Маңғыстау совхозы
Таушан Қорбақов
Жазылымсыз режим: 20-беттен кейін жазылым беті ашылады, әрі қарай әр 10 бет сайын (ең көбі 5 рет).
Таушан Қорбақов - «Маңғыстау совхозы» шығармасы.
СӨЗ БАСЫ
КПСС Орталық Комитетінің май (1982) Пленумы еліміздің Азық-түлік программасын шешуде Қазақстан ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің алдына зор міндеттер қойып отыр. Программада Қазақ ССР-інде: «Ет өндірудің (сойыс салмағымен) жылдық орташа көлемі он бірінші бесжылдықта 12–13 млн. тонна, ал он екінші бесжылдықта кемінде 1,4 млн тонна, сүт тиісінше – 4,9–5 млн тонна және 5,3–5,4 млн. тонна мөлшерінде қамтамасыз етілсін. Сауындық және сойыстық мал шаруашылығының өнімділігін едәуір арттыруға қол жеткізілсін. Қой шаруашылығы, әсіресе «биязы жүнді қой өсіру дамытылсын» деп атап көрсетті. Бұл міндеттерді орындауда біздің, «Маңғыстау» қаракөл қой совхозының да қосар үлесі аз емес. Совхозымыз рентабельді, соңғы жылдары ол үнемі табыс биігінен көрініп келеді, әсіресе, қаракөл өндіруден қол жеткен жетістік ерекше болып отыр. Өзім он төрт жылдан астам уақыт басқарып келе жатқан «Маңғыстау» совхозының соңғы бесжылдықтардағы табыстарын айтпас бұрын шаруашылықтың алғаш ұйымдастырылған кезінен бастап, өткен жолдарын, алғашқы кездегі қиыншылықтарды, оларды шешу жолындағы совхоз әкімшілігінің, партия, совет, кәсіподақ ұйымдарының бірлескен жұмыстарын жоғары енбек табыстарына алғашқы баспалдақ қалай салынды, қиыннан қалай жол таптық деген сұрақтар төңірегінде көңілге түйгендерімді сөз етпекпін. Ұлы Отан соғысынан кейінгі жылдарда Гурьев облысының Маңғыстау ауданында мал саны, әсіресе, қой саны қауырт өсе бастады. Оны одан әрі дамыта беруге түбектің жайылымдары тапшылық етті, су жетіспеді. Бұл жағдай аудан өрісін кеңейту міндетін алға қойды. Сөйтіп, қырқыншы жылдардың аяғында Маңғыстау ауданының жиырмадан астам ұсақ колхоздарының бір-бір фермалары елсіз жатқан Үстіртке көшірілді. Фермалар сонда жаз жайлап, қыс қыстады. Жапан түзге қоныс тепкен малшылар қауымы жаңа қоныстағы талапқа сай мал қораларының, малшы үйлерінің аздығы, су тапшылығы сияқты қиыншылықтарды жеңе отырып, ерен еңбек ете білді. Енді Үстіртте де мал саны жедел қарқынмен өсе берді. Келе-келе фермалар ірілендірілді. Алғашқы қиындықтардың көбі артта қалды. Бірақ орталықтан, 400–500 километр жердегі шалғай фермаларды басқару ісі сол қиын қалпында қала берді. Ал, Үстірттегі мал саны барған сайын арта түскен алпысыншы жылдардың ішіңде бұл проблема бұрынғыдан да күрделілене түсті. Бұл КПСС Орталық Комитетінін 1965 жылғы март Пленумына дейін шаруашылықтарда орын алған басқаруды ұйымдастырудағы, сол шаруашылықтарды өркендетуді жоспарлы түрде жүргізудегі басты кемшілік еді. Фермалар жем-шөппен, қажетті техникалармен қамтамасыз етілмеді. Мал қоралары талапқа сай болмады. Қысқы науқанның қиын-қыстау кезеңдерінде фермаларға көмек жіберудің өзі оңайға соқпады. Жол қатынасы нашар еді, соның салдарынан мал басы орынсыз шығынға ұшырады. Март (1965) Пленумының шешімдерінен кейін кемшіліктерді түзетудің пәрменді шаралары белгіленіп, ауыл шаруашылығы проблемаларын шешуге жағдай жасалды. Үстірттегі фермалар біріктіріліп, совхоздар ұйымдастырылды. Шаруашылықтарды жоспарлы түрде өркендетуге мүмкіндік туды. «Маңғыстау» совхозы да КПСС Орталық Комитетінің март (1965 жыл) Пленумынан кейін, дәлірек айтқанда 1969 жылы Үстірттегі бытыраңқы фермалар негізінде құрылды. Өзім осы өлкеде, малшы семьясында туып-өскендіктен шаруа жайын, Маңғыстаудың табиғи ерекшеліктерін жастайынан біліп өстім. Оның үстіне есейіп, алғаш еңбекке араласқан кезден бастап мал шаруашылығы саласында қызмет еттім. Алғашқы еңбек жолымды колхозшылықтан бастадым да кейін аудандық Совет атқару комитетінін, аппаратында да, ал 1952 жылдан бастап, «Маңғыстау» совхозына директор болғанға дейін «Жынғылды», Октябрьдің 40 жылдығы атындағы, «Правда» колхоздарының председателі болып қызмет еткен едім. Сонымен бірге шаруашылық саласында алған арнаулы орта, жоғары білімдерім де мен үшін аз мектеп емес еді. Сондықтан 1969 жылы «Маңғыстау» совхозына директор етіп тағайындалғанда менің жаңа шаруашылықтың жұмысын жүйелі түрде жүргізіп, алып кетемін-ау деген сенімім мен құлшынысым да жоқ емес болатын. Шынын айтсам, кейін совхоз экономикасын өрге бастыруға қол жеткізуіме де осы сенімім мен партия тапсырған істі жауапкершілікпен атқаруға деген ынтамның септігі аз болған жоқ. Қанша дегенмен жаңаның аты жаңа, оның өз ерекшеліктері, қиыншылықтары болмай қоймайды. Өмірде, шаруашылық басқаруда біраз жылдарғы тәжірибем, білімім бар дегенмен, совхоз жұмысын алғаш алып кетуде біраз кедергілер де болды. Бұрын колхоздар жұмысын басқарғанда олардың бәрі әуелден қауымдасқан, шаруасы ертеден қалыптасып қалған коллективтер болатын. Ал мұнда мал қораларын, малшы үйлерін салудан бастап, әр отардың, әр ферманың қоныс-суларын, шабындық жерлерін белгілеу, совхоз орталығын салу, маман кадрларды іріктеп орналастыру, еңбекшілер психологиясын зерттеп-білу және жаңа жағдайға қалыптастыруға дейін түгел қайта құру, бір сөзбен айтқанда, бұрын әрқайсысы өз бетінше жатқан фермаларды іргелі бір шаруашылыққа жаңадан ұйымдастыру керек болды.
– Бұрын колхоздың шағын фермасында еңбек етуге қалыптасып қалған еңбекшілер арасында ертең совхоз ұйымдастырыла бастағанда жаңа жағдайға бой ұсына алмай «Ойдағы (Үстірттен төменгі Маңғыстау түбегін жергілікті халық осылай атайды) өз жерімізге кетеміз» деген ой тууы мүмкін, осыған зер сал, адамдарға мән-жайды түсіндіру керек – деп облыс, аудан басшылары маған алдын-ала ескерткен болатын. Мұндай толқулар болды да. Жаңа шаруашылық құрудағы басты қиыншылық, міне, осы еді. Қалай болғанда да халықты жаңа (совхоз құрамында топтастырып ұстап қалу керек болды. Әуелгі кезде бар күш-жігерді осыған жұмсадым. Совхоздың жаңадан құрылған партия, кәсіподақ, комсомол ұйымдары, активтері, орта буын басшылары, жергілікті Совет халық арасында түсінік жұмыстарын жүргізді. Соның нәтижесінде совхоз коллективі ұйымшылдық көрсете бастады. Бірте-бірте еңбекшілердің өз аулымыз, өз ферма, өз колхозымыз деген тар шеңберлі психологиясы жойылып, совхоз төңірегіне тығыз топтаса түсті. Еңбекке деген белсенділік артып, құлшыныс пайда болды. Енді ол қалыптан төмендетпей, еңбекшілердің ынтасын көтере беру керек еді. Ол үшін олардың тұрмыстық, еңбек жағдайын жақсарту алғашқы кезекке көшті. Бұрын малшылардың барлығы дерлік тар, аласа, төбесі қамыспен жабылған балшық үйлерде тұрды. Сауда, медицина және мәдени жағынан қамту нашар болды. Электр жарығы болмады. Мал жартылай ашық қораларда қыстатылды. Жемшөп жетіспеді. Еңбек жағдайы да ауыр болды. Техника күші тапшылық етті. Мал суару, қой қырқу, құрылыс салу жұмыстары көп жерде қол күшімен атқарылды. Мұның бәрін жаңадан жасау – алда тұрған тағы бір зор міндет, үлкен қиыншылық еді. Партия, совет органдары бұл жайларды дер кезінде ескеріп, бізге көмегін аяған жоқ. Совхоз құрылған алғашқы жылдары әр түрлі мақсаттардағы құрылыс объектілерін салуға 1472 мың сом күрделі қаржы бөлініп, ол толық игерілді. Ондаған машина, трактор, ауыл шаруашылығы техникалары, агрегаттар мен механизмдер берілді. Бұл қажеттіктер одан кейінгі жылдары да толықтырылып отырылды. Ал, біз осы көмектер мен мүмкіндіктерді тиімді пайдалануға күш салдық. Нәтижесінде алғашқы жылдың өзінде малшыларға арналған 2 семьялық 25 үй мен мал қоралары, бірнеше қырқым, ұрықтандыру пункттері салынды. Бұрын мал суару көпшілік жерлерде қол күшімен атқарылған болса, сол жылы барлық құдықтарға су тартатын BJІM-100 моторы орнатылды. Малшы үйлері АБ-1 шағын литражды электр двигательдерімен қамтамасыз етілді. 5165 тонна мал азығы дайындалды.
Алғашқы кезде жұмысты бірден жүргізіп кетуге кедергі болған қиыншылықтардың бірі – совхоз орталығының болмағандығы еді. Бұл совхозды жүйелі түрде басқаруға едәуір кері әсер етті. Совхоз механизаторлары, жұмысшылар күшін топтастыру оңайға соқпады. Олардың дені, мал мамандарының көпшілігі шалғайдағы малшылар ауылдарында, бұрынғы ферма орталықтарында тұрды. Сондықтан алда тұрған бір үлкен міндет –: шаруаны басқаруға, ферма, аудан, облыс орталықтарымен қатынас жасауға ыңғайлы жерден совхоз орталығын салу болды. Осы оймен совхоз әкімшілігі партия, совет, кәсіподақ ұйымдары бірлескен кеңес құрып, ақыры совхоз орталығын сол кезде құрылысы аяқталуға таяу қалған Бейнеу-Қоңырат темір жолы бойындағы Ақжігіт станциясынан салуды ұйғардық: Оның себебі, біріншіден, Ақжігіттен темір жол арқылы орталықпен байланысуға, жүк тасымалдауға мүмкіндік мол болатын. Екіншіден, Ақжігіт ферма орталықтарына жақын әрі совхоз территориясының ортасында, жан-жақтағы мал жайылымдарына шығу мүмкіндігі мол жерде еді. Сөйтіп, бұл мәселе де шешіліп, келесі 1970 жылы Ақжігіттен совхоз орталығының құрылысы басталып, қарқынды түрде жүргізіле берді. «Маңғыстау» совхозы – қаракөл шаруашылығын өркендету мақсатында құрылған болатын. Совхоз ұйымдасқанға дейін оның құрамына енген фермаларда негізінен қазақы қой өсірілгенді. Мұның өзі совхоз экономикасына кері әсерін тигізбей қойған жоқ. Сондықтан жоғарыда аталған жұмыстарды жүзеге асыра отырып, біз алғашқы күндерден бастап совхоз малын қаракөлдендіру жұмыстарын да жүргіздік. Ол үшін өзге шаруашылықтардан 300 бас қаракөл қошқарлары әкелінді. Сөйтіп, бұл міндет те жүзеге асырыла бастады. Отарларды таза тұқымды қошқарлармен асылдандыру жыл сайын үздіксіз жүргізіліп отырды. Осындай шаралардың нәтижесінде совхоз экономикасы да бірте-бірте арта берді. Содан бері көптеген жылдар етті. Бірақ сол уақытта атқарылған әрбір іс, әрбір еңбек жеңісі, жаңа қаз басқан совхоз экономикасын дамыту жолында өзіммен бір сапта аянбай еңбек етіп, партия тапсырған істі тиянақты жүзеге асыру жолында талай-талай мазасыз күндерді бірге өткізген, қажет кезінде өзіме ақылшы, кеңесші бола білген азаматтар әрдайым есімде. Олардың қатарында совхоз партия ұйымының алғашқы секретары Кенжеғали Бөрин, Ақжігіт селолық Советінің алғашқы председателі Қайырбай Ерманов, жұмысшылар комитетінін, председателі Нұрбай Жақашев, бас инженер Ершора Қайболдиев, байырғы механизатор Сармыс Омаров, № 1 ферманың басқарушысы, Қазақ ССР-інің ауыл шаруашылығына еңбек сіңірген қызметкері Нығмет Қалдәулетов, совхоздың Октябрь Револициясы орденді шопаны Бердіхан Мақсымбаев және басқа жолдастардың есімдерін ықыласпен атар едім. Осы азаматтардың бірқатары совхоздың бүгінгі шалқыған дәулетті, бақытты шағына жете алмай кетті. Алғаш ұйымдасқанда совхозда 70042 қой (46215 саулық), 5566 жылқы, (2138 бие), 2229 түйе (697 інген) болды. Сегізінші бесжылдықтың аяғына дейін, яғни 1969–1970 жылдары 76863 қозы, 1626 құлын, 579 бота алынды. Екі жылда барлығы 15125 қозы елтіріге сойылып, 54811 бас қой, 2234 жылқы, 565 түйе етке тапсырылды. Алғашқы екі жылда басқа шаруашылықтардың экономикалық деңгейін көтеру мақсатында біздің совхоздан 17113 қой, 2389 жылқы, 26 түйе сатылды. Сөйтіп, 1971 жылдың январында, яғни тоғызыншы бесжылдықтың басында шаруашылықта 50900 қой, 2120 жылқы, 220 түйе болды. Тоғызыншы бесжылдықта совхоздың, қауырт өркендеу жылдары басталды. Қазақстан Компартиясы Гурьев облыстық комитеті Үстірттің қиын жағдайында ұйымдастырылған біздің, совхозға ұдайы зор көңіл аударып, оның экономикасын арттыруға тікелей қамқорлық жасады. Бұл жағдай еңбеккерлер белсенділігін бұрынғыдан да көтере түсті. Сөйтіп, тоғызыншы бесжылдықтың еңбек қарқыны арта түскен 1972 жылы СССР-дің, құрылғанына 50 жыл толуы құрметіндегі Бүкіл одақтық социалистік жарыста жоғары нәтижелерге жеткені үшін шаруашылық коллективі ҚПСС Орталық Комитетінің, СССР Жоғарғы Советі Президиумының, СССР Министрлер Советінің мерекелік Құрмет белгісімен наградталды. Ал, 1972–1973 жылдарғы қысқы маусымда мал өнімдерін өткізу және дайындау жолындағы социалист жарыстың жеңімпазы ретінде Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің, Қазақ ССР Мииистрлер Советінің, кәсіподақтардың Қазақ республикалық Советінің және Қазақстан ЛКСМ Орталық Комитетінің ескерткіш Қызыл туына ие болды. Тоғызыншы бесжылдықта совхоз малының саны жедел түрде өсе бастады. Мысалы, алғашқы үш жылда 120528 қозы, 1493 құлын, 818 бота алынды. Мал басы тез арада көбейгендіктен сонша малды бір совхозға игеру қиынға соқты. Сондықтан 1973 жылы «Маңғыстау» совхозынан «Сам» совхозы бөлініп шығып, өз алдына отау тікті. Оған «еншіге» 23287 қой, 1801 жылқы, 1469 түйе берілді. Сөйтіп, 1979 жылдың басында совхозда 35043 қой, 459 жылқы, 493 түйе қалды. Тоғызыншы бесжылдықтың аяғына дейінгі қалған екі жылда мал басы өз төлі есебінен көбейтіліп, шаруашылықта қой саны 47 мыңға жетіп, 450 жылқы, 537 түйе болды.
