Бумын қаған
Қайрат Бегалин
Жазылымсыз режим: 20-беттен кейін жазылым беті ашылады, әрі қарай әр 10 бет сайын (ең көбі 5 рет).
«Бумын қаған» – балалар мен ересектерге арналып қазақ және орыс тілдерінде жазылған көркем суретті туынды. Бумын – көшпелілердің ерте ортағасырлық мемлекеттерінің бірі – Түрік қағанатының тұңғыш әміршісі. Кітапта осы Түрік қағанатының пайда болуы және оның алғашқы қағаны Бумынның өмір жолдары көркем әдеби тілмен баяндалады.
Бумын қаған
Қайрат Бегалин
ББК 63.3 Б 34 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі ұсынған Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің бағдарламасы бойынша шығарылып отыр Бегалин Қ. Бумын қаған. Тарих, тұлға, уақыт. – Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2007. – 92 бет («Шығыстың ұлылары» топтамасы). ІSBN 9965-26-188-1 ББК 63.3 Барлық құқығы қорғалған. «Аруна» баспасының жазбаша рұқсатынсыз кітаптан үзінділерді, суреттерді көшіріп басуға болмайды. 00 (05)-07 ІSBN 9965-26-188-1 © «Аруна Ltd.» ЖШС, 2007 Б 34 Б «Бумын қаған» – балалар мен ересектерге арналып қазақ және орыс тілдерінде жазылған көркем суретті туынды. Бумын – көшпелілердің ерте ортағасырлық мемлекеттерінің бірі – Түрік қағанатының тұңғыш әміршісі. Кітапта осы Түрік қағанатының пайда болуы және оның алғашқы қағаны Бумынның өмір жолдары көркем әдеби тілмен баяндалады.
Алғы сөз із баян еткелі отырған жайдан екі жүз жылдай уақыт бұрын жат жерліктер Ұлы Даланың бір халқын қамсыз жатқан жерінде бас салып, түгелдей қырып жіберген-ді. Ол халықтың есімі тарихта сақталмаған. Алайда көне аңызға қарағанда, адам айтқысыз сол қанды қырғыннан құдіреттің күшімен он жасар бала аман қалады. Қаскөйлер оның қол-аяғын шауып, өлімші халде қамыс арасына, батпаққа тастап кетеді. Бірақ жаратушы Тәңір аяушылық көрсетіп, жарымжан денеге рух береді. Ал Ұмай Ана қасқыр кейпіне енгізіп, өзінің бір қызметші әйелін жібереді. Ол дәрменсіз кемтарды Тәңір (Тянь-Шань) тауының бір шатқалына алып келіп, сүтімен асырайды. Бала жігіттік жасқа жеткен соң олар жұптасып, қаншық қасқыр дүниеге он ұл әкеледі. Сөйтіп, өзі көзден таса болады. Тек сәбилер қиналған кезде көмекке келіп тұрады. Күндердің күнінде әкелері дүниеден озады. Оның бойындағы рух нәсіліне беріледі. Ұлдар өсіп ер жетеді. Ұрпақтан ұрпақ өрбіп, жыл санап көбейіп, бес жүз түтіні бар бір рулы елге айналады. Келе-келе тау қойнауы оларға тарлық етеді. Сонда Ашина1 көсем әулетін бастап шатқалдан шығады. Осы тұста аңыз тарихи шындыққа ұласады. Себебі бұл көш жайлы қытай жылнамаларында сөз болады. Онда «Бірнеше ұрпақ ауысқан соң, Ашина көсем жужан ханының билігін мойындап, руын ертіп шатқалдан шықты» делінген. Жужан ханы шығысы Тынық мұхиттан бастау алып, батысы Тянь-Шань тауларына дейін созылатын, теріскейі Байкал көлімен, күнгейі Хуанхэ өзенімен шектесетін алып мемлекетті басқарған. Жужан ханы Ашина руына шығыс Алтайдың таулы аймағынан қоныс береді. Ақысына темір өндіріп, одан жасаған заттарын салық ретінде төлеп тұратын болып шарт жасасады. Аумалы-төкпелі ол заманда қару-жарақ, сауыт-сайман қат дүние еді. Сондықтан кеншілердің беделі көрші тайпалар арасына тез тарайды. Көшпенділер әр көктем сайын батырлардың дулығасына ұқсайтын Ул-Түркі2 тауының етегінде Өтукенде3 бас қосатын. Той жасап, жаңа жыл басы4 – Ұлыс күнін атап өтетін. Сол жиында рубасылар мен көсемдер жаңа жарлықтар шығарып, өз шешімдерін жариялайтын. 1Ашина – текті қасқыр деген мағынаны білдіреді. 2Ул-Түркі – Алып дулыға. 3Өтукен – түркілердің шыққан жері, түп атамекені. 4Көшпенділер жаңа жылды наурыз айының 22-нен 23-не қараған түні тойлаған.
Тап осы жерде 460 жылы он рудың тайпалық одағы дүниеге келеді. Одақ оқиға болған жердің атына орай «түркілер» деп аталады. Түркілер өздерінің тұңғыш басшысын Ашина әулетінен таңдайды. Халықтың үлкен сеніміне ие болған көсем жужан ханына адал болуға ант етеді. Жужан ханы оған шад5 атағын береді. Содан бастап бұл атақ әкеден үлкен балаға мұра ретінде ауысып отыратын болған және атақпен бірге үлкен он рудың басын қосқан одақ билігі де соған тапсырылған. Түркілерді Ағын шад басқарып тұрған кезеңде Жужан хандығында тақ мұрагерлері арасында жанжал басталады. Бір жыл ішінде үш хан ауысады. Ақыры билік Футудың6 қолына көшеді. Алайда ол ел бірлігін қалпына келтіре алмайды. Әр тұстан наразылықтар бой көрсетіп, толқулар арта түседі. Билік қолына тиісімен, Футу бүлікшілердің көзін құртуға тырысады. Талай қан төгіледі. Алайда қақтығыс басылмайды, етегі кеңге жайылып, мемлекеттің ыдырауын барынша тездетеді. Осы уақытта телеуіт тайпалары Жужан хандығынан іргесін аударып, Ертіс өзені алқабына қоныс аударады. Сонда өздерінің Гаогюй7 деп аталатын мемлекеттерін құрады. Олардың бөлініп шығуы Жужан хандығын одан әрі әлсірете түсті. Мұны Тұрфан шұратындағы Гаочан8 князьдігі де өз пиғыл-ниетіне сәтті пайдаланды. Олар тәуелсіздігін жариялап, салық төлеуден бас тартты. Жужан елінде аштық бел алды. Футу ханның өз қол астындағы бодандарын9 бағындырмақ болған әрекеті Вэй империясының Гаогюй мен Гаочан князьдіктеріне қолдау көрсетіп, Мин Вэй бастаған әскери қосындарын Хами маңына әкеліп орналастыруының нәтижесінде сәтсіздікке ұшырады. Мин Вэй Жужанияның оңтүстік шекарасына оқтын-оқтын шабуыл жасап, хан әскерінің еркін қимылдауына жол бермеді. Ал бұл уақытта Гаогюй ханы Мивоту10 күшті әскер жиып үлгірді. Онымен қоймай, эфталиттерден11 көмек те сұрады. Сөйтіп, Жужан хандығы дұшпандардың қоршауында қалды. Екі жүз жыл бұрынғыдай даланың тағы бір көшпенді халқының басына қара бұлт үйірілді. Осы тұста дүниенің тылсымын танитын дана бақсылар үлкен істер тындыруға тиіс бір сәбидің өмірге келетінін болжады. Ол сәби Ағын шадтың шаңырағында жарық дүние есігін ашты... 5Шад – тайпалар көсемінің атақ-лауазымы, түркілер билік жүргізген кезеңде шад әскердің сол қанатын басқарған. 6Футу хан – жужан әміршісі, 492 – 508 жылдары билік еткен. 7Гаогюй – Ертіс өзені бойындағы ортағасырлық князьдік. 8Гаочан – Тұрфан шұратындағы князьдік. Тұрғындары жер өңдеумен айналысқан, астық өсірген. Гаочан 500 жылы қытай императоры Вэйдің қолдауымен өз тәуелсіздігін жариялап, жужан ханына астық салығын төлеуден бас тартады. 9Бодан – еркі жоқ, тәуелді. 10Мивоту – Гаогюй князьдігінің әміршісі. 11Эфталит – ортағасырлық халық.
Өтукен қойнауы ау қойнына андыздаған сұр қасқырдай жылыстап түн кірді. Төңіректі қара түнек тұмшалай берді. Күн райы бұзылып, биік мұздақ жақтан лекіте жел соқты. Арты екпіндеген боранға ұласты. Ішін тарта, жаралы жыртқыштай түнімен ұлыды. Таңға жуық долы дауыл бәсеңдеп, күн шыққанда, маңай түк болмағандай мүлгіп тұрды. Түнгі дүлей әбден діңкелетіп тастағандай. Жылға, өзен біткен мұз құрсанған. Аң-құс та селт етпейді, тым-тырыс. Бүкіл дүние сілтідей тынып, маужырай қалған. Тіршіліктің жалғыз нышанындай болып әуеде ұлпа қар ғана қалықтайды. Ұшы-қиырсыз ен далада шана сүйреген қос ат келеді, үстерін қырау басқан. Болат тұяқтары күртік қарға қарш-қарш қадалады. Шананың үстіне терімен қапталған шанақ12 орнатылыпты. Шанақтың алдында делбе13 ұстап қалың тұлыпты, түлкі тымақты бір адам отыр. Кенет жолаушылардың алдынан бірдеңе қараң етті. Қос ат бірден жалт беріп, шананы бұра тартты. Ат айдаушы делбені жиып, тұқырта тартып, «дырр...» деп дауыстады. Аттар тыпыршып, құлақтарын қайшылап, пысқырынып, зорға тоқтады. Делбеші малақайының милығын көтеріп, төңірекке жіті көз жіберді. Осы кезде шанақ ішінде біреудің қозғалғаны білінді, артынша жабықтан бір баланың басы көрінді. – Көке, не болды? – деді ол ақырын дауыстап. – Бөрілер. Бала елең етті. Аттар тыншығандай болған соң, делбеші оларды жөніне бұрып, божыны қағып қалып «шүу» деді. Аттар жұлқи тартып, жолға түсті. – Шамасы, саяқ жүрген қасқыр-ау, үйірімен жүрсе, бізді оңайлықпен тастап кете қоймас еді. Сонан соң артына бұрылып: – Шыныңды айтшы, қорықтың ба, Бумын? – деді қуақылана. – Аздап, – деді бала ұяла, бәсең үнмен. – Ау, сен Ашина әулетінен емеспісің?! Сендерді бөріден қорықпайды дейді ғой. Жұрттыкі жай сөз бе, әлде? Қалжыңды жақтырмаған Бумын қабағын шытып, алдында отырған кісінің жалпақ жауырынынан жұдырығымен періп жіберді. – Өй, өй... Қолың қатты ғой, – деді делбеші жорта ыңқ етіп. 12Шанақ – шананың, арбаның үстіне орнатылатын қорап, кузов. 13Делбе – арба, шанаға жегілген атты жөнге салып отыратын қайыс божы.
Бала күліп жіберді. Нағашы ағасының жүзін көргісі келіп үңіліп
еді, ауырған сыңай танытып, тыржиып отырған бір жақ бетін ғана
көрді.
– Қашан жетеміз?
– Жақындап қалдық.
– Сен кеше де солай дегенсің.
– Түнде адасып кетпейік деп, боранның басылғанын күттік емес
пе? Мына жұттың түрі жаман...
– Боран дейсің бе? – Бумын таңырқай қарады. – Мені неге
оятпадың, әлі күнге боранның не екенін көрмеппін.
Бала тұлыптың сыртынан тағы бір қойды, өзінің өңі жайнаң
қағады.
– Сенің есіңде қалмаған ғой. Айтқандай, саған әлі күнге дейін
Ұмай Ана қамқор болып жүр ме? Атқа отыратын жасқа келдің емес
пе?! Бумын қызарақтай күлімсіреді.
– Боран қорқынышты ма?
– Үй ішімен түгел қатып қалған ауылдар да болған. Қорқыныш-
ты ма, жоқ па, өзің ойлай бер.
– Иә, – деді бала даусын соза.
Екеуі де үнсіз қалды. Нағашысы бұрылып артына қарады.
Баланың жабырқаңқы түрін көріп, мән-жайды ұққандай.
– Сен уайымдама, сенің ауылың аман-есен. Әкең Ағын не істеу ке-
ректігін жақсы біледі. Оның қасында жүріп ештеңеден қорықпауға
болады. Одан да бас киіміңді ки, суық ұстап қалар.
Бала ішке кіріп кетті де, бөркін киіп қайта шықты. Осы кезде
алдарынан барлаушы салт аттылар тобы көрінді. Делбеші божыны
тартып «дырр» деді.
– Апыр-ау, мына келе жатқан Құржан тарқанның14 өзі ме? – де-
ді топты бастаған сарбаз даусын көтере.
– Болсақ болармыз. Танымадық қой, өз есімің кім болады?
– Атымды айтқанмен, тани қоймассың. Сен Ағын шадқа еріп,
жалаулы жорықтарда жүргенде, біз мына жаныңдағы баладай ғана
едік.
– Сенің де атыңды шығарар жорықтар мен ерліктерің әлі алда!
– Қаніш – менің атым! – Жас сарбаздың даусынан тәкаппарлық
сезіледі. – Сендерге жол бастап жүрсем, рұқсат па?
Сарбаз жауап күтпестен, ат басын бұрып алға түсті. Шана да
орнынан қозғалды. Қабағы түнерген елсіз далада қарсы жолыққан
14Тарқан – атақ, шен.
қарауылдардың тұсынан өтіп бара жатып Бумын оларға қуана қол
бұлғап қояды.
Ашина руы ауылдарының қырау басқан үйлері қарға оранған
даламен тұтасып кеткендей, ештеңе байқалмайды. Бірақ аттар
ауылға жақындағанын сезіп, жүрістерін қарқындатты.
Бұларды ең әуелі қарсы алғандар ауыл иттері болды. Олардың
үрген даусын естіп, адамдар сыртқа шыға бастады. Алда келе жатқан
Қаніш жолыққандарға сыйлы қонақ жайынан хабар беріп келеді.
Шана ауыл иесінің үйінің қасына тоқтады. Жолаушыларды есік
алдында көк бешпент, қара шалбар киген кең иықты кісі күтіп ал-
ды. Қызыл шырайлы жүзіне сұлу мұрты жарасып тұр. Басында ки-
із төбетей. Қимыл-қозғалысынан шиыршық атқан мол күші, өзіне
сенімі байқалады.
– Қош келдің, Құржан! Өзіңді көргеніме қуаныштымын, – деді
ол Құржанды айқара құшақтап.
– Аман-есенбісіңдер, Ағын? – Құржан иегімен Бумынды
нұсқады. – Міне, ұлыңды әкелдім, атқа өзің мінгізсін деп.
– О, тіпті үлкен жігіт бопты ғой!
Әкесі Бумынды шанадан көтеріп алып, ақырын маңдайынан иіс-
кеді. Сосын қаумалаған руластарына бұрылды:
– Міне, қараңдар, нағыз жігіт деген осы емес пе?!
Жұрт күліп, мақұлдап, бас изесіп жатыр. Араларынан бір кейуа-
на алға шықты. Апсиған сүйекті саусақтарын баланың албыраған
бетіне тигізіп, содан соң өз бетін сипағандай болды. Кейуана мұны
бірдеңелерді күбірлей айта жүріп істеді. Ақырында Ағынға бұры-
лып былай деді:
– Айбөрі қорғап жүр екен ұлыңды. Бүгін түнде мен онымен тіл-
десемін.
– Рақмет саған, мәртебелі Өрпері, – деп жауап қатты Ағын, со-
сын Құржанға қарады. – Бүгін шынында ерекше күн! Жүр, үйге
кір, мұны дұрыстап атап өтейік!
Алаулаған оттан үй іші жап-жарық. Құржан қолын отқа то-
сып жылытып отыр. Бумын кереге басына жағалай ілінген қару-
жарақтарға қызыға қарайды. Темір жапсырмалармен қапталған
былғары сауыт, одан әрі шекесіне үкі тағылып, алтын жалатқан
дулыға, арқар мүйізінен жасалған құрама садақ, неше түрлі қылыш,
қанжар, селебелер ілінген.
– Ұнай ма? – деп сұрады Ағын.
Бумын екі көзін солардан алмастан, үнсіз ғана басын изеді.
– Онда қалағаныңды таңдап ала ғой, – деп Ағын Құржанға
бұрылды. – Қарындасың маған нағыз жауынгер туып берді. Тек
өзінің дүниеден ерте көшкені өкінішті...
Ол ауыр күрсініп сөзін әрі жалғады:
– Балам жетім қалғанда әйелің емізіп, өзің тәрбиелеп өсірдің,
бұл жақсылықтарыңды ешқашан ұмытпаспын.
Ол қолын кеудесіне басып, алғысын білдіре басын иді.
– Өткен күнде белгі жоқ, – деді Құржан. – Міне, Бумын өсті,
енді түріктердің шадын өзің тәрбиелеуің керек. Ал мен тезірек
кері қайтқаным жөн. Біз жақта қазір маза жоқ. Жақында күзет
қосындары Мин Вэй жасақтарымен қақтығысып, әупірімдеп аман
құтылыпты.
– Солай де, ал мен Футу Мин Вэйге елші жіберді деп естіп едім.
– Одан түк шықпады ғой.
Ағын бір сәт ойланып, төмен қарап отырған күйі сөзін
жалғады.
– Қазір Гаогюйде үлкен әскер жиылуда, Мивоту эфталиттерден
де жасақ сұратыпты.
– Демек, ол көктемде жорық бастайтын болды ғой.
– Жоқ, Мивоту көктемде бастамайды.
– Неге? – деді Құржан таңырқай.
– Ол әскерін сойылмен қаруландырмайтын шығар.
Жұрт күліп жіберді.
– Көктемде болмаса, телеуіттер қашан шығуы мүмкін? Қалай
ойлайсың?
– Олар көктемді күтпейді.
– Сонда, қыста шыға ма? Өзің айттың емес пе, оларда қару жоқ
деп.
– Жоқ, мен Мивоту бүкіл әскерін бірдей қаруландыра алмай-
тынын айттым. Алайда оның бес қаруы сай тұратын бір түмені
бар. Мұндай күші болып тұрып, ол кез келген уақытта тұтқиылдан
соққы бере алады. Бұған, әрине, қыс ыңғайлы. Футу ханның ордада
қыста ұстайтын жасағы бес мыңнан аспайды. Телеуіттер оған көп
күш жұмсамайды, қару-жарақтарын басып алса, қалған әскері же-
тіп үлгереді.
– Футуға неге ескертпейсің онда?
– Не деп? Мивоту жорыққа шыға ма, жоқ па, нақты білмейміз
ғой. Егер ол шықпаса, жужандар қыс бойы әскерді ордада бекер ұс-
тайды. Атқа да, адамға да қаншама азық керек. Көктем шыққанша
қоры таусылады. Сосын кінәні бізге аударып, шығынның орнын
толтыруды бізге жүктейді.
– Иә, дұрыс айтасың, оған күмән жоқ. – Құржан Ағынға қарап
күлімсіреді. – Енді сен не істемексің?
– Бүкіл ауылдарды алысырақ, тауға қарай көшірдім. Теле-
уіттер ол жаққа аттап баспайды, құрулы тұзаққа арандаймыз деп
қорқады.
Үлкендер әңгімелесіп отырғанда, Бумын бір қанжар, бір қылыш
таңдап алды. Әкесі мен көкесінің жанына келіп, қатарласа отырып,
қолындағыларын алдына қойды. Ағын шад ұлының алған қанжары
мен қылышына қарап, таңданысын жасырмады.
– Қылыш алуға саған әлі ерте емес пе?
– Қылыш – көкеме.
Ағын бар ықыласымен қарқылдап күліп жіберді.
– Бәрекелді, нағыз көсем деген осы! Тек өзін ғана ойламай, жа-
нына ергендердің бәрінің қамын жейді.
Құржан жиеніне елжірей қарап қалыпты.
– Шад, мыналарды алуға бола ма?
Бумынның байсалдылығы, сөз саптасы, дауыс ырғағы Ағынның
күлкісін сап тыйды. Ол бір сәт тынши қалды, қолын аузына апарып
жөткірінді. «Әке демегені – маған әлі үйренбей жатқаны болар» деп
ойлады ішінен, артынша даусын шығарып:
– Әрине, ұлым! – деді. Соңғы сөзге салмақ сала айтты.
Бумын қылышты алып, нағашысына ұсынды да, өзі белбеуіне
қанжарды тағына бастады. Құржан қылышты қынынан суырып,
мұқият қарады.
– Егер Мивоту сарбаздары мынадай қылышпен жарақтанса, біз
салықты Футуға емес, соған төлер едік.
– Дұрыс айтасың, – деді Ағын оған.
Қанжарды белбеуіне таққан Бумын енді үлкендердің әңгімесіне
құлақ түрді. Жужан ханы Футу бұл ойлап жүргендей, ешкімге дес
бермес айбынды емесін естігенде, таң қалды. Оның телеуіттердің
басшысы Мивоту дегенге шамасы жетпеуі мүмкін екен. Бумын ол
кісі жайлы алғаш естіп отыр.
– Ал Мивоту күшті ме? – деп сұрады ол.
– О-о! – деді әкесі даусын соза, сәл шалқая түсіп. – Ол бес түмен
әскер жия алады. Егер соның бәріне қару-жарақ сайлауға шамасы
келсе, жарты әлемді бағындырар еді.
