Мазмұнға өту
Home

Қойшының қойын дәптері

Ахат Расул

Оқылуы: 0%

Жазылымсыз режим: 20-беттен кейін жазылым беті ашылады, әрі қарай әр 10 бет сайын (ең көбі 5 рет).

20 px
1.85
0.30 px
0.95 em

Қойшының қойын дәптері

Авторы: Ахат Расул

Ахат ӘШУҰЛЫ қойшының қойын дәптері Өлеңдер Алматы УДК 821. 512. 122 ББК 84 (5 Қаз)-44 Ә-94 Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі «Әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару» бағдарламасы бойынша жарық көрді ӘШУҰЛЫ А. ҚОЙШЫНЫҢ ҚОЙЫН ДӘПТЕРІ/ А. Әшуұлы. – Алматы: Хантәңірі, 2014. – 216 бет.

ISBN 978-601-03-0283-9 Ақынның бұл алғашқы жинағындағы жырлары ықылым ырғағымен астасып келіп, мұнарлы далаға сіңіп бара жатқан көшпенді өмірдің соңындағы бота зарын боздатқандай басталып, бірден қазақтың даласындағы дарқандыққа жетелеп, қазақылықтың қарапайым деталдарымен өмірді көз алдыңа алып келеді. Нағыз бояуы бұзылмаған дала жырларын жазатын ақынның өлеңдерінен ешкімге ұқсамайтын даралық пен санаңды сайратып, өзіне еріксіз елітіп әкететін сағыныш сазының саумал самалы еседі. Қара қосынан ғарышқа жалғасқан асқақ арманның бүгінгі жеткен тұсын осы жырлардан көре аласыз. Жинақ жыр сүйер оқырманға арналған. УДК 821. 512. 122 ББК 84(5 Қаз) - 44 ISBN 978-601-03-0283-9 © «Хантәңірі», 2014 Ә-94

ҚОЙШЫНЫҢ ҚОЙЫН ДӘПТЕРІ ТАУ ҰЛЫНЫҢ ЖЫРЫНДАҒЫ ТАУҚЫМЕТ (Алғысөз орнына) «Ілбіп кіріп келеді іңір іргеден, Шам шалқиды жел лебімен гулеген. Шаңырақтан шоқы мойнын созады, Хабар алып кел дегендей жыр менен.» Таулары Тәңірге бір табан жақын Өр Алтайдың аспан тіреген құз-қиясының баурайында туып, балалық бітім-болмысы биіктікке ұмтылып өскен балғын шағының өзінде поэзия атты киелі де тылсым өлкеге алғашқы қадамын басқан ақынның қара қостан қарқара ғаламға талпынған жырлары осындай шумақтармен өрілген. Сабыр Адай айтпақшы: «дөдегелі ордадан дүниеге көз салып», көкірегін сөйлетеді. Ақынның жырларын – сеңгір таулардың тұлғасы, қалың жыныс орманы, мөлдір тұмасы, етегін шалғайға жайған құба құмдары мен жота-жондары тудырған. Қасиетті мекеннің дарқандығы мен текті елдің ата салты ақ уызымен ауыздандырған ақынның сол даласына деген алапат сағынышы мен құштарлығы ешқашан сарқылмақ емес.

Ахат ӘШУҰЛЫ Дала салтын кіршіксіз таза күйінде ұстанған ортада туған жанның асқақ арманы да сол даласымен астасып жатады. Мысалы алғашқы өлең жаза бастаған кезіндегі «Қойшы жыры» атты өлеңнің бір шумағын алсақ: «Өткізсем де үнсіз ақпа ғұмырды, Аңсаймын мәңгі ақ таңды нұрлы. Кім білсін менің аңқау әлемге, Тыныштық тілеп жатқандығымды. Ақ қарға оранған ақпан мұңымды…»,– деп үлкен ойдың ұшығын танытады. Немесе «Жоқ іздеу» өлеңінде: «...Шабдарым сонда заулайтын садақтың сайгез оғындай, Жанатын бөрі жанарым, сексеуілдің шоғындай. Шымқатып шытқыл мінезге, болмысы да тым өзге, Іздеуші едім жоғымды, қазақтың соңғы жоғындай...»,– деп тебірене даласын жырлай келіп, қазақтың жоғын жоқтайды. Туған жер, ата мекен, ана тіл, баба тарихын жүрегімен сүйетін ақын қазақтың тұрмыссалтын, көшпелі өмірін, бүгінгі күнгі күйін көз алдыңызға айна іспетті алып келеді. Өлеңінен Қыпшақтық қымыздың иісі аңқып, керуен мен жорық жолдары жосылып жататын ақын туған даласына жусандай жүгініп тағызым етеді. Тек сол даласының мұңын мұңдап, жоғын жоқтауға, асқақтығын жырлауға туылғандай әсер береді.

ҚОЙШЫНЫҢ ҚОЙЫН ДӘПТЕРІ «Етегін жерге батырған ерен тауларды сағалап, Кербесті міндім аяғын мұздай тағалап. Жолаушы кетіп барамын алыс, Сары жұртқа қонып, Тас молаларды паналап. Шаңға жеткізбей шапқанда шалқып шалқарым, Жас емес көзден жалыны бөлек ағады от!», – деп ешкімге ұқсамайтын дара стилін байқатқан ақынның шұрайлы тілі мен айтар ойы, қазақ поэзиясына қосар жалыны бөлек, тың бағыттағы жырлары туа берсін!!! Астындағы атын болдыртып әкеп көңге аунатып, қойшының үйінің іргесін көңмен көміп, сексеуілді маздатып, енді ұйқыға бас қойғанында әлдеқайдан бошалаған інгеннің боздаған дауысы тынышын алған Көшпендінің сезімі сергек ұлы көңіліндегі көрікті өлеңін осылай өрбітпесе жазғаны шынайы болмас та еді. Қадірлі Оқырман! Қазіргі жанталасып жаһанданып жатқан заманда Ахат ақынның жырлары этнографиялық сипатта ғана деп түйсеңіз қателесесіз! Себебі, ақын Түркінің түп мекені Алтайдан тамыр, Атажұртынан кіндік үзген жоқ. Қазақы тамырлы жырлары оқырмандарын тереңге тартып, санасын шуақтандыра берсін деген ақжолтай тілегімді жолдаймын. Дәулеткерей КӘПҰЛЫ, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының иегері

І БӨЛІМ ШАМ АСТЫНАН КҮН АСТЫНА АУЫСЫП

ҚОЙШЫНЫҢ ҚОЙЫН ДӘПТЕРІ АРМАН Ілбіп кіріп келеді іңір іргеден, Шам шалқиды жел лебімен гулеген. Шаңырақтан шоқы мойнын созады, Хабар алып кел дегендей жыр менен. Кірпік қақпай күтем жырды түнде мен, Көрінер ме көкжиектен жыр – кемем? Түннің тылсым омырауынан үзіп ап, Жұлдыздармен көзді сүртем кірлеген. Жыламашы, от жүрегім бұлқынба, Қасиетті қара түннен жыр тыңда. Қалам қолда, Шам түбінде жатырмын, Иек артып түн дейтұғын тылсымға. Аққан жұлдыз ақ жолағын құрық қып, Аластаймын нәрсіз ойды ұмыт қып. Шам астынан күн астына ауысып, Жатып емес, жазам бір күні тұрып тік! 31 тамыз 1998 жыл.

Ахат ӘШУҰЛЫ БАЛАПАНЫ ҰЛАРДЫҢ (Баллада) Тарғыл таулар көшелі, Көз тартады мұнарлап. Саумал самал еседі, Масаң майса, Гүл аумақ. Кідіртіп кірпік аспанға, Ойланып орман қарайды. Соғылып су тастарға, Шашауын қайта қармайды. Айдарлы, сеңгір шыңдарда, Балапанын ұлар жүр ерткен. Кезқұйрық, қырғи бұл маңға, Пайда болды кенеттен. Табылды «мол жем» бұларға, «Жүргенге жөргем» деген ғой. Қаптады бәрі ұларға, Бірін-бірі көре алмай... Кербез дала тып-тыныш, (Шырқыңды бұзды қарашы!)

ҚОЙШЫНЫҢ ҚОЙЫН ДӘПТЕРІ Жегелі жүр құсты құс, Тегінің жақын арасы. Тосыннан келген ажал ғой, (Тірліктің түбі – тар апан). Қанатын әлсіз қаға алмай, Ортада қалды балапан. Жауыздық іске қас қылып, Жанымды жігер жаниды. Сұмырайларға тас лақтырып, Құтқарып алдым сәбиді. Сүйкімді екен, момақан, (Өрт болып менің кетті ішім). ...Орнына салып таңды Атам, Үзілген сыңар топшысын. Мәпелеп бағып, емдедім, Жетілді қанаты сауыға. Ұшатын кезі келді оның, Апардым туған тауына. ...Көсілген шатқал заңғар, тік, Көз сүрінткен бұла маң. Тұрғандай сырын аңғартып, Бұлбұлдар арнап құрады ән.

Ахат ӘШУҰЛЫ Шұлғыды басын жас құрақ, Самалдың ерке назына. Шымырлап қайнап тас бұлақ, Елірткен бәрін сазына. Басынан сипап, аялап, Аспанға қарай сермедім. Қанатын ол да жая қап, Шарлады еркін кең көгін. Оралып қайта басымнан, Айналып ұшты үш рет. Көзіме оттай басылған, Періштемсің бе, құдірет! О, ғажап-ау, таңдандым, Көңілім толқып, тұр қызып. Еркесі мынау таулардың, Түсінеді екен ізгілік. ...Бойымда шауып ащы ағын, Қарадым үнсіз асқарға. Көзімнен аққан жастарым, Шағылып жатты тастарға... Тамыз. 1998жыл.

ҚОЙШЫНЫҢ ҚОЙЫН ДӘПТЕРІ ӨМІРГЕ Пай, пай өмір жүйріксің-ау майталман, Қиын-қия жолдарыңнан нар тайған. Құшағыңда барлық адам марқайған, Құшағыңа барлық адам жантайған. Бұлаңдайсың. Мың алдайсың пендені, Мәз қылмайсың, аздырмайсың сен нені? Жаратасың, жасатасың сен мені, Тап бересің, қақ бөлесің пердені. Қуантасың, жылатасың әркімді, Алдың қия, жылмағайлап артыңды. Алмасам да несібемді жартымды, Бұл ғұмырым саған барып артылды. Бірақ, бірақ еркімді бер сен менің, Жер бетіне жасаймын деп келгемін. Өлең маған енші қылып бөлгенің, Шындық емес мәңгілікке өлмегім... 8 қыркүйек 1998ж.

Ахат ӘШУҰЛЫ АЛТАЙЫМ Елі бар қуалаған жауын түріп, Тұратын тек аспанға бәрі ұмтылып. Қазақтың қасиетті қарт мекені, Жайлаған тау-даласын қалың түлік. Атамекен – Алтайым ырыс толған, Алабың тау, қарағай, жынысты орман. Қазынадай қалдырған бабаларым, Қойныңа алтын менен күміс толған. Өзенің – өмірімдей буырқанған, Тауларың – рухымдай ұлы талғам. Өн бойың – бабалардың жыры қалған, Көлдерің – әжелердің нұры тамған. Таң желінін тек саған идіреді, Күн саған ернін алғаш тигізеді. Армансыз аймалайды ақ тұлғаңды, Батарда маңдайынан сүйгізеді. Қараша 1998 жыл

ҚОЙШЫНЫҢ ҚОЙЫН ДӘПТЕРІ АБАЙ АТА Жер шарының сілкіндіріп бар тысын, Таныды әлем поэзия жаршысын. Жарық беріп қара түнек заманға, Шешіп кетті сан ғасырдың тартысын. Жүректерге жазып кетті жыр-тәлім, Жыр жолында болам мен де құрбаның. Ілдім міне мойыныма сондықтан, Поэзия көгенінің бұршағын. Тәлім алам Ұлы Абайдың жолынан, Шалып келем сол жолдардан соны маң. Жүрген шығар мені бастап алысқа, Түсімде ылғи Ұлы Ақынға жолығам. Абай ата, аруағың қолдасын, Сенің айтқан нақылдарың жолдасым. «Ата көрген оқ жонады» дейді екен, Ақиығың қос қанатын қомдасын!!! Қараша 1998 жыл

Ахат ӘШУҰЛЫ ӘПЕКЕМЕ ХАТ Жан әпеке, менің асыл қормалым, Сен нұсқадың арманымның жолдарын. Дәуір жүгін көрмесем де қаңбақтай, Сезінемін сағыныштың салмағын. Жүр бауырың сағымдардан сыр қуып, Тұла бойын арындаған жыр буып. Бұла көзді бұлтпен сүртем бір шүйке, Сенің бейнең жанарымда тұр күліп. Мен барамын дабыл қағып ғасырға, Жанар отым шағылады жасынға. Қайық – арман мұхиттарға бет қойды, Ғайып алдан жеткізер ме, расында?! Жігерім де, тілегім де арлылық, Мендегі сыр – мендегі жыр мәңгілік. Бір күндері зәуге қадап туымды, Шың басына қалдырамын таңба ұрып!!! Қараша 1998 жыл

ҚОЙШЫНЫҢ ҚОЙЫН ДӘПТЕРІ АЛЫСТА ТҰР Қиял қиян шалады құспен еріп, Аспанымды бояусыз түске көміп. Құлазимын, көңілім бейне менің – Жәннат іздеп тауынан түскен елік. Белгісіздеу бір жойқын күшпен еріп, Албырт арман барады іштен өліп. Шөлде қалды жәудіреп екі көзі, Таудың ғана тұмасын ішкен елік. Неге, неге жасындар жанады көп, Көңілімнің дауылы барады үдеп. Көп болды ғой арманға жүгіргелі, Алыста тұр бұл күнде бақ әлі де... Ақпан 1999ж.

Ахат ӘШУҰЛЫ ҚИНАМА МЕНІ Не ғажап сезім арман сұраған, Тірі жұмақтың бесігі ме екен? Бір нәзік сәуле жалғады саған, Махаббатымның көпірі ме екен. Нажағай жанып, нөсерін төгіп, Селт еткізіп тастайды мені. Келеді қырсық кеселін теліп, Тағдырдың қатты тастай жүрегі. Көңілдің ашып бұла түндерін, Төгейін саған толған сырымды. Сезіп те болған шығарсың менің, Өзіңе ғашық болғандығымды. Кеудеме өзің көзіңді сал да, Ашып көр бәрін... Көп арман, мұңым. Қинама мені, Жолыңды талда... Көрейін сосын не болғандығын... 5 наурыз 1999жыл

ҚОЙШЫНЫҢ ҚОЙЫН ДӘПТЕРІ АПА, МЕНІҢ ТҮСІМЕ КІРДІҢ БҮГІН Апа, менің түсіме кірдің бүгін, Тұр екенсің көрсетіп күннің нұрын. Тауға қарап кісінеп жүр құлының, Құлағын қайшылатып жыр дүбірі. Апа, менің түсіме кірдің тағы, Көңілімнің өзіңсіз сынды сағы. Сағындым ғой өзіңді, Ауылымды... Қандай шіркін тамаша қырдың таңы! Білінбеген өмір де алагеуім, Түсімде мен томпиған бала екенмін. Ертіп алып жотаға шығарыпсың, Көйлегіңнің ұстатып ала етегін. Ауылыма барыппын түсімде мен, Киіз үйдің жүр екем ішінде кең. Сағынғанда өзіңді, ауылымды, Бақыттымын көргенім үшін де мен. Апа! Апа, түсіме кірдің менің, Маған шуақ төгіпті нұрлы реңің. Арман қуып алыстан аңсайтұғын,

Ахат ӘШУҰЛЫ Азамат боп қалыпты жүгермегің. Cағыныштан кірпігім күйді менің, Боздайды Бозінгендей күй жүрегің. Шүйкеңдей боп аспанда түтіліп ап, Мен ертең ұршығыңа үйірілемін... Апа, менің түсіме кірдің бүгін... 21 наурыз 1999жыл

ҚОЙШЫНЫҢ ҚОЙЫН ДӘПТЕРІ ӨЗ ҮЙІМ Өлең төсек – өз үйіме бүгін мен Келдім міне! Күлкіні көр түрімнен. Өз төрімде шалқалап бір жатырмын, Оранып ап бұйра елтірі жұрынмен. Шарапат бар маған келер үйімнен, Ержеткенмін әлди әуен күйімен. Осы ордам ғой берекенің қайнары, Барлығын да ұршықтайын үйірген. Жанға жәннат, барма ләззат осыдан, Сарай төрім, арай сенің қосың ән. Қолда таяқ, қоңыр дөңде қой жайып, Сенің қоңыр ырғағыңа қосылам. Күш бітірген менің балғын тұрқыма, Өз үйім ғой өлең салған ұртыма. Тіреуішім аспан тірейді ертең-ақ Айды жұлып әперемін ұлтыма!!! Көкек 1999 жыл

Ахат ӘШУҰЛЫ ТУҒАН ЖЕРІМ ШӘКҮРТІ Мен туғанмын бойында Шәкүртінің, Мен оның тау-тасының шәкіртімін. Ауылдастар атынан тұлпар мініп, Қара шыңға қадаймын ғасыр туын. Өз мекенім өзгеге мақтанбағым, Жүрегіме алаулы жаққан жалын. Ару айдын Үліңгір жарып аққан, Өн бойымды аралап шапқан қаным. Туған жердің атына шаң жуытпан, Жаралған ғой біздің ел арлылықтан. Шыр еткенде ең алғаш дауысым да, Шәкүртінің тасына жаңғырыққан. Сүйем сені жыр мекен туған жерім, Көңілімде сен десем ну бар менің. Тасыңдай боп қалар ма ем тарихқа, Өзеніңдей мәңгілік тулар ма едім. Аласатқан көңілдің көк перісін, Әлемді бір шарлатып өтпек үшін. Туған жерім мен шықсам шың басына, Сенің атың аспандап кетпегі шын!!! 30 сәуір 1999 жыл

ҚОЙШЫНЫҢ ҚОЙЫН ДӘПТЕРІ ТАУЛЫҚПЫЗ Досым Бейсен Кәдірханұлына Мамыр мынау көктем киген көк бөрік, Көңіліміз көк жайлауға кетті өріп. Тарпаң қала тарылтқасын тамырды, Таулықпыз ғой... Тауға қарай беттедік. Кеш жамылып, самал жұтып сап-салқын Отырдық біз, Келе жатты мақпал түн. Тұрды бізге басын иіп таулы бақ, Жаудырап тұр ай да сақтап ақ қалпын. Жадымыздың өр ағысы жатты ағып, Масыл мұңды тау жұпары қашты алып. Пай, пай, шіркін! Сезілді-ау біздерге Төрге салған текеметтей тас-мамық. Мазақ етіп өтті талай жыл - қыздар, Кеудемізде содан бір шоқ, бір мұз бар. Көкіректі көкке бір сәт кергенде, Көзімізге тамып жатты жұлдыздар.

Ахат ӘШУҰЛЫ Қалдырмаймыз жер бетіне бекер із, Ғасырларға тартылар жол төте біз. Аман болса мынау аспан аясы, Жұлдыздармен жазу жазып кетеміз!!! 21 мамыр 1999ж.

ҚОЙШЫНЫҢ ҚОЙЫН ДӘПТЕРІ * Мамыр айы, маужыраған майда түн, Арудайын лебі жеткен жаныма. Жымыңдайды жиі қағып ай қасын, Мас болғандай мамық бұлтқа малына. Көлбеңдетіп керім талдар көйлегін, Қолын бұлғап шақырады алыстан. Жатыр бұлақ жаспен шылап ой көзін, Менің бала арманыммен жарысқан. Қандай ғажап сезімдерге көмілгем, Табиғаттың құшағына енгенде. Бақыт емес, жолықтым-ау сорыммен, Ең алғашқы махаббатым семгенде. Жан сезімнен мұңға толы күй өріп, Тербетеді арманымның даласын. Тұрмын жалғыз аққайыңға сүйеніп, Көз алдымда ары қарап барасың... Мамыр 1999 жыл

Ахат ӘШУҰЛЫ ҰЖДАН Құба түзге құлазумен қарадым, Аяқ зілдей, көксоқта боп балағым. Қарыс жерім басуға мұң сияқты, Бауырындай жар тіреген шананың. Жалған дүние бір тырнағын батырар, Ал біреуін жең ішіне жасырар. Айнымаймын адалдықтың алдында, Түбінде олар ақиқатқа бас ұрар?! Барандана бастағасын көңіл – гүл, Кей қастарым қорқаудайын торып жүр. Сұңғыла ұждан тұр көтеріп найзасын, Алдында оның дұшпан тұрмақ өлім – құл!!! Мамыр 1999 жыл

ҚОЙШЫНЫҢ ҚОЙЫН ДӘПТЕРІ ҚЫРАН ӨЗЕНІ БОЙЫНДА Мамырлап таудан бұлттар барады асып, Желегін самал ойнап ала қашып. Құралған бұлақтардың оркестрі, Жағамен Қыран жатыр жағаласып. Өткіздің қанша мерей, қанша мұңды, Бойыңа жиғандайсың барша нұрды. Куәсі тарихтың тарлан өзен, Секілді қарт Алтайдың қан тамыры. Үкілі тал-қайыңы тұр ырғалып, Кетірдің көңілімнен мұңымды алып. Көк бұйра көбігіңмен құшақтасып, Барады бойымдағы жырым ағып. Қоңыр жел орап алып мақпалыңа, Ұшырып әкет мені асқарыңа. Сыры бар тарихтың ашылмаған, Сімірген майда толқын қатпарына. О, менің жырға толы атырабым, Өзенің үн қосуға шақырады. Бойыңа барсам болды тал-қайыңның, Қол соғып қарсы алады жапырағы.

Ахат ӘШУҰЛЫ Өзенім асау ағыс – арынды жыр, Барады буып алып жанымды нұр. Кетейін сенен алып жырыма нәр, Тірлікте бермесе де бәрін ғұмыр. Күн сүйіп, аймалайды арқаңды ай кеп, Талпынам маған да нұр бар қандай деп. Шығарған тезіңе сап, құрыш қылып, Қалайын анау жатқан малтаңдай боп!!! 12 маусым 1999 жыл

ҚОЙШЫНЫҢ ҚОЙЫН ДӘПТЕРІ ТАС ТАҢБА Ақын Қуаныш Ілиясқа Көкжиектен ғайып болды күн жылап, Қоңыр ымырт жамырады тұнжырап. Менде сонда күйге ендім жым-жылас, Көз алдыма, Көңілге де түн құлап. Зіл басқандай еңсем түсіп барады, Өз басымды өзім тұрмын бұрғылап. «Есіңді жи! Еңбегіңнен еш қалма!», Деп түнгі ызғар жатыр мені жұлғылап. Әттең, әттең! Ауыр ойлар мыңдаған, Бас көтертпей жігерімді құм қылад... Жәбрейіл тұрғандайын табанда, Бар ғаламды жібергелі қылғып-ақ. Қой, қой дедім, бақыт деген тым жырақ... Көрдім сосын ақ арымнан бір тепкі, Кенет үміт оты қайта жылт етті, Орынымнан түрегелдім ырғып-ақ. Бір биіктен қол бұлғады арманым, Мені сонда тосып отыр сын-мұрат. Кетпесін деп арманымды мұң бұлап, Көңілімнің құлақ күйін мың бұрап, Өз-өзіме күзет қойып келемін, Табылады сосын ылғи керегім, Топты ерлерден қалмайын деп бұлдырап.

