Қамбар батыр
Сәкен Сейфуллин
Жазылымсыз режим: 20-беттен кейін жазылым беті ашылады, әрі қарай әр 10 бет сайын (ең көбі 5 рет).
Қазақтың қаһармандық дастаны. Қамбар мен Назым махаббаты, Қараман мен Келмембетке қарсы ел бірлігін қорғаған ерлік баяндалады.
Әуелі Алла сыйынып,
Екінші кәміл піріме
Құлақ салып тыңдаған
Жамандық көрме тіріде.
Қартаймай тұрып әріде
Ертедегі ерлерден
Нұсқа болып соңғыға,
Қалмаған елмен бәрі де.
Опасыз жеңіл дүние.
Жетпеді ешкім түбіне
Қазынаға жинап гауһар тас,
Айдаһардай болып мас,
Ашқа тамақ, жаяуға ат,
Төрт түлік малға көңіл шат,
Жарайды екен қысылса,
Жұртының қиын күніне.
Қызы сұлу Назымдай
Тоқтады барша тіліне.
Бектермін деп қоймаңыз
Шығарған сездің мініне.
Он сегіз толған жасына
Кәмшат бөрік келісіп
Бриллиант қойды басына
Болса деп бізбен ашына
Қазақ пен қалмақ барша жан
Хабарланды сұлудан
Дабысы жұртқа шашыла.
Айбатынан сескеніп,
Келе алмады еш пенде,
Әзімбайдың қасына.
Қоңыраулы алтын күңіреніп
Ертелі-кеш серуенге,
Шығады майлап шашын да
Порымына қарасаң,
Қызықпастай қай адам
Ол Назымның пашына.
Құдайдың өзі біледі,
Он төртінші айдай боп,
Түседі кімнің қасына?
Үстіне асыл кигізді.
Күймелі арба мінеді.
Жүрегін оттай күйгізді.
Қылығымен сүйгізді,
Оз теңінің ішінде
Асырақ дәурен сүргізді;
Ерте туған бағландай.
Назымға таңдау қоям деп
Бүл хабарды Әзімбай
Алашқа тегіс жүргізді;
Мал жайып кеткен далаға
Қалмасын деп қатардан,
Бұларға айтып білгізді.
Камзол киді қынама,
Тандап Назым тимесе
Толқыған көңіл тына ма,
Сыйынды жаппар құдайға.
Ел еді жатқан құрала,
Назымның көрмей ақ жүзін
Жанды кісі үйінде
Ат шаптырып той қылып,
Ашыққанды тойғызып,
Жиылды жұрт, жамағат.
Қыз Назым шықты басына
Салдырып биік мұнара.
Шалдар да жаман желіккен,
Қартайған адам коп екен,
Кемпірден көңіл зеріккен.
Елтірі қара бөрікті.
Қайғыланып жылайды,
Сұлуды алса байымыз,
Айырылдық деп серіктен.
Сабағынан үзіп ап,
Жесем піскен өріктен.
Назым отыр қонақтап,
Ақ тұйғындай еріккен.
Порымына қарасып,
Алдынан өтті көріктен.
Әр таптың болды базары.
Қағаздай кірсіз ажары,
Осынша жұрттың артынан
Аумады жанға назары.
Жиылған қоршап адамы.
Таусылды ақыл - амалы.
Қалмады жақсы - жаманы.
Ел екен өскен жағалы,
Жарлыны байға теңгерді,
Көңіліне халықтың жел берді.
Қыз Назымның заманы.
Ауызынан дүр шашып:
«Бар ма екен, — деп далада
Жігіттің келмей қалғаны».
Дәмелі болып тұрған кеп,
Қайтпақшы болды үйіне.
Он екі баулы өзбекте
Әзімбай еді қара көк.
Сабада пісер қымызы,
Арғы атасы асыл тек,
Осыншаның біреуін
Тал бойына көрмеді еп.
Қабағын түйіп қайғы жеп
Біреу айтып білдірді
Мерекеге келмеген
Қара қасқа атты Қамбар бек,
Ерлікті елден асырған
Айыбы, жалғыз кедей деп.
Жиылып тұрған кісіге,
Қарамады назар сап
Еш пенденің түсіне
Басқаменен ісі не?
Қатты батты қапалық
Үлкен менен кішіге,
Көңілі ауды сыртынан
Ер Қамбардың күшіне.
Ақылменен Назым биледі.
Біреуін тандап тимеді,
Мұнарадан түсті де
Кек жорғаны жектіріп
Жақсы көріп жүр еді
Мақтауын естіп білгелі,
Қандай түрлі екенін
Сұлу да қайтты үйіне
Ер Қамбар болып сүйгені.
Жұрт иесі болған хан.
Ғазиз тұтып барша жан,
Ол күнде перзенті жоқ еді
Дүние малын жиды сан
Қызыққа мейірі қанады,
Қасымда адам бар ма деп
Төңірекке қарады
Тұлпарға артып барады
Жағалай қонған кедейдің
Ашылған әбден араны
Күніне қиын жарады
Алпыс үйлі аулының
Тоқсан үйлі тобырдың
Қайнады майға қазаны.
Күніне көрді шабысты
Қамбардың бар деп тұлпары
Алашқа барды дабысы
Қылмайды батыр намысты
Астындағы бедеуі
Суытуы түскен соң
Құйындай шаңы бұрқырап
Атқан оқтай зырқырап
Қылады жақын алысты
Жасырынып қалды аз
Паналап биік қамысты.
Болмаған күні мыңын ап
Келдегі құсты тауысты.
Екпіні қатты дауылдап
Ерлігін әбден сынады
Ағайыны қуанып
Айырылып, жыртылып
Киік пен жатқан құланы
Ат бетіне қарамай
Айғайын салып қуады.
Тұлпарға қамшы ұрады
Найзамен өзі шабақтап,
Тазысы жетіп тамақтап
Қан сасытып қырады,
Түс қайтып бесін болғанда
Артына мойын бұрады
Мандайын сүртіп дем алып
Шылымын шегіп тұрады.
Семізін тандап жинады
Арығын тандап алмады
Оның бәрін артқанмен
Алпыс үйлі арықтың
Тоқсан үйлі тобырдың
Ашыққанын тойғызды.
