Мазмұнға өту
Home

Туған күн

Ертай Ашықбаев

Оқылуы: 0%

Жазылымсыз режим: 20-беттен кейін жазылым беті ашылады, әрі қарай әр 10 бет сайын (ең көбі 5 рет).

20 px
1.85
0.30 px
0.95 em

Туған күн

Авторы: Ертай Ашықбаев

ӘОЖ 821.512.122-1 КБЖ 84 (5 Қаз) 7-5 А 97 Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі «Әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару» бағдарламасы бойынша жарық көрді.

АШЫҚБАЕВ ЕРТАЙ ТУҒАН КҮН: Екі томдық шығармалары. 2-том. Өлеңдер/Е.Ашықбаев. –Алматы: “Хантәңірі” баспасы; 2015, –342 б. ISBN 978-601-03-0353-9 Белгілі ақын Ертай Ашықбаевтың алуан тақырыптағы жеңіл де жатық, ойнақы да ойлы өлеңдері, тапқыр көріністік сипаттағы дүниелері, танымдық шуақты шумақтары балалар психологиясын дөп басады. “Жалын” баспасының республикалық жабық конкурсында (1982, 1986, 1991, 1994), халықаралық “Дарабоз” бәйгесінде (2010, 2011, 2012, 2014), республикалық “Балауса” бәйгесінде (2013) жүлде алған өлеңдер топтамалары шырайын кіргізіп тұрған бұл еңбек бөбектер мен мектеп оқушыларына қоса тәрбиешілер мен мұғалімдер, ата-аналар үшін де рухани серік, бағалы бағдаршам десе де болғандай. .

ӘОЖ 821.512.122-1 КБЖ 84 (5 Қаз) 7-5 ISBN 978-601-03-0353-9 © «Хантәңірі», 2015 А-97 © Е.Ашықбаев, 2015

ББК А Ертай АШЫҚБАЕВ. Екі томдық шығармалары. 2-том. «Туған күн». Алматы, -342 бет Белгілі ақын Ертай Ашықбаевтың алуан тақырыптағы жеңіл де жатық, ойнақы да ойлы өлеңдері, тапқыр көріністік сипаттағы дүниелері, танымдық шуақты шумақтары балалар психологиясын тап басады. «Жалын» баспасының республикалық жабық конкурсында (1982, 1986, 1991, 1994), халықаралық «Дарабоз» бәйгесінде (2010, 2011, 2012, 2014), республикалық «Балауса» бәйгесінде (2013) жүлде алған өлеңдер топтамалары шырайын кіргізіп тұрған бұл еңбек бөбектер мен мектеп оқушыларына қоса тәрбиешілер мен мұғалімдер, ата-аналар үшін де рухани серік, бағалы бағдаршам. А—————————— ББК ІSBN ..................... А

І. ТӘТТІ ТАҢ І. ТӘТТІ ТАҢ І. ТӘТТІ ТАҢ І. ТӘТТІ ТАҢ І. ТӘТТІ ТАҢ

Ертай АШЫҚБАЕВ Туған күн МЕНІҢ ҰЙҚЫМ Тыныш дала, үй, бәрі, Мен — алаңсыз күшті ермін. Менің ұйқым — жинағы түрлі-түрлі түстердің. Мәз боламын, күлемін, Жоқ реніш, өкпе де. Желден озып жүремін, Көтерілем көкке де. Сосын жерге қонамын, Кезігеді бар таныс. Қобыланды боламын, Болып жүрем Алпамыс. Сауытымды шешемін, Балпаң-балпаң басамын. Көк теңізді кешемін, Көп таулардан асамын. Қыран болып шүйілем, Торғай болып сайраймын. Түс көремін жиі мен,

ТУҒАН КҮН Өлеңдер, жұмбақтар, жаңылтпаштар, санамақтар, ертегі, тілашар Ертай АШЫҚБАЕВ Жадыраймын, жайнаймын. Гүл боп өсем еркелеп, Күннің нұрын жинаймын. ...Оянар ем ертерек, Түстерімді қимаймын. САҒАТ Жинап жұмсақ қанатын, Кетіп қапты қара түн. Шырт ұйқыны бұзды енді Шырылдауық сағатым. Ерте оянып алатын, О, мазасыз сағатым! Темір тілің тозды ма, Таусылды ма тағатың? Мектебің жоқ баратын, Бестігің жоқ алатын. ...Оянасың неге ерте, О, сағатым, сағатым?! ТАҢ СӘРІ Алтынға боянып, Келіп тұр таң сәрі. Қанша рет оянып, Қалғимыз қанша әлі?! Сәулемен суарып, Келіп тұр таң сәрі. Қанша рет қуанып, Жылаймыз қанша әлі?!

Ертай АШЫҚБАЕВ Туған күн (Түн-ана шаршады, Ай да жоқ көктегі.) ...Үйге кір, таң сәрі, Әйнектен өт бері! ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ «Кел, балалар, оқылық!» — Қайталанар бүгін мың. ...Кереуетте отырып, Иілдім де, бүгілдім. Әдетімше өзімнің Кілтін таптым құлпымның: Керілмедім, созылдым, Сергідім де, сілкіндім. Жалқаулыққа жекірдім, Мен сөзіме берікпін: Қимылдадым, секірдім, Тынысымды кеңіттім. О, жарадым, жарадым, Шынықтырдым денемді. Мектебіме барамын, Сергек болып мен енді. СУ ШҮМЕГІ Сол жақты бұрасам, Жылы су ағады.

ТУҒАН КҮН Өлеңдер, жұмбақтар, жаңылтпаштар, санамақтар, ертегі, тілашар Ертай АШЫҚБАЕВ Оң жақты бұрасам, Суық су ағады. Жылы су ағады, Жаныма жағады. Суық су ағады, Түршігем шамалы. Мен ұлмын қайратты, Елемен мұндайды. Жылы су — жайнатты, Суық су — шыңдайды. АС-ДӘМ Келмесе егер сабақта, Шыбықтай боп майысқың, Мән берген жөн тамаққа. Мен де, міне, шай іштім. Апам айтар әңгіме: «Жақсы бала — тоқ бала». Бәлішім де бар, міне, Жедім аздап ботқа да. Аман жетті асқар таң, Таңды осылай бастадым. Рахмет, дастарқан, Азаймасын ас-дәмің!

Ертай АШЫҚБАЕВ Туған күн ҰҚЫПТЫЛЫҚ ТУРАЛЫ ҰҒЫМ Әдепті істер — үйренерім, Ұят — мінсіз бола алмаған. Түгел менің түймелерім, Үзілмеген, жоғалмаған. Тәте сөзін құрметтеймін, Мен тыңдамай, кім тыңдайды?! Шалбарымды кірлетпеймін, Қалталары жыртылмайды. Салақтарды жақтырмаймын, Ұнатарым — сәнді нұсқа. Шешінгенде лақтырмаймын Көйлегімді әр бұрышқа. Шаң-тозаңды шақырмаймын, Жолатпаймын үйіме мін. Ертеңгісін қапылмаймын, Мұнтаздай боп киінемін. Жұрт салақты жаратпайды. ...Қарағандар маған мына, Мектебімді мадақтайды, Мадақтайды анамды да. ӘЙБАТ ӘДЕТ Ретім жоқ «Қап!» дер менің, Білім оты — тұтатқаным.

ТУҒАН КҮН Өлеңдер, жұмбақтар, жаңылтпаштар, санамақтар, ертегі, тілашар Ертай АШЫҚБАЕВ Жиналыңдар, дәптерлерім, Жиналыңдар, кітаптарым. Істерім бар талаптанған, Қалай болмақ үлгерімім? Баға әкелем сабақтардан, Қалып қойма, күнделігім. Әдетінен жаңылмасын, Дайын тұрсын автоқалам. Қалып қойма, қарындашым, ...Өкпелерің жоқ па маған? Осы әдеттен жаңылмайық, Түгелденіп аттанайық. Бірге алғыс қабылдайық, Ылғи бірге шаттанайық. ЕСІК АЛДЫ Шықтым есік алдына, Ойға қиял толып бір. Желкілдеп тұр тал мына, Гүлге сәуле қонып тұр. Көріп тұрсыз, міне, сіз, Бұл есікке жоқ тыным. Өзіңіз де білесіз — Тұрғындардың көптігін.

Ертай АШЫҚБАЕВ Туған күн Сәлем бердім тосылмай — Шықты, міне, көрші ағай. Болсақ біз де осындай, Тез ересек болсақ-ай! Кім мұнымды «қате» дер?! Досым, жылдам өте бер. Іркілмесін тәтелер, Бөгелмесін көкелер. Таңғы тірлік осы енді, Бәрі кетті асығып. Жолдарына төселді Күн шуағы шашылып. Құстар көкте тербелді, Неге мен сырт қалайын? ...Асығайын мен де енді, Мектебіме барайын. ТУҒАН КҮН Өлеңдер, жұмбақтар, жаңылтпаштар, санамақтар, ертегі, тілашар Ертай АШЫҚБАЕВ ІІ. ҮЙ МЕН МЕКТЕП ІІ. ҮЙ МЕН МЕКТЕП ІІ. ҮЙ МЕН МЕКТЕП ІІ. ҮЙ МЕН МЕКТЕП ІІ. ҮЙ МЕН МЕКТЕП АРАСЫ АРАСЫ АРАСЫ АРАСЫ АРАСЫ

Ертай АШЫҚБАЕВ Туған күн ЖОЛДА Жадырап тұр ТАҢ қандай, Ұйқысы да қанғандай. Алуан гүлдер жайнайды — Мың бояуға малғандай. Көтерілген КҮН қандай, Бағыт сілтеп тұрғандай. Басымыздан сипайды — Жалындырмай, бұлданбай. Арықтағы ШӨП қандай, Аттап өттім тоқталмай. Тамсанады төңірек, Ән салады көп торғай. Ән салады сізге арнай, Дауыстарын қызғанбай. ...Әңгімемнің түйіні — Бақыттымыз БІЗ қандай! МАҚТАНЫШ Жұрт таңертең жұмысқа аттанады, Барған соң шаттанады, МАҚТАНАДЫ.

ТУҒАН КҮН Өлеңдер, жұмбақтар, жаңылтпаштар, санамақтар, ертегі, тілашар Ертай АШЫҚБАЕВ Себептер бар, әрине, МАҚТАНАТЫН, Дәрігер киіп алар ақ халатын. Сатушы кәмпиттерін тізбелейді, «Ең тәттісін берейін сізге», — дейді. Сантехник МАҚТАЙДЫ кілт, құралын, Шүберекпен тазалап сүртті бәрін. Саудагерлер МАҚТАЙДЫ өріктерін, Шоферлар әспеттейді көліктерін. Терек, қайың МАҚТАЙДЫ бұтақтарын, ...Мен сендерді МАҚТАЙМЫН, кітаптарым! ІНІГЕ ҮЙРЕТКЕН ІЛІМ Жүгірдің қуып құрбыны, Секірдің, күлдің, шалқыдың. Тек есте сақта, біл мұны — КӨШЕДЕ ЖҮРУ ТӘРТІБІН. Анамыз байыз таппайды: «Байқап жүр, сақ бол, жарқыным!»

Ертай АШЫҚБАЕВ Туған күн Әрине, ұстаз мақтайды — Бұзбасаң КӨШЕ ТӘРТІБІН. Жүрмесін көкем көп кейіп, Сұрап ал менен, білмесең. Өтпейтін тұстан өтпейік, Жүрмейтін тұста жүрме, сен! Теректен асып мәуелі, Келсе де көкте қалқығың, Пысықтап алшы әуелі — КӨШЕДЕ ЖҮРУ ТӘРТІБІН. Түйіні мынау талқының, Айтайын. Мейлі, өкпеле: Бұзғандар КӨШЕ ТӘРТІБІН, Бұзады тәртіп көкте де. АВТОБУСТАР Тастап шықтық жатын бөлме, ас үйді, Енді бізді АВТОБУСТАР тасиды. АВТОБУСТАР мектеп жаққа беттейді, Ешкімді де жолға тастап кетпейді. Маршрутты күндегіше жалғайды, АВТОБУСТАР кенет сөніп қалмайды.

ТУҒАН КҮН Өлеңдер, жұмбақтар, жаңылтпаштар, санамақтар, ертегі, тілашар Ертай АШЫҚБАЕВ Қозғалады уақыттан кешікпей, Тербетеді көп адамдық бесіктей. Тербетеді, содан басқа не істесін, Сұрамайды көбейтулер кестесін. Талдатпайды сөйлемдерді құрмалас, АВТОБУСТАР қызметін бұлдамас. Ал... мектеп пе?.. жақын қалды... жақын-ақ... Біздер кеше тек доп қуған ақымақ. Ешбір бала шаттанбайды, күлмейді. Неге бұлай?.. ...АВТОБУСТАР білмейді. ҚАРСЫЛЫҚТЫ ЖАЛҒАУЛЫҚТАР Дірдектеме, тоңба да, Аяз түскен жоқ әлі. Қыс келген жоқ, СОНДА ДА, Салқын самал соғады. Көше толы арайға, Күн күлімдеп қарады. Мұз қатқан жоқ,

Ертай АШЫҚБАЕВ Туған күн АЛАЙДА, Құстар қайтып барады. Ұнат, мейлі, ұнатпа, Санап басам әр ізді. Мектеп — алыс, БІРАҚ ТА, Жақын қалған тәрізді. Сүйреп ынта, талап та, Әр кітапты қолға ала, Дайындалдым сабаққа, ...Қобалжимын, СОНДА ДА... ТАНЫС ТОРҒАЙ ҰШЫП-ҚОНЫП, торғайым, Кезігесің күн сайын. Қалай алаң болмайын, Сені қайда жұмсайын? Қалықтайсың аспанда, Отырасың ағашта. Біз дақыл жем шашқанда, Кірісесің таласқа. Бәлкім, қыста тоңасың,

ТУҒАН КҮН Өлеңдер, жұмбақтар, жаңылтпаштар, санамақтар, ертегі, тілашар Ертай АШЫҚБАЕВ Кім аязды тұсасын? ҰШАСЫҢ ДА, ҚОНАСЫҢ, ҚОНАСЫҢ ДА, ҰШАСЫҢ. Мамық жүнің — шекпенің Үрпі-түрпі, досым-ай. ...Болмаған соң мектебің Жүресің бе осылай? БАҒАЛАР ТУРАЛЫ ҚИЯЛ Ұшқыр қиял ізделік, Ал, айтайын, балалар: Келе жатыр бізге еріп, Күнделікті бағалар. Әр балаға соқтығып, Ұшып-қонып, секіріп, Көп жүгіріп, көп күліп, Келе жатыр ЕКІЛІК. Келе жатыр ҮШТІК те, Желігуден шаршамай. Бұдан мықты іс күтпе, Ренжіді қанша ағай. Нығыз қағып шегені,

Ертай АШЫҚБАЕВ Туған күн Деп: «Еркелік, басынба!» Әне, БЕСТІК келеді, ТӨРТТІКТЕР бар қасында. Кірмек болып мектепке, Келе жатыр бағалар. «Біз — мықтымыз!» — деп текке, Мақтанбаңдар, балалар. Жиналыңдар шашылмай, Ойларыңды байқайын. Ешкімнен де жасырмай, Қиялымды айтайын. ...«ЕКІЛІКТЕР кешікті», — Деп кезекші жекіріп, Жауып алса есікті, Кетіп қалса ЕКІЛІК. «Жұртты тыныш жүргізбей, Көрсетеді күш тіпті», — Деп есіктен кіргізбей, Кері итерсе ҮШТІКТІ. Тек БЕС пен ТӨРТ... және біз — Жүрсек әр күн... әр айда...

ТУҒАН КҮН Өлеңдер, жұмбақтар, жаңылтпаштар, санамақтар, ертегі, тілашар Ертай АШЫҚБАЕВ ...Ғажап — қиял-дәмеміз, Орындалмас, алайда... ЖАПЫРАҚТАР ТУРАЛЫ ЖЫР Қараңдаршы анықтап: ЖАПЫРАҚТАР ТҮСІП ЖАТЫР... қалықтап... Бұйрық беріп күз-ұлық, ЖАПЫРАҚТАР ТҮСІП ЖАТЫР... үзіліп... Жел де соғып шалғайдан, ЖАПЫРАҚТАР ТҮСІП ЖАТЫР... сарғайған... Күрт түнеріп мұңды аспан, ЖАПЫРАҚТАР ТҮСІП ЖАТЫР... тынбастан... Қашып кетті нұрлы арай, ЖАПЫРАҚТАР ТҮСІП ЖАТЫР, бұл қалай?.. Шаттанбай тұр қаламыз, ЖАПЫРАҚТАР ТҮСІП ЖАТЫР, қараңыз... Мойындайық енді біз, ЖАПЫРАҚТАР ТҮСІП ЖАТЫР, келді күз...

Ертай АШЫҚБАЕВ Туған күн ...Қала, сізден кетіп қалғым келеді, ЖАПЫРАҚТАР ТҮСІП ЖАТЫР, себебі... ТУҒАН КҮН Өлеңдер, жұмбақтар, жаңылтпаштар, санамақтар, ертегі, тілашар Ертай АШЫҚБАЕВ ІІІ. САБАҚТАР МЕН ІІІ. САБАҚТАР МЕН ІІІ. САБАҚТАР МЕН ІІІ. САБАҚТАР МЕН ІІІ. САБАҚТАР МЕН САУАЛДАР САУАЛДАР САУАЛДАР САУАЛДАР САУАЛДАР

Ертай АШЫҚБАЕВ Туған күн ҚАЛЫПТАСҚАН ЗАҢДЫЛЫҚТАР Қалыптасқан заңдылықты сақтаңыз: Автоқалам, портфельдерде жатпаңыз, Бор, келіңіз, ілулі тұр тақтаңыз. Қалыптасқан заңдылықтан таймаңыз: Күнделіктер, бестік толып жайнаңыз, Тапсырмалар, жатталыңыз, сайраңыз. Қалыптасқан заңдылықтан қашпаңыз: Кітап, ылғи тың тақырып бастаңыз, Дәптер, үтір, нүктелерді шашпаңыз. Қалыптасқан заңдылыққа сеніңіз: Мұғалімдер, күлімсіреп келіңіз, Оқушылар, дұрыс жауап беріңіз. Қалыптасқан заңдылықты сақтаңыз: Көңілді боп өте шығар аптаңыз!

ТУҒАН КҮН Өлеңдер, жұмбақтар, жаңылтпаштар, санамақтар, ертегі, тілашар Ертай АШЫҚБАЕВ БАЙЛЫҚ Аспан, жұлдызың бар, Өзен, құндызың бар. Ағаш, бұтағың бар, Автор, кітабың бар. Балық, қабыршағың бар, Қазан, бауырсағың бар. Мұхит, теңізің бар, Сыңар, егізің бар. Жылқышы, құрықтасың бар, ...Менің — сыныптасым бар! ЕКІНШІ ҮЙ Екінші үйім — сынып деген, Міне, тағы кіріп келем. Апайыма бас шұлғимын — Жақсы оқуға үгіттеген. Екінші үйім — сынып деген,

Ертай АШЫҚБАЕВ Туған күн Кейде кештеу кіріп келем. Сылтауымды айтып тұрам, Сөйлемдері бірікпеген. Екінші үйім — сынып деген, Қарайды жұрт үмітпенен. ...Қандай жақсы қай кезде де — Сыныбыңнан үрікпеген! САБАҚ ҮСТІНДЕ Көше шуға бөленді, Алыстық та жұлыстық. ...Ұмыт мүлде оны енді, Сабақ деген — тыныштық. Ойын жылдам тарай ма? Сайрандадық шалқып бір. ...Ұмыт оны алайда, Сабақ деген — тәртіп бұл. Алысқандар тоңбайды, Қар шаштың ба, өзің біл. ...Ұмыт енді ондайды, Сабақ деген — төзім бұл. Үлгілі сөз — үлесің, Таңдайтының — талапты ой. Мен айтпай-ақ білесің: Сабақ деген — сабақ қой.

ТУҒАН КҮН Өлеңдер, жұмбақтар, жаңылтпаштар, санамақтар, ертегі, тілашар Ертай АШЫҚБАЕВ ДИКТАНТ. ДОСТЫҚ КӨМЕК Неге бекер сенделгем, Бос жүгіріп, ағып тер? Бұдан былай, сендермен Дос болайын, әріптер! Озық білім-кемемді Көрсін үміт күткен ел. Дос болайын мен енді Өздеріңмен, нүктелер! Қалам алсақ, қараңыз, Жүрек тағы лүпілдер. Айырылмастай арамыз Дос болайық, үтірлер! Келіңдер, дос болыңдар, Шеттетпейміз, сеніңдер. ...Ал, дәптерге қоныңдар, Достық көмек беріңдер! ЕСЕП Есеп деген сиқыр ма — Ұмытасың досыңды. Үңілесің цифрға, Дайын, міне, қосынды.

Ертай АШЫҚБАЕВ Туған күн Мыңдықтан не жүздіктен Ондықтарды аласың. Түбір санды біз күткен Түңілсең де, табасың. Қанша сауал, қанша сан — Көбейтесің, бөлесің. Демалып ал, шаршасаң, Болмайды ешкім бөгесін. ...Ал, демалдық, күтіңдер, Біз — болашақ үздіктер: Бөлшектенер бүтіндер, Мыңдық болар жүздіктер. Ережемен қазіргі Орнатамыз тәртіпті — Көбейтеміз азыңды, Шегереміз артықты, Бөлектейміз қалдықты. ...Мейлі, қалай десек те: Ұнатады дәлдікті — Өкпелеме есепке! АҢСАУ Бастаған жоқпыз ұрыс түк, Қапылдырған жоқ қызық іс. Отырмыз сақтап тыныштық, Болған жоқ әлі үзіліс.

ТУҒАН КҮН Өлеңдер, жұмбақтар, жаңылтпаштар, санамақтар, ертегі, тілашар Ертай АШЫҚБАЕВ Қараңыз, сайран салмадық — Жүгіріп төмен, жоғары. Қайтесіз бұған таң қалып, Үзіліс болған жоқ әлі. Әдепті, міне, әр бала, Бүп-бүтін кітап, құралы. Тиіскен жоқпыз талға да, Үзіліс болмай тұр әлі. Тіліміз қайдан сайрасын? Мазаламадық есікті. ...Қоңырау үні, қайдасың, Үзіліс неге кешікті? ӨКІНІШ Тыңдамадым, (өкіндім), Апам: «Ерте жат», — десе. Қалғып-шұлғып отырмын, «Ұйықтасамшы, қап, кеше!..» Кеттім ойнап, секіріп, Апам: «Үйге жет», — десе.

Ертай АШЫҚБАЕВ Туған күн Алған бағам — екілік, «Оқысамшы, еһ, кеше!..» Мен көжек боп бұғамын, Сөз ызғар боп еседі. Еске салды мұғалім Уәдемді кешегі. Бүлініпті жоспарым, Не істемедім мен кеше?! ...Бүгін ойла, достарым, Ертеңіңді ендеше. ЕСТИЯР САНАМАҚ Бағалар бар БІР деген — Суық желдей соғып тұрған іргеден. Қасында тұр ЕКІЛІК, Анда-санда абыройды кетіріп. Бағалар бар ҮШ деген — Әлжуаздай берген асты ішпеген. Бағалар бар ТӨРТ деген, Тынығып ап, одан әрі жорт, кемем! Бағалар бар БЕС деген, Тоқта. Артық керек емес ештеңең! ӘУЕНДЕР Мен әрнеге құштармын, Келген кезде мына таң:

ТУҒАН КҮН Өлеңдер, жұмбақтар, жаңылтпаштар, санамақтар, ертегі, тілашар Ертай АШЫҚБАЕВ Ауладағы құстардың Әуендерін ұнатам. Күй тартады жан атам, Қандай ғажап, құлақ түр. Шиқ-шиқ етті балапан, Ол да маған ұнап тұр. Дауыл-шудан қашпаймын, Сүйем қамыс ызыңын. Қалай үзіп тастаймын Әуендердің тізімін? Сонда да... мен алаңдар Қымбат дауыс әуелі — Үзілісті хабарлар Қоңыраудың әуені. СЫНЫПТАСЫМНЫҢ ИНТЕРНЕТ ТУРАЛЫ ТҮЙІНДЕМЕСІ Интернетке кіремін, О, аралап жүремін. Мейлі, белім ауырсын, Солсын, мейлі, реңім. Мұндай қызық сәттерде Жан серігім — тақ перне. Ұстамаймын КІТАПТЫ, Керек емес ДӘПТЕР де.

Ертай АШЫҚБАЕВ Туған күн Көрмедің-ау, қап, құрбым, О, не деген тапқырмын Жоламадым ҚАЛАМҒА, ҚАРЫНДАШТЫ лақтырдым. Әйнек-бетті ақтарам, Әр қиырға аттанам. Шығармаймын ЕСЕПТІ, ЕРЕЖЕНІ жаттаман. Тайваньға да барамын, Сайгонға да барамын. Данияға барамын, Әр ұяға барамын. Конгоға да барамын, Тонгаға да барамын. Чехияға барамын, Шет ұяға барамын. Екпінім бар сұрапыл, Айтар маған кім ақыл?! Мазалама, ХИМИЯ, ҚАЗАҚ ТІЛІ, тұра тұр! Сабақты да қоямын, Тамақты да қоямын. СӨЗ-СУСЫНДЫ ішемін, СУРЕТ-НАНҒА тоямын. Интернетте жүремін, Қызық өмір сүремін. Көзім, мейлі, шаршасын,

ТУҒАН КҮН Өлеңдер, жұмбақтар, жаңылтпаштар, санамақтар, ертегі, тілашар Ертай АШЫҚБАЕВ Мейлі, ауырсын жүрегім. Тыңдамаймын анамды, Тыңдамаймын ағамды. ТӘРТІБІМДЕ ісім жоқ, Түзетпеймін БАҒАМДЫ. Барлығыңды таң қылып, Жүре берем қаңғырып. ...Уақытым жоқ, Қоштасып Қоюға да мәңгілік. МЕНІҢ ҚАЗЫНАМ Достарым бар, Ылғи көмек береді. Жоспарым бар, Орындалып келеді. Әзірлейді тамағымды — Апам бар. Жадыратар қабағымды — Атам бар. Күрегім бар, Көшеттерді түптедім. Жүрегім бар, Жақсы хабар — күткенім. Ағаш-талы жайқалатын Бағым бар. «Мә-мә-мә» деп айта алатын Лағым бар.