Ахат ӘШУҰЛЫ Жүрсем-дағы бірде күліп, бір жылап, Поэзия майданына ап келдім, Ұждан дейтін арыстанды шынжырлап. Қане, досым, мені осыдан байқа да, Тарихқа тас таңбаңды ұр бір-ақ!.. 25 маусым 1999 жыл ҚОЙШЫНЫҢ ҚОЙЫН ДӘПТЕРІ БҰЙРА САҒЫМ Сары белде сабылып бұйра сағым, Сағынышпен санамды қинаса мұң. Жанып ұшқан жанымның жалынымен, Алабұртып ақыры силасамын. Шаңытына шомылып шөл-құмдардың, Ағытыла төгіліп шер-мұңдарым. Әкет мені ұшырып деміңменен, Өзің үшін от кешіп келдім жаным. Бұйра сағым көзімнің алды кілең, Сағым дүние алдайды сан қырымен. Сағыныштан сарғайған сабырымды, Арашалап алсаңшы жаңбырыңмен... Маусым 1999 жыл

Ахат ӘШУҰЛЫ ӘКЕМЕ О, Әке, сенен ұлы асылым жоқ, (Барады өзекті өртеп қапырық от.) Қарлы өмір қатулықпен қымсынбай-ақ, Қырауды әкелген бе басыңа үрлеп. Пенде боп басқаларға бас ұрмадық, (Себебі біздің баба асыл халық! ) Білдім-ау қартаң тартып қалғаныңды, Тұрғанда, жаным Әке, шашыңды алып. Басымда тұрған бақты танымаппын, (Бекерден бос әйтпесе налымақ кім?) Шашыңды көріп, Әке, ойға қалдым, Амал не түстен кейін маңыраппын. Шіркін-ау, қайда қалды бала арманым, Көз алда көріністен алаңдадым. Жан Әке, кешіре гөр, әр тал шашың, Білмеппін ұрпақ үшін ағарғанын. Тілегің, берген жолың салып маған, Бағытым Темірқазық шарықтаған. Бабадан жеткен мирас-тектілігің, Қалпында тариыхқа алып барам!!! 27 шілде 1999 жыл

ҚОЙШЫНЫҢ ҚОЙЫН ДӘПТЕРІ ШЫНДЫҚ Сығалап мерген ата алмайды оны, Шындыққа тоймас тақалмай дені. Сүйрейді өмір олай да былай, Торып жүр күнде қатал қайғы оны. Қиырын жолдың… Көреді бәрін, Қиындықтардан алады тәлім. Озбырлар оны аңдып жүр қазір, Жаққалы жүр ме қаралы қанын. Ол шындық мәңгі елім деп өтер, Жалғандықтардан жерінді бетер. Қондырсаң қондыр кеудеңе оны, Тоздырмас жатып төріңді бекер. Жүгінсең жүгін, шындыққа жүгін, Өзгенің қуып жылбысқа мұңын. Көтерсең көтер, ауырын көтер, Көтерме елдің бір мысқал жүгін. 28 шілде 1999жыл

Ахат ӘШУҰЛЫ ҚИНАЛАМЫН І Қиналамын кірпігіме мұң іліп, Қиялымның ақбұрқағы тұр ұлып. Сағыныштың сары даласын кеземін, Санамда тек сайғақ-қайғы шұбырып. Бір мұң кетсе, бірі келіп жатады, Тұрмын еркем соған бола қапалы. Түсінбедім, түсіне де алмаспын, Бұл дүние мен жөнінде жат әлі. Кей жабығыс жаныма да келді өктем, Үміт бірде шыға алмады жөргектен. Жүрегімді сендік мұңға батырып, Қиналамын сен деп мен. ІІ Күнде жайсыз жатамын мұң жастанып, Берекесіз ойлар толып басқа лық. Тыйшы қарғам, өзің келіп өртіңмен, Тұр жүректен қан аралас жас тамып. Сені көріп болдым бақыт тапқандай, Бірақ жаным сен келесің сәп салмай.

ҚОЙШЫНЫҢ ҚОЙЫН ДӘПТЕРІ Қиналамын мендік арман жоқ сенде, Қиналамын буалдырлап батқанда ай. Тұнжыраған табиғатқа мұң шақтым, Болдырдым ба?.. Елесіңмен құр шаптым. Сүйемін деп екі тауды жаңғыртып, Болмайды екен екі бөлек тұрсақ тым... Шілде 1999жыл

Ахат ӘШУҰЛЫ АУЫЛҒА СЕРТ Мендегі бар алып ұшқан дегбірді, Ауылыма сағынышым ең ұлы! Туған ауыл қымбат маған қылтаның, Қызғанамын қуаласа жел құмды. Құдіретті тауымда бар киелі ел, Киелі елін жаннан артық сүйеді ер. О, сахара от құшағың қысқанда, Көкіректен көк шарпыған күй өрер. Тарихыңа бала жастан мен құмар, Тастарыңда бабам салған белгі бар. Ер – елі үшін рас болса туғаны, Шұғыланың шуағына шомдырар!!! Қыркүйек 1999 жыл

ҚОЙШЫНЫҢ ҚОЙЫН ДӘПТЕРІ АҚҚУ Тағдырдай асауыммен мың алысып, Келемін өз әлімше құрақ ұшып. Сарқылып тұңғиықтың көлі бүгін, Аққуы кетті арманның жылап ұшып. Қарылды сезім тілі шоққа ұрылып, Қайғыдай қара дауыл соқты ұлып. Көзіне сол аққудың құм құйылып, Жан баспас құба түзге кетті кіріп. Даланың тұрды боран тыншын ұрлап, Басталды мұңға толы тылсым ырғақ. Тұрдым-ау тұла бойым түршігіп-ақ, Аққудың құлағымда сұңқылы қап. Санамның сағым ойнап сары белесін, Қадалды тозған жанға зар жебесі. Көміліп көкжиектің жабығына, Аққудың жанарымда қалды елесі. Бар арман, барлық сырды тұмшап, қамап, Ол кетті оқ мойнына мұң саптап ап. Мен оны демім сайын есіме алып, Тұрамын көкжиекке күн сап қарап... 15 қыркүйек 1999 жыл

Ахат ӘШУҰЛЫ ЖЕЛ АЙДАҒАН ЖАПЫРАҚ Тұр көңілім күзбен бірге талықсып, Бірде мұңым үмітіммен алысып. Бара жатты сезімімді ала ұшып, Бара жатты бозғылт сағым жарысып. О, даламның аласатып өкпегі, Ораған мұң бала қыздың көктемі. Көз алдымды иелеген көкпері, Көрем алдан, содан қалған от па еді? Мұң жүдетті, боз қайыңдар жылады, Дір-дір етті, жапырағы құлады. Құшып мені жатыр бәрі... Тұр әлі Уілінен айырылған ну әні. Сары шымшық сүркейлене күледі, (Мені бәлкім мазақ етті білемін). Жел айдаған жапырақпен бағдарсыз, Бірге жылап бара жатты жүрегім... Қазан 1999 жыл

ҚОЙШЫНЫҢ ҚОЙЫН ДӘПТЕРІ БАБАЛАРҒА СЫР НЕМЕСЕ АТАЖҰРТТЫ АҢСАУ Құлақты бітеп заманның шуылы, Дауылға айналды боранның суылы. Түк емес екен қақаған қаңтар, Тоңдырады екен адамның суығы. Жұда боп елдің қамқоры жанынан, Сахарам айырылды сал сері сәнінен. Бағыты қалмаған бұлақ өмірге, Салынды жанымды сан тоғытамын мен. Қайдасың баба, қайдасың баба, Жігерің шыққан айға, шыңға да. Қаныңды шашты қара жауыздар, Қапыда асырып айласын жала. Аталып бір кез жақсы атың жаман, Кезің жоқ көзге қақ қатырмаған. Алыста емес Алатау – арман, Іске асады ертең мақсатың бабам. Сілкіне алмай сахараң жатыр, Қазақтың күні жат әлемде тұр. Тандыр боп жаным жүргенде шөлдеп, Қамыққан көңіл қапаланды ақыры.

Ахат ӘШУҰЛЫ Өшкен жалының табылды мұз боп, Өртеніп қайта табындық іздеп. Ұрпағың шықты ұрандап мұнда, Аласапыран күннен әділдік іздеп. Айқасқан аңдып азаппен мүлде, Биікке тартқан қазақпен бірге. О, ғажап ылғи түсімде баба, Күн кеткен жаққа бараттым неге?!. 17 қазан 1999 жыл

ҚОЙШЫНЫҢ ҚОЙЫН ДӘПТЕРІ ҚҰЛАЗУ Келді көктем, Елжіреп мен кеткемін, Құшағына ап, Құша құлап көктемім. Нулы баққа, Сырлы жаққа беттедім, Тал-шынарым қарсы алды тек мені. Келін – көктем лебі еппен тарайды, Құраққа да, бұлаққа да қарайды. Қайран өмір, Сайран өңір арайлы, От қыласың, жоқ қыласың сан ойды. О, құдірет!.. Телмірдім көп бұл маңға, Бұла күннен құлазумен тұрғанда. Маңайларым, Арайлы әнім тұнғанда, Арзаннан ба? Жалғаннан ба? Шыннан ба?.. Ахат ӘШУҰЛЫ Жаз өтті де, Аз өпті де демімен, Бал - бұл етіп, Қалды кетіп... ...Сонымен... Күзбен бірге жүзден мүлде өң - рең Тым ұзапты ә?! Нулы баққа келіп ем... Қараша 1999 жыл

ҚОЙШЫНЫҢ ҚОЙЫН ДӘПТЕРІ ҚАРА ТАСТАҒЫ ЕЛЕС Марқұм досым Өнерхан Тілеуханұлына Бұл жалған жанды мұңға малып алып, Барады көзден жасым зарыға ағып. Тәу етіп қайтқалы қара тасқа, Жалғыз тұрмын, сені еске ап, тағы барып. Шығармай адымды алға құмды белес, Әйтеуір жетелейді бұлдыр елес. Білмеймін ми ішінде туып жатыр, Бітпейтін өршеленіп қырғын егес. Армандар кетті менен алыс қашып, Түнерді көңіл-көгім қара ыс басып. Жақыннан жәрдем сұрап барғанымда, Антұрған кетті маған қан ұстатып. Қалың жол адастырды, қалас қылды, Тағы да бір басыма талас мінді. Кей досым өрлегенде етектен ап, Дұшпаным түсірер ор қарастырды. Сен неге тіл қатпадың кетеріңде, Бекіндім сендік жүкті көтеруге. Қиын-ақ сендей достың табылмағы, Бәлкім мен жалғызсырап кетемін де...

Ахат ӘШУҰЛЫ Меңіреу, айналамда ештеңе жоқ, Қара тас салды маған көптеп елес. Тентіреп келемін-ау тіріні іздеп, Алайда бәрі саған жеткен емес. Жас жуып сора-сора бетті айғыз, (Пендеміз, жоқ нәрсені көп сұраймыз). Жалғыздық жанға батты... Мен келерде Зарлы ән сап қара тасқа кетті байғұз. Таба алмай нағыз досты сұм өмірден, Сен кеткелі келемін құм өңірмен. Егілем... Сар сағыныш... Тасты құшып... Доспын мен сенің ғана тілегіңмен. Біз едік қара таста сыр шертетін, Кеттің-ау кезбей өмір тұмса өлкесін. Керуен – тау мініп едік... Екеуімізге Даяр ғып шығаруға тұрса өркешін. Жүргенде боз тұманға бас қамалып, Келемін шанағымды жасқа малып. Қалмады мына күнде доста нарық, Тұрлаусыз дүниеден түңілгенде, Жылаймын... Мұң шағамын тасқа барып... 9 қараша 1999 жыл

ҚОЙШЫНЫҢ ҚОЙЫН ДӘПТЕРІ ТОНАЛУ Өткен сайын сүркейлі жыл шіреніп, Сахараның бойынан үркіп елік. Айна көлдер жетім қап еркесінен, Дала жатыр дірілдеп, сұңқыл өріп, Табиғат та досынан жұда болды, Боран ғана аймалап құба белді. Құрыш жігер үгілді борға айналып, Тозғындаған, зар жылап торғай-халық. Ақ күмбезің күн сүйген орға айналып, Белгі кетті ескерткіш жерге айналып. Тарихтың ізі өшіп бара жатыр, Үдірейе қарайды заманақыр. Жүрміз-ау қам-қайғысыз барға байып, Тоналған асылдар көп алмағайып. Ерлігін бабалардың есіме алып, Тілеймін тәңірімнен таңғажайып. Күйінем ұрпағыңа азғындаған, Алайда адамдарға мәз, бұл қоғам.

Ахат ӘШУҰЛЫ Өмірдің қызыл қолмен көсеп отын, Дәу жүгін дүниенің көтеретін. Бабалар ержүректік бізге жетпей, Жасайды дәрменсіз ұл неше бекім. Алайда шықпайды екен жалғыздағы үн, Әйтеуір жетелейді жалғыз дарын... 15 қараша 1999 жыл

ҚОЙШЫНЫҢ ҚОЙЫН ДӘПТЕРІ ӨМІР ҚЫСЫ Есімде әлі бас көтерген қырдан гүл, Кез болатын көктем келіп, тұнған нұр. Шашбауыңа қадап едім үзіп ап, Жаңа шыққан қызғалдағын қырлардың. Ән сап өткен жыл құстары төбеден, Қанатымен бізді ұшуға жебеген. Дәл сол сәтте қандай күйге ендік біз, Біздер бақыт тапқан едік о, неден?! Маусым жылжып... Сүрең қайта қыс жетті, Бүршік жарған көктем, жаздан түс көшті. Ағаштарда жапырақтан жұда боп, Ән сап келіп, Зар сап қайта құс кетті. Гүлзарыңды қар астына жерледің, Анық енді сені қайта көрмеуім. Көктем болдың, Қысты қайта талдадың, Махаббаттың төрт маусымын көрмедің. Мына ғалам жұтаңдады қыс торлап, (Жылулықты жүргенімде мысқалдап). Табиғат қой, қойшы, оны жазғырман, Айланбайды бізге алайда ұшқан бақ... 11 қараша 1999жыл

Ахат ӘШУҰЛЫ ІЗДЕП БАРА ЖАТАМЫН Шабыт қайда? Тұрғаны - ай тіл байланып, Тіл байланып, Айтарым тұрмай налып. Ұқтыра алмай сөзімді түсінбеске, Бара жатыр жігерім құмға айналып. Ой бұлты кеп басады еңсе құзын, (Үнсіз қарсы ап өмірдің келсе күзін.) Кетіп бара жатамын жалғыз аңдай, Жел серігім... Сағымды бел серігім... Құлап түстім... Міне бас тағы айналды, Тағы айналды... Oйларым тоғай қалды. Безіп мына жалғаннан, Түсімде мен Іздеп бара жатамын Абайларды... 25 қараша 1999жыл

ҚОЙШЫНЫҢ ҚОЙЫН ДӘПТЕРІ ҒАЖАЙЫП ЖАНАРЫНАН ОТ ТӨГІЛІП (Ақын қызға) Ғажайып жанарынан от төгіліп, Барады бір дарабоз шепке кіріп. Тасыры жер-әлемде жаңғырығып, Арманын талықпастан мәңгі қуып, Тынығар көкжиекке кетсе кіріп. Жатса да мұнар басып лайсаң өмір, Салса да селт етпейді айтақ обыр. Қанатын емексініп жайса қоңыр, Ұғынып жалғыздығын сырлы жанның, Мүлгиді үнсіз ғана байтақ өңір. Төтейді мимырт тірлік тепкісіне ар, Жалғыздық жанға батып, көп қысылар. Жырын білем, ал өзін көргенім жоқ, Иә, оның жанарының от күші бар. Мамырлап дала кезіп кеткісі бар. Жүруші ем мен де үнемі буалдырлап, Жеткізбес сағым арман ту алдыда. Тұрмайсың ойдан құздың басына ұшпай,

Ахат ӘШУҰЛЫ Туғанда көз алдыңда ашыныш жай, Еріксіз жігер қолға ту алдырмақ. Мендағы көңілімде от өргемін, Белгілі өз тауыма жете өлмегім. Шақырады үздігіп шалғайдағы үн, Іздеген мәңгіліктің қан майданын, Сол бозбен бірге шауып кетер ме едім!!! Қараша 1999ж

ҚОЙШЫНЫҢ ҚОЙЫН ДӘПТЕРІ МЕКТЕП АУЛАСЫНДА Ауыл аңсап тұр жаным жылағалы, Жылайын ба?! Көңілім шыдамады. Барайын ба?! Қайтейін танымадым, Тұрды аулада бейсауат қыр адамы. Қыр адамы көзіме жылы ұшырап, Сағынышпен қараймын тұрысына. Ағам болып қалмайды-ау іздеп келген?! Араласты бір діріл тынысыма... Үміттене қараймын, емес бірақ... Емес бірақ... Тұрғаны-ай елес құрап. Көңілімді күпті ғып аңсарыма, Қамшы ой жатты жанымды тек осқылап. Сағынышқа шомылып бұла жаным, Көз алдыма келеді жүзі ағаның. Медеу екен көңілге бір сәтке де, Аула ішінен көргенің қыр адамын. Абыз ауыл айтады бар, тыңдаңдар! Шежіре бар, сенбесең халқымда аңғар!

Ахат ӘШУҰЛЫ «Жабайылар келіпті»,- деп қалалық Өте шықты қасымнан антұрғандар!!! У боп тиді асқынған жараға бұл, Кеткім келді егесіп далаға кіл. Жетті дейміз, Білмесе жеті атасын, Жетілгені осы ма қаладағы ұл. Көкөрімдер көңілді көктейді екен, Бабам айтқан болашақ жоқ қой көкем?! Кім кезіксе өтетін сәлемдесіп, Сахарамның салтына жетпейді екен... 27 қараша 1999 жыл

ҚОЙШЫНЫҢ ҚОЙЫН ДӘПТЕРІ ЕРКІНБЕКТІҢ МОНОЛОГІ Мұң ұрттадым тосытымды толтыра, (Қу көңілім құлазиды толқыған). Кездескенде аузыма сөз түспеді, Ғашықтықтың ғаламаты-ау, ол сірә? Сағымдайын көз жауымды ұрладың, Сосын саған бағдарымды бұрғамын. Сездің бе сен, сезбедің бе білмедім, Қызыл тілдің жеткізе алмай тұрғанын. (Білдім сосын құдайымның ұрғанын)... «Сүймеймін» деп теріс қарап томсардың, (Бірі-дағы орындалмай қолқамның). Бақытымды тіредің де қияға, Бір жағынан азап атты жол салдың. Жүрегімнің дүрсілдерін жалқы ғып, Тілегімнің құр сүлдерін қалдырып, Қапылыста тасқа түскен қырандай, Жүрек қалды қызыл қанға малтығып. Жүргенімде бір жия алмай мұрсамды, Махаббаттың сойылы кеп бір салды. Ғашықтықты сездіріп ем,

Ахат ӘШУҰЛЫ Көзіме Құрып қалсын! Сүйген қызым құм салды... Сонда өмірге келтіреді кім сәнді?.. Қараша 1999ж.

ҚОЙШЫНЫҢ ҚОЙЫН ДӘПТЕРІ КӨРЕРМІЗ Жылбысқа жайдың жұмбақтау сырын ұға алмай, Келемін алғы қыраттарыма шыға алмай. Алыптар сөзін жаттаймын зікір – құрандай, Сетер елімді сақтаймын алтын тұмардай. Ақындар жолын ториды қырсық мұншама, Бұзады олар түнекті алған тұмшалап. Есебін бере алмайды патша өмірге, Сұраса сында құр өткендерден құм санап. Сарсаңға салған саралы жандарды ғұмыр-ай, Келмейді мүлде қатерлі күннің қыры жай. Ақындық атын өзіне тағып жүрген бар, Қой ішіндегі түйеге мінген ұрыдай. Жүргендер қанша бір қырқаны да аса алмай?! Жүргендер қанша арынын озған баса алмай?! Ақындық атын айғайлап бір де айтпайтын, Жүргендер қанша желмая мінген Асандай!! ...Теңсіздік бұлап кетпесін біздің күнді алғы, Қосақ арасында өткізгендермен жылдарды. Көреміз ертең: «Жерұйыққа» бет алғанда, Кім барды сонда, Дәрмені кетіп кім қалды?..

Ахат ӘШУҰЛЫ БАЯБАНДАҒЫ БӨКЕН ЖЫР (желілес жырлар) І Қапырықтағы қиқым ойлардан құралып, Келемін үнемі керең күндерден сұранып. Жапанға шықса жалғыз тал қылтан қылтиып, Борандар айдап, басады неге құм ағып?.. Ұқсайма қалай жақсы жандарға қылтандар, Мәнсіз бір кеш жоқ, өткізбейтұғын құр таңдар. Боранға ыққан ұқсайды неге аққан құм, Ей адам айтшы, осыны елеп кім талдар! Серпілер жан аз, бұл қалай болды апыр - ау?! Мұнарға неге орана берді атырау. Жылт еткен шамды өшірмек болып ұмтылған, Адамгершілік те азайып бара жатыр - ау?.. ІІ Сапырылыстырып санада атой салды ұран, Алапат алып із - тозсыз кетті сан мұрам. Шалынып көзге шанда бір ғана түздерден, Жалғыз аң жүрер үйірін іздеп қаңғыған. Өткенді қарап ескіріп қалған жылдардан, Үйірін байқап қайраңды қалың құмдардан.