– Демек, оның бар айбыны қаруында ма?! – Бумын үшін бұл то-
сын жаңалық болды. – Қаруды жасайтын біздер – түріктер емес пе?
Олай болса, Мивотудан біз күшті болуымыз керек қой.
Үлкендер балаға қарап күліп жіберді.
– Қаруды тек біз ғана жасамаймыз, – деді Ағын. – Тибет таула-
рында да темір өндіретін халық бар...
– Олардыкінің темір деген аты ғана, – деп Құржан киіп кетті.
– Олардың қылышы мен найзасы біздікіне астар да бола алмайды.
Жабулы есік түріліп, ішке қызметші кірді. Қолында ыстық сор-
па толы шара. Аспен бірге үйге басқалар да енді. Үй лық толды.
Құрметті қонақ Құржан – ең төрде. Оның екі жағын ала даңқты
батырлар мен жасы үлкен, беделді кісілер жайғасты. Олар әңгіме
үстінде ауық-ауық Бумынға қараумен болды.
Ас ішілді. Емен-жарқын әңгімемен отырған жұрт асықпады.
Алаулаған от сәулесі айнала отырғандардың бет-жүзіне, омы-
рау-өңіріне кезек түсіп, жылт-жылт етеді. Үлкендердің арасын-
да жалғыз отырудан жалықса да, Бумын орнынан тапжылмады.
Әрине, осынша жұрт мұны көруге арнайы келіп отыр ғой.
Нағашысының ауылынан бері шығарда болған тойды есіне ал-
ды. Емшектес бауыры Жора да, достары да қазір түу алыста қалды.
Бумын терең күрсініп, мұңая түсті. Кәрі бақсы мұның көңіл
күйін аңдып отырғандай, қобызын қолына алды. Аңыраған қобыз
үні демде үй ішін баурап алды. Тамұз құдай жайлы аңыздың сары-
ны көпке бұрыннан таныс. Бумын жанындағы жастыққа жантай-
ды. Көзі ақырын жұмылып, ойы өткен күндер елесіне қарай жете-
лей жөнелді.
Күн келбетті Тамұз15 қара түнек пен жауыздыққа қарсы көп
күресті. Сондықтан адамдар оны ардақ тұтып, басқа құдайлардан
артық көрді. Ол, тіпті, даңқымен Тәңірдің өзінен асып түсті.
Бұған Ұлы Тәңір қатты ашуланды. Өйткені, Тәңір ғана мұндай
құрметке лайық, сол ғана ұлы. Назарыңды қайда аударсаң да, тек
Тәңірдің келбетін көресің. Ұлы Тәңірдің ашуынан ажал періште-
сі Өлген оянды. Ол өзінің аты шулы қорқауы – Жалмауызға мініп,
өлілер мекенінен шықты. Жебесін Тамұз құдайдың қақ жүрегіне
қадады. Тамұз өліп, жаны ата-бабаның қасиетті мекені – Жер-Су-
да жай тапты. Сол сәтте-ақ дүние мүлгіп, мелшие қалды. Келесі
сәтте көк жылап, жер күңіренді. Ағаштардың жапырағы төгіліп,
құс атаулы алыс жаққа ауып кетті. Ұлы Даланы меңіреу түн
15Тамұз – күн құдайы.
басты. Тамұзға өштескендер еркінсіп, төңіректі қалың қармен басты. Тіршілік иелерін түгел қырып салмаққа дауыл мен суықты айдап келді. Көз көріп, құлақ естімеген зұлмат жетті адамзатқа: олардың көкірегіндегі мейірім, ықылас өшіп, жүректерін жауыздық биледі. Ұмай Ана бұл бейбастақтыққа шыдамай, бәрін тоқтатпақ болды. Жер-Су патшалығындағы Иллой құдайға келіп, Тамұздың жанын қайтаруды талап етті. Қасиетті Тіршілік Көзінің Құдіретті Күшінсіз жан мен тәнді біріктіру мүмкін емесін білетін зұлым Иллой бұған келісім берді. Өзі Ұмай Ананы айнала билеп, келемеждей күліп жүрді. Ол Тамұзды қайта тірілту Ұмай Ананың қолынан келмейді деп ойлады. Өйткені Тіршілік Көзіне апарар жолды тек Ұлы Тәңір ғана білетін, ал ол Тамұзға өш болатын. Алайда Ұмай алған бетінен қайтпады, жолға шықты. Небір сұрқия, залымдардың кедергілерінен өтті. Көп жүрді, әбден шаршады, сосын тынықпақ болып бір жерге жата кетті. Мұны Тәңір көріп әрі сүйсінді, әрі қайран қалды. Ұмайдың сұлулығында шек жоқ еді. Ұлы Тәңірдің көзқарасынан Ұмай оянып кетті. Өзіне қарап тұрғанын байқаған ол сұлулығын да, бар ақылын да жұмсауға тырысты. Сөйтіп, Тәңірден Тіршілік Көзінің қайда екенін сұрады. Тәңір үндемеді, алайда неге екені белгісіз, етегіндегі бұлт қабарып, күмпиіп шыға келді. Ұмай мұны көріп, Тәңірдің қабырғасы ісік екен деп ойлады. Ол «Ұлы Тәңірдің бір жері ауыра ма?» деп сұрады. Тәңір оған жауап қатпады, тек қысылғандай жанарын төмен түсірді. Дерттің кесірінен үндей алмай тұр деп ойлаған Ұмай оны бұл азаптан құтқармақ болды. Тәңірдің аппақ киімін ашып жіберсе, мұнда Қасиетті Тіршілік Көзінің кілті жасырулы екен... Сол мезетте түнекті жарық сәуле қақ айырып, жер-әлемді дүр сілкінте күн күркіреді. Тіршіліктің Құдіретті Күші сел болып құйылды. Ұмай одан тостағанын толтырып алып, Тамұздың аузына тамызды. Күн келбетті Тамұз құдайға жан бітіп, Ұлы Даланың көгіне қайта көтерілді. Атырап оның жарық нұрына қайта бөленді. Осы кезде жер беті жанданып, өзен-судың мұзы еріп, адамдардың көкірегі сүйіспеншілікке толды. Туған жерге құстар қайта оралып, Ұмай Ананың құрметіне құйқылжытып ән салды. Айнала шаттыққа кенеліп жатқанда, тек Иллой ғана қапалы еді. Қашып құтылмасын білген түнек иелері қара жерге сораларын ағыза жалбарынды. Олар Тамұз өш алады деп қорықты. Алайда Тамұз кешірім сұрағандардың бәрін кешті. Сонда Ұлы Тәңір дүниеде тәртіп болуға тиіс, оны бұзуға ешкімнің қақысы жоқ деді. Бұдан былай
болуға тиіс нәрсе ешқашан бұзылмайтынын айтты ол. Содан бері
дүниеде күнді түн ауыстырумен келеді.
Ертеңіне Өрпері бақсы Ағын ұлын атқа мінгізуге тиіс екенін ха-
барлады. Мұндай рәсімнің, негізінен, көктемде немесе жазда бола-
тынын білетін жұрттан таңданбаған жан қалмады. Алайда бақсы:
– Жаратқан иелеріңнің қалауы осы! – деп сөзді қысқа
қайырды.
Бұдан кейін ешкім қарсылық білдірген жоқ. Тіпті ата-баба
дәстүрін жақсы білетін ақсақалдардың өзі бір ауыздан мақұлдады.
Кешке бүкіл ауыл салтанатқа жиылды. Үкіленген киімдер ки-
ген Бумын жарқырап ортаға шыққанда, жиылған жұрт шу етті.
Артынша баланы мінгізетін атты жетектеп әкелгенде, ел тағы да гу
етті. Тамсанбаған, таңдай қақпаған адам қалмады: сәйгүлік нағыз
тұлпар екен.
Есік пен төрдей құла айғырға жібектен жабу жабылып, балаларға
арналып жасалатын ер-тоқым – ашамай ерттелген. Жал-құйрығына
үкі тағылған.
Бумынды атқа отыруға үйрету сол елдегі ең аты шулы шабандозға
тапсырылды. Ол Қаніш еді. Ол баланы көтеріп атқа мінгізіп, аяғын
таралғыға салғызды. Белін жұқа матамен орап, ашамайға мықтап
таңды. Бір ақсақал осы кезде:
– Мықтап бекіт баланы, белі талып, шаршап жүрмесін, – деді.
– Бала күнімде сен мені қалай байлап отырғызсаң, мұны да тап
солай етіп бекіттім, – деп жауап берді Қаніш.
Ақсақал жауапқа ризалығын танытты. Бумын әкесі үйрет-
кендей, ауыл ақсақалдарына бұрылып, бата сұрап қолын жайды.
Көпшіліктен Қанай ақсақал бөлініп, алға шықты. Қолын көкке
жайып, салтанатты түрде ақ батасын тақпақтай жөнелді:
Асқар-асқар таулардан өт,
Өткел бермес сайлардан өт,
Ағыны қатты сулардан өт,
Айдын шалқар көлдерден өт,
Ну қарағай орманнан өт,
Жыныс басқан тоғайдан өт,
Жат болса да, жеті елдің жерін бас,
Жолсыздарға жол сал,
Жорықтарда алда бол,
Қашан да астыңдағы серігің – арғымағың сай болсын! Осы айтқаным айнымай келсін! Әумин! Ақсақалдың ақ батасын алған Бумын сол қолына тізгінді, оң қолына қамшыны ұстады. Қаніш баланың атын жетекке алып алға жылжыды. Рәсім бойынша, ауылды түгел аралап, бір үй қалдырмай соғып өтуі керек. Әр үйдің алдында үй иелері күтіп алып, шашуларын шашып, ізгі тілектерін білдіреді. Бумын жайнаң қағады, ат үстінде отырысы ерекше, денесін тіп-тік ұстайды. Жұрт мұны жақсылыққа жорыды. Осылай кешке дейін жүрді. Бала шаршады, бірақ соңына дейін шыдауға тырысып бақты. Той біткенде, әбден титықтаған Бумын төсекке сұлай кетті. Қонақтар тарқады. От басында терең ойға шомып Ағын отыр. Бұған қалай да үйлену қажет. Алайда шаңырағының отын түтеткен сол әйелді ұмыта алар емес. Иә, оның есімі аталмағалы неше жылдың жүзі болды16. Ауыр дерт сүйікті жарын жұлып әкетті, бірақ артында одан туған Бумын қалды. Ұйықтап жатқан ұлына қарап Ағын күлімсіреді. 16Көне түркілер науқастан қайтыс болған жанның атын атамаған, әйтпесе, отбасының басқа мүшелері сондай науқасқа шалдығады деп санаған.
Балаға күтім, ана мейірімі керек екені есіне түсіп, қабағы қайта түнерді. Сәлден соң бір шешімге келгендей болды. Ақырын, тысырын шығармай етігін киді де, орнынан тұрып, сыбдырсыз тысқа шықты. Арада бірнеше күн өткенде, ол Нушиби (кейін оның атымен тұтас бір тайпа аталып кеткен) бектің17 қызын ертіп оралды. Қыздың аты Құлан екен, үріп ауызға салғандай. Әкесінің жас келіншегінің жанына отырып алып, Бумын аңтарыла соған қараумен болды. Кеудесі толы қуаныш, тіпті мақтанатындай да сыңайы бар. Жас келінді көруге ауыл ақсақалдары жиылды, жас жұбайларға арнаған тарту-таралғылары бар. Ақ тілектерін жаудырып, баталарын беріп жатыр. – Мынау бір Тәңір жарылқаған күн болды, – деді Онай ақсақал. – Міне, енді біздің шадымыз Ағынның шаңырағында ару әйел де, қамқор ана да бар. Дүркіреп той өтті. Мал сойылды, қазан көтерілді. Балалар шатшадыман, домбыра, қобыз тартылып, ән шырқалды. Бүкіл ауыл ай туғанша той тойлап, үйді-үйіне тарқасты. Кәрі бақсы Ұлы Тәңірдің дүниеге келуі жайлы аңызды бастады. Есте жоқ ерте заманда, жоғарғы жақ көк аталмай тұрғанда, төменгі жақ жер аталмай тұрғанда тек бұлдыр тұман мен қара түнек қана бар еді. Бірде осы шексіздіктің ортасында Ұлы Рух пайда болып, жанданды, осылайша дүниеге Тәңір келді. Ол пайда болысымен, дүниені қақ жарып, жоғары мен төменді ажыратты. Сөйтіп, көк аспан айқындалды, Тәңір басқан төменгі жақ жерге айналды. Көк пен Жерді солай жаратты. Тәңір әлемді көрмек болып көзін ашқанда, жарық пайда болды. Әлемнің ғажап әдемі екенін көрген Тәңір жарық пен түнекті ажыратты, солайша Күн мен Түн пайда болды. Мұндай ұлы істер атқарған Тәңірден борша-борша тер ақты, осы ағыл-тегіл терден мұхит пайда болды. Ұлы Рух күні-түні осы Тәңірдің саф шұғыласы сіңген судың үстінде жүретін болды. Содан бері назарыңды қайда салсаң да, тек Тәңірдің келбетін көресің. Жыр біткенде, Бумын Құланның оң бүйіріне тақала түсіп, алаңсыз ұйықтап жатты. Қиялы жеткен әлемді шарлап, тәтті түске берілген түрі бар. Бір ол емес, ауылдағы жүздеген басқа балалар да аналарының жанында тәтті ұйқыға шомып жатқан-ды. 17Бек – рубасы.
Қысталаң ужан хандығына Вэй империясы мен Гаогюй князьдігінің әскері басып кірді. Футу ханның оңбай жеңіліс тапқаны жайлы сумаңдаған жайсыз хабар шалғай жатқан ауылдарға дейін тегіс тарады. Ашина руының ауылдарына Футу әскерінің аман қалған сарбаздары қашып келіп жатты. Дүрбелеңнің мән-жайына толық қанығу үшін Ағын оларды мұқият тыңдады. Айтуларына қарағанда, Жужан хандығы күйреп, телеуіттер мен табғаштардың сансыз қолы олжа іздеп елдің түкпір-түкпірін шарлап жүрген көрінеді. Алайда «Қашқан жауға қатын ер» демекші, өздері жеңіліп әрі ұзақ жолдан сілелеп, берекесі кетіп зорға жеткен сарбаздардың бұл айтқандарына Ағын сене қоймады. Шығысы Когурио18, батысы Гаогюй аралығында созылып жатқан алып мемлекеттің із-түзсіз бірден жойылып кетуі мүмкін емес деп түйді ол ішінен. Мұндай алып елдің жерін ала жаздай атпен жүріп басып өте алмайсың. Басқыншыларға жолай талай қарсылық көрсетілетіні тағы бар. Ақыры бір күні Құржан тарқан келіп, жел сөздің жалған екенін растады. Ас құйып отырған Құланның жанында отырған Бумынның екі құлағы әкесі мен нағашы ағасының әңгімесінде. – Сенің айтқаның келді, Ағын. Мивоту көктемнің шығуын күтпеді. Жорықты қыстыгүні бастап, тура Футу ханның ордасына қарай салды. Мұны білген хан телеуіттерді бес мың қолымен Пулэй көлінің маңында күтіп алды. – Құржанның даусы нық, өзі жайбарақат қалпынан айныр емес. – Жужандар жеңіліп, күнгейге қарай қашты, алайда Бэйшан тауында Мин Вэй қосындары алдарынан шығады. Футу тосқауылдан құтылып шығып, аман қалған жауынгерлерін жияды да, бірінші қақтығыстан әлсіреген телеуіттерге қарсы шабады. Мивоту тағы жеңеді, алайда олар Футуды тірідей қолға түсіре алмайды. Хан өз жүрегіне өзі қанжар сұғып өледі. – Мивоту Мин Вэймен бәрін алдын ала келіскен ғой, – деп өз ойын білдірді Ағын. – Мен де солай ойлаймын. Айтпақшы, телеуіттер Футудың бас терісін Мин Вэйге жіберіпті, шамасы, Мивоту соны басты жеңімпаз деп мақұлдаса керек. Сәл үнсіз отырып Құржан сөзін қайта жалғады. – Естуімше енді біздің хан Чеуну болатын тәрізді. 18Когурио – бүгінгі Корея.
– Кімнің хан болғанынан бізге келіп-кетер не бар дейсің? Бәрібір емес пе? – деді Ағын наразы кейіпте. – Оның жайын бізден ешкім ешқашан сұраған емес. Кім хан болса да, бәрінің талап ететіні біреуақ – молырақ темір өндіріп, көп қылып сауыт-сайман, қару-жарақ жасау. Бізден оларға керегі осы ғана... – Біз қол қусырып қарап отырмауымыз керек. Мивотудың бір түменінің Футуға шамасы жеткенін көрдік. Түріктің он руы бір түменнен кем әскер шығармайды... – Бұл бір түменді қаруландыру қажет әуелі, – деді Ағын. – Ол жағынан саспа, әскер жасақтасаң, сапқа қай түріктің баласы жалаңаш қолмен келіп тұрар дейсің, әр шаңырақта қос-қостан қылыш бар қазір. – Жақсы. Бір түменді жасақтайық, ал оларға азық-түлікті қайдан аламыз? Кенді кім өндіреді, темірді кім балқытады, қаруды кім жасайды? – Иә, бұл сөзіңнің жаны бар. Сен сонда да бектердің басын қосып, бір сөйлесіп көр, олар не дер екен? Үйге асыға-үсіге Қаніш кіріп келді, бас июді де ұмытып, бірден баяндай жөнелді. – Шад, бір түмендей әскермен бізге қарай Чеуну хан келе жатқан көрінеді. – Чеуну? – деді Құржан таңданыспен. – Оған не керек екен? – Қызық екен, – деді Ағын ақырын. – Қазір қай тұста? – Бір көш жерде. – Атты ерттеңдер, – деп бұйырды Ағын. – Қарақұздың маңынан күтіп аламыз. Үлкендерге еріп тысқа Бумын да шықты. Ауыл абыр-сабыр. Үй-үйлердің арасында сапырылыса жүгіріскен жұрт, кісінеген аттар. Ағын ауылдың белді кісілерін ертіп, жаңа әміршінің алдынан шығуға жүріп кетті. Ертесіне таң ата ауылға шапқылап жаушы жетті. «Ханды күтіп алуға дайындалсын» деген шадтың әмірін ала келіпті. Халық қуана іске кірісті. Қанша дегенмен, Жужан хандығының әміршісі күнде келіп жатқан жоқ қой. Сәске түсте алыстан әскердің қарасы көрінді. Бір топ атты бөлініп шығып, ауылға қарай бұрылды да, қалғандары Ул-Түркі тауының етегіне шатырларын тіге бастады. Енді біреулері от жағуға кірісті.
Сүліктей қара айғыр мінген Чеуну хан ең алда, сауытсыз және қару да асынбаған. Бұл жүрісінің бейбіт екенінің белгісі. Ағынның есігінің алдына келіп аттан түсті. Іле-шала басқалар да сөйтті. Бумын Құланның жанында тұр, екі көзі жужан ақсүйектерінде. Қонақтар үй иелеріне сәлем беріп, ішке озды. Ағын шад есік көзінде кідірді. – Құлан, қонақасыңды әкел. Ал сен, Бумын, Қанішпен бірге қосындар жаққа бар, жорықтың қандай болатынына көзің үйрене берсін. Осыны айтып әкесі де үйге кірді. Құрметті қонақ Чеуну хан төрге жайғасқан. Ағын соның жанына барып отырды. Осынау Өтукен қойнауына не мақсатпен келді екен деген оймен ол үйдегі кісілерді бажайлай бір шолып өтті. Ханмен бірге інілері Анахуань мен Синифа және жужанның беделді бектері Поломын мен Шифа келген. Бәрі үнсіз. Сөзді Чеуну бастады. – Футудың жеңілісі мен өлімінен соң дұшпандарымыз тіпті дандайсып барады. Вассалдарымыздың сенімді ақтамай тайқып кеткендері де бар. Кейбір көсемдер Мивоту мен Мин Вэй жағына шығып, екеуімен ауыз жаласып жүр. Сатқындардың жазасын беруге тиіспіз! Басқалар оны қоштай жөнелді. Чеунудің өткір қиық көздері отырғандарды айнала бір шолып, Ағынға тоқтады. – Қазір кімнің қас, кімнің дос екенін ажырату қиын, – деп сөзін жалғады. – Сондықтан, бізге адал әр тайпаның көсемі Ұлыс күнінің қарсаңында менің ордама ұлдарын жіберсе деймін... Үйдегілер тым-тырыс, бәрінің екі көзі Ағында, түріктердің шады не жауап берер екен деп күткен сыңайлары бар. – Құрметті Чеуну! – деді үй иесі. – Менің ата-бабам жужан ханына адалдығын сан мәрте дәлелдеген, алайда ешқашан балаларын аманатқа берген емес. – Дұрыс айтасың, құрметті Ағын, – сөзге Поломын араласты. – Қазір Чеуну хан Ашина руын хан ордасына жақындатқысы келеді, яғни бүкіл түріктерді өзіне жақын тұтып отыр. – Көрсеткен құрметтеріңе рақмет, – Ағын қолын кеудесіне қойып, басын иді. – Алайда Бумынның атқа мінгені кеше ғана, әлі сәби ғой. – Ұлыңды ешкім тартып алғалы отырған жоқ, – деді Шифа мына сөзге өкпелегендей.
