Думан Рамазан. Көктамыр.
Думан Рамазан
Жазылымсыз режим: 20-беттен кейін жазылым беті ашылады, әрі қарай әр 10 бет сайын (ең көбі 5 рет).
Танымал жазушы-журналист Думан Рамазанның бұл жаңа жинағына көсемсөздік һәм ғылыми-зерттеу мақалалары мен сыр-сұхбаттары топтастырылған. Кітапта өткен тарих пен бүгінгі күннің өзекті мәселелері домбыраның қос ішегіндей қатар өріліп, заман мен қоғам шындығынан ой тарқатып, сыр шертеді. Елдің бүгіні мен ертеңі, ұлттың арман-аңсары, жас ұрпақтың болашағы және тәуелсіздік туралы толайым толғаныстар мен сындарлы ой- толға
ДУМАН РАМАЗАН
КӨКТАМЫР
Көсемсөз, әдеби сын, тарихи зерттеулер
және сыр-сұхбаттар
АСТАНА-2013
КӨКТАМЫР ІSBN 978-601-292-747-4 © Рамазан Д., 2013 © «Фолиант» баспасы, 2013 Рамазан Д. Көктамыр. Көсемсөз, әдеби сын, тарихи зерттеулер және сыр-сұхбаттар. – Астана: Фолиант, 2013. — 312-бет. ІSBN 978-601-292-747-4 Танымал жазушы-журналист Думан Рамазанның бұл жаңа жинағына көсемсөздік һәм ғылыми-зерттеу мақалалары мен сыр-сұхбаттары топтас тырылған. Кітапта өткен тарих пен бүгінгі күннің өзекті мәселелері домбыраның қос ішегіндей қатар өріліп, заман мен қоғам шындығынан ой тарқатып, сыр шертеді. Елдің бүгіні мен ертеңі, ұлттың арман-аңсары, жас ұрпақтың болашағы және тәуелсіздік туралы толайым толғаныстар мен сындарлы ойтолғамдар зерделі оқырманның көкірек көзін ашып, санасына сәуле шаша ры сөзсіз. Р 19 УДК 070 ББК 76.01 УДК 070 ББК 76.01 Р 19 Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитеті «Әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару» бағдарламасы бойынша шығарылды
Бұл еңбегімді ардақты әкем
Әмірғалидың рухына арнаймын.
Автор
КӨКТАМЫР СӨЗ БАСЫ Асқақ арман жетегінде түкпірдегі туған ауылымнан сол кездегі астанамыз – Алматыға келіп, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық мемлекеттік университетінің журналистика факультетіне оқуға түстім. Бес жыл студенттік өмірдің қызық-шыжығын бастан кешіріп, аталмыш оқу орнын 1992 жылы ойдағыдай бітіріп шықтым. Үшінші курс оқып жүрген кезімде сол тұста жарық дүние есігін ашып, кейіннен белгілі себептерге байланысты жабылып қалған «Халық кеңесі» газетінің бетінде «Тақсірет» атты әңгімем (ашық ас пан астында атом бомбасын сынаудың кесірінен үсті-басы құрттап өлген жігіттің аянышты тағдыры туралы жазылған) жарық көрді. Бұл менің ауылымда болған жантүршігерлік оқиға еді... Аталмыш басылымда қызмет істеп жүрген досым Амангелді Кеңшілікұлы өзіне ұнаған сол шығармамды: «Газетке ұсынып кө рейін...» – деп қояр да қоймай алып кеткен. Таңғалғаным сол, әңгі мем газеттің ертеңгі санында жарқ ете қалды. Амангелдінің сөзіне қарағанда, газет басшылығына қатты ұнаса керек, кетіп бара жат қан бір мақаланы алып тастап, орнына салып жіберіпті. Сол күні Амангелді досым газеттің бас редакторы, атақты қалам гер Сарбас Ақтаевтың «Келіп кетсін!» деген сәлемін жеткізді. «Жазған құлда шаршау жоқ», сабақтан шыға сала редакцияға тарттым. Сарбас ағамыз иманжүзді адам екен, сондай жылы қабылдады. Қанаттандырғысы келді ме, әңгімемді асыра мақтап та жіберді: – Айтар ойың керемет, тілің шұрайлы, стилің өте жақсы екен, – дей келіп, – бізге қызметке келесің бе? – деп ұсыныс жасады сөзінің аяғында.
КӨКТАМЫР Бұндай тиімді ұсыныстан бас тартатын ақымақ емеспін ғой, бір ден келістім. Бірақ: – Бір талабым бар, – дедім. – Қандай? – деді Сарбас аға да елең етіп. – Мен журналистика факультетіне оқуға түскенде журналист бо лам деп емес, жазушы болам деп түскем. Сондықтан мені мәдениет және әдебиет бөліміне алсаңыз, – дедім ойымды ашық айтып. – Басқа бөлімде жұмыс істей алмаймын. – Мен сені түсіндім! – деді ағамыз сәл жымиып. – Әзірше саясат бөлімінде істей тұр, кейін қалаған бөліміңе ауыстырамын! Сарбас ағамыз уәдесінде тұрды, бір-екі айдан соң мәдениет және әдебиет бөліміне ауыстырды. Алғашында ол бөлімге жазу шы Нұрдәулет Ақыш жетекшілік етті, содан кейін ақын Әділғазы Қайырбеков келді. Сөйтіп, аталмыш басылым жабылғанға дейін өзімнің оң жамбасыма келетін сол бөлімде қызмет еттім... Менің журналистік қызметім осылай басталған еді. Аттай алты жыл сол газетте қызмет істедім. «Халық кеңесі» бірте-бірте жотажалы күдірейген өте мықты, азулы басылымға айналды. Ел арасын дағы абырой-беделі де күн санап өсе берді. Соған тамшыдай болса да үлес қосқанымды сол кезде де мақтан тұтатынмын, әлі де ол ойым нан еш айныған жоқпын. Газет ұжымы ел ішіндегі күрделенген мәселелерді ашық айтып, шешімін таппаған проблемаларды жеріне жеткізе көтере білді. Со ның да ықпал-әсері болды ма, кім білсін, әйтеуір аяқ астынан үкімет тің шешімімен жабылды да қалды. Содан кейінгі журналистік қызметім «Қазақ әдебиеті» газетінде жалғасты. Онда да абыройлы еңбек еттік қой деп ойлаймын. Қолдан келгенше халық пен қаламға адал болуға тырыстық. Көбінесе ұлттық мәселелерді көтеруге күш салдық. Ұлттың сойылын соғуға, халық тық ойын айтуға тырысқанымыз рас. Сөйтіп, он шақты жылдай уақытым сүйікті «Қазақ әдебиеті» газетінің қабырғасында өтті... 2005 жылы белгілі бір себептерге байланысты аталмыш басылым нан кетуге тура келді... Осылай менің журналистік қызметім аяқтал
КӨКТАМЫР ды... Көңілге медет болатыны, қазақ журналистикасында түйірдей болса да із қалдырдым ғой деп ойлаймын. Соның дәлелі – осы кітап... Сол кездегі біз көтерген мәселелер бүгінгі күні де мән-маңызын жоғалта қойған жоқ! Шетін проблемалар әлі де толық шешімін тап ты деп және айта алмаймын. Ендеше, бұл кітаптың да өз оқырма нын табатынына бек сенімдімін. «Көктамыр». Заты жаңағындай болғанда, аты неге бұлай қойылған деп ойлауларыңыз мүмкін. Оған да жауап бере кетейін. Көктамыр – адам мен жануар ағзаларының қанды мүшелер жүйесінен жүрекке келетін қан тамыры. Егер сол көктамырлардың біреуі толыққанды жұмыс істемесе, жан-жануарлардың денсаулығына орасан зиян келіп, үлкен азап шектірері бәсенеден белгілі. Бұндай кеселдің алдын алма са, уақытында емдеп-домдамаса, оның ақыры жақсылыққа апарып соқтырмасы анық. Ұлттың да бойына қан жүгіртер өз көктамырлары болады. Егер олар да өз қызметтерін толыққанды атқара алмаса, ұлт ешқашан кемелдене алмайды. Ал сол ұлттың көктамырлары нелер және ұлы халқымыздың тәні мен жанының сауығуы үшін не істеу керек? Оған жауапты осы кітаптан табасыз. Ендеше, іске сәт, оқыңыз! Автор
ЗАМАНА СЫРЫ .
КӨКТАМЫР ҚАНДЫ ҚЫРҒЫН Тарих сахнасына Ұлы Дала деген құдіретті атпен енген қасиетті қазақ даласы ықылым замандардан бері әлемді дүрліктірген небір айтулы оқиғалар мен аласапыран кезеңдердің тілсіз куәсі болып, шежірелі жұмбақ сырын ішіне бүгіп, мүлгіп, мелшиген қалпында ұрпақтан-ұрпаққа ауысып, асыл мұра ретінде халқымыздың енші сіне тиіп отыр. Ата-бабаларымызға қасиетті мекен, құтты қоныс болған осы нау кең-байтақ қазақ сахарасы кімдердің көз құртын жеме ген, көкейін теспеген?! Атын ойнақтатып, қылышын жалаңдатып, мылтығын кезеніп кімдер келмеді дейсіз бұл жерге?! Жасанып келген жатжұрттықтардың барлығы да жергілікті халықтың қанын судай шашып, ұлдарын қорлап, қыздарын зорлаған. Еңкейген қарттан еңбектеген балаға шейін жазасыз қалдырмай, қанды шеңгелін ая май-ақ батырған. Асқан, атқан... Қазақ даласындағы сондай қанды оқиғалардың бірі – 1918 жылғы мамыр айында Ресейде тұтанып, бір жағы Қазақстанды шарпыған Азамат соғысы. Осындай өлара шақ, талмауыт тұста қара халыққа бүйідей тиіп, қазақ жерін қан сасыған мүрделерге толтырған қан дықол қарақшылардың бірі – атаман Анненков. Қазіргі таңда Қазан төңкерісі мен Азамат соғысы туралы қымқиғаш пікірлер айтылып, әр түрлі көзқарас-пайымдар жасалып жүр. Біз бұлардың қайсысы дұрыс, қайсысы бұрыс екенін талдапталғамаймыз. Өзімізше тон пішу де ойымызда жоқ. Тек біздің ең бас ты мақсатымыз – қанішер атаман Анненков пен оның шаш ал десе бас алатын баскесер жендеттерінің жазалау жорықтары туралы
КӨКТАМЫР
айтылмаған ащы шындықты жарыққа шығарып, ел тарихындағы
ақтаңдақтардың орнын толтыруға тамшыдай болса да үлес қосып,
қаламгер ретінде атсалысу.
Жалпы, Анненковты Кеңес өкіметі Қытайға қашып кеткен жері
нен ұстап әкеліп, Семей қаласында соттағаны тарихтан мәлім.
1927 жылғы 26 шілдеден 12 тамызға дейін Семейдегі драма театры
ның ғимаратында өткен соттың барысы жөнінде сол кездері шығып
тұрған мерзімді басылымдар тікелей репортаждар мен кеңейтілген
есептер жариялап, куәлердің сөздерін, соттың протоколдарын толық
күйінде беріп отырыпты. Міне, біз осы тасқа басылған тарихи де
ректерге сүйене отырып, Анненковтың қазақ даласына жасаған жаза
лау жорықтарын сөз етпекпіз.
Оқырманға түсініктірек болу үшін айта кетелік, Борис Анненков
1890 жылы Киев қаласында дүниеге келген. Ол болашақта қанды
қол қарақшыға айналарын болжап-білмесе де, әскери өмірге, соғыс
өнеріне ерте бастан машықтанады. Оның өзіндік себебі де бар.
Өйткені әкесі Владимир полковник шеніндегі әскери адам бола
тын. Ол өзі отставкаға шықса да, ұлының өз жолын қууын қалап,
сегіз жасында Одессадағы кадет корпусына оқуға береді. Оны 1906
жылы тәмамдаған Борис Анненков онан соң Мәскеудегі Александр
атындағы әскери училищеге түсіп оқиды. Бір қызығы, Анненковтың
алғашқы әскери өмірі Түркістанда басталып, одан Көкшетауда
жалғасады. Бұл – 1908-1914 жылдардың аралығы.
1914 жылы Бірінші дүниежүзілік соғыс басталған кезде Мәскеудің
бұйрығы бойынша Анненков майданға жіберіліп, 1915 жылдың
күзінде 150 адамнан тұратын партизан отрядының командирі болып
тағайындалады.
Ақпан төңкерісі кезінде Анненков майдан даласында еді. Ол
Николайдың тақтан құлатылғанына онша қынжыла қоймайды.
Себебі, оның айтуынша, «Николай әйелінің айтқанынан аса ал
майтын босбелбеулеу патша» еді. Соғыстағы сәтсіздіктер мен тыл
дағы бейберекеттіктердің барлығы «қолынан іс келмейтін, қабі
летсіз патшаның» кесір-кесапаты деп ұққан Анненков Николай
құлатылғаннан кейін құрылған Уақытша үкіметке үлкен үміт арт
КӨКТАМЫР
ты және жаңа үкіметтің берген уәдесі бойынша «Ресейді күйреу
ден аман сақтап қалу үшін халықты ашса алақанында, жұмса
жұмырығында ұстайтын жаужүрек, ер патшаның» таққа отыру
ын қалады әрі «төңкерістен кейін шақырылатын құрылтайда жаңа
патшаның сайланатынына» сенді. Алайда Ақпан төңкерісі Қазан
төңкерісіне ұласып, Ресейдегі жағдай Анненков ойлағандағыдан
мүлде өзгеше сипат алғаны тарихтан белгілі.
Қазан төңкерісінен кейін бар билікті қолдарына алған Кеңес
өкіметінің «Қаруыңды тапсырып, әскеріңді тарқат» деген бұйры
ғын «жүре тыңдаған» полковник Анненков «қалған-құтқан» шағын от
рядымен (Сібір казак дивизиясының бір эшелонымен) 1918 жылы
наурыз айында бүкіл Батыс Сібірдің орталығы – Омбы қаласына ке
леді. Омбы Кеңесі де Анненковтан әскерін тарқатып, Кеңес өкіме
тіне бағынуды талап етеді. Бірақ астамшыл полковник оған да құлақ
аса қоймайды.
Бір қызығы, Анненков алғашында Кеңес өкіметіне де теріс қа
рамайды. Архив деректеріне қарағанда, ол Самар қаласында жүрген
кезінде қызылдармен қосылып ереуілге де шыққан көрінеді. Бірақ,
Омбыға келісімен Анненковтың көңілі бұзылып, Кеңес өкіметіне
қарсы ашық күреске шығады.
Сот барысында прокурордың:
– Кеңес өкіметіне неліктен қас болдыңыз? – деген сұрағына Ан
ненков:
– Біз Герман соғысында жүргенде Уақытша үкіметтен келген на
сихатшы «Кеңес өкіметі – казак-орыстардың қас дұшпаны, казак-
орыстардың тұқымын тұздай құртпақшы» деген соң, Кеңес өкіметі
нен жасқанып, казак-орыс жұртшылығын сақтау жолында оған қар
сы шықтым, – деп жауап берсе, ал сот мүшесінің
– Уақытша үкіметке бүйрегің неге бұрды? – деген сұрағына:
– Ол уақытша үкімет болды және құрылтай жиналысын шақы
рады ғой деп ойладым, – дейді.
1918 жылдың алғашқы айларын Омбы маңындағы елді мекендер
де өткізген Анненков жасағын жаңадан қосылған тың күштермен
толықтырып алады да, қолтығына су бүркіп, қаржы-қаражатпен
КӨКТАМЫР қамтамасыз еткен жергілікті «қалталы» мырзалардың қолдауымен Омбыға бірнеше мәрте шабуыл жасайды. Осындай кішігірім ша буылсымақтарының бірінде анненковшылар Омбы казак-орыс шіркеуіндегі «Жармақ» және «Роман үйінің 300 жылдығына арнал- ған казак-орыстың соғыс туы» атты байрақтарын тартып әкетеді. Со дан аз ғана адам мен тоғыз казак-орысты ерткен Анненков ізін жасы ру үшін бұрынғы таныс өлкесі – Көкшетауға қарай жылжиды. Аз уақыттан соң қайтып оралған Анненков Омбы қаласынан бірнеше шақырымдай жерде орналасқан Мельничной станциясы на орнығып, отрядын Кеңес өкіметіне қарсы ашық күреске шық қандармен толықтырып алады. Кейбір еріктілер оның қатарына қару-жарағымен келіп қосылады. Ал құр қол келгендерін қару-жа рақпен қамтамасыз ету керек болады. Бұл жағынан Омбыда астыр тын жұмыс жүргізіп жүрген «Он үш» деп аталатын төңкеріске қарсы ұйым көмектеседі. Олар қаладағы әскери қоймаға шабуыл жасап, өздері олжалаған қару-жарақтың бәрін Анненковтың бір-екі айдың ішінде жасақтап алған екі жүз адамдық шағын отрядына «сыйға» тартады. Осындай «сәттіліктерді» тиімді пайдаланып, өзінің әскерін қару-жарақпен толық қамтамасыз етіп алған Анненков ендігі кезекте Кеңес өкіметін құлатуға бағытталған кең көлемдегі іс-әрекеттерді ойластыра бастайды. Осы мақсатпен Омбыдан жүз шақырымдай қашықтықта орналасқан Есіл-көл қаласында тұрған чех отрядын ар найы іздеп барып, оның командирі капитан Чанушпен келіссөздер жүргізе бастайды. 1918 жылдың маусым айында Чехословак корпусының бүлігінен кейін керітөңкерісшіл күштердің басып алуына байланысты Семей де, Павлодарда, Омбыда, Ақмолада Кеңес өкіметі құлап, билік Сібір Уақытша үкіметінің қолына көшеді. Омбыдағы жағдай күрт өзгеріп, билік тізгіні генерал Болдырев бастаған Уақытша үкіметке тигенін естігенмен, әліптің артын баққан Анненков оның мән-жайын анықтағанша Есіл-көлде жайғасып жа тып алады. Ақыры алға қойған мақсаттары бір арнада тоғысып жатқандығына көзі жеткен Анненков олармен тез арада тіл табы сып, отрядымен осы үкіметтің қарамағына өтіп, бір-екі күннің ішінде
КӨКТАМЫР әскерінің санын мыңға жеткізіп алады. Көп кешікпей Уақытша үкіметтің тапсырмасымен Орал майданындағы Қызыл Армияға қар сы соғысқа аттанады және сонымен бірге тылдағы еңбекшілерді басып-жаншуға бағытталған қанды жазалау жорықтарын жасайды. Ескі тәртіпті орнатпақ болған Уақытша үкіметтің шектен шыққан зорлық-зомбылықтарына наразылық білдірген Омбы маңындағы елді мекендердің еңбекшілерін аяусыз жазалауда ерекше көзге түс кен Анненковты әрдайым Сібір үкіметі әр жерде бой көрсете бастаған қарулы көтерілістерді басып-жаншуға да жіберіп отырады. Ал «соғыс тәжірибесі мол» офицер ретінде Анненков өзіне берілген тапсыр маларды «асыра» орындап, жүріп өткен жерінің астан-кестеңін шығаратын болған. Ол туралы «Қазақ тілі» газетінде (28 шілде, 1927 жыл) мынандай дерек-дәйектемелер бар: «Чехтарға қосылып, Сібір де Кеңес өкіметін құлатып, байлардың, патшашылдардың мерейі үстем болды. Жұмыскер қара шаруаларды қыра бастады. Анненков Орал майданынан барғанда қанша Орал өндіріс орындарындағы жұмыскерлерді кескіледі, атты. Сібір үкіметі Анненковтың ерлігіне сүйініп, қай аудан мазасыз, төңкерісшіл, Кеңес өкіметінің иісі шықса, оны сонда жұмсады. Ол барған жерінің ойран-ботқасын шығарды. Керітартпалардың қылығына шыдай алмай, көтеріліс жасаған шаруалар қозғалысын Анненков басты. Мыңдаған адамдардың қанын судай ағызып, қалаларды өртеді. Мүлікті талауға түсірді. Қатын, қыздарды зорлады. Бесіктегі балаларды найза ұшына түйреп лақтырды. Қолға түскендердің тілін суыру, көзін ою, жон терісін тірідей сыпыру, адамдарды тірідей көму Анненковтың жендеттеріне ойын сияқты көрінді». Сондай-ақ, «Қазақ тілі» газетінде (26 шілде, 1927 жыл) жарияланған «Айуандық пен жауыздықтың туы» деген тағы бір мақалада қанішер Анненков пен оның қандыбалақ жендеттерінің қалың бұқараға жасаған қиянат-зұлымдықтары жөнінде адам жанын түршіктіретін мынандай мәліметтер бар: «Анненковшылар кісі өлтіріп, қинаудың екі түрлі тәсілін ойлап шығарған. Оның бірі – Кеңес өкіметіне тілек- тес деп күдіктенген еңбекшілерді бірден шапқылап өлтірмей, әуелі қолын кескен, сонан соң ішек-қарнын ағызып, көзін ойып алған.
КӨКТАМЫР Ал екінші тәсілі бұдан да жаман – бесікте жатқан жас нәрестені мылтықтың найзасымен түйреп алып, пештегі жанып тұрған отқа лақтырған». 1918 жылы қыркүйек айында Омбы губерниясына қарасты Слав город уезінде Уақытша үкіметтің жастарды армияға шақыру жөнін дегі бұйрықтарына және тағы да басқа озбырлық әрекеттеріне бай ланысты қарсылық білдіріп, қарулы көтеріліс ұйымдастырып, сол елді мекендердегі билікті өз қолдарына алған еңбекшілерді басыпжаншуға тағы да Анненков отряды жіберіледі. Сот барысында куәлердің айтуынша, анненковшылар жазалау жорықтарын көтерілісшілердің штабы орналасқан Черный Дол деген шағын поселкеден бастайды. Поселкеге келе салысымен от қойған баскесер жендеттер қолдарына түскен шаруаларды бала-шағасымен асып-атып, азаптап өлтірген. Көздеріне көрінген қыз-келіншектерді зорлап қана қоймай, «істерін тындырып, шаруаларын бітіргеннен» кейін атып кетіп отырған... Поселкені түк қалдырмай өртеп, хал- қын қырып-жойып «көңілі жайланған» Анненков көтеріліске қатысы бар деген сол маңайдағы Павловка, Талкунова және Подсосновка сияқты селолардың да тұрғындарына қанды шеңгелін аямай салып, құлақ естіп, көз көрмеген озбырлықтарын бұларда да қайталайды. Екі ұрты қанға толып, көзі қарайған Анненков отрядымен 11 қыр күйек күні Славгород қаласына келіп кіреді. Уезд орталығы сана латын осынау шағын қалада 10 қыркүйек күні Уақытша үкімет пен Анненковтың жазалау жорықтарына қарсы 400 делегат қатысқан уездік шаруалар құрылтайы өткен болатын. Баскесер жендеттер келе салысымен қанды шеңгелін осы құрылтайға қатысқан деле гаттарға салады. «Халық өкілдеріне ешкім де тиісе алмайды» деген делегаттардың үміттері ақталмай, қапыда қалады. Анненков олардың барлығын тұтқынға алып, Халық үйінің қарсы жағындағы алаңда кескілеп өлтіруге бұйрық береді. Алғашқы күні-ақ 500 адамды азап- тап өлтірген анненковшылар қала тұрғындарын кәрі-жасына қара май қызыл қанға бояп, жұрттың үрейі ұшатын небір зұлымдықтар- ды істейді. Осы қанды оқиғаларды өз көзімен көрген Теревилов дейтін азамат сот мәжілісінде былай деп мәлімдейді: «Черный Дол
КӨКТАМЫР ды тып-типыл қылған соң Анненковтар Славгородқа беттеді. Ол кез де Славгородта бұларға қарсы тұратын ешбір қарулы әскер жоқ еді. Бұларды көп шаруалар күтіп тұр еді. Олар келісімен әлгі шаруалар ды ұрып-соғып, ұстап алып, кескілей бастады. Отряд қаланың жанжағын тегіс қоршап алып, көңілі түскен адамды түк қоймай, түгелі мен кескілеп өлтірді. Съезд делегаттарынан 80 кісіні ұстап алып, сол сәтінде жоқ қылды. Менің өз көзімше 34 кісіні өлтіріп, келесі күні 47 кісіні біржолата жер жастандырды. Одан әрі Анненков сұрақ алған кісілерінің бірнешеуін өзі атып өлтірді. Біздің білуімізше, олар өлтіргендердің саны – бір мың алты жүз алпыс жеті адам. Бұдан басқа біздің поселкеде әйел зор лау ісі де көп болды. Черный Долда он әйелді зорлаған. Оның ішінде 13 жасар қыз да бар. 42 нөмірлі поселкенің (неміс поселкесі) барлық әйелдерін зорлаған» («Қазақ тілі», 1927 жыл, 29 шілде). Куәгер Антон Орлов та мұндай қанды оқиғалардың болғанды ғын айта келе, сөзінің аяғын былайша түйіндейді: «...Біздің қалаға алғаш келген күні анненковшылар жолаушылар тоқтайтын сарай лардағы мұжықтардың бәрін бір жерге жиып алды. Сол жерде сот сыз-тергеусіз 40 кісіні атып тастады. Ал қалғандарының бәріне дүре соғып, қала сыртына қинап өлтіруге алып кетті. Тұтқындарды меже леген жеріне алып барған соң өз көрлерін өздеріне қаздырып алып, шетінен домалата бастады. Осы күні Славгород қаласының сыртындағы төбешікте сол тірідей көмілген адамдардың моласы бар» (Бұл да сонда). Міне, осыдан-ақ анненковшылардың Славгород уезінде қаншалықты дәрежеде ойран салғанын анық байқауға болады. Көтерілісшілерді аяусыз басып-жаншып, Славгород қаласында қанды сойқан салған Анненков Сібір Уақытша үкіметінің Соғыс министрі П. Иванов-Риновқа Славгород уезінің тұрғындары Омбы үкіметінің билігін мойындағанын және әскер қатарына бірнеше мың еріктілер қосылғанын мақтанышпен хабарлайды. Жүктелген тап сырманы «ойдағыдай» орындағаны үшін Анненковқа генерал-ма йор атағын беруді ұсынып шүленсіген П. Иванов-Ринов оған өті ніші бойынша өз есімімен аталатын 10 мың адамдық әскер жасақ-
КӨКТАМЫР тауғада рұқсат етеді. Көп ұзамай-ақ Уақытша үкіметтің жәрдемі мен «Атаман Анненковтың партизандық дивизиясы» деп аталатын оның әскери құрамасы жасақталады. Сібірдің барлық территориясында билікті қолдарына алған Уақытша үкімет Семейге де өздерінің губерниялық, уездік комис сарларын тағайындап, жергілікті болыстық басшылықты қайта құрады. Сонымен бірге бұрынғы патшалық тәртіпті қалпына келті руге тырысып, террорлық режим орнатады. Семей облысының еңбекшілері де Уақытша үкіметтің осындай озбыр саясатына қарсы наразылық білдіріп, қарулы көтерілістер ұйымдастыра бастайды. Оларды басып-жаншуға Омбының әскери өкіметі тағы да кәнігі қанішер Анненковты жіберуді ұйғарады. Сөйтіп, Славгород уезінде талай отаудың шаңырағын опырып ор тасына түсірген Анненков партизандық дивизиясымен 1918 жылы қазан айының басында Семей қаласына келеді. «Оның әскерінің құрамында бақайшағына дейін қаруланған бірнеше полктармен бірге жеке атқыштар батальоны және артиллериялық дивизион бар еді. Тіпті олардың қарамағында ауыр автомобильдер мен пароход- тар да болды. Ал осындай күшті Анненков әскерінің басты ұрандары мынандай болған: «Бізге ешбір бөгет жоқ, құдай және атаман Аннен- ков бізбен бірге! Кес оңды, кес солды! Тала, ұр, өрте, өлтір!..» («Қазақ тілі», 1927 жыл, 23 шілде). Сондай-ақ, Анненков отрядының өзде ріне ғана тән ерекшеліктері де болған. Олар өзара тұспалмен сөй- лесіп, өздерінше әр нәрсеге жұмбақтап белгі қойып алатын болған. Ұрандары «Құдай және атаман Анненков бізбен бірге» болса, ерек ше белгілері – адамның бас сүйегі мен оған айқастырылған қос сүйектен жасалған крест таңбасы. Семейге келісімен анненковшылардың аты кісі өлтіріп, әйел зор лаумен шығады. Қылыштарынан қан тамған олар естіген адамның жанын түршіктіретін неше түрлі сұрқия зұлымдықтарды бұнда да істейді. Жазықсыздан-жазықсыз талай жанды асып-атады. «Та лай адамды ұрып-соғып, Семей абақтысына апарып қамайды және ондағы тұтқындардың күн сайын қас қарайсымен отыз шақтысын іш киімдерімен атып өлтіріп, суға ағызып жіберетін» болған (Бұл да
КӨКТАМЫР сонда). Сонымен бірге анненковшылар Семей облысына қарайтын басқа да елді мекендердің тұрғындарына құтырған қасқырша тиіп, қан қақсатады. Сот барысында олардың қазақ ауылдарына жасаған «қанды жор туылдары» жөнінде ондаған куәлер сөз алып, өздеріне көрсеткен жәбір-жапаларын баяндайды. Олардың бәріне жеке-жеке тоқталып жату мүмкін емес және қажеті де шамалы. Сондықтан сол аласапыран кезеңнің шындығын толықтай ашып бере алатын кейбір куә сөз дерге ғана тоқталып, қысқаша үзінділер келтіргенді жөн көрдік. Семей облысы Дос болысының ІІ ауылының тұрғыны Самарқан Әбділмәжінұлы дейтін куәгердің айтуынша, Николай заманында тілмаш болған Димитрий Шпалов деген орыс байы оған: «Жеріңді маған бер», – деп қоқан-лоққы көрсеткен көрінеді. Сүмесін еміп, күн көріп отырған ұлтарақтай жерінен айырылса жаны қоса шығатынын жақсы білетін ол келімсек байдың орынсыз талабынан бас тартып, буынсыз жерге пышақ ұрмауын өтінеді. Қара шаруаға сөзін өткізе алмай ашуға булыққан Шпалов мырза оны өздерінің «әмірі күшті қамқоршысы» – Анненковқа жамандап барады. Атаман Арқат ауылына келген кезінде арнайы он төрт солдатын жіберіп, Самарқанды інісімен бірге шақыртып алады да: «Сендер больше виктер қатарында болған екенсіңдер. Онымен қоймай Шпаловқа қарсы келіп, жерлеріңді бермепсіңдер... Мен сендердің көздеріңе көк шыбын үймелетейін...» – деп, Чеслов деген әскер басшысына айтып, екеуіне қамшымен 25 мәрте дүре соқтырады. Анненков онымен де тынбай, әбден дүрелетіп болған соң оларға: «Қыстаудағы шөптеріңді үш күннен қалдырмай біздің әскердің атына тасып бересіңдер», – деп тапсырма береді. «Бастан құлақ садақа» демекші, қанішер атаманнан аман-есен құтылғандарына мәз болған олар боранның екілене соғып тұрғанына қарамастан, жаз бойы арқа еттері арша, борбай еттері борша болып жинаған барлық шөбін үш-ақ күнде жанталасып тасып береді. Бірақ Анненков оларды одан кейін де жеті күн тұтқында ұс тап, зорға босатады. 1919 жылдың мамыр айында Анненков Самарқанды Арқаттағы коменданты арқылы телеграмма беріп, Үржарға шақыртады. Бірақ ол онда бармайды. Бас сауғалап Семейге қашып кетеді... 2-0113
КӨКТАМЫР Артынша өзі де ауылға ат басын тіреген атаман Самарқанды та уып бермедің деп, оның Байсұлтан дейтін інісін азаптап өлтіреді. «Көрсеткен азабы мынау: әуелі қолын кескен, онан соң көзін ойған. Сонан соң өкпесіне қылыш сұққан. Соңынан басын қылышпен ша уып өлтірген» («Қазақ тілі», 1927 жыл, 26 шілде). Анненковшылар еркектерді ғана жазалаумен тынбай, қыз-ке ліншектерге де қырғидай тиіп, абыройларын айрандай төгеді. Бұл жөнінде куәгер Тайжан Мұхамедиұлы былайша мұң шағады: «1918 жылы күздікүні Анненковтың отряды біздің Қорғанбай ауы лына келіп, Қасен Байке баласының қызын зорлықпен тартып алып, Ащыкөл бекетіне апарады. Онда Анненковтың барлық солдаттары білгендерін істеп, рәсуалап, 20 күндей ұстап тұрды. Ол әйел соның зардабынан өліп кетеді. Бұдан басқа да көрсеткен жәбір-жапасы көп. Барлық азық-түлі гімізді тартып алып, малымызды айдап, ауылымызды шауып кетті... Анненков отрядының бастықсымақтары – Налученко, Селеванов, Теляков дегендер қит етсе дүре соғып, көңілі сүйген қыз-келіншек терді алып-кетіп жүрді» («Қазақ тілі», 1927 жыл, 26 шілде). Куәлердің айтуларына қарағанда, анненковшылар Аягөзге келген де қаланың тең жартысын өртеп, 800-ге жуық адамды асып-атқан. Троицкіде 100 еркекті, 17 әйелді және емшектегі 7 баланы өлтіріп, селоның өзін түк қоймай өртеп жіберген. Ал Семей қаласынан 50-60 шақырымдай жерде орналасқан Знаменка селосына ат ізін салғандарында қандыбалақ жендеттер жергілікті тұрғындардың бірін қалдырмай бауыздап кеткен («Қазақ тілі», 1927 жыл, 23 шілде). Қысқасы, анненковшылар жүріп өткен жерлерінде елді мекендердің тұрғындарын қырғынға ұшыратып, мал-мүліктерін олжалап кетіп отырған. Семей облысында олар қанды ізін қалдырмаған ірі елді мекендер кемде-кем. Сондай-ақ, куәгер Довня анненковшылардың қолдарына түскен тұтқындарды мейлінше жанын қинап, азаптап өлтіруге құмар болғанын тілге тиек етеді. Енді жоғарыда сөз еткен қанды оқиғалардың қоспасы жоқ шындық екенін дәлелдейтін «Қазақ тілі» газетінде жарияланған сот
КӨКТАМЫР протоколынан, яғни прокурордың Анненковтан алған жауап тарынан қысқаша үзінді келтірейік: «...Прокурор: – Сіздің адамдардың әйелдерді зорлағаны өзіңізге мәлім бе еді? Анненков: – Иә, мәлім еді. – Славгород уезінде бір поселкенің өртенгені рас па? – Рас, өртенді. – Қара халықты дырау қамшымен дүрелегендеріңіз рас па? – Иә, рас. Ол Семейде болды. – Сіз 1918 жылы Семейдің өзінде ғана болдыңыз ба? – Жоқ, Аягөз, Кереку сияқты аудандарды араладым. – Біреулерді қамап, біреулерді асып-атып, енді біреулерді азаптап, жерге тірідей көмгендерің рас па? – Иә, бұл болған» («Қазақ тілі», 1927 жыл, 29 шілде). 1918 жылы Семейге Анненковтың атышулы «азап вагондары» келе бастайды. Куәлердің айтуынша, бұнда түскен тұтқындардың біренсараны болмаса, көпшілігі тірі шықпаған. Қанішер жендеттердің қолдарынан мерт болған немесе аштық пен суықтан қырылған. Бұл туралы «азап вагонының» дәмін татып, ондағы адам төзгісіз қиыншылықтарды бастан өткерген Сәкен аға (Сәкен Сейфуллин) өзінің «Тар жол, тайғақ кешу» атты өмірбаяндық романында анық та қанық жазған ғой. Бұл кітап көзі қарақты оқырмандарға етене та ныс болғандықтан, онда суреттелетін оқиғаларға қайыра тоқталып жатудың қажеті болмас. Дегенмен, аузын арандай ашқан бұл «өлім ва гондары» туралы «Қазақ тілінде» жарияланған «Большевиктер қалай өлді?» деген мақалада бірсыдырғы мәліметтер бар: «1918 жыл. Күз. Күн суықтау. Жер қатайын деген. Семейдің ат-арба тоқтайтын стан циясында тауар тиейтін бірнеше вагон тұратын. Солардың арасын да адамдар жататын вагондар да бар еді. Оларға пеш жағылмайтын. Іші өте суық болатын. Тым-тырыс, ешбір дүбірсіз тұратын. Анда-сан да ғана күбір-күбір сөйлескен адамдардың даусы шығатын. Міне, осы вагондарда алты күннен бері нәр татпай большевиктер қамалып жатқан еді.
КӨКТАМЫР Ал тағы бір вагондардағы көңіл-күй мүлде басқаша болатын. Жы лы. Ішіндегі адамдар тойып секіріп жүр. Ішкендері арақ. Ондағылар кері төңкерісшілдіктің «батырлары» Анненков пен Сидоровтар еді. Сол күні қамаудағылардың біреуінің қатыны сол вагондардың жа нына келіп көп тұрды. Бір уақытта атаман шығып еді: «Байымды босатыңыз», – деп жалы нып, аяғына жығылып, бас ұрып сұранды. Атаман дедектетіп апарып, шұңқырға итере салды да, жауабын бір-ақ берді... Түн еді. Тым-тырыс. Ешбір дыбыс жоқ еді. Бір уақытта темір кү ректің даңғырлаған даусы шықты. Біреудің тағдыры біткендей болды. Көр де даярланды. Атаман жатқан үйден мас адамның даусы шықты. Өлең айтып шат танып жатыр екен. Әбден масайрап, ішіп болғаннан кейін анненков шылар вагондағы большевиктерге келіп, шешіндіре бастады. Әбден шешіндіріп болғаннан кейін көрге алып келді. Мылтықтардың шаңқ еткен дауыстары жамырай шықты. Боль шевиктер көрге құлады. Күрек даусы қайтадан шығып, өлген боль шевиктерді тепкілеп көме бастады» («Қазақ тілі», 1927 жыл, 26 шілде). Міне, Анненковтың «азап вагонында» болған адамдардың тағ дырлары көбінесе осылай аяқталып отырған. «Азап вагонын да» сан алуан зорлық-зомбылықтардың болғандығын және ондағы тұтқындар ешбір тергеусіз, өз бұйрығымен атылып отырғандығын сот барысында Анненковтың өзі де мойнына алады («Қазақ тілі», 1927 жыл, 3 тамыз). 1918 жылы қазан айында Анненков пароходпен Өскемен қала сына келеді (Ол кезде Өскемен уезі Семей облысына қарайтын). Оның негізгі мақсаты Өскеменде казак-әскери бөлімдерінің қалай құрылып жатқанын тексеру, қаладағы Кеңес өкіметінің белсенді ұйымдастырушылары және большевиктер мен қызыл әскерлер тұтқындалған түрменің «хал-жайын» өз көзімен көріп, «көңілін жай ландырып» қайту еді. Қаладағы билік тізгінін толық өз қолдарына алып, қарсыласқан адамдарды қырып-жойып, көпшілігін абақты ға тоғытқан ақгвардияшылар Анненковты сән-салтанатпен қарсы алады. Шіркеу қоңыраулатып, саудагерлер ақшаларын аямай-ақ
КӨКТАМЫР шашып, атаманның келуін үлкен мерекеге айналдырады. Тіпті тұтқындар жатқан абақтының ішін айнадай жалтыратып, сыртын мұнтаздай қылып тазалатып қояды... Қызық пен судай төгілген арақ қа «белшесінен батқан» Анненков жандайшаптарымен бірге кешке таман тәлтіректей басып, дәлдірлей сөйлеп түрмеге келеді. Қанды- қол қарақшы сапта тізіліп тұрған әскери тұтқындарға жақындап келіп, бас-көз демей шетінен ұра бастайды... Оннан аса тұтқынды өлімші қып соққыға жыққан атаман олардың ішінен отыз адамды іріктеп алады да: «Бұларды Семейге апарып, циркте көрсетеміз», – дейді кекесінмен... Тұтқындардың ішінде оқ тиіп, ауыр жараланған Өскемен уездік партия комитетінің және жұмысшы, шаруа, қазақ депутаттарының уездік Кеңесінің алғашқы төрағасы, жиырма алты жасар Яков Васи льевич Ушанов та бар еді. Өз аяғымен жүруге шамасы келмеген оны қандыбалақ жендеттер зембілмен алдыртып алып, пароходтың от жағатын жеріне әкеліп, суланған киізге орап, лапылдап жанып тұр ған пештің ішіне тірідей лақтырып жібереді... «Бәрімізді солдаттармен қоршалап, пароходқа алып келіп, астыңғы бөлмесіне кіргізді. Асты шылқылдаған су екен. Отыруға да мүмкіндік болмады. Тоңып, қалшылдап, тісіміз тісімізге тимей сақылдап кетті. Табанымыздан сыз өтті, – дейді сол бір азапты күн дердің тірі куәгері П. Самбурский кейіннен өз естелігінде. – Паро ход сызып жүріп кетті. Бізге Анненков тағы келіп, қолымен бас-көзге қарамай ұра бастады. Қолы талғаннан кейін қамшы әкелуге бұйыр ды. Кеудемізге өткір қанжар қойып, қамшымен жосылта бастады. Егер сәл қимылдап кетсең, қанжар кеудеге тырс етіп кіріп кеткелі тұр». Міне, осылай тұтқындарды жол бойы ұрып-соғып, көрмегенде рін көрсетіп, Семейге алып келеді де, станцияда тұрған «азап вагондарының» біріне қамап қояды. Бұнда бұлар ас-сусыз, арыпашып он шақты күн отырады. Қазан айының 24-і күні баскесер атаман мен оның жендеттері әлгі тұтқындарды Ертіс өзенінің жағалауына алып барып, орлар қаздырады да, шетінен атып тастайды. «Қырық жыл қырғын болса да ажалды өледі» демекші, бұдан сәті түсіп, осы отыз тұтқынның бірі –
КӨКТАМЫР П. Самбурский ғана аман-есен қашып құтылады («Қазақ тілі», 1927 жыл, 29 шілде). Атаман Анненков Семейде өз әскерін қайта жасақтап, толықты рып алу мақсатымен неше түрлі айла-шарғылар ойлап табады. Оның әскерінің құрамында жалдамалы жауынгерлер: ауғандар, ұйғырлар, словактар, дүнгендер, сербтер, чехтар, қытайлар да болды. Тіпті олардың сапында қазақтардың да қызмет еткенін, атаманның Ала шорда көсемдерімен тығыз байланыста болғанын архив деректері айғақтайды. Сөзіміз дәлелді болу үшін сот барысындағы айыптау шы мен айыпталушының, яғни сотқа төрағалық етушінің қойған сұрақтары мен Анненковтың қайырған жауаптарынан қысқаша үзінділер келтіре кетелік: «– Семейге қашан келдіңіз? – Қазанның 2-3 жаңасында келдім. – Семейге алғаш беттеген қандай отряд? – Алғаш жылжыған – менің өз әскерім. Автовзвод және комен дант ротасы, одан кейін Леев атаман полкі, Сібір, Орынбор, Бас Орал полктері; ең артынан артиллерия, Егер полкі және Гусарлар эскадро ны. – Семейде баспана мәселесі қалай болды? – Алғашқы кездерде жауынгерлер вагондарда түнеді, кейіннен қаладағы үйлерге таралып жататын болды. – Сізге басқа тағы қандай әскерлер қосылды? – Алаш полкі, бастығы Тоқтамысұлы еді. Үшарал деген жерде бол ды. Жасыл түсті белгісі бар еді. – Тағы да қандай? – Серб, қытай ұлттарынан...» Міне, осы шағын үзінділердің өзінен-ақ талай жайтты аңғаруға бо лады. Бұлардың әрқайсысына жеке-жеке талдау жасап, «ақ тер, көк терге» түсудің қажеті шамалы. Тек мына бір жайтты – ағылшындар мен француздардың да Анненковтың қолтығына су бүркіп, қолдапқуаттап, «отқа май құйып» отырғанын айта кетпеске болмас. 1918 жылдың соңында Анненков әскерімен Семейден шығып, Ресейдің «құдіреті күшті басшысы» Колчактың «Түркістандағы Кеңес
КӨКТАМЫР өкіметін жою» туралы жасаған жоспарын жүзеге асыру мақсатымен Жетісу өңіріне ат басын бұрады. Атышулы адмиралдың тікелей бұйрығы бойынша атаманның алдына атақты Черкасск қорғанысын бұзып-жаншу, содан кейін ақгвардияшылар бөлімдеріне қосылып, Кеңес өкіметінен «тазарту» үшін Верный (қазіргі Алматы) мен Таш кентке шабуыл жасау міндеті қойылды. Омбы мен Семей өңірінде ешқандай тегеурінді қарсылық көрмей, халықты қан қақсатып, ойы на келгенін істеп дандайсыған Анненков жоғары басшылық сеніп тапсырған бұл міндетті екі-үш аптаның ішінде-ақ бұлжытпай орын дайтынын айтып өзеурейді (Бірақ оның айтқаны болмай, Жетісу өңірінде қатты қарсылыққа ұшырап, ақырында қалған-құтқан әс керімен Қытайға әрең қашып құтылғаны белгілі). Осы бетімен қаһарға мініп, қылышын жалаңдатқан атаман диви зиясымен Үшарал селосына келеді. Онымен бірге бұнда Семей ден 2-ші Жоғары Орал, Манжур, Егер және тағы да басқа полктар жіберілген болатын. «Дәніккеннен құныққан жаман» демекші, әбден адам қанын судай шашуға құныққан қанқұмар атаман Анненков пен оның шаш ал десе бас алуға даяр тұратын баскесер жендеттері Үшаралға жеткенше де жол бойы қанды құрықтарын қара халықтың «мойнына» аямай-ақ салып, жүрген жерлерінің бәрін тып-типыл қылып бүлдіріп отырған. «Анненков Семейден шыққан соң Жетісудағы Аягөз, Влагодатный, Үржар, Үшарал дейтін поселкелерді ылғи қанды жол қылып отыр ды. Ол поселкелерде жүргеніңізде Анненковтың басып кеткен ізі көз алдыңызда тұратын. Сынған көк арба, жарамай қалған екі аяқты арба, өлтірген адамның өлімтігі қара жол болып жосылып, қан су сияқты ағып жататын, – дейді осы қанды оқиғаларды көзімен көрген куәгер Кабурнеев. – Анненковтың қара күнін еске алғанда төбе шашың тік тұрады. Андреевка деген поселкеде бұзақылар бар әйелін қуып шығып, көбін Қытай мен Шәуешекке жіберіп, қалғанына зорлық істеді. Сол поселкеде төбелес уағында мен өз көзіммен көрдім, Анненковтың бір партизаны қашып бара жатқан 12 жасар бір қызды ұстап алып, әлгі арада сорлыны қасқыр талағандай қып, тәніне айғыз-айғыз жара түсірді. Және сол шала-жансар күйінде зорлап, сол бетімен ессіз қалдырды.
КӨКТАМЫР Осиновка поселкесінде Анненков кісілері Гречихин деген крес тянды ұстап алып, ат құйрығына байлап, сол бетімен тау-тасқа жыртқызып қоя береді. Бірақ Гречихин, қалай екенін білмеймін, тірі қалған екен. Байғұсты қайтадан ұстап, кеудесін ойып, жүрегін алып, оны алып барып: «Пісір!» – деп қатынына бұйрық қылады. Қатыны жүректің байынікі екенін білген соң талып қап, сол бетімен ол да өледі. Он бестегі жас қыз аналардан қорықаннан жүректі асып бұзақыларға бергенде, бұзықтар жиіркенбестен жеп алды» («Қазақ тілі», 2 тамыз, 1927 жыл). 1919 жылы мамыр айының басында дивизия бөлімдерінің бар лығы Үшарал маңына шоғырланады. Дивизияның штабы селоның өзінде орналасады. Осы жерде оқырмандарға түсінікті болу үшін Черкасск қорғаны сы туралы қысқаша айта кетейік. 1918 жылдың күзінде Солтүстік Жетісуды ақгвардияшылар басып алған кезде Лепсі уезінің Черкасск, Петропавловск, Антоновка, Константиновка, Глиновск, Калпаковск, Успенск, Герасимовка, Ново-Надеждинск, Осиновск, Николаевск және Андреевск селоларында, Аманжол мен Жыланды ауылдарын да Кеңес өкіметі сақталып қалды. Онда 1918 жылдың қыркүйек ай ында Черкасск майданының Жауынгерлік кеңесі құрылған болатын. Қорғаныстың орталығы мен әскери штабтың орналасқан жері Чер касск селосы болды. Осыдан барып бұл аудандағы соғыс қимылы «Черкасск қорғанысы» деп аталып кетеді. Анненков Үшаралда жүріп өз әскерін жинап алады да, Черкасск қорғанысының солтүстік шетіне қарай жылжиды. Осы бетімен келіп ол Андреевск селосына шабуыл жасайды. Ондағы шаруалар оның ша буылын тойтарып қана қоймай, қарсы шабуылға шығып, көптеген қару-жарақ пен оқ-дәріні олжалап, адамдарын тұтқынға алады. Алғаш рет «маңдайы тасқа соғылып, басы шайқалған» атаман енді «аяғын аңдап басуды» ойластырып, шаруалардың «үнін» қулықпен өшіру жағын қарастырады. Осы мақсатпен Анненков оларға хат жол дайды, онда егін егілмей қалғанына қынжылғансиды; сондықтан қаруларын тастап, тыныш еңбекпен айналысуды, өзінің бұнда қан төгу үшін емес, бейбітшілік пен тәртіп орнату үшін ғана келгенін
КӨКТАМЫР айтып, өтірікті судай сапырады. Оның бұл қулығын сезіп қалған ша руалар «сәлем хатты» ала салысымен: «Біз үшін қам жемей-ақ қойы ңыз. Астығымыз өзімізге жетеді. Ал біздің мүддемізді қорғаймын деп ант-су ішкеніңізге келетін болсақ, оныңызды артық деп есептейміз. Өйткені біз өз мүддемізді өзіміз қорғаймыз. Ешкімнің де қызметіне мұқтаж емеспіз. Соғысқымыз да келмейді. Егер Анненков осындай әділ болса, шынымен қан төккісі келмесе, бұнда ол істейтін ештеңе жоқ, кері қайта беруіне болады, ал біз тәртіпті өзіміз-ақ орната мыз», – деп қайыра жауап жазып жібереді («Черкасск қорғанысы» туралы зерттеу еңбектер жеткілікті болғандықтан, ондағы оқырман дарға жақсы таныс оқиғаларды қайтара тізбектеп жатуды артық санадық). Дегенмен, күші басым, бақайшағына дейін қаруланған Анненков тың әскерлері Черкасск қорғанысындағы еңбекшілерді басып-жан шып, сол елді мекендердің тұрғындарын аяусыз жазалайды. Бұл ту ралы Азамат соғысы жылдарында Лепсі уездік атқару комитетінің мүшесі болған Василий Довня кейіннен өз естелігінде былайша тебіренеді: «Оның қармағында қалың қол күш: көгілдір ұландар, қара гусарлар полктары, егерлік (хунхуздар), лейб-атамандық (жеке күзет), алашорда отрядтары, онан соң бесінші дивизия (17-ші, 18-ші, 19-шы, 20-шы полктар, казактардың Іле, Алатау полктары), атаман Дутовтың полкі болды. Барлық бөлімдер винтовкалармен, пулеметтермен, ар тиллериямен жақсы қаруланған еді, тіпті олардың қарамағында аэроплан мен бронялы автомбиль де болды. Ал біздегілер шиті, бытыра мылтықтармен, айыр-тырнауышпен, кәдуілгі сойылмен қаруланған шаруалар еді. Қарулануымыздағы осындай орасан зор айырмашылыққа қарамастан біз – черкастықтар Анненковты одан әрі, Жетісу ішіне жібермедік. Ол бұл жерде 14 ай бойы – 1919 жылдың қазанының орта шеніне дейін (соңғы үш айда Черкасск қорғаны аймағындағы үш село – Петроповлск, Анто новск, Черкасск селолары біздің қолымызда қалды) тұрып қалды. Тек сұрапыл аштық, сүзек және цинга шаруларды қаруын тастауға мәжбүр етті. Міне, сонда құр қол селолардың түбінде 14 ай бойы тұрған «жеңімпаз» банда бейбіт халықты қанға бояды, зорлық-зомбылыққа
КӨКТАМЫР ұшыратты, тонады, оңды-солды соққыға жықты. Антоновка селосын да бандиттер шаруалардың үйлеріне баса-көктеп кіріп, ерлерді қуып шығып жатты, кейде көздерінше-ақ әйелдері мен қыздарын зорла ды... Мыңдаған шаруалар айуандықпен шауып өлтірілді». Куәгерлердің айтуына қарағанда, тек қана Черкасск мен По катиловск селоларында әйел-еркегі, жас-кәрісі бар 1800 адамды асып-атып, азаптап өлтірген. Колпаков селосында 783 жан асылыпатылса, Подгорныйда екі жүз адам шабылып, село түгелімен қирапбүлінген. Антоновка деревнясы жермен-жексен болған, Покатилов ка тұрғындарының тең жартысын жоқ қылған. Сондай-ақ, Констан тиновка селосы түгелдей дерлік тоналып, өртелді. Жанып жатқан үйлерден жан ұшырып шыққан балалар мен әйелдер тегіс оққа ұш қан. Қолға түскен шаруаларды мектепке қамап, өртеп жіберген. Жан далбасалап Алладан жәрдем сұрап шіркеуге тығылғандарды да сырт тарынан от қойып, азаппен өлтірген. Міне, бұндай сұрқия жауыздықтар анненковшылардың адамдық бейнеден шығып, хайуандық кейпін кигенін анық айғақтайды. Мұн дай сорақылықтардың болғанын Анненковтың өзі де мойындайды. Ол сол тұста өзінің көмекшісі полковник Сидоровқа жазған хатында: «Совет өкіметін қолдап-қуаттаған үш селоның тұрғындарын жап пай қырып-жоюға және үйлерінің барлығын өртеп жіберуге тура кел ді...» – деп шімірікпестен лепіре хабарлайды. Тіпті анненковшылар дың озбыр-обырлықтарының соншалықты шектен шыққандығы- ның көрінісі – олардың аттарын естігенде жылаған баланың уан ғаны, есі кіріп, етегін жапқан жастар мен егде адамдардың үрейі ұшып кететіні былай тұрсын, егер жазалаушылардың қолдарына түсетін күн туса, олардың азаптап өлтіретінін білетін жандардың бірсыпырасы еріксіз өздеріне өздері қол жұмсаған. Ал, ауру болма са, дені сау адамның өзіне өзі қол жұмсауының қаншалықты ауыр екенін білмейтін, сезінбейтін жұмыр басты пенде жоқ шығар, сірә! Сондықтан ондайлардың әрбіреуінің көкейінде «Тым құрыса ана дүниеге аттанарда жаным мен тәнім қиналмасыншы» деген ой-арман жатқанын айтпай-ақ түсінуге болады. Анненков дивизиясындағы ерекше отрядтардың негізінде саяси орган болып есептелетін далалық жандарм эскадроны жасақталған.
КӨКТАМЫР Олар қолға түскен тұтқындарды сотсыз-тергеусіз атып тастап отыр ған. Сот барысында бұндай құқықты оларға Анненковтың өзі берген дігі анықталады. Ерекше отрядтардың жеке құрамы, атаманның өзі сотта атап көрсеткеніндей, өзіне «шын» ниетімен берілген және «ақырына дейін күресе» алатын «ерікті партизандардан» жасақтал- ған. Міне, осы ерекше отрядтар мен жандармерия Анненковтың тікелей бұйрығымен Черкасск қорғанысына қатысқандарды өз селоларына тарап кеткен жерінен аң аулағандай ұстап, топ-то бымен Алакөл өзенінің маңына алып келіп, қылышпен шапқылап өлтірген. Сондай-ақ, қандықол жендеттер Алакөл маңында Черкасск қорғанысына қатысқан шарулармен бірге «қызылдармен соғыста жігерлілік танытпағаны» үшін өз әскерлері мен казактарды да аяу сыз жазалап отырған. Сөйтіп, 1919 жылы 14 қазанда Черкасск қорғанысы толық күй реп, шаруалардың жеңілісімен аяқталады. Анненков қорғанысты басып-жаншып, оған қатысқандарды аяусыз жазалағанымен, Же тісуды тез арада басып алып, Ташкентке шабуыл жасаймын деген ой-жосығын іске асыра алмайды. Осы кезде Колчак армиясындағы негізігі күштердің талқандалуына байланысты атаман өз әскерімен өзі «қайғы» болып кетеді. Қызыл Армияның дүмпуін басып, осы аймақтардағы жағдайды «ретке келтіру» үшін «құдіреті күшті жоғары басшылық» Семей және Жетісу облыстары территориясындағы барлық билікті «тәжірибелі генерал» Анненковтың қолына «сеніп» тапсырады. Сөйтіп, бұл ай мақтарда жүрген ақтардың басқа да қарулы күштері Анненковтың басшылығындағы «Жетісулық жеке армияның» құрамына кіргізіледі. Бірақ бұнымен, атаман қанша үміттенсе де, Жетісудағы жағдайды «ретке» келтіре алмайды. Қайта, керісінше, оның «тынысы тарылып», жүрер «жолы кесіле» береді... Әскерлерінің ішінде ыдырау күшейіп, оған қарсы толқулар етек алып, Кеңес өкіметі жағына өту жаппай си пат ала бастайды. Бұны көріп жандалбасалаған Анненков 1920 жылдың 1 қаңтарын да мынандай бұйрық шығарады: «Большевиктердің пайдасына үгітнасихат жүргізгендер, арандатушы және үрейлі хабар таратқандар
КӨКТАМЫР байқалса, қылмыс жасаған жерінде тез арада атылсын. Ондай жек сұрындарды әрбір офицер мен еріктіге атуға ерік беремін». 1920 жылғы ақпанда Ақсу станциясында Егер полкі солдаттары ның көтерілісі болады. «Көтерілісшілер» атаманға «шын ниетімен» берілген көптеген офицерлерді қамауға алып, Гавриловск село сында (қазіргі Талдықорған қаласында) тұрған қызыл әскерлерге қарай жылжиды. Сөйтіп, барлығы 361 солдат пен оннан аса офицер тағдырдың маңдайларына жазылған «басқа жолына» түседі. Осыдан кейін-ақ Анненковтың бұйрығы бойынша жаяу әскер бөлімдері та ратылып, жаппай азаптап жазалау басталып, атаманның көптеген «серіктері» өмірмен қош айтысады. Тіпті Анненковтың кейбір «се німсіздік көрсеткен» әскери бөлімдері жаппай аяусыз жазаланған... Лепсі уезіне жасалған шабуыл кезінде шаруаларға қарсы күресуден бас тартқан генерал Ярушин бригадасының жауынгерлерін ан ненковшылар қарусыздандырып, Алакөлдің қамысты жағалауына алып келіп, офицері бар, сарбазы бар, барлығы 1500 адамды бірін қалдырмай жайратып салады. Сот барысында мәлім болғанындай, бұндай жазалаулар жиі қайталанып отырған. 1920 жылдың наурыз айында қызыл әскерлердің Анненков шта бы орналасқан Үшарал селосына шабуыл жасап, басып кіруіне бай ланысты атаман «жеке армиясының» тізгінін орынбасары полков ник Асановқа тапсырады да, өзі шағын отрядымен жан сауғалап Қытайға қарай зытады. Анненков пен оның «әбден сыналған сенімді серіктері» қашып бара жатып та жолдарындағы елді мекендерді өртеп, мал-мүліктерін талап-тонап, кездескен пендені асып-атып, арттарында ұзақ-сонар қанды іздерін қалдырып отырған. «Мен ол кезде шаруа жауынгерлерінің қатарында едім, – деп бас тайды сол қанды оқиғаларды көзімен көрген куәгер Б. Есжанов әңгімесін. – Анненковшылардың ізіне түстік. Біз Үржар деген ауылға барғанда елді мекенге келдік деп ойлағамыз жоқ. Мал соятын қыр ғын сарайына келген екеміз деп қалдық. Жосыған қанның тасуы сонша, су сияқты еді. Өлген адамның тәні тезек тәрізді үйіліп жатты. Әсіресе, сол уақыттағы бір көрініс әлі күнге дейін есімнен кетпейді.
КӨКТАМЫР Ол – кеудесін бір бөлек, оң қолын бір бөлек кесіп, борша-борша қып тастаған жас сұлудың жалаңаш тәні. Әйелдің сол көзін ойып алып, бір үшкір таяққа шаншып, жерге қағып қойған. Оның жанына тағы бір қазық қағып, оған бір жас нәрестені іліп қойған. Және өліп жатқан әйелдің емшегін кесіп алып, сәбидің аузына жабыстырып қойып ты. Оның ар жағында 12-13 жасар қыз баланың тәні жатыр. Оның да бір жақ көзін ойып, бір жақ бетінің терісін сыпырып алған. Және оң жақ қолының екі саусағын кесіп алыпты. Бірақ бала тірі жатыр. Оң жақ аяғын қайырып, беттен сыпырып алған терісімен арқасы на жабыстырып байлап қойыпты. Терісімен байланыстырған жерін сүйекке шегелеп, қағып тастаған. Біз Анненков қанішерлерінің бірнеше адамның басын кесіп ал ғандығын өз көзімізбен көрдік. Оның бірі біздің қасымыздағы бір жолдастың үйінің ішінен екен. Әлгі байғұс өлген адамын көріп, жүре гі жарылып ол да өлді. Міне, бұндай көріністерді Анненков жүрген поселкенің бәрінен көрдік» («Қазақ тілі», 1927 жыл, 23 тамыз). Куәгерлердің айтуынша, анненковшылар жүріп өткен елді-елсіз жерлерде өлген адамдардың мүрделері тарыдай шашылып, көмусіз қалған. Ал оларды қаңғыған бұралқы иттер азық етіп, ауыздарын қандаған. «Глиновка селосынан Алакөл мен Жалаңашкөлді жағалап Жоңғар қақпасына дейінгі 200 шақырымдық жолдың бойында өліктер сыңсып жатты, – деп жазады өз естелігінде Василий Довня (Черкасск қорғанысы соғыс кеңесінің мүшесі болған). – Жантүршігерлік көрініс: өзенде де, көлде де, жолда да жағалай өлік. «Қара атаман» Анненковтың қанды «тойында» Жалаңашкөлдің төңірегінде мың даған қарақұстар тояттады» («Қазақстан Азамат соғысының отжалынында». – Алматы, 1960 жыл. – 271-бет). Қашып бара жатып қара халықты қынадай қырған Анненков өз әскерін де жазалаудан тыс қалдырмаған. Қытайға жақындай бере ол әскерін жинап алып, «екі жарым жыл большевиктерге қарсы кү рескендіктерін, енді басқа елге кетіп бара жатқандықтарын» еске сала келіп, сондықтан «өзімен бірге тек ержүрек жауынгерлер ғана қалу керектігін, ал туған жерде қалып, үйіме барамын деушілер бол
КӨКТАМЫР са, ерікті екендіктерін» мәлімдей келе, «ол үшін ешкімнің де жазалан байтынын» айтып, уәде береді. Қулығына құрық бойламайтын Анненковтың бұл «жалынды» сөзінен кейін кері қайтып опа таппасын сезінген кейбіреулер оны мен қайда болса да бірге болатындарын, қандай қиындық болса да бірге көретіндерін айтып, ант-су ішеді. Ал әр түрлі себептермен туған жерде қалғысы келген кейбіреулер бұған балаша қуанып, ешқандай реніш-жазалаусыз үйлеріне босататыны үшін атаманға қалбалақ тап жүріп алғыс жаудырады... Жаналғыш жандарал өзінің бұйрығы бойынша қаруларын тап сырып, кері бұрылған мыңнан аса сарбазды алдын ала жасаған жос пары бойынша бірін қалдырмай аттырып тастайды. Куәгерлердің айтуына қарағанда, шекарадан өтер жерде Аннен ков өз еріктілерінің көңілдерін біраз көтеру үшін «армиясында ғы» офицерлердің жанұяларын «ермекке» айналдырған. Олардың әйелдері мен қыздарын тартып алып, не істесеңдер де өз еріктерің деп қанқұйлы жендеттерінің толық «иелігіне» берген. Ал баскесер лер офицерлердің әйелдері мен қыздарын кезекпен зорлап, ақырын да қылышпен шауып, жандарын жаһаннамға жіберген. Полковник Луговскийдің көз алдында әйелі мен уыздай жас үш қызын зорлап, соңынан азаптап өлтірген. Ал бұл сұмдыққа шыдай алмай есі ауып, ақылынан адасқан полковниктің өзін қанішер жендеттер қылыш пен шапқылап, о дүниеге қанын судай ағыза отырып аттандырған. Шекарадан өтсімен Анненков өзінің бірнеше мың «ержүрек» жендетімен Боро-Тал өзенінің маңына келіп орналасады. Қазақ жерінде емін-еркін ойран салған қанішер қарақшылар Қытайда да ойларына келгенін істеуге тырысып, тұрғылықты халықты (оның ішінде маңдайының соры бес елі қазақтар да бар) үріккен қойдай дүрліктіріп, дүрбелең-дүрмекке салады. Осындай озбыр-обыр ісәрекеттері мен тағы да басқа талап-тілектерін орындамағаны үшін Қытай өкіметі 1921 жылдың басында анненковшылардың қаружарақтарын тартып алып, атаманның өзін түрмеге апарып қамайды. Сөйтіп, астамсыған Анненков мырзаның аяғы аспаннан келіп, қы- тай абақтысының да дәмін татуына тура келеді. Бұнда ол көзі
КӨКТАМЫР қанталап, қаны қарайып аттай үш жыл отырады. Небір қулықсұмдықты ойлап табатын кәнігі алаяқ тар қапаста да қарап жатпай, өзінің «жебеушілері» мен «қамқоршыларына» дүркін-дүркін хат жол дап, түрмеден босап шығуына қол ұшын берулерін өтінеді. Оның «жаны мұрнының ұшына» келгендегі ойлап тапқан бұл «ақылы» аяқсыз қалмай, өз нәтижесін де береді. Сөйтіп, ағылшындар мен жапондардың араағайындық әрекеттерінің арқасында Анненков 1924 жылдың ақпан айында Шыңжаң түрмесінен босатылады. Әупірімдеп бостандыққа шыққан қанқұмар атаман Турфан қа ласында бұрынғы армиясының штаб бастығы Денисовпен кедесіп, Ланьчжоу шаһарына қарай аттанады. Онда ол саяси пиғылын жасы ру үшін «жасанды» жылқы фермасын құрып, мал шарушылығымен шұғылданып жатқан кейіп танытады. Ал шынтуайтқа келгенде, Ан ненков бұл жерде де қарап жатпай, саяси күрестің жаңа жоспарла рын жасап, қуатты әскер жасақтап алудың түрлі амал-тәсілдерін ойластырады. Сондай-ақ, жаңа одақтастар тауып, олармен «тығыз» қарым-қатынас орната бастайды... Қолда бар деректерге қарағанда, бұл кезде Анненковтың басын да мынандай ой-жоспарлар болған: ең алдымен армия жасақтап ала ды да, Жетісуға қарай жылжиды, одан әрі Верныйды басып алып, бағындырады; содан кейін өзі билік жүргізетін өз мемлекетін құра ды. Қиялшыл атаманның бұл «есекдәмесі» «жөргегінде» тұншығып, өзі Кеңес өкіметі мен қытай шенеуніктерінің бірлесіп құрған «торына» түсіп, қайтып «қимылдауға» шамасы келмей, шырмалған күйі шыр матылып қалады. Сөйтіп, 1926 жылғы 31 наурызда атаман Анненков пен оның сенімді серігі Денисов тұтқынға алынып, Кеңес өкіметіне ірі әскери қылмыскер ретінде тапсырылады... Алдымен оларды Мәскеуге алып келіп, тергеу-тексеру жұмыста рын жүргізеді. Соңынан өздері қанды іздерін қалдырған Семей қаласына әкеліп соттайды... Ашық өткен сот барысында жүзге тарта куәгер қанішер жен деттердің өздеріне жасаған қиянаттарын, көрсеткен зәбір-жапала рын айтып, шағымданады...
КӨКТАМЫР Әскери төралқа соның бәрін елеп-екшей келіп, Анненков пен Де нисовты ату жазасына кеседі. 1927 жылдың 24 тамызында сот үкімі іс жүзіне асырылады... Сөйтіп, мыңдаған адамның қанын мойнына жүктеген Анненков тың аузына қан құйылып, өмірінің ақыры осындай трагедиямен аяқталады. Бұған таңданып, таңдай қағуға болмас. Өйткені халық қарғысы ешкімді тайраңдатып қойған емес. Қоймайды да! Анненков өлер алдында өзі жазып кеткеніндей, «бұл жазаға толық лайық» болатын! Сонымен, иә, сонымен, 37 жастағы сүрбойдақ атаман жар құша ғын сезінбей, нәресте иісіне мейірленбей бұл дүниеден өтті. Қан құ сып, қан құшты!.. Тарих тағылымы бізге былайша тіл қатады: «Халық қарғысына ұшырама! Егер қате басып, халық қарғысына ұшырасаң, сормаңдай Анненков сияқты өміріңнің соңы өксікпен аяқталып, тұқымың тұз дай құриды!..» 1992 жыл
КӨКТАМЫР АБАЙ ТҮСКЕН ҮЙ Ұлан-ғайыр қазақ жеріндегі тарамданған күре тамырлы тарихы бар, ежелден халқымызға құтты қоныс болған шұрайлы мекендердің бірі – Қарқаралы. Оның қарағайлы-шыршалы тау-тастары, айдыншалқар өзен-көлдері, қысқасы, адам жанын баурап алатын әсем табиғаты мен қойнауы толған шежіре-сыр тарихы кімді болсын қызықтырмай, ынтықтырмай қоймайды. Біз жолымыз түсіп, журналистік сапармен Қарқаралыда екі рет болдық. Табиғатын тамашаладық. Шежірелі өлкенің өткен тарихы мен бүгінгі тыныс-тіршілігіне зейін қойып, зер салдық. Ғасырлар дан жеткен жәдігерлер мен тарихи-мәдени ескерткіштерді ара лап көріп, осындай тілсіз мұралардың ішіне бүккен өзіндік жұмбақ әлемдеріне шама-шарқымызша барлау жасауға тырыстық. Сондағы бір байқағанымыз, тамыры тереңге жайылған осынау құнарлы мекенде әлі де болса жұмбақ сырлары ашылмай жатқан тарихи ескерткіштер баршылық екен. Сондай жәдігерліктердің бірі – ХІХ ға сырдағы Қарқаралы округінің аға сұлтаны Құнанбай заманының тілсіз куәгері, сыртына «Мұнда 1850 жылы ұлы ақын Абай Құнанбаев болған» деген айшықты жазуы бар ескерткіш-тақта орнатылған еңселі ағаш үй. Осыдан кейін «Бұл кімнің үйі?» деген заңды сауалдың әркімнің көкейінде тұратыны белгілі. Ол – ХІХ ғасырда өмір сүрген Халиолла Хамитұлы Бекметовтің үйі. Ал Халиолла Бекметов деген кім, нендей іспен айналысқан? Әңгімеміз көпшілікке түсініктірек болу үшін алдымен осы мәселеге қысқаша тоқталып өтелік. Ол кісінің тікелей ұрпағы, астанамыз Алматыда тұратын көзі ашық, көкірегі ояу азаматша Жәмила Бекметованың айтуынша, Халиолла 3-0113
КӨКТАМЫР Хамитұлы – ХІХ ғасырда ғұмыр кешкен татар көпесі. Ол сауда-саттық және басқа да әр түрлі кәсіпшілікпен айналысып, мол дәулет жинаған. Әкесі Хамит Яхияұлы ауқатты, төрт әйел алған адам екен. Бәйбішесі (қазақ қызы) Сақыпжамалдан осы Халиолла туады. Ал Халиолланың ағасы Хамидолланың немере қызы Дүльнөз Өтепова былай дейді: «Құнанбай мешітінің салынуына өзінің үлесін қосқан адам – Халиолла бай. Ақыл-кеңес берген және қаржылай көмектес кен. Мешіттің жанынан медресе салдырған. 1914 жылы менің әкем Мұхаммед-Асет Халидоллаұлын Бірінші дүниежүзілік соғысқа алып кеткенде, біз бәріміз сол медреседе тұрдық. Ол кезде медреседе сабақ жүрмеді. Менің әкемнің әкесі Хамидолла Хамитұлы – Халиолланың ағасы. Әжеміз Дәлилә – Берікқара болысындағы қаракесек руының қызы. Құнанбай мен Халиолланың достығының арқасында Бекметов тер қазақтан қыз алып, қыз беріскен. Олардың қыр елімен байла нысы ешқашан үзілген емес. Халиолланың ауласы қырдан келген қазақтардың арбаларына толып тұратын. Халиолла мен Халидолла екеуі кен қазуда көп еңбек сіңірген. Балқаш өңірінде қорғасын, алтын іздеп тапқан. Және сол кенді жер дің картасын жасаған. Бір сөзбен тұжырып айтқанда, Бекметовтер өз еңбегінің, маңдай терлерінің арқасында байыған. Қытай, Үнді, Ресей жұртымен саудасаттық жасасқан...» Иә, осындай көнекөз қариялардың айтуынша, Халиолла бай таным-түйсігі мол, ақылды адам болғанға ұқсайды. Ол өзі көзі тірі сінде: «Байлық-дәулет ер жігітке бітеді, бірақ соны ұстап тұруға ақыл, салмақ керек!» – деп жиі айтатын көрінеді. Бұның жайдан-жай айтыла салмай, өмір тәжірибесінен туындаған сөз екені анық. Халиолла Бекметов өзі өмір сүрген кезеңде Қарқаралыдағы белдібеделді адамдардың бірі болған. Ағарту саласы мен дін мәселеле ріне де баса назар аударып, мешіт, медресе үйлерін салдырып, осы аймақта кен көздерін ашуға өзінше үлес қосқан. Қаладағы ағаш үйлердің көптеп салынуына да осы кісі себепші болған көрінеді. Сөйтіп, Қарқаралының қай жағынан болсын өсіп-өркендеуіне,
КӨКТАМЫР көркеюіне шама-шарқынша ықпал еткен. Жазушы А. Брагин өзінің 1980 жылы жарық көрген «Прадеды и правнуки» деген кітабында: «В начале ХХ века в городе было семьдесят два купца и почетных гражданина. В это число, естетственно, входили действительно бога тые торговцы – такие, как Резанцевы, Бекметовы...» – деп жазады. Х. Бекметов Абайдың әкесі аға сұлтан Құнанбаймен сыйлас бо лып, жақын араласып тұрған. Құнанбай Қарқаралыдағы мешітті салдырарда оның жобасы мен тұрғызылатын орнына байланыс ты Халиолла баймен кеңесіп отырған екен. Мұның себебін белгілі ғалым Ақжан Машанов Х. Бекметовтің іс-шаруашылыққа мығым адам болғандығымен сабақтастырады. Бұл да көңілге қонымды жайт. Сондай-ақ, ол мешітті салу құрылысына да қаржылай көмек көрсеткенге ұқсайды. Қарқаралы тұрғындарының айтуынша, ол кез де қалада екі мешіт болыпты. Бірі – Құнанбай салдыртқан ағаш мешіт, оны жұрт қазақ мешіті деп атапты. Ал екіншісі – кейінірек қызыл кірпіштен салынған татар мешіті. Халиолла бай 1910 жылы Санкт-Петрбургте салынып, іске қосыл ған мұсылмандар мешітіне де қаржылай жәрдемдескен көрінеді. Сол мешіт әлі бар екен. Ол туралы А. Машанов: «Мен Санкт-Петербургке барғанда, ондағы мұсылман мешітінің қызметшісі «Осы мешітті салдырғанда Қарқаралының көпесі Х. Бекметов қаржылай көп көмек көрсетті» деп айтты», – дейді. Халиолла Хамитұлы өте ақылды және қайырымды адам болған екен. Кедейлер мен жоқ-жітік, жетім-жесірлерге жәрдем беріп, қарайласып тұрған. Қайырымдылық іс-әрекеттерімен елдің көңі лінен шығып, алғысқа бөленген. Сол себепті де жергілікті халық Х. Бекметовті қаланың бітімші биі етіп сайлаған. Бұл қызметте де ол әділдігімен халық көңілінен шыға білген. Әр түрлі дау-шарларды, ұсақ қылмыстарды әділ шешіп отырған. Сонымен бірге ол Қоянды жәрмеңкелік комитетінің мүшесі әрі Қарқаралыда манфактуралық дүкені, дирмені болған. Халиолла байдың Латифа, Хадиша, Фатима, Ғайни деген төрт әйелі болған. Төртінші тоқалын – Ғайни Шоңбайқызын Құнанбай алып беріпті. Кейіннен Ғайнике аталып кеткен ол кісінің руы
КӨКТАМЫР тобықты, Құнанбайдың жақын қарындасы болса керек. Сол себеп тен де аға сұлтан Қарқаралыға барған сапарларында осы Халиолла байдың үйіне ат басын тірейді екен. Халиолла байдың келіні Бибінұр Қасымқызының айтуы бойынша, Ғайни Шоңбайқызы қайратты, ақылына көркі сай, ұзын бойлы, ақсары жүзді кісі болыпты. Халиолла Бекметовтің алғашқы екі әйелінен ұрпақ жоқ. Үшінші әйелі Фатимадан – Мәсхуд, Мәжит, Гүльбахар (қазақтан шыққан тұң ғыш право магистрі Жақып Ақпаевтың әйелі) есімді екі ұл, бір қыз; Ғайни Шоңбайқызынан – Хакімжан, Жақыпбек, Махмұт, МұхаммедМұхтар, Мұғин, Мұхсен, Рабиға, Гүльнахар есімді алты ұл, екі қызы бар. Бұлардан тараған ұрпақтар да біршама. Сондай-ақ, олардың ішінен Омбыдағы почта-телеграф ведомствасында білімді шенеу нік болған, 1905 жылғы төңкеріске белсене қатысқан революционер Мұхаммед-Мақсұт және Омбы кадет корпусын бітіріп, штабс-капитан лауазымында қызмет істеген Абдулғазиз Бекметовтер сияқты өз кезеңінің белді-белгілі адамдары шыққан. Халиолла байдың туған және өлген жылдары туралы Ж. Бекметова былайша әңгімелейді: «Холиолла Бекметов 1833 жылы туған. Ал осы күнге дейін біздің үйде сақталған, 1901 жылы жарық көрген Құран ның ішінде мынандай жазу бар: «1905. 6 майда, жұма күні сағат 12. Ха лиолла Хамитоғлы Бекметов офат. Жаны жәннатта болсын! Амин». Сонымен, Халиолла байдың мүрдесі Қарқаралыдағы зиратқа қо йылыпты. Жалпы Бекметовтер әулетінің бейіттері бірыңғай ор наласқан көрінеді. Ал енді әңгімеміздің түп қазығына айналып отырған ұлы Абай болған Х. Бекметовтің үйіне келетін болсақ, ол бірнеше жыл ар найы кептірілген үлкен-үлкен ағаш бөренелерден қиюластырылып салынған. Бір атап айтатын нәрсе, үйді салу барысында шеге атаулы пайдаланылмаған. Кейіннен бұл үйді жергілікті тұрғындар «Көк үй» атап кетеді. Бұл туралы Жәмила Бекметова былайша сыр шертеді: «Халиолла байдың алғашқы үш әйелінің бөлек-бөлек үйлері болған. Ал «Көк үйде» бабамыз тоқалы Ғайникемен, одан туған балаларымен бірге тұрған. Бұл үй Халиолла бабамыздың барлық бала-шағасына пана болған. 1922 жылы Жақып мырза Ақпаевты Алаш өкіметінің
КӨКТАМЫР мүшесі болғаны үшін абақтыға қамағанда өз қаражатына салған үйін өкімет заңсыз тартып алып, бала-шағасын далада қалдырған. Баспа насыз қалған Ж. Ақпаевтың жанұясы осы «Көк үйді» паналаған». «Көк үйдің» алдында қонақ қабылдайтын арнайы жай болған екен. Қорасы кең әрі астына үлкен тастар төселінген. Ал аулада үлкен үш қора орналасқан. Біріншісінде қонақтардың көлігі, екіншісінде малдың жем-шөбі, үшіншісінде сауын сиырлардың жайы мен қа сапхана болған. Білетіндер Халиолла бабаның қора-жайы қандай үлкен болса, дастарханы да сондай мол, ел-жұртқа сыйлы болғанын айтады. Аға сұлтан Құнанбайдың тасы өрге домалап, дәурені тасып тұрған кезінде Қарақаралыға келіп-кетіп жүргені тарихтан белгілі. Ол өзі нің келетінін күні бұрын кісі жіберіп білдіретін болған. «Көк үйдің» алдындағы қонақ қабылдайтын үйде, Құнанбай келеді деген хабар жетісімен-ақ, бірнеше күн дайындық жұмыстары жүргізіліп, жуылыпшайылып, іші-сырты мұнтаздай тазаланып, мал сойылатын болған. Үйдің сыртына қойылған ескерткіш-тақтадағы дерекке сенетін болсақ, Абай бұнда алғаш рет 1850 жылы болған. Өкінішке орай, қанша сұрастырғанымызбен, бұл деректің кімнен және қайдан алынғанын біле алмадық. Қалай дегенмен де, бұл ойдан құралған де рек емес екені белгілі. Абайдың 1845 жылы дүниеге келгені әмбеге аян. Яғни, 1850 жылы – 5 жастағы қызыққұмар бала. Дәл осы кез де, дәлірек айтсақ, 1849-1852 жылдар аралығында Құнанбай аға сұлтан қызметінде болады. Былайша айтқанда, Қарқаралы округінің билеушісі, дуанбасы. Сондықтан да Құнанбай ірілі-ұсақты іс-ша руалармен Қарқаралыда жиі болып тұрған. Оның үстіне қаладағы Құнанбай салдырған мешіттің құрылысы 1850 жылдың қаңтарынан бастап қолға алына бастағанын есепке алатын болсақ, 5 жастағы бала Абайдың әкесімен бірге Қарқаралыға еріп келуі шындыққа бір та бан жанасатын секілді. Ал кемеңгер жазушы Мұхтар Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясындағы деректер бойынша, алғашқыда жер да уынан басталып, бірте-бірте үлкен дау-шарға айналған ағайын араз дығынан соң жігітек елінің азулы байы Бөжей өзін нөкерлерімен баса-көктеп келіп, соққыға жықтырған Құнанбайдың үстінен арыз
КӨКТАМЫР айта Қарқаралыға барады. Бұл суыт хабар құлағына тиісімен Құнан бай да шұғыл түрде жиналып, жолға шығады. Міне, осы сапарда оны мен бірге Абай да еріп барады. Ұлы Мұхтар Әуезов осы жайттарды суреттей келіп, мынадай деректі көлденең тартады: «Абай әкесімен бірге Қарқаралыда тұрғалы көп күндер болды. Қазірде қыс әбден түсіп, қар бекіп алған-ды. Құнанбай кішкене қаланың тап ортасындағы көк шатырлы, үлкен ағаш үйді жатақ еткен. Қазағуар, қонақшыл татар саудагерінің үйі...» Кемеңгер жазушының мегзеп отырғаны да біз сөз етіп отырған татар саудагері Халиолла Бекметовтің «Көк үйі» екені айдан анық. Абай бұл жолы Қарқаралыда айға жуық уақыт болады. Осы сапа рында ол Қарқаралыны емін-еркін аралап, қаланың небір жақсыжайсаңдарын көзімен көреді. Ақыры қаланың атақты байы Алшын байдың араласуымен Құнанбай мен Бөжей бір бәтуаға тоқтасып, мәмілелесіп, татуласып-табысып қайтады. Дәл осы жолы Абай атақты Шөже мен Балта ақындарды алғаш көріп, өлең-сөздерін естиді. Өз әкесі салдыртқан мешіттің ашылуына куә болады. Әрине, романэпопеяда суреттелетін осы оқиғалардың шынайы өмірде дәл осы лай өрбуі екіұштылау дүние. Өйткені «Абай жолы« ғылыми-зерттеу еңбек емес, әдеби шығарма да, роман-эпопеядағы Абай – қалай дегенмен де көркем образ. Сондықтан онда суреттелген оқиғалардың кейбір мезеттері жазушының ой-қиялының жемісі екендігі ақиқат. Бірақ, өмір шындығы мен көркем шығармадағы баяндалатын оқи ғалардың уақыт жағынан біршама алшақтығы болғанымен, бала Абайдың Қарқаралыға алғаш рет әкесі Құнанбаймен еріп келіп, татар саудагері Халиолла Бекметовтің үйін тұрақ еткені – тари хи шындық. Бізге керегі де осы дерек. Тағы бір атап айтатын нәрсе, біздіңше, Абай алғаш рет Қарқаралыға әкесімен еріп роман-эпопея да суреттелетініндей ес жиып, етек жинаған 15-16 жасар бозбала шағында емес, әрі кетсе 7-8 жасар бала кезінде барған. Өйткені Абай 8 жасқа толар-толмаста Құнанбай аға сұлтандықтан түскен. Сондай-ақ, ол салдыртқан мешіттің құрылысы 1850 жылы басталып, 1952 жылы салынып біткен. Дәл сол кезде Абай 7 жаста. Елді елең еткізер бұндай елеулі оқиғаға дана Құнанбай болашағынан зор үміт
КӨКТАМЫР күткен баласы Абайды ертіп баруы, қай жағынан алып қарасаңыз да, қисынды нәрсе сияқты. Бұны Мұхтар Әуезов білмеді дейсіз бе, білді. Бірақ сол кездегі тарихи оқиғалардың желісін үзбей, сабақтастыра баяндау үшін Абайдың жасын сәл ұлғайтып суреттеу қажет болуы мүмкін. Бұны жазушының қателігі емес, қайта қиыннан қиыстырып жол тапқан шеберлігі деп ұққан жөн. Бұл Абайдың Қарқаралыға барған алғашқы сапары болғанымен, соңғысы болмағаны анық. Ол бұдан кейін де қалаға талай келіп-кетіп жүрген. Ақынның сүйікті анасы Ұлжан қаракесек руының қызы бол са, алған жары Ділдә әріде Қаздауысты Қазыбек, беріде Тіленші бидің ұрпағы Алшынбайдың нәсілі екені белгілі. Бұл жайдың да болашақ ұлы ақынның қызығы мол қалаға келіп-кетіп жүруіне өзінше ықпал еткендігі ақиқат. Сонымен бірге Абай Қарқаралыны бала кезінен өте жақсы көрген екен. Ақжан Машанов ақсақалдың айтуынша, Абай әр келген сайын біз сөз етіп отырған Халиолла байдың «Көк үйіне» ат басын тіреп, қадірлі қонақ ретінде қабылданған. Жиһаз-жабдығы мол, бай кітапханасы бар осынау еңселі ағаш үйде демалып жатып, өлең жазған. Абай ды Қарқаралы жастары қошеметтеп қарсы алып, оның келуін үлкен өлең-жырдың мерекесіне айналдыратын болған. Оны Бекметов тер әулеті мен қаланың белді-белді азаматтары кезек-кезек қонаққа шақырып, құрмет көрсеткен. Ол сонымен бірге қансонарда аңға шығып, құс салып, тазы қосып, түлкі аулаған. Абай Қарқаралыға келген әр сапарында тек Халиолла Бекметов тің үйіне ғана емес, қаланың басқа да белді азаматтарының үйіне түстенген. Тек біздің негізгі сөз етіп отырғанымыз сыртына Абай дың болғандығын паш ететін ескерткіш-тақта орнатылған Халиолла байдың «Көк үйі» болғандықтан, оларға тоқталғанымыз жоқ. Халиолла бай қайтыс болғаннан кейін бұл үй оның кенже ұлы Мұхаммед-Мұхсеннің еншісіне тиген. 1925 жылғы аласапыран ке зеңде оған үкіметтің көзі түсіп, ақыры ешбір соттың шешімінсіз тар тып алып, бір үйлі жанды қуып шығады. Ол кезде Халиолла байдың әйелі Ғайнике Шоңбайқызы тірі екен. Қарт ана қатты кейіген көріне
КӨКТАМЫР ді. Әрине, ол түсінікті жайт. Бүкіл саналы ғұмыры мен балалары ның жастық шағы өткен осынау құтты шаңырақты тастап шығу кө рер жарығы аз қалған ақ басты анаға оңай болды дейсіз бе?! Бір жарым ғасырлық тарихы бар «Көк үй» одан кейін талай бастықтың отбасына жайлы мекен-жай болды. Кейіннен онда бірнеше мемлекеттік мекемелер орналасыпты. Қазіргі таңда тарихи ескерткіш ретінде қамқорлыққа алынған. Мен Қарқаралыға алғаш барғанымда Х. Бекметовтің үйі балабақша еді, ал келесі бір жол түскенде есігінде қара құлып тұр екен. Үй әбден тозған. Сұрастырып көріп едім, қайта қалпына келтіріп, жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін жауып қойған екен. Естуімше, қазіргі кезде музыка мектебіне басы бүтін күтімге беріліп, жөндеп-өңдеу жұмыстары жүргізіліп жатқанға ұқсайды. Бұл – көңілге қуаныш ұялататын игілікті іс. Өйткені ол үй тарихи һәм мәдени ескерткіш екендігімен құнды. Әрі тарихымыздың бір белесінің куәсі ретінде көздің қарашығындай сақтайтын мәдени құндылық. Сондай-ақ, ұлы Абайдың өмірі мен шығармашылығына иненің жасуындай болса да қатысы бар әрбір тарихи орын аса қасиетті саналуға тиіс. Барлық өркениетті елдерде ұлыларын ардақ тұтар игі дәстүр осылай қалыптасқан. 1995 жыл
КӨКТАМЫР
ҚҰНАНБАЙ МЕШІТІ
Қарқаралы – қазақ халқының тарихындағы алар орны айрықша
құтты да құнарлы жерлердің бірі. Оның ну қарағай көмкерген сеңгір
таулары, айдын-шалқар өзен-көлдері, жұмбақ та сырлы тастары,
қойнауы толған шежіре-сыр тарихы кім-кімді болсын таңдандырмай
қоймайды. Бұл қасиетті өлкеден кешегі дала кемеңгері Қаздауысты
Қазыбектен бүгінгі ұлттық мақтанышымыз, халқымыздың тұңғыш
ғарышкері Тоқтар Әубәкіровке дейінгі аралықта қаншама ел аза
маттары мен өнер саңлақтары, белгілі-белгілі ғалымдар, жазушы
лар, ақындар, күміскөмей әншілер, бармағынан бал тамған күйшілер
түлеп ұшқан. Қасиетті Қарқаралының киелі топрағынан нәр алған
талай тарландар есімі тарих бетіне алтын әріптермен жазылып
келеді. Олардың әрқайсысының өмір жолдары қазақ халқының
даму, қалыптасу, өркениетті елдер қатарына қосылу қадамдарымен
сабақтасып жатыр десек еш артық айтқандық болмас.
