қалған
екен…” деп түйеді. Сөйткенше болмай есті жылқы
да арбаның алдына келіп тоқтайды. Тоқтағаны сол
Әкемнің әлемі
екен, ат-тұяғынан көтерілген болмашы шаңмен
бірге арақтың жалын атқан иісі Әндиша апамыздың
қолқасын қабады. Мән-жайды түсінген соң жеңгесі
жетіп барып, аттан сүйемелдеп түсірмек болған
екен, әкеміз еңсесін әзер көтеріп:
- Жеңеше, түссем - қайта мінетін дәрменім жоқ,
әуре болма. Одан да таңдайымды жібіт… Қаталап,
өліп келемін. Не сусының бар? - депті естілер-
естілмес.
- Ой, жүгермек, менде не сусын болушы еді. Сары
май ішпесең, басқа ешнәрсе жоқ.
- Әкел!
- Әй, Қырғи қайным, қалжыңыңды қой. Майды
қайтіп ішесің? Тіпті, ішкен күнде, бір қарын майды
колхозға қайтіп төлемекпіз содан кейін?
- Жеңеше, өзім төлеймін… Көп сөзді қойып, берші
- ішім өртеніп барады, - дегенде даусы қатқыл
шығыпты.
Амалы таусылған апамыз бір қарын майды алып
беріпті қинала-қинала.
- Күйдірген күннің ыстығына шыдасын ба, май
еріп кетіпті. Местегі қымыз сияқты, қарынның ішінде
шайқалып салдыр-салдыр етеді, - дейді Әндиша
апа.
Содан не керек, әкей қомағайлана, қақала-
шашала бір қарын майды басына көтереді де, түгін
қалдырмай сарқып ішеді.
- Бір қарында орта есеппен қанша май болады? -
деп сұраймын кіндік шешемнен.
- Ойбай-ау, әр қарынды өлшеп өткіземіз емес пе,
шамамен сегіз киле тартады… қайырылған май ғой.
Сексен грамм сары майды жей алмай көкірегіміз
кілкілдеп, кекірігіміз азып қалатын басымыз онша
сене қоймаймыз. Тек кейуананың ешқашан жалған
айтпайтынын жақсы білетіндіктен ғана илануға
мәжбүр боламыз.
Қ. Әлімқұлов
Кейінгі жылдарда орайы келіп, әңгіме сол тақырып
төңірегін жағалаған бір тұста:
- Бір қарын майды басыңызға көтеріп, бір деммен
ішіп салғаныңыз - шынында да ерлік болған екен…
- деп сөз бастаймын.
- Ей, - деп қолын сілтейтін, - қайдағы ерлік?
Арақтың ақымақтығы да…
- Сонда, - деймін мен де қыр соңынан қалмай, -
бір қарын май ішкізетіндей қанша арақ ішіп жүрсіз?
- Біраз жерге барып қайтық қой… Үш жарым литр
таза спирт, немесе жеті шиша. Шамамен оншақты
бөтелке арақ болады. Оның үстіне, аш қарынға ішіп,
құрып отырмыз емес пе?
- Жастықтың желігі болды-ау?
- Не қылған жастық, қырықтың ішіндегі кезіміз
еді ғой? Жалпы бар-жоқтың бәріне жастықты
байлап беру де дұрыс емес. Жастықтың жалын
дап тұратыны - рас, ал ол жалыннан пайдалы іс
өндіресің бе, болмаса бір нәрсені өртеп бүлдіресің
бе - бұл басқа…
- Енді бір себебі бар шығар?
- Ой, ішетін адамға себеп көп қой… Бірақ біздікі
- бекер сор. Бәлендей себеп те жоқ десе болады.
Айттым емес пе, ақымақтықтың нақ өзі! Болмаса
басымызды бәйгеге тігіп, өліп қала жаздайтындай
жанымызға не зор келді дейсің?
Осы тұсқа келгенде сол бір күндердің келеңсіз
суретін көз алдына келтіріп отырғандай біраз ойла
нып қалды. Ойланып алған соң әңгімесін қайта
жалғап былай деген.
- Анау Таубай деген түбің түскір шалды білесің
ғой, бәрін бүлдіріп жүрген - сол. Қазір қайта сабасы
на түскендегі түрі - осы. Бәрібір, пайғамбар жасына
жетсе де - пәтуасыз. Жас кезінде нағыз көксоққанның
өзі еді. Құдай сүйер қылығы жоқ қой, бәтшағардың…
- Жарайды, оған баға беріп қайтейін, жазасы бол
Әкемнің әлемі са-сазайын тартар. Алланың алды кең ғой, бәлкім бүлінгеннің бүлдіргісі болып өтер? Мейлі де ... Ақыры айтқан соң, басынан бастайын. Серағали судырақты білесің. Сол атаңның Күреңкей деген ағасы болушы еді, жарықтық жақсы адам-тын. “Бір биеден ала да туады, құла да туады” дейтін содан шығар? Күреңкей жарықтық денсаулығы онша мәз болмағандықтан Әндиша апаң сияқты сол кезде сиыр фермесінен орталыққа май таситын. Бір жыл дары колхоз тары егеміз деп, Дәнекер өзенінен жазыққа тік арық тартқызған (қазіргі сөзбен айтқанда - кішігірім канал). Сол арық жаңа қазылған кезде май тартатын арбаның дөңгелегі кептеліп қалыпты. Көпір салу ойға келмеген бе, болмаса қажеті жоқ деген бе, кім біледі, әйтеуір арбалы жұртты таба ны тегістеліп, жол қалпына түскенше біраз әуреледі емес пе? Күреңкей ағамыз да арбасының дөңгелегін арыққа кептеп ап ары әбігерленеді, бері әбігерленеді - болмайды. Май болса еріп барады. Ол кезде қайырылмаған май өткізетінбіз өкіметке. Әбден қажыған өгіз де міз бақпайтын көрінеді. Содан ама лы таусылған ағамыз арбада жатқан ескі мылтығын алып, дүмімен өгізді қойып-қойып жіберіпті ашула нып. Қоян, қырғауыл атуға құмар еді де, мылтығын жанынан қалдырмайтын. Әрі балаларының ассуын да айыратын ол мылтық. Мүжіліп болған ескі қару емес пе, сол кезде гүрс етіп атылады да кетеді. Бір абырой болғанда, бытырамен оқталған болып шықты, содан аман қалды ма, әйтеуір оң жақ бүйірі жұлынып кеткен күйі ес-түзсіз шалқасынан жатыр екен. Бейшараның көретін күні бар да, орталықтан келе жатып мен кезігіп отырмын. Байқап қарасам, кеудесінде жаны бар, әрең ыңырсиды. Киімін де, жатқан жерін де қан жауып кетіпті.
Қ. Әлімқұлов
Арбаны әрең дегенде арықтан шығарып, өгіздің
орнына астымдағы атымды жектім де мүмкіндігінше
тездетіп орталыққа жеткіздім. Осы Дуся апаң ғой,
жанын аман алып қалды. “Енді бір жарты сағат
кешіксе - өліп қалатын еді” деді.
Түсінікті болу үшін тағы бір шегініс жасауға тура
келіп тұр. Әкейдің “Дуся апаң” деп отырғаны - Ев
докия Павловна Куксан деген ұжымшардың жалғыз
дәрігері. Жұрт “Доғдыр” дейтін. Күйеуі халық жауы
болып сотталып кетіпті де, ол кісіні “жаудың әйелі”
деп жер аударған екен.
Сөйтіп, тағдыр тәлкегімен ит арқасы қияндағы
біздің ауылдан бір-ақ шыққан ғой.
Қалай десем екен, ол кісіге қиын шығар, ал біздің
жұрт үшін үлкен жақсылық болған оқиға еді - бұл.
Өте білімді де, білікті де, нағыз абзал жанды Құдай
бере салған адам еді. Елдің кез келген азаматы “тетя
Дуся” десе, ішкен асын жерге қоятын. Өйткені ол
кісі емдемеген, бетін бері қаратпаған, тіпті ажалдан
арашалап қалған адамы жоқтың қасы дейтін өңірде
бірде-бір үй жоқ десе де болғандай. Өйткені Дуся
апамыз өзі – хирург те, терапевт те, акушер де бо
латын. Қандай оқу бітіргенін де, медицинаның қай
саланың маманы екенін де ешкім білмейді. Тіпті
оны білудің ешкімге қажеті де жоқ болса керек-ау.
Сондықтан да арнайы құрал-жабдықты немесе
күрделі операцияны қажет ететін асқынған аурулар
ды болмаса, кез-келген ауру-сырқауды өзі емдеп,
жазып жібере беретін. Жаны да тым жайсаң еді:
қабағымен, жылы-жылы сөзімен, ізгі ілтипатымен
емдейтін нағыз дәрігер еді.
Міне сол дәрігердің арқасында аман қалған
Күреңкей жарықтық жазылып шыққан соң шағын да
болса кәдімгідей той жасап, бүкіл ел-жұрттың ал
дында:
- Уа, ағайын-туған, жекжат-жұрат! Мен Құдайдың
Әкемнің әлемі қолдауымен ата-анамнан бір тусам, мына айна лайын Нүсіпақын бауырымның арқасында дүниеге екінші рет қайта келіп отырмын. Әрине, Нүсікең маған жан берген жоқ, бірақ тірі қалуыма тікелей себепші болды. Сондықтан, жасы кіші болса да туған ағамдай сыйлап, қолымнан келген құрметімді көрсетіп өтемін бұл өмірден. Қатын, бала-шағама, іні-қарындастарыма соны аманат етемін, тапсыра мын, - деп толқып барып астыма ат мінгізіп, үстіме шапан жапқан. Дуся дәрігерге де сөз арнап бұзаулы сиыр сыйлаған. Бұрын да біртоға сыйласып, бауырласып жүретінбіз, ал сол бір оғаш оқиғадан кейін тіпті табысып кеттік. Жәй ғана қой сойса да арнайы шақырып, басын маған мұжытатын, жарықтық. Бір күні орталыққа барғанымда шаруам әбден жай бітіп, қас қарайып кеткен соң сол кісінің үйіне қона кетейін деп барғам. Ауданға кетіп қалыпты. Жеңгей де жоқ, үйінде осы Серғали інісі ғана екен. Обалы не, қалбалақтап-ақ қарсы алды. Бірақ салған бет тен: - Нүсіке, ертерек айтпадыңыз ба, ас-су дайын датып қоятын едім. Бізді мына көрші жолдасым шақырып еді, бірге жүріңіз, - деп қолқалай жөнелді. Сөйткенше болған жоқ , көршісі Бәзілжанның өзі де жетіп келді. - Аға, сізді көріп, бір жағы сәлемдесейін, екіншіден, мына Серғалидің айтқанына келе қоймас деп, арнайы шақырып келдім. Ол да өзіңіздің бір үйіңіз, жүріп тамақ ішіңіз. Әйелі жоқ үйде қайдан жағдайыңыз болсын, жүріңіз, - деп қиылып тұрып алды. - Әй, онан да үйге жетіп жығылайын да?.. - деп көріп едім, көнбеді.
Ауылда арақтың жаңадан “модаға” кірген
шағы. Бастықтар, қолы жеткендер ғана ішеді десем
Қ. Әлімқұлов
өтірік болар, ыңғайын келтіргеннің бәрі тата бастаған.
“Бәленшекең түгенше шөлмек ішіпті” дейтін
әңгімелер батырлар жырындай ауыздан ауызға та
рап, таңданысып жатқан тұс-тын. Бүкіл жұрт бейне:
“Немісті жеңдік, енді арақпен айқасып көрейік” де
гендей майдан ашқан дерсің. Келген қонаққа ар
найы сойған ту қойың түк емес, меймандостығың
құйған арағыңның шөлмегімен есептелетін. Ессіз
заманның есер желігі жол тартқан алғашқы жылдар
еді де…
“Екеумізге жетеді” деп өздеріне есептеген бо
луы керек, төрт шәкөшке алыпты. “Четвертушка
- чакушка - литрдің төрттен бірі, ширегі, яғни екі
жүз елу грамм”. Шай мен қуырдақтың кезінде-ақ
жұмырымызға жұқ болмай таусылып қалды. Үй
иесі - Бәзілжанның қыпылықтай бастағанын байқап,
Серғали:
- Бәке, арнайы шақырып келтіре алмайтын
Нүсікең ағамыз келіп қалыпты, асықпай, бір жөндеп
демалайық. Күреңкей ағамыз болса хан көтеріп күтер
еді, онда дау жоқ. Бізге де «әкелеріңді сыйлағандай
құрметтеңдер!» деп табыстаған. Сенің де бұл кісі
десе жаныңның қалмайтынын білемін. Сондықтан
Мақажан тәтеге бар да алты шөлмек арақ алып кел.
«Кедейдің бір тойғаны - шала байығаны» демекші,
бір тойлайықшы бүгін. Мә, - деп екі-үш қағаз ақшаны
ұстата берді.
Серғали – қойма меңгерушісі. Білетіндер оның
қалтасынан ақша үзілмейді дейді. Тіпті ақша бер
месе де, Мақажан оның сөзін жерге тастамайтынын
естігем. Қазіргі сөзбен айтқанда, екеуі – әріптес.
Қазақшасы: «қарға қарғаның көзін шұқымайды» де
сем, ауырлау болып кетер ме екен? Жарайды, не де
болса, айтылып кетті.
Бір үйге бір үй қапталдаса қоныстанған шағын
ауыл емес пе, Бәзілжан бір дорба арақты салдыр
Әкемнің әлемі
латып алып келді. Серғалидың көзі жайнап кетті-ақ,
ал Бәзілжанның көңілі бәсең секілді.
«Қоржыны тоқ сияқты, қабағы неге қату?» деп
ойлап үлгергенімше өзі де себебін суыртпақтай
жөнелді.
- Ой, анау Таубай құрдым жолығып қап...
Шықырлаған шөлмектерді көріп, «Қазір соңыңнан
жетем...» деп қалды. Өзі де бір Құдай сүйер қылығы
жоқ қырт қой, берекемізді кетіретін болды...
Иә, ауылымызда сондай бір қубереке, безбүйрек
біреудің де болғаны рас. Он саусақ бірдей болған
ба, көпшілік болған соң кейбір керауыздар кезде
спей тұра ма, тәйірі? «Жаман иттің атын Бөрібасар
қояды» демекші, өзінің аты да аспаннан аяғы сал
бырап түскендей Таубай қойылғанын қараңызшы.
Содан да болар, көкірегі көк тірейтіндей.
Шіркін-ай, десеңізші, ел іші кең еді ғой! Қаншама
пенденің келеңсіз кемшіліктері өзімен бірге көрге
көмілді екен?! Ауыл-ағайын қандай қараниетті
қудың да, тіпті сыртынан да сөз ергізіп, көзін
шұқымаушы еді-ау! Сондықтан да, оң мен солымыз
ды ажыратқанша көп нәрсені білмеппіз де. Таубай
да сондай, сүтке тиген мысықтай боп араластан
адаланған аяр, жер аударылмағанымен, жұрттан
шеттетілген қарабет екен.
Ойламаған жерден Шынар әжеміздің: «Таудан
садаға кетсін, сүмелек! Өңкиген денесі демесең,
қу жанының жағдайы үшін әке-шешесін де сатып
жіберуден тайынбайтын сатқын ғой ол ит...» дегенін
естігенім бар. Мәнін сұрастырғанда ұққаным
төмендегідей.
Бозбала шағында ебедейсіз ет-жеңді болғанымен,
ылдым-жылдым жүрісімен пысық саналған сабаз
екен. Сол пәтуасыз пысықтық пасықтыққа ұласып
кеткен болса керек. Әуелгіде Қасенбай атамызды
баласына Ілияс деп ат қойғаны үшін «халық жауы»
Қ. Әлімқұлов атандырып, жиырма жылға соттатып жіберуімен «аты шығыпты». Содан НКВД-ге жұмысқа кіріп, талайды тағы қан қақсатыпты. Соғыс жылдарын да броньмен тылда қалып, кемпір-шал мен жетімжесірге ат үстінен қамшы үйірген. Ел есін жия бастаған тұста жаңа билікке сырын алдырып, жұртта қалған күшіктей болған күйін көрген екенбіз. - Сол Таубай тексіз Бәзілжанның ізін суытпай кіріп келді, - деп бастар еді әкей ол әңгімені. – Үстінде оқалы киімі, ішіп алған. «Иә, өңшең ұры-қары, нен дей жымысқы жоспар құрып отырсыңдар?» деп ау зынан қағына кірді. Алғашында «Менің бар екенімді білмегенау?..» деп ойлағам. Өйткені, күшік күнінде талап тастағаным бар еді. Мен соңғы сөздерді тарқата айтуды өтінем де әкей әңгімесін шегініспен әдіптейді. - Әй, өзі де бір нағыз көк соққан ғой. Ертеректе «аға» деп өзеуреп жүретін. Жаман атқа жал біткен тұста «Нүсіке» дегенге көшті. Ақымақпен ақымақ боп қайтемін, содан менің беделім түсе қалмас дегенмін де қойғанмын. Бір күні атыма салт мініп, орталыққа келе жатсам, Шығанның тұсында қарсы жолықпасы бар ма? Атқа қисық мініп, «бұрқырап» келеді екен. Аман-сәлемі, аты-жөні жоқ: - Әй, Нүсіпақын! Сені көкпаршы деседі ғой, кел аударыспақ ойнайық, - деп қарап тұр. Қаным миы ма тепті. Созған қолын қағып жібердім де қасынан қапталдаса өтіп бара жатып қолымдағы дырау қамшымен қақ жауырынның ортасынан тартып жібердім. Кеудесіне нан пісіп, ондайды күтпеді ме, не болғанын білмей де қалды ма, болмаса жанына қатты батты ма: баж ете түсті де, келген ізімен кейін қарай қаша жөнелді. Тұра қуып, сабағым кеп бір оқталдым. Алайда, сол «сыбағасы» да жетер деген оймен біраз сабама
Әкемнің әлемі
түстім. «Мілисаға қол көтерді» деп, мазамды ала
тын болды-ау, дегенді бір ойладым. Бірақ, болар іс
болды. Ақырын күткеннен бөтен не амал бар? Бір
түкірдім де мен де ауылға қайттым.
Екі-үш күннен кейін орталыққа келсем, кеңсенің ал
дында тұр екен. Көрген бойда «Ассалаумағалайкүм!»
деп, жүгіріп келіп, аттан түсірді. Қорқау қасқыр
сияқты қу ғой...
Содан ара межеміз белгіленді. Қайтадан «Нүсіке»
деуге көшті. Бірақ, байқаймын, бойын аулақ салып,
көзіме түспеуге тырысқандықтан қашқақтап жүретін
болды.
Ол күні қарқыны басқаша. Менің осында екенімді
білген соң әдейі келген сыңайлы. Арақтың азғыруы
ма, жоқ өзінің «жазғыруы» ма, болмаса пасық
кеудесінде баяғыдан сыздап жүрген ескі жараның
аузына тұз түсті ме, кім білген? Әйтеуір, маған де
ген қыжылын жасыра алмай, ұрынарға қара іздеп
келгені бірден аңғарылған.
Әкей сәл ойланып отырып қалады.
Қисынсыз қамшылауды қолай көрмей мен де ой ор
манына ене берем. Өзім көзін көрген ауылымыздағы
ең көне де көгентүп ақсақалымыз – Мір бабамыз
мынадай бір тәмсіл айтатын. Баяғыда бір аптал аза
мат жұртына жайлы жер іздеп алыс жолға шығыпты.
Апта жүріп, ай жүріп, шаршап-шалдығып келе
жатса, алдынан әдемі бір үй кездеседі. Әлгі үйдің
табалдырығынан аттауы мұң екен, еңгезердей дию
бас салады. Сол кезде жалғыз көзді дәудің қожасы
– Ібіліс көрінеді.
- Ей, аңғал адамзаттың баласы, бұл үйден күнә
істемей тірі шықпайсың. Ал, күнәнің түрін өзің таңда:
не арақ деген сасық сусынды ішесің, не кәмелетке
жасы енді ғана толған қызды зорлайсың, не болма
са - сол қыздың жазықсыз анасын бауыздайсың.
Ойлануға қырық сан уақыт беремін! – дейді.
Қ. Әлімқұлов Әлгі байқұс әрі ойланып, бері ойланып – шақшадай басы шарадай болады. Ақырында: - Қыздың арын таптап, обалына қалғанша, ана сын өлтіріп, қанын мойныма жүктегенше – өзімнен басқаға қиянатты тимейтін арағыңды-ақ ішейін, - деп Ібіліске өз тоқтамын айтады. Содан, не керек, арақты сылқия ішіп алып, ақылынан адасқан әлгі сормаңдай қызды да зорлай ды, анасын да өлтіреді. Міне, сөйтіп, әзәзілдің алдауына түскен бейбақ та пақыр пенденің осындай жан түршігерлік қылмысынан кейін арақ-шарап харам деп жарияланған екен... Демек, сол кездің өзінде, адамгершілік тұрғыдан алғанда небір шектен шыққандықтың шылығын белуардан кеше келген жиырмасыншы ғасырдың басында-ақ ол зауалды індет қаймағы бұзылмаған қазақтың алыс ауылдарының іргесіне де іркіліксіз жетіп үлгеріпті-ау?! Ал, қараулық, қорқақтық пен қатігездіктің арақ араласқан жерде тіпті қаныпезерлікке ұласып кететіні әлімсақтан белгілі емес пе? Диюдай дөңкиген Таубайдың дөң айбаты да соның салдары ғой. Әкей әңгімесін әрі қарай жалғайды. - Нүсіке, аударыспаққа аяғың жарамайды. «Кем тарды жеңген...» деген күлкіге қалатын жәйім жоқ. «Бір қойдың етін жейді» дегенді де тексеретін жағдай жоқ. Екі қойды сойып, ішек-қарнын аршып, бас-сирағын үйіткенше таң атып кетеді. Давай, арақ ішіп жарысайық! Біраз спирттеріңнің бар екенін білемін... – деп қарап тұр қызталақ. Ашуды сабырға жеңгізіп: - «Ақымақпен ақымақ боп, арақ ішуден жарысып ты» деген күлкіге қалатын менің де жәйім жоқ, - деп көргем. Қайдан, ақылын ішсе де, аярлығы андыздап тұратын бақайесеп бәле ғой:
Әкемнің әлемі
- Онда, Серғали ініңді соттатамын! – деп, тісін
қайрады.
Шартта-шұрт кетпек едім, ұнжырғасы түсіп кеткен
Серғалиды көріп, райымнан қайтуыма тура келді.
Өзі бұл дүкенші, қоймашы дегендеріңіз де, көзге
қораш көрінгенімен, қиын жұмыс болса керек қой.
Содан бір жыл бұрын Құсжан деген қоймашымыз
сотталып кете жаздаған. Жұрт болып жылу жиып
жүріп, шығынның орнын толтырып, әзер аман алып
қалғанбыз. Байқұстың ішіп-жеп қойған да ештеңесі
жоқ, есептен шатасып қап жүр де. «Растрат бопты»
деседі ғой...
- Оу, қойма деген дүкен емес, сауда-саттық жа
самайды. Ендеше, қалай «растрат» болады? – деп,
мен таң-тамаша болам?
- Е-е, қалай дерің бар ма? Әйтеуір әріп таниды,
көзі ашық деп қоя салған емес пе. Есеп-қисапқа қыры
жоқ па, болмаса жаңылысып қалған ба? Ауданның
складынан мүлік алғанда ішіп жүріп кем алыпты. Өзі
«Ана, қоймашылар алдап, кем салып жіберіпті», -
деп, шыр-пыр болып жүрді.
- Оған да арақ араласқан екен ғой?
Әкей сәл үндемей қалады. Сосын: «Серғали
соның орнына тұрған. Оның да сауаты шамалы.
Соған қарамастан, Күреңкейдің беделін бұлданып,
кей-кейде бөсіп кететіні бар,» - деп бір қайырады.
Оның үстіне, ағасы айтқан бір әңгіме есіме сап
ете түсті.
«Бұрын да қоқан-лоққы көрсетіп, Серғалиға
арақ алдырып ішіп жүруші еді. Кейін бір келгенінде
басшыларға тиесілі боп әкелінген үш ақ тонды көріп:
«Біреуін маған бересің» деп қиғылық салыпты.
«Бермесең – соттатамын!» дейтін көрінеді,» - деген
еді.
- Өзі таза болса, оны не деп соттатады? – деймін
мен.
Қ. Әлімқұлов
Әкей болса:
- Әй, балам-ай, не деп дейтіні бар ма? Есеп-
қисапқа шорқақ қой. Ал, бәле іздеген адам бір ілгек
табады да?! Таубай да – кәнігі неме. Қоймасына
кеп арақ ішіп жүріп біраз сырын алып отыр ол қу, -
дегенді екі қайырады.
Содан соң барып:
- Сөйтіп, Таубайдың намысты қытықтаған мысық
тілеуі бар, алдында аздап ұрттаған арақтың буы
бар, «Серғалиды соттан аман алып қаламын» деген
ниет бар – қысқасы: арақ ішіп жарысуға кірісіп кеп
кеттік.
Алдымызға төпелеме табақ тамақ келді. Семіз
қойдың сілекей үйірер еті. Бәзілжан мен Серғали
бәйек боп, қызмет көрсетіп жүр. Жұрт арасында
«айғыр стақан» атанып кеткен қырлы стақанға екі
елі жетпейтіндей спирт құяда да, қалғанын сумен
толтырады. Тартып жібереміз. Аз уақыт тіске ба
сарды талғажау етіп, тыныстап аламыз да қайта
қайталаймыз.
Үш шөлмекті тауысқанда біраз жерге де бардық
білем. Менің басым дыңылдай бастады. Ана пәле
қыңқ етпейтін сияқты. Қайта ішкен сайын бусанып,
пәтуасыз бірдеңелерді айтқан боп, өзі ырқ-ырқ
күледі. Жеңіске жетіп қойғандай ісіп-кеуіп барады.
Тұманданған есіме «арақты семіздер болмаса
семіз ет жегендер жақсы көтереді» дегенге саятын
біреудің сөзі түсті. Сүбе қабырғаның майлы етінен
асап-асап жібердім. Соның арасынша Серғали да
сорпа әкеле қойды. «Серғали сотталып кетпесін»
деген ой оспақтап ол тұр.
Таубай болса, өмірге дән риза. Шекесінде шып-
шып тер. Тек тамаққа тәбетсіз, стақандап суды
сіміре береді. Не айтып, не қойғанын өзі де білмейді
– бөсіп отыр.
Жадымдағы жауапкершілік жүгендеген болуы
Әкемнің әлемі керек, санамда саңлау пайда болды. Сол сенімге сүйреді. Тексіз дағдысынан жаңылсын ба, Таубай қараулыққа да көшіп көрді. Ішіп отырған суының жартысын қалдырып, үстіне байқатпай аз көлемде спирт құйғызбақ боп, Бәзілжанға ымдағанын байқап қалып: - Әй, арам! Одан да жеңілгеніңді мойында да, артыңды қыс! Қалғанын мына жігіттер ішсін, - де гем. Содан-ақ берекесі қашты. Шамасы белгілі бол са да, берілмейтінін баян еткендей тыраштанып-ақ бақты. Бірақ, болмады. Соңғы стақанды қақалыпшашалып, төгіп-шашып, іше алмаған күйі құлады. Құлаған бойда «қор» ете түсіп, жуық маңда ояна қоймайтындай қалың ұйқыға кетті. Санамды қаумалап алған қалың тұман сәулеге саңылау қалдырмаған. Еміс-еміс сау адамның тірлігі емес екеніне түйсінгендей боламын. Әлде, Таубайдың тоңқалаң асқанына қуанғаным ба, бол маса жеңіске жеттім деген желік пе, яки ақымақтың айдауына көніп, жындының ісін істегеніме өкінгенім бе – білмеймін, қолымдағы стақанды сіміріп салдым да: - Серғали, кеттік! – дедім. Таң да бозарған екен. Қонақтан келген соң ала мыз деп, аттың ер-тұрманын да шешпеген екенбіз. «Үйге жетіп, бірақ жығылайын» деп, үзеңгіге аяқ артқаным ғана есімде... Қалғанын Әндиша апаң айтып берді ғой, - деп аяқтаған әңгімесін. Былай қарасаң, шынында да баланың бұзықтығы сияқты. Адал көңілдің аңғалдығы ма екен деп ақтап алғың да келеді. Осы оқиғаны әңгімелеудің өзі мақтан қылғандай мардымсыз әрекет болмады ма деп қыпықтайды да екенсің, біртүрлі. Бірақ, солардың қай-қайсысын да ерлікке балап,
Қ. Әлімқұлов
ел арасына таратып жіберген жұртқа қарап, сол
кездердің көмескі көрінісін көз алдыңа келтіргендей
де боласың. Соғыста жеңгеннің сылтауы ғып,
басқа мақсат-мүдденің маңызын мансұқ еткізген,
айтқанға көніп, айдауға жүретін құлтемір-адамдар
қалыптастыру пиғылының амалы ма екен, әйтеуір
сондай бір науқанның балаң ұлтымыздың басынан
өткені шындық.
Бәрі де салыстыра келгенде белгілі болады дегенге
саятын қарапайым да қалыптасып қалған қағида бар.
Оны қозғап отырғаным, кейде пендешілік пейілмен
ата-бабаларымыз бен әпке-аналарымыздың қиын-
қыстау тіршілігіне бойлай отырып, «жарықтықтар-
ай, олар бұл өмірден не қызық көрді?!» деген ойға
берілемін. Шет елдердің зейнеткерлік жастан асқан
қаусаған кемпір-шалының дүниенің төрт құбыласын
түгел шарлап жүргенін көргенде, тіпті облыс, аудан
ды былай қойып, өзі еңбек ететін шаруашылығының
орталығын да көрмеген әкелеріміздің көп болғанына
кейимін. Жұмыс істеу үшін ғана өмір сүргендерін
түйсінгенде жүйкемді жүндей түтем. Өмір бойы
өкпесін жалдаған өкіметінің өгей болып шығатынына
бола өкініштен өртенемін. Санасымен ғана байы
тып, құры салпақтатып қойып, сойылын соққызған
саясатына сызданам...
Бірақ одан енді не қайыр?! Соны ойлаймын
да аздап сабама түскендей болам. Тіпті, бүгінгі
күннің шындығымен салыстыра беріп, тәубеме ке
лем. Қазіргідей қызықтың ешқайсысын көрмеді
деп қынжылғаныммен, өздерінің ойы түгілі түсіне
де кіруі мүлде мүмкін емес сұмдықтарды естімей
де, көрмей де кеткеніне қанағат қыламын. Жетімін
жылатпаған, жесірін қаңғытпаған, жасанды түсік пен
құлпы дегеннің не екенін білмей өткен ол көгентүп
қариялар мен көреген кейуаналар көзқаман неме
ре мен нашақор баланы, ақша үшін өзі де танымай
Әкемнің әлемі
тын адамды оққа байлаған күнәһар қылмыскерді,
зейнетақысы үшін әкесін немесе атасы мен әжесін
өлтірген мақұлықты, нақақ көздің жасына семірген
байшыкештерді, ел билеген қарақшыларды да
көрмей, жадағай да болса, жаратылыс жолынан
таймаған текті тұрмыс түзгендеріне риясыз разы
болдым.
Болмаса,
мынадай
цифрлардың
сұмдығын
санаңызға сыйғызып көріңізші: 2014 жылғы мәлімет
бойынша бала-шағасы «бақуатты» өмір сүріп
жатқан 7 мыңнан астам шал-кемпір қарттар үйінде
өлімшінің күнін көруде; 31 мың бала жетімдер үйінде
(олардың да жартысынан астамының ата-анасы тірі)
қорғансыз күйде; мыңға жуық сәбиіміз шет елдерге
сатылып кетіпті...
Ең сорақысы – осының бәрі өркениет көшіне
ілестік деген кезде, тәуелсіздіктің тұсында орын
алып отыр.
Әлбетте, «Жаһандану ғой...» деп, сүйкімсіз
сәуегейлікке жақын жұрттың да табыла кететінін
жақсы білемін. Дей тұрғанмен де, сәл тереңірек
үңіліп көрейікші. Ақсақалдарымыздың алдында
аз проблема тұрып па? Орыс отаршылығы, қазан
төңкерісі, азамат соғысы, ұжымдастыру, тәркілеу,
«қаш-қаш» лаңы, «халық жауы» науқаны, Ұлы
Отан соғысы, тың игеру, Қазақстанда қой санын 50
миллионға жеткізу ұраны, Арал апаты мен Семей
ажал полигоны...
Бұл – қазақ басына түскен қасіреттің бір парасы
ғана. Соған қарамастан, сол көгентүп қариялар мен
киелі кейуаналардың арқасында көптеген шаңырақ
шайқалмай, аман қалып еді-ау?!..
Елдіктің туын тік көтеріп, ерлікке тең ғұмыр кеш
кен Алаш арыстары ше? Ұлт намысын қорғау үшін
жас жандарын құрбандыққа шалған 1986 жылғы
желтоқсаншы жасындар ше?
Қ. Әлімқұлов «Дария кеуде, тау мүсін» қайран да қайтпасқайсар қарттарымыз-ай! «Бәрі де салыстырғанда белгілі болады» деген нен туындап кетіп жатыр ғой. Біздікі де «ұлағатты ұлттың ұрпақтарына сондай азып-тозбайтын асыл қасиеттер жұғысты болса екен» деген тәбәрік тілек те... Болмаса, оқушыдан қорқатын мұғалім, бағыныштысына құл ретінде қарайтын басшы, адалдыққа ант бере тұрып, арсыздыққа баратын ірілі-ұсақты мемлекеттік қызметшілер яки әртүрлі мамандар аспаннан аяғы салбырап түсті дейсіз бе? Заманның ығытын ыждағаттап, олардың бәрін де өзіміз өмірге әкеліп жатырмыз. Енжармыз: көрсек те, көрмеген кейіп танытамыз, байқамаған бола мыз. Өз басымызға түскенше «Сен тимесең - мен тимен, бадырақкөзбіз». Табан ақы, маңдай терімен табылмаған соң, аяқ астынан қолға қыстырыла кет кен арам ақшаға ісіп-кебінеміз. Көзімізді көк шел басып, мақтаншақтық пен мансапқа, бақталастыққа шашамыз. Олардың көбінің өз өмірімізге нұқсан келтіретінін де аңғармаймыз. Әкейдің және бір жиі айтатын қағидасы «Дұрыс өмір сүрем деген адам нәпсісін тыюы керек» деген даналыққа саятын. Ес тоқтата қоймаған тұста кейбір кісілерге қарата айтылған «нәпсіқұмар» дегенді естіп қалатынбыз. «Е-е-е, бұл жеңіл жүрісті адамдарға таңылатын айыптың атауы екен ғой...» деген түсінік тұманданатын. Сондықтан да ыңғайсызданып, мәнісін нақтырақ білуден қаймығатынбыз. Кейіндері оған ашқарақ, қомағалайдардың қатары қосылды. Тамақты бейпіл ішетіндер де нәпсісін тыймағнадар екен деген ұғым ұялады. Ал, соңғы жылдардың бірінде белгілі дінтанушының «Ең үлкен жиһад – нәпсіңмен күрес» деген мақаласын оқып, қайран қалдым. Сонда са
Әкемнің әлемі
уатсыз деген әкеміз нәпсінің толық мағынасын
кең көлемде ұққан болып тұр ғой! Өзіндік өнегелі
өмір сүруінің сыры да сонда екен де.
Міне, мәселе қайда.
Сөйтіп, осындай ойларды омбылап шығып,
әкеміздің балаң қылықтарына да түсіністікпен
қарауға тырысқанымды несіне жасырайын. Әрі
оның бәрі де өз дәуірінің биігінен бағаланатын іс-
әрекеттер емес пе?
Иә, қамшының сабындай ғана қысқа ғұмырында
әкеміздің де жасып-жәбірленген күндері көп болды
ма, әлде жігерленіп, жалын атқан күндері көп бол
ды ма - оны қылға тізгендей ғып қайталап қайтеміз?
Талқаны таусылғанша пешенесіне жазылғанды
көрді. Аққан селдей, соққан желдей бес күндік пәни
жалғандағы тақуа да талайлы тағдырын талғажу
еткені даусыз.
Ал енді, оқта-текте бұйда үзер басы ноқтаға
сыймай, соқыр «ерліктерге» елітсе, ол да оқалы
жанының жасырын жұмбақтары шығар?! Бәлкім,
ол да уақытынан оза шапқан патша көңілінің
көкжиегінен келешекке көз тастағаны ма екен?
Құдай берген ғұмыры мен тағдыры, мінезі мен
қылығы сондай болған соң, солай сапырылысып
жүрген шығар, солай өмір сүрген шығар?! Маңдайына
жазылғанды көрген шығар, білген-түйгенін өрген
шығар?! Жұлдыз болып ақпағанмен, өзінше қанат
қаққан шығар; бұйырғанын татқан шығар; біреулерге
жаққан шығар, біреулерге «батқан» шығар?!
Кім білген?! Тереңдеп тануға талпынатын түйсік
қана...
Әйтеуір, әр ісін әділдікпен әдіптеп, аражігін
анықтап, қайырымдылықпен қалыптап, жігерін жа
нып, намысымен қарып, жүрегін жарып – биіктерге
қол созуынан жаңылмағаны даусыз.
Мейлі, қалай дегенде де, еркек кіндікті кеуденің
өрекпісе де өрге сүйретіліп өлгені өнегелі ғой!
Қ. Әлімқұлов
«Қатынша амандасу»
немесе ұлттық педагогика пайымы
Бұрынырақта жұртымызға жұғымды «Баланы –
жастан, қатынды – бастан» дейтін дала даналығының
жақсы бір жұқанасы болатын еді. Соның желісін үзіп,
жүйесін жоғалтып алдық. «Жақсы көрген деген осы
екен» деп, өзгеге өкпемізді өшіре еліктеп, ақыр
аяғында буып-матап алған бойкүйездігімізден екеуін
де бетімен жібердік. Соның салдарынан тұлпар
мініп, ту ұстауды түсінде де көрмей, «сен тимесең –
мен тимен, бадырақ көз» деп бұқпантайлаған ез де
енжар еркексымақтар мен көк инені көтке түртпей
отырып, билік айту билігіне ұмтылған ұрғашылар
тобырын тоғытып жатырмыз.
Бала қырыққа келгенше ес жиып, етек жабай
ын демейді, әйел күйеуі мен ұл-қызы қайта-қайта
сүрініп кетіп, тіпті омақаса құлап жатса да нәпсімді
тияйын демейді.
Текті тәрбиенің тұғырынан тайғаны да...
Тексіздіктің етегін жайғаны да...
* * *
Қазақтың қалың қатпарлы, қасиетті де қасіретті
қарт тарихының қойын-қойнауына зейін қойып,
барлай қарайтын болсаңыз, бертінгі ғасырлардың
барлығында бодандықтан бел жазбағанымызды
байқар едіңіз. Қай кезде де отарлаушылардың
ашкөзденген құйтырқы саясаты ұланғайыр жерімізге
сұғын қадап, бар байлығымызды сүліктей соруға
бағытталып отырған.
Ал, ол жымысқы пиғылды жүзеге асыру үшін не
істеу керек? Ең алдымен, тұрғылықты халықтың
Әкемнің әлемі ұлттық сезімін жаншып, рухани таным-сенімі мен салт-дәстүрін тұншықтыру қажет. Кейінгі кезде, Кеңес үкіметінің тұсында, ол саясат тіпті сұрқияланып, тіліміз бен дінімізден, әдетіміз бен ғұрпымыздан, демек, халықтық қалпымыз бен елдік ерекшеліктерімізден «ерікті түрде бас тартқызып», мәңгүрттендіріп жіберуге аз-ақ қалды. Тәңіріміз жарылқап тәуелсіздігімізді алмағанда, солай бола тын да еді. «Кезіп жүрген комунизм елесін» қуып, қаңғырып кетер ме едік? Яғни, ұлт ретінде құрып кетпейітініміз кәдік-тін. Алайда, қай уақытта да ақ пен қара сияқты, күн мен көлеңке, әділдік пен қараулық секілді жақсы мен жаманның да жағаласа жүретінін ескерсек, біз тәуелсіздігімізді алдық деп бөркімізді аспанға атқан тұста ұсақ ұлттардың жаhандану жылымына жұтылып кету қаупі тағы кесе көлденеңдеп алды мыздан шықты. Cан мыңдаған санасы әлі қалыптаса қоймаған қарадомалақ ғаламтордың тұтқынына ай налып, алды-артын аңғару мүмкіндігінен айырылып жатқан бүгінгі күніңіз де қауіп-қатерден ада емесау?! Әкей тәуелсіздіктің тамылжып атқан арайлы таңын көре алмады. Жаһандану туралы жарыса ай тылып жатқан ақиқат пен алыпқашпа ақпаратты да ести алған жоқ. Әйтсе де, қай заманның тұсында да, қандай қоғамның кезінде де қазақы қалпымыздан қол үзіп қалмауымыз қажет екенін пайымдай алған сияқты. Демек, ұлттың ұлт болып қалуы үшін тәрбиеге, әсіресе ұрпақ тәрбиесіне баса мән беріп, көп көңіл бөлу керектігін бағдарлай білген деген ой тұжырымдауыма болатындай. Әрине, оларды да ұлттық деңгейде, елдік тұрғыда тұжырымдай алды деу әбестік болар еді. Ал, атабаба салты туралы көрген-білгені негізінде ауылаймақтың арашашысы болғаны анық. Бәлкім, белгілі
Қ. Әлімқұлов
бір ауылдардан бүкіл елдік мұраттың құрылып-
қалыптасатынын қарапайым қазақ ретінде түйсік
түрінде болса да түсінген шығар? Кім біледі?!
Тіпті, ол кісінің «педагогика» деген терминді мүлде
білмеуі де мүмкін. Алайда, «тектілік», «тәрбие»,
«ұстаз» деген ұғымдарды ұқыпты ұстанғаны еш дау
туғызбаса керек. «Әкесі жақсы кісі еді, жарықтық»,
«анасы ақылды, мейірімді адам болатын» деген
тіркестерден тартып, «ұяда не көрсе, ұшқанда соны
ілер», «әке көрген-оқ жонар, ана көрген- тон пішер»
деген емес пе?», «шешесіне қарап, қызын ал»,
«қатын алма, қайын ал» дегенді бұрынғылар бекер
айтты дейсің бе?!» деген сияқты мақал-мәтелдерге
жүгіне отырып, ақыр аяғында «Болар бала –
боғынан» деп қойып, мәселенің жөн-жапсарын
жеткізген кездерін мен де ара -тұра болса да байқап
қалатынмын.
Әйтеуір, қалай болғанда да «ақсақалдар айтпа
ды деп жүрмесін» деген қағиданы қалт жібермегені
анық. Оның да ақпа құлаққа қажетсіздігін білмеді
деп тағы айта алмаймын.
Бұрынырақта, желік жетелеген жастау кезінде,
соғыстан жараланып қайтқан қиын-қыстау сәттерде,
«тентек сумен» табысып тұратын тұста, қой
соңынан салпақтап, шаршап-шалдыққан шағында
қалай болғанын білмеймін, балалы-баранды болып,
ес тоқтатқан, ата сақалы аузына бітіп, «Нүсікең»
атанғалы, яғни мен білгелі бергі жерде әкейдің
бұлқан-талқан болып ашуланғанын көрген де,
естіген де емеспін.
Тек таудағы жайлауда шопан таяғын ұстап
жүргенінде аз күн екі беті нарттай боп тұтығып,
томаға-тұйық жүрген бір сәттері еміс-еміс есіме ора
латындай. Бес жасар баламын, ол тұста ненің бай
ыбына бара берейін? Қайдан білейін, қан қысымы
көтеріліп, қиналып қалатын болса керек. Ал өзі
Әкемнің әлемі болса: «Сақинам ұстап, басымды көтертпейді» деп жатып қалатын. Аудан орталығы жақта тұратын та тар тәуіп келіп, басынан қан алғанын өз көзіммен көргенім бар. Маңдай құйқасын тіліп жіберіп, тұптура шәй кесенің біреуін меймілдете толтырып қара қанын ағызып алған еді. Содан қайтіп оны да ұмытқан. Әйтеуір «басым ау ырды, балтырым сыздады» дегенін естіген жоқпыз. Бірақ, жаңағы татар тәуіппен тамыр болып, бертінге дейін араласып тұрды. «Көріпкелдігі бар екен. Қарта ашып, болашағыңды болжап береді. Бетал ды лағып сөйлемейді, қолмен қойғандай ғып нақты айтады» деп отыратын. Не сұрап, не біліп жүргенін қайдам, әйтеуір анау-мынауға сене бермейтін сер гек адамның құлай жығылғанына қарағанда, та тар тәуіптің біраз нәрседен хабары бар екен ғой деп шамалайтынмын. Өйткені, ақтық сапарына аттанарының алдында аз-кем қиналғаны болма са, жалпы дәрі-дәрмек дегенді мойындамай кеткен адам ғой, сол татар тамырын жеке дәрігеріндей көріп сый-құрметінен қағажу қалдырмады. Тіпті, барыс-келісі жиі болмағанымен, сүйіспеншілікпен атын атап отыруының өзі көп нәрсені аңғартса ке рек. Жарықтық адам баласын алаламаушы еді. Үлкенмен үлкендей, кішімен кішідей сыйласа білетін. Кімге де болсын қолынан келер қамқорлығын аямай тын. Кейде біреудің шаруасына өз ісіндей белсене кірісіп кеткенін көріп: - Оны қайтесіз, керек болса өздері істемей ме? – десем: - Әй, балам-ай! Талай ажалдың аузынан қалып, қырғын соғыстан мен неге тірі оралдым? Сендердің көретін жарықтарың, бұлардың нәпақасы болғандықтан аман қалдым. Сауабы болады да. Денім сау, басым аман болса, кембағыл жанға
Қ. Әлімқұлов
қолқабыс жасағынның еш қиындығы жоқ,- дер еді.
Кім біледі, қарт демей, бала демей, бүкіл ауыл-
аймаққа сиылы болуы да сондай пейілдің ырыздығы
шығар? Бейнетінің – зейнеті, сауабының қайтуы ма
екен?!
Ол кезде теледидар деген түсініктің өзі жоқ. Ба
тареялы радио қабылдағыштар енді пайда бола
бастаған. Газет-журналды белсенділер ғана ала
ды. Айына бір рет жылжымалы кино келіп-кетпесе,
мәдени шараның ең қол жетімдісі де, жұртшылықтың
жаппай қызығушылығын тудыратын да оқта-текте
ауылымызға ат басын тірейтін «концерттер» еді.
Қайдан білейін, сұрапыл соғыстан кейінгі
мемлекеттің мүмкіндігі сол болды ма, әлде заман
дамуының деңгейі солай ма, әйтеуір ол концерттердің
көпшіліктің рухани сұранысын қанағаттандырудағы
көтерген жүгі ауқымды-ақ. Басқа сауық түрлерінің
жоқ болуынан да, аз-кем санды барының алыс
ауылдарға жете бермейтіндігінен, қарапайым сахна
өнері мен дәстүрлі халық ән-жыры періште пейіл,
балаң сезімді ағайының бірнеше ұрпағының сусаған
санасын ұшпаққа шығарғаны даусыз шындық.
Тағы бір айта кетерлік жай, облыстарды былай
қойғанда, көптеген аудандардың өз халық теат
рлары табысты өнер көрсетуші еді сол тұста. Әрі,
әртістер қаншалықты бар жанын салып ойнаса,
көрермендер соншалықты сүйіспеншілікпен тама
шалайтын.
Алматыдан, Талдықорғаннан, тіпті Қырғызстан
нан келген өнерпаздармен қатар Ақсу халық театры
жиі ат ізін салатын біздің ауылға. Қонақ үй, асхана
дегенді біле бермейтін ауылда әншілер мен му
зыканттар, сахна саңлақтары алаңсыз өнерлерін
көрсете беретін. Өйткені ауыл адамдары әртістерді
үйлеріне бөліп алатын еді. «Адам алушылардың»
алғашқы шегінде, әрине біздің әкеміз тұратын-ды.
Әкемнің әлемі
Ауыл-ағайын үшін концерттен бұрын әртістердің
келуінің өзі шала тойға ұласатын. Әркім өз
қонақтарын күтіп, концертке бірге келеді. Сауық,
негізінен пьессадан, одан кейін ән-күйден тұратын.
Көбіне-көп батырлар жыры, аңыз-ертегілер мен
әзіл–сықаққа құрылған қойылымдар көрсетілер еді.
Белгілі уақыт шектеуі жоқ концерт екі жақтың да
құлшынысымен түн жарымына дейін созылатын
кездері жиі кездесетін-ді.
Содан соң бөлінген үйлеріне кеп, тамақтарын
ішеді. Әр үйдің көрші-қолаңдары бірге араласады.
Ауқаттанып алған соң ауыл адамдары қолқа сала
бастайды да, шағын елді мекеннің әр тұсында үш-
төрт кішігірім концерттер таңға ұласа жалғас тауып
жататын.
Ынтымағы жарасқан жұрттың шаттығы да шы
найы еді-ау! Келіндердің біреуі самаурын қайнатып,
бірі еттің көбігін қалқып, енді бірі дастархан жайып,
шәй құйса, қалғандары ыдыс-аяқ жуып қарбаласып-
ақ қалар еді. «Сен істе, мен істейін» деп санасу жоқ,
әрқайсысы алғашқы болып ұмтылатын. Оның бәрі
тәрбиеден, үлкенге – құрмет, кішіге көмек қолын
созуды дағдыға айналдырудан еді.
Жігіттер де отын бұтап, от жағып, бұлақтан су
тасып тыным таппайды. Тек қарттар ғана қадірлі
қонақтармен
қатар
отырып,
әртүрлі
әңгіменің
тығынын ағытады. Білісе келіп, құдандалы-жекжат
болып қалатын тұстары да жоқ емес.
Соның бәрін ұйымдастырып беріп, інілері мен
балаларын қабағымен ғана бағыттап қойып, той-
думанның ойдым ортасында шаттықтан бал-бұл
жанған жүзі жалындап әкеміз отырар еді ...
Әлбетте, бір адамның бүтіл ғұмырындағы
тағлымды оқиғалар мен болмыс-бітіміндегі, жан-
дүниесіндегі, мінез-құлқындағы, дағды-ғұрпындағы
– жалпы адамгершілік әлеміндегі әңгімелерді дерек
Қ. Әлімқұлов
теп жазған соң бірді айтып, бірге кетпеуге лажыңыз
да жоқ. Әрі ол білгеніңнің бәрін тізе берсем деген
пиғылдан да емес. Маңызды мәні бар-ау деген
дүниелер назардан тыс, қағаберіс қалып қоймаса
екен деген ниеттен ғана.
Оның үстіне, ондай оқиғалар мен мән-жайларды
бүгінгі һәм келешек ұрпақтың да біле жүргенінің,
тіпті мүмкін болса, шама-шарқынша жүзеге асыра
жүргенінің еш артықшылығы да болмас еді. Өйткені,
бүгінгі таңдағы мәңгүрттік пен көзқамандықтың
кеңінен етек жая түсуінің өзі осындай ата-баба
даналығын, ұлттық салт-дәстүрді білмегендіктен,
ал шала-пұла білгенінің өзінен бас тартып, басқаның
безбүйрек бұлдыр-батпағына мойын бұрып, мойын
бұрып қана емес-ау, еліктеуге өрекпи өре тұрып,
тыраштануымыздан.
Әбден шектен шығып кеткенде болмаса, әкей
ешкімнің кемшілігін бетіне басып, табалағандай
да болмайтын, «олай істе, бұлай істе» деп, жөн-
жосықсыз ақыл айтып, білгішсінбейтін де. Көбіне-
көп жеке басының өнегесімен үлгі көрсетуге тыры
сатын.
Ол кезде Алматыда тұрамыз, бірде ауылдан
бір інішек келе қалды. Ел-жұрттың амандық-
саулығынан соң:
- Атайдың бұйымтайымен келдім, екі-үш шөлмек
жақсы коньяк пен тәуір арақ, үнді шайын, дастарханға
қоятын қымбат кәмпит-сәмпит беріп жіберсін деді.
- Иә, тыныштық па, ол не шала той?
- Совхозымыздың директоры ауданға өсіп кетті
ғой... Естіп жатқан шығарсыз? Соның орнына келген
жаңа директорды қонаққа шақырайын дейді.
Інішектің басын қатырып қайтейін:
- Е, онда жөн екен,- дедім де айтқандарын тауып
бердім.
Соңыра ауылға келгенімде:
Әкемнің әлемі - Зейнетке шыққаныңызға жиырма жыл бол ды, директорды қонаққа шақырғаныңыз қалай? Ешнәрседен таршылық көретіндей жағдайыңыз жоқ қой? - дедім. Сонда қарт баптап тұрып былай деген: - Балам, Құдай менің күнімді пенде баласы на қаратпасын. Жұмыс істеп жүрген кезімде де бастықтарға жалпаңдап көргенім жоқ. Оның мәнісі мынада: сынай келген сырттың жігіті емес пе: «ой, мыналар ел емес екен ғой ...» деп жүрмесін. Ауылдың ақсақалы ретінде мен өз парызымды атқарамын. Арғы жағы оған байланысты: түйсігі бар, парасатты азамат болса, елді сыйлап, халыққа қызмет етер ... болмаса көп кідірмей, келген ізімен кері қайтар?! Ол да бір елге келген «Құдайы қонақ». Ал қонақ ешкімнің ырысын ішіп кетпейді. Бірақ қонақты күту сияқты, қай үйге мейман боп түсу де – сын. Баяғыда бір бабамыз жолаушылап шыққанда жанындағы серіктері: Ата, қай үйге ат басны бұрасыз?! – деп сұраса: - Төресі жоқ кез-келген үйге тарта беріңдер, - дейді екен жарықтық. «Төре» дегені – ес қатпаған, тентек баласы болмасын дегені ғой. «Келгенше – қонақ ұялады, келген соң – үй иесі ұялады» деп қайырылатын мақал да сол сынды сипаттаса керек. Демек, қонағын төбесіне көтере күткен адам парызын өтейді де, мейман қарыз боп кетеді деген сөз. Алайда біз ешқандай қонағымыздан ақы дәметпейміз. Ас-суымызды қарызға да бермейміз. Ол – қазақтық қалпымыз. Кез-келген қазақ бізді де солай күтуге тиіс... Ауыл-елімізде әкеміздің «Қонақ риза боп кетуі керек!» деген сөзінің қанатты қағидаға айналып кетуі де содан болар.
Қ. Әлімқұлов
Нені
алып-қосатыны
бар?
«Жеке
басының
өнегесі» дегеннен туындап кетіп жатыр ғой.
Сондай-ақ жарықтық еш уақытта да, ешкімге
де жөн-жосықсыз зекімейтін. Бірақ, «Құдайсыз
қоғамның» қайсыбір қылығы қарияны қынжылтар
еді. Әрі ол «әттеген-айлардың» үлкен-кішісі дейтін
емес, түрі де көп еді-ау. Солардың біріне налығанын
көргенім бар. Ренжулі түрін көріп:
- Ата, Сізді кім кейітіп жүр?- деп сұраған едім.
- Осылар қалай адам болады, түге?- деп сұрағыма
сұраулы жауап қайтарған жүдеңкі жүзін жасырма
стан.
- Тыныштық па, өзі не боп қалды?
- Қатынша амандасады, қызталақ ...
- Кім?...
- Ой, ана Еркебай да, жолың болғыр.
- Сонда қалай амандасады?
- «Сәлеметсіз бе?» дейді, сызылып.
- Енді, онда тұрған не бар? Ол да бір сәлемдесудің
түрі емес пе?..
- Әрине, еш дауым жоқ: келін-кепшік, мек
теп жасындағы бала айтса, қыңқ демей алар едім
ғой сәлемдерін. Соқталдай жігітке жарасатын
қылық па сол? Атасындай адамға ауыз толтырып:
«Ассалаумағалейкум!» десе... марқайып қаласың
да?!
Тағы да «Онда тұрған не бар?» дегенді қайталап
жібере жаздап тілімді тістей қойдым.
- Жас қой, әлі-ақ біле жатар?..
Қартым қылт ете қалады.
- Қайдағы жас? Қолына қару ұстап, әскер
қатарынан келген адам жас болушы ма еді? Санасы
саяз да?! Оған ынжықтығы қосылады...
Шешесі байғұс –анау, жалғыз өзі осыны қатарынан
қалдырмайын деп қартайып бітті. Келін түсіріп
беріп, анасының қолын жылы суға матырудың ор
Әкемнің әлемі
нына боғымен жасты балалармен доп қуып,
далбаңдағаннан басқа бітіргені жоқ. Оқу оқиын-ау,
жұмыс істейін дегендер ойына да кіріп шықпайды.
Әкей осылайша таусылып барып тоқтаған.
Кейіндері ойластыра, салыстыра жүріп сора
бына жеттік. Қалай сәлемдескенде де ниеті түзу
ғой дегеніңіз болмаса, «Сәлеметсіз бе?» мен
«Ассалаумағалейкумнің» арасы, шынында да жер
мен көктей екен. Ауыз толтырып, азат дауыспен
асқақ амандасудың астарында да үлкен мән жа
тыпты. Әрі-беріден кейін, «Ассалаумағалейкуміңіз»
азаттық пен еркіндіктің, бостандық пен тәуелсіздіктің
белгісіндей, «Мен - қазақпын!» деп жар салған
мақтаныш сезімінің елшісіндей екен. Ол рухыңды
асқақтатып, еңсеңді тіктететін сөз екен. «Кім-кіммен
де терезем тең, керегем кең» дегеннің көрінісі екен.
Ал, «сәлеметсіз бе?» деп сызылғаның керісінше,
сенімсіздердің,
жасқаншақтардың,
болмысына
бұқпантайлықтың бұғауы түскен бедерсіз жандардың
аузына түскіш, төменшіктеп тіршілік етушілердің
тіліне үйір тіркес екен. Әсіресе, ер азаматтардың
еңсесін езіп, жігерін жасытатын, адымын аттат
пайтын, алшаң бастырмайтын бейшаралықтың
белгісіндей бәле екен – ол.
Әкейдің адам танығыштығы да айрықша еді.
«Болар бала – боғынын?» деген…» деп қойып,
кішкентай қарадомалақтардан бастап, бозбала бо
лып қалған бірқатарына сын көзімен баға беріп оты
ратын. Кейін қарап отырсақ, солар түгелдей дерлік
қолмен қойғандай тура келіп жатушы еді. Тіпті,
газеттердегі суреттеріне қарап, небір мықтылар ту
ралы пікір айтатын. Мейлі, ол қандай қызметтегі, қай
саладағы адам болмасын, бейнесіне қарап отырып:
ұнатпау себебін - «Бас терісі келіспеген қу екен…»,
«Көзін бұрып, бұқпантайлай қарайды екен, арты
қуыс-ау?» деп, ниеті ауған адамдарына «Жанары
Қ. Әлімқұлов
жасқанбағанына қарағанда әділ азамат қой», «Жүзі
жылы ғой, жаны да жайсаң болуы керек?!» дер еді.
Үлкен бастықтар туралы мүлде сөз қозғамайтын.
Неге екенін, М.Горбачевті алғаш көргеннен-ақ
суқаны сүймеді. «Жылтыңдап қалған, көп сөйлейтін
қызталақ екен, бүлдіріп тынбаса не етті?» дейтін.
Өзі соғысқа қатысқандықтан ба, болмаса, ол кез
де ақтаңдақтар туралы айтыла бермегендіктен бе,
әйтеуір И.Сталинге шаң жуытпай кетті. Н.Хрущев
жеке басқа табынушылық туралы жер жүзіне жар
салғаннан кейін де пікірінен айныған жоқ. Керісінше,
«Біздің
кейбір
директорлар
тұрмақ
бөлімше
бастықтарымыздан да қарапайым тұрған адам
халыққа қалай қиянат жасауы мүмкін?!» деп дүрсе
қоя беретін.
«Қарсы жақ» інілері:
– «Халық жауы» деп миллиондаған жазықсыз
адамды атқызған, – деп өз дәлелдерін алға тартса:
– Жазықсыз жапа шеккендердің болғаны рас.
Бірақ, олардың бәрін Сталин атқызды деп кім айт
ты? Біріне бірі тыңшы боп, өш алысып жатқан өздері
емес пе? Сталинді де жандайшаптар алдаған
шығар? Билік басындағы адамдардың түбіне жететін
сондай жанында жүрген жағымпаздар ғой. Олар
мысықтілеулі келеді. Ондайлар бастықтарын тіпті
де жақсы көрмейді. «Бұның орнына басқа біреу кел
се, мені де осымен бірге құртады. Сондықтан осы
отырсын» деп, амалдың жоғынан жағдайын жасауға
тырысады. Орнынан түсе қалса, бастығын бірінші
болып жамандайтын да солар. Өйткені, отымен
кіріп, күлімен шыға жүріп біраз «сырын» біледі ғой
ол қулар... – деп қорытар-ды.
Қарап отырсаңыз, қисынсыз да емес. «Әр
патшаның тұсында бір сұрқылтай» қай кезде де
болған. Тарысы бардың тауығы болып жүргендер
бүгін де бар. Барыңыз не, тіпті заманалар өткен
Әкемнің әлемі
сайын мейлінше көбейіп бара жатқан сияқты.
Жарайды, бұл да сөздің реті. Сөз жүйесін
жағаласақ, жаңағы жоғарыда әңгіме еткен Еркебайға
ақыры ес кірмеді. Жер хабар бермесін, ез болып
өтті.
Бір ғажабы, солай боларын о баста-ақ бағамдаған
әкеміз сол Еркебайды үйлендіріп, құдалық пары
зы мен той-томалағын өзі көтерді. Бүгінгінің түсінігі
тұрғысынан түк те емес: құдалығына бір қойын,
тойына бір сиырын беріпті. Өз шешімі, өзінің табан
ақы, маңдай терімен жиған малы. Әкемнің малын
аяғандықтан болмаса қызғаныштан емес, «адам
болмайтынын» біле тұра, ондай әрекетке неге
барғанын білу мақсатында:
– Абырой әпермейтін іске шала шабылғаныңыз
қалай? – деп сұрадым.
Әкей маған танымай қарады. Қарап алды да бүй
деді:
– Пәлі, сен түсінбеген екенсің. Қайта, нағыз абы
ройлы іс! Ағайынның баласы. Ол үйленіп, балалы-
баранды болмаса, бауырымның аты өшіп, шаңырағы
ортасына түспей ме?
Содан сәл бөгеліп барып:
– Баланы білесің, ынжық. Өз тарапынан түтін
түтете алмас еді. Келін-текті жерден, ибалы жан.
Келбетті емес демесең, ұя бұзбайды. Сол бетінің
әріне бола оң босағада отырып қалған екен...
Тағы бір іркілді. Маған барлай қайта қарады.
– Солай балам. Нағыз игілікті, сауапты іс!
Өз бетімше байыбына бара алмағаныма қайта
қысылдым.
Келін шынында да шаңырақтың шаруасын шырқ
иірді. Кісікиік Еркебай елмен араласты. Төрт қыз
тұрмысқа шықты. Жалғыз ұл үйлі-баранды боп,
«Еркебайдың үйінің» түтінін түзу шығарып, тіршілігін
түлетіп отыр.
Қ. Әлімқұлов
... Біз сегізінші сыныпта оқып жүрген кезімізде,
мектебімізге бір жас жігіт келді. Институттың соңғы
курсын тәмамдап, диплом жұмысын қорғар алдын
да, тағлымдамадан өту үшін келген беті екен. Біз
«студент ағай» деп жүрдік, нағыз аты-жөні Сәбит
Шаяхметов болатын.
Сол жас жігітке, неге екенін, әкейдің ықыласы
құлады. «Өжет, қайсар» деп қоятын. Ауыл-елдегі
ағайыннан жезтырнақ туралы әңгімелерді естіп,
ол да неге екенін, әкейді қолқалап, Қарабастау
қыстағына барып қайтыпты. Бірақ, ол туралы сәл
кейінірек айтайын.
«Студент ағайдың» өзі құралпы жастар сияқты
арзан қызықтарға онша құлқы жоқ, көбінесе спорт
залында жүретін. Онда да бекер жүрмейді, зіл
темірлерді көтеріп, аяқ-қолын ербеңдетіп, өзімен-
өзі «соғысып», ақ тер, қара тер боп жүретін.
Денешынықтыру пәнінің мұғалімі «самбошы» екен
дейтін. Оның не екенін жыға танымасақ та қызыға
тамашалаймыз жаттығуларын. Сонша уақыт бөліп,
жанын қинағанына қайран қаламыз.
Сөйтіп жүргенде Жеңіс мерекесі бола қалды.
Ол кезде, әр айтулы мейрам шынымен-ақ нағыз
халықтық мереке болушы еді. Кеңшар кеңсесінің
алдында жиналыс өткізіліп, соғыс ардагерлері ма
рапатталады. Мерекелік сауда-саттық, жарқын жүз,
шат күлкі...
Әйтсе де, спорттық жарыстар қатты құрметтелер
еді. Футбол, волейболдан, жеңіл атлетиканың жүгіру,
секіру түрлерінен командалар мен жеке спортшы
лар қошеметтеледі.
Дей тұрғанмен, күрестің орны бөлек деу керек-ақ.
Қазақтың қанына жақын болғандықтан да ма екен,
палуандар жекпе-жегі жұртты түгел жинайтын. Бала
лардан бастап, жігіт ағалары атанған ағаларымызға
дейін біраз азамат бақ сынасатын. Тіпті, соғыстан
Әкемнің әлемі
кейінгі жылдарда әйелдер де күрескен көрінеді. Атап
айтқанда, менің кіндік шешем – Әндиша және Толя
жолдасымның анасы Маруся тәтелеріміз тайсалмай
топқа түсіп, анау-мынау жігерсіз жігіт-сымақтарды
жерге қаратыпты да деседі.
Шіркін-ай десеңізші, ол кезде жерге кілем түгілі
киіз де төселмейтін ғой. Сыпырылып, су себілген
кәдімгі Құдайдың жері – күрес алаңы. Жаралана
ды немесе шаң болады деп ешкім алаңдамайтын
болғаны-ау, ә?!
Тағы бір даусыз нәрсе – сыйлық: 1 орынға –
жылқы, 2 орынға – сиыр және 3 орынға - қой. Бұл
– бұлжымайтын, өзгеріссіз жағдай. Жарыстан кейін
жұрт: «жылқыны бәленше алған шығар?» деп сұрар
еді.
Иә, сол жылғы Жеңіс мерекесіндегі күрес бәсекесі
де аса қызықты аяқталып келе жатыр еді. Тіпті,
кімнің қай орын алатынына дейін белгілі боп қалған.
Ақтық айқас қарсаңында алаңға Микитаның Нико
лайы шыға келмесі бар ма? Апайтөсін жалаңаштап,
балағын түрініп алыпты. Шыға:
– Мен бірінші орын үшін күресем. Кім қарсы
шығам десе де бәрі бір, – деп айқай салды.