– Мен олай демедім, құрметтім. Бәлкім, ең болмаса, атты өзі ерттей алатын болған кезде жіберермін19. Ағынның ұлын бергісі келмейтінін әрі бір жағынан мұны ашық айта алмай отырғанын түсінген жужан ақсүйектері күлісіп алды. Әрине, Чеуну Бумынды жібер деп Ағынға тікелей бұйырса да болар еді. Бірақ олай етпеді. Шамасы, өзінің билігі анау айтқандай күшті болмаса керек. Жужан ханына қазір ашық қарсы шығу қауіпті, қанша дегенмен, ауыл іргесінде әскері тұр. Осы кезде әңгімеге саңқ етіп Құржан араласты. – О, мәртебелі хан! Сен Ашина руына үлкен құрмет көрсетіп отырсың! Енді біз хан ордасына тіпті жақын боламыз! Менің айтайын дегенім, Бумынның емшектес бауыры бар, менің кіші ұлым – Жора. Балаларды бөлме, ордаңда екеуінің бірге болуына рұқсат ет. – Сенің ұлыңды да тәрбиеме алу мен үшін қуаныш, Құржан тарқан, – деп жауап берді Чеуну. – Мың алғыс саған, хан! – Құржан қолын кеудесіне қойып, басын иді. – Балалармен бірге адал ниетпен қызмет етуге мен өзімнің төрт жүз доғылатымды20 аттандырамын. Мынаны естігенде жужан ақсүйектері алдарынан төрт жүз түрік сарбазы алдаспанын жарқ еткізіп тұра қалғандай күйге енді. Күлген сыңай танытқанымен, сескеніп қалғандары көздерінен көрініп тұр. – Төрт жүз деймісің? Мұндай нөкер хан тұқымы менің өзімде жоқ, – деді Анахуань шынын айтып. – Бумын – түріктердің болашақ шады, – деді Құржан көтеріңкі үнмен. – Сондықтан бұдан былай төрт жүз сарбаз, қашан болмасын, оның жанында болады. Түрік сарбаздарының болашақ шадтың тағдырына бейжай қарай алмайтыны бәріне түсінікті еді. Егер төрт жүз сарбаз хан ордасына баратын болса, жужан ақсүйектері олармен санасуға мәжбүр болатыны анық. Жужандардың бұған жол бермеуге тырысатыны, әрине, бесенеден белгілі. – Құржан тархан, сен көзсіз ерсің, – деді Синифа. – Сенің доғылаттарың да жаужүрек сайыпқырандар. Олардың біздің әскер қатарында алар орны ерекше болмақ. Мивоту мен Мин Вэйге қарсы ұрысқа кірер кез алыс емес. Ал әзірге ауылдарында, әйелбаласының жандарында болғаны жөн. Ұрысқа дайындалсын, балаларын тәрбиелесін. 19Түріктер ұл баланы ат ерттеуге 13 жасында үйреткен. 20Доғылат – “темір дулығалылар” деген сөз, мағынасы – кәсіби жауынгер. Түрік қағанатында таңдаулы атты сарбаздар солай аталған, кейін бұл ру аты болып қалды, бүгінде олар дулат деген атпен белгілі.
Осы кезде Чеуну тыныштық тілеп, қолын көтерді. Синифа сөзін доғара қойды. Хан алға еміне түсіп, қолдарын тізесіне тіреді. Мына отырысы шың басынан жем аңдыған қыранды еске түсіретіндей. – Жақсы, сендердің дегендерің болсын-ақ, – деді ол қатқыл үнмен. – Алайда менің, Ағын шад, білгім келетін бір жай бар. Осы қыста бүкіл түрік ауылдарын тауға көшірдің, жолай екі күндік жерде күзет қосындарынан басқа ешкімді жолықтырмадық. Бұл соғыста сенің сарбаздарыңнан бірде-бір шығын болмады. – Дәп солай, хан, – деді Ағын онымен келісіп. – Алдындағы малын бораннан аман алып қалған бақташыны сол үшін кінәлауға бола ма? Чеуну күліп жіберді. – Сен нағыз көсемсің, Ағын! Мен сол үшін де сені сыйлаймын, алайда мен білетін тағы бір нәрсе бар. Егер Бумын Футу ордасында болғанда, сенің жауынгерлерің телеуіттердің алдына тосқауыл болар еді. – Сөзіңнің жаны бар, Чеуну хан, – деді Ағын. – Менен шындықты бүкпейтініңді көріп отырмын, мен де сенен Жужан хандығының қазір шекесі шылқып тұрмағанын жасырмаймын. Жүз мың жужан әскерінен қалғаны осы – маған еріп келгендер ғана. Қашып жан сауғалағандары даланың түкпір-түкпірінде бытырап жайылып жүр, енді соларды бір араға жию керек. Бірақ қайтіп? Мұны естіген Ағын мен Құржан бір-біріне қарасты. Хан бар шындықты бұлай жайып салады деп ешкім күтпеген. Үй ішіндегілер сөзден кесіліп, бәрі үнсіз қалды, тіпті сонау тау етегіндегі хан әскерінің сөйлеген, күлген дауыстары анық естіліп тұрды... Бумын ашық аспан астында алаулата от жағып, дамыл алып отырған жауынгерлермен қатарласа әңгіме тыңдап отыр. Талай жорықты бастан кешкен олардың әңгімесі бітер емес. Небір жаудың құтын қашырып, жужан ханына адал қызмет еткен бұлар. Өмірлері ерлікке де, шытырман оқиғаға да толы, бірақ өздері мұны елеп жатқан жоқ, әңгімелеріне қарасаң, күнделікті тірліктері секілді. Бумын ықыласпен тыңдайды, сарбаздарға еліктегісі келетіндей. Соларға ұқсап шарта жүгініп алыпты, қолы қанжарының сабында. Мұны байқаған бір егделеу жауынгер күлімсірей қарады. – Сенің ұйықтайтын уақытың болған жоқ па, балақай? Әкешешең іздеп жүрген шығар, ал сен мұнда отырсың.
– Мен Ағын шадтың баласымын, – деді Бумын салмақпен, сосын
Қанішке бір көз тастап, – әкем біледі менің қайда екенімді, – деп
жауап берді.
– О-о – деді жауынгер даусын соза. – Ағын шадтың ұлымысың?!
Онда хан қайтпайынша, сені іздей қоймас. Қане, мен сені тұлыппен
орап қояйын, әйтпесе сендер жақ қатты суық екен.
Тұлыппен қымтай орап, екі жағына, артына қар үйіп қойды –
ұйықтап кетсе, құлап қалмасын дегені. Бойы жылынысымен, Бу-
мын көзінің қалай ұйқыға кеткенін байқамады...
Таңертең дабыл үнінен оянды. Сарбаздар қару-жарақтарын
асынып, аттарын ерттеп жатыр екен. Ауық-ауық ауыл жаққа қарап
қояды, хан шығатын уақыттың болғанын іштері сезеді.
Бумын орнынан тұрып, үсті-басын жөнге келтірді. Қаніш
тұлыпты алып, иесіне қайтарды. Ол бұлармен қоштасып, атына
мінді де, көпшіліктің арасына сіңіп жоқ болды.
Хан серіктерімен ауылдан бері шыққанда, оттар тегіс өшіріліп,
сарбаздар атқа қонып дайын тұрды. Чеуну жандарынан өткенде,
әскер сап түзеп, соңынан ілесті.
Жанталас өктем тауға асықпай келді. Әуелі күн ұзарып, сосын жоталардың күнгей бетіндегі қар еріді, еңіске қарай жылғалар жүгірді. Аңқылдап өкпек жел соғып, алқапты көк иісі басты. Ашина ауылдары әлі жайбарақат. Көктем келгенмен, бұлардың шаруалары жоқтай. Ал, шынында, ертеңі бұлдыр күн кешіп отырған елдің алаңсыз ұйықтаған күндерінің өзі кемде-кем. Чеуну хан келіп кеткелі Ағын шадтың шаңырағында түріктің он тайпасының көсемдері сан мәрте бас қосты. Айтыс та, тартыс та аз болмады. Бірақ Ағын бектерді Мивоту мен Мин Вэйге қосылғаннан гөрі, Чеунуге қолдау көрсетуге көндірді. Өйткені, Гаогюй мен Вэй жаулап алған жерлерін өзара қалай бөлісетіні, халықтан қандай алым-салық жиятыны бұларға әлі мәлім емес. Жат жерліктердің аяушылық білдірмесі анық. Ақыры, түрік бектері жужан ханына адал болып қала беруге бел буды. Кейбір рулар мен тайпа бірлестіктері өз тәуелсіздіктерін жариялап та үлгерген-ді. Чеуну оларды қатал шаралар қолдана отырып, қайта бағындырды, тұтас ауылдарды қырып салудан да тайынбады. Мұндай қатыгездікке ол билік үшін емес, өз жанын сақтау үшін барды. Қасқыр үйірінде арлан көп болғанмен, абаданы жалғыз болатынын Ағын жақсы біледі. Осыны ойлаған ол жужандардың ақситып азуын көрсетер сәтін күтпеді. Түріктерге қазір оның керегі жоқ. Сондықтан, ұлын хан ордасына Ұлыс күніне дейін жібергенді жөн санады. Халқының тыныш өмірін солай ғана сақтау мүмкін еді. Бумын иығынан біреу ұстағандай болып, көзін ашты. Әкесі екен. – Тұра ғой, ұлым, жолға шығатын уақыт болды. Құлан да оянған. Ол Бумынның тұлымы желбіреген басынан емірене иіскеді. Бала орнынан тұрып отырды, керілді, есінеді. Кенет есіне түссе керек: – Жора ше? Ол да менімен бірге бара ма? – деді. – Ол мана тұрған, әкесімен екеуі сені күтіп жүр. Әкесінің сөзінен соң Бумын апыл-ғұпыл киініп, кешікпей жолға шығуға дайын тұрды. Оны шығарып салуға ауыл халқы түгел жиылды. Жүздері жабырқаңқы болғанмен, ешкім жылап-сықтамады.
Ағын ұлын атқа мінгізіп, өзі ере шықты. Қарақұзда оларды төрт жүз доғылатымен Құржан күтіп алды. Бумын нағашы ағасының жанындағы сүт бауыры Жораны анадайдан жазбай таныды. Екі бала мәре-сәре, құшақтасып табысты да, топтан бөлініп шығып, алға озып, тізгіндерін қоя берді. Ат басын біраз ұзаған соң барып бір-ақ тартты. – Жеткізер емессің ғой өзің! – деді Жора демігіп. – Бұлай шабуды кім үйретіп жүр саған? – Қаніш. – Бұл аймақта оған жетер шабандоз жоқ. Сенің жолың болған екен. Маған үйретемісің? – Әрине! – Мен саған қасқыр болып ұлуды үйретемін, біздің сарбаздар күзетте бір-бірімен солай хабарласады. – Сен де істей аласың ба оны?! – Істемегенде ше?! – деді Жора мақтанышпен. Әңгімеден әңгіме өрбіп, олар кештің қалай түскенін байқамады. Ымырт үйіріле биік бір жотаның қырына келіп шықты. Алдары жазық дала, кең шапанның етегіндей көсіліп жатыр. Бумын артына бұрылды: көз ұшында Ул-Түркі тауы көкпен астаса буалдыр тартады. Олар бірнеше күн жазықпен жүрді. Мұнда орман жапқан тау да, жота да жоқ. Таулы алқаптағыдай емес, шүйгін шөбі де аз. Көз тоқтатар бұдыры жоқ маң дала. Ақыры, алыстан хан ордасы да көрінді. Жүздеген бозғылт үйлердің қоршауындағы ақ шаңқан еңселі орда алыстан көз тартады. Айнала топырақ үйіліп, ағаш қадалармен қоршалған. Мынаны басып өту мүмкін еместей. Қоршаудың шығыс жағында ғана кіріп-шығар өткел бар екен. Түрік шады келгенін естіп, Чеуну хан дереу қабылдады. Ағын мен Бумын ақ ордаға кірді. Қалы кілем төселген орданың ортасына келіп тоқтап, тізелерін бүгіп, бастарын иді. Жужан ханы қарсы алдарында биік тақта отыр. Екі жағын ала жужан ақсүйектері жайғасқан. – Амансың ба, Чеуну хан! – деді Ағын. – Алтын тағың құтты болғай! Біздің қорғанымыз, қолдаушымыз сенсің! Ұлым Бумынның тәрбиесін мен тек саған сеніп тапсыра аламын. – Сені көргеніме қуаныштымын, Ағын шад! – деді Чеуну. – Сенім артқаныңа алғыстан басқа айтарым жоқ. Бумынды туған
ұлымдай өз тәрбиеме аламын. Айтар датың болса, қазір айт, тосылма. – Бумынмен бірге төрт жүз доғылат келді еріп, ордаңның жанынан оларға да орын бер. – Олар жай оғы жетер жерге орналассын. Бумын солардың жанында бола алады. – Тәңір тілеуіңді берсін, Чеуну хан! Сонымен бірге сенің жаужүрек мың сарбазыңа жететін сауыт-сайман, қару-жарақ әкелдім, соны қабыл ал! Мына сөзге жужан ақсүйектері бір ауыздан гу етті. Хан «көрдіңдер ме, менің сенімді вассалым қандай» дегендей, масаттана төңірегін бір шолып өтті. – Бұдан былай Ағын шад ұлы кеңесте Шифа бекпен қатар менің оң жағымда отыратын болады, – деді хан көтеріңкі үнмен. Ағын алғысын білдіре басын иді. Енді түріктер ұлы кеңесте өз ойын тіке айта алады. Ағын мен Бумын орындарынан тұрды. Әкесі Бумынды сыртқа шығарып, өзі хан нұсқаған орынға барып отырды. Бумын хан ордасынан шыға сала, болған жайды түгел Құржанға баян етті. Кейін олар өздері орналасар жерді сайлап, іңір түскенше өзен бойына қостарын тігіп, жайғасып үлгерді. * * * Бумын хан ордасында тұрып жатқалы, міне, бірнеше жыл өтті. Есейді, бұғанасы бекіп, өсті. Мұнда жүруінің себебі – өз халқының жужан ханын қолдайтынының белгісі екенін түсінді. Мұны ол осындағы басқа вассалдардың ұлдарынан естіді. Олармен келе сала танысқан-ды. Бәрі жылына екі рет хан ордасында жиылатын. Хан бәрімен асықпай сұқбаттасатын. Бұл кездесулер кезінде Чеунудің жанында үнемі шешесі отыратын. Етжеңді, егделеу кісі, соған қарамай, қымбат матадан тігілген сәнді киім киеді. Қайырымды көрінуге тырысатын, тіл алғаны үшін балаларды мақтап, сыйлықтар тарататын. Алайда жылтыраған көзі мен сөзі де, сыйлығы да оның жасандылығын бүркей алмайтын. Хан ордасындағы өмір, жан түршігер сол бір оқиға болғанша, Бумынға алаңсыз, қамсыз көрінген. Бірде Чеуну балалардың көзінше маньчжурдың дидэугань тайпасының көсемінің ұлын өлім жазасына кесті. Баланың басын оның қасындағы руластары бүлік
шығарып, жужан сарбаздарына қарсы шыққаны үшін шапқызды.
Содан бастап Бумын аманатқа берілген балалардың аман болуы
олардың әкелері мен руластарының жужан ханының бұйрығын
қалтқысыз орындауына байланысты екенін ұғынды.
Тайпа көсемдері балаларын көруге жылына бір-ақ рет келе-
тін. Бұл Ұлыс күнінің қарсаңында болатын. Хан ордасында бүкіл
дала ақсүйектері мен беделді кісілер бас қосатын. Олардың ара-
сында будда дінінің уағыздаушысы Хуньсюань деген қайыстай
қатқан қара шал да бар еді. Өңі қара болғанмен, ізгі жанды және
ақылды шал болатын. Көшпенділер оған құрметпен қарап, бақсы
деп атайтын.
Хуньсюаньнің жанынан Дэу-хунь-дивань есімді кішкентай
қызы қалмайтын. Ұлы кеңес кезінде басқа балалармен қатар ол да
әкесін хан ордасының сыртында күтетін.
Бумын мен Жора, әдетте, Ағынды өз қосындарында күтетін. Сол
жолы кеңес көпке созылып, екі бала не болып жатқанын білмек ой-
мен ордаға келген. Ағаш қоршауға жақындағанда, күзетшілердің
айтуымен аттарынан түсті. Аттарын бір бағанаға байлап, құрбыла-
рына жақындады. Амандасқан соң бірден емен-жарқын әңгімеге
араласып кетті.
– Чеуну хан «барлық көшпенділер буддаға табынсын» дейді. –
Мән-жайды Дэу-хунь-дивань түсіндіріп жатыр. – Менің әкем қазір
ұлы кеңесте біздің дінімізді түсіндіруде.
Жора мына естігенін жақсылап ұғынып алғысы келгендей
сыңаймен желкесін қасыды. Кейбір балалар күліп жіберді.
– Қылмыңдама, – деп оған Дэу-хунь-дивань ескерту жасады.
– Кім? Мен қылмыңдап тұрмын ба? – деді Жора көзін адырайта
бір қарап. – Әлде сендердің діндеріңше қасынуға болмай ма?
Бірнеше бала іштерін баса қарқылдай күліп жіберді. Қыз не деп
жауап берерін білмей сасқалақтап, қызарақтап, көздері мөлтілдеп
шыға келді. Мұны байқаған Бумын бауырын түртіп қалды.
– Жора, қойсаңшы!
Содан соң өзі қыздың көңілін аулауға кірісті.
– Сенің әкең ақылды адам. Біз оны құрмет тұтамыз.
Бумынның қорғаштауын күтпеген Дэу-хунь-дивань кенет өксіп
жылап жіберді.
– Бәрі мені мазақ етеді, ешкім мені тыңдағысы келмейді, – деді
ол өксігін баса алмай.
– Қой, қой, мұның не сенің? – деді не айтарын білмей Бумын.
Жора басқа балаларға қосылып, бәрі сықылықтай күліп бұлардан бөліне берді. Бірі қыздың не айтқанын, бірі жылағанын, енді бірі қалай қозғалғанын сөз етіп, бірін-бірі іліп әкетіп, көңілді күлісіп тұрды. Бумын да солардың қасына барғысы келгенмен, байғұс қызды жалғыз тастап кете алмады. Дэу-хунь-диваньге жаны ашып, көңілін көтермек ниетпен: – Өзіңнің дінің жайлы айтып берші маған, – деді. Қыз дереу көз жасын тыйып, өз-өзіне келіп, дін жайынан баяндай бастады. Бумын бастапқыда онша құлық танытпай, достарына жалтақтап, қыздың әңгімесіне мән бермей тұрған. Алайда Дэухунь-диваньнің әңгімесі біртіндеп қызықтырып, ықыласын аудара түсті. Сөйтіп, Бумын жұрт Будда атап кеткен Таутама-шанья деген ерекше адам жайлы оқиғаға қанықты. Ол ақылды, өзі әділ әмірші болыпты. Оның кейінгі ұрпаққа арнап айтқан сөздері арнайы кітапта сақталыпты. Оның ішінде Бумынға ұнағаны мына сөздер болды: «Өз дініңді сүй және басқалардың көңіліне қаяу түсірме». Дэу-хунь-дивань сөзінің соңында: – Сен де Будда сияқты әрекет етесің, тіпті сенің кей жерлерің соған ұқсайтын секілді, – деді. Бумын мұны әңгімесін тыңдағаны үшін қыздың өзіне білдірген алғысы ғой деп ойлады. Жай ғана күлімсіреді де қойды, үндемеді. Күн еңкейіп, көкжиекті жалқынға малып, тағы бір түннің тақағанынан белгі берген кезде ұлы кеңес аяқталды. Хан ордасынан шыққан кісілерге қарай балалар жүгірісе жөнелді. Екеуінің жанынан солтаң етіп Жора шыға келді. Дэу-хунь-дивань оны жақтырмай, Бумынға қарай тақала түсті. Хуньсюань бақсы көрінгенде, ол тез-тез қоштасып, әкесіне қарай жүгірді. Әкесі көптен көрмегендей қызын құшақтай алды. – Сен немене оған өбектей қалғансың? – деді Жора әкелі-қыз екеуін жақтырмай қарап. – Біз анда сені күтіп тұрмыз... Осы кезде ордадан Ағын шықты. Алшаңдай басып балаларға жақындады. – Сендер неғып жүрсіңдер мұнда? Астарыңнан су шықты ма? – Енді біз қай құдайға табынамыз? – деді Жора сұрақты төтесінен қойып. Ағын әуелі күмілжи мүдіріп қалды, артынша есін жиғандай: – Сенің басқа істейтін ісің жоқ па? Болмайтын нәрсені сұрайтының не? – деді қолын сермей.