ТОЛАҒАЙ ТАБЫС ЖЫЛДАРЫ
Ауыл шаруашылығын өрге бастыруды партия әрдайым жалпы мемлекеттік, жалпы халықтық аса маңызды міндет деп санап келеді. КПСС Орталық Комитетінің март (1965 жыл), июль (1978 жыл) Пленумдарында ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің алдында тұрған ең түбегейлі міндеттер талқыланып, осы бағыттағы атқарылар жұмыстар жан-жақты айқындалды. Партия алға қойған осы ұлан-ғайыр міндеттерді жүзеге асыру жолында қажырлылықпен еңбек ете білген «Маңғыстау» совхозының коллективі үшін оныншы бесжылдық шын мәніндегі толағай табыс жылдары болды. Тоғызыншы бесжылдықта қол жеткен табыстар баянды ете отырылып, оныншы бесжылдықтың алғашқы жылдары шаруашылықта мал басын өз төлі есебінен өсіруде, одан мол да сапалы өнім өндіруде айтарлықтай табыстармен басталды. Оны сөз етпес бұрын біз әуелі совхоз еңбеккерлерінің оныншы бесжылдықтағы жоспарлы тапсырмаларына тоқталайық. КПСС XXVІ съезінің шешімдерімен жігерленген совхоз еңбекшілері қолда бар резервтер мен мүмкіндіктерді екшеп, саралай келіп, 1981 жылы қойды 50600 басқа (оның ішінде саулығы 42000), жылқыны 450 басқа (оның ішінде биесі 180), түйені 650 басқа (оның ішінде інген-маялары – 220) жеткізіп, бесжылдықта мемлекетке 2299,5 тонна ет, 106,4 тонна сүт, 619,7 тонна жүн және 99300 дана қаракөл елтірісін сату жөнінде биік межелер белгіледі. Бұған жету үшін қоғамдық мал басын аман сақтай отырып, орта есеппен бесжылдықта әр 100 саулықтан 100,9 қозы, әр 100 биеден 74 құлын, әр 100 інген-маядан 37 бота алу көзделді. Сонымен қатар мал күтімін жақсарта отырып, жайып-семірту арқылы етке өткізілетін әр малдың орташа тірілей салмағын: қойды 36 килограмға, жылқыны 253, түйені 447 килограмға жеткізу ұйғарылды. Осы жоспарлы тапсырмаларды орындау барысында бесжылдықтың алғашқы жылдарынан бастап совхозда елеулі табыстарға қол жеткізіле бастады. Әсіресе, қаракөл қой шаруашылығынан түсетін табыстар толымды болды. Бұл совхоздың тұтас бесжылдықта нәтижелі көрсеткіштерге жетуіне жағдай жасады. Оныншы бесжылдықтың беташар жылында қаракөл қойын өсіруде айтарлықтай табыстарға ие болдық. Бұл жылы совхоз бойынша 31130 қозы алынып, аман өсірілді. Әсіресе, ұрғашы қозыларды одан әрі өсіруге қалдыруға көбірек назар аударылды. Бұл мәселе төлді елтіріге сою кезінде де қатаң қадағаланып отырылды. Баршамызға белгілі оныншы бесжылдық сапа мен тиімділік бесжылдығы деп жарияланды. Сондықтан бесжылдықтың беташар жылы тапсырылған өнімнің сапасын арттыруға көбірек көңіл бөлінді. Еңбекшілер арасында осы бағытта көптеген түсінік жұмыстары жүргізілді. Олар жыл қорытындысында өз нәтижесін берді де. Мысалы, етке тапсырылған әр қойдың орташа салмағы жоспардағы 36,2 килограмның орнына 39 килограмға, жылқы -262, түйе 411 килограмға жеткізілді. Әр қойдан 2,6, әр түйеден 4,4 килограмм жүн түсті. Жоспардағы 16500 қаракөлдің орнына мемлекетке тапсырылған 18197 дана қаракөл елтірісінің 64 проценті бірінші сортқа ие болды, жалпы жыл ішінде елтірі сату жоспары 120,5 процентке орындалды. Қаракөл елтірісін сойып, дайындауда совхозда қалыптасқан жұмыс жүйесі бар. Қозылар отарлардан іріктеліп әкелініп, бір орталықтан сойылады. Сою пункті талапқа сай жабдықталған. Елтірі сою, тұздау, баптау ережелері көрнекі жерлерге ілінген. Пунктте бірнеше жылдық тәжірибесі бар мамандар еңбек етеді. Олар әр науқанда алдын-ала оқулардан өткізіледі. Әрбір қозы елтіріге таңдап сойылады. Елтірісінің сапасы төмен қозылар өсіріліп, етке тапсыруға қалдырылады. Елтірі сапасын жақсарту жолында мамандар мал тұқымын асылдандыруға көбірек назар аударып келеді. Бұл іс, әсіресе, соңғы жылдары жақсы жүзеге асырылуда. Отарларды класына қарай іріктеу де біркелкі игі нәтижелер беруде. Соның арқасында алдыңғы жылмен салыстырғанда 1976 жылы мемлекетке жоғары сапалы қаракөл елтірісін тапсыру 1,4 процентке артты. Мал шаруашылығының тиімділігін арттырудың маңызды шарттарының бірі – шаруашылық есепке көшу болып табылады. Мұны өзіміздің жұмыс тәжірибелерімізден де анық аңғаруға болады. Шаруашылық есеп еңбекшілердің өз мүмкіндіктерін зерттеп, сол арқылы еңбек өнімділігін жоспарлы түрде арттыруға, материалдық қорды тиімді пайдалануға, өндірілген өнімнің өзіндік құнын арзандатуға көп мүмкіндіктер береді. Бұл істе КПСС Орталық Комитеті мен СССР Министрлер Советінің 1967 жылдың апреліндегі совхоздарды және басқа мемлекеттік ауыл шаруашылығы кәсіпорындарын толық шаруашылық есепке көшіру туралы қаулысы басшылыққа алынды. Шаруашылық есеп жұмсалған шығын мен жұмыс нәтижесін ақшалай есептеуді, кәсіпорынның жұмсаған шығынын тиімді жоспарлы баға бойынша сатудан түскен табыстармен өтеуді, қаржыны неғұрлым көп үнемдеуді, өндірістің, рентабельділігін қамтамасыз етуді талап етеді. Яғни шаруашылық есеп, қаржы мен еңбекті неғұрлым аз жұмсай отырып, мемлекеттік жоспарды толық және асыра орындауға, өнімді соғұрлым көп өндіруге, өзіндік құнды кемітуге бағытталған бірден-бір шара. Сондықтан ауыл шаруашылығы экономикасын дамытудағы бұл маңызды мәселеге ерекше мән бере отырып, Л. И. Брежнев КПСС Орталық Комитетінін март (1965 жыл) Пленумында жасаған баяндамасында: «Жақсы жолға қойылған экономикалық шаруашылық есеп негізінде ғана шаруашылықты дұрыс жүргізуге болады...»– деп атап айтқан болатын. Расында да, оныншы бесжылдық жылдарында шаруашылық есепке дендеп көше бастаған біздің «Маңғыстау» совхозының тәжірибесі бұл жүйенің тиімді екенін көрсетіп келеді. Шаруашылық есеп арқылы өндірісті шебер ұйымдастыруға, негізгі шараларды өнімді пайдалануға, олардың қайтарымын арттыруға, өнімді артық өндіруге болатынына көз жетті. Сондықтан шаруашылық есеп одан әрі дамытыла түсті. Еңбекшілер арасында соңғы жылдары үзбей жүргізілген үгіт-насихат жұмыстарының және моральдық-материалдық шараларды пайымды пайдаланудың нәтижесінде малшылардың белсенділігі арта түсті. Ішкі шаруашылық есеп қорытындысы тоқсан сайын шығарылып, бөлімшелердің өндірістік жиналыстарында ұдайы талқыланып отырылды. Малшылардың мал азығын үнемдеп жұмсауы, өнімнің өзіндік құнын арзандатуы үшін күресуі қажет екені үнемі айтылып, түсіндіріледі. Бұл іс, сондай-ақ совхоз механизаторларының, тағы басқа сала еңбеккерлерінің арасында да жүргізілді. Соның нәтижесінде орынсыз ысырап, шығын азайды. Үнем мен ұқыптылыққа жол ашылды. Совхоздың экономикалық жағдайы жақсара түсті. Мал басына жұмсалатын шығын азайды, мал өнімдерінің өзіндік құны едәуір арзандады. Мысалы, 1976 жылы қой жүнінің өзіндік құны жоспардағы 358 сом 33 тиынның орнына 309 сом 57 тиынға, жылқы еті 95 сом 26 тиынның орнына 74 сом 29 тиынға, түйе еті 75 сом 01 тиынның орнына 66 сом 51 тиынға дейін арзандады. Оныншы бесжылдықтың беташар жылындағы қол жеткен табыстармен жігерлене еңбек еткен шаруашылық коллективі келесі 1977 жылы өзара социалистік жарысты өрістете отырып, бұрынғыдан да сүбелі нәтижелерге ие болды. Мал қыстату науқаны ұйымшылдықпен, үлгілі аяқталды. Қоғамдық мал басы аман сақталып, оны өсіру жоспары артығымен орындалды. Жыл аяғында оның саны 51561 басқа жетті. Жыл, ішінде 443,7 тонналық орнына мемлекетке 525,3 тонна ет, 18 тонна сүт, 126,7 тонна жүн, 17967 дана қаракөл елтірісі тапсырылды. Елтірінің сапасы алдыңғы жылғыға қарағанда арта түсіп, бірінші сортты елтірінің үлес салмағы: 73 процентке жетті. Әрбір елтірінің бағасы алдыңғы жылмен салыстырғанда 1 сом 18 тиынға артты. Бұл жылы жылқы мен түйе малын семіртіп етке тапсыруда жоғары нәтижелерге ие болдық. Әр жылқының орташа сойыс салмағы 260 килограмның орнына 277, түйенің орташа сойыс салмағы 450: килограмның орнына 476 килограмға жетті. Сонымен қатар етке берілген. 13259 қойдың тең жартысына жуығы жоғары қоңдылықпен етті. Жоспардағы 107,7 тоннаның орнына 126,7 тонна жоғары сапалы жүн тапсырылды. Мұның бәрі совхоз экономикасын еселеп арттыра түсуге елеулі мөлшерде ықпал етті. Совхоз оныншы бесжылдықтың екінші жылын 107,6 мың-сом таза пайдамен қорытындылап, шаруашылықтың рентабельділігі арта түсті. Оныншы бесжылдықта совхоз экономикасы жыл сайын ұдайы артып отырды. Бұл, әсіресе, бесжылдықтың үшінші жылының қорытындысынан айқын көрінді. Бұған КПСС Орталық Комитетінің июль (1978 жыл) Пленумы шешімдерінің оңды ықпалы үлкен болды. Пленум материалдары еңбекшілер қауымының қалың ортасында жан-жақты түсіндіріліп, оның маңызына терең мән берілді. Бұл еңбекшілердің тұтас бесжылдық тапсырмаларын абыроймен орындау жолындағы белсенділігін бұрынғыдан да арттырып, еңбек қарқынына тың серпін қосты. Фермаларда қой санын өсіруге көбірек көңіл бөлінді. Бұл жылы совхоз бойынша 38521 саулықтың әр жүзінен 105 қозыдан өргізіліп, жоспардағыдан 1483 қозы артық алынды. Мұның мал өнімдерін тапсыру жөніндегі жоспарларды ойдағыдай және артығымен орындауға да көп ықпалы болды. Мысалы,: бұл жылы жоспардағы 437 тоннаның орнына 554 тонна ет тапсырылып, жоспар 126,8 процентке асыра орындалды. Сондай-ақ әр қойдан 2,8 килограмм жүн қырқылып, 290 кг жүн жоспардан тыс өндірілді. Совхоз бойынша 15400 дананың орнына 23106 қаракөл елтірісі тапсырылып, жоспар 1,5 есе артығымен орындалды. Әр түйеден 4,5 килограмнан жүн қырқылды. Сүт өндіру 100,8 процент болды. Малдың қоңдылығы алдыңғы жылмен салыстырғанда едәуір арта түсті. Етке тапсырылған 10459 бас қойдың әрқайсысы орта есеппен 38 килограмға жетті. Совхоз еңбеккерлерінің ұйымшылдығы, белсенділігі арқасында қол жеткен осындай табысты істердің нәтижесінде шаруашылық жылы 444,7 мың сом таза пайдамен қорытындыланды. Бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда 3 еседен астам көп болатын. Осы жылы шаруашылық коллектива өнім өндірудің тиімділігін арттырғаны, жұмыс сапасын жақсартқаны, экономикалық және әлеуметтік даму жоспарын ойдағыдай орындағаны үшін КПСС Орталық Комитетінің, СССР Министірлер Советінің, ВЦСПС-тің және ВЛКСМ Орталық Комитетінің ауыспалы Қызыл туымен наградталды. Совхоз экономикасы 1 жыл өткен сайын нығая берді. Әсіресе, оныншы бесжылдықтың төртінші жылы өзіндік мол табыстармен дараланды. Оны совхоздың тұтас бесжылдық жоспарды орындап шығуындағы белгілі бір кезең, алынған асу десе де болғандай. Мал қыстауда қиындықтармен қажымай-талмай күресе білген малшылар қоғамдық малды қыстан шығынсыз шығарып, көктемде әр 100 саулықтан жоспардағы 102 қозының орнына 109 қозыдан алды. 2890 қозы жоспардан тыс артық өсірілді. Сол сияқты бұл жылы әр 100 бие мен інген-маяға шаққанда жоспардағыдан 12 құлын, 9 бота артық алынды. Мемлекетке етке тапсырылған әр қойдың салмағы 43,3, жылқы – 284, түйе – 47.4 килограмға жеткізіліп, ет тапсыру жоспары 117,7 процентке, жүн – 137,6, қаракөл елтірісі 150, сүт – 107 процентке артығымен орындалды. Шаруашылық есеп одан әрі дамытылып, өнімнің өзіндік құны арзандай түсті. Шығынды аз жұмсауға, мол да сапалы өнім өндіру бағыты қатаң ұсталды. Орынсыз ысырапқа жол берілмеді. Сөйтіп, бесжылдықтың төртінші жылы 851,5 мың сом таза пайдамен қорытындыланып, шаруашылықтың рентабельділігі 47,7 процентке дейін артты. Алайда 1979 жылы совхоз экономикасын алдағы мерзімде бірқалыпты дамытуға елеулі жағдайда кері әсерін тигізген қиыншылықтар да болмай қалған жоқ. Әсіресе, мен Үстірттің табиғат жағдайында бұрын болып көрмеген қуаңшылықтың салдарын айтар едім. Осы жылдың қысында қар аз түсті де, көктемде жаңбыр жаумай қойды. Сусыз, сортаң, кебірлі Үстірт табиғаты үшін бұл аз қиыншылық емес еді. Соның салдарынан шөп аз көктеді. Жаңбыр жазда да жаумай қойды. Жайылымдар жаппай қуаңшылыққа айналды. Бұрынғы жылдары жусаны мен ебелегі бітік өсетін жайылым ал қазіргі таңда өткен жылғы жусанның қураған түбірлері ғана жатты. Қоныс азая берді. Совхоз әкімшілігі, партия, кәсіподақ ұйымдары жаз бойы отарлардан жиі-жиі қоныс аударып отыруын жүзеге асырды. Жайылымдарды мейлінше тиімді пайдалануға тырыстық. Бірақ қуаңшылықтың аты қуаңшылық, малдың күйі төмендеді. Мұның өзі алдағы күйек алу науқанын ойдағыдай өткізуге кері әсер ететін еді. «Мал шелді болмай, төлді болмайды» деген рас қой. Сол күзде совхозда қойды қолдан ұрықтандыру көңілдегідей болған жоқ. Мұндай қуаңшылықтың, зияны жалғыз біздің «Маңғыстау» совхозына ғана емес, аудан, бүкіл облысқа тиген еді. Жазды осындай қиыншылықпен өткізген бізге мал қыстату науқанын өткізу де оңайға түскен жоқ. Қыраулы қыс күндерінде қиыншылық бұрынғыдан да күрделене түсті. Себебі жаз бойы дұрыс қоң жинай алмаған отарлар суыққа төзбей, күйлері нашарлай берді. Совхоз отарларының қысқы қонысы жайылымы шүйгін, ықтасын-далдасы көп Сам құмының іші болғанмен, сол жылғы қуаңшылықтың ізі онда да бар еді. Оның үстіне өз жерімізден қысқы мал азығын дайындай алмадық. Жемшөп жетіспеді. Сөйтіп, алдағы жылы төл алу былай тұрсын, қыстан мал басын аман алып шығудың өзі қиынға соқты. Әйтсе де біз осы қысылшаң күрмеуден қалай да жол табудың амалын іздестірдік. Осындай қысылшаң сәтте совхоз активтері, коммунистер, жергілікті Совет, еңбекшілер өкілдерінің кеңесін өткіздік. Онда шығып сөйлеген жолдастар қалай болғанда да қоғамдық малды қыстан аман алып қалу керектігін; ол үшін қанша қымбатқа түссе де көрші облыстардың мал азығын сатып алу жайын ортаға салды. Көпшілік бұл пікірді қостап, бәріміз бір ауыздан осыған тоқталдық. Дереу осы мәселе бойынша ауданға, облысқа шығып, олардан мақұлдау алдық та, Орта Азия темір жолы арқылы қатынас жасауға ынғайлы көршілес Қарақалпақстаннан жемшөп әкелуге бір топ жұмысшыны өзім бастап жүріп кеттім. Көп ұзамай Қарақалпақстаннан жемшөп те келе бастады. Бұл сабан болатын. Бұрын Гурьев облысынан әкелінген қамыстың, азықтық жұғымдылығы аз болғанмен мал жейтін еді. Сабанды мал мүлде жемей қойды. Енді оны ұсақтап жемге қосып беруге әрекет жасадық. Бірақ нәтиже аз болды. Жағдай тағы да қиындай түсті. Бізбен бірге сабан әкелген «Сам», «Қарақұм» совхоздары да бастарынан осындай күй кешті. Дереу ауданмен хабарласып, аудандық, облыстық, партия, совет орындарының, республика Ауылшаруашылығы министрлігінің келісімімен Алматыдан, Павлодардан жемшөп әкелуге бригада жібердік. Жол ұзақ, шөп келгенше біз совхозда аз мүмкіндіктерімізді барынша тиімді, ұқыпты пайдалануға тырыстық. Өткен жылдан қалған мал азығын пайдаландық. Шөпті ысырап етпеу мақсатында барлық отарларға да шөп ұсақталып, нәрлендіріліп берілді. Ауа райының әрбір ашық күндерін ұтымды пайдаланып, малды мүмкін болған жағдайда бәрінде өріске шығарып отырдық. Совхоздың, фермалардың әрбір жауапты азаматтары отарларда болып, оларға кеңес беріп, іс жүзінде көмек көрсетті. Дегенмен, отарларда малдың күйі нашар еді. Өліп жатпағанымен, әр отарда көтерем мал саны көбейе берді. Сондықтан олар жеке бөлініп, арнайы күтімге алынды. Витаминді, минералды қосымша азықтар беріліп, түрлі мал дәрігерлік шаралар жақсартылған үстіне жақсартылды. Бұл уақытта Павлодардан да шөп тиеген вагондар лек-легімен келе бастады. Оларды вагоннан түсірілген күйінде машиналармен қыстау бастарына жеткізу жүзеге асырылды. Осы қарқынмен қыс бойы малды аман алып қалу күресі бір тынбастан тиянақты, жоспарлы түрде жүргізіле берді. Еңбекшілерге науқанның қиындығы, оны қалай да жеңіп шығу үшін табанды күрес керектігі, тек сонда ғана қолда бар игілікті аман алып қала алатындығымыз жөнінде ұдайы айтып, түсіндіріп отырдық. Бұл бағытта коммунистер, активтер, саяси хабарламашылар елеулі істер тындырды. Совхоз әкімшілігі, партия, совет, кәсіподақ ұйымдары малды қыстан аман алып қалу жөнінде тұрғындар арасында да жұмыстар жүргізіп, жұртшылықтың күшін орасан тығыз ұйымдастыра білді. Ауылдағы ақсақалдар советінің де ықпалы аз болған жоқ. Шаруаға күш жетпей жатқан қысылшаң сәттерде құрметті демалыстағы Мыңбаев Ізім, Тәуекелов Шалқыбай, Нұрғабылов Дүйсенбай, Бөлтейов Сүбіхан, Көптілеуов Айдархан, Ақшабаев Сұлтанбай сияқты қарттар бел шеше шаруаға көмекке келді. Ақжігіт орта мектебінің мұғалімдері, кеңсе қызметкерлері малшылар қауымына көмекке аттанды. Сөйтіп, совхоз еңбекшілерінің, халықтың жанқиярлық еңбегінің арқасында мал басы негізінен аман сақталып қалды. Бірақ құрғақшылық тудырған бұл қолайсыз жағдайлардың салдарынан күзде саулықтардың сапалы ұрықтанбауы 1980 жылдың көктемінде байқалып-ақ қалды. Осындай қиыншылықтарға қарамастан жыл табысты аяқталды. Жыл қорытындысымен совхозда 26,7 тонна ет, 2,5 тонна сүт, жоспардан тыс 3479 дана қаракөл елтірісі тапсырылды. Осынау игі жетістіктердің нәтижесінде совхоз социалистік жарыста озып шығып, Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің, Қазақ ССР Министрлер Советінін, кәсіподақтардың Қазақ республикалық Советінің және Қазақстан JІKCM Орталық Комитетінің ауыспалы Қызыл туын жеңіп алды. Өткен жылғы қуаңшылықтың салдары 1980 жылы да байқалды. Жайылымның оты аз болды, Оны күтіп, тиімді пайдалануға көп күш жұмсалды. Мал күтіміне жөндеп назар аударылды. Соның нәтижесінде жыл ішінде мемлекетке мал өнімдерін тапсыруда елеулі табыстарға ие болдық. Атап айтқанда, жүн, ет, сүт тапсыру жоспары 100, елтірі 127і4, жүн тапсыру 110,4 процентке асыра орындалды. Мемлекетке 491 тонна жоғары сапалы ет тапсырылды. Оныншы бесжылдықтың соңғы жылы 161,5 мың сом таза пайдамен қорытындыланды. Оныншы бесжылдық жылдарында тұтастай алғанда совхозда қаракөл шаруашылығын өркендетуде елеулі табыстарға жеттік. Осыдан азғана жыл бұрын шаруашылықтан «Сам» совхозы бөлініп шыққанына қарамастан оныншы бесжылдықта мал басы бұрынғы көрсеткішке жетті. Бұл «Маңғыстау» совхозы еңбеккерлерінің республикамыздың алдында тұрған абыройлы міндет – Қазақстанда қой санын 50 миллионға жеткізу жөніндегі биік межені орындауға қосқан үлесінің қомақты екендігін көрсетеді. Оныншы бесжылдықта мал өнімдерін мол да сапалы өндіруде жоғары нәтижелерге ие болдық. Бес жылда мемлекетке ет тапсыру жоспары 104,2 процент, жүн 108,2, сүт 101,5, қаракөл елтірісін тапсыру 117,8 процентке орындалды. Бесжылдық 1 миллион 385,5 мың сом таза пайдамен қорытындыланып, шаруашылықтың рентабельділігі 16,3 процентке дейін өсті. Совхоз коллективі оныншы бесжылдықта жоғары еңбек нәтижелеріне жеткені үшін СССР Халық шаруашылығы жетістіктері көрмесінің дипломымен наградталды. Совхозда үш қой фермасы, жылқы мен түйе өсіретін бір ірі қара цехы бар. Олар оныншы бесжылдықта шаруашылық экономикасын дамытуға өзіндік үлес қоса білді. Әсіресе, Нығмет Қалдәулетов басқарған № 1 ферманың жетістіктері айтуға тұрарлық. Фермада бесжылдықтың басында 16787 бас қой (оның ішінде саулығы – 11532) болса, ол бесжылдықтың аяғында 20400 (оның ішінде саулығы – 16000) басқа жетті. Мал басының өсуі негізінен өз төлі есебінен жүзеге асырылды. Төл алу жағынан ферма коллективі жыл сайын жоғары көрсеткіштерге жетіп отырды. Мысалы, 1976 жылы әр 100 саулықтан 101, 1977 жылы – 111, 1979 жылы 113 қозыдан алынды. Жалпы бес жылда ферма бойынша 73300 төл алынуы керек болса, ол көрсеткіш 76883-кe жеткізіліп, жоспар 104,9 процент орындалды. Ферма коллективі мал өнімдерін тапсыруда да жоғары нәтижелерге ие болды. Бес жылда жоспардағы 36750 дананың орнына 45809 дана жоғары сапалы қаракөл елтірісі тапсырылды. Оның 37106 данасы бірінші сортқа жатқызылды. Сондай-ақ мемлекетке ет тапсыру жоспары 102,3, жүн тапсыру – 110,8 процент орындалып, 201 центнер ет, 237 центнер жүн артық өндірілді. Мал басы 98,7 процент аман сақталды. Сол сияқты Айтқали Жапаров басқарған № 2 ферманың көрсеткіштері де толымды. Фермада жоғары сапалы қаракөл елтірісін өндіру 118,4, жүн – 109, ет 102,6 процентке орындалды. Осы тұста азық-түлік молшылығын жасау жолында қажырлы еңбек етіп, бес жылда орта есеппен әр 100 саулықтан 115–107 аралығында қозы алып, мал басын 99,5 процент аман сақтаған К. Шодыров, Қ. Амалбаев сынды қарапайым еңбек адамдарының елеулі табыстарын айта кеткен жөн. Совхоздың жылдан-жылға экономикасының нығайып, рентабельділігінің арта түсуінің сыры неде? Бұл ең алдымен совхоз еңбеккерлерінің қоғам дәулетін молайтуға деген ынта-жігерінің, еліміздің азық-түлік программасын шешудегі өздерінің жауапкершілігін толық сезінуінің, қажымас қайратының, саналы күш-жігерінің жемісі, шаруашылық жұмысын жүйелі де жоспарлы жүргізудің, дұрыс басшылық жасаудың нәтижесі дер едік. Өндіріс басшыларын шешуші және жауапты буындарға қою, орта буын басшылардың жұмысын бүгінгі күн талабына сай қайта құру, барлық салада да еңбек ұйымдастыруды жақсарту – совхоз қол жеткізген табыстардың қайнар көзі болса керек. КПСС Орталық Қомитетінің июль (1978 жыл) Пленумының шешімдерінде ауыл шаруашылығының рентабельділігін арттыруда ғылыми жағынан негізделген басқарудың үлкен рөлі бар екені айтылды. СССР Халық шаруашылығын өркендетудің 1976–І980 жылдарға арналған негізгі бағыттарында жоспарлау мен басқару, бүкіл шаруашылық механизімін одан әрі жетілдіру жолдары айқын көрсетілді. Шаруашылықты толық негізде өркендету әуелі осыған байланысты. Мен отыз жыл бойы шаруашылыққа басшылық, жасап келемін. Көңілге түйген, қалыптасқан тәжірибелерім де бар. Бірақ әр кезеңнің өз қиыншылығы, өз ерекшелігі бар. Қоғам, коллектив, шаруашылық дамыған сайын басқару ісін де күн талабына сай жетілдіріп отыру керек. Ол үшін көп оқып, көп іздену қажет. Еңбекке араласқан әрбір жаңа адамды, әрбір маман, басшының, әрбір жұмыс объектісінің, науқанының еңбек тынысын бағдарлап, зерттеп білу жөн. Кадрларды іріктеп, орналастыру, тәрбиелеу, жауапкершілікті арттыру, білімді, қабілетті мамандарға маңызды жұмыс объектілерін тапсыру совхозда ұдайы жүзеге асырылып отырады. Мысалы, № 3 қой фермасының басқарушысы Ғ. Мұхамбетов соңғы жылдарда шаруашылықты басқару ісінде біраз осалдықтар жіберіп алды. Соның, салдарынан фермада мал басын өсіруде, өнім өндіруде елеулі кемшіліктер болды. Шаруашылықты ұйымдастыра білмеді. Әкімшілік, партия ұйымы тарапынан айтылған сыннан қорытынды шығара алмады. Оның орнына С. Қойшыбаев тағайындалды. Жас маман алғашқы уақыттан бастап-ақ өзін іскер ұйымдастырушы ретінде көрсете білді. Мұны ферманың соңғы кезеңдегі табыс көрсеткіштері де айқын дәлелдейді. Айталық С. Қойшыбаев тағайындалғанға дейінгі 1980 жылы фермада әр жүз саулықтан бар болғаны 83 қозы алынып, әр қойдан 2,7 килограмм жүн қырқылса, 1981 жылы әр жүз саулықтан 108 қозы алынды, әр қойдан 3,3 килограмм жүн қырқылды. Ферманың 1982 жылғы көрсеткіші бұдан да толымды – әр жүз саулықтан 122-ден төл ергіз іліп, әр қойдан 3,4 килограмм жүн қырқылды, мал басы 99,7 процент аман сақталды. Оныншы бесжылдық тапсырмаларын абыроймен орындау барысында совхозда бұдан да басқа көптеген шаралар комплексі жүзеге асырылды. Бұған әр кезеңде жауапты адамдардың міндетін, праволары мен жауапкершілігін анықтау, орта буын мамандардың творчестволықпен, өз белсенділігімен жұмыс жасауына жағдай туғызу, жоғары әкімшілік тарапынан берілген нұсқауларды жүзеге асыру, жұмыс орнын шаруаға орайластыра ұйымдастыру, жұмыс күн тәртібі мен бос уақытты белгілеу, кеңестерді ұйымдастыру және өткізу, әкімшілік этикасын сақтау, еңбекке ақы төлеуді, моральдық және материалдық ынталандыруды ұйымдастыру, еңбек өнімділігі мен оның тиімділігіне талдау жасау жатады. Басқару жүйесін жетілдірудің шаруашылық, экономикасын нығайтуда рөлі зор екеніне біз оныншы бесжылдықтың нәтижесімен толық көз жеткізіп отырмыз. Ол қосымша шығындарды азайтып, еңбек өнімділігін арттыруға, совхоз рентабельділігін көтеруге жағдай жасады. Мысалы, совхоздың рентабельділігі 1977 жылы 6,3 процент болса, ол 1978 жылы 28,7, 1979 жылы 47,7 процент болып жыл сайын ұдайы өсіп отырды. Тоғызыншы бесжылдықта 3 процентке артты. Өз тәжірибемізден көріп жүргеніміздей, жұмысты жүйелі басқарып ұйымдастыруға елеулі ықпал ететін тұс – алдағы мерзімге өндірісті жоспарлау мен социалистік міндеттемелер қабылдау. Олар ішкі мүмкіндіктерді ғылыми тұрғыда есептей отырып, жоспарлы түрде еңбекшілердің өз белсенділігімен қабылданады. Соның нәтижесінде еңбекшілер өздерінің алдындағы міндеттерді айқын біліп отырады. Жоспар мен міндеттеменің орындалу барысы, тоқсандық, жарты жылдық жұмыс қорытындылары өндірістік кеңестерде айтылып, талқыланып, алдағы мерзімде қажетті шаралар белгіленеді. Бұл кеңестерге шаруашылық мамандары, еңбек озаттары түгел қатыстырылады. Ай сайын жұмыс барысы өндірістік мәжілісте тыңдалып, міндеттер сөз болады, жауапты адамдардың есептері тыңдалады. Міне, менің, совхоз партия, совет, кәсіподақ, комсомол ұйымдарымен қоян-қолтық араласа отырып, шаруашылықты басқарудағы, сол арқылы шаруашылық экономикасын нығайту, рентабельділігін арттырудағы көңілге түйген ой-пікірлерім осындай. Совхозды оныншы бесжылдықта табысқа жеткізген тәжірибелерді бұдан кейінгі тарауларда сала-сала бойынша жеке-жеке әңгімелеп өтпекпін.
