TELEGEI

Home

Тал кеме

Сәбит Баймолдин

Оқылуы: 0%

Жазылымсыз режим: 20-беттен кейін жазылым беті ашылады, әрі қарай әр 10 бет сайын (ең көбі 5 рет).

20 px
1.85
0.30 px
0.95 em

Тал кеме

Тал кеме. Сәбит Баймолдин

Б І Р І Н Ш І Д Ә П Т Е Р

ОЙ

Қызғалдақ бүр ашты ма, гүлденді ме,
Кең қойнау жылдағыдай түрленді ме?!
Сапырыла сағым көшіп осы кезде,
Түсіне меніменен бірге енді ме?!

Сылқым көл ұйқысынан оянды ма,
Ақ қайың жасарды ма, боянды ма,
Көктегі ақша бұлытқа ұзақ қарап,
Кеуілі әлденендей ой алды ма?!

«Жыланды» жылдағыдай тасыды ма,
Бал мінез бірге тасып, жасыды ма,
Көліне келіп жатқан құсты көріп,
Ұшқысы келді ме екен ғашығына?!

Сәуірдің жан балқытар шуағы ма,
Мөлдір көк қара судан бу алды ма,
Қуалай соғатұғын қоңыр желмен
Келді ме менің дауысым құлағына?!

Қоп-қою түн келді ме, үн келді ме,
Бір хабар күле шыққан күн берді ме,
...Бәріне қарай-қарай менің сәулем,
Бір жылап, бір күлімдеп үлгерді ме?!

НӨСЕР

Су аяғы бұлт теңдеп,
Дайын жатыр дамылдап.
Жел үрікті селтеңдеп,
Аспан тиіп ауырлап.

Шұбатылған шудасы
Қара нарлар қаптады.
Түсіп қалған бұйдасы,
Буыршындар саптағы.

Жаз базарын сағынып,
Қатар желіп келеді.
Тұяқтары шағылып,
Жарқ ете қап сөнеді.

Желіп келіп желдеумен
Ыңыранып аунайды.
Тап осыған тең деуден,
Көк құшағы аумайды.

Бұлт айдаған қамшының,
Бұқтырады шартылы.
Зәресі жоқ тамшының.
Тие-тие шарпуы.

Бақалары бақылдап,
Бұтақтарға жал шығып.
Көк сойқанды мақұлдап,
Жер жымиды малшынып.

Аман қалған бұлтымен,
Аспан тұрды есінеп.
Шыға келді жұлқынып,
Ақ жирен жел кісінеп.

Мен не көрдім,
Көрмегенім көп әлі.

Жасыл көктем, жарқын күн,
Талай-талай
Құшағымда болады.

Талай рет ошақта
От сөнусіп жанары-ау.
Қолын берген со шақта,
Қанкөйлек дос

Болып есте қалар-ау.

Талай-талай дуылда,
Жалындармын жыр болып,
Ақ жаңбырдың суына
Жуылармын

Қайта-қайта кір болып.

Мен не көрдім,
Естігенім одан да аз.
Бір көрсем де әлі де,
Бір нәрсеге болам мәз.

Мен ел көрдім,
Жаратылған жақсы ойдан.
Баласына дана деп,
Кәрісіне бала деп те

Ат қойған.
Мен ел көрдім,
Суымаған от бойдан
Өлісіне тірі деп,

Тірісіне өлі деп те
Ат қойған.

Мен не көрдім,
Көрмегенім көп әлі.
Кел, сұлу күн, кел, елім,
Көтерейн жоғары.

ЦЫГАН ҚЫЗЫ

Сыңары жоқ сыңқыл қаққан көлдегі,
Жалғыз аққу сен!-деді жұрт, Сен!- деді.
Жүрегімді жырлатайын мен саған,
Жыр тыңдашы, сыр тыңдашы, кел бері.

Еркемісің тоқтату жоқ, үкім жоқ
Елеспісің ғайып болар бір түн боп?!
Мен бармасам, өзім құлап бармасам,
Ұшып қана кетермісің түтін боп?!

Жер бетіне сендей сымбат, сиған жан,
Патшалардың ескеркішіндей құйған паң.
Табиғат та қайталапты-ау Карменді
Сахнаға шығарсын деп цыганнан.

Дала, орман... бар бояуын шашып мүк,
Безегесін, батпай тұрсақ, басып түк.
Қолың жәйіп тиын-тебен сұрайсың,
Бір тиындық па екен саған ғашықтық?!

Мәуедей қыз, не мінезің бұ-дағы,
Мың сан арман, мың сан жанның шынары.
Өте бердің, сан ойландым, оралдым,
...Жомарттығын білмексің бе адамның?!

Сағыныш

Сағыныш мені.
Сағындым сені.
Сағынам елдің барлығын.
Даланың желі,

Қыз ауыз көлі,
Дәуренім менің –хандығым.

Келсейші бәрің,
Қызғанбас жарым,
Ағайыным көп болғай.
Кеудемде жалын,

Ақ мәрмәр арым,
Күндегіш менде жоқ тор

Сағына шырқап,
Тағы да бұрқап,

Салайын-ақ бір әнді
Дүркін де дүркін,
Сөз болып бір күн,
Алармын-ау бағамды.

Сағынып тумай,
Тасымас судай,
Өлеңнің кезі, қасқағым.
Сағынам сені,

Даламның белі,
Көңілдің көгі жас қауым.

Ертеңгі күнге,
Ертеңгі үнгеу.
Сағынышсыз жоқ дерек.
Өтінем сенен,-

Сағыныш деген,
Бұ мезгілге көп керек.

Шал

Шал, шал, қара шал,
Ең жақыным қарасар!
Шалғайында шалғынның,
Қара шалын бала аңсар,

Қара түнде қара ұйқы,
Маужыр бояу боятты.
Қар шалдың нар сиқы,
Тарпып бір күн оятты.

Жем бойында екенбіз,
Жемтік-балық, сүйрік ет.
Үрлерден де бетерміз,
Су жатады сүйгілеп,

Қармақ салып баяғы,
Қаршадайдан қанықпын.
Келеді де таяды,
Жалаңаяқ жарық күн

Астапыралла, бір күні,
Алтын балық іліккен.
Бұлқынады бұлғыным,
Судағы ту желікпен

«Әй, сарбала, сарбала,
Суға босат қайтадан.
Су патшасын тыңда да,
Арманыңды айт маған!!»

Көз күйдіріп әманда
Талай бикеш көлеңдер.
Айқай салдым табанда:
«Қызға жазам, өлең бер!»

Сол-сол екен жарықтық,
Суға кетті шолып етіп,
Су түбіне шақырып,
Тұрды қолқ-қолқ етіп.

Көзімді аштым... кетейін...
Алма, алма... ала сал?
Қайран түс-ай, не етейін,
Оятқан сен қара шал.

Балыққа ерсем ол енді,
Іңкәрі еді біздейдің,
Содан бері өлеңді,
Су түбінен іздеймін.

Шал, шал, қара шал,
Қара төсек жермісің,
Әлде оңай ала сал,
Демеген де сеңбісің?!

Иманды бол, жат тыныш,
Сапарым оң, жол дайын!
Оят, оят таптыңыз,
Жерден шыққан болмайын.

Алты Қаз Жыры

Ей, қанаттыларым,
Алтын кебістілерім,
Әншілерім, таланттыларым,
Амандықты тегіс тіледім.

Құйрығымен қонатындарым,
Пендеге ой салатындарым,
Көлге көрік болатындарым,
Табиғатты сүйіп қалатындарым

Өзгермейтіндерім,
Сөзге ермейтіндерім,
Биікте жүретіндерім,
Жерді білетіндерім

Сендердің құлыптарыңа,
Теңсіз теңеу қарастырам,
Тотым-ау, қылықтарыңа,
Сұлуларды таластырам.

Жайлай беріңдер,
Сағыздың саздағы сай.
Жайнай беріңдер,
Қаңқылдақ қаздарым-ай.

Келген сайын күдіктенемін
Көктемеде қайтқан ызғар!!!
Тағы бір Төлегенімнің
Өлгенін айтпаңыздар.

ТІЛ

Өмір заңын іске асырдық,
Әйел алдық,тбала сүйдік.
Сақаландық, біз басылдық,
Дүние жинап жаңаша үй ғып.

Жарық күннің тілеуімен,
Адамзатқа жан ашыды.
Ағалықтың бар асылы,
Тебірену деп жүрегімен .

Ұлтымызбен той тойладық,
Ана тілді көпірте айтып,
Ата-ананың көшін қайтып,
Жеткізуді ерте ойлады.

Бір жасымда көк дауылға,
Жалпылдадым жөргегіммен,
Өмір- көсем, сенгенім сен,
Желпілдеген желді ауылда.

Рахаттың зәреңімен,
Бақыт келді толқып мөлдір.
Мың рақмет саған, өмір,
Толқи сөйлеп келемін мен.

Бар ғой ай-күн құбылысы,
Қартаярмынтозып-азып,
Түн бесікте өлең жазып,
Қазақ тілі ғұмыры үшін.

ТӨЛ

Қаһарлы жылдар төліміз,
Төңкеріліп туған түнгі аспн.
Жұлдыздарың селіміз,
Жымындасқан, жымдасқан.

Қаһарлы жылдар төліміз,
Жасаурап жанып жалтты емген.
Толтырармыз деп сені біз,
Қара қазандарға ант берген.

Қаһарлы жылдар төліміз,
Қаймықпауды салт көрген.
Жуылар деп кіріңіз,
Тәрк төсекке ант берген.

Қаһарлы жылдар төліміз,
Шошытып туа бақты елден.
Садағаңбыз деп бәріміз,
Сақалдарға ан беген.

Қаһарлы жылдар төліміз,
Құландай қыстап қақта өрген.
Сөнеді-ау деген күніміз,
Қарындастарға ант берген.

Қаһарлы жылдар төліміз,
Ақ шәйі аспан тілеген.
Жымию үшін еліміз,-
Біз болып айтсын, бұл өлең.

ҚЫЗЫЛ ІҢІР

Бояу боп таңғы
Дүнием жанды.
Өрттей белбеу
Жотамда қалды.

Көкектер ұшып,
Көжектер зытты.
Көкбурыл түсті,
Көкжиек тұтты.

Алаулап қыбыр,
Көбейіп сыбыр,
Ауадан түсіп,
Қонды кеп іңір.

Тым-тырыс батыс,
Білінбес қатыс.
Неғайбыл мизам,
Көкала шатыс.

Оынау шақта,
Қорған боп аққа.
Кездесем сорға,
Кездесем баққа.

Сен үшін тау-құз,
Қалың ел-жалбыз,
Іңірге қарсы,
Тұрамын жалғыз.

Іңірлер малтып,
Қонғанда қайтып,
Азынап шығам,
Антымды айтып

Ат, мені ат,
Оны атпа байғұс.
Аққу ма мынау
Тәйір-ай, қай құс?

Ат, мені ат,
Оны атпа, доғар.
Тәйір-ай, мынау
Бұзаулы марал

Ат, мені ат,
Батырмаш-жылау.
Омырауымдай
Құлагер мынау.

Ат, мені ат,
Тағдарым озса.
Жазықсыз мынау, -
Бозторғай бозша!

Ат, мені ат,
Қолтықтан татыр.
Сорлым-ай мынау
Ел сүйген батыр.

Кеудемді жәйіп,
Болайын майып.
Сен үшін, елім,
Тартайын айып.

Іңірлер қырда,
Ұқсайды сынға.
Ант еттім талай,
Мен ортасында.

Атылуға жақын,
Жылауға жақын,
Шақтардан ғана
Туады ақын!

Алматыда Жаз болады жуырады

Сарша аяз ұрып жатыр буынға,
Көрмей қойдық Алматинка суын да.
Алшақ кетті-ау осы біздің арамыз.
Қуантайын, уантайын бала-қыз

Алматыда жаз болды жуырда.

Қараушы едік қанбай думан-дуылға
Көлден көріп Жемнің аппақ қуын да.
Аяз бөрі анталай ма даладан,
Қарағайға қарамашы, ағажан,

Алматыда жаз болады жуырда .

Бояуларын үзісе алмай бал іңір,
Көшелерге төгеді ғой сәнді нұр.
Дүрмек- дүрмек алтын артқан кіредей,
Айта берсе, үйімізге түнемей,

Қандырармыз жандарымыз жанды бір.

Сары көбелек сайдан қшар сабылып,
Асау өзен «жүр» дер әлі ағылып.
Ойға тартар жылы орман жамырап,
Соның бәрі болады ғой қазір-ақ.

Көрісерміз, көрісерміз сағыныш.

Көңіл толар көл тебініп қаз қонса,
(Тіпті соған, тіпті соған аз қалса).
Кербез қыздар, шыныңды айтшы ғашыққа,
Ей, адамзат, айтшы мендей асыққа,

Бәрі болар сияқты ғой жаз болса?!

Көңілшек бұлт көтеріліп тұғырға,
Сан арналар ұласады шуылға.
Қайта- қайта гәусар нөсер құйылып,
Кемпірқосақ асқар тауға иіліп,

Алматыда жаз болады жуырда.

ЕКІНШІ ДӘПТЕР

Ұйқы

Ұйқыдан қорқам осы мен,
Не деген бейқам, ойсыз шақ.
Ағылған дүние көшінен,
Кешігу аз ба онсызда- ақ.

Сүйрей бер мені көк жайлацу,
Ұйқы не ол, тек қол байлау.
Қылмыс-ау осы жүрекпен
Күн сайын ұзақ толғанбау.

Көк балақ балғын көктейін,
Булығып өстім көп кейін,
Не деген ұйқы он сағат,
Осы мен ұйықтап кетпейін.

Құбылыс көп-көп қырда сан,
Шығады қалай? Гүл қашан?
Кім ғашық дер мені дүниеге,
Қалт етпей қарап тұрмасам?!

Жанар дүние, жаңар күн,
Ұйқысы құрсын, табармын.
Күйбеңді мұрат санасам,
Тәйір- ай, туған дерімнің,

Нұрына тоймай қалармын.

ОТЫЗ ЖЫЛ

Көшеге шықтық. Гүлдедік,
Қуаныш жерде тасты бір.
Жүгірдік досқа гүл беріп,
Құшағын елге ашты жыр.

Тулар да қызғалдақтардай,
Желпінді желге тегіс кеп.
Тұрмадық біз де мақтанбай,
Айқалап алдық: «Жеңіс!- деп.

Бөбектер шықты шат күліп,
Жарқылдап өтті ағайлар.
Қуаныш біліп, бақ біліп,
Жанымда жүрді талайлар.

Төбемде тұрды жақсы айым.
Айналам толқып гүлеумен.
Күлімдей бердім сәт сайын,
«Жеңіске отыз жыл» деумен.

Жағатын шақта ел шамды,
Табалдырығымнан аттағам:
Қара түн болып қарсы алды,
Қарға бойлы қарт анам.

Не болды, тәйір? Жаздым не?
Бірегей болмай бір күн?
Аласапыран ғып аз күнде,
Жүдетті ме қалай тірлігі?!

«Отыз жыл өтті-ау», - деп қалды,
Басыла қалды бәсең үн.
Сәл бұрылып тоқтады,
Жанары толы жас еді.

Мәлім бе саған сыр мынау,
Құлап бір түскен көлденең.
Үміті сөнген құрбым-ау,
Осыған дейін сөнбеген.

Көшеде көзім көргені:
Мейрамшыл балғын, сыйлы аға.
Ұлының енді өлгені
Рас боп

Жатты үйде Ана.

Ісім де ақ. Арым да ақ,
Сонда да болдым ұятты.
Кетеміз ылғи арындап,
Бар пенде түгел сияқты.

Қысылдым, Кінә бір менде,
Айттым ғой. Осы жайт еді.
Адамдар, Баққа, Бергенге,
Аз мақтасансақ қайтеді?!

Ержету

Шақ қайда атой беретін,
Тағдырымнан сыр түйіп.
Ойнақтығысы- ақ клетін,
Бұлшық еттерім де бұлтиып.

Төбемнен зу-зу жыл өтті,
Көп үйрендім көп күннен.
«Ержетем» деген тілекті,
Қолыма ұстап жеттім мен.

Ержету керек!
Болады мұңы «ой» деуге,
Қолыма ұстап жеттіп мен.
Ережету керек!

Бәрінен бұрын
Әділетсіздікке қарсы сөйлеуге.

Аунап бір түсіп ауырлар,
Мәз болып жақын-жатпенен.
Жүретін жігіт бауырма,
«Естияр» деген атпенен!

Ойлану қажет, дос, бүгін,
Кіммін деп жүрсің ішіңннен?!
Әлгіден басқа ешкімнің ,
Ержеттім деуін түсінбен.

Ержету керек!
Ұраным осы еді бір,
Бастаған жастан көшін ой,
Шақырған қазір елді бұл,

Жан айқайым да осы ғой.

ЕТКЕ КЕТТІ АҚТАНАУ...

Сарайшының астында
Аяндайтын Ақтанау.
Сарайшының астында
Аянбайтын Ақтанау.

Жел еді ғой Ақтанау,
Шығарғанда желігін.
Бір ауылдың мақтаны-ау,
Ой, ерке елігім.

Әлдекімнін құр аты,
Қаңтарғанда-ақ шаңдатты.
Тек Ақтанау тұратын
Колхозшыдай салмақты.

«Әйда» деген қиқумен,
Тойда тобыр кететін.
Бір Ақтанау ол күнде,
Желідей ұшып жететін.

Уа, уа, бір күні,
Аңырайғам,аңырғам.
Көз көрді де жүйрікті
Етке айдайтын табыннан.

Жалт қаратты талайды,
Басындағы бұлтымен.
Нән сарайшы қарайды,
Шалғы орақтай мұртымен.

Жалқау басып барады,
Қарамайды көлгірсіп...
Жылап тұр ма жанарым,
Құлай берді мөлдір шық.

Ой, өмірім-ай, өмір-ай,
Етке кетті Ақтанау...

ШОЛАҚБАЙ

Мұрны бейне орақтай,
Шал еді ғой Шорақбай.
Тауық бақты ауылда,
Құзғын-қырғи жолатпай.

Мұрны бейне орақтай,
Шал еді ғой Шорақбай.
Қырман бақты ауылда,
Құзғын-қырғи жолатпай.

Аппақ кісі атанып,
Жасаған жоқ қаталдық.
Қарбұлақтың балдары,
Жүрдік содан бата алып,

Сескенетін жат анық.

Алмайтұғын ел секем,
Мінезі де көрсе кең!
Өз-өзімен сөйлесіп,
Жүретұғын сол Шөкең.

Дабыр-дұбыр сөйлейтін,
Әлденеге «өй» дейтін.
Кейде ұзақ күбірлеп,
«Қой, шырағым, қой», -дейтін.

Таңданатын бұ қылық,
Не сөйлейді ұрынып?!
Не айтарын тыңдаушы ек,
Бір тасаға тығылып.

Талайлардың мұртынан,
Талайлардың ұртынан.
Бос дәметіп жүргенін,
Етеді екен бір күн ән.

Көзге көңіл қалдырмай,
Сөйлейді екен сыртынан.
Естіледі күлгені.
Не сөзбенен бүргені,

Деп қояды соңында:
«Әй, бекер ғой, бекер ғой,
Адаммын деп жүргені!»

Талайлардың мұртынан,
Талайлардың ұртынан,
Дәметкені дұрыс боп,
Етеді екен бір күн ән.

Жік-жапар боп қария,
Мақтайды екен сыртынан.

Келтіріп бір сәніне
Сөйлей берер әлі де.
Деп қояды соңында:
«Әй, сондайдың, дүние-ай,

Билік тисе бәріне».

Түсінікті- ау елге бұл,
Ез де жүр ғой, ер де жүр.
...О, досым- ау , досым-ау,
Ойланғайсың сен де бір.

ТАҢ ТОРҒАЙЫ

Ән салғаны,
Тамсанған
Танның торғайы!!!

Үніңнен айналдым,
Тұрсың жар салып.
Жаздың айларын,

Таңнан қарсы алып.
Сен ерте дүрліктің
Қалғымай не түнде.
Тұрасың тірліктің.

Бірінші бетінде.
Таңның торғайы!
Асыл таң ағарып,
Келеді жай атып.

Ақылдан жаралып,
Жүрсің ғой оятып.
Барлығың бірігіп,
Басқа ой азайып.

Жасайсың ірілік,
Неткен ғажайып.
Таңның торғайы!

Көңілден күй ат тек,
Жоқ ойдың аласы.
Екеуміз сияқты ек,
Даланың баласы.

Сау болсын ел- ана,
Сау болсын жер-ана.
Біздей жыршысы,
Қуанбай болама,

Мақтанбай бола ма?

Жарыққа қуанған,
Мәңгілік қосқан үн.
Сонымен уланған,
О, менің достарым,

Таңның торғайы!

ЖЕСІР

Көптен бері көріп жүрмін мен сені,
Сқз айтасың түсіретін еңсені.
О, құрбыжан, «Мен жесірмін» деуменен,
Тас төбеңе көтересің кеңсені,

Көптен бері көріп жүрмін мен сені.
Қаайтармаймыз. Бетіңізден алмаймыз,
Жігіттеріміз. Қолға түскен жандаймыз.

Осы отырған жесірлердің баласы.
Жесір болған. Жетім болған анасы.
«Жесір қалды» дегенді сан естідік,
Жарық дүние жабылатын кешкіріп.

Базары мол дүниенің ішінде,
Бір қар сөз өтетұғынсес қылып.

«Жесір» деген сөздің өзі бірақта,
«Батыр»деген сөздей еді құлаққа.
Дауылдарға қарсы қарап қатайған,
«Адам» деген сөздей еді бұ жақта.

Бәрімізге мейірімі жететін,
«Ана» деген сөз еді ғой бұ жақта.
О. Құрбыжан, балғын едің, балауса ең,
Тани алмай, түсіне алмай қараушы ем.

«Жесір ана» деген сөздей санаушы ем.

Өткен есте, ел есте ғой, сел есте,
«Жесір» деген тұратын сөз дөңесте.
Сыйлай алмай, сыйлата алмай, болмаса,
Өзін тілеп жалғыз қалдың емес пе?

Қорқам, қорықам, сан қорыққам, қорқам мен,
Жесір саны көбемегей әр таңмен.
Қорқам, қорқам, сан қорқам, қорқам мен.

Жаным пида ана үшін, жар үшін,
Ана үні аяулы үн, таныс үн.
Қолдау даяр. Айтуың жөн. Бәрі шын.
Айналайын, абайла сен, қорғаушы ем

«Жесір»деген сөзіміздің мәнісін.

БАЛАЛЫҚ БІЗДЕН ҚАЛМАЙДЫ- АУ

Көрінген күннің алдынан
Жүгіре шығып мына біз.
Ақын боп туған бар ұлан,
Шынымызды айтып тұрамыз.

Балалық қалды дейсің,
Нұсқайсыңдар кеп шалғайды!
Бекерге уайым жейсіңдер,
Балалық бізден қалмайды.

Ететін кісі барды кем,
Тасалар болса елден бой.
Баладай мәз боп алдымен,
Қол шапалақтайтындар да сендер ғой.

Бұлтағың сенің құрсын деп,
Бетке ұстап ойды бір мықты.
Шығатын алға дүрсілдеп,
Айтатын сен ғой шындықты.

Сүйрейміз алға көпті кеп,
Жүреміз алды елес қып.
Әрине, біздер соққы жеп,
«Балалық» деген сөз естіп.

Түсінбедің бе оны сен,
Сөз бе еді олқы, басы артық.
Жүрген жоқ па едік сонымен,
Дүниені мәңгі жасартып.

Жүрген жоқ па еді сонымен
Бұ дүниенің досы артып.

Балалық қалды дейсіңдер,
Нұсқайсыңдар кеп шалғайды!
Бекерге уайым жейсіңдер,
Балалық бізден қалмайды.

Алдыңда тұрмын өлеңмен,
Сәбидей ақпан, батылмын!
Дүние қорғалардай көрем мен,
Балалығыменен ақынның.

ҚАЙДАСЫҢДАР?

Ақын болыңыздар,
Бәріңіз де ақын болыңыздар.
Ақын болыңыздар,
Жаныңызбен ақын болыңыздар!

Осы күннің үстінен мен,
Көз сап адам аймағына.
Кісі іздеймін күштілерден,
Поэзия майданына.

Ағылыңыздар, ағылыңыздар,
Шындап ағылыңыздар.
Ағылыңыздар, ағылыңыздар,
Мыңдап ағылыңыздар.

Бекер айтып жүрген жоқпын әнді мен.
Адам болу үшін де,
Ақын жанды болу керегірек алдымен.
Соған шақырам елді мен!!!

О, дариға, жәннәт өлкем,
Мойында тұр міндет қанша!
Суыт қимылдасақ екен,
Келер күнге ысырғанша.

Мен өзімді жұмсап өтем,
Жоқ өзге жай елер мүлде.
Мейірімділік болсақ екен,
Қарайған шақ келер күнге.

Дұрыс мені тыңдау, демек,
Өлең аздау бүгінге тым.
Мақтау керек, жырлау керек,
Адамдардың құдіретін.

Жер үстінде көрсе бұрын,
Шіренген ғой шіркін егер.
Адам болғың келсе бұ күн,
Ақын болмауың мүмкін емес.

Ақын болыңыздар, ақын болыңыздар,
Бәріңіз де ақын болыңыздар!
Бала жүрек, батыл ағын,
Сарқырар деп сан күтіп ем.

Міне, бүгін шақырамын,
Жердің түбін жаңғыртып мен!!!
Осыдан соң, осыдан соң,
Барлығына орын нұсқап,

Колбаса да өлең мүлде,
Жүректерін қолына ұстап
Өтетіндер көбеймей ме?!

АЙЛЫ ТҮНГІ АДАСУ

Адамдардың шаттығының себебін
Әлі түгел жыр ете алмай келемін.
Адамдардың қайғысының себебін
Әлі түгел жыр ете алмай келемін.

Шаттығымды айтсам ылғи отырып,
Қайғы жоқтай дүрілдермін өтірік.
Қайғымызды айтеам ылғи отырып,
Шаттық жоқтай дүрілдермін өтірік.

Ұғу үшін жақсылықтың байлығын,
Болу үшін болашаққа сай бүгін.
Бір-ақ рет айтып қойсам деп тұрмын,
Адамдардан болатынын қайғының.

Ешбірінің атамай-ақ есімін,
Еш бірінің атамай-ақ кәсібін.
Ұқсайтындар тани берсін өздерін,
Айтайықшы бойларында н есімін!

Елу сегіз… болу керек, шамасы,
Айтып жүрді елдің бала-шағасы.
Мұның өзі емес еді, адамдар,
Әдеттегідей келін-ене арасы.

Кеткен еді жалғыз бала ойынға,
Келіншегі қалды өмірдің тойында.
Бейбіт күннің армиясын, дариға,
«Ойын» дейтін біздің өзен бойында.

Жас келінді қуды талай жұмысқа,
Қыбырлап жүр құмырсқа екеш құмырсқа,
Оған ермей ене қалды тоғайда,
Енесінің осынысы дұрыс па?

Қарияның күркесіне аласа,
Амандығын білу үшін қараса,
Бір пәлені баяндайтын бұжыр шал,
Иланатын бұ байғұс та балаша.

Екі жылдың толды солай өрнегі,
Қырсық мінез тапты кемпір өлмелі.
«Түгеншемен болыпсың, — деп, — ашына»,
Күні-түні, күні-түні сөйледі.

Қос жанарын сорлы келін бұлады,
Не ғайбатты естіп отыр құлағы.
Қара түннің ортасында қалтиып,
Бір тәңірден ажал ғана сұрады.

Өрт салғанның кім екенін білмейтін,
Жатса-тұрса жабырқау мен тәнді естен.
Ұлын көрмей өтеді-ау деп қайғыдан,
Өз қайғысын ұмытатын бар кешкен.

Ауыл жүрді шаруаға сүйрелеп,
Кемпір қалды «талақ» айтып, түйрелеп.
Он тәулікте келіп-кетіп жүрді бұл,
«Енежан-ау, отырсың не күйде?» - деп.

Ешкі сақал бұжыр қара қасында,
Сөз ғып отыр болғандарды жасында.
Келдің-кеттің деуі де жоқ, болмаса,
Батушы еді жас көңілге сол да аса.

Келесіде есігінен қаратпай,
Керді қолын екі қара қанаттай.
Төрде отырды қара бұжыр қуаттап,
Жас әйелдің «үйім» деуін жаратпай.

Келін тұрды. Қарт анаға не десін,
Ойлап тұрды қыз күнінің елесін.
Кетті әйел: «Келермін, - деп, — ендеше,
Есен-аман балаң елге келгесін».

Кемпір қалды. Бұжыр отыр көсіліп,
Жас келіннің күнәләрін әсіріп.
Ертеңіне мал-мүлкі мен кемпірді,
Өз қасына отырғызды көшіріп.

Қыстан шықты, кіргізбеді келінін,
Әр есікте күтті ерінің келуін.
Малын бағып берді со жыл бұжыр шал,
Сонысымен қоздырды ғой желігін.

Жігіт келді. Туған жұртты сағынып,
Тойларына біз де бардық ағылып.
Келіншек те келді мұнда көппенен,
Кемпір сонда сөйлей берді қағынып.

Жайсаң боздақ тұра берді бозарып,
Жеделдетті қара бұжыр сөз алып.
Көрген болды қылықтарын көзі ашық,
Жайсаң боздақ тұра берді бозарып.

«Сырттың сөзі — сенің сөзің»,— деді де,
Шешесінің қарай берді өңіне.
«Шеше сөзі болады ғой», деді де,
Қарай берді қара құрым еліне.

Көп ішінен сонда біреу тұрмады,
Жала емес пе деп айтпады бұл-дағы.
Көрмегендей қала берді бәрі де,
Өздерінен аулақ еді мұңдары.

Бала боздақ сезінді ме ұятын,
Жер іздеді аулағырақ тұратын.
Бірақ, оған ергізбеді шешесін,
Қара бұжыр болғызбады мұратын.

"О, тәйірі-ай, өгей бала бала ма,
Қу сүйегің қурап сонда қала ма?
Аш болсаң да не жетеді, ойлашы,
Өсіп-өнген аспаны ашық далаға».

Бала кетті. Әйел алды. Келді сан:
«О, анашым, болмайды ғой бармасаң?!
Жұбана ма бізге құйттай немерең,
Өз алдыңа оқта-текте алмасаң?!»

«Айтпап па едім бала ұстауға керек»,- деп,
Бұжыр қара шыға келді өрекпіп.
Бала отырды: «Келіп едім еред деп»,
Кемпір тұрды: "Шешең мұнда өлед», - деп.

Бұжыр қара одан сайын азғырды,
Тым тездетті өмір деген аз күнді.
«Нөкістегі туысыңнан безініп,
Бұл не отырыс?» - деп те кейде жазғырды.

Бұжыр қара сөйлей берді өсіріп,
Кемпір тыңдап отыратын көсіліп.
Хабар тиіп екі інісі келді де,
Нөкісіне алып кетті көшіріп.

Бала байғұс қалып қойды хабарсыз.
Келін жетті. Зар жылады. На наурыз.
Тұрмысы бар жан еді ғой алаңсыз,
Зұлымдыққа жылап еді амалсыз.

Көші кетті екі аяқты арбамен,
Қоштасуға әжеме еріп барған ем.
«Мына зұлым істеді ғой әдейі»,
Деген сөзді естіп едім сонда мен.

«Көріңіздер», …деді біреу. Ел көрді.

«Зіл басты ғой менің балғын кеудемді.
Бауырым дағы үш інімнен айырып,
Бір зұлымға жетектеткен жеңгемді.
Көріңіздер».— деді біреу. Ел көрді.

Момын жиын тұс-тұсына тарады,
Арба байғүс қисалақтап барады.
Кемпір байғүс молтен-мөлтең қарады,
Момын жиын түс-тұсына тарады.

Кәрі ананың болсын ұстар не мүлкі,
Етер-ау дөн біаді көрген ел күлкі.
Екі інісі жаман-құрау төсекті,
Лақтырған көшер күні ең ілкі.

Түсер жерде өгейсіреп тоқтады,
Көзіне ыстық төсектерін жоқтады.
Туған жердің исі сонда болатын,
Қасиеті болатұғын көп тағы.

Екі іні тұр. Күмілжіді ол енді,
Арзан деген. Құрым үшіп телемді.
«Лақтырып кеткен едік», _ дегенде,
Қоса кезінен от төгіле жөңелді.

Байғұс кемпір байбайлады, бақырды,
Баласын да алғаш рет шақырды.
Келінін де алғаш рет шақырды,
Бірақ, бірақ жоғалтып ед ақылды.

Есі ауып, арпалыса жүгірді,
Елемеді, естімеді түгіңді.
Туған жердің исі аңқыған, о, жігіт,
Іздеп еді лақтырған жүгіңді.

Елемеді, естімеді түгіңді,
Есі ауып, арпалыса жүгірді.

Бір айдан соң хабар жетті Нөкістен,
"Со кемпірдің біткенін» сөз етіскен.
Бұжыр қара шал да жүрді. Әлі жүр,

Өзінің де еш түгі жоқ жетіскен.
Ұғу үшін жақсылықтың байлығын,
Болу үшін болашаққа сай бүгін.
Бір-ақ рет айтып қойсам деп тұрмын,

Адамдардан болатынын қайғының.

СӘУЛЕ

Бәрі де болған жоқ бір күнде
Өткенің сыйлайды нім-кім де.
Моншақты бұл шақты, дариға,
Өткенсіз бағалау мүмкін бе?

Содан да қатарда болады,
Жолдарды айтады келесі.
Ұмытар емеспін мен әлі.
Жүр әлі өткен күн елесі.

Ауылда басқарма Ойшекең,
«Ойшекең» дейтүгын бәрі де,
Тұп-тура атауды қойса екен,
Үлкеннің есімін әлі де.

Қуаныш емес пе жылы сөз,
Жаныңды жылытатын жүргенде.
Жылы сөз қашанда ірі сөз,
Жылылық керек қой білгенге,

Бар еді әйелі ақ күлдей,
Шал еді Ойшекең үрангер.
Тимеген шығар-ау тап білмей,
Еләсіреп ес алған бұраң бел.

Оны бір көргенде анау күн,
Тезірек өсуге асықтық.
"Керек" деп үйреткен сол-ау шын,
Боқмұрын балаға ғашықтық.

Бір сұлу көрмесе ғұмыры,
Бір қылық сезбесе бү жаста,
Қуантпае көңілдің уілі,
Шын айтам, ғашыңтық болмас та.

Балтыры қайыңдай ақ еді,
Қое бұрым жерге сәл тимейтін.
Қабағын жатпайтын жан еді,
Япырай, өтірік күлмейтін.

Ойшекең шал еді. Бірақ та,
Ауылдың намысы, ары еді.
Талай ой талпынып, құлап та,
Білінбей өтті ғой әлегі.

Алтыннан ардақты білгенге,
Нұрлы жан, нұр алғам мен сенен.
Біз саган ат таппай жүргенде,
«Катюша» дейтүғын Ойшекең.

Сыпайы Ойшекең сүйгенін,
Сүйікті сөзбенен білдірген.
Бұл қалай боп қалды. Білмедім,
Солай деп атады ел бірден.

Жетті ғой жастық шақ әлегі,
Ол десе, лаулады от анық
Ойшекең дәл айтты. Ал, енді,
Біздер де сүйген соң атадық.