Тимеді жұртқа зияны,
Шекесінде Қамбардың
Бар ма екен алтын тұлымы
Әзімбай ханның құлыны
Ешкімге аза бермеді
Қыздан да зият қылығы
Ау қылып шығып жүр еді.
Далада жатқан жайылып
Бұрынғы киік құрыды.
Бір бәлеге жолығып
Жануарлар жабығып
Көбейіп кетті шығыны
Таудағы киік, бұғыны
Қарсағы бар қасында
Тазысының алғаны
Кұлақтары салынып,
Жаратқанға жалынып
Бір жартасқа қамалып
Бөрілер қорқып ұлиды.
Қамбардың түбі ноғайлы
Азусыз аңды тауысып
Қоймады қырып оңайды
Далада жатқан бірі жоқ.
Тұлпарын көлден суарып
Аралап жүріп келеді
Ағашы қалың тоғайды.
Ішіне шаттың тығылып
Тұмсығынан қан атқан
Көреді өлген торайды.
Төңірекке қараса
Құйрығын қысып бұтына
Жолбарыс жатыр ыңыранып
Оттай көзі қызарып
Ыңыранған дауысы зор еді.
Қайтесің, - деп сен заңғар
Құдайдан медет сұрайды.
Жатқандай болды шөккен нар
Айбаты күшті айуанның
Қасына қайтып жақындар
Жаратқанға қылып зар:
Алдымда ағам, артымда
Сүйеніп жүрген інім жоқ,
Айналуға жерім тар.
Қысылған күнім болғын жар.
Сексенге шыққан әкемді
Шерменде қылма. ей, жаппар!
Басыма салып уайым
Жалғызды мендей қылма қор.
Қойылар қайда мазарым?
Жеп кетеді-ау орынсыз
Тонайды ұшқан қарғалар.
Қанатты туған пырағым,
Аға-іні сен едің,
Тар жерде жолдас шырағым.
Қамыстай екі құлағың;
Төрт аяғың қазықтай,
Төнкерген кесе тұяғын,
Жылқыға бітпес жануар
Сымбатың менен сияғың
Ажалым жетіп осыдан
Әзіңе мәлім бұл жағым.
Осынша неге қорқасың?
Сақ болып тұрмағың.
Жабығып қатты жыладым.
Тәуекелге бел байлап
Пешенемді сынадым.
Қамбар Шіркінің барды қасына
Болғай деп асыл мұрадым.
Түгінің бәрін жатқызды.
Ырылдап жаман ақырды.
Нар маядай бақырды.
Тұлпарға барып асылды.
Бар қайратын шақырды
Құйрығынан көтеріп
Айналдырып басынан
Қырық қадам жерден асырды.
Ырылдауға әлі жоқ
Деміге түсіп басылды.
Қабыл болып тәубасы
Сақтады құдай батырды
— Осы ма? — деп қайратың
Сондай мықты шеріні
Жалғыз ұрып батырды.
Ер Қамбар аузын жеп керіп,
Көкпардай қылып көтеріп
Жөнеліп кетіп барады
Жолбарысын өңгеріп.
Алдына мықтап басады
Төрт аяғын теңгеріп
Үлкендігі басының
Мықтылығын шерінің
Тамаша қылды ел көріп
Суытып қойып жатқанша
Қаңтаруын жазды да
Байлады мейіз - жем беріп
Аяғына салғаны
Көрген жан қайран қалады
Тілегі күміс шідерді
Тебінгілік жүні жоқ
— Терісі болып жарғақтай
Қабағы қардай жабылып
Ертелі-кеш сабылып
Тұяғы тасқа қағылып,
Жатқызып жалын атының
Құйрығын тарап сүзеді.
Ер әбзелін түзеді
Құралайдың, терісі
Тай жақсысын киеді
Тұлпарға тола мінеді.
Көліне нудың жөнеді.
Сұңқарын тұтып бетіне
Түскен жолы Қамбардың
Шұбырған малдың ізі еді
Теңіздің бойын жайлаған
Қыз Назымның аулына
Үстіне түсті көздері
Жоқшылық кірді есіне
«Қымызы бар деп ақ үйдің
Түсемін барып несіне».
Сұңқарын тұтып бетіне
Қара қасқа тұлпары
Жердің тарпып танабын
Ауылдың шықты шетіне.
Тұр еді Назым нұрланып
Атлас көйлек үстінде
Кек арбаға сүйеніп
Сүйретіп алтын шашбауға
Ордаға барып кіреді
Боз жорға аттай ырғалып
Түтіні шығып сұлудың
Жүрегі кетті от жанып
«Қара атты Қамбар қарамай.
Не себептен кетті» деп.
Ақша бетім қарайып
Қалды ма деп апырмай
Шар айнасын қолға алып
Жыламай көңілі бұзылып
Айнаға көзін тұр салып
Қараңғы тартып көңілі
Қапалығы сыймады:
Шақырып жақын жеңгесін
Ордаға тегіс жинады,
Бір ұршықтай жібекті
Иіріп бер», — деп қинады
«Өкпелер, — деп, — шұнақ қар»
Шүйкесін созып шапшаңдап,
Бәрінің басы қақшаңдап,
Бұйырған ісін бітіріп
Айтқанын екі қылмады.
Өрмегін тездеп жүгірді.
Құландай салды дүбірді
Жүргенде иін тіресіп
Тоқталып біраз кідірді
Кейіс қылып Назым бүлінді.
Бір ұшы көлге ілінді
Қатындар қайтты үйіне
Разы бол деп хош енді:
Ұрамын десе байымыз
Айтамыз да жалынып
Алдық деп сенің тілінді».
Иісін жұпар аңқытып
Ашықтық түсті басына
Сүйегін жаман жасытып
Қасына қымыз тасытып
Қайтқанда Қамбар ішсін деп
Арақ пенен шарапты
Бөтелкеге ашытып
Теңізден шығып ер Қамбар
Қатарлап артып келеді
Тұлпардың жүгін бітіріп
Толтырып үстін ырғады
Қаршығаның қыраны
Шылымын тұтып құмары
Артына мойын бұрмады
Көрінеді Назымның
Қамбар айтты езіне: —
Осыған көңілім бөлініп
Ұмытып кетсем жұртымды
Мәлім болды батырға
Ақылман өнер іс етіп
Қыздырмақ үшін тұрғаны
Қара қасқа тұлпары
Байыпсыз оқтай қаңғытып
Қызықпен көлден су ішпей
Тоқтамады кідіріп
Өте шықты қарғытып
Сөйлесе алмай Қамбарға
Отырған сұлу көз тұтып.