ҚОЙШЫНЫҢ ҚОЙЫН ДӘПТЕРІ Бөкендер қанша жүр екен Баябандарда, Іздемесең де табылар мерген жымдардан. Береді төтеп қандай бір іске жансебіл, Оянбай әлі жатыр - ау екен қанша өңір?! Көтеріп өзі бір маңның жалғыз ауырын, Жапалы жаймен арпалыста жүр қанша өмір?.. Ақ арлы болмай аламын қайтып батамды, Жүремін мынау құр салпақпенен қашанғы. Топ құрап бір кез тарыдай болып шашылған, Бөкендер қашан басады жалпақ жаһанды. ІІІ Басыммен жиған жеткілікті ме аз күшім, Бітіре де алмай бірін де жүрген азба ісім. Ажырғы салған аядай тірлікке иленіп, Кетсем мен егер, мән алар қайтып жазмышым. Ғажап та емес құлап түсуің әңгекке, Айт қане сонда, кімдерде сенен қалды өкпе? Ескеуіл күнде ескермей кеткен ісіңді, Таратшы қане, қара жер менен һәм көкке?! Естісін әлем, білсін де сенің сұрқыңды, Батырсын содан тіпті де ары қылпыңды! «Барынан жоғы» демей ме сонда қара жер, «Кеткені жақсы, кетіргенінен шырқымды!».

Ахат ӘШУҰЛЫ Бекер-ақ, бекер, жалынсаң мейлі о, неге, Тарпаң бұл тағдыр тартқылағаныңа көне ме? У берсең елге басыңда бағың тұрғанда, Бағың тайғанда, ел балын саған бере ме? Бағдарсыз басқан сақтасын Тәңір аяқтан, Жетпегірлердің желкесін қиып жай атқан. Шежірелерге жүремін шөлдеп оятқан, Ішемін зәмзәм ел берген алтын аяқтан. ІV Адамның бейне ұжданы болса ақберен, Өмірде онда іске аспас арман жоқ дер ем. Түсінер бір жан қосылса егер жаныма, Мен соның өзін өмірдегі үлкен бақ көрем. Кемірсін мейлі, құрта алмас мені қатал мұң, Жеткенше хәлім адырларымнан асармын. Батырақ болып қалсамда мүлде бәрінен, Шүкірлік баба дарығандығна батаңның. V Қадау - қадау қурайы қап даланың, Үнсіз қарсы ап құр дауылдың мазағын. Дәрмені жоқ байғыз үні үздігіп, Боз даланың боздатады - ай ғазалын. Тұрам дөңде қыбыр жан жоқ маңда ешбір, Құлазыған қу көңілмен мәндес қыр.

ҚОЙШЫНЫҢ ҚОЙЫН ДӘПТЕРІ Ала құйын ойран - асыр шығарып, Тоналады өңірдегі бар кеспір. Қуып тығып жыраға жел қаңбақты, Сұрқы қашқан сұр тастарды шаң басты. Шанда көзге бір түсетін бөкен - жыр, Бетке алды бұлдыр-бұлдыр тау жақты... Желтоқсан 1999 жыл

ІІ БӨЛІМ САЙЫН ДАЛАДА САҒЫМ ЖОРТҚАНДА

ҚОЙШЫНЫҢ ҚОЙЫН ДӘПТЕРІ АРМАН - ЕЛІК Ағытылмай басымдағы тиекті ой, Шабытым жай, Қалды тағы күй өппей. Ағысындай өзендердің қиялым, Сағы сынбай жүрсін ардың шиеттей. Шың басынан көремін де бір елік, Күнде асынам мылтығымды біленіп. Мұң қасынан әрең - зорға алыстап, Қырға шығам тағдырымнан тіленіп. Жоқ! атпаймын! Елік – өзім, өмірім! Боратпаймын оғымды... Жоқ төзімім! Жолатпаймын біреу атса елікті, Шабақтаймын кездігімен өзінің! Қанға көміп қайтып сенен қаламын, Арман – елік қолға тұрсаң бағамын. Таңда көріп арманымның жамалын, Арман – елік сені қуып барамын... 1 қаңтар 2000 жыл

Ахат ӘШУҰЛЫ ҚҰШАҒЫҢДА Жіпселенген жібек сезімді жия алмай, Кешегі ыстық құшағыңды қия алмай, Бүгін тағы құшпақшымын ұялмай. Ұят емес, ол – ғашықтық өр сенім, Жалғыз қайтем, өзіңі жоқта келсе мұң, Құшағыңда құтқарылам мен сенің. Суық үйде, суық дене, суық жан, Жанымды кеп жылытсаңшы суынған, Айырмашы құшағыңда жылудан. Барқын тартып жаттым бүгін жан өлкем, Құшағыңды сағындым ғой жан еркем, Сұп-суық боп тұрам ылғи тәңертең... 1 қаңтар 2000жыл

ҚОЙШЫНЫҢ ҚОЙЫН ДӘПТЕРІ ЖАНЫМ ӘКЕ Дөңде тұрып, Жолға қарап күн салып, Тұрсың ба, Әке, мені күтіп кешқұрым. Санамда бар сағыныштың қырсауы, Аңсар менің аңқама әкеп қосты мұң. Жаным Әке, сағындың ғой мені де, Ұлым десең дарқан жаның жасыл жай. Арманымның шығарып ең беліне, Жүр ұлыңның зарығы бір басылмай. Барам ертең, алаңдама сен менен, Қияндарға шарықтауда арманым. Жаным Әке кезде сені көрмеген, Сағынышты осы әніме салғамын. Әке сенсің мәңгі маған ұлы адам, Мейіріңе қана алмаймын бұл үшін. Қормалым-ай ауылымда жүр аман, Ақталады алаңдама үмітің. 4 қаңтар 2000 жыл

Ахат ӘШУҰЛЫ ГҮЛ ТАҒДЫРЫ Ақ гүл сырлы, қырдан бұлақ аңсар дүр, Шіркін жасым жаңбыр болып тамса кіл. Лаққан құйын дүйдаладан үйіріп Қонақтайды - ау қойынына шаң тағы. Қырға шықсаң жаңбыр тамбай, шаң қабар, Сірә, бұған кім айыпты? Бар ма амал? Ой арқалап, ойда жүрсекте ойсырап, Су іздесең біздің анау маңға бар. Сен Гүлсің ғой, Гүл қашанда аңсар қыр, (Қонып саған сірә нелер ән сап жүр)... Көрік тарта бергеніңде жайқалып, Әттең, әттең семдіреді - ау шаң тағдыр?! Таса тағдыр тамырымды еміп тұр, Маған ең бір батылдықты сен ұқтыр. Шаң - тозаңға жегізгенше сәніңді, Үрлей салып, Үзіп алғым келіп тұр... 19 қаңтар 2000 жыл

ҚОЙШЫНЫҢ ҚОЙЫН ДӘПТЕРІ ҚАЛЖЫҢ Жасың үлкен сондықтан «әпеке» деп жүруші ем, Бауырым деп өзің де қарайласып тұрушы ең. Нәзіктене қалыпсың, именесің не себеп, Болғың келіп тұр ма әлде меніменен бүгін тең. Албырт сазім «әпеке-ау» сені қалай торлаған, Қинайтұғын жүректі құштарлық та оңбаған. Діріл кіріп сөзіңе, төмен қарай бересің, Бауырлықтан үлкей деп тұрғандайсың сен маған. Мына өмір қызық ә? Әрі шаттық, әрі мұң, Арғымақ ой тұрма әлде тоқтата алмай арынын. Сен әпеке, мен бауыр емес пе едік біз кеше, Сайтан сезімге үрлетпе жүрегіңнің жалынын... Қаңтар 2000ж.

Ахат ӘШУҰЛЫ ҚОС ЖҰЛДЫЗ Бір-бірлеп өмірімнің баспалдағын басып, Алып ұшқан арманым асқарларға ұласып. Жылтылдап жұлдыз жыртығынан жалбыр бұлттардың, Сияқты маған, қосыла алмай жатқан жыласып. Қос көздей құс жолынан қос жұлдыз көрдім, Ортаға салғандай бейне көшкін іздерін. Біреуге мүлде айнала алмай арпалысқандай, Қарадым тағы... Күдерімді ешбір үзбедім. Үмітім жатты амал не, әттең, ішімде жыласып, Етерме Тәңір бір жарық болып түсуге мүнәсіп. Қос жұлдыз мәңгі қосылмайды... рас, рас бұл, Қосылуы оның – өңімдегі арман, түсімдегі бақыт... 3 ақпан 2000 ж.

ҚОЙШЫНЫҢ ҚОЙЫН ДӘПТЕРІ ТІЛЕК Жүрек жыры көкжиекпен жабықтас, Жылт-жылт үміт жұлдыздармен қалыптас. Аңғара алмай арман қайда екенін, Отыр жігіт желбіретіп етегін. Кептер көңіл көк аспанға шарықтап, Телміреді үнсіз Темірқазыққа. Шымшып бетті шығыс жақтан шытқыл леп, Дейді ішінен «Сәулем мені күттің бе?» Сағынышы Үліңгірдей мұз керіп, Ащы мұңы ерінінде тұз болып, Марғау тартып ауыр тыныс алады, Айсыз түнде құшақтардай қыз келіп. ...Жел ағытып мешпетінің түймесін, Отыр жарың дәл өзіңдей күй кешіп. Елбір түнде махаббатқа малынған, Кездеріңді екеуің де еске алып, Жанарларың жұлдыз жырын тағынған. О, ғашықтық айналайын күшіңнен, Жырақтардан бірдей күйге түсірген. Қосылсын деп нағыз ғашық өмірде, Тілеп тұрмын ішімнен... 7 ақпан 2000ж.

Ахат ӘШУҰЛЫ АУЫЛ ҚЫРЫНДАҒЫ ОЙ Арашалап әреңге жанымды оттан, Қыр үстінде отырмын сағым жортқан. Туған жерде тұп-тұнық тыныс алып, Асқақтатып аспанға әнімді атқам. Пай, пай, шіркін, далам-ай, ой толғаған, Ой толғаған, барлығын айта алмағам. Жетеледің жиырмаға жалды жықпай, Толып жатыр қарызым қайтармаған. Барлығы бар, тілесем, арай өпсем, Ауырыңды жеңілтем қалай етсем. Қара дөңде қадалып қара тауға, Елестетем заманды талай өткен. Арпалысам бұзбаққа, алда мұнар, Азаматпын атпалдай, арға құмар. Туған жер-ай, туыңды тік көтеріп, Әз атыңды әлемге жалғағым бар!!! 8 ақпан 2000жыл

ҚОЙШЫНЫҢ ҚОЙЫН ДӘПТЕРІ ҚАҒЫП ТҰРМЫН ЖҮРЕГІҢНІҢ ЕСІГІН Шым-шытырық, Бұлты ұмсынып, Сұрқын бұзып тұр өңір, Содан солып бара жатыр, Көктемі бар гүл өмір. Еркежан сен Күнде кіріп жүрсің менің түсіме, Түсіме де, Жүрекке де кіре біл. Ақпандағы, Шатқалдағы секілденіп жетім тал, Тұр көңілім құлазумен, Жолдарым да кесір, тар. Күш алдырдың, Тұтандырдың, Мәңгі саған күйейін, Жүрегіме махаббаттың отын сал. Жүректегі жұмбақтардың өзің айтшы шешімін, Аталар ма мәңгі бірге Есімім мен есімің. Мұң жүдетіп, Дір-дір етіп Қағып тұрмын жүрегіңнің есігін... Наурыз 2000 жыл

Ахат ӘШУҰЛЫ ҒАШЫҚ ӘНІМ Мына өмірден сыр өңірді іздеймін, Гүл өрілген күдерімді үзбеймін. Менсіз көлде аққу болып жүз мейлің, Сенсіз мүлде шаттық көріп жүрмеймін. Жүрмін әлі жараланып көзіңнен, Жыр құлады дара, анық сезімнен. Ашық тіпті кездерімде езілген, Ғашықтықты сезбедің бе көзімнен. Түсіме де жиі кірген сен едің, Осы күнде күйігіңмен келемін. Түсіне алсаң мәңгілік бол дер едім, Құшып алсаң мәңгілік қол беремін. Жасын – жанар, Жолым да кең, Тұр айық, Ақынға жар болуға сен ылайық. Мәңгі бақыт арна, бірге тұрайық, Зар жылатып салма мүлде мұң-айып. Ғашық әнім, нұр алар деп алда үміт, Асығамын шығама деп таң күліп. Оты өршіген жүрегімді зарлы ғып, Кетесің бе кім біледі мәңгілік...

ҚОЙШЫНЫҢ ҚОЙЫН ДӘПТЕРІ * Ғайып боп елес, алда арман, Жапанда қалды сырбаз ой. Секем ап сезім самдардан, Қалтырап тұрды тұла бой. Түнерді бұлттар тау құшқан, Шамасы келмей қимылға. Шаншылып сұңғақ тауда ұшқан, Көрінбей кетті тұйғын да. Мұнарға шомды бар өңір, Мүлгуді сірә құптаған. Орманның табар бар емін, Желп етер жел де шықпаған... ...Жеткенде шегі тынудың, Төгілді нөсер ғажап - ай. Үдетіп боран гуілін, Аспанды осты нажағай... ...Сызданса жаным бұл күндей, Сірә да оған күш жетпес. Нөсерлеуім де шын сыр ғой, Өмірім табиғат іспеттес... Мамыр 2000 жыл

Ахат ӘШУҰЛЫ ҒАШЫҚ БОЛУ Бастап берді білмеймін бұл әнді кім, Жел аударса желпілдеп қолаң бұрым. Ұшырасып, Жымиыс күші басып Өтеміз-ау, Алайда күмәндімін. Махаббат – гүл шараң не сорға шықса, (Кездеседі алдыңнан ол да асықпа.) Ентелер тым арада ерке толқын, Мен ғашық па? Білмеймін, ол ғашық па? Кездесер деп барамын бақ кешіне, Жалғыз қайтам, Бұйырмай бақ – несібе. Көз ілмеймін... Ол қамсыз жатқан шығар? Таңнан құлап ақ сәуле ақ төсіне... Көзде жатыр көміліп көмескі ұғым, (Шығарады есінен елесті кім?) Білдірсем бе? Жо... жо... жоқ білдірмейін, Айтса қайтем ол ғашық еместігін?!

ҚОЙШЫНЫҢ ҚОЙЫН ДӘПТЕРІ ...Кезегіңе белгілі асық болу, (Өзеннің де өмірі – тасып - солу.) Мұң сыздатып өтсе де жүрегіңді, Тылсым бақыт біреуге ғашық болу... Мамыр 2000 жыл

Ахат ӘШУҰЛЫ БӘРІ ОСЫЛАЙ Сезе алмаймын ай өтті ме?.. Жыл өтті?.. Жерік сезім жұлқылайды жүректі. Көңілімнің аңғарына мұң қонып, Сарылтты ма, Сарғайтты ма, Жүдетті? Бәлкім, жүрек, сеземін ол шаршады, Аласұрып өтуші еді әр шағы. Сол қалпынан айырылды бұл күнде, Мүмкін оның шайқалды-ау шалқары. Сағым елес жалындырған жалған түс, Махаббат ол – Қой, қой жаным, алдамшы! Қу үміттің жетегінде дедектеп, Ұлылықтың алдында біз жалғаншы. ...Бәрі алдамшы, Бәрі жалған, Бәрі арзан, Бәрі сыңар, Барлығынан тоналған. ҚОЙШЫНЫҢ ҚОЙЫН ДӘПТЕРІ Бәрі жұмбақ, Бәрі мұңлы, Бәрі арман, Бәрі осылай... Қайда барады о, жалған?.. Маусым 2000ж.

Ахат ӘШУҰЛЫ * Жанымда жігердің оты бар, Бар мұнда сүреңдер, оқыңдар! Көрінсе құлаған шоқылар, Көзіме келеді Отырар. Құлаған қорықтар – қорымдар, Сол қорым ішінде жолым бар. Ей, жортқан жолаушы, Керуен… Қорықпай қорымға қоныңдар. Сәреде бозторғай бейнеде, Балбалға қонып ап сөйлеген. Бабамның көресің рухын, Таң болып ататын бейнеден. Жыралар – әріптер, Төбелер – нүктелер, Адырлар – дәптерлер бүктеген. Ормандар – сайғақтар шаншылған, Өзендер – көз жастар бітпеген. Тау-дала – мәңгілік тарих! Алаштың ұрпағы – ақиық! Сүреңдер сырына жетелер, Әжімдей қалған тек жол ұйып... Тамыз 2000 жыл

ҚОЙШЫНЫҢ ҚОЙЫН ДӘПТЕРІ БӘРІ ДЕ БОЛМА Жалынға қарап өршігің келеді, Толқынға қарап толқығың келеді. Тауларды көріп биік болсам деп, Бауларды көріп еркің гүлденеді. Даралық деген бір бекім қалайсың, Күн, Шолпан, Иә, түнде туар айсың. Жалғыз ғой олар, жұптасқың келеді, Өтеді күндер, мүлде шыдамайсың. Сарсаң өмірдің мәні болар ма, Мұңсызға Бейіштің бағы қонар ма?! Өзің бол досым, жаңыла жазба, Бәрі де болма, Бәрі де болма!.. Тамыз 2000ж.

Ахат ӘШУҰЛЫ САҒЫНТПА МЕНІ Мен деген еркем сандалған сағым, Тек сенде ғана армандас әнім. Сен үшін кешіп тамұқ күндерді, Құм дала басып, Заңғарды асамын. Әніңе елітер ұйып қырдан гүл, Естіп айығам күйік - мұңнан бір. Сен шолпан ба едің күліп тұрған нұр, Жасыңба сенің құйып тұр жаңбыр. Өзіңдей айтып бір тұнық сырды, Ағады бұлақ бұлқынып сыңғыр. Сен жақтан ескен ескек желге де, Кеудемді тосып күрсініп тұрмын. Есіңе алшы лағыл жыр түнді, Есіңе ал мені, тағы кіл сырды. Бұлбұл үніңнен бақытын тауып, Құлазыған көңіл бағы бір күлді. Өзіңді ізде жарқын жырымнан, Құтқарғын мені әнсіз ғұмырдан. Сағынтпай мені, сандалтпай мені, Арашалап ал мәнсіз дуылдан... 20 қыркүйек 2000 жыл

ҚОЙШЫНЫҢ ҚОЙЫН ДӘПТЕРІ ҚОЙШЫ ЖЫРЫ Мен қойшымын елге есімі ұғымсыз, Өмірді білмеймін еш ұғымыңсыз. Үрейлі түндерде күзетте тұрам, Ғарыштарға да тесіліп үнсіз. Айқайдан тау мен жаңғырады аңғар, Сол үннен тайсап абдырап аңдар. Мен үшін әсте бұйым есепсіз, Бөрілі түндер мен қарлы борандар. Басқанда қатал тағдыр күйіне, Ғаламға дейсің мәңгі кім ие. Құба құм дала күңіреніп жатады, Байғыз үнімен зарлы дүние. Кей кезде көркем керіліп өңір, Кеткенде кешем серілік өмір. Сайын далада сағым жортқанда, Ап бара жатады мені бірге нұр. Жалғасып жатар әнім таңға алғы, Айықтырамын жабырқау хәлді. Желменен жалғыз жолдаймын сәлем, Сары жонда жүріп сағынсам жарды.

Ахат ӘШУҰЛЫ Бөлініп көрмедім думанды ортадан, Құмармын құзар шыңдар мен саған. Құздарға салып шыңдадың өзің, Өкпем жоқ титтей туған жер саған. Жасыл шар бозға өзгеріп барады, Ойласаң жасың көзге лық толады. Табиғат ана зар жұтты бүгін, Адамның санасын езбелік тонады. Көңілге көктем сәнін сызбаған, Жігерсіздерге жаның сызданар. Реңсіз өмір жатады сөніп, Алысты көрмей жалынсыз жанар. Өткізсем де үнсіз ақпа ғұмырды, Аңсаймын мәңгі ақ таңды нұрлы. Кім білсін менің аңқау әлемге, Тыныштық тілеп жатқандығымды. Ақ қарға оранған ақпан мұңымды… Мен қойшымын… 10 желтоқсан 2000 жыл

ҚОЙШЫНЫҢ ҚОЙЫН ДӘПТЕРІ ТҮНГІ ӘУЕН Абылайшадан жүгіріп шықшы құрбыжан, Жапан далаға жайыпты шашын түн қолаң. Ай да жүгіріп келеді қырдың үстінде, Кезікші соған сырыңмен барып сұңғылам. ...Жүгіріп кеттің, Уақыт өтті бір мұнша, Артыңнан бардым, құшақтап айды тұрдың сәл. Сағыныш саумал самалын жұтып қырдың сал, Шашыңды орап мойныңа тұрсың сұмбылша. Сыңсыдың әлде салдың да мұңлы бір әнге, Ұласып кетті, ұнасып кетті қыр әнмен. Бір сәтте қалай?.. Ай ұшып кетті аспанға, Алдыңда қалды тек қана бұлдыр, шұбар дөң. Шұбар дөң тұрды, шұбарлап сенің көз алдың, Бұл әнмен сырлы мұң арбап үнің сен қалдың. Естідім сонда ең алғаш рет мен ғана, Құдіретіменен қырқалай ұшқан сол әнді. Қайталап айтшы! Қайтадан соны тыңдайын, Тыңдатшы маған тудырған әнді мұңлы айым. Жалғаған жанды жапанда жалғыз жарыққа, Үзілсе үнің бәрінен қалам тұлдайын...

Ахат ӘШУҰЛЫ СЕЗБЕППІН Жолықтым саған бір рет, Дір етті содан жүрегім. Сағыныштың өтті күні көп. Жете алмай саған жүр едім. Есімнен кетпей есімің, Жол тарттым саған асыға. Сен тұрдың тосып есілім, Көкбұйра көлдің қасында. Телмірдің... Мен де телміргем, Арадан сырып пердені. Еркелік емген ерніңмен, Елжірей өптің сен мені. Арманым қақты қанатын, Көңіліңде сенің ұшырдым. Сүюдің ең бір ләззатін, Сол күні ғана түсіндім. ...Кетерде қимай мен мүлдем, Жасауға болды қимыл мұң. Қалпыңда сен де телмірген, Ерніңнен жалғыз сүйдірдің.

