TELEGEI

Home

Бабалар сөзі 87 том

Әлбеков Тоқтар

Оқылуы: 0%

Жазылымсыз режим: 20-беттен кейін жазылым беті ашылады, әрі қарай әр 10 бет сайын (ең көбі 5 рет).

20 px
1.85
0.30 px
0.95 em

Бабалар сөзі 87 том

«Бабалар сөзі» сериясының 87-томына қазақ фольклорының прозалық жанрына жататын тарихи аңыздар енді.

Астана 2012
«Мәдени мұра»
Мемлекеттік бағдарламасының кітап сериялары
Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Нұрсұлтан

Назарбаевтың бастамасы бойынша шығарылды

Майлыбаев Бағлан, кеңес төрағасы
Асқаров Әлібек, жауапты хатшы
Абдрахманов Сауытбек
Атабаев Қамбарбек

Аяған Бүркітбай
Әбжанов Хангелді
Әбусейітова Меруерт
Әжіғали Серік

Әлімбай Нұрсан
Байпақов Карл
Байтанаев Бауыржан
Балықбаев Тахир

Дүйсембаев Еркін
Есім Ғарифолла
Жақып Бауыржан
Жұмағалиев Асқар

Жұмағұлов Бақытжан
Қасқабасов Сейіт
Қозыбаев Ілияс
Құл-Мұхаммед Мұхтар

Құрманбайұлы Шерубай
Мұхамадиұлы Арыстанбек
Мыңбай Дархан
Нысанбаев Әбдімәлік

Салғараұлы Қойшығара
Самашев Зейнолла
Сұлтанов Қуаныш
Тұяқбаев Қанат

Шаймерденов Ербол
Шеңгелбаев Бақытжан
«Мәдени мұра» ұлттық стратегиялық жобасын
жүзеге асыру жөніндегі Қоғамдық кеңес

УДК 398 ББК 82.3 Б 12 Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитетінің «Әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару» бағдарламасы бойынша шығарылды «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасының Фольклортану, әдебиеттану және өнертану секциясының мүшелері: Қасқабасов С.A. (төраға), Қорабай С.C. (төрағаның орынбасары), Жұмасейітова Г.Т. (жауапты хатшы), Әзібаева Б.У., Әлбеков Т., Әлібекұлы А., Күзембаева С.А., Қалижанов У., Қосан С., Мамыраев Б.Б. Томды басуға М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының Ғылыми кеңесі ұсынған Томның редакция алқасы: Әлбеков Т. (жауапты редактор), Қалижанов У., Қасқабасов С.А., Қирабаев С.С., Қорабай С. Томды құрастырып, баспаға дайындағандар: Алпысбаева Қ., Әлбеков Т., Оралбек А. (жауапты шығарушы) Б 12  Бабалар сөзі: Жүзтомдық.—Астана: «Фолиант», 2012. Т. 87: Тарихи аңыздар.—2012.—432 бет. ІSBN 978-601-292-603-3 «Бабалар сөзі» сериясының 87-томына қазақ фольклорының проза­лық жанрына жататын тарихи аңыздар енді. УДК 398 ББК 82.3 ІSBN 978-601-292-603-3 (т. 87) © Әдебиет және өнер институты, 2012 ІSBN 9965-619-60-3 © «Фолиант» баспасы, көркемдеу, 2012

Құрастырушылардан
М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты «Мәде­
ни мұра» Ұлттық стратегиялық жобасы аясында жарық көре­
тін «Бабалар сөзі» сериясының жүз томдық ғылыми басылы­

мын әзірлеуді одан әрі жалғастырады. Серияның бұған дейін
баспаға ұсынылған сексен алты томы ұлттық фольклорымыз­
дың аса бір көркем де көлемді саласы болып саналатын эпостық
шы­ғармаларға, қара өлең, ертегілер, жұмбақтар мен мақал-

мәтелдер т.б. шағын жанрларға арналды. Дәлірек айтқанда,
«Хикаялық дастандардың»—он үш, «Діни дастандардың»—
жеті, «Ғашықтық дастандардың»—он бір, «Тарихи жыр­
лардың»—он бір, «Батырлар жырының»—жиырма, «Мақал-

мәтелдердің»—бес,
«Қара
өлеңнің»—екі,
«Шежірелік

жы­р-­аңыз­дардың»—үш, «Ертегілердің»—бес томы, «Тари­
хи аңыз­дардың»—екі томы, «Жұмбақтардың», «Балалар
фолькло­рының», «Қазақ мифтерінің», «Моңғолиядағы қа­зақ
фольклорының», «Топонимдік аңыздардың», «Күй аңыз­да­

рының», «Шежірелік аңыздардың»—бір-бір томы баспаға дай-
ындалып, басылым көрді. Бұл жинақтардың он екі томында
Қы­тайдағы қазақтардың, бір томында Моңғолия қазақта­ры­
ның фольклорлық мұралары қамтылды.

Оқырман назарына ұсынылып отырған 87-том тағы да
көне замандардан бері үзілмей келе жатқан халық шығар­ма­
шылығының аса көлемді жанрының бірі «Тарихи аңыздарға»
арналады. Құрастырушылар халық прозасының бұл саласы­ның

тарихи  аңыздар
бүгінгі күнге дейін толық жарияланып, ғылыми айналым­ға
енбеуінің себеп-салдарлары алдыңғы томдарда арнайы ата­лып
өткендіктен, бұл ретте де қайталауды жөн санамады. Алай­да

құрастырушылар оқырмандарды «Тарихи аңыздарға» ар­нал­
ған алдыңғы томдардың құрылымы мен қысқаша мазмұны­мен
таныстыра кетуді мақсат етеді.
Алғашқы томға (85-томға) VІ-ХVІ ғасырлар аралығындағы

Бәйдібек би, Домалақ ана, Қорқыт, Әбунасыр әл-Фараби, Ибин
Сина, Алаша хан, Майқы би, Аяз би, Қожа Ахмет Ясауи, Хакім
ата, Зеңгі баба, Шопан ата, Өзбек хан, Шыңғыс хан, Жошы хан,
Ақсақ Темір, Байшегір баба, Әз-Жәнібек, Асанқайғы, Жирен-

ше шешен, Қарашаш сұлу, Еңсегей бойлы ер Есім, Тоқтамыс
хан, Ер Едіге, Ер Тарғын, Абат, Шора батырлар т.б. тарихи
тұлғаларға қатысты аңыздар енгізілді.
Екінші томға (86-томға) Жоңғар шапқыншылығы кезеңін­

де Қазақ Ордасының мемлекеттілігін, халқының тәуелсізді­
гін сақтап қалуда ерекше рөл атқарған Төле, Қазыбек, Әйтеке
сияқты ел тұтқасы болған кемеңгер билердің ел тұтасты­ғын,
руаралық ынтымақ-бірлікті сақтаудағы ерен еңбектерін, дау

шешудегі әділдігін, қайраткерлік тұлғаларын сомдай­тын,
Абылай сынды айбынды ханның көзсіз ерлігін, қолбас­шы­лық,
ұйымдастырушылық қабілетін, ел басқарудағы өзіндік қыр­
ларын, дипломатиялық іс-тәжірибелерін ашып көрсете­тін,

Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай, Мүйізді Өтеген,
Сүйіндік Олжабай, Малайсары, Балтакерей Тұрсынбай секілді
даңқты батыр-қолбасшылардың жорық жолдарын баяндай­тын
аңыздар топтастырылды.

Оқырмандарға жол тартып отырған 87-томға ХVІІІ ғасыр­да­
ғы қазақ қоғамын, тарихи оқиғаларды, ел тәуелсіздігін сақ­тап
қалған би-шешендердің, елбасыларының, батырлардың жоң­
ғар шапқыншыларымен өткізген күрестерін, ел ынтымағын,

ру-тайпалар арасындағы татулықты, бірлікті суреттейтін аңыз­
дар ұсынылды.
Томның құрылымы «Билер туралы аңыздар», «Батырлар
жөніндегі аңыздар» атты бөлімдер аясында жүйеленіп, Бек-

болат, Тіленші, Әлмерек, Сапақ, Толыбай, Қарабас, Досбол,
Байдалы, Келдібек, Жанайдар, Жаңабатыр, Қарқабат, Досай,

құрастырушылардан
Есенкелді, Едіге, Ескелді, Қараменде, Қабан, Балпық билердің,
сондай-ақ Шақшақ Жәнібек, Керей Жәнібек, Жидебай, Жа-
сыбай, Дәулетбай, Малайсары, Әжібай, Райымбек, Балағаз,

Байғозы, Түлкібай, Саркөз, Түгел, Итеке, Берден, Нұрбай, Ше-
рубай, Жалаңтөс, Жарылғап, Ораз, Елшібек, Томаш, Айтбай,
Әлдебек, Бөдене, Жарылғап, Баян, Сеңкібай, Боранбай, Са-
тай, Бердіқожа, Жоламан, Байсерке, Бөдес, Шегір, Аралбай,

Құттығай, Қарақұл, Әйтей, Тауасар, Алдияр, Қараш, Шоңай,
Еспембет, Көтентай, Жауғаш, Қуатбек, Медетбек, Серғазы,
Сәмен, Қорлыбай, Бөлек, Сары, Сүгір, Жантайлақ, Жұрын,
Қозүй, Қойгелді, Мамай, Мыңбай, Шотан батырлардың бейнесін

сомдаған аңыздар кіргізілді.
Томда қамтылған мәтіндердің негізгі бөлігі М.О.Әуезов
атындағы Әдебиет және өнер институты мен Орталық ғылы­
ми кітапхананың сирек қорларында сақталған Ш.Уәлиханов,

М.Тілеужанов,
Н.Төреқұлов,
Б.Адамбаев,
Қ.Саттаров,

Н.Омаш, Т.Қанағатов т.б. ғалымдардың әр жылдары ел ара­
сынан жинап, хатқа түсірген материалдарынан, соныме бірге
М.Ж.Көпеевтің, М.Мәжікеевтің, Е.Құлпейісовтің, А.Құл­жа­
новтың, С.Шәріповтің, А.Бисенғалиқызының, А.Та­та­най­

ұлының, М.Рүстемовтың, Т.Қаупынбайұлының, Қ.Айна­
бе­ковтің қолжазба мұраларынан алынды. Томды баспаға
дай­ындау барысында «Бабалар сөзі—даналық көзі», «Ес­
келді би Қабан жырау Балпық әулие», «Ел жүрегіндегі

Ескелді би», «Билер сөзі», «Ер Жәнібек», «Ер Әжібай»,
«Қазақ батырлары», «Сарыарқа батырлары», «Аңызға ай­
налған тұлғалар», «Аңыздар мен Ақиқаттар өлкесі», «Ша­
нышқылы Бердіқожа батыр» сияқты кітаптардағы және

«Қазақ батырлары» газетінде жарияланған мәтіндер пай-
даланылды. Осы көрсетілген ба­сылымдарда жарияланған
аңыздардың сирек қорларда қол­жазба нұсқалары сақталған
жағдайда, мәтіндер өзара салыс­тыры­лып, түпнұсқасы

басылымға жіберілді.
Топтаманың ұстанымдарына сәйкес беріліп отырған мә­
тіндер ғылыми қосымшалармен қамтамасыз етіліп, реттік сан-
мен нөмірленді. Томның ғылыми қосымшаларын: томға енген

мәтіндерді жазып алушылар мен жариялаушылар және басы-

тарихи  аңыздар
лымдар туралы мәліметтер, томға енген мәтіндерге ғылыми
түсініктеме, сөздік, жер-су атаулары, мәтіндерде кездесетін та-
рихи тұлғалар мен күйшілер туралы деректер, пайдаланылған

әдебиеттер тізімі мен томның орыс, ағылшын тілдерінде
жазылған түйіндері құрайды.
Томның жалпы көлемі—27,0 б.т.

1. Бекболат би

Бекболат—қаракесек ішіндегі қазақ еліне даңқты қаз дау­
ыс­ты Қазыбектің баласы. Ол хан Абылайдың ақылшысы,
сүй­ікті де сенімді биі болды. Басқа билер оны күндеп, ханнан
айыруға әрекеттенді.

Бірде қаракесектер хан маңындағы төлеңгіттермен аразда-
сып, олардың бірсыпыра жылқысын барымталап алады. Соның
ішінде хан әулетінің бір үйір жылқысы кетеді. Бекболатты
сүріндіргісі келіп жүрген билер ханға барып: «Мұны істетіп

отырған Бекболат, ханда қадір болмаса, қара қазақта ұят бол-
майды, бұл бейбастыққа тыйым салыңыз»,—деп ұсыныс жа-
сайды.
Осы азғынды тілге еріп, Абылай қол жинап, қаракесектер­ге

барады да, айыпты деген адамдарды тұтқындап, көп мал ай­дап
қайтады. Жолшыбай бір жайлы жерге түсіп демалады.

—Арттарыңа қараңдаршы, ешкім көрінбей ме?—дейді хан

жанындағыларға.

—Бұрқыраған шаң көрінеді, біреу мейлінше қатты жүріп

келеді,—десті олар арт жаққа көз тігіп.

—Ә, суыт жүріп келе жатса, ол Бекболат болар. Бетін

қақпаңдар, не айтса да сөздерін түгел ұғыңдар,—деп тапсыра-
ды хан билеріне.
Бекболат екен. Келген бетінде хан шатырының алдында ат
үстінде, теріс қарап тұра қалады да:

Орал таудың ор түлкісі
Айнала қуса ит жетпес.
Билер туралы аңыздар

тарихи  аңыздар
Орал таудың ақиығы,
Ақиық келсе, тек кетпес,
Сонда дағы мерт етпес,—

деп атынан түсті де, байлаулы жатқан жігіттерді шешіп алып,
қайтып кетті. Хан үндемеді, басқалар кес-кестей алмады.
Бекболат адамдарын босатып алып, малдарын айдап кет­
кеннен кейін Абылай билерінен:

—Әлгінің сөзінен не ұғындыңдар?—деп сұрады. Ешқай­сы­

сы да ұға алмапты.

—Оның сөздері сендерге түсініксіз болса да, маған тү­сі­

нік­ті,—деді хан,—«Орал таудың ор түлкісі ит жетпес» деп
сендер­ді айтты. «Орал таудың ақиығы» деп мені айтты. «Кел­
дің, ойыңа алғаныңды істедің, мені мерт қылма»,— деді. Қазір
айып-анжысын толықтырып алып келеді. Сендерге керегі олжа

ғой, бөлісіп алыңдар.
Ханның болжамы дұрыс болды. Бекболат тоғыз-тоғыз айы-
бын Абылайдың алдына жайды да, зор құрметпен тәжім етіп,
қолын алды. Содан әрі бұрынғысындай тату-тәтті өмір сүре

берді. 2. Қасым ханның елге орнатқан тәртібі

Қасым хан ақбоз атқа мінеді екен, айыр қалпақ киеді екен,
жолдастары бәрі де бір ыңғай боздан мініп, ақ киім киіп бір
бай ауылға келеді екен. Байдың аулына сауын айтып: «Бізге
үй тіксін, сұлу қыз-келіншекті жинап қойсын», — деп, сонда

келіп жатады екен. Бір мезгілде Қаракерей Қабанбай аулына
келмекші болыпты. Сол ауылға шапқыншы жіберіп: «Үй тігіп,
қыз-келіншек дайындасын», — депті. Бұл ауылда ерте күн­
де ұзатқан Қазбектің қызы Маңқан бар екен. Қазбектің інісі

Бөдене батырдың қызы Нәуетек болады екен. Бұлардың әйел
болып, орта жасқа келген шамасында бұл екеуінен туған ер
жетіп қалған екі қыз болу керек. Мұның бет алып келе жатқаны
осы болса керек. Сол кезде Қазбектің екінші баласы Қазым­

бет дейтұғынның Құлтеке деген батыр баласы болыпты. Сол
Құлтеке сол ауылда апа-қарындасына амандасып жатыр екен.
Сонда бұның апа-қарындастары Құлтекеге арыз қыпты:

билер  туралы  аңыздар
«Бұл Қасым ханның бет алып, бетіне ұстап келе жатқаны
сіздің міне біреу бір-екі жиендеріңіз ғой, атаңның аруағы бар
ғой, осыдан сауға сұрап көрермісің, бұл балалар бұндай тәртіп­

сіз­дікті көрген жоқ еді». Сонда Құлтеке: «Сұрап көрейік»,—де­
ді. Атына мініп алып, шауып Қасым ханның алдынан шық­ты,
қылаңнан мініп, қылаңнан киіп, тоғыз кісі келе жатыр екен.
Құлтеке көлденең тұра қалып: «Сауға!»—деді. Бұлар Құлте­

кеге жауап бермей жүре берді. Құлтеке қайтадан шыр айналып
кеп алдынан тұра қалды. Тағы да: «Сауға!»—деді. Тағы жауап
бер­мей жүріп кетті. Үшінші рет қайта шапты оралып, алдынан
қар­сы кеп тұра қалып: «Сауға!»—деп ақырды. Үндемей тағы

жүре берген кезде: «Алдыңнан келсе, атаңның құнын кеш»,—
деген, Бекболатпен араздығыңды осы арада өтеуші ме едің»,—
деп, Қасым­ханды қақ бастан тартып жіберді. «Мен қарадан
хан боп туған Қазбектің немересімін, Қазымбеттің баласы-

мын. Сен көпсің, мен азбын, кәнеки, істейтініңді істеші!»—
деп қарысып тұрып алды. Қасым ханның айыр қалпағы жер-
ге ұшып түсті, аттан түсіп айыр қалпағын алуға жарамады,
ауылға жібермейтініне көзі жеткен соң, қайтып кетті. Еліне

барып Абылайға айтты:

—Өзімді басқа ұрып ауылға жуытпады, Қазымбеттің бала-

сы Құлтеке деген батыр екен, жерге түскен қалпағымды аттан
түсіп алуға арланып, тастап кеттім,—деп Абылайдың алдына
сөзін қойды. Сонда Абылай:

—Қап, бәлем, тұра тұр, менің заманымда өзім түгілі атым-

ды басқа ешкім ұрып көрген жоқ еді, сенің заманыңда кісіміз­ді
басқа ұратын болды ма?—деп кіжініпті. Ол кезде Семей қа­ла­
сы, яғни басқа қалалар Ертіс бойына орнаған жоқ екен.
Бұл ел Қараөткелге қала шығады екен, сол Көкшетауды

басып Қараөткелге бара жатқан қалашыны ұстап алып-
ты. «Бекболаттың, Қазбектің тұқымынан кімдер бар» деп
сұрастырып, Бекболаттың баласы Тіленшіні алып барып
суық үйге отырғызып қойып, екі күннен кейін тамақ беріпті.