ТҮЙЕ МЕН ЖЫЛҚЫНЫ ӨСІРУДІҢ ТИІМДІЛІГІ
Түйе мен жылқы – Маңғыстауда ежелден өсіріліп келе жатқан табысты түлік. Сойсаң – ет, саусаң – сүт, жүні мен терісі де бағалы шикізат болып табылады. Бас білдіріп мінсең,– табиғат, жер жағдайына төзімді, шаруаға оралымды көлік. Сондықтан шаруашылықта қоймен бірге түйе мен жылқы өсірудің тиімділігі ұшаң теңіз. Маңғыстау өңірі түйе мен жылқы өсіруге ете қолайлы аймақ болып табылады. Мысалы, біздің «Маңғыстау» совхозының территориясы шығыстан батысқа қарай ендей созылған Сам құмының оңтүстігі мен терістігіндегі ұлан-ғайыр далалық алқаптарды алып жатыр. Бұл жерлерде жусан мен ебелек, изен мен мортык, тағы басқа алуан түрлі өсімдік өседі. Совхоз жерінде ала тағанақ сорлы алқаптар да кездеседі. Осы жағдайды пайдалана отырып, біз алғашқы кездерден бастап түйе мен жылқы өсіруге ұдайы көңіл бөліп келеміз. Мысалы, алғаш ұйымдасқан 1969 жылы совхозда 5566 жылқы (оның, 2138-і бие), 2229-ы түйе (оның 697-і інген-мая) болды. Совхозымыздың басты бағыты қаракөл қой шаруашылығы болғандықтан осынша түйе мен жылқыны одан әрі өсіре беруге мүмкіндігіміз жетпейтін болды. Жайылым, су тапшылығы тағы бар. Сондықтан оныншы бесжылдықтың аяғына дейін 4793 жылқы мен 1550 түйе басқа шаруашылықтар мен өзімізден 1973 жылы бөлініп шыққан «Сам» совхозына берілді. Сөйтіп, оныншы бесжылдықтың басында өзімізде 537 түйе (оның 209-ы інген-мая), 450 жылқы (оның 111-і бие) қалды. Бізде жыл сайын құлындайтын әр 100 биеден 80-90, кейде тіпті 100 құлын алуға болады. Ал алынған төл аман өсірілсе совхоздың мемлекетке ет тапсыру жоспарын орындауға көп септігін тигізеді. Сонымен қатар жылқы малы бап та талғамайды. Бұл оған жұмсалатын жемшөп шығынын үнемдеуге мүмкіндік береді, Ал, жер от болған жылдары жылқы жайылымда еркін жайылып, жақсы қон, жинайды. Сөйтіп, оны қолда бағып, бордақылап жатпай-ақ бірден жоғары қоңдылықпен етке тапсыруға болады.Соның, өзінде жылқы 260–280 килограмға дейін тартады. Мұны біз іс жүзінде өз тәжірибемізден көріп те жүрміз. Мысалы, оныншы бесжылдық жылдарында совхоз мемлекетке 2228 тонна ет тапсырса, оның 913,1 тоннасы жылқының еншісіне тиеді. Етке өткізілетін әр жылқы 267, 4 килограмм тартқан. Ал жалпы етке тапсырылған 342 жылқының 90 проценті жоғары қоңдылықпен өткізіледі. Мұның өзі бес жылда шаруашылықтың ет тапсыру жоспарын абыроймен орындай отырып, совхозда қой басының өсімін сақтауға көп ықпал етті. Осы деректерді келтіре отырып, КПСС Орталық Комитетінің май (1682 жыл) Пленумы мақұлдаған Азық-түлік программасында ерекше атап көрсетілгеніндей, еліміздегі ет өндіру проблемасын шешуде жылқы шаруашылығын өркендетудің маңызды роль атқаратынын айтар едім. Ол шаруашылықтарға қысы-жазы жайылымда бағылатындығымен, қолға қарамайтындығымен, сөйтіп арзан ет беретіндігімен тиімді. Біз мұны әрдайым естен шығарған емеспіз. Жылқының өзге малға қарағанда өзіндік ерекшеліктері баршылық. Оның ерекше күтімді қажет етпейтіндігін, қысы-жазы жайылымда бағылатындығын біз жоғарыда айттық. Мысалы, өзге мал, әсіресе, төлдеген саулықтар көктемде көп ретте қашан жер көктегенге дейін қолға қарайды. Онсыз төлін жөнді жарытпайды. Ал жылқы көктемде өлі шөпті де талғамай жеп, қонын жақсарта алады. Сонымен қатар күйі төмен деген жылқының өзі көктемде жана шыққан солқылдақ көк мортыққа немесе жаз айларында ебелекке бір ай мерзім жайылғанның өзінде семіріп шыға келеді. Жылқының жылдың әр мезгілінде әр түрлі шөпке оттайтын ерекшелігі тағы бар. Ол күзге қарай еркекшөп пен ебелектің қалдығын жеуге әуес. Августь, сентябрь айларында өзге мал жемейтін адыраспан, тағы басқа шөптердің қураған кезінің өзінде сүйсіне жейді. Ал, октябрь айынан бастап бұйырғынға да жайылады. Жылқы бап талғамайды дегенмен бұдан оны далаға айдап сал да жүре бер деген ұғым тумаса керек. Жылқы өсірушілердің оның әлгіндей ерекшеліктерін ескеріп, баққаны жөн. «Маңғыстау» совхозының жылқышылары оның осы қасиеттерін бойлай жадында ұстап жүреді. Бұл салада ұзақ жылдарғы тәжірибесі бар, шаруашылықта жылқы өсіруге елеулі үлес қосып жүрген еңбек озаттары баршылық. Олардың қатарында «Құрмет Белгісі» орденінің кавалері, чемпион жылқышы Меңдіқұл Алпановтың есімін атар едім. Оның әкесі Нұрлепес Алпанов та көп жылдар бойы совхоздың жылқы шаруашылығын өркендетуге сүбелі үлес қосқан жан. Меңдіқұл оныншы бесжылдықта бағымындағы жылқыларды аман сақтай отырып, орта есеппен әр 100 биеден 81 құлын алды. Етке тапсырылған әр жылқының орташа салмағын 280 килограмға жеткізді. Жылқы совхозда негізінен ет үшін өсірілетін түлік дедік. Осы ретте оны етке өткізуді, шаруашылық есеппен жүргізген жөн дер едім. Бұдан келетін пайда аз емес. Сондықтан біз бұл мәселені өз жұмысымызда үнемі қадағалап отырамыз. Бірқатар мысалдар келтіріп өтейін. Соңғы жылдары етке тапсырылған жылқының, біразы тайлардың еншісіне тиеді. Ал, олардың салмағы ересек жылқылардан едәуір кем. Енді «неге тайларды өсіріп, етке салмағын арттырып бермеске?» деген заңды сауал туады; Осыған жауап беріп көрейін. Етке жас жылқыны тапсыру совхоз үшін де, жалпы тұтынушылар үшін де тиімді. Совхоз үшін мұның экономикалық маңызы бар. Мысалы, ірі жылқы етінің тірілей салмақпен алғандағы бір килограмы 1 сом 19 тиыннан, ал жас жылқының еті 1 сом 44 тиыннан қабылданады. Осы есеппен алып қарағанда орта салмақтағы ірі жылқының, тірілей құны 360 сом, жас жылқы 335 сомдай болады. Ал бір тайға бір жылда 60 сом мөлшерінде өндірістік шығын жұмсалады. Оны 335 сомнан алып тастасақ, 275 сом қалады. Бұл – бір тайдың келтіретін пайдасы. Екіншіден, жас жылқыны етке өткізу еттің сапалылығын арттыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар оның дәмділігі халықтың сұранысына да сай келеді. Сондықтан да жас жылқыны етке өткізуден шаруашылық ұтпаса ұтылмайды деп қорытынды жасауға болады. Жылқы өсіруде өндірістік шығындарды неғұрлым аз жұмсай отырып, тиімділікті жақсарта түсуге болады. Сөзіміз дәлелді болу үшін мемлекеттік дайындау бағасымен бір жылқыдан алынған өнімнің және оған жұмсалған өндірістік шығындардың ара қатынасына тоқтала кетейік. Мәселен, 1978 жылы бір жылқыдан 52 сом 67 тиынның өнімін алу жоспарланып, ол іс жүзінде 63 сом, 48 тиын болып орындалды. Сол сияқты 1979 жылы бір жылқыдан 67 сом 22 тиынның орнына 67 сом 55 тиынның өнімі алынды. 1979 жылы әр жылқыдан 8,98 сом пайда табу жоспарланса, іс жүзінде 20 сом 77 тиын таза пайда табылды. Оныншы бесжылдықта совхозда жылқы етінің өзіндік құнын арзандату барысында да көптеген жұмыстар жасалды. Мысалы, 1976 жылы жылқы етінің өзіндік құны 95 сом 26 тиын болып едәуір арзанға түсті. Жылқы етінің өзіндік құны оныншы бесжылдық бойы ұдайы арзандатылып отырғанын айта кетер едім. Мысалы, ол 1977 жылы 100 сом 50 тиынның орнына 45 сом, 75 тиын, 1978 жылы 119 сом 90 тиынның орнына 53 сом 59 тиын, 1979 жылы 102 сом 60 тиынның орнына 79 сом 03 тиын, ал 1980 жылы 103 сом 36 тиынның орнына 84 сом 72 тиын болды. Мұнын бәріне совхоздағы жылқы шаруашылығына ұдайы көңіл бөліп, қамқорлық жасаудың, жылқышылардың ерен еңбегінің, мал мамандарының жүргізген жүйелі жұмыстарының нәтижесінде қол жетті. Совхозымызда жылқы онша көп те емес. Солай бола тұрса да біз олардың жазғы жайылым-суының, қысқы қонысының қолайлы болуына үнемі назар аударып отырамыз. Жаз айларында жылқы Үстірттің шалғай дөңдерін жайлайды. Ал соңғы жылдары орталықтан 40–50 километрдей жердегі сексеуілді, ықтасыны мол Түлей жерінде қыстатылып жүр. Биенің айғырдан шығу науқанына ерекше мән беріледі. Үйірлер іріктеліп, дербес бағылады. Бір үйірде 20, кейде одан да көп бие болады. Жазғытұрым ұрғашы тайлар мен құнажындар бөлектеліп, өз алдына үйір етіліп, бағылады. Мұның шағылысты сапалы өткізуге көп пайдасы бар. Маңғыстаудан, әсіресе, соның ішінде біздің совхозымыз орналасқан Үстірт дөңінің қысы қатал, қары қалың, ал қар түспеген жылдардың өзінде қара суықты, ызғырық желді болып келеді. Бұл кездегі ауаның температурасы – 30-40 градус болады. Ал жаз айларында көбіне жаңбырсыз, қуаңшылықты, аңызақ желді болып келеді. Шілдедегі ауаның, температурасы 40-45 градусқа дейін жетеді. Табиғаты осындай қатал жерде өсіруге қолайлы, әрі шаруашылық экономикасына тиімді түліктердің бірі – түйе. Ол мұндай жағдайға тіпті жылқыдан да төзімді, өзіне жұмсалған шығынды елеулі мөлшерде артығымен өтейді. Соңғы жылдары республикамызда түйе шаруашылығын дамытуға орасан зор көңіл бөлініп келеді. Бұған Қазақстан Компартиясы Орталық Комитеті мен Қазақ ССР Министрлер Советінің түйе өсіру жөнінде 1962 жылы қабылдаған қаулысы толық дәлел бола алады. Бұл маңызды документте арнайы түйе шаруашылықтарын ұйымдастыру, одан алынатын өнімдерді халық шаруашылығының, жоспарына енгізу, асыл тұқымды түйе шаруашылықтарын жетілдіру, фермаларға шаруашылық жайын жетік білетін мамандар, бақташылар бөлу, бұл салада ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу секілді күн талабындағы өзекті міндеттер қойылды. Ал 1981 жылы облысымызда түйе шаруашылығын өркендету, оның өнімін молайту, сапасын жақсарту жөнінде кең көлемді мәселелер талқыланған республикалық ғылыми-практикалық конференцияда да осы бағыттағы көкейтесті мәселелер сөз болды. Аталған партиялық документ пен ұйымдастырылған шаралардың, әсіресе, бізге көбірек қатысы бар. Себебі түйе республикамыздың басқа аймақтарынан гөрі біздің облысымызда көп өсіріледі. Маңғыстаудың табиғи жағдайлары түйе өсіруге, одан алынатын өнімді молайтуға өте қолайлы. Жалпы республикамыздағы түйенің көпшілік бөлігі біздің облысымызда өсіріледі. Облыста сүт өндіру жоспары негізінен түйе сүтінің есебінен өндіріледі. Бұл «Маңғыстау» совхозына да тән. Бүкіл облысымыздағыдай біздің совхоздың территориясының да көпшілік жерлерін алатағанақ сортаңды, құмайтты жерлер алып жатқанын бұдан бұрын да айтқанбыз. Ол жерлер басқа мал жайылуға аса тиімді болмағанымен түйеге таптырмайтын жайылым, табан аудармайтын қоныс болып есептелінеді. Өзге түліктер жемейтін, түйе сүйсіне оттайтын күйреуік, жантақ, сораң, бұйырғын, тағы басқа шөптер, міне, осы жерлерде өседі. Бұл шөптер жаңбыр жаумаған қуаңшылық жылдары да өсе береді. Біздің жерімізді түйе өсіруге қолайлы дейтініміз сондықтан. Оның үстіне түйе басқа мал жайылымына зиянын тигізбейді. Сондықтан бір өрісте түйе мен қой аралас бағыла береді. Біздің совхозда оныншы бесжылдықтың басында 637 бас түйе болды. Оның 40 проценттен астамы інген-маялар еді. Бесжылдықтың, басынан бастап түйе өсіру жоспары үнемі асыра орындалып отырды. Бес жылда совхоздың 417 бота алуы керек болса, бұл көрсеткіш 424 болып орындалды. Сөйтіп орта есеппен әр 100 інген-маядан 37 бота алынды. Түйе сүтінің тағамдық, емдік қасиеттері өте зор. Оның құрамында адам организміне өте пайдалы витаминдер, көптеген микроэлементтер бар. Түйе сүті, одан дайындалған шұбат туберкулез сияқты біраз ауруларға таптырмайтын бірден-бір шипа болып есептелінеді. Ол қазір Маңғыстаудың бірқатар емдеу орындарында пайдаланылып жүр. Сондықтан табиғаттың қиын жағдайларында еңбек етіп жүрген совхоз еңбекшілерін организмге пайдалы осы жұғымды түйе сүтімен қамтамасыз ету мақсатында совхозда елеулі жұмыстар істелді. Сүт өндіру жоспары бес жыл бойы артығымен орындалып отырды. Және өндірілген сүт мөлшерінің жыл сайын елеулі мөлшерде артып келгенін айтар едік. Бұл мынадан айқын көрінеді: егер 1976 жылы жоспар 105,9 процент орындалса, 1980 жылы ол 110,4 процентке дейін өсті. Жалпы бес жылда 964 тоннаның орнына 1118 тонна сүт өндірілді. Жылына әрбір інген-маядан 500 литрден астам сүт сауылды. Халқымыз түйені түліктің төресі деп бекер айтпаған ғой. Оның сүтінің медициналық зор маңызы болса, жүні еліміздің жеңіл өнеркәсібі үшін қой жүнінен де сапалы аса құнды шикізат болып есептелінеді. Сондықтан совхозда түйені аса ұқыптылықпен, неғұрлым қолайлы кезеңде жүндеуді жүзеге асырып келеміз. Соның нәтижесінде бес жылда 107 тонна түйе жүні өндірілуі керек болса, ол 121 тонна болып, артығымен орындалды. Әр түйеден орта есеппен 4,4 килограмнан жүн алынды. Жыл сайын түйе жүнін дайындау құны сапаның жақсартылуына байланысты ұдайы арттырылып отырды. Мәселен, бір центнер түйе жүні 1975 жылы 540 сом болса, оныншы бесжылдықтың аяғында 550 сом құрады. Сүт, жүн өндірумен бірге шаруашылықта түйе өсірудің ет үшін де маңызы үлкен. Бесжылдықта мемлекетке 115,6 тонна түйе еті тапсырылды. Әр түйенің орташа сойыс салмағы 535 килограмнан асты. Енді бір түйеден өндірілген өнім мен оған жұмсалған өндірістік шығынды талдайық. 1976 жылы бір түйеден 96 сомның өнімін алу жоспарланып, ол іс жүзінде 127 сом 31 тиын болып орындалды немесе 31 сом 31 тиынның өнімі артық алынды. Жалпы бес жылда әр түйеден орта есеппен 91 сом 73 тиынның, орнына 110 сомның өнімі өндірілген. Бір бас түйеге 107 сом 27 тиынның орнына 86 сом 68 тиынның шығыны жұмсалған. Мұның өзінен шаруашылық әр түйеден 21 сом 61 тиын пайданы тағы тауып отыр. Шығынды мейлінше аз жұмсай отырып, мол өнім алудың сыры неде? Оның сыры мал күтіміне жете мән беруде, резервтер мен мүмкіндіктерді тиімді пайдалануда, үнем мен ұқыптылықта, шаруашылық есепті жақсы жүргізуде дер едік. Түйе өсіріп, одан алынатын өнімдерді молайту үшін бұл түліктің тұқымын асылдандырудың үлкен мәні бар. Ол үшін ең алдымен сұрыптау, селекциялық жұмыстарды жүргізу бірінші кезектегі міндеттер болып табылады. Ежелден көршілес Түркменстанда өсіріліп келе жатқан аруананы таза тұқымды бураға қайыту арқылы бір өркешті мая алынады. Оның еркегін нар деп атайды. Осы маядан тәулігіне 10-12 литрден, жылына 4000-4500 литрге дейін, кейде одан да көп сүт сауылады. Ал қос өркешті інгендерден сауылатын сүт бұдан әлдеқайда аз, яғни жылына 500- ғана. Маяны зоотехния тілінде будан дейді, ал халық оны біртума деп атайды. Оның себебі аруанадан туған маядан одан әрі мая тумайды. Маядан кердері мая, одан кердері, бұдан «көйін» деп аталатын өнім бере алмайтын түйе тұқымы туады. Ал, кердері мая мен кердерінің сүті маядан аз болмайды. Бірақ жүнсіз, сидаң келеді де қыста суыққа төзімсіз болады. Айыр өркешті түйелер қазақ, қалмақ, моңғол түйелері болып бөлінеді. Қазақ, моңғол түйелерін будандастыру арқылы жүндес, етті түйе тұқымын алуға болатынын тәжірибе көрсетіп отыр. Айыр өркеш інгеннен қоспақ туады. Олар сүтті келеді. Сондықтан шаруашылық экономикасына маядан гөрі інген өсіру пайдалырақ. Себебі інгеннен інген туады да маядан мая тумайды. Түйе өсірудегі аса жауапты кезең – қайыту маусымы. Табиғатында кірпияз, сырдақ жануардың күйті нашар келеді де тұрықпайды. Бұл жағдай, әсіресе, жас түйелерде көбірек кездеседі. Бірқатар будан інген-маялардың қайымай қысыр қалуы да ұшырасады. Бұл жағдай біздің «Маңғыстау» совхозында да болды. Қазір мұны біз жолға қойып келеміз. Інгендер мен маялардың күйтінің келуі жөніндегі биологиялық қасиеттер әр түрлі. Олардың қайымал мерзімдері мен туатын кезеңдері де түрліше болады. Мысалы мая 12, ал інген 13-14 айдан кейін боталайды. Қайыту мерзімі әр кезде болғандықтан кейде бірқатар інген-маялар қыс ортасында туады. Бұл алынған төлді аман сақтауға көптеген қиыншылықтар келтіреді. Кейде боталар өліп те қалады «Маңғыстау» совхозының, түйешілері бұл жағдайды ескеріп, інгенді январь, февраль, ал маяны февраль, март айларына келеден өткізуде. Соның нәтижесінде төл март айында көктем шыға алынып жүр. Інген, маяларды боталаған соң бір айға дейін саумаған дұрыс. Бота осы мерзімде енесінің уызына әбден тояды. Бұл ботаның алдағы уақытта жақсы жетіліп-өсуіне басты себепші болады. Түйенін, шөл және шөлейт аймақтарда өсіруге қолайлы, ыстыққа, суыққа төзімді, ерекше бағым-күтімді қажет етпейтін, күй талғамайтын түлік екенін тағы бір қайталамасқа болмайды. Бірақ бұдан түйеге жайлы да жылы қора, жайылым, жемшөп, су қажет емес, ол өз-өзінен өседі деген пікір тумаса керек. Түйені өзінің талғамына қарай құнарлы жайылымдарға баққан жөн. Судың да мол болғаны дұрыс. Түйені өзінің ерекшелігіне қарай бағып, шаруашылық экономикасына елеулі үлес қосып жүрген бақташылар совхозымызда баршылық. Солардың қатарында өткен бесжылдықта әр 100 інген-маядан 40–41 бота алып, аман өсірген еңбек озаты Төлеу Бекқалиевтің, Құлжан Садықовтың еңбектерін атап айтар едік. Бұл тәжірибелі малшылар жылдың әр мезгілінде түйе малын талапқа сай бағуды жүзеге асырып келеді. Түйені олар күзге қарай бұйырғыны, күйреуік, жусаны мол жайылымдарға бағады. Ауа райына, малдың күйіне қарай оларды арнайы күтімге алады, боталарға қосымша жемшөп беріледі. Сол сияқты келеге түсетін бура мен үлектер де қолдан азықтандырылып, қоңдандырылады. Түйе күтімін сөз еткенде жайлы, жылы типтік қора салу жайын айтпасқа болмайды. Маңғыстауда бұл әлі толық шешіліп, жүзеге асырыла алмай келеді. Бұл олқылық біздің, совхозда да бар. Сондай-ақ түйені күзетуді, тоғытуды, саууды механикаландыру да әлі жүзеге асырылған жоқ. Бұл алдағы уақытта шешімін табуы тиіс. Бұрын да әр түрлі басылымдарда, баспасөзде әңгіме болып жүрген мына мәселені айта кеткен артық болмас деп ойлаймын. Совхозда түйе, жылқы бағатын жұмысшыларға еңбек ақы малдың санына, алған өніміне қарай, ал шопандарға бұған қоса стажы үшін де төленеді. Бұл жылқышылар мен түйешілерге төленбейді. Осыдан барып олардың еңбекке деген ынтасы кемиді, кейде басқа жұмыстарға ауысып та кетеді. Соған орай осы мәселенің де пісуі жетті демеске ылажымыз жоқ. Осы уақытқа дейін түйе өсіру технологиясы, одан өнім өндіру, түйе сүтінен шұбаттан басқа да өнімдер өндіру жайы, түйе шаруашылығын механикаландыру проблемасы терең зерттелмеген. Сондықтан республикамыздың ғалымдары осы мәселемен тиянақты шұғылданса, арнаулы мекеме болса да артық болмас еді деген пікіріміз бар. Қорыта айтқанда, совхозда түйе мен жылқы өсірудің пайдасы орасан зор. Түйе мен жылқы жыл бойы өрісте болады. Қолға көп қарамайды. Ал, мұның өзі қаржыны аз жұмсап, мол өнім өндіруге және өнімнің өзіндік құнын арзандатуға көптеген мүмкіндіктер береді. Бұған біздің «Маңғыстау» совхозының жоғарыда келтірілген деректерінен айқын көз жеткізуге болады. Сондықтан алдағы уақытта бұл бағалы, экономикалық жағынан тиімді түліктерді өсіру – совхоздың күн тәртібінен түсірмейтін мәселесі.