Қарқаралы Әскери әкімшілік басқармасы Батыс Сібір шекаралық
басқармасының округтік приказында сауда пункті ретінде 1824 жылы
салынған. Міне, содан бері 170 жылдан астам тарихы ішінде оның
қасиетін, құдіретін танытатын ескерткіштер мен бай мұралардың көп
болуы да осындай себептерден болар. Олардың бас-басына тоқталып,
құндылығы мен қасиеттілігін дәріптеу оңай шаруа емес, әрине. Бұл
тарихи орындар мен мәдени ескерткіштер – халықтың игілігінің
және мол мұрасының белгісі іспетті қастерлеп сақтауға әбден лайық
тарихи құндылықтар. Солардың қатарындағы бірегейі әрі сәулетті
сі – ұлы Абайдың әкесі Құнанбай қажы салдыртқан мешіт. Кешегі
орталықтандырылған саясат пен коммунистік таным-түсініктің
КӨКТАМЫР салдарынан құлатылып, мүлдем қиратылған мешіт соңғы жылдары қайыра қалпына келтіріліп, мұсылманшылықтың, имандылықтың шуағын шашатын қасиетті орынға айналып отыр. Күні кешеге дейін үстем тап өкілі деп жер-жебіріне жеткен Құнанбай есімінің мешітпен қатар аталуы да қиратып-бүлдіруге аз септігін тигізбей қойған жоқ. Құдайға шүкір, қазір мешіттің еңсесі биік, тұғыры жоғары, мәртебесі мен қасиеті киелі. Осы орайда бұл мешіттің өткен тарихы, салынуы жайында аз жазылып жүрген жоқ. Дегенмен, тәуелсіз республикамыздың өткенін қайыра жасап, жинақтап жатқан аса жауапты шақта мешіт туралы ел аузында ай тылып жүрген, архивтік құжаттарда сақталған деректерді жинақ тап, бір жүйеге түсіру – бүгінгі ұрпақ үшін қасиетті парыз. Біздің Қарқаралыдағы Құнанбай қажы мешітін арнайы іздеп барып, қазіргі жағдайымен танысып, қолымызға қалам алуымыздың бір себебі осы. Құнанбай 1849 жылға дейін Тобықты болысының управителі қызметінде болады. Сол кездері аға сұлтан боп дәуірлеп тұрған Құсбек төре Алшынбаймен араздасып қалып, орнынан айырылады. Содан Алшынбаймен жақсы қарым-қатынаста болған Құнанбай тобықты ға аға сұлтан болып сайланады. Бұл мерзім – 1849-1852 жылдар аралығы. Семей қаласындағы Абай музейінің аға ғылыми қызмет кері Мұздыбай Бейсенбаев өзінің «Ана тілі» газетінде (1993 жыл, 12 тамыз) жариялаған «Құнанбай тәкиесі мен Қарқаралыдағы ме шіті» атты архив құжаттарына негізделген зерттеу мақаласында мешіттің тарихы, салынуы жайында өте құнды әрі маңызды дү ниелерді оқырмандарға тарту еткен. Енді соған құлақ түрелік. Сібір қазақтарының Шекаралық басқармасы құрылыс бөлімінің жазған қатынасында: «Қарқаралы округтік приказында осы жылы 5 қыркүйекте баяндама тыңдалып, онда аға сұлтан және басқалар дың мешіт салу жөніндегі актісі қаралыпты. Актіде жазылғаны – аға сұлтанның, болыс управительдерінің және басқа құрметті билердің сұрауы бойынша Жоғары Кеңсе басшыларының рұқсатымен осы округте мешіт салу жөнінде жарлығы болған. Мешіт құрылысын жүргізуге халықты көмек көрсетуге шақыра отырып, олардың ерікті түрде берген қаражатын есептеп жазып отыру үшін қатталған бау лы кітапша (шнуровая книга) берулеріңізді және мешіт құрылысын
КӨКТАМЫР
жүргізетін жерді белгілеуді сұраймыз...» Сонымен бірге мешіт
құрылысы жөніндегі «Акт» қағазынан да деректер келтірілген. Оған
он алты болыстың басшылары қол қойып, мөрін бастырған екен.
Демек, бұл құжат арқылы Қарқаралы секілді қалада мұсылмандар
үшін мешіт салудың қандай деңгейде және қаншалықты дайын
дықпен әрі жауапкершілік жағдайында жүргізілгенін анық білуге
болады. Сондай-ақ, мешіт салу аға сұлтан Құсбек төренің тікелей
басшылығымен, барлық болыстардың қатысуымен әрі халықтан
жиналған қаражат есебінен, сонымен бірге орыс әкімшілігінің
рұқсатымен басталған іс екені айқын аңғарылады.
М. Бейсенбаев жаңа мешіт орнын анықтау, құрылыс ісіне Қар
қаралыдағы ротаның солдаттарын қатыстыру мәселесін сұрап
жазған аға сұлтан Құсбек Тәукиннің қатынас қағазын да архивтен
тапқан екен. Бұл да мешітке байланысты деректерді толықтыра тү
сетіні сөзсіз. Осы жылдары Құсбек Алшынбаймен келіспей қалып,
кезекті сайлау кезінде Құнанбай аға сұлтан болып сайланды. Со
дан бастап мешітке қатысты Шекара басқармасына жазылған
қатынас қағаздарында басқаларға қарағанда Құнанбай есімі жиі
көріне бастаған. Бұл құжаттарға сүйенер болсақ, мешіттің құрылысы
1950 жылдың 7 қаңтарынан бастап қолға алынып, екі жылға
жуық мерзімде аяқталғанына көзіміз жетеді. Сондай-ақ, мешіттің
мұсылмандар үшін өте қажеттігін сезініп, оның құрылысы мен
аяқталуына бар күш-жігерін салған Құнанбайдың қолға алған істі
абыроймен аяқтау үшін бел шеше кіріскенін аңғарамыз.
Осы орайда бұған дейін, яғни 1824 жылы көктемде қала салу
үшін Қарқаралыға жүзге тарта казак-орыстар мен тілмаштар келіп,
құрылыс жұмысын жүргізе бастайды.
Арада өткен уақыттың ішінде қала бой көтеріп, әскери бекініс
тің іргесі қаланады. Ал 1869 жылы Қарқаралы уезд орталығы бола
ды. Қала салынғаннан кейін жиырма жылдай тұрған Бөкей ханның
немересі Тұрсын аға сұлтандықтан алынды. Содан кейін, жоғарыда
айтқанымыздай, аға сұлтандық Құсбек төреге тиді. Ол алты жылдай
жергілікті халықты қан жылатып, одан кейін Алшынбаймен ара-
дағы дау-жанжалдың шиеленсуіне байланысты орнынан алына
ды. Содан бастап аға сұлтандыққа сайланған Құнанбайдың Құсбек
КӨКТАМЫР бастаған істі жемісті жалғастырып, мешіт құрылысын тездетіп жүргізуге, халықтан жинаған қаржымен қатар өз меншігі есебінен де жүргізуге бет бұрғанын архивтік құжаттар айқын дәлелдеп отыр. Белгілі тарихшы Құрбанғали Халидидің «Тауарих хамса» кітабындағы мына бір деректер сенімімізді нығайта түседі: «...Мұнан бұрын аға сұлтандар болар-кетер болып өткен болса, бұл сайланысымен, сол жылы-ақ мешіт салдырып, құрбандық шалып, ресми ашты. Оның тәуір-ақ әділеттілігі мен жомарттылығы бар еді. Осы мешітке бірін ші имам Хасан Сафуллаұлы Сарытаулық тағайындалған еді. Ол 1869 жылы жаңа заң-низам (Сібірде шықты) жария етіліп, орнынан алын ды. Ноғай мен сарттан қазақ ішіне имам қойылмасын деген низам еді. Алайда қазақ ішінде деп түркістандық қожалардан бірнеше имам дар қойылғанымен, олар тұрақсыз болып ауыса берді, берекесі бол мады...» Мешіт Құнанбайға үлкен абырой-бедел әкелді. Өйткені жергілік ті халықтың арасында имандылық пен мұсылмандықтың аса қа сиетті шарттарын қалыптастыруға ден қойған бұл мешіт кезінде үл кен тәрбие орталығы болғаны даусыз. Н. Төреқұлов пен М. Қазыбе- ковтің «Қазақтың би-шешендері» атты кітабында мешіт құрылысы ның Құнанбайға қаншалықты бедел мен абырой әкелгені жайында Алшынбай бидің айтқаны келтірілген. Қарқаралыға мешіт салдырған жылы Алшынбай барын салып, Құнанбай мен Бөжей арасындағы бітіспес дауды бітіртіп, екі жағын келістірген. Екі жақтың адамдары сол үшін оған риза еді. Ұлы жазу шы Мұхтар Әуезов осы бір эпизодты суреттей келіп, Алшынбайдың бітімді сөзін былай келтіреді: «– Бүгін мына мешіт бітіп, абыройың асып отыр. Атағың көпке жетіп жатыр. Соны күндейтін де кісі көп. Алдымен анау көрініс, мына жаңағы майыр күндейді. Кішіреймесең, кешірім етерсің. Ақ көңілің мүлде ағарсын. Мұның да бір Құнанбайлығың болсын. «Игі жұмыс үстінде кірбеңнен арылам» дегенің болсын» («Абай жолы», 1-кітап. 1961. – 116-бет). Демек, Құнанбайдың мешіт салдырудағы ісі мен жанашырлығы өз халқының ықыласы мен ризашылығын иеленгенін осыдан аң ғарамыз. Сол қасиетті мекеннің сексен жылға жуық халыққа мінсіз
КӨКТАМЫР қызмет көрсеткенін көнекөз қариялардың әңгімелерінен байқай мыз. Кешегі коммунистік идеологияның дінге қатысты жаппай күресінің, бітіспес дауының нәтижесінде мешіт 1928 жылы мүлде жабылып қалған. Содан кейін сол кездің бірнеше беделді кеңестік мекемелеріне беріліп, кейіннен Пионерлер сарайына айналған екен. Одан келе-келе бұзылып, үйіндісі қалды. Ол жайында сөз қылып, мәселеге көтеру ол кездерде тіптен мүмкін емес-тін. Қайта құру, демократиялық жаңару кездерінде мешітті қалпына келтіру мәселелері баспасөзде де, халық арасында да жиі-жиі айтыла бастады. Облыстық партия комитеті халықтың осы орынды талабы мен ұсынысына құлақ асқандай болып, Қазақ тарих және мәдениет ескерткіштерін қорғау қоғамы Орталық Кеңесінің төралқасына ар найы қаулы шығартып, мешітті қалпына келтіру жұмыстарын қолға алған болатын. Бұл жұмыс 1988 жылдың жаз айларында басталды. Әдепкіде тарихи-мәдени ескерткіш ретінде қалпына келтіруге бел шеше кіріскен қоғам қаржысы жарым-жартылай жетпей қалды да, оның құрылысы шамалы уақыт тоқтауға мәжбүр болды. Міне, осы тұста облыстық партия комитеті өзінің өктем билігімен мешітті кім ақша төлесе, соған беруге келісімдерін білдіріп, баспасөз арқылы да, теледидар арқылы да хабарлаған болатын. Тіптен ол болашақтағы сауда орны, жастар кафесі де болуы мүмкін деген болжамдар да айтылған. Көптің аты – көп. Оның үстіне кешегі Құнанбай секілді ел ағасы салдырған бұл мешіттің тек мешіт ретінде ғана болуын та лап еткен жергілікті халықтың тілегі орындалды. Егер де әлгіндей ұсыныс-пікірлер айтылмай, халықтың арман-ниетін жоғары жаққа жеткізбегенде, мүмкін қасиетті мешіт басқа мақсатқа пайдаланылар ма еді, кім білсін. Әйтеуір әділдік жеңіп, Құнанбай қажы салдырған сол мешіт бүгін Қарқаралы өңірінің діни орталығына айналып отыр. Бұл – бүгінгідей тәуелсіз ел атанып, діліміз бен дінімізді қайыра жаңғыртып жатқан шақта халықты мұсылмандыққа тәрбиелейтін бірден-бір имандылық ұясы. Біз бұл тарихи орынның қазіргі таңдағы тыныс-тіршілігімен жете танысу үшін Қарқаралыға арнайы барып, мешіттің бас имамы Зей нолла Сейсенбайтегімен әңгімелескен едік.
КӨКТАМЫР «Құдайға шүкір, қасиетті мешітіміз қалпына келтірілді. Ол мұсыл ман қауымының игілігіне жаратылуда. Жұма намазы, әр түрлі діни мейрамдарға халық көп жиналатын болды. Олардың арасында сек сендегі қарттар мен сегіздегі балаға дейін бар. Қазір халқымыздың салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпы қайыра жаңғыртылып жатқан жоқ па, сол бір өркенді іске біздің мешіт те белсене кірісіп кетті. Көптеген жас жұбайлардың мұсылманша некесі қиылды. Ат қою, сүндетке отыр ғызу секілді салттар да мешіт қабырғасында жүргізілетін болды. Жастарды имандылыққа тәрбиелеу мақсатында мешіт жанынан діни медресе аштық. Сондай-ақ, осы өңірге Құнанбай қажы мешіті ретінде белгілі бұл дін ордасының қадір-қасиетін күні кешегідей қалпына келтіру үшін осындағы дін жолындағы адамдар қолдан келер бар істі атқаруға бел шешіп отырғанын айта кетейін. Мешіт орналасқан көшеге Құнанбай есімін берсе деген ұсынысымыз тағы бар. Сол тілегіміз орындалса, онда қасиетті Құнанбай қажы алдындағы ұрпағының қарызы біршама болса да өтелмей ме?» – дейді имам өз әңгімесінде. Иә, қасиетті Қарқаралының қадірі қазақ халқы үшін ерекше. Ел өміріндегі алар орны да айрықша, оның қойнауындағы ашылмай жатқан небір ескерткіштер мен мұралар да тарих көзі. Міне, солардың бірі – Құнанбай мешіті. Мешіттің алдағы уақытта ел игілігі мен тірлігі, имандылығы мен тұрмысы, келешегі мен бірлігі үшін қызмет етеріне ешқандай күмән жоқ. Өйткені көненің көзі болған қасиетті мекендер қашанда халықты пәле-жаладан қорғап, қадамын қолдап келе жат қан жоқ па?! «Айтпаса сөздің атасы өледі» дейді қазақ. Сондықтан мақаламыз дың соңында мешітті қайта қалпына келтіру кезінде кеткен кемшіліктер туралы да айта кеткенді жөн көріп отырмыз. Біз алдымен мешіттің іші-сыртын асықпай аралап, мұқият қарап шықтық. Кең де жарық үш бөлмелі, биік мұнаралы ағаш үй. Кіре беріс маңдайшаға араб әріптерімен қазақ тілінде «Құнанбай қажы мешіті» деп жазылып қойыпты. Мешіт алғашында да ағаштан салынған екен. Кейінен қайта қалпына келтіру кезінде де ағаш бөренелермен тұрғызы лып, ішкі-сыртқы жақтарынан бірдей жіңішке тақтайшалармен көмкерілген көрінеді.
КӨКТАМЫР «Бірақ алғашқыдай емес, сапасыз салынған. Мешітті қайта қалпына келтіруші жолдастар әйтеуір қалқайтып тұрғызып қоюды мақсат тұтқан болулары керек, ішкі-сыртқы жақтарынан қағылған тақтайшалардың арасына ештеңе тығындамаған. Сол себепті де, бо ран түгіл, қатты жел соқса мешіттің іші азынап кетеді, – дейді имам. – Оның үстіне ағаштары да сапасыз. Қазірдің өзінде күнге күйіп қурап, жымдастырыла қағылған тақтайшалардың арасы ырсиып-ырси ып ашылып тұр. Бұдан кейін мешіттің іші азынамай қайтсін? Ал мешіттің іші-сыртын сырлатып алайық десек, қысқа жіп күрмеуге келер емес. Яғни, қаржы тапшылығы қолымызға байлау болып тұр. Бұған қарап мешіттегілер қол қусырып, айға қарап отыр екен деп ойлап қалмаңыздар. Шама-шарқымызша ел қатарлы жұмыс істеп жатырмыз. Мәселен, неше ай бойы онда жүгіріп, мында жүгіріп, ішін жабдықтадық. Мешіт кілем, жайнамаз секілді қажетті жабдықтармен толықтай қамтамасыз етілді. Шыны-әйнектер іздестіріліп, табылып, екі қабат терезелер салынды. Келешек ұрпақ үшін қажетті бұндай игілікті істер өзінің заңды жалғасын табады деп сендіреміз». Біз одан соң имам Зейнолла Сейсенбектегінен Құнанбай қажы салдыртқан алғашқы кездегі мешіт пен қазіргі таңдағы мешіттің ара сында айырмашылықтар бар-жоғын сұрадық. Ол кісі көк пен жердей айырмашылық болмаса да, елеулі өзгешеліктер барлығын тілге тиек етті. Алғашқыда мешіттің жанынан арнайы үй салыныпты. Қазіргідей биік болмаса керек. Мұнарасы да мүлдем басқаша болған екен. Әрине, сырт көзге бұның барлығы онша өрескел көрінбеуі де мүмкін. Де генмен, қандай да болсын әрбір тарихи орынның қадір-қасиеті сол бұрынғы қалпына айнытпай қайта келтіруінде болса керек. Көненің көзіндей болған тарихи-мәдени орындар сонысымен құнды, со нысымен қымбат. Мән-маңызы да осынысымен жоғары болмақ. Сондықтан болашақта осындай мәселелерге ұсақ-түйек деп қарамай, үлкен мән беріп, ерекше көңіл бөлген жөн сияқты. 1994 жыл
КӨКТАМЫР ҚАЗДАУЫСТЫ ҚАЗЫБЕК БИ Алтын ұяң – Отан қымбат, Құт-берекең – атаң қымбат, Аймалайтын анаң қымбат, Мейірімді апаң қымбат, Асқар тауың – әкең қымбат, Туып-өскен елің қымбат, Кіндік кескен жерің қымбат, Ұят пенен ар қымбат, Өзің сүйген жар қымбат. Ел аузында құрандай жатталып қалған бұл қанатты сөздердің иесі – ХVІІ ғасырдың аяғы мен ХVІІІ ғасырдың басында өмір сүрген қазақтың әйгілі биі Қазыбек Келдібекұлы. Ауызша-жазбаша деректерде Қазыбек сөз бастаған шешен, ел бастаған көсем ретінде көрінеді. Оның алғаш рет қазақ елшілері нің құрамында жоңғар қонтайшысына барып, даугер шешен дігімен ерекше көзге түскендігі жайлы халық аузында мынадай аңызәңгіме бар. ХVІІ ғасырдың аяқ кезінде жоңғар шапқыншылары тыныш жат қан қазақ еліне тиісіп, талай жазықсыз жандарды мал-мүлкімен айдап әкетіпті. Оларды ұрыс-керіссіз, бейбіт жолмен қайтарып алуды ойлаған қазақтың хан, сұлтандары ақылдасып, жоңғарларға елші жі бермек болады. Ат жалын тартып мінуге жарап қалған Қазыбекті ел шілер тобына қосып жібермек ниетпен Келдібек оны шақырып алып: – Балам, сенің осылай асық ойнап, тай үйретумен жүргенің жақ сы ма? Жоқ, әлде ел танып, жер көргенің жақсы ма? – деп сұрайды. Азмаз ойланып қалған Қазыбек:
КӨКТАМЫР – Балалық дәурен бал екен. Әйтсе де, жақсылардың қасына еріп, ел танып, жер көргенім теріс болмас, – дейді. Дән риза болған Келді бек би баласына ақ жол тілеп, хан ордасына жібереді. Ұзындығы есік пен төрдей телқоңыр атқа мінген Қазыбек ара қонып ордаға жетеді. Сол бойында ешқайда аялдамастан, сарайы ның алдында топты жанмен әңгімелесіп тұрған Тәуке ханға келіп, сәлем береді. Баланың көзіндегі ұшқынды байқап қалған зерделі хан: – Кімнің баласысың? Қайда бара жатырсың? – деп сұрапты. – Атым – Қазыбек. Әкем – Келдібек. Шаншардың немересімін. Мен ауылда жүргенде балалардың басшысы едім. Енді ағаларымның ат шысы болайын деп келдім. Бұрын тай мен құнан бәйгесін көріп едім. Енді ат бәйгесін көрейін деп келдім! – дейді ол. Хан басын изеп: – Жарайды, балам. Талабың да, сөзің де жақсы екен. Шыныңды айтшы, басшы болғың келе ме, жоқ, әлде атшы болғың келе ме? – дейді. Қазыбек жымиып: – Мен жол көрген ағаларымның қасында басшы болып қайтемін, тәйірі, атшы болсам да жарар, – дейді. Риза болған Тәуке көзін жиналғандарға аударып: – Ал, жігіттер, тұрмаңдар. Артқа көңіл бұрмаңдар. Жолдарың болсын. Алдарыңа олжа толсын. Басшыларың Тайгелді би, батыр ларың Малайсары болсын. Атшыларың мына Қазыбек бала бол сын. Үлкендеріңді кішілерің сыйлаңдар. Кішілеріңді үлкендерің ренжітпеңдер. Жат жұрттың алдында жақсы елдің баласы екен діктеріңді көрсетіңдер. Баратын жерлерің бағы асып, қаны тасып тұрған ел ғой... «Елдестірмек – елшіден» деген. Ебін тауып, елдесіп келіңдер, – депті. Елшілер тобы ұзақ жол жүріп, жауласқан жағының ордасына ке леді. Жоңғар қонтайшысы Қалдан сол елдің сыншы қариясын шақыр тып алып: – Қазақ елшілері келді. Сөзбен сүбені, ақылмен жүйені суыратыны бар ма екен? Барып байқап келші, – дейді. – Мақұл, – деп шығып кеткен қария сүт пісірімдей уақыт өтпей жатып қайтып оралады. – Елшілердің арасынан сіз шошитын адам 4-0113
КӨКТАМЫР көзге шалынбады. Бірақ, аттарын көрейін деп қораға кірсем, аяққолы серпіліп, аузынан от шашқан бір жас бала ұйықтап жатыр екен. Баланың бұнысы – қолым жеткенше сермеймін, аяғым жеткенше қарғимын, аузым жеткенше сөйлеймін деген ишараты, – дейді сын шы. Сонда қонтайшы ашуланып: – Сен де аузыңнан шалына, ақылыңнан адаса бастаған екенсің. Ол өзі бала болса, ақылы шала болады емес пе?! Ал жатқан жері аттың қасы болса, ол тазшада қандай құн болмақ? Көп болса атына ие бо лып қайтар, – дейді. Осы кезде елшілер ордаға келіп кіреді. Оларды көрген Қалдан ашу лы жүзбен мұртын тікірейтіп: – Жауға шабатындай неменеге топталып келдіңдер? – дейді. – Өлеңді өзгеге бердік. Өрлікті төменге бердік. Алдияр тақсыр, иіліп алдыңа келдік. Берсең алып, бермесең қажып кетеміз. Ендігі сөзді өзіңе салдық, – деп Тайгелді би сөз бастаған екен. Жоңғар қонтай шысы оның аузын екі-ақ ауыз сөзбен жауып тастапты. Тайгелдіден кейін ешкімнің сөйлеуге батылы жетпесе керек. Соны сезген Қазыбек есік жақтағы орнынан атып тұрып: – Ерден ердің несі артық – ептестірген сөзі артық. Малдан малдың несі артық – бір-ақ асым еті артық. Мойнына алған сөзден шегінген жігіттен аштан өлген аюдың еті артық, – депті де, Қалданның алдына жетіп барады. – Ел ебенек емес, ер кебенек емес. Дат, тақсыр! – дейді. – Айт датыңды! – депті қонтайшы. – Біз – қазақ деген мал баққан елміз. Жайлап жатқан мекеніміз – қазақ даласы. Елімізден құт-береке қашпасын деп, жерімізді жаулар баспасын деп найзаға үкі таққан елміз. Дәм-тұзымызды ақтай білген, досымызды сақтай білген елміз. Асқақтаған хан болса, ордасын ой рандап, от басын таптай білген елміз. Атадан ұл туса, құл болам деп тумайды. Анадан қыз туса, күң болам деп тумайды. Жау-жәлемде тұтқын болған ұл-қыздарды қаматып отыра алмайтын, оларсыз іш кен асты жұтына алмайтын елміз. Темірмін деме, тегің тат, жаңбырме нен шайылар. Шымырмын деме, шыныңды айт, шымшуырмен ша йылар. Жаңа үйренген жас тұлпар, жарысқалы келгемін. Қасарыс қан хан болсаң, қарысқалы келгемін. Сен темір де, мен көмір, ерітке
КӨКТАМЫР лі келгенмін. Егесетін ер шықса, иіткелі келгенмін. Танымайтын жаттарға танысқалы келгенмін. Қазақ-қалмақ баласын табыстыруға келгенмін. Табыспаққа көнбесең, тұрысатын жеріңді айт. Сен қабан да, мен арыстан, алысқалы келгенмін. Кәне, ханым, тыңдайық, дірілдемей жөніңді айт! – депті Қазыбек бастырмалатып. Не дерін білмей сасып қалған қонтайшы: – Бала болсаң да сөзің неткен зор еді? Төмендемей жоғары шық шы, жоғары... – дей беріпті. Түнеріп тұрған Қазыбек: – Қазақ халқының әдеті бойынша жасына қарай отырады. Аға ларым төрде отырғанда, мен өзімді төбеде отырғандай сезінемін, – депті. Аузына оңды сөз түспеген қонтайшы бас уәзіріне қарап: – Алыстан келген елші ғой. Ашулары бойында тұр екен. Қонақ үйге алып барып, жақсылап күтіңдер, – дейді. Елшілер шығып кеткен соң жоңғардың бек-сұлтандары Қалданнан: – Жұдырықтай баланың сөзінен осыншама дірілдеп кеткеніңіз не? – деп сұрайды. Сонда қонтайшы: – Сендер білген жоқсыңдар. Ол сөзді өңменімнен сұғып айтқан кезде екі иығымнан екі аю ауыздарынан от шашып, «Тыпыр етші, көрелік!» деп тұрды. Содан қатты сескендім. Сендердің көздеріңе түспегенімен маған анық көрінді. Енді бұл балаға қайтарып айтар сөзім жоқ. Адам шошитын әлгі сиқын көрер көзім жоқ. Мал-жанын түгендеңдер де, алдына салып беріңдер, – дейді. Уәзірлер елшілерге қолды болған мал-жанды түгел қайтарып береді. Аттанарда Қалдан Қазыбекті шақырып алып: – Жаңа үйреткен жас тұлпар екеніңді айттың... Мірдің оғындай сөздеріңнен буындарым шымырлап, қанша тырыссам да сіресіп тұра алмадым. Қасарыссаң ханды да жеңетініңе көзім жетті... Даусың қаздікіндей саңқылдап шығады екен. Осы оқиғадан белгі болсын, бұдан былай сен Қаздауысты Қазыбек деп атайтын болайық, – деп сый-құрметпен шығарып салған екен. Аңыз астарында замана шындығы жататындығы бесенеден белгілі жай. Ауыз әдебиетінің тамаша білгірі М. Ғабдулиннің сөзімен айтсақ: «Әуел басында тарихи шындыққа, нақтылы деректерге негізделіп туған әңгімелер кейіннен халықтың ауызша айтатын аңыздарына
КӨКТАМЫР айналады» (М. Ғабдуллин. «Қазақ халқының ауыз әдебиеті». 1974. – 141-бет). Бұл оқиғаның болғандығын Ш. Уәлихановтың «ХVІІІ ғасырдың батырлары туралы тарихи аңыздар» атты мақаласындағы мына жолдар да айғақтайды: «Үш жүздің батырларынан сіз кімді артық санайсыз?» – деп Абылайдан сұрағанда, ол былай деп жауап беріпті: «Бізге дейінгі екі кісіге таңғалуға болады. Олар – тоқсан туысын тұтқыннан құтқарып алған қаракесек Қазыбек және тағы да сон дай өзінің тұтқында кеткен адамдарын босатып алған уақ Дербісәлі. Біріншісі Қалданның өз алдына барып босатып алған. Ал соңғысы өз ауылында жатып, дұшпанын қорқытып алдырған» (Ш. Уәлиханов. «Бес томдық шығармалар жинағы», 1-т. – 218-бет). Осыдан бастап Қазыбектің аты шығып, ел арасындағы дау-шарға араласып, келе-келе Қаздауысты Қазыбек би аталып кетіпті. Тәуке хан билігін күшейту үшін терең ойлы билерге арқа сүйеп, таққұмар сұлтандардың беделін төмендетуге тырысқаны тарихтан белгілі. Осы мақсатпен ол Ұлы жүзге – Төлені, Кіші жүзге – Әйтекені, Орта жүзге Қазыбекті аға би етіп тағайындайды. Тәуке ханның әйгілі «Жеті жарғысын» жасасуға қатысқан бұл үш би хандықтың ішкі және сыртқы істеріне де белсене араласып отырған. Ол жөнінде де ел ішінде аңыз-әңгімелер көп. Солардың қысқа да нұсқа «Үш бидің сөзі» деп аталатын біреуіне тоқтала кетейік. Бірде қазақ билеушілерінің арасында елшілікке келген көрші мемлекеттің адамын өлтіру туралы сөз болады. Сонда бірінші осы ұлы үш би оңаша шығып ақылдасқан екен. Ең бірінші сөз алған Төле алдыңғы жағындағы көлге қарап тұрып: – Алар ма еді мына көлдің қуын атып? – дейді. – Оғың шығын болмасын суын атып, – дейді Әйтеке. – Құтылмастай пәлеге қап жүрмейік, құс екен деп перінің қызын атып, – дейді Қазыбек. Осы үш-ақ ауыз сөзбен бұл мәселенің түйіні шешіліп, елші аманесен еліне қайтқан екен. Қазақ мемлекетін нығайтуға тырысқан Әз Тәуке 1718 жылы қайтыс болғаннан кейін жоғары билікке таласқан сұлтандар өзара қырқысып, сүттей ұйып келе жатқан бірлікті қайта бұзды. Қазақ
КӨКТАМЫР хандығының осындай саяси бытыраңқылығын шебер пайдаланған жоңғар қонтайшысы Цеван Рабдан орыс мемлекетімен ауыз жала сып, жер қайыстырған қалың қолын қазақ жеріне қаптатты... Толассыз сыртқы қақтығыстар, ішкі алауыздықтар халқымызды 1723-1725 жылдары «Ақтабан шұбырындыға» ұшыратқаны белгілі. Жоңғар шапқыншыларының қазақ жерін басып алу қауіпі төніп, ана баладан, бала әкеден айырылған қасіретті заман туды. Талай шаңырақ опырылып ортасына түсіп, қалың ел қасиетті атамекенін тастап, босқын боп кетті. Міне, осындай алапат ауыр жылдары Қазыбек би жауға қарсы халық жасақтарын ұйымдастырып, тілінің күшімен де, найзаның ұшымен де елінің тәуелсіздігін сақтап қалуға атсалысты. Зерттеуші-ғалым С. Нұржақияновтың сөзімен айтқанда: «Бір жарым ғасырға созылған халықтың ұлт-азаттық күресін өмір тәжірибесі мол, саяси зердесі жетік, соғыстарда шыныққан, ел сынынан өткен Қаракерей Қабанбай, Қаздауысты Қазыбек, Қанжығалы Бөгенбай, Шақшақ Жәнібек, Райымбек, Шынқожа секілді қалың бұқарадан шыққан халық ұлдары басқарғаны мәлім. Сайдың тасындай осындай ел азаматтарына алдарында бір ғасыр бұрын өткен Жалаңтөстей ағаларының ерлік ісі үлгі-өнеге болды» («Білім және еңбек», 1984, №5. «Жалаңтөс батыр туралы»). Қазыбек би қазақтың үш жүзін біріктіруге бар күш-жігерін жұмса ған атақты Абылай ханмен де жақсы қарым-қатынаста болған. Бұл ойымызды сол заманның от ауызды жырауы Үмбетейдің Абылайға арнаған толғауындағы мынау шумақтар да дәлелдей түседі: Аруағыңа болысқан, Әділ билік қылысқан, Қашпаған қандай ұрыстан; Керейде батыр Жәнібек, Қаздауысты Қазыбек, Қудауысты Құттыбай, Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай, Абылай, сенің тұсыңда Сол бесеуі болыпты-ай.
КӨКТАМЫР Кейі батыр, кейі би, Тәңірім берген сондай сый, Ұмыттың ба соны, Абылай?! («Бес ғасыр жырлайды». – Алматы, 1989). Осындай елім деп еңіреген біртуар ер азаматтардың арқасында қазақ халқы бірлігі мен жерінің тұтастығын сақтап қалды. Ал жоңғарлар қазған орларына өздері түсіп, жер бетінен ізім-ғайым жойылып кетті. Халық шежіресі бойынша, Қазыбектің Бекболат, Сырымбет, Қазымбет, Базаргелді, Барқы деген бес ұлы, Қамқа есімді жалғыз қызы болыпты. Елшілікке барған бір сапарында Қазыбектен жоңғар қонтайшысы: – Ұлың нешеу? – деп сұрайды. Қазыбек: – Бір жарым ұлым бар, – деп жауап береді. Қоңтайшы оған таңырқай қарап: – Бір жарымың қалай? Сенде бақандай бес ұл бар деп естуші едім, – дейді. Сонда Қазыбек би: – Менің елге ие болатын ұлым біреу-ақ. Аты – Бекболат. Соны бүтінге есептедім. Ал мал мен қатынға ғана ие болатын төртеуін есеп ке алып жүргенім жоқ, – деген екен. Қазыбек би Қарқаралы өңірінде 1764 жылы жүзге қараған шағын да (кейбір деректерде 97 жасында) қайтыс болады. Қыс мезгілі бол са керек. Әкесіне жеке киіз үй тіктіріп, денесін жер жібігенше сонда сақтаған Бекболат көктем шыға Түркістандағы Қожа Ахмет Иасауи сағанасына апарып қойып, басына құлпытас орнатқан көрінеді. Қазақ халқында «Ел үмітін ер ақтар, ер атағын ел сақтар» дейтін тамаша мақал бар. Ордабасыда өтетін үш биді еске алу күні осы сөздің өмір тәжірибесінен түйінделіп барып айтылғанын дәлелдесе керек. Иә, көзі тірі кездерінде халқына қорған болып, ел үмітін ақтаған дала кемеңгерлері ел жадында мәңгі сақталмақ. 1994 жыл
КӨКТАМЫР ҚОҢЫРӘУЛИЕ Кең-байтақ қазақ жері көненің көздеріндей тарихи және мәдени ескерткіштерге өте бай. Зерттеуші мамандардың айтуына қараған да, олардың Қазақстан территориясындағы жалпы саны 25 мыңға жуықтап қалады екен. Бұл мұрағаттардың қай-қайсысы болма сын халқымыздың ерте кездегі тыныс-тіршілігі мен бастарынан өткерген тарихи кезеңдерінен елес беріп, сыр тарқатады. Өкініш- ке орай, осы асыл мұраларымызды есепке алу, қорғау, қалпына келті ру жұмыстарына әлі күнге дейін жете көңіл бөлінбей келеді. Мемлекет қамқорлығына алуға әбден лайық осындай тарихи ес керткіштердің бірі – Семей облысы Абай ауданындағы «Қызылту» кеңшарының территориясында орналасқан Қоңырәулие үңгірі. Бір ауыл ел емін-еркін сыйып кететін осы алып үңгір туралы ауыл ақсақалдары неше түрлі аңыз-әңгімелер шертіп, ішіндегі көздің жа сындай мөлдіреп ағып жатқан суына дейін ауруға ем, бойға қуат беретінін айтып отыратын. Тіпті үңгірдегі тастан қашалып жасал ған бойжеткен қыздың мүсінін де жоңғар шапқыншылығы кезіндегі оқиғалармен байланыстырып, алуан-алуан шежірелер тарқататын. Оның бәрін тізбелеп жатпай-ақ, үңгірдің тарихи орын екенін бұлтартпас айғақтармен дәлелдейтін Қытай Халық Республикасында тұратын зерттеушілер Зейнолла Сәнік пен Бейсенғали Садыханның «Қаракерей Қабанбай» атты кітаптарындағы (Бұл еңбек 1989 жылы Шыңжаң халық баспасынан, 1991 жылы «Жазушы» баспасынан басы лып шыққан) «Қабанбайдың Дарабоз атанып, хан ұранына айналуы» деген мақаладағы нақты деректерге жүгінелік. Мақаланың қысқаша мазмұны төмендегідей. Жоңғардың ханы Доржы бастаған қалың қол ел шетіне ілінгенін естіген Абылай хан Қабанбай бастаған батырларын шақыртып ал
КӨКТАМЫР дырып, ел мен жерін жатжерлік шапқыншылардан азат ету үшін қарсы аттанады. Шапқыншылар Шыңғыстаудың сыртындағы Ша ған өзенінің бойына келгенде екі жақ кездесіп, жеті тәулікке ұласқан қанды шайқас болады. Жоңғарлар Қоңырәулие тауының өңіріне бекініп алып, қазақтарды ауыр шығынға ұшыратады... Дегенмен, осы шайқаста Қабанбай батыр жаудың шебін бұзып, қамалын қиратып, жоңғардың «Қырғи» атанған батыры Арқауылды жекпе-жекте өл тіргені үшін «Дарабоз» атанып, хан ұранына айналған екен. Енді көпшілікке нанымдырақ болу үшін мақаланың аяқ жағынан қысқаша үзінді келтірейік: «Қоңырәулие соғысы жеңіспен аяқталған соң, бекініс-үңгірдің ішіндегі мал-мүлік жиып алынады. Үңгірді барып көргенде іші кең әрі қараңғы, алаулы шамсыз жүруге бол майтын орын екен. Ішінде недәуір көлемді көлшік бар екен. Осыдан суаттанып, айналасына ор қазып, тас қалап, бекініс жасаған жауды қазақ жасақтары азықтан бес тәулік тарықтырып, қалған мыңнан астам адамын қолға түсіріпті. Бұлардың қару-жарағы мен көлігін ол жалап, өздеріне тас құшақтатып, қазаққа екінші қарсы тұрмаймын дегізіп ант ішкізіп, өздерін шекарадан өткізіп салыпты. Өйткені, бұрынғылардың айтуына қарағанда, моңғолдарда қолды болып, қайта барған тұтқынды екінші рет әскерлікке алмайтын салт бар екен. Қоңырәулие бекінісін алу жолында қаза тапқан әр жүздің адам дарын, яғни арғын, найман, керей руларының адамдарын дара-да ра, бөлек жерлеп, өліктердің басына ескерткіш-құлыптас орнатып, ол тастарға найманның шөміш таңбасын, арғынның көз таңбасын, керейдің ашамай таңбасын айырым-айырым ойып орнатыпты. Мұны Маусымбай шежіре: «Өз көзіммен көріп, аруақтарға құран оқыдым», – деуші еді» (З. Сәнік, Б. Садыхан. «Қаракерей Қабанбай». – Алматы, «Жазушы» баспасы. 1991. – 140-бет). Бұл зират-қорымдар әлі күнге дейін сақтаулы. Ал осы тарихи мән-маңызы жағынан ерекше ғажайып табиғат туындысының қазіргі күйі адамның аяныш сезімін оятады. Сексе нінші жылдардың басында осы тарихи орынды зерттейміз деген желеумен экспедициялар келген болатын. Белгілі жазушы Тұрсын Жұртбаевтың айтуына қарағанда, олар қыздың мүсіні жатқан жерді
КӨКТАМЫР жарылғыш заттармен қопарып, алтын іздеген көрінеді (Ел аузында ғы аңыздардың бірінде осы жерге қалмақтың бір байы алтын тығып кеткені туралы айтылушы еді. «Ел құлағы елу» деген, соны құлақтары шалған болу керек). Олардың алтынды тапқан-таппағандарын бір құдайдың өзі білер. Ал экспедиция мүшелерінің көнеден жет кен баға жетпес тарихи орынды жарылғыш заттармен қопарып, бүлдіріп кеткендері анық еді. Осыдан бір жыл бұрын барған са парымызда үңгірдегі тастан қашалып жасалған ғажап өнер туын дысы – бойжеткен қыздың мүсінін де бір күн іздеп таба алмадық. Тегі, оны да қанжығаларына байлап кетсе керек. Міне, осыдан-ақ Кеңес өкіметі кезінде ата-баба мұрасына деген көзқарастың қандай дәрежеде болғанын анық байқауға болады. Қайран сол ата-баба ларымыз халқымыздың табиғатына тән «Қолда барда алтынның қадірі жоқ» деген нақылды қалай тауып айтқан?! Егер жас ұрпақты елін, жерін сүюге тәрбиелеуде зор рөл атқаратын бұндай мәдени һәм тарихи ескерткіштер басқа елдің еншісіне тисе, сөз жоқ, мемле кет қамқорлығына алып, сол халықтың мақтан тұтар киелі орнына айналдырып қояр еді. Мәселен, Венгрияда 2500-ден астам жер асты үңгірлері бар екен. Олардың бәрі мемлекеттің қамқорлығына алы- нып, шетелдік туристер аралап, қызықтайтын мәдени орынға ай налған. Тіпті кейбір үңгірлер емдік қасиеттерімен де ерекшеленетін көрінеді. Зерттеуші ғалымдардың айтуына қарағанда, олардағы ша ғын климат тыныс жолдары мен өкпені емдеуге оңды ықпал етсе, енді бірінің ауасы аллергияға, демікпеге қарсы пайдаланылады екен. Қоңырәулие үңгірін де осындай шетелдік қонақтар тамашалайтын мәдени орынға айналдырса, қазекемнің тақиясына тарлық қылмас еді ғой. Қазақ жеріндегі тарихи және мәдени ескерткіштерді қиратып, бүлдіру ісінің кең көлемде белең алуына негізгі себеп – өткенге то пырақ шашқызу арқылы тарихи жадты ұмыттыруға тырысқан Ре сей империясының орыстандыру саясаты. Қандай империя болма сын өзінің отарлау саясатын қол астындағы бодан халықтың тари хи мұраларын құртудан бастайды. Өйткені, күретамыры қиылған адамның өмірі сияқты, тарихын ұмытқан халық та жер бетінде
КӨКТАМЫР
ұзақ жасай алмайды. Ресей империясының көкейін тескен негізгі
мәселе де қазақ халқын ұлт ретінде жойып жіберіп, оның заңды
иеліктеріне өздері қожалық ету еді. Осы мақсатпен сонау Қожа Ах
мет Иасауи кесенесін зеңбірекпен атқылаған патша сілімтігі Чер
няевтан басталған тарихи және мәдени мұраларды құртып-жою
ісі Кеңес өкіметі кезінде де өз жалғасын тауып отырды. Кезінде
мәдениет пен ғылымның ошағы болған Түркістан, Сайрам, Тараз
секілді әлемге әйгілі қалалардан қалған жұрнақтарды жермен-жек
сен етіп, Қожа Ахмет Иасауи кесенесіне арулап жерленген ардақты
бабаларымызға қойылған құлыптастарды да үстем тап өкілдері
деген сылтаумен қопартып тастап, сүйектерін трактордың темір та
банымен таптатқандары да ешкімге жасырын емес. Сөйтіп, «Өлі разы
болмай тірі байымайды» дейтін халқымыздың жігерін құм қылып,
намысын аяққа таптады.
Құдайға шүкір, қазір заман өзгерді. Халқымыздың ғасырлар бойы
аңсаған арманы орындалып, бодандықтан бостандыққа, тәуелділік
тен тәуелсіздікке қолымыз жетті. Өшкеніміз жанып, жоғалтқа
нымызды қайта тауып жатырмыз. Ендігі жерде ту-талапайға түскен
тарихи және мәдени мұраларымызды қорғау мен қалпына келтіру
мәселелеріне де жете көңіл бөліп, оларды шежіресімен қоса келе
шек ұрпақтың игілігіне айналдыру басты міндет болуға тиісті.
Лайым солай болғай деп тілейміз!
КӨКТАМЫР ҰЛТТЫҒЫҢДЫ САҚТА! Жақыныңды жаттай сыйла. Халық даналығы Қазіргі жалпыхалықтық сөз қорында «Көп ұлтты Қазақстан» де ген сөз тіркесі жиі қолданылады. Кейбір қолында билігі бар лауазым ды адамдар: «Біздің көп ұлтты республикамызда жүзден аса ұлттар мен ұлыстар тұрады!» – деп мақтаныш сезіммен жар салып жатады. Тереңірек ойлап, зерделеп көрелікші, осы дұрыс па? Кеңес өкіметі дәуірлеп тұрған кезде жалпыхалықтық сөз қорында «совет халқы» деген жып-жылмағай сөз тіркесі жиі қолданылатын. Бұл сол бүкіл одақтас республикаларда тұратын салт-санасы, діні, түрі, тілі басқа әр түрлі халықтардан «түрі – ұлттық, тіні – орыстық» бір ғана халық жасап шығарудың зымиян саясаты еді. Әйтпесе, Кеңес Одағында тұратын әр түрлі халықтар болғанымен, «совет халқы» деген халықтың жоқ екенін екінің бірі біледі. Кейінгі кездері «Қазақстан халқы» деген сөз жиі қолданылып жүр. Қазақстанда бір ғана халық бар. Ол – қазақ халқы. Ал қалғандары тұрақты атамекендері – Отандары бөлек халықтардың өкілдері ғана. Мәселен, орыс ұлты – Ресейде, украин ұлты – Украинада, неміс ұлты Германияда тұрады. Осыны дұрыс түсінген жөн. Бір қараған адам ға бұл сөздердің ешқандай оғаштығы байқалмауы мүмкін, бірақ тереңірек мән бере зерделеген жанға олардың астарында үлкен саясаттың салқыны жатқандығы бірден аңғарылады. Жалпы ұлт дегеніміз не? Алдымен осы сұраққа жауап іздеп көрейік. Қандай философиялық еңбекті ашып қалсаңыз да, «Ұлт – адамдардың
КӨКТАМЫР экономикалық, территориялық, тіл, мәдени-психологиялық байла ныстармен біріккен тұрақты қауымдастығы» дейтін анықтамадан онша алшақтамайды. Яғни, ұлттың ұлт ретіндегі бірден-бір белгі сі – жерінің тұтастығы, былайша айтқанда, өзіндік территориясы болуы шарт. Ұлт адамдардың ұзақ уақыт бойы бір территориялық кеңістікте аралас-құралас тіршілік ету нәтижесінде қалыптасады. Қазақстан территориясында қазақ халқы ғана іргелі ұлт болып қалыптасқаны әлімсақтан белгілі. Халқымыздың көне ұғымы бойынша «Жер – адамзат, жан-жа нуар, өсімдік, жалпы тіршілік атаулының анасы» саналған. Сондық тан ертеде ата-бабаларымыз Жер-анаға табынып, оны қадір-қасиет тұтып, ары мен жанындай қорғап, көздің қарашығындай сақтаған. Тарих сахнасына Ұлы Дала деген атпен енген қазақ сахарасында сонау қадым замандардан мекендеген скиф, сақ, ғұн, үйсін, қаңлы, түрік, оғыз, қыпшақ тайпаларының көсемдерінен бастап, кешегі қазақ хандығының хандарына дейін осы өздері қоныс теуіп, тіршілік еткен ұлан-байтақ қазыналы өңірді жатжұрттық жаулар дан қызғыштай қорып, ұлтарақтай жер үшін жан алып, жан беріскен. Оның жарқын мысалын ғұндардың атақты тәңірқұтының – Мөденің өмірінен көруге болады. Ол билік құрған кезде ғұн елінің атақ-даң қы аспандап, ұлы мемлекетке айналғаны тарихтан белгілі. Ғұндар жер үшін қытайлармен мыңдаған жыл соғысты. Мөде тә ңірқұт өзінің асқан ақыл-парасатының арқасында Орта Азиядағы барлық халықтарды біріктіріп, қытай еліне қарсы қоя білді. Сөйтіп, ол Қытайды өзіне бағындырып, оларға жыл сайын салық төлеп тұруды міндет етті. Қытайлардың ғұндардан қорқып бес мың шақырым қа шықтықта ұзын қамал тұрғызатын тұсы, міне, осы кезең. Біздің атабабаларымыздың осындай жаужүрек болғандығын тарихтың өзі дәлелдеп береді. Мөде таққа отырған алғашқы кезде дәуірлеп тұрған Қытай елінің әміршісі оған елші жіберіп, әкесі Тұман ханнан мұраға қалған, күні не мың шақырым шабатын тұлпарын сұратады. Мөде тұлпарды бе ру-бермеу мәселесін билер кеңесіне салады. Билер: «Бұл сәйгүлік – тек қана ғұн елінің қазынасы», – деп наразылық білдіреді. Ал Мөде өз қабырғасымен кеңесе келе: «Бір жануар үшін бұл қуатты ел
КӨКТАМЫР мен жауласпай-ақ қояйық...» – деп, билерінің наразы болғанына қарамастан, елшіге тұлпарды жетектетіп жібереді. Арада аз уақыт өтпей жатып қытай әміршісі: «Мөде маған өзінің айдай сұлу жас тоқалын сыйға тартсын», – деп тағы елші жібереді. Ғұн елінің жақсы-жайсаңдары қытай әміршісінің бұл талабына өлер дей ыза болып: «Соғыс жариялау керек!» – деп шешім қабылдайды. Бірақ салқын қанды, кемел ойлы Мөде елінің тыныштығы үшін, бексұлтандардың қарсылығына қарамастан, толықсыған айдай сұлу жас тоқалын да елшілерге қосып жібереді. «Дәніккеннен құныққан жаман» демекші, соқтығарға қара, тиісер ге пәле таппай жүрген қытай әміршісі «Мөде бізден өлердей қорқады екен. Екі елдің арасында бос жатқан шұрайлы жерлерін сұратып алайық» деген оймен үшінші мәрте елші жібереді. Мөде тәңірқұт тағы да маңайындағы жақсы-жайсаңдарын шақырып алып, ақылдасады. Олардың көпшілігі: «Астыңдағы атыңды, қойныңдағы қатыныңды бергенде, бос жатқан жерді қайтпексің? Бер де, пәледен құтыл!» – деген ұсыныс-пікірлерін айтады. Көпке дейін үн-түнсіз тұңғиық ойда отырған Мөде тәңірқұт: «Жоқ, – дейді түнеріп, – астымдағы атымды, қойнымдағы қатынымды берсем, олар менің өз иелігімде болғандықтан бердім. Ал жерге менің билігім жүрмейді, ол – халық тың меншігі, елдің ырыс-құты. Жерсіз ел ел бола ма?! Тұлпар кетсе тағы бір бие тұлпар туар, сұлу тоқал кетсе тағы бір қатын ару қыз туар. Ал елді ел етіп, ұлтты ұлт етіп, жұртты асырап отырған жерің біреудің иелігінде кетсе қай биең, қай қатының жер тауып береді? Сондықтан жерді беремін деушілер – ұрпақтың жауы. Ал ұрпаққа қастандық ойлаған адамға ешқандай аяушылық болмауға тиіс!» – дейді. Өз ойын осылай қысқа тұжырған Мөде тәңірқұт «Жерді беру керек» деп сайрағандардың бәрінің басын алдырып, жандарын жаһннамға жібереді. Ер кезегі үшке дейін. Кезек бітті. Мөде де қайырылмастай морт сынды: «Тірі жүріп бұндай қорлықты көргенше, жаудың жағасына жармасып өлейін!» – деп қытай еліне қарсы ұлы соғыс жариялайды. Әділдік үшін шайқасқан бұл соғыста Мөденің мерейі үстем болып, жеңіске жетеді. Тәңірқұттық қызметін осылайша жер үшін соғыстан
КӨКТАМЫР бастаған Мөде көзі жұмылғанша ғұн елінің қарыс жерін жауға берген жоқ. Иә, осы Мөде тәңірқұттың жолын ұстанған қазақ хандығының хандары да туған жерлерін, өз елінің территориясын жатжұрт тық жаулардан қорғауда ештеңеден қаймығып, тайсалған жоқ. Хандықтың негізін қалаған Керей мен Жәнібектен бастап, Қасым, Хақназар, Тәуекел, Есім, Жәңгір, Тәуке, Абылай хандарға шейін туған жерді қорғауда жан алып, жан берісті. Қаншама жойқын соғыстарды бастан кешіріп, «Ақтабан шұбырынды, алқакөл сұламаға» ұшыраса да, туған жерлерін жатжұрттықтардың табанына таптатпауға тырысты. Осындай жаугершілік пен шапқыншылықтан әбден қалжыраған ер де өр халық осыдан үш ғасыр бұрын Ресей империясының құр ған қанды қақпанына өзі барып түсті. 1871 жылы қазақ елі Ресейге «өз еркімен қосылды». Бірақ осы «өз еркімен қосылудың» қаншалық ты қымбатқа түскенін бір ғасырдан астам уақытқа созылған ұлтазаттық қозғалыстардың тарихынан-ақ анық аңғаруға болады. Ұлтты ұлт ретінде жойылып кетуден сақтап қалу үшін алып империямен арыстандай алысқан Сырым, Кенесары, Жанғожа батырлар сияқты ұлт-азаттық қозғалыстар көсемдерінің ерлігін қалай мадақтаса да жарасымды. Алып империя ұлт-азаттық қозғалыстардың бәрін аяусыз басыпжаншып, көкейін тескен жымысқы ойларын жүзеге асыра бастады. 1891 жылы шыққан атышулы «Далалық Ережеге» байланысты қазақ жері Ресей мемлекетінің меншігіне айналды. Соған байланысты топырағы құнарлы, шөбі шүйгін, түгін тартсаң майы шығатын жерлерді кезбе келімсектерге үлестіріп беріп, қазақтарды қу тақыр, құнарсыз жерлерге ысырып тастады... Ресей империясының осындай озбыр отарлау саясатының сал дарынан қазақ жерімен бірге елдігінен де айырылды. Қызылкөз империяға бодан болған осы үш ғасырға жуық уақытта халқымыз тәуелділіктің кермек дәмін татудай-ақ татты. Жеріміз атом бомба ларын сынайтын сынақ алаңына айналды. Тың игеру сияқты саяси науқандарды желеу етіп, кезбе келімсектерді тоғытудың нәтижесінде Қазақстан «гүлденген ұлттар лабораториясына» айналды. Осының
КӨКТАМЫР бәрі халқымыздың маңдайына қаншалықты сор боп жабысқанын тәптіштеп айтпасақ та түсінікті шығар... Он жетінші жылғы Қазан төңкерісі де үмітті ақтамады. Олардың да түпкі мақсаты отаршылдықты орыстандыруға ұластыру болды. Жарым-жартылай ғана территориялық кеңістігімізді айқындап, азкем сауатымыз ашылғанымен, жоғалтып алғанымыз тіптен көп... Дүние жүзінде таза бір ұлттың адамдары ғана ұйысып отырған мемлекетті табу қиын. Мәселе белгілі бір ел аумағындағы сан алуан ұлттық-этникалық құрылымдардың қайсысының ұлт болып табы латындығында. Қазақстанда негізгі жергілікті ұлт – қазақтар. Ал қалғандарын ұлт деп айдар тағуға ешкімнің құқығы жоқ. Қазақстан да тіршілік етіп жатқан басқа ұлт өкілдері қазақ жеріне әр түрлі се беппен келген. Соның ең бастысы қазақ жеріне бекіністер салу, орыс шаруаларына халқымыздың атақоныстарын ата-бабаларынан қалған мұрадай үлестіріп беріп, сол шұрайлы жерлердегі қазақтарды күштеп қуудағы патша үкіметінің негізгі саясаты да кең-байтақ да ланы иемденіп қалып, қазақты ұлт ретінде жойып жіберу еді. Бұл қитұртқы саясат Кеңес өкіметі тұсында да өзінің заңды жалғасын та уып, қазақ өз елінде отырып азшылыққа ұшырады. Бұл жағдайлар дың тілдік ортаға да өзінше ықпал-әсерлері болғаны белгілі. Ұлттың тағы бір төл белгісі – тілі. Қандай да бір ұлттың тілі жоғалған кезде толыққанды ұлт болудан қалады. Тілінен айырылған ұлт – қанатынан қайырылған құс сияқты. Сар далада еркін ұшыпқонып жүруі үшін құсқа қанат қандай қажет болса, тіл де ұлтқа сондай қажетті. Тіл – ұлттық болмыс-бітімнің бастау бұлағы, қайнар көзі. Қандай арынды бұлақтың болсын қайнар көзін бітеп тастасаңыз, бірте-бірте суы азайып, тартылып қалады. Ұлт та сол сияқты, тілінен айырыл са, бірте-бірте ұлт ретінде жойылып кетеді. Тілінен айырылған ұлт – өлі ұлт, оның басқа ұлтқа сіңіп кетуі де оп-оңай. Сол себепті де отар лаушы қызылкөз империялар боданындағы ұлттарды өзіне сіңіріп алу үшін алдымен олардың тілін құртуға күш салады. Ресей импе риясы да қазақ халқының тілін жойып жіберу үшін қолынан келген айла-шарғысын істеп бақты. Ол өз «жемісін» берді де. Тоқырау деп
КӨКТАМЫР айдар таққан жылдары жеті жүзден астам қазақ мектептерінің жа былуы, халықтың қырық пайызы өз ана тілін ұмытуы, қазақ тілінің мемлекеттік дәрежеден бірте-бірте төмендеп, от басы, ошақ қасында қалуы, міне, осы жымысқы саясаттың айқын бір көрінісі. Егер Кеңес Одағы деген алып империя ыдырамай, енді бір жарты ғасыр өмір сүргенде ұлтымыздың, оның ішінде тіліміздің болашақ тағдыры қандай күйге түсетінін ойлаудың өзі қорқынышты. Құдайға шүкір, қазір заман да, заң да өзгерді. Қағаз жүзінде болса да қазақ тілі мемлекеттік мәртебе алып, өз тұғырына қонды. Бұл бөркі мізді аспанға ататындай жүрекжарды қуанышты жағдай болғанымен, тоқмейілсуге әлі ерте. Қазақ елінде қазақ тілінің мемлекеттік дәре- жеге көтерілуі – заңды құбылыс. Егер біздің ұлт екеніміз рас бол са, бұған ерекше айдар тағып, соншалықты мән берудің қажеті жоқ, өйткені ол солай болуы керек нәрсе. Ендігі мәселе империялық саясаттың санаға әбден сіңіп қалған сарқыншақтарынан арылып, қағаз жүзінде мемлекеттік мәртебе алған тілімізді шын мәніндегі тұғырына қондырып, оның қолданыс аясының кеңейіп, қанатын кеңге жаюына барынша жағдай жасау қажет. Алғашында осы бағытта қызу жүргізілген бірқатар игі істер кейіннен жалғасын таппай, орта жолда тұралап қалуы – жоқтан барға тоқмейілсуіміздің, науқаншыл халық екендігіміздің белгісі. Тіл мәселесі ешуақытта науқанмен шешілмейді. Ол үшін жүйелі түрде жоспарланған жұмыстар жүргізу қажет. Егер қазақ тілінің заң жүзінде мемлекеттік мәртебе алғаны рас болса, Қазақстан Президенті мен Министрлер Кабинеті Аппа раттарында, министрліктер мен ведомстволарда және тағы басқа да мемлекеттік мекемелерде іс-қағаздары қазақша жүргізіліп, әр түрлі жиындар мен мәжілістер мемлекеттік тілде өтуі керек. Құқықтық мем лекет құрамыз десек, заңды құрметтеу – әр адамның қоғам мүшесі ретіндегі азаматтық міндеті. Ал Қазақстан Парламенті мәжілістерінің орыс тілінде жүргізілуі – көңілге кірбің ұялатар жай. Егер заң шығарушы жоғарғы органның өзі заңды құрметтемесе, оның талап тарын орындамаса, басқадан не үміт, не қайыр күтуге болады? Бұндай жағдайлар – ұлттық сананың әлі де болса төмен екендігін, ұлттық намыстың жоқтығының көрінісі. Қазақ тіліне деген ұлттық
КӨКТАМЫР құрметтің нашарлығы. Өз тіліңді өзің менсінбесең, өзге қайдан құрметтесін? Өз тілің өз еліңде өгейсіп, теперіш көріп отырса, өзге ел сенің ұлттығыңды қайдан мойындасын? Халқымыздың ертеден келе жатқан даналығы «Жақыныңды жаттай сыйла» демей ме?! Біз – өзіміздікін өзекке теуіп, өзгенікін құрмет тұтуға дағдылан ған халықпыз. Бұл – империялық саясаттың салдары. Бойымызға әбден сіңісті болып қалған осындай кері кетірер әдеттерден арылуы мыз керек. Қазақ елі Парламенті мәжілістерінің орыс тілінде өтуі «Ерді намыс өлтіреді» дейтін намысшыл халықтың тірлігі ме? Меніңше, бұл – ұлт ретінде азып-тозуымыздың бір көрінісі. Әрине, бұған кі нәлі қазақтар емес. Бірақ осындай олқылықтардың орнын толты руға мүдделі өзіміздің халықтың өкілдері болуға тиіс қой. Кезінде «Орыс тілін білсең жерде қалмайсың» деген ұран іспеттес сөздер жиі айтылатын. Расында да солай еді. Сөйтіп, империялық саясаттың салдарынан, туған тілінен мақұрым қалғанына намыстанудың орнына, орыс тілін білетінін мақтан тұтатын адамдар пайда болды. Тіпті ана тіліне мұрынын шүйіре қараумен қоса қазақ болғанына жерленетін нигилистер мен мәңгүрттер шыға бастады. Осының өзіақ ұлттың ұлттығынан ажырай бастағанын көрсетпей ме?! Тағы бір айта кететін нәрсе, Қазақстандағы лауазым иелері шетел дік қонақтар мен елшілерді қабылдағанда орысша сөйлейді. Олар орысша білсе бірсәрі. Көбінесе аудармашы аударып жатады. Әрине, кейбір жоғары лауазым иелері ана тілдерінде өз ойларын толық жеткізе алмауы мүмкін. Дегенмен, ондай мемлекеттік дәрежедегі кездесулерде мемлекеттік тілде сөйлеу – біздің де ел екендігімізді, жұрт екенімізді білдіретін белгілер. Бұны кейбіреулер қарапайым, қатардағы нәрсе деп ойлап, онша елей бермеуі де мүмкін. Жоқ, бұл, біле білсеңіз, елдікті білдіретін нышандардың бірі. Сондықтан бұндай мәселелерге ұсақ-түйек деп қарамай, ерекше көңіл бөлген жөн. Жоғарыда айтқанымыздай, қазір қоғам да, заң да өзгерді. Бұның адамдардың сана-сезіміне де әсер етері сөзсіз. Қазақ тіліне деген көзқарас өзгеріп, ана тілін білмегенімізге намыстанып, қазақ екенімізді мақтан тұтуымыз керек. Біз осы тіл мәселесіне келгенде тым жалпақшешейлік саясат ұстанамыз. Мемлекеттік жиындар мен кездесулерде кейбір қолында 5-0113
КӨКТАМЫР билігі бар жоғары лауазым иелеріне «Неге қазақша сөйлемей сіз?» деп сұрақ қойсаңыз, жұлып алғандай, «Осындай керітартпа қазақшылықтарыңды қойсаңдаршы. Басқа ұлттың өкілдері де түсінсін де...» деп жалпақшешейлікке салынып, өзіңе ұзақ-сонар ақыл айтады. Міне, бұның да өзіңді емес, өзгені сыйлау принципінен туындап жатқаны сөзсіз. Жалпы сыйластық, сыйласу деген жақсы, оған оң көзқарастамыз. Бірақ «Сыйға – сый» деген бар емес пе? Қазақ елінде, қазақ жерінде күнін көріп жүрген басқа ұлттың өкілдері қазақ тіліне неге қырын қарайды? Неге қазақ тілін үйренуге құлықтары жоқ? Әлде қазақ тілін үйрену соншалықты қиын ба? Қашанғы «Басқа ұлттың өкілдері де түсінсін» деп жүре береміз. Әр нәрсенің өзінің орны, шегі болмаушы ма еді? Қазақ тілінің мемлекеттік мәртебе алғанына да аттай он бес жыл өтіпті. Тілді үйренем деген адамға бұл аз уақыт емес. Әрине, құлық болса. Қазақ тілі заң жүзінде мемлекеттік тіл деп жарияланды. Енде ше, ең алдымен басшылар мен жауапты қызметкерлер мемлекеттік тілді білуге, меңгеруге тиісті. Заң шығуымен емес, орындалуымен құнды. Оның қағаз жүзінде қалмай, іске асуы үшін жанды механизм ойлап тауып, соған орай заңды талаптар қоя білу қажет. Мынандай бір қарапайым мысалды алайықшы. Егер республикалық, облыстық, аудандық басшы қызметтерде істейтін әрбір адам мемлекеттік тілді міндетті түрде білуі керек деген талаптар қойылса, әкім болғысы келетін әрбір жұмыр басты пенде, алты жыл түгіл, алты айда меңгеріп алатынына мен кәміл сенемін. Біз бұл жерде бүйректен сирақ шығарайық деп отырғанымыз жоқ. Сондай-ақ, ол адам құқын шектеуге де жатпайды. Өйткені бұл – заңды талап. Әрбір қоғам мүшесі қай елдің азаматы болса, сол мемлекеттің заңын құрметтеуі тиіс. Егер біз тіл мәселесінде «Басқа ұлттың өкілдері де түсінсін» де ген сықылды жалпақшешейлік саясат ұстансақ, басқа ұлт өкілдері, алты жыл тұрмақ, алпыс жылда да мемлекеттік тілді үйренбесі анық. Талапкершілік пен қажеттіліктің не үшін керек екенін осындай жайт тар айқын аңғартады. Қазақстанның ұлттық республика екенін ескерсек, қазақ тілінің мемлекеттік мәртебе алуы, оның қайтадан жанданып, шынайы
КӨКТАМЫР тұғырына қонуы – заңды құбылыс. Бұны белгілі себептермен тағ дырлары Қазақстанда тоғысқан басқа ұлт өкілдері дұрыс түсініп, қазақ тілінің еркін дамуына кедергі келтірмегендері жөн. Ұлттың тағы бір төл белгісі – экономикасы. Ұлттық республика да ұлттық экономикаға баса көңіл бөлінбей, жергілікті халықтың тұрмыс-тіршілігі жақсара қоймайды. Қазақ халқының негізгі ата кәсібі – мал шаруашылығы. Респуб лика экономикасы туралы сөз қозғағанда, осы жағына баса на зар аударылғаны жөн. Осы кәсіптің аясында жүйелі түрде кешенді жұмыстарды қолға алған дұрыс. Мәселен, қой шаруашылығын алайықшы. Қазір кейбір шет мемлекеттерде қойдың терісі мен жүні алтынмен бірдей бағаланады. Ал бізде олардың құны өте төмен. Неге? Оның ең басты себебі – республикамызда олардан жөні түзу өнім өндіретін кәсіпорындар жоқтың қасы. Сондықтан қойдың еті мен терісінен және сүйегі мен жүнінен сапалы өнім өндіретін өндіріс ошақтарын көбейтіп, оларға ерекше көңіл бөлінгені жөн. Яғни, респу бликамызда осындай шикізаты өзімізден болатын өнеркәсіп орын дарын көбейтіп, оларды әлемдік жаңа технологиямен жабдықтап, бар күш-жігерді осы бағытқа жұмылдыра білуіміз керек. Сонда еліміздегі кері кете бастаған мал шаруашылығы өркендеп, халқы мыздың, ауылдағы ағайынның әл-ауқаты сәл де болса жақсарары сөзсіз. Әрине, бұл егін екпе, басқа кәсіппен айналыспа деген сөз емес. «Заманына қарай адамы» деген. Заманға бейімделу, соған орай өнікті де пайдалы іспен айналысу – іскерліктің белгісі. Мәселен, ал тын, мұнай өндіру ісі, кәсіпкерлік және табыскерлікпен айналысу елімізге үлкен пайда әкелері сөзсіз. Дегенмен, ұлттық республика болғандықтан, ата кәсіпке баса назар аударылмай, халқымыздың тұрмыс-тіршілігі жақсарады деп айта алмаймын. Тағы бір айта кететін мәселе, шикізаты басқа мемлекеттерден әкелініп, өзімізде өндірілетін өнімдердің пайдасы шамалы. Ондай өндіріс ошақтарын қанша жерден демеп, өркендетеміз деп алаөкпе болғанымызбен, оның көңілдегідей нәтиже берері күмәнді. Оның үстіне экономикалық тәуелділікке ұшырауымыз да әбден мүмкін. Ал экономикалық тәуелділік саяси тәуелсіздігімізге де нұқсан келті
КӨКТАМЫР ретінін түсінгеніміз жөн. Сондықтан шет мемлекеттермен эко номикалық байланыстар орнатудың алдында осы жағына да көңіл бөлінсе деген тілек бар. Ұлттың тағы бір белгісі – рухани-мәдени құндылықтары. Әр ұлт тың өзіне тән мәдениеті, әдебиеті, өнері болады. Мәселен, бір-ақ мы сал алайықшы. Киіз, текемет басу, сырмақ тігу, кілем тоқу ісі – қазақ жерінде ерте дамып, тамырын тереңге жайған халықтық өнерлер. Неге? Өйткені бұлардың барлығы – қойдың жүнінен жасалатын бұйымдар. Яғни, халқымыздың өмір сүру салтына сай келеді. Теке мет басып, кілем тоқу үшін қазақ шикізат іздеп сабылып, сарсаңға түспейді ғой. Республикамызда шикізаты өзімізден болатын өндіріс ошақтарын көбейтіп, оларға ерекше көңіл бөлу керек деуіміздің бір себебі осы. Бұл, біріншіден, халықтың қажетін өтейді және ол өнім өзімізде өндірілетіндіктен арзанға түседі. Екіншіден, шикізатқа деген сұраныс артып, оның құны көтеріледі. Бұл жайттардың да жергілікті халықтың тұрмыс-тіршілігіне оң ықпал-әсер етері сөзсіз. Сондықтан қайсыбір өнеріміздің, ата кәсіптеріміз бен өндірісіміз- дің дамуы халқымыздың өмір сүру тәсіліне байланысты екенін тү сінуіміз керек. Олардың түпкі негізінде ұлттық болмыс-бітім, ұлттық қасиеттер жатады. Ұлттық қасиеттер жоғалған кезде ұлт толыққан ды ұлт болудан қалып, қасиетсіздік белең алады. Ал қасиетсіздіктің қаншалықты қасірет әкелетіні айтпаса да түсінікті шығар. Кезінде «түрі – ұлттық, мазмұны – социалистік» деген айғай-сү реңмен жүріп, халықтық қасиеттердің біразынан қол үзіп қала жаздадық. Соның салдарынан түр-түсі қазақ болғанымен ішкі жан дүниесі, болмыс-бітімі мүлде өзгеше дүбәралар өсіп шықпады ма?!. Ал олардың онысымен де қоймай, қит етсе бұралқы итше туған халқына қарсы «шәуілдеп» шыға келетінін қайтерсің? Міне, бұл жаңағы айтқан қасиетсіздіктің бір көрінісі ғана. Бұның ақыры жақсылық қа апарып соқтырмайтыны тағы белгілі. Біздің ұлт ретіндегі басты мақсатымыз – осындай келеңсіз жайттардың әрі қарай өршуіне жол бермеу. Ол үшін не істеу керек? Құрғақ ақыл айтумен іс бітпесі анық. Ондай құр ділмарсулар мен көлгірсулердің заманы өткен. Сондық- тан әлгіндей келеңсіз жайттардың себеп-салдарына тереңірек үңі
КӨКТАМЫР ліп, түпкі тамырларына балта шабу керек. Халқымыз «Аурудың ал дын ал» деп тегін айтпаған ғой. Мысалы, қазір жариялылық заманын желеу етіп, неше түрлі жекеменшік басылымдар мен телеканалдар өз мүдделері үшін жұмыс істеуде. Мол нәпақа табу мен өз ықпалын жүр гізу үшін барлық айла-шарғыларын істеп бағуда. Олардың халықтық мүдде, ұлттық мүдде деген ұғымдармен шаруасы жоқ, ойларына келгенін істеуде. Халқымыздың таным-түсінігіне жат қылықтарды насихаттайтын сан алуан арзанқол кинофильмдер мен мақала, мате риалдар беру арқылы жас ұрпақ тәрбиесіне орасан нұқсан келтіруде. Осыдан келіп елімізде ұлттық қасиеттерден жұрдай қасиетсіздердің саны көбейіп, ұрпақ азады, халық тозады. Ұлттың ұлт ретінде жойы лу қауіпі туады. Ал кейбір жекеменшік басылымдар мен телеканал- дар басшыларының және олардың қолтықтарына су бүркіп, қай жа ғынан болсын демеп, қолдап отырған топтардың көздегендері де осы емес пе?! Ал ол топтардың ар жағында кімдер тұрғанын кім білсін... Осындай «жат қылықтарға» сусындап өскен жас ұрпаққа «Неге бұзықтық жасайсың?» деп жазғырудан немесе «Адам болсаңшы!» деп құрғақ ақыл айтудан не шығады? Сонда ол үшін не істеу керек дейсіз ғой. Меніңше, халық даналығы айтқандай, «аурудың алдын алу» қажет. Жаңағыдай халқымызға жат қылықтарды насихаттайтын, жас өскіннің бұрыс жолға түсуіне ықпал ететін арзанқол кинофильмдер және мақала, материалдар беретін телеканалдар мен басылымдарға заңды түрде тыйым салынуы керек. Оған халқымыздың бетке ұстар азаматтары, зиялы қауым мүдделі болып, оның өз шешімін табуына атсалысуы қажет. Сонда ғана ол өз нәтижесін беріп, іс оңға баспақ. Әр ұлттың өзіне тән таным-түсініктері, наным-сенімдері мен ұғымдары болады дейміз. Мәселен, ұлттық сананы алайықшы. «Қа зақтарда ұлттық сана қалыптаса қойған жоқ» деген пікір бар. Бұнда белгілі дәрежеде шындық та жоқ емес. Өйткені бізде ұлттық са надан гөрі рулық сананың басым түсіп жататыны рас. Әрине, бұл жақсылықтың нышаны емес. Арамызда халықтық, ұлттық мүддеден гөрі рулық мүддені жоғары қоятындар да баршылық. Халқымыз- дың кейбір бетке ұстар азаматтарының арасындағы кикілжің, ай тыс-тартыстардың өзі де кейде рулық мүддемен астасып жататы нын ешкім де жоққа шығара алмас.
КӨКТАМЫР Халқымыздың осындай руға, жүзге бөлінуін Ресей империя сы өзінің отарлау саясатында жақсы пайдаланып келді. Қазір де өз ішіміздегі кейбір «пысықайлар» ұлтымыздың осы бір «балалық ауруын» өз саясаттарында «сәтті» пайдаланып жүр. Ата-бабалары мыз бұндайды «Бөлінгенді бөрі жейді» деп бір-ақ ауыз сөзбен тұжыр- ған ғой. Егер шын мәнінде ұлт боламыз, ел боламыз, жұрт бола мыз десек, халқымыздың мінез-құлқындағы осындай керітартпа қасиеттерден арылып, рулық мүддеден гөрі халықтық мүддені жоғары қоя білуге дағдылануымыз керек. Онсыз дербес ел болу мен тәуелсіздігіміздің баянды болуы, халқымыздың ұлт ретінде дамуы екіталай екенін түсінгеніміз жөн. Ұлттық сана қалай қалыптасады? Меніңше, ұлттық сана тарихи сананың негізінде, ал тарихи сана тарихты білу арқылы қалыптаса ды. Біз көп жылдар бойы өз халқымыздың тарихын өзіміз білмей кел- дік. Өткенімізді зерттеп-зерделеуге қатаң тыйым салынды. Неге? Өйткені төл тарихын ұмытқан халықтың болашағы бұлыңғыр. Ұлт алып бәйтерек іспеттес. Оның түп-тамырына балта шабыл са, көп ұзамай-ақ қурап қалады. Осыны жақсы түсінген Ресей им периясы алдымен халқымызды тарихынан ажыратуға тырысты. Хандарымыздың бәрін қанаушы, батырларымыздың бәрін қарақ шы етіп көрсетті. Осының салдарынан өзіміздің хандарымыз бен батырларымыз болмағандай, «ұлы халықтың» көсемдері мен батыр ларын мақтан тұттық. Ел мен жерді қорғаған ата-бабаларымыздай дәріптедік. Соның нәтижесінде олар біздің ұлттық қайраткерлер ретінде санамызға әбден сіңе бастаған еді. Бұл да Ресей империя- сының саны аз халықтарды өздеріне сіңіріп алудың алғашқы бас палдақтары. Ұлтты ұлт ретінде жойып жіберуге бағытталған қитұрқы саясаттың өз нәтижесін берген бір қыры ғана. Орайы келгенде айта кетейік, кейде ұлтымыздың дара тұлғаларын «Қазақтың Пушкині», «Қазақтың Шолоховы», «Қазақтың Есенині» деп теңеп жатамыз. Осы дұрыс па? Меніңше, бұл – мүлде қисынсыз теңеу. Мәселен, Абай – қазақтың Абайы, Мұхтар – қазақтың Мұхтары, Мұқағали – қазақтың Мұқағалиы. Оларды басқа ұлттың тұлғалары на теңеу арқылы абырой-беделдерін көтереміз деу құр бекершілік.
КӨКТАМЫР Керісінше, ол сол тұлғаның абырой-беделіне нұқсан келтіріп, атақдәрежесіне көлеңке түсірері сөзсіз. Жаны таза, жүрегі пәк сәбидің тілі шыға бастағанда-ақ оның ұлтының емес, руының кім екенін үйретеміз. Жас шағынан осын дай тәрбиемен сусындаған әрбір қазақ баласы өсе келе ұлтжанды емес, ружанды болып шыға келмей ме?! Бұл шыққан тегіңді таны ма, руыңды білме деген сөз емес, әрине. Дегенмен, «сүтпен біткен мінез-құлықтың сүйекпен кететінін» есте ұстағанымыз абзал. Яғни, тал бесіктен бастап көрген тәрбиенің жер бесікке барғанша естен кетпейтінін ескергеніміз жөн. Әрбір ұлттың өркен жаяр ордасы, табан тірер тұғыры – мемлекеті, мемлекеттігі. Қазақ мемлекеті болғандықтан Қазақстанда қай жа ғынан болсын қазақ ұлтына артықшылықтар берілуі керек. Қазақ халқы, оның мәдениеті мен өнері, әдебиеті мен ғылымы мемлекеттік тұрғыдан ерекше қамқорлыққа алынуы тиіс. Өйткені кез келген ұлттық мемлекетте жергілікті халықтың белгілі бір дәре жеде артықшылықтарға ие болуы – талас тудырмайтын заңдылық. Мәселен, Қазақстанда жаңадан бір жоғары оқу орны ашылса, онда міндетті түрде орыс топтары болуы керек деген қасаң қағида бар. Қазақ елінің барлық жоғары оқу орындарында орыс топтарының ашылуы қандай қажеттіліктен туған? Бұл ана тілін білмейтін немесе шала білетін өзіміздің «шикіөкпелерімізге» жасалған жақсылық па, жоқ, әлде «ұлы халықтың» ығына жығылып, құлдық ұру ма?! Әрине, бұл сол отарлаушы елдің алдында бүгежектеп, оның құдіретінің күштілігін шексіз мойындап, хандарымыз қабылдаған «анттарға» адалдығымызды білдіру үшін жасалған тірліктер. Өкініштісі сол, бойымызға әбден сіңіп қалған осындай керенау әдеттерден әлі де арыла алмай келеміз. Бұл, әрине, жоғары оқу орындарындағы орыс топтарын жаппай жабу қажет немесе орыс тілін мүлде оқып-үйренбеу керек деген сөз емес. Тек бар-жоғы әр нәрсенің өзінің орны болатынын еске салу ғана... Мысалы, жер мәселесін алайықшы. Қазақстан жері – қазақ хал қының қадым замандардан бері атадан балаға мұра болып келе жат қан ең қасиетті мұрасы. Сондықтан қазақ ұлтының өкілдеріне жер
КӨКТАМЫР ді тіршілік көзі ретінде пайдалануда бірқатар жеңілдіктер берілгені жөн. Өйткені осынау кең-байтақ қазақ жерін жатжұрттық жаулардан қорғау үшін біздің қаһарман ата-бабаларымыз жан алып, жан берісті. Қаншама қан мен тер төгілді. Осының бәрі – ұлтының болашағын ойлап, ұрпағының қамын жеуден туындаған жағдаяттар. Міне, осы жағы да ескеріліп, ұлттық республикаға ұлттық саясат ұстану қажетақ. Бұл қазақ жерінде тағдырлары тоғысқан басқа ұлт өкілдерінің құқығын шектеу емес, заңды әрі тарихи әділеттілік болар еді. Сөзімізді тұжырымдай келе айтарымыз, Қазақстан жері қазақ халқының меншігі болуы – әділеттілік. Ал қазақ жеріне кейіннен қоныстанғандардың өздерімен бірге арқалап келген жерлері бол мағандықтан, олар басқа ұлттардың Қазақстанда тұратын өкілдері болып саналады. Яғни, Қазақстан көп ұлтты емес, ұлттық республика. Біз көп ұлтты республика деп Ресейді айтуымызға болады. Өйткені Ресейдің құрамында Татарстан, Шешенстан, Башқұртстан сияқты көптеген ұлттық республикалар бар. Осының өзі-ақ Ресейде татар, шешен, башқұрт секілді көптеген ұлттардың барлығын көрсетіп тұрған жоқ па?! Ал Қазақстанда ше? Кезінде қарамағымызда Қарақалпақстан, яғни қарақалпақ ұлты болған. Бірақ оны да жолын тауып өзбек ағайындарымыз алып алған жоқ па?! Сондықтан Қа зақстанды көп ұлтты республика деу қисынға келмейді. Сөздің осын дай астарын түсінбей пайдалану ертеңгі күні саяси қателіктерге апарып ұрындырары сөзсіз. Оның кермек дәмін қазірдің өзінде тата бастағандаймыз. Бұған кейбір қара ниетті топтардың «Қазақстан көп ұлтты» дегенді желеу етіп, қазақ мемлекетінде Америкадағыдай азаматтық қоғам орнату үшін белсене күресіп жүргендері нақты мысал бола алады. Оған кейбір ұлт өкілдерінің Қазақстаннан ұлттық құрылым сұрап жалмаңдауын қосыңыз. Осының бәрінде тоқырау кезеңінен санаға әбден сіңіп қалған «Қазақстан көп ұлттының» ұшқы ны жатқан сияқты. Сондықтан ендігі жерде «көп ұлтты Қазақстан» дегенді қойып, Қазақстанның ұлттық республика екендігін баса насихаттау қажет. Өйткені мұндай «аурулардың» алдын алып отыр маса, ертеңгі күні жазылмастай дертке айналуы әбден мүмкін. 1998 жыл
КӨКТАМЫР ДАҢҚ ПЕН ДАҚПЫРТ Егер менен біреу: – Сіз Әлібек Дінішовті не үшін бағалайсыз? – деп сұраса, ой ланбастан: – Өнері, яғни әншілігі үшін, – дер едім. – Мұхтар Мағауинді ше? – Қаламының құдіреттілігі үшін. – Дүкенбай Досжановты ше? – Жалықпайтындығы үшін. – Ал Қойшығара Салғаринді ше? – Ойланып көрейін (Жазушылығы немесе журналистігі десем бе екен? Жоқ, әлде тарихшылығы?.. Ол үшін алдымен аталмыш үш қырының қайсысы басымдау екенін саралап, салмақтап алу ке рек шығар. Біздіңше, бәрі бір деңгейлес тәрізді. Дегенмен, ойла нып көрейік). Әйтеуір, былтырғы жылы бағы шауып, Мемлекеттік сыйлықты қанжығасына байлағаны үшін емес. Жалпы өнер адамдарын әркім әр түрлі тұрғыдан бағалап, өзінің ой-өрісі мен таным-түсінігіне қарай «тон пішері» сөзсіз. Біреу азаматтығын атар, екініші біреу адамгершілігі туралы сөз қозғар, үшінші біреу дарыны мен талантын алға тартар. Ал ойлау қабілеті шектеулі кейбіреулер олардың өнері мен шығармашылығы туралы жарытып пікір білдіре алмаса да, алған атақтарына қарап та бағалай салуы мүмкін. Оған өзіміз де талай куә болып жүрміз. Әрине, бұған қарапайым пендені кінәлай алмайсыз. Оның ойлау қабілеті шектеулі болғанымен, көңілі пәк, жаны таза. Әлгі атақтылардың атақты қандай жолмен алғандарын қайдан білсін! Осы орайда өзіміздің
КӨКТАМЫР көргендеріміз бен көңілге түйгендерімізді қалыпқа емес, халыққа са лып көрейік. Мәселен, Мемлекеттік сыйлықты алайықшы, ол қан дай шығармаға берілуі тиіс, қандай шығармаларға беріліп жүр?.. Біздің ойымызша, Мемлекеттік сыйлық – жеке жазушының ғана емес, бүкіл ұлттық әдебиеттің өсу деңгейін, шырқау биігін көрсетумен бірге, оған тың жаңалық, соны көзқарас әкеліп, ұлттың рухани мұрасына өзек болып жалғанатын шығармаға көрсетілер құрмет. Яғни, өзімізше айтсақ, қазақ әдебиетіне өзінше бір тыныс әкеліп, бір белестен екінші бір белеске шығаратын, қазіргі қазақ әдебиетінің жеткен жетістігі осындай деп әлемге мақтанышпен көрсетуге жарай тын, қазақ әдебиетінің алтын қорынан мық шегедей өз орнын енші лей алатын туындыға берілгені жөн. Міне, осындай қатаң талап, әділ таразы болмаса, әдебиет дамудың орнына тоқырауға ұшырап, жазу шылар бірін-бірі қайталаумен күн кешері сөзсіз. Өйткені Мемлекет тік сыйлық жеке бір жазушыны жарылқау үшін емес, әдебиеттің кең арналы дамуына ықпал ету үшін берілмей ме?! Мәселен, Абай мен Әуезовті алайықшы. Қос алыптың шығармалары жоғарыда біз айтқан талаптардың қай-қайсысына да толық жауап бере алады. Ұлттық әдебиетіміздің өсу деңгейін көрсете ала ма? Алады. Әлемге мақтана аламыз ба? Аламыз. Қазақ әдебиетінің алтын қорынан өз орындарын еншілей алды ма? Алғанда қандай! Егер керек болса, біздің көрсетер үлгіміз осындай. Бұдан артық айтып жеткізу мүмкін емес шығар, сірә. Әрине, қалам ұстағанның бәрі Абай немесе Әуезов емес. Бірақ талап барлығына бірдей емес пе?! Өйткені таным мен талғам, пара сат пен пайым деген ұғымдарды ешкім де айналып өте алмайды. Ал біз болсақ, Жазушылар одағының сыйлығына ұсынуға ғана лайық шығармалардың қанжығасына Мемлекеттік сыйлықты байлап жі береміз. Бұл жағынан алғанда Атымтай жомарттан да жомартпыз-ау!.. Бізде Мемлекеттік сыйлыққа ұсынудың өзінде де кеңес дәуірінен қалған ескі дәстүр бар. Шығармашылық одақтар немесе мекеме лер ұсынған шығармалардың бірқатары Мемлекеттік сыйлық тар жөніндегі комиссияның алғашқы сынағынан өтіп, тізімдері баспасөзде жарияланған соң жаппай мақтау сарынындағы мақала- лар бірінен соң бірі жарық көре бастайды. Сол мақалалардың кез келгенін оқи қалсаңыз, сыйлық сол мақтап отырған шығармаға
КӨКТАМЫР берілуі керек екен ғой деген ой мен әсерде қалатынымыз анық. Бірінен бірі көшіріп алғандай сөздерінің аяғында «Бұл туынды Мемлекеттік сыйлық алуға әбден лайық» деп қорытындылайды. Ал «Бұл еңбек Мемлекеттік сыйлық алуға лайық емес» деген сарындас бірде-бір мақаланы оқи алмайсыз. Сонда шынымен де Мемлекеттік сыйлыққа ұсынылған шығармалардың барлығы бірдей бұл құрметке «әбден» лайық па?! Егер лайық болса, олардың барлығына бірдей неге берілмейді? Яғни, лайық еместері де бар болғаны ғой. Ендеше, нақты дәлел-дәйектер келтіре отырып, «Бұл шығарма Мемлекеттік сыйлыққа лайық емес» деп тұжырымдап жазуға болмай ма?! Болғанда қандай! Тек қана өзіміздің қазақшылық мінезіміз жібермейді. Біртебірте бұл әдеттен де арыларымыз анық. Өйткені уақыт, талап өзге ріп келеді. Бұлай кесіп-пішіп айтуымызға негіз де жоқ емес. Оның нақты нышаны былтырғы кезекті Мемлекеттік сыйлыққа ұсыну кезінде де анық байқалды. Ең бірінші болып «Жас Алаш» газеті үн қатты. Дәстүрден тыс оқшау ойлы мақала жариялап, өз ой-көзқарасын кі біртіктемей, бүкпесіз білдірді. «Қасиет – қалыпта емес, халықта» атты мақалада («ЖА», 16 қараша, 1996 жыл) Роза Қараева қарындасымыз Мемлекеттік сыйлық жөніндегі өз ойын ашық білдіре келіп: «Алай да біз Қабдеш, Әбдіжәміл, Мұхтар, Дулат шығармаларын оқысақ, бұл олардың Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты екендіктерінен емес. Фариза өзінше биік, өзінше дара. Бірақ кезінде конкурсқа онымен қатар түсіп, Мемлекеттік сыйлық ала алмай қалған Мұқағали маған әлдеқайда қымбат, ыстық», – деп тұжырымдайды. Сөзінің жаны бар. Мемлекеттік сыйлықты Мұқағали Мақатаев ала алмағанымен, Мұзафар Әлімбаев иемденді. Бірақ одан Мұқағали жырлары тот басып қалған жоқ, керісінше, Мұзағаңның тақпақтары да алтын дай жарқырамады. Осы бірі атақты, бірі атақсыз қос ақынның қайсысының шығармаларын халық көбірек оқиды? Оны мен айтпа сам да, әркім іштей сезіп-біліп отырған шығар. Өткен жылғы бәйге ба рысында бұдан басқа тағы да екі жылт еткен жаңалықты көріп-біліп, сәл де болса көңіліміз орныққандай болды. Оның бірін өз көзіміз- бен көріп, енді бірін өз құлағымызбен естідік. Алдымен көргенімді, со дан кейін естігенімді айтайын. Сонымен...