Жора мойнына су кетіп үндемей қалды. – Жарайды, жарайды, ұнжырғаңды түсірме, – деді Ағын даусын жұмсарта. – Одан да дайындалыңдар, ертең тойға барасыңдар. Екі бала шаттана аттарына қарай жүгіре жөнелді. Ертеңіне таңертең ордада Чеунудің будда дінін қабылдағаны жарияланды21. Хуньсюань бақсы оны салтанатты түрде өз дініне қабылдады. Чеунуден соң тағы бірнеше жүз кісі солай етті. Соған орай үлкен той болып, мереке-думанға ұласты. Жан-жақтан саудагерлер ағылды. Ағын мен Құржан маңызды істеріміз бар деп елге, Өтукен қойнауына қайтып кетті. Бумын мен Жора өздері қалды. Екеуі атпен базар аралады. Оларға бәрі қызық. Базарда не жоқ дейсің?! Піскен астың, жеміс-жидектің иісі мұрныңды қытықтайды. Қытай жібегі мен ыдыстары, түріктің қару-жарақтары, эфталиттер елінен әкелінген қыш құмыралар, неше түрлі асыл тастар көздің жауын алады. Саудагерлер өз тауарларын мақтап әуре. Қайда қарасаң да, қарбалас, сапырылысқан ығыжығы халық. Құжынаған көптің ортасын көктей өтіп келе жатқан Бумын екі жағына жалтақтай кезек қарайды. Кенет көзі түрлері кісі аярлық, қосақталып байланған бір топ балаға түсті. Төңіректеріне жаутаңдай, үрке қарап, бүрісе бір-біріне тығылады. Мұндайды Бумын ешқашан көрмеген22. Байлаудағы балалардың түрлері сондай аянышты. Бумын жанында келе жатқан Жораны ұмытып, атын қалай тоқтатқанын өзі білмей қалды. Балалардың жанындағы оқалы қымбат шапан киген семіз кісіні байқап, соған жақындады. – Мыналар не үшін байлаулы тұр? – деп сұрады. – Бұлар – құлдар, – деді мес қарын демігіп. Ол Бумынға сынай қарап, менсінбегендей бір езуінен ыржиып: – Бәлкім, біреуін сатып аларсың?! – деді. – Сатып деймісің? – Бумын саудагер қалжыңдап тұр екен деп ойлап, күліп жіберді. – Иә, оның несі күлкілі? – Сен қайда жүрсің? – деген Жораның даусы естілді осы кезде. Бумын оған бұрылып: – Бері келші, көрдің бе мынадай сұмдықты? Мына есалаң адам сатып тұр, – деді дауыстап. 21Жужан ханы Чеуну буддизмді шамамен 511 – 512 жылдары қабылдаған. 22Түріктерде құл болмаған.
– Адам? Қанша тұрады екен сонда? – Жора жақындап келді. Саудагер бірден тауарларын мақтай жөнелді. – Мәртебелі мырзалар! Эфталиттер елінен әкелген мына он екіде бір гүлі ашылмаған шешекке қараңдар, жібекке алтынмен зер салғанын көрсең, – деді ол саусағымен үсті-басы жұлым-жұлым қызды нұсқап, одан соң тыриған арық балаға бұрылды. – Ал мына соғды ақсүйегінің тұқымы нағыз адал қызметші болуға лайық... Саудагер сөйлеген сайын Бумын түнере түсті. – Жетер! – деді ол өзін-өзі ұстай алмай кетіп. Мес қарын саудагер түкке түсінбей, кірпіктері жыпылықтай тұрып қалды. – Кеттік, жүр, – деді Жора ат басын кері бұрып. Бумын да бұрыла бермекші болған, алайда осы кезде құл бала атылып келіп үзеңгісіне жабысты. Түсініксіз бір тілде сөйлеп жатыр. Тілі түсініксіз болғанмен, оның не айтпағын ұғу қиын емес еді. – Босат мынаны! – деді Бумын бұйыра. Өз даусын өзі танымай қалды. Семіз саудагер айтқанды орындап, жібін қиып жіберді. Аузыаузына жұқпай сөйлеп жүр. – Бар болғаны жүз күміс теңге, ең тәуір құлға... жүз-ақ теңге... – Не айтып тұрсың өзің?! Ашу қысқан Бумын әлгі саудагерді қамшысымен тартып кеп жіберді. Жайсыз бірдеңенің болғанын сезгендей, осы кезде Бумынның астындағы аты басын ала қашты. Сол шапқаннан шауып, ашық далаға шыққан соң бір-ақ тоқтады. Бумын атын әзер деп тоқтатқаннан кейін барып байқады, манағы бала үзеңгісіне әлі жабысып жүр екен. Кеудесін жел қауып, бойын қысқан ашуы тарқаған Бумын не істеп, не қойғанын, қандай іске шатылғанын ой елегінен өткізді. Бір кезде Жора да жетті. Атын тоқтатпастан: – Артымыздан қуғыншы жібереді! Өзенге қарай кетейік, онда із жасыруға болады, – деді дауыстап. Сеніммен айтқан мына сөз Бумынға күш бергендей. Ол қашқын құлды қолынан тартып, артына мінгестіріп алды. Жайғасып отырып алған соң, өз тілінде тағы бірдеңелерді айтып жатты. Жораның қимылы із жасырып үйренген әккі ұрылардай. Бумынның таңданбасқа шарасы қалмады. Бірақ балалардың істеген айла-шарғылары бос әуре еді. Себебі, олардың соңдарынан қуған ешкім болмады. Өйткені бұл жайға кездейсоқ Дэу-хунь-дивань куә
болған-ды. Ол қызметшісімен бірге сол базарды аралап жүрген: кенет бір жерден Бумын мен Жораны көріп қуанып кетіп, соларға қарай бұрылады. Алайда қыз екі балаға жақындап қалғанда, осы бір оқыс оқиғаға тап болады. Бумынның арғымағы ашық далаға қарай шаба жөнелгенде, семіз саудагер шаңға аунап қала берді. Қамшы тиген басын ұстап, ыңқылдай орнынан тұрды. Бас киімі болғандықтан, әйтеуір басы қанамаған екен. Орнынан тұра сала, базардың күзетшілерін шақырмақшы еді. Бірақ қасына Дэу-хунь-дивань жетіп келіп, қомақты дорба ұсына қойды. – Мына ақшаны құлды алған салт атты тастап кетті. Дорбада сіз сұрағаннан әлдеқайда көп болуы керек, – деді қулана жымиып, көтеріңкі дауыспен. Ақшаны қос қолдап алған талайды көрген саудагер салмағынанақ қыздың сөзі рас екенін аңдады. Ылдым-жылдым бір-екі теңгені суырып алып, қыздың алақанына сала қойды. – Міне, ала ғой, тек айғайлама. – Рақмет саған, қайырымды адам. Жүзі күлімдеп, алақанындағы ақшаны қыса түсіп, жұмсақ дауыспен: – Қамшысы сізге қатты тиіп кеткен жоқ па? – деп сұрады. – Өй, ондай жомарт жанға жала жабуға бола ма?! Жұрттың бәрі көріп тұр ғой, ол астындағы атын ұрды. Шапса, шаба берсін. Ал әлгі құлдың бағасы онсыз да қымбат болатын. Саудагер қолындағы ақшаны тағы бір салмақтап көріп, қойнына тыға салды. Екі жағына ұрлана көз тастап, қайта саудасына кірісті. Бос сөзге уақытым жоқ дегендей түрі бар. Бумын мен Жора өздерінің Дэу-хунь-дивань арқасында аманесен құтылғандарын бірнеше күннен соң достарынан бір-ақ білді. Жужан хандығында құл немесе мал ұрлау өте қатаң жазаланатын. Ондай қылмыс үшін адамның қолын, тіпті басын шабатын. Екі баланың да мұндай жазадан аман қалмасы анық еді. Істің арты ушықпай, бәрі тыншыған соң, екі бала құтқарушыларына алғысын білдірмекке жолға шықты. Гүлді жібек матадан сыйлық алуды да ұмытпады. Жаңа достарын да ертіп алды. Бумын мен Жора оның есімі Ань екенін әрең ұқты. Бұлар оның тілін түсінбейді, ал ол түрікше білмейді. Будда ғибадатханасының алдына келіп үшеуі аттан түсті. Аттарын бағанаға байлап, өрнектелген биік қақпадан аулаға кірді. Сары
жібектен жамылғысы бар біреу алдарынан шықты. Иегінің астына қос қолын қусыра иіліп, сол күйі қозғалмай тұрып қалды. Бумын мен Жора не істерлерін білмей, бір-біріне қарады. Осы кезде Ань анаған өз тілінде бірдеңе деді. Иіліп тұрған адам белін жазып, жауап қатты. Сосын ауланың түкпіріне қарай бастап жүрді. Ат қораның жанынан өтіп, бір қуысқа кірді. Сол кезде іштен Дэу-хунь-дивань шығып, Бумынға күлімсірей қарап, амандасты. Жалт етіп Жораға бір қарады. Сонан соң Аньге бұрылды. Ань бірдеңелерді айтып, қолын қусыра, басын иді. – Сендердің құлдарың соғды елінде Нопаньто деген ақсүйектер әулетінде дүниеге келіпті, – деді Дэу-хунь-дивань оның сөзін бұларға аударып. – Ол құл емес, – деді Бумын оны түзей. – Біз саған алғысымызды білдірейік деп келдік. Дэу-хунь-дивань түк білмейтіндей сыңай танытпақ болған, алайда онысынан түк шықпай күліп жіберді. Ұлдар қосыла күліп, әңгімелері жарасып кетті. – Сен маған ренжіме, жарай ма?! Егер енді біреу тиіссе, маған айт, – деді Жора қызға сыйлығын беріп жатып. – Мынаны саған әкелдік. Дэу-хунь-дивань сыйлықты ала беріп, оған да енді күлімсірей қарады. – Сендердің Будданы көргілерің келе ме? – деді ол көңілденіп. Балалар келіскен соң, қыз оларды ғибадатхананың ішіне бастап жүрді. Ішке кірген соң, бір мүсіннің алдына келіп, тізе бүкті. Мұны көріп ұлдар да сөйтті. Тек Жора сәл кідірістеп тұрып қалды да, артынан ол да қайталады. Малдас құрып отырған адам мүсінінің жүзі мейірімді көрінді. Алдына май шам қойылған, айнала гүл тізбектері асылып, жерге қызыл раушан гүлінің жапырақтары шашылған. Төртеуі де үнсіз отырып қарап, үнсіз ғана тысқа шықты. – Қалай екен? – деді Дэу-хунь-дивань сыртқа шыққан соң. Жораның көңіл күйі жақсы болатын. Әдетте, мұндай кезде ол қалжыңқой-ақ. Кезекті бір қалжыңын айта жаздап, өзін тежеп қалды. – Сен өкпелемеймісің? – Айта бер, – деді қыз, маған бәрібір дегендей қолын сілкіп. – Сендердің Буддаларың біздің Ағын шадқа ұқсайды екен, – деді Жора қарқ-қарқ күліп.
Бәрі күліп жіберді, тіпті ештеңе түсінбеген Ань де күлді. Біраз-
дан соң бәрі қыз дайындаған шайдан ішті. Бумын мен Жораның
шайды алғаш ішулері. Шай үстінде Дэу-хунь-дивань оларға бір
аңыз айтып берді.
Бірде Будда мемлекеттік маңызды істер талқыланып жатқанда,
ұйықтап қалып, сұқбаттың керекті жерін өткізіп алыпты. Сонда ол
ояна сала, өз-өзіне қатты ашуланып, енді қайтып ұйықтамау үшін
өзінің кірпіктерін жұлып тастапты. Жұлып алған кірпіктерін жерге
шашып жіберіпті. Сол мезетте әлгі жерден шөптер қаулап шығыпты.
Осы шөптің жапырақтарынан кейін адамдар шай қайнатып ішетін
болыпты.
– Будданың отанында шайды ұйықтамау үшін ішеді, – деп Дэу-
хунь-дивань әңгімесін бітірді.
Ол әңгімесін айтып отырғанда, Ань екі көзін алмай тесіле соған
қарады да отырды. Қыз әңгімесін бітіріп, оған бұрылып еді, бала
қып-қызыл болып, кірпіктерін төмен түсірді.
– Мынаған не болды? – деді Жора Бумынға ақырын ғана.
– Білмеймін, бәлкім, шайдан шығар.
Екеуі бір-біріне қарап күлісіп алды. Ань одан бетер абыржи
түсті. Ал үй иесі не қыларын білмей, мелшиіп отырып қалды. Бу-
мын мына ыңғайсыз жайдың тігісін жатқызбақ оймен:
– Дэу-хунь-дивань, сен Аньге біздің тілді үйрете алмайсың ба?
– деді.
– Менің әкем үйретеді, – деді ол мақтана, бірақ байғұс Аньге
көзі түсіп, аяп кетсе керек:
– Егер сендер рұқсат етсеңдер, оның біздің діндарлармен бірге
тұруына болады, – деп қосты.
– Не істейтінін ол өзі біледі, бірақ өзің сұра, діндарлармен
тұрғысы келе ме екен? – деді Жора мырс етіп.
Дэу-хунь-дивань мұны тек қонақты сыйлағандықтан ғана
істеймін дегендей сыңай танытып, жеңіл күрсінді. Сөйтіп, Аньмен
сөйлесіп еді, Ань Бумынға бұрылып, қолын қусыра алғысын біл-
діріп, басын иді. Жора «түсінем ғой» дегендей, ойнақылана көзін
қысып қалды. Ань тағы абыржыды. Дэу-хунь-дивань шыдай алмай
кетіп, қонақ екенін де ескермей, Жораға қарай қолындағы жастық-
ты жіберіп қалды. Жора жастықты қағып алып, оны өзіне қалқа
етіп, бұға қойды. Ұлдардың күлгеніне қарамай, қыз оны қанша
ұрмақ болғанымен, онысынан түк шықпады. Ақыры, болмаған соң,
ол орнына келіп отырды.
Достар ойнап-күліп отырып уақыттың қалай өткенін аңғармады да. Кеш түсе Бумын мен Жора қосындарына қайтты. Ань будда ғибадатханасында қалды. Көп кешікпей ол екі досына арнайы келіп, үйренген түрікшесімен сөйлеп, оларды күлкіге қарық қылды. * * * Бір күні Ань Бумын досына екі тосын жаңалық айтып келді. Будда дінін уағыздаушы Хуньсюань бақсы жужандардың Вэй империясына баратын елшілігіне басшылық етпек көрінеді23. Бұл – көшпенділер тарихындағы діни адамды ресми қызметке тағайындаған алғашқы оқиға. Екінші жаңалық – бақсы қызын хан ордасында қалдырмақ екен. Дэу-хунь-дивань Чеуну ханға аманатқа берілген тұңғыш қыз бала болды. Бумын алғашында Аньнің сөзіне сенбеген, бірақ бұл рас болып шықты. Артынша Чеуну хан Құржанды шақыртты. Ол ордадан көңілді оралды. Аттарын ерттеп жатқан Бумын мен Жораны көріп: – Ішке кіріңдер, сөйлесетін сөз бар, – деді. Ханның Құржанды шақыртып алғандағы айтқандарының тоқетері – ол мемлекетті күшейтпек көрінеді. – Чеуну, ең әуелі, Вэй империясымен арада бейбітшілік келісім жасамақшы. Содан кейін ғана ол Гаогюй князьдігіне қарсы жорыққа аттана алады. Бірнеше жылдан бері Ағын шадтың бес мыңдық қолы Мивоту әскеріне тосқауыл болып тұр. Алайда егер телеуіттер соғысқа бүкіл әскерлерін жұмылдырар болса, түріктердің оған қарсы тұра алмасы анық. Чеуну мұны жақсы біледі, сондықтан ол Жужан хандығының батыс шекарасын қорғауға бізден бір түмен әскер шығаруды ойлап отыр. – Мәссаған! Бір түмен! – Жора дауыстап жіберді. – Бәрін айтып болғам жоқ әлі, – деді Құржан сөзін жалғап. – Сарбаздарға қару-жарақ, азық-түлік керек. Сол себепті Чеуну Ағыннан алым жинамауға келісім берді. Екі баланың қуанышында шек жоқ. Өйтпей ше, түріктер әскер санын екі есеге көбейтуге және алым-салық төлемеуге мүмкіндік алып отыр. Демек, бұлардың руластары енді Жужан хандығындағы көптеген басқа тайпалар бірлестіктерінен күші жағынан әлдеқайда басым түспек. – Ағынға хабар жіберу қажет... – Көке, сенің өзің барғаның жөн шығар, – деді Бумын. 23Жужандардың Вэй империясына елшілігін 513 жылы будда монахы Хуньсюань бастап барған.
– Неге? – деді нағашысы сұраулы жүзбен.
– Жас сарбаздарды үйретуге әкеме сен қажетсің, ал мұнда
Қанішті де жібере алады.
– Рас-ау, Ағын шадтың жалғыз өзіне оңай емесі анық, мынадай
жағдайда қиындық арта түсетіні белгілі, – деді Құржан баламен ке-
лісіп. – Ал сен әжептәуір есейіп қалыпсың, Бумын. Ой қозғап, сөз
саптауың жаман емес...
Құржан екі балаға күлімсірей қарап, ойнақылана көзін қысып
қалды. Сонан соң үшеуі үйден шықты. Өздері көңілді. Құржан
сарбаздардың қастарына келіп, жылдамдата қысқа-қысқа, нақты-
нақты нұсқаулар берді де, атына секіріп мінді. Балаларға қолын
көтеріп қоштасты да, атының басын елге қарай бұрды. Оның арты-
нан он жауынгер атқа қонып, қосыннан ұзай берді.
Тар жол, тайғақ кешу эй империясында 515 жылы билікке әйел патша Ху Ши келді. Ресми тұрғыдан ол кәмелетке толмаған ұлы Тоба И атынан билік жүргізді. Империяның бар билігі де соның қолында еді. Хуньсюаньді ол өзіне жақын тұтты. Ақылды, бейбіт өмірді жақтаушы монах әйел патшаның көңіліне бірден жаққан. Екеуі талай сұқбат та құрған. Чеуну ханның будда дінін қабылдағанын да естіген. Бұған шындап көңіл бөлген Ху Ши кешікпей жужан ханымен келіссөз жүргізе бастады. Ақырында, 516 жылы екі жақ жасырын түрде бейбіт келісім жасасты. Дэу-хунь-дивань бұл жаңалықты Бумынға жеткізуге асықты. Жолға Ань екеуі бірге шықты. Қазір олар бір-бірінен екі елі ажырамайды. Екі жас жұрттың өсек-аяңына да мән бермей, сүйіспеншілік сезімдерін жасырмайтын болған. Қыз әкесінің келісімін алып, үйленбекші. Қазір екеуінің алыстағы Хуньсюаньді күтіп жүрген жайлары бар. Жужан хандығы мен Вэй империясының арасындағы бейбіт келісім жайлы хабар олардың әкелері тезірек қайта ма деген үміттерін қоздыра түскен-ді. Дэу-хунь-дивань мен Ань түрік қосынына ат арбамен келді. Достарының жаттығу алаңында екенін естіп, олар солай қарай бет алды. Бумын мен Жораның жасында кез келген көшпенді садақ тарта алатын24. Қазір екі бозбала найза мен қылыш ұстау өнеріне үйреніп жүр25. Жиі-жиі ашық далаға шығып, Қаніштің бақылауымен жаттығу жасайды. Қаніш түрік ауылдарындағы ең шебер, білікті сарбаз ретінде танымал. Бумын мен Жора ат арбаны көріп, жаттығуларын доғарып, семсерлерін қынына салды. Екеуі де ентіге дем алады, күнге күйіп күрең тартқан кеуделері бұршақ-бұршақ тер. – Сендер неменеге шайқасып жатырсыңдар? – деді Дэу-хунь-дивань салған жерден. Жауап орнына қарқылдаған күлкі естіп, көңілі жайланғандай. – Осыны да шайқас дей ме екен?! – деді Қаніш күлкісін басып. Өзі бір жібек орамалды алып аспанға лақтырып жіберді де, қылышын суырып алып, көз ілеспес жылдамдықпен оңды-солды сермеп-сермеп қалды. Орамал ұсақ-ұсақ қиындыларға бөлініп, үп 24Көшпенділер садақ атуды, шамамен, он бес жастарында үйренген. 25Найза, қылыш ұстауды 17 – 18 жаста үйрететін болған.
еткен желмен ұшып түсті. Ал Қаніш бұл кезде қылышын қынына
салып та үлгірген-ді.
– Қиындыларды жинап көрші, бәрі бірдей, – деді ол мақ-
танғандай.
– Әуре болмай-ақ қой, – деді Ань қызға қарап. – Талай куә болғам
оның рас екеніне. Ол тіпті кірпік қағып үлгергенше қылышымен
мұртты қағып түсіреді.
Дэу-хунь-дивань таңданысқа толы көзімен Қанішке қарады.
Сәлден соң Бумынды оңашалап, естіген жаңалықтарын жеткізді.
– Демек, енді Чеуну Мивотуға қарсы соғыс ашады ғой, – деді Бу-
мын ойлана әңгіменің соңында.
Қыз Бумынға түсінбегендей көз тастады, бірақ үндемеді. Көп
кешікпей оның айтқаны шындыққа айналды.
Жужандар әскері жорыққа шығып, Ертіс алқабында телеуіттер
қолына күйрете соққы берді. Мивотуды тірідей қолға түсіріп, ат
құйрығына байлап азаптап өлтірді.
Жеңіліске ұшыраған телеуіттердің бір бөлігі қашып, эфта-
литтерге барып қосылды. Мұның арты жақсылыққа апармайты-
нын түсінген Чеуну эфталиттермен бейбіт келісімге келді. Жу-
жан бегі Поломынның үш қызы эфталиттерге ұзатылды, екеуі тақ
мұрагеріне, біреуі эфталиттер әміршісінің өзіне тұрмысқа берілді.
Сөйтіп, туыстық қатынас орнатып, батыстағы жағдайын
бір жағына шығарған Чеуну енді шығысқа қарай бұрылды.
Маньчжурдың дидэугань тайпасын жеңіп, өзіне бағындырды. Ал
Вэй империясы болса, бұл кезде өзінің ежелгі дұшпаны оңтүстік
Лян империясын тізе бүктірді.
Осылайша, Жужан хандығы мен Вэй империясы өзара құпия ке-
лісімдерін тиімді пайдаланды. Екі алып мемлекеттің басшылары ен-
ді құпия емес, жария түрде ресми бейбіт келісім жасамақшы болды.
Чеуну 518 жылы Вэйге мол тарту-таралғымен елшілік жібер-
ді. Елшілік құрамына түйекеш болып Ань де кірді. Достарының
қуанышында шек болмады. Әсіресе, Дэу-хунь-дивань өзін қоярға
жер таппады. Қанша дегенмен, Ань мұның әкесі жүрген елге ба-
рып, батасын алмақ.