Бар ауыл "Катюша" дейтұғын,
Сұлуға басын да иетін.
Көрмеді оғаштау ел түгін,
Катюша өз шалын сүйетін.

Бұл сұлу өзге еді ұққанға,
(Ойсыздау өткердік көктемді. )
Ойшекең бір құзға шыққанда,
Кеш қалған махаббат жеткен-ді.

Көңілі жыртықтау жан еді,
Шаршаған. Шалдыққан. Күтім жоқ.
Үлкендер сұлуға таң еді,
Жыртығын жіберді бүтіндеп.

Ойшекең сезік те алмады,
Айтқандай ақ сөзін айтар-ақ.
Басылды басқаның арманы,
Шал қойған атауды қайталап.

Ойланам. Көріп те бүгіннен,
Әр істі. Сүрінген. Құлаған.
Жақсы ғой демеуге жүгірген,
Мейірімге жарлы ғой бұл адам.

Өткенін сыйлайды кім-кім де,
Еске алу жөн шығар бұл күнде.
Мейірім көбейсін деу үшін,
Осыны жасыру мүмкін бе?

ҮШІНШІ ДӘПТЕР

МӘҢГІЛІК КӨКТЕМДІ АҢСАУ

Ғажайып көктем келгенмен,
Жауындармен, желдермен.
Жусанның исі ағылып,
Ақса да бірге селдермен,

Оянатын емеспін,
Қиялға жұйрік ерген мен.

Дүние неткен сүйкімді,
Естимін, жан дос, күлкіңді.
Бойжеткен шәйі көйлекпен,
Қол жетпес екен бір түрлі.

Мінеки, жәннәт жан көктем,
Көрген жоқ деме шіркінді.

Көгімде бұлтты қозғаса,
Көрікті кеш қой бұл да аса.
Арқырап аққан ақ бұлақ,
Жырлайды-ақ екен жырласа.

Желі де жеңгем сияқты,
Білдірмей түртіп ымдаса.
Сағым ба, қырда қыздар ма,
Толықси жүріп тұрмаса?

Қайтейін, жеңіл солықтап,
Мәңгілік көктем болмаса?!
Дариға, әсем, бал айым,
Ғашығым, бағым, арайым!

«Мәңгілік көктем» келді деп,
Оятшы ойдан, ағайын.
Сәл бұлданған дүниеме,
Мәз болып тұрып қарайын.

ҒАШЫҚ ДҮНИЕ

Айналайын, ақ аспан,
Айналайын, ақша бұлт.
Менің мәңгі баяндым,
Менің мәңгі жүректім,

Мен де саған керекпін.

Айналайын, жасыл жер,
Айналайын, тасқындар.
Мәңгілік менің қызулым,
Желектім менің сембеген,

Көрмейсің залал сен менен.

Дүниеге гулеп күнде өскен,
Алуан тіл мен тілдескен.
Өзіңе сеніп келіппін,
Кімдердің барын білместен.

Шуағы мол күн көрдім,
Шомылып соған үлгердім.
Қарасына күдік еткем жоқ,
Самалы смайлы түндердің.

Безілі асау боранда,
Арқам бір қозды оған да.
Көктем де келді, жаз келді,
Ұқсайды бәрі адамға.

Адамзат ылғи айналам,
Әдеті, өзге кескіні.
Дариға, соның, ал маған,
Артық та емес ешбірі.

Біреуі жатса бір шақта,
Күйбеңдеп мұнда әлі жүр.
Қымбат-ақ қайда тұрсақ та,

Айналайын, жасыл жер,
Айналайын, тасқындар,
Мәңгілік менің қызулым,
Желектім менің сенбеген,

Көрмейсің залал сен менен.

Адамзат, есіт үнімді,
Жарыла айттым мен, міне,
Ап келдім бауырмалдығымды,
Сен не әкелдің дүниеге?

ХАТ

О, досым, жазсайшы хат.
«Хат» деген сәл ғана зат,
«Хат келді» деген сөз нән,
Өседі көңіл соған,

Өседі ақ махаббат.

Алаңмын алшақта мен,
Құлағым елеңдеген.
Пәле алыс емес еді,
Уайымдап кейде сені,

Жүремін тартып төмен.

Жырыңды алдым жаттап,
Журналдар жатты мақтап.
Жаңа жыр қонбай қолға,
Жүрсің бе кез боп сорға,

Мүмкін ғой ұшуы бақ.

Солардың бәрі мүмкін,
Солай ғой өмір, шіркін.
Қазақтың жақсы ұлы,
Мүмкін бе ұмытуы,

Ақын аз мені бұл күн.

О, досым, жазсайшы хат,
О, досым жазсайшы хат.
«Хат» деген сәл ғана зат,
«Хат келді» деген сөз нән,

Адам боп қалады адам,
Іздесе бір махаббат.

ӨМІР

Өмір деген не нәрсе?
Бәлки ағыс. Бір екпін.
Білмеймін, Тіпті, керек эссе,
Қанша соғарын да жүректің.

Қозғалыс па не жаппай,
Жарқ етуі ме жарқылдың?!
Жер бетінде қызғалдақтардай,
Болуы ма әлде әркімнің?!

Жаз шақырыш ылғи да,
Өзен бе жатқан жондарда?!
Бір қырдан шығып бір қырға,
Жымиып асқан жолдар ма?!

Ес жиғызып тұратын,
Ертеңгі суық ызғар ма?!
Әлі күн көңіл бұратын,
Қырмызы құрдас қыздар ма?!

Кеудемде азан-қазан доп,
Ұмтылған алға арман ба?!
Табам деп мәнін мазам жоқ,
Жасаймын не үшін жалғанда.

Өмір не? Қызу жұмыс па,
Бәрі де шығар. О, бірақ,
Өзіңдей сұлу туысқа,
Жақсырақ болу шығар-ақ.

МІНЕЗ

Неткен біздер сұсты жанбыз,
Шыншылмыз тым біздер неткен!
Әзіл-оспақ аралассыз,
Сүрген ғұмыр ақ ниетпен.

Бала жыртық көңіліммен
Еткен едім мұны елге хат.
Тұра сала жөргегімнен.
Шаттанатын болды ма сәт?!

Қалт етпей біз елге қарап,
Қабақ бақтық ерте-кеште.
Өстік сөзін дұға санап,
Ерсілікті кешірмеске.

Қайда ардағым, қайда кісім,
Еліме ол болмае ұмыт.
Кейбір құрдас пайда үшін,
Бола қалды тыныш жігіт.

Әділ сөздер сөйленсін тек,
Өссін деймін құламай гүл.
Әлдекімге бүгін, демек,
Бұл мінезім ұнамай жүр.

Үйретті ғой бізді бәрі,
Жесір ана. Тагдыр. Сабақ.
Қыз баладай жүрмін әлі,
Ерініме тимей шарап.

Әйел алған думанымда,
Рет бар-ды маған енді.
Жұтқым келін тұрғанымда,
Қолымды анам қаға берді.

Айтты. Бітті. Тынды әуре,
Біз тоқтастық. Жол маңдады.
Көргенде мен еттім тәубе.
Азада мас болғандарды.

Неткен біздер сұсты жанбыз,
Шыншылмыз тым біздер неткен!
Әзіл-оспақ аралассыа,
Сүрген гумыр ак ниетпен.

Жоқ-ақ менде өзге арман,
Арман жалғыз - ақ адал жол.
Мінезімді озгерте алман,
Жасымда елге ұнап еді ол.

ЕРКЕЛІГІМ ЖОҒАЛДЫ

Адамдарға еркелеуші ем,
Сәбилігім қалмай әлі.
Амандырын мен тілеуші ем,
Әуелиедей еді әірі.

Арсын-гүрсін сөйлеп оған,
Ойланушы ем оңашада.
Керек деуші ем бәрі маған,
Әйел. Жігіт. Бала-шаға.

Бірі уялмай мені сырттан,
Даттагалы, хаттағалы,
Суи бастап жүрдім жұрттан,
Ұмытылып жастағы әнім.

Ең алғашқы өлеңі м де
"Сүйем" дегем адамдарды.
Ташай айтқан көремін де,
Төндім кейде соған да әлі.

Жүрдім жазбай, алмай қалам,
Дайындалып тастауға да.
Бір дүр ақын егер маған,
Айтпағанда бастау жаңа.

Мен бүлдірген жоқ дәнеңе,
Бәрі ежелден бар екен ғой.
Әкеліпті бізді және,
Өсіруге бір әдемі ой.

Өкпелеуді қойдым содан,
Жазбақ болдым көңілді өлең,
Бар айнала ой сап маған,
Алдыма алдым өмірді мен.

Ысырылды сонда жиек,
Кең дүние берді кеңи.
Мендегі аппақ жалын жүрек
Ойнай берді бір асыл күй.

Сүйем» деген өлеңіме
Төніп қайта барғаным жоқ.
Өлең жазып келем, міне,
Уыз достық арманым боп.

ДОСТЫҚ

Сүрейік дәурен мәз болып,
Азғантай ғұмыр жаз болып.
Кеудеге кірбің тұрса сәл,
Тарқай берсін наз болып.

Сүрейік дәурен мәз болып,

Қуаныштарды бөлісіп,
Тілеселік рахат.
Көріскен сайын өбісіп,
Риза болсын махаббат.

Араға түседі бұлт апта,
Аптығалық хат салып.
Дымың да кетпес, ардақта,
Оралар болсын жақсарып.

Ұрпағы өссе жүгіріп,
Өлеңнің бәрін айталық.
Түйілсе, бірге бүлініп,
Бір күлдіріп қайталық.

Мәртебе өссе, дөп көріп,
Дуылдап келіп, қосталық.
Дүние-ай, бір күн жоқ болып,
Жатыр-ау орны бос қалып.

Болайық сергек әр тәулік,
Не болды? Не бар? Қайдасың?
Сұраған сайын денсаулық,
Қажеттігін ойласын.

Алаң ғып айды, ғасырды,
Қайдағы жоқты қоздырып.
Осынау асыл нәсілді,
Жүрміз ғой оңай тоздырып

ЖҰБАНҒА СЕМСЕР СЫЙЛАҒАНДА

Қуанып қалдым, расым, аға,
Таудай талап, мұзбалақ жігер.
Тілей бердім мен асыра,
Қуанып қалды сіз туған бұл жер.

Өлеңіңіз аузында елдің.
Сүюінде болмай тұр мөлшер.
Жаттадық атын соқтырған ердің,
Құтты болсын көк болат семсер.

Перзенті — ақыи, алдаспан, сірә,
Әйтеуір, халық қуанып жатыр.
Көлденең тағып болатты мына,
Бола түссе деп әлде де батыр.

Қарай-қарай қаруға суық,
Кешегі жорық атойы шықты-ау.
Елесті ұстап мәңгілік жуық,
Тұрсын деді ме ақыны нықтау.

Көк ауаны көсіле кескен,
Қынға суыт, құйылған бір сел.
Қапталында қарайтын сеспен,
Құтты болсын көгілдір семсер!

Жүзінде сауле тоқтағап шаңта,
Жарқылдайтын шығар-аң семсер.
Тағынып шыңса кешқұрым баққа,
Суытар шығар жамылып ол шер.

Босатпай ойдан ақынды бір сәт,
Сықылдана ма бір алыс мұнар.
Дем алуға алса да мұрсат,
Төрде қауырт тұратын шығар.

Кімдерге мәлім уақыт бүлты?
Білеміз ғой азамат хақын.
Бір жасап қалды ежелгі жұрты,
Карулырақ болғанға ақын.

ДОС

Есінде ме, есінде ме,
Ұмыттың ба, әлде, бірақ?
Махаббаттың кешін бірге,
Бірге өткізген едік шұнақ.

Қолымызда жоқ қой, міне,
Қайда сол күн? Тартты жырақ,

Қызық бала махаббат та,
Түсетүғын қолға шаққа.
Сүмірейіп ере жүріп,
Айттырушы едік жатқа.

Мен үшін сен тебіреніп,
Мақтап едің мені алғаш,
Аядың ба, мен егіліп,
Сыр айтқан соң саған жолдас.

«Ағай үшін» деп жымиып,
Қолын берген еді үр қыз.
Риза едім мен кермиық.
Есімде әлі бұлтты сол күз.

Талай-талай бері содан
Біреу айтып, біреу қолдап.
Ержеттім ғой есен-аман,
Ғұмырымды еліме арнап.

Есіңде ме, жап-жас панам,
Ойладың ба, асыл ардақ?
Неге, неге, айтшы маған,
Сауға да осы керек балдақ?!

ТІЛЕК

Машинаны екі өткізіп үстімнен,
Өрттей лаулап, емханаға түстім мен,
Аман қалған зауалдан мен күштідей,
Бір жезтырнақ алысады күштіңмен.

Қара саннан омырылып, тұра алмай,
Құлағанмын. Бәрі бейне тұмандай.
Қабырғаны санап шыққан сындырып,
Жатыр едім қарап енді бұған жай.

Қызу өсті тұлабайым от жағып,
Екі бетім ерегісті шоқтанып.
Дүние өзі аяп кетіп қойғандай,
Ауық-ауық қалғанымда көп талап.

Көзімді аштым. Дүниені танымай,
Жаттым үнсіз. Аязы да қарымай.
Ыстық дүние бар дегенді білген жоқ,
Жігіт жатты әрі сорлы, әрі бай.

Ес кіргенде бір сагатта ыңғайлы,
Санайтұғын күтушілер мұндайды.
Деді маған: «Мотоцикл үш аяқ,
Басып кеткен кәдімгі ақын Сырбайды».

«Неғыл дейді! Мынау неткен сорақы!»
Айқай саппын: «Бар екен … деп — не хақы?!
Жан қалтырап, мазалаппын ҳалықты,
«Тиме ақынға! Мә, мә, ал …деп, ал, ақы?!»

Талпыныппын сөйлегім кеп әлемге,
Хабар айтқым кепті барлық өлеңге
Қайта талып кетіппін гой бір жым-жырт,
«Семің озім ие гын жатсың?" дегенде.

Рас айтам, жаным сондай батыл-ды.
Айтушы ем гой амтатугын хакымды.
Мен өзімді үмытыннын сол сәтте,
Аман қалсын —- деп тілеппін ақынды.

Ағам да аман. Өзім де аман. Түргелдік,
Нұрлы өмірге өлең айтып бірге ендік.
Содан бері жанға дауа деп келем,
Адамдардың қадірін шын білгендік.

АҚЫННЫҢ ӘЙЕЛІНЕ

Ғұмыр сүру оций ма скен,
Тарқай қойғыш алма кеңес?
Бір мерзім гой алабөтен,
Кіріп-шығар шаруа емес.

Кішіліктен оте вляннени,
Көкірекпен сыю қиын.
Бола алмайсың, не талғайсын,
Іздеуменен дүние сайын.

Таудан қулар өзендей лап,
Жұмсар минут мылқау күшін.
Жора-жолдае көп керек-ақ,
Шындық үлы шырқау үшін,

Адамдардың ренішін,
Қуанышын көріп әр күн.
Емес, емес өлең үшін,
Өмір үшін шаршайды ақын.

Күні бүгін ашы айтып,
Тастады ғой меагіліме.
Сол ақ сөзі ел байытып,
Тауды-тасты кезді, міне,

Содан сөзін койнындагы,
Сыйғыза алмай жетті ол кімге?!
Борышын да мойнындағы
Кімге күбір етті түнде.

Дүниенің парасатын
Кімге шешті бейне дана?
Саған айтты махаббаты,
Еркеледі саған ғана.

Жер үстінде досы қанша,
От шайнаған мінезі ерке.
Жанартауы басылғаншы,
Бір думан ғой туған өлке.

Ақын деген бір жалғыз ұл,
Жалғыз туған нешік анаң?
Халық болып қалтылдап бір,
Жалғызымды сенем саған.

Абайлашы, өртті дүние,
Сеңсің бас-көз, өткер есен.
Біздің мынау көктемеге
Әйел болам деп келсең сен.

Айтар, айтар бұл жарық күн,
Ие болу бір халықтың,
Аз да болса алғысына,
Не ұшырау қарғысына.

ТӨРТІНШІ ДӘПТЕР

ҚАРА МАЯ МЕН ҚАРА КІСІ

ПОЭМА

Өмір- көш. Бір дәуренге көшіріпті.
Арман-дәурен еді ғой осы тіпті.
Бұйдасының бір ұшы қолымызда
Көшіріпті емес-ау, өсіріпті.

Ақ жаулық, азын-аулақ абысындар,
Демеймін, жақының бар, алысың бар.
Таныстырам - деп тағдыр әкелген соң,
Сөйлесіңдер, кәнекей, танысыңдар.

Бұл күнге кетті-ау жетпей талай шынар,
Кешегі арбашылар, сарайшылар.
Бір-бір жалғыз балаға иек артып,
Қаланың кемпірі боп қарайсыңдар.

Өткен күн бола ма ұмыт… жыл ақса да,
Ертіп кеп жақсы күнге… жұбатса да.
Кәрісі бүгінгінің біз болыппыз,
Алмай ма, алады ма бұл жақ санға?

Демелік кең семіз жоқ, керексінер,
Дәреже жоқ демелік, ерексінер.
Біздің кеңсе қалды ғой алысырақ,
Әйтеуір, барлық кемпір — тілекшілер!

Өткен күн - дала жазы, дала құсы,
Есімде көне ісі, жасау ісі.
Әуелі мен бастайын бір әцгіме,
Ол мынау: Қара мая мен қара кісі.

Қызы едім Ақ Кетенің Қиылдағы,
Алтау ек жер сүйреткен бұрымдары.
Жалғыз аға тілегін тілеуші едік,
Жалғыз дана сияқты ұйымдағы.

Әкеміз-әнші, күйші, домбырашы,
Байлығы - туған елдің мол мұрасы.
Өзгенің қолы кірмей ішілмейтін,
Төрт қанат қоңыр үйдің әрбір асы.

Бұралып жас шыбықтай бойжеткенде,
Кісіге көз тастауға ой жеткенде,
Көрші ауылдың алты ұлды ақсақалы
Сөз салды, күземеден қой кеткенде.

-Қарағым, бар өзіңдей кіші балам,
Келін болғай ақ жолда ұшыраған.
Мен өзіңе жарасам, домбырашым,
Балалыққа жарады осы маған.

Қыс өтті, жаңа жазды күтіп алдық,
Сыбыр-күбір көбейтті жіті халық.
Дәм қосып, Әжіғұлға жұбай болып,
Мен кеттім, туған ошақ бұты қалып.

Адайдан үш ұл, бір қыз бала көрдім,
Ел-жұртқа, құт-амандық ала келдім.
«Кіші келін — құлыным» деді атам,
Бәрін, бәрін мен бақыт санап едім.

Анау бір атты қазақ босқан жылы,
Үш түйеге үш түйе қосқан жылы,
Түйе іздеп түрегелген Әжіғүлдың,
Шықпады таудан ізі, тастан үні.

Ай өтті, арасында апта кетті.
Хабары көп жылдан соң шаққа жетті.
Оралмады Әжіғұл, оралмады,
Тар жолда сан жоқшылық тап-тап етті.

Қалмады домалақ бас қайда ғана.
Атты қазақ тап болған айдалада.
Жапан кезген жалғыз жан жай бола ма?!
Түз тыңшысы! - деген де, түзде өлтірген, -

Ойран болар - десін бе - ойлап Ана,

Әлдекім «ти» деп маған қыңқылдады,
Байғұздай түн ішінде мыңқылдады.
Табиғат тарту еткен аппақ ниет,
Ермеді, ентікпеді, жұлқынбады.

Баламның ең кішісін арқаға сап,
Басталды қоңыр тірлік, қарқара шақ,
Сүйеніп менің аппақ көңіліме.
Қалқиып тұрды орнында өр таң ошақ.

Со дәурен іңір болса, таң бауыздап,
Күн шықты бізге біткен маңдай озбақ.
Жетімнің песібесін таудай бөлек,
Әкелді-ау, әкеп берген қандай боздақ?!

«Жыңғыл-тоғай» құладық, серік деді,
Сіренкесін тұтатты, желіккені,
Аласапыран ақ дауыл ортасында
Жайсаң дәурен жас батыр келіп те еді!!!

Ортаға тізіп бердім бар малымды,
Содан аштым ортаға ацгарымды.
Қисайсам-көтергенде қалың ортам,
Сол орта - соидірмеген арманымды.

Көрмедік елден ерек, төтен салық,
Көрмедік бөгде болып, бөтен қалып.
Аз әліме кірістім жұмыс тауып,
Серікке лай құйып, мекен салып.

Жалғыз мая бетке ұстар тұяқ болды,
Мия жеді, көк мил мил-ақ болды.45
Басталды естен кетпес мешін-тауық,
Мендетті ошақ өшкен сияқ болды.

Есте ғой кезген Мешін, тұрған Тауық,
Жетім-жесір жанынан қылған қауіп.
Күн шықса, қара мая жазаланып,
Күн бата, келем аз-маз илан! тауып,

Арқама батты менің жатеам - уәйім,
Құлағандай құлатты-ау аттан дәйім.
Әудем жер аяқ басар алыс больш,
Зорға алдық қу өзектің ат шоңқайын.

Жақсының талайларын қабыр алды,
Көмусіз ши түбінде қаңырады.
Бал шешен, батыр жауырын, балуан бөксе,
Ертерек жер-анаға жамырады.

Қайсы бір қорқау көздер арадағы,
Қол салды лағыңа корадағы.
Біреудің сүт бұзауын талтүсте ап,
Ақ кеуіп, көзден ақты сора-дағы.

Балауса үлкен үйдің Найзабегі,
Жазық бет, биік кеуде жайсаң еді.
Жалқы ешкісін алдырып керегеден.
Қол жайып, қалды таппай қайзар енді.

Қаралай құмаршықты қуырғанға,
Тал-талдан суға тістеп суырғанға.
Кетті ісіп көрші-көлем, сарсу қаптап,
Быртылдап бүлтияды буындар да.

Тірліктің өре жібі мезі қылып,
Құладық құлар болсақ теа езіліп.
Қалыппын қапияда кешке жақын,
Ат шоңқай теріп келіп, көз ілініп.

Сарғалдақ сары қызым дауыстады,
Түйе жоқ, жақындаған сауыс тағы…
Қара жер ойылғандай тұрдым мең-зең,
Құйттай бақтың бұ да бір ауысқаны.

Айнала зыр жүтірдік, зыр жүгірдік,
Өкпе өшіп, ақ тер — көк тер күр бүліндік.
Шаңырақ ортамызға түскендей бол,
Бір отырдық; бір тұрдық, бір бүгілдік.

Қарышта бар еді ұры Талые деген,
Оған бір жақын деген, алыс деген.
«Серіктен» безіп шығып, тау паналап,
Ескінің есіріктігін сол істеген.

Ұрымыз сол; жым болдық; қозғадық та,
Амал не, одан әрі созбадық та.
Корықтық та, ауызды жаптық кілттеп,
Ботамен жетім қалған боздадық та.

Жетім бота қайта қата берді,
Өрмеді, күлге шөгіп жата берді.
Соңғы түяқ! Мен оны садақа еттім, …
Кара күрке қауым ел бата берді.

Болғанмен мал жоғалу жай іе құдды,
Өзегін халқымның да қайыстырды.
Жетімнің ауызынан жырып алған,
Жауызғақарғыс-налет сайыстырды.

Апта өтті, ай донгелеп екі толды,
Түйенің енді қайтпас беті болды.
Казанда су бұрқылдап, қамыр болып,
Кара уәйім жеті ұшып, жеті қонды.

Түн ауған, білінген шақ таң сызаты,
Кең дала мүлгіп-қалғып үнсіз жатты.
Қара иекке бас сұққан қып-қызыл Ай,
Сан рет кеудемізді шын мұздатты.

Ай астына караймыз сондайда да,
Жатады ұйқына қандай дала,
Жанар байғұс жанады білге біткен
Кағылады біз біткен таңдай ғана.

Біздін мая, жан әже, шапшаң қара
Шапшаң қара, түрегел, шапшаң қара…
Деді қызым. Зекідім: қойшы әрі,
Қайдағыны айтасын… қақшандама.

Мызғыппыз үміт-күдік бәрі қалып,
Сірә да, аш өзектің сыры қанық.
Бір уақ тау аударып бар баратқандай,
Қара маям үнге соқты ыңыранып,

Жүгірдім баса-маса етігімді,
Титтей бой таудай болып көтерілді.
Мая тұр… түр, ең дұрысы,
Мен тұрамын, біле алмай не етерімді.

Еніредім тұрқына қарадым да,
Қорқыныш тұр көзінің қара-ағында.
Аркан кескен тірсектен қан тамады,
Канжар ізі қоныпты тамағына.

Көрші-көлем келеді түгел еріп,
Жылай қарап, кейбірі жүре көріп.
Деп келеді: жетімнің көз жасын-ай…
… Жетімдердің тілегін тілеп едік.

…Кадай жетті, ойпырмай, қалай болды,
Жоғалғанды көзіміз талай көрді.
Талай көрді… деп байғұс көрші-көлекті
Жарақатын маяның санай берді.

…Жершіліне қарай гөр, жерді білер…
…Ботасына шарқ ұрған, ерлігін көр.
Дейді біреу. Мен байғұс тұлып іздеп,
Тұльшты айтып налиды ендігілер.

Біреулер қарай-қарай сүйсінеді,
босайды кеп. Біреулер бисінеді.
Аттамаған біреулер ала жіптен,
…Зорлық-ай, зорлық-ай… деп күрсінеді.

Абысын, бұ да шиыр бір сыр еді,
Жаныңның шуағында жүрсін енді.
Иненің сабағындай бұл өмірде,
Аңыз ғой кім есіркеп, кім сіледі!!!

Естідік Талыс, Барыс- қос қарақшы,
Жем асып, қара таппай, бос қарапты.
Түк таппасақ — осындай мая бар деп,
Қапымызды күн жарым тоспалапты…

Жетектеп емпең-емпең сайға асыпты,
Бір таудың бүйрегіне жайғасыпты.
Бір жеті буып қойып, шешісе алмай,
Күнде-күнде «сояммен» сайласыпты.

Көз көрген сонда бар-ды қара кемпір,
Ағайынға түзік сөз дана кемпір.
Зарлаған: «көп жетімді шулатқанша,
Маған да ажалыңды ала келтір!!!

Талыс-ау, қалай барып ала қаштың,
Қара басқыр көзімді, қара бассын!
Танып тұрмын; Әжіғұлдың маясы ғой,
Талшығы ғой аш, жетім, жалаңаштың.

Маяға барсаң енді бауыздалам,
Бүйткеннен, өмір енді қауыз маған.
Көзі шыққыр, не көрдім, елден қашып.
Болды ғой жан да арам, ауыз да арам.

Деп едім елмен бірге күн көрелік,
Өлсек те ортасында бірге өлелік.
Туыппын арам қасқыр…елден безіп,
Деді ғой: тойынғанша үндемелік.

Ел-халық, аңырайын, қайрат қайда,
Қанды көз өз қолынан жайратпай ма…
Халайық, өлгенімше, амалым не,
Болайын бар ісіне айғақтай да…»

Қара әже қараңғыда аңыраған
Зар үні тауға-тасқа жамыраған.
Қара мая дүрлігіп тыпыр қаққан,
әзір аман… әзір аман… әзір аман.

Қара әже ақ сүңгісін көрсетіпті,
Қажымайтын, қайтпайтын еңсе тіпті…
Түн жатса бауырына сүңгі басып,
Баласы қисайғанда, бел шешіпті.

Апта өтіп, Табыс, Барыс жынығыпты
«Соямыз» деп қолға-қол ұрылыпты.
Қос алып сыр білдірмей сайға кетсе,
Үйқылы-ояу анажан мұны ұғыпты.

Тұра сала маяға жүгіріпті,
Құйттай жүрек алқымда сығылыпты.
Ақ сүңгі жарқ-жұрқ етіп айдалада,
Түйенің басына кеп жығылышты,

«Шешелеп» қос жолбарыс жүгініпті,
Өтініп, тіршілік, — деп, бүгіліпті.
Не де болса пышаққа жаралған деп,
Қос алып жұдырықтай жұмылыпты.

Ақ сүңгі — қызыл сапты ескі емен,
Сілтенген, енді анаң өшті деген.
Осылай Барыс, Талыс шегінгенде,
Әзиз жан қара арқанды кескілеген.

Суырылып қара мая желе берген,
Жас болса, екі көзден өне берген.
Аптада аласұрған үрей …желдей
Ұшырып, қырдан-қырға келе берген.

Жүгірген, Барыс, Талыс ілікпеген,
Жырылып жолда қалған жұлық деген.
Іштеріне пышағын сұғардай боп,
Үйлеріне қайтыпты бүлікпенен.

Қара беттер, - депті ана, — қоймасандар,
Қоймасандар, жыныма тоймасаңдар.
Мәңгілік ақ пышағым, ақ жолдасым,
Бұдан былай қиянат ойласаңдар!

Қос ұры тамақ іздеп жоғалыпты,
Кезіпті не ілігер деп далалықты.
«Жол болмасын» тілепті үйдегі ана…
Күнікешеөлдісоланамықты!!!

Тұтса да ана байғұс қандайды кек,
Жібіткен солар дейміз таңдайды кеп.
Содан бері түюлімін көкірекке,
Халыққа ана жауыз болмайды деп…

Анада алыс-жақын саналу жоқ,
Болса да дүниеде жан алу көп.
Абысындар, жақынырақ танысайық,
Өмір өтсін жақсы бір дем алу боп.

Еді ғой, ең бірінші осы айтарым, —
Тілектестік… (не керек бос айтақ үн).
Жүректе лүпілдеген жақындықты,
Көбейтпесек, там-тұмдап азайтар күн…

Кетейін әңгімемді жалғастырып,
Ауыл болдық тәй-тәйлап алғаш тұрып.
Қоштасты аштық, кезік, бейнет бәрі,
Молдықтың өзі отырды малдас құрып.

Бір түні есігімді біреу қақты,
Дірілдеді: төрдегі тіреу қатты.
«Шеше» деп сәлем берді бозбас елес,
Талысты тани кеттім жүдеу жақты.

-Талыспысың, шырағым, қайдан жүр едің,
Амандық па… (кәсіп-сәсіп, пайдаң құрсын.)
Шешей сау ма… Немене түн қатқаның…
Әлде сен қырға тастап, тайғанбысың…

-Жоқ, шеше, ел ішіне жақындадық,
Өткен жыл бір адамда ақым қалып…
Енді соған жаяулап кетіп барам,
Тұяқ бар ма қыр аҫар токым салып:

-Тұяғым жоқ,
Күнім де жоқ тарлық көрген.
Ойымда жоқ тұяқсыз калдым деген.
Баяғы-маяғымызды ортаға сап,

Естіп кет Сен, халқыма мал ғып берген.

-Ым… м… не болмаса асың бар ма,
Шығаратын анау бір қапшық жалға?!-
Мен сонда дорба ұстаттым шешей үшін,
Ей, шешей, жаймашы деп шашыңды алға!!!

Келер жаз, соғыс шығып үрлесін кеп,
Ауылдың көк етегін, іргесін көк…
Көппен бірге аттанды кара Талас,
Мен калдым, қайта айналып келмесін деп!!!

Жеңсін, - дедім азамат, кайран елім,
Барымды бір сен үшін жайған едім.
Қос ботамды құшақтан аттандырып,
«Кел» дедім, айналайын, «тайма» дедім!

Абысындар, бұл - қайрат, талмағаным,
Көп болар қолым жетіп алмағаным,
Жалғыз-ақ еді, бірақ, о, дариға,
Адамға нәлет айтып карғағаным…

Жеңіс келді, балам да қайтнай қалды,
Талас та жалғыз хабар айтпай қалды.
Қызымнан туған мынау жиекіме,
Кол арттық, іргемізге ат байланды.

Бұл өзі іште жатқан әңгіме еді,
Сан рет шықпақ болып қаңғып еді.
Өмірден не көрдің деп сұрағанда,
Осыны айтқым келді ән ғып енді.

Мен айттым: кара адамның қара қанын,
Ал, малдың игілікке жарағанын.
Сөйлес қыл, (бұ дүниенің мисалы көп),
Абысындар, не көрді далада кім?!

МАУСЫМ

Поэма

…И право, никогда искусный коновал,
Излишней пылкости Пегаса не лишал
А.С.Пушкин
А қ ы н

Айтшы, аға, батырлық не,
Айтшы аға, батырлық не?!
Дәл осындай бір зор сауал,
Отыр айқай сап көкіректе.

Иланамын. Төктіңіз қан,
Жара түсті жаныңа ауыр.
Етігімен су кешті ұлан,
Жер үстінде тұрды дауыл.

Найзаласқан жекпе-жекте,
Азаттанып шықты дүние.
Батыр деген қасиетке,
Қан майданда бола ма ие?

Айтшы, аға, батырлық не,
Айтшы, аға, батырлық?!
Дәл осындай бір зор сауал,
Отыр айқай сап көкіректе.

Б а т ы р

Есте бәрі, бәрі есте,
Көрмесін-ақ жамандық жер.
Не жетеді қоңыр кешке,
Атақты ал да, амандық бер.

Кез болды ғой біздің тағдыр,
Ойда жоқта соққан желге.
Бұлт шықты да жалбыр-жалбыр,

Өмір ақты қара селге.
Ару Жемнің жағасында,
Жүр еді ойнап бозбала шақ.

Шықтық соғыс даласына,
Батыр болу емес мақсат.
Жағамды үстап қараңғыда,
"Тәубе, тәубе" деймін бұл күн,

Сенен зәру нәрсе бар ма,
Шіркін момын тіршілігім?!

Ақыным-ай, албыртым-ай.
Қайыртпадың маған келте.
Күннің таң боп атқанындай.
Адам батыр болады ерте.

Жігіт едік біз түбіт мұрт,
Аузымызда - әр күн өлең.
Қан майданға сүңгідік күрт.
Ата-баба салтыменен.

Күркіреп күн, жарылды аспан,
Жер жаралы, қатерлі дерт.
Жалғыз шырпы шағылмастан,
Туды дүние бір бүйір өрт.

Жарқамыстан Рейхстаг,
Жолын кештім барлаушы боп.
Орман, қала, өзен, қыстақ,
Бірі де ұмыт болған да жоқ.

Бірде жым-жырт тынды дүние
Асыл қағып жатты майдан.
Қандай еді күні кеше,
Шығып еді күні кеше,

Қарап қойып, бізге дәйім,
Жер де жатты, әдетінше,
Минут көктен өткен сайын,
Тұрмақ соғыс әлі келсе?!

Барлаушының қайынындай,
Қара мұртты қараңғы түн.
Дәурен сүрдік айырылмай,
Түн сұйылса, бояп түтін.

Қонды міне, далаға күн,
Түн боп сөйлеп тұрды жерде.
Жалт еттік те біздер бұрын,
Сіңдік мұндай мезгілдер де.

Күні кеше тұрған жайнап,
Көпірлерді сабыр иесі.
Бұрқ еткіздік сәл абайлап,
Төңкерілді машинесі.

Воронеждың маңында алғаш,
Шықтым тұңғыш ата жауға.
Набокино тұрған жалғыз,
Бір көпірді талқандауға.

Кірдік шепке түн жетектеп,
Арс етуге дайын мылтық.
От дәрі сап, біз еңбектеп,
Шыға келдік сәтте құртып.