Тамақ берсе, Тіленші ішпепті «Мен тамақ ішпеймін, осылай
жатып өлемін» деп. Әкелген тамақты қағып жіберіп, төгіп,
лақтырып тастап, «әрі әкет!» деп безерленіп отырып алып-
ты. Сонда Абылай: «Бұл шұқшылғырдың тұқымы осылай жа-

тып өліп қап жүрер, мұны босатайық, басқа біреу бар ма екен
қараңдаршы!»—депті. Сонда Қазымбеттің баласы Жанай деген

тарихи  аңыздар
кісі бар екен, соны ұстап алыпты, Тіленшіні қоя беріпті. Жа-
найды бір күн ашықтырып тамақ берсе, ішіп қойыпты, сонда
Абылай: «Бұл асырауға көнеді екен, тоқпақ жал торы айғыр­

дың тұқымы ғой».
Сонымен қалашылар жүріп кетіп, қаласынан шығып елге
қайтып келіпті. Елге келіп біздің Жанайды Абылай ұстап қал­
ды дейді. Мұны естіп Бекболат зіркілдепті. «Жаз шыққан соң,

ат қара тіл болған соң ас қазаныңды төртке бөлмесем, кү­лің­ді
көкке ұшырмасам, менің де Бекболат атым құрысын!»—депті.
Осы сөз қыстыгүні Абылайға да жетіпті. Сол жаз шыққан,
ат қара тіл болған соң бес жүз қолмен Бекболат аттаныпты

бірнеше батырларды, бірнеше басшыларды қосып алып. Ел
басшысы Едіге би, әрі басшы, әрі батыр екен. Сырым Малай-
сары ол да әрі батыр, әрі шешен екен, әрі ел бастайтын көсем
екен. Бес жүз қол, ту тігілгенін Абылай да естіп қойыпты.

Бұлар сол Көкшетауды бетке алып жүріп кетіпті. Абылайдың
жазғы қонысына жетіп барса, ауыл көшіп кетіпті. Он-он бес
сиыр жұртта қалыпты, жұртта бір ас қазан қалыпты, ас қазан
дейтіні—мыс қазан екен. Жұрт сынаушылар жұртты байқаса,

жаңа ғана көшкен жұрт сықылды. Бағыз бір қаубөріктер:
«қуып жетіп, көш жөнекей құртайық» десті, сонда Едіге би мен
Малайсары батыр: «Ол дұрыс болмайды, осы араға қонайық,
мынау сиырын сояйық, атты тынықтырып, азықтанып алайық.

Бекболат, сен ашуыңнан қайта бер!»—дейді. «Хан хандығын
істеген екен. Сенің «антыңды орындатам» деп, «күлін көкке
ұшырамын, ас қазанын төртке бөлемін» дегеніңді ол да естіп
алған ғой. «Күлімді көкке ұшырсын» деп жұртын тастап кетті,

«ас қазанымды төртке бөлсін» деп мыс қазанын тастап кетті,
«халық ашықпасын» деп сиырын тастап кетті, енді қандаспай-
ақ бітерміз, сен ашуыңды баса бер, сіздің тұқым қан құмар
болмайтұғын»,—деді Бекболатқа. Тынығып алып және жүрді,

оларда бір қонып жұртына тағы сиыр тастап кеткен екен, тағы
бір ас қазан тастап кетіпті, бұлар сиырды тағы сойып, тыны­ғып
алып жүргелі жатқанда, Едіге би айтты:

—Бекболат, сен ашудан бүтіндей қайт, антыңды тағы бір

орындатты. Бұлар кеңес қылып, былай деп ақылдасты.
«Бұл Абылайлар үдере көшіп бара жатыр екен. Бұлардың
мақсаты—қызыл су Шардан өтіп кету. Одан өтсе, жуық маңда
алдырмайды, сондықтан қазір біз бір-біреуі жүз кісілік он екі

билер  туралы  аңыздар
батырды таңдап алайық, түн қатырып жіберейік. Малайсары
мен Құлтекені басшы қылып қызыл судан өткізбейтін болсын,
егерде өтіп кетпеген болса, біздің алуымыз оңай»,—деп, он екі

батырды түн қатырып қоя беріпті. Он екі батыр сартылдатып
салып келсе, олардың көшбасшысы өткелге жаңа ғана келген
екен. Олар да көтінен кейін көшкен елге қайта барып, өте ал-
майтынына көзі жеткен соң, ұзамай қонаға пты. Мынау он екі

батыр да өз әскерінің алдынан шығып, бұлар да қатарласып
келіп қонағапты. Сонда Абылай: «Жекпе-жек» деп айқай са-
лыпты, Бекболат тұрып:

—«Жекпе-жек» деген дауыс шығады ғой, кәні, қайсың шы­

ғасың,—депті, сонда Едіге би тұрып:

—Мен тұрғанда кім шығады дейсің,—депті де атып шы­

ғыпты. Сонда Бекболат:

—Сен қоя тұр, оның одан да дөкейі бар шығар, басқа бі­ре­уің

шығыңдар!—дейді. Сонда Малайсары тұрып:

—Олай болса, мен шығамын,—дейді. Бекболат тұрып:

—Сен барсаң, бар!»—дейді. Малайсары атып шығып, жетіп

барды. Абылайдың батырының Малайсарыдан бір-екі жас
үлкендігі бар екен, «әуелгі кезек—менікі» депті. Сонда Малай-
сары оған:

—Сен тұра тұр,—депті.—Сенің бір-екі іліп тастайтын най­

загерлігің де артық, әуелі сөйлесіп алайық,—депті.—Мен
сенімен жұлысайын деп келген жоқпын, мені Бекболат жібер­
ді: «хан хандығын істеді, қарысып тұрмай бетін тасалап көшіп
берді, «антымды орындатам» деп. «Күлімді көкке ұшырсын»

деп жұртын тастады, «ас қазанымды төртке бөлсін» деп қаза­
нын тастады, «халқым ашықпасын» деп сойысын тастады, енді
өзі келе ме, мен барайын ба?»—деді.

—Жарайды, ендеше мен Абылайға айтайын»,—деп жып

етіп қайтып кетті.

—Өй, сен неге келдің?—деді Бекболат Малайсарыға. Малай­

сарының сонда айтқаны:

—Ол ұрысқалы да келген жоқ, жұлысқалы да келген жоқ

екен, оны Абылай жіберіпті «елшілікпен ептестіріп кел» деп.
Абылай былай депті: «Бұл несі Бекболаттың араға кісі салмай
аулымды басып қонғаны, Бекболаттың антын бірқыдырғы
орындағандай болдым, не өзі келсін, не өзім барайын, сөйтіп

тарихи  аңыздар
сөзімізді теңестірейік» деген екен, осыны айтып кетті,—депті
Малайсары. Сонда Едіге тұрып:

—Мен баяғыда айттым емес пе, хан хандығын істеді емес

пе, енді не де болса, өзің баршы!»—деп Бекболатты жұмсапты.
Сонда Бекболат сөйлесуге өзі шыққан екен. Бекболат бара жат­
қан­да Абылай да оңаша шыға беріпті.
Сонда Бекболаттың айтқаны. Бекболат үйелмендей үлкен

кісі екен, даусы зор, паровоздың даусындай екен. Атының ар-
тын Абылайға қаратып қойып, өзі теріс қарап тұрып былай
депті:

—Мен—Орал таудың ор түлкісі,

Айнала жапса, ит жетпес.
Сен—бір Алатаудың ақиығы,
Тікелеп келсе, тек кетпес.
Келгенменен тікелеп,

Біреуді біреу мерт етпес.
Әуелі баланы жіберерсің,
Сонан соң сөйлесерміз»,—
деп жүріп кетті. Абылай аулына қайтып келіп: «баланы қоя

бер» деген екен, соған шейін бала кісенде екен. Кісенін алып,
бостайын десе, ешкімге кісенін алдырмапты, дәлелі сол—«кім
аяғыма кісен салса, сол ғана алады» депті, сонда мұның аяғына
кісенді ожарлықпен Қасым хан салған екен. Қасым ханды

еңкейтіп аяғына жығу үшін баланың сіресіп ешкімге кісенді ал-
дырмауы осы екен. Қасымхан кісенін келіп алмақ болды, сонда
Жанай шалқайып жатып:

—Кісенімді алсаң, ұйқымды бұзбай, тынышымды алмай

ал,—деп өлгенше сыздапты. Содан кісенді алған соң, Жанай
өзінің көпшілігіне қайтып барыпты. Сонан кейін Абылай мен
Бекболат шығып бітімге келіпті.
Абылайдың айтқаны:

—Мен хан болғалы қазақ-қалмақ баласы кісім түгілі, атым-

ды басқа ешкім ұрып көрген жоқ, Құлтекенің кісімді басқа
ұрғанына не дейсің, билігін өзің айт!»—дейді.
Сонда Бекболаттың айтқаны:

—Жеті атамнан бері қарай кісім түгілі, жылқышыма еш­

кім сауға бермей кеткен жоқ, Қасым ханның ожарлығымен

билер  туралы  аңыздар
Құлтекенің ожарлығы бірдей келді. Сіздің жасыңыздың үл­
кендігі үшін Құлтеке «аяғыңызға жығылған кісі боп» келіп
қайтсын,—дейді. Сонда Абылай:

—Жарайды, солай болса болсын, тек басына құрым кигіз

киіп келсін,—деді. Сонда Бекболат:

—Келіп кеткені де жәрар, біздің тұқымға құрым кигіз

жазбаған нәрсе,—деп жүріп кетті.
Соныменен Абылай аулына қайтып барыпты «қазір Құл­теке
келеді» деп. Сонда ол ауылдағы ожарлар Қасым хан бастат­қан:
«ол құрым кигіз іліп келеді, егерде құрым кигіз іліп келмесе,

өзіміз кигіземіз» деп, бір кигіздің ортасын тесіп, дайындап оты-
рыпты. Бір уақытта Құлтеке салып же­тіп кеп сәлем беріпті.

—Алдыңызға келдік, атаңыздың құны болса да кеш,—деп­

ті. Сонда Қасым хан бастатқан ожарлар тұрып:

—Басыңда құрым кигізің қайда, еліңе барған ханымды бас­

қа сабап не бетіңмен келіп тұрсың?—депті.—Мә, өзің кимесең,
біз кигізейік,—деп, құрым кигізді ұсыныпты. Құлтеке қағып
жібереді де:

—Біздің тұқымға ешуақытта құрым кигіз кию жазған емес,

кигің келсе, өзің ки!—депті. Сонда қағып жіберген құрым ки­гіз
өте таянып, омыраулап тұрған Қасым ханның басына жалп ете
түсіпті. Сонда ел шулап қапты, сонда Абылай айтыпты:

—Бұл шұқшылғырдың тұқымына еш нәрсе жуыйды дей­сің

бе? Оған арнаған кигіз өз басымызға кеп жалп етті ғой. Қы­рық
жыл хан болғанда менің аспаған белім жоқ, аса алмаған тауым
жоқ. «Абылай аспас сары бел» деп едім, Сарыбел дей­ті­нім—
осы Бекболат, осыдан аса алмадым, енді бұдан Қасым хан асар

деймісің, сауға бермей өзің басқа ұрғызып жүрген». Бекболат
алғашқы келгенде айтқан сөзі мынау, ол айтты: «Мен—Орал
таудың ор түлкісі, айнала жапса ит жетпейді»,—деді. Сон-
да барлық қазақты өзіне бейімдеп, «менің аймағыма күшің

жетпейді дегенге» келтірді. «Мені сен Алатаудың Ақиығы,
тікелеп келсе, тек кетпессің»,—деді, сонда: «Азғана төресің,
сен жалғыз-ақ жүрген бір қырансың,—деді Құлтекені келтіріп,

—ырымын ғана жасап кеткен жоқ па?! Жарайды, енді мұқап

та, мұқатып та болдық, енді сойыс қылып шақыра беріңдер,—
деді.
Екі жағы да сойыс қылып шақырысып, қандаспай, қа­
руласпай тарапты. Сүйтіп Бекболат Сарыарқаның бойында

тарихи  аңыздар
ешкімменен қандаспай Орта жүздің баласын билеп-төстеп өмір
өткізіпті. Бір заманда бұл да қартайыпты. Қартайып ел билеу
мұрасын Қаракерей Қабанбайдың баласы Жәнібек би және

Едіге бидің баласы Шоң би бастатып, әрбір таптың жақсы­
лары басын қосып Бекболаттың үйіне келіпті. Бекболатқа
айтқаны:

—Сіз болсаңыз қартайдыңыз, халықты кімге ие қыламыз,

бәйбішенің баласы да ержетті, тоқалдың баласы да ержетті,
ел билейтін таяғыңызды кімге ұсынасыз? Сонда Бекболат түсі
суық, қас қабағы қалың кісі екен, үндемей біраз отырыпты.
Сонда Тіленші тоқалдан туған бала екен, соныменен бірге туған

қыз шымылдықтың ішінде отырады екен. Бекболат үндемей
отырған соң, қыз түрегеліп, шымылдықтың бір жағын қайы­
рып тастап:

—Ағалар, сіздер тыңдасаңыз, менің бір-екі ауыз айтатын

сөзім бар. Он екі атаның ұлы Арғынды әкем билейді, бірақ әкем­
ді шешем билейді, әкем шешемнен қорықпаса, Тіленші­жан­ды
ұсынбайтын не бар, Тіленшіжанға ақсақалдар бата бермей­тін
не бар,—деді Тіленшімен бірге туған қыз.

Сонда Бекболаттың бәйбішесі қалмақ ханы Қоңтажының
қызы екен. Бәйбішенің айтқан сөзі:

—Уа, менің қарағым дұрыс айтады, Бекболаттың бойында

қара бурасы бар еді, шөккен жерден тұрмаушы еді, қасиеті сол
еді, көрініп жүруші еді, Тіленшінің бойында ақ тайлағы бар
еді. Бір тұрып, бір жата береді, бірде бұзса да, бірде түзетуге
жәрайма деймін. Қасиеті сол көрініп жүруші еді,—деді. Сонда

Бекболат:

—Уа, бала менен бәйбішенің сөзі бір жерден шықты ғой, со

шіркін бірдеңеге жәрайма деймін және атасының қойнына бір
түнеп шығып еді, болса болсын,—деді. Бекболаттың бастапқы
бәйбішесінен төрт ұл туған екен, бұлардың бет-ауыздары
Бекболатқа ұнамапты. Бекболат сонда: «мен тұқымсыз кеттім»

деген ойда қапты, қайтерін білмей алыстан екінші әйел ала ал-
май, қамаққа Қазыбек үшінші билікке барғанда, бара жатып
ханның аулының қасында бір өткелден өтіп бара жатқанда,
бір жас қыз тұра ғап қолын көтеріп, Қазыбектен жөн сұрапты.