Асау тайдай тулады
Қапаланып Қамбардан
Жүрегі қатты солады
«Адыра қал!» — деп, — сен өрмек»
Алты жерден турады
Жібекке кетті жаны ашып
Жеңгелері шулады.
Реңі құмдай қурады
Тоқтай тұр деп ер жігіт
Өтіп кеткен Қамбарға
Шақырып қолын бұлғады.
Басын тартып кідіріп,
Не дейді деп бұл маған
Жауабын қыздың тыңдады
Қайрылмай қайда барасың,
Хан сүйікті Қамбар - ау
Қабағы қатып шаршапты
Өкпе-бауыр, жал бар-ау
Арызыма менің, құлақ сал
Ақылың болса аңғар - ау
Қол тимеген мал бар-ау,
Шөлдесең сусын ішсеңші.
Жатып тұрып кетуге
Күткендей бізде жай бар-ау.
Құшақтасып екеуіміз
Көріселік тұрсайшы,
Артында үңгір жар бар-ау
Ағайыным тауысты
Қара аттан бөлек малымды
Сыртым бүтін, іш түтін
Жолдас қылды құдайым.
Кедейлік деген залымды.
Ат үстінен соғыс қып,
Жемесем тауып нанымды.
Аш бөрідей жалақтап,
Қинады жоқтық жанымды.
Құс етін беріп бағамын,
Үйдегі екі кәрімді.
Қабатыма аламын,
Алпыс үйлі арықты.
Айналар ісім қиынға,
Айыпқа мені бұйырма,
Айтамын Назым зарымды.
Бүгінше бізге мейман бол!
Әрқашан өтіп жүресің
Ауылдың үсті ұлы жол
Қасыңа жақын жатайын
Таң атқанша ұстап қол
Алпыс үйлі арықты
Кіріптар емес бізден ол
Мың қойлы байдың баласын
Ізіңе басқан алмаймын
Бекзатым менің пейілім сол.
Үйіріне болмас деп Назым
Қатарыңа қарасам
Мен емес тандап тиерің
Іздегенін асылық...
Көшкенде топтап айдаған
Мастығы шығар биенің
Байларды шалқар көл қылған
Жарлығы күшті иенің
Ит жүгіртіп, құс салды
Сырқырап жаман сүйегім
Айтулы ердің бірі едім,
Жолбарыс қандай азулы аң,
Тар тоғайда жолығып,
Оған да табан тіредім.
Шахы ерлерді келтіріп
Алладан медет тіледім,
Жоқта болса жомарттың,
Қол ұстасып қыз Назым.
Бір жаман келіп малы көп
Алып кетсе айырылып
Абыройым ашылар
Ат басындай жүрегім.
Дүние боқтың аздығын
Қайратты - ай жігіт елей ме?
Сақа қылған бар ма екен
Жаны бар кісі қонаққа
Қыз шақырса келмей ме?
Басыма салып уайым
Жалғыз атты кедейге
Есен тұрсам сау болып,
Еш уайым жемеймін.
Тақ отырмын демеймін.
Жағымды қайрап безеймін.
Жұртқа тұлға болғандай,
Сол себеп сені тежеймін.
Ендігісін өзің біл,
Асырып мұнан не деймін.
Асылық болып таласы
Қасірет қоймай айтысып
Озады сөздің саласы:
Екеуінің арасы
Әңгімеге айналып
Өтіп кетті кешігіп
Қайта тұғын шамасы.
Назымның үлкен ағасы.
Оқалы берік басында,
Көлденеңдеп тұр екен
Қамбардың қасқа қарасы.
Адамда жаман сол еді
Сақалы ұзын ақымақ.
Бақырауық неме еді.
Қораз, Дараз, Әлшораз,
Қайдасың деді Қарымсақ
Қорлағаны емес пе
Жүргені бізге жақындап?
Інілеріне айтады:
— Ақ семсерді қолына ап,
Жерге түссін мойыны
Келеді кіммен ойыны
Қызға таңсық мырзаның
Қылышпенен көңілін тап.
Әзімбайдың тентегі
—Қайда, деп, кедей жүгірді, Қолында бір-бір келген.
Адамның бәрін жинады.
Басынан тері келпегі.
Ақылы көп артықша
Әлшораз еді еркегі
Ағаларына айтады:
—Қамбардың көңілін қалдырма
Болар деп бір күн керегі
Қарымсақ сонда сөйлейді
Бәріне қылып өкпені:
— Алды-артында қара жоқ
Қораз сенін жаманың
Ауылдың үстін жол қылып
Іргені жанап өткені.
Өз басына жеткені.
Дараз қайдасың?!
Ат үстінен аударып
Қолын байлап Қамбардың
Тумай кеткір Әлшораз
Кезіме менің көрінбе
Түр жоғал, аулақ кет, — деді.
Әкем - шешем арқалап
Аяулы өскен Назымды
Жалғыз атты кедейге
Әлшораз айтты:
— Ағалар
Кімді қырып тастайсың
Жан көрінбей көзіңе
Көтере алмай жүрсіңдер
Бергенін құдай өзіңе.
Сендердің айтқан сөзіңе,
Үй жығылып қалғандай
Қойныңның бір қап желіне
Едіреңдеп бәрің де
Пісіріп нанды деміңе.
Ат құлағы теңессе,
Паналарсың тығылып
Осының барып жеңіне.
Назымжанды қосайық
Қаласа құдай теңіне.
Артық екен бізден де
Әлшораздың ақылы,
Ағаш үйі өзбек үй
Құдайдан соңғы жақыны
Ойлағанға кідіріп
Осы екен істің мақұлы
Ноғайлының батыры.
Тигізер зиян ақыры
Бұл сөзді естіп тентек те
Таяғын жерге тастады
Миығынан бір күліп
Назымның тартты тақымы.
Шаңғытып жерді тұяғы
Тұлпардың шығып тасыры.