Намыс өрті берді шалқи,
Жаға жырттық, өсті қайрат.
Түпсіз нәрсе соғыс, бәлки,
Болған жоқпыз әлі бойлап.

Аяқ бірде тірелді кеп,
Волчье ауылына.
Он барлаушы лек-лек,
Шықтық жаудың жауырынына.

Атысты жау, айтысты оқ,
Ескі дауды қайталасып.
Көк ошақтан шашылды шоқ,
Жер үстінде тайталасып.

Күлімдеді бізге ажал да,
Созылып қолын тайные жанша,
Алдық қоршап, өлік қанша,
Тұтқын болды бір жүз жиырма.

Сөйлеп кетер шампандардай,
Жаудың аузын бұрандадық.
Босқа айналып жүрген жандай,
Алға түсті дызаң қағып.

Уа, табиғат адал серік,
Күркіреді күн, нөшрлі өзен.
Оралдық қай елге жеңіп,
Каным қайнап сезінем мен.

Әзиз ана — күн менен түн,
Күнге сеніп аттанды қол.
Бір қамқоры дүрбелеңнің,
Түнығымен тарттық біз жол.

Днепрдің маңайында,
Ерубаев жасында мен.
Сөз болардай ағайынға,
Бір жарқ етіп ашылған ем.

Қырық төрттің шілдесінде,
Түннен сынып, сумаң етіп,
Жаудың кірдік іргесіне,
Бір алпысын алып жеттік.

Және суыт бірде барып,
Қордасына салдық ойран.
Түнге шапшып жатты жанып.
Гүрс те гүре әлде ҡайдан.

Маймақ тілге оңай бәрі,
Қандай жылдам, аңқау қандай.
Барсақ болды, келеді әрі,
Сайда күткен ғашық жардай.

Кешсін, солдат аруағы,
Кешеін куә керзі етік.
Бейбіт күннің шаруасы,
Үйретті осы ентелетіп.

Ақын, інім қызығасың,
Қайсы бірі қалады есте.
Жанып тұрған сенің жасың,
О, дариға қайтып келсе?

А қ ы н
Уа, аға, асыл ұрпақ,
Уа, аға, асыл ұрпақ,
Бұрқақ тағы өтті нендей

Ту көтерді бір ой шырқап,
Парызыңды өтегендей?

Ба ты р

Иә, қалқам, бал-бұл жанып,
Сөйледі Отан бізге бұл шақ.
Әр сапарға ол қуаныш,
Келгенімде тақты моншақ.

Қарап тұрсаң кейі де бір,
Екі жастың арасы дау.
Үлбіреген гүл ғой көңіл,
Өсіріңдер, қарағым-ау.

Ақ сақалы жерге түскен,
Аппақ кеуде кәртең Дунай.
Көтеріп ап, екі беттен,
Сүйгендей-ақ көремін-ай.

Дунай елі дән риза,
Құлдық қорлау, қуылды сыз.
Осынау достық жолымызда,
Туған елім тақты жұлдыз.

Рас, тұрдық, күтіп жеңіс,
Будапеште сандалды жау,
Сентендре Сигет тегіс,
Нүктесі еді барлау - байқау.

Күре тамыр болды арал,
Келген-кеткен айнасында.
Жатты бейне бір айдаһар,
Жолды бөгеп дәл осында.

Алдым бұйрық, артты міндет,
Қолы қанша, жоспар нешік.
Қалды ізде су күбірлеп,
Жел қайықты кеттік есіп.

Көз сүзіп біз тұрдық біраз,
Су салығы тарасын деп.
Қарманбасқа қалмады ылаж,
Қарауытты қарасын көп.

Жерден шығып, жеті адамын,
Аузыи буған қойға ұсатып,
Бармысың деп қаракөз түн,
Шыға келдік асып-сасып.

Келесі күн тағы да біз,
Дунайға кеп айттық жәйді.
Толқын Дунай, өшіріп із
Таптық таныс жаға жайды.

Бір взвод едік солдат,
Салдық ойран таңға таяу.
Этаж, этаж түтін орнап,
Батқан күндей баттасты алау.

Жеңілді жау, сол күн інім,
Таппай таса, қатты сұлық.
Жетпіс солдат, үш үлкенін,
Аман есен шықтық бүріп.

Қалды күзет, тінтілді арал,
Айнала азат, жағылды от.
Ежелгі ісін деревнялар,
Бастай берді болып бір топ,

Жетті полк, шалқыды ту,
Қонды бейбіт қоңыр кеш те.57
Су сепкендей сап болды шу
Кеттік қаптап Будапештке…

Рас, қалқам, қалды өлік,
Жау да қалды, біз де қалдық.
Келешекке ғұмыр беріп,
Сөнді сан дос өрттей жанып.

Тазарар хақ жер менен көк,
Жарқырар ғой бұл асыл зат.
Дүниені жайнатам деп,
Бізбен бірге жүр табиғат.

…Айттың дұрыс. Таптың, балам,
Парызымды орындадым.
Азы-көбі еліме аян
Қалқам, саған шерттім бәрін…

«Батыр» дейді осындайдан.

Ақын

Иланамын, күпірі жоқ,
Ардай аппақ сізге жылы,
Айтылғанмен оп-оңай боп,
Елестету қиын мұны.

Өткен жарыс гүрсілдері,
Ойландырып тұрсың мені.

Басты міндет, бойда талап,
Оңай сый жоқ үлде-бүлде.
…Мысалы, жас дүр жарқылдап,
Қараңғыдан шықты күнге.

Қолын созды, алды қауым,
Бата сұрап жатты қазан.
«Құтты болсын» бейне жауын,
Өтті-кетті шілдеханаң.

Ит көйлекті тастаган соң,
Санға кірдің, біледі ел.
Әр адымды оң ба, сол ма.
Санап жатыр біз туған жер.

Бара жатсың мектебіне.
Жас қозыдай жамырасып,
Көктем жетіп көктеміне,
Күндер келер болып асық.

Рас, ага, бәрі парыз,
Орындадық сәби ісін.
Көбейіп те кетті қарыз,
Сұрар едім мен сол үшін.

Айтуға оңай міндет сөз боп,
Атқаруы қиын асқан.
Екі супер сірә өмір жоқ,
Парыз қымбат қара бастан.

Кейде шындық қыранымыз,
Жүзер бұлтқа араласып,
Бірге өскен ұланымыз,
Бой бермейді асып-тасып.

Рас айтам, кейде элі,
Ардай яшлақ шындығына,
Тұнжырап кеп қарасады,
Бәз біреулер ара-тұра.

Айтуға оңай «міндет» сөз боп,
Кейде қалса, атқарылмай,
Еш бұлтарып тұрғаным жоқ,
Айтылып жүр, «япырым-ай».

Батыр

Беу, жас ұлан, жас албыртым,
Өмір күрес, тынбас сірә.
Кеудемізден Ленин туын,
Суырамыз бұлқындыра.

Ауық-ауық соққан желге,
Имейміз бас, кеудеңді аш.
Келдік жарқын дүниеге,
Күлімдеген жай қара тас.

Пәлі, ақын, жас албыртым,
Үйретейін саған санап.
Дұрыс жырла, дұрыс түсін,
Әрбір міндет — бір жарқабақ.

Тұрады ол бой тасалап,
Бейтаныс күн айтпай билік,
Жүрегіңмен ақылдасып,
Алған беттен қайтпай килік,

Иә, иә «міндет» сөз боп:
Айтса оңай, алса ауыр.
Ойланасың кейде сөз жоқ,
Уақыт күтіп соған тәуір.

Маған бірде тап болды сын,
Парыз қиын шықты өзге
Өрт қаусырған өмір үшін
Тапжылмадым көрер көзге.

Болды бұйрық, әдеттегі,
Барлау білу, әкелу тіл.
Днепрдің шатқал жері,
Бір ежелгі жарқабақ тұр.

Іс ауырлау бір күн еді,
Айналамыз жазық дала.
Барлау ғана мүмкін еді,
Жарқабақты етіп пана.

Міне, бізді көрді күзет,
Штаб мұндай бар екен бір.
Қиядан-ақ еттік ізет,
Келді қарсы офицер дүр.

Тұрды қатып, еттік баян,
Айнала алан, жок ваге жол.
Бұл адамға болса да аян,
Сәл самарқау қарады ол.

Ойланбастан айтты әмір:
«Орал кейін, қалған бізге біз».6О
Болды өзі әңгір-жәңгір,
Әлек-шәлек қайталап құз.

Мәлімдедік, білді бәрін,
«Жоқ өзге жол, алаң -
Полкымыздың бұйрықтарын,
Бір ауыздан қайталасып,

Берді бұйрық, сойқап-сойқап,
«Орал кейін, отырмыз біз!
Шықсаң бұдан олар байқап,
Кесіледі ғұмырымыз».

Қақпадым міз, тұрдым қарап,
Қолда бұйрық, жолда бөгет,
Әлгі неме ажырайыңқырап,
Пистолетін алды кенет.

Алды кенет, зулатты оқ,
Самайымды кетті сызып.
Шыбын ғұрлы селт еткем жоқ,
Шорт бұрылды, бізді сүзіп.

Қалдым үнсіз таппай амал,
Сөзбен атып жүрген ізін.
Блиндажта әлгі бір сал,
Сұмпең етті бұрмай жүзін.

Өттік алға, тұрып сапқа,
Автоматты кезеп дайын.
Сөйтіп жетіп арғы жаққа,
Еттік баян барлау жәйін.

Сол сагатта ашып майдан,
Опыр-топыр шегінді жау.
Қарсы тұрған әлдеқайдан,
Кім еді сол, япырым-ау?!

Дауыл мінез жас албыртым,
Өмір -күрес; тынбас, бірақ,
Дұрыс жырла, дұрыс түсін
Әрбір міндет —- бір жарқабақ.

Егер парыз болса оңай,
Бөген мен халық, сірә,
О, балалық, уа дүние-ай,
Парыз не зат, арысым, ә.

Парыз не зат, арысым, ә?!

А қ ы н

Білім, аға, жетіп жатыр,
Жүрегіме мына менің.
Парыз бізді етер батыр,
Соны айтса деп сұрап едім.

Сөйлесіппіз ұзағырақ,
Келер күннің шештік дауын.
Доғаралық. Аға, бірақ,
Ойлансын сәл біздің қауым.

ОН БЕС МИНУТ

Поэма

Ұлы композитор
Рихард Вагнерге ескерткіш

Жылап отыр әлі Рихард Вагнер.
Үнсіз жатыр сол баяғы кәрі жер!
… «Өлді» десе бір біледі қашанда,
Шаруасы таусылмайтын шағын Ел.

Жылап отыр әлі Рихард Вагнер.

Жылап отыр. Қолы түкке жуыспай,
Бұйра шашын
алмай отыр уыстай.
Кеше гана дулы шулы бөлмесі,-

Бейне өзінің күлін салған қуыстай.

Ақын — ой жоқ! Осы болды сыбаға!
Тастап кетті-ау, Жыла, мейлі, жылама!
Екі көзден ағылады ыссы жас,
Омырауын күйдіре кеп құлаған.

Шағы қайда? Отыратын шарықтап.
Мойны ырғайдай. Сәтте қалды арықтап!
(…Он бес минут ағыл-тегіл жыласа,
Қыран — шабыт жетеді екен қалықтап).

Жылап отыр әлі Рихард Вагнер.
Үнсіз жатыр сол баяғы кәрі жер.
…«Өлді» десе бір біледі қашанда,
Шаруасы таусылмайтын шағын Ел.

Жылап отыр әлі Рихард Вагнер,

Вагнер ойы

Хан сарайға жағымпаздық, жақындық,
Бір тиынға тұра ма екен әкімдік?!
Дүниенің бар бақыты емес пе ед,
Жарты сағат қонақтайтын ақындық!

Қайран сәтім жетті ме екен сөнуге,
Көз шыдай ма дәл осыны көруге…
Қос қанатын қағын шабыт жетпесе,
Жөн-ак шығар біздер үшін елуде!

Сұқ саусағым рояльға тисе де,
Тие-тие сан жалынға күйсе де.
Тағы-тағы отқа түсін шықпаса,
Болады гой дат шірітер бір шеге!

Құлақ шіркін өмір үшін тесілмей,
Қалар болеа всех тасыр кесірдей…
Қарай-қарай қыран-шабыт жолына,
Енкейейін екіленбей, есірмей!

Талай рет шабыт — бақыт соктың-ау,
Сол еді ғой омыраудан от құлау!
Айрылсам бұдан былай шабыттан,
Мынау саған Дос емес қой, Доп мынау!

Салмау керек екі қол да ербелең,
Оза алмаса клавиште пендеден!
Бір биіктен сорғалаған қос леп, -
Кете берсін соққан дүлей желменен!

Көп жүріппін. Жеген екем көп таяқ,
Қалғаным жоң мен де өмірден от аяп.
Құшағыма қайран шабыт кірмесе,
Жер астына әкете бер, екі аяқ!

Тірілтпесе ақындықпен анамды,
Шарасында ұстамаса баламды.
Жылау үшін керек қана демесең,
О, екі көз, тас түнек бол қараңғы!

Қайда шабыт? Неге болам мүләйім,
Бір тәлкекке салған шығар құдайым.
Өлсе шабыт, одан қалып кім болам,
Күңіренейін. Ағыл-тегіл жылайын.

О, тәңір-ай. Жабы болып кеттім де,
Таусылатын ақыр шаққа жеттім бе?
Дарыны жоқ бишара боп жүргенше,
Көмілейін көлденеңдеп көк түнге.

Болса қайта
Жарылқамас жаз мені
Жарылқамас болса қайта саз лебі.
Тіл қатпастан кетейін-ай бақиға,

Дарынсыздар менсіз де осы аз ба еді?!
Дарынсыабен аттай алмай дүние,
Бір ілгері, бір кейін жүр
күніге.

Қара басып, қарғы таққан ит болам,
Үн қоссам-ау,
Мен солардың үніне.

Сұлу сиқыр, тау өзені — Әнімсіз,
Қалың елмен үшырасар сәнімсіз.
Күншілдіктің бір құлы боп көнтиіп,
Жүре алам ба қала қойсам дарынсыз?!

Қаным қанша көк өзендей тасып ед,
Көк өзенге ақ көңілім ғашық ед.
Өсек тасып, сойылшы боп біреуге,
Дарынсыз боп қалай жүрем? Қасірет!

Мен шабыттан күйзелейін, күйзелсем,
Көкірегімнен көшер болсын күйдей тең.
Ақ дүние маған теріс қарасын,
Арсыздыққа басымды сәл изесем!

Сағындым-ау жас тұлпардың ағуын,
Зар болдым-ау бір талына жолының.
Жабы болып тусам түк те кетпес ед,
Жүрген өлім орнына жабының.

Шабыт бергей көкірегіме жар шығып
Деуші едім ғой көрсем де сан таршылық.
Мен тірілей өлуші де едім ғой,
Ақымаққа жасамасам қарсылық,

Көз алдымда көк мұз шыңдар тұр қарлы,
Көк аязда
көрем өскен сұңқарды.
Қойнауында

заузадағы даланың,
Жабы айғыр тістелеп жүр тұлпарды.

Жабы айғырдың кеудесіне күй ене,
Оқыранып жүр
бір өзі боп ие де.
Кердең-кердең неренау жабы ұмтылды,

Шапқысы кеп сүйрік тұлпар байге.

Жылқышыдан шықты
сонда ауыр үн,
Дір-дір етіп түршікті ме жауырын?!
Құрық салып, ұстады да тұлпарды,

Шекпенімен жапты шаңдып сауырын.

Әлек болды жабы айғыр шіңкілдеп,
Болды бие
әлденеше сілкінбек!
Шалғы мұртты кетті қара жылқышы,

Тәңірісіне терісінен күңкілдеп…

Қиялында кенет жігер көріне,
Тұлпарларды сақтау керек деді мен?

- Япырай, қайраттысындар, байсыңдар,

Деді Рихард (жеткендей ой шегіне):
…Шабытымды сақтайтұғын қайсың бар,
Қайтаратын қайсыцыз бар көгіме?

Шабыттың оралуы

О, Вагнер, оқы, оқы дұғаны,
Қорланудың шегі емес бұл әлі…
…Омырауда көздің жасы сөйлей ме,
Бір ғайыптан үн ести ме құлағы?!

Он бес минут еңіреген Вагнер,
Су-су болып қорынан тұрады!!!

Жалт етті де таңғажайып бір әні,
Ну дыбыстар көктен
бері құлады.
Асау ырғақ алып кетті үйіріп,

Аға берді ұлы кеуде бұлағы…

Эпилог

Жел соққандай
шалқыды да, жыр сөнді,
Болмағай тек, болмағай тек бұл соңғы.
…Оқып тұрмын!…

«Улы кісі!» екен деп,
Таныс қазақ темекісін бір сырлы,

Айту оған борышым ед, хақым ед,
Көршім еді, замандае еді, жақын ед.
Ұлылықты тануға біз тиіспіз,
Ұлылықты танығанына рақмет!

Әрқайсымыз тиеп жүрміз бір үміт,
Туған елдің гүлі де ғып, жыры ғып.
Құртса бізді құртады гой ұсақтық,
Бізді мәңгі сақтайды гой ірілік.

Әр ел үшін асу да көп, қия көп,
Сақталады ел, жақсылықты жия кеп.
Ірілікті тану да оңай емес-ау,
Ірілікті өсіру де қиямет!

Айту оған борышым ед, хақым ед,
Көршім еді, замандас ед, жақын ед.
Ұлылықты тануға біз тиіспіз,
Ұлылықты танығанына рақмет!

ЖЫР БОЛЫП БОЯНЫП...

БЕСІНШІ ДӘПТЕР

Қызыл ту

Суретке түсуге
Құмарлығым жоқ менің.
Жұрт көзіне түсуге
Құмарлығым жоқ менің

Егер, егер мені сен,
Шын түсірсең бү күнде.
Әлденеше түсер ем,
Қызыл тудың түбінде.

Қол созып мен бәріңе,
Қара шашым жалбырап.
Түсер едім, әрине,
Қызыл тудай албырап.

«Сүйіншілеп» елімнен,
Тұрар едім, дос, мұнда,
Бейне жаңа көрінген,
Таң қанаты астында.

Күзетшідей ғасырға,
Тұрар едім сертіммен.
Құдіреттің қасында,
Мәңгі-бақи желпінген.

Менің барлық отымды,
Беру үшін мал да анық.
Жатсам екен со туды
Өлгенде де қолға алып.

О, қызыл ту, қызыл ту,
Желкілдеген құдырет.
Бір өзіңсіз жанымды,
Айта алмайды сүгірет.

Егер, егер мені сен,
Шын түсірсең бұ күнде.
Әлденеше түсер ем,

Қызыл тудың түбінде

Нем бар еді туған төбе, туған жерге мен бағынар,
Қой шіркін солай қарай оқта-текте желге ағалар?
Сабыр, сабыр… Баяғыдан түкіретін бағым бар,
Сабыр, сабыр… Баяғыдан көз үйренген түр шағылдар

Төрт-бес терек төт-бес жерде тұр қонып,
Нақ сол манға жарасатын баяғыдан бұл көрік.
Терең сайлар қырға қарай қыл арқандай көлбеген,
Соған қарай бала күндер өтіп жатыр жолменен…

Әне, әне.
Бақыт сұрап болашақтан, алға жәйіп алақан,
Ой ойлап жүр бағыландай балақай.
Әне, әне,

Ғашық болып келе жатыр бала жігіт албыран,
Кара шашы қарлығаштың канатындай жалбырап.
Әне, әне,
Аттың жалын тартып мініп бара жатыр бала бала,

Байғұс ана "тәубе" деп түр бір орында қозғала.
Баяғыдай жарқын жігіт жақын жерден көрінсе,
Келе жатыр қасында қыз, япыр-ау, келіншек!
Жаз ғұмыры, мәз ғұмыры нәсершотсе себелен,

Туған төбе деу үшін де будан спорттың не керек?
Бір осылай қуаныштың тартса мені лебі,
Ішімдегі жалғыз аза жаутаңдата жүреді
Туған төбе… бала күнді тұр сақтап,69

Сол төбені жатыр анам мәңгі бақи құшақтап,
Жан дүниемді тартатұғын он бойына бір бөлек,
Туған төбе деу үшін де бұдан артық не керек?!
Есен бе екен, есен бе екен ел жігіті дейтүгын,

Таныстардың түсінемін, түсінемін кей күнін.
Бізден бұрын ер жігіттер, зер жігіттер өскен деп,
Мен түсінем жүрген жасты, жүрген жасты төске өрлеп.
Демеген соң ел аралай ерте ұшқан ебелек,

Туған төбе деу үшін де бұдан артық не керек?!
Нем бар еді туған төбе, туған жерде мен сағынар,
Көңіл шіркін солай қарай оқта-текте желше ағылар
Сабыр, сауыр… баяғыдан жүгіретін бір сағым бар,

Сабыр, сабыр… көз үйренген баяғыдан тұр
шағылдар…

ТАБИҒАТ ШІРКІН ТАЗА ҒОЙ

Селдетіп кеп жауғанда,
Аққанда тарғыл таулардан…
Тас үйлердің шатырын
Шегелегенде ақырын…

Бір балдырған күшпен де,
Түндікті сабай түскенде…
Көлдегі бейне шорағай,
Шоршығанда ол ұдай…

Рахаттанғанда атырап,
Шомылғанда жасыл жапырақ…
Мен туған жердің үстінен,
Жаңбырдың әнін естігем.

Созатын дауыл қанатын,
Қанатың сосын қағатын.
Қаңбақтарды қуатын,
Жыраларға әкеп буатын.

Бұлтпенен көкті сүртетін,
Жердегі залал үркетін.
Маужырап кетсе дала тым,
Сергітіп ол алатын

Мен туған жердің үстінен,
Дауылдың әнін естігем,
Ағарыш таңдар ататын,
Бозарып түндер бататын,

Аспаннан бір үн қататын,
Ақша кар келе жататын.

Ауық-ауық жаңартып,
Қоятын жерді ағартып,
Арасын жер-көк қаптаған.
Жүретін айқай ақ боран.

Жасайтын жаңа жыл үшін,
Тазалау атты ұлы ісін.
Әнекей, таза жер үсті,
Ағын су тірер еңіеті.

Бесігі таза дала боп,
Шығатын еді жаңа көк.
Мен туған жердің үстінен,
Ақша қар әні естігем,

Салшы бір сәл-сәл назар, ой
Табиғат шіркін таза гой.

ҚАРЫЗДАРМЫЗ ДЕЙ ГОР АДАМҒА…

Қардар емес еш нәрсе,
Өкпе жоқ жомарт заманға.
Жарайды мәңгі көгерсе,
Азайса болды алаң да.

Саған да қардар жоқ нәрсе,
Төбеңде шаңырақ аманда.
Жайыққа түсіп жайлайсың.
Көңілің симай Шағанға.

Орынсыз сәлем шашпайсың,
Қайтпаса сәлем табанда.

Оғанда қардар жок нәрее,
Болмаған ондай бабам да,
Несі бар бізге аландап,
Күн бе едік біз ғаламға?

Тәйірі-ай, сонда бұл үшін,
Ойлану жалғыз маған ба?!

О, заманым, аман ба,
Айтпасам болмас саған да,
Айтпасам болмас оған да.
Төрт құбылаң түгел болса да,

Қардармыз дей гөр адамға,
Қардармыз дей гөр адамға!

ҚАМҚОР БОЛ МАҒАН

Қамқор бол маған, құлақ ас,
Қамқорлық маған көп керек…
Өте шықпайын замандас
Бір күліп, бір өкпелеп…

Дария осы дүниеден.
Көп емес менің алмағым.
Жүгіре басып жүргенмен,
Жыр еді жалғыз арманым.

Демеймін жүрсем мәңгілік,
Мәңгілік не бар… болмаған.
Өтөйін мәз боп, сан күліп,
Көп нәрсе ме еді сол маған?!

Қауышсақ арман жоқ, жаным,
Бірге үзіп дала гүлдерін.
Мен үшін қамқорлықтарың,
Өсексіз, даусыз жүргенің…

Өсекке, дауға мен көзбен,
Күтеді жаным ақ таңды.
Азайтпаңдаршы кеудемнен
«Адамбыз» деген мақтанды.

Мал емес пе мынау жаз өмір.
АлаңдатПашы сәл неге?!
Мендегі аппақ әз көңіл,
Біп-бірдей еді әмбеге…

ДӘРІГЕРГЕ

Талай рет түсірдім әбігерге,
Дәрісіз де айығам, дәрі берме,
Асты-үстіме түсетін мінез үшін,
Айықпасқа хақым жоқ. Дәрі берме.

Ақ сөзіме, ағайын, түсін қарап,
Сенде ашық болатын пішін бар-ақ.
Жер үстінің шаңынан шалғай кісім,
Сыртың емес, иланам ішінде ақ,

Ақын көңіл аң айтшы, арындашы
Біреу үшін өтетін жарым жасы,
Коммунизм дейтұгын өлкеміздің
Осылар емес пе екен қарлығашы?

Кісіліктің кім алды тәуір атын,
Әлі, әлі аз шығар бауырмал тым.
Осылардан үлгі алу керек бізге,
Біреу үшін бәйек боп ауыратын?!

Тілегі бар: жарықты көрсе деген,
Еліне бар қуатын берсе деген…
Жұрттың бәрі дәрігер де болса егер,
Аурудың болмасына Мен сенен ем.

Талай рет түсірдім әбігерге,
Есен-аман жүрмін ғой кәрі жерде.
Асты-үстіме түсетін мінез үшін,
Дәрісіз де айығам. Дәрі берме.

Жүрек неге тозбасын,
Бастады да сөз басын.
Балқи түскен шағында,
Сөніп кетті жолдасың,

Жүрек неге тозбасын.

Талай жылды бірге өткен,
Бірге өткен гүл - көктем.
Жоқшылықты бір көрген,
Бір тілеген нұр көктен,

Қайран қанды көйлегің,
Қоштасып жатыр бұл көнпен.

Көз жұмулы сөзі жоқ,
Жалындаған кезі жоқ.
Шалқалақтап шықты үікден,
Ең соңғы рет өзі боп.

Улап-шулап көп бала,
Қан жылауын төкті Ана.
Жанарымызды өрт алып,
Қызарып тұр шоқтана.

Жүрек неге тозбасын,
Бастады да сөз басын,
Балқи тускен шағында,
Сеніп кетті жолдасың,

Жүрек неге тозбасын…

А3

Қанағатшыл деген кім мені,
Озалдан ол жоқ. Болмаған.
Өмірдің берген гүлдері
Бары рас. Аздау ол маған.

Телефон күнде шырлайды,
Достар ғой мені қамдаған.
Шабыт та тілеп тынбайды,
Шабыт бар. Аздау ол маған.

Қиыннан талай өткенмін,
Жатқыза жерге жаздаған.
Қуанатын күнім көп менің.
Бәрібір, ол да аз маған.

Аз… аз… деп ақын тіленіп,
Шығады сан сөз тісімнен.
Сәт сайын етем бір ерлік,
Адам боп қалу үшін мен.

АСЫҒЫС

Асығыс бәрі… ағады,
Арнасын қазір бұрғандай.
Жұлдыз да жымың қағады,
Жарысу үшін тұрғандай.

Асығыс өзен жөнкиді,
Толқынды толіцын кемелер.
Жаңкалар түгіл, ол қилы
Қой тастарды да сүйрелеп,

Асығыс көктем. Ол әлі
Тезірек өтеп күндерін,
Адымдап шығып барады,
Бостау да қадап гүлдерін.

Қанатын қомдап бола мәз,
Жүгіріп, кейде сызылып,
Асығыс еді бала қаз,
Жұмыртқалауға қызығып.

Асығыс бұлдыр бұлттар да,
Бу шығып бүйірлерінен.
Тиеліп алып шықтарға,
Барады үйірлерімен.

Қарадым уақыт желіне,
О жырау, кейін қалдым ба?
Жүруім керек кемінде
Бір минут озық алдында…

Ұмытпау үшін ел ертең,
Өмірге ұқсау бар мұңда.

ТЕҢІЗ-КӨҢІЛ

Өрекпімей өкінбей,
Айқайламай, аптықпай,
Жан ашуын жырламай,
Ғұмыр сүрген өзен мен.

Іштің даусын, япыр-ай,
Қанша уақыт тежегем?!

Дұшпаным көп дей алмағам,
Көз салмағым жараға.
Жолаушыдай аялдаған,
Күн өткізгем арада.

Қанша бейнет шебер еді,
Қайғым жетсе Анама?!

Ойды желге ұшыратынмын,
Өлең болып жаралған.
Мен анамнан қысылатынмын,
Уялатынмын анамнан.

Махаббаттың бар ай-күнім
Жазғанымда
қайыра алмай.
Сезіктене карайтұғын,

Әйелімнен айырылардай

Өңіме сан үңілетін:
Кейде үнсіз жатқанымда.
Мәз боп ылғи жүгіретін,
Жадыраған шақтарымда.

Ұмытқам жоқ талайын мен,
Мазасыз шақ жиіледі.
Қайдан ақын болайын мен
Ақын болу қиын еді.

Жүре бергем, білінбегем,
Жырдың маған өкпесі көп.
Айта алмағам сырымды мен,
Анам азап шекпесін деп.

Өлді анам, өтті күліп
Өз еркімде ендігі әр күн.
Көңілімді көл-көл қылып,
Жылауға да бар ғой хақым,

Жырлауға да бар ғой хақым.

Жалғыз едім қаз қауырсын,
Ана баққан күнде ізінен.
Қызығы мол көңіл даусы,
Рас, рас, жиі үзілген…

Шүпілдетіп бәріңе де,
Бұдан былай құя берем.
Көңіл деген теңізі мен.
Келші, жігіт,

Отыршы, қыз,
Өлеңімді тындашы.
Өлең оқып өте қойсын бұл жасым,
Жәннат жердің алақаны қабылдап,

Бірге өскен, қайдасыңдар, құрдасым?!

Қайдасындар, ағатайлар ашусыз,
Жарқыратып есірдіндер жасусыз.
Қайда жеңгей жарық күпнің сәулесі,
Менде уақыт болмайды ғой тасусыз.

Өмір менен өлеңге жоқ қанағат,
Жыр оқнын жиналыңдар, жамағат!

Қайда баба жырауларды тыңдаған,
Зор сарапшы болады ғой ол маған.
Қайда әже,
бір сілтеп етсе еріні,

Бір мақтау сөз жетер еді-ау жолдаған?!

Қайда елдегі өлең құмар құлақтар,
Ақындарды тәуір көрер шырақтар.
Адамзатқа қарай мәңгі ағатын,
Мен - дейтұғын тауда да бір бұлақ бар.

Осы біздер туысқанбыз, жүрекпіз
Келіңіздер, отырмаңыз белек Сіз.
Неғып тұрсыз, айналайын адамдар,
О, ғажап-ай, білмейсіз бе, осы біз

Бір-бірімізге керекпіз-ау, керекпіз!

АҒАҒА ХАТ

Қамқор да бір, құдай да бір,
Сұрай-сұрай келген сен,
Оқылатын талайға жыр,
Желпінетін жел-кеудем.

Дүрлігетін бар аймағым: тұла бойым «аттан» сап,
Өлең деген бір дәріден мен әуліге татқан шақ.
Омбы қардан омбыламай өтер қайрат бар-тұғын,
Ақ қағазға төніп қайта табатұғын жан тыным.

Көкірегімде ақ нөсер боп жауатұғын бұлт бары,
Сезілетін тәрізді еді ағыл-тегіл жұртқа әрі.
Жан дүнием есігі ашық мүлкін жайған жасырмай,
Жан дегізген өтпейтұғын бір ойнақтап басылмай.

Қамқор да бір, құдай да бір,
Сұрай-сұрай мен келгем,
Аға деген шарайна бұл,
Түгел көрді, дегенмен.

Умыт емес ол күн бізге,
Есте бейне хусни-жат,
Кең даладай белмеңізде,
Жаздай жылы мәслихат.

«Бала екенсің алаулаған, жақсы ед болсаң бұйымы
Сақ бола гөр, сақ бола гөр ақын-ғұмыр қиыныра
Болмайды ғой моюға да, қоюға да, торығуға,
Тым ықтимал ақындардың бақытсыздау болуы да,

Бала екенсің алаулаған жақсы ед босаң бұйығыра.
Сақ бола гөр, сақ бола гөр, ақын ғұмыр қиынырак!

Оу, ақыным, деп қалдың да,
Мейіріммен маздадың.
Кенет үнсіз тоқтадым да,
Жағамды ұстай жаздадым.

Жағамды ұстай жаздадым да, сездірмей-ак, кеткеннія,
Сіздің адал екеніңізді дәлелдеді өткен күн,
Ортасында жүрмін ән сап гүл балалы көктемнің,
Бірде баяу, бірде күңгірт, бірде, агатай, өктеммін,

Екі мінез ұстағам жоқ, баяғы бір мінезім,
Көрсетемін мен өзімді, көрсетеді жыл өзін.
Уақыттың жақсарғанын білмейтіндер шапқылап,
Өсек оқпен, кесек оқпен бұрқылдатар атқылап.

Күлағам жоқ, онысына өлетін де жәйім жоқ,
Таң — қуаныш,
маң - қуаныш, кей кеш батса уәйім боп.

Жүре алатын емеспін мен,
Шынымды айтпай сақ болып.
Біреулермен бір егескем,
Біреулермен он егескем.

Мен өзімді ақ көріп.
Қалу үшін жүрем шығар,
Сақ бол маусым бақ болып…
Елу жастың құшағында, ортасында достардың,

Отырғанда, балаларды да еске алар — деп қалдым.
Сіз тілепсіз, мұңсыз, дусыз жайсаң, әсем келешек,
Жүріп келем, жүріп келем, тартып келем ересек.

Жан ағатай, өмір күрес депсіз ғой Сіз көптен-көп.
заматтықтан айырылуға жоқ, ақындығым кеткен жоқ
алалар ек жүретүгын сіздің ойды алаң ғып,
Падіц тілек сізге деген… өзіңіз айтқан амандық!

Мен - көктеммін,
Күз деп жүрген кім мені?!
Өте берсін өткен күн,
Куанта берем дүниені.

Мен - көктеммін,
Қыс деп жүрген кім мені?!
Еш ызғарым жоқ менің,
Өсіп тұр өлең күн,

Қуанта берем дүниені

Күз болсам бұлт боп, япыр-ай,
Қараңғы тартып бір ауық,
Қабағым бір күн ашылмай,
Жан болмас па едім жылауық?!

Қыс болсам, сәлге шытынап,
Жөнді сөз таппай жолдаспен.
Жаны - айқай, жерде жоқ тұрақ,
Үйтқыған боран болмас па ем?!

Мен —- көктеммін,
Күз деп жүрген кім мені,
Қыс деп жүрген кім мені?!
Япыр-ай, мұңсыз жаныма,

Мұнысы әлдекімдердің
Салғысы келген мұң ба еді?!

Ауыртпалықта қашпай хал сұрау,
Жігіттер неге таусылар?!
Жігіт болсаң, балам, арман не,
Кісілігі бар, даусы бар.

Кеулімде менің сынық жоқ,
Сүйегімде, бәлки, бар шығар.

Сөзімде менің жалған жоқ,
Алыс күн жатыр арман боп.
Мені жүлдывена дей алмас,
Өңіріне жұлдыз толған кешкі

Достарым менің жұлдызым,
Болады тағы, болған көп.
Сөзімде менің жалған жок.
Миымда менің өсек жок,

Қойнымда менің кесем жоқ,
Өлеңім бар кеудемде,
Бауырмалдығымда есеп жоқ.