Ертай АШЫҚБАЕВ Туған күн Құлыным бар, Құлдырасын, жайнасын. Білімім бар, Көрсін елім пайдасын! СОҢҒЫ ҚОҢЫРАУ. КҮТКЕН КҮН Бүгінгі күн — күткен КҮН, Төрт тоқсан да біткен КҮН. Партамызды сүртпес КҮН, Глобусты түртпес КҮН. Тәтті ұйқыға батқан КҮН, Лифт тыным тапқан КҮН. Үйде жалғыз қалған КҮН, Қолға түскен арман КҮН. Ережеден азат КҮН, Ғаламдағы ғажап КҮН. Қолға кітап алмас КҮН, Үйірмеге бармас КҮН. Саябақта жүрер КҮН, Шаттанар КҮН, күлер КҮН. Әр қызыққа тоқтар КҮН, Сыпайы КҮН, сотқар КҮН. Жалғасы бар аңыз КҮН, Маусым, шілде, тамыз КҮН. Үш айдан соң кетер КҮН, Қыркүйек те жетер КҮН.

ТУҒАН КҮН Өлеңдер, жұмбақтар, жаңылтпаштар, санамақтар, ертегі, тілашар Ертай АШЫҚБАЕВ ІV ІVІV ІVІV. ЫСТЫҚ . ЫСТЫҚ . ЫСТЫҚ . ЫСТЫҚ . ЫСТЫҚ ШАҺАР ШАҺАР ШАҺАР ШАҺАР ШАҺАР

Ертай АШЫҚБАЕВ Туған күн ТАҢ Аспан нұрға боянады, Көшелер де көріктенді. БІЗДІҢ ҚАЛА ОЯНАДЫ, Оятады көліктерді. Бау-бақ бейне той алаңы, Шашты сәуле ұшқындарын. БІЗДІҢ ҚАЛА ОЯНАДЫ, Оятады құстың бәрін. Кептер жемге тояды әлі, Қиқым-дәмді ептеп терді. БІЗДІҢ ҚАЛА ОЯНАДЫ, Оятады мектептерді. Келді, міне, Күз бұлдана, Жапырақтар желбіреді. ОЯНЫПТЫ БІЗДІҢ ҚАЛА, Оятып тұр енді мені. МЕН ҚАЛАДА ТҰРАМЫН Жүгірмеймін өзенге, Жоқ меншікті бұлағым. Қайтем енді, төзем де, МЕН ҚАЛАДА ТҰРАМЫН.

ТУҒАН КҮН Өлеңдер, жұмбақтар, жаңылтпаштар, санамақтар, ертегі, тілашар Ертай АШЫҚБАЕВ МЕН ҚАЛАДА ТҰРАМЫН, Тұрмыс салтым аян-ақ: Құдық — шүмек-краным, Ал, жайлауым — саябақ. МЕН ҚАЛАДА ТҰРАМЫН, Өте басқа өрнегім: Гүлзар — жасыл құрағым, Субұрқақтар — көлдерім. Бүркіт ұстап, ат мініп, Келер жұртқа ұнағым — Жеткізбей жүр тәтті үміт. МЕН ҚАЛАДА ТҰРАМЫН. Көкелерге шағынам, Ертіп кетсін — сұрарым. Іздей қалса — табылам: МЕН ҚАЛАДА ТҰРАМЫН. ТОҒЫЗЫНШЫ ҚАБАТ Мен, мінеки, тұрамын ТОҒЫЗЫНШЫ ҚАБАТТА.

Ертай АШЫҚБАЕВ Туған күн Дайын кітап-құралым, Әзірмін мен сабаққа. ТОҒЫЗЫНШЫ ҚАБАТҚА Құстар жиі келеді. Қонған сәуле қанатқа Сүйкімді нұр себеді. Бізді Күн де сүйеді Қосып сирек санатқа. Бұлттар да бас иеді ТОҒЫЗЫНШЫ ҚАБАТҚА. Күз келгенде алапқа, «Қалдық, — деп, — біз жалаңаш», ТОҒЫЗЫНШЫ ҚАБАТҚА Қол созады тал, ағаш. Менен шалғай тарапта — Айқай-көше, шу-алаң. ТОҒЫЗЫНШЫ ҚАБАТТА Тұрамын мен. Қуанам. ЛИФТ Шығар кезде далаға да, Күштімін мен күштіңнен де. Көкте жүрдім жаңа ғана, Қас қаққанша түстім жерге. Тастадым да, аспан жақты, Асфальт бетін тұрақтадым.

ТУҒАН КҮН Өлеңдер, жұмбақтар, жаңылтпаштар, санамақтар, ертегі, тілашар Ертай АШЫҚБАЕВ Он әлде жүз баспалдақты Қас қаққанша бір аттадым. Сөзіме, беу, күлдің, інім, Күлме, ұғын аға сырын: БИІК ҮЙДІҢ тұрғынымын, БИІК ЕЛДІҢ баласымын. БІЗДІҢ ПОДЪЕЗД Көктен сәуле шашылады, «Ояныңдар!» — Таң ұраны. ҚЫРЫҚ ЕСІК ашылады, ҚЫРЫҚ ЕСІК жабылады. Біздің ұя — жылы бесік, Малынып тұр нұрға мына. Бір оқулық — ҚЫРЫҚ ЕСІК, ҚЫРЫҚ ЕСІК — бір мағына. Біздің ұя — жылы бесік, Сыршыл ағыс, жыршыл арна. Бір тақырып — ҚЫРЫҚ ЕСІК,

Ертай АШЫҚБАЕВ Туған күн ҚЫРЫҚ ЕСІК — бір шығарма. Келді, міне, таң самалы, Іңір келер, жаңылмайды — ҚЫРЫҚ ЕСІК қарсы алады, ҚЫРЫҚ ЕСІК қабылдайды. Жүрсін бізге Күн ілесіп, Саябаққа самал қонсын. ...Күтсін бізді ҚЫРЫҚ ЕСІК, ҚЫРЫҚ ЕСІК аман болсын! ҚҰСТАР Балалар жүр бұлтарып, Ешкім дән-жем шашпайды. Биік үйлер қымтанып, Есіктерін ашпайды. РЕНЖІП ҚАП ҚАЛАМЫЗДЫҢ ҚҰСТАРЫ — ЖҮРГЕН ЖОҚ ПА АУЫЛ ЖАҚҚА ҰШҚАЛЫ? Қандай берік жер-тегеш, Асфальт қалай тозбайды? Көше кезіп ерте-кеш, Көлік біткен боздайды. ӘБДЕН ШАРШАП ҚАЛАМЫЗДЫҢ ҚҰСТАРЫ — ЖҮРГЕН ЖОҚ ПА АУЫЛ ЖАҚҚА ҰШҚАЛЫ?

ТУҒАН КҮН Өлеңдер, жұмбақтар, жаңылтпаштар, санамақтар, ертегі, тілашар Ертай АШЫҚБАЕВ Қала тыным таппайды, Еш тәртіпке көнбейді. Кім тыныштық сақтайды, Шамдар неге сөнбейді? ҰЙЫҚТАЙ АЛМАЙ ҚАЛАМЫЗДЫҢ ҚҰСТАРЫ — ЖҮРГЕН ЖОҚ ПА АУЫЛ ЖАҚҚА ҰШҚАЛЫ? ЕТІСТІК. КӨКТЕМДЕГІ МАҚСАТТЫ КЕЛЕР ШАҚ Көктем шашу дайындап — Шаһар қайта боянбақ. ...Шөп-кілемдер ЖАЙЫЛМАҚ, Субұрқақтар ОЯНБАҚ. Үйлер ән-күй тұр тыңдап, Самал жел жүр аймалап. ...Әткеншектер ЖҰЛҚЫНБАҚ, Сансыз құстар САЙРАМАҚ. Бүршіктерге нұр сіңбек, Болмақ шаһар гүл-аймақ. ...Тек аққала КҮРСІНБЕК, Тек мұзайдын МҰҢАЙМАҚ. КҮН МЕН ТҮН Торғайлар ән салады, Бұлт әзір тарамайды. ...Келеді таң самалы — ҚАЛАНЫ АРАЛАЙДЫ.

Ертай АШЫҚБАЕВ Туған күн Тал, шыбық тербеледі, Жұтады нәр-арайды. ...Түс ауды. Жел келеді — ҚАЛАНЫ АРАЛАЙДЫ. ...Кеш. Дабыр шектеледі, Үйді ұйқы жағалайды. Сап-салқын леп келеді — ҚАЛАНЫ АРАЛАЙДЫ. Су суып, айдын мұздар, Қымтанар қарағай да. ...Келеді Ай, Жұлдыздар. ...(ҚАЛАНЫ АРАЛАЙ МА?) САУДА ОРТАЛЫҒЫ Ретің жоқ қайран қалар, Таңданбаймыз біз де мүлде: Қалайсың ба — АЙРАН да бар. ҚАЙМАҚ та бар — іздедің бе?! ІРІМШІК бар. Міне, СҮЗБЕ. Тұрар бәрі қораптарда. Бәрі тәтті, білесіз бе? Ұсыныңыз қонақтарға. СҮТ ішпесек өсеміз бе? Сіміремін — жайраң қағам.

ТУҒАН КҮН Өлеңдер, жұмбақтар, жаңылтпаштар, санамақтар, ертегі, тілашар Ертай АШЫҚБАЕВ ...Тек СИЫР жоқ көшемізде, БҰЗАУ да жоқ тайраңдаған. ЫСТЫҚ ШАҺАР Еш қыдырғым келмейді, Не істеген жөн, не істеген?.. ЫСТЫҚ асфальт терлейді, ЫСТЫҚ құмнан сескенем. ЫСТЫҚ гүлге қарадым — ЫСТЫҚ жұпар аңқиды. Төбесінде қаланың ЫСТЫҚ бұлттар қалқиды. Ұшты, міне, торғай да Қағып ЫСТЫҚ қанатын. Көлеңке жоқ. Ол қайда? Теңіз жоқ біз баратын. Көндік ЫСТЫҚ арайға, Жоқ басқа леп, өзге дем. ...Үйлер маған қарай ма, ЫСТЫҚ әйнек-көзбенен? ӨКІНІШ КӨРМЕЙМІЗ: Күннің қалай қырдан асып батқанын, Өз енесін бұзау қалай тапқанын.

Ертай АШЫҚБАЕВ Туған күн КӨРМЕЙМІЗ: Көлдің суы тірелгенін жағаға, Қалай балық аулайтынын шағала. КӨРМЕЙМІЗ: Балапанын қаздар қалай қорғайды, Біз көретін мүмкіндік жоқ ондайды. КӨРМЕЙМІЗ. Көрмейміз ғой көп қызықты мына біз. Себебі ме? Біз қалада тұрамыз. ТУҒАН КҮН Өлеңдер, жұмбақтар, жаңылтпаштар, санамақтар, ертегі, тілашар Ертай АШЫҚБАЕВ VVVVV. УАҚЫТ . УАҚЫТ . УАҚЫТ . УАҚЫТ . УАҚЫТ

Ертай АШЫҚБАЕВ Туған күн СЕКУНД Бір СЕКУНД — кірпікті қаққаным, Бір СЕКУНД — бір адым аттадым, Найзағай жарқ етті — бір СЕКУНД. ...СЕКУНД не? Есімде сақтадым. Сырт етті есігі қақпаның, Жылт етті сіріңкем-шақпағым — Бір СЕКУНД бәрінің үлесі. ...СЕКУНД не? Есімде сақтадым. МИНУТ Алпыс рет сырт-сырт етті сағатым, Алпыс рет қақты құстар қанатын, Тоқтады ағам алпыс қадам жүрді де — Алпыс секунд бір МИНУТ боп тұр, міне. САҒАТ Жаңбыр жауды. Тамшы тырс-тырс тамады, тамады, тамады, тамады... Минуттарым уақытты тұр санап: Алпыс минут — бір САҒАТ.

ТУҒАН КҮН Өлеңдер, жұмбақтар, жаңылтпаштар, санамақтар, ертегі, тілашар Ертай АШЫҚБАЕВ Түн. Жұлдыздар жарқ-жұрқ етіп ағады, ағады, ағады, ағады... Минуттарым уақытты тұр санап: Алпыс минут — бір САҒАТ. Бағдаршамдар үзіліссіз жанады, жанады, жанады, жанады... Минуттарым уақытты тұр санап: Алпыс минут — бір САҒАТ. Алпыс минут — бір САҒАТ, бір САҒАТ, бір САҒАТ, бір САҒАТ... Маған өте түсінікті бұл сабақ. ТӘУЛІК Таң атады, Таң атады, Алтын сәуле таратады. Қырат-қырлар түрленеді, Сосын Түс, Кеш, Түн келеді. Түн кетеді, Таң келеді, Дала тағы сәнденеді.

Ертай АШЫҚБАЕВ Туған күн Жиырма төрт сағат таусылды — Барлап тұр ТӘУЛІК тау-шыңды. АПТА Біздің ақ лақ ерке бала секілді, ДҮЙСЕНБІДЕ тастан тасқа секірді. СЕЙСЕНБІДЕ қуды тауық, үйректі, СӘРСЕНБІДЕ көген жіпті сүйретті. БЕЙСЕНБІДЕ күні бойы ақсады, ЖҰМА күні кезіп жүрді бақшаны. СЕНБІ күні гүл-шашақты жеп алды, ЖЕКСЕНБІДЕ шаршады да демалды. Осылайша өте шықты бір АПТА, Лағым — осы, ұнат, мейлі, ұнатпа. АЙ Мен бақшамды баптадым, Ешбір тыным таппадым. Иә, таппадым еш тыным, Өтті... БІР күн... БЕС күнім... Шын көмекші болды інім, Өтті... ТОҒЫЗ... ОН күнім... Жалқаулыққа көнбеспін, Өтті... ОН ҮШ... ОН БЕС күн... Жоғалтпадым күректі, ЖИЫРМА күнім зыр етті.

ТУҒАН КҮН Өлеңдер, жұмбақтар, жаңылтпаштар, санамақтар, ертегі, тілашар Ертай АШЫҚБАЕВ Тастамадым кетпенді, ЖИЫРМА БЕС күн өтті енді. Жалықпадым, о, тіпті, ОТЫЗ БІР күн өтіпті. Сөйтіп тура АЙ болды, Осындай бір жай болды. ЖЫЛ Оян ерте. Оян, мейлі, кешірек, Қарсы алды Күн 365 рет. 365 рет Таң тамсанды, «Мен келдім», — деп, ЖЫЛ, мінеки, жар салды. Ұмытпаймын мүлде мен, Есте сен де сақта: Санап көрсең, ЖЫЛ деген — 52 апта. ЖЕЛТОҚСАН мен ҚАҢТАР, АҚПАН. Қыс — бұлар, Қар қалыңдап, тентек боран ысқырар. НАУРЫЗ, СӘУІР және МАМЫР. Көктем — бұл, Жер — көкпеңбек. Аспан анау төккен нұр. МАУСЫМ, ШІЛДЕ және ТАМЫЗ. Жаз — бұлар, Қарбыз беріп, қауын беріп мәз қылар.

Ертай АШЫҚБАЕВ Туған күн ҚЫРКҮЙЕК пен ҚАЗАН және ҚАРАША, Күз осы ғой. Құс ән салар тамаша. ОН ЕКІ АЙ ма? Осылайша қосылып, Бұлар енді ЖЫЛ болады. Осыны ұқ! ТУҒАН КҮН Өлеңдер, жұмбақтар, жаңылтпаштар, санамақтар, ертегі, тілашар Ертай АШЫҚБАЕВ VІ. МЕНІҢ VІ. МЕНІҢ VІ. МЕНІҢ VІ. МЕНІҢ VІ. МЕНІҢ ТӘУЛІГІМ ТӘУЛІГІМ ТӘУЛІГІМ ТӘУЛІГІМ ТӘУЛІГІМ

Ертай АШЫҚБАЕВ Туған күн 07.00 Нұр-сәуле сыйлады — Алтын Күн келді де. Түн жүгін жинады. ...Ояндым мен, міне. Шыр етті Сағатым, Бұл — Таңның жарлығы. Қақты Құс қанатын. ...Оянды барлығы. Сілкінді Қарлы Шың — Ұйқысын үзді де. ...Жаңа күн, армысың! Ояндық біз, міне. 07.05 Сергек боп өсемін мен, Таң келсе, күліп тұрам. Шығамын төсегімнен, Денемді шынықтырам. Иілем оңға қарай — Жұтамын демімді ішке. Иілем солға қарай — Сүйенем сенім-күшке.

ТУҒАН КҮН Өлеңдер, жұмбақтар, жаңылтпаштар, санамақтар, ертегі, тілашар Ертай АШЫҚБАЕВ Бор болып үгілемін, Су болып тамшылаймын, Шаршаймын. Бүгілемін — Намысты қамшылаймын. Төземін. Шаттанамын, Еденді күліп басам. ...Қайтіп мен мақтанамын — Ал, егер шынықпасам?!. 07.15 Мен айтайын, жан аға, Келісесіз бұған, Сіз — Пәтер бар ма қалада Сірә, Шүмек-Крансыз?! Көріп жүрсіз бәрін, Сіз, Жуынсаңыз — басқасыз: Қайтер едік Сабынсыз, Щеткасыз не Пастасыз?! Қай жаққа да қарасақ — Келісу мен ұғысу. Суық суға, қаласақ, Қосылады Жылы су. Үздік-үздік үлгіге Толып тұр ғой айнала: Қарсы алып тұр Сүлгі де, Тамсанып тұр Айна да.

Ертай АШЫҚБАЕВ Туған күн Мен — білім-дән теретін Тазалыққа құмар құс. ...Пәтеріме келетін Мөлдір суға мың алғыс! 07.25 Шу толтырды көшемді, Үйде ән мен күй дайын. Түнгі түстер, қош енді, Төсегімді жинайын. Міне, мінсіз көрпем де, Түзуленді жастығым. Деп: «Осылай өркенде!» — Күміс сәуле шашты Күн. Сол сәулелер қонады — Жарқырайды төсегім. ...Апам ырза болады, Мен осылай өсемін. 07.30 Қойылатын талап маған Өзгермейді, міне, мүлде: Асықпай мен тамақтанам — Ас бөлмеге кіремін де. О, ұнайды қаймақ маған, Ботқа жеймін. Бәліш, міне. Тоқ жүрсем мен — қайраттанам, Тез тындырам әр істі де. Шайдан қалай бас тартамын?!

ТУҒАН КҮН Өлеңдер, жұмбақтар, жаңылтпаштар, санамақтар, ертегі, тілашар Ертай АШЫҚБАЕВ Кел-кел, кәмпит, қасыңдамын. ...Рахмет, дастарқаным, Азаймасын асың, дәмің! 07.50 Қалғам жоқ еш шеттеп мен де, Ілім іздеу — ізгі мұра: Жетелейді мектептерге Біздің қала бізді мына. Алтын дән бе тасығаны — Кілт тиылып таныс әні, Біздің құстар асығады, Бізбен, міне, жарысады. Көктем лебі байқалады, Өзгертер жер түсін әлі. Біздің талдар шайқалады, Бізге бүршік ұсынады. Самал есті, жалықпайды, Сергітеді. Тоңдырмайды. Біздің бұлттар қалықтайды, Бізге көктен қол бұлғайды. Төбемізде Күн тұрады, Сәулелері сарқылмайды. Біздің көше құлпырады, Біздің асфальт жалтылдайды. Жолда көп-көп үй қалады, Келеді еріп шуақ әлі: Біздің сынып жиналады — Біздің мектеп қуанады.

Ертай АШЫҚБАЕВ Туған күн 08.20 Жүгірді бірден қаламым, Дәптерге, міне, төнемін: Қосамын, сосын Аламын. Көбейтем, сосын Бөлемін. Бағындырамын көшімді Тек ережеге-жарлыққа: Ырза болады Қосынды, Өкпелемейді Қалдық та. Көбейтіндіні мақтаймыз, Бөліндіге де қараңыз — Біз ережені сақтаймыз, Барлығы дұрыс. Санаңыз. Осылайша мен шешемін Әрбір амалдың сиқырын. ...Алаңдамашы, Есебім, Жоғалмас ешбір Цифрың. 09.10 Өз тілінде шұрқырайды құлындар, Бозторғайлар өз тілінде шырылдар. Міне, менің өз ұстазым тыңдайтын, Мен оқитын менің «Қазақ тілім» бар. Өз тіліміз — өзімізге шырын-нәр, Жасырмайтын жалғыз ғана сырым бар: Тілімізді ұмытуға болмайды, Құлындар мен бозторғайлар, ұғыңдар!

ТУҒАН КҮН Өлеңдер, жұмбақтар, жаңылтпаштар, санамақтар, ертегі, тілашар Ертай АШЫҚБАЕВ 09.55 Үлкен Үзіліс, Үлкен Үзіліс. Әне, қызық іс, Міне, бұзық іс. Анау жосылды, Мынау тосылды. Көршімді жоғалттым, Таппадым досымды. Аналар алысты, Мыналар жарысты. Есіктер зарлады, Еденнен шаң ұшты. Анау жұлқынды, Мынау бұлқынды. Түймелер үзілді, Қалталар жыртылды. ...Айтшы, Үзіліс, Айтшы, Үзіліс, Қашан келеді Бізге түзік іс?.. 10.10 Не көрмеді бұл дала — Оқитыным көп менің: Тарих — терең жылнама, Тарих — менің өткенім.

Ертай АШЫҚБАЕВ Туған күн Кеңейеді ұғымым, Керіледі желкенім: Тарих — менің бүгінім, Тарих — менің ертеңім. Өтер құлдыр-құлдыр шақ, Салмақтанар сөзіміз. Ғажап істер тындырсақ: Тарих — біздің өзіміз. 10.55 Аптап болып жану — Жаратылыстану. Шөл сусыны қану — Жаратылыстану. Жұлдыз болып ағу — Жаратылыстану. Құс боп қанат қағу — Жаратылыстану. ...Жаратылыстану — Мәңгі-бақи даму. 11.50 Кейде иыққа жүк артып теңдеп келем, Кейде шұңқыр қазамын, терлеп келем. Кездерім бар ерінбей көшет егіп, Гүл өсіріп, ауланы өрнектеген. Қажет болса, қақпаны сырлап, бояп, Түрлі-түрлі бояумен зерлеп берем.

ТУҒАН КҮН Өлеңдер, жұмбақтар, жаңылтпаштар, санамақтар, ертегі, тілашар Ертай АШЫҚБАЕВ Қандай жақсы суарып мезгілімен, Көкөністі жаз бойы шөлдетпеген. Осылайша бітіріп талай істі, Жалқаулықтан өзімді емдеп келем. ...Үйрететін осындай көп кәсіпті — Рахмет пәніме Еңбек деген. 12.45 Біздің сынып не істемек? — Наурыз-мейрам жақын-ақ. ...Сөз сөйледік кестелеп, Апай отыр бақылап. Қастерлейміз ғұрыпты, Мақсатымыз баршылық: Жайнатамыз сыныпты, Жаңғырады тал-шыбық. О, қалмаймыз тосылып, Өнеріміз көп тегі: Концерт қойып қосылып, Ұмытамыз өкпені. Біз — бүр жарар Түйін-Гүл, Біз — жайқалар Қайың-Құт. ...Қандай ғажап жиын бұл — Мерекеге дайындық. 13.30 Қайттық үйге, міне, біз, Қолға түсті еркіндік: Жарқылдаймыз, күлеміз, Сергідік те серпілдік.

Ертай АШЫҚБАЕВ Туған күн Біз — сусынға қанған дән, Біз — бұлттармыз ағылған. Сөйлемдейміз талданған, Түбірдейміз табылған. Қарар бізге күліп бақ: Ентігеміз асығып — Портфеліміз ұмыт қап, Қаламымыз шашылып. Қудық қанша кептерді — Жүгіріп те құлап біз. ...Біз — бүгінгі Леп белгі, Біз — ертеңгі Сұрақпыз. 14.00 Тыңдаңызшы апам айтар ақылды: «Түскі тамақ — күшті тамақ, татымды. Дәмді сорпа тәбетіңді шақырар, Қуырдақ бар қасығыңды батырар. Салат та бар, пайдалы нәр бұл аса, Палау да бар, дәм татып көр, ұнаса. Қалауың не: құс еті ме, балық па? (Үйір болма ылғи кәмпит, қантқа). Не сұрайсың: компот әлде айран ба? Ішіп-жеп ал, қуат жина, жайраңда. Түскі тамақ — күшті тамақ, татымды». ... Ұмытпаймын мен осы бір ақылды.

ТУҒАН КҮН Өлеңдер, жұмбақтар, жаңылтпаштар, санамақтар, ертегі, тілашар Ертай АШЫҚБАЕВ 14.30 Жарқырайды терезе, Төгіп ғажап арайын. Ал, мен сүйер ереже: Сәл ұйықтап алайын. Сәл ұйықтап алайын, Ойламайын түк те мен. Содан кейін санайын — Істерімді бітпеген. Жоқты сосын табайын, Күт, алтын гүл, күміс тал. Сәл ұйықтап алайын. ...Қане, бөлмем, тыныштал! 15.00 О, бұл шақта шаршама! Ойнауыңа болады. Қызықтарға қаншама Тоймауыңа болады. Барып бауға, баққа да, Аралауға болады. Сағатқа да сақтана Қарамауға болады. Алып келген добыңды Тепкілеуге болады. Бір мақсатқа қолыңды Жетті деуге болады. Ілестірмей құйынды, Шапқылауға болады.