Жиырма кісі жіберді
Қалмақтың ханы жұртынан
Құйрық-жалы түйілген
Құр айғыр ұстап жылқыдан.
Жорғадан мініп былқыған
Сусары бөрік басында
Үстіне киіп құлпыдан
Сөйлес қылып кідірді
Ауылдың келіп сыртынан
Аяғын жерге жай басып
Әзімбай шықты далаға
Тұрғандай болып ұйқыдан
Әзімбай сонда сөйлейді
Беті оттай қабынып
Омырауын көтеріп
Нар бурадай шабылып
Бөрі ішігін жамылып
Қабаттап киген камзолды
Сыдыра түйме тағынып
Қонады мейман ағылып
Кедейлер мені көрмесе
Қалады деді сағынып
Іздеген жоғы табылып,
Керейұлы Келмембет,
Сендер де келдің сағынып,
Танымас едім ешбірін,
Қайырлы болсын сапарың,
Жөніңді келген сұрайын.
Жүрсіндер балам нағылып.
«Болсын деп әлі Әзімбай,
Арызымды сізге айтам.
Көтерсең менің назымды.
Ілдірейін деп келдім
Көлдегі үйрек - қазыңды,
Алтайы қызыл түлкіңе,
Құмай жүйрік тазыңды,
Тікпекке ақ үй сұраймын.
Бұйырып патшам жіберген,
Қайта алмаймын бүл жерден,
Іздеген жоғым табылмай,
Асықпасаң байеке,
— Мүйізі ұзын боз бұқа
Пәлегінді езеді,
Артына қарап бұрылып,
Айдайын десе сүзеді.
Піскен аңқып түйнегін,
Қолына өткір кездік ап,
Ортасынан тіледі.
Көрмей-ақ сырттан біледі.
Асыраған әлпештеп,
Ақ құйынды іледі.
Кеудесіне мінеді.
Дұшпаның қатты күледі.
Тұғырға сұңқар қонбаса,
Ноғайлы елің біледі.
Келмембет тағы сөйлейді.
Жуасытып қайтамын,
Асауымды үйретіп.
Жегіземін құйрығын,
Бағланыңды сүйретіп,
Тістетемін тамағын,
Ақ сапты болат найзамен.
Шанышқызамын күйретіп.
Ұстайын қуып індетіп,
Мекен еткен қырғауылымның,
Қызығын көрсем деп едім.
Лашын құсқа жүндетіп.
«Сен сұрасаң Әзімбай,
Айтайын келген жеңімді,
Арада жүрген жеңгеңе,
Кигіздім қымбат тонымды.
Бітірсең тездеп сонымды.
Ұстасаң менің қолымды,
Жаушы ғып патшам жіберді.
Алатаудай айбаты Рүстем
Дастан порымды
Ерегіссең онымен
Сәулеті мен дәулеті
Құп езіне қонымды
Бүгін саған мейманмын
Құда түсіп, құйрық жеп,
Қыламыз қызық ойынды
Ноғайлыны шақырма
Өзіме бер төріңді.
Салдырып төсек, ат ұста,
Тырнадай созбай мойныңды.
Алшыораз сонда сөйледі;
«Жүрсіндер қайдан адасып
Қалмақтың қасқа бектері?
Екпінін, қатты білінді
Қараман дәудің ерлері,
Айтар сөзге шүлеңгер,
Келмембет деп естуші ек
Ініңнің осы көргені.
Бұрынғының өрнегі,
Жақсы адамда жаттық жоқ
Жасың үлкен ағасын
Келмембет сонда сөйледі:
«Ер екенсің Әлшораз
Бала жолбарыс пішінді
Қайратын қысып ішіңді
Кездестірді құдайым
Ізденіп шыққан кісімді
Көрсетермін күшімді
Ақылың болса жарқыным
Жіберме шарға ісімді
Танымайсың түсімді».
Көріссең кел деп шырағым
Еңкейіп қолын ұсынды.
Талтая тартып табанын,
AT үстінен жұлып aп,
Аударып жерге түсірді.
Зәресін жаман ұшырды
Келмембеттің үстінде
Жігіті қылды ұрысты.
Бере алмай көпке тұрысты.
Атының мойнын бұрады
Жабындыны тасалап,
Қалмақтар қашып жарысты,
Сілтеді өткір қылышты,
Қараман дәудің ерлері
Тәбе ойнап шығысты
Қарғадай түсіп шуылдап
Біреуін қоймай қырысты.
Онда деп құдай бүл істі
Қайтып келіп қасына
Келмембеттің Әлшораз
Құлағын отап құнтитты.
Мұрнын кесіп шұнтитты,
Қылшықтай мойнын қуартып
Тоқпақтай басын сымпитты
Бүйректей бетін бұлтитты
Тескейден қашқан борсықтың
Ініңдей қылып өңірейтіп
Танауын екі таңқитты.
«Жүр едің мас боп Келмембет,
Кұдайдың берген бағына
Басыңнан құлақ садаға
Ішпесе тамақ өлер деп
Қылмадым зиян жағыңа.
Шүкір ет қалған жаныңа,
Біз таласып бармаймыз
Қыз-келіншек, бойжеткен
Некелеп алған жарыңа.
Құда болған бар ма екен
Бұрынғыдан соңғыға?
Дұғай сәлем дегейсің
Қараман дәудей ханыңа».
«Қол-аяғым болмаса,
Қоймадың аман жерімді
Соғымда сойған өгіздей
Алғаның жақсы терімді.
Қандай ғып елге барамын?
Кеуілжірім кесіліп
Маңдайдан миым көрінді.
Есіл мұрным бүлінді.
Құдайдан сұрап өлімді.
Оймадың екі көзімді.
Жіберсең тірі өзімді.
Қалдырмай бірін, шырағым,
Аман барсам ит-құстан
Жеткізермін сөзіңді»
Көгі сөз айтып,
Көргенше аман бол деп
Кетті қайтып
Шомылып тұла бойы қанға батып
Қараман мұны көріп
Қайран қалды.
Есінен танды;
«Әлінен Келмембеттің
Сөз сұра деп,
Ақыл салды.
Жетермін, — деп
Патша ашуланып
Қапа болды.
Қараман қылды қаһарын.
Бетіне жайды заһарын.
