Әбу Насыр Әл-Фараби - философия. ІІІ том
Әбу Насыр Әл-Фараби
Жазылымсыз режим: 20-беттен кейін жазылым беті ашылады, әрі қарай әр 10 бет сайын (ең көбі 5 рет).
Мазмұн 1 - ЛОГИКА - АБУ НАСЫР АЛ - ФАРАБИ III – 2 - СИЛЛОГИЗМ /1/ - АБУ НАСЫР АЛ - ФАРАБИ III – 3 - СИЛЛОГИЗМ /1/ - АБУ НАСЫР АЛ - ФАРАБИ III – 4 - СОФИСТИКА /1/ - АБУ НАСЫР АЛ - ФАРАБИ III – 5 - КІШІ СИЛЛОГИЗМ НЕМЕСЕ СИЛЛОГИЗМ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТУРАЛЫ ҚЫСҚАША ТҮСІНІКТЕМЕ КІТАБЫ, ЯКИ ҚАЛАМ ӨКІЛДЕРІИІҢ ТҮСІНІГІНДЕГІ ЛОГИКА ТУРАЛЫ ҚЫСҚАША ТҮСІНІК КІТАБЫ - АБУ НАСЫР АЛ - ФАРАБИ III – 6 - АНАЛИТИКА КІТАБЫ -
Мазмұн
1 - ЛОГИКА - АБУ НАСЫР АЛ - ФАРАБИ ІІІ –
2 - СИЛЛОГИЗМ /1/ - АБУ НАСЫР АЛ - ФАРАБИ ІІІ –
3 - СИЛЛОГИЗМ /1/ - АБУ НАСЫР АЛ - ФАРАБИ ІІІ –
4 - СОФИСТИКА /1/ - АБУ НАСЫР АЛ - ФАРАБИ ІІІ –
5 - КІШІ СИЛЛОГИЗМ НЕМЕСЕ СИЛЛОГИЗМ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТУРАЛЫ ҚЫСҚАША ТҮСІНІКТЕМЕ КІТАБЫ, ЯКИ ҚАЛАМ ӨКІЛДЕРІИІҢ ТҮСІНІГІНДЕГІ ЛОГИКА ТУРАЛЫ ҚЫСҚАША ТҮСІНІК КІТАБЫ - АБУ НАСЫР АЛ - ФАРАБИ ІІІ –
6 - АНАЛИТИКА КІТАБЫ - АБУ НАСЫР АЛ - ФАРАБИ ІІІ –
7 - ЛОГИКАДА ҚОЛДАНАТЫН СӨЗ ТІРКЕСТЕРІ - АБУ НАСЫР АЛ - ФАРАБИ ІІІ –
8 - ДИАЛЕКТИКА - АБУ НАСЫР АЛ - ФАРАБИ ІІІ –
9 - ДИАЛЕКТИКА - АБУ НАСЫР АЛ - ФАРАБИ ІІІ –
10 - ДИАЛЕКТИКА - АБУ НАСЫР АЛ - ФАРАБИ ІІІ –
11 - ТҮСІНІКТЕМЕЛЕР - АБУ НАСЫР АЛ - ФАРАБИ ІІІ –
12 - ТҮСІНІКТЕМЕЛЕР - АБУ НАСЫР АЛ - ФАРАБИ ІІІ –
13 - ӘЛ-ФАРАБИДІҢ ФИЛОСОФИЯЛЫҚ АРАБША-ҚАЗАҚША ТҮСІНДІРМЕ СӨЗДІГІ - АБУ НАСЫР АЛ - ФАРАБИ ІІІ –
ЛОГИКА ЛОГИКА БОЙЫНША КІРІСПЕ МЕЙІРІМІ МЕН ІЗГІЛІГІ МОЛ АЛЛАНЫҢ АТЫМЕН! ЛОГИКА ӨНЕРІН ОҚЫП-ҮЙРЕНУГЕ ТІЛЕК БІЛДІРГЕНГЕ, БІЛУГЕ ҚАЖЕТ БОЛЫП ТАБЫЛАТЫН, СОНЫ ҚАМТИТЫН ТАРАУЛАР Бірінші тарау Әрбір өнерде қолданылатын сөздердің арасында, араб тілінде [сөйлейтін] халыққа олар белгісіз болып келетін, сондайлары бар, олар қайсыбір өнер түрінде, мысалы хатшылық өнеріндегі «анд-жихадж» /2/ және «ауаридж» /3/ сияқты, тек [білікті] адамдармен қолданылатындары бар, ол сонымен бірге, олар халыққа танымал, алайда оларды өнердің бұл түрінен хабардар адамдар бір мағынада, ал халық басқасында, мысалы, хатшылық өнерінде [халықта да] «зимам» /4/ осылай қолданылады. Хатшылар Бұл сөзді бір мағынада, олар өнерде халық арасында жүрген мағыналарымен, немесе халықта да өнерде де ұқсас мағыналарының арқасында, немесе олар солармен қайсыбір басқа түрде байланысты болып келетін, мағыналарымен ауысатындары бар. Халықтағы жалпы белгілі сөздердің арасында, олар халық арасындағы мағыналармен, өнерден [хабардарлармен] бірдей қолданылатындары да кездеседі. Егер халыққа жалпы танымал сөздер өнердің қайсыбір [саласында] қолданылатын болса, бірақ өнердің Бұл түрінен [жетік] адамдар оларды халықтан өзгеше түсінетін болса, онда оларды қалай халық түсінетінінен емес, ал өнердің бұл түрінен [хабардар] адамдар қалай ұғынатынынан шығу керек. Ендеше, қашан хатшы өз өнерінде «зимам» сөзін естігенде немесе пайдаланғанда, онда ол Бұл жерде түйелердің «зимамынан» басқаны түсінеді. Дәл солай, қашан араб грамматиктері «раф», «насб» және «хафд» /5/ сөздерін естігенде немесе пайдаланғанда, онда Бұл атауларды грамматик еместер қолданатын мағыналарда түсінудің олар үшін қажеті жоқ. Және қашан грамматик, халық арасында пайдаланатыннан, басқа мағыналарда Бұл оның тарапынан кез келген жағдайда бұл қателік те, дұрыстан алшақтау да емес. Бұл [қағида] басқа өнерлерге де таралады. Екінші тарау Танылатын заттардың арасында кейбірі дәлелдерді келтірусіз, ойланусыз, пайымдаусыз және қорытынды шығарусыз, ал басқалары ойланумен, пайымдаумен және салдар шығарумен танылады. Қайсыбір ойланусыз немесе дәлелдер келтірусіз танылатын немесе бар болатын заттар - төрт түрлі: қабылданғандар, жалпы белгілілер, сезіммен қабылданатындар және бірінші ақылмен ұғынылатындар /6/. Қабылданғандар - бұлар, бір еңбегі сіңген тұлғаның [бекітуімен] немесе еңбегі сіңген тұлғаның қолдауына ие болуымен қабылданатындар. Жалпы белгілілер - бұлар, барлық немесе көпшілік адамдардың арасында немесе ғалымдар және олардың дана өкілдерінің ортасында, немесе соңғылардың көпшілік бөлігінің арасында кең тараған, осында оларға ешбір адам қайшы келмейтін [мысалы, «атаананы құрметтеу парыз болып табылады», «қамқоршыға ризашылық - игілік, ал
жақсылықты білмеу - жамандық»], немесе өнердің кез келген түрінде [хабардар] адамдарға жалпы белгілі, немесе өнердің бұл түрінде атағы шыққан адамдардың көзқарастары. Мысалы, жалпы дәрігерлерге немесе олардың арасындағы айрықша шеберлеріне тән жалпы белгілілер. Сезіммен қабылданатындар - бұлар, бес сезім мүшелерінің бірімен түйсінілетін, заттар. Мысалы, «Зейд осында отыр». Немесе «Қазір - күндіз». Бірінші ақылмен ұғынылатындар - бұлар, олар бізге туа біте белгілі болатындай және табиғат бойынша, ол мүлдем басқаша бола алмайтын, расталған ақиқат пен білім сияқты көрінетін заттар деп, олар туралы біздің өзіміз пайымдайтындар. Және біз ең басынан, қалай және қайдан олар бізге келетінін, біз білмейміз. Мысалы: «Әрбір үштік - тақ сан, ал әрбір төрттік жұп сан», «Заттың әрбір бөлігі Бұл заттың өзінен кіші, ал әрбір тұтастық оның бөліктерінен үлкен», «Үшіншіге тепе-тең, екі мөлшерлер өзара да тепе-тең» және т.б. Білімнің осы түрлерінен, барлық басқасын біз пайымдау және қорытып шығару арқылы танимыз. Үшінші бөлім Зат бірдемеде, бірдеменің қасында, бірдеме үшін, бірдемемен, бірдемеден мәнді немесе акцидентальды өмір сүре алады \7\. Оның мәндік болмысы заттың мәні мен табиғаты бірдемеде, бірдемемен, бірдеменің қасында, бірдеме үшін, бірдемеден өмір сүруі сипатты болатындығында, немесе ол бірдемеде, бірдеменің қасында, бірдемемен зат өмір сүретінде мәнді түрде тән болатындығында тұр немесе бұл оның да және соның да мәніне бірдей тән. Оның болмысының акцидентальдығы бірде-бір [заттардың] мәні мен табиғатындағы ұсталмайтындығында тұр. Мәнді болып табылатынның мысалына соғымға союмен келетін [жануардың] өлімі жатады, өйткені ол соғымға союға мәнді тән; бесті екіге көбейту нәтижесінде онның мәнді өмір сүруін береді. Акцидентальды болатынның мысалына пәленше жердегі найзағай және осы сәтте өліп бара жатқан жануар жатады. Өлім мен найзағайдың дәлме-дәл келуі мәнді емес, ол акцидентальды, өйткені өлімнің табиғатына найзағай кезінде өмір сүру тән емес. Тап осылай бұл найзағайдың табиғатына тән емес. Бұл мәнді емес, ал акцидентальды өмір сүретіннің бәріне қатысты. Мәнді болып табылатын немесе қашанда, немесе басым бөлігінде өмір сүреді. Қашанда мәндінің мысалына, соның нәтижесінде қашанда елу шығатын, бесті онға көбейту жатады. Көп бөлігінде болатынның мысалына кәріліктегі ақ шаш, қыстағы суық және т.б. жатады. Бір зат басқасының алдын бес жағдайда алады деп айтылады: 1) уақытта, 2) табиғаты бойынша, 3) жайы бойынша, 4) артықшылығы, ізгітектілігі, жетілгендігі бойынша және 5) басқа зат өмір сүруінің себебі сапасында. 1) Уақытта алдын алу немесе өткен шақта болады және сонда [алдын алушы] - бұл оның уақыты қазіргіден алыс тұрған, ал келесі - бұл оның уақыты қазіргіге жақын тұратын, немесе болашақта күтілетін, және сонда алдын алушы - бұл оның уақыты қазіргіге жақын тұрған, ал келесі - бұл оның уақыты қазіргіден алыс тұрған. 2) Табиғаты бойынша алдын алушы, қашан басқа зат өмір сүргенде және бұл заттың жоғалуымен ол жоғалып кетпегенде, қажетті түрде өмір сүреді. Бірақ егер ол жоғалып кетсе, онда шарасыз бұл басқа затта жоғалып кетеді, дегенмен егер ол, онда осыдан басқа
[заттың] өмір сүретіндігі қажеттілікпен шықпайды. Мысал - бір және екі. Бір, әрине, екінің алдын алады және екінің өмір сүргенінде қажеттілікпен болады және сонымен бірге екі жоғалғанда ғайып болмайды. Бірақ егер бір жоғалып кетсе, онда қажеттілікпен екі де жоғалып кетеді, әйтсе де егер бір өмір сүрсе, онда осыдан екінің қажеттілікпен өмір сүретіндігі шықпайды. Жануар мен адамның арақатынасы да тап осындай. Егер адам өмір сүрсе, онда қажеттілікпен жануар да өмір сүреді, бірақ егер адам жоғалып кетсе, алайда осыдан жануар жоғалмайды. Дегенмен егер жануар жоғалса, онда адам да жоғалады, ал қашан [жануар] өмір сүргенде, онда осыдан адамның қажеттілікпен өмір сүретіндігі шықпайды. Ендеше, жануар, табиғи түрде, адамның алдын алады. 3) Жайы бойынша алдын алатын, бұл орынға қатысты ма немесе қайсыбір белгілі тәртіпке ие басқаға қатысты ма, бірдей, бастапқы нүктеге ең жақын тұратын. Мысалы, сөз және кітаптың кіріспесі негізгі әңгіменің алдын алады; патшада Зейд мәжілістің басында тұрады. 4) Артықшылығы немесе жетілуі бойынша алдын алатынның мысалына олардың бірі басқасына қарағанда медицинада көбірек жетілген болып табылатын және көбірек жетілгені медицинада басқасынан артып түсетіні туралы, екі дәрігер жөніндегі әңгіме жатады. Және дәл солай, олардың бірі басқасынан ізгі тектілігі бойынша артып түсетін, екі түр [туралы айтуға болады]: егер, мысалы, даналық пен би өнерін салыстыратын болсақ, онда дана ізгі тектілігі бойынша бишіден артық болады. 5) Себебі бойынша алдын алатын - бұл, болмыстың қажетті байланысында тең құнды болып табылатын, екі затты өзіне енгізетін, сондай себеп. Мысалы, күннің атуы мен күндізгінің өмір сүруі. Егер күндізгі бар болса, онда осыдан қажеттілікпен күннің атқаны шығады, ал егер күн атқан болса, онда қажеттілікпен күндізгінің бар екендігі шығады. Бұл [құбылыстар] болмыстың қажетті байланысында тең құнды, алайда күннің көтерілуі күндізгінің өмір сүруінің себебіне жатады, бірақ күндізгінің бар екендігі күннің атуының себебі болып табылмайды. Ендеше, күннің атуы, себеп ретінде және басқа ештеңе емес, күндізгінің алдын алады деп айтады. Олар уақытта салдардың алдын ала олардан шығатын себептер мүмкін; мысалы, құрылысшы және қабырға, өйткені [құрылысшы] өзінде алдын алуды екі мағынада біріктіреді: себеп ретінде және уақытта. Дәл солай бір зат барлық бұл мағыналарда немесе олардың көпшілігінде алдын алуы мүмкін. Және қайсыбір зат бірінде бірдеменің алдын алып, басқасында одан кейін жүруі де мүмкін. Айталық, екі дәрігер бар, бірі - кәрілеу, екіншісі - жас, оның үстіне артықтау шебері жас болсын. Дегенмен жасы уақыты жағынан кейін ілесетіні болғанымен, жетілгендігінде бірақ ол алдын алушы. Бесінші бөлім Ұғынылған сөйлеулер /8/ қарапайымдар немесе күрделілер, [яғни] қарапайымдар емес болады. Қарапайымдар үш түрлі [болады]: «есім», «сөз» және «құрал». «Сөз» деп араб грамматиктері етістікті түсінеді, ал «құрал» деп олар идеямен байланысты демеулік шылауды айтады /9/. Есім - бұл идеяны білдіретін, қарапайым сөйлеу, ол өз мәнімен, құрылымымен және формасымен бұл идеяның [өмір сүру] уақытын көрсетпей-ақ, дербес және өзі өзімен түсініле алады. Қашан сіз, мысалы: «жануар», «адам», «Зейд», «Амр», «ақтық», «қаралық» деп айтуыңызда осылай, онда бұл айтылымдардың әрқайсысы идеяны білдіретін
қарапайым сөздер болып табылады, олар өздерімен өздері ұғыныла және түсініле алады, және олардың бірі де өз мәнімен және формасымен олар оны білдіретін, идеяның [өмір сүру] уақытын көрсетпейді. Етістік - бұл дербес және өзі өзімен түсініле алатын және сол мезгілде өзінің құрылымы мен мәні бойынша онда бұл идея өмір сүретін, қарапайым айтылым. Мысалы, қашан сіз «келе жатыр», «жүріп келеді», «барады» деп айтқаныңызда, бұл айтылымдардың бәрі идеяны білдіреді және сол уақытта олар акцидентальды емес, ал мәнді түрде өзінің формаларымен және мәнділіктерімен бұл идеяның [өмір сүру] уақытын көрсетеді. Демеулік шылау - бұл идеяны білдіретін, бірақ дербес және өзі өзімен түсінілетін емес, ол тек есімге немесе етістікке, немесе оған да және соған да қосылуы арқылы түсініле алатын, қарапайым айтылым; мысалы, қашан біз «одан», «үстінде» және т.б. деп айтқанда осылай болады. Есім етістіктен, ол онда өмір сүретін уақытты өз мәні және құрылымымен көрсетпей-ақ, идеяны білдіруімен ерекшеленеді, ол сол мезгілде етістік өз құрылымы мен мәнінде, сонда ол өмір сүретін уақытты көрсетеді, яғни ол екі нәрсені көрсетеді: идеяны және идея [өмір сүретін] уақытты. бұл себеп бойынша «кеше», «ертең», «бүгін» сөздері етістік болып табылмайды, себебі олардың әрбірі, бұл уақытта [өмір сүретін] идеяны еске алмай, бірінші ретте уақытты көрсетеді, өйткені бұл айтылымдардың әрбірін білдіретін идея, белгілі бір уақытты білдіреді және бұл оның бірінші мағынасы болып табылады. Солай мысалы, «жануар» сөзі, оны ол бірінші ретте белгілейтін идеяны, атап айтқанда сезуші денені білдіреді. Дәл солай «жыл», «ай», «сағат» сөздері етістіктер емес, ол атаулар болып табылады, өйткені олар идеяның [өмір сүру] уақытына сілтемейді, оны олар бірінші ретте белгілейді, егер бұл осылай болса, онда олар уақыттың уақытын білдіретін болар еді, ал бұл қисынсыз және бұл сөздерде ұсталып тұрмайды. Есімнің анықтамасынан, ол өз мәні мен уақытты көрсетпейтіндігі, көзге анық. Солай, қашан біз жүру туралы және қозғалыс тағы жалпы іс-әрекеттер туралы айтқанымызда, олар уақытта өмір сүретіндіктен, оларды таңбалайтын айтылымдар да уақытты көрсетілетіндігі ұйғарылады. Бірақ бұл осылай емес, өйткені қозғалыс шынында да [уақытты] көрсетеді және уақытпен байланысты, ал сонда [оларды белгілейтін] айтылымдар өз құрылымында, өмірмен байланысты, оз формасы бойынша уақытты мәнді көрсетпей, тек идеяны көрсетеді. Акцидентальды олар идеяның [өмір сүру] уақытын көрсетеді. Солай, «ақтылық» айтылымы, ол одан бөлінбейтін, денемен байланысты идеяны көрсетеді, бірақ ол өзінің құрылымымен, одан ақ түс ажырамайтын, дүниені көрсетпейді. Дәл солай «жүру» және «қозғалыс», уақыттан бөлінбейтін идеяны дегенмен көрсеткенімен, мәнділігі жағынан уақытты белгілемейді. Идеяның [өмір сүру] уақытын көрсете отырып, етістік сол мезгілде, онда идея өмір сүретін субстратқа жалпы алғанда көрсете алады, сонымен ол идеямен байланысты субстратты белгілейтіндей болады. Мысалы, «жүріп келеді» деген біздің айтуымыз жүруді, жүру уақытын және кімді ол сипаттайтынның есімін ашпай-ақ, неде жүру [жүзеге асатынын] көрсетеді. Олар белгілейтін сол субстраттың формалары білдіретін, есімдермен осыны етістік бөліседі. Мысалы, «ақ», «қара», «соғушы», «қозғалушы», «батыл», «шешен» сияқты біздің айтуларымыз.
Бұл сөйлеулердің әрқайсысы жалпы түрде олардың субстраттарын көрсетеді, өйткені «ақтылық» тек идеяны, бірақ дерексіз, субстратсыз белгілей алады және дәл солай «батылдық», «шешендік»; алайда «ақ», «батыл» және «шешен» ақтылықты, батылдықты, шешендікті және оларда бұлар өмір сүретін субстраттарды да көрсетеді. Осы себеппен соңғылары туралы, олар етістіктерге енеді деп, ұйғаруға болады. Бұл, әсіресе, оларға уақытпен байланыстылық тән болып табылатын, іс-әрекеттер және қозғалыстардан туындайтын есімдерге қатысты. Оларды ұғынуда ақылда уақыт туралы түсінік пайда болады. Мысалы, «жүруші», «соғушы», «ауқаттанушы», «ішуші» және соларға ұқсас біздің айтуларымыз. Осы себеп бойынша, бұл айтылымдар есімдер емес, ал етістіктер болып табылады деп, көптеген ежелгілер ойлаған, себебі олар өз мәнімен, оларда солар өмір сүретін және идеяның [өмір сүру] уақытын тек акцидентальды білдіретін субстраттарды көрсетеді. Оларды ұғынуда және түсінуде, олардың идеялары уақытты біздің түсінуімізге енгізетіндіктен, онда олар уақытты көрсетіп тұрмыз деп ұйғарады. Бірақ бұл осылай емес. Және егер ол осылай болса, онда о л тек акцидентальды. Етістіктер өмір сүру етістіктері және өмір сүруге жатпайтын етістіктер болып бөлінеді. Өмір сүру етістіктері - бұлар, мысалы, «болды», «бар», «өмір сүрді», «өмір сүреді», «қалыптасты», «қалыптасып келеді» және солармен ұқсас, солардың орнын баса алатындар, өйткені кейде олардың орнына «таңертең болды», «кеште болды» және «күні бойы болды» дегендер қолданыла береді. Осыларға ұқсас және олардың орнын ауыстыратын етістіктерде өмір сүру етістіктері /10/ деп аталды, себебі олар бір зат болмысын басқасымен қатысты және бастауыштың баяндауышпен байланысын білдіру үшін пайдаланылады. Қашан біз; мысалы, егер ол кететін болса, «Зейд кеткенімен бар» және «Зейд ғалым болды» дегенімізде, егер ол өмір сүретін болса, не жасалып шықса, тап осылай. Бұл өмір сүру етістіктері, қашан бастауыш пен баяндауыш - екеуі атаулар болса, және біз үш уақытты белгілегіміз келсе, олар жалғаулар ретінде қолданылады. Мысалы, «Зейд шешен болды» және «Зейд - шешен» деп біздің айтуымызда, дәл осылай. Қазіргі уақытта әдетте арабтар өмір сүру етістігін айқын пайдаланбайды, қашан біз: «Зейд - шешен» деп айтқанымызда, оны тек есте ұстап тұрады, себебі бұл екі сөзбен олар «шешен болып табылады» дегенді ойда ұстайды. Сонымен өмір сүру етістігі әлде оны ауыстыратын, қазіргі уақытқа қолданылғанда міне осындай айтылымды білдіреді. Есімнің айрықша белгісіне оның бастауыш немесе мысалы, «Зейд - адам» деп айтқанда, бастауыш та, баяндауыш та атау болып табылатындай, басқа затқа қосылуға мұқтаждық білдірмейтін, өзі-өзімен баяндауыш бола алатындығы жатады. Басқа жағынан етістік дербес, басқа затқа қосылуды керек қылмай баяндауыш бола алады; егер тек сәйкес [сөйлемшеге] қосылмаса, ол бастауыш бола алмайды. Солай, «Жүретін - бұл сол және сол» деп айтуға болмайды, ол «Жүріп келе жатқан адам болып табылады» деп, «жүр» дегенге «олды» қосып айту керек. Былай айтады: «Зейд жүр», осында «жүрді» қоспай түр, ал бұл баяндауыш - соған сәйкес [сөйлемшеге] немесе тағы бірдемеге, дегенмен көптеген ежелгілер атаудың айрықша белгісі, ол өз мәні бойынша, егер тек тура немесе жанама өмір сүру етістігімен қосылмаса, баяндауыш емес, ал бастауыш болып табылады деп есептеген,
сол уақытта етістіктің айрықша белгісіне оның оз мәні бойынша баяндауыш болатындығы және егер ол тек соған сәйкес [сөйлемшеге] қосылса ғана бастауыш болып табылатындығы жатады. Өйткені ежелгілер «Зейд - адам» деген айтылымда, егер тек тура немесе жанама осы жерде «болады» деген соз немесе оны ауыстырушы ұйғарылмаса, «адам» сөзі етістік болып табылмайды. «Адам» [сөзі], олардың пікірінше, тек қашан «болады» деген созбен қосылғанда етістік болып табылады. «Адам болып табылады», «адам болды» немесе «адам болып келді» деп айтады. Демеулік шылаудың ерекшелігі оның бастауыш та, баяндауыш та болып табылмайтындығында тұр /11/. Мысалы, қашан біз «немесе», «жоқ», «содан» деп айтқанда осылай. Бірақ олардың көпшілігі баяндауыш немесе бастауыштың бөлігі бола алады. Мысалы, «Зейд үйде болды» дегенде «Зейд» - бастауыш, «үйде» баяндауыш, сол уақытта «болды» - бұл бастауышты баяндауышпен біріктіретін және баяндауыштың өмір сүру уақытын көрсететін, өмір сүру етістігі. Етістіктің айрықша бір белгісіне, қашан ол баяндауыш болып табылғанда, өзінің бастауышпен қосылуы үшін қайсыбір басқаны керек қылмай, ал өзі-өзімен бастауышпен қосыла алатындығы жатады. Мысалы, «Зейд жүр» деген біздің айтуымызда тап осылай, ал баяндауышты - предикат деп атайды. Күрделі сөйлемдер бұл үш тектерден [сөздерден] - немесе олардың бәрінен немесе екеулерінен тұрады. Күрделі сөйлемдердің екі алғашқы түрі бар: олардың бірі хабарлаушы қосындыны, ал басқасы - шарттыны, ерекшені және шектеушіні өзінде ұстап тұрады /12/. Хабарлаушы қосындыны біріктіретін сөйлемнің мысалына біздің мынадай айтуымыз жатады: «Зейд-хатшы», «Ақ адам», «Зейдтің досы» және т.б. Күрделі сөйлемге, онда бөлік идеяның тұтас жиынтығын белгілейтін, бірақ оның бөлігі, мысалы, біз «Кайс Айлан», «Абд Шамс» және т.б. және тұлғаны белгілейтіндегіндей, оның бір бөлігі идеяның бөлігін белгілейтін жағдайды қоса, осындайлар жатады. Бірақ оның бөлігі, мысалы «Абд» немесе «Шамс», тұтас тұлғаның бөлігін белгілемейді. Тұтастық идея тұтастығын көрсетуінің, ал оның бөлігі - бұл идея бөлігін белгілеуінің мысалына біздің мынадай айтылымдарымыз жатады: «Даналықты таңдаушы», «Зейдтің досы» және «Ақ адам». Олардың бөлігі тұтастықтың бөлігін белгілейтін, күрделі сөйлемдер қарапайым сөйлемдерге ұқсас. Оларда бөлік тұтастықтың бөлігін белгілейтін, сол сөйлемдерді логиктер кесімді айтылым, сөйлем және пайымдау деп атайды. Мысалы, біз «Зейд жүр» және «Адам - жануар» деп айтқанда тап осылай. Анықтама - бұл қайсыбір атаумен, шектелген үйлесумен белгіленетін, солар арқылы ол өмір сүретін, заттардың көмегімен идеяны түсіндіретін айтылым. Суреттеу - Бұл шектеулі үйлесімді қайсыбір атаумен белгіленетін, олар арқылы бұл идея өмір сүрмейтін, ал олардың өздері осы идея арқылы өмір сүретін, сондай күйлер мен заттардың көмегімен идеяны түсіндіретін, айтылым. Мысалы, «қабырға» - бұл екі айтылымдармен түсіндіріле алатын, идеяны білдіретін, атау. Олардың бірі бойынша, бұл тастардан, кірпіштерден немесе саз балшықтан, үйдің шатырын ұстап түру үшін салынған, тік дене. Басқасына сәйкес, бұл сыланған, оған есіктер, тіреулер және сыртқы дәліздер қосылған, оған отырушы сүйене алатын, дене. Бірінші айтылған «қабырға» атауының идеясын, олар арқылы ол өмір сүретін, заттардың көмегімен, сол уақытта екінші айтылған, олар арқылы ол өмір сүретін заттардың көмегінсіз түсіндіреді, өйткені қабырғаның мәні,
оған есіктер, тіреулер, сыртқы дәліздер қосылмағанынан немесе оған әлдекім сүйенбейтіннен зардап шекпейді, ал сол уақытта кірпіштерсіз, тассыз немесе саз балшықсыз қабырға өмір сүрмейді. Бірінші айтылған қабырғаның анықтамасы, ал екіншісі - оның суреттемесі /13/ болып табылады және басқа барлық жағдайларда тап осылай. Аль-Фараби. Логические трактаты. Алма-Ата. Наука, 1975. С. 99-120.
СИЛЛОГИЗМ /1/ Аса, рахымды, мейірімді Алланың атымен бастаймын! [Бұл кітапта] біз өзімізге, олармен іздестірілетін заттардың ақиқаттығын барлық ой өнерінде дәлелдеу керек болатын және тұтас алғанда қайсыбір сәтті мақұлдау немесе бекерлеу үшін қолданылатын түсіндіру қажет болатын, айтылымдарды санап өту мақсатын қойдық. Бұл олар синогизмдер деп, ал қарапайым тілде дәлелдер деп аталатын, сондай айтылымдар. Бәрінде біз, түсінуді барған сайын жеңілдету және жақындату үшін [талпына отырып], баяндаудың тым қысқалығын сақтаймыз. Мағынасы жағынан кітап тараулары он сегіз. Бірінші - жалпы пайымдаулар туралы, неден олар тұратыны, пайымдаулардың түрлері қаншама екендігі және шартты мен кесімді пайымдаулардың арасындағы айырмашылық жөнінде пайымдар. Екінші - жалпы кесімді пайымдаулар түрлері жөнінде пайымдар. Үшінші - қарама-қарсы жататын және қарама-қарсы жатпайтын пайымдаулардың арасындағы айырмашылық туралы, қандай шарттарда олар қарама-қарсы жататын болатыны жөніндегі пайымдар. Төртінші - қарама-қарсы жататын пайымдаулардың түрлері қаншама? Бесінші - қарама-қарсы жататын пайымдаулардың әр түрімен олардың осы белгісімен бөлінгендігі ақиқаттығы және жалғандығы тұрғысынан не болатындығы. Алтыншы - айналушы және айналмайтын пайымдаулар туралы және айналудың мағынасы туралы. Жетінші - силлогизмдер емес арқылы белгілі болатын, пайымдаулардың түрлері туралы. Сегізінші - жалпы силлогизмнің анықтамасы, неден силлогизм құрастырылатыны, неден ол тұратыны және кесімді мен шартты силлогизмдердің айырмашылығы туралы. Тоғызыншы - кесімді үйлесуші алғышарттар туралы: силлогизм фигуралары қанша, олар қаншама және олардан туынды қаншама екендігі. Оныншы - әрбір фигураның қосындылары туралы, олар қанша және олардың туындылары қанша екендігі. Он бірінші - бірінші фигура кесімді силлогизмдерінің модустарын санап өту. Он екінші - екінші фигура силлогизмдерінің модустарын санап өту. Он үшінші - үшінші фигураның модустарын санап өту. Он төртінші - шартты силлогизмдер модустарын санап өту. Он бесінші - қайшылық [арқылы] силлогизм туралы. Он алтыншы - индуктивті ой тұжырымы туралы; кесімді фигуралар силлогизмдеріне қалай олар келіп тіреледі және қалай ода силлогистикалық қабілеттілік қалыптасады және қалай ол кесімді фигуралар силлогизмдеріне келіп тіреледі.
Он сегізінші - қысқартылған пайым; қалай ол силлогизм сапасында пікірталастар мен кітаптарда қолданылады. Бірінші тарау Сөйлем және ассерториялық пайымдау - бұл, онда бірдеме мақұлданатын және бірдеме туралы хабарланатын, пайым. Мысалы «Зейд - кетуші», «Амр келе жатыр», «адам -жануар» деген біздің айтуымыз тап осылай. Баяндауыш предикат деп аталады, ал не туралы айтылып тұрған, сол субъект деп аталады /2/. Предикат, мысалы, «адам - жануар» айтылымындағы сияқты атау бола алады, немесе мысалы, «адам жүріп келеді» сөйлеміндегідей етістік те бола алады (осыны араб грамматиктері «фи'л» /3/ деп атайды). Етістіктердің арасында кейбірі өткен шақты көрсетеді, мысалы, «Зейд жүрді» айтылымында, кейбірі - болашаққа сілтейді, мысалы «Зейд барады», ал кейбірі қазіргі уақытты көрсетеді, мысалы, «Зейд жүріп келеді». Предикат, онда атау болып табылатын, пайымдау өзімен өзі бұл предикаттың субъектіге қатысты үш уақыттардың бірінде екендігін көрсетпейді. [Бұл] тек, олар өмір сүру етістіктері деп аталатын етістіктерді қосқанда ғана жүзеге асады /4/: «болды», «болады», «бар», «бар болды», «қазір бар» және сол сияқтылар. Солай, біздің «Зейд ақ» деген айтуымыз өзімен өзі ешқандай уақытты көрсетпейді, ол [жай ғана] ақ. Бірақ егер «ол ақ болды» десек, онда ол өткен шақты көрсетеді, «ол ақ болады» деген болашақты және «ол қазір ақ» деген осы шақты көрсетеді. Предикат онда өзімен өзі субъектіге қатысты қайсыбір өмір сүру етістігінсіз үш уақыттың бірінде тұратын, пайымдау екі жақты деп, ал тек өмір сүру етістігінің барлығында үш уақыттың бірінде тұратын сол [пайымдау] үш жақты деп аталады. Әрбір пайымдау әлдене туралы бірдемені, мысалы, «адам ақ» дегендегі сияқты, мақұлдайды немесе мысалы, «адам ақ емес» дегендегі тәрізде, әлдене туралы бірдемені терістейді. Және бұл [пайымдаулардың] әрқайсысы не кесімді, не шартты. Кесімді деп, оларда мысалы, «адам - жануар», «күн шықты», «күндізгі келді», «бұл тақ сан», «бұл уақыт - түн» сияқты кесімді пікірлер айтылатын, әрбір пайымдаулар аталады. Шартты деп, ол тек белгілі бір шартта орын алатын, әрбір пайымдау аталады. Олар [шартты пайымдаулар] екі түрлі: қосушы және ажыратушы: а) қосушылар, бұлар белгілі бір жағдайда бір пайымдаудың басқасымен байланысын және «егер күн шықса, онда күндізгі келді» деген сөйлемдегі сияқты, олардың дәйектілігі мақұлдайтындар; б) ажыратушылар, бұлар белгілі бір жағдайда бір пайымдаудың басқасынан, «бұл сана не тақ, не жұп», «бұл мезгіл - не түн, не күн» сияқты сөйлемдердегідей бөлек екендігін, мақұлдайтындар. Екінші тарау Кесімді пайымдаулар, «адам - жануар» деген айтылымдағыдай, олардың субъектілері жалпы ұғымдар болып табынатындарды өздеріне қосады, тағы да олардың субъектілері
«Зейд - жануар» дегендегідей жеке заттар болып табылатындарды да, өздеріне енгізеді. Жалпы дегеніміз несімен бірнеше заттар өзара ұқсас болып табылатындар, жекелері екі нәрсе бір-біріне мүлдем ұқсас болмағанда шығады. Олардың субъектілері жалпы ұғымдар болып табылатын, пайымдаулар сандық көрсеткіштерге иелерге және сандық көрсеткіштерге ие еместерге бөлінеді /5/. Сандық көрсеткішті [пайымдаулар] бұлар, олардың субъектілері сандық көрсеткішпен берілген, яғни предикат - субъектінің бөлігі туралы немесе тұтастығы туралы айтып тұрғаннан көрсететін сөзбен білдірілген болып табылады. Төрт сандық көрсеткіш бар: «бәрі», «бірі де емес», «кейбірі» және «бәрі емес». Сандық көрсеткіштерге ие [пайымдаулар], төртеу: жалпы мақұлдаушылар, жалпы терістеушілер, жеке мақұлдаушылар, жеке терістеушілер. Жалпы мақұлдаушылар - бұлар, оларда сандық көрсеткіш, «барлық адамдар - жануарлар» айтылымындағы сияқты, предикаттың тұтас субъект туралы мақұлдап тұрғанын көрсететіндер. Жалпы терістеушілер - бұлар, оларда сандық көрсеткіш, «бірде-бір адам тас емес» айтылымындағыдай, предикаттың тұтас субъект туралы терістеп тұрғанын білдіретіндер. Жеке мақұлдаушылар - бұлар, оларда сандық көрсеткіштер, «кейбір жануарлар - адамдар» айтылымындағыдай, предикаттың субъектінің бөлігін мақұлдап тұрғанын көрсететіндер. Жеке терістеуші - бұлар, оларда сандық көрсеткіштер, «кейбір адамдар ақ емес» немесе «адамдардың бәрі ақ емес» дегендегідей предикаттың субъектінің бөлігі туралы терістеп тұрғанын немесе тұтас субъект туралы терістеп тұрмағанын, көрсететіндер. Мақұлдау және терістеуді пайымдаудың сапасы деп атайды, ал оларда сандық көрсеткіштерді көрсететін, сол бөлік немесе тұтастық пайымдаудың саны деп аталады. Үшінші бөлім Мақұлдаушы және терістеуші пайымдаулар қарама-қарсы жатқан және қарама-қарсы жатпайтын пайымдауларға бөлінеді. Қарама-қарсы жататын пайымдаулар, олардың бірінің субъектісі басқасының субъектісімен мағынасы бойынша бірдей, олардың бірінің предикаты мағынасы жағынан басқасының предикатымен тепе-тең, ал олардың бірінде қойылатын немесе қойыла алатын шарт анық немесе жасырын уақыты, орны саласы, бөлігі, күйі бойынша, сонымен басқасы себептелген, шартқа сәйкес келетін. ондай [пайымдаулар] болып табылады. Егер [екі пайымдау], «адам - жануар» және «қабырға - жануар емес» дегендегідей, субъектіде ерекшеленетін болса, онда олар қарама-қарсы жатқандар болып табылмайды. Осыған ұқсас, егер олар «адам - жануар» және «адам - тас емес» деп айтқандағыдай, предикатта ерекшеленетін болса, немесе егер олардың бірінде қайсыбір уақыт шартталса, ал басқасында уақыт [әлде көрсетілмесе], әлде басқа уақыт көрсетілсе, онда олар, «Зейд кеше ауырды» немесе «Зейд ауырмады» немесе «Зейд бүгін ауру емес» дегендегідей қарама-қарсы жатқандар болып табылмайды. Солай, егер олардың бірінде қайсыбір орын шартталса, ал басқасында шартталмаған немесе «Зейд үйде дөрекі», «Зейд дөрекі емес» немесе «[Зейд] базарда дөрекі» деп айтқандағыдай басқа орын шартталса, ал сонымен бірге егер олардың бірінде қайсыбір бөлік шарт етіп қойылса, ал басқасында қойылмаса немесе «Зейдтің көзі ауырады» немесе «Зейд ауырмайды» немесе «Зейдтің қолы
ауырмайды» дегендегідей басқа бөлік шартталса, [ондай, осындай пайымдаулар қарамақарсы болып жатқандар болып табылмайды]. Осыған ұқсас, егер олардың бірінде қайсыбір шақ немесе күй себептелсе, ал басқасында «Зейд хатқа шебер», «Зейд хатқа шебер емес» немесе «[Зейд] медицинада шебер емес» дегендегідей себептелмесе, ал сонымен бірге, егер олардың бірінде қайсыбір басқа шарт анық немесе жасырын қойылса, ол басқа [пайымдауда] болмаса, дәл солай егер екі [пайымдауларда] шартты қоюға болғанымен, ол қойылмаса, онда осындай [пайымдаулар] қарама-қарсы жатқандар болып табылмайды. Солай, мысалы, «аяққа киетін білезік не алтыннан, не күмістен тұрады» деп айтуымызда. Бұл [пайымдауларда] мынадай шарт қоюға болады: «бұл аяқ білезігінің осындай немесе басқадай бөлігі алтыннан жасалған», ал «осындай немесе басқадай бөлігі алтын емес». Егер [бұл пайымдауларды] жалпылап және шартты анық немесе жасырын қоймасақ: солай, мысалы, «бұл аяқ білезігі алтыннан» және «бұл аяқ білезігі алтыннан емес» деп айтсақ, онда осындай пайымдаулар қарама-қарсы жатқандар емес. Төртінші тарау Қарама-қарсы жатқан пайымдаулар не жалқы, не қарсы, не қарсының астындағы, не қайшылықты, не анықталмаған болып табылады. Жалқылар - бұлар, оларда субъект, «Зейд ақ», «Зейд ақ емес» деп айтқандағыдай, қайсыбір индивид болып табылатын, [пайымдаулар]. Қарама-қарсылар - бұлар, олардың [әрқайсысының] субъектісі, «барлық адамдар жануарлар» және «бірде-бір адам жануар емес» деп айтқандағыдай, ортақ сандық көрсеткішпен байланысты, пайымдаулар. Қарама-қарсының астындағылар - бұлар, олардың әрқайсысының субъектісі, «кейбір адамдар - жануарлар» және «адамдардың бәрі - жануарлар емес» деп айтқандағыдай, жеке сандық көрсеткішпен байланысты, пайымдаулар. Қайшылықтылар - бұлар, олардың субъектісінің бірі жалпы сандық көрсеткішпен, ал басқасының субъектісі жеке сандық көрсеткішпен байланысты және олардың екеуі екі түрлі болып келетін, пайымдаулар. Бір [түрінде] мақұлдаушы [пайымдаудың] субъектісі жалпы сандық көрсеткішпен, ал терістеушісі - жеке сандық көрсеткішпен байланысты, солай, мысалы, «барлық адамдар - жануарлар» және «адамдардың барлығы - жануарлар емес» дегендегідей. Басқа түрінде мақұлдаушы [пайымдаудың] субъектісі жеке сандық көрсеткішпен байланысты, ал терістеушісі - жалпы сандық көрсеткішпен, солай, мысалы, «кейбір адамдар - жануарлар» және «бірде-бір адам - жануар емес» деп айтқандағыдай. Анықталмағандар - бұлар, олардың бірі де ешқандай сандық көрсеткішке, мысалы, «адам -жануар» және «адам - жануар емес» деп айтқандағыдай, не жалпыға, не жекеге не болмайтын, пайымдаулар. Бесінші тарау Жалқы пайымдаулар қашанда ақиқаттыларға және жалғандарға бөлінеді. Екеуі бірге олар әлі ақиқатты, әрі жалған бола алмайды, өйткені егер олардың бірі ақиқат болса, онда басқасы-жалған, ал егер бірі жалған болса, онда басқасы - ақиқат. Дәл солай қайшылықты
пайымдаулар да қашанда ақиқаттыларға және жалғандарға бөлінеді. Екеуі бірге олар әрі ақиқатты, әрі жалған бола алмайды, өйткені олардың бірі ақиқат болса, онда басқасы жалған, ал егер олардың бірі, қайсысы екендігі бәрібір, жалған болса, онда басқасы -ақиқат. Осындай [жай] барлық жайлар мен материяларда, айырмашылықсыз олар қажетті [аподиктикалық] мүмкін емес немесе мүмкін [мәселелік] болып табыла ма, бәрібір, [оның үстіне] қайшылықта пайымдаулардың екі түрінде де, осылай. Қажетті [аподиктикалық пайымдаулардың] бірінші түрінің мысалына «барлық адамдар - жануарлар» және «адамдардың бәрі - жануар еместер» деп айту жатады. Мүмкін емес [пайымдаулардың] мысалына «барлық адамдар - тастар» және «адамдардың бәрі - тастар емес» деген жатады. Мүмкін [мәселелік пайымдаулардың] мысалына «барлық адамдар - ақтар» және «адамдардың бәрі - ақтар емес» деген жатады; мүмкін емес [пайымдаулардың] мысалына «кейбір адамдар - тастар» және «бірде-бір адам - тас емес» деген жатады, мүмкін [пайымдаудың] мысалы «кейбір адам - ақ» және «бірде-бір адам - ақ емес» деген болып табылады. Қарама-қарсы пайымдауларға келетін болсақ, онда олар қажетті және мүмкін емес жайларда қалай ақиқат, солай жалған бола алады; мүмкін [жайларда] олар тұтасымен жалған болып шығады. Қажеттілердің мысалына «барлық адамдар - жануарлар» және «бірде-бір адам - жануар емес» деген жатады; мүмкін еместің мысалына «барлық адамдар - тастар» және «бірде-бір адам - тас емес» деген жатады; мүмкіннің мысалы «барлық адамдар - ақтар» және «бірде - бір адам - ақ емес» деп айту болып табылады. Қарама-қарсының астындағы пайымдауларға келсек, онда олар қажетті және мүмкін емес жайларда қалай ақиқат, солай жалған бола алады, ал мүмкіндерде олар тұтасымен ақиқат болып шығады. Қажеттінің мысалына «кейбір адамдар - жануарлар» және «жануарлар - адамдардың бәрі емес» деп біздің айтуымыз жатады; мүмкін еместің мысалы «кейбір адамдар - тастар» және «адамдардың бәрі - тастар емес» дегеніміз болып табылады, мүмкіннің мысалына «барлық адамдар - ақтар» және «ақтар - адамдардың бәрі емес» дегеніміз жатады. Айқындалмаған пайымдаулар ақиқаттың және жалғанның мәселесінде, қарама-қарсылардың астындағылар сияқты, жайда тұрады. Алтыншы тарау Сандық көрсеткіштерге не пайымдаулар айналмалы және айналмайтын болып бөлінеді. Пайымдаудың айналуы - бұл қашан оның бөліктерінің жайы өзгергенде және субъект предикат болғанда, ал предикат субъектке айналғанда жүзеге асады, оның үстіне материяның бүкіл [түрлерінде] олардың сапасы мен ақиқаттығы сақталады /6/. Егер бөліктердің тәртібі өзгеріс және олардың сапасы сақталса, бірақ материяның бүкіл [түрлерінде] олардың ақиқаттығы сақталмаса, онда бұл айналу емес, ол ауыстырылу деп аталады. Пайымдаулардың арасында айналуға жеке терістеуші пайымдаулар жатпайды. Ал бұл олардың ақиқаттығы, «кейбір жануарлар - адамдар емес» деп айтқандағыдай, материяның барлық [түрлерінде] сақталмайды дегенді білдіреді. Айналуда оның ақиқаттылығы оның санын сақтағанда да, өзгертулерде де сақталмайды. [Мысалы], «кейбір адамдар - жануарлар емес» және «бірде-бір адам - жануар емес» деген біздің айтуымыз да осылай.
Айналушы пайымдаулар, олардың формасы айналатындай, бірақ олардың саны, сапасы және ақиқатты сақталатындарға және оларда саны өзгеретіндерге бөлінеді. Оларда тек формасы айналатындар, екі [түрге] бөлінеді. Бірінші [түрі] – жалпы терістеушілер. Солай «бірде-бір адам - тас емес» сөйлемі айналуда былай болып шығады: «бірде-бір тас - адам емес» және осылай болып ол кез келген жайлар мен материяларда қала береді. Екінші [түрі] – жеке мақұлдаушылар. «Кейбір жануарлар - ақ түстілер» деген айналуда былай болып шығады: «кейбір ақ түстілер - жануарлар» және бұл кез келген жайлар мен материяларда қашанда осындай болып қала береді. Айналуда олардың саны өзгеретін [пайымдауларға], «барлық адамдар - жануарлар» деп айтқандағыдай, жалпы мақұлдаушы пайымдаулар жатады. Материяның барлық [түрлерінде] олардың ақиқаттылығы сақталатын пайымдаулардың мысалына «кейбір жануарлар адам¬дар» деген жатады, төмендегідей айтуға болмайды: «барлық жануарлар - адамдар». Жалпытерістеушілерде олардың формасы айналатын тәрізді, өйткені егер олар ақиқат болса, онда олардың екі бөлігі бір-бірінен мүлдем айрықшаланады, сондықтан олар бірбірімен не жайы бойынша, не уақыты бойынша абсолютті ұқсас емес және олардың бір жайында тұратын сол бөлігі басқасында мүлдем бола алмайды, өйткені егерде олар қайсыбір жайда қосылса, онда бұрын субъект болған предикат болып шығар еді, себебі оның предикаты, неде субъект орын алған жерде, сонда ештеңеде орын алмас еді. Жекемақұлдаушы [пайымдауларда] екі бөлік те, олардың екеуі себептен тұрған, сол үлесте бір-бірінен еш нәрсесі де ерекшеленбейді. Бұл үлес олардың екеуінің де ортақ үлесін құрастырады және Бұл үлесте айналуда ақиқат материяның барлық [түрлерінде] қашанда сақталады. Жетінші тарау Пайымдаулар, оларда танымға силлогизм арқылы жетуге болмайтындарға және оларда танымға силлогизм арқылы жетуге болатындарға бөлінеді. Оларда танымға силлогизм арқылы жетуге болмайтындар төрт түрге бөлінеді: қабылданғандар, жалпы белгілілер, сезіммен қабылданатындар және бірінші ақылмен түйсінілетіндер. Қабылданғандар - бұл, олар бір немесе беделді тұлғалардың [мақұлдауымен] қабылданатындар. Жалпы белгілілер - бұл, барлық немесе көпшілік адамдардың арасында немесе оларға, олардың арасындағы, басқа адамдардың арасындағы бірде-бірі қайшылыққа бармайтын, соңғылардың дана өкілдері мен ғалымдардың көпшілігінің арасында тараған, көзқарастар. Сезімдік қабылданатындар - бұл, бес сезім мүшелерінің бірімен жетуге болатын, жеке-дара пайымдаулар. Бірінші ақылымен түйсінілетіндер - бұл, мысалы, біздің мынадай пайымдауларымыз: «әрбір үштік - тақ сан», «әрбір бестік - онның жартысы», «тұтастықты құрастыратын әрбір бөлік, Бұл тұтастықтан кіші» және т.б. Білімнің осы төрт түрінен басқасының бәрі, силлогизм арқылы танылады. Сегізінші тарау
Силлогизм - бұл бірден көп заттардан тұратын, олардан акцидентальды емес, ал мәнді үйлескенде қажеттілікпен басқа зат шығатын пайымдау. Силлогизмнің [логикалық] нәтижесі қорытынды және салдар деп аталады. Силлогизм, ол алдын ала берілетін және қайсыбір мақсат көзделетін, белгілі бір алғышарттан тұрады және кейін силлогизмде ақиқаттың бекітілуі іздестіріледі. Алғышарт - ал бұл А бөлігі - [және] қайшылық ажыратушы есімдік шылаумен байланысады. Ажыратушы шылау - бұл «немесе» және оны ауыстыратын шылау. Заттың өмір сүруіне қатысты сауалдық шылау - бұл «ме» деген айтылудағы сияқты ауыстыратындар. Алғышарт кейде сауал деп те аталады. Кез келген алғышартта ақиқат оның бір бөлігінде түр, дегенмен оның қайда тұрғаны: әлде мақұлдаушыда ма, әлде терістеушіде ме, біз үшін әлі айқындалған жоқ. Атап айтқанда силлогизм бұл нысанда, олардың бірінде ақиқат тұрғанын, себебі [одан] логикалық міндеттілікпен ақиқаттың терістеуші емес, ал мақұлдаушы [алғышартта] тұрғанын немесе [керісінше] мақұлдаушыда емес, ал терістеушіде тұрғанын дәлелдейді. Әрине, одан пайымдауды құрастырғанда [логикалық түрде] кейде жалпы мақұлдаушы [қорытынды], ал кейде оның қарама-қарсы немесе қайшылық шығатыны анық. Егер біз осылай қағидаларды қоссақ, онда оның қайсы бөлігінің қорытынды беретінін /8/, біз білмейміз, өйткені мақұлдаушы [алғышарт] терістеушіден еш нәрсесімен жақсы емес. Осындай ой тұжырымдарында, ол құрастырудан бұрын болғаннан басқа, басқа білімді іздеу нысанында ала алмаймыз. Сондықтан, Бұл силлогизм емес. Силлогизм кесімді және шартты болып бөлінеді. Кесімдісі кесімді пайымдаулардан, шартты - шартты пайымдаулардан құрастырылады. Әрбір пайымдау силлогизмнің бөлігін құрастырады не құрастыруға дайын, ал ол бөлік болып табылатындықтан немесе оның бөлігін құрастыруға дайын болғандықтан, онда ол алғышарт деп аталады. Предикат немесе субъект болуынан тәуелсіз, алғышарттың бөлігі термин деп аталады. Көптеген пайымдаулар логикалық түрде силлогизмнен шығарыла алады, олар басқа силлогизмдердің бөлігі болып табылады немесе бөлігі болуға дайын. Қалай олар қайсыбір силлогизмдерден шығарылатын шамада, олар қорытынды деп аталады, ал қалай олар басқа силлогизмдердің бөлігі болып табылғанда, олар алғышарттар деп аталады. Тоғызыншы тарау Олардан кесімді силлогизм тұратын, ең аз буындар, үш терминдерден құрастырылатын алғышарттар болып табылады. Бұл, екі үйлесетін алғышарттар бір бөлікте ортақ, ал басқа екі бөлікте, «адам - жануар» және «барлық жануарлар - сезетіндер» деп айтқан сияқтыдағыдай, айырылады дегенді білдіреді. бұл екі үйлесетін [алғышарттар] бір бөлікте «жануарда» ортақ және басқа екі бөліктерде - «адам» және «сезетіндерде» айырылады. Бір бөлікте ортақ және басқа екі бөлікте айырылатын бұл екі [алғышарттар] үш терминдерден тұрады. Қос үйлесетін алғышарттардың әрбірінің ортақ бөлігі орта тер¬мин деп аталады. Екі ерекшеленетін терминдер шеткі терминдер /9/ деп аталады: предикатта басты нысан болып табылатын, сол бөлік бірінші немесе үлкен шеткі [термин] деп аталады, ал бастапқыда субъект болып табылатын сол бөлік соңғы немесе кіші шеткі термин деп аталады.
Бастапқыда оның бөлігі предикат болып табылатын - ал бұл үлкен шеткі термин - сол алғышарт үлкен алғышарт болып табылады, ал оның бөлігі бастапқыда субъект болып табылатын, сол алғышарт кіші алғышарт деп аталады. Екі үйлесетін алғышарттарда орта термин үш түрлі орналасқан: не ол екеуінің де предикаты, не екеуінің де субъектісі және басқасының предикаты болып табылады. Үйлесетін алғышарттардағы орта терминнің орналасуы фигура деп аталады, сондықтан кесімді силлогизмдердегі фигуралардың саны үш /10/. Орта термин онда бір [алғышарттың] предикаты басқасының субъектісі болып табылатын, сол силлогизм бірінші фигураны құрастырады, орта термин онда қос [алғышарттардың] предикаты болып табылатын, сол екінші фигураны құрастырады; орта термин онда екі алғышарттардың субъектісі болып табылатын, үшінші фигураны көрсетеді. Оныншы тарау Әрбір фигурада үйлесетін алғышарттардың екеуі не жалпы, не жеке: не екеуі де анықталмаған; не үлкен [алғышарт] жалпы, ал кішісі - жеке; не үлкені - жеке, ал кішісі - жалпы; не үлкені - анықталмаған, ал кішісі - жалпы, не үлкені - жеке, ал кішісі - анықталмаған, не үлкені - жалпы, ал кішісі - анықталмаған: және бүкіл Бұл тоғыз [үйлесулерде] не екі [алғышарттар] да мақұлдаушы, не екеуі де - терістеуші; не үлкені - мақұлдаушы, ал кішісі - терістеуші; не үлкені - терістеуші, ал кішісі - мақұлдаушы. Бұл төртке көбейтілген сол тоғыз [үйлесулер] әрбір фигурада нәтижесінде отыз алты үйлесулерді береді. Екі терістеуші [пайымдаулардың] фигуралардың бірінде де қорытынды шығаруға болмайды, осында олардың сандық көрсеткіші қаншама екендігі: екі жеке, екі анықталмаған [пайымдаулар] немесе оларда үлкен [алғышарт] жеке, ал кішісі - анықталмаған пайымдаулар ма немесе оларда үлкен [алғышарт] анықталмаған, ал кішісі - жеке ме, бәрібір кез келген фигураларда олар жиырма бір үйлесімде қорытынды бермейді. Бірінші фигура, егер үлкен алғышарт жеке немесе анықталмаған, ал кішісі - терістеуші болса, он бес үйлесулерде қорытынды шығapылмайтындығын сипаттайды. Екінші фигура, егер үлкен алғышарт жеке немесе анықталмаған, ал екі алғышарттар мақұлдаушы болса, қорытынды бермейтіндігімен сипатталады. Үшінші фигура, қашан кіші [алғышарт] терістеуші болса, қорытынды бермейтіндігімен сипатталады. Ары қарай, анықталмаған [алғышарттар] жеке сипаттағы қорытындылар береді және осымен қанағаттанады. Біз бірінші және екінші фигураларда торт қорытынды, ал үшінші фигурада - алты қорытынды аламыз. Барлық кесімді силлогизмдер үш фигураларға және он төрт модустарға ие. [Кесімді силлогизмдердің] әрбірі екі үйлесетін алғышарттардан тұрады: үлкен және кішіден, үш терминдерден - бірінші, орташа және соңғыдан /11/. Аристотель бірінші терминді А [әрпімен], орташа терминді - В [әрпімен] және соңғы терминді - С [әрпімен] белгіледі, ол әліппенің бұл әріптерін, алғышарттар бөліктерін сол немесе басқа өнерде белгілей отырып, соларға бұл сөздер көрсететін, сол материялардың
күшімен шығатындар деп ойламау үшін, барлық қағидаларға таралатын мысалдар ретінде ол келтірді. Он бірінші тарау Бірінші фигураның бірінші модусы мынада тұр: «егер А барлық Вда болса», ал «В барлық С-да болса», сондықтан «А» барлық С-да бар. Екінші [модус]-. «А барлық В-да бар», ал «В кейбір С-да бар», сондықтан «А кейбір С-да бар». Үшінші [модус]: «А бірде-бір В-да жоқ», ал «В барлық С-да бар», сондықтан «А бірде-бір Сда жоқ». Төртінші [модус]-. «А бірде-бір В-да жоқ», ал «В кейбір С-да бар», сондықтан «А кейбір Сда жоқ» немесе «А барлық С-да бар емес». Сонымен, бұл тәртіп не бірінші шеткі [терминнен] соңғысына дейін басталады, немесе, қалай бұл әдетте үлкен бөлігінде кездесетіндей, соңғысынан біріншісіне дейін басталады. Бірінші модусты мен былай пайымдаймын: «барлық С - В», ал «барлық В - А», сондықтан «барлық С - А» /12/. Екінші [модус]: «Кейбір С - В», ал «барлық В - А», сондықтан «кейбір С - А» /26/. Tөртінші [модус]: «Кейбір С - В», «бірде-бір В - А емес», «бірде-бір С - А емес» немесе «А барлық С емес». Бұл екі тәртіптің әрқайсысы пайдаланылады, жіберіледі және мақсатына жетеді. [Түрлі] жайлар мен материалды [заттарда] қолданылатын, бірінші модустың мысалы: «барлық адамдар жануарлар», «барлық жануарлар сезушілер», сондықтан «барлық адам¬дар - сезушілер». Екінші [модус]-. «Кейбір денелер - адамдар», «барлық адамдар - сезушілер», осыдан «кейбір денелер - сезушілер». Үшінші [модус]-. «Барлық адамдар - жануарлар», «бірде-бір жануар - тас емес», сондықтан «бірде-бір адам - тас емес». Төртінші [модус]-. «Кейбір денелер - жануарлар», «бірде-бір жануар - тастар емес», сондықтан «кейбір денелер - тастар емес» немесе «денелердің бәрі - тастар емес». Дәл солай бірінші тәртіпте де орналастыруға болады. Мысалы, былай пайымдағандай: «сезінуші барлық жануарға [тән]», «жануарлық барлық адамдарға [тән]» сондықтан «сезінуші барлық адамдарға [тән]». Екінші [модус]'. «Сезінуші барлық жануарларға [тән]», «жану¬арлар кейбір денелерге жатады», сондықтан «сезінуші кейбір денелерге жатады». Үшінші [модус]-. «Бірде-бір тас жануарларға [жатпайды]», «жануарлық барлық адамдарға тән», сондықтан «бірде-бір тас адамдыққа [жатпайды]». Төртінші [модус] «Бірде-бір тас жануарларға [жатпайды]», «жануар кейбір денелерге [жатады]», сондықтан «тас кейбір денелерге [жатпайды]».
Орта термин құрал және себеп болып табылады, себебі ол - екі шеткі [терминдердің] қосылуының себебі және қорытындыны біздің тануымыздың себебі. [Орта термин] [шеткі терминдерді] біріктіреді, өйткені өзінде мынадай [сұраққа] жауапты ұстап тұрады: «неге Бұл осы болып табылады?». Сондықтан, [бірінші фигураның] бірінші модусы, екі жалпымақұлдаушы [алғышарттармен], жалпымақұлдаушы қорытындыны береді. Үлкен жалпымақұлдаушы [алғышарттан] және кіші - жекемақұлдаушы алғышарттан тұратын, екінші модус жекемақұлдаушы қорытындыны береді. Үлкен жалпытерістеуші [алғышарттан] тұратын, үшінші модус жалпытерістеуші қорытындыны береді. Үлкен жалпытерістеуші [алғышарттан] және кіші - жекемақұлдаушыдан тұратын, төртінші модус жекетерістеуші қорытындыны береді. Бұл төрт модустарда, олардың силлогизм екендігі және дәл солай олардың қорытынды беретіні, өзімен-өзі анық. Олардың қорытынды беретіні анық болуы үшін олар басқа заттарға мұқтаждық танытпайды, сонымен бірге бұл пайымдауларда да өзімен-өзі анық. Олар өз айқындылығында басқа заттарға мұқтаждық танытпайды, сондай силлогизмдер бұлай болып келмейді. Өзімен-өзі анық силлогизмдер жетілгендер деп аталады, олар өз анықтылығы үшін басқа заттарға мұқтаждық танытатындар, жетілген еместер деп аталады. Жетілмеген силлогизмдер қорытындыны тек оларды жетілгендерге жеткізу арқылы беретіні анық/1б/. Он екінші тарау Екінші фигураның модустары: Бірінші [модус]'. «В бірде-бір А-да жоқ», «В барлық С-да бар», сондықтан «А бірде-бір С-да жоқ», өйткені жалпытерістеуші [алғышарт] айналуда мынадай түрге ие болады: «А бірдебір В-да жоқ», ал «В барлық С-да бар». Ол бірінші фигураның үшінші модусына Бұл кітапта [баяндалған] тәртіпке сай келіп тіреледі. «А бірде-бір С-да жоқ» деген қорытынды беретін силлогизм екендігі осыдан айқындала түседі. Екінші [модус]: «В барлық А-да бар» және «В бірде-бір С-да жоқ», сондықтан «А бірде-бір С-да жоқ», өйткені жалпытерістеуші [алғышарт] айналуда мынадай түрге ие болады: «С бірде-бір В-да жоқ», ал «В барлық А-да бар», ол бірінші фигураның осы модусына келіп жеткізіледі және тек сонда мынадай қорытынды анық болып шығады: «С бірде-бір А-да жоқ». Бұл қорытынды айналуда мынадай түрге ие болады: «А бірде-бір С-да жоқ». Бұл модус екі айналудың арқасында анық бола бастайды: кіші алғышарттың айналуы және [кіші алғышартты] бірінші фигураның сол модусына жеткізу нәтижесіндегі қорытындының айналуы. Үшінші [модус]-. «В бірде-бір А-да жоқ» және «В кейбір С-да бар», сондықтан «А кейбір Сда бар» немесе «А барлық С-да бар емес», өйткені жалпытерістеуші алғышарт айналуда мынадай түрде: «А бірде-бір В-да жоқ», ал «В кейбір С-да бар». Ол бірінші фигураның төртінші модусымен қосылады. Екінші фигураның төртінші модусы. «В барлық А-да бар» және «В кейбір С-да жоқ», сондықтан «А кейбір С-да жоқ» немесе «А барлық С-да бар емес». Бұл айналу арқылы анық
болмайды, бірақ егер «В кейбір С-да жоқ» деген [алғышартты] алсақ, онда В-ны Бұл кейбір [C-ларды] терістейтіні анық бола бастайды. Енді Бұл кейбіреулерді оқшау алайық және оларды Д әрпімен белгілейік. Сонда шығатыны: «В барлық А-да бар» және «В бірде-бір Дда жоқ». Осыны Бұл фигураның екінші модусына әкеліп қосайық. Оның бірінші фигураға жалпытерістеуші [алғышарттың] айналуы арқылы ауысатыны анық және мынадай түрге ие болады: «Д бірде-бір В-да жоқ» және «В барлық А-да бар», сондықтан «Д бірде-бір А-да жоқ». Кейін бұл қорытындыны айналдыру арқылы шығатыны: «А бірде-бір Д-да жоқ», ал сонда Д кейбір С-ны құрастырады, сондықтан «А кейбір С-да жоқ». Осындай тәртіп қашан орта терминнен бастағанда және екі шеткі [терминдермен] аяқтағанда өмір сүреді. Пайымдаудың осындай тәртібінде бірінші термин басты болып табылады. Көптеген жағдайларда қолданылатын тәртіпке келсек, онда бірінші [модус] мынадай түрге ие болады: «бірде-бір А - В емес» және «барлық С - В», сондықтан «бірде-бір С - А емес». Жалпытерістеуші [алғышартты] айналдырғанда [силлогизм] мынадай түрде: «барлық С -В» және «бірде-бір В - А емес» /17/. Екінші [модус]-. «Барлық А - В» және «бірде-бір С - В емес», сондықтан «бірде-бір С - А емес». Жалпытерістеуші алғышартты айналдыруда ол мынадай көріністе: «барлық А - В» және «бірде-бір С - В емес», сондықтан «бірде-бір С - А емес» /18/. Үшінші [модус]-. «Бірде-бір А - В емес» және «кейбір С - В», сондықтан «кейбір С - А емес» немесе «С-ның барлығы А емес». Жалпытерістеуші [алғышартты] айналдыруда ол мынадай түрде: «кейбір С - В» және «бірде-бір В - А емес» /19/. Tөртінші [модус]\ «Барлық А - В» және «кейбір С - В емес», сондықтан «кейбір С - А емес» немесе «С-ның бәрі А емес», себебі В бұл кейбір С-ларды терістейді. Бірақ егер кейбірді Д [әрпімен белгілесек], онда былай болып шығады: «барлық А - В», «бірде-бір Д - В емес». Бұл тәртіп сол фигураның екінші модусына сай. Оның бірінші фигураға жалпытерістеуші [алғышарт] айналдыру арқылы келіп тірелетіні анық және ол мына түрде: «барлық А - В» және «бірде-бір В - Д емес». Кейін бұл қорытындыны айналдыру арқылы шығатыны: «бірде-бір Д - А емес», сол уақытта Д кейбір С-ны құрастырады, сондықтан «кейбір С - А емес» /20/. Түрлі жайларда қолданылатын, бірінші модустың мысалы: «бірде-бір тас - жануар емес» және «барлық адамдар - жануарлар», сондықтан «бірде-бір адам - тас емес», өйткені жалпытерістеуші [алғышартты] айналдырғанда шығатыны «барлық адамдар - жануарлар» және «бірде-бір жануар - тас емес». Екінші модус: «Барлық аттар - жануарлар» және «бірде-бір өсімдік жануар емес», сондықтан «бірде-бір өсімдік - ат емес», өйткені жалпытерістеуші [алғышартты] айналдырғанда шығатыны: «барлық аттар - жануарлар» және «бірде-бір жануар - өсімдік емес», сондықтан «бірде-бір ат - өсімдік емес». Кейін қорытындыны айналдыру арқылы шығатыны: «бірде-бір өсімдік - ат емес». Төртінші модус: «Барлық аттар - кісінейді» және «жануардың бәрі - кісінемейді», сондықтан «кейбір жануарлар - ат емес» немесе «жануардың бәрі - ат емес», егер біз, мысалы, адам
сияқты кісінеуде. Оларда біз теріске шығатын болсақ, онда мынадай болып шығады: «барлық аттар - кісінейді» және «бірде-бір адам - кісінемейді», сондықтан «бірде-бір адам - ат емес», ал қалай бұрын айтылғандай, адам кейбір жануарлар [категориясына енетіндіктен], сондықтан «кейбір жануарлар - ат емес». Бұл мысалдарды сонымен бірге бірінші тәртіпте де қолдануға болады. Сондықтан, [екінші фигураның] бірінші модусы, жалпытерістеуші үлкен алғышарттан және жалпымақұлдаушы - кішісінен тұратындығымен, жалпытерістеуші қорытынды береді. Жалпымақұлдаушы [үлкен алғышарттан] және жалпытерістеуші - кішісінен тұратын, екінші [модус] жалпытерістеуші қорытынды береді. Жалпытерістеуші үлкен [алғышарттан] және жекемақұлдаушы - кішісінен тұратын, үшінші [модус] жекетерістеуші қорытынды береді. Жалпымақұлдаушы үлкен [алғышарттан] және жекетерістеуші - кішісінен туратып, төртінші [модус] жекетерістеуші қорытынды береді. Бүкіл Бұл қорығындылар тек өкініш фигураның үйлесулерінде шығарылады. Олар түрлі сапалардағы алғышарттарда қорытынды бере алады. Тек екі мақұлдаушы алғышарттары бар [модустар] ғана қорытынды бермейді. Он үшінші тарау Үшінші фигураның модустары: Бірінші [модус]'. «А барлық В-да бар», ал «С барлық В-да бар», сондықтан «А кейбір С-да бар», өйткені кіші [алғышарт], атап айтқанда «С барлық В-да бар», жекемақұлдаушыға айналады және [силлогизм] мына түрде көрінеді: «А барлық В-да бар» және «В кейбір С-да бар». Ол [силлогизм] бірінші фигураның екінші модусына жеткізіледі және бұл кітапта баяндалған тәртіпте жүреді. Екінші модус: «А бірде-бір В-да жоқ», ал «С барлық В-да бар», сондықтан «А кейбір С-да жоқ», өйткені кіші мақұлдаушы [алғышарт] жекеге айналады және [силлогизм] былай көрініс табады: «А бірде-бір В-да жоқ» ал «В кейбір С-да бар». Силлогизм бірінші фигураның төртінші модусымен бірегейленеді. Үшінші модус. «А барлық В-да бар», ал «С кейбір В-да бар», сондықтан «А кейбір С-да бар», өйткені үлкен [жекемақұлдаушы алғышарт] айналуда мына түрде көрінеді: «С барлық В-да бар», ал «В кейбір А-да бар», сондықтан «С кейбір А-да бар». Кейін бұл қорытынды айналдырғанда алынатыны: «А кейбір С-да бар». Бесінші [модус]'. «А бірде-бір В-да жоқ», «С кейбір В-да бар», сондықтан «А кейбір С-да жоқ», өйткені кіші жекемақұлдаушы алғышартты айналдырғанда алынатыны: «А бірде-бір В-да жоқ» және «В кейбір С-да бар», сондықтан [силлогизм] бірінші фигураның төртінші модусымен бірегейленеді. Алтыншы [модус]'. «А кейбір В-да жоқ», ал «С барлық В-да бар», сондықтан «А кейбір С-да жоқ». [Силлогизм] бірінші фигураға айналу жолымен емес, ал мынадай [пайымдау арқылы] жеткізіледі: Кейбір В - А-да терістелетіндіктен, сондықтан бұл соңғы бүкіл кейбіреулерді бекерлейді. Бұл кейбіреулерді Д [әрпімен] белгілейік. Сондықтан, «С барлық В-да бар» және «С барлық Д-да бар». Осыдан «А бірде-бір Д-да жоқ», ал «С барлық Д-да бар», яғни [силлогизм] бұл фигураның екінші модусымен бірегейленеді.
Егер осыны көпшілік жағдайдағыдай қоятын болсақ, онда ол бірінші модуста былай көрініс табады: «барлық В - А» және «барлық В - С», сондықтан «кейбір С - А», өйткені кіші [алғышарттың] айналуында келесі мағына шығады: «кейбір С - В» және «барлық В -А», сондықтан ол [силлогизм], біз баяндаған тәртіп бойынша, бірінші фигураның екінші модусына жеткізіледі /21/. Екінші [модус]: «Бірде-бір В - А емес» және «барлық В - С», сондықтан «кейбір С - А емес», өйткені кіші жалпы мақұлдаушы [алғышарттың] айналуында ол мынадай түрде көрінеді: «кейбір СВ» және «бірде-бір С - А емес». Сондықтан [силлогизм] бірінші фигураның төртінші модусымен бірегейленеді /22/. Үшінші [модус]-. «Барлық В - А» және «кейбір В - С», сондықтан «кейбір С - А», өйткені кіші жекемақұлдаушы айналуда: «кейбір С - В» және «барлық В - А» дегенді береді. Сондықтан, ол [силлогизм] бірінші фигураның екінші модусына [баяндалған] тәртіп бойынша, жеткізіледі /23/. Төртінші [модус]- «Кейбір В - А» және «барлық В - С», сондықтан «кейбір С - А», өйткені үлкен [алғышарт] айналуда «кейбір А - В» және «барлық В - С» дегенді береді, сондықтан «кейбір А - С». Кейін Бұл қорытындының айналуында шығатыны: «кейбір С -А» //24. Бесінші [модус]-. «Бірде-бір В - А емес» және «кейбір В - С», сондықтан «кейбір С - А емес», өйткені кіші мақұлдаушы [алғышарттың] айналуында «кейбір С - В» және «бірде-бір В - А емес», сондықтан ол [силлогизм] бірінші фигураның төртінші модусымен бірегейленеді /25/. Алтыншы [модус]-. «Кейбір В - А емес» және «барлық В - С», сондықтан «кейбір С - А емес», өйткені егер А-ны Бұл кейбір В-лардан алып тастасақ және Бұл кейбіреулерді Д әрпімен белгілесек, шығатыны: «бірде-бір Д - А емес» және «барлық, В - С». Сондықтан, [силлогизм] Бұл фигураның екінші модусымен бірегейленеді. Бұл модустың бірінші фигураның төртінші [модусымен] бірегейленетіні белгілі /26/. Түрлі қағидаларда қолданылатын, бірінші модустың мысалы: «Әрбір теориялық таным зерттеледі» және «әрбір теориялық таным - игілік», сондықтан «кейбір игіліктер - зерттеледі» немесе «әлдебір игілік - зерттеледі», себебі кіші [алғышарттың] айналуында алынатыны: «әлдебір игілік - теориялық таным» және «әрбір теориялық таным - зерттеледі». Сондықтан, ол біз [баяндаған] тәртіпке сай, бірінші фигураның екінші модусымен белгіленеді. Екінші [модустың] мысалы: «Теориялық таным табиғаттан [берілмеген]» және «кез келген теориялық таным - игілік», сондықтан «кейбір игіліктер табиғаттан берілмеген» немесе «әлдебір игілік табиғаттан берілмеген», өйткені кіші [алғышарттың] айналуында [силлогизмнің] қабылдайтын түрі: «әлдебір игілік - теориялық таным» және «теориялық таным табиғаттан берілмеген». Сондықтан,ол бірінші фигураның төртінші модусымен бірегейленеді. Үшінші [модус]. «Барлық адамдар - жануарлар» және «кейбір адамдар ақ түстілер», сондықтан «кейбір ақ түстілер - жануарлар», өйткені кіші [алғышарттың] айналуында ол [силлогизм] келесі түрді алады: «кейбір ақ түстілер - адамдар» және «барлық адамдар - жануарлар». Сондықтан [баяндалған] тәртіп бойынша, ол бірінші фигураның екінші модусына жеткізіледі.
Төртінші [модус]'. «Кейбір жануарлар - ақ түстілер» және «барлық жануарлар - денелер», сондықтан «кейбір денелер - ақ түстілер» немесе «әлдебір дене - ақ түсті», өйткені үлкен жеке [алғышарттың] айналуда беретіні: «кейбір ақ түстілер - жану¬арлар» және «барлық жануарлар - денелер», сондықтан «кейбір ақ түстілер - денелер», кейін Бұл қорытындының айналуы нәтижесінде шығатыны: «кейбір денелер - ақ түстілер». Бұл силлогизмнің қорытындысы екі айналудың арқасында анық бола бастайды. Бесінші [модус]'. «Бірде-бір жануар - тас емес» және «кейбір жануарлар - ақ түстілер», сондықтан «кейбір ақ түстілер - тастар емес» немесе «ақ түстілердің бәрі - тастар емес», өйткені кіші алғышарттың айналуында шығатыны: «кейбір ақ түстілер - жану¬арлар» және «бірде-бір жануар - тас емес». Сондықтан, ол бірінші фигураның төртінші модусына қосылады. Алтыншы [модус]'. «Кейбір жануарлар - ақ түстілер емес» және «барлық жануарлар - денелер», сондықтан «кейбір денелер - ақ түстілер емес» немесе «әлдебір дене - ақ түсті емес» немесе «денелердің кез келгені - ақ түсті емес», себебі кейбір жануарлар ақ түстілер қатарына шығарылады. Айталық, Бұл қарғалар болсын. Сонда былай айтылады: «бірде-бір қарға - ақ түсті емес» және «әрбір қарға - дене», сондықтан, ол осы фигураның екінші модусына қосылады, ал соңғының кіші [алғышарттың] айналуы арқылы бірінші фигураның төртінші модусымен бірегейленетіні белгілі. Екі жалпымақұлдаушы [алғышарттардан] тұратын, Бұл фигураның бірінші модусы жекемақұлдаушы қорытынды береді. Жалпытерістеушіден және кішіден - жалпымақұлдаушы [алғышарттан] тұратын, екінші [модус] жекетерістеуші қорытынды береді. Үлкен жалпымақұлдаушыдан және кішіден - жекемақұлдаушы [алғышарттан] туратын, үшінші [модус] жекемақұлдаушы қорытынды береді. Үлкен жекемақұлдаушыдан және кішіден - жалпымақұлдаушы [алғышарттан] туратын, төртінші [модус] жекемақұлдаушы қорытынды береді. Үлкен жалпытерістеушіден және кішіден - жекемақұлдаушы [алғышарттан] туратын, бесінші модус жекетерістеуші қорытынды береді. Үлкен жалпытерістеушіден және кішіден - жалпымақұлдаушы [алғышарттан] туратын, алтыншы [модус] жекетерістеуші қорытынды береді. Он төртінші тарау Енді шартты силлогизмдерге тоқтау керек. Шартты силлогизм де екі алғышарттардан тұрады: ол шартты пайымдау болып табылатын, үлкеннен және ол кесімді пайымдау болып табылатын, кішіден, олар «алайда», «тек қана», «бірақ» және т.б. сияқты ажыратушы шылаулармен қосылған. Шартты силлогизмдердің екі түрі бар: қосушы және ажыратушы /27/. Онда үлкен [алғышарт] шартты қосушы болып табылатын, сондай [силлогизм] қосушы деп аталады. Қосушы екі бірінші модустарға бөлінеді. Ажыратушы үш бірінші модустарға бөлінеді. Шартты [силлогизмдер] бәрін алғанда бес бірінші модустарға ие.
Қосушы [шартты силлогизмнің] бірінші модусы мынадай: «Егер көрінген [нәрсе] - адам, онда ол - жануар», «бірақ ол - адам», сондықтан «ол - жануар». Бұл силлогизмнің екі алғышарттарының үлкені өзімен ешқандай пайымдауларды көрсетеді: «Егер көрінген [нәрсе] - адам, онда ол - жануар». Бұл [алғышарт] шартты болып табылады және екі пайымдаулардан басқаша айтқанда екі бөліктен тұрады: бірінші бөлігі - «көрінетін [нәрсе] - адам» және екінші бөлігі - «ол - жануар», ол бірінші бөлікпен «егер де болса [не X, сол У] » деген шартты [шылау] арқылы қосылады. Ендеше, шартты [шылау] екінші бөлікті, ал атап айтқанда: «ол - жануарды» бірінші бөлікпен, атап айтқанда: егер көрінетін [нәрсе] - адаммен, қосады. Шартты пайымдаудың бірінші бөлігі негіз деп /28/, ал екінші бөлігі - салдар /29/ -деп аталады. Бұл шартты [шылаулар], ал атап айтқанда «егер де болса [не X, сол У]», «қашан [X, сонда У]», «қашанда болмаса [X, сонда У], «қандай да болмасын [X, У болады]» және соларға ұқсастар, өзінде негіз бен салдардың қосылуын ұстап тұрады. Ажыратушы шартты [силлогизмнің] шартты [шылауы] өзінде салдардың негізден бөлінуін ұстап тұрады. «Бұл сан немесе тақ, немесе жұп» деген біздің пайымдауымызда бұл анық көрініп тұр. «Немесе» және соған ұқсастар сияқты, осындай шартты [шылау], өзінде салдардың негізден бөлінуін көрсетіп тұр. Шартты [силлогизмнің] екі [алғышарттарының] кішісі кесімді [пайымдау] болып табылады және атап айтқанда оған шегеруші шы¬лау қосылады. Кіші алғышарт «шығарылған» деп аталады. Ол шартты силлогизмнің екі бөліктерінің бірі болып табылады: не негіз, не салдар. Шартты қосушы силлогизмнің бірінші модусында /30/ негіздің өзі шегеріледі, ал қорытынды да, қалай біздің мына пайымдауымызда [бұл көрінетіндей]: «Егер көрінген [нәрсе] — адам, онда ол - жануар», «бірақ ол - адам», сондықтан «ол - жануар», салдардың өзі тұжырымдалады. Шартты қосушы силлогизмнің екінші модусында /31/ салдардың қарама-қарсысы шығарылып тасталады, ал қорытындыда негіздің қарама-қарсысы алынады, бұл мына пайымдауымызда көрініп тур: «Егер бұл көрінетін [нәрсе] - адам, онда ол - жануар», «бірақ ол - жануар емес». Дегенмен бұл және осыған ұқсас модуста негіздің қарама-қарсысы шығарылып тасталса да немесе салдардың өзімен осылай болса да, осындай қосылу қажетті қорытынды болып табылмайды. Ажыратушы [шартты силлогизмде] үлкен [алғышарт] шартты ажыратушы, ал кішісі -кесімді шығарылған болып табылады; шартты «алғышарт» екі немесе одан да кеп сиыспайтын бөліктерден тұрады, мысалы, мына пайымдаудағыдай: «Бұл сан немесе жұп, немесе тақ». Бұл өзара сиыспайтын бөліктердің арасында, оларда бөліну мүшелері анықталған және толық саналып еткен, толық баламалыққа иелері бар, сол уақытта толық емес баламалықта бөліну мүшелері бізбен анықталмаған немесе анықталған, бірақ толық саналып өтпегендері бар. Толық баламалы [пайымдаулар] қалай тек екі баламадан, солай баламалардың көп санынан тұруы мүмкін. Тек екі баламадан туратын, [силлогизмнің] мысалына біздің мына айтылымымыз жатады: «Бұл сан - немесе жұп, немесе тақ».
Екіден көп баламалардан тұратын, [силлогизмнің] мысалы¬на жататыны: «Бұл су немесе суық, немесе ыстық, немесе жылы». Толық емес баламаның мысалы: «Бұл түс немесе ақ, немесе қызыл, немесе сұр». Толық емес баламалы [силлогизмдер], «Бұл түс немесе ақ, немесе қара» деп айтылғандағыдай, табиғи қарама-қарсы қойылатындарға және «Зейд жоқ, сондықтан Амр сөйлейді» дегендегідей, формальды түрде қарама-қарсы қойылатындарға бөлінеді. Кез келген ажыратушы шартты [силлогизмде] /32/ тек екі, оның үстіне толық баламалар бар болғанда, егер Бұл екі [баламалардың] кез келгені алынып тасталатын болса, онда қорытындыда басқа баламаның қарама-қарсысы қалады, ал егер олардың әрқайсысының қарама-қарсысы алынса, онда қорытындыда басқа балама қалады. Осының мысалы: «Бұл сан немесе жұп, немесе тақ», өйткені. егер «ол жұп болса», сондықтан, «ол жұп емес», [ал егер] «ол жұп емес болса», сондықтан ол «жұп емес», [ал егер] ол «жұп емеске жатпаса», сондықтан «ол жұп». [Ажыратушы шартты силлогизмде] екіден көп, оның үстіне толық баламалар /33/ бар болғанда, егер олардың кез келгені алынып тасталса, онда қорытындыда басқаларының қарама-қарсысы қалады, мына пайымдау тап осындай: «Су немесе суық немесе ыстық, немесе жылы». Егер бір [баламаны] алып тастап, былай десек: «бірақ ол суық», сондықтан «ол жылы және ыстық емес», ал олардың кез келгенінің қарама-қарсысын шығарып тастасақ, онда қорытындыда басқа баламалар қалады. Қарама-қарсы баламалар шығарылған әрбір ретте қорытындыда басқа баламалар қала береді және Бұл, әзірше тек екі балама қалғанша дейін, жалғаса береді. Егер кейін қалған екі баламаның бірін алып тастаса, онда қорытындыда басқасы қалады. Мына айтылым тап осындай: «Бұл сан немесе үлкен, немесе кіші, немесе тепе-тең. Егер «ол кіші емес» дегенді жіберсек, онда «ол немесе үлкен, немесе тепе-тең». Егер кейін «ол үлкен емес» дегенді шегерсек, сондықтан «ол тепетең». Егер [ажыратушы силлогизмдердің] баламалары үштен де артық болса, онда да осындай нәтижеге жетеміз. Егер балама толық емес болса /34/, онда «немесе» деген шылау әдетте қолданылмайды, алайда «Бұл түс қара бола тұрып, ақ бола алмайды», «Зейд Иракта жүргенде, Сирияда бола алмайды» дегендегі сияқты, толық емес балама, ол екі баламалар бірге өмір сүре алмайтынын көрсететін сөйлеммен үйлеседі. Ал міне Бұл балама емес: «Зейд жүрмейді, ал Амр сөйлейді». Бұл модуста, егер баламалардың кез келгені алынып тасталса, онда қорытынды басқа баламаның қарама-қарсысымен үйлеседі. Мысалы: «Зейд Иракта жүргенде, Сирияда бола алмайды», бірақ «ол Иракта жүр», сондықтан «ол Сирияда жоқ». [Егер де] «ол Сирияда» деп [айтсақ], онда оның Иракта емес екендігі қорытынды болады. [Басқа жағынан], егер бұл модуста [бір балама] қарама-қарсысын шығарып тастаса, онда осыдан тағы бірдеме қажеттілікпен шықпайды. Бұл модусты ежелгілер, ол терістеуші [алғышарттан] басталатын терістеушімен аяқталатын және қорытынды қашанда терістеуші болатын модус деп атады. Он бесінші тарау Қайшылық [арқылы] силлогизм туралы. Егер кесімді силлогизм, оның екі алғышарттары да анық ақиқат болса, онда ол дұрыс силлогизм деп аталады /35/ және біздің мына сөйлеміміздегі: «Барлық адамдар - жануарлар» және «барлық жануарлар - сезінетіндер», сондықтан «барлық адамдар - сезінетіндер» сияқты міндетті түрде ақиқат қорытынды
береді. Егер де алғышарттардың бірі - анық ақиқат, ал басқасы - күмәнды болса, онда ол ақиқат па немесе жалған ба екендігі белгісіз, ал қорытынды анық жалған болса, онда осындай силлогизм қайшылық [арқылы] силлогизм деп аталады /36/. Бұл силлогизм қайшылықты күмәнды алғышарттың ақиқаттылығын түсіндіру үшін пайдаланылады. Өйткені, қашан қорытынды анық жалған болғанда, онда осындай силлогизмнің өзінде жалғанды ұстап тұрғаны айқын, өйткені егер ол өзінде жалғанды мүлдем ұстап тұрмаса, онда қорытынды да міндетті түрде ақиқат болар еді, ал ол жалған болғандықтан, онда, сондықтан, бұл силлогизм жалғанды не өзінің алғышарттарында, не олардың бірінде ұстап тур. Алайда олардың бірі анық ақиқат болғандықтан, онда қорытынды да ақиқат алғышарттан емес ал тек басқасынан, күмәндысынан жалған болып алына алады. Тек [жалған] міндетті түрде жалған қорытынды береді. Сондықтан, қайшылық [арқылы] силлогизмдегі күмәнды алғышарт жалған, ал оған қайшылықтысы ақиқат болып табылады. Міне осыны біз ең басынан түсіндіргіміз келді. Сондықтан егер біз қайсыбір пайымдаудың ақиқаттығын тексергіміз келсе, онда біз оған қайшылықты [пайымдауды] аламызда, оған күдіксіз ақиқат алғышартты қосамыз. Егер олардан силлогизм құрастырсақ, онда қорытынды ашық жалған және жіберуге болмайтын болып шығады. Сол арқылы біз, соны айқындауды мақсат етіп қойған, бастапқы пайымдаудың ақиқаттығын дәлелдейміз. Мысалы, егер біз барлық адамдардың сезуші екендігін дәлелдегіміз келсе, онда «барлық адамдар - сезуші» деген пайымдаудың ақиқаттылығын растаймыз. Егер біз осыны жібермесек, онда сол арқылы біз шарасыз оған қайшылықты [пайымдауды], ал атап айтқанда «адамдардың бәрі - сезетіндер еместі» мойындаймыз және сол арқылы Бұл қайшылықты [пайымдауды] күмәнды етеміз және оған күдіксіз ақиқат [пайымдауды], атап айтқанда «барлық адамдар - жануарлар» дегенді қосамыз. Үшінші фигураның алтыншы модусында біз не болатын: «барлық адамдар - сезетіндер емес» және «барлық адамдар - жануарлар», сондықтан «жануарлардың бәрі - сезетіндер емес». Бұл [қорытынды] жалған, жіберілмейтін және қисынсыз. Осындай қисынсыздықты «барлық адамдар - жануарлар» деген пайымдаудың нәтижесі сапасында алуға болмайды, өйткені соңғы ақиқат болып табылады. Егер біздің «адамдардың бәрі - сезетіндер емес» деген пайымдауымыздың нәтижесінде қисынсыздық шықса, онда Бұл оның қисынсыз екендігін көрсетеді және сондықтан оған қайшы [пайымдау], оны біз бұрын жібергендей түрде, атап айтқанда «барлық адамдар сезетіндер» деген - ақиқат. Міне осының ақиқаттылығын біз анықтағымыз келеді. Он алтыншы тарау Индукция - Бұл жалқы заттарды, әлдебір жалпыға енетін, әрбірін бөлек, ол Бұл жағдайда байланысты мақұлдау немесе терістеу арқылы шығарылатын, сол пайымдаудың ақиқаттылығын дәлелдеу үшін жүргізілетін зерттеу. Егер де біз әлдебір жалпыға қатысты қайсыбір пайымдауды мақұлдағымыз немесе терістегіміз келсе, онда біз кезекпе-кезек, олар Бұл жалпыға тән, белгілі бір жеке нәрселерді қарастырамыз, және жалпы туралы Бұл пайымдауды барлық немесе көпшілік жалқы заттар негізінде шығарамыз /37/ немесе [егер] біз кезекпе-кезек Бұл [жалқы заттарды] зерттесек және тек болмаса олардың бірі Бұл пайымдауды [мақұлдайтынын таппасақ], онда Бұл пайымдаумен жалпының да терістелетінін сол арқылы дәлелдейміз. Қашан біз жалқы заттарды олардың бірі туралы пайымдау шығару үшін зерттейтініміз міне осы индукция болып табылады.
Ендеше, индукцияның қорытындысы - Бұл жалпы [қағиданы] осы пайымдаумен мақұлдау немесе терістеу. Мысалы, егер біз «әрбір қозғалыс уақытта өмір сүретінін» көрсеткіміз келсе, онда біз қозғалыс түрлерін қарастырамыз, басқаша айтқанда, жүру, ұшу, жүзу сияқты жеке қозғалыстарды зерттейміз және оларды біз қарастырып тұрған жеке қозғалыс түрінің [әрбірі] уақытта өмір сүретінін өзімізде айқындаймыз. Біз осыдан, «әрбір қозғалыс уақытта [өмір сүреді]» деген қорытынды шығарамыз. Индукция - бұл бірінші фигура силлогизмі күшіне ие болатын, пайымдау /38/. Онда орта термин, оларды біз зерттейтін, жүру, ұшу, жүзу және т.б. сияқты, жеке заттар болып табылады. Ондағы үлкен термин біздің мынадай айтуымыз: «уақытта», ал кіші термин - «қозғалыс». Ендеше, бұл [силлогизм] былай құрастырылады: «әрбір қозғалыс - бұл жүру, ұшу, жүзу және басқалары» және «кез келген жүру, ұшу, жүзу және басқалары уақытта өмір сүреді», сондықтан бірінші фигураның бірінші модусы бойынша құрастырылған қорытынды шығады: «кез келген қозғалыс уақытта [өмір сүреді]». Он жетінші тарау Аналогия бойынша қорытынды шығару туралы /39/. Аналогия бойынша қорытындылау - бұл егер адам алдымен әлдебір зат белгілі бір жеке орында бар екенін білу және алу, кейін бұл затты осы жайдан, соған ұқсас, басқа жеке жайға ауыстыру. Осыдан ол, олар ортақ мағынамен біріктірілген, [оның үстіне] пайымдаудың бірінші бөлігі туралы - анығырақ, ал екінші туралы - жасырындау, бірақ біріншісі екіншісімен ұқсас, ал екіншісі біріншісіне ұқсас болып келетін, екі жеке қағидалар орын алып тұр деген қорытындыға келеді. Олардың ұқсастығы бойынша екінші бөлікке [ауыстырылған], бірінші [бөлік] туралы біздің пайымдауымыз екінші [бөліктің] біріншісі бойынша аналогиялық қорытындысы деп аталады. Онда бірінші [бөлік] туралы ақиқат олардың ұқсастығы күшімен мақұлданатын екінші бөлік жөніндегі пайымдау, аналогия бойынша пайымдау деп аталады. Аналогия бойынша қорытынды - бұл бір жеке [жағдайдан], онымен ұқсас, басқа [жағдайға] пайымдауды [ауыстыру], бұл жерде олардың бірі басқасына қарағанда көбірек айқын және олардың екеуі де ортақ мағынамен біріктірілген, осының негізінде көбірек танымал туралы пайымдау алға шығарылады. Мысалы, бізге байқаудан белгілі болғандай, қабырға, айталық, қаланған немесе әрекет етіп тұрған себебі бар. Кейін біз аспанның, ол дене болып табылатындықтан, қабырғаға ұқсас екендігін көреміз. Оның негізінде аспанды қабырғаға ұқсас пайымдайтын, оның құрастырылғанын және әрекетшіл себебінің бар екендігін бағалайтын, ортақ мағына осы болсын. Сонда аналогия бойынша мынадай пайымдау жасалады: «қабырға жасалған» және «қабырға - дене», «аспан - дене», сондықтан «аспан жасалған». Бұл пайымдау бірінші фигураның екі силлогизмінен құрастырылған, силлогизм күшіне ие болады. Олардың біріншісі: «қабырға жасалған». Дененің жасалған екендігінің ақиқаттылығын, бізге біздің байқауымыз дәлелдейді, өйткені дене бөлігі бола тұрып, қабырға зат болғандай болады, ол индукцияға ұшыратылады және Бұл затта ол туралы жалпы [ұғым] сияқты пайымдайтын әлденені табады және мынадай пайымдау құрастырылады: «денелер - бұлар қабырға және оған ұқсас басқа жеке заттар», «қабырға жасалған», кейін біз Бұл силлогизмнің қорытындысын шығарамыз және оған мынаны қосамыз: «аспан - дене».
Алатын [силлогизміміз]: «аспан - дене» және «дене жасалған», сондықтан «аспан жасалған». Ендеше, аналогия бойынша пайымдаумен силлогизмге келіп жетеді. Ол силлогистикалық күшке ие болғандықтан, онда ол осымен қанағаттанады. Ол индуктивті пайымдауға жақын, алайда индукцияда жалпы пайымдау барлық немесе көпшілік жеке [жағдайлардың] негізінде шығарылады, сонда аналогия бойынша пайымдау бір жеке [жағдайдың] негізінде шығарылады және Бұл бір жеке [жағдай] аналогия бойынша индукциядағы барлық немесе көпшілік жеке жағдайлардың орнына алынады. Он сегізінші тарау қысқартылған силлогизм туралы пайымдау /40/ Жоғарыда аталып өтілген силлогизмдердің бәрі, олар туралы біз бұрын еске алған, сол үйлесуде қашанда қолданыла бермейді, дәл солай барлық алғышарттар мен қорытындылар келтіріле бермейді. Керісінше, олардың қосындылары жиі ауыстырылады және силлогизм алғышарттарының көпшілігі шығарылып тасталады, сонымен қатар олар, мүмкін, силлогизм қорытындысын шығаруда жәрдемші бола бермейтін, басқа пайымдаулар қосылады. Бұл әдетте әңгімелесу мен кітаптарда іске асады. Егер пайымда, олар туралы біз жоғарыда атап өткен, сол қосындылардың бірінде тұрмаса, бірақ кейін онда [алғышарттардың] көбеюі немесе азаюы жүрсе, онда оның реттілігі өзгереді және оның үйлесуі олар туралы біз жоғарыда атап өткен, сол қосындылардың бірі бола бастайды, [сонда да] бастапқы пайымдаудың мағынасы, ол өзгерістерге дейін болғандай болып, атап айтқанда силлогизм болып, қала береді. Егер де пайым¬дау, олар туралы біз [жоғарыда] атап өткен, сол силлогистикалық қосындылардың бірімен ауыстырылса, онда бастапқы пайымдаудың мағынасы өзгереді, сонда ол силлогистикалық емес, басқа болып шығады. Бұл силлогизмнің екі алғышарттары жоғарыда аталған торт тәсілдердің бірі ретінде белгілі болғаны, әбден нақтылы емес, керісінше, олардың екеуі немесе бірі силлогизм арқылы белгілі болатын, сондай алғышарттардан осындай силлогизм құрастырыла алады. Бұл силлогизмде алғышарттардың екеуі немесе ең басынан белгілі болғаны, дәл солай нақтылы емес, керісінше жиі ретте олардың екеуі немесе бірі силлогизм арқылы мақұлдануды қажет етеді. Бұл силлогизммен мәселе алғашқысымен болған сияқты, және ары қарай төрт тәсілдердің бірімен ең басынан белгілі алғышарттардан құрастырылған силлогизмге дейін дәл осылай. Ендеше, егер біз бірдемені силлогизм арқылы айқындағымыз келсе, онда алғышарттар да силлогизм арқылы белгілі болуы керек. Кейін бұл силлогизмнің алғышарттары басқа силлогизмдер арқылы айқындалуды қажет етпейді және бұл ары қарай, бұл процесс оның алғышарттары ең басынан силлогизм арқылы емес, белгілі болатын силлогизммен аяқталғанға дейін жүре береді. Бұл метод, олар ең басынан силлогизм емес арқылы белгілі болатын, алғышарттардан бастап, кейін қорытынды шығарып және оларды басқа алғышарттарға қосыла, кейін ең басынан нысанда тұрған, одан қорытынды шығарылатын, олардың үйлесуі бізге силлогизм беретін, сондай екі алғышарттарға келу үшін оларды бірбірімен қосуда тұр. Егер біз бұл силлогизмдердің барлық бөліктерін мүлдем дәл келтірсек, онда пайымдауды тым созып жібереміз. Сондықтан көптеген жағдайларда бұл алғышарттардың [тек] кейбірімен шектелу керек және пайымдау процесінде өзімен-өзі анықтарын алып тастау қажет. Ендеше, бұл силлогизм, қайда бір алғышарттар түсіп қалатын, басқалары -
қалдырылатын, көптеген силлогизмдердің қосындысы болып табылады. Мысалы, егер біз «әлем жасалған» дегенді көрсеткіміз келсе, [онда біз осыны] мына силлогизмдердің көмегімен істейміз: «барлық денелер - күрделілер» және «бүкіл күрделі заттар акциденциямен ажырамас байланыста», сондықтан «барлық денелер акциденциямен ажырамас байланыста». Біз осы қорытындыны аламыз да және оған мынаны қосамыз: «акциденциямен тығыз байланыстының бәрі, жаратушымен ажырамас байланыста», осыдан шығатыны: «барлық денелер жаратушымен ажырамас байланыста». Біз тағы осы қорытындыны аламыз да, қосатынымыз: «Жаратушымен ажырамайтын байланыстының бәрі, өз жаратушысының алдын алмайды». Осыдан шығатыны: «барлық денелер өз жаратушысының алдын алмайды». Енді бұл үшінші силлогизмнің қорытындысын алып, оған қосатынымыз: «жаратушысының алдын алмайтынның бәрі, жаратушының өмір сүруімен пайда болады». Осыдан «барлық денелер өз жаратушысының бар болуымен пайда болады» деген шығады. Кейін бұл қорытындыны аламыз да, оған қосатынымыз: «өз жаратушысының бар болатынның бәрі, уақытта өмір сүрді». Осыдан «барлық денелер уақытта өмір сүреді» деген шығады. Сосын бесінші силлогизмнің қорытындысына біздің қосатынымыз: «Уақытта бар болатынның бәрі болмыста жасалған». Осыдан шығатыны: «барлық денелер болмыста жасалған» /41/. Кейін Бұл алтыншы силлогизмнің қорытындысына қосатынымыз: «әлем - дене». Жетінші силлогизмнен шығатыны: «әлем жасалған». Алайда, егер Бұл силлогизмнің барлық бөліктері берілсе, онда пайым тым созылып кетеді. Сондықтан, олар алдыңғы силлогизмнің қорытындылары болып табылатын, сол алғышарттарды алып тастап, олар алдыңғы [силлогизмдердің] қорытындылары болып табылмайтындарды қалдыру керек, өйткені олар қорытындылар болып табылатын [пайымдаулар], бұл қорытындыларды беретін, сол алғышарттарда ұсталып тұр. Және тек осыдан кейін біз түпкі қорытындыға келеміз. Мысалы, «барлық денелер күрделілер», «барлық күрделі денелер акциденциямен байланысты», «акциденциямен ажырамас байланыстының бәрі, жаратушымен тығыз байланысты», «жаратушымен ажырамас байланыстының бәрі, өз жаратушысының алдын алмайды», «өз жаратушысының алдын алмайтынның бәрі, өз жаратушысының бар болуымен пайда болады», «өз жаратушысының бар болуымен өмір сүретіннің бәрі, уақытта өмір сүреді», «уақытта өмір сүретіннің бәрі, жасалған болып табылады». Осыдан «әлем жаратылған» деген шығады. Бұл күрделі силлогизмнің мысалы /42/. [Күрделі силлогизмдер] әр түрлі силлогизмдер құрастырыла алады. Мысалы, олар кейбір шартты [силлогизмдердің], кейбір кесімді [силлогизмдерден], кейбір қайшылық арқылы [силлогизмдерден], кейбір дұрыс силлогизмдерден тұрады. Олар дұрыс силлогизмнің әр түрлі модустарынан [құрастырыла] алады. Мысалы: «Әлем міндетті түрде немесе мәңгі немесе жаратылған». «Егер ол мәңгі болса, онда ол уақытта болған нәрселермен қатар қойыла алмайды», бірақ «ол уақытты пайда болған нәрселермен, дене болып табылатындықтан қатар қойылады». «Егер дене уақытта пайда болған нәрселермен қатар қойылмаса, онда ол олардан айырылған», ал «олардан айырылған нәрсе күрделі де, қозғалысты да емес», ал Бұл «қисынсыз», сондықтан «әлем жаратылған». Бұл силлогизм шартты-ажыратушы, шартты-қосушы, қайшылық арқылы кесімді және дұрыс кесімді [пайымдаулардан] құрастырылған. Бұл пайым индуктивті және силлогизмнен құрастырыла алады. Бұл, қашан адам іздеуші нәрсесін бірінші фигурадағы силлогизм арқылы тапқысы келгенде, орын алады. [Бұл] силлогизмнің кіші шартының анық екендігінде, ал үлкені тек жалпы, оның үстіне одан қажеттілікпен шығатын қорытындыдан оның жалпы екендігі анық емес болғанда орын алады. Егер оның жалпы екендігі көз жеткізгілері келсе, онда олар өзімен орта терминді
көрсететін, жеке субъектілерді индукцияға ұшыратады, кейін оны кіші [терминге] қосады және ең басынан соған ұмтылған, қорытынды алынады. Егер, мысалы, іздестірілетін зат: «А барлық С-да бар ма, жоқ па?» болса, онда осыны былай дәлелдеуге болады: «барлық С - В» деген біздің пайымдауымыз көзге анық, сонда «барлық В - А» дегеніміз анық емес. Біз осыны, олар В терминін сипаттайтын, нәрселер индукциясы арқылы дәлелдеуге болады. Бұл D,Z,G,І болсын. Сонымен, біз олардың әрқайсысында А тұрғанын дәлелдеуге болады және сол арқылы Аның барлық В-да бар екендігіне көзіміз жетеді. Бұл [пайымдауға «барлық С - В дегенді қосамыз және осыдан мынадай қорытынды шығарамыз: «барлық С - А. [Немесе] мысалға, егер іздестірілетін мақсат: «бал аралары еркектерінен бе, әлде ұрғашыларынан ба туады» болса, біз осыны айқындауға ұмтыламыз. Біз «бал аралары - жануарлар» екендігін және «барлық жануарлар еркек пен ұрғашыдан туатынын» анықтаймыз. Сосын «барлық бал аралары - жануарлар» дегеннің анық екендігіне көзіміз жетеді, ал сонда «барлық жануарлар еркек пен ұрғашыдан туатыны» айқын емес. Біз жануарлардың [әр түрлерін] индукцияға ұшыратамыз: мысалы, адам, қара мал, қой, есек, ит және «олардың әрқайсысы еркек пен ұрғашыдан туатынына» көзіміз жетеді. Осыдан «барлық жануарлар еркек пен ұрғашыдан туады» деген пайымдау шығарамыз және оған мынаны қосамыз: «барлық бал аралары - жануарлар». Қорытындыда «барлық бал аралары еркек пен ұрғашыдан туады» деген алынады. Бұл пайым индукция мен силлогизмнен шығарылған. Алайда ода кемістік бар. Егер оның субъект [ұғымына] келетінді индукциямен қарастыру арқылы үлкен алғышарттың жалпы [сипатын] дәлелдегісі келсе, бірақ бұл ұғымға енетіннің бәрін зерттемей және В-ны сипаттайтын бірдемені қалдырса және онда А бар ма, жоқ па екендігін білмесек және В-ны сипаттайтынның бәрін ескергенімізге сенімді болмасақ, [онда] бұл жағдайда «В-А» пайымдауы дұрыс емес және оның универсалийлері айқындалмай қалғанында, сол тур. Егер де В-ны сипаттайтынның бәрі қарастырылса, онда С зерттелетіннің бәрін қамти ма, лоқ па? Егер ол қамтылмаса және В-ны сипаттамайтын әлдене қалса және ол А-ны сипаттай ма жоқ па екендігін біз білмесек, бұл жағдайда «В - А» пайымдауы дұрыс емес. Егер біз «С - В» екенін білсек, бірақ оның А әрпін сипаттай ма екендігін білмесек және қарастыру нәтижесінде «С - А» болып шықса, онда барлық «С - А» болып шығады, сонымен іздестірілуші мақсатты айқындайтын силлогизмнің дұрыстығын мақұлдауға жетеміз. Сондықтан силлогизмге деген қажеттілік жоқ. Егер кейін біз «барлық В-А» деген [пайымдауды] алсақ және оған «барлық С - В» дегенді қоссақ, онда біз мынадай қорытынды аламыз: «барлық С - А». Біз [алдымен] біздің «С - А» деген пайымдауымызды қайсыбір пайымдаудың ақиқаттылығын бекіту үшін пайдаландық, сосын біз енді осы пайымдауды «СА» дегеннің мәнін дәлелдеу үшін қолдандық. Ендеше, біз ең анықтың ақиқаттығын ең тасадағымен мақұлдадық, ал бұл белгісіз арқылы мүмкін емес. Бұл көзге анық болуы үшін біз осы мысалды келтірдік және бұл түсіндірмені біртіндеп бердік. Осындай бөлу арқылы әлдебір жасырындыны түсіндіру мүмкін емес, керегі жоқ және жіберілмейді. Егер силлогизм мен индукциядан құрастырылған, пайым арқылы үлкен алғышарттың жалпы [сипатын] дәлелдегісі келсе және қорытындыда бұл алғышарт туралы пайымдау алғысы келсе, және бұл пайымдаудан қажеттілікпен ештеңе шығармаса, онда кейде осыған ұқсас жайларда индукцияның орнына аналогия бойынша қорытынды шығару орын алады. Бұл жағдайда пайымдау аналогия бойынша қорытынды шығарудан және силлогизмнен құрастырылады.
Егер В [ұғымына енетіннен] бірдеме пайдаланылатын болса, мысалы, бір Д, және егер «А барлық Д-да» бар болса, онда [осы негізде] «А барлық В-да бар» дегенді дұрыс деп есептейді. Бірақ егер бұл индукция арқылы дұрыс болмаса, онда Бұл аналогиямен қорытынды шығаруда онан сайын дұрыс емес. Аналогия бойынша қорытынды шығару іздестірілуші мақсаттың ақиқаттылығын мақұлдау үшін пайдаланыла алады. Мысалы, нысандағы мақсат былай болса: «кез келген С - А ма, әлде жоқ па?». Біз осыны алдымен барлық Д-да А бар дегенмен бекіте аламыз, кейін С мынада да, олардың екеуіне де тән, сол жалпы мағына бойынша Д-мен ұқсас екендігін айқындаймыз. Бірақ Бұл жағдайда, егер С - Д-мен кез келген мағынада ұқсас болса, бұл пайдасыз болып шығады. Тек егер С Д-мен көпшілік және кез келген жағдайда емес ұқсас болса, онда бұл «А-ның С-да бар» екендігінің ақиқаттығын мақұлдау үшін пайдаланыла алады. Ал атап айтқанда осы жалпы мағына бойынша А В-да ұсталып тұрса, онда оның қандай екендігін айқындау қажет. Егер ол табылса, онда ол А мен В-ның арасындағы орта термин бола бастайды және сонда бұл ортақ мағына қалай А-ға болсын, солай В-ға болсын, тән бола бастайды. Алайда егер А-да бұл мағына айқындалмаған екендігі анықталса, ол ортақ сандық көрсеткішке ие болмаса, онда А-ның мағынаны толық көлемде емес, ал тек жартылай қамтитынына кепілдік жоқ, дәл солай, оларда А ұсталып тұрмайтын сол кейбіреулердің [қатарына] С-ның түспейтініне де кепілдік жоқ. Және дегенмен бұл мүмкін болғанымен, бірақ осыдан «А С-да тұр» деген қажеттілікпен шықпайды. Сондықтан, егер «А қажеттілікпен С-да тұр» деген анықталса, онда А бұл мағыналардың әрқайсысында ұсталып тұруы міндетті, сондықтан, егер С бұл мағынаға не болса, онда осыдан қажеттілікпен «А С-да бар» деген шығады. А Бұл мағынаның бүкіл көлемінде ұсталып тұрғанын дәлелдеу қажет. Бұл [ортақ] мағына В болсын. Бұл «А Д-да ұсталып тур» дегенмен дәлелденбейтіні анық, өйткені Д бұл мағына үшін жеке [ұғым] болып табылады, [жоғарыда] аталып өткендей, бұл мағынаның [көлеміне] енетін, осы Д-ның [барлық] үлгілерін индукцияға ұшыратсақ та, осылай болады. Сондықтан, не өзімен өзі алынған аналогия бойынша қорытындылау да, не индукция ұшырату да «А-ның С-да ұсталып тұрғанын» қажеттілікпен дәлелдемейді. Алайда индукцияның көмегімен аналогия бойынша қорытындылаудың ақиқаттығын дәлелдеу қажеттілігінің керек еместігі айқындалса да, сонда да бұл жағдайда жалғыз бір индукция, [аналогияның] көмегінсіз, ақиқатты бекіте алады. Бірақ дәстүрді қолдаушылар немесе мутакаллимдер /43/ аналогия бойынша қорытындылауды алып тастайды және одан индукцияға көшеді, ал егер осыны аталған силлогизмдердің көмегімен мақұлдау мүмкін болса, онда олар аналогия мен индукция бойынша қорытынды шығарудан бас тартады және ақиқатты жалғыз осы силлогизммен дәлелдейді. Ендеше, «А-ның С-да тұрғаны» силлогизм арқылы мақұлданады, сонда аналогия мен индукция арқылы қорытындылау осында артық болып шығады. Қашан олардың кейбіреуі, орта терминді қарастыра келе және индукцияның көмегімен аналогия бойынша пайымдауда үлкен алғышарттың жалпы сипатын мақұлдағанда және индукция салдарынан қателікте көргенде, онда олар индукциядан бас тартады және аналогия бойынша пайымдаудың көмегімен, екінші заттың біріншісімен қалай ұқсас екендігін қарастырады, бұл [ұқсастықты] алып тастау арқылы, олар пайымдаудың өзін шегеріп тастайды. Олар осыны бұл пайымдау өмір сүруінің себебі ретінде алады және сонымен үлкен алғышарттың ортақ сипатын мақұлдайды. Кейін олар, оны себеп жасаған, сол жағдайда тұрған, әлденені тауып алса, сол туралы пайымдауды ұсынады. Бұда да қателік тұр, себебі егер бұл жайдан затты алып тастасақ, онда бұл оның өмір сүретініне және сондықтан пайымдаудың да өмір сүретініне дәлел бола алмайды.