Дүниеге тұтас жар салып.
Құйттай несібем болса алып,
Жарқылдап жүрген жігітіне,
Қиындықтарға қарсы ағып…

Иілмей не бір өріңе,
Мүжілмей не бір желіге.
Өтсек қой ұқсап даланың
Мөп-мөлдір айна көліне…

Оян, дос, оянғаның қымбат маған,
Кісі болдың он сағат тіл қатпаған.
Шәй ұйқыңды, түрегел, озар болса,
Көсіліп кең дүниеде кім жатпаған?!

Күн келіп тұр жиекке алаулаған,
Жалын жүрек бейне бір мен аумаған.
Сәуле-кірпік, бетіңе тіреліп тұр,
Сен жатырсың шала ұйқы манаураған.

Ғашық болып тұрғанда дүние, шіркін,
Тұрсайшы бір шалқылық біздер бұл күн.
Кірпігі ертең көрінер қорағаштай,
Бүгін бейне сезімшіл нәзік бір сым.

Тұр, түрегел, ертерек қамданалық,
Басымыздан өтті ғой сан балалық.
Көңілдің тұлпарына қарғып мініп,
Отыралық ойменен алға барып.

Ой-өжет, сезім-нөсер, көрсең бүгін,
Домбыраң күтіп тұр ғой көркем бір үн.
Тұрсайшы, жігіттің де біл қадірін,
Осылар сағындыар ертеңгі күн.

Оян, дос , оянғаның қымбат маған
Кісі болдың он сағат тіл қатпаған.
Шәй ұйқынды, түрегел, озар болса,
Көсіліп кең дүниеде кім жатпаған?!

Тұр, досым, ұмыт жайсыз бұрынғыны,
Екеулеп той етейік бүгінгіні...
Құрбым- ау, несі ағат бола қойды,
Мәңгі ұйқы дегеннен үрейленіп,

Оятып жүрсе достар бірін-бірі?!

ҚҰРДАС ҚЫЗДАР

Есімдесіңдер, егіз қара бұрымдым,
Жанарларыңа жастай жылындым.
Жарқылдаған шам екенсіңдер ғой,
Мен пәруана боп ұрындым.

О, құрдас қыздарым!

Дәурен екен сендерменен ойнаған,
Пәк күлкіге, шат күлкіге тоймаған,
Мен мың мәрте бүгін масаттанамын,
Ғұмырыма бір ғажайып тойлаған.

Жылдар бізді алшақ ала жөнелді,
Әр түпкірде айтып жүрміз өлеңді.
Ойламап ем сөйткен қыздар, дүние-ай,

Қайда қалды балалық шақ, жастық шақ,
Қызығы көп, қызуы көп мастық шақ.
Осы сендер бар ма екен деп қараймын,
Жаңа күннің есігіне бас сұқсақ?!

Жат есіктен таба алдың ба сен тұрақ,
Жамылдың ба жамыраған жапырақ?!
Орман болып отырсың ба ой да бір,
Қасыңдағы қара еменің қайда жүр,

Есінде ме бірге ойнаған атырап?!

Қанша қызды бағып-қағып өсірдік,
Көз қуантқан, аз қуантқан өсімдік!82
Сүттей аппақ со бір достық дәуренді,
Еске алғанда кәзіме жас іркіліп,

Отыратын болып жүрмін, о, сұмдың…

БҰЛАҚ БОЙЫНДА

Қарабұлақ ағатын,
Қарабұлақ ағатын.
Қарқ қылып жан-жағын.
Құшағына алатын

Со ауылдың балдырын.

Көңіліміз жаз еді,
Бақыты мол кісідей.
Біздер қонған қаз едік,
Ұзын бұлақ ішіне.

Қарабұлақ ағатын,
Қарабұлақ ағатын,
Мөлдір еді о күнде,
Барлық бала

баратын.
Бет-аузын көруге.

Бар баланың көзінше.
Өзгертіп ап түр-өңге
Ойнайтын ем өзіне
Алуан-алуан рольді…

Талай жаттым ну да көк.
Көкірегімде жалт война
Сан үңілдім суға кеп,
ролімді қайта ойнап,

Болам ба екен басқарма,
Мінем бе екен құла атын?
Бір шығатын асқарға,
Ең сұлуды алатын?!

Бәз баяғы таныс үн,
Ойнақтайды мың күліп.
Долы бұлақ ағады,
Суретімді сындырып.

Қайран-қайран басқарма,
Кім қызықпас бұл елде!
Қарайтынмын аспанға,
Біздің қолға тиер ме?

Басқармалық бейнемді,
Өшіремін судан жай.
Қиялдаймын кейде енді,
Бригадир бои туғандай.

Қара суды қайғысыз,
Ішеді де «пай-пайлап».
Шыға келер байғұсың,
Бір қнырдан айқайлап.

«Не деп еді үкімет,
Тәйт, бүлдірме ел ішін.
Қаулы, қарар, декрет,
Ойыншық па сен үшін…»

Қарабұлақ ағатын.
Қарабұлақ ағатын.
Қарқ қылып жағ жағын.
Құшағына алатын

Со ауылдың балдарын.

Ағатұғын долдана,
Бір сұлу ән айтатын.
Қалқан құлақ сарбала,
Бригадир боп қайтатын!

Осы менің сырым да,
Бақытым да, мұңым да.
Сені таптым шарқ ұрып,
Соны таптым, шынында…

Алу менен қосуды білмей жүрсің, Айнұрым,
Қос кластың түп-түгел тауыстың ғой ай-күнің.

Назаланам, үйретем, жүзге елуді қосамын,
Тәжірибемнің барлығын өз алдыңа тосамын.
Дағдарасың, қарайсың, әлденеге жұтынып,
Әбігерсің, балақан, бір отырып, бір тұрып.

Ұстазына өкпе көп екі қойып тастаған,
Қарауытыш кетеді ойда жоқта баспанам,

Қара танып кетсін деп жұмсап едім біраз күш,
Онсыз да аз уақытымды бөліп едім ылажсын.

Есеп деген жағынан ерте қапсың шалалау,
Саусағыңды көмекке шақыр-шақыр, балам-ау…

Кеш ұшады-ау ұндан жас балапан осалдау,
Ұят екен әлі күн дап-дардай боп қоса алмау!

Жөн екен деп ұғып сен әкпе айту наз айту,
Бәрінен де оп-оңай сияқты еді азайту.

Мына маған қосуды бір-ақ айтты анашым,
Содан кейін көңілім кезді қазақ даласын.

Азайтуды сондай ғып бір ескертті жан анам,
Озып шыға келдім ғой барлық біздің баладан.

Отыз жылды өткердім көкірегім күйленіп,
Төрт амалды алаңсыз мен ертелеу үйреніп,

Ана тілді білем деп мақтанасың маған Сен,
Үлкен мақтан болғанмен, қодырайма оған Сен.

Есеп деген ғажап пән. Қалар ертең парталар,
Ғұмыр бойы қасыңда жүреді ғой төрт амал…

Өзгеретін түрі бар жағдай бүтін, жай бүгін
Көп қуантар деп соған мен қуандым, Айнұрым!

МЕҢДЕКЕШ АҚЫНДЫ ЖОҒАЛТҚАНДА

Көңілімде менің, кеудемде менің
Сүгіреті бар досымның.
Тап-таза еді, өр кеуде еді,
Арқалап қалдық тосын мұң.

Көрмедім рас жүргенін қалай,
Соңғы бір менсіз айларда.
Білуші едім күлгенін талай.
Жыр кеші мейрам-тойларда.

Роза- ханым,
Сағынып жүрмін,
Кей кезде артып от тосын,
Сыйлашы маған осынау гүлдің

Соңғы бір түскен фотосын

Қабағы қандай білейін,
Көңілі қандай, білейін,
Төс қалтама сап, сосын, ә,
Үнемі қарай берейін,

Көре алмай қалған досыма…
Ажал- итті сыбап жүрейін
Жалаңдап жиі кіретін
Ақындардың құйттай қосына.

Меніменен тым жиі ойнадыңдар,
Менің үшін көп нәрсе ойладыңдар.
Балалықты әл жетсе қимаушы едім,

Балалықтан мен бүгін айырылсам,
«Бала болма» дегенге қайырылсам.
Айырылып күні ертең жігіттіктің,
Кәріліктің көшіне мойын бұрсам,

Одан айырлып қалмасқа кепілім кім,
Сосын, соусы кім болам, ойлап тұрсам?!

Бала мінез, о, менде қала берсін,
Салиқадан сақилар ала берсін.
Осы менің жүрегім қартаймастан,
Жүретінін лапылдап

дала көрсін.
Несі бар, сан жае кіші бала көрсін,
«Айналайын» дейтұғын ана көрсін.
Еркелікті түсінер аға көрсін.

Нағыз ақын дейтұғын дана көрсін
Қойшы, тəйір, бал мінез қала берсін.

ОЙ

Ата-ананың көре алмаған қызығын,
Біз көрейік дегендердің ыныңын
Тыңламаймым, тыңдағым да келмейді,
Толғануға міндеттіміз біз бүгін!

Қайтармайтын откен кызык есесін,
Далрмын мен көруге де неше сын.
Бұза алмаймын кісіліктің көшесін…

Қиналамын, куам сенің, төңірек,
Мен демалып қойғам жоқ па көбірек?

Уәйімдеймін, қарап қалам таңданып,
Сәл артыңҡау кеткем жоң па паиданып?
Ойланамын, артығырақ тоқпын ба,
Артығырақ күліп қойған жоқпыз ба?

Ата-ананың жүрген жолын жастанып,
Мен қалайша кісі болам мастанып?!
Ата-ананың норе алмаған қызығын,
Біз көрейік дегендердің ызыңын

Тыңдамаймын, Тыңдағым да келмейді,
Толғануға міндеттіміа біз бүтін.
Тас төбемде ойға батып жүзді Күн,

Қайда, қайда біз бет алған бір алыс,
Айналада ұшы-қырсыз ұлан іс,
Біз келгенбіа алу үшін емес-ау,
Жер үстінде болу үшін қуаныш.

ҚЫЗҒАЛДАҚҚА ҚАРАП

Бозбала күн тәрізді,
Табиғаттың бал шағы.
Әрі сұлу, әрі ізгі,
Адамзаттың аңсары,

Келді де көнтем гүл болып,
"Гүлдеңдер" деп жар салды.
Жапырақ байлап қарағай,
Жылтырады тас анық.

Дүние- жас баладай,
Шыға келді жасарып.

Дүние — жас баладай,
Шыға келді жасарып.

Қызыққа еш тоймаған,
Дала жатыр шалкайын,
Көрген, жүрген, айлаған,
Біз бір жасқа қартайдық.

Мәз боп шықтым көшеге,
Сүйрейді арман тек алға.
«Тойла, тойла» десе де,
Ойсыз тойлау болар ма?!

Бәз-баяғы көкте күн,
Ән әдемі, басқа күй.
Мынау сенің коктемін,
Қызылшақа жас сәби!

Сендей едім откен кун,
Шубаш сонда да қалады-ақ,
О, жалауы көктемнің,
Жанып тұрған қызғалдақ!

Балалық өлді,
Бакиға кетті.
Лапылдап сөнді,
Уақыты жетті.

Тасыған судай,
Лепіріп өтті.
Тулай да тулай,
Ұзақ жол шекті

Қоштасқым келмей,
Түрі-ау деп бір күн.
Мен жібермей.
Мәз болыш жүрдім.

Шапкандай тайға,
Еліріп қана.
Қарамай жайға,
Сөйледі бала.

Бальлық өлді,
Бақиға кетті.
Лапылдаш сөнді.
Уақыты жетті.

Еді ғой досым
Көңіл айт бізге.
Сәлемін сосын
Өлеңнен ізде.

АҚЫН КЕРЕК ӘЛІ

Адуын ғасыр ішінде,
Ұғынбау бүгін өте мін.
Қуану, сынау үшін де
Ақынның керек екенін.

Жақсару үшін бәрі де,
Табу да үшін көп дәйек.
Ақындар керек әлі до,
Жүретін ылғи боп бәйек.

Аласа бір антұрған,
Талтүсте атты итімді.
Жап-жас боп неткен салқын қан,
Шошынып ойда жыр тұрды.

Арзандап жүрді сұр күшік,
Шаңдатып жолды шәулеген.
Дүниенің де бұл қызық,
Түн белгісі ед «әу» деген.

Әлсін-әлсін ұйқымды
Кете де берді бөліп ой.
Қайтейін, адам сиқыңды,
Жердің бір төлі өлі ғой.

Тебіреніп менің бөбегім.
Тергегелі тұр тағы.
Үндемей қайтып келемін,
Өзекті ашу жыртады.

Қамқоры оның едім мен,
Сенері оның мен едім,
Адамға көрім көрінген
Үндемей қайтып келемін.

Адамға таңмын мен аса,
Қызғанар жерді жамиғат.
Алуан тірлік болмаса,
Несіне оның табиғат!

Түк те емес маған. Шыңдалғам,
Ортайып сал-сәл қаламын.
Бүлдірді-ау бір оңбаған
Мөп-мөлдір ойын баланың.

Қараңыздаршы, неткен іс,
Еленбейтін жәйт по оса?
Болғанша дүние теп-тегіс,
Болмайды ақын оятпаса.

Жақсару үшін бәрі де,
Табу да үшін көп дәйек.
Ақындар керек алі де,
Жүретін ылғи боп бәйек.

Бөліңіздерші құйттай ой.
Ойланып кәрші, мекенім.
Осының өзі айтты гой,
Әлі ақын керек екенін…

ЕЛ АРАЛАҒАНДА

Сен менен сескенбе,
Кеудемнен жел сөз ескенге.
Болашагымнан да қорықпа,
Мен озбаспын елден де,

Мен қалмаспын көштен де.

Сен менен сескенбе,
«Қорқытар, бәлки» дескенге.
Әдеттен ондай аулақпын,
Өмірім бар өзім хош көрген.

Сәзбенен ылғи от өрген,
Сөзбенен ылғи от өрген,
Борышы сәл-сәл өтелген.
Кісімін гой мен де бір,

Өздерің көкке көтерген.

Сен менен қорықпа,
Ешкімге де жолықпа.
Сағынып шығып ем сендерді,
Осынау сапар жорыққа.

Әбігер боласың неге сен,
Мен - баламын, ел — көсем.
Лайық па еді маған қошамет,
Азамат қой, мынау, ағайын,

Өкпелеп кетер-ау демесең…

Тоқта, сағат, сәл тоқта,
Екеуара бұл шақта.
Сәл сөйлесіп алсақ па?!
Уақыт болып тынымсыз,

Жүргенің сарт-сұрт сен сапта.

Өтті деп біраз мезгілің,
Тырсылдап айтып тұрсың Сен.
Жауынын бүркіп күзгі күн,
Елестей берді, күрсінсем.

Тәйір-ай, тез-тез өтеді,
Бұрынғыдан да, менше, күн.
Өзгерткім келіп кетеді,
Уақыттың өлшемін…

Өзгерсе… тұтас гүлденем,
Жерлерде болам жүрмеген.
Кеудемде өскен өлеңді,
Елге ұсынып үлгерем.

Мынасы қалай, дүние,
Батып барады күн деген.
Қойсақ қайтеді ғұмырды,
Есептеуді ай, күн жылменен??!

Есептесек қайтер ғасырмен,
Тозбайтұғын не бір асылмен?!
Азайып бара жатса да,
Менің басымдағы шашыммен?!

Сағындым Сені,
Лебіне орап жанымның,
Жазып отырмын тілдей хат.
Бақытты етеді мені,

Жануы сенің бағыцның,
Жүруің есен-сәләмат.

Сен болмасаң,
Кім қуантар мол елді,
Жазып өршіл өлеңді.
Сен болмасаң,

Дос сезін тәуір кім айтар,
Көңілімді менің уантар?!

Сен барда әсем күзгі жел,
Қыз даусы деймін жел даусын.
Бақытты ғой біздің ел,
Ел ішінде сен барсың!

Келіппін мен де, біліп шын,
Көрем деп селдей асылды-ай.
Жан досым, өзің жігітсің,
Көктемнің қарлығашындай.

Сен болмасан,
Жетер ме тұмар тым алыс,
Мен үшін теңіз-қуаныш.
Сен болмасан,

Бір күліп қойып өткенге,
Қуана алармыз ба көктемде
Ренжіпсің бір танысқа,
Ұқпаса, шыда, амал не?!

Сен қадірле, алыспа,
Басқа да танысу табам деп,

Ренжіме, досым,
Ренжіме оған өлердей,
Хатыңнан кештім өкпе-наз.
Ренжіме, досым,

Дүние тұрсын көнермей,
Онсыз да мынау көктем аз.

СЕН – КӨКТЕМСІҢ, КӨКТЕМ-СЕН

Бір қуаныш әкелетін сегізінші март маған,
Әндерімді тауысатын, соған дейін жаттаған…

Сол мартымыз дәл бүгін әп-әсем боп келіп тұр,
Жайлауынан кеудемнің жалт қарады елік-жыр.

Төгіледі ызғарсыз күлкілердей ақша қар,
Апайларға қарайды ауық-ауық жас жанар.

Ашып жатыр ағайлар сөзбен мәз ғып ортаңды.
Жеңгеміздей кеп-кеше, желек киген шампанды.

Даламыздың бақытын мейірім ғып бастаған,
Сол даланы кернеп тұр ана жайлы асқақ ән.

Бозбалалар иілмей бүгін қалай жүрсің жай,
«Мейрамым» деп нық отыр бойжеткендер қымсынбай.

"Құттықтаймын!" деп жазды бір қомданып қырғиша,
Қыз балаға, япырау, пионерім Нұрғиса.

Түрегелдім мен сонда кеуде кернеп бір жалын,
Құттықтауға өлеңмен байтақ әлем қыздарын.

Еске алдым әуелі ең жанашыр адамды
Қайта оралмас сапарға шығып кеткен анамды.

Жаз айындай жарылқап жадыратқан жүзімді,
Құттықтаймын, туған ел, өзің қосқан қызыңды,

Тілеп жүрген тынымсыз менің ғұмыр жасымды,
Құттықтаймын содан соң үш құттай қарындасымды.

Тілеуші едім ішімнен елге көрік болғанын,
«Жақсы бол» деп қызымның және алайын қолдарын.

Шай құйып ап шалқытып екі қызыл көз неге,
«Мейрамың» деп берейін тоқсандағы әжеме,

О, қадірлі дүнием, жарық дүние, мұз-жалын,
Құттықтаймын тұп-тұтас туған жердің қыздарын.

Жоғалтпағай жар берген саусақтары түзігін.
Естикші үнемі «ау» дейтұғын біз үшінү

Ақын айтып арындап тау өзендей асып тік,
Жасай бергей мөңгілік жер үстінде ғашықтық!…

Бір қуаныш әкелетін сегізінші март маған,
Әндерімді тауысатын, соған дейін жаттаған…

Көктем айы төбеде, қуды қыстың ызғарын,
Құттықтаймын желпініп байтақ әлем қыздарын.

Ұл, қыздар, мен сені қөктем бе деп қаламын,
Ақындығың оңыңнан өтем бе деп қаламын.

Сен себебі маңгілік жат болмайтын көңілсін,
Сеп себебі мәңгілік жат болмайтын өмірсіц.

Есен тұрса дүние, қисаймаса жағалар,
Арқаларың сендердің емес екен аналар?!

«Бейбітшілік керек" деп көк аспаннан төнер шын,
Ару қыздар тәрізді-ақ ақ қанатты көгершін.

Таңның күліп атқаны сендерге ұқсас, қыздарау,
Күн бұлдана батқаны сендерге ұқсас қыздар-ау?!

Төбедегі жымындап ғашық еткен жұлдыздар.
Әлімсақтан айтылса теңеуі де сен, қыздар!

Кыз атымен білген біз біз қазақтар мұңды не,
Сондықтан да қыз болсын деп жүргенбіз Күнді де.

Ғашық болдық ынтаға, ізінен де қайымға,
Талайымыз қол создық қыз екен деп Айды да?!

Айдалада мөп-мөлдір кәусар сұлы бұлақты,
Қыз бұрымы екен деп атау бізге ұнапты.

Мынау дүние сендерсіз мұз-мұхиттай ызбарлы,
Сен аман бол, әлемнің ақ көгершін қыздары!

Ақ жауындай алапат гүл өсірген ақ сезім,
Кеудемізде өсірді дәл осындай март сөзін.

Болсын мәңгі махаббат, бақыт бақша, тіршілік,
Деп сіздерге етемін, о, перизат, құлшылық!

АҚША ҚАР

Тым асығыс жауды қар,
Сәуле түтеп, ұшты нұр.
Тарта берді тау мұнар,
Аппақ болды үсті бір.

Торғай шулап жүрді көп,
Бұтақтарға таласа.
Құйттай боран тұрды кеп,
Қанаттарын сабаса.

Аңшы аңсады қан сонар,
Бір алысқа тұр қарап…
Жымиғандай шыршалар,
Ақша қарды арқалап.

Куә болдым бүгін Мен,
Бір қуантты тау ішін,
Алақайлап жүгірген
Аппақ қардың дауысы.

Аппақ шыңды көрем мен,
Тұрса да үнсіз ол-дағы,
Бір бақытқа бөленген,
Өзімізден аумады.

Жауа берді, қарашы,
Неткен әсем, дәрі қыс.
Аспан мен тау арасын,
Түгел алдысағыныш.

СЕН ТУҒАН КҮН

Бағланға

Балапаным, балдырғаным, қанатым,
Сен туғанда дүние ағарып таң атты,
Шаңырақты жалғыз көтеру ауыр деп,

Сәбит үшін балдай бала жаратты!
Көптің бірі көрінгенмен тоққа бұл,
Жалғыз ұлдай
айналасы жоққа бұл.

Бағлан деп қойдым сенің атыңды,
Айналайын, пионер бол, соқ дабыл.

Жүгір, жүгір, туған жердіц барын біл,
Ұзақ ғұмыр өзі бейне жарым жыл.
Әділеттің сарбазы боп аралас,
Арпалысып

менің ашық арым жүр.

Күркіреген көк өзенді көресің,
Кәрі таудың бауырынан өресің.
Сынық шөпке зиян етпе, өтінем
"Бағланның жүрген жері-ай» демесін.

Байтақ жерде балбыраған бала кеп,
Бәріңізге жүрер жер көп, дала көп.
Ағайын көр, асыл зат көп, адам көркі,
Күліп-ойна інісі боп, аға боп.

Жалғыздықты сезінбен деп буғам бел,
Мені талай алай-дулей қуған жел.
Сен туған жер ғажайып қой, Бағлан,
Нұрпейіс Байғанин туған жер!

Бастау айттым мен албырап аққа бір,
Қуанышым шүпілдеген шақта бұл.
Қызыл жалау, қызық ұлым бола гөр,
Сен туған күн — жиырма алтыншы Октябрь!

ТӨРТ ЖАСАР ШАҒЫМ ҚАЙДАСЫҢ?

Дауылдың бойы көк толқын,
Көк аунап түскен бейне бір,
Еді ғой, еді, о, шырақ?!
Есімде қалған көп көркің,

Сұрайтын еді кейде жыр,
Ол күндер қайда, Көкбұлақ?!

Жамырап құйттай бала күн,
бар қуаныш, бар кінәм,
Көтеріп Дауыл алабын,
шықпайсың неге алдымнан?!

Қызық думан, жас кіші,
Желбіреп жүрген жер мынау?!
Қазіргі шағым басқа өмір,
Баска бір шақтам келдім-ау?!

Болатын үлкен қыр жақта,
Тұратын мектеп —- бай мекен.
Жатыр ма үнсіа құндақта.
Сондағы тоғай қайда екен?!

Күндерде қызу біздің мол,
Жүгірген желді қайырып.
Кететін қызық ұзын жол,
Жайылмаға қарай жайылып.

Ойнаушы ек, жанды алу жоқ,
Көңілде титтей жоқ уәйім.
Еститіп ек таяу деп,
Көздігараның тоғайын.

O, Дауыл,
жылға мінгізіп
Жібердің. Дедің: тойласын.
Ілгері сүйреп жүр қызық,

Біргесің сен, ойдасын!

Дауылда қалған жүгіріп,
Төрт жасар шағым қайдасың?!

Кеп тұрмын саған: Әжем жоқ,
Жеңешем де кетті соңынан.
«Өстің гой, қой, майы деген боп,
Қалдырмады жұрт жолымнан?

Шашылған Сенде жас айым,
Көз көрген кәрі, сен бауыр.
Сағынышымды басайын,
Түрайын біраз, о Дауыл…

Қалай ақын болдың Сен дегендерге,
Әлі жауап бере алмай келем мен де.
Акын болу дегеннің бар себебі,
Тұрған жоқ па екен сол өлеңдерде.

Бәрі, бәрі басталған бала күннен,
Бала күннен бүтінге ала кіргем.
Жарықты бірінші рет көргендіктен,
Басталғанын кең байтақ дала білген.

Көрдің бе, қызыл әскер баласы деп,
Әжесінің кішкентай панасы деп.
Жігіт болып қалды ғой қарашы деп,
Сөйлейтүғын еді ғой бәрі, бәрі,

Сонда ешкімнің сол сөзге таласы жоқ.

Көктемелер мен көрген қызық еді,
Әдемісін гүлдердің үзіп едім.
Кең далада торғайдай ой қалықтап.
Мәз-майрам боп бейне бір жүзіп едім.

Бәрі, бәрі сол сәттің қызық еді,
Ең сүйікті жаңбырлы күзім еді.
Атышулы ақ боран қызықтырған,
Аппақ қарға сан сурет сызып едім.

Балалық деген дәурен сол екен ғой,
Бәрі маған ғажайып ізім еді.

Бала едім-ау қуаныш мол еді ғой,
Ел-жұртым құшағына бөледі ғой.
Бақытсызды бақытты ғып тұрған шақта,
Ақын болмасқа амалым жоқ еді ғой.

Өмірде талай-талай іздер болды,
Талай-талай жауынды күздер болды.
Баяғы мейірімнің молшылығын
Әркімнен іздейтұғын кездер болды.

Талай ардақ ғұмырын арнады гой,
Болашаққа бүгіннен жалғады ой.
Күрес деген алаңға шыққандықтан,
Ақын болмасқа еш амал қалмады ғой.

ҚАЛМАҚ АҚЫНЫНА

Д. Кугультинов

Осы ақынды сүйемін мен.
Осы ақынды қадірлеймін.
Өлең ол шақ тілегім ед,
Уәйімім де сол қазір менің.

Жүретұғын көріне көп,
Тұтатұғын жырды ардақ.
Қалың қазақ еліне кеп,
Өлең оқып тұрды қалмақ.

Күттік осы кезді су күн,
Тірі қалмақ көрмеген ем.
«Қалмақ» деген сөзді бұрын,
Айтатұғын елдегі өлең.

Үнсіз тұрды мықты әлгі,
Қысық көзге жас үймелеп.
Орамалмен сүртті-дағы,
Сөйлеп кетті таси кенет.

"Кешір, халқым, кешші маған,
Ата-баба күнәларын.
Жақсы шығар жасырмаған,
Сол үшін ғой жылағанын?!"

Содан әрі гүрілдеді,
Гүрілдеді жаңа өлең.
Қайран ақын бұ күндері,
Құшақтасты даламенен.

Мен де білем даламызда,
«Қалмақ қырған» дегендерді.
Бабалардан бабамызға,

Дуылдады қалың қауым,
«Ақын екен!» деді бәрі.
Дуылдады қалың қауым,
«Ақын екен!» деді бәрі.

Ұмытқандай ұлы Дала,
Енбесе ұят кейпіне түк:
Ішімізден сол арада,
«Ақын екен!» дейтін едік.

Осы ақынды сүйемін мен,
Осы ақынды қадірлеймін.
Өлең ол шақ тілегім ед,
Уәйімім де сол қазір менің.

ЖАРЛЫ БОП ҚАЛДЫМ

ЖІГІТТЕР!

Анам Қылаң Тәжіғұл
қызына ескерткіш

Шағыну

Айырылып қалдым Анамнан,
Айырылып қалдым Анамнан,
Қол бұлғап өтті көп арман.
Жан ұшырып едім жүгіре,

«Садақа - деп ем қара орман!
Уәйімсіз, ойсыз жүргенде,
Жоғалтып алдым бір демде.
Амал не, пендешілікпен,

Шағынып тұрмын сендерге.

Қос жанарым тұман-ды,
Көріп тұрмын, шын алды.
«Айналайын» атты сөз өлді,
Ағар бұлағым суалды.

Жан еді, асыл Ана еді,
Ол барда, бәрі бар еді.
Дегізбеймін «жетім» дейтұғын
Жетім дей беріндер ал енді.

Жалғыз ем, жарты ем оған Мен,
Жасымнан бақты тұмар мен.
Көңілі тоқтау боп өссем,
Сірә, мен ақын болар ма ем?!

Ұмытқан жоқпын әлі Мен,
Өзінің әлсіз жанымен,
«Сенгішсің-ау жұртка» дегені,
Ой салып кетті бәрінен.

Үмытқан жоқпын әлі Мен,
Өзінің жұқа жанымен,
"Жақсысың, балам» дегені,
Ой салып кетті бәрінен.

Сонан соң оңып түсім де,
Отырдым ауыр пішінде.
Сенімдірен жүру үшін де,
Қайтейін —- дедім жан ана,

Жүрермін көптің ішінде.

Тоқтады анам, тоқтадық,
«Әрине, солай» деп қалып.
Айтпады маған басқа түк,

Мінекей, айттым өткенін,
Өзге көп сөзім жоқ менің.
О, адамдар, жеткіздім,
Ортаңа тастап кеткенін.

Жарлы боп қалдым, жігіттер,
Түгім де жоқтау қай бір күн.
Есітіп кел, біліп кел,
Мен анамнан айырылдым.

Жолға шықсам жорытып,
Аңсатты қайтар кез мені…
Жүретін еді-ау ол күтіп,
Күтуі оның өзге еді.

Мен түсіп кенет ойына,
Қарайғандарға да қарайтын.
Қарайтын жолдың бойына,
Әлсін-әлсін талай күн.

Ыстықта, жауын, боранда,
Әбігер еді ұдай тым.
Осы бір құйттай ауылға
Келгендерден де сұрайтын.

Кішкентай анау қыратқа
Шығып та қарап қайтатын.
Ауылдан біздің жыраққа
Кеткендерге де бір сөз айтатын.1ОО

Жарлы боп қалдым, жігіттер,
Түгім де жоқтау қай бір күн.
Есітіп кел, біліп кел,
Мен анамнан айырылдым.

Жер бетінде жүрмін мен,
Жүрмін жыртық байқалмай.
Жан анама мені бұл күнде,
Күтсін деп те айта алмай,

Күтпесін деп те айта алмай.

АНАМНЫҢ ӘЖЕММЕН ҚОШТАСУЫ

Дәм таусылды,
Мен кеткелі келмеске,
Бағыттаған шығармын – ақ бұл кеште.
Мықты бол сен. Бұл пенде

Жаралған ғой бір – біріне ермеске.

Жұрттың бәрі баратын жер,
Сол ертелеу кетіп бара жатырмын.
Асығыстау өткені ғой мен тәрізді пақырдың.
Өтті – ау, өтті – ау деп жүрген,

Батты – ау, әже, ақыр күн.

Жолдасым ең ұзақ жылдар бір жүрген,
Сендерменен бірге жылап, күлдім мен.
Өмір деген шайқаста,
Қадірлеріңді білдім Мен.

Анау түтін қан соғыстың кезінде,
Мен сыйынған сендердегі төзімге.
Анам, енем, үшеуіміз бас қосып
Бөліп кидік уақыттың сөзін де.

Қариялар дариялар ақыл бердің тайғақта,
Улап – шулап бір жыладық сайрап та.
Жылу жоқта жылу болдың,
Ой болдыңдар ой жоқта.

Дұшпан аузы көпіретін «ұлы бар ғой оның» деп,
«Сендерге ол сүйгізбес – ау төлін көп...»
Екеуің де шарт сынатын едіңдер,
«Аулақ жүрің, отырмыз, - деп бөліп жеп!»

Олар маған айтатұғын талай сын:
«Арайламас күткен таңың, оңай шын
Бір жастағы шаранадан не шығар.
Неге соған бағың байлап қарайсың?!»

Айтатынмын: «Неткен сорлы тапқырсың,
Бұл сәбисіз дүниеде бақ құрсын.
Қос кемпірді еңіретпен дейтінмін,
Бар таңымды соларменен батырсың.

Енем байғұс риза боп өтті бар,
Құйттай сәби байтақ елді етті жыр,
Сол баланы саған тастап барамын,
Өзім сүйіп қана алмаған бетті бұл!

«Сүйгізбейді баласын да» дегенін,
Таныстарым ұмытты – ау о менің?!
Сүймек түгіл мен біржола тастадым,
Шығар есігін ашып тұрмын дүниенің...

Абыроймен күн көріңдер,
ашытпаңдар миын құйттай жалғыздың,
Арманымыз қонды қолға,
Тілегіміз болды, әже, шын біздің.

Тек осының алса екен деп алдында,
Атанбасам деуші едім ғой
артында қап мен құзғын!

...Әжем менің еңіреді,
Менде де жас тегін еді.
Күзгі аспандай төгіледі.
Үй төбесін бұлт қаптап,

Қарауытты көңіл енді.

Анам айтты: қалдың – деді,
Баламды да алдың – деді.
Арманым жоқ, есен – аман,
Болашаққа барғын деді.

Мен айтамын:
Талайлардың арттарында осы адамдар қалғасын,
Нар көтермес ауыр сабақ, ауыр қайғы алғасын.
Ат тұсаудай бір азғантай ғұмырдың

Неге қиын жадырату жалғасын?!

Анасыз мына ғұмыр қызық емес,
Бәрі де үзік елес.
Тойым да тойдан бөлек,
Анасыз мына ғұмыр қызық емес.

Көңілдің жоғалғандай бар ұғымы,
Айта берем әлі мұны.
Ешқайсысы секілді түгелденбес
Ұшты – күйді жоқ, тіпті, «жарығымы».

Шалғайдан шаршап келсем күніге тым,
Сәбиім барғой менің жүгіретін.
Жоқ, бірақ, жоқ қой кісі
Бетіме қайта –қайта үңілетін.

Жарым бар
Жолға шықсам аттандырар,
Досым бар беділімді мақтан қылар.
Жоқ, бірақ, жоққой кісі,

Мені пәле – жәледен сақтандырар.

Боянарсың жасқа да, оянарсың,
Анадай мені қай жан аялар шын?!
Өз анасы әуелден болмағасын,
Мен көрдім табиғаттың аямасын!

Анасыз мына ғұмыр қызық емес,
Бәрі де үзік елес.
Тойым да тойдан бөлек
Анасыз мына ғұмыр қызық емес.

САҒЫНҒАНДА ҚАЙТЕЙІН...

Поезд мені алып бара жатты алыс,
Поезд мені алып бара жатты алыс.
«О, құдай – ау, жар бола гөр» деп қалды,
Көкірегінде қала берді мақтаныш.

Ана.
Ауыл.
Жалғыз бала. Аттаныс.

Қолын бұзған қала берді анашым,
Сұлу арман шақырды ғой баласын.
Қуансам да бір қорқыныш ап кеттім:
Жазам десем жаңартам ба жарасын?!