Жинады тегіс шаһарын.
Ноғайлыға бармаққа
Жігіттің өңшең қатарын.
Даяр болды жүрмекке.
Құдайдан сұрап сапарын.
Кернейлері бақылдап,
Байрақты тулар жалпылдап,
Алтыннан қалқан жарқылдап,
Мінгендері дәл бедеу
Келеді бектер лапылдап.
Буыршынды тақымдап,
Шаншысады машық қып
Ақ найзасы сатырлап
Жұлдыздай ұшы жалтылдап,
Бір күн өтіп арадан
Әзімбайдың аулының
Үстіне келді жақындап.
Қондырды патша қосылды
Әскерді көріп сыртынан
Әзімбай жаман шошынды.
Алшыоразға кейіді;
«Айтып едім жүгермек
Қылдың. деп бекер осыңды
Қамбарды ер деп мақтаушы ең
Табасың қайдан досыңды?
Ақырын құдай онда деп
Көзінің жасы жосылды.
Алдына қоршап жиылды.
Құдайға таза сыйынды.
Қылайық деп кеңесті
Әзімбайға қиынды.
Әлшораз бек жауласып
Өткізбекке бейілді.
— Ноғайлының қайраты Маған салсаң тиеді.
Алшыоразға жолық деп
Келмембет ерді бұйырды
Патшадан пәрмен болған соң
Бітеу сойып аққудың
Терісін киді басына,
Жөнеліп кетіп барады
Әзімбайдың аулыға
Жетіп барды сол уақытта
Мойнын бұрмай артына.
— Үйінде болсаң Әзімбай
Қараман қонды қасыңа.
Күні-түні тыным жоқ.
Ортада өзім жүрмесем
Қазақ пен қалмақ ұрысып,
Қырылар дедім обығып.
Айта алмай тұрмын қорынып.
Талан қылып халыңды,
Шауып алып малынды
Асықпасаң қайтармын
Қатыныңды қоры ғып».
Тұра келіп орнынан
Көкірегі күрілдеп,
Көзінің алды іріндеп,
Қайрат берді өзіне.
Көтере көр пірім деп.
Әр буыны дірілдеп.
Есіктен шықты далаға.
Қайттың ба барып далаға,
Іздегенің мал болса,
Патшадан бәрі садаға,
Қартайған мендей ағаңа.
Жібек орамал кепкенше.
Тимесін қолын, жағама.
Шөлдесең сусын іше түр,
Саған жауап берейін
Ойласып қатын, балаға.
Сыйлады күтіп қалмақты
Ерегісіп болмайды
Әскер жатыр салмақты;
Жинады тегіс жан-жақты;
Әлшораз да айбатты
Ер еді асқан ардақты,
Қызмет қылып бармайды;
— Бұйырған алар біреуі Қараға да ханға да.
Әзімбай жылап зарлапты.
Әлшоразбен кеңесті;
«Берейік» деді Назымды
Патшаға қылмай егесті
Ат құлағы теңесті;
Келмембеттей батырдың
Құлағын кесіп құнтитып
Іс қылып едің өрескел.
Алдына алып барайық
Қамбар тірі тұрғанда
Ешкім бізді жемес - ті
Сүйегі асыл ақ болат
Өздігінен кимес - ті.
«Жаңа таптың ақылды
Ризамын саған халайық,
Қол қусырып, қой сойып
Келмембеттің өзіне
Ықтиярды салайық
Ерегісіп қанменен
Құтылармыз қандай ғып
Бұған бір айла қылайық
Не десе де мақұл деп
Басынды бұзба ағайын,
Алдына тегіс барайық»
Қызмет шегіп жүгірді
Heшe түрлі дастарқан
Бозбаланың қолында.
Әзімбай тұрды оңын да
Айдаған қойдай топтанып
Шұбырған адам соңында
Келмембеттің үйіне
Жағасы алтын жібектен,
Кигізді алтын тонын да.
«Әзімбай,
Арызымды жақсы тыңдадың
Бүл сапарда бұрынғы
Қадіріме бек жетіп
Қасиеттеп сыйладың
Тағы да құдай ұрды деп
Қанша кінәм асса да
Өлімге мені қимадың
Көрінеді көзіме
Ақылыңа тәнтімін
Назымды беріп патшаға
Артықша болды қылғаның.
Ағайыным жиылып
Ақылымды талады
Алшыоразды айнытып
Қартайсам да қайратпен
Көндірдім қатын-баланы
Қатарым деп өзімнің
Назымжанды ханды қалады.
Тағдырда жазған алады
Қараман күйеу біз ата
Қайтпасын ердің талабы
Болмасын қор қадамы
Сан жылқыны аралап
Семізін тандап сояйын
Даярлап бәрін қояйын
Тілесе нені тамағы
Қырық күн ұдай тойым бар
Әр түрлі қызық ойын бар.
Алты алаштың адамы.
Келмембет қайтты қуанып,
Өткен күнді ұмытып
Жылаған көңіл жұбанып
Әзімбай қалды шығарып
Қырық жігіт жосып жөнеді
Ілгері кейін шұбалып
Шатырдың түсті түбіне,
Оттай беті қызарып,
Сәлем берді патшаға
Төмен қарап мұңайып.
«Келмембет, Қыз
Назымнан не хабар,
Кайттың ба?» — деді тіл алып.
Ноғайлының қызықпадым
Тай-тұяқ, жаңғы, пұлына,
ЬІзғарыма шыдамай
Бәрі де қорқып жүр екен
Көңіліме салған дағыңа
Зиянды асты көшіріп
Түстім әбден сыныма
Көп кейіді Әзімбай
Әлшораз деген ұлына,
Құлағының құнына,
Жұрт иесі Қараман
Риза бол мендей құлыңа.
Мархабат етсең мұныма».
Сүйінші десең Келмембет
Көңіліңді сенің табайын
Өлгеніңше өзіңді
Аяғыңа жығылып,
Дұшпаның болсын ағайын,
Ерегіскен кісіңнің
Етін итке жегізіп,
Сүйегін өртеп жағайын.