Ел дүрлігіп қалды.Біреулері: «Мына неме ішіп
алған ба?» деп таңырқай қараса, енді бірінің: «Бұл
заңсыз ғой... салмақ салыстырса мынаған кім шақ
келеді?» деген дауыстар естіліп қап жатты.
Елді елең еткізіп, ортада өз басымдығына сенімді
болып, масаттанып тұрған Николай кім еді? Ол -
осы ауылдың жігіті. Күзде әскер қатарынан келген.
Келесі жылы институтқа түспек. Соған дейін ата-
анасына көмектесіп, ауылда бос жүр еді. Денелі бо
латын. Бірақ, «бұлшық еттері бұлтылдап тұр» деуге
келмейтін. Өйткені, тұтасқан, семіздеу дене сияқты.
Мақтаншақ та болса керек. Күндіздің өзінде
кеудесін жалаңаштап, екі-үш келелік нән балғаны
Қ. Әлімқұлов
сабынан ұстаған күйі көшеде көтеріп-түсіріп, жаттығу
жасап жүретін.
Сілтідей тұнған жұртты әкейдің:
– Сәбит бар ма? Сәбит, қайдасың? – деген даусы
селт еткізді.
Содан:
– Аға, мен мұндамын, – деп жанына жетіп келген
Сәбитті қолынан жетелеген күйі ортаға алып шықты.
Анау-мынауға қаны қыза қоймайтын, таразылап ал
май іске кірісе бермейтін әкейдің мінезінен хабардар
жұрт ерекше бір жаңалық күтулі күйде елеңдесіп-ақ
тұр.
– Ау, ағайын! Күрес-білектің ғана емес, ең алды
мен жүректің сайысы. «Күш атасын танымайды». Ни
калаймен мына Сәбит күреседі. Жеңген палуанның
жылқысын мен беремін, – деп әкей сөзін аяқтауы
мұң екен, жиналған жұрт тағы ду ете түсті. Біреулер
қызыққа кенелетініне қуанып даурықса, екіншілері:
– Қойыңдар, болмайды. Әкесі мен баласының
күресіндей емес пе... – деп, сөздерінің аяғын жұтып
жатты.
Әлден уақытта жарыстың бас қазысы, партком
хатшысы алаңға шығып:
– Ал, Сәбит, сен не дейсің? – деген.
«Студент ағай» да айылын жиятын емес:
– Жығылсақ, жер көтерер, тәуекел! Нүсіпақын аға
сенім артқан екен, ақтауға тырысып көрейін, – деді
түк болмағандай.
Жұрттың күткені де сол емес пе, қайта дүрліге
түскен.
Сонымен, не керек, «әкесі мен баласы» алаңда
бірін-бірі айналсоқтап аңдыса бастады. Николайдың
тұтас тұлғасы ірк-ірк етеді. Сәбиттің шағын да бол
са, бұлшық еттері ойнай жөнелген. Жүрісі ширақ,
шалт. Екеуі де қолдарын алға созып, еңкіш тартып
жүр. Үлкені бүріп жібергісі келеді, ал кішісі сынап
Әкемнің әлемі тай сырғып ұстатпайды. Екеуі де айласын асыру, аңдаусызда қапы қалмау сияқты оқыс ойлардың ну орманын шарлап-ақ жүр. Бастарда мыйлығып жатқан ол ойларды ешкім білмейді, әрине. Олар, тек өздеріне ғана мәлім. Біздікі солай шығар деген жорамал ғана да. Тыным таппаған – төрт қол. Бірде әр жерден шап бергісі кеп ширақ шүйілсе, енді бірде жалған әрекетті бейнелегендей аяқ астынан шолтаң ете қалады. Кейде итерісіп, кейде ішке тартады. Жұлқыласып-ақ бағуда. Ешқайсысының беріскісі келмейтіні бәсенеден белгілі. Бірақ, ол текетірестің де итжығыспен бітпейтіні айдан анық бола бастағандай. Өйткені, басқаның бәрінен намыс шығандап кеткен-ді. Төрт аяқта да тыным жоқ. Екеуі жерді ойып жіберердей, ебедейсіз балпаң басса, қалған екеуі еркін көсіліп, билеп жүр. Тізеден бүгілген күйі бәрі де, бұла қуатымен буырқанып, серпіле қозғалады. Бір кезде Николай қос қолдап, Сәбиттің оң қолының білегінен өзіне тартып, белге салды да допша домалатты жерге. Сәбит қаперсізде қолын алдырып қойғанының есесіне соншалықты бір тез қимылмен сытылып кетті. Екеуі шаңды бұрқ дегізіп, шаршы алаңға омақаса құлағанда, қалың нөпір құлақ тұндырып, тағы да дүр ете түсті. Екеуі де жер тарпыған бұқалардай бастарын шайқап жерден тұрды. Бірі айырылып қалғанына қапыланып ауыр-ауыр көтерілсе, екіншісі қапы қала жаздағанына өкінгендей жылдам атып тұрды. Сонымен, алыспай беріспейтін толық пен жұқалтым қайта жұлқыласа бастады. Ендігі еттері қызып, терши бастаған екеуі де жіті қимылдауға ты рысуда. Содан да болар, екінші ұстасу көп кешіктірген жоқ. Николай бұл жолы мықтап-ақ ұстаған сияқты. Басқаларға қалай көрінгенін қайдам, маған Сәбит
Қ. Әлімқұлов бұл жолы қос қолын да арнайы қарсыласының ыңғайына келтіріп, әдейі ұсынған сияқты болды. Николай шөгіп бара жатқандай болған Сәбиттің үстіне қона кетпек еді, соны күткендей Сәбит те жата кетіп, төніп келе жатқан дәудің ішіне оң аяғын тіреген күйі басынан асыра лақтырды. Шулаған жұрт та, тіпті Николай да ондайды күтпеген де, қас пен көздің арасында сондай әдіс әдейі орын ала тынын байқамаған да болу керек, ауыр салмақты алып дене шаңға бұрқ еткенде неге жоруларын түсінбегендіктен де сілтідей тына қалған. Тіпті, мына көрініс өңнен гөрі түске тән сияқты. Біреу: «Ойпырай, ә?!» деп қалғандай. Николайдың іш құрылысы солқ ете түскендей. Уақыттың жүрісі де ырғағынан жаңылып, баяулап бара жатқандай. Міне, нақ сондай бір есеңгіреген халдегі сәтте Сәбит ұшып тұрды да денесін игере алмай жатқан Николайдың кеудесіне құлай кетті. Басқалар бағамдап болғанша әкей жүгіріп барған күйі Сәбитті қолынан ұстап тұрғызды да, сол қолымен жеңімпаздың оң қолын жоғары көтеріп, теңкиіп жатқан дененің айналасына анталаған жұрттың ал дында айналдырып шықты. «Ой, азамат! Жігітім-ақ екен! Жарадың, баурым! «Күш атасын танымас!» деген осы...» деген жарқын да жамыраған дауыстар алаңды азан-қазан қылды. Бәрі де бір сәтте Николайды ұмытып кеткен. Ол қаумалағанарды қақ жарып келіп, Сәбиттің екінші қолын көтеріп, арқасынан қаққанда ғана «өй, осын дай біреу де бар еді ғой?..» дегендей қайран қалыса қараған-ды. Қапастағы қара күш пен көз ілеспес жылдамдықтың жекпе-жегіндей болған күрес сайы сы осылай аяқталып еді. Ал, оны біздің тілге тиек етіп отырғанымыз – әкейдің соншалықты қауіпті де жау апты сәттегі іс-әрекетінен шығатын қорытындыны
Әкемнің әлемі
қалың оқырман қауымның назарына ұсыну ғана.
Адамды тану, жыға таныған соң да сенім артуға бай
ланысты туындап кетіп жатқан әңгіме де...
Адамдарды айнытпай танитын жан мал түліктерін
де жақсы білетін болса керек. Қолындағы азды-
көпті ірі қарасы мен уақ малын да қолмен қойғандай
түстеп беретін. Бұрын-соңды қолынан өткен сонша
жылқының ішінен боз биесін таңдап алып қалып,
соның төлі есебінен Қамбар ата түлігінің тұяғын
жалғастыруы; сиырдың да құрсағы құтты, желіні
сүттісін ұстауы соның айқын айғағындай еді.
Ал, қойға байланысты әңгіме мүлде бөлек.
Өзі біраз жылдар бойына шопан таяғын ұстап,
сол кәсіптің ыстық-суығына бір кісідей-ақ күйіп-
тоңғандықтан да болар, бұл саладағы ешқандай
сынақтан сүрінбес еді. «Мынау – өсім беріп оңбайды,
кәртейіп кетпей тұрғанда – бордақыға қояйын, мы
наны – саулық сайлайын, өйткені егіз табады» деп
шағын отарын жаңылмастан сұрыптап алатын.
Қойды семіртуінде де мін болмайтын. Қараңғы
қораға қамап, қалыпты жем-шөптің өзімен аса шүйгін
шығаратын. Ол жақта негізінен, өздері «ит құйрық»
деп атайтын, жүндес «Арқар-меринос» қойлары
өседі емес пе? Құйрығы кішігірім болғанымен,
еті мол әрі аса кенеулі келеді. Қозғаламай тұрып
семіргенде, денесіндегі майын көтере алмайтын
дай көрінер еді де, тұяқтары қайырылып кететін. Бір
кесек майын асап жіберсеңіз, жүрегіңізге шық ете
түсіп, ары ас жей алмай қаласыз. Алайда, тұмау-
сұмау, жел-құзыңызға ондай қойдың сорпасы мың
да бір ем!
Биесін шағылыстыратын айғырды да, сиырын
күйекке түсіретін бұқаны да таңдап, тіпті, алыс ау
ылдарда аңдғаны болса, арнайы алып барып
ұрықтандырып жүретін. Сондықтан да болар, түлігі
түгел діттеген жерінен шығып, ырыздығын ысырап
етпей кәдесіне жарап жататын.
Қ. Әлімқұлов
Әрине ғой, олардың күтімін де өз жағдайын жасар
дай құнттайтын. Жем-шөбін күні бұрын әзірлеуден
бөтен, қора-қопсыны тазалап, қиын уақытылы ою;
жүнін қырқу, терісін тұздап, илеу, жайлауға шығару
сияқты бірінен соң бірі келе беретін науқандарды
қалт жібермейтін. Мал төлдету науқаны ғой, екі
бастан, нағыз майдан! Әкей үшін ол науқанның
қиындығынан қызығы мол сияқты еді. Әр төлді бала
мәпелегендей күтіп-баптағанына өзім де талай куә
боп, хал-қадірімше қолқабыс та тигізгенмін.
Міне, нақ сондай сәттердің суреттері арқылы
ұлтымыздың амандықтың өзін «мал-бас аман
ба?!» деп малдан бастап, сертінің өзін «малым -
жанымның садақасы!» деп малмен аяқтайтынын са
нама сіңіргенмін.
Иә, ата-бабаларымыз сол малының жағдайын
ойлау арқылы да табиғатпен біте-қайнасып, өзінің
де табиғат-ананың төл перзенті екенін бар болмы
сымен ұға алған дана адамдар болған!
Жұртымыз
жылдар
өткен
сайын
рухани
жұтаңданып, ертеңіне енжар қарайтын жағдайға
жеткендей ме, қалай?! Осындай ойға келуім мұң
екен, еске Дағыстанның халық ақыны, Дағыстанның
ғана емес, бір кездегі кеңестік кеңістіктің, тіпті бүкіл
әлем әлетіндегі көрнекі шайыр Расул Ғамзатовтың
«Сен өткеніңе пистолетпен оқ атсаң, болашақ сені
зеңбірекпен атады» деген аталы сөзі келе қояды.
Салт-дәстүрді сақтап, құрметтеуді одан арттырып
қалай айтарсың?!
Иә, ел болам деген ұлт есін жиып, етегін жауып,
бесігін түзесе керек. Ал қай жұрт үшін де сондай ете
не ерекшеліктің бірі де бірегейі «амандасу» деген
ұғымға келіп тірелетінін әкей там-тұмдап десем күнә
болар, тәуір-ақ түйсінген сыңайлы.
Не айтатыны бар, халқымыз бұл мәселеге де
орасан зор мән беріп: «Сәлем – сөздің атасы» деп,
қанатты қағида қалыптастырған.
Әкемнің әлемі Осы тұста тараудағы тақырыбымызбен тоқайлас тағы бір ой ойқастай қояды. Әйелге табыну дәуірінің тақуа талабына орай, әлдекімдер жоғарыдағы мә телді де «Сәлем – сөздің анасы» деп бұрмалап жүр. Қалай дегенде де амандасу адамзат баласы үшін міндетті шарттардың бірі. Әкей сол қағиданы мықтап ұстанатын. Тіпті, қатты қадағалайтын. Байқамай қалып, амандаспай қалған адамға: «Бірге түнеп тұрып па едің, неге амандаспайсың деп ескерту жа сап, керісінше, «еркекше» сәлем бергендерге тиісті жауабын қайтарғаннан кейін: «Өркенің өссін!», «Көп жаса!» деп бәтуалы батасын беріп жүрер еді. Жалпы, біз білгенде бұрынғы бабаларымыз «Армысыз ата немесе ақсақал!» деген сәлемге «Бар бол, балам!» деп жауап қататын болған. Кейіннен, ислам дінінің кең таралуына байланы сты «Ассалаумағалайкум!» («Мен сізге Алладан амандық тілеймін!») – «Уағалайкумсалам» («Мен де сізге Алладан сау-сәлеметтік тілеймін!») түрі тара лып, етек жайды. Осы орайда шариғат шарттарына тоқтала кетудің де артықтығы бола қоймас. Өйткені, бұл амал Ұлы Жаратушы Жаббар Иемізге де тікелей қатысты. Нақтырақ айтқанда – Алланың 99 көркем есімінің бірі – Әс-Сәләм. Сондай-ақ, ол құдіреті күшті Құдайдың ғибраты да. Құран-Кәрімнің «Ниса» сүресінің 86-аятында: «Егер сіздерге біреу амандасса, сәлемін одан да асыра иә дәл солай қабыл алыңдар!» делінген. Ен деше, алдымен сәлем бергеннің сауабы мол да, жа уап қатушының одан асыра сәлем қайтарғаны аб зал. Ал, Мұхаммед (с.ғ.с.) Пайғамбарымыздың хадисінде: «Өзара сәлемдесіңдер, араларыңда сәлемдесуді жайыңдар» делінуі де осы ойды жан дандыра түспес пе?
Қ. Әлімқұлов
Демек, әңгіменің әужайына қайта оралатын
болсақ, «Сәлеметсіз бе?» деп сызылу әйелдерге
ғана жарасар әдеп. Еркектерге, әсіресе қарттарға
қолай емес-ақ. Әкейдің де меңзеуі осыған сайса ке
рек.
Тағы бір айта кететін нәрсе, сәлемдескен кезде
төс қағыстыру, иіліп ишара білдіру, беттен сүйіп,
маңдайдан иіскеу т.с.с. міндетті шарттар емес.
Алайда, артықшылығы да жоқ сияқты. Мәселен,
амандасқан уақытта жылы шырай танытып не
жымия күлімсіреп, қол алысса, оның несі айып?
Керісінше, ол амалдар құрмет пен сыйластықты
айғақтай түспес пе еді?
Мәселен, келіндердің ізетпен иіліп тұрып сәлем
беруі (сәлем салуы) қандай жарасымды. Және жаңа
ғана жоғарыда айтқан ойымызды айғақтай түседі
ғой.
Әрине, жағымпаздана жиіркенішті болу мен
құлдық құрақ ұрудың қисыны басқа. Сол сияқты
сәлемдесуден соң; «Есен-саусыз ба?», «Күйлі-
қуаттысыз ба?», «Мал-жан, бала-шаға, ауыл-аймақ
аман ба?» деп, мән-жайды егжей-тегжей білуге
ұмтылған сұраулардың да еш әбестігі жоқ.
«Әбестік» дегеннен туындайды, жалпы әдеп
деген ұғымның өзі ұлттық қадір-қасиет пен салт-
санаға қаншалықты қисынды екеніне қатысты бол
са керек-ау?! Осындайда «Кім кімге сәлем беруге
тиіс?» болмаса «Кімнің кімге бұрын сәлем бергені
жөн?» деген тұрғыдағы сауалдарға да таңданудың
қажеті
жоқ.
Мәселен
халқымыздың
алғашқы
Ата заңындай болған «Жеті жарғы» атты құнды
құжатымызда: «Қарусыз адам қарулы адамға бірінші
болып сәлем беру керек» деген тұжырым да бар.
Өйткені, жаугершілік заманда жұртымыз үшін Отан
қорғаушылық мәртебесін арттырып, сарбаздардың
дәрежесін көтеру қажет болған.
Әкемнің әлемі
Ал, жалпы ұлттық ұғымымызда жастардың
үлкендерге, жалқының жалпыға сәлемдесу үрдісі
қалыптасқан. Жас болса да басшыға жапатармағай
жалпақтап амандасуы – кейінгі кездердің кесірлі
көрінісі.
Атам қазақ әр елдің заңы басқа, иттері қара
қасқа демей ме? Ендеше, сәлем-сауқаттың да
әр елге етене өзіндің ерекшеліктері де жоқ емес.
Басқа жұрттың жұқанасын жаңғақтамай-ақ өз
өрнегігімізге көшер болсақ, көшпелілерде, демек
біздің қандастарымызда да үйге кіргенде, киелі жер
лерге барғанда сәлем беру дәстүрі бар. Сондай-ақ
атқан таңды, жаңа туған айды сәлеммен қарсы алу
салты сақталған.
Міне, жұртымыздың жадында жатталып, сал
тында сақталған сәлем беру, яғни амандасу ғұрпы
қысқаша қайырғанда осылай сипатталады. Қалай
дегенде де, амандасу амалы адал ниет, ақ тілекпен
туындайтыны еш дау туғызбаса керек. Ағайынның
«амандықтарын біліп келейін» деп, алыстарға атта
нып жататыны да содан.
Қазақ сондай-ақ, «Әлемі жақсының – сәлемі
жақсы» дегенге де дендейді. Мағынасы тым терең,
мәйекті сөз тіркесі әрі даусыз даналық.
Иә, ойлап қарасаңыз, жан-дүниесі жомарт, жүрек
жылуы мол адам қашан да, кіммен де шүйіркелесе
амнадасып, жөн сұрап, қамқор қолын созуға әзір
тұрмай ма? Әрі онысына ешқандай қайтарым да
күтпейді. Өйткені оның болмысы бай, ішкі әлемі
әдемі.
Қорыта айтқанда, салтымызды сансыратпайық.
Сәлем сөз сатулы болмағай!
Қазіргі кезде қазақстандық телеарналардың кез
келгенінің түймесін түртіп қалсаңыз бетін бояп, ернін
далаптаған, камзол мен көйлек киіп, әйел болғысы
келіп алақтаған жігіттерді, алжапқыш тартып ап,
Қ. Әлімқұлов
түрлі-түрлі тамақ әзірлеуді үйретіп жалақтаған
жігіттерді көресіз. Өзгені қайдам, өз басым көрем де
қайран қалам. Ал қайран қалатын себебім милығып
кеткен дүниенің өзі адамзаттың аласапыраны
на миығынан күлетіндей қарама-қайшылық пен
жасандықылықтың жарысы жүріп жатыр: шашын
кесіп, шалбар ышқырланған әйелдер еркек бола
алмай, жоғарыдағы жігіттер әйел бола алмай әуре.
Парадокс!
Әрине, әкелеріміз болашақта солай бола
рын білген деу артықтау шығар, әйтсе де, сондай
сыңайдағы сүреңсіз жағдайларға жол ашылуы
нан сақтандыруға қарекет еткендері айдан анық.
«Өзі жоқтың көзі жоқ» дегендік емес, «келешекте
ондайлардың небір көкейлерін көретін шығармыз?»
деген қауіп күн өткен сайын күшейе түсуде екенін
кімнен жасырамыз?
Демек, ол кісі де шамамен осы тақылеттес
ойлардың орманын шыж-пыж болып шарлағаны
ғой? Содан да шығар:
- Осы, «сәлеметіңіз» бар ма, басқа жерден
емес, тұп-тура мектептерімізден бастау алып
жатыр. «Мәдениеттілік» дегенді сылтау қылып,
жоғарыдағылар өздерінің «өнегесін» тықпалайды.
Бұл – бір.
Екіншіден, әйел мұғалімдер көбейіп кетті. Содан
барып, босбелбеу, қызтеке ұлдар көбейіп барады.
Тәуекелі жоқ, жасық жастар қаулай өсуде. Иі жұмсақ
әйел адам балаға еркекке тән қайсарлықты қайдан
берсін?!.- дегенді қынжыла айтып, таусылар еді
дейсіз...
Әрине, бұл жерде саяси сауатты еді неме
се әйелдерге жаны қас еді деген түсінік тумса ке
рек. Өз түсінігінің түндігіндегі сәулесі де. Әлде
пайымдаған пікірі деген жөн бе екен?
Ал, менің ғой ондай адамгершіл де кішіпейіл
қылықтарын бұғанам қатпай жатып-ақ байқап,
Әкемнің әлемі
бағамдауға мол мүмкіндігім болғанына қуанғаннан
басқаға хақым жоқ. Солай боларын өзі де сезді ме
екен немесе саңлауы болса бірін болмаса бірін
түйсінер деп үміт артқаны ма, әйтеуір төрт-бес жа
сар кезімнен бастап бір жақтарға барғанда мені жа
нынан тастамайтын. Көгентүп қариялардан көре-
біле жүріп өзі түйіндеген тәрбиесінің түрі де, түрі
болғанда да аса маңызды тармақтарының бірі де
сол әрекетіне келіп тоқайласатындай еді.
Бірде, бесте ме, әлде алты жаста ма екенмін, ол
жағын анық айта алмаспын, әйтеуір мектепке бара
қоймаған кезім, ұйықтап жатқан жерімнен таңертең
оятқаны бар.
Шешем:
- Ұйқысын қандырып тұрсын да ... – деп еді:
- Азамат болып қалған баланың түске дейін
жатқаны ұят емес пе?- дегенді мен естісін деген бо
луы керек дауыстай айтты да, сосын анамызға бай
салды түрде:
- Ыстыққа ұрынып қаламыз ғой, ертерек қозғала
берейік,- деген.
Ондайда мен қуанбасам, қиналмаймын: көзімді
тырнап ашып, жүгіре жөнелем. Өйткені, әкей қайда
барса да – құрметті қонақ. Әйтеуір, барған жер
ден қошеметке бөленіп қайтамыз. Небір қызықты
әңгімелер ағытылады. Ең бастысы, кім де бол
са, мейман келіп қалса деп сақтаған тәттілерін
дастарханға салады. Тәтті дегенде, шақпақ қант пен
науат, прәндік пен қағазға оралмаған бірлі-жарым
кәмпит. Ол кезде, шіркін-ай десеңізші, дүниеде со
лардан асқан тәтті жоқ еді-ау!
Әкейдің Николай ұстаға арнайы жасатып алған
ат арбасы қандай әдемі еді! Бір аттық шағын ғана
арба ол кезде бүгінгінің «Мерседесіндей» емес пе
еді?! Әкей де оның шырайын шығарып, сәнімен
ұстар еді. Жылда құлындайтын «Айқабақ» деген боз
Қ. Әлімқұлов
биесі де жарасты жегілетін. Балалық балдәуреннің
ертегілер еліндегідей сол күндері де қайырылмасқа
кеткенімен, санаға сіңісті боп, оқта-текте еске түсіп,
елеңдетіп алатыны ақиқат –ақ.
Боз бие ауылдан аттап шығысымен –ақ шығысты
бетке алып, шақырая қалған күнеске қарай жайлы
жорғасымен бүлкілдей жөнелетін. Иесінің ыңғайын
жақсы білетін жануардың қамшы салғызбай-ақ
сар желіске басуға әбден дағдыланып алғаны
аңғарылып тұрар еді.
Алғашында «Антонның бағына» барады екенбіз
деп ойлағанмын. Ол-бір неше түрлі жеміс-жидек
жайқала өскен жұмақ жер. Әсіресе, алуан-алуан
алма-өрігін айтсаңызшы. Аптапты күні көлеңкесінің
өзі бір рахат. Әйтсе де танауыңды қытықтаған иісі
есіңнен тандырғандай-тын. «Шіркін-ай, ішін бір еркін
аралап, жемісін құмарың қанғанша жеп, тоят табар
ма еді?..» деп армандайтын ауылдың бар баласы
біткен. Бірақ оның реті келмейді. Жәйімен барсаң –
бағбан аралатпайды. Үйге кіргізіп қойған жәшіктегі
алма-өрігініе тойғызады да қайтарады. Түнде ұрын
барайын десең: «Антон тұзбен атады екен» деген
кауесеттен қорқамыз.
Оның бәрін кейін, ес қатқан кезде біліп жүрміз ғой:
бір переселен орыс өсіріпті. Бірақ көлемін ұлғайтып,
жердегі жұмаққа айналдырған сол Антон көрінеді.
Содан да «Антонның бағы» атанып кеткен.
Сонда келе жатыр екенбіз деп ойлап үлгергеннен
–ақ жұтына-жұтына аузыңның суы құриды. Алайда,
боз биеге ілескен күйі бақтың бүйірінен жанай өте
береміз...
Бірақ, көңілім құлазып болмай жатып екінші
ертегі елі еліктіріп, әлемдегі барлық жақсылық ата
уы сол тұста санама сіңіп, езуіме үйіріледі. Себебі,
әкей менің екі көзімнің төрт болып баққа қадалап
қалғанын көреді де :
Әкемнің әлемі - Уақыт болса қайтарда соғармыз. Қазір Төлебай атаңның қауын-қарбызын жейсің, балам,- дейді. Ол сөздерді естіген соң менің шыдамым тіпті таусыла бастайды. Тағы да күте-күте күпті болған күйі не ке рек, жетеміз-ау, әйтеуір. Атай бізді қуана қарсы алды. - Келетініңді білгенмін...- деп, әкейдің қолын қайта-қайта қысқан. Содан кейін менің «Ассалаумағалейкумімді» мейірлене қабылдап, құшырлана маңдайымнан иіскейді. «Үлкен жігіт болыпсың, аман бол, балам!» дегендерін айта жүріп, арқамнан аялай қақты да ... - Шөлдеп келдіңдер-ау, қазір-қазір ... – деп күркесіне беттейді. Менің теңкйіп-теңкйіп жатқан теңбіл дарбыздарға телміріп тұрғанымды байқап қап: - Олар күннің астында жатыр ғой, жылы. Салқында жатқан тура сондайын алып келемін, - деп күркесіне кіріп кетті. «Кедейдің бір тойғаны-шала байығаны» де ген сияқты да, қозы қарын болып қампиғанша «кірісемін». Қариялар мосыда қайнаған мыс шәугімнің қою қара шайын шекелері шып-шып терлеп ішкен күйі әңгіменің тиегін ағытады. - Келетініңді білгенмін - деп бастайды Төлебай ата сөзін. –Білгенмін, бірақ жұмысынан шыға алмай, кешігіп қалмас па екен деп күтулі едім. Әкей сушының жұмысы ауыр демесеңіз, тіршілікке қолайлы екен, бір күн-күндіз, келесі күні-түнде істейтінін, түнде су ұстаған адамның ертесінде күндіз демалатынын айтады да, Төлебай атаның айтпағын тыңдауға әзір екенін аңғартып, құлақ түреді. Алайда, атай жақын арада үндей қоймаған соң, тығырықтан шығарып жібергісі келгендей өзі сөйлеп кетеді. - Бүгін демалатын күнім еді, неге екенін ... сізге
Қ. Әлімқұлов
жолығуым керек сияқты... Бір түрлі дегбірім қашты.
Ауырып қалып, айдалада қиналып жатыр ма екен
деп, салып-ұрып жеткенім сол.
- Жаратушы иеміздің құдыреті де... Әркімге әр
нені сездіріп тұрады ғой. Келгенің дұрыс болды.
Өзім де сен келіп-ақ қалар деп күтіп жүрмін ...
Әкей сұраулы пішінмен барлай қарайды. Атай
сәл жымияды. Сосын ұрлығы ашылып қалған бала
сияқты ебедейсіз қолымен желкесін қасиды.
- Ертең әлгі Қамза-бригәдіге айт: менің орныма
біреуді жіберсін. Үкіметтің есіл дүниесі ит рәсуа бол
масын да.
Одан кейін Кәшкебайға айт, ертең кешке арбасы
мен келіп, мені ауылға алып кетсін.
Қарияның Кәшкебай деп отырғаны – әулетін
жалғайтын, тәубеге тіркейтін тұлдыр тұяғы.
Есіміндегі «байы» - бай ғой, ал «кәшкесінің» не
екенін күні-бүгінге дейін білмеймін.
Әйтеуір мен білгенде Кәшкебай аға жаз бойы қос
ат жегілген арбамен шөмеле-шөмеле шөпті қырман
қасындағы маяларға, ал қыстыкүні сол маялардан
жалғыз атты шанамен сиыр фермасына тасиды.
Қақ-соқпен еш шаруасы жоқ, жұмыскер жігіт.
Қашан да жүзі жылы, жымияды да жүреді.
Үлкендерге құрметі әзір, біздерге биязы. «Е-е,
бәленше батыр сен екенсің ғой?..» - деп, басымыз
дан байыппен сипайтын.
Атай жаз бойы жапандағы бақшасында. Қыста
ұлымен ауыл шетіндегі үйде – «қоржын тамда»
тұрады. Екеуден екеу...
Айтып отырғаны – сол ұлы.
Әкей бірдеңе деуге оқтала беріп еді, Төлебай ата
«сөзімді бөлме» дегендей алақанын көтерді.
- Енді ең соңғы, ең негізі өтінішім, тіпті өтінішім
емес, ақырғы аманатым. Ана Кәшкебай жан дегенде
жалғызым ғой, соған бас-көз бол. Сенің де балаң -
Әкемнің әлемі
ол, бөтендігі жоқ. Оны несін айтып отырмын, өзің де
жақсы білесің емес пе?!
Атай осыларды асығыс айтты да, шаршап қалған
адамдай ауыр тыныстап алды. Сәлден кейін терең
күрсініп қойып:
- Түсімде әкемді көрдім. Қасына шақырып жатыр,-
дегенді шегелеп айтты.
Үнсіздік енді ұзағырақ созылды. Әлден уақытта
оны атайдың өзі бұзды.
- Айтпақшы, ұмытып кете жаздаппын,- бала ер
терек келсін: жуынып-шайынайын. Ал, бүрсігүні сен
келіп шашымды алып, сақал-мұртымды басып бер.
Менің көз алдыма әкеміздің шашымызды алғаны
еріксіз елестеп кетеді. Ол кезде шаштараз деген
ұғым атымен жоқ. Әр әке өз ұлдарының шашын өзі
сыпырып тастайды да, үлкендер бірінің шашын бірі
алып береді. Мектепке барғанша шаш қою деген де
жоқ. Жергілікті жұрт балаларының маңдай тұсынан
шағын кекіл, ал төре-төлеңгіттер бірі – желкеден,
енді бірі – шекелерінен тұлым қалдырады.
Қай қарт та ұстарасын бес қарудай ұстауға ты
рысады. Майда құм қайраққа жұқартып алып, одан
кейін білемдей белдіктеріне сүйсіне, ыждағатпен
жанып отыратын.
Содан
оқта-тектегі
мамыражай
отырыстар
да «Бәленшекең ұстараны ұқыпты баптап, жақсы
өткізеді» деп ақтарынан жарылатыны да бар.
Сөз сонымен тәмамдалды.
Артынып-тартынып біз ауылға қайттық. Әкей
ауыр ой үстінде ауылға жеткенше белгісіз бір әуенді
ыңылдап келді. Ал мен болсам, танауды қытықтап,
шөп астында теңкиіп-теңкиіп жатқан қауын-қарбызға
мәз болып, қуаныш құшағына енгем. Тіпті, әкейдің
«Антонның бағына» соқпағанына да қиналған
жоқпын.
Қанша дегенмен, ойын баласы емеспіз бе, мен
үшін ол оқиға – байыпты әңгіме ертесінде-ақ ұмыт
Қ. Әлімқұлов
болған. Алайда сол бір жұмбақ сырлы тылсым
тірлік есейгенде еміс-еміс зердемде жаңғыра ағып,
әртүрлі жәйттерге байланысты есіме оралып жүрді.
Өйткені, қарапайым қайырымдылығымен, артық
ауыз сөзі жоқ адалдығымен жұртының жадында
қалған, жадағай да болса, жағымды тіршілік еткен
Төлебай ата, өзі айтқанындай – ақ, араға екі күн са
лып, жер бесікке түскен еді.
Әрине, қазақтың қай ауылында да ондай
жағдайлар кездесе беруі ғажап емес. Тіпті біріне бірі
айнымай ұқсауы да мүмкін. Сондай-ақ мына бір мы
сал да: сексеннің сіңгіріндегі Көккөз деген атамыз
жарықтық ұлын шақырып алып:
- Балам, аулаңа су сеуіп, дұрыстап сыпыр. Қора-
қопсыңды тазала... Соятын малыңды әзірлеп, отын-
суыңды ретте. Ертең үйіңе көп кісі келеді... – депті
де, түнде бақилыққа аттанып жүре беріпті.
Ондай мысалдарды да жіптеп түзуге болады.
Бірақ, ондай ойдан әсте аулақпыз. Төлебай атаның
ақтық сапарға аттануына әкейдің тікелей араласы
болғандықтан әрі жеке басының үлгісі деген пайым
ды тілге тиек етіп отырғандықтан ғана шағын шегініс
жасадық.
Әлбетте, бұл жерде «әулиелік», «көріпкелдік»
деген сияқты көтеріңкі ұғымдарға ұрыну күпіршілік
болар еді. Сөйте тұра, сезімталдық сарынның
болғанын да жоққа шығара алмайтын шығармын.
Әкей мінезінің тағы бір қызықты қырын айтпай
кетпеуге болмас. Ол кісі әр кез ісімен, сөзімен –
демек, жеке үлгі-өнегесімен, іс-әрекетімен көмек
көрсететіндігімен қоса, кейде «істемей қойып» та
үйреткісі келетін.
Жоғарыда айтылған жағдайдан сәл кейінірек,
мектеп қабырғасында жүріп, ес қата бастаған кезім-
тұғын. Қара суығы қақаған қызыл шұнақ қыстың күні
болатын. Кешкі асымызды ішіп бола бергенімізде
Әкемнің әлемі
көрші ауылда тұратын әкейдің балдызы Әділбай аға
келе қалды. Шешемізбен рулас екен де, «әпке» деп
жақын тартып, араласып жүретін.
- Жоқ іздеп шығып едім, таба алмай шарша
дым. Оның үстіне, Құдайдың күні де қағынып кетті
ғой, үйге жете алатын түрім болмаған соң, сіздерге
түнеп, ертең кетейін деп бұрылдым.
- Өте жақсы болды. Дұрыс істеген екенсің, - деп
шешеміз қалбалақтап, үй-ішінің амандығын сұрап
жатыр.
- Әй, бауыр деген бәле ғой, әйтпесе, мақтап
жүретін қонақ астың үстінен түспес пе еді? Дастар
ханды жинап жатқанда келіп тұрса да әбден бәйек
болады, ә?- деп әкей жездесінеді.
- «Қайғысыз қара суға семіреді» демекші, әпкемнің
қолынан шәй ішсем де қарным тояр-ау? Сіздердің
жылы қабақтарыңыздың өзі жамбас жегенімдей
емес пе?
- Ананы қара, сүбелі сыбаға дәметеді ғой мына
батыр-екесі ...- Әкей жігіттің сөзіне риясыз ризалағын
білдіреді.
- Ал, керек болса. Балдызыңның құда шыққанын
байқамаған екенсің.
- Қой, кемпір, қазанды көтер, бойдақ шайға қанағат
тұтатын төркіннің сөзі емес қой мынау.
- Әрине, көтерейін. Құдай аузына салған шығар,
сұрағаны- жамбас болса, соны асып берейін бауы
рыма. Құдайы қонақ боп, зәуімен бір келіп қалғанда...
Осылайша қауқылдасып, ауыл-елдің амандығы
мен жақсылығын сұраса отырып, үлкендер әуелі
шәй ішеді, содан асықпай отырып ет жеп, сорпа
ішеді. Әділбай аға денесі жылынып, ішіне ел қонған
соң, төр алдында жамбастап жатқан күйі қалғи ба
стайды да, әкей түзге шығып келіп:
- Әй, балдыз! Қазан көтермесе-кетіп қаламын деп
кіргенбісің, атың әлі ерттеулі тұр ғой?
Қ. Әлімқұлов Мейман ұйқылы-ояу: - Суысын деп ...- дегендей бір нәрсені былдыр лаған болады. - Суымақ түгілі, тоңып қалды. Ертоқымын алып, алдына шөп сал. Әділбай аға тысқа шығып кетісімен шешей: - Шаршап келген адамды әуре қылмай-ақ, өзің реттей салмадың ба?- деп кейістік танытқандай бо лып еді, әкей: - Кісі баласы кез-келген жамандыққа сияқты жалқаулыққа да тез үйренеді. Өзгеге иек артып, жа ман үйренбесін дегенім де...- дейді жайбарақат қана. Содан мейман үйге қайта кіргенде: - Әділбай, сені әуре қылмай-ақ, өзім атқара салар едім... Алайда, адам баласы жан рахатына ұмтылу сияқты жан тыныштығына да тез бой алдырады. Әсілі, қойнындағы қатыны мен астыңдағы атының жағдайын әркім өзі қадағалауы керек! -дер еді. «Өмірде не болмайды?» деген де бекер айтыл маған. Иә, өмір болған соң бәрі де кездеседі. Өйткені өмір тақтайдай түзу жол емес. Ойлы-қыры да жетіп жатыр. Мәселе – өткендердің өнегесіне сүйенген кейінгілер азырақ сүрінсе екен деген ниет те. * * * Әкейді ешкімнің шешен түгілі әңгімешіл еді демесі анық. Өйткені, оқта-текте, белгілі бір жағдайға байланысты болмаса, ол кісі көп сөйлей бермейтін. Тіпті, қоян-қолтық араласпағанымен, екі күннің бірінде көріп жүрген жандардың өзі әкеміздің қысқа қайырым амандық-саулықтан артық сөзін ести бермейтіні де содан болса керек. Кейде «Ассалаумағалайкум, ата!» деп қолын ұсынған бес-алты жастың о жақ, бұ жағындағы балаларға риза болып: - Жасың ұзақ болсын, айналайын! Кімнің баласысың? – деп сұрар еді танып тұрса да. Со
Әкемнің әлемі сын: «Қай елсің, руың кім?» дегенді қосады. Оны сы сауалдан гөрі сынаққа келіңкірейді. Себебі, «Жеті атасын білмеген – жетесіз» дегенге дендеген ақсақалдың тәрбиелік тәлімі соған жетелейді. Со дан да дұрыс жауап берген баланы басынан сипап: «Өркенің өссін, қарағым!» деп риза болар еді де, мүдіріп қалғандарына түсіндіріп жатар еді. Кейде тіпті біреулеріне: «Оу, батыр! Сенің атаң – керемет кісі, соны есіңнен шығарма!» - десе, енді біріне: «Әкең – адал, батыл жігіт, сен соған ұқсауға тырыс!» – деп тақ-тұқ тапсырмаларын үлестіріп жүретін. Аз сөйлеп, көп тындайтындықтан да болса ке рек, қате айтып, дұрыс сөйлемегендерді сөгіп та стаудан да тайсалмайтын. Өмір бойы «үлкенді сый лау керек», «қарттықты құрметтеу қажет» деуінен жаңылмаған адамның бірде бетің бар, жүзің бар де местен, жасы егделеу ағаларының біріне кейігенін көріп, қайран қалғанмын. Ол, жер хабар бермесін, Өмірәлі деген ақсақал еді, жарықтық. Сол қария аталас болып келетін Өміржан атты көршілес інісіне кіжініп: «Көзіңе көк шыбын үймелетемін, әлі!» деп зекігенін естігенде әкей: - Ақсақал, артық айттыңыз-ау... – дегені бар-ды. Қария тіпті қызбаланып кетті. - Атаңа нәлеттің көзін шел басайын деген екен, - деп аптыға түссін. - Оның атасы біздің де атамыз емес пе? Өз атамызды жөн-жосықсыз өзіміз нәлеттегеніміз не болғанымыз, сонда? - Нүсіке, атамыздың аруағы кешірсін. Ол ақымақтың өзінде де еш шаруам жоқ. Тек, кісіні күйдіріп жібереді ғой, найсап... - Соңыңыздағы жұртқа үлгі көрсетудің орнына, ақымақ ініңізбен ақымақ болып жүрсеңіз, ақсақалдық
Қ. Әлімқұлов өнегеңіз қане? Сондықтан сабыр сақтаңыз. Ашу абырой әперуші ме еді? Сонда барып ақсақал сабасына түскендей болған. Ал, әкей болса, түк болмағандай әңгімесін одан әрі жалғай берген. - Соғысқа әлі кіре қоймағанбыз. Оның қандай болатынын да біліп үлгермеген кезіміз. Сөз болып қалған соң тәптіштеп жатырмын, әйтпесе, Құдай басқа бермесін десеңізші. Өңкей қазақ-қырғызы бар, өзбек-тәжігі бар – шетінен шала сауатты бір эшалон адам темір жолмен келе жатқанбыз. Командирлеріміз – орыстар. Оның өзінде де өңшең жараланғандар мен қартамыстар. Оқта-текте: «Сталинградқа, яғни майдан шебіне жақындап қалдық. Қанның иісін сезіп келе жатқан боларсыңдар?» деп қояды. Күн қайнап тұр. Қолаңса сасыған вагонда қанның иісін қайдан білейік, бірақ әр жерде теңкиіп жатқан өліктер мен мал өлекселерін көріп, түршігіп, берекеміздің қашып келе жатқаны анық еді. Аяқ асты нан «Әуе шабуылы, әуе шабуылы!» деген дабыл қағылып, поезымыздың жүрісін баяулата бастағаны сол еді, алдымен гүжілдеген неміс самолетінің да уысы, соңынан ысқырған бомбаның сұсты сарыны жайлап жүре берді. Сарынға вагондар тежегішінің жанұшыра ышқынғандай үрейлі үні қосыламын дегенше жер-дүниені дүр сілкіндіре дүрліктірген бомбаның жарылған гүрсілі құлақ тұндыра қолдап кеткен. Қаншаға созылғанын да саралап үлгеруге ешкімнің мұршасы келе қоймаған шығар, сол тарстұрс сүргіннің арасынан «Поездан түсіп, орманға қашыңдар!» дегенді еміс-еміс естігенде ғана еп теп есімізді жинағандай болып, бет-бетімізге безіп жоғалдық. Темір жолдың бойы өзіміздің Іленің жағасы сияқты құмдауыттау екен де арғы жағы қалың орманға
Әкемнің әлемі ұласып кетеді екен. Тек, біздің жердегідей тораңғы тоғайы емес, нағыз қарағайлы-шыршалы ну. Ағаштары қалың әрі тым биік. Жағалаудың топырақ қыртысы тым құнарлы болса керек. Алайда, айтайын дегенім ол емес, сөздің ретіне қарай қосып жатырмын. Сонымен, бас-аяғы сүт пісірім уақыттың арасында астаң-кестең сұрапыл толастап, құлаққа ұрған танадай бір қорқынышты тыныштық орнады. Ауаны оқ-дәрі мен күйген темірдің, түтіннің қоңырсыған иісі қаулап кетті. Ептеп есімізді жинап, тасалаған ағаштардың ара сынан ақырындап шыға бастадық. Ажал тырнағынан тайсалып, жан ұшыра тұра қашқанда байқамаған екенбіз, поезға қарай қайтқанда қан-жоса қасіреттің қылкөпірінен өттік. Жаңада ғана шейіт болғандар бірден белгілі, ал бұрынырақта қайтыс болған қызыләскері бар, жат жұртта жер жастанған фашисі бар – ісініп, сасып кеткен өліктердің арасынан өту дегеніңіз нағыз ақырзаман екен. Жау мұрсат бермей бомбылап, атқылап өліктердің бетін жасыруға да келтірмегені ғой? Сон да тұңғыш рет көрдім әрі күні бүгінге дейін көз ал дымнан кетпейді: құрттап жатқан адам баласының мәйітін көру – сұмдық екен. Жанарын жасырмаған соң көк шыбын алдымен көзге үймелейтін көрінеді... Ар жағын айтудың өзі артық-ақ: өте жиіркенішті. Демек, «Көзіңе көк шыбын үймелесін!» деген - өте ауыр қарғыс. Ол деген «Көмілусіз қал!» деген қарғыстың бір түрі. Өйткені, өз жөнімен өлген адам ды - әрқашан да арулап көміп, жосығымен жерлейді. Ал, көмусіз қалдыратын – ата дұшпан, жау ғана. Онда да сұрапыл соғыстың кезінде... Әкей сөзінің желісін үзіп, сәл үнсіз қалған. Сосын есіне бір нәрсе оқыс түскендей, Өмірәлі ағасына барлай қараған күйі: - Сондықтан, ақсақал, ағайынға абайлап кейіген жөн, - дегенді өзіне-өзі айтқандай, байыппен ғана
Қ. Әлімқұлов
жұмсақ жеткізіп, жөніне жүре берер еді.
«Ол кісі көпті білмеді» деп айта алмайтыным
сияқты, көпті көргенін де айналып өте алмасым
тағы айдай ақиқат. Өйткені, көбіне-көп «Өтірік пен
шынның арасы төрт-ақ елі», деп саусағын самайы
на апарғанды қайталап тұратын. Онысы: «Құлақпен
естіген жалған болуы мүмкін, ал көзбен көргенге
дауа жоқ» дегені. Демек, құлақ пен көздің арасы
төрт-ақ елі екенін дәлелдегендей. Сондықтан да
болса керек, сараң сөз қозғағанның өзінде тек өз
көзімен көргендерін әңгімелейтін.
Тағы
бірде
жүргізуші
інісімен
әңгіме-дүкен
құрғанының куәсі болып қалдым. Жалпы, ол тұста
ұялы телефон дегенді ешкім естімегенімен, ау
ылды жердің «сымсыз телефон» дегені керемет
еді ғой: қайда, қашан, кім не істеді – бәрін барша
жұрт сол сағатында болмағанымен, сол күні түгел
естіп-біліп ала қоятын. Міне, сондай бір сыбыстың
кейіпкеріне айналған інісі тау бөктерлей күздеуде
отырған қойшыларға су таситын. Сол айдың-күннің
аманында мәшинесін айдаладағы электр сымының
бағанасына соғып, жазым бола жаздағанын жұрт
жыр ғып айтып жүр екен.
- Әй, батыр, «тентек сумен» тату күніңде
тығырыққа тірелмеп едің, мынауыңа не жорық? -
деген сауалды суыртпақтап, алыстан орағытып бір
қайырған.
- Ой, тормызым ұстамай қалып, амалсыздан
столбыға бұрдым емес пе? – деп, інісі желкесін
қасиды.
- Е-е, жаның аман қалған соң, басқасы қалпына
келер, абайлау керек, - дегенді тапсырғандай ғып
айтып, ары қарай жүре беруге ыңғайланғандай еді.
- Тәубе, аман қалдық. Бірақ жаным бір мұрнымның
ұшына келді ғой...дегенін естігенде қалт тоқтап, кері
қайырылған.
Әкемнің әлемі Әкей біртүрлі ойланып қалды да: - Жаныңның мұрныңның ұшына келгенін шынымен-ақ сездің бе? – деп сұрауын сұрап алды да, інісін бірінші рет көріп тұрғандай барлай қарады. Інісі де сөздің мәнісіне жеткенше сәл бөгелді де: - Жоқ-а... «Қорықтым» дегенім де. Әйтпесе, нені сезгендей ол тұста? Жұрттың бәрі айта беретін жаттанды сөз болған соң айтып жатқаным да, - деп ақталғандай болған. Сонда барып әкей жұлып алғандай: - Ал, мен «мұрынның ұшындағы жанды» өз көзіммен көрдім, - демесі бар емес пе. Біз үрпиісе қалдық. Әкей болса, сол бір оқиғаны жадында жаңғыртып, көз алдына келтіргендей азкем бөгелді де, әңгімесін бастап кетті. - Соғыстан жараланып келгенде, сол аяғым оң аяғымнан жиырма сәнті қысқа-тұғын. (Әкей «сан тиметр» дегенді неге екенін «сәнті» деп қысқа қайырушы еді). Ауылдың ауыр жұмысына араласа алмаспын, азды-кем болса да ат үстінде жүремін ғой деп өкіметтің бір отар қойын алғанмын. Қойшының еңбегі қайдан оңай болсын, әйтеуір аяққа көп салмақ түсірмейін дегенім-дағы. Бүгінгідей емес, соғыстан кейінгі күйзелісті жыл дарда машина, трактор сияқты көлігіңіз кездесе бермейді, аяқ артатынымыз – негізінен ат пен арба. Ал, малшы-сауыншылардың көлігі өгіз арба мен түйе болатын. Әйелдер маслпромға сары майды қарынға құйып алып, өгіз арбамен жеткізеді. Жайлауға көшіп барғанда және қайтып түскенде киіз үй мен көрпе-жастықты түйеге теңдей артып, қомдап алып жүреміз. Қазір совхоздың өзінде азайып кетті ғой, ол кезде колхоздың кемінде жиырмаға жуық түйесі бар еді. Тіпті, сол түйелерді бағатын адам таппай қиналып, тығырыққа тірелген жағдай да болды... Осы бір тұсқа келгенде әкей кідіріп, әлде «әңгіме
Қ. Әлімқұлов
тыңдайтын уақыттарың бар ма?» дегені ме болма
са өткен күндердің көрінісін көңілінде көшіргені ме,
біраз ойланып қалды. Сосын «оны білгендеріңнің
артықшылығы жоқ, туған топырақтарыңның тарихын
біле жүргендерің жөн» дегендей сөз жүйесін жалғап
жүре берді.
- Соғыс жылдарында Қапқаздан шешендер мен
үңгіштер, түріктер мен күрттер, басқа жақтардан
немістер мен кәрістер жер аударылып келді ғой
ауылға. Солардың бірі, салт басты Құсайын деген
күрдті түйеге бақташы етіп қойған екен. «Қойды
көрмеген қуып жүріп өлтіреді» демекші, өзі де бір
түйе көрмеген байғұс екен, ақырында ажалы сол
түйенің бірінен жетті.
Тыңдаушыларына әкей тағы бір барлай қарап
алады.
- Түйенің еркегін бура дейді. Айғыр, бұқа, қошқар,
теке деген сияқты да. Сол бура күйекке түсетін кез
де «жарайды». Жарағаны сол, аузынан көбігі ағып,
көзі қанталап, жынданып кетеді. Тірі жан атаулының
бәріне қаны қарайып, өте қауіпті күйге түседі. Он
дай кезде, тіпті атты адамыңыздың өзін қуып,
қатер төндіреді. Төрт аяғы төрт жаққа далбалақтап
жүгіргенде – сұмдық-ақ.
Оны қазақтың көбісі біле бермейді, күрд Құсайын
қайдан білсін. Жараған бура айбат шегіп, тұра
ұмтылса, жан сауғалаудың жолын іздеудің орны
на, күндегі жуас түйеге не болғанын ұқпай, таяғын
қоқаңдатып, қарсы тұра ұмтылыпты. Кеудесімен
қаққанда қалпақтай ұшырған бура үстіне жатып
алып, езіп өлтіріпті.
... Бұны сендер біле жүрсін деп, сөздің ретіне
қарай айтып жатырмын. Ал, негізгі әңгімеге орала
тын болсақ, ол былай болды. Бір күні отарды етекке
жайып жіберіп, төбенің үстінде қарап, жатыр едім,
бірер жотаның ар жағындағы төменгі қырда бірдеңе
Әкемнің әлемі
қараңдағандай болды. Шешен тамырым әкеліп
берген мықты дүрбімді салып, барлай қарасам –
жалғыз жайылған түйе екен. «Бұл қайдан жүр, кімнің
түйесі болды екен?» деп ойлап үлгергенімше жаны
на құйрығын бұлаңдатқан қасқырдың жетіп келгені
бар емес пе. Түйе де сап ете түскен итқұстан са
сып қалды ма, болмаса жалғыз-жарым жыртқышқа
алдырмайтынына сенімді ме, кім білген, әйтеуір
тырп етпеген күйі тұра берді. Қасқыр да қаншық
болса керек, денесі шағындау екен әрі қимылы мың
құбылады. Әлгінің айласын қараңыз, түйенің тура
алдына келіп, жата қалды. Іле жотасына аунап түсіп,
еркелей бастады. Иесінің иті екен деді ме, түйе
әлгіге қайран қала қарады да иіскей бастады.
Құдіреттің шеберлігі десеңізші, хайуан екеш
хайуанға дейін жейтін тамағын табудың тәсілін де
қоса жаратқан ғой. Қаншық көкжалдың да күткені
сол екен, мұрнынан шап беріп, тістей алды. Әрине,
түйе басын сілкіп қалса, қасқыр ұшып кетер еді.
Бірақ түйе өйтпеді. Кейін байқасам, өйте алмаған
екен. Түйенің жанды жері тұмсығы екенін, жанының
мұрнының ұшында екенін қу қасқыр біледі екен:
тұқыртып біраз ұстап тұрды да, төмен қарай тарта
бастап еді, түйе еш қарсылық көрсетпестен шөгіп,
жата қалды.
Сол кезде қапталындағы жырадан төрт қасқыр
шыға келмей ме? Арланы келген бойда түйенің қос
өркешінің арасынан қарғып өтті. Зеңгі баба түлігінің
серті сол болса керек, түйе содан кейін тырп етпеді.
Оған дейін арлан қасқыр мүсәпір күйдегі байғұсты
алқымдап та үлгерген-ді.
- Әр мақұлықтың серті болады дегенді бұрын да
бір жерде естігенім бар еді, - деп, осы тұста сөзге
жүргізуші Әбдіхалық інісі араласты. – Сол «серті»
деген не сөз?
- Ол, енді, сол хайуанға тән басты қасиеті, өзіндік
ерекшелігі деген сөз болса керек. Қалай десем
Қ. Әлімқұлов
екен?..
Ертеректе тау тағылары арқар мен тауешкі
атуға Алматыдан арнайы небір дөкейлер келетін.
Солардың бірі ақбөкен деген жануар туралы былай
дегенін естідім: міне, сол ақбөкен қуған адамның ал
дын кесіп өтпей, қоймайды екен. Бұл – бір. Екінші
қасиеті – құлады ма, бауыздаған кезде мүлде тұяқ
серіппей, ботаның көзіндей жанары жәудіреп жата
беретін көрінеді. Ендеше, ақбөкеннің серті – осы екі
қасиеті.
- Сайғақ дейтін де, жезкиік те сол ақбөкен емес
пе? - Әбекең де әңгімені әрі жалғап, араласып
қалады.
- Иә, сайғақ деген де, жезкиік деп жүргендері
де – сол. Бірақ, жезкиігіне менің күдігім бар. Ал,
күдіктенетін себебім, біздің тауларда киікоты деген
шөп бар. Ендеше, киік деген аң тауда, құрығанда та
улы өңірдің етегінде өсіп-өнуге тиіс. Өйткені, тауда
өсетін шөп далада немесе құмды аймақта өспейді.
Сондай-ақ ол шөпті киік жейтін болғандықтан
ғана киікоты деп атаған да... Демек, киігіміз тау
сағалайтын аң болғаны. Кім біледі, еліктің бір түрі
болар?
Әкейдің әңгімеге көңілі кетіп тұрған тұста сөйлетіп
қалғым келіп:
- Сонымен, қасқырлар жаңағы байғұс түйені жай
ратып тастады ма? – деп сұраймын мен де.
- Қасқыр қаншалықты жойқын жыртқыш бол
са, соншалықты айлалы, тіпті ақылды аң. Жемін
ұйымдасып аулайтыны да сондықтан. «Ұялас
қасқыр» дегенде, қазақ сонысын меңзесе керек.
Сәл үнсіздік оралады.
- Ол да соғыстың салдары ғой, тым қажет бол
маса, мылтық ұстағанға қаным қас. Ал, мылтықсыз
қанның иісіне елігізіп алған бес қасқырға қарсы
тұру – ақылға сыйымды іс емес. Жоғарыда «жойқын
Әкемнің әлемі
жыртқыш» демеп пе едім, қасқыр отарға шапса,
жей алатынын ғана өлтірмейді, әрқайсысы оншақты
қойды алқымдап тастайды. Қасқырдың серті солай
шығар?
Сосын тағы сәл ойланып алып, былай дер еді:
- Бірақ, қасқырдың серті – жеген малы мен аңының
құйрығын шаншып кету сияқты. Негізінен қыста
ашығатындықтан, азық еткен аңы мен малының
қатты қаңқалы сүйегі болмаса, басқа түгін қалдырмай
жейді де, құйрығын қарға шаншып кетеді.
Ашыққан үйірлі қасқыр адамға да шабуылдайды.
Ал, адамды жегенде тек алақанын қалдырады екен
дегенді естідім. Соған қарағанда, «Адам қолының
уы бар» деген қағиданың жаны бар сияқты.
- Аға, жаңа қасқырды жыртқыш та болса, ақылды
деп қалдыңыз ғой?
Бұл - Әбдіхалық інісінің сұрағы.
- Иә, ақылды екені де, соған байланысты айлалы
екені де рас. Олар бөлтіріктері өсіп жатқан жердің
айналасындағы
жұрттың
малына
ешқашанда
қарақшылық шабуыл жасамайды. Ұрпағына қауіп
төндірмеуді білуі – ақылдылық емей, немене?
Болмаса, аңға шабуылдар алдында арасынан
бір-екеуін үйірді қуып келетін ұрамтал бір жерге
жасырып кетуі, ал қыстыгүні қармен көміп кетуі –
ақылдың да, айланың да көрінісі емес пе?
Біз Әбекең екеуіміз «Ойпыр-ай, ә?!» деп бас
шұлғысамыз.
Иә, әкейдің сондай-сондай реті келіп қалғанда
тілге тиек ететін ептеген әңгімелері бар-тын.
Ал, енді өмірден өзі алған өнегесі мен түйген
тәжірибесін көбіне-көп жеке үлгісімен жеткізуге ты
рысатын. Оңы мен солын кеңес өкіметі орнағанға
дейін танып үлгерген, сол кездегі көнелердің көзін
көрген кісі емес пе, ұлттық тәлім-тәрбие мен салт-
дәстүр дегенді мейлінше жөн көретін. Замана
Қ. Әлімқұлов
ағысынан, уақыт шындығынан көз жазып қалғысы
келмесе де, алдыңғы толқын – ата-анасының ама
натындай алтын ұясында ұққанын ұшқанда ілуге
құштарлығын да жасыра алмайтын. Орайына қарай:
«Жарықтық, бұрынғылар былай деуші еді...» деп ба
сталатын біраз пікірге де бай болатын. «Арғы баба
ларымыз» немесе «бергі аталарымыз бұл туралы
бүй деген емес пе?!» деп қайырар тұстары да бар-
тұғын. «Жатқан жері жайлы болғыр, әкемнің былай
дегені есімде...» болмаса «Әкей мұндайды бүйтіп
реттеп жіберетін» деп қайсы бір қиын шаруаның
қисынын келтіре қоятын.
Не айтатыны бар, ауыз толтырып айтары аз
болса да, көргенінен көңіліне түйгені көп-ақ еді.
Сондықтан да болса керек, қажетсінген кімге де жөн
сілтеп, қол ұшын беруге әзір тұратын. Әрі жасаған
жақсылығы үшін ақы дәметкен емес. Ондайда:
«Алланың амандық сыйлағаны үшін-ақ жетімді же
беп, жесірді демеу парыз» дейтін. «Қолыңнан келсе,
қолғабыс тигізгенге не жетсін!», «Білгеніңді басқаға
үйретпесең – оныңнан не пайда?» деуі де біраз жай
ды аңғартса керек.
Тіпті, ауылдағы қарттарды, жарымжан иә науқас
адамдарды, тұрмыс жағдайлары ауыр отбасы
ларды арнайы қамқорлыққа алуға міндеттенген
мемлекеттік қызметкердей-ақ ол үйлерді апталап,
ары кетсе жарты айда бір аралап қоймаса, жаны жай
таппайтын. Ол кісілердің хал-ахуалын білген бойда
кішігірім басшы-қосшыға болсын, былайғы інілеріне
болсын: «Әй, бәленшекең мынадай нәрсеге мұқтаж
екен, көмектесіп жібер» деп тапсырма беріп жүреді.
Сыйлағандары ғой, жаңағы әкім-қаралар мен інілері
берген тапсырмаларын тиянақты түрде орындап
қана қоймай, қалай орындағандары туралы егжей-
тегжейлі баяндап, есеп беріп кететін.
Өзгеден талап еткеніндей, өзі де аманатқа қиянат
Әкемнің әлемі
жасамаушы еді. Онысы, бүгінгі тілмен айтқанда, заң
талаптарын бұлжытпай орындағанмен бірдей болса
керек. Уәде үдесінен шығу Жаратқанның алдындағы
жауапкершілік деп сезінетін. Ондай мысалдарды
әкейдің тәлімді тірлігінен көптеп келтіруге бола
ды. Әсте, жарнамалап та жатпайды, қарапайым,
қалыпты шаруа ретінде қабылдап, адал ниетімен
атқара берер еді. Және де ондай іргелі істері жайлы
қайырымдылық жасалған жан: «Ой, оны Нүсікеңнің
тапсыруымен бәленше істеді ғой...» дегенде бір-ақ
біліп жататынбыз.
* * *
Әлбетте, әкей өмірінде ондай оқиғалар мен
жағдайлар, ауыз толтырып айта қаларлықтай
әңгімелер мен сөз саптаулар көп-ақ шығар ғой? Бірақ
мен төрт сыныптан кейін, яғни он бір жасымнан ба
стап сыртта өстім. Сегізінші сыныпты шаруашылық
орталығындағы интернатта бітірдім. Ол кезде ап
тасына бір-ақ рет, жексенбі күні ғана үйге барып
келетінбіз.
Одан кейін аудан орталығындағы интернатта
тұрып мектеп бітірдім. Ол тұста, екі-үш айда бір рет
- каникул кездерінде ғана үйге қатынайтынбыз.
Содан әскерге алынып, жердің түбіндегі Влади
восток деген қаладан бір-ақ шықтым. Әскери-теңіз
флотында борышымызды атқардық. Сол кездегі са
яси ахуалға байланысты демалысқа да жібермеді
де, үш жылда әрең оралдық.
Бұлардың артынша студенттік жылдар жалғасты.
Университет бітірген соң Алматыда қызметке кірдік.
Жылына бір рет, кезекті еңбек демалысы кезінде
ғана баратын болдық...
Әрине, ара-тұра бір-екі күнге біз барып, бір-екі
аптаға ол кісілер бізге келіп, араластың арқауын үзген
жоқпыз ғой. Алайда, әкейдің күнделікті тіршілігінде
кездесіп қалатын қаншама ерекшеліктерінен
Қ. Әлімқұлов
қағаберіс қалғанымды қинала да өкінішпен
ойлағаннан басқа енді қолдан не келмек?..
Әйтсе де, әкей өсиеттеп айтып кетпесе де,
өркенді өнеге еткен тірлігі тәлімді-ақ демеске ла
жым бар ма?!
Әкемнің әлемі
Жаратылыс пен жазмыш
немесе табиғатпен тамырластық
Ұлы құдіретті Құдайдың жаратқан нәрселерінің
бірі ретінде адамзат баласы да табиғатпен туы
стас қана емес, түрткіленген тірлігінде оған тікелей
тәуелді де. Өзіміз: «Жұмыр жердің қожасы - бізбіз»
деп кеуде кергеніміз болмаса, ақиқаты нақ солай.
Оны біразымыз біле бермейміз, ал көпшілігіміздің
мойындағымыз
келмейді.
Парықсыз
пенденің
астамшылығы мен ашкөздігі сондай жағдайға ду
шар еткен.
Осындай ойға қалуым мұң екен, әкей айтқан бір
аңыз еске орала кетеді. Әуел баста Алла тағала
адамды да, барлық мақлұқатты да тек шөппен
ғана қоректенетін етіп жаратыпты-мыс. Адамдар
әлімжеттік жасап, шұрайлы жердің бәрін қоршап
алыпты. Ол аз болғандай, шөптің ұрығын да қазып
алып, тамырын да жеп, шабындықтардың орнында
шөлейттер пайда бола бастапты. Күйзеліп кеткен аң
атаулы Әлемнің Әміршісіне шағынып: «Мыналардың
менмендігі біздің түқымымызды аштықтан құртатын
түрі бар. Тіпті, бізді ғана емес, барша табиғаттың
түбіне жетпей тынбайтын шығар? Сондықтан олар
бізді жесін, шөпті біз жейік» деген өтініштерін айтып
ты...
Әрине, пенде пақырдың тойымсыздығы мен
озбырлығына бола айтылған аңыз да. Болмаса,
«Қой егіз туса - шөптің басы айыр шығады», «Ата
дан мал қалғанша, тал қалсын» деген де сөздер
бар емес пе?
* * *
Міне, жердің бетін бағалап, желдің өтін сағалап күн
кешкен ата-бабаларымыз бен жамал жаратылыстың
арасныдағы ақжарылқап байланыс туралы осындай
ойларға кез келгенде әкейдің табиғатпен жарастық
Қ. Әлімқұлов тауып, үйлесімді өмір сүруге әркез ұмтылып өткені өрнектеле берер еді. Алайда, әкеміздің табиғатпен тұтастығы туралы тұжырымды сәл толастата тұрып, жалпы жеріміз бен еліміздің тағдырластығы, жаратылыспен жіпсіз байланыстығы, тарихи тағдыры, ауыл-ел аймағының аңызы мен ақиқатына аз-кем тоқтала кетуді жөн көрдім. «Біздің ауыл Кетпеннің етегінде...» демекші, біздің де ауыл-аймағымыз Матай тауы мен Үлкен таудың үйлесіммен қосылатын тұсындағы атақты Алтыне мел кезеңінің етегінде орналасқан. Жоғарыда аты аталған таулар құтты қонысымызды солтүстігінен, Қату тауы – шығысынан, ал Қалқан мен Аяққалқан таулары – батысынан қоршап жатыр. Оңтүстігі Іле өзеніне тіреледі. Міне, осынау бір аумағына жүз Ватикан, ондаған Сингапур мен Люксембургтер еркін сиып кететін жұмақ жер о баста Қарақойнау атанған екен. Кеңес үкіметінің кезінде Басши қой кеңшары және жылқы зауыты болды да, тәуелсіздіктің тұсында Алтыне мел ұлттық паркі боп қайта құрылды. Әлбетте әр атаудың өз мағана-мәні бар. Қысқа ғана қайырсақ Алтынемел - қалмақтың алтын ер деген сөзі; Қарақойнауы - қыста қар көп жатпай, еріп кететін, жазығы қара тасты болып келетін құтты жер дегеннен шыққан; ал Басши – шиі қалың өсетін аумақ (Орташи, Аяқши) дегенді білдіреді. Қалмақ сөзі дегеннен шығады, жалпы өңір та рихы жоңғар жорықтарымен жете жымдасып жатыр. Баршаға мәлім Бесшатыр – бес түмен басшысының қабірстаны, Қонтайшының қазаношағы – бір мезгілде бес жүз жауынгерге ет аса тындай алып қазанның ошағы болған тіреутастар: Найзатапқан сайы; Қазірде Нұрым деп аталатын бір ауылымыздың бұрынғы атауы Қалмаққора еді.