ҚОЙШЫНЫҢ ҚОЙЫН ДӘПТЕРІ ...Сары дала шертіп күйді мың, Құлаққа мұңлы жетеді үн. Сезбеппін сол бір сүйдіру, Мәңгілік сертің екенін... 25 қыркүйек 2001 жыл Ахат ӘШУҰЛЫ ЖАНАР ТАУ БАР КЕУДЕМДЕ ҚАЛҒЫП ЖАТҚАН Қалған бейне пендедей демі бітіп, Нені армандап отырмын, нені күтіп? Үлпілдегін ұрлатқан күзгі талдай, Балалықтың қалмапты - ау желігі түк. Ерке, тентек қалмапты мінездеме, (Айналдым ба апыр-ау бір езбеге?) Жүргенімде жырадан қаңбақ қуып, Бұйырыпты жотаның гүлі өзгеге. ...Гүлді солай кезінде шаңға ұрлатқам, Жанарымды тек қана ән құрғатқан. Бір күндері жасайды қопарылыс, Жанар тау бар кеудемде қалғып жатқан! 12 қазан 2001 жыл

ҚОЙШЫНЫҢ ҚОЙЫН ДӘПТЕРІ ТОСАМЫН ҚАНША Жансыңба қарғам сезімге берік, Қалмады сен деп төзім мен ерік. Момақан мүсінің мойнымды бұрды, Қарағаныңда қозы көзденіп. Көрікті бұрымың керім беліңде, Желбірер тудай менің көгімде. Қос анарың алдырмас қамалдай, Кептер төстене керілгеніңде. Жаралған жансыңба ақ нұрдан қарғам, Сен үшін құлады сап құрған арман. Сен маған қарап бір күлер болсаң, Қалпақтай ұшар ем лақтырған жардан. Жан болсам саған жауланар тура, Уақыт кетер заулап артына. Әлемнің барлық еркеліктері Ерін боп саған алған - ау сірә?.. Сорлы сезімнің салымы қайда, Көміп өтермін бәрін улы ойға. Тосамын қанша? Қонады қашан Қарғалдақ гүлдің бағы қурайға?.. 27 сәуір 2002 жыл

Ахат ӘШУҰЛЫ АУЫЛЫМ ҚАЙДА Ауылым қайда? Тым алыс ауыл. Сағындым, Көңіл тым әрі-сәрі. Ауылға қарай ескен самалмен, Жапырақ жүрегім құрақ ұшады. Сағым белдерім көрініп шанда, Жататын дала керіліп сонда. Қой айдап бара жатушы едім, Көшпенен бірге көміліп шаңға. Қазақпа қасиет күйі сіңбеген, Сырлы дүние сиы сирек ең. Алушы едім жігер тынысын, Жусанның жұпар иісіменен. ...Арман мен мұңым араласады, Қиялдың кезіп барады Асаны. Тұрсам да Азия кіндігін басып, Ойларым далаға ала қашады. Озбырлар ортаны ойрандағаны-ай, Сағым күндердің айланбағаны-ай. Еш саған жетпес қандай кеңдік те, Қасиет ұйыған қайран далам-ай. Тамыз 2002ж.

ҚОЙШЫНЫҢ ҚОЙЫН ДӘПТЕРІ СЕНІ КӨРСЕМ Сен көркіңе сөз жетпес пері мүсін, Адалдықтың ақ туған серігісің. Сағынышың санаңда сап түзеген, Сахарамның секемшіл елігісің. Сен аққудың ең аппақ мамығысың, Сен пәк күннің ең нұрлы жарығысың. Боз далада көңілім бозіңген ед, Боз торғайдың бітпеген зарығысың. Сен сұңқардың тұңғиық жанарысың, Табиғаттың тамбаған назарысың. Ақтығынан аумаған аққайыңсың, Қарғалдақтың шыңдағы жамалысың. Сырлы айдынның самғаған сен нұрысың, Ақ жаңбырдың ағылған сел жырысың. Тамшысына теңіз де татымайтын, Тұп - тұнық тұмалардың мөлдірісің. Сен сұлусың, сырлысың, сырғалысың, Сындар бойлы, тоқ бұрым, сымдай мүсін. Тылсым сыңғыр үндерің разы еткен, Риясыз романтика ырғағысың.

Ахат ӘШУҰЛЫ Еркін өмір емізген еркелігін, Мен тілеген өмірлік сен серігім. Елбіреген көзіңмен есімді алған, Ару көркі сенде бар ертегінің. Сені көрсем ашылып түн қабағы, Қара тастан ғажайып нұр жанады. Шөл даладан бұрқырап бұлақ атып, Қурап қалған ағаштар бүр жарады... 20 қазан 2002 жыл

ҚОЙШЫНЫҢ ҚОЙЫН ДӘПТЕРІ ДАЛА ТӨСІНДЕГІ МАХАББАТ Көрмесем сені мүмкін бе мүлде аңсамау? Жүрегім ғашық, шыдатпас мені жанса алау. Құшақтап сені, көтеріп сәби баладай, Сүйінші сұрап далама шіркін барсам - ау! Бар алап бізге үнсіз бір құрмет білдіріп, Ғашықтар әнін салса тым әсем бұлбұлы. Өрт кетіп ішке бетіңді өпкен самалдан, Құшақтап тұрып, қызғаныш алса сүйдіріп. Айлы түн болса тып - тымық орман ішінде, Жатса ағып бұлақ тап - таза серт қып ішуге. Қандай бір шіркін ләззатты ол шақ сезілер, Дәрмені жетпей жұлдыздар тұрса түсуге. Кіршіксіз, мөлдір махаббатымызды көрсетіп, Отырсақ тағы табиғат алдында серт етіп. Қайтарғы шақта Телмірген бізге есі кетіп Ақ таң да атса ұйқысынан селт етіп...

1 қараша 2002 жыл

Ахат ӘШУҰЛЫ * Өзіңе жаным жолыққым келеді, Сенсіз бақытын бөліп кім береді. Өзіңнен тауып мәрмәр махаббат, Масыл мұңдарды жеріткім келеді. Қиялдарыммен қиянға мінген, Сенсіз дүниеге сия алмадым мен. Бұлқынып аққан бұлақ арманым, Өзен-өмірге құяр ма кілең. Табыстық еркем Алматыда біз, Жалын сезімнің жалғасы да біз. Жабыққан жүректі жарықтандырып, Жалғандықтарды жарға тығармыз. Қасыңда бармын, Қасымда болғын, Табамыз бірге жасыл бақ әнін. Бәрі бар, жаным... Жетеді бізге Аспанға қараған қосымда менің. 19 қараша 2002 жыл

ҚОЙШЫНЫҢ ҚОЙЫН ДӘПТЕРІ ЖАЛҒЫЗДЫҚПЕН ҚОШТАСУ Мен бүгін көк бөртені қанып іштім, Кеудемді кернеп алып сағыныш – мұң. Ішінен құм бораған жабығыстың, Ойдан құздың басына тағы да ұштым. Тағы да ұштым бекініп, белді буып, Шарбыланған шалқардан шерді қуып. Елесім мен елесің тең жүгіріп, Сарсаңдықтан сүйрейді сендік үміт. Тауын іздеп жылайды елік ғұмыр, Басады тауға барып жерік мұңын. Қош айтпаққа жалғыздық атаулыға, Мен саған сары даламнан келіп тұрмын. 30 сәуір 2003ж.

Ахат ӘШУҰЛЫ СЕН ЖОҚТА Жалғыздық жанымның жабығын жұлқиды, Санамда сағыныш сағымы мың қилы. Сол сағымдардан сұлбаңды таба алмай, Аңсаудың жүзімді жалыны бүркиді. Қайдасың менің еркем, әдемім, Сенсіз мұң-қайғы ертер әлегін. Сенің ғажайып дидарыңды құшып, Кетемін кезіп ертегі әлемін. Ұшқыр қиялға сұңқар жетпейді, Басқаны ойлауға мұрсам жетпейді. Сен барда күнім өтпесін деуші ем, Сен жоқта күнім қусамда өтпейді. 19 шілде 2003ж.

ҚОЙШЫНЫҢ ҚОЙЫН ДӘПТЕРІ АШЫНЫШ Оралхан Бөкей қабірі басында Ассалаумағалайкум Оралхан аға! Жазылмай жатыр сен жайлы жырлар, Айтылмай жатыр сені аңсаған ән. Мен сенің мәңгі айдыныңды қорғар, Боламын аға, болам шағалаң. Мыжыма өмірге мінгесіп алып, Естілердің есін күнде шығарып. Келеміз біздер кердең адыммен, «Керемет қыламыз» деп күнде шыңалып. ...Кешірім сұраймыз тәңірден сосын, Армандылардың мүрдесін алып. Ашылмай көзіміз былшығымыздан, Айтылмай жатыр құлшыну - ізгі ән. Қайран күндер қалай боларсың, Құтыла алмай келеміз біздер, Қолдан жасаған қырсығымыздан... Жанымның дертін айтам не сырмен, Кендірлерімді қайтем кесілген. Таң менен түннің өларасында, Барамын өтіп «Сайтан көпірден!»... 24 тамыз 2003 жыл

Ахат ӘШУҰЛЫ СЕРТ Мұқағали Мақатаев қабірі басында Талқысында тағдырдың, Таластым талай таңдармен. Ұшып та кеттім құстармен, Еріп те кеттім аңдармен. Түсіп те кеттім тасқынға, Жабыстым талға жан дәрмен. Жабыса шығып тау көргем. Шыланып жасқа көздерім, Кенезем кепкен кездерім. Түкірікке де татымас, Тартып жүріппін-ау езбе мұң. Бәрін де құздан лақтырдым, Құр жұрер рас кез бе бұл?! Қасиетсіздік етсем қазақ боп, Оқ болып атсын өз көзім. Өмір-ау мен де еркеңмін, Ертеңің үшін өртендім. Қажетің үшін қара өлең, Еркек тоқтың мен сенің. Қорғамасам құдіретіңді, Жеркенгін менен, жеркенгін.

ҚОЙШЫНЫҢ ҚОЙЫН ДӘПТЕРІ Басымды ұраға лақтыр, Жігін тап та желкемнің. Түңіле көрме, тек үңіл, Себебі мен ертеңмін!!! 24 тамыз 2003ж.

Ахат ӘШУҰЛЫ ҚАЗІРГІ СУРЕТ Кең далада өскен семсер ғұмыры, Көңілдің құшқан өлкемді нұры. Мен тентек едім тентек өзендей, Күндердің егеуі еңсемді мұжыды. Беу, күндер шашты сұмдық реңін, Құша құлады құмды жігерім. Есе бермейтін есіл ерліктің, Жалған күн келіп жұлды жүрегін. О, менің қалай қазіргі суретім, Үріккен жылқыдай қазығын сүйретіп. Қисайып қалған қылшығым қалай, Иледі-ау өмір парызын үйретіп. Түфу! Тарт ары құлаққа ұрдым мен Күйген бас тірлік, Шын-ақ бүгіннен! Арқама батқан ыңыршағыңды, Жартасқа ұрып лақтырдым мен!!! 4 қыркүйек 2003ж

ҚОЙШЫНЫҢ ҚОЙЫН ДӘПТЕРІ АЛТЫН САҚА Қырауда қалды қыр таңдай, Қатулы күздің қабағы. Қонақтап қалды қырқаң да ай, Жамылып бұлтты жабағы. Боз тұман басқан сай жақта, Ұлиды үрей, Бөрі емес. Қонды екен кімдер, қай уақта? Ескі жұртты ешкім елемес. Сол жұртта қалған жоғалып, Іздеймін алтын сақаны. Арбамды сонда доғарып, Лашық тігіп жатамын. Өңіршедейін сөгіліп, Үмітпен таңым атады әр. Қалмаса екен көміліп, Жұрттарда алтын сақалар!!! 16 қыркүйек 2003 жыл

Ахат ӘШУҰЛЫ ҮРЕЙ Бағыты қалмай бастағы ойдың, Арасындамыз асқан үрейдің. Ертеңі үшін езілген ердің, Жанарын толтырып жасқа дүлей мұң. Жалықпай тегін сауға сұраудан, Қоя білмедік алға асыл арман. Сорға айналып солғындап барады, Көркемдік көшіп жап-жасыл шардан. Нулар азайды, сулар құрыды, Өзіміз байладық сынға ғұмырды. Жамылғы кетіп жапан даладан, Адуын боран қуған құмыңды. Қасіреттерді еркің істеген, Сезбейді өкініш өртін ішпеген. Шанда бір ғана жылтылдап жанар, Қарайды алға қорқынышпенен. Жер шарындағы несіп көрінген, Біздер – құрттармыз тесіп-кемірген. Болашақтың зор дерті қарайды, Аспанның жыртық-тесіктерінен. Қазан 2003ж.

ҚОЙШЫНЫҢ ҚОЙЫН ДӘПТЕРІ * Құр бекер құрып әлім қарадай, Табанға тірек табылмағаны-ай. Сарсаң күндерге салыным кетіп, Сағындым сені тауым, далам-ай. Бұралған орман, бұлбұлым қайда, Бұлақтарым-ау, сыңғырың қайда. Даланың үні кеткен бе тәубе, Құлақта мынау бір-бірі қалмай. Сары белім шертші сары қурай әнін, Сағынышымменен бал-бұл жанайын. Даламның жеткіз жұпар самалын, Санамның солғын әнін жалғайын. Боз далада өткен бұла күндерім, Қайдасың дала, тұрағым менің. Жетесіздердің жебір үнінен, Қақырап барады құлағым менің... 4 қараша 2003 жыл

Ахат ӘШУҰЛЫ КІРМЕЛЕРГЕ Жерімді басып жүргендер, Туырлығымды тілгендер, Шаңырағымды шайқалтып, Ін қазып кірген іргемнен. Бәсіремді салып бөліске, Бар байлығымды бүргендер, Тілімді тастап тамұққа, Тірлігімді ерттеп мінгендер. Зарлатып қойып қазақты, Миықтарынан күлгендер. Қара бастарын хан көріп, Қазақтарымды құл көрген. Босқын боп келіп бетпақтан, Бай болып алған бірдемде... Өзгенің алып үлесін, Өзі үшін өмір сүргендер. Бұздың-ау келіп шырқымды, Суыққа салып сұрқыңды. Доңыздай мойның бұрылмай, Көрсетіп елге сыртыңды, Азуың алты қарыс боп, Қанына малып мұртыңды. Танауларың талыс боп, Толтырып майға ұртыңды,

ҚОЙШЫНЫҢ ҚОЙЫН ДӘПТЕРІ Ордамды ойран еттің де, Былғадың келіп жұртымды. Қыл мойынымнан құрық сап, Құртпақ па едіңдер ұрқымды. Төрімнен көрге сүйретіп, Қабырғаларымды күйретіп. Сұмдықтарыңды түйретіп, Келтірмей кербез күйге түк. Аюдай едім тауымда, Таяқпен кеттің үйретіп. Қаламды талқан еттіңдер, Даламды тарқан еттіңдер. Уларыңды да септіңдер, Құр қалардайын жеттіңдер. Жерімді тартып алдыңдар, Елімді зарлы еттіңдер. Ал бүгін тұрдым орнымнан, Бастаймын енді зор думан. Қара бастарың қақырап, Құриды күнің қор қылған, Бар қазақтың баласы, Астында тудың қор құрған, Ғасырдың басып дәу белін, Қасиеттілікті жол қылғам. Бірлікпен һәм ерлікпен, Арманның құсын қондырғам. Қайқаям өрге мен солай, Сүмеңдерсіңдер соңымнан!!! 15 наурыз 2004ж.

Ахат ӘШУҰЛЫ КӨКЖАЛДАЙЫН Ешкімге де қиянат қылғаным жоқ, Тұрғаным жоқ онымды бұлдағым кеп. Күндеріме кейимін күйіп кеткен, Іліп қойған қарындай құрғақ үрлеп. Тындырғаным белгілі жиырмамда, Еріп кеткем желіккен құйынға онда. Барымды алып, таянып бақанымды, Сыбағамнан да аттағам бұйырғанда. Кетсін күндер бітпейтін дау жасаған, (Масыл басып болмайын маубас адам.) Тікірейтіп жортайын жалымды енді, Кәдімгі көкжалдайын тауға таман!.. 14 сәуір 2004ж.

ҚОЙШЫНЫҢ ҚОЙЫН ДӘПТЕРІ АҢСАУ Бір күні тауға бет қойып, Тартсам ба шіркін ауылға. Ұрынсам жолда жауынға, Ұрынсам жолда дауылға. Азап кешсем де ақыры, Қауышсам қалың қауымға. Шапсам ба құны-перен боп, Атымның жалын лаулатып. Тақымның терін саулатып, Тартсам ба шіркін тауға тік. Болдыртып әкеліп атымды, Алсам ба көңге аунатып. Қой жайсам ба екен жаяулап, Қаптатып тастап қапталға. Биіктен көз сап шатқалға, Басымды тығып алсам бір, Тау басындағы ақ қарға. ...Шаршап бір келіп Апамның, Айранын ішіп жатсам ба... 28 сәуір 2004ж.

Ахат ӘШУҰЛЫ АРУАҚТАР-АУ Аруақтар-ау тіл қатыңдаршы, Ең пәк бір әуен тыңдатыңдаршы. Аждаһа тірлікке араша болып, Жанымның жасын құрғатыңдаршы. Құтылсам ба екен күншілдіктерден, Арылсам ба екен тылсым біткеннен. Адамнан жақсылық күтуді қойдым, Жақсылық орнына кіл сұмдық көргем. Өзекті қандап жарып аққан мұң, Жанымды жаншуға амырақтандың. Әділдік іздеп келсем бе екен, Арасына барып аруақтардың... 28 сәуір 2004ж.

ҚОЙШЫНЫҢ ҚОЙЫН ДӘПТЕРІ ТҮҢІЛУ Сора боп көзімнен сорым шығып тұр, Жалғандық жанымның жонын тіліп кіл. Масылдық мазамды мәңгүрттендіріп, Қорлық кеп қолқама қолын тығып тұр. Өкініш кептіріп өкпемді керуде, Мұратым өлді көктемнің белінде. Арманым аспай алты қырқадан, Жығылдым келіп жеткен бір жеріме. Сағыныш кетті сағымға айналып, Үмітім өшті жағым байланып. Ғашықтық жырын салуды қойдым, Күндерім тартыстың шағына айналып. Сезім мен сенім – қатар өлген ол, Көзім қапталған қатал шелменен. Санамның сабыры сарқынға айналып, Кепкен терідей жатам шөлде мен. Қаңбақтай боран қуған ғұмыр - ай, Жалғанға сенген, шынға бұрылмай. Бақыт пен шаттық ұрқымен құрып, Жаныма қойды мұң да жуымай.

Ахат ӘШУҰЛЫ Өртеніп барып өшуде күндер, Еш нәрсе қалмай есімде мүлдем. Бесіктен белім шықпаған кезде, Көшіп кетсемші бесік жеріме... 3 мамыр 2004ж.

ҚОЙШЫНЫҢ ҚОЙЫН ДӘПТЕРІ * Отарда көрдім қой бағып, Қара қос тігіп құмдарға. Өзекті мұздай ой қарып, Жүргемін сонау жылдарда. Шуласа бөрі іргемнен, Далаға шығам дауыстап. Бір дөңге шығып бір дөңнен, Кететін ай да алыстап. Сексеуіл, қиды маздатып, Қазанға салам сүрі етті. Күліне қарма аунатып, Өткізем түнде күзетті. Туырлықтың етегін, Көңменен тастап көмкеріп. Қыж - қыж қайнап кетемін, Аязда мүлде өртеніп. Қара қосымда ұлылық, Қасиеті де ғажап ә? Тұратын үсіп - жығылып, Қалшылдап қаңтар далада... 11 мамыр 2004ж.

Ахат ӘШУҰЛЫ ПЕНДЕШІЛІК Мен қазір қалқам сенімнен жерідім, Кедейдің жоқшылыққа желінген жеңімін. Мазасыз қоғамға мазаққа айналып, Өмірдің бағдарсыз тебілген добымын. Қаңбағымын гүлдер өскен қырлардың, Қан дағымын мүлдем өшкен нұрлардың. Жұртта ұлып қалған ашыққан күшікпін, Көшіне ере алмай көшкен жылдардың. Адасқан өмірдің жарым жолынан, Жабымын қасқырдан жанын қорыған. Жұтаған ойдан жұрдай ғып тұрып, Жерлеген жанмын арын қолынан. Сарыққан сандалмын сілемді жыртып, Қу жалған шайнап жіберді бүркіп. Намысты нанға айырбастағам, Жеті атасымен жігерді құртып. Жападан-жалғыз қызынып табаным, Аяқталмастай шұбырып барамын. Жығылып жатып қисайғанға күлетін, Мен пенде деген құбыжық боламын... 15 мамыр 2004ж.

ҚОЙШЫНЫҢ ҚОЙЫН ДӘПТЕРІ * Бала емеспін бұл күнде асық атқан, Әжептәуір пендемін басы қатқан. Бір басына жетерлік әуресі бар, Тағдырына тентекпін тасын атқан. Қайтесің жүйкеме сен ши жүгіртіп, Жабығыстан жүргенде миды құртып, Өз ойыма отырмын ие болмай, Жалғыз қалған патшадай билігі үркіп. Басы бардың болар-ау ақыры да, Қақым жоқ өлеңсіз таң атыруға. Шырлаған ойымдағы торғай жырым, Қонбай жүр көңілімнің татырына. Ей, пенделер, мазамды қашырмағын, Сеземін алда талай асу барын. Қайтесің көңіліме қаяу салып, Онсыз да жар «Сорқұдықтың» басындамын. 17 мамыр 2004ж

Ахат ӘШУҰЛЫ АУЫЛҒА КЕТЕМ Шу-шұрқандардан шамырқанамын, Сағындым даламның сағым самалын. Қамалсам қапырық қатігездікке, Тартылып кетер сабыр – садағым. Ауылға кетем, шыдамым бітті, Білмеймін мұнда бір ағын жұтты. Жалғандықтардан жүйкем жауыр боп, Қорқылдағандардан құлағым бітті. Бейуаз болам деп шалындым өртке, Қақпанға түстім-ау қалың дүрмекте. Ауылға кетіп арашаланбасам, Шалдығар мұнда жаным бір дертке. Жолықтырғанда қысаңды мыстан, Қу үмітті кеп құшам құрысқан. Ауылға барып емделіп шіркін, Арылар ма екем құсамды құссам?! 19 мамыр 2004ж.

ҚОЙШЫНЫҢ ҚОЙЫН ДӘПТЕРІ МЕН ЖОҚПЫН Мен жоқпын қалқам, Құйынға айналғам, Болмаса бұлт боп қиырға айдалғам. Босқын өмірде болмысы қалмай, Мен тек елеспін миыңда айналған. Мен жоқпын қалқам, Жатқа айналғанмын, Қиянда қиын шаққа айналғанмын. Арнамды тауып ақпай қалғанмын, Аптапқа қарылып қаққа айналғанмын. Сіңісіп кеткем қырға сағым боп, Ғайыпқа айналғам сұлбасы аңыз боп. Көкжиекке кіріп жасырынғанмын, Ай батқан кезде сырласамыз деп. Мен жоқпын қалқам – Мені іздемегін, Безінгем бөтен, Тапқанмын мәңгі төзімнен мекен. Мені іздемегін, таба алмайсың, Ғасырлар өткен соң өзім келмесем... 21 мамыр 2004ж.