Күрзімен ұрып сабайын,
Төтесінен сіңіріп,
Қазықтай жерге қағайын,
Қалаға алып барайын,
Қондырайын оңаша
Алтыннан салып сарайын;
Әр уақыт халіне
Пірәрдар болып барайын
Дүние таппай кысылсаң,
Күніңе киын жарайын»
Қараман қайраттанды
Көңілі тасып
Халден асып
Әскерге топ алдырып
Кеней қойды
Болса нәсіп
Құдай-ай не шараны көрсеттің деп
Әзімбай қапаланды қайғы басып
Осы екен деп
Айырылып ақылынан
Қалды сасып.
Сүйегі жабырқады жаман сасып,
Жіберді тарту қылып тоғыз адам
Қамбарға қайтыңдар деп амандасып
Хабар шашып
Санаулы қырық күн
Ұдай тойым бар деп
Ер Қамбарға сәлемді
Көбіміз бірге туысты
Ағайын кісі өсте ме
Кердіұлы Келмембет
Баламның жолын қуысты
Көптігіне сүйеніп
Бүркіттей жазып шеңгелін
Салмаққа даяр ұрысты
Қайратымыз азбайды
Сүйегін сұлтан қорлай ма
Ойласын батыр бүл істі.
Тастасын басқа жұмысты»
Тоқсан ойлы тобыр мен
Алпыс үйлі арғыны
Қоржынға салып жіберді
Ат басындай алтын мен
Қой басындай күмісті.
Отыр еді ер Қамбар
Салдырып төсек паластан
Қарсыласқан дұшпанға
Қараман ханды білмейді
Қыз Назымға таласқан
Арыстанның көзі кереді
Төңірекке қарасқан
Жан-жағына алаңдап
Кісіге ұсап адасқан
Ұшырады Қамбарға
Жақындағанда намазшам
Қамбар айтты: «Жақсылар
Асығып қайда барасыз?
Ауылға мейман болыңыз
Құс етін жейміз қақтаған,
Бәріңіз аттан түсіңіз
Жарлылығын жасырған
Байымас деген бұрынғы
Жетпейді созсақ қолымыз
Жоқшылықтың жөнінен
Құралайдың терісі
Бар мақтанса табылар
Дүние боқтың қорымыз
Өлімге өзің айдаған
Қас кедей ек зорымыз
Соятұғын қойым жоқ
Айыпқа мені бұйырма
Жәдігер айтты Қамбарға
«Алатаудай айбатың
Ер екенсің айтулы
Қуыпсың жастан салтыңды
Арызымды сізге білдіріп
Ойланып тұрмын қайтуды
Ондағы жатқан халқыңды
Кінәміз болса өтсін деп
Әзімбай беріп жіберді
Ат басындай алтынды
Баламыз еді көрмеген
Тартыңдар деп көлденең
Тоғыз бие тартуды»
Жәдігер тағы сөйлейді:
«Ойда жоқ жерде от қашып
Қызуына шыдамай
Жүрегіміз жарылды
Өртеп кетіп барады
Шарпуы жұртқа тиеді
Өшірмесең жалынды
Хан сүйекті Қамбар жан
Дұшпанға көрсет бір қайрат
Білдіріп елге барыңды
Өкініші кәп болып
Ертерек білдір арынды
Жердің жүзін сел алды
Бөгетті қайдан саласың
Алпыс үйлі арғыны
Ашыққанда жесін деп
Қоржынға салып жіберді
Қой басындай күмісті.
Отыр еді ер Қамбар
Салдырып төсек паластан
Қарсыласқан дұшпанға
Қараман ханды білмейді
Қыз Назымға таласқан
Арыстанның көзі көреді
Төңірекке қарасқан
Жан-жағына алаңдап
Кісіге ұсап адасқан
Ұшырады Қамбарға
Жақындағанда намазшам
Қамбар айтты: «Жақсылар
Асығып қайда барасыз?
Ауылға мейман болыңыз
Құс етін жейміз қақтаған,
Бәріңіз аттан түсіңіз
Жарлылығын жасырған
Байымас деген бұрынғы
Жетпейді созсақ қолымыз
Жоқшылықтың жөнінен
Құралайдың терісі
Бар мақтанса табылар
Дүние боқтың қорымыз
Өлімге өзін айдаған
Қас кедей ек зорымыз
Соятұғын қойым жоқ
Айыпқа мені бұйырма
Жәдігер айтты Қамбарға
«Алатаудай айбатың
Ер екенсің айтулы
Қуыпсың жастан салтыңды
Арызымды сізге білдіріп
Ойланып тұрмын қайтуды
Ондағы жатқан халқыңды
Кінәміз болса өтсін деп
Әзімбай беріп жіберді
Ат басындай алтынды
Баламыз еді көрмеген
Тартыңдар деп көлденең
Тоғыз бие тартуды»
Жәдігер тағы сөйлейді:
«Ойда жоқ жерде от қашып
Қызуына шыдамай
Жүрегіміз жарылды
Өртеп кетіп барады
Шарпуы жұртқа тиеді
Өшірмесең жалынды
Хан сүйекті Қамбар жан
Дұшпанға корсет бір қайрат
Білдіріп елге барыңды
Өкініші коп болып
Ертерек білдір арынды
Жердің жүзін сел алды
Бөгетті қайдан саласың
Токтатып қайтып аласың
Қайратты туған ер едің
Бұған бір айла табарсың
Ақылың асқан данасың
Жұбатасың жыласа
Ноғайлының баласын
Арманда болып қаласың
Жауап берсең қайтамын
Ағайынды жинап алып
Әзімбайға айтамын
Қай шамада барасың?»
Қамбар айтты:
Қылмаңыз көп уайым
Әуелі алла екінші
Жұрт үшін белді буайын,
Асырап қырдан қуайын.
Есен барса жолбарысың,
Сиындырамын дұшпанды
Медет берсе құдайым.
Алты итіне өкпелеп
Жаманның ісін қылмайын.
Тірі боп қайтып шыдайын,
Ибалы жасы иманды,
Ақ сақалды қария.
Ағаларға сәлем де.
Жұлдыздың мініп оңынан
Сәтті күні шығайын.
«Қайсар туған неме екен
Қараман патша қасарды,
Шатырын тігіп шандатып,
Қорқытты біздей нашарды.
Ойланып едік қашарды.
Жақындап жаулар жасанды.