Мысалы, адам және жануар. Егер адамды «көрініп тұрған нәрсе» [ұғымынан] алып тастасақ, онда сол арқылы бұл [жануардың] адам екендігі де алынып тасталады. Сондықтан жануардан оның адам екендігі қажеттілікпен шықпайды. Сондықтан, осылай себептің емес, ол үшін алғышарттың ақиқаттығын дәлелдеу қажет. Егер қайсыбір адам, егер бұл мағына Д-да бар болса, онда А-да бар деп дәлелдегісі келсе, онда ол, бұл методты «А С-да бар» деген қажетті қорытындыны шығару қолданғанда, «қайда ол тұрса да, қай уақытта болса да, А онда ұсталып тұр» деген мағынаны ендіре отырып, «С бұл мағынада бар, себебі онда А ұсталып тұр» дегенге, ол сүйенеді. Қарсы жағдайда А-ның бұл мағынада тұрғанына кепілдік жоқ, себебі бұл мағына Д-ға тән және сондықтан А бұл мағына білдіріп тұрғанның сол бір бөлігінде өмір сүре алады, ал оның бүкіл [көлемінде] осылай болмайды және қажеттілікпен оның С-да ұсталып тұрғаны, [жоғарыда] айтылғандай шықпайды. Ал бұл мағына «ол қайда өмір сүрмесін, А ода өмір сүреді» дегенді енгізетіндіктен, онда бұл біздің пайымдауымызда анық емес және егер тек А бұл мағынаның толық көлемінде тұрса ғана анық бола бастайды, айырмашылық тек сөздерде тұр. Ал егер осылай екені белгілі болса, [сондықтан] бұл алғышарт - ортақ және индукция мен аналогияның көмегімен емес, ал тек таза силлогизм жолымен жетуге болады. Ал егер бұл басқа силлогизм арқылы танылатын болса, онда жалғыз бұл силлогизм қолданылады. Егер адам осыны, «егер Бұл мағына Д-да бар болса, ода А-да бар, егер ол Ддан шығарылса, онда одан А-да шығарылады» дегенмен дәлелдегісі келсе, онда ол бұл методты, «қайда ол сүрсе де, қайсы уақытта ол бар болса да, сонда А-да өмір сүреді, ал қайдан ол шығарылса да, қайсы уақытта ол шығарылса да, онда А-да шығарылады» дегенді ендіретін мағынадан басқаша пайдалана алмайды. Осындай жайда А бұл мағынада, оған айтылымда тең және оған айналатын, жалпы ұғым ретінде, ұсталып тұрады және сонда бұл мағынаны сипаттайтынның бәрі, А болады, ал А болғанның бәрі, бұл мағынаны сипаттайтын болады. Осыдан қажеттілікпен А-ның барлық С-да [ұсталып тұратыны] шығады. Ендеше, Бұл силлогизм екі алғышарттардан тұрады, олардағы үлкен алғышарт айтылымда айналымды, бірақ бұл үлкен алғышарттың айналуы артық, қажет қорытынды алу үшін керегі жоқ, өйткені бұл үшін А-ның толық көлемде В-да болуы жеткілікті және егер ол айналмайтын болса, онда бұл алғышарттың қорытынды шығарудың қажеттілігін арттырмайтынмен байланысты. Егер де «А бұл мағынада тұр» деген қағида сол немесе басқа силлогизмнің көмегімен танылмайтын болса, онда осыны айқындау үшін аналогия да, индукция да әбден пайдасыз. Осыдан мұндай жағдайларда аналогия мен индукцияның пайдасыз екендігі анық іздестірілетін заттарда рас ақиқатқа жету үшін қолданбаса да болады, ал егер ол оларды пайдаланса, онда ол рас ақиқатпен емес, ал ұйғарымдар және сенімдермен риза болуы керек. Аналогия оз мәнісінде сенімдірек /44/, бірақ индукция көбірек жетілген. Ауыстыру туралы тарау Енді бізге пайымдауды, түйсік немесе белгісіз басқа түрде алынған, қайсыбір қағидадан, [тікелей түйсік аймағынан] тыс, басқа қағидаға ауыстыру туралы айту керек. Осыны біздің уақыттың адамдары /45/ «көзге анықтан көкейдегіге қорытындылау» деп атайды. Бұл ауыстырудың мәнісі, біз түйсік арқылы бірдеменің қайсыбір кейде тұрғанын немесе бірдеме әлденеде бар екендігін түйсік арқылы сезінгеннен кейін, ақыл бұл күйді немесе
бірдемені әлденеден басқа әлденеге, оған ұқсас ауыстыруда түр және осының негізінде ол туралы пайымдау шығарылады /46/. Солай, түйсік арқылы бізге кейбір денелер, мысалы, жануарлар мен өсімдіктер, айталық жаратылған екендігі белгілі және жануарлар немесе өсімдіктердің жаратылуын аспан мен жұлдыздарға ауыстырады және осының негізінде, олар жаратылған деген пайымдау шығарады. Жануарлардың [жаратылғандығын] аспанға ауыстыруға болады және аспанның [есебіне] және егер жануарлар мен аспанның арасында қайсыбір ұқсастық болса, оның үстіне кез келген емес, ал сонымен жануарларды жаратылған ретінде суреттеуге болатын ұқсастық табылса, яғни жануарлар мен аспанның арасында олар туралы уақытта пайда болған туралы айтуға болатын жағдайдағы түйсік арқылы жануарларда айқындалған болса, сондай жаратуды - жатқызуға болады. Мысалы, уақытта пайда болған нәрселермен қатар қарастыру. Солай, егер түйсік арқылы жануарлардың жаратылғаны және олардың уақытта пайда болған нәрселермен салыстырғанда аспанға ұқсас екендігі белгілі болса, онда жаратылуды аспанға ауыстыру ақиқат болып шығады, себебі ол жаратылған: және егер аспан уақытта пайда болған нәрселермен салыстырылса, онда әзірше жарату шынында да уақытта пайда болған, барлық нәрселерге тән екендігі дәлелденбей, жануарлардан аспанға ауысу мүмкін емес. Ауыстыру, ол жануарлардың жаратылуымен салыстырғанда аспан жаратылуы туралы қорытынды шығарылатын қағидамен байланысты, өйткені жаратылу шынында да жануарларға тән бірдеме ретінде ғана орын алады, бұл уақытта пайда болған нәрселермен салыстырудың ерекше формасы арқылы жүзеге асады. Байланыстың бұл формасы аспанда кездеспейді сондықтан Бұл жағдайда ауыстыру мүлдем сай емес. Егер де уақытта пайда болған нәрселермен салыстырғандағының бәрі жаратылғаны анық емес болса, бірақ егер біз уақытта пайда болғандармен қатар қойылғандардың бәрі жаратылған деген қорытындыға келсек және осыны тек ауыстыру негізінде жасасақ, онда осы ауыстыруды жасайтын, жануарларға қатысты пайымдауды, аспанға қатысты пайымдауларға ауыстырады. Ендеше, ол ауыстыруды жануарлармен мүмкін, ұқсасқа байланысты жүргізеді, ал ненің арқасында жаратылу орын алатыны тыс қалады. Бұл жағдайда ауыстыру іс жүзінде дұрыс емес, оны тек дұрыс деп ұйғарады. Егер дұрыс ауыстыруға барғысы келсе, онда екі [салыстырылатын] нәрселер ұқсас болатын жайда қарастыру керек. Егер уақытта пайда болған нәрселермен қатар қойылатынның бәрі, жаратылған болса, онда жаратылу туралы пайымдау тұтасында дұрыс, [өйткені] егер аспан уақытта пайда болған нәрселермен салыстырылуы бойынша жануарлармен ұқсас болса, онда қажеттілікпен аспанның жаратылғаны шығады. Бұл қорытынды, бірінші фигурадағы силлогизм сияқты, сондай орналастыру қабілетіне ие, атап айтқанда: аспан уақытта пайда болған нәрселермен катар салыстырылады, ал уақытта пайда болған нәрселермен салыстырылатындардың бәрі, жаратылған, сондықтан, аспан жаратылған /47/. Көзге анықтан ой тасасында тұрғанға ауыстырылу екі жолмен жүргізіледі: 1) синтез тәсілімен және 2) талдау тәсілімен. Талдау тәсілі, қашан көзге анық бастау нүктесі ретінде алынғанда қолданылады. Егер біз құпия қасиеті туралы көзге анық бойынша талдау тәсілімен қорытынды шығарғымыз келсе, онда ол қасиеттіге қатысты нысан болып табылатын, пайымдауды білуіміз керек. Кейін біз қандай сезімдік-қабылданатын нәрселерге бұл пайымдауды қолдануға болатынын қарастырамыз. Кейін бұл пайымдауға ендірілген, сезімдік -
қабылданушы нәрсені тани келе, қасиеттігі қатысты [іздестірілуші пайымдау] және бұл белгілі нәрсенің арасында бар ұқсастық көрсетілген, сол қағидалардың бірін аламыз. Кейін біз, онда сезімдік-қабылданатын туралы мақұлдау болатын, бұл қағидалардың арасында қандай пайымдау өз тұтастығында ақиқат екендігін айқындаймыз. Кейін, біз осындай қағиданы таба алсақ, онда пайымдау қажеттілігі бойынша сезімдік көзге анықтан құпия қасиеттіге ауыстырылады. Сондықтан, «көзге анықтан көкейдегіге қарай қорытынды шығарумен», бұл тәсілмен іздестірілетін жауапты табуға қабілетті әрекет етеді және ол бірінші фигураның силлогизмі болып табылады /48/. Егер біз қорытындыны көзге анықтан көкейдегіге синтез тәсілімен алғымыз келсе, онда [алдымен], ол қайсыбір пайымдаудың мақұлдануын қамтамасыз ететін, сезімдікқабылданатын нәрсені зерттеуіміз керек. Кейін біз бұл әр түрлі жайларда пайымдау оның тұтастығында ақиқат екендігін қарастырамыз. Егер де бұған жетсек, онда сосын ол туралы пайымдау бұл жайға қолданылатын, біздің танымымыздан тыс әлденені табамыз. Осыдан Бұл көкейдегіге, ол сезімдік-қабылданушы арқылы белгілі, пайымдауды ауыстыру қажеттілігі туындайды. Бұл тәсіл де бірінші фигура силлогизмінің күшіне ие /49/. Ол тұтасында ақиқат пайымдау беретін қағиданы «біздің заманымыздың адамдары», себеп деп атайды және ол силлогизмнің орта термині болып табылады. Онда көкейдегі кезге анықпен ұқсас, қайсыбір белгілі жай туралы пайымдаудың дұрыстығы бізге өзімен-өзі, мүлдем силлогизмсіз, бізге бірінші ақылмен аңдалатын мәндер - осы [төрт] белгілі тәсілдердің бірімен, белгілі бола басталатын түрде, ойланусыз және пайымсыз, көптеген заттарда танымал бола алады. Оның ақиқаттығы өзімен-өзі анық емес, сол осыны анықтау үшін басқа затқа мұқтаждық танытады. Бұл [жоғарыда аталған] тәсілдердің бірімен айқындала алады. а) Оның ақиқаттығы жоғарыда аталған тәсілдердің бірімен, не кесімді, не шартты силлогизм арқылы белгіленеді. б) Біз бұл жайдың түрлерін зерттейміз және біздің пайымдауымыз бұл [жайға] түсетіндердің бәрін қамтыса, онда бұл пайымдау бүкіл осы жайға қатысты ақиқат болып табылады: егер бұл пайымдау [осы түрлердің] бірін де қамтымаса, онда бұл оның бұл жайда ештеңені қамтымайтынын білдіреді. Егер де бұл пайымдау тек оның жеке түріне қатысты ақиқат емес екендігі анық болса, онда [пайымдау] бүкіл [жайға] қатысты жалған және бұл жағдайда алғышарт жеке болып табылады /50/. Бұл тәсілмен [түр арқылы зерттеумен], ол бүкіл жайға, оның қайсыбір бөлігіне қатысты ақиқат пайымдауды ауыстыру арқылы дәлелденетіндіктен, онда бұл тәсіл көзге анықтан көкейдегіге қарай қорытындылауда жарамды емес, себебі біз соған ауыстыру жүргізіп жатқан, зерттеу үшін ашық болса, онда [біз], оған ауыстыру жүргізбей-ақ Бұл пайымдауды ң [өзін] анықтайтын және танытып едік және оның көкейдегіге жататынын білуден бұрын, одан бұл белгісіз сезімдікпен ұқсас болатындығымен, осылай істер едік. Сондықтан, біз үшін белгісізге ауыстыру жасаудың қажеттілігі жоқ. Бірақ ол зерттеу үшін ашық болғандықтан немесе зерттеу үшін ашық, бірақ бұл пайымдау ол туралы айтылып түр ма, жоқ па, белгісіз болғандықтан, бұл пайымдау бүкіл осы қағидаға қатысты ақиқат па, жоқ па, ол да белгісіз. Бірақ сонда, егер ол ақиқат емес болса, онда белгісізге ауыстыру [да] дұрыс емес, бұл индукция туралы [тарауда] айтылғанға орай. Өйткені қалай бұл түсіндірілгендей,
ол себеп ретінде қарастырылатын, бүкіл қағидаға қатысты пайымдаудың ақиқаттылығын бұл тәсілмен көрсету мүмкін емес. Қашан пайымдау бүкіл қағидаға қатысты ақиқат деп ұйғарылған жағдайда, онда бұл тәсілмен жалпы пайымдау алуға болады. Бұл тәсілді «біздің заманымыздың адамдары», «себеп туралы пайымдауды алу» деп атайды. Салдар деп олар, ол себеп ретінде ұйғарылатын, бұл қағидаға түсетін заттарды ескереді. Себепті мақұлдайтын пайымдау, не оның ақиқаттылығы бүкіл қағидада іздестірілетін, не ол бүкіл [қағидада] өмір сүретін ретінде ұйғарылатын, сондай [қағида] болып табылады. Салдардан осындай қағиданы шығару немесе алу, ол себеп сапасында ұйғарылатын, осы қағидаға түсетін, заттардың әрбірін зерттеуде тур. Салдар туралы пайымдау арқылы себепті мақұлдайтын қорытынды, ұйғарылған себеп туралы пайымдаудың ақиқаттылығын мақұлдау үшін пайдасыз, тек оны бекерлеу үшін пайдалы деп түсіндіріледі. Мысалы, егер адам «әлем осыған дейінгі материяда жаратылды» дегенді дәлелдегісі келсе, онда ол дәлелдеуші деректер сапасында көргенін алады: қабырға соған дейін бар материядан тұрғызылды, жануарлар [да] материядан жасалған, аспан жануарлармен ұқсас, себебі ол дене болып табылады. Егер ол бұл пайымдаудың ақиқаттылығын, олардың ұқсастығына негізделе отырып дәлелдегісі келсе, сол немесе басқаның дене екендігінен шықса, онда аспан мен жануарлардың арасындағы ұқсастық ода ұсталып тұрған денелілік, материядан олардың жасалғандығына қатысты жануарлық қажетіне жататындығын бірінші кезекте дәлелдеу қажет. Бұл, егер дұрыс болса, онда «барлық денелер осыған дейін бар материядан жасалған». Егер осының ақиқаттылығын дәлелдегісі келсе, әзірше олардың зерттеліп біткенше, сол уақытқа дейін алдымен дене түрлерін зерттеу қажет. Бірақ аспанды қоса есептегенде, осыны жасау мүмкін емес. Кері жағдайда «әрбір дене материядан жасалған» дегендердің ақиқаттылығын анықтау мүмкін болмай қалады. Ал егер осының ақиқаттылығы дәлелденбесе, онда «егер аспан денелік болса, онда ол осыған дейін бар материядан жасалған» дегенді де дәлелдеу мүмкін емес. Бекерлеуге қатыстыға келсек, онда оған тек бір осы тәсілмен жетуге болады. «Кез келген өзгеріс бір заттың басқасына [айналуы]» дегенге әлдекім сенімді деп ұйғарайық және сондықтан, ол өзгерістің әр түрлерін зерттейді және «болмыс - бұл ешнәрседен ештеңеге өзгеріс», ал «бейболмыс - бұл бірдемеден ештеңеге өзгеріс» дегенді табады. Сол арқылы ол «кез келген өзгеріс бір заттың басқасына [айналуы] болып табылады» дегенді бекерлейді, себебі «болмыс - бұл өзгеріс», бірақ бір заттың басқасына емес. Осында біз үшінші фигураның орналасуын көреміз, атап айтқанда: «әрбір болмыс - өзгеріс» және «бірде-бір болмыс бір заттың басқасына айналуы емес», сондықтан, «өзгерістердің бәрі бір заттың басқасына [өзгеруі] емес». Осының ақиқаттылығы басқа қатынаста білдіріле алады. Атап айтқанда: қайда Бұл қағида тұрмасын, қайда ол болмасын, пайым¬дау да орын алатындай, олар сезімдікті әрбір нақтылы жағдайда Бұл пайымдаудан тыс сипаттайтын, оларда сезімдік көкейдегімен ұқсас болатын немесе жоғарыда аталған түрлі қағидаларды зерттейтін, жайларды зерттеу болып табылады. Мысалы, егер қатар қоюды уақытта пайда болған нәрселермен зерттесе және қайда ол [тұрса да], қайда ол болса да, жаратушылық оған тән екендігін табады. Бірақ егер Бұл осылай, онда мына айтылыммен: «Уақытта пайда болған нәрселермен қатар қою қайда
орын алса да, сонда жаратушылық та бар» және «Уақытта пайда болған нәрселермен қатар қою немен сипатталса да, ол сонымен бірге жаратушылықпен сипатталады» дегеннің арасында айырмашылық жоқ. Ал Бұл мына сөйлемге [тепе-тең]: «Уақытта пайда болғанмен қатар қойылатынның бәрі, жаратылған». Егер бір [заттың жолымен пайымдау] тәсілі дұрыс болса, онда көзге анықтан көкейдегіге пайымдау арқылы шығу да дұрыс және қорытынды шығарудың Бұл түріне қайшы келу әбден мүмкін емес. Бірақ ол, тек сезімдікқабылданатында тұрған, пайымдауда орын алады деген айтылымға келіп тірелсе, онда осыдан, егер бірдеме көкейдегіге тұрса да, ол пайымдауда тұрады деген қажеттілікпен шығады, өйткені пайымдау салдар ретінде тек ол, басқаша емес, егер сезімменқабылданатында тұрса ғана, шығатындығын біз дәлелдеп өткенбіз. Дәл солай, егер пайымдау тек сезіммен-қабылданатында ғана орын алатындығы дұрыс болып шықса, онда пайымдау, [тіпті] оның қайда орын алатындығы белгісіз болса да, өмір сүреді. Өйткені егер Бұл осылай болса, онда сезіммен-қабылданатынға жататын бірдеме болатын еді, ол бізге белгісіз болар еді немесе ол [көзге аныққа тән], жайға жататын, жағдайлармен байланысты бірдеме болар еді, бірақ ол «көкейдегіге» қолданылмайды. Сондықтан осында «ауыстыру» мүмкін емес. Ендеше, біз қалай «ауыстыру» тәсілімен ақиқат қорытындыларды шығаруға болатынын, қалай болмайтынын көрсеттік. Жайды шығарып тастаумен Бұл пайымдау шығарыла ма екендігін, зерттеу арқылы ақиқатты анықтау жолы тым сенімсіз, себебі затты алып тастаумен бірге пайымдауда алынып тасталады, ал егер бұл зат өмір сүрсе, онда осыдан қажеттілікпен пайымдаудың өмір сүруі шықпайды, қайта бәрі керісінше: егер пайымдау өмір сүрсе, сонда затта өмір сүреді. Мысалы, егер бірдемеден жануар алынып тасталса, онда бұл заттан не адам болып табылатын [да] алынып тасталады. Бірақ будан қажеттілікпен, егер жануар өмір сүрсе, онда адамның да өмір сүретіндігі, шықпайды, бәрінен бұрын мұнда қағида кері, атап айтқанда: егер адам өмір сүрсе, онда осыдан қажеттілікпен жануардың да өмір сүретіндігі шығады. Сондықтан бүкіл бұл затқа қатысты пайымдаудың ақиқаттылығын дәлелдеп жатудың керегі жоқ, өйткені заттың шығарылуымен пайымдау да шығарылады. Алайда егер біз ақиқатты алып тастау тәсілімен дәлелдегіміз келсе, онда біз пайымдауды алып тастаумен зат алына ма, не жоқ па, екендігін зерттеуіміз керек; өйткені егер зат пайымдаудың алынуымен алынып тасталса, онда осыдан, егер зат орын алса, онда пайымдау да орын алады деген, қажеттілікпен шығады/51/. Сондықтан тек осымен, пайымдауды алып тастаумен зат та алынып тасталатыны туралы ақиқатты айқындамай шектелу дұрыс емес, өйткені осыдан қажетті түрде, қайда зат бар болса, сонда пайымдау да орын алады деген шығады. Біз осыған дейін түсіндіргендей, осындай жай шартты силлогизммен алынатындығы анық онда салдар сапасында алынған шығарылып тасталады, себебі пайымдауды алып тастау - бұл жай туралы пайымдауды терістеуден басқа емес, дәл солай затты алып тастаумен де [мәселе болып тур]. Солай, егер біз пайымдауды алып тастауды - салдардың орнына, ал кейін заттарды алып тастау ретінде қабылданғанда, яғни салдар ретінде қабылданғанды шығарып тастасақ, онда қажеттілікпен негізі сапасында, атап айтқанда: пайымдаудың өмір сүруі ілеседі /52/. Сондықтан, егер біз «әрбір әрекет етуші себеп денелік» дегеннің акиқаттылығын айқындағымыз келсе, онда біз әрекет етуші себептің алынып тасталуымен
дене алынып тасталама екендігін зерттейміз. Егер бұл осылай болса, онда осыдан қажеттілікпен «әрбір әрекет етуші себеп денелік» деген шығады, егер ол денелік болмаса, онда ол әрекет етуші себеп емес деп ұйғаруға болады. Егер біз салдар ретінде алынғанды, ал атап айтқанда - әрекет етуші себепті, шығарып тастасақ, онда осыдан қажеттілікпен оның денелігі шығады. Сондықтан, «әрекет етуші себеп денелік» /53/. Ендеше, бұл тәсілді, ол себеп ретінде ұйғарылатын жай туралы пайымдаудың ақиқаттығын анықтау үшін пайдалану керек. Біз пайымдаудың алынып тасталуымен зат алынып тастала ма екендігін зерттейміз. Егер де, денелік субстанцияның алынып тасталуымен әрекет етуші себептің де алынып тасталатындығы ақиқат болмаса, онда осыдан қажеттілікпен «әрбір әрекет етуші себеп денелік» деген шықпас еді: ол бәрінен бұрын «әрбір дене әрекет етуші себеп» деген шығар еді. Ақиқатты бар болу мен алынып тасталудың біріккен тәсілімен анықтауға көшсек, ол ыңғайлылау болып табылады, себебі заттың алынып тасталуымен пайымдау да алынып тасталады, ал егер зат бар болса, онда пайымдау да бар. Біріншіден егер пайымдау бар болса, онда сондықтан, зат та бар деген шығады, екіншіден пайымдауды алып тастаумен зат та алынады деген шығады. Осыдан зат пайымдаумен, ал пайымдау - затпен сипатталатындығы шығады, егер кісінеуді алып тастасақ, онда жылқы да алынып тасталады, егер кісінеу бар болса, онда жылқы да бар. Олардың екеуі сөйлеуде өзара айналымда және осымен сипатталады /54/. Бұл предикатқа [айналу туралы] ие нәрсе, силлогизмге мұқтаждық танытпайды. Ендеше, жалпы және айналмайтын алғышартта бұл силлогизм, онда айналмалы қорытынды болғандай, дәл солай құрастырыла алады /55/. «Ол денелік болғандықтан, әлем жаратылған» дегенді дәлелдеуден бұрын, «жаралғандық барлық денелерге тән екендігін» бізге анықтау қажет, ал «дене [ұғымына] енетін, кейбір заттарға жаралу тән» дегенді дәлелдеуден бұрын, бізге барлық жаралғанға денелік тән екендігін анықтау қажет. [Оның үстіне] егер біз кейбір нәрселердің денелігін дәлелдеуге ұмтылсақ, оларды жаратылғанға жатқыза отырып, «әрбір дене жаратылған» және «әрбір жасалған зат денелік» дегендердің ақиқаттылығын анықтау керек, бұл «дене ұғымына енетін, кейбір заттарға жаралу тән» дегеннің ақиқаттылығын дәлелдеу үшін және «жаратылған [ұғымына] енетін, кейбір нәрселерге денелік тән», дегеннің сондай екендігін көрсету үшін керек. Егер біз тек кейбір [заттардың] жаратылғанын және олардың дене [ұғымына] енетінін дәлелдегіміз келсе, онда алдымен әрбір дененің жаратылғанын ақиқаттығын анықтауымыз қажет, ал егер біз әрбір дененің жаратылғанын дәлелдесек, онда әрбір жаралғанның дене болып табылатынын дәлелдейміз. Ендеше, қарсының ақиқаттылығы негізінде кез келген дененің жаратылғандығының ақиқаттылығын, біз дәлелдей алмаймыз, себебі, біз түсіндіргендей, жалпы мақұлдаушы [алғышарт] өзінің жеке ақиқаттылығынан өзінің жалпы кері қатынасының емес, ал тек өзінің жеке кері қатынасының ақиқаттылығын шығарады. Дәл солай, егер ол бірге жаратылғандығымен айналымды болмаса, дене бірге жаратылғандықтың өмір сүруінің себебі бола бастамайды, өйткені дене себеп болуы үшін, ол [денелік] ұғымына енетін бірдеменің бірге жаратылғандыққа қатысы көрсетілуі қажет. Бұл үшін бірге жаратылғандықтың бүкіл денелікке қатыстығының дәлелденгені жеткілікті.
[Ол арқылы көзге анықтан көкейдегіге ауысу мүмкін болатын], жалпы алғышартты бар болу және алып тастаудың біріккен тәсілімен мақұлдауымыз артықшылыққа ие, өйткені бұл мақұлдауда, ол туралы [жоғарыда] хабарлағанымыздай /56/, қайда және қандай жайда ол болмасын, ол себеп ретінде ұйғарылатын, заттың өмір сүруінде пайымдаудың өмір сүруі жеткілікті. Сондықтан жалпы алғышартты біздің мақұлдауымызда, [сол арқылы көзге анықтан көкейдегіге ауы¬су мүмкін болатындығымен], бірге сезімдік-қабылданатын тек көзге анық қағиданы ма, немесе онда сезімдік-қабылданатын көкейдегімен ұқсас болатындықтан, «көзге анықты» сезімдік-қабылданатынды көкейдегіге ауыстыру мүмкін болатын, бұл [қағиданың] кез келген қағидаға ақиқаттылығын көрсете алатындығын зерттеу және қарастыру қажет. Сондықтан, сезімдік [берілгендер], ол себеп ретінде ұйғарылған, жайға қатысты сезімдік-қабылданатында көзге анықтың өмір сүруін ақиқатты тану үшін қолданыла ма? Немесе, ол себеп ретінде ұйғарылған, кез келген жай туралы пайымдаулардың өмір сүруі, ол себеп ретінде ұйғарылған, пайымдауды мақұлдау үшін, сезімдік-қабылданатынға [негізделген], қағидаларды қолданусыз-ақ, басқа жолмен мақұлдана ма? Бұл екі тәсілдердің әрқайсысын талқыға салғанымыздан, бұл екі тәсілдердің бірі қолданылады деп, біз қорытынды жасаймыз. 1) Солай, тап өзіндей, сезімдікті, үшінші фигура бойынша құрастырылған [силлогизмнің] орта термині ретінде алады. Мысалы, «бұл құрылысшы - қайраткер» және «ол денелік». Осыдан шығатыны: «қайраткер денелік», дегенмен осыдан қажеттілікпен «әрбір қайраткер денелік» деген шықпайды, ал мүмкіні: «әлдебір қайраткер денелік». Олар ортақ сандық көрсеткіштерге ие болғандай алынған, анықталмаған пайымдаулар кейде дәл емес тұжырымдалатындықтан, онда [осындай алғышарттардан] шығатын, анықталмаған қорытындылар, ортақ көрсеткіштерге ие болатындай түрде, әсіресе қашан анықталмаған [пайымдаулар] «әл» деген [анықталған артикльмен] берілгенде, осылай ұйғарылады. Мысалы, былай дегенде: «қайраткер денелік», сонда [анықталған артикль] «әл» бұл тұжырымда «әрбір қайраткер денелік» сияқтыны көрсетеді, себебі «әл» - ді жиі «әрбір» дегеннің орнына қолданады. Ендеше, осындай дәрежеде де сезімдік деректер, ол себеп ретінде ұйғарылатын жай туралы пайымдаудың ақиқаттылығын мақұлдауда пайдалы бола алады. Ал атап айтқанда: егер олар жеке сипаттағы қорытынды берсе, онда ол жіберіледі және анықталмаған қорытынды ретінде қабылданады. Сонда оның тұжырымдамасында «әл» [артиклі] қолданылады және ол себеп ретінде ұйғарылатын, бүкіл жай үшін әмбебап пайымдау әсерін тигізеді. 2) Басқа тәсіл сезімдікті бірінші фигура [силлогизмнің] орта термині етіп жасауда [тұр]. Мысалы, егер біз «әрбір қайраткер денелік» дегеннің ақиқаттылығын белгілегіміз келсе, онда біз, қайраткер [ұғымына] енетін заттарды, атап айтқанда-тігіншіні, құрылысшыны [және т.б. ] зерттейміз. Кейін біз олардың әрбірінің денелік екендігін табамыз. Осы¬дан кейін «әрбір қайраткер денелік» деп ұйғарамыз, себебі тігінші мен құрылысшы индукцияда дәнекерлер [яғни орта термин] болып табылады. Ендеше, [силлогизм] былай құрастырылады: «қайраткер - құрылысшы», ал «құрылысшы денелік». Сонымен, құрылысшы, олардың бәрі немесе көпшілігі зерттелгендей, [әр түрлі] қайраткерлердің орнын алады. Бұл [әр түрлі] қайраткерлерді жан-жақты зерттеп, олардың
арасынан бірін немесе екеуін тексеріп, бұл бөлікті бәрінің немесе көпшілігінің орнына қойғандай болады. Сондықтан, бұл жерде универсалийде және оның тұжырымдамасында, ол анықталмаған [пайымдау] арқылы жүргізілгендіктен, қателік орын алады. Солай, былай дегенде: «қайраткерлер - тігінші, құрылысшы, етікші, ағаш ұстасы», «олардың бәрі денелік», сондықтан, «қайраткер - денелік» деген болып шығады. Ары қарай, бұл универсалий қорытындыда анықталмаған деп көрсетеді және «әрбір қайраткер денелік» деп айту үшін «әл» артиклін пайдаланады. Бұл екі тәсілдерде сезімдік жай туралы пайымдаудың ақиқаттылығын мақұлдау үшін пайдаланыла алады, ол себеп ретінде ұйғарылады. Сондықтан, олар әдетте ол арқылы «көзге анықтан көкейдегіге» жетуге болатын, жалпы алғышарттың ақиқаттылығы мақұлдау үшін пайдаланылатын тәсілдер тап осындай. Заңгерлік силлогизмдер /57/ Енді олар [бірінші] қабылданған [жайлардан] құрастырылатын, өнерлерге тән, бастаулар туралы сөз қозғайық. Бұл - олардан пайымдаулар құрастырылатын, оларды Аристотель «сендіруші» силлогизмдер /58/ деп атаған, «Аналитика» деп белгілі болған, кітаптың аяғында еске алынған, бастаулар. Бұл кітаптың басында аталып өткен сол силлогизмдерден олар шығады деп ойшыл еске салады. Ол былай дейді: «Тек дәлелдеуші және диалектикалық силлогизмдер ғана емес, сонымен бірге риторикалық және заңгерлік силлогизмдер де жоғарыда аталған фигура бойынша құрастырылады» /59/. Бұл негіздер төртеу: [біріншісі] - бұлар, жалпы ретінде қабылданған, жалпылар, [екіншісі] - бұлар, іздестірілетін жекенің орнына қойылатын, жалпылар; [үшіншісі] - бұлар, іздестірілуші жалпының орнына қойылатын, жекелер, [төртіншісі] - бұлар мысал, [яғни жекенің орнына қойылатын, жеке]. Жалпы сапасында қабылданған, жалпыға келсек, онда бұл, өзінің осы алғышарт субъектісіне жататындығының ақиқаттылығын мақұлдайтын, ол туралы пайымдау затқа ауыстырылатын, жалпы ретінде қабылданған алғышарт. Мысалы, «кез келген шарапқа тыйым салынған» /60/. Бұл қабылданған жалпы алғышарт және сондықтан, шараптың не екендігі туралы, әлденеге қатысты [пайымдау] ақиқат болғанда, сонда оған тыйым салу туралы сол арқылы пайымдау шығарылады. Бұл ауыстыру бірінші фигурада құрастырылған силлогизм арқылы нысанаға жетеді, ол атап айтқанда: «кез келген шарапқа тыйым салынған», «құмыраның ішіндегі - шарап». Осыдан: «құмыраның ішіндегіге тыйым салынған» деген шығады. Бұл жалпы қабылданған пайымдаулардың кейбірі ассерториялық пайымдау арқылы көрсетіле алады, мысалы: «кез келген мас қылушы сұйыққа» тыйым салынған. Кейбірі, олар ассерториялық пайымдаулар күшіне енетін, айталық рұқсат беруді, тыйым салуды, мүдделендіруді, ұстап тұруды, бұйрық пен кедергі келтіруді мақұлдайтын, хабарлаудың басқа [түрлерімен] де білдіріле алады. Мысал ретінде Жаратушының басқа сөздерін келтіруге болады: «Қолдарыңызды және беттеріңізді дәрет алумен таза ұстаңыз» /61/, «Парыздарыңызды өтеңіздер» /62/, «Рас сөйлейтін болыңыздар» /63/. Ендеше, егер біз, олар ассерториялық пайымдаулар болып табылмайтын, [бірінші] қабылданған алғышарттарды тұжырымдасақ және оларды силлогизмдердегі алғышарттар ретінде қолдансақ, онда оларды ассерториялық пайымдаулармен ауыстыру қажет. Мысалы, егер
бізге «шараптан аулақ болыңдар» деп айтылса және біз бұл пайымдауды силлогизм [алғышарт] ретінде пайдаланғымыз келсе, онда оның орнына қоятынымыз: «әрбір шараптан аулақ жүруге болады» немесе «[әрбір шараптан] аулақ болу керек».
Бұл алғышарттардың субъектілері мен предикаттары, олар жалпымағыналы деп аталатын атаулармен білдіріле алады. Жалпымағыналы деп аталатын есім - бұл көптеген заттарды қамтитын және олардың бәріне тән, бір ортақ мағынаны білдіретін нәрсе. Көп мағыналы есім көптеген заттарды қамтиды, бірақ олардың бәріне тән, бір ортақ мағынаны білдірмейді. [Сонымен], жалпылық сапасында қабылданатын пайымдауларға, олардың ортақ мағыналарының тұжырымдамасында субъекттер және предикаттар сапасында ортақ мағыналы атаулар ұсталып туратын, тек сондай жағдайларда кездеседі. Олардың тұжырымдамасында көп мағыналы есімдер ұсталып туратын [пайымдауларға] қатыстыға келсек, онда олар шындығында ортақ болып табылмайды. Ізденілетін жекенің орнына қойылған, жалпыға қатыстыға келсек, онда бұл, жалпы ретінде қабылданған, [бірақ] жеке алғышарттың орнына қойылған, алғышарт. Қашан сөйлеуші көкейінде бір жекені ұстап тұрып, бірақ бұл жекені жалпы арқылы білдіргенде және бұл әмбебап [жалпы пайымдауда] жекені есінде ұстап тұрған жағдайда кездеседі. Оның айтуынша: «Достар мен балалардан ізгілік жоқ», бірақ шынында ол олардың тек кейбірі туралы айтып тур. Егер біз қабылданған жалпыға ие болсақ және ол [тек] жеке бөлікті білдіретінін білсек, онда біз осы бөлікті аламыз да, оны пайымдауда білдіреміз. Егер де бұл бөлік басқа заттар үшін де жалпы болса, онда оны, ол туралы [жоғарыда] атап өткендей, жағдайда жалпыны пайдаланады. Ақиқатты бәрі туралы пайымдау, бұл ерекше жалпыға енгізілуімен [жай ғана] көбірек тарлау [жалпыға] ауыстырылады. Мысалы, қабылданған [алғышарттардағы] біз ие болатынымыз: «ұрының қолын шауып тастау керек» /64/. Бұл универсалий, олар ұрлық жасайтын кейбір [тұлғаларға], мысалы, оның үстіне торт динарға ұрлық жасайтындарға /65/ таратылады. Ендеше, бұл ұры осы белгісі бойынша қолын шауып тастауға бізбен кесілген. Жалпы алғышарт шығады. Сондықтан егер «Зейдтің ұры екендігі және бұл белгісі бойынша оның қолын шауып тастау керек болса», онда бұл бірінші фигура бойынша құрастырылған силлогизм. Жеке ұғымдардың орнына алынатын, көптеген универсалийлер, олар ең басынан [ешқандай] пайымсыз белгілі болатын, сондай жекелерге жатады. Олардың көпшілігі ең басынан тасада, сондықтан олар жекелердің орнына қойылды ма, белгісіз. Жиі ретте бұл жеке жасырын, сондықтан олар өзімен нені көрсететіні белгісіз. Егер ол жасырын болса, онда оны, жоғарыда аталған тәсілмен құрастырылған, силлогизм арқылы тануға ұмтылу керек. Егер бұл жеке бізге силлогизм арқылы белгілі болса, онда біз, қалай барлық басқа универсалийлерді пайдаланатынымыздай, сондай түрдегі жалпы алғышартты аламыз. Жекеге қатыстыға келсек, ол жалпының орнына қойылса, онда бұл, қашан қайсыбір жалпы қағиданы пайымдау ойда ұстап тұрғанда, бірақ қайсыбір жекелер бұл [жалпы] қағиданы
ауыстырып тұрғанда, болады және нәтижесінде, бұл жекеге тіркелетін, универсалийге де тіркелуі тиіс. Мысалы, мына пайымдаудағыдай: «Сол тіпті дән түйіршігінің бір салмағындай да зиян зұлымдық жасамайды» 166/. Осында, олар жеке дәннің салмағын құрастыратын, ұсақ заттар абсолютті мағынадағы [кішіні] ауыстырады. Айталық, қозғалыс туралы пайымдау бар болсын. Біз оны, ол қозғалыстың жеке түрі болып табылатын, зат туралы пайымдауға айналдырамыз және нәтижесінде, [тұтас алынған] бүкіл қозғалысқа тиістіні, ол [қозғалыстың] түрі болып табылатын, затқа әкеліп тіркейміз. Ендеше, қашан қайсыбір жай жалпы қабылданған [пайымдаулармен] үйлескенде, онда ол туралы қайсыбір жалпының орнына алынған пайымдау айтылады, ал бұл жалпының қандай [екендігі] бізге белгілі болғандықтан, онда біз бұл пайымдауды сол жалпыға ауыстырамыз. Ендеше, ол жалпыда бастапқы жайда қабылданған алғышарттар сияқты қолданылатын, солар туралы біз еске алған, сол екі турге ұқсас пайымдалатын, жалпы алғышарт шығады. Мысалы, біз [алғашқы] қабылданған және ие болатын жайлардың арасында, [төмендегідей бар]: «Өз ата-аналарына «фу» деп айтуға болмайды». Осында тек бұл бір сөзге тыйым салу арқылы әңгіме болып тұрған жоқ, бірақ есте осындай тектегі жалпы сөздер, яғни ата-анаға катысты кез келген дөрекіліктің [көрінісі], сақталып тур. Егер біз осы жалпы ұғыммен не есте сақталып тұрғанын білсек, онда [біз] жалпы алғышарт аламыз, атап айтқанда: «ата-анаға қатысты барлық дөрекілікке тыйым салынған». Ендеше, егер бірдеме ата-анаға катысты дөрекілік екендігі белгілі болса, онда бұл туралы жамандық ретінде пайымдау шығарылады. Бұл силлогизм бірінші фигура бойынша құрастырылған. Сол туралы қайсыбір пайымдау айтылған, қайсыбір жайға келетін болсақ, онда біз осы жайды әлдебір жалпымен ауыстыру қажет пе екендігін немесе осындай ауыстыруды істемей-ақ қоюға болатынын - не бұл мақсат, ол пайымдауда тұрғанымен, бірақ жалпы еместігінен, бұл жаймен қайсыбір жалпыны ауыстырып үлгергенімізбен, не мүмкін жалпы жайлардың көптігінен, қайсысын ауыстырылған жайдың орнына қоюды білмейтіндігімізден - сонда біз, ол бұл жайға енбеген, бірдемеге бұл жай туралы пайымдауды біз ауыстыра алмаймыз. Біз бұл пайымдауды, осы жайға енген, тек кейбір жекелерге ауыстыра аламыз. [Алайда], қашан біз, [жеке жай] қайсыбір жалпының орнына қойылғандығын және бұл жалпының қандай екендігін, білгенімізде, онда ол бірінші жаймен бұл универсалийде біріктірілген, қайсыбір басқа жайға бұл пайымдауды ауыстыра аламыз. Бұл жай жалпының орнына қойылғаны туралы және егер ол қойылған болса, онда бұл қандай жалпы екендігі жөнінде біле алатынымызға қатыстыға келсек, онда бұл кейде [логикалық] пайымсыз-ақ өзімен-өзі анық. Егер де бұл өзімен-өзі анық болмаса, онда осыны тануға, жоғарыда аталған тәсілдердің бірімен құрастырылған, силлогизм жолымен немесе олар «көзге анықтан көкейдегіге қорытындылауды» талқылағанда қарастырылған, тәсілдерді оған қолдана отырып, жетуге болады, себебі қалай біз көрсеткеніміздей, «көзге анықтан көкейдегіге қорытындылаудағы» сияқты, тек егер бұл пайымдау осы жалпының әрбір жеке [жағдайында] ақиқат болғанда ғана, жалпы жекемен ауыстырыла алады. Осымен бұл жалпының ақиқаттығын дәлелдеуге болатын, ең сенімді тәсілге, оларды біз [жоғарыда] талқылап өткен, осының ақиқаттығын силлогизмдердің бір фигурасы арқылы мақұлдау жатады.
Зерттеу тәсілімен ақиқатты дәлелдеуге келсек /67/, онда жағдай бұл жерде де «көзге анықтан көкейдегіге қорытындылаудағы» сияқты. Ал атап айтқанда, егер ол туралы қайсыбір пайымдау шығарылса, онда біз бұл жайдың универсалийлерін аламыз да, [кейін, егер] универсалийлер бұл пайымдаудың барлық жекеліктеріне тән болса, онда осы универсалий бұл жаймен ойластырылып тұрғанға сай екенін және бұл [жеке] жай осы универсалийдің орнына қойылғанын, біз біле аламыз. Ендеше, бұл [ауыстыруды] жасай отырып, біз бұл пайымдаудың ақиқаттығын, бұл универсалийге енетіннің бәрінен бұрын, бұл универсалий туралы пайымдаудың [өзінің] ақиқаттылығын білуден бұрын тануға міндеттіміз. Ендеше, егер біз, оның көлеміне енетінге қатысты, пайымдаудың ақиқаттылығын анықтауды мақсат етіп қойсақ, онда осы пайымдауды бұл жалпыдан, оның көлеміне енетінге ауыстырудың қажеттілігі жоқ, себебі жалпының [өзі] туралы ақиқатты білуден бұрын, бұл жалпыға енетін, әрбір бөлікке қатысты бұл пайымдаудың ақиқаттылығын білеміз. Егер бұл жекеліктердің әрбірін зерттеу нәтижесінде, бұл пайымдау осы жалпының әрбір бөлігіне қатысты ақиқат екендігін, мүлдем айқын емес болса: не олардың ақиқат екендігі, не олардың ақиқат еместігі немесе оларды зерттеуде біз қайсыбір бөліктерінің бұл пайымдау үшін келмейтінін тауып алсақ, онда көрсетілген пайымдаудың бүкіл бұл жалпыға таратылмайтыны анық болып шығады. Ендеше, бұл тәсіл жалпы [пайымдаудың] ақиқаттылығын мақұлдау үшін жарамсыз [дегенмен] ол оны бекерлеу үшін жарамды. Сондықтан, егер әлдекім қайсыбір жалпыны әлдебір жекемен ауыстырса және ол туралы қайсыбір пайымдау шығарса, онда біз бұл жалпыға не [түсетінін] зерттейміз және оның кейбір бөліктерінің бұл пайымдауға келмейтінін тауып аламыз. Бұл [пайым] үшінші фигурадағы силлогизм формасында құрастырылған және міндетті түрде бұл пайымдаудың жалпылық сипатын бекерлейді /68/. Біз осыны «көзге анықтан көкейдегіге қарай қорытындылау» туралы тарауда түсіндіргенбіз. Бұл тәсіл себепті салдардан мақұлдайтын сияқты, пайымдауды шығаруға ұқсас. Олармен тауып алу, алып тастау анықты жалпыға қағиданың ақиқаттылығын тексеруге болатын, басқа тәсілдерге келсек, онда біз оларды да сол тарауда түсіндірдік. Біз алғашқы қабылдаған' [қағидалардың арасында мынадай] бар: «бидайды дұрыс өлшемеуге тыйым салынған». Бұл пайымдау тек бидайға қатысты ма, немесе оны басқа универсалиймен ауыстыруға бола ма екендігін, бізге білу қажет: бұл қоректенетін, өлшенетін немесе қайсыбір басқа жағы ма екендігін білу және оны [бидайдың] орнына қою. Егер [қайсыбір басқа] ұйғарылса: бұл қоректенетін, өлшенетін немесе әлдебір басқа жалпы болсын, онда бұл жерде дегенмен жеке туралы айтылып тұрса да, бұл жекеде жалпы ұйғарылады. Айталық, [бидайдың] жалпының орнына қойылғанын біз білдік дейік, алайда, егер бидай тамақ болатын немесе өлшенетін сияқты, көптеген жалпыларға жататын болса, онда біз тамақ болатын немесе өлшенетін немесе басқа бірдеме қойылатынын білмейтін болсақ, онда тыйым салуды бидайдан тек бидай түріне енетінге ғана ауыстыруға болады. Бірақ біз қалай бидайдың оз жалпыларының бірінің орнына қойылғанын және оның орнына қандай жалпыны қоюға болатынын, қалай біле аламыз? Осындай тек тегі көптеген жағдайларда, [жеке]ден жалпы түсінілетіні логикалық пайымсыз-ақ, көзге анық. Мысалы, Аса құдіретті және бәрінен жоғары Алланың нақыл
сөзінен біле алатынымыз: «Алла тіпті бір мысқал /69/ дәл салмағындай әділетсіздікке бармайды» /70/. Бидай мысалындағыдай, өзімен өзі анық емеске келсек, онда осыны тануды, оларды біз жоғарыда атап өткен, тәсілдердің бірімен құрастырылған силлогизм арқылы атқару керек. Силлогизм бізге, егер кейбір жалпылар туралы пайымдау бұл тыйым салудың барлық [жалпыға] таралатынының ақиқаттығын, атап айтқанда барлық тамақ пен өлшеуге дәлелдеп берсе, онда ол бидайдың орнына қойылған, сол жалпыны анықтап береді. Ендеше, қашан «барлық қоректенетінге [айырбастың] теңсіздігі тыйым салынғандай болады» және «барлық өлшенетінге [айырбастың] теңсіздігі тыйым салынғандай болады» дегендер мақұлданған болса, онда, ол бидайдың орнына қойылған, сол жалпының қорек болатыны және өлшенетіні білдіріледі. Егер бұл [жалпы туралы пайымдаудың] ақиқаттылығы зерттеу тәсілімен /71/ дәлелденетін болса, онда мына жолмен жетіледі. Біз, мысалы, қорек болу және өлшену сияқты, бидайдың универсалийлерін аламыз және кейін қорек болатын мен өлшенетіннің түрлерін зерттейміз. Егер бұл екі [универсалийлердің] кез келгенінде, олардың барлық түрлеріне қатысты тыйым салу ақиқат болса, онда бұл бидайдың орнына қоятын универсалийлер болып табылады /72/. Айталық, тыйым салу туралы пайымдау өлшенетіннің [барлық] түрлеріне қатысты ақиқат болсын. Сонда, егер бұл осылай болса, онда [барлық] өлшенетінге тыйым салынғанын білуден бұрын, оның әрбір түріне қатысты тыйым салудың ақиқаттылығын анықтап алуға тиіспіз. Сондықтан, біз күрішке [де] тыйым салынғанын білеміз, себебі барлық өлшенетінге тыйым салынғанын біз білеміз. Бұл осыны зерттеуде біз өлшенетіннің тыйым салынатындығы туралы [пайымдаудың] ақиқаттылығын, бұл өлшенетінде, мысалы күріште не бар екендігі туралы пайымдаудың ақиқаттылығын анықтау арқылы айқындауға ұмтыламыз. Ендеше, өлшенетінге тыйым салуды күрішке ауыстырудың қажеті жоқ, себебі өлшенетінге тыйым салудың ақиқаттылығы күрішке тыйым салудың ақиқаттылығынан, [ол өзіне күрішті де енгізетіндіктен] бұрын белгілі. Егер де біз күрішті өлшенетіннің бір түрі ретінде зерттесек, онда күріш [тыйым салуға қатысты] пайымдауда белгісіз болып қала береді және біз «барлық өлшенетін тыйым салынған» деп айта алмаймыз, себебі өлшенетін заттардың арасында зерттелмегені де бар, сондықтан тыйым салу [барлық универсалийге] қатысты [ма], жоқ [па] белгісіз. Егер оны зерттеуде біз әлі, оның қайсыбір түрлеріне тыйым салынған ба, әлде жоқ па екендігін, біз білмесек, онда барлық өлшенетінге тыйым салынған немесе оған тыйым салынбаған деген сияқты, универсалий туралы пайымдау шығара алмаймыз. Осыны өзімізде анықтау үшін, біз кідірейік. Егер де әлдекім «барлық өлшенетіндерге тыйым салынған» деп жарияласа, онда біз өлшенетіннің түрлерін зерттей бастаймыз және де егер біз бұл түрлердің кейбіріне, мысалы фасоль, тыйым салынбаған болса, онда «барлық өлшенетінге тыйым салынбаған» деген терістеледі. Бұл силлогизм үшінші фигура бойынша құрастырылған, ал атап айтқанда: «фасоль өлшенген» және «фасольға тыйым салынбаған», сондықтан «өлшенетіннің кейбіреуіне тыйым салынған»/73/. Ендеше, [зерттеудің] бұл тәсілі [универсалий туралы пайымдаудың] ақиқаттығын дәлелдеу үшін жарамсыз, бірақ бекерлеу үшін жарамды.
Алайда, бұл заттармен жай, қалай оны Аристотель баяндағандай, әрбір затты бірдей шамада зерттелмей-ақ, әрбір затты оның табиғатына сай зерттеуді, талап етеді /74/. Зат табиғатын зерттеуді тиісті мөлшерде жүргізу керек. Кез келген зат туралы абсолютті рас ақиқатқа жету мүмкін емес. Бәрінен бұрын, кептеген жайларда, олар [абсолютті] растылыққа ие емес, таныммен шектелу жеткілікті. Аристотельдің әзі, әрбір затты зерттеуге ұмтылу ... дәлелдеуде тәжірибенің жетіспеушілігінен туындайтын әрекет болып табылады дейді /75/. Бұл [нәрседе], сол сияқты [адамдық істердегі] іс-әрекеттерді және қарым-қатынастарды зерттеудегі тәрізді табылады, себебі ол, зерттеу - бұл ажырау дегендей болады, өйткені зерттеу жолымен ұмтылғанымызға қарама-қарсыға жете аламыз. Дәл сол сияқты, силлогизм арқылы нені жетуді мақсат етіп қойылғанға, соған қарама-қарсыға да силлогизм арқылы жетуге болады. Себебі силлогизм жолымен бірдемені түсіндіруге және күдіктер мен айқынсыздықтарды алып тастауға ұмтылады, бірақ силлогизм процесінде кейбір нәрселер түбіне дейін тым зерттелсе, онда оларға қосатын ештеңе қалмайды және мүлдем ештеңе дәлелденбейді. Онда кең пейілділікті қолдану қажет бірақ зерттеу қабылданбайтын нәрсеге келсек, онда бұл мұсылмандық құқық өнерінде және басқа да енерлерде пайдалы, себебі осыған [ұқсас] енерлерде олар ұсынатын білімдерге қатысты кең пейілділіктің үлкен үлесі қолданылады. Бұл өнерлерді [қамтитын] сұрақтарда шамадан асып кетпеу керек, себебі оларда кең пейілділік танытсақ, онда олар өте пайдалы бола алады. Бірақ егер кең пейілділік басқа нәрселерге таратылса, онда не мүлдем мақсатқа жете алмайсың, не өз ұмтылғанына қарама-қарсыға жетесің. Осы себеппен зерттеу тәсілі осындай өнердегі универсалий ақиқаттығын мақұлдау үшін, олар универсалийге [енетін] заттардың көпшілігі зерттелсе, жеткілікті болады. Оның үстіне, егер олар универсалийге енетін көптеген заттар зерттелсе және олардың бірінде де қолданылмайтын пайымдаулар жоқ болса, онда осы да зерттеу үшін жеткілікті болады. Егер олардың кейбіреулері және [тіпті] бірі немесе екісі зерттелсе де, бұл орын ала алады. Дәл солай «өмір сүру және алып тастау» тәсілі сияқты, олар әмбебап [пайымдауды] зерттеу үшін қолданылған, басқа тәсілдер де осындай өнерлерде тым пайдалы бола алады, бұл тіпті қашан олар түбіне дейін зерттелген түрінде алынғанда, ал мүмкін, қалай бұл көптеген ғылымдар үшін қажет, оларды түбіне дейін зерттелмеген ретінде алған жағдайларда осылай болады. Мысалға қатыстыға келсек /76/, онда бұл қашан екі ұқсас жағдай алынғанда және бірі туралы пайымдау шығарылғанда, сонда ол басқа жайға ұқсас затты ол сипаттайтын болады. Сол туралы пайымдау белгілі, екі ұқсас жайлардың бірі белгісіз жай туралы мысал бола алады /77/. Ендеше, бұл [белгілі] жай туралы шығарылған пайым¬дау, басқа жайға ауыстырылады. Олардың бірі туралы пайымдау, олардың арасында ұқсастық бар болғандықтан шығарылатындығын, біз білуіміз керек. Ол пайымдауда қарастырылып тұрған, бұл жай, онымен ұқсастық [сәтін] құрастырып тұрған, заттың орнына қойылғандай болады. Ол онымен ұқсас, зат туралы ақиқат пайымдауды, оның орнына жеке қойылған, жалпы қалай таныса, солай таниды. Егер осының ақиқаттылығы мақұлданса, онда ортақ алғышартты алады. Ал егер, бұл [ортақ] алғышарттың субъектісіне бірдеменің қосылғаны
анықталса, онда жалпы туралы пайымдау мысал ретінде бұл [жеке] затқа ауыстырыла алады. Бұл силлогизм бірінші фигура бойынша құрастырылады /78/. Алдыңғы тарауда келтірілген мысал, бұл жерде әбден орынды, себебі бидай күрішпен ұқсас және тек сонда, қашан [күрішке] тыйым салынғанның ақиқаттылығы, оның бидаймен қорек және өлшенетіні арқылы ұқсас болғандығымен дәлелденгенде, бұл ақиқаттылық мақұлданады. Қашан бұл пайымдау барлық қорек бола алатын мен өлшенетінге тыйым салынғанның ақиқаттылығы дәлелденгенде, ол туралы пайымдау шығарылатын зат біз үшін анық бола бастайды. Осының ақиқаттылығын, солар арқылы жалпыны шығаруға болатын және де ол жекемен [негізінен] бұл тәсілдермен ауыстырылған, тәсілдермен мақұлдауға болады. Бұл өнерлердегі ақиқаттылықты мақұлдауда қайсыбір кең пейілділікті таныту керек, олай болмаса қойылған мақсатқа жете алмаймыз. Ол басқа жаймен мысал арқылы ұқсас болатын, жайды ақыл-ойда дербес, мысалсыз, көрсетуге болады. Ендеше, алғышарт қалай бұл жол бойынша, солай мысал арқылы пайымдаумен де алына алады. Солай, егер қайсыбір зат туралы оның бұл [жалпы] алғышарттың субъектісіне енетіндігі дәлелденсе, онда пайымдау мысалдан затқа ауыстырылады. Оның үстіне ауыстыру мысалдан оған ұқсас шынында да жасалды деп ойламау керек, [дәл солай] оған ұқсасқа ауыстыруда мысал міндетті керек деп ойламау қажет; керісінше, ол тек қашан жалпы алғышарт бар болғанда және ол тек ұқсас [сәттерге] ие жайларға ие болғанда ғана, міндетті бола бастайды. Мысал туралы пайымдаудың ақиқаттылығы, онда мысал бұл басқа затқа ұқсас, бұл жай туралы пайымдаудың ақиқаттылығын мақұлдау үшін міндетті деп те, ойламау керек. [Кейбір жағдайларда], онда шынында да ұқсастық бар, жай мысалмен біріккен және одан ажырамайды. Бірақ [басқа жағдайларда] бұл [жай] мысалмен қосылған болып тек көрініс табады, сондықтан, ода ұқсастық [сәті] бар, зат туралы пайымдау, ақиқат ретінде қабылданады, сонда бірақ жай мысалмен [қиялда] қосылған /79/. Бұл жағдайда жалпы алғышарт шынында да шықпайды, ал дегенмен ол жеке болғанымен, бірақ жалпы алғышарт күшіне ие [қорытынды] үшін алғышарт мысал арқылы бәрінен бұрын алынады. Бұл себеппен, ода ұқсастық [сәті] бар, сонымен ұқсасқа, бұл ауыстыру мысалдан жүргізіледі деп, кейбіреулер есептейді. Сондықтан бұл ауыстыру мысалдан соған ұқсасқа жүреді және ол силлогизмде орын алғандай, жалпыдан жекеге қарай емес, ал жекеден жекеге қарай жүзеге асады деп, есептеледі. Бұл себептен мысалы арқылы қорытынды шығару силлогизмнің көмегімен [жүргізіледі] деп есептеледі. Міне сондықтан Аристотель мысал туралы былай деді: «бұл тұтастың бөлікке қатынасы да емес, бөліктің тұтасқа қатынасы да емес, ал бөліктің бөлікке қатынасы» /80/. Мысалға ауыстыру бұл тек жекеден, әлдебір жалпысыз, [ауыстыру] емес, дәл солай тек жекесіз, жалпыдан жекеге ауысу емес, ал бұл жалпымен үйлесетін жекенің немесе жекемен үйлесетін жалпының ауысуы. Бұл себеппен жеке жалпы, ал жалпы жеке болғандай болады. Осыдан, Аристотель мысалсыз, оқшау алынған, жалпы алғышарт кейін одан (мысалдан) бұл алғышарттың субъектісіне мысалға ауыстыруда ене алады деп есептемейді. Керісінше, ол, мысал арқылы қорытындылау және мысалға ауыстыру, оларды біз түсіндірген, [қорытындының] екі түрі болады деп есептеген. Біз соңғы қатаң мағынада
силлогизм болып табылады, ал бірінші силлогизм емес, бірақ силлогизм күшіне ие, деп есептейміз. Қорытындының[бірінші]түрінде мысал [арқылы қорытындылау] ауыстырусыз-ақ бола береді, себебі, ол мысалды басқа қайсыбір ұқсастықты ұстап тұрғандықтан, тікелей мысал арқылы жай туралы пайымдаудың ақиқаттылығын көрсетеді. Ендеше, бұл жай, ол мысалмен ұқсас, пайымдау және зат арасында дәнекер (орта термин) бола бастайды. Қалай мысал, ода ұқсастық [сәті] ұсталып тұрған жай туралы пайымдаудың ақиқаттылығын мақұлдай алады? Ол туралы көзге анықтан көкейдегіге ауысу туралы [тарауда] аталып өткен, екі тәсілмен бұл жүзеге асады, атап айтқанда: немесе үшінші фигурамен үйлесудегі [силлогизм] арқылы, немесе бірінші фигурамен үйлесудегі [силлогизм] арқылы. Аристотельдің оның бірінші фигурада үйлесуі міндетті емес деп есептегені әбден мүмкін. Ол ұқсастық арқылы орын алатын, мысалдан оған ұқсасқа ауысуы туралы жиі айтылмайды, ал тек мысал туралы және қайда ауысу жүретіні туралы айтылады. Жиі бұл [үш бөліктер] туралы айтылады. Индукция және одан кейін аталып өткенге, бұл жөнінде Аристотель айтқанға сай тоқтасақ, онда ол [пайымдаудың] негізі болып табылатын, универсалий туралы абсолютті дәлдікті талап етпесе де болады. Бәрінен бұрын, олардың әрқайсысында білім деңгейіне, олардың әрбірі сай келетінмен, шектелсе де болады, өйткені бұл ой тұжырымдары қолданылатын өнерлер, білімді хабарлауда үлкен кең пейілдікті талап етеді. Өйткені бұл сұрақтарда егер біз абсолютті дәлдікті талап етсек, онда бұл олардың мүмкіндіктер шамасынан асып кетер еді, сонымен будан келетін пайда жоғалып кетер еді. Ендеше, бұл өнерлерде [ең дәлелденетін] бастама әмбебап бастама болып табылады, ал сонда басқа бастамалар тек іздестірілетін қорытындыны және ол ең басынан белгісіз болатын, егер бұл [бастамалар] әмбебап бастамаларға келіп тірелетін және әмбебап қабілеттілікке ие болса, осылай болатын, пайымдауды шығару үшін пайдаланылады. Ендеше, оларды Аристотель сендірушілер деп атаған силлогизмдер /81/, жеке фигуралар силлогизмдерімен бірегейленетіні анық бола бастады. Оларды біз бұл жерде көздеген мақсат, осында аяқталды. «Силлогизм» кітабы аяқталды. Шынында да Алланың даңқы арта берсін! Аль-Фараби. Логические трактаты. Алма-Ата. Наука, 1975. С. 245-360.
СОФИСТИКА /1/ (118 б б.) Аса рахымды және мейірімді Алланың атымен [кітап бастаймын]. Ол «Адасуға апаратын, орындар туралы» деп аталады, онда зерттеуші қызығатынының бәрін де қамтиды. Ол үш тараудан тұрады. Бірінші тарау - кітапқа кіріспе. Екінші тарау - сөздік білдірулерден адасуларға апаратын орындарды жіктеу. Үшінші тарау-мағынадан [мәннен] шығатын адасуларға апаратын орындарды жіктеу. Бірінші тарау. Әбу Насыр былай деді: «Силлогизм туралы» де¬ген кітапта бұл өзімен нені көрсететіні, оның қалай екені, қаншама сыныптарға бөлінетіні, оның әрбір сыныбы неден және қалай құрастырылатыны туралы сөз қозғалды, соны табуға ұмтылатын, әрбір іздестірілетін туралы силлогизм қалай шығарылатыны, қалай оны біз табатынымыз, оны тану үшін қандай жолмен жүретініміз, нені танығымыз келетіні, силлогизм арқылы іздестірілетінге бару жолын қалай бастайтынымыз, қалай жүретініміз, қандай құралдарды пайдаланатынымыз және олардың саны қаншама екендігі, қандай жерлерде бұл затты дәлелдей немесе терістей алатынымыз жөнінде мәселелер көтердік. Енді бізге [зерттелетін] заттарға қатысты зерттеуші қателесетін орындар туралы, танымды қажет ететін, дұрыс жолдың бәрінде ақылды бағыттан тайдыратын тәсілдер /2/ туралы, жалғанды ақиқат кейпіне енгізіп, адам танығысы келген затқа қатысып, оны жалған жолға салатын пікірлер жөнінде айтып өту қажет. Осыған ол мұны сезінбегендіктен түседі. Міне осы тәсілдермен сөйлеуші тыңдаушыны адастырады, себебі егер ол [тыңдаушы] бірдемені керек қылса не¬месе бірдемеге мұқтаждық танытса, онда [сөйлеуші] оған сұрағанын алғанын, іс жүзінде ол сұрамаса да, алмаса да, иландырып қояды. Дәл солай бұл тәсілдермен ол [сөйлеуші] тыңдаушыны бірдемені талап еттің немесе қарсылық көрсеттің деп, ал сол уақытта ол талап етпесе де. :қарсылық көрсетпесе де, шындығында тағы сендіріп қояды. Егер де ол [тыңдаушы] жауапкер немесе адвокат немесе қорғаушы болса, онда бұл тәсілдердің көмегімен [сөйлеуші тыңдаушыны] жауап бермесе де, жауап бердің деп немесе ол ешкімді қорғамаса да, қорғадың деп сендіреді. Қашан бұл тәсілдер бізге белгілі болғанда, сонда олардың осындай іс-әрекеттерінен қалай сақтану керек екендігін не¬месе бізге басқалар дәлелдегеннің біздің өзіміздің дәлелдегенімізге қатысын түсіну, біз үшін солардың айтқандарын қарастыруда құпия болып қалмайды. Мен /3/ софизмдер /4/, олар силлогизм немесе силлогизмнің бөлігі бола алатындарға және олардан не силлогизмді, не силлогизм бөлігін шығаруға болмайтындарға бөлінеді деп айтамын. Алайда софизмнің ықпалы адамның көңіл-күйіне оның ақылында ұяланып қалған пікірлерге, оны ақиқаттан қателікке, ауытқытатын түр бейнесі мен әдеттеріне байланысты. Бұл мысалы, қайсыбір пікірді қолдану немесе одан жиіркену, т.т. осы сияқтылар. Бұлар және оларға ұқсас заттар силлогизмдердің немесе олардың бөліктерінің құрамына ене алмайды. Біз бұл жерде олардан силлогизмді немесе оның бөлігін құрастыруға болатындар туралы айтуға ниеттенеміз. Олардан не силлогизмдер, не силлогизмдердің бөліктерін құрастыруға болмайтын басқа софизмдерге келсек, онда олар туралы «Риторика» мен «Поэтикада»
әңгіме жүргізілгені ыңғайлы. Олардан силлогизмдер немесе силлогизмдердің бөліктерін құрастыруға болатын, софизмдер сөздік білдіруінде адастыратындарға және мағынасына [мәніне] қатысты жалғандыққа апаратындарға бөлінеді. (1196 б.). Екінші тарау. Сөздік білдірулеріне қатысты адастыруға апаратын орындарды жіктеу. Адасуға апаратын сөздік формалар: І. Омонимдер (жалпы есімдер) ІІ. Амфиболиялар. (Бұрын басқа трактаттарда олардың арасындағы айырмашылық туралы айтып өткенбіз. Бұл жерде есім, ол сөз немесе шылау, немесе әлдебір басқа болсын, кез келген сілтеуші айтылым болып табылады) ІІІ. Ауыстырылған (лақап) есім. Бұл ол алдымен өз табиғаты бойынша мағынаға көрсететін, кейін ол басқа мағынаға сілтеме жасайтын болып қарастырылатын және бірінші мен екінші [мағыналар] үшін ортақ болып шығатын, сондай есім. Мысалы, мына сөздер, тап осындай: тек, түр, субстанция, акциденция, жалбарыну, тізе бүгу, бас ию және т.б. Ауыстырылған есімдер омонимдер және амфиболиялардың арасындағы айырмашылық бар. Амфиболиялар мен омонимдер, бұлар да екі немесе одан да көп заттар ортаққа ие және оның үстіне екі заттардың бірінен екіншісіне сілтеме жасалғанда ол уақыты бойынша екіншісінен біріншісіне сілтеме жасаудың алдын алмайтын, сондай есімдер /6/. Ал ауыстырылатын есім - бұл, онда екі немесе одан да көп заттардың ортақтығында, екі заттардың бірінен басқасына сілтеме жасау уақыты бойынша екіншісінен біріншісіне сілтеме жасаудан озық кететін, сондай есім. ІV. Метафоралық есім және қайсыбір затты бейнелі суреттейтін, айтылымдар. Метафоралық есім әлдебір дәрежеде омоним болып табылады, бірақ омониммен ауыстырылатын есімнің арасын¬да айырмашылық бар. Омонимдер және ауыстырылатын есімдер жалпы есімдер ретінде пайдаланылады, себебі олар шындықта, оларда ортақтық бар, сол заттардың есімдері болып табылады. Ал метафоралық есім, оны ол басқадан алатын, өз мағынасына сай жалпы есім [омоним] ретінде пайдаланылады, ал шындығында ол басқа заттың аталуына жатады. Бұл жәйттердің бәрі, қайсыбір нәрсені зерттеу уақытында, ол заттың орнына оның орынбасарын, сонымен ортаққа ие бола отырып, сондай дәрежеге дейін меңгергенімен, адамды адасуға соқтырады. Зерттелуге тиіс зат пен оның орынбасары бірге алынғанда оған бір зат болып көрінеді. Сондықтан бұл зат па, басқасы ма, алынғанда оған бәрібір болып шығады. Оның ақылы, бір жағынан мағынаға (120 а б.) аялдамай, керісінше, бұл есімге сай келетін, кез келген затты қабылдау бағытында әрекет етеді. Мысалы, «Шөп жер үстінде өсіп тұр. Сондықтан, шөп жерден үлкен». Ортақ мұнда мөлшер мен биіктік болып тур. Амфиболияның мысалы: «жамандық арқылы пайда келтіруге болады. Пайда келтіретін жақсылыққа жатады. Сондықтан жамандық жақсылық болып табылады». Ендеше «жамандық», «пайда келтіретін», «жақсылық» сөздері осында көптеген қатынастарда қос мағынада қолданылып тур. Мына айтылым да, тап солай: «Кім бірдеме туралы, өмір сүретіннен басқаны айтқан, өзі өмір сүрмейді» және осыған ұқсас айтулар.
«Орын - затта. Затта бар нәрсе - орында. Сондықтан, орын орында тур». Бұл [«в» қосымшасымен бірге] «фи» сөзі көптеген қатынастарда қос мағынада пайдаланылады. Дәл солай «лаху» сөзінде де [тиістілік қосымшасы «л»] мынаған ұқсас: «Сенің балаң - сенікі, ал сенікі - сенің мүлкің. Сондықтан, сенің балаң - сенің мүлкің» /9/ дегендей тағы мысал келтіруге болады. Мұнда «лак» (сенікі) сөзі қос мағыналы айтылым болып табылады. Зенонның басқаны айтқаны да, тап осындай: «Өмір сүрмейтіннен зат пайда бола алмайды, кері жағдайда өмір сүрмейтін - өмір сүреді» деген шығар еді. Мұнда «ан» сөзі [қосымшасы «о»], шындықта ол көптеген мағыналарға ие, бір ғана мағынада алынып түр /10/. Солай, олардың бірі мынадағы сияқты алма-кезектілікті көрсетіп тұр: «Ашық ауа райы Бұлттыдан [кейін] шықты». Басқасы, мына мысалдағыдай, қозғаушы мотивті көрсетіп тұр: «Соққы жәбірлеуден кейін берілді». Ал үшіншісі - мына пайымдаудағыдай, материяға сілтеп тур: «Төсек ағаштан». Дәл солай, мына пікірде болып тұр: «Еркектің ұрығы жануарлық материя, себебі жануар ұрықтан пайда болады» /11/. «"Ан» сөзі [қосымшасы «о»] бар айтылым өзінде көптеген мағыналарды ұстап тұрады, осының салдарынан келтірілген пайымдар софистиктерге жатады. Метафоралық есімге Платонның (120 б б.) материя туралы айтқанын келтіруге болады: «Ол [материя] ана болып табылады, ол әйел бастама, ол - емізуші, ал форма еркек бастама болып табылады. Әйел бастама еркектікке құштарлық танытады» /12/. Мұнда софистердің және оларға ұқсастардың өмір сүрмейтіні және «баршылық емесі» бар, олар осындай [метафоралық] есімдермен аталады. Мына айтылымға катысты да, мәселе солай болып тур: «Шариғат қылықтардың өлшеуіші болып табылады» /13/. V. Құрылымы /14/ және өлшемі бойынша [бірдей] ортақ сөйлемшелер. Мысалы: араб тілінде «Алла жаратты». Бұл сөйлемшелер іс-әрекетке сілтейтін және іс-әрекеттің [жасалуына] илануды көрсететін, сөйлемшелер өлшемімен, бірдей өлшемге ие. Мысалы: «О, Алла, саған біздің тілектеріміз». «Біздің тілектеріміз», «тілде», «кету» /15/ және соларға ұқсас сөйлемшелердің өлшемі олар іс-әрекетке сілтейтін немесе іс-әрекетке ұшырайтын сөйлемшелерге жатады, сондықтан олар қайсыбір түрде іс-әрекет және іс-әрекетке ұшырау туралы ойға қалдырады. Дәл солай мәселе мыналармен болып тұр: 1) олардың өлшемдері жинақтаушы өлшемдер болып табылатын, сөйлемшелермен. Олар көптік мағынасына иландырады. Мысалы, араб тілінде «шаштаразшының жейдесі» /16/; 2) олар құрастырылу ережесі бойынша әйел тектегі формаға ие және мынадай сөйлемшелер: «Талха» /17/, «халид» және соларға ұқсастар арқылы, олар әйел тектегі-мыс дегендей, қайсыбір зат туралы түсінік қалыптастырады. Дәл солай, сол немесе басқа тілде кездесетін және бұл бапқа жататын, сол немесе басқа заттармен, (заттар сыныптарында) болып тур. VІ. Дәл келетін бөліктері бар, түзілімі бойынша ортақ [бірдей] айтылулар. Мысалы: «Зейд - не айтса, ол сол» /18/. «Зейд бұл тас деп айтты. Сондықтан, Зейд - тас». «Адам -нені білсе, ол сол. Адам бұқаны біледі. Сондықтан, адам - бұқа». Бұл айтылымдағы ортаққа тек олардың түзілімі мен тәртібі жатады. Осылай түзілген (121а б.) айтылымдар танушыға да танылушыға да бірдей қатысты, сондықтан осындай түзілімдер софистік болып табылады. VІІ. Бір сөйлемшені басқасымен ауыстыру. Бұл қашан зат туралы екі сөйлемшемен айтуға болатын жағдайға және олардың арасында айырмашылық жоқ болғандықтан, оларды бір-
бірімен ауыстыруға болады деп есептегенде, жүзеге асады /19/. Ал егер сөздердің бірінде, басқасына қарағанда артық мағына тұрса, онда бұл шатасу мен адасулардың себебі болады. Мысалы, «хамр» [шарап] дегенді «сахба» [алтын] дегенмен ауыстырады /20/. Шынында да «алтындаған» деген «шарап» беретін дегеннен екеуі синонимдер болса да, басқа түсінік береді. «Сайфты» [қылышты] «симсамға» [семсерге] ауыстыру, «саубты» [көйлекті] «ридаға» [киімге] алмастыру да тап осындай. Бұл түрге тағы жататындары: 1) сөйлемшені сөз тіркесімен ауыстыру. мысалы, «жоғары қарайтын» деген сөз тіркесін «адам» деген сөйлемшемен ауыстыру /21/; 2) сөйлемшені сөз тіркесімен ауыстыру. Мысалы, «адам» дегенді «жоғары қарайтын» деген соз тіркесімен ауыстыру; 3) сөз тіркесін сөз тіркесімен ауыстыру, мысалы, «жоғары қарайтын» деген [сөз тіркесін] «ол жүретін жануар» деген [сөз тіркесімен] ауыстыру. Сондықтан, егер осының бәрі айтылғандар басқа есімдер мағынасында көрінетін болса, онда міндетті түрде софизмдер пайда болады. VІІІ. Жалпы сөйлемшені жекемен ауыстыру /22/. Мысалы: «Бес жұп пен тақтың қосындысы болып табылады. Сондықтан, бес тақ және жұп болып табылады. Сондықтан, бес - жұп. Сонда бір не болып табылады? Бір сонда - жұп». ІX. Жеке сөйлемшені жалпымен ауыстыру. Мысалы: «Зейд соқыр. Сондықтан, ол рухымен сок;ыр» /23/. X. Жалпы сөйлемшені жалпымен ауыстыру. Бұл қашан сөйлемше бір сөйлемшемен үйлескенде қайсыбір затқа сілтейді, ал басқамен үйлескенде өз сілтемесін өзгертеді. Ендеше, ол бұл сөйлемшемен бір рет алынады және басқасымен тағы бір рет алынады деп есептеледі. Мысалы, егер «көруші» деген сөйлемше «көзбен» сөйлескенде, онда, былай делінеді: «біреу көзімен көреді» - мұнда бір мағына (121 б б.) тұр. Ал егер ол «медицинаның көмегімен» дегенмен үйлессе және мынадай қосынды: «медицина арқылы көруші» шықса, онда бұл жерде «көреген дәрігер» есте тур, яғни «медицина арқылы көруші». Мұнда басқа мағына шығатыны анық. XІ. Сөйлемше формасының өзгерілуі, бұл әсіресе жазылуда адасуларға апарады. Олардың мағынасы нүктелер мен формалардың өзгеруімен өзгеретін, бұл әріптерде кездеседі /24/. Мысалы: «Қиындыққа ұшырағандар, кім жақсылық жасайтындарға да, кім зұлымдық жасайтындарға да, келіңдер» «бұл жол мен үшін дұрыс және түзу. [бұл жол] түзу және көтеріңкі». XІІ. И'рабу /25/ бойынша өзгеру. Мысалы: «Курейштік шыдамдыны өлтірмейді» (Егер [терістеуші шылау «ла»-дан] «л» әрпін алып тастаса, басқа мағына шығады. Дәл солай, мына мысалда: «О, құдіретті, олар бастарын исін және тізелерін бүксін». XІІІ. Тасариф бойынша өзгеру/26/. Мысалы: «Жасауға мүмкіндік жоқ». «Жасау мүмкін емес» /27/. XІV. Айтылым бөліктерінің ілесу тәртібінің өзгеруі. Мысалы: «Міндетті түрде жасалмайды», «Жасайтыны міндетті емес». XV. Айтылыммен ілесіп жүретін жағдайлардың өзгеруі. Оларды ескеру арқылы сөйлеуші айтылым құрастыратын, сыртқы жағдайлар еске алынады. Нәтижесінде бұл талаптанатынға мағына тек сөйлемшемен ғана емес, бірақ бар жағдайлардың көмегімен де жеткізіледі.
XVІ. Айтылымға енетін дыбыстардың, [сөздердің] және олар айтылыммен бірге бірдемеге сілтеме жасайтын ишараттардың өзгеруі. Егер оларды [дыбыстарды] өзгертсе және жіберіп қойса, айтылымның мағынасы да өзгереді. XVІІ. Оның айтылымына ілесетін, сөйлесетіннің бетіндегі ымдаулардың өзгеруі (122 а б.). Мысалы, сөйлеушінің бет келбеті қуанышты немесе үрейді білдіреді. Немесе оның бет келбеті сөйлеуде қобалжуды білдіреді. XVІІІ. Сөйлеулердегі тыныс алу мен тоқтайтын жерлердің өзгеруі. Мысалы: «Адам нені көрсе - соны көреді». Кейін айтылымды жалғастыра беруге болады: «Адам тасты көріп тұр». Осыдан «тас көреді» деген шығады. Осының бәрі сөйлемшемен зерттеушіні адастырады. Біз сөйлемшелер арқылы зерттеушіні адастыруға апаратын, барлық жайларға жіктеме жасадық. Олар басқаша бөліне алады, бірақ ойлансақ, басқаша жіктеу жасанды болып шығады. Осы жіктеме, біздің көзқарасымыз бойынша, дұрысқа жатады. Онда бүкіл бұл орындарда, ештеңесін ұмытпай, түсіндіру мақсаты қойылды. Басқаша жіктеу бұл қатынаста жеткіліксіз деп есептеледі. Ол мынада тур: адасуға апаратын, сөйлемшелер жалпыға [бірдейге] және өзгеретінге бөлінеді. Ал жалпылар жекелерге және сөз тіркестеріне бөлінеді. Ал жекелер - өзінде жалпыларға және формасы бойынша жалпыларға. Ал өзінде жалпы - кездейсоқтыққа сайға, амфиболияларға, метафораларға және ауыстырылған есімдерге. Біз олардың арасындағы айырмашылықтарға мысалдарда тоқталып өттік және жалпыны оның формасы және өлшемі тұрғысынан қарастырдық. Осыған біз [мысалдар да] келтірдік. Өз бөліктерінің түзілімімен орналасу тәртібі бойынша ортақтыққа ие, сөз тіркестері туралы да айтып өттік. Ал өзгеретін сөйлемшелер, олар өзінде-өзі өзгеретіндерге және жағдайларға тәуелді өзгеретіндерге бөлінеді. Ал өзінде-өзі өзгеретіндер, олар толық өзгеретіндер және олардың орнын не есімнің орнындағы сөйлемше болатын, не сөйлемшенің орнындағы есім алатын болып бөлінеді. (Бұл «көйлек» сөйлемшесін «киімге» немесе «адам» [сөзін] «жоғары қараушы» соз тіркесімен ауыстыруға ұқсас. Және не өздерінің кейбір бөліктерінің тәртібін өзгертетіндерге және не мына келтірілген мысалдағы сияқты: «жасау мүмкіндігі жоқ», «жасау мүмкін емес» дегендегідей өз тасаридін өзгертетіндер, солар (122 б б.). Және не и,рабу бойынша өзгеретіндерге (осыған біз жоғарыда мысал келтіргенбіз), соларға. Және не өздерінің түбірлік негіздерін соншама өзгертуімен, басқа сөйлемшелер болып шығатын, соларға. (Мысалы, бұл араб тілінде орын алады: Зу - л -аиди - [қолы бар], Зу -лджумал - [жиынтықтар], және соларға ұқсас)). Және не қалыптасқан жалғауларды басқаларына өзгертетіндер, солар (мысалы; хава - [құштарлық] және хава - [ауа]) /29/. Және не жағдайларға тәуелді өзгеретіндер, солар. Олар ішкі жағдайлар бойынша өзгеретіндерге және сыртқы жағдайлармен өзгеретіндерге бөлінеді. Олар ішкі жағдайлармен өзгеретіндер, солар сөйлемшені сөз тіркесіне немесе сөз тіркесін сөйлемшеге немесе сөз тіркесін сөз тіркесіне өзгертеді. Олар дауыс екпінін, басқа зат туралы түсінікке әрекет басқасына, бір зат туралы түсінік жасайтынды өзгертуімен, сондайларға бөлінеді. Бұл оны төмендетумен немесе көтерумен немесе оны тұрпайыландыру әлде жұмсартумен, қалай бұл сөз айтулар мен пайымдарда болатындай етіліп жетіледі. Және не тыныс алулар мен тоқтайтын орындарды өзгертетіндерге, соларға және не ілесу тәртібін өзгертетіндерге, соларға. Осыған біз бұрын мысалдар келтіргенбіз.
Ал сыртқы жағдайлар бойынша өзгеретіндер, не жазудағы әріптердің нүктесі мен олардың формаларын өзгертетіндерге бөлінеді. Осыған сөйлемшінің бет-келбетін, сөйлеу кезіндегі жалпы келбетін өзгертетіндер жатады. Шынында да сөйлемшінің бет әлбеті мен сөйлеу сәтіндегі келбеті, оның қылығы мен әрекеті, оның ишаралары, сөйлеумен көзделетін, мағынаны бірден жеткізеді. Ал егер сөзді осының бәрі айырып тастаса, оның мағынасы да өзгеріп кетеді. Қашан сөз жиында айтылғанда, әрбір қатысушы бірдемені қосады, соның салдарынан мағына басқа бір айтылған арқылы да жеткізіледі. Ал егер сөз жеке, жиыннан тыс айтылса, онда оның мағынасы өзгереді. Сонымен, осының бәрі сөйлемше арқылы адасуға апаратынға жатады. Үшінші тарау (123 а б.). Мағына (мән) арқылы адасуға ендіретін, орындарды жіктеу. Өзімен мағынаны білдіретін, софизмдер: І. Кездейсоқ/30/ [мәнді емес] негізде пайда болатын, софизмдер. Бұл, олардың қасиеттері бола тұрмай, заттармен қосылу үшін жарамды мағыналар. Өз табиғаты бойынша олар басқа [затпен] қосылады. Мысалы, жануар кездейсоқ /31/ сойылған, өліп бара жатқан, жаңбыр астына түскен болып жатады. Бұл жануарға аталған үш предикат /32/ тіркеліп қояды, атап айтқанда: «сойылуы», «жан тапсыруы» және «жаңбыр астына түскені». Бұл үш предикаттар [өз кезегінде] бірі басқасына, «өлгенді» «сойылғанға» кездейсоқ емес арқылы тіркелгендей болады; дәл солай «сойылғанды» - «өлгенге» предикаттаумен де мәселе болып тұр. Ал қашан біз «жаңбыр астына түскенді» «өлгенге» предикациялағанда, онда бұл акцидентальды; дәл солай бұл предикатты «сойылғанға» тіркелгенде де, іс солай болып тур. Қашан біз бұл екі предикатты - «жаңбыр астына түскенмен» тіркегенде де, мәселе осылай болып тұр. Сондықтан, олар заттарға осындай түрде қатынасатын, сол предикаттар кездейсоқ арқылы қатынасатын деп аталады. Бізде енді, [затқа] кездейсоқ емес қатынастағы предикат әдетке енген, мәнді арқылы қатынасты болатын, предикат ден аталады /33/. Бұл, мысалы, «өлгеннің» «сойылғанға» және т.б. жататындығында көрінеді. Олар бірімен-бірі кездейсоқ арқылы қатынаста болатын предикаттар, атап айтқанда, қашан олардың үйлесуі бір затта қатынасқанда, предикаттар кездейсоқ арқылы қатысады. Мұнда предикаттардың бір-біріне тиістілігі кездейсоқ арқылы жүзеге асады. Мысалы, бір затта «адам болу», «ақ болу», «құрылысшы», «емдеу» және «жазу» үйлеседі. Бұл жағдайда біз «ақты», оның «ақтығы» арқылы емес, ал оның «салатындығымен» сипаттай аламыз. Дәл солай, қашан «құрылысшы жазып жатыр» дегенімізде, біз оның құрылысшы екендігіне сілтеме жасамаймыз, бірақ «жазуды» кездейсоқ арқылы «құрылысшыға» жатқызамыз. Дәл солай «емдеу» дегенді (123 б б) кездейсоқ арқылы «жазушыға» жатқызамыз, себебі бір адамға «жазушы» және «емші» болу тән. Сондықтан, біз қашан «емдеуді» оның «емші» екендігімен бір адамға жатқызғанымызда, бір мәнді арқылы жатқызу болып табылады. Ал егер біз «емдеуді» «жазушыға» жатқызатын болсақ, онда бұл кездейсоқ арқылы жатқызу болып табылады. Бір затқа жататын мен үйлесетінде, барлық басқасында да осылай әрекет етеміз. Бұл софизмдер кең таралған. ІІ. Затты игеруге кедергі келтіретін, мағынасы мен көрініс табатын, софизмдер /34/. Бұлар адам ақылында затты қабылдаудан бұрын бекітілетін, оның үстіне ең басынан не игеру міндетті бола¬тын болып, көрініс табатындар. Сондықтан адамға іздестірілетін зат болып, онымен кездейсоқ арқылы қабылданған, көрінеді.
Заттарды анықтауда қолданылатын, кездейсоқ арқылы пайымдауларда осыған ұқсас жүзеге асады. Мысалы, ай тұтылуын анықтағанда, «бұл адамдарда үрей тудыратын, айдың күйі» немесе «бұл, қашан [оның пайда болуында тіпті] жер бетінде тұрған [адамнан] көлеңке түспейтін, айдың сондай күйі». ІІІ. Пайымдауларды дұрыс қоспау салдарынан туындайтын, софизмдер /35/, егер олардың әрқайсысы жеке айтылса, олар ақиқат, Бұл олардың қосылуына негіз болса, онда оның салдарынан қате қорытынды шығарылады. Мысалы: «Бұл адамның біреудің баласы екені, ақиқат. Ал ол - сенікі, сондықтан, ол сенің балаң». Мұнда, егер пайымдаулар бір-бірінен бөлек алынса, олар ақиқат, ал олардың қосылуынан жалған қорытынды шығады, себебі олар бір-бірімен кездейсоқ негізде қосылады. ІV. Қорытындыны дұрыс шығармаудан туындайтын /36/, софизмдер, соның салдарынан, не [алғышарттардан] шығарылмайтын /37/, қорытынды сияқты көрінеді. Мысалы: «Зейд - адам, бірақ Зейд Амр емес, ал Амр - адам». Осыдан шығатыны: «кім адам, сол адам емес» немесе «адам адамға қарағанда, қайсыбір бөлек нәрсе болып табылады» (Бұл қорытынды кездейсоқ [мәнді емес] арқылы шығарылды, себебі, дегенмен ол адам болғанымен, Амр Зейд болып табылмайтындықтан, сондықтан оның адам болғаны емес, Зейдтің Амр еместігі алға шығарылады. Дәл солай, мысалы /38/: «адам -жануар, жануар - тек, сондықтан, адам - тек» (124 а б.). Бұл қорытынды жалған болып шығады, себебі ол адамға тек болу [ұғымының] сапасына қатынаста акцидентальды болып шығады. Айтарлықтай жиі ретте осындай қорытындылар пайымдаулардан кездейсоқ негізде шығарылады. Осындай жағдайларда [қашан адасқанда] бұл қорытындылар [мәнді арқылы] шығарылады деп ойлайды. Мысалы, Протагордың пайымы: «Адам аяғымен жүреді. Не аяғымен жүрсе, сол жануар. Сондықтан, адам - жануар». Бұл жерде «адам - жануар» деген қорытынды қажеттілікпен шыққаны сияқты көрініс пайда болады, ал іс жүзінде, тіпті ол дұрыс болса да, қажеттілікпен шықпайды. Шындығында бұл қорытынды басқа [дұрыс] силлогизмнен қажеттілікпен шығады. Сонымен, Бұл қорытындының ілесу қажеттілігі тек [сыртқы көрініспен] силлогизмнен шығатынымен дәлелденбейді. Тап солай Бұл қорытындының ақиқаттылығы, оның жалған алғышарттардан шығатындығымен дәлелденбейді. Ол [қорытындының ақиқаттылығы] жалған алғышарттардан тек кездейсоқ арқылы шығады. Бұл қашан бір қорытынды кездейсоқ арқылы алғышарттардан сырттай қажеттілікпен шыққанда және ақиқат болып табылғанда орын алады. Ал ақиқат алғышарттардан ақиқат қорытындының шығуы [айтылғаннан басқаша] мәнді негізден шығу болып табылады. Бұл софизмдер былай бөлінеді: 1) олар ақиқат болып қабылданатын, кездейсоқтық негізінде [заттар мен құбылыстардың] себептері белгіленетін, сондайлар. Мысалы: «Тимейдің іс-әрекеті бүкіл зұлымдықтың себебі болды, себебі осыдан соғыс оты жанды». «Егеуқұйрықтар жаулардың садақтарын кеміріп тастады және сонымен бізді жауларымыздан сақтап қалды». Дәл солай, шексіз қозғалмайтынның себебін, «оның ештеңесі оған бөтенді қамтымайды, сондықтан ол өзімен-өзі баршылық» дегеннен табады; 2) олардың қорытындысы дұрыс емес бірдемені тануда немесе дәлелдеуде адамды оның кәсібімен (немесе оның субъективтілігімен) шектеуден шығатын, сондықтан оның кәсіби немесе (124 б б.) тұлғалық тәсілдерімен жүзеге асатындармен көрінісін, сондайлар. Мысалы, қайсыбір өнерді (кәсіпті) игерген адамға және [бірдемеге] кездейсоқтық негізінде предикатты қалай жатқызуды білетінге, оның Бұл өнері немесе оның бұл білімі, [яғни оның кәсіби немесе жеке мүдделері
шектерінен шығатын], неменеге таратылатыны оның басына келмейді. Солай, мысалы, ағаш ұстасының басына өзі дайын сәкінің қандай күйде болатыны енбейді. Мысалы, мүмкін ол аспан астында туратын шығар, мүмкін жер бетінде, мүмкін ода ізгі әлде зұлым адам отыратын шығар; 3) оларда қорытынды, адам бұрын ғылымдардың бірінде кездейсоқ білген, ол байқалмай қалған және бұл зат туралы қорытынды мәндіден шығарылғандай қабылданған, сондықтан дұрыс шығарылмаған, сондайлар. Ендеше, ол туралы қорытынды жалған немесе кездейсоқ негізде ақиқат болып табылады. Сондықтан осындай жайда оның тап осындай болмайтынды осындай деп немесе тап осындай болатынды осындай емес деп есептеуі шығады. Мысалы, Парменид пен Зенонның заттың пайда болуы туралы пайымдары. Парменид пен Зенон, ол пайда болудан бұрын, заттың өмір сүруі мүмкін емес деп есептейді. Ол не өмір сүретіннен, не өмір сүрмейтіннен пайда болады. Өмір сүрушінің өмір сүретіннен пайда болуы мүмкін емес, себебі сонда ол өзінің пайда болуына дейін өмір сүргендей болады. Бұл жағдайда, ол [бұрын] өмір сүрмеген, ешқандай зат пайда болмас еді. Ал өмір сүрмейтіннен де ешқандай зат пайда болмайды және бұл кері жағдайда өмір сүрмеушінің өмір сүретініне немесе өмір сүрмейтіннің өмір сүруші пайда болуында материал бола алатындығымен пайда болмайды. Сонда өмір сүруші, қашан ол өмір сүрмегенде, өмір сүретіні шығар еді және бұл қателік болар еді. Бұл пайымда да «лан» [«о»] /39/ сөйлемшесінің көп мағыналылығы пайдаланылып тур, ол өзінде екі мағынаны ұстап тұрады, олардың бірі құбылыстардың алма-кезектілігін көрсетеді, ал екіншісі - нәрсе мен материяға сілтейді. Мына мысалдарда бірінші мағынадағы дәйектілік көрініп тур: «Ашық ауа райы бұлттыдан [кейін] шықты» (125 а б.) «Таң шапағы түннен шықты («түннен кейін» деген есте тур). «Кейбір уақыттан соң - тәубеге келесің (әлдебір уақыттан кейін деген есте тур)». [«О» қосымшасымен бірге] «'ан» айтылымы, егер материал есте тұрса, өмір сүрмейтін материал болып табылатын, ол өзгеретіндіктен, мүмкін кездейсоқ және мүмкін емес мәнді арқылы пайда болатын, сондықтан одан жаңа өмір сүруші шыға алатын, өмір сүрмеушіден пайда болатын, өмір сүруші туралы, айтылым болады. Ал қашан «о» қосымшасымен бірге «лан» айтылымы дәйектілік мағынасына көрсететін болса, онда «өмір сүрушіден өмір сүрушінің шығуы» туралы айтылымда [өмір сүрушінің] өмір сүрушіден [кейін] пайда болуы туралы ұйғарылады және бұл кездейсоқ арқылы мүмкін және мәнді арқылы мүмкін емес. Сондықтан солар, кімнің есіне оның кездейсоқ арқылы мүмкін екендігі және мәнді арқылы мүмкін еместігі келмегендер, мәндінің орнына кездейсоқ арқылы келгенді қабылдайды, ал бұл, олар мүмкінді мүмкін емес деп есептегендіктен, жіберілуге болмайтын нәрсе. Дәл солай, адамға шындықтағы мәндіні тануға тура келгенде, солай болып шығады. Өзі нені, ол кездейсоқ арқылы алатындығы, оның басына да келмеді, сондықтан кездейсоқ арқылы қол жеткізілген, ол үшін мәнді арқылы алынған сипатта болуы және ол үшін ақиқат болып есептелді. Және оған кездейсоқ арқылы тиесілі болғаннан, оған шындықта мәнді арқылы жататыннан, мүлдем басқа ілесіп жүреді. Бұл жағдайда кім осындай жайға түсіп қалған үшін не тәжірибе, не бастапқы сенімнен бас тарту керек болды, не ол шарасыз жайға түсті. Бұл себеппен ғалымдардың көпшілігі, олардың санатына жатпайтындармен, пікірталасқа баруды қойды, себебі олардың қатарына жатпайтындар, [пікірталастарда] кездейсоқтың негізінде ақиқат заттарды, олар ғалымдармен ғылымдарда анықталған, заттарға қарсы қолданды. Ал кездейсоқ арқылы болған заттар, мәнді арқылы шығатындарға қарама-қарсы болатын, заттарды өздерімен көрсетеді. Сондықтан, егер ғалым затты қайсыбір күйдегі мәнді арқылы таныса, онда кездейсоқ арқылы танылған, басқа күйде танылатын болды (125 б б.)
және мәнді арқылы танылатынның белгілерін алмады, сондықтан ол онымен жеңіл лақтырылып тасталды. V. [Заттың] затқа /40/ [дұрыс емес] тіркесуінен туындайтын, софизмдер. Бұл қашан қайсыбір заттың қайсыбір белгісі, оның бар болуы түйсік арқылы немесе басқа жолмен айналатын, жағдайда іске асады. Кейін Бұл белгінің басқа затта бар екендігі болады. Сонда екінші зат біріншісі немесе бірі басқасына жатады деп есептеледі. Мысалы: «Сарылық - балдың атрибуты. Ол бар». Кейін біз сарыны, бұл бал деген біздің ұйғарғанымызға қарамай, өттен тауып аламыз. Осындай заттар да түйсіктер көптеген жағдайларда адастырады. Мысалы, егер біз басына қара сәлде орап алған Зейдті көрсек және бұдан кейін жақындай келе, қара сәлде киген басқа адамды көрсек, онда жақындаған - Зейд деп, біз ойлай бастаймыз. Ендеше, жатқызылатын [қасиет], айналдыруға /41/ ұшырайды, сондықтан «балдың сарылығы» сияқты келтірілген мысалдағыдай, тіркесу зат таңбасына айналады. Қашан сары түстегі зат көрінсе, онда бұл сары - бал деп, қабылдай бастаймыз. Сарылық оның таңбасына айналады. Және осыдан кейін біз сары түстегі басқа затты кездестірсек (біз осыған дейін сары нәрсе бал екендігін білгенбіз), онда бұл жайда, біздің сенімімізге сай, бұл зат бал деп, есептей бастаймыз. Дәл сондай жай, қашан қара сәлделі Зейдті көргенде де болып жатады. Бұл жағдайда тіркелетін қасиеттің айналуы арқылы қара сәлде киген - Зейд дегенді, оз жадымызда ұстаймыз. Егер жақындаған қара сәлделі болса, осыдан оның Зейд екендігі шығады. Осындай және оған ұқсас қорытындыдағы қателік, «қара сәлде кигеннің» Зейдке тіркелетінінде тур және сонда «қара сәлде киген» Зейд болып көрінеді. Осыған ұқсас мысал: «Жануарларда буаз болу қарынның ұлғаюымен ілеседі». Бұл жағдайда кел келген үлкен қарынды жануар буаз болып көрінеді. Ендеше, (126 а б.) қарынның көлемі буаздықтың таңбасына айналады. Егер бұл таңба дұрыс болса, онда айналу арқылы оның қарама-қарсысын аламыз»: «буаз еместе үлкен қарын жоқ», бұл да біздің ұйғаруымызға сай (бірақ шындық та олай емес). Сондықтан егер біз ұйғаратын зат дұрыс болса, онда оның айналуына қарама-қарсысының айналуы да онымен қатар дұрыс болып шығады. Мысалы, «бал сары» деген сөйлемшенің біздің жадымызда айналғаннан кейінгі түрі былай болатыны: «сары бал болып табылады» деген, анық. Осыдан [айналу арқылы] шығатын оның қарама-қарсысыз: «бал болып табылмайтын, сары да болып табылмайды» (Осында, қашан, біз балдың сары» екендігін көргенімізде, кейін осыдан айналу арқылы бұл айналымның қарама-қарсысы шықты: «бал емес, сары да емес»), Дәл солай, қашан біз «бал сары» дегенмен айналым арқылы - «сары емес, бал да емес» дегенді алғанымызда, ол, оған қарама-қарсы, айналым болып табылады. Дәл солай мына мысалда: «Егер әділ [адамның] сөзі жарамды болса, онда әділ еместің сөзі жарамсыз». Сондықтан, сөз тіркесі екі қатынаста софизмдерді құрастырды. Олардың бірінде ол заттың [қасиет қатынасына] айналуды көрсетсе, екіншісінде [зат] қарама-қарсысының ақиқат айналымын көрсетеді. Ендеше, бірінші жағдайда, олар «таңба силлогизмдер!» деп аталатын, шешендік соз силлогизмдері пайда болады. Мысалы, «Зейд қырынады, сондықтан ол бұзылған». «Амр түнде қыдырады, сондықтан ол ұры». Бұл жағдайда екі мақұлдаушы пайымдаулардың қосылуы орын алып тур. Екінші жағдайда ол кәсіптерде, ғылымдарда, түрлі соз айтуларда көптеген қателіктердің себебі болатын, қорытындыларды береді. Мысалға «ырғақсыз қан тамырлары бауырдан басталады, себебі олардың бауырдан шығатын түпкі түрі - жуандау» дегенді келтіруге болады (126 б б.). Бұл қателіктің себебін ағаш немесе [басқа] өсімдіктер тамырында жуандау болатынымен де көрсетуге
болады. Сондықтан бізде, не өсіп шығатын болса, соның қайнарларында үлкен бөліктер жатыр деген, ой пайда болады. Кейін айналдыру іске асады, соның салдарынан үлкен бөліктер орналасқан жерлер, заттың қайнары деген ой қалыптасады. Ал бауырдың ырғақсыз қозғалатын қан тамырлары жүретіндіктен, бауыр олардың бастауы деген қорытынды шығарылады. Дәл солай, «жүйкелердің өсу қайнары «мида», себебі олар онда басынан қойылған және содан өсіп шығады деген айтылымменен де болып жатады. Осында бір жерге отырғызылған, содан өсіп шығады деп ұйғарылады. Тіркесудің екінші жағдайының мысалына Протагордың әрбір өмір сүретін бір орында өмір сүреді, ал егер өмір сүрмесе, онда сол орында өмір сүрмейді деген айтылымын келтіруге болады. Бұл қателіктің себебі, «өмір сүрмейтін, сол орында өмір сүрмейді» дегенді, айналдыруды қолдануда тур. Осының салдарынан «орында өмір сүрмейтін - өмір сүрмейді» деген шығады. Соңғының айналдырылған қарама-қарсысы - «әрбір өмір сүретін орында өмір сүреді». Мелистің пайымы тап осындай: «Егер өмір сүретін пайда болса, онда оның бастауы бар. Бірақ ол пайда болған жоқ, сондықтан оның бастамасы да жоқ». Сонда егер мынау бұрыс болса: «әрбір пайда болатынның өзіндік бастамасы бар», онда «бастамасы бар пайда болғанға жатады» деген түсінік шығады. Осыған қарама-қарсы, айналдыру болып табылатыны — «пайда болғанның бастамасы жоқ». VІ. Затта қайсыбір орынды, сәтті, күйді, ал тұтасынан алғанда - ол қайда болса да, бұл зат үшін тән болғанды, түсіріп тастаудан шығатын, софизмдер. Осыған байланысты [Бұл түсіріп тастаулар] толық болатындай, түсінік қалыптастыратын адасулар пайда болады; мысалы, «Гомер ақын ретінде өмір сүреді, сондықтан, ол тірі». «Зейд Амр сапасында өмір сүрмейді [тірі емес]. Бұрын өмір сүрген, қазір де өмір сүреді, сондықтан, «ол өліп қалған, сойылған жануар тірі болып табылады», сондықтан, «өлген тірі болып табылады». Кейбіреулер үшін өмір сүру тап осындай. Бұл заттарға толық таралады деп, олар ұйғарады. Бұл кейбір адамдардың арасында тараған мына пікір сияқты: «Кейбір жарық көздері сфералық формада», сондықтан, «кез келген жарық кезі - сфералық формада», деп оларға көрінеді. Бұл софизмдер туралы жеткілікті айтылды. Сондықтан екінші фигурада екі мақұлдаушы алғышарттардың қосылуы, егер ол шығарылатын болса, кейде [бәрі туралы] толық қорытынды береді. VІІ. Шектеусіз айтқаннан шығатын, софизмдер /43/. Оларда предикаттар предициялаудың өзіне толық немесе предикаттарға толық ауысатындығы туралы түсінікті, олар жасап шығарады. Егер олар солай көрінсе, онда осыдан айлық өтірікті, немесе сандырақ пен қисынсыздықты, немесе тавтологияны өзімен көрсететін, қорытынды олардан шығарылады. Одан жалған қорытынды шығатынның мысалы: «Бұл -ұл бала [біреудікі]. Ол - сенікі. Сондықтан, ол - сенің балаң». Мағынасыз қорытынды шығатынның мысалы: «Зейд - адам. Зейд - ақ адам. Сондықтан, Зейд - адам, ақ адам» немесе «Зейд - адам. Зейд - жануар. Сондықтан, Зейд - жануар-адам». Бұл қорытындылар қисынсыздық пен тавтологияны көрсетеді. Олардың әрқайсысы бөлек ақиқат болып табылатын, осындай шектеусіз айтылымдардан бастайық. Қашан бұл айтылымдар шектеусіз зат туралы айтқанда (егер олар осында бір-бірімен толық байланысты болса), онда олардың предициялауы бір-бірінің предикаттарына ауыстырылмайды және керісінше - кездейсоқтың негізінде. Осындай шектеусіз айтылымдарда /44/ олардың предициялауы бір-бірінің предикаттарына ауыстырылмайды және керісінше - мәндінің негізінде. Мысалы: «Зейд жануар болып табылады, себебі оның төменгі екі аяқтары бар. Зейд солармен
жүреді, сондықтан, Зейд олармен жүретін екі төменгі аяқтары бар, жануар болып табылады». Оларда предициялау бір-бірінің предикаттарына толық ауыстырылатын (127 б б) шектеусіз айтылымдар, керісінше, кездейсоқтың негізінде, жалған қорытынды бере алады. Мысалы: «Ол біреудің ұл баласы. Ол саған жатады, сондықтан, ол сенің балаң». Бұл қорытынды ақиқат болып табылмайды. Оларда предициялау тұрақты бір-бірінің предикаттарына ауыстырылатын, шектеусіз айтылымдар бірақ, керісінше, мәнді [ақиқаттың] негізінде, ол тавтологиямен қисынсыздықты көрсететін, қорытынды шығаруды өз соңынан ілестіре алады. Олардың арасында бірі екіншісінің көлеміне енбейтін және олардың бірі басқаны болмайтын жағдайда, олардың арасындағы тек сондай айтылымдар қорытындысы, бірінің сөзбен білдірілуінде ендірілетін мағыналар, басқа айтылымның мағыналарымен сәйкес келетін жағдайда, тек өзімен тавтология мен қисынсыздықты көрсететін, қорытынды береді. Мысалы: «Зейд - адам. Зейд-ізгі-намысты адам». Мұнда екі айтылымдарда да ұсталып тұратын «адам» ұғымы сол бір нәрсені көрсетеді. Сондықтан осындай айтылымдардың қосылуы қисынсыз, мағынасыз қорытынды береді. Синонимдік есімдерді ұстап тұратын, бір-бірінің көлеміне енетін ұғымдардан құралатын, айтылымдар қосылуының нәтижесі тап осындай. Бұлар олардың бірі басқасының көлемінің бөлігі болып табылатын, сондай ұғымдар. Мысалы: «Зейд - адам. Зейд - жануар. Сондықтан, Зейд - жануар-адам». Бұл бос соз, себебі, «адам» «жануар» ұғымы көлемінің бөлігі. Солай мысалы: «Зейд - еркек. Зейд -адам. Сондықтан, Зейд - еркек-адам». Бұл да бос сөз, өйткені «еркек» «адам» ұғымы көлемінің бір бөлігі. Мұнда тағы да өз көлемі бөлігінің бөлігі болып табылатынға мысал келтіруге болады. «Зейд - еркек - тән». Мұнда «тән» «еркек» көлемі бөлігінің бөлігі болып табылады. Олар қисынсыздық пен тавтологияны ұстап тұрмайтын, ақиқат қорытынды беретін, шектеусіз айтылымдарға келсек, онда оларда, қалай бұл көрінетіндей, екі шарт сақталуы керек. 1. Бұл айтылымдардағы предициялау бір-бірінің предикаттарына ауыстырылмауы қажет және керісінше, кездейсоқтың негізінде. 2. Бұл айтылымдарда олардың бірі басқасының көлеміне енбеуі қажет. Мысалы: «Зейд жануар болып табылады, себебі Зейдте (128 а б) екі аяқ бар және ол солармен жүреді. Сондықтан, Зейд олармен жүретін екі аяғы бар жануар болып табылады». Бұл қорытынды тавтологияны ұстап туратын ретінде де қабылдана алады, сонда «Зейд аяқтарымен жүреді» деген айтылымнан, «Зейд жануар болып табылады» деген қорытынды шығарылады, және «жануар» ұғымы «олармен жүретін, екі аяғы бар» ұғымының сөйлеміне енеді деп пайымдалады. Бұл қате, өйткені заттың заттан шығуы ешқашан басқа заттың көлеміңе ену болып табылмайды; тек егер кез келген ілесуді «көлемге ену» деп атаса, осылай бола алады. Заттың заттан шығуы екі жолмен жүре алады: 1. Зат бөлігінің оның тұтастық күйінен шығуы. Мысалы, қабырғаның бар екендігінен, кірпіштің бар екендігі туралы қорытынды шығарады. Мұнда «кірпіштер» ұғымы «қабырға» ұғымының көлеміне енеді. 2. Оның тұтастығына енбейтін, заттың заттан шығуы. Солай, мысалы, төбенің бар екендігінен, қабырғаның да барлығы туралы қорытынды шығарылады. Мұнда зат, оның тұтастығына енбейтін, басқа заттан шығарылады.