Ахат ӘШУҰЛЫ ЖАЛҒАН Баянсыз бәрі, қырысқа айналған, Құлауға пейіл, тырыспайды арман. Күндерім қазір қыздар сияқты, Бөксесі бұлтиып бұрышты айналған. Бекерден күйсе бұтам оттарға, Ілінбей кетсе нысана оқтарға. Қоғам да бір күні құсып тастайды, Қабірге емес шұқанақтарға. Болма қалқашым жаны тар бейпіл, Құбыжықтардың танытар кейпін, Жалған дейтұғын суалған сиыр, Қайсымызды емізіп жарытар дейсің. 21 мамыр 2004ж.

ҚОЙШЫНЫҢ ҚОЙЫН ДӘПТЕРІ * Жүр бауырым алдымен шатқал жаққа, Тылсымдіктер сол жақта жатқан жоқ па. Қоя тұрғын биікті қазір айтпай, Мына тағдыр тауыңды шаққан жоқ па? Жылы ұямнан кетсем де қуаланып, Құйылса да кеудеме тұман ағып. Тауға тартам тілдіріп табанымды, Ең әуелі көрсайға құлап алып. Сонда барып тауыма шөліркеймін, Таусылар сілем құрып, сөлім кей күн. Жапанда емес тауыма жетіп өлем, Ордасына айналар көрім тойдың. 23 мамыр 2004ж.

Ахат ӘШУҰЛЫ * Сам жамырады самала сайдан, Жақындап түнге барама, қайдам? Іңірдің үрейлі көріністері, Сап ете қалды санама қайдан?.. Апыр-ау, неткен мезгіл меңдеген, Көлегейлеп күрең көзді реңменен. Тамыздың сонау жылғы бір кеші, Есіме түсіп, езгілеуде ерен. Қарауытып орман шашын жаяды, Тап сол бір кеш те осындай еді. Дәл осы кешке сіңіп жоғалған, Арыммен сүйген асыл Баяным. Қара түн тезден жүгір бері таман, Қалмады жүректі жұлып жер шамам. Қаймағыңа көміп қалқытып әкет, Барамын сыймай жұмыр жер саған. Қазан 2004ж.

ҚОЙШЫНЫҢ ҚОЙЫН ДӘПТЕРІ * Сонау бір қою шатқалдан аю ақырған, Қабандар қаптап, шалғын шөптерін жапырған. Құлама құздар қардың суларын сапырған, Орқояндары қорғасын оқтай атылған. Бала күнімде бәрінен соның селт етпей, Достарымды ертіп(олар да мендей тентек қой), Қарақат теріп кетуші едік елпектей, Күн кешуші едік көрмеген естіп ертектей. Балалық деген батырлық екен тым бөлек, Еркін әлемде еркіндей өмір сүрген ек. Кесапат келіп кеудені кеулеп күнде кеп, Көрсоқыр тірлік жанымды кетті-ау күрмелеп. Жалт беріп мынау жалғандықтардан қашсам ба, Атыма қонып алты қырқадан ассам ба. Қара қос тігіп сондағы қою шатқалға, Әніме салып ен жайлап жалғыз жатсам ба?! 21 қазан 2004ж.

Ахат ӘШУҰЛЫ ҚАСІРЕТ Оразалы Досбосынов қазасына І Қасірет! Шын қасірет! Қайран өңір қалдың-ау мұңға сіреп. Көкжиекке сіңді де ғайып болды, Қыран тағдыр жүретін шыңға түнеп. Опырылды бір тауы нән даланың, Алып кетті сұм ажал арбағанын. Көзден ғайып болса көңілінде, Құлағында қазақтың самғаған үн. Күнің барма сұм тағдыр басынбайтын, Майданың жоқ ажалға шақырмайтын. Неге?! Неге?! Неліктен бізді шіркін Тамсандырып қоясың, татырмайсың?! Қазағымның қалмады-ау сор-батпаны, Қай жебесін тұр тағдыр толғап тағы. Қасиетті ордаға еңсе берген, Бір уығы шарт сынды жел жақтағы.

ҚОЙШЫНЫҢ ҚОЙЫН ДӘПТЕРІ ІІ Жиырма тоғыз жастасың, жиырма тоғыз, Сол шағыңда айналды-ау құйға теңіз. Төлегенді жалмаған жиырма тоғыз, Сені әкетті, біз қалдық сыйға семіз. Біз алданғыш халықпыз қолда барда, Қарамаймыз шаңға да қонған арға. Қара түнек басқа кеп орнағанда, Оянамыз апыр-ау сорлағанда. Тағы да ертең қалғимыз, селт етпейміз, Мықтымызды тынбаймыз мерт етпей біз. «Біз неге осы» жарандар жаны жұқа, аяқталмас әлемге ертектейміз?!.. 1 қараша 2004ж

Ахат ӘШУҰЛЫ ӨКІНБЕС ЕДІМ Сабыры бітіп, сайқалдық басын көтерген, Қоғамнан мынау құтылғым келеді есі өлген. Шерге толы шемен ғасырдан шегініп, Ықылымдағы ың - жыңсыз өмірге кетер ме ем. Тауына мініп, Сол шақтың жұтып ауасын, Бұлағын ұрттап, бұрқыратып өтіп даласын. Кезіп бір келіп, кешкісін кереге жартасқа, Өлең қашасам кірпіктеріме шам асып. Жаппамды тігіп, жапан далаға от жағып, Шаңырағымнан шашылса шолпан шоқтанып. Қақаған қыста қасқыр ішікті қаусырып, Отарға шықсам оқталып. Дала да өлең, Аспан да өлең, Су да өлең, Өзінен өзі гулеген. Лаулаған өрті жаулаған еркін адамдар, Көрмесем күнді біреуді - біреу күндеген.

ҚОЙШЫНЫҢ ҚОЙЫН ДӘПТЕРІ ...Өкінбес едім туылсам сонау ғасырда, Әлдеқашан айналар едім жасынға. Мынау күндегі алдамшы тірлік адыра Қалар еді ғой қасымнан... 11 қараша 2004ж.

Ахат ӘШУҰЛЫ ШӨЛДЕУ Даңғазалықтан дабылым кетіп дал-дұлмын, Тамырым тоқтап, татырда қалып тандырмын. Тынымсыз тірлік тынысымнан да тандырдың, Солған гүлдеймін тамшысын татпай жаңбырдың. Шырқашы досым халықтың қайсар әнін бір, Сайтан көбелек қаптады өнер шамын кіл. Сал - серілердің сахарасында сан жылғы, Сабалақ жүнді сайтандар асыр салып жүр. Айта алмай бір сәт асқынғандарға қарсы дау, Жалғандық жаулап жан шіркіндерді жаншыды-ау. Аптап далада бүйірін соққан киіктей, Аңсаудан әттең кенезем менің қаңсыды-ау. Шөлдедім досым, баяғы әнге салшы бір, Сандалдым сырсыз сарайды ашпай салқын үн. Жалғашы досым үзілгелі тұрған өзекті, Асайық солай атымыз барда алты қыр! 15 қараша 2004ж.

ҚОЙШЫНЫҢ ҚОЙЫН ДӘПТЕРІ ІРКІТ Сапарға шықсаң бір күткен, Ысып бір кетсе күн тіптен. Қойшы қосына бұрылып, Бір шара жұтсаң іркіттен. Пай, шіркін сайрап сарайың, (Жіпсиді сәл-пәл самайың.) Айылды шаптай тартып ап, Дейсің бір құйын шабайын. Қуырып жердің апшысын, Шаң қалар артта ақ түтін. Көрінер алдан бұлдырап, Таудың басы ақ мүсін. Тақымды тағы қысасың, Жұлдыздай ағып ұшасың. Әп-сәтте жетіп ақ тауға, Бауырын барып құшасың. ...Бір шара жұтсаң іркіттен... 16 қараша 2004ж.

Ахат ӘШУҰЛЫ ЖАРҒА НАЗ Мен саған назданамын, Мен қазір қиялымда бозбаламын. Мен деген алқам-салқам ақынмын ғой, Көмескінің барлығын қазба жаным. Есіл досым, Иенде қалып табаным тесілмесін. Бір күндері білмеймін, түсінбесең, Өкінерсің еске алып кешірмесін. Сәл ішіппін, Жатыр менің санамда алысып мұң. Айта білгім келеді айтарымды, Сайтаныммен жүргем жоқ алысып құр. Өзіңе еркеледім, Махаббат табынарым - көркем өмір. Анда-санда жауғанда бір таситын, Мен деген қарт Алтайдың ерке өзені. 30 қараша 2004ж.

ҚОЙШЫНЫҢ ҚОЙЫН ДӘПТЕРІ ОТАРДАҒЫ САҒЫНЫШ Сен гүл қаладасың, мен құм даладамын, Сыйлайды маған түн ғажап әнін. Сен шетелде жүрсің, мен отарда жүрмін, Сен көшеге барсаң, мен қырға барамын. Шіркін отарды сен келіп көрсең, Ақ бұрқақта бесік өңгеріп көрсең. Түйелі көшті соза жетелеп, Боранда адасып сенделіп көрсең. Жаппаны тігіп жеткен бір жерге, Қампитып қарынды етпен бірдемде. Жабағы көрпені жамылып алып, Ойды жіберсең өткен күндерге. Құтылғың келіп дүрбелең күннен, Есің бір шығып күл менен жүннен. Бұйыға түсіп қойныма кірсең, Үскірік желден іргеден кірген. 8 қаңтар 2005ж.

Ахат ӘШУҰЛЫ ЖЕР Әй, менің, Байтақ дала, бай жерім, Мекені болған батырлар менен бәйгенің. Қуанышқа да ортақ боп, Өңіріне салған қайғы өрім. Беу, жерім, Мәңгі мекенім сен менің. Зорлығын көрген талайда тастай кеуденің, Білді ме екен сорлылар, Қазарын сенен көрлерін. Зар бүркем, Таптырмай тыныс тар күркем. Татиды удай ауызға салған балкүлшем. Суық заманда пананы қайдан табамыз, Секілді менің бұл күнде жерім жалбыр тон... 21 ақпан 2005ж

ҚОЙШЫНЫҢ ҚОЙЫН ДӘПТЕРІ БЕРДІБЕК Бердібек! Бердібек! Бердібек! Қайда ұштың етегің көлбіреп. Белгісіз далаға бет қойып кттің бе, Күндерің көкпардай кергілеп. Жастықтың жамалын бұта іліп қалды ма, Көз жасты сүтркізбей соңғы рет. Өкінбей, Мұңаймай, Қайғырмай, Тұрмассың! Ақын ең, әй, дырдай! Жүрсің бе ауылда, тауыңдай еңселі, Сезімді сертінен тайдырмай. Досым-ау, Осынау, Тоқырау, Заманның жүруде соты дау. Сағымға оранып сағыныш, Санамда сайғақтай жосыды-ау. Қоғамның қойны құрт, Ойлы жұрт шошыды-ау.

Ахат ӘШУҰЛЫ Құр бекер шағынып не қылам, Бітірген ісі жоқ тағы ұран. Достарым бет бұрып бұл күнде, Дұшпаным жарылды ағынан. Қанымды қызыған қайтып бір басармын, Жанымды мұжыған жалғаннан жалығам. Еңсемді езгенде есер мұң Мен сені сағынам... 28 ақпан 2005ж.

ҚОЙШЫНЫҢ ҚОЙЫН ДӘПТЕРІ * Ауылым менің Алтайдың дарасында, Маған еріп сол жаққа барасың ба? Демаласың самырсын саясында, Қымызына құныға қанасың да. Сыңғырымен бұлақтың сырнайлатып, Гүлдер билер жастығын қырда ойнатып. Әзілімен атаңнан ұялтады, Жаулығыңды қайының ұрлай қашып. Мал жамырар кешқұрым табысуға, (Қозы-лақтар салады шабысын бар). Қаша жақтан қапталдап бет алады, Шелек-шелек сүті бар абысындар. Апаң сиыр сауады, Желі басы. Бұзау тартпай сен онда не қыласың. Бақайыңды кетеді бұзау мыжып, Сен тұрасың ұялыс тері басып. Мал қоралап оралсам шағынасың, Шағынудан біртіндеп жалығасың. Ду қаладан көңілді ондағы өмір, Қырдың заңы осылай, бағынасың.

Ахат ӘШУҰЛЫ Ибаңменен жүресің халқыңды емдеп, Саған ғана мәңгі тән жарқын келбет. Жалғастырып жатасың жаныңменен, Қала, дала арасын алтын зер боп. 4 наурыз 2005ж.

ҚОЙШЫНЫҢ ҚОЙЫН ДӘПТЕРІ * Тентектік көрсетпейтін бүлініп құр, Бөрі көңіл ойыңды ұлып ұқтыр. Жал басында жалғыз тал қарағайға, Ай пақыр аяғынан ілініп тұр. Қарағай жарбияды жарғанаттай, Тыныштық... Қалған маңнан аң да жортпай. Мен де тұрмын қалқиып қос құлағым, Ай кеудеме қадалып қалған оқтай. Сонау шатқал қараңғы... түн ызғырық, Естіледі байғыздың үні үздігіп. Тамыздың салқын түні, дене мұздап, Ішімді жатыр өмір мұңы мұжып. Бұлдырайды тым алыс мұңлық далам, Соған қарап кейде мен ұлып та алам. Ай да кетті, жамылып таң мұнарын, Жалдан асып орманға сіңіп барам.

10 тамыз 2005ж.

Ахат ӘШУҰЛЫ ҚАЛАМПЫР ШӘЙ Бір түйіншек тұрғандай тамағымда, Бір сыздауық шыққанадай қабағыма. Көз жасаурап, ашиды танауым да, Дуылдайды екі бет, табаным да. Жүрегім де кей сәтте аласұрып, Жауырыннан шығады қара суық. Дем де жиы келеді көкірекке, Күрсінемін басқадан ауа шығып. Не дерт емес, болды бұл сұрақ мүлде, Шерімді айтам апыр-ау жылап кімге? Ду қаладан баса алмай жан жарамды, Аулылыма бет қойдым бір-ақ күнде. Достарыммен бөлісіп тамам сырды, Еске, ойхой, түсіріп балаң күнді! Бір-ақ күнде айықтым бар салмақтан, Шайын ішіп Апамның қалампырлы. 9 қыркүйек 2005ж.

ҚОЙШЫНЫҢ ҚОЙЫН ДӘПТЕРІ ОЙХОЙ, МЕНІҢ ДОСТАРЫМ Ойхой, менің достарым шеттерінен Алған ұждан таудағы көкбөріден. Нажағайлы нөсерін төккен үнемі, Келген өңкей биіктің бөктерінен. Сүйеді олар түн менен таң суығын, Сүймейді олар құмайдың шаңқыл үнін. Бір күн тойып алған соң, бір аптаның Жарты құрсақ жортады алты күнін. Жоқшылық – ол қашанда жамағайын, Тиынсыздық жайлаған тамам айын. Алайда олар жүреді алшаң басып, Жаутаңдамайды ешкімге баладайын. 9 қыркүйек 2005ж.

Ахат ӘШУҰЛЫ АБДОЛЛАҒА Достық деген берікпіз парызға нық, Дос болмаса кетеді жаным да азып. Әбеке, алқам-салқам көңіл үшін, Сыралатып қайтайық тағы барып. Көтерейік бір сәтке көңілді біз, Өмір удай, әрине, өмір қымыз. Үнжырғаны түсіре берсек тіпті, Қырсық қылады екен-ау жолыңды мұз. Сенген достан сен қалдың серті берік, Бірге жүрсің өмірдің өртін еміп. Біз де бір күн айдармыз арбамызды, Жүре бермей жоқшылық дерті көміп. Жүр, Әбеке, қайталық бөртіп алып... 20 қыркүйек 2005ж.

ҚОЙШЫНЫҢ ҚОЙЫН ДӘПТЕРІ * Жәннатқа барам деп көлден ұшқанмын, Көртышқанға еріп жер де құшқанмын. Қаңбақпен дос болып құмда өнемін деп, Тамыр жая алмай желмен ұшқанмын. Қайран күндерім артымда қалды, Жанардан шашырар жарқыл да қалды. Ас беріп баққан аш күшіктерім, Айналып келіп алқымнан алды. Сертінен безді сенген серігім, Көңілді көмді шел мен шері мың. Өртенген жанымды өршіте түсіп, Қатарлап қойды жел мен көрігін. Қу көңіл жапанның құмын қармайды, Қуаяқ ағайын ғұмырды алдайды. Менде бар кезде достарым тым көп, Менде жоқ кезде бірі қалмайды. 20 қыркүйек 2005ж.

Ахат ӘШУҰЛЫ * Сағымға мінген сал ғұмыр, Сағыныш болып қалды бір. Сырғыған сырсыз сараң күн, Сарсаңға әкеп салды кіл. Сары дала сыздар ішің шоқ, Сары күз қарар мүсіркеп. Сатырлап жортар аңы жоқ, Самбырлап ұшар құсы жоқ. Сары қурай сырнайлатады, Сары жоннан мұңлы ай батады. Сары жұлдыз шығып аспанға, Сарғайып таңдар атады. Сарыға толы сырлы өмір, Сары құмға су да сіңген кіл. Сары топырақ жабады, Сарғайып қалған мүрдеңді. Сабылып күндер кешесің, Сағынып барып жетесің. Солай да солай сұм тағдыр, Сарғайып жанып, өшесің... 10 қазан 2005ж.

ІІІ БӨЛІМ ҚАНЖЫҒАМДАҒЫ МАЛТАНЫ АС ҚЫЛЫП

Ахат ӘШУҰЛЫ ЖОҚ ҚАРАУ Жаратқан атым сары таң астырып, Бетпаққа бет алып жортады осқырып. Күңіренген иенде молаға қонып, Қанжығамдағы малтаны ас қылып. Сары далаға сіңіп барамын, Торыйды түздің қорқау қасқыры. Ернімді аптап тілімдеп айғыз, Қырқадан қарайды дірілдеп ай - қыз. Қарақшы тігілген қай бір төбеден, Сұңқылдап жатады іңірде байғыз. Жаралы жаныма жалын бүркеніп, Қапырық ойдан қаным бір кеуіп. Сексеуіл басқан сетер құмдардың, Адаса жүріп адырын кезіп. Жоқ қарап кетіп барамын иенге, Сұлбамды даланың сағымы созып... 28 қаңтар 2006ж.

ҚОЙШЫНЫҢ ҚОЙЫН ДӘПТЕРІ ҰЙҚЫ ҚАШҚАН ДАЛАҒА Меңіреуге айналдым, тар бөлмеден майға алған, Жұлдыз да жоқ төбемде, далада күн, ай қалған. Иенде қалып қасқырға талансамшы, әй, жалған, Қорлық көріп жүргенше алаяқ пен байлардан. Білем достым, біздің де басымыздан бақ тайды, Сәлем берсең адамға алдыменен боқайды. Бәрі қазақ маңымның, қыдыратын бір үй жоқ, Көршім есік ашпайды, мен де есігін қақпаймын. Айналыпты - ау білмеппін, басым күйіп шалаға, Бала болып отырып тайынша жеккен шанаға, Кектенгенше құр бекер, кетер ме едім ежелгі Ұйқы басқан қаладан, Ұйқы қашқан далаға!!! 28 қаңтар 2006ж.

Ахат ӘШУҰЛЫ ҚҰТҚАРУШЫ Ұлым Ақберенге Таса тағдырға таңылған шағымда, Қу томарларға шалынған шағымда, Сарсаң күндерде сабылған шағымда, Ие бола алмай жарымжан сабырға, Сұмдықтар шапқанда тамырдан тамырға, Құтқарушы болып сен келдің. Тұлды ғаламнан түңілген кезімде, Мұңлы молаға жүгірген кезімде, Опасыз ортаның үңілген көзінде, Сезім мен сенімнен сүрінген кезімде, Майырылған қанжардай бүгілген кезімде, Құтқарушы болып сен келдің. Қомағай қоғамнан құсылған шағымда, Өз асымнан өзім ұшынған шағымда, Байтақ өлкеден пана таба алмай, Өз Отанымда өзім қысылған шағымда, Құтқарушы болып сен келдің. Өзің келіп ұлым ұмыттым бәрін, Ең алғаш таттым тұнықтың дәмін. Қылығыңа қарап сыр ұқтым жаным, Омалған ойдан оянған кезімде, Әлемнің көрдім тек маған қарап Сәби езумен күліп тұрғанын!!! 11 наурыз 2006ж.

ҚОЙШЫНЫҢ ҚОЙЫН ДӘПТЕРІ ЖАЙЛАУ. БАЛАЛЫҚ Көшпен бірге көшетін бұйра бұлттар қазбауыр, Алқам-салқам асықпын, ғашықпын сол жазға кіл. Таңсәріде қозыны бүрген сайға қуып сап, Жабағыны тулатсам салып алып сазға бір. Ақсөңке мен бұтақтан әкеліп берсем апама, Іркіт жұтып бір тостақ, құрт толтырсам қалтама. Сайды өрлетіп бұзауды, сарана, бек қазып ап, Әнге салсам көршінің қыздарына жар сала. Жал басынан жаңқаға міне салып табанда, Күреңсемен зулатып бірақ түссем тағанға. Шайірмен алдап апамды, Сарана мен бегімді Бұрынырақ бауырсақтан сала қойсам қазанға. Балалығын жайлаудың жүрмін досым аңсап тым, Рахатын бір рет көрер ме едім сол шақтың. Үйездеген қозыны шығара алмай бүргеннен, Теріскей жақ бетіне мызғап кетсем жартастың! 3 шілде 2006ж.

Ахат ӘШУҰЛЫ ЖАЙЛАУЫМ МЕНІҢ Ана – самырсын, баба – қарағай, Шүбат тұмалы саба салам - ай. Қызғалдақтарың қыз ерініндей, Қарақаттарың қара танадай. Жұмбақ жоталы жайлауым менің, Қойныңда сенің қойлы ауылды елім. Ата-бабамнан аманат болған, Армысың, арма, аймағым менің. Жартастарыңа жаңғырып үнім, Өзіңде өтті балғын ғұмырым. Жайлауым саған сағынып жеттім, Мәйегі сенсің мәңгі жырымның. Жайлауым менің – атамекенім, Сағынып аунап жата кетемін. Төсіңде мініп асау тайға алғаш, Өмірдің сезгем асау екенін. 29 тамыз 2006ж.