Әкемнің әлемі
Ал, атағы әлемге әйгілі Айғайқұм ақиқаты әлі
күнге дейін жұмбақ. Әйтсе де оның өзін Жоңғар
щапқыншылығымен, тіпті Шыңғысхан шежіресімен
байланыстыратын болжамдар да жоқ емес.
Сондай-ақ, Аяққалқан тауының Іле өзеніне ілінер
шегінде құпиясы қылша суырылатын Үңгірқора
бар. Үңгірі түсінікті. Ал, қорыса бір қора қой сиятын
кеңдігін көрсетсе керек. Бұрынырақта Белгібай бай
деген бабамыздың отары қатал қыстарда сонда
қамалған деседі.
Оның ғой құпиясын қалмақ-жоңғармен қатысты
ратын кәдімгі адам тырнағының үлкендігіндей
домалақ тастар. Иә, нақ жону станогынан шыққан
шартемірдей, бар бүйірі теп-тегіс. Соларды
жаугершілік замнада мылтыққа оқ үшін арнайы
жасаған дейтін үлкендер. Бала кезімізде өзіміз де
шашылып жатқан шарболат тастарды рагаткімізге
оқ ретінде пайдаланғанбыз...
Тағы бір осы мәселеге байланысты мән бере
кетуге болатын жәйт екі аулыдың арасында
«Қапсаланның бейіті» аталып кеткен күмбезді
қорым бар. Кемінде екі жүз жылдық жұлғасында
бұзылмай тұрған күмбезді, көш жерден көзге түсетін
сол бейттің кімдікі екені жөнінде ауыл-ағайын ара
сында екіұдай аңыз да бар. Көпшілігі осында қаза
тапқан қалмақ батырының мазары екен дегенге
тиянақтайды.
Алайда мен оған илана алмаймын. Неге десеңіз:
біріншіден, жоңғар,қалмақ, манғол ұлыстары өлген
адамның мәйтін жерге көміп, бетін топырақпен
жасырмайды. Керісінше айдалаға апарып тастап,
неғұрлым ит-құсқа ертерек жем болған жанның
аруағы ұшпаққа шықты деп есептеген.
Екіншіден,
Қоңырбөрік
(Жолболды)
руының
Мәмбет атасынан тараған ұрпақтың арасында
Қапсалаң деген адам аты кездеседі. Жұртымыз
Қ. Әлімқұлов
қалмақ тіліндегі атауларды, әскер басыларының
есімімен аталған жер-су аттарын сол қалпында
қалдырғанымен, баласына ата жауының ныспы
сын еншілетпесе керек еді.
Демек, ол – халқымыздың артында ұрпақ
қалмаған не батыр, не сардарларының бірінің
бейіті. Тіпті сол Мәмбет атамыздың бір белгісіз
болған ардақты азаматы немесе дәулетті адамы
болуы да ғажап емес.
Өз басым осындай ойға бейілмін. Қателессем,
аруағы кешірсін, тек қисыны соған саятын сыңайы.
Қалмаққораның Нұрым аталуы да бір тарих.
Нұрым НКВД-ның жасағы болып Ақтөбе облысы
нан келген жігіт екен. Кезекті бір ақ бандымен
атыста оққа ұшып, қаза тауыпты. Аудан өкіметінің
ұйғарымымен сонда есімі ауылға берілген.
Не дейтіні бар, тағдыр ғой. Сонау ұланғайыр
Ақтөбе облысынан келіп, шағын ғана Ақтөбе де
ген елді мекенде талшық етер талқаны таусылып,
көрер күнінің кесілгенін көрмейсіз бе...
Ақыр аяғында Жетісу өлкесінің аға сұлтаны
болған Тезек төренің мыңғырған малына өріс болған
өңір – бұл. Тезекті де сонау Көкшетау-Бурабайға
арнайы барып, алып келген Шоңқыбай деген баба
мыз. Ол – Раймыбек батырмен үзеңгілес соғысқан
Шормақтай жаужүректің ұлы. Тезек төренің мал
шы-жалшылары ретінде келген біраз жұрт төлеңгіт
деген атпен бір рулы ел болып бүгінде сонда өмір
сүріп, тіршілігін түтетуде.
Әрине, алтын бесік туған жер, өскен ел туралы,
ондағы абзал да ардақты адамдар жайлы таңды
таңға қосып жырлауға болар еді. Бірақ бұрынырақта
«Басшиімді білмейсің ғой сен менің...» деген
көлемді поэма жазғанмын. Сонда бәрі де жан-
жақты айтылған, қайталаудың қажеті қанша? Тек:
Әкемнің әлемі
Басшиім, алысқа ұш деп қанат берген,
Таусылмас үміт күткен талапты ерден.
Ардағым – Ата қоныс,
Айналайын,
Өзіңдей әлемде жоқ жаннат жерден! – деген бір
ғана шумағымен шектелейін. Әрі бұл шумақ ауылға
кіре берістегі айшықты аркада үлкен әріптермен
жазулы тұр.
Ендеше әкеміздің табиғатпен бірге тыныстауға
тырысқан тірлігіне қайта оралайық.
Бала кезімізде, жыл сайын жаздың соңына қарай
илан деген шөптесін өсімдіктің тамырын қазып
әкеліп, әкей қора-қопсының әр жеріне тағып қойып
жүретін. Өзі қыша тәріздес ақ болады, кесілген
жерлерінен сүт ағып тұратын. Түрі әдемі-ақ, тек
жарықтықтың иісі керемет сасық болады.
Кейінірек сұрағанымда:
- Иісіне байланысты болса керек, илан бар жер
де жылан мен шаян, қарақұрт пен бүйі, кене мен
бүгелек, тіпті, маса мен сона болмайды, - деген. -
Бірақ, бір жылдан артыққа күші жетпейді екен... Иісі
де қалмайды.
Табиғатта, өзі кез келген уға қарсы қолданылатын
емдік нәрсенің де бар екені дәлелденіп жатыр ғой.
Тек, білу керек, танып, тауып ала білу керек.
Әкей, жалпы ол кісілердің алдындағы ата-бабала
ры мен көптеген тұстастары соларды пайымдаған,
табиғаттың тынысын тыңдап, тамыр соғысына
сәйкес тіршілігін түлете білген де.
Шіркін-ай, десеңізші, атамыз қазақ бәрін де шама-
шарқынша зерделеп, көкейіне түйгенін кейінгіге
көзайым етіп айтып кеткен ғой. Әттең, байыбына
бара бермейміз. Алайда, аманатты арқалап, өсиетті
өркендете алмағанымыз - өзімізге сын: кімді айыпқа
бұйырғандаймыз?!
Көшпелі көнтеріліктің керуенінде күнелткендіктен
Қ. Әлімқұлов
де таңның шығысынан бастап, желдің ығытына
дейінгінің бәрін бағып, Күннің батуы мен Айдың туу
ына қарап, ертеңін еншілеуге дағдыланған жұрттың
табиғат тамыршысы болмауға амалы да жоқ еді.
Соны санасына мықтап сіңірген Ұлы дала ұрпақтары
қаңтардың қабағына, наурыздың ңақышына, шіл
денің шіліңгірі мен қазанның қоймасына тікелей
тәуелді екенін еш есінен шығармаған. Сондықтан
да, өздері де қыстау, көктеу, жайлау, күздеу деп,
жердің шүйгіні мен желдің ығын аңдып, жыл - он екі
ай сайын қайталана берер күнін кешкен. Жанның
саулығы мен малдың күйін солай күйттеген.
Сол көнелердің көзін көріп, ізін басқан әкеміз
де табиғи үйлесім үддесінде өмір сүруге көп көңіл
бөлетін. Мынандай бір мысал осы сөзіміздің айқын
айғағындай болса керек.
Ол кездерде жекеменшіктің қойын бөлек, мүйізді
ірі қарасын бөлек зейнет демалысына шыққан
адамдар бағатын. Кейде екі-үш адам кезектесіп,
кейде оқи алмай, содан үйленіп, еш кәсіпті меңгере
алмаған балаларымен немесе денсаулығында аз-
кем кінараты бар ауыл жастарын жандарына қосып
алып бағатын.
Міне, сол жеке меншік малдың бақташылары
сәуірдің – соңына, мамырдың басына қарай, сақпан
аяқталып, сол жылғы төл жол жүруге жараған тұста
жайлауға шығып кететін. Өйткені, біріншіден - ауыл
айналасындағы шабындықтың бәрі өкіметтің ма
лына жем-шөп үшін шалғыға түседі де, ол жерді
жайылым жасай алмайсың. Сондай-ақ суармалы
алқаптың бәріне жүгері айдалады да, жиын-терін
біткенше, ол жерлерге де аша-тұяқ жібермейді. Де
мек, ауыл маңында мал бағатын жер қалмайды.
Екіншіден - шөбі шүйгін, суы бал, шыбынсыз жай
лауда жайылған малдың оңды да, қоңды да болаты
нын атамыз қазақ әлімсақтан-ақ жақсы білген емес
пе?!
Әкемнің әлемі Оның үстіне, ауыл мен жайлаудың арасында өсімдіктер әлеміне байланысты бірнеше белдеу бар. Сол алуан түрлі шөппен қоректенген малдың еті дәмді, сүті маңызды, жүні қалың, қоңы құйқалы берік болады. Сондай науқанның қарсаңында, мал жайлауға көшерден бір-екі күн бұрын әкей шопанбақташыларды үйге шақырып, қонақ қылады. Сосын тамақтандырып алып, шайдың үстінде мынандай әңгіме бастайды. - Аспан айналып жерге түсетін ауылдың ап табы емес, самалды жайлауға шыққанда қызылсырайсыңдар әлі, сонда менің бір тоқтымды сойып жеңдер. - Еншілеп бермесең ертең «ең семіз қойымды құртыпсыңдар» деп жүрерсің ... - деп малшылардың бірі базына айтады, ағалығын бұлданып. - Одан саспаңыздар. Жүретін күні көрсетем: ірі, семіз, ісек шығатын тоқты. - Содан «ал, енді қылжақты қойып, дұрыстап тыңдаңдар» дегендей, әрқайсысына барлай бір қараған күйі: - Мал бағудың қыр-сырын менен артық білмесеңіздер, кем білмейсіздер. Оны үйретейін деп отырған мен де жоқ . Отырғандар түгел бас шұлғысады. Олары - әкейдің соғыстан кейінгі аяғы әбден жазылып кет кенше, жеті-сегіз жыл қой баққанын білетіндерін аңғартқаны. Әкей сондай тоқтамға келеді де сөзін жалғайды. - Тек, екі өтініш бар. Әрі ол маған ғана керек емес, сіздерге де, жалпы, ауыл-ағайынға түгел қажет. Біріншісі, он күнде ме, жарты айда ма бір рет мал ды Майтөбеге бір күн жайып жүріңіздер. Өйткені, Майтөбенің шағылын жалап, шүйгінін жеген мал кеселі мен жарақатынан құлан таза айығып кетеді де, тез қоңданады. Оны да жақсы білесіздер, тек
Қ. Әлімқұлов
алыссынып, мойындарыңыз жар бермеуі мүмкін деп
ескертіп отырмын.
Екіншісі, қайтар жолда Тектұрмасты айнала
жүріңіздер. Сол тұста ермен қалың өседі. Сіздер
бері көшкен кезде гүлі төгіліп, жапырағы пісіп, нағыз
бабында болады. Ерменге бір тойған малды қыста
еш суық алмайды. Ал, ермен бойына сіңіп кетпей
тұрғанда сол малдың сорпасын ішкен адам қыс бой
ына тұмау-сұмауға қыңбайды.
Малшы-бақташылар соның бәрін айнытпай орын
дайды. Мал жайлаудан оралған күні әкей бір семіз
еркек қойды (қозы кезінде піштірілген қошқарды со
лай атайды) сойып салады да сабанмен үйтіп алады.
Үйтілген қойдың еті дегеніңіз бір таңсық ас. Алайда,
әңгіме ермен туралы ғой, бас- сирақ, ішек-қарынды
мол қазан етіп асқызып, үлкендер өздері терлеп-
тепшіп сорпа ішеді. Керемет ашты болғандықтан
біздің ішкіміз келмейді. Сондықтан зорлап отырып
ішкізеді бізге.
Бала кезде байыбына бара бермейсің ғой, әкеміз
бізді қинап, қысастық көрсеткендей қынжылатынбыз.
Кейіндері, ес қатқан соң, сол жылдардың сұлбасына
көз жүгіртіп, көңіл елегінен өткізсек, ерменнің сор
пасы шынында да таптырмайтын ем екен. Мұздың
ойығына түсіп кетіп, тісіміз тісімізге тимей жаурағанда
да, шұлғауымыз мұз боп қатып қалатын су кешкен
суық күндерде де тұмау-жөтел дегендеріңіз былай
тұрсын, түшкіріп те қоймаған екенбіз-ау...
Міне, табиғаттың тілін түсінген дала қазағының
медицинасы!
Жалпы, біздің жұрттың мекені қыста қар жатпай
тын қызық жер. Сондықтан да «Қарақойнау» аталған
да. Күн шақырайып шыға қоймаса да қаншалықты
қалың жауған қарыңыздың өзі ет пісірім уақытта еріп
кететін. Сондықтан да ойын балаларына қыстың
көзі - қырауда да қар дегеніңіз біртүрлі таңсық бо
латын.
Әкемнің әлемі
Бірақ мал-жанға жайлы. Сулы жер – нулы жер
емес пе? Шағын да болса, таудың бұлақ-бастаулары
мен жазықтағы тұма-қайнарлардан суырыла
шығатын судан құралатын өзендер жеткілікті, қарға
тапшылық та жоқ.
Осы жерде айта кететін бір жайт, «Түлкінің
түгінің әдемілігі – өзіне сор» демекші, суының
молдығы ағайынға ауыр тигені де бар. Тың және
тыңайған жерлерді игеру желеуіне жетектесе жет
кен Хрущвтің жүгері науқанының кезінде бүтін бір
ауылымызды жермен жексен етіп бұзып, орнына
түрен салып жіберген болатын.
Ал жердің қыста да қарайып жататыны жөніндегі
алып-қашпа да, көкейге қонымды да әңгімелер
көп-ақ. Ғылыми негізделіп, нақты дәлелденбеген
демесеңіз, қайсыбірінің жөні де бар сияқты.
Біреулер «жер қыртысында уран көп, сондықтан
жылы боп жатады» дейтін. Оның бір сұлбасы рас
талды да. Кеңес өкіметінің соңғы жылдарында
жабық әдіспен уран алынып, бір жақтарға алып
машиналармен тасып әкетіп жатты. КСРО-ның
күйреуімен ол іс те құрдымға кетті.
Енді біреулер «алтын көп болса керек...» дегенге
діттейді. Жалпы, жерімізде жылан көп кездеседі.
«Жылан алтын бар жерге жиналады, өйткені он
дай жердің қойнауы жылы болады» деген дәлелді
алдыға тартады. Алайда, «алтын тауып алыпты»
дегенді естіген емеспіз.
Үшіншілері жер астында мұнайдың мол қоры бар
дегенді алдыға тартады. Дәлелдері - өзен сула
рының сарқындылары шоғырланатын шалшықтар
майланып, түрлі-түсті бояулармен өрнектеліп жа
тады.
Расында да бензин, керосин немесе дизель
отыны (солярка) төгілген су бетінің суреті сондай
көрініс береді. Оны өз көзімізбен де талай рет
Қ. Әлімқұлов көріп, солай болатынына көз жеткізгенбіз. Бірақ, бүгінгі күнге дейін өңірден мұнай іздеген пендені де көрген емеспіз. ... Неге екенін, сол күні ерте ояныппын. Сыртқа шықсам, жер аппақ, бір қарыстай қар түсіп, айнала ны жауып қалыпты. Қуанып кеттім. Қарды қос уы стай жентектеп, атқылағым келіп алға ұмтылғаным сол еді, келесі сәттегі көрген суретімнен селк ете түсіп, сасып қалдым. Сақал-мұртына қырау қатқан, үстінде желең жейдесі мен мата дамбалы ғана бар, жалаң аяғымен қар кешкен біреу қарсы алдымда тұр. Айқай салмағаныммен, қашып үйге тығылуды ойлап үлгергенім рас. Соны сезе қойса керек, қарт та: - Қорықпа, қарағым. Әкең үйде ме? - дегенді мейлінше майдалай айтып, кібіртіктей берді. Мен есім шығып, тұрып қалсам керек. Одан әкейдің: - Оу, қария, мынауыңыз не жүріс?! Жүр, үйге кіріңіз, - деген дауысы құтқарды. Сөйтсем, таң ат пастан кісікиіктеніп мені үрейлендіріп жүрген аты шулы Нәдірбай ата екен. Осы жерде «аты шулы» деген анықтамаға аз-кем тоқталып, түсінік беріп кетпеске болмас. Бала біткен үшін ол кісі жүмбақ жан еді. «Нәдірбай ата» деген атын естігеніміз болмаса, ешқайсысымыз түрін де тұспалдап көре бермейміз. Үйі көшенің тура орта сында болатын. Бірақ, не кірген, не шыққан пендені де байқамаушы едік. Алайда атайдың бау-бақшасы жайқалып тұратын, қора-қопсысы тазалығымен тәнті ететін. Көздің жауын алатын алма-өрігі талай тамсандырар еді, алайда дәм татуға қорқатынбыз. Түрі-түсін көріп, білмеген соң да болса керек, жұмбақ шал белгісіз құбыжықтай қорқыныш ұялататын балаң санамыз да. Сондықтан да болар, қарияның ойламаған жер
Әкемнің әлемі
ден, аяқ асты алдымнан шыққаны мені қатты
састырғаны даусыз. Әрі: «Нәдірбай атада кәдімгі
шал сияқты екен ғой, бірақ киім-кешегі жоқ болса
керек» деген ойға тоқталып, таң қалғаным да рас.
Нәдірбай ата үйге кіргеннен кейін де, әкейдің
«төрге
шығыңыз»
дегенін
елең
қылмастан,
босағаның көзінде состиып тұрып қалды. Және сол
тұрған күйі:
- Нүсеке, «дәрім» таусылып қалып, түнімен жа
нымды қоярға жер таппай, көрер таңды көзіммен
атырдым. Өлтірем демесең... қалған-құтқаныңнан
бірдеңе бер, өліп барамын, - деді.
- Қария, өзіңіз білесіз, мен ондаймен айналыспай
мын. Тұмау-сұмауға деп, құмалақтай «қоңыр дәрі»
сақтайтыным рас. Соның қалғанын беремін. Бірақ,
бір-ер күнде оны да бітіресіз... Содан соң не істейсіз?
- Құдай тілеуіңді берсін! Бүгін жанымды аман алып
қалсаң болды. Ертең бір қойымның етін арқалап,
Жаркентке жетем ғой...
- Әй, тағдыр-ай! - деп күрсінеді әкей. - Одан да
сол қойдың етін жеп, сорпасын ішсеңіз - тәніңізге де,
жаныңызға да сауап болмас па еді?!
- Оның бәрін мен де білем. Бірақ... - Нәдірбай ата
қаталап қалған адамдай қайта жұтынады. - Әлгіңді...
- дейді сосын жалынышты үнмен. Маған, тіпті, жы
ламсырап тұрғандай көрінеді. Әкейдің де жаны аши
тын болса керек?
Әкей сыртқа шығып кетеді де, қолында шүперек
түйіншегі бар, тез оралады. Әлгіні жайғанда ішінен
сіріңкенің қорапшасы шығады. Қорапшаны ашқанда,
оның ішінде жүгері дәніндей екі қара ноқат жатады.
- Қария, міне, өзіңіз көріп түрсыз, біреуі - сіздікі,
екіншісі - шынымен біреу-міреу ауырып қалса, керек
болар, одан үмітіңізді үзіңіз, - дейді.
Алайда қария сөзді түсініп жатқан жан сияқты
емес, жаңағы қара ноқаттың біреуін тістеп, орта
Қ. Әлімқұлов
сынан бөледі де, жартысын аузына атады. Ата
ды да, рахаттана толғайды. Тісі жоқ адамның
қызыл иегімен ас толғағанындай. Ешкімде шару
асы жоқ, екі көзін тарс жұмып алған. Соншалықты
бір керемет сүйіспеншіліктің сәулесі пайда болады
әжімді жүзінде. Сол сәуледен нүр алғандай қара
қошқылданып тұрған реңі де қызыл шырайлана
береді. Шекесінен шып-шып тер шығып: «Уһ» дейді
кеудесін көрікше керіп.
Нақ сол сәтті күтіп отырғандай шешей де:
- Жәке, шай алыңыз... - деп қалады.
Қария көзін ашпаған күйі екі-үш шыны қою қара
шайды кұмарлана, сораптап созып, уһілеп отырып
ішеді. Содан соң ақ тер-қара тер боп, малшынып оты
рып бір самауырын шай таусылғанша сағымданған
сырын ақтарады.
- Нүсіке, Құдай тілеуіңді берсін! Бала-шағаңның
қызығын көр! Жағың түспей жамандық көрме!
Жақсылығыңды екі дүниеде ұмытпаспын. Бірақ, мен
бірдеңе қайтарамын деп уәде ете алмаймын, Алла
дан қайтсын! - деген тілектерін төгіп бір тоқталады.
Оны шын ниетімен айтып отырғанына риясыз сен
беуге лажыңыз қалмайды-ау?.
Сосын барып кеселінің «сырына» көшеді.
- Өзің білесің, серілік кезде серік болған ескі «дос»
қой - бұл. Бүгінгінің арақ ішкені сияқты, ол кезде
қолы жеткен ғана «қоңыр дәрінің» рахатын сезінетін.
Алғашында, шынымен-ақ, кереметтей ләззатқа
бөлейтін: дүниенің бәрін ұмытасың, ешнәрсеге
қиналмайсың - топан су тобығыңнан келмейді,
батылдығыңда шек жоқ - құр қолыңмен арыстанға
атылуға барсың...
Ой, несін айтасың, аз ғана, алдамшы болса да,
ол да бір дәурен еді де!
Бірақ, қандай жақсының да қайтуы бар емес
пе? Желдей есіп, желігіп жүргеніңде білдірмей,
Әкемнің әлемі бірте-бірте буыныңды байлап, сүйегіңе сіңіп кететін көрінеді. «Кез келген уақытта тастай саламын ғой» деп, өзіңді өзің алдап жүргенде өкініштің өзеніне ағып кеткеніңді бір-ақ біледі екенсің... Тек, кеш қалғаныңды мойындағанда ғана бармағыңды шайнағаннан басқа амалың қалмайды. Алайда, ешқандай амал жоқ: айықпас дертке ұшырап, апиынның құлына айналасың. Бастапқы кезде қажетіңді қанағаттандырмасаң көңілің сынық, ешнәрсеге зауқың жоқ, меңзең боласың. Сосын ұрынарға қара таппай, айналаңдағыларға арпылдап, абыройыңнан айырыласың... Ақыр аяғында, шеке тамырың тыры сып, басың сынғанда жаныңды қоярға жер таппай, арпалысқан айюанға айналасың. Жәй ғана хайуан болсаң, ол да жаман емес еді-ау, жолыңдағыны жапы рып өтетін жаралы жыртқышқа айналасың... Қария қою қара шайды қара терге малшынған күйі, сораптай ішкен бойы ырғағынан жаңылмас ызыңдаған әңгімесін одан әрі жалғай берер еді. Осы бір түсқа келгенінде әкей: - Құдай түбін берсін. Пешенеңізге жазылғаны болады да. Мүмкін, талпынып, бір жолдарын іздерсіз? - Е-е, не жолы бар дейсің? Араққа ауыстырмақ болғам. Апиын сияқты қат емес, дүкенде сатылып тұр ғой деп. Алмайды! Су ішкендей сіміріп салам, әсер етсе бұйырмасын. Сондай ғой – бұл бәле... Әкей қарттың әңгімесін бұрын да талай рет естіген болуы керек, қарияны одан арғысып айтқызбай шығарып салады. Жалған-ай десеңізші, табиғаттың өзі дерт ке дауа етіп жаратқан бейкүнә, бейкүнәңіз не, пайдалы өсімдікті өз еркімізбен дауасыз дертке шалдықтыратын у ретінде қабылдап, өз түбімізге өзіміз жететінімізді ойланып та жатпаймыз-ау!
Қ. Әлімқұлов
Қария кетіп қалғаннан кейін шешей ойлана оты
рып:
Бұл кісі де бір бекзат болмысты адам еді. Пенде-
пақырыңыз пешенесіне жазылғаннан қашып құтыла
алмайды екен ғой. Мына іргеміздегі Нұрым ауылы
ол кезде Қалмақора атанады екен. Ақтөбе облы
сынан келген Нұрым деген қызыл комиссар осы
Ақтөбе ауылында бандымен болған атыс кезінде
қаза тауып, соның есімімен солай аталған. Елден
естуімде, жәкеміз сонда басшы болыпты. Мал-
жаны мен қазан-ошағына қарайтын төлеңгілеттері
де болған. Кеңес өкіметі келгенде әлгілерді бала
ларына енші бөлгендей, мал-мүлкін алдыларына
сап, жеке-жеке отау көтертіпті.
Әйтсе де, әйелі – Күнімжан абысынымыздың
арқасында сыр алдырмаған екен де. Әдемі де
тап-таза киінетін. Бірақ тәкаппарлығы жоқ еді.
Жан-дүниесі жайдары жан ғой, жылылығымен,
жанашырлығымен бәрімізді үйіріп алатын.
Қайдан екенін, қайдам, қылтамақ деген жа
ман ауруға шалдығып, айналасы екі-үш айда, аяқ
астынан қайтыс болды. Тегі, тектінің ауырғаны да
ерекше екен-ау: ешқандай қыңқыл-сыңқылын да
естіртпей, ешкімге қабақ та шытпай, қайсралықпен
қайысқан қалпында көз жұмды.
Тек, соңғы рет көңілін сұрай кіргенімде әлсіреп-
ақ қалған екен. Соның өзінде сездірмеген боп,
бетін бірер тамшы көз жасымен жуды.
Содан:
Өзіңдей сыйлас, сырлас құрбыарымды қимай
жатырмын, - деп бір тыныстады. Әлденіп ап:
Балаларға обал... ал, мырзама қиын болатын
болды-ау... – дегенді күңірене, күрсіне айтып, суала
бастаған көз-жасына қысылып –қымтырылмастан
ерік берген.
Осылай боларын сезген екен ғой, жарықтық.
Әкемнің әлемі
Жатқан жері жайлы, топырағы торқа болып, жаны
Пейіште шалқысын! – деп, анамыз бетін сипап,
күрсініп алар еді де әңгімесін әрі қарай жалғар-ды.
Бұрындары да теріскейдегі Шаңқанайдан, аға
сұлтанның ордасынан келетін ағайын-туғнадарымен
араласқанда, аңға шығып, сейіл құрған кезде, той-
томалақ, қонаққа барысқандарында азды-көпті апи
ын ішіп жүреді екен. Күнімжан бақилыққа аттанған
соң екі-үш ай үйінен шықпай ішіпті. Алданыш қып,
қайғысынан айығайын деген болар. Бірақ сол бір
аз ғана азапты уақыттағы усойқы денесін депдеп,
сүйегіне сіңіп кетсе керек, содан апиынсыз тұра ал
майтын хәлге жетті ғой.
Қайта, ел іші – алтын бесік емес пе, ауыл
ақсақалдары жиылып, басу айтып әзер тоқтатқаны
сауап болған сияқты. Қалтырап-дірідеп өлермен
күйге жеткен екен деседі. Қарттар кезек-кезек
қонағасы беріп, көңіл айту шайларымен сорпа-су
ішкізіп жүріп, бетін әзер дегенде бері қаратқан.
Ат үстіне қонғанда айбатымен –ақ адамды
ықтыратын аптал азамат бір жылдың о жақ, бұ
жағында «Ат арыса – тулақ, адам арыса – аруақ»
дегеннің кері келіп, кепкен мейіздей боп, құр
қауқары қалды.
Бір-біріне нағыз лайық, қосағымен қоса ағарып
жүрген қос шынардай-ақ еді екеуі. Әй, Күнімжанның
күйігі ішіне түсіп кетті...
Оның үстіне, балалары безіне бастады.
Құдай-ай десеңізші. Ешкімді ренжітіп, қысастық
жасамай-ақ адамның жүзіне тіктеп қарай алмайтын
пұшайманға айналып қалды. Оны да көзіміз көрді.
Алайда қолдан келер нендей дауа бар, мүсіркейсің
де қоясың. Біраз жұрт жығылып жастық болып,
көңілін аулағысы да келді. Қыңбады.
Тіпті, жынданып кететін шығар деген қауіптің
де шеті шыға бастаған. Сүйегі асыл емес пе,
Қ. Әлімқұлов
сүрінгенімен жығылған жоқ. Апиыншы атанды
демесеңіз, арына да дақ түсірмеді.
Содан не керек, арада екі-үш жыл өткенде
Нәдірбай ата мүлде өзге адам боп шыға келді емес
пе?!.
...Біздің сөз ұға бастаған, үшінші-төртінші сынып
та оқитын кезіміз. Ауылымыз шекарадағы аудан
құрамында болғандықтан да шығар, 1958 жылдан
бастап Қытайдан көптеген қандастарымыз көшіп
келіп жатқан.
Қай ел, қай жерде өссе де балада жаттық бо
лушы ма еді, тәйірі? Тіпті, соғыс жылдарында жер
аударылған чешен, түрік, неміс, кәріс, күрділердің
балаларымен тай-құлындай тебісіп өскен бізге өз
қазағымыз қалай жаттық жасасын, үлкендерден
бұрын балалар табысып кетеді ғой. Тек, біздің орыс
сөзін араластырып сөйлейтініміздей, олар қытай
сөздерін қосып қалып жататын. Сондайда жаңа
сөздерге таңдана күлуші едік.
Мәселен, ойын баласы үшін аса қат, арманды
заттың бірі доп болмаушы ма еді? Оның үстіне, ол
кезде таптыра бермейтіндіктен, сиырдың түлеген
жүнінен жұмырлап жасап алған добымызға да
қанағат тұтатын тұс. Таң қаларлығы, арғы бет
тен ауған ағайынның әрбір баласында дерлік бір-
бір доп, доп болғанда да өкіметтің кәсіпорнында
жасалған кереметі бар-тұғын. Сол допты әлгі орал
ман құрдастарымыз қытайшалап «помзек» дейтін.
Біз соған күлетінбіз.
Енді біреуі:
- Менің әкем ол жақта ақалақшы болған, - деп
қалады.
Оған тағы күлеміз.
Біздің «селомызды» «мәлі» десе, ол да күлкі.
Олар болса, біздің «сельсовет», «секретарь», «учет
чик», «бригадир» дегендерімізге таңғалады.
Әкемнің әлемі
Ал енді бір кісі география сабағынан мүғалім бол
ды. Есіктен кіре бере:
- Иә, балалар, ахуалдарың қалай? - дейді.
Алғашында шу ете түсіп едік, кейін жасырын
мырс-мырс күлетінбіз.Ақырында сол мүғаліміміз
«Ахуал ағай» атанып кетті.
Бұларды сөзден сөз туып, Нәдірбай атаға байла
нысты болған соң айтып отырмын. Сол Қытайдан
қайтқан ағайынның ішінде керемет емші бар екен
деген сөз кеңінен жайылған. «Ойпыр-ау, нағыз
оқымысты екен: білмейтін емі де, жазбайтын ауыруы
да жоқ екен!» деген дақпырты бізге де жеткен тұста
қара үзген шипагер туралы әңгіменің нағыз гуілдеп
тұрған кезі екен. Тіпті, біздің төңіректен де барып
қайтқандар табылып қалып жатты. Несін айтасыз,
әйтеуір өзі барғаны бар, оның айтқанын естігені бар,
«Жерден жік шықты, екі қүлағы тік шықты» демекші,
өтірік-шынын айырып болмайтын, аңыз бен жырға
бергісіз таң-тамаша қылған әңгіменің тиегі бір
ағытылды дейсіз...
Соның арасындағы ұзын-ырғалы сөздің бірі
мынаған саятын. Жасы да біраз ұлғайып, зейнет
жасына жетіп қалған, төте жазуды оқығандықтан,
кириллицаңызды танымайтын, теңдессіз емші де
генмен ешқандай құжаты жоқ адамды өкімет қандай
жұмысқа қабылдай қойсын? Ол кезде ғой «Жеке
кәсіпкерлік» деген түсінік жоқ. Тіпті, «жеке меншік»
деген сөздің өзі құлаққа түрпідей тиетін. Табан
ақы, маңдай теріңмен өз бақшаңда өсірген жеміс-
жидегіңді сатсаң, «спекулянт» деп жауапқа тарта
тын.
Тоқ етерін айтқанда, тілге тиек етер ойдың
қысқасы, әлгі емшіні шаруашылықтың директоры
қабылдапты да:
- Күрекпен құмсылақ араластырып, қыш алып
бере аласыз ғой, құрылысқа шығыңыз, - депті.
Қ. Әлімқұлов
Содан үй салып, қора қалайтын бригадада біраз
жұмыс істеген көрінеді.
Осы бір тұста сөзге екінші біреу араласады.
- Өйтпегенде қайтесін, директордың қызы талма
ауруына шалдыққан екен. Апармаған жері жоқ, еш
дәрігер жаза алмапты. Сол қызына жаңағы емші
дауа тауыпты...
Қалай дегенде де, емші жұмысқа шығыпты. Алай
да, жұмыстан соң бір-ер шөлмек босатпай үйлеріне
тарамайтын құрылысшылар, бірлі-жарым егделері
болмаса, бүкіл бригада болып байқұстың әбден ма
засын алыпты.
Бірі: «темекі тартуды үйренбесеңіз болмайды»
деп тиіссе, екіншісі: «бізбен бірге арақ ішпесеңіз
- ортақ іс атқара алмайсыз» деп киғылық сала
тын көрінеді. Енді біреулері: «Шынымен
кере
мет болсаңыз, қане, сол «өнеріңізді» көрсетіңізші»
деп қоймайды. Сонымен не керек, әбден берекесі
қашқан бейшара бір күні:
- Жарайды, қоймадыңдар ғой, мен бір «өнер»
көрсетейін.
Содан
кейін
маған
тиіскендеріңді
қойыңдар, - деп келіседі де, бәрін бір жерге жинайды.
Ошарыла отырған жігіттердің сыртын шеңберлете
шегемен дөңгелектеп сызып қояды да, дұға оқуға
кіріседі.
Жігіттер
ыржалақтап,
келемеждерін
қоймапты дейді.
Содан, сәл уақыт өткенде ысқырынған екі-үш
жылан жан-жақтан тілдерін жалаңдатып жетіпті.
Соңдарынан ондаған... жүздеген жылан жөңкіліпті.
Әлгілер бір-бірлеп, бағана емші сызған шеңбер
сызыққа жеткенде сылқ жата қалысыпты. Сөйтіп,
әудем уақыт өткенде бүткіл шеңбер бойы шұбарала
жыланға толса керек.
Естері шығып кеткен жігіттер:
- Ойбай, тоқтатыңыз! Әулиелігіңізге сендік. Енді
қайтып мазаңызды алмаймыз, - деп шулайды.
Әкемнің әлемі Емші тырп етпеген күйі отыра беріпті. - Не істе десеңіз - істейік. Құлыңыз болайық, құтқарыңыз мыналардан... - деп жалбарына бастағанда күңіренген дұға үні естіліпті де, жылан дар бір-бірлеп тарауға кірісіпті. Бейшараның құрылыс бригадасындағы қынжылысы сонымен аяқталған екен. Әрі осы оқиғадан кейін «емшінің» бекер адам еместігі жалпақ жұртқа жайылып жүре беріпті. Міне, осы әңгіме Нәдірбай атаның да құлағына жеткен де. - Сонда қалай болған екен? - деп сұрағаным бар кейінірек әкейден. - Емшінің алдында қанша болғаны, қалай емдегені туралы ештеңе айтпады. Ал, менің білуімде, үш ай дай жоқ болып кеткен. Бар айтқаны: «Сол емшінің дертімнен құтқаратынына сенімді едім...» деген. Онысын да түсінуге болатын сияқты. Нәдекең - төре тұқымынан ғой... ... Біздің өңір бір кездерде, нақтырақ айтқанда, қазан төңкерісіне дейін Жетісудың аға сұлтаны Те зек төренің қонысы болған. Тезектің тума-туыс, жекжат-жұратынан тұратын төрелер мен оларға қызмет етушілерден құралған төлеңгіттер күні бүгінге дейін бір рудың екі атасындай тұрып жатыр дегенді жоғарыда айтқан едім. Әкей болса, әңгімесін әрі қарай жалғап: - Нәдірбай аталарыңның шыққан жері орыстың да, шариғаттың да ілімін жақсы білген жандар екен. Жалпы, апиынның азғындығына арандап қалғаны болмаса, бекзат болмысты жан еді ғой, жарықтық, - дер еді. - Дертінен айыққан соң өзін қалай ұстады? - деп, мен де қадала түсем. - Жанының жазылған-жазылмағанын қайдам, апиынның арбауынан құтылғаны анық. Кейіндері
Қ. Әлімқұлов
марқұм болғандардың жаназасына қатысып, бірді-
екілі сүреден құран қайырып жүрді. Тек, өле-өлгенше
қою қара шайды сораптай ішкенін қоймай кетті-ау...
Осындай әңгімелерден кейін менің де есіме еміс-
еміс әрнәрсе түседі.
Бір күні әкей:
- Демалыста (жексенбі) бір-екі жолдасыңды
ертіп Нәдірбай аталарыңа көмектесіп жіберіңдер.
«Қораның қиын оямын» деп еді, - деген. Жанат,
Есенқұл үшеуіміз бардық. Ауласынан аттап көрмеген
басымыз, қора-жайдың мұнтаздай тазалығына, әр
нәрсенің өз орнына жиналған реттілігіне қайран
қалыстық. Жұпыны тірлік кешіп жүрген жалғызбасты
адамның кірпияздығы тіпті көңілге қонымсыздау да
көрінгендей болатын. Сыртқы түріне болмаса, ішкі
мазмұнына мән бере алмайтын балалық болжам
екен де?!.
Жарты күрек бойлаған қалың қиды атай өзі ойып
тұрды. Өте ұқыпты екен: «қырш» еткізіп қиып түскен
қиы құдды қалыпқа құйылған шикі кірпіштей біркелкі
болып шығады. Тек сопақ емес, төрт бұрышты. Оның
өзін біздің ұстап, жеңіл көтеруімізге ыждағаттықпен
ыңғайлап қояды. Сосын тысқа шығып, қиды қалай
текшелеп қоюды көрсетеді. «Осылай, қиғыштап
қаласаңдар арасына жел кіріп, тез кебеді, ал қиғаш
тұрғандықтан, жаңбырдың суы толассыз ағып
кетеді» деп түсіндіруді де ұмытпайды.
Ойын баласы жасындағы үшеуімізге бір бөлмедей
қорадағы қиды тасу түк те қиын шаруа емес еді. Жа
рыса жүріп, жылдам-ақ жайғастырғанбыз.
«Терлерің қатып қалады. Үйге кіріп, өзек жалғап
алыңдар» деген соң есігінен аттағанбыз. Тұрағы
да өзіміз күнде кіріп, көріп жүрген үйлердің ішінен
мүлдем өзгеше. Көне ағаш төсек. «Жозы» деп ата
латын, ас ішуге арналған аласа үстел. Айналдыра
тасталған құрақ көрпелер мен құс жастық.
Әкемнің әлемі
Әйтсе де, қабырғаға ілінген киім мен бұйымдар
біздің балаң түсінігіміздің өзін өрекпіте берген. Тура
ортада арлан терісінен тігілген мол пішімді қасқыр
ішік пен үкілі құндыз бөрік. Сол жағында екі-үш
қамшы: еліктің сирағынан, тобылғыдан сап жасап,
қолға ұстар шетіне жез қаптаған керемет-ақ. Оң
қапталында - мылтық. Мылтық болғанда да, ауыл
да кездесе беретін опырмалы жай мылтық емес,
әскери мылтық болса керек. Сымбаты да, сұсы да
бөлек.
Кейінірек сол заттарды ойлағанда, әкейдің «төре
түқымынан ғой, апиынға алдырғанша сері жігіт еді
де» дегені талай ойға оралған.
Прәндік пен лимонад беріп, көңілімізді әбден-ақ
аулады. Біз үшін бұл екі нәрсе қадірлі қонаққа қой
сойғаннан да артық еді ғой.
Шыныңда да тәтті атаулы қат еді. Біздің тансық
астарымыздың өзі бауырсақтан басталатын. Одан
кейін, қонаққа барғанда қариялардың қолынан ала
тын құлақ, қой сойғанда бір бұйыратын үйтілген
сирақ. Лимонад, прәндік, бірлі-жарым кәмпит, науат
дегендеріңіз мерекелік мәзірлер сияқты-тын.
«Бірлі-жарым
кәмпит-сәмпит»
дегеннен
шығады. Ұжымшар кезінде елде ақша болмай
тын дедім емес пе? Ақша жұрттың алақанына жыл
соңында аздап тиеді. Содан соң, жүн-жұрқа, сүйек-
саяқ, темір-терсек өткізгенде... Ал, күнделікті сауда
не қарызға жаздырып алынады, не ұсақ-түйек айыр
бас өткізген шөлмек пен жұмыртқаға жасалады.
Иә, балалық шағымыздың аңсаулы «валютасы»
сол - кәдімгі тауықтың жұмыртқасы болатын. Бір тал
жұмыртқа - бес тиын. Сол аса бағалы бес тиын бала
біткенді барлық дерлік қыжалатынан құтқарушы еді.
Айына бір келетін кино, оқта-текте рұхсат етілетін
кәмпит, ал дәптер, қаламсап, қаламұш дегендеріңіз
түгелдей сол жұмыртқа - бес тиынның мойнында бо
латын.
Қ. Әлімқұлов
Бір айта кетерлігі, ауылда кішігірім бір ғана
дүкен бар еді. Оның өзін бүгінгі күннің деңгейінен
«кішігірім» деп отырмын, болмаса ол кезінде анау-
мынау «супермаркетіңізге» бергісіз, нағыз әмбебап
дүкен емес пе еді?! Ұзынша бір бөлме, сонда бәрі
тұратын: азық-түлік те, киім-кешек те, кеңсе тауарла
ры да, темір-терсек те. Кіре берісте, тіпті бөшкедегі
керосин болатын.
Малшыларға қажетті ер-тұрман, таға-шегеңіз
де сонда. Сол кездегі ауылдың тұрмыс-тіршілігіне
керекті нәрсенің бәрі табылар еді. Жоғын дүкенші
аудан орталығындағы базаға барғанда арнайы тау
ып әкелетін.
Дүкенді біз есімізді білгеннен сол дүкен мүлде жа
былып қалғанға дейін «Мақажан тәте» деген жалғыз
адам ұстады. Сондықтан да болар, біздің балаң
ұғымымызда «Мақажан мен дүкенші» дегендер бір
ғана түсініктің баламасы деген пайым пайда болды
да. Өзі де бір ашық-жарқын, кең адам еді де, бүкіл
ауылдағылардың бәрінің туысқанындай саналатын.
Адам баласын алаламай, көмек қолын созғысы кеп
тұратындығынан да шығар?
Ал, бала кезіміздегі бізге байланыстысы: екі қолға
екі жұмыртқаны алып, өкшеміз жерге тимеген күйі
алқын-жұлқын жеткенімізде, «прәндік» десек үш та
лын, «кәмпит» десек қағазға оралмаған карамелінен
- жеті, кірпіш сияқты «шоколад» дегенінен бес дана
ны ұстата салар еді. Таразыға тарту деген жоқ.
Жо-жоқ! Алла сақтасын, «ол кісі таразыдан жейді»
дегенді меңзеуден әсте аулақпын. Шешелерімізбен
бірге келсек те - сол. Өйткені, кез-келген тәттіні
өлшеп, бес тиынға қанша, он тиынға неше дана
келетітін күні бұрын шығарып қойған да!
Тауықтар
күнде
жүмыртқалайды
ғой,
бірақ
шешелеріміз оқта-текте ғана екі жұмыртқа беріп,
«кәмпит алып жей ғой» дейді. Басқа уақытта,
Әкемнің әлемі аузымыздың суы қанша құрығанымен, ондай «бақыт» басымызға кона бермейді. Ал, «ұрлық» де ген... түсімізге де кірмес еді. «Өтірік айтпау, ешкімнің ала жібін аттамау» - ес білгеннен естіген ата заңымыз. Жалпы, тәттіге - тарлығы, қызыққа - қысылшаңдығы көп болғанымен, ауылдың бірде-бір есігінде құлпы болмайтын, «қой үстіне бозторғай ұя салған» заман сияқты болып елестейді ол күндер... ... Иә, Нәдірбай ата алдымызға үш шөлмек лимо над пен бір табақ прәндік әкеп қойғанда ертегілер еліне еніп кеткенбіз. Басқасы - ұмыт. Сол мәз болып отырған тұсымызда: - Қалай, балақандар, шаршаған жоқсыңдар ма? - деп сұрайды. - Жоқ-жоқ! - деп жарыса жауап беріп, шу ете түсеміз. - Ал, араларыңда сайтанды көргендерің бар ма? Шайтан туралы айтып отырғанын аңғарамыз де генмен, шамалап тұспалдаймыз. Бірақ неге «сай тан» дейтінін батылымыз жетіп сұрай алмаймыз. Сұрай алмаған соң да, біз, әуелі бір-бірімізге үрпиісе қарап, сосын Нәдірбай атайға жалтақтай жанар тігеміз. - Неге үндемейсіңдер? Әлде, шайтан дегенді білмейсіңдер ме? Екі досым енді маған қарайды. «Бірдеңе десеңші...» дегендері болар деген оймен: - Білеміз ғой... Бірақ, көрген жоқпыз... - деп міңгірлеген болам. Өйткені, сол тұста әкей мен бір мұғалім жігіт туралы жұрт аузына тарап кеткен әзілшыны аралас әңгіме есіме сап ете түседі. Ауылға дене шынықтыру сабағының жас мүғалімі келген ғой. Сол кезде «Жезтырнақ деген алба сты пайда болыпты. Қарабастау қыстағынан анау
Қ. Әлімқұлов
көріпті, аңшылыққа шыққан бәленше де көріпті:
шашы жалбыраған, тырнақтары жалт-жұлт еткен
жез көрінеді» деген қауесет ауыл-елді қаулап кеткен
екен.
Ал, әлгі көрді деген кісілер көзіне елестегендей
мандымды ешнәрсе айта алмайтын көрінеді. Содан
албырт жас, бұла күші бойына сыймай жүрген «физ
рук бала» әкейді қолқалап коймапты. «Қарабастау
қыстағына ертіп барып, жаңағы кісілер жезтырнақ
па, албасты ма – әлгі құбыжықты көрдік деген жер
ге ертіп барыңыз. Содан кейін өзіңіз ауылға қайта
беріңіз, мылтығыңызды тастап кетсеңіз болды»
дейді де баяғы.
Әкей де талпынып тұрған жігіттің талабын
қайтармайын деген оймен әрі қатты қызығушылығын
ескерсе керек, екі атты ерттеп, екі мылтық алып
жаңағы жігітті Қарабастауға ертіп апарады.
Сәбиттің «қайта беріңізіне» қарамай, әкей де
қонып қалыпты.
- Мұғалім дегені болмаса, жас бала ғой, шыны
мен бірдеңке кездесіп қалса, жүрегі жарылып ке
тер деп, арнайы сайланып шыққанмын ғой, - дейтін
әкей сол оқиға жайлы сұрағандарға. - Еті тірі, батыл
бала сияқты көрінетін. Жүрегінің түгі бар ма екен,
байқайын дедім бір жағынан.
Сонымен, ас-суларын ішіп, жатаған мал қараның
төбесіне шығып жатады. Аттардың біреуін алдыңғы
аяғынан арқандап, екіншісін тұсап жібереді. Түн
қараңғылығы қоюланған сайын маса шыға бастай
ды. «Физрук бала» оны-мұнысын айтып жатқанда
әкей мызғып кеткен көрінеді. «Гүрс!» еткен мылтық
даусы мен ышқынған ат үнінен шошып ояныпты.
Сәбит мылтықты құшақтаған күйі қыбыр етпейді
дейді.
- Әй, батыр, не болды? Өзің амансың ба?
- Білмеймін...
Әкемнің әлемі
- Бір жеріңді атып алған жоқсың ба?
- Жоқ...
- Атқа оқ тиді ме?
- Білмеймін...
Әкей түн қараңғысына көзін үйретіп, жан-жағына
барлай қараса жігіт те аман, жылқылар да сау екен.
- Ал, енді не болғанын аптықпай айт, - демей ме.
Сөйтсе, былай болған екен. Шүйгін шөпке тойынып,
масалаған аттар қораға қайтып келген. Малдың ой
ында не болсын, қаннен қаперсіз ұйықтап жатқан
иесін иіскемей ме?..
... Ысылдаған шу, пысылдаған ыстық тыныс. Бетіне
түрпідей қадалған қылшық. «Шашы жалбыраған,
тырнағы ұзын әрі өткір». Балаң жігіттің санасына
сол суреттер сіңісті болып қалған емес пе? Ұйқылы-
ояу «Келіп қалған екен!» деген де, оқтаулы дайын
жатқан мылтықтың шүріппесін басып қалған.
Одан арғысы белгілі.
Әкей мән-жайды ұққан кезде, әуелі ішек-сілесі
қата, рахаттана күліпті. Сосын, үрпиіп отырған
серігінің түрін көріп, меселін қайтармайын деген ой
мен:
Міне, армандап жүрген «жезтырнағыңды» да
көрдің. Енді алаңсыз ұйықтай бер, - депті.
Кейін, жезтырнақ туралы әңгіме басталған бір
басқосуда Сәбит бұл оқиғаны жиналған жұртқа ай
тып беріпті. Содан ол туралы бүкіл ауыл ғана емес,
алыс-жақын елді мекен тұрғындарының біразы-ақ
құлағдар болған. Соны тұспалдап:
- Жезтырнақ туралы есітігенбіз, - деймін.
- Ой, жезтырнақ, мыстан кемпір дегендер
сайтанның сапалақтары ғана ғой. Ал, сайтан деген
масқара емес пе?!. Соны көргілерің келе ме?
Біз «әрине» дегендей үнсіз бас шұлғысамыз.
- Онда былай болсын: сендер ана аулада жатқан
ағашты бұтарлап беріңдер, ал мен сендерге нағыз
сайтанның өзін көрсетемін...
Қ. Әлімқұлов
«Ойпыр-ай, сайтан деген қандай болады екен?
Қайда тұрады екен? Қорқынышты да шығар,
құрғыр?» деген құштарлықты ойларымызды ортаға
сала жүріп, ағаштың астаң-кестеңін шығардық. Рет
теп, жинап та қойдық. Атай болса:
- Ой, жарайсыңдар! Өркендерің өссін! - деп қойып,
қозғалар емес. Тіпті, бізге берген уәдесін ұмытып та
кеткен сыңайлы.
- Ата, сайтан қайда? - деймін батылданған боп.
- Не қылған сайтан?
- Сіз сайтанды көрсетем деп едіңіз ғой...
Нәдірбай ата:
- Ә, сайтан ба? - деп алып, рахаттана күледі.
Кеңкілдеп, көзінен сорасы шыққанша селкілдеп ба
рып:
- Рәпілбектің баласы Тұтқышты білесіңдер ме?
Сайтан деген - сол. Ал, сендерге көп рахмет! Енді
үйлеріңе барыңдар. Әкелеріңе сәлем айтыңдар, -
деп бізді қайтарады.
Сонша күткен сауалымызға қанағаттанарлық
жауап алмаған күйі, ұнжырғамыз түсіп, үнсіз үйді-
үйімізге тарасамыз.
«Оны неге сайтан дейді?» Осы ой мазалап,
жаңағы баланы көзіме елестетіп көрем. Көзі көкшіл,
сирек жирен шашты, құлағы қалқиған бала. Мойны
тым жіңішке, оның есесіне, қарны қампайып, ылғи
желденіп жүргені. Басқа еш ерекшелігі жоқ сияқты.
Біздің ауылдың балаларына түр-түсі келіңкірей
қоймайды демесеңіз, кәдімгі бала.
Әкейге айтып берем. Ол кісі де рахаттана
кеңкілдеп күліп алады да:
- Ой, Нәрекең де байқағыш, - дейді де қояды.
Енді, мына қызықты қараңыз. Кейіндері бір
кітаптан шайтанның қолдан салынған суретін
көргенім бар. Ойпыр-ай, құлағын ұзартып, кішігірім
мүйіз өсірсе, Тұтқыш шынында да содан аумай
Әкемнің әлемі
ды екен! Мұндай таңғалмаспын. Сонда деймін-ай,
Нәдірбай ата шайтанның қандай болатынын қайдан
білген? Ғажап...
Құдайдың құдіреті десеңізші, есейе келе жаңағы
Тұтқыш ішімдікке салынып, шынында да «сайтанның
сапалағына» айналып кетті...
Әкеміз үкіметтің асханасынан тамақ ішпегені
сияқты, дәрі-дәрмегін де пайдаланған жан емес.
Өйткені ертеректегі қан қысымынан құтылған соң
ауырған жоқ. Оқта-текте ғана «жел ұстап қалды»
немесе «суық тиді» деп, аз-кем ауырлап қалатын-
ды. Ондайда қойдың сорпасын ішіп, бір терлейтін
де жүре беретін. «Қойдың еті қорғасын болғанда,
сорпасы дәрі ғой, шіркін!» деп қоятын.
Жалпы қандай малдың етін де жей беретін ғой.
Алайда қой етіне артықшылық беретіні қашан да
айқын аңғарылып тұратын. Тағы бір ерекшелігі, жы
лына бір рет - күзде бір серкені семіртып соятын
да, жаубүйрек жасап жер еді. Ондайда «Ешкінің
еті тек күзде бабына келеді. Сол кезде: «Сентәбірде
сен де бір, мен де бір» деп қоймен бәселекелеседі
екен» дейтін.
Мен де:
Басқа уақытта ше? – деген сауалды сығылыстыра
қоямын.
Басқа уақытта ешкінің еті жел болады. Майы
жеп үлгергеніңше қатып қалады.
«Ешкі – өсімтал» деп жатады ғой, неге
көбейтпейсіз? – деп қадалам тағы да.
Жануар қолды-аяққа тұрмайды ғой, бейнеті көп, -
деп, қысқа қайырады.
Еретеректе тауық, қаз-үйрек те асырайтын
быз. Енді бір жылдары оқушыларға екі-екіден
қоян үлестіріп те берген. «Көбейтіп, етін өздерің
жеңдер де, терісін өкіметке өткізіңдер» деп. Нағыз
өсімталыңыз сол қоян екен. Өзі бес-алтыдан бала
Қ. Әлімқұлов
лайды, ал көжегі үш айдан кейін ұрпақ бере ба
стайды. Олар болса, іннен ін қазып, бүкіл бақшаны
шұрық тесік қылып бітіреді.
Міне, сол қояндардың етіне бір қарық боп, бір
жылда жүзге жуық тері өткізгенбіз. Атағы – менікі,
соның бәрін кәнігі мамандай өсіріп-баптаған әкей
болатын.
Кейде тиген жел-құзы әкейдің сорпа ішкеніне де
бой бермейді. Ондайда бір шыны құйрық май
ды ысытып, сіміріп салады. Тұмау-сұмау көбіне
сонымен тиылады. Ал, егер де суық қатты тиіп,
сүйегінен өтіп кетсе қасқалдақтың қанындай сол
апиынға - өзі мәпелеп «қоңыр дәрі» деп атай
тын дауасына жүгінер еді. Ал ондай оөиға екі-үш
жылда ғана бір орын алатын. Оның үстіне өткен
ғасырдың сексенінші жылдарында маскүнемдік пен
нашақорлыққа қарсы күрес деген науқан белең ала
бастаған еді. Соларды саралай келе:
Қазір үкіметтің не түрлі күшті дәрілері бар. Осы
бар болғырды сақтап қайтесіз? – дейтінмін.
Пәлі, менің арақ-шарап та, көгнар да ішпейтінімді
жұрттың бәрі біледі ғой... - деп сәл бөгеледі де:
Әй, балам-ай, «Құдай қажет қылмасын, аяқ асты
нан керек боп қалса...» деген емес пе біздікі, - дер
еді.
Иә, сексен бес жасында тамақтан қалмай,
атқа
мініп,
шалғы
шауып
жүрген
шалымыз,
«жауырынының ортасынан шаншу қадалып тұр»
деп жатып қалғанында:
Әлгі қоңыр дәріңіз жоқ па еді? – деп сұрағанмын.
Е-е, қасиетінен айналайын, қоңыр дәрі бар-ау.
Бірақ, оған кәрі жүректің шамасы жетпейді ғой...
- деп бәсең күрсінді. Содан жасаураған жанарын
алыстарға жүгіртіп:
- Сексен жеті деген де аз жас емес, балам.
Әкемнен отыз үш жыл артық өмір сүріппін. Тәуба!
Әкемнің әлемі
– деп тағы бір тыныстаған. Аз-кем үнсіздіктен соң:
- Оның үстіне, Құдайдың құзырына қарсы
болғандай, күнаһар болып қайтемін? – дегенді
салмақ сала, нық айтқан.
Иә, әкейдің сондай-сондай қарама-қайшылықты
қылықтары да болатын. Кей-кейде арақ ішіп алып,
бірдеңені бүлдіріп алған інілерінің екі аяғын бір
етікке тығып, жон терісін басына қаптаса, енді
бірде қисынын тауып, қолқа салған бауырлары мен
балдыздарына «тентек суды» төгіп тастап, өзі де
ішкендей болып, орталарында рахаттанып отыра
тын.
Тіпті, тракторшы жігіттерге арақ алып беріп,
ауылдағы қарттарға шөп, отын түсіртіп жүретін...
Олардың мәнін біз түгледей түсіне де алмай
тын шығармыз?!
Ал, Нәдірбай ата болса, жаман атқа жоламаған
күйі дүниеден озды. Жұрт жөнімен жөнелтті. Бәрі де
жөн сияқты. Тек...
Тек, ауыл-ел аражігін ажырата бермейтіндей
бірнеше «әттеген-ай...» қалды артында. Егер, сиыр
құймышақтатпай, тоқ етерін айтсақ, соңында ешкім
қалмады. Қалмағанда, Құдай бермей, ұрпақсыз
болғандықтан емес, балалы-баранды бола отырып,
жалғыз қалғандықтан ізсіз кетті.
Мен атайдың тірлігіне баға берейін, көзге шұқып
табалайын болмаса ақтап алайын деген сияқты
ойлардан аулақпын. Бірақ, әкейдің тағдырында
түйірдей болса да таңбасы бар адам болғандықтан,
ағымнан жарыла ақиқатын айтуға тиіспін деген
тоқтамға келіп отырмын.
Қарияны жерлеген кезде қарттар жағына:
- Сәкіш-ау, тұлпардың ізін басар тай емессің бе,
өзіңді-өзің ұстасаңшы! - дегенді бірде өтінгендей,
енді бірде талап еткендей ғып бірнеше мәрте
қайталатқан дудар шашты, ұзындау да жүдеу,
Қ. Әлімқұлов
сондықтан да әдеттегіден арық көрінетін жігіт ағасы
тапырақтап жүрген. Сөйтсек, ол Нәдірбай атаның
жалғыз ұлы - Сәндібек екен. Жалғыз ұлы дегенде,
одан үлкені, яғни қарияның тұңғышы әскерде қайтыс
болыпты. Енді бір қызы бар екен, ол орысқа тиген
бе, жоқ, өзі орыс болып кеткен бе, болмаса соның
екеуі де бірдей тоқайласқан ба, әйтеуір сыртқа кет
кен екен. Жерлеуіне де келмеді. Жалғыздың түрі -
анау.
- «Апиыншы» деген аты қызметіне кесірін
тигізеді деп әкесін жалғыз қалдырып, ат ізін салмай
қойып еді, өзінің қай қылығы оңып тұр. Тірлігінде
сыйламаған соң, өлігіне не бетімен келді екен, жүзі
кара?!»
- «Әйелі мен балалары, тіпті төбелерін көрсетпеді
ғой?..»
Бұл - сол кезде күбір-сыбыр айтылған көпшіліктің
сөзі.
Одан кейінгі, яғни біздің білетініміз - Сәндібек
те көп кешікпей, сол ішімдіктен қайтты. Кезінде
кеңшардың бас бухгалтерлігіне дейін көтеріліп,
сыйлы бола бастағаннан-ақ араққа алдырыпты да,
ақыры айыға алмапты.
Артында үш ұл, бір қызы қалған. Үш ұл да мек
тепте жақсы оқыды. Бірі - баянда ойнады, екіншісі
- баскетболшы, үшіншісі - математика олимпиада
ларында озып, ауыл, қала берді аудан көлемінде
дүркіреген дүлдүлдер атанған. Үшеуі де жоғары
оқу орындарын бітіріп, мамандықтары бойын
ша қызметке тұрған соң, айналасы бір-екі жыл
да ішімдікке салынып, тоз-тоз боп кетті. Үлкендері
үйленіп еді, ұзамай ажырасып тынды. Қалған екеуі
үйленіп те үлгермеді.
Қыз ғой - жат жұрттық. Тұрмысқа шығыпты деп
естігенбіз, содан хабар-ошарсыз. Іздеушісі де жоқ...
Сәндібектің әйелінің қай жақтың қызы екенін де
Әкемнің әлемі
ешкім білмейтін боп шықты. Нобайлайтындар «кісі
киік» еді» десті. Адам баласымен араласпапты. Не
үйінде қонақ күтіп көрмепті, не бірде-бір үйге бас
сұқпапты. «Аурушаң ба екен?..» дейтіндер де бар.
Қалай дегенде де, атайдың артында тігерге түяқ
қалған жоқ. Апиын мен арақтан азғындаған бір
әулеттің тұқымы осылайша тұздай құрып, типыл
болды.
Жазмыш па, тағдыр ма, жоқ әлде, басқа да жұмбақ
себеп бар ма, ол жағын бір Жаратушы Иеміз ғана
білер, әйтеуір бір әулет солай жым-жылас болып,
тарихтың құрдымына сіңіп кете барды. Әкей болса:
- Маңдайларына жазылғаны да... - дейтін де
қоятын. Оған біз не алып- қоса алмақпыз?!
«Табиғатпен байланыс» деген тақырыпты, әрине,
әрі жалғай беруге болады. Бірақ, мәселе онда
емес. Мәселе, әкейдің тірлігіне тікелей қатысы бар
бір-ер оқиға арқылы жанды байланысты жалпақ
жұртқа жария етсек, қажетіне жаратар жандар табы
лып жатса, нұр үстіне - нұр деген періште пейіл де
біздікі. Өйткені, оқымаған, арнай білімі не тәжірибесі
жоқ адамның өмірден өз түйгенінің арқасында
айтарлықтай бағбан болып, бақша өсірудің қыр-
сырын ұғынуы; көрген бұлағының көзін ашып,
игілікті істерге пайдалануы; сол еңбегінің жемісін
елмен етене бөлісуі - бәрі де өнегелі-ақ. Ең басты
сы, табиғатпен тіл табыса жүріп, үйлесімді үрдістер
іздей жүріп ізгілікті істерді насихаттауында. Ауыру-
сырқаусыз ұзақ жасап, жеке басының үлгісімен
жақындарына жол көрсетуінде еді.
Жасы сексенге жеткенде әкеміз ауылдан алты-
жеті шақырым жердегі Киіктұма деп аталатын
жердегі бұлақтың көзін ашып, бақша өсіргені бар.
«Жаныңызды қинап қайтесіз?..» дегендерге: «Жа
ным қиналмасын деп, тәнімді қинап жүрмін» дейтін
көрінеді.
Қ. Әлімқұлов
Иә, жарықтықтың өмірлік ұстанымы солай-тын.
«Адам қимылдауы керек, сөйтіп денесіндегі арам
терді шығарып тұруы керек» дегенінен жаңылған да
емес.
Шынында да, кейіннен көңіл таразысынан көз
тастасақ, Киіктұмадағы ісі шапағатты шаруа екен.
Көзі ашылған бұлақ жер-ананың шырайын шығарды:
әкей шаншыған шыбықтар бүгінде бой түзеген
дарақтарға айналған. Алыстан қарағанның өзінде
көз тойдырып, көңіл қуантады.
Сөйтіп, қариямыз кезінде өз отбасын ғана емес,
шағын ауылды көкөніспен тегін қарық қылған
еді. Тұрмыс жағдайы төмен үйлер мен көп бала
лы шаңырақтарға арнайы қап-қап қауын-қарбыз
жеткізіп, сауаптарын алған еді.
Игілікті іс ізсіз қалмақ емес. Бүгінде ұрпақтары
сол жерді жеке кәсіпкерліктің көзіне айналдырып,
бір қауым жұртты асырап отыр.
Жасыратын несі бар, ауылдағы ағайынның
көбісінің-ақ бақшасын арамшөп басып кететін
жағдай жетерлік. Одан озғандары «малға азық»
дегенді сылтау ғып түгел беде не жоңышқа өсіреді.
Бірлі-жарымы картоп еккен болады. Қалай деген
де де үй іргесіндегі жеріне бақша өсіріп, өз мәнінде
пайдаланатындары санаулы.
Бұл тұрғыдан да әкейдің қнегесі өркенді болды.
Бақшасын тақта-тақта етіп, жайнатып қоятын. Сол
алақандай жерде алманың бірнеше түрі, алмұрт,
өрік, қара өрік, шабдалы өсер еді. Әйтсе де, Іленің
арғы бетіндегі Тасқарасудан алып келген ірі жидесі
тек жанарға ғана емес, талайдың жанына да жылы
тиді. Таңсық екені өз алдына, іші ауырғандарға
таптырмас емге айналды. Жалғыз ағаш күні бүгін
де жайқала өсіп тұр. Ауыл тұрғындарының қай
отауында да кептірілген бес-алты жидек қашан да
сақтаулы. Қажет болса, қайнатып іше қояды.
Әкемнің әлемі
Әрі бұның бәрі «біз табиғаттан рақым күтіп отыра
алмаймыз, бермегенін тартып аламыз!» деп жаһанға
жар салған коммунистік жаратылыстанушылардың
жалауы желбіреп тұрған тұста орын алған оқиғалар.
Әкеміз – солардың ешқайсысын ерен қылмаған,
жақсы айғыр, бұқа мен қошқарға жүгіне отырып,
жорға ат мініп, сүтті сиыр мен семіз қой өрістеткен
қазақтың қарапайым шалдарының бірі. Еңбегіне
сенген, жер құнарын емген жандар еді – олар.