* * *
Вэй империясында күн шығып келеді. Шашырай тараған
күн сәулесі биік шатырларға шағылысып, жалт-жұлт етеді. Қала
бекінісінің үстінде дабыл соғылып, бас қақпа ашылды.
Қала маңындағы халық жолдың шаңын көтеріп қақпаға бет алды. – Жол беріңдер! – деп айғайлады бір сарбаз, жужан елшілігіне жол ашып. Аньнің жетегінде тоғыз түйе. Артқаны – Чеуну ханның тай-тай тарту-таралғысы. Елшілік сарай алдындағы кең алаңқайға келіп тоқтады. Ань түйелерін бір шетке шығарып, шөгерді. – Хуньсюань бақсыны іздеп тауып, хабар беру керек, – деді елшінің бірі. – Рұқсат етіңіз, мен іздеп табайын, – деді Ань бірден. – Жарайды, бірақ тезірек. Ақшаның шетін шығарып еді, бір күзетші жол көрсететін болып келісті. Ол Аньді тар көшелермен қаланың шетіне қарай бастады. Ағаш қақпалы биік қоршаудың жанына жеткенде күзетші: – Мені осында күт, – деді. Өзі кіріп кетіп, біраздан соң шықты да, Аньді шақырды. Ұсақ тас төселген жалғыз аяқ жолмен ауланың түкпіріне бастап жүрді. Аула түкпіріндегі шағын үйдің арты ашық сенек екен. Хуньсюань малдасын құрып жібек кілемшенің үстінде отыр. Жанары бұлыңғыр тартқаны болмаса, бет-жүзі мүлде өзгермепті, бұрынғы қалпы. Аньге қараған көзінен «осы көріп отырғаным рас па?» деген таңданысты оқуға болатын еді. Ань Хуньсюаньнің алдына келіп отырды. Жужан хандығынан елшілер келгенін айтып болған соң, бірден қызына үйленуге рұқсат етуін сұрамақшы еді, бірақ ақсақал асығыс орнынан тұрды. Ань кейінірек сөйлесермін деген оймен ернін тістей қойды. Екеуі сол бетте елшілік тоқтаған алаңға келді. Жолай Ань Хуньсюаньге қызы жайлы, оның достары жайлы айтумен болды. Хуньсюань оны бар ынтасымен тыңдады. Естігендеріне риза екенін көрсетіп, жүзі күлім қағады. Жужан елшілері будда монахын көріп, қауқылдап қуанысып қалды. Қаумалай қоршап алған соң, Ань бір шетке ысырыла берді. Бәрі сол қалпы император сарайына кіріп кетті де, одан кеш түсе бір-ақ шықты. Сәтті өткен келіссөздің құрметіне түнде елшілер Хуньсюаньнің үйіне жиналып, шағын той өткізді. Ань көңілді отырыс үстінде екі ел арасындағы бұрынғы кикілжің кездейсоқ болмашы бір
түсінбеушіліктің кесірінен өрбігенін және бұл үшін Чеунуге «сөгіс
жарияланғанын» естіді.
Ал екі жақты бітімнің басты нәтижесі – Ху Ши будда дінін мем-
лекеттік дін деп жариялапты. Осының негізінде Вэй империясы мен
Жужан хандығы бейбіт келісімге қол қойды. Енді діні бір екі елдің
бір-біріне қару көтеруіне жол жоқ.
Той соңында Хуньсюань сөз алды.
– Мен қартайдым. Жұмыс көп, бәріне жалғыз өзімнің шамам
жетер емес. Менің қызметімнің есесіне Чеуну хан маған қызым Дэу-
хунь-диваньді жібере алмас па екен, бір жағымнан демеп, қол ұшын
берер еді.
– Сіздің тілегіңізді ханға жеткіземіз, – деді елшінің бірі. – Ал
әзірге қасыңызға болашақ күйеу балаңызды қалдыра аламыз.
Ол қолымен Аньді нұсқай сөйледі. Ань болса, кірерге тесік тап-
пай, бүкшиіп қалыпты.
Хуньсюань оған таңырқай қарап:
– Иә, иә, болсын, болсын... – деді.
Қастандық
ужан хандығында бейбіт өмір орнағалы да бірнеше жылдың
жүзі болды. Мамыражай заман туып, халық қойын құрттап, биесін
сауып, тірлігін түзеді. Шекара аймақтарда малын астыққа, матаға
және күнделікті тұрмыс бұйымдарына алмастырып, айырбас сауда
дамыды.
Бумынға алып мемлекет бұдан былай бақытты, берекелі тұрмыс
кешетіндей көрінген. Жаманшылықтың еш нышаны жоқ еді, алай-
да бір күні Дэу-хунь-дивань Бумынға құпия түрде біреулердің Чеу-
ну ханды улап өлтірмекші болғандарын жеткізді.
Қыз у қайтаратын дәрі жасауды білетін. Сөйтіп әміршіні аман
алып қалды. Содан бері ол ханның жеке емшісі. Чеуну хан оны
әкесіне де жібермеді. Хан тірі қалды, алайда оған ажал тілеушінің
кім екені әлі беймәлім. Оның жауабы 520 жылы белгілі болды.
Түн. Түріктер қосыны тып-тыныш. Бәрі ұйқыда. Бумын
Жораның даусынан оянды.
– Хан ордасында бірдеңе болып жатқан тәрізді...
Екеуі тысқа шықты. Қолдарында алауы бар бір топ салт атты
жүр. Кейбіреулері хан ордасының маңында, енді біразы ғибадатхана
төңірегінде.
– Бәлкім, бір мереке шығар бүгін, – деді Бумын.
– Барып қайтайық, не болса да, тегін емес.
– Жарайды, мен қазір...
Бумын ішке кіріп, тез-тез киіне бастады.
– Тез бол, аналар ғибадатханаға өрт қойды!
Жораның мына сөзінен соң, Бумын қанжары мен қылышы ілін-
ген кісесін жүре тағынып, сыртқа атып шықты. Екі бозбала жүгіріп
аттарына келе жатқанда, алдарынан Қаніш шықты.
– Тоқтаңдар! – деді ол.
Басқа сарбаздар да осында екен.
– Не болып жатыр?! – деді Жора дегбірсізденіп.
– Қайтыңдар. Кімнің хан болатынын жужандар өздері шешсін.
– Сонда кім хан болмақ? – деді Бумын.
– Анахуань...
– Сен біле тұра, бізге неге айтпадың? – деді Жора таңырқап.
– Сендер Дэу-хунь-диваньге айтып қоюларың мүмкін, ал ол Чеу-
нуге жеткізер еді.
Мына сөздер Бумынға жүрегіне қадалған қанжардан кем
соқпады.
– Оған не болды? – деді ол түтігіп.
Қылышын суырып алып, Қанішке бұрылды. Қаніш селт етпе-
ген күйі тұра берді. Бар болғаны:
– Мен тек Ағын шадтың бұйрығын орындаушымын! – деді дау-
сын қатайтып.
– Бумын, тоқта, керек емес! – деді Жора жолын кес-кестеп
жалынғандай.
Бумын бар ашуын қылыштан алатындай қолындағы сабын
қыса түсті. Сонан соң қылышын аяғының астына тастай салып, ке-
рі бұрылды да, сенделектеп киіз үйге қарай жүрді. Жора соңынан
ілесті.
Екеуі ошақ басында үн-түнсіз отыр. Әлгінде бойды қысқан
ашуды тежемегенде, оның ақыры бір мұнда емес, сонау Өтукен
қойнауындағы жалпақ елдің өзегін өртер өкінішке айналарын екеуі
де жақсы түсінеді.
– Көз алдыңда достарыңды өлтіріп жатса да, қолдан келер
қайран жоқ! – деді Бумын тістеніп.
Шықшыты бұлт-бұлт ойнап, тістері шықыр-шықыр етті. Жора
қос қолымен бетін басып, иығы дір етіп, булыға солқ етті.
Таңға жақын Қаніш келіп, балалардың қасына отырды. Алдына
Бумынның қылышын қойды.
– Түнде Дэу-хунь-дивань ханның шешесінің бұйрығымен буын-
дырылып өлтірілді. Ал Чеуну хан ұйықтап жатқан жерінде бауыз-
далды, – деді төмен қарап отырған күйі.
Бумынның көз алдына сиырдың желініндей қып-қызыл жалпақ
бетті, сұп-суық жылтыраған жылан көзді жексұрын кемпір келіп
тұра қалды.
– Демек, біздің өміріміз сол сұмпайының қолында екен ғой, –
деді ол. Даусы тісінің арасынан ысылдай шықты.
– Дэу-хунь-диваньмен жақын болғандардың да өміріне қауіп-
қатер төнуі мүмкін. Өзді-өзі қырқысып жатқанда біздің тайып тұр-
ғанымыз жөн.
– Қырқысып? – деді Жора ызалана мырс етіп.
– Шифа бек... – Қаніш мүдіріп қалды, «осыны айтсам ба, айтпа-
сам ба?» деген түрі бар. Сосын сөзін қайта сабақтады. – Шифа күш
жиып жатыр, Чеунудің кегін алмақшы.
– Мүмкін, біз соларға барармыз, – деді Бумын бірдеңеден үміттенгендей. – Түріктердің кімге қосылатынын, кімді жақтайтынын сен шешпейсің! – деді Қаніш даусын көтере. – Мұны Ағын шадтың өзі біледі! – Бәрібір біздің артымыздан қуғыншы жібереді, – деп Жора күңк етті. – Оны көреміз, кім біледі. Мен Ағынға хабаршы жібердім. Хабар жетісімен, біздің жасақтар бері шығады. – Қаніш сәл үнсіз отырып: – Естеріңнен шығармаңдар, сендер енді бала емес, жауынгерсіңдер! Түсінікті ме? – деді даусын қатайтып. Екеуі кінәлі жандардай бірден бастарын изесті. * * * Вэй империясы түн құшағында. Меңірейген тар көшелер көзге түртсе көргісіз қараңғы. Қала халқы тыныш ұйқыда. Тек император сарайында ешкім көз ілген жоқ. Терезесінен шам жарығы, көлбеңдеген көлеңкелер көрінеді. Ақырында бәрі тыншыды. Алаңға бір сардар шығып, жиылған күзетшілерге бұйрықтар бере бастады. Олар топ-топ болып, қала көшелеріне тарады. Аласа үстел басында Хуньсюань отыр. Май шамның жарығымен алдындағы кітаптарға шұқшияды. Бір уақытта көшеден әлдекімдердің дауыстары естілді. Артынша қақпаны қақты. Асығыс басқан аяқ дыбыстары келді. Ішке бес күзетші сау ете қалды. Ештеңе айтпай, Хуньсюаньді сыртқа сүйрей жөнелді. Араша түспек болып тұра ұмтылған Ань басынан тиген соққыдан көзі қарауытып ұшып түсті. Есін жиғанда, басы мең-зең, тұла-бойы қозғалтар емес, ауа жетпестей қапырық бір жерде жатыр. Болмашы бір жарық түседі. Дымқыл ауаның шірік сасыған иісі қолқаны жарады. Қолына жылымшы қан тигенде, Аньнің есіне не болғаны түсті. Шынтағына сүйеніп басын көтеріп еді, алакөлеңкеде Хуньсюаньді байқады. Малдасын құрып, құнысып отыр. Селт етпейді. Бұл дүниеде шаруасы жоқ меңіреу жандай. Құп-қу өңі үрей шақырады. – Біз қайдамыз? – деді Ань. – Түрмеде, – деді шал қозғалмаған күйі. – Тоба И билікті басып алды, өзінің анасы Ху Шиді де, бізді де қамап қойды. Аньнің бойын үрей билеп, жабырқай түсті. – Маған енді бәрібір, ештеңенің мәні қалмады... – Хуньсюань ауыр күрсінді.
Ань демін ішіне тартты. Қазір мына қарттың аузынан бір
сұмдықты еститінін іші сезгендей болды.
– Қызым Дэу-хунь-дивань енді жоқ...
Аньнің кеуде тұсы ыстық біз сұғып алғандай шаншып кетті.
Маңдайымен тас еденге сұлқ құлады. Бір сәт өлі тыныштық орнады.
Аньге тіпті Хуньсюаньнің тырс-тырс тамған көз жасының дыбысы
естілгендей болды. Көкірегін қайғы тұмшалаған ол өзінің де жылап
жатқанын сезді. Басы зеңіп, өн бойының сырқырағанын ұмытып
та кетті. Зырқ-зырқ еткен басын қос қолдай қысты, ауырғанын
басып, есін жиғысы келгендей. Бір түннің ішінде дүниенің астан-
кес тені шығып, бұлай өзгереді деп кім ойлаған?! Ең жақын адамын
жоғалтқанын шындап сезініп, жаны күйзелген ол бойын жиып
қатуланды, көзінің жасын сүртті.
– Кеудемнен шыбын жаным шыққанша Дэу-хунь-диваньді сүйіп
өтем!
Ань басын көтеріп, тізерлеп отырды да, сөзін жалғады:
– Мәртебелі Хуньсюань, қызыңызды маған беруге келісіп, ақ
батаңызды бергеніңізге шын жүрегімнен алғысымды білдіремін!
Енді маған монах атағын беруіңізді сұраймын...
Қашқындар үске таман жел қуған қара бұлт көк аспанды тұмшалап, ірі-ірі тамшыларын жіберіп, қалың жауынның келе жатқанынан хабар берді. – Шексіз көк аспан да біздің тілеуімізді тілеп тұр! Жауын ізімізді шайып кетеді, – деп Қаніш атқа мінді де, алға түсіп, сарбаздарды бастай жөнелді. Төрт жүз салт атты өзенге қарай беттеді. Өзеннің суын сауырдан кешіп олар ұзақ жүрді. Көкжиек бұрынғыдан бетер түнере түсті. Алыстан күннің күркіреген даусы естіліп, аспанды тіліп найзағай ойнай бастады. Қалың тоғайдың тұсына жеткенде аттылар жағаға шықты. Тоғайдың арасымен енді өзенді бойлай жүрді. Тоғай шетіне келгенде, тоқтап, тың тыңдады, төңіректі шолды. Қаніш қатарласа, жайыла жүруді тапсырып, ашық далаға бет бұрды. Бұлар ашыққа шығысымен, жаңбыр күшейді. Жауынның күшейгеніне сүйсінгендей, олар жүрістерін үдетіп, сар желіске салды. Сол екпіндерін бәсеңдетпей түнімен жүрді. Таң сыз бере жауын саябырсыды. Малмандай су болған адамдар да, астарындағы аттары да әбден қалжырады. Аттарын тынықтырып, бел жазу үшін аял қылды. Қарауыл қойып, аттарының ер-тоқымын сыпырды. Шідерлеп, отқа қоя берді. От жақпады, сақтықты ойлады. Жаңбырдан соң дала мүлгіген тыныштыққа оранған. Аттардың пысқырынғанынан басқа селт еткен дыбыс жоқ. Тіпті, ұшқан құс пен жүгірген аң да маң даладан безіп кеткендей. Бумын су тоқымын төсеніп жата кетті, бірақ көзіне ұйқы кірер емес. Ойы шашыраңқы, көңілі алаң. Дэу-хунь-дивань есіне түсті, жыламау үшін көзін жұмды. Оның өлімі күтпеген соққы болды. Бумын мұқалып, жасымағанмен, өзгергені рас: бұрынғыдан гөрі ұстамды әрі қатал. Арада жылдар өткен соң, бұл оның мінезқұлқының, жалпы болмысының қалыптасуына өзіндік үлесін қосты... Сәске түсте қарауылдан хабар келді: Анахуань қуғын жіберіпті, мың шақты қуғыншы осылай беттеп келеді екен. Бәрі дереу аттарын ерттеуге ұмтылды. Қаніш Бумын мен Жораға: – Ауылға қарай тартыңдар екеуің, біз оларды бөгей тұрамыз, – деді бұйыра.
– Жоқ, біз де қаламыз! – деді Бумын шорт кесіп.
Айтысып жатуға уақыттың жоғын білетін Қаніш қолын бір сіл-
теп, өз ісіне кірісті.
Сарбаздарға
қоржындарын
тастап,
ұрысқа
дайындалуды
бұйырды. Екі жүзін ортаға, қалғандарын жүз-жүзден екі қанатқа
орналастырды.
– Жужандардың астындағы аттары болдырды. Олар шабуылға
шыққанда, біз шегінеміз, аралары ашылып, бытырасын, сол кезде
бас салып, алғы шебін құртамыз. Қалғанын сосын көрерміз... – деді
Қаніш өзінің жоспарын түсіндіріп.
– Ал тасадан соққы берсек ше? – деді Бумын.
Қаніш оған қабағының астынан түнере қарады да қойды, жауап
қатпады. Айналаға көз жіберіп сәл тұрып:
– Ақтайдың жүздігін алып ана жоталардың артына тасаланасың.
Біз жужандарды солай қарай бұрамыз, – деді Қаніш қысқа
қайырып.
Бумын жүздікті ертіп, кідірмей жоталарға қарай тартты. Олар
тасаға түскен бойда алыстан қарауытып жужандар да көрінді.
– Иә, мыңнан кем емесі анық, – деді Ақтай. Сосын күнге қарады.
– Қаніш жотаның сол жағын ала өтетін болады.
– Неге олай ойлайсың? – деді Жора.
– Сонда жужандар күнге қарсы жүреді де, бізді бірден байқай
қоймайды, – деп түсіндірді жүзбасы. – Бірақ күн сәл еңкейгенше,
Қаніш оларды кідірте тұруға тиіс.
– Сонда ол бірден шегінбейді екен ғой. – Бумынның даусында
алаңдаушылық байқалады.
– Қам жеме, Қаніш не істеу керегін біледі, – деді Ақтай оның
көңілін жайландырып.
Жотаның үстінен бәрі алақандағыдай көрінеді екен. Жужандар
екпіндерін тежеп, тоқтады. Арасынан біреуі бөлініп шығып, алға
озды. Қаніш оған қарсы жүрді. Екеуі бір-екі ауыз тілдесіп, кері
қайтысты.
Жужандар сап түзеді. Енді шабуылға шықпақ болғанда, Қаніш
тағы алға шығып, соларға қарай жүрді. Ортаға келіп, қолындағы
найзасын сермей, айғайлап бірдеңе деді. Көп күттірмей жужандар
жағынан біреу шықты. Жекпе-жек басталды.
Екеуі бір-біріне қарсы шапқан сайын, қақтығысқан сайын екі
жақтан сарбаздар даланы бастарына көтеріп атой салып тұрған.
Соңғы қақтығыста тек түріктер жағынан ғана қолдау көрсетілді.
Жужан сарбазы жерде сұлап жатты. Ал Қаніш найзасын сермеп
тағы жекпе-жеке шақырды. Тағы біреуі шықты жұлқынып.
– Әне, айттым ғой, – деді Ақтай мырс етіп.
– Бүйтіп ол бір-бірлеп жужанның бәрін қырып салар, – деді Жо-
ра мәз болып.
Алайда Қаніш бесінші батырын жайратып салғанда, жужандар
сапы алға лап қойды. Ұрыс басталды.
– Енді шегінбей ме тезірек?! – деді Бумын шыдамай.
– Болмайды, – деді Ақтай. – Жужандар сезіп қалады.
Біраздан соң, берілген белгі бойынша, түрік сарбаздары шорт
бұрылып, тым-тырақай қаша жөнелді.
– Дайындалыңдар! – деді Ақтай.
Жүзбасы дереу төмен жүгіріп түсіп, атына секіріп мінді. Бумын
мен Жора да одан қалыспады.
Жүздік шабуылға сайланып, сап түзей тұра қалды. Тек бұйрық
күтіп тұр.
Қаніш сарбаздарды, Ақтай айтқандай, жотаның сол жағымен ала
қашты. Бумын Ақтайдың артында. Ат тұяғының дүсірі жақындаған
сайын жүрек соғысы жиілеп, көңілі алабұртып тұр.
Міне, алғашқы аттылар да шаңды бұрқырата тұстарынан ша-
уып өтті. Олардың артын ала келесі лек те құйғытып барады. Іле-
шала жужандардың қарасы көрінді. Бумын олардың қолдарында
садақтан басқа ештеңе жоғын байқады, қылыштары қынында.
Найзаларын шайқас алаңына тастап кеткен тәрізді. Қашқан жауға
қарсы оның керегі жоғы белгілі.
Бумын қалқанын түзеп, найзасын ыңғайлады. Ақтайдың
«Алға!» деген даусы естілісімен, тыпыршып тұрған ат басын қоя
берді. Бүкіл жүздік бір кісідей лап қойды. Өкпе тұстан сап ете
қалған тосын жау жужандарға қолтықтан келіп кірш етіп қадалған
сүңгіден кем соқпады.
Абыржып қалған жужандар екіге жарылды. Бумын қарсы
келген біреуіне найзасын шірене ұрып еді, кеудеге қадалған най-
за ұшы шықпай қалды. Найзасын тастай сала, қылышын суырды.
Үрейлері ұшқан жужан сарбаздары садақтарын тастап, жанталаса
қылыштарын суырып әуре, бірақ үлгеріп жатқандары кемде-кем.
Қылыш тиіп, найзаға ұрынып, ат жалдарын құша, ышқына өкіріп,
гүрс-гүрс құлап жатыр.