МАЛ КҮТІМІ – БАСТЫ НАЗАРДА
КПСС Орталық Комитетінің май (1982) Пленумында СССР-дің 1990 жылға дейінгі кезеңге арналған Азық-түлік программасының мақұлданғаны баршамызға мәлім. Осынау маңызды тарихи документте мал шаруашылығы өнімдерін өндіруді одан әрі өсіру, малдың өнімділігін арттыруды қамтамасыз ету жөнінде нақты шаралар белгіленген. Онда «Малды өз төлі есебінен көбейту жақсартылсын және малдан алынатын төл көбейтілсін» делінген. Міне, осы мақсаттарды жүзеге асыруда мал күтімін жақсартудың, түрлі мал дәрігерлік шараларды талапқа сай жүргізудің, малды жайып-семіртудің, жайылымдарды тиімді пайдаланудың рөлі ерекше зор. «Мал баққанға бітеді» деген халық қағидасы да сондықтан айтылса керек. «Маңғыстау» совхозы еңбекшілерінің оныншы бесжылдық жылдарында мал басын өсіруде, одан мол өнім алуда табыстан табысқа жетуінің сыры да осы мал күтіміне жете мән берілгенінде, мал мамандарының мал дәрігерлік-аурудың алдын алу шараларын ұдайы жүзеге асыруында, жайылымдарды әр кезеңде ұтымды, тиімді пайдалануында жатыр. Шаруашылықтың жері бар. Оның ішінде мал шаруашылығына пайдалануға жарамды жерлер. Совхоз қойы осы жерлерге 3 бағытта орналастырылған. Мысалы, совхоздағы ең ірі № 1 қой фермасы жаз айларында Терістік Үстірттің Жетіқақ жазығында, № 2 фермасы – Оңтүстік Үстірттегі Бейнеу – Қоңырат темір жолынан төмен қараған Тәңке, Латыпқазған мен Қаратүлейдің темірқазық беті аралығындағы кең аумақты, ал № 3 ферма Оңтүстік Үстірттің шығыс бетін жайлайды. Отарларды мүмкіндігінше жеке-жеке құдықтарға орналастыруға барынша көңіл бөлеміз. Мұның мал күтіміне де көп септігі тиюде. Егер бір суда бірнеше отар отыратын болса, онда құдық басы, оған жақын жайылымдар тез тозады. Оның үстіне тебін суланып, содан малдың ауруға шалдығуы мүмкін. Сонымен бірге бір құдықта бірнеше отардың болуы малдың жата жайланып су ішуіне кедергі келтіреді. Соған байланысты бұл жай жер от болса да қойдың дұрыс қоң жинамауына әкеп соғады. Әуелі совхоз малшыларының қой жаю, жайылымдарды тиімді пайдалану тәсілдеріне тоқталайық. Жайылымды неғұрлым тиімді пайдалану қой өрісін белгілі бір кезеңмен пайдалануға байланысты екендігін көп жылғы тәжірибелер айқын дәлелдеп отыр. Әр жылы ел жайлаудан көшкенде, келесі жылы қой жайылатын жайылым бірнеше өріске бөлінеді. Олардың саны мен көлемі отарлардағы қой санына, жайылым шөбінің қою-сұйықтығына, су көздерінің алыс-жақындығына, ең бастысы – қойды жазғы жайылымда жаю ұзақтығына қарай белгіленеді. Бір маусымда қойды әр жайылымға 4-5 рет қайталап жаюға болады. Біздің жер жағдайымызда әр өрісте қой 10-15 күндей жайылады да одан соң келесі өріске ауыстырылады. Ең соңғы өрісті пайдаланғаннан кейін отар қайтадан бірінші, екінші, содан соң үшінші өріске жайылады. Осы рет маусым қашан аяқталғанша осылай жалғаса береді. Бұл тәсілдің өрістің тозбауына, жайылым шөбінің жаңарып отыруына, әрі қой арасына ішқұрт, тағы басқа аурулардың тарамауына септігі мол. Жерді пайдалану графигі жазғы маусымда жергілікті жердің ерекшелігіне және шөбінің қою-сұйықтығына байланысты өзгертіліп те отырады. Республикада қой шаруашылығы практикасында пайдаланылып жүргендей жайылым маусымы шартты түрде көктемгі, жазғы, күзгі және қысқы деп үш кезеңге бөлінеді. Қар қалың болған жылдары қыстаудан түскен қой көктемгі балауса жайылымға бірте-бірте үйретіледі. Жер суы әлі кете қоймаған көктемде малды ылғалды, ойпаң жерге жаюдан пайда шамалы. Мұндай жағдайда, біріншіден, қойдың денсаулығына зиян келетін болса, екіншіден, енді қаулап өсе бастаған шөп мал тұяғымен тапталып босқа рәсуа болады. Көктемде таңертеңгі мезгіл едәуір салқын болып келеді. Сол себепті қой таңертеңгі шөп басындағы шық дегдіп, ауа жылына бастағанда өргізіледі. Ал, жаз айларында бұған керісінше қой шөп бойындағы ылғал кеппей тұрғанда, яғни мүмкіндігінше ерте өргізіледі. Себебі одан кеш қалса, күн ыси қой үйездеп жайыла алмайды. Сондықтан жазда қойды таңертеңгі және кешкі салқынмен жаю біздің совхозда тәжірибеге толық енгізілген. Ұлы сәскеде, шамамен сағат 11-лерде отар суарылып, құдық басынан аулақтау тың жерге жусатылады. Қойды әр түрлі ауруларға шалдықтырмау мақсатында оның жусатылатын жері де ауық-ауық ауыстырылып тұрады. Түстен кейінгі күн ыстығы қайтып, зауал ауған шақта отарлар тағы бір рет суарылып, содан қараңғы түскенше, шамамен сағат 10–11-ге дейін кешкі салқында жайылады. Маңғыстаудың жазы ыстық болатыны белгілі. Шілдеде күн қызуы 40–45 градус, кейде одан да жоғары болады. Күн қызуы кешкі сағат 6–7 -ге дейін қайтпайды. Сондықтан бұл кездерде қойды түнде жаю да жүзеге асырылып жүр. Совхоз шопандары қойды тәуліктің әр кезеңінің ерекшелігіне орай еркімен жаюды естен шығармайды. Мысалы, таңертең отарлар көп ретте күншығысқа қарай өргізіледі. Ал сәске түсіп, күн қыза ыстыққа шыдамсыз қаракөл қойы көлеңкесіне қарай қаптап суға құлайды. Түс қайта отарлар көлеңкесіне қарай жайылады. Қаракөл қойларының басқа қазақы қойларға қарағанда желдеп жайылатын да қасиеті бар. Шопандар мұны да ескереді. Совхоз территориясы кең, жазықты, шөп шығымы сирек болатын болғандықтан өpіc те ауылдан қашық жатады. Оны жайылымға, сосын ауылға әкелу де мал күйінің жақсаруына кері әсер етеді. Сондықтан шопандар отарларды өрісте түнетіп жаюға баса назар аударады. Мұның қойдың еркін жайылып, жақсы қоң жинауына көп септігі бар. Қой түнету малды түнде өргізіп жаюға да қолайлы. Түнек жұмыстарын шопандар өзара келісілген кезекпен атқарады. Маңғыстаудың өзге жерлеріндегідей совхоздың жазғы қоныстары да көлеңке-саясыз, ағаш өспейді. Соның салдарынан ыстыққа шыдамай мал күйінің төмендеуі де мүмкін. Сондықтан түсте құдық маңына мал көлеңкелейтін шатырлар жасалады. Бұл, әсіресе, өсімге қалдырылған қозыларға өте пайдалы. Етке тапсырылатын қойларды жайып-семірту ісі шаруашылықта осы жаз, күз айларында жүзеге асырылады. Жайып-семіртуге бөлінген қойлар жасы мен жыныс ерекшеліктеріне қарай 750– 800 бастан жеке отар етіп құрылады. Тоқты отарын 900– 1000 бастан асырмауға тырысамыз. Көктем айларында ісектер етке өткізіледі. Ал, жаз ортасынан ауып, қозылар енесінен бөлінгенде келесі жылы тел алынбайтын кәрі саулықтар, марқа қозылар жайып-семіртіліп, етке тапсырылады. Белгілі жүйеге қалыптасқан бұл тәсілді тиімділігі баршылық. Мысалы, оныншы бесжылдықта етке тапсырылған әрбір ірі қой 47, қозы 31 килограмнан айналды. Қойды ойдағыдай жайып-семірту үшін жайылымдық өрісті дұрыс пайдалана білу қажет. Олардың салмақ қосуы тек азықтандыру жағдайына ғана емес, сондай-ақ жұмыс күнінің тәртібін бұлжытпай орындауға да тікелей байланысты. Совхозда отарлардың тәулігіне 10–16 сағаттай жайылымда болуы қамтамасыз етіледі. Жайған кезде қойды біресе суатқа, біресе өріске, қонысқа айдап, сергелдеңге салуға мүлде болмайды. Уақытымен суарылуы керек. Совхоздағы бұл бағытта атқарылған жүйелі, тиянақты жұмыстардың тәжірибелеріне қарағанда қой екі-үш айда жақсы семіріп, олардың көпшілігі жоғарғы қоңдылыққа жетеді. Бұған совхоз тәжірибесінен көптеген мысалдар келтіруге болады. Мәселен, шаруашылықтың таңдаулы шопаны, коммунист Лесбай Қылишаев өткен жылы соңғы рет қоздаған кәрі саулықты апрель айынан бастап жайып-семіртудің, мал күтімінің барлық тәсілдерін қолдана отырып, июнь айында олардың жартысын әрқайсысын 52,5 килограмдық тірілей салмақпен етке өткізді. Ал, қалған жартысының әрқайсысының тірілей салмағын июль айында, яғни етке тапсырарда 56 килограмға жеткізді. Малдың күзгі жайылымы саулықтарды қолдан ұрықтандыру науқанымен тұспа-тұс келеді. Бұл науқанның ойдағыдай өткізілуі қойдың күз кезіндегі жайылымына да байланысты. Сондықтан бұл уақытта ең соны жайылымдар пайдаланылады. Қой жаздағы сияқты күзде де судан кенде болмауы керек. Бірқатар жерлерде күзгі салқында малды күнара суаруға да болады деп жүр. Бұл мүлдем қате. Шөлі қанбаған отар күн салқын болғанмен жайыла алмайды. Күзде суарудың бір ерекшелігі сол – суға қанған соң отарларды иіріп тастамай, бірден шығару қажет. Қойды қыста күтіп-бағу ауыр да ең жауапты кезең. Әсіресе, Үстірт дөңіндегі біздің совхоз үшін мал қыстатудың өзіндік ерекшеліктері, қиыншылықтары баршылық. Бұл елеулі табиғат жағдайларына: қыс айларының қара суықты, қалың қарлы, боранды, аязды болып келетіндігіне байланысты. Малды қыста күтіп-бағу күйек алу, ерте төл алу науқандарымен тұспа-тұс келетін болғандықтан күрделілене түседі. Сондықтан совхоз отарлары қыс түсе Сам құмының қойнауларында орналасқан қыстауларға түседі. Бұл жерлер ашық даладан гөрі ықтасыны көп, малды қыс бойы қолға қаратпай, ауа райының ашық күндері жайылымға шығаруға өте қолайлы. Оның үстіне жаз бойы мал аяғы тимей тың жатқан құмды өңірдің шөбі де құнарлы, соны. Бұл жерде совхоз отарлары 3–4 айдай қыстатылады. Малды қыста күтіп-бағу және оны қыстан күйлі алып шығудың қамы күні бұрын, тіпті, көктем айларынан бастап ойластырылады. Жаз айларында жақсы семіріп, қыстауға күйлі әкелінген қой қыстың қарлы бораны мен үскірігіне, аязына мойымайды. Сонымен бірге мал қоралары толық жөндеуден өткізіліп жарық, кең, биік, таза болуы жайы да назардан тыс қалмайды. Әр фермада арнаулы бригада ұйымдастырылып, ол жаз бойы жөндеу жұмыстарымен айналысады, қораларды қиынан тазартады. Жөндеуден өткен объектілерді фермалардан жауапты адамдар қабылдап алады. Жөнделгеннен кейін мал қыстауға әкелінер қарсаңда қоралар дезинфекцияланады. Мұның өзі қойдың қыста қотыр, тағы басқа ауруларға шалдықпауына ықпал етеді. Малды қыста қолдан азықтандырғаннан гөрі өріске жаю шаруашылық экономикасы үшін де, мал күйі үшін де пайдалы. Қанша дегенмен жерден өздері үзіп жеген азықтың жұғымы жақсы болады. Сондықтан совхоз шопандары отарларды мүмкіндігінше далада жаюға күш салады. Ал, aуa райы қолайсыз болып, қолға қараған күндері қой ашық шарбақта немесе қораға жақын алаңқайларда азықтандырылады. Мұның өзі қойдың шөпті жақсы жеуіне едәуір әсер етеді, денсаулығын нығайтуға, оның жүндестігін арттыруға мүмкіндік береді. Ал, жабық қорада бағылған малдың организмі әлсіреп, суыққа шыдамсыз болады. Соның салдарынан түрлі ауруларға шалдығуы мүмкін. Оның үстіне төлі де әлжуаз болып туады. Қой қар жеп, аяқ суын ала жүреді деп қыста суармау фактілері де кездеседі. Мұның дұрыс еместігіне өз тәжірибемізден көз жеткізіп жүрміз. Алғашқы кезде мұндай кемшіліктер бізде де болды. Қойлар су тапшылығына ұшырап, жемшөпті жөнді жемейді. Соның салдарынан қоңы тайып, өнімділігі кемиді. Қазір қой суық күндердің өзінде де суарылады. Шөлі қанық мал жемді жақсы жейді. Оларға суық тигізіп алмау үшін мұз аралас аса салқын су берілмейді. Кәрі саулықтар, күйі төмен қойлар, тоқты отарлар қыс айларында ерекше күтімге алынады. Әрбір отарда арық-тұрық мал жеке бағылып, емделеді, қосымша азықтандырылады. Олардың күйін жақсарту мақсатында белгілі мөлшерде витаминді азықтар, балық майы беріледі. Қолда бар мал азығын, ірі сояулы шөптерді ұсақтап нәрлендіріп беруде совхозда ұнамды тәжірибелер бар. ҚДУ, ИГК, КУАТ агрегаттары ферма отарларына жақын жерде орналастырылып, қыс бойы жұмыс жасайды. Ірі сояулы шөптерді ұнтақтап, нәрлендіріп, ысырапсыз пайдалануда жемшөп цехтарының рөлі ерекше, Жемшөп цехтары фермалар мен совхоз орталығында бар. Әсіресе, Ақжігіттегі жемшөп цехын атап айтар едік. Оның жұмысына көп жылдық тәжірибесі бар маман Дүйсенбай Бітімов басшылық етеді. Қыс айларында фермалар отарларын ұсатылған мал азығымен қамтамасыз етуді негізінен осы цех жүзеге асырады. Онда жыл сайын 10–12 жас жұмысшы еңбек етеді. Жемшөп цехында ұсталған шөп ұны жемге араластырылып, қапталып, сол жерден қора бастарына тасылады. Әр қойға күніне мөлшерінде ұсатылып, нәрлендірілген шөп ұны беріледі. Қыс кезінде жүзеге асырылған бағу, күту жұмыстарының нәтижесінде мал қыстан күйін сақтап, қонды шығады. Бұл қой төлдетуді өткізуге, алынған төлді аман өсіруге игі ықпал етіп келеді.
