Асан Қайғының жырлары
Асан қайғы
Жазылымсыз режим: 20-беттен кейін жазылым беті ашылады, әрі қарай әр 10 бет сайын (ең көбі 5 рет).
«Жерұйықты» іздеген Асан қайғының еңбектері рухқа толы. Айналасындағы теңсіздікке көз жұма қарай алмайтын ақын әлеуметтік теңсіздікті жырларына арқау етеді. «Қой үстіне бозторғай жұмыртқалайтын» заманды аңсайды.
Бұл заманда не ғаріп
Асан Қайғы – Бұл заманда не ғаріп?
Ақ қалалы боз ғаріп
Жақсыларға айтпаған,
Асыл шырын сөз ғаріп.
Замандасы болмаса,
Қариялар болар тез ғаріп
Қадірін жеңге білмесе,
Бойға жеткен қыз ғаріп.
Ел жағалай қонбаса,
Бетегелі бел ғаріп.
Қаз – үйрегі болмаса,
Айдын – шалқар көл ғаріп.
Мүритін тауып алмаса,
Азғын болса, пір ғаріп.
Атажұрты бұқара
Өз қолында болмаса,
Қанша жақсы болса да,
Қайратты туған ер ғаріп.
Көлде жүрген қоңыр қаз
Көлде жүрген қоңыр қаз,
Қыр қадірін не білсің?
Қырда жүрген дуадақ,
Су қадірін не білсін?
Көшіп–қонып жүрмеген,
Жер қадірін не білсін?
Көшсе кона білмеген,
Қонса көше білмеген,
Ақылына көнбеген,
Жұрт қадірін не білсін?
Пікірлер (0)
Пікір жазу үшін аккаунтқа кіріңіз. Кіру