Бұл кезде Қаніш сарбаздары ат бастарын кері бұрып, жаудың
алғы шебіне қайта лап қойды. Оларды жойған соң жолындағыны
жайпап отырып, көп ұзамай Бумын мен Жора жүрген тұсқа да жетті. Күш еселеніп, жужандардың жағдайы қиындады. Берекесі кеткен жау бет алды құла түзге қаша жөнелді. Түріктер жужандарды тырқырата біраз қуып, кері қайтты. От жағып, жаралыларды шатырларға орналастырды. Қолға түскен тұтқындар да аз емес екен. Оларды бір-біріне арқаларын бергізіп, екі-екіден қосақтап байлап қойыпты. Бумын мен Жора аттарының ер-тоқымын алып, тұсап, жайылымға қоя берді. Сонан соң шатырлардың арасымен аралап келе жатып, бір оттың басында жүзбасылармен отырған Қанішті байқап, солай қарай бұрылды. – Елу шақты жігіттен айырылдық, жараланғандар да көп, – деді Ақтай. – Тұтқындарды не істейміз? – Оларды босату керек, – деді Бумын отырып жатып. – Босату керек? – деді Қаніш қасын кере. – Қару-жарағын сыпырып алып, аттарын қайтарамыз. Өліктерін жиып, соңғы сапарға дұрыстап шығарып салсын. Ал бізге тезірек жүру керек, жаралыларды тастамаймыз: өзіміздің жігіттерді де, жужандарды да! Бумынның сөзін қоштап сарбаздар шу етті. Қаніш те оны жөн көрсе керек, қарсы ештеңе айтпады. Тұтқындарды шешіп, екеуара бір ат беруді бұйырды. Жарақаты ауырларды екі аттың арасына аспалы зембіл жасап жатқызды да, елге қарай тартты. Алтайдың бөктеріне жете бергенде, алдарынан екі мың қолмен Құржан тарқан шықты. Ол жігіттердің жужандармен шайқасып, жеңіспен келе жатқанын естіп қуанып қалды. Ал жаралылардың арасынан жужандарды көргенде таң-тамаша болды. Істің мән-жайына қаныққан соң, жиенінің игі іс істегеніне іштей риза болды. Ұзақ жолдан шаршаған сарбаздар тынығу үшін сол жерге аял қылып, от жақты. – Енді Анахуаньнің Шифадан басқа тағы бір жауы бар. Ол – біздің Ағын шад, – деді Құржан тұнжырай. Бумын етті отқа қақтап пісіріп, асықпай жеп отырған. – Біздің Шифаға барып қосылуымыз керек, – деді ол. – Мұны он рудың басшылары келісіп шешуге тиіс, – деп жауап берді Құржан оған. – Олар жиылып бір шешімге келем дегенше, Анахуань Шифаны быт-шыт қылып, аузын бізге салмай ма? – деді Бумын қарсылығын білдіріп. – Әкем, кеш болмай тұрғанда, бір шешімін өзі айтуға тиіс.
– Онда неғып отырсың? – деді Құржан күліп. – Тезірек жетіп, әкеңді көндір. Үн-түнсіз ет жеп отырған Жора қолындағысын қоя салып, орнынан тұрды. Неше күннен бері ол мүлде сөйлемейтін болған. Манадан бері әңгіме үстінде бір ауыз тіл қатпады. Бар айтқаны: – Кеттік, – деді Бумынға. Екеуі асығыс аттарын ерттеп, жолға шықты. Ауылға жақындағанда киіз үйлердің түндігінен будақтап шығып жатқан түтін көрінді, шуда жіптей ширатыла созылады. Бумын тізгінін жиып, екпінін тежеді. Есіне баяғыда қыс ішінде қарлатып, борандатып, Құржан нағашысымен бірге әкесінің үйіне, өзінің туған шаңырағына қайтқан кезі түсті. Кеше ғана сияқты еді, оған да біраз жыл өтіпті-ау! Ал туған жерің бәз-баяғы қалпы. Қарасаң көз тоймас орман жапқан биік жоталар да, тау шоқылары да, сай, жыралармен күркірей аққан су да қаз-қалпында. Мұнартқан қарлы шыңдар да баяғы сол өр қалпы. Өзгерген тек мұның өзі ғана. Бейбіт күннің шуағына шомған ауылын, маужыраған туған тауын көріп, өрекпіген көңілі басылғандай еді, уақытша екен. Қандастарына Анахуаньнен төнген қауіпті ойлап, жүрегі қайта сыздап қоя берді. Терең күрсініп, Жораға қарады. Ол болса, қабағы қатулы, екі көзі алда, ат жүрісінің ауанымен теңселе шайқалады. Бұларды есік алдында Құлан күтіп алды, жанында бір кішкене бала бар. Бумын мұның інісі Естемі екенін түсінді. Оны көрмесе де, дүниеге келгенін естіген-ді. Енді, міне, анасының етегінен ұстап алған, кірпік қақпай бұған таңдана қарап алдында тұр. Бумын атынан секіріп түсіп, Құланға иіліп сәлем берді. Інісін көтеріп алып, бауырына басып, құшақтап, тұлымынан құшырлана иіскеді. Сонан соң баланы жерге қойды да, Жора екеуі ішке кірді. Ағынның бүгінгі қарсы алысы әкеден гөрі, түріктер шадына келетін. Екі жігіт асқа қарамай, тек қымыз ішті. Бумын бірден шаруасына көшті. Ағын оны мұқият тыңдады. Бумын сөзін бітірген соң, ол тіктеліп отырып, қолын тізесіне тіреді. – Шифа елші жіберген, біздің қолдауымызды сұрайды. Бумын мен Жора мына жаңалыққа қуана елең етісті. Алайда Ағынның келесі сөзі екеуін де ойландырып тастады. – Бірақ біз оны қолдасақ, түріктерге оның қандай пайдасы бар? Екі жігіт не деп жауап берерлерін білмей, бір-біріне қарады. Ағын сәл үнсіздіктен соң, жауабын өзі берді.
– Ешқандай пайда жоқ. Анахуань хан боп тұрғанда, тыныштық болмайды. Түріктер тым аз, оған қарсы тұра алмайды. Сондықтан біз Анахуаньнің дегеніне көнеміз. Алайда, қанға – қан, біздің одан кек алуға қақымыз бар. Дала заңы солай дейді. Анахуань сарбаздарымен қақтығыста мерт болғандардың туған-туысына ешкім кедергі бола алмайды. Жақынының кегін қайтару – олар үшін ардың ісі! Менің бар айтарым осы дегендей, Ағын шад кері серпіліп, шалқая, арқасын керегеге сүйеді. Бумын мен Жора сөздің осымен біткенін түсініп, үнсіз орындарынан тұрды да, үйден шықты. Олардың алдында екі жол бар: Анахуаньге өкпеңді ұмытып, халықпен бірге болу, не болмаса, оған қарсыласып бағу. Бірақ ол кезде Өтукенде қала алмайсың. Бумын әкесінің дегеніндей болмаса да, екінші жолды таңдады.
Текті көкжалдар арақұздың маңында мың қаралы салт атты жиналды. Өңкей өрімдей жастар, бірақ бәрінің де мақсаттары айқын: ағасының, әкесінің, тіпті жай руласының кегін қайтару. Сапты аралап көрген Бумын бұғанасы бекімеген тым жастарын үйлеріне қайтарды. Қалғандарын ондықтарға, жүздіктерге бөлді. Сөйтіп, жолға шықты. Бумын іштей Қанішке сенген, сенімі алдамапты. Жолай соның жужандармен қақтығыстан аман қалған сарбаздарына келіп қосылды. Өзенді өрлей бірнеше күн жүріп, қарағайлы орманға кірді. Одан әрі Қаніш аң жымдарымен26 алып жүрді. Шифаның қай маңда жүргенін ешкім нақты білмейтін, тек бәрі оның тәжірибесіне арқа сүйеді. Қаніш алда келе жатқан. Кенет астындағы аты жаңа жүріп өткен жылқының ізін сезгендей болды. Содан ол атының тізгінін қоя беріп, еркіне жіберді. Із кең шалғынды алқапқа алып шықты. Сарбаздар тоқтады, айналаны шолды. Бұл жер үлкен бір алаңқай екен. Бір жақ тұсында жалаңаш жалтыр тас көкке шаншыла төніп тұр. Басқа жақтары орманмен көмкерілген. Осы кезде алдарынан бір атты жауынгер шықты. Шифаның қосынын іздеп жүргендерін білген соң, тау аңғарына қарай бастады. Аңғар тік жартастармен қоршалған, киіз үй мен шатырға толы екен. Келімді-кетімді аттылар да көп. Қақ ортада еңселі ақ орда, алдында рулар мен түрлі тайпа бірлестіктерінің байрақ, тулары желбірейді, ішіндегі ең биігі – Шифанікі. Бумын Қаніш пен Жораны ертіп, ақ ордаға кірді. Жужандармен қақтығысты, оның немен тынғанын білетін үйдегілер бұлар кіргенде марапат көрсете шу етті. Шифа бек үшеуін жеке-жеке құшағына қысып, былай деді: – Сендерді көргеніме қуаныштымын, текті көкжалдар! Дайындалыңдар, ертең Анахуаньге қарсы жорыққа аттанамыз! Таң бозында дабыл соғылды. Шифа саптың алдынан өтті. Астындағы аты жер тарпып, ауыздығымен алысады. Қысқа ғана ұранды сөздер айтып, жиырма мың қолды бастап, алға түсті. Қара құмырсқадай қаптаған қалың қол тау аңғарынан шығып, жазыққа қарай шұбатылып бара жатты. 26Жым – аңның жүрген жолында қалған із.
Әскер адырлы даламен бес күн жүрді. Мың сан болат тұяқ қуаң даланың шаңын аспанға шығарды. Әскерді оза алдын ала барлаушылар тобы аттандырылып, қарауылдар қойылған болатын. Солар сәт сайын алдыңғы жақтан хабар әкеліп отырды. Сарбаздардың көңіл күйлері жол бойы көтеріңкі болды, соғысқа емес, тап бір тойға бара жатқандай. Көз байлана ұрыс болар жерге жетті. Қарсы жақтың әскері хан ордасына жақын жерден күтіп алды. Соған қарағанда, Анахуань өзіне сенімді емес секілді. Жеңістің оңайшылықпен келмейтінін сезетіндіктен де ашық далаға шығудан тайсақтайтын сыңайлы. Шамасы, жеңіле қалған жағдайда бекінісі мықты ордасына тығылып, қорғануды ойлаған. Бумын қарсыластарының сапына көз жіберіп, мұқият барлап шықты. Әскер қанатын жайып жіберген алып қара бүркітке ұқсайды екен. Оң қанаты өзенге барып тіреліпті, сол қанаты жазыққа созылып жатыр. Соққы беретін негізгі күш пен қосалқы мыңдықтар ортада. Бір қарағанда, жау сапының осал тұсын табу мүмкін еместей. Төңіректі бажайлай шолған Бумынның назарынан Анахуань әскері тұрған жерден байқала қоймайтын ойпат тұс тыс қалмады. Сай, жыраларды паналап, жау көзіне түспей мына ойпатқа өтуге болады. Бумын мұны ішіне түйіп қойды. Күн батқан соң, әскери кеңес жиылды. Мыңбасылар ұрыс жоспарын талқылады. – Екі жақтың күші шамалас, – деді Шифа. – Шабуылды Анахуань бастасын, әскері жазыққа ашылып, жайыла түссін. Тосқауыл қоятын жердің жоғы өкінішті, айнала алақандағыдай, бір жүздің өзіне қалқа болар бұдыр жоқ... – Айналып, желке тұсынан соғуға болады, – деді бір қоңыр дауыс. – Сонда біз оны диірменге түскен дәндей екі жақтан үгіп жіберер едік! Бумын мұны айтқан адамға бұрылды. Егделеу кісі екен, бірақ алып күш иесі екені көрініп тұр. Қысықтау, өткір көздерінде сабыр тұнады. – Мәртебелі Құтұз бек, – деді оған Шифа. – Егер Анахуань біліп қойса, біз көмекке жеткенше, сенің жасағыңнан сау-тамтық қалдырмас. – Демек, ол бізді уақытынан бұрын көрмейтіндей бір жолын табу керек, – деді Құтұз сабырлы қалпынан танбай. Оның сөзі көңілінен шыққан көпшілік қолдай жөнелді.
– Онда жақсы, – деді Шифа. – Қанша сарбаз қажет саған?
– Жарты түмен.
– Сонша адамның Анахуаньге білдірмей жақындауы мүмкін
емес, – деді Бумын қарсылық білдіріп. – Ал екі мың сарбазбен сай-
жыраны жағалап ойпатқа оңай жетуге болады. Тек түнде ғана жүру
керек. Біз Жора екеуміз осы жерде өстік, әр төбешікті, қойнау-
қолтықты жақсы білеміз.
Құтұз Бумынды бастан-аяқ бір шолып, күлімсіреді.
– Естуімше, сен тосқауыл құрудың шебері көрінесің.
– Ондай бір-ақ рет болған, – деді Бумын қызарақтап. – Қазір де
соның жолын табуға болатын секілді.
– Онда баста бізді! – деді Құтұз көңілдене кеңк-кеңк күліп.
Қараңғылық қоюланғанша, ұрыс жоспары егжей-тегжей-
лі нақтыланды. Екі мың сарбазды бөлек алып шыққан соң, Бу-
мын оларға аттарының тұяғын қалың шүберекпен орап тастауды
бұйырды. Қоржындарын да тастатты. Алға жүз жігіт ертіп Жораны
жіберді. Ол екі мың жасаққа жүрер жол ашуға тиіс. Оның артынан
жасақтың алдына түсіп, Бумынның өзі жүрді.
Жыраға жеткенде, аттан түсіп, жетектеп жүруге тура келді.
Алыстан от көрінді, бұлар дереу тоқтады. Көп күтпеді: «қасқыр»
ұлыды, бұл Жораның «жүре беріңдер, жол таза» деп, Бумынға бер-
ген белгісі еді. Олар қайта жүрді.
Манағы көрінген от басында қол-аяқтары байлаулы жужан жа-
уынгерлері жатыр, ауыздары да бекітілген. Құтұз олардың жанынан
өтіп бара жатып, жирене жерге бір түкірді. Осы кезде қараңғыдан
Жора шыға келді, от жарығына жақындағанда, киімінің қан-қан
екені байқалды.
– Біреуі қашып кете жаздады, қууға тура келді, – деді ол. – Қазір
бәрі тыншыды, сонау ойпатқа дейін ешкім жоқ.
– Бәрекелді! – Бумын оны иығынан қақты. – Осында қаласың,
таңға қарай күзетті ауыстыруы мүмкін, өзің торисың.
– Бәрін істеп қойдым. Мұнда енді жорғалаған тышқан да өте ал-
майды, өте қалса, қайта шығу жоқ.
Таң бозында алыстан дабыл даусы естілді, оған жауап ретін-
де жақыннан екінші дабыл соғылды. Бумын, Қаніш, Құтұз үшеуі
бұқпантайлап жазыққа көз жіберді.
Екі әскер қарсы қарап тұр. Шабуылды Анахуань жасақтары
бастады. Ортаңғы бөлік қабан тұмсығындай сүйірлене сап түзеп,
шапқан күйі Шифа әскерінің қақ ортасына барып тиді. Қым-қуыт
шайқас басталды. Жаудың екі қанаты бірдей алға лап қойды. Жер солқылдап, айғай-шу көкті тітіретті. Шифа түске дейін табан аудармай тосқауыл болуға тиіс. Міне, оң қанаты жылыстап шегініп, өзенге дейін барды. Енді сәл шыдаса, Анахуань қосалқы мыңдықтарын жіберіп, оң қанатты негізгі күштен бөліп, жойып жіберуге ұмтылары қақ. Сол мезетте тұтқиылдан Бумынның сарбаздары шыға келмек. Әскери кеңесте тап осылай етпек болып шешім қабылданған. Тықырши күткен сәт – міне! Бумын дулығасын киді, қалқаны мен найзасын ыңғайлап ұстады. Ол жаудың көзіне көп болып көріну үшін жайыла шабуды тапсырды. Атой салып, тасадан жазыққа атып шықты. Анахуань мұндайды мүлде күтпеген-ді. Ол қосалқы мыңдықтарын алға жіберіп, санаулы ғана адаммен оңаша қалған. Қосалқы мыңдықтарын кері қайтаруға мәжбүр болды. Шабуылының екпіні бәсеңдеп, алғы шебінің берекесі қашты. Анахуаньнің ойлағаны болмады. Бумын бірден Анахуаньге қарай ұмтылған. Үрейден сиқы қашқан бет-жүзін де анық көрді. Осы кезде алдынан бір жужан сарбазы шыға келді. Бумынның найзасынан жалт беріп, қылышын сілтеп қалды. Бумын қалқанын тосып үлгерді. Әлгінің күшінің жойқындығы сондай, бұл атынан аударылып түсе жаздады. Атының басын бұрып, әккі жауға қайта тап берді. Ананың қылышын дәлдеп тағы бір шабуының ыңғайы келіп-ақ қалып еді, алайда мойнына ысылдай келіп бір қыл арқан ілікті. Бұғалық түскен жужан жауынгері жанталаса қырылдап, гүрс етіп атынан ұшып түсті. Бумын жалт қарап, арқанның екінші ұшын ұстап тұрған Құтұзды көрді. Шифа жаудың негізгі соққы беруге жұмсалған алғы шебін кейін серпіп тастады. Ұрыстың шешуші сәті де сол болды. Жау қаша бастады. Ат-маттарымен өзен суына қойып кетіп, арғы беттегі жазық далаға бет алды. Қас қарая ұрыс тоқтады. Қос басына Бумын титығы құрып, әзер жетті. Атының ерін алып, тұсады да, отқа қоя берді. Теңселе басып, от басына келді. Сол бойда бос жатқан бір тоқымға сұлай кетті, қалай ұйықтап қалғанын білмейді. Түн ортасы ауа оянса, құлағының түбінен қырылдап біреу жатыр. Шамасы, тоқым соныкі болса керек. Бумын аунап түсіп, қайтадан ұйқы құшағына берілді. Таң атысымен, қосындар арасына Анахуаньнің Вэй империясына қашып кеткені жайлы хабар тарады. Әйел, бала-шағасын өзімен
бірге ала қашқан. Алуға шамасы келмеген нәрселерін бір жерге үйіп
өртеп жіберуді тапсырған.
Будақтаған көк түтін көзге алыстан шалынады. Бумын мен Жора
баяғы будда ғибадатханасы тұрған жерге барды. Орнында күлі ғана
жатыр. Екеуі Будданың күйіп кеткен мүсінін тауып алды. Дэу-хунь-
диваньнің көзіндей көріп, оны екеуі тастамай, ауылға ала кетті.
Бумын Өтукенге жеткен бойда, артынан жайсыз хабар келді:
жеңіске жеткен Шифа қасына үш мың ғана сарбаз қалдырып, қалған
әскерін үйді-үйіне қайтарады. Қашқын ханның ағасы Поломын
бек бұл сәтті тиімді пайдаланады. Жақтастарын жиып, Шифаның
быт-шытын шығарады. Ол қашқаннан-қашып маньчжурдің дидэу-
гань тайпасына барады, ақыры сонда көз жұмады. Бақталасынан
құтылған Поломын хан тағын өзі иемденеді.
Жужан хандығының жаңа әміршісі шектен асқан билікқұмар
болатын. Ол сәл жаза басқан көсемдерді өлімге бұйырып, ауылдарға
ойран салып, тайпалардың тоз-тозын шығарды. Оның зорлық-
зомбылығына шыдамай, көшпенді ел іргесін аударып, қашуға
мәжбүр болды.
Ашина әулетінің ауылына бірде ауыл-аймағын ертіп, Құтұз бек
келді, қашып шыққан беттері екен. Ағын шадтан пана іздеп кел-
ген. Бумын әкесінен оларға көмектесуін сұрады. Ұлын асықпай
тыңдаған Ағын шад оларға өз иелігінен жер берді. Алайда жужан
ханының вассалы екенін ұмытпай, Поломынға өзі қабылдаған ше-
шімді айтып, хабаршы жіберді. Ханның қалай жауап берерін іші
сезетін Бумынның көңілі алаң.
Бір күні Жора екеуі көңіл сергіту үшін тауға шықты. Кешқұрым
қайтып келе жатып, жалғыз салт аттыға жолықты. Мүлде қару
асынбаған, ұзын табғаш шапанының күләпарасын жамылып алған.
Өңі жап-жас, жанары өткір болғанымен, мейірім шашады. Орман-
нан терген жаңғақ толы дорбасын ерінің басына іліп алыпты.
– Әй, жігітім, сен, шамасы, Құтұздың ауылынан боларсың? –
деді көңілді Жора бірден дауыстап.
Салт атты басын изеді.
– Тілі жоқ па?! Әлде шошып кетті ме?
– Неменеден шошиды екем?! – деді ол атын тебініп. Үшеуі
қатарласа жүрді.
– «Қорқақ емеспін» дейсің ғой, – деді Жора тағы сөз бастап. –
Сондықтан қарусыз жүрсің бе? Әлде біреу тартып алды ма?