НАУҚАНДЫҚ ЖҰМЫСТАРДЫ ШЕБЕР ҰЙЫМДАСТЫРУ – ТАБЫС КЕПІЛІ
Қой шаруашылығын интенсивті дамыту, одан алынған өнімді молайту көп реттерде науқандық жұмыстарды шебер, тиянақты ұйымдастырып өткізуге байланысты. Мұны біз өз тәжірибемізден көріп те және соған орай жұмыс жасап та жүрміз. Ең әуелі қойды қолдан ұрықтандыру мәселесіне тоқталайық. Қойды қолдан ұрықтандыру–соңғы кезде елімізде кең етек алған, шаруашылыққа өте ыңғайлы, мал сапасын арттыруға әр шаруашылықта aуa райының және мал азығын дайындаудағы ерекшеліктеріне байланысты өз мүмкіндіктеріне қарай, қойдың физиологиялық ерекшеліктерімен есептесе отырып, керек уақытта, қысқа мерзімде төл алуға мүмкіндік туғызатын өте маңызды шара. Қойды қолдан ұрықтандырудың тағы бір ерекшелігі–табиғи шағылысқанда бір қошқар ұрығынан 50 не 100 қозы ғана алынатын болса, қолдан ұрықтандырғанда 1000 қозыға дейін алуға болады. Сонымен бірге шағылысқа пайдаланылатын қошқар санын да едәуір кемітуге, жоғары сапалы, асыл тұқымды қошқарларды жақсы пайдалануға мүмкіндік береді. Бұл әдісті біз ұтымды, тиімді пайдаланып келеміз. «Қой шелді болмай – төлді болмайды» дейді халық даналығы. Сондықтан келесі жылы төлдейтін саулықтардың шағылыс науқанына күйлі келуін алдын-ала ойластырамыз. Ұрықтандыру науқаны басталардан кемінде – ай бұрын шопандар өз отарларындағы ұрықтандырылатын саулықтарды тексеріп, олардың күйіне, жайылым-суына, орналасқан және келешекте көшіп-қонатын орындарына зор көңіл аударады. Кәрі, ауру, төлшілдігі нашар саулықтарды бракқа шығарады. Отардағы саулықтардың бірдей жайылуы, бірдей ұрықтануы және бірдей қоңдылықта болуы негізгі шарт. Олардың жастары бірдей, бір тұқымнан болуы қажет. Сондықтан саулықтарды жеке отарға бөлгенде мал мамандары, шопандар бұл талаптардың сақталуына баса назар аударады. Күзде ұрықтандырылатын саулықтар жаз айларында құнарлы жайылымдарда бағылады. Бұл кезде отарлар ыстыққа ұрындырылмай, өріске таңертең ерте шығарылып, күніне екі рет, яғни ұлы сәскеде және түс қайта суарылады. Күйекке түсетін қошқарлардың күйіне, олардың қолайлы жағдайларда бағып-күтілуіне де жете мән беріледі. Асыл тұқымды қошқарлар бізге Өзбекстаннан, Шымкент облысынан әкелінеді. Әр фермадағы 250–300 бас қошқар жеке отарда бағылады. Шағылыс науқанына бір ай қалғанда қошқарлар байқаудан өткізіліп, жарамсыздары шағылысқа жіберілмейді. Асыл тұқымды қошқарлар үшін қыста тұратын арнайы қоралар салынып оларға құнарлы азық, ұсатып, нәрлендірген шөп ұны, басқа да минералды азықтар беріліп тұрады. Қошқарға берілетін азықта ұрық құрамына қажетті заттардың барлығы болуы қадағаланып отырады. Ұрықтандыру науқанына пайдаланатын қошқардың қоңы орташа болуы шарт. Тым семіз қошқарлардың ұрық беру қабілеті төмен болады. Күйек алу науқанының жоғары сапада өткізілуі үшін ұрықтандыру пунктінің құрылысы талапқа сай, жұмыс жасауға ыңғайлы болуы және күзгі жайылыммен, сумен қамтамасыз етуге қолайлы жерде орналастырылуы керек. Бізде № 1 ферманың саулық отарлары Үстірттің Жетіқаз жазығындағы, № 2, № 3 фермалар Шығыс және Оңтүстік Үстірттегі пункттерде шағылыстан өтеді. Шағылыс пункттері орналасқан жерлерге жаз айларында мал жайылмай, күзге дейін тың қалпында сақталады. Өткен мерзімдерде жыл сайын совхозда 40–43 мың аралығында саулықтар қолдан ұрықтандырылып отырды. Әрбір ұрықтандыру пунктінде екі отар ұрықтандырылады. Ал, жер жағдайы нашар болған жылдары әр пункт бір отар ғана бөлеміз. Оның себебі пунктке орналастырылған отар саны неғұрлым аз болса, ұрықтандыру соғұрлым сапалы өтеді. Пункттерде ауданы 16 шаршы метрлік алдыңғы бөлме, 6–7 шаршы метрлік лаборатория, қошқарларға арналған бөлме, сондай-ақ, ұрықтандырылған және ұрықтандырылмаған саулықтарға арналған аулалар болады. Пункттер бір қалыпты жылы, санитарлық талаптарға сай ұсталады. Совхозда қойды қолдан ұрықтандыру жұмыстары екі кезеңге, ерте ұрықтандыру 25 сентябрьде, ал кеш ұрықтандыру 1 ноябрьде басталады. Ерте ұрықтандыруға совхоз бойынша 10–12 отар ғана жіберіледі де басым көпшілігі кеш ұрықтандырылуға қалдырылады. Оның себебі біздің жер жағдайларымызда мал азығы өте тапшы. Сондықтан саулықтардың барлығын жаппай ерте ұрықтандыру қауіпті. Қыста тел алу кезінде бұл көптеген қиындықтар келтіреді. Әрбір пункттегі техник-осеменаторлар өз істерін жетік біледі. Жылма-жыл науқанды үлгілі өткізіп, совхоздың төл алудағы көрсеткіштеріне елеулі үлес қосып жүрген техник-осеменаторлар қатарына Тұрмағамбетовты, жоғары білімді зоотехник Еділовті айтар едік. Сондай-ақ бұл науқанды жүйелі ұйымдастырып, басшылық жасауға бас зоотехник Н. Балмұқановтың да еңбегі зор. Қазіргі шопандардың бәрі дерлік білімді, ғылыми әдебиеттерді өз істеріне жіті пайдаланып жүр. Бірқатарының арнаулы білімдері де бар. Сондықтан да ұрықтандыру науқанына олардың өздері де қатысады. Бұл науқанды сапалы аяқтауға әсер етуде. Оның жемісін жылма-жыл көріп те келе жатырмыз. Мысалы, шопандар Б. Жақсыбаев К. Амалбаев, Ш. Оқуов және басқалар соның нәтижесінде СЖК препараттарын пайдаланбай-ақ төл алуда жоғары көрсеткіштерге ие болып жүр. Саулықтардың егіз қозы табуын көбейту үшін көптеген жұмыстар атқару керек. Егіз қозыны ең алдымен қоңдылығы жақсы саулықтардан ғана алуға болады. Сонымен бірге егіз табатын саулықтардың бұл қасиеті тұқым да қуалайды. Соны ескеріп, әр отарда егіз табатын саулықтардың төлдері одан әрі өсіруге қалдырылады. Саулықтарды егіз ұрпағы кеп қошқарлардың ұрығымен ұрықтандырса, үшіншіден, қойдың егіз табуын көбейтуге саулықты бір күйлеген кезінде екі рет ұрықтандыру да көп себеп болады. Пункт жабылғаннан кейін күйлемей қалған саулықтарды ұрықтандыру үшін отарларға қошқар қосылады. Әрбір отарға орта есеппен алғанда 7-8 қошқар жеткілікті. Әдетте, ол қошқарларды екіге бөліп, кезекпен жіберіп отырған тиімді. Бұл қошқарларды жайылымға жаюмен бірге күніне жеммен қосымша азықтандырған дұрыс. Қолдан ұрықтандыру науқаны ойдағыдай аяқталғаннан кейін саулық отарлары қыстаққа орналастырылып, олардың іш тастамай, төл алу науқанына күйлі баруы жүзеге асырылады. Жыл бойғы атқарылған енбектің жемісін жинайтын жауапты кезең – төл алу. Жылына 10 мың саулықтың ерте ұрықтандырудан өтетіндігін жоғарыда айттық. Олар февраль айының ішінде төлдей бастайды. Оған көктемгі тел алу жалғасады. Қойды қыста не ерте көктемде қоздату үшін көптеген дайындық керек. Ол үшін алдымен жылы қора және жеткілікті жемшөп қоры болуға тиіс. Сондықтан өзім бас бола отырып, қой төлдетуге әзірлік жұмыстарын ел қыстауға қонғаннан кейін жүргізе бастаймыз. Совхоз, ферма мал мамандары орта буын басшылары отарларға жіберіліп, тел қораларының жайы, иенің жетіспейтіні, қандай көмектің керек екендігі тексеріледі де науқанға дайындауға шаралар белгіленіп, жүзеге асырылады. Соңынан әр қыстауға өзім барып, көріп шығамын. Буаз саулықтар қосымша азықтандырылады. Ал, желіндеген, күйі төмен саулықтар оқшауланып, ерекше күтімге алынады. Мұндай саулықтар тіршілікке бейім, мықты қозы туады. Қой жаппай қоздаған кезде қораның іші қой қоздайтын және қоздаған қой қозысымен тұратын бірнеше бөлмелерге бөлінеді. Олар жел өтпейтін, жел соқпайтындай етіліп, ұқыпты салынуға тиіс. Сонда қора жылы болады. Қыста қоздайтын отарлар шопандардың мал жайын жете білетін тәжірибелі болғаны абзал. Қой қоздату науқанына совхоздық қолы бос адамдары түгелдей жұмылдырылады. Сөз реті келгенде қойды қыста не ерте көктемде қоздатудың шаруашылыққа ыңғайлы, пайдалы жақтарын да айта кетейін. Біріншіден, бұл уақытта елдің қолы көктем науқанында бос болады да, сақманшылық жұмысқа қажетті адамдарды тандап алуға болады. Екіншіден, қыста не ерте көктемде туған қозы жылы қорада өсіп, ерекше күтімде болады да, тез қатайып, күн жылынып, шөп шыққан кезде олар витамин мен минералды заттары мол құнарлы балауса шөпке еркін тойынады. Мұның өзі қозылардың тез өсіп, марқаюына ерекше әсер етеді. Ал, көктем шыққасын туған қозылар мұндай жағдайдан кеш қалады. Өйткені олар өсіп-жетілген кезде шөп қатайып, кенеуі азайып кетеді. Соның салдарынан олар кеш жетіледі. Кеш туған қозылар өсе келе өнімді де аз береді, оның үстіне әр түрлі ауруларға да жиі шалдыққыш келеді. Қыста туған қозылардан 6–7 айлығында 1 килограмнан, кейде одан да көп сапалы жүн қырқуға болады. Оларды жақсы күтіп-бақса осы уақытта етке де тапсырып жіберуге болады. Біз солай істеп те жүрміз. Совхоздың негізгі және табысты өнімі – қаракөл елтірісі. Қаракөл қозыларын сою ерте төл алу кезеңінен басталып, мал төлдету аяқталғанға дейін жүргізіледі. Бұл өнім халқымыздың қажетін өтеп қана қоймай сонымен бірге халықаралық аукциондарда да жоғары бағалануда. Сондықтан қаракөл елтірісін алуға совхозда баса назар аударылады. Совхозда қаракөл елтірісі 20–25 мыңдық дайындау пунктінде бір орталықтан сойылып, бапталады. Мұның жұмысты сапалы жүргізуге көп пайдасы бар. Елтірі дайындаушылар – бірнеше жылдық тәжірибесі бар, маманданған адамдар. Олар әр науқан басталмас бұрын облыс, аудан орталықтарында өткізілетін семинарларға қатыстырылып отырады. Елтірі дайындау пункті алдын-ала талапқа сай дайындалады, қажетті құрал-жабдықтармен, жылумен қамтамасыз етіледі. Елтірі дайындау кезінде әр фермаға сырты жел өтпейтіндей етіп жабылып, ішіне киіз тұтылған машиналар бекітіледі. Мамандар сол машинамен отарларды аралап жүріп, терісі сапалы, екі-үш күн емізілген қозыларды күнбе-күн орталықтан дайындау пунктіне жеткізіп тұрады. Елтірі 8–9 күн тұзда жатқаннан кейін ауа райына қарай кептіріліп, шелденіп, АБП, СЧС машиналарымен тазаланады. Елтіріге сою кезінде қозылардан мәйек те алынады. Бұл да еліміз үшін бағалы шикізат. Жыл сайын совхоз мемлекетке 15–17 мыңға дейін мәйек тапсырады. Оныншы бесжылдықта совхоз мәйек өткізудің өзінен 84,5 мың сом пайда тапты. Сондықтан бұл да совхоз үшін табыс табудың тиімді көзі болуда. Мемлекетке сапалы қаракөл елтірісін тапсырудың нәтижесінде «Маңғыстау» совхозы жылма-жыл 800 мың сомнан 1 миллион сомға дейін табыс тауып келеді. Сапалы да мол елтірі өндірудің нәтижесінде бұл табыс әр бес жылдық сайын қомақтала түсуде. Мәселен, тоғызыншы бесжылдықта совхозда 70205 дана қаракөл елтірісі дайындалса, оныншы бесжылдықта бұл көрсеткіш 117059 данаға жетті. Қаракөл елтірісі заводқа өткізілгеннен кейін жеке отарлардың көрсеткіштері шығарылады. Қаракөл елтірісінің жакеттік тобын дайындауда да совхозда жоғары көрсеткіштерге қол жетті. Мәселен, 1969 жылы ол 30 процент болса, 1980 жылы 42 процент болды. Сонымен бірге елтірінің сапасын жақсартуда да елеулі алға басушылық бар. 1969 жылы бір елтірінің бағасы 15 сом болса, 1980 жылы ол 31 сомға дейін өсті. Осы жылы мемлекетке тапсырылған 27 883 дана қаракөл елтірісінің 90 проценті бірінші сортпен өтті. Сөйтіп облыс бойынша ең жоғары көрсеткішке жеттік. Бұл совхоз еңбекшілерінің, мамандарының күйек алу, мал төлдету, тері дайындаудағы нәтижелі еңбегінің, науқандық жұмыстарды жүйелі ұйымдастырудың нәтижесі дер едік. Сонымен бірге айта кетер біраз жайлар да жоқ емес. Елтіріні сапалы дайындауда елеулі рөлі бар АБП, СЧС машиналары жетіспейді. Елтірінің сапалы болуы қошқарларға байланысты. Ал облыстағы мал тұқымын асылдандыру мекемесінің әлі де болса өз жұмысын жақсы жүргізе алмауы салдарынан бұл істе ақаулар да жоқ емес. Малдан алынатын бағалы өнімдердің бірі – жүн. Ол негізінен қойдан өндіріледі. Жоғары сапалы маталардың тек қой жүнінен ғана тоқылатыны белгілі. Қазіргі халық тұрмысының жақсарып, дамыған дәуірінде мұндай жоғары сапалы таза маталарға деген талап күннен-күнге артып отыр. Көсеміміз В. И. Ленин мұны кезінде көрегендікпен болжап, 1919 жылы «Биязы және биязылау жүнді қойларды қорғау және оларды өсіруді дамыту» деген өте маңызды директивам қол қойғаннан кейін жүн өндіру елеулі маңызға ие болды. Одан бергі кезеңде Одақ бойынша жүн өндіруде айтарлықтай жетістіктерге қол жетті. КПСС Орталық Комитетінің 1965 жылғы март Пленумында да мал өнімдерін, соның ішінде жүн өндіруге баса көңіл бөлінді. Бұл маңызды міндеттерді орындауға «Маңғыстау» совхозы жақсы үлес қосып келеді. Оныншы бесжылдықта шаруашылық 607,1 тоннаның орнына 658 тонна сапалы қой жүнін тапсырып, 443,4 мың сом пайда тапты. Совхозда қой жүні екі мерзімде – май, июнь (жабағы) август, сентябрь (күзем) айларында қырқылды. Қырқым фермалардың жазғы қоныстарына, мал отарларына ортақ, жақын жерде ұйымдастырылады. Қой қырқуға негізінен тәжірибелі, тез әрі сапалы қырқатын жұмысшылар таңдап алынады. Электр қайшыларын, көмекші жұмысшыларды, қажетті құрал-жабдықтарды алдын-ала жоспарлағанда шаруашылықтағы қой саны, оның тұқымы мен өнімділігі, қырықтықшылардың еңбек өнімділігі және фермалар үшін қойды қырқып бітірудің қолайлы мерзімі ескеріледі. Қырқым науқаны басталар алдында бригадаларда өндірістік жиналыс өткізіліп, одан қой қырқу жоспары, бітіру мерзімі, жұмыс күнінің тәртібі, жұмыс нормасы талқыланады. Мұндай жиналыстарға көбіне өзім қатысамын, қырқым пункттерінде де жиі болып, жұмыс жайымен, қырықтықшылардың жағдайымен танысамын. Қырқымдағы жұмыстың көлемі мен мөлшеріне қарай бригадалардағы есеп жұмысы жақсы жолға қойылуы тиіс. Пунктте есеп жұмысын жүргізу үшін арнайы адам бөлінеді. Ол күнделікті орындалған жұмыстың аумағы мен пункттегі әрбір жұмысшының еңбек ақысын есептейді және көрсеткіш тақтаны дайындайды. Қырқым жұмысын сапалы да тез аяқтау үшін социалист жарыс ұйымдастырудың ықпалы зор. Әр апта сайын жарыс қорытындысы шығарылып отырады. Қойдың қырқылу сапасын арнайы бөлінген ферма зоотехнигі тексереді. Отардың аға шопаны да бұл іске жете назар аударады. Қазір қолданылып жүрген қырықтықшыларға еңбек ақы төлеу жүйесінде жұмыстың сапалық көрсеткіштері ескерілмеген. Қырықтықшыларға еңбек ақы қырқылған қой санына, қырқылған жүннің салмағына қарай төленеді. Еңбек ақы төлеудің бұл жүйесінде қырықтықшылардың мамандығы мен жұмыс стажы да ескерілмеген. Сондықтан менің пікірімше қырықтықшылардың еңбегіне ақы төлеудің прогрессивті нормасы жасалса, мұның өзі қырықтықшылардың еңбек өнімділігін арттыруға, қой қырқу сапасын жақсартуға, қырықтықшылардың мамандығы мен шеберлігін шыңдай түсуге ықпал етеді. Қырқым сапасын өте жақсы, жақсы және орташа деп бөлуге болады. Біз совхоздың еңбек ақы төлеу мүмкіндіктеріне орай қойдың жақсы қырқылғаны үшін еңбек ақысын сыйлықтау есебімен 10 процент, өте жақсы қырқылғаны үшін 16 процент өсіріп жүрміз. Бұл еңбек өнімділігіне, жұмыс сапасына елеулі ықпал етеді. Мысалы, 1981 жылы 51 қырықтықшыға осындай көтермелеу шараларын қолдану нәтижесінде совхоздағы қой қырқу науқаны бас-аяғы 20 күннің ішінде аяқталды. Жоспардағы 76 тоннаның орнына мемлекетке 78 тонна сапалы жүн тапсырылды. Бұл игі көрініс жыл сайын жалғаса түсуде. 900–950 қойы бар отар бір күннің ішіде қырқылып болу қазір совхозда әдетке айналған. Кейбір озат қырықтықшылар күніне 100–120, тіпті 140-қа дейін қой қырқып жүр. Жыл сайын қырқым науқаны басталар алдында сонда істейтін жұмысшылар мен қырықтықшылар қайта аттестацияланады. Сондай-ақ семинар ұйымдастырылады. Қырқылған жүн орталыққа тасылып жатпай пункт басында класына, сапасына қарай бөлінеді. Жүнді кластаушылар жылма-жыл аудан, облыс орталықтарынан ұйымдастырылған семинарларға қатыстырылады. Жыл сайын қырқым сапасын жақсартып, әр қойдан қырқылған жүн мөлшері арта түсуде. Мәселен, 1969 жылы бір бас қойдан бар болғаны 1,8 килограмнан жүн қырқылған болса, оныншы бесжылдықтың алғашқы 1976 жылы бұл көрсеткіш 2,6, ал соңғы екі жылда 2,8 килограмға жетті. Қой қырқу науқаны кезінде қырықтықшылардың еңбек, мәдени-тұрмыстық жағдайларын талапқа сай ұйымдастыруға жете көңіл бөлінеді. Пункттер қой қырқуға ыңғайлы етіп салынған. Әрбір пунктте 12–18 агрегат жұмыс жасайды. Жұмыстан кейін қырықтықшылардың бос уақыттарын мазмұнды өткізуге барлық қолайлы жағдайлар жасалады. Әр пунктте уақытша ұйымдастырылған кітапхана жұмыс жасайды. Орталықтан 200–300 километрдей қашықта орналасқанына қарамастан газет-журнал уақтылы әкелініп, кинофильмдер көрсетіледі. Совхоз көркемөнерпаздары, мәдени-үгіт бригадалары жиі-жиі концерт қояды. Спортпен шұғылдануға барлық мүмкіндіктер жасалады. Мұның бәрі науқанды ұйымшылдықпен, дер кезінде, сапалы өткізуге ықпал етеді.