Бұл екі жолдардың біріншісі, оның тұтастығының жайынан, оған енетіннен, оның тұтастығының көлеміне енетінге, [заттың] шығуын өзімен көрсететін болып табылады. Ал екіншісі біріншісіндей болып табылмайды. Солай, жоғарыда келтірілген «жануардың» «онымен жүретін, төменгі екі қол-аяғы бардай» шығуы екінші жолмен жүреді. Ал егер жануардың сезім мүшелері онда бұл бірінші жолмен жүзеге асар еді. сондықтан, «Зейд төменгі екі қол-аяғы бар және сонымен ол жүретін жануар болып табылады» деген мағынасыздық емес. Ал егер: «Адам жануар және сезім мүшелері бар жануар болып табылады» деген қорытынды жасасақ, онда осының тавтология екендігі анық. Айтылғаннан кейін бізге, оларда предикаттар предициялаудың өзіне ауыстырылатын немесе предициялау қасиеті предикаттарға ауыстырылатын, шектеусіз айтылымдарды түсіндіру керек. Егер өзімен-өзі алынса, олар ақиқат болып табылатын және өзімен-өзі алынған жағдайда олар жалған болып шығатын, сондайлар олардың арасында бар. Сондықтан оларды былай жіктеуге болады: 1. Олардың көлеміне, басқасына қарама-қарсы айтылымдар енетін немесе олардың күшін терістеу құрастыратын, айтылымдар. Осыған мысал ретінде мына сөйлемді келтіруге болады: «Бұл жануар өліп қалған болып табылады». 2. Олардың көлеміне, басқасына қарама-қарсы айтылымдар енбейтін, айтылымдар. Осылардың, мысалы сапасында келтірілген мысалдар: «Адам, ол жүретін жануар болып табылады. Имру-л-Кайс [ақын] ретінде өмір сүреді (128 б б.). Оның көлеміне басқасына қарама-қарсы айтылым енетін, шектеусіз айтылым екі типте болады: а) олардың есімдерінен басқасына қарама-қарсы мағынаны ұстап тұрғаны бірден көрінетін, сондай айтылымдар. Мысалы, «бұл жануар өлген» деген айтылым, тап осындай; б) олардың есімдерінен басқасына қарама-қарсы мағынаны ұстап тұрғаны бірден көрінбейтін, сондай айтылымдар. Сондықтан осындай сөйлемдерде оларды қоюға болады. Осындай жағдайда қарама-қарсы айтылымдар бұл айтылымдар көлемдерінің бөлігі болып табылады немесе осы есімдерге сай келетін айтылымдарға жатады. Мысалы: «өлген адам». Ол шектеусіз айтылатын есім, осыдан алынады: «Бұл адам болып табылады». Осы жағдайда бұл есімге сай келетін, айтылымға жататыны: «Адам сөйлеуші жануар болып табылады». Олардың көлемдеріне басқа қарама-қарсы айтылымдар енбейтін, айтылымдар да екі типті болады: а) олар басқа сөйлемдерге енген шектеусіз айтылымдар. Мысалы: «Имру-л-Кайс ақын ретінде өмір сүреді» немесе «Зейд - көңілді дос»; б) олар басқаларға сүйенбейтін, сондай шектеусіз айтылымдар: «Бұл, ол жүретін жануар болып табылады» немесе «Бұл дұрыс адам». Олардың көлемдеріне басқасына қарама-қарсы айтылымдар енбейтін және олар осы типтерге кірмейтін және олар басқа айтылымға сүйенбейтін, сондай айтылымдар, егер олар өз-өзімен айтылса, онда ақиқаттылар болып табылады. Олардың көлемдеріне, басқасына қарама-қарсылар енетін, сондай айтылымдар, егер олар өзі-өзімен алынса, онда олар жалған болып шығады, ал егер өзара қосылса, онда олар ақиқаттылар болып табылады. Олар басқа айтылымдарға сүйенетін, айтылымдармен де мәселе осылай: өзара қосылуында олар ақиқаттылар, ал бір-бірінен ажырауда олар жалғандар. VІІІ. Бірнеше сұрақтарды бірінде араластырудан [немесе көптеген сұрақтарды бірі деп қабылдаудан] туындайтын, софизмдер /45/. Бұл софизм әсіресе, қашан бір нәрсе туралы екі әр түрлі альтернативті көзқарастармен қалыптасқан, екі қарама-қарсы пікір бар болғанда, көптеген адасуларды туындатты. Мысалы: «Сылақ үшін дайындалған қоспа су және саз балшықтан тұрады ма әлде жоқ па? Бұл және бұл бірге адам ба әлде жоқ па? Он
дегеніміз тоғыз және бір ме әлде жоқ па?». Бұл софизмдер, олар кейін ықпалын тигізетін, софистік күмәндарды туғызатын, солардың кейбіреулері (129 а б.). Мысалы, осы софизмдерге жататын, қозғалыс туралы Зенонның күмәнданулары, тап осындай. ІX. Жарты мәселесінен шығатын, софизмдер /46/. Бұл қашан денелердің орын алмастыруы қайсыбір қашықтықты өтумен байланысты. Барлық қашықтықты өтуден бұрын, ол бұл қашықтықтың жартысын өтетіндігі анық және ол бұл қашықтықтың жартысын өтуден бұрын, оның тағы жартысын өтуі керек. Қашан қашықтықтар шексіз жартыларға бөлінгенде, осыдан қозғалатын дене шекті уақытта шексіз қашықтықты өту керектігі шығады, ал бұл қисынсыз. Бұл қорытынды қашықтықтың екі қатынастардың бірінде: не - ұзындығында, не - бөлінуінде шексіз болатындығынан шығады. Дәл солай уақыт та. Қозғалатын зат ұзақтығы бойынша шекті уақытта ұзындығы бойынша шексіз қашықтықты өте алмайды және ұзындығы бойынша шекті қашықтықты ұзақтығы бойынша шексіз уақытты өте алмайды және [жартыларға] бөлінуі бойынша шексіз қашықтықты бөлінуіндегі шекті уақытта өте алмайды, және керісінше дәл солай. Қашықтық бөлінуі бойынша шексіз, ал уақыт ұзақтығы жағынан шекті алынатындықтан, осыдан адасу пайда болады. Уақыттың шектілігі оның шексіз қашықтыққа қатынасында тур деген түсінік қалыптасады. Уақыт тіпті қайсыбір қатынаста шекті болғанымен, сол уақытта қашықтық шексіз болады, бұл шындығында қисынсыз және қашықтық бойынша шексіз және уақыт бойынша шектінің қосындысынан алшақтау болып табылады. Уақыты бойынша шекті және қашықтығы бойынша шексіз бір қатынаста тұрғандай болып көрінеді. Осының салдарынан адасу туындайды. Сондықтан, егер онда қашықтық, шексіз және шекті, соған қоса уақыт туратын, қатынастарды қатаң қарастырсақ, онда (129 б б.) қозғалатын дене не шекті уақытта шекті қашықтықты, шексіз уақытта шексіз қашықтықты өткені белгілі болады және олардың бірі де қисынсыз емес. Парменид силлогизмі де тап осындай: «Өмір сүретіннен басқасының бәрі, өмір сүрмейді, ал өмір сүрмейтіннің бәрі, қайсыбір зат болып табылмайды». X. Тезиске шындықта оған қарама-қарсы тезисті қолданбаудан туындайтын, софизмдер /47/. Бұл қашан қарама-қарсы айтылымдарды жіберуге болатын шарттар сақталмаған жайдағы, көрініс табатындар. Бұл шарттар жоғарыда саналып өтті. Қарама-қарсы алғышарттар, қашан екі қарама-қарсы алғышарттардың бірінің бастауышы мен баяндауышы бір күйде, немесе бір уақытта, немесе екеуі де таратылған болып тұрғанда, тек сонда қолданылады. Егер де олардың екеуі немесе бірі бір күйде немесе бұл қатынаста, не¬месе [силлогизмнің] бұл бөлігінде мақұлдаушы болса, онда бұл софизмдер пайда болуына әкеледі. Бұл софизмдер екі жағдайда пайда бола алады: 1. Қарама-қарсы силлогизм арқылы тезисті дәлелдеуге ұмтылғанда. Әдетте, қарама-қарсы жайлар жіберілгенде, алдымен оны қарама-қарсы силлогизм арқылы дәлелдеуге ұмтылатын, тезис айқындалады және оның ақиқаттылығына күмән келтірілмейтін, басқа алғышартты оған қосады. Кейін одан өзіне қатысты күмән тумайтын қорытынды шығарылады. Осыдан, егер мүмкін емес шықса, онда ол бастапқы тезистен шықпайды, онда ол мүмкін емеске қарамақарсы болғандықтан, бастапқы тезистің ақиқаттылығы шығады. Бұл жағдайда, қашан софизмдер пайда болғанда, дәл солай қарсы қою орын алғанда, онда алдымен оны бұл силлогизммен дәлелдегісі келген, тезисті белгілейді, кейін оған қарама-қарсы тезисті ұсыну шартын бұзады да және оған шындықта қарама-қарсы емес тезисті алға шығарады және оған басқа ақиқат алғышартты қосады. Осыдан кейін, егер бұған мүмкін емес шықса, онда
ол шындық та бастапқы тезиске қарама-қарсы болмайтындықтан шыққандығымен, мүмкін емес болып қала береді. Бұл жағдайда [бастапқы] тезис дәлелденбейді, себебі оған қарама-қарсы шынында қарама-қарсы емес, бірақ оның дәлелденгені сияқты көрініс пайда болады (130 а б.). Сондықтан Бұл жағдайда, жалған бола алатын ақиқат деп есептеледі. 2. Қарсылықтар айтқан жағдайда /48/. Мұнда қарсылық айтушы бірінші ретте берілгенге қарама-қарсыны ұсынуға тырысады. Ол өзіне айтылғанды қабылдайды, кейін силлогизмді қорытады және одан оған айтылғанға шынында қарама-қарсы емес қорытынды шығарылады немесе ол сондай болғанымен, қарсылық ретіндегі қарсы пікір шығарылады. Мысалы: «Әлдекім заттың не екендігін және оның нені көрсететіндігін білген, оны біле ме? Және сол, кім оның нені көрсететіндігін білмеген, оны білмей ме? Оның Зейд екендігін, сен - Зейдті білесің, оның грамматик екендігін сен білмейсің. Сондықтан, сен тек оның өзін білесің және оны білмейсің». XІ. [Дәлелдеуді талап ететін] бастапқы тезистің алдын алудан туындайтын, софизмдер /49/. Мұнда [дәлелдеу талап етілетін] тезистің өзі, онымен бұл тезис дәлелдеу қажет болатын, силлогизмнің бөлігі ретінде алынады. Бұл софизмдер екі түрге бөлінеді: 1. Олар бастапқы тезисті терістейтін, сондайлар. 2. Оларда бастапқы тезистің терістейтін, сондайлар. Оларда бастапқы тезистің дәлелденуі жүретін /50/ софизмдер оз кезегінде екіге бөлінеді: а) оларда тезис субъектісі /51/ оның алғышарттарында қалып қойған силлогизмнің бөлігі болатынға және [дәлелдену керек болғанның] орта термині болып табылатын, сондайларға; б) оларда [дәлелдеу керек болатын] тезистің предикаты орта термин және оның алғышарттарында қалған силлогизмнің бөлігі болатын, сондайларға. Бұл түрінде, егер силлогизмнің белгілі үш бөліктері бір зат ретінде алынса, онда бастапқы тезистің екі бөлігі міндетті түрде бір және сол затты құрастырады. Осыны көрсетуге тыйым салынбаған, себебі олар синоним заттар. Бұл түрді қолдану салдарынан дәлелденбеген дәлелденген сияқты болып көрініс табады. Зерттеушінің надандығы мен сөйлеушінің қызулығы [дәлелдеуді талап ететін] тезисті оған силлогизм бөліктері тұрғысынан қарастыруға міндеттеді деп, осыны көрсетуге болмайды. Алайда зерттеуші мен сөйлеуші, [дәлелдеу қажет болатын] тезис пен силлогизмнің бөліктері ретінде алынғанның арасында, ол шындығында олардың арасында ерекшеленбейтін, ал тек ұйғарылған негізде бар болатын, қайсыбір дәрежедегі қайсыбір қайшылық /52/ бар деп есептесе, қателікке барады (130 б б.). Заттар мәндерінде олар шынында да бар, олар белгіленбегендіктен, ұйғарымда білдірілмейді. Сондықтан бұл жағдайда қайшылықтар заттар мәндерінде мүлдем орын алмайтындай болып көрінеді. Шындықта орын алмайтын қайшылықтарға келсек, олар заттардың мәндері мен негіздерінде жоқ болуымен, тек ұйғарымда өмір сүретіндіктен, олар тек [заттар] атауларындағы қайшылықтар болып табылады. Ал олар заттардың мәндерінде бар болып, ұйғарылғандарда жоқ болатындықтан, заттар арасында өмір сүретін қайшылықтар болып табылады, солар туралы олардың арасында ешқандай айырмашылық жоқ деген пікір кездеседі. Мысалы, жалпы мен жекенің арасында, заттардың атрибуттары мен көріністері ара¬сында, тұтастық пен оның бөліктерінің арасында. Бұл жай, қашан бір заттардың басқаларына қатынасы көзге анық болғанда, қалай бұрын еске алынғандай, орын алады. Тағы да, қашан (екі) заттың арасын¬да қайшылықтың жоқтығы туралы ұйғарым болмағанда, бұл (екі) заттар бір заттай көрініс табады, бұл [заттардың] мәнді белгілеріне қатысты орын алады. Сондықтан мынадай ұйғарымдардың арасында ешқандай айырмашылық жоқ деп есептеледі: «Әлем дөңгелек
формаға ие», «Әлем қайсыбір формаға не» және «Әлем шекті» деген ұйғарымның арасында. Дәл солай мыналардың арасында да айырмашылық жоқ деп есептеледі. «Әлем дөңгелек немесе дөңгелек емес» және «Әлем шекті немесе шексіз». Тағы да мыналардың ара¬сында да айырмашылық жоқ: «Әлем шекті және шексіз» және «Әлем шексіз және өзінің бүкіл жиынтығымен қозғалады». Сонда «бүкіл жиынтығымен қозғалады» деген «ол шексіз» дегенмен қайшылықта тұрады. Ал «шексіз» сөзі «ол [әлем] дөңгелек» ұйғарымына қайшылықты болады. Сонымен, кім осындай екі ұйғарымдарды қосатын болса, сол тым ақылды әрекетке бармайды. Олар бастапқы тезисті бекерлейтін, софизмдер өз кезегінде былай жіктеледі: а) оларда [дәлелдеуді керек ететін] бастапқы тезиске қарама-қарсы тезис алынатын, сондайлар. Бұдан кейін бұл қарама-қарсы тезистің дәлелденуі жүзеге асырылады. Бұл қарама-қарсы тезистің өзі (131 а б.) ол [дәлелдеуді керек қылатын] бастапқы тезис болып табылатын сол бөліктің орнына силлогизмнің екі бөлігінің бірі ретінде алынады. Кейін оған [қарама-қарсы тезиске] басқа алғышарт қосылады. Бұл жағдайда қалыптасқан жай, бастапқы тезисті дәлелдеуде туындаған жайға ұқсас болып шығады; б) дәлелдеуді керек қылатын, бастапқы тезис оған қарама-қарсы тезиске қосылатындар. Осыдан міндетті түрде жалған қорытынды шығады. Сондықтан бұл жағдайда, [дәлелдеуді керек қылатын], бастапқы тезис терістелді деп есептеледі, себебі екі қарама-қарсы алғышарттардан тұратын силлогизмде, алғышарттардың бірі күмәнсыз жалған болып табылады.Мысалы: «Кез келген ғылым алдын алушы болып табылады, кез келген ғылым алдын алушы болып табылмайды». Осыдан шығатыны - кез ғылым ғылым емес. Бірақ екі қарама-қарсы алғышарттардан сирек қатар алынады. Жиі ретте бір қарама-қарсы алғышарт алынады, оған ол және қарама-қарсы алғышарттар мақұлдайтын, бір алғышарт осыдан құрастырылады. Мысалы: «Бірде бір ғылым алдын алушы болып табылмайды, ал медицина алдын алушы ғылымға жатады», себебі «медицина алдын алушы ғылым» дегенмен және «кейбір ғылымдар алдын алушы ғылымдарға жатады» дегенінің арасында ешбір айырмашылық жоқ. Осыдан шығатыны - «медицина ғылым емес». Бұл сөйлем мен «кейбір ғылымдар ғылым емес» дегеннің арасында ешбір айырмашылық жоқ. Кейде сөйлемнен оған қарама-қарсы сөйлем шығарыла алады. Мысалы: «Бірде-бір зат танылмаған», «Мына зат танылған». Және мысал: «Әрбір зат қозғалады. Заттың бәрі қозғала бермейді». Егер айтылған қашанда ақиқат болса, онда оған қарама-қарсы айтылым, әдетте, кездейсоқтық негізінде емес, ал мәнді арқылы шығады; Сонымен, бастапқы тезистің алдын алудан шығатын софизмдер, оларда бастапқы тезисті дәлелдеуге ұмтылатындар және бастапқы тезиске қарама-қарсы дәлелдеуге ұмтылатындар, болып табылады. Жүргізілетін дәлелдеу бұл софизмдерде (131 б б.) [дәлелдеуді керек қылатын] бастапқы тезистің бөлігі болып табылады. О л екі жолмен жүре алады: 1) көрініс болатын және 2) шынайы. Сонымен, [дәлелдеуді керек қылатын] бастапқы тезистің алдын алу көрініс және шынайы түрде жүзеге асады. Бұл олардың [софизмдердің] кейбірінде дәлелдеу шынай түрде, ал басқаларында ықтимал ұйғарылған түрде жүргізіле алатындығын білдіреді. Оларда дәлелдеу шынай түрде жүргізілетін, софизмдер былай жіктеледі: а) оларда есім есіммен ауыстырылатындар. Мысалы: «Ләззат алу игілік болып табылады (себебі ол қуаныш әкеледі)». «Батылдық мақтауға туратын қасиет (себебі ол күшқуат береді)». «Әділеттілік абыройлы сана (себебі ол бейтарап)» б) оларда есім айтылыммен ауыстырылатындар. Мысалы: «Шынында да қуатты жүрек құдіретті, себебі ол қауіптерді елемейді». Бұл айтылымның екі бөлігі де батылдыққа сілтеп тұр.
Оларда дәлелдеуден шамалап (көрінетіндей) жүзеге асатын софизмдер, былай бөлінеді: а) оларда [бұл] затты дәлелдеу үшін зат түгел алынатын, сондайлар. Мысалы, бастапқы тезис былай болсын: «Қарама-қарсылар туралы ғылым біреу». Осыны дәлелдеу үшін алынатыны: «Қарама-қарсы қоюлар туралы - бір ғылым». Бұл жағдайда [дәлелдеу қажет болған] бастапқы тезис алынды деп ұйғарады; б) оларда [бұл] затты дәлелдеу үшін заттың бөліктері алынатын, сондайлар. Мысалы: «Қарама-қарсылар туралы ғылым біреу». Осыны дәлелдеу үшін қарама-қарсылардың бөліктері алынады. Мысалы: «Жұп пен тең екеуі де бір ғылымға жатады». Қарамақарсылардың басқа бөліктері де тап осындай; в) затты дәлелдеу үшін оларда заттың атрибуттары [ажырамас қасиеттері] алынатын, сондайлар. (132 а б.) Бәрінен анық бұл оның қарама-қарсысын дәлелдеу үшін затты алуда көрінеді. Мысалы: «Үшбұрыштың қырымен ортаққа ие бірде-бір диаметр жоқ». Бұл тезисті дәлелдеу үшін алынатыны: «Диаметр мен ортақ үшбұрыштың бірде-бір қыры жоқ». Осындай софизмдер [заттардың] басқа көзге анық атрибуттарымен де тап осылай. [Дәлелдеудің] соңғы үш типі шындығында [дәлелдеуді қажет ететін] бастапқы тезистің алдын алу емес, ал дәлелдеудің силлогизимдері екендігін, білген жөн. Осыған, өзімен индукцияны көрсететін, төртінші типті де, көзге анық дәлелдеулерді жиі қолданылатын, өзімен салыстыруды білдіретін, бесінші типті де қосуға болады. Алайда, қашан олар өз көрінісімен [дәлелдеу қажет ететін] бастапқы тезистің алдын алуға жатады. Дәлелдеу үшін оларда бастапқы тезистің бөліктері алынатын, софизмдердің бірі мысалы: «Медицина - сырқаттар және денсаулық туралы ғылым». Дәлелдеу үшін бұл айтылым екі айтылымға бөлінеді: «медицина - денсаулық туралы ғылым» және «медицина - сырқаттар туралы ғылым» және әрқайсысы бөлек қарастырылады. Бұл софизмдер [біз атап өткендей], оларда бастапқы тезистің алдын алу шынайы емес, ал ықтимал және шамаланған түрде жасалатын софизмдерге жатады. Осыған мысал ретінде, ол қозғалыс деп тек есептелетін, [уақыт] аралығында дене мен қозғалыстың жоғалуын, қозғалыс деп анықтайтындардың айтылымын келтіруге болады. Мұнда «қозғалыс» қозғалыс анықтамасынан алынып отыр, себебі жоғалу қозғалыстың синонимі, ал «аралық» -уақыттың синонимі болып табылады. Айналудың дәлелдемесі де [дәлелдеуді қажет ететін] бастапқы тезистің бөлігі болып табылады. Шындығында өткізілетіннің мысалы¬на мынаны келтіруге болады: «Ай домалақ келбеттес, себебі ол сопақ жарыққа ие». Кейін: «Ай сопақ жарыққа ие, ал сопақ жарыққа иенің бәрі домалақ болып келеді». Содан кейін біз ай жартының сопақтығын оң домалақтығымен түсіндіреміз және (132 б б.) ай домалақ деген қорытындыға келеміз; содан домалақтың бәрі сопақ жарыққа ие деген шығады. Ықтимал жүргізілетінге мынадай мысал келтіруге болады: «Күн - күндіз пайда болатын жұлдыз». Егер біз күндізді анықтасақ, онда Бұл үшін күннің анықтамасын аламыз. Сонда былай дейміз: «Күндіз Бұл күннің атуы мен батуының аралығындағы уақыт» [Дәлелдеуді қажет ететін] бастапқы тезистің қарама-қарсысы, тезистің алдын алуда, әдетте, алынатын қарамақарсылықтар: 1) мақұлдаушы және терістеуші; 2) [тура] және қарама-қарсы; 3) тән емес және тән. Бірінші көзқарастан анық оған қарама-қарсы болатын тезиске, бастапқы тезистің алдын алу қолданылмайды. Бірақ ол бірінші көзқарастан, не оған қарама-қарсы болатын тезисті жасыра алатынға, міндетті түрде қолданылады. Ал бұл арқылы ол жасырыла алатын, қатынастар мыналар: 1. Синонимдік сөздік білдірулердің қатынасы. 2. Жалпы мен жекенің қатынасы. 3. Салдар қатынасы. 4. Қосылу және бөліну қатынасы. 5. Ұқсастың
қатынасы. Айтылғанмен байланысты ол бастапқы тезиске қарама-қарсы болатынды жасыратын, тезистің алдын алу түрлерінің [саны], он бес түрде құрастыратынын, атап өту керек, олар төменде қарама-қарсылықтар типтеріне сай саналып өтеді. Сонымен, келтірілген қатынастардағы - мақұлдау және терістеу - қарама-қарсылықтар мысалдарынан бастайық. 1) Синонимдік сөздік білдірулер қатынасына: «Әділдік пайдалы, ал әділдікпен әрекет ету пайдасыз». Бұл қатынас сөздік білдірулерді бір-бірімен ауыстыруға байланысты былай бөліне алады: «Әділдік пайдалы, ал жетістігіне қатысты үлестіру пайдасыз» және соған ұқсас: «Күшті жүрек пайдасыз, ал қатерді елемеу пайдалы». 2) Жалпы мен жекенің қатынасына: «қарама-қарсылықтар туралы ғылым - біреу». Осыдан шығаратыны: (133 а б.) «Сырқаттар мен денсаулық туралы ғылым - біреу емес». 3) Салдар қатынасына: «Әлем шексіз». Осыдан шығаратыны: «Әлем сопақ формалы» немесе «Әлем бүкіл тұтастығымен қозғалады». 4) Қосу мен бөлу қатынасына: «Аспан не ауыр, не жеңіл, өйткені аспан тек түнде тербелгендіктен, одан жұлдыздар түсіп жатады». Немесе «Жұлдыздар ыстық және суық болады». Немесе: «Күннің тұтылуы оның сене бастауы болып табылады». Осыған Афросен деп аталған, Доростың айтқаны жатады: «Міне олар шірімейтін сүйектер және ол таралмайтын, немесе жаратылмаған, тән». Мына айтылым да осындай. «Нүкте таралмайды, бірақ ол «қанша» деген категорияға енеді». Және соған ұқсастар. 5) Ұқсастық қатынасына: «Құлақ оған қарай естілетіннің қозғалысымен естиді, ал көз оған көрінетіннің қозғалысы арқылы көреді». Мұнда естуге, оған ұқсаста терістелетін, тіркеледі. Ол [есту] және онымен ұқсас [көру] бір заттай айтылады, оған сол зат тіркелгендей және сол зат терістелгендей болады, ал сол уақытта, ода терістелген, ода тіркелетінмен ұқсас болып шығады. Дәл солай, оған тіркелетін, ода терістелетінмен ұқсас болып шығады. [Тура] мен қарама-қарсының қарама-қарсылығының мысалдарын келтірейік: 1) синонимдік сөздік білдірулердің қатынастарына: «Әділдік пайдалы, әділдікпен іс істеу зиянды». 2) Жалпы мен жекенің қатынасына: «Қарама-қарсылықтар туралы ғылым біреу, ал білім мен надандық туралы ғылымдар көптеген». 3) Салдар қатынасына: «Әлем қосылған бөліктерге ие. Әлемде бостық бар». Бұл жерде «бостық» (133 б б.), «қосылғанға» қарама-қарсылықты өзімен көрсететін, қорытынды шығарылады, өйткені бостық бар жерде оның бөліктері ажыраған. 4) Қосу және болу қатынасына: «Әлем мәңгі». Кейін алынатыны: «жануарлар жаратылған; тастар мен металдар жаратылған». Кейін: «Жұлдыздардың қулауы бұл тәртіпті бұзады». Сондықтан «Әлем бөліктерін басқару қайсыбір қарама-қарсылықтар арқылы жүргізіледі». 5) Ұқсастық қатынасына: «Түйсікпен танылатын заттарды түйсіну, ақылмен танылатын заттарды тануға ұқсас». Кейін: «Егер ақылмен танылатын заттар оған күшті әсер етсе, ақыл күштілеу бола бастайды, ал қашан түйсікпен танылатын заттар оған күшті әсер етсе, түйсіктер әрбір ретте әлсіздеу болады». Солай, жарқылы күшті заттар көзді әлсіретеді, ал тым қатты дауыстар естуді әлсіретеді. Тым күшті иістер иіс сезіну түйсігін әлсіретеді. Тым ащы тағамдар дәм қабылдауды әлсіретеді. Суық және ыстық сияқты, сезімге қатты әсер ететін заттар, сезіну сезімі үшін зиянды». Орын алмау мен тән болудың мысалдарын келтірейік. 1) Синонимдік сөздік білдірулердің қатынасына: «Өз жетілуіндегі әділетті, әділеттілік ондағы оз жетілуімен бақытты. Ал толық
турашылдыққа ие турашыл, ондағы өз жетілуімен бақытсыз». 2) Жалпы мен жекенің қатынасына: «Ізгі ниетті оз рахымдылығымен бақытты. Әділетті өз әділетсіздігімен бақытсыз». Бұл жерде «ізгі ниетті» «әділетті» үшін ортақ болып табылады. 3) Салдар қатынасына: «Зейд жарлы. Зейд жомарт». Бұл жағдайда «аса жомарт» дегеннен «өте бай» деген шығады. 4) Қосу және болу қатынасына: «Ас-салам [Багдад] қаласының барлық тұрғындары күресте және салт атпен жүруде жарысады. Осы¬лай олардың арасынан ең күшті, ең қиындықтарға төзімділер бөлініп шығады» (134 а б.). Осында олардың бөліктерімен басқаратынның жоқтығы арқылы жиынтықты басқару жүзеге асады. 5) Ұқсастық қатынасына: «Шынында да, түйсікпен танылатын заттардағы түйсік, ақылмен танылатын заттардағы ақылға ұқсас». Сосын: «Ақыл қашанда ақылмен танылатын заттар туралы дұрыс қорытынды шығарады, ал түйсіктер, түйсікпен танылатын, заттарға қатысты өз қорытындыларында кейде адасуға барады». Мысалы, «Қашан адам қайықпен жүзгенде, оның қайығы жүзген бағытқа қарама-қарсы бағытта, жағалаулар және ондағының бәрі қозғалатынын көреді». Жалпы, егер [дәлелдеуді қажет ететін] бастапқы тезис қайсыбір зат болса, онда силлогизмнің бөлігі, бастапқы тезиске қарама-қарсы, тезистің күші оның күші болатын, затқа жатады. XІІ. Қорытындының шығарылуы себебі сапасында, қорытынды шығарылуының себебі болып табылмайтын алынатындықтан туындайтын, софизмдер /53/. Бұл тура және қарамақарсы силлогизмдерде [бекерлеу силлогизмдерінде] орын ала алады. Тура силлогизмде /54/ туындайтын, софизмдер: 1. Олардан керек зат туралы да, басқа зат туралы да қорытынды, егер олар өзгеріссіз болса, не оларға затты қосумен де, не оларды затты алып тастаумен де шығарылмайтын, сондайлар. Олардың алғышарттары, бәрі немесе өз көпшілігінде, жалған немесе белгісіз болып табылады. Мұндай софизмдерде жалған бүкіл формаға және материяға таратылады. Осындай софистік силлогизмдердің фигуралары, одан қорытынды шығарылмайтындай және оның алғышарттары жалған немесе ақиқат емес түрде көрінетіндей болып шығады. Міне бұл, ал олардың алғышарттары түйсіктер арқылы жалпы қабылданған, жарамды және танымал болатындығы емес, осындай софизмдер туындауының себебі болады. Мысалы, Мелистің силлогизмі тап осындай: «Егер өмір сүретін пайда болса, онда оның бастамасы бар. Бірақ ол пайда болған жоқ, сондықтан, оның бастамасы да жоқ. Сондықтан өмір сүретін [абсолютті] бірегей болып табылады немесе не бастамаға не түпкіліктіге ие емес». Осындай силлогизм зиянды айтылым деп аталады (134 б б.) 2. Олардан қорытынды шығарылатын, бірақ керек қорытынды шығарылмайтын, сондайлар. Мысалы, Парменидтің силлогизмі тап осындай: «Өмір сүретіннен басқа, не бар, соның бәрі өмір сүрмейді. Өмір сүрмейтін, қайсыбір зат болып табылмайды. Сондықтан, өмір сүретін жалғыз өмір сүретін болып табылады. Бірақ шындықта бұл силлиогизмнен осындай қорытынды емес, ал басқасы шығады: «Өмір сүретіннен басқа, не бар, соның бәрі қайсыбір зат болып табылмайды». 3. Олардан керек қорытынды бірінші кезекте емес, ал екіншісінде шығарылатын, сондайлар. Мысалы: «Кім мәннің бөлігі мән болып табылады дегенді дәлелдеуге талпынғандар, қисынсыздықты мақұлдайды, себебі мән болып табылмайтын, мәнді бекерлемейді, бірақ мәннің жалған бөлігі мәнді бекерлейді». Сосын осыдан шығаратыны:
«Мәннің бөліктері мән болып табылады», ал бұл осы айтылымнан бірінші кезекте шығарылмайды. Керісінше, осыдан шығарылатыны: «мән бөліктері мән болып табылмайды». Тек осыдан кейін «олардың мәні» екендігі шығарылады. 4. Олардан керек қорытынды, бірақ кездейсоқ негізінде шығарылатын, сондайлар. Сондықтан, олардан шынайы қорытынды шығарылатын, жалған алғышарттар оларда алынады. Себеп мұнда орта терминнің силлогизмдегі себепті негіздеу үшін кездейсоқ негізде алынатындығында тур. Кейін одан керек қорытындының ілесуі себебі шығады. Мысал сапасында мына дәлелдеуді алайық: «Жер ешқандай бағытта қозғалмайды, себебі Әлемде ол қозғала алатын бос орын жоқ. Сондықтан, егер Әлемде бос орындар болса, онда оны Әлемнің басқа бөліктері толтыратын болар еді». 5. Олардан қайсыбір ғылым үшін сол ғылым енбейтін арқылы жарамды болатын, сондайлар. Мысалы, геометриялық жайды, геометрияға жатпайтын, алғышарттар, арқылы дәлелдеу: «Үшбұрыштың екі жағының қосындысы үшіншісінен үлкен; бірқалыпты қозғалыста өтілетін қашықтық, көп уақытта - үлкен. (135 а б.). Бұл жағдайда, үшбұрыштың екі жағымен өтілетін қашықтық, үшінші жақпен өтілетін қашықтықтан үлкен. Сондықтан екі жақтың қосындысы үшіншісінен үлкен». Бұл кәдімгі алғышарттармен дәлелденеді. 6. Олардан керек қорытынды тек қайсыбір күйде шығарылатын, ал силлогизм бөліктері сол күйде алынбайтын, осының салдарынан басқа күйге қажет болатын, қорытынды шығарылатын, сондайлар. Бұл әсіресе осындай силлогизм жасап шығарылуда көрінеді, себебі бұл басқа күй айтылмайды. Мысалы, Протагордың пайымы: «Адам қажеттілікпен жануар болып табылады, себебі ол оз таңдауы бойынша әрекет етеді және оз мұқтаждықтарымен жүреді». 7. Оларда көзге анық-мыс деп есептелетіндіктен, кейбір алғышарттар түсіп қалатын, сондай силлогизмдер. Бірақ бұл алғышарттардың түсіп қалуының шынайы себебі олардың жалғандығында тур, себебі оларға ақиқат болу тән емес. Силлогизм бөліктерінен ең анықтарын түсіріп тастау енді дәстүрге айналып кеткен, бұл оңтайлыққа талпыныспен себептеледі. Мысалы: «Бірлік тарамайды, себебі әрбір «қаншама» деген не қосылған, не бөлінген болып табылады. Ал «бірлік» қосылмаған да, бөлінбеген де, сондықтан «бірлік тарап кетпейді». Бұл қорытынды тек осы айтылымнан шықпайды, бірақ олар, «бірлік сол сияқты емес», оған «әрбір бөлінген «қаншама» дегенді білдіреді» деп айтқанды қосып және осыдан «бірлік тарап кетпейді» деген қорытынды шығарылған жағдайдың салдары болып табылады. Осында түсірілген, өзінің тым анықтылығымен түсіріліп тасталған. Сондықтан осындай пайымдар, ілесу себебі сапасында себеп болып табылмайтын алынған жағдайда туындайтын, софизмдерге жатпайды. Бірақ осындай софизмдерге, оның жалғандығы байқалмау үшін түсіріліп тасталатындар жатады (135 6 б.). Мысалы сапасында Лукрецийдің пайымын /55/ алуға болады: «Өлім, бізде барға сәйкес келетін, бірдеме болып табылмайды /56/, сондықтан, «өлім бізде барға сәйкес келмейді». Бұл қорытынды тек бір айтылымнан шықпайды. Шындығында ол мынадан шығарылады: «Таралып кететін, бізде барға сәйкес келмейді». Және тек қана одан емес. Егер бұл айтылым дұрыс болса, онда оны былай өзгертеді: «Егер бұл осылай болса, онда таралып кететін, бізде барға сәйкес келмейді, себебі таралатын түйсінбейді. Егер бұл осылай бол¬са, онда таралатын, сезінбейді. Яғни өлім сезінбейді. Сезінбейтін, бізде барға сәйкес келмейді. Сондықтан, өлім бізде барға сәйкес келмейді. Сондықтан, ол болып жатса, қорықпау керек, және ол бізде бардай және ойлайтынымыздай, соншама қорқынышты емес». Бұл айтылымдардың
көпшілігі жалған болғандықтан және «не таралса, сол сезінбейді» дегендегідей белгісіз болғандықтан түсіріліп тасталады, шынында бұл жалған айтылым, себебі «сезінбейтін толық таралып үлгерген». Сондықтан, «таралып кеткен, сезінбейді» деген айтылым жалған. Егер өлім таралып кететін болса, онда өлім сезінбейтін болып табылады деген шықпайды. Сондықтан, ол қатерлі және қорқынышты емес деген де шықпайды. Көрініп тұрғандай, басында келтірілген алғышарттар, қорытынды шығуының себебіне жатпайды, ал олар себеп сияқты алынып тур. Осыған ұқсас риторика саласында жиі болып жатады. Мысалы: «Зейд - ұры, себебі ол түнде жүреді». 8. Олар қажетті қорытынды шығаруға мүлдем себебін тигізбейтін, сондай алғышарттар алынғандар. Бұл мылжыңдаумен әуестенетіндерде жиі кездеседі. (136 а б) 9. Оларда тыңдаушы үшін белгісіз немесе жарамсыз алғышарттар алынған, шындығында олар ақиқат болғанымен, бірақ олар арқылы дәлелдеу қазіргі уақытта жеңіл емес болатын, сондайлар. Олар көбінесе диалектика саласына жатады. Сонымен, бұл тура силлогизмде туындайтын, софизмдер болып табылады. Ал қарама-қарсы силлогизмде /57/ бұл софизмдердің екі түрі пайда болады. 1) Мүмкін емес мүлдем тезиспен байланысты емес /58/, софизмдер. Мысалы: «Диаметр үшбұрыштың жағына ештеңесімен ұқсас емес, бірақ егер бұлай болмаса, онда ұқсас-ақ болсын. Әрбір қозғалатын [дене], оны түгел өткенше, қашықтықтың жарты сын өтеді, ал егер қашықтықтың жартылары шексіз болса, онда осыдан қозғалатын [дене] шекті уақытта шексіз қашықтықты өтеді деген шығады, ал бұл мүмкін емес. Сондықтан, диаметр үшбұрыштың жағына ештеңесімен ұқсас емес. 2) Мүмкін емес, онсыз да одан шығатындай болып, тезиспен соншама байланыстылығынан туындайтын, софизм. Бұл тезистің силлогизм бөліктерінен алынып тасталатынында тұр. Сонда мүмкін емес қалған бөліктерден шығарылатындай болып көрінеді. Егер бәрі осылай болса және мүмкін емес тезиссіз шықса, онда мүмкін емес тезис болып табылады. Мысалы: «Өмір мен жан бір және сол нәрсе болып табылмайды. Егер бұл осылай болмаса, онда жан мен өмір бір нәрсе болсын. Бар нәрсе таралуға қарама-қарсы. Егер осылай болса, онда таралу өмір сүруге қарама-қарсы. Өлім таралу болып табылады және ол өмірге қарамақарсы. Егер осылай болса, өмір бар. Сондықтан, адам да бар, бірақ ол пайда болады, ал пайда болған өмір сүрмейді. Тек өмір сүретін ғана өмір сүреді. Сондықтан, өмір сүретін, өмір сүрмейді, ал бұл мүмкін емес. Сондықтан, жан және өмір бір және (136 б б.) сол зат болып табылмайды». «Өмір» бұл пайымда көп қайталанады, сондықтан мүмкін емес оның бір бөлігімен байланысты деген көрініс пайда болады. Сондықтан мүмкін емес бұл пайымда, оның тұтастығынан бұл мүмкін емес шығатын тезистің бір бөлігіндей көрінеді деп пайымдайды, сонда шындықта бұл осылай емес. Сондықтан бұл пайымнан тезис алынып тасталса, онда осының өзі мүмкін емес болып, онда пайымның басқа бөліктерінен мүмкін емес шықпас еді. Ендеше, егер мүмкін емес бөліктерден тезиссіз шықса, онда өзінің жалғандығын байқататын, мүмкін емес одан шықпас еді. Бұл жағдайда тезис өз ақиқаттылығын көрсетпейтіндей болады. Бұл софизмдер, олар қорытынды шығуының себебі болып табылмайтынды себеп сапасында алудан туындайтын, софизмдерге жатады. XІІІ. [Бекерлеу] нысанын алмастырудан туындайтын, софизмдер /59/. Алмастыру үшін не сөйлемше, не ұқсас, не ортақ, не жеке, не тура немесе қарсы ілесу, не қарама-қарсы, не салыстыру, не жанды елестету, не сезімдік мысалдар пайдаланылады. Саналып өткеннің әрқайсысы өзіндік арнаулы ерекшеліктерге ие. Егер ол заттың орнын алса, онда өзінің арнаулы ерекшеліктерін сақтамайды; керісінше, бұл жағдайда, оның бұл арнаулы
ерекшеліктері, оның орнын ол алған, сол затқа тиесілі деп есептеледі. Мысалы: «Құдайлардың көптігі құдіретті Алла есімдерінің көпсандылығынан туындайды. Егер оған арналған соз естілсе, онда адам естиді». Ұқсаспен ауыстыру мысалы сапасында, кім «бостық бар» деп айтқанға, Анаксагордың «сол үрленген қарынды басып жатыр» деген жауабын келтіруге болады. Жалпымен алмастыру, мысалы, егер адам туралы айтылғанды жануарға ауыстырып жатқанда орын алады (137 а б.). Тура ілесумен алмастырудың мысалы: «Егер адам өмір сүрсе, жануар да өмір сүреді». Сондықтан, «жануар» «адамды» алмастырады. Сонда «жануар» және «адам» ұғымдары тектік болып алынады. Кері ілесудің мысалы: «Күндіздің қажеттілігі күннің өмір сүруінен шығады», ал қарама-қарсыға: «Ақ пен қараның ортасында аралық жоқ. Жұп пен тақтың ортасында аралық жоқ». Салыстыру мен алмастыруға; «Оны құртты. Оның құртушысы - уақыт емес, бірақ уақыт соған ұқсас», [яғни уақыт өтеді, ал адам өледі]. Ал жанда елестету мен алмастыру көптеген заттарда адасуға ендіреді. Мұнда ол жеке-дара қиялда орынбасар болып көрінетін, басқа заттың суреті алға шығады. Мысалы, біз Әлем пайда болғанға дейінгіні өзімізде елестеттік. Бірден сол мезгілде бізде, соған дейін болған, шексіз уақыт туралы елес пайда болады. Дәл солай, мысалы, Әлемнен тысты елестетейік; бізде бірден не бостық, не шексіз дене пайда болады. Дәл солай Демокрит және көптеген ежелгілер өздерінің белгілі айтуларында жанда елестету негізінде уақыт жойылмайды, ол шексіз деген. Солай, Демокрит пен Левкипп дүниеден тыс шексіз бостық бар деп есептеген және осыдан біздің дүниемізден тыс шексіз дүниелер бар деп қорытынды шығарған. Дәл солай көптеген адамдар өздерінде елестету арқылы, ауа бостық және ыдыстың ішіндегі ауа, ыдыстың қабырғаларымен шектелген, қуыстық болып табылады деген сияқты, ауа туралы айтып жатады. Өзінде елестету, әрбір уақытта ода туындайтын мұқтаждықтарға сай, заттар мен [құбылыстардың] жақтарының қайсыбірін алмастырады деп, айтуға болады. Егер кімде-кім өз елестетулерін пайдалануда тәжірибесіз болса және бірін алмастырса, ал бұл елестету шындықта затқа сәйкес келмесе, онда бұл адасудың басталуы. Осыған байланысты Эмпедокл және басқа ежелгілер, сәулелер - денелер деп ұйғарған. Дәл солай көптеген адамдар қараңғылық көлеңкелі денелер және сүйектер деп санаған. Сезімдік мысалдарға келсек, оларда қателіктер, әсіресе оларды түсіндіруде, «көзге қарсыны белгілеу» деп аталатын, математикалық сала қолданылғанда, әбден анық болып шығады. Осыны түсіндіру үшін үшбұрыштың екі жағының қосындысы үшіншісінен үлкен [60] деген геометриялық қағиданы алайық. Осыны бекерлеу және керісіншені дәлелдеу үшін екі бірдей шеңберлерге жанасатын екі доғаны алайық (суретті қараңыз).
Олар АВ және CD доғалары және олар Е нүктесінде жанассын. Әрбір шеңбердің орталығы бұл доғалардың 2 нүктелері - Ғ және Н болсын. Біз 2 орталықта ҒКІН сызығымен қосайық, кейін Е нүктесін -Н және Ғ екі орталықтармен, ЕП және ЕҒ сызықтары арқылы қосайық. Кейін ЕНҒ үшбұрышында ЕН және ЕЕ жақтарының қосындысы, ол үшінші жақ болып табылатын, НҒ-тен кем деп айтайық. Мұны дәлелдеуге болады, себебі НЕ сызығы ҒЕ сызығына тепетең, себебі олардың екеуі де бірдей шеңбердің екі орталығынан шығарылады. Ал HІ сызығы HE сызығымен бірдей, себебі олардың екеуі де оны қоршаған шеңбердің орталығынан шығарылады, ал FK FE сызығына тең, себебі олардың екеуі де қоршаған шеңбердің орталығынан шығарылады. НЕ мен ЕҒ қосындысы HІ мен FK қосындысына тең. Сондықтан, егер біз HІ мен ҒК-ға ІK сызығын қоссақ, онда, ол ҒЕ және EH қосындысынан тұтасымен
алғанда үлкен, НҒ сызығын аламыз. Осының салдарынан, (138 а б.) үшбұрыштың екі қырының қосындысы үшіншісінен, кіші деген шығады, ал осыны біз дәлелдегіміз келді. Сонымен, заттарға қатысты адасуларға апаратын, барлық софизмдерді келтірдік. Ал қателіктер бұл жағдайда, олардан бөліктер алынған, екі шеңберлердің орталықтары, онда олар болуға тиіс, өз орындарында белгіленбеуінде және бір орталықтан басқасына жүргізілетін тура сызық, бұл жанасатын шеңберлердің шынайы орталықтарын қосуға міндетті болатын, сол тура сызық жүргізілетін жерден өткізілмегендігінде тұр. Бұл софизмдер әркімді адасуға апара бермейді, ал тек кемшілігі немесе кемшіліктердің жиынтығы барға тән. Бұл оның не силлогизмді және оның түрлерін, не олардың маңыздылығы көрсетілген алғышарттарды, не «силлогизм» терминінің бөлігін толық білмегендіктен, немесе [басқа трактаттарда] біз атап өткен қабілеттердің бірін әлде барлық төртеуін дамытпағандықтан, бұл шығады. Силлогизмді білмеу кемшілігіне келсек, онда ол егер логика өнеріне жаттығуды шеттетсе, әлде торт қабілеттерді, немесе олардың бірін жеткілікті дамытпаса, пайда болады. Бұл адамның өзінің елемеуінен, оның заттарды талдаудан кетуінен, алынбайтын кедергілерден және зейінсіздіктен туындай алады. Айталық, адам өз қалыптасуының басында ғылымдарда неге силлогизм арқылы жетуге болатынын, ал неге жетуге болмайтынын және силлогизм арқылы жетуге болмайтын, жалпы мойындалған білімнің үш сыныбын ажырата алмауынан, әлсіз болып шықты. Бұл деңгейде одан шегеріп тастаудың басқасында, бәріне күмән келтіріп, саса бастайды. Бұл деңгейде тұрған өзіне қатысты да, басқаларға қатысты да, мүлде ештеңені айта алмайды (138 б б.). Адам басын¬да заттардың арасындағы ұқсастық пен байланыстарды ажыратуда, заттарды терең зерттеуде әлсіз болатындығы түсінікті, сондықтан осындай жайда тұрған үшін, оның ақылы бір заттан басқа затқа ауысуы әбден мүмкін емес. Оның сөйлемшелерде әлсіз болатыны, және бір затты басқасынан ажыратуда шарасыз екендігі, дәл солай мүмкін. Бұл заттарда адасуларға түсетіндер, аталған қабілеттердің кейбірі жеткіліксіз дамығандарға жататындар. Олардың қатарына, заттардың бір-бірінен ерекшелігін айыра білу қабілеттілігі жеткіліксіз болатын және сөйлемшелердің мағынасын ажырата алмайтын, сондайлар жатады. Кім заттардың арасындағы ұқсастықты ажырата біліп, бірақ басқаларында әлсіз болып шықса, онда ол барлық басқа заттарға қатысты адасуларға барады және барлық басқа заттарда шарасыздық танытады. Оның пікірлері Протагор пікірлеріне ұқсас. Егер, ол сөйлейтін болса, онда оның сөздері софистік болып шығады, оның софистикаға икемділігі оның заттар арасындағы ұқсастықты ажыратып, басқаларындағы әлсіздігімен сәйкес болып шығады. Кім заттар арасындағы ұқсастықты ажыратуда әлсіз, бірақ олардың арасындағы айырмашылықты көре білсе, сол жартылай шатасады, ал кім көрсетілгенмен бірге сөйлемшелердің мағынасын ажыратуда әлсіз болса, сол толық шатасады. Көптеген адамдар тым ұмытшақтық салдарынан, не заттардың арасында орын алатынды, өздерінің түсініктерінің сай келетінін, әзір сезінеді. Олар ақылдарында сезім мүшелері және сөздік айтылулар арқылы алатынын ұмытады. Олар сөйлемшелер арқылы, екінші болып шығатын, сезім мүшелері арқылы бірінші болып алынатын, заттарды тексергеннен кейін, сол заттар тек сезім мүшелері арқылы бірінші және жалғыз алынғандай болып көрінеді. [Екі] заттардың арасындағы ұқсасты бөліп көрсету қабілеті Бұл [ұқсасты] не сезім мүшелері арқылы, не, егер [екі] бұл заттар бірі басқасын түсіндіретіндей болып көрінгенде, тек сол жағдайда ақыл арқылы тануға мүмкіндік береді. Кез келген адамның ғылымға
жарамайтыны және кез келген адамның оған ыңғайлы емес екендігі, қарастырғанда көрінеді (139 а б.). Сонымен, біз силлогизмді зерттеп шықтық және заттардың бір-бірінен айырмашылығын сенімді көре аламыз және егер байыпты қарасақ, біз адасуға ұшырамаймыз және пікірталастарда шатаспаймыз. «Адасуларға апаратын, орындар туралы» деген кітап аяқталды. Аллаға шүкіршілік және оның пайғамбарына ізгі тілек болсын. Аль-Фараби. Логические трактаты. Алма-Ата. Наука, 1975. С. 361-438.
КІШІ СИЛЛОГИЗМ НЕМЕСЕ СИЛЛОГИЗМ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТУРАЛЫ ҚЫСҚАША ТҮСІНІКТЕМЕ КІТАБЫ, ЯКИ ҚАЛАМ ӨКІЛДЕРІИІҢ ТҮСІНІГІНДЕГІ ЛОГИКА ТУРАЛЫ ҚЫСҚАША ТҮСІНІК КІТАБЫ (65-бет) РАХЫМДЫ ДА МЕЙІРІМДІАЛЛАНЫҢ АТЫМЕН БАСТАЙМЫН СЕНЕН ЖӘРДЕМ СҰРАЙМЫЗ ЖӘНЕ САҒАН ТӘУЕКЕЛ ЕТЕМІЗ Кітаптың бөлімдері: Бірінші сөз - жалпы пайымдау /2/ туралы, олар не нәрседен құралады және олардың қанша түрі болады. Екінші сөз - қарама-қарсылықты пайымдау /3/ туралы, олар қандай жағдайда қарамақарсы болады. Оның түрлері, шындық пен өтіріктен алатын орны. Үшінші сөз - шындығы силлогизм арқылы емес жететін пайымдаулар түрлері. Төртінші сөз - категориялық силлогизмдер /4/ туралы, олар не нәрседен тұрады, және қалай құралады. Бесінші сөз - шартты силлогизмдердің /5/ негізі, жағдайлары туралы, олар не нәрседен тұрады, және қалай құралады. Алтыншы сөз - қарсылық /6/ арқылы болатын силлогизм туралы, олар не нәрседен тұрады, қалай құралады. Жетінші сөз - полисиллогизм туралы. Сегізінші соз-индукция/7/туралы. Индукциялық пайымдаудың силлогизмге оралуы. Оны пайдаланатын және пайдаланбайтын жәйттер. (68-бет) Тоғызыншы сөз - қорытынды жасау жолы және оның белгісізге дәлел болатын дедукция туралы, ол қандай дедукция және ол не нәрседен құралып қалай силлогизмге оралады, өзіне қажетті түрде қарсы болмасы үшін қалай өзгереді және қандай жағдайда өзіне қарсы келуі мүмкін. Оныншы сөз - Аристотель «Силлогизм туралы» кітабының соңында соз қылған құқықтануда қолданатын силлогизмдер туралы. Ондай силлогизмнің қанша түрі бар және олар қандай болады. Кітап жарық көрген соң қарастырылатын бөлімдер осылар. Бұл кітаптың мақсаты адамдарға диалектика және құқықтану өнерлерінде логикалық силлогизм ретінде қолданатын силлогизмнің қандай болатынын көрсету. Олардың [каләм иелерінің] айтқан сөздеріндегі дәлелдері мен сылтауларындағы силлогизмдердің дұрыс болуын және логика өнерінде дұрыс қолдануын [үйрету] және олардың құрылымы мен формасына теріс немесе қарсы келмеуі үшін жасалды. Сондықтан да мұндағы барлық мысалдар немесе олардың басым көпшілігі диалектикалық және құқықтық болып жасалды. Рахымды да Мейірімді Алланың атымен бастаймын
Кітапта Әбу Мухамед бин Мухамед әл-Фараби мутакаллимдердің дәлелдері /8/ мен муфаккиһтердің [шариғат құқықтанушылары] /9/ пайымдауларындағы логикалық силлогизмдерді антикалық мектеп сарынымен анықтайды. Әбу Насыр былай деді: Әуелі силлогизмді, дедукцияны және білуіміз керек болған беймәлім нәрселердің қалай анықталатынын түсіндіруіміз қажет; силлогизмнің қанша түрі бар, олардың әрбірі қалай байланысады, олар не нәрседен құралады, онда қандай ережелер сақталады, бұл жерде Аристотель сол логика өнерінде қолданған заттардың нақ өздері. Олардың көпшілігінде араб тілі иелеріне белгілі сөздерден құралған арнайы қалыптасқан сөздердің болуы лазым және осы заңдылықтарды түсіндіру үшін біздің замандастарымызға түсінікті мысалдар болуы керек. Аристотель оз кітабында сол заттарды дәлелдегенде оларға оз тілінде қарапайым сөздерден құралған сөйлемшелерді қолданды және оз замандастарына белгілі әрі кең қолданыста болған мысалдарды келтірді. Егер осы тілдің иелерінде сөйлемшені құрастыру өзге елдердің салтында болмаса және сол дәуірде белгілі мысалдар басқа дәуірде белгілі болмаған да, онда (69-бет) Аристотель сол заттарды түсіндіру үшін қолданған мысалдары Бұлыңғыр болып біздің заманның адамдарына түсініксіз болар еді. Тіпті біздің дәуірдің көп адамдары өздерінің логика туралы кітаптарын пайдасыз санап [ысырып] тастауға жақын болар еді. Егер біз сол заңдарды түсіндіруді мақсат тұтсақ, онда оларды анықтауымыз үшін біз өз замандастарымыздың арасындағы зерттеушілерге таныс мысалдарды қолдануымыз қажет. Біздің Бұл әрекетіміз заңдылықтарды түсіндіру үшін Аристотельдің шын мәнінде қолданған дәлелдері мен сөз тіркестерін дәлме-дәл келтіріп анық еліктеушілікке салынбаймыз. Мұны білімсіз адам жасайды. Бірақ, оған еліктеу дегеніміз - оның мақсатына сол амалымен сәйкес болу, үйренуші адамның кітаптағы мысалдар және.сөздермен шектеліп, олардың не айтқысы келгенін білмей сонымен ғана қанағаттану емес. Бірақ, Аристотель адамдардың өздеріне сондай жағдайлардың арқасында белгілі болатын нәрселерді үйрету мақсатын ұстанды. Сол сияқты әлгі заттар туралы сөйлемше біздің тілдегі адамдар үшін грек тілінде жеткізілсе Аристотельге еліктеу болып есептелмейді. Егер сөйлемшені орнатқан ол болса онда оны грек тілінде белгілейді. Бірақ, оның кітабында бар нәрсені кез келген тіл иесіне өздерінің тілінде баян етілсе еліктеу сол болады. Сондай-ақ, егер тек Аристотельдің мысалдарын ғана келтірсе оған еліктеу болып есептеледі. (70-бет) Бірақ, оған еліктеу деп -оның кітабындағы заңдылықтарды кез келген өнер мен ғылымды игерген, кез келген тілдің иесіне барлық уақытта өздеріне үйреншікті мысалдармен жеткізуді айтады. Сондықтан, оның келтірген мысалдарынан біздің заманның зерттеушілеріне жат болғандықтан бас тартуды жөн көрдік. Біз оларда белгілі болғанды пайдаландық және кітабымызда қысқаша ғана жалпы түрде силлогизмнің ең қажетті мәселелерін баяндадық, [өзіміздің] силлогизм туралы пайымдауымызды ретімен келтірдік және мұнда оның негізін қалау үшін шамамыздың келгенінше оны жеңілдеттік. «Бірінші сөз» немесе бірінші бөлім Жалпы пайымдау туралы, пайымдау неден құралады және оның қанша түрі бар. Пайымдау дегеніміз - бір нәрсе екінші бір нәрсе туралы шешім шығарады, біздің мына сөзіміздегі сияқты «Зейд бара жатыр», «Әмір кетіп бара жатыр», «адам келеді». Зейд [сөзі] бара жатыр [сөзі мен] сипатталып оған үкім шығарылды және ол туралы хабар берді. «Зейд» барушы
қасиетіне ие болып соған бағынады және ол сол «Зейдті» басқарушы. Баяндауыш зат есім немесе етістік те болуы мүмкін, мынау сөйлемшедегі сияқты «Зейд жүреді», «Зейд жүрді». Кейбір етістіктер біздің мынау «Зейд барады» сөйлемшеміз сияқты келер шақты білдіреді, кейбір етістіктер осы шақты көрсетеді. Араб тіліндегі осы шақты білдіретін етістік /10/ «Зейд келеді» келер шақ етістігінің де формасында келеді. (71-бет) Егер біз пікірдегі анықтауышты үш шаққа жіктейтін болсақ, онда бізге «болды», «болады», «бар еді», «бар», «қазір ол» т.е. сөздерді пайдалануымыз қажет. Сонда біз «Зейд кетіп бара жатқан болатын», «Зейд кетіп бара жатырған», «Зейд, ол қазір кетіп бара жатыр». Адамдар «болды», «болады», «ол қазір» деген сөздері бар пайымдауларды үштік пікірлер, ал бұл сөздер жоқ пайымдауларды екілік деп атайды. Анықтауышты предикат, ал анықталып жатырған [нәрсені] - субъект деп атайды /И/. Расында, предикаттар және субъекттер есім сөздер мен етістіктердің дәлі өзі емес, олардың мағынасында жұмсалатынын білген дұрыс. Егер, бастапқы кезде-ақ оларды ауыстырған сөздерді мағыналарын түсінуде қиындық туса, онда оларды предикат және субъект ретінде қарайды, әрбір пайымдау «Әмір кетіп бара жатыр» сөйлемшедегі сияқты бір нәрсе туралы бірдеңені растайды немесе «Зейд кетіп бара жатқан жоқ» сөйлемшедегі сияқты бір нәрсені теріске шығарады. Осы екі пайымдаудың әрбірі я кесімді болады, я шартты болады. Кесімді пайымдау деп кез келген тиянақты және кесімді «Зейд жүреді», «Әмір жүрмейді» - деген сияқты терістейтін пайымдауды айтады. Шартты пайымдау өзінде шартты басқаруды қамтитын пайымдау. Шартты пайымдау «егер күн көтерілсе, күндіздің болғаны» сөйлемшесі сияқты өзінде бір нәрсе мен екінші нәрсенің байланысын білдіреді. Мұндағы «егер» сөзі «әрқашан», «қашан да» сияқты сөздері мен алмастырылып пайымдаудағы күндіздің болуын күннің шығуымен білдірсе яғни біріншінің екіншімен байланысын білдірсе; немесе [шартты] пайымдауда бір нәрсенің екіншіден бөлінуі немесе айырмашылығы айтылады. Мысалы, «бұл уақыт я түн, я күндіз» мұндағы «я» сезін немесе осыған ұқсас сөздер күн мен түннің айырмашылығын көрсетеді. «Адам жануар» сөйлемшесіндегі сияқты субъектісі жалпы универсалды түсінік болатын пікірлер болады (72-бет) және «Зейд - ақ» сөйлемшесіндегі сияқты субъектісі жалқы түсінікті [пікірлер] болады. Жалпылық дегеніміз - бір нәрседе бірнеше зат бір бірінде ұқсастық табады, жалқылық -екі зат бір біріне мүлдем ұқсас емес. Мысалы, «Зейд және Әмір». Сонымен, предикат «Зейд - адам» сөйлемшесі жалпылық болады, «адам» жалпылық түсінік және ол «Зейдке» предикат, ал Зейд - тұлға. Предикаттар тұлғалар болып келулері де мүмкін «мынау отырған - Зейд». Жалпылық субъектісі бар пайымдау бүтіндей немесе бір бөлікті басқаруды көрсететін пайымдауға алып келуі мүмкін. Бұл барлық растау және терістеу пайымдауларына қатысты. Субъектіге көтерілген нәрсенің барлығы санды көрсеткіш болады /12/. Біз «барлығы», «кейбірі», «ешбір», «барлығы емес» деп айтамыз. Осы көрсеткіштер «бүтінді», «кейбірді» растау үшін немесе олардың кейбірін растау үшін пайдаланылады. «Ешбір» сөзі барлық [ұғымын] терістеу үшін пайдаланылады, «барлығы емес» - кейбір [ұғымын] терістеу үшін пайдаланылады. Енді предикат өз субъектісін бүтіндей растайтын пайымдауға келер болсақ, онда «барлық адам - жануар» сияқты жалпылық растау деп аталады. Егер предикат
субъекттің барлығын емес тек бір бөлігін растайтын болса, онда «адам сол - кім ақ болса» немесе «адам болған - ақ» сөзіміздегі және осыған ұқсас сөйлемдер жалқылық пайымдау деп аталады. Енді, терістеу [пайымдауына] келсек, онда «ешбір адам ұшпайды» сөйлемшесі сияқты предикат субъектіні толық терістейтін болса жалпылық терістеу деп аталады. Сол сияқты терістеу пайымдауына келер болсақ «кез келген адам - ақ емес» немесе «адам сол - кім ақ болса» сөйлемшелеріндегі сияқты предикат субъекттің бір бөлігін терістесе жалқы терістеу болады. ЕКІНШІ СӨЗ Қарама-қарсылық пайымдаулар турасында (73-бет) Растау мен терістеу пайымдаулары қарама-қарсы болмауы мүмкін. Бірақ, олардағы субъект бір болып бір бірімен бірігетін болса қарама-қайшылық болуы мүмкін. Бұл жағдай предикаттарға да қатысты. Бұл кезде предикаттың субъекті растау уақыты немесе терістеу уақыты бір мезгіл болуы керек. [Бұл нәрсе жағдайға да қатысты]: субъекттің терістеу кезіндегі жағдайы субъектті растау уақытындағы жағдай болады; предикаттың субъектіні растау кезіндегі жағдайы, предикаттың субъектіні терістеу уақытындағы жағдай болып табылады. Қалған артық деп саналатын шарттар біз атап көрсеткендердің құрамына кіреді, Бұл «жазушы Зейдтің кеше көзі ауырды» деген сөзіміздегі сияқты. [Мұнда] Зейдтің ауырғаны расталып өткен шақта баяндалды. «Зейд ауру емес» сөзі оған қарама-қайшылық терістеу емес. «Жазушы Зейдтің кеше көзі ауырған жоқ» сөйлемшесі терістеу болады. Сол сияқты «негр - ақ тісті» сөйлемшесіне терістеу ретінде «негр - ақ тісті емес» сөйлемшесі келеді, ал «негр - ақ емес» деп оны терістей алмаймыз. Растау мен терістеу пайымдаулары қарама-қарсы болу шарттары осындай. Қарама-қарсы пайымдауларының бірнеше түрі бар, мысалы сол бір ғана субъектінің өзінде: «Зейд - ақ», «Зейд - ақ емес». Бұлар міндетті түрде қарама-қарсы аталып кейін барлық жағдайда шын және өтірік болады. Егер біреуі шын болса, қандай жағдайда екеуі болғанымен екіншісі өтірік болады, екеуі де бірдей я өтірік болмайды, я шын болмайды. (74-бет) Жалпы түсінікке ие пайымдауларды жалпы қарама-қарсылық деп аталады. Егер әрбір универсалды субъектте әрбір екі қарамақарсы пайымдау да универсалды сайды көрсеткіш қосылса, ол көрсеткіш басқарудың екі субъектке де ортақ екенін білдіретін [болса], онда мұндай пайымдаулар қарсы деп аталады, біздің «барлық адамдар - жануар», «ешбір адам - жануар емес» сөйлемшелеріміз сияқты. Бұл екі пайымдау рас болып, кейде өтірік болады, біздің «барлық адамдар - жануар» және «ешбір адам - жануар емес» сөйлемшелер сияқты, болмаса [манау] «барлық адамдар - ақ» және «ешбір адам - ақ емес» - деген өтірік сөйлемшелер сияқты. Егер екі универсалды қарама-қарсы пайымдаулардың субъектілерімен байланысқан көрсеткіш субъектің бір бөлігінің басқарылуын білдіретін жекелік болса, біздің «кейбір адамдар ақ емес», «барлық адамдар ақ емес» сөйлемшедегі сияқты «кейбір адамдар ақ емес», «барлық адамдар ақ емес» мұндай пайымдаулар қарсылық астындағы деп аталады, олар біздің сөйлемшедегі сияқты шын кейде өтірік болады «кейбір адамдар - жануар», «барлық адамдар жануар емес», немесе «кейбір адамдар ұшады», «барлық адам¬дар ұшпайды».
Егер қарама-қарсылық пайымдау субъектісінің бірімен байланысқан сайды көрсеткіш жалпылық болып, ал екіншісі жекелік сандық көрсеткіш болса, бұл екі пайымдау қарамақарсылық деп аталады. Жалпы сандық көрсеткіш растау пайымдауының субъектісімен, ал жеке сандық көрсеткіш терістеу субъектісімен байланысады. Біздің мынау сөйлемшеміз сияқты «барлық адамдар - жануар», «адамның барлығы жануар емес». Терістеу субъектісімен байланысқан жалпы сандық көрсеткіш болса ол растау субъектісімен байланысқан жалпы сандық көрсеткіш біздің мына сөйлемшеміз сияқты «кейбір адамдар - жануар», «ешбір адам - жануар емес». Осы екі түрде қарама-қайшы пайымдаулары болып әр кезде және барлық жағдайда шын мен өтірік түрлеріне бөлінеді. Қарама-қарсылық пайымдауы субъектілерінің бірімен байланыспаса біздің мынау сөйлемшеміз сияқты «адам - жануар», «адам - жануар емес». Бұл екі пайымдау белгісіз деп аталады. Бұлардың шындық пен өтіріктен алатын орны қарсылық астындағы пайымдауға сәйкес болады. ҮШІНШІ СӨЗ Пайымдау түрлері (75-бет) Пікірлердің болмысында белгілі және белгісіздері болады. Болмысында белгілі [пайымдаулардың] арқасында біз олардың пәлен-түген екені туралы растау аламыз. Болмысында белпаз [пайымдау] болса олардың пәлен-түген немесе ондай емес екені туралы хабар бермейді. Пайымдауды растау силлогизм және силлогизм арқылы емес болады. Тануы мен растауы силлогизм арқылы емес келетін пікір үш түрлі болады/13/; қабылданған /14/, танымды /15/ және сезім арқылы қабылданған /16/. Қабылданған - бір немесе бірнеше сенімді кісілер арқылы келген пайымдаулар. Танымды - барлық адамдардың арасында немесе олардың көпшілігіне, ғалымдардың ішінде және осы кісілердің біріне де теріс келмейтін адамдарға да белгілі болған пайымдаулар. Белгілі пайымдаулар өнер адамдарының және бұл өнерлерді жақсы білетіндердің арасында және бұларға қарсы келмейтіндерге де белгілі. Сезім арқылы қабылданатын - сезімнің қабылдауы арқылы пайда болатын пайымдау, мысалы «күн жарық», «түн қараңғы». Пайымдаудың осы үш түрінен /17/ басқаларының барлығы силлогизм білімі арқылы келеді. Силлогизм - сөйлеушінің сөзінен [ой-пікірінен] туратын әрі құрастырылуы акцидентальды емес мәнді болған пайымдау, логикалық түрде бір заттан бір қажеттіліктен туындайды. ТӨРТІНШІ СӨЗ Категориялық пайымдау туралы Силлогизм арқылы белгілі болған білім қорытынды және нәтиже деп аталады. Силлогизм, кейбір кезде торт білімнің бірімен айқындалған пікірден құралады. Енді бір кезде пікірлер [осы] торт білімнің біріне оралатын басқа (76-бет) силлогизмнің нәтижесінен пайда болады. Ең азында силлогизм екі түрлі пікірден тұрады. Бұл екеуіне ортақ бір бөліктің болуы қажет. Кейде силлогизм шартты және кесімді пайымдаулардан құралады. Категориялық силлогизмнің он төрт түрі бар.
Бірінші силлогизм. Екі пікірде бізге міндетті түрде [белгілі] төрт білімнің бірі арқылы мәлім болуы керек; «барлық дене құралған», «барлық құралған жаратылған», ендеше логикалық түрде «барлық дене құралған». Бұл екі бүтін пікірден құралған бірінші силлогизм; «барлық дене құралған» және «барлық құралған жаратылған». Мұнда «құралған» І сөзі] ортақ бөлік Бұл сөз екі пікірде де келеді, бірінде предикат болса, екіншіде - субъект. Силлогизмде ортақ бөлік ортаңғы термин деп танылса қалған екі бөлігі шеткі термин деп аталады. Ортаңғы термині предикат болып келген пікір кіші пайымдау деп аталады. Ортаңғы термин субъект болған пікір үлкен пайымдау болады. Екінші силлогизм: «Барлық дене - құралған», «ешбір құралған - мәңгі емес», осыдан логикалық түрде «ешбір дене - мәңгі емес» болады. Бұл пайымдау екі пікірден құралды, олардың кішісі жалпылық растау ал үлкені - жалпылық терістеу, қорытынды жалпылық терістеу болды. Үшінші силлогизм: «Бар болған - құралған», «барлық құралған - жаратылған». Бұл силлогизм екі пікірден құралды, олардың кішісі жалқылық растау, үлкені - жалпылық растау, ортаңғы термин «құралған», қорытынды жалқылық растау болды. Төртінші силлогизм: «Бар болған - құралған», «ешбір құралған - мәңгі емес» (77беті осыдан логикалық түрде; «бар болған - мәңгі емес» немесе «бар болғанның барлығы - мәңгі емес» туындайды. Бұл екі пікірдің кішісі жалқылық растау, ал үлкені - жалпылық терістеу, қорытынды жалқылық терістеу болды. Осы торт силлогизмде ортаңғы термин екі шеткі терминдер үшін субъект, ал басқасына предикат болғаны байқалды. Екі шеткі терминнің ортасында ортаңғы терминнің /18/ орналасу тәртібімен құралған силлогизмдер - бірінші формадағы силлогизмдер деп аталады. Мұндай силлогизм төртеу, жоғарыда көрсетілген сияқты олардан нәтиже шығаруға болатынына өздерінен белгілі. Егер силлогизмдер осындай жолмен құралса - кәміл [толық] силлогизм. Бұларға жатпайтындар өздігінен логикалық қорытынды шығармайды. Бірақ, оларды ашықтағанда осы торт кәміл силлогизмдерге оралады /19/. Бесінші силлогизм: «Барлық дене - құралған», «ешбір мәңгі - құралған емес» осыдан логикалық түрде «ешбір дене-мәңгі емес» болады. Пайымдаудың екі пікірінде де ортақ сөз «құралған» және ол екі шеткі терминдер үшін предикат. Осы арада, кіші пікірдегі субъект - қорытынды субъектісі «барлық дене - құралған» сөйлемшесіндегі сияқты.Ортаңғы термин екі шеткі термин үшін предикат болып құралған силлогизмдер екінші фигура силлогизмдері деп аталады. Бұл силлогизмнің үлкен пікірі жалпылық терістеу, ал кішісі - жалпылық растау. Силлогизмнің бұл түрі өзінде логикалық қорытындының болуын қажет санамайды, бірақ өзінде сол логикалық қорытындының қажеттілігін байқататын басқасына мұқтаж. Бұл «ешбір құралған - мәңгі емес» сөйлемшесіне де қатысты. Бұл жағдайлар «ешбір адам ұшпайды» мысалындағы сияқты жалпылық терістеу. (78-бет) Ендеше, бұл жағдай «ұшатын нәрсенің еш қайсысы адам емес» сөйлемшесінде де болады. Егер біз бұл екі сөздің біреуін айтсақ,
онда екіншісін де айтқан боламыз және бұл екеуінің бірі шын болса, екіншісі де шын болады. Себебі, жалпылық терістеу пайымдауында әуелгі пікір шын болса екінші қарамақарсы пікір де шын болады, ал егер ол өзінің қарама-қайшы [пікірінің] шындығын растамаса, онда өзі де шын емес, яғни, егер біз бір нәрсені бір жағдайға байланысты терістейтін болсақ, онда бұл жағдайға байланысты сол заттардың барлығын да терістеуімізге болғаны. Егер «ешбір адам ұшпайды» десек, онда «ұшатын нәрсе - адам» деп айта алмаймыз себебі, «егер ұшатын нәрсе - адам» [деп айтылса], онда «адам - ұшатын нәрсе» болады. Ендеше біздің «ешбір адам ұшпайды» деген сөзіміз шын бола алмады, себебі кұс деген уақытта адам түсінілер еді. Бірақ, «ешбір адам ұшпайды» деген сөйлемшемізді шын әрі дұрыс болуын қаласақ, онда біз «ұшатын нәрсе - адам» деп айтпауымыз керек. Өйткені, бұның бірін айтқан уақытта екіншісі де айтылған болады. Сол сияқты осы нәрсе «ешбір мәңгілік - құралған емес» сөйлемшесіне де қатысы бар. Егер біз оны айтқан болсақ, онда «ешбір құралған - мәңгілік емес» деп айтқан боламыз. «Барлық дене - құралған» пайымдауы екінші силлогизмде кел¬ген болатын /20/. Ендеше, бесінші силлогизмнің құрылымы екінші силлогизмнің құрылымымен теңеседі. Демек, бұл екі силлогизмнің бірінен шыққан логикалық қорытынды олардың екіншісінен шығатын қорытындымен тең болады. Алтыншы силлогизм: Бұл екінші фигураның екінші силлогизмы. «Ешбір дене сылтаусыз ыдырамайды», «барлық мәңгілік сылтаумен ыдырайды» енде¬ше, «ешбір дене мәңгі емес». Кіші жалпы терістеу және үлкен жалпы растау пікірлерінен құралған бұл силлогизмнің қорытындысы жалпы растау. «Ешбір дене сылтаусыз ыдырамайды» деп айтар болсақ, онда «сылтаусыз ыдырайтын нәрсенің ешбірі дене емес» болып шығады. «Күллі мәңгілік сылтаумен ыдырайды» сөзі екінші силлогизмнің құрылымына лайық келеді, осыдан логикалық түрде «ешбір мәңгілік дене емес» туады. Егер мұндай қорытынды болса, онда мынадай қарамақарсылық болуы керек еді: «ешбір дене мәңгі емес». Жетінші силлогизм: Екінші [фигураның] үшінші силлогизмі. «Бар болушы-құралған нәрсе» - және «ешбір мәңгілік - құралған емес» (79-бет) ендеше «бар болушы - мәңгі болмаған нәрсе». Кіші жалқылық растау және үлкен жалпылық терістеу пікірлерінен құралған бұл силлогизмнің қорытындысы жалқылық терістеу. Жоғарыдағы «Ешбір мәңгілік - құралған емес» сөйлемшені басқаша айтқанда «ешбір құралған - мәңгі емес», осыдан «бар болушы - құралған нәрсе» туады. Бұл төртінші силлогизмнің шығуына алып келеді. Сондықтан, төртінші силлогизмге сәйкес логикалық түрде «бар болушы - мәңгі болмаған нәрсе» қорытындысы болады. Сегізінші силлогизм: Екінші фигураның төртінші силлогизмі. «Бар болушы - дене емес», «барлық қозғалушы - дене» олай болса «бүкіл бар болушы - қозғалушы емес». Бұл силлогизм екі пікірден құралады. Біріншісі кіші жалқы терістеуші, екіншісі үлкен жалпы растаушы, қорытынды - жалқы терістеу. Жоғарыда айтқандай егер «бар болушы - дене емес» болса, онда «кейбір бар болушы - дене емес» деген мағына туындайды. Сөйтіп күллі денелердің ішінен «кейбіреуін» алып шықтық. Осы «кейбіреулер» жеке атауларға ие болады. Сол
«кейбіреулерге» мысалы «қара» жатады делік, онда «ешбір қара - дене емес», біз жоғарыда «барлық қозғалушы - дене»деген сөйлемшені алтыншы силлогизмге катысты айтқан едік. Ендеше, алтыншы силлогизм екінші [силлогизмді] қамтиды, осыдан логикалық түрде «ешбір қара - қозғатушы емес» және «қара - бар болушының кейбірі», «кейбір бар болушы - қозғалушы емес» осыдан кейін «бүкіл бар болушы - қозғалушы емес». Сегізінші силлогизмнің қорытындысына жатқызуымыз да осы. Жоғарыда түсіндіргеніміздей сегізінші силлогизм алтыншы силлогизм арқылы екінші [силлогизмге] оралады. Силлогизмнің сегізінші түрін екінші түріне алып келген осы тәсілді «болжау» тәсілі деп атайды. Қалған силлогизмдерде қолданған тәсілдер «қарама - қарсылық» тәсілдері. Екінші формадағы силлогизмнің барлық түрлері осы торт силлогизм болып табылады. Тоғызыншы силлогизм: Үшінші фигураның бірінші [силлогизмы] «бүкіл қозғалушы - дене», «бүкіл қозғалушы - жаралған» осыдан логикалық түрде «кейбір жаралған - дене» болады. Бұл үлкен және кіші жалпылық растау пікірлерінен құралды, екі жерде де ортақ термин әрі субъект «қозғалушы». Үлкен термин «жаратылған» екі шеткі терминдер үшін ортаңғы термині субъект болған силлогизмдердің барлығы үшінші формадағы силлогизмдер деп аталады. Бұл силлогизм осы фигураның біріншісі, мұндағы қорытынды - жекелік растау. (80-бет) Жоғарыдағы «бүкіл қозғалушы - жаратылған» сөйлемшесінде «кейбір жаратылған - қозғалушы» сөзін қамтиды. Осы «бүкіл қозғалушы - жаратылған» пікірінің дұрыс болуы үшін «жаралғанның» ішінде бір қозғалушысы болуы лазым, егер олардың ішінде «қозғалушысы болмаса», онда «ешбір жаралған - қозғалушы емес» қорытынды туады. Осы терістеу [силлогизмінде] «ешбір қозғалушы жаралған емес» қарама-қарсылық қамтылған. Ал енді «бүкіл қозғалушы - жаралған» да егер жаралған затта қозғалуға алып келетін бір нәрсе болмаса, онда «бүкіл қозғалушы - жаралған» пайымдауы да болмас еді. Ендеше, егер «бүкіл қозғалушы - жаралған» деп айтар болсақ, міндетті түрде «жаралған -қозғалатын нәрсе» деуіміз қажет. Осыған орай «бүкіл жаралған - қозғалушы емес» болуы шарт емес, ол кезде жалпылық растау [пайымдауы] жалпылық қарама-қарсы болуы лазым. Ендеше «бүкіл адам - жануар» немесе «бүкіл жануар - адам» болады, ал бұл өтірік. Сонымен, жалпы растау пайымдауы міндетті түрде өзінде жалпылық қарама-қайшылықты емес тек жалқы қарама-қарсылықты қамтиды. Сондықтан «бүкіл қозғалушы - жаралған» силлогизмі «жаралған - қозғалған нәрсе» болады, біз үшін пайымдау мынадай «бүкіл қозғалушы - дене» де¬ген тоғызыншы силлогизм үшінші силлогизмге оралып қорытынды «жаралған - дене болған нәрсе» болады. Оныншы силлогизм: Үшінші форма [силлогизмінің] екінші түрі. «Ешбір мәңгі - дене емес», «бүкіл мәңгілік -әрекет етуші» осыдан логикалық түрде келіп «әрекет етушінің барлығы - дене емес». Бұл силлогизм екі пікірден құралады; кіші жалпылық растау мен үлкен жалпылық терістеу, қорытынды - жалқылық терістеу. Біздің жоғарыда айтқан «бүкіл мәңгілік - әрекет етуші» сөзіміз «әрекет етуші - мәңгілік нәрсе» сөйлемшесіне ауысады. Сөйтіп, «ешбір мәңгілік - дене емес» төртінші силлогизмге оралып логикалық жолмен «кейбір әрекет етушілер -дене емес» болады. Осыдан соң «бүкіл әрекет етушілер - дене емес» силлогизміне айналады. Он бірінші силлогизм:
Үшінші фигураның үшінші түрі. «Бүкіл дене - құралған» және «дене - әрекет етуші нәрсе» осыдан «әрекет етуші - құралған нәрсе» [силлогизмі] туады. Бұл силлогизм екі пікірден құралды; үлкен жалпылық растау және кіші жалқылық растауы, қорытынды - жалқылық растау. (81-бет) Жоғарыда «дене - әрекет етуші нәрсе» - сөйлемшесі болған еді, ол өзінде әрекет етуші «дене» сөзін қамтиды, біз үшін дұрысы «дене - әрекет етуші нәрсе» сөйлемшесі. Мұнда денеге әсер ететін бір нәрсе болуы керек, егер әрекет етуші нәрседе дене болмаса «ешбір әрекет етуші - дене емес» пікірі пайда болады. Бұл жалпылық терістеу, нәтижеде «ешбір дене - әрекет етуші емес» деген дұрыс емес ұғым туады. Дене әрекет етуші болуы үшін «әрекет етуші - дене» дұрыс болуы керек. Бастапқы «бүкіл дене - құралған» сөйлемшесі үшінші силлогизмге оралып логикалық түрде «әрекет етуші - құралған» қорытынды шығады. Он бірінші силлогизмде көрсеткіміз келген нәтиже осы. Он екінші силлогизм: Үшінші форманың төртінші түрі. «Дене - қозғалатын нәрсе» және «бүкіл дене - жаралған» осыдан логикалық түрде «жаралған - қозғалған нәрсе». Бұл силлогизм үлкен жалпылық растау және кіші жалпылық растау пікірлерінен құралды, қорытынды - жалқылық терістеу. Бастапқы «дене - қозғалатын нәрсе» сөйлемшесі «қозғалатын нәрсе - дене» сөйлемшесіне ауысады. Сөйтіп, «бүкіл дене - жаралған» мысалы үшінші силлогизмге оралып логикалық түрде «қозғалған нәрсе - дене» болды. Бұл силлогизмнен «жаралған нәрсе - қозғалған» силлогизмі пайда болады. Он екінші силлогизмде көрсеткіміз келген нәтиже осы. Он үшінші силлогизм: Үшінші фигураның бесінші модусы. «Ешбір дене - мәңгі емес» және «дене болған нәрсе - орындаушы» осыдан логикалық түрде «әрекет етушінің барлығы - мәңгі емес» құралды. Бұл силлогизм үлкен жалпылық терістеу мен кіші жалқылық растау пікірлерінен тұрады. Бастапқы «дене - әрекет етуші нәрсе» сөйлемшесі «әрекет етуші - дене» сөйлемшесіне ауысады. Сондай-ақ, біздегі «ешбір дене - мәңгі емес» мысалы төртінші силлогизмге оралып логикалық түрде «барлық әрекет етуші - мәңгі емес» силлогизмі шығады. Он төртінші силлогизм: Үшінші фигураның алтыншы модусы. «Дене - әрекет етуші нәрсе емес» және «бүкіл дене - жаралған» осыдан логикалық жолмен «жаралған - әрекет етуші нәрсе емес» шығады. (82бет) Бұл [силлогизм] үлкен жалқылық терістеу мен кіші жалпылық растау пікірлерінен құралды, қорытынды - жалқылық терістеу. Әуелі де біздің пайымдауымызда «дене - қозғалатын нәрсе емес» болатын, одан «кейбір денелер - қозғалмайды» [силлогизмі] шығады. Осы «кейбір денелердің» ешбірі қозғалмайды, не басқа нәрсені қозғалысқа түсірмейді, осындағы «кейбір» сөзін «тау» сөзімен ауыстыралық, онда «ешбір тау - қозғалмайды» болады. «Барлық дене - жаратылған» ал «тау дегеніміз - дене» сондықтан «барлық тау - жаратылған» және «ешбір тау - құралмайды» деп оныншы силлогизмге қайтады. Олай болса логикалық түрде оныншы силлогизмде «жаратылған - қозғалмайтын нәрсе» деген қорытындыға келеді. Қорытынды турасында біздің ойлағанымыз да осы еді /21/. Бұлардың барлығы категориялық силлогизмдер. БЕСІНШІ СӨЗ Шартты силлогизмдер
Қазір шартты силлогизмдер жайлы айтамыз. Шартты силлогизм қарапайым болады. Ол екі пікірден құралады; үлкен шартты және кіші кесімді. Сондай-ақ [шартты силлогизм] екі түрден тұрады; біріккен және бөлек /22/. Біріккен деп аталатын силлогизмнің біріншісі екі түрге бөлінеді. Біріншісі; «егер әлем жаратылса оның жаратушысы бар» бірақ, «әлем жаратылған» ендеше «әлемнің жаратушысы бар». Осы екі пікірдің үлкені «егер әлем жаратылса оның жаратушысы бар» сөзіміз шартты болады. Пікір екі сөйлемнен тұратын бір бүтін болып тур, біріншісі «әлем жаратылған», екіншісі - «әлемнің жаратушысы бар». Біріншісі екіншісімен шартты түрде байланысып тұр, яғни «егер» шартты сөзі арқылы екінші пайымдаудың біріншімен бірігуіне шарт қойылып тұр. Бұл сөз біздің «жаралған» сөзі бар пайымдау мен «жаратушы» сөзімен бірігуін көрсетіп тұр. (83-бет) Сол сияқты осы демеулік шылауға ұқсас демеулік шылаулар туралы да [айтуға болады] мысалы, «егер әрқашан», «сияқты», «болса» және т.б. Бірінші [бөлігі] «негіз» деп аталады /23/, бұл біздің «егер әлем жаратылса» сөзіміз, екіншісі «салдар» деп аталады /24/, бұл біздің «әлемнің жаратушысы бар» сөзіміз. Сөйтіп, шартты силлогизм екі бөлімнен тұрады, біріншісі - негіз, екіншісі - салдар. Екі пікірдің кішісі кесімді [силлогизм], оған ерекшелік демеулік шылауы қосылады. Ол расында шартты пікірдің екі бөлігінің бірімен байланысып «ерекшеленген» деп аталады. Негізде салдар да ерекшеленулері мүмкін. Бірақ, шартты силлогизмнің бірінші пайымдауында «негіз» ерекшеленеді, ал қортынды да салдардың өзі болады. Шартты силлогизм екі растау пайымдауларынан ғана құралмайды, керісінше екі терістеуден құралуы мүмкін, біздің «егер күн көтерілмесе, күндіз болмайды» - дегеніміз сияқты. [Силлогизм] растау мен терістеу пайымдауларынан құралуы мүмкін; «егер түн болмаса, күндіз болады» сөйлемшесі сияқты. Осы мысалдағы сияқты «негіз» көптеген сөз болуы мүмкін; «егер дене шексіз болып және қозғалатын болса, оның қозғалысы түзу, ал түзу қозғалыс үлкен ара қашықтықпен және қозғалыс көлемімен байланыста, бұл ара қашықтық көлеммен теңеседі, ал көлем денемен бірге болады», ендеше «шексіз емес нәрсе басқа дене» болады. Мұндай жағдайда «негіз» көп сөзді, ал нәтиже бір сөзді қамтиды. Екінші шартты бірігу [силлогизмінің] екінші модусына келер болсақ, онда ол: «егер Құдай жалғыз болмаса әлем ретсіз орналасқан болар еді» бірақ, «әлем ретті орналасқан» ендеше «Құдай - жалғыз». Бұл силлогизм әуелгі пайымдаудың үлкен пікіріне қарсы келмегенімен оның ерекшелеу пікіріне қарсы. Егер шартты пайымдау силлогизмінде негізгі бөлім ерекшеленсе, онда бұл шартты силлогизмнің бірінші модусында болғаны, ал егер бұл жағдай керісінше оның салдарында ерекшеленсе, онда бұл шартты силлогизмнің екінші модусында болғаны, нәтижеде негіздің қарама-қарсы қорытындысы шығарылады. Екінші силлогизмде салдар қарама-қарсы (84-бет) пікірлер болуы мүмкін, мысалы: «егер дене шексіз болса, онда ол қарапайым болады немесе құралған болады» бірақ, «дене шексіз емес» ендеше «дене қарапайым да, құралған да емес» олай болса «шексіз дене жоқ». Шартты силлогизмнің екінші түрі шартты бөліну деп аталады. Оның көптеген модустары бар, мысалы біздің мынау сөзіміз сияқты: «әлем мәңгі немесе жаралған» бірақ, «әлем - жаралған» ендеше «әлем - мәңгі емес». Мұндағы мысалда пікірдің шарттылығы «не» [немесе] және осы сияқты тағы да басқа сөздер арқылы болады. Олар бір жағдайдың екінші жағдайға қайшылығын, бір-бірінің айырмашылығын және ерекшелігін көрсетеді. Шартты
пайымдаудың пікірде қайсы бөлігі бірінші келсе және оның бірінші келуі зәру бол¬са сол бөлігі негіз болады. Ол біздің мынау сөзіміз сияқты: «әлем - не жаралған, не мәңгі» [бұл жерде] негіз «әлем - не жаралған» сөзіміз. Ал егер біз осы сөздің алдына басқа соз қоятын болсақ және ол соз негіз болатын болса, онда шартты силлогизмнің екі бөлігі ылғи альтернативті болады. Сол сияқты шартты пайымдаудың екеуден де көп бөліктері болуы мүмкін [олай болған жағдайда] олар да альтернативті болады. Екі бөлікті ғана альтернативті пікірлерге біздің мынау сөздеріміз сияқты пікірлер жатады: «әлем - не мәңгі, не жаралған» немесе саны екеуден көп болатын пікірлер: «Зейд - не ақ, не қара, не қызыл». Әрбір пайымдау толық баламалы немесе толық емес баламалы болуы мүмкін. Толық баламалы пайымдауға екі немесе одан да көп көрсетілген баламалы пайымдаулар жатады, біздің мынау сөзіміздегі сияқты: «әлем - не мәңгі, не жаралған» немесе «бұл су -не ыстық, не суық немесе жылы». Толық емес баламалы пайымдауларға келер болсақ, оларда балама толық қамтылмайды, біздің сөзіміздегі сияқты: «Зейд - Иракта немесе Сирияда» немесе «Зейд - ақ немесе қара, немесе қызыл». Барлық шартты бөлінген (85-бет) силлогизмдер екі баламалық ғана болса және ол екеуі де ерекшеленсе, онда қорытынды қарама - қарсы болады. Ал егер ол екеуінің кез келген қарама-қарсысы ерекшеленсе, онда оз ретімен басқасы қалады /25/. Мысалы, «бұл сан - не тақ не жұп» бірақ, «ол - жұп» ендеше «ол - тақ емес» немесе «ол - тақ» ендеше «ол - жұп емес» немесе «ол - жұп емес» ендеше «ол - тақ» немесе «ол - тақ емес» ендеше «ол - жұп». Егер балама екеуден көп болса және олар толық баламалы болса, онда олардың кез келгенін ерекшелегенде ол қалғандарына қарамақарсы болады, мысалы: «бұл сан - көп немесе аз, немесе тең» бірақ, «ол - тең», онда «ол көп емес және аз да емес». Егер бұлардың екі қарама-қарсысын алар болсақ, онда қалған бөлігі қорытынды болады. Бұған мысал: «сан - үлкен немесе кіші, немесе тең» бірақ, «ол - не аз емес, не көп те емес» ендеше «ол - тең». Нақ осы жағдайдың өзі толық және үштен көп болған баламаға да қатысты. Егер олардың бірінің қарсысы ерекшеленетін [алынып тастатылатын] болса, онда қалған соңғылары қорытынды болады. Егер «бұл сан - тең емес» деген мысал алынатын болса, онда нәтижеде «ол - не үлкен емес, не кіші де емес» қалады. Әрқашан пікірлердің ішіндегі бірінің қарама-қарсысы алынып тасталатын болса, қалуы керек болған екі балама қорытындыға айналады. Сол сияқты егер екі пікірдің қарамақарсысының біреуі алынған жағдайда басқасы қорытынды болады. Егер балама толық болмай ол екеуінің бірі алынатын болса, онда қалған басқа бөлігі қорытындымен теңеседі, ал енді олардың біреуінің қарама-қарсысы алынса, онда ешнәрсе де болмайды, не екінші [балама], не де екінші [баламаның] қарама-қарсысы. Мысалы: «Зейд - Иракта немесе Сирияда, немесе Хижазда» бірақ, «ол - Иракта», ендеше «ол - Сирияда да, не Хижазда да емес». Егер «ол Иракта емес» алынатын болса, онда бұл арада міндетті түрде «ол Сирияда да немесе Хижазда да емес» деген қорытынды шықпайды бірақ, ол бұл жерде мүлдем жоқ емес немесе [осы қалалардың] бірінде болуы мүмкіндігін баяндайды, ол уақытта ол толық баламалы болады. Шартты силлогизмдердің ережелері (86-бет) осындай, біз оларды кітабымыздың ортаңғы бөлігінде атап көрсеттік. Қалған модустар осыларға жатады. АЛТЫНШЫ СӨЗ Қарама-қарсылық арқылы келетін силлогизм
Қазір қарама-қарсылық арқылы болатын силлогизм жайында сөз қозғаймыз. Категориялық силлогизмнің екі пікірі де шын болса дұрыс силлогизм деп аталып шын қорытынды пайда болады, мысалы: «бүкіл дене - құралған» және «бүкіл құралған -жаралған» ендеше «бүкіл дене - құралған». Егер кез келген пікірдің бірі шын болып, екіншісі күмәнді [яғни] өтірік немесе шын екені белгісіз болса, ал қорытынды өтірік екені анық болса, онда бұл силлогизм қарама-қарсылық арқылы болатын силлогизм деп аталады. Бұл силлогизм арқылы екі бөлімнің де күмәнді пікірлерінің қарама-қарсылық шындығын түсіндіреді, қорытындыны анықтайды, мысалы: «әлем мәңгі» және «ешбір мәңгілік - құралған емес» ендеше, нәтижеде «әлем - құралған емес». Бұл жалған қорытынды өтірікті көрсетіп тур сөйтіп, силлогизмде өтіріктің бар екені айқындалады. Бірақ, силлогизмдегі пікірлердің өзінің шын екенін байқатады: «ешбір мәңгілік құралмаған» ендеше қорытындыны біз басқа пікірден аламыз. Егер ол өзінде өтірікті қамтитын болса, онда қорытынды жалған болады. Осыдан логикалық түрде «әлем - мәңгі» деуіміз өтірік болып оған қарама-қайшылық ретінде «әлем - мәңгі емес» пікіріміз шын болады. Силлогизмнен қарама-қайшылық арқылы алынатын қорытынды осылай болады. Егер біз қарама-қарсылық силлогизм арқылы бір нәрсенің қорытындысын шығаруды қалайтын болсақ, онда өзіміздің қалаған нәтижемізге жетуіміз үшін былай деуіміз қажет: «әлем - мәңгілік емес» осыған қарама-қайшы болып «әлем - мәңгілік» пікірі алынады. Осы пікірге өзінің қосылса шын екенін көрсететін шын пікір қосылады (87-бет): «ешбір мәңгілік - құралған емес» ендеше осыдан барып «әлем - құралған емес» болады сөйтіп, мұнда анық өтірік байқалады: «әлем - мәңгілік емес». Бүкіл қарапайым силлогизмдер осындай болады. ЖЕТІНШІ СӨЗ Полисиллогизм [Енді] күрделі силлогизмдер туралы айтамыз. Біз [жоғарыда] көрсеткен силлогизмдер ылғи барлық силлогизмдерді қамти алмайтындары сияқты пікірлер де үнемі қолданыла бермейді. Олардың қорытындысы кәміл болуы үшін құрамынан ешнәрсе түсіп отырмасадағы құрылымы мен бөліктері үнемі ауысып отырады. Соның нәтижесінде оның қорытындысына әсер етпесе де оған жаңа нәрселер қосылып отырады. Сондықтан, әдетте Бұлар сөйлеу барысында және әдебиетте көрініс табады. Құрылымы біз айтқан силлогизмдерден басқа болып келетін кез келген силлогизм үлкен немесе кіші болуын, немесе құрылымының өзгеру мүмкіндігін біз айтқан болатынбыз. Әуелгі пайымдаудың өз жағдайында түсінікті болып қалуы силлогизм болады. Кез кел¬ген пайымдау пікірлерінің бірінде біздің айтқанымыз сияқты өзінің орнын өзгертеді және әуелгі пікірлер арқылы өзінің түсінігін өзгертеді, ал көздеулі мақсат екінші пайымдаудың арқасында бірінші пайымдаудағы көздеулі мақсат болмай қалады, сөйтіп бірінші [пайымдау] силлогизм болмай шығады. Силлогизм құралатын екі пікірдің де бірдей [жоғарыда айтқан] үш тәсілдің бірімен белгілі болуы мүмкін емес, бірақ силлогизм мұндай пікірлердің екеуінен құралуы мүмкін. Бұл [пікірлердің] біреуі немесе екеуі силлогизм арқылы белгілі болады. Силлогизм қураған бұл пайымдаулардың біреуі немесе екеуі де әуел бастан белгілі болуы мүмкін. Олардың бірінің немесе екеуінің де силлогизм арқылы түсіндірілу қажеттілігі жиі кездеседі. (88-бет) Сол
сияқты олар аяқталу үшін үнемі үш тәсіл арқылы әуел бастан белгілі болатын пікірден құралатын силлогизмге мұқтаж. Егер біз силлогизм арқылы бір нәрсені түсіндіруді қаласақ, онда оның құралатын пікірлері де силлогизм арқылы болулары керек. Ал бұл силлогизмнің пікірлері түсіндірілу барысында пікірлері әуел бастан белгілі болған силлогизмдерге мұқтаж болулары керек, яғни бұл әдістің жолы пікірлері әуел бастан белгілі силлогизмдерден басталады, ал қорытындыларды бір-бірімен біріктіріп немесе басқа пікірлерге қосудан тұрады. Ол екі пікірді қосқанда әуел бастан көздеулі қорытындыдан туындаған силлогизм болу керек. Егер біз бұл силлогизмнің бүкіл бөліктерімен басқа силлогизмдердің бөліктерін толық түрде келтіретін болсақ, онда біз пайымдауды барынша созып жіберген боламыз. Сол себепті, көп жағдайда ол бөліктердің кейбірімен шектеліп. ал өзіне анық қарама-қарсы келетін пайымдауларды мүлдем түсіріп тастау да керек болады. Сонымен силлогизм пікірдің біреуі немесе бірнеше бөліктері түскен, немесе біреулерімен шектелген көптеген силлогизмдердің құрамасы болады. Мысалы, егер біз бұл силлогизмдер арқылы «әлем - құралған» екенін көрсеткіміз келсе, онда ол: «бүкіл денелер - күрделі» және «бүкіл күрделі заттар акциденциямен ажырамастай байланысты» ендеше «бүкіл дене акциденциямен ажырамастай байланысты». (89-бет) Кейін, біз бұл қорытындыны алып оған: «акциденциямен ажыраусыз байланысқан бүкіл [нәрсе] - жаратушымен ажыраусыз байланысқан» деп қосамыз. Осыдан логикалық түрде: «бүкіл денелер - жаратушымен ажыраусыз байланысқан» біз осы қорытындыға: «жаратушымен ажыраусыз байланысқан бүкіл [дене] - жаратушыдан алдын келмейді» дегенді қосамыз. Бұған логикалық түрде: «бүкіл дене - жаратушыдан алдын болмайды» деген осы үшінші силлогизмді алып бұған: «жаратушыдан бұрын болмаған бүкіл [дене] - жаратушының болмысымен бірге болып келеді» дегенді қосамыз. Сөйтіп будан: «бүкіл дене жаратушының болмысымен бірге болып келеді» қорытынды туады. Осы қорытындыға: «жаратушының болмысымен бірге болып келе жатырған бүкіл [нәрсе] - бейболмыстан кейін пайда болған» дегенді қосамыз осыдан келіп: «бүкіл дене - бейболмыстан кейін пайда болған» шығады. Осы бесінші силлогизмге: «бейболмыстан кейін пайда болған бүкіл [нәрсе] - болмыс құбылысы» деген [пайымдауды] қосамыз, ендеше «бүкіл дене - болмыс құбылысы». Алтыншы силлогизмнің қорытындысына: «әлем - дене» [пайымдауын] қосамыз сөйтіп, логикалық түрде «әлем - жаралған» болады бірақ, егер силлогизмнің барлық бөліктері пайдаланатын болса, пайымдау созылып кетеді. Сондықтан, алдыңғы силлогизмдердің қорытындыларын қамтыған бұл силлогизмдердің бөлімдерін силлогизмнен шығарып тастау керек. Себебі, қорытындылар осы қорытындыларды шығаратын пікірлерде қамтылады. Кейін, олардың барлығына соңғы қорытынды қосылады, мысалы: «бүкіл дене - күрделі», «бүкіл күрделі нәрселер акциденциямен ажыраусыз байланысты», «жаратушымен ажыраусыз байланысты бүкіл [нәрсе] - жаратушыдан алдын болмаған», «бейболмыстан кейін болған бүкіл [нәрсе] - жаратылған», «жаратушымен бірге болып келе жатқан бүкіл [нәрсе] – бейболмыстан кейін пайда болған», «акциденциямен ажыраусыз байланысты болған бүкіл [нәрсе] - жаратушымен ажыраусыз байланыста», «жаратушыдан бұрын пайда болмаған бүкіл [нәрсе] - жаратушымен бірге болып келеді», (90бет) «жаратушымен бірге болып келе жатқан бүкіл [нәрсе] - бейболмыстан кейін пайда болған», «бейболмыстан
кейін пайда болған бүкіл [нәрсе] - жаралған», «жаратушымен ажыраусыз байланысқан бүкіл [нәрсе] - жаратушыдан бұрын пайда болмаған», «әлем - дене» ендеше «әлем - жаралған». Бұл мысалдар күрделі силлогизмдердің мысалы. Бұлар әртүрлі силлогизмдердің түрлерінен құралуы мүмкін. Мысалы, бұлардың кейбіреулері категориялық, кейбіреулері шартты енді біреулері қарама-қайшы, біреулері - дұрыс. [Сондай-ақ] олар дұрыс силлогизмнің әртүрлі модустарынан құралулары да мүмкін, мысалы: «әлем міндетті түрде не мәңгі, не жаралған», «егер ол мәңгі болса, онда ол пайда болған заттармен салыстырылмайды, бірақ ол бұрын пайда болған заттармен салыстырылады себебі, ол - дене», «егер дене пайда болған денелермен салыстырылмаса, онда ол мақұрым» ал «олардан мақұрым нәрсе не күрделі емес, не қозғалушы емес» ал Бұл дегеніміз ақылға сиымсыз нәрсе, ендеше «әлем жаралған». Бұл силлогизм шартты бөліну, қарама-қайшылық арқылы [жасалатын] категориялықпен дұрыс категориялық [пайымдаулардан] құралды. СЕГІЗІНШІ СӨЗ Индукция туралы Қазір индукция туралы айтамыз. Индукция - белгілі бір пайымдаудың терістеу және растау арқылы дұрыстығын дәлелдеу үшін, бір ережеге бағынатын заттарды зерттеу. Егер біз бір жағдайға байланысты бір нәрсені растағымыз немесе терістегіміз келсе, онда осы жағдай қамтитын барлық заттарды зерттеп ол заттың барлығына немесе көбіне қатысты екенін табамыз. Сөйтіп біз оның арқасында сол заттың осы жағдайға қатысын білеміз немесе біз бұл заттарды анық зерттеп олардың ешбірінен ешнәрсе таба алмаймыз. Кейін, ол заттың Бұл жағдайға қатысы жоқ екенін анықтаймыз. Анықтап зерттеу барысында біз оның индукция екенін білеміз. Белгілі бір заттың белгілі ережеге байланысты расталу немесе терістеу қорытындысы индукция болады. (91-бет) Мысалы, егер біз: «әрбір қозғалыс - уақытта [болады]» дегіміз келсе, онда біз қозғалыс түрлерін зерттейміз; жүру, жүзу, ұшу және т.б. Осылай біз әрбір қозғалыстың уақытта [болатынын] айқындап индукция арқылы «әрбір қозғалыс - уақытта [болады]» деген қорытындыға келеміз. Индукция силлогизмінің бірінші фигурасының күшімен теңеседі. Мұнда біз зерттейтін нәрселер; жүру, жүзу, ұшу және т.б. ортаңғы термин болады ал «уақытта [болады]» сөзіміз - үлкен термин. Сонымен, силлогизм мынадай болады; «кез келген қозғалыс - жүру, жүзу, ұшу және т.б.», «жүру, жүзу, ұшу сол сияқты т.б. - уақытта [болады]». Сол сияқты егер де біз: «әрекет етуші - дене» деп айтқымыз келсе, онда барлық «әрекет етушіні» анықтап зерттейміз, мысалы; құрылысшы, тігінші, етікші және т.б. Бұлардың әрбірі дене екенін анықтап болған соң «әрбір әрекет етуші - дене» екенін анықтап оны индукция арқылы түсіндіреміз. Ол былай болады: «әрбір әрекет етуші - құрылысшы, тігінші, етікші және сол сияқты т.б.», «кез келген құрылысшы, тігінші, етікші және сол сияқты т.б. - дене» ендеше «кез келген әрекет етуші - дене». Әрекет етушінің барлық түрін толық зерттемейінше «кез келген әрекет етуші - дене» деп айту дұрыс болмайды. Егер [әрекет етушіні] қандай-да түрі зерттелмей қалып оның дене екені немесе дене емес екені белгісіз болса, онда «кез келген әрекет етуші - дене» деп айтуға тағы болмас. Индукция толық және толық емес болады. Пікірдің негізгі бөліміне қатысы бар нәрсенің барлық түрі индукция арқылы зерттелсе - толық индукция болады. Ал егер сол заттың көп түрі [барлығы емес] зерттелсе, онда толық емес индукция болады. Сондай-ақ, бізге белгілі
болған нәрсемен ғана шектелетінін индукция арқылы (92бет) оны растауды қалайтын болсақ, оны растау үшін пікірдің негізгі бөліміндегі басқа нәрсені растайтын біз зерттеген силлогизмнің пікірін қолдануға болады. Егер біз: «кез келген қозғалыс - уақытта [болады]» деп көрсеткіміз келсе, онда қозғалыстың [барлық] түрлерін зерттейміз. Буған «уақытта [болған] барлық нәрсе - жаралған» деген [пайымдауды] қосып қорытынды шығарамыз: «кез келген қозғалыс - жаралған». Силлогизмді осы тәсілмен түсіндіру үшін индукцияны қолданса [индукция] өте пайдалы. Дәлірек айтқанда индукция арқылы қозғалыстағы барлық нәрсе зерттеледі, ал ол өз кезегінде «қозғалыстың - уақытта болуы». [Осы арада бізге] ортаңғы термин керек болады, ол арқылы қозғалыста басқа да нәрсенің бар екенін түсіндіруге болады, мысалы: «кез келген қозғалыс - жаралған». Индукция арқылы бір нәрсені растау үшін оны міндетті түрде субъекттің түріне қатысты заттарды дәлелдейтін силлогизмнің пікірі ретінде қолдану қажет. Мысалы, индукция арқылы «кез келген қозғалыс - уақытта [болады]» деумен «жүзу - уақытта [болады]» дегенді растау үшін қолданамыз. Біз оны мынадай силлогизм құрағанымызға дейін жалғастыра береміз: «кез келген қозғалыс - уақытта болады», «жүзу - қозғалыс» ендеше «жүзу - қозғалыста [болады]». Егер біз «кез кел¬ген қозғалыс - уақытта болады» деген [пайымдауды] көрсету үшін индукцияны қолданатын болсақ, онда біз соның арқасында кейбір қозғалыстардың мысалы, жүзу немесе т.б. қозғалысқа жататын нәрселердің уақытта болатынын растаған боламыз. «Кез келген қозғалыс - уақытта [болады]» дегенде ешбір зат зерттелу немесе зерттелмеу мүмкіндігінен айырылып қалмайды. Егер олар зерттелген болса немесе зерттелмеген болса сондай-ақ, олардың уақытта болып-болмауы белгісіз болса «жүзудің» жағдайы белгісіз болып қала бермек, бірақ ол «қозғалыс» түрлерінің бірі, сондықтан біз оған «кез келген қозғалыс - уақытта [болады]» деп айта аламыз. (93-бет) Егер біз «кез келген қозғалыс - уақытта [болады]» дегенді білмейтін болсақ, онда «жүзу» қозғалысқа жататын заттардың бірі екенін және қозғалыстың ауада болатынын білмес едік. Егер біз оны анықтап зерттейтін болсақ, онда әуел баста «кез келген әрекет - уақытта болатынын» білмей, кейін оны зерттеп талдауымыздың [арқасында ғана оны білгеніміз] мәлім болады. Осыдан кейін бізге «жүзу - уақытта [болатынын]» дәлелдеудің қажеті жоқ. Ал егер біз оны көрсетуді қалайтын болсақ онда сөзсіз ол нәрсені өзіне қатысты жағдайдың [ереженің] арқасында растаймыз. Бізге жақсы белгілі болған нәрсенің арқасында белгісіз, жасырын нәрселерді анықтауды қалаймыз. Силлогизмде силлогизмдегі пікірдің предикаты арқылы субъектке бағынатын заттарды индукция арқылы растау немесе терістеу мүмкін еместігі мәлім. Сондықтан біз: «күмәнсіз, Алла-тағала - әрекет етуші, ал кез келген әрекет етуші - дене» деуіміз арқылы «Алла - дене» дегенді дәлелдей алмаймыз. Егер біздің «кез келген әрекет етуші - дене» пайымдауымыз индукция арқылы әрекет етушілердің түрін дәлелдеп шықса, онда ол индукцияның силлогизмге қатысын [яғни] қандай жерде пайдалы және қандай жерде пайдасыз екенін көрсетеді. Әл-Фараби. Кіші силлогизм немесе силлогизм мәселелері туралы қысқаша түсініктеме кітаб, яки каләм өкілдерінің түсінігіндегі логика туралы қысқаша түсінік кітабы.
Басып шығарған - Рафик аль-'Аджам. 3 томды Әл-Фараби
логикасы. Бейрут, 1985. -2 т.- 65-93 бб.