Ертай АШЫҚБАЕВ Туған күн Ал, шаң болған киімді Қаққылауға болады. Дос ісіне сүйіне, Қол алуға болады. ...Содан кейін үйіңе Оралуға болады. 16.00 Ертеңгі күн, ұмытпаймын, О, белгілі жайың маған! ...Жалқаулықты құрықтаймын, Сабағыма дайындалам. Сірә, неден түңілемін, Қай кітап та жат па маған?! Тапсырмаға үңілемін, Ережені жаттап алам. Пысықтаймын білгенімді, Шағын бөлме — шартарабым. Әлсіретпеу үлгерімді — Зор мақсатым, нар талабым. Ұқыптымын, осындаймын, Өткен жоқ күн текке, міне. ...Ертең түк те шошынбаймын, Күліп барам мектебіме. 18.30 Армандарым бар көптеген, Арманды қашан тұсадым?!

ТУҒАН КҮН Өлеңдер, жұмбақтар, жаңылтпаштар, санамақтар, ертегі, тілашар Ертай АШЫҚБАЕВ ...Жіберер едім көкке мен, Бітпей тұр модель-ұшағым. Ұшырар әлі-ақ Үйірмем, Үйірмем мені қолдайды. Қыранға көкте шүйілген Ұшағым сәлем жолдайды. Сосын ба?.. Уақыт зырлайды, Жетелер мені алысқа. ...Үйірмем мені шыңдайды — Ұшырар, бәлкім, ғарышқа! 19.30 О, бітірдім ісімді, Тұрдым сертім-сөзімде. ...Кешкі тамақ ішілді, Еркім енді — өзімде. Мияулай бер, мысығым, Теледидар сайрасын. Жүгір, секір, ұш, інім! Компьютер, қайдасың? Сыңғырлайды ән, міне — Бейне күміс шашылған. Айтсын көкем әңгіме, Ата, сипа басымнан! Пайдалы боп өтті күн, Әрбір ісім — қанша мән?! ...Еш шаршағам жоқ бүгін, Ертең де мен шаршаман.

Ертай АШЫҚБАЕВ Туған күн 21.30 Басқарады Қара Түн — Енді Тәулік-Кемемді. Қайырлы түн, Сағатым! ...Ұйықтаймын мен енді. Іздемесін Түнгі Ызғар, Күтсін Аспан-Зер Кілем. Қайырлы түн, Жұлдыздар! ...Ұйықтаймын енді мен. Күндіз әбден самғадың, Күндіз көкке көшті әнің — Ұйықтап ал, Арманым! Сен де ұйықта, Жоспарым! Түн, біз — Кірпік-Құсыңбыз, Күттік осы кезеңді. ...Тез ояну үшін біз — Ұйықтап қалдық тез енді. ТУҒАН КҮН Өлеңдер, жұмбақтар, жаңылтпаштар, санамақтар, ертегі, тілашар Ертай АШЫҚБАЕВ VІІ. ҮЙ VІІ. ҮЙ VІІ. ҮЙ VІІ. ҮЙ VІІ. ҮЙ ТАПСЫРМАСЫ ТАПСЫРМАСЫ ТАПСЫРМАСЫ ТАПСЫРМАСЫ ТАПСЫРМАСЫ

Ертай АШЫҚБАЕВ Туған күн ТӘРТІПТІ ТАСЫМАЛ Дәптерің бе, тақтаң ба, Міне, кенет қинады: Жазып келе жатқанда Сөзің жолға сыймады. Мейлі. Сөздің жалғасын Екінші жол қарсы алар. Әр әріптің таңбасын Сол жол көріп тамсанар. Тек тасымал талабы: ПАРТА болар, (ПАРТА емес). Буын билік алады: КАРТА болар, (КАРТА емес). Білім — сөнбес маздағым, Еш сырым жоқ жасырар. Мынау менің жазғаным: (ТАСЫМАЛ емес), ТАСЫМАЛ.

ТУҒАН КҮН Өлеңдер, жұмбақтар, жаңылтпаштар, санамақтар, ертегі, тілашар Ертай АШЫҚБАЕВ ТҰРАҚТЫ ТІРКЕСТІҢ АҚЫЛЫ Жалқауланба сабақта, Ықыласпен оқы да — Бағын барлық талапқа, ЖАУЫРДЫ ЖАБА ТОҚЫМА. Тапсырманың сауалын Тап. Айта біл жасқанбай. Нақты болсын жауабың ТАЙҒА ТАҢБА БАСҚАНДАЙ. Кітап — білім нұсқасы, Оқы, тексер, анықта. ҰЗЫН СӨЗДІҢ ҚЫСҚАСЫ — Ізденуден жалықпа. БІРІККЕН СӨЗДЕРДІҢ БІРЛІГІ Кезбек болсаң даланы, Басты міндет — танысу. Сылдыр-сылдыр ағады СЫРДАРИЯ, САРЫСУ... Жазираны мақтап ап, Жарқырайды таң-алқа. Қыдыртады апталап ҚЫЗЫЛҚҰМ мен САРЫАРҚА...

Ертай АШЫҚБАЕВ Туған күн Денсаулықтың дауасы, Елдің мерей-мақтаны: ЖЕТІСУДЫҢ ауасы, КӨКШЕТАУДЫҢ бақтары... Көңілдердің құлыны, Өлеңдердің ұйқасы: МАРҚАКӨЛДІҢ тұнығы, САРЫАҒАШТЫҢ шипасы... Құм мен сазы — қаймағы, Өзгеше сый тартады — БЕТПАҚДАЛА аймағы, МОЙЫНҚҰМНЫҢ алқабы. Барша жұртты құшасың, Бар аймақты шоласың: АҚТАУ жақтан ұшасың, АЛАТАУҒА қонасың... ҚАТУЛЫ КҮЗГІ ҚАРАТПА СӨЗ Суық күз шықты жорыққа, Бастады таныс бүлікті. Сайрай бер, ТОРҒАЙ, қорықпа, Жұлқыма, ДАУЫЛ, шыбықты! КҮН, неге шуақ шашпадың, ТАУ ШЫҢЫ, неге сұстандың? Түнере берме, АСПАНЫМ, Бөгеме жолын құстардың. Қабағын түйіп күз келді, Сездірді аяз жеткенін.

ТУҒАН КҮН Өлеңдер, жұмбақтар, жаңылтпаштар, санамақтар, ертегі, тілашар Ертай АШЫҚБАЕВ Жылындырасың біздерді Енді тек өзің, МЕКТЕБІМ! ЖЕКСЕНБІЛІК ҚЫСТЫРМА СӨЗ Қаншама ойнадық топ құрап, Жексенбі — біздерге ұнар күн. Ертеңді ұмытқам жоқ, бірақ, ӘРИНЕ, есепті шығардым. Шыршалар — үлпілдек гүлдесте, Сілкісең төгеді ақ қарды. Дүйсенбі, ӘРИНЕ, жүрді есте, ӘЛБЕТТЕ, ережем жатталды. Солайша демалдым. Таң атты. «Кеттік», — деп сөмкем тұр қасымда. ...Ойнадым. Оқыдым сабақты: Жексенбі — жақсы күн, РАСЫНДА. СИНОНИМ АЙТҚАН СЫР Тәртіптер бар не түрлі Шәкірттерге лайықты. Мұғалімдер секілді Бол ҰСТАМДЫ, БАЙЫПТЫ. Анықтап бас әр ізді, Қуант ауыл-аймақты. Спортшылар тәрізді Бол ҚАЖЫРЛЫ, ҚАЙРАТТЫ.

Ертай АШЫҚБАЕВ Туған күн Қадір тұт АР, ҰЯТТЫ, Сақта ДӘСТҮР, ҒҰРЫПТЫ. Ғұламалар сияқты Бол БІЛІМДІ, БІЛІКТІ. Шыңға сонда қонасың, Төмендеме тек енді. Сөйтіп шәкірт боласың АБЫРОЙЛЫ, БЕДЕЛДІ. КЕЗЕКТЕС САЛАЛАС СӨЙЛЕМНІҢ ҚАҢТАРЫ Далада қызық көп мың есе, Біз емес суықтан жасқанар. Ақша қар жауады БІРЕСЕ, БІРЕСЕ ақ боран басталар. Әнеки, мұзайдын. Барамыз, Қосылып кетеді жүз бейне. Біз КЕЙДЕ тоңып-ақ қаламыз, Ыстықтап кетеміз біз КЕЙДЕ. Таласып қаламыз БІРДЕ біз, Жарасып қаламыз БІРДЕ біз. Сонда да сөгілмес іргеміз, Сонда да күн бойы біргеміз. ЕСЕПТІК САН ЕСІМНІҢ ЕСКЕРТУІ Озаттарды құптайды Арай-ауыл, нұр-қала. Сынып алға шықпайды Кейін тартса БІР бала.

ТУҒАН КҮН Өлеңдер, жұмбақтар, жаңылтпаштар, санамақтар, ертегі, тілашар Ертай АШЫҚБАЕВ Озаттарды қолдайды Арай-өскін, нұр-шыбық. Мектеп үздік болмайды Кейін тартса БІР сынып. Қабақ түйер таң тағы, Толмас маңай нұрға да. Неге кейін тартады МЫҢ баланы БІР бала? КҮШЕЙТПЕЛІ ШЫРАЙДЫҢ ШЫНДЫҒЫ Ілгері адым — ізгі арай, Уәдені ұмытпа. Айналамыз біз қалай ЕҢ үлгілі сыныпқа? Өкіндірер қылық көп, Мынау — нашар бағамыз. Қашан түгел сынып боп КІЛЕҢ бестік аламыз? Көп мініміз бар ТІПТІ, Мойындаймыз, міне, біз. Қашан НАҒЫЗ тәртіпті Сынып болып жүреміз? «Кемшілікті жойыңыз!» — Деп сайрайды құсымыз. ӨТЕ дұрыс — ойымыз, Тек ТЫМ қате — ісіміз.

Ертай АШЫҚБАЕВ Туған күн КӨПТІК ЖАЛҒАУЫНЫҢ КӨҢІЛДІ СӘТІ Тауға шықтым, қараңыз, Аппақ бұлттан алдым нәр. Қандай көркем даламыз — ШабындықТАР, шалғынДАР. Әр жыл сайын санаңыз, Бұзылмайтын бір заң бар: Қандай көркем қаламыз — СаябақТАР, гүлзарЛАР. Құстар ұшты шошымай, Құшақтасты көк пен жер. Қуантады осылай Бізді дәйім көктемДЕР. БІРЫҢҒАЙ МҮШЕЛЕРДІҢ БАЗАРЫ Есте сақта барған кезде орманға: БАЛТАНЫ да, БӘКІНІ де қолданба. Табиғаттың төлі екенін ұғып бар: ЖАПЫРАҚТАР, БҰТАҚТАР мен ШЫБЫҚТАР. Сол орманда — тәбетіңнің керегі, ЖАҢҒАҚТЫ да, БАДАМДЫ да... береді. Әне, ШИЕ, ҚАРАҚАТ пен БҮЛДІРГЕН — Көз арбайды сәулеленіп күн-нұрмен.

ТУҒАН КҮН Өлеңдер, жұмбақтар, жаңылтпаштар, санамақтар, ертегі, тілашар Ертай АШЫҚБАЕВ Ал биікте бәрін көріп отырар ТОҚЫЛДАҚ бар, ШІЛ мен ҚҰР бар, ТОТЫ бар. Есте сақта барған кезде орманға: Себетіңнен басқа затты қолға алма. СЕБЕП-САЛДАРЛЫҚ ЖАЛҒАУЛЫҚТЫҢ САЛТАНАТЫ Мен бүгін өзіме сенемін, Еңсемді баспайды уайым-мұң. Мектепке асығып келемін, ӨЙТКЕНІ, сабаққа дайынмын. Күн көктен сәулесін ақтарды, Тамаша жағдайым қазіргі. СЕБЕБІ, ереже жатталды, Жаттығу қатесіз жазылды. Бестікке лайықпын тап бүгін, Балалар дейді енді: «Болдық таң». Күтіп тұр сыныпта шаттық үн, Асығып келемін СОНДЫҚТАН. ОДАҒАЙДЫҢ ӨКІНІШІ Бақ бойлап өсіп тұр құлпырып — Таңқурай, қара өрік, құлпынай... Тұрмын мен үзгім кеп, ұмтылып, ШІРКІН-АЙ! ШІРКІН-АЙ! ШІРКІН-АЙ!

Ертай АШЫҚБАЕВ Туған күн Тек қалай үзбекпін, термекпін? Ұялдым апама қарап мен: Жаз бойы еш көмек бермеппін, ҚАП, ӘТТЕҢ! ҚАП, ӘТТЕҢ! ҚАП, ӘТТЕҢ! КӨНЕ СӨЗДЕРДІҢ КӨМЕГІ Елімнің білім құмар баласымын, Зерттеймін көне сөздің әр асылын. Жұртымды қорғағандар — ҚОЛБАСЫЛАР, ЖАУШЫЛАР — хабаршылар жолға асығар. ЖАҚ, ЖЕБЕ — атаулары қарулардың, СӘУКЕЛЕ — салтанаты арулардың. АЛТЫН ЖАМБЫ — байлығы даламыздың, КЕСЕНЕЛЕР — айбыны қаламыздың. ЖАНАТ ІШІК — қадірлі киіміміз, КҮМІС КІСЕ — тұрмыстық бұйымымыз. Мен — тарихи кітабы көп ұланмын, Көне сөзбен айтқанда, ОҒЛАНМЫН.

ТУҒАН КҮН Өлеңдер, жұмбақтар, жаңылтпаштар, санамақтар, ертегі, тілашар Ертай АШЫҚБАЕВ БҰЙРЫҚ РАЙДЫҢ ТАҢҒЫ ӘУЕНІ Келіп тұр таң күліп, Нұр шашып жалпыға. ӨЗГЕРМЕ, заңдылық, Алтын күн, ЖАРҚЫРА. Ақша бұлт, ҚАЛЫҚТА, ҮҢІЛ көл-айнаға. ҰШ, торғай, ЖАЛЫҚПА, Самал жел, АЙМАЛА. СЫБДЫРЛА, жапырақ, ТЕРБЕТІЛ, қайыңдар. (Барлығы мақұл-ақ, О, қандай уайым бар!). ЖАЙНА, гүл, шошынбай, Ақ бұлақ, САРҚЫРА. ...Таң, дәйім осындай БОЛЫП КЕЛ халқыма. ҚОС СӨЗДЕРДІҢ ҚОЛДАУЫ О, каникул басталды! МӘЗ-МЕЙРАМБЫЗ, міне, біз: Шырқап енді басқа әнді, ЕМІН-ЕРКІН жүреміз. Сауық құрып бірлесіп, Орманға да қонамыз. АБЫР-САБЫР күн кешіп, МӘРЕ-СӘРЕ боламыз.

Ертай АШЫҚБАЕВ Туған күн Әкелемін үзіп мен ҚЫЗЫЛ-ЖАСЫЛ гүлдерді. ШАТ-ШАДЫМАН қызықпен Өткіземіз күндерді. Жуынамыз бұлаққа, Жұтамыз кеп шырынды. ...Ұмытпаймыз бірақ та, СЫҢҒЫР-СЫҢҒЫР бір үнді. ТУҒАН КҮН Өлеңдер, жұмбақтар, жаңылтпаштар, санамақтар, ертегі, тілашар Ертай АШЫҚБАЕВ VІІІ. ЖЫЛ — VІІІ. ЖЫЛ — VІІІ. ЖЫЛ — VІІІ. ЖЫЛ — VІІІ. ЖЫЛ — ОН ЕКІ АЙ ОН ЕКІ АЙ ОН ЕКІ АЙ ОН ЕКІ АЙ ОН ЕКІ АЙ

Ертай АШЫҚБАЕВ Туған күн СЫЙЛЫҚТАР ТАНЫСУ Танысайық, кел, бала, ЖЫЛ — ОН ЕКІ АЙ — есімім. Мекен-жайым — кең дала, Әркез ашық есігім. Қызығым бар қаншама, Маңыз бермей өтпегін. Жететұғын баршаңа Сыйлығым да көп менің. Тек жақсылық тілеп мен Бүгін үнсіз қарайын. Сыйлығымды ретпен Үлестірсін әр АЙЫМ. НАУРЫЗ Әр қадамым құтты шын, Көптен күттің — сезем мен.

ТУҒАН КҮН Өлеңдер, жұмбақтар, жаңылтпаштар, санамақтар, ертегі, тілашар Ертай АШЫҚБАЕВ Мен — Наурызбын, Ұқ, түсін: Жыл басымын ежелден. Дей алмаймын: «Ұмыттың Кең пейілін бұл сәттің». Жер бауырын жылыттым, Қасат қарды жұмсарттым. Күлімдейді құрбымыз, Бұл, әрине, дұрыс қой. Бір СЫЙЛЫҒЫМ — сүңгі мұз, Бір СЫЙЛЫҒЫМ — ұлыс той. СӘУІР Мен — Сәуірмін, Сәуірмін, Кезіп келем көшені. Берекесі жауынның — Көк қылтиып өседі. Қараған соң күліп Күн, Сылдырлайды өзенім. Шуақ таңға іліктім, Талмас енді өзегім. Құт-береке — жолдасым, Тиер елге көп пайдам. Бір СЫЙЛЫҒЫМ — төлбасым, Бір СЫЙЛЫҒЫМ — тәтті айран.

Ертай АШЫҚБАЕВ Туған күн МАМЫР Сөлін сорған қайыңның Мен — Мамырмын, Жоқ сұсым. Бекітуге дайынмын Балапанның топшысын. Күндіз-түні ояумын, Отауымнан мың шықтым. Қырға барсам — бояумын, Талға барсам — бүршікпін. Енді мәз боп күлмеске Амалым жоқ, Көп күлем. Бір СЫЙЛЫҒЫМ — гүлдесте, Бір СЫЙЛЫҒЫМ — көк кілем. МАУСЫМ Бұл балалар көрді ме, Мына мені — Маусымды? Сайрап жатқан жол, міне, Іздей қалсаң тау, шыңды. Көлеңкеден... күнгейден... Қызық іздеу — борышым. Кемпірқосақ — бір бейнем, Жайлау — әсем қонысым.

ТУҒАН КҮН Өлеңдер, жұмбақтар, жаңылтпаштар, санамақтар, ертегі, тілашар Ертай АШЫҚБАЕВ Еңбектенсе жұрт анық — Жайнап бақша, бақ та өсер. Бір СЫЙЛЫҒЫМ — ұлпа бұлт, Бір СЫЙЛЫҒЫМ — ақ нөсер. ШІЛДЕ Е, түстім бе есіңе? Мен — Шілдемін, аптаппын. Әуре болам несіне Өзімді өзім мақтап мың. Төсегіңде керілмей, Жүгір жасыл құраққа. Бүлдірген тер ерінбей, Жуын мұздай бұлаққа. Тас төбеден шақса Күн, Шөліркеген құсты ұқтым. Бір СЫЙЛЫҒЫМ — ақ сағым, Бір СЫЙЛЫҒЫМ — ыстық құм. ТАМЫЗ Мен — Тамызбын, Пісті егін, Қайтіп тасып толмайын. Тәтті шырын — ішкенің, Қауын-қарбыз — ол дайын. Жүрем сөйтіп тасынып, Өзге сырым бар тағы:

Ертай АШЫҚБАЕВ Туған күн Аптап енді басылып, Су да салқын тартады. Тұрғаным жоқ көлгірсіп, Біз байлыққа жол аштық. Бір СЫЙЛЫҒЫМ — мөлдір шық, Бір СЫЙЛЫҒЫМ — мол астық. ҚЫРКҮЙЕК Қыркүйекпін мен деген, Біледі жұрт атымды. Мектеп жаққа келген ем, Бала біткен қапылды. Жапырақтар сарғайып, Қоңыр салқын жел есті. Жұрт: «Отын-шөп қамдайық», — Деп өзара кеңесті. Ал мен жүрмін жарқылдап, Күні-түні жоқ тыным. Бір СЫЙЛЫҒЫМ — алтын бақ, Бір СЫЙЛЫҒЫМ — көп білім. ҚАЗАН Аспанымның бір сәні — Қайтқан құстар тізбегі. Аққу маған ұрсады: «Тоңдырдыңыз, Сіз, мені».

ТУҒАН КҮН Өлеңдер, жұмбақтар, жаңылтпаштар, санамақтар, ертегі, тілашар Ертай АШЫҚБАЕВ Көзіне жас үйіріп, Өксіп алды бұлттарым. Жылы-жылы киініп, Бақылайды жұрт бәрін. Қатуланды жәйлап Күз, Неткен сәнсіз бақ мынау. Бір СЫЙЛЫҒЫМ — қаймақ мұз, Бір СЫЙЛЫҒЫМ — ақ қырау. ҚАРАША Ұмыттым мен күлкіні, Ашу қысып барады. Ашылмайды күн-түні Аспанымның қабағы. Ызыңдатып қамысты, Қалшылдатып қоғаны, Кезіп жақын, алысты, Суық дауыл соғады. Соғады жел ысқырып, Осы біздің тұрмыс-хал. Бір СЫЙЛЫҒЫМ — үскірік, Бір СЫЙЛЫҒЫМ — тұңғыш қар. ЖЕЛТОҚСАН Мен келген соң, Әрине,

Ертай АШЫҚБАЕВ Туған күн Дала аппақ, таң да ашық. Мәз болады сәби де Алғаш рет қар басып. Аң, құс — асыл қазынам, Бәрі мәз боп жортады. Тек (аңшы мен тазыдан) Қояндарым қорқады. Ақ тымақты қырқалар Қонышыңа қар салар. Бір СЫЙЛЫҒЫМ — ұлпа қар, Бір СЫЙЛЫҒЫМ — қансонар. ҚАҢТАР Сақ-сақ күле беремін, Себебі де бар мұның: Мерекесі мен едім Шаналардың... шаңғының... Сыйла мені. Жарай ма? Мен — Ақсақал атамын. Ашулансам алайда Қар шашады қаһарым. Аязым бар тоңдырар, Жүргенің жөн сақтана.

ТУҒАН КҮН Өлеңдер, жұмбақтар, жаңылтпаштар, санамақтар, ертегі, тілашар Ертай АШЫҚБАЕВ Бір СЫЙЛЫҒЫМ — омбы қар, Бір СЫЙЛЫҒЫМ — аққала. АҚПАН Бораным көп желіккен, Осы — менің ермегім. Басқа айлардан Неліктен Екі-үш күнім кем менің? Ойлаймын да осыны, Үдетемін боранды. Малшы... шопан шошыды: «Басып тастар қорамды». Кіл жорыққа аттанам, Маңдайдан тер бұршақтар. Бір СЫЙЛЫҒЫМ — ақ боран, Бір СЫЙЛЫҒЫМ — жұмсақ қар. ТІЛЕК Жинағаным, тергенім — Осы. Несін аяйын. Қандай сыйлық бергенін Ұмытпаңдар қай айым. «Берді ШІЛДЕ — АҚҚАЛА, ҚАҢТАР берді — ГҮЛДЕСТЕ», —

Ертай АШЫҚБАЕВ Туған күн Деп жүрсеңдер мақтана, Естіген жұрт күлмес пе?! (Мұны ойға, түй, күнім, Сын айтпасын ағайын.) ...Құтты болсын СЫЙЛЫҒЫҢ, Құтты болсын әр АЙЫҢ! ТУҒАН КҮН Өлеңдер, жұмбақтар, жаңылтпаштар, санамақтар, ертегі, тілашар Ертай АШЫҚБАЕВ ІХ. БІЗДІҢ ДУМАН ІХ. БІЗДІҢ ДУМАН ІХ. БІЗДІҢ ДУМАН ІХ. БІЗДІҢ ДУМАН ІХ. БІЗДІҢ ДУМАН

Ертай АШЫҚБАЕВ Туған күн АЙТЫС Қомсынбаңыз, Жарай ма? Кішкентаймыз біз әлі. Айтыс десе, алайда Алақаным қызады. Қол соғуға құмармын, Отырамын қалғымай. Тыңдамайтын шығармын Сабақты да дәл бұлай. Іркілмейді, апырым-ай, Апайлар мен ағайлар. Әр шумақты мақұлдай Тамсанады талайлар. Қонбас өзі жүлде кеп, Заңы мұның өзгерек. Қанша тапқыр тіл керек, О, қаншама сөз керек! Алқынбайды ақпа жыр, Алаң күшті енді елде: Анықталар дәп қазір Жеңілген де, жеңген де.

ТУҒАН КҮН Өлеңдер, жұмбақтар, жаңылтпаштар, санамақтар, ертегі, тілашар Ертай АШЫҚБАЕВ Тер құйылды көзге кеп, Ақын аға, шаршама! О, қаншама сөз керек, Ұйқас керек қаншама! Отырса да қай тұста, Қарайды жұрт тамсана. Жеңу үшін айтыста Төзім керек қаншама. Тілі — шоқтай, сөзі — оттай, Сескенеді кімнен ер?! ...Мектептегі озаттай — Айтыстағы жүлдегер. БӘЙГЕ Бәйге қырат — алдымыз, Соңымызда жатыр із. Несіне таң қалдыңыз: Бір-бір шыбық — атымыз. Шаң жұтқаным ұят тым, Шүу, жүйрігім, самғашы. Көшірмесі тұяқтың — Бес башпайдың таңбасы. Күнге күйген сирақтар Малынады тозаңға. Келе жатыр қинап хал: Озбаймын ба, озам ба?