КӨКТАМЫР Иә, сонымен, өткен жылы қазан айының 2-сі күні Жазушылар одағының үйінде деректі проза кеңесінің кезекті бір мәжілісі бо лып өтті. Онда Мемлекеттік сыйлыққа лайықты шығармалар ұсыну мәселесі талқыланды. Көп болып ойласа келе, ұсынылған алты еңбектің ішінен екі-ақ автордың шығармасы лайық деп табылды. Оның бірі – Сапабек Әсіповтің «Қазақ қасіреті» атты зерттеу еңбегі, екіншісі – жазушы Тұрсын Жұртбаевтың екі томдық «Дулыға» атты көркем әрі ғылыми шығармасы. Сонда Сапабек Әсіпов сөз сөйлеп, үлкен ақсақалдық үлгі-өнеге көрсете білді: – Асылықпен не әсірелікпен айтты демеңіздер, өзімнің дәл қазір көңіліме келген ойды жеткізіп отырмын. Тұрсын Жұртбаевтың «Ду лығасын» өз басым ғылыми-деректік және көркемдік жағынан өте жоғары бағалаймын. Өте құнды еңбек. Шынымды айтсам, өзімізді өзімізге танытқан, эрудициясы жоғары, бергені де, тырнақтап тергені де көп туынды. Таңданғаным сондай, тереңде жатқан мол деректі жинақтап, басын құрап, пікір дәрежесіне көтеріп, соны бойына сіңіре отырып, көркем оймен жинақтап беруі қуантады. «Дулыға» біздің түп тегімізді тануға негіз салады. Әттең, біздің әдеби сынымыз бұл еңбек ке әлі дұрыс өзіндік бағасын бермеді. Үнсіз қалды. Тек қана Атти ла – Еділ образының өзі біздің санамызға өзгеріс әкелмек. Мен, егер де бір-ақ кітап Мемлекеттік сыйлыққа ұсынылуы қажет болса, онда өзімнің «Қазақ қасіреті» атты еңбегімді Тұрсынның осы «Дулығасы» үшін дауыстан қайтып аламын, – деген батагөйлік сөзі әлі күнге дейін құлағымнан кетер емес. Бұл өмірден көргені мен түйгені мол асыл текті ағаның еңбегі мен білімінен басқа сенер-сүйенері жоқ қарымды қаламгер інісіне деген құрметі болса керек. Былайша айтқанда, талантты бағалап, тілеулес аға ретінде батасын беруі деп ұққан жөн шығар. Өйткені пендешілік пен азаматтық сыналар шақта қарсыласын қалайда шаң қаптырып кетудің қамын ойлаудың орнына, өзінің шығармасын құрбандық қа шалып, өзгенің тілеуін тілеу – екінің бірінің қолынан келе бермей тін, ерлікке парапар игі қадам. Бұл – менің өз көзіммен көргенім, енді өз құлағыммен естіге німді айтайын. Кино саласынан аталмыш сыйлыққа Сатыбалды
КӨКТАМЫР Нарымбетов пен Қалила Омаровтың фильмдері ұсынылғаны белгілі. Алғашқы сынақтан сүрінбей өткен осы екі автордың туындылары баспасөзде талқыланар тұста Қалила Омаров Мемлекеттік сыйлықтар жөніндегі комиссияның басшысы, Қазақстан Республикасы Премь ер-министрінің орынбасары Иманғали Тасмағамбетов мырзаның атына ресми хат жолдап, конкурстан өзінің туындыларын қайтып алатынын, бұндай құрметке Сатыбалды Нарымбетовтің «Көзімнің қарасы» көркем фильмі лайық екендігін айтып, сыйлықтың осы туындыға берілуін өтінеді. Міне, бұл да азаматтық. Әйтпесе, Қалиланы «Туындыларыңды қайтып ал» деп ешкім зорламаған шығар. Біз бұны өзінен гөрі таланттырақ ағасына деген ізгі ниетті інісінің ізеті деп ұқтық. Бұл, әрине, мәдениетіміздің, ішкі парасат-пайымымыздың өскендігінің белгісі. Қалай дегенмен де, осы екеуі де айта жүрер оқиға, қуанарлық жайттар. Тек кейінгілерге осы азаматтардың ізгі қадамдары жұғысты болсын деп тілейміз! Сонымен, не керек, талқылау да аяқталып, Мемлекеттік сыйлық тың иегерлері де анықталды. Әсіресе биік тұғырға қонғандардың қатарынан көрінген екі жазушыға Мемлекеттік сыйлықтың беріл геніне көпшілік іштей наразы болды. «Бұл – әдебиетті қорлау!» – десті жұрт. Әр түрлі әңгімелер ел арасында желдей гуледі. Жоғары жақта қызмет істейтін бір жазушы аталмыш сыйлықты өзіне алып беруін өтініп Президентке кіріп, ең соңғы бұйымтайым осы болсын деп оты рып алыпты. Бұл алыпқашпа әңгіменің де өтірік болғанын қалар едік. Әй, бірақ «жел соқпаса шөптің басы қимылдамайды» ғой... Өнерімен көпшілікті тәнті етіп, тынысы тарылып бара жатқан ба балар дәстүрін қайтадан жаңғырта бастаған талантты әнші Бекболат Тілеухановқа да Мемлекеттік сыйлық берілмеді. Неге? Жас, болаша ғы әлі алда деген шығар. Ұмытыла бастаған ежелгі өнердің бойына жан бітіріп, қайта туғандай дүниеге әкелу екі өнерпаздың бірінің қолынан келе бермейді. Бұл, біле білсеңіз, рухани төңкеріс. Оны бы лай қойғанның өзінде, Бекболаттың әншілігі қандай?! Ол ән айтқан кезде сар даланы әнмен әлдилеп өткен қасиетті бабаларымыздың бейнесі көз алдыма елестейді. Қобызымен күй тартып отырғанда көз алдыма ұлы бабам Қорқыт келеді. Міне, өнердің құдіреті деген осы
КӨКТАМЫР шығар. Менің ойымша, Бекболаттың өнері Мемлекеттік сыйлық тың қандай шартына болсын лайық. Тек оны бағалай білу керек. Осындайда көпшіліктің айтатыны еске түседі: «Бекболаттың өнеріне, талантына ешкім шәк келтіре алмайды. Бірақ әлі жас қой, биыл бол маса келер жылдары алар. Әйтпесе болдым-толдым деп масайрап кетер». Мүмкін, бұл сөздің де жаны бар шығар. Кім білсін... Иә, осы жас дегеннен шығады, көрнекті жазушы Мұхтар Мағауин ге елу жасында бұйырған Мемлекеттік сыйлықты орда бұзар отыз жасында-ақ «Қобыз сарыны» атты монографиясы үшін беру керек еді. Неге? Өйткені қазақ әдебиеті Бұқар жыраудан басталады деп «бет қаратпай» жүрген ойы қортық (иә, ойы қортық та академиктер бола ды) академик мырзаларға қатты тойтарыс беріп, әдебиетіміздің түп тарихы тереңде жатқанын алғаш ғылыми тұрғыда дәлелдеген де осы Мұхтар Мағауин болатын. Бағалай білсек, бұл да рухани төңкеріс еді. Бірақ, өкінішке орай, оны да бағалаған ешкім болған жоқ. «Жабулы қазан жабулы» күйінде қала берді. Бір көңілге демеу болатын нәрсе, еңбек еш кетпеді, талай ғалымға бағдар сілтеді, көптеген көкірегі ояу адамдардың көзін ашты. Есесіне осы еңбегі үшін қудалауға түскен Мұхтар ағамыз ғылымды тастап, көркем прозаға біржола бет бұрды. Бір қуанарлығы, күйреудің орнына шыңдала түсіп, қазақ елінің қабырғалы қаламгеріне айналып, әлем әдебиетінен мық шегедей өз орнын ойып тұрып еншіледі. Мұхтар Мағауиндей тұлғалы жазушы лары барда қазақ әдебиетінің туы ешқашан жығылмақ емес, қайта биіктен одан сайын желбірей берері сөзсіз. Тек біздің айтпағымыз, егер орда бұзар отыз жасында кедергілер жасалмай, мол мүмкіндік тер ашылғанда, сөз өнерімен қоса ғылымда да талай жаңалықтардың ашылмасына кім кепіл?! Дарынды дер кезінде танып, талантты уақытында бағалау – әрі-беріден соң жеке бір адам үшін емес, ұлт үшін қажет. Мемлекеттік сыйлықты ердің жасы елуге келгенде берсең де сол бұрынғы «майдақоңыр жүрісінен» жаңылмайтын өнер адамдары болады. Ал оларға біраз жасқа келді ғой, әдебиетке немесе өнерге еңбегі сіңді ғой деп атақ беріп жатудың өзі өрескел. Мемлекеттік сыйлық түгіл, Аманжол Шамкенов ағамыз халықаралық сыйлықты
КӨКТАМЫР «қалпақпен қағып» алған жоқ па?!. Ал осыдан Аманжол ағамыздың таланты аяқ астынан бүр жарып, гүлдеп кеткені шамалы. Сол баяғы «салған әнін» қайталаумен келеді. Бірақ, халықаралық сыйлықтың лауреаты атағына қарап таразыласа, Абай мен Әуезовтен де жоғары тұр. Еңбегіне қарасаң... Саны жағынан Әуезов қатарласа алар, ал Абай атамыздың орта жолда қалатыны анық. Өйткені Абайдың шығармалары (қара сөздері мен аудармаларын қосқанның өзінде) бар-жоғы екі-ақ том болады. Аманжол Шамкенов осы уақытқа дейін ұзын-ырғасы елу шақты кітап шығарыпты. Саны емес, сапа жағын сөз етер болсақ, кімнің абыройы айрандай төгілетінін оқырман- ның өзі де алдын ала сезіп-біліп отырған шығар... Ал енді бір-екі жылдан кейін Аманжол Шамкеновке Қазақстанның халық жазушы сы атағы берілсе, таңданатын ештеңе жоқ. Өйткені халық жазушы сы, халық ақыны, халық артисі деген құрметті атақтар осы күні та ланттарына қарай емес, әлгіндегідей өнерге, мәдениетке, әдебиетке «сіңірген еңбектеріне» қарай беріліп жүр. Бұл жағынан алғанда, он дай адамдарға Қазақстанның еңбек сіңірген артисі немесе мәдениет қызметкері деген атақтар да жетіп-артылады. Егер олардың «сіңірген еңбектері» осы атақтардың өзіне лайық болса. Әйтпесе өнері де, әншілігі мен композиторлығы да шамалы Алтынбек Қоразбаевқа халық артисі атағын бергеннен кім не ұтты?! Ұтса Қоразбаев ұтқан шығар. Бұдан шынайы өнер зиян шекпесе, мысқалдай да пайда көрмейтіні белгілі. Марқұм Жәнібек Кәрменов ағамыздың ертерек көз жұмғаны қандай «жақсы» болған. Әйтпесе, бұндай қорлыққа басқа көнсе де, қасиетіңнен айналайын Жәкең шыдамас еді ғой... Өздеріңіз ойлаңыздаршы, халық осы екі әншінің қайсысын жоға ры бағалайды? Қайсысы халық әртісі десе лайықтау? Оны өзіңіз біліңіз, бірақ заң бойынша халық әртісі – Қоразбаев. Осындайда жур налист Атабай Қылышбаевтың Қоразбаевқа берген мынандай бағасы еріксіз еске түседі: «Алтынбек – ауыл сахнасының озық әншісі». Міне, халық артисі Қоразбаевқа халықтың берген атағы осындай. Менің ойымша, ертеңгі күні Аяз Бетбаев та халық әртісі атағын алса, ешкім де таңдана қоймас. Шынайы өнер мен қалтырауық өнерсымақтың ара-жігін ажырататын кез туа ма екен осы?!
КӨКТАМЫР Алматыда қазақтың екі үлкен театры бар. Екеуін де басқарып отырған Қазақстанның халық артистері, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаттары. Атақтарын естігенде таңдай қағарың анық. Ал есімдерін естігенде таңғалуыңыз да ғажап емес. Тіпті езуіңізге күлкі үйірілуі де мүмкін. «Көтере алмас шоқпарды беліңе байлама!» демей ме ата ларымыз. Мен осы директорлардың алған атақтарын қалай көтеріп жүргендеріне таңғаламын. Оны да қойшы делік, пайғамбарлық жас тан асып кеткен кейбір Мемлекеттік сыйлықтың лауреаттары мен халық жазушыларының (бұндай жоғары атақтарға да еттері әбден үйреніп кеткен болу керек) «Халық Қаһарманынан» дәметіп, Прези дентке кіре қалса халықтың мұң-мұқтажын айтудың орнына бірден атақ сұрайтыны несі екен?! Президентке тек мақтау сөз айтып, «Маған «Халық Қаһарманы» атағын бер» немесе «Мерейтойымды дүрілдетіп өткізіп бер» деген бұйымтайын ғана білдіретін ақсақалдардың халық жазушылығынан не пайда, нендей қасиет қалмақ? Басқа-басқа, Арал ды суға толтырамын деп, Желтоқсанның шындығын шырқыратып ашамын деп жүріп, халық пен мемлекет басшылары арасындағы беделін өсіріп, ақыры бәрін қойып, туысқан елге елші болып кеткен ақын ағамыздың «Халық Қаһарманын» аламын деп желпінуін қалай түсінуге болады?.. Жылайсыз ба, күлесіз бе? Өзіңіз біліңіз. Ақыры болмаған соң «халық жазушысы» атағын алып, жаны жай тапты. Атақ дегеннен шығады. Қазір, басқаны былай қойғанда, акаде мик атануың да оп-оңай болып қалған сияқты. Ой, Алла, о заман да бұл заман, бір ғылыми еңбек түгілі, бір зерттеу мақала жазбаған адамдарға академиктік атақ берілгенін естіп пе едіңіздер? Ал біз қазір естіп, тіпті өз көзімізбен куә болып та жүрміз. Сонда біз қай қоғамда өмір сүріп жатырмыз? Түсінбеймін. Қаптаған академик... Ертерек те бір қария «Қарынымның ашқанына емес, қадірімнің қашқанына жылаймын» деген екен. Сол ақсақал айтпақшы, мен де оның кімге берілгеніне емес, ең қасиетті саналатын академиктік атақтың қадірін қашырғанына қынжыламын. Ақшасын төлесем, менің де академиктік атақ алуға құқым бар екен. Не деген сұмдық?! Осы арада бір оқиға есіме түсіп отыр. Алматы қалалық Қазақ әдебиеті мен өнері халық университетінің кезекті бір мерейтойлық
КӨКТАМЫР мәжілісінде Экология академиясы басшыларының бірі белгілі ғалым Рахманқұл Бердібаевқа осы академияның академигі деген қатырма қағаз табыс етіп, академик болып сайлануымен қызу құттықтады. Сонда деймін-ау, академиктік атақ та мерейтой кезінде иыққа жабы ла салатын шапан сияқты болғаны ма?! Әрине, Рахманқұл Бердібаев өз еңбегімен академиктік атақ алуға толық құқылы. Мәселен, акаде мик Рахманқұл Бердібаев десе, ешкімнің де миығынан күлмейтініне мен куә (Құдай академик Дымсезбес Мырқымбаев дегендерден сақта сын!). Құдай біледі, Рахаң Экология ғылымдары академиясының академигі болып сайланғанына онша қуана қойған жоқ, күнделікті жай әшейін зат сияқты орнынан тұрды да, қатырма қағаздарды қабылдап алды да, алдына қоя салды. Зал тола жиналған қауым да қол соққан жоқ, тіпті айтарлықтай назар да аудармады. Мәжіліс аяқталған соң біреу-міреу құттықтар ма екен деп біразға дейін қарап тұрдым. Бірақ Рахаңды академик болуымен құттықтаған жан бола қойған жоқ. Бәрі де түк болмағандай орындарынан көтерілді. Қолындағы қатырма қағаздарды қыса-мыса Рахманқұл ағамыз да шығып бара жатты... Бұндай қуыршақ академия мен жасанды академиктіктің кімге қажеті бар? Күн өткен сайын осындай қуыршақ академиялардың саны көбейіп барады, сонымен қоса жасанды академиктердің де қатары қаулап өсуде. Әй, бірақ арзан атақ кімге абырой әперген?.. Де генмен, менің мынандай екі ұсынысым бар: 1. Қазақстандағы қуыршақ академиялардың барлығын жабу керек; 2. Сол қуыршақ академиялар берген жалған академиктік куәлік тердің жаппай күшін жоятын қаулы шығарылғаны жөн. Яғни, жасан ды академиктік атақтардың барлығын қайтарып алу керек. Әйтпесе не деген масқаралық, не деген сорақылық? Өмір бойы ғылымның шаңын жұтқан Қайым Мұхамедханов бар-жоғы фило логия ғылымының кандидаты ғана, ал бірде-бір ғылыми мақала жазбаған Дымсезбес Мырқымбаевтар – академик. Бұндай қарамақайшылыққа қалай төзуге болады? Жылайсыз ба, жоқ, әлде тағы да күлесіз бе? Бұрын академик дегенде көз алдымызға Әлкей Марғұлан, Қаныш Сәтбаев, Мұхтар Әуезовтер елестеуші еді. Енді кімдердің елестейті 6-0113
КӨКТАМЫР нін құдай білсін!.. Адам үстіне киетін киімінің өзін шақ болса ғана ал май ма, ал бұл киім немесе бұйым емес, академиктік атақ қой. Бәрі нен де «қарынның ашқанын емес, қадірдің қашқанын» айтсаңшы! Академиктік атақтың қадірі кетті дегенше, ғылымның құны түсті десеңші!.. Сондықтан менің жоғарыдағы екі ұсынысым іс жүзіне асса құба-құп болар еді. Әрине, ол менің қолымда емес, мемлекеттік жалы күдірейген мекемелердің құзырындағы іс. Ендігі сөзді солардан кү тейік, ағайын! Жалпы атақты ешкім де қызғанбайды. Алса ала берсін! Бізге одан келіп-кетері де шамалы. Бірақ кейде нағыз өнер мен қалтырауық өнерсымақтың ара-жігін ажыратып жатпай, бәйгені тұлпар емес, мәстекке бере салатынына іштей қынжыласың. Әрине, іштей ғана...
КӨКТАМЫР КІТАБЫМЫЗ – ҚҰРАН, ЖОЛДАСЫМЫЗ – ИМАН БА? Өтпелі кезең деп өзімізді-өзіміз іштей жұбатып жүрген қазіргідей өліара шақта тәуелсіз елімізде жан жадыратар игі істерден гөрі көңілге кірбің ұялатар келеңсіз жайттардың көбірек көрініс тауып отырғанын кімнен және несіне жасырамыз? Біздің бұндай жасырын бақ ойнағанымыз кейде маған көңілі пәк, жаны таза жас баланың алақанымен көзін ғана көлегейлеп «Мені көрдің бе?» деген қылығын елестетеді. Әйтпесе, қанша жерден мақтап-марапаттағанымызбен, күн өткен сайын экономикамыз құлдырап, жұмыссыздық белең алып, қылмыстың өршіп, халықтың күнкөрісі төмендеп бара жатқанын (мемлекеттік шенеуніктер көздерін көлегейлегенімен) көрмейбілмей отырған жоқпыз. Бірақ одан не пайда?! «Өз күніңді өзің көр!» деп мемлекет басшылары өз мойындарындағы жауапкершілікті ысырып тастап, айтқандарын істеп, айдағандарына көндіріп отыр са... Міне, осындай әрі-сәрі беймаза мезгілді оңтайлы пайдаланған шетелдік миссионерлер (олардың бұндай құбылыстарды алдын ала зерттеп-біліп алатыны айтпаса да белгілі) «қонақжай» Қазақстанға ағылып келіп, өздерінің діни ағымдарын уағыздап, мемлекеттік тұрғыдан қамқорлықсыз қалған «иесіз» қазақ жастарына сан алуан «қайырымдылық» шараларын көрсету арқылы өзге дінге үгіттеп, са наларын улау жұмыстарын «қызу қарқынмен» жүргізіп жатыр. Оларға әзірше «әй дейтін ажа, қой дейтін қожа» табылмай отыр. Тіпті, оны айтасыз, «әй» немесе «қой» демек түгілі, «демокртиялық-құқықтық» жолға түскен тәуелсіз мемлекетіміздің «демократ» шенеуніктері олардың арқаларынан қағып, ресми түрде тіркеуден өткізіп, заңды
КӨКТАМЫР тұлға ретінде алаңсыз өз діндерін уағыздаумен айналысуға жағдай жасап, елімізде еркін тайраңдауларына жол ашып беріп отырға нын қалай түсінерсіз? Ал әлгі дін таратушылардың арасында ой ларына келгенін істеп, халықтың арасына іріткі салып жүргендері қаншама?! Мемлекетіміздегі осындай бейберекеттіктердің салдары нан қазақ жастарының ішінде де өзге діндерді қабылдап, солардың уағызшысына айналғандардың қатары күн өткен сайын көбейе түсуде. Кейде тіпті бұндай кесірлі кесапаттар жаппай етек алып бара жатқан сияқты көрінеді. Бұлай деуіміздің де өзіндік себеп-салдары жетерлік... Жақында мен кришна дінін қабылдаған бір қазақ жігітімен та ныстым. Мекемелерді аралап, сол діни бағыттағы кітаптарды наси хаттап жүр екен. Үстіне өзгеше киім киінген, төбесінде бір уыс шаш желбірегені болмаса, басы тақыр, маңдайы мен мұрнына ақ бояу жағылған қара көз бауырымыз қолындағы діни кітаптарды құшақтап жақындай бергенде тоқтатып алып, жөн сұрадым. – Ұлтым қазақ. Аты-жөнім Ержан Жақыпбеков. Мамандығым био лог, Қарағанды университетін бітірдім, – деп қазақша сарнай жөнелді. – Ұлтың қазақ болғанмен, ұстанатын дініңнің басқа екенін тү ріңнен-ақ көріп тұрмын. Бұл жолға түсуіңе не себеп болды? – Мен жастайымнан білімге құштар едім. Бірінші класта оқып жүрген кезімде тетелес ағамнан «Өмірден кейін өмір бар ма?» деп сұрадым. Ол «Жұмыр басты әрбір пенде өледі, содан кейін бәрі бітеді» деп жауап берді. Ал шешем «Тән өлгенмен, жан мәңгілік» деп көнекөздерден естігендерін айтып отырушы еді. Содан 4-5-клас тардан бастап бұл сұрақтарға жауап іздеп, қазақ классиктерінің еңбектерін оқи бастадым. Ақыры бұл күрделі сауалдардың жауабын Абай атамыздың еңбектерінен таптым. Бірақ ғылыми түрде көбірек білгім келді. Содан не керек, 1990 жылдың бас кезінде бір жолдасым нан Абһай Чаром Бһактиведанта Свами Прабһупаданың «Бһагаводгита: қаз-қалпында» деген кітабын алып оқыдым. Содан бұл кітаптың мақсаты әрбір саналы адамға ғылыми философиялық білім беру екеніне көзім жетті. Осыдан кейін бұл іліммен шынымен айналыс қым келді. Әркімнің алдына қойған мақсаты болады ғой.
КӨКТАМЫР – Сенің алдыңа қойған мақсатың не сонда? – Алла тағаланың шапағаты мен шарапатын көріп, оның мәңгілік рухани планетасына қайту. Әйтпесе бірде орыс, бірде қытай, бірде неміс немесе бірде ит, бірде күшік болып, осынау өткінші ғаламда «туу, ауру, қартаю, өлу» деген төрт денеден құтыла алмай жүре береміз. Рухани әлем тірі жандардың шат-шадыман өмір сүруіне арналса, ал бұл дүние – Құдай құсап рахаттанғысы келетіндерге азап шектіруге арналған абақты. Сондықтан тағы да қайталап айтамын, менің мақсатым – бұл дүниемен біржола қоштасып, шат-шадыманға толы мәңгілік рухани әлемге, яғни туған үйіме қайтып оралу... Көріп отырған шығарсыздар бұндай діни әдебиеттердің адам санасына қалай ықпал ететінін? Оған тірі куәгер – осы тілі мен түрі қазақ болғанымен, діні басқа Ержан бауырымыз. Санасы уланып, соқыр сенімнің жетегінде кетіп, өзге діннің шырмауында қалған жалғыз бұл ма?! – Кришна дінін қабылдаған қазақ жастары көп пе? – деп сұрағым ды жалғастырдым. – Дәл санын айта алмаймын, бірақ аз емес. – Қай жерде тұрасың? – Құдайға құлшылық ететін ғибадатханада. – Әке-шешең жоқ па? – Бар. – Олар қай дінді ұстанады? – Діншіл емес, әйтеуір өздерін мұсылман санайды. – Сенің басқа дінді қабылдағаныңа қарсы болған жоқ па? – Қарсы болды. Бірақ әркімнің өмірге деген көзқарасы әр түрлі ғой. Әрі мен айтқанымнан қайтпайтын бірбеткей жанмын. – Сендер құдайға құлшылық ететін ғибадатхананы барып көруге бола ма? – Болады. Жүріңіз, ертіп барайын. – Ол жерден жеті қоян тапқан дай қуанып кетті. Екеуміз далаға шықтық. Ол такси ұстады. Әйтеуір көңіл күйі көтеріңкі. Жолшыбай мен оған көптеген сұрақтар қойдым. Ол бәл сінген жоқ, өзінің таным-түсінігі бойынша жауап беріп отырды.
КӨКТАМЫР – Міне, келіп те қалдық, – деді ол бір кезде. Екеуміз мәшинеден түсіп, ғибадатханаға кірдік. Діни киім киініп, ерсілі-қарсылы жосып жүргендердің көпшілігі қазақ жастары. Тағы бір байқағаным, бәрі бір-бірімен қазақша сөйлесіп жүр. Маған барлығы «Мынау кім?» де гендей үрпиісе қарайды. – Мынау менің бөлмем, – деді бір кішкене бөлмеге кіргенде. – Жоғары шығып отырыңыз. – Ол астыма төсеніш төседі. – Бұл бөлмеде жалғыз өзің тұрасың ба? – Жоқ, менен басқа екі-үш жігіт бар. – Сонда бұл дінді қабылдағандардың барлығы осында тұра ма? – Жоқ, үйленбегендер ғана. Ал шаңырақ көтеріп, отау тіккендер үйлерінде тұрып-ақ құлшылық ете береді. Біздерді бұл діннің тілі бойынша «студенттер» деп атайды... – Ол терезенің алдында тұрған діни кітаптарды алып, менің алдыма қойды. – Сіз мыналарды қарай тұрыңыз. Мен қазір келемін. Том-том боп алдыма үйілген кітаптарды біртіндеп қолыма алып, ақтарыстырып қарай бастадым. Бәрі де кришна дінін насихат тап, солардың ілімін уағыздайтын еңбектер екен. Ішінде осы діни ағымның негізін қалаушылардың өмірі мен олардың шәкіріттері ту ралы да кітаптар жетерлік. Арасында қазақша аударылған нұсқалары да бар екен. Мен осы қазақша аударылып басылып шыққан бес түрлі кітапты бөлек алып, асықпай қарап шықтым. Кейбіреуін салысты рып оқып отырып, оларды маман аудармашылар тәржімелегеніне көзім жетті. Бәрі де еркін әрі сапалы аударылған. Бір кезде Ержан бауырымыз да қайтып келді. Қолына ұстаған табақтағы тағамдар мен сусындарды әкеп алдыма қойды. Мен: – Ештеңеге зауқым соқпай отыр, – деп азар да безер болдым. Өйткені, біріншіден, тәбетім шаппады, екіншіден, жүрексіндім. Шы нымды айтсам, менің басқа оймен келіп отырғанымды біліп қойып, қастандық істей ме деп те ойладым. Ол менің осы ойымды сезді ме, қыстаған жоқ. – Сізге қазақшаға аударылған кітаптар керек пе? – деді жай ғана. – Жалпы танысып шығуға болады, – дедім мен де немқұрайды үнмен. – Бұл діни кітаптарды кімдер аударған?
КӨКТАМЫР – Өзіңіз сияқты қаламгерлер. Немене, сіздің де аударғыңыз келе ме? Қаламақысын доллармен төлейді. – Бұндай жолмен ақша тауып, Құдайдың алдында күнәкар болғым келмейді. – Жоқ, сіз қателесесіз, Құдай біреу-ақ. Біз бәріміз де соның құлы мыз. Қайта бұл еңбегіңіз үшін Құдай тағала сізге мейір-шапағатын төгеді. – Рахмет, бауырым! Құдай біреу болғанмен, сиынатын дініміз бен пайғамбарларымыз бөлек қой! – Ол үнсіз қалды. – Мен кетейін! – дедім орнымнан көтеріліп. Сыртқа шыға бере ол: – Мынау біздің Құдайға құлшылық ететін бөлмеміз, – деді діни бұйымдар қойылып, ықшам жабдықталған үлкен бөлмені көрсетіп. – Ал мынау асханамыз... Сізге басқа кітаптар керек болса, келіп тұ рыңыз. Немесе айтыңыз. Өзіміз-ақ апарып береміз. Айтпақшы, мен бүрсігүні Қырымға кетемін. Сол жерде біздің діннің үлкен орталығы бар. Сонда оқып, діни білімімді жетілдіремін. Бір жылдай уақыт сол жақта боламын. Дегенмен, бір қазақ жігітіне тапсырып кетемін, керек кітаптарыңыз болса, сол жеткізіп беріп тұрады, – деді ол қоштасарда. Мен ілби басып сыртқа шықтым. Ойым он сақта. Көз алдымда жаңағы көрініс. Иә, олар дінін сатса да, «өз күндерін өздері көріп» жүр. Жатар орын дайын, киер киім мен ішер ас тегін. Керек десеңіз, барлық жол қаражатын өздері төлеп, шет елдерге «оқуға» жіберіп тұрады. Алатын стипендиялары мен сатқан кітаптарынан түсетін нәпақа лары өз алдына. Ал қазіргідей өліара шақта үйсіз-күйсіз, жұмыссыз құр сенделіп жүрген пақырларға керегінің өзі осы емес пе?! Мұндай дінін сатып, нанын тауып жеп жүргендер аз ба?! Жалпы Қазақстанда 1500-дей бірлестіктің басын құрайтын 40 шақ ты түрлі діни ағым заңды түрде тіркеліпті. Атап айтар болсақ, ислам, оның шиттік және сүниттік бағыттары, христиандық православие лік, католиктік, протестанттық бағыттары, олардың лютерандық, кальвинистік, менониттік, баптистік, мормандық, адвентистік, пяти десятниктік, перфекционистік, иегово куәлары сияқты толып жатқан салалары қатарласа өмір сүріп келеді. Еврейдің иудаизмі мен оның
КӨКТАМЫР модернистік ағымдары, тіпті сионистік салаларына дейін кейде ашық, кейде жасырын жұмыс жүргізіп жатыр. Буддизмнің жоғарыда біз сөз еткен кришна және ламанизм сияқты түрлері де қарап жатқан жоқ. Өз «үлестерін» шама-шарықтарынша бөлісіп-ақ жатыр. Соның салдарынан Алматыда қазақтар ұйымдастырған «Құтқару жолы», «Үміт жарығы», «Рахым» атты түрлері, шетелдік христиандық үш-төрт шіркеу, қазақтың ұлттық христиан хоры, оның әнші, домбырашы өнерпаздары, дінін сатқан мыңдаған қазақ христиан-баптистері, қазақ иегова куәлары, қазақ пресвитериондары, қазақ кришнаид- тері сияқтылардың қатары күн өткен сайын қаулап өсуде... Бұның ақыры немен тынарын бір Құдайдың өзі білер. Әйтеуір жақсылыққа апарып соқтырмасы анық. Өйткені қазіргі кезде дүние жүзінде болып жатқан қарулы қақтығыстардың басым көпшілігінің ең басты себептерінің бірі – діни ағымдардың қарама-қайшылығы. Осылар ды көріп-біле отырып, олардан сабақ алмауымыз өкінішті-ақ. Жалпы қазақ жастарының өзге діндерді қабылдауының ең негізгі себебі неде? Оны әркім өзінше түсіндіреді. Бұл жағынан алғанда біреу діни сауатсыздықты тіліне тиек етсе, екінші біреу жаңа діндер дің табыну үрдісі мұсылмандыққа қарағанда күрделі еместігін алға тартады. Ал үшінші біреу шетелдік діни ағымдар тарапынан сансыз қайырымдылық әрекеттерінің жасалуына әкеп тірейді. Бұл пікірлердің өз дәрежесінде шындығы да бар. Бірақ ең басты себеп – тәуелсіз мемлекетіміздің Конституциясы мен дін туралы заңның қандай діни ағымның да Қазақстанда жұмыс жүргізуіне құқық бе ріп, еркін жол ашып қойғандығы. Сондықтан біздің айтпағымыз, бұндай келеңсіз жайттарға жол бермес үшін, ең алдымен заңдарға толықтырулар мен өзгертулер енгізу қажет-ақ. Қазақстанда ислам діні онша насихатталмайды. Тіпті Құран Кәрімнің өзін әлі күнге дейін дұрыс түсіндіре алмай келеміз. Бұл жағынан алғанда республика мұсылмандар діни басқармасына өкпе арту орынды. Ал шетелдік миссионерлер үгіт-насихаттың сан алуан түрі мен тәсілін ойлап тапқан. Діни әдебиеттерді таратады, кино фильмдер көрсетеді, тегін діни курстарда оқытады. Тіпті қалалардағы
КӨКТАМЫР ең көрікті ғимараттарды жалдап алып, өз уағыздарын айтады. Мәселен, Алматыдағы Республика сарайы мен Спорт сарайында, Ұлттық Ғылым академиясы мен ұлттық кітапханаларда өз діндерін на сихаттап жатады. Тек ақшасын төлесе болды, ондай рухани ордалар да шоқындыру жұмыстарымен айналысса да, ешкім тыйым салмай ды. Не деген сорақылық?! Өзге дінді насихаттайтын кинофильмдерді халық жазушысы қазақшаға аударады, ал онда халық артисі Христос болып уағыз айтады... Ақшаның құдіреті-ай десеңізші! Алматыдағы орталық мешіттің сегіз жылдан бері аяқталмай тұр ғанын айтудай-ақ айтып та, жазудай-ақ жазып та жүр. Бірақ нәтиже шамалы. «Айғайлай-айғайлай қасқырдан да ұят болды». Ал «қасқыр лардың» айылын жиятын түрлері көрінбейді. Орталық мешіт құры лысының аяқталмай қалуы да көпшілікке кері ықпал етері сөзсіз. Ал Алматыдағы христиан шіркеулерінің еңсесі биік әрі ең қолайлы жерлерге орналасқан. Басқасын айтпағанның өзінде, жалғыз-ақ 28 панфиловшылар паркіндегі ең еңселі ғимарат – христиан шіркеуін алайықшы. Іші-сыртына барлық жағдай жасалған. Әрі парктің ішінде. Адамдар көп жиналатын жер. Жасөспірімдер де осында келіп серуендейді. Ал бұның кері ықпал-әсерін ешкім ойлап жатқан жоқ. Шынымды айтсам, парктің ішінде жүріп бара жатып шіркеуге көзің түскенде, өз-өзіңнен іштей қорланасың, еңсең езіледі. Не деген көнбіс халықпыз?! Ал осы шіркеуге балаларын жетектеп қазақтар да келеді. Тіпті Алматы мемлекеттік консерваториясында оқып жүрген кейбір қара көз қарындастарымыз осында келіп, діни әндер айтып, нәпақа табады екен. Оны өз көзімізбен көрдік. Бұндай келеңсіз жайттар ды тізе берсең жеткілікті... Басқа дінді қабылдаған Болат Аюханов (атақты балетмейстер) пен Досым Омаров (ғалым) сияқты зиялы қауым өкілдері қаншама?! Бұл, әрине, өз алдына жеке әңгіме. Дінін сатып, өзге дінді қабылдаған дінбезерлердің дені – жастар. Бұл уақыт өткен сайын бірте-бірте ел ішін жайлаған «жегіқұртқа» айналып, кеселді дерттей асқынып барады. Ал ата-бабаларымыз «Аурудың алдын алмаған – өледі» деп жайдан-жай айтпаса керек. Бұл жұқпалы індет күндердің күнінде ұлттығымыз бен елдігіміздің түп та
КӨКТАМЫР
мырына балта шабуы әбден мүмкін. Сондықтан аурудың алдын осы
бастан алып, оның жаппай жайылуына мемлекет тарапынан заңды
тосқауылдар қойылмаса, ертең кеш қалуымыз әбден мүмкін. Бұл
жағынан мемлекеттік шенеуніктер де мықтап ойланғандары жөн-ау!
1998 жыл
КӨКТАМЫР ЕСІРТКІГЕ ЕЛІККЕНДЕР «Әкеңді өлтіргеннен құн сұрама, баласын апиынға үйрет!..» Бұл сөзді айтқан мен емес, әрине. Менің ата-бабаларым. Неге бұлай ащырақ айтқаны өзінен-өзі түсінікті шығар. Өйткені әкесін өлтір ген адамды ешкімнің де аямасы анық. Оның құны да өлшеусіз. Қан ға – қан, жанға – жан ғана көңіліңді жұбатып, кегіңді қайтарар. Бірақ, жоғарыдағы сөзге қарағанда, қазекем бұны да місе тұтпай тұр ғой. Қолынан келсе әкесін өлтірген адамның баласын апиынға үйретіп, ұрпағын аздырып-тоздырып, тұқымын тұздай құртып жібермекші. Бұл – құн алып, кек қайтарудың ең ауыр түрі. Әрине, ол дұрыс таңдау емес. Тек ашынғаннан шыққан «ащы дауыс» болса керек. Ал мемлекеттің шаңырағын шайқалту үшін жастарын апиынға үйретсе болғаны, ел іргесі өзінен-өзі сетінеп кете береді. Енді осы көзқараспайымымызды ой елегінен өткізіп, сөз талқысына салып көрейік... Бүгінгі таңда дүние жүзі елдерін жайлаған нашақорлық дерті әлем жұртшылығын алаңдатарлық дәрежеде өріс алып, күн өткен сайын тамырын тереңге жайып, бүкіл адамзатқа ортақ проблемаға айналып отыр. Қоғам өміріне дендей енген аталмыш кеселге шалдықпаған не месе оны айналып өткен мемлекетті атау қиын. Өйткені ол қанша лықты қауіпті болғанымен, соншалықты тез тарайтын «жұқпалы ауру». Социализмнің жаназасын шығарып, капиталистік даму жолы на түскен Қазақстанды да жиырмасыншы ғасырдың «обасы» шарпи бастады. Тіпті ол уақыт озған сайын меңдеп, асқынып барады. Неге? Оның әр түрлі себептері бар. Ең негізгісі еліміздегі экономикалық дағдарыс, жоқшылық, қымбатшылық, жұмыссыздық, көптеген адам
КӨКТАМЫР дардың болашаққа деген үміттерінің өліп, сенімдерінің жоғалған дығы мен тұрмыс-тіршіліктерінің құлдырай төмен түсуі екені белгілі. Кейінгі кездері есірткілік заттарды дайындап, тарату ісімен аты шыққан мемлекеттер қатарында Қазақстан да аталып жүр. Әрине, бұл қуанарлық жағдай емес. Ресми деректерге қарағанда, бүгінгі таңда республика бойынша 20 мыңнан аса нашақордың барлығы анықта лып, тіркеуге алынған. Ал жасырын түрде есірткі қабылдайтындар қаншама?! Олардың жалпы санын дәл анықтау мүмкін емес, әрине. Дегенмен, әлемдік тәжірибеде қолданылып жүргеніндей есептесек, яғни олардың тіркеуде тұратындарынан 10-15 есе көп болатынын ескерсек, республикамызда қанша нашақор барлығы өз-өзінен сопаң етіп шыға келеді. Мамандардың болжауынша, Қазақстанда қазірдің өзінде 300 мыңға жуық нашақор бар екен. Бұл – бүгінгі күнге дейінгі дерек. Тағы да әлемдік тәжірибеге сүйенсек, әрбір нашақор жыл сайын кем дегенде он адамды өз қатарына тартып, есірткіге елітуге баулиды екен. Сонда жоғарыда анықталған санды жыл сайын онға көбейтсек, енді бірер жылда қанша болатынын ойша есептеудің өзі ауыр. Есірткіге елітіп есіретіндердің басым көпшілігі жастар. Яғни, бой жеткендер мен бозбалалар. Оның себебін тәптіштеп айтпасақ та түсінікті ғой деп ойлаймын. Біріншіден, олар өздеріне-өздері есеп беріп жатпайды, яғни көпшілігі ақыл тоқтатпағандар. Өмірлерінің орта жолда қиылатынына онша мән бере бермейді. Екіншіден, бұл шақта әр нәрсеге еліктегіш, тез бейімделгіш келеді. Сөйтіп, болаша ғын емес, бір күндік рахат-ләззатты, бір күндік қызықты көбірек күйттейтін кезінде байқамай «шоқ» басқанын өзі де білмей қалуы мүмкін. Ал есірткінің қанды шеңгеліне бір ілінсең, одан аман-есен құтылып шығуың екіталай. Ілуде біреу болмаса, нашақорлардың өмірі көбінесе қайғы-қасіретпен аяқталады. Олардың жарық жалғандағы ғұмыры да ұзақ болмайды. Мамандардың айтуынша, олардың басым көпшілігі орда бұзар отыз жастарында қыршынынан қиылып, жарық жалғанмен ерте қош айтысады. Міне, нашақорлардың дені жастар болатыны осындай себептерден деуге толық негіз бар. Көпшілікке нанымдырақ болу үшін бір мысал келтіре кетудің артықтығы болмас.
КӨКТАМЫР Алматы облысының таулы аймақтарында қылша деген өсімдік өседі. Одан өте күшті есірткілік заттар дайындалады әрі адамның бойы оған тез үйренеді. Бір-екі мәрте қабылдағаннан кейін онсыз өмір сүре алмайтындай жанкешті күйге түседі. Ал бұл қауіпті есірткіні үзбей қабылдаған адам бір-екі жылда ажалдың апанына өзі барып түседі. Жалпы қандай есірткі болсын адам денсаулығына өте зиянды. Ол адамды әр түрлі ауруға шалдықтырып қана қоймай, өлім қақ панына мейлінше тезірек түсуге итермелейді. Сондай-ақ, есірткі әрбір нашқорды қылмыс жасауға мәжбүр етіп, сол жолға түсуге еріксіз жетелейді. Неге? Өйткені есірткіге бойлары әбден үйреніп алғандар онсыз бір күн де өмір сүре алмайтын халге жетеді. Ал есірткінің қаншалықты қымбат тұратыны жұмыр басты пенденің бәріне аян. Адал ақшаға сатып алынған есірткісі жұмырына жұқ та болмайтын нашақор өзінің тәбетін толық қанағаттандыру үшін арам жолмен қалтасын қалыңдатуға ұмтылады. Осы қатерлі жолда олар қолдарынан келген айла-шарғыларының бәрін істеп бағады. Ұрлық жасайды, тіпті оларға адам өлтіру де онша қиын іс емес. Жақында есірткінің буына есірген он тоғыз жасар бір ақымақтың талап еткен ақшасын бермегені үшін өз анасын қылқындырып өлтіргенін естігенде жағамызды ұстамауға амалымыз қалмады. Бұл біздің өзіміз куәсі болған бір ғана оқиға (есірткіге елітіп есіргендер өзінің не істеп, не қойғанын білмейді әрі кезінде оған есеп те бере бермейді). Ал бұндай келеңсіз жайттардың күніне қаншасы болып жатқаны бір Құдайға ғана аян. Дегенмен, күн өткен сайын елімізде нашақорлыққа байланысты жасалатын қылмыстың саны күрт өсіп отырғаны ешкімге жасырын сыр емес. Мәселен, елімізде 1990 жылы нашақорлыққа байланысты жасалған 4 мыңға жуық қылмыс тіркелсе, 1996 жылы бұл сандық көрсеткіш 17 мың 77-ге жеткен, ал өткен жылы 22 мыңнан асып жығылған. Егер мемлекеттік саясат тұрғысынан нашақорлықтың алдын алу мен қазіргі таңда ақша табудың «қайнар көзіне» айналып отырған наркобизнестің жолын кесетін кешенді ісшаралар жүзеге асырылмаса, алдағы уақытта бұл санның көбеймесе азаймайтыны анық.
КӨКТАМЫР Тағы бір айта кетер нәрсе, нашақорлар жалғыз-жарым жүрмейді. Өздеріне есірткілік заттардың молшылығын қамтамасыз ету үшін міндетті түрде топ құрайды. Міне, олардың қауіптілігі де осында... Қазіргі кезде әлемдегі наркобизнестің «бағы» ашылып, маңда йындағы «жұлдызы» жарқырап-ақ тұр. Бұл жағынан алғанда Қазақстан да наркобизнеспен аты шыққан мемлекеттердің еш қайсысынан да қалысар түрі жоқ. Мамандардың айтуынша, дүние жүзі Қазақстанды есірткілік өсімдіктер көп өсетін, одан аса мол мөлшерде «өнім» өндіретін ел ретінде танып-біліп отыр. Мәселен, бір ғана Шу өңірінің 140 мың гектер жерінде жабайы кендір өседі. Ал осыншама алқапты алып жатқан есірткілік өсімдіктерден 5-6 мың тонна мари хуана өндіріп шығаруға болады екен. Ал ондай жабайы өсімдіктердің республикамыздың көптеген аймақтарында өсіп-өнетіні анықталып отыр. Сонымен бірге, өкінішке орай, көкнәр өсіру қарқыны да кеңінен өріс алып барады. Жергілікті «өндірістен» өндіріліп шығарылатын есірткілік заттардың бір бөлігі заңсыз жолмен еліміздің өз ішінде та ратылса, екінші бір бөлігі алыс-жақын шет мемлекеттерге әр түрлі жолдармен құпия түрде жөнелтіледі. Оған Оңтүстік-Шығыс және Оңтүстік-Батыс Азиядан шыққан «тауарлардың» көпшілігі жасырын түрде Қазақстан арқылы Еуропа мен Америка сияқты мемлекет терге тасымалданатынын қосыңыз. Алматы қалалық нашақорлық пен наркобизнеске қарсы күрес басқармасының бастығы Сәрсен Қожахметов: «Алматыға есірткі негізінен оңтүстік аймақтан – Пакистан мен Ауғанстаннан тасымал данады. Әкелінген есірткінің 10-15 пайызы Қазақстанда қалып, қалғаны еуропалық елдерге жөнелтіледі. Сонда біз есірткі өткеліне айналып отырмыз», – дейді. Ал тағы бір деректерге қарағанда, Қазақстандағы сұраныстың көбейгені сонша, есірткілердің 50ден 90 пайызына дейін шет елдерден әкелінеді екен. Міне, елімізде нашақорлардың барыншы көбейіп келе жатқанын осыдан-ақ анық байқауға болар. Сондай-ақ, жоғарыда сөз өткен жайттарға қарап отырып-ақ, республикамызда нашақорлық дертінің тез жайылып бара жатқанын да айқын аңғаруға болатын шығар деп ойлаймыз. Өйткені бізде кез келген Қазақстан азаматының нашақор болуына барлық «жағдай» жасалған.
КӨКТАМЫР Тәуелсіздік алып, дербес мемлекет атанғалы бері қазақ елінің шет мемлекеттермен сауда-экономикалық байланысы нығайып келеді. Бұның ешқандай сөлекет-сөкеттігі жоқ, табиғи даму заңдылығы (өйткені томаға-тұйықтық қандай мемлекетті болмасын тоқырауға ұрындырып, дағдарысқа ұшыратары сөзсіз). Бірақ бұл фактордың да Қазақстан наркобизнесінің етек алуына кең жол ашып, мол мүкіндіктер туғызып отырғанын кімнен және несіне жасырамыз? Әрине, ешкім де Қазақстанның басқа мемлекеттермен заңды жол мен сауда-саттық жасауына қарсы емес, дегенмен, бұл бағытта қатаң бақылау мен тексеруді айтарлықтай дәрежеде қолға алмаса болмай ды. Өйткені шекара қызметкерлерінің жұмысы көңіл көншітерлік тей болмай отырғанын екінің бірі сын тезіне алып жүр. Мен кейде Қазақстан Латын Америкасындағы есірткілік заттар ды өндіріп-сатумен атағы әлемге жайылған Колумбияның кебін кие ме деп те қауіптенемін. Онда «мак» өсіру, есірткі өндірудің өте күшті дамығаны соншалықты, үкімет ешқандай пәрменді шара қолдана алмай, дәрменсіздік күйін кешуде. Халықаралық мафиямен ауыз жа ласып, солардың қолдауымен әбден байып, тіпті өздерінің қарулы жасағын құрып алған капиталистер елдегі билік басындағылардың көпшілігін түрлі айла-шарғымен өз жақтарына қаратқан. Ақшамен са тып алу, ал оған көнбесе басшылардың өміріне қастандық жасаудың түрлі қитұрқы айла-тәсілдерін аса жетік меңгерген әлгі капиталистер сол елдегі билік тізгінін өз қолдарына алған. Сондықтан онда есірткі өсіріп-өндіруге толық жағдай жасалған. Соның салдарынан Колум бияда қазірдің өзінде қалың жұртшылық есірткінің кесірінен белең алатын келеңсіздіктердің кермек дәмін татудай-ақ татуда... Ал Қазақстан болашақта Колумбияның «былғанған» аяғын құшуы мүмкін бе? Әбден мүмкін!.. Колумбиядағы қатерлі жағдайлардың қара бұлты Қазақстанның басына да төніп тұр... Ең бастысы, еліміздің билік басына келгендердің тең жартысы бизнесмендер, қазақы тілмен айтсақ, саудагерлер. Бірақ көзбен көріп, қолмен ұстамағаннан кейін олардың арасында наркобизнесмендер бар деп айту қиын (Құдай оның бетін аулақ қылсын!..) Дегенмен, кез келген бизнесмен ақша ны көргенде әлсіздік танытып, «жолдан таятыны» кісі таңданатын жаңалық емес. Оның үстіне «қарға қарғаның көзін шұқымайды» ғой!..
КӨКТАМЫР Орайы келгенде айта кетер тағы бір жайт, тарихта (ХVІІ-ХІХ ғасырларда) импералистік озбырлықтарымен аты шыққан Франция, Ұлыбритания, Испания, Португалия сияқты алып мемлекеттер отар лау саясатының бір құралы ретінде есірткіні де пайдаланғаны белгілі. Оған мысалды, ары бармай-ақ, өткен ғасырда Ұлыбритания мен Францияның Қытай еліне жүргізген «Апиын соғыстарынан» алсақ та жеткілікті шығар. Олар Қытайды нашақорлардың «отанына» айнал дырып, соның арқасында өздерінің боданы ету үшін осы елге апиын ды ашық сатуды жоспарлайды. Бірақ бұл жымысқы саясатты жақсы түсінген комиссар Линь-Цзе-Суй оған тосқауыл қою мақсатында ағылшындардың үш жүз тоннадан аса апиынын отқа жаққызып жібереді. Осынау «оңтайлы сәтті» ұтымды пайдаланған Ұлыбритания көшбасшылары 1840 жылы Қытайға соғыс жариялап, оның Шанхай, Нинбо, Динхай, Сямин сияқты қалалары мен Сянган аралын басып алады. Кейін белгілі себептерге байланысты атауы Гонконг болып өзгертілген сол арал Қытай елінің табанды талабының арқасында былтырғы жылы қайтарылып берілгені жалпақ жұртқа аян. Міне, біз үлгі алатын, әрдайым есте ұстайтын тарихтың ащы сабағы осындай! Бұл жайтты жайдан-жай ермек үшін тізбелеп отырған жоқпыз. Себебі қазіргі кезде Қазақстанда да «Апиын соғысы» басталған сияқты. Қитұрқы саясаттың ар жағында кімдер тұр және ол не үшін қажет?.. Бұл – күрмеуі мол, түйінді, шешілуі қиын күрделі сұрақ. Бұның жауабы ертең, ертең болмаса бүрсігүні айтылары хақ. Оған біздің ешқандай күмәніміз жоқ. Әйтпесе тәуелсіздік алғаннан бергі айналдырған бес-алты жылдың ішінде Қазақстандағы нашақорлардың саны 5-6 есе өскенін немен түсіндіруге болады?.. Әрине, бұған соңғы кезде еліміздегі әлеуметтік және саяси-экономикалық жағдайлардың ба рыншы күрделене түсуі де кері әсерін тигізіп отырғаны белгілі. Бірақ бұл мәселенің бір жағы ғана... Жалпы нашақорлық дертінің асқынып, жазылмастай жараға ай налмауы үшін оған қарсы күресті осы бастан күшейтіп, мемлекеттік саясат деңгейінде қолға алған жөн. Ол үшін ең алдымен арнайы заң қажет. Ал Қазақстанда ондай заң әлі қабылдана қойған жоқ. Кейбір мамандардың айтуына қарағанда, «Наша өнімдері, психотропиялық
КӨКТАМЫР заттар мен прекурсорлар туралы және оларды заңсыз айналымға шығару мен нашақорлыққа салынуға қарсы жүргізілетін іс-әрекет шаралары жөнінде» деген заң жобасы дайын тұрған көрінеді. Бірақ оның неліктен «жолы болмай» отырғаны – анықтай түсер жайт. Қалай дегенмен де, осы заңды кешіктірмей қабылдаған абзал. Өйткені нашақорлыққа байланысты іс-әрекеттің барлығы заңға ба рып тіреледі. Онсыз бәлендей іс тындырам деу құр бекершілік, бос әурешілік болатыны сөзсіз. Қай елде болмасын есірткіге қатысы бар қылмыскерлер заң бо йынша қатаң жазаланады. Көпшілігінде өлім жазасы беріледі. Ал оны Қазақстанға енгізіп, заңдастыруға болмай ма? Бұл туралы былтырғы жылы республика активінің жиналысында жасаған ба яндамасында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өз көзқарасын былай ша білдірген болатын: «Есірткі әкелу және оны тарату үшін жазаны қатайту, осыған байланысты бірқатар елдердегідей, оның ішінде Ма лайзия мен Сингапурдегі сияқты өлім жазасын енгізу керек пе деген мәселе жөнінде жұртшылықтың пікірталасын ұйымдастырған жөн. Есірткі – бұл ерекше әрі мерезді сала, сондықтан мұнда адамгершілік қағидаларын қолданудың қаншалықты дұрыс болары – үлкен мәселе. Таразының бір басында оны әкеліп тарататын адамның, екінші басын да ол қасіретке ұшыратқан бірнеше адамның өмірі тұр. Бұл мәселеде жұртшылық өз пікірін айтуға тиіс. Ал мен көпшіліктің көзқарасын қолдайтын боламын». Біздің ойымызша, болашақ қабылданар Қазақстан заңында да өлім жазасы көрініс табуы қажет. Өйткені қатал жаза аталмыш дертті мүлдем жойып жібермегенімен, оның жаппай етек алуына белгілі дәрежеде тосқауыл қояры сөзсіз. Бірақ бұл нашақорлыққа қарсы күрестегі ең соңғы шара болмауға тиіс. Мәселен, Иран, Қытай елдеріндегі сияқты Египетте де есірткі саудасымен айналысып, оны тарататын адамдар өлім жазасына кесіледі. Бірақ онымен ол елдегі наркобизнестің жолы кесіліп, нашақорлардың саны азайғаны шама лы. Сонда бұдан басқа не істеу қажет? Әрине, ең алдымен «аурудың» алдын алу жағын қарастырып, осы бағытта кеңінен ойластырылған кешенді іс-шараларды жүзеге асыру керек сияқты. 7-0113
КӨКТАМЫР Жалпы есірткінің қанды шеңгеліне іліккен адамның одан аманесен құтылып шығуы екіталай екенін жоғарыда айттық. Ол аз ғана уақыттың ішінде сау адамды ауруға айналдырып, денсаулығына орасан зор зиян келтірері сөзсіз. Мысалы, мамандардың айту ынша, нашақорлықтың салдарынан аса қатерлі ми аурулары на шалдыққандардың бірқатары өзіне өзі қол жұмсаса, көпшілігі аталмыш сырқаттардан біржола оңалмайды екен. Ал есірткіге елі тіп есіргендердің арасында СПИД-ті жұқтыру өткен жылдары алаңдатарлық дәрежеде өскен. Дәлірек айтсақ, республикамызда СПИД ауруына ұшырағандардың 80 пайызы вирусты ине (шприц) арқылы қабылдағанда жұқтырған. Сондықтан нашақорлыққа са- лыну, айтулы ақын Әсет Найманбайұлының сөзімен айтар болсақ, «ажалды ақша беріп сатып алумен» бірдей. Олай дейтініміз, ресми деректерге қарағанда, нашақорлыққа салынған жүз адамның бірліжарымы ғана қалыпты өмірге қайта оралса, басым көпшілігі орда бұзар отыз жас пен қырқа асар қырық жастарында жарық жалғанмен біржолата қош айтысады. Міне, нашақорлықтың салдарынан туын дайтын осындай келеңсіз жайттар туралы толығырақ мағлұматтар беретін және есірткінің адам өміріне аса қауіптілігін ашып көрсете тін кітапшалар мен кітаптар, әр түрлі плакаттар шығарылып, сан алуан фильмдер түсірілсе, іс әлдеқайда нәтижелі әрі жемісті болар еді. Өйткені құрғақ ақыл, құр сөзбен ештеңе бітпесі анық. Сонымен бірге психиатр-наркологтар сияқты арнайы мамандар даярлау, нашақорлық дертіне қарсы насихаттық жұмыстарды жан дандыру, ұйымдастыру-методикалық және емдеу-профилактикалық диспансерлері мен мекемелерінің қызметін жаңа сапа мен сатыға көтеру, шекара күзеттері мен тексерістерін күшейту, есірткілік заттардың негізгі тарау «көзі» болып отырған түнгі клубтар мен дискотекаларға, казинолар мен жастар көп жиналатын қоғамдық орындарға бақылау орнатуды жолға қою секілді кезек күттірмейтін толғақты мәселелерді тездетіп қолға алмаса, ертең шарасыздықтың күйін кешіп, өкінішпен күн өткізеріміз анық. Мәселен, Америкада бұндай мәселелермен айналысатын қырықтан астам мекеме және елу мыңға жуық қоғамдық ұйымдар бар. Сондай-ақ, бұл елде кеселді
КӨКТАМЫР дерттің «уытын» қайтару үшін жыл сайын 12-13 миллиард дол лар бөлініп тұрады. Ал ҚР Білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрлігінің жауапты қызметкері Байсал Айділдаевтың айтуы бойынша, Қазақстанда бұл саламен айналысатын арнаулы мамандар өте аз, ұйымдастыру-методикалық және емдеу-профилактикалық орталықтарының қызметі көңіл көншітпейді, оның үстіне олардағы құрал-жабдықтар әбден ескірген, қажетті дәрі-дәрмектер жетіспейді. Қаржы тапшы... Бұндай проблемаларды жазып та, айтып та тауыса алмаспыз. Айта берсең айқындалып, тізе берсең тізбектеліп кете бе рер түрі бар. Бірақ одан не пайда? Бұл проблемалар айтудай-ақ ай тылып, жазудай-ақ жазылып жүр ғой. Өкінішке орай, одан шыққан қорытындыны әлі байқай алмай жүрміз. Сондықтан сөзімізді қор қылмай, осы жерден шорт үзгелі отырмыз. Оған мені ешкім де айып тамас деп ойлаймын. Бірақ «Үмітсіз – шайтан!» деген. Үмітіміз әлі өле қойған жоқ. Тек, сөз соңында айтарым, «Әкеңді өлтіргеннен құн сұрама, бала сын апиынға үйрет!..» дегенді нықтап айтқан ата-бабаларымыз «Бір қарын майды бір құмалақ шірітеді» деп те тегін шырылдамаса керек. Сондықтан халқымыздың болмыс-бітімін жоғалтпай, таза қалпында сақталып қалуы үшін «қарынға» түскен «құмалақтарды» дер кезінде алып тастап отыру қажет-ақ. Әйтпесе «құмалақтар» саны күн өткен сайын көбейіп барады... 1999 жыл
КӨКТАМЫР ЖАТЫРҚАМА, ЖАСҚАМА ЖАС ҰРПАҚТЫ! Қазақ жастарының бүгінгі таңдағы тыныс-тіршілігі туралы сөз қозғау санасында азғантай болса да cаңылауы бар адамға қиын-ау, сірә! Ойласаң болды, көңілге кірбің, қабаққа мұң ұялайды. Шақшадай басыңды шарадай етіп ауыр ойлар қаумалап, жұдырықтай жүрекке зілбатпан салмақ түседі. Сезімің селкеу тартып, әлдекімдерге лағынет айтып, қарғыс жаудырасың. Ашынғаннан ащы даусың шығады. Сондықтан көбінесе ойламауға, ойланбауға тырысасың. Бірақ... иә, бірақ, Жаратушы ием ойлансын деп бас, оған аз-кем ақыл бергеннен кейін, оның үстіне қалам ұстап жүргеннен соң, қанша ауыр болса да ойланбауға, өз ойыңды қағаз бетіне түсірмеуге амалың жоқ. Бұдан өз жаныңды өзің қинағаннан басқа ештеңе өнбесін де сезесің... Шенеуніктердің қара бастары мен қалталарының қамдарынан басқаны ойлауға мұршалары да жоқ сияқты. Көздері әбден қарайған сыңайлы. Түйені түгімен жұтқылары келеді. Жұтып та жүр. Бірақ, көмекейлерінің кеңейіп кеткені соншалықты, қанша жұтса да тойы нар емес. Жұтқан сайын жұта бергісі, қылғыта бергісі келеді. Пенденің көзі жұмылғанда ғана тойынады деген сөз рас-ау, сірә! Сонда қазақ жастарының қазіргідей аянышты халы кімдерді ойландыруы тиіс? Ал жас жігіттер мен қыздардың ертеңге деген сенімдері жоғалған, үміттері үзілген. Көңілдері қалған. Жүректері суыған. «Жұттың жеті ағайынды» екенін қазақ жастары өз бастары нан өткеріп, жандарымен сезініп-ақ жүр. Қойлы ауылдың баласы болғандықтан ба, Қазақстан үкіметі мен қазақ жастары туралы әңгіме қозғалғанда менің есіме мына бір жайт оралады: «Малдың да малы бар» демекші, кейде өз қозысынан
КӨКТАМЫР өзі жеритін сұмырай қойлар болады. Туа сала безінеді. Тепсініп, емізбейді. Қарны ашып, тіміскіленген қозысын алдынан келсе сүзіп, артынан келсе тебеді. Оның үстіне бір орында тұрмай, қозғалақтай береді, қозғалақтай береді. Тіпті өзімнің ішімнен шыққан қозым екен-ау деп, тым құрыса бұрылып та қарамайды-ау сабазың. Көбінесе ондай қойлардың сүті де болмайды. Емшегін қос қолмен саусаң да сүт шығара алмайсың. Бұндайда қазақ телиді, бірақ кейбір әккі қойлар қозыларын сонда да бауырына тартып, мейірін төге қоймайды. Со дан қозысы әбден әлсіреп барып, ақыры аштықтан бұралып өледі. Ал оның есесіне әлгіндей қойлар басқа қойларға қарағанда қоңдылау келіп, сырдаң қағып, ойнақ салып жүреді. Әрі ондай қойлар сұғанақ келеді. Өз қозысынан өзі жеріген қой сияқты біздің шенеуніктер де жас тардан безініп, отауын оқшау тіккен сияқты. Олай дейтініміз, рес публикамыздағы жастар саясаты су аяғы құрдымға кеткен. Онымен айналысатын мемлекеттік құрылымдардың жаназалары баяғыдаақ шығарылған. Бұрынғы Комсомол комитетінің заңды мұрагері Жастар одағының үні әрең-әрең шығады әрі оның бітіріп жатқаны да шамалы. Өз бастарымен қайғы болып, өлмешінің күйін кешіп, тазша баланың зарын тартуда. Жастарға бұрынғыдай мемлекеттік қамқорлық көрсетілмейді, олардың басым көпшілігі жұмыссыз, құр елтең-селтеңмен күнелтуде. Өз қағынан жеріген деген осы емес пе?! Ал иесіз қалған қазақ жастарына ие болғысы келетіндер де жыр тылып-айырылады. Болып та жүр... Сұмдық-ай! Қайда бара жа тырмыз?.. Бәріміздің көз алдымызда «әлдекімдер» ұлдарымызды қорлайды, қыздарымызды зорлайды. Ұрпағымызды құлақкесті құлға айналдырғылары келеді. Соны көріп-біле тұрып, аузымызға құм құйылғандай үндемейміз. Селт етпейміз-ау... Жансыздана бастаған жаралы намысымыз қашан тірілер екен?! Ал қазіргі көп айтылатын басты ұран: «Өз күніңді өзің көр, болма са өрем қап!» Осының кесірінен біреу көзін сатып, біреу тәнін сатып, біреу арын, енді біреу иманын сатып күн көріп жүр. Қазір бәрі де са тылады. Ақшаң болса, бәрін де сатып алуға болады. Сатылмайтын
КӨКТАМЫР ештеңе қалған жоқ... Әрине, әркім өзіндегі барын сатады. Тіпті өзінің бойындағы қанын сатып күн көріп жүргендерді де естіп-біліп жүрміз. Алматыдағы республикалық қан құю орталығына барсаңыз, қанын сатып күн көріп жүрген жастарды сіз де көресіз. Ол да көреді. Біз де көрдік. Ол жерден қанын сатқан қазақтарды көптеп кездестіруге бо лады. Сенбесеңіз, өзіңіз барып көріңіз. Олардың барлығының айта тыны да «күнделікті күйбің тірліктің қамы». Ал басқа ұлттың өкілдері сирек ұшырасады. Дінін сатып күнін көріп жүрген қазақ жастарының қатары да күн өткен сайын көбейе түсуде. Олар өздерінің өзге дінді қабылдағандарымен қоймай, өзгелерді де өз қатарларына тартуға тырысып бағады. Осы жолда аянып та қалмай, қолдарынан келген айла-шарғыларының бәрін жасайды. Неге? Себебі өз қатарларына тартқан әр адам үшін шетелдік миссионерлер оларға қанша тө лейтінін білесіздер ме? Мүмкін білетін де шығарсыздар. Қажетінше ақша береді, әйтеуір «есіл еңбектерін» ескерусіз қалдырмайды. Түрлі сый-сыяпаттан да кенде қылмайды. Бұндай жақсылықты оларға үкімет түгілі, қазіргідей өлара шақта әкелері де жасай алмайды. Дінбұзарлардың бұл іске бел шеше кірісетіні де сондықтан. Өткен жазда Оңтүстік Қазақстан облысына жолаушылап барып, он-он бес күндей болып қайтқан едім. Сол сапарда біраз күн Шар дара ауданында болып, автобуспен Шымкент қаласына қайтып келе жатқанбыз. Жолдағы бір бекеттен дорба асынған үш жігіт, бір қыз мініп, жолаушыларға жұқа кітапшалар тарата бастады. Қолыма алып қарасам, христиан дінін уағыздайтын кітапшалар екен. Қазақшаға ау дарылып, әдейі ұлтымыздың таным-түсінігіне сай әсем безендіріліп, сапалы басылып шығарылған. Әлгі өзге дінді насихаттап жүргендер дің төртеуі де өз ұлтымыздан. Ислам дінін кемсітіп, христиан дінін көкке көтере дәріптей сөйлегенде керемет. Қазақшалары да жаман емес, көсіліп-ақ тұр. Тілдерінен «бал» тамады. Көпшілікті сөзге қалай тартып, ауыздарына қаратуға әбден машықтанған сыңайлы. Шыдай алмай, орнымнан атып тұрып, айтыса кеттім. Бар білетінімді айтып-ақ жатырмын. Олар да қояр емес. Бірте-бірте отырған жолаушылардың
КӨКТАМЫР арасынан мені жақтаған дауыстар да көбейді. Ақыры екі жақ сөзбен тәжікелесе келе, қызды-қыздымен жаға жыртысуға дейін бардық... Бір қарағанда, бұл сонша сөз ететіндей нәрсе болып көрінбеуі де мүмкін. Бірақ осының өзінен-ақ талай жайтты аңғаруға бола ды. Ұлтымыз бір, бірақ ұстанатын дініміз басқа болғандықтан да біз бір-бірімізбен айтысып, жаға жыртысуға дейін бардық. Егер бұндай келеңсіздіктердің алдын алмасақ, келер ғасырда біз өзара қырқысып, бір-бірімізге мылтық кезеніп, қазақтар бірімізбен біріміз соғысатын боламыз. Бұған менің ешқандай күмәнім жоқ. Және бұл ұлтымыз бен мемлекетіміздің түбіне жететін ең сорақы әрі қырғын соғыс болады. Ал шетелдік миссионерлерге керегі де осы емес пе! Олар осындай «ұрымтал» сәтті асыға күтуде. Һәм сол жанжалдың тезірек тұтануы на мүдделі, оған қолдарынан келген амал-әдістерінің бәрін жасап бағуда. Сөйтіп, түрлі жолдармен құрған қақпандарына түсірген жас тарды өз ұлтына қарсы айдап салмақ ойлары да жоқ емес. Ал сана сы уланған бейшаралардың саяси айтаққа еріп, өз әке-шешелеріне де мылтық кезенуі ғажап емес. Бұның ақыры ұлттық трагедиямен аяқталары сөзсіз. Қазақ жастарының басына түскен тағы бір «жұт» – жұмыссыздық. Көбінесе жастарды дұрыс жолдан тайдырып, теріс жолға түсіретін де осы. Елімізде қылмыстың өршіп, ұрлық-қарлықтың күшейе түсуі де осыған байланысты. Алматыдағы Сейфуллин даңғылы бойында тізіліп тұрған жұмыссыз жастарды көргенде жаныңды қоярға жер таппайсың. Көздерінде мұң, кіреуке. Сықпыттары жұпыны. Түрлері сондай аянышты. Оған қоғамымызда етек алған жоқшылық пен тапшылықты қосыңыз. Ал тән ашаршылығына жан ашаршылығы қосылғанда адам өзінен-өзі азып-тозып, азғындық жолға түсе бастай ды екен. Оған да күнделікті өмірде куә болып жүрміз... Қазір басқару билігіндегі байшыкештер іс-әрекетінің бәрі қазаққа, ұлтымыздың болашағына қарсы жұмыс істеп жатқан сияқты көрінеді маған. Біздің көз алдымызда Қазақстан байлығы бөліске түсуде. Туған жеріміздің үстіндегі түгіл, астындағы қазына-байлықтың қазаққа бұйырар түрі жоқ. Оның бар қызығын біз емес, шетелдік мырзалар көретін сыңайлы. Қазақ жастарына тиесілі несібе тағы жоқ. Сон
КӨКТАМЫР да деймін-ау, менің ата-бабам қарыс қадам жер үшін неліктен жан алып, жан берісті? Бәрі де болашақтың, келешек ұрпақтың қамы емес пе еді?! Қазір сол байлықтардың бәрі талан-таражға түсуде. Осылай бөліске сала берсе, келесі ғасырдың жастары лыпасыз қалуы ғажап емес. Не болмаса сол шетелдік мырзалардың құлақкесті құлына айна лып, іштері ұлып, ішқұса болып өтеді-ау мына жалғаннан... Сол қазақ жастарының бірі менмін. Онжылдықты бітіргеннен кейін арман қуып Алматыға келіп, ҚАЗМҰУ-ге оқуға түстім. Оны бітіре сала аталмыш университеттің қазақ сыны мен тарихы кафедрасына (меңгерушісі – профессор Т. Кәкішов) ізденуші болып қабылдандым. «Әлкей Марғұлан – әдебиет тарихшысы» деген тақырыпта диссер тация қорғамақ болып, Ғылыми кеңесте бекіттіріп те алған бола тынмын. Мақсатым ғылыммен, әдебиетпен алаңсыз айналысу еді. Бірақ біздің ұрпақтың маңдайының сорына қарай әдебиет пен ғылымды шетқақпайлатып, қолжаулық ететін қойыртпақ қоғам орнады. Жастығымыз сондай өлара кезеңге тап болып, тұспатұс келді. Қызметтен алатын болмашы жалақы отбасын асырауға жетпегендіктен әрі жанұяны ішер ас пен киер киімге тарықтырмау еркектің міндеті екенін сезінгендіктен, оқып-ізденумен, әдебиет немесе ғылыммен айналысатын уақытымызды сан қилы жолмен ақша табуға «ұялып-қысылмай-ақ» жұмсап жүрміз. Баянды емес, баянсыз іспен шұғылданып, өмірде адамға бір-ақ рет берілетін жастығымыз бен алтын уақытымызды босқа өлтіріп жүргеніме өзім де қиналамын. Бірақ өмір мен ойлағандай емес екен. Өз дегенін істетіп бағатын көрінеді. Ал кейде көптен бері «жабулы қазан» күйінде қалған шығармашылықты ойласам, ішім удай ашиды. Өзімнен өзім қуыстанам. Бұл менің басымдағы ғана жай емес, жас шығармашылардың көпшілігіне тән жағдай. Сырласа қалсаңыз, бәрінің де айтатыны, сыр қып шертетіні осы сарындас әңгіме. Ғұламалардың «Сананы тұрмыс билейді» дейтіні рас-ау, сірә! Міне, қазақ жастарының қазіргі таңдағы тыныс-тіршілігі осын дай... Қолымнан келгенше шындықты айтуға тырыстым, өйткені ақ қағаз бетінде өтірік көлгірсуге дәтім бармады.
КӨКТАМЫР Ал бұған өз жастарынан жеріген байшыкештер не дер екен? Әрине, қазір келістіріп айта білсе, кім-кімге болса да сылтау табы лады. Қаржы жетіспейді, қысқа жіп күрмеуге келмей жатыр деп түлкібұлаңға салар. Онымен бізді, ХХ ғасырдың жастарын алдарқата қою қиын... Қаржы да жоқ емес, басқасы да табылар. Әйтеуір, үкімет мүшелері ашкөздене бермей, жастар мәселесін де бірауық ойласа жетіп жатыр. Тек жетпейтіні – ниет пен пәрменді іс қана... Сөз соңында, «Бәріңнің де нәрің жоқ, елім қайтіп күн көрер?» деп кемеңгер бабамыз айтпақшы, «Қамқоры жоқ, иесіз, жастар қайтіп күн көрер?..» деген сауал тастағымыз келеді. 1997 жыл
КӨКТАМЫР ҚОРҚЫТ БАБАМ ӨЛІМНЕН ҚАЛАЙ ҚҰТЫЛДЫ?.. Қорқыт бабам туралы ойласам болды, есіме оның өмірі мен өнерін айшықтайтын аңыз-әңгімелер түседі. Соның бір парасы күй атасының дүниеге келуімен байланысты туған. Бірде оны аққудан, бірде перінің қызынан, енді бірде Құба диюдың қызынан туыпты деседі. Тағы бір аңызда оның анасы – қыпшақ қызы бо санарда әлемді үш күн, үш түн қараңғылық басып, мұқым елді бір дүрліктірген екен. Содан барып баланың атын Қорқыт қойыпты. Бұл хатқа түскен нақты дерек емес, бар болғаны ауыздан-ауызға көшкен ескі сөз. Дегенмен, ел аузындағы қандай аңыздың болсын астарын да шындықтың жарықшақ сәулесі жататынын ескерсек, Қорқыттың тегін адам еместігін аңғарасыз. Бірақ оның ет пен сүйектен жаралған жұмыр басты пенде болғаны ақиқат. Ана құрсағында жан бітті, өмірге іңгәлай келді. Талбесікте тербелді. Бала болды, асыр салды. Етегін жапты, ержетті. Әкеден айырылды, анадан айырылды. Жылады-сықтады, еңіреді. Бірақ не әкесі, не шешесі қайтадан тірілмеді, қайтара тіл қатпады. Өзі де сауық-сайран құрды, барлық пен биліктің дәмін татты... Бірде түс көреді. Түсінде ақ кебін киген бейтаныс біреу қырық жасында қыршынынан қиылатынын айтып аян береді. Ойланады, мұңға батады. Өзінің өлетінін ойлағанда жаны аласұрып, жай тап пайды. Ғұмырдың озатынына, тәннің тозатынына, жанның кеудеден ұшып кететініне, өмірдің жалғандығына, бақыттың баянсыздығына, дүниенің өткінші екеніне өкінеді. Налиды, назаланады. Балдай тәтті жарық жалғанды қиғысы келмейді. Ажалға құрсау, өлімге ем іздеп, желмаясына мініп, дүниенің төрт бұрышын түгел кезеді. Бірақ, қайда
КӨКТАМЫР барса да, алдынан қазылған көр шығады. Көз алдына тіршілік атаулы көлбеңдеп, өлімнің хақтығын дәлелдей түседі. Қуарып қалған шөп-шалам, солып қалған қызыл гүл, қурап қалған сәмбі тал, сарғайып қалған жапырақ, домалап қалған алып тас, мүжіліп қалған құз-жартас, иесіз қалған құла дүз – бәрі-бәрі өлімді еске салады. Қайда барса да өзіне қазылған көрге кезігеді. Дүниенің төрт бұрышын түгел шарласа да өлімнен құтылудың жолын таба алмай, еңсесі езіліп, жүні жығылып, ақыры бұл сапары нан ештеңе шықпайтынын сезген ол жұмыр жердің ортасы – Сыр өлкесіне, өзінің туған мекеніне қайтып оралады. Бұнда да үлкен пәлсапалық ой жатыр. Сырдарияның жағасындағы үйеңкі ағашынан қобыз жасап, өзеннің ортасына масаты кілемін төсеп, сонда тұрып, жер-дүниені күңірентіп күй тартады. Қорқыт қобызымен күй тартқанда адамдар түгіл, жан-жануарлар да елітіп, елжіреп кетеді екен. Тіпті жанын алуға келген ажалдың өзі өнеріне тәнті болып, мойынын талай кері бұрған екен деседі жұрт. Бірақ Құдайдың құдіреті бәрінен күшті, құрығы да ұзын. Құдай бұйырса ажал да тыныш жата алмайды. Ақыры жылан кейіпіне еніп, Қорқыт бір уақ тынығып жатқан кезде шағып өлтіреді. Өлді деуге сыя ма, ойлаңдаршы, Өлмейтұғын артына сөз қалдырған?! – деп ұлы Абай атамыз айтпақшы, Қорқыт бабамыз өлімнен құтылу дың жолын тапты. Ол қасиетті өнер тудыру еді. Мақсатына жетті, ойын іске асырды. Өлімнің бірден-бір емі – өнер екенін ұрпағына ұқтырып кетті... Әрине, қалтырауық өнерсымақ туралы сөз басқа. Шынайы өнер туралы сөз мүлде басқа. Қалтырауық өнерсымақтың ғұмыры қысқа, өледі, өшеді. Ал шынайы, қасиетті өнер – мәңгілік! Қорқыт бабамыздың өнері өлген жоқ. Рухы тірі. Түркі халықтары барда ұлы жырау, ұлы күйші Қорқыт бабамыз мәңгі жасай бермек! Есімі ел аузында, өнері жүрек түбінде мәңгі сақталмақ!
КӨКТАМЫР
Ә. Ысмайыловтың «Қорқыт ата» атты суретіне бір уақ көз тоқтатып
қараңыздаршы. Бұл да ғажап өнер. Жақында ғана дүниеден озған
көрнекті қылқалам шебері, халық суретшісі Әубәкір Ысмайыловтың
«Қорқыт ата» атты туындысы.
Қазақтың осынау қасиетті қара шалы артына осындай мол мұра
қалдырды. Ендеше, жоғарыда айтылған сөздерді Әубәкір ақсақалға да
қаратып айтуға болады.
Әубәкір ақсақал да өлген жоқ, өнерімен мәңгі жасайды!
1998 жыл
КӨКТАМЫР КӨКТЕ – ТӘҢІР, ЖЕРДЕ – АНА Көктегі, жердегі құпияны білу – Аллаға ғана лайық. Қиямет сәті кірпік қаққанша-ақ, тіпті одан да тез келе қалуы хақ. Құдайдың құдіреті бәрінен күшті. Ананың құрсағынан Алла сендерді ештеңе сезбейтін (нәресте) қалпында шығарды, құлақ, көз, жүрек берді (сол арқылы жетілдің дер), мүмкін бұған шүкірлік етерсіңдер? Құран Кәрім. – Алматы. 1991. – 230-бет Адамды Құдай жаратты ма, жоқ, әлде маймылдан пайда болды ма? Өте күрделі сауал. Оған нақты жауапты ғалымдар айта жатар. Егер адам маймылдан пайда болды деп тон пішетін болсақ, ал маймыл не ден пайда болды? Маймылды жаратқан кім? Әрине, Жаратушы жап пар ием! Жер мен көкті жаратқан – Құдай. Адамды топырақтан жаратып, жансыз денеге жан берген де – Құдай. Адам Атаның қабырғасынан Хауа Ананы жаратып, олардың қандарына ұрпақ тарататын қасиет берген де – Құдай. Яғни, Құран Кәрімде айтылғандай, Құдайдың құдіреті бәрінен күшті. Бәрі де құдайдың қолында. Құдай берем десе де, алам десе де оп-оңай. Ешкімнің де оған қарсы тұра алмасы анық. Дүниені дүр сілкінтіп, жалпақ әлемді уысында ұстап, аузын айға білеген патшалардың өзі Құдайға қарсы тұрмақ түгіл, ол жіберген ажал құрығынан қашып та құтыла алмаған. Құдай алдында хан да, қара да бірдей болатыны – екеуі де Адам Ата мен Хауа Ананың ұрпағы, екеуі де ет пен сүйектен жаралған. Екеуіне де ана жатырында жан бітіп, ана құрсағынан шыққан. Аспаннан аяғы салбырап түскен
КӨКТАМЫР ешкім жоқ. Бұны қазекем «Алып та анадан туады» деген бір-ақ ауыз сөзбен түйіндеген ғой. Сондықтан ет пен сүйектен жаралған әрбір жұмыр басты пенде үшін ананың орны ерекше. Көктегі Тәңір адамға жан бітірсе, жердегі ана оған нәр беріп, жарық дүниеге алып келеді. Ендеше, көктегі Тәңірден кейін адамға ең қасиетті – Ана болуға тиіс. Әрбір перзент үшін Ананың ақ сүтін өтеу – Алланың өсиеттерін орындаумен бірдей парыз. Ананың ақ сүтін Меккеге жаяу үш рет арқалап апарып келсең де өте алмайсың. Өтеу қайда, бұл еңбегің ананың сен үшін бөлінген бір түнгі ұйқысына да татымайды екен. Бұл саған өмір сыйлаған Анаға мәңгі-бақи қарыздар болып өтерің ді айғақтайды. «Ананың көңілі балада, баланың көңілі далада» деп те ата-баба ларымыз тегін айтпаса керек. Ана үшін ішінен жарып шыққан бала бәрінен қымбат. «Баламның табанына кірген шөңге менің маңдайы ма қадалсын!» деп тілеу қазақ әйеліне де жат пиғыл емес. Баласының денсаулығы мықты, ақыл-есінің дұрыс, бақытты да бақуатты болуын тілемейтін Ана жоқ шығар жер бетінде. Ананың шашын ертерек ағартып, жасына жетпей қартайтатын нәрсе – іштен шыққан перзентінің шайтанның арбауына түсіп, ібілістің соңынан еруі. Құдай жолына емес, «азғын иттер» азғырған теріс жолға түсіп, бейшаралық күн кешуі. Ананы қуантатын да, мұңайтатын да – өзі жарық дүниеге әкелген баласы. Ананың жасы ұзақ немесе қысқа болуы да көбіне-көп бала ларына байланысты. Сондықтан Ананың көңіліне кірбің түсірмеу, қабағына мұң ұялатпау, ел арасында абырой-беделін төмендетпеу – балаларының перзенттік борышы. «Ананың жүрегінен жұмсақ, алақанынан ыстық нәрсе жоқ» дейді оқымыстылар. Осынау бір ауыз сөзде қаншама терең ой, тұңғиық сыр, өмірлік пәлсапа жатыр?! Ананың балаға деген махаббатынан асқан махаббат жоқ. Басқа сезімдердің барлығы суалып, салқындай беруі мүмкін. Ал Ананың балаға деген махаббаты ешқашан сөнбек емес. Сондықтан жұмыр басты пенде көктегі Тәңірге табынып, жердегі Ананы қастерлеп, қасиет тұтса, кем болмайды. Тәңірі қолдайды, Анасы демейді...
КӨКТАМЫР Ал Құдайдың қаһарына ұшыраған, Анасының назасына қалған адамның ешқашан жолы болмайды. Жегені желім, ішкені ірің болып, өмір атты «мұз» үстінде тайғанақтай береді... Адамның баласы, көктегі Тәңірге табын! Жердегі Ананы қадір тұт, көңіліне кірбің түсірме! Сонда ғана өсесің, өнесің, көктейсің, гүлдейсің! Құдайдың құдіреті бәрінен күшті. Дегенмен, Ана да аса мәртебелі, аса мейірімді һәм аса кешірімді! 1999 жыл
КӨКТАМЫР АНТРОПОЛОГИЯ ҒЫЛЫМЫ ҚАЗАҚҚА ЖАТ ПА?.. Қазақы таным-түсінікке, ғұрыптық салт-санаға салсақ, антропо логия қазаққа жат ғылым сияқты көрінуі мүмкін. Өйткені қазақ аруаққа сиынған, аруақты қатты қадірлеп-қастерлеген. «Өлі разы болмай, тірі байымайды» деген де аталы сөз бар. Сондықтан көр қазып, қабір ақтару бізге оғаш көрінері сөзсіз. Десек те, кез келген нәрсенің қисыны, жөн-жобасы болатыны сияқты, антропология ғылымының да халқымыздың рухани жағынан өсіп-өркендеуіне қосар үлесі аз емес. Антропология – жаратылыстану ғылымының бір саласы екенін бәріміз де білеміз, оның адам мен адам нәсілділердің шығу тегін, дене құрылысы эволюциясын, өзгеру заңдылықтарын зерттейтіні әмбеге аян. Біз көбінесе антропология ғылымының адам қайтыс болған нан кейінгі құрылысын, ет тарамдары мен клетка өзгерістерін, мидың, бас сүйектерінің ерекшеліктерін анықтайтынын көбірек тілге тиек етеміз де, оның тірі жан иесінің сыртқы ерекшеліктерін, дене про порцияларын, жалпы салмағын, бұлшық еттерінің тартылу күштерін және көптеген дене мүшелерінің қасиеттерін зертейтінін атаусыз қалдыра береміз. Күре тамырлы тарихы бар қазақ жері антропологиялық тұрғы дан зертелген бе? Әрине, зертелген. Арнайы антропологиялық экспедициялар ұйымдастырылған, біршама ғылыми зерттеулер жүргізілген. Ежелгі қазақ жерін мекен еткен тайпалар мен ұлыс тардың нәсілдік белгілерін, антропологиялық типтерін, олардың қалыптастыру жолдарын, этникалық тектерін зерттеуге арналған
КӨКТАМЫР ғылыми еңбектер баршылық. Бірақ олардың барлығы – В. Бунак, С. Руденко, А. Ярхо, Г. Дебец, В. Гинзбурк, М. Левин, Н. Чебоксаров сияқты өзге ұлттың ғалымдары жазған еңбектер. Бізде антропология ғылымы түгілі, жалғыз Оразақ Сұмағұловтан басқа антрополог жоқ. Сонда қазаққа антропология ғылымының қажет болмағаны ма? Қазір де қажеті жоқ па? Жоқ, кешіріңіз, антропология ғылымы ең алдымен басқаға емес, көшпелі ғұмыр кешкен қазаққа қажет. Олай дейтініміз, арғы тарих ты сөз етпей-ақ қояйық, бергі тарихтағы есімдері алтын әріптермен жазылу тиіс хандарымыздың, билеріміздің, батырларымыздың, жыршы-жырауларымыздың фотобейнелері сақталмағанынан-ақ анотропология ғылымының қазаққа қаншалықты дәрежеде қажет екенін айтпай-ақ түсінуге болатын шығар. Нақты ғылым жоқ жерде долбар үстемдік құрады. Ал долбар қанша жерден сенімді болғанымен ғылым емес қой. Соның салдарынан көптеген келеңсіз жайттар дың белең алып жатқаны да жасырын емес. Бір-ақ мысал келтірейік. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдары халқымыздың тарихында өзіндік орындары бар үш ұлы тұлға – Төле, Қазыбек, Әйтеке билердің суреті салынғаны белгілі. Бір қызығы, осынау үш би бір-біріне қатты ұқсайды. Тіпті бір анадан туғандай десек те болады. Ал өмірде ше? Осылай бір-біріне егіз қозыдай ұқсап жүрді ме екен? Әй, қайдам, күмәнім бар. Бірақ бір нәрсе анық – осы үшеуінің портретін де бірақ суретші салған. Ұқсамай қайтсін?.. Ал батырларымыздың бәрі бірбіріне ұқсап кетеді, бастарындағы дулығаларына дейін. Осының бәрі неліктен дейсіз? Сол нақты ғылымның жоқтығынан. Құр долбармен тон пішетіндігімізден. Мен кейінгі жылдары Ресейдің Мәскеу мен Санкт-Петербург шаһар ларына жиі барғыштадым. Сондағы бір байқағаным, Ресейде антро пология ғылымы қатты дамыған екен. Антропологтар да жетіп арты лады. Мәскеу қаласының өзінде арнайы екі-үш зерттеу орталығы бар. Санкт-Петербургте екі антропология мұражайы тұр. Ал бізде бірдебір арнайы зерттеу орталығы жоқ, қит етсе, аруақтардың сүйектерін саудыратып қашанғы Мәскеуге ала жүгіреміз?.. 8-0113
КӨКТАМЫР Әрине, Оразақ Смағұлов – талантты антрополог. Дегенмен, «жал ғыздың үні шықпайтынын» бәріміз де білеміз. Бар қазаққа бір-екі антропологтың аздық етері сөзсіз. Ендеше, Ұлы Даланы атпен кезген көшпелі ата-бабаларымыздың тарихын толық танып-таразылағымыз келсе, елімізде антрополо гия ғылымын дамытуды қолға алу керек. Тым құрыса, бір зерттеу орталығы, мұражай бола ма, ашылса, ғылымның дамуына жағдай туғызылса, еліміздің рухани әлемінде игі бір іс атқарылған болар еді. Жас мамандар даярлауға да мүмкіндіктер туар еді. Әрине, ойланатын, ойландыратын жайт!.. 2004 жыл
КӨКТАМЫР
ШЕТЕЛДЕРДЕГІ ЖӘДІГЕРЛЕР...
Премьер-министр Иманғали Тасмағамбетовтің тікелей арала
суымен моңғол жеріндегі Күлтегін ескерткішінің көшірмесі Жа
понияда жасалып, елімізге әкелінгені барша жұртқа аян. Астанаға
жолым түскен сайын Гумилев атындағы Еуразия университетінің
ғимаратына қойылған Күлтегін ескерткішіне соқпай кетпеймін. Бір
құдіретті күш менмұндалап шақырып, ылғи да аңсарым ауып, көргім
келеді де тұрады.
Барған сайын, көрген сайын жаным толқып, әр түрлі ойларға ба
тамын. Рухы мықты ата-бабаларымыз есіме түседі. Ерліктері мен
өсиеттері ойыма оралады.
Еңсем көтеріледі. Рухтанамын. Даңқты ата-бабаларымның өлмес
рухына тағзым етемін, ойша сырласамын. Көп-көп сыр ашатын... көп-
көп сыр айтатын... көп-көп сыр ұқтыратын сияқты.
Расында Күлтегін ескерткішінің көшірмесін елге әкелудегі мақ
сат та ұлттың рухын ояту, түп-бастауына қайырылту, өткеннің та
ғылымына мойын бұрғызу, тарихымыз бен мәдениетіміздің тамыры
тереңдігіне көз жеткізу емес пе?! Жас ұрпақтың ойын ұштап, талғам
мен танымның да шек-шекарасын кеңейте түсері сөзсіз. Бұл – алтын
мен өлшей алмайтын Рухани Қайтарым.
Әрине, Күлтегін ескерткішінің көшірмесін әкелуге аз шығын
кетпегенін білеміз, сеземіз. Дегенмен, бұндай материалдық шы
ғынның он, жүз, мың, миллион еселеген рухани қайтарымы болаты
нын үнемі есте ұстаған жөн сияқты.