Ноғайлыны шаппаққа
Қалмақтар ішті қасамды
Жайқалып өсіп жасынан
Назым сұлу атанды.
Зәңгінің қолы жетпесін,
Аяққа алтын құюлы
Көбең ет ішіп әкелді
Аз болып туған атадан
Жолынан жүрген адасқан
Көлеңке жерге түспейді,
Жапырақсыз ағаштан.
Қасыма қоңсы жанасқан,
Бармаққа қылдым уағда
Артыма назар салмастан.
Кім бағады өзімдей
Түзге шықсам үйім жоқ,
Пендеге киын, жалғыздық
Бір құдайға жарасқан.
Жал менен құйрық қанаттан,
Бұрынғының нақылы
Нұр жауар деген талаптан.
Бесінші күні жетемін
Тірі қып қойса жаратқан».
Қамбар мырза,
Жәдігер айтып
Кетті болып ырза.
Жасырынып,
Жол жүріп түніменен
Келді мұнда
Көптің көзі,
Баршаға жауап
Берді жалғыз өзі.
Хұп тыңдады,
Қамбардың қандай
Түрлі бар деп сөзі
Деді Қамбар бекке,
Сәлемін де түсіндіріп
Айтты көпке Қабыршақ
Жүр екен төртеуіне қылып өкпе.
Үстінен кем тұтынып басып өтпе
Әлшораз ағайынмен ақылдасып
Сөйлесті ғой
Барлығы шығып шетке.
Жиып бастандырып,
Соймаққа талап
Етті малды қырып.
Бектерімен
Мәжіліс отыр еді
Патша құрып:
Айтатын арызым бар, - деп,
Келмембет сөз
Сөйледі құлдық құрып,
Деген батыры бар
Мереке алдымызда
Болмай тұрып.
Болсаң бұрын танып,
Хабар бер атқа
Мініп өзің барып.
Түрлі батыр екен,
Алдыма кешіктірмей
Келгін алып.
Қылып әмірімді,
Жабырқат жалаңаяқ
Жолға салып,
Мініп жорғасына,
Жөнелді ноғайлының
Жолбарысына.
Аударған дөңгелетіп,
Қамбардың, барды
Жетіп ордасына.
Керді қарап,
Түр еді қара
Атының жалын тарап.
Қайраттанып,
Мысалы мас болғандай
Ішіп арақ.
Өзі қандай түрлі,
Азырақ сөйлесуге қылды талап
Келмембет айтты дауыстап:
Алып кел деп алдыма
Жіберіп еді Қараман
Әзімбайдың үйінде
Көп күндер өтті арадан,
Нәсіп қылып бүл жаққа
Шығып едік қаладан.
Сөйлесіп қатын-баладан
Әңгімеге айланбай
Ат үстінен айт дағы
Бүл сөзді естіп Қамбардың
Қайраты судай тасыды,
Жолбарыстай ыңыранып,
Қаһармен жерді басады
Бөрі өңгерген лақтай.
Шапшаң жүр деп, шырағым,
Кейін қарап қашады.
Дөңгелетіп жорғасын
Бауырлап қамшы басады.
Қайтып барып Келмембет
Кірдім деп Қамбарға,
Келеді деп кешікпей
Өтірік сезді басады.
Шаңқылдап дауысын шығарып
Патша сонда сөйлейді:
«Өзіңменен қосылып
Қарсыласып менімен
Ноғайлы да ел ме еді?
Алдына салып айдамай,
Кеткенің тастап жөн бе еді?
Бұйрығыма бүл күнде
Қай мұсылман көнбейді,
Жарасар ма екен жеңгені.
Келгенше қайтып қатындай
Жігіттің жақсы өлгені.
Көп жауапқа тұтылып,
Келмембет батыр терледі.
«А, Падишам
Көп қылып едім зорлықты,
Жетім менен жесірге.
Әлшораздың қорлығы
Ұшырап едім кесірге.
Тұрады шықпай есімде,
Жайын айтып жалынып
Қалмаған екен бетім де.
Уәде қылып менімен,
Келмембет кетіп
Қамбардың
Жалғыздық түсіп ойына
Өні гүлдей солады.
Баса үстіне киеді.
Жүрмекке даяр болады.
Шекесіне қояды.
Шарапқа әбден тояды.
Бір құдайға тапсырып,
Жұртынан жауап сұрайды.
Тоқсан үйлі тобыр мен
Алпыс үйлі руы
Амандасып жылады.
Бәрі де дұға қылады.
Қара қасқа тұлпары
Қаһарланып ұрады.
Тез де жетіп барады.
Шатырына патшаның
Атының мойнын бұрады.
Ақ найзасын сүйеніп,
Тұмсығын тығып тұлпардың
Есігінде тұрады.
Керейұлы Келмембет
Жүрегі тұрмай орнында
Далаға іштен шығады.
Айтайын деп патшаға,
Шегініп кейін бұғады.
Қамбар бек түсті атынан,
Кіріп келді шатырға
Келмембеттің артынан.
Орын берді қасынан,
Ерегіскен дүшпаннан
Абырой алған жасынан.
Өні суық батырдың
Өзінің қорықты басынан.
Саясат қылып сөйледі
Білдірмей сырын шошыған.
«Өлтірейін деп едім
Кешіксең келмей осыдан»
Қамбар айтты: «Падишам,
Қондырып едім көшіріп»
Пәлен жерден от қашып,
Сөндірдім оны өшіріп.
Шыға алмаймын далаға.
Қара қасқа тұлпарға
Күні-түні тыным жоқ.
Терісі қалды тесіліп.
Қылыш қалды кетіліп.
Сұңқардың ілген қазына
Бір қара құс таласып
Жатыр екен өшігіп.
Онан бері жүріп ем
Құмай тазы қуалап
Алған екен бейнетпен
Қылыпты зорлық есіріп,
Ажыратып соларды
Жолымнан қалдым кешігіп.
Зорлығыңды андатып
Ноғайлының сазында
Сіз де отырсыз шешініп.
Сансыз құлды түнетіп,
Жерімнің жүзін қашырдың,
Берекесін кетіріп,
Шынтақтап мамықты,
Ауылыңды жимайсың
Аяғыңды көсіліп,
Жаманның ісін қылмайық,
Қалаңа қайтып Қараман
Күнәмді менің кешіріп.