Азын-аулақ малы мен ауласындағы аядай жерінің
арқасында қант-шайдан басқа дүкеннен ешнәрсе
сатып алмаған аталарымыздың қамсыз тірлігін
кей-кейде сағынатынымыз да сондықтан шығар?!
Иә, олар жаратылысты жатсынбай, керісінше
қоян-қолтық араласа жүріп, бірін-бірі толықтыра
жүріп, толыққанды тірлік етті. Және соның бәрін
көрер көз, естір құлаққа өнеге етті.
Тұлпар мініп, ту ұстамағандарымен, тәубасынан
жаңылмаған
тірліктеріндегі
дегендеріне
жетті.
Сөйтіп, артындағы ешкімге ауыртпалық салмай,
айналасындағы ешнәрсеге қиянат қылмай өтті.
Сол жаратылыс қалыбындағы кез келген тіршілік
иесі сияқты пенде пақырдың да табиғаттың төл
туындыларының бірі екенін ұмытпағанға не жетсін?!
Қ. Әлімқұлов
Айбынды Ас-ағаң
немесе кәдімгі Асқар Тоқпанов
Өмір болған соң, бәрі де тағдырыңның тартуы
мен талқысына тәуелді деп жатамыз. «Тағдырын
әркім өзі қалайды» дейтіндер де, «Пешенеңе
жазылғаннан озбайсың» дейтіндер де жетіп айыры
лады.
Бірақ, мәселе онда емес. Менің айтпағым, сол
тағдыр, басқасын былай қойғанда, мені де тау
тұлғалы әрі тәлейлі адамдармен аз тоқайластырған
жоқ. Талай-талай абыройы аңызға айналып, ауыз
дарымен құс тістеген ардақты да абзал ағалармен
араласу бақытына ие болдым. Ол – басы бүтін бір
пара әңгіменің тақырыбы. Оны қал-қадірімше ар
найы тарау етіп, кестелеп көрермін.
Әйтсе де маған деген патша пейілін паш етіп,
әкемді арнайы іздеп барған солардың арасныдағы
бірі де бірегейі - ұлттың ұстынды ұлықтаушысы,
қазақ театр өнерінің тарланбозы, өз ісінің білім
деңгейі жөнінен де біліктілік тұрғысынан да ақтаңгері
атанған асқаралы аға Асқар Тоқпанов еді. Өйткені
қаузап отырған мәселемізге орай Асқар ағаның
алар орны да, жөні де тым бөлек.
* * *
Асекең аз уақыт болса да ұстазым ретінде өміріме
ұлағатымен өшпес із қалдырған ақылшы, қамқор
көрші, тілектес азамат күйінде есімде мәңгі қалды.
Сыртынан бұрындары да қанық едім. Бетің бар,
жүзің бар демейтін турашыл, адамның ардақты
аты мен арын ешнәрсеге айырбастамайтын, қара
қылды қақ жарған әділ, ешнәрседен тайсалмайтын
батыл, өнерлі - яғни өз ізгі ісін бүтіл өмірінің өрісіне
Әкемнің әлемі айналдырған өрен деп танығанмын. Жоғарыда «азкем ұстазым болған» дегенім бар ғой, сол тұстан бері ол кісімен тонның ішкі бауындай араласып, тең дәрежеде пікір алысуға дейінгі аралықтағы жолдан өткенім тағы бар. Ол кезде мен Қазақ теледидарында комментатор болып қызмет атқаратын едім. Сонда, кешке қарай экранға шыққан адамның өзін қалай ұстауы керек деген тұрғыдағы шеберлік курсын жүргізді. Оған орыс-қазақ тіліндегі дикторлар, спорт шолушыша лары және комментаторлар қатысатынбыз. Әрине, халық айтса, қалып айтпайды. Асекең жарықтықтың сөйлеу мәнері, ойын жеткізу үшін ұтымды пайдала натын қимыл-қозғалысы, қас-қабағын қағысы, тіпті дауыс ырғағын мың құбылтуы шынында да асқан актерлерге ғана бір берілетін батпандай бақыт еді. Бұрынғы білгенім білген бе, сол бір бар болғаны алты айға ғана созылған шеберлік курсы түптің түбінде менің өмір мектептерімнің біріне айналғанды. Жалпы, Асекең - Асқар Тоқпанов кім еді? Ресми тілде айтсақ, қазақтың түңғыш кәсіпқой режиссері, талай ұрпаққа ұлағатты ұстаз болған парасатты педагог, республиканың халық әртісі. Театр институтының құрметті профессоры. Қазақ драма театрында, Балалар мен жасөспірімдер театрында, Қарағанды, Атырау, Тараз драма те атрларында режиссер және көркемдік жетекші болған өнер ұйымдастырушысы. М.Әуезов пен Л.Соболевтің «Абайын», М.Әуезовтің «Қаракөзін», «Сын сағаттасын» және «Еңлік-Кебегін», Б.Майлин мен Ғ.Мүсіреповтің «Амангелдісін», Ғ.Мүсіреповтің «Ақан сері - Ақтоқтысын», Ғ.Мұстафиннің «Миллионерін», Ш.Құсайыновтың «Алдаркөсесі» мен «Көктем желін», Т.Ахтановтың «Махаббат мұңын», М.Ақынжановтың «Ыбырай Алытнсаринін»
Қ. Әлімқұлов және Гоу Д. Юссоның «Терең тамырларын» сахналаған дарынды талант болатын. Ол - сондай-ақ сахна өнері туралы зерттеу лер жазып, әлем классиктерінің қазақ сахнасында қойылған драмалары мен пьессаларын аударған адам. Өзі де «Актер шеберлігінің негізі», «Кешеден бүгінге дейін» және «Сахна сазы» атты кереметтей кітаптар жазып, оны кейінгі ұрпақ оқулық ретінде пайдаланатыны және рас. Алайда, Асқар Тоқпанов секілді дарынды тұлға ресми анықтаманың ғана қауызы түгілі тұтас арнасына да сыймас еді. Ол өнерлі өреннің айбыны мен адуындығына ғана емес, ең алды мен, талантының тұғырына, өресінің өрісіне, білімі мен білігіне, сондай-ақ білгенін басқаларға, әсіресе ізбасарларына мейлінше молынан сіңіріп кетуге де ген дегдар бейілділігінде болса керек. Өмірім қалай дегенде де өнерге байланысты, өнердің өрісті бір саласымен өріліп жатқандықтан ба, болмаса өнер адамдарымен жиі араласқандықтан ба екен, әйтеуір Асқар ағаны оқтын-оқтын еске алып жүремін. Сондайда «Жарықтықтың бітімболмысын бір ауыз сөзбен бедерлеу керек болса, қандай мүсінмен қалыптар едім?» деп те ойлайты ным бар. Сан қырлы талантты небір сұлу сөздердің сұлбасына сыйғыза алмай қиналамын-ақ. Ақыр соңында келіп «Қыран текті тұлға» деген тіркеске тоқталатын сияқтымын. Өйткені... ... Өйткені Асқар Тоқпанов сынды асқаралы азаматтың, ұлтжанды ұлықтың, тұғырлы тектінің бүкіл бітім-болмысы мен түр-тұлғасы түгелдей қыран тұрпаттас-тұғын. Соншалықты нәзік жанды адамның айрықша аққұба өңіне айбынды сұс беріп тұратын биік рухы да, тайсалмай тіке қарайтын қазақы қоңырқай көзі де, ұшы доғалданып кететін мол пішілген мұрыны да, иесінің еркіне елгезек
Әкемнің әлемі
көнетін еркек еріні де құс бейнесінен көшіріліп
алынғандай еді. Негізінен намысыңды жанитын
жағдайларды тіліне тиек ететіндіктен, жыр оқу неме
се арнайы мысалын ортаға салар алдында қанатын
қомдап, ұшуға оқталған қырандай дүр сілкініп ала
тын.
Не айтатыны бар, энциклопедиялық танымға ие,
көріп-білгені мен оқыған-тоқығаны мол шежіредей
шешен адам еді ғой Асекең. Қашан, қай жер
де, қандай жағдайда болмасын дөп басып, тау
ып айтқыштығы, сөйлеу мәдениеті мен мәнері,
айтар ойын тыңдаушысына жеткізу тәсілі қайран
қалдыратын. Бірде - құлықсыз тыңдап отырған
пендені селк еткізіп саңқылдай жөнелсе, енді бірде
- ұйи тыңдаған сұхбаттасын тамсандыра ерітіп жүре
беретін. Қалай болғанда да, кімді де болса, тыңдауға
мәжбүр ететін. Тыңдарман да әркез сахнадан өнер
тамашалап отырғандай бір таңғажайып күй кешпес
пе еді?! Бұл тұрғыдан келгенде, ардақты Асекең
бойындағы табиғи таланты нағыз Құдайдан қонған,
бас әріппен жазылатын Әртіс болатын. Сөзінің
сыйқыры бар еді де!
Екі сөзінің бірінде «Абай аға» деп тұрушы еді.
«Абай аға бұл мәселе хақында былай деген», «Абай
аға ол туралы баяғыда-ақ айтып кеткен», «Пәлі, Абай
ағаның... былай дегенін терең түсінбеген екенсің-
ау?!.», «Олай болмаса, Абай аға бүй дер ме еді?!»
деп қайыратын. Бұл да бір талантқа табынудың,
төңірегіндегілерді тамсанта табындырудың үздік
үлгісі болса керек. Әрі, табынғанда да пайда іздеп,
жақсы көріну үшін емес, тірек іздеп, таяныш табу
үшін жүгінетін Абай-хәкімге.
Ұлттың ұяты бола білген ұлы Абай ақынның
өлеңдерін түгелдей дерлік, ал қара сөздерін толық
жатқа айтатын. Қара сөздерінен мысал кетірерде
немесе бүтіндей будақтата айтарда «Абай ағаның
Қ. Әлімқұлов отыз тоғызыншы қара сөзі былай деп тұрған жоқ па?!» деп, нөмірлеп тұрып суырылатын сәйгүлік сөз зергері. Жады жаңылып көрмеген жампоз еді ғой Асекең! Алайда, Асқар Тоқпанов жөн-жосықсыз көсемси де, шешенси де бермейтін. Өйткені, мәймөңкелеу дегенді мүлде білмейтін. Кім болса, ол болсын бетің бар, жүзің бар демей, турасынан тарта тын. Сондықтан да ғой, турасын айтамын деп, туғандарына жақпай жүргені. Олай дейтінім, «Асекең артық айтатын», «Кейде нақақ сөйлейтін» немесе «Адамның ар-ожданына тиетін», «Көсемсіп көп сөйлеп кететін» дегенді ешкімнен де естіген емеспін, өзім де көрген жоқпын. Керісінше талай пысықайдың «Ойбай, ана пәле шал келе жатыр!» деп зыта жөнелгенін, небір мәнсабы жұрттың мысын басатын белсенділердің «Асекең сұраса, мені көрген жоқпын деңдерші...» деп, құттары қаша құлдыраңдағандарын талай-ақ байқап, көптеп куәсі болғаным рас. Бірақ, Асқар аға ешкімге өзі ұрынбайтын да, қаншалықты көп білгенімен ешкімді мезі де қылмайтын. Өйткені, сөз қадірін білетін Асекең! Жалпы, өнерсүйер қауымның қатарында Асқар Тоқпановты ардақ тұтпайтыны аз болса керек. Ал, өнер өлкесіне кездейсоқ келіп қалған, Асқар ағаның өз сөзімен айтқанда «дарынсыз халтурщиктердің» ұната қоймауы да заңды. Сол аз-кем ашық айта алған әріптестері мен шәкірттерінің ой-пікірін ортаға салар болсақ, ол бы лай өрбіген болар еді. Қазақстанның халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Сәбит Оразбаев: - Әртістер арасында «Тоқпановтың тоқпағын көрмеген әртіс әртіс емес» дейтін бір қанатты сөз бар. Бұл сөз жайдан-жай айтыла салмаған. Асқар
Әкемнің әлемі
Тоқпанов көп білетін, білгенін үйретпей, көкейіңе
құймай тынбайтын, жалықпайтын адам еді. Ешкімнің
атақ-даңқынан ықпайтын, қалыпқа сыймайтын тұлға
болатын. Оның өнерді өркендетуге сіңірген еңбегі
ұшан-теңіз, қандай атаққа да, қандай кұрметке
де лайық еді. Жалғандыққа жаны қас адам ғой,
өнерге, адами болмысымызға қатысты қылаудай
шикілікті сезсе, әкемізді танытатын. Қазақ өнеріндегі
мықтылардың бәрі де сол кісінің тәрбиесін алған.
Оны бәрі де бүгінде мақтаныш тұтады.
Белгілі театр сыншысы, Мемлекеттік сыйлықтың
лауреаты Әшірбек Сығай:
«Асқар Тоқпанов - шашасына шаң жұқпас шебер
режиссер».
Филология ғылымдарының докторы, академик
Мырзатай Серғалиев:
- Ол кісі шын мәнінде шешен еді. Не айтса да,
қандай өлеңді немесе қара сөзді жатқа оқыса да,
тамсандырып отыратын. Кәдімгі сахнадағыдай күй
келетін-ді. Мәселен, Абайдың:
Қалың елім, қазағым, қайран жұртым,
Ұстарасыз аузыңа түсті мұртың.
Жақсы менен жаманды айырмадың,
Бірі қан, бірі май боп екі ұртың, - дейтін өлеңін
жатқа айтар алдында түсі мүлдем өзгеріп, әлдекімге
ашу-ызасы бардай, сол адам нақ алдында тұрғандай
сұстанып, көзқарасы өткірленіп, бір нүктеге оқша
қадалып, өзгеше бір жайға ауысатын. Содан кейін
баппен оқи бастайды. Оқығанда көзіне жас алады.
Асекең көркем шығарма оқудың психологиясын,
былайша айтқанда, сиқырын ұғындыруға жанын
салатын. Бірінші және одан кейінгі шумақтарды
оқығаннан кейін сол өлең жолдарын санамызға
сіңіруге тырысатын, өлеңнің жазылу себебін, сол
кездегі ортаны, халық тынысын түсіндіріп, Абай жа
нын жеген ой тереңіне бойлататын.
Қ. Әлімқұлов
Бұл - бірлі-жарым нақтылы пікір. Оларда да,
басқаларында да Асқар ағаның нағыз режиссер,
саңлақ сахна шебері, парасатты педагог екендігімен
қатар абзал азаматтың, қайтпас қайсар азаматтың,
өнерлі өрендерге қашан да қамқор азаматтың
қазақтың қара сөзінен қаймақ сүзіп, сурет салатын
сирек дарын иесі екендігін, «Айтпаса - сөздің атасы
өледі» деген дегдар даналықты ту ғып көтеріп өткен
жайсаң жан екендігі де жиі айтылған.
Сондай-ақ, әсіресе шәкірттері арасныда ай
тыла беретін әңгімелер мен бұқаралық ақпарат
құралдарының беттерінде жарияланып жүретін
естеліктердің ішінде:
«Риза болғанда: «Сен «школа пережеванияға»
(Станиславскийдің теориясы) біршама барып
қалыпсың» - деп мақтайтын да, ренжісе: «Бұл
әртістер қашан адам сияқты сөйлейді?-деп кейитін»;
«Шапан киіп, қамшы ұстау ғана қазақтың ұлттық
ерекшелігін бере алмайды. Ұлттық ерекшелікті
табиғаттан:
адамның
табиғатынан,
нақтырақ
айтқанда, мінездің табиғатынан іздеу керек!»;
«Еңлік от басы, ошақ қасныдағы қыз емес. Ол
– табиғатынан алғыр, қайратты, жекпе-жекке де
шыға алатын, ер мінезді қыз. Еңліктің ақылдылығы
мен парасаттылығы – ер мінезділігін әйелдігіне
жеңдіре білгендігі»;
«Болатым-ау (Б.Атабаев) ертең мен өлгенде
«Казправдаға» («Казахстанская правда» газеті) мы
нандай некролог шығады: «Казахское театральное
исскуства понесло тяжолую утрату» деп баста
лады да: «Из жизни ушел видный театральный
деятель...» деп аяқталады. Өнер өрендері өлсе,
бәріне жазылатын көңіл айту – осындай. Мұны өстіп
сірескен, жауыр болған жаттанды түрде шұбыртпай,
әркімнің өзіне ғана тән сөздерді жазса, құба-құп бол
мас па еді?!» деп қайырылатын оқшау ойларын да
оқта-текте болса да ортаға салып жүреді.
Әкемнің әлемі
«Асекең кейбір нәрселерді айтқысы келмесе:
«Кейін айтамын» деп, сұрағыңа жауап қайтарудан
қашқақтап, кетіп қалатын,» дегенді де бірнеше
адамның аузынан естідім. Өзімше сол «осалдығын»
тексермекші боп бірнеше ұрымтал деген сұрақтарды
қойғаным бар. Қайсыбіріне сипай қамшылап жауап
қайырды. Ал «Дүркіреп тұрған кезіңізде қазақтың бас
театрынан облыстарға неге кеттіңіз? Біреулер кету
ге мәжбүр етті ме, әлде, жергілікті өнер ошақтарын
көтерейін дедіңіз бе?» деп сұрағанымда:
- Кейін айтамын! – деп, кілт бұрылып кете берген.
Алғашында онысын «түкке тұрмайтын нәрсеге
уақытымызды
кетіріп,
басымызды
қатырып
қайтеміз...» дегені шығар деп пайымдағанмын.
Кейін білсем, ол бір қиын-қыстау кез екен Асеңеңнің
өмірі мен өнер жолындағы. Өзі шыңға шығарған
шәкірттері «өзі болған қыз төркінін танымас»
демекші, ұстаздарының балтырын қанатыпты.
Қазақтың мың жақсы қасиетіне жабысып алып,
қалыспай жүретін аз санды, аз санды болғанымен
ауыр қасіретті жамандықтары – көре алмаушылық
пен жершілдіктің ауылы алыс емес сияқты.
Аңқылдақ, ешнәрседен тайынбайтын айбынды
адамның ондайда үшкір бұрышты айналып өтуге
мәжбүр болатындағы ойы: «Бауырым, опасыз
жалғанның ондай-ондай орашолақ келеңсіздіктеріне;
күйбең тірліктегі күнкөріс үшін тарысы бардың
тауығына айналған тексзідердің таяздығына; ел
ертеңі деген үлкен ұғым мен ұлт мүддесі деген ұлы
мұратқа өрелері жетпейтін ездердің енжарлығына;
кіші пенделердің көрсоқырлығына бола нәзік
жаныңды жаралап болмаса жүдетіп қайтесің?!» де
генге саятын сыңайлы көрінген.
Сондай-ақ, «Деген екен...» деп айтылатын аңызға
бергісіз бірнеше оқиғалардың кейіпкеріне айналғаны
да ақиқат.
Қ. Әлімқұлов
Өткен ғасырдың елуінші жылдары болса керек.
Қазақтың біртуар дара дарынды әртісі Қалыбек
Қуанышбаев «Шаншарлар» атты пьеса жазып,
қолжазбасын талқылауға ұсынады. Ол кезде театр,
жалпы өнер төңірегіндегі жұрт төрт көзі түгел оты
рып, жаңа туындыға тиісті бағасын беретін сондай
бір жақсы дәстүр болған. Ал, Қ.Қуанышбаев бол
са «ханға сәлем бермейтін» әртіске - көпшіліктің
қалаулысына айналып, елі еркелете, мақтан тұта,
айналасындағы жақын араласатын жора-жолдаста
ры «Қалләки» деп атайтын.
Кеште
автор
жиналғандарды
туындысының
қысқаша мазмұнымен таныстырып шығады. Атта
ры мен атақтарынан ат үркетін академиктер Мұхтар
Әуезов пен Ахмет Жұбановтан бастап, біраз режис
сер, театр снышысы, аз-кем актерлер қостап си
пай қамшылап, жылы сөздер айтып, пікір білдіреді.
Әрине, олардың бәрі көңіл жықпастықтың көрінісі еді.
Жағымпаздыққа жаны қас Асқар Тоқпанов қарғып
тұрады да драманың тәрбиелік мәні мен идеясында
мін болмағанымен, шығарманың «шикі» екенін, онда
сахна талаптарының, драматургия ерекшеліктерінің
ескерілмегенін, образдардың солғын, оқиға желісінің
кібіртік екендігін, қысқасы, пьессаны нақ осы күйінде
көрерменге ұсынуға болмайтындығын бетің бар,
жүзің бар демей айтып салады.
Намысына нұқсан кеп, жарылып кете жаздаған
Қ.Куанышбаев:
- Әй, Тоқпанов! Сен сонда мынау отырған акаде
миктерден де білгішсің бе?! - депті жақтырмағанын
жасырмай. Ондай сөзді басынан асыратын Тоқпанов
па, ол да төтесінен кетіпті:
- Қалләки, сіз - ұлы актерлігіңізбен-ақ тарихта
қалатын тұлғасыз. Ортаңқол немесе нашар драма
тург боп беделіңізді түсіріп қайтесіз?! - деп, жөніне
жүре беріпті.
Әкемнің әлемі Жұрт арасында мынадай жағдай да жиі айтыла ды. Бауыржан Момышұлының сексен жылдық торқалы тойы салтанатты түрде аталып жатады. Бірнеше мықтылардан кейін сөз алып, өзінің алдын да тілек білдірген, хас батырды сыртынан ғайбаттай пыш-пыштап, ал бүгінгі кеште жақын жанашырын дай бүлкілдей жөнелген бір-екі «үлкен» кісілерді төтесінен түйреп өтеді. Содан соң ғана батырға де ген құттықтауын қатырып тұрып қайырады да орны на келіп жайғасады. Сонда жанында отырған халық жазушысы Әзілхан Нұршайықов: - Әй, арыстаным-ай! Қатырдыңыз-ау! - деп сөзіне риза болғанын білдіріпті. - Онда Бәукеңді жазғандай маған да кітап арнамайсың ба? - дейді жұлып алғандай. Әзекең жымиып қана: - Бір адамның екі арыстанмен алысуы қиын ғой... - деген екен. Әрине, бұлар да теңіздің тамшысындай ғана мағлұматтар. Әйтсе де, сол теңіздің дәмінің тамшысынан-ақ танылатындай, осылардың өзі де көп нәрсені аңғартса керек емес пе? Асқар ағаның Абайдан кейінгі пір тұтқан ада мы Мүхтар Әуезов еді. Ол туралы айтқанда, бірде «біздің Мұхаң» деп бүкіл қазақтың атынан мақтанса, бірде «кәдімгі ұлы Мұхтар Әуезов» деп, енді бірде «данышпан ғой Мұхаң, данышпан!» деп табынып жүретін. Мынандай бір әңгімесі жадымда жатталып қалыпты. - Бұрын ылғи «Асқар-ау» деп, ілтипатпен амандық-саулық сұрасып, театр туралы пікірлеріне ортақтастырып, жақын тартып жүретін кәдімгі ұлы Мұхтар Әуезов аяқ астынан салқын қарай бастады. Салқын қарағанда да нақты кінә тағып, жазғырмайды да, тек берген сәлемімді селқос алып, ағытылып
Қ. Әлімқұлов сөйлеп кетпейді. Оған дейінгідей жылы қабақ та, лебіз де жоқ. Даналық деген де бір балалық қой. Арамыз дан ала мысық өтіп кеткенін аңғардым. Жанашыр болғансып, бір алаяқтың мен туралы өсек айтқанын ұқтым. Біздің Мұхаңның жалған ақпаратқа жығылып жүргеніне жаным ашыды да, одан әріге шыдамай, салып ұрып үйіне бардым. Үй иесі салқын сәлем-сауқаттан соң: - Анау жатқан Дос деген төбет, ол мені жаудан қорғайды... деді. - Сөз бар ма, өте дұрыс айтасыз. Атын да лайықты қойыпсыз. - Ал, анау жатқан калошым мені табанымнан өтетін суықтан сақтайды... Ойын түсіне қойдым да, орнымнан атып тұрдым. - Сондағы айтпағыңыз: «Сенің маған не жақсылығың бар?» демексіз бе? - дегенімді елең етпегендей кейіп танытты. Демек шегінетін жерім жоқ: не өгіз өледі, не арба сынады. Даусымды қатуландыра: - Мұха! Айып етпеңіз, «Айтпаса - сөздің атасы өледі». Сізге есіктің көзінде жатқан ит пен галошты сөз қылғаннан гөрі, анау төрде тұрған жаңа кітап ту ралы әңгімелегеніңіз жараспас па еді?! - деп, бетіне жалт қарап едім, аң-таң боп, тесіле қарап қалған екен, даусымның диапазонын бір тон бәсеңдетіп, нығарлай: - Өлтірсеңіз, айтып өлтірмейсіз бе? Сіздің алдыңызда Тоқпановтың бір грамм да жазығының жоқ екендігін өзіңіз түсінбесеңіз мен ешкімге жалына ал маймын. Осы жасқа келгенше ешкімге басымды иіп, табанын жалаған емеспін. Сізге де жағымпаздығым жоқ, оны жақсы білесіз. Тек, бүкіл болмысым өнер болғандықтан... ол үшін әрине кешірім сұраймын, дара дарынның ғана алдында басымды жерге жет
Әкемнің әлемі
кенше иемін. Өйткені, Сіз - еліміздегі әдебиетке
де, ғылымға да, өнерге де қажетті бірінші адамсыз.
Оны да өзіңіз мәжбүрлеген соң, көзіңізге тұңғыш рет
айтып тұрмын. Ал, сырттай сізге өзімнен де артық
денсаулық тілеймін. Солай...» - деп шығып кетпек
болып едім, ұлы Мұхаң: «Сабыр сақта» дегендей
қолын сәл көтеріп, ишарат білдірді.
Мен іркілдім. Сол сәтте кәдімгі ұлы Мұхтар
Әуезов:
- Пәлі, Асқар-ау, соншама таусылмасаң болар еді.
Сенің адалдығыңды бек түсініп отырмын. Саған ант-
су ішкізу әсте де ойымда болмап еді. Өзімнің де сол
бір сүйкімсіз сөзге сезіктене, тіпті күдіктене қараған
жайым бар-ды. Сірә қазақи өсек қой десем болар ма
екен? - деп, жайланып сала берген.
Әй, данышпан ғой, Мұхаң, данышпан ғой!
* * *
Бір күні Асқар аға Талдықорғанға іссапарға ба
ратынын айтты. Ол кезде Республика Мәдениет
министрлігінің кеңесшісі қызметінде жүрген кезі еді.
- Онда, жолдан біздің ауылға соға кетіңіз, - дедім.
Әрі ол сыпайылық үшін айтыла салған жәй сөз емес-
тін. Шын ниетіммен-ақ айтқанмын. Өйткені, кезекті
кәдімгі әңгімелердің бірінде ел-жер тарихына бай
ланысты атауларға қатты қызығушылық танытып:
«Шіркін, сол сыр бүккен, сұлу табиғаты тұнып тұрған
тұстарды көзбен көріп, жүрегіңмен сезініп қайтар ма
еді?..» деп, арман-арғымақтың жалына жабысқаны
бар-ды.
- Несі бар, жол бұйырса, соғамын! - Жанарын
да жалт еткен ұшқын ұшқан. Содан да баруға әзір
екеніне шүбәсіз сендім. Әрине, жолы түсіп, уақыты
болып жатса.
- Ауылың қай тұста? «Алтын ер» деген керемет
кезең бар - деп едің-ау, ә? Жолдан қаншалықты
қиыс? - Асекең ендігі жерде жосығын нақтылай баста
Қ. Әлімқұлов
ды. Ал, «Алтын ер» деп тұрғаны, менің: «Асқаралы
асу бар, Алтынемел деп аталады, ол қалмақ тілінде
«Алтын ер» деген мағына береді екен» деген
әңгімемді есіне түсіргені. Жады жаңылмаушы еді-ау,
жарықтықтың!
- Алматы мен Талдықорғанның тура ортасында,
шамамен осы жерден екі жүз шақырым қашықтықта,
Сарыөзек деп аталатын кент бар. Содан күн шығысқа
тағы бір жүз шақырымдай жүрсеңіз, жетіп барасыз
біздің Басши деген ауылға.
Асқар аға айтылған әңгіменің әр тынысынан сыр
андитын сұңғыла сұхбаттас болатын.
- Қазақ елді мекеннің атауын «Басши» деп бекер
қоймайды, не де болса, ши деген өсімдікке байла
нысты болғаны ғой? - деп, міндетті түрде сұрайды.
Ондайды қайдан қалт жіберсін?!
- Алматыда - Ақши, Пәкістанда - Қараши (Карачи
қаласы), ал Талдықорғанда біздің ауыл - Басши... -
деп әзілге айналдырамын.
- Ой, Қадыржан, сен ақын екенсің ғой, - деп оған
да қуанып қалады.
Сөйтіп, қажетті мәліметтерді біліп алған соң: «Сен
Нүсіпақынның
Қадыры емес пе едің?» деп нақтылайды да:
- Несі бар, дәм бұйыртып, жол түссе - міндетті
түрде соғамын! - дегенді сенімді түрде қайталап,
онысына мені де селкеусіз сендіре түсіп, жылы
қоштасар еді. Сәт сапар тілеп мен қалғанмын.
Күнделікті күйбең тірлік көңіл көкжиегіндегі
көптеген ойды көлегейлеп, уақыт ұзаған сай
ын ұмыттыра беретіні де бар. Ол әңгіме де ғайып
болған елестей естен шыға бастаған. Арада
оншақты күн өткенде Асқар аға келіп тұр. Екі езуі
екі құлағында. Балаша, шын көңілімен шаттана
қуанатын дағдысымен даңғырлап сөйлей кірді.
Сөйлей кірген бойда қапсыра құшағына қысты.
Әкемнің әлемі
Мейірлене маңдайымнан иіскеп алды да:
- Сенің әкең - молодец! Қатқан шал! - деді.
Беталбаты ешкімді қаралау да, жалпақшешейлікке
салынып, мақтай салу да дағдысында жоқ адамның
ол сөздерді бекер айтып тұрмағанын түсініп,
кәдімгідей-ақ марқайып қалдым. «Мейманын риза
қылған екен». Әкем үшін қуандым. «Қонақ разы бо
лып аттануы керек!» дегенді өмірлік ұстанымына
айналдырған әкейдің әдемі тірлігіне мен де іштей
риза болған күйі:
- «Молодец» екенін өзім де білемін. Ал, «қатқан
шал» екенін нақтырақ айтып, түсінік бермес пе
екенсіз? - дей қойдым.
- Қадыржан, қуланба. Оны да біліп тұрсың ғой.
Дегенмен, көрген-білгенімді, ауылыңның амандық-
саулығын, ел-жұртыңның сәлемін жеткізіп көрейін.
Шынымды айтсам, бірер сағатқа ғана кіріп, жеңіл
шәй-пәй ішіп шығармын, сөйтіп, көп кешеуілдемей
қайтып кетермін деп барған едім қарияның қара
шаңырағына. Қайда-а-а-н?! Ағайынның ақжарылқап
ниеті, әкеңнің шынайы пейілі жібермеді. Тұп-тура
табандатқан бір тәулік өткенде әрең босадым. Оның
өзінде де қимай-қимай, әзер қоштастық.
Асекең сол сәттерді есіне түсіріп, сүйкімді
суреттерін көз алдына келтірсе керек, сәл ойланып
тұрып қалды. Сосын қашанғы дағдысы бойынша,
қыран қанаттана дүр сілкініп алды да саңғырлай
сөйлеп кетті.
Әдемі әңгіменің әсеріне бөленген мен де
еріксіз ертегідегідей ел-жұрттың ортасына ба
рып оралғандай күй кештім. Асекеңнің айныт
пай бейнелеуі және әркімнің бет-әлпеті мен сөзін
қайталауы
әкейдің
айналасындағы,
алаңсыз,
ақжарылқап әлемді шарлатып жіберген. Тіпті,
ақсақалдардың қуаты қайтса да қастері қайтпаған
әжімді, сексеуілдей саусақтары қолымды мәпелей
Қ. Әлімқұлов
қысып, әжелердің аялы алақандары басымнан
сипағандай, аналарымыз мейірлене маңдайымнан
иіскегендей,
ағаларым
ақ-адал
пейілдерімен
арқамнан қаққандай, өкшемізді баса, қаулай өсіп
келе жатқан іні-қарындастарым көз қуантып, көңіл
тойдырғандай марқайып сала бергенімді несін жа
сырайын?
Әлқисса, сонымен Асекеңнің сәтті сапарының
қалай өткені туралы әңгімеге қайта оралайық.
- Ауыл-еліңе екі дүниеде разымын. Қазақы
қалыптарының қаймағын бұзбай сақтап отыр екен.
Құдайы құдаларын қошеметтегендей хан көтеріп
күтті. Күтіп қана қойған жоқ, білгенімнің біразын
сыртқа шығарып, сергітіп тастады. Көптен бері ондай
сөз ұғатын дәрісханаға тап бола алмай жүруші едім,
мен де бір түн әңгіме айтып, шерімді тарқаттым-ақ.
Нүсікең өзі құралпас төрт-бес қарияны шақырып
алды. Ойпыр-ай, шеттерінен шешен, шеттерінен
көсем
шалдар
екен:
қай-қайдағыны
сұрап,
қақпайлағандарынан жаңылмады-ау!
Осы жерде бір сынық сүйем сырды сыналай
кетсем деймін. Әкей аяқ астынан келе қалған
құдайы қонақты күткенде алғашқы «бойдақ» шай
ды оңаша өзіне беретін. Әрі сол тұста мән-жайды
суыртпақтай отырып мейманның кім екенін, қандай
екенін, кімдермен әңгімесінің жарасатынын біліп
алатын. Содан соң барып, ауылдағы мейманмен
дастархандас боп, пікірлесе алатын ағайынды ал
дыратын.
Жастарыңның ісі де жарасымды. Жолға шығарып
салғанша көрші- қолаң, қыз-келіншектер аяғының
ұшымен ғана жүріп, отпен кіріп, күлмен шықты
дейсің.
Туған жеріңнің де тарихы мен тылсымы тұнып
тұрған жаннат екен. Шекарасын табиғаттың өзі сы
зып қойыпты:
солтүстігінде - Үлкентау, шығы
Әкемнің әлемі сында - Қату, батысында - Қалқан таулары, ал оңтүстігінде - Іле - дария. Өңір бұрынырақта «Қарақойнау» деп аталыпты ғой? Қариялардан мәнін сұрасам: «Қыс баласы қар жатпайды, түскен бойда еріп кетеді. Жер қара бо лып жататындықтан солай аталса керек» дегенді айтты. Ол да бір жұмбақ емес пе? Яғни жер астын да жылылық шығаратын бірдеңе бар деген сөз ғой. Қарттарға: «Енді өзгертсеңдер, атауын «Құтқой нау» деп қойыңдар дегенді әзіл-шынын араластыра айтып кеттім. Жердің бедері ғана емес, атауларының өзі шетінен ән салып тұрғандай екен: Балдыбастау, Мыңбұлақ, Найзатапқан, Қыземшек... «Ән салып тұр» дегеннен шығады, атақты Айғайқұм феномені де сенің ауылыңның іргесінде ғана екен-ау?! Ең өкініштісі, уақыттың тығыздығынан сол Айғайқұмды, Бесшатырды, Үңгірқораны, Қонтайшының ошағын көре алмадым. Осы тұсқа келгенде Асқар аға бір күрсініп, ты ныстап алды. Өкініші әлі де өзегін өртеп тұрғаны. Алайда, көп кешікпей, көзі қайта жайнап сала берді. - Оның есесіне, ауылыңның неге Аралтөбе ата латынын ұқтым: екі қапталында Үйеңкілі, Дәнекер деген екі өзен ағады екен. Тау мұздағынан ба стау алатындықтан, сулары мөлдіреп ағып жатыр. «Үйеңкілі» деген түсінікті ғой, ал Дәнекер атауының да аңызға бергісіз тарихы бар көрінеді. Жетісу өңірінің аға сұлтаны Тезек төренің тоқалы әпкелерің болып келеді екен. Соның атына байланысты төре «Шырғанақ» өзенінің атауын өзгерткізіпті... - Сол Тезек төреңіздің озін Шоңқыбай деген бабамыздың қалай алып келгенін естідіңіз бе? - деп, мен де әңгімесін қостамақ болғанмын. Асқар аға оқыс бұрыла қарады. - Ақсақалдар ол жағын айтпады ғой. Әлде, реті
Қ. Әлімқұлов
келмеген шығар? Болмаса ананы да, мынаны да
айтып жүріп, орайын келтіре алмағанбыз- ау?..
Қане-қане, ол неғылған әңгіме? - Ағайдың жана
ры, осыларды айтқанда, қайта жайнап шыға келер
еді. Онсыз да көп білетін адамның білуге деген
құштарлығы қайран қалдырғандай.
- Сонау солтүстіктегі Көкшетау өңіріне Шоңқыбай
бабамыз, ал ол кісі өз кезегінде Шормақ батырдың
- бүгінде ұрпағына ұран болған үлкен бабамыздың
баласы, болыстық шен алу үшін арнайы барған екен
дейді. Сонда хан ордасындағылар:
- Сендер ресми түрде болыс сайлай алмайсыңдар.
Өйткені, төрелерің жоқ екен, - дейді.
- Оны қайдан алу керек? - дейді бабамыз.
- Осында он жеті мен жетпіс жас аралығындағы
он төрт төре тұқымы бар. Солардың арасынан
қалағаныңды ал, - дейді ордадағылар.
Сонда батыр бабамыздың таңдауы төрелердің
ең жасы Тезекке тоқталыпты. Ондағы ойы тіс қаққан
қарттардан гөрі балаң жігітті алсақ, айтқанымызға
көніп, айдағанымызға жүрмесе де, тәжірибе жинап
үлгергенше өміршең өтініштерімізді өткізерміз де
генге сайса керек.
Асекең «Апырай, ә?!» дегендей басын шайқап
қояр еді. Әңгімеге айызының қанып тұрғанын
қапысыз танып, мен де сөз жүйесін жалғаймын.
- Жаңағы өзіңіз айтқан Дәнекер әпкемізді төреге
екінші әйелі етіп қосып жүрген де сол бабамыз.
- Іленің арғы бетінен ауып келген албандармыз
демеуші ме едің?
- Иә, Іле өзенінің арғы жағалауында Шонжы де
ген ауыл бар. Ұйғыр ауданының орталығы. Сол
Шоңкыбай бабамызды болыс сайлауға тоқсан түтін
жетпей қалыпты. Содан негізінен қоңырбөріктердің
ішіндегі сарқұл, шақа, тасы және майлы атала
рынан тарайтын тоқсан үйлі жанды көшіріп алып,
Әкемнің әлемі
өзіңіз болған Аралтөбеден сегіз шақырым төмендегі
Ақтөбе деген қыстауға қоныстандырыпты.
Ондайда Асқар аға қуанышын жасыра алмайды.
- Айналайын-ай, тіл-көзден аман бол! Құнды
мағлұматтарың көп. Тек соларды тасқа бастырып
үлгеруге тырыс, - деп, маңдайымнан қайта иіскеп,
мәз болады.
Жалпы, Асекең жалпылама қысыр сөз атаулымен
қас болатын. Уақытты босқа шығындайтын өсек-аяң
атаулының ауылына аяқ басқанын естіген де, көрген
де емеспін. Негізінен тарих, халықтық шежіре, өнер
және ұлттық құндылықтар тұрғысындағы сөзге баса
назар аударар еді. «Қазақ деген дана халық қой.
Бабаларымыздан айтылмаған сөз қалмаған...» деп
қойып, сан-салалы, түрлі-түрлі тақырыптарды та
мылжыта төгілтетін. Жетістіктер жайлы айтқанда
- жайнаң қағып, жас балаша қуанса, кемшіліктерге
келгенде - күрсініп қойып, күйінішті күйге енетін.
Ол кісіде «басқаның қуанышы» немесе «басқаның
қайғысы» деген болмайтын. Иісі қазақтың қай
жақсылығы мен жаманын да өзінікі санаушы еді.
Шадыман шаттығы да, шемен шері де жұртының
жыртық үйінің үстінде-тұғын.
Сондықтан да болар, небір мықты қазақтар ту
ралы сағаттап сөйлегенімен, өзін жарнамалауға
жоқ еді. Тектілігі мен мәдениеттілігі де жібермейтін
шығар, әйтсе де онысы - бүкіл болмысының бейнесі
ретінде мен мұндалап тұратын.
Мен де, бір жағы жастықтың желігімен, екінші
жағынан, алуан түрлі алып-қашпа сөздерді де естіп
қалатындықтан әрі, ең бастысы, анығын өз аузы
нан естіп, білейінші деген бейкүнә бейіліммен
жеке басына байланысты оны-мұныны сұрап
қалатыным бар-ды. Ондайда Асқар аға түпсіз
ойының тұңғиығына бір сүңгіп шығып, терең күрсініп
алады да, қысқа қайтарып жауап беретін. Жауап бе
Қ. Әлімқұлов руден сырт айналмайтын да, ауа да жайылмайтын. Тоқ етерін, тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінен ғана тұжырымдауға тырысатын. «Қалғанын өз өреңе қарай қабылдап ал» деген сыны да суыртпақталып жатушы еді. Бөлім қызметкерлерінен «Бүгінгі бюрода Асқар Тоқпановтың жеке ісі қаралады екен» дегенді естігенде: «Ас-ағаң оны маған неге айтпаған?» деп екіұдай күй кешкенім рас. Бірақ, мен ол кезде асыл ағаның, абзал азаматтың тілеуқор ниетін түсінбеген екенмін... «Жеке бас ісі» деп аталатын коммунистердің жауапкершілігіне, оларға сөгіс жариялау мен сол сөгісті алып тастау сияқты мәселелер бюро отырысының соңында, бес-он минут уақытта ғана қаралатын. Бұл жолы мүлде басқаша болды. Басқаша болғанда, мерзіміне ғана байланысты емес, Асқар ағаның арқасында жаңа бір қойылымның премьера сын тамашалағандай болып өтті. Әлбетте, қызықты деу ыңғайсыз болар, бұрын-соңды болмаған, естен шықпастай бюро отырысы екені еш даусыз. Оның үстіне ол бюро жетпіс жыл бойына ақ дегені - алғыс, қара дегені - қарғыс болып келген құдіретті партияның да беделінен, тіпті күш-қуатынан біртіндеп айырыла бастағанын жиналған жұртқа жайып салғандай еді. Істі таныстырған мәдениет бөлімінің меңгерушісі, социализмнің идеологиясы сүйегіне дейін сіңіп кет кен, өзіндік ой-өрістен жұрдай, шошаңдап қалған бір әйел еді. Қазақи қаннан да, жаннан да ат жалын кескендей адасып қалған қуыс кеуде-тін. Оның түсінігінде партия қолпаштағандар нағыз коммунизм құрылысшылары да, одан былай қалғандары қаймана қазақтар-тұғын. Ол: қарапайым қазақи қалыптағыларға «мен мұндайлармен қатар отыруға арланамын» десе, мен еш таңданбас едім.
Әкемнің әлемі Ендеше, осы бір шара үшін қызметтік анықтамасымен амалсыз танысқаны болмаса, Асқар Тоқпановтың кім екенін ол еш уақытта білмек те емес. Ашты айтты демеңіз, бір-ер жыл қызметтес боп, білгеннен кейін, олай деуге сенімді себебім болған соң айтып отырмын. Ал, оны дәлелдеу үшін сәл шегініс жасауыма тура келеді. Мен ол қызметке журналистік жұмыстан кел ген едім. Журналистік жұмыстан болғанда да, «Социалистік Қазақстан» («Егемен Қазақстан») газетінің Алматы облысындағы меншікті тілшісі бо лып жүрген жерімнен шақырылдым. Ал, меншікті тілші дегеніңіз - кәсіби міндетіне орай мейлінше еркін жүретін, көбіне-көп қаймағы бұзылмаған ауылағайынның арасында болатын қызмет. Салт-дәстүрі сақталған, ұлттық ұғым ұмытыла қоймаған ортаның қадыр-қасиеті сіңісті мен сияқты «алабөтен» адам дар әріптестерінің арасында да сын көздің сұғында жүретінін ол кезде мен қайдан білейін. Бір күні бастығым шақырып алып: - Жұмысқа келмей жатып үстіңнен «діндар» деген арыз түсіп жатыр ғой? - демесі бар ма? Түсінбегендей сыңай таныттым. - Тамақ ішіп болған соң бетіңді сипап, мінажат етеді екенсің... - Ой, оның дінге еш қатысы жоқ, әдет-ғұрпымыздың жәй ғана жұрнағы да. - Ауылдағы ағайындарыңның арасы емес, облыстық партия комитетінің кеңсесінде бет сипағаныңды ешкім басқаша түсіне қоймайды. Оның үстіне, кімнің айтып жүргенін шамалайсың ба? - Шамалайтын несі бар, мәдениет бөліміндегі әріптесіңіз болар? - Оның жөн екен. Алайда, абайла! Одан бұрын да бір келіп: «Нұсқаушы емес, тіпті, сектор меңгерушісі де емес, бірден бөлім меңгерушісінің орынбаса
Қ. Әлімқұлов
ры етіп осы жігітті қайдан алдыңыз, өзінде рушыл-
жершілдіктің жұрнағы жоқ па?» деп кеткен. Бүгін бол
са: «айналасына қазақ жігіттері мен келіншектерін
жиып жүреді, ұлтшылдыққа ұрындырып жүрмесін...»
дегенді кәдімгідей нығыздап ескертті.
Әңгіме сонымен бітсе керек еді. Өкінішке қарай,
олай болмай шықты. Бөлім бастығының тарапынан
еш сыбыс естіліп, «іс» қозғалмаған соң, әлгі әйел
бізді қадағалайтын хатшыға барыпты. Іс насырға
шапса, қызметтен босатып, тіпті босатып қана
қоймай, артыма шала байлап жіберу керек деген
сыңайдағы әңгіме қозғалған көрінеді.
Мына ғажапты қарамайсыз ба:
бес бересі,
алты аласы жоқ, тіпті танымаймын деуге келетін
қандасым мені бекерден бекер қаңғытып жібергісі
келгенде, айдаладағы Омбының орысы қорғап
қалады. Осы тұста аз-кем анықтама бере кетсем,
бастығым - Семен Михайлович Долгирев деген жүз
грамын тартып алып, тура тартатын нағыз орыс еді.
Қаршадайынан қазақтармен қоян-қолтық араласып
өскендіктен де болар, жұртымызға бүйрегі бұрып
тұратын.
Алғашында түкке түсінбей, дал болушы едім.
Сөйтсем, партократ шенеушіктердің арасында бірін
бірі аңдып, реті келсе - шалып жіберу дегеніңіз
«карьерлік кесел» деп аталатын айықпас дерттің
негізгі симптомы екен.
Міне, сол әйел қызметтік міндетіне байланысты
Асекеңнің ісі туралы материалдарды әзірлеген. Тоты
құсша таранып, бөксесін ебедейсіз бұлтылдатып
мінберге жетуінің өзі маған тым ебедейсіз көрінген.
Сөзі де соншалықты сүйкімсіз болып естілді.
- Коммунист жолдастар! - деп, шәңк етіп алды да,
коммунист Тоқпановтың сауалнамалық мәліметтерін
оқып шықты. Ал, оның партия қатарынан шығарылу
себебін былай жеткізді:
Әкемнің әлемі
- Театр институтының профессоры А.Тоқпанов
1986 жылғы 17 желтоқсан күні ертеңгі сагат 10-
да өзінің сабағы өтетін дәрісханаға келген.
Лекиияға қатысуға тиісті жиырмашақты студенттің
жартысының жоқ екенін көреді де:
- Қалғандарың
қайда? -
деп сұрайды. Студенттердің бірі (аты-жөнін де атаған, есімде қалмапты): - Олар алаңға кетті, - дейді. Сондағы А.Тоқпановтың іс-әрекеті қандай болды? Ол алаңға кеткен студенттер қылығының қате екенін айтып, қалғандарына түсіндірудің орнына: - Онда, сендер мұнда аталарыңның ба сына отырсыңдар ма?! Ел тағдырына енжар қарайтындардан еш уақытта нағыз актер шықпайды! Қане, құртыңдар көздеріңді. Қосылыңдар барып, ана алаңдағы құрбы-құрдастарыңа! - деп, дәрісханадан қуып шыққан. Демек профессор Асқар Тоқпанов педагог де ген атқа да, коммунист деген атқа да кір келтіріп, қылмыстық іске барып отыр. Оңы мен солын танып үлгермеген жастарды - өз шәкірттерін қылмысқа итеріп отыр. Партиямыздың басты мұраттарының бірі - интернаңионализм іліміне, халықтар достығына сына қаққан деген осы емес пе? Сондықтан да Алматы қаласының Фрунзе аудандық партия комитетінің Асқар Тоқпановты Со веттер Одагы Коммунистік партиясының қатарынан шығару туралы шешімі күшінде қалдырылсын деген ұсыныс енгіземіз. Бұндайда басқа біреу болса жүні жығылып, бүгежектеп-ақ қалар еді. Ас-ағаң өйтпеді. Өзіне ғана, өнеріне ғана сенетін сахна сырттанын айбыны тау төңкерердей партияның да пысы баса алма ды. Олай деуге бюро отырысының одан былайғы барысы толық негіз берер еді.
Қ. Әлімқұлов Қайран Асекең аға-ай! Қанша араласып, әңгімелескеніммен; тіпті аз уақыт болса да ұстаздық ұлағатын танығаныммен; бірқатар отырыс-жиындардағы сөйлеген сөзін естігеніммен; мен Асқар ағаның сахнадағы өнерін көріп тамашалаған адам емеспін. Асыл азаматтың шағымын қараған облыстық партия комитетінің бюро отырысы сол олқылықтың орынын толтырғандай еді-ау! Басқалар сөйлеп болғанша қасын да қимылдатпастан қасқайып отырған қайсар жан өзіне сөз берілгенде орнынан ширақ көтерілді. Отырғанында шүйкедей ғана болып, шөгіп кет кендей көрінген денесі біртіндеп зорайып, кеудесі көріктей кеңейіп, ұшар құсша қомданғандай-ды. Ба сында - шашағы бар атақты түрік тақиясы, қолында - шебер жонылған таяғы. Даусы да қыран құстың қатқыл үніндей саңқ ете түскен. Бағанадан бері мән-мағынасыз, бір сарын ды жалпылама сөзден жалығып, сіресіп отырған жұрт жасынның жарқылынан шошынғандай селк ете түссін. Асағаң содан соң ғана жан-жағында отырғандарға барлай бір қарап, даусын нақышына келтіре жөткірініп алды да салмақты сөзін саңқылдата бастап кетті. Жолдас коммунистер! Облыстық партия комитеті бюросының аппелициямды қанағаттандырмайтынын жақсы білемін. Бірақ, нағыз большевик ретінде, бір кезде қатарына өзім кірген партияның жарғысына сәйкес талап етілетін рәсімдерден толық өтуді міндетім деп санағандықтан да осынау қорлыққа шыдап отырмын. Менің мәселеме байланысты материалдарды дайындаған қызметкерлерге де, бюро мүшелеріне де кінә тақпаймын. Өйткені, ешқайсысыңның қолында қылаудай да құзірет жоқ. Сендер жоғарғы жақтың
Әкемнің әлемі
тапсырмасын бұлжытпай әрі ойланбастан орындап
қана отырсыңдар. Оны айтасыңдар, ренжімек түгілі,
менің сендерге жаным ашиды: өзіндік бір түйір
де пікірлерің жоқ. Владимир Ильич Ленин негізін
қалаған жұмысшылар мен шаруалардың мүддесін
қорғауға тиісті қоғамдық ұйымды қор қылып,
құртқан да сендер сияқты жаны, санасы, сезімі жоқ
құлтемірлер. Әлі-ақ мемлекет пен елдің де түбіне
жетіп тынарсыңдар. Алматы алаңдарындағы айқас
- соның басы!
Әккі бірінші хатшы әліптің соңын сезді. Бозарып
орнынан түрды да:
- Жолдас Тоқпанов! Бейберекет сөйлемеңіз.
Нақты айтарыңыз бар ма? - дей беріп еді, Асқар аға
қолындағы таяғын отырыс төрағасына қарай созған
күйі қайта саңқ етті:
- Меңдібаев жолдас! (Меңдібаев – бюро оты
рысын жүргізуші, сол кездегі Қазақстан Компар
тиясы Орталық комитетінің бюро мүшесі, Алматы
облыстық партия комитетінің бірінші хатшысы). Сіз
тіпті қарапайым партиялық этиканы білмейді екенсіз
ғой. Ал, қазақша бұл қылығыңызды көргенсіздік
дейді... Бағанадан бері мен туралы не демедіңіздер,
ләм дедім бе? Ендеше, сіз де менің сөзімді бөлмеңіз.
Шошаңдап ұшып тұрмаңыз! Бюроның шешімі
шыққанға дейін... мен - әлі бәріңізбен бірдей құқылы
коммунистпін.
Отырғандар не істерін білмей дал болды. Біреулер
бетін ысқылаған болып мырс-мырс күлді, алдыңғы
қатарға орналасқандар күле алмай пұшайман халге
түсті.
Сосын барып Ас-ағаң өзінің «мінездемесін» ба
яндап берген мәдениет бөлімінің меңгерушісіне
бұрылды. Көзін сығырайтыңқырап, барлай бір қарап
алды да даусын мейлінше мейірлендіре былай деді:
- Әй, қайран қарындасым-ай! Сен қолыңдағы
Қ. Әлімқұлов сауалнамалық мәліметтерден басқа мен туралы не білесің? Ешнәрсе де білмейсің ғой. Сөйте тұра өз өлшемдеріңе сыймағаным үшін қылмысты деп жала жабасың. Оның жарамады. Өмір бүгінгі күнмен бітпейді... Ертең өкініп, бармағыңды шайнап жүрме. Жиналғандар сілтідей тұнып тыңдап отырған. Актер Асекең аз-кем үзіліс жасап алды да: «Ха-хаха!» - деп жаңғырыққан жасанды күлкісімен жұртты тағы бір сілкіп қалды. Іле-шала түк болмағандай, жайбарақат сөзін жалғай берген. - Әйтсе де, қарағым, мені «ұлтшыл» деп «ұлықтағаның» үшін рахмет. Өкінішке қарай мен ұлтшыл бола алмаған адаммын! Бұл сөздерді сыздана, тістене тұрып айтты да қайта қатқыл үнге көшті. - Ал енді ойланып көріңдерші: актер, режиссер, пе дагог, театр теоритигі, жазушы, КСРО халық артисі, театр туралы ғылымның жаңа жүйесін жасаған, Ленин орденді Константин Сергеевич Станислав скийден; сол кісінің серігі - атақтарының өзінен ат үркетін КСРО халық артисі, КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, ол да Ленин орденді Вла димир Иванович НемировичДанченкодан дәріс ал сам; өнер өлкесіне қанат қақтырған тікелей ұстазым атақты режиссер, парасатты педагог, белгілі театр зерттеушісі, өнертану ғылымының докторы, про фессор Василий Горигорьевич Сахновский болса - мен қайдан ұлтшыл боламын?! . Екі қолын құлаштай жайып жіберіп, тағы пауза жасады. Тым-тырс тыныштық. - Гогольдің «Ревизорын», Горибоедовтың «Ақылдың азабын», Толстойдың «Тірі өлігін», Чеховтың «Шағаласы» мен «Ваня ағайын», Горькийдің «Шыңырау түбіндегісін», Триневтің «Лю бовь Яроваясын», Штейннің «Намыс сотын», басқа да кеңестік республикалар классиктерінің таңдаулы
Әкемнің әлемі
спектакальдерін қазақ театрына алғашқы болып
шығарсам - мен қайдан ұлтшыл боламын?!
Үні құс дауыстанып, саңқылдай түсіп, өзі қыран
қанаттанып, қомдана беріп, әбден қызбаланып
алды. Нақ сол кезде оның сөзін бөлуге ешкімнің де
дәті бармас еді. Бірақ, оған мән беріп жатқан Асқар
аға да жоқ. Ортаға салар ойын одан әрі жалғай берді.
- Немесе, дарынды драматург, КСРО Мемлекеттік
сыйлығының
иегері
Николай
Федорович
Погодиннің «Кремль куранттары» спектакліндегі
пролетариаттың ұлы көсемі Владимир Ильич
Лениннің рөлінде ойнап, образын тұңғыш рет қазақ
сахнасында сомдаған Тоқпанов қалай ұлтшыл бо
лады?!
Тағы да үзіліс жасап, жан-жағына барлай қарайды.
- Сондай-ақ, көрнекті қазақ демократ-ағартушысы,
«Дала қоңырауы» аталған атақты педагог, орыс
ғылымы мен өнерін ғана емес, орыс халқының
тұрмыс-салтын да кеңінен насихаттап, дәріптеген
Ыбырай Алтынсариннің бейнесін бірінші болып сах
на төріне шығарған Тоқпанов қалай ұлтшыл бола
ды?!
Ендігі жерде баяндамашы әйелге бар болмысы
мен бұрылып, төне түсіп сөйлеп кетті. Қас-қабақтың
құбылуы, дауыс ырғағының өзгеруі, қолының,
қолының ғана емес-ау, тіпті бүкіл денесінің қимылы
мүлде толас тапқан емес.
- Бірақ, ол үшін де сені кіналағалы тұрған
жоқпын. Оны сен қайдан білуші ең? - жан-жағына
жалт қарады. - Жалпы, осы сендер қазақ театрына
барасыңдар ма өзі?
Оған да өзі жауап берді:
- Әй, қайдам?..
Тағы дүр сілкінді.
- Мен ұлтшыл емеспін! - Одан кейінгі сөйлем ма
мыражай, маңғаз айтылды. - Мен - ұлтжанды адам
Қ. Әлімқұлов
мын. Оны да ұқпайтындарыңды білемін. Ол деген
- ұлтым үшін жанымды беруге әзір адаммын деген
сөз.
Отырғандар ол сөздердің мәніне бойлап көргенше
ұлы актер қайта саңқ ете қалған:
- Ал, нағыз ұлтшылдарды білгілерің келсе, ай
тайын: ол – анау орталықтың, нақтысы – «жоғарғы
жақтың» (таяғымен төбені нұсқады) ойранын
шіміркпестен орындауға келен Колбин! (Ульяновск
облысынан Д.А.Қонаевтың орнына келген респу
блика компартиясының басшысы). Қарақан басының
қамы үшін ұлтты ұятқа қалдырып жүрген – Камали
денов (бұрынғы КГБ төрағасы, Орталық комитеттің
идеология хатшысы) ұлтшыл! Солардың сойы
лын соғып жүрген мына бастықтарың - Меңдібаев
ұлтшыл!
Осы тұста бірінші хатшы ұшып тұрмақ болған.
Асекең-актер таяғын кеудесіне қадайтындай шалт
шошаң еткізіп:
- Отыр! - деп, зекіп қалды. Бірінші хатшы белі
бүгілмей қалған адамдай, тіктеліп үлгермеген күйі
қалай сылқ етіп отыра қалғанын өзі де аңғармай
қалды. Залды сыбыр-күбір толқындатып өткен.
Асқар аға сөзін қайта жалғады.
Қайталап айтамын, бюроның қандай шешім
қабылдайтынын мен жақсы білемін. Ал, мен өзімнің
партияның
жарғысында
белгіленген
тәртіппен
міндетімді мұқият орындап шықтым. Партияның
- менде, менің - партияға өкпем жоқ. Өйткені, бұл
бассыздық партияның кінәсі емес, партияның саяса
тын солақай бұрмалаған ат төбеліндей коммунист-
сымақтардың өресіздігі. Оны, енді, өздерінің арына
аманаттадым.
Тағы бір сәтке тына қалды да:
Мен айтарымды айттым,- деп жүре берді. Алай
да, күтпеген жерден кілт тоқтап, залдың тереңінде
отырғандарға бұрылып:
Әкемнің әлемі
Аман
болыңдар,
ағайын,
жақсы
күндерде
жолығайық! - деді де таяғын тықылдатып шығып
кетті.
Бірінші хатшы:
Үзіліс! - дегенді әрең айтты да күрсініп жіберді.
Отырысты «бюроның шешімі мынандай» деген даяр
қағазын оқи салып, екі-үш минутта бітіруге болатын
еді. Оған да мұршасы келмеді.
Ұзына дәліздің бойымен жападан жалғыз кең
адымдаған күйі асықпай әрі нық адымдап кетіп
бара жатқан Асқар ағаның соңынан тездете жетіп,
сәлемдесіп едім. Жалт қарап, қолымды нығырлай
қысты да «Кесірім тиіп жүрмесін. Кейін сөйлесеміз...»
дегенді жүре айтып, алыстай берді.
Ардақты ағаның маған бюро отырысы туралы
неге айтпағанын сонда ғана түсініп, мен де соңынан
ұзата қарап қала бердім.
* * *
Тегінде өнер адамдары өмірде күрсініске көміліп,
мұң кешіп өтетін өрелі жандар болып келеді. Әрине
олардың қатарына Асекең астын сызып тұрып айта
тын «халтуршиктер» қосыла алмақ емес. Әрі нағыз
табиғи таланттардың тума қасиеттері олардың
бүкіл бітім-болмысынан, түр-тұлғасынан, әр ісі мен
қысқа қайырым лебіздерінің өзінен-ақ мен мұндалап
тұрады. Ал сырт көзге қағанағы - қарқ, сағанағы - сарқ
болып жүргендей көрінетін дара дарындардың да
көңіл көкжиегіне, тағдыр тұңғиығына үңіле алсаңыз,
олардың да жан сырларын жасырып, жұрт жана
рынан тасада көкіректерін қарс айыра уһлейтінін
аңғарар едіңіз.
Әрине, кішігірім наладан бастап, шемен шер
ге айналар қайғыға дейінгі аралықтағы ірілі-ұсақты
уәйімдердің бәрі бірдей тек өнерге байланысты
өрби бермейді. Олар да ет пен сүйектен жаралған.
Сезімінің селінде сеңделіп, көңіл патшасына құл
Қ. Әлімқұлов
болады. Қызметтес әріптестерімен қатар, дос-
жарандар атанғандардың жәдігөйлігі, сүйеніш бо
лады деген серіктері мен сыңарларының тұрмыс-
түйткілдерін көлденең тартып, сезімін саудаға
салуы, сағын сындыруы, аяқтан шалуы... қайсыбірін
айтасыз: түсінбеу, түңілдіру...
Өйткені, өрелі адам өмірдің өгейліктерін көп
көреді. Турасын айтам деп туғанына да жаға
бермейді. «Тура биде туған жоқ» деген даналық
та сондайдан қалған. Жұдырықтай жүрегінің жөн
сілтеуімен әділдікті әлдилеп, ізгілікті іздеумен өтетін
өрендердің өмірі сондықтан да самала-сүрлеулі,
тағдыр талайлары сондықтан да тақтайдай түзу
бола қоймайды.
Тек, жігерін жаныған жетелі жан қабырғасының
қайысқанын да, қаусай сөгілгенін де сырт көзден жа
сыра біледі. Шағынуға да ар-ожданы жібермеген соң,
оңашаны іздейді. Өз жарасын өзі жалап, жазылуға
тырысады. Шамырқанады, шыдайды. Жыласа да,
тосын көзге күліп тұрып жылайды.
Асекеңнің тағдырының да тар жол, тайғақ кешу
ден тұратынын былайғы екінің бірі біле бермейді.
Өршіл, айбынды азамат болғандықтан да шығар,
бәлкім? Боркемік біреу болса, өзі-ақ айғайға аттан
қосып, дүниені дүрліктірер еді. Ал, Асқар Тоқпанов
лайықты орныма отыра алмай, биліктен шеттетілдім,
қасықтан қағылып, ырысымнан ығыстырылдым деп,
тіс жарып, тіл қатпай өтті қарау жалғаннан. Болмаса,
қазақтың біртуар тұлғасы ретінде қандай қошеметке
де, қандай атақ-даңққа да әбден лайық еді-ақ.
Әттең!
...Иә, әттеңнен әрі не айтқандаймыз? «Қазақтың
өлісінің ғана жаманы жоқ». Асекең заманының
зердесіне сыймады, заманы Асекеңе жақсылығын
қыймады.
Өкінішті-ақ!
Әкемнің әлемі
Небір қиын-қыстау шақтың өзінде жанындағы
жараны серілігімен бүркеп, жүрегіндегі күйзелісті
білдіргісі келмейтін. Қайығын қара суға қарсы есетін
қайсар адам еді. Қандай дауылға да қайыспайтын
қара емендей ер мінезді еді. Шойындай шы
мыр, құрыштай қайратты болатын. Даналығы мен
балалығы, мәрттігі мен аңғалдығы қос өрімдей қатар
өрілуші еді ғой...
Асекең жасы біраз ұлғайған кезде Жаңыл
жеңгемізден егіз ұл көрді. Қолынан келмеген соң
қырта беретін қазақ аз ба? Өнерін өміріндей, өмірін
өнеріндей сүйіп өткен өреннің ақ арына қара күйе
жаға алмаған найсаптардың бірі: «шаруасы
шайқалған шалға қайдағы бала? Жас әйелі жол-
жөнекей тауып алған да...» деген сыңайлы сөз тара
тып, бықсытқан болса керек.
Оны кейбір керіауыздар: «цифрлардың құдіретін
қараңызшы: шал - жетпіс үште, жас әйелі - отыз
жетіде. Төңкеріліп түсіп тұр. Қайдағы ортақ бала?»
деп өртке тиген дауылдай өршіте түскен. Алайда,
ондайға құты қашып, жүні жығылатын Асекең бе?
Жоғарыдағы жосықсыз сөздерді айтқан арсыздың
кеңсесіне салып-ұрып жетіп барады. Ұжымның ал
дында абыройын айрандай төгіп, ит-терісін басына
қаптапты.
Сол бір спектакльге бергісіз суырып салма
қойылымның, ұятты ұмытқан тексізді тезге салудың
үлгісіндей болған, өрескелдеу болғанымен, өнегесі
өрісті оқиғаның тікелей куәгері болган кейбір
азаматтардың айтуына қарағанда Асқар Тоқпанов
дәліз бен тар бөлменің есігін айқара ашып тастап,
таяғын тақылдата тұрып:
- Әй,
әлін білмеген әлек! Әдепсіз бейшара!
Күдігіңді сейілтіп, саған да бала таптырайын деп
келдім. Қане, дамбалыңды шеш!- деп ақырыпты.