Осыдан шығарып біздің айтпағымыз, шетелдерде халқымыздың
бұндай тарихи һәм мәдени жәдігерлері қаншама. Сансыз. Олар
КӨКТАМЫР ды санап, тізімге алып жатқан да ешкім жоқ. Неге? Біз олардың бағасын біліп, қадіріне жете алмаймыз. Ал өсетін ел, ертеңінен үміті бар ел ең алдымен тарихын түгендеп алады. Ата-бабаларының рухы сіңген осындай асыл мұраларын түгендеп, тізімдеп алады. Елдік пен ұлттықты, рухты түгендеу үшін. Моңғол жеріндегі тарихи ескерткіштерді, қытай еліндегі сан сыз мәдени һәм жазба жәдігерліктерді айтпағанның өзінде, өзіміз үш ғасырға жуық боданы болған Ресейдегі сан мыңдаған қазынамұраларымыздың соңына шырақ алып түсіп, неге түгендеп-тізім демеске?! Мен 2000 жылы Ресейдің Мәскеу, Санкт-Петербург, Омбы, Орынбор қалаларындағы мұрағаттар мен мұражайлар үйін толық сүзіп шық тым. Сонда бір байқағаным, біздің тарихымыз бен тұлғаларымызға қатысты құнды мұралар тіптен көп екен. Солардың бірде-біреуінің көшірмесі алынбаған, бізде хатталып, тізімделмеген. Мәселен, сол са парымызда Мәскеу қаласындағы Қазіргі тарих мұражайының көрме залында тұрған Күн құдайының тасқа қашалған бейне-мүсінін көріп, ерекше әсерлендім. Жанынан кете алмай, тебіреніп ұзақ тұрдым. «Қазақстаннан табылған» деп тайға таңба басқандай астына жа зылып қойылған осынау тарихи тас мүсінді бізде кім біледі? Білсе, бірлі-жарым көзі ашық, көкірегі ояу адамдар білетін шығар. Ал жал пы халық... одан мақұрым. Осы ескерткіш-тастың да көшірмесі, тым құрыса фотокөшірмесі әкелініп, астына арқалы ақынымыз Мағжан Жұмабаевтың: Ерте күнде отты Күннен Гун туған, Отты Гуннен от боп ойнап мен туғам! – деген тарихи өлең жолдары жазылып қойылса, қандай жара сып тұрар еді-ау! Жарасып тұрғанын да қойшы, жас ұрпақтың таным-түсінігіне, жан дүниесіне ерекше әсер етер еді-ау!.. Ал бұндай ұлтымызға қатысты бұйымдар Ресей мұражайларында жетіп-ар тылатынын өз көзімізбен көрдік. Өз қолымызбен ұстап қайттық. Көрген сайын әрқайсысына бір шұқшиып, ерекше көңіл күйге
КӨКТАМЫР
бөлендік. Сол көріністер менің көз алдымнан әлі күнге дейін кетер
емес. Ұмыту да мүмкін емес!..
Ата-бабамыз тұтынған дүние-мүліктер ғой олардың бәрі. Тек
кейіннен өктем елдің қанжығасына байлап, тақымына басып кеткені
болмаса...
Ондай қазына-байлықты енді басы бүтін қайтарып алу қияметтің
қайымы екенін білеміз. Дегенмен, шетелдердегі сондай материалдық
һәм рухани мұраларды түгендеп, тізімдеп, түрлі фотоальбомдар
шығаратын кез жеткен сияқты. Сондықтан осы мәселені тиісті меке
мелер қаперде ұстап, қолға алса екен деген тілегіміз бар.
Лайым, сол күнге жеткізсін!
2004 жыл
КӨКТАМЫР «ӘЛЕУЛАЙҒА» БАСЫП ЖҮР ӘУЕСҚОЙЛАР Ертеректе бір қадірменді қария: «Қарнымның ашқанына емес, қадірімнің қашқанына жылаймын», – деген екен. Сол дана қарт айт пақшы, біз де бүгін қарынның ашқанына емес, қасиетті өнердің қадірі қашқанына қынжыламыз. Ашыққан қарын тойынар, ашылған етек жабылар. Ал қазірде шетқақпайлық көріп, өгейсіген өнердің орнын кейін қалай және не мен толтырарсың?! Өнерлінің қарнын ашырған кім? Оны біз де білеміз, сіздің де көмейіңіз бүлкілдеп отырған шығар. Айтпай-ақ қойыңыз. Біздің де айтқымыз келмейді. Өйткені бәріміз де адамның баласымыз, анадан тудық, ет пен сүйектен жаралдық. Басымыз да, жанымыз да біреу-ақ. Бір жағынан пендеміз ғой, пендешілігіміз де бар шығар. Әйтеуір, тыныш өмір сүргіміз-ақ келеді... Қазақтан сөз артылған ба?! Қасиетіңнен айналайын ата-бабала рым «Жау жағаға жармасқанда, бөрі етектен алады» деп қалай тауып айтқан?! Өнердің қадірін қашырған кімдер? Әрине, «етектен алған бөрілер». Жұмбақтамай, ашығына көшер болсақ, өнер керуеніне жолдан қосылған жолбикелер, өздерінің шама-шарықтарын бағамдай ал майтын парықсыздар – әуесқойлар. Қасиетті өнерден садаға кеткір, қалтырауық өнерсымақ жасаушылар. Бұлардың хас өнерпаздан айырмашылығы, бәрін белге түйіп алған арсыздау әрі имансыздау бо лып келеді... Мәселен, ән өнерін алайықшы. Қазақта ән өнері өте жоғары деңгейде дамыған. Оған ешкім де дау айта алмас. Тәкаппар орыс оқымыстысы «Маған бүкіл қазақ сахарасы ән салып тұрғандай сезіледі» деп жайдан-жай тамсанбаған шығар.
КӨКТАМЫР Кейінгі кездері халқымыздың бойтұмарындай саналатын қасиетті ән өнерінің берекесін алып, қадірін қашырып жүрген әуесқой әнші лер, әуесқой сазгерлер, әуесқой ақындар көбейді... Олардың кейбірі талант-дарыны шектеулі, кәсіби білімі аз болса да, халқымыздың ежелден келе жатқан жоқтау сарындарын әнге айналдырғансып, саз гер атанып, зарланып әнге басып, әнші атанып, еліміздегі ең мәрте белі саналатын «Қазақстанның халық артисі» атағын алып та үлгерді. Тіпті, оны айтасыз, шынайы өнердің талап тұрғысынан алғанда, ауыл сахнасында ән айтуға жарамайтын кейбір әуесқойлар астана төрінде, Республика сарайында ән шырқап, беделді өнер ордалары на жетекшілік етіп жүр. Әрине, олардан атақты да, қызметті де ешкім қызғанбайды. Тек талғамды төмендетіп, қасиетті өнердің құнын түсіргенге іштей қарның ашады. Міне, біз осыған күйінеміз. Жақында «Ән өнерінің Әбиірбегі» деген кітапты көріп, қатты қынжылдым. Авторы – өзім сыйлайтын қарапайым журналист Тал ғат Айтбайұлы. Әрине, өнер адамдары туралы кітап жазған дұрыс та шығар. Бірақ кім туралы жазу керектігін әбден ойлану керек қой. «Ән өнерінің Жәнібегі», «Ән өнерінің Әлібегі», «Ән өнерінің Қайраты», «Ән өнерінің Розасы» десе жарасар. Бірақ «Ән өнерінің Әбиірбегі» дейтіндей Әбиірбек кім?.. Мен Әбиірбек Тінәлиевпен де, Талғатпен де өте жақсы қарымқатынастамын, алты аласы, бес бересім жоқ. Бірақ әр нәрсенің өз орны болады емес пе, тек соны ескерткім келеді. Әншінің де әншісі, сазгердің де сазгері болатынын Талғат ағамыз білуге тиісті еді. Өйткені кітап жазу мақала жазу емес қой. Сәл-пәл жауапкершілікпен қараған дұрыс шығар. Қазір әнін де өзі шығарып, сөзін де өзі жазып, оны өзі орындайтын бесаспап өнерпаздар көбейді. Әрине, шығарсын, жазсын, орында сын. Оған ешкім де тыйым сала алмас. Бірақ сол шығарған әні, жазған өлеңі көңілден шығып, оны тамылжыта орындаса кәнеки. Төрт аяғын тең басып, желдірмелетсе, кімнің не шаруасы бар? Қайта қуанар едік. Бірақ, өкінішке орай, олай болмайды ғой. Әні тұшымсыз (әннен садаға кетсін), сөзі түсініксіз (өлең деуге аузың бармайды) шалдыр-шатпақ бірдеңе. Ал осындай бір-екі қайнауы ішінде көкежасық дүниелерді
КӨКТАМЫР әуесқой әншісымақтардың беделді сахналарда беріле орындап тұрғанын көргенде, көкіректі күй емес, ыза кернейді. Ашуың келеді. Жиіркенесің, жабығасың. Өзіңнің қорланғаныңа емес, қасиетті өнердің қор болғанына іштей қынжыласың. Кейінгі кездері тәуелсіз телеарнадан Е. Нұрқасенов деген біреу ән айтып жүр. Бұл сабазың да әнін өзі шығарып, сөзін өзі жазып, оны өзі орындайтын топтың өкілі екен. Әні ән емес, сөзі сөз емес, өзі әнші емес, әуесқойдың әуесқойы. Егер менің қолымда болса, киелі саналатын асыл өнерді қорлап, мен секілді тыңдармандар мен көрермендердің ашу-ызасын қоздырып, жүйкесін тоздыратыны үшін осындай өнерпазсымақтарды дырау қамшының астына алдырып, итжек кенге айдатып жіберер едім. Өйткені талғамды төмендетіп, өнердің құнын түсіретіндер де осы тектес «әншілер» мен «сазгерлер». Тағы да қайталап айтамын, егер қолымнан келсе, осындай дүбәраларға аста на төріндегі айбарлы сарайлар түгіл, ауыл сахналарынан ән айтуға тыйым салар едім. Өйткені олар қазір кәсіптік өнерді әуесқойлық дәрежеге түсіріп жіберді. Бұл келешек ұрпақтың таным-түсігіне кері ықпал етіп, талғамын төмендетері сөзсіз. Ал бұндай құбылыстар ұлттың рухани түлеуіне өз зиянын тигізіп, көлеңкесін түсірері хақ. Қазіргідей өліара кезеңді сәтті пайдаланған әуесқойлар өнердің барлық түрінің жалынан ұстап, ат құсатып ерттеп мініп алған. Олар ды алғашында-ақ атқа қондырмаудың амалын қарастырып, қам жа сау керек еді. Дегенмен, қазір ойластырса, әлі де кеш емес... Қазақ «Ештен кеш жақсы» демей ме?! 2004 жыл
КӨКТАМЫР ЖЕРДІ САТУҒА БОЛМАЙДЫ! Иә, қазір бәрі сатылады. Сатылмайтын ештеңе қалған жоқ. Ақшаң болса, не нәрсені болсын, қиналмай-ақ сатып алуға болады. Әңгіменің ашығын айтар болсақ, әркім өзіндегі барын сатады. Аштан өліп, арам қатпас үшін біреу жанын жалдайды, біреу тәнін пұлдайды. Біреулер дінін, енді біреулер қанын сатып күн көріп жүр. Ең қасиетті саналатын ар мен иманын саудалап жүргендер де жетерлік. Енді қайтсін, кімнің аштан өліп, көштен қалғысы келеді? Оларды кінәлап көр, бетіңді жыртып, аузы-мұрныңды қан жалатуы мүмкін. Әбден ашынған. Басқа түгіл, Құдайға да тіл тигізуі ғажап емес. «Нарық заңының қатал қағидасы осындай, ешкімнің бет-жүзіне, абырой-беделіне қарамайды...» – дейді кейбір білгіштер. Кім білсін, олардың да сөздерінің жаны бар шығар. Ебін тап та дәулет жина. Есектің артын жусаң да мал тап. Қолыңнан келсе мемлекет қазынасынан «өз үлесіңді» қармап қал. Міне, ата сақалы аузына түскен ақсақалдардың айтар ақылы осы. Әйтпесе, өзің – жарлы, ұлың – құл, қызың – күң болып, өмірі өксіп өтеді. Ал ақшаң болса бәрін сатып алуға болатынын жоғарыда айттық. Оқу-білімнің де қажеті шамалы. Басыңда түйір ақыл болмаса да, қалтаң қампиған ақша болса, диплом түгіл, жоғары лауазым ды қызметті де сатып аласың. Сөйтіп, түкірігі жерге түспейтін дәу шенеунік болып шыға келуің де ғажап емес. Әйтеуір креслодан құлап қалмай, шікірейіп, түзу отырсаң болғаны. Ішкенің артыңда, ішпеге нің алдыңда. Ойың ойдағыға кетіп, көзің қиядағыны шалады. Өзіңнен жоғарыға құйрығыңды түлкідей бұлаңдатып, төмендегі «қызылға» қырғидай тиесің. Сөйтіп, қызық пен думанға белшеңнен батып, бір жасап қаласың. Міне, ақшаның буы, доллардың құдіреті осындай!
КӨКТАМЫР Кейінгі кездері «Енді жер сатылады екен...» деген күңкіл-күбірді жиі естіп жүрміз. Естіген сайын жаным түршігіп, төбе құйқам шымыр лайды. «Қуырдақтың көкесін түйе сойғанда көресің» демекші, қазақ баласының құлақкесті құлға айналғанын жер сатылғанда көрерсің. Өйткені жер – ұлттың жаны. Жерінен айырылған ұлт – өлі ұлт. Халық жерден ырыздығын айырады, ырысын молайтады. Ата-бабалары мыз «Ел ырысы – жерден» деп тегін айтпаса керек. Халқымыздың көне ұғымы бойынша, Жер – адамзат, жан-жануар, өсімдік, жалпы тіршілік атаулының Анасы саналған. Сондықтан да ертеде ата-бабаларымыз Жер-Анаға табынып, оны қадір-қасиет тұтып, ары мен жанындай қорғап, көздің қарашығындай сақтаған. Тарих сахнасына Ұлы Дала деген атпен енген қазақ сахарасында сонау қадым замандардан мекендеген скиф, сақ, ғұн, үйсін, қаңлы, түрік, оғыз, қыпшақ тайпаларының көсемдерінен бастап, кешегі қа зақ хандығының хандарына дейін осы өздері қоныс теуіп, тіршілік ет кен ұлан-байтақ қазыналы өңірді жатжұрттық жаулардан қызғыштай қорып, ұлтарақтай жер үшін жан алып, жан беріскен. Жер туралы ойласам болды, ұлы бабам Мөде тәңірқұттың: – Жерге менің иелігім жүрмейді, ол – халықтың меншігі, елдің ырыс-құты. Жерсіз ел ел бола ма?! Тұлпар кетсе, тағы бір бие тұлпар туар, сұлу тоқал кетсе, тағы бір қатын қыз туар. Ал елді ел етіп, ұлтты ұлт етіп, жұртты асырап отырған жерің кетсе біреудің иелігінде, қай биең, қай қатының жер тауып береді? – деген қасиетті сөзі есіме түседі. Егер қалтамда бұрқыраған ақшам, қолымда тегеурінді билігім болса, Мөде бабама алтынмен апталған алып ескерткіш орнатар едім. Елдің рухын, ұрпақтың еңсесін көтерер еді-ау, шіркін! «Бәрін айт та, бірін айт» демекші, сөз соңында айтарым, мен осы кезге дейін көп нәрсенің сатылғанын өз көзіммен көрдім. Тек енді бір Құдайдан ата-бабаларымыздың қанымен суарылған жеріміздің сатылғанын көрсетпе деп тілеймін. Тіленшек жан емес едім. Мүмкін, бір тілегімді беретін шығар... 2004 жыл
КӨКТАМЫР АУДАРМАНЫҢ БОЛАШАҒЫ БҰЛЫҢҒЫР Ұлы Абай, дана Шәкәрім, кемеңгер Әуезовтер іргетасын қалап, босағасын бекітіп берген қазақ аударма өнерінің қанатын кеңге жайып, кемелдене түсуіне айтулы қазақ ақын-жазушылары мен кәсіпқой аудармашыларымыздың өлшеусіз үлес қосқаны әмбеге аян. Шынын айту керек, қазақ топырағында өз кезегінде үлкен аударма мектебі қалыптасты. Тәржіме өнеріне саналы ғұмырларын арнап, есімдері елге мәшһүр болған аудармашылардың болғанын ешкім жоққа шығара алмас. Олардың атын атап, түсін түстемей-ақ қояйық, көзіқарақты оқырман онсыз да біледі ғой деп ойлаймыз. Соның арқасында әлемге әйгілі көптеген шетел ақын-жазушыларының шығармалары қазақ тіліне аударылып, оқырмандарға жол тарт ты. Бұл игілікті іс күні бүгінге дейін өз жалғасын тауып келеді. Бұл орайда Астанадағы «Аударма» баспасының атқарып жатқан еселі де жемісті еңбегін атап айтқанымыз жөн. Аталмыш баспадан жыл сайын көптеген шетел қаламгерлерінің аударма кітаптары шығып келеді. Яғни, аузымызды қу шөппен сүрте беруге болмас. Бірақ, бір өкініш тісі, сол көркем шығармаларды біреу білсе, үшеу білмейді, шыны керек, қалың оқырманға жете бермейді. Себебі олар әрі кетсе екі мың данамен жарық көреді. Ал ол не болады?! Басым көпшілі гі республикалық кітапханалардан аспайды. Сатылымға шыға рылмайды, кітап дүкендеріне түспейді. Ауылды айтпай-ақ қояйын, қаладағы зиялы қауымның өзі қандай кітаптардың шығарылып жатқанын білмей-сезбей қалады. Яғни, қандай құнды кітап болса да таралмайды, оқырманның сұранысын қанағаттандыра алмайды. Насихат атымен жоқ. Бұрынғыдай тарату механизмдерінің бәрі істен шыққан, жойылған. Қолда бар нәрсенің өзін көрсете алмай жатамыз.
КӨКТАМЫР Шетел ақын-жазушыларының көркем шығармаларын кем дегенде он мың данамен шығарып, сатылымға шығару механизмдерін ой ластыру керек қой. Сол себепті де бүгінгі күні аударма өнерінің бү- кіл мәселесі шешілген, ешқандай проблема жоқ деп кесіп айта алмаймыз. Проблемалар бар, кем-кетіктеріміз де жетерлік. Ойласа тын, ортаға салатын мәселелер де жоқ емес. Солардың бірлі-жарымын өзімізше термелеп көрейік. Міне, аттай алты жыл болды, шетел ақын-жазушыларының шы ғармаларын аударып жариялайтын «Әлем әдебиеті» атты әдебикөркем және публистикалық журнал шығарып келеміз. Сондағы бір байқағанымыз, бүгінгі таңда аударма өнерінің тынысы біртіндеп та рылып бара жатқандай әсер қалдырады. Жастар аударма өнерімен айналысуға аса құлықты емес. Оның да өзіндік себеп-салдарлары бар. Өйткені жас мамандарды аударма өнеріне тарту, қызықтыру, ын таландыру атымен жоқ, мемлекеттік тұрғыдан жүйелі түрде қолдаукөмектер көрсетілмейді. Яғни, аудармамен айналысқан адамның ұшпаққа шыға қоюы қиын. Еңбегінің өтеуі болмаса, кім ықылас білдіре қояр дерсіз бұл мамандыққа? Сондықтан да әлі күнге дейін бұрынғы аға буын аудармашылардың көмегіне жүгінуге мәжбүрміз. Әрине, ол кісілерді шектейік, шеттетейік деп отырған жоқпыз, тек ау дарма өнерінің болашағы қалай болар екен деген ой-жосық қой. Бұл – шын мәнінде ойланатын, ойласатын мәселе. Аға буын аудармашыларға өкпеміз жоқ, жауапкершілікті айтқызбай түсінеді, аудармаға өнер ретінде қарайды. Өйткені көркем аударма – өзінше өнер, шығармашылық. Ал жастар жағы бұған атүсті, ақша табудың жолы ретінде қарайтын сыңайлы. Әрине, шеберліктің тәжірибемен келетінін білеміз, десе де ынта мен ықыластың аздығы көзге ұрып тұрады. Бәріне ортақ бір кемшілік – тілді білмейді, тілмен жұмыс істей алмайды. Тіпті сөйлемнің өзін дұрыс құрай алмайды. Көбінекөп әдеби аудармаға үш қайнаса сорпасы қосылмайтын жолма-жол аударма жасап әкеледі. Мен жастарды сынап-мінейін деп отырға ным жоқ, тек егер осылай кете берсе болашақта аударма өнерінің шатқаяқтап, су аяғы құрдымға кететінін ескерту ғана.
КӨКТАМЫР Біздегі тағы бір кемшілік, әлі күнге дейін шетел ақын-жазу шыларының шығармаларын тікелей сол тілден емес, орыс тілі арқылы тәржімелеп келеміз. Аралық тіл болғаннан кейін аударып отырған шығарманың бояуын толық жеткізу қиын, сондықтан түпнұсқадан тікелей аударылса нұр үстіне нұр болар еді. Әрине, кей бір шет тілдерінен тікелей аударатын тәп-тәуір аудармашылар да бар. Өкінішке орай, олар саусақпен санарлықтай ғана және аттарының басын аудармаға өте сирек бұрады. Оның себеп-салдарын жоғарыда шет-жағалап айтып өттік қой. Біз осындай олқылықтардың орнын толтыру мақсатында қалқадірімізше жұмыстар жүргізіп жатырмыз. Мәселен, былтыр қы тай және моңғол әдебиеттеріне арналған арнаулы нөмірлер да йындадық. Сондағы басты талабымыз сол тілдерден тікелей аудар ма жасату болды. Ол ойымыз толықтай жүзеге асты. Мәселен, қытай әдебиетіне арналған арнаулы нөмірдегі көркем шығармаларды бел гілі шығыстанушы Дүкен Мәсімхан, Имамғазы Нұрахмет бастаған қытай әдебиеті мен тіліне жетік аудармашылар жасап берсе, моңғол әдебиетіне арналған нөмірді Қуандық Шамақай, Сұраған Рахмет, Дәулеткерей Кәпұлы сияқты моңғол әдебиеті мен тілінің білгірлері аударды. Бұл игі дәстүрді болашақта да жалғастырмақ ойымыз бар. Мәселен, биыл Қазақстандағы Юнус Эмре қорымен бірлесіп туысқан түрік әдебиетіне арналған арнаулы нөмір дайындау үстіндеміз. Бұнда да көркем шығармалар негізінен түрік тілінен тікелей аударылып жатыр. Бұл – басты талап. Әрине, бұл қазіргі аударма өнеріне қатысты түйткілді мәселерді толық шешіп тастамасы анық. Біздікі – тек теңізге қосылған тамшы дай ғана нәрсе. Егер аударма өнерін дамытамыз десек, мемлекеттік тұрғыдан жүйелі жұмыстарды қолға алу қажет-ақ. Ал қазақ әдебиетінің шетел тілдеріне аударылуы туралы жары тып ештеңе айта алмаймын. Өйткені көп ештеңе білмеймін. Менің білетінім – мемлекет тарапынан бұл бағытта жүйелі ештеңе жасалып жатқан жоқ. Әрине, үзіп-жұлып, әркім өзінің шығармасын кейбір шетел тілдеріне аудартып бастырып жүр. Оның өзінде істің көзін тапқан ақын-жазушылар ғана. Бірақ, бір өкініштісі, ол шығармалар
КӨКТАМЫР қазақ әдебиетінің бүгінгі жеткен биігін толық көрсете ала ма, жоқ па?! Міне, мәселе осында. Қайта олар қазақ әдебиетінің абырой-беделіне нұқсан келтіруі мүмкін. Кейбір ортақол ақын-жазушылардың шы ғармаларын оқыған шетел оқырмандары қазақ әдебиетінің жет кен биігі, дәреже-деңгейі осындай шығар деген көзқарас-пікірде қалулары мүмкін ғой. Егер қазақ елін әлемге танытқымыз келсе, ең алдымен қазақ әдебиетінің жауһарларын шетелдер тілдеріне мейлінше толық аудар тып, бастыртуымыз керек. Құдайға шүкір, бізде әлем оқырмандарына ұялмай ұсына алатын көркем шығармалар баршылық қой. Біз басқа емес, Абай мен Әуезовтің шығармаларының өзін толық аудартып, өз деңгейінде танытып, насихаттай алмай келеміз. Ендеше, бұл туралы не айтуға болады?! Әрине, ештеңе айта алмаймын. 2012 жыл
ЖОРАЛҒЫЛЫ ЖОРЫҚ .
КӨКТАМЫР
СҮЙЕГІҢДІ ҚОРЛАТПА!
Кенесары ханның сүйегі қай жерде жатыр?
Елінің тәуелсіздігі, ұрпағының болашағы үшін отаршылдармен
арыстандай алысып, қапияда мерт болған қайран Кенекемнің мәйіті
қайда жерленген?
Патша ағзамға сыйға тартылған басы қайда?..
Осындай күрмеуі мол күрделі сауалдар шақшадай басымды шара
дай етіп, жиі мазалайды. Қанша ойлансам да жауабын таппай дал бо
ламын. Қиналамын. Еңсем езіледі. Рухым жаншылады. Қорланамын...
Отаршылдар жеңілді. Тәуелсіз ел атандық. Бәрі осымен бітті ме?
Жоқ, жан жарасы әлі жазыла қойған жоқ. Жоғарыдағыдай жауабы
жоқ сұрақтар қарақотырланған жараның аузын қайта тырнайды...
Ескі отаршылдар күйрегенімен, жаңа отаршылдар ауыздарын
арандай ашып, тас төбеден төніп-ақ тұр. Осынау өлара шақта Кене
ханды еске алуымыз, рухын жоқтауымыз – заңды құбылыс. Онсыз
Кенекемдердің қанымен суарылып тамырланған Тәуелсіздік баянды
бола ма?
Кенекем бауырлас қырғыз халқына неге соқтықты? Текті ұлды
бұған итермелеген қандай күш? Неден мүлт кетті? Қандай жағдайда
қолға түсті?
Ханның басын алған кім? Патша ағзамға не үшін сыйға тартылды?
Оның астарында қандай саясат жатыр? Бас сүйегінің одан кейінгі
тағдыры нендей күй кешті?..
«Басы шабылды, ішек-қарны ақтарылып түсті...» деген дерек бар. Ал
басы жоқ дененің одан кейінгі тағдыры немен аяқталды?
Бұл сауалдарға нақты жауап беретін уақыт әлдеқашан жетті. Оны
ешкімнің бүркемелеуге, ағайынгершілікті көлденең тартуына не
9-0113
КӨКТАМЫР месе біреулердің шамдануына хақысы жоқ. Өйткені болған тарих сол күйінде, бұрмаланбай хатқа түсуі керек. Жоғарыдағы сансыз сауалдарға нақты ғылыми жауап берілуі тиіс. Сонда ғана әділеттлік салтанат құрып, тарих халыққа қызмет етеді. Халық тарихтан сабақ алу арқылы өсіп-өркендейді. Онсыз даму жоқ. Өткен тарих үшін халықтардың алтыбақан алауыздыққа салы нуына ешқандай негіз жоқ. Олай болатыны, өткен тарих – өткен тарих. Ата-бабаларымыздың жүріп өткен жолы, соқпағы, сүрлеуі. Бұл жолда жеңістермен бірге жеңілістер де, жетістіктермен бірге кемшіліктер де, жақсылықтармен бірге жамандықтар да болмай қоймайтынын ескеруіміз керек. «Сүрінбейтін тұяқ жоқ, жаңылмай тын жақ жоқ!» Сондықтан қателіктер де болмай қоймайды. Иә, сонымен, Кенесары ханның сүйегі қайда? Хан сүйегін іздестіру мәселесі тәуелсіздік алған алғашқы жыл дары күн тәртібіне өткір қойылып, осы бағытта түрлі экспедиция лар да ұйымдастырылған болатын. Соның бірі қырғыз жеріне де сапар шеккені жұртшылықтың есінде шығар. Біз ең алдымен осы экспедицияның құрамында болған «Атамұра» баспа кор порациясының президенті, ғалым, айтулы кәсіпкер Мұхтар ҚұлМұхаммед мырзаға жолығып, оның нәтижесі туралы айтып беруін өтінген едік. – Бұл құрамында Манаш Қозыбаев, Карл Байпақов, Жәкен Тай мағанбетов сияқты тарихшы ғалымдар болған ірі экспедиция еді. Біз онда қырғыздың Тоқмақ деген қаласының маңындағы Алма лысай деген аймақтың төрт жерінде қазба жұмыстарын жүргіздік. Өкінішке орай, көңіл қуантатындай ештеңе таба алмадық. Одан кейін кейбір деректердің ізімен Омбы мен Санкт-Петербургке барып, іздестіру жұмыстарын жалғастырдық. Тағы да тауымыз шағылды. Кенесарының басы патшаға сыйланған ғой. Оны Шоқан да көрген деген сөз бар. Ол бағытта да түрлі іздестіру жұмыстары жүргізілді. Санкт-Петербургте бір бас табылды. Бірақ ол Кенесарынікі болмай шықты. Ғалымдардың зерттеуінше, бұл баста шабылған кезде тұлым болған екен. Сондықтан оны жиырмалар шамасындағы қалмақтың ханзадасының басы деп шештік. Расында да солай болуы мүмкін.
КӨКТАМЫР Міне, осылай Кенесары ханның сүйегін іздестіру жұмыстары әзірше өз нәтижесін бермей тұр, – деді Мұхтар Құл-Мұхаммед мырза. Осыдан кейін академик Манаш Қозыбаевқа жолыққымыз келді, бір білсе сол кісі бірдеңе білер деген оймен қызмет бөлмесіне бас сұқтық. Нендей шаруамен келгенімізді білгеннен кейін ғалым ағамыз: – Қазір бұл мәселе туралы сөз қозғау керек пе? – деп бастады сөзін немкетті ғана. – «Қазақ пен қырғызды соғыстырайын деп жүр» деп Шаханов үстімнен арыз жазды. Оның үстіне бүгін сенімен сөйлесуге уақытым да жоқ. Көріп тұрсың ғой шаншыла жұмыс істеп отырғанымды... – Ендеше, келесі аптада хабарласайын. – Жоқ. Мен – жоспармен жұмыс істейтін адаммын. Әр күнім есеп теулі, бос уақытым жоқ. – Көп уақытыңызды алмаймын. Бес-ақ минөтіңізді бөліп, осы мәселе төңірегінде бір-екі ауыз пікіріңізді айтсаңыз жетіп жатыр. – Жоқ. Уақытым жоқ дедім ғой. – Ол кісі ашуланған сыңай таныт ты. – Бұл айда ыңқ етерге уақыт жоқ! Пікір білдіруден қашқақтағаны, әлденеден қорқақтағаны көрініп тұр. Неден үрікті, не үшін қашқақтады?.. Ол жағы бізге белгісіз, Манаш ағаның өзі жауабын бере жатар... Ғалымдардың көпшілігінде осындай бір үрей бар. Шындықты ай тудан жасқанады. Жалтақ. Бұл – ғалымның ең басты һәм ең жаман кемшілігі. Әрі ғылымның соры! Иә, сонымен, Кенесары ханның сүйегін іздестіру, табу не үшін және кімдерге қажет? Ұлттық рухтың оянуы мен аруақты бабамыздың алдындағы парызымызды өтеу үшін және ол өткендерден гөрі қазіргі һәм болашақ ұрпақ үшін ауадай қажет! Сондықтан біздің халық үшін Кенесары ханның сүйегін іздеп табу кезек күттірмейтін көкейкесті мәселе болуға тиіс. Онсыз еңсеміздің көтерілуі, рухымыздың түген делуі екіұштылау. Ондай ұлттар дәрменсіз саналады. Ал дәрменсіз ұлттың тарих толқындарына шыдас беруі қиын. Сол себепті де қалайда хан сүйегін іздестіріп-тауып, туған топырағы – Көкше жеріне алып келіп, арулап жерлеу қажет! Іргелі ұлттар ең әуелі өзінің ірі тұлғаларының сүйегін түгендеп алады. Рухын түгендеу үшін.
КӨКТАМЫР Тағы бір айта кетер нәрсе, тарихшы М. Әбдіров мырза ханның бас сүйегін Омбы қаласынан іздестіру керектігін тілге тиек етеді. Ғалымның айтуына қарағанда, «Бұл – бүлікші Кенесары Қасымұлының бас сүйегі» деп жазылған жазуы бар тақтайша Омбы қаласының мұражайында бертінге дейін сақталған көрінеді. Осы дерек-дәйектемелердің соңына шам алып түсер бір зерделі зерт теуші табылса және оған мемлекеттік тұрғыдан қаржылай қолдау көрсетіліп, қадағалап отырса, Кене ханның басы табылып қалуы да мүмкін. Бұл – біздің баба аруағы алдындағы азаматтық борышымыз. Тәуелсіздік алып, дербес мемлекет атануымыз да осындай жаужүрек ұлы тұлғалардың есімімен тығыз байланысты. Егемендіктің алғаш іргетасын қалаған да Кене хан секілді ел ұландары. Рухы қолдады, аруақтары жебеді... * * * Қазақтың мойнындағы бұғауды қайтсем үзем, қолындағы кісенді қайтсем шешем деп күрескен, осы қасиетті жолда жанын пида еткен тағы бір кесек бітімді тұлға – Мұстафа Шоқай. Бұл кісінің де сүйегі туған елінен жырақта, сонау Германия жерінде жатқаны әмбеге аян. Ұлы бабамыздың сүйегін атамекеніне алып келу туралы мәселе қозғалғалы да біршама уақыт өткенімен, әлі күнге дейін нәтижесін көре алмай-ақ келеміз. Жалпы Мұстафа Шоқайдың сүйегін елге алып келіп, қасиетті Түркістан қаласына арулап жерлеу жөніндегі мәселені ең алғаш көтерген Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы төрағасы ның бірінші орынбасары, жазушы Қалдарбек Найманбаев болатын. Жақсы бастама неге аяқсыз қалды? Нелер кедергі болып, кімдер тосқауыл қойды? Осындай сауалдар тізбектеліп жалғаса береді. – Біздің бұл мәселемен айналыса бастағанымызға үшінші жылға айналып барады, – дейді Қалдарбек ағамыз. – 1996 жылдың аяғына таман «Мұстафа Шоқай және шетелдердегі қазақ диаспорасы» деген конференция ұйымдастырдық. Сол жиында ұлт көсемінің сүйегін туған жерге алып келу туралы мәселе алғаш сөз болған еді. Одан кейін Мұстафаның сүйегі жатқан жеріне барып, зиярат етіп қайттық. Бекей Өзтүрік деген шырақшысы бар екен.
КӨКТАМЫР Содан іле-шала Түркістан қаласында «Түркі дүниесінің тарихы» атты ғылыми конференция өткіздік. Жиында елуден аса ғалым ба яндама жасап, сөз сөйледі. Намық Кемал Зейбек қатысты. Бүкіл түркі жұртына ортақ тұлғалардың сүйегі қойылатын қабірстан ашу мәселесі де осы кездесуде туындаған еді. Осыған байланысты Түркістандағы Қазақ-түрік университетінің аумағынан төрт гектар жер бөлінді. Тағы бір айта кететін нәрсе, Мұстафа Шоқайдың көзі тірісінде серік болған, қайтыс болғаннан кейін басын қарайтқан адам – жары Мәриям Шоқай. Ол кісінің сүйегі Францияда жатыр. Мәриям апамыз Мұстафа Шоқайдың үлкен архивін Францияның Шығыстану инсти тутына өткізіп кетіпті. Менің айтайын дегенім, осы қомақты қорды Қазақстанға алдырып, зерттеу жұмыстарын жүргізу қажет. Сонымен қатар Мәриям апамыздың сүйегін де алып келіп, Мұстафаның жаны на жерлесек дұрыс болар еді. Біз бұның барлығын мұсылманшылық жолымен рәсімдеуді көздеп отырмыз. Өйткені ислам дінінде бұл мәселеге байланысты ешқандай қайшылық жоқ екен. Өзің білесің, өлімнен басқаның бәрінің ерте болғаны жақсы ғой. Сондықтан бұл мәселенің тезірек шешілуіне біз де өз үлесімізді қосамыз ғой деп ой лаймыз. Мұстафа Шоқайдың сүйегін туған жерге алып келу мәселесі ешқашан ұмытылған жоқ. Ұмытылмайды да. Тек, «сабақты ине сәті мен» дегендей, орайлы кезін күтіп жатыр... * * * Міне, бір-біріне ұқсас екі тұлға, екі тағдыр. Екеуінің мақсат-мүддесі орайлас, таңдаған жолдары бір. Екеуі де елінің мұңын мұңдады, жо ғын жоқтады. Еліне теңдік әперсек деген ниетпен күресті. Ұрпағы ның қамын ойлады. Осы жолда бастарын бәйгеге тікті. Әрине, екеуі де мақсаттарына жете алмады. Бірақ еңбектері еш кеткен жоқ. Өздері- нің халқы алдындағы міндеттерін толық ақтады. Өйткені Кене хан- ның да, Мұстафаның да өз дәуірлерінде бұдан артық жетістікке қолдары жетпес те еді. Бірақ сол аласапыран кезең көзімен қара сақ, тәуелсіздік үшін күрестің өзі үлкен жетістік, ірі жеңіс еді. Себебі
КӨКТАМЫР ұрпағының рухын оятып, тәуелсіздік үшін күресудің озық үлгісін көрсетіп кетті. Қазақ топырағына еркіндіктің дәнін септі. Сол дән қасиетті топырақта жайқалып өсіп, өз жемісін берді де. Міне, тәуелсіздік бізге өзі келген жоқ, оны біз осындай ұлы тұлғалардың жебеп-қолдауының арқасында жеңіп алдық. Бұл – тарихи шындық. Осынау қос тұлғаның тағдырлары қандай күрделі болса, өлімдері де сондай жұмбақ. Кене ханның өлімі әлі күнге дейін сырын ашпай келе жатса, қайран Мұстафа 1941 жылы 27 желтоқсан күні құпия жағдайда Берлиннің «Кранкенхаус» деген госпиталінде көз жұмды. Өлімінің себебі әлі күнге дейін белгісіз. Кім өлтірді? Не үшін, қандай жағдайда? Бұл сауалдарға да әлі нақты жауаптар беріле қойған жоқ. Жабулы қазан жабулы күйінде қалуда. Оның түйіні қашан шешілері де белгісіз. Екі тұлғаның пешенелеріне жазылған тағдырлары қанша ұқсас дегенімізбен, Кенесары ханға қарағанда Мұстафа сәл бақыттырақ. Арулап жерленген. Басы қарайтылған. Кішкентай болса да ескерткіш орнатылған. Тек бір ғана қауіп бар. Күндердің күнінде атамыздың сүйегі жатқан жер техникамен тегістеліп, үстіне зәулім ғимарат бой түзеуі мүмкін. Өйткені өркениетті елдерде жердің тарлығына байла нысты белгілі бір мерзімнен кейін зираттарды тегістеп, жермен-жек сен етіп, орнын басқа бір іске пайдаланатын дәстүр барлығы әмбеге аян. Сондықтан Мұстафадай ұлт көсемінің сүйегін кешіктірмей туған жерге алып келіп, Түркістан топырағына тапсыру кезек күттірмейтін мәселенің бірі болуға тиіс. Қазақта «Сүйегіңді қорлатпа!» деген өсиет сөз бар. Тәндегі жара жа зылуы мүмкін, ал сүйекке түскен таңбаның оңайлықпен кете қоймасы анық. Сондықтан сүйегімізді қорлатпаудың қамын осы бастан ойла нуымыз керек. Қазақ екі нәрсеге ерекше көңіл бөліп, қатты қадірлеген. Біріншісі – аруақ. Екіншісі – ұрпағы. Аруақ – кешегі өткен жолымыз, тағдырымыз, тарихымыз. Ұрпақ – болашағымыз. Ал халық осы екі нәрсеге баса на зар аудармаса, түптің түбінде ащы зардабын тартатыны бесенеден белгілі. «Өлі риза болмай, тірі байымайды!» 2000 жыл
КӨКТАМЫР ХАН КЕНЕНІҢ ҚАЗАСЫ 24 көкек, дүйсенбі күні болатын. Жұмысқа келіп отырғаным сол еді, телефон шылдыр ете түсті. Көтерсем Астана қаласы әкімінің баспасөз хатшысы, ескі дос Сәдібек Түгел екен. – Сені Қайрекең іздеп жатыр, – деді ол аз-кем аман-саулықтан кейін. Іле-шала Астана қаласы әкімінің орынбасары, Қазақстан Ұлттық ат спорты федерациясының президенті Қайрат Сатыбалдыұлы Назарбаевқа телефон соқтым. – Думан, – деді, – Қырғызстанға барып қайтсаң. Күн жылып, жер аяғы кеңіді ғой. Сен бұл жолы Кенесары ханның сүйегі жатқан жерді сұрастырып, анықтап келсең. Содан кейін экспедиция шығарып, тағы да іздестіру жұмыстарын жүргізерміз. Егер табылмаса, қасиетті адам ғой, аруағы риза болар. Ал Құдай қолдап, ісіміз оңғарылып, табыла қалған жағдайда сүйегін кіндік қаны тамған туған жеріне тапсыра алсақ, бәріміз де пейішке барамыз, – деді сөзінің соңын қалжыңға айналдырып. – Айтпақшы, Ресейден де рұқсат қағаз келді. Қырғызстаннан келген соң, бабамыздың бас сүйегін іздестіру үшін Ресейге жол тартасың. Ал жолың болсын, бауырым! Хабарласып тұр! Осымен әңгіме үзілді де, мен жолға шығуға дайындалдым. Га зетіміздің бас редакторы Жүсіпбек Қорғасбек Қазақстанның Қыр ғыз Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі, атақты ақын ағамыз Мұхтар Шахановқа телефон шалып, мән-жайды толық тү сіндіріп, маған қолдау-көмек көрсетуін өтінді. Ырымшыл халық емеспіз бе, жолға сәрсенбі күні шықтық. Үш-төрт сағат жол жүріп, Қырғызстанның астанасы Бішкек қаласына келіп жеттік. Аттың басын бірден еліміздің елшілігі орналасқан Томалақ
КӨКТАМЫР Молда көшесіндегі еңселі ақ ордаға бұрдық. Мұхтар ағамыз өзінің қызмет бөлмесінде күтіп отыр екен. Жылы жүзбен қарсы алып, бізден жұмыс жоспарымызды тағы бір тиянақтап сұрап алды да: – Кенесарыны қырғыздар онша жақсы көрмейді. Неге олай екенін өзің де білетін шығарсың. Сондықтан қырғыздармен хан Кене тура сында сөйлескенде абай болғаның жөн, – деп ағалық ақыл-кеңестерін айтты. – Әрине, Кенесары – қазақ тарихында өзіндік орны бар күрделі тұлға. Сол себепті оның сүйегін іздестіру мәселесін өз басым толық қуаттап, қостаймын. Қолдаймын. Қолымнан не келеді, соның бәрін жасаймын. Қазір осында істейтін Ғалымжан деген жігітке тапсыра мын, қонақ үйге апарып жайғастырады. Жақсылап демал. Ертеңнен бастап тізе қосып жұмыс істейміз. * * * 26 көкек. Бішкек қаласы. Мен іздестіру жұмыстарын ең алдымен мұрағаттан бастағанды жөн көрдім. Қырғыз Республикасы Мәдениет министрлігі Архив ісі жөніндегі департаментінің директоры Сейтбек Жұмалиев мырза жылы жүзбен қарсы алып: – Бағана маған Мұхтар Шаханұлы телефон соғып, сіз жөнінде біраз мағлұматтар беріп, көмек көрсетуімізді сұраған еді. Мен жал пы бауырлас қазақ халқын, оның ішінде сіздің елдің біздегі елшісі Мұхтар Шахановты қатты құрметтеймін. Ол кісінің ақындығы мен азаматтығын да жоғары бағалаймын. Сондықтан Мұхаңның бір ауыз сөзі үшін қолымнан келгеннің бәрін істеймін, – деді де, Мемлекеттік мұрағаттың директорын өзіне шақырып алып, ерекше пейілмен тап сырып, жазба құжаттармен танысуыма жағдай жасап, кең мүмкіндік туғызды. Бірақ, өкініштісі сол, Кенесары мен Наурызбайға қатысты жарытымды құжаттар болмай шықты... Мұражайда Мемлекеттік Тарих мұражайының директоры Жұмалы Момын құлов та Мұхтар ағамыздың телефон шалып, қатты тапсырғанын ай тып, құрақ ұша қарсы алды.
КӨКТАМЫР – Кенесары мен Наурызбайға қатысты қандай тарихи құжаттар мен заттар бар? – деп сұрадым Жұмалы Момынқұлұлынан сөз ара сында. – Ол жағынан мүлде ұяттымыз, – деді директор сәл қысылыңқы рап. – Қазақ пен қырғыз көшіп жүріп ондай құндылықтарға онша көңіл бөле қоймапты ғой... – Кенесарының өмірде тұтынған заттарының көпшілігі осы қыр ғыз жерінде қалған деседі жұрт, – дедім өкініш білдіріп. – Тек мылтығы мен қылышы Омбы облыстық мұражайында сақтаулы тұрған көрінеді. – Орыстар бізге қарағанда мәдениеттілеу халық қой! Ғылым академиясында Үшінші күні Қырғызстан Ұлттық Ғылым академиясының Та рих институтына жолымыз түсті. Басшылықтан ешкім жоқ екен. Сұрастыра келе осы кезеңді індете зерттеп жүрген Рысқұл Жолдасов деген тарихшыны тауып алдым. Аузын ашса көмейі көрінетін ашық жігіт екен. Ескі таныстардай тез тіл табысып кеттік. ХІХ ғасырдағы қазақ-қырғыз қатынасын зерттеп жүргендіктен болар, Кенеса ры мен Наурызбайға қатысты бірсыдырғы әңгімелер айтты. Бірақ барлығы бізге таныс жайттар. Сондықтан мен одан: – Тың нәрселер бар ма? – деп сұрадым. – Сіз Белек Солтанаев деген кісінің «Қызыл қырғыз тарихы» атты екі томдық кітабын тауып алыңыз. Сонда көптеген нақты дерек тер бар. Ол кісі Кенесарыға қатысты мәліметтерді ханның басын генерал-губернаторға апарып берген Қалығұл Әлібекұлының өз ау зынан жазып алған. Сондықтан ол кітаптағы дерек-дәйектемелер шындыққа бір табан жақын. Басқа тың деректер айта алмаймын. Егер уақытыңыз болса, академияның қолжазба қорын қарап шығыңыз. Мысалы, менің қолымда сол қолжазба қорынан алынған «Қазаққырғыз оқиғасы» деп аталатын көлемді жыр бар. Алғы сөздері мен ғылыми түсініктерін жазып, баспаға дайындап қойдым. Бірақ қар- жы тапшылығына байланысты жарыққа шығуы кешеуілдеп жатыр.
КӨКТАМЫР
Бұл көлемді дастан бастан-аяқ Кенесарының қырғыздарға қарсы
шабуылын баяндайды. Әрине, ол қазақтардың ойымен емес, хан
нан жәбір көріп, жапа шеккен қырғыздардың көзімен жазылған.
Сондықтан артық-кем айтылған жерлері болуы мүмкін. Бірақ тарихи
дерек көзі ретінде өте құнды жыр. Былай басталады. – Ол дауыстап
оқи жөнелді:
Шудың сары жыланы
Арбасқанын айтайын.
Кенесары, Орманның
Қармасқанын айтайын.
Қазақ пенен қырғыздың
Шеттескенін айтайын.
Орыс пенен қытайдың
Беттескенін айтайын.
Сарыарқадан Кене хан
Жол жүргенін айтайын.
Қырғызды жөнге салам деп,
Мол жүргенін айтайын.
Шуды бойлап жол жүріп,
Текеліктің сеңгіріне
Келген жерін айтайын.
Майтөбені май қылып
Өлген жерін айтайын.
Ақмола келген орысты
Тоқтатқанын айтайын.
Салтанатын сан қаптап
Ұқсатқанын айтайын...
– Міне, бұл – сіздерге де өте қажетті жыр. Тарихи мәні де зор.
– Мен бұл дастанды қалай ала аламын?
– Бізде көшірмехана бар. Сондағы қыздар көшіріп береді.
Мен Рысқұлдың бастауымен көшірмеханаға барып, машинкалық
жетпіс бір беттен тұратын тарихи жырды көшіртіп алдым да, қонақ
үйге алып келіп, қызыға оқып шықтым.
КӨКТАМЫР Кене ханның қырғыз еліне жасаған қиянаттарын тізбелей келіп, соңғы шабуылына кеңірек тоқталады. Кейбір тұстарында қарасөз бен түсіндірме беріп отырады. Кенесарының қалай қолға түскенін айта келіп, ханның өлімі туралы мынандай жай-жапсарларды көлденең тартады: «Ақырында Кенесарыны солто, Наурызбайды ты най ұрықтары алып, Ержанды сарбағыш руы алады. Үшеуін бірдей өлтіреді. Кенесарының жүрегінің жарымы май екен, жалы бар екен. Наурызбайдың жүрегі бір қарасы жоқ шылғи май болып, ортасында шидей қара қылы бар екен. Қырғыздар Кенесарыны өлтіріп тұрып, Наурызбайға өлтірдік деп ұққызады да, бұл жас екен қоя берелік дейді. Наурызбай бір де тілін тартпай, қырғыздарды ашуланды рып тұрады. Наурызбай айтады: «Өлтірсең мен барамын Құдайға, өлтірмесең мен қуамын Кенекемнің кегін», – деп. Бұл сөзді қырғыздар ұғып, оны да өлтіреді. Наурызбай бұл кезде жиырма бес жаста екен». Ұлттық кітапханада Кенесары, Наурызбайлардың қырғыз даласына қарай жасаған жорықтары туралы шыққан кітаптар мен газет-журналдарда ба сылған мақалалар болса қарап шықсам деген ойымды Мұхтар ағаға айтып едім, Қырғызстан Ұлттық кітапханасының директоры Анар Шыныбаеваға маған қол ұшын беруін өтініп, өз атынан хат жазды рып берді де, қасыма елшілікте жауапты қызметкер болып істейтін Мақсат есімді қызды қосып берді. Анар Даутқызы хатты оқып шығып: – Қашан келіп-кетемін десеңіз де есігіміз ашық. Мен кітапхана қызметкерлеріне тапсырып қоямын. Егер біздің кітапханамызда бар болатын болса, айтқан кітабыңызды тауып береді, – деді. Мен ол кітапханада екі күн отырып, қажетті деген біраз кітаптарды қарап шықтым. Ең басты мақсатым Кене ханның сүйегі жатқан жер туралы деректер қарастыру еді. Алдымен тарихшы Рысқұл Жолда сов айтқан Белек Солтанаевтың екі кітаптан тұратын «Қызыл қырғыз тарихы» атты еңбегін таптырып алып, Кенесары жорығына қатыс ты бөлімдерін мұқият оқып шықтым. Керекті тұстарын күнделігіме көшіріп ала бердім. Мәселен, аталмыш еңбектің екінші томындағы
КӨКТАМЫР «1847 жылғы Кене ханның қырғызға екінші шабуылы» деген бөлі- мінде Кенесарының қалай қолға түскені туралы әңгімелей келіп, өлімі жөнінде мынандай мағлұматтар береді: «Қырғыздардың өл тірмек болғанын Кене хан білген соң: «Мен дәрет алып, намаз оқып алайын, онан соң ишара қылайын, сонда жанымды қинамай, қылышпенен бір шауып өлтіріңдер», – деген. Ертемен памдат на мазды оқып болып, ишара қылғанда, бұрынғы жылы Кенесарыдан өлген Орманбек Субанбектің Тайсары деген інісі Тастанбектің бо латымен сілтеп жібергенде, басы ырғып кеткен. Өлігін Қызыл су ме нен Шамшының ортасындағы Борду деген сайдың орта бөксесіне таман көмген. Кенесарыны өлтірер замат күн қатты жауған» (Б. Сол танаев. «Қызыл қырғыз тарихы». – Бішкек, 1993, 2-кітап. – 11-бет). Есенқұл Төреқұлұлының «Қырғыздың қысқаша санжырасы» (Бішкек, 1995 жыл) деген екі томдық еңбегінің бірінші кітабында да дәл осы жайттарды қайталай келіп, былай дейді: «Өлігі (Кенесарының) Қызыл судың Алмалы сайының орта бөксе тұсына қойылған, жасы қырық бес шамасында болған. Ал Наурызбайды Кегеті жақтағы Жаубасардың балалары Жүніс пенен Түлекқабылдың қолына берген. Қалпақтың бәйбішесі Ботакөз: «Осының қанын ішем!» – деп, ашуме нен айбалтаны ала салып, Наурызбайға сілтегенде бір қолын шыли шауып түседі. Сонда артына қараған Наурызбай балта ұстаған әйелді көріп: «Ойпыр-ай, мені өлтіретін қырғызда еркек жоқ па?» – депті. Содан кейін барып Төлебай деген Қалпақтың жігіті балтамен шауып өлтірген. Осы жігіттен ұрпақ жоқ деп айтысады» (1-кітап, 94-бет). Ал 1999 жылы Бішкекте шыққан Құсбек Үсенбаевтың «Ормон хан» атты монографиясында: «Кенесары менен Наурызбайды жеті-сегіз күн қармап тұрысады. Ол екеуін бірге қоймай, әрбірін өзінше бөлек үйде ұстаған. Кенесары: «Ит қырғыздар, мені хандарыңа жолықтырың дар», – деп шешімді түрде талап еткен. Бұны Орман хан мақұл көрген жоқ. Өйткені қырғыз, қазақтың салты бойынша, ханға жолықтырған тұтқынды «Жан сауға» деп аман қалдырады екен. Сондықтан Орман хан: «Кенесары мен Наурызбайды маған көрсетпей жоқ қылыңдар!» – деп бұйырған. Шабылған ел, атап айтқанда, шайқаста құрбан болған ерлердің жақындары Кенесары мен Наурызбайға бірнеше сауал
КӨКТАМЫР
дар береді. Мысалы, Наурызбайдан: «Бұрынғы жылғы елшілер бар
ма?» – деп сұрағанда, ол: «Жаманқараңды жайлаған, Орманбекті
ойрандатқан, Субанбегіңді сұлатқан, Қалпағыңды талпақ қылған
қолым осы», – деп тайсалмай жауап берген. Ал: «Арманың бар ма?» –
деген сауалға мынандай жауап береді: «Төрт арманым қалды: бірін-
ші – апам байға ұзатылған жоқ еді, екінші – ұрпағым қалған жоқ,
үшінші – Тоқсан төбедегі пұл ашылған жоқ, төртінші арманым –
алты алаш баласын бастап, Еділ, Жайық, Сарыарқада орыспенен
беттеспедім».
Кенесарының да арманы осы тектес болған. Ол төмендегідей:
«Бірінші арманым – қырғыз-қазақты бастап, Еділ, Жайықта орыспен
соғыспадым, екінші – Ұлытаудағы хан қазынасы ашылмай қалды,
үшінші –қарындасымды ерге бере алмай қалдым», – деп қан жылаған.
Кенесары хан өлім аузында тұрғанда да қайсарлығынан тайған
емес. Шабылған елдің алдында салауатты тұрып, тайсалмастан
сұрауларға жауап беріп, жарық дүниемен жырлап қоштасқан...» –
дей келіп, Жантай Қарабекұлының Батыс Сібір губернаторы П.Д. Гор
чаковқа 1848 жылы 10 қазанда жазған хатында Кенесарының басын
алған Қожабекке алтын медаль берілгендігі жөнінде хабарлайды.
«Мүрдесін Қарасу мен Шамшының ортасындағы Борду деген сайдың
орта бөксесіне қойған... Наурызбайдың сүйегі Шамшының күншы
ғыс жағындағы Кашатқа қойылған...» деген сықылды деректерді
көлденең тартады.
Қырғызстанда шығатын «Эркин ТОО» газетінің 1992 жылғы мау
сым айындағы сандарының бірінде жарияланған Сапарбек Заки
ров деген автордың «Қырғыз санжырасы: Кенесары, Наурызбайдың
қырғыздарға шабуылы» деген көлемді мақаласында Кенесарының
өлімі туралы жантүршігерлік мәліметтер бар екен...
Ал «Шу баяны» атты газеттің 1997 жылғы 15 ақпандағы санында
«Садық сұлтанның сарыөзен Шуға келісі» атты мақала жарияланып
ты. Аты айтып тұрғандай, аталмыш материалда Сыздық сұлтанның
(орыстар Садық деп атаған) қырғыз жеріне келгендігі туралы әңгі
мелене келіп, мынандай жайттарды алға тартады: «Садық сұлтан:
– Мен сендермен шабысқалы келгенім жоқ, табысқалы келдім,
сендер менің туысқанымсыңдар, жан ашу үстінде әкемді өлтірдің
КӨКТАМЫР дер деп кінә артар жерім жоқ. Жалғыз тілегім бар, аруақ разы бол маса, ұрпақтарына жақсылық жоқ, әкемнің сүйегін беріңдер, атабабаларыма апарып қосайын, алтын жүзігін беріңдер, қолыма сала йын, сарықасқа ер-тоқымын беріңдер, тақымыма басайын, барлық бұйымтайым осы, – депті. Садық сұлтанның жүйелі сөзіне разы болған, онсыз да шабыс тан қажыған, ынтымақты болуды ойлаған тынайдың билеушілері ақылдаса келіп, алтын жүзік пен ер-тоқымын қайтарып береді. Ал ханның басы жоқ сүйегін беруге қорқып: – Қойылған жері Шамшы мен Қызылсудың ортасында жайғас қан он бір жылғада екен, көмген кісі өліп қалыпты, таба алмай қой дық, – деген сылтау айтыпты. – Әттеген-ай! – деп көкірегі қарс айырылған Садық төре терімен қапталған сарықасқа ердің басын қанжарымен қақ айыра шапқан да ішінен жалтылдаған қызыл құйма алтындар суырылып түскен. – Әкемді өлтіргенді білсеңдер де, алтынын алуды білмепсіңдер, ештеңе етпес, бұйырған нәсіп қой, – деп қалтасына салып алыпты. Мұрағат деректеріне қарағанда, бұл оқиға 1884 жылдың күзінде болған екен. Университетте Сапарымыздың жетінші күні Қырғыз мемлекеттік ұлттық уни верситетіне жолымыз түсті. Ректор жаңадан келіп жатыр екен, ор нында болмады, жолыға алмадық. Одан соң тарих факультетінің де канатына келдік. – Қырғызстан тарихы кафедрасының меңгерушісі Дәулетбек Сапаралиев сіз айтып отырған жай-жапсарларды тереңірек біледі. Көп жылдардан бері сол кезеңді зерттеумен айналысып жүр. Орман ханға, Кенесары мен Наурызбайға қатысты кітап та шығарған. Сол кісіге жолығып, әңгімелессеңіз біраз жайға қанығасыз, – деп жөн сілтеп жіберді факультет деканы. – Мен Кенесары туралы бір кісідей білемін, – деді Дәулетбек мырза алғашқы әңгімеден соң шешіле сөйлеп. – Ханға деген көзқарасым да
КӨКТАМЫР дұрыс. Елінің тәуелсіздігі үшін бақандай он жыл бойы күрескен ерді қалай мадақтаса да болады. Қазақ пен қырғызды біріктіріп, Ресей империясына қарсы соғысамын дегенін де қостаймын. Жалпы Кене ханның өмірлік пәлсапасы кімді болсын қорқытып-үркіту арқылы ауыздықтаймын дегенге саяды. Әрине, олай болса, артығырақ сілтеп жіберген тұстары да болмай қоймайды. «Қырғыз әйелдерінің ішін жа рып, жас нәрестелерді найзаның ұшына түйреген» деседі жұрт. Мен өз басым бұған сенбеймін. Егер қарсы дау айтатындар болса, дәлел десін. Ол – ханның тұқымы, ақсүйек. Бұндай шектен шыққан жауыздық тар жасауы мүмкін емес. Әрине, соғыс болған жерде құрбандықтар болмай қоймайды. Өйткені соғыстың аты – соғыс. Бірақ екіқабат әйелдердің ішіндегі нәрестелерді найзаның ұшына түйреу сияқты қатыгездіктердің өмірде белең алуы сендіре қоймайды. Бұндай алыпқашпа әңгімелер неліктен шықты? Себебі қырғыздардың Ке несары мен Наурызбайды өлтірулері үлкен қылмыс еді. Осыдан арылып, тазару үшін, яғни уақыттың алдында ақталу үшін ойлап табылған айла-шарғылар еді. Мен қазақтарға жағынайын деп немесе өз халқымды қаралайын деп отырғаным жоқ. Тарихқа әділетті көз бен қарайтын тарихшы ретіндегі өзіндік көзқарасым осындай. Кенесары қырғыздарға не үшін жорық жасады? Біріншіден, әскер күші қажет еді, екіншіден, материалдық мұқтаждық болды. Өйткені әскер ұстау үшін мал-пұл керек екені белгілі. Ал 1846-1947 жылда ры қырғыздардың жаны тыныш, малы түгел еді. Міне, Кенесары осыған қызықты. Ханның бір қателігі – одақтаса бірігейік деген сая сатпен емес, менің билігімді мойындап, қазақ-қырғызға ортақ хан ретінде артымнан ересіңдер деген талаппен келді. Ал билікті ешкім де оңайлықпен бере қоймасы белгілі. Кенесарының тағы бір қателі гі – қалың бұқараны өзіне қарсы қойып алды. Ал халық көтерілсе, алынбайтын қамал болмайтынын кәрі тарих баяғыда дәлелдеген. Ниеттерің түзу екен, қолымнан келген көмегімді аямаймын. – Кенесарының соңғы шайқасы Тоқмақ қаласының шығыс жағында, Кекілік тауларында болыпты. Сүйегі жатқан жер де сол маңда деседі, сіз білмейсіз бе?
КӨКТАМЫР – Тап басып, дәл айта алмасам да, шамалап білемін. – Сіз «Он бір жыра» деген жерді білесіз бе? – Білемін, ол да сол маңда. – Сіз бізді сол жаққа бастап бармайсыз ба? Сол жерлерді өз көзім мен көріп қайтсам деп едім. Кенесарының соңғы шайқасы мен өлімі туралы көркем шығарма жазбақ ойым бар. – Оның несі бар, бастап апарайын! Хан Кененің сүйегі табылса, тек қана қазақтарға емес, қырғыздарға да жаман болмас! Біздегі ресми адамдардың да, қарапайым халықтың да бұл іске көзқарасы дұрыс. Оған сеніңіз. Мен кепіл бола аламын. Қазақ пен қырғыздың тарихы да, тағдыры да ортақ қой!.. – Онда ертең менің Бішкекке келгеніме сегізінші күн толады, бүрсігүні – тоғызыншы күн. Сол күні, яғни 4 мамыр күні барып қайту ға қалай қарайсыз? – Жақсы, дәл сол күні мен де бос боламын! Хан Кенені өлтірген жерде Қазақстанның Қырғыз Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі, халық жазушысы Мұхтар Шахановтың қызмет машинасы мен Тоқмақ қаласына қарай беттеп келеміз. Әңгімені Мұхтар ағаның өзі бастады: – Жалпы Кенесары ханның отаршылдыққа қарсы, Ресей импе риясының жан-жақты құрған торынан сытылып шығуға талпынған қайсар рухты көтерілісін оң бағалауымыз қажет. Осыған байланыс ты қырғыздарды өзіне қосып алып, Хиуа, Қоқан, Бұхар хандықтары мен біріге отырып, жеңіс туын желбіретсек деген асыл арманы да жүрекке жылы тиеді. Яғни, идея дұрыс. Бірақ соны жүйелі түрде іске асыруға жұмылдырылған ой-жосық, бағыт-бағдар көңілге қона ма?! Міне, осы тұста ойланатын мәселелер көп. Егер сол кездегі оқи ғаларға шыншыл көзбен қарайтын болсақ, аталмыш хандықтар дың біріге қоюы екіталай. Оған толып жатқан себептер бар. Өйткені бай-манаптың өз мүддесі бар, ондай мүддеден Кенесары да құралақан емес-ті. Мәселен, Орман ханның қырғыз хандығын
КӨКТАМЫР сақтап, тең дәрежедегі одақтас болайық дегеніне ойы қырдағыны шалған Кенесары көне қойған жоқ. Одақтаса кеткен күннің өзінде де мұздай қаруланған орыс әскерін қуып шығу мүмкін емес еді. Екінші жағынан, Орман ханның да өз есебі бар. Оның үстіне биліктен айы рылып қалу қаупі сезіле бастады. Сондықтан оның жалт беруі – заңды құбылыс. Ал қарапайым халықта не кінә бар? Кенесары бастаған топ осы жағын естен шығарып алған сияқты. Ханды қанша жерден іш тартқанымызбен, шын мәніндегі ұлттық көсем ретінде танығанымызбен, қырғыз еліне жасаған қиянаттарын жасырып-жа ба аламыз ба?! Әдетте жақсылық тез ұмытылады. Ал жәбірленуші ел жамандық ты ешуақытта ұмытпайды. Қырғыз жерінде Кене ханға, оның жо рықтарына, атасы Абылай ханға арналған қаралы беттер әлденеше том құрайды. Қаншама ғасыр бойы дақ түспеген қазақ-қырғыз бай ланысына осы кезеңдерде ғана аздап нұқсан келді. Сондықтан біз қырғыз жеріндегі осынау қанқұйлы шайқастарға әділетті көзбен қарауымыз керек. – Мұхтар аға, – дедім осы жерде сөзге араласып, – бұл сіздің елші ретіндегі пікіріңіз ғой. Әрине, қырғыз халқына жасаған жорығын ақтауға болмас. Бірақ, сіз айтқандай, жеке басының мүддесі үшін атқа қонғанын өз басым еш кінәламаймын. Қазақ халқының орыс патшасының езгісінде болғанынан гөрі Кенесары ханның иелігін де, тіпті илеуінде болғаны әлдеқайда жақсы болар еді ғой. – Әй, бала, сендер өстіп шыға келесіңдер. Бұл арада мені дұрыс түсінуге тиіссің. Қырғызға елші болған соң жағынайын деп отырға ным жоқ. «Әділетсіз болса, атаңның да айыбын айт!» деген. Меніңше, әділетке жүгінер болсақ, Кенесары, Наурызбай бабаларымыздың қырғыз жеріндегі қарапайым халықтың, кінәсіз бала-шағаның қандарын судай шашқаны үшін белгілі деңгейде қазақ халқы қырғыз халқынан кешірім сұрауы жөн-ау деп ойлаймын. Меніңше, бұл әрекеттің Кенесары мен Наурызбай бастаған ұлт-азаттық көтеріліске көлеңке түсіре алмасы анық. Бұл біздің тарихқа әділетті көзбен қарай білетініміздің көрінісі болар еді... 10-0113
КӨКТАМЫР Осы кезде Қырғыз мемлекеттік ұлттық университетінің Қырғыз стан тарихы кафедрасының меңгерушісі Дәулетбек Сапаралиев сөзге араласып: – Әне, ана маңда Кенесарының соңғы шайқасы болған, – деді тау жақты нұсқап. – Осы арада ханды қолға түсіріп, қырғыз батырлары ауылдарына алып барып, онда он шақты күндей ұстап, сол жерде мерт қылып, денесін көмген ғой. Біз қазір сол ауылдарға барып, көнекөз қариялармен әңгімелесіп көреміз. Бірі болмаса бірі білуі тиіс қой, – деді әңгіме ауанын басқа арнаға бұрып. – Сіздердегі деректер бойынша, Кенесары ханның сүйегін Борду деген сайға көмген екен, бізде «Он бір жыра» деген жерге көмілген деседі. – Дұрыс айтасыз, екеуі де сол маңда. Бір-біріне жалғас жатқан жер лер. «Он бір жыра» – он бір жылғасы бар тау ғой... Міне, мынау Борду ауылы. Біз сұрастыра жүріп Мәмбет Шолпанқұлов деген ақсақалдың үйіне келдік. – Кенесары 1847 жылы қырғызға келерде анасы айтыпты-мыс, «Қырғызға барма, балам. Олар кішкене халық болса да, Қыдыр қолдаған ел. Сондықтан онда барып опа таппайсың» деп. Сонда алған бетінен қайтпайтын хан «Үлкен кісі айта береді» деп құлақ аса қоймапты, – деді біздің нендей шаруамен жүргенімізді білген соң. – Кенесарының қырғызға жорыққа шығуына қарындасы Бо пай ханым да қарсы болыпты. Ол Кенесарыға «Аға, жаман түс көрдім. Түсімде маңдай шашым жанып жатыр екен, шошып ояндым. Бұл жолы жорыққа шықпай-ақ қойсаңыз қайтеді?» деген тілек білдіріпті. Кене хан оған да иліге қоймапты. Ақыры не болғанын өздеріңіз де білесіздер ғой. Ал сүйегінің қай жерге көмілгенін анық білмеймін. Оны бір білсе, Алмалы ауылының молдасы, тоқсаннан асса да әлі атқа секіріп мінетін Алпамыс Жүнісалиев деген ақсақал біледі. Сол кісіге барыңыздар, – деп жөн сілтеп жіберді. Борду мен Алмалы бір-біріне қоңсы қонған ауылдар екен. Алмалы ауылына кіре бере тау беткейінде жиналып отырған адамдарды кө ріп, соларға қарай бұрылдық. Машинадан түсіп, қарсы жолыққан ба ладан сұрағанымызда:
КӨКТАМЫР – Бір айдай болды, жауын жаумай кетіп еді. Соған бүгін ауыл адам дары Құдайға жалбарынып, тасаттық беріп жатыр. Алпамыс ақсақал да осында, – деді ол. – Әне, топтың ортасында сөйлеп тұрған сол кісі... – Текеліктің сеңгірінде қолға түскен Кенесарыны Дайырбек, Қалша деген қырғыздың атқамінерлері осы маңда орналасқан ауылдарына алып келіп, айға жуық жеке үйде ұстапты. «Хан болсаң қаруыңды таста, қара болсаң қамдан» дегенде, Кенесары қаруын лақтырып жіберіп, өз еркімен беріліпті десетін білетіндер. Отырған жұрт: – Қанша айтқанмен батыр ғой! – деп қозғалақтап қалды. – Хан аты бар емес пе, күтімі де жаман болмапты. Күзет те қо йылмапты. Хан басымен қашып кетпейтініне көздері жетсе керек. Бір күні Дайырбек «Не істеп жатыр екен?» деп киіз үйдің керегесінен сығаласа, ұйықтап жатқан Кенесарының үстінен бір қара қозы арлыберлі секіріп жүр екен дейді. Хан ұйқысынан оянғаннан кейін сұраса, ол «Құрыды ғой, оңбай қалды ғой!» дегеннен басқа ештеңе айтпап ты. Қолдап-қорғап жүретін иесі болса керек, өзі де аруақты адам ғой. Содан, не керек, Кенесары «Жаман қырғыз, ханыңа жолықтыр» дейді. Дайырбек Орман ханға кісі жібереді. Орман ханның Кене сарымен жолығуға құлқы болмайды. «Маған кезіктірмей-ақ көзін құртыңдар!» деп бұйырады. Қайтып келген екі жігіттің бірі ханның бөркін жұлып алыпты. Сонда Кенесары бөрікті алғаны – бас алғаны ғой деп, жарық жалғаннан күдерін үзіп, өлімге дайындала бастаған екен. Тек бір өсиеті – «Жанымды қинамай алыңдар!» депті. Оны қырғыздар қабыл алып, қылышпен шауыпты. Осы кезде бір ақсақал сөзге килігіп: – Кенесары сол кезде-ақ «Менің сүйегімді немерелерім іздеп келіп, алып кетеді» деген екен. Қандай көреген адам десеңші, – деді таңдайын қағып. – Е, айтпақшы, расында да солай деген екен, – дей келіп, Алпамыс ақсақал әкесінің сүйегін іздеп келіп, аруақтарға құран оқытып кеткен Сыздық сұлтан туралы да әңгімелеп берді. – Кенесарының сүйегі Ал малы деген сайға көмілген екен. Кейбіреулер Алшалы деген жылғаға қойылған екен дейді.
КӨКТАМЫР
Біз бұдан да басқа көптеген ақсақалдармен әңгімелесіп, өзімізше
сыр суыртпақтадық. Олардың барлығын бір мақалада қамтып шығу
мүмкін емес, әрине. Сондықтан біз өз тақырыбымызға қажетті жайт
тарды ғана шет-жағалап сөз етуге тырыстық.
* * *
Кенесары бабамыздың сүйегі жатыр деген жерлерді аралап көріп,
қайтуға бет алған кезде, аспанда қаракөк бұлттар пайда болып,
жаңбыр себелей бастады... Біз бұны жақсылыққа жорыдық.
2000 жыл
КӨКТАМЫР ХАННЫҢ БАСЫ ҚАЙДА? Әр сапардың өзіндік мақсат-мұраты болатыны белгілі. Біздің мақсатымыз еліміздің тәуелсіздігі үшін күресіп, жанын пида ет кен ұлы бабамыз Кенесары ханның бас сүйегін іздестіру еді. Жолға шығар алдында түрлі дайындық жұмыстарын жүргізуге тура келді. Көптеген тарихи деректер қолымызға түсті. Манаш Қозыбаев, Оразақ Смағұлов, Нұрсан Әлімбай, Кемел Ақышев, Карл Байпақов, Дүкенбай Досжанов сияқты зиялы қауым өкілдерімен ақылдасып-кеңестік. Бір білсе осы кісілер бір дерек білер деген үмітпен Шота Уәлиханов және Напуса Кенесариналармен де хабарласып, әңгімелестік. Бірақ бәрі де жалпылама бағыт-бағдар сілтеп, жанашырлық білдіріп, сапары мызға сәттілік тілегенімен, нақты ештеңе айта алмады. Жалпы, тарихи дерек көздеріне сүйенсек, бабамыздың басын алған қырғыз манаптары патша ағзамға жақсы атану үшін Батыс Сібір дің генерал-губернаторы болған П.Д. Горчаковқа апарып береді. Ол 1851 жылы Горчаковтың орнына Батыс Сібір генерал-губернаторы болып тағайындалған Г.Х. Гасфордтың қолына түседі. Аталмыш мырза оны Санкт-Петербургке, яғни патша ағзамның құзырына жөнелтеді: «...Бунтарская голова Кенесары Касымова находится у меня под железным замком, переданная князем Горчаковым, направ ляю к Вашему величеству...» – дейді Николай патшаға жазған қатынас қағазында Гасфорд мырза. Бас сүйектің бұдан кейінгі тағдыр-талайы туралы тарихи дерек тер жоқтың қасы. Ал аңыз-әңгімелерге бергісіз алыпқашпа сөздер жетерлік. Біреулер Санкт-Петербург қаласындағы Эрмитажда тұр ғанын көріпті-міс. Енді біреулер, қолдарымен апарып қойғандай, Антропология мұражайында сақтаулы тұр десті.
КӨКТАМЫР * * * Ресей мұрағаттары мен мұражайларында іздестіру-зерттеу жұ мыстарын жүйелі жүргізу үшін ең алдымен құзырлы мекемелерден рұқсат алу қажеттігі туындады. Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің арқасында Ресей Мәдениет министрлігінен рұқсат қағаз алуға қол жеткіздік. Оған қосымша еліміздің Мемлекеттік хатшысы экспедиция мүшелеріне мүмкіндік туғызуларын өтініп, Мәскеу және Санкт-Петербург қа лаларының әкімдері Ю.М. Лужков пен В.А. Яковлев мырзаларға ресми хат жазып берді. * * * Жолға шығардан бір күн бұрын осы сапардың ұйымдастыры луына ұйытқы болып, демеушілік жасап жүрген ұлтжанды азамат, Астана қаласы әкімінің орынбасары, Қазақстан Ұлттық ат спорты федерациясының президенті Қайрат Сатыбалдыұлы Назарбаев хан сүйегін іздестіру мақсатында құрылған экспедицияның алғашқы то бын Мәскеу және Санкт-Петербург қалаларына шығарып салу үшін Алматы қаласына арнайы келді. Алғашқы топтың мүшелері болып мұражай ісін жетік білетін зерттеуші-қаламгер Тұрсын Жұртбай және мұрағатпен жұмыс істей алатын тарихшы-ғалым, Е. Бекмахановтың «Қазақстан ХІХ ғасырдың 20-40-жылдарында» атты Кенесары хан туралы атақты монография сын қазақшаға тәржімелеген Шәріпбек Әмірбеков таңдап алынды. Оған бастамашы ретінде мен қосылдым. Қайрат Сатыбалдыұлы бізбен кең отырып әңгімелесті. Әр түрлі ойпікірлер ортаға салынды. – Сапарларыңыздың сәтті болуына тілектеспін! Тым болмаса бір дерек тауып келсеңіздер жақсы болар еді, – деді сөзінің соңында. – Сенсеңіз, аруақ разы болуы үшін қолымыздан келгеннің бәрін жасаймыз. Егер көңіліңізде титтей де болса күдік болатын болса, ашып айтыңыз. Өйткені біздің құр қол қайтуымыз да ғажап емес. Он дай жағдайда артымыздан түрлі сыпсың сөздердің өретінін де алдын ала ескертіп қояйын... – деді арамыздағы жасы үлкеніміз Тұрсын аға барлық жағдайды ашық айтып.
КӨКТАМЫР – Ештеңеге алаңдамаңыздар. Мен сіздерге сенемін. Сенгендік тен де жіберіп отырмын, – деді Қайрат Сатыбалдыұлы. – Жүріңіздер, ата-бабаларымыздың басына барып, құран оқиық. Біз Шамалғандағы Нұрсұлтан ағамыздың әкесі мен Қайрат ба уырымыздың әкесі жатқан жерге барып, құран оқыттық. Күмбез салдырып, жан-жағын қоршатып қойыпты. Одан кейін жыр дүлдүлі Сүйінбай бабамыздың басына бардық. Қайрат құран оқыды. – Аруақ разы болсын деп басын көтертіп жатырмын, – деді Қайрат сәлден соң жартылай соғылған күмбезге қарап тұрып. – Құдай қаласа, биыл бітіретін шығармыз... Енді Қарасай бабамыздың босағасына барып, ақсақалдардың батасын алып шығайық. Біз Қарасай батырдың оныншы ұрпағы болып саналатын Асқар Еспенбетұлы Тоқтамысовтың шаңырағына келдік. Қайрат алдын ала ескертіп қойған екен. Дастархан жайылып, тамақ асылып қо йылыпты. Ақсақалдар құран оқыды, соңынан баталарын берді. Қарасай батырдың көзі тірі кезіндегі алты қанат ақ ордасының босағасы осы үйде әлі сақтаулы көрінеді. Үй иесі Асқар Еспенбетұлы бізге төргі бөлмеде тұрған Қарасай батырдың босағасы мен кісесін көрсетті. Іштей дұға жасап, сыртқа шықтық. * * * Ертеңінде, яғни 10 маусым күні Мәскеу қаласына ұшып кеттік. Өзіміздің алдын ала келісіп алған жұмыс жоспарымызға сай12 мау сым – дүйсенбі күні Ресейдегі Қазақстан елшілігіне арнайы ат басын бұрдық. Елші Тайыр Мансұров мырза бізбен жұмыс істеуді елшілікте кеңесші болып қызмет атқаратын Ермек Алдановқа тапсырды. – Иә, біз бәрін біліп отырмыз. Қайрат Назарбаев өзі елшімен бір неше мәрте телефон арқылы сөйлесіп, бәрін ашып айтқан. Кеше ғана осы мәселемен Астана қаласы әкімшілігінің Мәскеу әкімшілігіндегі өкілі Юрий Яблонский мырза келіп кеткен. Сондықтан қолымыздан келгенше көмек көрсетуге дайынбыз. Тек бір нәрсені алдын ала ескертіп қояйын, Кенесары бабамыздың бас сүйегі туралы мәселені керек кезінде ғана қозғасаңыздар екен. Неге екенін өздеріңіз де түсініп отырған шығарсыздар, – деді Ермек Алданұлы.
КӨКТАМЫР Біз кеңесшіге қайда барып, қайда қоярымызды бастан-аяқ баяндап шықтық. * * * Ермек Алданұлының араласуымен Ресей Федерациясы Мәде ниет министрлігінің Мұражай бөлімінің бастығы Людмила Колес никовамен жақын танысып, тез тіл табысып кеттік. Ресей мен Қазақстан арасындағы рухани һәм мәдени байланыстар төңірегінде әңгіме қозғалды. Түрлі ой-жосықтар айтылды. Ресей мұрағаттары мен мұражайларындағы қазақ халқының тарихына қатысты материал дық әрі рухани қазыналар туралы да сыр суыртпақтап, тым болмаса солардың көшірмелері мен тізімдерін алу жағын да сұрастырдық. – Қазақстанмен рухани-мәдени байланыстарды жандандыра түсуге біз де мүдделіміз, – деп бастады сөзін Людмила Максимовна. – Өйткені мәдениетте шекара болмауға тиіс. Біз сіздерді түсінеміз. Ресей мұрағаттары мен мұражайларындағы қазақ халқының тари хына байланысты тарихи һәм мәдени қазыналардың толық тізімі мен көшірмелерін алуларыңызға болады, бірақ түпнұсқалар мен заттар туралы тіптен сөз болмауға тиіс. Мәселен, бізде тұрған сон дай қазыналарды түстеп-түгендеп, түрлі альбомдар, кітапшалар, кітаптар шығаруға болады. Сондықтан зерттеушілерге ешқандай тосқауыл қоймаймыз, қайта қолымыздан келген көмегімізді жасау ға қашанда дайынбыз. Мәскеу мен Санкт-Петербургтегі баратын мекемелеріңіздің тізімін жасап беріңіздер, біз олардың басшыла рына телефон арқылы хабарласып, сіздердің еркін кіріп, зерттеу жұмыстарын жүргізулеріңізге жағдай жасап, мүмкіндік туғызуларын өтініп, алдын ала ескертіп қоямыз. Менің ойымша, рухани-мәдени байланыстардың жандануына олар да қарсы бола қоймас. Біз алдын ала жасап алған тізімді ол кісінің қолына ұстаттық. – Мен қосымша біздің министрліктің атынан барлық мәдени мекемелердің атына ресми хат жаздырып беремін, – деді Людми ла Максимовна. – Егер жұмыстарыңызға байланысты қандай да бір проблема туындап жатса, емін-еркін менің өзіме келіп немесе теле фон арқылы айтып, хабарласуларыңызға болады. Тиісінше шара
КӨКТАМЫР
қолданып, сапарларыңыздың нәтижелі болуына барлық жағдайды
жасауға тырысамыз.
Людмила Максимовна айтқан уәдесінде тұрды. Ресей Федерация
сы Мәдениет министрінің бірінші орынбасары Н.Л. Дементьеваның
атынан мұрағаттар мен мұрайжалардың директорларына мына
тәріздес ресми хаттар жаздырып берді:
«Ностоящим Министерство культуры Росийской Федерации про
сит оказать содействие представителям Министерство культуры
республики Казахстан Т. Журтбаеву, Ш. Амирбекову, Д. Рамазанову,
в организационно-методической работе и ознакомлении с фондами
вашего музея, связанными с историей и культурей казахского наро
да».
* * * Келесі күні Мәскеу қаласындағы Қазіргі тарих мұражайы мен Мемлекеттік тарих мұражайына жолымыз түсті. Қазіргі тарих мұра жайының директоры Тамара Шумная күтіп отыр екен. Емен-жарқын қабылдай қоймаса да, ешқандай артық мінез көрсете қойған жоқ. Біз орындыққа отырмай жатып: – Бірден айтып қояйын, біздің мұражайда қазақ халқына байла нысты тарихи құжаттар мен материалдық бұйымдар бар. Оларды өздеріңіз де көресіздер. Не бар, бәрін көрсетеміз. Танысасыздар, та ныстырамыз. Бірақ сынық ине бермейміз. Соны алдын ала ескертіп қояйын. Ал рухани байланыстарға жол ашық. Мәселен, жақында ғана грузиндердің көрмесін өткіздік. Сондай мәдени қарым-қатынастар жасауға, түрлі келісімшарттарға отыруға, біріккен конференция лар өткізуге, альбомдар мен кітаптар шығаруға болады. Ол жағынан ешқандай проблеманы көріп тұрған жоқпыз, – деді Тамара Григо рьевна ойындағысын ашық айтып. – Бізге бұрынғы он бес одақтас республикалардан өкілдер жиі келеді. Бәрі біздің қорда бар өздерінің тарихына қатысты тарихи құжаттар мен заттардың түпнұсқала рын беруді талап етеді. – Сіздердің қорларыңызда сақтаулы тұрғанымен, олар біздің ата-бабаларымыз тұтынған заттар ғой. Сатып алуға да болмай ма? – дедік біз сыр суыртпақтап.
КӨКТАМЫР
– Олар сіздердің ата-бабаларыңыздың тұтынған заттары бол
ғанымен, жаңадан қабылданған заң бойынша Ресей Федерация
сының ұлттық байлығы болып есептеледі. Сондықтан ештеңе де
берілмейді, ештеңе де сатылмайды.
Біз бұдан кейін Мемлекеттік тарих мұражайына бас сұқтық. Мұ
ражай басшыларының айтуы бойынша, оның қорында жеті мил
лионнан астам қазына-мүлік бар екен. Мұнда 1984 жылдан бері
жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан көрінеді.
Біз бұнда да халқымыздың өткеніне байланысты көптеген құн
дылықтарды көзіміз шалды. Соның ішінде бізге ерекше әсер еткені
әрі көзімізге ыстық басылғаны – мұражайдың көрме залында тұрған
Күн кұдайының тасқа қашалған бейне-мүсіні. Қазақ жерінен табыл
ған бұдан да басқа жәдігерліктер жетерлік. Ойыма атақты ақын
Мағжан Жұмабаевтың:
Ерте күнде отты Күннен Гун туған,
Отты Гуннен от боп ойнап мен туғам.
Жүзімді де, қысық қара көзімді,
Туа сала жалынменен мен жуғам.
Қайғыланба, соқыр сорлы, шекпе зар,
Мен – Күн ұлы, көзімде Күн нұры бар.
Мен келемін, мен келемін, мен келем,
Күннен туған, Гуннен туған пайғамбар! –
деген өлең жолдары оралды. Тасқа қашалып бейнеленген Күн құ
дайының жанында тұрып суретке түстік.
* * *
Мәскеу қаласына келе салысымен бізге бағыт-бағдар сілтеп,
жөн көрсетер-ау деген екі ағайынымызды тауып алуға тиісті едік.
Оның бірі антрополог Ноэл Шаяхметов те, екіншісі әйгілі тарих
шы Ермұхан Бекмахановтың қызы Нәйлә Бекмаханова болатын.
Сұрастыра жүріп Шаяхметовтің ғылымды тастап, халық емшісі бо
КӨКТАМЫР лып кеткенін білдік. Ал профессор Нәйлә Ермұханқызы Ресей Ұлттық Ғылым академиясының Ресей тарихы институтында жетекші ғылы ми қызметкер болып қызмет істейді екен. Алдымен үйіне телефон соғып, келген шаруамызды жасырмай, ашық айттық. – Біріншіден, аруақ үшін, екіншіден, әкем үшін қолымнан келген көмегімді аямаймын. Оған сеніңіздер. Телефонмен көп ештеңе айта алмаспыз, ертең қызмет орныма келіңіздер, кең отырып әңгіме лесейік, – деді Нәйлә Ермұханқызы ағынан жарылып. Ертеңінде белгіленген уақытта Ресей тарихы институтына ба рып, Нәйлә Бекмахановамен кездестік. Келген шаруамызды ден қоя тыңдап алған соң, Ермұхан ағаның Кенесары туралы қазақшаға аударылған кітабын қолына алып, алғашқы бетіндегі әкесінің суре тін көріп, көңілі босады, көзіне жас алды. – Кенесары хан туралы бір кісідей білгеніммен, оның бас сүйегі туралы нақты ештеңе айта алмаймын. Сіздердің айтуларыңыз бо йынша, егер ол шынымен патшаға, Санкт-Петербургке жіберілген болса, Эрмитажда немесе Кунсткамерада болуы мүмкін. – Кешіріңіз, апай, сөзіңізді бөлейін, бір кездері ханның басы Эрмитаждың көрме залында тұрған деседі. – Мен оған сене қоймаймын. Ол біреулердің өздерінше тон пішіп, ойдан шығарған қаңқу сөздері ғой. Әйтпесе, бір елдің көсемінің бас сүйегін мұражайға қойып қою нағыз мәдениетсіздіктің, тіпті тағылықтың белгісі емес пе! Ал Ресей зиялылары оған бара қоймас деп ойлаймын. – Тіпті жиырмасыншы ғасырдың жетпісінші жылдары көрген адамдар бар екен. Мен ол кісілердің өз аузынан естідім. – Өз басым бұл сөзге де сене қоймаймын. Жетпісінші жылдардың аяғында көрсе, етегімізді жауып, есімізді жиғаннан бері Мәскеу қаласында тұрып келе жатқан біз де көретін едік қой. Тым болмаса естіп-білетін едік қой. Екіншіден, жетпісінші жылдардың аяғында Эрмитажда тұрса, сексенінші жылдардың аяғында ұшты-күйлі, із-түз сіз жоғалып кетуі мүмкін емес сияқты. Өйткені, мен білемін, сексе- нінші жылдардың аяғында да іздестіру жұмыстары жүргізілген. Өкінішке орай, ешқандай нәтиже шықпаған еді. Егер жетпісінші
КӨКТАМЫР жылдары көрмеде тұрса, бір ізі болар еді ғой. Бірақ бұл Эрмитажда жоқ деген сөз емес. Бұл – қасиетті нәрсе, сондықтан іздестіруді жалғастыра беру керек. Тек бір айтарым, ол бас сүйек ретінде ғана емес, бұйым ретінде де бір жерде тіркеліп жүруі мүмкін. Мәселен, күлсалғыш немесе ыдыс-аяқ түрінде де болуы ғажап емес. Осы жағын да естен шығармаңыздар. Әйтеуір Эрмитажды мұқият қараңыздар. Әкемнің архивінің бәрі менің қолымда. Бір қарап шығайын. Бірдеңе тапсам, қосымша хабарлармын. Ал Санкт-Петербургтегі Эрмитаждың директоры Пиотровскийді, әлемге әйгілі ғалым Сер гей Кляшторныйды, белгілі тарихшы Виктор Паняхты өте жақсы танимын. Қарым-қатынасымыз да жаман емес. Өте зиялы адамдар. Осы кісілерге хат жазып беремін. Көмектеседі деп ойлаймын. Оларға ашық айтыңыздар, түсінеді. Тағы бір айтарым, архивпен жұмыс істеңіздер. Ол үшін, әрине, уақыт керек. Бұл жеңіл-желпі іс емес, күрделі шаруа. Сондықтан бір музейдің немесе бір архивтің айналасында тұйықталып қалмай, жан-жақты іздестірулеріңіз керек. Мәселен, біздің Ғылым академиясының да Антропология және этно логия институты бар. Соған да кіріп шығуларыңыз керек. Кейде адам ойламаған жерден табыла кетуі де ғажап емес. Оны істің сәті біледі. Нәйлә апай бізге бұдан да басқа көптеген ақыл-кеңестер айтып, алдағы жұмысымызға бағыт-бағдар сілтеді. * * * Сонымен қатар Мәскеу қаласындағы Антропология және этноло гия институтымен хабарластық. Антропология бөлімінің меңгеруші сі Маргарита Михайловна Герасимова екен. Жөн-жоба сұрасқаннан кейін: – Сіз атақты антрополог Михайл Герасимовтың қызы емессіз бе? – деп сұрадық. – Иә, дәл таптыңыздар! – Жүзінде күлкі ойнады. – Біз Қазақстаннан келген зерттеушілер едік. – Өте жақсы. – Сіздерде қазақтардың бас сүйектері бар ма? – Тек қорғаннан табылған бастар бар.