БЕРІК ЖЕМШӨП ҚОРЫ – БЕРЕКЕ НЕГІЗІ
Қоғамдық мал басын өсіру, одан алынатын өнімдерді арттыру ең бірінші шаруашылықтың жоғары сапалы жем-шөппен қамтамасыз етілуіне байланысты. Бұл жөнінде КПСС Орталық Комитетінің Пленумдарында, съездерде әр кезде айтылып жүр. Ал СССР-дің 1990 жылға дейінгі кезеңге арналған Азық-түлік программасында «Колхоздар мен совхоздарда жемшөп өндірісіне мамандандырылған салалық сипат берілсін. Жемшөптің белок пен басқа да компоненттер бойынша теңдестірілуін қамтамасыз етуге, жемшөп сапасын жақсартуға, ұтымды пайдалануға және ысырабын азайтуға ерекше көңіл бөлінсін»,– делінген. Бірақ Үстірт жерінің табиғи жағдайларына байланысты мал шаруашылығын жеткілікті жемшөппен қамтамасыз ету «Маңғыстау» совхозында әлі толық шешімін таппаған күрделі проблема болып қалуда. Оның басты себебі – шаруашылық, территориясында түсімі мол шабындық алқаптардың аздығы. Жыл сайын шөп совхоз, ферма орталықтарынан 260–300 километр қашықтықта шабылады. Оның үстіне әр гектардан алынатын өнім де аз. Қыс қарлы, көктем жаңбырлы болған жылдардың өзінде әр гектардан алынатын өнім 2,5–3 центнерден аспайды. Қуаңшылық жылдары оған да жетпей қалады. Гектарынан 0,5 центнерден өнім алған кездеріміз де болды. Біз бұған да барып жүрміз. Себебі бұл өзге облыстардан сатып, тасып алғаннан гөрі шаруашылық экономикасына пайдалы болуда. Мысалы өзге облыстардан сатып, тасып алынған 1 центнер мал азығының өзіндік құны 12 сом, ал өз жерімізден дайындасақ, ол 3 сом 82 тиын құрайды. Шабындықта өнім өте аз болып, әр гектардан 0,5 центнерге дейін шөп шабылғанның өзінде 1 центнер жемшөптің өзіндік құны 5 сом 27 тиыннан аспайды. Сондықтан біз ауа райының қолайлы жағдайларын, өз мүмкіндіктерімізді дер кезінде, толық пайдаланып қалуға, сол арқылы шаруашылыққа қажетті жемшөпті, қаншалық қиынға түспесін, өз жерімізден шауып алуға тырысамыз. Мол да сапалы табиғи мал азығын дайындауға еңбекті механикаландыру дәрежесі елеулі түрде ықпал етеді. Сондықтан совхоз басшылары науқан басталмас бұрын техниканы жөндеуден өткізіп, сапқа қоюға баса көңіл бөледі. Жыл сайын жасыл орақ науқаны аяқталысымен машиналардың, тракторлардың, ауыл шаруашылығы техникаларының техникалық жайы, қайсысына қандай күтім керектігі түбегейлі анықталып, январь айынан бастап жөндеуші слесарьлар жөндеу жұмысымен айналысады. Әр күн, апта, ай сайын машина-трактор паркінде қанша техника жөнделгені есепке алынып, олар сапқа қойылады. Жалпы техника жөндеудің өзі жауапты науқан ретінде қарқынды сипатқа ие болады. Техника жөндеу бір жүйеге түскен мезгілде совхоздың өндірістік мәжілісінде бас инженердің есебі тыңдалып, одан кейін техника жөндеу түбегейлі аяқталады. Сөйтіп, апрель айының ортасында ол жасыл орақ науқанына әзір тұрады. Совхоз территориясында жоңышқа, басқа да екпе шөп өсіруге су көздері тапшы. Сондықтан әр кезеңде өсетін табиғи шөптерді дер шағында шауып алуға күш салынады. Мортық – көктем шығып, жер жылынысымен тез өсетін, малға жұғымды, басы дәнді шөп. Ол бірден қаулап өседі де май айының орта шенінде тез қурап кетеді. Қураған соң шалғыға ілінбейді де шабуға көп қиындық келтіреді, әрі басындағы дәні түсіп қалады. Осы мортық шебін қаулап өсіп, толыса бастаған шағында шауып алуды соңғы жылдары қолға алып жүрміз. Апрель айының аяғынан бастап дайын техникалар мен адам күші мортық шабуға жұмылдырылады. Бұл жұмыс үш аптаға созылады. Кейбір жылдары бір гектар жерден 1,5–2 центнерге дейін өнім алынады. Мысалы, 1980 жылы 5000 центнер мортық алынды. Бұл шаруашылықты қажетті мал азығымен қамтамасыз етуге елеулі мөлшерде септігін тигізеді. Мал азығын дайындау кезінде ысырапқа жол бермеудің үлкен маңызы бар. Ол үшін жинау жұмыстарын дер кезінде жүргізудің рөлі зор. Шөпті шауып бірден тырмалағанда пішеннің ысырабы бірнеше есеге дейін азаятынын көріп жүрміз. Жері қуаңшылықты біздің аймақтарымызда шөбі июнь айының аяғынан бастап қурай бастайды. Бұл – шабындық алқаптарда мал азығын дайындаудың қауырт жүріп жатқан шағы. Осы кезеңде күн ысып, аптап, аңызақ күшті жел соғып, шабылған шөптерді ұшырып әкетеді. Мұндай ауа райы жағдайында шабылған шөпті жатқызбаймыз. Өйткені оның сапасы едәуір кеміп кетеді. Күн сәулесінің әсерінен бойындағы витаминдер ыдырайды. Сондықтан пішен шабылған күйінде қалдырылмай, тездетіп дестеленіп, преске салынады. Шабылған шөпті дер кезінде жинап алу үшін техниканы топтап пайдаланудың үлкен мәні бар. Бұл әдіс былай жүзеге асырылады. Құрамында 3 немесе 4 шабушы тракторы бар әр звеноның соңынан тырмалаушы жүріп отырады, ал дестеге салған шөп олардың ізін ала сол бойда престеледі. Ал, престелген мал азығы көп жатпай совхоз, ферма орталықтарындағы пішен базаларына тасылады. Техниканы мұндай топтап пайдалану жинау сапасын арттыру мен ысырапты азайтуға, сондай-ақ механизаторлардың еңбек өнімділігін арттыруға елеулі ықпал етеді. Сонымен бірге агрегаттарды топтап орналастырудың оларды жеке-жеке орналастырумен салыстырғанда бірсыпыра артықшылықтары бар. Атап айтқанда техникалық жұмыстарды (техникалық күтім, шағын жөндеулер, ақауларын түзету, реттеулер) жүргізу жағдайларын жақсартады; Пішен, су тасуға және майлау материалдарын әкелуге керекті транспорт құралдарына қажеттілік азаяды. Жұмыс сапасына жүргізетін бақылау, агрегат жұмыстарына басшылық ету, өзара көмек көрсету, әр түрлі қоғамдық шаралар өткізу жеңілдейді. Шөп шабу кезіндегі осындай ерекшеліктер мен талаптарды ескере отырып, мал азығын дайындау қай жылы қандай қиыншылықтармен күресуге тура келеді? Ол қиын жағдайлардан қалай жол таптық? Енді осы жөнінде бірер сөз. 1976 жылы совхозда 47 000 қой, 450 жылқы, 537 түйе болды. Оны жемшөппен қамтамасыз ету үшін 3000 тонна мал азығын дайындауға тиіс едік. Басқа жылдармен салыстырғанда бұл жылы шаруашылық шабындықтарындағы шөп шығыны едәуір мол болды. Сол жылы біз мал азығын дайындау жоспарын екі еседен астам артығымен орындап, 7000 тонна шөп шауып, тасымалдадық. Әр гектардан 2,5 центнер өнім алынды. Сол сияқты 1977 жылы да жемшөп дайындау жоспарын орындап шықтық. Бұл жылы әр гектардан алынған өнім – 2 центнер болды. Бірақ 1978–1980 жылдары Үстірт табиғатында бұрын болып көрмеген қуаңшылықтың салдарынан шаруашылықты тиісті мал азығымен қамтамасыз ете алмадық. Әсіресе, 1979 жылғы жағдай өте-мөте күрделі болды. Бұл жылы шабындық алқаптарды айтпағанның өзінде отарлардың жазғы жайылымында мал тісіне ілінер от аз болды. Өткен қыста жемшөпті Шымкент, Алматы, Павлодардан сатып алғанымыз белгілі. Енді биыл да сол жағдайға баратын болсақ, совхоз экономикасы шығынға батып қалар еді. Сондықтан қалай болғанда да барлық мүмкіндіктерімізді пайдаланып, мал азығын өз жерімізден шауып алуды ұйғардық. Көкемнің орта шенінде Терістік Үстірттегі шабындық жерлерді белгілеу мақсатымен жолға шықтық. Өткен жылғы бұл маңайда шөп өспей, жер кенезесінің кеуіп қалу салдары бұл жақта биыл да бар екен. Жылма-жыл жусаны мен ебелегі бітік өсетін кең алқапта малға азықтық қасиеті аз тітір шөбі қаптап кетіпті. Ақтөбе облысымен арадағы үлкен территорияны алып жатқан мемлекеттік жер запасын да көрдім. Онда да осы мортық, ебелек, қадау-қадау жусан өсіпті. Осындай жерлерге таңдап-таңдап шалғы салса, жоспарды орындамағанмен, біраз табиғи мал азығын дайындап алуға болатынын байқадым. Бұл пікірімді шаруашылық мамандары, пішеншілер де қолдады. Сөйтіп Үшоба жерінен шабындыққа шалғы салдық. Механизаторлар жұмысты бірден бастап кетті. Бірақ өнім аз еді. Әр гектардан 1,2 центнерден, ал кей жерлерде 0,5 центнерден ғана болды. Сонда да науқан бойы мал азығын дайындау жолындағы қарқынды күрес тынбастан жүргізіле берді. Жалпы шөп шабу сол жылы октябрь айының аяғына дейін тынған жоқ. Шабылған шөпті ысырапқа қалдырмай ұқыпты жинап, престеп, жемшөп базаларына тасып алып отырдық. Соның нәтижесінде 3222 тонна мал азығы дайындалды. Ал, қыста әзірленген жемшөпті нәрлендіріп, тиімді пайдалануға күш салдық. Мал азығын дайындау кезінде социалистік жарысты өрістетуге, механизаторларды моральдық жағынан ынталандырып, белсенділігін көтеріп отыруға көңіл бөлеміз. Бұл жылдан-жылға жетілдіріле түсуде. Мысалы, совхоз ұйымдастырылған алғашқы жылдары озат механизаторларға 10–15 сом сыйлық берілетін еді. Соңғы кездері әр пішеншінің еңбек өнімділігі ескеріле отырып, нормадан асыра орындалған 1 процент еңбегіне негізгі еңбек ақысының 1 проценті қоса төленіп отырады. Мысалы, 1981 жылы жоспарын асыра орындаған 30 механизаторға 8900 сом сыйлық берілді. Осының нәтижесінде 2024 тонна шөп жоспардан артық дайындалды. Жыл сайын мал азығын дайындау науқанына белсене араласып жүрген озат пішенші механизаторлар совхозда баршылық. Олардың қатарында тракторшылар Бөкес Қасмағамбетовтің, Ашықбай Шағановтың, Жолды Тасболатовтың, Отар Таңатаровтың есімдерін атауға болады. Бұл жолдастар жақсы жұмыс жасап қана қоймай, әр науқан кезінде өздері басқарған звенодардық да өнімді еңбек етуіне лайықты басшылық жасай білуде. Мал азығын дайындау кезінде өрт қауіпсіздігін сақтау шараларын қатаң сақтаймыз. Атап айтқанда олар мыналар:
– машиналардың тоқтап тұратын орындары мен пішен күде тұрғызған жерлердің айналасын орлап, өрт сөндіру инспекциясының нұсқауларына сәйкес, өрт сөндіру құралдарымен қамтамасыз ету;
– агрегатта және оның, айналасында темекі тартуға тыйым салу, темекі тарту үшін арнайы орын бөлу;
– тракторлар мен автомобильдердің ұшқын сөндіргіштермен және өрт сөндіргіштермен жабдықталуы;
– тракторлар мен автомобильдерге майды механикаландырылған май құятын құралдармен құю;
– электр-газ дәнекерлегішін қолдана отырып, жөндеу жұмыстарын арнаулы орындарда жүргізу және басқалары.
Бұл ережелер мал азығын дайындауға ат салысып жүрген әрбір механизатор мен жұмысшыға таныстырылып, оны қатаң сақтау талап етіледі. Әсіресе, жемшөп базаларының өрт сөндіру талаптарына сай болуы жіті ескеріледі. Мал азығын дайындауға байланысты өз пікірімді айта кетсем артық болмас деймін. Табиғи жер жағдайына байланысты біздің «Маңғыстау» совхозын жеткілікті мал азығымен қамтамасыз ету күрделі мәселелердің бірі болып қалуда. Бұл Маңғышлақ облысынан, сондай-ақ шөлейт аймақтарда орналасқан басқа облыстардың шаруашылықтарына да тән көрініс. Сондықтан осындай шаруашылықтарды жемшөппен қамтамасыз ету мақсатында арнаулы мемлекеттік шаруашылық ашқан теріс болмас еді. Ол ауыл шаруашылығы министрлігінің басшылығымен жұмыс жасау керек. Бұл жемшөп мәселесі шешілмеген шөлейт аудандар үшін тиімді әдіс болмақ. Жыл өткен сайын совхоздағы қоғамдық мал басы арта түсуде. Бұл жылдан-жылға мол да, сапалы мал азығын көптеп өндіру мәселесін алға қоюда. Ол үлкен міндетті шешу жолында совхозда қолда бар мүмкіндіктер, ауа райының, табиғат жағдайының қолайлы кезеңдері тиімді пайдаланылып, әлі де болса сақталып келе жатқан қол еңбегін жойып, бұл жұмыстарды түгелдей механикаландыру жүзеге асырыла бермек.
ІС ТҮЙІНІ – ПАРТИЯЛЫҚ БАСШЫЛЫҚТА
КПСС Орталық Комитетінің июль (1978 жыл) Пленумында ауыл шаруашылығын одан әрі дамытудың жаңа кезеңіндегі село коммунистері мен партия ұйымдарының жұмыс бағытын ақын бағдарлап берді. Пленумда: «Село коммунистері көш басында болуға міндетті. Селоның барлық партия ұйымдары мен коммунистері ең алдымен өздері партияның, қазіргі кезеңдегі аграрлық саясаты міндеттерінің мәнін, оны шешу жолдарын түсініп алуы маңызды. Олар партиялық сендіру мен коммунистік тәрбие әдістері арқылы миллиондаған адамдарды бұл міндеттерді ұғынумен қаруландыруға, оларды шабыттандыруға, ауыл шаруашылығын өркендетудің партия белгілеген программасын жүзеге асыру үшін күш-жігерді шоғырландыруға міндетті», – деп атап айтылды. Сондықтан алда тұрған асқаралы міндеттерді шешу барысында совхоз партия комитеті коммунистердің авангардтық рөлін арттыруды, олардың партия белгілеп берген жоспарларды орындау барысында нық қанат жайған социалистік жарыстың, ұдайы алдыңғы сапында болып, көпке өнеге танытуларын басты назарда ұстады. Коммунистердің авангардтық рөлі, жалпы коллективтің еңбек белсенділігі олар партия саясатына жете түсініп, қоғам мүддесін мейлінше терең сезінгенде, еңбекшілер қауымы саяси, экономикалық біліммен толық қаруландырылғанда ғана артатыны белгілі. Сондықтан совхоз партия ұйымы саяси-тәрбие жұмысын өз қызметінің ең маңызды буыны санайды. КПСС Орталық Комитетінің «Идеологиялық, саяси-тәрбие жұмыстарын одан әрі жақсарту туралы» қаулысын басшылыққа ала отырып, партияның XXVІ съезінің тарихи шешімдерін, КПСС Орталық Комитетінің май (1982 жыл) және ноябрь (1982 жыл) Пленумдарында тікелей ауыл шаруашылығын өркендетуге байланысты қаралған көкейтесті мәселелерді коллективтің әрбір мүшесіне жеткізу, оларды байыпты, терең ұғындыру жолында кең келемді саяси-тәрбие, түсінік жұмыстарын жүргізді. Осы кезеңде 9 саяси баяндамасы, 15 саяси хабарламашы, 60-тан астам үгітші бөлініп, олар еңбекшілер арасында семинар-кеңестер өткізді. Әрбір адамға белгілі учаскелер, тұрғын орындар, еңбек коллективтері бөлініп берілді. Ал еңбекшілерге кімдердің, қандай тақырыптарда, қашан сабақ өткізетіндігі алдын-ала хабарланып, саяси сабақтарға, лекцияларға барлық коллектив мүшелерін түгел қамтыды. Партия комитеті әрбір әңгіме мен хабарламаны белгілі бір тақырыпта кең қамти отырып, оны облыс, аудан, совхоз өмірімен тығыз байланыста өткізуге маңыз берді. Бұл жүргізілген жұмыстардың сапасына, ұғынықтылығына, ықпалының артуына көп әсер етті. Совхоз партия комитеті жанынан съезд материалдарын насихаттайтын арнаулы лекторий құрылып, оның жұмыс Графигі жасақталды. Лекция оқуға ауданның, облыстың, белгілі лекторлары да қатыстырылды. Әсіресе, аудан басшыларының қатысуымен жүргізілген жұмыстардың коллективна еңбек белсенділігін көтеруге, саяси білімін арттыруға ықпалы елеулі болды. Бұл ретте аудандық партия комитетін бірінші секретарі Д. Әріповтің «КПСС XXVІ съезінда материалдарына сай ауыл шаруашылығына партиялық басшылықты жақсарту туралы», «Партияның сексенінші жылдардағы аграрлық саясаты», халық депутаттары аудандық советі атқару комитетінің председателі Б. Сарбалаевтың «Ауыл шаруашылығы өндірісінің рентабельділігін арттыру туралы» атты тақырыптарда жасаған баяндамаларын атап айтуға болады. Оларда еліміздің азық-түлік проблемасы жөнінде маңызды сөз болып, оны шешу жолындағы совхоз еңбекшілерінің нақты міндеттері айқындала түсті. Съезд материалдарын насихаттауда совхоз партия комитетінің, цехтың партия ұйымдарының жиналыстары елеулі роль атқарады. Бұл ретте «КПСС XXV съезінің шешімдерін жүзеге асырудағы совхоз коммунистері мен еңбекшілерінің міндеттері туралы» мәселе қаралған совхоз партия комитетінің 1976 жылдың апрель айында өткен жалпы жиналысын айтар едік. Оны өткізбес бұрын алдын ала көптеген дайындық жұмыстары жүргізілді. Жиналыста коммунистермен қоса жалпы еңбекшілер алдында тұрған міндеттер жан-жақты талқыланды. Коммунистер: механизатор Б. Қосмағамбетов, шопандар Б. Мақсымов, Қ. Амалбаевтар шаруашылықты дамытудағы өз пікірлерін ортаға салды. Съезд шешімдерінің талаптарына сай шаруашылық экономикасын одан әрі арттыра беру мәселесі совхоз партия комитетінің жалпы бесжылдық жылдарындағы идеялық-саяси, ұйымдастыру жұмыстарының өзекті буыны болды. Бұл жиналыстардың коммунистердің еңбек белсенділігін арттыруда, еңбекшілерді коммунистік тұрғыда тәрбиелеуге ықпалы зор болды. Мысалы, 1980 жылдың 7 апрелінде КПСС Орталық Комитетінің В. И. Лениннің туғанына 110 жыл толуына орай қабылдаған қаулысынан туындайтын совхоз коммунистер мен еңбекшілерінің міндеттері туралы мәселе қараған партия жиналысы өтті. Ол «Ленинше, коммунистерше өмір сүріп, еңбек етейік, соларша күресейік!» деген ұранмен өтті. Жиналыста 7 коммунист сөйледі. Шопан Әбдіхалық Нәбиев съезд шешімдерін орындай отырып, көсем юбилейі қарсаңында әр жүз саулықтан 120 қозы алуға көтеріңкі социалистік міндеттеме қабылдап, оны абыроймен асыра орындап шықты. Бұл жиналыста коммунистер тарапынан сын-ескертпелер де айтылды. Шопан Б. Мақсымбаев малшыларды саудамен қамтуда бірқатар олқылықтар бар екеніне назар аударды.
– Автодүкендер жүйелі жұмыс жасайды,– деді ол,– әйтсе де балалар киімдері, малшыларға әр маусымда киетін ыңғайлы, жылы жұмыс киімдері автодүкендерде бола бермейді.