Cонда Қазыбек: «Біз елшіміз»,—депті, сонда қыз: «Елші бол­
саң, дәуде болса Қазыбек шығарсың, жаным, есебің бітсе мені
есіңе ала кет»,—депті. Сонда Қазыбек барып есеп жасағанда, а

билер  туралы  аңыздар
дегенде сол қызды алып, қасына отырғызып қойыпты. Қазы­­бек
Қоңтажыға:

—Үшінші рет менің елімді неге шаптың,—депті. Сонда

Қоңтажының айтқаны:

—Он төрт жасыңда еліме келіп есеп жасағанда, елшілік

билігімде саған ғашық болып қалдым, «сенен бір тұқым алып
сіңірем» деп Қазымбет деген балаңды алып келіп едім, оны
сіңіртпей алып кеттің. Одан кейін амандық жоқ, Сарыарқаға
еліңді орналастырып жатқан соң, қайтадан сізді келтіру үшін

мал-жаныңды бүлдірмей алғаным рас. «Судың артын шым
бітейді, даудын артын қыз бітейді» деуші еді, не қыз ал да, не
қыз берші,—депті. Сонда Қазыбек:

—Беретұғын қызым жоқ, қыз берсең, алайын,—депті. Сон-

да Қоңтажы Қазыбекке:

—Ұлың нешеу?—депті.

—Ұлым бір жарым,—депті. Сонда Қоңтажы:

—Сіздің бес ұлыңыз бар емес пе?—дейді.

—Менің елге ие болатын ұлым—біреу, жауға ие болатын

ұлымды жартыға есептеймін. Ол—Сырымбет. Қазымбет деген
ұлым аузы дуалы болады, Базаркелді деген ұлым діңге бекем
болады, Барқы деген ұлым қатын-балаға ие болады, тілге ше-
шен болады, қайсысына бересің,—дейді. Сонда Қоңтажы:

—Елге ие болатын бүтін ұлы Бекболатқа берем дағы,—

дейді. Сонсоң Бекболатқа қызын беріп, құда болып қайтып­
ты. Бағанағы «есебің бітсе, есіңе ала кет» деген жас қызды
Бекболатқа тапсырыпты.

—Осыдан түбінде бір жақсылық шығады, осыны жақсылап

тәрбиелеп өсір,—депті. Қоңтажының қызынан туған ұлдарға
наразы болып өкпелеп жүргенде, өз қолындағы тәрбиелеп
жүрген жас қыз ержетіп, соны алыпты. Әуелі бір қыз туып,
содан кейін Тіленші туыпты. Тіленші туғанда Бекболат бір

қатынды шақырып алып:

—Мынау ұлды атасына апарып таста, берсе, жөндеп берсін,

бермесе, әрі әкетсін,—депті. Сонда әлгі қатын Тіленшіні
Қазыбекке көтеріп алып кепті:

—Мынаны балаңыз сізге беріп жіберді, парзантқа наразы

көрінеді,—депті. Сонда Қазыбек: «Бері әкел өзіме берші»,—деп
баланы алып бір күн түнетіп, кеудесін иіскетіп жатқан екен.
Ертеңінде Бекболатты шақырып алып:

тарихи  аңыздар

—Наразы болмай-ақ қой, осының бірдеңеңе жарар, таза

тәрбиелеп өсір!—депті. Елге ие қылуға Тіленшіге келісім
жасағаны бірдеңеге жәрар деп және атасының қойнына
бір күн түнеп шықты дегені осы екен деді. Сонымен бата-
сын береміз деп отырғандар: «Олай болса Тіленші қайда,

шақыр»,—депті. Сонда ауыл ақсақалдары: «Тіленші үйде
жоқ, бос суға қой тоғыттырамын деп ауылға жастардан біреу
қоймай ертіп алып кетті»,—депті. Сонда ақсақалдар оты-
рып тамағын ішіп, әбден жайланып болғаннан соң: «Ол су

қайда, біздің бетіміз деме, егерде жолымызда болса»,— деп
жүріп кетті. Суға келсе, Тіленші барлық жігіттерді жинап
алып күресіп, асыр салып жатыр екен. Бұлар келіп тұра
қалып: «Осының ішінде Тіленші деген бала бар ма?»—депті.

Тіленші сонда тұрып: «Менің атым Тіленші»,—деп, сонда
ақсақалдар тұрып:

—Сені біз «елге ие қылайық» деп, «батамызды берейік»

деп іздеп жүрсек, шаң топырақта алысып-жұлысып жатқаның
қалай?—деді. ­Сонда Тіленші тұрып:

—Баталарыңызды берсеңіз де, бермесеңіз де өздерің біл,

менің бұл алысып жатқанымның да мәнісі бар. Менің әкем
Бекболат түсі суық кісі еді, хан, қара, би-төре арызын айтып,
арманына жетуші еді, кедей менен мүсәпір үстіне батып кіре
алмай, арызын айта алмай амалы жоқ кетуші еді. Күндердің

күнінде қолға бірдеңе тие қалса, «кешегі өзіміз ойнап жүрген
Тіленшіден қорқамыз ба» деп ұялмай кіріп, қорықпай тұрып
арызын айтар деп бойымды үйреткеннен басқа жазығым жоқ.
Сонда ақсақалдар тұрып:

—Жарайды, балам, олай болса, сенікі дұрыс екен, біздікі

бұрыс екен. Ендеше, қолыңды көтерші,—депті. Сонда Тіленші
қолын көтеріпті. «Алдыңнан ай тусын, артыңнан күн тусын,
қанқұмар болмай, халқың бағынышты болсын!» деп жүріп
кетіпті. Сонда Тіленші келіп әкесі Бекболатқа:

—Кәнеки, халықты қалай билеуші еді?—деді. Сонда Бекболат:

—Халықты қалай билейтініңді атаң айтқан шығар, жа­

ңылсаң, көмектесер,—деген екен,—бірақ саған менің бір тап-
сырмам мынау: «Қаракерей Қабанбай тұқымы Жәнібек деген
би бар. Ол Орта жүздің қара қабаны ғой, соның бетіне сен кел­ме,
өзгесі сенің бетіңе келуге жарамас, шері-көті қарайлас қой»,—

деген екен.

билер  туралы  аңыздар
Бір заманда Керей Жәнібек би: «Алдына салып аға ғып
жүр­ген, артына салып жаға ғып жүрген қайран Бекболат-ай,
жаңғызсырап құлазыдым ау!»—деп, «түзде жүрген сұңқар

едің, тауда жүрген қыран едің, торға түскендей боп құлазып
қайтіп отыр екен. Мен барып біраз әңгімелесіп, амандасып
қайтайыншы»,—деп, іздеп шығыпты. Мұның келе жатқан бе­
тін халық естіп, елдің хан-қарасы, би-төресі алдынан шығып­

ты, қошеметтеп Бекболаттың үйіне алып келіпті. Өзгесі барса
дағы, Тіленші бармапты. Жәнібек би сәлем беріп есіктен кіріп
кепті, сонда ғана Тіленші орнынан ұшып тұрып сәлем беріп,
қолын ұстапты. «Сен неге алдымнан шықпайсың» дегендей:

—Сен неғыл деп жатырсың, тоқалдан тудым деп мақта­нып

жатырсың ба?—депті. Сонда Тіленші тұрып:

—Бір атым оқтан қалып, сіз де ел аралап жүрсіз ғой,—

депті, «менің тоқалдан туғанымды бетіме салық қылды» де-
гендей. Тіленшінің: «Бір атым оқтан қалып, ел аралап жүр­сің
ғой» дегені мынау еді—Қазыбектің кенже інісі Бөдененің қы­зы
Нәуетектің Қаракерей Қабанбай аулына ұзатып бергенін ана­да

айтқанбыз. Бұрын Қазыбектің заманында Қаздауысты Қа­зы­
бек, Шақшақұлы Жәнібек, Тоқтарұлы Қабанбай, Қанжығалы
Бөгенбай деген төрт саңлақ өз заманында теңдес болып өткен
екен, жаңағы айтқан Шақшақұлы Жәнібек Керей ортасына бір

дау жанжал болып, бітімге барған екен.
Бір күні Қабанбай аулында бір жас отауға келіп қонағап­
ты, сонда бағанағы айтқан Бөдененің қызы Нәуетек келіп бір
қойын әкеліп, бата тілепті. «Мен бір перзенттен кем болып

жүр едім, сізді ырым ғып тұрмын, қолыңызды көтерсең, шын-
дап көтерші»,—депті. Сонда Жәнібек би қамығып, Құдай­
дан шын тілегендей боп: «Мені де ырым ғып тұр ғой, иә, Құ­
дай мені ұялта көрме!»—деп бата қылыпты. Ол күні қонып,

ертеңінде Нәуетекке: «Құдайдан сен де тіле, мен де тілейін, бір
пәрзент болар деймін, егер де бола қалса, өз атымды қойшы,
аты Жәнібек болсын»,—депті. Содан кейін бір ұл туып атын
Жәнібек қойыпты. Соны жұртшылық өсек қылады екен: «Бір

күн қонып бір ұл беріп кетті, қасына жатып кетті-ау!»—деп.
Сонда Тіленші: «Менің тоқалдан туғанымды айттың»,—деп ел
өсегін растап, «бір атым оқтан қалып, ел аралап жүрсің ғой»
дегені сол екен. Сонда Жәнібек айтты:

тарихи  аңыздар

—Сен мен құсап Бердәулеттен тусаң, қандай болар едің,

мен сен құсап Бекболаттан тусам, қандай болар едім. Мен жа­
маннан жақсы туған оқ емеспін бе, сен жақсыдан жаман туған
боқ емессің бе?! Мен кімнен тусам да жапанға біткен шынар-
мын, бұл ортаға ұнармын»,—деп ақырып, зекіріп ұрсып тас­

тапты. Әрине, сонда Тіленші жеңілгендей болып қалды. Әкесі
Бекболаттың: «Жәнібек Орта жүздің қара Қабаны» дегені рас
екен дегендей болды. Сол Жәнібек сол Бекболаттың үйінде он-
он бес күндей жатты. Бірқыдыру әңгіме айтып Бекболат­тың

қапаста отырған көңілдерін жұбатты. Бір мезгілде қайтуға бет
алып шыққан соң, Тіленшіні ертіп алып:

—Сіздер менен біздер бұрын сарсүйек құда едік, алдың­

ғы апаларың қартайып өліп кетті. «Су сүзілмейді, сүйек
үзілмейді» деген еді ғой, қайтадан сүйек жаңғыртайық,—
деп,—Қазымбеттің баласы Қанайдың бір қызы бар дейді ғой,
соны маған бер»,—депті. Сонда бұрын Жәнібектің үш әйелі

өліп, төртінші тоқалдыққа сұраған екен. Сонда Тіленші­нің
айтқаны:

—Сен бір жапанға біткен шынарсың, ажал келіп бір күні

құларсың, айнала іздеп шабармын, орныңды қайдан іздеп та-
бармын. Мен бір қалың қара тоғаймын, табылуға оңаймын,
болмаса ұялы терекпін, әр нәрсеге керекпін,—деген екен. Сон­
да Жәнібек:

—Жәрайды, олай болса көрерміз,—деп, ызаланған кісідей

атын борбайға ашындыра тартып жүріп кеткен екен. Келейік
жылы «Жәнібек тағы да келгелі жатыр» дейді. «Қанайдың қы­
зын тағы да сұрамақшы» дейді. «Құсын саңқылдатып, итін қаң­
қылдатып, малға толық байын ертіп келеді дейді» деп халық

мұны ести қойды. Сонда қыздың әкесі Қанай айтқан екен: «Осы
бізден Бекболат артық білсе керек еді, осының бетіне келме деп
еді. Осы қызды бермесек, бір тісінің қанын бүріккелі жүр ғой.
Ел арасы бірдеңеге ұшырап кетсе, халқым менен көріп жүрер

ме екен, «бір қыз үшін осынша лаңға салдың» деп. Осыған бер-
сек қайтеді, бас терісі қалса да, бір қызға татымай ма?» Өзінің
кенже інісі Анай биді Тіленшіге жұмсаған екен: «сен ана Құ­
дай қойғанға ақылдасып кел» деп. Құдай қойған дейтұғыны—

сайлау жоқ, дәнеңе жоқ ақсақалдар жиналып кеп қолын кө­
тертіп, батасын беріп жүріп кетеді екен. Тіленшіні Құдай
қойған дейтіні сол екен. Сонда Анай барып Тіленшіге айтады:

билер  туралы  аңыздар
«Осы Жәнібіктің бас терісі қалса да бір қызға татымай ма, бер-
сек қайтеді»,—деп ағаңыз айтады. «Егерде бермесек, бір тісі­нің
қанын бүркіп жүрсе, халық бізден көріп жүрер». Сонда Тілен­

ші: «Жәрайды, берсек берейік. Мен татымайды деп жүргем
жоқ, әншейін бір ауыз сөзге егесіп жүрмін»,—деді. Осылай
деп келісіп алғаннан соң Жәнібек келді. Келгеннен кейін олар-
ды қарсы алып, беттерін жылытып беруге келісті. Бұл қыз­

дың өзі Қазбектің баласы Қазымбеттің үшінші ұлы Қанайдың
қызы екен. Қанайдың әйелі бірталай жасқа келгенше перзент
көрмепті. Сонда күйеуі Қанай айтыпты: «Өстіп кеуіп отырамыз
ба?—әйеліне,—бір қойыңды сойып, қайнағаң Жанайдан бір

перзент тілеп келсейші»,—деді. Сонда әйелі бір қойды сойып
алып, етін пісіріп алып қайнағасы Жанайға келіпті.
Қайнағасының алдына жамбасын салып қайқайтып бір та­
бақ етті әкеліп қойды. Жанайекең бірнеше кісілеріменен әң­

гімелесіп отырып табақты әбден жайлап, ішіп-жеп болған­нан
соң бәйбішесінен сөз сұрайды.

—Уа, келін неге келіпті, не шаруасы бар екен, шаруасының

бетін айтсын!—депті. Сонда Жанайдың бәйбішесі сыбаға әкел­
ген жұмысының бетін сұрапты, сонда Қанайдың әйелі:

—Мен осы уақытқа шейін сәукелеме ие таба алмай жүрмін,

атамнан сәукелеме ие сұрап келдім,—деді. Сонда Жанайекең:

—Бар сұрағаны осы ма, кейін қайталамасын,—депті. Сонда

келіні: «сәукелеме ие берсе болады» деп қарысып отырып алып-
ты. «Жәрайды, айтқанын Алла берсін, я құдай мені ұялтпа!»—
деп батасын беріп қоя беріпті. Үйіне барғаннан кейін күйеуі:
«атаңнан не сұрап әкелдің?» дейді. «Сәукелеме ие сұрадым»

депті. Сонда күйеуі Қанай:

—Сәукелең сенің адыра қалсын, шаңырағыңа неге ие сұра­

майсың,—деп,—бар, қайта бар, шаңырағыңа ие сұра!—деп
қай­та жіберіпті. Келіні қайта келіп:

—Мен қателесіппін, шаңырағыма ие керек екен,—дейді.

Сонда Жанай екең:

—Шырағым, әнеугүні мен ескерткенмін, өкінбе дегенмін.

Ол ешкімнің саудасына көнбейді, атқан оқ қайтып келмейді,—
деді.
Соныменен келіні салы суға кетіп үйіне қайтыпты.
Жанайекеңнің алғаш берген батасы қабыл болып, осы әйелден

бір қыз туыпты. Аты Қадиша екен. Бағанағы Жәнібек бидің

тарихи  аңыздар
сұраған қызы осы екен. Бұл қызды ықтиярласып бермек бол-
ды, қыз өз ықтиярымен бармақ болды. Бұлай болғаннан кейін
«керектеріңді айтып айдатып алыңдар, мен енді қайтпай­мын»

деп қол ұстап Жәнібек жатып алыпты. Сонда бұлар керегін
айдатып алып, бір ай Жәнібек жатып алыпты. Сол Жәнібек
бір ай жатқанда әңгімені ағызып, саулатып айта беріпті, өт­
кен өмірлерді де, өз тұсындағы істегендерін де, қалған өмірдің

болашағын да ағызып айтып отырыпты. Сол бір ай жатқанда
Тіленші де жалықпай тыңдай беріпті. Бір ай өткен соң, күйеу-
құдалардың жолы біткен соң, бұлар қайтудың қамын жеді. Сон-
да Тіленші жездесі Жәнібек биді алып шығып:

—Иә, жездеке, қайтыңыз, сіз бір ай мұнда болдыңыз, мен

ұққандай болдым, әңгімеңіз қызықты болғаннан кейін мен
бір күн сізден тіземді бөліп өз төсегіме барып жатқаным жоқ.
«Жездемнің қайтатын күні айтқан әңгімесі мынау еді» деп
жүретұғын атасыз-анасыз бір әңгіме айтып беріңізші,—деді.