Сағынады – ау, сағынады – ау анашым.

Өтті соғыс. Естідің ғой, бала, сен,
Содан бергі қаксындағы қарасы ем.
Өтті соғыс. Естідің ғой, бала, сен,
Бесікте едім. Жегіт етті. Қара сен!

Жігіт етті. Мақтанып тұр ішінен,
«Жолың болсын» дей береді, түсінем.
«Жалғыз ғой» деп ойланып тұр ішінен,
Келе ме аман, келе алмай ма? Түсінем...

Қолын бұлғап қала берді анашым,
Сұлу арман шықырды ғой баласын.
Қуансам да бір қорқыныш ап кеттім,
Жазам десем, жаңартам ба жарасын.

Сағынады – ау, сағынады – ау анашым.
Поезд мені алып бара жатты алыс,
Ауыл. Ана. Жетім. Жалғыз. Аттаныс.
Көңілімде құйттай ғана мақтаныш.

Артта қалды. Шарлаған жер атпенен.
Артта қалды. Кездескен жер бақпенен.
Мақтаныштың құлағынан тартқылап,
Жаламсырам екі –үш жаср жатты өлең...

О, дариға, анашымның жүрегін,
Емдей бердім ентелеген хатпенен!
Хат бармайтан жерге кетті бұ күнде,
Ой шаршады «ізде» деген, «тап» деген...

ДОСҚА ХАТ

Дүниенің бұрышында бір
Жанға жақып бар өлке.
Мөлдіреп көз ұшында тұр
Үлбіреп бейне ақ ерке.

Жетектеп кетті бұ тағдыр,
Ойнап – күліп, мың тұрып.
Байтақты кезіп ұлан жүр,
Бір соған қарай ұмтылып.

Үлкейді көзі баланың
Үлкейді жарғақ құлақ та.
Сағыну үшін даланы
Баулитын ба еді жырақта?

Бауырмал болдық. Көргенде,
Сөйлеуге бармын күн де түн.
Орындап жүрмін Сендерге
Амандық тілеу міндетін.

Әрине саған бопсам көп,
Берілем сан – сан елеске.
Соқпай – ақ жүрсің тоқсан кеп,
Аласыңдар ма мені еске?

Бала дос мені айта ма,
Аман ба ескі тоғайлар?!
Қызметтестер де айта ма,
Айта ма ақ бас ағайлар?!

Ауылға, қыстақ, әр елге,
Бір ұлан керек. Байқадым.
«Кімі бар мұның» дегенде,
Төсіне ұрып айтатын.

О, туған ел, жолыңа
Тұрсам ба деп ем қорған боп.
Фердаусидің қолына
Су құятындай да болғам жоқ.

Есіңде барма ұлы адам,
Өлкеге патша жыр айтты?
Мол ықлас оған қиядан
Өтетін күні құлапты.

Сүюім өзге ел – дана,
Сағыныш боп кетті бұл кеуде.
Ықыластарың керек сәл ғана,
Маған да алыс жүргенде.

Ғафу ет, тоқта, шын айтсақ,
Сағыну кету құны не?
Ықыласымызды молайтсақ,
Жақсарар еді дүние

ЖҰМАҒАЛИДЫҢ ШӘКІРТІ

Мен Жұмағалай Саинға келгем,
Он өлеңім қойында келген.
Он сан қорқыныш ойымда келген,
Мен Жұмағали Саинға келгем.

Ойым мың сан, ойым мың сан бөлінді,
Бір ардағын іздеп келдім елімнің!

Япыр - ау, Жұмағали Саинға
Партизанның баласындай көріндім.

Дереу шара алатындай сұстана,
Маған қарай, маған қарай түсті аға.
«Ақынсың ғой, айнайлайын» деді де
Қарағандай болды байтақ еліне.

«Арақ ішпе. Біреулер бар. Ерме Сен,
Сауысқанды сұлу болып серме Сен.
Өлең сөзді қадірлейді байтақ ел,
Өзім сырттай баға жүрем, өлмесем...

Ұсақ – түйек кикілжіңді көрме сен!»

Бұйрығындай партизандар тобының,
Мен ішімнен қайталадым соны мың.
Содан бері өлең үшін түн қатып,
Ағайындар, ой орманын торыдым.

Өлең... өлең... өнбей жүр ғой әлі бұл,
Бейне ол да ауық – ауық шабуыл.
Орман кезген жас партизан бейне мен,
Тұла бойда дарын, сүю... бәрі жүр.

(Жеңісіне туған өлке жырының
Партизандай үлес қосам бәрібір).

ҚОШ САУ ТҰР, ҚЫС!

Кетіп бара жатсың ба,
Көштеріңді жетектеп.
Жердің үстін жатсыңба,
Үш айы тез өтед деп.

Қош сау тұр, Қыс!

Аяз батыр, ақ боран,
Ақша қар қыз, қош сау тұр.
Келіп – кетіп осындай,
Жақсы шығар аңсау бір.

Тағдырыңа көп сен де,
Көп тарықпа, жарқыным.
Титтей кінә жоқ Сенде,
Сағынған шығар Жер – ана,

Нажағайлардың жарқылын.

1О6

Сайларда анау шулайтын,
Асау өзендер сарқылын!

Табиғат артық тумайтын,
Санап туатын әр күнін.
Қош сау тұр, Қыс!

Көңілімізді өсіріп
Биіктеттің сен ой көгін.
Жер – ана бір шешініп,
Ауыстырмақ шығар көйлегін.

Қош сау тұр, Қыс!

Ойымды тұрмын жия алмай,
О, аппақ қыс, о, батыр!
Қиям дегенмен қия алмай,
Әлек – шәлек боп Жер жатыр.

Қараймын сонау көшкінге,
Айырылу сәті ұзақ жыр.
Жамырап жердің үстінде,
Көрісуге жазбай бұ тағдыр!

Қош сау тұр, Қыс!

ЖАУЫНГЕР

Жауынгер аға, қызығам саған,
Өзге екенсің ғой, тәңір – ау?!
Қарайсың маған, қарайсың маған,
Сыңғырлап медаль – омырау.

Жүрген едім мен бала жырау,
Жыр етіп қария ақ шашып.
Деп қалдым сенің кеудеңді, аға – ау,
Медаль мен орден бақшасы.

Ілгері аттап барасың қайда,
Жапырлай қарап тұр аймақ.
Ғажайып күнде күлімде, жайна,
Төсіңде металл күй ойнап.

Қайталасам мен дүние сөзін,
Айтылып жүрген бұрыннан:
Бейне бір сәби өмірдің өзі,
Құшағыңа сенің тығылған.

Жауынгер аға, қызығам саған,
Өзге екенсің ғой, тәңір – ау?
Қарайсың маған, қарайсың маған,
Сыңғырлап медаль – омырау.

Жарық дүние,
Іңкәрім, байлығым, патшамсың,
Таңымсың мен үшін атқан шын.
Анама айырбас анамсың,

Әкеме айырбас әкемсің,
Мен сұңқылдап жырлайтын,
Мен аңқылдап айтатын,
Мақтансың. Мақтансың!

Керегімді сұрай – сұрай,
Жан емеспін ел ақтаған
Япыр – ай, япыр – ай,
Ұзақ ғұмыр керек маған.

Қалқанаты ем туған елдің
«Не дейді» деп елеңдеген.
Ғұмыр бергін, ғұмыр бергін,
Болашаққа өлең берем.

Ақ тірлікке болып ие,
Қанша алысқа тартады ой?
Уа, уа, жырық дүние,
Тағдырдан да қорқамын ғой!

ЖАС ДӘУРЕН

Еш жөні жоқ тағаттың,
Тіліне қара сағаттың.
Қолымдағы барымды,
Бозбола жастық шағымды

Жап –жаңа ғана жоғалттым.

Жанға батты бұл шығын,
Кемсеңдетіп – ақ тұр, шыным.
Жоғалды неге жастық шақ
Қадады екен кім сұғын?!

Балалық тарқап кеп – кеше,
Иландық, ол күн «жоқ» десе.
Қайтеді екен шіркін – ай,
Жігіт шақ бастан өтпесе?!

Біз шіркін ғажап боп жігіт,
Сүйістік. Сүйдік. Көрді жұрт.
Қалатын болды – ау жас дәурен,
Түндігін жауып бір жым – жырт.

«Арман – ай» жаңа ән енді,
Толқытар ма екен әлемді?
Сәл кешікпегенін қарашы
Бір – екі қапым бар еді?!

Еш жөні жоқ тағаттың,
Тіліне қара сағаттың.
Қолымдағы барымды,
Балауса жастық шағымды

Жап – жаңа ғана жоғалттым.

Не көрдің – деп,
Бесігіңде?
Тұр мезгіл кеп,
Есігімде.

Әкелгенім
Жоқ қой менің.
Сәби едім,
Өсірді Елім.

Ұшқанымда
Селбеу тиіп.
Ұшпағыма
Шықты биік.

Ата қасиет,
Адам жайын,
Іштей тіліп,
Уайымдаймын.

Таза ұстау –
Арман, ойым.
Бұрын туу абыройын.
О, күндер, саған ырзамын,

Мен үшін бейне бір көктем.
О, күндер, саған ырзамын,
Достарымменен бірге өткен.

Келмеппіз жарық өмірге, -
О, замандас, замандас!
Өту үшін біз мүлде,
Жалаң аяқ, жалаң бас.

Есею шықты тастадан,
Бойында достық мол арын.
Қаншама жылдар жасағам,
Дүрмегімен солардың.

Ағайындар – ау немесе,
Мен талай оймен дүрліккем.
«Табасың достар» демесе,
Керегі бар ма ед тірліктің?!

О, күндер, саған ырзамын,
Мен үшін бейне бір көктем.
О, күндер, саған ырзамын
Достарымменен бірге өткен

Жазба өлеңді,
Әділдігің жетпесе,
Батылдығың аз болса.
Ғашықтардай – ақ өтпесең,

Торықпайтын тозғанша!

Жазба өлеңді,
Қыздай нәзік болмасаң,
Шамдана алмасаң сына күрт.
Бір азайып, бір толмасаң,

Батыр екен демесе мына жұрт!

Саған айттым, жас бала дос, нар тумам.
Айттым сәлем жарқыраған жазға сан.
Жер үстінде енді қалай шалқиды ән,
Уа,сен жазбайсын?!

Өлең-құс менен шошып,
Жүрді ме қонбай ай талай ?
Қалды ма ел елеңдесіп,
Қалай  ұшқанын байқамай?!

Қарады ма екен
Көк жиектерге ,дөңеске?
Санады ма екен,
Оралмауы мумкін емеске...

Шат күнім сонда жоқ менің,
Кеудемде жатты мұнлық ой.
Білмеппін көп ай өткенің,
Жан анам ауырып жүрді ғой...

Қарады ма екен туған ел
Көк жиектерге , дөнескен.
Санады ма екен туған ел
Оралмауы мүмкін емеске.

Өлең-құс қолдан ұщты деп,
Арайға айлар түсті деп,
Ойламаппын сондаймен..

Өкпем жоқ Саған
Ренішім жоқ түк менің
Өзім ғана көтере берем,
Уақытымның жүктерін.

Жоқ менің ешбір Көкірегіме бүккенім.

Ақын деген Сен үшін  артистердің тумасы,
Әлжекімнің-шәлек мұндасы.
Әлек-шәлек мұңдасы.
Сенің онда шаруаң жоқ,

Уәйімің аз,құрдасым.

Тал бойыңа тарамыс
Таралмаған уәйім шын,
Бұл өмірде өзіңше еркін жүзген жайынсың.
Абай келсін, мейлі, елемеуге дайынсың.

Өкпем жоқ Саған,
Ренішім жоқ түк менің,
Өзім ғана көтере берем
Уақытымның жүктерің,

Саған айтқан
Обалы да бар ғой өкпенің

Туған елден мына Біз не алмадық?
Туған жерден мына Біз не алмадық?
Одан жақын көргем жоқ дүниеден,
Көңіліме қондырды бір күні өлен.

Бәрін бізге беріпті осы қауым,
Жалғыз ауыз сөзбенен «сенем» деген.
Одан жақын көргем жоқ дүниеден,
Көңіліме қондырды бір күні өлең.

«Адам  болшы,адам бол» дегенменнен.
Туған елден мына Біз не алмадық?
Туған жерден мына Біз не алмадық?
Ғмыр-сағат бір шақта тоқтайды екен,

Қарызым көп... өтем бе жаттай бөтен?
Оу, елімді Ұмытпай, ұмыттырмай
Жүретін болсам ғана ақтайды екем,
Мен солай ілем шығар көзімді ілсем,

Өзіңнің міндетінді өзің біл сен.

Жан ағатай, жан бала,
Кеудемдегі өлеңмен
Өмірінді сәл ғана
Жеңілдетіп берем Мен.

Әр шумағым ауырлау,
Шалқып шыққан күйге тең.
Билігі бар бауырды,
Өзіндей деп үйретем.

Сыздағанда жүрегім,
Қанаттанбай жатыр ән.
Менің жалғыз тілегім,
«Адам бол» деп шақырам.

Болса-дағы жаршы көп,
Тынышым аз, досым-ай,
Қиянатқа қарсы боп,
Өтем шығар осылай.

Ақын деген немене,
Не үшін керек – деймісің?!
Тулан тұмар тебірене,
Ойланамын Сен үшін

Жан ағатай, жан бала,
Кеудемдегі өлеңмен
Өміріңді сәл ғана
Жеңілдетіп берем мен.

ШАБЫТ

Мазда, мазда, маздағым,
Көптен өлең жазбадым...
Жанымның оты дерткенде
Лау ете қала жаздадым..

Айналама қарасам,
Құйқылжып тұр саздарым.
Көтеріліп барады
Көз үйренгенқаздарым,

Дүние неткен ғажайып,
Баяғы бір жаздағым.
Жасыл терек бұйра бас,
Сөлеп тұр ғажап наздарын.

Жүйрік өзен жорытып,
Қарай бердім озғанын.
Жаным сүйер жақсы ымырт,
Жанымдды тағы қозғадың,

Қаламыз қалай жаңарған,
Молайға қалай аздарым!
Дүр еке ғой, мінекей,
Әнекей, ылғи боздағым

...Сағыну үшін кең дүние-ай,
Мен көптен өлең жазбадым.

Сәл сағынып алмасақ ,
Сәл сағынтып алмасақ,
(Саған айтам, көне Жер),
Білер ме ек елдің қадірің

Қадірімді білер ме Ел?

БОЗБАЛА ШАҚТА, СОНАУ ЖЫЛ...

Мен сені жұбатпаймын..
Жылай бер сен ақырын.
Жылай бер сен жылай бер!
Болам ерттең мен ақын,

Сөзі үшін жұрт құдай дер.

Мен де өзіңдей балдырған,
Жақсылыққа сүйінем!
Көнілімді қалдырған,
Саған қалай иілем?!

Мен де өзіңдей жалынмын,
Шындай қалай жасырам?!
Айтып тұрмың барымды ,
Мұным нағыз асыл ән.

Жылай бер сен, жылай бер,
Жылай бер сен ақырын.
Мейлің Оған Ұнай Бер
Жұбатпаймын, жарқыным.

Сүйетінім бар дедің,
Жылай бер сен егеспен.
Махаббатым ал, менің,
Басқараладай емес пе?

Жылай бер сен ақырың,
Жылай бер сен, жылай бер!
Болам ертең мен ақын,
Сөзі үшін жұрт құдай дер!

...Бұл естелік... қаяусыз,
Қол жетпейді жұлдызға
Айтып едім аяусыз,
Дәл осылай бір қызға.

Ой салды жаз, талай қыс,
Құйды нөсер шелектеп...
Содан бері мен байғұс
Жүрмін осы дүниеде

Адамдарға өбектеп...

Әкеңмін, балам,
Мен үшін жаңа кәсіп бұл.
Көнілім алаң,
Ауыртпалығы асып тұр.

Күні кеше сендей бір
Балапаны едім біреудің.
Мойынұсынғым келмей жүр,
Балын ғой,ақ қой жүрегім.

Таңданба, тек сез, құлыным,

Бір қауымға ендірдің
Әміріне мезгілдің
Бағынбайтын мен кіммін?!
Әкеңмін, балам,

Мен үшін жаңа кәсіп бұл.
Көңілім алаң,
Ауыртпалығы асып тұр.
Бастығың кеп жүр бұлалық,

Жүгенсіз жорық жөн көріп,
Ренжіп едім, жыладың,
Құйттай көзін көл болып.
Балалығы ма деймін баланың.

Ойға түстім бір үлкен,
Кешпес пе екенсің күні ертең,
Қаталдау кетсем, қарағым?!

Кеше күн жасыл бақша еді,
Қайтейін, мезгіл ақса енді.
Өкпелеткенше тап сені,
Бала болғаным жақсы еді?!

Терезеңді аш, кел бері,
Көрейін соқса дауылын
Табиғаттан оу, мені,
Бөлесін неге, бауырым?

Құстардың үнін естиін
Өмірдің әнін бастаған.
Жайбарақат сұлу кешқұрым,
Ауа бер, ауа, дос, маған.

Өзеннің дауысы келмей ме
Қарлығап неге қартайған?!
Ой алушы едім мен кейде,
Жабықта тұрған жарты Айдан!

Мәз болып жүрмін кешіп мен,
Бола алмас бір сәт жаным жат.
Қажет қой терезе есіктен,
Басын сұққаны табиғат.

Алғанмен мені құшаққа,
Тілеймін қазір Елден Жел.
Тіл сайрап тұрған бұ шақта,
Табиғаттан мені бөлмеңдер.

Терезенді аш, кел бері,
Көрейін, соқса дауылын.
Табиғаттан, оу, мені,
Бөлесің неге, бауырым?!

ЖҮРЕК СӨЗІ

Болмасын соғыс, соғыс болмасын,
Толғасын әлем, әлем толғасын,
Қан төгілген еді,
Сан төгілген еді,

Сол да сын бізге,
Бізге сол да сын!
Болмасын соғыс, соғыс болмасын.

Бардай-ақ бір көшіретін көші,
Алынбағандай үлесі нендей,
Түршікпей қару өсіретіні несі,
Үй іргесінде гүл өсіргендей?

Бір қолын беріп, келешекке жол сап
Жүрген ағай аз емес бізде.
Неге керек қан қырғын қасап,
Жүрейік түзде, келейін жүзге.

Сезімді қоңырайтып әр күз,
Асықпушы ма едім көктемге дәрі?!
(Қас дұшпан бізде бар емес пе жалғыз,
Ажал атты аждаҺа кәрі)

Құлағымызды әр үнге салсақ,
Дүние жүр ғой көшінен қалмай.
Бәрін де тауып, бәрін де жасап,
Сенім деген гүлді өсіре алмай?!

Айтылмай тұр-ақ талай ән бізше,
Әйтеуір, бір сұм өре сарнайтындай.
Адам – жүк боп Молая түссе,
Бейне жер – нар көтере алмайтындай...

Бір қазақтан жауап бар мұнда,
Солмайтын жалғыз адам – гүл, әр күз!
Жер жетеді, дүние, тыңда,
Жер жетпей жатыр есерге жалғыз.

Болмасын соғыс, соғыс болмасын,
Толғасын әлем, әлем толғасын.
Қан төгілген еді, сан төгілген еді,
Сол да сын бізге, бізге сол да сын!

Болмасын соғыс, соғыс болмасын!

ТӘҢІРІМ-АУ ЕСІМДЕСІҢ...

Тәнірім-ау, есімдесің,
Қанша дәурен кешіргенсің.
Өлең сүйіп кеткем ерте,
Қиял ерте өсіргесін.

Оянды ғой сонау күндер,
Таныс көздер тесілгесін...

Таудан бұлақ жөнкіледі.
Жанға жақын бір күн еді.
Төбеде бұлт іркіледі,
Жауды деші шіркін енді.

Ақ нөсердің арасымен,
Көшті жастық күлкілері.

Бұлттар көшті шаудаланып,
Кемпірқосақ Туды оралып,
Аппақ таза көк астында,
Еліктіріп қу балалық,

Қос балапан шөпілдесті,
Көкірегін ңұрға малып...

Тәнірім-ау, есімдесің,
Қанша дәурен кешіргенсің.
Жан-дүнием бір қозғалды,

Таныс көздер тесілгесін.
Өсекші өлең серігім бар,
Енді саған шешілмеспін.
Тәнірім-ау, есімдесің...

Өтеді күндер жарқылдап,
Қосады ағын ағынға.
Қыс қалып жатыр салқындап,
Жаз келе жатыр жанымда.

Кешегі арман бір арман,
Тілейді алыс шартарап.
Жарыла сансыз қуанғам,
Қайғыны кейде лақтырып,

Қуанышты қайта арқалап.
Асу-асу қалды аулақ,
Қарайладық көрсек дөң.
Қуаныш деген бір тауға

Жолаушы едім ғой жол шеккен.
Барады өтіп көп күнім,
Жайраңдап барам өлкемде.
Мәнгілік ғұмыр жоқтығын

Ұмытып кетем кей-кейде.

Бір қайрат енді
Бойыма менің
Осыма күшпен
Көтере алам –

Мен туған жерді.

Осынау күшпен
Лебі ескен
Қуантам сені
Мен күні ертең, -

Бір ғажайып іспен.
Бір қайрат енді

Бойыма менің.
Тоқтатам ұстап –
Баратқан шауып
Қаптаған желді

Осынау күшпен,
Лебі ескен,
Қиынба айту –
Қара мен ақты,

Көре қалсақ көштен.

Бір қайрат енді
Бойыма менің.
Сипаймын, өмір, -
Зор алқаныммен

Маңдайдан сені

Бір қайрат енді
Бойыма менің
Оыснау күшпен
Көтере алам

Мен туған жерді.

Ештеңе жасырмаймын,
Ештеңе асырмаймын.
Білгенімді тұтас айтпай ,
Алас ұрып басылмаймын,

Мазасыз ғасырдаймын.

Құпия дегеніңіз
Мен үшін – өлеңіміз!
Мың рақмет адамдарға,
Көп сырға бөледіңіз.

Не деген сел едіңіз,
Недеген ел едіңіз

Жан –жақтан тараулаған,
Жөнкіліп бабаулаған
Жүз өзен құятұғын
Теңізден мен аумағам.

Мың рахмет Адамдарға,
Көп сырға бөледіңіз,
Не деген сел едіңіз,
Не деген Ел едіңіз...

Домбыраға қол соқтым

Кеудемде гуіл жел соқты.
Ұшырды со жел мол шоқты.
Тұла бойым қызынып,
Домбыраға қол соқтым.

Гөй – гөйлер шықты гөй- гөйлеп,
Беу-беулер шықты беу –беулеп.
Домбыра мойны істі кеп,
Өне бойым ой кернеп.

Қаз болып ұшты қаңқылдап,
Батыр боп шықты саңқылдап.
Ақын боп тұрды аңқылдап,
Қыран боп тұрды шаңқылдап.

Күліп алды да қарқылдап,
Күз бола берді салқындап.
Көктем боп тұрды мәз-мейрам,
Жастық боп тұрды жарқылдап.

Қарасын көріп жоқ шақтың
Боз қақпағын көп қақтым,
Ояттым да көп күнді
Домбыраны баяу тоқтаттым.

Ертеңге жетер жел алдым ,
Ертеңге жетер сел алдым .
Еліме барар рельспен
Ентіге жүріп де алдым...

Cауал

«Ерлік» деген сөз қайда ,
Жүр ме елдің ішінде ?!
Қаныңды сенің қозғай ма ,
Тиды екен кімге еншіге ?!

«Қонақжай» деген сөз қайда ,
Атанған мұндай тәуір кім?!
Ойыңды сенің қозғай ма ,
Енншісінде жүр ме ауылдың ?!

«Мейірім» деген сөз қайда ,
Көп естуші ек бала күн ,
Қанынды сенің қозғай ма ,
Еншісінде ме еді ананың ?!

«Тілектес» деген сөз қайда ?!
Болмасын демес жатына
Ойыңды сенің қозғай ма ,
Жеңгейлердің ғана аты ма ?!

Әрине, айып етпеңдер ,
Ақынға міндет сол еді –
Жаңарған сайын көк пен жер ,
Бір сұрап қойғым келеді !

АЛТЫНШЫ ДӘПТЕР

БАЛАЛАРМЕН ҮЛКЕНДЕРШЕ СӨЙЛЕСЕМ

Бала демей сөйлесемін
баламен,
Балаларды шақырамын кеңеске .
Болашаққа арналады бар өлең ,

Бала деген болашағым емес пе ?

Жасырмаймын балалардан шынымды,
Тартылады қоңыр күй де ,
күйде әсем .
Тұтас айтам

кеудемдегі  жырымды ,
Балалармен үлкендерше сөйлесем .

Сүйе жүре әр жақсыны елжіреп ,
Алыс күнмен
ғұмыр сүре аралас .
Ертеңімен дайындалсам

деп жүре,
Балаларды , бала деуім жарамас.

Жаңарды ғой ,
жаңарды даласы ,
Деп тұрамын :
борышым көп ,жоқ күнәм,

Кеш ер жеткен ,
халықтардың баласы
Ерте ер жеткен
деп тұрам

Біз көрмеген бейнез-зейнет
қалған жоқ,
Ризамыз өткенге де ,
Бұл күнге .

Балаға да айтатұғын арман көп ,
Өзіміздің
Қазақтардың тілінде ,
Осы күнге

жетсем деді
бабамыз,
Біздің көздер ,
Біздің көздер көрді ғой !

Сіз ойлана
сәл  ойлана қаламыз ,
Осы күндер
іңкәр  күндер еді ғой ,

Қуатымен өлең-жырдың мендегі ,
Жаз айындай бір осынау күнде әсем ,
Болмайды ғой балаларға
елдегі ,-

Осы өмірді түсіндіріп
бермесем !
О, туған ел!
Неткен ғажап ел едің ,

Сан айтамыз
қасиетіңді біз біліп!
Іші аппақ
менің қара өлеңім

Қосады тек ізгілікке ізгілік .

Бала демей сөйлессемін баламен ,
Балаларды , шақырамын ,кеңеске .
Болашаққа арналады бар өлең .
Бала дегене болашағым емес пе ?

БЕСЖЫЛДЫҚ ЖОСПАР

Бесжылдықтар –
өлеңімен,
Жазылатын жаңадап .
Әр бесжылдық дегенің

Бес жұлдыздан тараған.

Қалыңдату деп түсінем ,
Бесжылдықтың арманын .
Жаңа бес жыл ішінде,
Бес жұлдыздың тармағын .

Қызыл жұлдыз маңдайда ,
Ақын күші , Ер күші !
Қызыл жұлдыз шалғайда ,
Туған елдің белгісі .

Ақын етіп , солдат қып ,
Шымқай қызыл жұлдызды ,
Октябрьде орнаттық ,
Танытады бұл бізді .

Жауды қудық жалыңдп ,
Туған елдң қорғадық .
Еңбек еттік арындап ,
Біз атандық : Ер халық !

Ел жасадық жаңа бір ,
Бандыменен алыстық ,
Бола берді дала жыр ,
Уақытпен жарыстық .

Тау орнаттық бидайдан ,
Аспанды да шарладық .
Тұрған жоқпыз қимай жан ,
Ғұмырды Елге арнадық .

Тайсалмадық ешбір Біз ,
Жеңілмедік ешбір Біз:
Көз алдыымызда Бес жұлдыз ,
Кеудемізде Бес жұлдыз.

Жаңалықтан көш құрдық ,
Өсті қазаз даласы .
Сондықтан да бесжылдық ,
Батырлықтың баласы !

Заводтардың санымен ,
Жаңа отардың малымен ,
Табысымен әркімнің ,
Донорлардың қаңымен ,

Уылдырығымен балықтың ,
Трактордың күшімен
Қуатымен жарықтың ,
Шүберектің түсімен ,

Салмағымен бидайдың ,
Қызуымен көмірдің
Көлемімен мұнайдың ,
Қаттылығымен темірдің ,

Тыныштығымен заманның ,
Ойлардың батылдығымен,
Денсаулығымен адамның ,
Ақынның ақындығымен...

Белгіленеді әр жылым ,
Сыбанасың ,Сен білек .
Осылардың барлығын
Бесжылдық деп ел біледі!

Алыс жылға ат тағып ,
Бірі де етпей ескінің .
Жүретіндей ғып мақтанып ,
Жасап аламыз кескінін .

Нақтыланады жоспарлар ,
Бесжылдық орындалады !
Қауышады тосқандар ,
Сен жүйрік бұрып барады!

«Бесжылдық жсопар
не? -  десе,-
Сен айт»,-деп
маған тоқталса .

Бейнелеп  айтсақ , немесе ,
«Бесжылдықтардың ісімен ,-
Бес жұлдыздың тармағын ,
Қалындату – депе түсінімен ,

Туған елдің арманын!

Бесжылдықтар –
өлеңім,
Жазылатын жаңадан ,
Әр бесжылдық

дегенің –
Бес жұлдыздан тараған ! »
Жауабым осы дер едім ,
Солай дер әр Адам !

Азаматтың қолы
Тек қолдардыы жырлау керек боп қалды ,
Бетке қарау осы тұста тоқталды .
Төрт қолы бар азамат деп жазам мен ,

Екі қолы жоқтығын да білдірмей .

Менің қатал мінезім бар ептеген ,
(Қолы қисық ешкімді де сөкпегем ).
Жүрегімен амандаса алмайтын ,
Тоғышардың ұзын қолын жек көрем .

Мен қолдарды жырға әкелем ,
сол үшін
Қысқасын да , әдемісін , долысын.
Қолы жоқ бір

мүгедегім деп білем ,
Жігіттерді бере алмайтын қол ұшын,

Ғұмырымда сан қарадым оңыма ,
Ғұмырымда сан қарадымм солыма .
Көрдім сонда :
сүйеніп жүр бәрі де ,

Айналайын азаматтың қолына.

Мемлекеттік  тапсырма

Өмір , сірә ұқсайды ғой тасқынға ,
Сол тасқыңмен талай қырдан астым да ,
Түсіндім мен ! Бару үшін ертеңге
Барлық шаруа : мемлекеттік тапсырма .

* Ажалды жең! -
деп парторгке айтады .
-  Астық бері –
деп заводқа айтады ,

- Өлен бер !-

деп ақындарға айтады .

- Мұнай бер !-

деп мұнайшыға айтады ,
...Өмірім боп ,
өлеңім боп сөйлейді,
Туған елдің , туған елдің байтағы!

Ғажап талап !
Бас иіңіз, қолдаңыз ,
Жол талабы ! Өмір – жол ғой ! Жолдаманыз !
Көтере алсақ

тапсырманың салмағын ,
Бір азамат
бола аламыз сонда Біз.
Жұмыс мың-сан . Аттап келед

Өлкем нық,
Жұмыс деген теңдесі жоқ көркемдік .
Адалдықтан басталады махаббат ,
Тек жұмыстан басталады  үлкендік!

Өмір , сірә , ұқсайды ғой тасқынға ,
Сол тасқынмен талай қырдан астым да .
Түсіндім мен! Бару үшін Ертеңге
Барлық шаруа : мемлкеттік тапсырма .

Адам болуы жас өспірім – жастың да ,
Адал болуы әрбір қара бастың да ,
Мейірімдірек болуымыз да біздердің ,
Дос болуымыз да : мемлкеттік тапсырма !

ЖЕҢІС АЛАҢЫ

Болмайды
келуге сезінбей
Көру керек
талайдың көзіндей.

Жеңіс алаңы!
Соғыстан соңғы бір
Әсем тыныштықтың өзіндей .

Болмайды
келуге сезінбей,
Безеруге
еменнің безіндей .

Жеңіс алаңы !
Аға ұрпақтың
Суретіндей .
Немесе Өзіндей !

Деу керек: ерте де , кешкілік
Жеңіс
тозбайды, Ескіріп!
Деу керек: керзі етік дүрсілі ,

Деу керек: барады естіліп .
Бұл алаң бақыт
қой маған да!
Меніңше , барлық әділет –

Ұмтылар осындай алаңға !

Есімде. Жеңісті Ел аңсады ,
Сол күнді есіне алса әлі:
Шаншады жесірдің жүрегі ,
Жетімінің жүрегі шаншады .

Сан ұрпақ
ынтыға келер шын ,
Сан ұрпақ
ынтыға көрер шын.

Қарашы: Жерге
қонған кеп
Жеңіс алаңы
бейне көгершің!

ҚЫЗЫЛ ОРАМАЛ

Жантөреге
Кінәлымын , алдыңда кінәлымын,
Қабағынды шыттырсам , сірә ,бүгін.
Мен сені алдағандай болам сонда ,

Бойында қырдың албырт бұлағының .

Әдемі сөз табушы ем күлдіргендей,
Мен - өзенге
түспесен күйдіргендей ,
Қабағыңды шыттырсам , болам , ия,

Жаздың қою түнін де бүлдіргендей.

Жаз өткен, күз де өткен , бір қыс болған ,
Борандарға рақмет гүл құштырған.
Қабағыңды шыттырсам, қуаныш емес ,
Күйіп-жаныш сүйгенім: қылмыс болған.

Жаутаңдаған жанарың сенгені шын ,
Сенгенің шын, құшаққа енгенің шын.
Қимас қызыл дәуренді қиып едің ,
Қызыл орамалды тастап ең сен мен үшін!

Біз ғана емес... қосыла сүйіп ұшқан,
Сүйіп ұшқан , сүйене биік ұшқан .
Қызыл орман екен ғой ... қызыл орамал ,
Көз жасының тамшысы тиіп ұшқан!

Соған қарай байрағың күйіп ұшқан .

Сенім,сенім...
салмағын өлшеді кім ,
Маған сендің . Керегі жоқ мөлшерінің ,
Кей кезде ойға қалам : бақ – дәреже,

Алдында түк емес-ау сол сенімнің ...

ҚЫЗЫЛ ГАЛСТУК

Достарға ердім , жүгірдім ,
Жүгірдің алға . Топтана .
Алдынан шықтық бұ күннің
Мұрт тағып со бір көп бала .129

Айтамын қазір есте деп:
Қызыл галстук байладым!
Мойнымдағы кішкене,
Қызыл ту ғой , деп ойладым .

Біз болдық бейне
қыр гүлі ,
Галстук мақтан
сол бір күн!

Үш ұрпақтың бірлігі ,
Үш бұрышы! –
деп жүрдім .
Бес материк баласы!

Асты да
оң қол төбемнен ,
Жалынды салют
мен бергем .

Бейнелегем : Артық көрем!-деп
Ел мүддесін өңгеден!

Сезім сол әлі ,
сол ғана,
Кеудемде шалқып тұр жалын.
Галстукті беріп

балама,
Қолыма қызыл туды алдым !
Осы біздің арамызда
«бай» да бар ,

Мұндай дәурен
бізден басқа қайда бар ?
Мен осылай толғаанамын , толғанам ,
Жалт қарайды

бұл сөзіме айналам .
Рас айтам ,
жалған айттым қайда мен ,
Қырық жылдай өз

ортаңда жайлап ем.
Қалай десең,
олай дей бер, ағайын.
Шені үлкенді

мен ешқашан бай демен.
Рас айтам,
Жалған айттым қайда мен,
Қай арада

мен шағындау ойлап ем?
Қалай десең
олай дей бер, ағайын,
Ақшасы көп

ағайынды бай демен.
Ғұмыр шіркін
озады да, тозады,
Талай кісі

біздей ішкен бозаны.
Ештеңе жоқ
құйын қалған, Жер қалған,
Бір осы

заң әлі өзгерген жоқ әлі.
Шіркін өмір
созылады сағыздай,
Мен де өтемін

сол өмірді уағыздай.
Арман үлкен
кісілерден үлкен жоқ,
Арманы үлкен кісілер

ғой нағыз бай.