Осы сын-ескертпеге байланысты партия комитеті кейін шаралар жасап, оның орындалуын бақылауға алды. Аудандық сауда орындарына мәселе қойылды. Нәтижесінде сол жылы октябрь, ноябрь айларына дейін малшыларға қажетінше тон, байпақ, керзі етік, жаңбырға киетін плащтар, балалар киімдері сатылды. Коммунистердің жиналыстарда айтқан сын-ескертпелері жұмыста орын алған олқылықтарды дер кезінде жоюға мүмкіндік береді. Мәселен, осы жылдың 20 авгусында совхоз комсомол комитетінің ВЛКСМ мүшелерін қоғамға пайдалы еңбекке ұйымдастырудағы рөлі және совхоз шаруашылығына жастардың қатысы туралы мәселе қараған ашық партия жиналысы өтіп, онда 8 коммунист сөйледі. Комсомол ұйымының жұмысына екі сын айтылды. Ферма меңгерушісі Н. Қалдәулетов жастардың ауыл мәдениетіне қатысы туралы айта келіп, Сарша селосындағы клуб жұмысына жастардың аз араласатындығын, жас коммунист, шопан Нағима Есенова совхозда комсомол-жастар бригадаларын көбейту жайын сөз етті. Бұл орынды сын-ескертпелер коммунистер тарапынан қолдау тапты. Кейін Сарша клубында жастардың көркеменерпаздар коллективі ұйымдастырылды. Оның құрамында кітапханашы Нұрсұлу Төленова, шофер Оңаш Нығметов және басқа жастар қазір совхоз еңбекшілеріне мәдени қызмет көрсетуге белсене араласып жүр. Осы жиналыстан кейін совхозда семьялық комсомол жастар бригадасын ұйымдастыру қолға алынды. Сол жылдың өзінде құрамында 4–5 комсомол мүшесі бар екі шопандар бригадасы құрылды. Оларға Сана Таушанов, Сайком Айлаев секілді алдынғы қатарлы коммунист шопандар жетекшілік етеді. Совхоз партия комитеті еңбекшілерге коммунистік тәрбие беруді өз жұмысының ең басты, сындарлы саласы деп біледі. Ал саяси-идеялық тәрбие құралдарының ең негізгісі идеологиялық жұмыстар екені белгілі. Совхозда 47 адам тұрақты идеологиялық қызмет атқаруда. Бұлардың көпшілігі жоғары білімді, идеологиялық жұмыста көп жылдық тәжірибесі бар, өздерінін партиялық тапсырмаларын төл ісіндей, үлкен жауапкершілікпен атқаратын адамдар. Әсіресе жоғары білімді Жарылқап Есенов, Қосқуат Мамутов, Тұрназар Еділов сияқты лектор, насихатшылардың есімдерін атап айтуға болады. Идеологиялық активке саяси оқу ісінің ықпалы, методикалық көмегі зор. Идеология қызметкерлерінің жұмысына бақылау жасап, басшылық етуді совхоз партия комитеті әрдайым назардан тыс қалдырмайды. Күнделікті саяси жұмыс программасын қарап, оған өмірдің өзі талап етіп отырған экономикалық және саяси мәселелерді енгізіп отырады. Мұның жұмыс сапасына септігі көп болуда. Саяси және экономикалық оқу жүйесінде совхозда 324 адам оқып, өздерінің саяси, экономикалық білімін көтеруде. Олардың ішінде 54 адам қатардағы коммунистер. Оқу жүйелеріне еңбек адамдары көптеп қатыстырылады. Осы заманғы өндіріс, ғылым мен техникалық прогресс еңбек адамдарына өз мамандығының қыры мен сырын жете білуі сынды жоғары талаптар қояды. Материалдық ресурстар мен мүмкіндіктерді тиімді пайдалану, техниканы күтіп ұстап, жұмыс істеу мерзімін ұзарту, жұмыс уақытында бос тұрысқа жол бермеу, үнем мен ұқыптылықты күшейту, ысырапқа жол бермеу, өндіріске ғылым жаңалығы мен озық тәжірибені кеңінен енгізу, өндірістік қорларды пайдалануды жақсарту, техникалық прогресті дамыту арқылы еңбек шығынын азайту немесе болдырмау, міне, тиімділікті арттыруға, жұмыс пен өнім сапасын жақсартуға жеткізетін жолдар осылар. Ал, мұны жетік біліп, іс жүзінде пайдалану үшін әрбір еңбеккердің экономикалық білімінің жоғары болуы басты шарт. Сондықтан партия комитеті коллектив мүшелеріне экономикалық білім беруге әрдайым зор көңіл бөліп отырады. Оқудың бұл жүйесі бойынша құрылған советті бірнеше жылдан бері өзім басқарып келемін. Совхозда экономикалық оқу 9 мектепте жүргізіліп, оларда 270 адам оқиды. Мектептерге сабақ беретін насихатшылардың ішінде 6 адамның жоғары, қалғандарының арнаулы орта білімдері бар. Бұлар – экономистер, есеп қызметкерлері, мал мамандары. Барлығының дерлік оқу саласы бойынша бірнеше жылдық тәжірибелері бар. Мектептердегі оқу жұмыстары алдын ала бекітілген жоспар бойынша совхоз өндірісімен тығыз байланыстырыла, ұштастырыла жүргізіледі. Экономикалық білім беру адамдардың творчестволық қабілетін дамытып, ізденістерін нығайтуға, жақсы еңбек етуіне жәрдемдеседі. Бұдан совхоздың, сондай-ақ фермалардың өмірінен де мысалдар келтіруге болады. Мысалы, мал дәрігері Қабылов Нұрлыбай № 1 фермада «Техникалық прогресс және экономика» деп аталатын экономикалық мектепте насихатшылық етеді. Мектепте 21 малшы оқиды. Олардың көпшілігі жыл сайын өздерінің социалистік міндеттемелері мен жоспарлы тапсырмаларын асыра орындап келеді. Фермада еңбек тәртібі жақсы жолға қойылған. 1979 жылы фермада мемлекетке ет тапсыру жоспары 103 процент, жүн – 125 процент болып орындалды. 1023 дана қаракөл елтірісінің 83 проценті жоғары сапамен етті. Бұл шаруашылық жылын ферма коллективі 258 мың сом таза пайдамен қорытындылап, рентабельділік 43 процент болды. Совхоз партия комитеті еңбек озаттарының есебінен коммунистер қатарын толықтыруға ерекше назар аударады. Сонымен қатар партия қатарына қабылданушылардың рухани тазалығына, өз міндетіне, коллектив мүддесіне адалдығына, іске қабілетіне де назар аударылады. Жас коммунистердің уставтық талапқа сай қалыптасуы үшін ұйымның тәрбиелік жұмысы күшейтіле түсуде. Оныншы бесжылдық жылдарында совхоз партия ұйымы 21 жас коммунистпен толықты. Олардың 63 проценті – жұмысшылар мен малшылар. Жас коммунистер ішінде совхоз экономикасын өрге бастыруға айтарлықтай үлес қосып жүрген шопандар Нағима Есенова, Бисенғали Мылтықов, түйеші Омар Баққалиев, шоферлар Ордабай Сағындықов, Сәндібай Айдарханов және басқалардың есімдерін атап айтуға болады. Партия ұйымы совхоз әкімшілігімен бірлесе отырып, кадр мәселесін шешуде де бірқатар жұмыстар атқаруда. Өзіне және қарамағындағыларға қатаң талап қоя білетін іскер, білімді мамандарды жауапты учаскелерге қоюға назар аударылады. Еңбек адамдарымен үнемі қоян-қолтық жүретін орта буын басшылар, мамандар өндіріске біраз жыл тәжірибесі бар адамдардан іріктеп қойылады. Бригадирлер, ферма меңгерушілері түгелдей коммунистерден тағайындалған. Жүргізілген жан-жақты жұмыстардың нәтижесінде соңғы жылдары совхозда бірнеше таңдаулы маман кадрлар өсіп-жетіліп, олар бұл күндері облыс шаруашылықтарында жауапты жұмыстар атқаруда. Тәрбие жұмысында партия жиналыстарының алатын орны ерекше. Коммунистер, партия Уставында атап көрсетілген, атқарып жүрген қызмет орындарына қарамастан ұйым алдында есеп беріп отырады. Мәселен, 1980 жылдың өзінде партком мәжілісінде № 1 ферманың цехтық партия ұйымының секретарі Ш. Тастеміровтың қойды қолдан ұрықтандыруды ұйымдастырудағы жұмысы туралы, № 3 ферма меңгерушісі С. Қойшыбаевтың мал қыстату науқанына әзірлік барысында атқарған жұмыстары жөнінде және КПСС мүшелігіне кандидат, түйеші Омар Баққалиевтың өндірістік жоспар мен партия уставы талаптарын, қоғамдық жұмыстарды орындаудағы есептері тыңдалды. Бұл жылы партком мәжілісінде дирекцияның орта буын мамандармен жүргізген жұмысы және совхоз әкімшілігінің еңбекшілердің арыз-шағымдарын қарап, шешудегі жұмыстары туралы есеп бердім. Партия жиналыстарында коммунистердің есебін тыңдау белгілі учаскелерде жұмысқа жауапкершілікті арттыруға, еңбек өнімділігін көбейтуге, сын мен өзара сынды күшейтуге, мүмкіндіктер мен резервтерді іске қосу жолындағы ұсыныс-пікірлерді кеңінен өрістетуге бірден-бір ықпалын тигізуде. Мысалы, № 1 ферма цехтың партия ұйымында социалистік міндеттемесін орындай алмаған коммунист шопан С. Айлаевтың да есебі тыңдалды. Онда қабылданған қаулыда жас шопан жұмысын үлгілі жүргізе отырып, көп төл алуға, мемлекетке мол да сапалы мал өнімдерін тапсыруға міндеттенді. Жиналыстың жас коммунистке тәрбиелік ықпалы көп болды. Соның нәтижесінде ол келер жылы төлдейтін әр 100 саулықтан 110 қозыдан алып, әр қойдан 3 килограмнан жүн қырықты. Совхоз экономикасы жылдан-жылға арта түскен сайын коллективті жаңа, жас мүшелермен толықтырып отыру да жақсы жолға қойылып келеді. Партия комитеті бұл істі жергілікті совет, комсомол ұйымдары арқылы жүзеге асырады. Совхозда бір орта, бір сегіз жылдық мектеп бар. Олардан жыл сайын 70–80 жас жігіт пен қыз білім алып шығады. Мектеп түлектерінің өздерінің туған жерінде еңбек етуге қалуы үшін көптеген шаралар комплексті жүзеге асырылады. Дәстүрлі мамандық таңдау кештеріне совхоз басшылары, мамандар, еңбек ардагерлері қатыстырылып, олар совхоздың болашағы жайлы кең көлемді әңгімелер өткізеді. Қандай оқу орындарына түсу керектігі жайлы кеңестер беріледі. Соның нәтижесінде 1980–81 оқу жылының өзінде орта мектеп бітірген 25 жас жоғары және арнаулы орта білім беретін оқу орындарына оқуға түсті. Ал, осы жылы 4 жас маман жоғары оқу орындарын бітіріп келіп, совхозда еңбек етуде. Жұмысшы кадрлар да жыл сайын жастар есебінен толығуда. Өткен бесжылдықта 70-ке жуық жас мектеп бітірісімен совхозда жұмыс жасауға қалды. Қазір совхозда 224 жас еңбек етеді. Бұл жалпы совхоз коллективінің 43 проценті. Совхоз партия комитеті кәсіподақтардың белсенділігін көтере отырып, социалистік жарысты ұйымдастыруды өз жұмысының маңызды буыны санайды. Лениндік сенбіліктен бүгінгі коммунистік еңбекке дейін көтерілген жарыс қай кезде болмасын өнімді еңбектің қайнар көзі, табысқа жетудің экономикалық базаларды нығайта берудің қуатты құралы болумен келеді. Совхоз еңбекшілерінің оныншы бесжылдық жылдарындағы қол жеткен табыстары социалистік жарысты ұйымдастыра біліп, оның пәрменділігін арттырудың нәтижесінде мүмкін болды десек, асырып айтқандық болмас едік. Шындығына келсек, совхоз ұйымдасқан алғашқы жылдары біз де, өзіміздің кейбір әріптестеріміз сияқты, социалистік жарысты өз дәрежесінде ұйымдастыра алмай келдік. Оның ықпалды күшіне жете мән бере алмадық. Сондықтан ол жұртшылықтың еңбек белсенділігін арттыруға күні бүгінгідей әсер етпейтін еді. КПСС Орталық Комитетінің, СССР Министрлер Советінің, ВЦСПС-тің және ВЛКСМ Орталық Комитетінің социалистік жарыс туралы қаулылары, олардағы социалист жарыс формалары мен тәсілдерін творчестволықпен жетілдіре білу жолдары біздің бұл бағыттағы жұмыстарымызға сын көзбен қарап, орын алған кейбір кемшіліктерімізді жоюға ықпал етті. Жарыққа шыққан күннен бастап қаулылар совхоз партия, кәсіподақ ұйымдары мен әкімшілігінің бірлескен мәжілісінде талқыланды. Оның әрбір пунктінде қойылған міндеттерді қалай жүзеге асыру керектігі жөнінде жан-жақты ойластырылған шаралар белгіленіп, жүзеге асырылды. Социалистік жарыс шарты жасақталды. Жарыстың барысы әрдайым қадағаланып отырылатын болды, Осындай жұмыстардың нәтижесінде бүгінде совхозда социалистік жарысты ұйымдастыруда, оның пәрменділігін, ықпалын арттыруда, жұмысшылардың еңбек белсенділігін көтеруде игілікті тәжірибелеріміз де жоқ емес. Социалистік жарыстың қауырт басталып, екпін алар тұсы – ол әрбір бесжылдықтың немесе еңбек жылының басында көтеріңкі социалистік міндеттемелер қабылданатын кезең, Міндеттемелер әрбір бригада, ферма коллективтерінде еңбекшілердің өз белсенділігі мен мүмкіндіктерін толық саралай отырып қабылданады. Совхоздың социалист міндеттемесі сол бойынша жасалады. Бұл еңбекшілердің алдағы мерзімде атқаруға тиіс жұмыстарын айқын көре біліп, жігерлі еңбек етуіне көп ықпал етеді. Жекелеген еңбек адамдары, бригадалар мен ферма коллективтері арасындағы социалистік жарыс шаруашылық еңбеккерлерінің алдында тұрған міндеттерді жүзеге асырудағы маңызды фактор болып саналады. Сондықтан өзара социалистік жарысты өрістету барысында совхоз партия комитеті, кәсіподақ ұйымы ықпалды жұмыс араларын жүзеге асырады. Бұл ретте жарысушы коллективтердің үндесуін ұйымдастырудың елеулі маңызы бар. Олар облыстық газеттерде, жергілікті радио торабы арқылы жарияланады. Сол сияқты жарысушы еңбек озаттарының қабылдаған социалистік міндеттемелері, оны жүзеге асыру жолында атқарылып жатқан жұмыстары олардың өз ауыздарынан магнитофолға жазып алынып, бір-біріне жеткізіледі. Бұл, әсіресе, малшылар арасындағы өзара социалист жарысты өрістетуде елеулі роль атқарады. Әрбір бригада коллективі бұл арқылы жарыстасының қазіргі еңбек тынысын біліп, өз жұмысына баға береді. Кемшіліктерді жоя отырып, озып шығуға ұмтылады. Мұнын игі нәтижелерін біз жекелеген еңбек адамдарының өмірінен көріп жүрміз. Мысалы, Сана Таушанов тоғызыншы бесжылдықты біршама жақсы табыстармен қорытындылағанымен, үздік көрсеткіштерге жеткен жоқ еді. Ол оныншы бесжылдықта өзі деңгейлес шопан Лесбай Қылишаевпен социалист жарысқа түсті. Бесжылдықтың басынан бастап екі малшы арасындағы еңбек бәсекесі тың өріс алды. Соның нәтижесінде Сана Таушанов оныншы бесжылдық тапсырмаларын үш жыл сегіз айда орындап шығып, өз бәсекелесінен озып қана қоймай, совхоз бойынша жарыс кешін бастады. Ол оныншы бесжылдықтағы қол жеткен табыстары үшін «Құрмет Белгісі» орденімен наградталды. Оның жарыстасы Лесбай Қылищаев та оныншы бесжылдықта елеулі еңбек табыстарына жетіп, «Еңбектегі ерлігі үшін» медалімен наградталды. Ол бес жылда әр 100 саулықтан орта есеппен 116 қозыдан алып, әр қойдан 3,3 килограмнан жүн қырықты. Мемлекетке 2484 дана жоғары сапалы қаракөл елтірісін тапсырды. Мұндай ұнамды фактілерді совхоз өмірінен көптен келтіруге болады. Мәселен, өзара жарысқа түскен № 1 ЧКне 2 фермаларды алайық., № 1 ферманы ұзақ жылдар бойы тәжірибесі мол Н..Қалдәулетов, № 2 ферманы жас маман А. Жанаров басқарады. Айтқали әріптесінен еңбек бәсекесіне түсе жүріп, адам ферманы басқару, табысқа жету жолдарын, жұмысты ұйымдастыру тәжірибелерін үйренді. Қазір екі ферманың еңбек табыстары қатарлас. Шаруаға ауа райының қолайсыздығы көптеген қиыншылықтар тудырған 1979–80 жылдың қысында мал басын аман сақтауда, көктемгі төл алу қорытындысында ол № 1 ферманың алдына шықты.
– Социалистік жарыс тек оза шауып бәйге алу үшін күрес қана емес, сонымен қатар ол үйретері көп мектеп те,– дейді А. Жапаров. Бұған оның өз тәжірибесі куә.
Жұмыс сапасын жақсартып, жарыс пәрменділігін арттыруда бағалы бастамалардың, да ықпалы елеулі. Әсіресе оныншы бесжылдықтың қорытындылаушы жылындағы КПСС Орталық Комитетінің «Мал қыстатуды ұйымшылдықпен өткізу, 1980–1981 жылғы қысқы кезеңде мал шаруашылығы өнімдерін молайтуға мүмкіндіктерді мейлінше толық пайдалану туралы» Хаты мен Семей облысы еңбеккерлерінің республиканың барлық малшыларына арналған және Маңғыстау ауданы Құйбышев атындағы совхоз малшыларының КПСС XXVІ съезін лайықты қарсы алу, мал қыстатуды ұйымшылдықпен өткізу, мал шаруашылығы өнімдерін өндіру мен дайындауды молайту жөніндегі Үндеулері совхоз еңбеккерлерінің оныншы бесжылдықты лайықты табыстармен қорытындылау жолындағы социалистік жарысқа кең өpіc ашты. Сол сияқты көсеміміз В. И. Лениннің туғанына 110 жыл толуы, Қазақ ССР-і мен Қазақстан Компартиясының 60 жылдық торқалы тойы қарсаңында бесжылдық тапсырмаларын орындап шығу туралы бағалы бастамалар да совхоз коллективі тарапынан бірауыздан қолдау тауып, жұмыс қарқынын үдете түсті. Көсем юбилейіне 14 шопандар бригадасы, 9 механизатор, барлығы 65 адам бесжылдықтың тапсырмаларын абыроймен орындап шығып, Лениндік Құрмет грамоталарымен наградталды. Ал республика мерекесін лайықты қарсы алуға 20 шопандар бригадасы, 1 түйешілер бригадасы, 10 механизатор бесжылдықтың тапсырмаларын орындауымен сүбелі үлес қосты. Олардың қатарында социалист жарыстарда оза шауып бәйге алып, ел мерейін өсіріп жүрген совхоз мақтаныштары Қазақ ССР Жоғарғы Советінің депутаты, ІІІ дәрежелі Еңбек Даңқы орденінің кавалері Мерей Өтегеновтің, Октябрь Революциясы орденінің кавалері Бердіхан Мақсымбаевтың, шопандар Мырзарали Жаңаевтың, Қайнарбай Амалбаевтың, түйеші Омар Бекқалиевтың, шоферлар Ақжарық Егдірбаевтың, Амал Қадыровтың, Ордабай Сағындықовтың есімдерін атауға болады. Жарыс қорытындысы жұмыстың маусымына, түріне қарай бес, он күнде, ай және тоқсан сайын шығарылады. Оған идеологиялық күштер белсене қатыстырылады. Қазір барлық жерлерде қалыптасқандай, бөлімше аралық ауыспалы Қызыл ту, механизаторларға, малшыларға вымпел тапсырылады. Озаттар құрметіне «Еңбек Даңқы» жалауы көтеріледі. Бесжылдықта 14 шопан, 3 түйеші, 6 құрылысшы, 7 жөндеуші, жемшөп цехының 5 жұмысшысы совхоздың Құрмет кітабына жазылды. Социалистік жарыс шартына орай еңбекшілер материалдық жағынан ынталандырылып отырылды. Мысалы, мал қыстату науқанында әрбір 10 күннің қорытындысымен 11 бригада коллективі 25 сомнан, әр айдың қорытындысымен бір ферма коллективі 100 сомнан көтермелеу сыйлықтарын алды. Бұндай шаралар әрбір науқан сайын ұйымдастырылады. Совхоз бойынша 1980 жылы еңбекшілерді ынталандыруға 17,8 мың сом қаржы жұмсалды. Совхозда коммунист еңбек мектебі жұмыс жасайды. Бұл атақты жеңіп алғандардың орны жаңа адамдармен толықтырып отырылады 1980 жылдың қорытындысымен 39 адам, бесжылдық бойынша 126 адам «Коммунист еңбектің екпіндісі» атағын жеңіп алды. Еңбекшілер арасында озат тәжірибелер үнемі насихатталып, кеңінен таратылып келеді. КПСС XXV съезінің делегаты Қазығұл Басшиевтың, екінші, үшінші дәрежелі Еңбек Даңқы, ордендерінің кавалері Бейсенбай Ауданбаевтың, Одаққа әйгілі механизатор: Кәмшат Дөненбаеваның іс-тәжірибелері, өмір жолдары магнитофон, қабырға газеттері арқылы таратылып, көпшілікке үлгі етіледі. Бесжылдық майталманы Бердіхан Мақсымбаевтың жұмыс тәжірибесі плакат етіп шығарылып, малшыларға үлестіріліп берілді. Социалистік жарысты өрістетуде, жұмыс сапасын жақсартуға мұның да септігі көп болуда. Озаттардан үлгі алған совхоз коллективі бесжылдық бойына «Кешегіден бүгін, бүгінгіден ертең жақсы жұмыс жасайық!», «Озаттардан үлгі алайық, озаттарға теңелейік», «Арамызда бірде-бір артта қалушы болмасын!», «Социалистік жарыс туын жоғары ұстайық»: ұрандарымен еңбек етті. Соның нәтижесінде оныншы бесжылдықта шаруашылық мал басын өсіруде, одан мол да сапалы өнім өндіруде айтарлықтай көрсеткіштерге қол жеткізді. Атап айтқанда бесжылдық жоспар еттен 104,2 процент, сүттен – 101,5, жүннен – 108,2, қаракөл елтірісін тапсыруда 117,8 процент орындалды. Мұның бәрі еңбекшілерге партия талаптарына сай коммунистік тәрбие берудің, жауапкершілік пен ынтаны арттырудың, социалистік жарысты жетік ұйымдастырудың нәтижесі. Бұл жұмысты жүзеге асыруда совхоз партия комитетінің секретары С. Нұров пен кәсіподақ комитетінің председателі Т. Көкшеевтің қызметтері елеулі.