АНАЛИТИКА КІТАБЫ Рахымды және Мейірімді Алланың атымен Қазір қайсы өнерде болса да, қандай өнерге қатысты болса да, қайдан алынса да, әрбір ізделіп отырған шаманың силлогизмін табуға болатыны жайында және ізделіп отырған шамаға қатысы бар әрбір силлогизмнің пайымын қандай нәрседен алатынымызды әрі Бұл қалай жасалатыны туралы бізге әңгімелеуіміз қажет. [Бұл жерде] бірінші кезекте бөліктері әрбір жеке өнерде және әрбір жеке силлогизмде, үлкен пайымдарда қолданатын, әмбебапты пайымдар болатын пікірлерді білуіміз керек. Егер әрбір бөлек пікір өзінің ішінде бірлі-жарым пайымдаулардың көптеген санын қамтитын болса, онда олардың бірін тартыс өнерінде, басқасын сөз өнерінде, кейбірін ғылымдарда, қайсы бірін будан да басқа ойлау өнерлерінде қолданады. Дедукция мен дәлел келтіру әдістері Пайым жайында ой жүгірту [Белгілі] пікірлерге бағынатын бірлі-жарым пайымдар ІІІ, өздерінің субъектілері /2/ нақты пікірлердің субъектілері, предикаттары /3/ [солардың] предикат бөлімдері болатын түрлерге және субъектілері пікірлердің субъектілерінің бөлімдері, ал предикаттары - предикат бөлімдері болатын түрлерге бөлінеді. Егер пікірлер бізде тұрақты болып қалса, онда [бізге] оның ішіндегі екі қарама-қарсылықтың әрбірінде пайымдалып отырған шамаларға сараптама жасап және олардың әрқайсысының бір-біріне қалыптасқан (96 б.) қатынасын қабылдауымыз қажет. Біз ізделіп отырған шаманы мақұлдай отырып, оны өзгертіп, нәтижесінде оның қарама-қарсылығын табамыз. Кейін біз бұл құрамды оның предикатына және субъектісіне қатысты анализін жасап өзіміздің тапқырлығымызға сай еріп отырып олардың барлығын яғни әрбір [қарама-қарсылықты] басқасына қатысты қабыл аламыз, кейін өзіміз [талпынған] нәрсенің барлығына қол жеткізгенімізше әрбір пікірге қатысты өзіміз пайымдап отырған құрамды зерттейміз. Егер біз пайымдаған құрамда немесе оның бөліктерінде қолымызда бар кейбір пікірлер арқылы суреттелген нәрселерді табатын болсақ, онда біз соның арқасында растайтын немесе оны терістейтін силлогизмді табамыз. Ол пікірлердің арасында болу әдісі бойынша қабылданған пікірлер бар. Олардың ішінде егер ол өзінің жақын түрлеріне (науг) /4/ қатысты тек (джине) /5/ болса ізделіп отырған шаманың субъектісіне қатысты бөлетіндеріміз бар, кейін біз ізделіп отырған шама предикатынның оның барлық түрінде таба аламыз ба, әлде біз олардың кейбірінде көреміз бе яки болмаса олардың кейбірінен айырылған ба екені жайында ой жүгіртеміз. Егер біз оны текке жақын түрлерде өзіміз үшін анықтап алмасақ онда мүмкін болса Бұл түрлердің әрбірін бөлеміз, сосын [түрдің] индивидттен басқаға бөлінбейтін ақырғысын бөліп болғанша [осылай жасаймыз]. Егер біз ізделіп отырған шама предикатын түрлердің барлық жиынтығында тапсақ біз үшін оның әрбір субъектісіне тән екені анық болады, ал егер предикат бүтін түрде жоқ екені белгілі болса, онда ол өзінің әрбір субъектісінен айырылатыны анықталады. Осы екі пікірдің құралуы, зерттеу әдісі бойынша сондай-ақ шартты-біріктіру силлогизмін [құрау] әдісі арқылы болуы мүмкін. Егер тек (джине) өзінің күллі түрлерінде бар екені белгілі болса, онда біз оның барлық түрде болуын алдын-ала бар болғаны /6/, ал оның субъектте болуы
соңынан келуі 111 деп санаймыз, кейін біз алдын-ала бар болуды алып тастаймыз дағы нәтижеде, соңынан келушіні шығарамыз. Біздің қалауымызша біз субъекттің барлық [түрінен] айырылған предикатты орнатып оны негізге қабылдай аламыз, біз субъекттің барлық түрінен айырылған салдарды қабылдай [аламыз] кейін, предикатты субъектілердің барлық түріне дәлелдеуіміз үшін оның қарамақарсысын алып тастап нәтижеде, негіздің қарама-қарсысын алып шығуға болады. Бұл субъекттің барлық түрлеріне предикаттың дәлелдеуі болып көрінеді. Егер предикат өзінің барлық түрінен ажырағаны белгілі болса оның құралуы да зерттеу /8/ әдісі бойынша болуы қажет. Егер біз оны шартты-біріктіру әдісі бойынша қабылдап оны барлық түрден ажырағанын қаласақ, онда негізге [жетеміз], ал егер оның субъекттен айырылғанын қалайтын болсақ, онда салдарға [жетіп] кейін, негізді алып тастаймыз. Біздің қалауымызша (97 б.) біз субъектті дәлелдеу үшін предикатты қабылдаймыз, бұл -негіздің дәл өзі, ал предикатты субъекттің барлық түрін растау үшін алуымыз - салдар болмақ, біз оның барлық түрден ажырау мүмкіндігін алып тастасақ - салдардың қарама-қарсылығы болады нәтижеде, негіздің қарама-қарсылығын шығарамыз. Егер предикат оның кейбір түрлеріне тән екені белгілі болса, онда предикат субъекттің кейбір [түрлеріне] қатыстығы шығатын силлогизмнің үшінші фигурасында /9/ құралады. Оның ішінде отырған ортаңғы термин /10/, тек предикат болады. Егер предикат өзінің кейбір түрлерінен ажырағаны белгілі болса дәл осы үшінші фигурадан кейбір субъекттің предикаттан ажыраған [түрлері] шығады, мұнда ортаңғы терминнің орнына оның предикаттан ажырағанын көрсететін тур отырады. Бірақ, мұны қарама-қарсы әдісімен де айқындау мүмкін, бұл - біз субъекттің барлық түрінен ажыраған предикатты алып бутан субъекттің өз түріне қатысын жатқызсақ, онда предикат бұл түрмен тұтастығынан айырылады алайда, бұлай жасау мүмкін емес. Ендеше предикат субъекттің кейбір [түрлеріне] тән. Егер де біз нәтижеде субъекттің кейбір [түрлерінің] предикаттан ажырағанын қалар болсақ, біз қатысы субъекттің барлық [түрлеріне] тән предикатты алып оған предикаттан айырылған түрді айқындайтын субъектті қосамыз. Осыдан барып осы түрдің әрбіріне предикаттың қатыстығы шығады, ал бұл мүмкін емес. Ендеше, предикат субъекттің кейбір [түрлерінен] қағылады. Егер оның басым көпшілік түрінде предикаттың бар екені расында айқындала бастаса, ал бұл жағдай басқалардың арасында белгісіз, онда біз оның бар немесе жоқ екенін ғылымдарда толық түрде [белгілей алмаймыз]. Пайым және силлогизм мен тура дедукцияның құралу жолдары Диалектикалық өнер мен диалектикалық тартысқа келер болсақ, онда бұл жерде жалпы пайымдауды қолдану қажет, ол оппонентке қарсы келмейді және предикат реттілікпен басқа бір [түрлерден] айырылған нәрселерді силлогизм арқылы айқындайды яки болмаса оппонентке қарсы шығып оларды толықтай терістейді. Бірақ, онда мұндай [қасиет] жоқ, себебі, диалектикалық пайым түрлерінің арасында көп жағдайда шындық болып басқа кезде анық альтернативті болмайтыны бар. (98 б.) Олардың арасында егер ол тек болса ол өзінің субъектісіне катысты предикат па, ол [бұл жағдайда] туынды болады немесе ол субъектіге қатысты предикат және бірінші аналогия /11/ деп біздің зерттеп отырған шама предикаты барлары да болады. Егер ол
субъектіге қатысты предикат әрі туынды болса, онда біз оны өзінің түрлеріне бөлеміз кейін, егер оның түрлерінің бір нәрсесі субъектіде өзінің туынды есімі арқылы бар болатын болса, онда талап қылынған шама предикаты өзінің субъектісінде болуы қажет екенін байқаймыз. Мұның орны бірінші фигурада бар, ал ортаңғы термин талап қылынған шама предикатының түрі болады. Егер туынды есімі бар предикаттың күллі түрі субъекттен ажыраған болса, онда предикат субъекттің барлық [түрінен] айырылуы қажет. Бұл шарттыбірігулік [силлогизмде] құр алады, негіз - субъект үшін предикаттың дәлелі, ал салдар - субъект үшін бөліктерге айыру және болу әдісі бойынша олардың түрлерінің дәлелі болады. Бұл [жағдайда] субъекттің барлық түрлерінің ажыратылуы ескерілмейді. Мұның мысалы, Аристотель «жан қозғалмайды» дегенді түсіндіруде қолданғаны. Ол: «Егер жан қозғалар болса, онда ол қандай да бір қозғалыс арқылы қозғалар еді немесе құбылар еді, немесе есеп еді, яки болмаса ауысар еді бірақ, ол құбылмайды, өспейді және ауыспайды ендеше, ол қозғалмайды» - деген. Дәл сол сияқты егер предикат өзінің түріне қарсы келетін бөліктерге бөлінсе кейін, ол бөліктерден талап қылынған шама субъектісіне тән ешқандай жақтан; не туынды болып, не бірінші аналогия сияқты ешнәрсе қалмаса, онда предикат субъекттің барлық [түрінен] айырылуы тиіс. Сол сияқты егер сен предикат түрлерінің жеке [белгілерін] /12/ алғаныңда сен олардың барлығының субъекттен ажырағанын көрер едің. Егер сен сол түрдің бір нәрсесінен айырылған предикаттың жеке, әр түріне тән кездейсоқ /13/ [белгілерін] алсаң, онда сен олардың барлығында субъекттің жоқтығын көрген боласын. Мұның барлығы шартты-бірігу силлогизмінде қалыптасады, ол жерде ізделіп отырған шаманың субъектісі үшін предикаттың болуы - негіз, ал салдар - ажыратушы шылаудың арқасында бірігетін бөліктер мен субъектіге қатысты барлық қарама-қарсылықтар алынып тасталатын пайым. Осының басқа мысалы: «Егер жан сан болса, онда ол не жұп, не тақ болады бірақ, ол не жұп емес, не тақ емес. Демек, жан сан емес»; «егер дене оз болмысында шексіз болса, онда ол қарапайым, не күрделі бірақ, ол не қарапайым, не күрделі де бола алмайды. Енде¬ше, дене шексіз демек (99 б.) ол жоқ». Қарапайым мен күрделі, күллі бар болған [заттарға] тән қарама-қарсылықтың мәні, бұл екеуінің ешбірі де болмысынан айырылмаған. Бұл заттардың барлығында осы нәрсе сақталуы қажет яғни егер предикат түрлерінің бір нәрсесі немесе оның бөлінген бөліктері, немесе предикат түрлерінің жеке [белгілері], немесе оның субъекттен айырылуына тән кездейсоқ [белгілері], өзіне өздігінен туынды және туынды емес екі есіммен сілтеп тұрса, онда предикат барлық тарапынан субъекттен ажырауы тиіс. Ал енді [жоғарыда айтылғаннан] бір нәрсе қайсыбір тарапынан субъекттен ажырағаны анықталса, онда предикат субъекттен бір жағынан ғана айырылуы үшін ол оның барлық жағынан емес тек екі жағының бірінен ғана айырылуы тиіс. Себебі, бұл егер жан құбылмаса, еспесе және қозғалмаса, онда будан ол қозғалмайды және ол қозғалыс емес деген туындайды. Дәл осы сияқты егер ол жұп емес, не тақ емес екені анықталса, онда [толықтай] ол сан емес, не есепке де [жатпайды] делінуі мүмкін. Осы мысалмен жүре отырып егер предикат түрлерінің бірі субъектте екі жақтың бірінде ғана болса, онда ол үшін предикат өзіне оның түрі табылған тараптан болуы керек. Егер оның түрі өзінің туынды есімі арқылы субъектке қатысты предикат болса, онда субъекті үшін предикат туынды есімі арқылы болуы қажет. Егер предикаттың түрі субъектіге тән болса, ал бұл дегеніміз әуелгі аналогия, онда субъект үшін болған предикат өзінің есімімен болуы тиіс, бұл да әуелгі аналогия. Алайда, түр субъектіге екі тараптың бір жағынан тән болып келсе, ал предикат субъектіге
тән деп бір басқа тараптан келсе немесе егер тур предикаттан екі тараптың бір жағынан айырылса, ал предикат субъекттен ажыратылған деп басқа тараптан алынса онда пікір софистикалық /14/, бұзылған болады. Егер бұл пікірлерде жоғарыда қысқаша айтылған сияқты сақтанбаса, пікірлер софизм болмақ. Егер субъект немесе предикат бұл пікірлерде ортақ есіммен көрсетіліп және өзінің мазмұнына қарай бөлінер болса, ал мазмұндар предикат түрлерінің орнын алса онда күллі пікірлер софистикалық болып олар не ғылымдар да, не диалектика да қолданыс таппас еді. Ортаңғы терминді таңдау және құрастыру (100 б.) Қосу әдісімен қабылданған пікірлер бар, бұл оның құрама бөлігі ретінде субъекттің тегін алып немесе оның классын, немесе оның жеке [белгісін], немесе одан ажыратылмайтын кездейсоқ [белгісін] алған уақыт. Кейін, біз оның предикаты осы заттардың бірінде болса да бар ма деп қарастырамыз. Егер ол бар болса, онда предикат субъектте міндетті түрде [бар болуы] тиіс, бұл бірінші фигура бойынша дәлелдейтін екі модустың /15/ бірінде құралады. Егер предикат ол нәрсеге сол заттардың бәрінде де ие болмаса, онда предикат субъекттен арылуы тиіс, ал бұл болса бірінші фигурадағы терістейтін екі [модустың] бірінде құралады. Егер ортаңғы термин құрама бөлік ретінде субъекттің тегі немесе оның деңгейі немесе жеке [белгісі] болса, онда бұл пікірлердегі растаушы [пайым] бірінші фигурадағы жалпы растаушыда, ал терістеуші - [бірінші фигураның] жалпы терістеуші модусінде құралады. Егер ортаңғы термин субъектіге тән кездейсоқ [белгі] болуымен қатар оның ішіндегі ортақты болса, онда силлогизм екі модустың бірінде растаушы, не терістеуші. Егер де осы кездейсоқ [белгі] субъектінің ішіндегі ортақтық болмаса, онда бірінші фигура бойынша екі жеке модустардың бірінде не растаушы, не терістеуші болады. Дәл осылайша егер біз предикаттың тегін немесе оның классын оның құрама бөлігі ретінде немесе оның жеке белгісін алып кейін, осы нәрселердің бірі субъекттің барлық [түрінен] ажырағанын байқасақ, онда предикат субъекттен айырылуы керек, ал бұл болса екінші фигураның екінші модусінде құралады, ортаңғы термин предикатта бар үш нәрсенің бірі болады. Сондай-ақ, біз олардың ішінен предикатқа лайығын таңдап алу үшін предикаттың кездейсоқ [белгілерін] аламыз, егер мұнымен қатар ол оған ортақ әрі субъекттің күллі [түрінен] ажыраған болса, предикат та субъекттің барлық [түрінен] айырылады, бұл да екінші фигураның екінші модусында құралады. Егер кездейсоқ [белгі] предикаттың кейбір [түрлеріне] міндетті түрде қажет әрі субъекттің кейбір [түрлерінен] айрылса, онда будан талап қылынған шамаға қатысты ешбір силлогизм пайда болмайды себебі, (101 б.) үлкен [пайым] екінші фигурада жеке. Ал екінші мен бірінші фигуралардағы үлкен [пайымның] шарты ортақ болуды талап қылады. Егер предикатқа міндетті қажет кездейсоқ белгі оған ортақ әрі субъекттің кейбір [түрлерінен] ажыраған болса, онда талап қылынған шамаға қатысты силлогизм екінші фигурадағы төртінші модусте туады, нәтижесі субъекттің кейбір [түрлерінің] предикатпен айырылысуы. Егер осы заттардың бір нәрсесі субъектте бар болса, бұл предикат үшін тек не¬месе оған ортақ яки болмаса кездейсоқ [белгі]. Бұл сәтте ешқандай силлогизм тумайды себебі, әрбір екі пайымнан соң екінші фигурада растаушы екі [пайымның] қосылуы келеді. Егер бұл предикат үшін жеке [белгісі] немесе жеке түрде келетін классы болса, құрамның өзінен қажеттігімен еш нәрсе пайда болмайды. Бірақ, егер
жеке [белгі] мен бір жынысты түрі субъектіге қарама-қарсы болса, бірігу бірінші фигурадағы бірінші модуске оралады дағы нәтиже шығарылады. Сондай-ақ, [терминді] /16/ анықтау әдісімен қабылданған пікірлер де бар, бұл - біз әуелі субъектті анықтап кейін, оның терминінде ізделіп отырған шама предикатын таба аламыз ба деп зерттеуіміз. Егер біз оны таба алсақ, онда предикат субъекттің барлық [түрінде] қажеттілікпен болуы тиіс. Мұның орындалуы бірінші фигураның бірінші модусінде болуы әбден мүмкін егер біз оны терминнен ажыраған деп көрсек, онда ол субъекттің барлық [түрінен] міндетті түрде айырылуы тиіс және бұл бірінші [фигурада] құралады. Ал егер бұл субъектінің термині арқылы айқындалмаса, онда біз терминге оның әрбір бөлігіне қатысты сараптама жасаймыз. Біз оның әрбір бөлігінен терминді алып кейін, терминнің әрбір бөлігінен немесе олардың бірігуінен предикат таба аламыз ба деп қарастырамыз. Егер біз әрбір терминнен немесе олардың қосындысынан предикат тапсақ, онда будан субъектте предикат бар деген сөз шығады. Дәл сол сияқты егер біз оны олардан немесе олардың қосындысынан мақұрым деп тапсақ, предикат субъекттен ажырауы тиіс, мұның барлығы бірінші фигурада құралады. Сол сияқты егер біз предикаттың терминін тауып кейін, біз оны субъектте таба аламыз ба, егер біз оны тапсақ, онда предикатты оның терминіне айналдыруымыз үшін оны бірінші фигурада қалдырамыз деп зерттейміз, осыда барып субъектке предикат келеді. Егер біз предикат терминін субъекттің барлық [түрінен] айырылғанда көрсек, біз [силлогизмді] екінші фигураның екінші модусінде қураймыз нәтижеде, субъект предикаттан айырылады. Егер бұл (102 б.) предикат термині арқылы болмаса, онда біз субъекттің терминдерімен жасағанымыз сияқты оның терминінің әрбір бөлігін алып соның мысалында жасаймыз. Мұндай баяндалған нәрсенің барлығы, терминнің жағдайы. Шартты [силлогизмді] қурау Шартты [силлогизмдердің] /17/ арасында қажетті [өзіне тәнге] қатысты қабылданған пікірлер бар, бұлар - бар болатын және алынатын. Біз екі құрамның әрбірін алып тұрақтыны қамтыған құрам не нәрсені қамтитынын немесе құрамның арқасында пайда болған нәрсенің мәні не? және бұл екеуінің қайсысы біз кездейсоқ қабылдаймыз деп ой жүгіртеміз. Егер біз кездейсоқ тап болған нәрсе, құрамның негізін қалап тұрған нәрсе болса, онда біз оны негіз деп қабылдап, ал құрамды - салдар дейміз. Біз негізді алып тастаймыз нәтижеде растаушы, не терістеуші болса да жалаң түрдегі құрамды [аламыз]. Және бұл шартты-біріктіру арқылы бірінші модусте болады. Ал егер біз оны құрамның арқасында ғана бар болатынын білсек, онда біз ол құрамды негіз ретінде, ал кездейсоқтықты - салдар ретінде қабылдаймыз. Кейін, біз салдарға қарама-қарсыны алып тастаймыз, себебі бұл біздің кездейсоқ тапқанымызға қайшы нәтижеде, құрамға қарсыны [табамыз], бұл онымен талап қылынған шамада байланысқан оның ақырғы бөлігі. Сондай-ақ, біз өзін алып тастаумен қатар осы құрамды да алып тастайтын және құрамды алып тастаумен бірге өзіде алынып тасталатын нәрсенің не екенін талдаймыз. Яғни біз құрамды алмастыруды алып тастау арқылы осы алып тастауды қабыл алатынымызды кездейсоқ түрде байқаймыз, ал бұл болса - негіз. Бутан құрамды алып тастауды қосамыз сосын, негізді шығарып тастаймыз сонда негіз алынады. Осы кезде растаушы [пайым] терістеушіге айналады, ал егер ол терістеуші болса, онда растаушыға ауысады. Бір сөзбен, нәтиже осы жағдайдың қарамақарсысы болады, ал бұл жағдай сол арқылы ауыстырылады.
Бұл жәйт кез-келген құралған пайымды алмастыру үшін қолданылады. Егер біз кездейсоқ хәлде пайымды алып тастаумен алынатын нәрсені байқап қалсақ, біз пайымның алынып тасталуын қабылдаймыз, ал бұл - негіз және салдардың алынып тасталуы кейін, салдардың қарама-қарсысын шығарып тастап нәтижеде, құрамның тұрақтылығына иеленеміз, ал бұл болса құрамды ауыстырудан бұрын келетін пікір болмақ, бұл оны дәлелдеу үшін жасалады. Бар бола¬тын және алынатын пікірлер құрамның субъектісін зерттеген шақта құрамдарда басқа әдіспен қолданылуы мүмкін яғни егер ол бір нәрседе бар болса, онда предикат та оның болуымен оның ішінде бар болады, предикат құрамның әрбір субъектісіне тән (103 б.) болып шығады. Бұл силлогизм егер осы қасиетпен ғана сәйкес қабылданса, бұзық болады себебі, ол кездейсоқ, [белгі] арқылы субъектіге тән болған нәрсеге предикаттың да тән болуына жол береді немесе предикаттың тән болулығы өзінің жеке [белгісі] арқылы тән болатын затқа тәуелді болуына жол береді. Ол үшін предикат жағдай субъектілерінің барлық түріне қажетті түрде тән болмауы тиіс бірақ, егер кез кел¬ген субъекттің болуы арқылы предикаттың болуымен сәйкес келсе, онда предикат субъекттің барлық [түрінде] болуы міндет. Будан егер субъект қандай затта және қандай уақытта болмасын бар болса, онда предикат та оның ішінде бар деген пікір қалыптасады яғни предикат бір мезгілде ғана субъекттің барлық [түрінде] бар болып тұруы мүмкін емес. Қайта ол соған міндетті түрде тән болады. Біз өзінде предикатты қамтыған кез келген зат өзінде предикатты да қамтиды және субъект бар болған затта, предикат та болады деп айтуымызда айырмашылық жоқ. Біздің жалпылық пікірді анықтайтын сөзіміз осындай. Пікірдің өзі талап қылынып отырған шаманың құрамына айналады, егер біз үшін қандай да бір пайымда немесе қандай да бір құрамды пікір мұндай қасиетті силлогизм арқылы емес, ол оған өздігінен ие екені анық болса, онда бізге мұны басқа емес дәл осы пікірмен қалай шығаратынымыз белгісіз. Егер ол басқа пікір арқылы алынған қандай да бір силлогизмнің арқасында дәлелденетін болса, онда біз жөндеген құрам Бұл пікір емес. Сондықтан, бұл сөйлем ешқандай пікір болмайды, жалпылық пікір талап қылынған шамаға теріс келеді және құрылым бір сөзден ғана тұрады. Пікір құралған кезде басқаша пайдаланатын пайымға қарағанда жалпылық болуы қажет, құрам өзінің мәні бойынша идеяда, сөзде басқаша және идеяда өзіндік құрам әрі сөзде қарама-қарсы бірақ, құрам бағынышында болатындай ортақ болуы тиіс. Егер пікір осы екі құрамның біріне қарсы келсе, онда ол софистикалық, бұзық болады. Дәл осы сияқты бізге мынадай пікірді қарауымыз лазым: егер субъект бір нәрседен алынып тасталса, онда оның алынуымен предикат та алынады. Ал егер бұл осылай болса, онда субъект бар болса, предикат болады деп түсініледі. Сондықтан да предикат субъекттің барлық [түрінде] болуы тиіс деп ойлайды. Бұл пікір өте күмәнді, ол софистикалық, оны шешендік өнерде де қолдануы мүмкін. Ол қандай да бір затты алып тастау нәтижесінде бір қалыптың алынып тасталуы сияқты өзгермейді, (104 б.) онда бұл жағдай сол заттың бар болуы - мен міндетті түрді бар болады. Себебі, адам өзінен жануарлықтың алынып тасталуымен осы көрінетін индивидтен шығарылады. Егер ол жануар сияқты тіршілік қылса, онда міндетті түрде оның адам сияқты тіршілік қылуы лазым болады. Кім осы бұзық пікірді қолданса негіздің қарама-қарсылығын санамай салдардың қарама-қарсылығын шығарады, [оны] сезбейді де. Осы пікірдің арқасында оған заттардың себептері айқындалады деп ойлайды себебі, [қандай да бір] пікір алынып тасталса, онда оның алынуымен басқа зат алынады деп ойлайды. Кесімділіктің себебі мен табиғаты жайында
Дәрігер Гален айтқандай оның мысалы бойынша бір жағдайдың /18/ болуы сол басқа заттың болуына себеп. Ол адамның дене мүшесін ашып байқаған уақытта және басқа заттардың себептерін анықтаған кезінде мұны пайдаланады. Ол: «Егер біз қандай да бір жүйкені кесіп тастасақ, онда не дауыс, не әрекет, не түйсік жоғалады. Егер осы жүйке бар болса, онда оның бар болуы дауыстың, не әрекеттің, не түйсіктің болу себебі», - деп айтады. Ол негіздің қарама-қарсылығын тыс қалдырып салдардың қарама-қарсылығын шығарып отырғанын сезбейді. Басқалар болса егер жай-күй бар болса, онда бар болуының арқасында басқа себептермен байланысады бірақ, осындай болған нәрсенің барлығы себеп бола бермейді, «егер адам тіршілік етсе, онда ол жануар сияқты тіршілік қылады бірақ, ол жануар емес»—деп дәлелденеді. Жай-күй теріс болуы да ықтимал, яғни заттан логикалық түрде қолдану шығады бәлкім сол заттың болмысына себеп болады. Мысалы, «құрылған» және «құрушы», «жазылған» және «жазушы» яғни «жазылғаннан» логикалық түрде жазушының бар екені шығады және «жазылмаған» да жазушының бар екеніне себеп, ал жазушы болса жазылған нәрсенің болмысына себеп. Егер бар болу (тұрақтылық) пен алынып тасталу бір тарапқа қатысты бірге құралса яғни оның бар болуымен басқа зат та бар болып, ал егер ол жоқ болса (105 б.) ол да алынып тасталатын жай-күйді болып құрылса, онда осы алынып тасталудың арқасында басқа зат та жойылады. Онда бұл жағдай өте нанымды болып көптеген нәрселерде қолданыс табады. Олардың ішінде көптеген адамдар заттардың себептерін шығару үшін қолданылатындары бар, олар жай-күйдің болмысы басқа заттың бар болады және оның жойылуымен басқа зат жойылады. Сондайақ ол сол заттың болмысына себеп деп санайды. Басқалар оны, бір зат басқа нәрсенің болмысы үшін бар болады дегенге қатысты сапа мен жай-күйді іздеу үшін қолданады. Бұл егер предикат қандай да бір зат үшін айтылса, ал сол затта көптеген қасиеттер болса, бізге сол заттың жай-күйіне әуел бастан тән және осы қасиеттің арқасында айтылған күллі нәрселерге ие қасиетті білгіміз келеді. Біз осы қасиеттің қайсыбірі заттан алынып тасталуы арқылы предикатты жай-күй алынады, ал егер ол затта бар болса, онда ол үшін предикатты жай-күй болатынын зерттейміз. Біз бұл қасиетті басқа қасиеттердің арасында әуел бастан предикатты жай-күйі бар етіп орнатамыз. Бұл жағдай өзінің мәні бойынша Аристотельмен «Категориялар» кітабында «ара қатынасы белгіленген туралы» атты бөлімнің бірнеше жерінде пайдаланылған, оның ара қатынасы белгіленгенге тиесілі екі жақты пайдалы болатын әрі жай-күйді шығатын анықтаманы құрастырғысы келді. Сондай-ақ, ол [бұл жағдайды] предикат әуел бастан байқалатын, заттың қандай әдіспен танылатынын түсіндіргісі келгенде «Дәлелдеу жайында» атты кітапта: «Егер үш бұрыш қарапайым мыс қызылда болса, онда бұл қарапайым - әрі қызыл, әрі қарапайым, әрі мыс, әрі форма және бұрыштары екі түзуге тең үш бұрыш» деген мысалда пайдаланды. Осы қасиеттердің қайсысы арқылы әу бастан бұрыштардың екі түзуге теңдігі айтылатынын біздің білгіміз келеді. Біз ол үшін ол 'заттың қызыл екенін, оның мыс екенін алып тастаймыз даты басқа қасиеттерін қалдырамыз бірақ, бұған бұрыштардың екі түзуге теңдігі шығарылып тасталмайды. Егер біз одан оның қарапайымдылығын, оның форма екенін алып тастасақ, онда ол нәрсе алынып қалады. Ал егер ол форма сияқты немесе қарапайым сияқты қалса, онда ол үшін бұрыштардың екі түзуге теңдігі жоғалады. Алайда, егер одан оның үш бұрыштығын алып тастаса, онда ол қасиет те алынады ал, егер ол үш бұрыш (106 б.) ретінде қалса, онда оның екі түзуге тең келетін бұрыштары да бар. Сол сияқты егер үш
бұрыш үшін әу бастан екі түзуге тең бұрыштары болса, кез келген басқа зат үшін де осы предикат бар, онда оның үш бұрыш болуы үшін де бір нәрсе бар. Адамдар бұл жағдайды силлогизмнің қажеттілігін қабылдайтын жалпылық пайымын жөндеу үшін қолданады, бұл бірінші фигураның үлкен пайымы және айтылуында индукция мен силлогизмнен құралған жеке, немесе силлогизм мен аналогиядан құралған. Олар үлкен термин өзінде толықтай ортаңғы термин сияқты жай-күйді қамтып тұрса да есепке ортаңғы терминнің белгісін алады, егер ол алынып тасталса, онда предикат та алынады, ал егер ол бар болса, онда предикат та бар. Адамдар [сол сияқты] жай-күйі бір затқа қатысты сол заттың субстанциясын көрсететін жай-күйді немесе оның субстанциясы мен ақиқаттылығын көрсететін предикатты қабылдайды. Енді біз, шындығында да әрі ылғи қандай да бір заттың себебі, оған сондай болуы үшін қажетті тән себепті: егер ол алынбаса, онда зат алынады, ал егер ол бар болса затта бар болады - бұл анық. Кейбір қауым жүктелген заттың құрамы сол жүктелген нәрсенің субстанциясы немесе оның субстанциясы мен өзегіне сілтеп көрсетуші деп біледі. Біз болсақ, шынайы әрекет болған себеп үнемі өзі зәру болған нәрсенің болуына себеп болады дейміз. Егер бұл себеп бар болса ол нәрсе де бар болады, ал егер себеп жоқ болса онда, нәрсе де жоқ болмақ. Сол сияқты себеп алынып тасталған сайын ол нәрсе де алына түседі, ал нәрсе бар болған сайын ол оның себебі де бола түседі. Ол екеуінің болуына оның анағүрлым болуы маңызды емес деген пікір мен келіскен адамның ойы дұрыс емес. Сондықтан себептің алынуын біз силлогизмнің негізі, ал соған байланысты алынған нәрсені салдар деп қабыл аламыз. Расында егер біз қарама-қарсылықтың арқасында заттың алынуын есепке алмасақ оның бар болу жай-күйінен логикалық түрде келеді. Біз егер бір жай-күй бар болса, онда оның нәрсесі де болуы қажет деп анықтаған болатынбыз. Құрамы болса нәрсе де болады яғни, бұл екеуінің бірі бар болса оның екіншісі де бар. Екеуінің де болуы лазым. Бұл екеуінің бірі екіншісінің бар болуына себеп болуы зәру емес. Себебі, әлсіз және жарты болу қасиеттері бұл жағдайда екеуіне де тән нәрсе. Егер жарты нәрсе жоқ болатын болса, онда әлсіздік те жоқ, ал егер ол бар болса, онды әлсіздік те бар болғаны. Бірінің бар болуына бірі себеп емес. Осы жағдайды Аристотель өзінің «Категориялар» кітабының «Бірге берілген» бөлімінде айтқан болатын. Бұл қасиеттер бір пайымда бар болса, онда предикат оның субъектісінде теріс болып және ол субъектіге ғана лайық болмақ. Ал егер предикат субъектіде бұрыннан бар болса, онда бұл шарттың негізінде ғана емес деген кісімен келісе салуға болмас. Мысалы, адамның бойындағы «күлу», «ғалым» қасиеттері т.б. Бұл екі қасиеттің қайсы бірі алынса (107 б.) екіншісі де алынады, қайсысы бар болса екіншісі де бар болады және «күлу» қасиеті «ғалым» қасиеті хақында айтып тұрған жоқ. Сол сияқты үш бұрыштың да бірнеше жеке қасиеттері бар. Егер сол қасиеттердің қайсы бірі жоғалатын болса, онда басқалары да жоғалады бірақ, қасиеттердің ешбірі әуелгі сөз арқылы айтылмайды. Осы ерекшеліктің арқасында затты өзгертуші нәрсе үнемі сол заттың субстанциясы бола бермейтіні тағы да анықталып отыр. Жоғарыдағы үш бұрыштың бұрыштарына бір нәрсенің тең келуі сол үш бұрыштың субстанциясы болмағаны сияқты. Алайда бірінші фигурадағы үлкен пайымның дұрыстығын келтіру мақсатында бұл әдісті қолданған артық себебі, айтылуда предикатты ортаңғы терминмен тең етеді. Үлкен пайымның дұрыстығы үшін және барлық ортаңғы терминнің [түрлері] предикаттың предикат болуынан басқа нәрсенің қажеті жоқ. Расында қажетті түрде нәтижеге алып
келетін де осы силлогизмнің түрі. Ол үшін ортаңғы терминнің предикатпен қосылып пайымның бірінші бөлігінде тұруға мұқтаж емес. Теріс және қарама-қарсылық қажеттілігі Олардың ішінде қарама-қарсы [пайымдардан] /19/ алынған пікірлер бар, бұлар қарамақарсы пайымдарда лазым пайымдарды теріске шығарып, өздері басқаларға қажеттілік танытатын жақтары бар. Лазым пайымдары қарама-қарсылық [пайымдарында] екі түрге бөлінеді: қарсы пайым және тура пайым. Қарсы лазым - бір нәрсені алып тастау үшін басқа нәрсенің бар болуын қамтамасыз етеді яғни, бір субъектіде екі қарама-қарсылықтың бірге қалуы мүмкін емес болса, онда бір-біріне теріс болу қажеттілігі туады. Лазым пайымдауларындағы заттардың қажеттілігі мынаны бар нәрсені бар қылу, жоқ нәрсенің жоқ болуын қамтамасыз ету. Қарама-қарсылық пайымдары болмыс бейболмысқа айналуын қажет етеді. Ал қарама-қарсылық пайымының туралық лазымға қатысты болуы - қарама-қарсы нәрсе салыстырмаға мұқтаж болуы тиіс. Қарсы лазым пайымы кейде жалпылық немесе бірлі-жарым пайымы түрінде де болуы мүмкін. Жалпы айтар болсақ, салыстыру барысында құрамды алып тастағанда не нәрсе қалады деген жәйттер зерттеледі. (108 б.) Енді өзі алынып тасталуымен құрам алынбай қала беретін нәрсеге келсек, онда бұл оны дәлелдеу үшін қолданылады, негіз құрамның өзгеруіне соқтырды, ал құрам алынған кезде бар болатын нәрсені салдар қылады. Кейін, пайымның екінші бөлігі алынған кезде құрамның болмысы бар болып қала беруі лазым. Ал енді нәрсе алынып тасталған уақытта құрам қалып бар болатын мәселеге келер болсақ онда, бұл силлогизм де дәлелдеу силлогизм!. Біз алынған нәрсені негіз қыламыз, ал құрамның бар болуы салдар болады. Өзі болған кезде құрам түсіп қалатын нәрсеге келсек онда ол теріске шығаратын силлогизм. Негіз - бар болған нәрсе, ал салдар құрамның алынып тасталуы, біз болсақ негізді алып тастаймыз. Ал енді құрамның болуымен өзі алынатын нәрсеге келсек, бұл да өзгереді, негіз ретінде құрамның болмысы, ал салдар -сол заттың алынып тасталуы бірақ, салдарға қарсы нәрсе осылай жойылады. Сондай-ақ, біз құрамның субъектісі бар болса қалай болады, предикат алынады ма әлде алынбайды ма, предикат бар ма екенін зерттейміз. Предикат бұл екі жағдайда субъекттен ажырайды, егер біз мұны жалпылық қылуды қаласақ, жағдайдың субъектісі кез келген нәрседе предикаттың алынғаны немесе кез келген алынған нәрседе предикаттың болғаны жөн. Кейде бұл пайым - бір нәрседе субъекті бар болса предикатта бар болады деген лазым қарама-қарсылық силлогизмдеріндегі жалпылық та болып келеді. Қарама-қарсылықтағы шындық пен өтірік Егер олардың бірлі-жарымы алынатын болса қарама-қарсылық [пайымның] әрбір торт түріне назар салу қажет. Бұлардың ішінде бірі, пайымның терістігіне қарайды егер ол өтірік болса, онда ол құрамды дәлелдейді, ал егер дұрыс болса, онда құрамды терістейді. Сөзде қарама-қарсы силлогизміне қараған уақытта ол рас болса пайым бұрыс болады, ал егер өтірік болса онда пайымды дәлелдеу зәрі емес. Кейбір кезде екі қарама-қарсылықта өтірік болады. Пайымды растау үшін немесе жоққа шығару үшін терістеуді қолданады, ал тек теріске шығару үшін қарама-қарсылықты пайдаланады.
Бірлі-жарым пайымды қарама-қарсылықта қарау деп пайымдағы предикаттың қарамақарсылығы және ол екеуінің арасында делдал болмай предикаттың қарама-қарсылығы оның субъектісінде болуын ал предикаттың субъектіде болмауын қарайлауды айтады. Егер оның қарама-қарсылығы субъектіде болмайтын болса, онда субъектіде предикаттың болуы лазым. Бұл жағдай дәлелдеу мен терістеу үшін ортақ. (109 б.) Егер ол екеуінің қарама-қарсылығының арасында делдал болған жағдайда оның қарама-қарсылығы субъектте болып ал предикаттың субъектіде болмауы лазым. Оның қарама-қарсылығы субъектіде жоқ болса предикаттың да субъектіде болуы зәру емес. Бұл жағдай тек дәлелдеу үшін немесе терістеу үшін ғана [қолданылады]. Расында егер субъекттің қарама-қарсылығы предикатта және оның барлығында бар болса, онда субъектті предикаттың болмауы лазым. Сондай-ақ, егер пайым бір нәрсені қабыл алатын болса және сол нәрсенің қарамақарсысы бар болса, онда сол субъект әлгі нәрсенің қарама-қарсылығын қабыл алады ма соны байқау қажет. Егер қарама-қарсылықты қабыл алатын болса, онда сол нәрсені де қабыл алушы болады. Екі қарама-қарсылықтың қабыл алушысы біреу. Егер субъект әлгі нәрсенің қарама-қарсылығын қабылдамаса, онда сол нәрсені де қабыл етуі мүмкін емес. Мысалы, «жанның зұлымдық жасайтын бөлігі әлсіз болады». Егер зұлымдық қабылданса онда әділдік те қабылданады. Ал әділдікті жанның тек зерделі бөлігі ғана қабылдайды. Егер ол әділдікті қабылдамаса онда, зұлымдықты да қабылдамайды. Мұндағы иелену қарама-қарсылық іспеттес яғни әділдікті қабыл ететін нәрсе оның қарамақарсылығын да иеленеді. Дәлі құрастырушының «жанның сезімді бөлігі - надандық»- —деп қойғаны сияқты. Егер жан надандықты қабыл алса, онда ғылымды да қабылдайды бірақ, ғылымды қабылдауға құдіреті болмаса, надандықты да қабылдамайды. Сол сияқты бізге егер предикатты субъекттен алатын болса ол нәрсе субъекттің сол жерінен қарамақарсылығымен бірге еріп келетініне назар салуымыз керек. Шынында егер ол солай болса субъектте предикаттың болмауы лазым, енде¬ше субъектте предикаттың болуын - негіз, ал салдар онымен бірге болған қарама-қарсылық болады, салдарға қарама-қарсы келгенді ережеден тыс қалдыруымыз қажет. Егер субъекттің бір жағына қарама-қарсылық пайымның басқа түрлерінің болуы лазым болса мысалы, екі қарсы пайым бірге - шындық, бір нәрсенің бір тарапында ие болу мен ие болмау сияқты және қосынды нәрсенің бір субъекттің бір жағында болуын, оның [қасиетке] ие болуы мен болмауын қарайлауымыз лазым. Бұл екі нәрселердің жағдайын араларында дәлелі жоқ бір-біріне қарама-қарсы етеміз. Оларға сілтеп көрсететін нәтижесіз есім қоюымыз қажет. Иелену мен иеленбеудің субъектісі ол екеуін қабылдайтын бір субъекті, (110 б.) ол екеуінің бірін ғана иеленетін субъекті емес. Біз мақұрымдыққа қарама-қарсы тұрған нәрсені алуымыз керек сонда ол жақын қарама-қарсылық болады. Мысалы, білімді де, надандықты да қабылдайтын орташа жастағы кісіні алайық. Жас бала да білім мен надандықты қабылдауға бейім тек ол үшін жас балаға жасына жас қосатын уақыт пен жайкүй күш керек. Ал енді екі қосынды нәрсеге келсек, онда бұл екеуі араларында ортақ жағдайы бар екі қарама-қарсылықтар сияқты. Дәлірек айтқанда егер субъектіде екі қосынды пайымның бірі бар болса, онда бірінші айтылған пайымның тарапынан екіншінің қарсы пікірі келмейді, яғни егер «Зайд Әмірдің баласы болса, онда ол Әмірдің әкесі болуы мүмкін емес, ал егер Зайд Әмірдің баласы болмаса, онда оған Әмірдің әкесі болу зәру емес». Бұл «егер бір нәрсе ақ түсті болса, онда сол нәрсенің қара болуы мүмкін емес, ал енді ол нәрсе ақ түсті болмаса,
онда оның қара болуы да міндетті емес» мысалы сияқты. Ендеше пайымның предикаты субъектіден ажыратылса, онда пайымның теріс болғаны. Өйткені субъектіде предикат жоқ. Осы сияқты өзіне теріс силлогизмді қажет қылған пайымды алсақ мысалы, «Кез келген нәрсе құбылмалы» - деп айтылған соз. Расында солай болса онда айтылған бұл соз және оның пікірі де өзгеруі лазым. Нәтижеде пікір өтірік саналады. Ал енді оның бұл айтылған пікірі өзгермейтін болса, онда айтылған пайымы теріске шығады, яғни «кез келген нәрсе құбылмалы емес» деп айтылуы тиіс. «Күллі пайым өтірік» деп айтылған мысалға сүйенетін болсақ, онда ол сөздің өзі де өтірік болып шығады. Егер ол пайым өтірік болмаған болса «күллі пайым да өтірік» болмағаны. Сол сияқты «кез келген пайым - пікір және кез келген зат - сезіледі» пікірлерін және осы пішіндегі пайымдарды да осыған жатқызуға болады. Платон осы іспеттес пікірмен Протогордың: «Ешбір нәрсе ақылмен түсінілмейді» деген сөзіне «егер еш нәрсе ақылмен түсінілмейтін болса, онда ақылмен түсінетін бір нәрсе бар» - деп қарсы пікір айтты. Қарама-қарсылықтағы қайтымдық Қарама-қарсылықтағы дұрыстық - екі қарама-қарсылықтың бір-біріне қажет болуында. Бұл екі жағдайдың бірінде болады: бір жақты және екі жақты қарама-қарсылық жолы арқылы. (111 б.) Бір жақты дегеніміз екінші пайымның субъектісі бірінші пайымның субъектісіне ал предикаты предикатына қарсы болуы тиіс. Екі жақты қарама-қарсылық жолымен дегеніміз - екінші пайымның субъектісі бірінші пайымның предикатына, ал предикаты оның субъектісіне қарама-қарсы келеді. Бұл пайымның дәлелдері дұрыс растаушы мен терістеушілердің барлық түрінен алынған. Бұл «тұру» сөзінің мысалы сияқты. Сөз ешнәрсенің көмегінсіз «тұруды» еске түсіреді. Ал енді осы сөздің қысқа дауыстылары мен әріптерін өзгертетін болсақ, онда бұл сөз өзінің алдындағы «тұру» сөзінің мазмұнынан ауысады. Себебі, бұл өзгерістер [араб тіліндегі] «зуу» [сөзге меншікті мағына үстейтін шылау] сияқты көптеген нәрселерге әсер етеді. Шынында да «тұрушы» деп айтқан сөзбен «тұрудың иесі» деп айтқан сөздердің арасында айырмашылық жоқ. Метафоралық сөздерді тартыс өнерінде не басқа да ғылымдарда қолданбайды керісінше, олар сөз өнері мен поэзияда қолданыс тапқан. Ал басқа өнерден басқа ғылымға ауысқан сөздерді болса ғылымда, басқа енерлерде де пайдаланады. Бұл сөздермен қатар белгілі өнер иелерінің арнайы қолданатын есім сөздері де бар бірақ, белгілі ғылымдарда немесе жағдайларды мәшһүр атаулар қолданған уақытта бұл атаулардың мәшһүр және басым көпшілік осылай қолданатын болғандығы үшін кәсіп иелері мен басқа да өнер адамдары бұл сөздерді өздерінде ғана қолданатын атаулармен атамайды, ондай сөздерді тастаулары қажет. Басқа өнерден ауысып келген сөздер басқа да ғылымдарда ортақ сөздерге айналып кең қолданыс тапқан сөздер. Мысалы, «субстанция» сөзі. Бұл сөз теориялық ғылымдарға ауысып келіп, кейін ортақ сөз айналымына енген сөздердің бірі. Бұлардың қатарына физика немесе т.б. есімдерді көптеп келтіруге болады. Ортақ сөздерге айналған есімдер көптеген уақытта ғылымдарда қолданылуға мәжбүр. Мұндай сөз қолданылған уақытта оның қамтитын барлық мазмұндарын ашып көрген жөн. Сонда барып ол сөздің нені меңзегені анық болады. Бұлай жасамаған күнде естуші адам сөзді айтқан кісінің ойын қате түсінуі әбден мүмкін.
Сол сияқты басқа ғылымнан (112 б.) ауысып келген есімдерді көрген адам ол сөзді бұрын соңды өз саласында үйреншікті мағынада түсінбеуі тиіс. Жоғарғы он тек бар, олардың әрбіріне тән атаулары да бар, бұлар әрбірінің артына арнайы реттілікпен белгіленген. Бұлар олардың әрбіріне катысты синонимдес атаулар. Мысалы, субстанция, зат, жағдай, бір бүтін т.б. Олардың әрбірі осы атаулармен аталады және осы атаулардың әрбірі жалпы мағынада бұлардың барлығын қамтиды ендеше жалпы есімдердің түрлері реттілік пен сәйкестікке байланысты [пайдаланыла береді]. «Бар болу» сөзі әуелі субстанцияға қатысты айтылады да кейін барып басқа категорияларға айтылады. Егер субстанция өздігінен болып болмыстағы акциденцияларға мұқтаждық танытпаса, онда субстанциядағы акциденциялардың келіп кетуі, олардың кемуі оған әсер қылмайды. Субстанция егер өзгеріске ұшырап дұрыс болмаса, онда оны негізге алған акциденция да дұрыс болмас. Кейін, субстанцияда акциденциядан басқа категориялар «бар болу» атауына анағұрлым жақын болады. Субстанцияда басқа аз нәрселердің арқасында бар болған нәрселер көп нәрселердің арқасында бар нәрселерден жоғары тұрады. Сол сияқты атаулары басқа, бірақ, жалпыланып кеткен нәрселердің әрбірі егер сол нәрсенің түріне, жынысына қатысты аталса соған байланысты келісім арқылы жүзеге асады. Әрбір түрдің атауы соған байланысты аталған уақытта да келісіммен аталады. Ал субстанциядағы кейбір жыныстардың түріне қатысты есімдерді атаған уақытта бірнеше нәрсеге ортақ есімдермен атайды. Бір нәрсені даралығына, қамтитын қасиетіне немесе түріне қатысты шамалап атаған уақытта ортақ есімді қолданбайды. Мысалы, «түс» сөзін алайық. Бұл сөзді жалпы алған уақытта оны арнайы бір субъектіге бермей, белгілі реңнің акциденциясы қылмай тұрған уақыттағы бос ұғым. Ал енді оны белгілі бір субъектіге беріп, рең келтірген соң ол енді жәй «түс» емес, «түс [рең] беруші» деген есімге ие. Егер оның бар болуы мен негіздерінің себептері субъектіде бар болса оның атауы субъектіде негіздерінің бар екенін білдіретін ортақ есім болады. Бұл есім ол нәрсе үшін ортақ атау екенін білдіреді. (113 б.) Ал енді түрлі жынысты субстанциялар мен түрлерге келсек, онда бұлардың көпшілігі делік әуелгі атаумен көрсетіледі мысалы, «адам», «ат», «ағаш», «өсімдік» немесе «дене», «субстанция» сияқты атаулар. Бұлар кейбір ортақ жалпылық атауының шарттарынан ауытқитын болса ол есімді тек белгілі субъект үшін қолданады. Бұлардың арасындағы айырымдар ортақ есімдердің арасындағы айырымдардың болғанындай субстанциялар мен басқа да категориялардың айырылымы сияқты. Күллі жағдайда белгілі есіммен аталайын деп отырған нәрсені атамас бұрын ақылдасқан жөн. Субъектіні атаған уақытта да осы тәртіп сақталады. Сол сияқты бір соз бен жалпы сөз де сөйлемнің құрамына кіреді. Егер пайымдағы субъекттің есімі ортақ есім болса, онда пайымның жалғыз нәрсеге қатысты болмағаны керісінше, сол есімнің ортақ нәрселерінің санына қарай сонша мәрте жасалған болады. Бұл пайым бір предикаты бар бірнеше мағыналы субъектілерге жасалмақ. Егер предикат ортақ есім болса, онда пайымның саны да предикаттың көрсететін мағыналарына тең. Сол сияқты егер олардың есімдері ортақ болса да осы жағдай сақталады. Пайымның предикаты синонимды есім болып келген пайымның субъектісі біреу болады.
Қайтымдық және тура дедукцияның жағдайлары Сол сияқты бір жағынан пайымға [назар салу] қажет, егер пайым растаушы ал предикаты ажыратылған болса, онда пайым предикатының бар екені айқындалады. Пайымның субъектісі терістеуші болса да оның предикаты болады. Дәл солай пайымның субъектісі болған уақытта да пайым дұрыс саналады. Расында субъекті бар уақыттағы предикат субъектінің терістелген нәрсесінен предикатта терістелген болуы лазым. Мұның теріс пайымы да сол сияқты болады. Егер субъектіні предикаттан терістеген болса сол уақытта предикатта субъектті терістейді. Субъектінің терістеуіне предикаттың да терістеуі жауап болады. Мысалы, «егер әділ адам ең қайырлы адам болса, онда әділ болмаған адам ең қайырлы емес» немесе «рахат болмаған нәрсе зұлымдық емес, ендеше рахат - зұлымдық». (114 б.) Сол сияқты егер субъекті растаған нәрсені предикат терістейтін болса, онда оның растауы субъекті терістеген уақытта келеді. Бұл пайымның терісі де осы сияқты, егер предикаттың растауы субъектінің терістеуінен соң келсе онда оның терістігі субъектінің растауынан соң келеді. Мысалы, «Егер рахаттану болған нәрсе нығмет болмаса, онда рахат болмаған нәрсе - нығмет» және «егер әділділік емес нәрсе мақтану болса, онда әділділік болған нәрсе мақтануға лайық емес нәрсе» онда «әділділік жолында болған нәрсе мақтауға лайық емес». Әрине бұл пайымдардың барлығы да ойдан құралған пайымдарға [жатады] себебі, «күллі адам - жануар» деп айтар болсақ онда «адам болмаған нәрсенің барлығы да түгел жануар емес». Осы сияқты т.б. пайымдар көптеп кездеседі. Осы пайымдардың ішінде «мә ләйса» (сондай емес) сөзі келеді. Егер ол құралса онда ол үшін принципиалды, ал егер құралмаса онда ол үшін принципиалды емес. Бұл айтылған былай деп [айтылған сияқты] «егер нәрсе жоқ болса, онда ол бір мекенде де тұрмайды, ал егер бар болса онда оның орны да бар болады. Егер нәрсе жоқ болса онда ол дене емес, ал күллі бар нәрсе - дене». Бұлардың ішінде екі тараптан және қарсылық болған пайымдар кездеседі. Ол дегеніміз пайымның субъектісі рас болған уақытта оны артынан келген предикаты растайды, ал субьектісі рас болған кезде артынан келген предикат та терістейді. Біздің «Егер әрбір адам жануар болса, онда жануар болмаған күллі нәрсе адам емес», - деп айтқанымыздай. Сол сияқты субъекті терістеген уақытта артынан келген предикатта теріс болады. Предикат рас болса онда артынан келген субъект те рас болады. Біздің мына сөзіміз сияқты: «Дене болмаған нәрсе қозғалмайды, ал күллі қозғалушы дене». «Егер жоқ нәрсенің мекені жоқ болса, онда мекені бар күллі нәрсе», - бар деген соз. Міне, терістеу пайымының қарама-қарсысы деп осыны айтады, бұл дәлелдеу силлогизмі. Сондай-ақ, егер субъект рас болып кейін келген предикат терістеуші болса, онда предикат рас болған уақытта терістеуші субъект болады. Мына мысал сияқты: «Ұшқан нәрсенің барлығы адам емес ендеше, адам болған нәрсе құс емес». Жалпылық терістеудің оз пішіні сияқты терістелуі дегеніміз осы. Субъект терістеуші болған уақытта кейін келген предикат растаушы болса онда предикат терістеуші болған кезде субъект растаушы болмақ. Мысалы, «ажыратылмаған нәрсе жинақталған, ал жинақталмаған нәрсе - ажыратылған». Қарама-қарсылардың жағдайы (115 б.) Қарама-қарсы жағдайлардың ішінде туралық [принципінің] негізінде алынған сөздің бір тарапынан қарама-қарсының ішінде қарсы сөздер бар. Біздің мына сөзіміз
сияқты: «Егер қиналу зұлымдық болса, онда рахаттану нығмет болғаны. Егер бақытсыздық опасыздық болса ,онда бақыт - бекзаттық». Бұлардың ішінде қарама-қарсысы [негізінде] алынған қарсы сөздің екі тарапынан келген қарсы сөздері де бар. Мысалы, «Егер науқастың сыртқы пішіні жаман болса онда, сыртқы көрінісі жақсы адам саламатты болғаны. Егер жас бала бойшаң болса оны ер жеткен адам санау қажет. Ал қысқа бойлы кісіні жас бала деп білу керек». Бұлар пайымдарды растау немесе теріске шығару үшін пайдалы. Егер бір нәрсені растауды қаласақ, онда пайымның предикатына назар саламыз. Егер предикат субъектіге қарсы болса, онда предикат субъектіде болуы лазым. Ал егер предикаттың қарсысы субъектінің қарсысын терістеген болса, онда предикат субъектіні терістеген саналады. Егер бұл жағдай анық болмай, ал субъекті қарсысының предикат қарсылығына деген болмысы анық болса, онда сол анықтың қарама-қарсысын аламыз. Бұл жағдайда біз субъектіде бар предикатты анық болса да субъект қарсылығының предикат қарсылығын терістеуіміз лазым. Сонда субъектіден предикатты терістеген боламыз. Естушінің қасында айтылған екі пайымдың дұрыс таңдауға және қолдануға еріктіміз. Егер тура айтылған пайым дұрыс әрі мәшһүр болса соны таңдаймыз. Ал енді пайымның қарсы сөзі нанымдырақ болса соны пайдаланамыз. Расында қарсы сөз жағдайларының мәшһүрлері екі жағдайдың бірінен бос болмайды: айтылған сөз тура болады немесе қарама-қарсы сөз болмақ. Бұл пайымдардың барлығы да қиялдан туылған те» бұлардың ішіндегі кең танымалы әрі нанымдыларын есепке алмағанда. Пайымдардың ішінде бір қасиетті иелену немесе не болмау пайымдары қолданылды. Олардың ішіндегі танымалы болғандары бір жақты қолданылған тура сөзді пайымдар. Талап қылынған субъекті бір нәрсені иелену қасиетінде болса, онда предикатта солай болғаны кейін, предикаттың жоқ болғаны сияқты артынан келген субъекті де сол қасиетті иеленеді. Сол сияқты субъекті үшін бар болған предикат егер предикаттың жоқ болуы субъекттің жоқ болуынан ажыратылған болса, онда предикат субъект! үшін болады. Мысалы, «Егер көру ғылым болса, онда зағиптік надандық болғаны бірақ, зағиптік надандық емес [ендеше] көру - ғылым емес». Бұл пайымдардың көптеген қайшылықтары бар мысалы, «Егер көзбен көруші тірі саналса, онда зағип мәйіт (116 б.) болуы лазым емес. Егер сергек тірі болса, онда ұйықтаушының мәйіт болуы мүмкін емес». Иеленуге немесе ие болмауға құдіретті бір нәрсе болған уақытта оның иеленген нәрсені иеленуі немесе жоқ болған нәрсенің жоқ болып қала беруі зәру емес. Алайда, бұл пайымдардың ішінен естушіге нанымдысын немесе қарсы сөзін білмейтін пайымдарды қолдануға болады. Сондай-ақ, бұлардың ішінде бір жақты қосынды пайымдардың барлығына танымалы пайымдары да бар. Олардың талап қылған субъектісі қосылған болса оның предикаты да сол сияқты болмақ. Кейін, предикаты қосылған пайымға субъектісі қосылып нәтижеде предикаты бар субъект болған пайымдар да жоқ емес. Егер қосылған предикат қосылған субъектіден ажаратылған предикат болған жағдайда онда предикат субьектіден ажырады. Бұл пайым растау үшін және терістеу үшін де қолданылады. Біздің мына сөзіміз сияқты: «Егер улы бағынушы болса, онда әкесі - басшы. Егер басшы қызметке алушы болса, онда бағынушы қызмет көрсетуші. Егер қанаушы анағұрлым абзал жан емес болса, онда қаналушы анағұрлым ұждансыз емес». Қарсылық ету жағдайы
Жағдайлардың ішінде пікір, мінез-құлық пен өмір сүру салтына лайық алынған лазым, қарама-қарсылық пайымдары да бар. Олардың ішінде табиғаты бір пікірде, бір мінезде немесе бір нанымда бірігетін және бір-біріне лазым екі нәрсе бар. Сол сияқты бір-бірінен алшақ, бір пікірде және бір мінез-құлықта мүлдем қосылмайтын керісінше, ол екеуінің нанымдағы мәңгі қарама-қарсылығы оларды қасарысушы қылады. Ол екеуінің нанымда немесе мінез-құлықта бірге болулары зәру емес және бір-біріне қажет те емес. Бұлардың жағдайы ыңғайларына қарай болады. Адам ол екеуінің бірін білсе екіншісін де білуі зәру емес. (117 б.) Сол сияқты егер адам оның біреуіне иланса оған илануымен катар оның екіншісіне де илануы қажет емес керісінше, оның бірін біліп екіншісін білмейміз, біріне иланып екіншісіне сенбейміз. Олар оз ыңғайларына сәйкес пайда болады. Қарама-қарсылықтан құралған осы пайымдардың субъектілері және предикаттары да қарама-қарсы. Мысалы, субъектілері «әділдік» пен «әділсіздік» ал предикаттары «нығмет» пен «зұлымдық» сияқты. Екі қарсы екі қарсылықпен [қосылады] әр қарама-қарсыға екі қарсылық, әр қарсылық екі қарама-қарсылыққа келеді. Нәтижеде үшеудің әрбірі екі түрлі, бірімен-бірі қосылып алтауға ұласады. Қасарысушылық пайымдарын байқап және оларды салыстырып алтауын да байқауға тура келеді. Оларды бір пікірде немесе мінезде, немесе қолданыста қосқан жағдайда қандай болатынын көруге болады. Біріншісі, әділдік - нығмет, ал әділсіздік - зұлымдық; Екіншісі, әділдік - зұлымдық, ал әділсіздік - нығмет; Үшіншісі, әділдік - нығмет және әділдік - зұлымдық; Төртіншісі, әділсіздік - нығмет және әділсіздік - зұлымдық; Бесіншісі әділдік - нығмет және әділсіздік - нығмет; Алтыншысы, әділдік зұлымдық және әділсіздік - зұлымдық. Әуелгі пайымдағы екеуі бір пікірде, бір қасиетте және бір қолданыста. Мұнда ешқандай қарама-қарсылық жоқ, бұл қайырымды жол. Әділдіктің жақсылық екенін көрген адам зұлымдықтың жаман екенін көреді. Әділдіктің жақсылық екенін көрсету жолы, залымдықтың жамандық екенін айту. Сондықтан Бұл екеуі бір-біріне лазым. Екінші пайымға келер болсақ, онда бұл пайым да бір пікірде және бір жолмен жасалған. Сондықтан бұл жамандық жолы. Кім әділдікті жамандық, зиян келтіреді деп танып зұлымдықты жақсылық, пайда келтіруші деп мойындаса, онда оның жолы зұлымдықты қолдап, әділдікті тәрік ету жолы болмақ. Үшінші пайымда екеуі не нанымда, не жасалу жолдары да мүлдем бірікпеген керісінше, пікірде бір-біріне қарсы, жолдары қарама-қарсы. Сондықтан, бұлар қарсылық пайымдары болады. Төртінші, бесінші және алтыншы жағдайлар да қарсылық пайымдары болмақ. (118 6.) Сол сияқты егер біз «дос», «дұшпан», «қайырымды» мен «залым» деген [жұптарды] алатын болсақ осылай болады. Бұл мысалды Аристотель қолданған: Біріншісі, дос - ізгілік жасайтын адам, ал дұшпан - зұлымдық жасайтын адам; Екіншісі, дос - зұлымдық жасайтын адам, ал дұшпан - ізгілік жасайтын адам;
Үшіншісі, дос ізгілік жасайтын адам және дос - зұлымдық жасайтын адам; Төртіншісі, дұшпан ізгілік жасайтын адам және дұшпан - зұлымдық жасайтын адам; Бесіншісі, дос - ізгілік жасайтын адам және дұшпан - ізгілік жасайтын адам; Алтыншы, дос - зұлымдық жасайтын адам және дұшпан зұлымдық жасайтын адам. Бірінші пайымда қарама-қарсылық жоқ, ал екінші пайымнан бастап барлығында да ол нәрсе байқалады бірақ, көптеген жағдайларда діндерде жазылған ережелерге сай оқтыноқтын өзгеріп мәшһүр болуға лайық. Біздің мынау: «дұшпан - ізгілік жасайтын адам» деген сөзіміз сияқты. Бұл сөз көптеген діндерде орын алып, ал «дұшпан - зұлымдық жасайтын адам» - сөзі ережеден шығарылып тасталған. Ендеше, біздің: «дос - ізгілік жасайтын адам және дұшпан - ізгілік жасайтын адам» - деген пайымдарымыз сол халықтар үшін қарсылық пайымы емес. Сол сияқты егер жамандық көптеп өзінің әсерін қалдырған болса, онда «дос - зұлымдық жасайтын кісі және дұшпан - зұлымдық жасайтын адам» - деген біздің сөзіміз кейбір уақытта бір мінезде, бір пікірде бірігулері мүмкін. Ал біздің: «дос - зұлымдық жасайтын кісі және дұшпан - зұлымдық жасайтын адам» - деген сөздеріміз дұрыс жанды пенденің пікірінде бірігуі әбден мүмкін. Ол үшін дұшпанға жасалған ізгілік досына жасалған ізгіліктей болмайды деп ойламауы тиіс. Дәл сол сияқты дұшпан мен досқа зұлымдық жасауға болады деуші адам досқа жасалған зұлымдық дұшпанға жасалатын зұлымдық сияқты емес деп санайды. Сондықтан, әуелгі пайымдағы екі сөз бір-біріне зәру лазым емес және екінші пайым да сол сияқты яғни, «дұшпанға зұлымдық жасау қажет» деген пікірді бір қауымда қолданбайды, ал «дұшпанға ізгілік жасау қажет» деген сөздің қолдауы бар. Сонымен «досқа ізгілік жасалу қажет» және «дұшпанға ізгілік пен зұлымдық жасалу қажет» деп біріккен қарсылық пайымдары қалады. Қалған пайымдар қарсылық пайымы саналмайды. (119 б.) Әуелгі мысалға келер болсақ, онда әуелгі мен екінші пайымдар қарсылық емес, қалғандары қарсылық пайымдары. Егер «рахаттану», «азап шегу», «нығмет» және «зұлымдық» сөздерін алар болсақ: Біріншісі, рахаттану - нығмет, ал қиналу - зұлымдық; Екіншісі, рахаттану - зұлымдық, ал қиналу - нығмет; Үшіншісі, рахаттану - нығмет және рахаттану - зұлымдық; Төртіншісі, қиналу - нығмет және қиналу - зұлымдық; Бесіншісі, рахаттану - нығмет, қиналу да - нығмет; Алтыншысы, рахаттану - зұлымдық және қиналу да - зұлымдық. Алайда, қиналу - нығмет бұдан қашуға болмайды, ал рахаттану нығмет емес, бұл нәрседен аулақ болған жон деп санайтын қауым жоқ емес. Осы ойлаған нәрселердің барлығын өздерінің табиғатынан таба бермейді. Бұл нәрселер мәшһүр болмаса да олардың канондық заңдарында жазылған. Олардың ішінде бірінші пайымды ізгі деп танымайтындары бар. Екінші пайымды ізгілік деп білетіндер де жоқ емес. Қалтан пайымдар олар үшін қарсылық ету пайымы болып саналады. Сол сияқты егер «өмір» мен «өлім», «нығмет» және «қасірет» сөздерін алсақ та осылай болмақ: Біріншісі, өмір - нығмет, ал өлім - қасірет;
Екіншісі, өмір - қасірет, ал өлім нығмет; Үшіншісі, өмір - нығмет және өмір - қасірет; Төртіншісі, өлім - нығмет және өлім - жақсылық; Бесіншісі, өмір - нығмет және өлім де - нығмет; Алтыншысы, өмір - қасірет және өлім де - қасірет. Расында өлімді жамандық емес, өлімнен қашуға болмайды деп санайтын қауым бар. Ол жайында пікірлер де әр түрлі. Олардың кейбірі бұл нәрсе канонды заңда айтылған деп айтса енді басқалары уақытында қажет болатын шешім деп айтады. Адам өз жанында өмір сүруге құштарлығын, өлімге дұшпандығын көрген уақытта бұл пікірлердің барлығы мәшһүр пайымдарға қарсы келеді. Бұл пайымдардың қайсысын тартыс өнерінде қолданатынын және қайсысын тек бір қауым бір-бірін иландыру үшін қолданатынын білу керек. Мысалы, «денсаулық» сөзі, мынадай [формаларда] өзгереді «дені сау», «денсаулығы қалпына келуші», «денсаулығын қалпына келтіруші», «денсаулықты қалпына келтіретін орын», «денсаулығы қалпына келген» және «дені сау» т.б. деп те келуі мүмкін. Бұлардың барлығы да ұқсас сөздің түрленуі деп аталады. Сөз құрамының негізі бір, ал, алуан түрлі мағынаны үстейтін пішіндері әр түрлі. Олардың ішінде мағынаның өзегіне сілтейтіндері болса онда ол туынды соз, Аристотель оны «Диалектика» атты еңбегінде «ұқсас соз» - деп атайды. Ал енді олардың қайсы бірі тек бір салаға қатысты ғана айтылатын болса, оларды туынды соз деп атайды. Біздің «емделген» және «медициналық емделу» деген сөздеріміз сияқты яғни, біз оны медицина мектебінде немесе медицина саласында яки болмаса медицинаға қатысты қолданамыз. Расында соз өзгеріп, мағынасы осы аталған үш жолдың біріне қатысты жұмсалса, Аристотель мұндай өзгерісті «туындау өзгеріс» деп атаған. Шынында да парсылар, гректер сияқты т.б. көптеген халықтар бір сөзді тілдік қолданыста өздеріне белгілі қылып өзгерткен. Ол сөздердің мағыналары осы аталған үш жолдың біріне жұмсалады. Араб тілінде мұндай нәрсе жоқ бірақ, арабтар өздерінде сол мағыналарды білдіретін жеке сөздерді қолданады. Егер арабтар медицина мектебіне қатысты бір нәрсе айтуды қаласа олар «медицина» сөзінен жаңа соз жасамайды керісінше, «медицина мектебінде» деген сөз тіркесін қосу арқылы айтады. Сол сияқты егер ізгілік немесе қайырымдылыққа қатысты «пәленше игілік амалын жасады» - деп айту қажет болса арабтар ол үшін «ізгілік» немесе «қайырымдылық» сөздерінен соз жасамайды. Ол үшін ізгілік немесе қайырымдылық сөздерінің өзін қолданады. Сондықтан арабтарда бір сөздің туындауынан алынған жәйттер жоқ бірақ, оның орнына «ізгілік өлшемімен алғанда немесе қайырымдылық көшімен қарағанда» деген сөздерді қолданады. Ал енді ұқсас сөздерден алынған жәйттерге келсек онда, бұларды сөздің өзгеруі арқылы жасауға болады. Қашан талап қылынған предикаттың ұқсас мысалы субъекттің ұқсас мысалдары үшін бар болса, онда предикаттың мысалы да субъекттің ұқсас мысалы үшін бар. Өйткені предикат субъекті үшін бар болады. Ал егер предикаттың ұқсас мысалы субъекттің ұқсас мысалы үшін жоқ болса онда, предикат та субъектіден ажыраған. Дәл сол сияқты егер (122 б.) предикаттың туындысы субъекттің туындысы үшін бар бол¬са,
шынында да предикат субъекті үшін бар болады. Ал егер, ол үшін жоқ болатын болса предикат та субъекті үшін жоқ. Ұқсас сөздердің мысалы: ұқсас соз дегеніміз - түбірдің өзгеруі арқылы пайда болған соз. «Расында әділдік - ізгі амал» деген пайым. «Егер әділ кісі ізгі адам болатын болса күмәнсіз әділдік - ізгілік болады, ал әділ адам ізгі кісі болмайтын болса онда әділдік те ізгілік болмағаны». Сөз туындаған уақытта да сол сияқты әділдік жағында болған нәрсе ізгілік тарапында да болады. Сонымен, әділдік - ізгі амал. Егер (нәрсе) әділдік жағында болмаса, онда ол ізгілік жағында бар болады. Ендеше әділдік - ізгілік болмағаны. Сол сияқты пайымдарда өзіне ұқсас және туындау жолымен пайда болған нәрселермен бірге болады. Бірінші мысалдарда көрсетілген үлгілер соның анық көрінісі. Егер «әділ адам - ізгі кісі ме?» - деген мәселе талап қылынса, онда ол үшін біз әділдіктің ізгілік екенін дәлелдеуіміз қажет немесе әділдіктің ізгілік емес екенін талап қыламыз. Егер пайым әділдік жақтағы нәрсенің өзі болса онда, оның ізгілік жағында болғаны. Сонымен біз әділдіктің ізгілік екенін дәлелдейміз немесе оның ізгілік емес екенін талап қыламыз және ұқсас сөздің туынды сөзден, туынды сөздің ұқсас сөзден айырмашылығын көрсетеміз. Сонымен қатар екі жыныстың белгілісіне қарағанда белгісізін елестетуге тырысамыз. Мысалы, егер әділ адам ізгі кісі болса онда әділдік тарапында болған нәрсе ізгілік жағында да болғаны. Осыған сәйкес әділдікте жүрген нәрсе ізгіліктің де бойында жүреді. Ендеше, әділ адам - ізгі кісі. Тағы сол сияқты егер бір нәрсе басқа нәрсенің қарама-қарсысы болса, онда ол нәрседен туындағанын және соған ұқсайтын нәрселер де басқа нәрседен туындаған әрі соған ұқсайтын нәрселерге теріс болады. Біз предикатқа қарсы нәрсе субъектке қарсы және предикаттың туындысы субъекттің туындысына қарсы екенін байқаймыз. Сонымен жоғарыда көргеніміз сияқты «әділдік - ізгілік» енде¬ше «зұлымдық - надандық». Егер әділдік тарапында жүрген нәрсе ғылым тарапында болады ма? сондай-ақ, зұлымдық жағында болған нәрсе надандық шеңберінде бар ма? деген жағдайларға назар саламыз. Егер «әділ адам - ғалым кісі» болса онда, «залым адам - надан адам» болғаны. (123 бет) Бұл жәйттардың ішінде кейпіне ұқсатылған нәрселерден алынғандары да бар. Егер талап қылынған субъект ұқсатылған нәрсе болып оның ішінде предикаты бар болса, онда талап қылынған субъектінің ішінде де предикаттың болуы лазым. Ал егер предикат ұқсатылған нәрсенің ішінде жоқ болса, онда предикат субъектіде де жоқ деген сөз. Біз бұл жағдайды өте қажетті жәйт қылуды қалайтын болсақ, онда екі нәрсенің арасындағы ұқсас нәрсе сол жәйттің тарапынан болып және соған ұқсатылған нәрсенің ішінен предикатты табуымыз қажет. Мұндағы предикаттың ұқсатылған нәрсе үшін бар болу себебі, оның талап қылынған субъект үшін бар болу себебінен басым болуы лазым. Енді бұл жәйттің предикатты ұқсатылған нәрсе үшін тапқандығы қалай мәлім болмақ? (деген сұрақ ) туындайды. Ол дедукция немесе басқа да ұқсас нәрселер арқылы белгілі болуы мүмкін. Дедукцияны бар болу және жоқ болу жәйттарында баяндадық. Егер өзіне ұқсатылған жәйтты ұқсас нәрседен тапқан болсақ, онда предикат та сол жерде бар. Ал егер ол онымен тасталған болса, онда предикат та жоқ болады. Сөзіміз негізді болуы үшін оны
бұл мәртебеден жоғары көтеруді қалайтын болсақ, онда бұл жәйт сол предикаттың бар болуына себеп болады. Субьектіге ұқсатылған субъекттің предикатын тапқан жәйт үшін предикаттың бар екенін дұрыстау өзі арқылы немесе дедукция арқылы жасалады. Осы жәйт қандай жерде бар болса онда предикат та табылады және ол не нәрсеге қатысты айтылған болса сол нәрседе предикат та болмақ. Сонымен предикаттың субъект үшін болғанын дәлелдеу ұқсатылған әдіс арқылы емес, керісінше, силлогизме және дәлелдеу арқылы іске асты. Ол үшін нәрсенің ұқсатылу әдісі мүлдем қажет емес. Қашан ұқсатылған нәрсе қарама-қарсы болмай бұл жәйтты дұрыстауды қалайтын болсақ онда жәйтты мүлдем басқа әдіспен зерттемеуіміз қажет. Тек көптеген қарсылықтар туып басқа жолмен зерттеген уақытта ғана шындыққа жететін болсақ, онда сол басқа әдісті қолдану қажет. Егер айтқан басқа әдісіміз дедукция болса зерттелетін пайым дедукция мысалынан шыққан күрделі (құралған) нәрсе болуы тиіс. Сонда барып ол нәрсе ұқсатылған әдіс арқылы емес, дедукция арқылы дұрысталады. Егер дедукциядан (124 бет) басқа бар болуы мен жоғалу сияқты т.б. жәйттармен іске асатын болса, онда шынында да дұрыс болуы талап қылынған нәрсе осы жәйт арқылы болады. Ал талап қылынған субъектіге ұқсас нәрсе екі түрлі болады: субъектіге де, ұқсатылған нәрсеге де ұқсайтын бір нәрсе мысалы, қар, сүт т.б. Екіншісі, лайық түрі: мысалы, көздегі көру - жандағы ақылға ұқсайды; ұстап сезетін заттарды ұстау көзбен көретін заттарды көргенмен тең; қаланың патшасы әлемнің құдайы сияқты. Патшаның жалғыз болуы қажет болғаны сияқты әлемнің құдайы да жалғыз болуы лазым. Егер патшалар көп болса, онда ауызбіршілік кетіп қаланың шаруасы ыдырауға мәжбүр болғаны сияқты құдайлардың да көп болуы әлемдегі заңдылықтарды құбылтуға мәжбүр болады. Сондықтан да «қаланың қалалық мүшелері жанның жандық мүшелері сияқты немесе дененің дене мүшелеріне ұқсайды» - деген соз пайда болған. Дене мүшелері бір-бірімен байланған. Сол сияқты қаланың мүшелері де бір-бірімен байланғаны жөн. Дененің бір мүшесіне зиян келсе ол нәрсе дененің басқа жеріне әсерін тигізбесі үшін оны дереу емдеуге кірісу қажет. Осы сияқты егер қаланың бір мүшесі бұзылған болса, онда ол басқа ағзаларына зиянын тигізбес бұрын оны емдеу лазым. Бұл сөйлемнің өзгерістері сөз тіркестердің де өзгерістерімен сай келеді. Осы ұқсастық мағыналарда елестетіледі. Мысалы, естілетін нәрсенің естілу қабілеті, көзбен көрінетін нәрсенің көріну қабілетіне ұқсатса болады. Кейін, естірту қабілеті бізге сырттағы нәрселерді дұрыстап естіртеді, ал есту қабілетімізден еш нәрсені сыртқа шығармайды. Сол сияқты көру қабілеті де біздің көзбен керген нәрселерімізді дұрыстап көрсетеді. Ол біздің көру қабілетімізден еш нәрсені сыртқа алып кетпейді. Есту қабілеті сияқты емес, себебі, көру қабілеті көретін адамға тиіс қабілет, дәл құрметтің құрметті адамға лайық болғаны сияқты. Біз үшін марапатты адам бізге құрмет жасамайды керісінше құрметті оған біз жасаймыз. Сол сияқты көзбен көрінетін нәрсе бізге қарамайды, біз көрінетін нәрсеге қарауымыз лазым. Ал естуші керісінше, басқа нәрседен келгенді өзіне қабылдап алады. Естуші басқа нәрседен өзіне арналғанды (125 бет) қабылдайды. Расында бірінші жағдай ұқсастықты мағынада қабылдайды, ал екінші жағдай яғни қарамақарсылық ұқсастықты мағынада емес, тек сөзде ғана пайдаланады. Негізінде көру қабілеті мен құрметтеу қасиетінің арасында немесе көзбен көретін нәрсенің арасы мен құрметті
кісінің арасында мүлдем ұқсастық жоқ тек, сөздерінің формасы араб тілінде. Сол сияқты естуші мен қабылдаушының арасында да ұқсастық тек сөздерінің формасында ғана. Бұл софистикалық жәйт, мұнда белгілі кемшіліктер бар болғандықтан оны осы әдіс арқылы тартыс өнерінде, ұқсастықта және жалпы ғылымда, сөйлемде қолданудан аулақ болған жөн. Жәйттардың ішінде бір-бірімен тең және артық жәйттерден алынғандары да бар. Бірбірінен артық жәйттерге келсек онда, бұлар төртеу: біріншісі, пайымның предикатына назар салынады, егер субьектісі көп нәрсенің ішінде предикаты көп болса және ол субъекті молайған сайын үнемі артып тұрса онда, предикат субъекті үшін бар. Ал енді субъектісі көп нәрсенің ішінде предикат аз болып және субъекті үнемі артқан сайын ол кеміп туратын болса онда, ол субъекті де жоқ. Бұл жәйт ылғи предикаты мен субъектісі аздық пен көптікті қабылдайтын «рахат - нығмет» деген сияқты пайымдар да болады. Бұл екеуі көптікті де, аздықты да қабылдайды мысалы, рахат көп болған сайын нығмет те кеп болады ендеше, рахат - нығмет. Егер рахаты көп болған нәрсенің жақсылығы аз болса немесе жоқ болса, рахат - нығмет емес. Осы жәйтта предикат, субъект жақтарын арттырып немесе кемітуге болады. Бұл кезде басқа мағына шығады. Екінші жәйт: бір пайымнан екінші пайымға дейін пайымның предикатына назар саламыз егер өзі талап қылынған субъекті көп, предикат аз болса немесе талап қылынған субъекті бар нәрседе (предикат) жоқ болып кейін бар болса онда, ол предикат субъекті үшін бар. Ал енді предикат ол нәрседе көп, ал субъекттің жағдайында аз болса және ол талап қылынған субъектіде бар болуы басқа нәрседе болғанынан өзгеше болып кейін, жоқ болса онда, (126 бет) предикат субъекті үшін жоқ. Себебі, егер екі нәрсеге де сай келетін бір жағдай немесе предикат болса және ол екеуінің ішінде жоқ болуына біріне қарағанда екіншісінде жоқ болуына анағұрлым лайықтысы болып кейін, оның ішінде (жоқ болуына анағұрлым лайықтысының ішінде) бар болып шықса онда, ол болуына анағұрлым лайықтының ішінде де болады. Егер бар болу жағдайы екеуінің ішіндегі біреуінде анағұрлым басым болып кейін, ішінде бар болуы анағұрлым лайықтының ішінде жоқ болып шықса, онда ішінде болмауы анағұрлым лайықтының ішіңде де болмайды. Үшінші жәйт: екі пайымнан бір пайымға өту. Талап қылынған субьектідегі предикат өзінің субъектісінде талап қылынған предикаттан аз болса немесе талап қылынған субъектіде жоқ предикат өзінің субъектісінде жоқ предикаттан анағұрлым басым болып кейін, предикат сол жерде (талап қылынған субъектіде) бар болатын болса онда, предикат өзінің субъектісінде де бар болып шығады. Ал егер талап қылынған субъектіде бар нәрсе предикаттың болуынан көп (басым) болса немесе оның бар болуы өзінің субъектісінде талап қылынған предикаттың болуынан анағұрлым лайық болып шығып кейін, ол нәрсе талап қылынған субъектіде жоқ болса, онда предикат та ол жерде болмай шығады. Егер екі нәрсе немесе екі предикат бір жәйтке лайық және бұл жәйтте бар болу қасиеті ол екеуінің бірінде басым болса немесе бұл жәйтте жоқ болу қасиеті ол екеуінің бірінде басым және анағұрлым лайық болып шығып кейін, соның ішінде бар болатын болса онда, әрине ол бар болуға лайық жәйттің ішінде де бар болмақ. Ал енді ол екеуінің (екі нәрсе немесе екі предикат) сол жәйтте бар болуы басқа нәрсенің бар болуынан басым болып шығып бірақ, кейін оның ішінде бар болмай шықса, онда ол жәйттің ішінде болмайды. Мысалы,
«ер жүрек адам үшін батырлық пен түсінік, қайырымды жан үшін әділдік пен сүйіспеншілік» - деген сияқты. Төртінші жәйт: екі пайымнан екі пайымға өту. Егер бір предикаттың бар болуы басқа талап қылынған предикаттың субъектісі үшін бар болуынан кем (аз) болса және предикат бұл жәйтте бар болса (127 бет) онда, талап қылынған предикат субъектісі үшін бар. Ал енді предикат талап қылынған предикаттың субъектісі үшін бар болуынан басым немесе предикаттың сол нәрседе болуы талап қылынған предикаттың субъектісі үшін болуынан басым болып кейін, осы предикат сол нәрседе болмай шықса онда, талап қылынған предикаттың субъектіде болмауы анық. Екі жәйтке қатысты екі нәрсені алайық. Егер осы екі нәрсенің бірінің бір жәйтте болмауы екінші нәрсенің екінші жәйтте болмауына басым болып кейін, нәрсенің жәйтте болмауына анағұрлым лайық нәрсе сол жәйттің ішінде болып шықса онда жәйттің ішінде болуы тиіс нәрсе де жәйттің ішінде болады. Ал енді екі нәрсенің бірінің бір жәйтте болуы екінші нәрсенің екінші нәрседе болуынан артық болып кейін, бір жәйттің ішінде бар болуы басым нәрсе ол жәйтте болмай шықса онда, жәйттің ішінде болмауға лайықты нәрсе де ол жерде болмайды. Егер осы жәйттердің барлығында сол екі нәрсе екі жәйттардың ішінде бар немесе жоқ деп ой жүгіртсе немесе білсе тіпті, Бұл ойлардың, білімнің бірі артып, бірі кеміп жатуы себепті екі нәрсеге қатысты ой немесе білім екінші нәрсеге қатысы ой мен білімнен артық болса, онда білім мен ойдың арасында артықшылық молая түседі. Дәл сол сияқты мұндағы жағдай олардың (нәрселердің) бар кездеріндегі артықшылық жағдайы сияқты. Мысалы, екі жәйтқа қатысты бір нәрсе айтылған жағдайда сол екеуінің бірі жайында біздің ойымыз кемиді немесе арта түседі. Егер бір нәрсенің болуы екі жәйттің ішіндегі бірінде басым, екіншісінде кем деп ойлап кейін, сол нәрсенің болуы басым деп ойлағанның ішінде ол болмай шықса, онда ол нәрсенің болуы аз үмітті деген нәрсенің ішінде мүлдем болмайды. Ал егер нәрсе болуы аз мүмкіндікті жәйттің ішінде бар болып шықса, онда нәрсенің болуы көп мүмкіндікті жәйттің ішінде де бар болады. Егер екі жәйтте де (нәрсе) бар деп екеуі де тең айтылса бірақ, бірінде ол нәрсенің болуы аз мүмкіндікті деп кейін, ол нәрсе аз мүмкіндікті жәйттің ішінде бар болса онда, ол нәрсе көп мүмкіндікті жәйт та да бар. Сол сияқты болуы мүмкін деп ойлаған жәйтта болмай шықса (128 б.) онда, ол нәрсе болмайды деп ойлаған жәйтте мүлдем болмайды. Егер екі жәйттің бірінде бар ал бірінде жоқ деп екі түрлі айтылса бірақ, бар деп айтылған жәйтте ол (нәрсе) жоқ болып шықса онда, ол (нәрсе) жоқ деп айтылған жәйтте де болмайды. Ал енді ол (нәрсенің) болуының ықтималдығы аз немесе жоқ деп ойлаған жәйтте бар болып шықса онда ол нәрсе қалғандарында да бар. Үш тепе-тең жәйттерден алынған пайымдар бір-бірінен артық жәйттармен біріге отырып шынайы немесе ойдағы пайымдармен берілді. Егер бір нәрсені екі жәйтке де жатады немесе екеуіне де тең келеді деген оймен қарап кейін ол нәрсе екі жәйттің бірінде болмай шыққан болса онда, ол екінші жәйтте де болмайды. Ал егер ол нәрсе екі жәйттің бірінде бар болса онда екінші жәйтте де бар. Егер екі жәйтте бір сөзбен айтылады және бір мысалмен теңеседі деп айтылса кейін, ол екеуінің бірі жоқ болып шықса онда, оның екіншісі де жоқ болады. Ал егер оның ішінде ол екеуінің бірі бар болған жағдайда екіншісі де бар.
Ал енді екі нәрсені екі жәйтқа қатысты немесе ол екеуін бір мысалмен екі жағдайда деп айтылса кейін, ол екеуінің бірі екі жағдайдың бірінде болмай шыққан жағдайда да оның қалғаны қалған жәйтте бола бермек. Бұл жәйттердің ішінде артық пен кемшіліктен алынғандары да бар: Мұнда талап қылынған субъектіге назар салу қажет егер оны бір нәрсенің үстіне қосу арқылы предикатты бар қылған болса онда, субъектінің предикаты бар болғаны. Сол сияқты предикаты бар нәрсенің үстіне субъектісін қосатын болсақ онда, ол нәрседегі предикатты бұрынғысынан көп және басым қылған боламыз. Егер бір нәрседегі субъектінің предикаты екінші нәрседегі предикаттан аз немесе көп болса да абсолютті түрде оның предикаты бар саналады. Дәл сол сияқты егер оның предикаты субъектте бір шартқа байланысты бар болса онда, ол абсолютті түрде бар. Егер шарт болмаса онда ол да жоқ болады. Себебі, бір нәрседе субъект жоқ болса онда, оған ол бір шартқа байланысты бар - деп айтылмайды. Қарсылық пайымында бір шартқа байланысты бар болған нәрсе ол жерде міндетті түрде болады. Сол сияқты оның ішінде жоқ нәрсеге біз оны аз мөлшерде немесе көп мөлшерде бар деп айта алмаймыз. Ал енді бір нәрсенің ішінде әсте-әсте көбейген нәрсені міндетті түрде бар деп айтамыз. Бұл жәйттің ішінде қарама-қарсылығы көп болғанымен бұл - кемшілігі бар софистикалық жағдай. Осымен «Аналитика» кітабы кемелденді. Аллаға шынайы мақтаулар болсын! Әл-Фараби. Китаб әт-тахлиль. Каир. 1298 хижра жылы. 96-128 бб. (қолжазба)
ЛОГИКАДА ҚОЛДАНАТЫН СӨЗ ТІРКЕСТЕРІ Әл-Фараби былай деді: Ойланып айтылған сөздер есім және сөз деп аталып екіге бөлінеді. Сөздер - араб тіліндегі тіл мамандарының айтуынша, етістіктер және оларға есім мен сөзден құралатын сөздер де жатады. Есім сөзге келсек онда, мысалы: Зейд, Омар, адам, жануар, ақтық, қараңғылық, әділдік, жазу, әділ, жазушы, тұрушы, отырушы, ақ, қара т.б. Жалпы айтқанда әрбір сөз тіркесі бір ұғымды білдіреді бірақ, өз мәнінің орындалған мезгілін көрсете алмайды. Сөздер - етістіктер де болады. Мысалы: келе жатқан, келеді, барады, ұрды, ұрып жатыр, ұрады сол сияқты т.б. Бүтіндей алғанда соз дегеніміз - мазмұн мен оның (орындалу) мезгілін көрсететін соз тіркесі. Соз [етістік] өткен шақты білдіруі мүмкін, мысалы: жазды, ұрды; келер шақты білдіруін мүмкін, мысалы: ұрады.және осы шақты да білдіруі мүмкін, мысалы: ол қазір ұрып жатыр. Күрделі соз тіркесі екі есімнен құралуы мүмкін. Зейд Омардан қайсарлы, ат -жануар; басқа жағдайда есімнен және сөзден құралады: Зейд келеді, Омар жазды, Халид барады тағы сол сияқты. Жәй соз тіркестеріне басқа да сөйлем мүшелері жатады, оларды тіл мамандары көмекші сөздер деп атайды /2/. Бұлар белгілі бір нәрсеге бір мазмұнды үстеу үшін көмекші қызмет атқарады. Көмекші соз қызмет қылу аясына байланысты әр түрлі болады. Бұлардың әрбірі әдетте қалыптасқан сияқты арнайы атаумен аталғанымен біздерге араб тілінің мамандарынан мура болып қалған жоқ. Сондықтан, біз көмекші сөздердің түрлерін атаған кезде грек тілінің ғалым-филологтарынан келген есімдерімен атауымыз қажет, өйткені олар көмекші сөздердің әр түрін бөлек атаумен белгіленген. Сонымен, гректің тіл мамандары олардың әрбірін бөлек атаумен атады; реттік сөздері, жалғаулық, орта бастауыш көмекші сөздері, байланыс көмекші сөздері. Бұлардың біреулері есімдермен бірігіп қосылса, басқалары - сөздермен, үшіншісі - олардың екеуімен де бірігіп қолданылады. Көмекші сөздердің әрбірі сөз тіркесіне қосылып мазмұнның толықтауыш түрлерінің бір түріне жататынын көрсетеді. Морфология өнеріне [ғылымына] жататын бір топ сөз тіркестері, халық арасында кең мазмұнда қолданғандарымен ғалымдар арасында басқа мағынада қолданыс табатынын білгеніміз жөн /3/. Сондай-ақ, мұндай сөздер бір ғылым өкілдерінің арасында бір мағынада, ал өзге өнер иелерінің ортасында тіпті басқа мазмұнда қолданатын сөз тіркестерінің де болуы ықтимал. Морфология өнері ғалымдардың арасында емес, халықтың арасында кең тараған сөз тіркестерінің түрлерін мазмұндарына байланысты қарастырады. Міне, сондықтан да тіл мамандары сөз тіркестерінің мазмұнын ғалымдардың ортасында емес, халықтың ішінде тараған мағынасына қарап таниды. Көп жағдайда халық қолданысындағы сөз тіркестерінің мазмұны ғалымдар арасында қолданыс тапқан сөз тіркестерінің мазмұндарымен толық сәйкес келу себебі де осы.
Сөз тіркестерінің белгілерін анықтаған уақытта біз үшін бұл сөздерді логиктердің қолданған мазмұнының қажеті жоқ, яғни біз дәл қазір онсыз да логиканың қамтыған нәрсесін қарастырып отырмыз. Ал, енді сөз тіркестердің халық арасында белгілі болған мазмұнын қарастыратын болсақ, олардың ғалымдар арасында емес, халық арасында белгілі болған мазмұндарын талдаймыз. Мұндағы жағдай жоғарыда айтылғандай халық арасында қолданыс тапқан өзге өнерлердегі [ғылымдардағы] жағдай сияқты болады. Мысалы: ағаш ұстасы сөйлеген сөзінің арасында ағаш ұсталары мен басқа да өнер өкілдеріне қатысты сөз тіркестерін қолданады. Сол себепті біз ұстанып отырған бұл өнерде [логикада] осы ғылым саласындағы өкілдердің шамасы келетін соз тіркестерін және олардың түрлерін қолданғанымыз жөн. Осыған байланысты бізді халық арасында белгілі сөз тіркестерін және олардың мазмұнын халық тілінде жиі қолданады деп сынға алудың қажеті жоқ. Біз бұл сөздердің ішінен тек логиктар мен халық арасында жалпы қабылданғандарын ғана қолданамыз. Реттік деп біз алфавиттің әрбір әрпін немесе әрбір сөз тіркесін айтамыз. Әрине, егер бұл әріп есім сөздің қызметін атқарған болса. Мысалы: «һә» әрпі (зарабаһу) сөзінде «ол оны ұрды» ұғымын берсе, «йа» әрпі (сәуби) сөзінде «менің көйлегім» ұғымын, «тә» әрпі (зоробта, зоробту) сөздерінде «сен ұрдың, мен ұрдым» немесе есімнің қызметін атқаратын алфавиттегі кез келген әріпті айтуға болады /4/. Сондықтан да бұл есімдіктердің барлығы ортақ реттік деген атаумен аталады. Көмекші сөздер көп түрлі болады: 5/1 - анықтауыш қызметін атқаратын көмекші сөздер яғни, белгісізді белгілі ететін артикль «әлиф» және «ләм» және «сондай» (әлләзи) сол сияқты т.б; 5/2 - есім сөздермен бірігіп қаратпа сөз қызметін атқаратын көмекші сөздер «йа» және «йаәййуһә»; 5/3 - есім сөзбен бірігіп сол есімнің орындалуымен жасалған әрекеттің оның барлық бөлшектеріне тән екенін көрсететін «куллу» (бүкіл) көмекші сөзі; 5/4 - есім созбен бірігіп сол есімнің орындауымен болған әрекеттің оның тек кейбір бөліктеріне ғана қатысты екенін білдіретін «баду» (кейбір) көмекші соз сол сияқты т.б. 6 - Орта көмекші сөздер деп кез келген бір есіммен қосылып айтылып тұрған есімнің өзіне және басқаға да қатысты екенін білдіретін сөздер. Мысалы: «'а н» (туралы), «илә» (бағытты білдіреді), «а'ла» (үстінде) т.б. Бастауыш көмекші сөздері көп түрлі болады: 7/1 нәрсемен бірігіп, ол нәрсенің міндетті түрде бар екенін және оның шынайылығында күмәннің жоқ екенін білдіреді. Мысалы: «иннә» (шынында да, күмәнсіз), «Күмәнсіз Алла жалғыз, әлем жалған» (ИннаАллаха уахидун уа инна аламэ мутанаһин). Әріптер есім қызметін атқарады т.б; Сондықтан да заттың болмысы, оның мәні және заттың субстанциясы да «ақиқаттылық» деп аталады. Себебі, «заттың субстанциясының» орнына «заттың ақиқаттылығын» жиі қолданамыз. Осыдан барып «бұл көйлектің субстанциясы» деудің орнына «көйлектің ақиқаттылығы» дегенмен айырмашылық жоқ. Бірақ, ғалымдар арасында бірінші жағдай
кең тарағандықтан яғни бұл «абсолют» сөзін ғалымдар жиі қолдануы себепті, оған қоса «көйлектің ақиқаттылығы» сөз тіркесі халық арасында сирек кездесуіне байланысты «бұл көйлектің субстанциясы» соз тіркесі қолданылады. 7/2 - бір нәрсемен бірге қолданып терістеу ұғымын үстейтін көмекші сөздер, мысалы: «лә». 7/3 - бір нәрсемен бірге қолданып оның расталуын білдіретін көмекші сөздер ; мысалы, «на'м», «ажаль», «бәле» (рас, әрине) т.б. Көптеген тіл ғалымдары бұларды шылауға жатқызғаннан көрі көмекші сөздер деп айтады. Сондай-ақ, біздің көмекші сөздерге жатқызатын кептеген нәрселерімізді бір қатар тіл мамандары есімдермен етістіктерге жатқызады. Алайда біз оларды қайсыбір топқа жатқызғанымызбен оларға логика ғылымының көзімен қараймыз. 7/4 - бір нәрсемен бірігіп оның болжамды екенін көрсететін шылаулар; мысалы, «ка'ана» (сияқты), «ющбиһу ән-якуна» (ұқсайтын сияқты), «ла'лла» (мүмкін), «'аса» (әбден мүмкін); 7/6 - нәрсемен бірігіп оның мөлшерін анықтау қажеттігін білдіретін көмекші сөздер; мысалы, «қанша?» деген болсақ, осы көмекші сөзі арқылы аталмыш заттың өзімізге білуіміз керек болған мөлшер шамасын білеміз. 7/7 - нәрсемен бірігіп оның болмыс мезгілін анықтау қажеттігін кесіп көрсететін көмекші сөздер; мысалы, «қашан?» 7/8 - нәрсемен бірігіп келіп оның мекен-жайының анықтау қажеттігін көрсететін көмекші сөздер; мысалы, «қайда?» 7/9 - сұрақтың көздеген мұратына байланысты анықталуы керек болған нәрсенің мақсаты айқындалады. Егер заттың мезгілін анықтау қажет болса, сұрақтың мақсаты оның мезгілін анықтау. Сол сияқты заттың мекен-жайын білу қажеттілігі туса, сұрақтың мақсаты оның мекен-жайын анықтау. Адамның бір затты тануын талап ететін әрбір сұрақ сұралған кісіге сұраушының көздеген мақсатын қанағаттандыратындай етіп жауап беру міндетін жүктейді. Егер сұрақ заттың мөлшері турасында болса, сұраған кісі үшін сұраушының сұрағына толық жауап беру міндеті жүктеледі. Сол сияқты сұрақ заттың мекен-жайы туралы болса, сұралған кісі үшін сұраушы адамға қанағаттанарлық жауап қайтару міндеті жүктеледі. Заттың мезгілі жайлы сұраған мәселеге де қатысты осыны айтуға болады. 7/10 - Сұраушы кісінің сұрағын қанағаттандыру үшін жауап беруші кісінің сөзі - көмекші сөздің есімі деп аталады. Себебі сұраушы адам сұрау көмекші сөздерін қолданады және сұрақ қойылған көмекші сөзге катысты жауап сөздердің атаулары да өзгеріп отырады. Сұраққа жауап беруші кісінің сөзі заттың мөлшерін көрсету болса, мөлшер деп аталады. Өйткені, бұл жауап сұраушының заттың мөлшерін анықтау үшін қойған көмекші сөзіне байланысты. Сұраққа жауап беруші кісінің заттың мезгіліне қатысты айтылған сөзі «қашан?» атты көмекші сөзімен аталады. Бірақ бұл атау «қашан?» сөзінің мәніне емес оның формасына ғана қатысты аталып отыр. Сұраққа жауап беруші кісі заттың мекен-жайын айту үшін қолданатын нәрсені «қайда?» деп атайды. Бұл сұрақ қоюшының сөзіне байланысты аталып әрі оның шын мәні емес ауыспалы мағынасы ескеріліп отыр.
7/11 - Бастауыш көмекші сөздеріне бір нәрсемен бірігіп оның мөлшерін, уақытын немесе мекен-жайын емес тек болмыс табиғатын анықтау қажеттілігін көрсететін сөздер жатады. Мысалы: «халь» (ма?, - па?). Шынында да біз «зат па?» деп айтқанымызда біз оның болмысын ғана талап етіп отырмыз. Бұған қоса бұл көмекші сөзі күрделі соз тіркесімен де тіркесіп келеді. Мысалы, «Зейд кетіп қалды ма?», «Сократ есік алдында ма?». Кей кезде көмекші сөз тек есім созбен қосылады. Бұл жағдайда ол созбен тіркесіп келеді немесе оған сол есімді білдіретін зат қосылады. Сөйтіп, біз «не Зейд» деп оған «осында ма?» немесе «есік алдында ма?», «кетті ме?» т.б. сөздерді қоспайтын болсақ, онда сөйлем өтірік болады. Сондықтан көмекші соз сөйлемнің барлық бөліктері көрсетілген сөзбен тіркеседі немесе кейбір бөліктері ғана көрсетілген соз тіркесімен келеді. Осылайша көмекші соз тек күрделі сөз тіркесімен бірігеді. 7/12 - Сондай-ақ көмекші сөздердің қатарына нәрсемен бірігіп сол заттың болмысын, өлшемін және мекен-жайын, мезгілін емес мәнінің анықталуын талап ететін сөздер де жатады. Мысалы: «мә?» (не?), «мә һуа?» (не нәрсе?). Шынында да біз «бұл не нәрсе?» (мэ\ә һуа аш-шай?) дегенімізде сол заттың қандай екенін ғана білгіміз келеді. Егер біз заттың болмысын көрсететін «маужуд» (бар) сөзін «не нәрсе?» сөзімен біріктіретін болсақ, онда «бұл бар - не нәрсе?» (мә һуа аш-шай маужуд) - деген түсініксіз ұғым туады. Сондықтан бұл жағдай жоғарыдағы «не нәрсе?» деген соз заттың болмысын ғана анықтамайды деген сөзімізге дәл ел болады. Егер «ол не нәрсе?» (мә һуа) көмекші сөзін сұрақ шылауы ретінде қолдансақ, сөйлем өтірік болады. Ал енді бұл сөзді «емес, жоқ» болымсыздық шылауы ретінде қолданатын болсақ, онда біздің «зат жоқ па?» деген сөзіміз түсінікті болады. Егер оны сұрақ шылауы ретінде (мә һуа аш-шай маужуд) «ол бар нәрсе - қандай зат?» деп қолданған жағдайда сөйлем өтірік болады. Біздің «ол қандай зат?» сұрағымыздан кейін заттың мәнін анықтау керек болса, оны анықтаған соң барып заттың болмысы туралы сұрақтың келгені дұрыс. Буған дәлел ретінде мынадай жағдайды келтірсек болады затты көрмей, оның болмысын және оның қандай екенін білмей тұрып «ол қандай зат?» деп сұрау өтірік болады. Затты танымас бұрын оның болмысын анықтауға болмайды, сондықтан әуелі заттың болмысынан бұрын оның мөлшері, мезгілі мен мекен-жайы бірінші тұрады. Егер біз адамның бұл дүниеде барын, не жоғын білмей тұрып «ол адам қайда?» деген болсақ, сөзіміз өтірік деп есептеледі. «Қандай?» көмекші сөзі зат мәнінің анықталу қажеттігін көрсетеді. Бұл көмекші сөз тек жәй есіммен тіркеседі. Мысалы: қандай адам? Ол қандай күн? Ол қандай ой? Қандай қозғалыс? Қандай тыныштық? Қандай айдың тұтылуы? Соңғы күрделі сөз тіркесі жәй сөз тіркесінің орнында тұр. Көмекші сөз жәй сөз тіркесінің қызметін атқармайтын сез тіркесімен бірге келген жағдайда сөз тіркесі түсініксіз болады. Мысалы: қандай адам -жануар? Қандай ай тұтылады? т.б. Сұрақтың әрбірі сұралушы кісіге сұраққа қанағаттандыратындай жауап беру міндетін жүктейді. «Ол қандай зат?» деген сұраққа толық жауап беру үшін қолданатын сөз мына екеуінің бірі болуы мүмкін: не жәй соз тіркесімен көрсетілетін нәрсе. Мысалы: «ол қандай зат?» деген сұраққа жауап «пальма» болатын болса, жауап беруші кісі «бұл нәрсе пальма» деп жауап беру үшін қолданатын соз тіркесі жәй есім. Ал енді «бұл ағаш құрма [жемісін] береді» деп айтса, ол кісі жауапқа күрделі сөз тіркесін қолданып отыр. Жауап
беруші кісі бұл екі жауаптың қайсыбірін қолданса да, сұраққа жауап берген болады; бірінші жағдайда - «пальма» жәй есіммен, ал екінші жағдайда жауап - күрделі соз тіркесі болады. Егер «ол қандай зат?» деген сұраққа күрделі соз тіркесімен жауап беру қажетті болса, ол «мэһияту аш-шай» деп аталады, яғни (заттың мәні) сондай-ақ «заттың мәнін көрсететін нәрсе» немесе «заттың субстанциясын көрсететін нәрсе», «заттың табиғатын көрсететін нәрсе» немесе қарапайым түрде «заттың субстанциясы» деп аталады. 7/13 - Затпен бірігіп келіп оның формасы мен мәнінің анықталу қажеттігін көрсететін сөздер көмекші сөздерге кіреді. Заттың формасы - өз-өзінің формасы, яғни сол форманың арқасында заттың мәні қалыптасқан. Мысалы, аяқ табанының формасы, осы форманың арқасында табанға қатысты нәрсе қалыптасқан. Егер сол форма болмаса, онда табан да болмас еді. Ал енді табан бар екен онда формада бар. Осы жағдай өзгеде нәрселерге де катысты: егер мөрді алатын болсақ, ол оз мәнінің формасы. Осы форманың арқасында заттың мәні расталады. Мән болмысының жетілуі арқасында форма заттың жағдайын бере алады, мысалы: көйлек. Оның материясы дайындау барысында форма қабылдайды. Осы форма оның мәнін айқындайды. Көйлек қысқарып, ағарып, жұқарып, яғни көйлек қысқарған уақытында, түсі кеткенде және жұқарғанда кезіндегі жағдайлары оның мәні қалыптасқан формалары болып саналады. Бірақ, мұның барлығы көйлектің жетілу процесіндегі түрлі форма мен мәнді иелену жағдайлары. Егер адамға назар салып қарайтын болсақ, ол форма мен мәнге ие. Заттың мәні расталатын түрді заттың мән формалары, ал келесі түрді, яғни форма расталмайтын түр заттың мәніне қатысты сыртқы түр деп аталады. Көмекші сөз бір нәрсемен бірігіп оның формасының зерттелу қажеттілігін көрсетеді, Мысалы: «қалай?», «қалайша?». Егер біз: «Зат қандай?» деп сұрасақ, онда бұл сұрақтың арқасында заттың формасын немесе оның мәнінің формасын немесе оның мәніне қатысты сыртқы формасын білуді қалаймыз. Біз «Зейд қандай?» деп сұраған кезде оның көңіл күйін білуді қалаған боламыз: ол ашулы ме, әлде көңілді ме немесе науқас па, әлде дені cay ма яғни Зейдтің мәніне сыртқы қатынасы бар формалармен жауап бересіз. Кейде зат расталатын формаларда адамдардан жасырын болады, сол себепті олар белгілі атаулармен аталмайды. «Бұл нәрсенің жұмысы қалай?» - деп сұраған уақытта сұраушы оның заты мен формасын мақсат тұтады. Адамдар «қалай?», «қалайша?» (қайда?) деп бір зат туралы сұрау көмекші сөздерін қолданған уақытта сыртқы форма болады. Заттың сапасына қатысты және түріне байланысты жауап берген соз тіркестерін сапалық деп атайды. Зат формасының мәнін көрсететін нәрсені біреулер мәнді сапа деп атаса енді біреулері субстанцияналды сапа дейді. Ал сыртқы форманы көрсететін нәрсені акцидентальді сапа делінсе кей уақытта мәнсіз деп аталады. 7/14 - Сондай-ақ, көмекші сөздердің қатарына бір нәрсемен бірігіп оның басқа нәрседен ажырау қажеттілігін көрсететін сөздер жатады. Мысалы: «қайсы нәрсе?», «олардың қайсысы?». Бұл сұрақтар заттың тағдыры белгісіз болып оны басқа затпен ауыстыру мүмкіндігі болған жағдайда қолданады. Әрине, бұл жағдай басқа бір зат бар болғанда ғана болуы мүмкін.
Біз Зейд туралы ешнәрсе білмей тұрып: «Олардың қайсысы Зейд?» дейтін болсақ, сұрағымыз өтірік. Ал енді: «қандай адам?» деген сұраққа келер болсақ, бұл сұрақты маңында жауап беруші кісіден басқа адам жоқ болса да қолдануға болады. Сол сияқты Зейдті білмесек те тіпті бұл дүниеде Зейдтен басқа ешкім болмаса да «Зейд қандай?» деп сұрауға да болады. Ал енді дүниеде Зейдтен басқа ешкім жоқ екенін біле тура: «Олардың қайсысы Зейд?» - деп сұрасақ, сұрағымыз тағы өтірік болады. Бір нәрсе туралы «қалайша?», «қайсы?» сұрақтарына жауап ретінде жарайтыны «ол қайсы нәрсе?» сұрағына жауап болатынға сәйкес келуі керек. Бірақ, «ол қайсы нәрсе?» сұрағына келетін жауаптың көбі «қалайша?», «қайсы?» сұрақтарына жауап болуға жарамайды. Кейбір сапалар заттың мәніне қатысты сыртқы формасына қызмет қылса, басқалары заттың мәндік формасына қызмет қылады. Осы пайдалы сапалар «бұл зат қандай?» сұрағына жауап ретінде қолданыс тапқанда заттың мәнді формасына айналады. Бұл жауап бір мәннің өзге заттың мәнінен ерекшелігін көрсетеді. Осы сияқты зат мәнінің сыртқы формаларына қызмет ететін сапалар «бұл қандай зат?» сұрағына жауап болады, сөйтіп бір заттың екінші заттан ерекшелігін айқындайды. Бір нәрсенің екінші нәрседен мәнді айырмашылығы пальманың әйнектен, қылыштан немесе мал жүнінен ерекшеленетіні сияқты. Ал бір нәрсенің екінші нәрседен жағдайдағы айырмашылығы Зейдтің олардан ерекшеленгені сияқты: бірі сау ал басқасы науқас яғни Зейдтің олардан айырмашылығы сияқты екені анық. 7/15 - Көмекші сөздердің қатарына бір затпен бірігіп оның себебінің анықтау қажеттілігін көрсететін сөздер кіреді. Мысалы: «не үшін?», «не болды?» деген көмекші сөздер т.б. Бұл көмекші сөздердің затпен бірігуі заттың болмысы белгілі болғанда дұрыс болады. Мысалы, былай десек: «не болды, пәленше былай-былай жасап жатыр?» - пәленшенің не жасап жатқанын білмейінше соз тіркесі өтірік. Шылау көп жағдайда күрделі соз тіркесі білдіретін нәрсемен бірігіп келеді. Мысалы: «Зейд, не үшін былай жасап отыр?» т.б. Кейде көмекші соз басқаны меңзеп тұрған жәй созбен де келеді, мысалы: «Ол не үшін шығып кетті?», «ол» есімдігінің астында «Зейд» есімі жатыр. Егер осы сөз тіркесінің астында сөйлемнің шынайы мағынасы жатқан болса, «Зейд не үшін шығып кетті?» - онда сөйлем жалған. Көмекші сөзбен тіркесіп келген нәрсе өз ішінде екі жағдайды қамтуы керек: біріншісі - оның болмысы белгілі болуы керек, ал екіншісі күрделі болуы тиіс. Сондай-ақ, «бұл не?» көмекші сөзі өзінде екі жағдайды қосқан нәрсемен тіркесіп келеді; біріншісі - болмысы белгілі болу. Екіншісі - жәй соз немесе жәй сөздің қызметін атқаратын сөз тіркесі. «Бұл не?» және «бұл не үшін?» көмекші сөздерінің бір-бірімен ұқсастығы: тіркесіп келген нәрсе болмысында белгілі болу, ал ерекшеліктері болса, «бұл не?» көмекші сөзі жәй созбен қосылады, «не үшін?» көмекші сөздерінің бір-бірімен ұқсастығы, тіркесіп келген нәрсе болмысында белгілі болу, ал ерекшеліктері болса, «бұл не?» сөзі жәй созбен қосылады, «не үшін?» көмекші сөзі - күрделі созбен бірігеді. 8/1 - Көп сөздермен бірге келіп олардың әрбірін өзінің мазмұны бар екенін аңғартатын көмекші соз, мысалы: «немесе» 8/2 - Болмысы әлі нақты емес нәрсемен тіркесіп, әйтеуір бір нәрсенің белгілі нәрсемен шарттасып келетін сөз. Мысалы: «инкана», «күлләмә», «иза кана» «мата кана» т.б.
Бұл жалғаулықтар әуелгінің кейінгімен дұрыс байланысуын қамтамасыз етеді. Сондықтан бұл көмекші сөздер «кепілді жалғаулықтар» - деп аталады себебі, айтқанымыздай әуелгі сезді кейінгімен байланысын қамтамасыз етеді. Мысалы: «егер Зейд кірсе, Омар шығады», «егер күн көтерілсе, күндіз болады», себебі күннің өз ұясынан шығуы күндізді алып келеді, алайда күннің көтерілуі әлі айғақты дәлел бола алмайды. Сондықтан, бұл кепілді жалғаулықтар шартты жалғаулықтар деп те аталуы мүмкін. 8/3 - кепілдемелі жалғаулықтарға нәрсемен міндетті түрде бірігетін және оның болмысы шынайы болып, өзінен кейін келген нәрсе қажетті екенін көрсететін жалғаулықтар жатады. Мысалы: «-да, -де», «-та, -те»: «күн көтерілгенде, күндіз болады», «жаз келгенде, ыстық күшейеді», «күн мен ай ұшырасқанда, күн тұтылады». Байқалғандай бұл жалғаулықтар бірінші нәрсенің болмысы айқындалған соң оның міндетті түрде екінші нәрсені қажет ететінін көрсетеді. Сондықтан осы кепілдеме жалғаулығы кесімді деп аталады. 8/4 - Соз тіркестерімен бірігіп олардың әрбірінің басқадан сөзсіз алыстауын көрсетеді. Мысалы: «оған келер болсақ, онда». Бұл өзімен тіркескен сөздің қандай жолмен болса да бір-бірінен алыстауы міндетті екенін білдіреді. Сондықтан ол бұл бөлінуді білдіретін жалғаулық көмекші сөзі және бөлу көмекші сөзі деп аталды. Өйткені ол әуелгінің міндетті түрде кейінгіден ажырайтынын көрсетеді. 8/5 - Бір нәрсемен бірігіп оның оз алдындағы нәрседен тыс екенін бірақ, әуелгі нәрсемен кейінгінің байланысын байқататын көмекші сөздер. Мысалы: «бірақ» көмекші сөзі. Көмекші соз тек өзінің қосылып келген соз тіркесінің алдындағы сөз тіркес пайымдауынан тыс екенін көрсету үшін қолданылады. Мысалы: «егер күн көтерілсе, онда күндіз болады» бірақ, «күн көтерілді». «Егер күн көтерілсе» сөзі күннің көтерілуі әлі шын емес екенін көрсетеді. «Бірақ» шылауы сөйлемнің басында тұрған соз тіркесін пайымдаудан суырып алды да, оның сөйлем мүшелерінің қайсы бөлігінде болмасын әлгі пайымдаудың бар екенін аңғартады. Осыдан кейін соз тіркесі пайымдау мен үйлесіп қала берсе, онда бұл әуелгі пайымдаудың тынымсыз жалғаспайтынын білдіреді; ал оның болмысы тек оның қайталап келуіне байланысты шынайы, бұл көмекші сөздері ережеден тыс деп аталады. 8/6 - Нәрсемен тіркесіп келіп оның өзінен алдыңғы нәрсеге идея болғанын көрсететін көмекші соз. Мысалы: «үшін». 8/7 - Нәрсемен тіркесіп оның сөйлемде одан бұрын келген нәрсенің себебі екенін білдіретін көмекші соз. Мысалы: «себебі ол», «сол үшін» т.б. 8/8 - Нәрсемен тіркесіп келіп, оның өзінен алдын келген болмысы жәй сөйлем болған нәрсеге қажетті екенін көрсететін соз. Мысалы: «сөйтіп», «ендеше» т.б. Міне, бұлардың барлығы жәй соз тіркестерінің түрлері: біздің жоғарыда келтіргеніміз біздің зерттеуімізге қажетті кейбір түрлер ғана. Күрделі сөз тіркестері жоғарыда аталған нәрселерден құралады, яғни есім, етістік және көмекші сөздер. Осылардан құралатын барлық сөз тіркестері сөйлемдер және сөйлем мүшелері деп аталады.