Сонда Жәнібек би:

—Мен бірқыдыру әңгіме айтқан болсам, сен ұққан болсаң,

бопты емес пе? Атасыз-анасыз әңгіме сұрасаң, мен айтайын:
«Қожаның арты Бегімысық, халық ашықса, жұртшылық сас­
қанда қасиетімен жан сақтатқан. Енді Бегімысықтай қожа
тумайды, қызыр қонған құт берекелі байдың арты Қанжыға­

лы Абызшолақ жұртшылық жұтаса, халық ашықса, орта-
сына көшіп келіп, суы жоқ болса, сүтіне ет асып берген. Енді
Абызшолақтай бай тумайды, бидің арты—Абылай, орыс-қазақ
демейтін, жолдасын жауға бермейтін, халық үшін қасықтай

қанын қиған, шыбындай жанын қиған енді Абылайдай батыр
тумайды. Бидің арты—Қазыбек, қасиеті бойында, ұл сұраған­ға
ұл берген, қыз сұрағанға қыз берген, қара қылды қақ жар­ған.
Енді Қазыбектей би тумайды, атасыз-анасыз әңгіме сұрасаң,

сен осыны біл!—деген екен. Сонда Тіленші:

—Бегімысық әулие болса, қожа болса, өз жөнімен, Абыз­

шомақ құт-берекелі бай болса, өз жөнімен, Абылай батыр болса,
өз жөнімен, Қазыбектің артында өзіндей боп тұрып мен тұрған
жоқпын ба?—депті Тіленші. Сонда Жәнібек:

—Тейт, сен де ұлмын деп жүрмісің, сен әншейін құғын­

шының жауапкері емессің бе, іліп тастайтын,—депті. Сол
Тіленші он екі атаның ұлы Арғынды билеп өтіпті, төре тұ­
қымына бағынбапты, Сарыарқадағы халықтарды қарғыс ал-

билер  туралы  аңыздар
майтындай боп билеп өтіпті. Ертіс бойына ел «орыс келеді, орыс
келеді» дегенде Тіленші тұрып: «Орыс келсе, егіс келеді, егіс­
пен бірге жеміс келеді»,—депті. Бір заманда көктей өтіп бара

жатқан өмір өтіп, бұ да қартайыпты. Әркімнің өз тұсындағы
ел иелері жиналып келіп Жамантай хан, құсбек, төрелер ішін­
де әрбір таптың басшылары жиналып келіп Тіленшіге: «Сіз
болсаңыз қартайдыңыз, елге кімді ие қыламыз?»—депті. Сон-

да Тіленші: «Кімді ие қылғыларың келеді? Халық ұйғарса, хан
түйесін сояды»,—деген екен. Сонда ақсақалдар тұрып: «Бізге
салсаң, Алшымбайдың атағы шыққалы тұр, жауы қорқып
бұққалы тұр, елге ие болар осының екпіні бар сықылды»,—деп

ұйғарыпты. Сонда Тіленші: «Өз айтқандарың болсын!»—депті.
Сонсоң көпшілік Алшымбайды ие қылып, батасын беріп жү­ріп
кетіпті.
Алшымбай атқа мінген кезде Ертіс бойына бір жеті үй орыс

келіп жеті шатыр тігіп, үй салыпты, балық аулап, бақшасын
өсіре беріпті. Біздің қазақ халқы бұрын орыс көрмеген, қазақ
тілінде шатыр деген сөзді «Семипалатка» деп, Семипалатка де-
ген сөзді Семипалатинск деп атап кеткен. Осы Алшымбайдың

заманынан бастап орыс халқына біздің қазақ қарай бастапты. 3. Тіленші жайында бірер сөз

Бекболат би ұзақ жасады, әбден қартайды. Арғынның игі
жақсылары жиналып, Бекеңе сәлемдесуге келді. Сонымен қа­
бат ойларын айтты: «Орнына қай баласын лайықтайтынын өз
аузынан естігілері келетінін білдірді. Бекеңнің бәйбішесінен

екі ер баласы, тоқалынан бір ұл, бір қызы бар еді. Бәйбішесі
жанында отыр». Сұраққа жауап бере алмай, тұнжырап төмен
қарап отыра берді.
Кенет үйдің бір жағында түрулі тұрған жібек шымылдық

түріліп, бір жас қыз шыға келді. Үй толы адамдарға бас иіп,
сәлем берді де:

—Уа, құрметті аталар! Он екі ата арғын сіздерді аз ғана

қаракесектен шығып Бекем билеп еді, Бекемді әйел де болса
шешем билеп еді. Бекем айтпайын демесе, шешемнен қаймық­
паса, Тіленшіжанды айтпайтын несі бар, Тіленшіжанның ел
билемейтін несі бар,—деді де, шымылдықты түсіріп, қыз көз­

ден таса болды.

тарихи  аңыздар
Бекең басын көтеріп, қалың қабағын ашты да: «Сол шір­
кіннен үмітім бар»,—деді. Бидің бұл шешімін жанында отыр­
ған бәйбішесі мақұлдады:

—Сол шіркіннен менің де үмітім бар еді-ау! Бірақ... байдың

әруағы ақ бура, Тіленшіжанның әруағы ақ тайлақ еді. Ол әлі
шөгіп, әлі тұрады, әлі тұрып, әлі шөгеді. Осы шіркін ер жетіп,
дәрежесі көтерілсе, елді бір түзеп, бір бұзып, мазасын кетіре­ді-
ау деп ойлаймын,—деді қарт ана.

Шынында, бәйбішеден туған екі ұл момын еді, тоқалдан
ту­ған Тіленші пысық, аса зейінді болатын. Ата мен ана балаға
сыншы ғой, қарттар қателескен жоқ. Олардың пікірін жинал­
ған жұрт қостады, Тіленшіні би көтеруге ұйғарды. Бұл кезде

Тілен­ші жылқыда еді, малын жайып келіп, енді Нұраға қап­
тат­­қанды. Ақ киізін, асыл киімдерін алып, ел адамдары Нұра
бойын­дағы мал суатына келді.
Барлық мал суға түсіп, сусындап тұр. Малшылар суаттан

кейінірек төбешікте киімдерін үйіп қойып, ойын соғып жүр.
Тіленші сол асыр салып жүрген топтың ішінде.
Ел адамдары өзен жағасына, бір қырқаға түсті де, Тіленшіні
шақыртты. Ол киімдерін киіп, жиынға келіп сәлемдесті. Ақ­

сақалдар оған ұрыса бастады:

—Әкең қартайды, көзі тірісінде оның орнына сені би кө­

термекпіз. Ал, сен қойшы-қолаңшымен алысып-жұлысып, қа­
дірлі басыңды кішірейтіп жүрсің. Мұның ұят емес пе?—дес­ті.
Тіленші сөйлеуге рұқсат алып, былай деді:

—Әкем ханның да, елдің де қадірлі адамы болды. Оған ел

жақсылары келсе, кідіріссіз кіріп, ұзақ әңгімелесетін, кел­ген­
дегі шаруасын айтып, оны тындырып қайтатын еді. Ал мо­мын
шаруалар, әсіресе кедейлер мен малшы-жалшылар айбарлы
биге кіре алмайтын, көп уақыт босқа тұрып, мұң-мүддесін,

тілегін айта алмай, ренжіп қайтатын еді. Сонда мен: «Ержетіп,
ел құрметіне бөленген адам болсам, әлсіз адамдар, момын ша­
руалар қаймықпай кіріп, арызын айта алатындай болсам-
ау!»—дейтін едім. Сол мақсатпен кедейлерді, малшы-жалшы­

лар­ды осы бастан жақын тартып, өзіме үйретіп жүрмін. Маған
ісі түскендей болса, «өзіміздің Тіленші ғой деп бөгелмей кіріп,
арманын жасырмай айтатын болсыншы» деген ойдамын.
Жиналған жұрт түгел риза болып, Тіленшіні құрметпен би

көтерді.

билер  туралы  аңыздар 4. Сапақ бидің ұтқырлығы

Бәйменнің шаршы топта Сапақ сияқты төбе биді көптің ал-
дында сөгіпті деген сөз бар. Оның мәнісі: Бәймен бір топ адам-
дарымен жолаушылап келе жатып алдынан атылған мылтық­
тың дауысын есітеді. Тезірек жүріп келсе Сапақ ауылының бір

мергені киікті атып алып отырады. Бәймендер келуіне мерген
жігіт киікті бұлардың қанжығасына байлайды. Бәймен:

—Киігің арам, астыңа басып жатырсың. Арам киігіңді Са­

паққа апарып бер, сол жесін,—деп ілгері жүріп кетеді. Мерген
жігіт киікті Сапаққа беріп жатып Бәйменнің сөзін биге айтады.
Сапақ мырс етіп күліп жібереді. Арадағы өсекшілер Бәймен­ге:
«Сапақ сенің қызыңды балағаттапты» деп жеткізеді. Бәймен­

нің көптің алдында Сапақты сөгуінің себебі осы екен. Өсекшінің
кесірінен атақты екі би осылайша өкпелесіп тарасады.
Арада бір-екі жыл өтіп Құлдықтан Бәймен жеңіліп хан
қасынан Сырға көшіп келе жатқанын Сапақ естіп отыр еді.

Түнімен көшкен көш сәскелете белгілі бір құдыққа келіп
көліктерін тынықтырып алу үшін тоқтаса, құдықтың басын-
да түйе суғарып үлкен бір қария тұрады. Оған Бәймен сырты-
нан келіп сәлем берсе, қариясы Сапақ болып шығады. Бәймен

бұрылып кете алмай, Сапаққа жақындай түсіп:

—Ассаламумағалейкум, Сапеке!,—дейді. Көзін алақаны­

мен көлегейлеп Бәймен екенін анықтап алып Сапақ:

—Уағалейкум уассалам!

Бәймен би көштің бе сырға сиырыңмен,
Бақшақтан Құлдық шықты ма бүйіріңнен.
Қорада қасқыр соққан қара айғыр едің-ау,
Кеше түсте дөнен қуып шықты ма үйіріңнен.

Ақыры зиян тауып жер аудың ба,
Тәкаппар мінезіңнің сүйірінен.
Қанша мықты болсаң да осы соққы,
Өтіп кеткен шығар-ау сүйегіңнен!—

дейді. Сонда Бәймен атын бауырға осып-осып жіберіп:

—Су ішпесең, у іш! Кеше түсте Құлдықтан оқ тиіп омақас­

сам, бүгін сені суарамын деп Сапақтың ажал оғына тап бол­дым.
Енді менің де өмірім ұзаққа бармас,—деп, Сырға көшімен жү­ре
беріпті.

тарихи  аңыздар 5. Бала—бауыр етің

«Әлмерек батырдың әйелі босанып, ұл тауыпты» деген
қуанышты хабарды естіген Сырымбет батыр серігінің сергіге­
ніне шаттанып, балаша ебелектейді.

—Көңілі жарым боп, шердің шелі торлап жүрген мұнды ер

еді, мына мерейіне ортақтасып, құтты болсын айтайын,—деп,
ауылынан ізгі ниетпен аттанады.
Қарт батыр суыт жүріспен абыр-сабыр болып абдырап,
дүрлігіп жатқан Әлмерек ауылына келеді. Осы тұста ел тізгінін

ұстап, іс-әрекеттеріне билік айтып жүрген Әлмерек бидің ақ
ордасына атының басын тірейді. Қарт батырды ауыл жігіттері
аса қошаметпен қарсы алады да, қолтығынан демеп аттан түсі­
реді. Сол сүйемелдеген күйі даңғарадай кең, сарайдай дали­ған

он алты қанат ақ боз үйге бастайды. Төрдің төбесіндегі шайы
көрпенің үстіне жеткізеді.
Нұрлы жүзі гүл-гүл жайнап, жанарынан қуаныш сезімінің сәу­
лесі төгілген Әлмерек би орнынан ұшып тұрып, айбынды қартқа:

—Төрлетіңіз, қадірлі батыр!—деп, елбіректей сыйлы орын

ұсынады. Шаттығын жасыра алмай, бала­ша жайраңдайды,
қолтығынан сүйемелдеп, төрдің төбесіне шығарады. Оюлы те-
кемет, сырмалы сырмақтың үстіне жайылған жұмсақ көрпеге
жайғасқан Сырымбет батыр да жайдары күлімдеп, биді төл ба-

сысымен құттықтайды. Ердің, елдің меселін өсіретін ақ тілеуін
ақтарады:

—Ел тілеуі—ер, ер тілеуі—ел. Тоғысқан мұратымыз осы еді

ғой әуел бастан. Сен елдің Әлмерегі едің арынды. Бірақ көңілің
жарым еді. Құдай тілеуіңді беріпті, қолыңа қонған балапа­ның
қыран болсын! Көкейің көлдей толып, мұратыңа жетіпсің, енді
жанынды сол жебесін. Ұл—үрім-бұтағың, өмірлі болсын, ар­

тынан шұбырып үбірі мен шүбірі ерсін! Өзің құсап, еңіреп жү­
ріп елін қорғасын!
Бүкіл өмірін елін жаудан қорғауға сарп еткен қарт батыр­­дың
ақтарыла айтқан адал ниетінен меселі өскен Әлмерек би:

—Атағы Алатаудай аспандаған, айбары Сырдың суындай

тасқындаған, халықтың тас қорғаны саналған Сырымбет еді­
ңіз, әруағыңыз жебеп, айтқаныңыз келсін!—дейді жүрегі елжі­
реп. Қарт батыр сәл ырғалып қойып, ойын түйіп алады да, әрі
қарай толғайды.

билер  туралы  аңыздар

—Бала да бір алтын тағың, басыңа қонған бағың. Оған ата-

анасы үміт артады, түйсігін халық айтады. Бір бала әкесімен
жанаса туады, бір бала талабымен таласа туады. Бір бала шөл­
дегі бұтадай шөжіп, бойы өспей табандап, аласа туады. Бір бала
дара дарақтай дарқандығын танытып, кем-кетікке қайыр қып,

қараса туады дейді. Мұны айтып отырғандағы тілеуім: ба­лаң
жанаса туса—арқа сүйерің болсын. Қараса туса—ой түйе­рің
болсын. Таласа туса—таудай талабы болсын. Тек тайтала­сып,
тауаныңды қайтармасын. Алдыңдағы ағыңнан айырма­сын!

Жанынды шыжғырып, отқа күйерің болмасын, көгеріп өнген
арқасүйерің солмасын!
Қарт батырдың ықыласын жиналған тілеулес жұрт қос­
тайды. Шалқыған ойы толғандырған Әлмерек бидің өзі де отты

сезімін ірке алмайды:

—Менің тілеуім: асып та тұрмасын, тасып та тұрмасын,

құрбы-құрдасымен қатар жүрсін, ел-жұртының қадірін біл­сін.
Шапқан жауды қойдай қырып, бөрідей шулатсын! Іске асыр­са
екен деп, менің ұрпағымнан күтетінім осы, Сыреке!..

—Жаратқан мұратынды қабыл етсін. Елдің адамысың ғой,

тілеуіңе жет!—деп бата жасаған Сырымбет батыр бетін сипай-
ды. Ел биі әрі ақылман абызы Әлмеректің тұңғыш ұлы Бабаға
айтылған ақ тілеулер осындай екен.

6. Қара дауыл

Ел жайлаудан қайтып, ойға беттеген мезгілі екен. Солайша
Ұлытауды жазық даламен жалғастыратын сары адырлар кү­
зек. Таудың етегі кілт түрілетін осы тұстан басталатын жал­
пақ далаға ел малын қаптатып жіберген. Қора-қора қойларды

жайып жүрген қойшылардың қостары дала төсінен андыздап
көрінеді. Ал салтанатты ақ боз үйлер шоғыры көгалды алқап,
ағашы қалың, суы мол бұлақ басына шоғырланған. Талды­бұ­лақ
пен Алматы өзендерінің жағасын саялаған үйлердің шо­ғыр-

шоғыр қарасы әр тұстан көз тартады.
Әлмерек батыр түс ауа ат ерттеп мініп, ойдағы малшылар
ауылын аралап қайту үшін даладағы мал жатқан жазыққа бет­
теп жүріп кетеді. Содан күн бата оралады да:

тарихи  аңыздар

—Біраздан кейін қатты дауыл басталады,—дейді келе сала

үйдегілерге ескертіп,—ауыл-ауылға хабарлаңдар, қас қа­рай­
ған­ша үйлерін арқанмен бастырып, дауылға жығыл­май­тын­дай
шараларын жасап алсын.
Батырдың ескертуі лезде-ақ маңайдағы ауылдарға түгел

естіледі. Сонда батып бара жатқан күннің қабағына қараған
адамдар аспанды сықасқан қою қара қошқыл бұлт қымтай жа­
уып тұрғанын көреді. Арғы көкжиектен қара бұлт қайнаған
қазанның буындай будақтайды. Расында бір сойқанның сұрқы

көрініп тұрған сықылды. Кейбіреулер мұны күздің әдеттегі
сіреспе сұрғылт бұлты деп жориды да, бейғам отыра береді. Ал
батырдың сөзіне ден қойғандар жаңбыр жауса, суы үйдің ішіне
кірмесін деп үйлерінің іргелерін морлайды. Алды-артына ар-

найы қазық қағады да, ұзын қыл арқанмен бастырып, дауыл
екпініне қозғалмастан төтеп тұратындай етіп бекітіп тастайды.
Күн кешкіре құйқадай сықысқан қара қошқыл бұлт аспан-
ды тұтастай қаптайды. Қатты жел тұрады. Тозаңды будақ-

будағымен көкке көтереді. Бірте-бірте күшейген желдің ар­ты
жер-дүниені сапырылыстыра шайқаған дауылға айнала­ды.
Жаңбыр араласып, ышқына дүркіре­ген дауыл әлемді қара
түнекке айналдырып жібереді. Сол қалыппен түні бойы тын-

бай, дамыл алмай соғады да, келесі күні түс әлетінде ғана басы-
лады.
Осы астаң-кестең кезінде Әлмерек батырдың айтқанын
орындап, қам жасап алғандар: «Әруақты батыр емес пе, айт­

қаны айнымай келді»,—десіп танданысады. Табиғаттағы то­
сын құбылыстың зардабын шекпегендеріне қуанысады. Ал
ес­кертпеге немқұрайды қарағандардың үйлері жығылып,
мылжа-мылжа болып күйреп қалған. Соның салдарынан па­

налап, бас сауғалар жер таппай, қатты азап тартады.
Табиғаттың осынау тосын апатының зардабынан кейін бұл
өңірдің елі енді Әлмерек батырдың аузына қарайды. Әрқашан
айтқан болжамдарына сай әрекеттерді мүлтіксіз орындайды.