Бейтаныс күліп жіберді, Жора оның көңіл күйінің жақсы екенін байқап, ескі танысындай өзімсіне бастады. – Сендердің ауылдарыңда бір қыз бар, аты – Қорлан. Соған Жорадан сәлем айта бар. – Демек, сен Жора екенсің ғой, – деді бейтаныс жан көз тоқтата қарап. – Ал сен Бумын боларсың, шамасы? Бумын үнсіз ғана басын изеді. – Біз жайлы естігенсің ғой?! Жарайды, оны қойшы... – Жора тебініп, оған жақындай түсті. – «Егер бүгін түнде өзен бойындағы кәрі талдың түбінде күтеді» деп Қорланға айта барсаң, ақысына жақ, қылшан (жебе салып жүруге арналған жылқының қылынан тоқып жасалатын қорамсақ) толы оқ берем. Түсіндің бе? Салт атты паңдана мырс етіп, Бумынға бұрылды. – Ал, сенен ешкімге сәлем айтудың қажеті жоқ па? – Жоқ, – деді Бумын қысқа қайырып. – Қалайша біздің ауылда ешкімге көзің түспеді? Бумын мына өзіне қағыта тиісіп келе жатқан жанға бұрылып, тесіле қарады. Жүзі албырап тұр. Томпақ ерні шиедей, отты жанары күлім қағады. Бір сәтке көздері түйісіп, бір-біріне қарап қалды да, екеуі бірден күліп жіберді. Осы кезде бейтаныстың күләпарасының астынан ұзын бұрымы сусып, омырауына құлап түсті. Жораның екі көзі жыпылықтап, аң-таң. Қыздың аты Ханша екен. Құтұз бектің үлкен қызы болып шықты. Жүрек шіркіннің кейде бір арнаға құяр егіз бұлақтай үндесе соғатын кезі болады. Бүгін, міне, тап сондай болды. Күтпеген кездесу, Поломын ханнан «Қашқындарды қуыңдар, Құтұзды өлтіріңдер!» деген хабарды алып жаушы келгенше, келеңсіз жайларды Бумынның есінен шығарған еді. Жаушы сөзін бітіргенде, Ағын шад ызалана мырс етті, жиылғандарды көзімен бір шолып өтті. Сол жағында – Бумын мен Жора, оң жағында – Құржан, Қаніш, Құтұз отырған. – Мәртебелі Ағын шад, мен өлуге бармын, бірақ нағыз жауынгерге сай өліммен өлемін, қолымнан қаруым түспейді, – деді Құтұз. – Егер Поломын әскер шығарса, біз жұмылып, бірге қарсы тұрамыз. – Ағын Бумынға қарады, сосын Құтұзға бұрылды. – Естуімше, сенің бір әдемі қызың бар.
Ағын шадтың ненің шетін шығарып келе жатқанын түсінген Құтұздың қиық көздері күлімдеп, шалқая берді. – Ал, сен не айтасың бізге, Бумын? – деді Ағын жеделдете. – Ол... – Бумын абыржып қалды. – Ханша қарсы емес секілді... – Секілдің не сенің? – деді Құржан қағытқандай. – Алдыңда қыздың әкесі отыр, әкесі келіссе, қыз қайда барушы еді?! Бумын оң қолын кеудесіне басып, Құтұзға қарады. – Мәртебелі Құтұз бек, сіздің қызыңыз Ханшамен байласқан сөзіміз бар, батаңызды беріңіз. – Алдарыңнан жарылқасын, балалар! Бұл түріктер мен сірлер27 одағының бастамасы болғай! – деді қыз әкесі қоңыр даусын соза. Ағын: – Түріктің он тайпасының бірлестігіне, міне, тағы бір тайпа – он біріншісі қосылды! – деді көтеріңкі үнмен. Бұны қолдап, басқалар гу етті. Бумын әкесі мен нағашысының бұл әңгімені не үшін дәл қазір қозғағанын сонда барып түсінді. Бәсе, асығулары бекер емес екен. Дала заңы бойынша, жекжаттардың бір-біріне қару сілтеуіне болмайды, керісінше, олар ұрыста бір сапқа тұрып, жауға қарсы бірге соғысуға тиіс. Сондықтан да, Бумын мен Құтұз бектің қызының тойынан кейін Ағынның Поломын бұйрығын орындамауға толық негізі бар еді. Түріктер басшысының беделі бір демде басқа көшпенділер алдында көтеріліп шыға келді. Қоныс аударып келушілер көбейді. Өтукен қойнауына ірге теуіп, түріктер бірлестігінің қатарын молайтты. Поломын, әрине, түріктердің күшеюіне жайбарақат қарап отыра алмады. Қарсы жорық ұйымдастырудың қамына кірісті. Алайда, тағдыр оны дегеніне жеткізбеді. Телеуіттердің кешегі әміршісі Мивотудың інісі Ифу хан бұл кезде Гаогюй мемлекетін қайта қалпына келтірген-ді. Әскер жиып, жужандарға соғыс ашты. Түріктер оларға кедергі болмады. Ифудан күйрей жеңілген Поломын Вэй империясына барып паналап, кешікпей сонда қайтыс болды. Жужан хандығында билікті аз уақытқа Синифа өз қолына алды. Бірақ ол да телеуіттердің тегеурініне шыдамай, 521 жылы күзде Вэй империясына қашуға мәжбүр болды. Алып мемлекет басшысыз қалды. Тақтан үміткерлер саны артып, солардың арасында өзара қырқыс басталды. Ішкі соғыс Жужан хандығын әбден діңкелетті. Жол торыған қарақшылар көбейіп, 27Сір – қыпшақтардың ертедегі атауы.
керуендер тоналды, мал ұрланды. Ел тынышы кеткен аласапыран
кезең басталды.
* * *
Өтукен қойнауы бүліншіліктен жырақ, ондағы бейбіт тірлік
ағыны айнымай, өз арнасымен өтіп жатты. Күздің жауынды күндері
басталып, тау беткейінен сызды жел екпіндей соғады.
Сондай бір күні таңертең Бумынды Ханша оятып, кіндік шеше
шақырып келуін өтінді. Бұл тұңғыштарының дүниеге келер уағы
болды деген сөз!
Бумын сыртқа шығып, қарауытып көрініп тұрған шеткі үйге
қарай беттеді. Киіз есікті көтеріп, ішкері дауыстады. Ұйқылы-ояу
кейуана киініп шығамын дегенше, Бумын үйге бір барып қайтты.
Дегбірі кетіп, шыдамсызданып жүр.
Ал кейуана болса, тіпті де асығар емес. Оның әбіржіген түріне
көңілі толмайтын сыңайлы, қабақ шыта күңкілдеп, митыңдай
басып Бумынның отауына бет алды. Бумын қолтығынан демеп
қатарласа жүрді. Ақыры есіктен ішке итермелегендей болып кіргі-
зіп, өзі сыртта қалды. Қолын айқастыра артына ұстап, үй маңында
сенделіп жүр.
Біраздан соң жайлап жұрт та жиыла бастады. Тіпті, «бауы бе-
рік болсын» айтып жатқандар да бар. Бумын сырт көзге сабырлы
көрінуге тырысты. Бірақ мынадай жағдайда өзің ойлағандай болу
мүлде мүмкін еместей.
Міне, шар еткен сәби үні естілді. Бумын үшін мына үн тұнып
қалған дүниені дүр сілкінткендей еді. Дүние есігін ашқан ұл бала
екен. Баланы қолына алып тұрып, Бумын қол басындай мына кеу-
дені пана қылған адам жаны қандай қорғансыз деп ойлады. Бірақ
өмір деген осы – жанға да, тәнге де ошақтағы шоқтай қызу беріп
тұр. Бақытты әке көп ойланбай ұлын Қара-Ыстық деп атады.
Бұл қуаныштың артын ала, жайсыз хабар бұрқ етті. Анахуань
Вэй империясынан қайта оралыпты, Жужан хандығын қалпына
келтірмек көрінеді28. Оның көксегені – кешегі айбынды да күшті
алып мемлекет.
Хан батыл іске кірісті, бірақ ойланып әрекет етті. Кезінде би-
ліктен тайдырып, қашуға мәжбүрлеген ежелгі дұшпандарына кек
сақтамады, қайта оларды өзіне тартты. Олар да қанды құныкерлері-
не өшігуді қойды. Соғыс пен бүліктен титықтаған жұрт тақтан
үміткер он адамнан гөрі бір ханды жөн көрді.
28Бұл оқиға 523 жылы болған.
Елде ақырындап тыныш өмір қалпына келе бастады. Әрине, алаңсыз тірліктің ауылы әлі алыста. Дегенмен, бұрынғы ережелер өзгерген жоқ. Ағын шад хан билігін мойындайтындықтан, Анахуаньге салық төлеп, ұлын аманатқа беруге тиіс. Түрік ақсүйектері осы мәселелерді талқыламаққа Ашина әулетінің ауылында бас қосты. Ақылдаса келе, хан ордасына Естемі жіберілетін болып шешілді. Ал одан үлкен ұлы Бумын болса, бұл уақытта ержеткен, үйленген, әкесінен бөлек, өз ауылымен жеке көшіп-қонып жүрген жайы бар. Сондықтан аманат жайында ешкім дау айтпады, ал салық төлеу мәселесіне келгенде, дау туындады. – Біз Анахуаньге оның Вэй империясында өткізген төрт жыл өмірі үшін не деп салық төлейміз? – Нушиби бек даусын көтере сөйледі. – Не үшін? – деді Бумын таң қалғандай. – Біз оған одан да көп төлей аламыз. – Не айтып отырсың? – деді Ағын жалт қарап. – Есің дұрыс па? – деп шуылдасқандар да болды көп ішінде. Бумын күлімсірей, тыныштық сұрап қолын көтерді. – Ойын айтсын да! – деді Жора жұртты тыныштыққа шақырып. Шуылдаған көпшілік сап тыйылды. – Бұрын біз жужандарға алым ретінде тек қару-жарақ қана беретінбіз, қазір Анахуаньге билігін нығайту үшін әскер де қажет. – Дұрыс айтасың, – деді Ағын оны құптап. Бірақ оны қағыта: – Енді сарбаздарымызды да берейік демексің бе? – деді. – Дәп солай! – деді Бумын жайбарақат. Ағынның есі шығып, аузына сөз түспей отырып қалды. – Ал біздің ауылдарды кім қорғайды? – деді біреу айғайлап. – Кімнен қорғамақсың оны? – деді Бумын таңданып. – Осы өмірімде мен мұнда келген бірде-бір табғаш, телеуіт не қырғыз әскерін көрмеппін. Ал жужандардың бір түмені келген. Содан бері біздің шад соларға ұлдарын аманатқа берумен келеді. Үй ішінде еңсе басқан тыныштық орнады. Бумынның қанша жыл хан ордасында аманатта болғаны мына жұртқа тегіс мәлім. Қазір інісі Естемінің жайын ойлап, көңілі алаң екені де баршасына түсінікті.
– Бумындыкі жөн! – Бұл қоңыр дауыстың иесі Құтұз бек еді.
– Түріктерге ең қауіпті жау – жужандар. Егер біздің әскер хан ор-
дасында тұрса, Анахуань Өтукенге соғыс ашпас бұрын, жүз мәрте
ойланатыны анық. Өз халқына қару жұмсаған әскер көрмедім.
Айтыс қыза түсті. Көсемдер кеңесі мәселені талқылай келе,
Анахуаньге Естемімен бірге төрт мың түрік сарбазын жіберетін бо-
лып шешті. Олар хан билігін нығайтуға көмектеседі және мұнымен
қатар Өтукен халқының қауіпсіздігінің кепілі болмақ.
Естеміні жолға шығарып салып тұрып, Бумын күйзелісін жа-
сырмады. Енді Анахуаньнің қандай бұйрығын да бұлжытпай
орындауға мәжбүр, әйтпесе інісін көре алмауы да ғажап емес.
– Уайымдама! – деді Естемі оның көңілін жайландырып. – Мен
ешкімге есемді жібермеймін.
Екеуі құшақтасып қоштасты. Бумын ауылға қайтып келе-
ді. Үнсіз, ойында хан ордасында өткен жылдары. Көз алдына дос-
тарының бейнесі келді. Олармен әлі күнге қатынасын үзген жоқ:
хабаршы жіберіп, тіпті, кейде өздері де келіп-кетіп тұрады, Бумын
да оларға барып қайтқан. Тек бір Аньнен ғана хабар-ошар жоқ.
Қайда екен ол, аман-есен жүр ме екен өзі?!
Император кеңесшісі үн өтті, түн өтті. Аньге тірі жан төбе көрсетпеді. Су әкелген де ешкім болмады. Күн батып жарық семе бастады... Ань бүк түсіп жата кетті. Көзі ілініп бара жатыр екен, есік ашылды. Ішке сау етіп күзетшілер кірді. Олар оны сүйрей-мүйрей есік алдына алып шығып, бірден тізерлей шөктірді. Темір сауытты біреудің алдына зорлап бас идірді. Ань оның былғары етігін ғана көріп отыр. – Сен көшпенділердің арасында болыпсың, олардың тілін де білетін көрінесің, – деді бейтаныс адам. – Иә, Хуньсюань бақсы үйреткен маған. – Сен боссың, енді менің тілмашым боласың. – Мың алғыс саған, мәртебелі мырза, – деді Ань қуанышы қойнына сыймай. – Менің атым – Юйвэнь Тай. Үстіңе киім ал, сосын сарайға кел, мені сонда табасың. Сыңғыр етіп жерге әмиян түсті. Былғары етіктер бұрылды да, ғайып болды. Ань басын көтерді. Жан-жағына қарады, маңайда ешкім жоқ. Мынау түсі емес, өңі екеніне сенер-сенбесін білмеді. Есі ауған адамдай сәл отырып, орнынан тұрды да, ілби басып түрмеден ұзай берді. Бостандыққа шыққан соң, Ань ең әуелі екі тақтайшаға Дэухунь-дивань мен Хуньсюаньнің есімдерін жазды. Содан кейін екі тас қобди жасатты да, тақтайшаларды соған салып жерге көмді: енді олардың жандары тыныш болады. Ань екеуінің басына ас-су әкеліп тұрады. Ань ойға шомып отыр. Достары есіне түсті. Қайда екен олар?! Бумын мен Жора. Әлде, оларға да тақтайша, тас қобди жасау керек пе? Олай болса, мұның мына жалғанда жалғыз қалғаны ғой. Өз ойынан өзі шошынған Ань еңсесін тіктеді, қалай да бірдеңе істеу керек деп түйді. Мына пікір оны қамшылай түсті, орнынан құлшына көтеріліп, сарайға бет алды. Бұл түрмеде жатқанда, көп нәрсе өзгеріпті: Ху Ши өзінің ұлы Тоба Иді өлтіріп, билікті қайта қолына алыпты. Императордың өлімі ел ішінде жік тудырған. Артынша белгісіз жағдайда Ху Ши де мерт болған. Оның өлімінен соң, Вэй империясы батыс және шығыс болып, қырғи қабақ екі князьдікке бөлінеді. Екеуінің арасында соғыс
басталады. Бұл қолдарында нақты соғыс күші бар қолбасшылардың беделін арттырады. Князьдіктердің шын мәніндегі билеушілері де солар екен. Шығыста билікті Гао Хуань деген бір әскери қолбасы қолына алады. Ал батысты Аньді бостандыққа шығарған Юйвэнь Тай билейді. Ань оған шын көңілімен қызмет етті. Сондықтан ол қызметте тез көтеріліп, тіпті император кеңесшісі болып тағайындалды. Алайда императордың өзі басқаның дегенімен жүретін. Сол күні Аньді Юйвэнь Тай шақыртты. Қызметші оны бір кең бөлмеге ертіп келді. Іште әскери киім киген, сауытты біреу ерсіліқарсылы жүр. Қимылы шалт, адымы нық, күш, айбыны көрініп тұр. Жүзі сұсты, жанары өткір. – Бізге саудагерлер келді. – Юйвэнь жүрісін тоқтатты. – Ань Нопаньто, олар бізге қару-жарақ, сауыт-сайман сата ала ма? Соны анықтап бер. – Құп, мырза! – Ань иіліп, қолын қусырды. – Тогон ханы Куалюй Тибет жолын жауып тастады. Юйвэнь Тай әрлі-берлі жүріп сөзін қайта сабақтады: – Бірақ саудагерлер тау соқпақтарын, жанама жолдарды білуге тиіс... Олармен тіл табысып, кез келген бағаға келіс. Қазір бар, қызметші сені оларға ертіп апарып көрсетеді. Ань есіктен шыққан бойда, Юйвэнь Тай оларды сыртынан жасырын бақылау үшін құпия бөлмеге өтті. Ань қонақ бөлмеге кірді. Үстел басында екі саудагер отыр. Торсық бет біреуі алтын жіппен зерленген шапан киген. Екіншісі арық, оның дөңестене біткен қыр мұрыны, киген киімі парсылық екенін байқатады. Алдарында шай, жеміс-жидек самсап тұр. Император кеңесшісін екеуі де күлімсірей қарсы алды. Ань де күлімдей келіп отырып, қандай тауарлары барын сұрады. Олар өз тауарларын айтып, судыратып тізе жөнелді: парсы сүрмесі, бабыл кілемі, Қызыл теңіздің қымбат асыл тастары, інжу-маржаны, Сирия мен Мысырдың матасы, Кіші Азияның есірткісі. Бәрін де жібекке айырбастағылары келеді екен. Ань елдегі соғыстың кесірінен жібек өндірісі қысқарғанын, алайда олар үшін табуға күш салатынын жеткізді. Саудагерлер қуанып кетті. Екеуі Аньге жарылқаушысындай қарап, олардың әңгімелері жараса түсті.
– Біз сіздерге қару-жарақ керегін білеміз, – деді томпақ бет сау-
дагер жақындай түсіп.
Ань «мұның бәрін қайдан білесің» дегендей, оған таңырқай
қарады. Бұл қыбына жаға кеткен саудагер:
– Біз бармаған жер аз, – деді мақтана. – Қай жақта да таныста-
рымыз бар. Мәселен, Өтукен қойнауындағы достарымыз арқылы
қару-жарақ ала аламыз.
– Сендер Өтукенге де барасыңдар ма? – Аньнің есі кете, даусы
жарықшақтана шықты. – Бәлкім, сендер білерсіңдер, Бумын мен
Жора тірі ме?
Екі саудагер бір-біріне қарады.
– Тірі болмағанда ше, әрине, тірі. Біздің достарымыз солар ғой.
Ал сіз қайдан білесіз оларды?
– Бұл ұзақ әңгіме, – деді Ань «оның сендерге қажеті жоқ» деген-
дей, қолын сілтеп.
«Құлағым сендерде, білетіндеріңді айта беріңдер» дегенді
түрімен танытып, ол екі саудагерге ентелей түсті.
– Бумынның бір түмен әскері бар, Алтай тауын қоныс етеді.
– Сонша әскерді қайдан алған? Әлде, ол қазір түріктердің шады
болды ма?
– Жоқ, шад емес, әкесінің орнына шад болса, оның әскері екі есе-
ге артады. Бумын өте дұрыс жасады. Бұрын түріктер жужандарға
тек қару-жарақ қана жіберетін. Бумынның ақылымен олар кейін-
нен Анахуаньге сайдың тасындай төрт мың сарбаз жөнелтті. Бұған
Анахуань басында мәз болған, әскери күш оған билігін нығайтуға
қажет болды. Келесі жылы түріктер тағы бір мыңын жіберді, ар-
тынан тағы да... Сөйтіп, көбейе берді, – деді қыр мұрын саудагер
қулана жымиып.
Оның сөзін екіншісі іліп әкетті.
– Бірнеше жылдан кейін хан ордасы көкжалдар торыған қой
қораға айналды. Мұның қауіпті екенін түсінген Анахуань олар-
дан құтылмақшы болды. Соншама сарбазды азық-түлікпен, ке-
рек-жарақпен қамтамасыз етудің аса қиындығын сылтауратып,
елдеріне қайтсын деген жарлық шығарды. Ал түрік әскерлері хан
қолындағы Ағын шадтың кіші ұлы Естеміні босатқанша ордадан
кетпей, жатып алды. Содан бері Анахуань түріктерден салық жию-
дан сескенеді. Ондай бірдеңенің шетін шығарса, бес қаруын асынған
қалың әскер келетінін ол жақсы біледі.
– Түріктер жужандарға алым төлемейтін болса, оларда қару-
жарақ әбден жиылды десейші, – деді Ань.
– Әрине, – деді екі саудагер бірдей құптап.
Ань мына жаңалыққа шын қуанды. Олардың әңгімелерін жа-
сырын тыңдаған Юйвэнь Тай да іштей риза. Әккі саясатшы Жу-
жан хандығындағы жағдайдың екіге жарылған Вэй империясы-
на ұқсастығын бірден аңғарды. Айырмашылығы – жужандар мен
түріктер әзірге ашық қақтығысқа бара қоймаған. Алайда оның
қаншаға созылатыны мәлім емес.
ұл 535 жылдың күзі. Қазір таңғы шықтың орнын аппақ қырау басқан. Бумын әскерін тауға әкетті. Қысты сонда өткізбекші. Бұл сарбаздарды да, аттарын да азық-түлікпен қамтамасыз етуіне тиімді. Өздері аң аулап күн көреді. Ал аттарына таулы алқапта тебіндік жер мол. Бумын, Естемі, Жора, Қаніш төртеуі қосқа келіп кірді. От басына отырғандары сол еді, жаушы келді. Ағын шад қатты науқас көрінеді. Бумын әскерді Жора мен Қанішке тапсырып, інісін ертіп ауылға тартты. Қарауыл бекеттерінде ат ауыстырып мініп, тоқтамай жүріп отырды. Ағынның үйінің босағасында қара мата байланған найза шаншылып тұр – үйде ауыр науқас бар дегеннің белгісі. Бумын мен Естемі ішке кірді. Үйдің ала көлеңке жарығына көздері үйренбей, екеуі сәл кідірістеді де, сыңси жылаған әйел даусы шыққан тұсқа қарай жүрді. Ағынның бас жағында Құлан отыр, жанында бақсы бар. Естемі келіп анасының иығынан құшақтады. Бумын әкесінің жүзіне үңілді. Жағы әбден суалып, көзі тіпті шүңірейіп кеткендей. Әкесі жанары солғын тартқан көздерін ашты. – Бумын, – деді ол. – Енді түріктерді сен басқарасың, Естемі әскерге ие болсын... Бұл оның соңғы сөзі, соңғы әмірі болды. Айғыз-айғыз күз аспаны түнеріп, сіркіреп жаңбыр жауып тұр. Жұрт түріктердің айбынды шадын соңғы сапарға шығарып салуға дайындық үстінде. Бақсы жерлейтін тұсты белгіледі, ер кісілер сол жерден тегіс алаңқай әзірледі. Сол жерге төрт жағы дүниенің төрт тарапына бағытталған тікбұрыш сызылды. Көр қазылып біткен соң, ауылдан қаралы жиын шықты. Ағын шадтың қазасына жиылған жұрт аңырап жоқтау айтуда. Еркектер әміршісінің өлімін көздерінен аққан жаспен емес, сорғалаған қанмен жоқтау үшін жүздерін қанжармен тілгілеп тастаған. Марқұмның басын шығысқа қаратып, көрге салды. Жанына ыдыс-аяқ және жасына қарай жебелер қойылды. Түріктер әміршісі
Бумын құрбанға шалынар атты әзірлеуді бұйырды. Содан ке-
йін рәсімді ата-баба дәстүрі бойынша, өз қолымен атқарды. Ол
қылышын жануардың дәл жүрек тұсына сұғып алды. Құрбан ма-
лы денесі дір етіп, ақырғы демін шығарып, жерге гүрс етті. Бірне-
ше еркек көтеріп, оны Ағын шадтың жанына жатқызды. Сүйікті
арғымағы енді иесін ата-баба мекені Жер-Суға жеткізеді.