Жәй соз тіркестер есімдері аталған түрлерімен өзара бірігіп түрлі құрылымдар құрайды. Сондықтан сөз тіркестерінің түрлі құрылымдарын сайып жатудың керегі шамалы, әйтсе де олардың біреуіне тоқталған жөн. Екі есім қосылған уақытта бірі - бастауыш, екіншісі - баяндауыш болады. Мысалы: «Зейд келеді», «Олар кетті». Соз тіркестерінен көріп тұрғандай бұлардың әрбірінде біреуі - бастауыш, екіншісі - баяндауыш. Зейд - бастауыш, ол келеді - етістік. Егер осы сияқты соз тіркесіне «ннна» (расында), (шынында да) растау көмекші сөзін қосатын болсақ, онда сөйлем анық, түсінікті болуы мүмкін. «Шынында да Зейд келеді», «Расында адам -жануар», «шынында да кез келген жануар - жыртқыш» т.б. Барлық жағдайда да біз осы мысалдарға «ол» есімдігін қоса аламыз. Мысалы: «Зейд, ол келеді» есімдігінен соң келетін барлық нәрсе - баяндауыш. Мысалы: «ат дегеніміз - жануар», «Зейд дегеніміз - адам». Кейбір кісілер зат есімді бастауыш, сын есімді баяндауыш деп те атайды. Сондай-ақ сын есімді «әлхабар» немесе «әл-мухбар биһи», зат есімді «әл-мухбир а'нһу» деп атаулары да мүмкін. Біздің сөйлемімізде «Зейд» зат есім, бастауыш және «мухбир анһу» болады. Ал «келеді» етістігі болса сын есім, «хабар» және «мухбар биһн», баяндауыш. Осы сиқты соз тіркестер есім мен етістіктен және екі зат есімнен құралуы мүмкін. 10 - Тілде екі соз тіркесінің біріккені сияқты олардың мазмұндары да жанда бірігеді. Мазмұнның жанда бірігуі тілдегі бірігуге тең келеді. Сөз тіркесі екі бөліктен құралғаны сияқты жандағы қосылған мазмұн да екі бөліктен құралған. Оның бір бөлігі зат есім білдіретін бөлік, екіншісі сын есімді көрсететін бөлік. Мысалы: «күн көтерілді» «көтерілді» сөзінен туындайтын түсінік «күн» сөзінен шығатын мазмұнмен жанда бірігіп сөйлемнің бөліктері болып табылатын екі мазмұнның қосылуына соқтырады. Зат есімнен шығатын ұғым зат есім ұғымының, ал сын есімнен шығатын ұғым — сын есімнің атауымен аталады. Мысалы: «адам дегеніміз — жануар». Мұндағы «адам» сөзінен туындайтын ұғым зат есімнің ұғымы, «жануар» сөзінен шығатын ұғым - сын есімнің ұғымы немесе баяндауыш, яки «хабардың» ұғымы аталады. Логикада зат есімнің немесе бастауыштың ұғымын субъект, ал баяндауыштың немесе сын есім яки «хабардың» ұғымын - махмуль, яғни предикат деп атау заңдылығы қалыптасқан. Мысалы: «Зейд дегеніміз - адам» сөйлеміндегі ұғымды алайық. «Зейд» сөзінен шығатын түсінік субъект, ал «адам» сөзінің ұғымы - предикат. Осыған ұқсас «жылқы - жануар», «Сократ әділ», «Омар - ақ», «қарға - қара» - мысалдар екі ұғымнан қалыптасқан біріншісі, субъект екіншісі - предикат. 11 - Есім сөздермен айтылған ұғымдар бірнеше субъекті қамтуы мүмкін, мысалы: «адам» сөзінің ұғымы. Бұл сөздің ұғымы Зейд туралы немесе Омар, Әли т.б. кісілер туралы айтылуы мүмкін, өйткені Зейдте, Омар мен Сократта - адам. Осы сияқты «ақ» сөзі бірнеше субъектіге қатысты айтылуы мүмкін немесе «жануар», «ірге», «ара», «ат», «ит», «есек», «өгіз» т.б., яғни бұл сөздерден туатын түсінік бірнеше субъектілерге қолданылуы мүмкін. Бір нәрседен басқаға айтылмайтын сөздер, яғни ұғымдар мүлде қолданылмауы мүмкін, егер қолданылса, онда бір ғана субъектіге қатысты болады. Мысалы: «анау кіріп келуші - Зейд», «мынау келе жатқан - Омар», «мынаны соққан адам - пәленше», «озып шыққан - анау ат» бұл атауларды бір ғана нәрсеге қолдануға
болатын есімдер. Осы жағдайлардың барлығында предикат өзіне қатысты, яғни соз тіркесіндегі субъект туралы ғана айтылған. Басқа субъект туралы айту мүлдем мүмкін емес. Енді «адам» сөзінің ұғымына келер болсақ, ол басқа субъектің предикатына да қатысты болуы мүмкін. Бірнеше субъекте айтылуы мүмкін ұғымдарды «әмбебапты ұғымдар», «ортақ ұғымдар», «көп субъектерді білдіретін ұғымдар» - деп атайды. Бір нәрсе туралы немесе мүлдем айтылмайтын немесе айтылып бірақ, тек бір ғана нәрсені білдіретін ұғымдар - бірлі-жарым ұғымдар. Аль-Фараби. Естественно-научные трактаты. Алма-Ата: Наука, 1987. С. 451-478
ДИАЛЕКТИКА /190-бет/ Әділеттілік пен ақиқат жолында «Диалектика» /1/ кітабына кірісіп отырмын. Диалектика /2/ өнері /3/ адамның жалпылама қабылданған алғышарттардан силлогизм жасап шығару қабілетіне ие бола алатын өнер. Ол қабілет адамның жалпы тезисінің қай жағдайын болмасын теріске шығару үшін керек. Жалпы тезис жауап берушіден сауал арқылы алынады. Жауап беруші жан өз жауабында (жалпы тезисте) өзінде кездейсоқ кездесіп қалған екі қайшылықтың бір жағын танытады. Демек, жауап беруші жалпы тезистің сұраушыға беретін жауабындағы кез келген күйін қорғап шығуға тырысады. Ал сұраушы бұл жалпы тезистің осы күйін (қайшылықтың осынау қос жағының біреуін білдіруші күйін) терістеуге тырысады. Осы өнерді анықтауда Аристотель бұны пайдалану нәтижесінде жалпыға мәлім алғышарттардан кез келген сұраққа силлогизмдер жасап шыға алатын тәсіл екендігін нұсқайды. Әрі оған берген біздің сол жауабымызда қайшылықты ештеңе болмайды, өйткені біздің жауабымызға қайшы келетін және оған қарама-қарсы пікір қайшылықтың /5/ өзіне нұсқайды. «Қайшылықты ештеңе болмайды» деген пікір де [жауап барысында] жауап берушінің қорғап тұрған /6/ жалпы тезисінің жай-күйіне қайшылық танытар ештеңе берілмейді деген сөз. «Кез келген қойылған сұраққа» деген пікірде сұрақ арқылы алынатын [жалпы тезистің] кез келген жай-күйі ескеріледі. Осындай сұрақ беру арқылы сұраушының жауап берушіден алатын қайшылығының (кереғарлығының) қос бөлігінің кез келгенін зерттеуге болады. Адамды біртіндеп қандай да бір мақсатқа апарар әрбір әдеттегі «мәләка» (іштен туа пайда болған қабілет) /7/ ескілердің түсінігінде тәсіл, жетекшілік, құрал деп есептелетін /190-бет/. Ол арғы тек болып табылатын және өзінде барлық бес силлогистік өнерді ала жүретін. Осы қарастырылып отырған өнер жалпылама қабылданған сөйлемдерді пайдалана отыра жүргізілетін пікірталастар, дау-дамайлар, айтыс-тартыстар, әңгіме-сұхбаттарда қолданылады. Егер адам осы ой-пікірлерді ұстана тура сұрайтын болса, онда өзінде кездейсоқ қалып қойған және оны қорғайтын жауап берушіге қойылған сұрақ арқылы қайшылықтың (екі) кез келген жағын терістей алады. Ал егер ол жауап беретін болса, онда ол [жалпылама қабылданған сөйлемдер] арқылы өзінде кездейсоқ қалған қайшылықтың кез келген екі жағын қорғауға тырысады. Оны жауап беруші оны жоққа шығарғысы келген сұрақ қоюшыға бере отыра солай істейді. Сонымен, сұраушының мақсаты жауап берушінің қорғауға тырысқанын терістеу болып табылады. Соған қол жеткізу - оның жауап беруші алдындағы жеңісі. Сұраушының терістегісі келгенді қорғауы - жауап берушінің мақсаты. Соған қол жеткізуден жауап берушінің сауал қоюшы алдындағы жеңісі көрінеді. Аристотель диалектиканың бірінші мақсаты пікірлерді теріске шығару деп есептеген, өйткені теріске шығару терістеуге тырысып отырған пікірге қарама-қарсы тұжырыммен ғана жүзеге асады. Алайда оның бірінші мақсаты терістеу болса, дәлелдеу - екінші мақсаты болмақ /8/. Әдетте [диалектикалық] әңгіме-сұхбат сауал қоюшы мен жауап берушінің өзара /9/ таңдап алған жалпы тезистің жай-күйі туралы болмақ. Бұндай әңгіме-сұхбатта екі адамнан артық ешкімнің керегі жоқ. Бұнда жағдай шешендік /риторикалық/ әңгімелесудегідей емес,
себебі шешендік /риторикалық/ әңгіме-дүкенде осының бәріне қоса төреші әділ қазының болғаны да қажет. Мұнда, керісінше, бір ғана сұрақ қоюшы мен бір ғана жауап берушінің қатысуы жеткілікті; олардың (екеуінің) ішінде сұрақ беруші жалпы қабылданған алғышарттардан силлогизм шығару мен қайшылықтар табу арқылы [тезистің жай күйін] терістеуге мүдделенсе, жауап беруші сол жай-күйді, сұрақ қоюшыға [осы күйге] қайшылықты шығара алатындай ештеңе бермеу арқылы қорғайды. Ал егер сауал берушінің өзі бірдеңеге қол жеткізіп, сол арқылы әлгі жай-күйді терістеуге тырысса, онда ол [жауап беруші] сол бір нәрсені /191-бет/ терістейтіндей пікірді жауабында көрсетуі керек. Бұл әдетте сұрақ қоюшының жауап берушіден ең алдымен сұрақ арқылы (тезистің) жай-күйін білуімен, ал мүмкін болса, тезистің ойлағандай, діттегендей жай-күйін алуында көрінетін. Ендеше, бұдан кейінгі оның ең пәрменді әрекеті - жауап берушіден тағы да сол сұрақтар арқылы сол аталған әлде басқа алғышарттың жай-күйін терістеу үшін пайдалы деп есептелетінге қол жеткізу. Сондықтан егер ол жауап берушінің жауаптарынан (айтқандарынан) алғышарттарға ие бола алса және оларды оның келтіруі [тезистің] жай-күйіне қайшылық келтірсе, онда ол оларды сұрыптап алатын болған, сөйтіп олардан қайшылық силлогизмін құрастырған. Әрі оны жауап берушіге сұрақ қою жолымен емес, хабарлау арқылы айтатын болған. Оның қолынан жауап берушіге қатысты осылай жасау келсе, онда бұл әшкерелеуді /10/ қалыптастыру болып табылатын. Бұл әшкерелеу силлогизмі болып табылатын. Ол силлогизмнен сұраушы жауап берушінің қорғауға /бекітуге/ тырысқан [тезисінің] жайкүйіне немесе жауап берушінің көзқарасына қайшылықты шығаратын. Бірақ сұраушы жауап берушіге (диалектикке) қарсы әшкерелеуді, жауап берушінің оз жауаптарында алғышарттарды бермеген жағдайында шығара алмайтын. Сондықтан да егер жауап беруші өзіне таңдап алған тезис жай-күйін орнықтырса, онда будан кейін ол сұрақ берушіге ол сол күйді терістеуі үшін пайдаға асырарлықтай алғышарттар беруден аулақ болғаны жөн. Керісінше, ол [жауап беруші] әрбір сұрақ барысында қайшылықтың екі жағынан да алғанының барлықтарынан сұрақ қоюшының сол жаққа қайшылық шығаратындайына көмектеспейтінді айтқаны дұрыс. Егер де жауап беруші, оның өзінің ойынша, сұраушыға пайдасы тимейтіндей алғышарттар берер болса, ал сұрақ қоюшы дегенмен де сол айтқан пікірлерден (алғышарттардан) оған қарсы қояр бірдеңелерді тауып, олардың басын біріктіріп, олардан силлогизм құрастырса және оны оған айтса, әрі одан [тезис] күйіне қайшылық шығарылса, онда жауап берушіге бұл жағдайда, сол силлогизмнің (айтушының оған қарсы құрастырғанының) формасын қарастыру керек. Сол фигура қорытынды беретін әлде бермейтін фигура екендігін анықтау керек. Немесе ол қайсы бір алғышарттың осы силлогизмнің құрамына кірер-кірмесін анықтауы үшін тексеруі керек еді. Ал оған (жауап берушіге) осы алғышарттардың әрқайсысын ертерек беруге тура келгенде және одан бұрынырақ олардың жалпылай қабылданғандығы бекітілгенде, онда оған бұл [сұрақ қоюшының алға шығарған] силлогизмінің алғышарттарын оның алдында берілмегендерін шығарып тастау үшін қарастыру керек болар еді. Бұл жағдайда оның бұрындары бермегені, [ал сұрақ қоюшының алға шығарғаны], сұрақ қоюшының жауап берушіге қарсы құрастырған силлогизмінің формасы болатын. Егер де бұл форма /191-бет/
силлогистік форма болмағанда, онда одан жауап берушіні әшкерлеу шықпайтын болған еді. Ал егер ол силлогистік форма болып табылса, онда ол [тезистің] жауап беруші қорғаған күйін терістейтін, сөйтіп одан әшкерлеу шығарылатын. Бірақ жауап берушінің беретін алғышарттары, оларды жауап берушінің айтқан уақытындағы жағдайында алып қарастырғанда, шындығында ақиқат әлде жалпы қабылданған алғышарттар болуы да мүмкін.Немесе олардан жауап берушінің қорғайтын[тезисінің] күйіне қайшылық танытатын силлогизм құрастырылатын. Ал сұраушы бұл алғышарттар дұрыс және олардан силлогизм құрастырылады деп ойлаған, сондықтан да ол оларды біріктірген және жауап берушіге айтқан. Әрі ол соларды жауап берушінің қорғайтын [тезисінің] жай-күйіне қайшылық келтіретіндей деп елестеткен. Немесе сұрақ қоюшы жауап берушінің берген жауабын бұрмалаған, соның нәтижесінде сұрақ қоюшы жауап берушінің тезисінің жай-күйіне қайшылық тудыратын силлогизм құрастырған. Сондықтан да жауап беруші бұндай жағдайларда алғышарттарды тексеріп шығуы тиіс еді, сөйтіп, олар өздері бергендей болса және оны сұрақ қоюшы пайдасына жарата алмайтындай болса, немесе одан шынында силлогизм құрастыра алмайтындай болса, [ал сұрақ қоюшы сол мезетте олардан жауап берушіге қарсы силлогизм құрастырылады деп ойлап отырса], онда жауап беруші сауал қоюшыны сол пікірді терістейтіндей күйде қарсы алғаны жон, яғни бұл алғышарттар келтірілген кезде сұрақ қоюшыға еш көмегін тигізбейтіндей және олардан силлогизм (сұрақ қоюшы құрастырылады деп ойлағанмен) құрастырылмайтындай жағдайлар жасалыну керек. Егер де сұрақ қоюшы жауап берушінің айтқанын бұрмалаған болса, онда жауап беруші оны біле қойғаны жон. Сауал беруші алғышарттарды сұрақ қою арқылы, сұрақ райындағы қайсы бір алғышарт арқылы жеткізбеуі де мүмкін, оз сұрағына жауап болған [тезистің] жай-күйін біліп алғаннан кейін оның ойлағанындай [сол тезистің] жай-күйін терістейтіндей қандай да бір алғышарттарды қолдана алмайтын, сонда сауал беруші оларды өзі қоятын әлде айтатын әрі солардан хабарлау арқылы болсын, сұрақ қою жолымен болсын тұжырым жасайды. Ол соны жасауға тырысады, өйткені, оның қиялында оларды [алғышарттарды] оған жауап беруші ұстатады. Сұрақтардың бірінші түрі алғышарттар /11/ туралы сұрақтар, ол алғышарттар қорытынды тұжырымды ескермейтін қандай да бір алғышарттар болмақ; екінші түрі - алғышарттар мен қорытынды тұжырымның екеуінің бірге алынған /12/ сұрағы. Сонымен, егер екінші түрдегі сұрақ пайдаланылатын болса, онда жауап беруші сұрақ қоюшының өзі іздеп тауып алған /192-бет/ пайымдау алғышарттары мен сұрақ қоюшының құрастырған силлогизм формасын тексереді. Егер де жауап беруші сұрақ қоюшының пайымдауының алғышарттарының ішіндегі қандай да бір алғышартты жоққа шығарғысы келсе немесе сол пайымдаудың формасын терістегісі келсе, онда ол терістегісі келген осы бір екі /заттың/ қай-қайсысын болмасын терістейтіндей силлогизм жасап шығаруы керек. Жауап беруші оны сұрақ қою арқылы емес, хабарлау жолымен жасай алады. Сондықтан жауап беруші осы екі [заттардың] қайсысын болмасын терістесе де, ол [тезистің] жай-күйін сақтайды және өзінен әшкерелеу мүмкіншілігін алыстатады. Ол қарсы пікір даярлайды /13/, ал қарсы пікірдің өзі де силлогизм. Ол силлогизмнен жауап беруші сұрақ қоюшының одан алуға тырысқан алғышартына қарама-қарсы қорытынды шығарады.
Диалектикада сұрақ қоюшының жауап берушіден оның сұрақ қоюшының қолына тигенін қаламайтынды алу үшін әрекеттенуі де мүмкін тұстар /14/ кездеседі әрі сондай болған жағдайда жауап беруші қарсылық көрсете алады; және диалектикада жауап берушіден оның айтқысы келмегенді алуға тырысатындай жағдай да болады және олардың кездескенінде жауап берушіге қарсы шығудың қажеті жоқ (будан кейініректе біз олардың қандай жерлер екендігін түсіндіреміз). Алғышарттар мен қорытынды тұжырымдарды бірге қарастыру мәселесі диалектикада аса табысты пайдаланылатын сұрақтар қатарына жатпайды, керісінше, диалектикада [бірінші түрдегі] сұрақты қолдану ең табысты болып табылады. Сол арқылы сұрақ қоюшы қайсы бір алғышарттардың әрқайсысын оз алдына жеке-жеке қарастыра алады. Содан кейін ол олардан кейінірек жауап берушінің айтқанына қарама-қарсы келетіннің және қайшылықты шығаратын алғышарттардың басын қосады. Тіпті сұрақ қою барысында ол қарамақарсылық күйін жасыратын болса және оны жауап беруші сезбесін деп көзбүкпелейтін болса да қайшылықты табады. Диалектикалық алғышарттар /15/ - жалпылама қабылданған алғышарттар. Олардың зерттейтін пәндерінің жалпы (әмбебап) екендігі анық, өйткені олардың зерттейтін пәндері – барлық уақытта бірінен соң бірі зерделенетін құбылыстар және [бірінен соң бірі] жойылатын құбылыстар. Сондықтан да олардың сезімдік қабылдаудан жоғалғаннан кейінгі күйі қандай болатындығы белгісіз; сонымен қатар, барлық адамдардың сезіммен қабылдайтын дүниелерінің сан жағынан бірдей болуы екіталай, ал барлық [адамдардың] жалпыла¬ма қабылданған алғышарттары сан жағынан алғанда бірдей болуы тиіс ұғымдар болуы керек /192-бет/. Бұл алғышарттар мен көзқарастар алдын ала сынақтан өткізілмей-ақ, тәжірибелік тезге түспей жатып-ақ, олардың мазмұны (шындығында) бар дүниелерге сай келе ме әлде келмей ме дегенді білмей жатып-ақ қабылданады. Олар тек көзқарастар ретінде тана қабылданады. Онда адамдардың олар туралы олар осындай немесе ондай емес деп ойлағанынан артық ештеңе берілмеген. Дәл сол сияқты, біз көрген затымыз туралы нық сеніммен айта аламыз, сонымен келісеміз және оны ұстанамыз, дегенмен, бұл күй біз оны көзбен көргендей болмайтындығы анық. Сол сияқты дәл осылайша біз басқа адамдардың көзқарастарымен олар туралы жақсы пікірде болғандықтан да келісе саламыз, сөйтіп, олардың білетін және айтып беретін ұғымдары мен түсініктеріне (олар туралы басқа еш қатынаста хабардар болмасақ та) толық сенеміз. Хабарлаушылар және олардың сол бір көзқарасына мойынсұнғандар көпшілік болған жағдайлардың барлығында біз оларға толығырақ сенеміз. Сөйтіп, олардың хабарлаған куәгерліктері мен көзқарастарына деген біздің сеніміміз көбірек, біздің олармен келісуіміз мықтырақ болады және оларға біздің жан дүниемізде орнаған сенім мен олардың ақиқаттығына деген мүлтіксіз илану арта түседі. Біздің олармен келісіміміз бізге олардың көзімен көргені және ол туралы көзқарас қалыптастырғаны туралы хабарлайтын жеке тұлғалардың санының өсуіне пропорционалды түрде сай жүріп отырады. Көзқарасқа біз, ол көзқарас (дұрыс) көзқарас болғандықтан, яғни ол барлық адамдар көзқарасына айналғандықтан толығымен сенімдіміз /16/. Сезіммен қабылданатын заттарды біз басқалар қалай сезсе солай сезетіндігіміз сияқты, сөйтіп біз заттарды басқалардың оларды сезінуіне иек арта отырып қабылдай алатындығымыз сияқты және
өзіміз аңғармай, сезіммен қабылдамай жатып-ақ олар туралы бізге айтқандармен ғана қанағаттанатындығымыздай, заттарды да біз солай қабылдаймыз. Сөйтіп оларды біз сезіммен қабылдаған және (тікелей) бақыланған заттардай-ақ қолданамыз. Сондай-ақ, бұл ақылмен танылатын аймақтағы өзіміз танитын және оз зердемізбен қабыл алатын заттар жағдайына да ұқсас, яғни олардың біздің танымымызға қатысты шындықтығына өзімізден өзіміз /193-бет/ сенетін заттарымыз бен оларға білім ретінде сенетін заттарға және басқалардың солар туралы көзқарасына дәл бір өзіміз сол заттарды таныған, білгендей-ақ пайдаланатынымызға ұқсайды. Біз сол бір заттарға қатысты басқалардың көзқарастары мен білімі тұрғысынан әрекеттенеміз. Олардың әлгі заттар туралы бізге жеткізген біліміне арқа сүйеп, біздің өзіміз олар туралы одан басқа ештеңені де білмеуіміз мүмкін. Ақылмен таныларлық дүниелердегі біздер сенетін көзқарастар бір ғана адамның немесе жалғыз ғана [адамдар] тобының көзқарасы болуы мүмкін. Бұндай [көзқарас] дегеніміз құптауға лайық, құптауға турарлық [яғни онымен біздер келісетін] көзқарас. Әрі бұндай көзқарас барлық адамдарға ортақ көзқарас болуы да мүмкін. Бұндай көзқарас дегеніміз жалпылама қабылданған көзқарас. Сонымен, жалпы қорытындылай келе шығатыны мынау - диалектика өнерінде бірінші бастау болып табылатын жалпылама қабылданған алғышарттар дегеніміз тексерілмейтін жалпы білімдер. Бұл білімдер қабыл алынатын [онымен солай деп келісілетін] және олар шындығында қандай болса сондай деп қабылдап отырғанымызға сенімділік танытатын жалпы білімдер болып табылады және олар одан артық басқа ешқандай білімді керек етпестен, оз алдына қолданыла береді. Ал растылық, дәйекті білімнен /17/ туратын алғышарттар - теориялық ғылымдардың алғашқы бастаулары. Олар - тіршіліктегі бар заттарға сәйкес келетін, біз олармен келісетін және оған біздер сенетін жалпы алғышарттар. Біздің әрқайсысымыз оның растылық, дәйекті білім деген мағынасына қарап-ақ, оның бар заттармен сәйкестілігі негізінде ғана оны пайдаланамыз. Сондықтан да ойда жоқта сол бір алғышарттарға қатысты басқа [адамдардың] бірдей көзқарасы бар болса, сол көзқарастар олардың дұрыстығы мен ақиқаттығын куәландыратын болса, онда ол біздің оған деген сенімімізді әләзір күшейте қоймайды, сөйтіп, соның нәтижесінде ондағы бар растылық, дәйекті білім күштірек болып шыға келмейді. Біз олар туралы басқалардың ұқсас көзқарастары бар екен деп және осының барлығы сол көзқарастардың дұрыстығының куәсі екен деп олармен бірден келісе салмауымыз керек және сондай екен деп пайдалана салмауымыз керек, керісінше, біз өзіміздің зердемізбен бәрін сарапқа салуға тиіспіз /193бет/. Жалпылама қабылданған (алғышарттарға) келер болсақ, онда олар тек қана бізден басқаларының барлықтарында, яғни басқа (адамдарда) өздері жайында бірдей пікір тудыратындықтан ғана қабыл алынады. Бұл [адамдар] сол бір (алғышарттардың) дәл сондай әлде басқашалай екендігін куәландырады. Ал егер көптеген немесе барлық жалпылама қабылданған алғышарттар дүниедегі бар заттарға сәйкес болса, әрі біз оның сондайлығына өзіміздің жеке біліміміздің арқасында көз жеткізсек, олардың ақиқаттылығы мен жалпылама қабылданғандығына да көз жеткізсек, онда оның берері мынау ғана - олардан біздің жанымызда сапа немесе сан мәселесі туралы пайымдау құрастырылады. Одан асып бара жатқан ештеңе жоқ. Будан кейін өзіміз біздің
жанымыздан тысқары жатқан сан мен сапаға олардың қалай қатыстылығы жайлы аңдай аламыз. Оларды біз өз жанымыздан кездестірдік. Оны бізге олар жалпылама қабылданғандықтан әкелетін немесе берілетін дүниелер арқылы тұжырымдадық дегенде жатқан жоқ мәселе. Ендеше, бірінші орында, біз олардың біздің жанымыздан тысқарылығынан шегінеміз. Ал құрамында ғылыми білім мен растылық, дәйекті білімі бар алғышарттарға келер болсақ, олар туралы жеткілікті білім әрбір [мәселе] пікір бойынша олардың өзінен толығымен немесе қажеттілікпен туындап жатады. Бұл қажеттілік неден көрінеді? Ол әлгі [алғышарттардың] біздің жан дүниемізде бірдеңенің саны мен сапасы жайында қалыптасатындығынан көрінеді. Будан олардың әлгі аталған сан мен сапаға қатысты жаннан тысқары жатқандығы шытады, сөйтіп, олардан сан мен сапа [мәселесі] туралы пікірлер құрастырылады. Құрамында ғылыми білім бар алғышарттар олар туралы білімнің акциденция арқылы емес субстанционалды түрде алынғандығынан да ақиқат болмақ. Жалпыға ортақ білім құрамында бар алғышарттар олар жалпылама қабылданған алғышарттар болғандықтан да ақиқатты. Ал ондағы ақиқаттылыққа субстанционалды түрде емес, акциденталды түрде қол жеткізілген. Бастаулар /18/ ретінде қолданылатын алғышарттар мыналар: 1) қабыл алынатын [онымен келісетін] білім әкелетін алғышарттар; 2) жалпылама қабылданған білім әкелетін алғышарттар; 3) сезімдік білім әкелетін алғышарттар; 4) растылық, дәйекті /19/ білім әкелетін алғышарттар. Алайда, алдында біз өзіміз құрамында жалпылама қабылданған белгілі, мәлім білімі бар алғышарттарды құрамында растылық, дәйекті білімі бар алғышарттардан ажырата алмаймыз, сөйтіп тіпті оларды» барлығын бірдей пайдаланамыз да /194-бет/. Сірә, бастапқыда алғышарттардың және көзқарастардың дұрыстығын тексеретін құрал біздің оларға дәлме-дәл келетін жалпылама қабылданған алғышарттар мен көзқарастарды табуымызда болар. Осылайша, құрамында растылық, дәйекті білім тұрған бірінші алғышарттар өзінің пәнінің көрінісі ретінде сезімдік білімді алады. Олар бірінші жалпылама қабылданған алғышарттар болып табылады. Сондықтан да біздер жалпылама қабылданған білім құрамында бар алғышарттарды қайнар көздер, бастаулар қылып алуымыз керек және растылық, дәйекті білім бойында бар алғышарттарды, жалпы алғанда, бүкіл адамдарға ортақ ету керек. Осыдан біздер алғышарттардың ішіндегі бастаулар /20/ ретінде пайдаланылатын алғышарттардың түріне ие боламыз. Олар, әу бастан-ақ бір бірімен өзара қатынаста үшке бөлінеді: 1) құрамында сезімдік білім бар алғышарттар; 2) құрамында қабыл алынатын [онымен келісетін] білім бар /21/ алғышарттар; 3) жалпылама қабылданған білім бар алғышарттар. Адамдар қашанда басымдылығы мен орналасуына қатысты қабыл алынатын білімі бар алғышарттардан гөрі сезімдік білім мен жалпылама қабылданған білімі бар алғышарттарды дұрыс деп таниды. Олар қабыл алынатын білімі бар алғышарттар, әдетте, сезімдік білім жинақтайтын алғышарттар мен жалпылама қабылданған білім тарататын алғышарттар арқылы сыналады және түзетіледі деп есептеген. Ал құрамында жалпылама
қабылданған білімі бар алғышарттарды олар адамға /22/ сезімдік білімі бар алғышарттарға қарағанда тым орынды, үйлесімді алғышарттар деп есептейді. Өйткені сезіну біздер, адамдар үшін де және қалған барлық жан-жануарлар үшін де ортақ қасиет болып табылады, ал құрамында жалпылама қабылданған білімі бар алғышарттар тек зерделі адамға ғана тән. Олар (осы алғышарттар) - ақылмен танылатын дүниелер. Жалпылама қабылданған білімі бар алғышарттардан туратын аргументтер [дәлелдемелер] дегеніміз зерде аргументтері болып табылады. Сезімдік білімнен /23/ туратын алғышарттар диалектикада бастаулар ретінде қарастырылмайды, себебі олардың зерттеу пәндері - (жеке даралық) көрінісі. Олар тек қана индукцияда жалпылама алғышарттарды растау үшін қолданылады. Жалпылама алғышарттар өздерінің пәндерінің көрінісі ретінде сезімдік білімді алады, бірақ олар сезімдік білімнен туратын алғышарттар болып табылмайды. Олар жалпылама қабылданған білімнен туратын алғышарттар құрамына кіреді. Жалпылама қабылданған білімнен туратын алғышарттар дегеніміз бірінен кейін бірі /24/ қарастырылатын және танылатын алғышарттар. Соларға сүйене отырып, әлемдегі барлық халықтардың бала-шағалары тәрбиеленеді және солардың арқасында түрлі халықтар олардың қалаларының бір-бірінен алыстығына қарамастан, тілдері мен әдетғұрыптарының бөлектігіне қарамастан, бір-бірімен қатар-қоныс өмір сүре алады. Солардың арқасында халықтар бір-бірімен араласып-құраласып тіршілік етеді және де олардың бірлесе әрекеттенуі соларға сүйене жүзеге асады /194-бет/. Солар негізінде олардың арақатынасында мақұлдауға турарлық нәрселер құпталады. Жалпылама қабылданған білімнен туратын көзқарастар мақтау мен жоғары қойып, дәріптеуден /25/ құралады, сол сияқты, бәріне мәлім даттау мен балағаттаудан да тұрады. Осы соңғылары - жаман көзқарастар. Осы екі көзқарастың екеуі де жалпылама қабылданған білім құрамында бір-біріне, ғылыми пайымдауларда ақиқат пен жалған өзара қалай қарама-қарсы болса, сондайлық қарама-қарсы. Ғылыми білімдегі ақиқат диалектикадағы мақтау мен артық көруге тең келеді, ал ғылыми білімдегі жалғандық диалектикадағы әділетсіздікке (эристикаға) тепе-тең түседі. Жалпылама қабылданған білімнен туратын осы бір көзқарастар адамдарға заттардың қарастырылатын түрлерінің барлығында /26/ белгілі және сол білім алынатын жерлердің бәрінде де белгілі. Бұл заттардың үш түрі бар: 1) теориялық заттар; 2) практикалық заттар; 3) логикалық заттар. Теориялық заттар дегеніміз жалпы мәселелер. Адам теоретикалық заттардың барлық жеке көріністерін өз еркінше шеше алмайды. Практикалық заттар түрі дегеніміз әмбебаптар [күллияттар]. Адам олардың дербес көрінуінің барлық жеке жағдайларын өз еркінше шеше алады. Логикалық заттар түрі дегеніміз, әдетте, теоретикалық және практикалық дүниелерді тану құралы ретінде пайдаланылатын және ақылмен танылатын заттарда қате болдырмас үшін
пайдаланылатын түр. Сол арқылы хабарламалар мен пікір айтулардағы ақиқат пен жалғандық сыналады. (Осы түрлерге сай) жалпылама қабылданған білім алып жүретін алғышарттар келесі түрлерден тұрады: 1) теориялық дүниелерде жалпылама қабылданған білімдер ала жүретін алғышарттар; 2) практикалық дүниелерде жалпылама қабылданған білімдер ала жүретін алғышарттар; 3) логикалық дүниелерде жалпы¬лама қабылданған білімдер ала жүретін алғышарттар. Пәндері жалпы болып табылатын практикалық алғышарттар олардың (пәндерінің) жеке көріністері адамның еркіне байланысты ғана тіршілік ететін болса, онда олар -практикалық алғышарттар. Ал егер оларда пәндердің көрініс табуының (жеке жағдайлары) адам еркіне қарамай тіршілік етер болса, онда олар, тіпті кейбір көрініс табудың (жеке жағдайлары) адам еркіне байланысты болған күннің өзінде, теоретикалық алғышарттар болып табылады. Алайда, әрбір адам /195-бет/ өзін заттардың кейбір түрлері толғандырғанда ғана жалпылама қабылданған білім ала жүретін алғышарттарды пайдалана бастайды әрі оны өзіне қаншалықты керек болса, сол мөлшерде ғана пайдаланады және заттардың түрлерінің ішінен өзіне керектісінен ғана пайда табады. Жалпылама қабылданған білімді ала жүретін пайымдауларды қолдану өлшемінің арқасында ол сол түрмен айналысады және соған әбден әдеттенеді әрі сонда оқыпүйренеді; әрбір адам жалпылама қабылданған білім әкелер алғышарттарды пайдаланады. Ол адамға екі жағдайда керек: не адам оларды бар қалпында (олардың тікелей мағынасында) пайдаланғанда, не олардың күшін, олардың (құрамдас) бөліктері мен олардан шығар салдарларды пайдаланғанда. Жалпылама қабылданған білім әкелетін алғышарттар оларды тексере қалған күнде (тіршіліктегі заттармен) сәйкес келмесе және олардың басқалардан өзгешеленетін жағдайларынан олардың ақиқаттығы әлде жалғандығы шықпайтын болса, онда олар бірбіріне қарама-қарсы, қайшылықты пікірлер болуы мүмкін немесе барлық (адамдар) қабыл алған пікірге қайшы пікір болуы мүмкін. Осы (екі) пікірлердің екеуі де бірге тұрып ақиқат бола алмайды. Мұнда осы қайшылықты екі пікір туралы мынау ескерілген: 1) бір ғана субъект туралы екі пікірдің біреуі екіншісінің бекітетінін толығымен терістейтіндей пікірлер; 2) екі пікірде де бір субъект турасында толығымен қайшылықты қос тұжырымдама табылған уақытта (яғни шындығында да қайшылықты болып табылатын қос қарама-қарсы пікірлер болғанда). Егер екі қайшылықты алғышарттарға басқа алғышартты қосар болсақ, онда олардан (екеуінен) екі силлогизм құрастыруға болады. Олардың бірінде қандай да бір субъект туралы не нәрсе мақұлданса, басқасында сол нәрсе дәл сол субъектіде жоққа шығарылады, яғни біреуінде дәлелденетін нәрсе екіншісінде терістеледі. Сол сияқты, біреуі - мақұлдайтын, басқасы - терістейтін қайшылықтағы алғышарттарда да оларға бір-бір алғышарттардан қосар болсақ жағдай солай болар еді. Ал қарама-қарсы алғышарттарға келер болсақ, яғни олардың /195-бет/ бірінде басқасында мақұлданатын затқа кереғар (бір ғана субъект туралы) нәрсе жайлы айтылатын болса, онда ол екеуінен де екі силлогизм құрастыруға болады. Ол екі силлогизмнің біреуінің тұжырымдамасында субъектідегі (екі) кереғар дүниенің біреуінің бекітілуі бар, ал екіншісінің
тұжырымдамасында дәл сол субъектідегі басқа кереғарлық бекітіледі, яғни оның (екеуінің) біреуінде басқасында терістелетін нәрсенің дәлелдемесі шығып тур деген сөз. Демек, диалектика өнері қандай да бір тұжырымды дәлелдей алады және дәл сол тұжырымды /27/ терістей де алады, сөйтіп, қайшылықтың (екі) бөлігін біріктіре келе екі силлогизм жасап шығара алады. Екі силлогизм қос қарама-қарсылықты бірге дәлелдейді. Ол силлогизмдердің екеуі де бірдей (толығымен) диалектикалық силлогизмдер болып табылады. Бұндайға растылық білімге негізделген ғылымдарда жол беруге болмайды. Сондықтан да диалектика өнерінде күмәндануға орын бар. Күмәндану дегеніміз қарама-қарсы қос тұжырымды екі силлогизмді құрастырып шығару. Бұл тек қана кіші алғышарттағы ортақтық пен үлкен алғышарттағы кереғарлық арқылы ғана жүзеге асуы мүмкін. Бұның себебі жалпылама қабылданған білімді алып жүруші жалпылама алғышарттар ішінде жалғандығы олардың құрамдас бөліктерінің жалпылама қабылданғандығымен жасырылған жеке алғышарттардың болуымен түсіндіріледі, яғни олардың предикаттарының жалпылама қабылданғандығымен түсіндіріледі деген соз. Ол предикаттар субъектінің өзіне толығымен (таралады), сондықтан оның жалған бөліктері де олардың туралығына сенім тудырады. Нәтижесінде, олар оның ақиқат бөліктері есебінде қолданылады. Сол себептен жалпы қабылданғандық оның ақиқат бөліктерімен қатар жалғандарын да қамтиды, демек, оның жалғандығы біліне бермейді. Адамға алғышарттың ақиқат алғышарт екендігін және оның көптеген заттарда бар алғышарт екендігін әрі оның қандай заттарда жоқ екендігін білмеген уақытында оны бір көргеннен ешбір шек қоймай, жалпы алғышарт ретінде қабыл алу қасиеті тиесілі. Сондықтан, мүмкін, жалпылама қабылданған білім беретін көптеген алғышарттар дұрыс наразылық тудырар бастаулардан тұруы мүмкін. Алайда олардың жалпылама қабылданғандығы наразылық арқасында тұтастай терістелінбейді, керісінше, егер де олар өзінің ақиқаттығына қатысты жалпылама қабылданбаған болса, онда олар оның жалпы ақиқаттығын ғана терістейді. /196-бет/. Егер жағдай осылай болып тұрса, онда олардың оларға қайшылық танытар қарама-қарсылықтары, сол қарама-қарсылықтар жалпылама қабылданған жағдайда және қос жалпылама қабылданған қарама-қарсы алғышарттар кездесіп, сәйкес түскен жағдайда ғана, ақиқат болмақ. Сондықтан да егер осы жалпылама білім әкелетін силлогизм түріндегі алғышарттарға ұқсас алғышарттар ізделініп отырған бір ғана нәрсеге қатысты қолданылатын болса, онда олардың өздерін туындатқан алғышарттарға сай қарама-қарсы тұжырымдар жасалынады. Бұндай жағдайларда зерттеушілер оларды жалпылама қабылданған білімге негізделген алғышарттар арқасында олардың жалпылама қабылданғандығына қатысы тексерер болса, онда олар растылық дәйекті біліммен емес, өзінің көзқарастарынан алынатын пікірлердің барлығымен қанағат табады. Егер де олардың әрқайсысы өзінің қарсыласы пайдаланатынға қарсы бірдеңені қолданар болса әрі олардың (екеуінің) біреуі екеуінің де пайдаланғандарының жалған бөлігін анықтай алмаса, онда ол екеуінің бір ғана зат туралы көзқарастары түрліше болады. Ал егер олардың біреуі қай бір уақытта басқа уақытта пайдаланғанына қарама-қарсы бір нәрсені қолданса, сөйтіп бір көзқарастан екінші біреуіне көптеген рет көшіп жүрер болса және осы айтылғандардың барлығын бір мезгілде бірдей күшпен қолданса, онда оны екіойлылық пен дағдарыс жаулап алады.
Бұл заттардағы ақиқатты іздеп табам деушілер бұл тұрғысынан не қарама-қарсы көзқарастарға ие болуы керек, не бір көзқарастан екіншісіне өтіп отыруы керек, не дағдарып тұрып қалуы тиіс. Бәлкім, ақиқаттығына қатысты толығымен ақиқат алғышарттар пайдаланылғанда бұлай болмас та еді. Өйткені екі бір-біріне қарама-қарсы алғышарттардың бірдей ақиқат болуына жол жоқ, керісінше, егер де олардың біреуі түгелдей ақиқат болса, келесісі - түгелдей жалған болмақ. Сірә, біздің жаратылыстан бар күшімізге сай /196-бет/, бір дегеннен не олардың барлығында бірдей, не олардың көпшілігінде байқалмайтын еш жалған қосылмаған, толығымен ақиқат жалпыла¬ма бірінші алғышарттарды табу мүмкін болмас. Бәлкім, бір дегеннен біз сол арқылы бірінші алғышарттарды сынай алатын дүниеге ие емеспіз. Оған тек қана жалпылама қабылданған алғышарттар арқылы қол жеткізуге болады. Сол сияқты, әрбір жеке адам да өзінің талпынысымен әрі жалпылама қабылданған, әрі қарама-қарсы алғышарттарды таба алмайды. Керісінше, әрбір адам бір біріне қарама-қарсы жалпылама білім әкелетін екі алғышарттың біреуін ғана таңдайды, ал басқасы - олардың екіншісін, оған қарама-қарсысын таңдайды. Сол сияқты, әркім де әрбір жалпылама қабылданған жалған алғышарттан ондағы өтірік жасырылған бөлігінен кез келген өтірікті таба алмайды. Сірә, заттарды зерттеудің бастамасы мен олардың ақиқаттығы мен туралығын тексеру дегеніміз жалпылама қабылданған алғышарттар /28/, себебі жүректе ұялар жалпылама қабылданғандық тың дәл өзі алғышарттың екеуінің біреуін соның (екеуінің) басқасымен байланыстырады. Мен мұнда субъектімен байланыстырылған предикат туралы айтып турмын. Соның арқасында алғышарттың ақиқаттығына деген Сенім нығаяды және тағы қайталар болсақ, дәл соның жалпы¬лама қабылданғандығының арқасында ғана солай болады. Адам ол екеуінен өзінің жан дүниесінде келісетінімен байланыстысын және қандай да бір мөлшерде [болатын] бар [бөлшегін] алады. Бұл [бөлшек] жаннан тысқары жерде де бекітіледі және дәл сол мөлшерде қала береді. Ал адам жанында терістелумен байланыстысы және қай бір мөлшерде болатыны жаннан тысқары жерде де теріс болып табылады және дәл сол мөлшерде қалады. Егерде осы адам жанындағы жалпылама көзқарастарға қатысты олардың жаннан тысқары жерде де жалпылама екендігі расталған болса, онда адам соны пайдаланады. Олардың көбісі [бұл жағдайда] жарым-жартылай жалған, ал олардың жалғандығы білінбейтіндей жалған болып келеді. Олардың көбісінің қарама-қарсылықтары, олардың әмбебаптар [куллияттар] екендігі тұрғысынан алғанда, дәл солайша жалпылама қабылданған болып табылады. Сондықтан олар, өздері жай пікірлер бола тура, растылық, дәйекті білімнен туратын көзқарастар ретінде қабылданады және жарым-жартылай ғана ақиқат болса да, жалпы алғанда ақиқат деп қабылданады /197-бет/. Әрбір адам әмбебаптардағы[куллияттардағы] өзі пайдаланатын жалған бөліктерді ауыстыра алмайды да, екі жалпылама қабылданған алғышарттардағы қос қарама-қарсылықтың екеуінің біреуін (жоққа шығара да) алмайды. Сонымен, жалпылама қабылданған алғышарттардағы әрбір жалған әмбебап тартын [куллияттардың] жалған бөлігін алып тастауға әрбір адамның күші келе бермейді әрі ондағы ақиқаттың дәрежесін адам өзі анықтай алмайды. Сондықтан адам оны жалғаннан ажырата да алмайды. Ендеше, егер де ол бұны соның өзінде жасай алмаса, әрине, одан
туындайтын тұжырымдардың да ақиқаттылық деңгейін анықтай алмайды. Нәтижесінде зерттеушінің әрбір көзқарасы әлде көп мөлшерде ақиқат, әлде байқалмайтын жалған аралас болып табылады. Егерде екі зерттеушінің біреуі жалпылама қабылданған алғышарттардан қайшылықты бірдеңені тапқан болса, онда басқасы да оны табады. Сөйтіп, олардың әрқайсысы өз зерттеуінде соны қолданады және тексеру барысында өзінің тапқанын пайдаланады. Бұл жағдайда олардың пікірлері міндетті түрде қарама-қарсы болады және бір-біріне қайшылық танытады. Алайда, әрбір адамның өздігінен жалғанмен араласқан ақиқатты анықтауға мұршасы жетпейді, одан жалғанды ажыратып, оны алып тастауға да мүмкіндігі л<оқ. Өйткені ақиқатты ажыратып алу мен жалғанды лақтырып тастау жалған алғышарттарды терістеу арқылы ғана жүзеге асырылады. Ал ол болса осы алғышарттарды терістейтіндей қарама-қарсы алғышарттарды аңдай алмайды. Қайшылықты көзқарастарға ие әрбір адам, не өзінің көзқарастарының жетіспейтіндігін байқайды және солардан күмәнданады, не тіпті күмән келтірмейді де, сөйтіп, көзқарастарының кемшіліктерін байқамайды да. Керісінше, өзінің танып-білгенін ғана өзіне дұрыс деп есептейді, сөйтіп, одан басқа ештеңені ойлағысы да, қабылдағысы да келмейді. Егер де өз көзқарастарына күмән келтірер әрбір адам олардағы жетіспеушілікті байқар болса, бірақ өз көзқарастарына /197бет/ қайшы келетінді нақтылап анықтамаса әрі өзінің көзқарастары туындап жатқан алғышарттарға қайшы келетіндерді де нақтыламаса, онда бұндай жағдайда, ол өзіне өзімен бірге зерттеуші ретінде қатар тұрар сұхбаттасушысын табуы тиіс. Сөйтіп сонымен қосыла отырып, ол өз көзқарастарының күмәндісін тексеруге де кірісіп кетеді. Бұл жағдайда, тіпті олардың екеуі де оз көзқарастарының жетіспеушілігін байқамаған болса да, олардың біреуі - сұрақ қояды, ал басқасы - жауап береді. Олардың әрқайсысын басқаға өзінің бағалайтын, қорғайтын және қолдайтын білімін хабарлау асқан шаттыққа бөлейді. Содан олар өзінің үстемдігін көреді /30/, сол арқылы ол басқалармен бәсекелеседі. Ол (әркім) басқаны дәл [осылай] оқытуға бейім. Мұнымен қоса ол өзінің оқытушы ретіндегі үлкендігі оның мерейін үстем қылса және бұл оның артықшылығын паш етсе дейді. Бұл да адамдардың басқадай игіліктерге талпынуы сияқты дүниелер. Сондықтан да олардың әрқайсысы басқасындағы барды әлсіретуге және тәртіпке келтіруге әрекеттенуді бастайды. Сөйтіп ол өзіндегі барды күшейтеді және жоғары көтеріп, әспеттейді, өйткені сол арқылы ол бәсекеге түспек және басым болмақ /31/. Соңғы айтылған екі дүние үшін олардың әрқайсысы басқа зерттеушілердің қатысуын қажетсінеді деп айта аламыз. Олар тексеруді не сол жолды ұстанғандықтан, не бәсекелестіктен, не қорғау мақсатымен, не қатты қозып кеткендіктен әлде пайда табу үшін және өтірікті ақиқаттан ажырату үшін әрі олардың әрқайсысының білімі кемелденуі үшін, әрі олардың көзқарастарында байқалып қалған жетіспеушіліктің [кемістіктердің] көзін құрту үшін жасайды. Сондықтан да олар бір бірінің (көзқарастарын) тексерген уақытта олардың әрқайсысы басқасының дәлелдеп отырған нәрсесін тексеру үшін бар күшін салады. Сөйтіп, оның шығарған нәрсесінің ізін бағу үшін, содан соң әлгі зат туралы өз көзқарасын дәл сол зат туралы басқаның көзқарасымен салыстыру үшін, басқаның күшін пайдалану үшін де басқаның көзқарасына жүгінеді. Оның өзінің қарсыласынан алған силлогизмді
қарастыруы кәдімгі силлогизмді қарастыру сияқты, мейлі, оның ойына тіпті өзінің зат туралы пікіріне қарама-қарсы нәрсені қабылдау келген күнде де солай болады. Қарама-қарсы силлогизмдер /32/ - әртүрлі көзқарастары бар адамдар тобынан алынатын силлогизмдер. Олар оның өзінде бар қарама-қарсы /198-бет/силлогизмдер деңгейінде тұр. Сондықтан да ол әлгілерді адамдар топтарымен біріге отырып қарастырады. Бұл жағдайда олардың барлықтары бір біріне әрбір алғышарттардағы және әрбір қорытындыдағы ақиқатты ажыратуға көмектеседі. Бұл тек қана бір-біріне уәж айту мен бірбіріне қайшылық таныту арқылы жүзеге асады. Сондықтан да олардың әрқайсысы, басқасымен бірге, бір-бірімен қақтығысқан уақытта олардың (екеуінің) біреуі - сұраушы, ал басқасы -жауап беруші болғанын қажетсінеді. Бұл олардың әрқайсысының дау көзіне қатысты таласта бар күшін салуы үшін қажет. Бар күшті олар өздерінің екеуі де қағида ретінде пайдаланатын көзқарасты және сол қағиданы дәлелдейтінді жоққа шығаратындай көзқарасты табу үшін салады. Бұны олар көзқарастың дәлелдемесі кітаптардағы дәлелдемелер ішінен табылмаған күннің өзінде де тапқысы келеді. Олардың әрқайсысы басқасымен бірге оның көзқарасының кереғарлық танытатынына қатысты осындай күйде болады. Әдетте, олар өздерінің уәждерін келтіреді және осының барлығына ол туралы ауызша сұхбат арқылы қайшылық танытады немесе кітаптардағы олардың дәлелдемелерін келтіреді. Ілгеріде өмір сүргендер мен олардың алдындағылардың бізге дейін жеткен көзқарастарына қатысты осылай деуге болады. Олардан кейін келгендер оларға білімге жету жолында өздерінің тәсілдерін пайдалануға тырысқандықтан қарсылық танытты. Олардың бір-бірінен ажыратыла қарастырмайтын диалектикалық алғышарттардан және ғылыми тәсілдерден тұратын әдістері сұрақ-жауап барысында пайдаланылады. Оларды бір-бірінен бөліп-жармай қарастырады. Сондықтан да, олар қайшылық пен қарсылық күшейе түскен әр уақытта әлгілерді кезек-кезекпен бірбіріне, бір сәттен екінші бір сәтке дейін беріп отыратын болған, соның арқасында (таластартыс) уақыты созылып, ұзарып, сөйтіп, олар талас тудырған себепті жайбарақат зерттеген және жалған мен ақиқат араласып кеткен әрбір алғышарттардан ақиқатты жалғаннан ажыратуға жақындайтын болған. Осының нәтижесінде ізделінетін [тезистердің] барлығын дәлелдеудің дұрыстығы мен әрбір ізделінетін [тезиске] ғылыми тәсілді пайдаланып, силлогизмдер жасап шығу керектігі анықталатын болды. Егер де көзқарасты зерттеу осылайша, кезек-кезек сауал қоюшының немесе жауап берушінің қызбалығы әлде кешірімшілдігімен /198-бет/ тоқтатылса және егер олардың біреуі басқасының дұрыс деп есептейтінін терістей алса, онда олардың екеуі де мақтауға лайық. Себебі олардың екеуі де осыдан пайда табады және жеңіс олардың екеуіне де бірдей тиесілі болады. Бұл жеңіс бәсекелестік рухында жүзеге асқан күнде де, ол екеуінің оз көзқарастарын дәлелдеу үшін бір-бірімен күрескен, бір-бірімен жарысқан және жеңіске олардың біреуі ғана жеткен күнде де солай болмақ. Әркімнің өз көзқарасының жеңіске жетуіне және соны дәлелдеуге көмектескенді тәптіштеп қарастыруы басқаның көзқарасын орынсыз етеді және оның өзін күшті де мықты қылады, сөйтіп, жалғанды ақиқаттан ажыратудың үздік құралы болып табылады. Демек, ол теоретикалық дүниелерде кездесетіндерге бәрінен де көп сәйкес келетіндігі соншалық барлық басқа [заттарға] да сәйкестік танытады. Бұл жағдайда теоретикалық эристикалық
(джихадия) /33/ өнерлер, шеберлік туындайтын болған. О л шеберлікте сұхбаттасушылар әңгіме барысында адамның затты терістеуге және затты дәлелдеуге қабілеттілігін көрсетуге тырысып бағатын болған. Бұл тек қана жеңіс пен сол жеңіс нәтижесіндегі атақ-даңққа жету үшін әлде басқа да адами игіліктерге қол жеткізем деп тырысу үшін жасалатын болған. Сондықтан да, егер оған мүмкіншілік берілсе, онда эристикалық ой-пікірлер «диалектикалық» және софистикалық болып шыға келетін. «Диалектикалық эристикалық» әңгіме деп жеңіс болып көрінетін көзбояу жеңіске жалпылама қабылданған алғышарттар арқылы жетуді айтады. Ондай алғышарттар, шындығында да, жалпылама қабылданған алғышарттар. Ал софистикалық эристикалық әңгімеден жеңіске үстірт пікірге негізделген, шындығында жалпылама қабылданбаған алғышарттарды пайдалану арқылы жететін әңгімені айтады. Софистикалық эристикалық әңгімедегі алғышарттардың құйтұрқылығы мен жалғандығы соншалық, олар жалпылама қабылданбаған пікірдің өзіне, жалпылама қабылданған пікірдей, иландырады, ал жалпылама қабылданған пікірдің өзін жалпылама қабылданбаған пікір деп сендіреді, нәтижесінде, үш түрге бөлінетін софистикалық ойпікірлер пайда болады: 1. Шындығында жалпылама қабылданған болып табылмайтын, үстірт пікірге ғана байланысты, жалпылама қабылданған алғышарттар болып есептелетін және силлогизм құрылымына ие ой-пікір. 2. Шындығында силлогизм құрылымынан ада [бірақ, сірә, силлогистік деп есептелінетін] ой-пікір мен шындығында жалпылама қабылданған алғышарт. 3. Үстірт пікір бойынша, силлогистік құрылымға ие ой-пікір және тағы да сол үстірт пікір бойынша, жалпылама қабылданған алғышартқа ие, ал шындығында - олай болып табылмайтын ой-пікір. Осы айтылған үшеулерінің ішіндегі бірінші топтағы ой-пікірлер, олардың құрылымының дұрыстығына сай, силлогизм деп аталады, ал қалған екеуі күмәнді және дүдәмал ойпікірлер деп қарастырылып, силлогизм деп аталмайды. Жалпы, әркез айтылған пікірлердің құрылымы дұрыс болмаса, олардың алғышарттары дұрыс болған күннің өзінде де, олар силлогизмдер деп аталмайды. Софистикаға /34/ келер болсақ, онда ол адамға үстірт қарағанда жалпылама қабылданған болып көрінетін алғышарттардан шындығында силлогизм құруды, немесе шындығында жалпылама қабылданған алғышарттардан силлогизм болып көрінетінді құрастыруды білдіреді, немесе үстірт пікір бойынша жалпылама қабылданған болып табылатыннан, дәл сол үстірт пікір бойынша, силлогизм болып табылатынды тауып, соның арқасында жауап берушінің қорғайын дегенінің барлығын жоққа шығаруға тырысады және сұраушының терістегісі келгенінің барлығын қорғап шығады. Ғылыми силлогизм /35/ (дәл сол дәлелденетін силлогизм болып табылады) дегеніміз ақиқат жалпылама бірінші алғышарттардан, яғни растылық, дәйекті білімнен тұратын алғышарттардан құрастырылатын немесе растылық, дәйекті білімнен туратын ақиқат жалпылама бірінші алғышарттардан шығып жатқан алғышарттардан туратын силлогизм.
Философиялық ғылымдар /36/ дегеніміз растылық, дәйекті білімнен туратын ғылымдар әрі оларда ізделініп жатқан тұжырымдардың барлығын дәлелдеу үшін, біз айтқандай, ғылыми силлогизмдер пайдаланылады. Аралас тәсіл /37/ деп көне философтардың үш түрлі тәсіл бір-бірінен бөлініп шығып, жіктелгенге дейін қолданып келген тәсілін айтамыз: 1) ғылыми тәсіл; 2) диалектикалық тәсіл; 3) софистикалық тәсіл. Осылайша ғылыми тәсілдер жасалынды, будан кейін ғылыми /199-бет/ өнер түпкі мақсат болып алды, ал диалектикалық өнер оның алдындағы отан деген даярлық пен жаттығу болып қалды, сөйтіп, диалектика ғылыми өнердің құралы мен құлына айналды. Ал софистика болса диалектикаға еліктеу болып қалып, оған ұқсас және өзін диалектика деп қабылдайтын [жалған] пікір жасаушы болды. Бәлкім, ол тіпті өзін нағыз философиямын деген жалған пікір де қалыптастыруы мүмкін. Бұл үш өнердің пәні бір және іздейтін (қағидалары) да - бір. Олар бір-бірінен өздерінің түбегейлі мақсаттары мен бастау көздері арқылы ажыратылады. Сонымен, философия өзінің түпкі мақсаты етіп шекті бақытты /38/, ал диалектика өзінің түпкі мақсаты етіп адамның тексеру күшіне ие болуын алады және адамның ақыл-ойын философияны /39/ (қабылдауға) даярлайды. Ал, жалпы алғанда, диалектика философияның бастаулары мен оның іздеген қағидаларын қабылдауға даярлық жасайды. Сондықтан да диалектика өнерінің мақсаты философия өнерін қолдауда және оған қызмет етуде болып табылады. Ал софистиканың түпкі мақсаты - адамды білім болып көрінетінге, даналық болып көрінетінге және ең соңғы түбегейлі бақытқа /40/ талпыныс болып көрінетінге иландыру ғана. Осыған иландыратындардың ниеті, олардың түпкілікті ойы мен мақсаттары олардың жанының түкпірінде тығулы әрі олар соны өздері үшін не байлықты, не атақ-даңқты, не мақтап-мадақтауды, не басқа қандай да бір төменгі игіліктерді көздеп жасайды. Сол сияқты, олар өздерінің бастау-көздері бойынша да ерекшеленеді. Сонымен, философияның бастаулары - ақиқат жалпы бірінші алғышарттар. Олар растылық, дәйекті білімге негізделген, ал диалектиканың бастаулары - біз анықтап үлгерген жалпылама қабылданған алғышарттар. Ал софистиканың бастаулары - заттар туралы жалған жалпы алғышарттар. Софистика олардың жалпылама қабылданғандығы туралы жалған пікір қалыптастырады (шын мәнінде бұл - олай емес). Софистиканың тағы бір қайнар көзі - ортақ жалпылама қабылданған алғышарттар. Олар жарым-жартылай жалған және де оның жалпылама қабылданғандығы ондағы жалған бөлшегі жасырып қалады (біз ол туралы жоғарыда айтып еткен болатынбыз). Соның арқасында басында олардағы жалғанды ақиқаттан ажыратып алу қиын. Растылық білімнен туратын бірінші жалпы алғышарттарға келер болсақ, олардан да барлықтарының жалпылама қабылданғандығы шығады /200-6ет/ және олар жалпылама қабылданғандықтан да, олар бір көргеннен, басқа заттар арқылы тексерусіз-ақ, алынады және біздің «Аподейктика» («Дәлел») /41/ деген кітабымызда келтірілген себептермен септестірілмей тұрып та алына береді. Сондықтан да олар диалектика мен оларды басқа заттар арқылы тексермейтін өнерлерде қолданылады. Сол өнерлерде олардың акциденталды түрде растылық, дәйекті білімнен туратын ақиқат ретінде жалпылама қабылданғандығының өзі жеткілікті. Егер де жағдай осылай болса, онда солардан құрастырылған силлогизмдер өздерінің қорытынды
шешімінде пікірлер беретін болғаны. Дегенмен, бұл пікірлер ақиқат болып шығады, бірақ олар субстанционалды түрде ақиқат емес, акциденталды түрде ақиқат. Алайда жалпы¬лама қабылданғандығы олардың жалғандығын жасыратын аракідік жалған жалпылама қабылданған жалпы алғышарттар оз шешімдерінде жалған пікір туғызатын силлогизмдерді қурайды. Сонымен, біз жалған пікірлер мен ақиқат пікірлердің бастау көзі болып табылатынның не екендігі туралы ойымызды анық айттық. Ал енді сырт көзге жалпылама қабылданған болып көрінетін, бірақ та шындығында ондай емес әрі растылық, дәйекті білімнен тұрмайтын, дегенмен, өздері жайлы жалпылама қабылданған-ау дегендей пікір туғызатын алғышарттар туралы айтар болсақ, онда олар өздерінің жалпылама қабылданғандығынан басқа, солай болып көріну имитациясында да басқа дүниелерге арқа сүйейді. Олар біздің «Софистика» деген кітабымызда жіктеле келтірілген. Диалектика /42/ бастауларында жасырынған өтірік асқан шеберлікпен тығылған әрі ұзақ уақыт бойы терең тексеруді қажет етіп, бірден таныла қоймайды. Өйткені оның жалпылама қабылданғандығы және басқалардың оның сондай екендігі туралы куәгерлігі жалғанды анықтауға кедергі етеді. Сол сияқты, өтірік софистика бастауларында да жасырын түрде кездесе алады. Бірақ мәселе олардың жалпылама қабылданғандығында емес, мәселе олардың кінәраттылығы мен көзге ұрарлық жалғандығының бет бүркелгендігі соншалық, олар жалпылама қабылданбаған болса да жалпылама қабылданған деген ойға нандыратын, ал анық жалған және де ешкімнің қабылдамай тастағаны туралы ол - (белгілі) нағыз ақиқат және оған барлығы бас ұрады дегенге сендіретін, сөйтіп, мақтау мен ардақтауға турарлық дүниелерді олар - кінәратты /200-бет/ және (барлықтары) оларды қабылдамай тастайды деген ойға иландыратын заттардан тұратындығында. Сонымен, диалектиканың бастауларындағы жалғанды жасыруға заттың барлықтарына бірдей ортақтығы арқылы қол жеткізіледі. Бұл ортақтық оның жалпылама қабылданғандығында және ол туралы барлықтарының куәлік етуінде жатыр. Ал софистиканың бастауларындағы жалған заттың барлығына ортақ болуы және барлығына қатысты болғандығы арқылы жасырылмайды. Сондықтан да ондағы жалған дүниелер тез арада-ақ танылады немесе жеңіл қарастыру нәтижесінде-ақ табылады. Ал дәл сондай диалектиканың бастауларындағы жалғанды ашу тек қана терең зерделеп қарастыру нәтижесінде ғана мүмкін болмақ. Диалектикада бардың барлығы софистикада да /43/ бар. Тарата айтар болсақ, шындығында диалектикадағы бар нәрсе әрі дәл соның өзі софистикада көрініс ретінде (жалған түрде) кездеседі. Демек, сондықтан да софистикалық сұрақ пен софистикалық жауап та бар (дәл бір диалектикалық сұрақ пен диалектикалық жауаптың барлығы сияқты), әрі софистикалық күмән де кездеседі (дәл бір диалектикалық күмәннің кездесетіндігі сияқты), әрі софистикалық әшкерелеу мен софистикалық уәж айту да бар (дәл бір диалектикалық әшкерлеу мен диалектикалық уәж айтудың кездесетіндігі сияқты). Бірақ, осылардың барлығы диалектикада шындығында орын алып отырса, ал софистикада жалған түрде, көзбояушылық кейпінде кездеседі. Себебі, диалектика (осы софистикадан бөлек) шындығында силлогизмді пайдаланады әрі шындығында жалпылама қабылданған алғышарттарды қолданады. Ал софистикалық алғышарттар, шындығында олай болмағанымен де, жалпылама қабылданған алғышарттар болып көрінеді. (Дәп сол сияқты), софистикалық силлогизмдер де, өздері сондай болмаса да, силлогизм сияқты
болып көрінеді. Диалектикада сияқтылыққа орын жоқ, керісінше, онда шындықтағы силлогизмдер мен шындығында да жалпылама қабылданған алғышарттар бар. Диалектика философияға төменде көрсетілгендей бес дүниелер /44/ арқылы қатынасады. 1. Бірінші дүние - оның адамды алдын-ала жаттықтыратындығында және оның зердесін нақты ақиқат білімнен туратын ғылымдарға даярлайтындығында. Ол оның адамды заттарды қалай орналастыру мен тексеру тиіс екендігін білуге және тексеруге дағдылайтындығынан әрі тексеру барысында /201-бет/ айтылған пікірлерін іздестірілген (қағидаға) қайта оралатындай етіп құрастыруға үйрететіндігінен көрінеді. Сөйтіп, ол адамның зият-парасатына орталық терминді табу барысында ұшқырлық береді, содан оны сол жолда тап болар кез келген іздестірілген қағидаға байланысты ілезде силлогизм құрастырып шығуға қабілетті етеді. Диалектика адамға өзі естіген немесе оған айтылған кез келген көзқарасқа уәж айта білуге қуат береді. Ол адамды қарастырылып отырған әрбір көзқарастың ішіндегі наразылық тудыратындай жерлерді тез арада анықтай білуге үйретеді. Диалектика адамға айтылған пікірдің айқындығы арқылы сендіруге дағдыланбау әдетін береді және басына бірінші, алғашқы болып түскен ойдың қарқынымен ғана, тәптіштеп зерттеп әрі көп рет қайтара нақтылап жатпастан барып, қарастырған-сымақ болудан өзін аулақ ұстауға дағдылайды. Ол адамды ешбір көзқарасқа көңіл бұрмастай және ешбір ой-пікірге бірден «құлап түспестей» қылады. Диалектика адамды өзі туралы жақсы пікір қалыптастыруға талпынбайтындай етеді. Оны құштарлық та, басқаның көзқарасына бола өз ішінде қызбалыққа салыну да, өзінің көзқарасына бола басқаға қозушылық таныту да былқ еткізбейді; ол ой-пікірді үнемі күдіктену үлесі болып табылатын басқа бір көзқарас тарапынан қарастырады. Ол әр көзқарасқа ол жалған немесе қате болуы мүмкін деп қарайды. Бұл дағды оны, ең алдымен, бірінші болып кезіккен өзінің қабылдайтын ой-пікірлерін тексеруге міндеттейді. Кезінде солар арқылы ол тәрбиеленген болатын және өзінің бойындағы дағдыларға машықтанған да болатын. Осы (осындай әдетке негізделген) жолмен жүрген көп адамдар біраз уақыт шамасында сезім арқылы қабылданатын дүниелердің өзіне де күдіктене қараған және соларды тексеруге талпыныс қажеттілігін бойынан өткізген. Мысалы, Парменид пен Зенон сондай болған. Олар қозғалыс дегеніміз барлық емес, көптік дегеніміз де барлық емес, тұтастық деп тұжырымдаған. Олар өздерінің барлық туралы қорытындылары жалпылама қабылданған дүниелерден туындап жатыр деп түсінген. Жалпылама қабылданған дүниелерді олар [әділ түрде] ақылмен түсінілетін дүниелер ретінде қарастырған; сезіммен қабылданатын дүниелер оларға күмәнді болып көрінетін, себебі ақылмен танылатын дүниелердің адамға сезіммен қабылданатын дүниелерден гөрі біртабан жақын екендігінде еді. Әрі адамның зердесі оларды қабылдауға әлі де болса жеткілікті деңгейде даярлық танытпаған. Соның нәтижесінде адам ақылының күші ол кездерде оны ақиқат пен философиялық көзқарастарға жеткізе алмады. Сонымен, адамның арқа сүйейтін нәрсесі және адамның танитын нәрсесі дегеніміз, ең алдымен, мынау болмақ: 1) жалпыла¬ма қабылданған көзқарастар /201-бет/, оларды бір қарағаннан-ақ барлық. адамдар бірдей қабыл алады, 2) қабылдауға турарлық, қабылдауға болатын көзқарастар және 3) сезімдік көзқарастар. Қабылдауға турарлық, қабылдауға
болатын көзқарастар дегеніміз мынадай көзқарастар: олар туралы адамның өзінің жеке білетін мағлұматы жоқ, олар туралы айтқанда адам өзінің ол туралы пікірі түзу басқа адамның біліміне ғана жүгінеді. Адамның (қабылдауға турарлық көзқарастарға) жүгінетін себебі оның өзінде ғылыми көзқарасқа жету мүмкіншілігі жоқ екендігінде немесе ол туралы өзіндік білім алу жолымен жететін ғылыми көзқарастың болуы мүмкін болмағандығында. Ол өзіндік білімін өзінің алғаш танып-білген және олар туралы өзіндік білімін ешбір силлогизмді әлде белгіні қандай да бір дәрежеде пайдаланбай-ақ қалыптастырған алғышарттардан құрастырылған силлогизм арқылы жинақтайды. Бұл алғышарттар анық кең жайылған көзқарастардан алынатын алғышарттар. Ал айқын көзқарастар дегеніміз тәптіштеп тексерілмейтін көзқарастар, сондықтан оның құрамында адам тани қоймайтындай өтіріктің болмайтындығы туралы сенімділік жоқ. Осыған байланысты, адам оларды қарастыруы және ықтиятты түрде тексеруі тиіс. Ал оларды қарастыру мен жете тексеру оларға қарсы уәж тауып (айту) арқасында ғана мүмкін болмақ. Ал оны ақылдың күшінің күдік (тудыратындай) тұстарды таба білерлік қабілетінің болуы арқасында ғана жасай аламыз. Бұл, өз кезегінде, диалектика өнерімен ғана жүзеге асады. Сонымен, диалектика өнері дегеніміз адамға сол қабілетті (күшті) беретін өнер. Ендеше, адам ақиқатқа әлде философияға тек диалектикалық диалогқа (сұхбатқа) деген қабілеттілікті қалыптастыру арқылы ғана жетпек керек. Сондықтан біз Аристотельдің де өзінің пайымдауларының (оның метафизикалық, азаматтық және жаратылыстанымдық ғылымдарда дәлелдеуге тырысқандарының көп бөліктерінде) алғашқы бастаулары ретінде диалектикалық ой-пікірлерді пайдаланатындығын және заттарға катысты осы екі мезеттерді /45/ толығымен, тауыса жүзеге асырарлықтай деңгейде диалектикалық тексеруді жүргізетіндігін көреміз. Будан кейін ол сол заттарға байланысты дәлелдемелерді келтіре бастайды. Дәл осылайша, Платон да «Парменид» деген кітабында Парменидтің өзімен сұхбаттасып отырған балғын Сократқа ақыл-кеңестер бергендігін айтады. Сонда ол Сократқа былай деген екен: «Қарапайым халыққа мағынасыз, жөнсіз және бос соз болып көрінетін /202бет/ қай бір дүние туралы айта тура өзіңнің ақиқаттан көз жазып қалмауың үшін /46/, әңгімені жүргізіп отырған жетекші адам болып қала беретіндей болуға өзіңді жаттықтыр». Бұл жерде ол өзін-өзі диалектикалық пайымдаулар мен диалектика арқылы жаттықтыруды меңзеп отыр. Оның сұхбаттасушысына осыны ақыл етіп айтқанында және о сыны ұсынғанында оның диалектикалық пайымдаулар мен диалектиканы меңзегенін оның осы келтірілген сөзден соң Сократпен бірге күмәнданатындай диалектикалық пайымдауларға кірісіп кеткендігі көрсетеді. Ол күмәнді тусы бар белгілі диалектикалық пайымдауларды Сократпен бірге зерттеп шықты, сөйтіп оларды жеке-жеке тексеріп, дәлелдеуге кірісті. Одан соң ол әлгі пайымдауларды диалектика өнері зерттейтіндей қатынаста терістеуді де жүзеге асырды. Демек, осынау нәрсе диалектиканың философияға әкелер игіліктерінің (пайдаларының) бірі болып табылады. Диалектика адамды дәйекті, растылық білімге негізделген ғылымдарды меңгеруге алдын ала даярлайды. Диалектика ғылымдардың пәндерінің барлығын даярлайды. Диалектика олардың пәндерін солардың өзі үшін даярлай береді. Диалектика оларға құрамына бірінші
ақиқат жалпы алғышарттар (олар дегеніміз дәйекті, растылық білімге негізделген ғылымдардың бастауы болып табылады) кіретін жалпылама қабылданған алғышарттардың барлықтарын даярлап береді. Сол сияқты, ол ғылымдарға олардың іздестіріп жүрген қағидаларын да даярлап береді. О л қағидалар - жалпылама қабылданған заттардың шекарасынан шытып жатқан қағидалар. Оларды дәлелдеу мен терістеу үшін диалектикада диалектикалық силлогизмдер құрастырылады. Олар (ғылымдар) үшін іздестірілген қағидаларына сай құрастырылған барлық диалектикалық силлогизмдер даярланады. Сонымен, [ғылымдар] үшін диалектика өнері даярлық болып табылады. Сөйтіп, ол адамға диалектикалық силлогизмдерді құрастыру қабілетін береді және оларды оз қалауынша, кез келген уақытта көрсету мүмкіндігін береді. Егер де осының бәріне қол жеткізілген болса, онда бұдан кейін [осылардың барлығын] ғылыми және аподейктикалық заңдар мен ережелер арқылы қарастыру мен тексеру ғана қалады. Ол заңдар мен ережелер «Дәлелдеу» деген кітапта (оз жөнімен, орынды түрде) келтірілген және тізімделіп берілген. Құрамында дәйекті, растылық білім бар, алғашқы ортақ ақылмен танылатын дүниелердің шарттарына сай келетін жалпылама қабылданған дүниелер дәйекті, растылық білімге негізделген ғылымдардың бастаулары болып шығады. Ал ғылымдардың іздеген қағидаларының шартына сай, жалпылама қабылданған дүниелер диалектиканың бастауы ретінде қолданылатын және дәйекті, растылық білімге негізделген ғылымдардың /202-бет/ іздеген қағидалары ретінде пайдаланылатын жалпылама қабылданған дүниелерге айналады. Сонымен, біз, диалектика өнері беретін іздестіріліп отырған [қағидаларды] зерттейміз, сөйтіп [оларды] аподейктикалық іздестіріліп отырған қағидалардың заңдары мен шарттары арқылы тексереміз. Осы шарттарға сай ізделінген қағидалар ғылымдарда ізделінетін (қағидалар) болып табылады. Дәл осылайша бізге диалектика өнерінің беретін силлогизмдерін де тексереміз. Дәлелдеулер шартына сай силлогизмдер [ғылымдардағы] дәлелдеулерге айналады. Сонымен, жалпы, диалектиканың беретін әрбір заты мен оның даярлайтын әрбір заты, оның (аподейктикалық) шарттар мен заңдарға лайық болған жағдайында, екі өнерге де толығымен ортақ болып шығады. Ал ғылыми талаптарға жауап бермейтін дүние [тек] диалектика өнеріне ғана тән болып қалады және де шартқа сай, тек қана жаттығулар барысында ғана пайдаланылады. Сонымен, бұл дегеніміз екінші игілік. 2. [Келесі дүние] - растылық білімге негізделген ғылымдардың екі түрге /47/ бөлінетіндігі: 1) Зерттейтін пәндері оны қарастырушы және оларды тексеруші адамды оның ақылын шаршатып, қалжыратпай-ақ ақиқатқа жеткізетін ғылымдар. Ол ғылымдарда адам өз жанында субстанцияларды оларға ілесе жүрер акциденциялардан тез арада ажыратады, өйткені олар (акциденциялар) тез танылады. Себебі адам оларды (акциденцияларды) көз алдына елестете алады және ақыл-ойын аса шаршатпай жатып-ақ, оларды материядан абстракциялап көз алдына келтіреді. Бұл ғылымдар - математикалық ғылымдар. 2) Пәндері адамның ақиқатқа жетуін қиындататын ғылымдар. Өйткені оларда (акциденцияларды) материядан ойша ажыратып алу қиын демек тұрмақ, соны жасау мүмкін емес деу керек. Олар тек қана оз материясымен бірге және өз материясында ғана ұғынылады. Сондықтан да олар [сол заттар] жайлы егер олардың материясында көп акциденциялар болса, онда олар біздің қабылдауымызда соның өзімен үйлеспейтіндігіне
сенім жоқ. Демек, бұндай дүниелерде қос зерттеушінің екеуі де ақиқатты табуда шатасуы әбден мүмкін. Мұнда бір зат ол екеуіне қарама-қарсы күйде көрінуі мүмкін, сөйтіп оларды қарама-қарсы пікірлер (тұңғиығына) батырады. Нәтижесінде олар сол [заттар] туралы кезігетін көзқарастар жайлы бір-бірімен дауласады /203-бет/. Бұл дүниелер өздері туралы наразылық тудыратын дүниелер, өйткені оларды қарастыруда жан дүниеде олардың идеялары.[мәндері] оларды материя мен акциденциялардан абстракциялау арқылы бөлінбейді. Сол сияқты, бұл ғылымдардың бірінші алғышарттарында олардың универсалийлері [күллияттары] бір қарағаннан бөлініп шыға келмейді. Себебі ондағы ақылмен танылатын дүниелер адам жанында бір-бірінен (толығымен) өзгешеленбейтіндігі соншалық, олардың әрқайсысын ақыл-ойымызда оның оз жаратылысына ғана сай, табиғатына сай түрде, абстрактілі түрде, субъекттің предикат [үшін] бөлінгеніндей, түбегейлі бөліп алуға болмайды. Керісінше, ол өз бойында қандай да бір шарттың немесе шарттардың орнын [орталығын] ұстап тұр. Сөйтіп, бұл, ең.алдымен, адамның оны ажырата білгендігі соншалық, содан кейін оны [субъектіні] айрықша атап, танытатын наразылықтарға жауап беру үшін пайдаланады. Дәл осындай жағдай затқа материя келіп қосылғанда немесе акциденция келіп қосылғанда болмақ. Бұндайда оны абстракциялау қиын әрі оны материясыз, әлде акциденциясыз көз алдыңа елестету де қиын. Бұл затқа предикат оның қандай да бір предикат ретінде жаратылысынан жалғыздығынан ғана мүмкін болмақ. Егер де ол осы материяны сипаттаушы есебінде алынса, онда бұл заттың предикаты сол предикаттың қарама-қарсысы болып табылады. Егер де біз бұл затты оның өздігінен жалғыздығына қатысты және оның материямен үйлестігіне байланысты ажыратпайтын болсақ, сөйтіп, оны қандай да бір жалғыз күйде ғана алсақ, онда бұл жалғыз затқа қатысты екі қарама-қарсы предикатқа ие боламыз. Егер де онымен оның материясындағы қандай да бір акциденция сәйкес келсе әрі біз субстанцияны акциденциядан айыра алмасақ та жағдай солай болады. [Акциденцияны] зат субстанциясынан айыру дегеніміз оның [зат субстанциясының] сол бір акциденциямен қосылғандығы. Оның екі жағдайына байланысты мұнда қос қарама-қарсы предикат туындайды. Егер зат екі акциденциямен үйлессе де жағдай дәл солай болады; екі акциденцияның біреуімен үйлесудің нәтижесі - басқа акциденциямен үйлесу нәтижесі болып табылатын предикатқа қарама-қарсы предикаттың шығуы. Бұл жағдайда біз әлгі затты, [бір жағынан], осы екі [акциденцияның] болған күйлері арқылы суреттейтін екі акциденцияның бірі ретінде аламыз және келесі жағынан, біз оны басқа акциденция арқылы суреттелген күйде аламыз. Демек, заттың бұл күйі осы екі акциденцияның екеуіне де таралған күй және оларды толық қамтыған күй. Бұл күйде екі акциденцияның екеуі де бір-бірімен толығымен бірігетіндігі соншалық, біз оларды бірбірінен ажырата да алмаймыз. Осылайша, бұл затқа екі қарама-қарсы предикат тиесілі екендігі шығады. Егер де біздің қолымызда бар жалпылама қабылданған алғышарттар бұл ғылымдарда да жалпылама қабылданған болса, айқын әрі бір қарағаннан танымал болса және біз оларды үлкен алғышарт ретінде пайдаланар болсақ әрі оларға кіші алғышарттарды қосар болсақ, онда будан біз, міндетті түрде, қарама-қарсы және кереғар қорытындылар шығарамыз. Осындай жағдайдағы алғышарттары бар ғылымдар - жаратылыстанымдық (физикалық)
ғылымдар, теологиялық ғылымдар және азаматтық ғылымдар. Бұны бізге жаратылыстанымдық ғылымдарға жақын математикалық ғылымдар дәлелдеп отыр. Жаратылыстанымдық ғылымдарға көзден (маназир) алыс әлде жақын орналасуына байланысты заттардың көлемін анықтайтын тылым, әуез [музыка] ғылымы және механика ғылымы жатады. Бұл ғылымдар жаратылыстанымдық ғылымдарға (заттардың қасиеттері мен күш-қуаттарын алмағандағы жаратылысы туралы ғылымдарға) арифметика мен геометриядан гөрі жақындау келеді. Сондықтан да олардың әрқайсысы не өз бастауларында күрделене береді, не өзінің (жаратылыстанымдық ғылымдарға) жақындау дәрежесіне байланысты бөлектене береді. Арифметика жаратылыстанымдық ғылымдардан өте қашық тұрғандықтан оның ешбір затында қиыншылық бола қоймас. Ендеше, онда тіптен ешқандай ұштаспаушылық [кереғарлық] болмайды. Ал геометрияда оның кейбір бастауларында кездесетін қиыншылық оның арифметика сатысынан өтуі мен материядан алыстауы деңгейіне сай туындайды. Ал астрологияға келер болсақ, ол геометриядан анағұрлым күрделірек дүние және онда ұштаспаушылықтар да көбірек. Одан кейін көлемді көзбен мөлшерлеу ғылымы (маназир) және одан соң - музыка мен механика жатыр. Бұлардың барлықтарының, әсіресе, сол ғылымдардың принциптерінің қиындықтарының себебі біз жоғарыда айтып өткен себептен туындап жатыр. Ендеше, бұл ғылымдар - ақиқатты анықтауға болмайтын ғылымдар немесе оларды ғылыми тәсілмен қарастырғанға дейін диалектикалық күмәндануды алға жіберуге болмайтын ғылымдар. Оларда білім [ғылыми тәсіл] диалектикалық күмәнсіз пайдаланылатын болса, онда оларда не ешбір зат танылмайды, не танылса да толық [жеткілікті] дәрежеде/с. 204 а/ танымайды. Бұл осы ғылымдардағы бардың көп бөлігінің материямен әлде акциденциялармен үйлесетін дүниелер екендігінде немесе заттар арқылы таны¬латын дүниелер екендігінде. Ал ол заттар туралы да дәл осыны айта аламыз. Сонымен, бұл ғылымдар қарама-қарсылықтар бірге тіршілік ететін ғылымдар болып табылады. Тек қана диалектика ғана [олардың] әрқайсысында қос-қос қарама-қарсылықтар бар екендігі туралы білімді береді. Диалектика дегеніміз бізге екі қарама-қарсы силлогизм құрастыруға мүмкіндік беретін нәрсе. Дәлелдеу мен дәлелдеу өнері бізге қарама-қарсы силлогизмдер бере алмайды. Олардан бізге бір заттың бойындағы қос қарамақарсылықтың бар екендігі (көрінбей) қалады. Бұл заттарды дәлелдеу өнерімен тексеру мүмкін емес. Бірақ тек қана дәлелдеу өнері (мәнге) қатыстылық арқылы біздің күмәнімізді сейілтеді. Мәнге қатысты бір затқа қарама-қарсы предикаттардың тиесілі болатындығы соншалықты, қарама-қарсылық бар-ау деп болжамданған жердің өзінен /48/ ол қарама-қарсылық жоғалады. Дегенмен дәлелдеу өнері мәнге қатыстылықты бере алмайды. Ол (мәнге қатыстылық) арқылы пайымдаулардағы қарама-қарсылықты, оларда болдырмай тұрып-ақ, жоқ етуге мүмкіншілік бар еді. Демек, диалектика өнері дегеніміз екі қарама-қарсылық беретін және дәлелдеу өнеріне (ілесудің қисынды қажеттілігінің) алдын ала жүретін нәрсе. Ол дағдарыс /49/ пен күмәнді болдырмайтын мәнге қатыстылықты береді. Сондықтан да біз Аристотельдің өз кітаптарында осы ғылымдардың қай-қайсысы туралы болса да, онда адамның дәлелдеуге тырысып отырған заттарын қарастырмай тұрып, алдымен диалектикалық күмәндануды алға тарту керектігі жайлы айтатындығын өте сирек
кездестіреміз. Тек содан кейін ғана Аристотель оларға дәлелдемелерді (аргументтерді) қосады. Сондықтан да Платон диалектиканы философтардың [ізгі] қала басқарушысын тәрбиелеуде математикалық ғылымдардан кейін, бірақ қалған үш ғылымдардың алдына қойған көрінеді. 1. [Келесі нәрсе] - бұл растылық, дәйекті білімге негізделген ғылымдардың бастаулары жалпылама болғанда оның бірден танылатындығы жайындағы нәрсе. Олардың көпшілігі немесе едәуір бөлігі бір қарағаннан лақтырылып тасталады /204-бет/ әрі адам оларды бір көргеннен, бірінші қадамынан бастап-ақ ойы бөліне бастайтындықтан да қолданбайды. Адам оған, (ой бөлуге) дүниеге келгеннен кейінгі үшінші аптадан бастап-ақ бейімділік танытады. Басқа өнерлерде бұндай ақылмен танылатын заттар қолданылмайды, себебі олар өнерлердің бастауларының (мазмұнын) көлеңкелейді және оларға еш пайда әкелмейді. Сонымен, әрбір ақылмен танылатын (зат) әрбір өнердің бастауы бола бермейді. Олардың көбісін адам өздері айналысатын өнерлерде ғана пайдалануы мүмкін. Сонда адам оларды жалпылама болғандықтан ғана пайдаланбайды, олардың күші мен (құрамдас) бөліктерін қолдану үшін пайдаланады, сөйтіп, оларды қандай да бір мүмкіншіліктегі мақсатқа жету жолында жалпылама пайдаланудан қашқақтайды. Ол солардың күшімен қанағаттанады, өйткені сол күштің өзі әлгі өнерлер мен оның айналысар заттары үшін жеткілікті. Бұндай жағдайларда әмбебаптар де , бәз бір бірінші алғышарттар сынды, лақтырылып тасталынады. Адам (өзінің жанына) бойлап жатқанның толығымен алғанда ақылмен танылатын заттардың жалпы идеялары екендігін білгенге дейін сондай бастауларды қажетсінеді. Сондықтан да адамның олардың әмбебаптарын [күллияттарын] қабыл алатындығы жоққа шығарылмайды. Бірақ, адамның оларды өзінің көз алдына толығымен елестете алмауына байланысты, ол әлгілердің құрамдас бөліктерін өзіне индукцияламай тұрғанда, оларды түсіндіруді қажет етеді. Адам сол құрамдас бөліктерді өзі айналысқан заттарда пайдалануға үйреніп алған және олардың құрамдас бөліктері, әдетте, басқа өнерлерде де қолданылады. Адам өзінің пайдалануға әдеттенген күштерінің универ-әмбебаптарымыз бейнесін көз алдына елестетпейінше оларды пайдалана бермек. Ал көшірмені [ұқсасты] индукциялау диалектикаға тән немесе диалектиканың жалпылама қабылданған анықтамалары мен рәміздері (белгілері) көмегінің арқасында жүзеге асады. Содан, егер адам олардың идеяларын түсінген болса, онда олар адам үшін дәйекті, растылық білімге айналар еді. Бұл дәйекті, растылық білім олардың құрамдас бөліктері жайындағы растылық білімге ұқсас болады. Заттар арқылы көптікті тану алғашқы білімнен басталады. Ол білім адамға барлықтарымен жалпылама қабылданған (айдан анық) көзқарастар арқылы беріледі. Егер де адам оларды тереңірек қарастырар болса, онда адам олардың әлгі алғашқы білімге кереғарлық танытатынын байқайды. Бұл жағдайда /205-бет/ оның тапқан келіспеушілігі қарастырылып отырған затта көзден таса қалған затты білуге меңзейді. Содан кейін, оны ары қарай қарастыру барысында, адам осы білімнің басқа да кереғар жақтарын табады. Ол бірінші кереғарлықтан туған кереғарлық. Бұл жағдайда екінші кереғарлық та отан бутан дейін назардан тыс жіберіліп алынған зат туралы білімге сілтейді. Осылайша, бұл үрдіс адамның
осы заттың мазмұны туралы /50/ білуі тиістінің барлығын танымайынша жалғаса бермек. Ал бұлардың барлығын осы жолмен тек қана диалектика өнері арқылы ғана қарастыруға болады. Сонымен қатар, диалектика өнері көптеген заттарға қатысты осы бағыттағы ізденіс принциптерін де береді. Дәлелдемелер екі түрлі болып келеді: 1) (еш шектеусіз) толық (жүргізілетін) дәлелдемелер; 2) қосымша (жүргізілетін) дәлелдемелер. Толығымен жүргізілетін дәлелдемелер өздігінен еш шектеусіз дәйекті, растылық білім береді, ал қосымшалармен жүргізілетін дәлелдемелер - қандайда бір адамның немесе адамдар тобының (ұстанымдарына) сай дәлелдену түрі. Әрине, қандай да бір адамдар топтарының (ұстанымдарына) немесе бір адамның өз заманындағы (ұстанымына) сай, дәйекті, растылық білімге негізделген ғылымдардың бастаулары қосымшасы бар дәлелдеме болуы мүмкін емес. Егер де тек осы адам немесе тек қана осы топ бұл бастауларды қабылдамаса, онда сол адамдар тек өздерін ғана адасуға апаратын дүниелер жасап шығарады. Қайсыбір адамның ұстанымына сай жүргізілетін дәлелдемелер тек қана жалпы қабылданған дүниелерден құралады. Оларды ешкім өзінің пікірі деп қарастырудан бас тартпайды. Бұл дәлелдемелер - диалектика өнерінен алынған силлогизмдер. Сонымен, диалектика өнері растылық біліміне негізделген ғылымдардың принциптері бағытында да пайда әкеледі /51/. Өздігінен анық - айқын заттардың өзіне күдіктенетін адамдар болуы мүмкін дерлік. Олар да бірге тұрған қарама-қарсылықтар ақиқат емес дегенді мойындамайтын [адамдар] тобы және қозғалыстағы заттың барын жоққа шығаратын [адамдар] тобы /205-бет/ сияқты, ап-айқын затты мойындағылары келмейді. Ал басқалары қозғалыстағы (заттың) барлығын мойындағанмен, қозғалыстың өзін жоққа шығарады. Олардың қозғалысты және қозғалыстағы (затты) дәлелдеуге арналған негіздемелері мен қос қарама-қарсылықтың бірге тұрғанда ақиқат еместігі жоғарыда аталып өткендердің ішіндегі қосымшалармен дәлелдеулердің дәл өзі. Олар тек қана жалпылама қабылданған алғышарттардан тұрады. Көптіктің барлығын жоққа шығаратын және бардың біреулігін дәлелдегісі келетіндер де дәл осылайша пайымдайды. Бұл тек қана жалпылама қабылданған алғышарттардан құрастырылған силлогизмдердің көмегімен жүзеге асуы тиіс. Сондықтан да Аристотель өзінің «Акустикасының» [табиғи үйлесімділігінің] бас жағында, Парменидтің сөзін келтіргісі келгенде, былай деген екен: «Біз диалектиктерге олардың сұхбаттарында философиядан [даналықтан] әлдене болғандықтан ғана жүгінеміз» /52/. 4. [Келесі], төртінші [зат дегеніміз] ол-біздер, әлдебір жағдайға байланысты, саясаткер болғанда бізге деген көпшіліктің дұрыс көзқарасын қалыптастырудың керектігінде. Олар бізді ұнатқандары жон әрі біздер оларды өздеріне игілік әкелетіндей және қалыптасқан жағдайларда пайда тигізетіндей істерге бастауымыз керек. Өйткені дәл осыны олар біздерден талап етеді. Көпшілік біздердің олармен бірге, қосыла отырып, өзімізге жасауға уәкілеттілік етілген ізгі істер бастамасына қатысқанымызды қалайды. Сол істерге көпшіліктің қатысуына біз түрткі боламыз. Көпшілік біздің олардың сенімдеріне негіз болған көзқарастарындағы ақиқатты ажыратып беруімізді қалайды. Сондықтан да егер олар ақиқатқа жету барысында бізбен бірге болса,
онда олар философтармен бірге, өз әлдері келгенше, ең биік бақытқа жету ісіне қатыса алады. (Бұл) - біздің олардың, өз бетінше, пайымдаулардан, көзқарастар мен көнеден жеткен аңыздардан [сунналардан] таба алмайтынды жеткізуіміз. Бұны дәйекті, растылық білімге негізделген дәлелдемелер арқылы олармен бірге жасау мүмкін емес. Оның себептері - мазмұнның олардан алшақтығы, мазмұнның дағдылы, үйреншікті еместігі және оларға қиындық туғызатындығы. Оны тек қана біз үшін де, олар үшін де ортақ білімдер арқылы жасауға болады. Ол біздің ол адамдармен тек олар үшін жалпылама қабылданған пайымдаулар арқылы, оларда белгілі және олардың өзара қарым-қатынасында қабыл алынған пайымдаулар арқылы ғана қатынаса, араласа алатынымыздан көрінеді. Нәтижесінде осындай оқыту түрінен төртінші философия туындайды. Оны сыртқы, тысқары философия деп те анықтайды. Аристотель өзінің көптеген /206-бет/ кітаптарында өзінің сыртқы философия бойынша шығарған кітабы жайлы сөз қылады. Ол өзінің сол кітап бойынша көпшілік қауымды жалпылама қабылданған дүниелерге үйреткісі келетіндігін де айтады. Біз философияның осы бір саласында тек қана жалпылама қабылданған дүниелерді өзіміз даярлағанда және өзіміз әзірлеп шығарғанда ғана күшті боламыз. Біз оған тек қана диалектика өнерінің арқасында ғана қол жеткіземіз. Сол өнердің арқасында философ көпшілік қауыммен қызметтес болып, оны ақиқатқа бастамақ. Сондықтан да көпшілік қауымның өзіне дағдылы емес дүниелердің бәрін ұнамсыз деп есептейтіндігі мен өзін таң қалдыратынды жек көретіндігіне қарамастан, философтың сабақтары, жағымсыз болып есептелмейді және көпшілік наразылығын тудырмайды. 5. Келесі мәселе мынада - тәжірибелік өнер өкілдерінің ешқайсысы өзінің өнерінен софистикалық пайымдаулардан қорғанатын күш жия алмайды. Софистикалық пайымдауларды ол әшкерелейді және өз өнерінде соған қарсылығын білдіреді. Әйткенмен де, олар софистикалық күмәнданудың құпиясын аша алмайды. Софистер сол күмәндарымен осы өнер өкілдерін састыруға, әбігерге түсіруге, бөліп-жаруға, олардың өнерін бұрмалауға, кәсібін төмендетуге тырысады. Тек диалектик қана софистикалық пайымдауларды (тиесілі деңгейде) қарсы алады. Ендеше, диалектика өнері арқылы философияны софистерден қорғауға /53/ қол жеткіземіз. Бұл - диалектиканың философияға әкелер пайдасы. Сонымен, диалектика - адамға арналған жаттығу және де ол оның басқа адаммен ынтымақтастығына қызмет етеді. Сол арқылы адам дәйекті білімге негізделген ғылымдарға дайын отырады. Ол, соған қоса, орын алып отырған теоретикалық дүниелерге де даярлық болып табылады, өйткені дәйекті білім туралы ғылымға үйрету мен дәйекті білімге негізделген ғылымдарға даярлық олардың бастауларын өзіне сай тәсілдермен және даярлаушы тәсілдермен беруден тұрады. Ол тәсілдер (өз кезегінде) белгілі бір қағидалардан тұрады. Солардың көмегімен көпшілік (дәйекті білімге негізделген ғылымдардан алатын) пайдасының қандай екендігін тез түсінеді. Және де, осы айтылғандардың арқасында, өздері түсіне алмайтын әрі өздеріне зиянды пайымдаулардан бас тартады /206-бет/. Осыларға қоса, ол өзіне сай келетін керектісін және өзін софистерден қорғау үшін қажеттісін табады. Сонымен, диалектика - шынығу. Диалектика өнері - шынықтыру өнері. Бір нәрсені жасауға дайындық өнері сияқты, басқа да өнерлер, мысалы, күш сынасу өнері сияқты, көпшілік алдында дәріс оқу өнері сияқты, сайысу өнері сияқты және басқа да шынығу өнерлері
сияқты, диалектика да шынығу өнері. Бұл шынығу өнерлерінде екі шынығушының әрекеттері салыстырылады, соның нәтижесінде бәсекелестік пен жеңіске деген талпыныс, жеңіске деген сүйіспеншілік пайда болады. Онда біреуі екіншісінен басым түсіп, жеңіске жетуі де тиіс. Адамның содан (жеңістен) алатын ләззаты осы өнерлердің жетілдірілуінің себебі болып табылады және шынығуды күшейту мен жеңіске жетуді қамтамасыз ететін заттарды даярлауды ықыластандырады. Сонымен, одан (жеңістен) тарайтын ләззат - сондай өнерлермен айналысуға түрткі болатын себеп. Ол да бір, қандай да бір әрекеттер нәтижесінде алынған қанағаттану сезімінің сол сезімге әкелген заттарды қайталауға деген ықыласы да бір. Жеңіс пен ләззатты өзінің түпкі мақсаты етіп алатын адам мен оны (жеңіс пен ләззатты) өз әрекеттерін жетілдіруге себеп және түртуші күш жасайтын адам ара¬сында үлкен айырмашылық (бар). Бірге жүргізілетін жаттығуларға адамды жеңіске (және ләззатқа) жетелейтін әрекеттер мен дүниелер жасауға дағдыландыру тән. Кімде кім бұл жаттығуларда табандылық таныта білсе ғана сол жеңіске (яғни ләззатқа) жетеді деген сөз. Яғни жеңіс пен оған жетуге деген ыстық ықылас шынықтырушы әрекеттерді жетілдіретін дүниелер. Сондықтан да, әрдайым жеңіске жеткен кезде, жеңіс - сол жеңіске жету үшін қажет болған әрекеттерді қайталау үшін себеп болады. Ал біраз уақыт жеңіске қол жетпеген болса, онда (жеңісті) қатты қалау сол әрекеттердің себебі және де сол әрекеттерді көбейту мен жетілдіруге бастаушы болып табылады. Енді, осы (соңғысы) сияқты, диалектика өнеріндегі жеңісті де түсіну керек. Ондағы жеңіс шекті түпкі мақсат ретінде қойыла алмайды және де, соның (диалектиканың) өзінен басқа, ештеңе де жетілу мақсатына қызмет ете алмайды. Сондықтан ол диалектикалық әрекеттерге бағынады, солар арқылы ғылымдарда игілікке /207бет / жетеді. Барлығы дәл осылай болғанда, адамның ондағы кемелдігі, жетілуі оның солар арқылы жеңіске жететін басқа да жаттығу өнерлеріндегі кемелдігі, жетілуі сияқты болмақ. Бұл жеңістің мәні - адамның сұхбаттасушысын (қарсыласын) жеңуге алып келетін заттардың бәрін білетіндігінде, және де, сонымен бірге, ол оны «қарсыласымен» бірге жеткілікті пайдалана білу күшіне ие екендігінде - мейлі ол сауал қоюшы болсын, мейлі ол жауап беруші болсын. Осылайша, екі «қарсылас» та диалектика өнерінде кемелденуі, жетілуі бойынша және күші бойынша теңдей болуы тиіс немесе бір-біріне жақын болуы керек. Егер де біреуі басқасынан кейбір заттарда басым түсіп жатса, онда оның сөзі тым лепірмелі (демагогиялық) болып кетеді және жеміссіз болады, өйткені әрбір басым түсуші жақ, әлгідей жағдайда, өзін әлсіздеу қарсыласы түсінсін деген деңгейде (яғни, тым үстірт) сөйлей бастайды. Сондықтан оның сөз сөйлеуі қоздырыңқылау бола бастайды, өзінде бар күшке сәйкес келмейді. Ал бұл өнерде әлсіз әрбір адам аталған жағдайда зерттеуді былайша жүргізеді: ол өзінің күші жетпейтін нәрсеге қол созады, сөйтіп өзі білмейтінге тап болады, сондықтан оның сөз сөйлесі кідірісті әрі жаңсақ болып кетеді. Бұндай жағдайда олардың екеуі де алға қойған мақсаттарына жете алмайды. Ол мақсат - ақылды ғылымдарға жаттықтыру және даярлау. Егер де олар («қарсыластар») диалектика өнерінде тең түсер болса, немесе бір-біріне жақын болса, онда олардың айтуларын салыстыру немесе оларды бір-біріне қарсы қою және олардың әрқайсысының жеңіске жету талпынысы олардың (тең түсетін) жерінде емес, олардың біреуінің екіншісінен басым түсетін жерінде көрінеді. Бұл іштен туа біткен
үздік ақылдан және іштен туа біткен зеректіктен (көрегендіктен) болуы мүмкін, немесе қарсыластардың біреуінің сөз сөйлеу барысында алаңғасарлық танытып, ұмытып қалуынан, сөйтіп, жауап беру барысында күдік тудыратын жерді (тұсты) аңғармауынан да болады. Бұл жағдайда ол сұраушының оз пайдасына қолданып кететін нәрселерін назарынан таса етіп, қарастырмай, тереңіне бойламай қояды. Нәтижесінде, ол абдырап, бөгеліп қалады (үнсіздікке душар болады), сөйтіп оның маңдайына әшкере болу, ұятқа қалу жазылады, Ал жауабын таба білген уақытта ол ештеңені (қарастырмай жібермейді) және сұраушы одан оны әшкере ететіндей ештеңені ала алмайды, сөйтіп, ол (жауап беруші) бөгелмейді (үнсіз қалмайды). Ал ол кідіріс, мүмкін, оның оз сөзінде асыра сілтеушілік немесе кемшілік (қателік) жіберіп алуынан болуы мүмкін; не зейін салмауынан (қауіптенбеуінен), не мейірбандығынан (жұмсақтығынан), не оған кедергі келтіретін өзгермелі жұмыстың әсерінен, не оның өзіне деген шектен тыс сенімділігінен де /207-бет/ болуы мүмкін. Бұл Сократпен сұхбаттасқан Просомахтың басынан өткізгені сияқты. Оның өзіне тым сенімді болғаны соншалық, Сократтың айтқанының бір де біреуімен келіспеген еді. Ол өзін өзі терістеуге тиістінің бәрін жоққа шығарардай-ақ әрі өзінің қарсыласының аңғалдығы соншалық (наразылық) тудырар тұстарды таба алмайтындай-ақ ұстайтын. Соның нәтижесінде ол үнемі Сократтан ұтылып қалып отырған. Әдетте сауал қоюшының жауап берушіден алатын жалпылама қабылданған заттарға қатысты жай-күй де әрі жауап берушінің жалпылама қабылданған заттарға қатысты қарсы қойған уәжінің жай-күйі де дәл осындай. Жауап берушінің қарсы уәжінің қатаңдығы соншалық, ол дұрыс уәж айту (шегінде) мүмкін болатындай деңгейдегідей қатаң болады немесе сондай нәрселерді (қарсыласымен қосыла) отырып, (жалпылама қабылданған) дүниелердегі күдік туғызатын тұстарды бүркемелейтіннің барлығын көрсету үшін күштерін қатты сала кіріседі. Сол кезде олар Аристотельдің «Топика» /54/ деген кітабында айтылғанның барлығын қолданады. Осының нәтижесінде оларды [күдік тудыратын тұстарды] қарсылас байқап қалмас үшін және оған көңіл бөлмес үшін, көңіл бөлсе де кеңдік таныту үшін жасырыпжабуға рұқсат етіледі. Айтушының олар (жалпылама қабылданған дүниелер туралы) келтірген сөзі оны оның қалаған, көздеген мақсатына қайткен күнде жеткізуі керек. Айтушы сауал қоюшы бола ма, әлде жауап беруші бола ма - бәрі бір. Егер де жағдай осылай болса, онда теңдей екі адамның немесе бір-біріне жақын қарсыластардың әрқайсысының соған жететіндей мүмкіндігі болады. Ол үшін әлгі адам Аристотельдің «Топика» деген үшінші кітабында айтылғандай күйде болуы тиіс. Сонымен, адамның диалектика өнеріндегі кемел машықтануы басқаны жеңуімен көрінбейді, ал оның әлсіздігі кей кезде оның жеңіліп қалғандығынан да көрінбейді. Адамның ондағы [диалектикадағы] кемелденуін оның қай бір диалектикалық тезистің көздеген мақсатқа жетуі үшін керек деп (үлесі сондай еді деп) есептелінетіннен ештеңе қалдырмайтындығынан, қалдырса да өте аз қалдыратындығынан көрінеді. Оның үстіне, ол адам әлгіде айтқанды сауал қоюшы екендігіне әлде жауап беруші екендігіне қарамастан жасай алатын болуы керек /55/. Сонымен, егерде ол сауал қоюшы болса, онда ол үздіксіз өзінің бар күшін сол тезисті терістейтіннің бәріне салар еді. Ал егер ол жауап беруші болса,
онда ол барлық мүмкіндігін қарсыласына сол тезисті терістейтінді беріп қоймас үшін пайдаланар еді. Сөйтіп, ол назарға алуға тұратынның барлығына уәж айта біледі. Сонымен, егер адам осының бәрін жасаса, онда ол сол өнерді [диалектиканы] шын мәнінде меңгереді. Сондықтан, ол өзінің барлық күшін сарқыған соң, жеңіске жетсе /208-бет/ және соның бәрін өнердің талабына сәйкес пайдаланса, онда бұл оның [диалектиканың] оған деген әлсіздігі емес. Оған будан басқа ешнәрсе [жеңіліс] болмайды, яғни ешқандай нәтиже болмайды. Ол әрқашан жеңіске жете беруге тиіс емес. Бұл анықтама басқа жаттығу өнерлеріне де сәйкес: риторикаға да (шешендік өнері), әскер басқару өнеріне де, соғысу өнеріне де, медицинаға да, егін шаруашылығына да және теңізде жүзуде де. Сонымен, дәрігер «бірден» ауруды жазып жіберуге міндетті емес, әрбір ауруға медицина міндеттегендей, күшін салып, оны орындауға тырысуы керек. Оған будан басқа ешнәрсе қажет емес. Сондықтан будан кейін аурудан айығу тұрады (онда бұл - жақсы), ал егер оған жете алмаса, ол - медициналық дәрігердің әлсіздігі емес. Теңізде жүзуде де дәл осындай болады. Ол барлық уақытта суға батып кетуден сақтануды орындау керек. Екінші де дәл сол сияқты, егін егеді және (ағаштарды) отырғызады. Әскерді басқаруда және соғысты жүргізуде де дәл осы сияқты. Диалектикадағы жұмыс ағаш шебері, тоқыма, етікші өнеріндегі сияқты емес. Ағаш шебері есік жасай білу, тоқымашы - тоқи білу, етікші - етік тіге білуі керек - олардан осылардың бәрі талап етіледі. Олар жағымды (мақтаулы) істер жасаулары керек, содан кейін тоқтап, демалып, мақсаттарының орындалуын күтулері керек, дәл осылай медицинада, теңізде жүзуде, әскерді басқаруда, сонымен, барлық сол сияқты өнерлерде, оз мақсаттарына жеткенше пайдаланылады. Сондықтан, барлық өнер, өз мақсаттарына жеткенше ойлануды қажет етеді. Орындалмаған іс оған ойланудың ұлғайуына апарады. Осының нәтижесінде ол істегі жетілмеушілік оған деген қажеттіліктің өсуіне байланысты ол туралы ойлануды көбейтуге бастайды. Бұндай өнер, өзіне-өзі разы болатын жағдайға жеткен /208-бет/ әрбір кезде ол туралы ойлану да азаяды. Сондықтан, осындай жағдайды басынан кешіріп отырған өнер түрлерін Аристотель күш (қабілеттілік) деп атайды, өйткені олардың алға қойған мақсаттарына оларға тән қимыл-әрекеттер жасап барып қана қол жеткізу мүмкін. Ал, егер (мақсаттарын) іске асыру бұл (істерден) кейін жүріп отырмаса, онда бұл жағдайда іс-әрекеттер олардың бойындағы тиесілі мақсаттарға ілесіп отыруы керек. Оның үстіне, соңғы жағдайда, егер табиғат сол немесе басқа өнерді (өзі тауып беретін) себептермен ол ары қарай бұл жағдайда (бола алмайтындай) дәрежеде қолдамаса, бәрі солай [болады]. Тоқыма өнерінде Бұлай болуы мүмкін емес. Оған қатысты, атап көрсетер болсақ, бірінен кейін бірі келіп туратын кезекті әрекеттердің бәрін бастан-аяқ ретімен тізіп беруге болады. Оның реті мен байланыстарының барлығын жіптің ені оның ұзындығымен біріккенше қарастырып отыруға мүмкіндік бар. Ағаш шебері өнерінде де дәл осындай жағдай сақталады. Мысалы, [есікке қатысты] да осыны айтуға болады. Етікшілік өнерінде де [аяқ киімге қатысты], киім тігу өнерінде де [көйлекке қатысты] осылай дей аламыз. Диалектика өнеріндегі, софистикадағы, риторикадағы, поэзиядағы кемеліне келгендік, жетілгендік осы өнерлердегі кемеліне келгендікке ұқсас болуы керек /56/.
Ал, аподейктикалық ғылымдарға (айғақтарға, дәлелдеулерге негізделген ғылымдарға) келсек, ондағы жағдай ағаш шеберінің өнеріндегідей, хаткерлік өнеріндегідей және де басқа өнердегілердегідей сияқты, яғни өзімен өзі қанағаттанатындай. Зат /57/ туралы сұрақ түрлері төмендегідей болады: 1. Бір нәрсені үйренуді көздейтін сұрақ. [Бұл] сұрақ ғылыми сұрақ болып табылады. 2. Бір нәрсені беруге [алып беруге] мүдделілік. Бұл [сұрақ] диалектикада және софистикада пайдаланылуы мүмкін. Олардың қолданыстарындағы айырмашылықты біз тек солардың әрқайсысында сұраныс тапқан проблемалардың айырмашылықтарынан көреміз. Егер сол сұраныс диалектикалық проблема болса, онда сұрақ диалектикалық болады, ал егер софистикалық болса, онда сұрақ та софистикалық сұрақ болады. Диалектикалық сұрақ/58/ таңдауға [баламалылыққа] негізделген сұрақ болады немесе мақұлдап, бекітетін [таңдауға мүмкіндік бермейтін] сұрақ болады. Софистикалық (сұрақ) та дәл осындай болады және дәл осылайша бөлінеді. Таңдауға мүмкіндік беретін сұрақ дегеніміз жауап берушіні екі қарама-қарсылықтың біреуін, атап айтқанда, оның ұнатқанын және таңдағанын [өйткені, ол оған ұнады және ол оны басқасынан артық деп есептейді] жеткізуге мүмкіндік беретін сұрақ. Сондықтан да ол соны береді. Ал, мақұлдайтын, растайтын сұрақ жауап берушіден кереғарлықтың екі бөлімінің бірін қарсылықсыз, толық жеткізуді талап етеді. Бұл сұрақ толықтай тек осы бір бөлімге ғана негізделе құрастырылған. Бұл сұрақ жауап берушінің дәл сол бөлімді ғана келтіруге ғана бағытталған. Бірақ, жауап беруші, тегінде, бұл (екі) сұрақтан (екеуінің) кез келген, тек өзіне аса ұнаған бөлімін таңдап, алып бере алады (жеткізеді). Ғылыми сұрақ /59/ мынадай болады. Ол - атаудың меңзеп тұрған мағынасын түсіндіруге бағытталған және оның бейнесін жан дүниесінде көз алдына елестетуге бағытталған сұрақ. Сонымен бірге, заттың болуын тануға бағытталған сұрақ. Бұл сұрақтың өзі екіге бөлінеді: 1. Біздің «Адам жануар ма?» деп айтқанымыз сияқты, бір заттың басқа затпен байланыста болуын тануға бағытталған сұрақ. Бұл жерде (сұрақ) заттың затта болуын зерттеуге бағытталған, яғни субъектіде предикаттың болуын зерттеуге бағытталған. Бұл -іздестірілер құрамдас (қағида). 2. «Вакуум бар ма, жоқ па?» деген біздің сұрағымыз сияқты, құбылыстың шектеусіз (толығымен) жалғасуын тануға бағытталған сұрақ. Бұл іздестірілер дара (қағида). Күрделі, құрамдас (қағида) мыналарға бөлінеді: а/ «Аспан жұмырлау ма? «деген біздің сұрағымыз сияқты, бір предикатты» бір субъектіде болуын талап ететін қағида; б/ «Тас пен адам екеуінің қайсысы жануар болып табылады?»- деп айтқан сөзіміз сияқты, бір предикаттың көптеген қарама-қарсы субъектілердің қайсысында екенін анықтауға бағытталған қағида; в/ «Күн он екі шоқ жұлдыздың қайсысында орналасқан?» деген біздің сөзіміз сияқты, көптеген предикаттың бір субъектінің ішінде екенін табуға бағытталған қағида; г/ Осы зат пен басқа (затқа) да бірдей ортақ болып табылатын, бір түрге жататын заттардың мәнін табуға бағытталған қағида, демек, (заттың) тегін тануға бағытталған қағида;
д/ Сол заттың басқа (заттан) түпкілікті мәндік айырмашылығы неде екендігін анықтауды талап ететін тұжырым, яғни сол заттың онымен бір текке жататын басқа түрлерден айырмашылығы неде екендігін тануды керек ететін қағида; е/ Заттың анықтамасының өзі көрсеткендей /209-бет/, сол заттың мәнін түсінуге бағытталған қағида; ж/ Бір заттың басқа заттан акциденталды айырмашылығын тануға бағытталған қағида; з/ Затты оның ерекшелігі немесе оның (одан) бөлінетін немесе бөлінбейтін акциденцияларының бірі арқылы тануға бағытталған сұрақ. Негізінен, бұлардың барлығы, біріншіден, тек ізделініп отырған жеке (қағидада) және оның [осы ізделініп отырған нәрсе болып табылатын заттың] тіршілігі анықталғаннан соң орын алады, екіншіден, ізделінген күрделі құрамдас қағидада орын алатын болады. Заттың тіршілігін түсіндіруге (соған үйретуге) арналған сұрақ мынадай: ол затты дәлелдеуге бағытталған, себебі оның тіршілігі туралы білімді алу үшін оны дәлелдей білу қажет. Оқып жатқан адам, негізінен, өзінің мәселесінде екі қарама-қарсы жақты біріктіруі керек. Бұл жағдайда оқушыдан екі қарама-қарсы жақтың қайсысы ақиқат екенін дәлелдеу талап етіледі. Мысал ретінде біздің мына айтқанымызды алуға болады: «Кез келген дене шексіз бөлшектерге бөлінеді ме немесе шексіз бөлінетін бір де бір дене жоқ па?» Диалектик [ғылым өкілімен салыстырғанда], негізінен, әдетте, өзінің сұрағында қарамақарсылықтың екі жағын да біріктіруі қажет. Бұл жағдайда жауап берушіден олардың ішіндегі өзінің қалаған кез келген біреуін таңдап беруі (алып ұсынуы) талап етіледі. Осы екі сұрақтың әрқайсысы тек өзіне ғана сәйкес келетін, бірақ басқаға кереғар сөздерден құралатын сөйлемдерден тұруы тиіс. Бұл диалектиктің жауап берушіге қарамақайшылықтың екі жағының біреуін, яғни оның (жауап берушінің) өзі қалағанын таңдауға (мүмкіндік) беруімен байланысты. Ал, оқытушы, [диалектикпен салыстырғанда], оқушысына қарама-қарсылықтың екі жағының оның өзі қалаған біреуін таңдауына мүмкіндік бермейді, сөйтіп, ол өзі нұсқағанды түсіндіруді қалайды. Керісінше, оған [оқытушыға] оқушы сұрақ қояды. Сол сұраққа оқытушы қарама-қарсылықтың екі жағының дұрыс жағын дәлелдеуді ғана жауап қылып ұсынады. Сұрақтың екі түрінде де сауал берілген сөйлемдер ұқсастығы, ортақтығы болуы мүмкін. Мысалы, «хал» қосымшасында олар [екі түрлі сұрақ] өздері бағытталған заттары арқылы әлде кереғарлықтың қос жағы арқылы айрықшаланады ма? Ғылыми сұрақта да қарама-қарсылықтың екі жағы да қолданылады. Диалектикалық сұрақ қою арқылы жауап берушіден қарама-қарсылықтың екі жағынан /210-бет/ біреуін, атап айтқанда, өзінің таңдағанын беруі талап етіледі. Ал ғылыми сұрақтың көмегімен қарамақарсылықтың екі жағының дұрыс, ақиқат болып табылатын бөлігі жайлы дәйекті білім болуы қажет етіледі. (Заттың) /60/ тіршілікте барлығын білу үшін екі сұрақ керек. Әрине, оның біреуі екіншісінің алдында жүреді. Оның біріншісі бойынша, оқытушы қарама-қарсылықтың екі жағының ақиқатын әрі дәлелдеуді қажет ететін бір нұсқасын дәлелдеу арқылы мағлұмат беруі керек. Олардың екіншісі осы дұрыс, ақиқат жақты дәлелдеуді көздейді.