ҚОЙШЫНЫҢ ҚОЙЫН ДӘПТЕРІ * Жан шөлі басып еңсені, Жапанда қалған пақырдай. Шаша алмай нұрын ең соңғы, Батқан секілді ақырғы ай. Құлан жаным кешті мұң, Талықсып арман құлады. Байғыздың үнін естідім, Жалғыздықтан ол да жылады. Кемсең қағып кәрі ғалам, Сақалында тұрды жас. Қурайдың үні боздаған, Ал қалғаны жым-жылас. Қойнына кіріп түн - шалдың, Етегін жаптым басыма. У жұтып, мұң құрсандым, Жалғыздығымды алып қасыма. 23 қазан 2006ж.

Ахат ӘШУҰЛЫ * Тағы да бір төгілді түн сай жақтан, Тағы дауыл қап-қара бұлт ойнатқан. Бөктердегі аруақтар мекенінде, Мың мұңлы әуен шығады мың сайғақтан. Мекені ғой мәңгілік жер үсті әлек, Сұмдық болар бұл жерде ғарышта жоқ. Өртей алар оты жоқ бұл қоғамның, Өртенуге құлайсың тамұққа кеп. Түсінер түк өмірде болмағасын, Татымсыз бұл тірлікті талғамайсың. Тәнді тастап қараңғы көрге көміп, Жаның жұлдыз болып тек самғар айқын. Жанасың ба, білмеймін тамасың ба, Жанашыр ма, білмеймін қара тұлға. Шыбын жаның шырқырап жүрер ұшып, Қу сүйек пен елестің арасында. 3 қараша 2006ж.

ҚОЙШЫНЫҢ ҚОЙЫН ДӘПТЕРІ * Мен кіммін? Білмеймін... Көңілсіз түндеймін. Аспанға ұша алмай, Дәрменсіз қарнымды үрлеймін. Мен кіммін? О, жерім! Тағдырға тамшымды төгемін. Бәсіре бере алмай бақытқа, Басымды тебемін. Мен кіммін? Жүрегім! Өмірдің көрмедім нұр өңін. Сүйемін тағдырдың сүреңін, Қайдасың ұлы өлім... Қағамын қанатты қамданбай, Асулар бар қандай? (Дәл қазір) Шымдарға сеніп қап, Мезгілсіз құлаған жарлардай... Күйдемін... 4 қараша 2006ж.

Ахат ӘШУҰЛЫ БАС Тулаған, тынбай тасынған, Жанымды жарды жасындар. Тәңірдің добы тебілген, Тинамдай ғана басым бар. Ішейік досым құй шарап, Шіриді тәндер, ми солад. Шамасы келмей шашылар, Шақшадай ғана бейшара. Өкінер бастар, жылар да, Сүңгітіп өзін мұнарға. Соңғы рет көрер аспанды, Жалғанға көзді жұмарда. Қара жер құшып құларда. Бірақ бізді көрмейді ол басымыз... 5 қараша 2006ж.

ҚОЙШЫНЫҢ ҚОЙЫН ДӘПТЕРІ * Жоққа айналғам және де сағым қайғым, Еш нәрсесін өмірдің сағынбаймын. Мен мынау елде жоқпын, жерде жоқпын, Мені іздеме ешқашан табылмаймын. Күлге айналып күйрегем, күйіп кеткем, Көз саламын тек қана биік көктен. Әуре болмас ешкім де көрді қазып, Өз қабірімді қолыммен үйіп кеткем. Сен де маған жылама өлді екен деп, Мен ұшқанмын. Жайым жоқ жерге сенбек. Таба алмайды ешкім де тірлігінде, Бұлдыраймын мәңгілік «Көл ме көл» боп. Ажал үшін тек қана сауға денем, Адам үшін тек қана сауғам өлең. Мәңгіргенше мініп ап мұңлы айға, Көкжиекке барып мен аунап өлем. 5 қараша 2006ж.

Ахат ӘШУҰЛЫ * Өксікке толған жүрек бұл, Тартады тым - тым алысқа. Түбіне сіңіп түнектің, Барамын ұшып ғарышқа. Шіріген бұл тірліктен, Рухымды алып қашамын. Тәңір ме, мені кім күткен? Қара түнге өлең қашадым. Ашылып кетіп айпара, Жанымның жарық сәулесі. Жазым боп құлап байқамай, Өмірдің тарттым әуресін. Күйіктен күйген кеудемде, Лаулайды менің еркім кіл. Көмілем ертең көрге де, Аруақтар ылғи ертіп жүр. Адамның барлық наласын, Құшақтап көрге құлармын. Аспан мен жердің арасын, Рухым жалғап тұрады. 5 қараша 2006ж.

ҚОЙШЫНЫҢ ҚОЙЫН ДӘПТЕРІ * Үдеген өрттей, жүдеген дерттей обырмын, Тілімді шайнап тылсымын жұтам Тәңірдің. Шаранадан шықпай шашылып кетіп жалғанға, Құлыптасына айналғам барлық қабірдің. Мен солай қалқам келмеген жанмын жерге түк, Жаным боп менің жапанда жатар жел жосып. Түңілген кезде түк сезбей кетем түнек боп, Жылаған кезде төгемін жасты селдетіп. Қуанған шақта ашылам күндей, аспандай, Меңіреу кезде меңірейемін тастардай. Адамзат жайлы әңгіме шертісіп отырам, Жабірейілменен ауыз жаласқан достардай. Менсіз де мынау ғаламда жарқын күлкі өрер, Күн сөнер және тұңғиық талай түн келер. Бәрін де қойшы, кеңістік жаққа көшкенде, Ажал ғой менің ақиқат досым шын сенер. 6 қараша 2006ж.

Ахат ӘШУҰЛЫ * Талыға ма екен құмдар да, жалыға ма екен жылдар да, Келеме екен жатқысы түрегеліп тұрған шыңдар да? Аспандағы жұлдыздар шаршайма екен қалқудан, Мәңгіліктің қойнында мұңаяма екен мұңдар да? Талығам, ал мен жалығам жалғанның солғын сұрынан, Шеңбектеймін жүректі қақ болып қатып суынған. Кеңістігіне кеудемнің найзағай атып шалмасын, Әлі де нені сағынып құстармен бірге шұбырам. Сабылам сары далада, сағымға сіңіп сандалам, Тәңір ме мені шақырған, жындар ма әлде арбаған. Тартылып кетем талғамсыз түпсіздіктердің түбіне, Атылып кетем аспанға таласып маған бар ғалам. 15 қараша 2006ж.

ҚОЙШЫНЫҢ ҚОЙЫН ДӘПТЕРІ АҚ КҮШІК Ей, ақ күшік! Мен досты, сен жем іздеп, Сенделеміз сенім жоқ. Санамызға селкеу түсіп, сам құлап, Ақ қар жатыр аяқталмас теңіз боп. Ұшып кеткен көктем мен жаз – қыз ғұмыр, Ал, іздейді суық кеште бізді кім? Саған жырып берер едім аузымнан, Өзімде де нан қалмады бір үзім. Сен күшіксің, Мен пысықпын, Пендемін, Сен талшықты, Мен досымды көрмедім. Екі кештің арасында екеуіміз, Тұрдық күңгірт сәулелермен тербеліп. Бара жатты кеш өмірдің көрі боп, Ұрып жатыр кеудемізден жел үдеп. Сен иттікті, Пенделікті мен тастап, Көкке қарап ұлыдық көкбөрі боп!!! 26 қараша 2006ж.

Ахат ӘШУҰЛЫ * Мазарына айналған миым мұңның, Ортасында ілбимін қиыр құмның. Тамшы аңсаған жаныма ем таба алмай, Күңіреніп барады күйім бұл күн. Жел боп есіп жаным жүр боз далада, Төңкерілді тауларым қозғалмаған. Доңыз өмір бұрмайды маған мойнын, Қобыз көңіл тартады боздаған ән. Көтеріліп дүние мүлде есімнен, Тағы кірдім іңірдің түрмесіне. Сол түрмеде отырам бейсауат боп, Мұң шертісіп рухымның мүрдесімен. 22 қараша 2006ж.

ҚОЙШЫНЫҢ ҚОЙЫН ДӘПТЕРІ ҰЛЫМА Күлдір-күлдір кісінеген, құлыным, Өр Алтайда жүрсің бе естіп тұнық үн. Өзегіңмен өрдің бе екен, жан ботам, Ертіс пенен Үліңгірдің бұрымын. Сәби саусақ жайылды ма көгіңде, Ақ нұрлардың арасында төгілген. Сағындым ғой сенің туған жеріңде, Сағындың ба менің туған жерімде. Мұңның қышқыл жалыны ұрып жүзімде, Айғыз-айғыз шимай қалып ізімде. Мен даласын аңсаған бір ғаріппін, Дала болып қалатұғын түбінде. Мен даламын, сен даланың жырысың, Саған төгем күнде жоқ нұр тым ыстық. Мен мәңгілік кеңістікте самғаймын, Ал сен менің ұлымсың!.. 3 желтоқсан 2006ж.

Ахат ӘШУҰЛЫ ЖҰЛДЫЗ СІҢІП ІШІМЕ Сыра құям құлқынға, Сары қымыз жоқ сапырар. Сыбанбаймын білекті, Жоқ болған соң Отырар. Азан қалған ауылда, Мазамды алған маңымда, Зікір салған Софылар. Сары далаға ұшырып, Сағынышымды отырам. Емінеді аспанға, Ойымдағы шоқылар. Мазар салған миыма, Міңгірлеген міскіндер. Кешіп жүрген күндерім, Секілді бір түс кірген. Омалудан өлеңнің, Соқпағына түстім мен. Тұнжырайды жанарым, Жетім көлдей құсы жоқ. Ей, құстарым болмаса, Алабымнан ұшып өт. Жанардан ыстық жас ағар, «Жалағасын ішін от.»

ҚОЙШЫНЫҢ ҚОЙЫН ДӘПТЕРІ Түн жеткенде тым-тырыс. Жұлдыз сіңіп ішіме. Көл ғұмырым көлбіреп, Кірер құстың түсіне. Мен солай бір тынудан, Алапат боп тулаймын. Менің булы лебіммен, Бүр жарады қу қайың. Сағыныштан ұзақ бір, Құс оралып шулайды, Мылтық атпайды ешкім де, Құсымды енді қумайды... 10 желтоқсан 2006ж.

Ахат ӘШУҰЛЫ ЖИЫРМА БЕСІНШІ ҚЫС Шырылындай торғайдың сәредегі, Жан дертімнің табамын әрең емін. Түннен ауыр, сұлық қап тұрам ылғи, Қан жоса боп сөгілер және көгім. Тым алыста ойнайды күңгірт сағым, Сол сағымнан күтемін жыл құстарын. Аппақ қарда жатамын көктем көксеп, Аспан ғана секілді шын құштарым. Сағындым-ау даламның дарқандығын, Ақ даламның кешер ме ем арқар құмын. Ей, құстарым сен қашан ораласың, Қалтыратып барады қаңтар мұңым. Тартып барам жиекке құздан өрлеп, Алдым жатыр шеті жоқ түз дала боп. Тұрмын жалғыз аппақ қыр үстінде мен, Жиырма бесінші қысымды мұзға жерлеп. 10 желтоқсан 2006ж.

ҚОЙШЫНЫҢ ҚОЙЫН ДӘПТЕРІ МЕН МӘҢГІЛІК ОТ ЕДІМ Жер иіскеген табанмен, көкті сүйген төбеммен, Жарып өтіп қамалын тіршіліктің келем мен. Мен мәңгілік шын доспын өлім менен өлеңмен, Мен жалғанып жатамын шексіздікпен, тереңмен. Шексіз, түпсіз ойым бар оқи алсаң жанардан, Әр түгімнен әр жаққа ақық жырым таралған. Жаһан кезген пақырмын қарашығы ағарған, Жапан кезген тұлпармын қасаң қалмай тағамнан. Мен дауылдың демімін тылсымдене көкке ұшқан, Мен нажағай жарқылы күрсінгенде от құсқан. Бұл басыма артымда өлім күткен көп мыстан, Ақыр тілеп тұрады еш бағытта жоқ тұстан. Итереді құздарға секундтарды сүйрелеп, Мен көз жұмсам шайтандар жұртымды кеп билемек. Тұрар менің өлеңім көк пен жерді түймелеп, Мен мәңгілік от едім, көрдіңдер ме күйген от!!! 2 қаңтар 2007ж.

Ахат ӘШУҰЛЫ * Жалықтырған қоғамнан тамұқ мұңға секірдім, Сол тамұқтың түбінде, алыс қырда отырмын. Күлге айналып жоқ болды тамұғың да бір кезде, Жалынына шыдамай аузымдағы отымның. Мен өлмедім сонда да өртеніп өз отыма, Ей, пенделер қорқатын тамұқтарың осы ма?! Төтеп бере алмады сан жетпейтін мәңгір бас, Кеудемдегі жырыммен, менің жалғыз отыма. Кең, кең тыныс аламын, кең отырып, тұншықпай, Көтермейді ешқашан енді маған қырсық бой. Мен – өлеңмін, өлең – мен, жарылмайтын жарықпыз, Мен өлемін тек қана қалған күні күн шықпай. 2 қаңтар 2007ж.

ҚОЙШЫНЫҢ ҚОЙЫН ДӘПТЕРІ ТҮСІМДЕ Сынық сүйем өмірде сылтып келем сан сынып, Қыршынынан қиылды қырқаны аспай қанша үміт. Сағым жұтып барамын салаң-салаң сұлбаммен, Маңдайымнан тер шығып, балағымнан шаң шығып. Арман титтей азығым, Темірқазық бағытым, Шашылдым бұл ғаламға қабырғаларымды ағытып. Безіп барам бет қойып жан баспаған жаққа бір, Көрінеді көз алдым қырау-қырау шаңытып. Ерте аттанып кетіппін, ерттеп мініп сағымға, Тәңірдің тылсым күшімен түссіз нұрға малынғам. Шалынбай көзге еш нәрсе, келгенім қайдан белгісіз, Түсімде қарап отырмын аспанның арғы жағына. 2 қаңтар 2007ж.

Ахат ӘШУҰЛЫ ОН БІР МЕТР Сұрайсың менен несіне көңіл-күйді асқақ, Өмірдің бәрі, жолымның бәрі құй-батпақ. Жайдарлы салған қырқада сонау ән қалып, Ойға құрсанған айналды тоңға ми қатқақ. Үмітім ғана ұласып жатыр арманға ақ, Ұшып келемін ғұмырда мынау қалбаңдап. Әлі де талай сайрандар пенде салмақ жоқ, Жер шары дейтін жарылмай тұрса кәрі жаңғақ. Бермесін қайтем тағдырдың, сірә, таласып, Кетерім анық көкжиектен де ары асып. Ғұмырда жалғыз жалған дейтұғын шындық бар, Бір метр жөргек, он метр кебін бұйырар, Он бір-ақ метр өмір мен өлім арасы. 7 қаңтар 2007ж.

ҚОЙШЫНЫҢ ҚОЙЫН ДӘПТЕРІ ҚҰШАҚТАП АЛЫП ҚЫР ТҮНІН Жалғаннан мынау жалығудан да жалықтым, Қайдасың менің жаныма түсер жарық күн. Кеудеме сірә құлап қалған тәрізді, Аспан дейтұғын алып мұң. Тыпырлап жүріп тірлікте тәнім семгенше, Ғұмыр кешермін қос уыс шоғым сөнгенше. Жаңбырлар жуып, жүзімді сағым сылаумен, Аспанға қарап, томсарып жатам белдерше. Өрт мұңдар ұрып армандарымның кірпігін, Иісін иіскеп бабаларымның жұртының. Жатамын ылғи түсімде дала төсінде, Құшақтап алып қыр түнін. 9 қаңтар 2007ж.

Ахат ӘШУҰЛЫ ЖЕБЕ – ҒҰМЫР Аққан жұлдыз – көңілім қыдырмашы, Жауған жаңбыр – жанымның ғұмыр жасы. Таңда ашылып, жабылар самнан кейін, Аспан, жердің – көкжиек сыдырмасы. Таңда қауыз жарамын, кешке сіңем, Тағдырымның із қалар өкшесінен. Таң мен түннің жортамын арасында, Даңғыраған мәңгі жол жоқ көсілген. Қойшы бәрін, Сөз деймін неге мұны, Шындық шығар өмірдің тегеуріні. Қара жерге қадалар қайта барып, Адырнадан тартылған жебе – ғұмыр. 9 қаңтар 2007ж.

ҚОЙШЫНЫҢ ҚОЙЫН ДӘПТЕРІ ТҮНДІ СҮЙЕМ Сіміріп түн біткенді көздеріме, Қаз ғұмырым айнады мұңлық көлді. Жұтып жатыр көкжиек өз демімен, Ақшығымнан өрілген сұры жіптерді. Сол сұры жіптің ұшында рухым жанған, Тәнім бір сәт тапқанда тыныштығын. Безіп кетіп дүниеден шырқымды алған, Ұмытамын жалғанның құныстығын. Түн қайдасың кел бері, өлгенімше, Табар тұрақ сендегі қараңғылық. Түк тындырмай дүниеден көрге кірсем, Бақидағы табады мазам бүлік. Түнді сүйем, мен түннен туылғанмын, Түннен кейін ақ таңның атары анық. Мен жалғанға бейіштен қуылғанмын, Құларымды білемін қайта барып... 2 ақпан 2007ж.

Ахат ӘШУҰЛЫ * Бүгін менде ой да жоқ, қалған миым қоңырсып, Күңіренген күздеймін, көңілім де көңілсіз. Жүрек қауыз жармады көктем жеткен шақта бұл, Құлпырмады алайда сол көктемде өмір түк. Құлазыған шағымда қу медиян құшамын, Қанатым бар болғанмен, белгісіздеу ұшарым. Мені тарта береді тұңғиықтың түптері, Қуаныштан жылт та жоқ, жанымда бар құса - мұң. Кім түсінер мұңымды, кімге барып шағамын, Мен – тұмамын, мәңгілік мұхиттарға ағамын. Садақтан ұшқан сайгездей зымырап ұшып барамын, Кім біледі қай жерге қаларымды қадалып. Қайтем алғы күнімді алдын ала топшылап, Көп сұрақ бар, алайда жауаптары жоқ бірақ. Не қыламын ұшуға асығып мен бекерден, Өмір өзі-ақ бір күні аспан жаққа лақтырад... 1 наурыз 2007ж.

ҚОЙШЫНЫҢ ҚОЙЫН ДӘПТЕРІ * Кешір мені туған жер – ардағы арманым, Қиялымның бетке алып самғадым заңғарын. Сезінбей кеткен қадіріңді сенің, Көмілмей кеткен шаңдарым жолдағы. Кешірші мені жасыл жай өңір, Тұмаң сұлудың жасындай мөлдір. Тұмаңмен бірге құлаймын таудан, Келмейді сірә тасынбай өлгім. Мына сұры жалған мұңын бүркеді, Естіртпей Тәңірдің сыбырын тегі. Қапас қала қамаладың - ау, Қырларға мініп қыдырушы едім. Жанторсық, құрт жоқ малталап ішуге, Қорықтық та жоқ малтаға пісірген. Алатау жаққа тасып жүремін, Алтайдың тауын арқалап түсімде... 15 мамыр 2007ж.

Ахат ӘШУҰЛЫ * Жолсерігі бөріден, қоналқасы моладан, Жолаушымын, сұлбасын сағым, мұнар ораған. Бағытымды белгілеп бәйітін айтып байғыздар, Анда-санда бұлт сырып ай төбемнен қараған. Мен асыққан пақырмын тұрағыма жетуге, Басымда бар өмірім, (келген ол тек өтуге.) Тоғанақ жыр теңдеп ап тартып барам жиекке, Аптап күннің астында, қарлы боран өтінде. Өз мұңым бар өзімде, кейімейді ешкім түк, Жалғандығын білемін бұл жалғанның бес күндік. Сұлбам құмнан созылып ұшып жатар аспанға, Тұрар менің дауысым жартастардан естіліп. Қырық құлаш тамырым, бойым бар тек тинамдай, Тартсын мейлі тағдырым тұңғиыққа құйылардай. Кетуге келген пақырдың жету ғана арманы, Тәңірім мені шақырса аттанып кетем қиналмай. 1 тамыз 2007ж.

ҚОЙШЫНЫҢ ҚОЙЫН ДӘПТЕРІ * Күннің қызыл уын жұтып, жиек жұмды жанарын, Алатаудан ай қылтиды салбыратып қабағын. Сонау қырдың ар жағынан ауық-ауық ит үрді, Біздің ауыл көшіп келіп қалған жоқ па қарағым. Бөрібасардың үні еді жанымның кіл түнгі емі, Сексеуілді маздатушы ем көңмен көміп іргені. Тағы да әне бір түйенің боздағаны естілді, Бошалап кеп қалған жоқ па біздің үйдің іңгені. Жұлдыздардан көрем абыз ауылымның сұлбасын, Әне атамның ақбоз аты бара жатыр қырды асып. Ай бетінде Алтай тауы, қарағайы теңселіп, Ертіс, Қыран ағып жатыр аспан жақтан шуласып. Ақ қой – бұлттар мамырлайды түнгі аспанда теңбілдеп, Жел көтеріп кеткендеймін жерден ұшып мен мүлде. О, тәңір-ау бала күнгі баққан менің қойларым, Жайылатын боп алған ба барып шексіз зеңгірге!? Дауыл менің күрсінгенім, сағыныш жаңбыр жастарым, Аман болшы қайран ауыл, аунамашы аспаным. Бар ғаламды жанарыма құйып алып қисаям, Жер төсеніп, көк жамылып, көкжиекті жастанып. Тамыз 2007ж.

Ахат ӘШУҰЛЫ * Ілмегіне айдың ілініп иектен, Салбырап сұлбам іңірде жиектен. Қабырғамды сөгіп ғаламды құштым, Қызғандым бәлкім үңілген ниеттен. Аспанға жасым жұлдыз боп тамды, Қисапсыз жағып түнгі ізгі оттарды. Күрсінісімнен жүрегім жарылып, Мынау ғаламға шың-құз боп қонды. Көзімде теңіз, теңселді таулар, Еркіндік ессіз еңсемді жаулап. Тас төбеме жерді көтеріп тұрмын, Саусақтарымнан жан терім саулап. Кеудеме билігін алса мұң орнатып, Ізімді жатыр қанша құм жоғалтып. Басымды лақтырып, Орынына әкеп Аламын сосын жер шарын орнатып… …Сорым қайнасын… 16қазан 2007ж.