ҚЫЗ – БОЗБАЛА ДАУЫСЫ

Өмір маған кісілік бер ... Ірілік,
Адамдардың көздерінен сыр ұғып.
Ұмтылатын
адам үшін аптыға,

Жүретұғын адам үшін жығылып,
Өмір,
маған кісілік бер ... Ірілік!
Және жүрер жараса,

Кір шалмайтын көңілін.
Шын сүйетін
балаша
Дос сыйлай гөр,

өмірім.
Өмір,
мені адастырма, арбама,
Болсын жолдасарман ғана,

арман ғана.
Қырға айда, ойға айда,
ойна Сен.
Боп қалайын

туған елге мен — бала,
Өмір,
мені адастырма, арбама.
Және жүрер жараса,

Кір шалмайтын көңілін,
Шын сүйетін
балаша
Аға сыйлай гөр,өмірім.

Өмір, мені
ұшырастыр жақсыға,
Аман болсақ,
көңілімде жоқ сұрақ.

Әзәзілді танымайын,
білмейін,
Мен ешкімге қол жаймайын
бақ сұрап.

Өмір, мені ұшырастыр жақсыға.
Артта қалды сан айым,
Келе жатыр
өсіп жас.

Тағдырыма барайын,
Үлкен өмір, есік аш?!

ІНІМЕ

Махаббатың оянды ма,
сақтай гөр,
Сен жоғалтпа, Жоғалтпа Сен, баптай гөр.
Бала кезде

Жақсы көре білмесек,
Үлкейгенде
бола аламыз кімге сеп?!
(Есеппен

жақсы көру бар дейді
Керегі жоқ, керегі жоқ бізге есеп).
Аппақ гүлдей
сақтап өсір сезімді,

Сақтап өсір, жақтап өсір өзіңді.
Өзгелерді өзімсіну мен
аяудан , -
Болашағымыз

көрсін бала бала кезіңді.
Дос бола бір, достаса біл,
қорғай біл,
Жақсыларға суық қабақ

болмай жүр.
Көктем ! – дейді бозбаланы ...
жақсы аға
Олар сеннен

ауа күтер сондай бір.
Олар - жетім
болашақсыз, Сендерсіз,
Азаматсыз, халығынсыз, Елдерсіз!

Ғашық бола білсең
солай қуанар,
Сүйе білсең
тілек қосар, құп алар!

Сән махаббат
талай толғау толғайды – ау.
Баласынып қарағанмен ,
махаббат

Бала кезде оянбаса ма,
сақтай гөр,
Сен жоғалтпа,
Жоғалтпа Сен, баптай гөр,

Бала кезде жақсы көре білмесек,
Үлкейгенде бола аламыз
кімге сеп?!

Ақынның асаулығын түсінеді
Әр халықтық биік ой кісілері.
Ақынның асаулығын түсінеді
Әр халықтың ақ ниет кісілері.

Түсінбейтіндер кездессе... ол реніш,
Ондайлар тындырады көбірек «іс».
Олар үшін тентекпіз, амал нешік,
Бір түйір көз жасы боп төгілеміз.

Халықты олар үшін қия алмаймыз,
Елге сыйып, оларға сыя алмаймыз.
Асаулық сол: ұрандаймыз
шындық үшін,

Асаулық сол: жақсы күн қиялдаймыз.
Тиме ақынға. Сәл тисең, тулайды ақын,
Ешқашан арзан бақыт қумайды ақын.
Батыр болып өледі, өлер болса,

Ешқашан қорқақ болып тумайды ақын.

Сүймесе ақын
ешкім зорлап сүйгізбейді,
Күймесе ақын
ешкім зорлап күйгізбейді.

Ақындар
асау болған болады асау,
Ақынға ешкім ноқта кигізбейді.

Ақын деген жақсылық жұқтырады,
Ақын деген әділетсізді ықтырады.
Ақьш деген халықтың қолғанаты,—
Тек халқының алдында тік тұрады.

Халық — дана,
халық дегеп анық дана,
Данаға иілеміз болып бала. 134
Қуыршақты туады кейде

уақыт,
Ақындарды туатын халық қана.

Ақынның асаулығын түнінеді,
Әр хатықтың биік ойы кісілері.
Ақынның асаулығын түсінеді,
Әр халықтың ақ ниет кісілері.

АМЕРИКА ЖАЗУШЫСЫ УИЛЬЯМ ФОЛКНЕРДІҢ ҰЛЫНА ХАТЫ

(1942 жыл, сентябрь)
Қадірлі ұлым, ғұмырда мынау
тым қысқа,
Қырқыншы жылға

кірдік – ау деген бір тұста.
Менде де ешбір қалмай – ақ
тұр еп – айла,
Тап болып тұрмыз

дүние жүзілік соғысқа!
Барғым – ақ келді.
Ызасы маған өтіп тұр,
Бара алмай тұрмын.

Осының өзі жетіп тұр.
Бар болғаны: қарияң болам батагөй,
Жасы құрғырың
мөлшерден асып кетіп тұр!

Сен аттан, балам!
Дейсің бе маған: - Жеңбек кім?
Жауабым даяр.
Жаңғырта айтам жер – көкті.

Тілегі болар деп ойла Сен халықтың,
Тілегі болар деп ойлама Сен жендеттің!
Адамзат көкті, Сен кектісің,
мен кекті,

Қызыл өртке қаншама қызыл ел кетті.
Соңғы соғыс болуы керек
бұл соғыс,
Дәл осылай етуге Адам

міндетті!
Жассын, ғой Сен
Өн бойыңда бар айбын
Сызға түне! Құзда да жат талай күн.

Адамзат үшін соғысқа барар
Өзіңе,
Қызыға да, қызғана да қараймын.
Мақтанышқа

көкірегімді толтырдың,
Бекерге болып,
бекерге өтпес бұл қырғын
Қырғыннан соң

қызық өзгеріс болады,
Болады деп,
болады деп мен түрмын!
Егер де егер...

Бекер боп шықса ол әлі,
Менің де құйттай
жүрегіме қайғы толады.
Қан майданда қалған ұлан,

ер ұлан,
Боска қалған, босқа қалған болады!
Жасыма Сен!
Азамат босқа жоғалмас,

Есімізде жүрер, егіліп тұрар ақ алмас.
Соғыстан соң
ала алмасақ та біз бақыт,
Осынау жерде,

қайта соғыс бола алмас.
Қадірлі ұлым!
Өрт ішіне Сен де кір,
Сезінсін өзін

осыдан соң Жер жеңіл!
Әділет үшін өседі ғой Адам да,
Әділет үшін
жазылады ғой елге жыр.

ДЕРЖАВИННІҢ ЖАНЖАЛЫ

Көк жапырақ
Россия бір емен,
Көктем еді.
Дүние көк. Түлеген.

Лицейде әдебиеттен емтихан –
Александр Пушкин оқып тұр өлең.

Кеудесінде жанартау боп кекжалын,
Кейде тарих, кейде бұрқап болжау үн.
Мөлдір өлең оқып тұрды
жас ақын,

Тек мөлиіп құлап тосты Державин.

Ақындарды сүйеді ақын досынша,
Ақынға ақын бас  ұрады, бас ұрса.
Олар ғажап. Оларға сәл ұқсайды, -
Жастық пенен көктем ғана қосылса!

Емтиханда отыр талай зиялы,
Бірі ұйықтап,
бірі есін жияды.
Қарт ақында

дән риза етеді, -
Жас ақында ауыздықсыз қиялы.
Қуанды қарт:
Таңды сезді ататын.

Өзі күн еді.
Шақ еді күн бататын...
Өткен жорық еске түсіп кей – кейде,
Ұлы ақын от басында жататын.

Хан уайымы: ең әуелі тағы ғой,
Хәкім ойы: ең әуелі бағы ғой.
Беделдігі белі сынғанша иілед,
Жинайтындары

ұсақ – түйек абырой.
Неше алуан ұлы хакім мұнда жүр,
Неше алуан ұсақ хакім мұнда жүр.
Өзі керек болмаса да ақынның,

Сөзі керек болған
шағы еді бұл!
Кеудесінде жанартау боп кек – жалын,
Кейде тарих, кейде

бұрқап болжау үн.
¥лы сөздер айтып шықты жас ақын,
Басын иді тұрып
ұлы Державин.

Сан кісінің
тамырында от қашты,
Сан кісінің
екі беті от шашты.

Салтанаттың дастарқаныңда
өзара,
Александр Сергеевичті мақтасты.
Айтты олар

прозашы хақында:
"Прозашы көкке шығад жақында!
Әттең, әттең, салқындаса жас ақын
Әттең, эттең, келер болса ақылға?!"

Былай деді қарт Державин булыға:
"Ақын болсын! Тимеңіздер ақьнға!"
Оқалының
ойқастады жел жағын,

Ойкастады қорғау үшін ел бағын.
Ылғи жуан Россиялы қорғамай,
Россияны қорғап отыр Державин!
Тарих айтты:

ұмыт болды латын,
Тарих айтты:
жогалтты сан Ел атын,
Мың тоғышар

қоргай алмайды халықты,
Тарих айтты: қорғай алад бір Ақын.

ЦИЦЕРОНДЫ ОҚЫҒАНДА

Шешен болу жақсы ғой,
шешен бола алдық па?
Кесем болу жақсы ғой,
көсем бола алдық па?

Әкім болу жақсы ғой,
өкім бола алдық па,
Ақын болу жақсы гой, ақын бола алдық па?!
Ғұмыр – бұлақ сарқырап

ағып – өтіп барады,
Бөлей алмай
өлеңге шетсіз – шексіз даланы.
Уа, тағдыр, бермедің

Цицеронның, бақытын ,
Керек маған, ендеше,
Цицеронның, азабы!
Тағдыр маған жекіді:

-Басқа сенде жоқ па арман,
Бола алмай ма саған бақ,
басқаларға бақ болған ?!
Цицеронға қызықпа, дүниеге кеш

келіп,
Жол үстінде Римнің
түнегіне тап болған
«Тәубә!» – дедім сол сәтте

(Рас, рас , еріксіз)
Цицеронның азабы,
азабы да бақыт қой,
Цицеронноң азабы –

Елін іздеу делік біз,
Цицеронның азабы –
өзін іздеу делік біз!
Ербең – ербең жүгіріп

көрінгенмен қарамыз,
Өзімізі таптық па,
неге ойланбай барамыз?
Өзімізді тапсаң біз

Адам болып табамыз,
Өзімізді тапсақ біз
Ақын болып табамыз ...

ДИОГЕН ШАМЫ

Доспен әңгіме
Қонып жатыр шамыңызға күз міне,
Ой жидыңыз, жиған жоқсың
Сіз дүние.

Әр ғасырдың өз мінезі болады,
Диогенді түсінбеген
Түсінбейді бізді де
Ұлы грек аспанында

ойымның,
Ұлы грек ортасында
тойымның
Ғасырына

соққұан екен Диоген,—
Ең ауырын, сң ауырын сойылдың!
Қанат жайып
кетед бір сәт ой кеңге,

Емірене қарап қалам
мен де елге.
О, замандас, ойы ащы Диоген,—
Туған елін сүйе алмаған

дей көрме.
Мына мен де сүйе алмаған
дей көрме.
Ай алмасып, уақыт-өзен жаңарып,

Жатса-дағы қайта атып таң анық.
«Адам іздеп жүрмін ғой деп
Диоген,
Шаңқан түсте жүреді екен шам алып.

Қарайды екен талайларға үңіле,
Қарайды екен талайларға түңіле.
Мен қарайімын
уақытқа — ағынға,

Диоген тұр ақыл-ойдың тағында!
Диоген боп мен де жүрем ойменен,
Азаматты аңсаған бір шағымда.
Қанат жайып

кенет бір сәт ой кеңге,
Емірене қарап қалам меп де елге.
О, замандас, ойы ащы Диоген,
Туған елін сүйе алмаған дей көрме.

Мына меи де сүйе алмаган дей көрме...

Ж Е Т І Н Ш І   ДӘПТЕР

АРМИЯ СЕМЬЯСЫ

Есімде сол соғыс,Есімде сол бір күй,
Кешегі соғыстан,соғыстан шыққан үй.

...Еңбекқор семья,бейнетқор семья,
Болдың ғой біздерге,біздерге Сен ұя.
Нанымыз Сен едің,әніміз Сен едің.
Өмірім Сен болдың,Сен болдың өлеңім!

Қараша үй,қара су.Бір бұзау,бір сиыр,
Үш  қасық,қос көрпе.Бір күрке! (Бір үйір).

Көңіл де жамаулы,көйлек те жамаулы,
Алаулы дүние,көзіміз алаулы!

Бір-бірдей көреді,көреді Ел күнді,
Адамның барлығы,барлығы мейірімді!

Шала да үлейді,бала да...күнде осы,
Үлкен ғып жіберді мейірімнің үлкені.

Есімде сол соғыс,Есімде сол бір күй,
Ксімде соғыстан,соғыстан шыққан үй.
Топ болып кеткендер
бір-бірлеп оралды,

Талайлар оралмас,оралмас боп алды.

Жесірлер көбейді,жетімдер топталдық,
Бүкіл ел «Армия
семьясы» боп қалдық.
Сөйледі ауылдың қара мұрт ағасы:

«Мыналар Отанның өзінің баласы».
Алтыншы ауылдың біз бір топ кетігі.
Боп алдық Отанның,Отанның жетімі.

Айттық Біз:тиіп көр,кәнекей байқағын,
Мен сені тек қана Отанға айтамын!

Осылай сөйледік есіміз кіргенше,
Біз солай сөйлейміз,сөйлейміз өлгенше!

Фашистке жүктедік біз барлық обалды,
Отанның жесірі,жетімі боп алдық.
Жоқшылық көрдік пе? Әрине,көрдік Біз,
Ұйқыны бөлдік пе?Әрине,бөлдік Біз.

Қуаныш қадірін білдікпе?
Білдік Біз!
Кішкентай білекті  түрдік пе ?
Түрдік Біз!

Кеудемнің түбінде кетік тіс күлді өлең,
Нән танау ұл болдым Отаншыл тілменен.

Әділет сөйледім елге де,ерге Мен,
Отаншыл апайтөс,отаншыл кеудемен.

Кезіксе жетім қарт,жетімек,өзімдей балақан,
Маңдайдан сипады Отаншыл алақан.

Болған жоқ жке ән,болған жоқ жеке сән,
«Кісі бол» деп тұрды,деп тұрды әке-Отан!

Сарықтай серейдімшыншылдың өзі боп,
Отанда көз болса,соның бір көзі боп!

Інішек,сабыр ет.Сабыр ет,тоқтаңыз,
Осылай шыққанбыз,осынддай шақтан Біз.
Танып қой біздерді,танып қой Сен мені,
Біз үшін сол бір хал «Гогольдің шинелі!»,

Кеудеңе тек қана ақ сезім ұялат,
Ақтықтан ауытқу – Отанға қиянат.

Кеудеңе тек қана ақ сезім ұялат,
Дарынды қолдамау-Отанға қиянат.

Кеудеңе тек қана ақ сезім ұялат,
Адамды аямау- Отанға қиянат-

Жақсыға сүйенбеу,қуанбау,бал бала-ау,
Отанды қорғамау,халықты қолдамау!

Білесіз,інішек,көрді ғой халқымыз,
Ел қорғап өлді әке.Ел қорғау салтымыз!

Ел қорғау.Ел қорғау.Ел қорғау сол болад-
Шынды айтсақ,шынды айтсақ  туған ел қорғалад!

Әділет болмаса
(осылай толға тек)
Біздерде болмас ек,осы күн болмас ед.
Ендеше,басқаша болуым,

болуым мүмкін бе,
Кеше де,ертең де,
ертең де,бұл күнде!
Ұқсауға біздерге керексіз:ғарасат,

Ұқсауға біздерге керегі:парасат.

Есімде сол соғыс.Есімде сол бір күй,
Кешегі соңыстан,соғыстан шыққан үй.

ЕЛУ АЛТЫ СОМ

Тағдыр деген тозбас-азбас бұйым бұл,
Есімде әлі, әлі есімде қиын жыл.
Елу алты сом алатынбыз біздер де,
Бүгінгіше: бес сом алпыс тиын бір.

Қозғамасақ тозаң қонған көнені.
Тану қиын біздегі үлкен денені.
Мені өсірген сол азғантай сарқұлақ,
Бұл да болса үкіметтің көмегі

Шай да аламыз,
Киінеміз бөз көйлек,
Тығады әжем сарқұлақты көңгейлеп!
Қарайсыз ба

«бес сом ғой» деп бұл қазір,
Қарайсыз ба
«қажеті жоқ сөз ғой!» деп.

Әкем өлді,
Болашаққа құрбан боп,
Келді сол шақ. Бақыт — дәурен
Құрған көп.

Қазіргінің бір ақыны боп жүре,
Мен өткенге
кетейін деп тұрғам жоқ.

Әлі есімде: жетімді
ел бакқаны,
«Жетімек» деп арқамызға
қаққаны.

Бір қолдаушы керек дәуір туғанда,
Жетімдігім еш қолдаушы таппады!
Сөз емес қой «жетім» деген аманат,
Көп болса ол

саған да ат, маған ат!
Өткен күннің салдырлатып тиынын,
Мен халықтан сұрап жүрем қанағат.

МАЙДАНШЫЛАР

Өлген солдат балалары,
Қаладағы,даладағы,
Майданшылар,
Сендерді көрген шақта

Өз әкесін
Көргендей болады әлі.

Бақ даулаған адамға дүниеден,
Мен-өлген солдат баласымын.
Шаңырақты құлатпай түрегелген,
Жалғызымын,көзінің қарасымын.

Ей,майданшылар,
Ей,майданшылар,
Сендер болмасаңдар,
Құрдастарым,

әкесін қайдан сұрар?!
Олар көрер елімнің даңқынан да,
Өзім өлең етермін шалқығанда...
Көзкөргендей,

Өздеріңдей,қайдан болсын,ағатай,
Жүретін сылтып басып әр күн алда
Бақ болым даламызға
Жүре бер арамызда.

Ата боп баламызға,
Жаса,жаса, майданшы!

Жазылды түскен жара,көңілден дерт,
Біз де жүрміз сан беріп өмірге серт.
Шындықты өз атымен ылғи атап,
Көңілденеміз,біз егер көңілденсек!

Өзге көзқарасымыз,
Солдаттың өз баласымыз,
Әкесізбіз,ел баласымыз,
Мына біздер,ағатай!

Отыз бес жыл өтіпті толқындана,
Жазира боп жатыр ғой бұл күн дала
Бейбітшіліктің бетінен сүйгендей боп,
Сүйемін салбыраған мұртыңды,Аға!

Айналдым мұртыңнан,
Әр талында жыр тұнған,
Әр талында нұр тұнған,
Жаса,жаса,майданшы!

ҚОШТАСУ

Әжем жатыр,тоқсан жатыр, «біттім»-деп,
Тіршіліктің соңғы суын жұттым деп.
Көре алмаймын көшкенін де бұлттың деп,
Ағылуын көре алмаймын жұрттың деп.

Күндерімді санай-санай құрттым деп...
Әжем жатыр,тоқсан жатыр, «біттім»-деп.

Қоштасқысы келмей жатыр өмірмен,
Соңғы рет босап қимас көңілмен.
Баяғыда өз үйінен ажырап,
Аттанғанда өмірден бір түңілген!

Дүниенің отауынан мәңгі енді
Жөнелтердей болып тұрмын бүгін Мен.

Босама, әже,бекін түк те жасыма.
Не өкпе бар тоқсан деген жасыңа,
Өлгісі кеп өледі екен қай пенде,
Кетіп тұрған жоқсыз онша асыға.

Кеткен жоқ па ед талай-талай асыл да,
Қурады ғой жаз айында жасыл да,
Босама,әже,бекін,түк те жасыма,

Қайта кетті өлмесе егер бай,балаң,
Мен көргенде осындай мед айналаың?
Қатарларың қайда кетті,әжеке?
Жаңа дүние келіп жатыр жайнаған.

Ой түгелдей бола қоя ма  ойлаған,
Таусыла ма өмір тойы тойлаған?
Қызыққа ешкім,қызыққа ешкім тоймаған.
Сабыр,әже,бетімнен сүй,кел,менің,

Мен сүйейін,Сенің арқаң өңгенім.
Кешір,әже,өтей алмай қап тұрмын
Маңдайымнан сипаған қол еңбегін.
Мен едімғой ең соңғы рет сенгенің,

Бетіңе мен жел болып та келмедім.
Саған бердім өмірдің мен бергенін,
Мен қайтейін,бұдан артық көрмедің,
Сабыр,әже,бетімнен сүй,кел,менің...

ӨЗ ЖҮРЕГІМНІҢ ӨЗІМЕ АЙТҚАН СӨЗІ

Айта аласың ба,сөзімді айта аласың ба?
Айта алмай кері қайтарасың ба?
Қорқасың ба, халығыңның ортасына,
Белсеніп шыға аласың ба ой таласына?

Неге мені кеудеге жасырасың,
Айтар сөздің ажарын қашырасың?
Көкірегіңе тұтқындай қамағанша,
Шығар мені,шуағың шашырасын.

Ағытайын бұрқаған қанды күрең,
Елестетейін қып-қызыл  таңды кілең,
Ең болмаса,сол сәтте ойнақтайын,
Жығылайын тұлпардың тағдырымен.

Қып-қызыл қаныменен жаза алмаған,
Бой тасалап жүретін ажалдардан
Кісі ақын болмайды,бола алмайды,
Пенде болады тек қана мазамды алған!

Мен-аманмын түк кінә қойма маған,
Жүре бергем,дегем жоқ,қайда барам?!
Жабы сүйреп келем бе,тұлпарды ма,
Ренжіме,жігітім,ойға қалам...

АНА СҮТІ

Жып-жылы бұлақ,
Ағатын құлап.
Ағатын құлап,
Сұрадым жылап...

Ойланып тұрмын,ойға алып тұрмын тап бүгін,
Со бұлақтай көрмедім бұлақ ақтығын.
Бар болғаны қырық күн ішкен бұағым,-
Бар болғаны алаңсыз қырық шаттығым.

Содан кейін ешкінің сүтін,сиырдың сүтін  сіміргем,
Түйенің сүтін,жылғының сүтін... Өмірдің сүтін кім  білген?!
Қарға адым жерге қанатымды керіп барғанда,-
Қара су көргем... қанағат еткем қарын тойғанға мен бірден.

Қалқиып өстім,қарайып жүрдім,шелдендім,
Қызым етім құрып сөйлейтін болдым,желдендім.

Мен басқаша бола алмаймын,қара жер,-
Тұңғыш рет анамның сүтін,адамның сүтін емгенмін.

Тұрмыстың сүті қатарға қоссын,жел берсін,
Тал шыбық жігіт намысын сүйреп елге ерсін.
Құйттай қиянат жасай алмаймын ешкімге,-
Тұңғыш рет аңқылдап аққан адамның сүтін емгесін,

Қайран Ана,күліп-жылап емізген,
Күтті екен,күтті екен не бізден:
Құйттай кеудесін жырып берген ақ сүтін,
Іштік қой деп жүр ме екенбіз теңізден...

О ,досым-ау,тірлігіңді сенің көп көрмен,
Сөйлеп жүрмін отызымда.
Көп іс өткерген.
Басқа сүтпен адам бола алар ма едік біз,

Ана сүтін «адам болсын» деп берген.
Жып-жылы бұлақ,
Ағатын құлап.
Ағатын құлап,

Сұрадым жылап..

АНАМНЫҢ ӘНІ

Менің анам ән айта алмайтұғын,
Жұрт білмейтін неге ән салмайтынын?!
Үлкен – кіші,әйтеуір білуші еді,-
Ән айтылса...  ол бармай қалатынын.

Жарықтығым  жақсы әнді бағалайтын,
Әнші келсе,мені ертіп жағалайтын.
Күйші келсе,домбыра үні шықса,-
«Жүр!» дейтін. Шаршағаныңа қарамайтын.

Бәрі осы,жас кеудеме көшеді бұл,
Көшеді де,болар-болмас еседі жыр!
«Сенен қайран болмаса» деп жүретін,-
Менің анам даусы жоқ кісі еді бір.

Анам даусы ән үшін жаралмаған,
Мен ғана үніне оның алаңдаған.
Әкемді ел естіріп,шулағанда,-
Боздай алмай,жоқтауды арамдаған.

Тәңір – ау,өткен қапа тараса ма,
Іс тіксе,ыңылдаған жараса ма?
«Өлер болсам,неге тудым о баста» деп,
Ыңылдап жас төгетін оңашада.

Ана жоқ... көңілде алаң басылмай жүр.
Бұлт қонған жетім қабақ ашылмай жүр.
...Ән айтатын даусы жоқ анам менің,
Япыр – ай,ән салатын осындай бір...

ӘЖЕМЕ ЕСКЕРТКІШ

Селбайқызы Талшынға

Бір соғысқа,иә,төтеп берген бұл,
Айнымады еңіреген ерден бір!
Біреу емес,екі-үш соғыс көрседе,-
Жұла алмады талай-талай жерден жыл!

Ұзын –ұзын қанаты жауып жер-көкті,
Жыл артынан қиқу салып жыл жетті.
Өмір ғой:шеше,амалың бар ма сау бол деп
Қара қағаз жетті..келіні байғұс ол кетті.

Үнсіз қалды. Таусылып айтар өлеңі,
Түсі де күлдей. Күл болып әжем сөнеді,
Ерінін тістеп,бетін сызып тұратын,
Тағы бір жойқын,тағы бір соғыс сол еді.

Ойым теңіз,ой тулайды. Мазам жоқ,
Әжем жоқ,міне осы бір сәтте азам көп.

Ап кетті кеше тоқсанға аяқ басқанда,-
Ең соңғы жойқын,ең соңғы соғыс-ажал кеп.
Не өнеді
дүние салсақ дау,

Қош,қош,әже,қоныс таптың алшақтау,
Бір тоқсанға шаршамайтын кісіні
Мынау тағдыр соғыс беріп шаршатты – ау...

Абыржып жүр анам неге түсімде,
Сол баяғы жалғыз бала үшін бе?
«Халім жаман емес қой» деп жүр едім,
Талай көрдім абыржыған пішінде...

«Мені біреу ренжітті» деп кім айтқан,
Жуық арада кім кетіп еді бұ жақтан
Күштілерді бірден,сірә,мақтай ма,
Ащы сөзді айтқанды кім ұнатқан?!

Өзіме көп ұнамаса да,тірлігім,
Қайсысынан кем едім-ай құрбының?!
Талайлардан бойым ұзын болса да,
Ең соңында жүрмін бе,әлде,шын бүгін?!

Шыншылдарға әлде біреу өш екен,
Өмір оңай деген сөздер бос екен.
Бірақ,бәрі бірте-бірте болады,
Соны айтып,уайымдатқаны несі екен?!

Мені көкке көтеретін күн келер,
Мен дегеніңіз – заманаға сенген Ер!
Ренжіт-ақ. Ренішімді анама
Жеткізбеңдер ,жеткізбеңдер,пенделер...

ЖЕТІНШІ НОЯБРЬ

Ноябрьдің жетісінде ту қаптап,
Бәріміз де қызыл Тумен бңрге аттап,
Кең көшеде теңіз болып өтеміз,
Бізбен бірге жақсы күнді жыр мақтап.

Шексіз шеру. Толасы жоқ. Әрі ұзын,
Сары алтындай сар жапырақ сар күзім.
Біз дәлелдеп тағы да өтіп барамыз –
Әлеуметтік революция маңызын.

Ай туғанда айта-айта шаттандық,
Таңнан тұра бұл шеруге аттандық.

Күн асытында күлім қағып тағы өттік ,
Туған елдің тәуелсіздігін мақтан ғып.
Сәбиіміз таңмен бірге оянған ,
Бір кішкентай қызыл жалау ол да аланған.

Әрбір қолда желбірейді Қызыл Ту,
Жүрегіміздің бояуына боянған,
Тағы да өттік.Тағы да боп мол ағын,
Тағы өттік қуанышын ап даланың.

Шын мадақтап халықтардың достығын,
Жұмысшы мен шаруаның Одағын!
Дәл осылай қуанышымызды өлшетіп,
Дәл осылай күй шанағын ел шертіп:

Бақытымыздың туған күнін тойлаймыз,
Бар әлемге бақытымызды көрсетіп.  Туған ел

ТУҒАН ЕЛ

Ауам да сен , дауамда сен ,
туған ел
Туған елге ұл болам деп бұған бел.
Жігіт үшін байтақ елдің бәрі бір,

Деген сөзді мен еткем жоқ әлі жыр,

Талай елмен ортақ десе тағдырың,
Білем – деймін. Ұғам – деймін , барлығын!
Туған жердің басын қана төсің пық,-
Ақын деген

гүл шашатын өсімдік .

Бек ұнатып Париждегі жыршылар,-
Бразилиядан әкеліпті бір шынар.
Қондырыпты ботаника бағына,
Еш күндіксіз оның болашағына!

Париж ғой ол! Париж
кемдік етер ме.
Маяковский
мақтамаған ғой бекерге!

Күтушілер күте берген жан салып,
Шынар тұрған атқан таңды қарсы алып.
Не бір жыршы, не бір терең ойлы адам,
Париждік боп кетті ғой деп ойлаған!

Сол сол екен,
көктей бере, қураған.
Сол сол екен,
көктей бере,құлаған.

«Бұ қалай?» деп ғұламалар шулаған,
«Бұ қалай?» деп сан асау ой тулаған.

Қайта көктем келген шақта
Келесі,
Жинағандай болыпты ол сәл есін.
Сол сол екен көктей бере қураған

Сол сол екен
Көктей бер құлаған.
Біреу айтты:мұндай ауру көрмеген,
Біреу айтты шынар әлі өлмеген!

«Шынарға ауру тап болды – деп, мұнар күн».
Хат жазыпты Отанына шынардың .
Жаулап жеткен: талай шынар солды – деп.
Дәл екі жыл құрғақшылық болды- деп.

Бар өсімдік аңсай бере биікті.
Бар өсімдік аңсай бере... күйіпті.
«Үйренді!»- деп , «жерсінді» деп мақтаған,
Құттай шынар бір құпия сақталған.

Артық көріп гүл Париждің төсінен,
Туған елін
шығармаған есінен!

Бірге өткізген бала шағын, бал күнін,
Туған жерден бөле алмаған тағдырын.

Жайлы-ақ болсын, жақсы – ақ болсын , бұл өңір .
Өз елімен сүріпті ол бір өмір!
Бразилияда қуаншылықболғанда,
Шынар байғұс солған екен бұл маңда.

Не айта аласың осыдан соң маған жат,
Шынар екеш шынар ашау, адамзат .
Ауам да сен , дауам да сен туған ел,
Туған елге ұл болам деп бұғам бел!

Суретшіге

Өзіңді салдың сүгіретке,
Ханымыңды салдың , бір рет те, замандас,
Мені де садың, бір рет те,
Тұрдым күліп жалаң бас.

Абайды да салдың Сен,
Талайды да салдың Сен. Сенің өміршең бояуыңа
Таңырқап талай өалдым мен.
Тауып салдың күлкісін,

Құдіреті менен айбының,
Сөз сөйлер шағын жұрт үшін,
Ойсыз жүрер жай күнін...

Тауып салдың,
тауып салдың барлығын,
Дәл өзіндей сала алды кім, салды кім! ...
Өзің салған өзенменен бірге ағып,

Білем , білем кетіп талай қалды күн.

Жүрегі – ыстық , көзі – бояау, жарқыным,
Таусылса да бар қызуың , бар күнің.
Бір суретін салып берші, ағайын,
Қандас- жандас қалың қазақ халқының?!..

Қандай дерсің адымының кеңдігін,
Қандай дерсің қаһары мен ерлігін?
Мейірмін бетке қалай бояр ең,-
Халқымызды біліші ме ең сен бұрын?!

Аққу үні шығатұғын таңдаймын,
Сезімдерін жанға тәтті балдайын,
Қайтер едің
қалай ғана жасар ең,

Өзің сүйген халқымыздың маңдайын?

Салып жүрсің табиғи ғып әркімді,
Салтанат ғып бақыт күнді, бал күнді.
Тұтасынан құшақтайып, сүйейін,-
Бір қарайын, салып берші халқымды?!

Дастарқан жыры

Екі құлаш жерге жайған дастарқан ,
Күліп жатыр жайлауында ас- дарқан .
Оңашада шүңкілдесіп шәй ішем,
Қонақ келсе , қол қуысырып, бас тартам.

Дастарқанда түгел болсақ... тәуір шақ... ...
Домаласа қызғылт әсем бауырса...
Ақ дастарқан қарауытқанға
ұқсайды,-

Біреуіміз
сәл –пәл ғана ауырсақ.

Түгел болсақ, аламыз біз күлісіп,
Отырмаймыз үнсіз мүлгіп,бүрісіп.
Тар алқымға келген құпия сөз болса.
Күбірлейміз,естіртпеуге тырысып .

Қуанышымыз шашылады өрік боп.
Дастарқанның тал бойына көрік боп...
Аттанамыз өмір жасап келуге ,
Амандықтың құттай сыйын көріп боп.

Түрегелем елдің ішін мен аңсап,
Оқасы жоқ, өтсе бейнет
не жаңсақ...
Осы бақыт аз деп жүрген жоқпын мен,

Дастарқанның басына ылғи келе алсақ?!

Жылылық әні

Тауығым болды,
Балапан басты.
Балапан басты – дейміз ғой,
Жазбастан жатты отыз күн тұтас күндіз бой.

Отыз күн өтті, балапан өрді сар түбіт...
...Шиқылдап жүрді ауланың ішін толтырып.

Тұрған жоқ еді ештеңе кеше білініп,
Ақ уыз дейтін, ақ жұмыртқа дейтін мұны
жұрт.
Бар болғаны: қызуын берді жүректің,

Бар болғаны: барлығын берді тілектің.

Жылылық, шіркін, жылылық шіркін кетпей құр,
Бастады, әне бастады әне ,көктей бір!
Міне, ғибрат, Ешқашан болмас бұл ұмыт:
Жылылық керек, жылылық керек,жылылық!

Жабығасың неге, жігіт, жарықты,
Ой тұманын серпіп жібер, шарықта.
Жарқылдап- ақ жүретін күн бұл бір күн-
Қабағыңды түндік етпе, жабықша

Қайда, қайда қуанар айтар жаңа ойлар,

Арман қайда сабылдырар сан ойлар,
...Қанша қызық өзен болып күкіреп,
Өтіп жатыр.Шақ еді ғой абайлар!
Көңірсуге хақыңның да жоқтығын,

Айтып жүрген азаматпын көп бұрын.
Әрбір адам – өзі дәуір, өзі өмір,
Әр адамннан көрем дәуір шоқтығын.

Шаттанғанда, шалқығында бір өзін,
Ойлағанда, толғанғанда күн ұзын.
Көрсетесін өмір – сахнамызда,
Өз ұлтыңның ,  өз ұлтыңның мінезін.