Егер оқытушы бірінші сұраққа жауап бергенде қарама-қарсылықтың екі жағының ақиқат қыры туралы мәліметтерді айтып қойса, сөйтіп, осының бәрін дәлелдеумен ғана жеткізіп, оқушыны екінші сұраққа бағыттамаса, онда оқытушы жауап беру барысында пайда болатын білімнің (ғылыми тәсіліне) сүйенеді деген сөз. Мұндай жағдайда әрдайым тек (әзірше) өзінің силлогизмі жоқ, ізделініп отырған қағидаға ғана тексеру жүргізіледі. Сондықтан ол, ізделінген нәрсе, өзіне силлогизм жасалуын қажетсінеді. Бұл мына қатынастарға байланысты орын алуы мүмкін: адам оз еркімен бұл қағидаға силлогизм даярлау үшін оны дәлелдегенде және де оған (сұхбаттасушысы) ізделініп отырған (қағидаға), яғни силлогизмді қажет етіп отырған қағидаға силлогизмді даярлауды бірге жүзеге асыру үшін дәлелдегенде. Ізделінген (қағидаға) силлогизм даярлау оны жасауға бір адам ғана емес, көптеген адамдар қатысқан жағдайда оңай өтеді. Жауап берушінің жағдайы сұрақ қоюшыға силлогизм даярлап үлгерген адамның жағдайындай болуы тиіс емес, себебі оның жағдайы дәл сондай болса немесе егер ол (сауал қоюшы) өзінің сұхбаттасушысы оған сұрақ қоймастан бұрын, алдын ала силлогизм даярлап қоюын қаласа, онда ол тексеретін сауал қоюшы емес, оқып-үйреніп жүрген сауал қоюшы болып табылады. Сонымен, тексеру үшін қойылатын сұрақ дегеніміз сұрақ қойылған адамның ізделінген нәрсеге силлогизм даярлап алуына бағытталған сұрақ, әйтпесе, оған деген силлогизм екеуінде де (сауал қоюшыда да, жауап берушіде де) жоқ /61/. Демек, бұл жағдай олардың екеуіне де (сұрап білуші мен жауап берушіге) ортақ /210-бет/ болып табылады. Ал силлогизмді құрастыруда олардың біреуі басқасын басып озса, онда ол оны - силлогизмді басқаға береді. Бұл жағдайда басқасы осы силлогизмді тексеруі тиіс. Дәл осылайша, бұл жағдайда силлогизмді бірінші болып (айтушы) адам қайтадан сол силлогизмді тексереді. Бұндай күйде сұрақ қойылған адам сұраушыға оның силлогизмде қайталап тексерген нәрсесіне қатысты сұрақтарға жауап беруі тиіс. Олардың екеуі де бүкіл күш-қуатын тауысқанша дәл осылай (жалғастыра) бермек. Бұл тексерудің сұрақтар (тобында) өткен тексеруден айырмашылығы бар, сондықтан оның оз аты болуы керек. Сұраушыда ізделініп отырған (қағидаға) силлогизм жоқ болғанда да жағдай сондай, демек, ол басқа адамға оның оған (сұраушыға) қатысты қандай күйде екенін білмей тұрып, сұрақ қояды. Демек, сұрақ қойылған адамда ізделініп отырған қағидаға силлогизм оған сол сұрақ қойылмай тұрып та бар ма әлде жоқ па екендігінен хабарсыз болғанда да жағдай дәл осылай болады. Сонымен, бұл белгілі бір дәрежеде тексеру болып табылғанымен, оның алдыңғы сұрақтардағы жүргізілген тексеруден айырмашылығы бар. Үйретуші сұрақ - бұл (сұрақ қойылған адамнан) ізделініп отырған қағидаға оның дәлелі бар екенін сұраушы білген жағдайда оның (сұрақ қойылған адамның) оны (сұраушыны) сол дәлелдеуді қалай жүргізуге болатындығын үйретуін талап ететін сұрақ. Ал диалектикалық сұрақ деп сұрақ қойылған адамнан оған алдында, бұрынырақ берілген немесе одан басқа пайымдаулардың жалған екенін білдіру немесе терістеу үшін қолдануға тырысатын пікірлерді беруді талап ететін сұрақты айтады. Бұл сұраушының өзіне жауап ретінде берілген немесе берілетін қағиданы терістеуге тырысатын силлогизмді білген кезде ғана болып тұрады. Осы үш сұрақтар (үйретуші, диалектикалық, ғылыми) - әртүрлі. Сонымен, диалектикалық сұрақ деп сұраушының (өз сұрағын қоймай тұрып) оған (жауап
берушінің) берген немесе беретін қағидасын терістейтін силлогизмді білетіні туралы сұрақты айтамыз. Ал ғылыми сұрақ деп сұраушы өз сұрағын қоймастан бұрын (жауап берушінің) өзінен сұралғанды (сұраушыға) дәлелдейтіндей силлогизмі бар екенін білетіні туралы сұрақты айтамыз. Ал тексеруі бар сұрақ сұраушының ол адамда (сұхбаттасушысында) ол сұрап отырған затқа силлогизмі жоқ екенін білетін сұрақ /211-бет/ немесе сұраушының сұралушыда оған (затқа) силлогизмі бар-жоқ екенін білмейтіндігі туралы сұрақ. Осылардың үшеуінің ішіндегі ғылыми сұрақ дегеніміз дәйекті білімі бар алғышарттан силлогизмді өндіруді талап етуші сұрақ. Ал диалектикалық сұрақ деп сол арқылы сұраушының терістеуге тырысатын қағидасының берілуі талап етілетін сұрақты айтамыз. Қағиданы терістеу үшін қолданатын пікірді беруді талап ететін сұраққа келсек, онда ол - жалпылама қабылданған пайымдауды керек қылатын сұрақ. Ал қағидаға келсек, ол жалпылама қабылданған болуы да мүмкін, жалпылама қабылданған болмауы да мүмкін. Будан арыда біз оған (арнайы) тоқталамыз. Әсте, тексеру - барлық өнерлерге ортақ дүние. Қандай өнерге жатса да, тексеру ізделініп отырған (қағидаға) силлогизм даярлауды көздейді. Ол кейде дәйекті білімі бар алғышарттан силлогизмді шығаруды талап қылса, кейде силлогизмді жалпылама қабылданған алғышарттардан жасақтауды талап етеді. Сұрақтар топтарын меңзейтін сөздерден құралған сөйлемдерге /62/ келсек, олар - (келесілер): 1) баламалы сұрақта, (таңдау ұсынатын сұрақта) қолданылатын «хал» (солай ма) бөлшегі ғылыми сұрақта да қолданылады. Ол қарама-қайшылықтың екі жағының ақиқат болып табылатын әрі дәлелдеуді керек ететін жағы туралы мәлімет алуды көздейді. Ол және де ізделініп отырған (қағида) арқылы соның (ізделініп отырғанның) силлогизмі тексерілетін ғылыми сұрақта да пайдаланылады. Осы сұрақтардың әрқайсысының оған лайықты келетін, өзіндік ерекше сөйлемдік көріністері болуы тиіс; 2) «а лайса» (солай ма... еді) бөлшегі, мысалы, нақтылау (шешім) сұрағында қолданылады; 3) «ма» (не?) бөлшегі, сол арқылы атаудың нені сілтейтінін түсінуге тырысатын және сол арқылы заттардың мәнін тануға талпынатын ғылыми сұрақта да қолданылады. Осы сұрақтардың әрқайсысының өзінің өзіне ғана ерекше тән атауы болуы керек; 4) «аийу» (қандай?) бөлшегі, бір заттың басқа заттан несімен ерекшеленетінін білуге қолданылады. Бүя/211-бет/ ортақ зат бұндай жағдайда осы заттар үшін не тек, не тур, не акциденция болып табылады. Ал оның басқадан немен айырықшаланатыны мәндік ерекшелік немесе акциденталды ерекшелік болады; 5) «лима» (неге?) бөлшегі заттардың тіршілік себебіне үйретуді көздейтін ғылыми сұрақта қолданылады; 2. «кайф» (қалай?) бөлшегі заттар формасы және оның құрылымы туралы сұрақта қолданылады. Мысалы біздің «Зейдтің тәні қалай (көрінеді)?» немесе «ол моральдық қасиеттері тұрғысынан қалай көрінеді?» деп айтқанымыздай.
Заттардың құрылымы оның мәні мен құрылымы бола алады, сол арқылы олардың (заттардың) құрамы (танылады). Мысалы, біздің «жұмыс қалай атқарылған?» және «бұл киім қалай (жасалған?)» деген сөзіміздей. Сонымен, Бұл сұрақ арқылы құрылымды таныпбілу көзделеді, (заттардың) жұмыс құрамы анықталады және олардың жетілу-кемелденуі нақтыланатын сұрақ болып табылады. Сондықтан Бұл құрылым сол арқылы әлдебір дене құрамы анықталатын құрылым болып кездейсоқ сәйкес келгенде, бұл туралы сұрақ «кайф» (қалай?) бөлшегімен бейнеленеді. Сондықтан мәндік айырмашылық заттар құрамы анықталған құрылым мен форма көшірмесі болғанда, онда бұл туралы сұрақ «кайф» бөлшегімен беріледі. Сондықтан мәндік айырмашылықтар «кайфийят» («қалай?» бөлшегімен бейнеленетінге тиесілі) деп атала алады. «Кайф» бөлшегімен сұралатын заттар құрылымы акциденция бола алады, мысалы, біздің «әлдекім моралдық қасиеттері тұрғысынан қалай көрінеді?» деп айтқанымыздағыдай. Бұл сұраққа «ол қайырымды» немесе «ол кесірлі» деп жауап беріледі. Немесе «ол дене сымбаты жағынан қалай көрінеді?». Бутан «ол күшті» немесе «ол әлсіз» деген жауап шығады. Ал мәндік құрылым және мәндік айырмашылық олар (екеуі де): сол заттың өзі мен онымен бірге қандай да бір бөтен заттың құрамына кіретін басқа зат арасындағы айырмашылықты көрсету үшін, (осы затты) қатыстырмай-ақ, заттар мәнін нақтылайтындай (туралайтындай) қатынаста алына алады. Егер олардың екеуі де араларындағы айырмашылықты табу үшін емес, тек заттар мәнін нақтылау (туралау) үшін қолданылса, онда олар туралы сұрақ «кайф» бөлшегімен бейнеленеді. Ал егер олар айырмашылықты анықтап шығару үшін алынса, онда олар туралы сұрақ «аийу» (қандай?) бөлшегімен бейнеленеді. Сондықтан егер айырмашылық іздестіріліп отырса, онда «аийу» бөлшегі сұралып /212-бет/ тұрған нәрсенің тегімен байланыстырылады немесе басқа, оның (сұралып тұрған заттың) және одан ажыратуды талап етіп отырған заттың екеуіне бірдей ортақ текпен септестіріледі. «Кайф» бөлшегімен сұрақты бейнелегенде бұның керегі жоқ, өйткені «кайф» бөлшегі оның тегімен емес, сұралатын заттың өзімен байланыстырылады. Сонымен, «хал»(солай ма?), «а лайса» (солай ма... еді?), «ма?» (не?), «аийу» (қандай?) «лима» (неге?), «кайф» (қалай?) сынды бұл бөлшектердің мәні осындай. Бұл бөлшектер бірінің орнын бірі, біреуінің күші басқасының күшінің орнын басатындай дәрежеде байланыстыру үшін, жанама мағынаны жеткізу үшін, метафора үшін және де (сөздік) тіркестердің айналым жеңілдігі үшін де қолданылына алады. Мысалы, «ма» бөлшегі келесі сөйлемдерде қолданылады: «сен не айтасың?» немесе «ол туралы не айтасың?» Осы жағдайда бұндай сөздер заттарды үйретуді талап ететін сұрақ немесе олар, шығарылу үшін әлде үйрету үшін құрастырылған-құрастырылмағанына тәуелсіз, (толықтай) шектеусіз білімді талап ететін сөздер болып келеді. Мысалы, бутан дәлелдеме не болмақ?» дегенде де жағдай осылай. Бұл жағдайда ол дәлелдеме мен аргумент келтіруді талап етеді. Ал «аийу» бөлшегі келесі сөйлемдерде қолданылады: «қандай зат сенің айтқан сөзіңнің (пәні)?» немесе «мына бір жерде сен қай зат туралы айтып тұрсың?». Осы бір айтылған сөздерде шығарылу мен үйрету талап етіледі. «Қандай зат қозғалмалы дене болып табылады?» деген сөзде де жағдай дәл осындай. Дәл осылайша, «екі заттың қайсысы бұл
денеде бар?» (Бұл дене жансыз зат па әлде жанды зат па?) деген сөзде де жағдай солай болмақ. Осындай жағдайда бұндай сөз баламалы сұрақ болып кетеді. Дәл осылайша, мысалы, «қайсысы үлкендеу: мынауы ма әлде анауы ма?» дегендегідей, салыстырылатын іздестіріліп отырған (қағидаларда) да жағдай сондай. «Күн қандай зодиактағы шоқжұлдызда (орналасқан)?» деген сияқты сөйлемдерде де жағдай солайша. Ал «кайф» бөлшегі, мысалы, «ол туралы сен қалай айтасың?» де¬ген сияқты сөйлемдерде де қолданылады. Ол бұл жағдайда шығару немесе үйретуді талап ететін сұрақ болып шығады. Сол сияқты, ол мынадай сөзде де қолданылуы мүмкін: «Аспан қалай сопақ болып шықты?» Бұл жағдайда ол дәлелдеме талап етеді. Сондай-ақ, «лима» бөлшегімен бірге қолданылатын сөздер де келесілер сияқты сөйлемдерде қолданылады: «сен неге бұны айттың?» немесе «неге аспан сопақ болып кетті?». Бұл жағдайда осы сөздер заттар дәлелдемесін келтіруді талап ететін сұрақ болып табылады. Бұл кез келген силлогизмнің қорытындыға әкелетін себеп екендігімен байланысты, ал «лима» бөлшегі өзі арқылы қорытынды жасалған заттың шығуының себебін келтіруді талап етуге мүмкіндік береді. «Ма» бөлшегін талап ету үшін қолданады. О л кейде диалектикада қолданылатын ғылыми сұрақтың түрлерінің сөзбен көмкерілген мәнін түсінуді береді. Бұл - сұхбаттасушылардың біреуі басқаның өзіне не айтқанын түсінбеген жағдайда орын алатын нәрсе. Ендеше оған, оның сұраушы әлде жауап беруші екендігіне қарамастан, бәрібір түсіндіру мен талдап беру қажет. Дәйекті білімге /63/ жету өнеріне үйретуші әрбір жан үш шартты ұстануы керек: 1. Ол оның өнерінің негізі болатын заңдарды жақсы білуі керек. (Ең алдымен) оларға білімге үйрететін, содан кейін дәлелдеуге үйрететін заңдар жатады. Ол бұл шартты ұстанғанда кез келген уақытта, өзінің қалауымен әрі керек болған жағдайда дәлел келтіруге қабілетті болады. Оның бұл қабілеті басқаға өзіне үйреткенді және өзі үйрететінді түсіндіру (жеткізу) қабілеті болып табылады. 2. Ол кітапта жазуға болмайтын деп есептелетіндер мен оның өнерінің негізі болып саналмайтындардың барлығына дәлел келтіруге қабілетті болуы керек. 3. Ол өзіне өз өнерінде кездесетін және оған өзіндік тиесілі софизмдерді әшкерелеу қабілетіне ие болуы керек. Ол софизмдерді болдыртпау арқылы жүзеге асады.
Оның сұхбаттасушыларымен немесе онымен сөйлесетіндер үш түрлі болып келеді: 1) үйренушілер; 2) оның өзінің өнерінің өкілдерінің ішіндегі қателесушілер немесе әдетте сол өнер заттарының санына кіретін әлдебір нәрседен алданған сол ортадан шыққан алданушылар. Олар сол өнерде кездесетін қателер, жолсыздықтар нәтижесінде орын алады; 3) оның өнерінің өкілдеріне мүлдем қатысы жоқ қателесушілер немесе алданғандар /213-бет/. Сонымен, үйренушінің үйретушісімен сөйлесуі немесе үйретушінің онымен сөйлесуі - заттарды зерттеудегі оның бастапқы сатысы. Бұл алдында келтірілген ғылыми сұрақтар қатарына (кіретін) сұрақ арқылы жүзеге асады немесе оның (үйренушінің) сұхбаты оған қиындық келтіретін затқа қатысты анықтылыққа жету мақсатымен өзінің алдында
меңгергеніне қайтадан оралу болып табылады, әлде ол мәнін түсінбеген сөздер айтылуынан да болуы мүмкін, немесе соған шығарылған қорытындыны немесе силлогизм алғышартын қарастырғандағы ол туралы пайымдаудың ақиқаттығы анық еместігінен де болып тұрады. Бұл еш затқа қарсылық ұсынылмаған жағдайда орын алады. Дәлелдемеде болсын, қорытындыда болсын, немесе ол екеуінде бірге болсын, қарсылық тудыратын күдікті сөзге келсек, онда үйретуші олардың әрқайсысына аса мұқият, зейінді болуы керек, сөйтіп, оны оқытқанда ол (үйренуші) заттардың идеясын түсініп барып, тек содан кейін тана сол заттың, яғни тіршілігін тануы (бекітуі) керек заттың дәлелдемесін /64/ беруі керек. Осыдан кейін үйренуші оған үйретуші бергеннің бәрін (қарастыруы) керек және өзі үшін қиынды түсіну үшін үйретушіге қайтадан баруы керек. Ал үйретуші оған айтылған сөздің мағынасын, егер сол сөз отан (үйренушіге) қиындық тудырған болса, түсіндіріп беруі керек және үйренушінің қарсылығы бар тұстарының барлығын, наразылық (шақыратын) тұстар ретінде алып тастау үшін, оған ақиқаттылығы дәлелденбеген пайымдаулардың ақиқаттығын дәлелдеуі керек. Осы заттар туралы үйретушінің үйренушімен және үйренушінің үйретушімен жүргізетін әңгімесі кей жағдайларда сұрақ беру арқылы, ал кейде - мәліметтер хабарлау жолымен жүргізіледі. Олардың арасындағы сұрақ жолымен немесе мәлімдеме хабарлау жолымен жүретін әңгімелер диалектикаға жатпайды және тексеруге де келмейді. Олар үйретушіге қатынасында - оқыту, ал үйренушіге қатынасты - оқу болып табылады. Үйренушіге келсек, ол - оның өнеріне қатыстылардың қатарындағы адам. Ендеше оның қателесіп отырған заты олардың екеуіне де белгілі қағидаға ие. Ал олардың ол туралы қолдануға болады деп тапқан пайымдаулары олардың екеуіне де бірдей ортақ нанымдарының қатарына кіреді. Сондықтан қателесушінің адасуларын болдыртпай, оның қателерін түзегісі келген адам әлгінің (қателесушінің) осы өнердегі қате жіберіп алған орнының алдындағы /213-бет/ қателескен заттарды қолданады. Ол (қателесушінің) қай жерде қателескендігін түсіндіру үшін керек. Осыған байланысты ол айтылған ой-пікірлердің екі түрін қажет етеді: 1) силлогизм (алғышарттары) мен қорытындыларында (қателесушінің) неден қателескенінің барлығына бірдей қарсылық білдіретін ой-пікірлер арқылы және 2) қарама-қайшылықтың екі жағының ақиқат болып табылатын бір жағын дәлелдейтін ой-пікірлер арқылы. (Айтылғандардың) бұл екі түрін ол (қатені түзетуші) қалаған уақытында сұрақ қою жолымен немесе жаңа мәлімет хабарлау арқылы пайдалана алады. Оның мақсаты үшін әлдеқайда пайдалысы сұрақ формасы болып табылады. Сондықтан егер ол (қателесушінің) қатесін сұрақ жолымен шешкісі келсе, ал қате қорытынды мен силлогизмде бірдей кездесетін болса, онда ол, алдымен, қорытынды туралы сұрақ қояды, содан кейін дәлел туралы сұрақ қояды. Сөйтіп, алдымен қорытындыға қарсылығын, сосын дәлелдеуге қарсылығын танытады. Бұл ол қарсылықты не силлогизм формасына, не екі алғышарттың екеуіне, не олардың біреуіне, не бәріне бірдей шығарады деген сөз. Ол қорытынды туралы жекеше сұрақ қойғысы келгенде оған қарсылығын білдіреді, содан кейін барып, оның дәлелі туралы сұрақ қояды және оған (дәлелге) қарсылығын көрсетеді. Ал егер қате екі затта да (дәлелде де, қорытындыда да) кетсе, онда ол соның (екеуіне де) қарсылығын көрсетуі тиіс. Егер қате тек дәлелде ғана кетсе, онда ол осы дәлелге ғана қарсылық білдіреді. Егер тыңдаушы оған қате орынды немесе қиындықты (қиналыс тудыратынды) ұсынғанын көрсе, онда ол өзіне
(айтылғандағы) не көп түсіндіруді қажет ететіннің болуынан, не өзіндегі оған деген қарсылықтың пайда болуынан өзіне айтылғанға қайта оралып, қайта қарауы тиіс. Ол оған, оз тілегі бойынша, не сұрақ қою, не мәлімет хабарлау арқылы қатынаса алады. Бірақ олардың бір де біреуі (тыңдаушы мен сөйлеуші), оз сөзіне қарай, диалектик те емес, тексеруші де емес, демек, олар - тек үйретуші не үйренуші ғана. Осы (адасуға душар болған) өнер өкілі болып келетін қателескен адам (адасып қалған адам) осы өнерге өзіндік тән қате алғышарттар көмегімен әңгіме жүргізеді. Сұхбаттасушы оларды одан сұрақ арқылы алады. Бұндай әңгіме /214-бет/ байқау, сынау деп аталады. Осы әңгімеде қолданылатын силлогизм сынаушы силлогизм деп аталады. Бұл силлогизм осы өнерге етене тән өзіндік заттар болып келетін бөліктерден туратын алғышарттардан өндірілетін силлогизм болып табылады. Бұл бөліктер жалған, бірақ оның жалғандығының айқын еместігі соншалық, оны әлдебір анықтамадан тіпті бұл өнер өкілдерінің өздері де таба бермейтіндей заттар арқылы бүркемеленген. Бұл бөліктер осы өнер үшін (ерекше) тән өзіндік дүниелер арқылы адастыру деп те аталады. Бұндай силлогизмді алғышартта адасуға ендіретін орындарды (пункттерді) байқамайтындар ғана жасай алады. Сондықтан бұл (алғышарттарды) сұрақ арқылы алу - әдеттегі іс. Ол жауап берушіні сынау үшін, жауап берушінің оларды (алғышарттарды) шығарып берер-бермесін көру үшін қажет. Егер ол (жауап беруші) алғышарттарды берген болса, сонысымен ол өзінің бұл өнердегі әлсіздігін (ақаулығын) танытады. Бұл жағдайда сұрақ қою немесе мәлімет хабарлау жолы қолданылады. Ол (жауап беруші) адасуға апаратын жерді біле ме әлде жоқ па - соны байқау үшін қолданылады. Бұл өнерде жетілген адам адасуға ендіретін және шым-шытырықты (жасайтын) орындарды табады, сондықтан ол әлгілерді уысынан шығармайды және бұндай (алғышарттағы) барлық жалғанды жасырады. Бұл әңгіме (соз) диалектикадағы (әңгіме-сұхбатқа) ұқсас, өйткені онда сынап отырған сұрақ беруші жауап берушіден наным сұрағы арқылы осы өнер өкілдерінің пікірі болып табылатын қорытынды алады. Егер көзделген мақсат орындалса, осыдан кейін ол жауап берушіден сұрақ немесе мәлімет хабарлау арқылы жалған алғышарттар алады. Дегенмен онда қарама-қайшылықтың бір жаты ғана бар. Егер жауап беруші олардың (алғышарттарын) шығарса, онда сұраушы олардың басын біріктіреді де, сосын осыған дейін шыққанға қарама-қарсы қорытынды шығарады. Бұл тәсіл байқау тәсілі болып табылады. Бұл өнер өкілдері қатарына кірмейтін қателесушілер немесе адасушыларға келсек, олардың ешқайсысы (сұраушы және жауап беруші) өз өнері арқылы әңгіме айта алуға да қабілетсіз, қарсылық көрсетуге де қабілетсіз, қорғауға да жай-күй! жоқ. Егер ол оз өнерін тамаша білуімен қатар, диалектикадағы диалектикалық сұхбатқа (диалогқа) қабілетін (күшін) танытпаса, онда ол жоғарыда айтылғанды жасай алар ма еді? Сонымен, олардың (екеуінің) әрқайсысы /214-бет/ барлық адамдарға ортақ, жалпылама қабылданған заттар арқылы сұхбат жүргізеді. Жалпылама қабылданған заттар дегеніміз барлық (адамдарға), тіпті олар диалектик болмаған күннің өзінде де және диалектикалық әңгіме жүргізе алмаған күннің өзінде де, ортақ көзқарастар болып табылады. Бұл жағдайда да силлогизмдер құрастырылады, бірақ олар біз айтып кеткеннің шегінен шығатын силлогизмдер болып табылады. Оларды нақты білімге негізделген өнер өкілдерінің қатарына жататындар қолданады немесе оны айқындылық үшін, яғни (затты) тыңдаушыға түсініктірек ету үшін қолданады.
Бұларға жататындар: 1. Үйренушілерді оқыту барысында жалпылама қабылданған алғышарттардан және үйренушінің қарсылық танытқан жағдайындағы жалпылама қабылданған алғышарттардан өндірілетін силлогизмдер. 2. Басқа өнерде қолданылатын алғышарттардан құралған силлогизмдер. Бұл силлогизмдер әлдебір өнерде заттарды түсіндіру үшін қолданылады, мысалы: жаратылыстанулық ғылымда жердің шар тәрізді екендігі немесе оның (ғарыш әлемінің) орталығында орналасқандығы астрономиядан алынған алғышарттарды қолдану жолымен түсіндірілгенде қолданылады. 3. (Кездейсоқ) сәйкес келуіне сай, қателесуші үшін (қорытындыларда) немесе қандай да бір өнерде ақиқат пен шындықты беретін силлогизмдер жалған пайымдаулар дан құралады. Расында, олар қателесушінің көзқарасы болып табылады, онымен әңгімелесуші оның қатесін түзетуге тырысады. Сонымен, жалған алғышарттардан ақиқат қорытындылар шығуы мүмкін екенін айта кетуге болады. 4. Әлдебір өнерде адам көзқарасын терістейтін силлогизмдер және оларда бұл көзқарас екі алғышарттың бірі болып табылады, ал екінші алғышарт оларда анық ақиқат алғышарт болып табылады. Ендеше, будан осы көзқарас басқада сандырақ (абсурд) болмаса, онда бұл адамда сандырақ болады және де ол басқа бір адамның көзқарасы болып табылады. 5. Әлдебір өнердегі адам көзқарасын жоққа шығаратын терістеу силлогизмдері. Олардағы екі алғышарттың бірі осы көзқарас болып табылады да, басқасы - анық ақиқат болып шығады. Әрі олардан бұл өнерде осы адамның басқа затқа қатысты көзқарасына қарамақарсы келетін пікір туындайды. Бұл силлогизм бір-біріне қарама-қарсы /275беот/көзкарасы барлығымен белгілі адам үшін жасалады. 6. Әлдебір өнерде әлдебір зат үшін өндірілетін және жарамды алғышарттардан туратын әрі не оқыту үшін, не жаңылысқанның қателерін түзету үшін, не бұл ғылым өкілдерінің қатарына жатпайтын адамның сөзінде кеткен қатені болдырмас үшін, мысалы, Аристотель өзінің кейбір кітаптарында «үш» саны тиянақтылық пен кемел жетілгендікке бастайтын сандарға жатады деп жазғанындағыдай, құрастырылатын силлогизмдер. Аристотель жаңа айтылғанға сілтеме ретінде үштікті қолданылған заңдар қағидаларын мысалға келтірген. Сол сияқты, тағы да ол (Құдайдың) (мәтінде - Алланың) аспанда орналасқанын дәлелдеуге тырысқанында дәлелдемесінің бірі ретінде барлық заң қағидаларының сұрану-жалбарыну барысында және ғибадат ету барысында қолы, көзі мен адам бет-жүзінің аспанға қарап тұруын талап ететіндігін келтірген. Бұның барлығы бұл өнерде тек нақты білімнен туратын алғышарттарды және дәлелдемелерді пайдаланудан кейін ғана қолданылуы тиіс. Сонымен, осының барлығы ғылыми өнердегі әңгімелердің (сөздердің) түрлері болып табылады. Бұл ғылыми өнердің бәрінде дәйекті нақты білімнен туратын алғышарттар пайдаланылады. Ал олардағы жалпылама қабылданған заттар келтірілетін дәлелдерді көбейту үшін /65/ және шығарылған қорытынды дәйекті нақты білімнен тұратын алғышарттармен келісілгеннен кейін қолданылады. Егер оларда жалпылама қабылданған заттар пайдаланылатын болса немесе нақты дәйекті білімнен туратын заттардың орнына сендіруші заттар, олардың арасындағы айырмашылықты білмейтін зерттеушілер жағынан кеткен білімсіздік нәтижесінде, қолданылған болса, онда олар (істі жалғастырушылар)
қарама-қайшылыққа ұшырайды, сөйтіп келіп олардың көзқарастары бір-бірінен алшақтайды. Сондықтан да әрдайым, олар бұл өнерде өздерін (жетілдіруге) әрекеттенгенде, әркез сайын олардың арасындағы көзқарастар алшақтығы өсе береді. Олар бір затқа тоқтамға келетін болады, бірақ оған тек тексеру арқылы ғана жақындай алады. Олардың ешқайсысы оз көзқарастарында шынайы білімге ие болмайды, сондықтан да олар жасағандарының барлығында өз мақсаттарына жетуді көздейді. Ал олардың мақсаты - оларды оның қарама-қарсысына әкелетін тәсілдер арқылы нақты білім алу. Себебі олардың пайдаланатын бұл тәсілдері мақсатқа жету үшін құрал болып табылмайды. Ежелгі (даналардың) көзқарастарының кереғар алшақтауына себеп дәл осы болған және де бұл тәсілдер бір-бірінен бөлінбегенше себеп болып келді де. Тек қана логика өнері тәмамдалып, ғылыми өнер нақ нығайғанда ғана олардың арасындағы алшақтық жойылды. Дәлелдемені шығарып беруді талап етуге керек сұрақ - ғылымға қажетті сұрақ. Ізделініп отырған ғылыми (қағидалар) туралы сұрақ бір мезгілде өзіне келесі екі заттың берілуін талап етеді: 1. Ізделініп отырған қағиданың екі жағының ақиқат болып табылатын жағы туралы мәліметтер. 2. Оның дәлелдемесі. Мысалы: «Әрбір үшбұрыштың барлық бұрыштары екі тік бұрышына тең келе ме?» деген сұрақтағыдай. Бұл сұрақта ақиқат жақ туралы мәлімет талап етілмеген. Егер жауап беруші бұл (сұрақтан) кейін үндемей қалса, онда оған дәлелдеу туралы басқа сұрақ беріледі. Бірінші сұрақтан кейін оның (жауап берушінің) білімі анықталады. Ал білімге тек дәлелдеме арқылы ғана қол жеткізіледі. Сондықтан, буған жауап ретінде өз дәлелдеуімен біріккен ақиқат жақ туралы айтылады. Керісінше болған жағдайда, яғни жауап беруші тек шынайы ақиқат жақты айтумен шектелсе, оның ақиқат екені анық емес болып қалады. Егер жауап беруші оған шынайы ақиқат жақ туралы мәлімет хабарланғаннан кейін де үндемей қалса, онда сұраушы дәлелдеме беруді талап ететін сұрақ қоюы керек. Керісінше болған жағдайда, оның бірінші сұрағы жарамсыз болып қалады. Затқа қарсы пікір шығаруға бағытталған ғылыми сұрақта да, егер сұрақ оны терістеуге бағытталған сұрақтан бұрын қойылса, жағдай дәл осылай болмақ. Мысалы, келесідегідей: «Вакуум бар ма?» деген сұрақ қойылғандағыдай. Бұл жағдайда жауап беруші өзінің «Вакуум бар» деген сөзін вакуумның барлығына бұлтартпас дәлел болып табылатын затпен байланыстыруы тиіс. Егер ол бұны істемесе, онда сұрақ қоюшы бұл (жауаптың) дәлеларгументі туралы сұрақ қоюға мәжбүр болады. Ал егер ол (жауап беруші) оны келтірсе, онда ол (сұрақ қоюшы) қорытынды мен алғышартқа (бірдей) қарсылығын көрсетеді. Ал диалектикаға келсек, онда (жауап берушіден) қарама-қайшылықтың екі жағынан кез келген, оның (жауап берушінің) таңдайтындай және оның қорғайтындай қағидасының мазмұнын қурайтынның алынатындай сұрақ қолданылады /216-бет/. Онда (сұрақта) қағида мәлімет арқылы сол қағида дәлелденетін уәжбен байланысқандығын қажетсінетін еш нәрсе жоқ. Сонымен, мұнда жауап беруші (сұраушыға) қағиданы дәлелдейтінді көрсетпейді, себебі ол (сұраушы) жауап берушіні үйретуді мақсат етіп тұрған жоқ. Сұраушының мақсаты - тек қана осы қағиданы терістеу болып табылады. Будан кейін ол оған (жауап берушіге) осы қағиданы дәлелдейтін уәж-аргумент туралы сұрақ қоюды қажет етпейді. Осыған қоса, оның үстіне сұраушысының бұл қағиданы терістеуі жауап берушідегі
осы қағиданы дәлелдейтін уәж-аргументті терістемеуі де мүмкін. Ал дәл сол шақта, оның сұрап тұрған қағидасын үйренушінің дәлелдеусіз меңгеруі мүмкін емес. Мұнда бұл қағиданы жауап берушінің қорғауы осы қағидаға силлогизмді келтірмей жатып-ақ мүмкін болмақ. Бұл осы қағиданы (жауап берушінің) қорғауы мен оған катысты (жауап берушінің) жеңісі арасындағы айырмашылықтың бар болуынан туады. (Осы қағидаға) қатысты жеңіске тек силлогизм арқылы жетуге болады. Ал оны қорғау (сұраушының) оны терістейтін силлогизмін лақтырып тастау нәтижесінде тана мүмкін. Әрі ол үшін сұраушының осы (қағидаға) қарама-қарсы қағида ендіруіне қарсылық көрсету де, жауап берушінің сұраушы осы қағиданы терістеу үшін пайдалана алады дегенді кідірте ұстауы да қағиданы қорғауға қызмет етеді. Себебі уәж-аргументтің өзі дұрыс болмай, бірақ қорытындысының дұрыс болып шытуы да мүмкін. Осы өнерде қателесушіні үйрететін адамға келсек, ол, біріншіден, қателесуші ақиқат деп санайтынның жалғандығын ашып көрсету үшін оны терістеуден бастау керек. Егер жалған дүние қорытындыдан табылса, онда бұл дегеніміз қажеттілікке ілесудің жалғандығын білдіреді және дәлелдеменің өзінде жалғандық бар деген соз. Егер ол дәлелдеуді жоққа шығарудан бастаса, онда оның (дәлелдің) жеткіліксіздігінен қорытындының жалған екендігі шықпайды. Демек, қателесушіге қарсы тұрушы адам, ең алдымен, қорытындының жалғандығын анықтап алуы керек, ал содан кейін дәлелдеу алғышарттарынан жалған алғышартты анықтап алуы тиіс немесе силлогизм ретінде алынып тұрғанымен, ондай болып табылмайтын пайымдау (формасын) теріске шығаруы қажет. Кейбір (философтар) ертеректе сұрақ қоюшы диалектикалық тәсіл арқылы (жауап берушіден) осы қағиданы алғаннан кейін /216-бет/ одан, жауап берушіден осы қағиданы дәлелдейтін уәж-аргументті талап етуі керек деп есептеген. Бұндай жағдайда егер сұраушы уәж-аргументті қолына тигізген болса, онда ол, әдетте, осы қағиданы құрастырады, сөйтіп барып уәж-аргументке өтіп, оны терістеумен айналысады. Олар шешендік (риторикалық) тәсілден диалектикалық тәсілді айыра алмағандықтан да осылай деп есептеген. Сондықтан олар риторикалық тәсілдерді диалектикалық тәсілдер ретінде жиі қолданып отырған. Бұл - олардың уәж-аргумент терістелсе, онда бұл қағида да терістеледі деген сенімінен туындаған дүние. Өйткені бұл қағиданың дұрыстығы дәлелдің дұрыстығымен байланысты болған. Сол сияқты, олар бұл тәсілді осы қағиданы терістейтіндей ой-пікірлердің жеткіліксіз болған тұсында да пайдаланып отырған. Бұл тәсіл (әңгіме жүргізу үшін) оларды қолданудың қиындығында да, олардың ақылының силлогизмге келгенде зейінсіздік танытқанында да және осы қағиданы терістейтін уәжаргументтің жеткіліксіздігінде де әрі оларды табудың қиындығында да қолданылатын болған. Сондықтан олар жауап берушіден силлогизмге өту үшін осы қағиданы дәлелдейтін уәж-аргументтерді талап етті және оны (силлогизмді) осы қағиданың орнына қойды. Осының салдарынан олар үшін зат кеңейіп, олар әлгіге уәж-аргумент табатын болған. Осы мақсат үшін оларда көптеген тәсілдер болды. Осы қағиданы терістеуді көздейтін мақсатқа қарағанда олардың мақсаты қол жетерлік болып шықты. Өйткені бұл қағида тек осы бір қатынаста ғана әрі терістеледі, әрі қорғалады. Ал силлогизм болса үш қатынаста терістеледі: өзінің (екі алғышартының ішіндегі) үлкен алғышартына қатынасында; өзінің
(екі алғышартының ішіндегі) кіші алғышартына қатынасында және өзінің фигурасына, пішініне (форма құрылымына) қатынасында. Бұл қатынастардың кез келгенін терістеу осы силлогизмнің өзінің жалған екенін білдіру, сондықтан бұндай силлогизм үш қатынаста толық қорғалуы тиіс. Үш қатынаста өзін нақтылап бекітумен қорғалатын және олардың кез келгенін терістеумен терістелетін бұндай силлогизм өте қиын қорғалатын және өте оңай терістелетін силлогизм болып келеді. Сірә, бұл адамдар үшін силлогизмді терістеу қиын іс болып шығуы мүмкін және олар үшін онда қорытынды шығарылмайтындай болып көрінуі де мүмкін, сондықтан олар силлогизм алғышарттарын дәлелдейтінді шығарып беруді талап етті. Оны қолға тигізген соң біраз заттарға мүдірмей өту мүмкін еді, себебі бірінші силлогизм екі алғышарттан турды, ал осы екі алғышартты дәлелдейтін нәрсе де екі силлогизм болып табылатын /217-бет/. Екі силлогизмнің әрқайсысы екі алғышарттан тұрады. Осылайша, ақыры торт алғышарт пен екі үйлесім (бірігу) алынатын. Оларда (бірінші силлогизм алғышарттарында) қарастырылушы заттар мен одан кейін оларға өткендерде қарастырылушы заттар саны жағынан әлдеқайда көп болып шығатын. Олардың арасында бірінші қағида - терістейтін қағида деген пікірді жоққа шығаратын пікір де бар. Сондықтан, олар әрдайым көптеген заттарға жүгініп отырған. Сондағы олардың күткені - сәтті кездейсоқтық арқасында осы қағиданы терістеуге мүмкіндік беретін және жауап берушіден оның соз сөйлеу барысында алатын заттардың басқасын да терістейтін затқа барып тірелу. Олар осы жолмен жауап берушінің жеңіліске ұшырауына қол жеткізуге тырысатын. Бұл тәсілдің софистикалық тәсіл екені анық және де ол риторикада қолданылады әрі оның диалектикалық тәсілден айырмашылығы бар. Дәл осылай, кімде-кім қағида берілгеннен соң оны дәлелдейтін аргументті шығаруды талап еткенде де жағдай солай болмақ. Ондайлар сұрақ қойғанда бұл қағиданың жалғандығын және орынсыздығын біледі, өйткені оларға бұл қағиданың жеткіліксіздігін анықтайтын, яғни оны терістейтін силлогизм белгілі. Бұл силлогизм осы қағидаға қарама-қарсы қорытынды береді. Сондықтан осы силлогизм арқылы ол жауап берушімен әңгіме жүргізуі керек және ондағы осы қағиданы терістеуі тиіс. Бұл жағдайда, оның аргумент туралы сұрақ қоюының қажеттілігі неде, демек, осы қағиданы дәлелдейтін аргументтер туралы сұрақ қою не үшін қажет, жауап берушіден осы қағиданы дәлелдейтін аргументтерді талап еткенде ол нені көздеп отыр, неге ұмтылады? Ол (сұраушы) осы қағиданың ақиқат екені оған оның сұрағынан бұрын белгілі болғанда да осылай істейді. Сонымен, бұл жағдайда сұраушы ақиқаттығы оған айқын осы қағидаға арналған силлогизмді біледі, сондықтан ол жауап берушіден осы қағиданың дәлелдеп және нақтылап отырғанын мойындату үшін ғана аргументтерді беруін талап етеді. Демек, ол бұл жағдайда үйретуші ретінде көрінеді, демек ол - диалектик те, қарсылас та емес. Ал, егер ол бұл қағиданың жалған-жалған еместігін білмейтін кезде, тіпті егер ол жауап беруші осы қағида (дәлелденетін) затты табу жолында одан озып кеткенін жорамалдаған кезде ол жауап берушіден осы затты үйренуге талпынады. Ол, тіпті, егер оған жауап берушінің осы затты тануына қатысты күші оның өзінің күшіне тең екені белгілі болса да және ол (оны), сұрақ қоюшының білмейтіні сияқты, білмеуі мүмкін болса да содан үйренуге тырысады.
Сонымен, бұндай жағдайда сұраушы тексеруші болып шығады және қойылған сұрақ көмегімен жауап берушіні тексеру барысында өзіне серіктес (партнер) етіп алуды көздейді. Сөйтіп олар осы қағидаға силлогизмді құрастыру мақсатында бірге қызмет етіп, сынақ өткізуге тырысады /217-бет/. Бұл (адамдар) тобының қол жеткізуге тырысқан нәрсесінің тіршілігін қалыптастыру бір адамның қол жеткізуге тырысқанынан гөрі әлдеқайда оңайырақ екендігін көрумен байланысты. Ал егер сұраушы оз сұрағы арқылы әлдебір заттар бойынша қателесушінің қатесін түзетуге тырысса, онда оған осы қағиданы өзіне терістеген силлогизмді бутан дейін білуі қажет. Сол сияқты, ол жауап берушіні адасуға әкелгені соншалық ол бұл қағиданы дұрыс деп санаған силлогизмді де білуі керек. Сондықтан, әдетте, ол осы, яғни жауап берушінің нақтыладым деп ойлаған қағидасын, терістеуден бастайтын, терістейтін, содан кейін, біз айтқандай, сұраушыға жауап берушіден осы қағиданы дәлелдейтін аргументті талап етуге рұқсат етілетін. Дегенмен, ол осы әрекеттерді өткізіп жүріп, диалектик емес, үйретуші ретінде көрінді. Егер (тіпті) ол осы қағиданы немен терістеуді білмегеннің өзінде де жағдай солай болған. Ендеше, ол жауап берушіні әшкерелеу үшін осы қағиданың жеткілікті екенін қайдан біледі? Оның үстіне, тіпті (осы қағиданың) аргументтерін терістеудің өзінен осы қағиданы терістеу қажеттілігі туындамайтын. Олай болса, осы қағидаға қатысты нанымды олар үйреншікті жалпылама қабылданған көзқарастан алды. Ал егер ол тексеру жүргізсе, ештеңеге қолы жетпеген. Бұл оз дұрыстығы арқылы осы қағиданы нақтылайтын аргументтердің болуына байланысты және сондықтан да, аргументтердің бар болуынан бұл қағиданың да бар болуы келіп шығады. Осылайша, егер зат басқа зат болғандықтан бар болса, онда ол осы басқа затты жоққа шығарумен жоғалып кетпейді. Демек, аргументтер жалған болуы мүмкін, ал заттың (қағиданың) өзі дұрыс немесе сол дұрыстығын дәйектеуді талап етуі мүмкін. Өз әлуетін бекітуді күтіп тұрған нәрсе сөзсіз жалған дүние емес, себебі әлуетсіздік, болмай қалғандық дегеніміз /218-бет/ - анық жалған нәрсе. Бұл шындық сұраушы аргументке және аргументтің аргументіне үнемі тек аргументті кері талдау тәсілімен өту үшін ғана аргумент талап еткенде де дұрыс болмақ. Бұл жағдайда оның жолында ол жауап берушіні терістей алатындай зат кездесуі де мүмкін немесе ол көптеген өткелдер мен созуарлығы арқылы осы қағиданы терістейтін жайлы айтады, бұнысымен ол оз сөзін әдейілеп ұзартып, сұхбат тәмамдалу үшін уақытты ұту мақсатымен әңгімені созбалаңға салады. Сұраушының бұл түрі - адасуға апарушы не былықтырғыш, өйткені ол үнемі әңгімені көбейтуге әкелетін сөздер қолданады. Олар (кейбір адамдар) жауап берушіден (осы қағиданы жауап берушіден алғаннан кейін) осы қағиданы нақтылайтын аргумент келтіруін талап ететін сұрақ қатынасын қурайды. Олар оны оған аргумент келтіруге итермелейді және оны бутан, олардың әрекеті жасырын болатындай етіп, арандатады. Сонысымен олар жауап берушіге оның осы қағидасын терістейтінді айтып отырғандай пікір тудырады. Жауап беруші тарапынан осы қағида берілгесін, олар тағы да жауап берушіге осы қағидаға қарама-қарсы қағида ұсынады және оған осы қағида мен бірінші қағиданың арасындағы айырмашылық туралы сұрақ қояды. Осылайша, егер жауап берушіде: «Барлық ләззат - игілік» деген қағида бар болса, онда олар бутан қарсы: «Игілік болып табылатын ешқандай
ләззат жоқ» қағидасын қойды, сөйтіп оның қағидасы мен өздерінің қағидалары арасындағы айырмашылық туралы сауал қоюымен бұның қағидасы олардың қағидаларымен салыстырғанда аргументі жоқ жағдайда екендігіне иландырғысы келеді, сөйтіп оның дәлелсіз және жеткіліксіз екендігіне сендіруге тырысты. Олар әдейі бұл қағидаға қарама-қайшылық болмаса да қарама-қарсы нәрсені тауып қояды және жауап берушінің қағидасы жалған болуы мүмкін деп нандырады. Ол да өздері шығарып көрсеткендей, жалған демекші. Өйткені екі қарама-қарсылықтың жалған болып табылуы мүмкін. Бұл осы айтылғанның жалғандығы аргумент арқылы (бірден) анықталмағандықтан осылай болып тұр. Сондықтан бұл жағдай олардың жауап беруші ұсынған қағидасына қатысты жағдай сияқты. Ендеше, жауап берушінің онысы (қағидасы) жалған немесе жасырын жалғандығы бар деп есептелетін, сөйтіп олардың сұрағы аргумент талап ететін сұрақ болып шығатын. Өйткені олардың сұрағы сол арқылы әлдебір басқа дүние талап етілетін сөздік құрамдарды (қолдану) нәтижесінде құрастырылмаған деп есептелінді. Олардың сұрағы осы қағидадағы терістеушілік тұстарын айқындау үшін орынды сөйлемдерді қолдану арқылы құрастырылған /218-бет/. Ал егер жауап беруші осы қағиданы дәлелдейтін аргумент беруден тартынса, онда олар оған оның қағидасы толықтай терістелген деп сендіретін болған. Ал егер ол осы қағиданы дәлелдейтін аргументтерді берер болса, онда олар өздерінің қағидасын терістейтін екінші аргументті талап ететін, себебі олар (нақ іске келгенде) оның қағидасын нақтылайтынды оған қарама-қарсыны, демек, (олардың қағидасын) терістейтінсіз беруді талап еткен жоқ. Сондықтан олар аргументтер молдығына әкелетін өз әрекеттерінің кең алаңын сызып шықты. Бұған егер жауап беруші осы қағиданы дәлелдейтін аргумент келтірсе, онда одан (жауап берушіден) ол келтірген аргументтің алғышартына қарама-қарсы алғышарттар шығарып қоятынды және олардан оның қағидасына қарама-қарсы қорытынды шығаратын, сөйтіп, жауап берушіден олардың (екеуінің) арасындағы айырмашылықты көрсетуін талап ететін. Олардың бұл жағдайдағы осы қағиданың аргументіне қатысты әрекеті олардың сол қағиданың өзіне жасаған әрекетіне ұқсас болды. Олар бұл аргументке қарсы тіпті бұл аргументке мүлде қатынасы жоқ кез келген сөздерді қарсы қойды. Өздерінің мақсатына сай, олар әлгі айтылғандарды кейде ақиқат, кейде жалған ретінде бейнелейтін, содан кейін оларды осы қағидаға қарама-қарсы қойды және жауап берушіден олардың арасындағы, яғни әлгі айтылғандар мен оның (жауап берушінің) осы қағиданы нақтылау үшін келтірген аргументі арасындағы дамуды қалыптастыруды талап ететін. Олар жауап берушінің өз қағидасын нақтылау үшін келтірген аргументін оның қағидасына қарама-қарсы қағидаға қосылатын аргумент етіп те жіберетін. Содан кейін барып, айырмашылық туралы сұрақ қояды. Осылайша, олар жауап берушімен ылғи да қатар қозғалып отырады. Бұл жауап беруші бір нәрсеге қатысты әлдене туралы әрбір жауап берген сайын олардың, онымен қатар, оның тәсілін қолданған мезетінде орын алып отырды. Немесе оның мүмкіндігіндегі бардың барлығын әлгі заттың осы жауаптың өсуі мен дамуына пайдалану үшін, оның кеңеюі үшін, жауап берушінің қағидасын терістеу барысында сұраушыға пайда әкелетін аргументке әлде орын таба алатындай басқа заттарға өту үшін немесе жауап беруші өз сөзінің барысын¬да келтіргендерге жататын осы қағидамен байланысты не байланыссыз орын немесе аргумент таба алатын басқа затты жоққа шығару үшін жасалып отырған болатын. Ал егер
ол, кездейсоқ, жауап беруші беріп қояды деп үміттенген әрі сол арқылы жауап берушіні тез арада жеңіліске ұшырататын /219-бет/ нәрсесіне қолы жетпесе және жауап берушіні немен терістеуге болатынды таппаған болса, онда ол (айтып кеткеніміздей) әңгімені созу мүмкіндігін пайдаланады. Сұрақтың бұл (түрі) қарсылыққа жатады және шексіз жалғаса алады. Осы қарсылықтар түрлеріндегі (аргументацияның) сендіруі дегеніміз екі зат пен екі істің, олардың (екеуінің) қорытындыға немесе дәлелге қатынасы бірдей болып табылған жағдайда, сол екі зат пен екі істің бір-біріне несімен ұқсас болатындығын көрсету. Ендеше, егер бұл қағидаға қарсылық көшірмені келтіру арқылы көрсетілген қарсылық болса және егер осы қағида предикаты оның субъектісінің көшірмесінде оның осы қағидадағы күйіне қарама-қарсы күйде орналасқан болса, онда бұл осы қағиданы терістеуге болатын сөйлем болып табылады. Осы жағдай бұл қағиданың аргументіне оның көшірмесінде қарсылық келтірілгенде де немесе оның кейбір алғышарттарының көшірмесінде қарсылық келтірілгенде де дәл солай қайталанады; онда бұл аргументті олар терістей алады. Аргумент көшірмесінде (форманың құрылымында) қарсылық бар кезде және осы қағиданы дәлелдейтін қорытындыға қарамақарсы қорытынды шығарылған кезде де жағдай осылай болады; бұл кезде ол (аргумент) жауап беруші аргумент жасаған сөйлемнің пішініне (формасына) байланысты терістелуі мүмкін. Бұл қарсылықтардың барлығы диалектикалық емес, риторикалық болып табылады. Олардың бәрінде сауал берушіге айырмашылықтарды бөліп көрсетуді талап етуге рұқсат беріледі. Жауап берушінің жағдайы мен оған қарсы сұрақ қоюшы көтерген жағдай арасында ұқсастық мүлдем жоқ және өзінен әлдебір жағдаймен жауап берушінің қағидасына қарама-қарсы қағида шығаратын бір де бір байланыс жоқ болса, онда ол айырмашылықтарды тауып беруді талап етпеуі тиіс. Бұдан екі заттың анықтамасы олардың бір заттағы ортақтығына байланысты не шындықта, не көріністе бірдей болады және анықтамада қарама-қарсылықтың барлығын негіздейтін айырмашылықтарды бөліп шығару талап етіледі деген қорытынды ғана шығады. Екі заттың арасындағы байланысты аңғарған адам олардың анықтамасындағы өзара ортақ нәрселердің барлығын негіздейді. Сұраушы екі заттың арасындағы олар туралы бірдей анықтама шығаруды міндетті түрде негіздейтін ортақтықты таппаса, онда бұл заттардың арасында алшақтық пайда болуы әбден мүмкін /219-бет/. Сол алшақтықтың күшімен екі заттың екеуі де өз анықтамаларында қарама-қарсы болып кетеді. Осы жағдайдағы олардың арасында болған алшақтық сұрақ қоюшының бұл екі затты анықтамасында бір-біріне қарама-қарсы етіп жіберуі үшін жеткілікті. Әрі бұл жағдайда оған екі заттың арасындағы айырмашылықты көрсетіп беруді талап етуге қажеттілік жоқ, себебі олардың айырмашылығы - айқын нәрсе. Бұл қарсылықтар мен сұрақтар риторикалық және софистикалық болып табылады және олар диалектикада жаңылыс қолданылады. Дәл осылайша, көптеген адамдар диалектикалық әңгімеде ғылыми сұрақтарды қолданғандықтан, соны білмегендіктен қателеседі. Бұл аңғармағандықтан қарапайым силлогистикалық өнерде кездеседі немесе күрделі силлогистикалық өнерде де болады. Қарапайым силлогистикалық сұхбаттар қолданыс табатын қарапайым силлогистикалық өнерлерге, біз алдында бірнеше рет атап кеткен, бес өнер түрі /66/ жатады (аподейктика,
диалектика, софистика, риторика, поэтика). Дегенмен, біреуі - ғылыми болып, басқасы - диалектикалық, үшіншісі - риторикалық, ал кейбіреуі басқа жай силлогистикалық өнерге жататын заттардан құралған силлогистикалық өнердің де бар екенін білу керек. Бұл өнерлер күрделі (өнерлер) /67/. Олар келесі жағдайларда пайда болады: 1. (Табиғатты) зерттеуші немесе басқа ғылыми өнерді зерттеуші адам бес (жай) силлогистикалық өнерді бір-бірінен ажырататын шекті білмеген кезінде және оларды ажырататын силлогизмдер тобын білмегенде. Бұның салдарынан ол өзінің қабілетіне сай, оз жолында кездесетін кез келген заттар арқылы тілегенін алуға ұмтылады. Олардан оның құрастырған сөйлемдері кейде риторикалық сөйлемдермен, кейде - диалектикалық, кейде - дәлелге жақын сөйлемдермен, ал кейде - софистикалық сөйлемдерге жақын сөйлемдерге сай келеді. Сондықтан да оған кезіккен кез келген зат не оның жан сарайында өткізген тексеру процесінде, немесе ол қолданған тәсілдер ықпалына түскен үйрету (оқыту) процесінде пайда болған. Нәтижесінде, оның философиялық (заттарды) зерттеген тәсілі (220-бет) ол үшін бірнеше өнерлердің (аралас) тәсілінен құралған тәсіл болып шытады. Бұл стоиктер мен және көптеген ежелгі табиғатты (зерттеушілердің - физиктердің) басынан өткенге ұқсас болды. 2. Адамда заттар мен әрекеттерден ең әдемісін көрсету, ал ең жағымдысы (рахаттысы) мен ең пайдалысы туралы үндемейтін әдет қалыптасқан жағдайда. Силлогистикалық пайымдаулардағы ең әдемісі - үйрету (оқыту) және оқу мен ақиқатқа жетуге бағытталған іздену. Ең пайдалы немесе ең жағымды (рахатты) дегеніміз ол арқылы ғылымда артықшылыққа жетуге болады деп есептелетін әрі, сонымен қатар, силлогистикалық пайымдаулардағы күш пен қабілет. Ақиқатты тануда философияда (даналықта) ең таңдамалы деген, кейбір (адамдарға) бағытталған силлогизм арқылы жүргізілетін, немесе барлық адамдарға арналған, силлогизм арқылы жүргізілетін және осыдағы (соңғыдағы) адамның күшінің артықшылығын басқа адамды, мейлі ол - сұраушы болсын, мейлі ол - жауап беруші болсын, бутан тәуелсіз, жеңу арқылы көр сетеді. Мұндай жағдайда, егер адам оз сөзінде басқаның қолында бар шынайы білімді меңгергенін көрсетуді қажет деп санаса және өзіне ақиқат болып табылатынға басқаны үйретсе, онда ол іштей, жасырын болса да ойы сұхбаттасушысын жеңуде болады, оз күшінің одан артықшылығын көрсеткісі келеді. Сондықтан, бұл жағдайда, оның әңгімесінің бірі - ғылыми болып табылады, басқасы - диалектикалық немесе риторикалық, үшіншісі -софистикалық дүниелерден тұрады. 3. Олар туралы нақты білімге, әдетте, тек сол нақты білімге негізделген ғылымдар арқылы жететін және ұзақ уақыт бойы көп заттарды рет-ретімен (бірінен кейін бірін жалғастырып) танудан кейін жететін көптеген заттар қолданылған жағдайда. Бірақ бұл заттарды диалектикада және риторикада аздаған заттар арқылы, аз уақытта түсіндіруге болады. Бірақ бұл жағдайда бұл заттар туралы нақты дәйекті білім алынбайды. Көптеген жалған заттар диалектикалық, риторикалық және софистикалық заттармен /220бет/жасырын түрде нақтылана алады және қандай да бір деңгейде ақиқатты және нанымды болады. Егер әлде бір адам (басқаларды) пайымдаудың түр-түрлерімен үйретуге қабілетті философ болып шықса, сөйтіп ол көпшілікті нақты дәйекті білімнен туратын ақиқат көзқарастарға оқытуды қаласа, онда ол үшін оның дәлелі ерекше болып табылады, сондықтан бұл жағдайда ол әлгілерді сол көзқарасқа диалектикалық және риторикалық
тәсілдер арқылы оқытудың қажеттілігін көреді және оның әрекетінде ол үшін қажетті пайдалы көзқарасты саяси басқару жолымен таратады және көпшілік қауымды диалектикалық және риторикалық тәсілмен сендіреді және бұның барлығын, Платон өзінің көптеген кітаптарында айтқандай, Протагор жасағандай етіп, сенімді жасайды /68/. Сондықтан да бұл көзқарастар оларды тыңдаушылардың жүрегіне ұялады, сөйтіп, олардың ақылдары оны жетекшілікке алды, олар оған сенді және олар... (сөз түсіп қалған) - ақиқат. Көпшілік бұқарадан шыққан басқа топ немесе сол топтардың ішінде аталған көзқарастарды таратқан бұл адамдардың деңгейімен бұның деңгейі тең келмесе де, олар бұл көзқарасты аз уақыт ішінде басқа (адамдарға) жеңіл түсіндіруге талпынды, сондай-ақ, оны басқаларға аздаған силлогистикалық пайымдау құралдарымен растауға тырысты. Олардың осы мақсаттары мен олардың кірістірген заттарының көбісі оларды диалектикалық және риторикалық пайымдауларды қолдануға мәжбүр етті. Сондықтан осы адамдар өздерінің қайта қараулары мен тексерістерін жалғастыра берген болса, онда олар әлгілерді растау үшін бір-бірімен өз (пайымдауларын) алмастырып, олар жөнінде осы мақсатта пікір таластырды. Сонымен қатар, олар бұны оз қарсыластарына растауды жөн көрді және сол қарсыластары алдында осы пайымдауларының жеңіске жетуін көздеді. Сондықтан олар өздерінің осы диалектикалық және риторикалық пайымдауларын жақындастыруға және оларды ғылыми әдістер ішіндегі нақтырақ әдістермен (дәйекті білім беретін тәсілдермен) толықтыруға мәжбүр болды. Осыған бар күшін жұмсай отыра әрі оларды риторикалық және диалектикалық әдістермен күшейтуге талпына отыра, олар осы пайымдауларына қарсыластарының көзін жеткізуге тырысып бақты, ол үшін олар пайымдауларына келтірген уәждерін ғылыми әдістердің күшімен нығайтты, олар осы әдістердің көмегімен ақиқат пен нақты дәйекті білімге қол жеткізуге тырысты. Сонымен, олар шындыққа нақты дәйекті білім беретін /221 –бет / заттар көмегімен жетуге талпынған жоқ әрі олар бұның шешімін аңғармады, сондықтан өздерінің көзқарастарына кімге жетекшілік етсе, соларды үйретуге тырысты, сөйтіп, өздерінің қарсыластарын, олар шындықты шатастырып жүр деп, (яғни шындыққа жетпей жүр деп) сендіріп, қайшылыққа ұшыратты. Олар бұның бәрін диалектикалық пайымдауға жақындатуға тырысқан риторикалық пайымдаулардан құралған аралас пайымдаулар көмегімен және ғылыми пайымдаулар қылып көрсеткісі келген диалектикалық, аралас пайымдаулар көмегімен жүзеге асырды. Сөйтіп, олар өздерінің пайымдауларын оларға деген сенім туғызу және сонымен қатар, ғылыми әдіске біраз да болса жақын, соған тиесілі тәсілдер арқылы негіздеуге тырысып бақты. Олар оны алыстан, жарқылдаған зат сияқты, бірден байқалатындай етті. Осылайша, олардың мақсаттарының (өзі) - философтардың мақсаттары болды, ал бұл мақсаттарды жүзеге асыру үшін қолданылатын әдістері - дәлелсіз әдістер болды. Сондықтан оларда осындай жағдайда күрделі силлогистикалық өнер пайда болды. Ол бірі - диалектикалықтан, басқалары - риторикалықтан, үшіншілері - софистикалықтан және солардың ішінде бірқатары ғылымилықтан шығып жатқан заттардан құралған күрделі силлогистикалық өнерді туғызды.
Бұл ерте кездегі пифагоршылдардың /69/ жағдайымен сәйкес келеді, яғни олар өздерінің көптеген пайымдауларын растау үшін қажет еткен алғышарттарын олардың басқалармен пікірталасқа (диспутқа) түскен сәттерінде бермей қойған жағдайда дәл осылай жасайтын болған. Сондықтан да олар оз пайымдауларын растау үшін басқа алғышарттарға жүгінуге мәжбүр болатын, ал сол басқаларының өздері де дәлелдеусіз күйде қалып қоюы да, әлде оларға берілмеуі де ықтимал болатын. Осы жағдайда да олар бұл алғышарттардың дәлелденуіне мұқтаж болды және соған байланысты, осы алғышарттарды соңына дейін жеткізе растаттыру үшін көпшілік мақұлдаған, жалпылама қабылданған нәрселерге және сезім арқылы қабылданған заттарға жүгінетін болған. Оның үстіне, сол мезеттің өзінде олар көпшілік мақұлдаған, жалпылама қабылданған заттарды (пайдалану барысында) және сезім арқылы қабылданатын заттарды қолдану барысында айқын (ақиқат) нысананы анықтауға ден қойды. Ол - олар үшін түптің түбінде көзделініп отырған (қағидалар) болып табылатынды растайтын қандай да бір нақты анықталған (ақиқат) деп есептелінетінді табу мен өздерінің көзқарастарын дәлелдеуге қажетті, олардың өздерінің іздестіріп отырған (алғышарттарын) растайтын алғышарттардың өздерін растайтын әлдебір дүниелерді табу мақсаты болды. Олар басқаның бәрін, яғни өздеріне пайда әкелмейтіндердің бәрін лақтырып тастап отырды. Сол сияқты, әлгі (заттардағы) олардың өздерінің көзқарастарына қарсы пікірлер болып саналатындарды (қажетті түрде) көрсетуге қызмет ететіндер мен әлгі (заттардағы) олардың көзқарастарын растауға керек алғышарттардың көбісін терістейтінді лақтырып тастайтын болған. Олар осының бәрін жоққа шығарды және оларды негізсіз етті. Сондай-ақ, оларға қарсы наразылықтар ұсынды, сондықтан олардың көпшілігі сезім арқылы қабылданатын заттардың да көзін жойды. Өйткені олар әлгілердің ежелгі заман (ойшылдарының) нанымсенімдерінен алған өздерінің көзқарастарына қарсы /221-бет/ еді. Олар риторикалық алғышарттарды сезім арқылы қабылданатын (заттарға) жатқызды. Бұл көзқарастар Аристотельдің өзінің «Аспан әлемі, ғарыш және жоғарғы денелер туралы» («Аспан әлемі, ғарыш және жоғарғы денелер туралы» - Аристотель авторы деп есептелген трактаттың атауы. Аристотельдің «Аспан туралы» деген шығармасы бар) де¬ген кітабында келтіріп өткен пифагоршылдардың көзқарастарымен ұқсас болған. Ол осы еңбегінде (пифагоршылдардың) сезім арқылы қабылданатын нәрселерді /70/ қоя тұрып, өздерінен бұрынғы ойшылдардың көзқарастарына ғана сенгендігі туралы жазады. Олар тіпті (бұл ойшылдардың көзқарастарын) сезім арқылы қабылданатын нәрселердің өлшемі жасады және оларды өздері тауып алған жалған да қитұрқы әдіс-тәсілдермен, сондай-ақ, өздерінің әдістерінде, тексерістерінде және оқу-үйретулерінде (берген дәрістерінде) және басқа да қалған сұхбаттарында қолданған осы логикалық әдістер арқасында іздеп-табуға барлық күш-жігерін жұмсады. Ал бұл құралдардың барлығы жалпылама құралдар болғандықтан және олар тек қалыптасқан пайдалану аясынан тысқары, басқа заттарға қатысты пайдаланылатындықтан, (пифагоршылдар) кез келген затты тексеруге, растауға және жоққа шығаруға болады деп есептеді.
Ал олардың пайдаланған әдістерінің көбі диалектикалық және риторикалық әдістер болды. Демек, бұл әдістер - бір затты бір мезгілде әрі растайтын да, әрі терістейтін де әдістер еді. Сондықтан да олардың өнері диалектика өнеріне де, риторика өнеріне де ұқсас болатын. Сөйтіп, олар өз тәсілдерін жаттығуға қолайлы тәсілдер деп ойлай бастады. Ал олар өздерінің алдына солар арқылы шындыққа жету мақсатын қойғандықтан, сондай-ақ, оқыту мен оқуға одан басқа әдістерді алмағандықтан, олар шындыққа жетуге, оқыту мен оқуға өздерінің әдістерінен басқа қолайлы еш әдіс жоқ деп ойлады. Алайда, біраз уақыт өткеннен кейін олар өз көзқарастарының да, олардың қарсыластарының көзқарастарының да бұл тәсілдермен дұрыс расталмайтындығын байқады. Сондықтан олардың көпшілігі оз әдістеріне күмәнмен қарай бастады, сондай-ақ, олар басқа тәсілдерді таппағандықтан, олар үшін бұл әдістер шындыққа жетудің жалғыз жолы болып табылды. Кейде олар бұл әдістердің дәрменсіздігін байқады, сондықтан да осы себептен олардың көпшілігі абыржушылық танытты, ал кейбіреулері /222-бет/ Протагор /71/ көзқарасымен сәйкес келетін пікірде болды. Нәтижесінде, олардың арасынан біреуі шығып, әлденені мұқият қарастыруға, талқылау мен ойлануға тереңдеген әр кезде осы әдістерді қолданса, сондай-ақ, оның мінсіз қабілеттері болып, (табиғи) қағілездігі де бар болса әрі ол осы әдістерді қолдануға әбден (дағдыланып) алса, сөйтіп ол басқа тәсілдерді таппаса, оның абыржуы ұлғаяды және айтқандары оны Протагор көзқарасына күн өткен сайын көбірек жақындата түседі. Сонымен, бұл (дүниелер) күрделі құрамдас өнерлердің қалыптасуына себеп болып табылады. Сондықтан, бутан сәйкес өнер жайында олар диалектикалық немесе ғылыми өнер болып табылады деп ойлайды. Ал олар болса күрделі (құрамды) өнер және де оның басты мақсаты - ғылыми өнер, ал оның әдістерінің кейбіреуі - риторикалық, ал басқалары - диалектикалық әдістер. Ендеше, осы бір күрделі силлогистикалық өнерлерді игерген адамдар риторикалық та, диалектикалық та тәсілдердің басын біріктіреді. Сөйтіп олардың барлығын диалектикалық тәсілдер деп атайды. Ал өнердің мақсаты - шындықты табу болғандықтан, олар өздерінің (тәсілдерін) диалектикалық тәсілдер деп есептейді. Сондықтан да олар диалектикалық әдістерді шындыққа /72/ жетудің әдістері деп санайды. Сондықтан да стоиктер диалектиканы философия деп таныған болатын және диалектика өнері мен философия өнерінің арасында айырмашылық /73/ жоқ деп есептеген. Осылайша, алғышарт /74/ деп силлогизмнің бір бөлігі ретінде қолданыла алатын немесе силлогизмнің бөлігіне сәйкес алынған, немесе қорытынды ретінде алынған, немесе ізделініп отырған қағида ретінде алынған кез келген ассерторикалық пікір айту мен жалпы кез келген пікір айту аталады. Адам оны, әдетте, өзі үшін анықтап отырған дүниеге немесе басқаға түсіндіретін дүниеге қолданады. «Алғышарт» деген сөзді дәл осы мағынасында Аристотель өзінің «Түсіндіру жайлы» («Перехерминияс») деген кітабының көп бөлігінде қолданады. Алғышарт деп тағы да сұрақ арқылы бекітілген тұжырым алуға ұмтылған пікірді айтамыз. Ол пікірде бір (қарама-қарсылық) болады. Ол туралы «кайф» (қалай?) деген бөлшекпен құрастырылатын сұрақ қойылады. Бұл пікір де силлогимзнің бөлігі бола алады /222-бет/
немесе силлогизмнің бір бөлігі ретінде алына алады немесе қорытынды ретінде алына алады, немесе ізделініп отырған қағида есебінде саналады. Екі қарама-қайшылық жағы таңдауға берілетін, баламалық (альтернативтік) бөлшекпен қосыла отырып сұралатын кез келген пікір сұрақ деп аталады. Сол сияқты, баламалық (альтернативтік) бөлшегімен байланысқан кез келген пікір де оның, яғни пікірдің силлогизм бөлігі болар-болмастығына немесе силлогизм бөлігі ретінде алуға болғанболмағандығына, немесе қорытынды әлде ізделініп отырған тұжырым болғанболмағанына тәуелсіз сұрақ болып көріне алады. Бұл екі сұрақ арқылы не туралы білуге болатын дүниелер мыналар: 1) бекіту, 2) баламалық (альтернативтілік) - сұрақтарға қатысты ғана ерекшеленетін, айқындалатын бір-біріне тең келетін пікірлер, сондықтан олар алғышарт /75/ деп аталады. Сұрақ қоюшының алғышарттарының сөйлемге көмкерілуі алғышартқа байланысты қойылатын сұрақтан басқа еш нәрседен құралмағандығынан, оның қағидасына басқа ештеңесі жоқ. Сонымен, сұрақ қоюшының сөйлемдерінде пайдаланған сөздер дәл сол сөздердің осы жерде сұралып тұрған алғышарттардағы сөздік құрылымдардағы қарым-қатынастарынан мүлдем басқаны меңзейді. Мұндай күйдегі алғышарт сұрақ түрінде сөздік қалыпта көрінген пікір болып табылады. Ол алғышарт қандай да бір формаға ие болуы мүмкін. Ол форма сөздік құрылым арқылы берілген бірдеңені бекіту немесе басқа бірдеңені түсіндіру, немесе онда сұралған дүниенің ол осылай болған күнде де, болмаған күнде де, яғни одан тәуелсіз мойындалу формасында болуы да мүмкін. Осындай жолмен қойылатын сұрақ одан қандай да бір формада сұрақ құрастырылатын пікір болып табылады. Бұл пікір не түсіндірілмеген ізделінетінінің болуымен, не қандай да бір күмән тудырар кез келген басқа формасымен сипатталады. Бұл (формадағы) жағдай осылай болсынболмасын - бәрібір дәл осылайша жүре бермек. Аристотель оның бұл мағынасын өзінің «Топика» трактатының бірінші кітабында көрсетеді. Сонымен, сұрақ алғышарттан осы қатынас негізінде айырықшаланады. Мәселен, мынандай соз айтылса: «Екі аяғы бар жанды кеуде адамның анықтамасы емес пе?» делінсе, онда бұл - алғышарт болып табылады. Дәл осылайша: «Жаны бар» дегеніміз адамның тегі болып табылмай ма?» дегенде де әлгідей жағдай орын алмақ. Бұл да алғышарт болады. Егер айтылуы былай болса: «Біздің «тірі», «екі аяғы бар» деп айтқан пікіріміз адамның анықтамасы болып табыла ма әлде жоқ па?», - онда бұл сұрақ болып табылады. Бутан сәйкес дүниелер басқа заттарда да болып жатады. Сонымен, сұрақтар мен алғышарттар бір-біріне сан жағынан тең түсуі тиіс әрі олар бір біріндей болулары керек /223-бет/. Бұл дегеніміз, егер оның қарым-қатынасын өзгертер болсақ, әрбір алғышарттан сұрақ жасауға болады деген сөз. Айтылғаннан бөлек, айырмашылық тұрғысынан алғанда, алғышарт деп қай өнерде болмасын силлогизмнің бөлігі бола алатын, не сол силлогизмнің қандай да бір бөлігінің орнына жүре алатын кез келген пікірді айтамыз. Ал өте айрықша қойылған сұрақ деп қандай да бір өнерден оған силлогизм табу қажет деп есептелетін кез келген ізделінген қағида аталады. Бұл - ізделініп отырған қағиданың диалектикалық әлде ғылыми қағида екендігіне, сол сияқты, адамның оны басқаға түсіндіргенімен сол адамның өзіне басқа адам арқылы түсіндірілгеніне тәуелсіз болып табылады. Сұрақ деп (тағы да) қандай да бір анық пікірді айтуға да болады, бірақ бұл пікірдің болмыс етуіне себеп іздеуіміз керек. Негізінен, сұрақ деп қандай да бір сұрау салу мен талап етуді
айтады. Ол сол сұрау салудың не талап етудің қандай да бір сұрау салу әлде талап ету тобына жататындығына тәуелсіз солай болмақ. Сондай-ақ, ол қандай өнерге қатысты деген мәселеге де тәуелсіз. Сонымен, бұл сөздік құрылыммен, яғни «сұрақ» деген сөздік қалыппен сұрақ қоюдың өзі және оның сұрағаны мен сұралуға жарайтыны әрі сұралған ретінде қолдануы қабылданған нәрсе аталады. Диалектикалық сұрақ /76/ дегеніміз диалектикалық сұрақ арқылы алынатын пікір болып табылады. Бұл диалектикалық сұрақ диалектикалық алғышарт және диалектикалық ізделініп отырған (қағиданы) қамтиды. Аталған (соңғы) екі дүниені, әдетте, сұраушы жауап берушіден диалектикалық сұрақтың көмегімен алады. Ал диалектикалық сұрақтың анықтамасын біз ілгеріде беріп қойғанбыз. Диалектикалық сұрақ не баламалық (альтернативтік) сұрақ, не мақұлдау, не бекіту сұрағы болып табылады. Диалектикалық алғышарт /77/ деп әдетте сұрақ қою арқылы алынатын және силлогизмнің бір бөлшегі болып табылатын алғышартты атайды. Бұл силлогизмнің күшімен диалектикада (жауап берушінің) қандай да бір айтылған сөзін терістеуге тырысады. Біз оны тек диалектикада ғана қажетсінеміз. Одан біз софистикалық алғышартты ажыратып алғымыз келеді, сол сияқты, сынаушы алғышартты ажыратып алғымыз келеді. Өйткені алғышарттың бұл екі түрі силлогизмнің бөлігі ретінде қолданыла алмайды немесе оларды диалектикалық сұрақ көмегімен де ала алмайсың. Бірақ, бұған қарамай, олардың екеуі де /223-бет/толығымен диалектикада болсын, (софистикада) болсын адасуға апару мақсатында қандай да бір айтылған сөзді терістейтінді табуға көмектесетін силлогизмнің бөлшегі ретінде қолданылады. Олардың көмегімен тек адастыру көзделіп отыр. Дәлелдейтін алғышартқа келер болсақ, онда ол қалған үшеуінен өзінің силлогизм бөлшегі болуы үшін оның өзін жауап берушіден сұрақ арқылы алуды керек қылмайтындығымен ерекшеленеді. Сондай-ақ, ол алғышарт болу үшін оны (жауап берушінің) мойындағанын да керек қылмайды. Сонымен қатар, бұл алғышарт өзіндегі бар жағдайды қанағат тұтып, өзін алға ұсынған әлде оны мойындаған адамнан басқа толықтыруларды қажетсінбейді. Диалектикалық ізделініп отырған жай /78/ (қағида) дегеніміз, шындығында, сұрақ тәсілі арқылы алынатын және диалектикалық әдіспен сұраушының терістеуі мен жауап берушінің қорғауына куә болатын пікір болып табылады. Аристотель өзінің «Топика» атты еңбегінде «сұрақ» /79/ дегенді «сұрау салу» және «талап ету» деп, ал кей кезде - «ізделініп отырған» (қағида) деп қолданады. Ал кей-кейде сұрақ қою арқылы алынатын «пікір» деп те қолданады. Ол сұрақтың қандай екендігіне де, сондай-ақ, тұжырымның қандай екендігіне де байланысты емес. Ал кейде пікір түрінде көрінеді. Ол пікір баламалық сұрақтың бөлшегімен байланыстырылған. Пайымдау түрі қандай болса да, демек ол силлогизмнің бір бөлігі болса да немесе ізделініп отырған [қағида] болса да, сұрақ болмақ. Осылайша, ол «Диалектикалық алғышарт дегеніміз танымал, кең таралған сұрақ» дегенде [диалектикалық алғышарттың] белгілі сұрақ арқылы алынатын пайымдау түрі екендігін ескерген. Ал «Диалектикалық сұрақ дегеніміз анық түрде пайдаға асатын идеяның мәнін талап ету» деген ой-пікірінде ол (Аристотель) диалектикалық сұрақ туралы айтып тур. Оның «Пайда жарайтын нәрсе алынатын мәнді талап ету» дегенін «Пайдаға жарайтынды алатын мәннің
ізделінген [қағидасы]» деп түсіндіруі де әбден мүмкін нәрсе. Бірақ соз күйінде көрінгеннен айқын «талап» етіліп отырған нәрсе - сауал қойылғанды қамтымаған сұрақтың өзі ғана. Осылайша, біз айтып өткен диалектикалық алғышарт дегеніміз диалектикада /224-бет/ [жауап берушінің] қандай да бір айтқанын терістейтінді табу үшін қажет болған силлогизмнің бір бөлігі болатындай пайымдау түрі. Ол пайымдауды әдетте сұрақ қою арқылы табамыз. Диалектикалық алғышарттар дегеніміз /80/: 1) барлық адамдар қабыл алған көзқарастардан [туратын]; 2) қалған басқа [адамдар] тарапынан қарсылық болмаған жағдайда, көпшілік адамдардың жалпылама қабылдаған көзқарастарынан [туратын]; 3) (көпшілік қауым тарапынан қарсылық болмаған жағдайда), философтар, ғалымдар мен [озық ойлы] даналардың барлығының жалпылама қабылдаған көзқарастары; 4) қалған басқалар (оның ішінде көпшілік қауым да бар) тарапынан қарсылық болмаған жағдайда) философтар, ғалымдар мен даналардың көпшілігінде жалпылама қабылданған көзқарастар; 5) (басқаларды қоя тұрғанның өзінде, [тіпті] олардың өздерінің ішіндегі біреуінің де тарапынан қарсылық болмаған жағдайда), өзінің кемел жетілгендігімен белгілі және ақылойының даму тереңдігіне сай, бірінші орында тұрған [адамдарда] жалпылама қабылданған көзқарастар; 6) әрбір өнерден сол өнердің өкілдері жинақтайтын көзқарастар; 7) [қарсылық болмаған жағдайда], әрбір өнердің өкілдерінің ішіндегі ең жетілгендерінде қалыптасқан көзқарастар; 8) предикаттары субъектілерінің немесе олардың, (субъектілердің), көбінің бөлігінде (бөлікшелерінде) белгілі әрі туралығы жалпы, көптеген белгілі дүниелер арқылы расталатын алғышарттар да диалектикалық алғышарттар болып табылады. Солардан кейін: 9) өздерінің көшірмелерімен бірге қолданылған тұсындағы жалпылама қабылданған заттарды толығымен қайталайтын (көшіретін) пайымдаулар; 10) егер де белгілі бір заттың қандай да бір [басқа] затта тіршілік ететіндігі барлығына бірдей белгілі болса, онда сол заттарда қарама-қарсыны әлгі бір [басқа] затта терістеу де, алдыңғысымен бірге қолданылғанда, дәл солайша бәріне белгілі болатындай алғышарттар. Сонымен, «Егер де адам үнемі шындықты айтса, онда оған жақсы қарау керек» деген ойпікір бәріне де белгілі ой-пікір. Ал «Үнемі шындықты айтатын адамға зұлымдық жасаудың керегі жоқ» деген ой-пікір де бәріне белгілі ой-пікір. Дәл солайша, белгілі бір заттың қандай да бір [басқа] затта тіршілік ететіндігі де бәріне мәлім нәрсе. Осындайда, әлгі [басқа] заттың қарама-қарсысының да барлығы бәріне мәлім нәрсе деп есептелінеді. Жоғарыда келтіріліп кеткен алғышарттардың барлығы /224-бет/ - диалектикалық алғышарттардың түрлері. Олардың арасында бірінші орында барлық адамдардың әлде көп адамдардың жалпылама қабылдаған көзқарастарынан [туратын алғышарттар] орналасқан. Бұл дегеніміз философтардың, даналар мен ғалымдардың сенуге турарлық көзқарастары.
Оларды адамдардың барлығы бірдей әлде адамдардың көпшілігі қабыл алғандықтан да, олар диалектикалық алғышарттарға айналған деген сөз. Тек соның арқасында ғана осы [адамдардың] көзқарастары қабыл алынуы тиіс және сенуге тұрарлық болып табылады. Өнерлерге тән көзқарастар туралы да солай деуге болады. Оларды барлықтары қабылданғандықтан, олар - диалектикалық алғышарттар болып табылады. Тек сол үшін ғана адам оларды қабылдауы тиіс. Өзі танып-білмегендіктен, танып-білген ғалымның ойпікірін қабылдауы тиіс. Тек соның нәтижесінде ғана әрбір өнердің өкілдерінің арасындағы кемел жетілгенінің көзқарастары қабыл алынбақ. Біздер философтардың, ғалымдардың, өнер қайраткерлерінің (әрі олардың ішіндегі ең кемел жетілгендерінің) өз көзқарасына не силлогизм арқылы, не тәжірибе арқылы келетіндігін білуіміз керек. Бұл көзқарастар өздері силлогизм әлде тәжірибе арқылы алынғандықтан ғана диалектикалық алғышарттардың мазмұны болып шыға келмейді. Олар сол адамдардың көзқарасы болғандықтан ғана диалектикалық алғышарт болып шығады. Не жағдай солай болуы керек, не бұл көзқарастар оларды тек солардың ғана қорытынды бере алатындай көзқарастарына қосылудан шығады. Бұл алғышарттар - [диалектикалық] алғышарттар. Олар диалектика өнері мен диалектикаларға қосылу арқылы алынады. Олар бұл [адамдар] мен олардың өнерлеріне қосылудан шықпаса керек. Көзге көрінетін заттардың барлығындағы не болмаса олардың көбіндегі жалпылық ретінде алынатын бар көзқарастарға келетін болсақ, олар -қабылдауға болатын [алғышарттар]. Бірақ та сен оларды жалпы екен деп мойындаған, оларға сенген және оларды көзге көрінгендіктен де ақиқат деп есептеген ешкімді таппайсың. Сол сияқты, олардан өзінің назарынан тыс қалғанды да, көзіне көрінгендей қабылдаған адамды да табу қиын. Демек, бұл [алғышарттар] жалпы алғышарттар ретінде алынады. Көшірмеге [ұқсасқа] келер болсақ, оның мазмұны да олардың түпнұсқасының [шынтуайтының] мазмұнымен анықталмақ. Бұл бір біріне ұқсас екі [заттың] бір ортақ анықтамасының бар екендігінің жалпыға мәлімдігінен көрінеді. Сонда да бір-біріне ұқсас екі заттың /225-бет/ әрқайсысы өзінің бір-біріне несімен ұқсастығына және қандай ортақ анықтамаға ие екендігіне байланысты соз қылар болса, онда ол ең үздік әрекет болар еді, сөйтіп, еш наразылық тудырмас еді. Ал енді қарама-қарсылықты терістеуге келер болсақ, онда екі қарама-қарсылықтың бір субъектіде басы бірікпейтіндігі жалпыға мәлім болып есептелінеді. Егер де олардың (екеуінің) біреуі оның бойында болса, онда басқасы одан алынып тасталады. Қарама-қарсылықтағы қарама-қарсылыққа келер болсақ, онда өзінің арқасында қандай да бір [басқа] заттың анықтамасы жасалған зат отан қарама-қарсы заттың анықтамасы оның өзінің анықтамасына қарама-қарсы келетіндей жағдайда болады. Бұл бір-біріне ұқсас келетін екі [затқа] қатысты сияқты болып тұр, ол екі заттың бір-біріне тең түсетіндігінен туындайтын ортақ анықтамасы бар. Дәл осы сияқты, бір-біріне қарсы қойылатын екі қарама-қарсылық та бір-біріне қарамақарсы анықтамаларға не. Осыған ұқсас дүниелерді индукция арқылы күшею және нығайту қажет. Данагөйлер, философтар көзқарастары, өнер қайраткерлерінің көзқарастарын (олардың ішіндегі кемел жетілгендерінің көзқарастарын) пайдаланған күнде олар солардың иегерлерімен байланысты қолданылуы керек. Мысалы, төмендегідей
көзқарастар: «Гиппократ дәрігердің айтқандарына сай, адамның ауыр жұмыс істемей-ақ, өз қолдарының қатты әлсірегенін сезінуі ауру жайлы сыр береді», «Аристотельдің айтуы бойынша, категориялық силлогизмдердің фигуралары үш түрлі болады»; «Платонның айтуына қарай, қала тұрғындарының бір де біреуін бір өнерден артықпен айналысуға мәжбүрлеуге болмайды». Дәл осындайды заттың көшірмесі (ұқсасы) туралы да айтуға болады; егер де көшірме қолданыс тауып жатса, оны көшірме жасалған затпен байланыстыра отырып қана пайдалану керек. Егер де ол танымал дүние болса солай жасау керек. Қарама-қарсыны пайдалансақ та жағдай солай болмақ, яғни (мұнда) оны соның қарама-қарсысымен бірге қатар қойып пайдалану керек деген сөз. Сонымен, бұл көзқарастар қабыл алуға боларлық көзқарастар болып табылады. Олардың жалпылама қабылданғандығы оларды осылайша пайдаланған күнде тана анықталмақ. Келтірілген көзқарастардың әрқайсысы не категориялық көзқарас, не шарт, не орын/81/, не түр /82/ болып табылады. Тур дегеніміз ізделініп отырған [қағидалардың] түрлерінің ішіндегі қай бір түрге шығарылған қай бір силлогизмдер түріне тиесілі /225-бет/ алғышарт іздестіріліп отырған анықталған тұжырым. Ол да біздің: «Ләззаттану игілік пе әлде ізгілік емес пе? «дегеніміз сияқты. Тур деп аталатын алғышарт осы тұжырымға тән. Ол біздің: «Егер де қасірет жаман болса, онда ләззат - игілік» дегеніміздей. Орын дегеніміз қос бөлігі бірдей қандай да бір басқа алғышарттың көлеміне толығымен еніп кететін алғышарт. Немесе орын дегеніміз бөлігі (предикаты) басқа алғышарттың предикатының көлеміне кіретіндей алғышарт болады. Ол біздің: «Егерде зат қандай да бір [басқа] затта болса, онда сол заттың қарама-қарсысы әлгі (басқа) заттың қарамақарсысында болады» дегеніміздей. Алғышарттың бөліктері, [орындары болып табылатындары] басқа ой-пікірдің бөліктерінің көмегіне кіретіндігіне қатысты мысалдар мынадай: «Егерде қасірет-жаман болса, онда ләззат-игілік»; «Ғұмыры ұзағырақ және тұрақтырақ дүниенің барлығы оның уақыт тұрғысынан алғанда көпке созылғандығынан жақсы болмақ». Бұл жағдайда осы алғышарттың [орынның] предикаты біздің айтқанымыздың предикатының көлеміне кіретін болады: «Ғұмыры ұзақтың барлығы біз үшін жақсы болып табы¬лады.» Бұл алғышарттың [орынның] субъектісі басқа [алғышарттың] субъектісінің көлеміне кірмейді, керісінше, екі алғышарттың екеуі де бір ғана субъектіге ие. Мұндағы екі [алғышарттың] біреуіндегі предикат, басқасымен салыстырғанда кеңірек таралған, ал басқасының предикаты - жиірек кездеседі. Сонымен, [басқа алғышарттың] көлеміне кіретін алғышарт дегеніміз - түр. Ал өзіне басқа алғышартты енгізетін алғышарт - орын. Субъект болып табылатын бір бөлігі басқа алғышарттың субъектісі болатын ал ондағы [екі алғышарттағы] предикаттары біреу ғана болатын алғышартқа келер болсақ, онда өзінің көлеміне оларды (басқасын), яғни басқа алғышартты енгізетін алғышарт орын болып табылмайды. Ал (басқа) алғышарттың көлеміне кіретін алғышарт тұр болып табылмайды. Мұнда, керісінше, осы көлемге кіретін алғышарт екі алғышарттан шыққан қорытынды болып табылады. Осы екі алғышарттың үлкен алғышарты оз көлеміне [басқасын] енгіздіретін алғышарт, ал олардың ішіндегі кіші алғышарт дегеніміздің субъектісі басқа алғышарттың көлеміне енетін алғышарттың субъектісі болатын алғышарт. Ал кіші алғышарттың предикаты дегеніміз өз көлеміне басқа [алғышартты] енгіздіретін
алғышарттың субъектісі болып табылады, мысалы, мына төменгі пікірде көретініміздей: «Зейд - жануар, өйткені әр адам - жануар». Бұл жағдайда «әр адам - жануар» деген пікір айту орын болып табылмайды, ал «Зейд - жануар» деген пікір айту тур болмайды. Түрдің саны белгісіз және есептеуге келмейді, тіпті шексіз болып табылады деуге тұрады. Мысалы, /226-бет/ бұл математикалық ғылымдарда ізделетін [қағида] мен олардың дәлелдерінің көбінде көрінеді, ол да Эвклидтің тоғызыншы кітабындағы соңғы фигурасына (суретіне) ұқсас келеді. Ал орынды (барлығын дерлік немесе көп бөлігін) есептеуге болады. Егер оларда ерен жағдай болса, онда ол ешқандай рол атқармайды. Орынның түрлері мынадай болады /83/: 1. Дәйекті білімнен құралатын дүниелер мен көпшілік жалпылама қабылдаған заттар; бұл орындар диалектика мен философияға толық сәйкес келеді. 2. Көпшілік жалпылама қабылдаған заттардан құрастырылған жалпылама қабылданған [алғышарттар]. Бұл орындар диалектикаға тән. 3. Тек софистикада ғана кездесетін [алғышарттар]. 4. Софистика мен диалектикаға сай келетіндер. Сонымен, [диалектика] өнерінде философия мен диалектикаға және диалектика мен софистикаға сәйкес келетін орындарды пайдалану керек және де диалектикаға тән көпшілік жалпылама қабылдаған заттарды қолдану керек. Диалектикалық ізделінетін [қағида] деп, әдетте, жауап берушіден сұрақ қою арқылы алынатын және сұраушының теріске шығаруы мен жауап берушінің қорғау тәсілдерінің әрекетіне ұшырайтын ізделінетінді айтамыз. Диалектикалық пайымдау адамның табиғаты аманында, ақыл-есі түзу болғанда ғана орын алады /84/: ол адам сезімдерінде және [логикалық, қисынды] сөйлеуінде көрінеді. Ал олар адамға оның қандай да бір алғашқы болып кездескен, [алған] біліміне бірден сеніп қалмауы үшін қажет. Адам ол пікірлерге деген нанымға силлогизм арқылы жүйелі түрде, бірінен кейін біріне өтіп барып, тексеру жолымен келуі керек. Адам оларды жоғарыда көрсетілген расты, дәйекті білімдерге негізделген өнерде қолдануы арқылы өзіне пайдаға асыруы тиіс. Расты, дәйекті білімге негізделген өнер түрлері үшеу: 1. Теориялық. 2. Практикалық. 3. Логикалық. Теориялық өнерлер /85/ қай заттар арқылы ақиқатты тануға қол жеткізілетін болса, сол заттарға; қайсыларынан ақиқатты тануға мүмкін болса, сол заттарға және қайсысында ақиқатты тануға қол жеткізілер болса, сол заттарға тиесілі, соларға таралатын өнерлер. Практикалық енерлер /86/ бақытты қурайтын заттарға таралатын және қай заттар көмегімен оған жетуге болатын болса, соларға таралатын әрі қайсы заттар арқылы оған (бақытқа) жетуге кедергі болатын және оның қарама-қарсысына алып келетін.дүниелерге де таралады. Теоретикалық өнердің шекті мақсаты тек ақиқатты танып-білу, ал практикалық өнердің /226-бет/ шекті мақсаты - [адамның] ізгілікті болуы және ұждан талабын табанды түрде ;орындауы мен [адамдарды] бақытқа жеткізу амалдарын тек біліп
қана қоймай, сонымен қатар, олардың орындауын талап етуі. Міне, осыдан біз практикалық философияның өзіндік ерекшелігін көреміз. Практикалық философия көп заттарды тексеруге арналмаған. Ол, музыка және механика ғылымдары сияқты, [адам] ерік-жігері арқылы орындалатын заттарды ғана тексереді. Геометрияға, арифметикаға және заттар шамасын зерттеушімен салыстырмалы түрде, олардың орналасуына байланысты белгілейтін ғылымға (маназирге) және табиғи [физикалық] ғылымға қатысты заттардың көбісі өнер мен [адам] еркінің күшімен орындала алатын заттар арқылы тексеріледі. Осы ғылымдардың ешқайсысы саяси (мадани) ғылымға бөлім болып кірмейді. Керісінше осы ғылымдар теоретикалық философияның бөлігі болып кіреді. Себебі, тек ол ғана осы заттарды сұлулық немесе көріксіздік қатынасы тұрғысынан болсын, не адамның оларды орындауы арқылы бақытқа жетуі немесе бақытсыз болуы тұрғысынан бол сын қарастырмайды. Өйткені егер де осы ғылымдар тексеретін осы заттар оларды адамның бұлжытпай орындауы арқылы не бақытты, не бақытсыз күйге жетуі тұрғысынан алынатын болса, онда олар практикалық философияға жататын еді. Логикалық өнерлер /87/ әр ғылымда ақиқатты табу үшін қайбір заттардың соған жетуде белгілі бір құрал қасиетінде қолданылуымен ерекшеленетін заттарға таралады. Аристотель өзінің: «Диалектикалық сұрақ дегеніміз мағынаның [идеясын] талап ету. Ол сол мағынаның арқасында заттың қалаулы болуынан шығып жатқан және ақиқат йен таным үшін сол заттан бас тартудан шығып жатқан пайда әкеледі». Ол бұл жерде «бақытты» немесе «бақытсыздықты» және осы екеуіне алып келетіннің барлығын айтып отыр. Аристотель ол қалаулы /227-бет/ немесе жағымсыз дүниелерді танып-білуге [барып саятын] пайда келтіреді деп айтқан жоқ. Бірақ, Аристотель (оның) «артық көру» мен «жаратпаудан» шығатын пайда әкелетіндігі туралы айтты. Ол осысымен саяси (мәдани) философияның шекті мақсатын көрсеткісі келді, өйткені оның түбегейлі мақсаты ненің қалаулы немесе ненің ұнамсыз екендігін тану емес, «[бір] затты артық көру» мен «басқа заттан бас тарту» болып саналады. Ал «не ақиқаттан немесе танымнан» деген сөзінде ол не теоретикалық философияны оның түбегейлі мақсаты ақиқат пен таным болып табылатындығы тұрғысынан меңзеп тұр, не оның осы сияқты басқа заттарға арналғандығын айтып, логикалық заттарды меңзеп тұр. Сірә, оның көзқарасы бойынша, философ дегеніміз философияның екі бөлімінің екі шекті мақсатын өзінің түбегейлі мақсаты етіп алатын адам. (Бұл философияны екі бөлікке - теоретикалық және практикалық философияға бөлуге сәйкес келеді.) Сонымен, теоретикалық философияның шекті мақсаты - тек ақиқат пен білімге жету. Ал практикалық философияның шекті мақсаты - бір затты артық көру немесе басқадан [заттан] жеріну болып табылады. Оның түбегейлі көздеген мақсатына адам өзіндік [ақыл] тәжірибесі тәсілдерімен жетпейді, тек оның алдындағы білім мен практикаға дейінгі немесе практика процесінде алынатын білім тәсілдерімен жетеді. Ал етер алдындағы білім тәжірибе арқылы алынса, онда ол жарамсыз болады. Заттардағы жарамсыздық деп сол заттардың тіршілігінде бар, бірақ олардың сол үшін өмір сүретін шекті мақсатымен байланыспайтынды айтамыз. Егер теоретикалық білім қолданушы зерттеу мен тексеруді [теоретикалық білімнің] шекті мақсатына (негізінен
зерттеу мен тексеру сол үшін жүргізіледі) қол жеткізбейтіндей жүргізген болса, онда сол теоретикалық білімнің иегері философ бола алмайды. Теориялық білімнің шекті мақсаты - дәлелдеулерді тауып беру. Істің тура осындай жағдайын практикалық білімді қолданушыдан да көреміз, ол да өзінің мақсатына жетпей, философ бола алмайды. Сірә, алғашқы білім тәсілдерімен алынған алғышарттар расты, дәйекті білімнен тұрады және олар дәлелдеу мен терістеуге ұшырамауы керек. Олар туралы мүлдем күдіктенбеу керек және олар ізделінетін диалектикалық [қағидалар] бола алмайды. Алғашқы білімнің тәсілдері арқылы адам расты, дәйекті білім ала алмайтын заттың кез келгенінде, әдетте, ол туралы рас, дәйекті білім, ең алдымен, оның көріністерін [жеке бейнелерін] не бір рет, не бірнеше рет /221-бет/сезіммен қабылдау арқылы алынады. Бірақ [егер] бұл адам осы заттың көріністерін білу үшін сезіммен қабылдау мүмкіншілігінен ада болса, онда ол оған күдікпен қарайды, сөйтіп, оны ізделінетін диалектикалық [қағида] етпейді. Егер адамның [логикалық] сөйлеуінде туа біткен кілтипан болса, онда да жағдай тура алдындағыдай болмақ. Соның нәтижесінде, ол (көптеген) басқа қайнарларға жетпей де қалады. Сондықтан да ол өзі аңғармаған осы бастау-қайнарларға күдіктене қарайды, сөйтіп оларды ізделінетін диалектикалық қағида етпейді. Егер адам (туа біткеннен) сезім саулығына және (логикалық, қисынды) сөйлеу мүмкіншілігіне ие болуынан алғашқы білім тәсілдері арқылы қай бір зат туралы расты білім ала алмаса да жағдай сондай болмақ. Яғни, ол затты осы үш ғылымда тексеру қажетсіз немесе ол ғылымдарға зиянды болса, немесе ол ізделінетін диалектикалық [қағида] бола алмайтын кезде көрінеді. Қалған барлық заттар ізделінетін диалектикалық [қағида] болуы керек. Бұл: 1. Ондай пікірлер [олардың бар саны - жетеу] туралы ешкім де (керекті деңгейдегі) көзқарасты бере алмайды. Олар туралы олар осындай еді деп те, осындай емес еді деп те, тіпті олардың тексеріліп қойғандарына қатысты да, ешқандай көзқарас болмайды. Сонымен, осы жағдайдағы пікірлер - олар туралы, сірә, мүмкін, ешкім ешқандай көзқараста болмайтын пікірлер. Олар ешкімнің ақылына келген емес. Себебі олар тек қазіргі күнде ақылға келеді. Оларды будан бұрын тексергенмен, оларға силлогизм мүлдем табылған жоқ болатын. Осындай жағдайдағы пікірлер қалайша сұраушының теріске шығаратын, ал жауап берушінің қорғайтын тұжырымы (жалпы тезис жағдайы) бола алады? Қалайша сұраушы оны теріске шығармақ, егер ол оған силлогизм құрастырмаса? Бірақ, дегенмен, бұл нәрсе не философиямен, не... (сөз түсіп қалған - Н.К.) тексерілетін пікірлерге қатысты орын алып отыр. Сондықтан, [осы пікірлердің] диалектикалық тұжырым болуына жол бермеу керек, керісінше, бұл пікірлер, яғни өздері туралы ешкімде бізге керек дәрежедегі (расталған) көзқарас қалыптастырмаған пікірлер, соларға силлогизмдер іздестірілетін пікірлер болып шықты. Бірақ ол силлогизмдер әр зерттеушінің оларды өзінің көзқарасы ретінде күмәнсіз қабылдауы екіталай. 2. Философтар мен зерттеушілердің қарама-қарсы көзқарастар тудыратын пікірлері. 3. Көпшілік қауымның қарама-қарсы көзқарастарын тудыратын пікірлер. 4. Көпшілік қауымның философтарға кереғар келетін көзқарастарын қалыптастыратын пікірлер. Бұл олардың [философтардың] әрқайсысы осы пікірлерді оларға қарсы туратын
пікірлерден бөлек қарастырған жағдайда адам жанының міндетті түрде сол пікірлерге оңтайланып, оларды қабылдайтындығымен байланысты дүние. Сондықтан да егер өзінің шүбәсіздігімен, кемелдігімен атағы шыққан философ қандай да бір зат туралы қандай болса да көзқарас қалыптастырып үлгерсе және де оған зерттеушілер мен көпшілік қауымнан ешкім қарсы шықпаса, онда осы жағдайда ғана адам жаны оған [көзқарасқа] сенім артады. Тіпті адам ол [көзқарасқа] содан басқа мүлдем ештеме білмесе де сенім арта береді. Егер философтар қандай болса да бір пікірде үйлесіп, тоқтамға келсе әрі көпшілік қауым оған қарсы шықпаса, онда бұл жағдайда да адам жаны міндетті түрде осы көзқарасқа сенім артады. Бұл тұста да жағдай жоғарыда айтқандай болмақ. Қарапайым халық туралы да солай деуге болады. Егер олардың бір адамының жеке өзіндік көзқарасы болып, оған философтардың ешқайсысы кереғарлық танытпаса, онда адам жаны оның осы пікіріне міндетті түрде сеніммен қарайды. Осы екі нәрсенің әрқайсысы [философтың немесе халықтан шыққан адамның] көзқарасын күшейтетіндігі соншалық, ол қабылданатын көзқарас болады. Егер олардың [екі кезеңнің] арасында қандай да бір көзқарас туралы қайшылық туындаса, онда ол көзқарас күдік тудыратын көзқарас болады, себебі заттар туралы көзқарас жекеше алынғанда күшейеді. Сондықтан, егер зат өзінің қарама-қарсысына кереғар қойылған жағдайда алынса, ондай көзқарас күдік туғыздыратын көзқарас болады. Сондықтан егер философтар бір-біріне қайбір пікірде кереғарлық танытса, немесе көпшілік қауым бір-біріне кереғарлық танытса, не¬месе көпшілік қауым философтарға кереғарлық танытса, онда ол күдікті болады. Бірақ егер бізде осы пікірге күдік туғыздыратын ештеңе болмай, тек оның мазмұнына қарама-қарсылық танытатын нәрсе болып және оған осы пікір туралы қарама-қарсы көзқарасқа әкелетін силлогизмдер құрастырылмаса, онда біздің күдігіміз кім туралы бізде (оның көзқарастарына қатысты) жақсы пікір қалыптасса, соның қалыптастырған көзқарасымен айқындалады. Сұраушы мен жауап берушінің осы пікір туралы сөйлескенінде және солардың біреуінің әлгі пікірді теріске шығарып, ал басқасының /228-бет/ оны дәлелдегенінде әрі олардың ешқайсысында өзінің қарсыласына қайшылық танытатындай айғағы болмағанда, олардың әрқайсысы жеңіске жеткенше, сол пікірдің, айтушының өзінің көзқарасы бойынша, не жақсы, не жаман екендігіне сай, тек жақсы жақтарын немесе [кем жақтарын] ғана мысалға келтіріп қояды. Егер олардың екеуі де тек пайымдаулар арқылы әңгіме жүргізсе, онда олардың екеуі де тек пайымдауларды қолданады. Солар арқылы олардың әрқайсысы өзінің әріптесінің пікірін түзетеді (дайындайды) және әрбіреуі қарсыласына кереғарлық танытады. Әлгі пайымдаулар олар (диалектикалық емес), риторикалық болғанға дейін сұралады. Егер олар (екеуі) әңгімені диалектикалық әдіспен жүргізуді ұйғарса, онда олардың әрқайсысы, екі көзқарастың мазмұнына сай, әрбіреуін дәлелдеуге және терістеуге арналған силлогизмдер құрастыруы керек. Сонымен, ізделінетін диалектикалық қағидаларда оларға деген күдіктің олардың мазмұны жайлы силлогизм құрастырмай-ақ, жақсы пайымдау құрастыруға болатындығымен жол берілуіне қанағаттанбау керек. (Сонымен қатар), дәлелдейтін де және теріске шығаратын да көзқарастар керек. Ол көзқарастарда философтар бір-біріне, не, әлде, көпшілік қауым бір-біріне, немесе көпшілік қауым философтарға қарсы келіп отырады.