Ертай АШЫҚБАЕВ Туған күн Соңымызда жатыр із, Жасаурайды көзіміз. Озып келер атымыз, Ентікпесек... өзіміз... ЕРТЕГІ Сөйлесіп тұр, қарашы, Адам, жәндік, құс... бәрі. Бар ішінде Данасы, Бар, әрине, Мыстаны. Қаңбақ шалдан жеңіліп, Санын соғып қалды Дәу. Жүрген әбден ерігіп Таусоғар ұл — ал мынау. Тың тыңдайды жатып ап Алыс жақтан Саққұлақ. Уәзірлер — ақымақ, Тазша бала — тапқыр-ақ. Жолға шығар, бақ сынар — Кіл ерекше адамдар. Жеңетіндер — жақсылар, Жеңілетін — жамандар. Жетімдердің етегі Қазынаға толады. Кедей Хан боп кетеді, Болмайтын жай болады.

ТУҒАН КҮН Өлеңдер, жұмбақтар, жаңылтпаштар, санамақтар, ертегі, тілашар Ертай АШЫҚБАЕВ Кей кездері... Құласа Қиялымның желкені — Қауіп емес бұл аса, ...Тікейтеді ертегі. КҮРЕС Деп: «Кілемге шық бері», — Шақырып тұр бір аға. Күрес — жұрттың күткені, Сондай алаң — бұл ара. Жанкүйер бол, топ құр да — Алуан да алуан. Әлсіз бала жоқ мұнда, Ол да, бұл да — палуан. Сыныптасты қайрап көр — Дайын жеңіс байрағы. Мынау ұлда қайрат мол, Ана бала айлалы. Дәйім сақтап жүр есте, Түсіп қалма құрыққа: Боймен бірге күресте Ой да керек, ұмытпа. Абайлашы, апырым-ау, Бос ұстама тақымды. Ана бала батылдау, Мына бала ақылды.

Ертай АШЫҚБАЕВ Туған күн Қимыл жаса тым епті, ...Айтайыншы шынымды: Болған сайын білекті Бола түсші білімді. «БАТЫРЛАР ЖЫРЫН» ОҚЫҒАНДА Жауды бері шақырғын. Жекпе-жек пе? Алға шық. (Бес қаруын батырдың Көрген емес шаң басып). Мұндайда кім қалғымақ? Көрсет ерлік, ірілік. (Батыр мінген арғымақ Көрген емес сүрініп). Тарт садақты керіліп, От болып ти, лапылда. (Көрген емес шегініп Ерген жасақ батырға). Тіктеп ұмтыл бұрылмай, Арлан болып атыл да. (Қалған емес қырылмай Тиіскен жау батырға). Дұшпаныңды жең бүгін, Тынба туын таптамай. (Жұрт батырдың ерлігін Қалған емес мақтамай).

ТУҒАН КҮН Өлеңдер, жұмбақтар, жаңылтпаштар, санамақтар, ертегі, тілашар Ертай АШЫҚБАЕВ ...Жеңдік жауды шығынсыз, Шықтық мәз боп көшеге. (Ел «Батырлар жырынсыз» Өскен емес... Өсе ме?) ТАЗША БАЛА Тақылдатса таңдайды, Жан салмайды алдына. Уәзірді алдайды, Алдап кетер Ханды да. Көрген емес өкініп, Көңілді боп жүреді. Қырық түрлі өтірік Айтады да... күледі. Қулығы көп басқа да, Үйде тыныш жата ма? Оған Дала — баспана, Оған Халық — ата-ана. Сыйлы мұнда, онда да, Дайын киім, тамақ та. Бірақ, бірақ... Сол бала Қалай екен сабаққа? АЛТЫБАҚАН Тыныш жатпас баламыз, Қызық — бізге керегі.

Ертай АШЫҚБАЕВ Туған күн Тәтеміз бен ағамыз Алтыбақан тебеді. Жаңғырады даламыз, Мәз болдым мен, мәз анам. Тәтеміз бен ағамыз Шырқайды кіл ғажап ән. Қалаға да қараңыз: Жайқалса тал, терегі — Тәтеміз бен ағамыз Алтыбақан тебеді. «Тез өссек» дер баламыз, Ержетсек біз, Себебі Тәтеміз бен ағамыз Бізге орын береді. АСЫҚ Қуалап жүр тақырда Бір асықты бір асық. ...Апам іздеп жатыр ма: «Кетті ме, — деп, — қыр асып?» Үйге дереу құлдырап Жеткің келсе — жол ашық. Көзді арбап тұр бірақ Анау жатқан мол асық. Маңдай терді сүртіп бір, Шүйілейін шаншыла. Тәйкелерді іркіп тұр, Кезегін бер Алшыма.

ТУҒАН КҮН Өлеңдер, жұмбақтар, жаңылтпаштар, санамақтар, ертегі, тілашар Ертай АШЫҚБАЕВ Намысқой ұл мен едім. Жеңілу ме? Атама. Мен өзіме сенемін, Сенемін мен Сақама. Жігеріңді жасытпа, Сақта дәйім санаңда: Сақа керек — Асыққа, Сенім керек — Адамға. БІЛІМ КҮНІ Ең әуелі ойланам: «Жеттім бе, — деп, — мұратқа?» Бұл күн әрі той маған, Бұл күн әрі сынақ та. Көз алдымда тұр менің — Ұқпағаным, ұққаным, білмегенім, білгенім. Аз ба, көп пе — ұтқаным. (Әділ сын күт әр істен, Ойлан, қыздар, ойлан ұл!) Келдік пе біз табыспен, Қуанышты тойға бұл? Қандай пәнді үлгеріп, Қанша рет мен «қап» дедім?

Ертай АШЫҚБАЕВ Туған күн Қызармай ма күнделік, Ұялмай ма дәптерім? Қандай іспен ұнадым, Қандай шәкірт атанам? Риза ма мұғалім, Риза ма ата-анам? Жыл ішінде не тынды? ...Тұрмын санап ойша әлі. Күлкі, ойын... секілді Ойлану да — той сәні. ТУҒАН КҮН Өлеңдер, жұмбақтар, жаңылтпаштар, санамақтар, ертегі, тілашар Ертай АШЫҚБАЕВ Х. БІЗДІҢ ҮЙДІҢ Х. БІЗДІҢ ҮЙДІҢ Х. БІЗДІҢ ҮЙДІҢ Х. БІЗДІҢ ҮЙДІҢ Х. БІЗДІҢ ҮЙДІҢ ЖЫРЛАРЫ ЖЫРЛАРЫ ЖЫРЛАРЫ ЖЫРЛАРЫ ЖЫРЛАРЫ

Ертай АШЫҚБАЕВ Туған күн ДАСТАРХАННЫҢ ЖЫРЫ Деді апаң: «Ас тартам», Деді көкең: «Бас тартам». Ал ол үшін әуелі Жаю керек дастархан. Мен үйдегі бас тұлға, Қызметтен қаштым ба? Бабын табам қарттың да, Бабын табам жастың да. Көз тартады өрнегім, Қонақ келсе — төрдемін. Сыйлы құрмет, жақсы сөз — Естігенім, көргенім. Жұмса мені көп, мейлі, Ешкім ұрсып сөкпейді. Менсіз күлкі көбеймес, Тойлар менсіз өтпейді. Той иесі — күштің мен, Ажарлана түсті іргем.

ТУҒАН КҮН Өлеңдер, жұмбақтар, жаңылтпаштар, санамақтар, ертегі, тілашар Ертай АШЫҚБАЕВ Жақсы бала ешқашан Аттамайды үстімнен. Ортасында күлкінің, Таппай жүрем бір тыным. Мерекелі үйлердің Берекелі мүлкімін. ҚАЗАННЫҢ ЖЫРЫ Болсам дағы отқа үйір, Тентектігім жоқ түйір. Қабағы ашық баршаның Болсам егер тоқ бүйір. Дайын ет те, сорпа да, Қона қалам ортаға. «Қазанымнан дәм тат», — деп, Достарыңнан қолқала. Қонағыңнан ештеңе Аяма таң, кеште де. Дайын, міне, көже де, Дайын, міне, кеспе де. «Ортаймасын қазаның», — Деп тілеген қазағым. Қаңсып қалғам сан рет Көріп аштық азабын. Ондай заман болмасын, Тоқшылық күн орнасын.

Ертай АШЫҚБАЕВ Туған күн Ашықпасын танысың, Ашықпасын жолдасың. Тек жалқаулық танытпа, От жақ, су құй, жалықпа. Мен тоқ бүйір боп жүрсем, Тоқ болады халық та. ДОМБЫРАНЫҢ ЖЫРЫ Өткен күннің өрнегі ем, Тұрам ылғи төрде мен. Алақандар жоқ шығар Мені сипап көрмеген. Іздеп елдің керегін, Әсем әуен теремін. Сахнаға шығамын, Той да бастап беремін. Аққу құстың сыңқылы, Бозжорғаның бүлкілі... Барлығын да айнытпай Қайталаймын күн-түні. Қанды ұрыстың зіркілі, Көк аспанның күркірі... Шанағымнан шықпайды Барлығы да күн-түні. Бабалардың арманын Осы күнге жалғадым.

ТУҒАН КҮН Өлеңдер, жұмбақтар, жаңылтпаштар, санамақтар, ертегі, тілашар Ертай АШЫҚБАЕВ «Сындыр» деді — сынбадым, Отқа салды — жанбадым. Үнім қайта жаңғырды, Кезіп келдім сан қырды. Мен жасартып жібердім Жүзге келген Жамбылды. Сырымды айттым сәл ғана, Қарай берме таңдана. Білгің келсе тарихты, Мені қолға ал, бала. БЕСІКТІҢ ЖЫРЫ Ұйықта, бөпем, іңір келді, Басылады дүбір де енді. Қойды аға-апаларың Бөлме кезіп жүгіргенді. Әлди, Әлди, Әлдиім... Тынышталып қалды үйің. Сені мендей әлдилер кім, Тыным тауып қалғи бергін. Ұйықта, бөпем, алаңдамай, Шамы сөніп қалды үйлердің. Әлди, Әлди,

Ертай АШЫҚБАЕВ Туған күн Әлдиім... Өзің жайлы ән-күйім. Іңір өтсе, түн келеді, Мазаңды алған кімдер еді? Ұйықта, бөпем, әлдилейін, Шаршаттың ғой мүлде мені. Әлди, Әлди, Әлдиім... Мен де бірге қалғиын. САМАУРЫННЫҢ ЖЫРЫ «Уһ, күн ыстық, күн ыстық, Жоқ жаныңа тыныштық. Шаршатты, — деп, — жол қамы», Атаң келсе болғаны; «Кетті ернім кезеріп, Тұр ғой аспан безеріп. Қиын-ау, — деп, — ол дағы», Әжең келсе болғаны; «Егер маған сенсеңіз, Өртеніп тұр кеңсеміз. Маза кетті елден де», — Деп апаңыз келгенде; «Автобуста балық боп, Аузын ашқан халық көп.

ТУҒАН КҮН Өлеңдер, жұмбақтар, жаңылтпаштар, санамақтар, ертегі, тілашар Ертай АШЫҚБАЕВ Көйлегім — су, терден бе?» — Деп көкеңіз келгенде — Қиналып-ақ қаламын, Бір бұрқылдап аламын. Жетем сосын асыға, Дастарқанның басына. Кесе қолға қонады, Атаң ырза болады. Шөл басар шай көп әлі, Әжең ырза болады. Апаң ырза болады, Көкең ырза болады. ...Менің дағы мәртебем Өсе түсер жоғары. КҮНПАРАҚТЫҢ ЖЫРЫ Қарар маған зерек түрмен — Күн санауға ынталы-ақ кім? Барлығыңа керекпін мен, Күнпарақпын, күнпарақпын. Сауатсызға талай күлген, Цифрларым парақтағы. Әрбір күнді санаймын мен, Санаймын мен әр аптаны. Көп-ақ досым, сырласым да,

Ертай АШЫҚБАЕВ Туған күн Әңгімеден жалықпаймын. Тоқ боламын жыл басында, Жыл соңында арықтаймын. Күн алмаспай тұра ала ма? Бар менде тек бір-ақ қайғы: Неге, неге... Мына бала Дүйсенбіні ұнатпайды? ИНЕ-ЖІПТІҢ ЖЫРЫ Айрылғанбыз тағаттан, Әбігер боп талай біз. Келсе бала сабақтан, Киіміне қараймыз. Жыртылды ма жағаңыз, Үзілді ме түймеңіз — Көмекке тез барамыз, Біз — қашанда үйдеміз. Бәрін қолға аламыз, Қиындықтан қашпай біз. Келгенінше шамамыз Әбден жамап-жасқаймыз. Киім ойын қызғанда Көп жыртыла береді. Тек, әйтеуір, біз барда Бәрі жөнге келеді.

ТУҒАН КҮН Өлеңдер, жұмбақтар, жаңылтпаштар, санамақтар, ертегі, тілашар Ертай АШЫҚБАЕВ Мұнтаздай ғып көшеге Жібереміз баланы. Бізге әке, шеше де Разы боп қалады. Дей көрмеңдер бұлданды, Бір ой салсақ құлаққа: Ұқыптылау ұлдарды Ұнатамыз бірақ та. САҒАТТЫҢ ЖЫРЫ Қиындықтан қашпаймын, Оянам да ертемен, Араздаса бастаймын Ұйқы құмар еркемен. Деп: «Сабақтан, шырағым, Кешігесің бүгін де», — Шыр-шыр етіп тұрамын Құлағының түбінде. Қабағыңды түй, мейлі, Оятқаным — достығым. Шабандықты сүймейді Тық-тық басқан қос тілім. Қимай тәтті ұйқысын Әлдекімге бұлдана, Ісіп-кеуіп сиқы шын Жата берер бұл бала.

Ертай АШЫҚБАЕВ Туған күн Шыдамым да таусылды, Енді не деп ұрсайын? Қарлықтырдым даусымды Шырылдаумен күн сайын. «Сендейлердің талайын Жөнге салғам, қарағым». ...Тек демалып алайын, Ауырып тұр тамағым. КІТАПТЫҢ ЖЫРЫ Деме: «Оңай үйренем». Ақыл айтсам — егеспе. Оқу деген — «Инемен құдық қазу» емес пе? Атаң айтқан ақыл бар: «Кел, балалар, оқылық». Жұрт осыны мақұлдар — Қалмау үшін опынып. Менің әрбір жолымда — Өмірдегі үлесің. Мен отырсам қолыңда, Білмегенді білесің. Көне жұрттың қаласын, Бабалардың мұрасын — Мен арқылы табасың, Мен арқылы ұғасың.

ТУҒАН КҮН Өлеңдер, жұмбақтар, жаңылтпаштар, санамақтар, ертегі, тілашар Ертай АШЫҚБАЕВ Елдің небір данасын, Батырлардың күресін — Мен арқылы табасың, Мен арқылы білесің. Шам жағамын жолыңа, Серт беремін, міне, шын. Алсаң мені қолыңа, Бәрін біліп жүресің. Ұсынамын сый, көкем, Түсірмеймін дауға да. Кәсіпке де үйретем, Үйретемін саудаға. Көп пайдадан құр қалма, Жалқауланып отырып. Қолдан келіп тұрғанда: «Кел, балалар, оқылық!» ЕСІКТІҢ ЖЫРЫ Қажет етер ісім елді, Ашыламын... Жабыламын... Үйден шыққан кісілерді Сағынамын... сағынамын... Жұрт жұмысқа тағы аттанды, Ашыламын... Жабыламын...

Ертай АШЫҚБАЕВ Туған күн Келмей жүрген қонақтарды Сағынамын... сағынамын... Тұтқамды жұрт тағы ұстады, Ашыламын... Жабыламын... Ағайынды алыстағы Сағынамын... сағынамын... Тұрағым ғой қала мәңгі, Ашыламын... Жабыламын... Ақылы көп балаларды Сағынамын... сағынамын... ТУҒАН КҮН Өлеңдер, жұмбақтар, жаңылтпаштар, санамақтар, ертегі, тілашар Ертай АШЫҚБАЕВ ХІ. БІЗДІҢ ӘН ХІ. БІЗДІҢ ӘН ХІ. БІЗДІҢ ӘН ХІ. БІЗДІҢ ӘН ХІ. БІЗДІҢ ӘН

Ертай АШЫҚБАЕВ Туған күн ҚАЗДАР Даланы қар басты, Суық жел соғады. Аяздан алғашқы Қаздарым тоңады. Қайырмасы: Мұңаймаңдар, қаздар, Алдарыңда жаз бар. Дала шоқтай маздар, Мұңаймаңдар, қаздар. Қар мынау саулаған, Біздің жақ — салқын жақ. Шықпайды ауладан Қаздарым қаңқылдап. Қайырмасы. Сары аяз шымшыды, Қаздарым торықты. Бәрінің тұмсығы Қып-қызыл болыпты. Қайырмасы. ГҮЛДЕР Жайнатты бақшаны, Күлімдеп көктем кеп.

ТУҒАН КҮН Өлеңдер, жұмбақтар, жаңылтпаштар, санамақтар, ертегі, тілашар Ертай АШЫҚБАЕВ Мына гүл — ақсары, Мына гүл — көкпеңбек. Қайырмасы: Даламыз түрленді, Көрмеміз — бұл нағыз. Үзбеңіз гүлдерді, Гүлдерді жұлмаңыз. Келген ғой, құрбым-ау, Тағы да құтты жыл. Жап-жасыл гүл мынау, Мына гүл — қып-қызыл. Қайырмасы. Гүлдерге жайнаған Нұр септі күміс таң. Нұрдала — айналам, Айналам — Гүлстан. Қайырмасы. БІЗДІҢ ӘН Ортақ бізге бір мектеп, Ортақ бізге бұл бесік. Ұстаздарды құрметтеп Қарсы аламыз бірлесіп. Қайырмасы: Ән саламыз бірлесіп, Тамсанамыз бірлесіп. Сахнаға біздермен Барлығың да бірге шық.

Ертай АШЫҚБАЕВ Туған күн Бірге шаңғы тебеміз, Жаңбыр суын бір кешіп. Су-су болып келеміз Үйімізге бірлесіп. Қайырмасы. Бірге кітап ақтарып, Жоқты бірге табамыз. Біздер бірге мақтанып, Бірге сөгіс аламыз. Қайырмасы. ҚҰСТАР Күз де келді, қараңыз, Суық аспан сұстанды. Аттандырды даламыз Жылы жаққа құстарды. Қайырмасы: Қызықтап қарадым Ұшқанын, Ұшқанын... Еркесі даланың Құстарым, Құстарым... Көктем келді, қараңыз, Қош айтысып қыс қалды. Қарсы алып тұр даламыз Сағындырған құстарды. Қайырмасы. Құс қумайтын баламыз,

ТУҒАН КҮН Өлеңдер, жұмбақтар, жаңылтпаштар, санамақтар, ертегі, тілашар Ертай АШЫҚБАЕВ Баламыз біз ұстамды. Еркелетсін даламыз Қалықтаған құстарды. Қайырмасы. МЕКТЕБІМ Есімде ең алғаш Еркелеп келгенім. Ерте-кеш демалмас Анамсың сен менің. Қайырмасы: Мектебім — бесігім, Мектебім — бесігім. Мен үшін әрқашан Ашық тұр есігің. Ұстазды тыңдадым, Үйрендім әріпті. Алғашқы жылдарым Есімде қалыпты. Қайырмасы: Шақырса жер шегі Шаршамас құстаймын. Мектебім, мен сені Есімде ұстаймын. Қайырмасы. БАЛАБАҚШАМ МЕНІҢ Жаңа қадам жасадым, Қош болып тұр, бесігім.

Ертай АШЫҚБАЕВ Туған күн Мен қуанып ашамын Балабақша бесігін. Қайырмасы: Әлдилеген елім, Сәбиіңмін сенің. Сәбиіңмін сенің, Балабақшам менің. Айтып берер тәтелер Әсем өлең, жақсы аңыз. Ойыншықтар әперер Қандай жақсы бақшамыз. Қайырмасы. Бұлданбаймын бекерге, Жас төкпеймін көзімнен. Үйіме де кетерде Киінемін өзім мен. Қайырмасы. НАУРЫЗ Құтты болып басталды Ұлы тойы ұлыстың. Жадыратсын аспанды Арайлы күн, тыныш түн. Қайырмасы: Наурыз, Наурыз, Наурыз, Мереке боп келдің бе? Наурыз, Наурыз,

ТУҒАН КҮН Өлеңдер, жұмбақтар, жаңылтпаштар, санамақтар, ертегі, тілашар Ертай АШЫҚБАЕВ Наурыз, Береке боп келдің бе? Күлім қағып шақырдым Достарымды қасыма. Біліп келе жатырмын Жас қосылды жасыма. Қайырмасы. Біз арманшыл баламыз, Келер елді түлеткім. Көркейсін деп қаламыз Шыбық ектім, гүл ектім. Қайырмасы. ЖАС ҰЛАНДАР ЖЫРЫ Өркеніміз даланың, Ертеңіміз қазақтың. Аманаты бабаның — Тәуелсіз таң, азат күн. Қайырмасы: Кез де келер ер жетер, Біз сенімді жолдамыз. Бесігінде тербетер Отанымыз — ордамыз. Бай мұрасын сыйлады Қасиетті халқымыз. Елдік тәлім жинағы — Дәстүріміз, салтымыз. Қайырмасы.

Ертай АШЫҚБАЕВ Туған күн Сөгілмейді іргеміз, Осылай сөз бергенбіз. Қай кезде де біргеміз Туып-өскен елмен біз. Қайырмасы. ТУҒАН КҮН Өлеңдер, жұмбақтар, жаңылтпаштар, санамақтар, ертегі, тілашар Ертай АШЫҚБАЕВ ХІІ. БІЗДІҢ ХІІ. БІЗДІҢ ХІІ. БІЗДІҢ ХІІ. БІЗДІҢ ХІІ. БІЗДІҢ СЫНЫП СЫНЫП СЫНЫП СЫНЫП СЫНЫП

Ертай АШЫҚБАЕВ Туған күн ГАЗЕТ РЕДАКТОРЫНА ХАТ Бұл хатты Сіз аласыз Деп: «Тағы да ақын ба?» Білесіз бе, аға, Сіз, Біздің сынып хақында? Деп ем: «Өлең жазамын Өз сыныбым туралы». Айтып мысқыл-мазағын Көрші сынып шулады. Қостады тек достарым: «Ақын болсаң — несі мін. Бұзылмасын жоспарың, Өзгермесін шешімің». Жасық болу — ол да мін, Жайым да жоқ мақтанар. Сөйтіп Сізге жолдадым Осындай бір хат-хабар. Демей: «Бұл да ақын ба?» — Оқыңызшы төзіммен.

ТУҒАН КҮН Өлеңдер, жұмбақтар, жаңылтпаштар, санамақтар, ертегі, тілашар Ертай АШЫҚБАЕВ Өз сыныбым хақында Өлең жаздым өзім мен. 1 ҚЫРКҮЙЕК. ҚОЛТАҢБА Асығып ек түнімен, Кірдік, міне, сыныпқа. Біздің сынып шынымен Сонша сағындырып па? Парта таңдап таласа, Жүгірдік-ау шалқып бір. Сынып қандай тамаша, Бояу исі аңқып тұр. Сырланыпты терезе, Парта, Шкаф, Тақта да. Ілулі тұр ереже, Қабырға да әппақ, ә! Толқып кетім біртүрлі, Партама да жүз келдім: Көрінбейді былтырғы Қолтаңбамыз біздердің. Неткен сынып сәнді бұл, Сөз қалмапты өшпеген. Жазу да жоқ әлгі бір: «Т+Б = дос» деген. Тақтаны да ұнаттым, Көрдім қолмен ұстап та.

Ертай АШЫҚБАЕВ Туған күн Есімі жоқ Мұраттың Бұрыштағы шкафта. Қарап жүрміз мақтанып, Сынып ішін жүз барлап. Еш партадан таппадық — Жоқ мен салған қызғалдақ. Ал оған кім «жазықты»? Дұрыс тіпті бұл енді. Былтыр бекер жазыпты — Дос болмай жүр «Т» мен «Б». Өзгеріссіз өтпек пе Одан соң да күн, апта? Мүлде басқа мектепке Кетті ауысып Мұрат та. Мен де мүлде өзгердім, Жүйрік қазір қаламым: Қызғалдақ, Ол сөз бе енді? Ұшақты да саламын. Біз өзгерген баламыз, Алдымызда — ғажап із. ...Басқа әріптер жазамыз, Басқа сурет саламыз. БАСТАМА Бізде бос күн болмайды, Көтереміз бастама.

ТУҒАН КҮН Өлеңдер, жұмбақтар, жаңылтпаштар, санамақтар, ертегі, тілашар Ертай АШЫҚБАЕВ «Қорға, бала, торғайды», «Еденге нан тастама». «Үлгілі бол, жас ұлан», «Әдепсіздік — масқара». «Тартпа қызды шашынан», «Ақылшы бол басқаға». «Асықпай іш тамақты», «Портфеліңді сүйреме». «Дұрыс оқы сабақты», «Тәртіпті бол үйде де». Көп уақыт күттірмей Көтереміз бастама. «Біз туралы түк білмей Жүр-ау, — дейміз, — астана». Кіл уайымшыл баламыз, Ойымыз көп ғажайып. Абыржып та қаламыз, Бастамамыз азайып. Жо-жоқ... Бұлай болмайды, Көтерейік бастама. «Қорға, бала, торғайды», «Еденге нан тастама». «Үлгілі бол, жас ұлан», «Әдепсіздік — масқара». ...Сөйтіп қайта басынан Басталады бастама.