Сөйтіп, батыр ылғи да мал қыстату, төл алу, жайлауға көшу,
малды індеттен сақтау шаралары туралы болжам, бағдарын ал-
дын ала айтып отырады. Соның арқасында ел-жұрт та нақты
шаралар қолданып, тосын апаттардан жапа тартып зардап

шекпейді.
Сөйтіп, Әлмерек батыр енді елге пайдалы ізгі ойларының
арқасында «абыз» атанады да кетеді.

билер  туралы  аңыздар 7. Тәлім

Бірде Әлмерек батыр алыс сапарға шығады. Ұзақ жол
жүреді. Бір күні кештете қазақ салты бойынша алдынан кездес­
кен ауылға атының басын бұрады да, еңселі ақ боз үйдің алды-
на барып тоқтайды. Құдайы қонақты көрген бір жігіт жолау­

шы­ның атын ұстап, мама ағашқа байлайды да, есік ашып үйге
кіргізеді. Үй иесі қонақпен амандасып, төрге шығарады. Мал
сойғызып, ықыласпен сыйлайды.
Таңертеңгісін орнынан тұрып қараса, қонақтың арқандау­

лы аты қара терге шомып, есеңгірегеннен тәлтіректеп тұр екен.
Сөйтсе, ат дертке шалдыққан. Қонақ сондағы оташыға атын
қаратып, бұл үйде жатып қалады.
Сонда барып Әлмерек байқап қараса, бұл үйдегі адамдар­

дың мінез-құлықтары бір-біріне ұқсамайды, басқа-басқа сипат-
та. Бірінің айтқанын екіншісі тындамайды. Кішісі тіл алып,
үлкеннің айтқанын орындау деген жоқ. Ерегістері көп. Әкесі
қытымырлау, шешесі қазымырлау, ұлдары қырсық, қызда­ры

кербез, келіні керенау сықылды. Шеттерінен даукес, тәрбие
көрмеген, тәлім алмаған түрлері бар.
Оңаша отырғанда Әлмерек үйдің отағасымен ұзақ әңгіме­
леседі, ақтарыла сыр шертіседі.

—Бір ошақтың қасында, бір дастарқанның басында отыр­

ған соң,—дейді Әлмерек үйішілік ынтымақ жайын майдалай
айтып,—қабақтың да ашық болуы кірбің көңілді жадыратады
емес пе?

—Біз осылай тақасып әдеттеніп кеттік,—дейді отағасы қын­

жылып,—әй, енді түзеле қоюы екіталай шығар.

—Қойыңыз, олай үміт үзбеңіз.

—Сонда не істеймін?..

—Бүгіннен бастап өзіңіз қабақ ашып, күліп отырыңыз. Сон-

да балаларыңыз сіздің қабағыңызға қарайды да, өздері-ақ со-
лай істейді.
Отағасы Әлмеректің тіліне көніп, айтқанын орындайды.
Сөйтіп, бұл үйде жаңа бір жарқын құбылыс пай­да болады. Том-

сарып жүретіндердің қабағынан кірбің кетеді, өзара жайнаңдап,
жадырай сөйлеседі. Осы әрекет үстінде Әлмерек батыр бірта­лай
үлгі сөздер айтып, тәлім үйретеді. Үй иесі де, балалары да бұл
кісінің сөзін зейінмен тыңдайды. Оған деген құрмет сезім­дері

тарихи  аңыздар
қозады. Біраз тыныққан Әлмеректің аты да оңалып, тыңая бас­
тайды. Енді ол аттануға ыңғайланады. Сонда отағасы мен оның
әйелі және бала-шағасы жығыла жабысып, тағы да біраз күн

аялдауды өтініш етеді. Әлмерек батыр бұлардың тілегін қабыл
алып, тағы бірнеше күн жатады. Сонда ылғи тәлімді, тәрбиелі
әңгімелер айтады. Жылы сөзі бұл үйдегілердің құлағына сіңіп,
көкейлеріне қонады. Бұрынғы сиықтарынан көп өзгереді.

Ақыры жолаушы аттанады. Бәйбіше жолаушының жақ­сы­
лығына ризалығын білдіріп, иығына шапан жабады.

—Асқан ақылды адам екенсіз, балаларыма батаңызды бе­

ріңіз, ақылыңызды айтыңыз...
Үйдегілердің бәрі Әлмерек абызға ынтыға құлақ тү­реді. Сон-
да абыз алдымен кемпір мен шалға мойын бұрады:

—Құдайдан жақсылық тілемейтін пенде жоқ. Сол тілекке

Жаратқан иісе, адам баласы мұратына жетеді. Ендеше ғибрат­
ты сөздерге ден қойыңыздар. Сондай сөздің біреуі мынадай:

—Қазымыр болсаң—ұлың кетеді,

Қытымыр болсаң—қызың кетеді.
Сиымсыз болсаң—келінің кетеді,
Тынышсыз болсаң—серігің кетеді.
Қатал болсаң—жұратың кетеді,

Сұраншақ болсаң—ұятың кетеді.
Ақылсыз болсаң—бауырың кетеді,
Ақымақ болсаң—ауылың кетеді.
Аз нәрседен көңілің кетеді,

Мұратқа мінін түзеткен жетеді.
Міне, осы тәлімді есте сақтаңыздар,—
дейді Әлмерек. Шал мен кемпір бастарын изесіп, кінәларын
мойындаған адамдарша жапырылады. Балалары да көздері

жау­дырап, тәтті үмітпен жақсы тілеу күтеді. Әлмерек енді ба-
лалар жаққа бұрылады:

—Сендер де өздеріңе тиесілі балалық борыштарыңды бұл­тақ­

сыз, адал орындаңдар! Мына сөзді естеріңнен шығармаңдар:

—Ұлдың жақсы болғаны—өмір ізі,

Ұлдың жаман болғаны—көңіл сызы.
Келін жақсы болғаны—келген дәулет,

билер  туралы  аңыздар
Келін жаман болғаны—бітпес бейнет.
Қыздың жақсы болғаны—нұры тамғаны,
Қыздың жаман болғаны—қырсық шалғаны...

—Ата, адам баласына жақсылық тілеуші әулие екенсіз,

тәліміңізді бұлжытпай ұстанамыз,—деп шалдың балалары да
уәде береді.
Содан бастап бұл үйдің адамдары бірін-бірі елжірей сыйлап,
үлкенінің айтқанын кішісі екі айтқызбай орындауды әдет ете­

ді. Өзара сөздері де сыпайы, көзқарастары да мейірімді. Маңай­
дағы ел де енді бұларды үлгі тұтатын болыпты.

8. Өнеге

Көп жасаған, көпті көрген Әлмерек абыздың атақ-даңқын
естіп, сол кісіге сәлемдесуге және ақыл-кеңесін тыңдауға
құмартқан бір жігіт шалғай елден әдейі іздеп келеді де, абыз­
дың үйіне түседі. Қонақты төрге шығарып, амандық-сәлемнен

соң жөн сұрайды.

—Ал, шырағым, жол болсын?—дейді абыз.

—Ат басын тірер жерім—сіздің ауылыңыз еді, ата.

—Онда құлағым сенде, талабынды айта отыр.

—Даңқыңызды естіген соң, тәліміңізді үйреніп, өнеге алып

кеткелі іздеп келдім.

—Сонда қалайтының әңгіме ме, тәрбие ме?

—Ата, үлгі—өзіңізден, мен үйренушімін ғой.

—Алдымен мынаны айтшы, қалжыңның неше түрі бар?

—Оны: әзіл қалжың, текті қалжың, кекті қалжың деп бө­

луге болар.

—Мұның жөн, қылжақбас емес екенсің. Ал енді, қандай

адамды шын дос дейміз?

—«Дос та дос, дұшпан да дос дес барында, дес қайтқан соң

қалған дос шын қасыңда» дегенді естіп ем, ата.
Әлмерек абыздың жүзі жадырап сала береді.

—Сендей ұрпақ келіп тұрса, біздің көңіліміз де күндей

жарқырайды. Жастардан күткен үмітіміз қарлы таудан төмен
сарқыраған өзендей шалқып ешқашан сарқылмайды. Мұның
жайын ұқтың ба, балам?

тарихи  аңыздар

—Ұқтым, ата, ұқтым!..

—Мұратыңа жет, балам.Енді менің қонағым бол!

Абыз қонақ жігітпен бірнеше күн оңаша сырласады. Содан
кейін жігіттің үстіне шапан жауып, астына ат мінгізіп, аялап
аттандырған екен.

9. Бабаның батасы

Әлмерек абыздың ортаншы баласы Жәнібек батыр бір күні
жолаушылап кетеді де, бірнеше күннен кейін үйіне түнделетіп
оралады. Аттан түсіп, атын есіктің алдындағы мама ағашқа бай-
лайды да, үйге қарай беттейді. Үйдің іші жап-жарық, лапыл-

дап от жанып тұрады. Жәнібек батыр дыбысын шығармастан
таяп келіп, жабықты ашады да, керегенің көзінен сығалайды.
Әйелі Қайқы шомылып жатыр екен. Оның уыздай балбыраған,
мамықтай балғын, жібектей үлбіреген тәніне көзі түскен ба-

тыр құштарланып телміре қарап қалады. Кенет бойын сеске­
ніс сезімі билейді. Қайқының қос өкпесі тесік екен. Соны көзі
шалған Жәнібектің таңданып, тандай қаққан дыбысы қатты­
рақ шығып кетеді. Сол дыбыстан секем алған Қайқы орнынан

атып тұрады да, апыл-құпыл киінеді. Үйге кіріп келген Жәні­
бекке бұртия қарап:

—Өкінішті іс болды,—дейді мұңданып:—Өкпемнің тесігі

бітетін шарты толып қалып еді, соған дейін оны адам бала-
сы көрмеуге тиіс болатын. Соны сездірмей жүр едім, міне, сен
көріп қойдың, серт бұзылды. Басқа амал жоқ. Енді маған мұнда
тұруға болмайды, басыма қатер төнеді. Ержеткен соң балам

Бәйсейіт мені іздесе, Қазығұрт тауынан табады, соны ұмытпа!
Сол заматта Қайқы әппақ құсқа айналады да, көкке ұшып
кетеді. Жәнібек батыр қапаланып, қатты қайғырады. Алайда,
өткен іс орнына келуші ме еді. Жылдар өтеді. Жәнібек батыр

баласы Бәйсейіттің ес жиып, есеюін сарыла күтеді.
Күткен күн де жетеді. Жәнібек батырдың Қайқыдан туған
баласы Бәйсейіт ат баптап мініп, жігіт санатына қосылады.
Содан кейін шешесін іздеуге бел байлайды да, атасы Әлмерек

абызға барып, бата сұрайды.

—Ата, шешемді іздеп тауып келсем бе деп едім.

—Сен келгенше мен тілеуіңді тілеймін!

билер  туралы  аңыздар
Бәйсейіт ұзақ сапарға аттанады. Әкесінің жөн сілтеуі бойын-
ша ұлы асқарлардың жалпақ құмға қарай ойысатын тұмсығын­
дағы Қазығұрт тауына жетеді. Сол таудың жықпыл-жықпыл

жыраларындағы ұңғыл-шұңғыл сай-саладағы ел ішін шарлай-
ды. Сөйтіп жүріп, жалпақ жондардың бір қойнауында отырған
аса салтанатты ауылдан шешесін табады. Ана мен бала сағы­
ныш­тарын ақтарып, жылап көріседі. Нағашы жұрты жиенінің

құр­метіне той жасайды. Бұл кезде Қайқының өкпесіндегі тесігі
толық бітіп, біржола адамдық сана кейпіне көшкен тұсы екен.
Біраз күн өткен соң, Бәйсейіт нағашы жұртымен қоштасып,
шешесін ілестіреді де, аман-есен өзінің еліне оралады.

Келіні мен немересі келгенде Әлмерек абыз өлгені тіріліп,
өшкені жанғандай шексіз қуанышқа бөленеді. Ағынан жа-
рылып, қалың елге жар салады. Келінінің қайта оралғанын,
немересінің батпандай жігіт болғанын мақтаныш етіп, ұлан-

асыр той жасайды. Жиналған қара-құрым қауымның алдында
абыз немересіне аталық ықыласпен ақ батасын береді:

—Жалғыз едің, Бәйсейіт,

Жаратқаның жар болсын!
Бағың жанып, қораңа
Қарақұрым мал толсын!
Жеген асың ақ май мен

Қазы, қарта, жал болсын!
Елдің сөзін сөйлесең,
Жүгінерің ар болсын!
Әсте жапа шекпегін,

Жақсылықты тектегін!
Елің сені жебесін,
Ауып алыс кетпесін!
Қатар жүріп, жұп жазбай,

Көксегенің көктесін!..
Абыз бабаның тілеуін Құдай қабыл етеді. Бәйсейіттің атақ-
абыройы күн санап өседі. Жауды жайпаған батырлығы аңызға
айналады. Ел-жұрты өзінің қорғаны санайды. Ұрпағы өркен

жайып, тұқымы мол тарайды. Байлығы тасады, қайырымды­
лығы асады. Бұл ісі елін сүйсіндіреді. Халқының амандығын
қор­ғап, өмір бойы қолынан найза, белінен қылыш, тақы­мы­

тарихи  аңыздар
нан ат үзілмейді. Жауына есе-кегін жібермей, жағаласып,
шайқасып өтеді. Елі аман болып, мұратына жетеді.

10. Тұрмыс сыны

Әлмерек батырдың жорыққа аттануды мүлде тоқтатып, ел
ішіндегі тыныш тіршілік әрекеттерінің қалыптасуына біржо­
ла ден қоюға ауысқан кезі екен. Күні-түні елдің қамын ойлай-
ды. «Аз халық едік, азып кетпейік» деп, жөн сілтеп, ауыл-ай­

мағынан ұзап алысқа шықпайды. Қатты-қайырымнан қал­ған
қарт кісілер де Әлмеректі төңіректеп, қасына көбірек үйі­рі­леді.
Дана абыздан тұрмыс-тіршілік құбылыстарының қыр-сы­рын
жиі сұрайды, тоқтаусыз ашыла сырласады.

Өзінің арқасүйер айбыны, ақылдасы санайтын алжанның
қас түлегі Сырымбет батырдың да үйде ұялап қалған кезі болған
соң, өзінен жасы кіші Әлмеректі шақырып алып, күн сайын
әңгіме-дүкен құрысады. Сырымбет батырдың баласы Ханкелді

батырдың да айбыны асып, күш-қайраты толысып тұрған шағы.
Елдің жауы көп. Тұс-тұстан аш қасқырша анталайды. Бәрінің
жаулап алып, құлға айналдырғысы келеді.
Қарттар осы жайды ақылдасады да, жас батырларға жол

нұсқайды. Сондықтан үлкен-кіші батырлар ат үстінен түспейді,
елі мен жерін күзетеді. Елдің шетін барлап, алыстан жаудың
қыбыр-қимылын аңдиды. Өздері де сақ жүреді.
Жаз өтіп, елдің жайлаудан ойға ойысқан мезгілі екен. Қарт

Алатаудың көк мұзы сіресіп жатқан құздарының етегінен
төмен түсіп, еңісті құлдилай ойға сырғиды. Шөбі соны сай-сала
жанданып сала береді. Орғи аққан Талдыбұлақ жылғасының
жайпақ жағасы елсіз, құлазып жатқан, бір түрлі сүреңсіз еді.