Осы бір ізделінетін диалектикалық қағида жөнінде силлогизмдер құрастырылмаса, онда олар диалектикалық тұжырым болу үшін тексерілетін заттар қатарына жатпайды. Сондықтан да Аристотель күмәнді пайымдаулар, яғни оның құрамына кіретін көзқарастар қарама-қарсы көзқарастар болатын пайымдаулар топтарын атап өткенде, ол (тек) солармен [ғана] шектелмей, оған қарама-қарсы силлогизмдер! бар сұрақтар (мәселелер) тізімін де жатқыздырады. Аристотель онысымен философтардың бір-біріне қарсы тұруы тек қарама-қарсы силлогизмдер арқылы жүзеге асатынын көрсетті. Көпшілік қауымның бірбіріне және көпшілік қауымның философтарға қарсы тұрғанында да жағдай солай болады. Сонымен, адам басқа адамдардың қарама-қарсы көзқарастарын біліп алуы үшін, ең алдымен, қарама-қарсы силлогизмдер құрастыруы керек. Тек содан соң ол басқалардан қарама-қарсы силлогизмдерді беруін талап етеді. 5. Кейбір адамдар шығаратын және ұсынатын пайымдаулар /229-бет/. (Бұл орныққан, көпшілік жалпылама қабылдаған көзқарастарға адамдар тобының [қауымның] өз көзқарастарымен қарсы шығуынан көрінеді). Бұл жағдайда көпшілік жалпылама қабылдағанға қарсы айтылған заттардың мүлтіксіздігі және олардың ғылымдағы кемелділігі солардың адам жанына оның басқа [адамдар] білмейтінді оның өзі ғана біледі деген ой тастайды. Сол себепті бізде осы көпшілік жалпылама қабылдаған заттарға да күдік туады. Сондықтан да Парменидтің «мән - біреу» дегеніндей және Зенонның «бар заттардың ішінде қозғалатын бірде-бір зат жоқ» деген пікірі сияқты, көпшілік жалпылама қабылдаған заттар ізделінетін диалектикалық [қағида] болып шығады. [Пайымдаулардың] осы бір тобына да адамдарда силлогизм болмайды. Бұл пайымдаулар сондықтан да ізделінетін [қағида] болмайды, яғни адамдардың терістеу мен қорғауға тырысатын диалектикалық тұжырымдары болуға жарамсыз деген сөз. 6. Ерекше таланты барлар қолданатын пайымдаулар; ол сауатсыз адам болуы да мүмкін және оның ғылым өкілдерінің қатарына кірмеуі де мүмкін, бірақ ол өзінің пайымдауын күшейтетін және көпшілік жалпылама қабылдаған адамдар көзқарасына қарсы шығатын силлогизм құрастырады. Бұл жағдайда көпшілік жалпылама қабылдаған көзқарас ізделінетін диалектикалық қағида болады. Сондықтан ол құрастырған силлогизм оның көзқарасында мүлтіксіз мазмұн орынын алып, сол себепті адамдарда көпшілік жалпылама қабылдаған көзқарасқа күдік туады. Олардың [көзқарастардың] екеуі де диалектикалық ізделінетін [қағидаға] жатады да «ой желісі» атымен белгіленеді, сөйтіп, біртуар, бірегей көзқарас деп аталады. Егер көпшілік жалпылама қабылдаған көзқарасқа жетілмеген адам қарсы шығып, бірақ силлогизм құрастырмаса, онда ол қарама-қарсылық ұсынбайды және оның көпшілік жалпылама қабылдаған көзқарасқа қарама-қарсылығы ізделінетін қағида бола алмайды. Сөйтіп, оны (жай ғана) әдеттегіден тыс (дарақылау) көзқарас, сандырақ көзқарас және шамасын білмейтін, парықсыз көзқарас деп атауы мүмкін. Диалектикалық қағида мен әдеттегіден тыс көзқарас арасында айырмашылық бар. Егер де көзқарас ғылым өкілдерінің қатарынан өзінің мүлтіксіз кемелдігімен әйгілі /229бет/ адам көзқарасы болса немесе көпшілік жалпылама қабылдаған көзқарасқа қарсы шығатын көзқарасқа силлогизм құрастырған атақты адамның көзқарасы болса, онда бірегей көзқарас көпшілік жалпылама қабылдаған көзқарасқа қарама-қарсы көзқарас болып табылады. Әдеттегіден тыс, өзгеше көзқарас, яғни шамасын, парқын білмейтін көзқарас және сандырақ (абсурдты) көзқарас, егер ол жетілмеген адамның көзқарасы болса және оған
силлогизм құрастырылмаса, көпшілік жалпылама қабылдаған көзқарасқа қарама-қарсы көзқарас болады. Сонымен, барлық диалектикалық ізделінетін қағидалар «қағидалар» [ережелер] деп аталады. Қағида дегеніміз тек түрдің аты ғана. Ондағы кейбір оның түрлері оның түрінің атымен аталған. Сондықтан оны жалпы сол атпен атайды және әсіресе, көптеген аттардағы істің жай-күйіне байланысты осы атпен атайды. Қағида деп көптеген мағыналарды қамтитын жалпы есім аталады. Олардың біреуі - «қағида» деп аталатын категория (ол туралы «Категория» кітабында айтылған болатын), ал екіншісі - ол да «қағида» деп аталатын анықтама, ал үшіншісі дәлел мен айғақсыз берілетін, дәлелдеу мен айғақтауды қажет ететін және алғышарт ретінде қолданылатын затты [айтылғандарды] белгілейді. Бұл зат та, шындығында, «қағида» деп аталмауына қарамай-ақ, «қағида» деп аталады. Сондықтан да есімдер дегеніміз солай деп ақиқатқа байланысты емес, «қағидаға» байланысты [аталады] деп айтады. Шартты алғышарт та «қағида» және «қағиданың» алғышарты деп аталады. Егер сөйлесіп отырған адамға (заттар ішіндегі) зат қандай жағдайда болса, онда қалған заттар да сол жағдайда болуы керектігі көрініс тапқан талап келтірілген соз айтылса, онда бұл соз «қағида» /89/ силлогизмі деп аталады. Өзіне силлогизм құрастыруды мәжбүр ететіннің барлығы да қағида деп аталады. Ізделінетін диалектикалық [қағидалардың] барлығы да «қағида» деп аталады. Бұл жағдайдағы қағида, абсолютті [шек қоймай-ақ] алынған ізделінетін қағидаға қарағанда, ерекше [жекеше] қағида болып табылады. Көпшілік жалпылама қабылдаған көзқарасқа қарама-қарсы бірегей көзқарас оны күшейтетін силлогизмі бар болған жағдайда да «қағида» деп аталады. Бұл жағдайдағы «қағида», диалектиктің қолданатын «қағидасына» қарағанда, тым ерекше болады /230бет/. Сонымен, көпшілік жалпылама қабылдаған көзқарасқа қарама-қарсы және силлогизммен күшейтілген көзқарас оларға [көпшілік жалпылама қабылдаған заттарға] силлогизмдер қарсы тұратындықтан ғана ізделінетін қағида болатыны түсінікті. Ал кемеліне жеткен адам қарсы шыққан немесе силлогизм арқылы қарсы шыққан көпшілік жалпылама қабылдаған көзқарастар оларға қарама-қарсылық силлогизмдерін қарсы қойғанға дейін диалектикалық алғышарттар болған. Сондықтан көптеген бізге қажетті дәрежеде танылмаған жалпылама қабылданған көзқарастарда кемеліне жеткен адамның қасиеттерін келтірумен немесе силлогизмдерді көрсетумен қарсы шығуға рұқсат етіледі. Осы кезде қолданылатын сол бір көпшілік жалпылама қабылдаған көзқарасқа қарсы шығатын силлогизмдерді іздеуге [тырысу] рұқсат етіледі. Сөйтіп, осы көпшілік жалпылама қабылдаған көзқарастар алғышарт болғаннан кейін ізделінетін қағида болуға ауысады. Сол сияқты, егер оларға [көпшілік жалпылама қабылдаған заттарға] қарсы туратын силлогизмдер табылса, онда олардың ізделінетін қағида бола алмайтыны түсінікті де (бұл жағдайда олар тек терістеуге, жоққа шығаруға ұшырайды). Егер оларды бекерге шығаруға мүмкіндік болмаса, онда бұл жағдайда олар ізделінетін қағидалар болып шығатындықтан, оларға қайшы келетіндерге көңіл бөлінбейді. Істің тура осындай жағдайын біз көптеген жалпылама қабылданған көзқарастардан да көреміз. Бұл олардың ақиқаттығының о бастан-ақ оның жалпылығынан көрінбегендігінен байқалады. Сондықтан біз олардан ақиқат бөлігін алып шығуды қаласақ, онда оларды бекерге шығарып, терістеуге ұшыратамыз. Бұл жағдайда олардың ішінен қай бөлігін бекерге шығарып, терістеуге ұшырату керектігін және қайсы бөлігімен олай жасау керек
еместігін айыра білу қажеттігі туады. Егер оларда бекерге шығарып, терістейтіндей бөліктер табылса, онда қалай бекерге шығару керек деген сұрақ туушы еді. Сонымен, мен көпшілік жалпылама қабылдаған алғышарттар келесідей /90/ болады деп бекітемін: 1. Этикалық (өнегелі) және 2. Жалпы қылықтардан (туратын), дәлірек айтсақ, барлық халықтарда бірдей және соның көмегімен халықтар бір-бірімен араласып, ортақ пікірге келетін (егер оларды кездестірсе) алғышарттар. Этикалық алғышарттар 191/ дегеніміз - бұл - барлық адамдардың ойынша, [оны біреу] қабылдасын-қабылдамасын /230-бет/, оған қарамастан, әрбір адамның сол арқылы тәрбиеленуі керек, сол арқылы [бірдеңеге] үйренуі керек, соны бетіне басатын, солармен бірдеңені жасауға ынталандыратын алғышарттар. Егер кім де кім олармен тәрбиеленуге қарсы шығып және тәрбиеленгеннен кейін оларды орындаудан тартынса, онда ол адам жазаланатын. Осы алғышарттарды барлық адамдар өздерінің балаларын сол арқылы тәрбиелеу [керек] алғышарттар деп есептейді және соларды балалардың жанына баулып, балаларға дағдыландырып, үйрету керек деп есептейді. Егер балалар осы алғышарттарды қабылдауға қарсы шықса және өскеннен кейін олардан бас тартса, онда да балалар осы бір этикалық нормаларды сыйламағандығы және оларды балағаттағаны болып табылатын әрекеттері үшін жазаланатын. Осы [көпшілік жалпылама қабылдаған] алғышарттарға күдік тудырмау керек және оларды диалектиканың ізделінетін [қағидалар] да қылмаған жон. Себебі, олар - практикалық заттардың бастауы және олар олардың өзінен гөрі түсініктілеу, айқынырақ дүниелермен дәлелдене не бекерге шығарыла алмайды. Керісінше, егер осы нәрсе оларға қатысты жүргізілген күннің өзінде, ол анықтылық пен көпшілік қабылдағандықтан айырылған нәрселер арқылы жүзеге аспақ. Себебі оған күдіктенетін адам үшін ол сол алғышарттарға көңіл бөлуге тұрғысыз деп және лақтырылып тасталуы, орындалмауы керек деп, қалай болса солай, қарамайтындығына кепілдік беруге болмайды. Сондықтан, оларға күдіктенетіндер, әдетте, жаман өнегесіз қасиеттері бар ызалы адамдарға айналады. Олардың ізгілікті қалалар тұрғындарымен ортақ ештеңелері жоқ. Оларға осысы үшін, тіпті олар шынтуайтында жаман болмаса да зұлымдық маңдайына жазылады. «Адам, - Аристотельдің айтуы бойынша, - зұлым [жаман] болмауы керек және ол туралы зұлым [жаман] деген пікір қалыптаспауы керек». Адамдардың осы көзқарастарға деген қатынасы ең жоғары мәртебелі Аллаға табыну сияқты, ата-ананы құрметтеу сияқты, қаны бір туыстық сияқты, мұқтаж зағип-кәріптердің қайғысына ортақтасу сияқты, жақсылыққа жақсылықпен жауап беру сияқты, көмектескенге рақымдылық таныту сияқты этикалық норма мен қылықтар іспеттес болуы керек. Сонымен, барлық адамзат «Аллаға табыну керек па, жоқ па?» «Ата-ананы құрметтеу керек па, жоқ па?» - деген көзқарастарға адам еш күдіктенбеу керек және сондықтан да бұл айтылғандардың барлығын дәлелдеуге не бекерге шығаруға ұшыратпау керек. Сол сияқты, тағы да барлық адамдар осынау бір көпшілік жалпылама қабылдаған алғышарттардың жанға дағдылануы тек көзқарастар арқасында ғана жүзеге асуы керек емес, керісінше, оларды іс жүзінде орындауды үйрену мен оны бұлжытпай қатал сақтау /231-бет/ арқылы оларға адам жанын баулиды деп есептейді. Ол да бір дәл практикалық өнерлердегі білімге үйрену сияқты нәрсе. Олар туралы білім адам жан сарайында олар туралы айтып отыру
арқылы емес, оларда белгіленген әрекеттерді орындау арқылы ғана, адамның әдеттенуімен тұрақталады. Сонымен, ақыл-ойда айту арқылы емес, іс-әрекет жасау арқылы бекітілетін нәрсе тексеруге ұшырамау керек және оған не оны дәлелдейтін, не оны теріске шығаратын силлогизм де керек емес. Себебі оған жанның дағдылануы оның іс-әрекеттерін табандылықпен атқару арқылы жүзеге асады. Ақылмен ұғынатын заттар бұл көзқарастарға жатпайды, өйткені олар соз айту арқылы сендіреді. 7. Көпшілік жалпылама қабылдаған заттар мазмұны болып табылатын [пайымдаулардың] өмірдегі көріністері [жеке жағдайлары] сезіммен қабылданады. Ол да біздің: «қар - ақ» немесе «ақ пен ақтықтың мәні» деген пікіріміз сияқты, сезіммен қабылданатын дүниелер. Осылар [көпшілік жалпылама қабылдаған заттар] және соларға ұқсас күмәндануға болмайтын заттар дәлелдеу мен терістеуге ұшырамайды әрі диалектиканың ізделінетін қағидалары бола алмайды. Осы [көпшілік жалпылама қабылдаған заттарды] адам егер бұрын білмеген болса немесе мойындамаса, онда силлогизм арқылы таба алмайды. Өйткені адам бұл жерде тек оларды сезіммен қабылдайтындай етіп, оған түсіндіруді қажетсінеді. Егер де оның оларды ұғынуы үшін керек сезімдік қабылдауға мүмкіншілігі болмаса, немесе бола тура, ол оны оларды іздеуде немесе олардың көрінісін іздеуде қолданбаса, онда осы ізделінетіндер оған белгісіз болып қалады да оның ақиқатты тануы мүмкін болмайды. Ал, осылар [көпшілік жалпылама қабылдаған заттар], әсте, пайымдаулар мен силлогизм арқылы [бекерге шығарылмайды] да және дәлелденбейді де. Сол сияқты, сезіммен қабылдайтын затты мойындамайтын адам оны' мүлдем сезіммен қабылдай алмайды да. Ондай адам, мүмкін, сол сезіммен қабылдайтын затты [өзінің] көз алдына елестете алмайтын да шығар. Бұл жағдайда, қалайша ол көз алдына да елестете алмайтын затын тексере алмақ? Ол тұрмақ әлгі байғұстың жан дүниесінде, ішкі әлемінде айтылған сөздің мазмұны туралы да мағлұмат жоқ! Ендеше, ол мұнда тек оның атын ғана тексереді. Яғни оған оны түсіндіріп жатқан уақытта ол оның мағынасынан бірдеңені көзіне елестетусіз, тек айтылған сөзді, естігенін ғана тексереді. Шамасы /231-бет/, адамдар арасында табиғатынан жетіспеушілігі, кемістігі бар немесе расты, дәйекті білімге негізделген көптеген бірінші алғышарттарды білуге келгенде әлсіз жандар болуы мүмкін. Олардың ойлауындағы (логикалық бөлігіндегі) /92/ бұл туа біткен кемістік оларды туғанынан соқыр адамдарға ұқсас етеді. Туғанынан соқыр [адам] түстерді өз көздерімен көре алмайтыны сияқты, табиғатынан кілтипаны бар адам да көптеген бірінші алғышарттарға ие бола алмайды. Сондықтан, туғанынан соқыр жанның түстердің болуына күдіктенуі мүмкін болатыны сияқты, ондай адамның да осы алғышарттарға күмәндануы мүмкін. Біздің түстердің бар екеніне күмәнданатын адамға қатысты жасай алатынымыз - оларды түстердің бар екендігін [созбен айту] арқылы дәлелдеу. Сол сияқты, бірінші алғышарттарға күмәнданатын адамға қатысты да оған тек олардың [логикалық] дұрыстығын дәлелдеуден басқа қолдан келер шара жоқ. Тумысынан соқыр адамның түстің мағынасын [мәнін] өзінің жанында елестете алмай, олар туралы біздің айтқанымыздан еститіні сияқты, Бұл адам да алғышарттардың мағынасын түсіне алмай, олар туралы біздің айтқанымыздан ғана естиді.
Бірақ тумысынан соқыр түстер туралы істің жағдайын [айтқанымыздан] анықтай алады, ал ойлауында (логикалық бөлігінде) өмір сүруінің алғашқы [күнінен] бастап табиғи кілтипаны бар адам өзінің кінәратына сай, кез келген бірінші алғышарт туралы істің мән-жайын түсіне алмайды. Көптеген адамдарды олардың бойында осындай кемістіктің бар екеніне сендіру оңайға түспейді. Ал көптеген бірінші алғышарттарды мойындамайтын немесе оларға күмәнданатын, немесе олардың соз арқылы көрініс табуының мағынасын түсінбейтіндіктен, оларды тексеретін, не осы уақытқа дейін жасаған өз істерінде оларды қолдану әдеті болмаған адам солардың арқасында олардың көріністерінен [жеке жағдайларынан] алынған мысалдарын менсінбейді және оның ақылы әлгілерде болатын қандай да бір затқа сүйенбейді. Сондықтан да ол біз жоғарыда келтірілгендерден /232-бет/ тыс тұрады. Осылайша, Бұл екеуіне олардың күмәнданатынын пікір айту арқылы түсіндіруге болады. Ал олардың сөздік көрінісінің мағынасын көзіне елестете алмағандықтан, осыны мойындамайтындарға олардың мағынасы туралы пікір айту арқылы түсіндіріледі. Ал ол екеуінің басқасына түсіндіру [осы заттардың] өмірде бар көріністері мен жағдайларынан алынған мысалдар арқылы жүргізіледі. Сол сияқты, осы екеуінің де күмәнданатыны диалектикалық ізделінетін [қағида] бола алмайды. Бірақ этикалық көзқарастар мен қылықтарға қатысты көпшілік жалпылама қабылдаған заттарды [көзқарастарды] біз сезіммен қабыл аламыз. Олар жоққа шығаруға келмейді. Осы көпшілік жалпылама қабылдаған заттардың көптеген универсалийлері -[куллияттары] олар универсалийлер болғандықтан, жартылай жалған екендігіне байланысты, ақиқаттығы анық емес болып қалады. Біз олардың ақиқат бөлігін бөліп ала алмаймыз, сөйтіп ғылымдар негізінде олардан пайда көрмейміз. Соның салдарынан, олар қажетті түрде терістеуге ұшырайды. Бірақ оларға толығымен қайшы келетін пікір іздеуге болмайды, себебі бұл жағдайда олар толығымен [универсалийлерді] жоққа шығарады. Сондықтан олар тек жартылай қайшы болып, оларға қайшы пікірді де жартылай талап етіп, [олардың] әрқайсынан әдейілеп ақиқат бөлігін шығарады. Бұл жағдайда олар ғылымдар үшін дайындық (жаттығу) болып табылады. [Көпшілік жалпылама қабылдаған заттардағы] сезіммен қабылданатын көріністерде оларға қарсы шығатынды және оларға қайшы келетінді, яғни ондағы (қайшылық шығатын бөлімдегі) сезіммен қабылданатын заттар бөлігіндегіден бойды аулақ ұстау керек. Керісінше, қайшылыққа оларға катысты шарт немесе оларға шек қоятын шарт шығатындай қарсы тұру керек. Бұл жерде сөз оларда ақиқат болып саналатынға және қайсыларында сезіммен қабылданатын көріністер қалатын болса, соларға қойылатын талап туралы болып тур. Сондықтан да оларға ең жақсысы - оларды ізделінетін [қағида] етпеу немесе оларды солардың өзінің жалған бөлігін жоятын және олардағы сезіммен қабылданатын заттардан ештеңені алып тастамайтын шарттармен біріктіру болып табылады. Сөйтіп, олар кез келген көпшілік жалпылама қабылдаған заттардағы ізделінетін қағида етіліп қойған жалпылама қабылданған жалғанды (кінәратты) жояды /232-бет/. Осыған сәйкес, этикалық немесе ортақ қылықтарға қатысты, көптеген жалпылама қабылданған заттарға қатысты да солай жасалу керек. Егер де олар шартпен не шарттармен шектелмей, толығымен немесе абсолютті алынып, қолданылар болса, онда сонысымен көп
жағдайда зиян шектіреді. Сондықтан оларды диалектикалық ізделінетін [қағида] етпеу керек немесе шарттарды оңай табу үшін олардың аракідік кездесер қарама-қарсылықтары арқылы оларды бекерге шығарудың да керегі шамалы. Оларды қатыстырар болсақ, онда жағдай-шарттарды тапқанға дейін бұл заттар абсолютті қолданылғандықтан келтірілер зиян бұл заттарды қолданған уақытта жойылатын еді. Сонымен, осы заттармен қатар, шарттарды қатыстыра қолданғанда, олар ізделінетін [қағидаларға] айналса, онда оларды қолданбау керек, керісінше, шарттарды қатыстырғанда - бұл заттардан кілтипаны барын жоятынды қолдану керек. Мысалы, келесі пікірдегідей: «Адам өзінің әке-шешесін жек көруі керек пе әлде жоқ па?», «Адам өзінің әкешешесін құрметтеуі керек пе әлде жоқ па?». Оған сұрақтағы кілтипанды жоятын шартты қосқаннан кейін, алатынымыз мынау: «Адам өзінің әке-шешесі Құдайсыз (гяур) болса, оларды сыйлауы керек пе әлде жоқ па?», «Адам зұлым жандарды жек көруі керек пе әлде жоқ па?», «Олар адамға оз ар-ұжданына қарсы әрекет етсін деп бұйрық берсе, оған бағынуы керек пе әлде жоқ па?». Сонымен, бұл шарттар және оларға ұқсастар бұл сұрақтардан ондағы жаманды жояды. Сондықтан да, олардың ізделінетін [қағида] болуы наразылық тудырмайды, бірақ оларға толығымен қарсы бола¬тын көзқарасты талап етуге қатысты сақ болу керек. Олардан жалпы дүние үшін ізделінетін [қағида] жасауға тырысу керек, әрі олар осы шарттардың бар болуын түсіндірмейтін оларды дәлелдеудің басқы шарты болады. Дәл ел шарты орналасқан нәрсе толығымен не терістеуге, не диалектикалық қайшылыққа ұшырамауы керек. Сонымен, қандай жалпылама қабылданған заттар диалектикалық ізделінетін [қағидалар] бола алады және олардың қайсысы ондай бола алмайтыны анық түсінікті. Ал, ізделінетін қағидаға /233-бет/ және диалектикалық жағдайларға қатысты оларды диалектикалық әдіске қайшы келетін теріс ізделінетін [қағида] шықпайтын қатынаста және күйде алыну керектігі түсінікті болды. Алғышарттарға күмәнданатынға (күмәндануға болады деп есептелетін нәрселерге) келер болсақ, онда оны барлық адамдар не өзінің әрекеттері арқылы, не өзінің әдеттері арқылы қабылдайды және сол алғышарттар ұстанбаса, онда олар жазаланады. Ал, өзінің мәніне сай, көріністері сезіммен қабылдауды қажет ететін алғышарттарға күмәнданатын жан оларды елемейді және олардың ішінен оған диалектикалық қағида ретінде күмәнданатындарын мүлдем пайдаланбайды әрі оларды түпнұсқалы көзқарастар қатарына жатқызбайды. Әсіресе, егер ол олардың ішіндегі адамдардың өз әрекеттері арқылы алынатын бөлігіне қатысты күмәнданатын болса, сондай-ақ, адам оларды орындауды қойғаннан кейін жазаға тартылатындай бөлігіне қатысты күманданатын болса жағдай жоғарыдағы айтқандай. Олардың бөліктерінің ішіндегі осы [бөліктерге] сезіммен қабылдаумен аңғарылатындар немесе сезіммен қабылданатындай қасиетке иелері және бәрінен бұрын - көп күмән тудыратындары жатады. Мысалға, төмендегіні дәлелдеу үшін керек силлогизм құрастырылса: «Ешкім ешқандай жағдайда құрмет тұтатынды жоққа шығармайды». Бұл ойды Аристотель өзінің келесі пікірінде айтқан болатын: «Бізге әрбір ізделінетін [қағиданы] және әр жағдайды зерттеудің қажеті жоқ, бізге күмәнданатынның күмәнін тудыратын нәрсені зерттеу керек. Солардың ішіндегі жазалау мен сезімдік қабылдауды
емес, айтылатын көзқарасты қажет ететінді зерттеуіміз [өткізуіміз] керек.» Бұл - күмәнданатындар мен төмендегідейді айтатындарға қолданатын нәрсе: «Аллаға табыну керек пе әлде жоқ па?»; «Әке-шешені құрметтеу керек пе әлде жоқ па?» - (олар жазаны қажет етеді) және күмәнданып, былай дейтіндерге: «Қар жауды ма әлде жоқ па?» - (олар сезімдік қабылдауды қажет етеді). Философтар өздерінің көзқарастарында бір жерден шықпай, бір-біріне қарсы туратын заттарға қатыстыларына келсек, онда, көбінде, олардың жағдайын қарастыру керек. Жалпы бұл заттар диалектикалық қағидалар жасауға болмайтындарға /233-бет/ жатады. Олардың арасында оларды дәлелдейтін немесе бекерге шығаратын оларға не жақын да емес, не алыс та емес көпшілік жалпылама қабылдаған алғышарттары болмайтындары да кездесуі мүмкін. Керісінше, олар көпшілік қауымның ойына келе бермейтін алғышарттармен және пайда алып келмейтін, көпшілік қауымда олардың не сондай, не басқадай болуы туралы еш көзқарас қалыптаспаған заттармен расталады. Мысалы, келесі пікірдегідей: «Айдың өзінің қозғалыс жолынан, яғни оның күнмен бірге тұрған (сәйкес келген) немесе қарсы түскендегі жолынан басқа, оның үш есе көбейгеніндегі немесе алты есе көбейгеніндегі жолы күн [жолынан] ажырайтындай [басқа] жолы бар ма әлде жоқ па? Күннің ең жоғарғы нүктесі (апогейі) аспан шоқжұлдыздарының алмасуының ізімен өтетін қозғалыс емес пе әлде жоқ па?». Бұлар [айтылғандар] математикалық ғылымның өкілдері ғана келісе алмайтындар қатарына жатады. Істің жағдайын түсіндіретін алғышарттар дегеніміз олар туралы көпшілік қауымда еш пікір қалыптаспаған алғышарттар және ешқандай көзқарас тұрақталмаған алғышарттар. Оларды тек математикалық ғылым өкілдері ғана біледі. Сонымен, тура осындай жағдайда тұрған ізделінетін [қағидалар] ешқашан да диалектикалық ізделінетін қағида болмауы керек. Олар ғылыми ізделінетін (қағидалар) ғана болуы тиіс. Тек ғылымда ғана дәлелденетіндерге қатысты емес заттар сол арқылы дәлелденетін немесе бекерге шығарылатын, немесе аталған екі әрекетке де [солар арқылы] ұшырайтын көпшілік жалпылама қабылдаған алғышарттар болады. Бірақ осы заттарға дәлелдемені оларды қарастырушы адам жағынан келтіру қиынға түсуі мүмкін. Оның себептері қарастырушының қабілеттілігіндегі тумысынан бар кемістігі және оларға силлогизм табудағы әлсіздігі немесе силлогизм құрастыруға қажетті деңгейде ақылының дағдыланбауы болуы мүмкін, немесе оларға біріншілерінен ажыратылуы қиын басқа зат қосылуының салдарынан адам оған қатысты ақиқат [заттарды] лезде таба алмаған соң да оларға дәлелдеу құрастыру қиынға түседі. Қандай да болсын бір кез келген затқа силлогизм құрастыруды қажет етпейтін заттарға /234-бет/ және оған еш ойланусыз немесе жеңіл ойлану арқылы дәлелдеме табыла қалатын заттарға тоқталсақ, онда олар алдын ала жаттығу мен алдын ала қарастыруды қажет қылмайды. Егер осы және осыларға ұқсас заттарды қалың көпшілік оқып үйренуді қажет етсе, онда оларды [жеңіл немесе оңай] табылатын дәлелдер арқылы оқыту мүмкін. Себебі, Бұл дәлелдер олардың өздері үшін де қиын емес дәлелдер және олар өз-өзінен айқын әрі олар - көпшілік жалпылама қабылдаған заттар жиынтығына кіреді. Аристотель өзінің келесі пікірінде осыны айтып отыр: «Жеткілікті жақын дәлелі барға да, жеткілікті алшақ дәлелі барға да күдіктенбеу керек. Өйткені онда күдік болмағандықтан ол жаттықтырушы өнердің қарастыруынан әжептәуір алыс тұрады».
Ол өзінің «жеткілікті жақын» деген пікірінде дәлелдеуші бірінші алғышарттардың таяулығын айтып тур, оларға ойланып-толғанусыз-ақ, жеңіл-желпі зерделеу арқылы да дәлелдеме табылатындығын ескеріп тұр. Сондықтан да осындай жағдайдағы заттарға алдын-ала жаттықтырудың және оларды не дәлелдеуге, не терістеуге ұшыратудың керегі жоқ. Ал «жеткілікті алшақтау» деген пікірінде ол көпшілік жалпылама қабылдаған алғышарттардан алшақтау заттарды айтты. Олардың алшақтығының мәні, біздің жоғарыда келтірген мысалымыздағыдай, яғни айдың қозғалыс жолының айырмашылығы сияқты, олармен мүлдем ешқандай байланыстың болмауында тұрады. Көпшілік жалпылама қабылдаған алғышарттар мен көптеген синонимдік (бар көптікті құрастырушы) силлогизмдер арқылы дәлелденетін не бекерге шығарыла, терістелетін заттарға келетін болсақ, онда бұл оларға диалектикалық ізделінетін [қағида] болуға кедергі жасамайды. Аристотель «жеткілікті алшақтау» деген пікірінде көпшілік жалпылама қабылдаған алғышарттардан, айтып кеткеніміздей, алыстықты көрсетпейді. Ол мұнда жалпылама қабылдаған алғышарттардың бір де біреуімен түсіндіру мүмкін емес дегенді айтты. Сонымен, көпшілік жалпылама қабылдаған алғышарттармен дәлелденетін не бекерге шығарылатын мүмкіндігі бар және расты, дәйекті білімге негізделген /234-бет/ үш ғылымда қандай да болсын бір пайда келтіретіннің барлығы диалектикалық ізделінетін [қағидалар] болып табылады. Философтардың көзқарастары бір жерден шықпайтын заттарда [өте маңызды орын] алатындар болады. Бұл олардың өзінен-өзі басым болуына, не оларды танытатын заттардың басым болуына, не қалың көпшіліктің танымында жоғары дәрежелі орынға не болуына, не олардың мәні олардың себептерін табудың қиынға соғатындығына байланысты немесе олардың өте маңыздылығы оларға дәлелдер іздеу жолының қиынға соққаны салдарынан шығады. Мысалға, мына төмендегі пікірдегідей: «Бұл дүние мәңгі емес пе әлде олай емес пе?» /93/. Шынымен, бұл көзқарас - философтардың ойларының бір жерден шықпай, бір бірінен бөлектенетін заттар қатарына жатады. Бұл көзқарас ең маңызды мағынаға не, өйткені ол (өздігінен) ізделінетін қағида және бүкіл әлемге таралғандықтан, тіршілік басымдылығы (бар) дүние. Осыған оны білу арқылы келетін жағдай басымдығы (приоритеті) қосылады. Бұл жағдайда оны тану - құдайи ғылымға (теологияға) ашылған жол болып табылады. Дүние мәңгілігінің оны мәңгі деп түсіндіретін себептерін анықтау аса қиын нәрсе болып табылады. Тағы да, сол сияқты, дүниенің пайда болу себептерін ол пайда болды деп түсіндіре анықтау да қиынға соғады. Осыны қалың көпшіліктің тануының [көпшілік] үшін өте маңызды мағынаға ие екендігі рас. Сонымен бірге, егер осындай заттарда қате жіберілсе, онда ол қате басқа да көптеген заттардағы қателерге себеп болады. Ал егер оларда ақиқат орнатылса, онда бұл өте көптеген заттарда ақиқат орнатылуының себебі болады. Дәл осындай жағдайды келесі пікірлерден көреміз: «Дүние шекті ме әлде шексіз бе?», «Дене шексіздікке дейін бөліне бере ме?», «Не өткен уақытта, не болашақта тіршілік етпеген, бірақ тіршілік етуі мүмкін заттың болуы мүмкін бе?», «Өзінің жаратылысы бойынша тіршілік етпеу мүмкіндігі бар, бірақ оның тіршілік етпеуіне не өткенде, не болашақта мысал табылмайтын зат тіршілік ете ме?», «Зат өткенде болған қатынасында болашақта бола алмай ма?», «Зат болашақта болатын қатынаста /235-бет/ өткенде болмағандай тіршілік ете алады ма?».
Осыған ұқсас мысалдар заттар шындығының (өзінде) бар тексерілуі қажет, терең бойлауды керек ететін және диалектиканың барлық амалдарын толығымен қолдануды қажетсінетін мысалдар. Аристотель өзінің келесі көзқарасында соны айтқан болатын: «Олар - оларға қатысты бізде уәж-аргумент жоқ және біздің ойымызда аса маңызды орын алатын заттар. Сондықтан біздің «Неліктен олар сондай?» деуіміз «Дүниеге мәңгі ме әлде жоқ па?» дегеніміз сияқты өте қиын дүние. Сонымен, бұл келтірілген мысал жеткілікті диалектикалық мысал, өйткені «Дүние мәңгі ме әлде жоқ па?» деп айтудың сөздік көрінісіне қатысты қарағанда оған расты, дәйекті білімге негізделген бір де бір силлогизм табу мүмкін емес. Ол дүние мәңгі болса да, мәңгі болмаса да - солай. Бұл - «дүние» сөзінің қос мәнді сөздік көрінісінің болуына байланысты, оның үстіне, бұл жерде ол ұқыпсыз (тексерусіз) алынған көрінеді. Бұл жағдайда, егер ол өзінің жиынтығында алынатын болса, онда ол өзіне көптеген бөлімдер, [мағыналар] қосады; олардың кейбіреулері - ол мәңгі емес деп түсіндірсе, ал кейбіреулеріне - ол мәңгілік деп дәлелдейтін қандай да болсын бір силлогизмдер табылады, ал кейбіреулері олардың жағдайын түсіндіріп бере алмайды. Сондықтан ол [«дүние» деген сөздің көрінісі] өзінің жиынтығында алынса, онда ол кей кезде -«мәңгілік», ал кей кезде - «жаратылу, пайда болу» болып танылады. Мұндай жағдайда оған әрқашан екі қарама-қарсы силлогизм табылады. Осыған қатысты жалғыз қалған жол - одан жүйелі түрде [дүниені] (оның бар бөлімдерінің) әр бөлімін қарастыру арқылы тану. Ол [дүние] мәңгі ме әлде жоқ па деген сұрақ тұрғысынан қарастыру болып табылады және ол [дүние] қанша қатынаста, [бөлімдерде] мәңгі болады және қанша қатынаста ол туралы ол мәңгі емес деп айтатынды тауып шығу керек. Сонымен, бұл - оған дәлелдеме табуға [алып келетін] тәсіл. Бірінші тәсілге келетін болсақ, онымен әлгіге дәлелдеме табуға болмайды, тек оған бір-біріне қарама-қарсы болатын силлогизмдер ғана құрастыруға болады. Сондықтан Гален деген емші осы ізделінетінге дәлелдеме беру жолын таппады. Жеке тоқтап отсек, ол әлгіге дәлелдеме жоқ деп есептеген. Дәлелдеменің [барлығы] оған қатысты теңбағалы және оның (дәлелдеменің) құрамындағы заттар /235-бет/ абыржу туғыздырады деп есептеген. Сондықтан Аристотель осыған ұқсас ізделінетіндерді. диалектикаға тән ізделінетіндерге [қағидаларға] жатқызатын, өйткені олар осы [мағынада] алынғанда, оларға қатысты даудың [қарсыласудың] қиын болғаны соншалық, олар не саябырсымайтын, не бітпейтін еді. Екінші дәрежелі маңызды, жеңіл сұрақтарға, яғни адамдардың ондағы ақиқатты жеңіл таба алатындай сұрақтарға келетін болсақ, тіпті [сұрақтар] философтар бір-бірімен келіспейтін сұрақтар қатарына кірсе де, әлде осы сұрақтар ізделінетін қағида болса да, адам олардағы ақиқатты тез арада тапса, онда олармен көп шұғылдану қажет емес. Мысалы, келесі айтылғандар: «Адамға оз киімін тазалау керек пе әлде оны кір күйінде қалдыру керек пе?», «Адам біреудің алдында тұрған тамақты ішуі керек пе әлде жоқ па?», «Адам біреулердің арасында өз аяғын созуы керек пе әлде жоқ па?». Міне, осы мысалдар мен оларға ұқсастары - тіпті бізден бұрын өмір сүрген адамдар олар¬мен келіспесе де маңызсыз (ұсақ) сұрақтар болмақ. Бірақ олар, сонымен қатар, диалектикаға да қатысты сұрақтар. Ал басқа [бірінші] аса маңызды сұрақтар оларға [екіншілеріне] тексеру [тұрғысынан алғанда] олардың алдында болуы тиіс. Алғышарттар түрлері ізделінетін қағида түрлеріне сәйкес келгенде орын болып табылатын алғышарт түрлері ізделінетін [қағидалар] түрлеріне сәйкес келуі тиіс /94/. Сондықтан
ізделінетін [қағида] түрлерін атап шығу қажеттілігі бар, орындар соларға сәйкес алынады. Ізделінетін [қағидалар] түрлері олардың предикаттарының айырмашылықтарына сәйкес ажыратылады. Өйткені олардың предикаттары солар арқылы бұл [қағида] ізделінетін [қағида] болып табы¬лады және біз субъекте тек предикат болуын талап етеміз. Сонымен, әр ізделінетін [қағидадан] оның предикатының оның субектісінде бар-жоғын айқындау талап етіледі. Ізделінетін диалектикалық [қағида] әрқашан ортақ предикатқа ие болады. Ізделінетін диалектикалық [қағидалар] мен диалектикалық жағдайлар жалпы және ерекше болып келеді. Жалпы диалектикалық қағида предикаттың субъекте болуын немесе предикаттың қандай қатынаста болатындығын көрсетпей тіршілік етпейтіндігін бекітетін және талап ететін /236бет/ қағида болады. Ерекше ізделінетін [қағида] деп бар болу қатынасынан шығатын, предикаттың субъекте қандай да болсын бір қатынаста бар болуын орнататын қағиданы айтамыз. Предикаттар түрлерінің әрқайсысы бармен қандай да болсын бір қатынаста тұратындары субъект анықтамасы болып табылады немесе оның ерекшелігі, немесе оның белгісі, немесе оның түрі, немесе [оның] айырмашылығы, немесе [оның] акциденциясы болып табылады. Терістеу мен дәлелдеу - дәлелдеуші жалпы үлгіде дәлелдей алатындығына, ал терістеуші жалпы түрде бекерге шығара алатындығына қатысты бөлінеді. Бұның себебі предикаттың субъекте бар болуы немесе болмауын дәлелдеуші адам жалпы дәлелдеуді жүзеге асырып тур. Теріске шығарушының да жағдайы дәл сондай болады. Предикат субъектте оның түрі немесе оның анықтамасы, немесе оның ерекшелігі және т.с.с ретінде бар болуына келетін болсақ, онда оған қатысты ерекше [жеке] дәлелдеу орындалады. Дәлелденетіннің не терістелетіннің орындары туралы да жағдай дәл солай болмақ. Олар да келесідей болып бөлінеді: 3. Предикаттың субъектте бар болу-болмауын дәлелдейтін не бекерге шығаратын орындар;
4. Предикаттың субъектте оның түрі, оның ерекшелігі немесе оның акциденциясы және т.с.с. ретінде бар болуын не бекерге шығаратын, не дәлелдейтін орындар. Анықтама /95/ деп заттың сол арқылы ол [зат] бар болатындай мағынасына сілтейтінді айтады. Анықтаманың белгісінен алынған бұл мөлшер мұнда жеткілікті. Оның [анықтаманың] жағдайы «Дәлелдеме» кітабында мұқият зерттелген. Сол арқылы ол тіршілікте бар болатындай заттың мағынасы, оның мәнін және оның тіршілік етуінің, болуының мазмұнын құрайтын белгілер сияқты, заттар белгілерінен алынады. Мұнда ол [анықтама] заттың не екенін көрсететін баяндау түрі дегенмен шектелмейді. Өйткені, егер тектің анықтамасы түрге предицирленсе (тиістірілсе, ұштастырылса), онда бұл заттың не екенін /236-бет/ көрсететін баяндау түрі болады. Бірақ ол осы заттың анықтамасы бола алмайды, өйткені түр тектің орнын алғанда оның анықтамасы тектің анықтамасына қарағанда жалпылау болады. Сондықтан онда ненің арқасында, яғни қай мағынаның арқасында ол [зат] бар болса, сол мағына талап етіледі және сол туралы айтылады да. Оның
себебі соның көмегімен оның сол арқылы тіршілік ететін, болмыстық белгілерінің және оның мәнінің мазмұнын құрайтынның барлығын қамту керектігінде жатыр. Сондықтан заттың анықтамасы осы зат үшін ерекше [спецификалы] болуы тиіс және оны предицирлеуде (тиістіруде) көрініс табатын және оны қалған басқаларынан [заттардан] бөліп шығаратын әрі оның мәнінің мазмұны сол арқылы бар болатындай оның себептерін көрсетіп беретіндей болуы тиіс. Сондықтан осы заттың анықтамасының бөлімдері шынымен де оның алдында болуы керек және олар осы затқа қарағанда айғағырақ болуы қажет. Сонымен қатар, оның мәнінің мазмұнын қурайтындардан басқа артық ештеңе болмауы тиіс, өйткені ондағы артық дүниелердің барлығы - онда акциденталды түрде болатындар. Егер [зат] туралы оның есімі бірдеңені білдіріп тұрса да және оған [затқа] айтылған соз /96/ меңзеп, көрсетіп тұрса да екі жағдайда да - анықтама болуы мүмкін. [Зат] туралы айтылған сөз меңзеп тұрған жағдайда, ол айдың тұтылуының анықтамасына ұқсас: «Ол - айдың жер айды күннен жауып қалған жағдайында пайда болатын айдың қараңғылығы». Мұнда айтылған сөз анықтаманың бөлімдерінің анықтамасы алынғанда және олардың жиынтығы анықтаманың бөлімдерінің жиынтығы көрсеткенге меңзеп тұрғанда, анықтама орнына анықтама ретінде жүреді. Мысалға, «сөйлейтін жануар» -оның орнына келесі сөйлем алынуы мүмкін: «Адам қылықтарындағы әсемдік пен ұсқынсызды айыру үшін ғылым мен өнерді игеруге қажет күші бар, тыныс ала алатын және сезіне алатын монада». Тағы да анықтама белгі (белгі дегеніміз айтылған сөз) орнына жүре алады. Бұл жағдайда анықтама белгінің көрсететін нәрсесін білдіретін болады. Егер жағдай тура осындай болса, онда белгі де, анықтама да бір нәрсені көрсетеді. Заттың анықтамасы мен оған сілтейтін айтылған сөздің қатынасы да тура осындай жағдайда болады. Бұл айтылған соз жеке есім болмағанда, мысалға, «түзу сызық», «жұп сан» деген сияқты болмағанда, немесе анықтаманың бөлімдерінің анықтамасының жиынтығы болған жағдайда, немесе белгі ғана болған жағдайда заттың атауының орнын ала алады. Сонымен, бұл жағдайда анықтама мен осы пікір бір затқа сілтейтін болғандықтан олар сан жағынан да бірдей /237-бет/ болып келеді. Затты біріншісіне қарағанда айғағырақ оның басқа есімі арқылы анықтау оның анықтамасы бола алмайды, бірақ анықтамаға ұқсас болады. Ол екеуінің де саны бойынша бірдейге сілтеуінде көрінеді. Ерекшелік /97/ дегеніміз предикат. Ол бұл заттың не екенін көрсетпейтін, бірақ оның өзі үшін бар болатын, тіршілік ететін және оның жалғыз өзіне тұрақты болатын предикат. (Тура осындай ерекше нәрсе - ақиқат). Ерекше нәрсе өзінің субъектісінде предицирленуінде (тиістірілуінде) көрінеді және әр уақытта оны басқа қалғандарынан ажыратады. Бірақ ерекше нәрсе бұл заттың мәнін ашпайды. Ерекше нәрсе айтылған пікір де, жеке соз ретінде көрініс табатын ұғым бола алады. Ол [ақиқатты] ерекше және ақиқатсыз жалған ерекше де болады. Ол келесідегідей болып бөлінеді: 1) Тек түр үшін ғана болатын, бірақ барлық [зат] үшін болмайтын ерекше. Мысалға, «адам шашының ағы», «адамның жүзуі». (Мен мұнда адамның теңізде жүзу қабілетін айтып отырған жоқпын, өйткені ол ерекше ақиқат болып саналады).
2) Қандай да болсын басқа түрге қосылу арқылы ерекше болатын ерекше. Мысалға, «екі аяқты». Бұл ерекше адамды жылқыдан ажыратады. 3) Орналасуы және белгілі уақыты бойынша ерекше болатын ерекше. Мысалға, біздің келесі айтқан пікіріміздегідей: «Зейд - Амрдың оң жағындағы [орналасқан]». Бұл Зейд үшін белгілі бір уақытта ерекше болатын нәрсе. Ерекше [ақиқаттың] анықтамамен субъект үшін ғана тіршілік етіп, бар болатындығы туртысынан ортақтасады және тек оған тиесілі болуымен әрі онымен тұрақты қатыстылығы жағынан ұқсас болады. Ол оның онда предицирленуінде (тиістірілуінде) көрінеді және оны қалған басқа субъектлерден бөліп алады. Бірақ ерекше [ақиқат] анықтамадан оның [субъектінің] мәнін көрсеткенімен өзінің әрқашан айтылған пікір бола бермеуімен, керісінше, жеке-дара соз арқылы көрініс табуымен ерекшеленеді. Ал анықтама әрқашан айтылу түрінде болады... Тек /98/ деп [түрден] оның түр болғандығы қатынасында ажырайтындардың көбісіне предикат болатынды айтады. Айырмашылық /99/ [бөлектік] дегеніміз заттың өзіндік мәніне қатысты түрден өзгешеленетіндердің көбісіне предикат болып табылатын нәрсе /257-бет/. Айырмашылықтың текке көптеген ұқсастықтары бар. Ол да, заттың мәні туралы тек беретін білімді, ол қалай берсе, дәл солай береді. Ол да түрімен ажыратылатындардың көбісіне предицирленеді (тиістіріледі). Тектің де анықтаманың бөлігі болатындығындай, айырмашылық та анықтаманың бөлігі болып табылады. Олардың екеуінің де айырмашылығы мынада: айырмашылық түрді онымен оның жақын тегін ортақтастыратынның барлығынан бөліп шығарады және айырмашылық [орналасу] тәртібі бойынша түрден кейін жүріп отырады. Бірақ бұл жерде соз болып отырған сол [айырмашылық] мұнда көпшілік жалпылама қабылдаған айырмашылық болып табылады. Ал осы айырмашылықтың анықталуы оның көпшілік жалпылама қабылдаған анықтамасы болып табылады. Көпшілік жалпылама қабылдаған анықтама, мысалы, келесідегідей: «тұрып жүретін», «екі аяғы бар». Мұндағы екі мысал да адамның екі айырмашылығы болып табылады. Мұндағы екеуінің әрқайсысы да осы түрмен ажырайтындардың көбісіне тиістіріліп қояды. Тек пен айырмашылықтың анықтамамен ортақ тусы - олардың екеуінің де тек тур үшін ғана тіршілік ететіндігі және түгелдей сол үшін тұрақты болғандығында. Олардың одан айырмашылығы - олардың бір тектен көбірек шамада қолданылуы және олардың әрқайсысының, міндетті түрде, айтылған пікір болуы тиістігінде. Ал анықтама әрқашанда айтылған пікір болады. Түр /100/ деп оның [түрдің] не екендігіне қатысты сан жағынан ажыратылатындардың көбісіне предикат болатынды атайды. Бұл түр шекті (соңғы) түр болатыны... түсінікті. Орта түр дегеніміз тек болып табылады және одан тек қосылымы арқылы ғана ажыратылады (себебі текті түр деп одан жалпылау текке қосылғандар ғана аталады). Акциденция /101/ екі белгімен таңбаланады. Олардың біреуі не тек, не тур, не айырмашылық, не анықтама, не ерекше болмай-ақ зат үшін тіршілікте, бар болады, ал екіншісі - бір ғана затқа, ол қандай болса да, тіпті егер ол үшін жоқ болса да болатын белгі.
Ол нақ осы екі белгімен таңбаланады. Өйткені олардың (екеуінің) еш қайсысы да /238-бет/ акциденцияны тануда, жеке алған түрде, жеткілікті болып шықпайды. Бұл акциденцияның бөлуші акциденция, не бөлмейтін акциденция ретінде болатындығында байқалады. Демек, екінші [белгі] тек бөлушіні қамтиды, ал бірінші белгі бөлушіні де, бөлмейтінді де қамтиды. Бірақ ол [бірінші] акциденция табиғатын танытпайды, ал екіншісі оның табиғатын танытқанымен, бөлуші табиғаты ретінде танытады. Сонымен, бірінші белгі акциденцияның орнына акциденция емес туралы білім берсе, екіншісі (акциденцияның) не екені туралы білім береді. Біріншісі осы [екі белгінің] әрқайсысын алдын-ала ұғындыру үшін түсінікті болуы мүмкін емес, [ал екінші] өзінен-өзі түсінікті. Акциденцияның басқа заттардан айырмашылығы анық. Ол олар¬мен тек тур үшін бар болатындар арқылы ортақтаса алады. Ал қалған айырмашылықтарға келсек, онда акциденция олардан ондағы бүткіл барымен ерекшеленеді. Бұл акциденцияның түр бөліктері үшін бар бола алатындығында, тіршілігінде көрінеді. Акциденция түрде тек қасиетінде болатын акциденция ретінде және түрде тек қасиетінде болмайтын акциденция ретінде көрінеді. Түр өзінің мәні үшін өзгермейтін болып қалады. Басқа заттың ешқайсысында түрді бөле алатындай ешбір зат болмайды. Түр (ол зат субъектісі үшін түр болатын қатынаста алынғанда) ізделінетін диалектикалық [қағиданың] предикаты болып мүлдем қолданылмайды. Өйткені егер ол [өзінің] субъектісі үшін түр болатынға предикат болып табылса, онда диалектикалық пайымдау болып табылмайтын, риторикалық немесе поэтикалық болып табылатын жеке-дара пайымдау [қалыптасады]. Бірақ түр [өзінің] анықтамасы мен [өзінің] ерекшесінде көріне алса, онда оны әлгілерге тиістіруге болады (ол предицирлене алады). Сол сияқты, ол ондағы акциденцияға да тиістіріліп қойыла алады (предицирлене алады). Мысалы, келесі айтылған пікірдегідей: «Бұл еркек-адам». Мұндағы «адам» дегеніміз тұр /238-бет/ болады, бірақ «еркек» үшін түр бола алмайды. Ал «бұл еркек» деген үйлесімде адамға акциденция ретінде жанасады да, еркек жынысына қатыстылығын белгілейді. Қалған универсалийлер (күллияттар) диалектикалық ізделінетін [қағидалар] предикаты сапасында қолданылады. Осы предикаттардың барлығын олардың субъекте болуы біріктіреді. Олар, ретіне қарай, өздерінің тіршілік ететін қатынастарында ажыратылуымен ерекшеленеді. Олардың әрқайсысы бұл болмыста басқа ешкімге тән емес, тек соған ғана тән оз тобында орналасады. Солардың ішінде акциденция ең айрықшаланатын болып табылады. Себебі ол олармен [предикаттармен] оның тек барлығында, тіршілікте болуында ғана ортақтас болады. Қалған предикаттар басқа заттармен ортақтастықта болады және өзара айырмашылығын білдіреді. Олардың әрқайсысы басқалармен бір ғана немесе (көптеген) заттарда ортақ болып,'сөйтіп оған зат немесе заттар қатысты болады. Олардың әрқайсысы тек онымен басқалар арасында ортақтастықты құрайтынды және оған қатынастының барлығын растайтын жағдайды ғана дәлелдейді. Олардың әрқайсысы тек [өзінің] барлық шарттарын растау арқылы ғана дәлелдейді және [өзінің] шарттарының біреуін терістеу арқылы жоққа шығарылады. Олардың әрқайсысын растау, теріске шығаруға қарағанда, қиынырақ. Олардың көп шарттары барларының әрқайсысы теріске шығаруға ең жеңілі және растау үшін ең қиыны болып табылады.
Сонымен, (олар арқылы) анықтау /102/ теріске шығару үшін ең жеңіл және растау үшін ең қиын анықтау болып табылады. Орындар туралы да осындай жағдай деуге болады. Олар: 1. Барлық [заттар] үшін ортақ орындар. Олар субъектегі предикаттың бар болуын дәлелдейді не теріске шығарады. 2. [Әр заттар үшін өзіндік, спецификалық], іштей тән орындар. 3. Екі немесе үш [заттар] үшін ортақ орындар. Біртұтастық /103/ (бір ғана нәрсе) бес [мағынаны] білдіреді: 1. Тегінде біртұтас, мысалы «адам» және «жылқы», олардың (екеуі) тегінде бірдей, біртұтас келеді. 2. Түрінде біртұтас, мысалы, келесі пікір «Зейд және Амр». Олар - «адам» екендігінде бірдей болады. 3. Акциденцияда біртұтас. Бұл тек бір акциденция тиістіріліп қоятын [заттар] болып табылады. Мысалы, келесі пікір, «Сүт және қар бірдей». Олардың «бірдей» біртұтастығы (екеуінің де) «ақ» болуында көрінеді. 4. Екі [заттың] бір түрде және өзінің акциденцияларының көп бөліктерінде көрінетін ортақтыққа байланысты біртұтас, мысалға, «екі [Бұлақ] ағысы бір қайнар көзден шығады». 5. Саны бойынша біртұтас. Бұл келесі [мағыналарда] көрініс тапты: 1) Екі синонимдік есімдерімен көрсетілетін заттар: «киім-кешек» (ар-рида) және «жапқыш» (ал-изар); 2) анықтамамен және есіммен немесе анықтама орнын басатын сөзбен көрсетілетін зат. Мысалы: «адам» және «сөйлейтін тірі ағза». Мұнда олар бірдей нәрсені көрсетеді; 3) Бұл, мысалы, екі акциденция бір зат туралы айтып, екеуі де саны бойынша бірдей нәрсені көрсететін зат. Бұл олардың (екеуінің) біреуі үшін бар болатын, басқасына да бар болатынның бірдей болуында көрінеді; 4) бұл, мысалы... [түр] мен акциденция заттағы бірдейді түсіндіргенде көрінеді. Аристотель біртұтас, бірдей (бір нәрсе) акциденцияға жататынын көрсетпеген. Ол бір түрде және өзінің көптеген акциденцияларында ортақтастығы бар затты аяққы жиынтығында біртұтас бірдейге жатқызады. Сондықтан бірдей біртұтас, оның бөлуі бойынша, үш қатынасты білдіреді: 1) тегінде біртұтас; 2) түрінде біртұтас; 3) саны бойынша біртұтас. Олардың әрқайсысы басқасына қарсы тұрады. Сөйтіп, тектегі бірдей біртұтасқа тектегі басқасы қарсы тұрады. Олардың екеуі екі жоғарғы текке қатысты болады. Түрдегі бірдей біртұтасқа басқаша түрлерге қатысты /239-бет/ түрдегі біртұтас қарсы шығады. Ол - бір жоғарғы текке апаратын немесе көптеген жоғарғы текке қатысты жататын түрдегі басқа. Бірақ егер олар көптеген жоғарғы тектерге қатысты болса, онда олар тектегі бірдей біртұтасқа қарсы тұрушының басқасына жатады. Сондықтан түрдегі басқа деп алуан турге жататын, бірақ бір жоғарғы текке бастайтын көптеген заттарды есептейді. Аттарға келер болсақ, онда сол аттардың меңзейтін (заттары) атаулардың санына байланысты болады, ал
акциденциялар, яғни олардың субъектілері болып табылатын сол бір (заттар) солардың санына сай кездеседі. Ал анықтама мен атауына келер болсақ, онда олардың біреуі сілтеген (затқа) басқасы сілтемейтін болады. Сондай-ақ, жағдай акциденция мен текте де осылай болмақ. Жалпы кемелденуге келгенде бір-біріне қарсылас екі басқа (зат) өзара не бір предикатта, не бір субъектіде жалпы (ортақ) бола алмайды. Бұл олардың екеуінде де предикаттың та, субъектінің де мүлдем жоқ болған жағдайында немесе олардың екеуінде де екі предикат пен екі субъект бар болған жағдайда орын алатын нәрсе. Жалпы предикаты, не жалпы субъектісі бар екі зат бірдей [тең]. Олардың ортақ жалпы предикаты ие тек, не түр, не акциденция болуы мүмкін. Айырмашылық [анықтама] дегеніміз орта түр немесе орта тектің бөлігі. Жалпы субъекті бар екі [затта] екі атау, не екі айтылу түрі болуы мүмкін немесе атау мен айтылу әлде екі акциденция не акциденция және тур болуы мүмкін. Саны жағынан тең ондай [заттардың] тобынан шығатын, [басқадан] айырмашылығы бар екендігін білдіретін жалғыз тұтастық дегеніміз өмірдегі көптік арқылы көрінетін /240-бет/ екі қарама-қарсы заттардан туратын дүние. Көптік бір затпен ортақтастық табатын болса, онда ол не предикат, не субъект болғаны. Оларды (әлгі аталғандарды) біртұтас деп қараймыз, өйткені біртұтастық (осы) жалғыз нәрседе ғана ортақтасады және біртұтастықтың басқадан айырмашылығы - оның онда (көптікте) ортақтаспайтындығы. Егер көптеген заттар предикатта да, субъектіде де ортақ нәрсеге ие болмаса, онда олардың барынша бірдейлікке қарама-қарсы нәрселер болғаны. Бірдей тұтастық пен [басқадан] бөлектенетін айырмашылық туралы пікір айтудың осы мөлшері диалектика өнері үшін жеткілікті. Оларға қатысты пікір айтудың тамамдалған түрде баяндалған мазмұны «Метафизикада» берілген. Бұл заттар - өздеріне сәйкес орындары бар ізделініп отырған [қағидалардың] тегі. Олардың [заттардың] әрқайсысы диалектикалық ізделінген [қағиданы] және ғылыми ізделінген [қағиданы] қамтиды. Бұл предикаттың түр "үшін не шынайы, не тек [шартты] түрде жалпыға бірдей болған жағдайда ғана тек болуы мүмкін екендігіне және оның анықтамасы ретінде не шынайы, не тек [шартты] түрде жалпыға бірдей жағдайда ғана көрінуі мүмкін екендігіне байланысты орын алып отырады. Сонымен қатар, ерекшелік [бөліну] те, акциденция да, біртұтастық та және [басқадан] бөліп қарастырылатын айырмашылық та осындай жағдайда болады. Аристотель олардың барлығын [ізделіп отырғандарды] төрт топқа біріктірді: тегі, түрі, ерекше анықталуы және акциденциясы бойынша, сөйтіп, іздестіріліп отырған [қағиданың] торт [тобын] жасады /104/. Бұған себеп болған нәрсе - оның (Аристотельдің) «ерекшелік» пен «белгіні» бір атпен біріктіріп, (олардың екеуін де) «ерекше» деп атауында. Сонымен, себеп - олардың арасындағы айырмашылықтардың аз шамада болуына байланысты, айырмашылық [бөліну] тобын белгілі бір мағынада бір топқа жатқызуында. Текті дәлелдеп көрсетілуін немесе терістелуін әшкерелейтін орындар олардың үлкен бөлігін айырмашылық [бөліну] үшін пайдалануға қажет болады. Айырмашылыққа
[бөлінуге] тән орындар қиын, күрделі емес. Бұл орындар өздерінің аз мөлшерде кездесуіне байланысты өзіндік (жеке) топқа бөлінбейді. Ол [Аристотель] акциденцияны екі типке (түрге) бөлді: 1. [Еш кедергісіз, шексіз] абсолютті акциденция. 2. [Жай] акциденцияға қарағанда, үлкен акциденция және [жай] акциденцияға қарағанда, кіші акциденция /240-бет/. Акциденцияның үлкен немесе кіші [акциденция] арқылы тексерілетін іздеулі [қағидаларын] ол шексіз (абсолютті) акциденцияға қосты. Бұл қай бір заттың ол акциденция болған жағдайда өзінің субъектісіне көп немесе аз мөлшерде предицирленетіндігінен (тиістірілетіндігінен) болатын нәрсе. Ал текке келер болсақ, онда ол оз субъектерінің ешқандай затына не көп, не аз [мөлшерде] предицирленбейді (тиістірілмейді). Осы сияқты, анықтама мен ерекшелік те оз субъекттерінің ешқандай затына не көп, не аз [мөлшерде] предицирленбейді (тиістірілмейді). Екі [заттың] біртұтастық па әлде екі бөтен дүние ме екендігі тексерілетін іздестіріліп отырған [қағидаға] келетін болсақ, онда бұл тексеріс Аристотельде үш түрлі қатынаста жасалынды: ол тегі жағынан біртұтастықты алды немесе, басқаша айтсақ, бір тектің тобына қатыстылардың тегі бойынша ажыратылуын алып қарастырды. Ол (Аристотель) берілген белгілі тектің осы субъектіге тән екендігін дәлелдейтін орындарды алады. Ондай орындар бұл тектің екі затқа (тән екенін), ал ол екі заттың екеуі де бір текке жататындығын немесе бір текке жатпайтындығын растайды. Біртұтастықтың саны жағынан да және айырмашылықтарының саны жағынан да бірдей болуы талап етілетін нәрсеге ол анықтаманы қосты, сөйтіп барып олар туралы бір кітап жазды. Анықтауды растау үшін және саны жағынан біртұтастықты терістеу үшін Аристотель ондағы ненің расталатынын және ненің терістелетінін алып қарастырды. Мұндай іздестіріліп отырған қағиданың басқа үшін керегі болса да, ол (бірдеңені) анықтауда біраз пайда әкелері сөзсіз. Сондықтан ол анықтауды растау (дәлелдеу) немесе терістеу үшін дәлелдеу ретінде ондағы дәлелденетінді, ал терістеу ретінде ондағы терістелетінді алып қарастырды. Акциденцияның бірыңғай біртұтастығы туралы айтар болсақ, онда Аристотель бұл туралы ештеңе демейді /105/. Дегенмен, ол акциденциялар тобына жатады, себебі бұл акциденция осы субъектіге тән екендігін дәлелдейтін немесе жоққа шығаратын орындар дегеніміз бұл акциденцияның осы екі [затқа] тән екендігін дәлелдейтін немесе жоққа шығаратын орындар. Ал, енді түрі жағынан біртұтастыққа келер болсақ, онда Аристотель оларды мүлдем жекедара топқа бөліп жіберген жоқ/106/, себебі, предикаты оның субъектінің түрі болып табылатын диалектикалық ізделінген [қағидада] ізделінген [қағида] болмайды (жоқ) /241 - бет/. Сонымен, біздер оның ізделінген [қағидалардың] торт тобын бергенін көреміз: 1. Акциденция. 2. Тек.
3. Ерекше. 4. Анықтама. Барлық ізделінген [қағидалардың] ұқсас ортақ тұсын - олардың предикатының олардың субъектісінде бар болатындығы немесе оларда болмайтындығын білген жон. Егер де зат туралы онда [предикат] жоқ екендігі белгілі болса және оның не акциденция емес, не тек емес, не ерекше емес, не анықтама еместігі белгілі болса немесе ол (предикат) бар екендігі белгілі болып, бірақ, оның не акциденция, не тек, не анықтама, не ерекшелік екендігі дәлелденбесе әрі оның (предикаттың) олар үшін тек қана дәлелдеме [аргументация] бермейтін тұтастық болып табылатындығы анықталса, онда будан тектегі, ерекшеліктегі, анықтамадағы жалпылық айқындалады. Ол жалпылық аталғандардың әрқайсысының оның барлық субъектісі үшін тұрақты түрде бар болатындығы, тіршілік ететіндігі арқылы көрінеді. Акциденция осысымен ерекшеленеді. Өйткені акциденция субъектісінің бір бөлігінде тіршілік ете алады. Осы үш жағдайдың (тек, ерекшелік, анықтаманың) әрқайсысы екі жолмен терістеледі: жалпы терістеу арқылы және жекелеген терістеу арқылы. Акциденцияны оның субъектін жалпылама терістеу арқылы жоққа шығарады. Бірақ акциденция жекелеген терістеу арқылы жоққа шығарылмайды, өйткені акциденция өзінің субъектісінің бір бөлігінде тіршілік етеді. Ерекшелік пен анықтама арасында жалпылық [пайда болады], ол (жалпылық) олардың екеуінің де тексіз және акциденциясыз предицирленуінде (тиістірілуінде) көрініс табады. Сондықтан, егер зат туралы оның өзіне оның субъектісіне предицирленетіннің үлкен бір бөлігі предицирленетіндігі анықталса, онда бұл заттың ерекше немесе анықтама болуының орынсыз екендігі де белгілі. Тек пен анықтама, олардың екеуінің де бар болу жағдайында ғана предицирленетіндігіне қарай, өзара ортақтығын табады. Осылайша, егер бұл заттың субъект үшін [тек пен анықтама үшін] олардың бар болғандығына қатысты предикат екендігі орынсыз болып шықса, негізсіз болса, онда олардың біртұтас текке жататындығы да негізсіз болмақ. Бұған қоса, дәлелденетін және терістелетін орындар келесі қатынастарда жіктеліне алады. Олардың біреуі /241-бет/ олардың барлығына ортақ нәрсені қарастыруда тұжырымдалады. Олар осы қатынастың негізінде топтастырылып, жіктеледі. Бұл орындар - олардың әрқайсысының, оның өзіне ғана тән, [ол үшін ерекше] түрде болмыс құруын анықтамай-ақ, (өзінің) субъектісінде тіршілік ететіндігін дәлелдейтін орындар. Осыдан кейін, тектің, анықтама мен ерекшенің ортақтастығы бар орындар қарастырылады. Бұл орындар осы қатынаста топтастырылады (жіктеледі). Осыдан кейін, тек пен анықтаманың ортақтастығы бар орындар алып қарастырылады және [осы қатынаста] олар топтастырылады (жіктеледі). Одан кейін ерекшелік пен анықтаманың ортақтасатын орындары алынады, сөйтіп осыған қатысты олар (жіктеледі). Осыдан кейін, ерекше мен анықтаманың ортақтасатын орындары жіктеледі. Будан соң [ізделіп отырған тектердің] төртеуінің әрқайсысына бөлек-бөлек алынған қатынастағы орындар аталынып өтеді. 1. Мұндай [орындарға] ізделініп отырған [қағидалардың] барлығының ізделініп отырған (қағидалардың) арасында анықтамаға бірінші маңызды орын берілген жағдайда сол анықтаманы тексеру мақсатымен басын біріктіретін орындар жатады. Мұндай жағдайда
анықтаманың неде ортақтасатындығын келтірудің өзі анықтамаға қатысты заттың дәлелдемесі болып табылады (және оның терістелуі де), өйткені бұл предикат анықтама немесе анықтамаға қарсы келетінді беру болады және оның предикаттағы дәлелдемесі - терістеу, себебі, бұл предикат - анықтама болып табылады, ал предикаттың терістелуі - анықтамаға қатысты заттардың дәлелдемесі болып табылады. Мысалы: «Бұл акциденцияның өзінің бар екендігіне, болмысына қатысты анықтамамен ортақтығы бар». Бұл жағдайда акциденцияның бар екендігін дәлелдейтін орындар анықтамаға қатысты заттың дәлелдемесі болып табылады. Акциденцияның тіршілікте жоқ екендігін анықтайтын орындар - анықтаманы терістейтіндер, яғни предикат бәлкім бар, бәлкім жоқ боларын дәлелдейді. Ол орындар предикаттың анықтама екендігін терістейтіндер және [предикат] мүмкін кейде болар, ал кейде болмас деген орындар. Бұл орындар - анықтамаға қатысты предикат туралы затты дәлелдейтін орындар. Бұл жағдайда барлық орындар кейбір (шамалы) дәрежеде диалектикалық болып табылады /242-бет/. 2. Келесі [орындар] - пікірлерді дәлелдейтін не теріске шығаратынның барлығын және олардың басқалармен ортақ нүктелерін әрі олардың өзіне етене тән қасиеттерін қамтитын орындар. Одан кейінгі орындар - түрді дәлелдейтін не терістейтінді, оның басқалармен ортақ тұстарын және оған қатысты болатынды қамтитын орындар. Сонымен қатар, ерекшені дәлелдейтін не терістейтінді және оның басқалармен ортақтығы бар жерлерін әрі оған ненің тиесілі екендігін қамтитын орындар туралы да солай деуге болады. Сондай-ақ, анықтаманың да жағдайы жоғарыда келтірілгендей. Оған тиесілі орындар оның не арқылы дәлелденетінін, не арқылы терістелетінін, оның басқалармен қандай жалпылыққа ие болатындығын және олардың өздеріне ненің тән екендігін қамтиды. Осы аталған соңғы жағдайда Аристотельдің «Топиктерінің» көптеген бөлімдерінде көрсетілген сол манаты жалпылықты» қайталануы орын алған. Онда қайталаудан басқа, кемшіліктер жоқ /107/. Алайда [қайталау] қиын жайды (қағиданы) түсіну мен есте сақтауға мүмкіндік жасайды. Сондықтан ол орындарды қамтитын қатынастардан осы аталған соңғы қатынасты қолданды. Аристотель қайталауды үлкен кемшілік деп санамаған, себебі, көптеген орындарда бір нәрсе туралы қайталай беру дегеніміз жаттығу деп есептеді. Әрі қайталау олардағы жалпыны сол бір әлде басқа материалда пайдалану үшін жетекшілік болып табылады деп түсінген. Сонымен қатар, оларды қайталау барысында олар оңай есте сақталынады және оларды түсіну [ұғыну] қолайырақ болады. Сондықтан, егер қайталау кезінде сол бір жағдайды жеңілдететін жақтардың басы біріккен болса, онда барлық қиындықтар жеңілдейді. Аристотель орындарды (алты) топтарға біріктірді: акциденцияның ізделінген [қағидасындағы] орындар; сол сияқты орындар, бірақ олардың үлкені немесе кішісіндегі салыстыру арқылы құрастырылатын орындар; тектегі орындар, одан кейін (ол) оларға айырмашылықтағы орындарды жатқызды; ерекшеліктегі орындар; анықтамадағы орындар; саны жағынан бірдей келетіндердегі орындар және осында /242-бет/ ол акциденция орындарының жиынтығына жалпы орындарды жатқызды. Ол орындардың әр тобын жеке алып қарастырады. Ол салыстыратын орындарды жеке орындар ретінде қарастырып, оларды күшейтуші жағдай-шартқа жатқызды, оның үстіне, Аристотель оны олардан жалпырақ орындарға мысалдар құрастырмақшы болғандай-ақ жасады. Ол күшейтуші жағдай-шарттар арқылы жаттығуды қажет деп санады, өйткені бұл орындар, бәрінен бұрын ерік-жігерге қатысты заттарда және байқап-сынау үшін пайдаланылатын
және соларда бұлар [орындар] қажеттірек болып табылатын. Одан кейін Аристотель жалпы түрде олардың қолданылу тәсілдерін нұсқады. Сонымен, бізге ізделінген екі топтағы ортақ орындарды бөліп алып, оларды өзінше жеке бір топқа орналастыру қажет. (Мен бұл жерде шектеусіз [алынатын] ізделініп отырған қағида мен салыстыру арқылы [алынатын] қағида түрін айтып отырмын). Осыдан кейін, ізделінген [қағидалар] ішіндегі ізделінген [қағидалардың] әрқайсысына жеке-жеке тән нәрселерді (келтіре отырып), қарастырамыз. Сөйтіп, олардың әрқайсысымен ортақтастығы бар орындарды қайталап [атап] өтеміз. Біз олардың есте сақталуын жеңілдету үшін (оларды) қайталаймыз және олардан дәлелдеме үшін керектісін көрсетеміз әрі олардың диалектикаға тиесілісін нұсқаймыз. Алғышарттардың предикаттары (сол сияқтылар текте де бар) іздестірілер [қағидалар] предикаттары екендігін білгеніміз жөн. Сондықтан әрбір диалектикалық алғышарт өзінің предикатының тек болып шығатындығынан ешқайда қашып құтылмайды немесе айырмашылығы [бөлінуі] болуынан, не ерекшелігі болуынан, не анықтама болуынан, не белгі, не акциденция болуынан, не заттардың ішіндегі ізделінген [қағидаларға] предикат болып шығатын заттан қашып құтыла алмайды. Сондай-ақ, олардың предикаты көктегі немесе аздағы предикат болатын алғышарттарда да істің жағдайы солай болуы мүмкін. Сонымен, диалектикалық алғышарттардың өздерінің предикаттарына қатысты тектері ізделініп отырған [қағидалардың] тектерінің санына сәйкес келетін болады. Бұл [диалектика] өнерінің субъектілері [пәндері] барлық он тек (категориялар) болып табылады және оларға жалпы [әмбебап] мағыналарға қатыстының барлығы жатады. Ол он тектерге мыналар жатады: мән, сан, сапа, қосымша /243-бет/, қайда, қашан, жағдай, оған не тиесілі, оған не әсер етеді және әрекетті басынан өткізетін. Алғышарт пен іздестіріліп отырған қағидалардың тегі осылардың барлығынан [он тектен] құралады. Сонымен, әрбір алғышарттың және әрбір іздестірілген қағиданың субъектісі не мән, не сан, не сапа, не басқа да қалған тектердің біріне кіретін болмақ. Сондай-ақ, әрбір алғышарттың және әрбір іздестірілген қағиданың предикатымен де жағдай солай болады. Демек, ол не мән болудан, не сапа болудан, не басқа да қалған категориялар арқылы жүйеленіп суреттелуден босай алмайды. Осылайша, тек не мән, не сан, не басқа да қалған категориялар болудан қашып құтыла алмайды. Дәл сол сияқты, айырмашылық [бөліну] та, анықтама да, ерекшелік те, жоғарыда аталғандай болудан қашып кете алмайды, оған қатысты мынаның ғана айқын еместігі белгілі - мән категориясына жататын заттарға ерекшеліктің тән болу мүмкіндігі. Акциденция үшін [бәрінен] бұрын мәнде болудың қажет еместігі анық. Бұл басқа заттың акциденциясы бола отырып, қандай да бір предикаттың мән категориясына кіруінің мүмкін еместігімен байланысты болады, өйткені, белгілі бір заттың предикаттарында өз субъектісінің мәнінен тыс басқа затқа қатысты мәнге кіретін ештеңе жоқ, керісінше, олардың барлығы оз субъектісінің мәнін танытады және де бұл [нақты] заттың не екендігін білдіреді. Сондықтан [предикат] өзінің субектісі үшін тек болып қана табылады немесе субъектісінің айырмашылығы [бөлінуі] болып табылады, ал егер де оның субъекті жеке [өзіндік] болатын жағдайда - оның түрі болып табылады. Бірақ, субъект ретінде жеке-дара нәрсе алынған пікір диалектика өнерінің шегінен тыс шығып кетеді.
Дегенмен, баяндаушы оз пікірін былайша айтуы мүмкін, мысалы: «Жаяу жүруші - жануар ма?», «Сайқымазақ - адам ба?», «Ақ нәрсе дене (тән) ме?» Бұл жерде предикат туралы сұралады. Оларға ұқсас предикаттардың барлығы да - мәндер. Қандай затқа нұсқамаса да олардың субъектісі акциденция болып табылады. /243-бет/. Мұндай жағдайда, олардың әрқайсысы олардың өздерінің мәндерінің шекарасына тыс шығатын заттар ретінде алынады. Сонымен, егер де олар әлгілердің әрқайсысына нұсқаған болса, онда «ақ» дегеніміздің мән болып шыққаны. Алдыңғы қарастырылған заттарда туынды аттардың барлығы акциденция дегенге нұсқайды деп айтылған болатын. Егер тіпті бұл предикаттар өз субъектілерінен оз мәндерінен тыс шығатын заттар ретінде танылатын болса да, бұл -бәрібір - акциденцияның белгісі. [Осыдан] «адам» мен «жануар» деген сөздердің қандай да бір акциденция екені шығады. Бірақ, бұл өзінің басқа заттарға қосылуымен акциденция және өзіне қосылуымен мән болуы да әбден мүмкін. Осылайша, [бәрі] айтылғандай болып тұр. Бұл жерде, олардың мән болуына қатысты мәндер [күллияттарының] универсалийлерінің табиғаты бөлінбейді. Керісінше, оларда бұл табиғат олардың өздерінің субъектілеріне қосылуы арқылы ғана бар болмақ. Сондықтан онда [табиғатта] екі субъект бар болады және де ол [табиғат] екі субъектінің біреуі үшін мән болады және басқа (субъект) үшін акциденция болады. Сондықтан, егер де ол оз мәні белгілі болғандықтан, субъектілерінің екеуінің біреуінің мәні болып шықса және [ол] өзінің мәнінің шегінен тыс шыққандықтан,басқа субъектінің акциденциясы болып тұрса, онда [бұдан] «түс» дегеніміздің «аққа» қосылғанының нәтижесінде мән болатындығы және текке қосылғанының нәтижесінде акциденция болатындығы шығады. Сондықтан акциденция табиғаты мен мәннің табиғаты бар заттардан бөлінбейді, керісінше, әрбір предикаттың өзі акциденция және мән, тіпті көріс тапқан мән болып шығады. Бұл жағдай олардың предицирленген (тиістірілген) түрде алынған кезінде көрінеді. Мысалы, төменгідей айтылғанда: «Мынау түрегеліп тұрған - Зейд, ал мынау сөйлеп тұрған - Амр». Осы және осыларға ұқсас предикаттар табиғи емес предикаттар, оларды қолдану салдарынан күмән (күдік) пайда болады. Бұл диалектикалық тәсілмен қарастырылуы тиіс логикалық заттарға қатынасты. Сондай-ақ к/244-бет/, бұған осы тәсілмен [заттарды] тексеруде жол берілуі де мүмкін. Сірә, бұл мәнде де ерекшеліктің болу мүмкіндігінің анықтығын көрсету үшін жасалатын да болар. Мысалы, мына бір пікір айтудағыдай: «Әрбір сайқымазақ - адам», керісінше болса: «адам» - «сайқымазақтың» предикаты. Қандай да бір предицирлеу (тиістіру) жолымен «адам» дегеніміз «сайқымазақ» деп нұсқауға бола ма немесе [онда] «сайқымазақтықтың» мәнінің [мағынасынан] тысқары шығатын нәрсе белгілі ме? Сондықтан, егер ол бұны диалектикалық тәсілмен қарастырса, онда осыдан (қандай да бір тәсілмен) предикаттары акциденция болатын және мән категориясына тиесілі деген пікірлердің барлығы мен предикаттары сезіммен қабылданатын [заттар] болатын және олардың да мән категориясына тиесілі екендігі жайындағы пікірлер келіп шығады. Бірақ, оларда [пікірлерде] күмән бар.
Сондықтан біз сол бір пікірлерді осы [диалектика] өнерінде, олардың осы күдікке қатысты жағдайында қалдыруымыз керек. Сондай-ақ, акциденцияның іздестіріліп отырған [қағидаларының] «мән» категориясына қатысты болуына рұқсат етіледі. Олардың жағдайын мұқият зерттеу және олардың акциденталды күмәндарының шешілуі «Дәлелдеу» кітабында баяндалған. Егер барлығы осылай болса, онда бұндай жағдайда [логикалық тұрғыдан] Аристотельдің төмендегідей пікір айтуы дұрыс болмақ/108/: «Төрт диалектикалық ізделінетін [қағида] (тек, ерекшелік, анықтама, акциденция) және барлық алғышарттар бүкіл категорияға қатысты, ал егер категория өзінің мәніне предицирленген болса, онда ол [онымен] бір тектес болады, ал егер басқаға предицирленген болса, онда акциденция болады. Сондықтан біздің: «Ақ - адам» деуіміз сапа категориясына жататынға мәнді предицирлеу болып табылады, сондықтан да ол акциденция болуы керек. Диалектикалық [амал-әдістер] /109/... екі топқа бөлінеді: силлогизм және индукция. Біз бәрін силлогизмнің не екенін, индукцияның не екенін түсіндіре мәлімдегенбіз. Силлогизмдер /110/ шешімді (тиянақты) және шартты болып бөлінеді. Соңғылары, [өз кезегінде]: 1) шартты-шешімді және 2) қайшылық силлогизмдері болып бөлінеді. Біз кейінірек, шартты-шешімді силлогизмдерден қайшылық силлогизмдері қалай құрылатынын түсіндіреміз. Шешімді силлогизм тағы да екіге бөлінеді: 1. Жалпыдан жекеге қарай қозғалатын /244-бет/ силлогизм болады. Мысалы, бізді»: «Әрбір адам - жануар», «Әрбір жануар - дене (тән),» демек, «Әрбір адам - дене» деп айтқанымыздай. 2. Бірдейден - бірдейге (теңнен - теңге) қарай қозғалатын силлогизм. Мысалы, біздің: «Әрбір адам - көңілді», «Әрбір көңілді (адам) - ғылымға икемді адам», демек, «Әрбір адам ғылымға икемді» деп айтқандағымыздай). Индукция /111/ әрқашан жекеден (даралықтан) жалпыға қарай жүріп отырады, өйткені индукция жалпы алғышартты растау үшін қолданылады. Индукция бәрінен де диалектикада көп қолданылады. Біріншіден, силлогизмге бола (силлогизмнан), өйткені бірінші фигураның силлогизмінде үлкен алғышарт [индукция] арқылы расталады, әрине, егер де ол дұрыс құрылса - солай болмақ, сөйтіп барып, аз шартқа біріктіріледі, осыдан кейін, олардан қорытынды тұжырым шығарылады. Ол мүлдем қолданылмайды немесе керекті қорытындыны растау үшін аз қолданылады. Екіншіден, индукция көптеген ұқсастықтан бір ұқсастыққа қозғалыс [келу] болып табылмайды, өйткені, бұл бір-біріне ұқсас бөліктерден (солар арқылы) басқа [бір] жеке ұқсастық алатын тәсіл болып табылады. Сондықтан бұл - жекеден жекеге қарай қозғалыс. Бұл мысалдардың жиынтығына қатысты нәрсе. Риторикалық болып табылатын барлық мысалдар, көптеген бөліктерден бір жекелікке алынған немесе бір жекеден [басқа] бір жекеге алынған мысалдар. Алайда, көп ұқсастықтардың индукциялануы жиі кездесіп отырады, бірақ бутан қарамастан, олардың барлықтары [тамамдала, тиянақтала] келтірілмейді.
Олардың өзара ұқсастықтары олардың барлығын қамтитын ортақ аттың болуы арқылы емес немесе олардың өзара қай жағынан ұқсастығы туралы мәлімет алудың жолы түспеуі арқылы емес, энтимема арқылы танылатын қатынастарда осы нәрсе орын алады. Сондықтан пікір айтушы оз пікірін айту қажеттілігін сезінеді. Сол сияқты, олардың қалғанының да және жағдайы осылайша болып жатқандарының да күйі бірдей, әрі олар [ұқсастықтардағы] бөлекше алынған жалпы алғышартқа [ұқсас] келмейді. Сондықтан мұндай [индукция] жөнінде оны бірінші топтағы индукция емес, индукцияның басқа тобына жатады деп есептейді /245-бет/. Дегенмен, жағдай олардың болжағанындай емес. Бұлай болудың басты себебі - осы индукцияның (индукция жолымен) зерттелмеген қалған заттардан (индукция жолымен) алынған заттар туралы қалыптасқан пікірді растаудың көзделмегендігі. Ендеше, индукция [заттар] туралы оларды қамтитын, жалпы түрде бар болып табылатын пікірлерді растауды іске асыруды ғана мақсат тұтады. Бұл жалпылық - олардың [өзара] ұқсастығы. Егер бұл жалпылықтың аты болмаса, онда ол тек қана энтимема арқылы түсіндіріледі деген соз. Демек, осы энтимемада орналасқан бұл жалпылық туралы пікір тек индукция арқылы дәлелденеді. Сондықтан Аристотель осыған ұқсас орындарға қатысты жалпылыққа атау беруді ұсынған. Бұл диалектикалық сұхбат жүргізушілер арасында осыған ұқсас заттарда олардың (заттардың) [өзара] ұқсастықтары әлде ұқсас емес тұстары туралы кереғарлық туындауы мүмкін екендігін пайымдаған кездегі ұсынғаны еді. Сондықтан, егер олардың біреуі қарама-қарсылықтың пайда болғанына дейін-ақ басқаны озып жүрген бол¬са әрі сол заттарға атаулар берген болса, сөйтіп оны пайдаланып та жүрген болса, онда олардың қолданылуы туралы талас туындамайтын. Қағиданың силлогизмдері деп аталатын заттарға келетін болсақ, онда бұл біздің келесі пікіріміз арқылы ашылады, түсіндіріледі. Егер заттың өзін қандай да бір жағдайда ұқсастары бар болса немесе бір ұқсасы бар болса, онда сол зат [әлгі ұқсастары немесе бір ұқсасы бар зат] сол'бір аталған жағдайда болады да тұрады, ал қандай да бір жағдайдағы қандай да бір мағынаға кіретін бір зат немесе көп заттар бар болса, онда осы мағынаға кіретін қалған [заттар] сол жағдайда, сол күйде болады. Мысалы, мына айтылған пікірге келер болсақ: «Егер қандай да бір планета шар тәріздес [формада] болса, онда басқа планеталар да шар тәріздес» және «Егер ай шар тәрізді деп анықталса, онда күн де, Шолпан жұлдыз да, Меркурий де және басқа планеталар да шар тәріздес, өйткені олардың барлығы планеталар болғандықтан, олар өзара - ұқсас». Ендеше, көп ұқсастығы бар нәрсе - индукция емес, және бір ғана ұқсастықтың қолданылуы - мысал емес. Керісінше, ол -шартты алғышарт. Ол жауап берушінің оны мойындауы арқасында жүзеге асырылатын (алдыңғылардан кейін шығып жатқан) іздену. Олар [алғышарттар] оларды жауап берушінің мойындауынан басқа өзіне бөтен ешқандай қолдау таба алмайды. Осы [заттардың] барлығы - диалектикалық заттар. Аристотель оларды /245-бет/ «Топика» деген кітабында қағида силлогизмдері деп атап көрсеткен. Олардың мысал топтарына жататын субъектісі бар. Бірақ, шартты бөлшекпен біріктіріле алынатын кез келген мысал, яғни сұралынатын мысал, жауап берушінің мойындайтын мысалы мысал дегеннің шегінен тыс шығып, шартты пікір санатына жатады. Олар жауап берушінің оларды мойындауы арқылы расталады. Демек, олар оның алдында өткеннің ұқсастықтарының көптігіне әлде бір ғана ұқсастығының болуына, сондай-ақ, келесі келер
кейінгінің көптеген ұқсастықтары немесе бір ғана ұқсастығы болатындығына тәуелсіз, мойындау арқылы дәлелденеді. Бұндай жағдайға мынадай деген пікір тура келеді: «Егер Ай шар тәрізді болса, онда, Күн, Шолпан, Меркурий, Юпитер, Марс және Сатурн шар тәріздес, өйткені барлық планеталарда алдын-ала бірдей ұқсастық болған». Екінші түрде көп ұқсастықтар бар. Адамдардың бір бөлігі үлгінің қандай да бір затты дәлелдеу үшін қолданылуы тиіс деп санайды, сондықтан олар затты растау қажет деп біледі әрі сол арқылы күрделірек зат үйреншікті де мәлім затқа ұқсастық арқылы танылады деп есептейді. Осы мақсатта қиын да күрделі мағыналы, жасырын [заттардың] мәнін ашу үшін адамдар, алдымен белгілі-ау деген [заттардың] дұрыстығын тексере бастайды - бұл индукция тәсілімен іске асырылады. Бұл жағдайда, егер олар үшін бұл мағынаның дұрыстығы дәлелденсе, онда олар оны силлогизмде орташа термин ретінде қолданады, сөйтіп, сол арқылы жеке жасырында орналасқан қорытындының бар екендігін дәлелдейді. Сондықтан бұл айтылған пікір индукция мен силлогизм мысалдарынан құрастырылған пікір болып табылады. Бұл жерде, біріншіден, үлгі-мысал арқылы заттардың дәлелденуіне кіріседі, ал қажетті нәрсеге жету үшін бұл мысал-үлгінің жеткіліксіз болғанында, индукцияға жүгінеді, содан соң силлогизмге жүгінеді және де оны осы затты растау үшін қолданады. Бұл жолды адам көбіне-көп затты сезіммен қабылдайтын, сол затқа ұқсас дүние арқылы тексерген кезде таңдау керектігін сезінеді. Сонымен, ол әлгі сезіммен қабылданатын затты үлгі-мысал ретінде алады. Адам өзінің ақыл зеректігінің арқасында осы сезіммен қабылданатын затты оған ұқсас келетін басқа затқа апарып қосады. Бұл жағдайда оны сол затқа теліп қоюдың өзі үнемі дұрыс бола бермейді. Тек қана телу-тиістірудің заттың сол бір сезімдік үлгіге сәйкес келетіндей мағынасы алынғанда ғана орынды болмақ. Егер де адам өз қорытындысына сезіммен қабылданатында көзі жеткен болса, екі заттың бір-бірімен ұқсастығының әрбір мағынасын қарастыра алса, онда осы мәннің барлығына қорытындының болуын дәлелдейтін ең жеңіл деген тәсіл индукция болмақ. Мұндай жағдайда жалпы алғышарт арқылы осының дұрыстығы дәлелденеді. Ал ол жалпы алғышарт дегеніміз қорытындының болу [алғышарты] - сезімдік зеректікте көрінген қорытындының бар болуы. Жалпы алғышарт мәнділікпен сипатталатын, яғни мәні бар заттардың барлығына жарамды. Мәнділік арқылы ол зат, сезіммен қабылданатын үлгі-мысалдағыдай бола алады. Сөйтіп, ол оның субъектісіне жататын заттардың бар екендігі қосылатын жалпы алғышартқа ие болады. Бұл жағдайда басқа алғышарт пайда болады. Одан индукция, силлогизм мен мысалдардан құрастырылған пікірден шығып жатқан, осы зат үшін керекті мәнді қорытындының барлығы тұжырымдалады. Сөйтіп, қолданылатын мысал, біріншіден, риторикалық мысал болып табылады, ал осыдан кейін оған қосылатын индукция диалектикалық индукция болады. Дәл осындай жағдай силлогизмге қатысты туындайды. Затты бірінші тексеру кезінде бұл тәсілді қолданудың еш ұяттығы жоқ. Сірә, тексерістің бұл түрі диалектика мен ғылым үшін бірдей болып табылады. Бұл тексеріс аяқталған соң және [бұл заттарды] диалектика үшін дәлелдейтін диалектикалық заңдардың қолданылуы біткен соң, осы деңгейде заттар ғылыми заңдармен тексеріледі. Бұл жағдайда біз затты танымал зат ретінде қабылдаймыз. Бұл заттардың ұқсастығын тексерудің алғашқы (бастапқы) тексеріс түрлерінің бірі болғандығынан орын алады. Заттардың ұқсастығын
анықтау қабілеттілігі силлогизмнің ізделінгенге және кітаптың осы тұсынан кейін біздің қарастыратын дүниемізге қатысты болуының алғашқы құралдарының бірі. Мүмкін, адамдардың бір бөлігі үлгі-мысалдарды диалектикалық сұхбаттардағы диалектикалық [заттар] деп қате қабылдаған болар. Өйткені олар диалектикалық тәсілді риторикалық тәсілден /246-бет/ айыра алмаған. Ал, енді адамдардың келесі бір бөлігі индукция арқылы үлкен алғышартты дәлелдеуді көздеген. Сондықтан олар, біз бұрын көп рет ескерткендей, индукцияның бұл мақсатқа сәйкес еместігін сезінгенде, олар индукцияны, бір жағынан, жалпы алғышарттарды дәлелдеуге келмейді деп индукцияны теріске шығарды және оны [индукцияны] сол алғышартты» жалғандығын мәлімдеу үшін қолдана бастады. Олар индукция, силлогизм мен мысалдарынан құрастырылған пікір айтудан индукцияның орнына осы мағынаны, яғни сезіммен қабылданатын мысал мен тексерілетін заттың және жалпы алғышарттың ұқсас болуын растайтын басқа заттар таба бастады. Мысалы, тіршілікте болу тәсілі мен жоғалу (ысыру) тәсілі және қарама-қарсылықтағы қарамақарсылық тәсілі сияқты жалпы алғышарт. Дегенмен, бутан қарамастан, олар индукцияны қолданудан бас тартпады, сөйтіп диалектика тәсілінің шегінен тыс шығып, индукцияға қарағанда шынайылау (дұрысырақ) келетін дәлелдеудің басқа деңгейіне көшті. Әрі олар бұл тәсілдің ғылым тәсілі екеніне кәміл сенді. Бірақ (дегенмен) олар мысал мен сол сияқты, яғни ұқсас орындарды қолданды. Сонысымен олар ғылым тәсілінің шегінен тыс шығып кетті. Бұл адамдардың барлығы білімге ғылым тәсілі мен дәйекті білім арқылы келуге ұмтылмады. Бұл, біз бұрын қарастырып өткен қатынастардың бірінде, риторикалық, диалектикалық және ғылыми [заттармен] араласып кеткен өнері бар адамдардың жолында кездесіп отырды. Өйткені, бұл үш тәсілді олар ажырата алмады. Олар оны расталуы тиіс нәрсені растау үшін [қолдана] бастады, сөйтіп өз оқытуларында риторикалық тәсілдерді қолдана бастады. Сол сияқты өздерінің терістегісі келгенді терістеу барысында да қолданды. Ұқсастық арқылы қарсылық білдіру мен қарама-қарсылықта қарама-қарсылық арқылы қарсылық білдіруді қолданды. Мақтаулы ой арқылы және соған ұқсас наразылық пікір арқылы қарсылық білдіруді қолданды. Олар туралы біз риторика өнеріне арналған кітапта қарастырған болатынбыз, ал риторика ғылымда да, диалектикада да бірде бір заттан қашқақтамайды. Индукция диалектикада да, басқа мақсаттарда да қолданыс табуы мүмкін. Олардың бірі, пікір айтуды ұлғайту мақсатында және оның гүлденуінде, оны әрлеуде тұжырымдалса, келесі бірі айтылған пікірді түсіндіруде (мәлімдеуде) тұжырымдалады. Индукция арқылы бір алғышарт көптеген алғышарттарға бөлінуі мүмкін. /247-бет/. Бұндай жағдайда пікір айту көбейеді. Сондай-ақ, индукция бір заттың мысалдарын ұлғайтып,сонысымен сол затты адамның жетік түсінуін көздейді. Сонымен қатар, индукция жауап берушіден алатынды бүркемелеу үшін де қолданылуы мүмкін. Бұл жағдай заттардың орнына заттардың бір бөлігінің ғана алынуының салдарынан да болады, сонда жауап берушінің оны оның бөліктерін бергендей қылып суырықтатып береді, содан кейін барып қана ол тек жалпыны беруі мүмкін. Индукция, сондай-ақ, жауап берушіні сендіру үшін де қолданылады. Көбінде ол жалпы алғышарттарды оның бөліктері арқылы дәлелдегенде орын алып отыратын жағдай. Содан соң одан алғышартты одан
қашып құтылмайтындай, жалтара алмайтындай етіп беруді талап ететін болған және оның бөліктерін беріп қойған болса, онда оның өзін беріп қоймауды да талап еткен. Бұл жағдай - индукцияда қолданылатын жағдай болып табылады. Ғылымда индукция сияқты зат қолданылуы мүмкін, өйткені, әдетте, әрбір адамға оның алғашқы танымы арқылы бір қарағаннан көзқарасы ретінде белгілі болған көптеген бірінші жалпы алғышарттарға қатынасында адам оларға ие екендігін байқамайды және болжамайды да. Әрі ол (адам) оларды айта тура, не олардың жан-жақты, әмбебап (жалпы) болғандықтан шынайы екеніне, не олардың оз заманында қолданылатын сөйлемдер көрінісі негізінде айтылатындығынан шынайы екендігіне, немесе осыған дейін ол оларды қолданылуды қажет еткен сондай бір әрекеттерді мүлдем қолданбағандықтан оның шынайы екеніне, не жалпы ретінде жасаған әрекеттерінде олардың бөліктерін қолданғандықтан олардың шындығына нық сенімсіз. Сондықтан, егер пікірдің айтылуы олардың жалпы болып табылатындығын байқатқанда, ол пікір олардың шындығына сенімділік тудырмайды, себебі ол оған айтылған мағынаны түсінбейді. Мұндай жағдайда, оған айтылған ой берілген сөздердің мағынасын түсіну үшін керек бөліктерді зер салып қарайды, тек осыдан кейін барып, оны түсінгеннен соң, ол ең сенімді деген дәйекті білімге ие болады. Бірақ, бұл білім оған индукция арқылы берілмейді (247бет), ол ауызша айтылғанның мағынасын түсінуінің нәтижесінде беріледі. Әрі оның өз жанына тән, бірақ оның оны оның бөлшектерін жектемеген, осы бір жалпы мағынаны бар деп білгендігінен де болады. Ол адамда, сондай-ақ, онымен қамтылатынның барлығына предикат болып табылатын мағынаға қатысты сенімділік қалыптасады. Ол да Аристотельдің өзінің «Дәлелдеу» деген кітабының басында келтіріп кеткен төмендегідей пікірді айтқанындай: «Кез келген білім беру [оқыту], кез келген [ойланатын] оқу, [ой арқылы келетін] оқу тек бұрын болған білімнен келіп шығады» - деген пікіріне ұқсас. Осыдан кейін (ол) тыңдаушының оған мысалдар арқылы айтылған мағынаны түсінген кезінде жалпы алғышарттардан ең сенімді деген дәйекті білімді алу үшін ғылымдар мен өнерлерді мұқият қарастырады. Мұндай жағдайда, осы бір мұқият зерттеу тіптен индукция деп аталмаған, ғылыми индукция деп қана аталған. Көріп отырғанымыздай, индукцияда, жағдай келтірілген мысалдағыдай, [ал ол мысал риторикалық және ғылыми мысал болғандықтан], дәл солайша қаралуы мүмкін. Риторикалық мысал адамда не наным, не сенімдер тудырмайды, ал ғылыми мысал жалпы мағынаны түсіндіру мен оны жанда қалыптастыру үшін қолданады. Ол оны өзінің көз алдына елестетеді әрі оның ақылы зерделенетін (ақыл-парасатпен қабылданатын) заттарды тану барысында соған (яғни бар затқа) жүгінеді. Дәл сол сияқты, индукция да диалектикалық және ғылыми индукция болуы мүмкін. Диалектикалық индукция алғышартты растау үшін және оның жалпылығын немесе оның шынайы ақиқаттығын бекіту үшін қолданылады. Ғылыми [индукция] оны дәлелдеу үшін емес, оның [алғышартының] ақиқаттылығына наным тудыру үшін емес, оның [алғышарттарының] ақиқаттығына көз жеткізу үшін емес және оның [алғышарттың] ақиқаттығын бекіту үшін де емес, тек жалпы алғышарттың мағынасын біліп, айқындап түсіндіру үшін қолданылады. Сондықтан, егер бұл алғышарттың ақиқаттығы және оның (алғышарттың) дәйекті білімнен тұратындығы индукцияны [қолданғаннан] кейін белгіленген болса, онда бұл, біріншіден, индукцияның қолданылуы арқасында болған жай
емес, керісінше, бұрынырақ дерексіздендірілген, абстрактіленген (шығарылып алынған) болып табылатын жалпы мағына бейнесінде адам жанында болуынан туындайды. Сондықтан бұны индукцияға жатқызу бірінші кезекті іс емес, екінші кезекті іс әрі ол жөніндегі жалпы және шартты силлогизмнің мағынасын түсіну арқылы жасалатын іс болуы керек. Шартты силлогизм /112/ шартты-жалғаулы және шартты-ажыратулы болады және /248бет/ шындығында да әрі қажетті түрде кейінгінің өткенмен байланысы бар силлогизм болады, сол сияқты, ондағы байланыстың қандай да бір уақытта, не жағдайдың кездейсоқ сәйкес келуіне байланысты силлогизм де болады, не алатын орнының әлде терминінің (соз қолданысының) сәйкес келуіне байланысты силлогизм болады. Сондай-ақ, өткеннен келесінің бөлінуі болатын силлогизмде де жағдай тура осындай. Шартты-ажыратулы [силлогизмдер] қажетті түрде шындықта бөлінген силлогизм болады және, сондай-ақ, бөлінудің қандай да бір уақытта орын алатын силлогизм, не [сөзді қолданудың] терминнің, не жағдайдың, не кездейсоқ сәйкестіктің салдары бойынша болатын силлогизм болады. Сонымен, «Егер күн шықса, онда күндіз болды» деген пікір айту шартты-жалғаулы силлогизм және ондағы келесінің өткенмен байланысы шындықта бар байланыс және тұрақты байланыс. Ал, «Мына сан не жұп, не тақ» деген пікір айту болса, онда ол шартты-ажыратушы силлогизм. Ондағы бөліну (ажырату) шындықта бар нәрсе және тұрақты нәрсе. «Егер Зейд келсе, онда Амр кетеді» деген пікірге келсек, онда бұл жерде кездейсоқ сәйкес келуге байланысты силлогизм бар. «Егер бүгін жауын болса, онда жауыннан жол бұзылады» деген пікірде шындықта бар болған күннің өзінде, онда [бәрібір де] қандай да бір уақыт шамасында ғана болатын силлогизм бар. Сондай-ақ, «Не Зейд, не Амр келеді» деген пікірдегі іс жағдайы да солай. Ондағы бөліну шындықтағы тура бөліну емес, кездейсоқ сәйкестік пен кездейсоқ жағдайға сай бөліну болып табылады. Шындықта қажетті түрде кездеспейтін, қандай да бір уақытта кездейсоқ үйлесімділікке сай болып отырған жалғаулы және жалғаусыз, ажыратушы пікірлер, [сөзді қолдануға], терминіне сәйкес, не жалғаулы силлогизм, не жалғаусыз, ажыратушы силлогизм. Бұл жағдай туралы пікірлерге тән нәрсе. Олардан құралатын силлогизмдер жағдай силлогизмдері деп аталады, өйткені барлық шартты силлогизмдер жағдай силлогизмдері деп аталады. Бірақ, бұл [пікірлер] «жағдай» атауы өзіне тән шарттыларға жатады. Бұл атау оларды жекеше (ерекше) және жалпы түрде білдіреді. Осылайша, бұл [пікірлер] жағдай силлогизмдеріне жататын пікірлер болады. Олар тек оларды диалектикада пайдалану үшін ғана расталатын және сонда ғана пайдалы пікірлер. Оларды жауап берушінің мойындағанынан кейін қолданады. Ал енді жауап беруші оларды мойындамаған бол¬са, онда олар қолдануға жарамсыз болмақ /248-бет/. Шартты-жалғаулы [силлогизм] келесісі өткенінің салдары [атрибуты] болмайтындай, керісінше, өтіп кеткен сияқты болатындай силлогизм болуы мүмкін. Осындай жолмен диалектикада олардың екеуінің ішіндегі ең жасырыны үшін аргумент сапасында бірбірімен ұқсас екі [заттың] көбірек танымалдырағы қолданыс табуы мүмкін. Сонымен, бір-біріне ұқсас заттар, диалектикада тек категориялық (силлогизм) көмегімен емес, шартты силлогизм арқылы қолданылады. Бұл олардан категориялық силлогизмді шығарып құрастыру арқылы қолданудың диалектикалық емес, риторикалық
болғандығына байланысты. Мысалы, «егер есту қабілеті естілетін дауысты (дыбысты) дыбыстың естуге қарай қозғалысы арқылы таныр болса, яғни естуден естілетін дыбысқа қарай емес, сол тәрізді, көрінетіннің көруге қарай қозғалуы арқылы, көру көрінетінді ұғынады. Демек, көруден көрінетінге емес деген соз.» Сол сияқты, іс жағдайы, бір бөліктен немесе [санының] кіші бөлігінен жалпыға келіп көтерілетін болса да солай. Сонымен, категориялық [силлогизм] ақылы болатын силлогизм риторикалық, ал шартты [силлогизм] арқылы болатын силлогизм диалектикалық болып табылады. Мысалы: «Егер адам жаны өлмейтін болса, онда кез келген жан өлмейтін болып табылады», «Егер қандайда бір ғаламшар шар тәріздес болса, онда басқа ғаламшарлар да шар тәріздес» деген пікірлердегі сияқты. Осы [заттарға] ұқсас, заттардан бөлігіне қатыстыны жауап берушінің мақұлдауы керек, содан кейін, айтып өткеніміздей, қалғандарын аламыз. Шартты-жалғаулы [силлогизм] (өздігінен) айқын және айқын емес байланыста болуы мүмкін, мұндай жағдайда, ондағы бар байланысты дұрыс қалыптасуын талап етеді. Сонымен, шартты-жалғаулы [силлогизмде] заттың негізгі бөлігі байланыстың дұрыстығында және алып тасталғанның дұрыстығында тұжырымдалады. Өткен мен кейінгінің әрқайсысының бір бөлек дұрыс болуын анықтауға келетін болсақ, онда шартты пікір айту бұны өзінің мақсаты етіп қоймайды. Керісінше, оларға қатысты, олардың біреуі де дұрыс болмауы мүмкін. Сонымен, шартты пікір айту, тек дұрыс байланысты қалыптастыруды ғана көздейді. Ал, алдыңғы мен кейінгіге келсек, онда ол (екеуінің) тіпті бір де бір заты дұрыс болмаса, онда олар арқылы, пікір айтудың шартты болатындығы жоққа шығарылмайды /249-бет/. Келесі мен өткеннің мазмұны алып тасталатындығы, тікелей тәуелді болып табылатындығы осыған куәгерлік етеді. Осылайша, келесінің қарама-қарсылығы дұрыс, тура санатында жоққа шығарылады. Мұндай жағдайда, өткенге қарама-қарсы тұжырымдама (қорытынды) шығарылады. Біз оларды мазмұндағанымыздай, егер олардың екеуі де дұрыс болса, онда келесіге қарама-қарсылық дұрыс, ақиқат ретінде жоққа шығарылмайды, оның орнына алдыңғыға қарама-қарсы тұжырым қабылданады, өйткені, олардың екеуі де бірге тұрып ақиқат бола алмайтындай, екі қарама-қарсылық. Мұндай жағдайда, керісінше, өткен мен келесі болатын (олардың екеуінің) сапасына тиісті жағдайды ғана қажет етеді, өйткені, бұл олардың екеуінің де оз бетінше сөзсіз дұрыс болғандығынан емес, жағдайына байланысты осылайша жағдайдың қалыптасуынан болар нәрсе. Сондықтан кез келген шартты силлогизм (жағдай) силлогизмі деп аталады, өйткені, өткен және келесі болып табылатын ондағы шарттың (екі) бөлігінің кез келгені, мына жағдайда анықталады - оны анықтаушы адам алдында олардың (екеуінің) біреуі де дұрыс болып табылмайтын кезде, олардың орнығуынан кейін, болмайтынның әрекетін күтетін жағдайда анықталады. Сондықтан, алдымен ол болмайтынның дұрыстығын айқындауды қажет етеді, сонан соң, оны болдырмайды немесе (сол сияқты) оны қандай да бір жағдай сияқты алынып тасталады. Сонымен, егер ол шығарылатын болса, онда одан кейін сөйлеуші алып тасталғанды растаумен айналысады немесе сөйлеуші алып тастайды, немесе (қорытындыны айқындауға дейін) жоққа шығарғанын растаумен айналысады. Содан соң, егер де жоққа шығаруы дұрыс болса, онда ол қорытынды шығарады. Мұндай жағдайда, сөйлеуші (айтушы) оған қатысты қажетті деп тапқан кез келген екі нәрсені жасауы мүмкін.
Қайшылық силлогизмі туралы айтар болсақ /113/, онда ол үш түрден тұрады: 1) ашық айтылатын категориялық анықтықтан, 2) категориялық жасырыннан, 3) жасырын шарттыдан. Жасырын шарттыны айтар болсақ, ол кез келген зат туралы айту болып табылады. Онда мақұлданатын алғышарт бұл заттың ақиқаттылығын растайды, не терістейтін алғышарт бұл затты мойындамайды. Немесе, бұл пікір айту - егер мойындамайтын алғышарт ақиқат болмаса, онда оған қарама-қарсы мақұлдайтын алғышарт ақиқат болатын пікір айту, немесе, егер мақұлдайтын алғышарт ақиқат болмаса, онда оған қарама-қарсы мойындамайтын алғышарт ақиқат болып табылатын пікір. Дегенмен, егер мақұлдайтын немесе мойындайтын алғышарттар жалған болса, онда [әрбір] отан қарама-қарсы нәрсе ақиқат болып табылады. Одан кейін, күмән тудыратын қалып қойған жалған алғышартты айқындауға кіріседі (249бет), содан соң оған ақиқаттылығында еш күмән тудырмайтын ақиқат алғышарт қосылады Егер де олардан абсурд шықса, онда бұл силлогизм абсурд шығаратын силлогизм болады. Әрине, абсурд шығатындардың барлығы абсурдты болады. Сонымен, бұл силлогизмде де абсурд бар деген соз. Ал абсурд шығатын силлогизм екі алғышарттың ішіндегі ақиқатты [алғышартта] бола алмайды. Ендеше, солай болғандықтан, жалған алғышарт деп күмән тудыратын алғышартты айтады. Сондықтан, біз «абсурд болатынның барлығы да -абсурд» және «күмән тудыратын [алғышарт] дегеніміз абсурд шығатын алғышарт» деп қабылдаймыз. Басқа жасырын [категориялық] силлогизмде [әдетте] оның күші қолданылады. Осы үшеуінен категориялық силлогизм ашық айтылатын силлогизм - бұл күмәнданатын алғышарттан туратын, бірақ оған басқа ақиқат алғышарт қосылған алғышарттан туратын силлогизм. Сонымен, осы үш силлогизмнің екеуі жасырын силлогизмдер. Оларда тек күш [қорытындыға ілесудің талассыздығы] қана қолданылады. Бұл силлогизмдер - олардың [екеуінде де] екі үлкен алғышарттың кез келген қайшылық силлогизміндегі бір ғана алғышарт болатындығынан, жасырын силлогизмдер болып табылады. Абсурд шығатын силлогизмнің айырмашылығы тек оның басқалардан сол бір ғана [ізделінген] жағдайда тұрақты түрде немен өзгешеленетіндігі ашық айтылатын силлогизм болуынан деп түсіну керек. Ізделінген қағиданың өзгеруіне байланысты өзгермейтін және үнемі бірқалыпты болып қалатын силлогизм туралы айтар болсақ, онда ол оның [ашық] айтылуын қажет етпейді. Одан оның тек күші ғана қолданылады. Қайшылықтың ғылыми силлогизмі - абсурдтың [шешілуімен] аяқталатын силлогизм. Қайшылықтың диалектикалық силлогизмі тек софистикалықтың шешімімен ғана емес, сондай-ақ эристикалықтың да (шындыққа жатпайтын, түйсіксіз, алдамшы, әдепсіз) шешімімен аяқталады, өйткені соңғы диалектикада ғылымдағы абсурдты» орнына ие болады (Бұл туралы Аристотель былай деген болатын: «Дау-дамайдағы эристика дегеніміз жаман құралдарды пайдаланып күресу дегенді білдіреді. Эристик диалектикадан бастауын алып жатқан нәрселерден жол алғанымен де, қалғанының барлығында эристик, яғни ұятсыз күйінде қалып қояды»), Абсурдтылық дегеніміз қажеттілікпен біріккен жалғандық немесе әрқашан жалған болып табылатын жалғандық және өзгеріп, ақиқат бола алмайтын жалғандық. Эристикалық дегеніміздің қарама-қарсысы әрқашан ақиқат болады, демек оның қарама-қарсылығы қашанда ақиқат болған. Ол - баршаның бірдей лақтырып тастайтын көзқарасы немесе ол
көзқарасты баршаның бірдей итеріп тастауы жалпылама қабылданған дүние, қалыпты жағдай деген соз. Оған жалпылама қабылданған жоғары бағаланатын [тартымды] көзқарас қарама-қарсы келеді. Сонымен, жалпылама қабылданған жоғары бағаланатын [көзқарас] ақиқат болғандықтан ғана немесе [тіршілік] болмысына сәйкес болғандықтан ғана /250-бет/ бар еместігі сияқты, эристикалық та өзінің жалған және болмысқа сәйкес еместігінен ғана шеттеттірілмейді. Өйткені кейбір адамдар ол ақиқат па әлде жалған ба, оған көңіл бөлмей, оны қажет деп білетіндіктен солай болады. Дәл сол сияқты, жалпылама қабылданған дүниелердің де жоғары бағалануы - оның ақиқат әлде жалған болуына тәуелсіз түрде орын алып отырады. Сонымен, эристикалық көзқарас осы айтып өткеніміздей болып табылады, бірақ, оны кейбір адамдар, яғни ғылымда өздерінің жетістіктерімен танымал адамдар шығарулары мүмкін. Сонымен, қайшылық силлогизмінен жауап беруші бас тартпайтын, қайта оған силлогизм шығаруға асығатын, жалған дәлел шығуы мүмкін. Сондай-ақ, қайшылық силлогизмін қолдану, диалектика өнерінде эристика күшін әлсіретеді, тіпті ол көрінеркөрінбестей болып қалады, немесе оның күші азаятындығы соншалық, тіпті оған оны күшейтетін диалектикалық силлогизм өндіру де мүмкін болмай қалады және де ол туралы білімді адамның көзқарасы мүлдем жоқ дерлік. Диалектикалық силлогизм не бекерлеу, не қарсылық таныту үшін қолданылады. Бекерлеуді сұраушы жасайды, ал қарсылықты жауап беруші жасайды. Сонымен, бекерлеу дегеніміз сұраушының жауап берушінің қағидасын теріске шығаруға ұмтылатын силлогизм! болып табылады. Ал, қарсылық дегеніміз жауап берушінің сұраушының қағидасын теріске шығару үшін жасаған силлогизмі, яғни сұраушының жауап берушінің қағидасын бекерлеу үшін құрастырған силлогизмін жоққа шығару деген соз. Силлогизм не оның формасын [фигурасын] бекерлеу арқылы бекерленеді, не оның алғышартын немесе екеуін бірге бекерлеу арқылы бекерленеді. Жауап беруші, ереже бойынша, алғышартқа байланысты, әрқашан үлкен алғышартты бекерлеуге ұмтылады. Алғашқы фигурадағы үлкен алғышарт әрқашан жалпы алғышарт болып табы¬лады. Қалған фигураларға келсек, онда олардың күші де олардың жалпы алғышартында тұжырымдалады. Жалпы алғышарт не оған қарама-қарсыны шығару арқылы, не оған қайшылықты табу арқылы бекерленеді. Бұл, егер ол жалпы, не жекеше бекерленген себептен ғана осылай болады. Сондықтан егер жалпы алғышарт бекітулі болса /250-бет/ және одан категориялық силлогизм арқылы қарсылық жасағылары келсе, онда силлогизмнің үшінші фигурасы арқылы терістелуі - оның жартылай бекерленуі, ал оның толық бекерленуіне жалпы силлогизмнің екінші фигурасы арқылы қол жеткізіледі. Егер жалпы [алғышарт] теріс болса, онда оның жартылай бекерленуіне силлогизмнің растайтын үшінші фигурасы арқылы қол жеткізілсе, сонда оның жалпы бекерленуіне тек қана бірінші фигураның бірінші модусы арқылы жету мүмкін. Жарым-жартылай терістеу барлық фигураларда жүзеге аса алады. Сондықтан, жекелеген терістеу мақұлдайтын жалпы [алғышартпен] жүзеге асатын болса, онда ол - теріс бекерлеу. Теріс дара тұжырым барлық фигуралардан шығарылады: бірінші фигурада - бір модуста, екінші фигурада - екі модуста, ал үшінші фигурада - үш модуста.
Егер терістеуге тырысып отырған нәрсе теріс жалпы алғышарт болса, онда жекелеген [алғышарт] бекітетеін алғышарт болады. Бұл бірінші мен үшінші фигурада орын алады. Бірінші фигурада - бір модуста, ал үшіншіде - үш модуста. Егер кімде кім жартылай бекітетінді терістеуге ұмтылған болса, онда ол бірінші фигурада - бір модусты, екінші фигурада - екі модусты жоққа шығарады, өйткені, ол теріс жалпы [қорытынды] шығару негізінде әрқашан жоққа шығарып отыратын болады, тіпті бір [модус] жеке теріс модус болған күннің өзінде солай болмақ. Бірінші фигураның бірінші модусына (жалпы алғышартқа) қарсылық шартты-жалғаулы силлогизм негізінде құрылуы мүмкін, демек, өткеннің алынып, оған кейінгінің келіп қосылуы негізінде және содан соң кейінгіге қарама-қарсының алынып тасталуы, сөйтіп жалпы алғышарттың алынып тасталынуы, содан соң, шартты-жалғаулы силлогизм арқасында, алғашқының алынуы мен оның келесі кейінгіге қосылуының арқасында, содан соң кейінгінің шығарылып тасталуының және өткен алдыңғының алынып тасталуының әрі сонымен жалпы алғышарттың терістелінуі негізінде әшкерленеді. Бекерлеу мен қарсылық, таныту, сондай-ақ, қайшылық силлогизмі негізінде де жүзеге асады. Сол сияқты, әшкерелеп бағуға ұмтылған алғышарттың нағыз ақиқат немесе жалпылама қабылданған ақиқатқа қосылып өндірілуінің арқасында жүргізіледі. Сөйтіп олардан нағыз жалған немесе эристикалық болып табылатын /251-бет/ және ненің негізінде жалпы алғышарттың лақтырылып тасталатындығы шығады. Осылайша, бұл заттар диалектикалық қарсылықтың топтары болып табылады. Ұқсастық негізіндегі қарсылыққа келсек, онда диалектика мен софистикада одан тартыну керек. Ғылымдар мен аподейктикада жалпы алғышартқа қарсылық, оның қарама-қарсылықтары негізінде өндірілетіндігін білу керек, онда осы жер¬дей оның дұрыстығын тұжырымдау керек және осыдан оның талап етілетін күшке ие екендігі шығады, ал егер ол диалектикада өндірілетін болса, онда олардың [алғышарттардың] екеуі де бірге тұрғанда анық жалған немесе бірге тұрғанда эристикалық алғышарт болады, өйткені диалектикада алғышарттың болмысы не арқылы қажеттілікпен болатын нәрсесі сақталынбайды және де не арқылы эристикалықтың тыйым салынған болатындығы да сақталынбайды. Керісінше, диалектиканың субъектілері [заттары] мүмкіншілікті (ықтималды) материялар (болмыстар) болуы мүмкін. Дәл сондықтан, оларда екеуі де (бір-біріне) қарама-қарсы алғышарттар жалған болуы мүмкін және, сондықтан, оларда екеуінің де эристикалық болу мүмкіндігі бар. Мысалы: «Әр зат қозғалады» және «Бар заттарда қозғалатын бір де бір зат жоқ» деген біздің пікір айтуымыздағыдай. Бұл жерде екі қарама-қарсылыктың екеуі де - анық жалған және эристикалық дүниелер. Сондықтан диалектикада ең жақсы және ең табысты болып табылатын нәрсе қайшылық арқылы бекерлеулер болып табылады, өйткені қайшылық арқылы бекерлеу /114/ [логикалық] тұрғыдан дұрыс және шынайы [ақиқат] әрі қарамақарсылық арқылы [жүргізілген] бекерлеуден гөрі, жалпырақ болып табылады. «Диалектика» кітабы аяқталды. Алъ-Фараби. Историко-философские трактаты. Алма-Ата: Наука, 1985. - С.361-622.