ҚОЙШЫНЫҢ ҚОЙЫН ДӘПТЕРІ ТАУЫМА КЕТЕЙІН Тағы ішіп келдім, Бокалмды қағысып келдім жындармен. Алысып келдім сұмдармен, Жарысып көрдім жылдармен, Жазып бір келдім жырымды, Жарамай түкке құр дәрмен. Қаңғырып келдім, Жаңғырып келдім меңіреу жатқан жартасқа, Мәңгіріп келдім алты аспан асып, Айналып және сары тапқа. Жүгенін алып жүректің, Жібердім қайта сол шаққа. У жұтып келдім, Туды тіктедім құлаған құзға қайтадан, Нулы түктерім айқара Қара жонымнан қайталап Түрегелді де … Көкжалмын! Тауыма кетейін ой, тоба! 24 қазан 2007ж.

Ахат ӘШУҰЛЫ МӘҢГІЛІК Тылсымы тым ауыр күйге еніп бір мұңлық, Түздерді кеземін түндерді түнге ұрып. Түн сұлу абайсыз қолынан түсірген, Ай – алтын табағы қырқадан дөңгелей жүгіріп. Сұлбасы қырлардың ұзара түседі, Көлеңке сайларға сыналай сұғынып. Көк Түрік бабамның көкбөрі рухы ма, Әліде бір дауыс құлақта тұр ұлып. Керуенін мәңгіге доғарған тауларым тізіліп, Тәңірге тағзым етеді жүгініп. Артында таулардың шалынып шанда бір, Шақырып тұрады шалғайдан құз – үміт. Жұлдыздан бір сәуле үлбірей үзіліп, Тамырға тамады, Қаным да кетеді қызынып. Сан ғасыр тұяғы таптаған керіштер, Кеудемнің бүршігі баратқан мүжіліп. Қырқардай созылған қырқалы құмдықтар, Татарып жатқан тек жанымның төзімі. Қан-жоса болайын табаным тілініп, Туған жер тасыңа сүріне жығылып, Қасиетті қайран жер мәңгілік тұғырым. Таулардың артында қылтиған құз – үміт, Мен саған жетемін ұшқанша шыбыным. Сосын кіл кетеді мәңгілік өзіне Өлмейтін мәңгі ғып сіңіріп…

ҚОЙШЫНЫҢ ҚОЙЫН ДӘПТЕРІ ҒАСЫР Іргесінен іңірдің шығарып ап басымды, Көрем ылғый тізілген сан жетпейтін ғасырды. Өткенгіге көз салсам сәби болып кетемін, Он сегіз мың ғаламның түрін көріп әсілгі. Тартсам деп ем керіге шалма қылып шашымды, Жанарымнан аққан жас жұлдыз болып шашылды. Кетсем деп ем ілгері ерте ұшып аспанға, Рухым барып шашымның ұшығына асылды. Жұмып едім көзімді, тауысып алдым төзімді, Күн құлады жиектен, ай да сұрын жасырды. Күпір ойлап қалып ем Тәңір атты жасынды, Шүкір ойлап қалып ем тулап қаным тасынды. Мың шүкірде, бір күпір Тәңірім өзің кеше гөр! Тауып алып таудағы қара борша қосымды, Құшақтап сонда жатайын жирма бір жасар... ...Тым сұлу... Көйлегі жыртық ғасырды… 30 қазан 2007ж.

Ахат ӘШУҰЛЫ ЕРТІС ҚАСІРЕТІ (Толғау) Қайран да менің Ертісім! Анамдай болған аймақ ең, «Құлын да ембес » жайлау ең. Қасиетіңнің құтында, Ақбұрқақ болған жұтыңда, Қысыңда бие байлап ем. Қаба сақал қарт Алтайдың, Құдіреті асқақ қойнауы ең. Ақсаң да тулап сан ғасыр, Топырағыңды шаймап ең. Желмая мінген ғаламда, Түнеп бір сенің жағаңда, Айтыпты Асанқайғы өлең. Қайран да менің Ертісім! Алтының көп еді құмыңнан, Балығың көп еді шыбыннан. Көруге сені ғашық боп, Күн асар зорға шыңыңнан. Бұлтың да сенің бұлт емес, Жақұт-нұр еді құбылған. Бораның соқса бұйдалы, Керуен еді шұбырған. Бесінде бедеу беліңнен, Сары қурай тартып сыбызғы – ән.

ҚОЙШЫНЫҢ ҚОЙЫН ДӘПТЕРІ Таңында жаздың шегіртке, Жаңылмайтұғын шырылдан. Сәресінде күздің сілкініп, Құс қанатындағы суылдан. Қысыңда маңғаз мамадай, Ақ аязыңа жуынған. Көктемде бүрін жаратын, Ағаштарың да жығылған. Жер едің мәңгі мәйекті, Қана алмас ешкім сырыңнан. Қытайлар буды бұғаулап, Әкетті сүйреп бұрымнан. Сыңғырлы бұлақ сырғаң да, Құлағыңнан жырылған. Далада жалың қырқылған, Көк орман шашың жұланған. Көк белдеріңе көміліп, Өкпеңнен құбыр сұғылған. Тас қабырғаға бас тіреп, Шыға да жаздап шыбын жан, Дөңбекшіп, тулап жатырсың, Тыныс ала алмай сырылдан. Қайран да менің Ертісім! Далаңа у себілді, Жағаңа қоқыс төгілді. Алтының кетіп арнаңнан, Тағаның лай-шөгінді. Шарасын сенен шайқаған, Дәрия-көлдер шегінді.

Ахат ӘШУҰЛЫ Азия атты алыптың, Қабырғасы да сөгілді. Қасіретіңнен бір сенің, Солтүстік мұзды мұхиттың, Мұз жасы еріп төгілді. Қайран да менің Ертісім! Бұлдырап жатыр сынық көк, Басады түтін, бұлт жоқ. Алтайдан кетті аң да ауып, Өнбейді қаңбақ, сірік те. Ағаштың ұшқан бүршігі, Шықпайды қайта шыбық боп. Бұлақтың көзі бітеліп, Ақпайды мүлде тұнық боп. Қайран да менің Ертісім, Ласын жуғанша капырдың, Қара жерге қайта сіңіп кет!!! 27 желтоқсан 2007ж.

IV бөлім БАЛБАЛДАР МЕН БАБАЛАР

Ахат ӘШУҰЛЫ ОЯНҒЫМ КЕЛМЕЙДІ Мендегі алып мұң, Оянып түнде ылғый ұйқымда. Алтайдың даласын арқалап, Оранып ғажайып сыйқырға. Алатау асырып жатады, Қарамай сүрең мен қиқуға. Бір тауда тыныстап, Қалғандай боламын шалдығып. Артыма қарайлай бермін, Кеттімбе бір нәрсе қалдырып? Түн – түпсіз үңгірдей тартады, Арыдан бір дауыс жаңғырып. Оырнымнан тұрамын... Алдымда! Қазақтың даласы – мәңгілік!!! Арқамда Алтайым! (Бұл рас дәл менің күшім бе, ей?!) Бір қолда жүрегім, Бір қолда бөркім бар, Көңілім тап-таза жұлдыздың түсіндей. О, Атамекенім! Алтайды жеткізем, Бір түйір топырақ түсірмей!

ҚОЙШЫНЫҢ ҚОЙЫН ДӘПТЕРІ Еһ, шіркін! Дәл сондай болсаң ғой! Оянғым келмейді… …Бұл менің түсім ғой… 27 желтоқсан 2007ж.

Ахат ӘШУҰЛЫ * Жүрегімде дүбірлер, Кірпігімде іңірлер, Ойларым ылғый жорықта. Нәзігім саған тиіспеймін, Үмітім, мүлде торықпа. Сезімім сен де селт етпе, Салмаймын сірә, солыққа. Сенімім секем алмағын, Күдікке бірде жолықпа. Өкпемді алып ұшайын, Қабырғам тұрса қалпта. Аяғым барда зырлайын, Ізімді тастап шаңытқа. Бұлдыр да бұлдыр, бұлдыр бел, Жететін жерім алыста. Арманға жетуге асығу – Асығу сірә, табытқа. Жан менен тәнім шашылар, Қара жер менен ғарышқа. Көрейін мынау дүниені, Жұмақ па? Әлде, тамұқ па? Көргенше бәрін жанарым, Қарашықтарыңды ағытпа!!! 27 желтоқсан 2007ж.

ҚОЙШЫНЫҢ ҚОЙЫН ДӘПТЕРІ * Жел мүжіп ескірген молалар, Қираған құлыптас, құлаған обалар. Ежелгі бабалар жұртында Салынған ойрандар, додалар. Ескірген соқпақтар Сол жерден жалғасын доғарар. Бауырын сүйретіп бесінде, Қырқадан сағымдар көшуде. Бүйірі тесілген бейітке, Көлеңке бұғынып есірген. Ғасырлар аптабы қақтаған, Қақтардың кендірі кесілген.

Жорықтар күн жатып, түн қатқан, Соғыстар қайғысы мың батпан. Шаңырақ шаттығы шайқалып, Сағанақ, босаға сынды оқтан. Қан жауған ғасырлар тарихы, Тастардан тіл қатқан. Сары қурай қыратта, Жете алмай бұлақтағы жұмаққа. Сары дала сарығын сағағы, Зар қылып тартады ұзаққа. Жылаған даланы, құлаған моланы, Сағымдар көтеріп жұбатқан... мамыр 2008ж.

Ахат ӘШУҰЛЫ * Не дейін сірә, саған жаным-ау, Қасыңда жүріп таба алмадым-ау. Кеудеме салған дертке айналды өртің, Емі жоқ оның ғаламда мынау. Іздедім көктен, жерден еркешім, Әлде ғайыптағы елден бе екенсің? Жалғаннан жалғыз шарқ ұрып сені, Таба алмай жүрсем кеудемде екенсің.

Жасырынғансың жүрек түбіне, (Сені де сол жер жүдетті білем.) Жазым боп мен Жайығында жанның, Жағада жыладың Жібек мұңыңмен. Құмдарға сіңіп, мұңға батамын, Сағым көтеріп шыңдарды асамын. Жұлдыздан сенің жүзңді көріп, Үніңді желден тыңдап жатамын. Әзірге мейлі айыптар жалған, Жеткізер бізді ғайыптағы арман. Мен махаббатпын Қособада өлген, Сен махаббатсың Жайықта қалған... 9 маусым 2008ж.

ҚОЙШЫНЫҢ ҚОЙЫН ДӘПТЕРІ * Етегін жерге батырған ерен тауларды сағалап, Кербесті міндім аяғын мұздай тағалап. Жолаушы кетіп барамын алыс, Сары жұртқа қонып, Тас молаларды паналап. Шаңға жеткізбей шапқанда шалқып шалқарым, Жас емес көзден жалыны бөлек ағады от. Молалар пана! Содан арқама жал бітіп, Таң күтіп тұрар құласам болды сам жұтып. Елпілдеп кетсем, еңкілдеп кетсем егер мен, Жылатар адам... Жұбатар мола жан бітіп. Балбалға қонған бозторғай ұшып басымнан, Дейтіндней мені сәреден ғана ал күтіп! Ұлиды бөрі іңірдің түртіп іргесін, (Мықтылығы оның! Демеймін жолды жүр кесіп.) Бөрі жүрегім кете алса бұзып түрмесін, Келер еді ғой ұлы Ұлығандарменен тілдесіп. Ақымақпын ба?.. Топырақпын ба қайтарар жердің қарызын, Айтады оған бөрі мен ажал бір кесім… шілде 2008ж.

Ахат ӘШУҰЛЫ БІРКҮНІ САҒАН ЖЕТЕРМІН Көзіңнен моншақ төктің бе, Сұрадың ба екен көп күннен. Кірпіктейін де кідірмей, Көкжиек асып кеттім мен. Жеткізбей соңы жолдардың, Жетелеп кетті арман, мұң. Түсіңе кіріп сырласқан, Түн жапқан бақта мен бармын. Жаныма серік аядай, Құлазып шашын жаяды ай. Көңілімді саған арнаймын, Кіршігін ешбір боямай. Сырлы да сұлу сетерім, Жыласа жаным не етермін. Жұлдыздай ағып жондардан, Біркүні саған жетермін... тамыз 2008ж.

ҚОЙШЫНЫҢ ҚОЙЫН ДӘПТЕРІ МЕН ОТАРДАНМЫН Мен отарданмын! Мал бағып, адал несібе жеген, Есіл-дертін қотан шетіне көмген. Жеті түнде атын адаспай тауып, Жұртында жалғыз бұрауы қалмай, Таң сөгілместен көші жөнеген. Қыстауға жетпей басқұр тартпадым, Асқақтайтұғын ақбұрқата әнім. Аппақ дала – имам секілді бейне, Құланнан көрдім тәспі тартқанын. Сарыбалақ шалған саяқ саулықты, Көретін едім қасқыр тартқанын. Ұмытып жалғанның барша сүреңін, Жыңғылды ағынға қанша түнедім. Аяқталмайтын аппақ теңіздей, Жоқ іздеп жонды жортатын едім. Бөрі ұлымаса қорқатын едім! Мен отарданмын! Қаңтары менен ақпанға ғашық, Сексеуілдейін шоқтанған оты. Мен ақын едім... Шиырымен қойдың жырға толтырар, Тәңірдің берген аппақ даласын... қыркүйек 2008ж.

Ахат ӘШУҰЛЫ * Сағымдай сүңгіп кетер ме ем, Құла құланды құбаға. Шабдарға мініп шаңдатып, Жұманы жалғап жұмаға. Іздеген жоқты таба алмай, Құласам қаңсып тұмаға. Молаға түнеп мүжілген, Ақ сүйек болған әруақты, Орасам аппақ дұғаға. Адасқан түзде бір күнге, Қалада өткен сергелдең, Мың күнім мүлде тұра ма?! Иенде жүріп адасып, Мүрде боп кетсем мүбәда. Көкжалы жер еді далның, Көк Тәңірге жақын сірәда. Қалада өлсем кебінсіз, Тастайды теуіп жыраға. Жалынсыз жанар, жарлы үміт, Хәлді жоқ ешкім сұраған. Зарығып жеткен сағыныш, Құлагердейін құлаған. Айран жоқ ішер ағызып, Мұртымды малдым сыраға. Ақиқатымның санына, Қыл бұрау салып бұраған Қоғамба, әлде, қала ма?!

ҚОЙШЫНЫҢ ҚОЙЫН ДӘПТЕРІ Жүрекпе, мен бе жылаған?! Қайтейін қатал тағдырды, Арылмайтұғын шүбәдан. Қиын ғұмырды сұрамай, Тиын ғұмырды сынаған. Өртеніп бір күн тынармын, Жер шарым тұрсын дін аман! Екі дүние бетінде, Өлмейтін менен жыр қалар. Томпайған жалғыз бейітте, Ашылмайтұғын сыр қалар. Кілкітіп сағым алыстан, Жатады онда сұлбалар... 20 желтоқсан 2008 жыл

Ахат ӘШУҰЛЫ ҚАРАША ҚАЙҒЫСЫ Желбегей жамылып ақ тонын, Етегін сүйретіп ақ таңым Түрегелді орнынан. Қараша қайғысы қақсатып, Ұршығын баса алмай ақсады. Шудасы желкілдеп мұз-қырау, Жолына құрады қақпанын. Қараша қайғысы қысады, Шырылдап ай құсы ұшады. Сәре шал селкілдеп селкеусіз, Сәлден соң күн суық құсады. Тұрамын орнымнан, Аттатпай тұсауым. Құлаймын… Жерімді құшамын. Қараша қайғысы дауала, Қайтеді-ей, ақбасқын жауама ? Үйірден оқият адасып қалған құс, Қалама? Ауама?... Қырларды сұмдық бір сыр басып, Сұлбамды сүңгіттім ауаға...

ҚОЙШЫНЫҢ ҚОЙЫН ДӘПТЕРІ Қараша қайғысы... Сары қурай селтиіп, Қашады даладан өң сиық. Сәре шал сәл тыныс алады, Қарайды ғаламға мелшиіп. Мен оған басымды сүйеймін, Кеткенше арқамды жер сүйіп. Қараша қайғысы сырласым, Қалмасын жанымды түн бысып. О, ұлы таңсәрі – аңсарым, Бөрінің үнімен жымдасып, Кетейін келместің көгіне, Келеді рухым шыңды асып... қараша 2009ж.

Ахат ӘШУҰЛЫ БАЙЫМБҰЛАҚ САҒЫНЫШЫ Ұларбек Дәлейұлына Көрінісім қалада, Болымысым далада қалып қойған жан аға. Түнегіндей нөсердің түрендене қабарам, Сағыныштың дертінен сары даламдай сазарам. Хәлі мүшкіл сертімен сенімімнің секемшіл, Тағыда іштім сары су жүректегі жарадан. Қорқам мынау сиқымнан, Ояна алмай қалғандаймын ұйқымнан. Көштің жолы ақайыл ғып кіл қиған, Қайран адыр, бүйрктері бұлтиған! Көз алдымнан кетпей қойы бұртиған, Көшжөнекей апасынан нан сұрап, Қара бала кебежеден қылтиған. Жел гулейді іргемнен, Жаным мұңлы, тәнім жалған күлгенмен. Қой күзеті құтқарушы еді түрмемнен, Абақыға Абақ бөркімді ілгем мен. Сағынышымды сол далама созамын, Саудыраған сүйек қалып сүлдемнен.

ҚОЙШЫНЫҢ ҚОЙЫН ДӘПТЕРІ Бар ғаламға күн күлген, Су емес-ау, дымның зарын құм білген. Дәтімдегі тағатым дүр ділгірлі ең, Байланысты Байымбұлақтағы үңгірмен. Екеуіміздің отар барып, от жағып, Бөрі үркіткен кезімізді кім білген. Сары аршаны самда өртеп, Ұмтылатын қызыл жалын жалға клпек. Қасиетті қара үңгір һәм күрке, Ең ақырғы отын жағып отардың, Жартастарға жазып кеттік мәңгі ертек. Шатқал шыңдар жаңғырық, Байымбұлақ! Сағыныш ол мәңгілік! Сарымсақ алған сол жартасқа шылбырмен, Неге ғана қалмадық біз таңылып. Аспан мен жер қауышқандай жатушы ек, Жұрын төсеп, жабағыны жамылып. Біз даланың ұлы екенбіз ежелгі, Тәңір кештеу пенде қылған жаңылып.... қазан 2009ж.

Ахат ӘШУҰЛЫ ҚҰМ САҒЫНЫШ Сүйретіліп етегі жаңбырыңның, Босатар ма көніңнің тандырын бір. Кеудемдегі ашылмас сандығымның, Құпия бір кілті ме ең тағдырымның? Ұшығына жете алмай ағыныңның, Беймезгіл шойырылған кәрі жыңғыл. О, құм дала селтиген сексеуілің, Сұлбасы-ау сағымданған сарығымның. Бір жалыңнан шығамын бір жалыңа, Табаны тесілгенде шарығымның. Кендірі кесілгенде зарығымның. Тағдыры тақылеттес көкжалдармен, Тандыр емшегіңді иіткен тағы ұлыңмын. Жосыған керқұландар түйреп өтер, Көкжиек пен даланың жабығын кіл. Сиыр таңдай құмыңның кедіргегін, Екпеттей қап келеді жегім менің. Бір көрсем ақмаңдай құм керілгенін, Өкінбен қанбаса да шөлім менің. Сексеуіл батырады белуарын, Ежелдің елестетіп керуенін. Сұлбасын сағым созып сары қурайдың. Көкседім көкжиектен көрінгенін.

ҚОЙШЫНЫҢ ҚОЙЫН ДӘПТЕРІ Төніп келіп тамбайды тасбауыр бұлт, Тата құмның тамсантып еріндерін. Мәңгіліктің шөлінде самғап барам, Ақ жалаудай дүркіреп кебінді өлім.... мамыр 2009ж.

Ахат ӘШУҰЛЫ ЖОҚ ІЗДЕУ Үдере көшіп отарға, Ақтағыр тігіп, шом шешпей, Қоралы қойды күзетіп, қасқырдан шапқан селт етпей. Жусанның иісін аңқытып, суынан қардың шәй асып, Бір кертіп сүрі қазыдан салып жегенің ертек қой! Ақбұрқақ боран ұлыса бөрімен қоса отарда, Батыр барма екен өмірде, Пақыр барма екен шопаннан?! Кетесің сосын шығып дүр жоқ іздеп алыс сапарға, Азығың жолда, әрине, жараған атпен қосарда. Мұңдасың жалғыз ен дала, айтады сырын сол ғана, Құбының құба жондары қаусыратұғын қомдана. Ай іздемейсің аспаннан, жұлдыздың да жоқ жұғыны, Меңзеген жерді ат табар, бағытың жалғыз сол ғана. Шабдарым сонда заулайтын садақтың сайгез оғындай, Жанатын бөрі жанарым, сексеуілдің шоғындай. Шымқатып шытқыл мінезге, болмысы да тым өзге, Іздеуші едім жоғымды, қазақтың саңғы жоғындай... ақпан 2010ж.

ҚОЙШЫНЫҢ ҚОЙЫН ДӘПТЕРІ СОҢҒЫ РЕҢ Шытқыл мұң сыздатып ауаны, Саулайды сұмдықтың сауалы. Сарқылып сабыры санамның, Көзіме көлеңке жауады. Көлеңке жалғыз көз, мұрны имек, Қойныма тығады түнді илеп. Кешкі асын ару боп ұсынған, Алдымда жезтырнақ жүр билеп. Асуда нарымның шомы ауып, Дүлдүлім арқаннан жоғалып. Көр шатқа кіргізген бейуақ, Ескірген соқпақтың сорабы. Еңсеме мінгесіп ескі мұң, Ұзақ таң, Жаныма жоқ шырым. Кәрі жел құсады бұрқасын, Баса алмай баяғы өксігін. Сүйеді сұп-суық ернімен, Көшеді дүние көлбіреп. Көзімнің қарасы көретін, Қара түс болғасын соңғы рең.

Ахат ӘШУҰЛЫ Жер басып, жаныммен жел мінем, Шатқалға бамаймын енді мен. Қара түн, аппақ тау басында, Жолығам сенімен соңғы рең... 4 ақпан 2011ж.

ҚОЙШЫНЫҢ ҚОЙЫН ДӘПТЕРІ КЕРУЕН ЖОЛДАРЫ Изендей иланып, Жусандай жүгінем далама, Сары бел, Сыр құйған сары қурай санама. Сұлбасы сағыммен созылған керуен, Молаға түнеген тастардан қалаған. Боз шаңыт кілкіткен құмдауыт жоталар, Сапарлар... Керуен жолдары көкжиекке апарар. Талыққан сары құмдар... Жалыққан жалданба жарлылар, Тағдырлар – Көзіне құм толып адасқан боталар. Ғасырлар – Керуен жолдары құмдарға сіңіскен, Шилеуіт құдықтан қауғалап су ішкен. Зар мұңлы жалданба жарлының бар құны, Өлшенген бір жармақ күміспен. Керуен жолдары іздерін бүркер құм, Адасқан боталар аспандағы үркер мұң. Кездейсоқ жолаушы жолықса шешетін, Керуен жолында жоғалған бір теңмін.