КӨКТАМЫР – ХІХ ғасырдың қырқыншы жылдарының соңында басы кесілген қазақ ханы Кенесары Қасымовтың бас сүйегі жоқ па? – Егер маған сенсеңіздер, бізде ондай тұлғаның бас сүйегі жоқ. Біздің институт 1950 жылы құрылған. Сондықтан одан бұрынғы есімдері белгілі тұлғалардың бас сүйектері жоқ. Егер болса мен білетін едім. Өйткені біздегі бас сүйектердің бәрі маған жақсы таныс. Біз саясаткер емеспіз, ал таза ғалымдардың бұндай мәселеде өтірік айт пайтынына сене беріңіздер. Бір кеңес берейін. Мәскеу мемлекеттік университетінің антропология институты мен мұражайы бар. Соған барып көріңіздер. Ол ерте құрылған. Онда он бес мың бас бар. Қайдан білесіздер, мүмкін, содан табылып қалар... * * * Сұрастыра жүріп Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің антропология институты мен мұражайын тауып алдық. Аталмыш зерттеу орталығы директорының орынбасары, био логия ғылымының докторы, антрополог Арсен Пурунджан жылы жүзбен қарсы алды: – Бізде он бес мың бас сүйек бар екені рас. Соның бес жүздейі Қазақстан территориясынан қазып алынған бас сүйектер. Сіздер айтып отырған ханның басы жоқ. Дегенмен, өздеріңіз де қарап кө ріңіздер. Көңілдеріңізде күдік қалмасын. Бізде сақтаулы тұрған он бес мың бас сүйектің барлығының тізімі бар. Каталогтан мұқият қарап шығыңыздар. Сіздерге біздің институт пен мұражайдың аға ғылыми қызметкері, бас сүйектің маманы Валерий Анатольевич көмектеседі. Біз Валерий Анатольевичтің жәрдемі арқасында аталмыш зерттеу орталығында үш күн отырып, ондағы бүкіл бастың тізімін асықпай қарап шықтық. Пурунджан мырза айтқандай, қазақ жерінен қазылып алынған бас сүйектер біршама болғанымен, біз іздеген жоғымыз ды таба алмадық. * * * Ендігі үмітіміз Санкт-Петербург қаласындағы Эрмитаж бен Ан тропология және этнография (Кунсткамера) мұражайында бола
КӨКТАМЫР тын. Сондықтан енді Мәскеу шаһарында көп аялдаудың қажеттігі жоқтығын ескеріп, Санкт-Петербург қаласына жүріп кеттік. Біз Санкт-Петербург қаласына келгенде күн кешкіріп қалған мезгіл болатын. Бірақ айнала жап-жарық. Сөйтсек, «ақ түннің» нағыз бас талған шағы екен. Табиғат-ананың таңдайыңды қақтырар құпия сырлары көп қой, Санкт-Петербург қаласында жаз айларында түн болмайды. Күндізгі дей жап-жарық болады да тұрады. Біріншіден, атақты Петр салдырған тарихи қаланы, екіншіден, осынау «ақ түнді» тамашалау үшін осы мезгілде алыс-жақын шетелдерден туристер қаптап кетеді екен. Біздің де сапарымыз осыған тұспа-тұс келіп, түстенетін орын таппай, әбден қиналдық. Талай қонақ үйдің есігін қағып, табалдырығын аттадық. «Қыркүйекке дейін орын жоқ!» – дейді қарауылдары кеудеңнен итеріп. Әрине, күніне әр адамға 100-ден 500 долларға дейін төлейтін қымбат қонақ үйлер баршылық. Бірақ оны біздің қалтамыздың көтермейтіні белгілі. Содан, не керек, әрең дегенде Санкт-Петербург қаласынан 20-25 шақырым жердегі Пушкин елді мекенінен әрі ар зандау, әрі қолайлы қонақ үй тауып, сонда орналастық. * * * 18 маусым, жексенбі күні болатын. Ескі қонақ үйдің еңсесі түсіңкі, ауасы тарлау болғандықтан, ертеңгі жұмысымызды неден бастары мызды пысықтап алу үшін әрі таза ауада тыныстап қайту үшін сырт қа шықтық. Тұрсын аға алда, Шәріпбек екеуміз артта, біраз уақыт ой қармасып, үн-түнсіз жүріп қалдық. Бұл елді мекеннің ресми аты «Пушкин» болғанымен, бейресми ата уы «Патшалар ауылы» екен. Өйткені Петрдің әйелі Екатерина ханым нан бастап, Ресейдің соңғы патшасы ІІ Николайға дейін осы ауылдағы сарайларда тұрыпты. Николайды 1917 жылғы жаз айында осы жерде тұтқындап, Омбы қаласына апарған көрінеді. – Большевиктер бала-шағасымен атып тастаған ІІ Николайдың сүйегі осыдан екі-үш жыл бұрын ғана табылған жоқ па? – деді Шәріпбек.
КӨКТАМЫР – Оны орыстардың өздері сарыла іздеп әрең тапты ғой, – деді Тұрсын аға сөзге араласып. – Біз жеңіл жүк арқалап келген жоқпыз. Сондықтан жүйелі әрі жоспармен жұмыс істеуіміз қажет. Егер мүмкіндік болса, әр сағатымызға, әр күнімізге міндетті түрде есеп беріп отыруымыз керек. Онсыз ешқандай нәтиже шығара алмаймыз. Қайда барып, не істейтінімізді алдын ала ақылдасып отырамыз. – Біз бұндағы жұмысымызды Антропология және этнография мұражайынан бастасақ қайтеді? Оның директоры Чунер Таксами Оразақ Смағұловпен бірге оқыған екен. Хат жаздырып алып едім. Тым болмаса ақыл-кеңес берер, – дедім мен. – Манаш аға да «Бір білсе сол кісі білер» деп ескертіп еді. – Дұрыс айтасың, – деді Тұрсын аға. – Ертеңгі жұмысымызды содан бастайық. Ол да біз сияқты аз ұлттың өкілі ғой. Ашық әңгімелесуге болады. Көше бойлап жүріп келеміз. Александр саябағына кіре бере Тұрсын аға: – Мынау – әлем ақыл-ойының алыбы Пушкин оқыған лицей, – деді еңселі ақсары ғимаратты көрсетіп. – Осы жерде, анау Екатерина алаңында Александр Сергейұлы талай жүрді ғой... Бәріміз бір сәт ой құшағына сүңгіп кеттік... * * * Ертеңінде ерте тұрып, Ұлы Петр атындағы Антропология және этнография мұражайына (Кунсткамера) бардық. Директоры Чунер Михаилұлы Таксами иманжүзді адам екен. Жылы қабылдап, ашықжарқын сөйлесті. – Мен сіздердің неге келгендеріңізді алдын ала біліп отырмын, – деді кірген бетте. Біз сыр алдырмауға тырысып, әңгімені әріден бастадық. Түрлі мәдени-рухани байланыстар тілге тиек етілді. Әңгіме үстіндегі бір орайлы сәтті пайдаланып, Оразақ ағаның хатын қолына ұстата қойдым: – Оразақ аға сәлем айтты. Курстас дос екенсіздер ғой.
КӨКТАМЫР – Сәлемет болсын! – Ол кісі хатты асықпай оқып шықты. – Айттым ғой, іздеп келгендеріңіз белгілі болды. Ашық айта беріңіздер! – Кенесары ханның бас сүйегін іздеп жүрміз, ағасы! – Білем. Бұл жөнінде маған Манаш Қозыбаев талай мәрте телефон соғып, тауып беруімізді өтінген. Біз іздеттіргенбіз. Бірақ таба алма дық. Омбы губернаторы ол бастан күлсалғыш жасатқан дейді ғой. – Иә, ондай да сөз бар. – Эрмитажда болған деседі. Бірақ оған күмәнім бар. Өйткені бізге түскен әр сіріңке түгіл, әр ши жоғалмайды. Дегенмен, тағы да іздеттіріп көрейік. Іздеңіздер. Мен тұрғанда біздің мұражайдың қандай есігі де айқара ашық болады. Бәріне өзім ескертіп қоямын. Менің ұлтым – нивх, яғни аз ұлттанмын. Ойласам жүрегім ауырады... – Ол кісі біраз мұңайып отырып қалды. – Бізде антропология бөлімі бар, алдымен менің атымнан соған барыңыздар. Өзім де ескертіп қоямын. Онда алпыс мыңнан аса бас сүйек бар. Бірақ ондағы қызметкерлер бүгін жоқ, ертең болады. Міндетті түрде айтып қоямын. Алаңсыз бара беріңіздер! * * * Біз ол күнгі уақытты бос өткізбес үшін Ресей Ғылым академиясы ның Шығыстану институтына барып, әйгілі түркітанушы Сергей Кляшторныйға жолығып, Нәйлә апамыздың хатын табыс еттік. Зия лы адам екені сөйлеген сөзінен-ақ сезіліп тұр. Жатсынып, жатырқа ған жоқ. Көптен таныс адамдардай әңгімеміз тез жарасып кетті. – Халқымыздың тарихына қатысты мұрағаттарды көзімізбен көріп, түстеп-түгендеп қайту үшін келдік, – дедік әріден сөз қозғап. – Иә, бұнда қазақ халқының тарихы мен тұрмыс-тіршілігіне байла нысты жазба жәдігерліктер мен зат-бұйымдар өте көп. Оларды түстептүгендеуге ұмтылғандарың орынды. Мен мұндай игі қадамдарды әрқашан қолдап-қуаттап отырамын. – Қандай ақыл-кеңес берер едіңіз? – Біріншіден, Эрмитажды жақсылап қарап шығуларыңыз ке рек. Екіншіден, бұрынғы КСРО халықтарына арналған Этнография мұражайына, үшіншіден, Орталық тарихи архивке, төртіншіден,
КӨКТАМЫР Пушкин үйіне, бесіншіден, География қоғамының архиві мен кі тапханасына кіріп шықсаңыздар, көп нәрсені көресіздер. – Хандардың патшаға сыйлаған заттары қайда екенін білесіз бе? – Олардың барлығы Эрмитажда. Бірақ көрмеге қойылмаған. Оның бәрін Эрмитаждың Шығыс бөлімінен сұрап білуге болады. – Сіз қазақ ханы Кенесары Қасымовтың бас сүйегі туралы білесіз бе? – Жоқ. Оны Нәйлә Бекмаханова жақсы білуге тиіс қой! Жалпы бас сүйектердің бәрі Антропология және этнография мұражайында ғой. Оның антропология бөлімін Гохман басқарады. Екеуміздің қа рым-қатынасымыз жақсы. – Біз ертең сол кісіге жолығайық деп отырмыз. – Онда мен бүгін ескертіп қоямын. Ол кісі – өте зиялы адам. Саясатмаясатыңа қарамайды. Ешкімнен, ештеңеден қорықпайды. Дәл қазір Ресейдің нөмірі бірінші антропологі сол. Ол ешқашан өтірік айтпай ды. «Бар» десе – бар, «жоқ» десе – шынымен жоқ. * * * Біз ертеңінде Антропология және этнография мұражайының антропология бөліміне барып, меңгерушісі Илья Осипович Гохман мен ашық сөйлестік. – Кеше Чунер Михаилович пен Сергей Григорьевич екеуі хабар ласып, сіздерге жәрдем беруімді өтініп еді. Мен бұл екеуінің сөзін жерге тастай алмаймын. Бірақ жоқ нәрсені бар деп тағы айта алмай мын. Кенесары ханның бас сүйегін осыдан он шақты жыл бұрын Қазақстан Орталық Комитетінің тапсырмасымен сарсыла іздегенім бар. Өзімізді де, Эрмитажды да түк қалдырмай сүзіп шыққанмын. Бірақ, өкінішке орай, таба алмадық. Маған сенсеңіздер, Кенесары ханның бас сүйегі Эрмитажда немесе біздің қорда жоқ. – Сіздерде Кейкі батырдың бас сүйегі бар дейді ғой? – Иә, Кейкі батырдікі бар. Оның барлық құжаттарын сіздерге біздің бөлімнің жетекші маманы Юрий Кириллович көрсетеді. Егер уақыттарыңыз болса, Қазақстанға байланысты каталогтың бәрін қарап шығуларыңызға болады. 11-0113
КӨКТАМЫР – Қырғыздарды да қарап шығуға болатын шығар? Бір кездері бізді қырғыз деп те атаған ғой. – Әлбетте, көңілдеріңіз әбден сенгенше қараңыздар. Ешқандай қарсылық жоқ. Біз тарих ғылымының докторы, антрополог Юрий Чистовтың кө мегінің арқасында Антропология мұражайындағы 60 мың бастың тізімін қарап шықтық. Кейкі батырдың бас сүйегіне байланысты құжаттарды тауып алдық. Атамыздың бас сүйегінің нөмірі 3383 екен: «3383. Череп знаменитого бандита казаха Кейки, уроженца Кайдауль ской вол., Тургайского у., казненного в Советский период. От Д.Д. Бу кинича в дар в 1926 г. Документы: Записка Собирателя. 3/ХІ-33» деп жазылған негізгі құжатта. Ал екінші бір жазбада: «Инв. №3383. 45 лет. Череп знаменитого киргизского бандита Кейки Тургайского уезда, Кайдаульской волости, свирепствовавшего в Степи в 22 и 23 году. На водил ужас своими зверствами на местные населения и на переселен цев двигавшихся из Ак-Тюбинска на Атбасар. Был очень набожен и всегда в малитвах раскаивался в приступлениях. Его бандиты участвовал и в отрядах красных и в отрядах белых. Участвовал в осаде киргизами города Тургая, в 1916 году. Он почита ется киргизами за свою храбрость и считается «батырем» не смотря на свой невзрачный вид (низкого роста, худощавый). Был неоднократно арестован, но всякий раз бежал. При поимке голову отрубили китменем и доставили в г. Тургай где она была вы вешена на площади. Д. Букинич» деп көрсетілген. Алпыс мың бас сүйектің ішінде қазақ жерінен қазып алынғандар да жетерлік. Батыс Сібір генерал-губернаторы болған Гасфордтың аты нан да көптеген бас сүйектер жіберілген екен. Мәселен, бір құжатта: «5281. Черепа казахов из погребений в Кокчетавском и Каркаралин ском округах, доставленные в Анатомический музей АН по распоря жению генерал-губернатора Западной Сибири, генерала от инфанте рии Гасфордта в 1859-61 гг. Дар. Документы: 1) Копия отношения и.д. военного губернатора обла сти Сибирских киргизов от 27.ІХ.1859 г. за №1787;
КӨКТАМЫР 2) Копия отношения и.д. военного губернатора области Сибир ских киргизов от 6.ХІ. 1859 г. за №2041; 3) Выписка из статьи Бэра...» деген ақпарлар бар. Бұған қоса көпте ген дәйектемелер кездеседі. Бір өкініштісі, Кенесары бабамыздың бас сүйегі туралы ешқандай дерек таба алмадық. * * * Антропология және этнография мұражайының Орта Азия және Қазақстан бөлімі бар екен. Чунер Таксами мырзаның ерекше қам қорлығы арқасында осы бөлімнің ғылыми қызметкерлерімен жақын танысып, жүйелі іздестіру жұмыстарын жүргіздік. – Кеше мені Чунер Михаилович шақырып алып, сіздерге көмек тесуімді өтінген еді, – деді осы бөлімнің белді қызметкері, ғалым Ва лерия Прищепова. – Жалпы біздің Орта Азия және Қазақстан бөлімінде қазақ, өзбек, тәжік, түрікмен, қырғыз, қарақалпақ ха лықтарының мәдениеті мен тұрмыс-тіршілігіне байланысты он мыңнан аса құндылықтар бар. Өздеріңіздің де танысуларыңызға бо лады. Жалпы Антропология және этнография мұражайының Орта Азия және Қазақстан бөлімі бойынша жинақталған құнды қазынабайлықтар XVІІІ ғасырдың басынан бастап түсе бастаған екен. Ал 1896 жылы император ІІ Николай Романовтан осы бөлімге қазақтар сыйлаған қару-жарақтар мен тұрмыстық заттар көптеп тапсыры лыпты. 1881 жылы Шоқанның әкесі Шыңғыс Уәлихановтан да көптеген зат-бұйымдар түскен екен. Соның ішінде бізге ерекше ыстық кө рінгені – сыртына «Пшак принадлежал полковнику Чингизу Валиха нову из Кокчетавского уезда Акмолинской области» деп өрнектеліп жазылған тері сапты пышақ. Бағасы 5 сом деп көрсетілген (Ол кездегі 5 сом жақсы аттың құны болған). Қазақ сұлтандарынан түскен бұн дай бағалы заттар мұражай қорында баршылық екен. Тағы бір ерекше атап өтер жайт, қазақтардың тұрмыс-тіршілігіне байланысты фотоальбомдар шығарылған екен. Ұзақ жылдар бойы Антропология және этнография мұражайында қызмет істеген фото
КӨКТАМЫР граф Самуила Дудин бірнеше мәрте қазақ жерін аралап, Ресей Ұлттық Ғылым академиясының арнайы тапсырмасымен халқымыздың мә дениеті мен тұрмыс-тіршілігіне қатысты мыңға тарта фотосурет түсіріп қайтыпты. Кейіннен олар фотоальбом болып шығарылыпты да. Егер осы фотоальбомдар Қазақстанда қайтадан басып шығарыл са, бірсыпыра олқылықтардың орнын толтырар еді-ау!.. С.М. Дудиннің фотоальбомдарының ішінде Шормановтар отба сы ерекше орын алыпты. Содан да болар, Мұса Шорманов Дудинге қолдан жасалған шиті мылтық пен адалбақан сыйға тартыпты. Бұл сыйлықтар да осы мұражайда сақтаулы тұр. Дудин мырза қазақтарды суретке түсірумен шектелмей, халқымыздың тұрмысына қатысты көптеген дүние-мүліктерді өзімен бірге ала кетіпті. Мұражай қорында сақтаулы тұрған сұлтан Мұхамед Құдаймен диннің екі ішекті домбырасын көргенде қуанып қалсақ та, артынан кеудемізді қыжыл кернеді. 1908-1910 жылдары Семейге барған сапарында К. Щенников дейтін оқымысты халқымыздың мәдениеті мен тұрмыс-тіршілігі не қатысты үш жүзден аса дүние-мүлікті қанжығасына басып кетіп, осы мұражайға тапсырыпты. Сонымен бірге фотолар мен көркем суреттерді де ала кетіпті. Біз жақында ғана «Түркістан» газетінің араласуымен Қазақстанға алдырылған «Түркістан» альбомының бір данасын да осы мұражай дан көрдік. ІІ Николайға сыйға берілген қазақ айбалтасы мен пышақ тар да осында тұр. Қазақтың ұлттық киім-кешектері де жетерлік. Кейкі атамыздың басын алтын тапқандай осында алып келген Букинич дейтін сумақай да халқымыздың талай-талай қастерлі дүниелерін әкесінен қалған мұрадай арқалап кетіпті. Кейкі атамыздың аруағы ұрды ма екен, ердің жасы елуден аса бере аузына қан құйылыпты байғұстың. * * * Біз Кенесары бабамызға қатысты бір дерек табылып қалар ма де ген оймен Антропология және этнография мұражайының жеке мұрағатына да кіріп шықтық. Бірақ одан Мұхтар Әуезовтің «Манас»
КӨКТАМЫР
жыры туралы жазылған мақаласының қолжазбасынан басқа ештеңе
таба алмадық.
* * * Антропология және этнография мұражайының, Петр Кунстка мерасының құрамындағы М. Ломоносов атындағы мұражайды да қарап шықтық. Халқымыздың тұрмыс-тіршілігіне қатысты затбұйымдар бұнда да тұр. Біздің бір шұқшия қарағанымыз сөрелерде тізбектеліп тұрған бас сүйектер болды. Бірақ, қызметкерлердің айтуы бойынша, бұнда аты-жөндері белгілі адамдардың бас сүйектері жоқ екен. Барлығы да өте ерте замандарда өмір сүрген адамдардың (мо лалардан қазып алынған) бас сүйектері көрінеді. Олардың жоғарғы жағында ілулі тұрған бір жапырақ қағазға «Русский антрополог с 1842 по 1867 г. академик К. Бэр возглавял анатомический каби нет Российской Академии наук. Бэр собрал и изучал храниологи ческую («череп») коллекцию (около 300 черепов) из разных областей Россий и некоторых других регионов земли» деп әдемі әріптермен жазып қойыпты. «Бэр мырза жинаған бас сүйектердің тізімін де қарап шығу керек екен ғой» деген ой түйдім. * * * Ресей Ғылым академиясының Санкт-Петербургтегі мұрағаты мен кітапханасына да кіріп шығу керек болды. Өйткені Батыс Сібір гене рал-губернаторы болған Гасфорд молалардан арнайы қазып алынған бас сүйектердің барлығын Ғылым академиясының атына жіберіп отырыпты. Бас сүйектермен бірге жіберген қатынас қағаздарының бәрі де «В Санкт-Петербургскую Императорскую Академию Наукь...» деп басталады. Мүмкін, Кенесары бабамыздың бас сүйегін де Ғылым академиясының атына жіберген шығар деген ой келді. Егер біз ойлағандай болса, академия мұрағатынан бір деректің табылып қалуы мүмкін ғой. Бізді академияның мұрағатына Антропология және этнография мұражайының жетекші ғылыми қызметкері Валерия Прищепова
КӨКТАМЫР бастап барды. Өкінішке орай, есігі жабық тұр. Сұрастыра келе акаде мия мұрағатының қыркүйек айына дейін жұмыс істемейтінін білдік. Қаржы тапшылығына байланысты қызметкерлерінің бәрі демалысқа жіберіліпті. – Біздің ғылыми мекемелердің жағдайы осындай, – деді Вале рия Александровна өкініш білдіріп. – Жүріңіздер, академияның кітапханасына барып көрейік. Біз академия кітапханасында академия мұрағатының директо ры Владимир Соболевті кезіктірдік. Валерия Александровна біздің академия мұрағатында отырып жұмыс істегіміз келетінін ескертіп, көмектесуін өтінді. Бірақ Владимир Семенович оған ешқандай мүмкіндік жоқтығын көлденең тартып, азар да безер болды: – Қазір архивте бірде-бір қызметкер жоқ. Бәрі демалыста. Олар ды шақыртып алғанымыз үшін ақша төлеуіміз керек. Ал архивте бір қызметкермен жұмыс бітпейтінін білесіздер. Сондықтан қыркүйек ке дейін ешқандай мүмкіндік жоқ. Қыркүйек айында келіңіздер, көмектесеміз! * * * Ендігі үмітіміз Мемлекеттік Эрмитажда болатын. Мұражай дирек торы Пиотровский мырза бізбен жұмыс істеуді орынбасары Георгий Вилинбаховқа тапсырды. Аталмыш мырза бізге онша іш тарта қой ған жоқ, суық қабылдады: – Біздің Эрмитаж – әлемдегі ең үлкен мұражайлардың бірі. Іргета сы 1764 жылы қаланған. Бүгінгі күні Эрмитажда үш миллионнан астам экспонат сақтаулы тұр. – Үзіліп қалған мәдени-рухани байланыстарды жандандырсақ деген ойымыз бар. – Ешқандай қарсылық жоқ. Біз бірте-бірте нақты шаруамызға көше бастадық: – Хандар мен сұлтандардың патшаларға сыйлаған заттарын көруге бола ма? – Нақтылыққа көшейік. Мәселен, қандай заттар қызықтырады? – ХІХ ғасырдың 40-50-жылдары қазақ жерінен келіп түскен зат тардың тізімін қарап шықсақ деп едік. Каталогтарыңыз бар шығар?
КӨКТАМЫР
– Қолдарыңызда сол заттардың Эрмитажға келіп түскенін
дәлелдейтін құжаттар бар ма? Әйтпесе, бізде не көп, патшаларға
сыйланған заттар көп. Олардың бәрін көрсетіп шығу мүмкін емес.
Өте көп...
Біз оған ашылып ештеңе айта алмадық. Әңгімеміз осы тектес
сұрақ-жауаптармен ғана шектелді. Маңдайымыз тасқа соғылғандай
күй кешіп, Вилинбаховтың кабинетінен іннен шыққан тышқандай
сүмірейіп-сүмпиіп шықтық. «Қатырдым ба, бәлем!» дегендей, езуін
ыржитып ол қалды.
– Шынында да талайды көрген әккі екен. Қалай қусақ та ұстатпады
ғой, – дедім мен Тұрсын аға мен Шәріпбектің көңілдерін ауламақ
болып.
Бірақ екеуі де ләм-мим деп тіл қата қоймады. Бастары салбырап,
өз ойларымен әлек боп бара жатты. Менің де шақшадай басымды ша
радай етіп түрлі ойлар қаумалады.
* * *
Біз енді Эрмитажға қалай кірудің жолдарын ойластырдық.
Ақылдаса келе ең алдымен Ресей Ғылым академиясы Ресей тарихы
институтының Санкт-Петербургтегі бөлімшесіне барып, атақты та
рихшы ғалым Виктор Панеяхпен кездесіп, Нәйлә Бекмаханованың
хатын табыс еттік. Ақыл-кеңес сұрадық.
– Мен Ермұхан Бекмахановпен дос болған едім. Талантты ғалым
еді. Әттең, Құдай берген дарынын толық аша алмай, қуғын-сүргін
нің құрбаны болып кетті ғой. Нәйлә біздің қызымыз сияқты еді.
Әкесінің жолын қуып, ғылымда да жақсы жетістіктерге жетті. Көз
алдымызда өсіп-жетілді, – деді Виктор Моисейұлы өткеннен аз-кем
әңгіме қозғап.
Біз бұл кісіге картамызды ашуға тура келді.
– Бұны бір білсе Ермұхан білер еді. Мен ештеңе білмеймін. Деген
мен, осында Артиллерия мұражайы бар. Соған барып көріңіздерші.
Ал Эрмитажға кірудің жолын айтайын. Эрмитаждың сіздерге керекті
Шығыс бөлімінің меңгерушісі – Иванов Кляшторныйдың жан досы.
Аралас-құраластықтары да жақсы. Мен анық білемін, бірінің сөзін
бірі өмірі жерге тастамайды. Екеуі сондай сыйлас адамдар.
КӨКТАМЫР * * * «Жазған құлда шаршау жоқ». Салып ұрып Шығыстану институ тына қайтадан келдік. Сергей Григорийұлы ескі танысындай жылы жүзбен қарсы алды. Сыралғы адамдардай еркін әңгімелестік. – Эрмитаждың Шығыс бөлімінің меңгерушісі Иванов досым екені рас. Қазір сіздердің көздеріңізше сөйлесіп көрейін, өздеріңіз де тыңдаңыздар. – Ғалым телефонға жақындап, нөмірді тере бастады. Сәлден соң ар жақтан: – Алло! – деген дауыс естілді. – Анатолий, мен ғой, хал қалай? – Сергей, хал қалай? Үй ішің аман ба? – Дауыс бізге анық естіліп тұр. – Мен сенен бірдеңе сұрайын деп едім. Бірақ өтірік айтушы болма! – Иә, сұрай бер! – Менің қазақтармен өте жақсы екенімді білесің ғой. Сол менің қазақтарымның ханының бас сүйегі сендерде екен. Соны тауып берсең жақсы болар еді. – Сен менімен қалжыңдасайын деп тұрсың ба, жоқ, әлде шыны мен сұрап тұрсың ба? – Қайдағы қалжың?! Шынымен! – Әй, аңғал досым-ай, сен, немене, Эрмитажда бас сүйектің сақталмайтынын білмеуші ме едің? Ата сақалың аузыңа түссе де ақылың әлі кіре қоймапты ғой. – Ол бас сүйек ретінде емес, күлсалғыш сияқты бұйым ретінде бір жерде жатуы мүмкін ғой. – Міне, менің Эрмитаждың Шығыс бөлімінде істегеніме отыз жыл дан асып барады. Егер шынымен қазақ ханының бас сүйегі бізде бо латын болса, мен білетін едім ғой. Құдайды аузыма алып тұрып ант етемін, ол шынымен бізде жоқ. – Жақсы, мен сені түсіндім. Бірақ менің атымнан қазақ бауыр лар барса, кеуделерінен итермей, көрем деген нәрселерін көрсетің дер! – Сенің сөзің бізге заң ғой. Келсін, көмектесеміз!.. Осымен әңгіме үзілді. Ғалым бізге қарап:
КӨКТАМЫР
– Көрдіңіздер ғой. Әдейі сіздер де тыңдасын деп телефонның
даусын шығарып қойдым. Бірақ менің атымнан барсаңыздар,
көмектеседі. Оған сеніңіздер.
– Көп рахмет сізге!
– Жоқ, ештеңе де емес. Істеріңе сәттілік тілеймін!
– Сіз осындағы қазақ ғалымы Сұлтановты білесіз ғой, екеуіңіз
дің бірігіп жазған кітабыңызды оқып шыққанбыз. Егер айып бол
маса, сол кісімен де сөйлессек деп едік, телефонын айтпайсыз ба?
– Ол кісінің жүрегіне жақында операция жасалды, кеше ғана ауру
ханадан шықты. Дегенмен, телефонын айтайын.
– Жоқ, рахмет, ағасы. Ондай жағдайда мазалау орынсыз болар!
* * *
Біз келесі күні Мемлекеттік Эрмитаждың Шығыс бөлімінің мең
герушісі Анатолий Алексеевич Ивановтың арқасында ондағы бү
кіл каталогты қарап шықтық. Әрине, бұнда да халқымыздың та
рихы мен мәдениетіне байланысты қазына-байлықтар көзімізге
жиі ұшырады. Қазақ жерінен әкелінген неше түрлі тас мүсіндер,
археологиялық қазбалар кезінде табылған құндылықтар, ұлттық
киім-кешектер, күнделікті тіршілікте пайдаланылатын тұрмыстық
заттардан көп нәрсе жоқ. Бұндағы бізге ерекше әсер еткен нәрсе –
Пазырық қорғанынан табылған адам мәйіттері мен терісіне дейін
сол күйінде сақталған өлі жылқылар және басқа да дүние-мүлік
тер. Біздің тарихымызға қатысты осындай құндылықтардың Эрми
тажда тұрғанына іштей қынжыласың. Ішің удай ашиды. Бірақ амал
не?! Енді өкінгенмен не пайда?!
Эрмитаждың Орта Азия және Қазақстан атты көрме залы осыдан
үш жыл бұрын жабылып тасталыпты. Жөндеу жұмыстары жүргізі
леді деген желеумен содан бері жабық тұрғанға ұқсайды.
– Бұндағылардың Орта Азия мен Қазақстанға қалай қарайтында
рын осыдан-ақ анық байқауға болатын шығар, – дейді Шәріпбек
шындықтың бетпердесін сыпырып.
Біз әр жылдары көрмеге қойылған заттардың тізімін асықпай
отырып, мұқият қарап шықтық. Қай жылдарғы тізімді алсаңыз да,
КӨКТАМЫР ең алдымен Түркістандағы құтты орнына қайтып оралған тайқазан суретімен сопаң етіп шыға келеді. Бірақ, бір өкініштісі, қанша жер ден шұқшия қарағанымызбен, Кенесары бабамыздың бас сүйегін бұл жерден де таба алмадық. Біз Эрмитаждың асты-үстін түгел араладық. Ебін тауып, ерекше қоймасына дейін кіріп-шықтық. Онда қазақ жерінен табылған скиф тер мен сақтардың алтын бұйымдарынан басқа, бізге қатысты ештеңе болмай шықты. – Ендігі үміт мұрағатта. Осында бұрынғы КСРО-ның, қазіргі Ре сейдің Орталық тарихи мұрағаты бар, – деді Тұрсын аға біздің өле бастаған үмітімізді қайта тірілткендей болып. – Ертеңнен бастап сол мұрағатта отырып жұмыс істейміз. Бір дерек табылып қалатын шығар! Біз мұрағатқа бас сұқпас бұрын, Сергей Кляшторный ақсақалдың кеңесі бойынша, бұрынғы КСРО халықтарына арналған, қазіргі Ресей этнография мұражайына барып, директоры Владимир Мойсейұлы Грусманмен жолығып, әңгімелестік. Владимир мырза да бізді онша жақтыра қойған жоқ. Әңгіме үстінде миығынан күліп отырды. – Біздің мұражайда қазақ халқының тұрмыс-тіршілігіне байла нысты біраз заттар бар. Әрине, көрулеріңізге болады. Бірақ ештеңе сұрамайсыздар, біз бәрібір ештеңе бермейміз. Соны алдын ала ес кертіп қояйын. Бізде Орта Азия және Қазақстан бөлімі бар. Сол бөлім нің меңгерушісі Татьяна Григорьевна сіздерге біздегі бар заттардың барлығын көрсетеді. Сауалдарыңызға жауап береді. Орта Азия мен Қазақстан бойынша өте білгір маман, – деді де, бізді Татьяна Емельяноваға таныстырып, табыстап қоя берді. Татьяна Григорийқызы іші-бауырыңа кіре сыпайы сөйлейтін, мәдениетті адам екен. Аузын ашса көмекейі көрінетіннің нағыз өзі. Аңқылдап-жарқылдап жүріп талай нәрсені өзі-ақ айтып тастады. Біз ол кісінің бастауымен Орта Азия және Қазақстан атты көрме за лын, ерекше қоймадағы патшалардан түскен дүние-мүліктерді түгел көріп шықтық. Халқымыздың тұрмыс-тіршілігіне қатысты заттар дың тізімін толық қарадық. Бірақ көзімізге «Орта жүз ханының кісесі» дегеннен басқа құнды ештеңе түспеді. Оның өзі қай ханның кісесі екенін де анықтай алмадық.
КӨКТАМЫР – Бұл кісенің нақты қай хандікі екенін тап басып айта алмай мыз, – деді Татяна Григорийқызы. – Бізден осыдан он шақты жыл бұрын Талдықорған облыстық өлкетану мұражайы Шоқан Уәли хановқа қатысты үш затты «Уақытша көрмеге қоямыз» деп сұратып алдырып, ақыры бермей қойды. Алматыға іссапармен барғанда осы мәселемен Қазақстан Мәдениет министріне кірген болатынбыз. Ұмытпасам, аты-жөні – Еркеғали Рахмадиев. Ол кісі жылы қабылдап, «Таяу уақытта өздеріңізге қайтарылады» деп уәде берген. Соған сеніп кете бардық. Бірақ екі-үш айдан кейін сол министрдің қол қоюымен өзімізді кінәлаған хат келіп тұр. «Кезінде Ресей қазақ жеріндегі тари хи һәм мәдени мұраларды тонаған, талан-таражға салған» делінген министрдің хатында. Соңынан Шоқан Уәлихановқа қатысты зат тардың қайтарылмайтынын ескерткен. Сол оқиғадан кейін Қазақ станмен байланыс жасауға қорқып қалғанбыз!.. * * * «Бір дерек табылып қалар» деген үмітпен Ресей Мемлекеттік тарихи мұрағатына бардық. Ақпарат бөлімінің бастығы Лари са Синицына Ресей Мәдениет министрінің бірінші орынбасары Н. Дементьеваның хатын көргеннен кейін, ешқандай артық сөз айт пастан мұрағатқа кіріп, жұмыс істеуімізге рұқсат берді. – Өздеріңіз қарайсыздар ма, жоқ, әлде көмек керек пе? – деп сұрады Лариса Ивановна. – Бізде жақсы мамандар бар. Іздеген нәрселе ріңізді тез-ақ тауып береді. – Өзіміз де қарармыз, дегенмен, қосымша көмек болса артық етпес еді, – дедік біз. – Онда бізде Ирина Вальдемаровна деген тәжірибелі қызметкер бар. Соған тапсырамын. Соңынан өздеріңіз есептесе жатарсыздар. – Жақсы!.. Біз бұл мұрағатта он бес күн табандап отырдық. Үшеуміз күніне он бес опись пен он бес істен кем қарамаймыз. Алдымен халқымыздың тарихына байланысты «Сібір комитеті», «МВД-ның Жер бөлімі» сынды опистер мен ондағы осы бір құжатта бір дерек табылып қалар-ау де ген істің барлығын қарауға күш салдық. Кенесарының әкесі мен бала
КӨКТАМЫР лары, ағасы Саржан және Ғұбайдулла Уәлиев, Сартай Шыңғысов, Ах мет Жантөрин, Бөкей ордасының мұрагері Жәңгір сияқты сұлтандар жөнінде көптеген тарихи құжаттарды көріп, мұқият оқып шықтық. Бірақ оларда біз іздеген деректер кездесе қоймады. Әсіресе, Жәңгір ханға қатысты құжаттар көп екен... Біз одан кейін «Придворная контора» дейтін қалың-қалың опис терді де ақтарыстырдық. Оларда әр жылдары патша сарайларынан Эрмитажға өткізілген заттардың толық тізімі бар екен. Біз солардың ішінен 1847 жылдан бастап 1917 жылға дейін патша сарайларынан Эрмитажға қандай заттар өткізілгенін мұқият қарап шықтық. Бәрі аса ыждағаттылықпен қатталған, әр тиынына дейін есептеліп тіркелген, әрқайсысына жеке-жеке істер тігілген. Өкінішке орай, біздің іздеген «жоғымызға» қатысты бір ауыз сөз жоқ. Жалпы бұл мұрағатта Кенесарыға байланысты құжаттар жоқ екен. Оған көзіміз жетті, сеніммен айта беруге болады. Орыстар бұндайды да «жетістік» дейді екен. Ал қазекемнің бұған көңілі көнши қоймайды ғой. Қоңылтақсып қалғанымыз рас. * * * Күндер зулап өтіп жатты. Біздің баратын жеріміз де азайып, «ты нысымыз» тарыла түсті. «Бір дерек табылып қалар ма екен?..» деген сол баяғы соқыр үмітпен Санкт-Петербург қаласындағы Щедрин атындағы Ресей Ұлттық кітапханасына да барып, еліміз, жерімізге қатысты түрлі әдебиеттерді қарап шықтық. Алғашында «Вестник Ев ропы» журналының үш санында жарияланған Н. Середаның бәрі- мізге белгілі «Бунть киргизского султана» атты зерттеу мақаласын дағы «...Убив Кенесару, дикокаменные киргизы отрубили ему голову и возили ее, воткнутую на палку, по ауламь для успокоения устра шенныхь жителей; тело Кенисары было, изь мщения, отдано женщи нам, которые изрезал его в мелкие кусочки. Голова беспокойного сул тана, или правильные, его череп, попал каким то судьбами впослед ствий в руки князя Горчакова, который приказаль хранить эту голову в главном управлении Западной Сибири, при дель: «О бунте Кениса ры. Н. Середа. 29 января, 1870. Петербург» деген деректерді қайтадан көңіл сүзгісінен өткізуге тура келді...
КӨКТАМЫР Жалпы оқырман қауымға түсініктірек болу үшін осы жерде сәл шегініс жасап, алдымен Омбы қаласына соқпай, неліктен сапары мызды бірден Мәскеу мен Санкт-Петербургтен бастағанымызды айта кеткенді жөн көріп отырмын. Өйткені біз алғашында бұл жорықты Омбы қаласынан бастаймыз деп шешкенбіз. Бұл мәселеде көп ақыл-кеңес беріп, тілектес болған ағаларымыздың бірі – Манаш Қозыбаев бізге Омбы облыстық мемлекеттік мұрағатынан өз атына келген мына бір хатты берген еді: «Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым академиясының Шоқан Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты, академик М.Қ. Қозыбаевқа! Омбы облыстық мемлекеттік архивінде тек қана жазба материал дар сақтаулы тұр. Ал заттар жоқ. Ал Н.А. Середа өз зерттеуін жазу барысында Сыртқы істер министрлігінің архиві мен Ресей әскери мекемелерінің құжаттары сақталған Әскери-тарихи архивінде жұмыс істеген (Мәскеу қаласы). Батыс Сібір Бас басқармасының қорында «Кенесары бүлігі тура лы» іс жоқ. К. Қасымов жөнінде мәліметтер «Қырғыз даласындағы оқиғалар туралы» істе кездеседі. Бірақ оларда Кенесарының бас сүйегінің П.Д. Горчаковқа берілгендігі жөнінде ештеңе айтылмайды. Білуімізше, даладағы әскери іс-әрекеттер туралы жазбалар әскери ведомстволар арқылы жүргізілген, ал командирі Горчаков болған Жеке Сібір корпусының құжаттары бізге түспеген. Сібір корпусы штабының қоры толық сақталмаған, Сізді қы зықтыратын мәліметтер онда да жоқ. Генерал-лейтенант Г.Е. Катанаевтың жеке қорында К. Қасымов көтерілісі туралы Орталық архивтерде сақталған құжаттардың кө шірмелері бар. Атап айтқанда, «Сібір қырғыздарының» шекара бастығы қызметіне тұрған генерал-майор Вишневскийдің Кенеса рының өлімі туралы Горчаковқа жазған рапортының (27.04.1847 жылғы) көшірмесі бар: «...Ақырында Орман би өз қолымен түн ішінде Кенесарыға шабуыл жасап, оны біржолата талқандап, өзін, бауырын, екі ұлын және он бес сұлтанды тұтқындап, азаппен өлтірді. Шәжім би Кенесарының ба сын алды, оның ауылы талан-таражға түсті, түре қуылды».
КӨКТАМЫР Осы рапортта Вишневский «бүлікшіні құртуға қатысқан жабайы қырғыздардың басты адамдарын» және өзінің әскеріне Кенеса рының жеңілгендігі жөніндегі хабарды жеткізген «Үлкен Орданың сұлтаны Қамбар мен оның ұлы Сары биді марапаттау туралы ке пілдеме береді». Сондай-ақ, аталмыш құжатта көрсетілгеніндей: «...Қашқан Кенесарының соңынан қуып, өзін, адамдарын, он сұлта нын және екі зеңбірегін қолға түсірді. Кенесарыны үш күн ұстаған нан кейін Шәжім деген қарақырғыз өлтірді, ал сұлтандарды қазан дағы суға тірідей салып қайнатты...» Кенесарының өлімін Сары би Алтаев пен Қотыраш Өміров растай ды. Қасымовты талқандауда көзге түскендерді марапаттау үшін П. Горчаков Әскери министрден алты алтын және алты күміс ме даль сұрайды, бірақ өзінің қатынас қағазында ешкімнің аты-жөнін көрсетпеген. Бір нәрсені атап өту керек, Батыс Сібір Бас басқармасының архиві түрлі көшулерді бастан кешірген. Совет өкіметінің алғашқы жылда рында, Азамат соғысы кезінде, басқа да түрлі жағдайларда көптеген материалдар жоғалған. 1977 жылы Омбы облыстық мемлекеттік архиві жаңа ғимаратқа көшірілген. Қоныс аудару кезінде одан бас сүйек кездескен жоқ. Архив директорының орынбасары Л. А. Кугаевская және бөлім меңгерушісі Л. И. Огородникова» деп қолдарын қойып, мөрлерін соққан. Міне, осы хаттан кейін Омбы қаласына барудың қажеттігі ша малы екенін ескеріп, бірден Мәскеу мен Санкт-Петербургке жол тартқанымыз рас. Бұл мәселеге мақаланың түйінінде қайта айналып соғармыз деп ойлаймын. Тек, «Темірді қызған кезінде соқ!» демекші, орайы келіп қалғандықтан тігісін жатқызып, сөзге тиек етіп отырмыз. Енді Санкт-Петербург қаласындағы Ұлттық кітапханаға қайтып оралсақ, біз бұнда қазақ этнографиясы мен антропологиясына қатысты кітаптар мен ескі журналдарды да ақтарыстырудай-ақ ақтарыстырып шықтық. Өкінішке орай, бұлардан да ешқандай де
КӨКТАМЫР рек көзімізге түсе қоймады. Тек Я. Полферов дейтін зерттеушінің «Исторический вестник» журналында жарияланған (тамыз, 1904 ж.) «В горах Ала-тау» атты Кенесары көтерілісі туралы жазған мақала сында «Впоследствии голова Кенисары папала в руки одного рус ского вельможи, если не ошибаюсь, Воронцова» деген жанама ғана дерек бар. Бұл қай Воронцов – ол туралы ештеңе айтылмаған. Тағы да жұмбақ. Жұмбақ болғанда да оңай шешіле қалатын жұмбақ емес. Сондықтан еріксіз Воронцовтың ізіне түсуге тура келді... * * * Біз Санкт-Петербург қаласына барғаннан қайтқанға дейін Чу нер Таксами мырза басшылық ететін Антропология және этногра фия мұражайынан қарым-қатынасымызды үзген жоқпыз. Ондағы қызметкерлер бізге көп көмектесті, ақыл-кеңес беріп отырды. Біз бұл жолы да талантты ғалым Валерия Прищепованың жәрдеміне жүгін- дік. Ол кісінің ақылымен әрі бастауымен Ресей Ғылым академиясы ның Әдебиет институтына барып, атақты Б.Л. Модзалевскийдің кар тотекасын қарадық. Воронцовтарға (бірнешеу екен), Горчаков пен Госфордқа қатысты материалдардың тізімін анықтадық. – Менің ойымша, Воронцовтардың ішіндегі сіздерге керегі ал ғашында патша күзетінің бастығы, кейіннен император сарайының министрі болған Воронцов-Дашков болуға тиіс, – деді Валерия Алек сандровна. * * * Біз осыдан бір дерек табылып қалар ма деген оймен қайтадан Мемлекеттік тарихи мұрағатқа барып, Николайдың кезінде пат ша күзетінің бастығы, сәл кейін император сарайының министрі болған генерал Илларион Иванұлы Воронцов-Дашковқа қатысты құжаттардың барлығын қарап шықтық. Жалпы Воронцов-Дашков тың жеке қоры осы мұрағатта екен, бір емес, екі опись арналып ты: «Воронцов-Дашков. Ф. 919, оп-1, оп-2, 1821-1917 жылдардағы құжаттар». Біз бұдан да «Предаписание за подписью султана Садық Кенесарина о сборе с каждого аула по барану. 1865 г.» деген құжаттан басқа Кенесары ханға қатысты ештеңе көре алмадық.
КӨКТАМЫР * * * Сол күндердің бірінде Валерия Прищепова бізді Антрополо гия және этнография мұражайының жеке кітапханасына ертіп апарып, алтынмен апталып, күміспен күптелген «Ханзаданың Шы ғысқа саяхаты» деп аталатын қалың-қалың үш томдық еңбекті көр сетті. Бұл – император ІІ Николайдың ханзада кезінде, яғни 18901891 жылдары Шығысты, соның ішінде қазақ даласын аралағандығы жөнінде жазылған құнды еңбек. Авторы – саяхат кезінде ІІ Ни колайдың жанында болған князь Э.Э. Ухтольский. Н.Н. Каразин де ген суретшінің қатысуымен Германияда басылып шыққан екен. Бұнда да халқымыздың сол кездегі тұрмыс-тіршілігі, ІІ Николайдың қай жерлерді аралағандығы, оған қазақтардың қандай сыйлықтар сыйлағандығы, кімнің үйіне түстенгені туралы көптеген қызықты мәліметтер мен бағалы фотосуреттер бар. Мәселен, астыңғы жағына «Қазақ үй», «Бай қазақ үйінің ішкі көрінісі», «Қазақ», «Қазақ қызы», «Кедей қазақ», «Бақсының моласы», «Бай қазақтың сымбаты», «Тобыл қаласы», «Шыңғыс ханның тұқымы», «Қазақ әйелі» деп жазылған фо тосуреттер ерекше көз тартады. ІІ Николай бұл сапарында өзіне арнайы тігіліп, әсем жабдықтал ған киіз үйге түстеніпті. Үш томдық еңбекте осы киіз үйдің де («Юрта Цесаревича») суреті бар. Сондай-ақ, болашақ император Шоқанның әкесі Шыңғыс сұлтанның да үйінен дәм татып, күміс ыдыспен қымыз ішіпті. Атақты бай Нұрмұхамед Сағанаевтың үйінде қонақ болып, қазақтың ұлттық киімдерін тамашалапты. Бір қызығы, шікірейген ханзада кедей қазақтың үйімен де танысыпты. – Қонақтар арнайы жабдықталған ғылыми экспозицияны да көрген. Бір киіз үйге Семей облыстық статистика комитетінің мұражайынан әкелінген этнографиялық, тұрмыстық коллекциялар және мүйізден жасалған бұйымдар, күміспен әшекейленген тері және ағаш ыдыстар, музыкалық аспаптар, қазақ жігітінің белдігі – «кісе», қару-жарақтар, ұлттық киім-кешектер жиналып қойылған екен, – деді экспедицияның төртінші мүшесіндей болып кеткен Валерия Алек сандровна. – Сонымен бірге онда археологиялық, зоологиялық және минералогиялық коллекциялар да болған.
КӨКТАМЫР Ресейдің болашақ қожайыны қазақ даласындағы саяхатының соңында ішіне өзіне деген сый-сияпаттар қойылған киіз үйге де кіріп шығып, ризашылықпен аттаныпты. Қанша бай болса да, бар болса да, сый-сияпаттан кім бас тарта қойсын?! * * * Біз Нәйлә Бекмаханованың «Бір мұражайдың немесе бір мұ рағаттың төңірегінде қалып қоймай, жан-жақты іздестіріңдер. Кейде іздеген жоғыңның мүлде сен ойламаған жерден табыла кетуі ғажап емес!» деген сөзін үнемі назарда ұстадық. Сондықтан соқыр үміттің жетегінде жүріп, Санкт-Петербург қаласындағы Артиллерия, Зооло гия, Әскери-медициналық және Мемлекеттік Орыс мұражайларына да кіріп шықтық. Өкінішке орай, олардан да ешқандай із кезіктіре алмадық. * * * «Жан-жақты іздестіру» мақсатымен Санкт-Петербург қаласын дағы қандас ағайындарымызбен де тығыз байланыс орнатуға ты рыстық. Ондағы ойымыз бауырларымыздың бірі болмаса бірі бір де рек біліп қалар деген үміт еді. Ең алдымен Санкт-Петербургтегі қазақ қоғамының төрағасы Сәрсенғали Аққұлұлы Құспановпен хабарла сып, жолығып, әңгімелестік. – Бұл оңай шаруа емес. Ауыр жүк, күрделі мәселе. Егер оңай шаруа болса, баяғыда бір ұшығы шығар еді ғой. Бұны бұрын да іздестірген, біз де іздегенбіз, бірақ ешқандай нәтиже шығара алмадық. Әрине, бұның қажетті шаруа екенін білеміз, түсінеміз. Өйткені Кенесары – қазақтың тәуелсіздігі үшін күрескен соңғы ханы. Кенесарының ба сын алу арқылы патша ағзам қазақтың тәуелсіздігінің де басын алды ғой. Құдайдың мейірімі түсіп, қазір қазақ елі тәуелсіздігін жарияла ды. Енді осы алып империядан толық құтылу үшін ұлттық көсеміміз Кенесарының басын өзімізге қайтарып алуымыз керек. Біле білсеңіздер, Кенесары ханның басы ұлттық тәуелсіздігіміздің басы іспеттес қасиетті нәрсе ғой. Ол үшін, әрине, уақыт керек, төзім керек, жүйелі жұмыс істеу керек. Сонда ғана бір нәтижеге жетесіздер! 12-0113
КӨКТАМЫР
– Кенесарының бас сүйегі бір кездері Эрмитаждың көрме залын
да тұрған деседі. Сол сөз рас па?
– Оны дәл білмеймін. Бірақ, міне, менің Санкт-Петербургте тұрып
келе жатқаныма отыз жылдан асып барады. Егер шынымен көрме
залында тұрса, білетін едік қой. Кенесарының бас сүйегінің қай
жерде тұрғанын тап басып айта алмасам да, із осындағы Әскери-
медициналық академияға баратын сияқты. Мен бұны жайдан-жай
айтып тұрған жоқпын. Соған барып көріңіздерші!..
* * *
Біз Санкт-Петербург қаласында тұратын тарихшы Ержан Са
ғынбекұлы, отыз үш жасар техника ғылымының докторы, Мемлекет
тік архитектура-құрылыс университетінің профессоры Тұрлыбек
Мұсабаев, әнші Әлия Құсманова, суретші Аманжол Мұсалиев, коммер
сант Рүстем Байкенов және Гүлзакира Кеншінбаева, Шолпан Шамова,
Ардақ Дәрібаева сияқты қандастарымызбен жақын танысып, өзіміз
ше сыр суыртпақтадық. Олар да тілектестік білдіріп, қолдарынан
келген көмектерін көрсеткендерімен, Кенесары бабамызға қатысты
ештеңе айта алмады.
* * *
Осынау ізгі жандардың көмектері арқасында Ресей Қорғаныс
министрлігінің Әскери-медициналық академиясында үстеме бі
лім алып жатқан Қазақстан Қарулы Күштерінің офицері, майор
Қайырбек Дәкеновті тауып алып, оның бастауымен аталмыш әскери
оқу орнының қалыпты анатомия кафедрасына бардық. Кафедра
ның негізі 1786 жылы қаланған екен. Бізге керегі осы кафедра
ның құрамындағы Анатомия мұражайы болатын. Сұрастыра жүріп,
мұражай меңгерушісі Марина Владимирқызы Твардовскаяны та
уып алып, хат-құжаттарымызды көрсетіп, жайлап «тамырын» баса
бастадық.
– Қазақстаннан келген зертеушілерміз. Мұражайларыңызбен та
нысып, аз-маз зерттеу жұмыстарын жүргізсек деп едік.
Кафедра бастығы рұқсат етті:
КӨКТАМЫР – Егер бастық рұқсат етсе, мұражаймен таныстыруға болады. Бі рақ зерттеу жұмыстарын жүргізулеріңізге ешқандай мүмкіндік жоқ. Біріншіден, біз әскери мекемеміз, сондықтан Қазақстан Қорғаныс министрлігінен біздің академия бастығының атына арнайы ресми хат керек. Ал мынандай жалпылама хат бізге жарамайды. Екіншіден, қыркүйекке дейін академияда ешқандай жұмыс жүргізуге рұқсат етілмейді. Барлық бөлменің есігі құлыптаулы, тарс жабылған. Мен де демалыстамын, қайта бүгін бір шаруамен келіп қалған едім. Ертең Мәскеуге жол жүріп барамын, сондықтан тездетіп мұражайды көрсетіп шығайын. Жүріңіздер!.. Біз Марина Владимирқызының соңынан еріп, мұражайға кірдік. Кірген бойда шкаф сөрелерінде қаздай тізулі тұрған бас сүйектерге көзіміз түсті. Мұражай меңгерушісі сампылдай сөйлеп, таныстырып жатыр: – Біздің бұл анатомиялық перепараттар мұражайы 1789 жылы құрылған. Негізін профессор П.А. Загорский қалаған. Соғыс жағ дайында қаза тапқан адамдардың алты мың бас сүйегі сақтаулы. Бәрінің жеке-жеке анықтама құжаттары бар. Мәселен, мыналар баске сер, шайқы, бүлікшілердің бас сүйектері, – деді бір қоңыр шкафтың жанына келгенде ішінде тұрған бас сүйектерді көрсетіп. – Атақты Шәмілдің серігі Қажымұраттың бас сүйегі осында сақ талған дейді ғой? – Дұрыс айтасыздар, осында сақталған. – Сіздерде қазақтардың бас сүйектері бар ма? – Бар болғанда қандай! – Алты мың басқа арналған каталогтарыңыз бар шығар. – Бар, бірақ бір жүйеге түсірілмеген, толық тізімделмеген. Бұрын бұнда ешкімді кіргізбейтін. Тек былтырдан бастап есігіміз сәл ашыла бастады. – Каталогтарыңызды қарап шығуға бола ма? – Дәл қазір оған ешқандай мүмкіндік жоқ. Оқу жылы басталғанда келіңіздер, тізе қосып жұмыс істейміз. – Марина Владимировна, сіз өзіңіз білесіз, қайта-қайта келе беруге Алматы мен Петербургтің арасы да жақын емес... Сондықтан бізге екі-үш күн уақытыңызды бөлсеңіз, ақыңызды жемейміз.
КӨКТАМЫР – Мен сіздерді өте жақсы түсінемін. Бірақ маған сеніңіздер, қазір жұмыс істеуге ешқандай мүмкіндік жоқ! Оның үстіне, міне билетім, бір тығыз шаруамен Мәскеуге кетіп барамын... – Онда кешіріңіз, сізден бір нәрсе сұрауға бола ма? – Сұраңыз. – Сіздерде қазақ ханы Кенесары Қасымовтың бас сүйегі бар ма? – Шынымды айтсам, білмеймін. «Бар, жоқ!» деп кесіп-пішіп ештеңе айта алмаймын. Сіздер қыркүйек айында келсеңіздерші, тек Кене сары Қасымовтың бас сүйегі ғана емес, одан да басқа көптеген жаңалықтар ашасыздар. Өйткені бұрын әскери мекеме болғандық тан бізге ешкімді кіргізбейтін. Сондықтан тыңға түрен саласыздар. Және де бір ескертерім, біздегі шашыраңқы құжаттардың барлығын қарап шығу үшін кем дегенде бір ай уақыт керек. Біздің өзімізде үш мұрағат бар. Соларды да қарап шығуға тура келеді. Сондықтан бұл жүрдім-бардымға бітетін шаруа емес екенін ескерулеріңіз керек. Кезінде біздің кафедрада А.И. Таренецкий, В.Л. Грубер, В.И. Буяль ский сияқты атақты антропологтар қызмет істеген. Олардың да жеке қорларын қарап шығуларыңыз керек. Жалпы Кенесары Қасымов соғыс кезінде қайтыс болған ба? – Солай десе де болады, – дедік біз. – Онда оның бас сүйегі бізде болуы әбден мүмкін. Өйткені біздің академия бұрынғы Әскери, қазіргі Қорғаныс министрлігіне қарайды. Бүлікшілердің бас сүйектері бізге осы министрлік арқылы түсіп отырған. Ал енді кешіріңіздер, мен жүрейін. Әйтпесе сіздердің мені босататын түрлеріңіз жоқ. Есен-аман болыңыздар! Қыркүйекте келіңіздер, көмектесеміз!.. Ол бізбен жылы қоштасып, асыға басып кете барды. Біз болсақ, өкініштің ескексіз қайығына мініп қала бердік. – Біздің енді Санкт-Петербургте «барар жеріміз, басар тауы мыз» қалмады. Думан, сен барып, ертеңге билет алып кел, Мәскеуге қайтамыз. Үміт оты сығырая түскенімен, әлі өше қойған жоқ. Мәскеуде Кенесарыға қатысты құжаттар сақталуға тиіс екі мұрағат бар. Оның бірі – Ресей Мемлекеттік Әскери-тарихи мұрағаты, екіншісі – Ресей Сыртқы істер министрлігінің мұрағаты. Батыс Сібір генерал-губер
КӨКТАМЫР наторы болған Горчаковтың жеке қоры осы Ресей империясының Ішкі саяси мұрағатында. Осы екі мұрағатты мұқият қарап шығуымыз керек. Сонымен бірге Мәскеудегі Ленин атындағы Мемлекеттік кітапханаға барамыз, Құдай жолымызды оңғарса, ІІ Николайдың бас сүйегін тапқан антропологты тауып алып, ақыл-кеңес сұраймыз. Әйтеуір еңселерің түспесін, бірдеңесі болар, – деді Тұрсын аға тағы да үлкендігін танытып. * * * Біз Санкт-Петербург қаласын арлы-берлі біраз кездік, шарладық. Талай нәрсені көріп, біраз жайтқа қанықтық. Қала ескіріп, тоза бастапты. Бойынан нәр, жүзінен әр кеткендей көрінді маған. Орталықтағы үйлердің дені – патша замандарындағы ескі үйлер. Сылақтары түскен, қабырғаларын шаң-тозаң қапқан. Қаланы қақ жа рып өтетін Нева өзенінің суына дейін лайланып кеткен. Көшеле рі лас. Тұрғындарының тұрмыс жағдайы нашарлау болғанымен, қайырымды һәм мейірімді көрінді. Жөн-жоба сұрасаң, бәлсінбейді, қолдарынан келгенше түсіндіріп, бағыт-бағдар сілтеп жібереді. Әй теуір бір тектілік, зиялылық басым. – Ақшаның бәрі Мәскеуде ғой, – дейді екен питерлік азаматтар. Расында да солай екен! Мәскеу шаһары ескі астана Петербургке қарағанда жайнап, жарқырап-ақ тұр. Неше түрлі биік үйлер, зәулім ғимараттар көз сүріндіреді. Бәрі мұнтаздай тап-таза. – Мұның бәрі қала әкімі Лужковтың арқасы ғой, – дейді қала тұрғындары. Бірақ Мәскеу ғалымдарының да шекесі шылқып тұрғаны шамалы. Аз-маз айлықпен өлместің күнін көріп жатқанға ұқсайды... * * * Біз Мәскеу қаласына қайтып келген соң, ең алдымен Мемлекет тік Әскери-тарихи мұрағатқа бардық. Оған кіру қиынға соққан жоқ. Тиісті құжаттарымызды көрген соң, мұрағат басшылығы сөзге кел местен рұқсат етті. Біз онда он бес күндей отырып, табандап жұмыс істедік. Хан Кенеге байланысты тарихи құжаттар баршылық екен. Орынбор генерал-губернаторы Обручев пен Батыс Сібір генерал-гу
КӨКТАМЫР бернаторы Горчаков мырзалар Кенесары ханның әр қадамы туралы Әскери министр Чернышевке есеп беріп отырыпты. Осынау тарихи құжаттарды ақтарыстырып отырып, жүрегі түкті бабамыз олардың түнде түстерінен, күндіз ойларынан шықпағанын анық байқауға бо лады. Кенесарының көзін құртудың түрлі айла-шарғыларын жасаған, ойластырған. Чернышев бұйрық-хат жіберуден жалықпапты, ал Горчаков пен Обручев тау қопарып, тас жарып жатқандай көрінуге тырысқан. Қулықтарына құрық бойламайтын олар Кенесары ауы лына ұдайы тыңшылар жіберіп отырған. Олардың да ақпарлары жетерлік. Ханның түрлі дәрежедегі патша шенеуніктеріне жазған хаттары да осында сақтаулы тұр. Осыншама мол құжаттың ішінен бізге керек бір дерек табылмағанына іштей құлазып қалдық. Тағы да тек қана ой қармауға тура келді. Кенесары ханның 1838 жылы І Николайға жазған мына бір хаты да түрлі ойларға жетелейді. Ол қандай хат, несімен құнды?.. Жас ұрпақтың құлағына сіңісті бола берсін бабасының не үшін қолына қару алғаны. Түсінсін, түйсінсін, зерделесін, ой түйсін, өзінше байлам жасасын... «...Сіздің бабаларыңыз патшалық еткен тұс пен менің бабам Абы лай хандығы кезінде халық арасында тыныштық пен сабырлық бо лып, ол екі тараптан да бұзылған емес. Екі жақ та түсіністік жағдайда сауда-саттық жүргізген, оны ешкім де бұзған емес. Сонымен қатар біздің адамдарға салық та салынбайтын. Соңғы кездері олай болмай отыр. Өйткені біздің халқымыздан салық алынып, оларға әр түрлі қысымдар көрсетілуде. Бір кездегі бейбітшілік туралы трактатты бұзған Сіздің кіші лауазымды өкілдеріңіз Сізге бүкіл қазақ халқы Ре сей бодандығына енген деп жалған мәлімет беріп отыр. Менің марқұм Абылай бабам билеген хандықтың орнына сегіз дуан құрылған. Бұл – біздің халық үшін шексіз қасіретті жай, әсіресе салынған салық ауыр тиіп тұр. Біздің бүкіл қазақ халқы мұншалықты қысым мен қиындық көрмеген еді. Сондықтан, құрметті Ұлы билеуші, Сізден біздің даламыздағы сегіз округті және өзге де құрылымдарды жою ды сұраймыз. Сөйтіп, даламыздағы жағдайды бұрынғы қалпында қалдырсаңыз екен. Сізге деген сеніммен өз мөрін басушы – Кенесары Қасымов».
КӨКТАМЫР * * * Ендігі бір үміт Ресей Сыртқы істер министрлігінің мұрағатында болатын. Тым құрыса бір дерек табылып қала ма деген соқыр үміт қой баяғы. Оған да бардық. Бірақ кіргізбеді. Рұқсат етпеді. Кіре алмадық. – Біздің архивке кіру үшін екі апта күтуге тура келеді. Сіздердің берген өтініштеріңізді біздің арнаулы комиссия қарайды. Комиссия рұқсат етсе, екі аптадан кейін кіре аласыздар, ал рұқсат етпесе, келген іздеріңізбен кері қайтасыздар. Бұл – бұлжымас заң. Бізге ешкімнің де бұйрығы жүрмейді. Ал мына қағаздарыңыз бізге жарамайды. Біздің архивтің атына жеке хат керек. Онсыз біз сіздердің өтініштеріңізді қабылдамаймыз. Оның үстіне біздің архив 1 тамыздан бастап бір айға жабылады, – деді архив басшылығы мән-жайды толық түсіндіріп. * * * Сол баяғы намыс атты алып күштің жетегімен Ленин атындағы Мемлекеттік кітапханаға да бардық. Кітапхана басшылары жылы сөйлесті. Бір айға рұқсат қағаз да жазып берді. Бірақ, өкініштісі сол, астыңғы қоймаларда жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқандықтан кітаптарға тапсырыс беруге ешқандай мүмкіндік болмады. * * * «Суға кеткен тал қармайдының» кебімен ІІ Николайдың бас сүйегін тапқан Никитин деген антропологты тауып алып, ақылкеңес сұрайық деген оймен, оны іздестіре бастадық. Осы мақсатпен Мәскеу мемлекеттік университетінің Антропология институты мен мұражайына бардық. Сонда мұражай меңгерушісі болып қызмет істейтін Светлана Ефимова атты антрополог келіншекпен кезде сіп, ақыл-кеңес сұрадық. Қас-қабағы ашық, иманжүзді адам екен. Әңгімелесе отырып, біраз жайттың шетін шығарды: – Никитин қазір қалада жоқ. Келген соң мен одан жайлап сыр суыртпақтап көрейін. Менің ойымша, ханның бас сүйегі КГБ-нің арнаулы қоймасында болуы мүмкін. Гитлердің басы содан табылды ғой. Бұндай арнаулы қойма Ішкі істер министрлігінде де бар. Оларда болса Никитин білуге тиіс. Өйткені ол қоймаларға кіріп, жұмыс істеу ге соның ғана рұқсаты бар. Тағы бір нәрсе айтайын, кезінде көрмеге
КӨКТАМЫР қойылған бас сүйектердің тізімі көрсетілген төрт томдық еңбек бар. Онда Ресей мәдени мекемелеріндегі көрме залдарына қойылған бас сүйектер толық қамтылған. Мүмкін, содан бір дерек табылып қалар. Ол кітап біздің кітапханада бар. Бірақ қазір ол жабық. Кейінірек келе тін болсаңыздар, асықпай қарап шығуларыңызға болады. Айтпақшы, ІІ Николайдың сүйегі де әупірімдеп әрең табылған жоқ па?! Оның өзінде де әр түрлі нұсқалар болды. Отыз түрлі жорамал айтылды. Біреулер Николайдың мүрдесін көмген десе, енді біреулер керосин құйып өртеп жіберген десті. Ал үшінші біреулер денесі бір бөлек, басы бір бөлек көмілгенін тілдеріне тиек етті. Солардың бәрін екшей келе, зерттеу һәм қазба жұмыстарын жүргізу барысында әйтеуір тапты ғой. Англияда экспертиза жасалды. Табылған бас сүйектердің бәрі анықталды. Тек Николайдың бас сүйегі туралы дау-дамай әлі басылмай тұр. Өйткені оның бас сүйегін компьютерге салғанда сәл айырмашылықтар байқалған. Өзінің суреттегі басы мен табылған баста өзгешеліктер білінген. Сондықтан бұл оңай шаруа емес, үлкен жұмыс керек, іздену керек. Менің ойымша, жақсылап іздесеңіздер, Кенесары ханның бас сүйегі де табылуы әбден мүмкін. Өйткені шыққан із бен кеткен із бар ғой... * * * Біз осыдан кейін Ресей Ғылым академиясының Ресей тарихы инс титутына барып, осы сапарда біздің Ресейдегі басты ақылшымыз болған профессор Нәйлә Бекмахановамен жолығып, ашық пікір лестік. – Менің мамандығым тарихшы. Саналы ғұмырымды тарихты зерттеуге арнап келемін. Көбірек қаузайтыным – орыс-қазақ қарымқатынасы. Оның ішінде ХІХ ғасыр. Сондықтан бұл мәселелер маған жақсы таныс. Ресей архивтеріндегі Гасфордқа, Горчаковқа, Кенесары ханға қатысты құжаттардың барлығын қарап шықтым десем болады. Әрине, оларға қатысты құжаттар көп. Гасфордтың жеке қоры Омбы архивінде, ал Горчаковтікі осындағы Сыртқы істер министрлігінің архивінде. Мен архивте ұзақ отырған адаммын. Бірақ менің көзіме Хан Кененің бас сүйегі туралы дерек түсе қоймады. Егер түссе мен ұмытпайтын едім. Әкемнің жеке архиві де менің қолымда екенін
КӨКТАМЫР айттым ғой. Сіздерге бір пайдам тиіп қала ма деп оны да қарап шықтым. Бас сүйек туралы ештеңе таба алмадым. Бұл шаруаның басы қайырылса, әкемнің аруағы да бір аунап түсер еді. Әкемнің еңбегіне соңғы нүкте қойылған болар еді. Сондықтан, егер мен сіздерге қажет болып жатсам, кез келген уақытта хабарласыңыздар. Қолдан келер жәрдемім болса, аянбаспын! Ел-жұртқа сәлем айта барыңыздар!.. * * * Біздің ресмилеу тілмен айтсақ, Кенесары ханның бас сүйегін іздестіру мақсатында құрылған алғашқы топтың алғашқы сапары осымен аяқталды да, ертеңінде Алматыға ұшақпен ұшып келдік. Келе сала осы іске ұйытқы болып, демеушілік жасап жүрген ұлтжанды аза мат Қайрат Сатыбалдыұлы Назарбаевпен кездестік. Қайда бардық, не істедік, не көрдік? Бәрін айттық. Сөзімізді бөлген жоқ, зейін қоя тыңдады. Біраз үнсіз отырды да, сәлден соң: – Әу баста-ақ бұның оңай шаруа емес екенін білгем. Мұның бір сапармен бітпесін де сезгем. Тағы да жолға шығып қаларсыздар. Тағы да іздестірерміз. Әлі де үміт бар... Бұл – киелі іс, қасиетті ша руа. Сондықтан орта жолда тайқып кетуге болмайды. Бар болса табуға тырысамыз, ал «жоққа жүйрік жетпесі» бәріңізге белгілі. Бұл мәселемен әлі талай ақылдасармыз. Тағы да бірден Мәскеу мен СанктПетербургке бару керек пе, жоқ, әлде Омбы арқылы ізге түсу керек пе? Оны да ақылдасармыз, – деді сөз аяғында Қайрат Сатыбалдыұлы. Ендеше, бұл істің жалғасатынына, хан сүйегін іздестіру жұмыстары әлі де жүргізілетініне сенім мол. Қазақ халқы барда, Қазақ елі барда, Қайрат сияқты ұлтын сүйер ұлдар барда бұл іс орта жолда қалмақ емес. Өйткені Кенесары бабамыз өзінің қара басының қамын емес, елінің еркіндігін ойлап атқа қонған жоқ па?! Жұртының тыныштығын, елі нің амандығын, жерінің тұтастығын ойлады. Осы ұлы жолда ештеңе ден тайынған жоқ. Барын да, басын да, қойнындағы қатынын да, ба уыр еті баласын да бәйгеге тікті... ...Ендеше, еркіндікке қолымыз жеткен тұста, тәуелсіздігіміздің ба янды болуы үшін хан Кененің сүйегін тауып, арулап жерлеу елдік мұрат болуға тиіс!.. Бұл – ел алдындағы үлкен міндет, ұлы жүк! 2000 жыл
КӨКТАМЫР КЕНЕСАРЫНЫҢ САУЫТЫ Кәрі тарих не үшін зерттеледі, зерделенеді? Не үшін том-том еңбектер жазылады? Оны өскелең ұрпаққа оқытудағы мақсат не? Бұл сауалдарға жауап дайын. Өйткені өткенді білмей, болашақты болжау қиын екенін екінің бірі білуге тиіс. Тарих өткеннен сабақ алу үшін зерттеледі. Бір шоқты екі-үш мәрте баспас үшін жазылады. Атабабаларымыз жіберген қателіктерді бүгінгі ұрпақ қайталамас үшін оқытылады. Тарихты зерттеп-зерделеуде кең сахараны жайлаған ата-ба баларымызға қатысты рухани һәм материалдық мұралардың (зат тар, қолжазбалар, түрлі дәрежедегі құжаттар, тарихи шығармалар) атқарар қызметі, алатын орны ерекше. Сондықтан ондай құнды лықтарды іздестіріп-табу өз алдына, олардың тістегеннің аузын да, ұстағанның қолында кетпеуіне әркім-ақ мүдделі болуға тиісті. Сондықтан біздің бүгінгі сөз етпегіміз – рухани һәм материалдық жәдігерліктердің сақталу жайы. Бір қарағанда, бұл бағытта біраз істердің басы қайрылған сияқты көрінуі мүмкін, бірақ көңіл көн шітерлік дәрежеде емес. Ата-бабалардың көзіндей осынау мұра ларды іздестіріп-табу былай тұрсын, қазіргі таңда өтпелі кезеңнің қиыншылықтарын желеу етіп, қолда бар жәдігерлерді талан-та раж етіп, әкесінің жеке меншік мүлкіндей саудаға салып, пайда тау ып, шекесі шылқып жүргендерді естіп-білгенде еріксіз жағаңызды ұстайсыз. Олардың алды шетелге қашып та үлгерді. Судағы балық сияқты, құйрығын да ұстатар емес... Біз бұндай қазына-байлықтың бағасын әлі сезіне алмай жүрген сияқтымыз. Сезіне алмағандықтан бағалай алмауымыз да мүмкін. Бағалай алмағандықтан құнына жете бермеуіміз де ғажап емес.
КӨКТАМЫР Міне, осы мәселелер төңірегінде ой бөлісу үшін жазушы-ғалым Ақселеу Сейдімбекке жолығып, әңгімеге тартқан едік: – Мәдениет дегеніміз темір жәшікке салынып қойылған қазына емес. Этностың жады арқылы ұрпақтан-ұрпаққа жетеді. Теледидар хабарлары, компьютер дискеттері, үнтаспалар, мүсін мен бейнелеу өнері түрінде болуы мүмкін. Бір өкініштісі, осы қарапайым ақиқатқа тиісті мемлекеттік мекемелер немесе жеке адамдардың қам-қарекеті деңгейінде мән берілмей отыр. Біз шетелдік қалталылар үшін экзотикалық мемлекетке айна лудамыз. Олар елдегі әлеуметтік қиыншылықтар салдарынан қина лып отырғанымызды тамашалауға келетін сияқты. Осынау өліара шақты сәтті пайдаланып, асылдарымызды тонап, сұлуларымызды құшып, елді одан сайын естен тандыра түсуде. Мен осыдан төрт-бес ай бұрын Алматыдағы Шевченко мен Фурманов көшелерінің қиылысындағы Өнер дүкеніне барғанымда, суретші Барановтың түпнұсқа суреттерінің шетелдіктерге сатылып жатқанының куәсі болдым. Қазақ жастарына арнап салған сурет тері біздің бала қиялымызды шарықтататын. Атақты Қобыландының, Ер Тарғынның, Алпамыстың ұрпақтары екендігімізді еске салып, мақтаныш сезімімізді оятатын осынау ғажайып өнер туындылары шетелдіктердің қолында кетіп бара жатқанын көргенде, өз өмірімдегі ең бір қимас дүниемнен айырылғандай күй кештім. Осындай рухани қазыналарымыздың шетжұрттықтарға жем болуы, түптеп келгенде, ұлттың рухани дәулетінің ортаюы деп айтар едім. Орайы келгенде айта кетейік, көзі тірісінде аты аңызға айналған атақты батырымыз Бауыржан Момышұлына қатысты заттар қайда, Жәнібек Кәрменовтің даусы неге тірі кезінде таспаға жазылмаған, атақты Рысбай Ғабдиевтің күйлері ше, Күләштің төрт-ақ әні таспаға түсіпті. Бұның бәрі осынау құндылықтарды мемлекеттік қазына ретінде сезінбегендіктен. – Ақселеу аға, сіздің қолыңызда Құнанбай қажының шақшасы бар деп естідік. Сіз оны Иманғали Тасмағамбетовке (Премьер-министрдің орынбасары болып тұрған кезінде) сыйға тартыпсыз. Осы шындық па, жоқ, әлде қаңқу сөз бе?.. – Біздің республикада коллекционер ретінде ресми түрде Әділет министрлігінен тіркеуден өткен бір-ақ адам бар. Ол – Иманғали
КӨКТАМЫР Тасмағамбетов. Осыдан бірнеше жыл бұрын ЮНЕСКО-ның бас хатшысы Федерико Майордың шақыртуымен Францияға барып, өзі жеке жинаған құнды заттардан көрме ұйымдастырды. Оның басым көпшілігі – адай-түрікмендердің мүлкі. Менің қолымдағы Құнанбайдың шақшасын сол көрмеге қоюға сұ ратып алды да, кейіннен өзіме әкеліп берді. Қазір өзімде. Үйге барып көрулеріңе болады. – Сіз оның Құнанбай қажының шақшасы екенін қайдан білді ңіз, айғақтайтын құжаттар бар ма, қолыңызға қайдан түсті? – Қарқаралы уезінде екі-ақ адам мырза атанған. Оның біріншісі – Құнанбай да, екіншісі – Тұрсын деген. Міне, мен ол шақшаны осы Тұр сын мырзаның ұрпақтарынан алдым. – Оны мемлекеттік мұражайларға өткізу ойыңызда жоқ па? – Оған Құдайдың да, заңның да билігі жүрмейді. Ешкім де мәжбүр леп ала алмайды. Тіпті, оны айтасыз, менің қолымда түркі қағаны ның мөрі бар. Онда «Таңдан да жұбан» деген сөз бар. Бұлар – менің жеке мүліктерім. Ешкімнің қол салуға хақысы жоқ! – Ақселеу аға ешқандай бұлтаққа салған жоқ, турасын айтты. Сөзінің аяғын бізге жекірумен аяқтады. – Сен бала қайдан білесің, мен мүмкін сондай заттардың ортасында өмір сүруді қалайтын шығармын!.. Ойландыратын-ақ сөз. Әрине, ондай құнды заттарды жеке адамдардың қолынан ешкім де күшпен ала алмайды. Ақселеу ағамыз айтпақшы, оған «Құдайдың да, мемлекеттің де әмірі жүрмейді». Тек ақшаға сатып алуға ғана болады. Қазіргі таңда оған ешқандай мүмкіншілік болмай отыр. Дегенмен, біздің ойымызша, жеке адамдардың қолында болғаннан гөрі, мұражайлардағы экспонаттар қорын молайтып тұрса әлдеқай да пайдалырақ болар еді. Мұражайларға келіп-кетушілер көреді, тамашалайды. Біреу болмаса біреу әсерленеді, біреуге ой салады, біреудің қиялын тербейді. Біреудің шығармасына арқау болады, біреудің зерттеуіне пайдасы тиеді дегендей... Жеке адамдардың үйлеріндегі бағалы мүліктер күндердің бір күнінде жоғалып қалуы мүмкін немесе ұрпақтары ондай жәдігер ліктердің бағасын білмей, «Бұлардың бізге не керегі бар?..» деп
КӨКТАМЫР күресінге лақтырып жіберуі де ғажап емес. Күлмеңіздер! Ашу ланбаңыздар! Өмірде бәрі болады. Көріп те жүрміз. Сонан кейін айтамыз да... Сондықтан ондай құнды дүние-мүліктерді мемлекеттік тізімге алып, мұражайларда сақтаған дұрыс-ау! Бірақ... иә, бірақ бұл тарапта да «әттеген-айлар» жетіп артылады. Қандай дейсіз ғой?.. Мем лекеттік тізімге алынып, мұражайларға өткізілген көне дүниелер де ұшты-күйлі жоғалып кетеді екен. Кім ойлаған?! Өмірде бұндай да қарама-қайшылықтар бола береді екен. Біреу ата-бабасынан қалған құнды мұраны жоғалып кетпесін деп мемлекеттік мұражайларға өткізеді, ал ол зат біраз уақыт өткеннен кейін жоғалып кетеді. Не деген сұмдық?! Сонда бұған кім жауап береді? Мұражай басшылары мен қызметкерлерінен неге жауапкершілік талап етілмейді? Тіпті шара қолданып, жазаға тарту да артық етпейді. Өйткені олар осы үшін айлық алып, күндерін көріп жүр ғой. Жанұяларын асырап дегендей... Осындай ойлармен келіп, Алматыдағы Орталық мемлекеттік мұра жайдың директоры Нұрсан Әлімбайдың қызмет кабинетке бас сұқтық. – Құдайға шүкір, мұражайымызда тарихи һәм ғылыми жағынан болсын аса бағалы саналатын екі жүз төрт мың экспонат бар, – деп бастады сөзін Нұрсан мырза біздің нендей шаруамен келгенімізді білген соң. – Менің бұл қызметке тағайындалғаныма сегіз-ақ ай бол ды. Сондықтан мұражайдағы мүліктерді түгендеу мақсатымен ар найы комиссия құрдық. Қазір қызу жұмыс істеп жатыр. Сол себепті бұл бағытта қазір ештеңе айта алмаймын. Комиссия жұмысын аяқта сын. Содан кейін бәрін айтуға болады. – Комиссия шығарған қорытындыны газетке жариялауға бересіз ғой? Онда жоғалған заттардың толық тізімі берілетін шығар? – Әлбетте! – Ресми емес дерек көздерінің мәліметіне қарағанда, осы Орта лық мұражайдың өзінен екі жүзге тарта құнды заттар жоғалып кетіпті. Осы шындық па? – Оны кім айтты? – Білдік қой. – Бос сөз. Оны дәлелдеу керек.
КӨКТАМЫР – Бірдеңе білмесек айтпаймыз ғой. «Жел соқпасы шөптің басы қимылдамайтынын» өзіңіз де білесіз. Бос сөз болса, кезінде осы мұражайға өткізілген Кенесары ханның сауыты қайда? Көрсетіңізші маған! – Ол рас. Кенесарының сауыты осында болған екен. Елуінші, ал пысыншы жылдары списать етіп жіберіпті... Інішек, біз сізбен бес-ақ минут әңгімелесуге келісіп едік қой. Сіз менің жарты сағат уақытым ды алдыңыз. Қазір бір жерге баруым керек еді... – Мен де болдым. Басқа сұрағым жоқ! ...Сонда қалай, мұражайда тұрған екі жүзге тарта мүліктің барлы ғы есептен шығарылған ба?! Жоқ, ол мүмкін емес. Осы жерде бір былық-шылықтың басы қылтиятын сияқты. Біреу, екеу, болмаса он, жиырма емес, екі жүз мүліктің жоғалуы не месе есептен шығарылуы көңілге қонымды жәйт пе?! Жоқ, көңілге біртүрлі күдік ұялатады... Өйткені, мұражайда тұрған екі жүз экспо нат түгіл, бір-екеуі жоғалса мемлекеттік дәрежеде әңгіме болуға тиіс. Қадағалап-бақылап отыратын тиісті мемлекеттік органдар шара қолданып, тергеп-тексеріп, мәселенің анық-қанығына жетіп, айып ты адамдар жазаға тартылуы қажет. Әйтпесе, бұндай келеңсіз жайт тар қайталана береді. Тіпті үйреншікті әдетке айналуы мүмкін. Бір мұражайдан, басқа емес, Орталық мемлекеттік мұражайдан екі жүз зат жоғалса, үйреншікті әдет демей, не деуге болады?! Кейін анықтап білдік, Орталық мемлекеттік мұражайдан екі жүз емес, екі мың құнды зат-бұйымдар жоғалып кетіпті. Бұл тек республикамыздың бас мұражайындағы ғана оқиға. Ал еліміздің үлкенді-кішілі басқа мұражайларындағы кейбір ке леңсіздіктерді айтуға ауыз бармайды. Мұражай қызметкерлерінің өздері ұрлап, әлдекімдерге сатқызатын көрінеді. Міне, керек болса! Оңтүстік Қазақстандағы Отырар мұражайынан алтын теңгелердің жоғалуы, олардың қара базарларда сатылуы көп жайдан хабар бер се керек. Мұндай келеңсіз жайттарды республикамыздың кез келген мұражайынан кездестіруге болады. Қолды болған тек алтын теңгелер ғана ма?! Жоқ, тым көп. Көп-ақ. Тізе берсең тізбектеліп, айта берсең тіл тиегі ағытылып жүре берері сөзсіз.
КӨКТАМЫР Ұрпақтан-ұрпаққа ауысып отыратын асыл мұралардың бірі – жаз ба жәдігерліктер: қолжазбалар, газет-журналдар, сан салалы кітаптар, тағысын тағылар. Осылардың сақталу жайы қалай? Көңіл көншітер лік дәрежеде ме, жоқ, әлде күмілжітер жайттар бар ма? Осы сауалдарға жауап іздеп, Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасына ат басын бұрдық. Кітапхана директоры Р. Бердіға лиеваның алдында отырмыз. – Роза Аманғалиқызы, мен сіздердің кітапханаларыңыздың тұ рақты оқырманымын. Жиі келемін. Кейде кейбір құнды кітаптарға тапсырыс берсең, жоғалған немесе сау-тамтығы қалмай жыртыл ған болып шығады. Кейінгі кездері бұндай келеңсіз жайттар жиі қайталана бастады. Бұған кім кінәлі деп ойлайсыз? Оқырман ба әлде кітапхана қызметкерлері ме? – Әрине, оқырман кінәлі, – деп шаптығып шыға келді біздің са уалымызды жақтырмаған директор. – Неге десеңіз, қазір кітапханада қызметкерлер жетіспейді. Қаржы тапшылығына байланысты 118 адам қысқартылды. Бұрын үш адам істейтін жерде қазір бір-ақ адам қызмет атқарады. – Бұл келеңсіздіктердің жолын кесіп, бір ізге түсіруге бола ма? – Елдің мәдениетін, оқырманның санасын көтеру керек. Талай басбұзарлардың оқырман билетін тартып алып, кітапханаға кіру құ қығынан айырдық. Біздің хатымыз бойынша кітап жыртқан немесе ұрлық үстінде ұсталған талай студент оқудан шығарылды. – Жыртылған, жоғалған, ұрланған кітаптар тізімделіп отыра ма? – Міндетті түрде. – Олардың нақты санын айта аласыз ба? – Жоқ, айта алмаймын, – деді даусын көтеріп. – Мен директормын! Бұндай мәселемен айналыспаймын. Бұл шараумен айналысатын арнайы қызметкерлер бар. Солар біледі, солар айтады. Сіз неге маған келесіз? – деді түсін суытып, көзін бажырайтып. – Соларға барыңыз! – Нені бүлдіргенімді білмеймін, өңі сұрланып, түтігіп кетті. Шынымды айтсам, қорқып кеттім. – Бұл мекеменің бас иесі сіз емессіз бе, салып ұрып бірден сізге келетініміз сондықтан...
КӨКТАМЫР Осы кезде директордың кабинетіне жасы қырықтар шамасын дағы әйел адам келіп кірді. Оны көрген директор тіпті өршеленіп кетті. Енді даусын көтере айғайға баса бастады: – Аты-жөнің кім өзі?! –Думан Рамазан. Директор ханым «Мен саған көрсетермін әлі» дегендей, алдын дағы қағазға менің аты-жөнімді бадырайтып жазып алды. Қолы дірдір етеді. – Сізге керек тізімді мен айтып берейін, жүріңіз, – деді кабинетке кірген бейтаныс әйел. Директор екеуміздің ортақ тіл табыса алмай отырғанымызды байқаған болу керек. Қуанып кеттім. Еппен басып соңынан ілестім. Өз кабинетіне ертіп келіп, нендей шаруамен жүргенімді жайлап сұрай бастады. Өзін кітапхананың ғылыми ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі Карима Қоштаева деп таныстырды. – Мен бір-ақ нәрсені білгім келеді. Ол – осы кітапханадан жоғалған кітаптардың саны. Және олардың жоғалу себептері қандай? – Біз биылғы жылға дейін кейбір адамдарға үйлеріне апарып оқуына кітаптар беріп келдік. Олар – үкімет адамдары мен ғылыми қызметкерлер. Кейде алған кітаптарын қайтармайтындар болады. Көшіп кетеді, дүние салады дегендей. Соңғы он жылда үкімет адамда рына берілген 55 кітап, ғылыми қызметкерлерге берілген 225 кітап, облыстық кітапханалар сұратып алдырған 61 кітап қайтқан жоқ. Со дан кейін кітаптар тозады, беттері жырым-жырым болып, оқылуы мүмкін болмай қалады. Немесе тақырыптық жағынан ескіреді. Мә селен, Коммунистік партия туралы еңбектер, партияның съездері мен пленумдардың шешімдері. Тағысын-тағылар. Бұндай кітаптарды жыл сайын списать етіп отырамыз. Мысалы, былтырдың өзінде ғана осындай 13 мың 141 кітап-журнал есептен шығарылған. Оның 2 мың 785-і – кітап, 9 мың 229-ы – газет-журналдар. Жалпы біздің қорда 5 миллион 433 мың кітап, газет-журнал бар. Кітапхана директорының сонша шаптыққанын енді түсінгендей мін. Бір шикілігі шығып қала ма деп сасқан болу керек. Әйтпесе, қараптан-қарап отырып неге сонша шүйлігеді? Не жазығымыз бар?..