Өс, бой жеткен, көз қуантып үлкей, ұл,
Керек , емес, шіңк-шіңк еткен шіркей- жыр.
Көңіліңді кіршіпеннен бұркеме,
Адам болғың келсе,

Болшы кең пейіл...

Аурухана шыққанда

Аяқ сынды. Апаттан аман қалдым,
Кеңсесіне кіруге замандардың ,
Адамгершілік  жүктерін арқаласып ,
Ортасында жүру үшін Адамдардың.

Сұлу көше халқалай, арма, тегі?
Бұдан артық рахат бар ма, тегі?
Өлеңімен айрылмай аман келем,
Апатта айтып

құлаған жолдас еді.

Ақайындар, табиғи ақ келіншек,
Сұлулық бар біз болсақ жоқ- бөлінсек
Айтсаңшы, сағынды ма мені дүние,
Мен бе тек әлем үшін бек көңілшек?!

Жуан түбір, қаптаған қарағайлар,
Қарғайлар түбіндінде жан ағайлар.
Көктемде көктем  болып отыр екен, -
Қатарыннан өтейін, мені абайлар!

Қанат байлап келемін жүрегіме,
Көшке ере алмай көп айлар жүдедімде.
Қос балдақпен дүрсілдеп ерсем бе екен,-
Бара жатқан сұлулар легіне.

Әсем қала, әсем нұр шашқанда күн,
Қосыла кезіп едік достар бағын.
Құрбыға тұңғыш рет наз айтқан жер,-
Елестетті өмірдің баспалдағын.

...Аяғыма қарайтын емеспін мен,
Маған адал бола гөр, қос балдағым?!

Ыразымын балалыққа, бал шыққа,
Күліп –ойнап, қалғаны рас, алшақта
Қалары рас,Бағланжан, ойнап қал,
Көтерсек те, көтере алмай қалсақта.

Көкжиектен таң атқанда ағарып,
Жаңа ойынға кірсе бер жаңарып.
Еркелей бер,бәрімізден кішісің,
Сенің ғана қолыңда бар балалық.

Торғайдай боптұрушы едім таң атпай,
Сол балалық
көтеретін қанаттай!
Күліп –ойнап қоштасқанмын көп жылмен.

Алға аттағам ештемемді жоғалтпай.

Шаңырағын ұстап құттай күркемнің,
Ортасында жүрмін байтақ өлкемнің,
Бір үйлі жан бәрі маған қарайды,-
Жас жағынан бәрінен де үлкенмін.

Үлкендіепен үлкен өзен кешкенге,
Үнсіз мәзбіз.Мәзбіз сендер өскенге.
Жүріп келе, жүріп келе жатырмын,
Еркелік жоқ,еркелеу жоқ еш менде.

Ойна, жаным,пығыма асыл да,
Іште дүбір толып тұрса,басылма.
Ерке дәурен ойынын мен бұзбайын,
Еркелеп қал, еркелеп қал жасыңда...

Ескі үй

Ескі үйім жоқ кешегі орнында,
Бір көрейін деп келгем соны мұнда.
Таппай тұрмын танысты жолығуға,
Тастамаған екенсің қорымын да.

Жалын болып тұрмын мен, жалын болып,
Сарын болып тұрмын мен,сарын болып
Ішімнен өрет түрегелген бір сезімді
Қойдыра алмайтын шығарсың бәрің болып,

Үйім қайда, бозбала шағым қайда,
Орыны жоқ,ұшқанба,сағымдай ма?
Ағып өткен бір асау ағындай ма,
Жас шағын менен өзгесағынбай ма?!

Мыржырайып тұрғанын көргенімде,
Бір күйге бөленуші ем өзге мүлде!
Есімі түсуші еді өргенім де,-
Бір өмір сөйлейтін ед елге күнде!

Қуаныш қой ескіні жаратқаның,
Мен де білем ел өсіп баратқанын...
Мен кеткелі сан талай таң атқанын,
Талай таң талай ғажап тартқаның!

Тез жетіп ем,алмастан жолда тыным,
Өтсін деп бір ғажайып сонда  түнім,
Ұстатпадыңдар –ау ағайын, қолға түгін?!
Білмедіңдер ме, шынымен, япыр –ай,

Әркім- ақ осындайда ауыртқанын...

Қар жауып тұр

Кешке ғана көктем келген,
Жапырықтар жалбыраған.
Сыбырласып өткенижелмен,
Жалбыраған, албыраған.

Ақ бұлақтар арқыраған,
Тойдағыдай  жүр еді Ел.
Күні көкте жарқыраған
Жасыл көйлек гүл еді Жер.

Құс қалықтап қайта келіп,
Өзен жаққа түнеді бір.
Жан сырымды айта беріп,-
Мен де жүрдім жүрегі – жыр.

Кең далада оянды да,
Тұра шапты тұлпар құлын...
..Жер – жиһанға аян мына,
Төпей жауып тұр қар бүгін

Амалым жоқ, келем,міне,
Шошып, ойлап, таңғалып құр.
Гүл оралған дүниеге
Қар жауып тұр, қар жауып тұр...

Достар алдында

Бір тілде сөйлеуаз маған,
Кісі деуге болар жазбаған.
Сөйлеуі керек барлық тілде де-
Жан – дүнием менің маздаған.

Жылдарға қарай жыл ағып,
Айтуым керек түп-түгел-
Келе жатқанымды қуанып.

Ту ғып аппақ арымды,
Сөйлетіпжүрек – жалынды .
Жер дейтұғын осы зор залда .
Ризаетуімкерекбәріңді

Лапылдап жүрген сезімге,
Сайма-сай кеп сөзім де,
Өлең етуім керек қой
Болашағымыздың өзін де.

Сөйлей беруім керек әлі де,
Ұзақжүруімдекерек,әрине.
Адамның досы болшы деп-
Айтуым керек бәріңе.

Бір тілде сөйлеу аз маған,
Кісі деуге болар жазбаған...
Сөйлеуі керек барлық тілде де-
Жан – дүнием менің маздаған.

БІЗДІҢ ҮЙГЕ БАРАТЫН ЖОЛ

Жол жоқ па, біраз таныс келмей кетті,
Сәлемін жоғалтады-ау, бермей кетті.
Баяғы тары ұшырған шақта керек …
Қырманға жоламаған желдей кетті.

Жол ашып жүр кей жігіт сермей көкті,
Неліктен болады екен көрмей кекті,
Тапты ма екен жолшыбай мендей көпті?!

Шүбәм жоқ, талайлармен таныс шығар,
Таныстарды өсіру жарыс шығар.
Әйткенменде, жоғалту намыс шығар,
Таныстарым көп еді-ау алысты ұғар?!

Жол қайда пәтеріме жетелейтін,
Жол ақысын жолаушы өтемейтін?!
Аңқылдаған талайлар төтелейтін,
Төтелейтін, болғанмен өте үрей түн.

Баяғы жол: баяғы тас төселген,
Баяғы келіншегім ас көтерген.
Баяғы… көбейген жоқ бас бөтенмен,
жаста төнген.

Ол да өтті.
Өлең болып жадырадым,-
Жадырадым кей-кейде дос хатымен.
Қатынас неге азайды даламенен,

Артық боп па сол елге бала менен?!
Кең далада теңселіп жүргендерді,
Қысылтып жолатпай ма қала деген.
Мен елге қайта-қайта бара берем,

Сағынып сарғайғанша санаменен!

Қыр көрем, бұлақ көрем, дала көрем,
Жүрген ізді іздеймін анаменен…

Маған отау қаладан біліп берген,
Шала қазақ — деп біреу күліп көрген.
Мен қашпайын тек сондай іліктерден!
Нағыз қазақ боп маған көрінер-ау

Дала болып үйіне кіріп келген...

ОН СЕГІЗ ЖЫРЫ

Он сегіз жас, үлберек, бозбала күн,
Сені қайта еске алар сөз қарадым.
Сөз емес-ау… сүттен ақ судан таза,
Сол бір шақ келетіндей қозғаламын.

Жиегіне қарайды көз даланың,
Белестегі не деген қозған ағын,
Қозғай ма бозаң дала боз балағын?!

… Сағынынпын, өн сегіз, бозбала күні
Қыр үстінен керердей мәз боламын…
Он сегізде ме едің, Сен, мұзбалағы м,
Сені қалай жек көрем, сез қарағым!

Он сегіз туып өскен үй көрінген,
(Сонда болу, әрине,
сый берілген!)
Сендерді бір ғажайып күйші десем,

Он сегіз- құдіретті күй дер ем мен

Ғажап жайлау! Ұмытпа біле білген,
Шын он сегіз жоқ менде, жүре білгем.
Денем отыз, он сегіз — жүрегіммен,
Шаттықты көбейтем деп күлемін Мен.

Алға, інім, он сегіздер ілегімен,
Сен емес пе тартатын күй елімнен!
Қартайсам да, дүние қартаймағай,
Сен маған айнымайсың дүние өңінен!

Ең үлкен тілегімдей айқайлаймын, -
Дүниенің жастығын сүйемін Мен!

Маған енді жоқ шығар қайта он сегіз,
Он сегіздер құятын
шайқал, теңіз!
Дүние жас, біз — кәрі болған сайын,

Уһілеп махаббатын айтар деңіз…

БӨБЕГІМ

Ақынға ор қазба, ор қазба,
Көмек ет ол қолын созғанда.
Қорқа гөр мұңдардың бұлтынан,
Мәз болма, ақының тозғанға.

Білдің бе, еліңнің өлеңін,
Елімнің ғұмыры ол, бөбегім.
Әрқашан ап-айқын айтылсын,
«Біз қазақ ежелден…» деген үн.

Бұ дәурен арман ед талайға,
Мен жеттім, сен жеттің, алайда.
Шалдарды-
кешегі жігітті,

Балақай, тілдеме, абайла.

Аламыз тірліктің жүлдесін,
Тер төгіп жүреміз күнде шын.
Бойыңнан тер шықпай әмірде,
Абайла, айнала күлмесін

Арамға көңілді құлыпта,
Көңілді көндір сен ырыққа.
Ойбай-ау, атымыз Адам ғой,
Қуануды жақсыға ұмытпа.

ТАҢҒЫ СӨЗ

Кел, ұшайық,
қанатымызды мол жайып,
Алтын сәуле алыстарды болжайық.
Арман деген сөз жүгірсін көкіректе -

Қарны тойса, қалғитын ұрпақ болмайық.

Қалғитын ұрпақ болмайық біз, бүгін Сен,
Жүгінейін әділдікке, жүгінсем
Пайдакүнем сілімтік ұрпақ болмайық,
Тоғышарға күйінуші ем, күйінсем.

Уа, достар, уақытымызды тыңдайық,
Қайда қиын, қиын қайда, зырлайық.
Төзбеп пе едік қызыл шақа шақта да
Біздер үшін, нарлар үшін жүк лайық.

Ұйтқуына құламаймыз желдің Біз,
Білек тостық өзіне де селдің Біз!
Біз бәрібір бәрі тынды — демейміз,
Келе жатқан ұзын-шүбақ елміз Біз!

Болған сайын талай-талай жыл ғайып,
Сөйлеуші едім ұлғайып.қуанышым
Таң алдында тағы отырмын ойланып,
Ойы қораш арзан ұрпақ болмайық.

Күнкөріс қамы жоқ есте,
Адал, таза жас шағым.
Сол бір аппаң елеске,
Кей-кейде көңіл бастады.

Бара ма билеп күнкөріе,
Қай кезде бұған жолықтым.
Болатын еміс бір кеміс,
Өзімнен-өзім қорықтым.

Тәуелді болып жалтақтап,
Біреуге неге қарадым?!
Келемін неге сан тоқтап,
Сан тоқтап неге қаламын?!

Көңілін аулап талайдың,
Жақсы көрінсем дедім бе?
Жек көрсе сол бір ағайын —
Жек көрсете ме Еліме?

Тусаң да албырт көңілмен,
Бесіктен шыға жар сала.
Емессің күшті өмірден,
Деп жүргендер қаншама?

Жоқ! Ешкімге нілмен
Рухым биік! Тидеме.
Иілем аппақ күйімде-
Мемлекеттік қана мүддеге.

ЖАҢА КІТАП ТУРАЛЫ ЖЫР

Жаңа кітап күтесің менен,
Күтесін, халқым, берем мен!
Шықпас үшін ел есінен,
Ғұрмыр сүрем өлеңмен.

Кітап жазу жанға батты,
Жан шыдатпас ерек іс.
Несін айтам, дәмін таттым,
Әр сөзбенен ерегіс!

Сөз - сүгірет қарай-қарай,
Соқты мені сендей жыр.
Тек жүруге, япырым-ай,
Жүрек рұхсат бермей жүр!

Ұйқым да аз ала таңға,
Көр əріпті, əр ізді!
Ақ қағаздың беті сонда,
Жыртылған жер тәрізді…

Адамзаттың досымын деп,
Бала жастан бөлдім ой.
Өзіме де осы керек,
Ақын болмақ едім ғой!

Тағы түсем шимайға бұл,
Амалсыз іс бұл, демек!
Көңілдендір, қина, тағдыр,
Тыныш елге жыр керек.

Сыршылсың деп сөкпе, мені,
Бақытты Елім, сәнді Елім.
Қуанышымды, ренішімді,
Түк қалдырмай, ал менің!

Тоғышарға «тоқта» деймін,
Аларады ол маған.
Сондай, сондай шақта мені,-
Жақсы-ау суыт қолдаған.

Журе алмадым сұрап сауға,
Қиындықты кесе өткем.
Жақсылықты мадақтауға,-
Суырылам төсектен.

Болашаққа айта берем,
Жаңарады ел ескі!
Көзді жұмып, мақтай бермен, -
Мен саудагер емеспін.

Қуанатын шағым да көп,
Мақтанамын сан жайға,
Баладай боп бабы кеп,-
Бір жасаймын сондайда.

Әділеттің жолдасымыз,
Одан өзге жақын жоқ.
Ақын болып туғасын біз,
Өлеміз ғой ақын боп.

Жыр шомылар дәйім шыңға,
Өшіре алмас отын сұм.
Кітап дайын. Дайынсың ба,
Дайынсың ба, оқушым?!

С Е Г І З І Н Ш І Д Ә П Т Е Р

ҚЫЗЫЛ СЕНБІ

Поэма

Жол шегіппін, жол шегіппін талай көш,
Арқаламай, арқаламай нар жүгін.
Жексенбі емес, жұма емес,
Сенбі жәйлі бар жырым.

Дауыс алдым уақыттың сазынан
Болмас мұны көз үйренген жыр деу бір.
Кеудеме менің жазылған,
Қып-қызыл нарттай үндеу бұл!

Үндеу боп жыр кез еді байтақ ел ішін,
Қырық бір әріп миллион рет оянып!
… Апрельдің ғажап Сенбісін,
Кызыл бояуменен боялық.

Қырда да, ойда, отарларда да бұл үшін,
Қанатын кең жаюы қажет тулардың.
Себебі, бүгін Бірінші
Жұмысшы кісі туған күн!

Ақын болып, өндірген мен ішкі сыр,
Біздерді де жұмысшы деуге болады.
Себебі, СССР-
Жұмысшы — шаруа Одағы,

Ильич елге арқа сүйер тау еді,
Жұмысшы еді ... отыр нұрға бөленіп.
Жат еді, оған жат еді,
Жершілдік, паңдық, төрелік,

Қарауытып қаншама іе тұрды, алда,
Тек Бірінші жұмысшыға ентелеп.
Жұбанғанмен, сөз бар ма,
Айырылдық ертерек.

Жұмысшының туған күнін, ендеше,
Атау үшін, атау үшін дұрыс, кең.
Дұрыс айтты Ол кеше,
Атау керек жұмыспен!

Жүре алмаймыз көк атты дай көлденең,
Шалқасынан жату елде Бар бүгін.
Рахат бұрын көрмеген,
Баласымыз шаруаның!

Елдің қолы тарихты жазатын,
Ой салайық, ойламаса Ел бұрын.
Сенбілік деп өзгертейік өз атын,
Мәңгілікке, апрельдегі Сенбінің!

Уақыт көшер, заманалар адамдар,
Сілкіп тастап ғасырлардың тасасын,
Жұмыс! - дейтін арындап,
Жұмысшымыз жасасын!

Ұрпақ айтсын, ұрпақ айтсын ән қылып,
Аясында алқызыл алау тулардың.
Еңбек тойы болатын болсын мәңгілік,
Ең Бірінші жүмысшы Кісі туған күн!

Дауыс алдым уақыттың сазынан,
Болмас мұны көз үйренген жыр деу бір.
Кеудеме менің жазылған,
Қып-қызыл нарттай үндеу бұл.

Қызыл қанат таң келеді әне бір
Түн ішінде ай көтеріп тік тұрмын.
Кеудемдегі алау жыр
Ел алдына шық бұл күн.

Елден бұрын ойлануға тиіспін,
Қылша мойын елім үшін үзілед.
Сондықтан да, сүйіктім,
Оңай емес біздің қызмет.

Түндігін Түн сәл серніп кеп түргенде,
Көрінді, әне, атқан аң таң жақсы ұйып,
Бейне ұзақ күлгендей
Негр досым ақсиып.

Әке, әне, бала самал албырап,
Жүгіреді, жүгіреді алыстан.
Қою шашы жалбырап
Жатыр Қазақстан.

Еңбек тойы болар осы Айды клип,
Аңсап еді көңіліміз жас, дархан.
Таң - келіншек жайды кеп
Аппақ шуақ-дастарқан.

Мен жырымды күбірлей мін ақырын,
Күбірлеймін көгерсе деп көсеге.
Күн шықты мені шақырып
Ұзын аспай - көшеге.

Адам —- теңіз шұбыра аққан ілгері,
Жеңдерінен тартқылайды жел күліп,
О, замандас, жүр бері,
Басталады сенбілік.

Әрбір минут келе жатыр Жатыр алып,
Заводтарда, фабриктерде небір іс.
Қос білегін сыбанып,
Түрегелді өндіріс.

Тез жөне.jІк бізге бөлген алаңға,
Көше-жеңгей күлімдесін нұр еніп.
Күрек доллар саған да,
Жас қайындар тігелік!

Кайран күрек! Мәңгі мұра, аңсадым,
Ассалаумағалайкум, бөлді Сенен мені кім?!
Келші бері, аппақ саусағым,
Дұрыс сезінсін өмірін.

Күйғытсын-ай, бұлшық етім жарыс ғып,
Алақанда түк арман жоқ ойылған.
Үйде қалды ұзын сирақ галстук,
Секіріп түсіп мойыннан.

Уа, баба, бояу жаққыш сән құрап,
Замана шаш қара торы келінің.
Еңбек сүйіп албырап,
Ортасында жүр Елінің.

Сонау күннен болып алған етене,
Алмас қырлы шалбарды да алмадым,
Ұқсадым-ау әкеме,
Киіп шаруа шалбарын.

Сезінемін бір бақытты шағымдай,
Бар айнала өмір сезін менше ұқты.
Күн шыққандай, дариға-ай,
Тұла бойдан тер шықты.

Жүрмеу үшін ұстап осы басқа орын,
Еңсесіне қарай берем елдің де.
Сылаңдаған қос қолым,
Қызынып жүр, көрдің бе?!

Байтақ дала ұқсайды ғой ағынға,
Бүгін тағы көтереміз бір іс тың.
Жүрміз еңбек залында, -
Туған күнінде Ильичтің!

Рюмка жоқ… рюмка ұстар кеш емес,
Қолымызда аппақ маңдай күректер.
Жұлқынатын тіл емес,
Жұлқынатын - білектер.

Көктем желі бояу жақты жүздерге,
Қуанады құшақ аша алап бұл.
Біздер жүрген іздерде,
Ағаш самсап қарап тұр.

Күлімсіреп жатыр асыл шеше -Жер
Ақын — қиял шарлап жүрді ой көгін
Жөндетіп алды көшелер,
Сұлуларға көйлегін.

Ұзын мойын заводтарға қарасаң,
Қыз — фабрика қалар емес жарыста.
Жасалып жатыр болашақ,
Қол созып тұрмыз алысқа.

Шопан жүр қырда, жүр, әні,
Таңнан тұрған, таласа тұрған ол біліп:
Біреу де болса бірегей
Өткізіп жүр сенбілік.

Көкірегіміздің жалт-жұлт еткен ұраны,
Түрегеліп болады бойын көрсетпек.
Маңдай тер ертең шығады,
Комбайнға бөлшек боп!

Жас шыбық тал-жерге төккен сезім, - от
Толғанамын күрек ұстаған күйде осы…
Елдің жап-жас кезі боп,
Тұр тарих киносы.

Айнала жау анталаған қас бөрі,
Тістеп жатты байтақ елдің балағын.
Аяз қысып жас-кәрі,
Аштық ашты аранын.

«Астық жатыр ар жағында Еділдің,
Ашаршылық… Беті қайтпай жүр өлім!»
Жалпақ елге жас өкімет тілегін,
Моссоветте сөйлеп тұрды Ленин.

Туған жерді кезді жүрек оты осы,
Құлақ түрді жапандағы жас қала.
…Әне Москва депосы,
Туды жаңа бастама!

Тартылас заңын тұңғыш жеңген Батыр Ел,
Біз боламыз — деп оқимыз алау жыр.
Таңғажайып он екінші Апрель,
Тұңғыш сенбілік бастап еді сонау жыл!

Қуанышы асау өзен күйге еніп,
Бір шақ еді жан-дүниені қозғаған,
Елім - деген ұлы сөзді игеріп,
Өзім — деген ойды солай бұзды Адам!

…Ильич кенет серліді гой ойдан да,
Қайта алысқа қарап қалды дана көз!
Тартты шығыс майданға,
Сенбіліктен… паровоз!

Байтақ елде Сенбіліктер басталды,
Ғажайыптар басталды ғой көп түрлі.
Ленин көрді алыс-алыс асқарды,
Коммунизм бастамасы - деп тұрды.

…Жан көсемді қуандырды бұл бір іс,
Туды ел дене бір асқақ өнеге
Владимир Ильич
Арқалап жүр бөрене…

Еске түсіп, қайта айттық бұл әнді,
Шырқау керек, шырқау керек жүректер!
Айттық жаңа ұранды:
Ғашығымыз — күректер!

Ғашықтық не? Уақытқа ұланбыз,
Бастағам жоқ бір қыз үшін күюден.
Жеті жаста бастаганбыз мына бір,
Ғашықтықты большевикті сүюден.

Жетіде едік… Әлі есімде бір тірлік,
Қарабұлақ артта қалды артып сыр!
Сенбілікке торғайдай боп ұмтылдық,
Ағайымыз солдат еді тәртіпшіл.

Алыс-алыс көкжиекке көшті күн,
Батыл кісі таза ауадай керек шақ!
Сол агайым жатып қалды деп естідім,
Қаражарда төбешікке төсек сап.

Басымыздан біраз дәурен өткенін,
Артық емес естіп қойса Ол бүгін,
Бойға жиған арам терім жоқ менің,
Қандай әсем күрек ұстар сенбі күн!

Айналада күміс күлкі, албырт шақ,
Ел риза. Қимыл жедел. Шат жүрек.
Деген дейін жаңғыртсақ,
Жарқырайды ақ күрек!

Сұлу дүние… жәннат жермен егіз көк,
Жібектей-ақ жан сәуірдің желі бір.
Сенбілікте теңіз боп,
Байтақ қазақ елі жүр…

Көз алдыңда Қазақстан картасы,
Сен қарайсың масаттана көп қыз-ұл!
Қағасың Ел арқасын,
Алақаныңмен қып-қызыл.

Ой табасың, ой табасың бір асыл,
Қоңыр таудың төбесінен аймалап.
Тарих боп тұрасың,
Көкірегіңе жыр қамап!

Қарап тұрсаң, қарап тұрсаң зейін сап,
Сезінесің бұл сәтіңді тойдай шын.
Қазақ елі деген сөзден кейін сәл,
Коммунистік сенбілік деп ойлайсың!

…Ақын көзі айналаға тоқтады…
Желбіреп тұр жеңіс күнгі жалаулар…
… Құрылыстың оттары…
… Жүректерде алаулар…

Ерекше күн, азамат болу, ер көрік,
Кимылдадық қызу теге, өртене.
Елі үшін тер төгіп,
Азамат болу - мәртебе.

Ерекше күн _ ұлы отандық, қазақтық,
Мақтанамыз біз еңбекке кенеліп!
Еңбек үшін азаттық,
Арман болған ел едік!

Мырза күннен мадақ естіп, сый көріп,
Десек те ылғи жаңашылмыз, батылмыз,
Жалақысыз аттамауға үйреніп,
Рас, рас дәндеп бара жатырмыз!

Кешір, Отан! Тіл берді деп Сен біліп,
Қиқымдарды қоса алман дастан ғып.
Жоқ! Жоқ! Бүгін - Сенбілік,
Сені қоса сыпырамын мещандық!

Атақ іздеп жүр демеңдер, о, мені,
Жалған бақыт қонбасын-ақ, жалғанда.
Өзіміздің шаруаның өлеңі,
Десіндүние өлеңімді алғанда!

… Ұясына күн де кірді жай аттап,
Көрдік бүгін гажап өмір, өзге жас!
Шықтық тойды аяқтап,
Аяқталған жоқ көзқарас…

О, замандас, қалай өтті бұл тәулік,
Айтшы, кәне, бегелмеші, бармысың?
Байтақ елдің ортасына сен тау ғыш,
Қалай жидың сенбіліктің қаржысын?!

Маңдай терді түгел төкпей ел үшін,
Гүлдеу үшін, гүлдеу үшін бақ - мекен.
Толтырам деп уәде-қаржы кемісін,
Бухгалтерия қоса қойған жоқ па екен?!

Бір күн ғұмыр жасай алман жалынсыз,
Әділдікке үйретті ғой мені жыр.
Сенбіліктің ұқтыңыз ба мәнін Сіз …
Ел алдында жалғыз тұру еді бұл!

Әне, Отан, міне, сенсің, азамат,
Рапорт беру керек бүгін бәріңе!
Бір күн деген уақыт қой аз ғана-ақ,
Аз да болса ел көреді, әрине.

Құшақтаймын байтақ қазақ даласын,
Бір мен үшін одан артық жоқ дала.
Қадірлі дос, өз көшең мен барасың,
Қарап тұрмын бәріңе мен мақтана!

Міндеттіміз сүюге біз халықты,
Көп айтамыз «сүйемін» деп жиында.
Қорғау қиын төбедегі жарықты,
Екінің бірі сүйе ала ма қиында!

Бара жатсың сенбіліктен үйіңе,
Ойында жоқ туған елден сый көру.
О, құрдасым, қара өзіңе сүйіне,
Қандай ғажап елді сүйіп үйрену!

Бір күн ғұмыр жасай алман жалынсыз,
Әділдікке үйретті ғой мені жыр!
Сенбіліктің ұқтыңыз ба мәнін сіз,
Ел алдында жалғыз тұру еді бұл!

… Үндеу боп жыр кез еді-байтақ ел ішін,
Қырық бір әріп миллион рет оянып,
Апрельдің ғажап сенбісін,
Қызыл бояумен байлық.

Ұрпақ айтсын, ұрпақ айтсын ән қылып,
Аясында алқызыл алау тулардың.
Еңбек тойы болатын болсын мәңгілік,
Ең бірінші жұмысшы Кісі туған күн!

Керек емес туған елсіз маған Бас,
Керек емес онсыз ғұмыр, нансаңыз.
Аңғарды ма, алау жүрек замандас,
Жалғыз күнде есейдік-ай қанша Біз…

Артта қалды, артта қалды жол -елес,
Болашаққа мен ұсындым қызыл гүл.
Жексенбі емес, жұма емес,
Сенбі жәйлі жырым бұл!

УАҚЫТҚА АЙТАМ

Поэма

Туған жердей асыл жер жоқ әлемде,
Көріп жүрмін, барып жүрмін өр елге
Туған жердей жасыл жер жоқ әлемде,
Көріп жүрмін, барып жүрмін әр елге,

Кәрі құлқ ғұлама да айтпады,
Тең түсерің дүниеде оған не?

Сан ойланам… түскен сайын ел еске,
Адамзатты шақырғым кеп кеңеске:
Туған жердің теңеуі жоқ ғажабы, -
Менің оған махаббатым емес пе?

Оның маған махаббаты емес пе?

…Солқылдаған дауылын да сағынам,
Сылқылдаған жауынын да сағынам.
«Сен өмірге шын керексің» дегізер,
Мейірімі мол әрқайсысын сағынам…

Қолқабысын аямаған…
Талайға,
Қолқабысы аздарды айтып шағынам
О, туған жер, әке-шешем жүрген жер,

Көз көрген жер, мен өзіңді сағынам.

Тұ р л ы б а й

Туған жерге аунап қайттым жақында
Ақыл қосып қайттым білем ақылға.
Ақылменен дем алушы ед жүрегім.
Берді уақыт дәл осыны ақынға.

Жаңалықты құттықтадым, әрине,
Сәлем бердім талай-талай кәріге.
«Қайыры болсын» айтып тұрдым қамыға,
Адамынан айырылғанның бәріне.

Шықтым, міне, көк өзендей көшеге,
Көріп келем, көгеріпті көсеге.
Ескі таныс Тұрлыбай шал жолықты,
(Япырым-ау, шықты биыл нешеге?…)

Жөн сұрасты жақынындай қалбақтан,
Әр сөзімді түйіп алды салмақтап.
… «Тигізуші ем колісабысо деп мектепке,
Бүкең-бүкең бара жатты алға аттап…

Көрдіңіз бе, қажет емес ақшасы,
Ақша іздесе, сатылар ед бақшасы,
Завхозы ауру, бұл қақпаса бола ма,
Түсіп қанты үлкен есік топсасы.

Жан тояды жалғыз ауыз сөзіне,
Жүрмейді ол ештеңе іздеп өзіне!
…Білем, білем, осы ағаны білем мен,
Туған жер боп көрінуші ед көзіме.

Елестетем алыс-алые тұманды,
Естіп тұрмын сол алыстан бір әнді!
…Жас Тұрлыбай «Ел болдық" деп айқай сап,
Әні, әне тұңғыш рет қуанды.

Серік құрды Ту кетерді, бас құрап,
Сенім артқан серік аты —-«Тасбұлақ».
Сиыр жекті, дәнін септі, көк шықты,
Жапантүзде желкілдеді жас құрақ.

Жігіт жүрді жаңа елді сүйетін,
Жаңа елдің әр ісі үшін күйетін.
Басшымыз» деп батырақтар қол соқты,
Батырақтарға басшысы бас иетін.

«Ей, Тұрлыбай!» десе болды батырақ,
"Жаңа басшы ақыл тыңдап отырад.
«Ей, Туралы былай!" деп әйелдер шақырад,
Жаңа басшы айтады ақыл. Батыл-ақ!

Сол, сол екен, бола қалды шатақ бір,
Кейбіреуге ұнамады жатақ тұр.
Топ жегжаты түгел қашты қапыда,
"Қашырды ғой"…Деген қоса атақ жүр!

Шықты іздеуші. Құла қасқа аты ойнап,
Әр бекседе «кәрі жілік» атойлап,
Суық істі маңдайынан көргендей,
Сұлық жатты… күні кеше шат аймақ:

…Көшті тапты, айдап келді барлығы,
Жүк қасында шықты ауыл жарлығы
«Азғырды» деп алып кетті біреуді,
«Ескіліктің осы» деді қалдығы…

Сол Тұрлыбай алды елге дос атты,
Елмен бірге қаны тері қоса ақты.
Өз айтқаным болсын — деген бір әкім,
Бір тал түсте қызметінен босатты.

Ол мұғалім, Жайдақ шамы жанады,
Оқытады жасөспірім баланы.
Оқытады ағаны да, жеңгені,
Ой құшақта мәз боп тыныс алады…

Сәске түсте есік алғаш қағылмай,
Алғаш рет ашқан ауыз жабылмай.
Келді таяу милиция Бектұры,
"Бол, азамат, жинал, - деді, - аңырмай.»

Тәртіп осы. Айдап кетті жаяуды,
Мұғалімді жұлып алды аяулы.
Болжауы жоқ бір қараңғы күн мен ай
Салды шәкірт жүрегіне қаяуды…

Сұрамады, айтты түрме күн әні,
Өзі айту болды жауап-сұрағы.
Жарқамыста тас түрмеде ойланды,
«Бір жаңсақ іс болар —- ғой деп бұл әлі!»

Күледі кеп. Өлшейді де кінәсін:
«Қаш» деген де, міне осы жас бала.
Ай өткен соң іздеушілер көргесін.
Өзі тапқан бола қойды, масқара»

Қашқан көштің жөнін айтпай басқаға,
«Қаш» деген де, міне осы жас бала.
Ай өткен соң іздеушілер көргесін.
Өзі тапқан бола қойды, масқара!»

«Ниеті лас» дегенге шақ жыламай,
Отыратын! «соттай ма" деп сұрамай.
«Әйелді ертсем…» деп ойланып қалады,
Күресте өссін дегенім ғой! Бұ қалай?

Тауда қатар жатқанымыз рас-ты,
Бірақ, оған кім еркек боп сыр ашты?
Жатқан едік құс мылтықты құшақтап,
Теріс қарап, ойға алмай ласты.

Ренішім жоқ еді өткен көш күнге,
Мен күндерге адал қызмет еттім де.
Не болмаса бір сүйгеннен сұлуды,
Бірдемеміз қирап қалар деп мін бе?!

Япыр-ай, арманшыл ек, адал ек,
Ауыз ашсақ, мөр басатьш сана кеп.
Арқамызда жүруші еді ұлы іс.
Масқара еді жолдан таю дала - деп.

Көшті тапқан мен едім ғой, мен едім,
Айтқан да мен көштің қашу себебін!
…Шындық бір күн түрегелер аман-сау,
Деп тұратын: әділетке сенемін!

Елім маған кінә қоймас, Әне көр!
Қайда сол жан… бола ала ма дәнекер?!
…Сонда - судан… туған жерден кетті
Адам,

Шыдады Адам. Сенді Адам. Тәуекел!!!
Мұзтаулар суға бардым - дейтін біздерге,
Жер астынан бір асыл зат іздеуге.
Сақтық еткен жоқ па екен деп ойладым,

«Табылды ғой. Жоғалған бір сөз» деуге.

…Келді ауылға елуінші жылдары,
Әңгімесін сан есіткем сондағы:
«Сағындым» деп отыратын біздерді,
Ауық-ауық қалтырайтын қолдары.

«Адал едім. Әлі сол күй адалмын»
Деуші еді ылғи осы кісі сонау күн.
Темір жолға кіріп кетті балға алып,
Оздырам!— деп өзі сүйген қоғамын.

Он бес жылдай соқты ауыр балғаны,
Тұла бойда бір тамшы тер қалмады.
Соқты сағат. Таянды жас. Демалыс! -
Соның өзін туған елге арнады.

… Қайран мектеп! Адамдықтың сәулесі
Ерте айырды асау жылдар сүресі:
Ол садауат, енді ешкім айырмас,
Сонда өтеді "сақинадан" сау кеші.

Ағарылып келгеннен соң жазадан,
Мектебіне кіріп шықты таза жан!
…Маған қымбат мектеп досы, ел досы,
Әне, әне жарқ-жұрқ еткен өз ағам…

Қарап қоям қарияға жөнеген,
Ин, бұлар түскен жоқ қой төбеден!
…Жүрегімді кернеп тұрды қуаныш,
Осы еді ғой сонда туған бір өлең.