Бұл көрініске көңілі қоңылтақсыған, жан сезімі қобалжыған
Сырымбет батыр:

—Елсіз жерде сын да, сән де болмайды екен-ау!—дейді қа­

ңыраған жазыққа қарап. Қасындағы абызға бұрылып, жабы­ға
күрсінеді. Сонда батырдың кірбең көңілін жадыратқысы кел-
ген Әлмерек абыз тамағын кеней жөткерініп алады да, ойды
сергітетін жігерлі жұбаныш сөз айтады.

—Қамықпаңыз, батыр! Еліміз де, еңсеміз де өсіп келеді.

Елдің сөзі бар емес пе: «Ел көшкен соң жер құлазиды, мал

билер  туралы  аңыздар
кеткен соң бел құлазиды. Құс кеткен соң көл құлазиды, қыз
кет­кен соң ел құлазиды. Жапырағы түскен соң тал құлазиды,
қата­ры кеткен соң шал құлазиды. Жайылымы жоқ аң құла­

зиды, қайыры жоқ хан құлазиды. Сұсын асырған боран боз-
дайды, Шаңын сыпырған дала тозбайды». Осы ел, осы жер
құрыма­са екен, шіркін!—деп айналаға құмарта көз жүгіртті
қарт батыр.

—Мына даланың келбетіне қарап, елдің болашағына се­

несің!
Бұл тұжырымды естіген Сырымбет батыр:

—Ой, дүние-ай, ел соған жетсе екен!—деп тағы да өкси

күрсініп, күңірене күйзеледі. 11. «Ер өтеді, ел қалады»

Елінің іргесіне жаудың табанын тигізбеген, халқының абы-
ройын асырған айбарлы Сырымбет батыр тоқсан үш жастан
асып барып дүние салыпты. Сонда да батырдың азалы қайғы­
сына күллі ел күңіренеді. Бұл тұста бет-беделі мығымдалған,

абыройы асқақ, ауызы дуалы қариялардың данасы саналатын,
абыз атанған Әлмерек бидің де сексенге қадам басқан шағы
екен. Жан серігінен, сырлас-мұңдас жанашырынан айырылу
бұл кісінің де қабырғасына батады. Сырымбет батырдың ауы-

лына қара көрінетін тай шаптырым жерден «ой, бауырым!» деп
ат қойып барады.
Азалы ауылдың кәрі-жасы ботадай боздап, айбары астам ба-
тырын жоқтап күңіренеді. Аттан аунап түскен Әлмерек абыз ең

алдымен екі қолын бүйіріне таянып, есік алдында жылап тұр­
ған Ханкелдімен көріседі. Содан әрі «басқаларға да жұба­ныш
болсын» деген оймен бір шетінен түгел көрісіп шығады. Бұл
міндетін өтеп болғаннан кейін барып көңіл айтады:

—О, жұртым, асқар таудай айбарлы Сырымбет ба­тыр енді

бұл дүниеде жоқ. Бірақ елдің көкейінен оның айбаты өшпей­ді.
Қарама, жұртым, мөлтеңдеп. Аттың орнын тай басады. Ердің
жолын ел қуады, даңқын сақтайды. Сырымбет батырдың тұя­ғы
мұқалған жоқ. Ханкелді шырағым, елдің арқа сүйер белі енді

өзіңсің. Еліңді мөнді-мөнді етпе! Әкеңнен көргенің, үйренге­нің
бар. Жебеңнің оғын жон, еліңді сақ күзет, Құдай жебесін!

тарихи  аңыздар
Абыздың сөзін арқаланып, басқа қариялар да ой қозғайды,
ықылас-пейілмен қостайды.

—Айтқаныңыз хақ, абыз ата! Періштенің құлағына ша­

лынсын!—десіп, игі іске құлшынысады. Әлмерек абыз енді
Ханкелді батырдың өзіне бұрылады.

—Е, шырағым, өтпейтін өмір жоқ, сынбайтын темір жоқ.

Ер өтеді, ел қалады. Қалған елді өксітпей, берекесін сақ­
тайтын—ер. Қалың еліңнің ендігі қорғаны өзіңсің. Тас бас,
асқар ас, маңдайың күнге күйсін, пайдаң елге тисін! Сонда елің
Сырымбеттің сипатын сенің бойыңнан, ойыңнан тапсын. Әке

жолын ту қып ұста!
Абыздың өсиетіне елдің көңілі ауады, ойға шомады. Әр адам
өзінің алдағы күніне әр алуан қиялмен шолу жасайды. Соны
сезген абыз ойын әрі қарай ширата түседі де, шыжымдап ба­рып

түйінін түйеді:

—Жел—желіктің желісі,

Жол—елдіктің өрісі.
Дауыл—дабыра, дүрлігеді,
Шошытып елді бүлдіреді.
Өткен өмір—өшкен шоқ,

Елден арыс көшкен жоқ.
Өмірдің ақыры—өлім,
Мәңгілік орның—көрің.
Бүгінгі бар—ертең жоқ,

Биіктей берсін—өрің!

—Сырымбет арманда кеткен жоқ,—дейді тағы бір етженді

қарт сөзді жалғап,—асарын асады, жасарын жасады, елі үшін
өмір сүрді. Сол үшін қастерлі, топырағы торқа болсын!

—Енді,—дейді абыз,—бұқара халықтың бұйықпай, ой тоқ­

татар тұғыры осы.
Азаның үстінде абыз көпшілікке арғы-бергі заманда бо-
лып өткен талай әрекеттер мен құбылыстарды сиқырдай құй­
қылжыған қалпымен айтып, ұғындырады.

билер  туралы  аңыздар 12. Ұран

Алқам-салқам әрекеттерінің салдарынан бірсыпыра жыл
сансыраған қазақтар бірте-бірте ес жиып, жауға жойқын
қарсылық көрсете бастайды. Қоқаңдаған басқыншы жауды
ауыздықтауға шамасы бар екеніне сенеді. Ал Қабанбай батыр

бастаған қалың қолдың Аңырақай шайқасында ойсырата же­
ңуі дұшпанды есінен тандырады. Қалмақтар бұдан әрі қазақ
жерінде табан тіреп қарсыласа алмай, жан сауғалай қашады.
Сол беттерімен босып, Алатау бөктерлерін сағаласа да, пана тап-

пайды. Жосып келіп, Торайғыр тауына арқа тірегенмен, Көкпек
даласында тағы да күйрейді. Қалдығы Қарқара мен Құмтекей
аңғары мен Мыңжылқы алқабын бос тастайды да, Ілебасын
асып, қарасын батырады. Жауды өкшелей қуған Ханкелді,

Нау­рызбай батырлар Тәңір тауының төрі Жұлдыз жотасы­нан
асырып, Тұрпан ойпатына құлатып жібереді.
Ел жаймашуақ өмірге қадам басады. Қатқан қабақ ашы-
лып, жоталарының құрыс-тырысы жазылады. Ма­лын өргізіп,

шалғыны жайқалған кең жайлаудың салқын самалына маңдай
тосып желпініседі. Осындай ырғыншылық кезде аламан бәйге
өткізіп, көңілді көтеру үшін жан-жаққа жар салынады. Нағыз
тұлпарлар батырлардың да жан серігі емес пе! Қалмақтардың

еңсесін басқан қазақ батырлары сәйгүлік аттарын баптап, ұлы
бәйгеге алып келеді.
Бәйгеге қосылған бірнеше жүз сәйгүліктер сәске түсте
түпке айдалады. Қалың қауым төбе басында топ-тобымен әң­

гіме-дүкен құрып отырады. Түс ауып, екінті шамасында көз
ұшынан аттардың тізбектелген сұлбасы көрінеді. Әсіресе бір
баран қалың топтан арқан бойы озып, жалғыз бұлдырап келе­
ді. Қалың жұрт қопарыла түрегеліп, қадала қарасады. Сөреге

жақындағанда дара келе жатқан сәйгүлік Ханкелді батырдың
кер аты екенін таниды. Ат үстіндегі қаршадай бала: «Райым-
бек! Райымбек!» деп ұрандайды. Бұған жұрт аң-таң. Бұрын
естімеген ұран. Бұл кім өзі?

Сөйтсе, Ханкелді батырдың бәйге атына мініп шапқан
немересі өзінің атын өзі ұран қып шақырған екен.

—Қаршадай баланың бұлай ұран шақырғаны несі, білмес­

тігі ме?—деп абыржиды жұрт. Бәйге аттарға тоқтам айтуға тиіс

тарихи  аңыздар
Әлмерек абыз да ойланып қалады. Ханкелді батырды қор­шап,
ызалана жапақтап тұрғандарға қарап абыз:

—Бұл балаға ешкім тиіспесін, өзім сөйлесемін,—деп, бұл

қылықты теріс ырымға жорушыларды тыйып тастайды.
Бәйге аттар келіп болып, абыр-сабыр басылғаннан кейін
Әлмерек абыз албырт Райымбекті еркелете маңдайынан иіс­
кейді. Содан кейін:

—Балам, сен неге өз атыңды ұран қып шақырдың?—деп

сұрайды. Райымбек жасқанбай жауап береді:

—Ер жеткен соң, батыр атанып, еліме ұран болсам деп

армандағаным ғой, ата!
Өжет баланың алма беті албырап, көзінен ұшқын шашырай­­
ды. Әлмерек абыз арманшыл баланың тапқырлығына сүйсінеді.

—Балам, тілеуің хақ, Құдай қолдасын! Жауың даусың­ның

жаңғырығынан жасқанып, жер жастансын! Айбарың ар­тып,
жаратқан жар болсын! Төбеңе нұр үйіліп, маңдайыңды күн
сүйсін!
Әлмерек бабаның ақ батасын өжет балаға сүйсінген ел де

қолдайды қол жайып.
Сол Райымбек ержеткен соң жауына дес бермеген айбынды
батыр атанады. Айбаты арыстандай дәуірлейді. Талай қиян-
кескі шайқастарда жауын қан құстырған батыр кейін келе бү­

кіл албан елінің ұранына айналады. 13. Ең қасиетті нәрсе не?

Райымбек батыр бала кезінен аң аулауға, саят құруға әуес
болып өскен кісі екен. Күзде және қыс күндері ауық-ауық Іле
өзенінің бойындағы тоғайды аралап, аң мен құс аулайды. Сон-
дай саят құрып жүрген кездерінде кейде шөбі қалың тоғай ішін

қыстап қалған абыз атасы Әлмеректің ауылына әдейілеп барып
түсіп сәлем береді. Ұзақ әңгімелесіп, насихатын тыңдайды.
Бірде сондай әңгіме үстінде Райымбек батыр көкейінен орын
таппай, ойына сіңбей жүрген кейбір жайлардың мән-жайын

абыз атадан сұрап дүние сырына қанады. Көңілінде жүрген
түйткілдерге анық ұғым табады.
Тағы бірде дүниенің қатпарларын ашып, ұзақ әңгіме айт­қан
атасын тапжылмай тыңдап отырған Райымбек:

билер  туралы  аңыздар

—Абыз ата, айтыңызшы, дүниедегі ең қымбат не нәрсе?—

деп сұрайды.
Абыз үнсіз ойланып отырып қалады да, біраз ойға шомады.
Содан кейін барып, көкейіне түйгенін айтады:

—Адам баласы тек жақсылықтардың ғана бола беруін ті­

лей­ді. Ал сол игілік те, жақсылық та Алла Тағаланың рақымы­
мен, шарапатымен пайда болады. Ол үшін өзің қайырымды
іс­тер жасауың керек. Сонда адамдар Алланың мейірінен төгіл­
ген шапағат нұрына бөленеді. Алланың әмірі, ананың ақ сүті,

адамдар бір-біріне мейірімді болуы—ең қасиетті ізгіліктер са­
на­лады. Осылар ғана адамдығынды танытады.
Әлмерек абыздың өсиетін тыңдаған ел тіршілік әрекеттері­не
де ықыласпен құлшынады.

14. Толыбай сыншының баласы

Бір күні ауылға кенеттен жау тиіп, қалмақ шапқыншы­лары
бір топ саяқ атты айдап, соған қоса он төрт жастағы Қара­бас­ты
тұтқындап әкетеді.
Арада бірнеше күн жол жүріп өздерінің мекеніне жеткен

жаулар аяқ-қолы бұғауланған жас өспірім Қарабасты басқа
да олжамен бірге қонтайшыға әкеледі. Қонтайшы Қарабасты
бір қалмақ шонжарының қарамағына жіберіп, тұтқын баланы
кісендеп ұстауды тапсырыпты.

Дұшпандар қолға түскен жас баланы келеке етіп, аяғына
кісен салып, бетіне күйе жағып, өздері оған мәз болыпты. Бір
күні тұтқын бала кісеннің шынжырын сүйрете жүріп, тезек
теруге барғанда, жылқының бас сүйегін тауып алып, әрі-бері

аударып қарап, оның тұлпардың басы екенін таниды. Ол басты
өзі жататын қамыс лашыққа алып келеді. Сол баспен Қарабас
ылғи мұңдасады екен. Сонда ол оған: «Сені тұлпардың басы деп
кім айтар?» деп мұңын шағады екен. Қазақ баласын күзететін

қартаңдау қалмақ жас жігіт кезінде қазаққа тұтқын болып,
сонда қазақ тілін үйренген екен.
Күзетші қалмақ бір күні жылқының қу басын қолына ұстап,
өзіне-өзі сөйлеп отырған Қарабастың сөздерін сыртынан келіп

тыңдап алады да, қалмақ шонжарына барып оның әкесіне
тартқан сыншы екенін айтады.

тарихи  аңыздар
Қарабастың түр-тұлғасына қарап жоңғар шонжары да оны
тегін бала емес деп ойлаған екен. Енді оның ойын күзет­ші шал
расқа шығарып тұр.

Жоңғар тайшысы күзетші шалға Қарабасты алдырады.
Қалмақ тайшысы:

—Сен қазақтың қай батырының баласысың?—деп сұрап­ты.

Қарабас:

—Мен Толыбай сыншы ордабасының ұлымын,—деп тура

жауап қайтарыпты. Қалмақтың шонжары оған тағы да:

—Сен ат сынауды білесің бе?—деп сауал қояды. Қазақ баласы:

—Ептеп ат сынауды білемін!—деп жауап береді. Қонтайшы:

—Менің жылқыларымның ішіндегі тәуір аттарды іріктеп,

оның ішінде тұлпар бар ма екен, біліп бер!—дейді.
Қарабас қалмақ тайшысының үш мың бес жүз жылқы­сын
аралап, тәуір ат болуға жарайтын асауларды көрсетіп, жыл­
қышыларға ұстатып, үйреттіреді. Алайда бес жүздей жақсы

аттың ішінде бір де тұлпар жоғын Қарабас қалмақ шон­
жарына ашық айтады. Табылса, құнын артығымен төлеп, са-
тып алмақ болып келісіп, қасына Қарабасты ертіп, бірнеше
қалмақ байларының жылқыларын аралап, аттарды сынап

көргенде, тұлпар таба алмайды. Сонда олар ауылына қайтып
келе жатса, бір өзеннің жағасындағы лашықты көреді. Ол бір
қалмақ балықшы шалдың лашығы екен. Сол үйдің маңында
екі жыл­қы жүргенін Қарабас алыстан көреді. Сыншы қазақ

баласы:

—Ана екі жылқыны көре келейік,—деп өтініш қылады. Екі

жылқының бірі—торы ала бие, бірі—арық қара кері ат екен.
Қарабас аттан түсе салып, биені де, атты да айнала жүріп қарап
шығып:

—Арықтығына қарамаңыз, қаракер бесті нағыз тұлпар бо-

латын жылқы екен. Орнына жетектегі аттардан екі ат беріңіз
де, осыны алыңыз. Ал ана бие де жақсы екен, бірақ ол тұлпар
болатын құлын таппайды,—депті. Жоңғар тайшысы балықшы
шал мен кемпірді шақырып алып, оларға екі күйлі ат беріп,

арық қара кер бестіні алып кетіпті.
Ауылына бір күндік жер қалғанда, олар тағы да өзен бойын­
да отырған екі балықшыға кез болады. Сыншы Қарабастың
ай­туымен жоңғар тайшысы екі балықшыға екі-екіден төрт ат

беріп, екі арық бесті атты жетелеп жүре беріпті.