ӨСКЕЛЕҢ ӨМІР, ЖАРАСТЫ ТҰРМЫС
КПСС Орталық Комитеті Саяси Бюросының мүшесі, Қазақстан Компартиясы Орталық Қомитетінің бірінші секретарі Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев жолдас Қазақстан Компартиясының XV съезіне жасаған Есепті баяндамасында оныншы бесжылдықтағы және жетпісінші жылдардағы республика еңбекшілерінің өміріндегі мәдени-тұрмыстық, әлеуметтік орасан өзгерістерді айта келіп: «Село еңбеккерлерінің тұрмыс-салтында таңғажайып өзгерістер болды. Олардың еңбегі индустриялық сипатқа ие бола бастады, қала мен деревнядағы өмірдің материалдық және мәдени-тұрмыстық жағдайларының жақындасу тенденциясы айқынырақ байқалуда. Осы жылдарда көркейген жаңа поселкелер қанат жайды, мыңдаған километр жолдар салынды, селоларды электрлендіру, оларға газ беру іcі жедел жүргізілуде. 12 миллион шаршы метрге жуық тұрғын үй пайдалануға берілді, мектептердің, ауруханалардың, мектеп жасына дейінгі балалар мекемелерінің жүйесі кеңейді, жаңа клубтар, кітапханалар, денсаулық сақтау, сауда және тұрмыстық қызмет объектілері пайда болды. Мәдени тұрмыстық қызмет көрсету, әлеуметтік қамсыздандыру ісі жақсарды, колхозшылар мен совхоз жұмысшыларының табысы артты»– деп атап көрсеткен болатын. Ауыл-село өміріндегі бұл елеулі алға басушылықты «Маңғыстау» совхозының бүгінгі келбетінен де айқын көруге болады. Шаруашылық экономикасы жылдан-жылға артумен бірге еңбекшілердің мәдени-тұрмыстық жағдайы да бұрынғыға қарағанда айта қаларлықтай жақсарып, әл-ауқаты арта түсті. Совхоз еңбекшілерінің қайтпас қажыр-қайратымен жасарып, жаңара түскен Үстірт өңірінің бүгінгі жарқын келбетін көріп тұрып, бұрын бұл жерлер қу медиен дала болды дегенге қазір сене қою қиын. Бірақ сол өзгерістердің бәрін біз өз көзімізбен көрдік, өз қолымызбен дүниеге келтірдік. Шаруашылық алғаш ұйымдастырылған жылы совхоз территориясында бұрынғы фермалардың орталығы болған 15–20 балшық үйі бар бірнеше кішігірім ауылдардан өзге село жоқ еді. Бүгінде «Қызыл әскер», «Сарша» фермаларының орталықтары ақ шаңқан үйлері сап түзеген сәулетті селоға айналды. Ал, малшылар үшін барлық қыстақтарда төрт, бес бөлмелі, шиферлі кең де жарық, бүгінгі заман талабына сай үйлер бой көтерген. Мал типтік жобамен салынған қораларда қыстатылады: Бұрынғы елсіз медиен далада совхоздың орталық усадьбасы – Ақжігіт поселкесі шаңырақ көтерді. Ақжігіттің бүгінгі келбеті кішігірім қалашыққа бергісіз. Поселкенің үш мыңға тарта тұрғыны бір-екі қабатты сәулетті тұрғын үйлерде тұрады. Поселке жыл сайын қанатын кеңге жая өсіп келеді. Мұңда соңғы жылдардың өзінде әрқайсысы 3–5 бөлмелі екі семьяға арналған ондаған тұрғын үй, екі қабатты типтік жобада салынған 300 орындық Мәдениет үйі, 524 балалық орта мектеп, 25 орындық аурухана, 50 бала тәрбиеленетін бала-бақша, монша, наубайхана пайдалануға берілді; Орталықтағы әрбір үй соңғы жылдардан бері көгілдір экранды тамашалап отыр. Оларға жергілікті радио жүйелері тартылған. Селоны жоғары кернеулі линия арқылы электр қуатымен қамтамасыз ету толықтай жүзеге асырылған. Тұрғындарды ауыз сумен қамту да жақсы жолға қойылған. Амудария суы әр үйге құбыр арқылы жүргізілген. Соның арқасында поселкені көгалдандыру ісі де жақсы жүзеге асырылып келеді. Орталықта демалыс паркі бар. Әрбір тұрғын үй мен мәдениет, әкімшілік мекемелерінің айналасы жасыл желекпен көмкерілген. Су проблемасының шешілуі совхозда егін шаруашылығымен айналысуға да мүмкіндік туғызды. 1981 жылы қауын-қарбыз, помидор, қияр, пияз егілген. Оның өнімі сол жылдың өзінде-ақ көңіл қуантып, тұрғындардың қажетін өтеуге толық жетті. Алдағы мерзімде егіс алқабын кеңейтіп, одан шаруашылық мыңдаған сом мөлшерінде қосымша пайда алмақ. Өз жерімізде екпе шөп өсіруді де қолға алмақпыз. Село тұрғындарына, еңбекшілерге медициналық, мәдени-тұрмыстық және саудамен қызмет көрсету жылдан-жылға жақсара түсуде. Орталықтағы аурухана, бөлімшелердегі медпункттерде жоғары және арнаулы орта білімді 18 медициналық қызметкер жұмыс жасайды. Аурухана қажетті медициналық құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген. 9 автодүкен жұмыс жасайды. Тек оныншы бесжылдықтың өзінде село халқына 7,5 миллион сомның товарлары сатылды. Село тұрғындарының бос уақыттарын мазмұнды өткізуді ұйымдастыруда мәдениет ошақтары игілікті істер тындыруда. Көркеменерпаздар коллективінің күшімен концерттер, спектакльдер қойылып, мәдени бағыттағы басқа да шаралар ұйымдастырылады. «Ал, қане, жігіттері», «Ал, қане, қыздар» ойындарын, еңбек, соғыс ардагерлерімен кездесулер, жастарды Совет Армиясы қатарына шығарып салу салтанаттарын өткізу дәстүрге айналған. Совхозда 28 мың кітап қоры бар 4 кітапхана жұмыс жасайды. Олар бір орталықтан бағындырылған жүйеге толықтай көшірілген.
Совхоз орталығындағы клубта күнде екі кезекте кинофильм көрсетіледі. Орталықтан шалғай малшылар ауылдарын мәдени-тұрмыстық, медициналық қамту да жақсы жолға қойылған. Бірнеше автоклуб пен автодүкен белгілі график бойынша малшылар ауылдарына қатынап тұрады. Мәдени-үгіт бригадалары – олардың жиі қонақтары. Совхозда облыс, аудан орталығымен телефон байланысы жақсы жолға қойылған. Ақжігіт пен ферма орталықтары арасында да телефон байланысы бар. Бұл салада «Қазақ ССР байланыс қызметінің үздігі», селолық байланыс торабының бастығы Сәбит Абдуллин ұзақ жылдардан бері жемісті еңбек етіп келеді. Ақжігітті жергілікті жерде «Батыр-аналар ауылы» деп орынды атайды. Бізде қазір он және одан да көп ұл мен қыз тәрбиелеп отырған 40-тан астам семья бар. Оларға ерекше қамқорлық жасалады. Лайықты тұрғын үйлермен қамтамасыз етіліп, Батыр-аналардың ошақ басында шаруа басты болып қалмай, жұмыс жасауына мүмкіндік беріледі. Мысалы, Кідірген Қуатова мен Балжан Мақтымова және басқа аналар осындай қамқорлықтың арқасында еңбектен қол үзбей, совхоз дәулетін арттыруға үлес қосып жүр. Балаларының алды ержетіп, еңбекке араласты. Еңбекшілердің барған сайын табысы молайып, материалдық әл-ауқаты арта түсуде. Партиямыз бен үкіметіміздің жеке шаруашылықтарға қамқорлық жасауының арқасында қазір бізде әр үйдің 4–5-тен ірі қарасы, 15–20-дан ұсақ жандықтары бар. Осындай жеке шаруашылықтарда өсіріліп отырған малдың қоғам үшін де маңызы зор. Бұл жөнінде КПСС XXVІ съезінің материалдарында: «Социалистік ауыл шаруашылығының негізі колхоздар мен совхоздар болды және солай болып қала береді. Бірақ мұнын, өзі тіпті де өзіндік қосалқы шаруашылықтардың мүмкіндіктерін елемеуге болады, деген сөз емес. Мұндай шаруашылықтардың ет, сүт және басқа кейбір өнімдерді өндіруге айтарлықтай көмек екенін тәжірибе дәлелдеп берді. Еңбекшілердің, қарамағында бау, бақша, құс, мал – біздің ортақ байлықтарымыздың бір бөлігі»–деп көрсетілген болатын. Сондықтан жеке шаруашылықтарды жемшөппен, жайылыммен қамтамасыз етуді біз әрдайым назарда ұстап отырмыз. Соның нәтижесінде оныншы бесжылдықтың өзінде совхозда жеке шаруашылықтан 311 тонна қой, түйе мен жылқы еті дайындалды. Совхоз дәулетінің үздіксіз арта түсуінің нәтижесінде шаруашылық жұмысшыларының орташа айлық табысы соңғы жылдары 216 сомға жетті. Әсіресе, малшылардың айлық табысы жыл өткен сайын өсе түсуде. Мәселен, Әли Бөлтеков ортақол малшы. Ол 1979 жылы еңбек ақыға 2658 сом ақша алды. Сонда оның орташа айлық табысы– 221,5 сом. болды. Бұл оның бір өзінің табысы. Егер семьяда 2–3 адам еңбек ететінін ескерсек, сонда әр үйдің орташа айлық табысы – 450–700 сомдай болады. Сол сияқты шопан Таған Оңайбаев сол жылы орта есеппен 2777,7 сом табыс тапты. Оның үстіне қосымша ақыға 18 бас тоқты алды. Өздерінің еселі еңбегі арқасында мол табысқа ие болып жүрген еңбеккерлер механизаторлар мен құрылысшылар арасында да баршылық. Мысалы, тракторшы Қыздарбай Қоқаев бір жылда 2733 сом табыс тапса, құрылысшы Санат Жақабаевтың жылдық табысы 1918 сомға жетті. Бұл жайлар совхоз еңбеккерлері табысының жылдан-жылға артып, мәдени-тұрмыстық жағдайларының жақсаpa түскендігіне толық дәлел бола алады. Малшылардың барлығы алты, жеті қанатты ақбоз үйлерде тұрады. Қазақтың, ұлттық киіз үйлерін көркем жабдықтап, ұстауда, қол өнерін дамытуда біздің аулымыз елеулі орын алады. Халық шеберлері жасаған бау, басқұр, ораулы шилер облыстық кермелерде тұр. Ал бұрынғы өз аулымыздың тұрғыны шебер Сұлухан Рзаева жабдықтаған алты қанат киіз үй қазір Жапониядағы дүние жүзі халықтарының этнографиялық көрмесінен орын алған. Әр семьяның тұрмысына телевизор, радиоқабылдағыш, кір жуатын машина толық енді. Қазір совхозда 22 еңбекшінің жеке жеңіл автомашинасы, 61 адамның «Урал», 100-ге тарта басқа маркадағы мотоциклдері бар. Совхоз алғаш ұйымдасқан жылдары мұндай дәулет пен сәулет жеткізбейтін арман, қиял тәрізді еді. Енді мұның бәрі кемелді өмір шындығына айналып отыр. Бұл Коммунистік партия мен Совет үкіметінің село еңбеккерлеріне жасап отырған әкелік қамқорлығының жемісі деп білеміз. Еңбекшілердің мәдени-тұрмыстық, әлеуметтік жағдайын жақсарту алдағы кезеңде одан әрі жүргізіле бермек. Селолар құрылысы кеңейіп, көшелері асфальтталады. Көгалдандыру одан әрі жүзеге асырылады. Қызмет көрсету жүйелері кеңейеді. Жуық жылдарда совхоз территориясынан өтіп жатқан Орта Азия – Орталық газ құбырынан Ақжігіт селосына жүйе тартылып, село тұрғындары көгілдір отынмен толықтай қамтамасыз етіледі. Шаруашылықта қоғам байлығын молайтуға белсене атсалысып жүрген еңбекшілерге лайық еңбек ақы төленіп қана қоймай, сонымен бірге олардың тынығып, дем алуына, курорттар мен санаторийлерде денсаулығын түзеп, жасы үлкейген шағында әлеуметтік қамсыздандырылуына, мәдени-тұрмыстық қажеттерін өтеуге де толық мүмкіндіктер жасалады. Сонау қырқыншы жылдардың ішінде Үстіртке алғаш ферма отарлары келген кезден бастап, қолайсыз, қиын жағдайларда ауырлықтармен бетпе-бет күресіп, кейін совхозды өз қолдарымен құрысқан, оның ащы-тұщысын, ыстық-суығын бірге көрген азаматтар бар. Олардың бірқатары қазір құрметті демалысқа шығып, бақытты өмір сүруде. Ал кейбіреулері қарттығына, жастарының ұлғайғандығына қарамастан, әлі де көппен бірге қоғам дәулетін молайту жолында еңбек етіп келеді. Осындай байырғы еңбек тарландарының бірі – Кемалхан Шариғатов. Ол оныншы бесжылдықта бағымындағы әр 100 саулықтан 107 қозыдан алды. Әр қойдан 3,1 килограмнан жүн қырықты. Мал басын 99 процент аман сақтап, көпке үлгі болуда. Оның ұлдары Бектұр мен Медел де өзімен бірге еңбек етіп келеді.
Біз Кемалхан ақсақалмен дидарласып отырып:
– Жасыңыз ұлғайды. Демалысқа шығыңыз. Біз сізге ризамыз – десек, ол:
– Мен күнелтіс үшін жүргенім жоқ. Дәулет, шүкір, жетеді. Бірақ пенсияда қол қусырып қалай отырамын. Әуелі колхоз, сосын осы совхоздың дәулетін шалқытуға көппен бірге үлес қостым. Енді жас ұлғайды деп бүкіл өмірімнің мәні болған еңбектен қалай қалыс қала аламын. Көз алдымда өзгерген өңірдің болашағы үшін еңбек ете беру менің парызым,– деп шын көңілін айтады. Сол сияқты шопан Найзабек Құрақов, түйеші Бекқали Басполаев, жылқышы Нүрлепес Алпанов және басқа ақсақалдар жасы ұлғайғанына қарамастан көппен бірге еңбек етіп келеді.
Совхоз коллективі бүгінгі сәулетті өмірдің негізін қалаған тамаша еңбек ардагерлерін, қарапайым, кішіпейіл асыл жандарды құрмет тұтып, сіңірген еңбектерін әрдайым жоғары бағалайды. Совхозда 42 пенсионер бар. Олардың барлығы да жақсы тұрғын үйлермен, тұрмыс жағдайымен қамтамасыз етілген. Оларға тиісті мөлшерде пенсия төленеді. Әсіресе, Ұлы Отан соғысына қатынасқан ардагерлерге ерекше қамқорлық жасалады.
СӨЗ СОҢЫ
Еліміздің қазіргі заманғы аграрлық саясатының негізін қалап, дамытқан, КПСС Орталық Комитетінің март (1965 ж), июль (1978 ж) Пленумдарының, КПСС XXVІ съезінің, сондай-ақ КПСС Орталық Комитетінің май (1982) және ноябрь (1982) Пленумдарының мал шаруашылығын өркендету бағытындағы шешімдерін басшылыққа ала отырып, «Маңғыстау» совхозының коллективі оныншы бесжылдықта елеулі табыстарға ие болды. Бұл, ең әуелі шаруашылық еңбекшілерінің Отан дәулетін молайту жолындағы қажырлы күш-қайратының, қала берді, шаруашылықты ғылыми негізде басқарып, ұйымдастыра білудің, партия, совет, кәсіподақ, комсомол ұйымдарының еңбекшілермен қоян-қолтық жүргізген саяси-тәрбие жұмыстарының, коммунистердің авангардтық ролін арттырып, социалистік жарысты жүйелі ұйымдастыра білудің жұмысшылардың талап-тілектерін ескере отырып, олардың еңбек, мәдени-тұрмыстық жағдайларын жақсартудың нәтижесінде мүмкін болды. Егер, 1973 жылы шаруашылықтан жаңадан «Сам» совхозы бөлініп шығып, оған 23287 бас қой берілгенін ескерсек, оныншы бесжылдықтың соңғы жылы совхоздағы қой саны 53850 басқа жетіп, бұрынғы деңгейден асып түсті. Оның ішінде саулықтар 41578 болды. Сондай-ақ оныншы бесжылдықтың аяғында жылқы 518 (оның ішінде биелер 134), түйе 655 (оның ішінде інген-маялар 222) бас болды. Оныншы бесжылдықта мемлекетке жоспардан тыс 96,8 тонна ет, 50,8 тонна жүн, 5,4 тонна сүт, 17759 дана қаракөл елтірісі тапсырылды. Шаруашылықтың рентабельділігі тоғызыншы бесжылдықпен салыстырғанда 3,0 процент өсті. Еңбектегі елеулі табыстар нәтижесімен жігерленген совхоз коллективі он бірінші бесжылдықты да орасан еңбек өрлеуімен бастады. КПСС XXVІ съезінің ашылу құрметіне барлық бригадалар мен фермаларда еңбек тартулары әзірленді. Бұл тарихи дата қарсаңында совхоз коллективі қоғамдық мал басын шығынсыз сақтай отырып, мемлекетке мал өнімдерін тапсырудың 1981 жылғы алғашқы тоқсанының жоспарлы тапсырмаларын мерзімінен бұрын асыpa орындап шығуға көтеріңкі социалистік міндеттеме қабылдап, оны абыроймен орындап шығу үшін аянбай еңбек етті. Соның нәтижесінде съезд ашылардан үш күн бұрын тоқсандық ет тапсыру жоспары 104,2, сүт тапсыру 111,1 процентке асыра орындалды. Съезд құрметіндегі социалистік жарыста жоғары көрсеткіштерге жеткені үшін № 1 және № 3 қаракөл қой фермаларының коллективтері бірінші рет облыстық «Коммунистік жол» және «Огни Мангышлака» газеттерінің бетіндегі Құрмет тақталарына жазылды. Съезд құрметіндегі жарыстан совхоз механизаторлары мен құрылысшылары да қалыс қалған жоқ. Олардың ішінде екі айдың тапсырмаларын 121,3 процентке асыра орындап шыққан тракторшылар Қалдыбай Тоқжановтың, Тұрарбек Шәдібаевтың, шоферлар Әлжан Таңатаровтың, Бапыш Борановтың есімдерін атап айтуға әбден болады. КПСС XXVІ съезіне жасалған Есепті баяндамада: «...мал шаруашылығы – бұл бүгінде селодағы екпінді майдан»,– деп айрықша атап айтылған болатын. Бұл бүкіл еліміздің малшыларымен бірге біздің шаруашылық коллективінің де жігерін тасытқан үстіне тасыта түсті. КПСС Орталық Комитеті мен СССР Министрлер Советінің, ВЦСПС-тің және ВЛКСМ Орталық Қомитетінің он бірінші бесжылдықтың тапсырмаларын ойдағыдай толық және асыра орындау жолындағы Бүкілодақтық социалисті жарыс туралы қаулысын басшылыққа ала отырып, совхоз еңбекшілері арасында бесжылдықтың беташар жылын екпінді еңбек жылына айналдыру жолындағы социалистік жарыс кеңінен қанат жайды. Совхоз еңбекшілерінің өз белсенділігімен 1981 жылдың аяғында мал басын өсіруде қойды 51700 басқа, саулығын 43000 басқа, жылқыны 695 басқа, биесін 180 басқа, түйені 665 басқа, інген-маяларын 225-ке жеткізуге, ол үшін жыл басындағы әр 100 аналықтан 105 қозы, 75 құлын, 43 бота алуға мал өнімдерінен мемлекетке 472 тонна ет, 27 тонна сүт, 135 тонна жүн, 27800 дана жоғары сапалы қаракөл елтірісін тапсыруға көтеріңкі социалист міндеттемелер қабылданды. Қандай ірі еңбек желісі, озық тәжірибе болмасын, оған жоғары орындардың шынайы қамқорлығы, жіті басшылығынсыз жету мүмкін емес. Қазақстан Компартиясы облыстық комитетінің бірінші секретарі С. Мұқашев жолдас жыл басында шаруашылық жағдайын көріп-біліп жүріп, совхоздың биылғы жылы біз қабылдаған жоғарыдағы міндеттемеден де артық табысқа жетуге болатындығын айтты. Бірқатар мүмкіндіктер мен резервтеріміздің бетін ашып берді. Шындығында да мал күйлі, қыстан аман алып шығуға жағдай бар. Оның үстіне өткен күзде қойды қолдан ұрықтандыру өте сапалы өтіп еді. Дереу фермалар коллективтерінің, одан кейін совхоз еңбекшілерінің жалпы жиналысы шақырылып, онда социалист міндеттемені қайта қарау мәселесі талқыланды. Әрбір малшы өз мүмкіндіктерін саралай келіп, бұл пікірдің орынды екендігін қолдады. Соның нәтижесінде совхоз бойынша бесжылдықтың алғашқы жылы әр 100 аналықтан 111 қозы, 85 құлын, 43 бота алып, әр қойдан 3, әр түйеден – 4,5 килограмм жүн алу, етке өткізілген әр қойды 47 килограмға, жылқыны – 259, түйені 483, килограмға жеткізу бірауыздан келісілді. Транспорт, құрылыс, еңбекшілерге мәдени-тұрмыстық қызмет көрсету саласында да осындай көтеріңкі міндеттемелер қабылданды. Еңбекшілер белсенділігі бұрынғыдан да арта түсті, Сөйтіп, 1981 жылы совхоз бойынша әр 100 саулықтан 112 қозы, 88 құлын, 45 бота алынды. Бұл мемлекетке 29625 дана қаракөл елтірісін, 154,7 тонна сапалы жүн, 448 тонна ет, 27 тонна сүт тапсырып, жоспарлы тапсырмалар мен социалистік міндеттемелерді асыра орындауға мүмкіндік берді. Әр қойдан 3, әр түйеден 4,7 килограмм жүн алынды. Жоспардан тыс әр қойдан 6,68, әр жылқыдан 15,43 сомның өнімі өндірілді. Осындай қомақты табыстардың нәтижесінде шаруашылық он бірінші бесжылдықтың беташар жылын 886 мың сом таза пайдамен қорытындылап, совхоздың бір жылда тапқан пайдасы тұтас оныншы бесжылдық жылдарындағы орташа көрсеткіштің тең жартысынан асып түсті. Шаруашылықтың өнім өндіру рентабельділігі 59,9 процентке жетіп, оныншы бесжылдықтағыдан төрт есеге жуық артты. Социалистік жарыстың пәрменділігін арттырудың, еңбекшілер арасында жүргізілген жан-жақты саяси-тәрбие жұмыстарының нәтижесінде бұрын белгісіз, көптеген жаңа еңбек озаттарының есімі танымал болды. Бұлардың қатарында әр 100 саулықтан 121–129 аралығында төл алып, мемлекетке сапалы қаракөл елтірісі мен жүн тапсырған Талапбай Өтеулиев, Беген Әбілханов, Сағидат Тілепов сынды шопандарды айрықша атауға тұрарлық. Ал, Мылтық Жапаров әр 100 саулықтан 133-тен төл алып, совхоз бойынша социалистік жарыстың көшін бастады. Жарыс қорытындысымен еңбекшілерді моральдық, материалдық жағынан көтермелеу бұл жылы одан әрі жалғастырылды. Уәлі жерінде өткен облыс малшыларының слетінде бірқатар малшыларға алғыс жарияланып, бір малшыға «Жигули» автомашинасы, 2 малшыға «Урал» мотоциклі, 13 малшыға кілем сыйға берілді. Он бірінші бесжылдықтың беташар жылындағы совхоз еңбекшілерінің толағай табыстары партия, үкімет тарапынан лайықты бағасын алды. Совхоз коллективі 1980–1981 жылы мал қыстату науқанын үлгілі өткізгені және мемлекетке мал өнімдерін тапсыруда жоғары нәтижелерге жеткені үшін КПСС Орталық Комитетінің, СССР Министрлер Советінің, ВЦСПС-тін және ВЛКСМ Орталық Қомитетінің Құрмет грамотасымен наградталды. Бұл – мал шаруашылығын өркендетуге, ел игілігін молайту жолында аянбай тер төгіп жүрген еңбек адамдарына деген партиямыз бен үкіметіміздің әкелік қамқорлығы деп білеміз.
Пікірлер (0)
Пікір жазу үшін аккаунтқа кіріңіз. Кіру