Қалдым Мұрат

Елестеді қаншама жыл, неше күн,
Шетіне де шығып келем көшенің.
Еңгезердей шал келеді кең жолда,
Ықылаған құйттай қара есегін.

Тебінеді, қамшылады, үдетті,
Түріп апты ұзын қара білекті.
Бір қапталдан сәлем бердім айқайлап,
Селк етті шал. Есегі де дір етті.

Тани қойды, «Ахуным» деп жымиды,
Тұрып қалды. Түгел сұрап тұр үйді.
… Қойнында қылтыяды құраны,
Білу қиын, ішінде не ұлиды!…

…Ән, кетіп бара жатыр Мұратым,
«Қалдымұрат» деуші еді ел шын атын.
«Мұрат» десе анау жылдар санада,
"Құдайсыздар" ұйымы есте тұратын.

Адамдар да өзгерді ме терісін,
Ал, мең емес «ахун» екен өҙі шын.
…Ақ есекті белсенді тұр есімде,
Әупірім боп дүрліктірген ел ішін…

Әкесінің аты мәлім сол маңға,
Уқсаушы еді жуан адам болғанға,
Қалдымұрат ерте безіп атадан,
Бас тартып ед қаптап өрген малдан да.

Күдік айту керек болмас дəл қазір,
Өтті уақыт. Жаңа кісі болды әзір.
Ал, адамға өзі жәйлі айтсақ шын, …
Жоғарырақ тұрар еді сонда жыр…

Сөзге жүйрік, жаны қызу белсенді,
Балақ түрді. Қоштау айтты, Белсенді.
Бригадир болып алды серікке,
Көп айтады: болашақты көрсем-ді…

Таң бас жармай колхозшыны тұрғызды,
Жаңа еңбек әуенінен қыр қызды
«Жұмыс» деді… тілі тиді қаласа,
Талайларды атқа теріс мінгізді.

«Жұмыс үшін» деді қауым, кешірді,
Ел жұмылды. Оған бұл да есірді.
Аяғынан сүйреп салды жұмысқа,
Кәрі –құртаң, бала, жетім-жесірді

Ол кезде де домалақ хат бар екен.
Тағылманты бригадир не пәле кем.
"Бай баласы балпиган!» деп жазыпты,
Он күн түрме көріп шықты Мұрекең.

Ақ ниетін, ісін жайды бастыққа;
«Адамдары ұрынған жоқ аштыққа.
Тәртібіне бағынбаған бір қаскөй,
Отыр бастап, отыр бастап қастыққа.

Мұның өзі әкесіне мал баққан.
Бір қозы өлсе, әке бұған қол қатқан!…
Әкесін де өзі үстап бергенін»
Тар кеңседе етті түнде ол мақтан.

Аман шықты. Қызметіне салды зер,
Артта қалды талай асу. Қалды бел.
«Өз інісі хатты домалатқанда.»-
Деуші еді ғой қоқ-соғы жоқ жарлы ел…

Депутат боп ауылдағы кеңеске
Бастап жүрді елді алыс белеске.
Бір сойлейтін бетке, жүзге қарамай,
Шындықты айтып тұратұғын егесте.

Молда-сопы күнін қаран стиен-ді,
Қорған шыңты ауылдағы көктемді.
Шын адалдық бас көтеріп ішінен
Сан он жылды кісі болып өткерді.

Жүрді сондай ауыр күрее, тазалық,
Адамдарды батыр еткен кез анық.
Сол тұстағы Қалдымұрат ісін де.
Қиянатсыз айтып тұрмыз сөз алып.

…Аттан түсті: Қалдымұрат қартайды:
Өткен күнін есіне ап марқайды:
Төрге шықты жиынында колхоздың,
Кейде сөйлеп, кейде үнсіз шалқайды.

Болды совхоз. Жаңа дәурен кез келді,
Пенсияның талабы да өзгерді.
Алты ай жұмыс азаматқа тағы да!
Совхоз солай. Дәл осыны көз көрді.

… Шал мен таяқ собес алдын тоздырды,
Сан собеске талай тонна сөз кірді.
«Әйда кеттік, совхозды да құрам!» деп,
Кейбір атай қайта кезді боз қырды.

Мұрат жатты. Құран алды қолына.
"Біссімәлла" лап қарады оң-жолына.
Анда-санда пенсия іздеп, дау қуып,
Көз салады кеткен арыз жолына.

Жалықтырды Мұратты бұл демалыс,
Етпей қойды ақша жәйін жоғары іс.
Алты мезгіл жығылды ол намазға,
Құран қолда. Әлденеге бұрады іш.

Молда болды Оқып жүрді жаназа;
Осы шалсыз бітпес болды саназар.
Шариғатқа пұл жөнінен бап қосып,
Мүлгіп-қалғып ұстар болды ораза,

Ортанқолдай жұмысшы еді баласы,
Ортан қолдай молда болды "ағасы".
Сол баланы «шыншыл» деуші ед талай жан,
Өтірікті шын деп жүрміз, қарашы!…

Қара есекті бара жатты шоқытып,
Есекке де асығуды оқытыш.
Молдалардың кезегінен кеш қалса,
Кемпірі де ұйтқиды ғой қоқытып.

…Кеңге шықтым. Елге қарап тұрдым сәл,
Жамырасып жүгіріп жүр бала бал.
Үлкен ауыл. Сұлу дүние. Қарай гөр!
Несі жоқ-ақ?! Бәрі ғажап. Дала бар!

Көркі қандай, қандай биік атағы,
Бола берсем, көре берсем, жә, тағы!
Ең бір үлкен көшесімен өткенде,
Мазалыған ой да жанға батады

Екі түрлі адам көрдім дер едім,
Өткен күн де ойға салды себебін.
Бірақ, әлі түйе алмай түйінін,
Сол көшемен қайта жүріп келемін:

Бірі қандай! Ойы қандай бабаның,
Көше кезген қарағайы даланың!
Бірі қандай? Қара есекті молда боп,
Дауыл-сүрен, жорық-жорту… ойда жоқ,

Кеңге шықтым Елге қарап тұрдым сәл,
Жамырасып жүгіріп жүр бала бал.
Үлкен ауыл. Сұлу дүние. Қарай гөр
Несі жоқ-ақ. Бәрі ғажап. Дала бар.

Қонып жатыр көл айналып жыл құсы
Үлкен сөйлеп, басын изеп тұр кіші.
… Жылағым да келіп кетті, о елім,
«Күн көріске құл болды» деп бір кісі.

Эпилог

Туған жерге барып қайттым жақында
Ақыл қосып қайттым білем ақылға.
Ақылменен дем алушы ед жүрегім,
Берді уақыт дәл осыны ақынға.

Болдым. Айттым. Пенсия алыс... Жол
қанша...
Пенсиядан кейін тау көп. Толғанса!
...Адам болып аспақ керек одан да,

Ақырында адам болып қалғанша...

БАЛАБАҚШАҒА БАРАР ЖОЛДА

Поэма

Халықарлық балалар
жылына арнадым

- Әке, биыл неліктен бала жылы,

Неліктен бала жылы дала жыры?

- Балабақша болды ма... сонау бір шақ,

Сол бақшада жүрдің бе... Біздерге ұқсап?

- Бізден басқа ел бар ма дүниед,

Көктөбеден қарасақ, көріне ме?
-Әке, айтшы, Саған кейде таңданам да,
Аға дейсің әркімге. Бәрі ағаң ба?

- Әке-шешең қайда жүр? Болған жоқ па

Алақаның тәттіге толған жоқ па?

- Бөлесіңдер бабам деп те, балам деп те,

Жер үстінде машина көп пе,
Адам көп пе?
-Дос қана үстем етед мерейді де,
Деді бір шал. Досың, әке, көбейді ме?

-Адам қанша жүреді жер бетінде,
Әжім неге түседі келбетіңе?-
Деп кеше сұрақ қойды
Балам маған,

Деп кеше сұрақ қойды
Адамға Адам.
Сұрады да бал балам кетті ұмытып,
Ұмыта алмай жүр едім мен мұны түк!

Жаңа күндер келеді қанат қағып,
Тілейміз соны көрер тек денсаулық!
Сыйлығын ортамызға мол ақтарып,
Ортамызда отырад жаңа тәулік.

Қуаныш әр кеудеде бір қуаныш,
Қызығам елдің алға аттауына.
Жөнелді де жол шегіп ойым алыс,
Сүйенем тереземнің жақтауына.

Түсіпті ежелгі бір ел есіме,
Оянсам, жетпей ойдың аяғына.
Жалт қараймын
Ақтөбе көшесіне,

Рас-ақ кеткендей боп баяғыға.

Мезгілдің сыр —- сырнайын тартып аққан,
Көк өзен - автолардың жолын бөгеп
Қып-қызыл жалауларын жалбыратқан,
Өтеді кішкентай топ бір керемет!

Бір емес, он сан рет өте берер,
Дүние қызығына ол атойлап.
Селк етіп, көрген жерде көтерілер,
Көшенің әміршісі ала таяқ.

Қараңыздар, әлеумет, қараңыздар,
Және өткен қандай болып жаңа бұл сап,
Ішінде, тал шыбықтай балаңыз бар,
Әнекей, барады өтіп балалық шақ!

Қарай гөр қаздаңдауға жарағанын,
Ақ көйлек, күлкі — өзен, бәрі нұрлы-ақ.
Қасында бір қызы жүр замананың
Баяғы әжеміздей «Жарығымдап».

Ол жүреді, боп тұрам мен де алаң,
Бұрылады ұзын көш оңға, солға.
Менің балам деп жүрген кенже балам,
Елге де ұл екенін ұғам сонда!

Тамашаға қол соғып, бақ аралап,
Жып-жинақы қайтады бақшасына.
Бір қарашы, балаңа, аға ұрпақ,
Бір қарашы, өзіңнің ақ шашыңа?!

Дәуірдің бір ғажабы: бақшасы да,
Еркінде шырқаса ән, толғаса күй.
Аз ба… көп пе қарамай ақшасына.
Кел бала деп шақырған бұл ғажап үй.

Тұр әне, шұлғып басын ойыншық-ат,
Теңіз іздеп тұрғандай кемелері.
Таңырқап тамашаға, мойын бұрсақ,
Бір бала жетегінде «піл» келеді.

… Қызық дәурен ертіп жүр бермей дамыл.
Кай биікте ойланып, алар демін?
Бақша тойы тарар-ау, уа, тәңір,
Сосын қайда барады балам менің?

Есен-сау мәңгі-бақи жатса мекен,
Қайғыратын түгім жоқ, қарашы бір!
Титтей бала қоштасса бақша-Анамен,
Алдында мектеп атты Анасы тұр!

Әне, сол үй. Құшағына алатұғын.
Баяғы біз дейміз ғой іні көрсек,
Әне, сол үй. Қолын бұлғап қалатұғын,
Он жыл бойы емізіп ғылым-емшек.

Он жеті жас! О, қалай жата алады,
Болашақты оқиды ережеден,
Елінің азаматы атанады,
Бәрімізге біп-бірдей дәрежемен.

Мінсіз кісі болады, сый да алады,
Күмбірлеп көкірегінде жастық-өлең,
«Махаббат» деп зыр қағып үй болады,
Адамзаттың тым көне дәстүрімен.

Шашына қар жауғандай аға астанып,
Ғұмыры алпыс атты еске ұяға!
Келе жатад жалбақтап оны танып,
Тықылдатып таяғын Пенсия да!…

О, балам, мен Ертеңгі сені көрдім,
Күлімдеп қарап тұрды Елім маған.
Айтқым келді: «Міне» деп менің Елім,
Айтқым келді: «Әне» деп менің Балам!

Ендеше, ертелі-кеш ойлап ылғи,
Алаңдамай баламның тағдырына.
Он сегіз мың ғаламға ойнап бір күй,-
Бағындым жүрегімнің жарлығына.

Ертеңі аян маған, емес күдік,
Балабақша тәрізді туған өлкем.
Айта алмай тұрғаным да
бос бүлініп:

«Осындай мақтанышым… бар» деу екен.

Қашан кірдім дегендей ой құшаққа,
Столыма гүліндей қайтып келем.
"Анам болсын!» деп, иә, осы шақта,
Өте шықты қөп бала айтып өлең!

Ей ақын!— дегім келді, дұрыс құра,
Әке қайда? Жүрегімді дір еткіздің.
Бөлмеуші едік тауқымет- ырысты да,
Әке-шеше! Бір тұруымыз керек біздің!

…Жаңа күндер келеді қанат қағып,
Тілейміз соны көрер тек денсаулық,
Сыйлығын от басына мол ақтарып,
Ортамызда отырад жаңа тәулік.

«Ойлан» деді сен қойған сұрақ кенет
Мен ойландым. Ойымда тұр сұрағың:
Өмірді көріп қайттым тез ентелеп,
Жалма-жан жайып қағаз жыр құралым.

Оу, ұлым, қиналдым да, толғандым да,
Деуші едім: «ой азабын жоқ қой кешкен».
Сен де мендей сарбала болғаның да,
Бармақтай боп бәрің де ойлап өскен.

Бір тәуліктей көріппін жыр ағынын,
Ес кіріпті-ау, қалыппын байқамай дым.
… Балабақша жолындағы сұрағыңның,
Ел алдында жауабын қайтарайын.

Сен айттың да, тіс жармай келемін бе,
Кінә қойма, кеш болсам, маған демек.
Бірінші сөз: сенің маған керегіңдей,
Адам керек.

Жер үстіне Адам керек.

Өмір не, түсіне гөр, етем арман,
Шайқайын тұнығыңды,
бала көңіл.
Деме, деме, жаным-ау, екі-ақ адам,

Вае қосса, алаулаған болады өмір.
Тәубе етем, осы дәурен ем ғой дертке,
Өмірді ғана елменен бірге болған.

Елмен бірге көрейік не көрсек те,
Жасымнан жалғыз оеы мендегі арман.

Сен төл едің, көрмеген өмір бұлтын,
… Бала асылып… таң бол түр. Сабыр Сабыр:
Тең болмауы қажет-ақ, ей, жігітім,
Адамды сақтау керек деген дабыл!

Жанынның домбырасын шертін маған,
Ойынды жырлап бердің, терең сезген.
Куанам. Куанам да ертіп барам:
Өз елің», «Өзге бір Ел» деген сөзге,

Мұны естімей ташпассын, сірә, тыным,
Қуғын, ұлым, құлақ сал, айта берем.
Әлгі екеуін қосқанда шығатұғын,
"Адамзат" дейтініміз байтақ елім.

Абайла «Уһісі» бар қара жердің,
Амал не, ете алмайсың білмей елес.
Кеудемде арманым көп, бала, менің,
«Адамазат» дейтініміа байтақ әлем.

Дүние заңын
оқыдым сен де неше,
Түсім қашып оқылым сезіне сан:
Адамзат айқай сап жүр әлденеше

Осы шақ жетті, міне, өзіңе аман.
Еместек ата-баба көңілі үшін,
«Менен тұяақ бар, - десем",-«болашаққа»
…Сені әкелдім дүниеге өмір үшін,

Өмір деген дау сөз боп тұрған шақта.

Яки қос дүние бар жер бетінде,
Бірі_ біз, уәйімі жоқ от басымыз
Ұмтылатын өзінше ержетуге,
Және бір дүние бар қатты асығыс…

Жұлқып аш, жыр - журналдың мына
бетін,
Астынан естіледі шынжыр әні.
Ауру… ауру… (кәнекей, сұра дертін)

Құйттай қара кұрдасың қыңжылады:

Неткен сұмдық _ сұрқия жаза мына,
Шошынасың, бересің қайдан көмек?
Көріп отыр заман мазағына,
Көлбақадай көптеген қайран бөбек.

Ойшыл ұлым, болады ойлауыңа,
Көз алдыңа тартылсын, көне мекен,
Осы ұзын Кордильер қойнауында,
Отыз секундта бір бала өледі екен!

Пәлсапа емес баяғы туған өлмек,
Сезесің бе әмірдің қиындауын…
Отырасың ба сойпыр-ай, неден-ау" деп,
Балаларға бақыттың бұйырмауын?!

Дүние заңын оқыдым сен де кеше,
Түсім қашып отырдым сезіне сан:
Адамзат айқай салып жүр әлденеше,
Осы шақ жетті, міне, өзіңе аман.

«Және бір дүниеміз осы», міне,
Біреулердің қолында ештеңе жоқ.
Асығыс ел, меніңше, кешігуде,
Өздерін өздері жүр: «өскен ел» деп,

«Күштіміз» деп көне дүние көп айтады,
Айтпады және айтады жалықпай сан.
Капитализм әншейін зорайтады,
Олар бізден бір дәуір қалып қойған.

Капитализм деген кім,
Осы тұста
Маркс томын қолыңа ал, әне тұрған!
«Бола -бола беретін қолы қысқа,

Әрине, көне дүние» деп отырам.

Көне дүние кескіні маған мәлім.
Біреу құл… біреу қожа… ел деген сөз.
Арасыажыраған адамдардың,
Тұр, әне кеңірдекті кернеген сөз!

Дедім де «дүние сырын ұғыналық»
Бір әжім түсірдім-ау келбетіңе!
Балалардың бақытын бүріп алып,
"Соғыс" деген сұмдық жүр жер бетінде.

Сөйлесіп заводтардың мұржасымен,
Капитализм дектугын жын туралы.
Соғыстан өндіретін олжасымен
Ғұмырын созамыз деп ұмтылады.

Естілерге еді бұл уайым бұрын.
Не болар? деп қиырға ай асатын.
КПСС карап адамзат дайындығын,
Ұсынды, бейбіт өмір саясатын.

Жер үстінде шұбап жүр мың сан бүлік,
Сор дүниеге соғатын наламыз көп.
Бебеу қағып тұрғанда жан түршігіп, …
«Бала, бала» демеске шарамыз жоқ.

Керек еді күлісе Ел өскені,
Қара, әне, уын беріп бөліп жатыр.
Бала деген болашақ емес пе еді,
Болашақ құйттайынан өліп жатыр.

Тағдыры тарықтырмас қай баланың,
«Бала» дейді баланы, бәрі көптің,
«Бала жылы» дегенің, айналайын,
Қалшылдап тік тұрғаны әділеттің!

Ашық күн, жасыл ағаш ортасында,
«Неліктен бала жылы?» дедің бе сен…
Сүйем де туған жердің Жартлеына,
Ерік өзінде, тындай бер ерінбесең…

Адамзаттың алдында айқай сап мен,
Күркірегем, қара бұлттай күркірегем.
Жер үстінің бақытын қайтарсам деп,
Тағы оқиын алаулап пиар-өлең:

Желіксем ауық-ауық, кешір мені,
Адам адам ба қасіретте қолдамаса!
Жер үстінде қару үшін бөлінеді,
Жыл сайын төрт жүз миллиард доллар

ақша.

Жабырқадым жанымды жайып асау,
Жас Африка қалайша күнін көрер?!
Ақша екен, бір әскери қайық жасау,
Он алты миллион балаға ғылым берер!

Бояусыз жыр, білеміи көп тарамас,
Айыптама ақынның ағаты, - деп.
Екі жүз миллион бала жұр аш-жалаңаш,
Цифр оқы! Сегіз жүз миллионның сауаты жоқ.

Октябряттың көзімен қара бүгін,
Глобусты алдыңа ап, сөйле шалқи.
Жыл сайын жүз мың бала жанарының,
Оты сөніп отыр ғой мәңгі-бақи!

Отырсың ойлап үнсіз қасымда әлі,
Рас, ұлым, көне дүние көнереді!
Тым жедел: адамзаттың асыл шағы,
Баланың бала болуы керек еді.

Ұзақ минут ұзатты мұңды бір ән,
Мен айттым ала дүние алалығын.
Сұрқия ересектің сұмдығынан,
Қорғау керек ед баланың балалығын!

Түсесің ауық-ауық ойға не бір,
Уа, ұлым, адам ұлы жиі еліп тұр.
Қос бұрымы жер сүзген қайран өмір,
Рас, рас қаруға сүйеніп тұр.

Жалт қарайсың, үрей ме, қорқасың ба,
Мен де кеше бала едім, қарағанмын.
…Осы тұста, қарудың қалтасынан,
Борщ ішуі керек ед балалардың!

Өрши берем кеудемді ертеп қызу,
Жоқ ешкімнің үйімде ала жібі.
Айналайын, тірлікті селк еткізу,
Селк еткіау үшін де бала жылы!

Бақыттымыз, Өмірге ендің күле,
Езуінде күлкің жүр шашыраған.
Еліңнің қожасындай сен жүргенде,
Бақытты басымдағы жасыра алман.

Сәл ашсам дүние есігін, сана кеңес,
Қалды артта балдай тәтті сан күніміз.
Ұқ,, қалқам, әкеңізге бала емес,
Бақыт қоса бергенін тағдырымыз!

Кідірем елестерге, айта бастап,
Көзіңнен айналайын қарай берген.
Сенің атаң шейіт болған тайталаста,
Балалардың бақыты солай келген!

Бақыт жиен емес қой күле кірген,
Не төбеңе өспейді айдар болып.
Балалар да орнынан түрегелген,
Морозов боп, Болатбек, Гайдар болып!

Тыңда, бақыт өседі кеудеге кеп,
Әділет боп, жігер боп, болып өлең!
Басқасы бақыт емес, әлдене тек,
Маған бақыт тиесіл, соны білем.

Қатпар-қатпар кәрия дала мынау
Әжіміне күн сайын тал қонады.
Ақ көйлек қазақ ақын, қарағым-ау-
Өз баласындай көреді бар баланы!

Өрши берем, кеудемді өртеп қызу,
Жоқ ешкімнің үйімде ала жібі
Айналайын , тірлікті селк еткізу,
Селк еткізу үшін де бала жылы!

«Бізден басқа ел бар ма дүниеде?» …
Дедің кеге, балам-ау, дедің неге?!
Жер бетінде мәңгі адам болу үшін,
Мың сан ел

Болу керек, о, әрине.

Мен тұңғыш дүниені саған ашқан,
Сұмдық пен әділет!-— деп жағаласқан!
(Бала жастан сұмдықты тану керек, —
Әділетті сүю үшін бала жастан!)

Данасы жоқ Ел жоққой, тоқта, балам,
Мен қалай ғұламаны жек көре алам.
Олар жерге тұп-тұтас бақ ойлаған.
Ендеше дұшпан халық жоқ та маған!

«Бізден басқа ел бар ма дүниеде»
Дедің неге, балам-ау, дедің неге?
Əрине, ел көп барлығы саған, бірақ
Көрінбей ме, білмеймін көріне ме?

Сен қоймайсың сұрақты маған текке
Келіп қалған сияқты шамаң көпке.
Жалғыздығымды білгесін сұрайсың-ау:
«Аға дейсің әркімге, Ағаң көп пе?",

…Ойға мені шомдырды кенет бұл үн,
Еш ойланбай жүріппіз, демек бұрын.
"Жүрміз ғой ел ішінде» деуші едім-ау,
Білмеуші едім ағаның керектігін?!

Жоқ едім мен ешкімді белектеген,
Жақсылардың соңынан дедектегем.
Деуші едім дарынсызга керек Aғa,
Ол өзі дарындыларға керек пе екен?!

Керек екен, кей-кейде керек екен,
Жан ашырдыц орыны бөлек екен.
Ақыл-ой кенже жатса уақыттан,
Көрінуің ғажап емес елге бөтен.

…Аға деймін, әрине, ағаларды,
Жаға деймін Еліме жағаларды!
Ағалық бұйырмаған адам ғой деп,
Кей үленді мен өзім бағаладым,

Бағаладым, ағаны алаладым

Бетіме қарай берме, түсін мені,
Халқым бар, қолының сол ұшын берді.
Әкең сенің, қарағым, ел баласы,
Жалғыздық! Елестей-ақ түсіндегі.

Мен халықтың ән-жүрек баласымын,
Халқым менің - мәңгілік жанашырым.
Жалғыз — деп сендер мені кемітпеңдер,
Халқымнан бөлме мені, қарашығым.

Мен барлық жақсы ағаның інісімін,
Ағалардың қолқанат-тынысымен.
Тағдырға қарсыласам "жалғыз" десе,
Соданда ағасы көп бү кісінің!

…Әке-шешем жоң қазір, тоқта, тоқта,
Өнірімді жазмыштың көп параққа.
Амалым не, баласың, сұрап қалдың:
«Әуелде әке-шешең болған жоқ па?».

Жауабым былай, ұлым, саған менің:
Әке көрдім, мейірімі көп ана көрдім.
Әкең қайда? - дегенде әлде біреу,
Тірі- дедім. Жүр — дедім. Аман — дедім.

Себебі : «бар» дегенге көп қызыққам,
Емес, емес қорғау үшін тек бұзықтан.
…Деген ғой: жалбыр мұрты бетке тиіп,
Бойда ақса, қуанып қанқыз сынып қан!

Дегем ғой: бір асылсам "әкелер" мен,
Әкеге құшақ жайып, төте жеткен!
…Несін айтам, айттырмай «алақайды»
Соғыс менің үстімнен өте кеткен!

Кейі де ертегідей бәрі мүлде,
Әке болдық. Боп алдық, кәрі, міне.
Сонау шақта «атқа бар» дегендерді,
Рас айтам, жақсы керем әлі күнге.

Көңіл шіркін өсе ме ат мінбесе,
Әке жоқ. Ат жоқтығы батты кеше.
Әлдекім "даукес" дер ме
Деп отырам:

Бір басқа жетер бейнет тарттым десем?!

Анам қайда?! Өтті ғой мұңды кезім,
Анам қайда «тірі» деп жүрді сезім.
Соғыстан соң отыз жыл тіккен үйін -
Жоқ ана. Өлді Ана, жұмды көзін.

Қажытар қайғы еді бұл сан алыпты,
Шырағым, шарболат боп жаралышпын.
«Айналайын» дейтұғын сөз ғана емес,
Сонда бітті тойы да балалықтың.

«Тұрсаңшы» деп қолымнан тартып өлең,
«Ғұмыр сүру — тірінің шарты» деген
«Сен өлмейсің бе?" деді де, тұрып кеттім,
"Шүкір" деп ата-баба салтыменен!

Жоқ болса екі қартым өмірінде
Жөн бола ма "жоқ" деуі оны дүние!
Қой, шырағым, жерден сұра, елден сұра,
Отыр күліп есімнің көңілімде.

…Дудар шаш біткен еді
Жаста маған,
Өмір, өмір, қос уыс тастамаған…
…Неге менің болмасын әке-шешем,

Ойлан , ойлан, бабаңнан қашпа, балам…

Өмір осы, ата-ана бастап жеткен,
Есен -аман әкелген жасқап дерттен!
Өлшеулі мезгіл жетіп «хош-хош» айта,
«Ел аманат!» деп бізді тастап кеткен!

Мен қуанам ой сүйіп, данаға, ерсең,
Данаға ұқсап еп-ерте жана білсең?!

…Қандай тағдыр шекті екен — деп ойлап
қал, …
Жасы үлкенді көргенде, қарағым, Сен!

Киер киім, ішер ас болғанменен,
Кісінің бар керегі толған демон.
…Өз шешем деп қараймын шешейлерге,
Өз әкемдей шалдарға қорған да мен!

Өмір осы! Тануға құмар ма едің,
Тебіртеніп кетті ғой бұлар мені.
…Көшеде жалбақтасам кемпір-шалға,
«Ата-анасы бар бала шығар» деді.

Содан бері «Бар, иә, Бар!» деп қалдым,
Рас айтам , иланады сонда-ақ маған.
… "Адамнан туды» деп жүр, ұқтың ба, ұлым,
Ата -анам жоқ болса да, мен мақтанам!

Жүр кеттік өткен күнге, бала бауыр,
(Бала болып қарайын мен де өмірді).
Дүниенің шетінде біздің ауыл,
Ақ шилі қара күрке… о, көрінді!

Тентек жел жыртығынан айқайласты,
Құрымды тесіп үйге енді күн де.
…Байланып керегеге тәй-тәй бастым,
Саңылаудан қарадым дүниеге!

Біздің ауыл таң атпай түрегелетін,
Шұбайтын үлкен-кіші бір қойнауға.
Маған да «ояншы» деп Күн келетін,
Үн-түнсіз отыратынмын мен байлауда.

Салдырлап өгіз арба түске таман,
Жетсе ғана қол босап… теңдік алам:
Арба кетсе… байлану есен-аман,
Сүр сыбаға боп тағы да келді маған.

Табанына қу жалғыз тас батырмай,
Арқаға сапсан әже жүрді біраз…
Бұғауда ержеттім мен жас батырдай,
Қарадым өміріме бір дүрдараз.

Өз бақшаңа әсемси жартысын Сен,
Біздің бақша, сол әне, ел еркесі!
…Әжелердің алақан, арқасы мен,
Қараторғай-күркенің көлеңкесі!

Жүрсіңдер ғой секіріп бейне лақ,
Тауып қойған әдемі аттарың бар.
…Мақтанбаңдар болғанға бақыттырақ.
Адалырақ болсаңдар, мақтаныңдар.

Жуындыға жөнелер шелек-шелек
Нандыкөрсем, түрамын күрсініп сан.
Лақтырады жас бала, жас келіншек,
Ғұмыр еді, о, кеше: бір үзім нан.

Болса да ой-көлігі жалқаулау шын,
Кем болмас-ау, ешқайсы сөзге менен!
Не деп айтам, көк қарын аңқау басым,
Нан келгенде: әкемді іздемегем.

Сәбилік бұл. Пан еді біздің арман,
Осы сөзді күнде айтар елдегі жер.
Әнекей, жалғыз үзім қызыл нанда,
Байтақ елдің тер-соры, еңбегі тұр.

Ей , ұлым, жоқшылықта шаршамағам,
Балабақша көрмей-ақ мен шығыппын.
"Тәйір-ай, адам осы болса адам,
Сол ма деп отырамын молшылықты…

Сұрадың деп айта алман Саған өкпе,
Сөзіңде бір сен емес, Ел даусы бар.
«Жер үстінде машина көп пе, адам көп пе»,
Дедің ғой сен. Машина көптеу шығар!

Жүйрік өгіз бастықтан босамаған
Ерте кезді еске алам осындайда
Қанша өстік, қанша есейдік, о, жасаған,
Баяғы қалтыраған қосым қайда?!

Машина көп боп кетті деу де қиын,
Көбейіп жатқандай-ақ Адам баяу.
Аңғарсаңыз, ақынның көңіл-күйін,
Өмірім ғажап қой деп алаулайды-ау…

Кереғарлық кетті алыс азиялық,
Қолқанат көп, несіне мақтанбасқа.
Таң емес, қуануым жария ғып,
Айшылықпен сөйлесіп жатқан досқа.

Таң емес, өгіздерім азаттық ап,
Ерігіп шөксе түйе төбелерге!
Көше салса, «көштей» деп қазақ қарап,
Сиярына сенеді көне жерге!

Ертіс ақса, арнасын тастап ескі,
Кәрі қазақ «дұрыс» деп қарады бір.
Деп тұрады және де шақта кешкі:
Дыбыстан жылдам әне, құс-корабль…

Өстік қанша, көрдің бе, бой үйренді,
Көтерілді қазақтың түзі көкке.
Машина деген, шырағым, ойын ба еді,
Туып жатыр Адамға қызметке.

Қол ұзарды, көбейді амалың да,
Қаржы керді, қарын ғып сан қалтаны.
Таңғалтса, машинаның заманында.
Адам болып қалуымыз таңғалтады.

Сұрадың деп айта алман саған өкпе,
Сөзіңде бір сен емес. Ел даусы бар!
Жер үстінде машина көп пе, адам көп пе,
Дедің ғой Сен. Машина көптеу шығар.

…Елжеірейді, әрине, дос деп жүрек,
Доссыз күнді жұрт өмір демейді де.
Қырық жасымда осынау… қырық рет,
Дос дегеніңіз азайды да… көбейді де.

…Досы аз емес әкеңнің, мазаланба,
Елімнің Азаматы досым менің.
Күңгірт болсам, ақ өлең жаза алам ба,
Мен де керек кісісімін осы елдің.

Қасың бар ма? демедің, сұра, сұра,
Ойланайын, айтайын қарап түзге:
Әкеңнің жабысатын құлағына,
Тоғышар дейтін тобыр бар-ақ бізде.

Тәйір-ау, таныс кеуде, мысық аяқ,
Білдірмей ел үстінен күн көріп жүр.
Солар, солар ешқандай қысылмай-ақ,
Кесел болар жылжуға ілгері бір.

Таң атады. Жарыққа ауып бір кеш,
«Күрес!» деп күркіреп жүр күнде өлең.
Сотталғандар, меніңше, қауіпті емес,
Қауіптірек қылмысын білдірмеген».

Артына молшылықтың жасырынып,
Ғсақтап қалмауы үшін замандастың.
Бәрін де тұру үшін ғасыр біліп,
Әр күнге өлеңменен амандастым.

…Елжірейді, әрине, дос деп жүрек,
Доссыз күнді жұрт өмір демейді де,
Қырық жасымда осынау… қырық рет
Дос дегеніңіз азайды да… көбейді де?

Маған жат ойды бүркеп сыр ашпаған,
Өзің куә, мен осы күнде ойланам.
Адамзат болғанменен, рас, балам,
Жер үстінде тым ұзақ болмайды Адам.

Толғантады, оңаша толғанасың,
Өру де көп, әрине, өлу де көп.
Дүние ұзақ-ұзақ болмағасын,
Адамзатқа бақытты беру керек!

Жаным бар жақсылыққа шарқ ұратын,
Еш байлыққа қызықпан, ей ұландар!
Ақ ниет әр адамнан айтылатын, -
Ақынның столында тұр ұрандар.

Әлемнің баласына айт сен де, ендеше,
Аспанды қүйдірмесін алау кенет.
Адамның болуы үшін, қолдан келсе,
«Соғыс» сөзін музейге қамау керек!

Жер үстінен көп кісім ерте кетер,
Балақай, жерортада байқадым мен.
Ашулантар, шаршатар, ентелетер, -
Тоздыратын не нәрсе?

Айтқаным жөн!

Өсек-бықсық, тек соны жүгір, сөндір,
Қызғаныш. (Соған куә мына Дала!)
Ескі нәрсе бізге еріп келген ол бір,
Қалмай ерген Алқакөл-Сұламада…

Дұрыс түсін, замана ірілігін,
Көп сөйлеп, аздау айтқан сияқтымын,
… Үйретпесем, о, ұлым, Сені бұл күн,
Мен, шіркін, сонда ғана ұяттымын!…

Өмір… өмір… келеді өмір сүргім,
Қызық дәурен, қызық-ау алдағы жыл.
Біздің елде орта жас, деп, — уа, бұл күн,
Сақалы жоқ жетпісте шал да рым жүр.

Өсек, ғайбат, қызғаныш өсімдігі :
Өнімін құлдыратты, тегіс, міне.
(Ол болмаса, ) жасырам, несін мұны,
Ұзағырақ боламыз жер үстінде.

198

…Әжім не? Мен білмедім. Бетте жатыр,
Бәлмедім: кәрілік пе, көңілден бе?!
Сенмұны сұрақ деме, Уа, батыр,
Біз тозамыз, тозбайды өмір мүлде.

…Сұрағыңа мен жауап бола алдым ба,
Әке боп талап қойдым, сөз қарадым.
Анау аппақ жаңа шыққан күн алдында
Бетіне бас иелік кел, карағым!!

Пікірлер (0)

Әзірге пікір жоқ.
An error has occurred. This application may no longer respond until reloaded. Reload 🗙