Ахат ӘШУҰЛЫ Түзгенді төбеде... Жыңғылды жырада... Мүбәда... Мені де тауып алар бір адам... Әй бірақ тыңдайды қай құлақ қайғыра, Жарлыны шапанын жұрттағы жұрыннан құраған. Ботамын керуен жолынан жырылған, Көзіме құм толып белгісіз бағытқа қуылғам. Айырма тәңірім қоңыраулы құмымнан, Мен керуен жолында адасып туылғам... қазан 2010ж.

ҚОЙШЫНЫҢ ҚОЙЫН ДӘПТЕРІ ДОСЫМ Серікбекке Сеңгірін мәңгілік аппақ қар құрсаған, Таулары тәңірге жақындау бір табан. Алтайда, Тағдыры тағылау, Еркесі сол түздің, Шатқалда жайылып, Жартаста жусаған. Досым! Таңдайын жібіткн Ертістің басынан, Арғымақ орғытқан аюдай тасынан. Ғарышқа қараған қараша қосынан, Аршалық жасылдан, Жаралған жасыннан. Досым! Тағдырдың Алтайдан тартылған жебесі, Көздепті Арқаның айдарлы төбесін, Зарығып өткенге, Талығып жеткенде жұртына, Табаға қарыған өз күлді көмешін. Досым!

Ахат ӘШУҰЛЫ Саған да, маған да тұрақ бар Арқада, Атажұрт ешқашан зар қылмас малтаға. Қазақтың шығысы, тұрысы, Туған жер жат жұртта... Бөлінді картадан. Бәрінен сол біздің батады арқаға. Досым! Пақырмыз айдаһар отынан қуылған, Батырмыз жерінде жатпайтын жығылған. Ақберен мінезбен, Ақжолтай болмыспен, Жаралған жарықпыз бұрыннан... Досым! Досым! Досым!!! қараша 2010ж.

ҚОЙШЫНЫҢ ҚОЙЫН ДӘПТЕРІ ҚЫПШАҚТЫҚ ҚЫМЫЗДЫҢ ИІСІ Іңірдің үрейлі ұсқынын, Қабылдап мазасыз мас түннің мысқылын. Сүңгідей салбырап суыққа төземін, Аяздың Алтайы атасы жіберген үшкіріп, Бұрқасын бораймын ысқырып. Көретін көзіме күн тамған, Қарашық қойнынан қомағай түн саулап. Қанымды қапыда қасірет қырсаулап, Мейрімсіз өмірдің мезгілі мұрсамды ап, Ессіздеу елесім жүр самғап. Жоғалттым өзімді, Бар едім, Ар үшін құрбанға шалындым, жан едім. Ауасыз аймақта, айналам әңгек-ті, Бір жұтым шындыққа зар едім. Оу, өмір не қылған тар едің. Ізедім өзімді ескі үннен, Іздедім белестен кеш кірген. Жұрттағы құрымнан елеусіз ескірген, Жұтатын жиектен керуен көш кірген, Іздедім өзімді.... Бұлан бір даланы кештім мен.

Ахат ӘШУҰЛЫ Түңілем, Білмеймін межемді, Мызғасам сабылып іздеймін ежелді. Алыстан Алтайға... оралам... ...Қартайғам... Қыпшақтық қымыздың иісі аңқып, Жусаний жұтамын төңкере көзені... ақпан 2011ж.

ҚОЙШЫНЫҢ ҚОЙЫН ДӘПТЕРІ ҚҰС ҚАНАТЫНЫҢ СУЫЛЫ Құстар ғана шаттығымның шырқауы, Самғап ұшар қанатынан нұр тамып. Жанарымның жалғап соған сәулесін, Қимай қарап тұрам ылғи күн салып. Құстар, құстар еш жетпейді ой саған, Қанатыңның суылында байтақ ән. Сендер ұшқан аман болсын көк аспан, Жердің шарын жұмыртқадай шайқаған. Самға мәңгі көк тіреген шыңды асып, Сендерсіңдер мұңдасым да, сырласым. Бар ғаламның еркіндігі құстарым, Қанатыңнан бір қауырсын сынбасын!

Ахат ӘШУҰЛЫ ЖАН МЕН ТӘН Тән құмары басылар, Жан құмары сірә неден ашылар? Жүзі сынық бұлдырайды бір бейне, Уайым боп мойыныма асылар. Тәнім жатыр бұл жерде, Жаным ғапыл кетеді ұшып түздерге. Жан мен тәннің ортасында сенделіп, Жарамды умен, жүрмін емдеп тұзбен де. Ес шығарып ескі үміт, Сәуірік шақ шауып барады осқырып. Қой бағу да, ой бағу да естілік, Қой қалды, Ойды жібердім мен бостырып. Уақыт жасты ұрлайды, Дауыл болып долданады дүр қайғы. Артта қалған арман, ойым кешегі, Көкжиектен орамалын бұлғайды. Жүрек тулап асаудай, Сызданады қопарылыс жасардай. Үріккен ой біріккенде жарылар, Бірақ келем жан мен тәнді қоса алмай.... қараша 2011ж.

ҚОЙШЫНЫҢ ҚОЙЫН ДӘПТЕРІ ҚАРАША ЖЫРЛАРЫ І Не сыйлады бұл қараша күз маған, Бұлт аунады омыраудай сыздаған. Қырқаласам қырбақ жауған қырларды, Табанымнан шұбатылған із қалар. Не сыйладым, ей, қараша күз сен деп, Босам ылғый қиялыма мұз теңдеп. Ойымды үзбе деп сұраймын мен сенен, Мойынымды оқияттан үзсең де. Беу, қараша ізім қалар қырың бар, Бұлақтар – ол мұзың жабар бұрымдар. Соңғы қалған жапырақты сен үздің, Мен де сенен үзіп алар жырым бар... ІІ Қараша соңы қар борап, Басады барлық аптықты. Тамыры бірге қарғалар, Жерінде қалған нақ құтты. Сауысқаным да сардарлар, Арттырған тегі сақтықты. Жыл құсы?

Ахат ӘШУҰЛЫ Кетіп қалды олар, Жат жұрттан алған жаттықты. Алып та кетті арбалап, Дорбалап жиған шаттықты. Қараш соңы, күз мыынау, Құяды жанға зар, уыт. Өксиді өңір мұз-қырау, Ұйтқиды боран тағы ұлып. Құлазып жатқан түз мынау, Жатыр-ау құсын сағынып. ...Көңілімді босқа бұздым-ау, Қайтемін босқа жабығып, Өз мекенімде жүрмін-ау, Қарғамен бірге тамырым… қараша 2011ж.

ҚОЙШЫНЫҢ ҚОЙЫН ДӘПТЕРІ КЕТСЕМ БЕ ҰШЫП СЕН ЖАҚҚА Жалғыз көз тірлік, жалмаңдай, Қан ішіп құмары қанғандай. Қолымдағы алтын сақаны, Жезтырнақ тартып алғандай... Күй кешемін бейуақта. Сен жақтан туған толған ай, Мен жаққа жетпей солғандай. Бейуақ, қалдым бейсауат, Құлаған ескі қорғандай... Көз салар жан жоқ мен жаққа. Өртенген жаным ормандай, Сөнбейтін шоғы қалғандай. Қызғалдақ гүлім сен құлпыр, Көңілім менің солғандай... Күй кешем қалқам, сен жоқта. Сен өскен қарлы таулардай, Қызғалдақ – ғұмыр баулардай. Бір елес қолын бұлғайды, Жалғыз үмітім қалғандай... Кетсембе ұшып сен жаққа... 5 сәуір 2012ж.

Ахат ӘШУҰЛЫ АРҚАРМЫН АУҒАН АРҚАҒА Шаңыраққа қарап елеңдер, Кереге көзді өлеңдер. Қосын тіккен қолатқа, Жарлы шайырды елеңдер. Оу, такаппар фәниім, Сені де бір сәт таниын. Зеңгірді ғана көрсетер, Борша-борша қара үйім. Ежелдің ертегі елінен, Алтайдың асқар белінен. Бабам бір тіккен байрағын, Арқаны аңсап келіп ем. Қуса да қайда құйын мұң, Туған жер тәубе! Бұйырдың. Арқармын ауған Арқаға, Өлмеймін, жұлсам бұйырғын. Жармасып боран жағамда, Сары қурай боздап санамда. Қусырып жерді барамын, Ай қасаң қалып тағамнан... 26 сәуір 2012 ж.

ҚОЙШЫНЫҢ ҚОЙЫН ДӘПТЕРІ ӨР АЛТАЙ Алтайдың ақ басынан бұлт аумайды, Ақ басынсыз еш жерді күн шалмайты. Сай-саласы таулардың садып пен дүр, Бұлақ суын шіліңгір жылта алмайды. Он үш өзен – Ана Ертіс төстен құйған, Үзілмеген қашанда көштен бұйдам. Қарағай жалды айғыр жон күдірейген, Бауырын ақайыл ғып көш жол қиған. Ермен басын изесе мұрын жарған, Бұралады бұлағы бұрымданған. Сүмбіленің жұлдызы шығар зәуге, Үр қызына ұлдайын ұрын барған. Өр Алтайды деп білем Тәңір шыңы, Мәігілік алып жатқан сабыр, тыным. Қия бетті ғашықтай құшады арша, Салмағын сазға салып самырсыны. Сам саулайды секінің мойынына, Түн тамады тік шаттың мойылына. Толқыта кірер торғын шымылдығын, Табиғат іңір қыздың қойынына. Тамыз 2012 ж

Ахат ӘШУҰЛЫ ӨЛЕҢ Бақыт та, азабым – тағы өлең жазамын, Тырнаймын ауызын асқынған жараның. Бабамның басына қойылған балбалға, Қуара сүйенген қобыздың шанағын Боздатып, Боз іңген зарына саламын. Елеңдеп ежелге құлағым, Оқият осқыра орғиды пырағым. Ғарыштың түбіне сүңгимін сәуледей, Оқыстан шамданса шашылған шуағым, Зеңгірде Жасындай шарт етіп сынамын. Көкжиек кемері күңіренген күдерім, Киеді басына батар күн шүленін. Белгісіз бағыттан бебеулеп бір әуен, Белгісіз бір дауыл салады түренін. Сосын мен Тұңғиық түніме кіремін. Тұңғиық түндерім тылсымат, Жанымды жаншыйды жаһатсыз мың сұрақ, Даланың жазамын жаралы ғазалын, Ажалдың иісі тұрса да бұрқырап.

ҚОЙШЫНЫҢ ҚОЙЫН ДӘПТЕРІ Шапқылап жүреді Тамырда жылқы жыр шұрқырап. Дауасыз дерттермен омлған, Жауапсыз қоғамға қорына тоналған. Артық-ау күйсіз бір күндерден, Қара да бойы жоқ, қарда ізі. Жалғыз дүр Пырақтың соңынан жоғалған. Бақыт та, азабым – тағы өлең жазамын, Жырыммен жерұйық жамалын табамын. Жыртылып шұлығым, тесілсін табаным, Келгенше жазамын, ақ, адал ажалым. Сол кезде түлетіп ұшырам жүректі, Мәңгілік Жыр оқып тұрады мазарым... Тамыз 2013 ж.

Ахат ӘШУҰЛЫ КЕЮ Лақса ғалам келеді тарихтың Қолтығына қыстырып ғазалдарын. Уақыт бұлдыратып жөңкілтеді, Заманның зар бүріккен тозаң заңын. Қапыда желмен ұшқан қаңбақ ғана, Бабаның паналайды мазарларын. Жылайды аспан соғып жерге басын, Өтініп тіршілікті тамамдауын. Адамзаттың көбісі аусан жасап, Айтады мұқтажы мен соған жоғын. Сенген сұңқар тұғырға саңғыған соң, Ел қайтсін, көзін жұмып, жабар жағын. Алдыға бір басудан қорқады жұрт, Көтеріп шөгір кірген табандарын. Басшың басса маңдайға масыл мөрін, Жұрт та жоқтай алмайды жоғалғанын. Абағайлап аттансаң алға бір сәт, Ешкім саған ермейді, ... Шамаң мәлім... Қыркүйек 2013 ж.

ҚОЙШЫНЫҢ ҚОЙЫН ДӘПТЕРІ БАЛБАЛДАР МЕН БАБАЛАР Тақым мен арғымақ арқасын Сынайтын сапарға тартатын. Баһадүр бабалар азық қып, Жанторсық түбінде малтасын. Асатын құланжал қырлардан, Өтетін өксіген сулардан. Кететін көз жетпес далаға, Сұлбасы созылып құмдардан. Асынып бес қару-жарағын, Тік ұстап бөрілі жалауын. Беренгі киініп бел буған, Жауының батырған баранын. Жорықтан олжасыз келмеген, Рухы ұраннан өрлеген. Аспанға толтырып шанағын, Кеңдіктен басқаны көрмеген. Бабалар рухы жанымды жебейді, Білмеймін балбалдар не дейді? Ұрпағың барады адасып, Серік қып сынық мұң, кем ойды.

Ахат ӘШУҰЛЫ Балбалдар бабалар басына, Орнаған орны жоқ қазына. Жаңғырық ойлантып тұр ане, Саңғырық айналып шашына. Балбалға бардың ба бауырым, Сезініп сары қурай сарынын. Бейуақ байғыздың балбалдан, Естіп бір көрдің бе зар-үнін? Киелі мекендер сатылып, Тарих жылайды аһ ұрып. Балбалдар күзеткен мекенді, Белуарын топыраққа батырып... 20 сәуір 2014жыл

ҚОЙШЫНЫҢ ҚОЙЫН ДӘПТЕРІ БӨРІСОҚПАҚ Іңр келсе жортады көкжал ойым, Көкжал ойдың сұлбасын созған айым. Қыр мен ойдың суырып соқпақтарын, Тағы да тауға таман қозғалайын. Соноооу тауда ұлиды көкбөрілер, (Көкбөрілер Тәңірі көкте, білем.) Түн бауырын түртемін тұмсығыммен, Бәлкім, Тәңір иісі жеткені де?! Ақпанның аңсай берем ақбасқынын, Бұрқасында шашылар шақпас мұңым. Бәлкім, ұлып, шақырып тұрған шығар, Жан серігім болатын ақ қасқырым. Сағынамын түндерді бөрі ұлыған, Ұлымайды көкжалдар торығудан. Көкпен жерді жалғайды ұлыған үн, Бөрі үнінен үнемі соны ұғынам. Бастаса белден белге бөрісоқпақ, Басталар осы сәттен шегі шоқ сәт. Түн тылсымын тағылар ұғынады, Ұлиды нені күтіп, нені жоқтап?

Ахат ӘШУҰЛЫ Бөрісоқпақ жолменен тағы кетіп барамын Несібемді азық етіп, Көкжиектен бұлдырап кетем асып, Таң мен түннің арасын жарып өтіп. 21сәуір 2014 жыл

М А З М Ұ Н Ы: Тау ұлының жырындағы тауқымет............3 I бөлім ШАМ АСТЫНАН КҮН АСТЫНА АУЫСЫП Арман.................................................................................7 Балапаны ұлардың........................................................8 Өмірге..............................................................................11 Алтайым..........................................................................12 Абай ата..........................................................................13 Әпекеме хат...................................................................14 Алыста тұр.....................................................................15 Қинама мені..................................................................16 Апа, менің түсіме кірдің бүгін.................................17 Өз үйім............................................................................19 Туған жерім Шәкүрті.................................................20 Таулықпыз.....................................................................21 «Мамыр айы, маужыраған майда түн...».............23 Ұждан...............................................................................24 Қыран өзені бойында.................................................25 Тас таңба.........................................................................27 Бұйра сағым..................................................................29 Әкеме...............................................................................30 Шындық.........................................................................31 Қиналамын....................................................................32 Ауылға серт...................................................................34 Аққу.................................................................................35 Жел айдаған жапырақ...............................................36 Бабаларға сыр немесе Атажұртты аңсау.............37 Құлазу..............................................................................39 Қара тастағы елес........................................................41 Тоналу..............................................................................43

Өмір қысы.....................................................................45 Іздеп бара жатамын....................................................46 Ғажайып жанарынан от төгіліп..............................47 Мектеп ауласында......................................................49 Еркінбектің монологі.................................................51 Көрерміз..........................................................................53 Баябандағы бөкен жыр..............................................54 II бөлім САЙЫН ДАЛАДА САҒЫМ ЖОРТҚАНДА Арман – елік.................................................................59 Құшағыңда.....................................................................60 Жаным әке....................................................................61 Гүл тағдыры..................................................................62 Қалжың...........................................................................63 Қос жұлдыз....................................................................64 Тілек.................................................................................65 Ауыл қырындағы ой...................................................66 Қағып тұрмын жүрегіңнің есігін............................67 Ғашық әнім....................................................................68 «Ғайып боп елес, алда арман...»..............................69 Ғашық болу....................................................................70 Бәрі осылай...................................................................72 «Жанымда жігердің оты бар...»..............................74 Бәрі де болма................................................................75 Сағынтпа мені..............................................................76 Қойшы жыры................................................................77 Түнгі әуен......................................................................79 Сезбеппін........................................................................80 Жанар тау бар кеудемде қалғып жатқан.............82 Тосамын қанша.............................................................83 Ауылым қайда...............................................................84 Сені көрсем...................................................................85 Дала төсіндегі махаббат............................................87 «Өзіңе жаным жолыққым келеді...».....................88 Жалғыздықпен қоштасу...........................................89

Сен жоқта.......................................................................90 Ашыныш.........................................................................91 Серт..................................................................................92 Қазіргі сурет..................................................................94 Алтын сақа....................................................................95 Үрей.................................................................................96 «Құр бекер құрып әлім қарадай...».......................97 Кірмелерге.....................................................................98 Көкжалдайын.............................................................100 Аңсау..............................................................................101 Аруақтар-ау..................................................................102 Түңілу............................................................................103 «Отарда көрдім қой бағып...»................................105 Пендешілік...................................................................106 «Бала емеспін бұл күнде асық атқан...».............107 Ауылға кетем..............................................................108 Мен жоқпын...............................................................109 Жалған..........................................................................110 «Жүр бауырым алдымен шатқал жаққа...».......111 «Сам жамырады самала сайдан...»......................112 «Сонау бір қою шатқалдан аю ақырған...».......113 Қасірет...........................................................................114 Өкінбес едім...............................................................115 Шөлдеу..........................................................................118 Іркіт................................................................................119 Жарға наз....................................................................120 Отардағы сағыныш...................................................121 Жер................................................................................122 Бердібек........................................................................123 «Ауылым менің Алтайдың дарасында...»..........125 «Тентектік көрсетпейтін бүлініп құр...».............127 Қалампыр шай...........................................................128 Ойхой, менің достарым...........................................129 Абдоллаға.....................................................................130 «Жәннатқа барам деп көлден ұшқанмын...»....131 «Сағымға мінген сал ғұмыр...»..............................132

III бөлім ҚАНЖЫҒАМДАҒЫ МАЛТАНЫ АС ҚЫЛЫП Жоқ қарау....................................................................134 Ұйқы қашқан далаға.................................................135 Құтқарушы...................................................................136 Жайлау. Балалық.......................................................137 Жайлауым менің.......................................................138 «Жан шөлі басып еңсені...»....................................139 «Тағыда бір төгілді түн сай жақтан...»...............140 «Мен кіммін?..».........................................................141 Бас..................................................................................142 «Жоққа айналғам және де сағым қайғым...»....143 «Өксікке толған жүрек бұл...»..............................144 «Үдеген өрттей...»......................................................145 «Талыға ма екен құмдар да...»...............................146 Ақ күшік.......................................................................147 «Мазарына айналған миым мұңның...».............148 Ұлыма............................................................................149 Жұлдыз сіңіп ішіме..................................................150 Жиырма бесінші қыс...............................................152 Мен мәңгілік от едім................................................153 «Жалықтырған қоғамнан тамұқ мұңға секірдім...».......................................................154 Түсімде..........................................................................155 Он бір метір.................................................................156 Құшақтап алып қыр түнін......................................157 Жебе – ғұмыр..............................................................158 Түнді сүйем.................................................................159 «Бүгін менде ой да жоқ...»......................................160 «Кешір мені туған жер...».......................................161 «Жолсерігі бөріден, қоналқасы моладан...».....162 «Күннің қызыл уын жұтып...»................................163 «Ілмегіне айдың ілініп иектен...».........................164 Тауыма кетейін..........................................................165 Мәңгілік.......................................................................166 Ғасыр.............................................................................167

Ертіс қасіреті..............................................................168 IV бөлім БАЛБАЛДАР МЕН БАБАЛАР Оянғым келмейді..............................................172 “Жүрегімде дүбірлер”......................................174 “Жел мүжіп ескірген молалар”.....................175 “Не дейін сірә саған жаным-ау”...................176 “Етегін жерге батырған ерен тауларды сағалап”.............................................177 Бір күні саған жетермін..................................178 Мен отарданмын...............................................179 “Сағымдай сүңгіп кетер ме ем”....................180 Қараша қайғысы................................................182 Байымбұлақ сағынышы..................................184 Құм сағыныш......................................................186 Жоқ іздеу..............................................................188 Соңғы рең............................................................189 Керуен жолдары................................................191 Досым....................................................................193 Қыпшақтық қымыздың иісі..........................195 Құс қанатының суылы.....................................197 Жан мен тән........................................................198 Қараша жырлары..............................................199 Кетсем бе ұшып сен жаққа.............................201 Арқармын ауған Арқаға..................................202 Өр Алтай..............................................................203 Өлең......................................................................204 Кею........................................................................206 Балбалдар мен Бабалар..................................207 Бөрісоқпақ..........................................................209

Ахат ӘШУҰЛЫ ҚОЙШЫНЫҢ ҚОЙЫН ДӘПТЕРІ Редакторы Алмагүл Ниязбекова Қате түзеуші Назерке Кәкен Көркемдеуші редакторы Айкерім Бақбергенқызы Техникалық сарапшы Ержан Жамалбаев ISBN 978-601-03-0283-9 ИБ № 65 Басуға 15.10.2014 ж. қол қойылды. Пішімі 80х100 1/32. Офсеттік басылым. Қаріп түрі “MM Academy”. Көлем 10,0 шартты баспа табақ. Таралымы 2000 дана. Тапсырыс № 65 «ҚАЗақпарат» баспа корпорациясының баспаханасы

Пікірлер (0)

Әзірге пікір жоқ.
An error has occurred. This application may no longer respond until reloaded. Reload 🗙