Тіпті, дүрліге қалған жұрт жиналған кезде қолын
Қ. Әлімқұлов беліне апарып, белдігін ағыта бастаса керек. Сонда әлгі өресі өсектен аспаған сормандай безіп жоғалған көрінеді... Көп кешікпей-ақ, жердің нәрінен, күннің нұрынан қуат алған бал құрақша қаулай өскен, Асқар ағаның аузынан түсіп қалғандай қос балапан желкілдей жетіліп, аз санды аярдың аузына құм құйылды. Қазақта «Мінезсіздіктен сақтасын!» дейтін де сөз бар. Иә, өзін-өзі сыйлаған адам ғана намысын қорғай алмақ. Ендеше, мінез, намыс дегендеріңіз - рухтың іргетасы. Асекеңнің де мойымай, қандай қиынқыстау жағдайларға бетпе-бет келсе де морт сын бай өтуі соның дәлеліндей деуге болады. Мәрттігі де, біртуар бекзаттығы да әдептен оздырмайтын. Қандай іс-әрекеті де, қай сөзі де кейінгі ұрпаққа өнеге болғандай еді. Сегіз қырлы, бір сырлы азаматтың сезімталдығы - серілігімен, мәрттігі - бекзаттығымен, тектілігі - батырлығымен астасып кете беретін. Асекең өзі жөн екеніне сенімді қылықтарын «бұл туралы ел не дер екен?» деп алаңдамастан, батыл іске асыра беретінін де көріп қалып жүрдік. Ол, әсіресе, актердің киім киісінен айқын аңғарылып тұратын. Ешкімде жоқ, ерекше киімдерді тауып алушы еді. Жазғытұрым ерекше түрік тақия киетін. Күзге салым қырғыз қалпаққа көшетін. Жұрт жаппай фетр қалпақ (шляпа) пен кепка киетін за манда онысы да көзге ұрып тұрар еді. Дүкен таяқтарының түр-түрі толып тұрғанына ерегіскендей, қолдан жонылған қарапайым да қайталанбас таяқ ұстайтын. Жейденің де көбінекөп тік жағалысын киетін. Әрі галстук тағуға онша құлықты болмағандықтан да, олардың омырауын ағытып қояр еді. Әйтсе де, қаймана қазақты қайран қалдырып,
Әкемнің әлемі
алғашқы қысқа шалбар (шорты) кигені өз алдына бір
аңыз. Бір-екі кигенде-ақ тізесі шығып кететін «Вос
ход» фабрикасының трикосынан артық спорттық
жеңіл шалбардың болуы мүмкін емес деп топшы
лайтын тұста ол да батыл қадам болғанын атап айту
абзал.
Шортыңызды бүгінде ғой, жұрт жамыла дема
лыста, тіпті күнделікті тұрмысқа пайдаланып, қала
көшелерінің өзінде тайраңдап жүргендері. Қазір ел
тіпті, таң болудан қалған. Ал, Асекең сұр түсті сол
қысқа шалбарын киіп алып, таңертеңгі алакеуімде
Алматының қақ ортасындағы 28-панфиловшылар
паркіне қарай жеңіл жүгіріп, бүлкілдеп бара жатар
еді. Қолында - таяғы. Әттең, көп адам көре бермеді
де ғой, болмаса Асқар аға сол таяқтың көмегімен
қаншалықты гимнастикалық жаттығулар жасап,
денесін шынықтырғанын аңдап, қайран қалмас па
еді?!
Иә, Асекең дені саудың жанының да сау болаты
нын жақсы білді. Сексенге таяп қалған жасының
өзінде паркке жүгіріп барып, дене сауықтыру деген
екінің бірінің қолынан келе бере ме? Қолынан келсе
де, мойны жар беріп, тәуекелі жететіні шамалы бол
са керек.
Сондай-ақ асты талғап, ретімен жеуді де ғылыми
тұрғыдан уағыздаудан жалықпайтын. Бірде: «Мен
сияқты зейнеткер шалға қарағанда сенің қолың ұзын
ғой, бірер килограмм қарақұмық тауып берші» дегені
есімде.
- Оны қайтесіз? - деппін байыбына бара қоймай.
Алайда Асекең оныма ренжімейді.
- Қарақұмықта еттің кенеуіндей қуат болады екен...
Соған қарамастан еттен бес есе жеңіл қорытылатын
көрінеді. - Асқар ағаның сұңғылалығы ғой, менің
«еттің өзін жей бермейсіз бе?» деп сұрайтынымды
Қ. Әлімқұлов алдын ала сезіп, екінші сөйлемді бірден сол сауалдың жауабы ретінде айтып тастап отырған жоқ па? Демек, жас мөлшеріне қарай қандай тағам түрлерін және оларды қай мезгілде, қанша көлемде қабылдау керек екендігі жөнінде өзіндік қағидасы бар деген сөз. Сондықтан да қария сексеннің сеңгіріне аяқ артқанына қарамастан, денесінде артық ха рам еті жоқ, өзін ширақ сезінетін. Оған өмірге деген құштарлығын, еліне деген шексіз сүйіспеншілігін қоссаңыз Асқар Тоқпановтың толыққанды образына біртабан болса да жақындай түсер едіңіз. Айтатыны жоқ, Асекең қалың жұрты қазағы үшін, өнер үшін үлкен-үлкен істер тындырды. Кез келген пенденің маңдайына біте бермейтін өнегелі өмір кешті. Тек мені «Асекеңнің сол бір арындай айтар әңгімелерін кезінде қағаз бетіне түсіріп алғанда ғой... бүгінде барша қазақ үшін құнды қазына болмас па еді?!» дегенге саятын өкінішті ой мазалай береді. Әрине, ауызды қу шөппен сүртетіндей де емес. Асқар ағаның үш бірдей кітабы көзі тірісінде жарық көріп, оқырмандарынан жақсы бағасын да алды. Алайда, олар - негізінен, өнер керуеніне көш қоссам деген шәкірттерге арналған оқу құралы, әріптестеріне мол мағлұмат ұсынатын естеліктер ретіндегі туындылар. Сондай-ақ «Асекең айтыпты», «Асқар Тоқпанов былай деген екен» деген сияқты аңызға бергісіз ақиқат әңгімелер жұрт арасына біраз таралған. Реті келген жерлерде олары кеңінен айтылады. Бірақ тасқа басылып, компьютердің базасына түспеген нәрсе қазіргі жады жұқарған жұрттың зердесінде қала беруі екіталай екенін ескермеске тағы бола ма? Көзі тірісінде осындай ойлырымды ортаға салып, өзімен де сырласқаным бар еді.
Әкемнің әлемі - Әй, нұр жауғыр, айналайын-ай! Ниетіңе құлдық, бірақ мен айтып жүрген әңгімелердің көпшілігіақ тасқа басылып, қағазға түсірілген дүниелердің негізіндегі сөз. Біразы шет елдерде, орысша, аздыкемді қазақша жарық көрген кітаптар мен әртүрлі басылымдарда там-тұмдап айтылған. Қалғаны - өзімнің өмірден түйгендерім екені рас. Солар тура лы жазуға болар еді... - деп, ойланып қалды. - Өз түйгеніңіз - екі бастан елге жетуге тиіс. Ал, жаңағы басқа жерлерде қағаз бетін көрген де ген дүниелердің өзін жүйелеп, сұрыптап, қазақ оқырмандарының сұранысына лайықтап беруге де болады ғой?-деймін. Ондайда Асқар аға біраз күмілжіп отырады да: - Маған деген кіршіксіз пікірің үшін-ақ мың алғыс! Бірақ қазақта: «Жалықпаған жазушы болады» деген сөздің бар екенін білмеуші ме едің? - Оны білем ғой, алдында «Ерінбеген етікші бола ды» деген сыңар жолы тағы бар. Ондайда Асекең сахнадағы саңлақ әртістің сәтті қадамына көрермендер залынан қошемет көрсеткендей, қолын баяу шапалақтап жіберетін. - Әйтсе де, Сіздің табандылығыңыз бен шыдамдылығыңызға шек келтіре алармын ба? - Жоқ, қарағым! Мен - айтыскер ақын сияқты сөздің реті келгенде ғана сөгілетін адаммын. - Желдей ескен жүйрікпін, құлағыма қиқу жетпесе қызбаймын, - дейсіз-ау? - Бәрін де өзің біліп тұрсың ғой: оңашада байыз тауып отыра алмаймын ғой... - деген еді. Ендігі бір есіме түсетіні: асқар ағаның Жайла убек Нағашыбаев деген шәкірті бар еді. Өзі «Мен ол кісінің өкіл баласымын» деп жүретін. Қазақ телевидениесінде режиссер болды. Өнерлі, он саусағы майысқан қолөнер шебері, биязы жігіт-
Қ. Әлімқұлов тін. «Мүмкіндігің болғанда, төгіліп түскен сөздерін магнитафонға жаза берсеңші. Кейін керек болады ғой» -деп, өтінішімді де айтқанмын. Бір білгенімде жазушы К.Уәлиев ағамыздың қызығушылық танытып жүргенін аңдағандай едім. Отбасында тиіп-қашып жазғандары, ойларының қағазға түскен нобайлары бар болуға тиіс. Ешкім біле бермейтін тосын ерекшеліктердің куәгер жәдігерлері, фотосуреттер, Асекең ұстаған заттар бар шығар? Кім біледі?! Асқар ағаның өмір жолын, өнері мен шығармашылығын мен де арнайы зерттеген жан емеспін. Әкейдің әлеміне қатысы бар адам ретінде ғана аздаған білгенімді айтқан болдым. «Орнында бар - оңалар» деген сөз де бар қазақта. Құдайға шүкір, артында із қалған адам ғой, іздеушісі табылса, ол олқылықтардың да орны толар деген үмітпен біз де осы бір игілікті ойымызды аяқтағанды жөн көрдік * * * Ақыр аяғында айта кетсек деген оралымды ойдың тағы бір парасы тоқайласа келіп, былай деп тұжырымдалуға тиісті сиқты. Қазақта «Тура биде туған жоқ, туғанды биде иман жоқ» дейтін де қанатты қағида бар екенін жоғарыда айттық. Рас, Асқар Тоқпанов ресми түрде би атанған адам емес. Өйткені, ол өмір сүрген заманда ұлттық ұлағатымыздың бүтіндей бір болмысына айналған билер беделі мен бедері коммунистік идеологияға мүлде қажет емес еді. Кеңестік кезеңнің алғашқы күндерінде-ақ билер, олардың билік айтуы ұғымы көзге шыққан сүйелдей сылынып, жойылып кеткен. Иә, Асқар аға би болмаған. Бірақ, биден бір де
Әкемнің әлемі
кем болмаған. Себебі, ел ертеңіне селқос қарап,
жеңілдің үстімен жүруге ұмтылған жан емес-тін.
Әсіресе, әділетсіздікті суқаны сүймеді. Сондықтан
да қарақан басының қамын күйттеген сүмелектерге
сүйкімі болмады. Қайткенде қара қылды қақ
жарғысы келді.
Бірақ, бүгінде қақ жарыла қояр қыл қайда?!.
Қ. Әлімқұлов Тілеуқор тұлғалар немесе өнегелі өмір өрнектері Иә, мен өнегесі өрісіңді кеңейтіп, санаңды сәулендіретін, қуанышыңды бөлісіп, абыржысаң ақылшы бола алар ағалармен аз араласқан жоқпын. Ол да бір пешенеме жазылған тағдырымның тартуы болар?! Олардың бірі – академик, екіншісі – Еңбек ері, үшіншісі –актер мен әнші, енді бірі – министр не әкім. Ал, бір терінің пұшпағын илесіп жүрген ақын-жазушы ағайындар – бір төбе. Қарапайым ғана тірлік ете жүріп, парасатты пайымымен пікрілес бола білген бауырларым қаншама десеңізші! Ол тәлімдері таудай тұлғалардың біразы – қай қазақ үшін де жөні бөлек бекзаттар. Ал, аттары ауылағайыннан асып кетпесе де қазақы қалпымыздың қаймағын бұзбауға құлшынған қатардағы қарттарым мен құралпастарым ше?! Ендеше, мені тануға де ген толайым талпыныстары мен әкемді білуге деген риясыз құштарлықтары үшін қашан да қарыздармын ол ағаларым мен замандастарыма! Алайда, кезінде олардың бәрі болмағанымен, біразы солай болуға тиісті заңды құбылыс қалпында қабылданатын да қоятын. Сол тұста оларды жар намалап жазудың өзі біртүрлі қисынсыздығы былай тұрсын, тіпті қолайсыздау көрінер еді. Бүгінгі, тәуекелді ту ғып ұстап, қолыма қалам алғанның өзінде жазуымнан ойлануым басым түсуде. Тек тағдыр талқысына түсіп, таразысынан шайқалақтамай өткен төрт-бес кейіпкерімнің кісілігі
Әкемнің әлемі
мен кішілігіне орай шаруаның шашауын шығара ал
мадым.
Соның өзінде, бұл жерде де, әуелден айтып
келе жатқанымыздай, әкеміздің әлеміне тікелей
қатысы бар немесе жанама да болса, еріксіз енген,
іс жүзінде жолығысып болмаса сөз арасында әңгіме
арқауына айналған ағайынның ардақты атын айна
лып өтуге дәтім қалай шыдасын?!
* * *
Сонымен ендігі әңгіменің бір парасы тонның
ішкі бауындай болып кеткен аралас-құраласы өз
алдына, « Е-е, Нүсікеңнің ұлы екенсің ғой?...» деп
қойып, әкей туралы көрген-білгенін әңгімеге арқау
еткендерден басқа, «Қандай адам еді?» деп жанды
қызығушылық танытқандар хақында.
Әлбетте,
олардың
арасынан
төрткүл
түркі
дүниесінің тұғырлы тұлғасы, алты алаштың абы
ройлы азаматы, елінің елеулі ұлы әрі қаһарман
қайраткері
Шер-ағаның
- қазақтың Шерхан Мұртазасының есімінің алғашқы боп аталары сөзсіз. Және де көзі қарақты қауымға жоғарыда санамалана айтылғандардан арттырып Шер-ағаңды тәптіштеп таныстырып жатудың да қажеті шамалы. Зиялы қауым сапында Қазақстанның Халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреа ты Ш.Мұртазаның бірқатар бұқаралық ақпарат құралдарына басшылық етіп, көптеген қаламгердің «Біз Шерханның шекпенінен шыққанбыз!» де ген мақтанышына айналғанын, Жазушылар одағы басқармасының хатшысы, Телерадио компаниясының төрағасы, Парламент Мәжілісінің депутаты бола жүріп небір таланттардың тағдырына араласқанын білмейтіндері, оның әр жылдарда жазған қыруар әңгімелері мен хикаяттарын, «Қара маржан», бес кітаптан тұратын «Қызыл жебе» және «Ай мен Айша» романдары мен «Бір кем дүние»
Қ. Әлімқұлов тәмсілдерін оқымай, сәтті сахналаған «Сталин ге хат», «Бесеудің хаты», «Ұлбике» драмаларын тамашаламағандар кемде-кем. Ал, өмірде сырттай қаншалықты сұсты көрінгенімен, соншалықты мейірбан жан екеніне мен кепілдік бере аламын. Әрине, адал ниет және парықты адмадарға. Егер де жалған сөйлейтін жағымпаз, жасық та жетесіз болса, енжар да ез бол са, қарақан басының қамынан аса алмайтын қуыс кеуде болса – әрқайсысының өз обалы өзіне. Мен де ардақты ағамен ағалы-інілі болып сыйласуға қол жеткізгенімді мейлінше мақтан тұтамын. Сол бір ақжүрек те ақжарқын араластықтың арқасында аз-кем де болса әкелеріміз туралы әңгіме өрбітіп, сырларымызды суыртпақтаудың мүмкіндігі туған жоқ па?! Менің Шерхан ағамен арда араласқаным соншалық, тұғырлы тұлға туралы қысқа қайырылған шағын да шымыр эссе не құлашы кең хикаят, тіпті бүтін бір кітап жаза алатындай да деректерім мен түйіндеген тұжырымым жеткілікті. Алайда, ол ойды кейінгі күндердің екіншісіне қалдыра отырып, бүгінгі әңгімеміздің байыбына ат басын бұрайық. Шер-ағаң кей-кейде болса да, көңіл күйінің кейпіне орай өз әкесі хақындағы кейбір ойларынан суыртпақтап сыр тарқататын. Көргені мен білгені, оқығаны мен тоқығаны тоғайласып кеткен, түсінігі телегей тұлға емес пе, оқта-текте оңаша қалудың сәті түскен тұстарда тіпті, жарықтық өз әкелерімізден әрі асып, Шыңғыс Айтымтовтың әкесі Төреқұлдан тартып Абай хәкімнің әкесі Құнанбай қажыға дейінгі аралықтағы өзімізге аз-кем де болса ақпараты белгілі бірқатар аруақтарды бір аунатып қоятынбыз. Әрине, олардың қай-қайсысына да Шер-ағаның тәнті бола тебіренері сөзсіз. Әйтсе де, солардың бірі
Әкемнің әлемі
болмаса бірін өз Әкесінің істегенін көрсем етті де
ген сартап сағынышы сезіліп тұратын. Өзегін жарған
өкінішін өрістеткісі келмегенімен, көмілмей қалатын
күрсінісі де санаға сәттік сағымдай көлеңкесін түсіріп
үлгеретін.
Артынша сол бір ауыр ойлардан шалт шығандап
шығып кету үшін әлем әдебиетінің осы тақырыптағы
туындыларын ақтарыстыра жөнелер еді. Әсіресе,
өзі құралпас көзі тірі классиктерді, соның ішінде та
тар, башқұрт және саха халықтарының қара үзген
қаламгерлерін айрықша айналып-толғанып барып
тоқталар еді. Тоқталғанға дейін де олардың озық үлгілі
шығармаларынан оқшау ойларды ортаға сала оты
рып, мәнді мысалдарды мөлдірете мазмұндайтын:
ақындардың шұрайлы шумақтарын жатқа айтып, жа
зушылардан үлкенді-кішілі үзінділерді алдыңа тарта
қоятын. Кейде, тіпті, әнге айналғандарын тарғыл-
қоқыр даусымен баяу ыңылдап айтып та жіберетін-
ді. Өйткені, ол жұрттарды өзі жақсы білетін: бәрінде
болған, сол қаламгерлермен тікелей таныс әрі
аралас-құралас екендігі айқын аңғарылып тұратын.
Қалай дегенде де, ол әңгімелердің кең ауқымы
тарыла түсіп, айналып қазығын тапқан аттай,
әкелер төңірегіндегі әпсанаға орала беретін, орала
беретін...
Бір күні ойламаған жерден, үйімнің төрінде ілулі
тұрған әкемнің фотосуретіне ұзақ барлай қарағаннан
кейін:
Әкеңе тартқан екеңсің, - деді. Содан суретке бір,
маған бір қарап алып:
Сыртқы ұқсастық көзге ұрып тұр: қияқ мұрт,
шоқша сақал қойып, шашыңды ұстарамен сыпырып
тастасаң – айнымай қалар едің...
Тағы да біртоға ойланып тұрып:
Ішкі ұқсастықты іздеймін де. Әттең, ақсақал
бақилық болып кетті, әңгімелесіп, біліспеген соң,
Қ. Әлімқұлов
оны тек тұспалдай ғана аламын. Бір кем дүние... –
деп, толғанып барып тоқтайтын.
Одан кейін әлдеқандай бір ауыр ойдан арылғысы
келгендей:
Қой, Қадыр мырза, әдемілеп бір ән салшы, - дер
еді.
Әнді тарғыл-қоңыр даусымен өзі де әсерлі етіп
айтатын адам екенін жоғарыда айттым ғой, үлкен
мән беріп, қызығушылықпен тыңдайды. Сүйсінген
тұстарында қол шапалақтағанның рәсімін жасап,
алақандарын ақырын ғана ұрғылап отыратын.
Ағаның бабына келгенін байқаған бойда, өзі өте
жақсы көретін «Аманбысың, бауырым?!» деген әнге
басамын. Айызы қана тыңдап алады да:
Шіркін, Телерадио комитетінің төрағасы кезім
болса, бағдарламаларды осы әнмен ашып-жабар
ем... – деп, бір күрсініп қояды.
Ол әннің қайырмасы былай боп қайталанатын:
«Сипатқызбай сауырын,
Талай уақыт өтті ғой.
Аманбысың, бауырым,
Хабарласпай кеттің ғой?!.»
Кейін депутат-әріптестері, жақын сыйластары
түгелдей дерлік: «Аманбысың, бауырым, хабар
ласпай кеттің ғой?!.» - деп сәлемдесіп, телефон
арқылы тілдесулерін сол сөздермен бастап жүрді.
Сондай бір «музыкалық паузадан» соң ән
мәтіндерін бір тарау етіп жаңа жинағыма енгізетінімді
айтқанмын. Жұлып алғандай:
Сол жинағыңа мен алғысөз жазып берейін... –
дегені.
Аспаннан іздегенім жерден табылып тұр емес пе,
сасып қалсам керек. Сол күйімді аңғарды да:
Әрине, мен ақын емеспін. Әйтсе де, сөз
қадірін білемін ғой. Саған да, маған да ешкім
түсініспеушілікпен қарай қоймас?... –деген дегдар
тұжырымын да сыналаған.
Әкемнің әлемі
Содан «Жан тұңғиығындағы жауһарлар» атты
жинағыма «Арманшыл жырлар» деген тақырыппен
жазған алғысөзінде: «Қадыр Әлімқұлов өзі үшін,
өзінің жанын өзі жұбату үшін, өз жан жарасын өзі
жалап, өлең жазып айығатын сияқты.
Ол ақындығымен қоса көкірек кернеген көңіл
тебіренісін
сағынышты
әуенге
айналдырады.
Радиодан, телерадиодан текірек қаққан әндерді
жиі естимін. Ешқайсысы есімде қалмайды. Ал,
Қадырдың әндері кеудемде күмбірлеп, өзімнен өзім
ыңылдап отырғанымды байқамай қаламын» деген
батасындай бағасын берді.
«Сүйінші даналардың» өзіне сыйлаған бір кітабын
аударыстырып қарап шығып:
Өркенің өссін, Қадыр мырза! Әкеңнің аруағы жар
болсын! деп ақ батасын тағы бір мәрте жаудыр
ды...
Сізді де ата-бабаларымыздың аруағы қолдап-
қорғап жүргей, асыл Аға!
Осындайда ойға оралатындардың және бірі, сөз
жоқ, Тұмаш аға – қазақ лирикалық поэзиясының
саяқ сардарларының бірі де бірегейі Тұманбай аға
Молдағалиев болса керек. Көзі қарақты қауымға
ол кісіні де таныстырып жатудың қажеттігі шама
лы. Қазақтың маңдайына біткен тағы бір дәулескер
дарабоз, әлеуметін әнімен әлдилеген Нұрғиса
Тілендиев екеуінің шығармашылық шоқжұлдызынан
шашылған шуақты нақыштарды естімеген, ыңылдап
болса да сазына сіңбеген адам аз-ау?!
Халық
жазушысы,
Мемлекеттік
сыйлықтың,
Қазақстан комсомолы сыйлығының, Түркі дүниесі
ақындарының
Физули
атындағы
халықаралық
сыйлығының лауреаты. Өлеңдері ондаған тілдерге
аударылып, өзі де көптеген жыр жауһарларын
қазақшалаған.
... Тағы да сол соғыс салған жара. Тағы да сол
Қ. Әлімқұлов жетімдіктің жүйкені жүндей түткен ауыр салмағы ... үмітін үзбестен әке жолын сығалап, келуін күткен балалық шақ, өмір бойы сөнбеген күйі жер бесігіне бірге түскен салбауыр сағыныш. Жалпы, Тұманбай ағаның жан дүниесінен ешқашан тыс қалмаған туыстық қатынастың екі түрі ерекше аңғарылып тұрар еді. Біріншісі – әкенің тыл сым әлемі де, екіншісі – жесір қалып, ғұмыр бойы на күйеулерін күтумен өткен жеңгелердің жазылмас жарасы, яғни тақуа тағдыры болатын. Қым-қуыт өмірдің қай қыры туралы әңгіме қозғалса да қисынын тауып осы екі тақырыптың біріне табан тіреп, тілге тиек етуге тырысушы еді. Бір жылы Алакөлдің Талдықорған жағындағы жағалауында бірге демалудың реті келген. Ол кезде қазіргідей келушілерге қызмет көрсетудің де қисыны қиюласа бермейтін және алыс орналасуына бай ланысты әрі суға шомылу маусымының қысқалығы салдарынан тынығушылар да там-тұм ғана-тын. Сол жағдайларға байланысты бұрын пионер лагері болған шағын ғимаратта оңаша орналасқанбыз. Содан да тәуліктің тоқ бөлігін өзара сыйластық пен сырластыққа, әңгіме тығынын еркін ағытуға молынан мүмкіндік туған еді. Сол тұста ғой асыл ағаның ағынан жарыла біраз жан сырын ақтарғаны. Оның бәрін жіпке тізіп айтып берудің еш қажеті жоқ. Сондықтан да әкеге қатысты бір қиссаны қысқаша қайырған жөн болар. Әкенің ардақты атына кір келтірмеу, қасиетін құрметтеу хақындағы кезекті әңгіменің бірінде Тұманбай аға аяқ астынан жұлып алғандай қылып, өз басынан өткен бір оқыс оқиғаны ортаға салғаны бар. - Бірде, әдеттегідей, КазГУ-дің (кезіндегі С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университеті, қазіргі Әл Фараби атындағы қазақ ұлттық университеті ауызекі
Әкемнің әлемі сөзде солай аталатын) қарсысындағы «Аққу» кафесі бар парк арқылы Жазушылар одағына қарай асыға басып келе жатыр едім, ту сыртымнан шыққан: «Әй, Тұмаш!» деген өктем дауысқа кілт тоқтай қалдым. Жан-жағыма жалтақтай қарап, алғашында аңғара алмап едім, сөйтсем, мәжнүн талдың төгілген судай қалың бұтақтарының қапталында қазағымыздың қаһарман ұлы Бауыржан Момышұлы ағамыз қос қолдап таяғына сүйенген күйі тынығып отыр. Жүзі шаршаңқы, содан да болар, қабағы қашандағысынан қатулы сияқты. Байқаған бойда жанына жүгіріп жетіп, сәлем бердім. Сәлемімді де селқостау алған сыңайлы. Бір жағы ақталғаным ба болмаса сасқалақтап қалғаным ба: «Кешіріңіз, аға, байқамай қалыппын...» деп, бәйек болып жатырмын. Бәукең бүткіл өн-бойыма барлай бір қарап алды да: - Мені байқамасаңдар, басқаны қайдан байқайсыңдар?! – дегенді тісінің арасынан сыздақтатып, нығарлап айтты. Бетім ду ете түсті. Аға бұл сөздерді жеке маған ғана емес, жалпы менің замандастарыма арнап айтып, заман ағымына на лып отырғандай еді... Содан соң ғана сабасына түсіп, қасынан орын нұсқады. Жанына жайғасқанымнан кейін ағамыз ауыр да болса, аялы алақанымен арқамнан қаға отырып былай деді: - Тұмаш, сен – жақсы ақынсың, демек, жөн білетін: сүйіне де, күйіне де алатын азаматсың. Сондықтан да, жас мөлшеріңді жатсынбастан, мен сені құрметтеймін. Алайда, атаққа малданып, адамгершіліктен адасып қалудан сақ бол... Содан «енді жүре бер» дегендей оң қолын жоғары көтерген. «Мен туралы бір жайсыз әңгіме естіді ме екен?»
Қ. Әлімқұлов дегендей дегбірсіз ойға омбылап, іркіліп қалғанмын. Сол опасыз ойымды сезіп қойғандай: Бұның бәрін тілеулестікпен айтып отырмын. Жақсы әкеңді мен сияқты жаман шалдарға боқтатпа! – деп, сертке суарылған семсердей тіліп түсті. ... Баукеннің сол сөздері менің әкенің қадірін құрметтеу туралы түсінігімнің көкжиегін кеңейтіп, мәнін мейлінше биіктетіп жіберген еді. Екі ағамыздың қай-қайсысына да қосылмасқа хақымыз бар ма?! Осы кітаптың бір тұсында мен әкеміздің «Қонақ риза болып аттануға тиіс» деген сияқты бірқатар қанатты қағидаларының ауыл-ағайын арасында мақал-мәтел сияқты айтылатын боп, кеңінен тарап кеткенін тілге тиек еткен едім. Міне, енді сол сөздердің насихаттаушысына да кезек келген сияқты. Ол – бүкіл саналы өмірін шәкірт тәрбиелеуге арнаған ұлағатты ұстаз, мектеп директоры, аудандық оқу бөлімінің меңгерушісі, облыстық, республикалық мұғалімдер білімін жетілдіру мекемелерінің басшы сы қызметтерін атқарған сала қайраткері. Сондайақ айтулы ғалым: педагогика ғылымдарының докторы, профессор. Бүгінде Абай атындағы Қазақ педагогикалық университетінде кафедра меңгерушісі. Мен үшін ең бастысы – бір үйдің бала сындай, бір қолдың саласындай болып кеткен, бір жағадан – бас, бір жеңнен – қол шығарысатын бауы рым. Өміріміздің көшінде қалыптасқан жағдайларға байланысты бірге тумасақ та жұбымыз жазылған емес. Ағайым мен інішегім ауыл-елде тұрды да олар мен қоян-қолтық араласудың сәті сирек туатын. Ал, Тұрсынбек болса, қашан да қасымнан табы латын. Әрі біздің араласымыздың алыс-беріске емес, сыйластық пен түсіністікке негізделуі ол байланыстың баянды болуына ізгі іргетас қаласа ке рек.
Әкемнің әлемі Бір сөзбен айтқанда, аталас ағайындығы өз ал дына, Тұрсынбек Молдаханұлы Баймолдаев мырза - рухани бауырым, сырлас інім, сенімді серігім. Мен Қазақстандағы жалғыз университеттегі жалғыз журналистика факультетіне оқуға түскеннен бастап, астана Ақмолаға көшкенге дейінгі аралықтағы отыз жылға жуық уақытта қоныс аудармастан Алма тыда тұрдым. Тұрсынбек қой ауылымыздағы орта мектептің директоры болып, ондаған жылдардың жүзінде әкемізбен қатар өмір кешті. Сондықтан да, әкеміздің кейбір қыр-сырларын бізден әлдеқайда жақсы біліп жатса, ол таңғаларлық жағдай емес те. Қалай дегенде де, әкеміздің Тұрсынбекті әуелгіде баласындай, келе-келе інісіндей, ақыр аяғында тең тұстас замандасындай сыйлап өткені ақиқат. Сондықтан да реті келген қонағымен қатар, ыңғайы болып жатса, өзін жеке-дара мейманы етті. Тіпті, қызылсырап, үй-ішіне деп қой соя қалса, соның дәмін татып кет деп шақырып тұратын. Сондайда ауылда болмай қалса, «сыбағаң сақтаулы тұр, кезі келген күні жеп кет» деп жүретін.Сыбаға болғанда да «сүбесін қалдырдым» дер еді. Әрине, оның бәрі – сыйластық. Ондай пейілкөңілге де лайықты адам ғана ие болады. Тұрсынбек осының бәрінің шырайын шығарып айтып жүреді. Орайласып келген отырыстарда: - Мен – Қақаңның інісімін, шәкіртімін. Бірақ, мен бұл кісінің әкесінің досымын! – дер еді. Содан ол кісінің небір «қанатты қағидалары» мен ауыл-елге тараған сөздерін саралап береді. Бір ішкен тамағын пайда көріп, «көргем жоқ, білгем жоқ» дейтіндер көбейіп кеткен қазіргі заман да жоғарыдағыдай қылықтың өзі аз адамгершілік, жосықсыз жақсылық болмаса керек. Осы қатарға және бір інім, филология ғылымының докторы, Н.Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық
Қ. Әлімқұлов
университетінің профессоры, көрнекі сыншы-ғалым,
Қытай жерінде жастай қайтыс болып кеткен саңлақ
сазгер Сәдіқожаның «Сарыбидайын» қазақтың өнер
сүйер қалың қауымымен қайта қауыштырған әдемі
әнші Құныпия Алпысбайұлын да қосар едім.
Жоғары оқу орнында Тұрсынбекпен бір курста
оқыған дос болғандықтан, ол да жиі демегенмен,
ауылға оқта-текте келіп-кетіп жүреді. Сондайда
Тұрсынбек әкейге барып:
- Алматыдан бір бауырым келіп еді, Қақаңмен
жақсы аралас ол да бір балаңыз. Кешке үйге келіп,
сол жігітпен бірге дәм татыңыз, - дейді.
«Ат кісініскенше, адам түсініскенше» емес пе,
Құныпия әкейдің балдызы болып шығады. (Анамыз
– Албан ішіндегі Жарты деп аталатын атаның қызы).
Отырысты ортайтып, дастарханға бата берген соң:
- Ертең кешке біздің үйден бір қойдың басын мүжі,
балдыз, - деп әкей шақырады. Жезде-балдыз бо
лып қалжыңдаса жүріп, соңы селкеусіз сыйластыққа
ұласқан тағы бір туыстық түсіністік туындап кетеді.
Анда-санда ауылға келгенімде міндетті түрде
әкей менен:
Әлгі Құныпия аман жүр ме? Оқта-текте келіп, бал
дыз ретінде емшегін қысқызып кетуші еді, біраздан
бері ауылға ат ізін салмай кетті ғой... – деп, сұраудан
жаңылмайтын, жарықтық.
Ол сөздерін балдызына жеткізгенімде:
- Жездеміз қазақтың салт-дәстүр, жол-жосығын
жақсы білетін қария ғой... Өзі, қалай, тың ба? – деп,
ілтипатпен есендігін сұрайтын.
Құныпия әкемізге, ақсақалдың балдызына де
ген қалтқысыз құрметінен, менің әншіге деген
тәнтілігімнен мынадай жыр жолдарының туындауы
да содан дер едім.
Әкемнің әлемі
Тына қалып тыңдасын тау мен дала,
Сұрап алып шыңдасын бау мен қала.
Тамсандырсын өзін де тылсымыңның,
Тұра қалып мұңдассын кәусар ғалым!
Құныпия!
Шырқатшы «Сарыбидайды»,
Шырқашы бір...
Тақуа тағдыр жайлы!
Мұңы жоқ махабаттың құны да жоқ,
Ғашықтық – дерт,
Әйтеуір, бар бір қайғы.
Арман, шіркін, аңсатқан,
Тамсандырған,
Сәдіқожа серіге ән салдырған.
Құдіретінен таланттың айналсаңшы,
Желік беріп,
Сезімді сарсаң қылған.
«Сарыбидай» шырқалсын сары кеште,
Сағыныштың сазды әнін салып еске.
Тағы да бір шырқашы,
Құныпия,
Біраз әнші бұлданар,
Ары кетсе!
...Осылай көңіл кейде керлетеді,
Сезімнің сылаң қағып желге етегі.
Беу тағдыр!
Шерден шекпен тоқи бермей,
Шаттықтан шашу шашсаң нең кетеді?!
Қ. Әлімқұлов
Әлі-ақ талай сері ержетеді,
Өнерді өрісімен өрлетеді.
...Жігіттің жігерлісін жұтып тынар,
Ойпыр-ай!
Тойымсыз-ау,
Жер де тегі ?!.
Сондай-ақ, әкемнің дүниеден озуына орай Алма
тыдан арнайы барып, бейітіне топырақ салысқан
байланыс саласы қызметкерлерінің республикалық
ауруханасының ұзақ жылдар бойына ауысым
сыз бас дәрігері болған Зейнеләбиден Жапа
ров, «Қамқор» автокөліктерге техникалық қызмет
көрсету жүйесінің бас инженері Сабыржан Мұқашев,
«Алматықұрылыс» тұрғын үй-коммуналдық қызмет
мекемесінің бөлім бастығы Сағымбек Әбдірайымов
пен Қазақстан Журналистер одағы басқармасының
бас маманы Исахан Сапарқұловтарды да осы ара
да атап айтпай кетуіме мүлде болмас еді. Олар да
– әкемізді жерлеуге жиналған жұрттың қарақорым
көптігіне қарап, жаназасын шығару мен берілген асқа
жайғасқан тұстағы әңгімелерге орай қариямыздың
қандай адам болғаны, ауыл-ағайынмен қалай
араласқаны хақында өзіндік ой өрбітіп, бертінге дейін
сөйлеген сөздеріне алтын арқау қылып жүргендер.
Және бір ардақты азаматты арнайы атамай кету
ге болмай тұр. Қысқасынан қайырсақ, қолым қысқа
кезде ол да әкемдей қамқор болған жан еді. Әңгіме
ұзақ жылдар бойына Қазақ телевидениесінің тілшісі
боп қызмет атқарған ақжүрек азамат Молдабек Шол
панбаев туралы.
Бір сөзбен айтқанда, Молдабек аға айна
ласына шуақ шашар мейірімімен, саф алтын
сабырлылығымен, әркез әділдігімен сыйлы болатын.
Себебі, өзі де талай-талай тағдыр талқысына түсіп,
тәжірибе алып, түйсігіне түйгені демесеңіз, көптеген
асылынан да айырылған, мұқалса да мойымаған
Әкемнің әлемі
можантомпай жан еді. Ал, тұғырлы тұрмысындағы
тоқтамды тұжырымдамасы қонаққа есігінің айқара
ашық болуы мен жиылмайтын дастарханының
байлығына саятын. Бұл тұрғыдан келгенде, Мол
дабек аға әкемізбен тақылеттес-ті. Бір-бірін биікке
көтеріп, бар ғұмырларында қалтқысыз сыйласып
өткендері де, бәлкім содан болар?..
Татар қызы – Гүлнұр тәтеміз де ағамызға сай-
тұғын. Бірі – келіп, бірі кетіп жататын қыруар қонаққа
қабақ шыту дегенді білмейтін. Ал, әзірлеген асы
ше?!
Ол кезде бәрі қат еді ғой. Жеңгеміз болса, торт, чак-
чак, бәліш, құйма, самса деген таңсық дүниелерді
дүкендегіден де дәмді, комбинатта әзірлегеннен
де әдемі етіп пісіретін. Әсіресе, бауырсағын
айтсаңызшы! Бір сөзбен айтқанда, бармағы бал бо
латын. Мүмкін содан да бар ағайыны сол үйге балға
қонғандай, қонақ болуға ынтығатын шығар?
... Күндердің күнінде Баймұхан бажамның әйелі,
Айша қайынбикем үйге келген. Сенбі ме, жексенбі
ме, әйтеуір демалыс күндерінің бірі болатын.
- Телевидениеде істейтін журналист қайынағамның
үйіне барамыз. Сені таныстырып қояйын, - деген.
Бардық. «Жетісу» қонақ үйінің артында, орталықта
тұрады екен. Ағамыз арықша келген қоңқақ мұрынды,
ал жеңгеміз ақсары жүзді әдемі адам болып шықты.
Ағамыз аз сөзді, есесіне жеңгеміз жылы-жылы
сөздерін жаудырып, асты-үстімізге шығуда.
Обалы қане, баяғыдан білісетін жандардай-ақ
бізді баурап алды. Өздеріне деген түскі астан соң
арнайы қазан көтеріп, жібермеді. Айша тәтеміз мән-
жайды айтып, таныстыруы сол екен, Молдабек аға
бір парақ қағаз бен қаламды алып келді де:
- Байқауымша, жаман жігіт емес сияқтысың,
қандай журналист екеніңді тексеріп көрейік, - деп
қарап тұр.
Қ. Әлімқұлов
Өзі жуық арада Қостанай жағында іссапарда бо
лып қайытқан екен. Тапсырмасы – «Орақ науқанынан
репортаж».
- Адамдардың атын, егіс шығымдылығы мен
күндік жоспарды өзің белгіле, - дегенді ғана нақты
айтты да, «Кіріс!» дегендей ишара білдірді.
Жалпы, бойында бірдеңесі болмаса, қанша
оқысаң да адамға жазу деген нәрсені ешкім үйрете
алмайды ғой. Тіпті, қабілеті бар адам ешқандай
оқусыз-ақ жаза береді.
Жоғарыдағыдай тапсырма да төртінші курс
студенті үшін оншалықты қиын болмаса керек. Бір
жиырма минуттың мөлшерінде болар, сол кездің сөз
қолдану орайына қарай «Бітік егін. Қауырт науқан.
Күніне бір жарым жоспарды екпінді еңсеріп жүрген
бәлендей орденді Бәленше комбайыншының бар
мақсаты бітік шыққан ырыс дәнін жауын-шашынға
ұрындырмай Отанның құтты қоймасына құю» деген
тұрғыдағы бір беттік репортажды ағайдың қолына
ұстаттым.
Мұқият оқып шыққанда жүзіне алғаш рет жылы
шырай жүгірді. Бар айтқаны: «Жарайсың!» болды.
Сол жараған, жарасқан күйі асыл ағамен өмірінің
соңына дейін ақжарылқап араластық. Ешқандай
ақыл айтусыз-ақ көп нәрсе үйрендік: көріп-білдік,
көңілге түйдік. Сырласпасасқ та, сүйкімді сыйластық.
Әрине, аға-іні ретінде. Тіпті, әке мен баладай десем
де артық айтқандық болмаса керек.
Домбыра шертіп, ән айтатынымды білгеннен
кейінгі жерде риясыз қатынасымыз тіпті қалауын тау
ып жүре берді. Дос-жарандарын, қадірлі қонақтарын
шақырғанда мені ешқашан тыс қалдырмайды, аса
ба боп, меймандарына қызмет ете жүріп, күтісіп-
көмектесем.
Таусылмас торалғыларынан басқа ағамыздың
тойлары да тым көп-ақ: екі ұлының сүндетке
Әкемнің әлемі
отырғызу, тілашарлары, жылда айналып келетін
туған күн тойларынан да қалмаймын.
Екі ұлдың бірінің аты – Ұзақ та, екіншісінің есімі –
Асқар. Ұзақ – қоғам қайраткері, қарымды қаламгер,
кезінде «Социалистік Қазақстан» газетінің редак
торы, Қазақстан Журналистер Одағының төрағасы
болған Ұзақ Бағаевтың, Асқар - Алматы қалалық
кеңесі қаржы-шаруашылық басқармасының басты
ғының құрметіне қойылған. Ол азаматтардың екеуі
де мектепте бірге, жоғары оқу орындарында қатар
оқыған, араларынан қыл өтпейтін жан достары бо
латын.
Сөйтіп жүргенде екеуіміз аяқ астынан қызметтес
болып шыға келдік. Оның да мәнісін онша созбай
баяндай кетейін. Қазақ телевидениесіне коммента
тор деген жаңа қызмет штаты беріліп, орталықтың
ұйғарымымен
оған
алынатын
адамдарды
конкурстық негізде іріктеу тапсырылған екен. Қазіргі
тілмен айтқанда – кастингтен өттік. Ақыр аяғында
орыс редакциясына Ғаділбек Шалахметов, қазақ ре
дакциясына мен қабылдандым. Соның арқасында,
ойламаған жерден Молдабек ағамен үш-төрт жыл
бойына «Қазақстан» ақпараттық бағдарламасы»
ұжымында бірге жұмыс істедік.
Бұрынғы аралас аралас па, араласқанның көкесі
сонда басталды. Апта бойы қызметте біргеміз, де
малыс күндері дастархан басында тоқайласамыз
дегендей, әбден әмпей-жәмпей болдық. Сонда
ғой әкеймен кездейсоқ кездесіп, бауырласып кетіп
жүргені.
Жұмыс бабымен арнайы іссапарға шықса, мүмкін
Асқар Тоқпанов ағамыз сияқты әдейі іздеп барар ма
еді, кім білген? Ауыл-елдегі інісінің баласы үйленетін
боп, ағамыз жаңа жекжаттарға бас құда боп барған
ғой. Ал, ол жаңа жекжаттары біздің ауылдан үш-
ақ шақырым қашықтықта орналасқан Нұрым деген
көрші қыстақта тұрады екен.
Қ. Әлімқұлов
Әрине, Молдабек аға ол жағын білмейді, қашан
дағы шалт қимылына басып, салып-ұрып жетіп
барған. Келін боп түсер қалыңдықтың үкісін қадап,
сырғасын салып, қоржынын тапсырған тұста бір
ағаттық аңғарылып қалады. Құда түсушілер асып-
сасып, у-шу боп жүргенде өлтірі малын ұмытып
кетіпті.
Молдабек аға бас құдалығына басып:
- Ой, тәйірі, онда тұрған не бар? Бір қойдың
бағасын береміз, - деп қалмай ма? Қыздың әкесі
– Қошқарбек ағамыздың да қиқарлығы бір басына
жетерлік жан еді. Оның үстіне, көп жылдар бойына
сол ауылдың дүкеншісі болған, ырыздығы ырысты
шаңырақтың отағасы емес пе:
- Менде ақша жоқ деп кім айтты? Жоқ маған
өлтірілік қой қат па екен? Томағысы сыпырылмаған,
талайлардың қолы жетпей жүрген қызымды жол-
жосығынан жаңылдырмаймын. Сондықтан басқа
сөзді қойып, арнайы мал әкеліңіздер! – деп,
шалқасынан түсіпті.
Қыз алуға келген жақта не қауқар бар, құданың
райынан қайтпайтынын аңғарған бойда қой іздеуге
кіріседі. Сонда қызмет істеп жүрген құда балалардың
бірі малдың бәрі жайлауда екенін, бір табылса
төменгі Аралтөбе ауылындағы Нүсіпақын деген
қарттан ғана табылады дегенді мәліметтейді.
- Әй, ол шалдарың да шатақ болып шықпай ма?
– деп Молдабек аға күдігін күйттемей ме. Сонда әлгі
жас жігіт:
- Жоқ, ол кісі – ауылдың ақсақалы. Оның үстіне
бір баласы Алматыда қызметте, журналист... – деп
қалады.
Молдабек аға болса:
- Кім деген? - деп елең ете түседі.
- Қадыр Әлімқұлов деген.
- Өй, бағанадан бері содан бастамайсың ба, жүр
кеттік, сол үйге тарт, - депті.
Әкемнің әлемі
Содан төтесінен әкеміз түтін түтетіп отырған үйге
тартады. Жөн сұрасып, мән-жайды біліскен соң:
- Бірден мені білемін демедің бе, сонда Қошқарбек
ондай қиғылық шығармас еді ғой... – дейді әкей.
- Кешіріңіз, аға. Сіздің жақын арада тұратыныңыз
есіме де келмепті.
- Оқасы жоқ. «Білмеген жердің ой-тасы көп» де
ген. Әйтсе де менен сәлем айт жаңа құдаңа. Бала
лар бақытты болсын! – деп, мал қораға барыпты да,
бордақыланып тұрған төрт-бес қойды көрсетіп:
- Екеуін таңда, - деген ғой.
Молдабек аға түсінбей қалып:
- Не, сіздер жақта өлтіріге екі қой беруші ме еді?
– дейді.
Әкеміз рахаттана күліп алыпты да былай депті:
- Жоқ-а. Бар қазақтың жоралғысы бірдей. «Екеуін
таңда» дегенім: біреуін – өлтіріге бересің, екіншісіне
бата жасап кет, құдалығыңнан босаған соң келіп ба
сын мүжіп кетесің... Балама аға боп жүр екенсің, ар
найы шақырсам келе алар ма едің, келе алмас па
едің, кім білген? Жолың түсіп, кеп қалған екенсің,
өзіміз де дұрыстап танысайық.
Ұзын сөздің қысқасы: өлтірі малының қайдан
келгенін білген соң Қошқарбек ағамыз арнайы көлік
жіберіп, ақсақалды ауылына алдырады. Әкеміз екі
жаққа да ортақ төбе құда боп, Раухан қызды құтты
сапарына аттандырып салады.
Молдабек аға болса, сол күннен бастап әкейді
туған ағасындай сыйлап өтті. Алматыға келе қалса,
қолды-аяғын жерге тигізбей, төріне отырғызғанша
асығатын. Тіпті, әкеміздің Сапар Байжанов, Камал
Смайылов сияқты қоғам қайраткерлері, қарымды
қаламгерлермен де дастархандас болғаны бар.
Ал, ол азаматтар, өз кезегінде ағамыздың курстас-
әріптестері, құрметті достары болатын.
Мен Молдабек ағаның өзім білгеннен бергі жердегі
Қ. Әлімқұлов
ғана тұрмыс-тіршілігін баяндадым. Ал, ақыры айтқан
соң, сөздің сәл созылып кететініне қарамастан, аз-
кем шегініс жасап, толығырақ мағлұмат бере кетуді
жөн көрдім. Оның жаны жайсаң ағаны мадақтау да,
ақтап алуға тырысушылық та, тіпті, табалау да емес,
айқын ақиқат екеніне кепілдік беремін.
Жалпы, ағамыз соғыстың сұрапыл жылдарын
да уызына жарымай, жетімдік пен жесірліктің ит
жейдесін шешпей ес қатқан; тар жол, тайғақ ке
шуден де өткен, толайым табыстарға да жеткен,
ешкімнің ала жібін аттамай, тәубесінен жаңылмай
өткен жан. Сол қиындықты көп көргеннен де қайсар
әрі қайырымды болғандай-тын.
Өзі орта мектепті де, журналситика факультетін
де үздік бітіріпті. Семей облыстық газетіне жолда
мамен барып, бас-аяғы екі-үш жылда редактордың
орынбасарына дейін көтерілген. Содан бақыттан
басы айналды ма болмаса қолпаш көбейіп кетіп,
тура жолынан тайдырды ма, жоқ, әлде жаны жо
март, жүрегі нәзік адамның аярлыққа әлі келмеді
ме, кім білген, әйтеуір ендігі екі-үш жылда ішімдіксіз
жүре алмайтын күйге жетіпті. Оны айтасыз, партия
дан шығарылып, қызметінен қуылыпты. Екі бастан,
әйелі жалғыз ұлын бауырына басқан күйі ол безіп
кеткен.
Сонымен бомждың күйін кешіп, алақан жайып
ішетін халге жеткен. Күндердің күнінде жүк тасы
малдайтын поездың вагонына кіріп, ұйықтап қалған
да Қызылордадан бір-ақ түскен ғой. Бұндайда
енді не деуге болады, кездейсоқтық па, әлде тыл
сым бір күштің құдіреті ме сондағы газеттің бас
редакторы қызметінде жүрген мектептегі сынып
тас, университеттегі курстас досы, ағайындас ба
уыры Ұзақ Бағаев станция жанынан жұмысына
кетіп бара жатып байқап қалады. Дереу көлігіне
отырғызып, үйіне алып кеп, жуындырып-шайынды
Әкемнің әлемі рып, киіндіріп, күтіп-бағып, адам қалпына келтіреді. Сөйтіп, Алматыдағы аттары жоғарыда аталған Ка мал, Сапар, Асқар достарына табыстап, жұмысқа тұрғызады, үй алуына көмектеседі. Ақыр-аяғы Гүлнұр жеңгемізге үйлендіріп, қайта ел қатарына қосылуына қамқорлық жасайды. Жеңгеміз бір баласымен жесір қалған Асқар ағамыздың құдашасы екен. Екеуі де қолы ашық, жомарт жандар болғандықтан, дастарханда ры жиналған емес. Достарының бәрі де төрінде шалқып, өздері де қонақжай қошеметтерінен қалт қалдырмайтын шын жүрек, игі ниеттерімен сыйла сып өтті. Кісі бетіне жел боп тиюді білмеген мәрт ағамыз абыройына дақ түсірмеген қалпында жетпіс жасты алқымдап барып, жалған дүниенің жарығынан өтті. Екі ұлы: Ұзақ пен Асқар екі үйдің түтінін түзу түтетіп, ел қатарлы тіршіліктерін түзуде. Үйелмелісүйелмелі үш немересі де Молдабек ағаның есімін тегі етіп, өмір тізгінін қолға алуға жетіп қалды. Жаны жұмақта шалқысын, жарықтықтың! Иә, әкей өміріне кейініректе кездескеніне қарамастан еркін еніп, ет жақынындай болып кет кен ақжарқын адамдар да аз емес еді. Ал енді, ауыл-ағайын арасындағы жұрттың қарияны құрметтемегені жоқ. Осы тұсқа келгенде тағы ойланып қаламын. Күнәсінің жоқ екеніне кепілдік бере алсам да, «білетіндердің бәрі бірдей дәл солай ойлай ала ма екен?» деген ұры ой да саңылаудан сығалай қояды. Оның үстіне, бір тәмсіл де тілімнің ұшына тұра қалады. Баяғыда біреу «Тегінде, қазаққа жағу мүмкін емес» дегенге саятын тұрлаусыз тіркесті теріске шығармақ болып ұлан-асыр той жасапты. Бар қонағын бірдей қарсы алып, барша мейманы на бірдей табақ тартып, жиналған жұртқа түгелдей көңіл бөліпті.
Қ. Әлімқұлов
Қысқасы, ауыз толтырып айта жүрерліктей-ақ
дүркіреген думан өтіпті. Үй иесі де ел де риза.
Той тарқарда отағасы қызмет етіп жүрген інілерін
жиып алып:
- Бәрі дұрыс болды. Енді әр үйге бір-бірден қой
жетектетіп жіберіңдер. Содан кейін кім наразы бо
лар екен? Тек, қойлардың тұрқы да, жас шамасы да
бірдей болсын, - деп тапсырады.
Айтылды – орындалды. Бір-бір қой жетектеп,
қарық болған жұрт: бәрінің де көңілі разы – хош.
Сөйткенше болмайды, батыс беттегі қырдан
біреудің кіжінген даусы естіліпті.
- Атаңа нәлет, қой беретін болған соң – бір құлаш
арқанын қоса бермей ме?! Итшілеп, мына түрімізбен
үйімізге қашан жетеміз? – деп, бір пақыр босатып
алған қойын қуып жүр дейді.
Сөйтсе, қасындағы қатыны:
- Алдына өңгеріп, үйге өзі апарып берсе де
ешнәрсесі кетпес еді ғой? – дейтін көрінеді.
Міне, солай...
Сондай сорақы біреу болмаса, әкей туралы
әдепсіз сөзді ешкім айта алмас-ау дегенге саятын
періште пейіл ғой біздікі де.
Сол сияқты, әкеміз де көңілін қалдырған
қайсыбір бірен-саранның, онда да нақтылы себебі
барларын ғана болмаса, ешкімді нақақ жазғырып,
ғайбаттамайтын. Оның өзін бірлі-жарым ауыз
сөзбен ғана қайтаратын да қоятын.
Әкей сондай-ақ көріп-білген таныс адамда
рын ешқашан да қаперінен қағаберіс қалдырып,
ұмытпайтын. Реті келе қалған кездерде әрқашан
сұрастырып, амнадық-саулығын анықтап жүрер
еді. Әрі оның мәнісін «бір күндік танысқа қырық
күндік сәлем емес пе?! деп, дәйектеп те қоятын.
Мәселен, анда-санда ауылға ат басын тірей
қалсақ:
Әкемнің әлемі Балдызым қалай? – деп Құныпияны сұрар еді. - Біреуден ілгері, біреуден кейін дегендей, аманесен жұмысын істеп жүріп жатыр, - деймін. - Ә, жөн екен, - деп қанағаттанған қалып таныта ды. Содан соң: Молдабек бауырым ше? Үй-іші, бала-шағасы аман ба? – дейді. - Аман-есен, кеше ғана жолығып, ауылға соғатынымды білдіргем. Сәлем айтып жатыр. - Бәрекелді, сәлемет болсын! Өзі де бір Құдай бере салған жан ғой, - деп ризашығын да қоса қапталдастырады. Енді бірде: - Әне бір жылы ертіп келген, даусы шіңкілдеген жігітпен араласып тұрасың ба? – деп бетіме сұраулы пішінмен қарайды. - Ой, ата (әкемізді солай атайтынбыз), оны мен ертіп жүрмін бе? Қызмет бабымен қосақтап жіберді емес пе? Аты – Тоқтархан болатын. Содан қайтып көрген емеспін... - Жөн болған екен. «Қатын дауысты еркектен без» деген ғой баяғылар. Өзі де бір тойғанын пай да көретін қызталақ-ау?! Ондай адам ешкімге опа қыла қоймас. Тағы да әңгімеден әңгіме туындап отырған тұста: - Әлгі менің Сәбит деген қайсар қазағымнан хабарың бар ма? – деп сұрау салады. Жақын інілерінен: «Мекеме өз қылмысын жабу үшін ағайымызды құрбандыққа шалды» дегенге дендейтін, ағайын-жұрттың наза-ызасын туғызған өкінішті өлімі туралы әңгімені естіп, кезінде мен де күйзелгем. Бірақ, әкейдің еңсесін езбейін деген ой мен: - Сәбит балаңыз спортшылығының арқасында болса керек КГБ-ға қызметке тұрған. Шені де
Қ. Әлімқұлов
өсіп, жағдайы да жақсы болыпты. Тек кезекті бір
тапсырманың тұсында ерлікпен қаза тауыпты... –
деймін.
- Ә-ә, солай екен де? Өжетім-ақ еді. Сол өрлігінен
жанып кетті десеңші?! – деп тебіреніп барып :
«Иманды болсын, батыр!» деп бетін сипаған.
Сондай-ақ Асқар Тоқпанов ағамыздың халін
сұрауды ұмытпайтын.
- Ой, ол бауырыңыз бәрін бұзып-жарып жүр.
Аман-сау, күйлі-қуатты.
- Сондай дүйім жұртты аузына қаратып, үйіріп
әкететін адам да болады екен-ау, ә?
- Көре-көре көсем, сөйлей-сөйлей шешен болған
кісі ғой. Қазақ: «Көп жасағаннан сұрама, көпті
көргеннен сұра» демей ме? Оның үстіне оқығаны
да көп.
- Пәлі, көпті көргеннің бәрі бірдей көкейіне
түйіп, оқығанның бәрі көңіліне тоқи ала ма? Көп
сөйлегеннің бәрі дөп сөйлей бермейді. Асқар де
гендер – Рахман нұры жауған адам да!
Осы жерде аз-кем ойланып қалады да:
- Тек Жаратущы таудай талап беріп, бармақтай
бақты қимаған ба екен деп қаламын... – дегенді
қосады.
- Абыройы да, атағы да бар. Атынан ат
үркетіндей-ақ адам. Қазіргі қазақтың көзі тірі мықты
әртістерінің бәрі сол кісінің шәкірттері. Сыйлы... –
дей бергенімде:
- Әртістерді ғана емес, дүйім жұртты басқаратын
адамдардың бірі ғой. Бір гәп бар-ау? – дегенді ше
гелей айтады.
- Гәбі – сол, турасын айтамын деп туғанына
жақпай жүрген жан емес пе Асқар ағамыз, – деп
жалпылама қайырған боламын.
- Бәсе, өзім де солай ойлап ем. Әйтеуір, бір
кілтипанның бары анық, - деп абыржып қалар еді.
Әкемнің әлемі
Міне, әкейдің таныстарына аз-кем мінездеме
беріп, өз көзқарасын бірлі-жарым сөзбен болса да
араға салатын тұстары осындайда орын алатын.
Болмаса, жөн-жосықсыз ешкімнің құлағын шулата
бермеуші еді. Тіпті жақсы көретін адамдары туралы
пікір-пайымдарының өзі тысқа көп шыға қоймаған
күйі ішінде өліп жататын. Менің оқта-текте «Сөзге
сараң еді» деуімнің де түп қазығы – сонда.
Қ. Әлімқұлов Ағайынның арасы немесе қамқор көңіл құшағы Қазақ – бірегей бауырмал халық. Сол бауырмашылығының бастауынан бұлақ өргізіп, өзгеше ағайыншыл жұртқа айналған. «Жақынныңды жаттай сыйла, жұрт жанынан түңілсін» дегенді он дай жағдайы болмаған ел еншілей алар ма еді?! Иә, бұл тұрғыдағы қазақ айтқан қанатты қағидалар да аз емес. «Қарыстан сүйем жақын» дегеннен ба стап, «У ішсең – руыңмен» дегенге дейінгі сөздерінің өзіне санаң сүрінеді. Әрі көп болған соң артықкемі, бұрысы-жөні дегендейін, жалпақ жұртты түгел тәнті ете алмайтындары да кездесуі ғажап емес. Қалай болғанда да, оларды ата-бабаларымыздың жақсы ниетпен ғана айтқаны даусыз. Жылдар жы лыса келіп, бірді-екісі бүгінгі күннің биік талаптары мен үндесе қоймаса, ол да аруағыңнан айналайын ақсақалдарымыздың кінәсі болмаса керек. Оны айтасыз, қазақ қашанда жаттан да бауырмалдығын аямаған. «Құдайы қонақ» деп, кімкімге де төрінен орын беріп, төресіндей күткен. Тағы бір тоқтала кетпеуге болмайтын тұс, өткен ғасырдың 70 жылдарына дейін, қалаларды қайдам, ауылдарда құлып дегенді қолданбайтын. Малмүлкін көршісіне табыстап, ағайындарымыз айлап қыдырып жүре беретін. Несін айтасыз, туған жеріне де, туыс-жекжатына да жіпсіз жалғанған жұрттың ұрпағымыз біз деген. Сондықтан да болар, туыстық атаулар жөнінен де қазақтың алдына шығатын ел де, ұлт пен ұлыс та
Әкемнің әлемі жоқ. Тілі бай деген орыстың өзі «старший брат», «младший брат» деп қайталаудан ары аса алмаған. Ал, біз болсақ, ағаны – аға, ініні – іні, жиенді – жиен, бөлені – бөле, әпкені – әпке, қарындасты – қарындас, сіңліні – сіңлі деп нақты атаймыз. * * * Ағайынды ардақтау қасиеті де менің болмысыма үлкенді құрметтеу, досыңа адал болу, өтірік айтпау, ұрлық істемеу – ешкімнің ала жібін аттамау деген сияқты ұлы ұғымдармен қатар ата-ананың қанымен, текті тәрбиелері арқылы дарыса керек. Өйткені, осы бағытта менің де біраз ізденуіме тура келді. Неге десеңіз, жекжат-жұрағатымыз әртүрлі себептермен шілдің құмалағындай шашылып кеткен шағын сан ды атаның балалары екен. Иә, біраз ағайынды іздедім, таптым да. Олардың бірі Қытай асып кеткен, енді бірі соғыстың салдары нан жат жұртта қалып қойған дегендей. Яғни, мен оларды бір пайда көрейін, тірлігімді жеңілдетуге септігі тиер деп емес, пенделік парызым деп іздедім. Жаныңда жүрген жақыныңа жақсылық жасамайтын болсаң, жеті атаңды жатқа білгеніңнен не қайыр, не опа?! Бұл мәселе тіпті, менің өмірлік үдерісімнің бір бөлігіне де айналып кеткендей. Шығармашылығымнан да мейлінше орын алды. Осы кітапқа енген оқиғалардан басқа, біраз жыр жолдарына да түрткі болды. Ағайынды ардақтау, жақыныңа жаттық жасамау – жалпы адамгершіліктің де қалтқысыз қағидасы екенін ұмытып кететін қазіргі заманда олай болмауы да мүмкін емес қой?! Ал, қазақтың Шер ағасы – Шерхан Мұртаза ағайымның «Әттең! Мен Телерадионың бастығы болсам, бағдарламаны сенің осы әніңмен ашқызыпжапқызар едім» дейтін «Аманбысың, бауырым!» де ген әнімнің сөз мәтінін толық келтірдім.
Қ. Әлімқұлов
Ағайынның арасы
Араластан білінер,
Тату жұрттың баласы
Ел аузына ілінер.
Сипатқызбай сауырын
Талай уақыт өтті ғой.
Аманбысың, бауырым,
Хабарласпай кеттің ғой…
Жүрміз қалай шат болып,
Бір атадан туысып?
Барыспасақ жат болып,
Кетеміз ғой суысып.
Жасырғандай сырқатты
Біз ұятқа қалмайық.
Бөтен қылып ұрпақты,
Өгейсітіп алмайық.
Бұны,
«әнім
керемет!»
дегендіктен
емес,
жоғарыдағы пікірді растай түсу үшін келтіріп отыр
мын.
Сол үшін біраз жерді шарлауыма да тура келді.
Басқаны былай қойғанда, ел көріп, жер біліп
қайттым. Оның өзі аз нәрсе ме?!
Тек, бір рет қана жолым болмады. Студент кезімде
әкемнің туған інісі Кенжеақын ағаны іздеп қазіргі -
Самара, ол кездегі Куйбышев қаласына, нақтырақ
айтқанда сол қаланың іргесіндегі ауылға бардым.
Алайда, ағай көп бұрын отбасымен Башқұртстанға
көшіп кеткен екен. Ол жақтағы мекен-жайын ешкім
білмейтін болып шықты. Сонымен, бекер барып,
бос қайттым. Бұл оқиға туралы әңгімені «Кенжеақын
аға» деген арнайы тарауға арқау етіп, осы кітапқа
бөлек кіргіздім.
Әкемнің әлемі Талабым жартылай орындалған тағы бір жағдай болды. Оны да жасырып қала алмадым. Ағайынды үш ұлдың тұңғышы, ағамыз Елеу ол кезде Қазақ мал дәрігерлік-зоотехникалық институтының студенті, мен - мектеп бітіріп оқуға түсуге Алматыға келіп жатқан талапкермін. Бір күні (сенбі, жексенбінің бірінде) бауырыма: - Шелек деген жерде Күлімхан деген кіндіктес әпкеміз тұрады екен, сол кісіні іздеп барайық та?.. – деп едім, ағайым қолдай кетті. Мен білетін мәліметке қарағанда, Күлімхан әпкеміз – Өзипа деген әжемізден туған қыз. Өзипа апамызды мен білмеймін. Кішкентай кезімде көрген де шығармын, тек есімде жоқ. Ал, Елеу ағамызды ол кісі бауырына басып алған. «Сенің анаңмына менмін, ал Мәміле – сенің әпкең» деп тәрбиелепті. Содан ағамыз анамыздың атын атап кетіпті. Араларында не болғанын күні бүгінге дейін білмеймін. Әйтеуір ат-жалын кесісетіндей бір бәле болғаны даусыз. «Қалай болғанда да «Іштен шыққан шұбар жылан еді...» деп әкей жібімеді ме, «Не қылғанда да әкем еді ғой...» деп әпкеміз илікпеді ме, кім біледі? Ақыры аралспаған күйі, екеуі екі жақта дүниеден озды. Ал, араласпау себептері жұмбақ күйінде, өздерімен бірге кетті. Енді, іздеп барғанымызға оралатын болсақ, ол сапарымыз да сәтсіз аяқталды. «Қаратұрық» деген темекі шаруашылығына тез-ақ жеттік. Сұрастыра жүріп әпкеміздің үйін де жаңылмай таптық. Өкінішке қарай, одан кейінгі мән-жайда маза бола қойған жоқ. Ешкіммен көп араласпайтын саяқ адамдар ма, жоқ жалпы кісікиіктеу отбасы ма, есіктің көзінде кездескен бізден бес-алты жас кішілеу, соқталдайсоқталдай екі бозбала салқын раймен әзер кіргізген. Көп кешікпей әпкеміз де келді. Бірақ жылы рай танытпады. Керісінше, «күн жарықта, тезірек қайтып
Қ. Әлімқұлов
кетіңдер» деді. Біз табысқымыз келетінімізді, басқа
ешнәрсенің қажет емес екенін алға тартқан болдық.
Қыңбады. Біздің қайта қоюға онша құштар емес
екенімізді аңғарғанда:
- Қазір күйеуім келеді. Кім екендеріңді білсе –
маған ұрсады. Кетіңдер! – деді.
«Кет дегенде, ит те кетеді». Біздің де кеткеннен
басқа лажымыз болмады.