КӨКТАМЫР Бір жылда бас кітапханадан 14 мың кітап пен газет-журналды есептен шығаратындай не көрініпті?! Кітапхана қызметкерлеріне ондай құқықты кім берген? Бұл жерде бір шикілік бар-ау! Біздің ойы мызша, кітапхана қызметкерлері жыртылған, жоғалған, ұрланған (сатылуы да мүмкін-ау) кітаптардың орнын ың-шыңсыз толтырудың әдісін жақсы тапқан сияқты. Жыртылды-жоғалды, ұрланды-жыр ланды дегеннен гөрі, ескірді-тозды, пайдалануға жарамай қалды, содан кейін есептен шығарылды деу құлаққа жағымдырақ қой. Сонда әрі «Құда да тыныш, құдағи да тыныш!» Құдіреті күшті мемлекеттік органдардан арнайы комиссия құрылып, мұқият тексерілсе, былықшылықтардың беті ашылар ма еді, кім білсін! Сенгің-ақ келеді, бірақ... Ал директор болса, өзінің қарақан басын арашалап алу үшін оның бәрін оқырманға жабады, қысқартудан көреді. Әрине, біз оқырманды ақтайық, қысқартуды жақтайық деп отырғанымыз жоқ. Дегенмен, осы келеңсіздіктерге ең басты кінәлі кім? Қалай шам данса, олай шамдансын, жұмысты дұрыс ұйымдастыра алмай отыр ған кітапхана басшысы кінәлі. Егер мұндай мәселелерге жауап бермесе, кемшіліктерді болдырмауға тырыспаса, кітапханаға түскен әр кітаптың кейінгі тағдырына алаңдаушылық білдірмесе, үнемі қадағалап отырмаса, қатаң тәртіп орнатпаса, жыртылған немесе жоғалған кітапқа жауап беретін қызметкерге шара қолданбаса, өз жауапкершілігін сезінбей, түрлі сылтауларға жүгінсе, газет-журнал оқымаса, журналистерге дұрыс жауап бергісі келмесе, кітапхананың директоры болып әсем жиһаздармен жабдықталған кең кабинетте, қымбат креслода шалқайып отырудың қажеті қанша?! Міне, халайық, біздің ата-бабадан қалған асыл мұраларға қандай көзқараспен қарайтындығымыз осы жайттардан-ақ анық аңға рылмай ма?! Салғыртпыз. Салақпыз. Не нәрсеге болсын енжар қараймыз. Намыссызбыз. Жігерсізбіз. Көз алдымызда асылдарымыз тоналып, ту-талапайға түсіп жатса да, салбыраған басымызды бір көтермейміз-ау! Әкем-ау, қыл аяғы судың да сұрауы бар емес пе?! Бұл қасиетіңнен айналайын осындай кең-байтақ жерді аманат етіп қалдырған ата-бабаңның дүние-мүлкі ғой. Тіпті бүгінгі заманның 13-0113
КӨКТАМЫР
қайраткерлері тудырған еңбектер шып-шырғасы шығарылмай,
ертеңге жетіп, келешек ұрпаққа қызмет етуі тиіс емес пе?
Ата-бабадан қалған бұндай құнды заттар жеке адамның меншігі
болмауы керек. Олар – мемлекеттің қазынасы, байлығы. Ендеше,
ондай жәдігерлердің барлығы мұқият тізімге алынып, мемлекеттік
тұрғыдан қамқорлық жасалып, аса қырағылықпен қорғалып, көздің
қарашығындай сақталуы тиіс. Сонда ғана өсеміз, өркендейміз!
Кең-байтақ қазақ даласын бізге дейін де ата-бабаларымыз
мекендеген, бізден кейін де өмірдің тоқтап қалмасы анық. Тым
болмаса осынау қарапайым қағиданы ұмытпағанымыз жөн шығар!
«Ата-бабасының дүние-мүлкін жоқтайтын ұрпағы бар екен» десін
де былайғы жұрт.
КӨКТАМЫР ХАН КЕНЕНІҢ ҚЫЛЫШЫ Кейінгі жылдары «Қазақ әдебиеті» газетінде Кенесары хан туралы аз жазылған жоқ. «Хан сүйегін іздестіру» жорығы аясын да жарияланған мақала-материалдарды айтпағанның өзінде, хан Кененің мылтығы мен сауыты жөнінде келелі әңгімелер қозғалғанды. Белгілі ақын Ұлықбек Есдәулет Омбы облыстық өлкетану мұ ражайынан ханның мылтығын көргендігін тілге тиек етсе, талантты ғалым Кенжехан Матыжан Кенесары Қасымұлының сауыты туралы әңгіме айтқан-ды. Сауыт бір кездері Қазақстан Республикасының Орталық мұражайына тапсырылыпты. Бір қызығы – сол сауыт қазір жоқ. Орталық мұражай басшылығының айтуы бойынша, пайдалану ға жарамсыз болғандықтан есептен шығарылған. Содан ұшты-күйлі жоқ. Жоғалған... Жақында Орталық мұражай директорының бұрынғы орын басары, қазіргі Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті мұ ражайының директоры Кенжехан Матыжан тағы бір жағымды жаңалық айтты. Орталық мұражайға өткізілген Кенесары сауытының суреті мен тіркеу құжаттарын тауыпты. – Орталық мұражайда он сауыт бар, осы сурет арқылы эксперти за жасап, Кенесарының сауытын анықтауға болады. Өйткені сол он сауыттың біреуі хандікі болуы да ғажап емес, – дейді Кенжехан мырза. Хан Кененің мылтығы мен сауыты туралы әңгімелердің ұшығы тарқай бастаған соң, оның қылышы жөнінде де сөздер айтыла бас тады. Біреулер Мәскеудің бір мұражайынан көріпті-мыс. Қойшы, әйтеуір, жел сөздер көп болып, нақты әңгіме жоқ болғандықтан, бәлен деп сөз қозғауға батылымыз бара бермеген. Таяуда Алматы да тұратын Кенесарының шөбере қызы Напуса Кенесаринамен жолығып, әңгімелестік. Сөз орайында:
КӨКТАМЫР – Кенесарының қылышы бар екен, білесіз бе? – деп сұрап едім: – Иә, білемін. Оңтүстік Қазақстан облыстық өлкетану мұражайын да сақтаулы. Оған менің әкем Әзімхан Кенесарин өз қолымен апарып тапсырған, – деді Напуса апамыз сөзін нықтап. – Шынымен Кенесарының қылышы ма? Анық білесіз бе? – дедім сенерімді де, сенбесімді де білмей. – Шынымен Кенесарының қылышы. Оған ешқандай күмәніңіз болмасын. Мен оны анық білемін. Кепіл бола аламын, – деген соң Оңтүстік Қазақстан облыстық өлкетану мұражайының директоры Сара Әлібаеваға телефон арқылы хабарластық. – Біздің қорда Кенесарының қылышы бар екені рас. Бірақ біз оны залға, көрмеге қойған емеспіз, – деді мұражай директоры. – Барып көруге бола ма? – Әрине, келіңіз. Мен іссапарға кетіп барамын. Дегенмен, біздің мұражайда қызмет істейтін Рахима есімді қызға тапсырып кетемін. Ол кісі уәдесінде тұрды. Оңтүстік Қазақстан облысына іссапар мен барып, облыстық өлкетану мұржайына ат басын тіредік. Мұ ражайдың Қорлар бөлімінің меңгерушісі Рахима Ноғайбекова та рихи жәдігерлер қорында сақтаулы тұрған Кенесарының қылышын көрсетті. Қолымызға ұстап көрдік. Шағын, жеңіл, ыңғайлы. Ханның жорыққа ұстайтын қылышы болса керек. – Мынау – тіркеу кітапшасы, осында бәрі жазылған. Бұл кітапша заңды құжат болып есептеледі, – дейді Рахима Ноғайбекова. Кітапшаны қолыма алып, қарап шықтым. Онда «152.8-VІ-1931. По дарок внука К. Касымова – Азымхана Кенесарина. Сабля, принадле жащая султану Кенесары Касымову. Кривая, с ножными из кожи, ру каятка из кости. Материал железа. дл. лезвия 70 см. дл. рукаятка 15 см. Старая, ржавая» деп анық та қанық етіп жазылған. – Бұл қылыш туралы бұдан басқа не білесіздер? – деген сауалымызға Қорлар бөлімінің меңгерушісі қысқа қайырып, мынадай жауап берді: – Бұдан өзге ешкім ештеңе айта алмайды. Мұражайдың қазіргі қызметкерлерінің дені – кейінен келгендер. Бұрынғы қызметкерлер болса, мүмкін, тағы да бірдеңелер айтар ма еді.
КӨКТАМЫР Иә, сол бұрынғылар болса «бірдеңе» айтар ма еді, кім білсін? Де генмен, мұражайдың бас кітапшасында Кенесарының қылышы екені тайға таңба басқандай көрсетілген ғой. Ал енді сол хан Кененнің қылышын Оңтүстік Қазақстан облыс тық өлкетану мұражайына өткізген Әзімхан Кенесарин деген кім? Сөзіміз дәлелді болу үшін осы сауалға жауап бере кетсек, мәселенің түйіні өзінен-өзі шешілетін сияқты. Әзімхан – Кенесарының бәйібшесі Күнімжаннан туған бала сы Ахметтің ұлы. Былайша айтқанда, Кенесарының немересі. Бізге Кенесарының қылышын Оңтүстік Қазақстан облыстық өлкетану мұражайында тұрғанын айтқан Напуса Кенесаринаның әкесі. – Әкеміз Әзімхан Ахметұлы Кенесарин 1878 жылы Шымкент қаласында туған, – дейді Напуса Кенесарина. – 1879 жылы Шымкент қаласындағы училищені бітіріп, Әулиеата уезінің басқармасында хатшы болып істеді. 1921 жылы Сырдария ревкомының хатшысы болып сайланған. Одан соң туған қаласы Шымкентке ауысып, Жер бөлімінде инструктор және бөлім меңгерушісі қызметтерін атқарған. Сол кезден өмірінің соңына дейін Шымкент қаласында тұрды. 1924 жылы учаскеде гидротехник болып қызмет істеді. Содан 1937 жылға дейін Бөген – Шаған су каналын салуға қатысты. 1930 жылдардағы қуғын-сүргін кездері көптеген қазақ зиялыла ры жазықсыз жазаланды, қамауға алынды. Солардың ішінде Әзімхан Кенесарин де болды. НКВД-нің Оңтүстік Қазақстан облыстық басқармасы 1937 жылы тамыз айының 15-і күні әкемді Шымкент қаласындағы үйінде тұтқындап, қамауға алды. Содан үш жарым ай өткенде «Алашордашыл, Қоқан автономиясы үкіметінің мүшесі» де ген айыптаулармен атылып кетті. Міне, көріп отырған шығарсыздар, Әзімхан Кенесарин оқығантоқығаны бар, көкірегі ояу, көзі ашық кісі болған. Ендеше, бұндай адамның бүйректен сирақ шығарып, жоқтан бар жасауы мүмкін емес. Туған немересінің атасының затын білмеуі, танымауы, шатастыруы тіптен мүмкін емес. Сондықтан бұл қылыштың Кенесарынікі екеніне ешкімнің дауы болмаса керек. Кенесары ханның белінен қылышын тастамайтыны туралы жаз ба деректер бар, бірақ оның қылышы туралы нақты сипаттама бере
КӨКТАМЫР тін тарихи құжаттар жоқ. Ханның қылышы біреу болмасы да белгілі. Мәселен, 1845 жылы Кенесары ордасында елшілікте болған Герн мырза былай деп жазды: «Сұлтан ауылында жүзге жуық мылтық бол ды, олардың өзі білтелі және тірек ағашты еді. Сонымен қатар оның үш ұзын мылтығы бар, оларды ылғи үйінің маңында ұстайды, ал шай қаста жанында болады. Бұл мылтықтар Бұхар әмірінен алынған». Омбы облыстық өлкетану мұражайында тұрған Кенесарының мылтығы осы Бұхар әмірінен алынған үш ұзын мылтықтың біреуі болуы әбден мүмкін. Біздің ойымыз осылай меңзейді. Ал енді Кенесары әскерінің ерекше белгілері туралы сол заманның өзінде Күрен Абылаев марза былайша сипаттайды: «Бұл бүлікшілер дің бәрі кеуделеріне үш қатар қызыл бау тағып алған. Сыйлы адамдар мен әскербасылар қызыл қынапты қылыш асынған. Ал Кенесарының өзі орыс полковнигінің әпелетін таққан». Міне, осы жазбадан-ақ аңғаруға болатын шығар, Кенесары ор дасындағы сыйлы адамдар мен әскербасылар қызыл қынапты қылыш асынған. Ендеше, Кенесарының қызыл қынапты қылыш ұстауы тарихи шындыққа бір табан жақындай түсетін сияқты. Олай болса, Оңтүстік Қазақстан облыстық өлкетану мұражайында тұрған Кенесарының қылышы да қызыл қынды... Кенесарының қылышы туралы мұндай жанама деректер бар шылық. Дегенмен, осындай жазбалардың өзінен-ақ бұл қылыштың Кенесарынікі екені айқындала берері сөзсіз. Бір қарағанда, бұл қылыш көп қылыштардың бірі сияқты көрінуі ықтимал. Ал көңіл қойып, зерделеп қарасаңыз, бұл қылыштың мәнмаңызына көзіміз анық жете түседі. Сөз жоқ, бағалы зат. Хан Кененің қылышы болуымен де құнды. Ең бастысы, елдігімізге, тәуелсіздігімізге қауіп төндірген отар шыларға қарсы кезенген қылыш. Арыстандай ақырған алып импе рияға қарсы сілтенген қылыш. Хан Кененің қолының табы, жауының қаны сіңген қылыш. Мән-маңызы да осында. Оны Кенесарының генерал Обручевке жазылған мына бір хаты да дәлелдей түседі: «Өткен 1839 жылы Орынбордың генерал-губернаторы мен генерал Генс бізге патша ағзамның қасиетті хатын жариялап, бар күнәмізді
КӨКТАМЫР кешкен. Мұндай қадірлі адамның сөзіне сенгендіктен, біз ақ патшаға қарсы мылтық ату мен қылып көтеруді тоқтатқан едік. Ал биыл наурыздың жиырма бірінде, өзіміз аңға шығып кеткенде, Омбы қаласынан шыққан, Сотников басқарған жасақ ауылымызды шауып, мал-мүлкімізді талап, Күнімжан ханымды бас етіп, бірнеше адамды ұстап алып кетті. Бұндай жағдайда жақсылықты бір құдайдан болма са, орыс бастықтарынан күтуге болмайтынына көзім жетті». Кенесары ақ патшаға қарсы не үшін қылыш көтерген? Не үшін мылтық кезенген? Орыс генералына жазған ханның хаты көп жайт тан сыр аңдатады. Сондықтан, сөз соңында айтарымыз, Кенесарының қылышы бұған дейін ешқандай көрме залына қойылмапты, Оңтүс тік Қазақстан облыстық өлкетану мұржайының қорында құпия сақталған. Енді осынау тарихи қылышты Алматы немесе Астанадағы Орталық мұражайларға алдырып, көрнекті жерлерге көрнекілік ретінде қойылса дұрыс болар еді. Жас ұрпақ көрсін, көрсін де ойлансын, ойлансын да өздерінше байлам жасасын! Кенесарының қылышы сонысымен де құнды.
КӨКТАМЫР КЕЙКІНІҢ БАС СҮЙЕГІ Халық үшін, ұлт үшін тәуелсіздіктен, еркіндіктен, бостандықтан ас қан бақ та, бақыт та жоқ. Болған да емес. Болмайды да. Ендеше, елінің тәуелсіздігі, халқының бостандығы үшін күрескен әрбір азаматтың есімі ұрпақ жадында мәңгіге сақталып, тарих төрінен лайықты орын алуы тиіс. Есімі мен ерлігі ел аузында жүретін сондай тағдыры күрделі дара тұлғаның бірі – халық батыры Кейкі Көкембайұлы. Атқан оғын шашау шығармайтын, құралайды көзге атқан қолмер ген Кейкі атамыз кержақ патшаның қисынсыз жарлығына қарсы шығып, 1916 жылғы Торғайдағы ұлт-азаттық көтерілісін бастау шылардың бірі болғаны тарихтан белгілі. Хан Әбдіғаппар мен сардар Амангелдінің сенімді серігі ретінде үзеңгі қағыстыра жүріп, елінің азаттығы үшін қолына қару алып, басын бәйгеге тіккен жаужүрек аза мат болғанын бүгіндері емін-еркін ауызға алып, ерлік істерін сана малап болса да айта бастадық. Кеңес дәуірі кезінде Кейкі батырдың ерлігі түгіл, есімін ауызға алуға тыйым салынды. Өйткені патша итаршыларымен атысып-ша бысып бүйрегіне қан қатқан мергеннің қызыл өкіметпен де көңілі жараса қоймағаны тарихи шындық. Көтеріліс аяусыз басып-жаншылғанымен, небір зорлық-зомбы лықты өз көзімен көріп, кеудесін намыс оты кернеген Кейкі тыныш жата алмады. Дәлірек айтсақ, тыныш жатқызбады. Әркез бас көтеріп, өзінің тірі жүргенін аңдатып қойып отырған аңғал батырдың соңына «банды» деген қоңырау байланып, ұшарын жел, қонарын сай білген қаңбақтай қашқын атанады. Тау асты, тас кезді. Үңгірді паналады. Атымен сырласты. Дұшпа нынан теперіш көріп, қуғын-сүргінде жүрсе де халқы ардақ тұтып, сый-құрмет көрсетті...
КӨКТАМЫР Қалайда көзін құртпай тыныш ұйықтай алмайтынын сезінген дұшпандары да қарап жатпады. Үнемі тұзақ құрумен болды. Артына тыңшы салынды. Ізіне шырақ жағылды... «Айналдырған жау алмай қоюшы ма» еді? Қапысын тауып, 1923 жыл ғы көктемнің бір күнінде қараша үйде демалып жатқан Кейкі батыр ды мылтықтарын шошаңдатқан қызыл қарақшылар атып өлтірді. Оқ дәл қасқа маңдайдан тиіпті деседі. Сөйтіп, елім деп еңіреп өткен есіл ер абайсызда көз жұмды. Қызыл қарақшылар деп отырғанымыз, олар мергеннің өзін ғана өлтіріп қойған жоқ, оған көңілдері көншімесе керек, тұқымын тұздай құртты. Айы-күні жетіп отырған ауыраяқ әйелі Ақжанның да басын шауып, қылышпен ішін жарған. Ол кезде бұндай айуандықтар үйреншікті әдетке айналғаны белгілі. Сол уақыттағы тағы бір берік дәстүр бойынша, қызыл қарақшылар Кейкіні өлтіргендерін дәлелдеп, ұлықтардың алдында жақсы ат тану үшін мергеннің басы мен қолын кесіп алып, қоржынға са лып, алтын тапқандай Торғай қаласына алып барады. Ал денесін әйелі мен інісінің, қалған алты адамның мүрдесіне қосып, Жалаулы жайлауындағы Жаланшық өзенінің маңындағы бір сайдың жырасы на сүйреп апарып, көме салады. «Адамның басы – Алланың добы» деуші еді, ал «Кейкінің басы – адамның добы» болып, 1926 жылы Қазақстан астанасы Орынбордан Қызылордаға ауысуына байланысты Санкт-Петербург қала сынан бір-ақ шығады. Жай ғана жөнелтілмейді, Букинич дейтін бір өлкетанушы-зерттеушісымақ Санкт-Петербург мұражайына ата мыздың басын сыйға тартады. Сөйтіп, жабулы қазан жабулы күйін де қала береді. Мүмкін, әлі де ескерусіз жата берер ме еді, тәуелсіздік тің таңы арайлап атпағанда. Біз кеңестік дәуірде Кейкіні тағдыры ауыр талантты жазу шы Ақан Нұрмановтың «Құланның ажалы» атты романы арқылы шетпұшпақтап танып-білдік. Шығарманың аты мезгеп тұрғандай, Кейкі батырдың руы құлан қыпшақ болатын. Отыз төрт-ақ жыл жарық жалғанның қызығы мен шыжығын көрген арқалы жазушы Ақан Шайдахметұлының осынау ерлік-еңбегі әлі де өз деңгейінде бағаланбай келеді. Құдай бұйыртса, болашақта өз отына өзі күйіп кет кен Ақан ағамыз туралы да қалам тартпақ ойымыз бар. Әрине, бұл –
КӨКТАМЫР басқа әңгіме, басқа тақырып. Сондықтан негізгі әңгімеден ауыт қуды жөн көрмедік. Еліміздің дербес отау көтеруіне байланысты өшкеніміз жа нып, өлгеніміз тірілгендей күй кешкеніміз анық. Елі мен жерін жатжұрттықтардан қызғыштай қорыған ержүрек ата-бабалары мыздың есімдері халқымен қайта қауышып, ерлік істері ұрпақ жадын да қайта жаңғырды. Сондай дара тұлғалардың жуан ортасынан ойып тұрып орын алатын Кейкі батырдың рухы да қазақ аспанына қайтып оралды. Есімі әспеттеліп, тағдыр-талайы мен ерлік істері хатқа түсе бастады. Осындай өзімізді өзіміз қайта тану кезеңінде мергеннің қызыл қарақшылар кесіп әкеткен басының да іздестірілуі заңды құбылыс қой деп ойлаймыз. Осынау игі іске алғаш қозғау салып, қолға алған адам есімі елімізге кеңінен танымал тарихшы-ғалым, академик Манаш Қозыбаев болатын. «Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын!» демекші, ғалым ағамыздың қол қоюымен жанжаққа іздестіру-сұрастыру хаттары жөнелтілді. Көп уақыт өтпей-ақ жауап хаттар да келіп жетті. Енді сондай жауап хаттардың бір-екеуіне тоқтала кеткенді жөн көріп отырмыз. Соның бірі – Қазақстан Респу бликасы Сыртқы істер министрлігінен келген жауап хат. Онда: «Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым академиясының Шоқан Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының директо ры Манаш Қозыбаевқа! Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Ресей Фе дерациясының Сыртқы істер министрлігінен төменгі жайттарды хабарлаған қатынас қағаз алды. Сіз туған жеріне қайтарылуын талап еткен Кейкі батырдың бас сүйегі Санкт-Петербург қаласында Кунсткамераның Антропологиялық қо рында тұр. ...К. Көкембайұлының бас сүйегін қайтару мәселесін Ресей жағы оның ет жақын ағайындарынан (ұрпақтарынан) топыраққа тап сыратындары жөнінде өтініш түскен жағдайда ғана қарауы мүмкін. Министрдің орынбасары В. Алесин» деп әңгіменің шетін шығарса, Санкт-Петербургтегі Антропология және этнография мұражайынан келген хатта: «Аса қадірлі Қозыбаев мырза! Сіздің атақты халық батыры, ұлт-азаттық көтерілісінің көсемі Кейкі Көкембаевтың бас сүйегін Шоқан Уәлиханов атындағы Тарих
КӨКТАМЫР және этнология институтына беру мәселесін қарастыруды ұсынған хатыңызға біз қуаныштымыз. Сіз айтып отырған бас сүйек мұражай экспонаты болып саналады және ол қазіргі кезде Антропология және этнография мұражайының Антропология бөлімінде сақтаулы тұр. Оны қайтару мәселесі РФ Мәдениет министрлігінің мұражайлық құндылықтарды сақтау тура лы нұсқауы бойынша Антропология бөлімінің мәжілісінде қаралуы мүмкін. Егер бас сүйекті Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этно логия институтына беру туралы мәселе оң шешімін тапса, аталмыш бөлімнің меңгерушісі И.И. Гохман тиісті актіні тіркеп-жазып қоятын Бас сақтаушы С.Б. Фараджевке беруі тиіс. Осыдан кейін ғана Бас сақтаушы экспонатты беру үшін құжаттар дайындауға кіріседі. Қазіргі уақытта И. Гохман іссапарда жүр. Ол 1994 жылдың 5 қа занында қайтып келеді. Осыған байланысты, өкінішке орай, бас сүйекті қайтару мәселесі қазан айының алғашқы ширегінде қаралуы мүмкін. Құрметпен А.С. Мильников, Антропология және этнография мұражайының директоры, Гуманитарлық ғылымдар академиясының академигі» деп тайға таңба басқандай анық көрсетілген. Бұл – 1994 жылдың жазында қозғалған әңгімелер. Одан бері де ат тай алты жыл өтіпті. Бірақ аталмыш хаттар қағаз жүзінде қалып, іс жүзінде ешқандай нәтиже шықпаған. Осындайда «Неге?» деген суық сауалдың сопаң етіп шыға келіп, жаналқымға алары сөзсіз. Батырдың бас сүйегін алып қайту үшін қомақты қаржының қажеттігін ескер сек, жақсы басталған істің неліктен жылы жабылып қойылғанын ойша таразылауға болатын шығар. Халқымызда «Онда не бар? Атаңның басы бар ма?» деген сөз тіркесі бар. Біз осы сөздің астарына үңілуді ұмытып кеткен сияқтымыз. Өйткені Санкт-Петербургте «Атамыздың басы» бар емес пе?! Тіпті ол топырақтың астында жатса бір сәрі, мұражай қорында экспонат есебінде сақтаулы тұр ғой. Намысың келе ме, келмей ме?! Күмәнім бар. Әйтпесе, алты жылдың ішінде халқы үшін жанын пида еткен батыр атамыздың бас сүйегін есебін тауып алып келуге болатын еді ғой! «Атамның басы ғой, арулап көмейік!» деп алдына барып отырып
КӨКТАМЫР алсаңыз, иімейтін, иілмейтін пенде болмайтын шығар! Қателессек, Құдайдың өзі кешірер, әй, бірақ атамыздың дүние-мүлкін емес, бас сүйегін даулап жүрміз ғой, бермей қалуға кімнің дәті барар дейсіз?! Біз – бар кінәні өзгеге аударып, өзіміз ақталуға дайын тұратын адамдардың тобынанбыз. Осының бәрі өзіміздің енжарлығымыз бен құлықсыздығымыздан, қырсыздығымыздан. Ресей жағына өкпе-наз артуға болмайды. Жоғарыда келтірілген академик Мыльниковтың қысқа ғана қайырма хатынан-ақ көрші ағайындардың мәдени деңге йі өте жоғары екендігі анық аңғарылмай ма?! Осындай мәдениеті жоғары оқымыстылардың атамыздың басын бермей, меселімізді қайтаратынына өз басым сене қоймаймын. Сенгім де келмейді. Ол мүмкін емес сияқты көрінеді маған. «Қалауын тапса, қар екеш қар да жанады» екен. Дегенмен, тіл табысу үшін мәмілегер мықты болуы ке рек. Сондықтан сөзіміздің соңын Қостанай облысының әкімі Өмірзақ Шүкеевке арнағымыз келіп отыр. Құрметті әкім мырза! Қасиетті Торғай өңірінен шыққан жаужүрек халық баты ры, құралайды көзге атқан мерген, сындарлы қолбасы Кейкі Көкембайұлының туғанына келер (2001) жылы 130 жыл толады. Осыған байланысты аталмыш мерейтойға дейін халқымыздың азаттығы үшін күрескен, осы жолда мерт болған аяулы атамыздың Санкт-Петербург қаласындағы Антропология және этнография мұ ражайының қорында экспонат ретінде сақтаулы тұрған бас сүйегін туған жеріне алып келіп, денесіне қосу Сіз сияқты аузында дуасы, қолында билігі бар азаматтардың азаматтық парызы екенін естен шығармасаңыз екен! Қазақ «Өлі разы болмай, тірі байымайды» дейді ғой. Бұл өткенге салауат айтып, бұрынғы ата-бабаларға құрметпен қарау керектігін ескертіп тұрған жоқ па?! Ендеше, тірліктеріңіз алға бассын десеңіз, Кейкі батырдың аруағын риза ететіндей іс жасаңыз! Екі дүниеде де алдыңыз жарық болады! Сөзімізді түйіндей келе айтарымыз, асылдарымызды ардақтап, сүйегімізді қорлатпасақ екен! 2000 жыл
СӨЗ ӨНЕРІ: серті мен дерті .
КӨКТАМЫР БҮГІНГІ ҚАЗАҚ ӘҢГІМЕСІ Өсіп-өркендеген, кемеліне келген ұлттық әдебиетіміздің көркей ген көрікті бір саласы әңгіме жанры екені баршаға аян. Ағартушы қаламгер Ы. Алтынсарин негізін салып, Б. Майлин, М. Әуезов, Ғ. Мү сірепов сынды классик жазушылар іргетасын қалап, шаңырағын көтерген қазақ әңгімесі бүгінде өзіндік дәстүрлі жолынан жаңылмай, уақыт талабына сай жасарып, жаңарып, көркейіп, көріктеніп келеді. Қазіргі қазақ әдебиеті туралы сөз қозғағанда, сол кездегі кезеңдік құбылыстар мен оқиғаларға аз-кем тоқтала кеткен орынды сияқты. Еліміз тәуелсіздік алғалы да он жылдан аса уақыт өтті. Осынау айналдырған он жылдың ішінде елімізде айтатқаларлықтай өз герістер мен жаңарулардың болғаны айдай ақиқат. Заман да, қоғам да, заң да өзгерді. Жаңа заманға сай жаңа адамдардың типі пайда бол ды. Өтпелі кезең деп ат қойып, айдар таққан осынау тәуелсіздіктің алғашқы жылдары адамдардың ой-санасы мен мінез-құлқында да өзгерістер болмай қалған жоқ. Социалистік қоғам келмеске кетті. Тәуелсіздік ұлттық жаңғы руларға кеңінен жол ашты. Нарықтық қатынастарға көшу барысын да түрлі қиыншылықтарды басымыздан кешірдік. Елімізде келеңсіз жағдайлар белең алды... Осындай түбірлі өзгерістердің сұрқай-сұрғылт келбеті қазақ әде биетінде көрініс тапты ма, көркем шығармалардың өзегіне айнала алды ма? Біздің зерттеп-зерделеуімізше, осы оқиғалар көптеген қазақ қаламгерлерінің қиялдарына қанат бітіріп, шабыттарын оятқан сияқты. Оны осынау он жылда (1991-2001) жарық көрген қазақ әңгімелерінен анық аңғаруға болады. Қазіргі уақытта кәсіби деңгейде көркем әңгіме жазып жүрген қазақ қаламгерлері ат төбеліндей ғана. Әрине, мерзімді басылым
КӨКТАМЫР дарда жарияланып жататын әңгімелер көп-ақ. Сан жағынан көңіл көншітуі бек мүмкін, ал сапа тұрғысынан сөз етер болсақ, жанр тала бына жауап беретіндері сирек. Әр түрлі себептермен С. Мұратбеков, Д. Исабеков, Т. Әбдіков, Т. Нұрмағамбетов секілді шебер әңгімешілер әңгіме жанрына қалам тартуды мүлде сирексітіп алды. Дейтұрғанмен, М. Мағауин, Ш. Мұртаза, Қ. Жұмаділов, Б. Нұржекеұлы, Қ. Түменбай, А. Алтай, Р. Мұқанова, Н. Ораз, Т. Ахметжан сынды қаламгерлер осы нау шағын жанрдың көсегесін көгертуге өз үлестерін қосып келеді. Қазақ әдебиетінің қара нары іспеттес өнікті еңбек етіп келе жат қан жазушы Мұхтар Мағауиннің 2002 жылы Алматыдағы «Қағанат» баспасынан жарық көрген он үш томдық шығармалар жинағының жетінші томына тәуелсіздіктің алғашқы жылдары жазылған көркем әңгімелері топтастырылған. Кітаптың беташары секілді «Салах-адДиннің үкімі» атты алғашқы әңгіме – жаңалығы мол дүние. Жазу шы «Шытырман» роман-эссесінде бұл әңгімесін өзінің ең таңдаулы әңгімесі деп санайтынын ескерткен. Бұл – шынында да ерекше әңгіме. Жазылуы тосын. Дәстүрлі көр кем әңгімелерден бөлектеу, біртүрлілеу жазылғанымен, қызғылықты оқылады. Тартымды. Оқи бастағаннан-ақ жетелеп, желпіндіріп оты рады. Түрлік жағынан жеңіл-желпілеу көрінгенімен, мазмұны өте күрделі, келісті шығарма. Бастан-аяқ баяндау тәсілімен жазылған. Әрине, шығарманы қалай жазамын десе де жазушының өз еркі. Оған ешкімнің үкім-бұйрығы жүрмейді. Оның үстіне М. Мағауин жаңа жа зып жүрген жас жазушы емес. Көркем шығарма жазудағы көркемдік әдіс-тәсілдердің барлық құпия-сырын жетік білетін, қалам қуатын толық игерген сақа жазушы. Әңгіме атақты тарихшы Шейх Әбубәкір ибн Мүджаһид әлБағдадидің «Ғақылия кітабында» баяндалатын Салах-ад-Дин сұлтан ның Бұхарадан Бағдадқа оқу-білім іздеп бара жатқан жазықсыз мұ сылман баласын азаптап өлтірген Зәңгі деген әскербасын өлім жаза сына кескені туралы ғибраттан басталады да, белсенді революцио нер, академик, коммунистік партияның ардагері, ісімен де, сөзімен де жаңа тарихты жасаушы Бектеміс Ақпанбетовтің «Қазақстандағы Кіші Октябрь» атты екі томдық мемуарында баяндалатын оқиға
КӨКТАМЫР ларға ұласады. Онда Қазақстанда Кеңес өкіметін түбегейлі орнықты ру үшін ел ішіне арнайы жасақтар шыққаны айтылады: «...Біздің салт ты отрядта екі-ақ қазақ болдық. Бірі – мен, бірі – жиһангерлік соғыс кезінде қара жұмысқа алынып, Рига маңында болып қайтқан, кедей таптан шыққан, оқымаған Сейсен Бөкенов дейтін, қабағы ашыл майтын, иығы салыңқы еңгезердей жігіт. Бұл азаматтың қой терісін жамылған қасқыр, ұлтшыл екенін біз әуелде білгеміз жоқ. Отряд командирі – Егоров дейтін орыс. Саяси күрестерде шынықан, Аза мат соғысы майдандарында от-жалыннан өткен байырғы больше вик». Одан әрі бұл жасақтың қайда барып, қайда тұрғаны, не істеп, не қойғаны баяндалады. Өзінің «Алашордашылар» деген желеумен жазықсыздан-жазықсыз оқыған қазақтың екі баласын шімірікпей қалай атып тастағанын мақтанышпен тіліне тиек етеді. «Жеті жүз қырық жылдан соң, соншама қуатпен қайталаныпты қанды оқиға. Ал үкім ше?» – деп сауал тастайды да, оған өзінше жауап береді жазу шы: «Азаттық туын көтерген сайыпқыран Салах-ад-Диннің билігі жоқ бізде. Жазаға тартар күш қайда?! Өтіп кеткен өмір, көшіп кеткен кісі. Басқа заман, бөтен жағдай. Әйткенмен... біз де сорлы емес сияқты мыз. Үлкен бе, кіші ме, қауқарсыз ба, құдіретті ме – өз патшалығымыз бар. Болат қаламның ұштығында тұрған, өзгеше патшалық». Әңгіменің ең басты жаңалығы да осында. Формада. Өткен оқи ғаларды баяндаған шежіре-естеліктерді сөйлету арқылы сол за манның сұрқай келбетін, тірлік-тынысын бүгінгі ұрпақтың көз алды на әкелу, елестету. Санасына сіңіру. «Заманына қарай адамы» дейді. Әр заманнның өз сұрқылтайы бо лады. Зәңгі қарақшы да, Ақпанбетов белсенді де сол заманы тудырған адамдар. Болмыс-бітімдері сөздерінде тұр. Олардың кім екендікте рін өздерінің істері ғана емес, сөздері де тайға таңба басқандай айқын аңғартады. Бұхарадан Бағдадқа ілім іздеп бара жатқан шәкіртті орта жол дан тосып алып, азаптап өлтірген Зәңгі қарақшы: «...Мен тағы да қылышымды оңтайладым. Ауысқан шәкірт күбірлеп иманын айтты. Қиялай тіліп өткенде тістене безеріп, дыбысын да шығармады. Енді екінші жағынан остым. Кенет есалаң шәкірт ышқына айқай салды. 14-0113
КӨКТАМЫР «Әй, кекілік! – дейді. – Кекілік-ау, кекілік! Таңда махшар күні куәлік бер! Мына жауыз менің нақақ қанымды төкті!» Мен бұрылып, ар тыма қарадым. Анадай жерде, беткейде, жалпақ қара тас үстінде сұп-сұр болып жалғыз кекілік отыр екен. «Тарғыл бауыр, қара мойнақ кекілік! – дейді ақымақ шәкірт шиыршық атып. – Құдай ал дына барғанда куә бол! Менің нақақ қанымды төкті! Куә бол!» – деп лепірсе, екі қазақтың өндірдей жас жігітін сотсыз-тергеусіз, табан ау зында атып тастаған жалынды революционер Ақпанбетов былайша көпіреді: «...Тек жұп болса керек, осы маңда балапаны қалған сияқты, бір қоңыр, бір көкмойын – екі үйрек тым тақау жерде айналсоқтап, ұзап кете алмай, тынымсыз қырқылдайды. «Хош, көк ала үйрек, – деді буржуазиялық кертартпа роман, поэмаларды оқып көз ашқан, Бай ронды қастерлеп, Мағжанды жаттап өскен ұлтшыл, басқа айтар сөз таба алмай. Бір сәтке болса да өмірін ұзартқысы келеді. – Хош, қоңыр үйрек!..» Мен маузерді кезендім. «Кеш, көк аспан! – деді Жәңгір екі қолын бірдей көкке созып. – Аман бол, Алаш!» Сол сәтте өндіршек- тен қорғасын қадалды. Жаңа айтқанымдай, өзімді ірке алмаппын. Бірақ екінші оқтың қай жеріне тигенін білмеймін». Осынау қысқа ғана өз сөздерінен-ақ Зәңгінің де, Ақпанбетовтің де бет-бейнелері айқындала түседі. Зәңгі кім? Қу құлқын үшін ештеңе ден тайынбайтын, адам тонаумен күн кешкен қандықол қарақшы. «...Тоқтат, қанішер малғұн! – деді Салах-ад-Дин оқыс ақырып. – Дін ислам түп көтерілген зор майданға кешігіп жеткен айыбының төлемін де кейінге қалдырып едім. Бірақ қарусыз міскіннің, жазық сыз мұсылманның нақақ қанын төккеніңді кешірмеймін. Алланың сотынан бұрын адамның сотынан өтесің. Жасауыл! Мына жауыздың басын шап! – деді әділдігі әлемге әйгілі сайыпқыран сұлтан...» Салах-ад-Дин сұлтанның үкімімен Зәңгі әскербасы істеген қыл мыс-күнәсіне қарай өз жазасын алады. Қатал жазаланды. Қылышпен шауып өлтірілді. Ал бірден өрімдей оқыған екі талапкер жас жігіті атып тастаған Ақпанбетов ше? Жо-жоқ. Жазаланған жоқ. Қайта өлеөлгенше құрметтелді. Одақ пен республиканың пәлен мәрте халық депутаты болды, лауреат атанды, академиктікке сайланды... Жалған атақ, баянсыз абырой жолында қолынан келген барлық арамдық пен аярлықты жасап баққан Ақпанбетовтің қылмыс-кінәсін
КӨКТАМЫР кім арқаламақ? Әрине, өзі. Бұл әңгімені жазудағы мақсат та осы. Қылмыскердің қылмысын әшкерелеу һәм оны жазалау: «Біздің ака демик баяндаған хикая – естелік емес, сіздің қаламгер байыптаған мазмұндама – куәлік емес... Әуелгісі – үкімнің өзі, соңғысы – сол үкімнің ең аяусыз тәсілмен жүзеге асқан көрінісі. Енді мойындауға тура келеді: жазушыдан қатал жендет... олай емес, жазушыдан қатал жан жоқ! Иә!..» – дейді жазушы әңгіме соңында. Шынында да солай. Қаламгерден қатал жан жоқ. Бұл Салах-адДин сұлтанның үкімі емес, жазушының да үкімі. Әңгіме осынысымен құнды. Бұл – ескі оқиғаны жаңаша байыптаған шығарма. «Жақсылық жерде жатпайды» демекші, жауыздық пен зұлымдық та із-түзсіз жоғалып кетпейді. Күндердің күнінде айналып өз иесін табары сөзсіз. Тіпті көзі жұмылғаннан кейін де тыныш жатпауы мүмкін. Міне, бұл шығарманың айтар негізгі идеясы да осыны жас ұрпақтың санасы на сіңіру. Тағылымы да осы. М. Мағуиннің бұдан басқа «Жүсіптің қызы Светлана», «Нала», «Қара қағаз келген Салық ағам», «Карлагтан хат», «Орыстың төресі», «Ұлтаралық жанжал», «Камикадзе», «Сұркөжек аттың соңғы шабысы», «Қос ағаш», «Травеннің әңгімесі» әңгімелері де бүгінгі күннің тала бына толық жауап беретін көркем шығармалар. Әңгімелердің көпшілігі «Мен» деп автордың өз атынан жазылған. Яғни, бас кейіпкер – жазушының өзі. Өз басынан кешірген, өзі куә болған оқиғалар тізбегі. Жасандылық жоқ. Шынайы. Адам жанына ғажап әсер етеді. Толқытады, сүйсіндіреді. Сүйіндіреді, күйіндіреді. Бір сәт көкірегіңді мұңға бөлейді. Көркем шығарманың құдіреті де осы емес пе?! Мәселен, «Жүсіптің қызы Светлана» әңгімесіндегі Свет лананың ауыр тағдыры адамның аяушылық сезімін оятары хақ. Жеке басқа табыну жылдарындағы кезеңнің сұрқай келбетін көз алдыңызға әкеледі. Алдымен сол бір оқиғаны баяндап отырған баланың өз әкесі, содан соң көп ұзамай Светлананың әкесі «халық жауы» ретінде ұсталып кете барады. Жалпы жұрттың басына түскен ортақ қайғы-қасірет. Сол қиын-қыстауды өз көзімен көрген, өз жан-тәнімен сезінген адамның жазғаны қандай әсерлі болса, сон
КӨКТАМЫР дай нанымды. Әңгімелердегі бір артықшылық та осы болса ке рек. Осындағы Жүсіп першілдің, оның қызы Светлананың образ дары оқырманның жүрегінде мәңгі қалып қояды. Бұл әңгімеден де М. Мағауиннің өзіне тән қолтаңбасы анық аңғарылады: «Алысжақын, тамыр-таныс, ауылдас, колхоздас, мектептес қаншама жұрт ішінен бірінші болып белсене шығып, мені «халық жауының» ба ласы деп жариялаған Светлана туралы еді ғой әңгіме. Светлана... Светлананың әкесі першіл Жүсіп байғұс та сол беті құрдымға кетті. Әлде он жыл, әлде жиырма жыл. Білмеймін. Қақаған қыс орта сында Светлана бір апта бойы сабақтан қалып, жағы қушиып, көзі бақырайып, сүйретіліп әрең келгенде балалар айтты. Балалар бәрін біледі. Бірақ мен қалай кетті, қаншаға кетті деп сұрамаппын. Тек өзім тұрған үйде, үлкендердің аузынан естігенім – тыйым салынған зи янды кітаптарды таратып, Совет өкіметіне, ұлы орыс халқына қарсы үгіт-насихат жүргізгені үшін кеткен». Міне, осыдан-ақ жазушының өз стилі бірден менмұндалайды. Әңгімені оқып отырып-ақ М. Мағауиннің шығармасы екенін жаз бай танисың. Жоғарыда біз атап өткен әңгімелердің барлығы дерлік осындай баяндау тәсілімен жазылған. Бұл естелік тәріздес әңгіме лерді оқырманға ұғынықты һәм нанымды етіп жеткізудегі ең оңтай лы тәсіл сияқты. М. Мағауинннің кейінгі жазып жүрген әңгімелері – кілең естелік тәріздес шығармалар. Өз басынан кешірген, көрген, білген, естіген оқиғаларын қағазға түсірген. Шығармаларында ой айтудан гөрі заманның тынысын, қоғамның кескін-келбетін және сол кезеңдегі ғұмыр кешкен адамдардың тірлігін көрсетуді, олардың басына түскен қайғы-қасіреттерді суретттеуді мақсат тұтқан секілді. Мәселен, «Қара қағаз келген Салық ағам» әңгімесінде Ұлы Отан соғысы кезіндегі адамдар тағдыры суреттеледі. Соғыстан соң талай жыл фашистік кон цлагерьде болған, үйіне әлдеқашан қара қағаз келген Салық ауылына оралса, әйелі қатыны өлген туған ағасы Әдіккке қосылып, шешесімен бірге тұрып жатыр екен. Әңгімедегі Салық пен ағасы Әдіктің кезде суі, әйелі Нұриламен бет көрісулері керемет шеберлікпен суреттел ген. Адамның құйқа тамырын шымырлатады: «Ата, – дейді Нұрила, –
КӨКТАМЫР апа, – дейді, – мен шайтанның азыруы емес, адамның зорлығы емес, тағдырдың мазағымен... ағайынды екеуіне бірдей қатын болдым. Өлгені – тірілді. Тірісі – өлуге шақ отыр. Енді екеуінің бірдей... балағын көріп, қара орнымда жүре алмаймын». Міне, өзі айтқандай, тағдырдың талайымен ағайынды екі жігітке бірдей әйел болған Нұриланың тағдыры қандай аянышты болса, ал дымен концлагерьде, кейіннен кеңестік каторгаға түсіп, одан да аманесен оралып, бірақ осынау ауыртпалықтарды көтере алмай, отыз алты жасында бұ дүниеден өткен Салықтың өмірі де сондай өкінішті, күйініші мол ғұмыр. М. Мағауин соңғы жылдары тұтас «тағдырлы» әңгімелер жазып жүр. Бұл, сөз жоқ, қазақ әдебиетіндегі жан жадыратар жаңалық әрі үлкен жетістік, ірі табыс. Соңғы жылдары әңгіме жанрына сирек болса да қалам тартып жүрген қалам қайраткерлерінің бірі – Шерхан Мұртаза. Жазушының Алматыдағы «Атамұра» баспасынан 2003 жылы жарық көрген «Соғыстың соңғы жесірі» атты кітабына бұрындары жазылған шы ғармаларымен бірге кейінгі «Алапар мен Динго», «Бұршақ», «Тә уекел той» сықылды әңгімелері топтастырылған. Жаңа жазылған шығармаларда бұрынғылармен салыстырғанда еш өзгешелік, ерек шелік жоқ. Тақырып, мазмұн жағынан болмаса. Дәстүрлі, классика лық әңгімелер. Жазу техникасына мін тағу қиын. «Тәуекел той», атының өзі айтып тұрғандай, той тақырыбы туралы. Той болғанда да қазіргі заманғы үйлену тойы. Кең қазақтың кеңпейілдігін паш ете- тін бәсеке тойы. Бірінен-бірі асып түсу үшін қарызданып-қауғаланса да ашылып-шашылатын, барын төгіп, жанын салатын той. Керімқұл баласы Нұркенді үйлендірмекші. Кім баласының қы зығынан аянады дейсіз, аянып қалар түрі жоқ. «– Тойды қайда өткізбексің? Үйіңде ме? – деген аталас ағайыны Төкеңнің сауалына: – Жоқ, – деді Керімқұл шоқ басып алғандай шошып кетіп, – үйге кім сыяды? Мен бес жүз адам шақырамын». Міне, нағыз қазақ. Жазушы кейіпкерінің сөзіне ерекше мән беріп, кең мағына сыйғызады. Осынау бір ауыз сөзден-ақ оның мінез-құл қы ашылып сала береді.
КӨКТАМЫР Керімқұл уәдесінде тұрады. Қаладағы ең үлкен мейрамханада бес жүз адамға дүрілдетіп той жасайды. Әрине, атақ-абыройы жақсы. Бірақ мейрамхана иелерімен және тойға шақырылған асаба, артис термен есеп айырысуға келгенде қатты сасады. Ес-ақылы шығып, жынданардай күй кешеді. Өйткені тойдан әжептәуір кірім кіреді-ау деген үміті ақталмайды. Сенім артқан бизнесмен жиен қарындасы Жеңіскүл омырауындағы бриллиант танасын жоғалтып алып, оны Керімқұл нағашысынан көріп, жиналған тойшыл қауымның көзінше зіркілдеп, тойдың шырқын кетіреді: «Ресторанның дәлізіне шыға бере: – Нағашы, мен сізді жұрт көзінше ұялтпайын дедім. Тойыңыздың шырқы бұзылмасын десеңіз, беріңіз! – деп қатқыл бұйыра сөйлейді. Керімқұлдың көзі шарасынан шыға жаздады: – Нені, байғұс-ау? – Нені, нені? Бриллиант тананы. – Шырағым, шалықтап тұрсың ба? Бірләнт деген пәлені қашан беріп едің маған? – Жаңа мен машинадан түскенде мені неге құшырланып құшақ тады десем, омырауымдағы тананы алып қойған екенсің ғой. Бер, бере ғой енді, мен ешкімге айтпай-ақ қояйын. Керімқұл не айтарын білмей, тілі байланып мелшиді де қалды...» Оқып отырып еріксіз езу тартасыз. Әңгімедегі кейіпкерлер сөзі юморға толы. Жазушының мысқыл аралас тіл өрнегіне тәнті боласыз. Осынау шағын ғана диалогта ұлттық мінез-құлықпен бірге жаңа за ман адамының кескін-кейпіндегі кейбір кесір сипатты айқара ашып береді. Шығарманың композициясы ширақ, атап өткеніміздей, диа логтар характер жасауда ұтымды қызмет атқарып тұр. Әңгіменің ай тар ойы анық, идеясы қанық. Болған оқиғаны болғанындай баяндап берген сияқты. Күнде болмаса да, жиі куә болып жүрген жай. Өмірдің өзінен ойып алғандай шынайы, сенімді. Әрине, қызық-қуанышқа шашылған малда не арман бар?!. Бірақ бәрі де орнымен болса. Егер жағдайы көтермесе, соншама ашылып-шашылудың не керегі бар?!. Мақтан ба? Иә, мақтан! Мақтан үшін! Бес жүз адамға той жасап, атағымды аспаннан шығарайын деп ойлаған Керімқұлдың тойы той
КӨКТАМЫР сиқы болмай, өзінің де, жиналған қонақтардың да берекесі қашып, жұрт алдында әбден масқарасы шығып, абыройы айрандай төгіледі. Бұл – қазақы дарақылық. Осыны қаламгер уытты тілмен жеткізе білген. Әдемі кестелеген. Жазушының «Алапар мен Динго» және «Бұршақ» атты әңгімелері де астары терең, бір-бірімен үндес шығармалар. Бірі – иттер, бірі – бұлдырықтар туралы. Бірақ, зерделеп көрсеңіз, бұл екі әңгімеде ит тер мен бұлдырықтардың тірлігі суреттелгенімен, ондай жайлардың адамдарға да тән екенін бағамдау қиын емес. Жазушы иттер мен бұлдырықтардың мінез-құлықтарын арқау ете отырып, адамдардың тіршілігіне қатысы бар жайларды қозғаған. «Алапар мен Динго да» иттердің іс-әрекеттерін, қимыл-қарекеттерін, бір-біріне деген ынтызарлығын, құмарлығын, асты-үстіне түсіп аймаласуларын, қыз ғаныштан қырқысуларын немесе «Бұршақтағы» бұлдырықтардың тірлігін, қылықтарын, «қоразы мен мекішінің махаббат айын айма ласумен өткізгендерін» соншама тәтпіштеп суреттеуінің өзі көп жайтты аңғартса керек. Бұл, әрине, әдебиетте жаңалық емес. Бұрыннан бар, оқырманға әлімсақтан белгілі көркемдік әдіс-тәсілдер. Дей тұрсақ та, итқұстармен адамдардың өмірін қабыстыра, жымдастыра, қиыстыра паралелль алып суреттеу, сөз жоқ, жазушы ізденісінің айқын айғағы. Оған астар беріп, мағына үстемелеу де қос шығарманың құнын одан сайын арттыра түскендей. Ендеше, бұларды қазақ әдебиетіне олжа салған әңгімелер деп айтуымызға толық негіз бар. Бұндағы негізгі жаңалық та Ш. Мұртазаның ізденісі, тақырыпты терең игергені, мазмұнға салмақ артқаны. Жаңа заман, жаңарған қоғам, жаңа адамдар типі туралы жа зып жүрген жазушы Қабдеш Жұмаділовтің 2002 жылы Алматыдағы «Атамұра» баспасынан жарық көрген «Прометей алауы» атты кітабына соңғы уақытта жазылған бір топ әңгімелері енгізіліпті. Шығармалардың басын біріктіріп тұрған ортақ нәрсе – бәрі де бүгінгі күннің оқиғалары, бүгінгі заманның адамдары. «Жалдамалы күйеу» әңгімесінде (инженер) Баймырзаның өз бала-шағасын тастап, басқа бір бай әйелге (Айсұлу) кетіп қалғаны туралы баяндайды. Ол он жыл отасқан некелі әйелі Бисара мен екі баласын қалайша тастап кетті?..
КӨКТАМЫР Кезінде Баймырза дүрілдеп тұрған бір комбинаттың бас инже нері, ал әйелі Бисара озат мұғалім еді. Тұрмыстары да шалқып тұрған: «Осылай ел қатарлы жүріп жатқанда тоқсаныншы жылдардың ала сапыраны басталып, дүние астаң-кестең болды да кетті. Соған дейін тоқтаусыз жұмыс істеп тұрған комбинатқа не жын жабысқанын кім білсін, аяқ астынан «банкротқа» ұшырап, жабылып қалды. Күні кеше қаны жерге тамбайтын құрылыс инженері бұлайша керексіз боп қалады деп кім ойлаған? Кәсіпсіз қалған Баймырза олай-бұлай шапқылағанымен, еш жерден жұмыс таба алмады. Бисараның жа лақысы әжептәуір сияқты еді, ақша ауысып, құнсызданған кезде ол да түкке тұрмай қалды». Бұл тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында көптеген үйелменнің ба сына түскен ауыртпалық, жалпыға ортақ жағдай еді. «Жұмыс жоқ!» деп бойында намысы бар еркек үйінде қол қусырып жата алмайды ғой. Сөйтіп, амалсыздан «Сейфуллин даңғылының бойында лек-лек боп отырған жұмыссыздар тобына барып қосылады». Сол Сейфул лин даңғылының бойында жүріп Баймырза Айсұлу атты әдемі бай келіншекпен танысады. Ол сылқым бұларға үш ай бойы қос қабатты коттеджін жөндетеді. Алайда іс мұнымен бітпейді, жесір келіншек одан соң Баймырзаны жеке фирмасына өзінің орынбасары етіп қызметке тағайындап, басы бүтін «меншіктеп» алады. Он жыл отасқан күйеуінен айырылу оңай дейсіз бе, жылапсықтаған, өз шашын өзі жұлып, өз бетін өзі жыртқан Бисараға Баймырзаның да айтар дәлелі дайын: «...Сенен, балалардан бөлек тұру маған да оңай дейсің бе? Бірақ осылай етпеске амалымыз бар ма? – деді. – Сенің қасыңда Айсұлу деген кім ол? Сен одан әлдеқайда жассың, сұлусың. Өзімнен бес жас үлкен қартаң қатынға көңілім ауа тындай, мені жын ұрып па? – деді. – Мен әлі-ақ Айсұлудан іргемді бөліп, өз алдыма тірлік жасаймын. Тізгінім қолыма тиген күні бір сәт те аялдамай, өзіңе қайтып ораламын. Соған дейін мұрсат бер! – деді». Баймырзаны біржақты кінәлау да немесе ақтап алу да қиын. Өз ойы, мақсат-мұраты бар. Өйткені ол да ет пен сүйектен жаралған жұмыр басты пенде. Пенде болған соң, пендешілігі болады. Қателеседі, адасады, аяқты шалыс басатын кездер де болмай қоймайды. Оның
КӨКТАМЫР үстіне адамның бәрі бірдей емес. Баймырза сияқтылар толып жа тыр өмірде. Тіпті өзіміздің жанымызда да жүр. Сондықтан да әңгіме сендіреді, шынайы. Десек те, әңгімедегі кейбір ситуациялар сенімсіз. Мәселен, Баймырзаны түрлі айла-шарғымен өзіне қаратып алған Айсұлудың оның үйіне келіп, әйеліне аузына келгенін айтып, зіркілдеуі күдік-күмәнді. Оқырманды иландыра қоюы қиын. «– Байыңды бөліскің келмесе, маған басы бүтін өткізесің, – деді Айсұлу бұған күле қарап. – Басқа емес, әрине... Баймырзаның қызметі, жалақысы өз алдына, саған айына екі жүз доллар пенсия тағайындаймын. Білесің ғой, ол аз ақша емес, мұғалімнің төрт айлық жалақысы. – Ақшаң өзіңе... Сол Баймырзаны саған-ақ бердім! – деді көз жасы на булыққан Бисара. – Ойлан! Маған қазір жігіт проблема емес, – деді Айсұлу кету ге ыңғайланып. – Байыңды баяғы таз кебін кигізіп, үйіңе қайтарып жіберейін бе, жоқ, әлде жаңағы контрактіге келісесің бе? Жауабын ертең күйеуіңе айтарсың!» Айсұлу мен Бисараның осынау диалогы да көңілге қонымды емес. Қисынға келіңкіремейді. Қанша жерден кесір-кердең болса да, Айсұлудың бұлай сөйлеуі мүмкін емес, шындыққа жанаса қоймайды. Әрине, бұндай болымсыз кем-кетіктер әңгімеге көлеңке түсіргені мен, шығарманың құнын төмендете алмасы анық. Әңгіменің шарықтау шегіне келгенде риза боласыз. Көркемдік шешім өте сәтті ойлап табылған. Жалғыз қалған жесір әйелдің ой-арманы, көңіл күйі, өкініш-күйініші тамаша берілген, асқан шеберлікпен суреттелген. Қ. Жұмаділовтің бұл әңгімесі қазақтың «Қолда барда алтынның қадірі жоқ» деген нақыл сөзін еске салады. Алтынның қадірін адам қолдан кеткенде біліп, сезіне бастайды екен. Бисара да күйеуінің қадірін өзінен кетіп қалғанда ғана біліп, сезіне бастайды. Әңгіменің негізгі идеясы да осы. Жалғыздық проблемасы. Бұл әдебиеттегі тың тақырып, соны жа ңалық емес. Десек те, жазушы жалғыз қалған әйелдің психология сын, яғни жан дүниесін өзінше ашқан, жалғыздық проблемасын
КӨКТАМЫР өзінше толғаған: «Сол күйеуінің дәл қазір басқа төсекте, өзге бір әйелдің қасында жатқанын ойлағанда, Бисараның жаны шырқырап: – Әй, Баймырза-ай, қайтейін, тірідей тозаққа салдың-ау! – деп қалай дауыстап жібергенін өзі де аңғармай қалды...» Бірақ соның бәріне үмітке жеңдіреді. Келер күннен тек жақсылық күтеді: «Заман бұл қалпында тұрмас. Түзелер... Бір күні Баймырза да қайтқан құстай өз ошағына оралатын шығар». Автор шығармасын осындай жақсы көңіл күйде аяқтайды. Бай мырзаның өз ошағына қайтып келетіні, болмаса мүлде келмейтіні туралы кесіп-пішіп ештеңе айтпайды. Оқырманды екіұшты, дүдәмал күйде қалдырады. Соңына ой тастап кетеді. Ал ойландыратын, оқырманды бір уақ ойға жетелейтін шығарма – жақсы шығарма. Қ. Жұмаділовтің бұдан басқа «Жемдеген қырғауылдар», «Құдай дың үйі», «Бір ғана ғұмыр», «Дөңгеленген дүние-ай», «Тіленші», «Бұқарбайдың бұқасы», «Ит базары» секілді әңгімелерінің негізгі өзегі де бүгінгі күннің оқиғалары, кейіпкерлері – жаңа заманның адам- дары. «Жемдеген қырғауылдардағы» аудан әкімі Нұрсаған Бектұрға новтың, «Құдайдың үйіндегі» Әкпар молданың, «Бұқарбайдың бұқасындағы» кәсіпкер Бұқарбайдың іс-әрекеттерін суреттеу арқылы жаңарған қоғамның сипатын, кескін-келбетін, тынысын ашып көрсеткен. Жаңарған қоғаммен бір сол қоғамда өмір сүріп жатқан адамдардың мінез-құлқындағы, тірлігіндегі ғана емес, жан дүниелеріндегі өзгерістерді де тап басып, шынайлықпен суреттей алған. Жазушы шығармаларындағы жаңалықты да осы жағынан іздеген дұрыс. Кейінгі кездері әңгіме жанрына көбірек қалам тербеп жүрген жазушының бірі – Қуандық Түменбай. 1999 жылы Алматыдағы «Зерде» баспасынан жарық көрген кітабы «Көз» деп аталады. Жазу шы көбінесе нәпсі, нәпсіқұмарлық, яғни тән тояты туралы жазады. «Көз» әңгімесі де қызық. Адамның езуіне еріксіз күлкі үйірілтеді. Бас кейіпкер – қырықтың қырқасына шықса да сүрбойдақ атанып, жаңа үйленген жас отаулардың терезесін аңдитын Дәуренбай есімді қырмасақал жігіт. Жұмыстан босап қалған оның бар бітірері, бар ермегі – терезеге телміріп, жас сұлудың жалаңаш денесін қалайда бір көріп қалу. Сөйтіп,
КӨКТАМЫР құмарын басып, ләззәт алу. Бұл оның күнделікті ғадетіне айналған: «Бүгін де сол көптен көре алмай жүрген әйел тәнін көріп қаламын ба деген ниетпен алып-ұшып, жүрегі өрекпіп, біреудің терезесінің ал дында тұр. «Көргенде не?.. – деп өкінеді бір жағынан. – Жалаңаш әйел өз үйі – өлең төсегінде, ақ төсек – неке мамығында шалқасынан түсіп жатыр. Бұл болса қою қараңғыда терезеден ұрыдай сығалап, саңылау іздеп алабұртады, аласұрады, өзімен-өзі арпалысып, азаптанады, егер жалаңаш дене жалт етіп бір көрінсе «уф» деп демін алып, бойы жеңілдеп қалады; өзі қыстаққа іздеп барып, көріп қайтып жүрген, су рет боп бейнеленген жансыз сұлулықты жалт еткен жанды сұлулық жеңгендей көз құмары қанып, еркек нәпсісі тоят табады». Дәуренбайдың іс-әрекетін осындай асқан шеберлікпен суреттей отырып, жазушы оның ішкі ойын оқырманға әшкерелей жайып са лады: «Енді жиі барып тұру үшін тұрақты жұмысқа шығуым керек. Сосын Аққұмшақтағы жаңа үйленгендердің терезесін аңду – мен үшін екінші өмір. Жұрт көп үйленіп, той көп болса екен, олармен бірге менің көңілімнің де тойы ғой бұл. Сонда көріп, көз құмарымның қанары не? Қыс емес, жаз болса бір сәрі, терезенің бір жері болмаса бір жері ашық қалды, жас жұбайлар да ашық-шашық жата береді, қыс келсе бәрін тұмшалап тастайды, сірә, көрпенің асты сондай жылы болса керек, тек шам жағылып, ыстық көрпені серпіп тастаған бір сәт болмаса, босқа тұрғаның – тұрған. Менің басымдағы бақытым – терезенің ашық қалған алақандай жерінде». Осынау шағын үзінділерден-ақ Дәуренбайдың қандай адам еке нін жазбай танисыз. Болмыс-бітімі, кескін-келбеті, арман-мұңы, қызық-қуанышы... – бәрі-бәрі айқын аңғарылады. Көз алдыңызға өмірдегі нағыз Дәуренбайдың өзі елестейді. Дәуренбайдың психоло гиясын, жан дүниесін қағаз бетіне мөлдіретіп түсірген. Шап-шағын дүние, бірақ артына үлкен ой тастап кетеді. Дәуренбай неге жас жұбайлардың терезесін аңдиды? Өйткені бұл – табиғат заңдылығы. Жаратылыстың, жарасымдылықтың, үй лесімділіктің бұзылуы. Қырықтың қырқасына шыққан дені сау ер кек түнде қалай тыныш ұйықтасын?!. Әрине, ұйықтай алмайды. Со
КӨКТАМЫР дан кейін амалсыз қараңғылық түсе терезе аңдиды. Көз құмарын қандырып, еркек нәпсісін тояттату үшін. «Мен ұрғашыдан сұлулық ұрлаймын, менің байлығым басқада екенін осы жұрт біле ме екен?!» – дейді Дәуренбай өзін-өзі ақтағансып. Қайдан білсін!.. Бұл – өзіне ғана белгілі «қызық-қуанышы». Бұл, сөз жоқ, күрделі шығарма. Психологиялық әңгіме. Айтары көп, астары терең. Кітаптағы «Итаяқ», «Бір еркек һәм екі әйел», «Жыл өткен соң», «Тәуелсіз махаббат», «Біреудің бақыты» сияқты әңгімелер де осындай психологиялық талдауға құрылған шынайы һәм астарлы шығармалар. Әңгіме жанрында үздіксіз еңбек етіп келе жатқан жазушы Нұрғали Ораздың 2002 жылы Астанадағы «Елорда» баспасынан «Аяқталмаған ертегі» атты кітабы жарық көрген. Н. Ораз – әдебиетке ішкі дайындықпен келген, талғампаз, сырбаз қаламгер. Шығармаларынан үнемі өсу байқалады. Оқу мен ізденіс бар жерде нәтиже де болары сөзсіз. Кітаптың атына қойылған «Аяқталмаған ертегі» әңгімесінде ав тор Алматыда тұратын Сағындық есімді ғылым кандидатының екі күндік өмірін суреттейді. Ойда-жоқта ауылдан қалаға сауда-саттық жасай келген Раушан есімді әйел ғалымның үйіне телефон соғады: «...Жаңағы кім? Әйелің бе? Даусымды естіп, шошып кетті ғой, жүдә. Бұ қай жақтың жабайысы деп жатқан шығар. Айса айтад та, қайтеміз... Мақұл, көп уақытыңды алмаймын. Жай әшейін, сәлемдесейін деп ем... Өзіңді көрмесем де даусыңды естідім. Сол жетеді маған». Біз әлі оқырманға бейтаныс әйелдің бұл сөзін жайдан-жай алып отырған жоқпыз. Осыдан-ақ оның қандай һәм қай жақтың адамы екенін анық аңғарып қалғандаймыз. Осынау бір-екі ауыз сөзі-ақ оның болмысын, мінезін, характерін толық ашып тұр. Нұрғалидың әңгімелерінде бір қалыптан шыққандай көрінетін бірыңғай кейіпкерлер жоқ. Жазушы шығармаларында жылылық, лиризм, сылдырлап ағып жататын бұлақ суындай мөлдірлік бар. Жаныңды баурап, сезімді арбап, иіріп әкететін иірімдері де мол. Оқылымды. Мәселен, осы әңгімедегі: «Жай әшейін, сәлемдесейін деп ем... Өзіңді көрмесем де даусыңды естідім. Со жетеді маған...» –
КӨКТАМЫР деген бейтаныс әйелдің сөзінен соң-ақ, оның Сағындыққа қандай да бір қатысы бар жан екенін шамаласақ та, кім екенін біле түсуге құмартарымыз анық. Телефон соғушы әйелдің бас кейіпкердің бір кездегі ғашық болған қызы екеніне көзіміз жете түседі. «Тағдырдың бұйрығы шығар, Раушан сол үйге келін боп түсіп, түтінін түтетіп, шамын жақты...» Жазушы оқырман күткендей емес, әңгімені мүлде басқа арнаға бұрып жібереді. Осының өзі-ақ әркімнің көкейіне бір ой тастап, ойландырады. Не нәрсені болсын тұспалмен айтады, қарапайым жеткізеді. Н. Ораздың бір ерекшелгі – кейбір қаламгерлер сияқты бұрын-соң ды көз көріп, құлақ естімеген қайдағы бір кездейсоқ, тіпті адам сенгі сіз оқиғаларды термелемейтіні. Адам басындағы кейбір қайталан- бас айшықты сәттерді өмірдің өзінен ойып алғандай етіп ала ды да, соны оқырманға көркем тілмен кестелеп жеткізеді. Сондайақ, оған астар дарыта алады. Яғни, шынайы жазады. Жалғандыққа, жасандылыққа бармайды. Дегенмен, бір нәрсе анық: шеберлік – шексіз. Ендеше, Н. Ораздың «Аяқталмаған ертегі» әңгімесіндегі өзіміздің көңілімізге қонбаған бір-екі жайтқа тоқтала кетейік. Мәселен, жазушы әңгімесін «Өмір – ертек емес, ертек – өмір емес...» деп бастайды да, бас кейіпкеріне «Ол тіпті кезекті басқышта тұрған докторлық дәрежеге жетуге де ұмтылмайды, себебі өз айналасындағы болып жатқан жаңалықтар мен жетістіктердің бәрі де салыстырмалы түрде материалдық тұрғыдан ғана бағаланатын болғандықтан, ғылым докторының кандидаттан артып бара жатқан жері – жалақысына қосылатын үш мың теңге ғана деп түсінеді. «Барахолканың» бағасымен өлшегенде, ол – бір шалбар. Демек, арыпашып жүріп докторлық қорғаған пақырыңның тірлігі сол... шалбар үшін жанталасқан Жалаңбұттың тірлігіне ұқсас болып шықпай ма?..» деген сықылды ұзақ-сонар сипаттама беруі артық сияқты. Сондық тан алғашқы бөліктегі осындай сыдыртпа ой-толғамдарды толық тай алып тастап, «Кешкілік қоңыр тумбаның үстіндегі ақ телефон кенет ұмытқан нәрсесі есіне түскендей баж ете қалды» деген екінші бөліктен-ақ бастап кетсе, әңгімеге ешқандай нұқсан келмей, шира тып, ширықтырып тұрар еді.
КӨКТАМЫР Жазушының суреттеуінше, яғни біздің түсінуімізше, ол нағыз ғалым емес, тек көп ғылым кандидаттарының бірі, ғылымды ғылыми дәреже деп түсінетін «оқымысты». Мүмкін, автор осыны айтқысы келді ме екен? Не үшін? Оның әңгімеге қандай қатысы бар? Осы алғашқы бөлік – басы артық, әңгіменің негізгі жұлын-жүйесіне еш қатысы жоқ, бөлек-салақ жатқан өзінше дүние. Әңгіменің түйініне келер болсақ, Сағындық пен Раушан, яғни бұрынғы «махаббаттың» серкесі мен еркесі телефон арқылы кезде суге уағдаласады, екеуі белгіленген жерге барады да. Бірақ кездеспей кете барады. Осы детальдің өзінде де философиялық мән-мағына жатқанын аңғару қиын емес. Екі ғашық неге кездеспеді? Өзімше топ шылап көрейік. Сағындық алғашқы махаббатын ойлап, түні бойы көз ілмей шығады. Бәрі есіне түседі. Бұл – табиғи нәрсе. Оның ойсанасында жас күндегі ғашығының асыл бейнесі өшпестей боп жатта лып қалған. Сондықтан ол ауылдың салпыетек әйеліне айналып, жа сына жетпей мыжырайып, қартайып кеткен бұрынғы махаббатын көзіне ілмей өте шығуы табиғи нәрсе. Өйткені ол екеуінің бұрынғы «жақындығын» өмірдің өзі-ақ алшақтатып жіберген. Иә, өмірде бәрі болған, бола да береді. Н. Ораздың «Аяқталмаған ертегісі» – жеңіл-желпілеу қарағанда қарапайымдау көрінгенімен, осындай астарлы тереңіне үңілсеңіз, өмірдің өзі жайып салған күрделі шығарма. Сондай-ақ, қаламгердің «Қайыршының жұлдызы», «Бақыт құсы», «Сиқырлы көл», «Сақалды қыз» әңгімелері де өз ерекшеліктерімен оқырмандарды елең еткі зері анық. Қазіргі кезде оқырман қауымды өз шығармашылығымен тәнті етіп жүрген жазушы Талаптан Ахметжанның 2001 жылы Астанадағы «Елорда» баспасынан жарық көрген «О дүниенің қонағы» атты кітабына «Шәрбат», «Тұма», «Тергеу», «Төрт қанден», «Күнәкар», «Айқасқа» сияқты бір топ әңгімелері топтастырылған екен. Солардың ішінде бізге ерекше әсер еткені – «О дүниенің қонағы». Бұл әңгіменің тақырыбын алғаш оқығанда, «Апырым-ау, о дүние нің де қонағы бола ма?..» деп те тіксініп қалғанымыз рас. «Бәріміз де бұ дүниенің қонағы емеспіз бе, тәніміз о дүниеде мәңгілік сая таппай
КӨКТАМЫР ма?!» деп те ойлағанбыз. Сөйтсек қателесіппіз. О дүниенің де қонағы болады екен. Танымдық кітаптар мен газет-журналдардан оқып көрсек, жер бетінде өліп қайта тірілген, яғни о дүниеге «барып» кел ген адамдар да баршылық екен. Ендеше, тақырып кез келген адам ның қызығушылығын оятары сөзсіз. Әңгімедегі оқиға бүгінгі күннен алынған. Қияқ есімді кәсіпкер жігіттің қысқаша өмір жолы суреттеледі. Әңгіме былай басталады: «Қияқ машинасының газын өлгенше басып, кабинаны басына көтере барылдай әндетіп келе жатқан. Осылай әндетіп жүре берем деп келе жатқан. Олай ойлайтыны соңғы жылдары айы оңынан туып, беті жүріп тұр еді, айының оңынан туатын да жөні бар, өйткені ағасы Мият қаладағы ең ірі базарды жекеменшігіне алды. Қазір оның та мыр-танысы бұрынғыдан да көбейіп, жоғары жаққа да ықпалы жүріп, қалтасы қалыңдай түскен. Қияққа жекеменшік фирма ашып берген де, сауда-саттықтың жөн-жосығын көрсетіп, сырттағы елге айбар боп отырған да сол ағасы. Ағасының арқасында сауда дегеннің не екенін көріп, білді. Ақша, алдау, алдау-арбау, қулық-сұмдық, сауық-сайран, думан-той, қыз, қызық дегендердің дәмін татты». Сөйткен Қияқ апалы-сіңлілі екі өрімдей жас қызды зорлап, зор лағанымен қоймай, қыздардың шешелерін өлтіруді ойлап, астындағы су жаңа қаракөк «Джипімен» Шымкентке қарай ызғытып келе жатқан жолда аварияға ұшырап, о дүниеге «барып» қайтады. Яғни, өліптіріледі. «Ендігі сәтте сау тамтығы қалмай қираған өз машинасын жоғарыдан көрді. Өртенбеген. Бірақ төрт дөңгелегі көктен келіп, шелпек боп жатыр. Қияқтың өз-өзін өте еркін, шексіз бостандықта сезінгені осы шығар. Беті-басы қанға бөккен өз денесін жоғарыдан көргенде көңілін аяушылықтан гөрі жиіркеніш сезімі тырналап тұрғанын аңғарды». Жазушы бұл әңгімесін философиялық ойға құрған. Себебі жан мен тән туралы әңгіме халқымыздың санасында ертеден бар. Тән өледі, жан мәңгілік, тән жүректен жаралып, қайтадан сіңбек. Яғни, тәннің мәңгілік тұрағы – қасиеті қара жер. Ал жан өлмейді, адамның кеудесінен ұшып шығып, екінші бір жан иесіне қонады деген де діни таным-түсінік бар. Ендеше, аварияға ұшыраған Қияқтың жаны денесін, яғни тәнін тастап, ұшып шыққан. Төрт дөңгелегі көктен
КӨКТАМЫР келіп, төңкеріліп жатқан «Джипін», басы-беті қанға бөккен өз денесін жоғарыдан көріп тұр. Кеудеден жан шыққанда жанды дене тәнге айналады. Яғни, өлі, өлген. Ал жан тірі. Ендеше, Қияқтың бүкіл ғұмырында жасаған қиянаттары мен кінә-күнәлары үшін жауапты тән емес, оның жаны бермек Жаратушы алдында. «...Қияқ, сен қайдан келе жатырсың? – деді сұп-суық сұлу. Қияқтың зәресі зәр түбіне кетті...» Сұп-суық сұлу Қияқты бақайшағына дейін тергейді. Қияқ ештеңе жасыра алмайды, бәрін айтады. Айтпасына қоймайды сұп-суық сұлу. Кез келген адамның жаны о дүниеге барғанда тергелетіні рас. Бірақ қандай жағдайда? Оны жер басып жүрген жұмыр басты пенденің тап басып айтуы қиын. Әңгімедегідей болуы да шарт емес. Дегенмен, жазушының жазуында жан бар. Бірақ мәселе онда да емес. Мәселе – Т. Ахметжанның формалық ізденісінде. Сәтті ме? Сәтті. Оқыла ма? Оқы лады. Ендеше, бар гәп осында. Қаламгердің негізгі мақсаты да осы. Ең алдымен оқыту. Ар жағын саналы оқырманның өзі-ақ шешіп алады. Талаптанның әңгімесінде жаңа өріс іздеу анық аңғарылады. Жа ңалық бар. Жазушы форманы жақсы таңдай алады. Суреттегелі не месе баяндағалы отырған оқиғасына лайық форма іздеп табады. Ол тіпті баяндау, суреттеу тәсілі емес, хат түрінде де болуы мүмкін. Бұл Т. Ахметжанның әдебиетке ішкі дайындықпен келгенін дәлелдейді. Ал қаламгерлердің көпшілігі формалық ізденістерге бара бермейді. Баяндалатын нәрсені суреттейміз деп, суреттеуге тиісті жайтты диалогпен береміз деп шатасады. «Мен» арқылы жазылуға сұранып тұрған нәрсені «Ол»-ға түсіріп, ақыр аяғында оқиға түгіл, ойларын да жинақтай алмай жататындары жасырын емес. Жазушы бұл әңгімесімен жаңа бір сапалық биікке көтерілген. Ол діни-философиялық дүниетанымды негізгі жұлын-желі ете оты рып, «Біреуге ор қазба, өзің түсесің!» деген халық нақылдарындағы пәлсапалық ойларды жаңаша, өзінше жетілдіре түскен. «Адам баласы, қанша жерден болдым-толдым десең де аспа-саспа, сабаңа түс, әйтпесе аяғың көктен келуі мүмкін!» деген емеурін жа тыр шығармада. Ол рас. Өйткені адам баласының жасаған жақсы-
КӨКТАМЫР лығы да, жамандығы да ешқайда жоғалып, із-түзсіз кетпейді. Күндер дің күнінде иесін табады, яғни алдынан шығады. Бұл – дәлелдеуді қажет етпейтін ақиқат. Міне, қаламгердің айтқысы келгені де осы қатаң қағида. Оны әңгіменің соңындағы мына сөздерден де анық байқауға болар: «Қияқтың сынған қос қабырғасы дұрыс бітпеді. Жігі шорланып, сүйегі бұзылып, өз-өзінен шіри бастағандықтан дәрігерлер қайта операция жасап, қос қабырғасын бірдей алып тастады. Содан кейін үнемі түсінде қос қабырғасы Сайда мен Аяжанға айналып, алдын да бұратыла билеп тұрғанын көретін болды». Иә, қос қабырғадан жаралған өрімдей екі жас қыздың көз жасы Қияқты қайдан жібер- сін?!. Жіберген жоқ, аяғын аспаннан келтірді. Бір кездері қызықдуманға белшесінен батып, шайқап-шалқып жүрген Қияқты, «ара да алты ай өткенде ешкімге керексіз боп қалған мүсәпір Қияқты мүгедектің арбасына салып, Шоколадқара ауруханадан шығарып әкетіп бара жатты...» Кеше ғана шаруасы шалқып, мерейі тасып, дәурені жүріп тұрған Қияқ бір-ақ күнде мүгедектің арбасына таңылып, ешкімге керексіз болып қалды. Байлығы мен мүлік-мүкәманына қызыққан көңіл дес ашынасы Шокаладқара әйтеуір ауруханадан шығарып алды. Ал ертеңгі күні ше? Амалын асырып, шаруасын тындырған күні Шоколадқараның теріс айналып шыға келмесіне кім кепіл?! Сонда көрерміз Қияқ мырзаның дандайсыған әуселесін. «Көп асқанға – бір тосқан!» деген осы. Әрине, әңгіменің шешімі ойландырады. Енде ше, құндылығы да осында. Жоғарыда әңгімелері талданған есімдері елге танымал қа ламгерлермен бірге Роза Мұқанова, Әбділдабек Салықбай, Асқар Ал тай, Айгүл Кемелбаева, Жүсіпбек Қорғасбек, Құлтөлеу Мұқаш, Дидар Амантай сынды жас жазушылар да әңгіме жанрында қалам тербеп, бақтарын сынап жүр. Әзірге қайсысының жүзден жүйрік атанып, бәйгеден оза шауып келерін тап басып айту қиын. Әркім өз халқадірінше еңбек етуде. Роза Мұқанова «Мұқағали» атты әңгімесінде адамның жан дү ниесіндегі күрделі құбылыстарды психологиялық тұрғыдан терең 15-0113
КӨКТАМЫР қаузап, нәзік бейнелейді. Онда халқымыздың ардақты ақыны Мұқағали Мақатаев өмірінің ақырғы сәттері, соңғы сағаттары суреттеліпті. Шығармада ақынның кесек тұлғасы, болмыс-бітімі, мінез-құлқы оның іс-әрекеті, сөйлеген сөзі, жан-тебіреністері, сезімдік арпысулар мен шарпысулары арқылы жеткізген. Ақынның өлім алдында ажалмен, жоқ, әлде әзірейіл ме, әңгімеде домалақ дене болып көрінетін жаналғышпен сөйлесуі де табиғи, сенімді һәм нанымды. «Атып тұрып терезенің алдына келді. – Жаңағы қайда кетті?.. Бұл кім?..» Ақын сандырақтап жүр. Көзіне домалақ дене кейпіндегі ажал елестейді. Бұнда да негіз жоқ емес. Өйткені адамның өлер алдында ажал оның жанын алу үшін әйтеуір бір жанды бейне кейпінде келедімыс деген де әрісі діни, берісі пәлсапалық таным-түсінік бар. Наным ды болатыны да сондықтан. «Ақын басын көтеріп, таңдана қарады: – Ә, балақай! Сен бе едің? Үйден жеңгеңді жел айдап келді ме десем. «Махаббат шіркін суытты-ау! Мен-дағы оны, Ол-дағы мені ұмытты-ау!» Кіре ғой, жарқыным. – Қорқам, – деді бүлдіршін қыз. Неге дегісі келіп, үнсіз қалды. – Ендеше, бара ғой, жарқыным! Бауыр басып қалатын жа ман әдетім бар. Сенің де иең табылып, алып кететін бір күн болар, көгершінім. Жалғыздығым жақсы мұқалмаған». Міне, бұл – Мұқағалидың о дүниеге аттанар алдындағы ахирет тік сөзі. Осында ақынның басындағы трагедия толық көрініс тап қан. Бүкіл өміріне қатысты да аужайды тұтастай сезінуге, аңғарып-аң дауға болады. Ақынның өзі айтқандай, «өмірде ақындардың бәрі жалғыз». Ал мына жалғыздығы мүлде басқа «жалғыздық» сияқты. Өйткені «Үйден жеңгеңді жел айдап келді ме десем...» деген бір ауыз сөзінде ақынның қаншалықты мұң-шері, қайғы-қасіреті жатқанын аңғару қиын емес сияқты. Р. Мұқанованың Мұқағали ақынның өмірінен жазылған бұл әң гімесі біршама тәуір дүние болғанымен, кейбір тұстарында күдік
КӨКТАМЫР ұялататын, сенімсіздік тудыратын жайлар бар. Мәселен, Мұқағали ауруханада бірге жатып, «бауыр басып» қалған бір әдемі келіншекті шығарып салып тұрып күйеуінің көзінше былай дейді: «...Иесі келіп, бір күні алып кетті, Байқаймын, бір келіншек налып кетті. Сауығып қалғандай ем саясында, Сыр кетті, сырмен бірге жарық кетті. Өлеңді күйеудің түсінген-түсінбегенін аңғару қиын. Күлген бол ды...» Өзі сыр мен сезімнің жыршысы болса, өзі Мұқағали болса, келіншектің күйеуінің көзінше бұндай өлең айтпайтын шығар. Біздіңше, айтуға тиісті емес. Әңгіменің тағы бір жерінде бейтаныс бүлдіршін қыз: «Сізді ақын әрі алкаш дейді екен...» – деп төбеден түскендей қойып қалады. Бұл сөздің де оқырманды сендіре қоюы қиын. Әңгіме Мұқағалидың өлімімен аяқталады: «Ақын үзіліп кетті. Мы нау жарық дүниеге құштар болып шырылдап келген әлдекімге өз ор нын босатып, ұшып кетті. Біржола көшіп кетті». Көркем шығармада бұлай көлгірсудің қажеті шамалы. Суреттеу керек. Ақын өлімін оқырманның көз алдына елестететіндей деталь дар қажет. Ал шығарманың соңындағы: «– Ақын өліпті... Таң атып келе жатқанда. – Қыз жалт етіп қарады: – Мүмкін емес... Жантәсілім бергеннен кейін де екі сағаттай иесіз жатып қалды. Артынан келе қойған ешкім болмады...» – деген сықылды ұзақ-сонар баяндаулар мүлде артық. Оның бәрі жоғарыда айтылды ғой. Түсіне білген адамға «Үйден жеңгеңді жел айдап келді ме десем» деген бір ауыз сөз жетіп жатқан жоқ па?!. Жазушы бұл әңгімесімен Мұқағали ақынның басындағы тра гедия, яғни жалғыздық проблемасын ашып көрсетпек болған. Орындалуындағы кейбір кем-кетіктер болмаса, бұл ой-идея толықтай жүзеге асқан. Әңгімені оқып шыққан оқырманның ақын трагедия сын жан-жүрегімен сезіне түсетініне еш күмәніміз жоқ.
КӨКТАМЫР Аз жазатын, аз жазғанмен саз жазатын жас жазушы Әбділдабек Салықбай. Неге аз жазады? Неге газет-журнал беттерінен жиі-жиі көрінбей ді? Неге?.. Неге?.. Бұл сауалдарға оның «Түн түнегіндегі екеу» атты әңгімесін оқып, жауап алғандаймыз. «Түн түнегіндегі екеу» кім? Біреуі – Әбілдабек, екіншісі ше? Екіншісі де Әбділдабектің өзі. Бір адамның жаны мен тәнінің, яғни өзі мен өзінің ішкі даусының өзара сұхбаттасуын тамаша берген. Сәтті ізденіс. Қысқа да нұсқа. Жалықтырмайды. Жеңіл оқылады: «– Расында соларға қол тимейді. Қызметке келген бойда алдымда ғы мақалалар үйіндісін көріп, әлдекімнің әлдебір шатпағын өңдепжөндегенім үшін өзімді кінәлі сезініп, бірде іске кірісемін. Содан үйге қайтқанша мұрша жоқ. – Ал үйде ше? – Үйде ме? Онда әйелім, бала-шағам, қонағым күтіп отырған жоқ па?! Туған-туыс, дос-жаран, көрші-қолаң өз алдына бір төбе. «Оқымаймын» демейсің, осылардың бітпейтін өтініші мен таусылмас мұң-шерін тыңдаумен-ақ уақыт деген зымырап өте шығады да. – Ау, жігітім! Құдайдың қарызға берген бес күнін қайсыбірі не жеткізбексің? Ең әуелі әдебиетке, оқырманға қарыздар екеніңді білмесең, қалам ұстап нең бар? Қақ маңдайдан қамшымен тартып жібергендей есеңгіреп тұрып қалдым». Иә, бәрі сенімді, бәрі сыйымды. Кей-кейде Әбділдабектің әң гімесінен өзіңді танығандай боласың. Өйткені біздің де кей-кейде дәл осылай жатып алып, түрлі ойларға шомылатынымыз бар-ды. Өзіміз бен өзіміздің сырласатынымыз да жасырын емес. Құдды Әбділдабектің әңгімесіндегідей. Шығармадан өзіңді тану қандай ғанибет?! Әңгімеде басы артық, бөлек-салақ тұрған ештеңе жоқ. Мін таппайсыз. Тілі нәрлі, ойы құнарлы. Кейбір сыншылар «Өнер құрбандықты талап етеді» дейді. Қазақ қаламгерлерінің көпшілігін ең алдымен өнер емес, күйкі тірліктің күйбеңі көбірек алаңдатады. Көп жағдайда жіпсіз байлануға тура келеді.