Ертай АШЫҚБАЕВ Туған күн МАТЕМАТИКА. ЕКІ НҮКТЕ Қалды бірден ұнамай, Есеп бұл біз күтпеген. Шықты, міне, бір ағай «А» деген бір нүктеден. Алдын ала сұрамай, Күтер жерді діттеген, Шықты қарсы бір ағай «Б» деген бір нүктеден. «Шаршадық» деп шағынып, Жолдан өтіп не талай, Бірін бірі сағынып Келе жатыр екі ағай. Сапар оңай бітпейді, Жолдың жайын білмейді. Автобус та күтпейді, Арбаға да мінбейді. Мін дегенге көнбейді, Күштері де сарқылды. Жүрістері өнбейді, Жылдамдығы әр түрлі. Жолдан өтті не талай, Асты қырдан, сайдан да. Кездеседі екі ағай Қашан және қай маңда?

ТУҒАН КҮН Өлеңдер, жұмбақтар, жаңылтпаштар, санамақтар, ертегі, тілашар Ертай АШЫҚБАЕВ Енді қанша шыдайды? Шаршап қалды-ау, о, мықтап. ...Ұстаз бізден сұрайды: «Бұлар қашан жолықпақ?» Үңілеміз сұраққа, Ережені ежіктеп. Таппай қойдық бірақ та — Бұлар қашан кезікпек? Амал ойлап не талай, Таба алмадық таласып. ...Апыр-ай, сол екі ағай Кетпесе екен адасып. ДОСТЫҚ Күн тамаша, әй, тегі, Қолымыз да бос бүгін. Дәлелдесек қайтеді Қыз бен ұлдың достығын? Үйге бүгін сыймадық, Елемедік ызғарды. Ертіп келдік жиналып Сырғанаққа қыздарды. Ал қайтеміз? Қиналдық. Дедік: «Қыздар байқасын». Көрсетуді ұйғардық «Солдаттардың шайқасын».

Ертай АШЫҚБАЕВ Туған күн Оңымызда із қалды, Солымызда із қалды. Жұмсақ қарды жентектеп, Атқыладық қыздарды. Оңымызда жол қалды, Солымызда жол қалды. Біз шабуыл жасадық, Қыздар ылғи қорғанды. Дайынбыз ғой ер іске, Елемедік мұз, қарды. Жеттік, міне, жеңіске, Тұтқындадық қыздарды. Тұтқындадық желкелеп, Жауап алдық — болғаны. Кетіп қалды ертерек Бір-екеуі... тоңғаны... Ойын бітті. Жараймыз. Көкжиекке көшті Күн. ...Дәлелдейміз талай біз Қыз бен ұлдың достығын. ТАРИХ ПӘНІ. ТАС КІТАП Көп жазып жүр, Сезем мен Жазушы да, Ақын да...

ТУҒАН КҮН Өлеңдер, жұмбақтар, жаңылтпаштар, санамақтар, ертегі, тілашар Ертай АШЫҚБАЕВ Жеткен алыс кезеңнен Тас кітаптар хақында. Қара тасқа түсіріп, Әріптерді самсаған, Саусақтары ісініп, Әуре болды қанша адам. Сірә, тыным болар ма, Шапқы менен балғаға? Сауатсыздар Оларға Қарады ма таңдана? Ол кезең — бір басқа шақ, Бұл заманнан алшақ-ау. Күн суықта тас қашап, Ой, шәкірттер шаршады-ау. Жоқ белгілі жоспар да, Алда қанша қыс, жаз бар? Жоғалса егер тас, балға Жазалайды ұстаздар. Тас таусылып болар ма? Ой, шәкірттер шаршады-ау. Бізге ұқсап Олар да Каникулды аңсады-ау. Ұстаз барын қасында Бәлкім, бір сәт ұмытты.

Ертай АШЫҚБАЕВ Туған күн ...Иә, сірә қай ғасырда Шәкірт еркін жүріпті?! МАХАББАТ Түк білмейміз осы біз, Жанымызға батады-ақ. Ал сіз ақыл қосыңыз: «Немене ол — махаббат?» Бере ме деп қол ұшын, Сұрақ қойдық ағайға. Ағай айтты: — Ол үшін Есейіңдер, Жарай ма? Айтпайтынын ағай да Өзіміз де сезіп ек. Білу керек қалайда, Білу керек тезірек. Сосын, Сосын... Бір істі Құпиялап бастадық. Қыздар дереу кірісті, Ұлдар жүрді басқарып. Алып келдік... Ағамыз Әпкеміздің хаттарын.

ТУҒАН КҮН Өлеңдер, жұмбақтар, жаңылтпаштар, санамақтар, ертегі, тілашар Ертай АШЫҚБАЕВ Қолға еппен аламыз, Конверті қап-қалың: ... «Мен өзіңсіз өлемін, Қалай сенен жасырам? Азабыңа көнемін, Махаббатқа бас ұрам»... ... «Өзің жоқта кедеймін, Өзің жоқта жүдеймін. Түсінбесең не деймін, Ақ махаббат тілеймін»... ... «Сен сүймесең қалайда Кетемін мен қаңғырып. Саған деген алайда Махаббатым мәңгілік»... Оқыдық біз қиналып, Жағымызды таянып. Әпкемізді қимадық, Ағамызды аядық. Күткеніміз бұл емес, Жинап қойдық хаттарды. Тіпті бір қыз күлегеш Жылауға да шақ қалды. Көз алдымда қазір де Сол аяныш, сол елес. Иә, махаббат әзірге Біз жүрерлік жол емес.

Ертай АШЫҚБАЕВ Туған күн Заңы қандай қатал-ақ, Шыдауға күш жетер ме? ...Керек емес махаббат, Қызығыппыз бекерге. ДЕНЕ ТӘРБИЕСІ Сөзі — заңға барабар, Сөйледі ағай шешіле. «Мән беріңдер, балалар, Дене тәрбиесіне. Қол босаса сабақтан Жүгір, секір, еңбекте. Шынығуға талаптан, Табыс оңай келмек пе?» ...Ескеруге мұндайды Біздің сынып дап-дайын. Бәрі спортқа ыңғайлы, Кімді қалай мақтайын?! Мынау Самат... Күшті-ақ тым, Одан ешкім озбайды. Сыныптағы шкафты Бір қолымен қозғайды. Талай сынап көрген ек, Асылбекке жетпек кім?! Шығып кетер өрмелеп

ТУҒАН КҮН Өлеңдер, жұмбақтар, жаңылтпаштар, санамақтар, ертегі, тілашар Ертай АШЫҚБАЕВ Төбесіне мектептің. Жүрген ешкім ескермей Шеберлер бар не түрлі: Сайын, міне, сескенбей Терезеден секірді. Мен де әзірмін сынаққа, Қысыламын несіне. ...Осынымыз бірақ та Дене тәрбиесі ме? ӘДЕБИЕТ САБАҒЫ. КРЫЛОВ Жолымызды тұсады Болса-дағы қанша аян. Крыловтың мысалы — «Аққу, шортан һәм шаян». Ал таласар шақ туды, Кімдерге не жолықты? Алғаш рет аққуды Әсет биыл көріпті. Асан айтты салмақпен Өзінің бір еңбегін: Жаздыгүні қармақпен Шортан ұстап келгенін. Сөйледі олар екпінмен, Мен де енді төзем бе? Әңгімелеп кеттім мен Барғанымды өзенге.

Ертай АШЫҚБАЕВ Туған күн «Керегі не ал мұның?» — Демей, Сабақ сұрамай, Оқиғаның барлығын Үнсіз тыңдап тұр ағай. Айтып жатыр көп қызға Бір әңгіме Баян да. ...Ұқсап кеткен жоқпыз ба «Аққу, шортан, шаянға?» ҰСТАМДЫЛЫҚ КҮНІ Мәнісі бар мұның да, Сыныбыңа кіргенде — Не жетеді, шынында, Ұстамды боп жүргенге? Түзелді бар қылығым, Көнбес мұндай шартқа кім? Ғалияның бұрымын Тартқым келді... тартпадым... Мынау Самат... Оның да Ақылға бас игені. Розаның қолында Жүрген гүлге тимеді. Мұны қыздар күтті ме, Кім біздерді түзеткен? Кейбір қызға тіпті де

ТУҒАН КҮН Өлеңдер, жұмбақтар, жаңылтпаштар, санамақтар, ертегі, тілашар Ертай АШЫҚБАЕВ Мақтау айттық ізетпен. Дейтін бізді: «тентек кіл», Ұстамды боп жүрдік бір. Көрмегенге — ертек бұл, Көргендерге — шындық бұл. Бар ғой бізде төзім де, Жүрді қыздар таң қалып: Үзілістің кезінде Шулап асыр салмадық. Мен Саматқа сыздандым, Ол: «Сәл шыда, — дейді, — әлі. Күнде келмес... қыздардың... Халықаралық... мейрамы...» ТУҒАН КҮН Шықты неге сабақтан Көрші сынып шаттанып?.. Сұрап едік Қанаттан Айтты сырын мақтанып. ...Е, түсіндік, Бәрінің Шат жүргені бекер ме? — Бүгін апайларының Туған күні екен де.

Ертай АШЫҚБАЕВ Туған күн Апайлары сабақта Бұл датаны ескерген. Ұрыспапты Қанатқа Қоңыраудан кеш келген. Отырыпты күлімдеп Әңгіме айтып шаттана. «Ал кім дайын бүгін?» — деп, Шақырмапты тақтаға. «Бұл бір үлгі боларлық Оқиға» деп ұғындық. Сыныпқа тез оралдық, Күнпараққа үңілдік. Күнпараққа қараймын Тәтті қиял жеңіп бір. ...Эх! Туған күні ағайдың Жексенбіге келіп тұр. САУАЛ Шықты бүгін секіріп Күнделікке екілік. Қалай қайтар есеміз Екіліктен толған кіл? Бұл КІТАПТЫ кеше біз Шығармап ек қолдан бір. Күнделікке екілік Қалай шықты секіріп?

ТУҒАН КҮН Өлеңдер, жұмбақтар, жаңылтпаштар, санамақтар, ертегі, тілашар Ертай АШЫҚБАЕВ Көлге түстік, жаурадық, Бұлақ әнін тыңдадық. Көгалға да аунадық, КІТАП қолда жүрді анық. Күнделікке екілік Қалай шықты секіріп? Өрмеледік ағашқа, Тұрды иіліп бұтақтар. Ол кезде де, Таласпа, Қолымызда КІТАП бар. Күнделікке екілік Қалай шықты секіріп? Киноға да кірдік бір, Оқиғасы күшті еді. Сол кезде де, Шындық бұл — КІТАП қолдан түспеді. Күнделікке екілік Қалай шықты секіріп? Көп көбелек ұстадық, Қолымызға тор да алып. Кетті күн тез қысқарып, КІТАП қолда болды анық. Күнделікке екілік Қалай шықты секіріп?

Ертай АШЫҚБАЕВ Туған күн Түсінбедік түкті де, Түсінбедік тіпті де. МЕРЕКЕ ҚАРСАҢЫНДА. ҚҰТТЫҚТАУ Мерекенің қарсаңы, Абыржыдық анық біз. Қыздар әбден шаршады, Біз де шаршап қалыппыз. Мерекенің сәні не — (Жасадық біз бір ерлік). Ұстаздардың бәріне Құттықтау хат жібердік. Зор денсаулық тіледік, Сөзімізді түзедік. Кіл ақылды ұл едік, Кіл ақылды қыз едік. Мұны бізден күтті ме ел? Тіледік біз көп табыс. Қол да қойдық түп-түгел, Ешкім қалған жоқ қалыс. Деме: «Хатты көп салдың», Осынымыз мақұл-ақ. ...Қорытындысы тоқсанның Шығатын кез жақын-ақ.

ТУҒАН КҮН Өлеңдер, жұмбақтар, жаңылтпаштар, санамақтар, ертегі, тілашар Ертай АШЫҚБАЕВ ЖІГЕРЛЕНУ Иә, күткенбіз мұны біз – Бұрынғыдай күн қайда? Бірімізді біріміз Қолдау керек мұндайда. Осы ғой бар түріміз, Басқа кімге сенеміз? Бірімізге біріміз Жігер беріп келеміз. Асылбекте ақыл мол — Жағдайымды түсінді. Деді маған: — Батыл бол! Сосын қолын ұсынды. Молаяды уайым да Өстіп ұзақ күткенде. Дедім мен де Сайынға: — Сескенбеші түктен де! Аманбай да өзінше Бізден қолдау күтті ме, Деді жұрттың көзінше: — Қорықпаймын тіпті де! Кім үн-түнсіз қала алар, Көңілге мұң толады. ...Бүгін ата-аналар Жиналысы болады.

Ертай АШЫҚБАЕВ Туған күн МЕНІҢ ҚОРЫТЫНДЫМ НЕМЕСЕ ГАЗЕТ РЕДАКТОРЫНА ҚОСЫМША ХАТ Жаздым өлең шығарма Өз сыныбым туралы. Оқырманға ұнар ма Ұйқасы мен шумағы? Өтірік сөз қоспадым, Бәрі шындық, Мұны ұғын. Осы менің достарым, Осы менің сыныбым. Шығып бұл жыр газетке, Тарап кетсе көпке егер, Деп: «Бізге ақын қажет пе?» Бәлкім, сынып өкпелер. Бәлкім, ешкім шошынбай, «Жазыпты, — дер, — қатырып». Біздің сынып осындай — Дайын тұрған тақырып. Қанша сырды жүріппін Сыйғызып аз көлемге. ...Ақыны бар сыныптың Ақиқаты — өлеңде.

ТУҒАН КҮН Өлеңдер, жұмбақтар, жаңылтпаштар, санамақтар, ертегі, тілашар Ертай АШЫҚБАЕВ ХІІІ. ҚҰСТАР ХІІІ. ҚҰСТАР ХІІІ. ҚҰСТАР ХІІІ. ҚҰСТАР ХІІІ. ҚҰСТАР Ертай АШЫҚБАЕВ Туған күн ӘДЕП Мен шашқан дәнге Қонбады құстар. Тоңды ма әлде? Далада — қыс, қар. Құстарым дәнге Қонбады қаптап. Отыр ма әлде, Сәл әдеп сақтап? АШУ — Ысылдауға бола ма Көрінгенге, Ата қаз? — Балапанға жолама, Аулақ жүрсең — шатақ аз ЖАЛАҢАЯҚ ҮЙРЕКТЕР Қар жауса, Күн салқындап бір, Үйректерді қалам аяп. Жүрер олар барқылдап кіл: — Қалдық тағы жалаңаяқ.

ТУҒАН КҮН Өлеңдер, жұмбақтар, жаңылтпаштар, санамақтар, ертегі, тілашар Ертай АШЫҚБАЕВ АҚҚУ СЕНІМІ Мойнын созып, иеді, Қозғалғаны тым сәнді. Аппақ киім киеді, Жұқтырмайды кір, шаңды. Шақырсаң да келмейді Балшыққа не батпаққа. Кір балаға сенбейді. ...Қане, қолың аппақ па? БАЛШЫҚШЫ1 Оларға су таңсық, Кешетіні балшық, Кешетіні батпақ, Тұмсықтары сатпақ. Жүрер үш ай жазда Лай суда, сазда. Төсекке де бұлар Су-су болып құлар. КӘКІЛІКТІҢ2 КОНЦЕРТІ Ұшсаң да биіктеп, Қонсаң да қапылып, Айтарың сүйіп тек: «Кәкілік-кәкілік». 1 Балшықшы — құстың аты 2 Кәкілік — құстың аты

Ертай АШЫҚБАЕВ Туған күн Шаршаттың бүгін де Концертке шақырып. Бір-ақ сөз тіліңде: «Кәкілік-кәкілік». Шырқайсың екпінмен: «Кәкілік-кәкілік». ...Іздеуге кеттім мен Басқа бір тақырып. ШАҒАЛАНЫҢ МАҚТАНЫШЫ Су жағалап өсемін, Тұрғынымын сәнді үйдің: Судың беті — төсегім, Жайғасам да... қалғимын. Толқын — жұмсақ жастығым, Толқын — жібек көрпем де. Көктен сәуле шашты Күн. ... Бөлмем қалай? Көркем бе? МЕТЕОРОЛОГ ҚОҚИҚАЗ Метеоролог зиялы — Қорғалжынның қонағы. Биіктетсе ұяны Жаз жаңбырлы болады. Сенсіз бе маған Сіз: Метеоролог — қоқиқаз. Басқа құстар — алаңсыз. ...Олар әлде оқи ма аз?

ТУҒАН КҮН Өлеңдер, жұмбақтар, жаңылтпаштар, санамақтар, ертегі, тілашар Ертай АШЫҚБАЕВ ҚОС ҮЙІ БАР ҚҰР Сүймейді ол (таласпашы) Аңдарды да, адамды да. Үйі күндіз — ағаш басы, Қар астында — қараңғыда. (Алағай да, бұлағай да Қар борады бүгін қанша). Менен көмек сұрамай ма Қар астына тығылғанша?!. АНА ҚҰСТЫҢ АҚЫЛЫ Қайда шіркей, қайда дән — Ізде. Қосыл жорыққа. Қанатыңды пайдалан, Ұш, ұша ғой, қорықпа! Өтсе де сан күн, апта, Ерінбе, ұш алысқа. ...Әдепті бол бірақ та, Ұшақпенен жарыспа! КӨКЕКТІҢ ЖАРНАМАСЫ Ойламайды басқаны, Өзін ғана баптайды.

Ертай АШЫҚБАЕВ Туған күн Жұмыртқасын баспады, Балапанын бақпайды. «Кө-кек», «Кө-кек» — ұраны. Осынысы күлкілі. Жарнамалап тұрады Өзін өзі... күн-түні. ТОРҒАЙЛАРҒА КӨМЕК Қуды ма қыс... шыбынды, насекомды зиянды? Боран қандай бүгінгі, Қар басты ма ұяңды? Созылар қыс әлі де, Түспе бірақ уайымға. Дән береміз бәріңе, ...Қапшықтарың дайын ба? МЫСЫҚТЫҢ ҚАМҚОРЛЫҒЫ Торғай қонды сымға, Мысық отыр құмда. — Торғай, құлап кетерсің, Кел, келсеңші, мұнда. ҚОНАҚ О, жұмысым көп-ақ, Келмек маған қонақ.

ТУҒАН КҮН Өлеңдер, жұмбақтар, жаңылтпаштар, санамақтар, ертегі, тілашар Ертай АШЫҚБАЕВ Мынау ірі күріш, Ұсақтадым — дұрыс. Үгіндісін нанның Табақшаға салдым. Мынау шикі тары, Су бар... Дайын бәрі. Дайын бәрі. Жөн-ақ — Келмек маған қонақ. САРАҢ ТОҚЫЛДАҚ — Жағдайың қалай, Тоқылдақ ағай? — Тоқ, тоқ, тоқ! — Уайым жоқ па, Тамағың тоқ па? — Тоқ, тоқ, тоқ! — Келдік біз саған, Берер деп тағам... — Тоқ, тоқ, тоқ! Түк жоқ, жоқ!..

Ертай АШЫҚБАЕВ Туған күн ҚАЙЫРЫМДЫ АНСАМБЛЬ Орман — ғажап тұрақ бұл, Ағаштар көп мәуелі. Бір ансамбль құрап тұр Барша құстың әуені. Қиял көкке самғайды, Тамсанды қыз, тамсанды ұл. Түк ақы-пұл алмайды Қайырымды ансамбль. ЖАҢБЫР ЖАУҒАНДА Міне, қара, мөлдіреп Жаңбыр... Жаңбыр жауып тұр. Бұтақтарға қонды кеп Құстар тыным тауып бір. Таса жерді мекендеп Отыр. Жаңбыр жақпай ма? Тамшы тесіп кетер деп, Қанаттарын қақпай ма? ҚҰСТАР ҚАЙТЫП БАРАДЫ Сәнсіз кезең күз неткен! Суық сорды даланы. Көк жүзінде тізбекпен Құстар қайтып барады.

ТУҒАН КҮН Өлеңдер, жұмбақтар, жаңылтпаштар, санамақтар, ертегі, тілашар Ертай АШЫҚБАЕВ Өкіндіріп атаны, Өкіндіріп баланы, Бұзылмастан қатары, Құстар қайтып барады. «Қош» деу керек — сезгенім, Құстар қайтып барады. Тек... Оралар кездерін Ұмытпаса жарады. КӨКҚҰТАННЫҢ СИРАҒЫ Сирағы ұқсас қамысқа — Жіңішке, өте ұзын-ақ. Қосылса егер жарысқа, Оза ма бізден? Қызық-ақ. Досымды аяп кеттім мен, Бір сұрақ оны қинады: «Соққанда дауыл екпінмен, Кетпей ме сынып сирағы?» ПИНГВИН ТУРАЛЫ АНЫҚТАМА — Мекені — жылтыр көк мұз, Конькиін көрген жоқпыз. Кигені әсем фрак, Дирижер емес бірақ. Жүреді ылғи суда. — Жүзу үйренем, Ура!..

Ертай АШЫҚБАЕВ Туған күн КҮЗДЕ Дыбыс шықса «ау, кім?» — деп, Шаршады ма әупілдек?! Жылы жаққа кетті ұшып, «Кездескенше сау тұр», — деп. ӨКІНІШ Күлімдейді таң мына: «Алтын сәуле таратам». ...Жұмыртқасын жарды да, Жерге түсті балапан. Бірақ шуақ шашпады — Өзгерді аспан кенеттен. Жаңбыр жауа бастады Су құйғандай шелекпен. Балапанға обал-ақ, Қарсы алмады Күн сүйіп. Бір уыс боп домалап, Қалды мүлде бүрсиіп. Балапан ғой бұл әлі, Тыңда ойлап тапқанын: — Жақсы екен, — деп жылады, — Жұмыртқада жатқаным. ТАҢДАНЫС Ұя — мықты алақан, Төзер небір салмаққа. Қарап отыр балапан Ұясынан жан-жаққа. Көкте торғай жырлап тұр, Сөзі бұған жетпейді.

ТУҒАН КҮН Өлеңдер, жұмбақтар, жаңылтпаштар, санамақтар, ертегі, тілашар Ертай АШЫҚБАЕВ Таң қалады шындап бұл: «Қалай құлап кетпейді?» ҰЯДАҒЫ БАЛАПАННЫҢ АРМАНЫ Қайттім ішім пысқанын, Жетер осы жатқаным. Дұрыс шығар ұшқаным, Қанатымды қаққаным. Ұшып жүрген құстардың Байқадым ғой талайын. Мен де шіркей ұстармын, Шалғын жаққа барайын. БАЛКОН-ҰЯ Балапан құс жалықты, Көп жүрген соң далада. Бірде келе қалыпты Мен тұратын қалаға. «Бар балапан сыяр ек, Бәрімізге жарайды, — Неткен үлкен ұя», — деп, Балконыма қарайды. ҚАНАТ Бір балапан Көктегі Зор ұшақты көрді де, Үйірінен шеттеді, Ойланып тұр ол, міне: «Сөз бе бұған қара түн,

Ертай АШЫҚБАЕВ Туған күн дауыл, жаңбыр төпеген... Темір болса қанатым, Бірақ қалай көтерем?» ТУҒАН КҮН Өлеңдер, жұмбақтар, жаңылтпаштар, санамақтар, ертегі, тілашар Ертай АШЫҚБАЕВ ХІV ХІV ХІV ХІV ХІV. БОЯУЛАР . БОЯУЛАР . БОЯУЛАР . БОЯУЛАР . БОЯУЛАР

Ертай АШЫҚБАЕВ Туған күн ЖАСЫЛ ДАЛА Жасыл дала, жасыл дала, Неткен жасыл аймақ бұл! Алыста да, қасымда да Жасыл гүлдер жайнап тұр. Мәз боламыз, қуанышқа Құшағымыз толып бір. Ту-у алыста, ту-у алыста Бұлттар қырға қонып тұр. Қырға қара... Оян, аға! Өңім, әлде, түсім бұл?! Бұлттар енді бояна ма Жасыл түске? ...Түсіндір. КӨК НҰР Артта қалды көк теңіз, Қимай-қимай барамыз. Жоқ ешқандай өкпеміз, Біз — риза баламыз. Көп айтамыз сағына, Көп жүгірдік жағада.

ТУҒАН КҮН Өлеңдер, жұмбақтар, жаңылтпаштар, санамақтар, ертегі, тілашар Ертай АШЫҚБАЕВ Ұнағаны... тағы да Шаңқылдаған шағала. Шағалалар көп мұнда, Көзді күнде арбайды. Қанаттарын көк нұрға Малып алып самғайды... САРЫ ЖАПЫРАҚ Өзгерді атырап, Азайды құс әні. Сап-сары жапырақ Ұшады, ұшады... Ұшады, Қонады Сап-сары жапырақ. Суық жел соғады, Желтоқсан жақын-ақ. Сап-сары жапырақ Ұшады тынымсыз. Жүрмейік қапы қап, Қалмайық түк үнсіз. Біздер де қамдайық Конькиді, етікті. ...Жапырақ сарғайып, Сарғайып кетіпті.

Ертай АШЫҚБАЕВ Туған күн ҚЫП-ҚЫЗЫЛ ҚЫЗҒАЛДАҚ Қыр неге қып-қызыл? Қызғалдақ — анық бұл. Қуантты құтты жыл, Қыр үсті жанып тұр. Құмарым қанып бір Қарадым жүз барлап. Қыр үсті жанып тұр — Қып-қызыл қызғалдақ. Қызығып тұрмын кеп, Басқаша не дейін? Терейін бір-бірлеп, Қызғалдақ терейін. Қызғалдақ термекпін, Қыр үсті — қып-қызыл. Мен кеттім, мен кеттім, (... Осымен бітті жыр.) АҚҚАЛА — АҚ БАЛА Уайымды білмейді, Қардан соққан ақ бала. Ол мектепке кірмейді, Шықпайды ол тақтаға. Маңдай тері тырысып, Шығармайды есеп те. Апалары ұрысып Қуып тықпас төсекке. Өрмелемес қақпаға, Кіріспейді дауға да.