Елеу аға «Әй, бекер-ақ келген екенбіз...» деп, мені
жұбатқан болды. Тіпті, «мынауың адам емес екен
ғой?!» дегендей ауыр сөздер де айтты-ау деймін.
Қазір нақты есімде жоқ. Сондықтан күпіршілік
қылып, мойныма күнә артудан аулақпын. Алайда,
«Қыздың жаманы бір шәугім шайға жарайды» деуші
еді, әпкеміз әдейі іздеп келгенімізде нан да ауыз
тигізбеді ғой, соған қарағанда кінарат осы кісінің
өзінен болған-ау, шамасы?» деген ойға тірелгенмін.
Әпкеміз ендігі бұл жалған дүниеде жоқ қой, жер ха
бар бермесін, әрі сол пікірімде қалып та қойдым.
Ал, менің елші болып елдестірген, бірін-бірі отыз
жыл көрмеген туыстарды табыстырған алғашқы
сапарым он бес жасымда, тоғызыншы сыныпта
оқып жүрген кезімде басталған-ды. Сөйтіп, әкеме –
қайын жұртын, шешеме – төркіндерін, өзіме нағашы
жұртымды тауып, көзайым болған едім. Үлкен
кісілер көзі трісінде үнемі менің сол «ерлігімді» ерек
ше ілтипатпен айтып, маған мың алғыстарын жау
дыруларынан жаңылған жоқ.
Бірақ, түснікті болуы үшін ретімен басынан ба
стайын.
Ол тұста аудан орталығы Жаркент қаласындағы
Ы.Алтынсарин атындағы мектептің интернатын
да жатып оқитынмын. Бір нақтырақ айта кететін
нәрсе, ол мектепте қала балаларымен қатар бүкіл
аудан елді мекендерінің біраз балалары оқитын еді.
Мектептің жанында сол сырттан келетін оқушыларға
Әкемнің әлемі
арналған екі интернат бар болатын. Бірі – бюджеттік
деп аталатын да, онда көп балалы отбасылар мен
соғыс жесірлерінің асыраушысынан айырылған,
тұрмыс деңгейі төмен отбасылардың балалары жа
тып оқитын. Ал, екіншісі - пансиондық деп аталар
еді. Онда негізінен өкіметтің малын бағатындар мен
ауыл шаруашылығында науқандық жұмыстармен
шұғылданатын шаруалардың балалары тұратын.
Бұл өзі бір қарапайым ғана «интернат» деп
аталғанымен, өзі сияқты өзге мекемелерден ерек
шелеу, нағыз тәрбие, тіпті нағыз өмір мектебі десе
болғандай алтын ұя еді. Үш айлық жазғы каникулдың
бір айын ауылдарына, ата-аналарының жанында
өткізіп келген соң, балалар қалған екі ай бойына
интернаттың қосалқы шаруашылығында еңбек етіп,
өздерінің тамағын, тамағын ғана емес, қажетті басқа
да біраз нәрсесін даярлап алатын. Атап айтқанда,
ас-суға керекті жеміс-жидек пен көкөністен бөлек,
сыпыртқы сияқты дақылдарды, малға жем-шөп бо
латын жоңышқа, сүрлемдік жүгері өсіріп, баптайтын
быз.
Несін айтатыны бар, қосалқы шаруашылығымыз
нағыз коммуна-тын. Біреулеріміз мал бағамыз.
«Мал» деген де әшейін айтылған сөз емес, төрт
түлік түгел десе болғандай. Нақтырақ айтсақ, Зеңгі
баба түлегі – түйеден басқасы түгел. Қой-ешкі өз ал
дына, бір табын сауын және етке деген сиыр, күш
көлігі ретіндегі үйір жылқымыз да бар еді.
Әрине, малдың өз бақташылары бар. Біз жаз
кезінде көмекші болатынбыз.
Сондай-ақ орман алқаптарындағы қурап қал
ған ағаштардан отын әзірлейміз. Жасымызға,
шама-шарқымызға қарай өзімізді-өзіміз асырауға
үйренетінбіз.
Интернатымыздың ауласында, жердің астыңғы
қабатына орналастырылған үлкен қойма бола
Қ. Әлімқұлов
тын. Бір шетінде отын мен көмір, бір шетінде киім-
кешек, енді бір тұсында жеміс-жидек пен көкөніс
сақталар еді. Картоп пен сәбіз, неше түрлі тұздалған
қырыққабат, қияр мен қызанақ дегендей.
Ал, енді бүкіл оқу жылы бойына екі қыз, бір ұл
оқушы күн сайын кезекпен сабақтан босатылатын.
Ұл қазанның астына от жақса, қыздар ас-су әзірлеп,
ыдыс-аяқ жуатын. Ұстаздар мен тәрбиешілер түгел
біледі, «ол - кезекші» дейміз, сабаққа қатысқан са
налады.
Жалпы, интернатымызда бір еркек және бір әйел
адам тәрбиеші, бір аспазшы апай мен бір мед
бике болатын. Басқаның бәрін бес үздік те үлгілі
оқушыдан құрылған «Балалар кеңесі» деп атала
тын интернаттың қоғамдық ұйымы өзі атқаратын.
Бес бозбала (оларды да оқушылар көпшілік дауы
спен өздері сайлайды) кеңестің оқу, тәртіп, тазалық,
спорт және мәдениет деген сияқты бес секторын
басқарады. Әрі тәрбиеші, әрі жақын жолдас –
қысқасы ынталандырудан бастап, жазалауға дейінгі
аралықтағы барлық шараны басшылықтың ақыл-
кеңесіне сүйене отырып, сол кеңес шешер еді.
«Өмір мектебі болғандай алтын ұя» дегендегім -
осы.
Міне, сол интернатта тұрып, Ыбырай Алтын
сарин атындағы мектептің тоғызыншы сыныбын
да оқып жүрген кезім болатын. 1958-62 жылдарда
Қытайдан көптеген қандастарымыз көшіп келген.
Көршілес мекендер болғандықтан да шығар, оның
үстіне ағайын-туғандары да осы өңірлерде тұрмыс
құрып жатқандықтан да болар шекаралас аудан
дарда жат жұрттан ауған ағайын көп болды. Ин
тернат тәрбиеленушілерінің арасында да сондай
балалар баршылық-тын. Өйткені, олардың көбісі
орыс тілін, кириллица жазуын білмегендіктен шо
пан-малшы таяғын қолға алатын көбіне-көп. Демек,
Әкемнің әлемі
малшылардың балалары интернатқа жеңіл орнала
сатын.
Жоғарыдағыдай себептермен, Қытайдан келген
сыныптарымыз бізден екі-үш жас үлкен болар еді.
Солардың ішінен, өнерге құштарлығынан ба екен,
Шәріпхан деген жігітпен жақсы араласатынбыз.
Сұрастыра келе, Шәріпхан менің нағашы жұртымды
білетін болып шықты. Қысқы каникул кезінде екеуміз
көршілес Ұйғыр ауданына бірге баратын болып
келістік те, сабақтан босаған бойда басшылықты
құлағдар етіп, жолға шықтық.
Шәріпханның ата-анасы сол ауданның бір ауы
лында тұрады екен, жолды жақсы біледі. Сондықтан
да еш қиналмастан аудан орталығы - Шонжы се
лосына жеңіл жеттік. Елді мекенге (арғы беттен
оралған ағайын «мәлі» дейді) жеткен соң жұрттан
сұрастырып жүріп, автобазада істейтін Ешкібағар
деген ағамыздың үйін тауып алдық.
Ешкібағар (еркелетіп Ешкен атап кеткен) ағамыз
нағашыларымыздың үлкен балалары екен. Үш-
төрт ай бұрын ғана әскер қатарынан оралып, ау
дан орталығындағы автобазаға жүргізуші боп орна
ласыпты. Үйлене қоймағанымен, өздерінің үйінде
тұрады екен. Ұзын бойлы, бидай өңді, ұяңдау жігіт
бірден жылыұшыраған. Көп сөйлемей, жымиып күле
береді.
Өмірінде көрмеген, көп естігендіктен көруге құмар
әпкесінің атын естігенде қуанышын жасыра алмады:
жан ұшырып жүр. Мені – жиен інісін сол әпкесінің
көзіндей көріп тұрғаны тайға таңба басқандай
байқалып қалған. Жанын қоярға жер табатын емес.
Қарттар мен басқа жекжаттар жиырма бес
шақырым жерде, мал қыстауында көрінеді. Ол
жаққа тіке қатынайтын көлік жоқ екен де, қасындағы
бір ауылға кешке қарай шағын автобус жүреді екен.
Сонымен жетіп қалайық деп шешкен соң Шәріпхан
Қ. Әлімқұлов
жылы қоштасып, өз жөніне кетті. Алғысымызды жа
удырып біз қалдық.
«Қорап автобус» деп аталатын сол кездегі
негізгі қоғамдық көлік түрімен дүркін-дүркін тоқтап,
Сүмбе деген селоға жеткенімізде қыстың қысқа күні
ұясына қона бастаған. Ауыл тура таудың етегінде
орналасқандықтан, Шонжыдан Сүмбеге дейін тек
өрге жүрген екенбіз. Жүрісіміздің өнбегенінің бір
себебі де сол көрінеді.
Жаркентте күн жылы. Сондықтан да жеңілдеу
киіммен шығып кетсем керек. Ешкібағар аға үсті-
басыма барлай бір қарап алды да:
- Осындағы бір ағайынның үйіне түнеп шығып,
ертеңгісін барайық та, киімің тым жұқа екен, жаурап
қаласың ғой, - деген.
Алып-ұшқан көңілім ауыздық берсін бе:
- Екі жүз шақырымнан іргесіне келіп тұрып, екі-үш
шақырымға бола қонып қалғанымыз қалай болғаны?
– деймін мен де қасарысып.
- Екі-үш емес, бақандай жеті шақырым. Оның
үстіне, қыста ауылдардың арасын қосатын күре жол
көрінбей қалады. Аттылы-жаяу әркім әр жермен
жүре береді. Күнде қатынап жатпаған соң, қазір он
дай айқын із де жоқ. Қиналып қаласың ғой дегенім
де, - дегенді жаймашуақ айтып, Ешкен аға өзі кінәлі
адамдай аңырайды.
Мен де айтқанымнан қайтпауға бекінгенімді
аңғартқандай:
- Жетіп жығылғанымыз жөн-ау, - деп, қысқа
қайырамын.
Сонымен сай табанындағы суы қатып, үстін мұз
басып қалған өзен аңғарымен Шошанай қайдасың
деп тартып кеттік. Кей тұстары тізеге таяу, енді бір
жерлері тіпті белуардан келетін жел үрлеп тастаған
қасат қарды омбылап, жүрісіміз өнбейді. Оқта-
текте жұқа қар астындағы көк мұзға тайғанақтап,
Әкемнің әлемі
әр жер әр жерде аракідік кездесе беретін қазандай-
қазандай тастарға түртініп ұзақ жүрдік. Қараңғылық
қоюланып, ызғар күшейе түсті.
Әупірімдеп жүріп, әй жеттік-ау! Жақын маңнан
иттің үрген даусын естігенде менен бұрын Ешкен
аға қатты қуанды.
Киіз үйдің есігінен бір қора буды бұрқ еткізіп, ішігін
шалғай жамылған, малақайлы еңгезердей еркек
әуелі иттерге қарата «Кет-әй!..» деп алды да бізге
арнайы: «Тимейді. Жүре беріңдер» дегенді қосты.
Жете бере сәлемдестік. Ешкен ағаны таныған
соң:
- Иә, тыныштық па, екі кештің арасында не жүріс?
Өй, мына бала кім? – деп сұрақтың астына алған.
- Бәрі дұрыс. Бұл бала – үл-ке-н қонақ, - дегенді
қуақылана айтып, ағамыз үй ішіне бастай берген.
Алты қанат боз үй жып-жылы. Ет иісі танау
ды жарғандай. Ас ішіп отырған үстінен түсіппіз.
Қаңылтыр пеш түбінде отырған егделеу әйел:
- Кел, төрлетіңдер, мақтап жүреді екенсіңдер, -
деп жатыр.
Төрде өзім құралпас бір бала отыр, бөтен ешкім
жоқ.
Сол тұста енді Ешкен аға ерлейін деді. Арнайы
құбылта тұрып, маңғаздау дауыспен:
- Сіздерді мақтамағанда, кімді мақтаймыз. Деген
мен, нағыз мақтайтын жігітті алып келдім, - деп ере
сектерге барлай бір қарап алды.
- Бұл азамат Кәдірсіз деген жиен екен. Іленің арғы
бетінен бізді арнайы іздеп келіп тұрған беті.
Үй іші сілтідей тынды. Тұрғаны, отырғандары
бар бұл жаңалықтан сасып қалды ма болмаса са
наларына сіңіріп үлгере алмай жатыр ма состиып,
үрпиісті де қалды. Қанша уақыт өткенін білмеймін,
маған сонша бір ұзаққа созылып кеткендей көрінді.
Тыныштықты әуелгіде пеш түбінде отырған егде
леу әйел бұзған.
Қ. Әлімқұлов
- О, Құдая құлдық! Тұқым екен ғой... – дегенді
қуаныштан емес, қорқыныштан айтқандай, тынысы
тарылған үнмен, бір деммен бүріккен. Сөйткен де,
орнынан ұшып түрегелмек болып, үш ұмтылғанда
тұра алмады. Әл-дәрмені құрып, буын-буынының
босап кеткені сонысынан-ақ айқын аңғарылды.
Нағашы апамыз сөйтіп, өзімен-өзі әуре-сарсаңға
түсіп жатқанда жанымда тұрған қапсағай отағасы
қапсыра құшақтап, тік көтеріп алды да маңдайымнан
мейірлене ұзақ иіскеді. Бауырына құшырлана
қысқан күйі аузымен ауа қармайды. Бірдеңе дегісі
келеді, бірақ ешнәрсе айта алмайды. Содан да
болар, көзінен жас парлап кетті. Бетін жуған ащы
тамшыларға да қарамастан, менің жүзімді де
айғыздап бітті. Қарулы құшақ та ажырамайды.
Әудем уақыттан соң орнынан әзер көтерілген
нағашы апамыз келіп, шалғайымнан жабысты.
- Мәміле қыздың көзі екенсің ғой, шырағым! –
дегенді дірілдей айтқан. Ол кісінің де бет-аузын жас
жуып, айғыздай қойыпты.
- Бәлі, бір қыздың көзі деген не, екі рулы елді
елдестіріп жүрген нағыз ердің өзі екен демейсің
бе?! – деп жарқын көсілген нағашы ағамыз енді-енді
ес жиғанын аңғартып, мені құшағынан босатты да
төрде состиып отырған өзім құралпас балаға:
- Ау, Уәли батыр! Сенің осы үйдің төресі екенің рас.
Бірақ, алыстан алты жасар бала келсе алпыстағы
шал сәлем береді деген, жиенмен амандас. Тұр! –
деп нық айтты.
Әлі ешнәрсені онша түсіне қоймаған Уәли құлық
сыз көтеріліп кеп, қолын ұсынды. Тіпті, қысылып-
қымтырылып тұрса керек. Қолын алған күйі мен де
оны бауырыма тарта бердім...
Сөйткенше болған жоқ, түрі-түсі шешемізге
ұқсаған, ақсары өңді, жирен шоқша сақалы бар қарт
пен бидай өңді, тығыншықтай әйел адам кіріп келді.
Әкемнің әлемі
Мән-жайды естіген бойда екеуі де қосарлана құшып
көріскен күйі көздеріне жас алысты. Бұл келген
кісілер - біз түскен шаңырақ пен шешеміздің туған
ағасы Сүптай атамыз бен сол кісінің қосағы екен. Үй
іргесінде көрші отыратын көрінеді. Абыр-дабырды
естіп жетіпті.
Әңгіме дастархан басында жалғасты. Негізгі сау
ал-жауап жөн сұрасу сұлбасында. Аракідік Беген аға
– отағасы, анамыздың туған інісі- «Әй, азамат! Сен
нағыз ер екенсің!» деп қойып отыр.
Сондайда Сүптай ата: «Қаны қызу, жас қой,
бұларға киім жұқалығы мен жолдың шалғайлығы
біліне бермес. Биыл өзі итқұс қалың ғой, Құдай
сақтаған екен...» деп қалды. Ал, пеш түбіндегі егде
леу әйел болса: «Пейілі пәк болған соң, періштесі
қорғаған да құлынымды,» - деп тағы бір мәрте жа
сын іріккен.
«Пеш түбіндегі егделеу әйел» дегенім Беген
ағаның әйелі болып шықты. Ағасы қайтыс боп,
әмеңгерлік жолымен қосыпты. Нағашы ағамыздан
мүшел жастың үстінде үлкендігі бар екен.
Ішке ел қонып, денеміз жылынған соң мен мау
жырай бастаған болуым керек. Беген аға Ешкен
нағашыны ертіп сыртқа шығып кеткен, іле бірі же
тектеп, бірі сауырынан итеріп нән саулықты алып
кірді де:
- Жиенжан, мына қойға бата бер, - деді.
Мен «үлкен кісі берсін де батаны» деп, Сүптай
атаны нұсқап едім, ол кісі де сабырлы қалпымен:
- Жоқ, қарағым, жол сенікі. Саған арналып
сойылғалы тұрған мал. Біздер – үлкендердің бәрі
былай қалдық, сен жарадың! Ниет білдір, - деді.
Онша қысылып-қымтырыла да, қылымси да
қойғам жоқ. Әкеміз қой сойғанда: «Сенде жазық жоқ,
бізде азық жоқ...» деп басталатын бата қайыратын.
Оның реті келмегенімен, әкеймен бірге жүріп, бала
Қ. Әлімқұлов
кезімде көптеген бата-тілегін естіп өстім емес пе,
«Ағайынның арасы ендігәрі ажырамасын!» деген
тұрғыдағы тілегімді айттым. Оған да разы - хош
болыстық.
Сонымен, не керек, бірнеше күн әр сайды
сағалап отырған малшы ағайын-туғанмен, Сүмбе,
Қырғызсай, Тасқарасу ауылдарындағы жекжат-
жұратпен қауышып, қауқылдастық. Өшкен – жа
нып, өлген-тіріліп дегендей, жөн-жосық сұрасып
тарастық.
Қоштасарда тағы да ықыласты ыстық құшақ пен
көз жасына ырық берілді. Үстіме шапан жауып, тай
атады. Оған қоса қалтама азын-аулақ ақша, қолыма
жарты қап сарқыт ұстатқан. Сол қабы бар болғырға
біраз қипықтағанмын. Ауырсынғандықтан емес,
әрине. Бой түзей бастаған бозбалаға қап көтеріп
жүру қисынсыздау көрінгендіктен де қысылып-
қымтырылғандықтан да. Әйтсе де алғаш рет көріп
отырған
нағашыларымның
періште
пейілдерін
пұшайман етіп, патша көңілдерін жыққым келмеді.
Ол да жөн болған екен. Үлкендер әр нәрсенің
де жөнін біледі емес пе?! Сол қаптан шыққан
сыбағаларынан ауыз тие отырып, қаншалықты
қаталдық танытып жүргеніне қарамастан, ана
мыз да кемсеңдей жылаған. Абысын-ажыны да
қостап, көздерін шыласып еді. Бәрін түк қалдырмай,
түгелдей сұрастырып, мүмкін болған мағлұматқа
да кенелген, менің де абыройымды асқақтатып
жіберген.
Сол жылы, көктем шыға Сүптай атамыз бен Бе
ген ағамыз ауылға іздеп келіп, апта бойына қонақ
болған күйі мәре-сәре боп қайтты.
Мен анамыз айбынына мініп, бүлдіріп алар ма
екен деп күдіктенгем. Абырой болғанда, ондайға
бармады. Жөн білетін жан еді ғой, жарықтық. Әкеміз
екеуі мәртебелі меймандарды хан көтере қарсы
алып, шағын той жасап шығарып салды.
Әкемнің әлемі Содан ара үзілген емес. Үлкендер жағы кезегімен мәңгілік мекендеріне аттанып кетті. Бүгінде нағашы жұртымызға баскөз боп, баяғы алғаш көргенімде төрде отыратын өзім құралпас бала – бүгінде немерелі-шөберелі болған Уәли мырза аман-есен жүріп жатыр. Түрі де шешемізден аумай қалған. Сағынысып көрісеміз. ...Ендігі бір жадымда оқтын-оқтын жаңғырып жүретін беймарал бейне Бекберген деген атамызға байланысты. Ал, ол кісі турасындағы әңгімені ба стамас бұрын қазақтың жеті ата делінетін ұлағатты ұғымына ұмсына кету қажет сияқты. Әрі ол атақты алғашқы Ата заңымыздай «Жеті жарғыға» енген ерекше пәрмен және оның негізін қалаған біздің тікелей бабамыз Өтейбойдақ Тілеуқабылұлы екенін де еске сала кетудің еш артықшылығы бола қоймас?! Иә, қасиетті де қасіреті қазақ халқында әр буын ұрпақтың өзіндік атауы бар. Олар: әке, бала, немере, шөбере, шөпшек, немене және туажат. Туажаттан туған – жүрежат, жүрежаттан – жекжат, жекжаттың баласы – жұрағат атанған. Демек, жеті ананы бөліп алудың мәнісі – қазақ ұлтының нағыз жақын туыстықтың шегі сонымен аяқталатындығының айғағы. Ал туыстықтың бұл мөлшері шамамен екі ғасырға дейін созылады. Сол жарлықтай ғұрыпты мүлтіксіз сақтау кейінгі ұрпақтарға жеті атасын білу міндет етілген. «Жеті атасын білмеген – жетесіз», «Жеті атасын білген ер, жеті жұрттың қамын жер» деген мақал-мәтел содан шыққан. Оның үстіне, бұндай текті талап туыстық ынтымақтың ұзақ уақыт жалғасуын, тірлігі мен бірлігін айнытпаудың, ең бастысы тұқымның асылдығын сақтап, азғындауына жол бермеудің қамын қарастырған заң іспетті, жарқын жолы секілді. Ендеше, осы жерде әңгіме еткелі отырған туыста
Қ. Әлімқұлов рымыз, сондай шұрайлы шежірені қайыра қарасақ, төртінші атадан табыса тарайтын түбі бір ағайындас адамдар болып шығады. Қыз алысқанды былай қойып, Құдай ажыратпаса, адам ажырата алмай тындай ет жақын бауырлар ғой! Бізге мұнтаздай мұра боп жеткен деректерді дәйектесек, төртінші буындағы бабамыз Шойқарадан Қоқай, Боқай, Бүркіт пен Сарқыт атты төрт ұл қалған екен. Міне, сол төртеуінің үлкені Қоқайдан – Жақсыбай, Жақсыбайдан – Әлімқұл, Әлімқұлдан – біздің әкеміз Нүсіпақын. Ал, екінші ұлы Боқайдан – Тәуірбек, Тәуірбектен – Арпабек, Арпабектен біз қазір әңгіме еткелі отырған Бекберген қария тарай ды. Заманымыздың заңғар перзенті, ұлтымыздың ұлы ақыны Мұқағали мұзбалақтың: «Қатыбас өмірден мен пайда алмадым, жаныммен жазған жырым – жайған малым. Қылышың емес пе едім қынаптағы, жоғалттың неге мені Пайғамбарым?!» - деп келетін жанартаудай қайнаған, жауқазындай жайнаған жа сын да жақұт жыр жолдары бар. Мызғып кеткен сезімнің өзін селт еткізер бұл шұғылалы шумақты біз Райымбек баба Албанның асқақ рухы болғанда, Мұқағали Мақатаев рудың рухани туы екендігінен, яғни «ағайынның аты озсын» дегендіктен ғана мысалға алып отырған жоқпыз. Оның бүгінгі тілге тиек етіп отырған тақырымызға тікелей болмағанмен, төтелей де төрелей жеткізетін даңғыл жолы бар. Өйткені, әңгіме – ешкімнің де бұл өмірге келген соң «жоғалып қалмауында». Жоғалғанда да, адасып кетпеуінде емес, ең құрығанда ет жақын жұртының жадынан жойылмай, жанашырлығынан ойылмай, есінде еленіп жүрсе екен деген тәлейлі тілек тұспалданып отырғандығында. Қалай дегенде де, ет пен сүйектен жаралған пенде-пақырдың ешқайсысы да екі аяғы салбырап
Әкемнің әлемі
аспаннан түскен жоқ. Кім-кім де – біреудің баласы,
біреудің немересі, біреудің шөбересі болып жалғаса
беретін өмір атты өзеннің өзіндік тамшылары, то
лассыз аққан толқынның бір-бір түйіршігі. Жалпы
лай айтқанда, Алла Тағала өзі жаратқан Адам ата
мен Хауа ананың үрім-бұтағы болып текетіресе
де иықтіресе де таралып жатқан; Уақыт атты
ұлылықтың ұңғысында тал бесіктен жер бесікке
жеткенге дейінгі жалған дүниеде жалғасын тапқан
талайлардың ұшы-қиырсыз ұрпақтары.
...Бес-алты жасар кезім болса керек. Әкей мені
Жаркенттің ар жағындағы Пенжім деген жерге,
Бекберген атамыздың ауылына ертіп апарған.
Шешеміздің «Ит өлген жер ғой, баланы ертіп
қайтесің?..» дегеніне де қарамады. Бүгінде жүрдек
шетелдік жеңіл машинамен екі-үш сағатта жететін
тұсқа ол кезде «қорап» автобуспен күні бойы жүріп,
шаршап-шалдығып әзер жететін едік. Анамыз соны
нұсқайды екен ғой.
«Алыстан ат терлетіп бауыры келіпті» дегенді
естіген ағайын-жұрт біраз жиналды. Кімнің кім екенін
айыратындай ақыл тоқтатпаған кезім, Бекберген ата
туралы біртүрлі бұлыңғыр сағым ғана самсайды.
Есесіне, Қағаз апамыздың ақшаңқан кимешек пен
көйлек киген ақ парақтай қалпы есімде анық қалып
қойыпты.
Қарттардың қара шаңыраққа ие болып қалатын
жалғыз ұлдары – Ілияс аға ауылдағы орта мектептің
директоры екен. Алайда, ол кезде ондай лауазым
ды қызмет маған ешнәрсе демес еді. Тек, ағаның
іші-бауырыңа кіре, бар болмысымен өзіне бау
рап алып, тарта түсетіні, айрықша ақжарқындығы
мен көл-дария кішіпейілдігі тәнті еткен-ді. «Білімді,
мәдениетті, зиялы» деген ұғымдар әлі ұялап
үлгермеген менің сәби санамда неге екенін қайдам,
ағаның тым елгезектігі тайға таңба басқандай жатта
лып қалыпты.
Қ. Әлімқұлов
Енді, балаң болмыстың бойында бейнеленіп
қалған бедердің ең бастысы – ағаның үш дөңгелекті
жаңа мотоциклі-тін. Жалпы, мотоцикл дегенді ауыл
да да, оқта-текте болса да көргенмін ғой. Алайда,
көрудің жөні бір бөлек те, отырып ап желдей есе
жөнелу мүлде бір басқа-ау! Ағайдың мені сол үш
аяқты темір тұлпарына мінгізіп алып, ауылды бір
айналдырып келуі жадымнан қалай жойылсын?!
Ол дегеніңіз, космосқа ұшқандай демей-ақ қояйын,
бәйге атына мініп, мәреге бірінші боп жеткендей,
көкпарға кіріп барып, серкені тақымға қысқан күйі
басқаларға шаң қаптыра шығандап кеткендей бол
маса маған арнайы мал сойып, алдыма басын
қойғандай, тіпті үлкендермен тереземді теңестіріп,
төрге отырғызғанмен бірдей қара үзген құрмет-тін.
Ондай нәрсе әсте ұмытылар ма?!
Жанындағыларға әркез жақсылық жасап, ай
наласына шуағын шашып жүретін жайсаң да жо
март жандардың соңында сондай бір сағынышпен,
айрықша ақжарылқап аңсармен есіне алып жүретін
адамдар қалады.Жасаған жақсылығын сол соңында
қалғандар жырдай ғып айта жүреді. Қолынан
келгендері соңынан ерген ұрпағына қамқор боп,
көмектеседі. Құрығанда жылы сөзімен сүйемелдейді.
«Әкең өлсе де, әкеңді көрген өлмесін» деген дана
сөз сондайдан қалса керек.
Ал, енді, безбенделген болжамдарымды ағамыз
дың атынан (есімінен) бастайын. Кейін білгенімдей,
ағамыздың ресми ныспысы Ильяс екен. Қазақша
дұрыс нобайы Ілияс емес пе, орыстарды атағандай
(Илья Мурамец) неге солай қойды екен деп басым
ды біраз қатырдым да. Сол кездегі адамдардың
әуелде метіркелеріне, кейіннен төлқұжаттарына
қарап отырсаңыз, ауылдық кеңестің (сельсовет)
хатшылары мен паспорт үстелдерінің инспектор
лары (олардың бәрі дерлік орыстар, көбінесе орыс
Әкемнің әлемі
әйелдері болатын) біраз ағайынның атын орыс
тіліндегі мәнерге келтіріп, қасақана «қате» жазып
жібергендерін байқау қиын емес.
Бірақ, бұл пікір онша қисынға келе қоймайтындай:
мектеп директорлығына дейін көтерілген, жоғары
білімді, көкірек көзі ояу азамат есімін қате жазылған
күнде өзгертіп те алар еді-ау...
Демек, бұл жағдайдың мәнісі басқада.
Арпабековтер әулеті әуел баста өмір сүрген
Басши (қазіргі Шормақ батыр ауылы - «Алтыне
мел» мемлекеттік паркі) өңірінде, яғни біздің ауыл
да Қасенбай деген қарт болды. Нақтырақ, айтсақ,
ағайын арасында қарт болып та көп жүріп жарыта
қойған жоқ. Ал, орта жастағы өмірін ауыл-елден
ешкім де көрмеген...
Қысқасы былай: қазақ жырының Құлагері, ақиық
ақыны Ілияс Жансүгіров жер жаннаты Жетісу
өңірін аралауға шыққан сапарының кезінде біздің
Басшиіміздің де аумағынан өткен ғой. Сонда
Қасенбай атамыздың шілдеханасына тап болмай
ма? Ауыл атқамінерлері мен ақсақалдар: «Ар
найы шақырсаң келтіре алмайтын қадірлі қонақтың
атын қояйық» десіп, нәрестені Ілияс атандырыпты.
«Бәле-жала қайдан?!» дерің бар ма, көп кешікпей
ақиық ақын халық жауы атанып, түрмеге қамалып,
ақыр-соңында атылып кетеді. Ал, әліпті таяқ деп
білмейтін Қасенбай атамыз болса, баласына халық
жауының атын қойған дұшпанның құйыршығы
ретінде 20 жылға сотталып, ит арқасы- қияндағы со
нау Қиыр Шығыстан бір-ақ шығады.
Мектеп табалдырығынан енді ғана аттаған кез
де мен де ол қартты көрдім. Мен көрген кісіні кім де
болса шалдығып, шаруасы біткен шал дер еді. Тек,
анамның:
- Байқұстың құр сүлдері ғана қалыпты ғой, елден
кеткенде тепсе темір үзетін-ақ жігіт еді. Қартайғандай
Қ. Әлімқұлов да емес, ұмытпасам қырықтың бесеуінде ғой... – дегені ойлантып тастайтын. Сөйтсем, жат жердегі ауыр жұмыс пен ілдалдалаған тұрмыс, азапты тірлік азаматты қаусатып жіберіпті. Он сегіз жылдан соң, Сталин қайтыс болғанынан кейін, онда да өкпе ауруына (ту беркулез) шалдығып, өлермен халге жеткендіктен, амалсыздан босатқан да. Елге келіп, есін де жиып үлгерместен, күрс-күрс етіп тұншыға қан жөтеліп жүріп, бір жылға да жетпей, жеті-сегіз айдың айналасында дүние-жалғаннан өтті. Үлкендер жағы: - Жарықтық жан тәсілім етерде: «Туған жердің бір уыс топырағы бұйыратын болды, арманым жоқ!» дегенде көкірегі қарс айырылды... – десетін. Туған жеріне кіндігімен байланған қайран қазақи қалып-ай, десеңізші! Оның арғы жағында: «Ит өлген жерде жүріп кетсем, жаназам да шығарылмайтын еді... Көмілусіз де қалар ма едім? Көмілгеннің өзінде, моламның қайда екенін кім білер еді?..» де ген сияқты көп сұрақ сығалап тұр ғой! Ең өкініштісі, «Елдің Ыбырайы – Ыбырай, біздің Ыбырай - сұмырай» демекші, жан азабына себепші болған сол Ілиясы әкесін арулап көму былай тұрсын, өліміне келуге де жарамады... Міне, қасиетті де қасіретті қазақ халқының ба сынан осындай запыранды замандар да өткен. Коммунистік идеологияның сұрқия саясатының салдарынан сондай-сондай зобалаңдарды да көрген көнекөз аталарымыз. Сондықтан «сақтансаң – сақтайды» деген қағидаға қапысыз сүйенген сұңғыла бабаларымыз балаларын сөйтіп те аман сақтап қалудың амалын тапқан. Бірақ, әкеміз есімі құжатына Ильяс боп тіркелген сол ағамызды өле-өлгенше Әлияс деп атап кетті. Бұл жерде мен қаншалықты шақшадай басымды
Әкемнің әлемі
шарадай қылғаныммен, мынадай бір-ақ тоқтамға
тірелдім: әкей Әлияс есімді алғашқы ұлдың өмірге
келгенін естіп-білген де, оның қайтыс болғанынан
бейхабар қалған екен. Содан кейін дүние есігін
ашқан Ілиясты сол Әлияс екен деген пайымында
қалған сияқты.
Екінші бір әңгіме – әулеттің түп-тұғиянымен туып-
өскен жері, құтты қонысы – Қарақойнау өңірінен неге
қопарыла көшкені хақында. Әрине, ол уақыттың
қиын-қыстау кезең екені түсінікті. Егер де елдің біраз
бөлігімен бірге атқа қонып, түйе қомына таңылса,
бір жөн, неге жеке-дара бір атаның ғана адамдары
жері мен ауыл-ағайындарын ауыстырған?
Тағы да шама-шарқымша небір шығандарды
шарлағанымда тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні
мына төңіректе тоқайласады. Арпабек бабамыз
анау айтқан бай болмағанымен, аумаққа аты белгілі
ауқатты адам болған. Сол дәнекер дәулетке Бек
берген атамыз ие боп қалған ғой. «Табан ақы,
маңдай терімен тапқан ырыздықты қызылдарға қор
қылғанша, Қытай асып, аман алып қалуды ойлай
ын» деп, шекараға қарай тартып отырса керек.
Бірақ, әртүрлі себептермен, ары қарай өте
алмаған. Амал жоқ, тағы бір реті келер деп, шекара
шебіндегі Пенжімді сағалауға мәжбүр болған.
Оның үстіне, олай ойлауға тағы бір себеп бар.
Әкеміз араға екі-үш жыл салып Пенжімге арнайы
барып тұруынан жаңылған емес. Әрі онысын
ешқашан, ешкімге жария қылмайтын. Сұрай қалған
ауыл-ағайынға: «Жаркенттегі бір тамырыма барып
келдім» дейтін де қоятын.
Керісінше, Бекберген атамыз бен ол кісінің
ұрпақтарының ешқайсысы Басши жеріне қайта келіп
көрген емес. Ол тірліктің өзінен де: «Қырық рулы жер,
біреу болмаса біреу көрсетіп, ұстатып жіберер?..»
деген сақтық сығалап тұрғандай емес пе?!
Қ. Әлімқұлов
Иә, саясат салдарының сөйтіп талай жұртты туған
жерінен бездіріп, «ерікті түрде» жер аудартқаны да
жасырын емес бүгінде.
Және жоғарыдағы ол ойды әкейдің айтқан бір сөзі
де тірілте түсер еді. Жасырақ кезімде:
- Ол кісілер кімдер? Бізге қандай қатынастары
бар? – деген дөп қойылған сұрақтарыма жәй ғана,
жүрдім-бардым:
- Аталас, ағайындас адамдармыз... – дей сала
тын.
Кейіндері, өзім үйлі-баранды болып, қолым аузы
ма жете бастаған тұста:
- Олар – бауырларың. Мүмкіндігіңше аралас,
сыйлас. Қолыңнан келсе, көмектесіп жүр. Жақын
тартуға тырыс. Бірақ дабырлап әңгіме қылма.
Үкіметтің құрығы ұзын, қызметіңе қырсығы тиіп кетіп
жүрмесін, - дегенді нығарлай айтқан.
Демек, ауыл-елдің егде жастағы жұрты ол
кісілерді Қытайға өтіп кеткен деп есептейтін болғаны
ғой. Жастар жағы болса, екі бастан жалпы ешнәрсе
білмейді. Әрі әкей де, Пенжімдегі туыстарымыз да
елдің сол ойларында қалғанын қалайтындығы еш
даусыз сияқты.
Міне, бұл да – кеңестік кезеңнің келеңсіз
көріністерінің бірі-дағы.
Ал, енді, «Аталас, ағайындас ададармыз...» де
ген ойға байланысты біраз ойды жоғарыда, Албан
руының Шақа деген шағын ғана жұртының Шойқара
бабамыздан тарайтын төрт ұлына орай шежіре
деректерін
мүмкіндігінше
мәлімдегенде
аз-кем
айтқанбыз.
Бүгінде Ілияс ағамыздан тараған ұрпақ –
Бақытбек, Мұратбек, Марат, Талғат және Азамат
атты бауырларымыз өз алдыларына бір-бір үй боп,
біреуден ілгері, біреуден кейін дегендей, түтіндерін
түтетуде. Құдай қосқан қосағы – Сара тәтеміз
Әкемнің әлемі
солардың бәріне бас-көз боп, сексеннің сеңгірінде
аман-сау жүріп жатыр.
Албан – Шақа боп жалғасатын бұтақтың Шойқара
бабамыздан қалған үшінші ұл – Бүркіттен бас
алатын Таубалды – Сыдығали аталарымыздың
ұрпақтарымен де тонның ішкі бауындай арала
сып, бекем байланыста болдық. Әсіресе, Иманғали
ағамызбен шынында да бір үйдің балаларындай
сыйластық десем, артық айтқандық емес. Өйткені,
ол кісілермен бір ауылда тұрдық. Екі күннің бірінде
демегенмен, ретіне қарай қарым-қатынас қалыпты
жағдайға айналған.
Ол кезде ауыл-ағайынның кішігірім де, үлкен де
той-томалағы таусылмаушы еді-ау! Көршісінің сиы
ры бұзауласа да қоңсы отырған абысын-ажын «уыз
той» жасата салатын. Кез келген жақсылыққа шы
найы қуана алатын қауым еді ғой ел іші!
Иманғали ағаның денсаулығы жоқ еді, асқазаны
ауыратын. Содан да астың тұзын аз салдырып,
сорпаның майын алдырып, шайды сұйықтау етіп
құйғызып – тамақты таңдап жейтін. Сонысына
қарамастан, қазанын оттан түсірмейтін. Өйткені,
бала-шағалы, шиеттей жан еді. Тіпті болмаса:
- Аға, балалар қызылсырап жүрген соң бір қойды
сойып едім, кешке келіп, басын мүжіңіз, - деп қарап
тұратын.
Өзі де бір бетегеден биік, жусаннан аласа биязы
жан болатын, жарықтық. Мен білгенде, өмір бойы
шаруашылық бөлімшесінің есепшісі болып қызмет
атқарды. Тиын санаған қиын жұмыс болғанына
қарамастан, ешкіммен шай деспей өтті өмірден.
Балалары: Бақберген, Нұрсадық, Мұрат, Азат
және Серік – түгелдей үйлі-баранды. Бәрі де білім
алып, жақсы-жақсы жұмыстарда істейді.
Ал, аз санды Бүркіт баба ұрпағының соғыстан
қайтпаған
Сыдығали
атамызға
байланысты
Қ. Әлімқұлов
бұтағының атағын анау айтқандай асқақтатқан
Өмірғали және Аманжол ағаларымыз. Екеуі де
қиындықты көп көріп, өмірдің ащы-тұщысын аз
татқан жоқ. Сондықтан да болар, қақ-соққа үйірсектігі
жоқ еңбекқор, өжет болып өсті. Өз қатарларының
арасынан оза шауып, білімді де, білікті де азамат
тар атанды.
Екеуі де құқық қорғау саласы органдарында үздік
те үлгілі мамандар болды. Өмірғали аға Талдықорған
облысының Ақсу аудандық ішкі істер бөлімін
басқарса, Аманжол аға Алматы облысындағы Пан
филов ауданының милиция бастығының орынбаса
ры деңгейіне дейін көтерілді.
Қай қызметте жүрсе де, екеуі де салмақты да са
лауатты, қарапайым да қамқор қалыптарынан еш
айныған емес. Ел мүддесіне деген ізгі әділдіктерімен,
арларына дақ түсірмеген адалдықтарымен бірі –
полковник, бірі – подполковник шенінде отставкаға
шықты.
Қазір
бала-шаға,
құда-жекжаттарымен
жарқын
араласа
жүріп,
Жаркент
қаласында
бейнеттерінің зейнетін көруде.
Осы жерде жадымда жаңылмастан жүретін екі
нәрсені: ағаларым мен аналары Зәбира шешемізге
байланысты беймарал екі оқиғаны ортаға сала
кеткім келеді.
Қазірде кейбір жігіттер күні түскен «көкелерін»
әкем жасамаған жақсылық жасаған адам деп, көрінеу
астына көпшік қойып, алдында құрдай жорғалайды.
Оларға «әкеңнен садақа кет!» дейтін де ешкім жоқ.
Әкені ешкімнің алмастыра алуы мүмкін емес екенін
ескертетін де пенде кездесе қоймайды...
Міне, осындай жайларды салмақтай отырып
сөз етсек, ақсақалымыз екі ағамызға әкелеріндей
емес, өзінің әкелік қамқорлығы тұрғысынан көп
көмек көрсетті. Басқасын айтпағанда, екеуін де
әкей үйлендірді деуге болады. Өмірғали ағаның
Әкемнің әлемі үйлену тойына арнаған қатқан құнажынды Аманжол аға екеуміз бір атқа мінгескен күйі жиырмашақты шақырым жерден жетелеп келгеніміз күні бүгінгідей көз алдымда әрі көкейімде де сайрап тұр. Аманжол аға мен әскер қатарында жүргенде отау тікті. Ол кісіні де қолқабысынан қалтарыс қалдырмағанына сенімдімін. Одан кейінгі жерде ағаларымыз қызмет бабымен сыртта жүрді. Әйтсе де аралас арылған жоқ. Әкемізді соңғы сапарға да екі ағамыз үлкен ілтипатпен аттандыруға бір кісідей атсалысты. Ендігі әңгіме – ағаларымыздың анасы – Зәбира шешеміздің мейірбандығы хақында. Бала кезіміздегі «айналайынын» қашан да сағынып жүретінмін. Екі жыл Калинин орта мектебінде мұғалім болған кезімде сол шешемнің қолында тұрып жұмыс істегенім бар. Жастық жа лын да, желік те мол, желкілдеп жүрген шақ. Түннің бір уақытында келетін кездер басым. Қай уақытта келсем де тамағын әзірлеп, дастарханын жасап, тілеуімді тілеп, тосып отырушы еді! Тамақ демекші, күні бүгінге дейін ондай аспазды, әй, көрмеген шығармын?! Нағыз жоқтан – бар, бар дан – нар жасайтын тапқыр да табанды жан-ды. Жарықтық шешеміздің топырағы торқа болсын! Шойқара бабамыздың төртінші ұлы – Сарқыт, одан тараған Молдабек, Мысанай, Қали ұрпақтары Тұрсын, Қалыбек, Қыдырбай, Қыдырбек, Еру бек, Икембай аталарымыздың көзін көрдік. Ақсақалдардың алдына бара бермейтін сәби кезіміз ғой, әйтсе де бірлі-жарымының қолын алу құрметіне ие болып, батасына бөлендік. Ал, олардың бала лары Тұрғанбек, Боранбай, Тұрғанбай, Әбілмәжін, Рысқұл, Әбілхан, Атамқұл ағаларымызбен, қоянқолтық болмағанымен, жөн-жосығымен, ретімен ри ясыз араласудың талай-талай тәлейлі реті келген.
Қ. Әлімқұлов
Бүгінде олардың ұл-қыздарының өзі зейнет
жасының о жақ, бұ жағындағы жандар. Желкілдей
өскен жанұялардың біреулері – отағалары да,
екіншілері – абзал да ардақты аналары.
Қорыта айтқанда, қай-қайсысы да қаймағы
бұзылмаған
қарға
тамырлы
қазақи
қалыптың
қағидаларын шиін шығармай сақтауға, қарасын
көбейтуге жұмылған күйлері бұйырған нәсіптерін
жаңылмай талшық етіп, тату-тәтті тіршіліктерін
түлетіп, түтіндерін түзетіп, жүріп жатқан жайлары
бар.
...Әкейдің әркіммен өз дәрежесінде араласа
тындығын айтпағанда, адам алалауды білмейтіндігін
де бірнеше рет тілге тиек еткенбіз. Әрине,
туыстықтың, таныстықтың дәстүрлі салтын сақтауы
да қарым-қатынастың әділдігін айналып өтпейтін.
Бір сөзбен айтқанда, үлкенді-үлкендей, кішіні-
кішідей сыйлай алатын. Соған тырысатын.
Әрине, ол қатардан Құдай қосқан құдаларымен
арадағы сыйластығын да қалыс қалдыра алмасы
мыз және даусыз. Ақсудағы – Саяқ, Әулиеағаштағы
– Нұрахмет, Мақаншыдағы – Еркін, Аралтөбедегі –
Тұрғанбек құдаларымен, солардың айналасындағы
барша жекжат-жұрағатпен әдемі сыйласып өтті. Ара
ларында дорба да жүрген, жорға да жүрген кездер
болса, болған шығар. Бірақ, ешуақытта құрметтеу
қағидасына ешқандай селкеу түспегені тағы ақиқат.
Келіндері мен күйеу баласының әкемізді күні бүгінге
дейін сүйкімді бір сезімдерімен еске алып жүрулері
де соның айқын айғағы болса керек.
Әкемнің әлемі
АСЫЛ ДА ҒАСЫР АНА
немесе құлынына құлдық еткен
Әлбетте,
әңгіме
әкеміз
туралы.
Алайда,
тақырыбын «Әкемнің әлемі» деп қоюымыздың өзі
ол кісіге қатысты басқа да бірқатар мәселелердің
сөз болатынын білдірсе керек. Ендеше, әкеміз өмір
сүрген уақыт пен орта: қоғам, заман мен аралас-
құралас адамдарды айналып өте алмайтынымыз
тағы ақиқат.
Даниэль Дефо деген жазушы «Робинзон Кру
зо» атты шығармасында «Жалғыздық құдайға ғана
жарасқан» деп келетін қағидадан құтыла алмай бас
кейіпкерінің қасына «Жұманы» қоспаушы ма еді?
Тәңірге тәубе, оның жанында біздің әкеміз қалың
жұрттың, қайнаған тірліктің бел ортасында ғұмыр
кешті емес пе?! Біреулермен тағдыр талқысына
орай, екіншілерімен тұрмыс жағдайларына бай
ланысты, ал енді біреулермен, тіпті кездейсоқ
кездескенін шама-шарқынша баяндаған болдық.
Онда да әкеміздің әлемін мейлінше ашып көрсетіп,
оқырманға түсінікті болсын деген тұрғыдан қаузадық;
алып-қосудан аулақ боп, ақиқатын айтуға тырыстық.
Енді, осылардың бәрін біртоға баяндай отырып,
әкеміздің мазмұнды да ұзақ өмірінің алпыс жылын
да қосағы боп қоса ағарған жары, балаларының
аяулы анасы, жеңге-келіндерінің кеңқолтық абысы
ны; кейіннен, тіпті, ауыл-елінің көгентүп кейуанасы
болған шешеміз – Мәміле Қырықбайқызы хақындағы
бір тарауға арнайы орын бермегеніміз болмас.
Оның үстіне, әкеміз әңгімеге онша құлықты
Қ. Әлімқұлов
болмағандықтан, осы кітапқа енген оқиғалардың,
кем дегенде сол оқиғалардың өзі болмаса да, кейбір
жәйіттерінің біразын баяндап берген де сол кісі еді.
* * *
Біздің де шешеміз керемет келбетті неме
се соншалықты сұлу еді демегенімізбен, өзіндік
сүйкімділігімен ерекшеленетін жылы жүзді, дег
дар дидарлы, мейірімі мол жаннат жан болатын.
Ақшыл сары өңді, жанары қой көздің көкшілдеуіне
келіңкірейтін ақжарқын адам еді.
Тоқсаннан асқанда шөге-шөге шүйкедей ғана
болып қалғаны болмаса, кезінде бітімі де орта
бойлының орайлысы-тын. Біз ес біле бастағанда
белінде бұлғақтаған білектей қос бұрымы бар еді.
Шаш екеш шаш та қартаяды екен: ағарып қана
қоймай, жұқарып, жұтаң тартты...
Құдайдың құдіреті десеңізші, әкеміздің соғыста
жамбастан жараланып, сол аяғын сылтып басқан
күйі оралғанын жоғарыда айтқан едік. Енді мынаны
қараңыз, шешей нақ сол тұста тылдағы жанталас
жұмыстан жарақат алып, сол аяғын сылтып басқан
күйі өмірден озды.
... Жазмыш дегенді де қойсаңызшы, ойламаған
жерден опық жегізетін оқиғалар көп қой бұл өмірде.
Алайда, адал пейіліңмен ерен еңбек ете жүріп, арпа-
бидайды асқа айналдыратын айналайын диірменнің
тасынан мүгедек болып қалу деген, тіпті қисынға
келе қоймайтындай-ау?.. Ал, біздің анамыздың аяғы
күнделікті күйбің тірлікке нәр беретін сол диірмен та
сынан кемтар болыпты.
Ақыры айтқан соң, аз-кем анықтама бере кетсек,
ол былай болған екен. Комбайн дегенді біздің жақта
әлі ешкім көре қоймаған кез ғой: астық қолмен оры
лып, ат маламен бастырылады да су диірменде
Әкемнің әлемі
ұнға айналатын. Әрі еркек біткен бүтіндей майданға
аттанғандықтан, ауыл-елдегі ауыр-жеңілі аралас,
барлық жұмысты, негізінен әйелдер атқарады.
Бірақ, бұл қарттар мен балалардың іргелі ісін жоққа
шығарғандық емес.
Күндердің күнінде ауданнан арнайы алдырылған
ұн тарту үшін әдейі дайындалған, ортасында білек
жуандығындай тесігі бар диірменнің дөңгелек та
сын өгіз арбаның үстінен түсіріп алу қажет болған.
Бір кездердегі қиыршық тастардан түзілген, шар
болаттай шымыр келетін ондай тасты кейіндері
мен де талай көрдім. Салмағы құрығанда екі жүз
килограмыңызға жетеқабыл болса керек.
Иә, сондай шар болат тасты арба үстінде екеуі,
жерде екеуі – төрт әйел түсірмек болады. Қалыпты
жағдайға келтіріп алған соң, үстіндегі екі әйел жерге
түсіп, төмендегілерге көмектесуге тиіс екен, солар
түсіп үлгергенше алып тас арба шанағынан ауып
кетіп, анамыздың сол аяғын баса құлап кетіпті. Ауыр
салмақ түскен жерден асықты жілік шорт сынған
да, бір сүйір ұшты сүйек ет пен теріні қоса жырып,
сыртқа тесіп шығыпты.
Шешей естен танып, басқа әйелдер қолдарынан
келер еш қайран жоқ, шуылдапты да қалыпты.
- Ол да бір жығылғанға жұдырық, ауыр азапты
жағдай болды ғой, - деп бастар еді әңгімесін әз ана
мыз. – Едәуір уақыттан кейін есімді жисам, бар әйел
айналама жиналып алған, шу-шу етеді. Біреулері не
істерлерін білмей, зыр жүгіріп жүр. Енді біреулері
еңірегенде етектері жасқа толып, зар жылауда.
Алғашында өзім де ешнәрсе ұға алмадым. Әндиша
жеңешем:
- Көзін ашты, қане шуламаңдар! – деп саңқ ете
түскенде бір тылсым тыныштық орнады да, еміс-
еміс есім кіре бастады. Өне-бойым қорғасын құйып
тастағандай зіл батпан. Тұла бойым тұтас ауыратын
Қ. Әлімқұлов
дай. Сәлден соң шамаладым, қақсатып алып бара
жатқан сол жағым. Көз жүгіртуге мұршам келгендегі
аңғарғаным – көйлегімнің етек-жеңі түгелдей қан-
жоса...
Әй, Құдай тілеуіңді бергір, Әндиша жеңешем-
ай, еркек мінезді ерекше жан ғой! Доғдырды, дәрі-
дәрмекті былай қойғанда, ол тұста ұсталмаған мата-
дәке мен құрым киіз қайда? Қасқалдақтың қанындай
еді демегенмен, қат еді де. Сол Әндиша кіндік
шешеңнің әскери тәртібінің арқасында аман қалдым.
Ол кісінің айтқанын қатындардың ешқайсысы екі
етпейтін. Жүре тыңдауға жол бермейтін, өзі де тіл
алмауға себеп сездіріп, сезік туғызбайтын. Түзу
жүретін, текті жан емес пе?!
Біріне дәке алдырып, екіншісіне киіз таптырып,
енді біреулеріне от жаққызып, су қайнаттырып –
дәрігер де, оташы да болды. Бірнешеуі жабылып
қолымды бір жаққа, аяғымды бір жаққа тартқылап,
сынған сүйекті орнына келтіргенде қайта есеңгіреп
кетіппін:
сүйек
жарықшақтарын
қиюластырып,
жара аузын жуып-шайып, бетіне киіз күйдіріп ба
сып, қос қапталдан тақтаймен таңып тастапты. Сол
жатқаннан өлдім-талдым деп, аттай алты ай жат
тым, тапжылмастан.
Көрер жарығы болса, адам да ит жанды екен-ау!
Алғашқы екі айда ес-түссіз жаттым десем де бола
ды. Не қасымда хәлімді сұрап, көмек қолын созатын
да пенде баласы жоқ. «Бәрі де майдан үшін!» деп,
қарбаласып жатқан жұрт жоспар орындаймыз деп
жанталасуда. Өздері қабынып-сүрініп жүр.
Қайтсін байқұстар, оқта-текте кезектесіп келіп, ау
зыма су тамызып кетеді. Әйтеуір Әндиша жеңешем
күн аралата дәкені ауыстырып, жараны жуып-шайған
болады. Бетім бері қараған соң оған да мұрсалары
болмай кетті. «Бәрібір біздің қолымыздан не кел
гендей, бір Құдайға тапсырдық...» деген болар.
Әкемнің әлемі
Көбісінің үйінде шиеттей өз бала-шағасы бары бы
лай тұрсын, қай-қайсысы да тұмсығынан тіреліп, са
насымен сансырап жүрген жоқ па?!
Жас қуалайтыны рас болса, сынық бітіп кеткен
болар дегенге алдана бастағаным сол-ақ екен жа
нымды көзімнің ұшына келтірген бір кесапат кеулеп
ала жөнелді.
...Сөйтсе, таңулы жараға қайдан жол тапқанын,
көк шыбын тышып, құрттай бастапты. Үкімет қойлы
ауылды қағажу қылдырмайтын кәрәлін деген кере
мет улы дәрі одан да құтқарыпты.
Сонымен не керек, жарты жыл үміт пен күдіктің,
өмір мен өлімнің арасында арпалысқан күйі, әйтеуір
аяғына мініпті ғой. Сынықшы салмаған соң қайдан
кінәратсыз болсын, шор болып біткен сүйек аяғын
қысқартып тастапты. Жанының қалғанына қуанған
пенде ондайға тіпті мән де бермейтін болса керек.
Мүмкін, тағдыр-талайына мойынсұнбасқа лажы да
қалмай ма екен, кім біледі?
Әйтеуір анамыздың аяғының кемтарлығына орай
өмірге өкпе артып немесе тағдырына налығанын
естіген емеспіз. Тәубесі аузынан түспеген жан
керісінше өмірге деген құштарлығымен әр атқан
таң мен келген күнге деген ризашылығымен,
әрбір
сәулелі
сәтке
деген
сүйіспеншілігімен
төңірегіндегілерді тәнті етіп өтті. Құдайға қараған
адамның қанағатшыл қалпынан тайған емес, рия
сыз ризашылығының рахатына бөлене білді. Соны
сымен бізді де барға қанағат, жоққа салауат айтуға
үйретті.
Осындайда ойды ой түртіп, әңгімені әңгіменің
қозғайтыны бар. Жаратылыс деген де жұмбағы
көп тіл жеткіліксіз тылсым дүние ғой. Неге екенін
қайдам, ешқандай кем-кетігі немесе анау-мынау
кінәраты болмаса да, бала кезімнен бастап менің
де сол аяғым әлжуаздау болды. Жо-жоқ, ауырып-
Қ. Әлімқұлов
сырқап немесе қадам басуыма кедергі келтірген кезі
болған емес. Тек, көбірек жүгіріп иә ауыр салмақ
түсіргенімде оң аяғым «қыңқ» етпейтін де, сол
аяғым біртүрлі шаршап қалатын. Сондайда әкем
мен шешемнің сол аяқтарын ойлайтынмын. Екеуінікі
де туа біткен кесел емес, тұқым қуалайтын да дерт
ке келмейді, сонда мұнда қандай құпия сыр болды
екен деп қайран қалатын едім.
Сөйтіп жүргенде көлік апатына түсіп, сол аяғымды
жаралап алғаным бар. Сынған да, тіпті шығып кет
кен де сүйек жоқ, түгел сап-ау. Тек, бұлшық етінің кей
жерлері ыдырады ма екен болмаса сіңірі яки жүйке
тамырына тиесілі бір желілері жаншылып қалды ма
екен – содан кейін-ақ сол жақ жамбасымнан тартып
бүкіл аяғым тоңып тұратынды шығарды. Тіпті, келе-
келе «тірі барометрге» айналды. Ертең ауа райы
бұзылады дегенде түнімен қақсап шығатын болды.
Күпіршілік айтсам, кешірім өтінем, Құдіреттің
өзі аяқтың қалай ауыратынын сездіру үшін солай
қисынын келтірді ме, кім білген?!
Бірді айтам деп, бірге кетіп жатқанымды да
білемін. «Көкейдегі көрікті ойдың ауыздан шыққанда
сиқы қашады» деген емес пе, әйтеуір ойды орнықты
жеткізсем деген талпыныс та біздікі.
Анамызды асыра мақтайын деген де, басқаның
анасынан артық еді деп күнәһар болайын деген де
ойдан аулақпыз. Әйтсе де, анамыздың ауыз тол
тырып айтарлықтай ақжарылқап істері баршылық.
Ретімен солардың бір парасын оқырман назарына
ұсынғанды жөн көрдім.
Ұсынғанда да, бәлендей бір жаңалық ашатын
емес, әйтеуір, анамыздың асыл бейнесіне тиесілі
бір-ер де болса ерекшелікті екшесем дегендік. Әрі
ондай жәй басқа ешкімнің бойында жоқ деуден де
аулақпын.
...Беу, дүние-ай, десеңізші, ана үшін бала біткен
Әкемнің әлемі
қаншаға келсе де бала болып қала беретін көрінеді
ғой, тегінде.
Елуді еңсеріп қалған менің өзімді жас балаша
еркелетіп, мейірлене мәпелейтін сөздерін аңсаймын.
Әрине, әңгімені әдемі айтатын анамыздың сүйкімді
сөздері көп-ақ. Әйтсе де менің құлағыма, құлағыма
ғана емес, бүкіл бітім-болмысымның құрышын
қандыратын «Құлыным менің, құлдығым!» деген
тіркесті тілеп тұрарым даусыз. Әрі ол сөздердің де
өзіндік құрылу, қалыптасу себептері мен кезеңдері
бар-тын.
Мен есімді енді біле бастағаннан мектепке кіргенге
дейін «Құлыным менің» деуші еді. Қойлы ауылда
қозы-лақ, құлын-таймен таласып өскен мен ғой ол
сөздердің төркінін өзімше түйсінетінмін. Өйткені,
құлынның әдемі де жүйрік екенін, текті түліктің
төлі екенін бағамдайтын едім. Әкей де жылқының
судың тұнығынан ғана сусындайтынын айтатын да,
көрсететін де.
Сондай-ақ
анамыздың
аялы
алақанын
сағынамын-ақ. Сағынғанда да соқталдай азаматты
сылап-сипап жатпайды да. Екі алақанының арасы
на менің қолымды салып ап, саусақтарымды аялай
сипап отыратын.
Айтпақшы, «алақан» демекші, мен төртінші
сыныпта оқып жүрген кезде анамыздың сол жақ
алақанына алабөтен жара шыққаны бар. Ауылдың
анау-мынау ауруларға өздері ем-дом қолдана
беретін кемпір-шалы, шаруашылық орталығындағы
бірлі-жарым дәрігері бар – ешқайсысы қандай жара
екенін жыға танымай, ана дәріні іш, мына майды
жақ деп жүріп асқындырып жіберген. Содан жылап-
еңіреп, өліп қала жаздап ауданға апарып, кішігірім
операция жасатып, бетін әрең бері қаратқан-ды.
Әбден іріңдеп кеткен екен, соның орнына мақта
толтырып қойыпты. Апта сайын ауыстырып, ай
Қ. Әлімқұлов жарымға жақын уақыт укол салған (дәрі еккен). Өзі «Ой, пенцелин дегенің күшті дәрі көрінеді ғой...» деп жүретін. Кейіннен «күйдіргі» деген жара екен, жаңадан аузы шыға бастағанда күйдіріп жіберу керек екен дегенді біреу айтыпты. Міне, сол алақанына жара шыққаннан бастап жазылғанға дейін үш-төрт ай мен де анамның жа нынан шыққан емеспін. Бар жұмысын өзім тын дырдым десем де артық айтқандық болмас. Қамыр илемеді демесеңіз, тіпті тамақты да оқушы бала өзі дайындаған. Сол кезде ғой «Құлдығың болайын!» дегенді шығарғаны. Кейін келе сол «Құлыным менің!» мен «Құлдығың болайынды!» қосып әрі сәл қысқартып «Құлыным менің, құлдығым!» дейтін болған. Алғашқылары жылдар ақырындап жылысқан сайын көңілімде көмескіленіп, соңғы нұсқасы санама әбден сіңіп қалған. Сағынтатыны да, құлаққа сіңістісі де сол - кейінгі нұсқасы. Ал, шын мәнінде мен шешеме оған дейін де жақын болған екенмін. Нақтырақ айтқанда, амалдың жоғынан жақын болуыма тура келген екен. Оның мәнісі мынада: кішкене кезімде қолдыаяққа тұрмайтын тым ұшқалақ болыппын. Зәбира шешеміз айтпақшы, анамыз мені от пен суға түсіріп алмау үшін аз өмірін арнамаған көрінеді. Неге екенін, әйтеуір тамақ жей бастаған кезімнен балғын кілегейге қатты құмар болыппын. Бәлкім, анамыз сауыншы болғандықтан шығар? Ол кісі мені бірдеңеге ұрынып қалмасын деп, көзінен таса қылмау үшін сиыр сауып, сеператор тартқанда етегіне шылбыр жіппен байлап қояды екен. Бірақ, қаншама қорғаштағанмен, төтелеп келген азап тан адам баласы бәрібір қашып құтыла алмайтын көрінеді ғой. Бұрынғылардың «Жазмыштан – оз мыш жоқ» дейтіні содан айтылса керек.
Әкемнің әлемі
Анамыз сүт тартып боп, сеператорды таза
ларда табақшаларын маған береді екен де, мен
солардағы кілегейді сатпақ-сатпақ боп жалап оты
рады екенмін. Бір күні сүттің тартылып болуына
шыдамым жетпесе керек, кілегей алып жалаймын
деп жүріп тұрған сеператордың қуысына қолымды
тығып жіберіппін.
Шешей шар ете түскенімді бірақ байқаған... Со
дан ортан терек пен шылдыр шүмектің ұштарын
сеператор щайнап жіберіпті. Сөйтіп, бар ағайынды
айлап әуреге салыппын.
Сыртынан біліне бермейді, ішкі жағынан екі
саусақтың ұшы да күні бүгінге дейін шодырайып
тұр. Домбыра пернелерін басқанда болмаса, онша
көп кедергі де келтірмейді.
Жалпы, көзіңді ашқанда көргендіктен де ме
екен, кім-кімге де анасының пісірген асынан дәмді
тағам болмайды. Мен жоғарыда айтылған балғын
кілегейді қоспағанда, анамыздың қолынан шыққан
екі дәмді аса аңсайтынмын. Оның бірі - жұқалау
етіп, қытырлатып пісірілетін тапа нан да, екіншісі
- қойдың тоқ ішегінен жасалатын шұжықтың сүрі.
Соны жақсы білетін анамыз ауылға оқта-текте
бара қалғанымызда бір тостаған кілегейі мен тапа
нанын дастарханға жедел жеткізетін де, күрең шай
мен шілде терім шыға отырып жейтінмін. Одан
кейін шоқтың қозына көмілген шұжықты келтіреді.
Кейде шұжық болмай қалса, тапа нанға қойдың
майынан шыжғырылған шыжық қосып жіберетін.
Күпіршілік болмасын деп айтайын, солардан
дәмді тағам түрлері бар дегенге мені иландыру, әй,
қиын-ақ.
Өкіне тұрып айтардай ол да бір дәурен екен
де. Қазір кілегей қайырып, тапаға нан жабатын,
көтенішек айналдырып, шұжық жасайтын адам да
азайып кетті емес пе?!
Қ. Әлімқұлов
Кейде, осылайша ата-анаңмен бірге олардың за
манын да сағынышпен еске алатын кездеріміз бо
лады. Бірақ ол да бүгінгіге күл шашқандық емес,
шырылдаған шындыққа кешегінің көзімен қарау
ғана деген дұрыс болар?
Жалпы, жалпақшешейлікке жаны қас, ақты –
ақ, қараны – қара деуге ғана дендейтін әділетшіл
адам еді, жарықтық. Сондықтан да болар, жақын
тұтқандарын айналып-толғанып, жат санағандарын
жанына жолатпайтын. Ол, енді, діні қатты дегенге де
келмейді, бүгінгінің тілімен айтқанда, «принципшіл»
дегенге саятын болса керек.
Жоғарыдағы тараулардың бірінде отыз жыл
көріспеген
төркінін
тауып
бергенімді
біртоға
баяндағанмын. Міне, сол бірге туған бауырларының
өзіне онша елжірей қоймады. Жер шалғай (ол кісілер
Ұйғыр ауданында тұрды), оның үстіне қазіргідей
көлік қатынасы жоқ, жоғыңыз не, тіпті көлік атаулы
қат болғандықтан оқта-текте барысып-келісіп, ара
ласып та тұрды. Бірақ, ол кісілерге деген анамның
өзіне тән мейірімін мен аңғара алмадым. Сол
мәселенің мәнін бір реті келгенде сұрағанмын да.