ТҮСІНІКТЕМЕЛЕР Логика бойынша кіріспе 1. Түпнұсқасында Фусул йухтаджу илайха фи сына'am әл-мантик деп аталатын, Бұл жұмыс пропедевтикалық сипатқа ие, ол қалай стильде болсын, солай логикалық мәселелерді түсіндіру тәсілінде болсын көрініс табады. Бұл мәселелердің санатында ерек¬ше түйінді орынды грамматика мен логиканың байланысы мәселесі алады. Оның үстіне әл-Фараби, рационалдыны интуициялықтан бөле отырып, білім қайнарларын талдауға тоқталады. Ол арнаулы түрде алғы мен кейінгінің түрлі мағыналарына байланысты шынайы мен кездейсоқты, себеп пен салдарды анықтайды, сөйлем бөліктерінің логикалық функция сын түсіндіреді. Бұл трактатты аударуда, Д.М. Данлоп Стамбұлдағы Хамидийе кітапханасында сақталған қолжазба бойынша жарияланған араб мәтіні пайдаланылды, ол Париждегі Ұлттық кітапханада сақталған қолжазбамен (anc. fond. 303) салыстырыла пайдаланылды. Оның үстіне бұл трактат аз белгілі. Братислава университетіндегі қолжазбамен салыстырыла тексерілді. 2. Антик дәстүріне сай әл-Фараби барлық ғылымдарды теориялық және практикалыққа бөледі. Теориялық білімді ол ғылым, ал практикалықты - өнер, кәсіп деп атайды. 3. Анджихадж - үзінді, жазба. Ауаридж - кеңсе кітабы. Бұл таза бухгалтерлік терминдер күнделікті қолданылмайды. 4. Зиман - а) бухгалтерлік кітаптарды тексеру; б) жүген. 5. Раф - а) атау септігіндегі «у» дауыстысы; б) сөзбе-сөз - көтеру. Насб - а) табыс септігіндегі «а» дауыстысы; б) сөзбе-сөз жоғарылау. Орта ғасырларда араб тілді философия мен ғылымның дамуы, философиялық және табиғаттанулық ұғымдарды дәлме-дәл білдіретін терминологияны араб тіліне ендіруді талап етті. Осыған байланысты, олар араб тілін байытқан және оны өте нәзік сәттерді білдіруге қабілетті құрал-жабдыққа айналдырған, тәсілдерді араб философиясы жасап шығара бастады. Философтар, заңгерлер, геологтар, филологтар оз пәндері бойынша жаңа терминдерді жасап шығара бастады, кейде олар күнделікті сөзде қолданылатын сөздерді жаңа, абстрактылы мағынада пайдаланды. 6. Әл-Фараби «белгілі пайымдаулардың» төрт жақты жіктемесін береді, олар силлогистік емес жолмен алынады. Бұл - қабылданған пікірлер, жалпы белгілі заттар, сезімдік - қабылданатын және бірінші ақылмен аңдалатын заттар (салыс. Аристотель. Бірінші аналитика. І кітап. М., 1952, 10 б.). 7. Аристотель сияқты, әл-Фараби заттардың тек мәнін қарастырмады, сонымен бірге олардың акциденцияларын табиғи құбылыстардың қажетті және кездейсоқ байланыстарын анықтау үшін зерттеді. 8. Алфаз дәллә - ұғынылған сөз, айтулар, қазіргі тілде бұл байланыстырушы сөздер, олар сол немесе басқа мағынаны білдіреді. әл-Фараби өзінің логикалық ілімінде таңба туралы мәселені, сол немесе басқа тілдік таңба білімнің қайсы түріне жататынын анықтау үшін қарастырады. Кез келген ұғым немесе пайымдау соз немесе сөздер тіркесімен білдіріледі,
бірақ әрбір соз бен сөздер тіркесі ұғымдар мен пайымдауларды білдіре бермейді. Ойшылды тек олар ұғымдар мен пайымдауларды білдіретін сөздер мен сөйлемдер қызықтырады. 9. Грамматикалық категориялар: «есім», «етістік», «шылау» әлФарабиді логикалық тұрғыдан қызықтыратындықтан, ол «етістік» және «жалғау» сияқты ұғымдарды, араб тілінде жалпықабылдаиган терминологияда емес, ал грек тілінен нұсқа жасау арқылы келтіреді: а) калима - сөзбе-сөз «соз», логикада «етістікті» білдіреді, оны араб грамматиктері фи'л сөзімен білдіреді. б) 'ала - сөзбе-сөз «құрал», логикада «бөлікті» білдіреді, араб грамматиктері оны харф сөзімен білдіреді. әл-Фараби логика тұрғысынан «бөлік» деп атайтын, грамматикадағыдан басқаша. Бөлік деп ол айтылымның бөлігін, элементін түсінеді, оны логикада байланыстырушы (көпула) деп анықтай бастады. 10. Есімдер мен етістіктер өздерімен өздері аяқталған ойды білдірмейді. Тек қана «болды», «бар», «болады» сияқты етістіктер мен есімдердің қосылуымен аяқталған ой білдіріледі. Оны әл-Фараби өмір сүру етістігі деп атаған және байланыстырушы ретінде бөліп көрсеткен, сол етістікті Аристотель бөлмеген және баяндауышқа жатқызған. 11. Біз «бастауыш» және «баяндауыш» терминдерін грамматикалық категорияларды, ал «субъект» және «предикат» терминдерін логикалық категорияларды білдіру үшін қолданамыз. 12. Таркиб такийид - «шектеудің үйлесуі». Шектеу процесі көбірек жалпыдан аздау жалпы ұғымдарды құрастыруда тур. Қарама-қарсы процесс жалпылау деп аталады. Таркиб истисна' - «шегерудің үйлесуі». Бәлкім, мұнда соз жалпылау туралы шығар, себебі шартты пайымдауда альтернативтерді алып тастау жалпы ұғымды береді. 13. Хадд анықтама. Расм - суреттеу. Осында әл-Фараби, ортағасырлық араб тілді философияның қолданысына енген, анықтау тәсілі мен нәрсені суреттеудің аристотельдік ережелерін келтіреді. Силлогизм 1. Китаб әл-кийас (Силлогизм) трактаты араб тілінен орыс тіліне Братислава қолжазбасының көшірмесі негізінде :орындалды. Китуб әл-Фараби фи әл-мантиқ № 231-ТЕ-41. Бұл қолжазба туралы қар.: «Вестник АН КазССР», № 10. 1973, И б. 2. «Кіріспе тараулар...» трактатындағы № 11 ескертуді қар. 3. Осында әл-Фараби тілдер мен таным арасындағы қатынасты келтіреді. Ол «есім», «етістік», «шылау», «бастауыш», «баяндауыш» сияқты грамматикалық категорияларды логика тұрғысынан қарастырады. 4. «Кіріспе тараулардағы...» № 10 ескертуді қар.
5. Сур - сөзбе-сөз «қоршау». Ортағасырлық логикада сандық көрсеткіш ретінде қолданылды. Сандық көрсеткіштер төртеу: «бәрі», «бірде-бірі», «кейбірі», «кейбірі емес» немесе «бәрі емес». 6. Бұл мәселеде Аристотельге ілескен, перипатетиктерге сай, логикаға тек өзгермелі өлшемдерде білдірілген силлогистикалық заңдар жатады, ал олардың нақтылы терминдерде қолданылуымен бұлай емес. Нақтылы терминдерді, яғни өзгермелі өлшемдердің мағыналарын, олар «силлогизм материялары» деп атайды. Бұл атау ежелгі Грекияның философиялық мектептерінде кең тараған еді. 7. Қар.: «Кіріспе тараулардың» № 6 ескертуі. 8. Осында және басқа жерлерде әл-Фараби джуз - «бөлік» сөзін силлогизм алғышарты мағынасында қолданады. Аристотель «Бірінші Аналитикада» да кейде алғышарттарды «бөліктер» деп атайды. 9. Тараф - сөзбе-сөз «шет». Логикада силлогизмнің шеткі тер¬мин! ретінде қолданылады. Бұл термин ІX ғасырдағы араб логикалық мәтіндеріне сипатты, бірақ кейін сирек кездеседі. 10. Аристотель силлогизмнің тек үш фигурасын мойындаған, дегенмен «Бірінші Аналитиканың» 2 кітабының І тарауында, кейін бірінші фигураның бес силлогизмін шығаруда қолданылатын, сосын төртінші фигура болып бөлінген тәсілді атап өтеді. 11. Аристотель кейде үлкен терминді бірінші, ал кіші терминді - соңғы деп атайды. 12. Бірінші фигураның бірінші модусын әл-Фараби Аристотельдегі осы модуспен сәйкес келеді және латын логиктерінің ААА-І (Barbara) дегенімен сай дейді. 13. Бірінші фигураның екінші модусы әл-Фарабиде Аристотельдегі бірінші фигураның үшінші модусымен сай және латын логиктерінің All (Darіі) дегенімен сәйкес келеді. 14. Бірінші фигураның үшінші модусы әл-Фарабиде Аристотельдегі бірінші фигураның екінші модусымен сай және латын логиктерінің ЕАЕ (Gelarent) дегенімен сәйкес келеді. 15. Бірінші фигураның төртінші модусы әл-Фарабиде Аристотельдің осы модусымен сай және латын логиктерінің EІO-І (Ferіo) дегенімен сәйкес келеді. 16. Тек бірінші фигураның осы торт модусы «жетілген» және «көзге анық», өйткені тек бірінші фигурамен пайымдаулардың торт түрлерінің әрбірін дәлелдеуге болады. Силлогизмнің басқа фигураларын бірінші фигураның сол немесе басқа модустарына әкеліп жеткізу керек. Бірінші фигураны дәлелдеудің ең сенімді формасы деп есептеген, Аристотельдің көзқарасына бұл сай келеді. 17. ЕАЕ-ІІ (Cesare) деген екінші фигураның бірінші модусы үлкен алғышартты айналдыру арқылы ЕАЕ-І (Celarent) деген бірінші фигураның екінші модусына жеткізіледі. Бұл «Бірінші Аналитикадағы» Аристотель тәсілімен сәйкес. 18. AEE-ІІ (Gamestres) деген екінші фигураның екінші модусы. EAE-І (Gelarent) деген бірінші фигураның екінші модусына келіп тіреледі және бұл кіші алғышарт пен қорытындыны айналдыру арқылы алынады. Бұл «Бірінші Аналитикадағы» Аристотель тәсіліне сай.
19. ЕІО-ІІ (Festіno) деген екінші фигураның үшінші модусы ЕІО-ІІ (Ferіo) деген бірінші фигураның тортінші модусына үлкен алғышартты айналдыру мысалмен қосылады. Бұл да Аристотельге сай. 20. АОО-ІІ (Baroko) деген екінші фигураның төртінші модусы ЕАЕ-ІІ (Gelarent) деген біріншісінің екінші модусына, оны алдымен екінші фигураның екінші модусына жеткізу арқылы жанамаланған. Осында әл-Фараби кіші терминнен бөлікті «бөліп көрсету» логикалық амалына барады, мұның нәтижесінде «кейбір С дегеніміз В емес» жеке терістеуші пайымдауы «Д бөлігіндегі бірде-бір С дегеніміз В емес» сияқты жалпы терістеуші пайымдауға айналдырылады, яғни АЕЕ-ІІ кіші алғышарты болып шығады. Осыған ұқсас жағдайда Аристотель қисынсыздыққа жеткізуді қолданады, дегенмен ол да «бөліп көрсетуді» мойындайды (қар.: «Бірінші Аналитика». І кітап. 6-тарау, 23 б.). 21. ААІ-ІІІ (Daraptі) үшінші фигураның бірінші модусы All-І (Darіі) деген бірінші фигураның үшінші модусына келіп қосылады. Бұл да Аристотельге сай. 22. ЕАО-ІІІ (Felapton) деген үшінші фигураның екінші модусы ЕІО-І (Ғегіо) деген бірінші фигураның төртінші модусына келіп қосылады. Бұл да Аристотель тәсіліне сай, тек әлФараби (Felapton-ды) (Datіsі-ден) бұрын түсіндіріп, Аристотельдің реттілігін бұзады. 23. АІІ-ІІІ (Datіsі) деген үшінші фигураның үшінші модусы АІІ-І (Darіі) деген бірінші фигураның үшінші модусына келіп қосылады (әл-Фараби бұл екінші модус). Бұл Аристотельдің «Бірінші Аналитикадағы» тәсіліне сай. 24. ІАІ-ІІІ (Dіsamіs) деген үшінші фигураның төртінші модусы бірінші фигураның үшінші модусына (әл-Фарабиде бұл екінші модус) үлкен алғышартпен қорытындыны айналдыру арқылы жеткізіледі. Бұл Аристотель тәсілімен сай. 25. ЕІО-ІІІ (Ferіson) деген үшінші фигураның бесінші модусы ЕІО-І (Ferіo) деген бірінші фигураның төртінші модусына (Ferіo) кіші алғышарты айналдыру арқылы қосылады. Бұл да Аристотель тәсіліне сай, әл-Фараби Ferіson-ды Bokardo-дан бұрын түсіндіріп, Аристотельдегі реттілікті бұзады. 26. ОАО-ІІІ (Baroko) үшінші фигураның алтыншы модусын қосу үшін әл-Фараби тағы да «бөліп көрсетуге» барады (қар.: 20 еск.); ОАО-ІІІ алдымен (Felapton) ЕАО-ІІІ деген үшінші фигураның екінші модусына жеткізіледі, кейін бірінші фигураның төртінші модусына қосылады. Аристотель болса қисынсыздыққа жеткізуге барады. 27. Әл-Фараби шартты силлогизм теориясын дамытуға айтарлықтай көңіл бөледі, ал Аристотель болса «кейін бұл силлогизмдер [бір-бірінен] немен ерекшеленетінін айтамын» дегенін орындамайды (кар.: «Бірінші Аналитика», 2 кітап. 44 тарау. 105 б.). әл-Фараби шартты силлогизмдердің екі түрін ажыратады: қазіргі шартты кесімді немесе гипотетикалық силлогизмге сәйкес келетін, қосушы шартты силлогизм және қазіргі ажыратушы кесімді немесе дизъюнктивтік силлогизмге сәйкес келетін, ажыратушы шартты силлогизм. Шартты силлогизмдерге әл-Фараби, олар Аристотельден кейінгі перипатетиктердегі модустарды және стоиктердің падейгмаларын еске салатын, бес модустарды жатқызады.
28. Әл-мухаддим - созбе-сөз «алгы», логикада - «негіз», латын логиктерінің «антецендентіне» сәйкес келеді. 29. Ат-тели - сөзбе-сөз «келесі», логикада - «салдар», латын логиктерінің «консенквентіне» сәйкес келеді. 30. Шартты-қосушы силлогизмнің бірінші модусы қазіргі логикада шартты силлогизмнің мақұлдаушы формасына (лат. Modus Ponens) сай келеді, кіші алғышарт пен қорытынды мақұлдаушы пайымдаулар болып табылады. Бұл силлогизмнің формуласы: Егер А В болса С дегеніміз Д А дегеніміз В С дегеніміз Д 31. Шартты қосушы силлогизмнің екінші модусы қазіргі логика¬да шартты силлогизмнің терістеуші формасына (лат. Modus tollens) сай, оның кіші алғышарты мен қорытындысы терістеуші пайымдаулар болып табылады. Бұл силлогизмнің формуласы: Егер А В болса, С дегеніміз Д С Д емес А Д емес 32. Соған сай бұл болу жүргізіле алатын, принципті анық көрсетпей, әл-Фараби ажыратушы шартты силлогизмнің үш модусын көрсетеді. Ол келтірген мысалдар мақұлдаушытерістеуші модусқа да (лат. Modus ponendo tollens) және терістеуші-мақұлдаушы модусқа да (лат. tollendo ponens) жатады. Әл-Фараби «толық» немесе «толық емес» баламалардың барлығына маңыз беретіндіктен, шартты түрде үш жағдайды айқындауға болады. Мұнда біз тек екі мүшеден туратын, олардың бірі кіші алғышартпен шығарылатын, толық баламаның бірінші жағдайына иеміз. 33. Қашан үлкен алғышартта толық баламаның екі мүшесінен артығы бар, ажыратушышартты силлогизмнің екінші жағдайы. 34. Қашан үлкен алғышарт толық емес баламаны білдіретін, ажыратушы-шартты силлогизмнің үшінші жағдайы, осында келтірілген мысалдар терістеуші-мақұлдаушы модусқа жатады. 35. Дұрыс силлогизм деп әл-Фараби оларда екі алғышарттар және соған сай қорытынды ақиқат болып табылатынды атайды. 36. Бұл тарауда ақиқат силлогизмді қайшылық және қисынсыздыққа келтіру арқылы алудың тәсілдері анықталады. Бірінші жағдайда біз, ақиқат және күмәнды алғышарттардан және жалған қорытындыдан туратын, силлогизмді аламыз. Қорытынды жалғандығының себебін біз алғышарттар бойынша анықтай аламыз, өйткені, егер олардың бірі жалған болса, қорытынды да жасалған. Алғышарттардың бірі ақиқат деп анықталғандықтан, басқа алғышартты айқындау керек. Біз оған «қайшы» мағына береміз, оны ақиқатымен қосамыз және қорытынды шығарамыз. Егер ол ақиқат болса, онда күмәнды алғышарт жалған. Қисынсыздыққа келтіру арқылы дәлелдеу басқаша жүргізіледі: дәлелденетінге қайшы қағида қойылады және одан қорытынды шығарылады. Егер алынған қорытынды қисынсыз
болса, онда дәлелденетінге қайшы қағида жалған, ал дәлелденетін ақиқат (қар.: «Бірінші Аналитика», 2 кітап, 11,12,13 тарау). 37. «Истикра» - сөзбе-сөз «зерттеу», логикада - индукция. әл-Фараби үшін дәлелдеу құралына тек толық индукция емес, бірақ сонымен бірге толық емесі де жатады. 38. Аристотель де индукцияны, орта термин арқылы силлогизм деп аталатынды, силлогизмнің ерекше түрі деп есептеді (қар.: «Бірінші Аналитика», 2 кітап, 23 тарау). 39. Аналогия бойынша қорытынды шығару туралы тарау мәтінде екі рет кездесетіні, тым таң қаларлық. Кітаптың басындағы мазмұнға сай, әл-Фараби кітаптың соңында аналогия бойынша пайымдауға қайтып келмей, трактатты қысқартылған силлогизмнен аяқтауы керек еді. 40. Тараудың атауы оның мазмұнына сай емес, қысқартылған силлогизмнен басқа, ақиқат қорытындыны силлогизм арқылы алу немесе индукция және силлогизм бойынша алу сияқты, логикалық амалдар туралы сөз болып отыр. 41. Сөзбе-сөз - «бейболмыстан кейінгі оның болмысы». 42. Бұл оларда кіші алғышарттар түсіріліп тасталған, бірнеше силлогизмдердің қосылуы нәтижесінде алынатын, аристотельдік сориттің мысалы. 43. Мутакалимдер - мұсылмандық догматикалық дін ілімінің - Каламның жақтастары. 44. Әл-Фараби антик дәстүрімен индукция дедукцияға сүйенеді және аналогия бойынша ой тұжырымы дәлелдеудің (аподейктиканың) формасы емес, ал иландырудың тек риторикалық формасы деп есептейді. 45. Біздің заманның адамдары - бұл, кімдердің көзқарастарына әл-Фараби қарсы шыққан, солар. Осыған мысалы, бұрын айтылған мутакалимдер жатады. 46. Ауыстыру арқылы қорытындылаудың сипаты мынадай. Айталық, А және В қағидалары бар, олардың арасында С ұқсастық сәті бар (кар.: «Топика», 108 в 10-14). Бұл қағидалардың бірінде, айталық, А-да қайсыбір Д заты бар екені белгілі. А және В С-ға катысты ұқсас болғандықтан, Д А-да тұрғандықтан, мынадай қорытындыға келеміз. Д В-да да бар. 47. Олар «көзге анықтан көкейдегіге қорытындыны» құптайтын, «біздің заманымыздың адамдарына» әл-Фарабидің жауабы бірмағыналы емес: егер ауыстыру негізделсе, онда силлогизм оз міндетін атқарады, ал егер ауыстыру негізделмесе, онда силлогизм дұрыс емес. 48. Көзге анықтан көкейдегіге талдау тәсілімен ауыстыру былай жүргізіледі: а) А «көкейдегі қағида» болсын; б) «барлық А дегеніміз X» А-ға қатысты іздестірілетін пайым¬дау болсын; в) Р «көзге анық», сезіммен берілген, ол туралы пайымдау шығарылатын болады.
г) S А мен Р-ның арасындағы «ұқсастық сәті болады; сондықтан «барлық А дегеніміз S» және «барлық Р дегеніміз S». Былай пайымдаймыз: Ол S болып табылатын А, сонымен қатар X болғандықтан, сондықтан, «барлық S дегеніміз X». Барлық S дегеніміз X барлық А дегеніміз S барлық А дегеніміз X Әл-Фараби атап өткендей, «көзге анықтан көкейдегіге» талдау тәсілімен қорытындылау бірінші фигура силлогизмі арқылы жетіледі, онда «ұқсастық сәті» S орта термин болып табылады. 49. Синтез тәсілі арқылы «көзге анықтан көкейдегіге» ауыстыру төмендегідей жүреді: а) Р «көзге анық», сезімдік берілген болсын; б) «барлық Р дегеніміз X» пайымдауында Р туралы айтылады. в) S Р және белгісіз А қағидасының арасындағы «ұқсастық сәті» болады, сондықтан, «барлық Р дегеніміз S» және «барлық А дегеніміз S». Сондықтан, S болып табылатын Р, сонымен бірге X болатындықтан, «барлық S дегеніміз X». Алатын силлогизм: барлық S дегеніміз X барлық А дегеніміз S барлық А дегеніміз X Алдыңғы ескертудегі силлогизммен бірдей, әл-Фараби атап өткендей, бұл силлогизм, ода «ұқсастық сәті» орта термин болып табылатын, бірінші фигураның силлогизмі болып табылады. 50. Мұнда берілетін қағида: айталық, М - материя В,, В2... түрлеріне ие, сондықтан, кез келген М В,, В2... болып табылады. X заты бұл түрлердің әрқайсысында тур деген пайымдау шығарылды деп ұйғарайық. Сонда алынатын силлогизм: барлық Вр В,... дегеніміз X барлық М дегеніміз В , В2 барлық М дегеніміз X Бұл бірінші фигура силлогизмі, онда орта термин «зерттелетін зат» болып табылады. Баяндалғаннан көрінетіндей, әл-Фараби үшін сөздің қатаң мағынасында, кейін ол «толық индукция» деп аталған, индуктивтік тұжырымдаудың тек сол формасы дәлелдеу құралы бола алады. 51. Егер М термит бүкіл Х-ті қамтымаса, онда келтірілген алғышарттардан «кейбір М дегеніміз X» сияқты қажеттілікпен тек жеке қорытынды шығады. Сонда да, егер жалпы қорытынды шығарылса, онда М термині кеңейтілген болады. 52. Қарастырылатын пайымдау: «Барлық адамдар жануарлар», ол қайсыбір «қағидаға» (адамға) қайсыбір «затты» (жандылықты) тіркеп қояды. Егер пайымдау алынып тасталса яғни, жалған деп ұйғарылса, онда заттың өзі де алынып тасталады (яғни адамда жандылық терістеледі). Керісінше, егер «зат» (жандылық) «қағидаға» (адамға) тән болса, онда «барлық адамдар жануарлар» деген ақиқат. 53. Тағы сол пайымдауды қарастырайық «барлық адамдар жануарлар». Байланыс шарты пайымдауда қайтадан тұжырымдала алады: «зат» бұл «қағида» бар ма, жоқ па, соған байланысты пайымдау ақиқат немесе жалған болып шығады. Егер пайымдау алынып тасталса, онда «зат» та алынып тасталады.
54. Бұл мысал жалпы пайымдауды алып тастау тәсілімен белгілеуге болатындығын көрсетуімен қызықты. «Барлық X дегеніміз У» дегенді белгілеу үшін, егер У алынып тасталса, онда Х-те алынатындығын көрсеткен, бұл жеткілікті. 55. Қазіргі терминологияда осындай екі терминдер қатар өмір сүрушілер деп аталады. X және У терминдері «өмір сүрумен алынып тасталудың біріккен тәсілімен» байланысты. 56. Силлогизмнің ортақ алғышарты тек осындай формаға ие: «Барлық X дегеніміз У»; X пен У арасында қарама-қарсы байланыстың керісінше барлығы талап етілмейді. 57. Осындай ұзын «пайымдаудың алынып тасталуы және өмір сүруі туралы» пайым «ауыстыру» арқылы қорытынды шығару үшін көмекші құрал болып табылады. Аристотельде «пайымдауды алып тастау» туралы мәселе қозғалмайды. Әл-Фарабиде бұл мәселе терең және толық зерттелген. 58. Фикх - мұсылман құқы. Қийас факііхи - заңгерлік силлогизм. Әл-Фараби оны Аристотельдің «сендіруші силлогизмімен» ұқсатады (қар.: «Бірінші Аналитика», 2 кітап, 23 тарау). Әл-Фараби аристотельдік логиканы таза «мұсылмандық» заңдарда қолдаңғысы келді. 59. Сөзбе-сөз - заңгерлік силлогизмдермен. 60. Салыст.: Аристотель «Бірінші Аналитика», 2 кітап, 23,68 в 13 тарау: Енді бізге тек диалектикалық және дәлелдеуші силлогизмдердің жоғарыда аталған фигуралар бойынша құрылатынын ғана емес, сонымен бірге риторикалық силлогизмдердің солай екендігін және жалпы әрбір растылықтың қалай және қандай тәсілмен [жетілетіндігін] көрсету керек. Өйткені растылықты біз қашанда немесе силлогизм жолымен немесе индукция арқылы аламыз. Заңгерлік силлогизмдерді, олар деп «сендіруші» силлогизмдерді түсіне отырып, әл-Фараби өзі қосады. 61. Бұл, дәл солай кейінгі сөйлемшелер, Құранның түрлі тарауларынан үзінділер болып табылады. Бұл жағдайда «әл-ма'ида» тарауынан, V, 90, 91 үзінді. 62. Құран, «әл-хаджж», XVІІ, 30. 63. Құран, «әл-ма'ида», V, 8. 64. Құран, «әл-ан'ам», VІ, 151. 65. Құран, «әл-ма'ида», V, 1. 66. Құран, «әл-ма'ида», V, 38. 67. Динарлар-алтын тиын. Олардың салмағы және маңыздылығы туралы қар.: Хину В. Мусульманские меры веса с переводом в метрическую систему. М., 1970, 11 6. 68. Құран, «әл-энбийа», XXІ, 46. 69. Құран, «әл-исра», XVІІ, 22. 70. Яғни, индуктив. 71. Бастапқы пайымдау «барлық X дегеніміз У» болсын. Ол Xтың орнында тұрған Z универсалиі болсын, сондықтан, «барлық X дегеніміз Z» және «барлық Z дегеніміз У»
зерттеу сатысында тұрсын. (Ол үшін «барлық В дегенім Z» ақиқат). В былай болсын: «В-ның бәрі У емес», сонда алатынымыз: кейбір В У емес барлық В - Z кейбір Z У емес Бұл ОАО-ІІІ (Bokardo) силлогизмінің үшінші фигурасы. 72. Мысдал - 4,68 тр. тең, салмақ өлшемі. 73. Құран, «ан-ниса», ІV, 39. 74. Яғни, индукция жолымен. 75. Осында ААА-І силлогизміне иеміз: Барлық қорек болатын, өлшенетін тыйым салынған Барлық бидай қорек болатын өлшенетін Бүкіл бидайға тыйым салынған 76. ЕАО-ІІІ (Felapton). 77. Қар.: Аристотель. Никомах этикасы, 1094 в 12. 78. Сонда, 1094 в 24-27. 79. Мысал. Бұл аристотельдік терминнен көшірме. Сөзбе-сөз - мысал логикада -«аналогия». 80. Бізде бары: 1) А және В қағидалары; 2) ол А мен В-ның арасында ұқсастық сәтін құрастыратын, «І» заты; 3) ол, айталық, екі қағидалардың біріне, мысалы, А-ға қолданылатыны белгілі, бірақ В-ға Бұл белгісіз. Бұл жағдайда аналогия бойынша пайым құрастырылады; А және В қағидалары, олардың ұқсас болғандықтан, пайымдау А туралы не айтатындығына қатысты, В-да А-ға ұқсас болып табылады. А осында В қағидасы үшін мысал қызметін атқарады. Бұл А және бұл В екеуі де І, Бұл А дегеніміз С Бұл В дегеніміз С 81. Осында пайым өзгереді. «Бұл А дегеніміз І» және «бұл А дегеніміз С» болғандықтан, «барлық І дегеніміз С» екендігі анық. Ендеше:барлық І дегеніміз С бұл В дегеніміз І бұл В дегеніміз С Бұл ААА-І (Barbara) силлогизмі. 82. Ендеше, аналогия бойынша қорытындылаудың екі түрі бар: өзіндік «мысал» арқылы қорытындылау және «жалпыланған мысал» немесе «ауыстыру арқылы мысалмен» қорытындылау, бұл туралы төменде айтылады. 83. Аналогия бойынша қорытындылаудың екі түрі: а) өзіндік «мысал» арқылы қорытындылау бұл А дегеніміз І, бұл A дегеніміз С, бұл В дегеніміз І. Бұл В дегеніміз С. б) «жалпыланған мысал» немесе «ауыстырумен мысал» арқылы қорытындылау: Барлық І дегеніміз С (ол І болатын А, сонымен бірге С болатындықтан)
Бұл В дегеніміз І Бұл В дегеніміз С. Аналогия бойынша жалпыланған қорытынды ААА-І силлогизміне сай, ал өзіндік мысалмен қорытындылау силлогизмге жатпайды. 84. Салыст.: Аристотель. «Бірінші Аналитика», 2 кітап, 24, 69 а 14-16 тарау: «мысал не бөліктің тұтастыққа, не тұтастықтың бөлікке қатынасын көрсетпейді, бірақ бөліктің бөлікке қатынасы...». 85. Сөзбе-сөз - заңгерліктер. Софистика 1. Бұл трактаттың аудармасы тікелей братиславалық араб қолжазбаларындағы әлФарабидің «Кутуб әл-Фараби фи әл-Мантиқ» атты логикалық трактаты бойынша орындалған. MS-231. Т.Е., 41 Братислава. 118а-139 а бб. Ф.Хаддадтың әл-Фарабидің Стамбұлдағы араб қолжазбаларында осыған ұқсас трактат бар дегенінен («А1Farabі. АІMantіk», MS - 812) басқа, ғылыми әдебиетте деректер жоқ. Бұл трактат мазмұнын талдаудан әл-Фараби оз «Софистикасын» оз «Топикасының» бөлігі емес, ал жеке шығарма ретінде қарастырғаны шығады. Әл-Фараби «Софистикасы» - оның негізінде соған сәйкес Аристотельдің еңбегі жатқан, төлтума шығарма. 2. Арабтың умур сөзін әл-Фараби кең қолданады. Негізінен бұл тектік заттың түрлікке қатынасын білдіреді және бұл оның мәтінін қабылдауда қиындық туғызады. Бұл жағдайда бұл соз «тәсілдер» мағынасында алға шығады. 3. Бәлкім, жалқы сандағы бірінші есімде немесе көптік сандағы бірінші есімде баяндау, ол осында бүкіл мәтін барысында дәйектілікті сақтамаған, көшірушінің кінәсінен болар. Көшіруші тіпті «Софистиканы» баяндауды хабарлаушының атынан бастайды. Солай, 118 бетінде ол былай жазады: «Жеке Әбу Насыр (яғни әл-Фараби) айтты». 4. Әл-Фараби «софистика» деген грек сөзін пайдаланады, бірақ «софизм» ұғымын білдіретін терминде дәйектілік жоқ. «Муғлитат» сөзін ол ғалат, муғалата сөздеріне қарағанда, «софизмдер» ұғымы ретінде жиі пайдаланады. 5. Қосмағыналык осында ауыстырылатын есім жүзеге асып жатқан іс-әрекеттер мен бұл ісәрекеттердің қалаулы мақсатының арасында орталық буын болатындығынан туындайды. 6. Далал (сілтеме жасау) сөзін әл-Фараби келтірілген мағынада жиі пайдаланады. Алайда ары қарай баяндау барысында ол бұл мағыналардың бірін, оз пайдалану сәтінде қолданатынды еске алып тұрғаны, анық бола бастайды. 7. Әл-Фараби сөздері дұрыс емес қосудың нәтижесінде туындайтын «қателікті» көрсетеді. Бұл қашан байланысы жоқты немесе жеке қолданғанда ғана мағынасы болатынды қосқанда шығатын жағдай. 8. Си сөзі - ол фи шылауының көпмағыналығы салдарынан туындайды, ол «ішінде», «үстінде», «қасында», «уақытында», «бойында», «уақытында», «үшін», «арасында» т.т. білдіре беретін айтылым. 9. JІaxy айтылымы - бұл лаху қосымшасының мына мағыналарында пайда болатын қосмағыналық: а) меншік болып табылады; б) туысқан болып табылады.
10. 'Ан айтылымы - бұл ода қосмағыналық 'ан қосымшасының көпмағыналығынан туындайтын, айтылым. Мұнда оның «ішінен», «сосын», «соған жауап» мағыналары көрсетілді. Әл-Фараби бұл сөздің көпмағыналылығын елемеу қосмағыналыққа әкелетінін көрсетеді. 11. Бұл мысалда да «лан» (о) сөзінің көпмағыналылығы пайдаланылады. Тек автордың бұл айтылымға жеке қатынасы түсініксіз. Ол қосмағыналықты көрсету үшін келтірілді деп ұйғаруға болады. Осыдан әл-Фараби бұл сөйлемшені софистік деп есептегені байқалып тур. 12. Әл-Фараби бұл жерде «ана», «емізуші», «әйел», «еркек» сөздерінің осыдан шығатын салдарымен метафоралық қолданылуын еске алып тұр. 13. Әл-Фараби бұл жағдайда, ол араб тілінде төгілетін денелердің өлшеу бірлігін білдіретін, микйал сөзінің метафоралық пайдаланылуын еске алып тур. Мұнда да ол бұл сөйлемді дұрыс әлде софистік, яғни дұрыс емес деп есептейтіні көрінбей тұр. 14. Көптеген басқаларынан айрықша, араб тілінде сөздер белгілі бір формула бойынша құрастырылады. Бұл жерде бір және сол формуламен құрастырылған сөйлемшелер еске алынып тур. 15. Сөйлемшелер: ар-раджа* - өтініш, әл-лисан - тіл және аззахаб - куту фи san деген бір және сол формуламен құрастырылған. 16. Араб тілінде лисан (тіл) және камис (жейде) сөздері жинақтаушы есімнің жалғауларына ие. 17. Араб тілінде талха және халиф сөздері әйел тектегі жалғауларда, олардың біріншісі еркектің есімін білдіреді. 18. Үшінші атаудағы жеке одағай хуаның Зейдке қатысты бірігуі салдарынан туындайтын қосмағыналықта, біздің елдегі мына айтымдағы сияқты: «өлтіруге болмайды, кешірім жасау керек», қорытынды үтірді қайсы жерге қойғанға байланысты. 19. Әл-Фараби синонимдік сөздерді қолдану туралы еске салып 20. «Сахба» - алтын түсті шараптың түрі. 21. «Жоғарыға қараушы» деген сөйлемшеде «төмен қарайтын» жануардан адамның ерекшелігін, бәлкім, ұйғарып тур. 22. Әл-Фараби дұрыс емес бөлудің жағдайына назар аударады. Бес санына бір-бірімен сиыспайтын «жұп» және «тақ» қосылып тұр және осыдан софистік қорытынды шығарылады. 23. Әл-Фараби тар мағынаны көбірек кеңдеу мағынамен ауыстыру және оның біріншіге басқаша болатындығы туралы еске алып тур. 24. Араб тілінде әріптердің нүктелері мен формалары анықтаушы лексикалық мағынаға ие. Бірінші мысалдағы «жақсылық жасау» - «аша,а» мен «жамандық жасау» -«аса' а» тек «с» мен «ш» әріптеріндегі нүктелермен ерекшеленеді, екіншісінде, «алайа» -«мен үшін» және «'али» - «көтеріңкі» - тек соңғы әріптерінің айтылуымен.
25. «Ифабу бойынша өзгеру» - жетілмеген етістік түрінің жалғаулары және есімдері бойынша өзгеру. Бірінші мысалда, егер «л» әрпін алып тастаса, етістіктің қысқартылған формасы жоғалады; екіншісінде, егер кез келген жалғауды өзгертсе, соған сай мағына өзгереді. 26. «Тасарифу бойынша өзгеру» - етістік формаларының флектация арқылы есімдер, мезгілдер, райлар бойынша өзгеруі, туынды негіздердің пайда болуы және соған сай есімдердің өзгеруі. 27. «Мүмкіндік» сөзі - етістіктен шыққан есім, ал «мүмкінмен» - сын есім. 28. Зу-л-аид - «күшті» және «зу-л-аиди» - «қолы бар» - араб мәтінінде бірінші үйлесімде түпкі түбірлік «и» түсіп қалуы салдарынан түрлі формаға ие. Түрлі формаға мына сөздер де ие: жамал - түйе және жұмал - жиынтық. 29. Мұнда жазылуы бойынша мүлдем әр түрлі жалғаулар туындады. Ауызекі сөзде бұл сөздер бірдей айтылады. 30. Бұл софизм «мәндіні» кездейсоқпен араластыру деп аталады. Егер субъектіге предикатқа тән тіркелсе және ол оған кездейсоқ негізде немесе кездейсоқтың негізінде бірнеше предикаттардың қосылуында тіркелсе, предикаттардың предикаты пайда болады. «Fallacіa accіdentіs» деп аталады. 31. Арад сөзі бірнеше мағыналарға ие: акцидент, кездейсоқ, мәнді емес. Бұл термин ода, оған оны Аристотель де берген, сол мағынаға ие, яғни arad accіdens-ке тең. 32. Махмуд сөзі «предикат» немесе «баяндауыш» мағынасында қолданылады. Субъект туралы ода айтылғанды немесе терістелгенді білдіреді, нәрседе сол немесе басқа белгінің бар немесе жоқ екендігін бейнелейді. Оған praedіcatum термині сай келеді. 33. Әл-махмул би-з-зат сөйлемшесі «мәндінің негізінде жатқызылатын предикатты» білдіреді және жатқызылатын предикатқа антиномия. 34. Әл-Фараби негізінен ұяланған нанымдарды, ырымдарды, сенімдерді, сыңаржақты пікірлерді, яғни затты немесе құбылысты үстірт зерттеуден туындағандарды еске алып тур. Араб мәтініндегі олардың сөзбе-сөз аталуы на'уку аззихи - «ақылға кедергі болушылар». 35. Бұл софизм Аристотельде «дұрыс емес қосу» деп аталады. Мұнда сөздердің қосылуы арқылы байланысы жоқ байланысады немесе тек ажыраған түрде мағынасы бар қосылады. 36. Бұл софизм Fallacіa consequents - «салыстырмалы салдардың қателігі» немесе Nons seguіtur - «шықпайды» деп аталады. Негіз бен салдардың байланысы заңын бұзуды өзімен көрсетеді. Әл-Фараби бұл софизмге толық тоқталады. 37. Мәтінде әл-лазим - «ілеседі». «Ілесу» мағынасында жиі қолданылады. Әл-Фарабидегі оның қолданылуын терминологиялық деп есептеуге болады, өйткені лексикалық бірлік ретінде бір сөз мынадай мағыналарға ие: қажетті, міндетті, керек, ажырамайтын, тән. 38. Келтірілген мысалда «адам» және «жануар» ұғымдарының арасындағы қатынас еске алынады.
«Адам» ұғымы «жануар» ұғымына қатысты түрлік болып табылады және оның көлеміне енеді. Сондықтан бұл пайымның қорытындысы қате. 39. Осында және екінші тарауда әл-Фараби 'ан («о») жалғауының мағынасын егжейтегжейлі қарастырады, ол сөйлемге әрекеттер барысының дәйектілігін береді және одан нәрсе жасалған материалдың маңызына сілтейді. 40. Мәтінде әл-лахик - «тіркесу». Әл-Фараби бұл созбен, ода «қасиет» затқа емес ал зат қасиетке жатқызылатыннан, онда қателік пайда болатын, софизмді белгілейді. 41. Бұл жерде және ары қарай мәтінде әл-Фараби "акс сөзін «айналу» мағынасында қолданады, яғни оны conversіon терминіне тең мағыналы термин ретінде анықтайды: 'акс -бұл ол арқылы осы пайымдаудан жаңа пайымдау құрастырылатын, қайда субъект бастапқы пайымдаудың предикаты, ал пердикат - бастапқы пайымдаудың субъектісі болып табылатын, логикалық амал. Сөздіктегі 'акстың лексикалық мағынасы: кері шағы, қарамақарсылық. 42. Мәтінде бұл софизм максұрат - «кесу», «қысқарту» деп аталады. Еске, оның ұйғарылған бір бөлігі түсіп қалған, қысқартылған силлогизм алынып отыр. 43. Бұл софизм «а dіcto sіmplіcіter ad dіgtum secundum quіd» және «a dіcto sіmplіcіter quіd dіctum sіmplіcіter» - жай ғана шектеу аз айтылғаннан шектеулі айтылғанға және керісінше» деген атпен белгілі. Бұл қателік айтылғанның мағынасын не ретсіз кеңейту, не ретсіз шектеуден тұрады. 44. Мәтінде бұл софизм әл-мутлакат деп аталады. Әл-Фараби бұл сөзді термин ретінде пайдаланады. «Абсолютизмдер» дегенді білдіреді, яғни әл-Фараби салмақты мағынаға - не оның пайда болуының себебіне жататын, «шектеусіз айтылымға» салады. 45. Бұл софизм Fallacіaplurіum - «бірнеше сұрақтарды бірінде араластыру» деген атпен белгілі, ол бірінде бірнеше сұрақтарға «ия» немесе «жоқ» деп жауап берумен байланысты. 46. Көрініп тұрғандай, әл-Фараби Зенонның «Дихотомия» апориясын, «жарты мәселесінің софизмі» деп аталатын, софизмдердің жеке түріне жатқызады, бұл апориядағы қателіктерді көрсетеді және өзіндік шешу жолдарын ұсынады. 47. Әл-Фараби бұл софизмді «шындықта тезиске оған қарама-қарсы тезисті пайдаланбау софизмі» деп атайды. Атында тұрғандай, бұл софизм ода тезис сапасында, ол бастапқы тезиске қарама-қарсы болғанымен, ол шынында ондай болмайтынды, ұсынуда көрініс табады. 48. Мәтінде таубих - қарсылықты білдіреді. Бұл мағынада әл-Фараби осы сөзді қатаң қолданады. Сөздіктегі оның лексикалық мағынасы: сөгіс, ескерту, кінәлау. 49. Бұл софизм Petіtіo prіncіpіі - алдын алу немесе негізді талап ету деген атпен белгілі. Жеткілікті негіз заңын бұзуды көрсетеді. Тезисті мақұлдайтын негіз сапасында, дегенмен ол анық жалған болғанымен, бірақ өзі дәлелдеуді қажет ететінді алумен бұл байланысты. Мәтінде сөзбе-сөз бұл софизм былай аталған: «бастапқы тезисті алып тастау». 50. Бастапқы тезисті әл-Фараби жиі әл-матлуб әл-аууал (сөзбе-сөз - «бірінші іздестірілетін») немесе сирек: әл-мсіуду" ал-аууал (сөзбе-сөз - «бірінші іздестірілетін) деген сөз тіркестерімен белгілейді.
51. Мәтінде әл-мауду - субъект (subjectum) және ол ой затын бейнелейтін, пайымдаудың немесе айтылымның бөлігі. 52. Осында «қайшылық» мағынасында әл-Фараби, ол да қайшылықты білдіретін накид сөзінен сирек, хилаф сөзін ендіреді. 53. Бұл софизм Post hoc ergo propter hos - «сонан кейін, сондықтан, соның себебімен» деген атаумен кең белгілі, яғни себеп болып табылмайтынды, себеп ретінде алудың салдарынан туындайтын қателік. 54. Әл-Фараби «тура силлогизм» деп кәдімгі кесімді силлогизмді атайды. 55. Мысалы ретінде әл-Фараби Тит Лукреций Карды келтіретіні қызықты: жан-тәнімен ажырамас байланыста; тәннің өлімімен жан да өледі; өлім қайғы-қасіреттің аяқталуын білдіреді; өмір мен өлімнің арасында ортақ ештеңе жоқ. 56. Мәтіндегі «бізде бар, сол» - өте мазмұнды. Ол: «біз не туралы ойлайтын, сол», «нені біз елестететін, сол», «нені біз сезінетін, сол» дегендерді білдіреді. 57. Мәтінде-«қарама-қарсы силлогизмдер». Бұл сөйлемде арабшамен сөзбе-сөз, бірегей. Ол аудармада автордағыдай қалдырылған, оның мүмкін емес арқылы силлогизмді білдіретіні, мәтіннен әбден анық. 58. Мәтінде мухст «мүмкін емес», «қисынсыз» дегенді білдіреді. Бұл сөзді әл-Фараби жиі ретте осы мағынада, оны синонимдермен алмастырмай, таза терминологиялық түрде пайдаланады. Сөздіктегі оның лексикалық мағынасы: қол жетпейтін, мүмкін емес, қисынсыз. 59. Бұл софизм Іgnoratіo elenchі - «бекерлеуді білмеу» деген атпен белгілі. Мәнісі силлогизм арқылы бекерлеуде бекерлеу пәнін алмастыруда тур. 60. Бұл мысалды тағы былай бейнелеуге болады.
О және О, - екі шеңбер орталығы (.) А - бұл шеңберлердің жанасу нүктесі. ОА,ОВ және 0,А,, 0,С - сәйкес шеңберлердің радиусы. 00 >ОА + АО, екенін дәлелдеу қажет. 00, = ОВ + ВС + СО,. АО + АО, = OB + СО,. OB + ВС + СО >0А + АО,, себебі ОВ + ВС + СД >0В + С01, сондықтан 00,>0А + АО. Кіші силлогизм немесе силлогизм мәселелері туралы қысқаша түсініктеме кітаб яки каләм өкілдерінің түсінігіндегі логика туралы қысқаша түсінік кітабы 1. Трактат араб тіліндегі Рафик әл-'Аджам. Әл-Фараби логикасы. Зерттеулер, кіріспе мақала, мәтіндер және түсіндірмелер. Бейрут 1985. - 263 бет (65-93 беттер), нұсқасынан тікелей қазақ тіліне аударылып оқырманға ұсынылып отыр. Кітап кіріспе және он бөлімнен тұрады. Әр бөлім «сөз» деп аталады. Әл-Фараби бірінші сөзде жалпы пайымдау туралы түсіндіріп, оған мынадай анықтама береді: пайымдау - дегеніміз - бір нәрсе екінші бір нәрсе туралы шешім шығарады. Ұлы ойшыл Бұл бөлімде пайымдаудың құрамын айтады және араб тіліндегі «болу» етістігінің арқасында пайымдаулар екілік және үштік деп аталу себептерін анықтайды. Сондай-ақ, осы бөлімде
субъект пен предикат, категориялық пайымдау мен шартты пайымдау, растау мен терістеу пайымдаулары ашықталып пайымдаулардың жалпылық пен жалқылық ұғымдарына анықтама беріп, мысалдар келтіріледі. Екінші сөзінде Ұлы ойшыл бізді тек қарама-қарсылық пайымдауымен таныстырады. Қарама-қарсылық пайымдауларының бірнеше түрі бар себебі, егер пайымдаудың біреуі шын болса, екіншісі өтірік болады. Екі пайымдау бірдей не өтірік, не рас болмайды. Үшінші сөзде әл-Фараби ақиқаттылығы силлогизм арқылы емес жететін пайымдаулардың жасалу түрлерін түсіндіреді. Пайымдаулардың бұл түрінде үш түрлі пікірдің маңыздылығы мен анықтамасы айтылды. Бұл үш түрлі пікірлер; қабылданған, танымды және сезім арқылы қабылданатын пайымдаулар. Әл-Фараби бұларды «пікір» деп атағаны болмаса, шындығында бұларды «білімнің түрлері» деген дұрыс. Себебі, әл-Фарабидің осы пікірлерге берген анықтамасы осыны айтады. Қабылданған пікір - бір немесе бірнеше сенімді кісілер арқылы келген пайымдаулар. Танымды пікір - барлық адамдардың арасында немесе олардың көпшілігіне, ғалымдардың арасында белгілі болып және бұлардың ешбірінің таласын тудырмаған пайымдаулар. Сезім арқылы қабылданатын пікір - сезім мүшелерінің бірінің қабылдауы арқасында мәлім болған пайымдаулар. Төртінші сөзде әл-Фараби категориялық силлогизмнің он торт түрімен таныстырады. Бірақ бұл ашықтауынан алдын Ұлы ойшыл кез келген силлогизм арқылы белгілі болған білімнің қорытынды және нәтиже болатынын басып көрсетеді. №4 түсіндірмеге қараңыз. Бесінші соз - шартты силлогизмдердің негізі, олардың жағдайлары мен құрамы туралы айтылады. Сонымен катар шартты силлогизмнің бөліктері, яғни «негіз» бен «салдар» құрылымы, шартты бөліну мен растау т.б. жағдайлар баяндалады. Алтыншы сөзде әл-Фараби қайшылық арқылы болатын силлогизм туралы баяндаса, жетінші сөзінде полисиллогизм туралы айтады. Ұлы ойшыл-энциклопедист осындай реттілікпен индукция туралы сегізінші сөзін де тәмамдайды. Әуелгі кіріспе бөлімінде кітаптың он бөлімнен тұратыны айтылған болатын. Және соңғы екі бөлімі, яғни тоғызыншы, оныншы бөлімдерінің жалпы мазмұндары келтірілген әйтсе де, өкінішке қарай біз тек қолымызда бар дүниемен шектеліп кітаптың сегіз бөлімін ғана аудара білдік. 2. Пайымдау - сөйлем түрінде көрсетілген ой. Мұнда бір нәрсе объективті түрде құпталады, немесе теріске шығарылады, - деп әл-Фараби өзінің пайымдау туралы ойын тұжырымдайды. 3. Растау және терістеу пайымдаулары қарама-қарсы пайымдау болуы да, болмаулары да мүмкін. Бірақ, олардағы субъект немесе предикат бір болып бірімен бірі бірігетін болса, онда қарама-қарсылық болуы мүмкін, - дейді әл-Фараби. 4. Әл-Фараби катеториялық силлогизмнің он торт түрінің бар екенін баяндамас бұрын, кез келген силлогизм арқылы белгілі болған білім қорытынды және нәтиже болатынын басып көрсетеді. Жоғарыда айтылған категориялық силлогизмнің он торт түрі мыналар; 1) екі пайымдау да торт түрлі білімнің бірі арқылы мәлім болуы керек; 2) кіші жалпылық растау мен үлкен жалпылық терістеу пайымдауларының нәтижесі; 3) кіші жалқылық растау мен үлкен жалпылық терістеу пайымдауларының қорытындысы; 4) кіші жалқылық растау мен
үлкен жалпылық терістеу пайымдауларының қорытындысы, яғни осы төртеуі бірінші формадағы силлогизмдер; 5) үлкен пікірі жалпылық терістеу мен кішісі жалпылық растау пайымдауларының нәтижесі; 6) кіші жалпы терістеу мен үлкен жалпы растау пайымдауларының нәтижесі; 7) кіші жалқылық растау мен үлкен жалпылық терістеу пайымдауларының қорытындысы; 8) кіші жалқы терістеу мен үлкен жалпы растаушы пайымдауларының қорытындысы, бұл төртеуі екінші формадағы силлогизмнің түрлері; 9) үлкен және кіші жалпылық растау пайымдауларының нәтижесі; 10) кіші жалпылық растау мен үлкен жалпылық терістеу пайымдауларының қорытындысы; 11) үлкен жалпылық растау мен кіші жалқылық растау пайымдауларының қорытындысы; 12) үлкен жалпылық растау мен кіші жалпылық терістеу пайымдауларының нәтижесі; 13) үлкен жалпылық терістеу мен кіші жалқылық растау пайымдауларының нәтижесі; 14) үлкен жалқылық терістеу мен кіші жалпылық растау пайымдауларының қорытындысы, бұлар үшінші форманың модустары. 5. Шартты силлогизмдер үлкен шартты және кіші кесімді пайымдаулардан құралады. Силлогизмнің бұл түрі «егер» шартты сөзімен құралуына байланысты - шартты силлогизм деп аталады. Мысалы, «егер әлем жаратылса, онда оның жаратушысы бар» т.б. Сондай-ақ, бұл силлогизм екі түрге бөлінеді; біріккен және бөлінген. 6. Пайымдау құралатын кез келген пікірлердің бірі шын болып екіншісі өтірік болса немесе шын екені белгісіз болып, ал қорытындысы өтірік екені анықталса, онда бұл қарамақайшылық пайымдауы болып аталады. 7. Әл-Фарабидің айтуынша индукция - бір пайымдауды терістеу немесе растау мақсатында бір ережеге бағынатын заттарды зерттеу және ол туралы ой-тұжырым шығару. 8. Мутакаллимдер - Исламдағы «Кәлам» ағымының өкілдері. Мутакаллимдер де перипатетик ойшылдары сияқты рационалды дәлелдерге сүйенуді дұрыс көреді бірақ, философтар кәлам философиясын «дәлелдеу даналығы» емес «диалектикалық даналық» деп таниды. Сондай-ақ, мутакаллим философқа қарағанда өзін Исламды қору үшін «міндеттелінген философ» деп есептейді. Философ болса, алдын-ала қандай пікірді дәлелдеу керектігін білмейінше алдындағы мақсаты әуеліде белгісіз болып кейін, оның анықталуы керек болған мәселеге байланысты көздеулі мақсаты айқындалған болатын болса, мутакаллимнің мақсаты әуел бастан анық, ол - дінді қорғау. Мортаза Мотахарри. Философия и Калам. Алматы, 2004, с.33 9. Муфаккинтер - дінді және шариғат құқығын жетік білген заңгерлер. Сонымен қатар олар өмірдегі түрлі мәселелерге байланысты Құран мен хадистен дәлелдер (айғақ) келтіріп діни тұрғыдан пәтуа беретін ғалымдар. Кейде мұндай кісілерді қазилар деп те атаған. Муфаккиһтің қоғамдағы алатын орны өте жоғары. Өз дәуіріндегі ойшылдар муфаккиһтермен санасуларына тура келген. 10. Әл-Фараби араб грамматикасында «болу» етістігі деп аталатын етістіктерді келтіріп және солар арқылы үштік деп атаған пайымдауды келтіруі тегін емес. Себебі, жалаң есім соз бен етістіктермен кәміл ойды тәмәмдадым деп айтуға болмайды. Кез келген етістік пен есімді бір-бірімен байланыстырушы, көмекші сөздер керек. Міне сондай көмекші сөздердің қатарына әл-Фараби араб тіліндегі «қана» (болу) етістіктерін ұсынып отыр. Расында да етістіктердің бұл түрі іс-әрекеттің болған мезгілін айқындап береді және кез
келген етістіктің алдында келіп өткен шақ ұғымын да бере алады. «Болу» етістігі оз ішінде бір мезгілде есім сөзбен етістікті бірдей қамтиды. 11. Анықтауышты - «предикат», ал анықталып жатырған нәрсені - «субъект» деп атайды - т.б. осы сияқты сөйлемдерде қолданылған «анықтауыш», «баяндауыш» терминдерінде тіл біліміндегі ұғымында түсінбеуіміз керек. Бұл терминдер оқырманға «субъект», «предикат» сияқты логикалық категориядағы терминдерді түсіндіру үшін қолданылған әрекеттер. Әйтпесе, араб әлемінде де бұл терминдер тіл білімінде де, логика ғылымында да әртүрлі ұғымдарда қолданыс табады. 12. Сұр - сөзбе-сөз мағынасы (қора, шарбақ). Бірақ орта ғасыр логикасында сандық көрсеткіш ретінде қолданылған. Сандық көрсеткіш төртеу. Әл-Фараби осы сандық көрсеткіштің төртеуінде толық атайды; «бүкіл», «кейбір», «ешбір» және «барлығы емес» 13. Аристотель, логикалық пайымдаусыз болатын растаудың осы торт білім ғана (қабылданған білім, көпшілікке мәлім білім, сезім мүшелерінің бірі арқылы мәлім болған білім және сана арқылы келген білім) арқылы болатынын айтып атап өткен. Әл-Фараби Аристотельдің айтқан осы торт білімін көздеп отыр. 14. Қабылданған білім - сенімді бір кісіден немесе бірнеше адамдар арқылы келген білім (хабар), яғни, білімді берген кісі немесе бірнеше адамнан мура болып келген білімнің ақиқаттылығы. Мысалы, бір маңызы зор тарихи мәлімет айтылып қағаз бетіне түсті делік, егер сол тарихты жазушы кісі немесе тарихшыға тарихты айтқан кісі ел арасында өтірік айтумен танылған болса, онда ол кісінің айтқан, жазған тарихи мәліметі, білімі қаншалықты құнды болатыны айдан анық. Ондай кісінің тарихын ғалымдар емес көшедегі кісілер әзілге айналдырады. Сондықтан, ойшыл білім үшін сенімді кісінің қаншалықты маңызды екенін басып айтып отыр. 15. Көпшілікке мәлім болған білім - бұқара халықтың ара¬сында кеңінен тарап, ғұламалардың таласын тудырмаған білім (мағлұматтар). 16. Сезім мүшелері арқылы келген білім, яғни сезім мүшелерінің бірі арқылы мәлім болған білім. Біздің замандағы сіздің ақпарат құралдарынан көріп, оқып және естіген білімдеріңізді айтуға болады. Себебі сіз көптеген мәліметтерді өз құлағыңызбен естіп, көзіңізбен көріп жүрсіз. 17. Араб тіліндегі түпнұсқада «білімнің осы үш түрінен» деп келген алайда, сол сөйлемнің түсіндірмесінде «білімнің осы торт түрінен» деп түсіндіреді, яғни бұл дегеніміз жоғарыда Аристотельдің айтқан білімнің торт түрі айтылады деген соз. №16 түсіндірмеге қараңыз. 18. Тараф - сөзбе-сөз мағынасы «шет, қыр». Логика білімінде силлогизмді қурайтын пайымдаулардың «басты», «ортаңғы» немесе «шеткі» терминдері ретінде қолданады. ӘлФараби кейде бұл терминді «хад-дун» синонимімен де алмастырып отырған. 19. Әл-Фараби категориялық силлогизмнің он торт түрінің бар екенін баян еткен болатын. Осы он торт категориялық силлогизмнің төртеуі ғана «толық силлогизм» түріне жатады. Сондықтан, қалған силлогизмдер осы «толық силлогизмдердің» жолымен түсіндіріледі. № 4 түсіндірмеге қараңыз, он торт силлогизмнің құрылымы айтылған. 20. Категориялық силлогизмнің екінші толық силлогизмінде әл-Фараби «барлық дене — құралған» мысалын қолдана отырып жалпылық терістеуді дәлелдеген болатын. Бесінші
силлогизмнің нәтижесінде де жалпылық терістеу болуы себепті әл-Фараби осы мысалды келтіреді. Яғни, бесінші силлогизмнің жалпылық терістеу нәтижесін екінші толық силлогизмнің ережесімен дәлелдегенін көрсетіп отыр. 21. Әл-Фараби он торт категориялық силлогизмді төмендегідей формаларға бөліп көрсетті. Бірінші форма; категориялық силлогизмдердің әуелгі төрт түрі, яғни толық силлогизмдер десек те болады. Екінші форма; категориялық силлогизмдердің бесінші, алтын¬шы, жетінші және сегізінші түрлері. Үшінші форма; категориялық силлогизмдердің тоғызыншы, оныншы, он бірінші, он екінші, он үшінші және он төртінші түрлері. 22. Әл-Фараби шартты силлогизмнің екі түрден туратынын айтады: біріккен және бөлінген. Біріккен шартты силлогизм бүгінгі шартты-категориялық немесе гипотетикалық силлогизмге сәйкес десек болады және бөлінген шартты силлогизм бүгіндегі категориялық бөліну силлогизмге ұқсас силлогизмдерге жақын. 23. Әл-муқаддим - араб тілінде сөзбе-сөз «алдыңғы», логика білімінде болса шартты силлогизмді құрайтын - «негіз» латын логиктерінің «антецедентіне» сәйкес келеді. 24. Ат-тәли - сөзбе-сөз мағынасы «келесі», бірақ логикада шартты силлогизмді құрайтын екінші бөлік «салдар» болады. Ал оның бірінші бөлігі болса «негіз». №23 түсіндірмеге қараңыз. әл-Фараби бөлек шартты силлогизмнің үш модусын көрсетеді. Мұнда келтірілген мысалдары терістеу модусына да, категориялық бөліну модустарына да қатысты мысалдарға жатқызуға болады. Ойшыл мұнда «толық альтернативті» және «толық емес альтернативті» пікірлерге көңіл бөлуіне қатысты үш жағдайды айқын көрсетуге болады. Бірінші жағдай; шартты бөлек силлогизм «тәмм әл-"инэд» (толық альтернативаға) қатысты, екі пікірден тұрады. Үлкен пікір мен кіші пікірдің арасынан кішісі дараланып шығады. Екінші жағдай; шартты бөлек силлогизмнің үлкен пайымдауы екі «тәмм әл-'инэд» (толық альтернативадан) құралады. Үшінші жағдай; шартты бөлек силлогизмнің үлкен пайымдауы «әл-'инэд ғойр тәмм» (толық емес альтернативалы) болса болады. Аналитика 1. Мауадыл - пайымдар, жағдайлар (пікірлер). Жағдайлар деп әл-Фараби ой-пікірлердің белгілі формаларын меңзеп отыр, ойдың затын құрайтын бөлігі - субъект, ал осы зат жайында айтылып отырған нәрсе - предикат деп аталынды. Әл-Фараби күллі трактаттың мазмұнын, пайымдардың әртүрлі формаларындағы субъектті-предикаттың қатынасын зерттеуге алып келеді. Кез келген жағдайды дәлелдеу үшін «[бастауыш пен баяндауыштың] көрсеткен қатынастарына назар салу қажет, яғни барлық силлогизмдер осыларға негізделеді» (Аристотель. Бірінші Аналитика. 40.44). 2. Мауду - бастауыш, логикалық субъект. 3. Махмуль - баяндауыш, баяндалып отырған нәрсе, логикалық предикат. 4. Hay - тур. Заттың түрін білдіретін түсінік, зат санаттарының мәнді белгілерін көрсететін және жалпы тектік ұғымның құрамына кіретін түсінік.
5. Джине - тек. Зат санаттарының логикалық мінездемесі. 6. Муңаддим - бастапқы жүретін, логикалық негіздеме. 7. Тали - келесі, логикалық негіздеме. 8. Истиқрат - зерттеу, логикалық индукция. 9. Шәкл - силлогизмнің фигурасы: ортаңғы терминнің жағдайымен анықталатын силлогизмнің формасы. Аристотель сияқты Әбу Насырда силлогизмнің тек үш фигурасын мойындаған. Ғылымға анағұрлым дәлелді әрі лайықтысы бірінші фигура, ал екінші және үшінші фигуралар толық жетілмеген. 10. Хадд аусат - ортаңғы термин: екі пайымға да ортақ силлогизм термині. Аристотель ортаңғы термин деп «силлогизм соның арқасында пайда болатын» терминді атаған. (Бірінші Аналитика, 40.46 b). 11. Мисәл әууәл - бірінші аналогия. Әл-Фараби мұның астарында екі немесе бірнеше заттардың салыстырмасы орындалатын «бірінші мысалды» айтып отыр. 12. Хауас - жеке белгілер. Аристотельдің анықтамасы бойынша «жеке [заттың] болмыс мәнін көрсетпесе де тек сонымен байланысты әрі соған ғана тән нәрсе». (Топика, 102а, 1520) 13. Ағарад - кездейсоқ белгілер. Кездейсоқ белгі - аталмыш затқа тиіс немесе лайық болмайтын белгі. (Бұл ... сол бір затқа тән немесе тән болмауы мүмкін нәрсе). (Топика, 102b, 5-10) 14. Маудыг суфистаийа - софистикалық жағдайлар. Бұл жерде өзінің бұзық болуына байланысты дәлелдеу ғылымдарында қолданылмайтын пайымдардың формалары. 15. Дарб - модус. Формальді логикада өзінің пайымдары құрайтын пікірлерден сан және сапасымен бір-бірінен ерекшеленетін силлогизмнің фигураларын модус - деп атайды. 16. Таухид - термин ұстанымы. Пікірдің модусы мен формасындағы субъект пен предикаттың анықтамасы. 17. Маудыгу шартийа - шартты силлогизмның жағдайлары. Әл-Фараби шартты силлогизмдерге аристотельдік перипатетизм мектебінің анықтамасына келетін бес модусты жатқызады. 18. Маудаг хамлий - кесімділік жағдайы. Кесімділік - астарында дәлелділік пен шарттылықты қамтыған сипат. Кесімділік силлогизмінде пайымдар жалпы ортаңғы терминмен байланады. 19. Мутадабиләш - бір-біріне қарсы пікірлер, әл-Фарабидің анықтамасы бойынша бұлар - «біріндегі субъект мағынасы жағынан екіншінің предикатымен тең, олардың біріндегі шарт орны, мекені, бөліктері мен жағдайы бойынша анық немесе жасырын түрде қойылған». 20. Әңгіме сөздердің морфологиялық өзгерісі жайында болып отыр, яғни соз құрамының өзгеруі мен оның мағынасының да өзгеруі. Араб тілінің соз құрылым жүйесінде сөздер туындайтын арнайы модельдер бар. Бұларға есім, негізгі есімше, мекен-жай, құрал т.б. сөздер жатады.
Логикада қолданатын сөз тіркестері 1. Әл-Фараби логика ғылымында қолданатын сөздерден бастайды. Әуелі «кәлима» (соз) ұғымына талдау жасап оның үш түрден құралатынын айтады, олар: етістік және есім мен әріп. № 2-4 түсініктемелерге қараңыз. Кейін, сөз тіркестерінің құралу, қалыптасу және олардың ғалымдар мен бұқара халықтың қолданысына ену жолдарын түсіндіреді. Мысалы: ағаш ұстасын алайық дейді әл-Фараби. Ұстаның сөйлеген сөзінің арасында тек ағаш ұсталарына қатысты немесе лайықты сөздерден басқа өзге өнер өкілдеріне де қатысты сөз тіркестерін байқауға болады. Сондықтан, логика ғылымының саласында да логиктер мен оны түсінетін кісілердің сөздерін қолдануымыз қажет. Осыған байланысты бізді халық арасында белгілі сөз тіркестерін және олардың мазмұнын халық тілінде жиі қолданады деп сынға алудың қажеті жоқ. Біз Бұл сөздердің ішінен тек логиктармен халық арасында жалпы қабылданғандарын ғана қолданамыз деп әл-Фараби логикада жиі қолданатын сөз тіркестерін қурайтын көмекші сөздерге өтеді. Көмекші сөздердің он бір түрін көрсетеді. Әр түрде бір мен екіден бастап он торт түрге шейін бөлінеді. Ұлы ойшыл Бұлардың әрбіріне шама-шарқының келгенінше жеке тоқтауға тырысады. әл-Фараби сөз тіркесіндегі бастауыш пен баяндауышқа да тоқталады. Олардың қайсысы субъект, ал қайсы-бірі предикат және қайсысы «әл-хабар», немесе «әл-мухбар биһи», «әлмухбир а'нЬу» деген атауларға да анықтама жасайды. 2. Араб тілінде соз үшке бөлінеді: есім (исмун), етістік (фи'лун) және әріп (харф). Әл-Фараби: «[Әріптерді] тіл мамандары көмекші сөздер деп атайды. Бұлар белгілі бір нәрсеге бір мазмұнды үстеу үшін көмекші қызмет атқарады»-деп айтқандай араб тіліндегі «харфтер» қазақ тіліндегі сияқты жәй ғана дыбыс болып қоймайды. Бұлар есім сөздердің және есімдіктердің де қызметін атқарады. Қазақ тілінде бұл әріптердің қызмет қылу аясы кең болғандықтан мысалы: жалғаулық, шылау, үстеу және демеулік т.б. жалпы «көмекші сөздер» деп атайды. Сол себепті мәтінде келген сөздерді біз қазақ тіліндегі сияқты мынау «демеулік», «шылау» т.б. деп отырмай қазақ тілінде қалыптасқан бұлардың жалпы атауы - «көмекші сөздер» деп отырмыз. 3. «Сондай-ақ, мұндай сөздер бір ғылым өкілдерінің арасында бір мағынада, ал өзге өнер иелерінің ортасында тіпті басқа мазмұнда қолданатын сөз тіркестерінің де болуы ықтимал»-деп әл-Фараби сөздің тура және ауыспалы мағыналарын айтып отыр. Морфология тылымның көп жағдайда ғалымдардың ортасында емес халық қолданысында кең тараған сөз тіркестерін мазмұндарына байланысты қарастырады. Міне, сондықтан да тіл мамандары соз тіркестерінің мазмұнын халықтың арасында тараған мағынасына қарап таниды. Сондықтан да әл-Фараби ғалымдар арасында қолданыс тапқан көптеген соз тіркестерінің мазмұндары халық қолданысындағы соз тіркестерінің мазмұнымен сәйкес келу себебі осы дейді. 4. «һә» әрпі (зарабаһу) сөзінде «ол оны ұрды», «йа» әрпі (сәуби) сөзінде «менің көйлегім», «тэ» әрпі (зоробта, зоробту) сөздерінде «сен ұрдың, мен ұрдым» сөздерінде араб алфавитіндегі бір ғана дыбыс есім сөздің қызметін атқарып тур. Араб тіліндегі осы әріптерді алатын болсақ, бұлардың әрбірі қазақ тіліндегі (мен, сен т.б.) есімдіктердің міндетін және
мазмұнын беріп тур. Сондықтан, әл-Фараби араб алфавитіндегі осындай мағына беретін кез келген әріпті айтуға болады дейді. N 2 түсініктемеге қараңыз. Диалектика 1. Бұл (берілген) трактат әл-Фарабидің логикалық мурасының бір бөлігі болып табылады. Мамандардың пікірі бойынша, Әбу Насырдың логика туралы қырыққа жуық шығармалары сақталған. Оның еңбектерінің кейбіреуі осы сериялардан: «Силлогизм», «Софистика», «Риторика» және «Поэзия [өнері] туралы». Братиславтық араб қолжазбасынан (№231-Т. 141) тікелей аударылып, әл-Фарабидің «Логикалық трактаттары» (Алматы, 1975) кітабында жарияланған. Ф.Хаддадтың стамбулдық араб қолжазбаларында осындай ұқсас атпен шыққан шығармалар бар деген хабарлауынан басқа, бұл трактат туралы әдебиетте басқа мәлімдемелер жоқ. Сондай-ақ, оның басқа тілдерге аудармалары жөнінде де мәлімет жоқ. 2. Сыйна'ат әл-джәдәл - диалектика өнері. Әл-Фараби, диалектиканы өнерге, кәсіпке жатқызуға болады деп санайды. 3. Әл-джэдәл - мәтінде «диалектиканы» білдіреді. Келесідей лексикалық мән-мағыналарға да ие: дау, пікірталас, сұхбат, жарыссөз. 4. Муқадцамәт мәшһура - жалпылама қабылданған, жалпыға бірдей алғышарттар. әлФараби түсіндіруі бойынша, диалектика өнерінің негізгі категориясы. Оның түсінігінде бұл алғышарттар немесе пікірлер дегеніміз барлық адамдардың білімінің, тәжірибесінің шоғырланған (жинақталған) көрінісі. 5. Аристотельдің бір де бір шығармаларында жоғарыда аталынған диалектиканың анықтамасы берілмейді. Шамасы, әл-Фараби, бұл сұрақ бойынша Стагириттің көзқарасын талдап түсіндіреді. Бірақ, Аристотельдің «Топикасында» былай айтылған: «Бұл шығарманың мақсаты - ұсынылған кез келген мәселе бойынша шындыққа жататын дүниеден тұжырым жасау мүмкіндігіне ие болу және өзіміз қандай да бір жағдайды жақтаған кезімізде қайшылыққа ұшырамау». Қараңыз: Аристотель. Шығ.., Т.2,349-бет. 6. Бұл анықтаманы әл-Фараби, ерекше көңіл аудара отырып, диалектиканы қолдану кезінде қайшылық жауаптың өзінде емес, олардың арасында, яғни қайшылық пен оған қарама-қарсы пікір арасында тұжырымдалатынын түсіндіреді. 7. Мәләка - төмендегідей лексикалық мағынасы бар сөз: қабілеттілік, қасиет, әдет. ӘлФарабиде, ол адамның барлық бес силлогистикалық өнерді бойына дарытуы үшін керек болатын сол адамның туылғанынан, жаратылысынан бойында кездесетін қабілеттерін (талантын) білдіретін философиялық термин ретінде қолданылады. 8. Егер Аристотель диалектиканың негізгі мақсаты пікір айтуды әшкерелеу, терістеу болып табылады дегенге баса назар аударса, онда әл-Фараби дәлелдеудің біріншісінен еш кем түспейтіндей диалектиканың екінші мақсаты бар екендігін атап көрсетеді. 9. Әл-Фараби диалектикалық диспуттың (ғылыми айтыстың) екі адам арасында өтетіндігіне нұсқайды. Олардың біреуі - сұрайтын адам, екіншісі - жауап беретін адам. Ол бұл жерде ісжағдайдың, риторикалық сұхбаттағыдай еместігін, яғни арбитрдың (әділқазының) кімнің дұрыс, кімнің дұрыс еместігін, ненің ақиқат, ненің ақиқат еместігін шешетін жағдайда емес.
Диалектикалық бәсекелес таласта төреші жоқ. Ол диалектикалық тәсіл негізінде өтеді. Формасы жағынан диалектикалық талас диалог болып табылады. Осы айтылғандардың Ксенофонт пен Платонның шығармаларында сипатталған, сократтық сұхбат пен сократтық тәсілге өте жақындығын айтып өту керек. 10. Тәбкит - лексикалық мағынасы: балағат, бейпіл сөз, сөгіс (ұрыс), кінә тағу. Әл-Фараби бұл сөзді силлогизмді білдіретін логикалық термин ретінде қолданды. Ол жауап берушіден жіберілген қайшылықтарынан туратын алғышарттан сұрақ қоюшының құрастыратын силлогизмі. Ол мұндай құрылымды әшкерелеу силлогизм! деп атайды. 11. Су' әл 'анәл-муқадцамэт-алғышарттар жөніндегі сұрақ. Бұл сұрақты қою барысында жауап беруші қайшылығы бар алғышарттар арқылы жауап бермеу үшін силлогизм алғышарттарын тексеретін. 12. Су 'әл 'ан әл-муқаддамэт уә ән-нэтиджа ма'ан - алғышарт пен қорытынды тұжырымды бірге қарастыратын сұрақ. Бұл сұрақ барысында жауап беруші формасында қайшылық бар алғышартпен жауап бермеу үшін силлогизм формасын тексерген. Бұл сұрақ, әл-Фарабидің пікірі бойынша, алғышарт жөніндегі сұраққа қарағанда, диалектикада аз нәтижелі сұрақ. 13. Әл' Инад - лексикалық мағынасы: қасарушылық, қажырлылық, табандылық, қарсы әрекет. Әл-Фараби Бұл сөзді жауап берушінің құрастыратын қарсылық силлогизмін білдіру үшін логикалық термин ретінде қолданады. Қарсылық силлогизмінде, әдетте, алғышартқа немесе сұраушының одан алғысы келген қорытындысына қарсы қойылған тұжырымдама жасалады. 14. Әмкинә («мәкәннің» көпше түрі) - лексикалық мағынасы: орын, мекен-тұрақ, жағдай, дәреже, абырой. Әл-Фараби бұл сөзді «орын» мағынасында қолданады. Ол диалектикада әшкерелеу не¬месе қарсылық таныту силлогизмдерінің жасалуы мүмкін орын¬дар болатындығын айтады және бұлардың болуы мүмкін емес орындардың да бар екендігін атап көрсетеді. 15. Әл-муқадцамэт әл-джәдәлийа - диалектикалық алғышарттар. Әл-Фараби бұл атауларды жалпыға бірдей алғышарттарға жатқызды. Бұл алғышарттардың еш тексерусіз қабылданатындығы және қолданылатындығы әрі диалектика өнерінің алғашқы бастамалары екендігі көрсетіледі. 16. Әл-Фараби диалектикалық алғышарттардың мүмкіндігі оларды мойындайтын адамдардың санына байланысты көтеріледі деп санайды. Ең ықтималды диалектикалық алғышарттар деп ол барлық адамдардың сеніміне ие алғышарттарды атайды, сөйтіп, ондағы ақиқаттың акциденталды жолмен алынғандығын нұсқайды. 17. Әл-муқадцамэт әл-йақинийа - ең сенімді, дәйекті білімнен туратын алғышарттар. ӘлФарабидің түсінуі бойынша, бұл алғышарттар теориялық ғылымның бастамалары болып табылады және олардың диалектикалық алғышарттардан айырмашылығы олардың шындыққа сәйкестігін тексеруге болатындығында. Сонымен катар олар оз бойында ең сенімді, дәйекті білім бар болғандығынан ғана кең қолданылады. Олардың жалпыға бірдей болып табылатындығына еш көңіл бөлінбейді, өйткені бұл жағдайдың олар үшін ешқандай мәні жоқ. Бұл алғышарттарды әл-Фараби, сондай-ақ, аподейктикалық және ғылыми алғышарттар деп те атайды және олардағы ақиқаттың субстанционалдық арқылы алынғандығы мәлімделеді.
18. Әл-Фараби ғылым мен өнерде бастама ретінде қолданылатын алғышарттардың мынадай келесі типтерін (түрлерін) бөліп көрсетеді: 1) жалпыға бірдей білімнен туратын алғышарттар; 2) қабылдауға тиімді білімнен туратын алғышарттар; 3) сезімдік білімнен туратын алғышарттар; 4) ең сенімді, дәйекті білімнен туратын алғышарттар. 19. Әл-Фараби диалектикалық алғышарттарды аподейктикалықтан, олар бастама ретінде қолданыста болған жағдайда, бірден бөліп ажыратуға келмейтіндігін атап өтеді. 20. Әл-Фараби алғашқы бастама ретінде алғышарттардың келесі типтерін (түрлерін) береді: 1) сезімдік білімнен туратын алғышарттар; 2) қабылдауға тиімді білімнен туратын алғышарттар; 3) жалпыға бірдей білімнен туратын алғышарттар. 21. Мақбуләт - қабылдауға тиімді білімнен туратын алғышарттар. Әл-Фараби оларды басқаларынан төмен қойып қарастырады, өйткені, оның ойынша, олар сезімдік және жалпыға бірдей білімнен туратын алғышарттармен тексеріледі және дұрысталады. 22. Әл-Фараби жалпыға бірдей (шындыққа сай) алғышарттар тек адамға тана тән (сәйкес) деп санайды. 23. Махсусәт - сезімдік білімнен туратын алғышарттар. әл-Фарабидің пікірінше, олар адам үшін және басқа тірі жәндіктер үшін жалпы ортақ болып табылады, өйткені сезімдік қабылдау - барлық тірі жәндіктерге тән қасиет. әл-Фараби бұл алғышарттар тек индукцияда қолданылады деп белгілейді. 24. Әл-Фараби жалпыға бірдей алғышарттар біртіндеп танылады және оларға адамдардың тәрбиесі мен өзара түсініктері негізделген деп белгілейді. 25. Әл-Фарабидің пікірінше, мақұлдайтын жалпыға бірдей алғышарттар ақиқаттан туратын аподейктикалық алғышарттарға тең, ал айыптайтын жалпыға бірдей алғышарттар жалған мазмұннан туратын аподейктикалық алғышартқа тең. 26. Әл-Фараби бойынша, барлық (тірі) заттар үш түрге бөлінеді: 1) теориялық; 2) тәжірибелік; 3) логикалық. Ол осы үш түрдің әрқайсысында, жалпыға бірдей білімнен туратын, оларға сәйкес келетін алғышарттар бар деп санайды. 27. Әл-Фараби диалектиканың аподейктикадан түпкілікті айырмашылығы диалектика өнерін қандай да бір қағида әрі дәлелдей, әрі терістей де алатындығының мүмкіндігінде деп айтып өтеді. Диалектикалық пікірталаста бір мезгілде бір ғана зат туралы айтылған қарама-қарсы силлогистикалық қорытынды тұжырымдар қақтығысы орын алады. Осының салдарынан қайшылық пайда болып, күмән туады. Мұндай нәрсеге аподейктикада орын жоқ. 28. Тіршілік ететін заттарды тексеру мен анализ жасау үшін оның бастамасы ретіндегі жалпылама қабылданған алғышарт керек деп әл-Фараби нақты көрсетеді. 29. Әл-Фараби диалектикалық алғышарттардың мазмұнын құрайтын жалпылама қабылданған көзқарастар оның өз мазмұнының ақиқаттылығы анықталмағанын білдіреді деп санайды. 30. Фадыйлат ас-сабқ - жарысудың кереметтігі сонда - ол - диалектикалық сұхбатқа қатысушыларды рахатқа бөлейтін нәрсе. Бұл жағдай екі бәсекелесушінің бәсекеге бірдей қатыса алатын қабілеті мен диалектикалық өнерді бірдей білуінде мүмкін екенін көрсетеді.
Әл-Фарабидің айтуы бойынша, диалектикалық бәсекенің екі қатысушысының жеңісі болса да, жеңілісі болса да - бәрібір - ол тең нәтиже береді дейді. 31. Диалектикалық бәсекеде зерденің (интеллектінің) шекті шиеленісуі бар, оны адамның өз-өзіне кереғарлық танытпай, үздіксіз талаптанып, барлық жаңа жағдайларды іздеп табуынан көруге болады деп түсіндіреді әл-Фараби. Жаңа жағдайларды іздеу - ойлау желісін сәл де болса бұрып алмай, барлық күшті шекті (максималды) түрде жұмсауды талап етеді. 32. Әл-қийасәт әл-мутақабилэ - қарама-қарсы силлогизмдер. Әл-Фараби бұл ұғымды логикалық термин ретінде қолданады. 33. Әл-джиһадийа - лексикалық мағынасы: әділетсіз күресуші. Бұл сөзді әл-Фараби философиялық эпитет ретінде қолданады. Онда бұл «эристикалық» дегенді білдіреді. Оның пікірінше, талас-тартыс «диалектикалық эристика» және «софистикалық эристика» болып бөлінеді. Осыған байланысты Аристотель былай деп жазған: «Эристикалық және софистикалық ой тұжырым - бұл, біріншіден, шыққан қорытынды ақиқат болсынболмасын, өйткені ол бәрібір себепке келгенде жалған болмақ, әйтеуір, өнер сынағы ретіндегі диалектиканың оның немен айналысатыны жайлы өтірік ой-тұжырым. Екіншіден, бұл осындай [пәнді] зерттеу тәсіліне сәйкес келмейтін паралогизмдерді [тиісті өнер] ережелерімен құралған паралогизмдер тәрізді көрсетеді... Сонымен, эристикалық дәлел - бұл, біріншіден, заттар туралы өтірік ойтұжырым, екіншіден, [аталған өнердің] пәніне тек сырттай ғана сәйкес болып көрінетін ойтұжырым, тіпті ол [дұрыс құрастырылған] ойтұжырым болса да - бәрібір. Өйткені ол [осы өнер] пәніне тек сырт көрінісімен ғана сәйкестенеді, сондықтан ол жалған және әділетсіз дәлел. Палуандардың күресінде де әділетсіздік белгілі бір түрге ие болып келе жатқандығы және әділетсіздік құралдарымен күресу бар екендігі сияқты, талас-тартыстағы эристика да әділетсіз құралдармен күресу болып табылады». Ары қарай Аристотель диалектик оз бастауын алған қайнарлардан эристиктің де жалған ойтұжырым жасайтындығын меңзейді, дегенмен, әристик диалектикаға қатынасты бастаудан жол алса да, қалған басқа жағынан алғанда, олшынымен эристик болып табылады. Қараңыз: Аристотель. Шығ. Т.2, 554-555, 34. Ас-суфстанийа - софистика. Софистика өнерін меңгерген адам сырт көрінісімен жалпылама қабылданған алғышарт болып табылатындардан силлогизм жасай алады немесе шынында жалпы қабылданған алғышарттан сырт көрінісімен ғана силлогизм болып табылатынды жасауы мүмкін дейді әл-Фараби. Оның пікірінше, софистиканың бастауы - сырт көрінісімен жалпылама қабылданған, ал шындығында жалған болып табылатын алғышарттар болса керек. 35. Әл-қийас әл'илмий - ғылыми силлогизм. Мұны әл-Фараби дұрыс, дәйекті білімдерді қамтитын аподейктикалық силлогизм дейді. 36. Әл'улум әл-фәлсафийа - философиялық ғылымдар. әл-Фарабидің пікірінше, бұл ғылымдар дұрыс, дәйекті білімге негізделген ғылымдар болып табылады. Олар оз бастамасы ретінде дұрыс, дәйекті білімге негізделген әмбебап бірінші алғышарттарға иелік етеді.
37. Ат-тариқ әл-мухталит - аралас әдіс. Әл-Фарабидің пікірінше, бұндай әдісті ертедегі уақыттарда философтар қолданған. Бұл әдістің ішіне аподейктикалық, диалектикалық және софистикалық әдістер қосындысынан тұратындар кіреді. 38. Әс-сә'ада ал-қусуа - шегіне жеткен, жеткілікті бақыт. әл-Фарабидің пікірінше, буп - философияның түпкі мақсаты. 39. Әл-қууа'алэ әл-фахс уэ таутыйа аз-зиһн нахуа әл-фәлсәфа - бұл ақылдың философияға дайындығы мен тексеруге қабілеттілігі. Әл-Фараби бойынша, бұл -диалектикалық өнердің соңғы мақсаты. 40. Йиһәм әл-инсән әл'илм уэ әл-хикма уэ талаба әс-сә'ада әлқусуа - адамның білім болып көрінетін білімге, даналыққа сенуі және жетік бақытқа талпыну. Әл-Фараби мұны софистика өнерінің ақырғы мақсаты деп санайды. 41. Әл-Бурһан - «Аподейктика» немесе «Дәлел»: әл-Фарабидің «Органон» деген негізгі, орталық кітабы. Ол дұрыс, дәйекті білімге жетуге арналған. 42. Диалектикалық өнердің бастауында жалғандық болуы мүмкін, ол ұзақ жылдар бойындағы диалектикадағы терең тексеру негізінде көрінеді деп есептейді әл-Фараби. Бұндай жағдай жалпы қабылданған бастамалар негізінде мақұлданған деп тұжырымдайды әл-Фараби. 43. Әл-Фарабидің іліміне сүйенсек, диалектикадағы шынымен бар нәрселер, софистикада көрініс түріне ғана ие болады. Оның пікірінше, софистика жағымсыз дилектика, диалектиканың көрінісі (имитациясы) ғана болып табылады. 44. Әл-Фараби диалектикалық өнерді философияға жатқызады, себебі диалектикалық өнер құралының арқасында күмән туғызатын орындарды табуға және ақиқатқа жетуге ақылдың қабілеттілігі ашылады. 45. Әл-Фараби Аристотельдің жаратылыстану, метафизика және т.б. ғылымдарға арналған шығармаларының көп бөлігінде диалектикалық әдісті көп қолданғандығы жайлы айтады. 46. Әл-Фараби, әсте, Платон шығармаларын жақсы білген болатын. Оның келтірген сөздері (цитаталары) ешқандай қайшылық тудырмайды: мысалы, Платонда «барлығы бос соз деп санайтын және солай деп атайтын нәрселерге көп жаттығулар арқасында жету керек; әйтпесе, ақиқат сенен қашып кетуі мүмкін». Қараңыз.: Платон. Шығ.: М., 1970. Т.2, 416 б. Оның пікірінше, Платон адамның өзін диалектикалық өнер арқылы жаттықтыруы керек екенін білдірген көрінеді. 47. Әл-'улум әл-йақинийа - дұрыс, дәйекті білімге негізделген ғылымдар. Әл-Фараби оларды 2-түрге бөледі: 1) ақиқатқа жеңіл жетуге болатын ғылымдар, мысалы, математика сияқты; 2) ақиқатқа қол жеткізудің қиын болатын жағдайы, мысалы, оған физикалық, теологиялық және азаматтық ғылымдар жатады. Ол ғылымның қиындығы арифметикалық сатыдан ары жылжыған сайын өседі дейді. 48. Әл-Фарабидің ілімі бойынша, күмәнді нәрсені тек аподейктика ғана шешеді, ол қайшылықтарды жояды, тек ақиқатқа негізделген жағымен ғана айналысады.
49. Әл-Фараби Аристотельдің диалектикалық өнерді аподейктикадан бұрын деп есептеген көзқарасымен келіседі және де Платонның оны математикадан кейін қойған көзқарасын да қабылдайды. 50. Әл-Фарабидің айтуы бойынша, диалектикалық таным процесі былай жүреді: басында адам жалпылама қабылданған көзқарасқа негізделген бірінші білімге кездеседі. Сосын терең танымға жеткенде ол бар алынған білімінің жаңа білімге қайшылық туғызатынын түсінеді. Соңғысы, әдетте, бірінші білімде жіберіліп алынған кейбір заттарды білмеуді көрсетеді. Сосын ол осы білімге және т.б. заттың мәнін тануына дейінгі қайшылықтарды табады.
51. Әл-Фараби диалектика өнерінің арқасында нақты, дәйекті білімге негізделген ғылымның бастаулары табылады деген ой тұжырымдайды. 52. Әл-Фараби Аристотельдің диалектика өнерін жоғары қойғандығын және онда философиялық мән бар деп санағандығын көрсетеді. Ол Аристотельдің көптеген кітаптарының арасында философияның сыртқы (төртінші) түрі кездесетіндігі жөнінде ескертпе ұсынылғандығы туралы жазады. Сол кітаптың көмегімен көпшілікті ақиқатқа үйретуге болады деп есептейді. Өйткені ол кітап жалпылама қабылданған алғышарт негізінде баяндалады және сондықтан да қабылдауға жеңіл. 53. Әл-Фараби Аристотельдің философияны софистикадан диалектика өнерінің құралы арқылы бөліп алуға болатындығын және софизмнің көзін жоюға болады деген көзқарасын жақтайтындығын көрсетеді. 54. Әл-Фараби Бұл тұста Аристотельдің «Топикасына» сілтеме жасайды. Ежелгі грек ойшылының осы шығармасын Шығыс данышпаны өзінің сілтемесінде автономды, ерен нәрсе ретінде атап өтеді. Сөйтіп, ол өзінің «Диалектикасын» оған түсініктеме ретінде қарастырмайды. әл-Фарабидің «Диалектикасы» оның біртума шығарма екендігін танытады. 55. Әл-Кэмәл - кемелділік. Әл-Фарабидің пікірі бойынша, диалектик диалектика өнерінің сондай дәрежесіне тек қана жауап беру барысында болса да, сұрақ қою барысында болса да қорғау құралдарының барлығын тауысқан жағдайда немесе диалектикалық тезисті жоққа шығарған жағдайда жете алады. Осының негізінде диалектиканың мақсаты танылады. Осы мағынада әл-Фараби диалектика медицинаны жақсы білетін және аурудың жазылуы үшін барлық медициналық талаптар мен құралдарды қолданатын дәрігермен салыстырады. Бұл жерде дәрігердің мақсаты оны (науқасты) міндетті түрде емдеп жазып шығу емес. 56. Әл-Фараби барлық өнер екі түрге бөлінеді деп көрсетеді: 1) нәтижеге жету белгілі бір әрекеттерді ойланбай-ақ жасағаннан кейін, өздігінен тікелей анықталатын өнер түрі. Мысалы: тоқыма өнері, балташылық өнер, етікшілік енер, тігіншілік өнер. 2) Алдымен ойлануға орын беріліп, сосын - анықталған әрекеттерді жүзеге асыру мен бұдан кейін әрекеттің нәтижесін күту. Мысалы, медицина, теңізге жүзу. Ол диалектиканы өнердің екінші түріне жатқызса, ал аподейктиканы - бірінші түріне жатқызады.
57. Ас-су' әл'ан әш-шәй - заттар туралы сұрақ. Әл-Фараби мұндай сұрақтардың екі түрін көрсетеді: 1) Бір нәрсеге үйрететін сұрақ. 2) Бір нәрсені алу үшін қойылатын сұрақ. 3) Сұрақтың бірінші түрі - аподейктикада қолданылса, ал екіншісі - диалектика мен софистикада қолданылады. 58. Диалектикада қолданылатын сұрақтарды әл-Фараби екі топқа бөледі: 1) жауап берушінің сол сұраққа енгізілген екі қарама-қарсылықтың бірін таңдау ізіне түсуінен туындайтын сұрақ; 2) жауап берушінің тек сол сұрақта кездесетін екі қарама-қарсылықтың бірін таңдау ізіне түсуінен туындайтын сұрақ. 59. Аподейктикада қолданылатын сұрақтарды да әл-Фараби екіге бөледі: 1) қандай бір ұғымды түсіндіретін сұрақ; 2) заттардағы заттардың болуын анықтайтын сұрақ. 3) Бұл сұрақтарда екі шиеленістің басы бірігеді және екеуінің арасынан шын ақиқатын дәлелдеу көзделеді. Оның үстіне, жауап беруші екеуінің қайсысы шындық екенін анықтап, шын дәлелденгенін ғана түсіндіреді. 60. Заттардың бар екендігін білу, әл-Фараби бойынша, оз тарапынан екі кезеңге бөлінеді. Алдымен еш дәлелсіз, шынайы қарама-қарсылық жөніндегі мағлұмат беріледі, содан соң оның дәлелдемелері келтіріледі. 61. Әс-Су'әл 'алә тариқ әл-фахс - сынаушы немесе тексеруші сұрақ. әл-Фараби бұл сұрақты ерекше бөлек атап өтеді және оның қолданылуы барысында сұрақ қоюшының жоққа шығаруды білмегендігінен туындайтын жағдай болады және бұл сұраққа жауап берушінің дәлелдеуді білмейтіндей де жағдайы болатындығын айтады. Мұндай сұрақ бір ғана өнерде емес, барлық өнерде қолданылады. 62. Әл-Фараби сұрау райындағы сөйлемдердің грамматикалық жағына көңіл бөліп, араб тіліндегі сұраушы бөлшектердің бір қатарын келтіреді: хал (солай ма?), а лайса (солай әлде?), ма (не?), аийу (қандай), лимса (неге?), кайфа (қалай?). Ол бұл бөлшектердің өздерінің негізгі мағыналарынан басқа, ауыспалы мағынада да қолданылатындығын айтады. Олар бір мағынаны күшейтуде немесе әлсіретуде бір-бірінің орнын ауыстырып жүреді. 63. Ас-сыйна'а әл-йақинийа - нақты, дәйекті білім өнері. әл-Фараби философияны осылай атайды, кейде аподейктиканы да осылай атайды. 64. Әл-Фараби нақты білімге жету процесінде жүрген ізденуші алдымен түсінікті білуі қажет, сосын дәлелдеме жасауы керек дейді. 65. Әл-Фараби ілімі бойынша, жалпылама қабылданған алғышарттар аподейктикалық алғышарттарды күшейту үшін тана қолданылады.
66. Ас-сыйна' ат әл-қиасийа әл-бәсыйта - қарапайым силлогистикалық өнерлер. Әл-Фараби мына өнер түрлерін осылай атайды: аподейктика, диалектика, софистика, риторика, поэтика. 67. Ас-сыйна 'ат әл-қиасийа әл-мураккаба - күрделі силлогистикалық өнерлер. ӘлФарабидің көзқарасы бойынша, бұл өнер түрлері әр түрлі қарапайым өнерлерден құралған. Бұл негізінен зерттеушінің жай силлогистикалық өнерді бір-бірінен айыру шегін білмеген жағдайда немесе нақты дәйекті білімге негізделген тылымда ғана жетістікке жететін нақты дәйекті білімді отан түсіндіруге тура келген жағдайда орын алады. 68. Әл-Фарабидің айтуы бойынша, «осы туралы Платон көптеген еңбектерінде жазған» дегенмен де, қай кітаптарда екенін көрсетпеген. Демек, әл-Фарабидің Платон шығармаларын зерттеуге мүмкіншілігі болған деген соз. 69. А'л-фосагораш - Пифагорлық мектеп, пифагорлықтар. әл-Фараби олардың білімдерімен толық таныс болып, олар оз зерттеулерінде силлогистикалық өнердің әдісін көрсеткендіктерін атап өтеді. 70. Әл-Фараби пифагоршылдардың олардың алдында өткен ойшылдардың айтқанына, сезіммен қабылданатын заттарға қарағанда, көбірек сенім артуға болатындығын көрсеткен. Олар тіпті бұл көзқарастарды сезіммен қабылданатын нәрселерге өлшем ретінде алды. 71. Акротагораш - Протагор. Әл-Фараби, сірә, оның көзқарастарымен Платон шығармалары арқылы танысқан. 72. Әл-Фараби күрделі силлогистикалық өнердің әдісін қолданғандардың барлығы да бұл әдісті шындыққа жетудің әдісі деп санағанын және оны диалектикалық әдіс деп атағанын айтады. Олардың ілімі бойынша, тек қана диалектикалық жолмен ғана шындыққа жетуге болады. 73. Фәлсафа әл-риуақиин - стоиктер философиясы. Әл-Фараби стоиктердің диалектиканың шындыққа жетудің жалғыз жолы, әдісі екендігіне сенімді болғандығы соншалық, олар диалектика дегеніміз өз алдына философия деп түсінген, сөйтіп, философия мен диалектика өнері арасында ешқандай айырмашылық жоқ деп есептеген дейді. 74. Ал-муқаддама - алғышарт. Әл-Фараби алғышарт деп (бірдеңені анықтауға немесе түсіндіруге талпынатын) қандай да бір сөйлем мен пікірді айтады. Ол нәрсені силлогизм өндіріп шығаруға қолдануға болады. Ол алғышартты дәл осылайша түсінудің Аристотельдің «Перихерминияс» («Талдаулар туралы») кездесетіндігін айтады. 75. Әл-Фараби сұрақтардың да алғышарт деп атала алатындығын меңзейді. Өйткені сұрақ дегеніміз де сұрақ райында берілген алғышарт болып табылады. О л сұралып отырған заттың не бекітілуін, не нақтылануын, не мойындалуын талап етеді деп көрсетті. 76. Ас-су'әл әл-джэдәлийа - диалектикалық сұрақ. Әл-Фараби диалектикада қолданылатын сұрақты осылай атайды.
77. Ал-муқаддама әл-джэдәлийа - диалектикалық алғышарт. Әл-Фараби диалектикада қолданылатын алғышартты немесе пікірді осылай атайды.
78. Әл-матлуб әл-джэдәлийа - диалектикалық ізделінетін қағида. Әл-Фараби бұны сұрақ қоюшы адам тарапынан жоққа шығарылатын және де жауап берушінің тарапынан қорғауды басынан өткеретін пікір деп көрсетеді. 79. Әл-Фараби Аристотельдің «Топика» кітабына сілтеме жасап отыр. Ол оны «Китаб алДжадал» («Диалектика») деп атайды. Ол «сұрақ» ұғымының түсінігіне талқылау жасағанда Аристотельдің сол сөзді «сұрау», «талап ету», «ізделінген қағида», «пікір» деген мағынада қолданғандығын нұсқайды. 80. Әл-Фараби диалектикалық алғышарттың мынандай түрлерін көрсетеді: 1) жалпылай қабылданған барлық адамдардың көзқарасы; 2) көпшілікпен қабылданған көзқарас; 3) бүкіл ойшылдар, ғалымдар және философтар қабылдаған көзқарас; 4) көпшілік ойшылдар, ғалымдар, философтар қабылдаған көзқарас; 5) терең білімді және атақты адамдар қабылдаған көзқарас; 6) өнер өкілдерінен алынған көзқарас; 7) әрбір өнер өкілдерінің ішіндегі кемелденгендерінің көзқарастары. 8) предикаттары олардың субъектілерінің бір бөлігінде немесе сол субъектілердің көпшілігінде белгілі пікірлер, олардың туралығы көптеген белгілі, танымал заттар арқылы расталады; 9) жалпылама қабылданған заттарды көшіре пайымдау; 10) егер де бір заттың ішінде бір заттың өмір сүруі жалпылай белгілі болса, онда басқадағы осы заттың қарама-қарсысын терістеу де, сол сияқты, алғашқымен бірге жалпылай белгілі болуға тиісті деп есептеледі. Бұл жіктеу Аристотельдікіне қарағанда кең ауқымды жасалған жіктеу. Әл-Фараби осылардың ішінде ең дәлелденгені деп барлық адамдардың көзқарас ұстанымдарын айтады. 81. Әл-Мауди' - лексикалық мағынасы: орын, жағдай, пән. әл-Фараби бұл сөзді «орын» мағынасында қолданылады. Ол орын сөзінің екі жақты алғышарт екендігін және де оның өз ауқымына қандай да бір басқа алғышартты жинайтын алғышарт екендігін көрсетеді. Яғни, «орын» түрге тек ретіндегі қатынаста болып табылады. 82. Ән-нәу' - түр. Әл-Фарабидің көзқарасы бойынша, бұл ізделінген қағиданың қандай да бір түріне өндірілген силлогизмге қатысты алғышарт. Мысалы: ізделінген қағида -«рахат игілік пе әлде жоқ па?». Түр - «егер кесел жамандық болса, онда рахат дегеніміз игілік». ӘлФараби түрдің санының есептеуге келмейтіндігін айтады. 83. Әл-Фарабидің көзқарасы бойынша, орынның түрден айырмашылығы оның диалектикада қолданылуында дейді. Олардың тізімін былай тізбектей санап көрсетеді: 1) Нақты, дәйекті білімге негізделген заттардан құрастырылған орын. Ол диалектика мен философияда қолданылатын маңызды заттар.
2) Диалектикада қолданылатын жалпылай қабылданған көзқарас мазмұнынан туратын орын. 3) Софистикада қолданылатын көзбояушылық заттардың мазмұнынан құралған орын. 4) Софистика мен диалектикада қолданылатын көзқарастан туратын орын. 84. Сәләмәт фитрат әл-инсән - адамның таза табиғаты. Әл-Фараби диалектикалық пайымдау адамның сезімдік таза табиғатының және логикалық сөйлеуінің таза табиғатының болуы арқасында ғана өндіріледі дейді. 85. Ас-сыйна' а әл-йақинийа ән-назарийа - нақты, дәйекті білімге негізделген теоретикалық өнер. Әл-Фарабидің ілімі бойынша, бұл өнер өз құралдарымен шындықты тану мүмкіншілігіне ие болатындай заттарды қамтиды. 86. Ас-сыйна' а әл-йақинийа әл'амалийа - нақты, дәйекті білімге негізделген практикалық өнерлер. Әл-Фараби бойынша, бұл өнер бақытты қурайтынды, оған жетелейтін заттарды және оған жетуге кедергі болатындықтан да итеріп тастауды қажет ететін заттарды қамтитынды көрсетеді. 87. Ал-сыйна' а әл-йақинийа әл'-мантықийа - нақты, дәйекті білімге негізделген логикалық өнерлер. Әл-Фарабидің көзқарасы бойынша, бұл өнер шындықты шығарып алу үшін қолданылатын нақты құрал заттарды қамтиды. 88. Әл-уад' - лексикалық мағынасы: орнату, форма, қағида, жайғастырылу, қалып. әлФараби бұл сөзді өзінің «Диалектикасының» термині ретінде пайдаланады. Ол оны тектің орнына қояды. Ол барлық диалектикалық ізделінетіндердің (немесе тезистердің) қағида деп аталатындығына сілтейді. Ол бұл терминді көпмағыналы деп санап, оған мынандай мағыналар келтіреді: 1) Қағида - «қағида» категориясының мағынасында. 2) Қағида - «анықтама» мағынасында. 3) Қағида - алғышарт ретінде қолданылатын, бірақ дәлелдеуді қажет ететін пайымдау мағынасында. Шындығында бұл пайымдау қағида болып аталғанмен, қағида болып табылмайды. 4) Қағида - шартты пайымдау мағынасында. 5) Қағида - диалектикалық ізделінетін немесе диалектикалық тезис мағынасында. 89. Қийас әл-уад' - қағида силлогизмі. Әл-Фараби бұлай деп әңгімелесіп отырған адамға қойылған шартты жеткізетін сөйлемді атайды. 90. Әл-Фараби жалпы қабылданған алғышарттарды моральдық нормалар мен адамдар арасындағы өзара қарым-қатынас тұрғысынан қарастырады. Ол өз мағынасына жалпы барлық халыққа бірдей қылықтарды сыйғызады. 91. Әл-муқаддамәт ал-мәшһүра фи әл-ахләк - жалпылай қабылданған этикалық алғышарттар. Әл-Фарабидің пікірінше, олардың негізінде тәрбие, оқу, пайымдау, талаптану процестері жүзеге асады. Ол бұл алғы шарттарға күдікпен қарауға болмайды және олардан
диалектикалық тезис жасауға болмайды деп санайды. Бұл алғышарттарға қарсы шыққан адамдар өз жазасын қашанда тартқан. 92. Ал-джүз' ән-натиқ ли әл-инсән - интеллектінің саналы, ойлайтын бөлігі. Әл-Фараби осы аталған бөлікте туылғанынан дерлік кілтипанға шалдыққан адамдар болатындығын, сондықтан Бұлардың көпшілігі нақты, дәйекті білімге негізделгені алғашқы алғышарттарды тани алмайтын жағдайда екендігін атап көрсетті. Олар, туылғанынан зағип - соқырлар сияқты, түр-түсті көре алмайды, ажырата алмайды. Соқырлар түр-түстің бар екеніне күдікпен қарайтындығы сияқты, олар да алғашқы алғышарттардың бар екендігіне күмән келтіреді. Ол сол адамдарға (зағиптарға емес) алғашқы алғышарттардың және түр-түстің бар екендігін пайымдаудың логикалық дұрыстығы, қисындылығы арқылы да дәлелдеп бере аламыз деп көрсетеді. Соқырларға түр-түстің бар екендігін сөзбен жеткізу арқылы, ал әлгі адамдарға - сол алғышарттардың көріністері мен жай-күйінен алынған мысалдар арқылы түсіндіруге болады. Олар пайымдаулардың мазмұнын бірдей қабылдамайды, бірақ соқырлар, әл-Фарабидің пікірінше, сөйлесу арқылы түр-түс жөнінде жалпы көріністі елестете алатын болса, әлгі бір адамдар ештеңені де елестете алмайды. Әл-Фараби «көптеген адамдарды олардың кемшілігі бар екендігіне сендіру қиынға түседі» (оның ақыл-ойындағы туа біткен кемістік) деп көрсетті. 93. Әл-Фараби бұл жерде өзіндік тұрғыдан болса да, салмақты түрде әлемнің мәңгіліктігі мәселесін оң көзбен қарастырады. Сонымен, ол алдымен «әлем» түсінігінің мағынасын анықтап алуды ұсынады және оларды «мәңгіліктік» және «пайда болу» деп топтастырып, сосын әр мағынаға жеке-жеке тоқталуды жон деп біледі. Ол әрқайсысын әлем мәңгілік пе, әлде олай емес пе және қаншама жағдайларда ол туралы әлем мәңгілік деп айтуға болады деген тұрғыдан қарастырғанды жон деп біледі. Ол оған, яғни «әлем -мәңгілік» деген тезиске «дәлелдеу табудың әдісі бар» екенін көрсетеді. 94. Әл-Фарабидің пікірінше, алғышарттардың ізделініп отырған қағидалардың түрлерімен ұқсас түрлері бар деп біледі, өйткені алғышарттың тектері - орындар, ендеше, орын ізделініп отырған қағидаларға да сәйкес келеді дейді. 95. Әл-хадд - дефиниция, анықтама. Әл-Фараби дефиниция деп өзі сол арқылы бар болатынның заттың мазмұнына меңзейтін пікірді атайды. Ол бұл заттардың мағынасы оның мәні мен өмір сүру мазмұнын құрайтын белгілерден алынатындығын айтады. Заттардың анықтамасы өзіндік мәнді танытып, оны басқа заттардан айырып тұратындай болуы керек. 96. Әл-Фараби ілімі бойынша, дефиниция атау, айтылу мен анықтама бөлшектері арқылы да бола алады. 97. Әл-Хасса - ерекшелік. Әл-Фараби ерекшелікті күнделікті затқа үнемі тән, бірақ бұл заттың бар екенін көрсетпейтін предикат деп көрсетті. Ерекшеліктер мынадай болады: 1) Түрге ғана қатысты ерекшелік; 2) Басқа түрге қосымша ерекшелік; 3) Белгілі бір уақытқа байланысты ерекшелік.
98. Әл-Джинс - тек, түпнегіз. Әл-Фараби тек, түпнегіз заттың мәні туралы білім береді деп есептейді. Тек үнемі түр үшін тіршілік етеді. Тек берілген түрден сол түрдің нені танытатындығына қатысты ажыратылар көпке предикат болып табылады. 99. Әл-Фасл - айырмашылық (ажыратушы). Әл-Фараби ілімі бойынша, айырмашылық заттардың мәні жайында мағлұмат береді және түрмен келіспейтіндерге предикат болып табылумен катар, ол түрді оған ең жақын тектегімен ортақтасатын нәрселердің барлығынан бөлектеп алады және де түрдің артынан ілеседі. 100. Әл-Фарабидің пікірінше, түрдің өзін екіге бөліп қарастыруға болады: ортаңғы тур және шеткі түр. Шеткі тур - бұл оның не екендігіне байланысты сан жағынан келіспейтіндерге арналған предикат. Ортаңғы түр дегеніміз тек, түпнегіз және ол одан жалпы текке, түпнегізге қосылуы арқылы ажыратылады. Түр өзгермейтін мәнге ие. Ол мәнді басқа ештеңе де бөлісе алмайды. 101. Әл-Ард - акциденция. Әл-Фараби ілімі бойынша, акциденцияның бөлуші (үнемі қандай да болмасын бір ғана затқа қатысты) және бөлмейтін (ештеңе болмаған күннің өзінде затқа қатысты). Акциденция түрдің бөлігі үшін маңызды болуы мүмкін және түрде де маңызды, сол сияқты, тек, түпнегіз ретінде де және тек, түпнегіз болмай-ақ та тіршілік етеді. 102. Әл-Фараби неғұрлым шарттар көп болса, солғұрлым оны терістеу, жоққа шығару жеңілірек деп жазады. Ол аталған ұғымдардың ішінде жеңіл жоққа шығарылатыны анықтама (дефиниция) екенін және басқалардан гөрі расталуы да қиын анықтама екенін айтады. 103. Әл-Уахид-біртұтас. Әл-Фараби ілімі бойынша біртұтастық мынандай түрлерге бөлінеді: 1) Түрдегі біртұтастық; 2) Тектегі, түпнегіздегі біртұтастық; 3) Акциденциядағы біртұтастық; 4) Бір түрде екі заттың ортақ түрде көрінуі арқылы байқалатын біртұтастық және өз акциденцияларының көбіндегі біртұтастық. 5) Санына байланысты біртұтастық. Аристотельге қарағанда, біртұтастықтың жіктелуі әл-Фарабиде кеңірек беріледі. 104. Әл-Фараби Аристотельдің барлық қағидаларды торт ұғымға апарып сыйғызғанын көрсетеді: тек, түпнегіз, ерекшелік, анықтама, акциденция. Оның пікірінше, Аристотель «ерекшелік» пен белгіні» біріктіріп, «ерекше» деп атаған және оларды бір тек ішінде ажыратылатын топтарға бөлмей, олардың барлығын бір жікке жатқызады. 105. Әл-Фараби Аристотельдің акциденциядаты біртұтастыққа тіптен көңіл бөлмейтінін байқайды, алайда, оның (біртұтастықтың) дәл солайша акциденцияға қатысты болуы керектігін көрсетпегенін аңғарады. 106. Әл-Фараби Аристотельдің түрге байланысты біртұтастықты бөлек топқа сыйыстырмағанын көрсетеді.
107. Аристотельдің «Топикасының» сипаттамасын қарастыра келіп, Әл-Фараби оның бұл еңбегінде орынға қатысты қайталаулар кездесетіндігін нұсқайды, одан басқа кемшіліктердің жоқ екендігін де айтады. 108. Әл-Фараби Аристотельдің торт диалектикалық ұғымның (тек, ерекшелік, анықтама, акциденция) және барлық диалектикалық алғышарттардың барлық категорияларға қатысты екендігін айтқан көзқарасымен келіседі. 109. Әл-уәсә 'ил әл-джэдәлийа - диалектикалық құралдар. әл-Фараби оларды екі топқа бөледі: силлогизмдер бойынша және индукция бойынша. 110. Әл-Фараби диалектикалық силлогизмді категориялық және шартты деп бөледі. Соңғысын ол, оз кезегінде, таты да былай бөледі: 1) шартты-категориялық силлогизм; 2) қайшылық силлогизмі. Категориялық силлогизм мынандай құрылымдарға ие: 1) жалпылықтан жалқылыққа қарай жылжитын; 2) теңдіктен теңдікке қарай жылжитын. 111. Әл-истиқра' - индукция. Әл-Фараби индукция деп жалқылықтан жалпылыққа қарай қозғалысты атайды. Ол оның мәнін оның жалпы алғышартты растауында деп біледі. Оның ойынша, индукция, негізінен, диалектикада қолданыс табады. Бірақ индукция жалпы алғышарттың мағынасын жеткілікті дәрежеде түсіндіру үшін аподейктикада да қолданыла алады. 112. Әл-қийас аш-шартий - шартты силлогизм. Әл-Фараби ілімі бойынша, ол екі топқа: шартты-біріктіруші және шартты-ажыратушы топқа бөлінеді. 113. Қийас әл-хәлф - қайшылық силлогизмі. Әл-Фараби оны: категориялық, категориялықжабық (жасырын), шартты-жабық (жасырын) деп бөледі. 114. Әл-Фараби қайшылық арқылы терістеудің, қарама-қарсылык арқылы терістеуден гөрі тиімдірек және дұрысырақ екендігін меңзейді.
Пікірлер (0)
Пікір жазу үшін аккаунтқа кіріңіз. Кіру