ТУҒАН КҮН Өлеңдер, жұмбақтар, жаңылтпаштар, санамақтар, ертегі, тілашар Ертай АШЫҚБАЕВ ... Болсам мен де ақ бала, Тұрсам мен де аулада. Үсімейді құлақ та, Аяғым да тоңбайды. ... Көктем келсе бірақ та, Еримін-ау — сол қайғы. ҚАРА ТҮН Сыртқа шықтым, сескендім, Шақырайын ағамды. Одан басқа не істермін? Түн — қап-қара, қараңғы. Қара шашты сайтандар Аңдып жүр ме адамды? Балалар-ау, байқаңдар, Түн — қап-қара, қараңғы. Сайтан мені тыңдай ма? Қайтсін бестік бағамды. Ағам, ағам жүр қайда? Түн — қап-қара, қараңғы. Түн — қап-қара, қараңғы, Қорықтым мен. Масқара! Шақырайын ағамды. ... Білдірмейін басқаға.

Ертай АШЫҚБАЕВ Туған күн КҮЛГІН БҰЛТ Суық желге төзгенмен, Дала, бір сыр ұқтырдың. ... Бұлттың түсі өзгерген, Бұлттың түсі — күп-күлгін. Бұлт — күп-күлгін. О, неге? Кім өзгеріс жасады? Күлгін бұлт жүр төбеде, Күлгін сәуле шашады. Күн жаууға бекінді, Үнсіз қалды дала да. ... Күлгін сия секілді Күлгін тамшы тама ма? ҚҰЛА ҚҰМ Жоламайды бұл маңайға Өзенің де, Бұлағың да... Құстар мәңгі жырламай ма Мына құмда — құла құмда? Ылғал іздеп тіліменен, Құмырсқалар тұншықпай ма? Мына құмға шыныменен Қызыл-жасыл гүл шықпай ма? Көтерілдік қанша қырға, Еш қызық жоқ, сірә, мұнда. Досым, әбден шаршадың ба, Таусылды ма шыдамың да?

ТУҒАН КҮН Өлеңдер, жұмбақтар, жаңылтпаштар, санамақтар, ертегі, тілашар Ертай АШЫҚБАЕВ Әудем жерден әрі қашып, Әсем билеп жүр сағымдар. Аңызақтан арып-ашып Уілдейді сұр шағылдар. Мен бар сынға төземін де, Сыбырлаймын құла құмға: «Мен — болашақ өзенің де, Мен — болашақ бұлағың да!» МӨЛДІР ШЫҚ Түн қысқа — сол қырсық, Таң келіп үлгерді. ... Жуады мөлдір шық Әдемі гүлдерді. Аспанның шуағы Мейірімін төкті енді. Мөлдір шық жуады Балауса шөптерді. «Мөп-мөлдір суыңды Құйшы», — деп, Малшынып, Жапырақ жуынды, Жуынды тал, шыбық.. Жуынды құрақ та, Жуынды қамыс та. ... Жүгір, ұл, бұлаққа, Жүгір, ұл, қалыспа! КҮМІС БУ Ақ көрпе тозды әлгі Мүжіліп шетінен.

Ертай АШЫҚБАЕВ Туған күн ... Күміс бу қозғалды Қара жер бетімен. Даланың келбеті — Жайдары. Дұрыс бұл. Күміс бу — жер беті, Жер беті — күміс нұр. Күміс нұр шашылды, Шашылды мың ұшқын. Бұлт тауға асылды, Қасында — күміс Күн. Ақ көрпе тозды анық, Жылы леп тарады. ... Күміс бу қозғалып, Қозғалып барады. ТУҒАН КҮН Өлеңдер, жұмбақтар, жаңылтпаштар, санамақтар, ертегі, тілашар Ертай АШЫҚБАЕВ ХV ХV ХV ХV ХV. ҮЙРЕНШІКТІ . ҮЙРЕНШІКТІ . ҮЙРЕНШІКТІ . ҮЙРЕНШІКТІ . ҮЙРЕНШІКТІ ҮНДЕР ҮНДЕР ҮНДЕР ҮНДЕР ҮНДЕР

Ертай АШЫҚБАЕВ Туған күн ЖЫЛАН НЕ ДЕП ЫСЫЛДАЙДЫ? Көктемде бастап бір өлеңді, Бір жылан: — «Ыс-с» депті, «Ыс-с» депті. Ыс-сылап жүрем-ау мен енді, Қыс-с кетті, Қыс-с кетті, Қыс-с кетті. АРА НЕ ДЕП ЫЗЫҢДАЙДЫ? Омартаға бір бала Келді-дағы ұрлана, Бал іздеді сақтана, Оны дереу шақты ара: — Алдыңыз-з сіз-з маз-заны, Береміз-з біз-з жаз-заны. ҚАРҒА НЕ ДЕП ҚАРҚЫЛДАЙДЫ? Ауыл маңын араларда, Мысық көрсе, анық танып,

ТУҒАН КҮН Өлеңдер, жұмбақтар, жаңылтпаштар, санамақтар, ертегі, тілашар Ертай АШЫҚБАЕВ Дабыл қағар қара қарға: — Қар-рық, Қар-рық, Қар-рық Қар-рық. БАҚА НЕ ДЕП БАҚЫЛДАЙДЫ? Айтты бақа тақпақ, Алдым оны жаттап: — Жаз да өтті-ау, бақ-бақ, Күз де жетті-ау қап-қап!.. ТАУЫҚ НЕ ДЕП ҚЫТ-ҚЫТТАЙДЫ — Орман жаққа шықтық, қыт-қыт. Біреулер жүр: «тық-тық», қыт-қыт. Түлкі екен деп ұқтық, қыт-қыт. Үйге қарай зыттық, қыт-қыт. ҚАЗ НЕ ДЕП ҚАҢҚЫЛДАЙДЫ? Айбат шекті ата қаз Тас лақтырған балаға: Ертай АШЫҚБАЕВ Туған күн — Шықтыңыз ба далаға — Тиіспеңіз, ға-ға-ға!..

ТУҒАН КҮН Өлеңдер, жұмбақтар, жаңылтпаштар, санамақтар, ертегі, тілашар Ертай АШЫҚБАЕВ ХVІ. ДИАЛОГТАР ХVІ. ДИАЛОГТАР ХVІ. ДИАЛОГТАР ХVІ. ДИАЛОГТАР ХVІ. ДИАЛОГТАР Ертай АШЫҚБАЕВ Туған күн КІРПІ — Бүгін қонақ болыңыз, Шақырамыз үйге біз. Ішіп-жеңіз, қоныңыз, Ән салыңыз, билеңіз. — Иә, барамыз қалайда Сіз шақырған үйге біз. Билемейміз алайда — Түсіп қалар инеміз. КЕНГУРУ — Неге сонша шаршадың, Жүк те жоқ қой арқаңда? — Жерге түспей қанша күн, Балам отыр қалтамда. ТАСБАҚА — Пісірер ас көп мұнда, Тек ыдыс жоқ үйде түк. — Келе жатқан жоқпын ба Қазанымды сүйретіп...

ТУҒАН КҮН Өлеңдер, жұмбақтар, жаңылтпаштар, санамақтар, ертегі, тілашар Ертай АШЫҚБАЕВ БАЛ АРАСЫ — Ұшып кетсең, қиналам, Әңгіме айтшы шамалы. — Тіл ұшыма жинаған Бал төгіліп қалады. ЗЕБРА — Менде кітап бар, міне, Қане, бері жақында... — Оқыңызшы әңгіме Матростар хақында. ҮКІ — Қыдырсаңшы менімен, Күн де күліп қарады. — Күзеттен кеш келіп ем, Ұйқы басып барады. АЮ — Қыстай ұйқың қанбастан, Жатып алдың, қарағым. — Байпағым жоқ, Қар бассам, Тоңады ғой табаным. Ертай АШЫҚБАЕВ Туған күн ТОҚЫЛДАҚ — Еңбегіңді ескердім, Сүт әкелдім — бұл шыным. — Тесіп шықса не істермін Ыдысыңды... тұмсығым?..

ТУҒАН КҮН Өлеңдер, жұмбақтар, жаңылтпаштар, санамақтар, ертегі, тілашар Ертай АШЫҚБАЕВ ХVІІ. ҚЫС ХVІІ. ҚЫС ХVІІ. ҚЫС ХVІІ. ҚЫС ХVІІ. ҚЫС

Ертай АШЫҚБАЕВ Туған күн ТАНЫС ТОРҒАЙДЫҢ ӨТІНІШІ Аула толы ақша қар, Аяз мүлдем қысып тұр. Дірілдейді бақшалар, Кетпес пе екем үсіп бір? Қар... Әппақ қар қайда да, Көрінбейді жер шегі. ...Бері келші, әй, бала, Танып тұрмын мен сені. Сонша тоңып қалғаным, Жаңылдым-ау әнімнен. ...Аузын ашып қамбаның Бере тұршы дәніңнен. ПОРТФЕЛЬДЕГІ КӨКТЕМ Қыс. Қап-қалың қар мұнда, Шуақ қайда? Білмедім. Бояуымды алдым да, Салдым көктем гүлдерін. Салдым көктем гүлдерін, «Енді уайым жоқ», — дедім. Портфелімде жүр менің Жалғыз парақ көктемім.

ТУҒАН КҮН Өлеңдер, жұмбақтар, жаңылтпаштар, санамақтар, ертегі, тілашар Ертай АШЫҚБАЕВ ГҮЛ Терезенің алдында Гүл өсіп тұр — Үй гүлі. Ерекше сыр бар мұнда, Бұл — әпкемнің сыйлығы. Әпкем сәлем жолдайды: «Орнықты ма гүл бекем?» Бұл гүл қыстай тоңбайды. ...Әпкем тоңбай жүр ме екен? АЛҒАШҚЫ ҚАР. АҚ МЫСЫҚ Аула толды арайға, Інім қармен ойнады... Ақ мысығым, алайда, Тыным таппай қойғаны. Терезеге асылып, Көп қарады бүгін кеп. Ойлай ма екен: «Шашылып Қалыпты ғой жүнім», — деп. ЖАРЫС Мініп бір-бір шанаға, Кеттік таудан зырлап-ақ. Мұндайда шет қала ма, Көрермендер тұр қарап. Озсам деген талаппен, Ұмтылсам да ілгері, Оза алмадым,

Ертай АШЫҚБАЕВ Туған күн Қап, әттең! Намыс өртеп тұр мені. «Өкінбе» деп, Кезекпен Жұбатты дос, таныс та. Шанам — шабан. ...Не жеткен, Шіркін, жаяу жарысқа. МЕН ТУҒАН КҮН Тойлайыншы мен де енді, Қарлы ақпанда туыппын. Сол күн бүгін келген-ді, Дала бірақ суық тым. Көре алмадым торғайды, Қатып жатыр бұлақ та. Өзгертуге болмайды, Туған күнді бірақ та. Басталды бір ақ боран, Үйге кірдім қайтадан. Енді қайтіп шаттанам, Енді қайтіп айтам ән? Түзей алар кім мұны? Кінә — туған күнімде. Жыл сайын мен бұл күні Отырам пеш түбінде. ҚАР-АДАМ. ҚОЯН Талай-талай күліп ем Қызықтарға сан қилы. ...Мына қоян түнімен Қар-Адамды аңдиды.

ТУҒАН КҮН Өлеңдер, жұмбақтар, жаңылтпаштар, санамақтар, ертегі, тілашар Ертай АШЫҚБАЕВ Қу қоянның ұғымы Белгілі ғой ондайда: «Қар-Адамның мұрыны Тәтті сәбіз болғай да...» ТАҢҒЫ КЕҢЕС Таңғы кеңес дұрыс-ты, Күн де шығып қалды ма? Іске шұғыл кірісті Шаруақор таң мына. Сен де жұрттан сырт қалма, Қолға ал істі бір жаңа. ...Көк түтінін бұлттарға Қосып жатыр мұржа да. АЯЗ-МАССАЖ Теңегім кеп тұрғаны-ақ Қарды аппақ мақтаға... Дайын, міне, сырғанақ, Тұрғызамыз аққала. Аяз бізді шыңдады, Шымшып, тістеп күнімен. Ұл боламыз тұлғалы — Анық білем мұны мен. Аяз — Массаж, Ұғып бақ, Шынықтырар, біл мұны.

Ертай АШЫҚБАЕВ Туған күн ...Ал қалайша шынықпақ Африка тұрғыны? АҚПАННЫҢ АШУЛЫ ӘНІ Шыдамы жоқ құстаймын, Тез өтетін ақпанмын. Мен деген... Ең... Қысқа аймын... Мұны ойлап тапқан кім? Еншісінде басқа айдың Екі-үш күндік кемдігім. ...Қарды шашып тастаймын — Өкпелімін мен бүгін. САУАЛ Мұз астында қалып, Өріп жүр ме балық? Айналасын анық Көріп жүр ме балық? Әлде мұзды жарып, Түсірсем бе жарық?.. ЖЫЛЫ ЖЕР Қызықтайсың түрін, Таба алмайсың қырдан. Бар бір аппақ гүлім Үйде өсіп тұрған. Қайтсін қырға көшіп, Не бар белес-белде? Тұрады ол өсіп Үйде — Жылы жерде.

ТУҒАН КҮН Өлеңдер, жұмбақтар, жаңылтпаштар, санамақтар, ертегі, тілашар Ертай АШЫҚБАЕВ Үнсіз мүлгіп бақ тұр, Қарға толды ірге. Бөлмеде... Мен, Ақ гүл, Жылынамыз бірге. ОЙЫННАН СОҢ Ақ қар жапты даламды, Көрген соң-ақ мұны мен, Алып шығып шанамды, Сырғанадым күнімен. Қызықтардың барлығын Қалай айтып тауысамын? Төбелерден қарғыдым, Тоңды бетім саусағым. Тоңдым. Үйге кірдім мен, Шанам қалды қорада. Қора суық, Кім білген, Шанам енді тоңа ма? БҰТАҚТАР Басыпты қар — Мүлгіп тұр ағаштардың бар бұтағы. Асықтырар Қыр жаққа қол шана мен шаңғы тағы. Бұтаққа жармаспадым, Көрдім де қар басқанын. Үнсіздік орнап, міне, қалды тағы Қар басқан бағыма да.

Ертай АШЫҚБАЕВ Туған күн Мүлгіп тұр ағаштардың бар бұтағы, Көктемді сағына ма? Бір боранға бір боран жалғасып кіл, Бұтақты қар басып тұр. СИЫР Мүйізімен бүйірін Қасып қойып еріне, Қалғып-мүлгіп сиырым Қарамай тұр жеміне. Дайын шөбі — қорегі, Су беремін, жүгірем. ...Бәлкім, жазды көреді Түсінде ол түнімен. АЯЗДА Күн аяз, Қар қап-қалың, Мен асықтым үйге енді. Қымтанбақ ем... Таппадым, Үзіппін бар түймемді. Қолымның да тоңғанын Енді ғана байқадым. Жоғалыпты қолғабым, Апама не айтамын? Ат шауып жүр танаурап, Қар ұшады тұяқтан. ...Кетті бетім алаулап, Аяз емес... Ұяттан.

ТУҒАН КҮН Өлеңдер, жұмбақтар, жаңылтпаштар, санамақтар, ертегі, тілашар Ертай АШЫҚБАЕВ ХVІІІ. КӨКТЕМ ХVІІІ. КӨКТЕМ ХVІІІ. КӨКТЕМ ХVІІІ. КӨКТЕМ ХVІІІ. КӨКТЕМ Ертай АШЫҚБАЕВ Туған күн СҮҢГІ МҰЗ Су болды қолғабым, Су болды байпағым. Мен неге тоңбадым — Себебін айтамын. (Күте тұр шамалы, Киейін етікті). Көктемнің хабары Бізге де жетіпті. Келер деп жақында Күттік бұл күнді біз. Ілініп шатырға Тұр, әне, сүңгі мұз. Дәл осы күнді біз Күткенбіз көптен бір. Еріп тұр сүңгі мұз, Алақай, Көктем бұл! СОҢҒЫ ҚАР Көкте Күн жоқ, мейлі, Демеймін: «Қауіп бұл».

ТУҒАН КҮН Өлеңдер, жұмбақтар, жаңылтпаштар, санамақтар, ертегі, тілашар Ертай АШЫҚБАЕВ Енді қыр көктейді, Соңғы қар жауып тұр. Ақ құйын өтті ме, Алдымды орап бір? Қорыққам жоқ, міне, Соңғы қар борап тұр. Біз үшін сауық бұл, Жүгірдік шаттанып. Соңғы рет жауып тұр Қылаулап... ақ мамық... БІЗДІҢ АУЛА Көрген бала өзі ұғар, Артық қызық іздер кім? Тентек лақ бар, қозы бар Ауламызда біздердің. Бір иіскеп алады Шөп әкелсем бұзау да. Қолым тимей қалады Үйден әрі ұзауға. Бір сүйсінбей өтер кім? Бәрі жұртқа ұнауда. Кіп-кішентай бөпемнің ЗООБАҒЫ — бұл аула.

Ертай АШЫҚБАЕВ Туған күн ОРМАННЫҢ ӘНІ Шықты көкке жүзіп Күн, Әппақ бұлттар қалқыды. Кетті ауа қызып тым, Денем әбден балқыды. Сәуір келді. Бұл айда Әрбір күнім — той менің. ...Бала, саған ұнай ма Мына жасыл көйлегім? ҚОНЖЫҚ ОЯНДЫ Жер жасылға боянды, Орман әні — сиқыр ән. ...Міне, қонжық оянды Үш ай қысқы ұйқыдан. Қысты қонжық, әй, тегі, Көрмей өтер мәңгіге. ...Айтып берсем қайтеді Қар туралы әңгіме? КӨРМЕ «Кө-кек». Тыңда бұл үнді, Көктем келді. Дұрыс ұқ.

ТУҒАН КҮН Өлеңдер, жұмбақтар, жаңылтпаштар, санамақтар, ертегі, тілашар Ертай АШЫҚБАЕВ Күн жылынды. Жылынды. Кетер кейде тым ысып. Жерге кесте төккен бе? Тамсан, қарап үлгер де. Көп екен ғой шөптер де, Біз білмейтін гүлдер де. Жиде жұпар шашады, Алтын шуақ төрлесін. ...Көктем енді ашады ӨСІМДІКТЕР КӨРМЕСІН. ЖЫЛЫ ЖАҚТАН КЕЛГЕН ҚҰС Ұштым, ұштым... Жалықтым, Ал қонамын... Шошыма. Сағынып-ақ қалыппын — Менің ұям осы ма? Ұштым... ұштым... қанша күн... Демалайын аз ғана. Мен сендерді аңсадым, Орман... Көктем... Жаз... Дала...

Ертай АШЫҚБАЕВ Туған күн Деп: «Туған жер сүйікті-ақ», Жүрдім қанша қамығып. ...Алайын сәл ұйықтап, Жапырақты жамылып. КӨК ӨРІС Мына қырат Ішкен бе Көк бояуды қанып бір? Толып түрлі түстерге Көздің жауын алып тұр. Босады... он... жүз аула Өріс көктеп кеткелі. ...Таң білінді Бұзаулар Осы жаққа беттеді. Бәрі жөңкіп барады-ай Қарғып томар, түбірден. Мектептегі баладай Асханаға жүгірген. КЕМПІРҚОСАҚ Сан түрлі ажар көрікпен Арбады, міне, көзімді.

ТУҒАН КҮН Өлеңдер, жұмбақтар, жаңылтпаштар, санамақтар, ертегі, тілашар Ертай АШЫҚБАЕВ Суретін салмақ болып мен Тауыстым әбден төзімді. Тізгінін көңіл босатты, Қиялым шырқап кеткені... Салайын кемпірқосақты. ...Бояулар, жылдам жет бері! ҰҚСАСТЫҚ Бұзауыма шөп берем, Қошақанға сүт берем. Қора жаққа көп келем, Шаршамаймын түк те мен. Және тыныс алам ба, Балапанға таппай дән? Сосын, сосын... Маған да Береді әжем тәтті айран. КҮТКЕН ШАҚ Көктем келді. Жердің беті түледі, Осы шақты күтеміз біз үнемі. Әруақытта қарсы аламыз шаттанып, Ақ сәулесін төгер аспан ақтарып. Күні-түні қонып жатыр құсымыз, Ал біздердің бар дағдылы ісіміз.

Ертай АШЫҚБАЕВ Туған күн Жердің бетін көркейтуге әзірміз, Көшет егіп, су құямыз қазір біз. Мойнымызда жүрер осы жүк, міне, Ала жаздай шөлдетпейміз тіпті де. Жүру үшін жасыл бақта мәуелі, Шыбықтарды баптау керек әуелі. ТУҒАН КҮН Өлеңдер, жұмбақтар, жаңылтпаштар, санамақтар, ертегі, тілашар Ертай АШЫҚБАЕВ ХІХ. ЖАЗ ХІХ. ЖАЗ ХІХ. ЖАЗ ХІХ. ЖАЗ ХІХ. ЖАЗ

Ертай АШЫҚБАЕВ Туған күн МЕНІҢ ДАЛАМ Сендерге бұл өлең Ұнайды. Сенемін. ...Даламды, міне, мен Аралап келемін. Қырға гүл қаптапты, Ерінбей көп тердім. Ел дұрыс мақтапты, Исін-ай шөптердің. Жұрт мұндай көктемде Жұмыссыз жатар ма? Барды, әне, өткелге Машина, Ат-арба. Көрдің бе, Торпағым Ойнақтап жүргенін... Мен неден қорқамын, Өз далам бұл менің. Ұзартам жолымды, Даламды кеземін.

ТУҒАН КҮН Өлеңдер, жұмбақтар, жаңылтпаштар, санамақтар, ертегі, тілашар Ертай АШЫҚБАЕВ Бетімді, Қолымды Жуады өзенім. «Сәл демал, кел», — деді, Жұп-жұмсақ шалғыным. Шалғыным тербеді, Қалғыдым, Қалғыдым... АПТАП Ауа ыстық, Жел ыстық, Ыстық құм да, тақыр да. Өртеніп тұр кеңістік Сая болмас шатыр да. Шара таппай күймек пе ел? Шілде де бір — шоқ та бір. Жайылмайды үйректер, Көшеде де жоқ дабыр. Көлеңкең мен тасаңды Аңдып тұр Күн мызғымай. Отырамыз қашанғы Үйден шықпай біз бұлай? От жұтқандай боласың, Шөліркеді құс, міне. ...Бұлттар, қашан қонасың Біздің үйдің үстіне?

Ертай АШЫҚБАЕВ Туған күн БІЗДІҢ АУЫЛ ҚҰМ ІШІНДЕ Деме: «Мұның сүйді несін?» Біздің ауыл құм ішінде. Табаныңды күйдіресің, Өнбей қояр жүрісің де. Жиектері өрнектеліп, Құла толқын құбылады. Торғай біткен шөлдеп келіп, Көлеңкеге тығылады. Кесірткелер жүгіреді, Жаңбырдан соң жарылса құм. Төбеден Күн үңіледі, Көкжиегің — сағым, сағым... Қашан мұнда теңіз келіп, Толар маңай күміс үнге? Одан басқа нені ізделік — Біздің ауыл құм ішінде. ӘСЕМ ӘСЕР Күн — қашық, Жел тынды, Кеңіді тынысым. Көңілім желпінді, Аңғардым мұны шын. Ағамнан қалмадым, Тез жеттім өткелге.

ТУҒАН КҮН Өлеңдер, жұмбақтар, жаңылтпаштар, санамақтар, ертегі, тілашар Ертай АШЫҚБАЕВ Жүгірдім. Салмағым Жеңілдеп кеткен бе? Өткелге жеттім кеп Қиялым шарықтап. Құс болып кеткім кеп, Кеткім кеп... Қалықтап. Көбелек көп, тегі, Бәрі де ұнады-ау. ...Бұлттар да көктегі Жеп-жеңіл шығар-ау. БІЗДІҢ КӨЛ Біз шомылар көл бұл, Айдыны дәл айна. Суы шықтай мөлдір, Құмы жылы, майда. Жаға толы гүлге, Тең келер көл қайда? Ұрланып кеп түнде Шомылады Ай да. ҰЯ Таң қалдым жолыққалы Құстардың ұясына.: Жиі кеп қонып бәрі, Ұшады жиі асыға. Кезекпен келеді де, Кетеді кезекпенен. Осының себебі не Тынымсыз безектеген?

Ертай АШЫҚБАЕВ Туған күн Жүретін ойда кілең Сол сұрақ қиял әлі. ...Секілді аэродром Құстардың ұялары. ӨЗЕН ЖАҒАСЫНДА Кел, бізбен суға түс бірге, Тамаша — өзен жағасы. ...Ой, ғажап құмның үстінде Тасбақа жатыр, Қарашы. Жасырды басын деп-демде, Қашпайды неге далаға? ...Сауыты қызып кеткенде Өзенге түсіп ала ма? ҚАЗ Қанатын бір сілкіп ап, Қаз өзенге беттеді. Мамық жүні бұрқырап Ұшып-ұшып кеткені. Шомылғалы келеді Өзен жаққа маң басып. ...Бауыр жүнін, себебі, Қалған екен шаң басып. АРМАН Жаңбыр жауды күнімен, Жаңбыр жауды түнімен. Көлкіген су — ауламыз,

ТУҒАН КҮН Өлеңдер, жұмбақтар, жаңылтпаштар, санамақтар, ертегі, тілашар Ертай АШЫҚБАЕВ Кешіп-кешіп жүгірем. Арық қаздым күнімен, Арық қаздым түнімен. Суы азайған Аралға Жіберемін мұны мен. ӨТКІНШІ Өтті жаңбыр сіркіреп, Тез таусылып қалды әні. Өспеді шөп дүркіреп, Жер сусыны қанбады. Мен еккен гүл тағы да Құдық суын ұрттай ма? Күтіп жүрміз сағына, Жаңбыры көп бұлт қайда? ЖАҢБЫР «Күн бұлтты» деп қойды ағам, Желдеткішті жауып кеп. Керегі сол, ой, маған, Жау, жау, жаңбыр? Жауып кет! Ешқашан да ойламан Жаңбырды мен қауіп деп. Осындай шақ — той маған, Жау, жау, жаңбыр! Жауып кет!