билер  туралы  аңыздар
Үйіне оралған соң, тайшыға Қарабас үш арық бесті атты кү­
ту­ді өз міндетіне алатынын айтқан екен. Тайшы енді Қарабасты
еркіндікте ұстайтын болыпты. Қазақ баласы үш арық бестіге

жем-шөпті мөлшарлеп беріп, оларды жақсы бағады.
Аттарды баққанына бір жыл толғанда тұлпар емес, тор атты
сойғызыпты. Сонда торы аттың бел омыртқасының сүйегінен
екі сүйемдей жері қызыл-қоңыр болып, арқа сүйегінің басқа

жері түгелдей ағарғанын көріпті. Қарабас: «Тұлпардың сүйегі
түгелдей ағаруға әлі біраз уақыт бар екен!»—депті қалмақ тай-
шысына.
Арада тағы бір жыл өткен соң, Қарабас жоңғар тайшысына

айтып, тұлпар емес көк атты сойғызыпты. Бала оның сүйегінің
екі елі жері әлі ағармағанын байқаған екен.
Үшінші жылы күздің басында тұтқын қазақ баласы қаракер
тұлпарды мініп, әрі-бері жүріп, атты ылғи суытып, таң асырып

қояды. Ол тұлпарды өзі баптап күту үшін жоңғар шонжарынан
рұхсат сұрапты. Қалмақ тайшысы оның тілегін қабыл алыпты.
Қарабас әкесінің және басқа да атбегілердің сәйгүліктерді
қалай таңдап, қалай баптағанына көзі қанық болып өскен жас

екен. Ол оны іс жүзінде өзі де қолдану үшін үш жыл бағып,
сүйегін ағартқан қара кер тұлпарды мініп, әуелі аса көп, қатты
жүрмей, аз ғана шыға жүріп, үнемі суытып, таң асырып қойып
жүрген екен. Ол тұлпарға жем ретінде тазаланған арпа, не сұлы

және жылқыға жұғымды қара шөп беріп отырыпты. Жемді
қаракерге шамалап, ретімен беріпті. Себебі аяңдатып, кейде
желіп, кейде шоқытып, кейде шауып жүріп, келгеннен соң
кермеге байлап, суытып, таң асырып, терін алған атқа жемді

ел жата, түн ортасы ауа, таңға жақын беру керектігін Қарабас
жақсы біледі екен. Тұлпарды баптап жүрген ол ұйқыны азай-
тып, сергек жүріпті. Талай таңды көзімен атырған екен. Әдетте
ол тұлпарды суытқан соң, отқа қоятын бопты.

Суытпаған, не таң асырылып тері алынбаған жылқы семіз
кезінде тез бұзылатынын, яғни қызыл май болатынын Қарабас
жақсы біліпті. Тұтқын қаракер тұлпарды күз, қыс бойы баптап,
бәйгеге қосуға жаратыпты. Тұлпармен еліне жетуді арманда­

ған Қарабас қалмақ тайшысының «таңдаған қызыңды әперем»
дегеніне де амалсыз келісіп, қыз көруді кейінге қалдырыпты.
Құдай оның көктен тілегенін жерден беріп, жаздың басын­да
қонтайшының інісінің баласы келіншек алатын болып, оның

тарихи  аңыздар
тойына зор дайындықпен баратын болыпты. Сонымен қатар
ол тойда болатын ат жарысына Қарабас баптап, қыс бойы
оқтаудай боп жараған қаракер тұлпарды қосатын сәт туды.

Атқа Қарабастың өзі мініп шабатын болған екен. Сондықтан
ол тұлпардың кекілін түйіп, үкілеп, жалын тарап, құйры­ғына
шоқ тағыпты.
Ат айдаушы жүйріктерді белгілі жерден жіберер алдын-

да астындағы ер-тоқымының үстіне екі басына орталап құм
салынған қоржынды байлап, үстіне өзі отырып, аттардың
артында кете барады. Бәйге аттарға мінген балалар тиісті
жерге жетіп қонып, ат тынықтырып, өздері де дем алыпты.

Ертеңінде ат жарысы басталған кезде де Қарабас қаракер
тұлпардың екі бүйіріне құм салған қоржынның екі басын
теңдеп алып, сәйгүліктер қарасын үзгенше артында келе жа-
тыпты. Бәйге аттардың алды ортасынан ауды-ау деген кезде

тұлпардың құлақ шекесі аздап терлей бастайды, көзі шыра-
дай жанып, ілгері қарай шаба береді. Сол шақта ол тізгінін
тартып, ат басын тежеп, қоржынды ат үстінен алып тастап,
жұлдыздай аққан тұлпардың көздерін жібек орамалмен сипай

сүртіп, екі тізгінін іркіп ұстап отырып, барлық жүйріктерді
басып озыпты. «Қазақ, Қазақ!» деп ұран салып, қарақшыдан
өте шығып, ат басын тежеп, жоңғар тайшысына қарап: «Бәйге
сенікі, тұлпар менікі. Ер туған жеріне, ит тойған жеріне.

Қайыр қош, аман болыңдар!»—депті. Дереу ат басын бұрып
алып, жолға түсіп «Алаштап» ұран алып, ілгері қарай жөнеле
беріпті. Былай шыға Қарабас астындағы қаракер тұлпарға:
«Жануар, қалмақ байына бәйге әпердің, енді мені еліме аман-

есен жеткізе көр!»—депті де, бүйірі қызған тұлпармен еліне
аттанып кетіпті.
Толыбай сыншы Дәулетұлының бәйбішесі Ақбілек—Орта
жүз, оның ішінде арғынның бес мейрамдағы сүйіндік әуле­ті­

нен шыққан Айдабол би Құлболдыұлының жалғыз қызы, әрі
тұлабойы тұңғышы екен. Ақбілек заманында данышпан әйел­
дер­дің бірі болыпты. Сол Ақбілек бәйбіше бір күні таңртеңгі
шайға ауыл қорғауға қалған балаларын, қайын інілерін, ауыл

адамдарын шақырып алып: «Мен бүгін түс көрдім, түсімді өзім
жорыдым. Менің Қарабасым тірі екен, тұлпар мініп жаудан
құтылып келе жатыр екен. Тұлпардың бүйірі қызса, әбден бол-
дырып жығылмай тоқтамайтыны бәріңе мәлім. Таудың тасына

билер  туралы  аңыздар
соғылып тоқтайды дейтіндей жерімізде тау жоқ. Сондықтан бір
тоқтаса, ағашқа тоқтар, бірақ баланы мерт қылып жүрер. Бала-
ны аман қалып үшін бірнеше жерден мықты қазықтар қағып,

әр жерден жолына арқан керіңдер»,—деп тапсырма берген
екен. Ол кезде жаудан елді қорғау үшін Толыбай сыншы қол
бастап, азаттық жолындағы соғыста жүріпті. Сол себепті ұлын
сау-саламат алып қалу үшін елге бұйрықты Ақбілек ана өзі бер-

ген екен.
Ақбілек ананың жарлығын екі етпей, әлеумет жолға бір­не­
ше жерден мықты қазықтар қағып, арқанды керіпті. Ақыры
көп ұзамай Қарабас сол арқан керілген жерге жетіп, атты тоқ­та­

тайын десе, тұлпар тоқтамай, керілген арқандардан қарғып өте
беріпті. Сонда асқан шапшаңдықпен үзеңгіден екі аяғын боса-
тып алған Қарабас тез еңкейіп, соңғы керілген арқаннан ұстап
қап, ерден сыпырылып түсіп қала беріпті.

15. Доспол

Орта жүзден шыққан ұруы қыпшақ Доспол датқаның жігіт
кезінде ақылын сынап, әйел аламын деп қыз таңдап ел ара-
лап жүргенде жолда бір шалға кездесіп, жолдас болып біраз
жүргеннен кейін Доспол шалға:

—Үлкен болып осы жолды сіз арқалайсың ба, кіші болып

мен арқалаймын ба?—деген.

—Шырағым, бұл қалай сөз, қара жерді қалай арқалай­

мыз?—деген. Доспол үндемеген. Біраз жер жүрген соң бір
жақсы шығып тұрған егін де кез болады. Доспол:

—Отағасы, мынау егін шыққан егін бе, шықпаған егін бе?—деді.

—Шықпаған егін осындай бола ма, өзің көріп келе жатқан

жоқсың ба? Доспол үндемеді. Доспол біраз жүрген соң мола
қазып жатқан көп адамды көрді.

—Отағасы мынау адам өлген адам ба, өлмеген адам ба?—деді.

—Ау, балам, өзіңнің ақылың дұрыс па, қалай сөйлейсің?

Доспол тағы да үндемей қойды. Шалдың аулына қонуға келді.
Шал қонақ үйіне кіргізіп, өзі үйіне барды. Шалдың бір қыз ба-
ласы бар екен. Соған әкесі айтты:

—Балам, мынау үйде кісі бар, соған бір тамақ бер, бірақ

өзінің ақылы дұрыс па білмеймін, түрлі сөздері бар еді.

тарихи  аңыздар

—Әке, не айтады ол қонақ түрлі сөздері болғанда? Әкесі

манағы жолдағы сөздерді айтты. Қыз түрегеліп бір табақ
қуырдақ қуырды, бетіне бір жалпақ нан істеп жапты, «бар,
осыны қонаққа қой» деп бір жігітінен беріп жіберді, «қонақтың
алдына қой да, жұлдыз жиі, ай бүтін» деп айтарсың, қонақ не

айтады сонда, соны маған айтып кел!». Қонақ: «жұлдыз сирек,
ай жарты» дегенін қызға айтып келді. Қыз біраз отырып:

—Әке, сенің қонағың ақымақ кісі емес қой, манағы «жолды

кім арқалайды» деген сөзі—«әңгімені кім айтып, осы жолды
қысқартады?» деген сөз, егін туралы айтқан сөз, әрине, жақсы
егін екенін көзі көрген шығар, «бар адамдікі болса шыққан егін,
жоқ адамдікі болса борыштанып салады, борышпен кетеді ғой»

деген сөзі. Өлген адам туралы айтқан сөз—«артында тұқымы
қалған адам ба, тұқымы қалмаған адам ба?» деген сөз. Әрине,
бала қалмаса, өлген адам, бала қалса, өлмеген адам. Сонан кейін
біздің мынау жігіт қонаққа берген бір табақ қонақ асыны дұ­рыс

апарып беруді қойған ғой, қуырдақты да, нанды да жарты­лап
жеп апарған көрінеді. Таң ертең шал қонақты үйіне шақыр­тып
алып:

—Шырағым, саған менің ұятым бар, кешегі жолда сөйлеген

сөзіңе мен түсінбеген екенмін, түндегі берген қонақ асы дұрыс
бармаған көрінеді, ол сөзіңді міне, бір қыз балам шешіп, енді
сол ұятымды жояйын деп шақыртып алып отырмын,—деп
қойын сойғызып, қонақ асы беріп болған соң, Доспол:

—Елден шығып жүрген жұмысым осындай сөйлеген сөзге

түсінетін жолдас еді. Бұрынғы үлкендердің айтқан мақалы бар
еді, «ер егіз, еңбекті жалғыз» деген, егіздесіп жүруге жарайды
екен деп отырмын. Осы балаңызды маған бер,—деп, соны алған
екен. Ақырда сол бала екі сарттың хандыққа таласып жүрген­де

арасын тындырып, қазақ есіміне төрт датқалық сыйлық алып,
өзі Доспол датқа атанған себебі осы екен.

16. Бала би Досбол сөздерінен

Досбол би жеті жасында әкесі өліп, жетім қалады. Әкесі ке-
дей болады. Мініп жүретін бір жақсы аты қалады, басқа малы
шамалы болу керек. Ат біреу болса да мінер адам болмай, ат
екі жыл жылқыда жүреді. Досбол тоғыз жасқа келеді. Елдің

билер  туралы  аңыздар
ақсақалдары Досболға: «Сенің осы әкеңнен қалған атың жүй­рік
еді, сен ұстатып алып, осы бастан қотанның тақырына арқан­
дап жарата берсең, күзгі көбік қарда түлкі қууға қолайлы келе­

ді»,—деп баланы үгіттеп, атын ұстатып, айтқандарын істетеді.
Авгус айынан атты жаратып, октябрь ішінде бір күн ақша қар
жауып қалады. Ел көтеріле түлкіге шығады. Досбол атына мі­
ніп бірге шығады. Түлкі байланатын ақсақалдар да қалмайды.

Көп іздеп түлкі таба алмай, арық-тұрақ көбең-сабаң аттар болды­
руға айналғанда алдарынан бір түлкі қашып, Досбол оқшау кетіп
бірнеше қыр асырып, ақыры түлкіні соғып, атын аяндатып солы­
ғын басып, түлкіні сойып болған кезде ақсақалдар келіп:

—Әкел, байла түлкіні,—деп қанжығаларын ұсынғанда,

Дос­бол:

—Өзім жетім, түлкіге алғашқы шыққан бетім, бұл түлкіні

өзіме қалдырыңдар,—деп түлкіні бергісі келмейді.
Ақсақалдар: «Бұл балалық жұмысты қой, түлкіні бер!»
десе де, Досбол: «Төрешіге бармай, бермеймін» деген соң, ақ­
сақалдар: «Қалаған төрешіні ал!» дегенде, Досбол: «Олай бол­

са, мына жақын тұрған Бұхар, Хиуадағы сарттардың ханына
барайық» деп, түлкі алмақ болған бір-екі ақсақалдарды ертіп
Хиуа ханына барады. Хан істің мәнісін сұрағанда, Досбол жа­
нындағы ақсалдарына: «Әуелі мен айтайын, қалған болса, сіз­

дер айтарсыздар»,—деп былай деген екен:

—Жапаннан қашты бір түлкі,

Тауға қарай дем алмай.
Жабыла қуды көп кісі,
Бірі қалды ере алмай.
Сол түлкіні кім алар,

Жетіп соққан мен алмай.
Ағайыннан үлкен дұшпан жоқ,
Алдына салып айдап жүр.
Бір түлкіні көре алмай,

Бір, тақсыр, күнәлі болып жүрмеңіз,
Төресін түзу бере алмай.
Хан ойлап беретін төре екен.

—Үш күн ойлап төре беремін, соған дейін шыдаңдар,—деп

қайтарып, үш күннен кейін ақсақалдар мен Досболды шақы­
рып алып:

тарихи  аңыздар

—Бір істің дауын да, төресін де Досбол сөзінде түгел айтқан

екен, соның үшін түлкіде жұмыстарың болмасын, Досбол­дың
өзі алады. Екінші, балам, сенің атың кім?—деп сұрады. «Атым
Досбол» деген соң, Хиуа ханы:

—Жасың қаншада, тоғызда ма?—деді.—Ендеше, сенің

атыңа «бала би» деген сөз қосамын. Атың «Бала би Досбол»
болсын,—деп, «Бала би» аты тоғыз жасында қосылған екен. Со-
дан бас­тап Бала би Досбол аталып кетіпті.

17. Бала би Досбол

Досбол Кіші жүз Ахмет ханға бас би болып тұрған дәурінде
Бағаналы елінде Бөрібас деген бай болады. Үш мың қара қасқа
жылқысы болады. Сол жылқының нақ жартысы жорға бола-
ды. Соның ішінде бір қара қасқа жорға өте жақсы жорға бо­лып,

жорғасымен қасқыр, түлкі соғады. Бөрібас бай сол жорғасын
өте құрметтеп ұстап, күндіз-түні үйге қойып бие сүтімен суға­
рып, екі мезгіл жаңартып астына кілем төсеп тұратын болған.
Қарақасқа жорғаны қалмақтың бір ханы:

—Бес жүз жылқы берейін, маған бер,—деп сұраған. Өзбек­те

бір хан:

—Бес жүз қара нарға қазына артып беремін, маған бер,—

десе де, оларға:

—Сендердің менен дәулеттерің артық емес және жігітші­лік­

терің артық емес, жалғыз-ақ менен хандық бақыттарың ар­тық.
Маған малдың қажеті жоқ, жаз қонған жерімнен көшуге ша-
мам келмей, күз әрең көшемін. Барлығы—малдың, шаруа­ның
көптігі,—деп ат саудалаушылардың көңілін қайтарған.

Ахмет хан Қарақасқа жорғаны сұрайын десе де, сауда­
лаушылардың берген бағаларының ауырлығын көріп бата
алмай жүреді. Ақырында көңілі бала би Досболды жіберіп
сұратуды ұйғарып, Досболды «не болса да Қарақасқа жорғаны

алып кел!»—деп жібереді.
Досбол жанына бірнеше сөз білетін адамдарды ертіп алып
жүріп Бөрібас байдың аулына келсе, Бөрібастың үйінің артын-
да көп қонақ аттары тұрады. Байдың саятшылары алдынан шы­

ғып, Досболды құрметтеп үйге кіргізеді. Үйдегі қонақтар Қара­
ке­сек Әменке биі, Бағаналы Құлтас биі және Жантас билер екен.