Қабірді матамен жауып, топырақ салды. Кешке марқұмның
жанының көкке ұшу құрметіне ас берілді, таңертең басына мазар
тұрғызу ісі басталды.
Қайғылы күндердің арты тойға ұласты. Түріктердің жаңа
әміршісі болып Бумын тағайындалды. Сөйтіп ол он екі рудан
құралған тайпалар одағының билігін өз қолына алды. Салтанаттан
соң оған шад атағы берілді. Естеміге әскердің қолбасылығы тапсы-
рылды. Қаніш пен Жора іркін29 болды.
Бұл оқиғалар туралы хабарды таратып, жан-жаққа жаушылар
аттанды. Келесі жылы жыл бойы көрші князьдіктерден түріктердің
жаңа басшысын құттықтау үшін Ашина әулетінің ауылына тарту-
таралғысын артқан қонақтар бірінен соң бірі ағылып келіп жатты.
Жаздың жайма-шуақ бір күні Бумынға екі саудагер келді. Бу-
мын оларды үйінде қарсы алды. Сол жағында Естемі, оң жағында
Қаніш пен Жора бар.
Қонақтар ішке кіріп, ортаға тізерлеп отыра кетті де, екеуі қо-
сарлана жамырай:
– Аман-есен бармысың, асыл текті Бумын шад! – деп бастары
жерге жеткенше иілді.
Екі саудагерді отырғандардың бәрі тани кетті: біреуі – томпақ
бет, екіншісі – қыр мұрын.
– Аман болыңдар, – деді Бумын күлімсірей. – Есен-сау
көргеніме қуаныштымын. Сапарларың сәтті болды ма? Қай елдерге
бардыңдар?
– О-о... – деді қыр мұрын басын көтеріп. – Керуенмен жүріп, күн
астындағы бар елді араладық, біз бармаған, көрмеген жұртымыз
қалмады жолымызда...
– Бірақ асыл текті Бумын шад басқаратын Өтукен қойнауынан
асқан жұрт жоқ! – деді томпақ бет оны іліп әкетіп.
Екеуі маңдайлары жерге тигенше тағы иілді.
– Өтукеннің жері құт, халқы шат! – деді томпақ бет сөзін өрбітіп.
– Өтукен халқы аштықтың не екенін білмейді, тоны – көк, қарны
– тоқ, соғысты өңі түгіл, түсінде көрмейді...
29Іркін – жоғары әскери шен.
– Қандай соғысты айтып отырсың? – деді Естемі. – Вэй империясындағы соғысты айтам, – деп жауап қатты саудагер. – Біз сол жақтан келеміз, Ань Нопаньтоның сыйы бар беріп жіберген. – Ань деймісің?! – деді Бумын әрі таңырқай, әрі қуана. – Ол тірі екен ғой! – деді Жора есі шыға айғайлап. – Неғып сендер бірден айтпайсыңдар?! Екі саудагер таңырқай бір-біріне қарап алып, Батыс Вэй князьдігінің басшысы Тоба Бао-цзюенің кеңесшісі және қолбасы Юйвэнь Тайдың оң қолы – Ань жайлы білетіндерінің ештеңесін бүкпей, түгел баяндап шықты. Саудагерлердің әңгімесінен Бумын кешегі алып елдің екі ұдай болып қырқысуынан соғыс өрті сырт елдерді де шарпуы мүмкін екенін аңғарды. – Орманда өрт шықса, ондағы тіршілік иелерінің бәріне бірдей қатер төнеді, – деді Бумын әңгіменің соңында. Саудагерлердің тауарларына қару-жарақ айырбастап берді. Олар аттанып кеткен бойда түрік ауылдарын тауға көшіріп, шекара аймақтарда күзетті күшейтіп, төңірекке жасақтар шоғырландыруды тапсырды. Сақтану зая кетпеді. 536 жылы Батыс және Шығыс Вэй князьдіктерінің арасында кескілескен ұрыс басталды. Бір жылдан кейін Гаогюйде билік ауысты. Юегюй әміршіні немере інісі Биди өлтіріп, өзін хан жариялады. Ішкі қақтығыс телеуіттерді әлсіретті. Мұны Анахуань тиімді пайдаланды. Сөйтіп ол 540 жылы Биди әскерін күл-талқан етті. Нәтижесінде, Гаогюй князьдігі жойылды. Тогон әміршісі де қызу іске кірісті. Куалюй 541 жылы Гао Хуань қолбасымен және Анахуаньмен бірігіп, Юйвэнь Тайға қарсы келісім жасасты. Осылайша, қауіп бұлты Батыс Вэй князьдігіне төнді. Соғыстың түріктерге қатысы жоқ еді. Алайда Бумын қол қусырып қарап отырмады. Ол мына қатал өмірде күшті әскерің болса ғана аман шығуға болатынын түсінді. Сондықтан қандай белді жауға да қарсы тұра алатындай қуатты әскер жасақтауға бар күшін салды. Ондай жау жоқ емес, ол – Анахуань. Жужан ханы жүз мың әскер шығара алады. Мұндай күшпен оның түріктерге оп-оңай шамасы жететіні анық. Алайда Бумын оның да жолын тапты. Ол үшін сарбаздар ұрыс алаңында қару дарымайтындай болуға тиіс. Бұған әр сарбаз мықты темір сауыт киіп, қолдарына қиып түсер қылыш, опырып шығар найза ұстауы керек. Әрине, қаруды шебер қолдану да шарт.
Анахуань телеуіттермен, Батыс Вэй князьдігімен соғысып жатқанда, Өтукен халқы дамыл таппай кен қазды, темір өндірді, қару-жарақ, сауыт соқты. Ақыры, түріктер жарағы сайманына сай атты әскер жасақтады. Бумын билік тізгінін мықтап ұстады, бүкіл қосындар да дегенін екі етпеді. Естемінің арқасында әскер сапының жүйесі нығайды, темірдей тәртіп бұлжымастай болды. Түріктердің күшейгенін естіп, Юйвэнь Тай Бумынға Ань Нопаньтоны бас етіп елшілік жіберді. Бұл дипломатиялық өкілдік шын мәнінде түріктердің жужан ханынан тәуелсіздігін алып, Орталық Азияның саяси өмірінде маңызды орны бар екенін танығандық еді. Ань Нопаньто Ашина ауылына 545 жылдың ерте көктемінде келіп жетті. Бумын түрік ақсүйектерімен бірге оны Қарақұздың маңында қарсы алды. Ань жабық күймеден шыққанда, Бумын өз көзіне өзі сенерсенбесін білмеді: қарсы алдында тұрған адамды құдды Хуньсюань бақсы дерсің. Оның бұл таңданысы арбадан бір кішкентай қыз түсіп, аң-таң болып өзіне қарай қалғанда, тіпті арта түсті. Қыз ақырын бірдеңе деп еді, Ань Нопаньто көңілді дауыспен: – Асыл текті Бумын шад, менің өкіл қызым сені тіріліп келген Будда ма деп қалды, – деді. Бәрі күліп жіберді, сол сәттен-ақ ыңғайсыздық атаулы жайына қалды. Ескі достарға ырғалып-жырғалған салтанатты рәсімнің де қажеті болмады. Қаншама жыл бірін-бірі көрмеген достарға осы кездесудің өзі үлкен қуаныш еді. Келіссөздер барысында Батыс Вэй мен Өтукен арасында қандай шешімдер қабылданғаны жайлы тарихта ештеңе айтылмайды. Келіссөз құпия түрде өтті. Қытай жылнамасында бұл ресми сапар қысқа ғана аталып өтіледі: «Бізге үлкен елден елші келді, енді біздің мемлекетіміз өркендейтін болады деп, ордадағылар бір-бірін құттықтап жатты». Сондай-ақ, осы дипломатиялық өкілдікке жауап ретінде келесі жылы түріктер Юйвэнь Тайға елші жібергені мәлім. Сөйтіп, Бумын Анахуаньнің бір қарсыласымен бейбіт қатынас орнатты. Анахуань түріктерге бірден жаушы шаптырып, олардың өзіне вассал екенін ескертті. Хан жаушысы шыққан бойда, Жора былай деді: – Анахуань күнгейде қырқысып жатқанда, біз оның ордасын басып алсақ болады.
– Біз қуатты әскерді Анахуаньнің ту сыртынан соққы беру үшін жасақтамадық, – деді Бумын жай ғана. – Ауыздығымен алысқан арғымақтың өзі тар қорада тұра берсе, жабыға айналады, – деді Естемі. – Расында, бізге әскердің не қажеті бар, егер таудан әрі аспасақ? – деді Қаніш. Бумын ештеңе деп жауап қатпады, күлімсіреді де қойды. Түрік әскері бір орнында жатып-ақ атырапқа үрей шашатын айбатты арыстандай, өзінің сырт сұсымен-ақ жауының құтын қашыратын. Бұған 550 жылы бәрінің көзі жетті. Телеуіт тайпаларына жужан билігі ауыр соқты. Олар бас көтеріп, Анахуань ордасына бет алды. Бүлікшілер орта жолға жеткенде, Алтайдың бір шатқалынан атты әскер шығып, жолдарын кес-кестеді. Темір сауытты түрік әскері ұзын найзаларын шошайта сап түзеді. Телеуіттердің саны екі есеге жуық көп болатын, алайда алдарындағы әскердің айбынынан сескенген олар Бумынға ұрыссыз берілді. Түріктер елу мың телеуіт әскерін соғыспай-ақ тізе бүктірді. Ешқандай шығынсыз түрік әскері бір мезетте үш есеге көбейді. Бумын өз жағдайын тұрақтандыру үшін жужандармен саяси одақ құрмақ болды. Мұндай одақ ол заманда қыз алып, қыз берісіп, құдаласу арқылы жүзеге асатын. Бумын 551 жылы Анахуаньнің қыздарының біріне құда түседі. Алайда түрік елшілері жужан әміршісінен қорланғандай болып оралады. Анахуань «Сен менің теміршімсің, мұндай ұсыныс жасауға қалай дәтің барады?!» деп, намысқа тиер жауап қайтарады. Мұны естіген Батыс Вэй князьдігінің билеушісі түрік шадына өзінің қызы Чанле30 ханшайымды беретінін мәлімдеді. Бумын Батыс Вэй князьдігімен туыстасты, бірақ Анахуаньға деген өкпесін де ұмытпады. 552 жылы қыста оған қарсы жорық ұйымдастырды. * * * Түрік әскері қар басқан аппақ даламен қап-қара болып шұбалып бірнеше күн жүрді. Сарбаздар азықтарын аң аулап айырды. Ашық аспан астында мұз жастанып, қар төсенсе де, алғашқы күндер ән салып, қалжың айтып, көңілді жүрді. Хан ордасына жақындаған сайын ойын-күлкі азайып, сап қатары тұнжырай түсті. Бумын әскерді алға жіберіп, бір қапталға тоқтады. Қасындағы адамдардың жүздеріне анықтап қарады. Әуелі жанынан туған бауыры Естемі өтті, одан кейін сенімді серіктері – Қаніш пен Жора келеді. Олардың артын ала екі ұлы – Қара-Ыстық пен Мұқан... 30Кейбір қытай деректерінде бұл ханшайым Вакуат деп те аталады.
Кенет «осылардың бәрін, бәлкім, соңғы рет көріп тұрған шығармын» деген суық ой сумаң етті. «Жоқ» деді ол ішінен бірден. Әлі қаншама алға қойған мақсаты бар. Анахуаньді жеңу – ұлы істердің басы ғана. Бәрін баяғыда ойластырып қойған, тайпа көсемдерінің талқысына да салды. Осы арада есіне «шешінген судан тайынбас» деген сөз түсті. Тайынатындай жөні жоғын, қазір бастамаса, енді қайтіп мұндай мүмкіндіктің болмауы да ықтимал екенін есіне алып, Бумын күлімсіреді. Өзіне сенімі күшті. Мынадай айбыны асқан әскерің тұрғанда, күшті болмай ше?! Жорық алдында іркіндер мен бектер әскер санын мәлімдеген. Бес түмен телеуіт қосындары қос қанатта, оларды Қаніш пен Жора басқарады. Жиырма мыңдық темір сауытты соққы беруші атты әскер ортаңғы шептің басында, әскербасы – Естемі. Жол бойы жүздеп, мыңдап қаншама жаңа жасақтар қосылып жатты. Адийе, остяк, куман тайпалары сарбаздарын жіберді. Қырғыз шадынан бір түмен әскер келді. Құтұз бек бастаған сірлер екі бастан мұны қолдайды. Ұрыс алаңына, сөйтіп, Бумын шад жүз мың әскермен жетті. Әрине, Анахуаньнің де күші бұдан кем емес, оның үстіне, Анахуаньнің соғыс тәжірибесі де мол, әскері мықты. Қыс аязы нағыз күшінде. Кең алқаптың екі басында екі әскер бір-біріне қарсы қарап тұр. Аттардың танауларынан бу бұрқырайды. Жер-көкті дүр сілкінте дабылдар соғылды. Бумынның белгісін күтіп тұрған Естемі шабуылды бастады. Ауыр сауытты атты әскер құйындай жүйткімегенмен, жау шебіне жеткенше шығын болған жоқ: Анахуань садақшыларының жебелері дарымады. Естемі жужан әскерінің қақ ортасына кеп соққанда, Бумын әскерінің қос қанаты алға лап қойды. Мың сан тұяқтан ұшқан қар атырапты боран соққандай етті. Құлақ тұндырар айғай-шу, қарудың шаң-шұңы, кісінеген жылқы үні жер-дүниені жаңғыртты. Түс кезінде Естемі хан әскерін екіге жарды да, өзі соның оң жағын тықсыра бастады. Бұл уақытта Бумын қосалқы бөліктермен сол жағына дүрсе қоя берген. Жужандар төтеп бере алмады, кей тұстары алды-артына қарамай қаша жөнелді. Көпшілігі жеңген жақтың рақымына сеніп, өз еріктерімен тұтқынға берілді. Бумын Анахуаньнің соңына түскен, осы кезде ешкім күтпеген тосын оқиға болды. Қайдан сап ете қалғаны белгісіз, бір сүңгі ұшып
келіп Бумынның бүйіріне қадалды, сауыт қорғамайтын ашық жерді дәл тапты... Түріктер әміршісі есін ертеңіне бір-ақ жиды. Жарақаты жанына батып түйілген қабағы май шамның алакөлеңке жарығында, тіпті, түнеріп кеткендей. Ақырындап өз-өзіне келіп, қиналса да, тіл қатты. Естемі оған болған жайды мәлім етті. – Біз Анахуаньді қоршауға түсіргенбіз, өз қанжарын жүрегіне сұғып жан тапсырды. Ал ұлы Яньлочен құтылып кетті. – Яньлоченнің енді билікке ұмтылатыны анық, жаралы жыртқыштың көзін құрпаса, болмайды, – деді Жора боқтап. – Жақсы, ол кейінірек, – деді Бумын оны құптай. Жужан хандығын тізе бүктірген соң, түріктер бағынған елге өз билігін орнатып қана қоймады, жаңа мемлекеттің іргетасын қалауға кірісті. Ол тарихқа Түрік қағанаты деген атпен кірді. Бумын беті бері қарап, жарақатынан айыққандай болғасын, елхан атағын алып, алтын таққа отырды. Естемі баһадүр жабғу болып тағайындалып, қағаннан кейінгі екінші орынды иеленді. Мұның құрметіне Ордада салтанатты үлкен шеру өтіп, той тойланды. Алайда бұл қуаныш ұзаққа бармады... Түріктер әміршісі төсекте жатыр, айналасында туған-туыс, жақын-жуығы. Әйелдер дыбыстарын шығармай егіліп жылап, жасқа шыланған көздерін сүртіп отыр. Бір уақытта Бумын көзін ашты, жиылғандарды бір шолып өтті. Назары Будда мүсініне түсті. Дэу-хунь-диваньнің көзіндей болып қалған баяғы мүсін. Мына өзі жатқан орданың кезінде будда ғибадатханасы болған жерде тұрғанын есіне алды. Бумын жараланған күні үйді осы жерге тіктірген Жора болатын. Ақырын күлімсіреді, содан соң жанында інісі Естемі мен екі ұлы – Қара-Ыстық пен Мұқан қалсын деп бұйырды. Қалғандары түгел шығып кеткен соң, қаған былай деді: – Біздің ортақ ісімізді сендер енді бірге жалғастыруға тиіссіңдер. Сондықтан, менен кейін елге кім бас болатынын өздерің шешкендерің жөн. Түрік қағанатының тұңғыш әміршісінің соңғы сөзі де, әмірі де осы болды. Осыны айтып, Бумын көзін жұмды. Иә, мәңгілікке көз жұмды...
Соңғы сөз
умын 553 жылы көктемнің алғашқы айында дүние салды. Ол
дүниеден өтісімен, Ашина әулетінде ұл бала дүниеге келді. Оған
Йоқдан деген есім берілді. Бұл «жоқтан», демек, «қайтыс болған»
дегенді білдіреді.
Түрік қағанатына жаңа басшы болып Қара-Ыстық тағайындал-
ды. Ол тақта алты-ақ ай отырды. 553 жылы күзде жужандарға
күйрете соққы беріп, сол ұрыста жарақаттанды да, содан айықпай
қайтыс болды.
Қара-Ыстықтан кейін таққа Мұқан отырды. Қаған болысымен,
ол жужандарды бас көтере алмастай етіп жеңді. Олардың қалған-
құтқандары батысқа қарай қашты. Естемі 554 жылы жазғытұрым
жүз мың әскермен қашқан жужандардың соңына түсті. Қуғаннан-
қуып 555 жылы оның әскері «Батыс теңізге» барды, сол беттерімен
571 жылы Солтүстік Кавказ бен Керчь жартыаралына жетті.
Міне, осылайша VІ ғасырда түріктердің иелігіндегі жер шығысы
Тынық мұхит, батысы Қара теңіз арасын қамтып, созылып жат-
ты. Бұл алып мемлекет құрылымы жағынан екі дербес қағанаттың
тұрақты одағынан тұрды. Бірінің орталығы Өтукен қойнауында,
екіншісінікі Жетісуда Суяб қаласында болды.
Ұлы Даланың бүкіл азиялық бөлігін қамтыған тұтас мемлекеттің
пайда болуы тек Орталық Азияның ғана емес, жалпақ Еуразия
құрлығының тарихи дамуында маңызы зор қозғаушы күшке
айналды.
Құрметті оқырмандар! «Шығыстың ұлылары» атты топтама кітаптары күні бүгінге дейін балалар көркем әдебиетінде нақтылы айтылмаған ұлы адамдардың өмірімен таныстырады. Топтама ірі тарихи оқиғаларды, маңызды қозғалыстарды, мемлекеттер арасындағы қарым-қатынастарды және ұлы тұлғалардың, қағандардың, батырлар мен ғалымдардың, ойшыл-ақындардың өмір жолын қамтиды. Сонымен қатар әдеби шығармалар балалардың туған жеріне, халқына, тарихына ыстық сүйіспеншілік сезімдерін оятып, ұлы ата-бабаларының асыл мұраларын құрметтеп, Отанына деген мақтаныштарын арттырады. Баспа жобасының жетекшілері Қ. Раимбеков, Б. Иманәлиев Авторы Қ. Бегалин Кеңесшісі Тарих ғылымдарының докторы, профессор З. Қинаят Аударған Ә. Рысбаев Суретшісі К. Көмеков Бас редакторы Қ. Байғабылова Көркемдеуші редакторы Е. Козлова Редакторы және корректоры Н. Сламбекова Біздің мекен-жайымыз: Қазақстан, 050000, Алматы, Чайковский көшесі, 190/184, 23-кеңсе Тел./факс (327) 2 728 411, 2 728 421 E-maіl:aruna_ltd@maіl.ru Көтерме бағамен сатып алу үшін «Аруна» баспасының сауда бөліміне хабарласу қажет. Тел./факс (327) 2 728 411, 2 728 421 Осы және басқа кітаптарды кітап-поштаға тапсырыс жасау арқылы да алуларыңызға болады. E-maіl:aruna_ltd@maіl.ru Пішімі 60х90 1/8. Борлы қағаз. Гарнитура «Школьная». Шартты баспа табағы 11,5. Есепті баспа табағы 17. Таралымы 7 000 дана. «ІntellServіce» баспаханасында басылды. «Аруна» баспасының дизайн орталығы М. Моминов
Пікірлер (0)
Пікір жазу үшін аккаунтқа кіріңіз. Кіру