КӨКТАМЫР Құрбандыққа бара алмайды. Құрбандықсыз да ұлы өнер туынды сын тудырғысы келеді... Бірақ... ол мүмкін емес қой. Жазушының ай тайын дегені де осы. Жанның емес, тәннің сұранысын қанағаттан дыру. Бұл – үлкен проблема. Әсіресе қазақ қаламгерлері үшін. Әзірге әңгіме жанрында еңбек етіп жүрген қаламгерлер осылар. Болашақта бұл есімдердің толыға түсеріне сеніміміз мол. Сөз соңында айтарымыз, осынау тәуелсіздіктің алғашқы он жылында бұрын жабық болып келген тақырыптар (діни-фило софиялық, эротикалық, сезімдік һәм интимдік құбылыстар) қазақ қаламгерлерінің де (Б. Нұржекеұлы, «Бейтаныс әйелдің құпиясы»; Қ. Түменбай, «Көз»; Н. Ораз, «Аяқталмаған ертегі»; Т. Ахметжан, «О дүниенің қонағы») қаламына ілініп, қазақ әңгімесінің көкжие гін кеңейте түскені анық. Шағын жанр түрлік, формалық жағынан да жаңарып, жасара түскендей. Бір атап өтер басты жаңалық, шығармалардың көпшілігінде оқиға қуалап, қызыл сөзділікке салы нып кетпей, адамның ішкі жан дүниесіне бойлап, ой-санасындағы өзгерістер мен құбылуларды аша түсуге деген құлшыныс байқалады. Әрине, жаңашылдық, түр, көркемдік әдіс-тәсілдерді жетілдіре түсуге талпынушылық, жаңа өрістер іздеу, түрлі эксперименттер жасау, шығармашылық ізденістерге бару, сөз жоқ, дәстүрсіздікке ұрыну емес, қайта сол дәстүрді байыту болмақ. Жоғарыда атап өткеніміздей, қазіргі қазақ әңгімесі (М. Мағауин нің, Н. Ораздың, т.б.) адам жаны әлемінің ішкі иірімдерін, күрделі де терең ойлау жүйесін, сана-сезімдегі сан шырғалаңдар шындығын қадағалау арқылы, әсіресе, идеялық-эстетикалық ізденістер өрісін барынша кеңейте түскені анық. Қазіргі әдебиеттануда модернизм һәм постмодернизм ұғымда ры жиі айтылып, сөз қолданыста жиі қолданыла бастады. Осы ба- ғыттағы шығармалар да (Р. Мұқанованың «Тұтқын», А. Алтайдың «Кентавр», А. Ықсанның «Дүңгіршек», т.т.) бой көрсете бастады. Бұл, әрине, заңды, табиғи құбылыс. Белгілі әдебиеттанушы, профессор Б. Майтановтың сөзімен айтар болсақ, дәстүрлі эпикалық әдебиет өз шабысынан жаңылған жоқ. Ал әлемдік ауқымдағы соңғы мәденитанымдық, эстетикалық қозғалыстарға үн қату, олармен ортақтасу
КӨКТАМЫР тілегінен туындап, тебіндеген модернистік және постмодернис тік поэтика заңдылықтары қазақ прозасында да өзіне тиісті өріс тауып, әдеби-көркемдік, интеллектуалдық даму игіліктері жаңа құндылықтармен жаңғыруы заңды. Шынында да жаңалықты, жаңашылдықты жастынуға болмайды. Модернистік һәм постмодернистік ағымдарға жататын шығармалар қазақ әдебиетінде бұрыннан, әзелден бар. Мәселен, М. Әуезовтің, Ж. Аймауытовтың, М. Жұмабаевтың С. Сейфуллиннің, тіпті кеңестік кезеңдегі С. Мұратбековтің, М. Мағауиннің, Ә. Кекілбаевтің, Т. Әб діковтің, Ә. Таразидың көркем шығармалары мен көркемдік тә жірибелерінен де анық аңғарылады. Қазіргі әңгіме жанрына қалам тербеп жүрген қаламгерлер соларды жаңаша жаңғыртып, өздерін ше түрлендіріп жүр. Бұл, әрине, жақсылықтың нышаны. Образ сомдауда да, характер ашуда да түрлі көркемдік әдіс-тә сілдерді қолдана отырып, жаңа бейне жасауда жазушылар біршама жетістіктерге жеткен. Қ. Жұмаділовтің, Н. Ораздың, Т. Ахметжанның шығармаларынан бүгінгі күн адамдарының бейнесін ғана емес, қазір гі өмірдің бүкіл болмысын, тыныс-тіршілігін, кескін-келбетін толық танып, таразылауға болады. Мәселен, Қ. Жұмаділовтің «Жалдамалы күйеуіндегі» Баймырзаның, Н. Ораздың «Аяқталмаған ертегісіндегі» Сағындықтың, Т. Ахметжанның «О дүниенің қонағындағы» Қияқтың образдары сәтті сомдалғандары өз алдына, бұлар жаңа заманның ыңғайын тауып, ығына жығылған жаңа адамдардың типтері десек те болады. Баймырза, Сағындық, Қияқ сияқтылар аз ба бұл күнде? Аз емес, көп. Ендеше, бұл да әдебиеттегі өзінше жаңалық, өзгеше өрнек. Қазақ әңгімесі қашанда алғы шептен көрініп келген. Келешекте де көріне бермек. 2005 жыл
КӨКТАМЫР СЕЗІМНІҢ СӘРУАР СӘУЛЕСІ Ғашықтық келсе, жеңер бойыңды алып, Жүдетер безгек ауру сықылданып. Тұла бой тоңар, суыр үміт үзсе, Дәмеленсе, өртенер күйіп-жанып. Абай «Махаббат – мәңгілік тақырып». Иә, махаббаттың мәңгілік тақы рып екенін атақ-даңқтары әлемге жайылған ұлы суреткерлердің барлығы дерлік айтып келеді. Айтып қана қоймай, махаббат мәселесіне қалам тартпаған жазушы жоқ. Өйткені «Махабатсыз – дүние бос» (Абай), «Махаббатсыз тіршілікте жан жоқ» (Гете), «Маха батсыз өмір – өмір емес» (Горький). Бұған біздің алып-қосарымыз жоқ. Шынында да солай!.. Өзінің жазушылық ғұмырында осынау мәңгілік тақырып – махаб батты жырлап келе жатқан Бексұлтан Нұржекеұлының 2002 жылы «Атамұра» баспасынан жарық көрген «Бейтаныс әйелдің құпиясы» атты жинағындағы әңгімелердің негізгі өзегі де әйел мен еркек арасындағы сезім сырлары, яғни махаббат мәселелері. Кітаптың атына таңдап алынған «Бейтаныс әйелдің құпиясы» – оқырманның көз алдына бейтаныс әйелдің құпиясын айқара ашып салатын психологиялық шығарма. Жазушы аты-жөні белгісіз келіншектің күнделігін ойда-жоқта қолына түсіреді де, үйіне алып келіп, бастанаяқ оқып шығады. Бар әңгіме осы. Күнделіктегі жазбалар ғашықтық дертіне ұшырап, не істерін өзі де білмей, екіұдай күй кешкен байтаныс әйелдің бүкіл құпиясын, яғни жан дүниесіндегі толқыма толқыныстарын, құбылмалы құблыста рын, сезім сергелдеңдерін толық ашып берген:
КӨКТАМЫР «Жаным! Әр күнім, әр түнім сізді ғана ойлауға арналатын болды. Қайда жүрсем де, не істесем де сіз миымда, көз алдымда тұрасыз да қоясыз. Тұтқыныңызға мықтап түсірген екенсіз. Торыңызға қалай, қай уақытта шырмалып қалғанымды да білмеймін. Осынша естен айырылуға болады деп кім ойлаған?! Әсіресе менің жағдайымда. Жалғыз ғана үмітім – сіздің маған деген көңіліңіз. Сіз суып кетсеңіз, ол соққыны көтере алмайтын шығармын. Суымаңызшы!» деген әйел күнделігіндегі жазулардан сыр суыртпақтап, автор оған өз ойын тіркеп, көзқарасын білдіріп отырады: «Сөз сыңайынан әйелдің жас, еркектің егде екендігі бірден аңғарылады. Оның үстіне әйелдің кү йеуі, еркектің әйелі бар болу керек. «Әсіресе менің жағдайымда» деуі, сірә, сондықтан». Әңгіме бастан-аяқ осындай тәсілмен жазылған. Алдымен күн деліктен үзінді келтіріледі де, соңынан автордың соған деген ойтопшылаулары қосарланады. Көркем әдебиетте бір адамның өзінен басқа ешкім білмейтін, білуге тиісті де емес жан сырын қойма қопарғандай ашып көрсететін ең оңтайлы көркемдік тәсілдердің бірі бұл. Осылай басталған бейтаныс әйелдің құпия сезіміне автормен бірге біз де куә боламыз, қызыға түсеміз, құныға оқимыз: «Жаным! Бір тәттінің бірі ащысы бар деген ой жанымды жегідей жейді. Мені ерітіп елжіреткен өзіңіз, енді маған қатал болмаңыз: қайтадан қалпыма келе алмай, морт сынып, мүрдем кетуім мүмкін. Дәл қазір осыны жазып отырғанда, өзіңізді аңсап, сағынып отыр мын, жаным! Сізді ойлағанда, тамыр-тамырымның бәріне тәтті, жылы толқын жүгіріп, өне бойым балқып бара жатады. Сіздің құшағыңызды, ерніңізді, еркелеткен, елжіреткен сөздеріңізді сағындым. Қайдан ғана тап болып едіңіз, қалай ғана табынды рып алдыңыз, құдіретіңізден айналайыным?!» Бұл сөздер авторды қандай ойларға жетелейді? Оқып көрелік: «Ағылып, ағытылып, арқалы ақынша сөйлейді. Құдіретті сезімін сөздің құдіретімен жеткізе де біледі. Қара жаяу әйел еместігіне қазірден-ақ көзім жеткендей».
КӨКТАМЫР Тұрқы бөлек, тұрпаты өзгеше осынау тосын әңгіменің мазмұны да бірте-бірте шиыршық атып, ширыға түседі: «Үйге де, жұмысқа да телефон соқпаңызшы!» деп өзім жалынсам да, күні бойы телефонға жалтақтап күтем де жүрем. Қандай кереғарлық?!. Сол кереғарлық тың бір ғана өз бойымда өмір сүріп жатқаны тіптен ғажап!» Осы жерде Нобель сыйлығының лауреаты, неміс романшысы, ақын, сыншы Герман Гессенің мына бір қанатты сөзі ойыма оралып отыр: «Адам болу – жазылмайтын екіжақтылықтан құса шегу деген ұғым, бұл – жақсылық пен жамандықтың ортасында жарылу деген ұғым». Осы қағидадан Б. Нұржекеұлының бейтаныс әйелі де тыс қала алмаған. Тыс қала алмайды да. Өйткені ол да ет пен сүйектен жаралған жұмыр басты пенде. Пенде періште емес. Иә, өмірдің өз заңы, өз заңдылығы бар. Бұл адамдар жасайтын мемлекет заңдарынан мүлде бөлек. Ал «Жүректің өз заңдары бар, бірақ олар толық жүйелі кодекс құрастыра қоятындай заңдар емес» (Белинский). Жанның жарасымы... Көңілдің жарастығы... Жүректің қалауы... Сезімнің бүр жаруы... Бәрі жақсы-ақ. Бірақ бейтаныс әйелдің күйеуі... ол ғашық боп жүрген егде еркектің әйелі бар сияқты. Ендеше, салмақты жүрекке емес, миға, сезімге емес, ақылға салу керек шығар. Әрине, «Ақылды адам ақылынан адаса ғашық болса да, ақымақтарша ғашық болмайды» (Ф. Ларошфуко). Десек те, Ар мен Иман... Кінә мен Күнә сияқты қасиетті ұғымдарды қайда қоясыз?!. Сезімнің жетегіне еріп, ар мен иманнан аттап (қазақы таным-түсінік бойынша), күнәға батып, кінәлі болсаңыз, ең алдымен өзге емес, өзіңізді өзіңіздің ақылыңыз айыптары анық. Бірақ, солай бола тұра, ең алдымен тағы да өзіңізді өзіңіз ақтап аларыңыз белгілі. Өйткені өмір озады, тән тозады, бұл дүние қайта айналып келмейді дегендей... Әрине, бұл ақталу болғанымен, күнәдан арылу емес... Бұны бейтаныс әйел де мойындайды: «Бір бойымда бір-бірімен алысып, екі адам өмір сүріп жатқандай. Сіздің өкпелейтін де жөніңіз бар екен, жаным! Менің ең негізгі жауым өзім екенмін!» Иә, «жазылмайтын екіжақтылықтан құса шегу» деген осы шығар. Кінә мен күнәні біле тұра, түсіне тұра неге өзге еркекке сондай
КӨКТАМЫР құштарлықпен құлаған: «Сіздің мені соншалық жақсы көргеніңіз ден солай ма, әлде менің сізді қатты сүйгенімнен бе – ол жағын ажы ратып жатар шамам жоқ, әйтеуір, қасыңызды сағынам да тұрам. Мен үшін ең рахат, жалғыз жұмақ – сіздің қасыңыз. Мұндай сезіммен қалай өмір сүрем? Қашанғы өмір сүрем?» «Жалғыз жұмақ – сіздің қасыңыз». Бұл – бейтаныс әйелдің өзіндік философиясы. Аз күндік қызық-қуанышы, алдамшы бақыты. Өйткені, қанша жақсы көргенмен, соншалықты құлай сүйгенмен, ақылдан адаса ғашық болғанмен, екеуінің бірін-бірі шынайы ба қытқа бөлей қоюы қиын. Ал бірін-бірі бақытсыздыққа душар етулері бек мүмкін. Ендеше, уақыт өте келе сезім салқын тартып, ақыл атой лап алға шығары сөзсіз. Бұл – табиғи заңдылық. Өмірде өзгермейтін, ескірмейтін еш нәрсе жоқ-ау! Бәрі өтеді, көшеді, өткінші. Сезім суып, көңіл де қалады екен. Бейтаныс әйелдің телегей теңіздей толқыған сезім селі аз ғана уақыттың ішінде сарқылған судай тартыла қалады деп кім ойлаған? Бірақ өмір ғой!.. Ал өмірде бәрі болады. Жақсы көру мен жек көрудің аралығы да онша алшақ емес-ау, сірә: «Бұдан бы лай менімен бос уақыт өткізіп, әуре болғыңыз келмесе, өстіп жоқтан өзгені сылтауратарыңызды күні бұрын білгенмін. Сөйтіп, сезімімді де өлтіріп тастайды-ау деп қорыққанмын. Байқаймын, сол күдігім расталғандай». Кеудесінде жаны бар тірі пенде секілді сезімнің де туатын, өмір сүретін, өлетін-өшетін мезгілі болатыны айдай ақиқат. Оны осы әңгімеден де анық аңғаруға болады. Бірақ бейтаныс әйелдің оған өкініш-күйініші жоқ сияқты, қайта өзін бақытты санайды: «Мен бәрібір бақыттымын, өйткені шын сүю дегеннің не екенін аз уақыт болса да бастан кештім: рахатын да таттым, азабын да таттым. Сол үшін сізге ризамын. Қалғанын келешек көрсетер». Құпия күнделік осындай көңіл күйде аяқталады. Бұл – автордың тәжірибелілігі. Өйткені күнделіктегі жазбаларды бұдан әрі соза бе рудің еш мән-мағынасы жоқ. Бәрі түсінікті. Шығарманың соңына дейін әйелдің кім екенін білмесек те, түртүсін, кескін-келбетін ажырата алмасақ та (өйткені онда не портрет, не
КӨКТАМЫР диалог жоқ), жазбалары арқылы оның қандай адам екенін жазбай та нимыз. Ішкі ойлары, сезім сырлары, санасындағы сан алуан толқы- ныс-бұлқыныстары арқылы жанының нәзіктігін, жүрегінің нұрлы лығын, табиғи болмысының мөлдірлігін, сезімге адалдығын айтпай-ақ білеміз. Көз алдыңызға өзі де, жаны да сұлу әйелдің бейнесі елестейді. Күнделік, сөз жоқ, бейтаныс әйелдің сырт көзге көрінбейтін ішкі сы рын көрсету мен оның образын ашуда маңызды рөл атқара алған. «Қандай өнердің болса да ең биік қасиеті – оның шынайылығы» (С. Рахманинов). Бұл әңгіме де шынайы жазылған. Шындыққа суа рылған. Жалғандыққа ұрындыратын, жасандылыққа бой алдыра тын, сенімсіздік тудырар тұстары жоқ. Өмірдің өзінен ойып алғандай шынайы. Жанын жегідей жеген жан жарасын, ішіне ащы запыран дай жиналған құпия сырын күнделігіне жазбағанда кімге ашпақ, кім түсінбек мұның мұңын, ақ қағазға ақтармаса шерін қалай тарқат пақ?!. Ендеше, бейтаныс әйелдің құпиясы күнделігі арқылы ашылуы заңды, сенімді, нанымды. Кейіпкердің жан дүниесіндегі арпалыс тарды, сана-сезіміндегі алақұйын ой ағыстарын беруге бұл әдіс өте ыңғайлы һәм қолайлы. Өйткені жұмыр басты әр пенде күнделігіне жан адамға ашпайтын жан сырын бүкпесіз, қысылып-қымтырылмай, ағынан жарыла ақтара алатын болғандықтан, онда кейіпкердің ішкі әлемі мейлінше тереңірек һәм айқынырақ көрсетіледі. Күнделіктегі жазбалардан тек әйелдің ғана емес, онымен көңілхошы жарасқан бөгде еркектің де қандай адам екені сыр беріп қалады. Әрине, басында әйелдің жүрегін жаулап, өзіне табындырып қойған еркекке іш тарта қалғанымызбен, әңгіменің соңында оның да бетбейнесі ашылып, секем алып, селтиіп қалатынымыз да шындық. Орайы келгенде айта кетелік, осы жерде ұлы грек ойшылы Плутархтың тарихи шығармалар жазғандағы мына бір ұстанымы еріксіз ойға оралады: «Суретші дененің басқа мүшелеріне көп назар аудармай-ақ, адам мінезін ашып тұратын бет пішіні мен көзқарасын дәл бейнелеу арқасында оны айнытпай салып береді. Ұлан-асыр істер мен шайқастар туралы жырлауды өзгелердің үлесіне қалдырып, міне, сол суретші сияқты адамның жан дүниесіне терең бойлай, оның өмі
КӨКТАМЫР рін сипаттап беруді мақсат еттім». Әйгілі Александр Македонскийдің өмірбаянын жаза отырып ол осылай дейді. Бұл – тек тарих жазуға ғана емес, әдебиетке де ұстын болатын дана ұстаным. Ұлы суреткер Лев Толстойдың: «Я говорил и думал прежде, что жизнь есть сознание эта неправда. Жизнь есть то, что открывается через сознание...» – деуінде қорғасыннан да салмақты ой жатыр. Иә, ғұламалар айтса айтқандай, әдебиетте де адамның жан дүниесіне терең бойлау арқылы оның өмірін «сипаттап» беру ке рек!.. Б. Нұржекеұлының бұл әңгімесінің ерекше қызықтырғаны да осы кемеңгерлер өсиетінің үдесінен шыға білгендігі, сол межеден табылғандығы. Тақырыбы махаббат мәселесі болғанымен, соны өріп шығудағы өрнегі осындай өзгеше, пішім-пошымы ерек бұл әңгіменің көркем дік шешімі – бейтаныс әйелдің өз сөзімен айтар болсақ: «Шын сүюді сезіну!» Ал «Шын сүйе алатындар – тек әйелдер ғана» (Ги де Мо пассан). Әйел тақырыбын көп шиырлаған әлемдегі ең ұлы жазушылар дың бірі – француз Мопассанның бұл ойын қазақ Нұржекеұлы өз шығармасында тағы бір мәрте дәлелдеп шыққан. Бейтаныс әйелдің жүрегіне қасиетті сезімнің шұғылалы сәулесі түскен де, кеудесіндегі махаббат отын тұтатып, жан әлеміндегі сандуғаш құсын сайратып қойған. Ал бөгде еркектің ой-арманы мүлде өзгеше сияқты. Яғни, әйелде жанның, еркекте тәннің аңсары басым. Әрине, жан – мәңгілік, тән – өледі. Ендеше, әйелдің махаббаты мәңгілік те, еркектікі өт кінші, уақытша. «Сүйіспеншіліктен сүйіспеншілік туады», – дейді ұлы ойшыл Со фокл. Бұл қағиданы әккі еркектің білмеуі мүмкін емес. Түрлі айлашарғымен әйелді өзіне қаратқан, тіпті Тәңіріндей табындырып қойған. «Мен үшін сіз Құдайдан кейінгі кіші құдіреттей көрінесіз. Құшағыңыздың, алақаныңыздың ыстығы ылғи өзін аңсатады да тұрады» деуі – осының айқын дәлелі. Біздің түсінігімізше, әйелдің күйеуі жоқ, қазақша айтсақ, жесір. Болса, суынған, безінген, жерінген. Өйткені әйелдің көңілінде ме
КӨКТАМЫР йірімге шөлдеу, жанында жылылықты аңсау бар. Ал еркекте тәннің құмарлығы басым. Тәні тояттаған соң, құмары басылғаннан кейін айну, яки кері қайтар жолға түсу бар. Әйел сияқты жалындап жан байды, өліп-өшпейді: «Мен сізге тағы өкпеледім. Сағынып телефон соғып ем, бірден әңгімені «Қашан кездесеміз?» дегенге тіредіңіз де, мені тығырыққа қамап қойдыңыз. Аузыма сөз түспей, не үшін теле фон соққанымды да ұмытып қалдым. Шынын айтсам, қорланып та қалған сияқтымын. Сіз үшін тек кездесуге ғана керек адамдай сезіндім өзімді...» деп әйел өзінің өкпе-ренішін ақ қағазға ақтарады. «Махаббат дегеніміз – қажеттілік пен сезімнің ұласуы», – дейді Онере де Бальзак нық сеніммен. Атақты француз қаламгерінің бұл сөзінде бүкпесіз айтылған өмірдің шыжғырылған шындығы жа тыр. Өйткені Нұржекеұлының бейтаныс әйелінде де, бөгде еркегінде де әйтеуір бір қажеттілік бар. Әйелдікі – көңілдің жетімсіреуінен, жанның жалғызсырауынан, еркектікі – нәпсіқұмарлықтан, тәннің тоятын қанағаттандырудан туған. Дұрыс-ақ делік. Десек те, бейтаныс әйел бөтен еркекті неліктен соншалықты жақсы көріп қалған? Не үшін өлердей ғашық? Несіне қызығады, неге сонша өліп-өшеді? Бар мәселе еркектің жылтыр сөзі мен жапалақ сияқты жалбаң қағуында ма?!. Жоқ олай ойласақ, қателесеміз. Міне, осы жағы толық ашылмай қалған. Оқырманның көңіліне күдік ұялатып, сенімсіздік тудырады. Мәселен, австриялық әйгілі жазушы Стефан Цвейгтің «Бейтаныс әйелдің хатындағы» бей таныс әйелдің белгілі беллетрист еркекке қалай ғашық болғаны, неліктен жақсы көргені шығарманы оқып отырғанда-ақ анық аңғарылады. Еркектің бейнесі (бүкіл болмыс-бітімімен) толық ашылған, сәтті сомдалған. Көз алдыңызға Сәкен (Сейфуллин) ағамыз сияқты сұлу да сырбаз, мырза жігіттің кескін-келбеті елестейді. Сол себепті де ондағы бойжеткеннің сері жігітке ғашық болуында адам жаратылысындағы табиғи бір зандылық бар. Бәрі де сенімді, на нымды. Сезім сергелдеңіне түсіп, сол жолда бойындағы бар асы лын құрбандыққа шалған жас сұлудың бүкіл мұң-зарын қағаз бетіне мөлдіретіп түсірген.
КӨКТАМЫР Цвейг пен Нұржекеұлының шығармаларында бір үндестік бар болғанымен, сөз жоқ, екеуі екі бөлек дүние. Бір қарағанда бір-біріне ұқсас жақтары бар болғанымен (формалық һәм мазмұндық), бірінбірі қайталамайды, тек аттары болмаса. Өйткені «Бейтаныс әйелдің құпиясы» бірден «Бейтаныс әйелдің хатын» еске түсірері сөзсіз. Дейтұрғанымен де, «Бейтаныс әйелдің құпиясы» – қолына қалам ұстап жүрген кейінгі жастарға үлгі боларлық-ақ шығарма. Қазақ әдебиетінде адамның жан дүниесін қойма қопарғандай қопара тын бұндай психологиялық шығармалар сирек. Дегенмен, осынау жақсы әңгімеге көлеңке түсіріп тұрған, кө ңіліңізге кірбің кіргізген кейбір жайттарға да аз-кем тоқтала кет песек болмас. Мәселен, әңгіменің басталуы көңілге қонымды емес, шығармаға кірудің кілті дұрыс табылмаған сияқты... Сонымен бірге ә дегеннен-ақ «Әйел үшін ас үйдің жағдайы айрықша. Ең соңынан соң қарап мен де айрықша шұқшидым. Бір жерінен кемтік шықса, «Балалардікі балалық болсын, саған не жоқ?» деп алдымен әйелім мені алқымнан алатыны да сөз жоқ, сондықтан мейілінше міней қарауға тырыстым...» деген сықылды жадағай, жайдақ сөйлемдер менмұндалап, оқыған сайын көз сүріндіреді. Осындағы «жағдайы», «айрықша», «шұқшидым», «алқымнан», «міней» сөздері өз орнымен қолдалынып тұрған жоқ. Сондай-ақ, «Үй ұстасына қарағанда, әй, қазақ емес-ау деп болжадым: тым тап-тұйнақтай екен, ұлтының аты на кір келтірмейін деп әдейі тырысқан секілді» дегенін түсіне алмай дал болдық. Сөйлемнің олпы-солпылығы өз алдына, мағынасының мәнсіздігі қарын аштырады. Бұдан кез келген қазақтың үйі ашылыпшашылып, былығып жатады деген ұғым тумай ма? Шынымен қазақ әйелінің бәрі бірдей салдыр-салақ па, үйлерін күтіп ұстай алмай ма?! «...ұлтының атына кір келтірмейін деп әдейі тырысқан секілді» деуі де оқырманды сендіре қоюы қиын. Үй сататын адам «ұлтының атына кір келтірмейін» деп емес, бар-жоғы үйін тезірек, егер шамасы кел се қымбатырақ өткізу үшін жиыстырып қоятын шығар. Сондықтан көркем шығарманы бұлай саясиландырудың қажеті қанша?! «Әйел үшін ас үйдің жағдайы айрықша» болса, қаламгер үшін тілдің орны ерекше. Десек те, жазушының тіліндегі кем-кетікті түгел
КӨКТАМЫР тізіп шығып, айрықша тоқталудың маңыздылығы шамалы. Өйткені біздің басты мақсатымыз сынап-мінеу емес, бар-жоғы отқа тамызық салғандай, қаламгерге ой тастау ғана. Әңгіменің соңы да сәтті аяқталған дей алмаймыз. «Күнделік кім дікі – осы үйдегі әйелдікі ме, әлде бөтен әйелдікі ме?» деп сауал тас тап, оған өзі жауап іздеп, бұлдыр болжам жасап, құрғақ сәуегейсудің не қажеті бар? Жазушы онымен не айтпақ болды екен?.. Ал «Мұндағы күнделіктен келген үзінділер нанымдық үшін қолданылған емес, ондағы сөздер, шынында да, басқа әйелдікі» деген сықылды түсініктеме беру қандай қажеттіліктен туған? Бұл ақталу оқырманды еш сендірмейді, керісінше, көңіліне күдік ұялатып, күпті ете түсері анық. Өйткені «Сезікті ғана секіреді» ғой. Сондықтан автор әңгіменің басы мен аяғын қайта қарап, өңдеп-жөндеуі керек шығар! Сонда бұл айшықты шығарманың құны да одан да әрі арта түспек. 2005 жыл
КӨКТАМЫР ТАЛАНТТЫ АДАЛ КҮЗЕТУ Қазақта «уызына жарыған» деген киелі сөз бар. Халқымыздың осынау бір ауыз сөзін ердің жасы – елуге толып отырған қабырғалы қаламгер Тұрсын Құдакелдіұлы Жұртбаевқа да қаратып айтуы мызға әбден болады. Иә, Тұрсын Жұртбай – «уызына жарыған» жазушы. Бұлай кесіппішіп айтатын себебіміз, ол ұлы Абай, дана Шәкәрім, кемеңгер Әуезовтер туып-өскен қасиетті топырақта өсіп-жетілді... Тағдыр оның маңдайына осындай бақ берді, бақыт сыйлады. Көзін ашып көргені, түйсінгені Абай мен Әуезовтің өмірі мен шығармашылығы болса, кім-кімнің болсын таңдайының тақылдамауы, көмекейінің бүлкілдемеуі, қаламының жорғадай жорғаламауы мүмкін емес сияқты көрінеді де тұрады. Тағдыр осындай орасан бақпен бірге үлкен жауапкершілік артқанын түсінетін жан болса егер... Тұрсын Құдакелдіұлының бір ерекшелігі, осындай жауапкершілікті түсіне білді, сезініп өсті. Әрбір ет пен сүйектен жаралған жұмыр басты пенде сияқты, Абай, Шәкәрім, Мұхтар тәрізді Тұрсын Жұртбай да бала болды... Етегін жапты, ержетті. Мектепке барды... Университет бітірді... Бозбалалық дәуренін бастан өткізді... Шаңырақ көтерді, бала сүйді, әке атанды... Өз дегенін істейтін өмір оны жастайынан маңдайынан сипап, ерке лете қойған жоқ. Ата-анасынан ерте айырылып, жетімдіктің зардабын тартып, қайғы-мұңның кермек дәмін ертерек татқаны да шындық. Тағдыр оны талай мәрте сынады, бірақ сындыра алған жоқ, сол сындардың бәрінен сүрінбей өтті деу қиын. Сүрінді. Жығылған жоқ... Жылады. Мүжілген жоқ...
КӨКТАМЫР Күлді. Асып-тасқан жоқ... Табиғат-ана қалай жаратты, сол жаратылысынан, табиғи бол мыс-бітімінен айнымады, ауытқымай келеді... Бұл айтып жатқанымыз – жасандылыққа жаны қас жазушының адам, яғни жұмыр басты пенде ретіндегі тағдыр-талайы. Ал шы ғармашылығы, яғни қаламгерлік сүрлеу-соқпағы туралы айтар болсақ, ең алдымен сан қырлы талант иесі екенін айтпай кетуге болмас. Журналист. Публицист. Ақын. Сыншы. Прозашы. Ғалым. Ұстаз. Қайраткерлігі тағы бар. Ұлтын сүйетін ұлтшыл азамат. Ірі әуезов танушы һәм абайтанушы. Тұрсын Жұртбай өмір табалдырығын журналист болып атта ғанымен, әдебиет есігін ақын болып ашқанын бүгінде біреу білсе, біреу білмес. «Замандасым, сырласым» атты тырнақалды көсемсөздік жинағынан кейін жарыққа шыққан қос жыр жинағы «Қоңыр қаз» (1978) бен «Жүрегімде жұмыр жер» (1980) деп аталады. Бұл өлең кітаптарымен қалың оқырманды елеңдетіп, әдеби қауымды мойын дата алды ма, жоқ па, білмеймін... Дегенмен, әдебиет ауылына өзін ше ойлап, өзінше жазатын тағы бір бұла таланттың келіп қосылға нын паш еткені анық. Қадамын апыл-тапыл басқан жиырма жасар жас ақын «Өз әлемімді іздеймін» атты өлеңінде: ...Сақталмас іште сыз тіпті, Жұлдыздың нұрын төккізер. Бақыт пен бақытсыздықты Өз жырым айтып жеткізер. Сұрама сезбес кереңнен Ғасыр мен ақын дірілін. Әйтеуір өзін тереңнен Іздеген жанның бірімін, – деп тіл қатады өршіл талаппен. Неге екенін тап басып айту қиын, мүмкін өзін «тереңнен» із дегеннен болу керек, жоқ, әлде айтарын өлеңге сыйғыза алмасын 16-0113
КӨКТАМЫР сезді ме, тума талант жарқ етіп басыла қалған найзағайдай, поэзия көшінен сытылып шығып, проза ауылына бет бұрды. Жаңа өлке ден жаңа өрістер іздеді. Тапты да. Әдеби дайындықпен келген жас қаламгер тынбай ізденістерінің арқасында көркемсөз саласында да үлкен жетістіктерге жетті. Соның нәтижесінде «Бесқарагер» (1982) және «Жер-бесік» (1985) атты прозалық жинақтар дүниеге келді. Осы қос кітаптағы «Бөкенжарғақ», «Бір тошаланың хикаясы», «Бір уыс жусан» атты шағын дүниелерден бастап, «Бесқарагер», «Көгілдір әлем», «Шилі өзен қамыс-ай», «Қалампыр», «Аэродром» повестері мен «Жер-бесік» роман-новелласы – қай жағынан болсын, түрлік, тілдік, стильдік, формалық, мазмұндық, тақырыптық жақтарынан соны ізденістер мен тың жаңалықтар алып келген сүйекті де сүбелі көркем шығармалар. Жазушының көркем прозадағы жеткен биігі, ауыз толтырып айтарлықтай қомақты жетістігі – «Жер-бесік» роман-новелласы. Жанрының өзі айтып тұрғандай, сөз жоқ, жаңалығы мол туынды. Бастан-аяқ поэзия тілімен кестеленіп-өрілген. Бұл шығарманы қара сөзбен жазылған поэма десек те болады. Әдебиет сыншылары кез келген дүниенің жақсы-жамандығын алғашқы сөйлемдерінен-ақ байқап-бағамдауға болатынын тілде ріне тиек етеді. Расында да солай. Өйткені теңіздің дәмі тамшыданақ білінетіні сөзсіз. Ендеше, «Жер-бесік» роман-новелласының ал ғашқы сөйлемдерін оқып көрелік: «Боран ұлып тұр. Жер-бесік зыр айналып, Қараспан тауының ішіндегі омбы қармен құндақталған жалғыз қыстауды сәбидей әлдилейді. Ұйтқи соққан боран заңғар жартастардың бауырына тығылған қараша қонысты ақ көрпемен қымтайды. Ымырт үйіріліп, қоржын үйдің іші күңгірт тартқан шақ. Сырттағы боран аш қасқырдай ішегін соза қыңсылап барып тына қалды. Қиыршық қар мен жел желкемдеп, суыртпақтай шығарған үй төбесін жапқан қамыстың саяқ саусағы терезені анда-санда ақырын тақылдатып қояды. Әйнектің ар жағында астаң-кестеңі шығып, дүние қопарыла көшіп жатыр. Қысқы кештің күңгірт сәулесі тау шатқа лында қоп-қою түн болып ұйып барады».
КӨКТАМЫР Сурет пе? Сурет. Сурет болғанда да суретші қаламынан туған жансыз сурет емес, сөзбен салынған жанды сурет. Көз алдыңызға табиғаттың ызғары ғана емес, өткен ғасыр басындағы (1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс, Қазан төңкерісі сияқты) дүрмегі мол дүрбелең кезеңнің сұрқай-сұсты келбеті елестейді. Міне, қаламның қуатты лығы, сөздің құдіреттілігі осындай-ақ болар!.. Роман-новелладағы бас кейіпкер Кербаланың образы да өте сәтті сомдалған. Осы бір қайсар мінезді, намысшыл қыр қазағының тағдыр тәлкегіне ұшыраған аянышты ғұмыры кез келген адамның төбе құйқасын шымырлатып, сай-сүйегін сырқыратары сөзсіз. Жанкештілікпен өмір өткізген Кербаланың өзегін өртеген өкінішкүйінішін, жан дүниесін кеулеген нала-мұңын көркем тілмен кесте леп шыққан. Жалпы бұл шығарманы психологиялық толғау десе де болады. Өйткені автор арнасынан асып-тасыған сұлу тілдің сүйегін шағып, майын іше отырып, өз шығармасында ой ағымын негізгі мәйек етіп алған. Романдағы Қамшы мен оның әйелі Рысқанның бастарына түскен тауқымет адамның қабырғасын қайыстырып, жазалаушы отрядтың басшысы, шаш ал десе бас алатын жасауыл Болдышевке деген ашу-ызасын қозғары хақ. Қиянат ешуақытта ізтүзсіз жоғалып кетпейді, жүрегіне кек қатқан Қамшының атқан оғы қандықол қарақшының жауырынына қадалғанда бір тыныстасақ, жазалаушылардан қашып бара жатқан Қамшының көшкіннің астын да қалып, мерт болған тұсына келгенде «Қайран ер, қапыда кетті-ау!» деген аяушылық сезіміңіз оянары анық. Бұны тізбелеп отырғандағы себебіміз, жазушы Тұрсын Жұртбай қаламының ұшында адамның жан дүниесін дауылды күнгі теңіздей толқытар, жүйке тамырларын шымырлатар, сезім қылдарын тап ба сар сиқырлы құдірет күш бар. Нағыз суреткерге керегі де осы емес пе?! Ендеше, Тұрсын Жұртбай – шынайы жазушы. Жазушы болғанда да, сөзбен сурет сала алатын, кейіпкерлерінің жан дүниесіндегі қайырма-құбылыстарды, ішкі иірімдерді жарқыратып көрсете ала тын сырлы суреткер. Аталмыш «Бесқарагер» һәм «Жер-бесік» атты прозалық жинақ тарындағы үлкенді-кішілі көркем шығармалардың қай-қайсысы
КӨКТАМЫР да кейіпкер жан дүниесінің толқынына, сезім-сырына, іштей психологиялық иірімге құрылған классикалық үлгідегі көркем шығармалар. Осы көркем шығармалары арқылы Тұрсын Жұртбай өзінің үлкен прозаға үлкен дайындықпен келгенін дәлелдеді. Онда тоқырау, кері қайту жоқ, үнемі өсу, шыңдалу, іштей толысу байқа лады. Ізденгіш, қазынғыш, өз шеберлігін үнемі ұштап отыратын, та лантын адал күзететін сергек ойлы суреткер. Орайы келгенде айта кетейік, жалпы бұл шығармалар қазақ әдеби сынында өз бағасын әлі алған жоқ. Алуға тиісті еді, бірақ... Тағдыр оның маңдайына «Жұлдыз» журналының сын бөлімінде он жылдан аса қызмет істеуге жазыпты. Әдеби басылымның сын бөлімін басқарып отырып сын жазбау, оны айналып өту тіптен мүмкін емес. Сыншылық жол оны басы бүтін әуезовтануға алып келді. Әрине, ұлы Әуезовті тану оңай шағылатын жаңғақ емес. Алып суреткердің ғұмыр бойғы жазған әдеби шығармаларын алдымен бойға сіңіріп, содан соң игеріп, соңынан талдап-таразылау үшін де соншалықты білім мен біліктің, зерде мен түйсіктің қажеттігі өз алды на, уақыт жағынан алатын болсақ, бір адамның ғұмыры аздық етері сөзсіз. Әуезовтің телегей-теңіз мұрасының тереңіне бір сүңгісең, қайтып «жағаға» шығудың соншалықты қиынға соғарын Тұрсын ағамыз білмеген шығар-ау, сірә! Білсе де елемеген болуы керек. «Абы ройлы іс қой!» деп көзді жұмып қойып кеткені де рас. Алғашында «Көп болса екі-үш жыл уақытымды алар, содан соң үлкен прозаға қайтып оралармын» деп те ойлаған. Бірақ ұлы Әуезовтің тылсым иірімдері тұңғиық тереңіне иіре тартып, үйіріп әкете берді... Өйткені Әуезов иірімдері... адам ойнайтын иірімдер емес... Дегенмен, төгіл ген тер, еткен еңбек текке кеткен жоқ. Жазушы, үлкен мақсаттарға жетуге талпынған суреткер ретінде аса тиімді бола қоймаса да, сын шы, зерттеуші, ғалым, әуезовтанушы Тұрсын Жұртбай үшін үлкен атақ-абырой алып келгені де рас. Яғни, ол бағын да, «сорын» да Әуезовтен тапты... Ұзақ жылғы ізденіс пен табанды еңбектің нәтижесінде ұлы қалам гер тұлғасын бар болмыс-бітімімен барынша толық ашқан және «Оқыған азамат», «Сөніп-жану», «Қаралы сұлу», «Көксерек» сияқты
КӨКТАМЫР әңгіме-повестерінің жазылу тарихын жан-жақты талдаған «Бесі гіңді түзе» роман-эссесі дүниеге келді. Содан соң ұлы суреткердің «Қилы заман» повесін ұстын қып, 1916 жылғы Жетісудағы ұлт-азат тық көтеріліске һәм оның Ұзақ, Жәмеңке, Әбубәкір сияқты басшы ларына байланысты алты жүзден астам мұрағат құжаттарын пайда лана отырып жазып шыққан «Бейуақ» атты тарихи еңбегі мен ұлы суреткердің сол бір сүреңсіз жылдардағы түрмедегі тергеу істері, қудалану кезеңдері, жазықсыз жапа шегулері туралы сыр толғайтын «Талқы» атты зерттеу кітабын жарыққа шығарды. Иә, аталмыш үш еңбек те Әуезовтің өмірі мен шығармашылы ғын арқау ете отырып жазылған шоқтықты дүниелер. Осы үшеуін де де үзілмес бір желі, жұлын-жүйе бар. Ол әуезовтануға әлдебір бақай есеппен келмегенін, жоғарыда айтқанымыздай, өмірдің өзі алып келгенін айшықтайды. Бұған ұстазы, атақты сыншы Рымғали Нұрғалиевтің де ықпалы болғаны анық. Кезінде сөз зергері Ғабит Мүсіреповтің өзі көркем әдеби туынды ларына жылы ілтипат білдіріп, «Тұрсыннан көп үміт күтемін!» деп үлкен сенім артқан жас жазушының бүгінде кемеліне жетіп, осын дай абырой-беделге ие болуы оңайшылықпен келмегені тағы аян. Таңды таңға ұрып, ақыл-ой азабына түсіп, қаламы жұқарып, саусағы мүйізденген еңбегінің мәуелі жемісі. Жазушының ұлы актер Қалыбек Қуанышбаев туралы жазылған «Дара тұлға» деректі туындысы мен «Күйемін, жүрек, сүйемін» сияқты көсемсөздік һәм зерттеу еңбекте рін есепке алмағанның өзінде, Әуезовтің өмірі мен шығармашылығы туралы жазылған туындылары қандай құрметке болсын лайық. Оған дәлел болар бір жайтты айта кетейік, «Бейуақ» атты кітабы жарыққа шыққан соң, Нарынқол ауданына барған бір сапарында ел-жұрт жазушыға үлкен қошемет көрсетіп, ауданның Құрметті азаматы ата нады. Ат мінгізіліп, шапан жабылады. Сол кезде жазушы алдына көлденеңдете алып келген сәйгүліктің жүген-ноқтасын сыпырып алып: – Елімнің еркіндігін еске түсіріп, қазақтың сар даласында еркін жортып жүрсін! – деп қоя беріпті. Бұл ердің жасы елуге толып отыр ған қаламгердің шашбауын көтеру үшін ойдан шығарылған әңгіме
КӨКТАМЫР емес, болған оқиға. Ол жазушының рухани мақсат жолындағы күресінің ұғымдарымен астасып жатса несі айып?! Күнделікті тіршілікте ақкөңіл, қарапайым көрінетін қарымды қалам иесінің өмірлік мақсат-мұраты мен көзқарасын қорғауға кел генде тым қатал екенін айғақтайтын бір ғана елеусіз, бірақ мәнмаңызы үлкен, тосын жай. Арлылықтың, азаматтықтың белгісі. Сәйгүлікке еркіндік сыйлаған жазушы еліміз еркіндік алып, темір құрсаудан босаған жылдары тәуелсіздіктің жырын жырлап, ұлт тағдыры, ел тарихы туралы проблемалық һәм танымдық мақаламатериалдарды көптеп жазды. «Басты мақсатым – ел әжетіне жарау!» деген принципті қатаң ұстанатын жазушы осындай елдігіміз сына лар тұста барлық жұмысын ысырып қойып, тек-тамырымызды тануға ерекше үлес қосатын «Дулыға» атты көне түркі батырлары туралы тарихи әфсаналардан құралған екі томдық ғылыми һәм көркем ең бек жазып, шығарды. «Дулығада» көне түркі жұртының екі мың жылдық тарихы баян далады. Автор тарих сахнасына Ұлы Дала деген атпен енген қазақ сахарасында сонау қадым замандардан мекендеген скиф, ишкуз, хун, сақ, массагет, сармат тайпаларының тектік, дәстүрлік не гіздеріне, тілі мен дініне, олардың рухани ескерткіштері мен жазба жәдігерліктеріне соны көзқараспен түсінік беріп, тың тұжырымдар жасайды. Өзіндік ой, өзгеше өрнекпен жазылған «Дулыға» – жазушызерттеуші Тұрсын Жұртбайдың ұзақ жылғы қалам тәжірибесінің арқасында туған, тақырыптық және жанрлық жағынан мүлдем со ны, тыңға түрен салған дүние. Жазылуы мен тарихи көзқарастары тұрғысынан алғанда да жаңалығы мол, жаңаша көзқарастар қалыптастыруға негіз қалайтын зерделі зерттеу. Сонымен бірге жазушының екінің бірі батылы жетіп бара бермейтін, ғылыми ай налыста бір ізге түспеген, талас-тартысы мол, аса біліктілік пен білімділікті, ыждағатты ізденісті талап ететін, жазба жәдігерліктері аз сақталған көшпелілер тарихына қалам тартуының өзі үлкен ерлік. Аталмыш еңбектің ұлттың ұлт болып ұюына, қазақ халқының рухани дамуына үлес қосатыны сөзсіз. Мен бірде Тұрсын Құдакелдіұлына әзіл-шынын араластырып:
КӨКТАМЫР – Әдебиетке әуелі ақын болып келдіңіз. Одан көркем прозаға қалам тарттыңыз. Сынға араластыңыз. Қазір зерттеуші-ғалым болып алдыңыз. Болашақта тағы қандай салаға ауыспақсыз? – деп сауал тастағаным бар. Сонда рухтас ағамыз асып-саспастан: – Мейлі, өлең, сын, көркем сөз, зерттеу жазсын, бәрібір, ол сол адамның ойлау жүйесі мен қабілетін, бейімділігінің мүмкіндігін та нытады. Сауатты адам қай тұрғыдан алғанда да ойы мен сезімін еркін жеткізе білуі керек. Өз басым әлгі айтылған жанрдың барлығын жа ныма жат санамаймын. Ойым мен сезімім қалай бұйырады, солай жазамын. Өлеңді осы күнде өзім үшін ғана жазамын. Жариялауға қымсынамын. Ал ғылыми атақты маған кітаптарым үшін берді. Арма ным – көркем шығарма жазу. Шіркін, сол күнге қолым жетсе!.. – де ген еді. Осы сөзін маған одан кейін де талай рет сыр қып айтқан-ды. Бірақ, бала-шағаның қамын жеп, сол арманына жете алмай-ақ келеді. Әрине, өкінішті... Тұрсын Құдакелдіұлының аса қымбат алты-жеті жылы өзінің ру хани ұстазы Мұхтар Әуезовтің Алматыдағы мұражай-үйін іргетасы нан бастап қайта жасап, жабдықтап, жөндеуге кетті. Қаламгердің есіл уақыты, есіл еңбегі, әрине, еш кеткен жоқ. Тындырылған іс шаш етектен... «Алты жылдың ішінде, қолға қалам алу былай тұрсын, алты күн өзіммен өзім болудың сәті түспеді...» – деп мұң шаққаны әлі есімде. Әуезовке байланысты істелуге тиісті шаралардың алдағы күнгі жоспары да қомақты еді. Бірақ, иә, бірақ... Жазушы мұражай директорлығынан кетті. Кетірді... Содан соң-ақ басталған істің бәрі аяқсыз қалды... Иә, айта берсең әңгіме көп. Оның бәрін термелеп қайтеміз? Тек жақсы басталған бастамалардың қайырлаған қайықтай орта жол да тұралап қалғаны көңілге кірбің ұялатады. Әуезовтің елу томдық академиялық басылымын дайындап, шығаруға қаншалықты уақыт пен еңбектің қажеттігі өз алдына, ол үшін Тұрсын Жұртбайдың біліміндей білім, зердесіндей зерде, түйсігіндей түйсік, білігіндей білік, танымындай таным керек-ау! Оны да қомсынсаңыз, академия лық басылымды дайындау үшін Әуезовті Тұрсын Жұртбайдай тану әрі оның жанкештілігіндей жанкештілік, еңбекқорлығындай еңбекқорлық керек қой.
КӨКТАМЫР Тағы бірде: «Енді алаңсыз көркем шығарма жазуға отырмасам. Өйткені ойымдағы кейбір көркем бейнелер еркіме қоймай мазалап жүр...» – деп еді. Бірақ адамның қай дегені болып жатыр дейсіз! Тағы да сол бала-шағаның қамы үшін әрі мәдениетіміз бен әдебиетіміз дің жанашыры, вице-премьер Иманғали Тасмағамбетовтің «Оты рар кітапханасының» негізін қаласу туралы қолқасының арқасында Астанаға жол тартты. Жай кеткен жоқ, ата-бабаларының аманатын арқалап кетті... Әрине, ауыр жүк, үлкен салмақ... Мен білетін Тұрсын Жұртбай болса, «Отырар кітапханасын» да аяғынан тік тұрғызар. Онсыз тыным таппайтыны да ақиқат. Әрине, мойынға артқан жауапкершілікті терең сезіне білген жақсы, бірақ... Арман шіркін жалынан сипатпай кетер түрі бар. Осындайда «Қызмет, кресло кімнен қалмаған?! Одан да көркем прозаға оралсаңызшы!» дегім-ақ келеді. Бірақ дей алмаймын. Өйткені қазір таза жазушылық пен айналысып күн көре алмасың анық. Арманыңызға да жетерсіз... Елу деген бар-жоғы ердің жасы емес пе?! 2001 жыл
КӨКТАМЫР ШЕРАҒА Сөз жоқ, Шерағаң – кесек бітімді, күрделі тұлға. Атақты жазу шы, қоғамның бүлкілдеген тамырын тап баса білетін сезімтал жур налшы һәм бұқаралық ақпарат құралдарының басшысы қандай болу керектігінің қайталанбас үлгісін көрсеткен білгір де білікті редактор. Қоғам қайраткері. Өз міндетін адал атқарып, ел құрметіне бөленген халық қалаулысы. Халық жазушысы деген мәртебелі атақ қа шын мәнінде лайық елжанды да ұлтшыл азамат. Ел үшін сіңірген осындай ұлан-ғайыр еңбектерін сөз еткіміз келсе, тіл тиегі ағытылып, тарамдалып-тармақталып кете берері сөзсіз. Бірақ біздің бүгінгі сөз етпегіміз жазушының қаламгерлік һәм қайраткерлік қызметі емес, күнделікті өмірдегі жұмыр басты пенде ретіндегі болмыс-бітімі, кескін-келбеті. Ел арасына шыққанда оқырман қауым осы жағын көбірек сұрайды. Иә, Шерхан Мұртаза қандай адам? Ел арасындағы кейбір әң гімелерге қарасаң, Шерағаң Шыңғысхан мен Күлмесхандарға кө бірек ұқсайды. Мен де бұрын сыртынан солай ойлаушы едім. Бірақ қателескен екенмін... Мен шетел сапарларында Шерағаңмен бірге бірнеше мәрте сапар лас болдым. Осы сапарлар атағы ел асқан жазушыны адам ретінде танып-білуіме көп жағдайлар туғызды. Сондағы байқаным, Шерағаң мен ойлағандай темірден емес, ет пен сүйектен жаралған адам екен. Шыңғысханға да, Күлмесханға ұқсамайды. «Кәдімгі Сәбит Мұқанов» демекші, кәдімгі Шерхан Мұртаза. Жайдары мінезді, қарапайым, әзілқой жан екен. Кіші деп көзінің астымен қарайтын шығар десем, жоқ, олай емес, кішіпейілдігін, көпті көргендігін танытты. Кіші деп кекіреймейді, үлкенмін деп бәлсінбейді. Өзіңмен үлкенше сөйлеседі, кішіше әзілдеседі.
КӨКТАМЫР Осыдан бір-екі жыл бұрын Ресейдің Астрахань облысында ұлы күйші Құрманғазы бабамызға кесене орнатылды. Оның ашылу салтанатына Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев бастаған мемлекет қызметкерлері және бір топ мәдениет, өнер, әдебиет қайраткерлері барған болатын. Солардың арасында Шерағаң мен арқалы ақын Қадыр Мырзалиев те бар еді. Қадыр аға да әзіл-қалжыңнан ешкімге есе жібермейді екен. Қай жағынан болсын бір-бірімен үзеңгі қағыстырар екі тұлға қатты әзілдеседі. Осынау бір апталық той сапарының алғашқы күні-ақ аға мен іні болып сөз қағысқан қос қаламгер біртебірте қайынаға мен балдызға, одан бажаға айналып, сөз сайысының соңында Шерхан ағамыз Қадыр ағамызға «күйеу бала» болып қайтты. Сөйтіп, әзілдері жарасқан аға мен іні делегация мүшелерін зеріктірмей, қыран-топан күлкіге кенелтіп, уақытты көңілді өткізуге мүмкіндік туғызды. Сол сапарда осындай нар тұлғалы ағаларымыз дың арқасында ештеңеден шеттетілген жоқпыз. Бірде Шерағаң дастархан басында именшіктеп отырғанымды байқап қалса керек: – Әй, Думан, сен немене, қыз сияқты қылымсып отырсың. Ұялмай ішіп-жеп отыр. Аздап ұрттап қоюыңа да рұқсат, – деп сөзбен демеп қойды. Өзім қатты сыйлайтын ағаның сөзі жігер берді ме, бойымда бір ерекше күш-қуат пайда болды: – Шераға, – дедім орнымнан атып тұрып, – сарқытыңызды ішейін деп едім! Ағамыз сәл езу тартты да, алдында тұрған жарты стакан шарапты маған ұсынды. Мен қағып салдым... Тойдың аты – той, күні-бойы қыдырып, қызық-думаннан қол тимейді. Кешке жақын шаршап-шалдығып, қонақ үйге келіп, тамақ ішсімен жатып қаламыз. Шерағаң бұған «ыза» болып, ылғи ұрсып жүргені. – Сендей кезімізде біз бұндай сапар кезінде мүлде ұйықтамай тынбыз, – деп әзіл-қалжыңмен қағытып қоятын. Содан Алматыға кел геннен кейін де мені көріп қалса болды, аман-саулық сұрасқаннан кейін: – Астраханнан әлі хабар келген жоқ па? – деп қалжыңдап жатады.
КӨКТАМЫР Ұлы күйшінің басына тағзым етіп, кесенесінің ашылу рәсіміне қатысып, қайтарда ұшақпен Астраханнан Атырауға ұштық. Алматыға ұшатын ұшақтың ұшуына әлі біршама уақыт бар екен. Облыс әкімі бас болып, делегация мүшелерін әуежайдан күтіп алып, қаладағы ең жақсы қонақ үйге алып келіп, барлық жағдайымызды жасап, құрақ ұша күтті. Тағы да мен жастығымнан именіп, ізет сақтап, сол кездегі Мәдениет министрі Талғат Мамашев бастаған мәдениет марқасқа лары әңгіме-дүкен құрып, демалып отырған жерден алшақтау тұста саяқ тұрғанмын. Тағы да Шерағаң байқап қалып: – Әй, Думан, сен неге осы шеттеу жүресің? Бұл жерде отырғандар дың бәрі өзің сияқты адамдар. Кел, бермен отыр, – деп өзінің жанына шақырып алды. Міне, бұл да кейбір «ісіп-кеуіп» жүретін «қайраткерлерге» үлгі бола тын іс-әрекеттер емес пе?! Осының өзінен-ақ қалам қайраткері Шер хан Мұртазаның қандай адам екендігі анық аңғарылады. Шерағаңмен бірге бұдан кейін де бірнеше мәрте сапарлас бол дым. Ел араладым, халық ортасында бірге болдым, суға түстім, тіпті карта да ойнадым. Сондағы байқағаным, Шерағаң осындай жайдары мінезді, қарапайым, кішіпейіл, әзілқой жан екен. 1997 жыл
КӨКТАМЫР АСЫҒЫ АЛШЫСЫНАН ТҮСКЕН АҚЫН Қазақ халқы шынайы таланттар мен дарындарға әсте кенде болмаған. Сондай өнерімен елдің құрмет-қошеметіне бөленіп жүр ген шашасына шаң жұқпас хас жүйріктің бірі – қазақ өлеңіне өз дау сы, өзіндік өрнегімен келген Бауыржан Жақыптың есімі бүгінгі жырсүйер қауымға жақсы таныс. Ақын поэзиясы ұлттық бояуының қанықтығымен, қазақи дәстүрден тамыр тартқан көркемдігімен және ақыл мен сезім пернелерін егіз өретіндігімен ерекшеленеді. Бауыржан Жақып – сегіз қырлы, бір сырлы қаламгер. Ақын, ғалым, журналист, аудармашы, ұстаз, білікті басшы... Үлкенге құрмет, кішіге ізет білдіріп, жұрттың бәрімен ортақ тіл табыса білетін азаматтық тұлғасын да айта кеткеніміз орынды шығар. Ақын өзі өлеңдерінде талай мәрте жырлағанындай, Шыңғыстау дың бауырында, ұлы Абай, дана Шәкәрім, кемеңгер Әуезовтер өмір сүрген қасиетті топырақта дүниеге келді. Жастайынан Абай жырын жаттап, «Абай жолын» бойтұмардай қастерлеп өсті. Абай тұнығынан мейлінше қанып ішіп, Әуезовтің тереңіне бойлады. Ұлылардан тәлім алып, соларға қарап ой да, бой да түзеді. Бұл тағдырдың ақынның маңдайына жазған бақыты ғана емес, үлкен жауапкершілік екенін түсінді. Түсінді де, солар салған жолға түсіп, қызығы мен қиындығы қатар өрілер ақындық тағдырды таңдап алды. Мен Бауыржан ағамен бір ауылда туып-өстім. Тіпті бір шатырдың астында, ұзын бір үйдің бір жағында олар, бір жағында біз тұрдық. Есіктеріміз де екі жаққа қарай ашылатын. Қыстың кей күндері қар қалың жауса, үйіміздің төбесіне дейін басып қалушы еді. Сон да қайсысымыз бірінші шықсақ, есіктің алдындағы қарды күреп,
КӨКТАМЫР бірімізді-біріміз сыртқа шығарып алушы едік. Қақаған қысы мен ақ түтек бораны болмаса, ынтымағы жарасқан, береке-бірлігі мол ауыл еді. Ақын «Біздің ауыл» атты өлеңінде өзінің туып-өскен ауылы тура лы былайша ой толғап, жырдан шашу шашады: Біздің ауыл – сауықшыл, сәншіл ауыл, Бір соқпастан кетпейтін әнші дауыл. Қытығына тимесең қойдан жуас, Ашуланса бишікті, қамшылы ауыл. Шалғыда жүр шалдары шаруа ап тәуір, Еске аламын өткенді әр уақта бір. Тағзым еткен айқұлақ зираттарға Біздің ауыл – әулие, аруақты ауыл. Әміренің әнімен оянады, Тәттімбеттің күйіне боянады. Алақанға салып ап сол бір ауыл Төлеужанның жырларын аялады. Біздің ауыл – сол ауыл, баяғы ауыл, Жүзін күннің нұрына шаяды ауыл. Көк аспанға ақша бұлт бөркін атып, Қонақ келсе, құшағын жаяды ауыл. Осы шағын өлеңде-ақ біздің ауылдың бар кескін-кейпі, ажаркөркі, тыныс-тірлігі керемет көрініс тапқан. Ақынның шеберлігі сон да, қауыздай нәрсенің ішіне үлкен «дәнді» сыйдыра білген... Бауыржан ағамыздың үш-төрт көйлекті ерте тоздырғаны болмаса, бір-бірімізді бала кезден білеміз. Балалық бал дәуренді бірге өткіздік. Ауыл баласына тән бүкіл қызық-шыжықты бастан кешірдік... Тау-тас кездік, қарақат, бүлдірген, жауқазын, жуа тердік, қияқ пен ши ара сына жасырынып, тығылмаш ойнадық. Бұзау мен тайға мініп, талай жарыстық. Саршұнақ аулап, мойнына жіп байлап, ит сияқты жетектеп
КӨКТАМЫР жүрген кезіміз де болды... Қазір сол сағымдай болған балалық шақты сағынасың, ойласаң болды, бойыңды қимастық сезімдер билейді... Ақынның «Аңсау» атты өлеңін оқығанда ауылымызға тағы бір мәрте саяхаттап барып қайтқандай күй кешесің: Мен сағынып келдім Анамның ақ құрттарын, Даламның ақ бұлттарын, Туған үйдің түтінін будақтаған, Қызыл күрең жолдарды күн қақтаған. Ағаш – хауыздарды Жасыл желегін аспанға атқылаған, Мөлдір бұлақтарды Бір-бірімен жарысып, шапқылаған. Көлдерді мөлдіреген, Ақ жауынға таулардың жуынғанын, Көздері жәудіреген Қозыларын ауылдың, құлындарын. Жұлдыздары самсаған түнгі аспанды, Бала күннен бірге өскен құрдастарды. Жеңгейлерді алдымнан жыр-қақпа ашқан, Әжейлерді әдемі сырмақ басқан. Қарындастарды Қос бұрымнан қатар өрген, Қарияларды маған сан бата берген. Інілерді таңдайы тақылдаған, Ағаларды сөзімді мақұлдаған. Шық қонған жапырақты, Киелі топырақты Сағынып келдім мен. Иә, бәріміз де сол балалық бал дәурен шақты сағынамыз. Сағыныш сазын шерте отырып, өткен-кеткенді еске аламыз... Біздің кезімізде ауыл балалары көбінесе асық ойнайтын. Дорбалап асық жинай
КӨКТАМЫР тынбыз. Ата-әжелеріміз бен әке-шешелеріміз бізге арнап асық жинап жүретін. Үйде ет асылса болды, алдымен жіліктің етін жеп, майын ішуге емес, асығын алуға асығып тұратынбыз. Сондай асыққұмар баланың бірі едік. Бауыржан ағамызбен де талай мәрте асық ойнадық. Әлі есімде, қайдан алғанын білмеймін, онда арқардың үлкен сақасы бар бола тын. Сол сақасымен келіп, бәріміздің асығымызды сыпырып алып кететін. Дырдай боп ұтылып, ішіміз удай ашып қала беретінбіз. Қандай құпиясы бар екенін білмеймін, әлгі сақасы қалай атса да алшысынан түсетін. Ақ сүттей армандаған түнді көрдім, Сұлудың күлкісінен сыңғыр өрдім. Бөркімді ақша бұлтқа лақтырып, Асығым алшы түскен күнді көрдім. «Берме, – деп, – еліме күн райы бөтен!» – Қолымды Тәңіріге жайып өтем. Бірде алшы, бірде шік, бүк, тәйкі түскен Өмірдің өзі асық ойыны екен, – деп ақынның өзі дәл тауып айтқандай, әрдайым Бауыржан ағамыз дың асығы алшысынан түсіп келеді. Асығының шік, бүк, тәйкі түскен кездері болған шығар, бірақ есімде қалмапты. Ал сақасының атқан сайын алшысынан тұра қалатыны әлі күнге дейін көз алдымда сай рап тұр... Иә, өмірде жолы болды. Мектепте үздік оқыды. Алғашқы оқыту шысы біздің шешеміз еді. «Бауыржан бала кезінен талапты, зейінді, алғыр еді!..» – деп әркез шәкіртін мақтанышпен еске алып отырады. Қазақ ұлттық мемлекеттік университетін де үздік бітірді, кейіннен жеті-сегіз жыл сол өзі білім нәрімен сусындаған оқу ордасының жур налистика факультетін басқарды. Ғылым жолындағы ізденістері де табысты болды, «М. Әуезов – публицист», «Қазақ публицистикасы
КӨКТАМЫР
ның қалыптасу, даму жолдары», «Публицистикалық шығармашы
лық негіздері» тәрізді ғылыми-зерттеу кітаптары жарық көрді.
Кандидаттық, докторлық диссертация қорғады, профессор атанды.
Оның ғылыми жұмыстарының негізгі бағыты – қазақ көркем әдебиеті
мен журналистикасындағы публицистика жанрының қалыптасуы,
дамуы, теориялық және шығармашылық мәселелері. Жалпы 200-
ден астам ғылыми еңбектің авторы. Ұлттық Ғылым академиясының
мүше-корреспонденті болып сайланды. Бұл, әрине, ауыз толтырып
айтарлықтай жетістік екені белгілі. Тұжырып айтқанда, алмастай
жарқылдаған жырларымен ғана емес, тұшымды публицистикалық
һәм ғылыми еңбектерімен де танылып, журналистика һәм ғылым
саласында да өзіндік қолтаңба қалдырған ерек тұлға.
Қазірде «Қазақ энциклопедиясының» бас директоры. Қызметте
де абыройлы табыстарға жетті, шығармашылықта да үлкен бел-
белестерді бағындырды. Елімізге ең алдымен арқалы ақын ретінде
танылды... «Жұлдызды шақ», «Көзімнің нұры», «Айдындағы аспан»,
«Ақ лақ», «Аудитория», «Баспалдақтар», «Бір кеменің үстінде»,
«Қолтаңба», «Уақыт ұршығы», «Қызыл қайың» сынды жыр жинақтары
бірінен соң бірі кезегімен шығып жатты. Оның шығармалары
орыс, түрік, украин, македон, түрікмен, қырғыз тілдеріне ауда
рылды. Қазақстан Жазушылар һәм Журналистер одақтарының
және «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының иегері атанды.
Талай мәрте республикалық жыр мүшәйраларында топ жар
ды. Яғни, танылып қана қойған жоқ, қуатты қалам иесі ретінде
өзін өзі жалпы жұртшылыққа мойындатты. Жұлдызы жанды,
тағы да асығы алшысынан түсті... Осындай атақ-абыройдың
оңайшылықпен келмегені де айдай ақиқат. Бұл салқын ақыл мен
шынайы талантттың ғана емес, үздіксіз оқып-іздену мен білім-бі
ліктің, ерен еңбекқорлықтың арқасы, соның табиғи жемісі.
Сүйіспеншілік – адамзат ғұмырын жалғайтын нәр. Туған жер мен
өскен елге деген сүйіспеншіліктен ғана ұлы өнер туындысы дүниеге
келеді. Ендеше, поэзияның алтын діңгегі де, үзілмес арқауы да осы
сезім.
КӨКТАМЫР Туған жерім! Қымбат сенің әр кешің, қымбат таңың, Тал бесікке тәнімді құндақтадың. Сен деп соққан жүректе көп сыр жатыр, Тауыса алмай келемін жырлап бәрін. Тұңғыш сенің төсіңде көзімді аштым, Сезімімнің пернесін өзің бастың. Сағыныштың дертінен саған деген Жаным барда кеудемде жазылмаспын. Жазылмаспын, өтермін аңсап мәңгі, Пейілім деп біл менің, жауса, ақ қарды. Сені ойлаумен кешті де батырамын, Сені ойлаумен сағына қарсы ап таңды. Ғажайып бір мейірім жанарда ойнап, Сені ойласам, қаламын анамды ойлап. Қырларыңа шығамын, сонан кейін Тереңіне Шағанның алам бойлап. Жайсаң далам, жазирам, жазық маңдай, Сырларыңды боламын аз ұққандай. Сенен ұзап ешқайда кете алмаймын, Мені жіпсіз байлаған қазық бардай. Бұл өлеңде ақынның туған жерге деген ыстық махаббаты, шы найы сүйіспеншілік сезімі барынша көрініс тапқан. Міне, сондықтан да ақын мен махаббат ұғымы бір-бірінен ажырамай, ғасырлар бойы бірге жасасып келеді. Себебі махаббат дегеніміз – ақынның жарық дүниедегі сүйіспеншілік көзі. Ол да осы арқылы бірде күйінсе, бірде сүйінеді. Орыс халқының ұлы ақыны Сергей Есенин бүкіл өмірінде өзі туған деревнясын сүйіп өтіпті. Міне, сол себепті де отандастары оның есімін ерекше құрметпен еске алады. 17-0113
КӨКТАМЫР Бауыржан Жақыптың өлеңдерін оқысаңыз да, дәл осындай сезім сырларын басыңыздан кешеріңіз хақ. Алыстағы ауыл келбеті алақаныңызға сыйып кеткендей әсерде боласыз, шын жүрегімен сүйсіне жырлайды. Оның туып-өскен өлкеге деген перзенттік ма хаббаты жырларынан менмұндалап көрініп тұрады. Туған жердің әсем табиғатын: жусанын, қынасын, майқарағанын, сәмбі талын, ақша бұлтын, өзен-көлін, тіпті күрең жолы мен жаңбырына дейін жырға қосады, сағынышпен еске алады. Сондықтан да әрбір өлеңін де көзімізге оттай басылатын бала күннен таныс суреттер бірінен соң бірі қол ұстасып жүре береді. Мысалы, «Бәйге» деп аталатын өлеңін дегі мынадай үзіндіні оқып көрелікші: Кеткенде аттар аңырап, Қозған сәтте делебе, Бір шайқалып шаңырақ, Дір етеді кереге. Осы өлең жолдарын оқығанда өзіңіз де бір сәйгүлікті таңдап мініп, бәйгенің қақ ортасында жүргендей әсерде боласыз. Бәйге кезінде қазақтың қаны қызып, намысы да сарапқа түседі. Осы бір көңіл күйді ақын «Бір шайқалып шаңырақ, дір етеді кереге» деген екі жолға әпәдемі сыйғыза білген. Ұтымды да ұтқыр теңеу. Келесі бір өлеңдерінде ақын ауыл өміріне тереңірек дендей түседі. Бұл жолдарда оның өзіндік ізденістері де жоқ емес. Ауылдағы әрбір тас, әрбір ағаштың ақын көзімен сөйлеп тұрғанын аңғарасыз: Зиратың да елеңдеп тұрған шығар, Ай құлағын тосумен құбылаға. Әрбір ақын поэзия әлемінің есігін өзіндік жаңа үн, жаңа леп пен аттайтыны белгілі. Аттың тұлпар болатындығы тай жарысы нан байқалса, ал ақынның болашақта қандай шыңнан қол бұл ғайтыны оның алғашқы өлеңдерінен-ақ аңғарылады. Бауыржан
КӨКТАМЫР жырларындағы ақындық екпінді оның жыр әлеміндегі өзіндік ізі деп бағалаған жөн. Осы сөзіміздің дәлеліндей ұйқасы мен ойы шымыр түсіп жатқан мына бір шумақтар оқырманын бей-жай қалдырмасы анық: Кел, күнім, жылдарым, кел, айларым, Жатқандай дүбір күтіп кең аймағым. Шөкімдей ақ бұлт көрсең көк жүзінен, О, жұртым, менің жырым деп ойлағын. Ұзатқан қыздай өзен сыңсып аққан, Таттың-ау сен де талай жыр-шұбаттан. Көк өрім шыбық көрсең көктемеде, Ойларым ол да менің бүршік атқан. Туған жер тақырыбын жырламаған ақын кемде-кем шығар. Бұл орайда қай-қайсымыздың да ойымызға ең алдымен Қасым Аманжоловтың жырлары оралады. Өйткені ондағы табиғат пен ақын сезімі үйлесім тауып, оқырманның көз алдына әдемі сурет галлере ясын алып келері анық. Ол сонысымен ерекше, сонысымен ыстық, аса құнды. Ал Бауыржан Жақыптың да туған жер тақырыбын жыр лауы өз ерекшелігімен көзге түседі. Өйткені ақынның өлеңдерінен жадағай тіркестерді таппайсыз. Оның орнына туған жерге деген ақын бойындағы ыстық сүйіспеншілікті байқайсыз. Биыл ердің жасы елуге толып отырған арқалы ақын қазір де бәйгеге түсер аттай бабы мен бағы қатар келіскен шығармашылық дер шағында. Ол поэзияның ең күрделі саласы поэма жанрында да қалам тербеп, кең тынысты қаламгер екенін де танытып жүр. Ойлы да сыршыл ақынның шоқтығы биік поэмасының бірі – «Жан дауы сы». Ақын бұл шығармасында Семей полигонында сыналған атом бомбаларының қоршаған ортаға тигізген кері әсері туралы сыр толғайды. Сан алуан көркем-философиялық түйіндеулер жасайды. Жүректі тебірентіп, мүлгіген санаға қозғау салар ой, идеяға салмақ артады. Ең бастысы, өмірлік әрі әлеуметтік мәселені қозғайды. Оны
КӨКТАМЫР
оқырман жүрегіне кестелі де көркем тілмен жеткізеді. Мұны поэма
ның басталуынан-ақ байқауға болады:
Көздері бұлақтардың жабылғандай,
Бойынан қан тоқтаған тамырлардай.
Әскердің тәртібімен дөңдердің де
Шаштары тақырланып алынғандай.
Көркіне көрген сайын жан сұқтанған
Көлшіктер лайланып, шалшық болған.
Бір кезде тасып аққан өзендердің
Арнасы қасық сусыз қаңсып қалған, –
деген бедерлі шумақтар автордың шеберлігі мен ақындық тал
ғамының өте жоғары екендігін аңғартса керек. Ақын бұдан әрі
Табиғат-ананың бел балалары – «Таудың зарын», «Қураған тоғайдың
соңғы сөзін», «Боз даланың қасіретін» және осыларды жоқтап
«еңірегенде етегі жасқа толған» «Желдің жоқтауын» тебірене жырға
қосады. Поэмадағы әрбір жол өксікке толы. Тау «өртеніп, шала-жан
сар тәні қалғанына, омыртқасы омырылып, жотасы жанғанына»
назаланса, тоғай «улы ортаға қамалып, улы сәуле уыстағанына, улы
судан нәр алып, улы ауамен тыныстағанына» күйінеді, өзен «суын
сүйікті ететін балдырдың сирегеніне, еңсесін биіктететін балықтың
азайғанына, ауруға шалдығып, құрдымға суы кеткендей құрып бара
жатқанына» мұңайса, жел «өрт шалған жерінің, дерт шалған елінің
дауасын таппай» күңіренеді.
Поэмада осындай жансызды жандыға айналдырған ақынның
негізгі мақсаты – қоғам кесапатынан туындаған замана запыран
дарын барынша ашып көрсету. Ал туған елдің болашағы мен туған
жердің табиғатын жырлау әр ақынның азаматтық борышы екені айт
паса да түсінікті.
Бауыржанның «Астар туралы» деген әсерлі өлеңі бар. Онда ақын
әр нәрсенің сыртқы тысымен бірге астары болатынын, ол жайында
әркімнің ойлай бермейтінін тілге тиек етеді:
КӨКТАМЫР
Әр нәрсенің бар астары, бар тысы,
Ол жайында ойлай бермес әр кісі.
Талай сырды түсінеміз кеш барып,
Отырғанда балалықты еске алып:
«Анам талай құрақ көрпе құраған,
Астарына үңілген жоқ бір адам.
Әжем өзі тоқып қойған алаша,
Жолақ-жолақ тысы қандай тамаша!
Әкеміздің көрдік сары тонын да,
Қарамадық астарына оның да.
Байқамаппын мен көзімді ашқалы
Бар екенін дүниенің астары.
Бұл сөзімді барлығы да растар:
Күн менен түн, бірі – тыс та, бірі – астар.
Жұлдызды аспан, құпиясың сен маған,
Жұмбағыңды шешіп жатыр енді адам.
Өзендерім желең төсі ашылып,
Тереңіне ағады сыр жасырып.
Қара жердің астарында асыл бар,
Қойнауына шөккен талай ғасырлар.
Қалың бұлттың астарынан жай құлар,
Қуаныштың астарында қайғы бар.
Жарықтың да астары бар – қараңғы,
Ой да астарлы, ұстама, дос, жағаңды.
Жүрегімнен тырс-тырс тамды тамшы-өлең,
Тыңда менің домбырамды, барша әлем!
Шанағында оның қанша саз жатыр,
Астарында бұғып жатыр қанша әуен?!
...Жүрегімнен тырс-тырс тамды тамшы-өлең.
Иә, ақынның өзі айтпақшы, ойдың да астары болады. Ендеше,
ақындық ерекшелігі де осында. Ол өз өлеңдерін көбінесе астарлы
КӨКТАМЫР ойға құрады. Ақынды терең түсіну үшін оның жырларын көкірек көзімен зейін қоя оқу керек. Сонда ғана жыр астарындағы «жа сырын» ойлар өз құпия-сырларын айқара ашады. Әйтпесе, ақынның айтпақ ойын жете түсінбеуіңіз ғажап емес. Мысалы, Бауыржанның «Қоңырәулие үңгірі» атты өлеңін талдап көрелікші. Ақын бұл шы ғармасында өзі туып-өскен жердегі Қоңырәулие үңгірінің кескінкелбеті мен сыр-сипатын сөз ете келе, оның ішінде «есіле аққан тұптұнық судың» бар екенін еске салады: ...Бұл өзеннің аңқасы бір кеппейді, Басқа өзендер бұл өзенге жетпейді. Көрген адам табиғатқа таңғалып, Келген адам бір ұрттамай кетпейді. Су да кен ғой, ерте тапқан бұл кенді ел, Осы судың қасиеті бар жұрт емдер. Ауырғанда балаларын жіберіп, Алғызады «шипалы» деп үлкендер... ...Пәк қолыммен, Бала кезде кекілді, Сол суменен талай жудым бетімді. Жырым-дағы мөлдір болса деп келем Осы үңгірдің шипа суы секілді. Міне, Бауыржан Жақып – осындай айтқыш әрі тапқыр ақын. Қоңырәулие үңгірі туралы айтқан ойларын оның өз өлеңдеріне де бағыштауға болады. Астарлы ой, астарлы сөз осындай-ақ болар! Ойы мызды көрнекті ақын, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Темірхан Медетбектің сөзімен түйіндесек: «Егер Бауыржан табиғаттың көңілді де, көзді де арбар сыртқы құбылыстарын сөз-суретке түсірумен ғана болып, тек соны ғана қызықтап кетсе, онда ол оқырман қауымды тез жалықтырып алған болар еді. Онда ол қаншама әдемі бояулар жағып, қаншама қызық суреттер салса да, бар болғаны пейзаждық
КӨКТАМЫР қана ақын боп қалар еді. Өйткені табиғат әлемі, бізді қоршаған мына дүние әсем қимыл-қарекеттер мен ажарлы әсем суреттерден ғана тұрмайды ғой. Оның да тартысқа толы драмасы, күйініші мен сүйіні ші, бітіспес күресі мен тіресі бар. Сондықтан енді ол дүние астарына үңілуге бет қояды». Орынды айтылған сөз. Бұған алып-қосарымыз жоқ! Ақынның өлеңдері де Қоңырәулие үңгірінің шипалы суы сияқты, мөп-мөлдір қалпында, өз арна-ағысынан буырқанып ағып жата ды. Оқыған адамның көңілін желпіп, жан дүниесін тербеп, бойын сергітері сөзсіз. Демек, жақсы ақын. 2013 жыл
КӨКТАМЫР САН ҚЫРЛЫ ТАЛАНТ Қазақта театр режиссерлері көп емес. Солардың ішінде театр сахналарында қойған қойылымдары жақсы аталып, ауызға ілігіп жүрген режиссерлер саусақпен санарлықтай ғана. Сол үркердей топтың қатарына Астана қаласындағы Қалибек Қуанышбаев атын дағы қазақ музыкалық драма театрының белді режиссері, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері Болат Ұзақовты қосуға болатынын алғаш айтқан мен емес, соңғысы да болмайтыныма кәміл сенемін. Аса көрнекті сахна шебері Асанәлі Әшімов өнердегі інісі туралы толғана келіп, өз ойын былайша тұжырымдайды: «Қазір елімізде төрт мықты режиссер болса, соның бірі – Болат Ұзақов». Бұл әр сөзін салмақтап айтатын атақты мәдениет қайраткерінің жүрекжарды лебізі ғана емес, өнер адамының төккен тері мен еткен еңбегіне берілген лайықты баға, зор сенім әрі үлкен жауапкершілік. Болат Ұзақов 1962 жылы Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы ның Масақ ауылында дүниеге келген. Әкесі Қасымжан жылқышы болған екен. Кіндік қаны тамып, кір жуған жері, әсіресе Асы жайла уы жер жаннаты дерсің! Талай сырды іштеріне бүккен тау-тастар, жапырағы жайқалған тал-қайыңдар, мәңгі жасыл арша-шырша лар, тамырын тереңге жайған емен-теректер, шөбі шүйгін сайын дала, құлпырған қызыл, сары, ақ гүлдер, сылдырап ағып жатар өзенбұлақтар талапты жастың бойы мен ойын баурап, қиялына қанат бітіргені анық. Өнерге деген құштарлығын оятқан да сол туған жер дің тілмен айтып жеткізе алмас сырлы да сұлу табиғаты болса керек. Бұла талант булықпай, тамаша табиғат пен мейірімді ата-ананың аялы алақанында бұлқынып өсті. Мектеп қабырғасында жүргенде-
КӨКТАМЫР ақ өнерге бейім екенін анық байқатты. Мәдени іс-шараларды ұйымдастыруға белсене араласып, өнер додаларының көрігін қыздыруға күш салды. Газет-журналдарда жарық көрген әзіл әңгі мелерді сахнаға шығарған кездері де болған. – Қазір ойлап отырсам, актерлік пен режиссерліктің ұшқыны сол кезде санамда болған сияқты. Әлі есімде, тоғызыншы сыныпта болу керек, бір газеттің соңғы бетіне шыққан (ұмытпасам, «Қазақ стан пионері» газеті) жақсы оқушы мен нашар оқитын оқушы жайлы әзілді дайындағам. Жаңа жыл кешіне ғой деймін. Қайбір режиссерлығым асып-тасығаннан ғой дейсің, оқу бөлімі мең герушісінің тапсырмасымен. Әйтеуір оқушылардың мәз болғаны есімде. Бізді мазақтады ма, әлде шынымен күлкілі болды ма, ол жағын айта алмаймын. Ал енді алғаш менің басыма «Тура осы кісідей ак тер болсам ғой, шіркін!» деген ойдың келуіне себеп болған – Асанәлі Әшімов ағамыздың «Бекежан», «Шадияров» сияқты рольдері. Айна ның алдына тұрып алып, сол кісінің көзқарастарын салғым келіп, бет-аузымды қисаңдататынмын. Сақалды да Асекеңе еліктеп қойға ным көрініп тұрған шығар. Жалпы сол кездерде Асанәлі Әшімовке ұқсағысы келетін жалғыз мен болмағаным анық. Мені өнерге тағы бір табан жақындатқан – алдымдағы ағам Шәріп. Ол Алматыдағы республикалық қуыршақ театрында істейтін. Түрлі қуыршақтарды сөйлетіп, ойнататын. Кейде дайындықтарына барып, сырттарынан қызыға қарап отыратынмын. Әсіресе қуыршақ бо лып сөйлеп жатады да, кенет өз дауыстарымен бір-бірімен сөйлесіп кеткенде ішегім қататын. Сол кездегі бір спектакльдерінің «Сай масай» атты кейіпкері әлі көз алдымда. Қысқасы, сексенінші жылы маусым айының ортасында Алматыдағы Советская көшесіндегі 22-ғимараттың екінші қабатындағы бір бөлмеде, үстіне қара костюм киген, басына мен «Аршин мал алан» деген кинодан көрген шашағы бар шошақ тақия киген, түсі сұсты бір қара шалдың алдында тұрдым. Сөйтсем, бұл атақты Асқар Тоқпановтың өзі екен. Шынын айтқанда, дәл сол кезде оның кім екені маған бәрібір еді. Түссем түстім, түспесем КазГУ-ге барам деп ойлағам. Сондықтан болар, еркіндеу кірдім де, «Қара сөзден баста» дегенде «Абай жолынан» үзіндіні тоқталмай зуылдата жөнелдім. Асқар аға дайындап кел
КӨКТАМЫР ген дүниелерімді тыңдап болды да, «Қалай, балам, жалқау емессің бе?» деп сұрады. «Жоқ, жалқау емеспін» дедім. «Оқисың ба?» деді. «Оқимын». «Ендеше, басқа сабақтарыңа дайындал» деді. Осылай оқуға қабылдандым. Асқар ағамен бірге Асанәлі Әшімов дәріс беретінін естігенде бүкіл арманым орындалғандай қатты қуанғаным есімде. Дәл осы Асанәлі ағаның көп жылдар өткен соң менің қойған спектакльдеріме ризашылығын білдіріп, әрқашан ағалық жылы лебізін аямай жүретін, үлгі тұтар рухани ұстазыма айналатынын, әрине, ол кезде білген жоқпын. Сонымен бірге Фарида Шәріпова, Ыдырыс Ноғайбаев сын ды біртуар тұлғаларға шәкірт болғаным да Алланың тартқан сыйы деп білемін, – дейді Болат Қасымжанұлы сол бір өткен кездерді есіне алып. Сөйтіп, Алматы мемлекеттік театр және көркемсурет институтын 1984 жылы театр және кино әртісі мамандығы бойынша ойдағыдай бітіріп шықты. Содан арнайы жолдамамен Талдықорған облыстық қазақ драма театрына әртіс болып барып, 1997 жылға дейін табан ау дармай сол өнер ұжымында еңбек етті. Театр сахнасында қырыққа жуық кейіпкер сомдап, театрдың белгілі де белді актері атанды. Ойнаған образдары арқылы өзінің сахнада ойлай білетін, жан-жақты шебер актер екенін танытты. Сахнагер ретінде еңбегі бағаланып, мақтау мен марапаттан да кенде болған жоқ. Ол сахнаға шығарған ұлы суреткер Мұхтар Әуезовтің «Еңлік – Кебегіндегі» Кебек, «Хан Кенесіндегі» Наурызбай, «Түнгі сарынындағы» Жүніс, У. Шеспирдің «Асауға тұсауындағы» Транио, І. Жансүгіровтің «Күйшісіндегі» Күйші, М. Кәрімнің «Ай тұтылған түніндегі» Ақжігіт, А. Макаеноктың «Пұшайман болған әулиесіндегі» Әулие, Д. Исабековтің «Әпкесіндегі» Тимур, А. Сүлейменовтің «Қыздай жесіріндегі» Дәріс, С. Балғабаев тың «Қыз жиырмаға толғандағысындағы» Есімсейіт сынды сан алуан кейіпкерлер көрермендер есінде өзіндік ерекшеліктерімен қалға нын айтушылар жетерлік. Бірте-бірте режиссерлік мамандықтың жалынан ұстап, өзінің қабілет-қарымын басқа қырынан сынап көргісі келді. Бұл, әри не, қызығы мен қиындығы қат-қабат актерлік мамандықты менсі
КӨКТАМЫР бегендіктен емес, өзінің ойындағысын көрерменге шып-шырғасын шығармай, сахна тілімен толық жеткізгісі келгендіктен болса керек. Сөйтіп, 1994 жылы өзі оқыған оқу орнының режиссерлік курсына қайтадан оқуға түсіп, оны 1997 жылы ойдағыдай бітіріп шығады. 1991 жылы сол кездегі атауы бойынша Ақмола қаласында Қали бек Қуанышбаев атындағы қазақ музыкалық драма театры ашылады. Ал 1997 жылы қалаға астана мәртебесі берілуіне байланысты жаңа дан топ жинақтала бастайды. Астаналық театрдың сол кездегі ди ректоры, атақты режиссер Қадыр Жетпісбаевтың арнайы шақыруы мен үлкен арман арқалап Астанаға келеді. Міне, осылай елордадағы режиссерлік еңбек жолы басталады. Ол туралы бірде әңгіме-дүкен үстінде кейіпкеріміздің өзі былайша сыр шерткені бар-ды: – Қайран, Қадыр аға!.. «Болат, сен менің шәкіртім боласың! Мәңгі жасайтын ешкім жоқ, менің де ісімді жалғастырар біреу қалу керек қой!» деген сөзі әлі құлағымнан кетпейді. Астанаға келген соң да қалай болар екен деген оймен «Аға, менің тәжірибем аз ғой, әзірше актер болып жүре тұрайын» дегеніме, «Ой, сен де, менің көлеңкемде нең бар, айтатын жерде айтып, қоятын жерде қойып, өзіңді таныт. Ауыздығыңды алып жібердім, қолыңнан келетініңді көрсет!» деп жігер беріп, жани түскен еді. Расында да мен ол кісіден көп нәрсе үйрендім! Иә, сол Қадыр Жетпісбаев томағасын сыпырып қоя берген жас қыран өнер өлкесін емін-еркін шиырлап, биіктерге самғады. Өмірдегі өз атын қалыптастырып, өнердегі өз әлемін жасады. Білім-білігі мен қабілет-қарымының арқасында талайларға таңдай қақтырып, талайталай шығармашылық асулардан асып, бел-белестерді бағындырды. Жұмат Шанин, Асқар Тоқпанов, Әзірбайжан Мәмбетов сын ды дара тұлғалар іргетасын қалап, буынын бекіткен қазақ театр режиссурасының қанатын кеңге жайып, өсіп-өркендеуіне үлкен үлесін қосып келеді. Ол астаналық театрдың сахнасына шығарған Шеспирдің «Гамлет», Мұхтар Әуезовтің «Еңлік – Кебек», «Қанды азу», «Қара қыпшақ Қобыланды», І. Жансүгіровтің «Күйші», Т. Ахтановтың «Күшік күйеу», Т. Әбдіктің «Біз үшеу едік», А. Сейдімбековтің «Қош бол,
КӨКТАМЫР ардағым», Ермек Аманшаевтың «Үзілген бесік жыры», «Қыр астында ғы ғажайып әлем», Ф. Буляковтың «Күйеуге шыққан кемпірлер», А. Дударьевтің «Кеш», С. Тұрғынбековтің «Мұқағали», Е. Жуасбектің «Антивирус» атты қойылымдарының әрқайсысы өзіндік ізденістері мен сәтті көріністері арқылы көрермендердің ыстық ықыласы мен ізгі ілтипатына бөленгенін атап айтуымыз керек. Алғаш рет І. Жансүгіровтің «Күйші» атты поэмасын сахнаға икемдеп қойған спектаклі 1995 жылы республикалық фестивальде «Матай» қорының бас жүлдесін иемденді. Астанаға келген жылы М. Әуезовтің 100 жыл- дық мерейтойына орай жазушының «Көксерек» атты хикаяты негізінде Байғали Есеналиевтің инсцировкасымен дайындалған «Қанды азу» атты қойылым қойды. Ол 1999 жылы Каир қаласында өткен Дүниежүзілік эксперименталды театрлардың фестиваліне қатысып, өз бағасын алды. Онда әлемнің алпысқа жуық елінен кел ген сексенге жуық театр өнер көрсеткенін ескерсек, бұл кез кел ген режиссердің тақиясына тар келмес жетістік екені белгілі. Сол «Қанды азудан» бүгінге дейін он бес жылдан аса уақыт өтіпті. Осы уақыт аралығында әр түрлі тақырыпта, әр түрлі жанрда отызға жуық спектакль қойған екен. Ең бастысы, қандай спектакль қойса да, өзінің өмірлік ұстанымдарын өзгертпегені байқалады. Спектакльдердегі айтылатын негізгі ойларды анықтауда қолдана тын режиссерлік шешімдерінен оның өмірдегі кісілік келбеті мен адами қасиеттерін анық байқауға болады. 2010 жылы Республикалық театрлар фестивалінен бас жүлдені жеңіп алған «Кеш» спектаклі осы сөзіміздің дәлеліндей. Ал енді 2012 жылдың қазан айында Ал матыда өткен Халықаралық театрлар фестивалінде оның қойған «Гамлет» спектаклін Балтық жағалауы мен Ресейден келген театр мамандарының жоғары бағалауы Болат Қасымжанұлының деңгейі биік нағыз кәсіби маман екенін тағы бір мәрте дәлелдей түскедей. Әбден ерқашты болған сүрлеу-соқпақтармен ызғытып жүре бер мей, қалыптасқан режиссуралық әдіс-тәсілдерге сынамалап болса да өз жаңалықтарын енгізіп отырғанын айтпай кетуге болмас. Әрине, жаңалыққа алғашында әркімнің тосырқай қарайтыны да рас. Оның үстіне, өнер туындысы болғаннан кейін, әрине, сыни пікірлер де ай тылмай қоймайтыны түсінікті де.