Ертай АШЫҚБАЕВ Туған күн ТАҢ Көтерілді жарты Күн, Бірте-бірте толығар. Сәулесіне балқыдым, Таң келеді — көріп ал. Таза ауаны бір демде Жұтып-жұтып алды қыр. Дүр оянып гүлдер де, Қозғалақтап қалды бір. Сәл жанасып кетіп ем Аққайыңға шеттегі, Жапырақтың бетінен Шық сорғалап кеткені... Көжек менен шошыды, Қонды торғай бұтаққа. ...Ақын болып Осыны, Ай, жазар ма ем кітапқа! ТУҒАН КҮН Өлеңдер, жұмбақтар, жаңылтпаштар, санамақтар, ертегі, тілашар Ертай АШЫҚБАЕВ ХХ. КҮЗ ХХ. КҮЗ ХХ. КҮЗ ХХ. КҮЗ ХХ. КҮЗ

Ертай АШЫҚБАЕВ Туған күн КӨҢІЛСІЗ КЕШ Оң жақ, сол жақ, айналам — Торғай, торғай толған кіл. Әні қайда сайраған, Шаршады ма жолдан бір? «Шиқ-шиқ» етіп жүрмес пе, Бірі қонып, бірі ұшып... Неге, неге бұл кеште Отыр бәрі бүрісіп? Жүр, себебін сұрайық, Келді кесел, қап, қайдан? Отыр ма екен мұңайып, Балапанға таппай дән? Барайыншы мен еріп, Жасайыншы пайдалы іс. ...Ал, жүр, тамақ берелік, Балапаның қайда, құс?..

ТУҒАН КҮН Өлеңдер, жұмбақтар, жаңылтпаштар, санамақтар, ертегі, тілашар Ертай АШЫҚБАЕВ ОРМАНДАҒЫ ӨЗГЕРІС Бір өзгеріс болған ба? Қысқартты күз той легін. Шешіп жатыр орман да Жапырағын — көйлегін. Қалмайық деп кешігіп, Құстар ұшты шалғайға. ...Жатыр орман шешініп, Суық тиіп қалмай ма? ҚЫСҚА ӘҢГІМЕ — Кім қай жаққа жасырды, Көрінбейді Күн неге? — Тс-с, Күз-Ағаң ашулы, Ұрсып тастар, Үндеме. КҮШІКТІҢ ТОНЫ Кетті күздің сәні де, Шыға келер қыс та алдан. Ұялардың бәрі де Қалды босап құстардан. Жапырақтар жатты ұшып, Жүні үрпиді торғайдың. ...Мықтысынды ақ күшік: «Тоным бар ғой... тоңбаймын». КҮЗГІ САЛҚЫНДА Ызыңдатып қурайды Жел соғады, соғады. Жапырақтар шулайды, Бәлкім, олар тоңады?

Ертай АШЫҚБАЕВ Туған күн ...Құлыным жүр шапқылап, Ол тоңбайды, Тулайды. Жел соғады қаттырақ, Жапырақтар шулайды. ТЫРНАЛАР Шомылыпты терек Алтын сары нұрға. Ән шырқады кенет Көкте бір топ тырна: — Тырау... — Тырау... — Тырау... Таныс ән ғой мынау. Мұңайыпты терек Жапырағы түсіп. Лек-лек тырна, демек, Кетпек мүлде ұшып. — Тырау... — Тырау... — Тырау... Қош айтысып жүр-ау. Таусылып жаз сәнді, Келгені ғой күз де. Тыңдап әсем әнді, Мұңаямыз біз де. — Тырау... — Тырау... — Тырау... Жаңбыр. Тұман. Қырау.

ТУҒАН КҮН Өлеңдер, жұмбақтар, жаңылтпаштар, санамақтар, ертегі, тілашар Ертай АШЫҚБАЕВ КҮЗГІ КҮН Көкте көп бұлт сенделді, Қарайды Күн сығалап. Жұбанғандай енді-енді Жалғыз өзі жылап ап. Бітпес көкте, сірә, дау, Аспан сұсты тым бүгін. ...Тоңып қалған шығар-ау Жылытады Күнді кім? КҮНБАҒЫСТАР Аспан бұлтты... Күнбағыстар Мойнын қайда бұра алар? «Жасырды, — деп, — Күнді алысқа», — Бұлтқа өкпелеп тұр олар. ЖАҢБЫР. ҚАЛА Ой, жаңбыр-ай, биылғы Ашылмады-ау қабағың. ...Бұлттар тағы жиылды Төбесіне қаланың. Мазамызды ала ма Бүгін тағы тамшы әні. ...Қынжылып тұр қала да, Жуынудан шаршады. ДАЛА МЕН БАЛА Қарап тұрмын: Сәні жоқ даланың да, Бір кірбің бар аспанның қабағында. Қайта-қайта түйілген қара бұлттар Алып жетті жаңбырдың хабарын да.

Ертай АШЫҚБАЕВ Туған күн Қарап тұрмын: Сәні жоқ даланың да, Мазасы жоқ шалағай баланың да — Су-су болып келеді бәтеңкесі, Ылғи балшық жүреді балағында. ҚАРАШАНЫҢ СОҢҒЫ КҮНІ Жел де тына қалыпты, Бір ызғар бар ауада. Күз көшері анық-ты, Қар жауа ма, Жауа ма? Бұлттар көшті тоқталмай, Кетті аспан мұнартып. Шиқылдады көп торғай, Уайымсыз бұлар түк. Біз атқарар жұмыс бар, Қыс тез келмей тұрғаны-ақ. Керек бізге күміс қар, Керек бізге сырғанақ. Аз күттік пе, немене, Айтсаңызшы, а-ау, аға, Қыс тезірек келе ме, Қар жауа ма, Жауа ма? Қайттым үйге тістеніп, Бір күрсініп алдым да. ...Қар туралы түс көріп Жатқан шығар... шаңғым да.

ТУҒАН КҮН Өлеңдер, жұмбақтар, жаңылтпаштар, санамақтар, ертегі, тілашар Ертай АШЫҚБАЕВ ХХІ. ҚАЙЫРЛЫ ХХІ. ҚАЙЫРЛЫ ХХІ. ҚАЙЫРЛЫ ХХІ. ҚАЙЫРЛЫ ХХІ. ҚАЙЫРЛЫ ТАҢ ТАҢ ТАҢ ТАҢ ТАҢ

Ертай АШЫҚБАЕВ Туған күн АЗАМАТ ӨСІП КЕЛЕДІ Ерінбей сурет салады, Жасайды қағаз кемені. Таудан да биік талабы, Азамат өсіп келеді. Көрсетіп көмек кішіге, Үлкенге сәлем береді. Ұқыпты барлық ісіне, Азамат өсіп келеді. Ағаларына ереді, Қарсы алып нұрлы таңдарды. Азамат өсіп келеді, Бұл кітап соған арналды. МЕН ӨСЕМІН Мен өсемін, өсемін, Жасыма жас қосылып. Інімнің де төсегін Жинап берем. Осыны ұқ. Бұзауды да бағамын — Айран керек, сүт керек. Дейді әжем: «Қарағым, Сенен соны күткен ек».

ТУҒАН КҮН Өлеңдер, жұмбақтар, жаңылтпаштар, санамақтар, ертегі, тілашар Ертай АШЫҚБАЕВ Баламын ғой мен деген, Керек ойын, сауық та. Бірақ... қазір жем берем Қаз, үйрек пен тауыққа. Ойнағым кеп тұрса да, Тоқтатамын өзімді. Демалып ап біршама, Суарамын қозымды. Қызықсам да жиі мен Шуылына көшенің, Көмектесем үйіме, Мен осылай өсемін. Сырымды ұқ, дос, менің, Осыдан ой түй неше — Кімге керек өскенім, Үйге пайдам тимесе? ҰШАҚТА Ағама бардық — әрі ұштық, Тәтеме келдік — бері ұштық. Аспанмен әбден таныстық, Шектеусіз екен кеңістік. Таулардан асу — түк емес, Бұлттарды кешу — ол да оңай. Иллюминатор — мың елес, жап-жарық жұлдыз, толған Ай...

Ертай АШЫҚБАЕВ Туған күн Ұшағың осы — ұшады, Ұшағың осы — қонады. ...Мен ұшқыш болсам, мысалы, Мақсатым қандай болады? Көп балалармен танысып, Апарар едім келісіп — Ағаларына... (әрі ұшып), Тәтелеріне... (бері ұшып). МАҢДАЙ ТЕРДІҢ ЖЕМІСІ Дала нұрға бөленді, Бізге тағы жоқ тыным. Отырғызам мен енді Көшеттердің көп түрін. Шөлдегенде суарам, Қопсытамын түбін де. Көркейеді бұл алаң Күндердің бір күнінде. Жеміс толып, майысып, Бұтақ жерге иілер. Саясында шай ішіп, Әжем маған сүйінер. Тамсанар-ау ел іші, Қызығар-ау жолдасым: Маңдай тердің жемісі Неге тәтті болмасын?!

ТУҒАН КҮН Өлеңдер, жұмбақтар, жаңылтпаштар, санамақтар, ертегі, тілашар Ертай АШЫҚБАЕВ ДАРА МЕН ЖАЛПЫ Ешқандай да дау айтпаңыз маған сіз: ҚАҒАЗ қалай өмір сүрер ҚАЛАМСЫЗ? Бұл екеуі дос болады амалсыз. Мойындаңыз заңдылықты, «Әліппе», Дара жүріп оқылмайды ӘРІП те, О, әріптер, СӨЙЛЕМДЕРДІ дәріпте. Қай затты дара тұтып мақтама, БОР болмаса жалғызсырар ТАҚТА да, Көп ЖЕЛЕКТЕР көрік берер БАҚҚА ДА. Ал көшесін ұсынбаса шаһарым, ХАЛЫҚ қалай жалғастырар сапарын, МЕН халықтың көбейтемін қатарын. КӨП БАЛАЛЫ ҮЙ Жасыл шалғын төңірек, Далам неткен келісті. Жаңбыр жауса көбірек, Көркейеді жер үсті. Дәл осындай сәттерде Жазылады өлеңім. Жазып қойдым дәптерге: Көп жаңбыр... Ол — көп егін. Осыны бар ел тілер, Көп жаңбыр... Ол — тоқшылық. Қала сәнін келтірер Көп егілсе көк шыбық.

Ертай АШЫҚБАЕВ Туған күн Көп бес алсам мен егер, Шаттанамын, әрине... Көп бақытқа кенелер Көп баласы бар үй де. ҚУАНЫШ Бір-ақ сәтте қас-қағым Көршімізді кеше әлгі Қуантып-ақ тастадым Деп: «Балаңыз бес алды». Бүгін балабақшадан Ертіп келгем баласын, «Болып өс, — деп, — жақсы адам», — Шын қуанды нағашым. Ата-әженің біртіндеп Азайғаны батады. «Ас-салау-мағалей-кум» деп, Қуанттым бір атаны. Дей көрмеңдер: «Шаршады», Тұрам осы сөзімде. Қуантамын баршаны, Қуанамын өзім де. САҒАТ Бөпешім кетіпті қатты ұйықтап, Апыр-ай, оятып алмайын. Сағатым: — Так-тик-так! — Так-тик-так! — Деп, әне, қағып тұр таңдайын.

ТУҒАН КҮН Өлеңдер, жұмбақтар, жаңылтпаштар, санамақтар, ертегі, тілашар Ертай АШЫҚБАЕВ Өзім де кетпейін қатты ұйықтап, Сабақтан кешігіп қалмайын. Сағатым: — Так-тик-так! — Так-тик-так! — Деп қағып тұрғанда таңдайын. ЖҰБАТУ Таусылды сөзім, Жылама, бөпем. Өскесін өзім Боламын көкең. Ұйықтай ғой, кел, сен, Емізік ем де. Сен жылай берсең Жылаймын мен де. ЕРКЕ ЛАҚ Ерке лақ секірді, Тентек-ақ секілді. Көтеріп көріп ем, Жалады бетімді. Бетімді жалады, Тесіліп қарады. Жоғалтып жүр ме екен Дәл мендей баланы? Апарып шеткері Жібердім — кетпеді. Тұр ма екен: «Достыққа Жарай ма», — деп мені?

Ертай АШЫҚБАЕВ Туған күн ӨТІНІШ Ұшасың қонбай, Мұның не, торғай? Жем шаштым жерге, Тамақтан, кел де. Жалғызбын бүгін, Жайымды ұғын. Құрмайын тұзақ, Кетпеші ұзап. Отырмын жалғыз, Ойнайық сәл біз. Берейін сүт те, Қорықпа түк те. Қорықпа бекер, Берейін шекер... ...Кеттің-ау қонбай, Мұның не, торғай? ТЕЛЕГРАФ СЫМЫ Терезеден қарадым, Сымға қонды құс. — Мен телефон шаламын, Әй, құс, жылдам түс! СҮЮ Деп: «Инесі көп, тегі», —

ТУҒАН КҮН Өлеңдер, жұмбақтар, жаңылтпаштар, санамақтар, ертегі, тілашар Ертай АШЫҚБАЕВ Ұнатпайды кірпіні. «Дайын тұр, — деп, — тепкелі», — Жақтырмайды жылқыны. «Жемді шашып төгеді», — Деп сөгеді тауықты. Жыланды жек көреді: «Жауыз ғой, — деп, — қауіпті». Деп: «Не дейін тұлғаңа?» — Ұнатпайды түйені. Түсінбедім, Бұл бала Сонда нені сүйеді? Түсінбеймін әлі мен, Аң-таң болып қалдық тым. Мін табады бәрінен Жануар мен жәндіктің. Үнсіз қайттым үйге мен, Ішің қалай күймейді? Хайуанатты сүймеген — Адамды да сүймейді. ДЕМАЛЫСТАҒЫ МЕКТЕП Кім мектепке келеді — Жоқ сәні де, әні де. Каникулда, себебі, Оқушының бәрі де. Хабарым аз достардан, Кімді қайдан ұстармын?

Ертай АШЫҚБАЕВ Туған күн ...Мектеп — күзде бос қалған Ұясындай құстардың. КАНИКУЛДА «КАНИКУЛДА НЕ ІСТЕДІҢ?» — Қызықтан құр қалмадым. Шындық — өзен кешкенім, Шындық — қармақ салғаным. Уақыт бос өте ме, Шықпасаң да жолға алыс. Апам менен көкеме Көрсеттім көп қолғабыс. «КАНИКУЛДА НЕ ІСТЕДІҢ?» — Бақшамызды суардым. Және... бойым өскенін Біліп... қатты қуандым. ДАЛА МЕН ҚАЛА Гүлдері даламның Солмай ма — алаңмын. Кірпіші қаламның Мығым ба — алаңмын. О, дала, балаңмын, О, қала, балаңмын.

ТУҒАН КҮН Өлеңдер, жұмбақтар, жаңылтпаштар, санамақтар, ертегі, тілашар Ертай АШЫҚБАЕВ ...Саулығын тілеймін Қос бірдей анамның. ҚОСЫЛУ Күнде көріп өттіңдер, Қанықсыңдар бұл заңға: Бірге өссе көп гүлдер Айналады гүлзарға. Жаз ұсынар сый қанша, Маңай сәнге толады: Ағаш, талдар жиналса, Жасыл орман болады. Айтарым бар қосымша, Ақылдылар ұғады: Көп-көп бала қосылса, Сынып болып шығады. БҮГІН МЕН КЕШЕ Қарап тұр үнсіз терезем, Келмей тұр қайтып кешегім — Жатталмапты ғой ережем, Қате шығып тұр есебім. Тақта да бейне жат айдын, О, кеше неге желіктім? Тапсырмаларын апайдың Түк орындамай келіппін. Қасымда болды кеше кім — Түзетсін ол да бір ісін: Бүгінгі қате есебім — Кешегі қате жүрісім.

Ертай АШЫҚБАЕВ Туған күн ҚЫЗЫҚ ГҮЛ Гүлім бар қызық-ақ, Көріңіз енді сіз. Кім қайдан үзіп ап Әкелді? Белгісіз. Кім көрген мұндайды: Сусыз да солмайды. Балалар жұлмайды, Ара да қонбайды. «Мұндай гүл қашаннан Қайда өсе бастаған?» — Десең — Ол жасалған Пластмассадан. ТАҢЕРТЕҢ — Сен сияқты еркені Ешбір үйге бермесін, — Деп анашым... Серпеді Терезенің пердесін. Ақ сәулелер еркелеп, Жүгіріп жүр еденде... Олар, сірә, ертерек Оянған-ау менен де. ЦИФРЛАР Парағыма аппақ Жазып осы кезден, Алсам деп ем жаттап, Цифрларды тез мен.

ТУҒАН КҮН Өлеңдер, жұмбақтар, жаңылтпаштар, санамақтар, ертегі, тілашар Ертай АШЫҚБАЕВ Тіпті тыным алмай, Күнде жаттап жүрсем. Телефонда қандай Цифр барын білсем. Телефонға төніп, Сосын өзім бірден Цифрларды теріп, Десем: «Көке, бұл — мен». СЕНІҢ САҒАТЫҢ Сені қашан оянар деп қарап тұр, Кім дедің бе? Бөлмедегі сағат бұл. Қанша минут кеш шықтың сен? Санап тұр. Сезесің бе? Бөлмедегі сағат бұл. Барлық үйді тұрақтайтын сағат бұл, Жалқауларды ұнатпайтын сағат бұл. МАҚТАУ Деді атам: — Немерем ақылды-ақ, Көкем де қойды оны мақұлдап. Ағам тұр: — Есейдің енді, — деп, Мен тұрмын кекілім желбіреп. ...Қаншама жылы сөз естідім, Сені әкеп алғашқы «бестігім».

Ертай АШЫҚБАЕВ Туған күн РИЗА Көмектесер балалар атасына — Жөндей қалса арбасын, Алып берер балғасын. Түзеп берер тағаны, Шегені де қағады. Көмектесер қыздар да апасына — Сабақтасар инесін, Қадап берер түймесін. Ыдысты да жуады, Шыбынды үйден қуады. Балаларға риза аталары, Қыздарға да риза апалары. КӨМЕК Таза ұстаймын үйімді, Менен жұмыс қала ма? Ілгішке іліп киімді, Көмектесем мамама. Елгезекпін — бұл анық, Мамамды мен сыйлаймын. Білегімді сыбанып, Ыдысты да жинаймын. «Боласың ,— деп, — жақсы адам», Қостар мамам мұнымды. Кешке балабақшадан Алып келем інімді.

ТУҒАН КҮН Өлеңдер, жұмбақтар, жаңылтпаштар, санамақтар, ертегі, тілашар Ертай АШЫҚБАЕВ «Күн суық қой, тоңбасын», — Деп қояды мамам да. ...Інім жігіт болғасын, Көмектесер маған да. ЖАЛҒЫЗ ҚАЛҒАН БАЛА Менің айтар ойым: Ол бір жүрген ерке. Бастады бір ойын Тұрып алып ерте. Таңды кешке созды, Ойнады аш күйде. Тыңдамады сөзді, Кірмей қойды үйге. Өкпелетті бізді, Бір ісі жоқ оңды. Жұрт үмітін үзді, Бір сілтеді қолды. Жоғалтты бар досын, Жалғыз қалды мүлде. ...Қашты одан...сосын... Ұясына Күн де УАТУ Ерке болып кетерсің, Қолыма алып көтерсем... Әлі-ақ сен ер жетерсің, Кім боласың, көкем, сен? Аңсайсың ба биікті, Үлгі болып теңіңе? Боласың ба сүйікті Жұмысыңмен еліңе?

Ертай АШЫҚБАЕВ Туған күн Ұл атанып зейінді Елден алып алғысты, Боласың ба бейілді Бітіруге бар істі? Толып маңдай әжімге, Боласың ба ғұлама? ...Ал сұрарым әзірге, Тербетейін, Жылама. ТЫНЫҒУ Кетті ме екен ұйықтауға ол тағы да? Ай тығылды бұлттың арғы жағына. Қырау жапқан шығар, бәлкім, «ішігін», Ұясына кіріп кетті күшігің. Жалындырмай анаң менен әкеңді, Сен де, күнім, төсегіңе жат енді. КҮН НЕГЕ ЕРТЕ ШЫҒАДЫ Ұясынан Күн де шықты ертелеп, Мәлік жатыр ояна алмай еркелеп. Ойлайтыным – Күн неге ерте шығады, «Тұрмаймын» деп Мәлік неге жылады? ...Ұясына Күн ертерек батады, Ал Мәлік ше? Төсекке кеш жатады. КӨШЕТ ПЕН ОРМАН Көшет құшақтап келеміз, Көбейсін шыбық, тал мына:

ТУҒАН КҮН Өлеңдер, жұмбақтар, жаңылтпаштар, санамақтар, ертегі, тілашар Ертай АШЫҚБАЕВ Мектеп жанына егеміз, Егеміз есік алдына. Су құйдық, міне, тағы, аға, Баптадық тағы, міне, біз. Жүреміз жасыл қалада, Жасыл көшеде жүреміз. Көңілімізде үміт көп, Көшет те, біз де — дос егіз. Өсеміз біз де шыбық боп, Терек боп біз де өсеміз. Жүрміз барлығын ұғып біз, Біз — әзір нәзік желкенбіз. Біз — әзір нәзік шыбықпыз, Орман боламыз ертең біз. ЖАЗҒЫ КАНИКУЛ. СУБҰРҚАҚПЕН ҚОШТАСУ Саялы бақ — мекенің, Бөленесің арайға. Ал мен ертең кетемін, Өкпелеме. Жарай ма? Өтсе де сан күн, апта, Тек құбылып арбайсың. Өзгермейсің бірақ та, Өзге жаққа бармайсың. Ал мен елге барамын, Мен ауылға кетемін. Сипалаймын даланың Шеңгелі мен шетенін.

Ертай АШЫҚБАЕВ Туған күн Ал сен көшіп-қонбайсың, Мен ондайға төзем бе?! ...Қандай сәлем жолдайсың, Мен шомылар өзенге?.. ӨКПЕ — Лағым-ау, кел бері, Неге қаштың секіріп? — Жұлмалайсың сен мені, Мазамды әбден кетіріп. — Ұстатпайсың, торпағым, Сен менен не сұрайсың? — Мінезіңнен қорқамын, Құлағымды бұрайсың. — Жүрер ем ғой еріп мен, Қайда қаштың, үйрегім? — Балапанды неліктен Шалшық суға сүйредің? — Күшігім-ау, жүгіріп, Қашан маған келесің? — Жүрмін сенен түңіліп, Бүйірімнен тебесің. ...Көп-көп сұрақ бердім де, Жауап алдым дәлелді. Айтыңдаршы, Мен кімге Өкпелейін ал енді?.. НӨСЕР Көгеріп кеше еккені, Әйнектен қарап тұр атам. Көктемде нөсер төккенін Мен-дағы шексіз ұнатам.

ТУҒАН КҮН Өлеңдер, жұмбақтар, жаңылтпаштар, санамақтар, ертегі, тілашар Ертай АШЫҚБАЕВ Бір құрбым болса қасымда, Жүгіргім келіп тұр менің. Суланып қалды шашым да, Суланып қалды көйлегім. Шықты үйден күліп, әне, атам, Ол да енді суға малшынар. Тосып ем көкке алақан, Қытықтап жатыр тамшылар. МЕНІҢ КЕМЕМ Кеме жасап әуре болдым бірер күн, Сол кемемді өзенге әкеп жібердім. Құстардың мен білемін не жейтінін, Олар үшін салдым дәннің кей түрін. Құрт та салдым балықтарға арнап мен, Басқа сыйым сыймай бірақ қалды, әттең. Аттандырып жүк тиелген кемемді, Қала бердім қолым бұлғап мен енді. Басқарар ем капитан боп төзімді, Кемем бірақ көтермейді өзімді. ҚҰСТАР КЕЛЕР Шебер ұста емессің деп таласпа, Үйрендім бір таныстан. Үйшік жасап ілдім биік ағашқа, Көрінсін деп алыстан. Жылы жақтан қатар түзеп, тізіліп, Құстар келер тағы да.

Ертай АШЫҚБАЕВ Туған күн Жылдағыдай қарасын ел қызығып, Біздің үйдің бағына. МӘПЕЛЕЙМІН Жатпаймын тіресіп, Жарлық та күтпеймін. Ағама ілесіп, Картопты түптеймін. Өспейді көмексіз Бағымның бір талы. Ағаштың керексіз Бұтағын қырқамын. Еш тыным таппаймын, Гүлім көп өсетін. Суарып баптаймын, Шиенің көшетін. Кірісем шошымай, Ұқпаймын несін мен? Бізді де осылай Мәпелеп өсірген. ЕҢБЕК Талай бала шынықты Барып биыл орманға. Ектік көп-көп шыбықты Тағы да біз сол маңға. Күндердің бір күнінде Өседі ол ырғала. Демалады түбінде Өзіміздей бір бала.