Маңызды
нәрсеге
дендейтініндегі
қашанғы
дағдысынша жанарын жаһанға жолаушылатып
жіберіп, едәуір ойланған күйі мынадай мағынадағы
әңгіменің тығынын ағытқан.
- Әрине, үлкендердің, әсіресе әке-шешемнің бол
маса, кейінгі жастардың еш кінәсі жоқ. Оны білемін.
Бірақ, төркініме деген көкірегімдегі тоң жібір емес.
Сірә, шемен шер болып қатып қалса керек?.. –
деп, сөзінің соңын күйдірген күрсініске көміп бір
тоқтайтын. Ал, азын-аулақ болса да, мұңын жасыра
алмай жалғастырар баян былай өрбитін.
Шешейдің әкесі бәлендей бай болмағанмен,
аумақтағы ауқатты адамдардың бірі болған көрінеді.
Мыңдаған уақ жаны, бірнеше үйір жылқысы мен
Әкемнің әлемі
табынды сиыры болған сыңайлы. Анау айтқан
қаталдығы да жоқ, қайта ауыл-ағайынның аузын
аққа кенелтіп, қамқорлығынан қағыс қалдырмапты.
Ат тұяғы жете бермейтін Іле өзенінің күнгей беті
мен сонау Кетпен тауының аралығындағы орман-
тоғайлы, сулы да нулы шалғай өңірге алғашында
өкіметтің де өктемдігі жете алмағандықтан, өткен
ғасырдың отызыншы жылдарына дейін бірсыдырғы
бұрынғыша күн кешкен. Ақ-қызыл боп атысып, мал
тонаушылар жұртты әбден сарсаңға салған тұста,
тәркілеу деген тажал титықтатып, ұжымдастыру
ұраны ұнжырғыларын түсіре бастаған өліара шақта
әкесі Қырықбай бастаған Албан руының Жарты
атасының ұрпағы – шешеміздің төркіні бір түнде
дүрк көтеріліп, Қытай асып кетеді.
Әрине, шекарадан асуды шешкен бетте-ақ жа
сырын әзірлене бастаған ғой. Содан жігіттерінің
бірінен әкемізге дұғай-дұғай сәлем айтып, «бір пұт
тары тауып берсін» деген бұйымтайын жеткізеді.
Көлемі – аз, кенеуі мол дегендегісі. Ал, тары дақылы
біздің ауылда ғана өсіріледі екен. Әкейдің айтуын
да бір пұтқа жетеғабыл – 12-13 келе тары жеткізіп
беріпті. «Ел ернінен жыра алмайсың, қолда бары
сол болды...» дер еді.
«Көңілі құлазып қалады ғой?..» деп, білдірмеген
болғаны да, әкеміз қайын жұртының жер ауып
кеткенін анамызға айтпапты. Әрі ол, атасының да
өтініші-тұғын.
Небір қилы замандарда балалары шетінеп,
күйеуі майданға кетіп, абысын-ажындарымен ғана
қалғанда, аяғынан айырыла жаздап, бір өзі ғана
ажалмен арпалысып, алты ай бойына жападан
жалғыз қалғанда –құсаланған қам көңілге шемен
шер боп қатқан қайғының қайтарымы да қатты бол
са керек.
Қ. Әлімқұлов
- Олар, тіпті, Қытай ауып кетпеген күннің өзінде
атыс-шабысқа толы сұрапылда, одан кейінгі соғыс
жылдарында келе алмас еді ғой... – деп, ағайын-
туғандарын ақтағандай аз-кем ой қозғағандай бо
лып ем:
- Соғыстан кейін де жиырма жыл өткен жоқ па?!
- деп, сұрағыма сұраумен қысқа жауап қайырды.
Әңгіменің тек барыс-келісте ғана емес екенін
емеуірінен таныдым да, мен де бұл мәселені одан
әрі қаужауды қойдым.
Анамның әке-шешесін, басқа да үлкендерді
мен көрген жоқпын. Сегізінші сыныпта оқып жүріп
өзім іздеп барып тапқан туыстарын жақсы тани
мын емес пе?! Әрі сол «ерлігімнің» арқасында
нағашы жұртымның айрықша қадірменді адамына
айналғанмын. Өлгендері тіріліп, өшкендері жанған
соң мені алақандарына салып, аялауларынан
айныған емес.
Шешемізден айнымайтын: көк көзді, ақшыл сары
Сүптай атай, ол кісінің құлағы естімейтін кемпірі,
Шекер әпкеміз, Ешкібағар аға - қақ-соқта шаруа
лары жоқ қарапайым адамдар болатын. Әйтсе де,
көкірек көкжиегі кең, парасат-пайымы мол азамат
Беген ағамыз-тын. Ол кісі ат баптап, тазы қосып, аң
аулап, жасы әжептәуір ұлғайғанға дейін көкпарға
килігіп кетіп, той-жиыннан қалмайтын еді. Ал, сауық-
сайран мен мал-басының күнделікті күйбең тірлігінен
қолы қалт ете қалған тұста ағаштан өзі ойып-жонған
шағын тұрықты домбырасын қағыстырып, мұңды бір
әуездерге ыңылдай қосылып отырар еді.
Оқта-текте шыбықтан «ор теке» жасап, оны
сол қолының саусағына байлап қойып, бір шат-
шадыман сазға басатыны болатын. Жаңағы «ор
теке» ән ырғағына кәдімгі қуыршақ театрларындағы
ойыншықтар секілді құлдыраңдай билеуші еді. Өзі
«Қалмақ биі» деп қоятын.
Әкемнің әлемі
Бергі бетке өткеннен кейінгі бір аталы жұрттың
бүкіл ауыл-аймағының жігіт ағасы, қадірменді қарты
болып дүниеден озды. Араға мүшел жастық уақыт
салып, қауымдағы ең мейірбан да бауырмал жан –
Мырзабала апамыз да бақилыққа сапар шекті.
Қазір ол аумақтағы ағайынға Уәли нағашымыз
бас-көз боп, бақуатты өмір сүруде. Қу тіршіліктегі
түкке тұрмайтын пәтуасыз кикілжіңнің күл-талқаны
шығып, марқұм болғандардың аруақтары жер
бесікте емен-жарқын араласып жүр ме екен, кім
біледі?!
...Анамыздың Кенжеақын аға туралы пікірін аз-
кем болса да жоғарыда тілге тиек еткенмін. Ал,
әкеміздің ағасы – Нүсіпжан атаға байланысты бы
лай дер еді:
- Шіркін-ай, құрдастықтың да қадірі қашып барады-
ау! Біз білгендегі, ақсақалдарды былай қойып, орта
жастағы адамдардың-ақ әзіл-қалжыңдары қандай
еді? Әдемі де әдепті еді ғой. Дәлдігімен, мәнділігімен
жұртты қыран-топан қылып, серпілтіп тастайтын.
Тіпті, қыжылы бардың қатал қалжыңының өзі сары
майдан қылшық суырғандай, шектен шыққанды
мақтамен бауыздағандай болмайтын ба еді?
Қазір ондай қалжың қайда?! Қайдағы бір қойыртпақ
дүк, дөрекі доңайбат, далбаса... Қайынағамыздың
да бір құрдас-сымағы тілі мен жағына сүйенген
заржақ, қусаң құмалақ түспейтін қу-тын. Сол «ез»
деп, «ынжық» деп, сыртынан сан-саққа жүгіртетін
көрінеді. Ал, кейбір керауыздар саны пайдаланып,
өз түйгені ретінде жұртқа таратады. Содан барып,
«Жуастың екінші аты – жаман» демекші, отырса –
опақ, тұрса – сопақ болып шыға келеді.
Болмаса, жарықтықтың тірі пендеге залалы жоқ
можантомпай, шаруақор жан болатын. Ана Ерназар
ағаларың, аумай қалған сол кісінің нақ өзі.
Ал, менің ойыма Нүсіпжан атамыздың артын
Қ. Әлімқұлов
да қалған жалғыз тұяқ – Орынкүл (Отаншыл деп
те атайтынбыз) әпкем оралады. Ер мінезді өжет те
қайсар, алғыр да адал жан. «Әттең, тонның келтесі-
ай!» демекші, қолдың қысқалығынан тұрмыстан қол
үзіп кете алмады. Әйтпесе, талай асулардан асар-
ақ еді...
Тәубе, қазір де қарабайыр емес: қатарының алды,
қауымның құрметтісі. Ардақты Ана. Жездеміз Кеңес
те оңынан жолыққан-ақ.
Сөйтіп жүргенде анамыз тоқсан деген жасқа да
таянған. «Ағайын-туған, ел-жұртыңа дүркіретіп той
жасап берейік» дегем.
- Қожа Ахмет Әзірет Сұлтан «Пайғамбардан
артық жасағаным жараспас» деп қылуетке түсіпті
ғой, күйеуім жетпей кеткен тоқсанды тойлау маған
да келіспес, пейіліңе ризамын, құлдығым! – дер еді.
«Көзіңізден кәріп боп қалдыңыз, барлық жағдайы
бар жылы үйде аппақ киініп отырыңыз» деп қасыма
әкелгім келген.
«Не тұстасым, не танысым жоқ – жетімсіреп
қаламын ғой...» деп бір қойды.
«Өзің де көпшілсің, келімді-кетімді кісінің көп -
көзтүрткідей болғаным да жарамас...» деп екі қойды.
«Үйренген жерім – ауылды аңсап тұрамын ғой.
Әкең көтерген қара шаңырақта қалқиып отырғаным
- маған да парыз» деп үш қойды.
Ақыр соңында:
- Құлыным менің! Қайткенде риза қыламын деген
періште пейіліңді білем, құлдығым! Алла разы бол
сын!
Ең бастысы, екеуміз де әкеңнің аруағының ал
дында күнаһар болмайық. Төрінен көрі жақын
адаммын, қисая қалсам қиын болады: бейіт атта
тып, сүйегімді ауылға ала жүгірсең – саған обал,
шалымның жанына апармай, осында жерлесең –
маған обал» деп қорытындылаған.
Әкемнің әлемі
Адам баласы аңғара бермейтін болып алды ғой,
әйтпесе Алла тағала оның өміріндегі айтарлықтай
оқиғаларды алдын ала сездіріп отырады. Мәселен:
біреу – түс көреді, біреудің – көзі тартады; бала жол
ашады, аң мен құстың, жан-жануарлардың қалыпты
жағдайдағы құлқы өзгереді. Ауа райының да мінезі
қырық құбылып, бұзылады…
Анама жетерден тура бір апта бұрын мен де түс
көрдім...
...Үлбіреген көгілдір әлем. Тылсым тыныштықты
тербеген сырлы саз. Жанға жайлы таңғажайып бір
сәт. Анашым құстың қауырсынындай қалқып тұр
екен деймін. Үстінде белі қыналғанымен кеңдеу
етіп тігілген ақ көйлек. Басында аппақ кимешек.
Тек... бет-жүзі жоқ. Кимешектің ортасындағы ойық...
үңірейіп бос тұр. Жүрегім зу ете түсем дегенше, мен
де қара тер боп оянып үлгергем. Неге екенін, ояна
салып «Анамыздан айырылатын болған екенбіз»
деп ойладым. Ойлап қана қойғам жоқ, шұғыл жолға
дайындалдым.
Әйтеуір, дәтіме – демеу, көңіліме – медеу етерім,
өмірінің соңғы күндері мен сағаттарында жанында
болып, өзі өтінгеніндей «Лә иллахи ил ла Алла,
Мұхаммед расул Алла» деген қасиетті Құран сөздерін
үш қайтара айтып, тілін кәлимаға келтіріп барып,
бақилыққа шығарып салғаным-тын. Сөйтіп, ұзақ та
күрделі ғұмыр кеше жүріп, он үш құрсақ көтерген,
шеттерінен шетіней-шетіней, араларында аман
қалған үш ұл мен жалғыз қыздың асыл да ардақты
Анасы; отыздан астам немере мен жиырмаға жуық
шөберенің әз Әжесін жер бесігі – мәңгілік мекеніне
арулап аттандырғаным болды.
Қаншама қапылғанмен қолдан келер не қайран
бар? Өмір бар жерде өлім бар, бұл – жаратылыстың
бұлжымас заңы. Тек санаңмен сезгеніңмен,
түйсігіңмен түсіне алмайтын тұстары көп.
Қ. Әлімқұлов
Әрине, ананың ақ сүтін ақтау, балалық парызды
өтеу хақындағы өкініштің өксігі де жетерлік. Алай
да, анамыздың ақырғы рет естілер-естілместей аһ
ұрып, ауа қарманған күйі алақанымды аялағысы
келгенімен, әлінің жетпегені еңсемді езіп жіберген-
ді...
...Патша көңілімнің көгілжім көкжиегі де, періште
пейілімнің парасатты пайымы да анамыз аруағының
Пейіштің төрінен-ақ орын алуға тиісті екеніне еш
шүбәланбайды. Өйткені, шешей намазға жығылып,
бес парызын қаза қылмаған жан болмағанымен,
шариғат шарттарын ширатқанда анау-мынау дүмше
молдалардан әлдеқайда әлеуетті еді.
Бірақ, тағдыр мен талай, заман мен қоғам адам-
пенденің пешенесін қай қиянға бұрып, тұрмыс
тауқыметін қай жарға жықпаған?! Сондай бір тасқын-
селді тұстарда шешей жастық желіктің жетегіне еріп,
аз-кем уақыт коммунист те болыпты.
Зердесі зерек жан ғой, жас кезінде жанып
тұрған-ау, шамасы? Оның үстіне, байларға деген өз
жүрегіндегі қыжылы да жоқ емес. Онысын өзі былай
әңгімелейтін.
«Жасым балиғатқа толғанда көрші қыстақтағы бір
байшыкеш баласына айттырыпты. Мен бойжеткен
де, қалың малынан қашты ма, кім біледі, әйтеуір
Кеңес үкіметімен үрейлендіріп, үйлендіруді шегере
берді. Баласы да бір бос белбеу еді. Ұзын сөздің
қысқасы, байекең бір түнде үй-жайы, мал-басымен
Қытайға қашып кетті. Ел дүрлігіп, шекарадан
шетінен ауып жатқан кез. Ол онша қайран қалатын
оқиға да емес. Жұрт «Е-е» деді де қойды.
Ал мен үшін ол абыройымды аяққа басқан оқиға-
тын. Ел құлағы - елу деген. «Пәленшені айттырған
қайын жұрты тастап кетті» деген қаңқу сөз өртке ти
ген дауылдай қаулады да кетті ауыл арасын. Әке-
шешемнің де жанарларымен жер шұқып, ел-жұртпен
Әкемнің әлемі
емен-жарқын араласа алмай қалғандарын білемін.
Бірақ менің жағдайым тіпті нашар еді. Қыз намысы
деген құрғырың қиын екен: өзім де ел көзіне шыққан
сүйелдей сезініп, үйден шығудан қалдым. Елдің
бәрі мені саусағымен көрсетіп, әңгіме қылатындай.
Оны да қойшы, қайдағы бір ынжықтар
мен жарыместердің әке-шешелері құда түсіп,
қорлағандай бола бастады.
Содан бір күні «Қой, бүйтіп ішқұса болғанша,
Іленің суына батып өлейін» деп бекіндім. Қайтпас
қайсарлығым да жоқ емес, жарлауыт жағадан
секіріп-ақ кеткем. Осы әкелерің құтқарып қалыпты.
Жарқылдаған жігіт кезі ғой. Бұрын да бір-екі рет
көргем. Алтыбақан басында аз-кем әзілдескеніміз
де бар. Қайығын қара суға қарсы есетін қажырлы-
ақ болатын. «Іленің арғы бетінен екен. Көкпарды
ешкімге бермейтін жас перінің өзі» деп ел мақтан
тұтатын. «Ел мақтаған жігітті қыз жақтаған». Ал
былайғы жұрт өкінетін. Анығы, «біздің ауылдан осын
дай бір жігіттің шықпағаны-ай!» деп қызғанатын.
Бірақ амал жоқ, мықтылығын мойындататын.
Көп су жұтып қойыппын. Қақалып-шашалып,
есімді жинаған кезде атымды атап:
- Міне, өмірге қайта келдің. Бірақ бұл жерде енді
жүре алмайсың. Сондықтан өзіммен бірге алып
кетемін! – деп қарап тұр.
- Жарайды. Келісімімді беремін. Бірақ, әке-
шешемді екінші рет қара жерге тірідей кіргізе алмай
мын. Үйден алып кет, - дедім.
Әке-шешем жылап-сықтаған болды. Оларды өзім
көндірдім.
Сөйтіп бойымда байларға деген өшпенділік өрті
тұтанды. Ол Кеңес үкіметінің кезінде тіпті өршіп
кетті.
Бірақ «Жаман айтпай, жақсы жоқ» деген тегі
рас. Сол оқиғаның арқасында ез жігіттің етегінен
Қ. Әлімқұлов
құтылып, өмірлік қосағыма қосылдым».
- Сонымен коммунистігіңіз не болды? – деймін
қызықтай түсіп.
- Әкелерің шығарып алды. «Маған коммунист
емес, балаларымды бағып, қас-қабағыма қарайтын
қатын керек!» деп қысқа қайырды. Сонымен сол
кісінің айтқаны болды.
Әттең, оқымай қалған ғой! Болмаса білуге де
ген құштарлығында шек жоқ еді. Мен мектепке ба
рып, әріп танығаннан бастап «бірге оқыды» десе де
болғандай-ау. Үй тапсырмаларын орындатып оты
рып, «Құлыным менің, мына бір жерде не деп жа
зылыпты, мына суреттегі шал кім екен, анау үлкен
де болса – күн көсемдер отыратын үй шығар?» деп
сұраудан жалықпайтын. Бала шәкірт те шешесінің
көңілін жыққан емес.
Отырып-отырып, бір кезде «Шіркін-ай, оқығанның
– көзі ашық қой...» дер еді. Түсінбеймін де мен ол
сөздерге аң-таң боламын. Алғашында «Мір атаның
да, Өзипа әжемнің де көзі ашық. Сонда олар да
оқыған болды ғой?» деп ойлайтын едім. Артынша
Мір атам мен басқа да шалдардың «Батырлар жы
рын» өзіме оқытатыны есіме түседі. Содан тұрып-
тұрып:
- Апа, Сіздің де көзіңіз ашық емес пе? - деп
сұраймын.
- Ашығы – ашық-ау. Бірақ әріп танымаймыз ғой,
құлыным.
Оған тағы қайран қаламын. «Жазулы тұрған әріпті
қалай танымайды?»
- Мен қайтіп танимын?
- Сен оқыдың. Мұғалім үйретті, - деп бөгеледі де,
байыпты пайымын жалғап кетеді.
- Біз жас емеспіз. Жалпы, ұстаз алдын көріп, тіл
сындырмаған соң қиын-ақ. Көбіміз дұрыс сөз құрап,
сөйлей де алмаймыз...
Әкемнің әлемі Бастауыш сынып оқушысы үшін бұл тіпті жұмбақ. «Тіл сындырғаны» тағы не? Бұл әріп танығанмен, мұғалім оқытқанымен – ешкімнің тіліне тиіспеген сияқты еді. Оны қалай сындырады? «Жұмсақ емес пе? «Майыстырады» дегенді жаңылысып айтып отыр ма?» Осындай қысқа қайырым, қысқа болса да нұсқа әңгімелер ауық-ауық айтылып қалар еді. Иә, ана мыз оқымаған демесеңіз көп білетін. Өмірдің өзінен оқыған да. Ертегілерді, аңыз-әңгімелерді әдемі ай татын. Естігенін де ұмытпайтын. Осы, соңғы жылдарда мынандай да қызық болған. Ата-бабаларымыз туралы «Бәйдібек баба – алып бәйтерек» деген сериямен албан руына арналған шежіре кітап шығарылмақ екен. Ауылдың ақсақал-қарасақалдары руларының бір бұтағын еш жерден таба алмапты. Там-тұмдап табылғанының өзі басқалармен қабыспайды. Содан жазушысы, журналистері жабылып жүріп анасының айтқандары бойынша орын-орынына қойыпты. Зерделі жан ғой. Көкірек көзі ояу да. «Зерделі» дегеннен шығады, «олай болыпты, бы лай болыпты» деген кез келген нәрсенің қисынын өз сана-таразысында безбендеп, қиюластыра қоятын. Тіпті қайдағы бір кінараттың астарына үңіліп, ақтап жіберуге тырысатын сияқты көрінетін. Мен жетіжылдықты бітірген соң аудан орталығындағы интернатта тұрып оқыдым ғой. Сон да, жазғы каникулға келгенде бір еркіндікке кенелер едім. Сағынып қалады да, анамыз менің ержетіп қалғаныма қарамастан мейірлене өбектейді. Мен қанша қызарақтағаныммен абзал жанның қолын қағып, алақанынан алыстағым келмейді. Өйткені, өзім де соны қалап тұрам емес пе? Сондай бір сәулелі сәттерде, алаңсыз арда тұстарда ас-суын қамдап қойып, күтіп отырған ана
Қ. Әлімқұлов
мыз күн әбден көтерілгенде орнымнан тұрған маған
барлай бір қарап алып:
- Ұйқысырап шықтың ғой, түс көрдің бе, құлыным?
– деп сұрар еді.
- Иә, апа: ауыздықпен алысқан ақбоз арғымақ
көріппін.
- Алып ұшқан арманың ғой, құлыным.
- Көзімнен жас парлағанына қарамай, жалы
на жабысқан күйі мен де қалмай құйындатып жүр
екенмін деймін...
- «Әумин!» деші, құлыным. Арманың адастыр
майды екен.
- Содан кейін тау көрдім. Кәдімгі өзіміздің
Қалқан тауы екен деймін. Етегіне жетіп қалыппын.
Қасымнан бір құралай жанай өтті. «Топталып
жүруші еді, бұл неге жалғыз жортады?» деп қайран
қалдым. Жануардың жәудіреген жанарын-ай!
Тіпті, ойымнан кететін емес...
- Тау дегенің – мұратың, қанатың талмай
жеткейсің! Құралайың - осы елдің тал шыбықтай
бұралған бір қызы ғой... көзін саған салған екен,
құлыным.
- Енді бірде Іле өзені ілігіпті түсіме... толқындары
бір-біріне соғылып, буырқанып жатыр.
- Алабұртқан көңілің ғой, құлыным.
Осыны айтып, сәл ойланып алады да:
- Жалпы, жақсы түс екен. Туған жеріңнің тау-та
сын түгел дерлік көріпсің. Туған еліңнің тұғырындай
тұлғалы азамат болғайсың! - Айтып болғанша-ақ
бұрыла беріп, бетін сипайтын.
- Жалғасы тағы бар, апа. Бірақ, аяқ жағы араласып
кеті: от па, су ма, шаң ба, сарын ба – ұмытыңқырап
та қалыппын.
- Оның, енді құбылмалы ауа райы да. Ай арасы
болған соң Құдайдың күні де біресе боран, біресе
нөсер - қырық құбылып, қайшыласып жатқан жоқ
па?!
Әкемнің әлемі
Әйтсе де сөзінің соңын жұтып, байқатпай
күрсінуші еді. Ол күрсіністің сырын мен көп жылдар
өткен соң, кейін ғана білдім ғой...
«Құлыным-ай! Алдыңнан әлі талай қиындықтар
кездеседі. Соларға қасқая қарсы тұра алатындай
сенім ұялатып жатырмын ғой» дегені екен онысы.
Әй, қанша дегенмен де, қаперсіз-ақпыз-ау?!
Әкей қайтыс боп, жаназасын шығаратында мықтап
бір қысылғаным бар. Жеті атаны білуді міндет
санағандықтан да әкемнің әкесінің Әлімқұл атамыз
екенін, ал ол кісінің әкесінің Жақсыбай бабамыз
екенін білетін едім. Ал, анасының аты-жөнінің кім
екенін мүлде сұрамаппын, содан да білмейтінмін.
Сасқалақтағаным сонша, келген жұртпен көрісіп
отырған шешейден сұрадым.
- Ол кісінің ныспысы Тынымжан болатын...
– дегенді тақ еткізді. Алайда, әжеміздің әкесін
білмейді екен. – Неге екенін, сол жарықтық туралы
сөз қозғалмапты ғой... – деді де қойды.
Содан арада айдан аса уақыт өтіп, әкейдің қырқын
бергеннен кейін бір оңаша сәтте:
- Кәдікен, шет жағын өзің де білесің ғой, дегенмен
бір жеріңе түртіп қой: әкем – Қырықбай Далабайұлы,
шешем – Кенжеқыз Ханкелдіқызы. Аяқ астынан
олай-бұлай болып кетсем, қиналатын сен ғой...
Оларды білетін бұл ауылда бірде-бір пенде қалған
жоқ, - деген.
Шежіре шертер дана да, құймақұлақ бала да
азайып бара жатқан мына менмен заманда:
- «Бол, бол!» деп,
Уақыт шіркін қамшылардай,
Жүрегім салмағынан жаншылардай.
Санамда мөлдірейді мөлтек мұхит,
Тағдырдың көзіндегі тамшылардай... – дегеннен
басқа не дерсің?!
Қ. Әлімқұлов
* * *
Біз - аналарды ардақтау алғышартын аласарт
пастан әкелер абыройын асқақтатуды алға тартқан
дәстүрдің даңқы дүрлігіп тұрған дәуірдің төлдеріміз.
Сондықтан да, қандай да болсын әйелді «қуыршақ
құдайға» айналдырумен айналысқан қоғамның
сүйкімсіз саясатына салғырттау қараймыз. Яғни,
неге асыра сілтеуге әуеспіз, неге барды – бар, жоқты
- жоқ демейміз деп қынжыламыз. Әже, ана, жар,
жеңге, әпке, келін, қарындас һәм қыз хақындағы
адамгершілік пен шариғат қағидаларын қалтқысыз
құрметтей отырып, тексіздік пен ибасыздықтың,
көргенсіздік пен кәззаптықтың да тиісті бағасын алу
ын құп көреміз. «Еркек пен әйелді теңдестіреміз»
деп жүріп, қай жыныстың да бойындағы жақсылық
пен жамандықты теңгеруге тырысушылыққа нара
зымыз.
Еркектің өз еркімен әйелге, керісінше, әйелдің
– еркекке айналуы немесе еркектің еркекпен иә
әйелдің әйелмен некелесуі сияқты сұмдықтардың
бәрі де сол сайқалдықтың қолтығына су бүріккен
саясаттың салдары емес пе?!
Біреудің көңілдесі болғандықтан ғана көтеріліп
жүрген кермиық келіншектерді асқақтатқанға ар
ланбайтын болдық. Сөйте-сөйте тастанды баланың
шешесін де бетіміз бүлк етпестен «Асыл Ана» де
уден де тайынбаспыз-ау?! Әрі бұл шынайы да
нағыз әйел мен ардақты ана атына нақты лайықты
азаматшалардың абыройын кетіріп, бағасын түсіру
де емес, керісінше...
... Қалай дегенде де әркімнің анасы өзіне асыл.
Ең ардақты мен абзалдың бірі де бірегейі – сол жан.
Ол - сұлу да, сүйкімді де. Әрі ата-анаңды таңдай
алмағандықтан ғана емес, жаратылыс заңының өзі
Әкемнің әлемі
солай. Өйткені, әрбір әйел заты өзінше әдемі. Енді
оған жатырын жарып шыққан сәбидің жанарымен
қарауды қоссаңыз – нақ солай екені еш даусыз.
Анам мені сәбиімде «Кәдікен» деп атайтын,
Мейірлене еркелетіп,
Аймалап.
Сол сөз мені ержеткізді,
Кәдімгідей қатайтып,
Құлағымнан кетпей жүріп қайда да.
Құлыншақтай ойнақтаған өте шықтық ол кезден,
Жігіт болып жалындауды армандап.
Есейсем де оңашада атайтұғын сол сөзбен,
Әуезді үн,
Жүректе бүр жарғандай.
Өзім де әке болған тұста,
Немеремді өпкенде,
Сол сөзінен жаңылмады, жарықтық.
Күз бе,
Қыс па - алыс кетсем,
Нұрын төгіп көктемдей,
Жалғыз сөзбен тастаушы еді қарық қып.
Өз қолымнан аттандырдым сапарына мәңгілік,
Тоқсан үш жас төрін берген шағында.
Бірақ Анам үзілерде,
«Кәдікен» деп атаған жоқ сәнді ғып,
Арман-сөзді айта алмады мәнді ғып...
...Алайда Ана қала бермек тағында!
Сағынамын сол сөзді тек,
Құлазыса көңілім.
Алаңдаймын анамды іздеп,
Жалғыз жұртта қалғандай.
Қ. Әлімқұлов
Жұбанышым жүдеу-дағы,
Қалың ойдың көбі мұң.
Бірі болса, бірі – кеміс,
Алдарқатқан жалған-ай!..
Бұл да Анаға деген сарытап сағыныштың
жалғыз түйір жасы емес. Толағай топтаманың бір
түйір толғауы ғана.
Не дейтіні бар, есейіп кетсек те, «Анасыз жетім –
шын жетім»...
Әкемнің әлемі «Періштесі қақты» дер немесе мені сығалаған соғыс Алғашқы тараулардың бірін әкей өміріндегі ең ора сан мәнді оқиға ретінде сұрапыл соғыс тақырыбына арнаған болатынбыз. Алайда, ол соғыстың рес ми түрде аяқталғанынан бері арада бақандай жетпіс жыл өткеніне қарамастан, сондай сорақы сұмдықтар әр жер-әр жерде әлі де жалғасуда. Өкінішке қарай, жалғасып қана жатқан жоқ, небір қатыгез құйтырқылықпен, саяси сұрқиялықпен аста сып, мейлінше айуандық сипат алуда. Жанталаса жетілдіріліп жатқан қару-жарақ түрлері мен жазықсыз қырылып жатқан бейбақтардың бағамы бақталастыққа түскен сыңайлы. Кейде, тіпті сол сұмдықтарға елдің еті де өліп кеткен бе деп кейисің. Бірақ, қарапайым жұрттың қолында тұрған не қауқары бар дегенге мойынсұнып, өзіңді өзің жуатқандай боласың. Оның үстіне Ұлы Отан соғысына бір аяғын беріп келген әкеміздің ұрпағына да қатысты оқиғалардың орын алғаны мен үрім-бұтағына төне түскен қауіпқатерді бағамдай отырып, бұл тақырыпқа тағы бір тарау қосуды жөн көрдім. * * * Әлбетте, әкей әлдеқандай бір идея үшін соғысты деу әбестік болар еді. Керісінше, ол кісіден де, жанындағы басқа бейбақтардан да «Соғысқа барасың ба?» деп ешкім сұраған да жоқ қой. Бетегелі белінде, берекелі елінде есен-сау жүрген қаймана қазақты жүк таситын вагонға тиеп алып, әкете барған да.
Қ. Әлімқұлов
Әйтсе де, олар да «Отан» деген ұлы ұғымға
ұйымағандарымен, отбасы – ошақ қасы үшін, туған
жері мен елі үшін соғысуға тиістіміз деп түсінген бо
лар? Қалай болған күнде де, ел басына күн туғанда
жан алысып, жан берісу – бөріктінің борышы дегенді
бағамдай алғандары айдан анық ақиқат.
Ал, кім қалай соғысты, сұрапыл күндерде қандай
жағдайларға тап болды, қандай құрбандықтардың
қасіретіне душар болды – ол, енді, тағдыр-
тәлейлерінің жазмышына байланысты болар?! Де
мек, ол - мүлде басқа әңгіменің әлемі.
Неге екенін, Кеңес өкіметінің тұсындағы ұрыс
қимылдары, соғысқа өз еркіңмен бару деген
түсініктерді таразылай бастасам болғаны, тікелей
өзім куәсі болған екі бірдей оқиға ойыма орала
береді. Әрі солар арқылы біраз жағдайларды пайым
дай аламын да. Оның үстіне, ол да әкейдің соғысқа
қалай аттанғаны туралы айтқандарымен астасып
кетіп жатыр емес пе? Ендеше, сәл шегініс жасап,
сонау солақай саясат түрінде сомдалған жымысқы
жылдардың көкжиегіне көз жүгіртетін болсақ, менің
соғыс дегеннің не екенін шын мәнінде санам
мен сезінуім сол бір албырт та аңғал күндерімнің
еншісіне тиген екен.
КСРО деп аталатын алып империяның қиыр
шығысындағы Владивосток деп аталатын қаласында
Қызыл Ту орденді Тынық мұхит флотының қатарында
әскери борышымды өтеп жүрген кезім болатын.
Жердің қияндағы бір шетіне шығандап кеткенімді,
ауылдан алыс шығып көрмеген шақша басымның
сағыныштан
сарғайған
сәттердегі
сезім
селін
айтпай-ақ қояйын, етім енді үйрене бастаған кез
де, түнгі сағат екілердің шамасында бөлімшемізді
әскери дабыл бойынша оятты. Күні бойы әбден
титықтап келіп, тәтті ұйқыда жатқан жерімізден түкке
түсінбеген күйі ұйқылы-ояу сапқа тізіле қалдық. Кеме
Әкемнің әлемі
командирінің саяси жұмыс жөніндегі орынбасары,
екінші рангалы капитан В. Передистов жанында бір
топ офицері бар, сексен теңізші-жауынгердің ара
сынан 18 жігіттің аты-жөнін атап, Ленин бөлмесіне
өтуімізді бұйырды да, басқаларына қайта жата
берулеріне мұрсат берді.
Бастықтарымыздың
қабақтары
қату-ақ.
Бәрі
бірдей тоң-торыс. Орыстардың әншейінде айта бе
ретін «дауыл алдындағы тыныштығының» нағыз өзі
дерсіз. Солай болып шықты да. Ұзын үстелді жағалай,
нұсқаған
жерлеріне
орналасып
болғанымызда
үнсіз-түнсіз алдымызға бір-бір парақ ақ қағаз бен
автоқалам қойды. Сосын саяси жетекшіміз:
Мән-жайды кейін түсіндіремін. Қазір ешқандай
сұрақ қоймастан, менің айтқандарымды жазыңдар!
– деп бұйырды.
«Социалистік Отанымыздың бостандығы жолын
дағы шайқаста қаза тапқан жолдастарымның ор
нына мені өз еркіммен ұрыс қимылдары ауданына
жіберуіңізді өтінемін» дегенді жазып болуымыз мұң
екен, қолымызды қойдырып, айы-күнін толтырғызды
да дереу жинап алды.
Басқаларды қайдам, өз басым аяқ астынан орын
алған осы бір оқиғаға алғашында аса мән бере
қоймағандаймын. Біріншіден, күні бойғы қауырт та
қарбалас жүгірістен соң тұяқ серіппей жатқан жас
адамның ұйқысы да ашыла қоймаған, екіншіден,
бұндай әскери дабыл бұрындары да екі-үш рет
болып, кезекті оқу жаттығуларымен аяқталып жа
татын. «Бұл жолғысы басқаша сияқты ғой?..» деп
ойлап үлгергенімше екінші рангалы капитан жалын
ды сөзін бастап та кетті. Оны сөзбе-сөз келтірудің
қажеті де шамалы, ал тоқ етері мынау: дүйім дүние
үлгі тұтып, кірпік қақпай қарап отырған өркендеу
үлгісі – социалистік лагерьге қауіп төніпті. Бауырлас
Чехословакия жерінде коммунистік құрылысқа қас,
Қ. Әлімқұлов
жат пиғылды элементтер бас көтерген. Варшава
шартының талаптарына орай Ұйымға мүше кез кел
ген мемлекетті өз Отанымыз ретінде қорғауға тиісті
екенбіз.
Одан кейін де небір ойда жоқ жағдайлар орын
алды. Ең алдымен, киім-кешек қоймасына барып,
су жаңа киім кидік. Сол кезде күдігіміз сәл-пәл бол
са да сейілгендей еді. Бірақ, ол сағымдай сезім де
онша ұзаққа созылмады. «Қалыптасқан тәртіп со
лай...» деді интендант-офицер. Шындығында да
солай екенін сәл кейінірек білдік. Теңіз күштерінің
жауынгерлері соғысқа жаңа киім-кешекпен кіруге тиіс
екен. Алғаш әскер қатарына алынғанда «Басқа әскер
түрлерінің киімдері нысандарының үлгісін Қорғаныс
министрі бекітеді, ал флот теңізші-жауынгерлерінің
киім-кешегін КСРО Жоғарғы Кеңесінің Төралқасы
бекітеді» деген. Демек, олары да рас болғаны ғой.
Ендігі жерде қару-жарақ қоймасына бардық.
Әсілінде, біз «СКС» деп аталатын ( « Симоновтың
өздігінен оқталатын карабині» деген сөздердің
қысқарған түрі ) карабин ұстаушы едік. Өзі де бір
ауыр, тым ұзын қару еді. Қолма-қол ұрысқа қолайлы
болған соң ауыстырылмай, пайдаланылып келеді
дейтін. Кезінде көп қылып жасап тастағандықтан да
болар, кім біледі?
Ол жолы әрқайсысында отыз оқ бар үш
оқшантайымен Калашников автоматын берді. Со
дан соң ғана:
- Абыройлы соғысып, аман-есен оралыңдар!
– деп, қорабы брезентпен қапталған «Урал» авто
машинасына отырғызды да жіберді. Сонда ғана
«кезекті жаттығу шығар?..» деген әзер үзілмей
тұрған үміт сәулесі тұмандай сейіле берді.
Жан-жақтан ағылған «Уралдар» әскери әуежайда
тоқайласып жатты.
Арақашықтық тым алшақ болғандықтан да шығар,
ұшақпен жеткізбек.
Әкемнің әлемі
Жұртшылық бүгінде «Руслан», «Антей» деген
аттарымен білетін «Ан – 124» алып ұшақтарының
әскери нұсқалары сол кездің өзінде кеңінен
қолданыла бастаған екен. Өзі де тым үлкен-ақ. Бор
тына мың адам болмаса жиырма танк алып ұша ала
ды екен дегенді де сонда естіп, қайран қалғанымыз
бар. Ол арнайы рейстегі біздің санымыз жеті жүз
жауынгер дегенді де біреулер айтып қалып жат
ты. Мүмкін, оның ішінде танктер де болған шығар?
Әскерде қалай: артық сұрақ қоюға хақың жоқ. Қойған
күнде де шындығын ешкім айта қоймайды-ау?..
Сол баяғы балаң аңғалдық па, жоқ өтіп кеткен
идеология уыты ма, әйтеуір, «соғысқа бара жатыр
мыз ғой, соңы қалай болар екен?..» деген сұрақ
ешкімді де алаңдатпайтын секілді. Керісінше, саят
шылап немесе серуендеп бара жатқан сияқтымыз.
Оның үстіне, арамызда Саша Макридин деген
сайқымазақ жігіт бар еді, ішек-сілемізді қатырып
анекдот айтады. Өзі де бір аузы тыным таппайтын
көзел болатын. Әкесі сауда кемесінің капитаны бо
лыпты да, сегізжылдық мектепті бітіргеннен кейін
сол кемеге жұмысқа тұрып, дүниенің жартысын
аралап шығыпты. Сонда небір айтқыштар аузына
түкірген-ау?!
Анекдотты, жалпы айта білу керек. Саша сондай
анекдот айтудың хас шебері-тін. Бізді бір-ер айда-
ақ баурап алғаны соншалықты, ол бір нәрсе айтпақ
болып аузын аша бастаса болғаны бүкіл дене
құрылысымыз, оны айтасыз, барша жан-дүниеміз
жыбырлап, кеудемізді күлкі қыса бастайтын. Обалы
қане, шебер айтатын!
Иә, жауынгер жолдасымыз жолды көп қысқартты.
Норма бойынша ауқаттандық, саяси хабарламала
рымызды тыңдадық – бір сөзбен айтқанда, жалыға
қоятындай уақыт та болмаған сияқты. Ал, шын
мәнісінде, табаны күректей он екі сағат ұшыптық!
Қ. Әлімқұлов
Қызығының өзі де сонда, алғашқы кезде күн бір
орнында қозғалмай тұрғандай, біздің ұшағымыз
да бір нүктеге ілініп қалып, тек біздің астымыздағы
бұлттар оқта-текте көшіп өтіп жатқандай көрінген.
Біраздан кейін көзіміз үйреніп, көңіліміз көндігіп, мән
беруді қойған екенбіз.
Тағы бір таң қалғанымыз, Владивостоктан кешкі
бестерде ұшып шығып едік, белгіленген пунктке де
он екі сағаттан соң... сол күнгі кешкі бестерде қонып
отырмыз. Сөйтсек, ол да географиялық заңдылық
екен. Жер – шар сияқты, дөңгелек. Оның өзіндік
саағаттық белдеулері бар. Яғни, біз күнмен жарыса
ұшып отырғанбыз ғой. Сондықтан да, он екі сағатта
он екі белдеуден ұшып өтіп, сол уақытта қонған
екенбіз.
Енді жерге аяқ баса бергенімізде біреу:
- Әй, жігіттер! Біз аспанда біраз ұшып, өз
қаламызға қайта қоныптық. Қараңдар, бұл – Влади
восток, - деп қалды.
Сонда барып бәріміз жан-жағымызға қарайық.
Мәссаған, шынында да Владивосток сияқты. Ай
нала
кемелердің
мачталары,
порт
крандары,
шаңқылдаған шағалалар...
Жоқ, сөйтсек ол да жай ұқсастық қана болып
шықты. Портты қалаларыңыз да бір-біріне ұқсас
келе береді екен. Қонған қаламыз Қара теңіз
жағасына орналасқан Николаев деген қала болып
шықты. Украина жерінде, теңізшілер қаласы.
Содан не керек, Қара теңіз флоты құрамаларының
біріне қарасты қазармалардың бірінде апта бойы
жаттық. Тәулік бойы сақадай сай тұру үшін киімшең
жатамыз. Түннің бір уақытында міндетті түрде да
былмен тұрып, саяси шыңдаудан өтеміз, қару-
жарақ тазалау, құрғақ ас-су... Бөтен жер дегеніңіз
болмаса, үйреншікті тірлік, әрине. Әйтсе де, «соғыс
жағдайындағы» тұрмыс-тіршілік. Өлтіруге...немесе
Әкемнің әлемі өлуге болмаса, басқа ешнәрсеге құқың жоқ! Абырой болғанда, одақтас-қарулас жолдастары мыз бар, айбынды Кеңес армиясы бар – жан-жақты жабылып жүріп, «жауды ошағында тұншықтырған» екен. Сөйтіп, қанша «өз еркімізбен» өрекпи ұмтылғанымызбен, соғыс сұрапылына қойып кету ден аман қалыппыз. Ол – енді тарих еншісі. Ал, біздің көретін күніміз бар екен, қаруымызды құндақтаған күйі дін аман қайттық. Қайтар жолда он екі сағат ұшып, алты сағаттан соң Владивостогымызға есен-сау жеттік. Өйткені, бұл жолы күнге қарсы ұшқанбыз ғой. Алайда, ажалдың қай кезде де, қай жерде де, кез келген уақытта да аңдып тұруы мүмкін екенін ескерткендей тағы бір ерекше оқиға орын алғанын көп кейін түсіндім. Ол былай болған-тын. Сол жылдары «аспанда жанармай құю» деп ата латын әскери-техникалық тәсіл жаңадан игеріле бастаған екен. Бір нәрсеге бір нәрсе себеп бола тыны сияқты, оның да өмірге келуіне «Руслан» сияқты ұзақ қашықтыққа ұшатын алып та ауыр ұшақтардың кеңінен пайдаланыла бастауы себеп болыпты. Өйткені, ондай ұшақтар сол кездегі ірі қалалардың өзіндегі аэропорттарға қона алмайтын еді. Біріншіден, салмақтары аса ауыр болғандықтан да ұшу-қону алаңын сындырып жіберуі мүмкін бол са, екіншіден, олардың көтеріліп кетуіне жүгіру жолағының қалыпты қашықтығы қысқалық ететін болып шығыпты. Сондықтан, не қонатын жеріне дейін жететін жанармайды түгелдей құю керек те, не болмаса, оны әуеде толықтыру керек. Ал, жанар май құятын бактың мөлшері де шектеулі әрі артық жанармай да көп ретте қауіптілік ошағына айналып жатады. Міне, сөйтіп, ішінде жеті жүз жауынгері бар
Қ. Әлімқұлов алып ұшақ сынақ алаңына айналды да кетті. Олай дейтінім, екінші бір алып ұшақ – «Ту-16» алдымызда қатар түзеп ұшып барады. Алып мұхит айлақтарында су бетіндегі қуатты әскери кемелер – крейсерлерді сүңгуір қайықтармен қатар «Ту-16», «Ту-95» деп аталатын стратегиялық мақсаттағы ұшақтар ілесе жүріп қорғайды. Әрі, ол да бір үйреншікті жайға ай налып кеткен тірлік. Сондықтан да, ол ұшақтармен бұрыннан да етене таныс болатынбыз. Әрине, ондағы ұшқыштардың шеберлігіне шек келтіре алмаймыз. Дей тұрғанмен де, ара қашықтығы небәрі жиырма метрдей ғана тұстан шланга созып, оны біздің ұшақтағы жанармай багының аузындағы кішкене ғана штуцерге дәл кигізу тіпті де оңай шаруа болмаса керек. Ең әуеліде, жаңағыдай көріністі қызықтаған бүкіл жауынгер ұшақтың оң бүйіріндегі иллюминаторларға асыға ұмтылғанбыз. Алдын ала ескертулер ге қарамастан, сондай шалт қимыл қалыптасып, оқыс оқиға орын ала жаздады. Ұшағымыз шынын да да теңселіп-ақ кетті. Сосын ышқына күшеніп, шайқалақтап барып, әзер қалыпты жағдайына көшкен. Алайда, құштарлығы құрғыр қойсын ба, ке зек-кезек орын алмастырып жүріп, бәріміз де жана рымызды суарып үлгердік-ау, ақыры. Содан шлангасы бар болғыр штуцерге киліге қоймай біраз әуреледі. Біресе – оңға, бірде – солға кетіп қап, енді бірде тұп-тура келе жатып-ақ жанай өтіп кетеді қапталынан. Талықсытып барып киілгенақ сияқты еді...ағытылып кеткені бар болғырдың. Сол-ақ екен, авиакеросин «жаңбыры» нөсерлете жөнелсін. Қанша жанармайдың шашылғанын қайдам, біраз керосин сыртқа, сыртқа болғанда да біз отырған ұшақтың өне бойына ағып жатқандай көрінді. Тіпті, офицерлердің бірі балағат араласты рып:
Әкемнің әлемі
- Өй, мына «етікшілер» не істеп жүр? Сәл ұшқын
шықса болды, екі ұшақ та жарылып кетеді ғой?! –
деп қалған.
Командирлердің бірі оған дереу ескерту жасап,
бәрімізді сабамызға түсіруге тырысты.
Әйтеуір, жарты сағатқа жуық болса керек,
қапталдаса ұшып, қажетті мөлшердегі жанармайды
құйып берген соң, аман-есен ажырастық-ау екінші
ұшақпен.
Алайда, онымыз иман таразы нәрсе екен.
Әскердегілердің сынақ обьектісіне айналуының
одан да сорақы сұмдықтарының болатынын соңыра
өзіміздің бөлімге келгеннен кейін бірақ білдім емес
пе. Саяси жетекшімізден:
- Сол жақта – еліміздің батыс бөлігінде де
қыруар әскер бар емес пе, қайдағы бір қиян шетте
жатқан біздерді Жер шарының екінші жартысынан
алып барудың қаншалықты қажеті бар еді? – деп
сұрағанмын. Саясаттың жілігін шағып, майын ішкен
әккі адам емес пе:
- Әр әскери округ, әр флот өз үлесін қосуы керек
қой? – дей салған. Сол әңгімені естіп тұрған интен
дантымыз мичман К. Черный былай шыға беріп:
- Жаныңдағы жауынгерлерге саяси сабақ өтіп
жүрген өте сауатты жігітсің, шынымен-ақ соны да
білмейсің бе? – деп, тосын сұрақты өзіме қойған.
Басқаларға қарағанда жаны тыныштау, кроссворд
шешкенді ұнататын, әзілкеш, қылжақбас жігіт ағасы
болатын. Кроссвордының шеше алмаған тұстарын
бізден сұрайды. Көбіне мен тауып беретінмін. Сол
бар, саяси жетекшіміздің артқан сенімі бар, әйтеуір
санасуға бейіл екенін аңғаратынмын.
Осы жерде бір айта кететін нәрсе, біздің
ұстаздарымыз мықты болса керек, оның үстіне қазақ
жастарының қабілет-қарымы мен білімге, білуге де
ген құштарлығы да жоғары ма, әйтеуір бірге әскери
Қ. Әлімқұлов
қызмет атқарған қатарластарымыздан мойын ілгері
едік. Қалай болғанда да, олардан анағұрлым артық
білетініміз бесенеден білініп тұратын. Содан да ғой,
мені саяси сабақ оқытатын үгітші сайлап жүргендері.
- Шақшадай басымды шарадай қылып, қанша ой
лансам да, еш жауабын таба алатын емеспін, - деп
ағымнан жарыламын мичманымыздың алдында.
- Басыңда кінә жоқ. Мәселе сол басты қажет
бағытта
пайдалана
алмауыңда.
Айтылғанның
бәрін ақиқат деп қабылдайсың. Ол да жастығыңнан
шығар: албыртсың, аңғалсың...
Басқа басқа, ал мичман Черныйдан осындай
салиқалы сөздер естимін-ау деген еш қисынға
келмейтіндей. Таңданып тұрсам да:
- Сонда қалай?..- деймін абыржыған сыңай
танытуға тырысып.
- Ол – былай: соғыс түгілі, әскери оқу-жаттығу
ойындарының өзіне «қатысқандардың бәленше
пайызы қайтыс болуы мүмкін...» деп жоспарлана
ды. Ал, соғыс жағдайында, «түгел қаза табулары да
мүмкін...» деген ұры болжам бірінші кезекте тұрады.
Енді мынандай суретті көз алдыңа келтіріп көр:
бір әскери бөлімше түгелдей қырылып қалса...не
болады? Иә-иә, ең бастысы, барша жұртқа жария
болады! Оған әсте жол беруге болмақ емес!
Енді екінші жағынан келейік: бір қалаға, бір
ауылға, бір ауданға немесе бір ұлт өкілдері тығыз
орналасқан өңірге мырыш табыттағы жүздеген
жауынгердің өлі денесі жеткізілсе ше?.. Оған да жол
бере алмаймыз!
Солай, бауырым. Біздің әскери доктринамыз сон
дай. Саясатымыз солай ұйымдастырылған. Әр жер
ден, әр жаққа ғана қаралы хабар тиуге тиіс.
- Қойыңызшы... – деймін тағы да сенер-сенбесімді
білмей.
- Қоятын түгі де жоқ. Тек, екеуіміздің арамыз
Әкемнің әлемі
да бұндай әңгіме болған емес, соны қаперіңнен
шығарушы болма! – деді де мичман жайына жүре
берді.
Ол кезде ары ойлап, бері ойлап, бір тоқтамға келе
алмай дал болғаным әлі есімде. Сөйтсем, мичманның
ол сөздеріне идеология уыты сендірмеген екен. Тек,
көп кейін ғана, әкейдің там-тұмдап қана айтатын
жұпыны әңгімесін естіп, Ұлы Отан соғысы туралы
жазылғандарды оқи және әртүрлі қойылымдарды
көре жүріп, сол күдіктің бірқаншасы сейілді ғой. Әрі
оған екінші бір оқиға көп септігін тигізді.
Сөйтіп, «Прага көктемінің» ызғырығына ұрынбас
тан, «өз еркімізбен» өрекпи ұмтылғанымызбен,
соғыс қимылдарына қатыспай аман қалғанымызды
жоғарыда айттым. «Қырық жыл қырғын болса да
ажалды өледі». Құдайдың құдіреті десеңізші! Бол
маса, кім біледі?..
Иә, кім білген?! Кездейсоқтық па, әлде бір
заңдылығы бар ма, арада үш-төрт ай уақыт өткенде
сол баяғы 18 бейбақ екінші бір соғысқа кіріп кете
жаздадық. Тағы да түнгі дабыл, тағы да сол «өз
еркіммен майданда қаза тапқан жолдастарымның
орнына соғысқа жіберіңіздер» деген қолхат... тағы
да жаңа киім-кешек пен қару-жарақ.
Тек, бұл жолғы «шатақ» көршілес Қытаймен
шекарадағы бір аралда шығыпты. Тағы да сая
си жетекшіміз жалынды сөзін жаудырды. Ұзын-
ырғасы мынаған саяды: «Маоның құйыршықтары
бастаған қытай сепаратистері сүйікті Отанымыз
– КСРО-ға соғыс жариялап, еліміздің шекарасы
нан арсыздықпен аттады. Басып алған жерлерінде
қыз-келіншектерді зорлап, кемпір-шалдарды қорлап
– айюандық істеуде. Шыбын жанымыз бен қасық
қанымызды аямай дұшпанға тойтарыс беруіміз ке
рек. Жанқиярлық ерліктің үздік үлгісін көрсетіп, ан
тымызды ақтауға тиіспіз. Біз – қорғанушымыз, де
Қ. Әлімқұлов мек, біздің ісіміз ақ. Ендеше, біз жеңеміз!» Тағы да тілектестікпен шығарып салу... Жол-жөнекей тағы екі-үш «Урал» машинасындағы жауынгерлерді қосып алып, әскери автокөлік инспекциясының ертуілімен, ойлы-қырлы жолдар мен, шағын-шағын шоқ тоғайлардың арасымен шоқалақтата жүрген күйі таң саз бере бір жерге жеттік-ау, әйтеуір. «Ойлы-қырлы» дегеннен шығады ғой, жал пы Қиыр Шығысыңыз, мұхитпен жалғасатын теңіздермен шектесетін өңірлер біріне бірі ұласқан түйетайлы төбелер тізбегінен тұрады. Тіпті, Вла дивосток қаласының өзі - сондай сегіз төбенің арасындағы жеті сайды сағалай салынған жеті кенттің қосындысы. Сол жеті кентті (әрқайсысының өз атаулары да бар) метролардағы сияқты жүрдек электр поездары жалғап тұрады. Ылғалы мол, жер қыртысы тастақ болғандықтан да шығар, ағаштары да түп-түп болып, жатаған өседі. Міне, сондай бір шоқ-шоқ тоғайлардың арасы на, біркелкі иін тірескен төбелердің тұсына келіп тоқтағанбыз. Алайда, ол қолдан қойылған, жасан ды төбе болып шықты. Анығырақ айтқанда, әскери ұшақтарды жасырын ұстайтын кәдімгі ангарлар екен. Жалпы, ол жер соғыс жағдайына орайласты рып қалыптастырылған құпия, қосалқы аэродром болып шықты. Несін айтасыз, сол бір ангарларда самсаған сек сен жігіт бір ай бойы жаттық қой... Иә, сол жабық ангарда, бүкіл әлемнен аластаты лып, табаны күректей бір ай бойы жаттық. «Кез кел ген сәтте соғысқа кіріп кетуге даяр болуға тиіспіз» деген желеумен сол бір ай бойына үстіміздегі киімімізді де шешпедік. «Ұлы сөзде ұят жоқ» әрі сізге - өтірік, маған – шын, биттеп кеттік. Алайда,
Әкемнің әлемі
қаншалықты жиіркенішті дегеннің өзінде, бара-бара
ол битіңіз беріде қалды. Біразымыз жынданып кете
жаздаған жоқпыз ба?!.
Жалпы,
идеология
дегеніңіздің
қаншалықты
жойқын қару екеніне сонда көзім анық жетті. Адамның
жүйкесін жүндей түтіп, психикасын тас-талқан ететін
тажал екен – ол. Көз алдыңызға келтіріп, ойша бол
са да елестетіп көріңізші: отыз тәулік бойына теп
се темір үзетін сексен жігітті итше үйретіп жатыр.
Ыстық тамақ жоқ, «құрғақ» дәм. Бойындағы бұла
күшті қоярға жер таппай жұлқынған жауынгерлер.
Күніне бір мезгіл қару-жарақ тазалап, әртүрлі жеңіл
жаттығулар жасаған боламыз. Түн сайын, шама
мен сағат үш пен төрттің арасында міндетті түрде
соғыс дабылы қағылып, арнайы түрде миымызды
«өңдейді». Негізінен айтатындары: « зорлап жа
тыр, қорлап жатыр, қырып-жойып барады. Небір
құлақ естіп, көз көрмеген хайуандықтар істелуде.
Кеудемізді оққа тосып, Отанды қорғау керек!»
Құдай-ай десеңізші, қайта біз көнбіс екенбіз. «Біз»
деп отырғаным – азиялықтар. Бірақ – азбыз. Қант де
ген қаладан Сүлеймен деген қырғыз жігіті, өзіміздің
Кентаудан – Оралхан. Төртіншіміз – Тәжікстаннан.
Тау тағысын мүлт жібермейтін аңшының баласы
екен, Ұршан да шыдамды.
Басқалары бір аптадан кейін-ақ жанындағылардың
жағасына жармасып, жақыннан жау іздей ба
стады. Офицерлердің тарапынан қатаң бақылау
болмағанда... кім біледі не боларын? Тоқсан оқты
қаhарлы қаруы бар кез келген жауынгердің жетпіс
тоғыз боздақты баудай түсіріп, жуадай солдыру
мүмкіндігі бар ғой?..
Кейіндері байыбына барып, бағамдап отырсам,
ол да жоғарыда айтылған идеологияның улауы,
насихаттың найсап күші екен де. Сол кезде деймін-
ау, жаңағы саясаттың санаңа сіңірілуі сошалықты,
Қ. Әлімқұлов
басқаны қайдам, өз басым «бүйтіп босқа биттеп
жатқанша, тезірек соғысы бар болғырына кірсек
екен» деп ойлай бастағаным айдай анық.
Алғашында «жастық желік, қызу қандылық,
мәңгі жасайтындай өлімнің өзінен де қорықпайтын
көзсіздік» деп те ойлағанмын. Жоқ! Тіпті де олай
емес! Нақ сол – идеологияның иттігі.
Ал, «әне кеп қалды, міне кеп қалды» деген дұшпан,
«жалмады, жұтты» деген сұм соғыс қимылдарының
қалай өрбігенін соңғы жылдарда ғана білдік емес
пе? Кемемізге қайтып келгенде, тағы да «тірі жанға
тіс жармаймыз» деп қолхат бергізді ғой...
Кейін ол текетірес Қазақстан жеріне де жетіп,
Жалаңашкөл жағасындағы жанжалға ұласқаны та
рихтан белгілі.
Ал, Даман аралындағы оқиғаларға оралатын
болсақ, ахуалдың алғышарты мынадай. Жалпы,
соңына «ск» деген жалғауларын жалғап алғандары
болмаса, орыс тілінің қорында «даман» деген сөз де,
ондай ұғым да жоқ қой? Соған қарамастан солақай
саясаттың сойылын соғуға көзтүрткі болды.
Белгілі оқиғалар орын алып, қан төгілгенге дейін
өзеннің екі жағасындағы жұрт та арал тағдырына
мүлде алаң болмаған. Тіпті, ол туралы ойланбаған
да сияқты. Қарсылас шекарашылардың өзі үшін
спорт жаттығулары секілді ғана, «қызық», уақыт оз
дырар «ойын» ретінде бастау алыпты. Бірде – қытай
жағының, енді бірде – орыстардың шекарашылары
жұдырық жұмсап, тұмсық бұзысып жүрген. Кейін
келе, екі жақ та шекарашылар ретінде каратэші,
дзюдошы жігіттерді жұмсап, бас жарылып, көз шыға
бастаған. Қол, аяқ сынатын болған. Қабырға қаусап,
бүйрек-бауыр бүлінген.
Уссури өзенінің мұзы сөгіле қоймаған сол 1969
жылдың 2 наурызы күні қанды қақтығыс орын ала
ды. Осы жерде бір айта кететін нәрсе, әскери
Әкемнің әлемі ғылымның түсінігі бойынша, «соғыс» деген әртүрлі әскер түрлері мен ауыр техника құралдары қатысқан шайқастар ұғылады екен де, жай қару түрлерімен, тек шекарашылар атысса – ол «шекаралық қақтығыс» деп аталатын көрінеді. Демек, екі ел де халықаралық айыптаулардан қауіптеніп, «соғыстан» гөрі «қақтығыстарды» қалаған сыңайлы-ау? Біз аралға жақын жердегі құпия қосалқы аэродромға 3 наурыздың таңында, яғни ұрыс қимылдары басталған күннің ертесінде барғанбыз. Соғыстың 17 наурызда біткеніне қарамастан 3 сәуірге дейін биттеп, жүйкеміз жүндей түтіліп жата беріппіз. «Соғыс жалғасып қалуы мүмкін» деген сақтық шаралары дегенді еміс-еміс естігендейміз. Солай да шығар, кім біледі?!. ...Одан бері қанша уақыт өткеніне қарамастан, оқта-текте болса да баяғы мичман Черныйдың сөздері ойға оралып тұрады. Оған көрген-білген, әсіресе, өз санаммен сезінген «соғыстарым» қосылады... Иә, кеңестік әскери доктринаның тым-тым тұңғиықтағы қатпарларын аз-кем аңғаруға осындай оқиғалардың қосқан үлесі қомақты-ақ дер едім. Әсіресе, КСРО деген алып мемлекет ыдырап, оның құрамындағы «бауырлас» одақтас респу бликалар жеке-дара тәуелсіздіктерін алғалы бері соғыстың белгісіз беттері, құпия мәліметтері ашы ла бастады емес пе? Бұрындары біздің әкелеріміз сияқты қолына мылтық ұстап көрмеген бұратана халықтар өкілдерін «зеңбірек етіне» айналдырып ты дегенге де сене бермейтінбіз. Тіпті, әкей айтып қалатын сұмдықтарға да сезіктене қарағанымызды несіне жасырайын? Сөйтсек, шын мәнінде со лай болған екен. Жаңағы, әкелеріміздің аз-кем әңгімесінен, кейіндері кинолардан көріп, газеттер ден оқығандарымыздан шығаратын қорытынды мен
Қ. Әлімқұлов
тоқайласатын түйін де соған саятынына көз жете
бастады. «Азияттардан» құрылған жасақтарды жау
оғының астына айдап сап, дұшпанның бекіністері
мен қаруларын, олардың саны мен қуатын айқындау,
содан соң барып, «халық комиссарының жүз гра
мын» тартып алған жауынгерлерді артиллериялық
даярлықтан кейін уралатып ұмтылдыру – ғылыми
тұрғыда «тактика» деп аталатын соғыстың сайқал
саясатына айналған тәсіл екен.
Негізінен, түрмедегілерден, кәнігі баукеспелер
мен қылмыскерлерден құралған «айыптылар бата
льондары» дегендер болыпты. (Алайда, олардың
арасында да «халық жауы» ретінде сотталған талай
зиялы адамдардың да болғанын кейін ғана білдік
емес пе?!) Алдыларында – фашистер оқ жаудырып
тұр, арттарында – айбынды Қызыл армия: шегінсе,
солардың өзі-ақ жойып жібереді. Біздің жазықсыз,
сауатсыз аталарымыз да солардың кебін киіп,
қынадай қырылған да?!.
Ал, қай жерден топырақ бұйырғаны да белгісіз
боздақтар қанша?!
Әрине, әкей ондай тұжырымдарға тоқталып,
оралымды ой айтқан емес. Мүмкін, айта алмайтын
да шығар? Тек, бірде ғана: «Денсаулықтың қадірін
ауырған адамның білетіні сияқты, өмірдің нағыз
құнын соғысты көрген адам ғана ұғады» дегенге
саятын сөздерін естігенім бар. Әрі сол сөздер мені
көп ойларға жетелер еді. Қас пен көздің арасында,
бекерден-бекер, тұяқ серпуге де мұршасы келмей
құрбандыққа шалынып кетіп жатқан қыршындарды
күн сайын өз көзімен көрген жанның өмірдің бағасын
білмеуі, нақтылы бағаламауы мүмкін де емес қой?!
Соғыста, жалпы жан алқымға тығылар сын
сағаттарда,
жартыкеш
шешімнің:
жартылай
жақсылықтың, жартылай сатқындықтың не жарты
лай жанқиярлықтың болуы мүмкін бе?!
Әкемнің әлемі
Бұл, бірақ та, бейбітшіліктің бағасын білу
үшін соғыс тілеу емес. Өмірге деген қалтқысыз
құштарлықты қолдау мен қорғауға құрылған қағида.
Соғыс кезінде, қара суықта окоптағы су ішінде
сағаттап тұрып та, қақаған қыстың аязында қар
жастанып, мұз жамылып жатып та адамдар ауыра
қоймайды. Өйткені, олардың бар ойы – қайткенде
тірі қалу. Ми да, сана-сезім де, бүкіл болмыс пен жан
дүниесі де «Өмір» деген жалғыз сөзге бағдарланып,
бүгінгі тілмен айтқанда, «жоспарланып» қойылған.
Иә, Отанды қорғау – ұлы парыз. Әрбір он екі
мүшесі сау, дені дұрыс азамат ол борышты абы
роймен атқаруға тиіс. Бұл – кез келген мемлекеттің
конституциялық, кез келген қауымның тіршілігінің,
кез келген отбасы –ошақ қасының опындырмас та
лабы. Сондай-ақ әр азаматтың абыройлы борышы.
Ең бастысы, бұл – қай елде, қай ұлтта, қай жұртта
болмасын, азаматтардың адамгершілік айнасы.
Өйткені, хайюан екеш хайюан да ұрпағы мен өз
өрісін, ұясы мен апанын қорғайды. Ал, ар-намыспен
апталған пенде баласы үшін оны дәлелдеп жатудың
өзі артық. Аксиомаға айналған ақиқат – ол.
Ал, даналық атаулының дарасы «Жаным -
арымның садақасы» дегенді айта алған қазақ жұрты
үшін оның орны тіптен бөлек болса керек.
Өкініштісі, сол ақиқат заманалар заңдылықтары
мен қоғамдық қағидаларға қарай қырық өзгеріп жата
ды. Мәселен, соғыстан кейінгі жылдарда ауыл-елдің
әскер қатарынан оралған жігіттері «Бәленшенің ба
ласы» емес, өз есімімен аталатын азаматқа айнала
тын. Оны мекендегі әр үй арнайы шақырып, құрметті
қонағы ретінде күтетін.
Біздің бозбалалық кезімізде де әскерге барып,
борышыңды адал атқарып келу – беделді биігінен
түспеген іс. Әскерге алынбаған жігітті қыздар онша
жақтыра қоймайтын, ондай жігіттерге тұрмысқа
Қ. Әлімқұлов
шықпауға тырысатын. Өйткені, ондай жастар бір жері
кеміс, жарымжан адам ретінде қарастырылатын-ды.