КӨКТАМЫР – Жалпы спектакльдің залдағы көрерменнің бәріне бәрдей ұнауы немесе ұнамауы мүмкін емес. Біз оған тырыспаймыз да. Шекспирдің тілімен айтқанда, «Заттың жақсы не жаман болуы соған қарап тұрған адамның көзқарасына байланысты». Сондықтан ондайға ренжу ге болмайды. Ал енді кейде бақырайып тұрғанды көрмегендей бо лып, мамандар тарапынан әділетсіз пікірлер айтылып қалады. Өкінішті, әрине. Мен қойған спектакльдерді кейде біреулер сы найды. «Режиссерлік шешімі түсініксіз» депті біреулер. Олар менің қойылымдарымнан қатып қалған қалыптарды іздейтін болуы ке рек. Ал мен рахаттанамын. Бар ынты-шынтыммен кірісе қойған спектакльдерім жанымның түкпірінен шыққан аяулы сезімдерден құралған. Оны қандай қалыпқа сыйғызуға болады?.. Әрине, мен сахнаның, режиссураның заңдылықтарын білемін. Бірақ мен сол заңдылықтарды білгенім үшін ғана режиссер болғаным жоқ қой! – деп еді бірде ағынан ақтарылып. Болат Қасымжанұлының әр қойылымға ерекше дайындалаты нын, кез келген драмалық туындыға үлкен жанашырлықпен қа райтынын, өзіне асқан жауапкершілік артатынын біздің жазған «Кенесары – Күнімжан» атты пьесамызды сахнаға шығару кезінде анық байқадық. Таныдық, таныдық та тамсандық. Мені өзі іздеп та уып, соңғы ханымыз туралы драмалық шығарма жазуға қолқа салған да режиссердің өзі болатын. Сөйтсем, тәуелсіздік үшін күресіп, елі мен жері үшін шыбын жанын құрбандыққа шалған Кенесары бабамыздың көркем бейнесін сахнаға шығаруды көптен бері ойлап жүреді екен. Былай жаз, болмаса, олай жаз деп тықақтаған жоқ, ең бастысы, өз ойларын таңбады. Тек бір ескерткені, жаттандылықтан қашып, мейлінше жаңалыққа иек артуымды қалады. Мен пьесаның екі-үш нұсқасын жасадым. Тіпті жаңалық деген осылай болатын шығар деген оймен бас кейіпкерді бастан-аяқ бас сүйек қылып алмақ та болдым. Атасы Абылайды да рух берушісі, жебеушісі ретінде кіргізгім келді. Қысқаша айтқанда, эксперимент жасағым келді. Алғашында сол нұсқаға қызыққанымен, артынан: «Бұнымыз қалай болар екен, ертең сын мен неше түрлі сыпсың сөздердің астында қалмаймыз ба, оның үстіне біздің көрермендер он
КӨКТАМЫР дай эксперименттерге әлі дайын емес қой...» – деген көңілге қонымды ой айтты. «Кеңесіп пішкен тон келте болмас» дегендей, ақыры екеу ара ақылдаса келе, «Кенесары – Күнімжанның» осы күнгі қойылып жүрген нұсқасына тоқтадық. Спектакль Астанадағы Қ. Қуанышбаев атындағы академиялық қазақ драма театрының сахнасында қо- йылды, тұсаукесері өтті. Сәтті дүние болған сияқты. Біраз жылы сөз естідік, аздаған марапатқа ие болдық. Бұл 2010 жыл болатын. 2011 жылы бұл тарихи драмамызды Шығыс Қазақстан облыстық театры, ал былтыр Ақмола облыстық театры сахнаға шығарды. Қарағанды мен Жамбыл облыстық театрлары басшыларының да өз сахнала рына шығарамыз деген уәделері бар. Әрине, айтпағымыз ол емес, айтпағымыз, біздің жазған шығармамыздың жақсы режиссердің қолына түскені, яғни іштен шыққан шұбар жылан – шығармамыздың бағының жанғаны. Шала-жансар күйінде қалып қоймай, жарық жалғанға жол тартқаны. Барды ұқсата білу де тек өз ісін жетік білетін шебердің ғана қолынан келсе керек. – Театрдың негізі – драматургия. Ендеше драматургиялық шы ғарманы сахнаға шығармас бұрын автордың айтар ойын толық түсініп алу керек. Өйткені әр туындыгердің өзіне тән стилі, өмірге деген өзіндік көзқарасы бар. Соны тамыршыдай тап басқанда ғана спектакль сәтті шығады, – дейді ол өз ойын ашық айтып. Біз хал-қадірімізше Болат Ұзақовтың актерлік һәм режиссерлік қырын сөз еттік. Ал оның өзі де драматург екенін өнерсүйер қауым жақсы біледі. Оның өзі жазып, өзі сахналаған шығармалары да баршылық. Солардың ішінде «Үміт» пен «Жандауаны» ерекше атап өткім келеді. «Үміт» – Астана театрында 2000 жылы қойылған психологиялық драма. Жетім балалар өміріне арналған. Негізінен авторға үлкен абы рой-бедел алып келген, драматургтік атын шығарған шығармасы – «Жандауа». Бұл – әлемді жайлаған нашақорлық дертіне байланысты жазылып, 2007 жылы Қалибек Қуанышбаев театрында қойылған, көрермендерді сан түрлі ойларға жетелеп, бір уақ мұңға батырып, адамның аяныш сезімін оятатын психологиялық драма. Қойылым өте сәтті шыққан. Есірткіге есі кете еліккен бозбаланың бір шаңы-
КӨКТАМЫР рақты қалай тоз-тозын шығарғанын суреттеу арқылы нашақорлық тың адам баласына қаншалықты қайғы-қасірет әкелетінін толықтай ашып көрсете білген. Қалың жұртшылық жақсы қабылдаған шығарма болғандықтан да театр сахнасынан әлі күнге дейін түспей келеді. – Театр өмірдің шындығын айтуға, сол қоғамда ғұмыр кешіп жатқан адамдардың тыныс-тіршілігі жайында шындықты ашып көрсетуі тиіс. Онсыз сенің айтар ойың көрерменге керек пе?! – дейді режиссердің өзі. Оның тағы бір үлгі тұтар асыл қасиеті – ұлтын сүйер үлкен жүректілігі. Әңгімесінің әлқисасын ұлттың тағдыр-талайы мен елдік мақсат-мұраттар туралы айтудан бастап, сөзін жас ұрпақтың келешегіне қатысты ойлармен аяқтайды. Айтып қана қоймай, осы нау ұлы істерге өзінше үлес қосып, әрдайым жақсы бастамалардың басы-қасында жүреді. Елі мен жері үшін күресіп, тәуелсіздік жо лында жанын пида еткен ұлы ханымызды сахнаға шығаруды ұзақ армандағанының өзі көп нәрседен хабар берсе керек. Оның азаматтық ұстанымдары мен өмірлік көзқарастары шығармалары- нан менмұндалап көрініп тұрады. Басқа әріптестерінен айырма шылығы да осында шығар деймін. – Менің еткен әрбір еңбегім ең алдымен ұлтқа қызмет етуі керек, еліме пайдасы тиюі керек. Әр адам өзінің ұлтын басқа ұлттардан жоғары қоя білуі қажет. Соған сай қасиеттерін тани білу керек. Сонда ғана ол өз ұлтын, елінің тарихын құрметтей алады. Қазақ халқы – жер бетіндегі барлық ұлттан дарынды, талантты, ұлы халық. Өз жерімізде отырып оны басқалармен теңестіру, болмаса кем санау – барып тұрған сатқындық, – дейді әңгімесінің ауанын ұлттық мәселелерді сөз етуге қарай бұрып. Болат Қасымжанұлы туралы көп айтуға болады. Адалдығы, адам гершілігі, қарапайымдылығы, имандылығы, сөз бен уәдеге беріктігі жайында төгілтіп жыр жазуға да болар еді. Әттең, ондай өнер бізге бұйырмапты. – Маған ең ауыр тиетіні – сенген адамымнан көңілімнің қалуы. Тегінде адамдармен арақатынасты бұзбай ұстап тұру үшін де үлкен
КӨКТАМЫР жауапкершілік керек. Әрине, ондай қасиет адамдардың бәрінде бірдей бола бермейді ғой! Жалпы осы күнге дейінгі менің өмір жолымда кездескен, таныс қан адамдарымның көбі адал жандар, үлгі алатындай адамдар бол ды. Егер де мен өмірде, өнерде азғантай жетістікке жетіп жатсам, біріншіден, Алланың шапағаты, екіншіден, осындай ағаларым мен апаларымның, дос-жарандардың маған деген, менің жанұяма деген ақ ниеттерінің арқасы деп білем. «Өмір деген – күрес» деген сөздің мағынасына кейінгі кезде ғана көзім жеткендей. Бұрын әншейін сұлу сөз ретінде ойланбай айта береді екенбіз ғой. Өмір үшін күрес деген ді алға қойған арман-мақсаттарға жету, сол жолда ерінбей еңбек ету деп түсінуші едім. Сөйтсем, тек жер басып жүру үшін ғана жанкешті көзге көрінбейтін шайқас бір сәтте толастамайды екен. Ешкімге зиян-залалы жоқ, өзімен өзі жүрген пендені де біреулер құртып жіберуге жанын сала ұмтылады дегенге кім сенеді?! Ал бірақ солай болса ше?.. Өмір сүру керек болса, осыдан кейін күреспей көр!.. – де ген еді бірде. Ендеше, ердің жасы – елуге толып отырған Болат досқа өмір үшін де, өнер үшін де күресің тоқтамасын, қазақ сахна өнерінің көкжиегін кеңейте бер дегіміз келеді. 2012 жыл
18-0113 СЫР-СҰХБАТТАР .
КӨКТАМЫР «Әлем әдебиеті» журналының бас редакторы, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты Думан РАМАЗАН: «ЖАЗУШЫ БОЛУДЫ БАЛА КЕЗДЕН АРМАНДАҒАН ЕМ» – Думан аға, сіз қазір елге танымал қаламгерсіз. Есіміңіз елдің ау зында жүр. Зырғыған уақытпен бірге атақ-абыройыңыз да артып келеді. Шығармаларыңызды жұрт сүйіп оқиды, оқырмандарыңыз көп. «Сырт көз – сыншы» дегендей, оның бәрін көріп, біліп, бақылап жүрміз. Сондықтан да алғашқы қояр сауалымыз – жазушылық жолға қалай түстіңіз? Әдебиет әлемінде жарық жұлдыз болып жану бала кезгі арманыңыз ба, жоқ, әлде ақыл тоқтатқаннан кейін атыңыздың басын саналы түрде бұрдыңыз ба? – Шынайы ниетіңе, ықылас-пейіліңе көптен-көп рахмет, бауырым. Әдебиет әлемінде жарық жұлдыз болып жану – әлі де арманым. Асау аттай жұлқынған сол арман жалынан ұстата ма, жоқ па, әлі де белгісіз. Шынымды айтсам, жарық жұлдыз болып жануды емес, жазушы болу ды бала кезден армандағаным рас. Бір кітап жазып шығарсам арма ным болмас еді деп ойлаушы едім. Бір кітап емес, бес кітап шығардық. Бірақ арман-мақсат таусылмайтын сияқты. Бір діттеген межеңе жетсең, ар жағынан кейінгісі менмұндалап шақырып тұрады екен. Сол арманның жетегімен мектепті бітіргеннен кейін Қазақ мемлекеттік ұлттық университетіне оқуға түстім. Жазушы болу үшін журналистика факультетінде оқу керек деген ұғым-түсінік бо латын. Университеттен соң менің алдымда үш жол тұрды. Бірінші сі – жазушылық, екіншісі – ғалымдық, үшіншісі – дорба арқалап кәсіп қуу. Алғашында осы үшеуін қатар алып жүргім келді. Содан
КӨКТАМЫР университтеттің Ғылыми кеңесінде «Әлкей Марғұлан – әдебиет та рихшысы» деген тақырып бекіттіріп алдым да, кандидаттық диссер тация жазуға дайындала бастадым. Жетекшім болып аса көрнекті ғалым Тұрсынбек Кәкішев бекітілді. Жасыратын несі бар, керек десеңіз, дүкен де ұстап, сауда да жасадық. Бірақ бәрібір бала кезгі асыл арман қол бұлғап шақыра берді. Жатсам да, тұрсам да ойым мен көңілімдегі көркем бейнелер жарық дүние есігін ашқыз деп мазалап, тыныш ұйықтатпады. Содан ойлана келе осы жазушылық тағдырды таңдап алдым. Оған еш өкінбеймін. – Біздіңше, өз жолыңызды адаспай тапқан секілдісіз. Өйткені сіздің болмыс-бітіміңіз ғалымдық пен кәсіпкерліктен гөрі жазушы лыққа көбірек келетін сияқты. – Мүмкін. Оны менен гөрі сырт көз – сіздер жақсы білесіздер ғой! – Сіз алғаш «Көкжал» атты әңгімеңізбен танылдыңыз. Бұл шы ғармаңызды оқырман жұрт жылы қабылдады, мүйізі қарағайдай сыншылар жоғары бағалады. Атақты ақын Қадыр Мырза Әлінің өзі «Көкжал» туралы көлемді мақала жазды. Шынайы көңілмен ақ да- риға ниетін білдірді, ақ жол тілеп, ақ батасын берді. Бұл шығар маңыздың жұртшылықтың осыншалықты ыстық ықыласына бө ленуінің сыры неде деп ойлайсыз? Әрине, сыншылар талдап-таразы лады ғой. Дегенмен, өз аузыңыздан естісек деп едік. – Жаратушы жаппар иеміз он сегіз мың ғаламды асқан үйле сімділікпен жаратқан ғой. Оған шәк келтіруге болмас. Төрткүл дүниені ұстап тұрған да осы үйлесімділік, осы жарасымдылық. Сол үйлесімділіктің, сол жарасымдылықтың бір жеріне сызат түссе, қалған жағы да өзінен-өзі сетіней бастайтыны табиғи заңдылық. Оның ақыры үлкен апаттарға апарып соқтырары анық. Трагедияға ұласып, адам баласына ауыр қайғы-қасірет шектіруі бек мүмкін. Міне, «Көкжалда» осыны ескерткім келген. Ең бастысы осы. Ал қалғанын сыншылар талдап-таразылады ғой. Оның бәрін айтып жату міндетті емес шығар. – Менің ойымша, «Көкжалда» өзіңізді суреттеген сияқтысыз. Маған солай көрінеді де тұрады. Сіз сомдаған сол көкжалдың көр
КӨКТАМЫР кем бейнесінің ар жағынан сіздің сұлбаңызды көретін секілдімін. Со лай ма? – Әй, қу бала-ай! Көмекейіңнің қалай бүлкілдеп тұрғанын көріп тұрмын. Мен жаздым. Сонымен менің бар жұмысым бітті. Қалғаны қалың оқырманның еншісінде. Кім қалай ойлайды – өз еркі! Ешкімнің ойына тұсау сала алмаймын. – Думан аға, сіз көп шығарма жаздыңыз. Көңіліңізге келсе де ай тайын, солардың бәрі бірдей «Көкжал» секілді жұрттың есінде қалды деп айта алмаймын. Десек те, көптің көңілінен шыққан, әдеби қауым жоғары бағалаған, елдің аузында жүрген тағы бар әңгімеңіз бар. Ол – «Көш». Көш туралы айтқанда біздің ойымызға ең алдымен Қабдеш Жұмаділовтің есімі ойға оралады. Ол кісі қазақтың тарихи көшін жазды. Ал сіздікі мүлде өзгеше көш. Бұл қай көш, не көш? – Бұл да қазақтың көші. «Біз қайдан шықтық, қай жерде келеміз, қай жаққа кетіп бара жатырмыз?» деген өмірлік сауалдарға жауап іздеу мақсатында жазылған астарлы шығарма. Оны түсіну үшін әңгіменің астарына үңілу керек! Сонда жұмбақ өзінен өзі шешіледі. – Әңгімеңізді оқып шыққан адамға ол жұмбақтың шешуін табу онша қиынға соқпас. Бірақ сол шешімді ойлаудың өзі соншалықты ауыр, жүрекке зіл батпан салмақ артады. Сонда сіз суреттегендей, қазақтың көші тамұққа барып тоқтап, батпаққа батып кете ме, болмаса шынымен де қазақ халқы қарға-құзғындардың жемтігіне айналады деп ойлайсыз ба? – Олай ойласам, көркем шығарма жазып көк терге түсіп нем бар? Менікі болашақта болып қалады-ау деген кесапаттардың алдын алуға шақыру ғой! Яғни, сигнал беру, ескерту. Себебі, дәл осылай кете бер се, қазақтың көші менің әңгімемдегідей тоқырап-тоқтап қалуы ғажап емес. Өйткені қазақтың көшін айналшықтаған қарға-құзғындар өте көп. Ниет-пиғылдары мен тілеулері сондай жаман, ойлары бұзық. Оның үстіне, «Балық басынан шіриді» дегендей, біз де басымыздан бастап шіріп, былыққа белшемізден батып бара жатырмыз. Ал бұның ақыры жақсылыққа апарып соқтырмайтынын бәріміз жақсы біле міз. Біле тұра тырс етпейміз-ау, тырс етпейміз! – Сонда не істеу керек деп ойлайсыз?
КӨКТАМЫР – Биліктегілер құлқынның қамын емес, елдің жайын ойлау ке рек! Қазақтың мұнайы, қазақтың алтыны, қазақтың бүкіл жер үсті, жер асты байлығы басқа емес, ең алдымен қазаққа қызмет етуі тиіс! Қазақтың керегіне жаратылып, ұрпағымыздың көсегесін көгертуге жұмсалуы керек! Биліктің беті халыққа, қазаққа бұрылуы керек! Олай болмаған жағдайда «Көштегі» көштің кебін киеріміз айдан анық. – Біздің байқауымызша, сіз көбіне-көп өз шығармаларыңызға ұлттық мәселелерді арқау етесіз. Ұлтқа, халыққа қызмет етуді мақсат етіп алған сияқтысыз. Тіпті ұлы Абай атамыздың өлімі ту ралы жазған соңғы «Құса» атты әңгімеңізде де осы ұлттық мәселенің ұшқыны тайға таңба басқандай көрінеді. Сіздің жазуыңызша, ұлы ақынды өлімге итермелеген де өзінің жеке басының қасіреті емес, ұлттың қайғысы сияқты. – Бұл енді шындық қой. Ұлы ойшылды дүниеден түңілдірген ұлтының қайғы-қасіреті еді. Әрине, жеке басының, яғни ұлдарының өлімі де сол қайғысына қайғы жамап, тіршіліктен баз кешуіне түрткі болғаны рас. Абай атамыздың жан-жүрегін қинаған да сол ұлтының тұйыққа тіреле бастаған тағдыр-талайы болатын. – Шыныңызды айтыңызшы, «Құсада» суреттелетін оқиғалар шын мәнінде шынайы өмірде дәл солай болған ба, жоқ, әлде ол сіздің жазушылық қиялыңыздың жемісі ме? – Тарихи тұлға туралы қалай қиялмен жазуға болады? Ол басқа емес, ұлы Абай болса? Шығармада суреттелетін оқиғалардың түп төркінінде шындық жатыр. Онсыз қолға қалам алудың өзі әбестік. Шығарма сол шындықтың қанымен суарылып, сол тарихи шындықтың негізінде өрілсе ғана құнды болмақ. Яғни, тарихи тұлға туралы жазылған әдеби шығармадағы көркем шындықтың астарын да міндетті түрде тарихи шындық жатуы тиіс. – Жақында кітап дүкенінен «Он үздік» ден аталатын кітапша сатып алдым. Қазіргі қазақ прозасындағы ең үздік он шығарманы таңдап алып, жинақ етіп шығарыпты. Соның ішінде сіздің осы «Құса» әңгімеңіз де бар екен. Таңдау неге «Құсаға» түскен? Меніңше, таңдау оқырманды бей-жай қалдырмаған «Көкжал» мен «Көштің» біріне түсу керек еді. Бұны кімдер іріктеп, таңдаған?
КӨКТАМЫР – Сіздің сөзіңіз қызық екен! Сонда не, оқырман қауым ұлы Абай атамыздың өлімі туралы жазылған көркем шығармаға бей-жай қа райды деп ойлайсыз ба?! Ол кітапшаны мен де көрдім. Оны көркем шығарманы жазбай танитын Айгүл Смақова, Әмірхан Меңдеке, Амангелді Кеңшілікұлы сияқты кәсіби сыншылар іріктеп, анықтаған екен. Сіз көркем шығарманы олардан артық танимын, әдебиетті олар дан жақсы білемін деп айта алмайтын шығарсыз! – Сізді алдыңғы толқын аға қаламгерлерден кейін үзіліп қалған лирикалық прозаны жалғастырушы ретінде де қарастыратын дар бар. «Жылап аққан тамшылар», «Сағындым сені, жан қалқа» атты лирикалық әңгімелеріңізге қарап, сондағы суреттелетін оқиғалардың барлығы өз басыңыздан өткендей әсерде қалатыны мыз рас. Шындығы қалай? – Кез келген жазушы өз басынан өткергенін ғана емес, көргенін, білгенін, естігенін, көңілге түйгендерін жазады ғой. Сол шығармада бірдеңе айтқысы келеді. Бұл шығармалар да сондай бір ойлармен жазылды. Әйел мен еркек бір-бірін неге іздейді, неге көңіл жарасты рады? Бұл сіз ойлағаннан да күрделірек мәселе. Нәпсіге байланып қалған ештеңе жоқ! Соны қауымға өзімше түсіндіргім келген. Бірақ, тағы да қайталап айтамын, кім қалай түсінсе де өз еркінде. Ешкімге шектеу қоя алмаймын. Ал шығармаңның ішінде дәнегі мен дәйегі болмаса, өз басыңнан өткен-кеткендердің барлығын жіпке тізген дей сыпыртып жаза берсең не болғаны?! – Сіз кейінгі кездері діни тақырыпты да көп қаузаулап жүрсіз. Біздің білуімізше, өзіңіз аса діншіл емессіз. Ал «Алланың әмірі», «О дүниедегі кездесу», «Пері мен пенде», «Жын», «Жан» тәрізді әңгімелеріңізді оқыған адам сізді сыртыңыздан нағыз діндар адам деп ойлап қалатыны рас. Дін тақырыбын қозғауыңызға не түрткі болды? Жалпы дінге деген көзқарасыңыз қалай? – Дінге деген көзқарасым сол шығармалардан-ақ көрініп тұрған жоқ па? Өзімді мұсылманмын деп санаймын. Ата-бабаларымыз ис лам дінін өзіміздің салт-дәстүрлеріміз бен таным-түсініктерімізге орайластырып қабылдаған ғой. Ал қазіргі кейбір әсіре діншілдер таза арабша қабылдағысы келеді. Енді қалғаны араб болу еді. Мен бұған
КӨКТАМЫР қарсымын. Әрине, Алланың бар екені рас. Оған шәк келтіруге болмас. Бірақ біз араб емеспіз ғой, қазақпыз. Менің ойымша, қазаққа арабтың киімін киіп, балағын шолтитып, болмаса жап-жас жігіттердің сапси тып сақал қойып жүруі міндетті емес. Қайта көзге қораштау көрінері анық. Болмаса қыздарымыз хиджап кигеннің орнына қазақы киімдер киіп жүрсе қандай жарасымды болар еді. Басты нәрсе сырқы киім мен кескін-келбетте емес, ішкі жан дүниеңдегі иман мен жүректе. Әрине, діннің, соның ішінде исламның адам баласына берері мол. Оны мойындаймын. Тәлім-тәрбиелік мән-маңызы өте зор. Соны ұғынып, түсінгендіктен де діни тақырыптағы шығармалар жазуға отырдым. Діни тақырып қазақ әдебиетінде жаңалық емес. Діни дас тандар мен діни әңгімелер баршылық. Соларды жаңа заманға сай етіп, өзімше түрлендіріп, жаңаша көзқараспен дамытқым келді. Дін арқылы философиялық ойларға салмақ артқым келген. – Кешіріңіз, сөзіңіз аузыңызда, осы жерде бір сұрақтың ыңғайы келіп тұрған сияқты. «Жын» деген әңгімеңізде қырықтың қырқасына шыққан жігіт ағасының ішіне кіріп алған ұрғашы жындарды молданың қалай дұға оқып шығарғанын жазасыз. Біздіңше, бұл шындықққа жанаспайтын сияқты. Шыныңызды айтыңызшы, бұл болған оқиға ма? – Сізге өтірік, маған шын, болған оқиға. Қырық беске дейін бас құрай алмай жүрген сол жігіт ішіндегі жындарын шығарғаннан кейін жылға жетер-жетпес уақытта өмірдегі өз серігін тауып, шаңырақ көтерді. Сенсеңіздер де осы, сенбесеңіздер де осы. – Сөзіңіз сенімдірек болу үшін оның кім екенін, яғни аты-жөнін айтпас па екенсіз? – Жоқ, айта алмаймын. Адамдығыма сын. Оның мамандығы жур налист, ел қатарлы еңбек етіп жатыр. Білдей бір басылымның бас редакторының орынбасары. Қызық екенсіз, аты-жөнін қалай ай там?! Ең жаман нәрсе – біреудің жанын қинап, жүрегін ауыртқан. Сондықтан мені түсініңіз! – «Жан» деген әңгімеңізді бірнеше қайтара оқыдым. Жалпы жанның денеге қонақ екені белгілі ғой, бірақ бәрібір толық түсіне ал мадым. Бұл да болған оқиға ма?
КӨКТАМЫР – Бала кезде осындай бір қызық оқиға естігенім бар. Оның не түсіне алмайтыны бар? Өзің айтқандай, жанның денеге қонақ екені белгілі. Ендеше, ғылыми негізі де жоқ емес. Қолына қалам ұстаған кез келген қаламгер әдебиетте бір жаңалық жасағысы келеді. Соған талпынады. Сондай бір ізгі ниеттен туындаған шығармалар ғой. – Осындағы атақты жазушының жаны талапкер жас студент ке, ал оның әйелінікі кептерге қонған сияқты ғой. Солай ма? – Сіз бәрін дұрыс түсінген сияқтысыз. – Кейінгі кездері мистикаға көбірек ден қойып жүрсіз. «Ақсақал мен ақ жылан», «Күйік», «Арғымақ» атты шығармаларыңыз соның бір дәлеліндей. Мәселен, «Жантәсілім» деген әңгімеңізде өзі қылқынды рып өлтірген шешесін үйінің бақшасына көміп тастаған нашақор жігіттің ажалы да әркімді әр түрлі ойларға жетелейтіні рас. Өліп қалған анасы қалай қайтадан тіріліп келіп, терезені қаққыштап тұрады? Сол жері түсініксіздеу болып қалған сияқты. – Түсініксіз ештеңесі жоқ. Өлген адам өлді. Бірақ оның рухы бар емес пе? Ол өлтірген адамын тыныш ұйықтата қоймайды. Бұл – бір. Екіншіден, шығарманың соңында бұршақ жауып тұрғаны айтылады ғой. Яғни, терезені тықылдатып тұрған анасы емес, сол бұршақтар. Ал түс көріп жатқан нашақор жігіт сол дыбыстан шошып оянады. Көзін ашып қалса, ар жақтан шешесі сұстана қарап, терезені ұрғыштап тұр. Бұны көрген жігіттің қорқыныштан жүрегі жарылып өледі. Бұл елес қой. Жігіттің көз алдына анасы елес береді. – Ал «Пері мен пенде» ше? – Бұл енді шынында да болған оқиға. Қызылорда өңірінде Пауид дин атты үлкен емші, балгер, бақсы өмір сүрген. Жас кезінде далада ұйықтап жатқанда перілер көтеріп әкетіп, солардың елінде жиырма жыл тұрып қайтқан екен. Сол кісінің өмірінен бір үзік сыр ғой! – «Ажал келген күн» атты шығармаңызда Кетбұға жырауды Құтыз, ал оны Бейбарыс өлтіреді. Шынымен солай болған ба? – Иә, тарихта солай болған. Бүкіл араб әлемін тітіренткен атақты Кетбұға бабамызды Құтыз өлтірген, Құтызды Бейбарыс, ал оны тағы бір қыпшақ баласы Қалауын ажал құштырған. Қалауынның да түбіне тағы бір қыпшақ жеткен. Ол қыпшақтың да ажалы қыпшақтан бол
КӨКТАМЫР ған. Осылай жалғаса береді. Тіпті Мысырды билеген қырық қыпшақ сұлтаны бірінің қолынан бірі қаза тапқан. Сөйтіп, Мысырдағы қыпшақтардың билігін құлатқан да басқа емес, сол қыпшақтардың өздері. Міне, саған шындық керек болса. Бұл үрдіс әлі күнге дейін жалғасып келе жатыр. Кімді, нені меңзеп отырғанымды өзіңнің де ішің сезіп отырған шығар. Ағайындылардың басқа біреулердің мүддесін қорғап, бір-бірінің басын алуы, әрине, үлкен трагедия. Міне, мен бұл шығармамда осындай қарама-қайшылықты ашып көрсет- кім келген. Неге біз өзімізге өзіміз осынша жаумыз, неге біз өзгені бауырға басып, өзімізді өзекке тебе береміз?! Осыны түсіне алмайақ қойдым! Мәселен, біз Қазақстанда өмір сүріп жатқан өзге ұлттың өкілдерін жарылқардай-ақ жарылқап, оларға арнайы Ассамблея сияқты жалы күдірейген ұйым ашып беріп, ал осы ел мен жердің иесі – қазақтарды шетқақпайлай береміз. Оралмандарға неге сон дай жағдай жасалмайды? Оларға жағдай жасамақ түгілі, Отанына оралуына мүмкіндік бермей отырмыз! Қазақ үкіметі қазақтардың атамекендеріне оралуына қарсы. Сұмдық емес пе?! Міне, біз сондай халықпыз, сондай елміз! Күйінбек түгілі, жыласаң да солай! – Сіздің Астана театрының сахнасында қойылған «Кенесары – Күнімжан» атты тарихи драмаңыз былтырғы жылдың ең үздік драмалық туындысы атанды. Бұл қойылымның тұсаукесеріне біз де қатысқан едік. Сөз жоқ, сәтті шыққан туынды. Көріп, көңіліміз марқайып қалған. Былтыр сол спектакльді түрік ағайындар аттай қалап, өздері шығын шығарып, Түркияның Анкара мен Ыстамбұл қалаларындағы мемлекеттік театр сахналарында түрік тілінде қойдырды. Өзіңіз де барып келдіңіз. Қандай әсер алдыңыз? – Алған әсерім шексіз. Әрине, бармастан бұрын өзіміз тарапынан кейбір кедергілер болды. Қазақтар тарапынан. Кейбір ағаларымыз «Неге Думан Рамазанның шығармасы апарылады, неге біздікі апа рылмайды?» деп аттан салыпты. Қайсыбіреулер тіпті «Кенесары ұлттардың арасына іріткі салады, ұлттар арасындағы достыққа селкеу түсіреді» деп гөй-гөйге басыпты. Сөйтіп, бұл жоба екі-үш ай тоқтап қалды. Бірақ, Кенекемнің аруағы жебеген шығар, бардық қой. Бұл бір ұзақ әңгіме. Бірақ ондай ұсақ-түйекті тере беріп қайтеміз?!
КӨКТАМЫР Түрік ағайындар өте жылы қабылдады. Аяғымызды жерге тигізген жоқ. Жылы сөздерін аяп қалмады. Сол жақтағы қандас бауырлары мыз да көп жиналды. Бәрі де алғыстарын айтып жатты. Түрік елі қатты дамып кеткен екен. Соған көзім анық жетті. Шын мәнінде ұлы мем лекет ғой! Ұлылығын көрсетті. Өте риза болып қайттым. Спектакль қатты ұнапты. Енді «Күзде Түркияда түркі тектес мемлекеттердің театр фестивалі өтеді, соған қатысыңыздар» деп шақырып отыр. Құдай бұйыртса, Түркияға тағы да жол түсетін сияқты. Тіпті түрік ағайындарға ұнағаны соншалық, «Кенесары – Күнімжан» спектаклін түркі тектес республикалардың бәрінде қойдыруға күш саламыз деп отыр. Тіпті Алматыда да қойдырайық дейді. «Неге бұндай туын дыны Алматы театрлары қоймайды?» деп менен сұрайды. Қысқаша айтқанда, түрік ағайындардың ұлы ханымыз Кенесарының тұлғасына деген қызығушылығы өте күшті. Түрік ағайындар осындай ұлттық, патриоттық тақырыптарды жақсы көреді, елдің жігерін жанып, ру хын көтеретін шығармаларды сүйіп оқиды. Бұған тағы бір мәрте көз жеткізгендеймін. – Шынында да Алматыдағы театрлар неге қоймайды? – Оны менен емес, Алматыдағы театр басшыларынан сұраңыздар. – «Кенесары – Күнімжан» драмаңызды Астана театрымен қатар Шығыс Қазақстан және Ақмола облыстық театрлары сахнала ды. Осы үш театрдағы қойылымның қайсысы жаныңызға жақын, қайсысы көңіліңізден шықты? – Үшеуін еш бөле-жара алмаймын. Үшеуі де жаныма жақты, үшеуі де көңілімнен шықты. Тек туған облысымдағы мәдениеттің басын да отырған азаматтардың аздап ренжіткені бар. Бірақ оны да сол азаматтардың өз ар-ождандарына қалдырдым! – Қателеспесем, бұл драматургиядағы алғашқы қадамыңыз ғой? – Бұдан бұрын да «Бала Қазыбек», «Апат» сынды пьесалар жазғам. Бірақ олар қойылған жоқ. Екі аударма пьесам Алматыдағы Жас өспірімдер театрында қойылған. Әлі күнге дейін жүріп жатыр. – Қазір не жазып жүрсіз? – Дәл қазір Абылай хан туралы пьеса жазып жатырмын. Бұл шығармада ұлы ханның көшбасшылық қасиетімен бірге адами
КӨКТАМЫР
болмыс-бітімін, сарабдал қайраткерлігін, сұңғыла саясаткерлігін,
асқан ақыл-парасаттылығын, ержүрек батырлығын барынша ашып
көрсетсем деймін.
– Жақында зерттеуші-ғалым Әбіл-Серік Әбілқасымұлы Әлі
акбардың «Постмодернизм қазақ әдебиетінде: Думан Рамазанның
шығармашылығы
негізінде»
атты
көлемді
зерттеу
еңбегін
оқып, автордың білім-білігі мен жазу мәнеріне қатты сүйсіндім.
Шын мәнінде зерделі зерттеу. Сіздің шығармашылығыңыздағы
ерекшеліктерді тап басып, дәл көрсеткен. Бір сөзбен айтқанда,
сізді постмодернизмнің көш басына апарып қояды. Сіз өзіңіз
постмодернистпін деп ойлайсыз ба, жалпы бұл зерттеуді қалай
қабылдадыңыз?
– Иә, ол зерттеу еңбекпен мен де танысып шықтым. Өте сауатты
жазылған екен. Автордың білім-білігінің соншалықты молдығына
таңғалдым. Жалпы ризамын. Біреу сенің шығармашылығыңды
талдап-таразылап,
қолдап-қолпаштап
жатса,
әрине,
қуанасың!
Қуанышты жайт. Бірақ бір нәрсе анық, мен жазу столына отырар
да постмодерндік бағытта туынды тудырайыншы, постмодернист
болайыншы деп ешуақытта шығарма жазбаймын. Ал сыншылар
мен зерттеушілер менің шығармамнан бір ерекшеліктер тауып жат
са, соны ғылыми негізде дәйектеп-дәлелдеп жатса, оның ешқандай
жамандығы жоқ қой деп ойлаймын. Сондықтан оған түсіністікпен
қарадым, дұрыс қабылдадым.
– Сіз қазір республикалық «Әлем әдебиеті» журналына басшылық
етіп отырсыз. Басылымдарыңыздың бағыт-бағдары туралы аз-кем
айтып өтсеңіз.
– «Әлем әдебиеті» журналы 2006 жылдан бастап шығып келеді.
Басылымның аты әйгілеп тұрғандай, басты мақсаты – әлем әде
биетінің шоқтықты шығармаларымен, классикалық үлгілерімен,
қазіргі танымал жазушыларының озық ойлы туындыларымен,
шетелдік әдебиетші ғалымдардың, білікті сыншылардың назар
аударарлық мақала-материалдарымен қазақ оқырмандарын дер
кезінде таныстырып отыру. Журналдың шығармашылық ұжымы
әлемдік әдебиеттің үздік туындыларын ана тілінде сөйлетіп қана
КӨКТАМЫР қоймай, осы заманғы әдеби мектептер мен әр түрлі ағымдардан ха бардар ететін сыни-танымдық туындыларды, көркем эссе-очерк терді үзбей жариялап келеді. Сонымен қатар журнал алыс және жақын шетел тілдерінен аударатын аудармашылармен тығыз қарымқатынас орнатуды әрі жас аудармашыларды тәржіме өнеріне бау- лып, шынайы шыңдалу мектебінен өткізіп, аға ұрпақтың ізбасарла рын тәрбиелеуді мақсат етеді. – Қазақ жазушыларының шығармаларын неге бермейсіздер? Қа зақ әдебиеті де әлемдік әдебиеттің мәуелі бір бұтағы ғой? – Сөзіңнің жаны бар, қазақ әдебиетінің де әлемдік әдебиеттің бір бұтағы екені рас. Бірақ Қазақстанда қазақ жазушыларының көр кем шығармаларын басатын «Жұлдыз», «Жалын», «Қазақ әдебиеті», «Таңшолпан», «Үркер», «Өркениет», «Алтын тамыр», «Тұмар» тәрізді әдеби басылымдар баршылық қой. Оған әр облыста шығып жатқан әдеби басылымдарды қосыңыз. Сондықтан оларды қайталағаннан не ұтамыз? Бірақ бір нәрсені атап өткім келеді. Біз биылдан бастап шетелдердегі қазақ қаламгерлерінің шығармаларын жариялап, со лармен байланыс орнатуды қолға алып жатырмыз. Шеттегі қазақ ақын-жазушыларының шығармаларын бізден басқа ешкім жария ламайды. Біз бұл шаруаны бастап та кеттік. Қытайдағы Әкбар Мәжит, Сұлтан Жанболат, Зейнолла Сәнік сынды қарымды қаламгерлердің бірді-екілі шығармаларын жарияладық. Бұл бастама өз жалғасын таба береді деп сендіремін. – Сіз жаңа екі аударма пьесаңыздың Алматыдағы Жасөспірімдер театрында қойылып жатқанын айтып өттіңіз. Ол кімдердің шығармалары? – Біріншісі атақты Америка драматургі Ульям Сароянның «Ашыққандар» мен «Ей, кім бар, ей?» атты пьесаларының негізінде сахналанған «Жұмақтағы жасын» қойылымы да, екіншісі – Леонид Владимирскийдің «Қазына іздеген Буратино» атты спектаклі. – Бұны нақтылап сұрап отырғанымыз, сіз аудармамен «Әлем әдебиеті» журналына келмей тұрып айналыса бастаған болдыңыз ғой? – Әлбетте, солай!
КӨКТАМЫР – «Әлем әдебиетіне» қызметке келуіңізге соның да ықпалы болған шығар? – Тікелей ықпалы болды деп айта алмаймын. Мүмкін, жанама болған шығар. – Аудармамен әлі де айналысасыз ба? – Әрине. Жапонияның қазіргі ең атақты жазушысы Харуки Муракамидің, атақты Әзиз Несиннің, Бернард Шоудың бірқатар шығармаларын аудардым. – Бүгінгі қазақ аударма өнері туралы не айтасыз? Қазіргі жас аудармашыларға көңіліңіз тола ма? – Әрине, қазақ аударма өнері туралы көп нәрсе айтуға болар еді. Бірақ ол туралы бірсыпыра айтылды ғой. Оның бәрін қайталамайақ қояйын. Қазақ аударма өнерінің гүлденген, көктеген, қатты жеміс берген кезеңі болған. Қазір сол бір жақсы дәстүрдің сәл саябыр сып қалғаны жасырын емес. Оның әр түрлі себептері бар. Ең бас тысы, аудармашыларға мемлекет тарапынан айтарлықтай қолдау көрсетілмейді, яғни еңбектің өтеуі мардымсыз. Әрі аударма өте қиын жанр, кім көрінгенге жалынан ұстата бермейді. Ол үшін тіл білу аз, үлкен білім-білік пен ақыл-парасатты және асқан жауапкершілікті та лап етеді. Міне, жас аудармашыларда осы қасиеттердің бірі болса, бірі жетіспей жататыны еш жасырын емес. Керек десеңіз, аударма – үлкен өнер. Ал кейбір жастардың аудармаға өнер ретінде емес, табыс көзі ретінде қарайтыны да өтірік емес. Егер мемлекеттік тұрғыда үлкен қолдау-көмек көрсетілмесе, аударма өнерінің көсегесі көгереді деп айта алмаймын. – Думан аға, қазір елімізде латын әліпбиіне байланысты түрлі талас-тартыс жүріп жатыр. Біреулер бұны дұрыс десе, екіншілері бұрыс екенін тілдеріне тиек етеді. Сіздіңше қалай, латын әліпбиіне көшкен дұрыс па, жоқ, әлде осы кириллицада қала берген жөн бе? – Бұл талас-тартыстарды түсінемін. Бір жағы бүгінгіні, қазіргіні ойлайды, көз алдарындағыны ғана көреді. Иә, олардың да сөздерінің жаны бар, қиындау болары анық. Ал бірақ келешекті, болашақты ойласақ, әлі көзге көрінбейтін, түйсікпен, көңілмен, зердемен, жү рекпен сезетін тарихи һәм ғаламдық жағдаяттарды есепке алсақ,
КӨКТАМЫР латын әліпбиіне көшкен дұрыс. Мен бұны қос қолдап қолдаймын. Өйткені оның пайдалы жағы өте көп. Біріншіден, бұрынғы бодандық қамытты мүлде сыпырып тастағандай боламыз, екіншіден, заманауи технологияның үдерісіне ілесеміз. Сондықтан мен бүгінгіні, қазір гіні емес, ертеңгіні, болашақты ойлауға шақырамын! – Сіз әсіре ұлтшыл жазушысыз. Бұл сіздің болашақтағы жазушы лық жолыңыз бен шығармашылығыңызға кері әсерін тигізеді деп ой ламайсыз ба? Өйткені әлемде көбіне-көп ұлтына қарсы шыққан, өз халқын жамандаған қаламгерлердің айдарынан жел есетіні жасы рын сыр емес қой! – Менің әлемдік жазушы болам деген ойым жоқ. Болған да емес. Бірақ бір нәрсені атап өткім келеді. Алла не үшін сенің бойыңа қаламгерлік қуат берді? Менің ойымша, ұлтының сөзін сөйлесін, халқының ойын айтсын, қаламымен еліне, ұлтына, халқына қызмет етсін деп берді. Биліктің табанын жаласын, көсемдерге қызмет етсін деп берген жоқ! Қызмет, сый-сияпат, сыйлық-марапат, үй-жай үшін биліктің сөзін сөйлеп, көсемдер туралы жыр тиегін ағытып, көркем шығармалар жазатын ақын-жазушыларды түк қабылдай алмаймын. Арын, иманын, абырой-беделін, қаламын сатып алған сый-сияпаттың қаншалықты құны бар екенін біле алмаймын. Біле білсеңіз, қаламгер үшін ең үлкен бақыт – халықаралық немесе мемлекеттік сыйлықтар алу емес, ұлтыңа, халқыңа, еліңе адал қызмет ету. Кез келген ұлт, ел, халық үшін тәуелсіздіктен, еркіндіктен, бостандықтан артық бақыт жоқ, болмайды да. Ал әрбір жұмыр басты пендеге елінің, халқының, ұлтының сүйіспеншілігіне бөленуден артық қандай бақ болуы мүмкін?! – Кезінде ұлы жазушы Мұхтар Әуезовтің жастарға қарата «Жыл келгендей жаңалық сезінемін!» дегенін өзіңіз де жақсы білетін шығарсыз. Арттарыңыздан ілесіп келе жатқан жас ақынжазушыларға қандай тілек айтасыз? Солардың ішінде кімдерден көп үміт күтесіз, бөліп-жарып атар есімдер бар ма? – Бөліп-жарып атар есімдердің бар екені рас. Бірақ мен жастарды бөліп-жармай-ақ қояйын. Жастардың бәрінен үлкен үміт күтемін. Қайсысы ақтайды, қайсысы орта жолда шаң қауып қалады? Оны
КӨКТАМЫР уақыт көрсетер. Бірақ қазақ таланттар мен дарындарға бұрын да кен де болмаған, қазір де зәру емес. Шынын айту керек, талантты жас тар өте көп. Шығармаларын оқып отырып риза боласың, көңілің марқаяды. Әсіресе, жастардың арасында керемет ақындар бар. Бір қуанатыным, қазіргі жастардың көбі ізденгіш, олар шығармаларынан көрініп тұрады. Мені қуантатын жай осы. Әдебиетте жаңалық жасағысы келетіндері, жаңаша жазуға талпынатындары ұнайды. Бұл жақсылық қой! Ендеше, кейбіреулер түңілетіндей ештеңе жоқ. Әліақ сол жастардың арасынан талантымен тас жаратындардың көптеп шығатынына кәміл сенемін! Ғанибет ҒАЛЫМБЕКҰЛЫ, «Сақшы» газеті. 26 ақпан, 2013 жыл
КӨКТАМЫР Думан РАМАЗАН: «ҒАСЫРДЫҢ ҚАТЕЛІГІ ОСЫ БОЛДЫ-АУ!» – Думан аға, сізді қалың жұртшылық журналист, жазушы ретінде жақсы біледі. Жақында Астанадағы Қалибек Қуанышбаев атындағы қазақ драма театры сіздің «Кенесары – Күнімжан» атты пьесаңыз бойынша спектакль қоймақшы екен. – Иә, дұрыс айтасыз! Мен драматургияға көлденеңінен қосыла кеткен көк атты емеспін. Біраз уақыт Алматыдағы Ғабит Мүсірепов атындағы Балалар мен жасөспірімдер театрында әдебиет бөлімінің меңгерушісі болып қызмет істедім. Көптеген қойылымдарды көр дік, дайындықтарының басы-қасында жүрдік дегендей. Шетел классиктерінің таңдаулы драмалық шығармаларын оқыдық, көңілге тоқыдық. Біраз пьеса аудардық. Кейбірі республикалық театрлар да қойылды. Яғни, керемет тәжірибеміз болмаса да, әжептәуір дайындығымыз бар. Қойылмады демесеңіз, бұның алдында да бірекі пьеса жазған болатынбыз. Астанадағы Қалибек Қуанышбаев атындағы қазақ драма театры менің «Кенесары – Күнімжан» атты пьесамды сахналамақшы. Сахналайтын – өте талантты режиссер Бо лат Ұзақов. Шілде айының бас жағында, яғни қала күніне орайласты рып отыр. Қазір дайындық жұмыстары қызу жүріп жатыр. – Жалпы сізге Кенесары тақырыбы жат емес екенін білеміз. «Хан Кененің қазасы» атты кітабыңыз да бар. Тақырыбына қарағанда, пьесаңыз Кенесарының махаббаты туралы сияқты ғой? – Иә, оныңыз рас. Маған Кенесары тақырыбы жат емес. Ханның дене сүйегі мен бас сүйегін іздеп қырғыз даласы мен Ресейді біраз шарлағанымды білетін шығарсыздар. Соның нәтижесінде «Хан Кененің қазасы» деген кітап дүниеге келді. Кенесары туралы деректі 19-0113
КӨКТАМЫР фильм түсірдік. Бұл тақырыпты әлі күнге дейін зерттеп келемін. Ро ман жазылу үстінде. Міне, пьесамыз қойылғалы жатыр. Жалпы кез келген шығарманың өз жаңалығы болуы керек. Шығарманың өзегі Кенесары мен Күнімжанның арасындағы махаббатқа құрылғанымен, сол арқылы азаттық үшін күресіп, тәуелсіздік жолында жанын пида еткен есіл ердің ел мен жерге деген асқан сүйіспеншілігін де ашып көрсетуге тырыстық. – Сонда бұл шығарма Кенесарының жігіттік шағы туралы ма? – Дәл таптыңыз! Кенесарының жігіттік кезеңі туралы. Кенесары ерте есейген жан ғой. Жалпы тарихта Күнімжан ханым туралы көп ай тыла бермейді. Ол көркіне ақылы сай, нағыз ханға жар болуға лайық қыз болған. Аталары да өте беделді адамдар, өз әкесі Тұрсын да атақты байлардың бірі болыпты. Яғни, текті жердің қызы. Оның осындай көркі мен ақылына қызығып, екі қатынның үстіне тоқалдыққа алам деп сол кездегі Ақмоланың аға сұлтаны Қоңырқұлжа Құдаймендин айттырып, қалың малын төлеп те қойған екен. Ойда жоқта Кенеса ры мен Күнімжан кездесіп қалады да, болашақ ханның қырағы көзі қыздың өзіне жар болатын жан екенін бірден байқап, сөз салады. Әрине, Кенесары да кескін-келбеті келіскен, өрлігі мен батырлығы тең түсіп жатқан нағыз ер болған ғой. Ондай жігітке қандай қыз кетәрі болсын. Күнімжан да Кенесарыны бірден ұнатқан. Ал айтты рып, қалың малын төлеп қойған аға сұлтан Қоңырқұлжа Күнімжанды оңай беріп қойсын ба?!. Міне, шығармадағы тартыс осыдан басталып, аяғы бітіспес дауға, өшпес өштікке ұласады. Бұнда біз сол аласапы ран заманның кескін-келбетін, қулық-сұмдықтарына құрық бойла мас зымиян патша үкіметінің сол кездегі қазақ даласында жүргізген отарлау саясатын, өз ішіміздегі өзара түсініспеушіліктерді шамамыз келгенше толықтай ашып көрсетуге тырыстық. Кенесарының адами, пенде ретіндегі болмыс-бітімі мен оның азаматтық тұлғасын өзінің іс-әрекеттері арқылы, өз сөздері мен патшаға жазған хаттары арқылы барынша әділ сомдап шығуға күш салдық. – Жоғарыда Кенесары тақырыбына адалдығыңызды айттыңыз. Хан сүйегін іздестіру экспедициясын ұйымдастырғаныңызды да білеміз. Бірақ соның ақыры немен біткенін жұрт біле алмай қалған сияқты.
КӨКТАМЫР – Емеурініңізді түсіндім. Біз қолымыздан келгеннің бәрін істедік. Сіздер біздің Ресейге бір-ақ рет барғанымызды ғана білесіздер, ал біз одан кейін де қаншама рет бардық. Оны ешкім де білмейді. Өйткені, өкінішке орай, бәрі де нәтижесіз болды. «Экспрес.К.» газетінің алаяқ тілшісі өтірік ақпарлар беріп, елді бір адастырды. Қайдан білейік, жазған құлда шаршау жоқ, тағы бардық. Сөйтсек, бәрі өтірік екен. Жалған сенсация. Мақалада аттары аталған адам дар, тіпті басқасы емес, ханның бас сүйегі туралы әңгіме шерткенмыс «академиктің» өзі өмірде жоқ боп шықты. Ресейдегі Қазақстан елшілігі арқылы іздетпеген жеріміз жоқ. Өмір бойы Мәскеуде тұрып, тарих ғылымымен айналысып келе жатқан Бекмахановтың қызы Нәйлә апамыз «Балаларым-ау, егер ондай академик болса, мен білер едім ғой» дегеннен соң, маңдайымыз тасқа соғылғандай күй кештік. – Рамазан Тоқтаров «Абайдың жұмбағы» атты романында хан Кененің басы жайында жазады. Сондағы әңгіме бойынша, Шыңғыс төре Санкт-Петерборға барғанда орыстың шенді бір генералы оған мұражайды аралатады екен. Мұражайда генерал төреге бір бас сүйекті көрсетеді. Шыңғыс төре "Бұл кімнің басы?» деп сұрағанда, генерал мысқылдап «Атаңның басын танымай қалдың ба?» дейді. Сол кезде бас сүйек ақсиып күліп, «Атаңның басына келдің бе?» деп елестеген екен Шыңғыс төреге. Мұны сол кездегі қылшылдап тұрған жас Шоқанға естімеуін, ешкімге тіс жармауын өтінеді. Байқасаңыз, қазақтың асыл рухы қазақтың соңғы ханы хан Кененің бас сүйегімен кеткен сияқты. Келісесіз бе? Мүмкін, сол рухымыз ханның бас сүйегімен келер... Қалай ойлайсыз? – Біріншіден, мен жоғарыдағы генерал мен Шыңғыс сұлтанның арасындағы әңгімеге сенбеймін. Қай жағынан алсаңыз да тым се німсіз. Бірақ ханның басы Санкт-Петербургтегі Эрмитажда тұрғаны анық. Сексенінші жылдарға дейін болыпты, содан кейін ізім-ғайым жоғалып кеткен. Жоғалып кеткен жоқ, жоғалтып жіберген. Қайда жасырып отырғанын тап басып айта алмасақ та, не үшін жасырып отырғанын білеміз. Өйткені ханның басын сол кездегі Ресейдің аста насы – Санк-Перербургке не үшін алдырды? Бұнда үлкен мән бар. Енді неге бермейді? Тағы да мән артып отыр. Шынында да қазақтың
КӨКТАМЫР асқақ рухы ханның бас сүйегімен бірге кетті... Оны қалай оралтамыз? Ол үшін алдымен сол жоғалған қасиеттімізді табуымыз керек! Табу аз. Алдыруымыз керек! Сонда қазекемді ешқандай жау ала алмайды. Иліктіре, имендіре алмайды. Ең аяғы сол Санкт-Петербургтегі Антро пология және этнография мұражайында тұрған Кейкі батырдың бас сүйегін де әлі күнге дейін алып келе алмай отырған жоқпыз ба?! Кейкі батыр сонда кім үшін күресті? Өзі үшін бе? Бұл біздің елдігімізге сын емес пе?! Байшыкештер неге тым-тырыс жатыр? «Айқайлай-айқайлай қасқырдан да ұят болды» демекші, мен мұны айтып келе жатқаныма он жылдан асып кетті. Әлі тырс еткен жан жоқ! Елі мен жері үшін, ұрпағы үшін жанын пида еткен батыр бабамыздың басы қайдағы бір мұражайдың экспонаты болып әлі тұр. Намысың келе ме, келмей ме?.. – Кейінгі кездері ханның бас сүйегін іздестіру мәселесі қайта көтеріліп жатыр ғой. Ал ханның сүйегі қырғыз жерінен табылып, әкелінген жоқ па? – Менің бұған да күмәнім бар. Кезінде бұндай ұсыныс маған да айтылған. «Кенесарының сүйегі деп басы жоқ кез келген сүйекті әкеле салмаймыз ба, ханның рухы оралса болмай ма» дейді жалған атақ іздеушілер. Мен – принциптің адамымын. Бірден қарсы болдым. "Өйтіп ешуақытта ханның рухын оралта алмайсыңдар!" деп кесіп айт тым. Ханның рухын осылай мазақ қылуға бола ма? Бір «көріпкелдің» айтуымен барып, қазып алып келді. Не деген сұмдық?! Ол кімнің сүйегі екенін бір Құдай біледі. Оны менің бір әріптесім тамсана жазды. Айтудың өзі ұят. Тіпті масқара!.. Әй-шай жоқ, әкелді де, ыңшыңсыз жерлей салды. Айналайын-ау, ғылым қайда қалды, ғалымдар не қарап отыр?! Тексертпей ме, экспертиза жасатпай ма? Антрополог ғалымдар егжей-тегжейлі зерттеп, анықтамай ма?.. Ұрпақтары бар ғой! Қазір анықтау оп-оңай, ғылым жетілген. Әрине, бізде тексере алмас, бірақ шетелдерге апарса, ара-жігін ажыратып берер еді ғой! Меніңше, ғасырдың қателігі осы болды-ау!.. Көңілде көп күдік қалды. – Сіздің әңгіме-хикаяттарыңызды республикалық басы лымдардан жиі оқимыз. Дін мен әдебиетті ұштастырып жүрген жазушылардың бірісіз. Кейінгі кездері діни тақырыпты жиі қаузап жүрсіз. «Жын», «О дүниедегі кездесу», «Көш» сияқты әңгімелеріңізден
КӨКТАМЫР мүлде басқа әлемді танығандаймыз. Бұл жолды таңдауыңызға не түрткі болды? Әдебиеттегі дін тақырыбын жұрт қалай қабылдай ды екен? – Менің ойымша, кез келген жаңа шығармада әйтеуір бір жаңа лық болу керек. Форма, мазұн жағынан дегендей. Егер жаңалығы бол маса, көркем шығарма жазудың не керегі бар?! Ол, әрине, ізденісті талап етері сөзсіз. Бұлар сондай бір ізденістердің әсерінен туған дүниелер ғой. Жаңалыққа, жаңаша жазуға деген талпыныстар мен ұмтылыстар ғой!.. Былайша айтқанда, эксперименттер... Десе де жұрттың қабылдауы жаман емес. Жақында ғана «Барып қайту» де ген әңгіме жаздым. Қазыбек ағам (Иса) газетіме басамын деп алып кеткен. Көп ұзамай өздеріңіз де оқып қалатын шығарсыздар. Бет перде киіп жүретін адамдар туралы. Өздері арыстан сияқты алшаң басып жүреді, ал керек кезінде түлкіге де, маймылға да айналып, мың құбылып тұрады. Жылан да болып, жақындасаң шағып алуы да мүмкін. Ал бетперделерін сыпырып алсаң, қап-қара боп жүздері күйіп кеткендерін көресің. Маңдайларында қарғыстың таңбасы бар. Қысқа қайырып айтқанда, құбыжық-адамдар туралы ода. – Қазір не жазып жүрсіз? – Дәл қазір Қызылағаштағы су тасқыны туралы «Апат» деген әңгіме жазып бітірдім. Сол үшін арнайы Қызылағашқа барып, адамдармен сөйлесіп, қалай болғанын егжей-тегжейлі зерттеп қайттым. Өзімше жаман шықпаған сияқты. Сол әңгімені Тұрсын ағама (Жұртбаев) көрсетіп едім, ол кісі "Мына әңгімені тезірек пьесаға айналдыр, драматургиялық шығармаға сұранып тұр екен" деп ақыл берді. Кейіннен ойлап қарасам, дайын тұрған пьеса екен. Енді сол әңгімемді пьеса қылып, қайта жазып жатырмын. Құдай бұйыртса, театрлардың біріне ұсынып көрем ғой. Алдында «Көш» деген әңгіменің негізінде пьеса жазып шыққам. – Ол не туралы? – Былтыр «Қазақ әдебиеті» газетіне «Көш» деген әңгімем шыққан. Негізінен оқиғасы сол, жалпы адамзат көші, оның ішінде қазақтың көші туралы. «Біз қайдан шықтық, қай жерде келеміз, қай жаққа бара жатырмыз?» деген күрделі сауалдарға өзімше жауап іздемекпін.
КӨКТАМЫР – Қазіргі қазақ прозасына қандай баға бересіз? – Қазіргі қазақ прозасы – кемеліне келген, жапырағы кеңге жайыл ған, көгерген, көктеген проза. Мұхтар Мағауиндей, Әбіш Кекілбайдай, Шерхан Мұртазадай, Төлен Әбдіктей, Қабдеш Жұмаділдей, Әкім Тара зидай, Қалихан Ысқақтай, Дулат Исабектей қазіргі көзі тірі классик жазушылар кез келген ұлттық әдебиеттің тақиясына тар келе қоймас. «Көрмес түйені де көрмес» дегендей, аузымызды қу шөппен сүрте бе руге болмайды. Мен қазақ прозасын әлемдегі ең мықты прозаның қатарына қоямын. – Кезінде Жүсіпбек Аймауытов, Бейімбет Майлиндер өзінше сара жол салып кетті. Қазіргі жазушылар әдебиетке қандай үлес қосып жатыр? Замандастарыңыздан шоқтығы биік жазушы деп кімді ай тар едіңіз? – Әрине, әдебиетте қатып қалған қалып жоқ. Әркім өзінше, өз қарым-қабілетіне қарай үлес қосары сөзсіз. Мен өзім жоғарыда атта ры аталған ағаларымды әлемдік классиктердің қатарына қосамын. Біреу келісер, біреу келіспес, әркімнің өз еркі, ешкімге пікірімді таңбаймын. Ал сол кісілердің өкшесін басып келе жатқан жақсы жа зушыларымыз да баршылық. Мәселен, Смағұл Елубай, Бексұлтан Нұржекеев, Кәдірбек Сегізбаев, Роллан Сейсенбаев, Дидахмет Әшімхан, Қуандық Түменбаев, Мархабат Байғұт, Әлібек Асқаров, Тұрысбек Сәукетай, Жұмабай Шаштайұлы, Рахымжан Отарбаев, Сұлтанәлі Балғабаев, Тұрсынжан Шапай, Қуаныш Жиенбай, Асқар Ал тай, Таласбек Әсемқұлов, Роза Мұқанова, Жүсіпбек Қорғасбек, Нұрға ли Ораз, Айгүл Кемелбаева сияқты жазушылардың шығармашылы- ғын жоғары бағалаймын. Осындай талантты жазушылары бар әдебиетті қалайша жоғары бағаламайсың?! Осы есімдердің кез келгені қандай құрметке болсын лайық емес пе?! Мен бұл пікірді осы қаламгерлерді танитындығымды араға салып айтып отырған жоқпын. Шын сөзім, шынайы пейілім. Тек біз өзімізді-өзіміз әлемге дұрыс таныта алмай жатырмыз. Насихатымыз нашар. Бұл жағынан бізде жүйелі жұмыстар жүргізілмей жатыр. Негізінен біздің қолға ала тын шаруамыз осы болуға тиіс. – Сіздіңше, қазіргі қазақ әдебиетіндегі ең өзекті проблема не?
КӨКТАМЫР – Бізде бәрі бар. Заманның тынысын сезінетін, жаңалыққа жаны құштар, жаңаша жазатын жазушылар да қалыптасып келеді. Жақсы шығармалар да туып жатыр. Тек біздегі ең өзекті проблема – қаламақы мәселесі. Яғни, жазушы еңбегінің өтеуі жоқ. Бұның, әрине, жазушы шығармашылығына кері әсерін тигізері анық. – Шетелдерде кітап ең қымбат рухани құндылық болып саналады. Бізде неге олай емес? Қазақ әдебиетіне деген сұраныс Кеңес өкіметі кезіндегідей емес. Мүмкін, қазіргі жазушылардың өресі оқырманның талабынан шықпай жатқан болар? Әлде кінәні «кітап оқымайды» деп оқырманға тағасыздар ма? Сондай-ақ, қазақ әдебиетіне деген сұраныс та төмен. Қазақ әдебиеті нарықтық сұранысқа неге бейімделмей жатыр? – Меніңше, кітап өтпейді емес, жетпейді. Кез келген кітаптың қазіргі таралымы екі мыңнан аспайды. Бұл кімге жетеді?! Менің былтырғы жылы шыққан «Алланың әмірі» деген кітабымды кітап дүкендерінен таба алмай, қаншама адам ат сабылтып келіп, өзімнен сұрап алып кетті. Олар оқымаса не үшін алады? Яғни, сұраныс жоқ емес. Мен жақсы жазушылардың кітаптарын шарқ ұрып іздеп жүр ген адамдарды жиі көрем. Әрине, социализм кезіндегідей кітапқа де ген жаппай құштарлық жоқ. Оның да өзіндік себептері бар. Біз қазір капиталистік қоғамда өмір сүріп жатырмыз. Соны да ойлап қою ке рек. Кітап алмақ түгіл, кейбіреулер күнін әрең көріп жүр. Тіпті, керек десеңіз, шалқайып кітап оқып жатуға уақыт та табыла бермеуі мүм кін. Осындай белгілі-белгісіз себептерге байланысты кітап оқитын адамдардың саны бұрынғыдан көп азайғаны да шындық. – Кітап дүкендеріне барсаң, орыстың, я болмаса шетелдің кітап тары самсап тұрады. Қазақ кітаптарына сөренің бір бұрышынан ғана орын тиеді. Қазақ жазушыларының шығармашылығын наси хаттауда Жазушылар одағы қандай жұмыстар жүргізіп жатыр? – Бұныңыз рас енді. Бұндай келеңсіз құбылыстарды мен де жиі көрем. Іш қазандай қайнайды, әрине. Бірақ қолдан келер дәрмен жоқ. Ал Жазушылар одағының бұл бағытта не істеп жатқанынан хабарсыз бын.
КӨКТАМЫР – Сіз қазір «Әлем әдебиеті» журналында қызмет істеп жүрсіз. Аудармашылық та өнеріңіз бар екенін білеміз. Кейінгі кездері кімдер ді аударып жүрсіз? – Мен аударманы театрда пьеса тәржімелеуден бастадым. Ульям Сароянның, Джон Голсуорсидің, Леонид Владимирскийдің, Джордж Бернард Шоудың драмаларын қазақ тіліне аудардым. Олардың кейбірі театрларда қойылды да. Содан кейін «Әлем әдебиетіне» жұмысқа шақырылдым. Бұл жұмыс жаман болған жоқ. Менің кемшін тұстарымды толықтырып жатыр. Аудармамен шындап айналысуға мүмкіндік туды. Келе салып, Харуки Муракамидің, Әзиз Несиннің, Юкио Мисиманың, Жан-Поль Сартрдің кейбір әңгімелерін аудар дым. Олардың кейбірі журналымызда жарияланды, кейбірі кезегін күтіп жатыр. Құдай бұйыртса, бәрі де шығып қалар. – Қазір Нобель сыйлығы туралы көп айтылады. Жалпы осы сый лық қазаққа керек пе? Сіздіңше бұл сыйлыққа қазақ жазушыларынан кімдер лайық деп ойлайсыз? Жалпы Нобель сыйлығы туралы пікіріңіз қалай? Сөз жоқ, Нобель сыйлығы – әлемдегі ең мықты сыйлық. Оған ешкім де дау айта алмас. Кезінде бұл сыйлық Габриэль Гарсиа Маркес, Паб ло Неруда, Сэмюэл Беккет, Ясунари Кавабата, Жан-Пол Сартр, Альбер Камю, Хуан Рамон Хименес, Уильям Фолкнер, Иван Бунин, Анатоль Франс, Джозеф Редьярд Киплинг сынды шын мәніндегі ұлы ақынжазушыларға берілгенін де мойындауымыз керек. Әрине, ол кезде де саясат болмады десек, өтірік айтқанымыз болар. Мәселен, белгілі се бептерге байланысты ұлы жазушы Лев Толстой сияқты жазушыларға да берілмей қалды. Бірақ қазіргі күнде тіптен саясиланып кетті. Но бель сыйлығы қандай жазушыларға берілетінін бүгінде елдің бәрі біледі. Қазақ жазушыларының арасында да Нобель сыйлығына лайық қаламгерлер жоқ емес, бар. Бірақ оларға әл-әзір бұл сыйлық бұйырады деп айта алмаймын. Қанша жерден мықты сыйлық болғанымен, қазір бұл сыйлықтың абырой-беделі төмендеді. Көбінесе бұл сыйлық таза шығармашылығына қарай емес, аннан қашқан, мыннан қашқан, елінен безген, ұлтынан жеріген, ислам әлемін жамандаған, батыс әлемін көкке көтерген жазушыларға беріліп жүр. Мәселен, кейінгі
КӨКТАМЫР
жылдары бұл сыйлықты Синьцзян, Найпол, Кертес, Кутзее, Елинек,
Пинтер, Памук, Лессинг, Леклезио, Мюллер сияқты қаламгерлер
иеленді. Осылардың басым көпшілігіне шығармашылық тұрғысынан
емес, белгілі бір саясатпен берілгенін ешкім жоққа шығара алмас.
Керек десеңіз, осылардың кез келгенінен Шыңғыс Айтматовтың
шығармашылыған жоғары қоямын. Ал қырғыз жазушысына неге
берілмеді? Бұл да саясат. Бірақ «күштінің арты диірмен тартары»
сөзсіз. Бұған сіз бен біз ештеңе істей алмаймыз.
Салтан СӘКЕН,
«Алаш айнасы» газеті.
18 маусым, 2010 жыл
КӨКТАМЫР
Думан РАМАЗАН:
«БІЗГЕ БАР НӘРСЕНІ НАСИХАТТАУ ЖЕТІСПЕЙДІ!..» – Думан Әмірғалиұлы, сіз – елімізге танылып қалған талант ты қаламгерсіз. Биылғы «Алтын қалам» байқауының «Жылдың ең үздік прозасы» аталымы бойынша сіздің «Көш» атты әңгімеңіз бас жүлдені иеленіп, жеңімпаз атандыңыз. Оның үстіне мемлекеттік стипендияның иегері атанып жатыр екенсіз. Құтты болсын! – Рахмет! – Жақында ғана Астанадағы Қалибек Қуанышбаев атындағы қазақ музыкалық драма театрында «Кенесары – Күнімжан» ат ты тарихи драмаңыздың тұсаукесер қойылымы болып өтті. Спектакльдің өте жоғары деңгейде өткені туралы республикалық бұқаралық ақпарат құралдары жарыса жазып жатыр. Себепсіз сал дар жоқ десек, әңгімеміздің әлқисасын осындай драмалық туынды тудыруыңызға не себеп болғанын айтудан бастасақ қарсы болмай тын шығарсыз? – Беке, «Жақсы сөз – жарым ырыс» демекші, ең алдымен жылы пікіріңізге рахмет! Жалпы Кенесары тақырыбы маған таңсық емес. Кезінде хан сүйегін іздестіру жорықтарын ұйымдастырғанымызды өзіңіз жақсы білесіз. Сол жорықтардың негізінде «Хан Кененің қазасы» атты кітап дүниеге келді. «Кенесары хан» деректі фильмін түсірдік. Кенесары отаршылдармен не үшін күресті? Асыл жанын не үшін пида етті? Әрине, елінің еркіндігі үшін. Құдайға мың да бір шүкір, қазір еркіндік алдық, тәуелсіз ел атандық. Бірақ қуануға әлі ерте, қауіп-қатер сейілген жоқ. Аш қасқырдай анталап, алақандарына түкіріп отырған
КӨКТАМЫР жауларымыз да жоқ емес. Сол қызылкөздерге қалай тойтарыс бере міз, тәуелсіздігімізді қалай баянды етеміз деген сауал әркімді ойлан дыруы керек. Міне, осындай кезде Кенесары сияқты ұлыларымызды еске алуымыз, жоқтауымыз заңды құбылыс қой деп ойлаймын. Бізге арқамызды кеңге салуға еш болмайды. Даңқты ата-бабалары мыз бастап берген ұлы күресті бүгінгі ұрпақ лайықты жалғастыра білмесе, болашағымыздың жарқын болары күмәнді. Осынау қасиетті іске әр қазақ азаматы өзінше үлес қосуы керек. Жас ұрпақтың бойы на өрлік пен ерліктің дәнін себіп, елі мен жерін сүйе білуге тәрбиелеу үшін отаршылдардың озбырлығына тойтарыс беріп, дегендерін істетпеуге тырысқан Кенесары сынды батыр бабаларымыздың ісі мен идеясын барынша насихаттай білуіміз керек! Міне, сонда бізді ешқандай жау ала алмайды. Аңсап жеткен тәуелсіздігіміз баянды болады. Кенесары туралы драмалық шығарма жазуымның басты себебі осы. Ұлы ханның ұлы ой-арманын бүгінгі ұрпақтың бойына сахна тілімен сіңіре алсақ, біздің де мақсатымыздың орындалғаны деп білемін. – Кенесары ханның бәйбішесі Күнімжан туралы, зерттеу ең бектерде болсын, көркем шығармаларда болсын, көп айтыла бермейді. Сондықтан да болар, ханым жөнінде білетініміз тым мардымсыз. Ал сіздің пьесаңыздың тақырыбының өзі – «Кенесары – Күнімжан», яғни шығармаңыздағы негізгі оқиға хан мен оның ғашы ғы төңірегінде өрбиді. Біздің білейін деп отырғанымыз, Кенесары – Күнімжан – Қоңырқұлжа арасындағы тартыс шын мәнінде өмірде болған ба, жоқ, әлде сіздің жазушылық қиялыңыздың жемісі ме? – Кенесары сынды ұлы тұлғамыздың өмірін бұрмалап, қиыннан қиыстырғандай өтірік жазудың өзі үлкен қылмыс қой! Ел аузында ғы әңгімелер мен тарихи деректерге қарағанда, бұл шығарманың өзегінде шындықтың жатқаны ақиқат. Әрине, көркем шығарма болғаннан кейін кейде қиялға да ерік беретініміз анық. Бірақ, соның өзінде де, шындықтың ауылынан алыс кетпеу керек. Егер он дай болмаған жағдайда тарихи шығарманың көк тиындық құны бол майды.
КӨКТАМЫР
– Сіздің жазып, суреттеуіңізге қарағанда, Күнімжан көркіне
ақылы сай қыз болғанға ұқсайды. Аталары да елдің сөзін ұстаған
өз заманының белді де белгілі адамдары болыпты. Менің айта
йын дегенім, егер біз Кенесарыны толық танығымыз келсе, оның
өміріне қатысы бар адамдарды да мейлінше жан-жақты зерттеп-
зерделегеніміз дұрыс қой!
– Өте дұрыс айтып отырсыз! Онсыз Кенесарыны толық тани ал
маймыз. Күнімжан шын мәнінде көрікті, ақылды, сымбатты, нағыз
ханға лайық жар болатын батыл қыз екен. Өз әкесі Тұрсын да, атасы
Байболат та бақ-дәулеті шалқыған, беделді адамдар болыпты.
Күнімжан айттырып, қалың малын төлеп қойған Қоңырқұлжаға
шықпай, неге Кенесарыны таңдады? Дәл сол кезде Қоңырқұлжаның
басындағы бақ Кенесарынікінен артық болмаса, кем емес еді. Ол
да ханның тұқымы, керек десеңіз, Ақмоланың аға сұлтаны. Ал
Күнімжанның көзімен қарайтын болсақ, Кенесары – елі үшін от
пен суға түсуге дайын нағыз ер де, Қоңылқұлжа – аз күндік билікке
сатылған итаршы. Былайша айтқанда, Кенесары – отаршылардың оз
быр саясатына қарсы күрескер текті ұл да, Қоңырқұлжа – солардың
сойылын соғып, өз халқын қосыла қанаған тексіз құл. Ендеше,
Күнімжанның Қоңырқұлжаның менменсіген кеудесінен итеріп,
Кенесарының етегінен ұстауы табиғи заңдылық қой деп ойлаймын.
Қоңырқұлжаның артында аузын айға білеген алып империя тұр,
қайтіп ол айттырып қойған қалыңдығын Кенесарыға оңай беріп
қойсын?! Міне, талас-тартыс осыдан басталып, аяғы өнбес дауға,
бітіспес өшпенділікке ұласады.
– Жалпы тарихта Кенесары мен Қоңырқұлжаның арасында та
лас-тартыс болған ба?
– Болғанда қандай! Екеуінің көзқарастары бір-біріне мүлде
кереғар болған. Оны тарихи деректерден анық аңғаруға болады.
Қоңырқұлжа үнемі Кенесарының үстінен патша шенеуніктеріне
арыз-шағым түсіріп отырған. Дәлірек айтсақ, отаршыларға кө
терлісшілер туралы ақпарлар беріп тұрған. Кенесары көтерлісін
басып-жаншудың жолдарын бірге қарастырған.
КӨКТАМЫР – Сіздің драмаңызда Кенесары мен Қоңырқұлжа арасындағы тар тыс өте сәтті шыққан деп айтуымызға болады. Екеуінің алғаш қы кездесуінде Қоңырқұлжа Кенесарыға «Ұлы империяға жалаң қылышпен қалай қарсы тұрмақсың, елді құр босқа дүрліктіріп, қанды қырғынға бастағаннан не табам дейсің?!» дейді ғой. Осында бір шындық жатқан жоқ па? – Бір қарағанда шындық жатқан сияқты көрінуі де мүмкін. Ал Кенесары «Сен сияқты түлкібұлаңға салып, ақ патшаға қызмет етіп, күнің үшін жаныңды жалдап, сатылып жүргенше, азаттық үшін күресіп өлгенім артық» демей ме?! Мен сізді жақсы түсініп отырмын. Кенесары алып империяны жеңе алмайтынын білмеді дейсіз бе? Білді. Ол – жалаң қолымен от ұстамаған адам. Батырлығымен қоса ақылы да бір басына жетерліктей болған. Сонда оны күреске жете леген қандай күш? Намыс. Берісі еркектік, әрісі елдік намыс. Көз ал дында қызын зорлап, күңге айналдырып, ұлын қорлап, құлақкесті құлға айналдырып жатса, қайтіп шыдасын?! Елі мен жерін қолдан беріп қойып, қалай қарап отырсын?! Оның өмірлік принципі мынау: «Елімнің тізгіні мен шылбыры жат қолында болғанын қаламаймын. Біз құл болу үшін жаралғамыз жоқ. Сен құл болсаң, мен құл болсам, ертеңгі ұрпағымыз кім болмақ?! Не соғысып, еркіндікті күшпен тар тып аламыз, не болмаса болашақтағы ұлы жеңістер үшін осы жолда жанымызды құрбандыққа шаламыз!» Бұнысымен Кенесары не ұтты, қандай пайда тапты дейтін шығар сыз. Біле білсеңіз, Кенесары жеңілген жоқ, жеңді! Алып империяға жалаң қылышпен болса да қарсы шығудың өзі сол бір алмағайып кезеңде қазақ халқы үшін ұлы жеңіс еді. Отаршыларға қазақпен байқап сөйлесуді үйретті... Қазақтарды жаппай шоқындыруды қолға ала бастап еді, Кенесары көтерілісінен кейін ондай бассыздықтардың бәрін тыйып тастады. Әйтпесе, қазірдің өзінде-ақ сен Валерий, мен Дмитрий болып отырар едік. Кенесарының сол күресі тектен-текке кеткен жоқ, осынау ұлы жеңісімізге баспалдақ болды, негіз қалады. Ұрпағының жүрегіне тәуелсіздіктің ұрығын сеуіп кетті. Кейбіреулер айтып жүргендей, бізге тәуелсіздік өзі келген жоқ. Осындай ұлы
КӨКТАМЫР тұлғалардың арқасында жеңіп алдық. Кенесары ұрпағының осын дай ұлы жеңістері үшін өзін-өзі саналы түрде құрбандыққа шалды. Ел тәуелсіздігі үшін күресудің өзі ұлы мәртебе екенін ұрпағына ұқтырып кетті. – Пьесаны сіз жазғаныңызбен, оны сахнаға алып шығатын режис сер ғой. Яғни, қойылымның қандай дәрежеде шығатыны режиссерге тікелей байланысты. Шыныңызды айтыңызшы, сіз шығармаңызды сахнаға шығарған қоюшы режиссер Болат Ұзақовқа ризасыз ба, жоқ, әлде әттеген-айлар болды ма? – Жалпы маған қолқа салған – сол Болат бауырымыз. Кенеса рыны сахнаға шығаруға көптен бері дайындалып жүр екен. Яғни, тақырыпты терең біледі, керек десеңіз, мен сияқты Кенесарымен «ауырған» адамдардың бірі. Сондықтан екеуміз тез тіл табыстық. Спектакльді дайындау барысында мен оның ғажап ізденімпаз режис сер екеніне көзім жетті. Сөзім жалаң болмау үшін мына бір нәрсені ғана айта кетейін, қойылымда артистер бастан-аяқ жоғарыдан тартылған арқандар арқылы ойнады. Артистердің ойынына әр беріп, нәр беріп тұрған да сол арқандар болды. Керек десеңіз, режиссер арқандарға тіл бітіріп, сөйлетіп қойды. Көп нәрседен хабар беріп тұрды. Міне, өнердің құдіреті деген осы. Арқандар арқылы көрермендер сол бір алмағайып заманның халқымыздың басына түскен ауыртпалығын сезінді, түйсінді, түсінді ғой деп ойлаймын. Шынында да қазақ халқы сол кезде дар ағашының алдында тұрғандай еді ғой. Міне, мен Болат Ұзақовтың осындай тапқырлықтары мен білім-білігіне қатты риза болдым. Сөз жоқ, өз саласының нағыз майталманы. Сондықтан да бо лар, спектакль көңілдегідей шықты. Ал енді халықтың ықылас-пейілі ғажап. – Артистер ше? Көңілдегідей ойнай алды ма? – Артистерге де айтар алғысым шексіз. Әрқайсысы өз рөлдерін өз мүмкіндіктеріне қарай жақсы ойнап шықты. Сырым Қашқабаев (Ке несары), Айнұр Жетпісбаева (Күнімжан), Жанқалдыбек Төленбаев (Қоңырқұлжа), Жанат Оспанов (Наурызбай), Ержан Нұрымбет (Нысанбай), Мейрам Қайсанов (Горчаков), Шахмұрат Ордабаев
КӨКТАМЫР тар (Карбышев) өздерінің образдарын өте сәтті сомдап шықты деп айта аламын. Театрда тәжірибелі де талантты артистер баршылық екен. Көңілім тоғайып қайтты. Артистердің ойынына залда отырған көрермендер де қатты риза болып, қайта-қайта қол соғып, қошемет білдіріп отырды. Мен соған қуандым. – Қойылым барысында үш мәрте құран оқылады. Артықтау емес пе? – Артық ештеңесі жоқ. Қайта дұрыс болды-ау деп ойлаймын. Режиссердің мықтылығы сонда, спектакльге көрермендерді де қатыстырып қойды. Көрермендер де өз рөлдерін жақсы ойнап шықты. Әр құран оқылған сайын бірі қалмай қол жайып, іштей білетін дұғаларын айтып, беттерін сипап отырды. Өзіңіз айтыңызшы, жақсы тәсіл емес пе?! Бұның да өзіндік мән-маңызы бар. Кенесарының өзінен бастап қаншама ерлердің мәйіттері қорланып, жаназалары шығарылмай қалды. Бұл сол батыр бабаларымыздың жаназаларын өнер арқылы шығарып, жандарының жай табуына мұрындық болсақ деген ізгі ниеттен туындаған ой еді. – Жалпы ел арасында қазақ әдебиеті туралы бір-біріне кереғар екі түрлі көзқарас бар екенін өзіңіз де жақсы білетін шығарсыз. Кейбіреулер төл әдебиетімізді әлемдегі ең үздік әдебиеттердің қатарына қойса, енді біреулер санға қосқандарымен, санаттан мүлде шығарып тастап жатады. Шыныңызды айтыңызшы, шын дық қай жақта? – Бір нәрсені анық білем, бізде өте жақсы әдебиет бар. Ай мен күнді қолмен жауып, бүркемелей алмайтыны сияқты, оны ешкім де жоққа шығара алмас. Әлемдік деңгейде ұялмай көрсете алатын классикалық шығармалар да, әлем әдебиетінің классигі атануға лайық тұлғалық қаламгерлеріміз де бар. Бізде бір-ақ нәрсе ғана жетіспейді. Біз сол бар нәрсенің өзін көрсете алмай жатырмыз, өз деңгейінде насихаттай ал май жатырмыз. Әрине, біздің әдеби шығармалардың бәрі саф алтын, қаламгерлеріміз шетінен классик десек, өтірік болар еді. Аттарын атап, түстерін түстемей-ақ қояйық, мықтылары да бар, ортақолдары да жетерлік, қара көбейтіп жүрген халтурщиктер де жоқ емес.
КӨКТАМЫР – Кейінгі кездері қандай әдеби шығармалар оқыдыңыз? Несімен ұнады, несімен ұнамады дегендей... – Әлемдік деңгейде аты шыққан қаламгерлердің шығармаларын іздеп жүріп оқимын. Әрі-беріден соң бұл – менің қазіргі күнделікті жұмысым. Қызметім де осыған тікелей байланысты. Әлемдік деңгейде танылған, мойындалған қаламгерлердің шығармаларын аударып ба сатын «Әлем әдебиеті» журналында қызмет істеймін. Журнал «Фолиант» баспасының директоры, ұлтжанды азамат Нұрлан Исабековтің тікелей қолдауымен шығып келеді. Жылт еткен жаңа лығы бар шығарманы қазақ оқырманына жеткізуге асығамыз. Сон дай туындыларды тауып, тәржімелеп беріңізші деп аудармашылар ға қолқа саламыз. Журналымыз екі жүз елу беттен тұрады. Солардың бәрін оқып шығу – менің ең басты міндетім. Яғни, нан тауып жейтін қызметімнің өзі менің негізгі жазушылық кәсібіме тікелей байланысты. Біз әр елдің әдебиеті туралы арнайы нөмірлер дайындаймыз. Осы бағытта көп ізденуге тура келеді. Міне, осының өзі-ақ шығармашылық адамға көп нәрсе береді. Яғни, мақтанғаным емес, бір жылдың өзінде ғана оқыған шығармаларымның авторларын термелеп тізетін бол сам, газеттеріңіздің беті жетпей қалуы бек мүмкін. Міне, мен өзімдегі кемшіліктерді осылай толықтырып, жаңа «майдандарға» шығуға дайындалып жатырмын. Қанша жерден жамандағанымызбен, Но бель сыйлығын алған ақын-жазушылардың шығармаларын міндетті түрде оқуға тырысамын. Кейінгі он жылда бұл сыйлықты алған қаламгерлердің басым көпшілігінің шығармалары көңілден шыға қоймайды. Бір-ақ мысал айтайын, 2000 жылы Нобель сыйлығын алған қытай жазушысы Гао Синцзянның шығармаларын оқып көрейін деп қанша іздедім. Интернетті толық тінтіп шықтым, кітапханаларды шолудай-ақ шолып шықтым. Жоқ. Таба алмадым. Сөйтсем, оның шығармалары орыс тіліне де аударылмапты. Тек сыйлықты алардағы ғана сөзі бар. Соны оқып шықтым да түңілдім, баланың шалдыршатпағы сияқты. Сөйтсем, ол сабазың өз елін сатып, өзге елдің та рысын жеп жүрген жай әншейін ортақол жазушылардың бірі екен.
КӨКТАМЫР Нобель сыйлығы кейінгі кездері осындай тексіздерге беріліп жүргені ешкімге жасырын сыр емес. – Кешіріңіз, сөзіңіз аузыңызда, дәл қазір бізде Нобель сыйлығын алуға лайық жазушылар бар ма? – Бар. Мәселен, Мұхтар Мағауинді алайықшы. Кейінгі он жылда сол сыйлықты алған қай жазушыдан кем? Бірақ бізге бермейді. – Неге? – Неге дерің бар ма, ол да саясат. Егер Нобель сыйлығын қазақ жа зушысына берсе, қазақ әдебиетінің әлемдік деңгейде мойындалғаны болар еді. Ал кеше ғана тәуелсіздік алған қазақты кімнің мойындағысы келеді?! Өзіңіз де білесіз, оларда астамшылық пиғыл күшті ғой! Бір алса Шыңғыс Айтматов алар еді ғой, бірақ әрнені бір сылтауратып бермеді. Егер Шыңғыс Айтматов сияқты өз таланттарымен әлемге танылған қаламгерлер алса, Нобель сыйлығының қадір-қасиеті де артар еді. Ал Нобель сыйлығын алғаны үшін ғана танымал болған жаңағындай Гао Синцзян сияқты ортақол жазушылар оның беделін түсіріп-ақ жүр. – Биылғы жылы Нобель сыйлығы Марио Варгас Льоса атты атақты жазушыға берілді ғой. Сонда бұл сыйлыққа ол да лайықсыз деп ойлайсыз ба? – Оның атағынан ат үркетіні рас. Жаман жазушы деп те айта ал маймын. Не жазатынын біледі. «Город и псы» және «Разговор в Со боре» атты екі романын оқығанмын. Шыншыл әрі сыншыл, батыл суреткер. Біздің жазушылардың көпшілігінде осы шыншылдық пен сыншылдықтың, батылдықтың жетіспей жататыны рас. Бірақ анау айтқандай ғажайып суреткер деп айта алмаймын. Әлемде оның деңгейіндегі жазушылар көп. Мәселен, онымен сыйлыққа бірге ұсынылған жапонның осы заманғы ең атақты жазушысы Харуки Муракамиді алсақ та жетіп жатыр. Оның көптеген әңгімесін мен қазақ тіліне аударып, журналымызда жарияладым. Жалпы салыстыра алсақ, Марио Варгас Льоса – біздің Қытайдағы ата жазушымыз Қажығұмар Шабданұлы тәрізді жазушы. Шырылда ған шындықты жазғаны үшін қуғын-сүргінге ұшырап, шығармалары 20-0113
КӨКТАМЫР талай мәрте отқа оранса да, абақтының тар қапасында отырып кітап жазды ол. Егер Нобель сыйлығын шындықты жазатын қаламгерге бергілері келсе, ең алдымен Қажығұмар ақсақалға берулері керек еді. Дәл қазір әлемде тағдыр-талайы жағынан ол кісіге тең келетін суреткер жоқ. Ал Марионың көрген құқайы оның жанында түкке тұрмайды. Қайта сол қуғындалғаны үшін аты әлемге жайылды. Ал шығармалардың көркемдік сапасы туралы әңгіме мүлде бөлек. Но бель сыйлығына ұсынылатын шығармалардың көбінесе көркемдігіне емес, саяси жағына баса назар аударылатынын екінің бірі біледі. Менің айтайын дегенім, Нобель сыйлығы қазір әбден саясиланып кетті. Егер өз саясаттарына сай келмесе, Мағауин мен Айтматов түгіл, Толстой болсаң да бермей қояды. – Жаңа өзіңіз «Әлем әдебиеті» журналында қызмет істейті ніңізді айтып өттіңіз. Шетел қаламгерлерінің шығармаларын ауда рып басатындарыңызды да білдік. Жалпы қазір аударма мәселесі нің жай-күйі қалай? Өсіп келе жатқан талантты жас аудармашы лар бар ма? – Тап қазір аударманың шекесі шылқып тұрғаны шамалы. Бұрын бізде үлкен мектеп бар еді. Өздеріңіз де жақсы білесіздер, аударма өнерімен атағы көпке жайылған мықты-мықты аудармашылар бол ды. Біз қазірдің өзінде көбіне-көп сол тәжірибелі аудармашылар мен қоян-қолтық жұмыс істейміз. Аударманың құпия сырын жетік меңгерген, ең бастысы қазақ тілін жақсы біледі. Өкініштісі сол, ол кісілердің қатары күн өткен сайын сиреп барады. Ал болашағынан көп үміт күттірер жас аудармашыларды көріп тұрғаным жоқ. Әрине, бірлі-жарым тәп-тәуір аудармашылар бар. Бірақ олардың өзін салыстырмалы түрде ғана жақсы деп айтуға болады. Басым көпшілігінің аудармаларын оқысаңыз, резеңке шайнағандай күй кешесіз. Тілді жақсы білмейді, тіпті керек десеңіз, сөйлемнің өзін дұрыс құрай алмайды. Сонымен соларды түзеп, өңдеп-жөндеп де гендей, терлеп-тепшіп отырамыз. Міне, қазіргі аударма өнерінің хал-жағдайы осындай. – Соңғы әрі дәстүрлі сұрақ, қазір не жазып жүрсіз?
КӨКТАМЫР
– Дәл қазір Қызылағаштағы су тасқыны туралы пьеса жазып
жүрмін. Қолдан жасалған осы апаттың себеп-салдарлары мен қайғы-
қасіретін барынша ашып көрсетуге тырысып жатырмын.
– Әңгімеңізге рахмет!
Берік БЕЙСЕНҰЛЫ,
«Айқын» газеті.
24 желтоқсан, 2010 жыл
КӨКТАМЫР МАЗМҰНЫ Сөз басы...........................................................................................................................4 Замана сыры Қанды қырғын..............................................................................................................9 Абай түскен үй ............................................................................................................33 Құнанбай мешіті........................................................................................................41 Қаздауысты Қазыбек би .......................................................................................48 Қоңырәулие..................................................................................................................55 Ұлттығыңды сақта!...................................................................................................59 Даңқ пен дақпырт.....................................................................................................73 Кітабымыз – Құран, жолдасымыз – иман ба?.........................................83 Есірткіге еліккендер................................................................................................91 Жатырқама, жасқама жас ұрпақты!............................................................ 100 Қорқыт бабам өлімнен қалай құтылды?.................................................. 106 Көкте – Тәңір, жерде – Ана................................................................................ 109 Антропология ғылымы қазаққа жат па?.................................................. 112 Шетелдердегі жәдігерлер................................................................................... 115 «Әлеулайға» басып жүр әуесқойлар............................................................. 118 Жерді сатуға болмайды!...................................................................................... 121 Аударманың болашағы бұлыңғыр................................................................ 123 Жоралғылы жорық Сүйегіңді қорлатпа!............................................................................................... 129 Хан Кененің қазасы............................................................................................... 135 Ханның басы қайда?.............................................................................................. 149 Кенесарының сауыты........................................................................................... 186 Хан Кененің қылышы........................................................................................... 195 Кейкінің бас сүйегі................................................................................................. 200
КӨКТАМЫР Сөз өнері: серті мен дерті Бүгінгі қазақ әңгімесі............................................................................................ 207 Сезімнің сәруар сәулесі....................................................................................... 231 Талантты адал күзету............................................................................................. 240 Шераға........................................................................................................................... 249 Асығы алшысынан түскен ақын..................................................................... 252 Сан қырлы талант................................................................................................... 264 Сыр-сұхбаттар «Жазушы болуды бала кезден армандаған ем»...................................... 275 «Ғасырдың қателігі осы болды-ау!»............................................................. 289 «Бізге бар нәрсені насихаттау жетіспейді!..».......................................... 298
Редакторы Қуат Құрмансейіт
Техникалық редакторы Эльмира Заманбек
Көркемдеуші редактор Жеңіс Қазанқапов
Корректоры Назгүл Бимағанбетова
Компьютерде беттеген Эльмира Заманбек
Думан Рамазан
КӨКТАМЫР
Көсемсөз, әдеби сын, тарихи зерттеулер және
сыр-сұхбаттар
Басуға 25.07.13 қол қойылды.
Пішімі 70х100 1/16. Қағазы офсеттік. Офсеттік басылыс.
Шартты баспа табағы 25,35.
Тапсырыс №0113. Таралымы 2000 дана.
«Фолиант» баспасы.
010000, Астана қаласы, Ш. Айманов көшесі, 13
«Фолиант» баспасының баспаханасында басылды
Пікірлер (0)
Пікір жазу үшін аккаунтқа кіріңіз. Кіру