«Жіберген ұрып жаушымды
Әлшораз жаман басынды,
Елшіге бейнет бар ма еді
Орынсыз маған асылды.
Қайғы жеп жаным ашынды,
Әлін білмей ноғайлы
Келтірді қанды ашуды.
Назымға тіктім қасымды,
Күйеуі қыздың патша деп
Дауысым жұртқа шашылды.
Ажырайып қарайсың
Жалғызыңнан жабысқыр
Ұрысуға қалайсың,
Бүл сөзді есітіп ер Қамбар
Жүгіріп шықты далаға,
Түлпардың мінді үстіне
Сыйынып Алла тағалаға.
Ұядан жалғыз балаға,
Қойыңдар деп ұрысты
Келмембет түсіп араға
Қалмақтар шық деп жеке де
Қамбарбек ұрып тағара
Қанша айтты Келмембет
Ұрысқа шығып сайланды,
Арманда болып қалмаңдар
Іс қиынға айналды.
Қыздырыңдар майданды,
Қолыңа ал арынды
Ақ сапты болат найзаңды.
Дұшпанға төтеп бере алмай,
Жүрегі қорқып тайғанды.
Көрсетпесең, асығып
Батыр туған, бектерім,
Көремін қашан пайдаңды.
Жасанған жауға тиемін,
Көл бадам атты даярла
Түзетіп ұрып сайманды.
Мықты болсаң жеке кел,
Зорлығыңа батайын
Қасыма таман жақында
Мойныңды жұлып алайын.
Басыңа сауда салайын,
Қайтарайын еліңе қалмақтардың,
Талайын қаратып терісін, бетіңді
Ту сыртыңнан шабайын.
Ерінді отқа жағайын.
Тамағыңнан бауыздап
Көңіліңді сенің табайын.
Қаһарға мініп Қараман
Жын ұрғандай жұлқынды
Әумин деп қалмақтан
Ұрайын деп ұмтылды.
Сүр бүркіттей құйылып
Шыйратасың мұртыңды
Қайда дұшпан көрінсе
Жүрсің беріп сыртыңды.
Қорғама ана қырқынды.
Сұрайын сенің жұртыңды.
Екі батыр соғысты.
Үркермен айдай тоғысты
Әзімбайдың аулынан
Қалмақтар қылған қосынды.
Қарсыласып қылыш шабысты,
Ақ найзасы айқасып
Нар бурадай алысты.
Астындағы Көлбадам
Шеке жата қалысты.
Сол жағынан құлады,
Артындағы әскері
Қолынан беріп намысты.
Аш бөрідей жалақтап
Аралады қосынды,
Ақылынан айрылып
Қалмақтар жаман шошыды.
Қызыл қан ағып жосылды.
Бір пәлеге тосылды,
Ағайын салып Әлшораз
Бүйрегінен қосылды.
Аямады жеткенін Найзаменен піседі,
Әкежан деп қалмақтар
Пенде боп қолға түседі.
Тақиядай ұшады.
Атының жалын құшады.
Қоймайтынға ұқсады.
Көбісін қырып қалмақтың
Қайратты туған ер Қамбар
Шығарды іштен қысаны.
Жойды қанын шашып
Дұшпаны майып
Сыннан қойдай басып
Мысалы дарбадай көңілі тасып.
Үстіне Назым кірді амандасып.
Жаным құрбан,
Көзіме көрінбейді
Сіздей бір жан.
Ойлап едім
Майданның ортасында
Шолан ұрған.
Сұлтан ноғайлыдан,
Құдайдан
Айналайын батыр қылған.
Қамбар бек шаттанып,
Ғашықтық жүрегінде
Отыр жанып. Назымның қудай
Көтеріп бір Дастарқан келді алып.
Жылай-жылай,
Қамбардың күйігінен
Кешіп лай.
Болып душар
Жеткізді мұратына
Барша құдай
Айтқан уәдемен
Әзімбай тойын берді
Қырық күн ұдай.
Көңілі сүйді
Қатарлап қазынаның
Бәрін жыйды.
Уық алтын
Оңаша сегіз қанат
Тікті үйді.
Дұшпанның даладағы іші күйді.
Тартысы болып,
Отырып Мұқыш
Молда неке қиды.
Отауға caп,
Қолына ер Қамбардың
Малы бітті.
Бар неше түрлі,
Қолына лағыл, жақұт
Тақты дүрді.
Қойдай ғып қасқыр қуған
Бөріктіріп дұшпанды ажыраттың
Қамап тұрған кереңдей
Жәннәттегі мысы қорды.
Қыз-келіншек жобаң жүрді.
Асырып өз теңінен
Дәурен сүрді.
Екен хақ тағала,
Қосылып екі
Асыл зат
Ойнап күлді.
Төрт түліктен кәп малды
Әзімбайдың бүл қызы
Ноғайлының болды алды.
Жүз елу берді-ау жамбы.
Жылайды қасиетін
Алты ұлымның
Жұртқа шашып.
Өсірген тәрбиелеп,
Қандай бағып,
Қалды ауыл қараңғы боп
Зарығып күйінбес
Бұған не ғып,
Жайқалып қызғалдақтай
Алтыннан неше түрлі
Қонырау тағып.
Жүзің ошығадай
Назымды Қамбар мырза
Қасына алып.
Жүрсе қор болмайды,
Шексе де жол бейнетін ашып - арып,
Қуантып ағайын мен ата-анасын,
Түсті барып.
Сақтай көр деп.
Міскін ғарып
Айыр лебін жеңді
Қамбар онды-солды,
Бұлардың көңілі толды.
Қайғысы жоқ,
Тілегі баршасының
Қабыл болды.
Өтті Қамбар,
Білімі, ақылы көп
Бұл сөзді андар.
Екінші таңдағандар,
Жетсін мұратына
Барша жандар.
Жетті не асыл зат,
Жаманнан дат
Жақсыдан қалады ат.
Аруағына, Қамбардың болып
Жатсын көңілі шат.
Болды тамам,
Келмейді көп
Айтуға менің шамам.
Нұры болғай
Осынша бейнет,
Бейнет болды тамам.
Пікірлер (0)
Пікір жазу үшін аккаунтқа кіріңіз. Кіру