Ал, еліміз тәуелсіздік алған бас-аяғы он-он бес
жылда «Отан ана алдындағы абыройлы борышқа»
деген көзқарастың кереғар бағытта өзгергенін оп-
оңай байқар едіңіз. Мәселен, 1995 жылдарда ата-
ана баласын әскери қызметтен алып қалу үшін пара
берсе, 2005 жылдарда қайткенде де әскерге алғызу
үшін жең ұшынан жалғасуға көшті. Бұл да, өкінішке
қарай, адамгершілік сананың өскендігінен емес,
керісінше, нарық заңдылығының қуаттылығынан.
Өзі, Ұлы Отан соғысының көлеңкесінде қалып
кеткен және екі соғыс бар емес пе? Кейінгі, жапон
дармен соғыс жөнінде там-тұмдап айтылғанымен,
оның алдындағы фин соғысы туралы тіпті айтыла
бермейді ғой...
Жалпы, орыстармен соғысқан жұрттардың ішіндегі
Финляндияның олардан жеңілмеген жалғыз мемле
кет екенін де екінің бірі біле бермейді. Ертеректе
де кеңестік насихат «Фин армиясын басқарған мар
шал Моннергейм патшалы Ресейдің генерал-лей
тенанты болған...» дегенге малдандыратын. Шын
мәнінде, мәселе мүлде басқада екен. Олар соғысқа
даярлықты күнделікті қажетті іс деңгейіне көтеріп,
көп көңіл бөліпті. Содан соң, жер жағдайына қарай
партизан отрядтары сияқты шағын да шалт топтарға,
тіпті жалғыз-дара жауынгерлер жанқиярлығына баса
назар аударған көрінеді. Ересектері «Күзет корпу
старында», балалары «ақ тиіндер роталарында»,
ал әйелдері «Лота Свярд» деп аталатын арнайы
ұйымдарында соғыс ісіне жүйелі түрде жаттыққан.
Енді жеке-дара жауынгерлер жанқиярлығына
келетін болсақ, мынаны нақты айтуға болар еді. Сол
соғысқа қатысқан Кеңес Одағының Батыры Иван
Поросенковтың өз аузынан естіген әңгімем – бұл.
« - Бір шағын деревнядағы шіркеудің ұшар ба
Әкемнің әлемі
сына пулемет орнатып қойған екен. Бас көтертіп,
бет қаратпайды. Оқты қарша боратып, біздің
қатарымызды баудай түсіріп жатыр. Арнайы апарған
атқыштар ротасында сайланып барған жүз жігіт едік,
бір сағатқа созылған атыстан кейін мен ғана тірі
қалдым. Шіркеу ұшында, құрығанда төрт-бес жа
унгер болған шығар деп ойлағанбыз, қайдағы, бар
болғаны жалғыз ғана сарбаз! Оның өзін шынжырлап
тастаған болар, әйтпесе баяғыда зыта жөнелмес пе
еді деп те ойлаған едік. Ойпыр-ай, ол ойымыз да
қате болып шықты: қол-аяғы да бос күйінде мерт бо
лыпты. Отаны үшін ерікті түрде өзін-өзі құрбандыққа
шалып тұр!
Жалғыз тірі қалғаным үшін маған Батыр атағын
берді. Қайдағы батырлық?! Нағыз батыр ана фин
сарбазы емес пе?!»
Міне, жанқиярлық ерліктің бір мысалы.
Орыс классигінің әңгімесіндегі жағдай ше? Пат
шалы Ресей армиясының офицері өзіне ұнамаған
жауынгерді қарауылда, қыстың қақаған аязында
әдейі «ұмытып» кетеді. Алайда, жанкешті жауынгер
селт етпеген күйі суыққа да, уақытқа да қарамастан
тұра берген. Ауысымдағылар келіп, әлгі байғұсты
түртіп қалса, кескен теректей құлап түсіпті. Сөйтсе,
екі аяғы бірдей үсіп кеткен екен...
Бейшараның екі аяғын да тізесінен кесіп, әскерден
босатады. Алайда, әлгі адам жәбірлену қайда, өле-
өлгенінше «төзімділіктің үлгісін көрсетіп, абырой
ымды аман сақтап қалдым» дегенді мақтанышпен
айтып өтіпті.
Ендеше, көзсіз ерліктің де түсінігі сан тарау-ау?!
Бүгінде «Біз сендер үшін қан төктік!» дегенді
мақтанышпен айтатын қарттар да қалмай барады.
Кеудесін қағатындар да жоқ. Олардың көбісі-ақ ел ба
сына күн туған сын сағатта өз азаматтық міндеттерін
абыроймен атқарып, заманалар өзгерген сайын
Қ. Әлімқұлов
үндемейтін де болған-тын. Көпшілігі мәңгілікке тын
шыды.
Басқаны қайдам, біздердің – балалық шағы
соғыстан кейінгі материалдық тұрғыдан тұйық,
моральдық жағынан биік жылдарда өткен ұрпақ
үшін майдан даласындағы ересен ерліктер туралы
аңызға бергісіз әңгімелер жанымызға бал боп тамды.
Иә, ол әңгімелердің емдік қасиеті болатын. Үмітімізді
үкілеп, армандарымызды алыстарға жетеледі. Нақ
солай. Ол әңгімелер біздің санамызға сіңісті Ал
памыс пен Қобыландыны, Қамбар мен Тарғынды,
Төлеген мен Қозыны алмастырмады, жалғастырды.
Батыр болғымыз келді, ұшқыш болғымыз келді.
Отанымыздың абыройын асырып, «ел мақтаған,
қыз жақтаған» жігіт болып өскіміз келді.
Жариялылық көптеген құпияның пердесін сы
пырып, мұнар құшқан мәліметтерге сәуле септі.
Көп кінәраттың орын алғанына көзіміз жетті.
Басқасын былай қойғанда, тек Қазақстанға, қазақ
жауынгерлеріне ғана қатысты нақтылы деректер
ге жүгініп көрейікші. Көмескі болып келген кейбір
мағлұматтардың көзін ашсақ, намысыңды қайрап,
жігеріңді жанитын жәйіттер жоқ емес.
Өзі екінші дүниежүзілік соғыс – Ұлы Отан соғы
сының тарихында адамзат ерлігінің үлгі-өнегесіндей
болған жанқиярлық жаужүректіктің жарқын беттері
көп-ақ. Алайда, қазаққа қырын қараған саясаттың
салдарынан ұлттық рухымызға қиянат жасап,
ортақ жауға қарсы қан майдандағы ерлігіміздің
өзін лайықты бағаламаған тұстар да толып жатыр.
Мәселен, соғыс тарихына «Матросов ерлігі» деген
батыл әрекет алтын әріптермен жазылды. Ол жау
дзотындағы бас көтертпей оқ жаудырған пулеметті
өз денесімен жауып, қыршынынан қиылған.
Сөз жоқ, ерен ерлік! Тек, ол ғажайып батырлықты
одан жарты жыл бұрын қазақ жауынгері Сұлтан
Әкемнің әлемі
Баймағамбетов бірінші болып жасаған еді. Кейін
тағы бір қазақ сарбазы А. Сухамбаев сол ерлікті
қайталаған.
Одан кейін, «Гастелло ерлігі». Ол оқ тиіп, отқа
оранған ұшақтан секіріп түсудің орнына, ұшағын
(әрине, өзімен бірге) жаудың танк колоннасына
бағыттап, опат болған. Алайда, Бақтыораз Бей
секбаев деген қазақ жігіті ол ерлікті Гастеллодан
көп бұрын жасаған. Кейін тағы бір қазақ қыраны Н.
Әбдіров сол ерлікті қайталаған еді.
Сонан соң, алып елдің астанасы Мәскеуді қорғау
мен фашизмнің ордасы Рейхстагты басып алып,
төбесіне жеңіс туын тігу. Біріншісі: Мәскеуді жау
қолына қалдырмай, шейіт болып кеткендер түгел
Жетісу жерінен жинақталып, Алматыда жасақталған
316 атқыштар дивизиясының жауынгерлері бола
тын. «Шегінетін жер жоқ, артымызда – Мәскеу!» деп,
түгел қаза тапқан сол 28 панфиловшылардың ерлігі
де амалдың жоқтығынан ғана айтылатын. Әйтпесе,
ол да КСРО үшін айды аспанға шығарған ерлік емес
пе еді?!
Осы тұста ұлтымыздың ұлы қолбасшыларының
бірі де бірегейі, аты аңызға айналған ардақты ба
тыры, қара қылды қақ жарған өжет те өрен адал
перзенті, ұрпағына мәңгі ұмытылмас ұлағатты
сөз қалдырған қазыналы қайраткері Бауыржан
Момышұлын
қалай
еске
алмаспыз?!
Ерліктің
ерен үлгісін көрсеткенімен, ескерусіз қала берген
хас қаhарман мемлекеттік машинаның алдында
арын аласартқан емес. Дивизия басқарса да гене
рал атағы, бірнеше рет ұсынылса да Батыр атағы
берілмеді. Керісінше, ұлтшыл деген жала жабылып,
шеттетіле берді. Бірақ, ондай құқайдың ешқайсысы
да асқақ рухты азаматтың сағын сындыра алмады!
Керісінше, қайсар жанның жігерін жанып, жұртының
жадында жарқырата түсті.
Қ. Әлімқұлов
Екіншісі: Рейхстагты тікелей басып алған да
қазақстандық полк еді. Алғаш ту тіккен де Рахымжан
Қошқарбаев деген қайсар қазақ болатын. Алайда,
ол да лайықты бағасын алмаған күйі дүниеден өтті.
Есесіне, ол ерлікті орыс Егоров пен грузин Кантария
еншіледі. Тарихқа солай түсті.
Сондай-ақ,
аспан
айқастарының
ақиықтары
атанған Покрышкин мен Кожедуб та өзіндік ерен
ерлік көрсетті. Олардың әрқайсысы жаудың алпы
стан астам ұшағын жойды. Бүл ерлікті де жетеқабыл
қайталаған жалғыз қазақ Талғат Бигелдинов бола
тын. Өкінішке қарай, ол да Одақ көлемінде емес,
қазақ жерінде ғана лайықты құрметке бөленді.
Нәзік жаратылғандарына қарамастан, әйелдер
қайсарлығы тұрғысынан да жұртымыздың жұлдызы
жоғары болды. Бір емес, екі бірдей құралай қызымыз
- Әлия мен Мәншүк (Мәнсиә) Батыр атанды. Ондай
қайсарлықты орыстардан басқа еш ұлттың қыз-
келіншектері көрсеткені былай тұрсын, қайталай да
алмады. Алайда, кеңестік идеологияда негізінен З.
Космодемьянскаяның аты аталды.
Партизандар ерлігі туралы да осыны айтуға бо
лады. Олар туралы айтылғанда да, алдымен ков
пактар ауызға алынып, Қасым Қайсенов сынды
қайсар көкжалдар қазақ үшін ғана қажет, аумақтық
деңгейдегі батылдар дәрежесінен жоғары аса ал
мады. Әрине, бұл жерде біз де Ковпактай тұлғаның
тау мүсінін төменге сүйреп, төбемен теңеуден әсте
аулақпыз. Әйткенмен де...
Өнерлерімен, жеке бас үлгілерімен майдангер
лер рухын шыңдаған шамшырақтарымыз да жеңіске
аз үлес қосқан жоқ. Бір ғана Роза Бағланованың
өмір мен өлім арасындағы қас пен көздің арасындай
санаулы саябыр сәттердегі концерттерін кім ерлік
емес дей алмақ?!
Ал, жүз жасаған жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың
атақты
«Ленинградтық
өрендерімі»
құрсаулы
Әкемнің әлемі қоршауды бұзып шығуға бастаған бата емес пе еді?! Тыл еңбеккерлерінің ерлігі жөнінен де алдымызға жан салмадық десек, артық айтқандық емес. Ар найы көшірілген, мәжбүрлеп қоныс аударылған сан мыңдаған өзге ұлттар мен ұлыстар өкілдеріне ауыздарындағы ақырғы дәмді жырып бере жүріп, өмірге деген құштарлықтың өлмес өнегесін көрсеткен де – біздің қазақ! Иә, сол қазақтың шал-шауқаны мен қатын-қалашы ел басына түскен қиын-қыстау күндерде басымен қайғы болып кетпей, майдандағы жауынгерлердің жағдайларын жасауға белсене ат салысты. Киімкешек, ас-суды былай қойғанда, қару-жарақ жасауға қажетті аса құнды түсті металдың 97 пайызы Қазақстанда өндірілді. Соғыс жылдарында дұшпанға атылған он оқтың 9-ы қазақ жерінен шықты! Жеке үлгі де жетерлік. Көптеген атақты адамдарымыздың қаржылай көмек көрсеткені де белгілі. Солардың арасынан қазақтың бас палуаны Қажымұқан атамызды айрықша атаған жөн. Оның жеке ақшасына әскери ұшақ жасалды! Иә, соғыс та саясаттың салдары. Біз осыларды айтып, кеуде қаққанымызбен, Одақ оқта-текте бол маса, олар туралы жұмған аузын ашпауға тырысыпақ бақты. Қалай дегенде де, қазақ өзінің қайтпас-қайсар халық екенін ол жолы да бүкіл дүниеге дәлелдеп берді. Ұлы Отан соғысында 99 қазақ, жоғарыда айтылған қысастықтарға қарамастан, Кеңес Одағының Батыры атағына ие болды. Бұл – КСРОны мекендеген славян ұлттарынан кейінгі ең жоғары көрсеткіш. Салыстырып қараңызшы, халқының саны бізден екі есе көп өзбектерде 69 Батыр бар. Оның да біреуі – Сабыр Рахимов – қазақ. Жанқиярлығына қарай, қазақтың опат болғандары да көп-ақ. Сол соғыста 350 мың қазақ қаза тапты дейді ресми мәлімет. Ал, із-түзсіз кеткені, басқасы
Қ. Әлімқұлов
бар, одан әлдеқайда көп дегенді алға тартатындар да
аз емес. Бұл да көршілестеріміздің ешқайсысымен
мүлде салыстыруға келмейтін көрсеткіш.
Қорыта айтатын болсақ, соғыстың салдары ғой
ешқашанда жойылып болмас?! Тіпті, өңін айналды
рып көрсету пиғылына, пиғыл ғана емес-ау, нақтылы
істерге көшу фактілері де «Әттеген-ай!» дегізетіні
өкінішті. Басқа басқа, соғыстың ауыртпалығын ең көп
көрген орыс ұлты арасында соғыстағы жетістіктерді
айыптаудың етек алуы алаңдатады. Ең өкініштісі,
фашизмді жеңуге негізгі үлес қосқан Ресей жерінде
орыс фашизмінің орын ала бастауы. «Скинхедтер»
деп, қанша жерден жауырды жаба тоқығанмен,
жауыздықтың мәні өзгеруші ме еді?!
Кім біледі, әкейдің соғыс туралы сөз суыртпағанды
суқанының сүймейтіні де сондықтан шығар? Ол кісі
де соғыстың сұмдықтарын бүгінгі біздердей сара
лай алмағанымен, өз шама-шарқынша бағамдап
өткен болар?..
Менің де ел аман, жұрт тынышта екі бірдей
соғыс қимылдарына арнайы жіберіліп, ұрысқа
кірместен, бірде-бір оқ атпастан, тіктеп келіп, ешбір
дұшпанымды көрмеген күйі аман оралғанымды да
біреу түсінер, біреу түсінбес. Түсінбегендерге – өкпе
жоқ. Түсінгендері: «Періштесі қаққан ғой...» дер де
қояр. Ол да жөн.
Жоғарыда атап айтқанымдай, бұл тарауды әкей
өміріндегі өкінішті де өрен оқиғаны сол бір екі
жағдайға байланысты мен де бітім-болмысыммен
бағамдай алдым дегенді дәлелдей түсу үшін кітапқа
кіргізгенімді оқырмандарым ұғар деген ой ғана.
Әрине, қай қырынан келіп, қанша айтсақ та,
соғыстың «жыры» таусыла қоймас. Сондықтан да
ірі иә іргелі мемлекет болмаған соң, ең дұрысы:
«Құдай тыныштығымыздан айырмасын!» деген
тілекпен сақтана жүру де.
Әкемнің әлемі
Соңғы сапар немесе
беймәлім болмыстық байланыс
Құдайсыз қоғамның атеистік идеологиясы уы
сынан шығармауға тырысып, сананы усойқысымен
уландырып
жатқан
заманда
құдіреті
күшті
Жаратушының жасампаздығымен табиғат тылсы
мын түйсіне алар пенденің күрт кеміп кеткені де
жасырын жайт емес-ті.
Иә, «Дін – апиын» деген ұранды бетке ұстап, әр
көкейдегі тәңірлік танымды таптай тұншықтырған
солақай саясат жылқы мен шошқа етін арала
стырып, «Достық» деген шұжық шығаруға дейінгі
аралықтағы аярлыққа барды. Ниеті түзу некен-
саяқтың өзі жүздерін жасырын сипауға көшкен кез
еді.
Басқаны былай қойғанда, бейіт басында арақ ішу
індеті жалпақ жұртты жайлап бара жатты...
Сол сұрқия саясаттың салдары оқта-текте болса
да, қазір де сезіліп қалып жатады. Әлі біразға дейін
созылатын да шығар?
Амал қанша?!.
* * *
Адам-пенде неге арманын аялаудың орнына асы
лын жоғалтып алып, өзегін өкінішке өртетуге бейім
болады екен? Бардың бағасын білмегендікпен бе?
Жоқ, әлде «бір бұйырғаны болар» дегенге саятын
қаперсіздіктен бе? Болмаса, «бұдан да жақсы бола
түссе екен» дейтін торйымсыздықтың тоғышар
төлемі соған жетелей ме?
Қалай дегенде де, кейбір кемшіліктер мен
Қ. Әлімқұлов
қарабайыр қателіктерді қанша көріп-біліп жүрсек
те, бізге ешқандай қатысы жоқай қорытынды шыға
ра бермейтініміз айдан анық. Әйтеуір сондай
бір әттеген-айлардан сақтанып жүрейінші деп
сергектік танытудан гөрі керісінше, от басып, опық
жеп, бармағымызды шайнап қала беретініміз де еш
даусыз.
Түстен кейін маңыраған ақсақ қойдай кейінгі
күндердің көкжиегіне көз жүгірте отырып, мен де
кейде осындай ойларға қалатыным бар. Әлбетте,
адам шайтан болмағандықтан да «Өзекті жанға бір
өлімнің» бар екені хақ. Ол - өмір заңы: тал бесікке
түскен адам жер бесікке де түседі. Бірақ мен әкемді
ешқашан өлмейтіндей көрген сыңайлымын.
Әрине, «ел қатарлы текті тірлік кешіп жүрмін,
біреуден ілгері, біреуден кейін болып жамана
тымды естірткенім жоқ, бетіне шіркеу болатындай
қасиетсіз қылық істемедім» деп өзімді алдаусыра
тып, ақталуға да болар? Ал шын мәнінде, «ол –
мені өмірге келтірген әкем ғой, жалғаннан жаны жай
тауып өтетіндей, елден ерекше мен мынаны істеп
едім, сөйтіп ұшпаққа шығарып едім!» дейтіндей,
ауыз толтырып айтарлық ешнәрсе де істемеппін.
Істегеніңіз не, «Кәрі қойдың жасындай жасы қалды,
шынтуайтына келгенде, төрінен көрі жақын ақсақал
адам, сондықтан әрнеге әзір жүрейін дегенді де
шындап ойлана қоймаппын.
«Ағайын бір қуаныш, бір қайғыда», «Ел іші – алтын
бесік» дегендерге малдандым ба, болмаса тоба
сы аузынан түспеген тектілігіне, сексеннің сеңгіріне
шықса да денсаулығы сыр бермеген тыңдығына ал
дандым ба, білмеймін әйтеуір әкем жақын арада
бақилық бола қояды дегенді қаперіме де алмаппын.
Әрі бұл «Ананың көңілі – балада, баланың көңілі –
далданың» да кері емес. Қал-қадірімізше қолқабыс
жасауға тырысқанымыз анық.
Әкемнің әлемі
Бәлкім, менің қаперсіздігім «зейнетінен бейнеті
мол мехнатты ғұмыр кешіп, қиындықты көп көрген
адам ғой, асқар таудай боп көз алдымда жүре
тұрса екен...» деген перзенттік пейілімнің санамды
сағымдандырған пердесі ме?!
Жалпы бір Жаратушы Алланың болмаса,
ешкімнің алдында ақталайын деп отырған жайым
жоқ. Тек, «әкеміздің қдіріне жете алдық па?» деген
дегбірсіз ойдың дерегі де.
Кім білген...
...Әдеттегідей жұмыстан жәйірақ келген бетім
еді, үйдегілер үрпиісе алдымнан шықты. Шыққаны
сол, тұңғышымыз Еркебұлан үнсіз бір жапырақ
қағазды ұстата берген. Қолыма алғанда бір-ақ
білдім жеделхат екен. “Әкең ауыр жатыр, тез жет!”
деген бес ауыз ғана сөз. Жарық күнгі найзағайдай
есеңгіретіп жібермегенімен, суық та шұғыл хбардың
шарасыздығы шырмап тастағаны рас еді. Сенер-
сенбесімді
білмей
қолымдағы
қағазға
қайта
қараймын. Жоқ, ешқандай қатесі жоқ. Ойланып-
толғанудың да реті қане, отбасымдағыларға оша
рыла қарап: “Қашан келді?» деймін. Олар бірдеме
деп жауап қайтарады. Алайда мәселе оның қашан
келгенінде ме, тәйірі?
Бастығыма телефон соғып, көрер түнді көзбен
атырған соң жолға шықтық. Осы тұста бір нақтылай
кететін нәрсе – бүгінгі замандастарымыздың жас
ұрпағы: «Ондай жағдайда таңды күткені несі, дереу
жолға шықпаушы ма еді?» деп ойлауы ғажап емес.
Иә, ол кезде қазіргідей әр үйде құрығанда бір не
месе екі-үштен машина бар заман емес. Күндіз-түні
ағылған көлік те жоқ. Ақысын төлесең, қай уақытта
да, қай жерге болсын жеткізіп тастайтын жалдама
лы таксишілер де болмайтын.
Ал, Алматыдан шығып, біздің ауылды басып өтетін
соңғы автобус кешкі сағат 5-те кетіп қалады. Бір
Қ. Әлімқұлов
анау айтқан дөкей бастық болмасаң, таңғы нәсіптің
тілеуін тілегеннен басқа еш амалың қалмайтын.
Түні бойы теңселіп, келер күнді күтуіміздің себебі
– сол. Жолдасым Жұмабай бар болғыр, елп ете
түсті. Екі сөзге келмей жеңіл машинасімен жеткізіп
салды. Ауылға дейін Алматыдан біраз жер. Жол
жөнекей небір ойға қалып, “Жаман айтпай жақсы
жоқ” демекші, қарияны соңғы сапарға шығарып
салудың жөн-жосығын жоспарлаған боламын.
Әйтеуір алақұйын ой орманы да.
Ауылға қараңғылық қоюлана жеткенбіз. Жол
дасыма “Жәйірек жүр, жағдайды байқайық” деп
қоямын. Алайда үйге жақындаған сайын күдігім
күпті боп, тіпті берекем кетті. Әкем олай-бұлай
болып кетсе (беті аулақ, әрине), аула самаладай
жарқырап, қарбалас әбігерленген көрші-қолаң,
ауыл-ағайын жөңкіліп жүрсе керек еді. Ешқандай
жарық та, әбігер-сарсаң да байқалмайды.
Қақпаға таяп кеп тоқтадық. Ас бөлмеде ғана жарық
бар. Не де болса кіре көрейік дегенді басшылыққа
алып кіріп бардық. Үй-іші қаннен-қаперсіз кешкі
шайларын ішіп отыр. Қария тіпті біздің келетінімізді
біліп отырған адамдай-ақ жымия, қуана қарсы алды.
Анам ғана “Бейуақытта қайдан жүрсіңдер?” деген
дей таңдана қараған.
Бұндайда әңгімені де неден бастарыңды білмей
дал болады екенсің. Өзі айтар, уақытында көрерміз
дегенге тоқталып, дастархан басына жайғастық.
Әшейінгі жүздесулердің бірі сияқты. Амандық-
саулықтан асып әкей де ешнәрсе демейді. Біз де
сол шептен шыға алмаймыз.
Негізгі әңгіме кешкі шайдан соң сыртқа шыққан
шақта басталды.
Шамасы жеделхатты алғансың-ау?
Иә, соны алған соң суыт жеттім емес пе?
Қарттың айтар ойын қашан да жеткізе алатынын
Әкемнің әлемі
білсем де, сөзін жүйелеп алсын дегенім бе екен, өз
ойыма аз-кем орын беріп, болжамымды баяндай ба
стадым:
- Жеделхатты алуын алдым-ау, бірақ жақында
ғана ауылдың амандығын білгендіктен өз көзіме
өзім сенбедім. Әлгі Жанқыдыр құрдасым бар-жоқты
қылжаққа айналдырып, қалжыңдаса беруші еді,
соның ісі шығар деп бір шамалағам. Бірақ “Өкпеге
қиса да, өлімге қия қоймас” демекші, ондай әзілге
бармайтын шығар деп райымнан тағы қайттым. Атқа
мініп жүре беретініңізді білем ғой, жығылып, мертігіп
қалды ма екен дегенге бір тоқталдым. Сөйтіп әрі-
сәрі боп жеткенім осы.
- Ендеше - былай: Жаңғыдырдың да, аттың
да ешқандай жазығы жоқ. Тіпті шешең мен
қарындасыңа да ешнәрсе айтқан жоқпын. Ана по
шташы Гүлжәмила жеңгеңе айттым да жеделхатты
өзім жөнелттім.
Сұраулы жүзбен сезіктене қарасам керек, әкем
әлде-қандай тосын әдет шығарып арқамнан аялай
қақты.
- Балам, үрейленетін ешнәрсе жоқ. Екі
жауырынымның ортасынан шаншу қадалып, ма
замды алып барады. “Ауданға апарамыз” деген
соң жеңіл киіммен шыға қойып едім, мәшинелері
бұзылып, кешігіп келген. Сол көлігі бар болғырды
тосып, көшеде көбірек тұрып қалсам керек. Шаншу
да сол кезде қадала қойған да.
- Ауданға неге апармақ еді?
- Ұлы Октябрь мерекесі қарсаңында құрметтеу
үшін де?..
- Е-е, онда, шынында да үрейлі ешнәрсе жоқ
екен ғой. Бұрындары шаншуды ауру екен деп місе
тұтпайтын сияқты едіңіз… - “Қартаяйын дегенсіз
бе?” дегенді әрине, айта алмадым.
Қ. Әлімқұлов
- Әлі де шаншуды ауыр ауру деп мойындау
дан аулақпын, алайда құттыхана мекеніме жүретін
уақыт жақындап қалған сияқты көрінеді.
Түс көріп, аян естідіңіз бе?
- Түс көрген жоқпын, бірақ сол түсті күтіп жүрмін.
Түйсігімде әкем түсіме кіріп, аян беретін сияқты.
Қария, жалпы, кей-кейде бір шешіліп сөйлеп
кететіні болмаса, көбіне-көп сөзге сараң жан еді.
Өз өмірі болсын, соғыс туралы болсын қолқалап
қоймағанда ғана, онда да тиіп-қашып қана қысқа
қайыратын. Ал әкесі туралы екі әңгімесі ғана есімде.
Біріншісі - әкесі қайтыс болғанда он төрт жастағы
бозбала екеніне қарамастан, бейітін ақымдап өзі
қазып шыққаны, екіншісі - әкесінің елу төрт жасында
қайтыс болғаны. Қайтыс болғанда да жас еді неме
се кәрі еді дегенге емес, мен сол әкемнің жасына
жеттім, биыл өліп қалар ма екем деген бір бәтуасыз
мазасыздыққа тоғысқан ойы еді.
Ауыл-елде тұратын ағайын-жұрттың ақсақалдары,
«биыл мүшел жасқа кірдім» деп білген ырымдарын
жасап, жыл он екі ай бойына шама-шарқынша
сақтанып жүретін. Ол кезде коммунистік идеологи
ямен уланған құдайсыз қоғамда өмір сүрдік емес пе?
Біз күле қарамасақ та онша мән бере қоймайтынбыз.
Сөйтсек қазына қарттардың олай деуінде де
даналық негіз бар екен. Он екі санында көп сыр жа
тыпты. Жыл он екі айдан құралады. Күн мен түн он
екі сағаттан тұрады. Адам мен малда он екі мүше
бар... тағысын тағылар. Әрі оның да өз заңдылығы
бар: әрбір он екі жылда адам организмінен бастап,
табиғат та, тіпті бүкіл әлем кеңістігі, жұлдыздардың
орналасу реті ауысып отырады екен.
Әкей де елу төрт жасын мүшеліндей қабылдап,
қобалжи шығарып салғанын жақсы білемін.
- Шынымен-ақ уәйімдейтін себеп жоқ екен… -
дей бергем:
Әкемнің әлемі
- Неге екенін өзім де білмеймін, әйтеуір бір
аптаның о жақ, бұ жағында соңғы сапарға аттана
тынымды сеземін…
- Құдай сақтасын, жаз бойы шалғы шабамын деп
шаршаған шығарсыз? Болмаса, өлім туралы бір
нәрсе ойладыңыз ба екен? Қалай болғанда да, “Ол
жаққа” асықпаңыз. Балаларыңыз ер жетіп, қызығын
енді көрем дегенде асығатын не бар?
Көңілім қобалжып тұрса да, қалжыңға айнал
дырып, көңілін аулаймын ба деген әуре ғой баяғы.
Бірақ қария өз ойының жетегін қалт жіберей,
бағытынан таймай әңгімесін өрбіте берді.
- Ешнәрсе ойлаған да жоқпын, түс те көрген
жоқпын, бірақ таяу күндерде әкем түсіме кіріп, аян
беретін сияқты. Неге екенін , соған сенімді болып
жүрмін. Сездіріп тұрған шығар?..
Әңгімені ары қарай жалғай бергім келмеді. Тіпті,
не деп жалғарымды да білмеген едім. Можантом
пай отырып, мүлде үнсіз деуге де болар, тамақ іштік
те тысқа шықтық. Әңгіме сонда барып жалғасын
тапқан.
- Балам, мен өлімге әзірмін. Жан-жақты қамданып
та қойғам. Осы күнде өлім де сынға айналды ғой.
Бірақ бұрын да солай болатын. Атам қазақ: “Өлім
- бардың малын шашады, жоқтың артын ашады”
дегенді баяғыда айтып кеткен. Оны дана бабалар
бекер айтты дейсің бе? Білген соң айтады да...
Оның үстіне, сендер ел қатарлы қызметте
жүрсіңдер, менің де ауыл ел арасында азды-
кем абыройым жоқ емес. Соларды ескеріп, жол-
жоралғыны әзірлеп қойғам, оны шешең біледі. Көр
қазушыларға, сүйекке түсушілерге деген киім-кешек
дайын тұр. Теңбіл саулықты қозысымен Шура
кемпірге берерсіңдер. Ол да бір жалғыз қалып,
пұшайман болған пенде ғой. Діні басқа демесең,
ділі дұрыс жан. Оның үстіне, қалай болғанда да
құдайы көрші ғой…
Қ. Әлімқұлов
Осы тұста сәл тежеліп, аз-кем үнсіздіктен соң
сөзін қайта суыртпақтады.
- Тек бір ғана кемшін тұсы болып тұр. Бірақ «Елу
жылда – ел жаңа» демесең, кемшін деуге де кел
мес еді… Бұрын тәбәрік деп адамның үстіндегі
киім үлестірілетін. Қазір заманның тоқтығына орай
болса керек су жаңа киім болмаса, бұл адамдар
бақилық болған әруақты да сөгетін жағдайға жеттік
қой. Айтайын дегенім, жағалы киім деп дайындаған
палтөнің жеңі сөтілеңкірепті. Мүмкіндігің болса,
соның орнына жаңасын қойсаң. Басқасының бәрі
әзір.
Тағы бір айтарым, өзім білетін құранның бір ая
тын айтайын, жазып ал. Кейін, бейітімнің басына
барғанда соны оқып, мінәжат етіп жүрерсің.
Құдай өзі кешірсін, осының бәрі маған қызықты,
тіпті күлкілі жағдай секілді көрінген еді сол кез
де. Бірақ әкейдің көңіліне бола еш қарсылық
білдірмедім. Бар болғаны: “Үлкен ұлға хабар
бердіңіз бе?” дегенім есімде. Қария оған: “Олар
ды әурелеп қайтеміз? Олай-былай болып кетсем,
келе жатар, көре жатар. Олар да сенің айтқаныңнан
шықпайды ғой” дегенді жайбарақат айтып, “Осын
дай жағдай еді” дегендей үйге қарай беттеген.
Бала кезімізде, ойын баласы – немересіне
«Оқығанның көзі ашық». Оқы, балам! Біздің кезімізде
оқу болған жоқ, сен оқы» деген әжесіне: «Оқымаған
Сіздің көзіңіз ашық қой?..» дегені туралы тәмсіл
естігеніміз бар. Мәнісін біз де кейін ұқтық. Әрине,
мүмкіндігінше көп оқығанға, оқығанды көңілге
тоқып, көп білгенге – не жетсін?!
Алайда, оқып – көзі ашылмаса да, көкірегі ояу,
көпті көрген, көкірегіне түйгені мол жан еді, жарықтық.
Ұжымдастыру кезінде, ликбезде – сауатсыздықты
жою мектебінде бір-екі ай «қаріп жазуды» үйреніп,
«хат таныапты». Алайда, ол кезде, бандылар лаңы,
Әкемнің әлемі
Екінші дүниежүзілік соғыс деп жүріп қолданбаған
соң, оның үстіне кейінгі жазу кириицаға көшіп
кеткендіктен, ол да бір бекер тірлік болған да?
Солай бола тұра, зердесі зейніді адам, кез-келген
істің ығытын таба қоятын. Қандай жұмысты қолға
алса да, бұның мәнісі – мынада: егер былай істесек
- мынандай нәтиже шығуға тиіс» деп саралап ала
тын. Сонысымен де, өзі жақсы нәтижелерге қол
жеткізіп, жұртқа да дұрыс жол көрсетіп беретін. Со
нысымен де елге сыйлы еді.
Бес-алты жасар кезімде-ақ, ауыл-елдің ақсақал
дары, құрметті қариялары бас қосатын жиын-
тойларға ертіп барып, қасына отырғызып қоятын.
Алғашында қаусаған қарттардың түсініксіз сөзде
рінен жалығып, даладағы өзім қатарлы балалар
мен асыр салып оянағым келіп, тыпыршып әрең
отыратынмын. Келе-келе, ақсақал, қарасақалдың
арасныдағы
мықтысы
кім,
қайсысының
жолы
үлкен, неге солай, тіпті қызмет етіп жүргендердің
өз міндеттеріне деген жауапкершілігі тұрғысындағы
мәселелерге ден қоя бастадым. Балын тамыза
айтатын тәмсілдері мен аңыз-әңгімелерін сүйсіне
тыңдайтын болдым. Өзімді де сол кісілер сияқты
ұстап, солардың мақамымен мәнерлеп сөйлеуге
талпынатынды шығардым.
Бұл – өкінішке қарай, қазір жойылып кетудің аз-ақ
алдында тұрған дәстүрлі халықтық педагогиканың
бір ғнаа үлгісі-тін. Демек, әкей соны жақсы түсінген.
Бертіндері, біз ат жалын тартып мініп, қызметке
тұрған, балалы-баранды болған кездің өзінде сол
тәрбие заңды жалғасын тауып жатушы еді. Жұмыс
жағдайына орай, ауылға еңбек демалысын алғанда
– жылына бір мәрте ғана келетін кездеріміз бола
тын. Өмір болған соң, тірлік толас тапқан ба, ауыл
да да әртүрлі жағдайлар болып жатады. Біреулер
ұлдарын үйлендіріп, қыздарын ұзатып жатса, енді
Қ. Әлімқұлов біреулер жаңа үйге кіріп, қоныс тойын жасай ды. Нәрестелі болған, сүндетке отырғызған, көлік алған... әйтеуір қуаныш. Құтты болсын айту – па рыз. Оның үстіне, туып-өскен жер болған соң, тайқұлындай тебісіп, қатар өскен құрбы-құрдас, сыр лас достарың бар. Келгенімді естіді болды, асыға жетеді. Әрі келіп, сәлемдесіп, жөн-білісіп қана қоймайды, қай-қайсы да бір қойын алып ұрып қонаққа шақырады. Ауыл-елдің беркесі де сол емес пе? Соны жақсы білетін әкей: - Кәдікен! Сен келмегелі бері Қошқарбек құдаң, Бәзілжан ағаң, Әділбай нағашың өмірден өтіп кетті. Әуелі сол жарықтықтарды «тірілтіп» қайтайық, - дер еді. Дейтін де, шайдан соң, «тамақ піскенше барып қайтайық» деп, бастай беретін. Барған үйдің әңгімесін: - Бала келіп қалған екен, ағасына көңіл айтайын деп кірді, - дегеннен бастап, марқұмның атын атай отырып, құран бағыштаумен аяқтайтын. Құран бағыштайтын демекші, әкей молдалық ұстаған кісі емес. Шекараға жақын болғандықтан шығар, аулымызда Қытайдан қайтып келген ағайындар көп болды. Солардың арасында медре седе немесе жеке молдалардан оқып, ұстаз ал дын көргендер де баршылық еді. Ауылдағы құран оқу, жаназа шығару шараларын, негізінен солар атқаратын. Әкей болса, үй-іші, ары кетсе, етжақын туыс-жекжаттардың үйлеріне құран оқып, мінежат етумен шектелетін. Құран қайырғанда да, әуендетіп, созбайтын. Бірақ тақ-тұқ еткізіп бітіре де салмайтын. Өзіне ғана мәлім мақымы бар еді. Сонысымен де кәдімгідей діндар болып көрінетін. Бет сипағаны үшін үрейін алатын замнада ол да бір ерлік сияқты-тын.
Әкемнің әлемі
Ал маған жаздырғаны: «Құл-хуал-лаһу аһад» деп
басаталадын оншақты сөзден ғана құралған қысқа
Құран жолдары.
- Осыны үш қайталасаң, бір дұғаның орны
на жүреді. Басқа жерде оқымасаң – оқымассың,
болашағыңа кедергі келтіріп жүрер. Менің бейітімнің
басына келгенде осыны үш қайталап, аты-жөнімді
қосып бетіңді сипап жүрсең – жарайды, - деді. Со
дан сәл ойланып:
- Сендер «Құдай жоқ, дін зиян, адам маймылдан
жаралды» дегенге сеніп өкен ұрпақсыңдар ғой...
Солай деп үйреткен өкіметке қарсы тұра алмайсың.
Сондықтан да басыңды бәйгеге тігіп, алып маши
неге қрсы тұрудың қажеті жоқ. Алайда, әйтеуір бір
Жаратушы күштің бар екеніне күдік келтірме. Іштей
күбірлеп болса да Алланы аузыңнан тастама, -
дегенді нық сеніммен нығырлай айтып, алдындағы
сөздеріне қосты.
Әкей жазғандарының «Ықылас» деп аталатын
Құранның бүтіндей бір сүресі екенін, мағынасының
«Ала біреу-ақ. Алла мұңсыз. Ол тумады да туылма
ды. Әрі оған ешкім тең емес» дегенді уағыздайтынын
кейін білдік қой. Білген соң, алдына «Фатиха»,
соңына «Бақара» сүресін қосып, реті келген жерде
оқып, әруақтарға құран бағшытайтын болдым. Ол
да әкейдің өсиеті демеу мүмкін бе?!
Әкеміз түс көрді ме, көрмеді ме, ол кісінің өз әкесі
түсінде жанына шақырды ма, жоқ па ол жағын мен
білмеймін, ешуақытта біле де алмаймын. Ал анық
білетінім, арада төрт-бес күн өткенде өз үйімде
жатып мен түс көрдім. Ол түстің қысқа қайырым
мазмұны төмендегідей.
Бір-ер жыл бұрын дүние салған әкейдің Қожабек
деген аталас ағасы бар еді. Сол жарықтық екеуі
алқына жүгіріп келеді. Байыбына барсам, жүгіріп
емес қашып келеді екен. Соңдарынан бір үйір
Қ. Әлімқұлов
қасқыр қуып келеді. Тіпті өкшелеп жетіп қалыпты.
Жалпы жаратылысынан сұсты жануар ғой, алайда
мына үйірдің түрі мүлде үрей үйіргендей. Әкейдің
қолында опырмалы аңшы мылтығы бар екен
деймін. Тұсымнан өтіп бара жатып: “Балам, мы
налардан құтқарып жібер” деп мылтықты қолыма
ұстата берді. Жата қап атып жатырмын. Біразын
құлатыппын, тірі қалған төрт-бесеуі бұрыла сап кері
қашты. Сол кезде әкемнің: “Бесеуі қалыпты” деген
даусын ту сыртымнан естимін.
Түс - осы. Бұрын ондайды кім білген, неге
екенін білмеймін: “Әкем бес сағаттан кейін бе, бес
күннен кейін бе дүниеден озады екен” деп жорыдым
түсімді. Түс көру, оны жору туралы там-тұмдап бол
са да оқығаным, естігенім бар, солардың негізінде
түйсігім солай тұспалдаған болуы керек.
Үйдегілерге айтып көріп ем, күлкіге айналдыр
ды. Жұмысқа барып, жаманат хабарды күтейін.
Бес емес он сағат өтті еш хабар жоқ. Содан бес
күннің өтуін тосуға тура келді. Оның үстіне ол кез
де жетінші қараша - қазан төңкерісінің мерекесі
ретінде тойланатын еді ғой. Мереке болғандықтан
жұмысқа шықпайтынбыз. Бастығыма жағдайымды
айттым да: “Лайым мен-ақ қателесейін, жағдайын
біліп қайтайын” деген оймен Тұрсынбек інімнің
мәшинесімен ауылға қарай бет алдық.
Үйдегілерге май-шәйін, кімпит-сәмпитін дайын
дап қойып, әзір отырыңдар дедім де, Жанат жол
дасыма: “Хабар тисе, біздің үйдегілерді алып жет”
деген өтініш айтып жолға шықтық. Айтпақшы, сол
кездегі облыстық тұтынушылар қоғамының төрағасы
Хасболат Әшляев деген азаматтың көмегімен жаңа
пальто алып қойғанмын. Неге екенін менің есебім
бойынша, түсім тура келсе әкей түске қарай көз
жұмса керек еді. Ондай ойға жетелеген көпжылдық
кеңсе қызметінің әсері болса керек. Күнді ертеңгі
Әкемнің әлемі
сағат тоғыздан бастайтын дағды да. Сөйтсем мен
қателескен екенмін. Жаңа тәуліктің түнгі сағат он
екіден басталатынын қаперіме де алмаппын.
Жолда еш жерге аялдамай, суыт жүрген күйі түскі
сағат бірлерге таяу жетсек, үйдің ауласы ығы-жығы
жұртқа толып кетіпті. Асқар таудай әкемізден айы
рылып қалған екенбіз. Сәл шегініс жасасақ, оқиға
былай болған екен: қария бақилық боларынан екі күн
бұрын жатып қалыпты. Бірақ есінен жаңылмаған,
сөзі түзу қалпында жайбарақат жатқандай екен.
Қара шаңыраққа ие болып қалатын кенжесі - біздің
ініміз Бақыт ауылда мектеп директоры еді. Ертеңгі
сағат сегіз жарымдарда басын сәл көтеріп, жұмысқа
кеткен соны шақырыңдар депті. Дереу жеткен
баласының қолын қос алақанына қысқан күйі көзін
жұмыпты.
Жиналғандар көрісіп болған соң: “Жаңа ғана
жіберіп едік жеделхат қалай тез жеткен?” деп таң
қалысты. Ондайда кімге не дейтіні бар? Тек, ет-
жақындарға «Жеделхаттарыңды көрмедік, халін
біліп қайтайық деп шыққанбыз. Алайда, «Жаман
айтпай, жақсы жоқ» деген емес пе, олай-бұлай
болып кетсе, дайын болайық деп, іштей түйіліп
келгеніміз де рас» дегенді ғана жеткіздік.
Төрт көзіміз түгел жиналып, арулап шығарып
салдық. Ауыл-аймақтың қалыптасқан өлшемін
басшылыққа алғанда, жақсы-ақ жөнелткен
сияқтымыз. Ақсақалдар да, басқа жиналған жұрт
та: «Ақсақалдікі төрелеп келген ақ өлім ғой: өзі де
қиналған жоқ, өзгені де әурелемеді; бала-шағаның
алдында, асарын – асап, жасарын – жасап кетті. Тірі
пендеге қиянаты жоқ, пейілі түзу адам еді, пейіштің
төрінде шалқысын» - десіп, бір жағынан – біздің
көңілімізді жұбатып, екінші жағынан - өздерінің
марқұмға деген лебіздерін білдіріп тарасты.
Сонымен, ағайынмен, ауылдағы інілерімізбен
Қ. Әлімқұлов
ақылдаса келіп, қырқына дейін бейіттің басын
көтерейік деп ұйғардық. Інілерім қолдағы бар ма
териалдармен, жеңіл жолмен там тұрғызу тиімді
десті. Менің аз да болса айрықша белгі қойып,
есркеткіш орнатқым келді. Сонда барып, жиырма
шақты жыл бұрынғы бір оқиға есіме түскен еді.
Ол кезде Тынық мұхит флотында, Владивосток
қаласында әскери теңізші болып Отан алдындағы
борышымды атқарып жүргенмін. Біздің кеме
ге қызмет көрсететін базаның судан ұшып, суға
қонатын «Би-12» деп аталатын гидроұшағы қалың
тұманға қамалып, жағадағы жартасқа соғылыпты.
Екі ұшқыш та қаза тапқан. Соларды қатар жерлеп,
бастарына ортақ ескерткіш орнту туралы шешім
қабылданған болатын.
Сол ескерткіштің жобасы мен нобайын әзірлеп,
эскизін сызу қабырға газетін шығаруға, анығырақ
айтқанда, суретін салып, тақырыптарын мәнерлеп
жазуға қатысып жүретін мағна жүктелді. Ол
жердің мүмкіндігі мол еді ғой: зәкір тартатын шын
жырмен қоршалған биік стелланың түбіне жаңағы
апат болған ұшақ зырылдауығын (пропеллерін)
шаншып, мұнараның ұшына бес бұрышты жұлдыз
орнатылған ескерткіш жобасын жасаған едім.
Әкейге де ел ішінде кездесе бермейтін сондай
ескерткіш тұрғызғым келді.
Содан не керек, жергілікті жердегі қолда бар
материалдарды пайдалана отырып, 4-5 метрлік,
мұнара түріндегі ескерткіш қойдық. «Асқар ту
дай әкеміз еді» дегенді меңзеп, іргетасын шың
бейнесінде жасадық. Оған тасты ауылымыздың
шығыс жақ іргесіндегі Қату тауынан алынған та
стан өрдік. Бір айта кетерлігі, Қату тауының кейбір
жартастары біреу қолмен қатпарлап қойғандай,
тақтайдай тегіс текше тастардан тұрады. Арасына
сына ұрсаңыз, табақтай-табақтай болып бөқлініп
Әкемнің әлемі
түседі. Өңірдің құрылыс ұйымдары ғимараттардың
іргетасын қаптауға қолданады. Мәрмәр сияқты
сәнді көрініп тұратыны даусыз еді.
Енді сол тау-тұғырдың бір бүйірін жарып шыққан
керегені кәдімгі Семейдің ақ селикат кірпішінен
қаладық. Ол кезде одан басқа кірпіш түрлері кез
десе де бермейтін.
Аздап қиындық келтіргені, ұшар басына
қондыратын қобылы күмбез болды. Алматыдағы
құю-механикалық зауытында ондай шеберлер де
бар екен. Хромдалған қалың қаңылтырдан жымда
стырыла қапсырылған күмбез көлемінің кәдімгідей
екеніне қарамастан әдемі шықты. Ұшына мельхи
ор деп аталатын, тат баспйтын метлл қоспасынан
арнайы кесіліп алынған Ай мүсін кигіздік.
Кімге қалай екенін қайдан білейін, өз көңілімізден
шыққаны хақ. Әрине, одан бері де жиырма жылға
жуық уақыт өтті. Көптеген там тұрғызылып, бейіт
басында ауқымды дуалдар, күмбездер қаланды.
Биіктері де, кеңдері де көп. Жаңа пайда болған
құрылыс материалдарын да молынан пайдалан
ды. Дей тұрғанмен де, әкейдің ескерткіші солардың
арасында қайталанбас қалпымен әлі күнге дейін
ерен ерекшеленіп тұрғандай.
Бұндайда не деуге болады? Ескерткішті біреуден
мақтау естиік деп тұрғызған жоқпыз ғой. Әкейдің
аруағы разы болсын да! Тіпті, әкейге де оның
түкке қажеті жоқ шығар? Перзенттік парызымыз деп
білгеніміз...
Әкейдің ұстаз алдын көрмеген, әріп те таны
майтын адам екенін айтқан едім. Әйтсе де, біздің
қалайда жоғары білім алуымызға, қатарымыздан
қалмауымызға қатты көңіл бөлді.
Бірақ, мамандық пен мансап хақында әкейдің
өзіндік пайымы да жоқ емес еді. Бәлкім, ол заман
ағымына да байланысты болса керек. Өйткені,
Қ. Әлімқұлов сол тұста шаруашылық, аудан басшыларының көпшілігі дерлік мал дәрігерлері мен агрономдардан тағайындалатын. Содан да болар, «зоотехниктің, агрономның оқуын оқыңдар» дегенге дендейтін. Ағамыз – Елеусіз әке аманатын арқалады. Еңбек кітапшасындағы бір ғана сөйлеммен Ақсу ауданындағы Ленин кеңшарында зоотехник боп қырық жыл жұмыс істеді. Сол орнынан қозғалмаған күйі зейнет демалысына шыққан. Менің «журналист болам» дегенімді онша жақтырмады. - Елді жамандап, қарғысына қалып қайтесің?! – деген. Ол ойын мен түсінем. Оның мәні мына да. Жетінші сыныпта оқып жүргенімде аудандық «Жаңалық жаршысы» газетінде «Құлыптаулы клуб» деген атпен шағын сын мақалам жарық көрген. Ел іші гу-гу. Мен айды аспанға шығарғандай боп, атым асқақтап бір кетті дейсіз. Сонда: - Ол да бір ағаң ғой. Байқұс жеп отырған тамағынан айырылып қалса қайтесің? – деген. - Жылы орында, жанын қинамай табатын ақшасын неге адал алмайды? – деп, мен де кісімсінгенім есімде. Шынында де, мақаладан кейін Жәркенттегі аудандық мәдениет мекемесінен арнайы комиссия келіп, тексеру қорытындысы бойынша жиналыс өткізіп, клуб меңгерушісі ағамызды соңғы сөгіспен әзер дегенде орнында қалдырған. «Елді жамандап» дегенде әкейдің соны тұспалдап отырғанын түсініп: - Журналистер үнемі сын ғана жазбайды, лайықтыларды мақтайды да, - деймін өзімдіөзім арашалағандай болып. Бірақ, ол жолы әрқайсысымыз өз пікірімізде қалсақ керек. Ініміз Бақыт пен қарындасымыз Мейрамкүл – ұлағатты ұстаздар. Бақыт біраз жыл орта мектеп директоры, содан соң облыстық мұғалімдер білімін
Әкемнің әлемі жетілдіру институтында, кейінгі жылдарда Абай атындағы Қазақ педагогикалық университетінде жұмыс істеді. Ал, Майраш болса, (Мейрамкүлді бәріміз еркелетіп солай атаймыз) мектепке дейінгі тәрбие мамандығы бойынша білім алып, ұзақ жылдар бала бақша меңгерушісі болды. Қазір де бастауыш сыныптарға сабақ беріп, абыройлы еңбек етуде. Ендігі жерде есімдерімізге байланысты да бір-ер сөз айта кетудің артықшылығы болмайтын сиықты. Бізге дейінгі балалары шетінен шетіней берген соң ырымдап, ағамыздың атын Елеусіз, менің есімімді Кәдірсіз деп қойыпты. Ал, Бақыт пен Мейрамкүл 7 қараша – Ұлы қазан төңкерісі, 8-наурыз – Халықаралық әйелдер күні мерекелерінде дүние есігін ашқан. Жұртшылық ағамызды - Елеу, мені – Кәдікен деп атап кеткен. Ауыл-елдің оны білетін ересектері күні бүгінге дейін солай жақсы көретінін кестелеп, еркелетіп солай атайды. Әке-шешемізден бастау алған сөздер болғандықтан ба, кім біледі, сол ны спыны біртүрлі сағынып жүремін. Өкінішке қарай, олай дейтіндер жыл санап азайып барады... Есейе түскен сайын өз атымнан өзім қысылып, тіпті, намыстанатын бір «бәле» пайда болды да төлқұжат алатын тұста есімімді «Қадыр» деп өзгертіп алғанмын. Пенде-пақырды да қойсаңызшы, әр кездегі пайымтүсінігі әр басқа боп, бірде – өзгеріп, бірде – толы са түспес пе? Есіміді өзгерткенім туралы, нақтысы соным жөн болды ма екен деген тұрғыда менің де кей-кейде ойланып қалатыным бар. Сәл ертеректе Мәскеуден шығатын «Ғылым және өмір» журналы нан эквадорлық үндістердің тағдырының ерекше бір орасан оқиғаларға тап болған кездерінде аттарын ауыстырып отырады екен дегенді оқып, менікі де
Қ. Әлімқұлов
жөн шығар дегенді алданыш қылған едім. Өйткені,
ол үндістер дегеніңіз біздің түп-тұқиянымыздың бір
бұтағы емес пе?!
Соңғы жылдарда, әсіресе шариғат шуағына ден
дей үңілген сайын көбірек күдіктенетінді шығарып
жүрмін. Бәлкім, періштелер де пейілі түскен кезде
азан шақырып қойылған атымды атап, менен ада
сып қалып жүрген жоқ па екен? Солай...
Әкейдің сол бір аманатын абыроймен ақтадық па,
жоқ па – бір Құдай біледі, әйтеуір хал-қадірінше адам
болуға талпынғанымыз хақ. Шама-шарқымызша
адал
еңбек
етіп,
ұрпағымызды
қатарынан
қалдырмауға тырыстық. Ата-анамыздың өнегесін
бала-шағаға дарытуға күш салғанымыз да даусыз.
Бұларды бірсыдырғы баяндап жатқаным, баяғыда
бір кісі баласының шалағай-шикі тірлігіне налып:
«Әй, сен адам болмассың!» деп, кейиді екен. Сол
бала өсе келе тым пысық болып, текені – жезде,
ешкіні – жеңге деп жүріп, ретін келтіріп ауданға бас
шы болыпты да орын таққа отыра салып: «Енді не
дер екен?!» дегеннен дәмеленіп, әкесін алдырыпты.
- «Басшы: «Тез жеткізіңдер!» деді деп, алды-
артына қаратып, қолды-аяққа тұрғызбай, апыл-
ғұпыл ала жөнелген жандайшаптардың сөзі мен
қылығынан ешнәрсе ұқпай, дал болған қарт атшап
тырым кеңсенің төрінде масаттанып отырған өз ба
ласын көргенде ғана мән-жайды ұғып:
- Қарағым! Мен саған «басшы болмайсың» деп
емес, «адам болмассың!» деп ренжитін едім. Сен
ол сөздерімді жоққа шығарып отырған жоқсың,
керісінше растап отырсың. Басшылығыңа бөртіп,
кәрі сүйегімді салдырлатып алдыңа келтірдің. Ал,
түсінігі бар адам болсаң: «Әке еңбегім жанып, басшы
болдым. Көрдіңіз бе, сіз маған бекер ұрысқансыз...»
деп, алдыма өзің келмес пе едің?! – депті де, кері
айналып жүре беріпті.
Әкемнің әлемі
Әрине, көпшілік болған соң, бұл тәмсілге де
«Болмасаң да ұқсап бақ» деген емес пе» деп араша
түсушілер де табылар. «Сенген қойым сен болсаң,
күйсеген аузыңды ұрайын!» дегізе бермей, кәдеге
жарағаны-ақ жақсылық емес пе?!» деп ақтаушылар
да жолығар? Алайда, әділдікті әуперсіздендіріп,
адалдықты аттап жеткен; нақақ көздің жасына
қалып, обал-сауапты таптап өткен мақсатта не
мұрат болмақ?!
Бұны бұл жерде тілге тиек етіп отырғаным, сана
сында сәулесі жоқ пақырдың сапарының соңында
болса да бір сүрінері даусыз. Ондайлар Отанға да,
ел-жұртқа да ешқашан опа болып жарытпайды деген
ойды ғана меңзеу. «Атадан жақсы ұл туса – есіктегі
басын төрге сүйрер, атадан жаман ұл туса – төрдегі
басын көрге сүйрер», «Әкеңе не істесең – балаңнан
соны көресің» деген даналықтардың да бар екенін
еске сала кету ғана.
Біз де әкемізді ұшпаққа шығармағанмен, меселін
қайтарып, жанарымен жер шұқытпаған шығармыз
деп ойлаймын. Лайым солай болғай!
Қ. Әлімқұлов
Түйін сөз
Айналып келгенде, тоқсан ауыз сөздің тобықтай
түйіні, жалғыз ауыз «парыз» деген парасатты
пайымға келіп тіреледі.
Әкемізге «Әлемде бар жақсылықтың бәрін де
жасадық» деп, күпіршілік ете алмайтынымыз айдан
анық. «Үлде мен бүлдеге орадық» деу де бекер.
Күнделікті көңілін аулап, бар қажетін толық
қанағаттандыра алмағанымыз да рас. Тіпті,
тоқсанға толған торқалы тойын да өткізіп, елді елең
еткізбедік. Алайда, атамайық демедік, өзі:
- Кәрі қойдың жасындай жасым қалғанда
бала-шағаның
ермегіндей
шаруаға
шашылып
қайтесіңдер? Сендердің тойларың көп болсын! –
деп келте қайрыды.
Шетел аспақ түгілі, өз жеріміздегі ешбір емдеу-
сауықтыру орындарында болып көрген емес. Оны
да қаламады, еш құлқы болған жоқ.
Алдымызға арнайы мақсат қойып, өмірбаян
деректерін де өрнектеп, хатқа түсіріп алмадық. Ол
– біздің енжарлығымыз болар?
Айта берсе, мадақтан гөрі өкініш көп. Өйткені
әкеңді де Меккеге үш емес, алты арқалап апа
рып келсең де Оның қаны мен қуатын, қатал
қамқорлығы мен серттей сүйіспеншілігін ақтай
алмасың тағы ақиқат. Себебі әкенің алдындағы па
Әкемнің әлемі
рыз тек перзенттік пенделік қана парыз емес. Ол
– ақыреттік айрықша парыз!
Ата-бабаларымыздың асыл әжелері мен
аналарын
ардақтағандары,
адал
жарларын
алақандарына салып аялағнадары, қыздары мен
қарындастарын қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға
шоқытпай, көздің қарашығындай қорғағаны және
қалтқысыз құрметтегені соншалық, ауыз толтырып
айтарлықтай қанатты қағидалар мен мадақ сөздердің
сүйкімділерін түгелдей дерлік әйел затына арнаған.
Ол үрдіс дархан далаға Ислам дінінің қанат жа
юына байланысты одан бетер әуелеп, шарықтау
шыңына шықты. Мұхаммед (с.ғ.с.) Пайғамбардың
хадистеріндегі «Жұмақ ананың табанының астын
да» деген даналық қазақ топырағына таралған
тұста «Анаңды Меккеге үш рет арқалап апарып
келсең де ақ сүтін ақтай алмайсың» деген тамаша
тіркес түрінде түрлене түскен.
Тізе берудің түкке қажеті жоқ, қыз-келіншектер
туралы тағылымды сөздер тым көп-ақ. Әрі оған
бүгінгі біздің түтін түтетіп отырған топырағымызда
қай кездерде де тіршілік еткен, шетінен ертегілер
кейіпкерлеріндей, аттары аңызға айналған көнекөз
кейуаналарымыз, әз әжелеріміз бен ардақты
аналарымыздың; асыл жар, абыройлы апа-
қарындастарымыздың; өрісімізді кеңейтіп, алуан
аталы жұртымызды мың жылдық құда-жекжатқа ай
налдырып жіберген қыздарымыз бен түскен елінің
тілеуқорына айналып, ұрпағын ұлықтаған келісті
келіндеріміздің қай-қайсысы да әбден-ақ лайықты.
Оған ешкімнің таласы да жоқ.
Ал, енді керісінше, нәзік жандарға шын жүректен
таяныш болып, сол салмақты да салиқалы сөздердің
денін өздері шығарғандықтан болар, еркектерді
әлпештейтін тұщымды сөз там-тұмдаған ғана.
Тіпті, «Еркек тоқты – құрбандық» деп шорт кесіп,
Қ. Әлімқұлов
келте қайырылумен де кенде қалдырмайтындай.
Ал кейбір керуаздардың «Әкенің жақсылығы
жездедікіндей-ақ» деп көкитіндерін қайтерсің.
Ондайға, енді таусылудың да түкке қажеті жоқ: «Ит
үреді, керуен көшеді» деуден басқа не лажың бар?
Әрі «Ардақтасақ – Ананы ардақтайық» дегенге
қосылмайтын Құдайдың құлы және жоқ.
Міне, сондайлардың салдарынан да болса ке
рек, айнаайын әулиелердей әкелер турлы көп
әңгімелене де бермейді. Болмаса, әкенің орны өз
алдына бір бөлек. Тіпті бірегей биік емес пе?!
Әрине, әкелік парызды өтеудің де өткелі көп: ол
енді тағдырдың талқысы мен тартуы арасындағы
жазмышқа байланысты болса керек. Қалай бол
ғанда да адам баласына әке таңдау құқығы беріл
меген. Жарық дүниеге келгенің үшін ғана анаңа
қаншалықты қарыздар болсаң, әкеңе де одан еш
кем қарыздар емессің. Сонда ол оғландардың бар
жазығы аз сөйлеп, көп іс тындырғанында ғана ма?
Бір уақыт осындай ойлар орамына сүңгіп кетіп,
әке рухымен сырласатын кзедерің болады. Бірақ
басқа ұлттар мен ұлыстарды қайдам, қазақта әке
мен ұл арасныдағы қарым-қатынастың өзіндік
ерекшелігі бар. Анаңа ағыңнан жарылғаныңдай
әкеңе жаныңдағы жасырын сырыңды жайып сала
бермейсің. Оның есесіне отбасы, ошақ қасының
сыртындағы іргелі істер: ел мен жердің, салт пен
дәстүрдің селкеусіз сақталуы сияқты ұлттың ұлы
ұғымдарын әкеңе әдіптетесің. Мүмкін әкенің абы
ройлы міндеті де соған байланысты, сонысымен
асқақ болар.
Анаң мейрімімен баулып, бойыңа биязылық
дәнін сепсе, әке сол біртоға қатқылдығымен намыс
пен жігер ұялататын болса керек. Аныңның етегіне
шалынып жүріп ез, ынжық, үйкүшік, бос сөзге құмар
сыңар езу, шыбық тимей шыңқ ететін қызтеке бо
Әкемнің әлемі
лып қалмау үшін де ер адамдар арасындағы осын
дай қарадүрсіндеу, турасын айтып, төтесінен тар
татын қатқылдау, жігеріңді жанитын, намысыңды
шоқтай қаритын, болмысыңа бірдей даритын өтімді
де өткір қарым-қатынас қажет те шығар?!
Ойды ой түртеді. Ой көп. Осындай ойлардың
орманындағы күшіктеген ағаш көгіндей кейбірін
көңіл таразысынан өткізіп, қағазға түсірсем, сөйтіп
әкеміздің әлеміне жасалған саяхаттың суретін
сомдай келіп, рухани бір ескерткіш орнатсам деп
қолыма қалам алған едім...
Мейлі, ол әп-әдемі болсын, сәл орашолақ
әдіптелген болсын, тіпті соның бәрі бір тұғырға
тоғысқан қарама-қайшылықты да әмбебап болсын,
әрбір Әкенің әралуан әлемін қаншалықты шебер
қыюластырғанда да бір ғана әңгіменің барысында,
бір деммен түгел қамту дегеніңіз мүлде мүмкін
емес нәрсе. Жоқты-барды термелеп, тықпыштап
тізе берудің де қажеті шамалы.
«Ондай болмақ қайда деп, айтпа ғылым
сүйсеңіз» деп Абай хәкім айтпақшы, кейінгі
ұрпақтың көкірегінде көзі бар кейбіреуінің болса да
керегіне жарап қалар деген ниетпен ардақ тұтқан
адамымыздың өміріндегі аз-кем деректер мен
оқығанның ойын қозғар деген қайсыбір оқиғаларды
ортаға салдым. Салғанда да, ол бір кемшіліктен
ада, асып туған адам еді деуге тырысқандықтан
емес, заманына қарай амалын істеген өз кезінің
қарапайым ғана қазақи қалыптағы пірәдігер пендесі
екенін пайымдау үшін салдық.
Әрі бұл баянымыздың баршаның болмысын ба
урап алып, еш қарсылық тудырмайтынына кекпіл
дік те бере алмайтынымызды ашық айтудан да
қашпаймын. Өйткені, жатық оқылса екен деп, оқта-
текте сүреңсіздеу сөйлемдердің сақал-мұртын
басқаным болмаса ойдан шығарып ешнәрсе
Қ. Әлімқұлов Мазмұны Балдәуреннің бастауы немесе бір дәуірдің дастаны.................................... 7 Соғыс салған жаранемесеең сорақы сұмдық................................................................................ 28 Кенжеақын аға немесе көрген түстей келбет.................................................................................. 51 Қасқыр ит немесе қазынаның бір қатпары ....... 75 Бір қарын май немесе елге етене ерліктер......... 116 «Қатынша амандасу» немесе ұлттық педагогика пайымы...................................................... 138 Жаратылыс пен жазмыш немесе табиғатпен тамырластық.................................................................... 181 Айбынды Ас-ағаң немесе кәдімгі Асқар Тоқпанов............................................................... 214 Тілеуқор тұлғалар немесе өнегелі өмір өрнектері ................................................................ 250 Ағайынның арасы немесе қамқор көңіл құшағы.................................................................... 274
Әкемнің әлемі АСЫЛ ДА ҒАСЫР АНА немесе құлынына құлдық еткен .................................................................... 299 «Періштесі қақты» дер немесе мені сығалаған соғыс............................................................ 323 Соңғы сапар немесе беймәлім болмыстық байланыс.................................................. 347
Редакторы Әлсейіт Оспан
Корректор Қазына Нұрмаханова
Көркемдеуші редактор Әлия Сеңгірбаева
Техникалық редактор Нүркен Сүйеубекұлы
ИБ №144
Басылуға 15.04.2015 қол қойылды.
Пішімі 84х108 1/32. Қаріп түрі «Arіal».
Көлемі 19,5 ш.б.т. Таралымы 2000 дана. Тапсырыс 144
«Қазақпарат» баспа корпорациясының баспаханасы
Қадір Әлімқұлов
Әкемнің әлемі
(роман-эссе)
Пікірлер (0)
Пікір жазу үшін аккаунтқа кіріңіз. Кіру