ТУҒАН КҮН Өлеңдер, жұмбақтар, жаңылтпаштар, санамақтар, ертегі, тілашар Ертай АШЫҚБАЕВ ЖАЙЛАУ Бір қапталда — тал, шыбық, Жасыл жусан — бір қаптал. Бәйшешек те баршылық, Иір-иір құлмақ бар. Шалғын анау ырғалған, Өсіп жатыр тасқа гүл. Кете алмайсың бұл маңнан Қызық іздеп басқа бір. Сурет етіп барлығын Ақ қағазға көшірдік. Тақырыбы ал мұның: «ЖАЙЛАУ және ӨСІМДІК». БҰЛАҚ Мөлдір десең, мөлдір-ақ, Рақатын көрді бақ. Толтырса да тоғанды, Тоқтамады ол бірақ. Басқа баққа құлады, Маған әбден ұнады. Бұлақ деген — даланың Бұрауы жоқ краны. ДАЛАДАҒЫ ТЕЛЕСКОП Киіз үйдің түндігінен Ашық аспан емінеді. Жымыңдасқан бір-бірімен Жұлдыздары көрінеді.

Ертай АШЫҚБАЕВ Туған күн Сырын ойлап әр аңыздың, Жұлдыз санап жүрдік, тегі. Телескобы даламыздың — Киіз үйдің түндіктері. ЖИДЕ ТЕРЕ БАРҒАНДА Күтіп жүр ем талайдан, Қуанғаным енді анық. Жиде тердік тоғайдан Көкем, апам, мен барып. Неткен әсем жер еді, Міне, толып келеді: Көкемнің де шелегі, Апамның да шелегі. Мынау менің шелегім, Толтыра алмай келемін. Кетті ме екен көп болып, Тергенімнен... Жегенім? МЫСЫҚ Өсіп кетсе ағамыздың сақалы, Ұстарасын ызыңдатып жатады. Сол көрініс, бәлкім, мықтап ұнады? Ала мысық ұз-а-қ қарап тұрады. Қозғалмастан отырғаны бір түрлі. ...Ойлай ма екен: «Мен қайтем, — деп, — мұртымды?» ТЫШҚАННЫҢ ӨКПЕСІ Байқалмайтын тұстан Тыңдап...

ТУҒАН КҮН Өлеңдер, жұмбақтар, жаңылтпаштар, санамақтар, ертегі, тілашар Ертай АШЫҚБАЕВ Пікір түйдім. Өкпелеп жүр тышқан Иесіне үйдің. «Бермеген соң тамақ, Аш қалыпты мысық. Сосын... Бізге қарап, Жүр ғой тісі қышып». ҚҰЛЫНЫМ Бір рет көруге келер ме ең, Құлыным шапқылап жүр әлі. Шақпақ қант ұсынсам егер мен, Үрікпей қасымда тұрады. Қасымда тұрғанда жүйрігім, Кейде мен абыржып қаламын. Тарауға жалы мен құйрығын Жарамай қалады тарағым. КҮРЕҢ СИЫР Сынық мүйіз күреңді Қостым бүгін табынға. Дедім: «Күрең, жүр енді Бақташыға бағын да. Шығар кешке алдыңнан Бұзауқаның мөңіреп. Жайлаудағы шалғыннан Сүт әкелгін көбірек». ҮЙРЕКТЕР Он-он бес үйрек, Он-он бес үйрек.

Ертай АШЫҚБАЕВ Туған күн Келеді, әне, Қосыла билеп. Қатары ешбір Көрген жоқ сиреп. Жатса да арпа, Жатса да түйнек, Алады бәрін Тұмсықпен түйреп. Балапандарын Жүр суға сүйреп. ...Бізге де, үйрек, Жүзуді үйрет. ОТАНЫМ Жүздеген, мыңдаған Сәбидің күлгенін Қуана тыңдаған Отаным бұл менің. Шаршасам демалам, Бір ерке ботамын. Өсірер мені аман Отаным, Отаным! Десе егер: — Панаң кім? Өзіңді атадым. Анасы анамның — Отаным, Отаным! ҰСТАЗ Ақылын тыңдадым, Сөзін де бөлмедім.

ТУҒАН КҮН Өлеңдер, жұмбақтар, жаңылтпаштар, санамақтар, ертегі, тілашар Ертай АШЫҚБАЕВ Еңбегін жырладым, Ұстазым ол менің. Мол білім — ұққаным, Үлгілі іс — көргенім. Қасынан шықпадым, Ұстазым ол менің. Көзәйнек киіпті, Жүзіне түсті әжім. Сонда да сүйікті Ұстазым, Ұстазым! МЕНІҢ АТАМ Күл де ойна, Күлме мейлі, Атам отыр, Үндемейді. Сол үнсіздік батты маған, Мен құлынмын шапқылаған. Қозы болам, Лақ та болам. Жүгіре алам, Мақтана алам. Абайламай құлап қалам, Түк болмайды бірақ маған. Шымыр болу керек деймін, Тұрып алып дедектеймін.

Ертай АШЫҚБАЕВ Туған күн Сонда атам сақалы аппақ Қалатұғын қапалақтап. Көрмеп едім қаталдығын, Үндемейді атам бүгін. Сүйенеді таяғына, Сырқырайды-ау аяғы да. ...Ата, не деп күбірледің? Түсті ме еске жүгіргенің? Мен де, әрине, өкінемін, Мұңайма, ата, Өтінемін. Мұнша ұлды, мұнша қызды Аяма, ата, Жұмса бізді. Сүйеп жүрер жан атаны Әрқашанда балапаны. ҒАРЫШКЕР Апта түгіл ай өтті, Ол ғарышқа ұшқалы. Қалай сонша дәйекті, Сонша неткен күшті әрі. Еш адамға жолықпас, Гүлге толмас құшағы. Сонда да бір жалықпас, Күні-түні ұшады. Ол кеткенде қыс еді, Жер беті енді көктеңбіл.

ТУҒАН КҮН Өлеңдер, жұмбақтар, жаңылтпаштар, санамақтар, ертегі, тілашар Ертай АШЫҚБАЕВ Қашан жерге түседі? Шыдамды еді неткен бұл? Сөз болғанда бұл ағай, Ал ұяла бастаңдар, Түске дейін шыдамай Сабағынан қашқандар. ЖОРЫҚ ЖЫРЫ Бейтаныс жерге аяқ басарда Қиын деп ешқашан қорықпа. Балақай, Дайын бол қашанда Жорыққа, Жорыққа, Жорыққа. Талайлар жорықта түледі, Қосылғын сен де сол қатарға. Жүреді талапты ер үнемі Сапарда, Сапарда, Сапарда. Елеме аптапты...қар-мұзды... Көмекке әзір бол дос үшін. Сынайды әр ұлды, әр қызды Осы сын, Осы сын, Осы сын. САҚШЫ Оңай деп ойлама жұмысын, Көп алғыс айтамыз бұл үшін. Сақшы тұр шекара шегінде Күзетіп елімнің тынысын.

Ертай АШЫҚБАЕВ Туған күн Күзетіп тұр сақшы Даласын, Ауылын, Аяулы қаласын, Өзінің балдырған кезінде Ұйқысын күзеткен анасын. БАЛАБАҚША Апаңа еріп келдің сен, Көкеңе еріп келдің сен. Қаладағы ең жақсы үй Балабақша мен білсем. Себебі ме, себебі, Себебі ме, себебі: Барлық апа келеді, Барлық көке келеді. СУРЕТ ТУРАЛЫ СЫР Қонаққа мен барамын Туыстарға шалғайдан. Көрем сонда ағаның Суреттерін сарғайған. Келмесін деп зұлымдар Біздің жайлы қонысқа. Осындай сан мың ұлдар Қаза тапқан соғыста. Жүріп жеңіс жолында Қорғап қалды халықты. Естелік боп соңында Суреттері қалыпты.

ТУҒАН КҮН Өлеңдер, жұмбақтар, жаңылтпаштар, санамақтар, ертегі, тілашар Ертай АШЫҚБАЕВ Бейбітшілік — қалауым, Құлақ сал бұл сөзіме: Сау болсын әр ағаның Суреті де, Өзі де. ШОФЕР Отырмаймын текке мен, Мақсатым көп жетпеген. Көкем шофер, Мен-дағы «Шофер болсам» деп келем. Гаражымыз бар біздің, (Деген жоқпын: «Жалғызбын»). Сүйреп жүрген ойыншық Машинамды ал бұздым. Қайта жинап... бөлшектеп... Май, су құйдым өлшеп кеп. Бәрін өзім тындырдым, Кім қолғабыс көрсетпек? Көкеме ұқсап сөйледім: «Бітірдім-ау, ой», — дедім. Шаң, май болды қол, бетім, Шаң, май болды көйлегім. Енді қырға кетем мен, Енді қырға кетем мен. ...Жуынбай-ақ қояйын, Аумай тұрмын көкемнен.

Ертай АШЫҚБАЕВ Туған күн МҰРАЖАЙДА «Ох» дедік таң қалдық та, Сөйледі апай. Тыныштал. Әне тұрған сандық па? Міне — найза, қылыш бар. Қобыз, шертер, жетіген... Үйрек бас ер, құранды ер... Қарап жүрміз шетінен, (Қастерлейміз мұраңды, ел!) Шашақтаулы шатыр бар, Жүген, тоқым, тебінгі... (Атқа қонды батырлар, Міне, дұшпан шегінді). Ұран салды, ох, көкем! ...Қой, тоқтай тұр, сәл шыда. Атаң берген жоқ па екен — Қара мына қамшыға.

ТУҒАН КҮН Өлеңдер, жұмбақтар, жаңылтпаштар, санамақтар, ертегі, тілашар Ертай АШЫҚБАЕВ ОРДЕН Отырмадым текке мен: Шарлап ішін бөлменің — Қолыма алдым еппенен Атамның бір орденін. Дәл алдыма қойдым мен, Шаңын қолмен сүрттім де. Әсем еді, ой, неткен, Қап, көрмеді-ау жұрт бірге. Көрдім жалғыз отырып, Менде ешкімнің жоқ ісі. Жазуы бар, Оқылық, Міне: «Отан со-ғы-сы». Қумақ болған зұлымдар Бізді жайлы қоныстан. «Жауға қарсы тұрыңдар!» — Менің атам соғысқан. Біздің әскер — мықты күш, Жасады ерлік атам да. Жау жеңілді, Бітті ұрыс, Аман қалды Отан да.

Ертай АШЫҚБАЕВ Туған күн Айрылмадық қоныстан, Отымыз да өшпеген. (Атам... сонда... соғыстан... Келмей қалса не істер ем? Маңдайымнан сүйіп кім, Деп: «Немерем ер жеттің», Мейірімін құйып кіл, Ертегі айтып бермек кім?) Көзіме жас толды да, Енді ештеңе көрмедім. ...Қойдым еппен орнына Мен атамның орденін. ТУҒАН КҮН Өлеңдер, жұмбақтар, жаңылтпаштар, санамақтар, ертегі, тілашар Ертай АШЫҚБАЕВ ЖОЛДА Жалғыз допты тепкілеп, Жолға шығып кеткен ек. Ащы дауыс кетті үдеп, Сақтан: — Бе-беп! Беп-бе-беп! Жол үстінде кезікпе Машинамен бетпе-бет. Ережені ежікте, Сақ бол: — Бе-беп! Беп-бе-беп!

Ертай АШЫҚБАЕВ Туған күн ДОС ӨТІНІШІ Деп едік: «Қалайда анық Жақсы ұл боп өсемін мен». Таң атты арайланып, Тұра ғой төсегіңнен. У-шу боп қоя берді Тағы да көше бірден. Мен келдім, Оян енді, Тұра ғой төсегіңнен. (Қайтейін бұл Әсетті?) ...Тұра ғой төсегіңнен. Тұр. Сенсіз мына есепті Қалайша шешемін мен?

ТУҒАН КҮН Өлеңдер, жұмбақтар, жаңылтпаштар, санамақтар, ертегі, тілашар Ертай АШЫҚБАЕВ СУРЕТШІ Ең әуелі қорған салды, Жан-жағына орман салды. Содан кейін кеме салды, Өзен жоқ қой — Неге салды? Сосын барып бұлақ салды, Бас салған жоқ — құлақ салды. Құйрығы жоқ түлкі салды, Тұяғы жоқ жылқы салды. Ал, ал... олар өкпеледі: «Мұның бізге жоқ керегі». «Суретшіміз» тосылды шын, Әкелемей ме... өшіргішін?..

Ертай АШЫҚБАЕВ Туған күн 8 НАУРЫЗДА Енді қайттік? Білмедік. Қысылдық, Ол — дәлелді. Мерекелі күн келіп, Жүгірдік біз тағы енді. Кеңес құрдым мамаммен Кешкісін мен жай ғана. Дедім: — Сыйлық алам мен Көрші үйдегі Айнаға. Толқып тұрған мені де Мамам бірден түсінді. — Дұрыс мұның, — деді де, Маған ақша ұсынды. Оянып таң сәріден Көп-көп сыйлық таңдадым. Дұрыс болды бәрінен Қос балмұздақ алғаным. Асады бұл пайдаға Құпиясы бар мұның: ...Бірін бердім Айнаға, Өзім алдым... ал...бірін...

ТУҒАН КҮН Өлеңдер, жұмбақтар, жаңылтпаштар, санамақтар, ертегі, тілашар Ертай АШЫҚБАЕВ АТ — Шаршадың-ау, жүйрігім, Тоқта... Тәк-тәк... Сәл шыда... Лас болыпты-ау құйрығың, Қарамапты-ау малшы да! Осылайша жан-жаққа Ұрсып сөйлеп, Масқара, Біреу кірді шарбаққа, Жылқышы ма, Басқа ма? «Шаршап келді-ау шамасы», — Деп есіктен қарасақ: Көршіміздің баласы, Ал мінгені... Ағаш ат. Ертай АШЫҚБАЕВ Туған күн ТҮТІН Таңдап-таңдап алды да Өңшең кепкен бұтақты, Жер ошаққа салды да, Әжем шырпы тұтатты. Таңданып-ақ қалыппын, Жанып жатыр от баяу. Мына түтін жағып тұр Көк аспанға көк бояу.

ТУҒАН КҮН Өлеңдер, жұмбақтар, жаңылтпаштар, санамақтар, ертегі, тілашар Ертай АШЫҚБАЕВ ӨСУ Достарым кеп, ал, міне, Ауламызға толғанда үн, Папам айтар әңгіме: — Мен де бала болғанмын. Достарым кеп тағы да, Ауламызға толғанда үн, Айтады атам сағына: — Мен де бала болғанмын. Әңгімеге тоймаймыз, Айтады олар көп аңыз. Тыңдап-тыңдап ойлаймыз: «Біз де папа боламыз, Біз де ата боламыз». Ертай АШЫҚБАЕВ Туған күн ТАУ ЕТЕГІНДЕ Тау жақсы емес пе, Бауыры бақшалы... Барады белесте Жүгіріп ақ сағым. Қозы-лақ секеңдеп Көк шөпті үзеді. «Жеткізбей кетем», — деп Көкте бұлт жүзеді. «Құраулап» шақырдым Тайымды... Ол қайда? ...Сүйсініп жатырмын Ән салған торғайға.

ТУҒАН КҮН Өлеңдер, жұмбақтар, жаңылтпаштар, санамақтар, ертегі, тілашар Ертай АШЫҚБАЕВ АЯЛДАМАДА Шықты үйден, міне, балалар, Шуласып «сабақ...мектеп...» деп. Күтіп тұр шофер ағалар Автобустары «беп-беп» деп. Бұдан да сен бір сыр аңғар, Тұрады ерте жақсы аға: Кешікпесін деп ұландар Мектепке, Балабақшаға.

Ертай АШЫҚБАЕВ Туған күн МЕН МЕКТЕПКЕ БАРАР ЕМ Ойлануым тегін бе Көрсем мектеп алаңын? Бар үйімде менің де Дәптерім мен қаламым. Бояуларым тамаша, Әрбірінің түрі өзге. Қарындасым қаласа — Сурет салам лезде. «Әліппені» ақтарып, Әріппен де таныстым. Отырғам жоқ мақтанып, Жөнін білем әр істің. Ағам — үлгі тұтарым, Бес жас үлкен, Ол аз ба? Қолға алса ол кітабын, Мен де үңілем қағазға. Айтсам сөздің келтесін — Өз көңілім тұр өсіп. Шығам үйден ертесін Сол ағама ілесіп. Ертіп алса не етеді, Жақсы інісін жақсы аға?

ТУҒАН КҮН Өлеңдер, жұмбақтар, жаңылтпаштар, санамақтар, ертегі, тілашар Ертай АШЫҚБАЕВ Ол мектепке кетеді, Ал мен балабақшаға. Бір ойым бар көкейде, Қорқам айта салуға. Дайын тұрам кей-кейде Мен мектепке баруға. Оқуға да жарар ем, Таңқалдырып баршаны. Ұрыспаса барар ем, Таңдамас ем партаны. Ертай АШЫҚБАЕВ Туған күн ЗЕРІКПЕ Көкең кетті егіске, Тракторы тым ұзап. Ағаң сонау егісте Қой бағып жүр күнұзақ. Атаң кетті жайлауға, Атпен барса жақын-ақ. Қазанда сүт қайнауда, Әжең отыр бақылап. Нағашың тұр көрікте, Осыларды байқа да: Сен де бекер зерікпе, «Әліппеңді» қайтала.

ТУҒАН КҮН Өлеңдер, жұмбақтар, жаңылтпаштар, санамақтар, ертегі, тілашар Ертай АШЫҚБАЕВ «ЖАНАШЫР» «Байқадық, — деп, — жанашырын», Есетті жұрт мақтайды екен. Дәптерлерін ағасының Жоғалтпай ол сақтайды екен. Деп жүрсе мен: « Есетбегім Мұндай іске неге бекем?» — Келер жылы есептерін Көшіруге керек екен.

Ертай АШЫҚБАЕВ Туған күн ҚУЛЫҚ Қулықты білетін баламын, Өтірік ауыра саламын... Баруға еріндім сабаққа, Қарамай қойдым еш тамаққа. Ұстадым басымды, ішімді, «Ауырды» деп мамам түсінді. Қиналып көңілсіз сөйледі, «Сабаққа бармай-ақ қой» деді. Көкем де құшақтап сәл мені, «Бүгінше сен үйде қал» деді. Іске асты қулығым бар білген, Осылай сабақтан қалдым мен. Қайтадан ұйықтағым келмеді, Енді ермек етемін мен нені? Бір ойым бір ойды қуыпты, Ойладым көңілді сыныпты. Ойлап ем, қалдым сәл қиналып, Балалар жатыр-ау жиналып. Сұрайды-ау апай да енді кеп, «Қане, кім жақсы оқып келді?» — деп.

ТУҒАН КҮН Өлеңдер, жұмбақтар, жаңылтпаштар, санамақтар, ертегі, тілашар Ертай АШЫҚБАЕВ Ал сабақ біткен соң балалар Кім білген, өзенді жағалар. ...Осыны уайымдап күнімен, Ауырып қалдым мен шынымен. МЫЛЖЫҢ Сыныптасым ғой бұл менің, Көрмейсің үнсіз жүргенін. Отырып алып жаныма, Сайрады, міне, тағы да: — Шығарма мұны есіңнен, Жаралды Адам — Мешіннен... — Іздеме мысал алыстан, Жаралды мысық — Барыстан... — Тосылма мына сұрақтан, Жаралды өзен — Бұлақтан... * Бір үлкен ойға қалдым мен: Жаралды мылжың ал кімнен?

Ертай АШЫҚБАЕВ Туған күн СЫНЫПТАСЫМНЫҢ СӨЗІ МЕН ӨЗІ — Батылдық керек, Таңданба, Балаларға да, үлкенге. Үйде де жалғыз қалғанда Қорықпа, Көрпе бүркенбе... — Іс бітір дәйім ұтымды, Мақтайды сосын сені де ел. Алмасын зәре-құтыңды Ертегідегі перілер... Сөйледі тағы ол қанша, Мысалмен сөзін бекітті. Ақылын айтып болғанша Қараңғы түсіп кетіпті. — Жүр, — деді, — бәрін ескеріп... Иә, оңай ақыл айту да. ...Отыр ол бірақ сескеніп Үйіне жалғыз қайтуға.

ТУҒАН КҮН Өлеңдер, жұмбақтар, жаңылтпаштар, санамақтар, ертегі, тілашар Ертай АШЫҚБАЕВ ЖАУАП Сұрады мұғалім ойлана: (Мұндайда кім үнсіз қала алар?) — Тіршілік бар болса Айда да, Барар ма едіңдер балалар? Апыр-ай, белгісіз тұраққа Ойланбай қалайша барасың? Қиналдық біз мына сұраққа, Біреулер қимай тұр мамасын. Басқамыз бір жауап тапқанша, Теңізбай ойланып азырақ: — Жексенбі күндері көп болса, Барар ем, — деп салды, — қазір-ақ.

Ертай АШЫҚБАЕВ Туған күн ОЮ Тойған соң өрігі мен мейізіне, Аунаймыз апамыздың киізіне. Киізге жапсырылған ою-өрнек Ұқсайды қошқарлардың мүйізіне. Осыны көрдің бізбен бірге бүгін, Ойынмен күн өткізіп жүрген інім. Оюлы сол киізден аумайды екен «Екілік» толып тұрған күнделігің. ТУҒАН КҮН Өлеңдер, жұмбақтар, жаңылтпаштар, санамақтар, ертегі, тілашар Ертай АШЫҚБАЕВ БЕСІК ЖЫРЫ Ақ бесік-ау, ақ бесік, Бөбектерге тақ бесік. Құшағыңды аша ғой, Бауырыңа баса ғой. Іңгәлап ол келгенде Ұйықтата ғой тербел де. Кеткенінше тәй басып, Жатсын інім жайғасып. Айналайын, ақ бесік, Бөбектерге шақ бесік.

Ертай АШЫҚБАЕВ Туған күн БӨПЕМ КҮЛДІ «Ашуланды-ау», сірә, тағы, Жұбатамын бөпемді енді. Бөпем менің ұнатады Тербеткенді, Көтергенді. Қызығады-ау ел де, тегі, Дейді: — Бөпең ержетті ме? Ержетеді, Ержетеді: Отырмын мен тербеп, міне. Тербеттім де таң қалдым мен, Тыңдап жатып өлеңімді, Ұйықтап қалып (Аңғардым мен) Күлді бөпем, Неге күлді? Сұрақтарым көп қой әлі, Бөпем жауап қайтармайды-ау. Тілі шыққан жоқ қой әлі, Көрген түсін айта алмайды-ау.

ТУҒАН КҮН Өлеңдер, жұмбақтар, жаңылтпаштар, санамақтар, ертегі, тілашар Ертай АШЫҚБАЕВ МЫСЫҚТЫҢ КӨЗІ Кешкісін көрдім, Не істермін? Күтпеген жағдай... Бұл да анық. Көрдім мен, Сосын сескендім, Мысықтың көзі тұр жанып. Кім білсін, не сыр бар мұнда, Екі ұдай күйге түсіппін. Ымыртта... Үйдің алдында Жанып тұр көзі мысықтың. Мысықтың жүрер жолы көп, Түскенде ымырт далаға. Шам ұстап жүрер қолы жоқ, Сондықтан көзі жана ма?

Ертай АШЫҚБАЕВ Туған күн АЛҒАШҚЫ АДЫМ Мәз боп бәрі қарасады: Қаз-қаз тұрдың, Күлімдедің. Әзір саған жарасады Құлағаның, Сүрінгенің. Сүп-сүйкімді және бүгін Есікке де жармасқаның. Кел, келе ғой, кәне, күнім, Құтты болсын алғашқы адым.

ТУҒАН КҮН Өлеңдер, жұмбақтар, жаңылтпаштар, санамақтар, ертегі, тілашар Ертай АШЫҚБАЕВ ДӘРІГЕР Киімдерін ілді де Біздің Айгүл кешкілік, Дәрігер боп жүр, міне, Тұр даусы да естіліп. «Бар, — дейді, — көп дәрім де», Ақ көйлегін киеді. Ойыншықтың бәрін де Жұбатады, Сүйеді. Келтірер көз алдына Үлкендердің істерін. — Суық тиіп қалды ма? Жөн ғой дәрі ішкенің. Дейді: «Тәтті дәрі бұл», Бірақ олар «көнбейді». Біздің Айгүл бәрібір Барлығын да емдейді.

Ертай АШЫҚБАЕВ Туған күн МҰРЖАСЫЗ ҮЙЛЕР Тұңғыш рет Жасұлан Жүр қаланы аралап. Өтті үйлердің қасынан Биіктігі ғаламат. Барлығы да тым жаңа, Жасайды-ау жұрт көп күтім. Бірақ жоқ еш мұржа да, Жоқ шұбалған көк түтін. «Неге?» Осы сұрағы. Түсті ойлы күйге бір. «Жұрт қалайша тұрады От жақпайтын үйде бұл?» «Күшейгенде түнгі ызғар Қайтеді?» — деп қоймайды. Бұл үйдегі ұл-қыздар Тоңады-ау деп ойлайды.

ТУҒАН КҮН Өлеңдер, жұмбақтар, жаңылтпаштар, санамақтар, ертегі, тілашар Ертай АШЫҚБАЕВ ҚАУІП Қара суық күз келіп, Одан кейін қыс келіп: Қауын-қарбыз үзбедік, Бақшаға да түспедік. Отыр едік үш балда, Әңгіме айттым мен сонда: — Қарбыз өссе қыста да, Ұрлар едім тоңсам да, — Дегенімде басқалар Басты дейсің ойбайға: — Сықырласа ақша қар, Күзетші естіп қоймай ма?

Пікірлер (0)

Әзірге пікір жоқ.
An error has occurred. This application may no longer respond until reloaded. Reload 🗙