билер  туралы  аңыздар
Досбол барлығымен амандасып, кеңесіп отырған Бөрібас бай ас­
тында төсек, жан жағында жастықтан қорған қойып отырып:

—Досбол, ханның биі жол болсын!—дегенде, Досбол:

—Ханың сәлем айтты ғой:

«Жаңабай ұлы Бөрібасың.
Маған беріп жіберсін,
Қарақасқа жорғасын.
Сұлулығы өзіңдей,

Жуандығы өзімдей.
Жорғалығы Қаракесек
Әменке бидің сөзіндей.
Беріктігі Қолтастай,

Жүйріктігі Жантастай,
Жорғалатып жүргенде,
Мұзға аяғы таймастай.
Топқа мініп барғанда,

Артында кіні қалмастай.
Шеру тартып жөнелсе,
Алдына жан салмастай.
Дұспанға таба қылмасын,

Барған кісім сынасын.
Түсініп сөздің затына,
Бағаналы Бөрібас бай».
дегенде, Бөрібас артындағы жастыққа шалқасынан құлай кетті.

Оған да дамыл алып жата алмай, жан-жағындағы жастақ­тар­
ға кезек-кезек сүйеніп дамыл сызданып-толғанып ойға кіріп,
біраздан кейін:

—Жарайды, Қарақасқа жорғаның күні жаңа толды, бес

зор адамның құнына құны жетті. Бірінші—өзім, екінші—Ах­
мет хан, үшінші—Әменке би, төртінші—Қолтас би, бесінші—
Жантас би. Енді берейін,—деп, беріп жібереді.

18. Байдалы би

Байдалы көп жасап қартайып, көз жанары кеміп жүруден
қалған кезінде Қарқаралыға билік айтып жүрген Мерке де-

тарихи  аңыздар
ген адам болады. Көпті көрген, атағы шыққан, ескі адам деп
естіп Байдалы сәлем айтып, оған бір кісі жібереді. Сәлемін­де:
«Аты аталған адамды білерлік кісі деп естимін. Мен төрт түр­лі

дертке ұшырап қалдым, бұған ем тауып берері бар ма екен, ай-
тып келші»,—депті. Жіберген адамы барса, Мерке алқа-қотан
жиналған топтың ортасында отыр екен. Тапсырған жұмы­сын
айтқаннан кейін, Мерке отырып: «Есіл Байдекем-ай! Өлшеу­

ден асқан жасы құрғырдың керегі жоқ екен-ау, бұл кісі де мұн­
дай күйге ұшырап қалған екен?»—деп ренжиді. Отырған көп:
«Бұл қалай, Байдекең төрт ауыз жұмбақ айт­қан сияқты, біз
түсінгеміз жоқ. Өзіңіз түсініп ренжіген бо­ла­сыз. Көпшілік­тің

естуі лайық емес пе!»—депті. Сонда Мерке отырып:

—Байдекеңнің айтып отырғаны аса қиын сөз емес, өзінің

басындағы халі екен. Айтып жіберген сөздері мынау: «Асу-
сыз тауға кез болдым, өткелсіз суға кез болдым, жоқты жаяу
көп қарай беретін болдым, аяусыз жаудың қолына түстім»,—
дейді. Мұның үшеуі—«асусыз тауға кез болғаны»—тізесі сар-

буын болып, аяғы жүруге келмейді екен. «Өткелсіз суға кез
болғаны»—көзіне жас толды дегені. Тәрбиелеп, қасында оты-
ратын бәйбішесі жоқ, шақшасын қарбалақтап көп іздеп, зорға
тауып алып отырады екен. «Аяусыз жаудың қолына түс­тім»

дегені—келін баланың қолында отыр екен.

—Мен дертінің біреуіне ғана дауа айтам. Басқасын өлшеу­

ден асқан жасынан көрсін. Қалт істетіп алса, жоқты жаяу қа­рай
беруден құтылады,—депті.

19. Жақсы Жанайдар

(І нұсқа)
Күлік баласы Тілеуімбет, мұнан туған—Күнту, мұнан
туған—Жанайдар. Бұл Жанайдар—Абылай хан заманында
жас бала. Жұрт аузында «Жақсы Жанайдар» атанған.

Сол заманадағы Инжарай Шәріп [Бұхар—Е.Қ. еск.] ханы
Арқадағы Абылай ханға елші жіберген:

—Май қатығын тауып берсін,—деп.

Сонда Абылай хан Күлік Жәнке батыр биге кісі жіберген:
Бір ауыз сөзіме жауапты түзу тауып берерлік жан тауып
жіберсін,—деп.

билер  туралы  аңыздар
Сонда Жәнке батыр би өзінің сынына келгендіктен, он төрт
жасар бала Күнту баласы Жанайдарды жіберген. Сонда Жа­
найдар Абылай ханға:

—Алдияр,—деп кіріп барғанда, отырғызбастан сұраған:

—Балам, май қатығы не болады?—деп.

Сонда Жанайдар кідірместен жауап қайтарыпты:

—Бұрынғылар айтпап па еді, «Халық айныса, хан түзейді.

Май айныса, тұз түзейді» деп. Халық қатығы—ортасын­да­ғы
ханы болады да, дүниедегі тәмәм тамақтың дәмін кіргізетұ­ғын
май қатығы—тұздағы, тақсыр!—деген.
Бұл сөзден Абылай хан Бұқар ханы тұз сұратқандығын

біліпті. Үш жүздің баласы қазақтан түйе жидырып, қырық
би және Жанайдарды атшы қылып қосып беріп, көп түз тиеп
жібереді. Барған қырық биді Бұхар ханы сыйлап күтті. Қайта­
рар кезі болғанда Бұхар ханы сұрады:

—Абылай артық па, мен артық па?—деп. Қырық биі айтты:

—Сіз артықсыз, сіздің тегіңіз де асыл, сіздің жеріңіз де асыл,

Өзіңіздің асылдығыңыз—Бұхардай шаһарда, алтын тақтың
үстінде сары ала алтынға малшынып отырсыз. Жеріңіздің
асылдығы—сіздің жеріңізде етікпен намаз оқуға жарайды,—
десті.

Бұхардың ханы сұрады:

—Абылайдың осы отырғандарыңыздан басқа жіберген кі­сі­сі

бар ма еді?—деп.

—Қоста бір атшы бала бар, он төртте.

—Ендеше соны шақыр.

Оны шақырып келді. Бұхар ханы айтты:

—Әй, балам, мен артық па, Абылай артық па? Бала айтты:

—Абылай артық!

Бұхар ханы:

—Абылай менен қалайша артық болады?—деді.

Бала айтты:

—Абылай атасы садағын сағымға көтерткен. Нұрдан пайда

болған. Сіздің атаңыз—Ақмаңғыт, Тоқмаңғыт. Біздің қазақ­
тың балалары ойнағанда: «Маңғыт, аузыңа саңғыт»—деп ой­
найды. Түбі-тегің Маңғыт жақсы болатұғын болса, ауызға әй
деп алынбас еді,—деп бала жауап кайтарыпты.

—Балам, Абылайдың тұрған жері асыл ма, менің тұрған

жерім асыл ма?—дейді.

тарихи  аңыздар

—Сіздің өзіңізден Абылайдың өзі асыл, жеріңізден жері

асыл. Сіздің жеріңіз асыл болатұғын болса, суды Самарқанд­тан
алдырып ішер ме едіңіз, тұзды Сарыарқадан сұратар ма еді­ңіз?
Абылайдың тұрған жері—Сарыарқа. Екі басса, бір бұлақ. Ағар
суы бал татиды, ақ шабағы май татиды. Екі басса, бір тұз. Бір

үйінен бір үйі тұз сұрамайды,—дейді.
Бұхар ханы сөзіне ырза болғандықтан, қырық биге сыйла­
ғаны жалғыз балаға бергеніне тең болыпты. Баланың «Жақсы
Жанайдар» атанған жері—бұл. «Таудай талап бергенше, бар­

мақтай бақ» деген—осы. Басына бақ қонбағандықтан атағы
шықпады. Бұл Жанайдар бір жақтан үйіне келсе, бәйбішесі бір
еркек бала тауып, бесікке бөлеп жатыр екен.

—Қатын, қатын! Кеудесін ақырын, бос таңа гөр. Кеудесі

толған Алланың зікірі екен,—депті.
Сол баласының аты—Өтеміс. Жәңке батыр өмірінде Жа-
найдарды үйге отырғызбапты. Үш жүздің ортасында болған бас
қосуға жіберіп отырады екен. Қайда барса да, шешендігімен су-

дан қаймақ қалқығандай бола беріпті.
Бір жиын топта Қуандықтан шыққан Байдалы би Жа­най­
дардың сөзіне сөз тауып айта алмаған соң, кемітіп:

—Осы неменің әкесінің аты Күнту ме еді, Қиту ма еді?—депті.

Сонда Жанайдар:

—Ерім бар-ды ыңыршақ,

Атым бар-ды тобышақ.
Әкем аты Күнту болсын, Қиту болсын,
Оның маған не керегі бар?
Ақылым бар бір құшақ,—

деген екен. Құдай рахмет қылсын Жақсы Жанайдарға! 20. Жақсы Жанайдар

(ІІ нұсқа)
Бұхар ханы Абылай ханға айтты:

—Маған қызын жіберсін!

Қырық биі мен қызын жібереді: алты қанат ақ үй менен, он
нарға жүк артып.

билер  туралы  аңыздар
Бұхар ханы қырық биден сұрады:

—Абылай тегі асыл ма, менің тегім асыл ма? Қырық би айтты:

—Сіздің тегіңіз асыл, сіздің жеріңіз асыл, ише өзіңіз асыл.

Сіздің жеріңізде етікпенен намаз оқуға жарайды.
Бұхардың ханы сұрады:

—Жолдасыңыз бар ма қасыңызда?

—Бір атшы бала бар, он үште бала,—дейді. Хан:

—Оны шақыр!—дейді.

Шақырып келді. Бұхар ханы айтты:

—Ай, балам,—дейді,—менің тегім асыл ма, Абылайдың те­

гі асыл ма?
Бала айтты:

—Абылай тегі асыл.

Хан:

—О, неге?—дейді. Бала айтты:

—Абылай атасы нұрдан пайда болған, садағын күнге асқан,

сіздің атаңыз Қоқандық қара сирақ сарт еді.
Бұхардың ханы қырық биге сыйлап бергені жалғыз балаға
бергеніне тең болды.

21. Жаңабатыр әңгімесі

Тілеуімбет Наурыздың Наурызының тарауы: Шобалай, Шо-
бай, Ақай, Төкей, Ерсімбек (Ырсымбек), Мамек.
Шобалайдан: Жаңабатыр, Өміртай. Айдаболда—Төлебай,
Күлікте—Шо­балай, Орманшыда—Қарабай, Қаржаста—Мыр­

зағұл төрт босаға болған, жұрт аузына ілінерлік, ел ұстарлық
кісілер осылардан шыққан.
Абылай ханның Үш жүздің баласы қазаққа дүрі жүріп тұр­
ған күнде, құнға кесім қылдырғанда, тамам талас сөздің үсті­

нен қаратып, бітім айтқызып, билік қылдыратұғын биі Күлік
Шобалай баласы Жаңабатыр би екен. Және:
«Ас беріліп, ат шаптырылған жерде Жаңабатырдың
босағасына түйе бастатқан «тоғыз» байлансын, Жаңабатыр:

«Осы ас жарайды, келісті ас-ақ болды» десе, ат шауып, ас тар­
қасын. Болмаса, қайтадан ас бергіземін десе, билік Жаңа­
батырда болсын!»—деп Абылай хан жарлық қылғанекен. Сон­да
Жаңабатыр өзінің бәйбішесінің асында:

тарихи  аңыздар

—Бәйбішенің балалары босағама түйе бастатқан «тоғыз»

байламаса, ат шабар төбенің басына бармаймын,—деп отырып
алған соң, бәйбішенің ба­лалары айтқанын қылып: «Өзінің
қатынының асына өлбелеген (олбала-кен) Жаңабатыр» атан­ған.
«Жаламен Жаңабатыр үш шабылды» делінген Жаңаба­тыр—

осы. Бұл кісінің құнға қылған кесімі: «Қара құн—жүз жыл­
қы, он екі «жақсы». Сүйек кұны елу жылқы, алты «жақсы».
Өнер құны тоқсан құн бо­лады, тоғыз «жақсы». Жақсы деген­нің
басы—«жетім, қалы кілем, қара нар, мылтық, сондаймен то­

ғыз болады. Ұрғашының құны—еркектің бір көзінің құны, елу
жылқы, алты жақсы».
Аттың құйрығын кескен ұрыға бір жылғаша билік айтпай-
ды екен, босаға күзеттіреді екен. Босаға күзеттіргеннің мәні­сі

сол атының құйрығы кесілген үйден бір жылғаша кісі өлсе, ат
құйрығын кескен ұрыға кісі құнын тарттырады екен.

—Сен жаман ырым қылдың. Атын тұлдадың, мұның үйі­нен

кісі өлуі со­нан болды,—деп.
Шідер ұрлағанға шідер кайыс болса, үш атқа үш балағын
салып, үшеуі үзіп кете алмаса, ұрыға үш ат айып сала-
ды екен. Жау бетін қайыратұғын жаудан елін қорғап, аман

айыратұғын батырлардың құнын—«жеті ердің құны болсын»
деген екен. «Шебердің қолы ортақ, шешеннің тілі ортақ» деген.
Шешендікпен ұлтына олжа түсіріп, беретұғын шешендердің
құны—«үш ердің құны болсын» деп кесім қылған екен.

Сол замандарда жеті ердің құны—Малай-Жәдігерден
шыққан Айтқожабаласы Жауқаш, Биқаштың Жауқашына
алынған екен қалмақтан.
Бір басына үш құл, ұрғашыда Ұлбикеге, еркекте Көтеш

ақынға алынған екен.
Бұл Жаңабатыр: «Арқаға үш шабындым, жаламен үш ша-
былдым!» деген дейді.

22. [Жаңабатырдың жаламен шабылуы]

Бұхар барып жолаушы жүрген күнінде екі жақ болып тө­
белесіп жатқандарға кез болып:

—Мынаны айырайық, арашалайық,—десе, жанындағы

жол­дастары:

билер  туралы  аңыздар

—Өзіміз жолаушы жүріп, айдаладағы біреудің бізге өлген-

тірілгені не керек?—депті.
Сонда аз жағы: «Кім де болса, Жаңабатырды танып айыра­ды
ғой, арашалайды ғой»—деп дәмелі болып қалған екен.
Жұртқа аты шыққан ірі кісінің арашашы болмай, керек­сіз

қылып өте бергендігіне өкпелеп, сонда өлімші болып таяқ жеп
қалған.

—Кім сені ұрған, соққан?—деп сұрағышқа:

—Маған қылғанда, Күлік Жаңабатыр би қылды. Менің ка-

ным соның мойнына,—деп өліп кетіпті. Мұның ұрмағанын,
соқпағанын жұрт біліп тұр. Білсе де, өлермен қадалып жабыс­
қан соң, арашалап айырмағандығының айыбына сексен серке
тартқан екен.

«Кімде-кім екі ұрысып төбелескенді көре тұрып, айырып,
арашалауға әлі келе тұрып арашашы болмаса, жазатайым
соның бір жағы өліп кетсе, құнын өлтірушіден алсын да, айы-
бын арашаламағаннан алсын!»—деп.

Енді бір ұлы жиын, аста жерден сыңар аяқ өткен жеті жұрт­
ты тауысқан бір қу келді де, белдеуде байлаулы тұрған Жаңа­
ба­тыр бидің атының аузын ашып қарады дейді. Қараса, тілінің
тү­біне тақалған жері қап-қара екен. Жергілікті Құдай жарат­

қан, өзі қояндай боз ат екен. Сол жатып жабысты дейді:

—Құлын күнінде жоғалтқан боз биенің құлыны еді,—деп.

Жаңабатыр:

—Өз жылқымның тумасы. Аузын ұрып, аяғын қолдан

сыпырған тұл атым,—дейді. Анау:

—Құлын күнінде жоғалтқан менікі,—дейді.

Дау болған соң, бір көлденеңсіз құтыла ма, жүгініске тү­
седі. Сонда жаламенен жабысушы көрінбеген жерінен белгі
айтысайық дейді. Жаңабатыр:

—Бір меңі жоқ қояндай боз ат, бұған басқа белгі не керек?—

дейді.

—Енді осының көрінбеген жерінен белгі айтсам, менікі бола

ма?—дейді.

—Қап, енді осыдан көздің көлеміндей боздығынан басқа

белгі тапсаң, сенікі- ақ болғаны,—дейді.

—Менің биемнің тілінің түбіне тақалған жері қол басын-

дай қап-қара еді. Енесіне тартса, мұның да тілінің түбінде сол
белгі бар шығар. Егер де тілінің я ұшында, я ортасында, я түбіне

тарихи  аңыздар
тақалған жерінде қол басындай қара болмаса, менің боз бием­
нің кұлыны болмағаны,—дейді.
Атты алдырып, аузын ашып қараса, тілінің түбіне тақалған

жері қап-қара екен.

—Мынаның сөзі шын болды,—деп,—сіздей кісінің астынан

ат алу жол-жобаға сыймайтұғын нәрсе, бұл ат бүгін өз астыңыз­
да барсын. «Өзімдікі екендігі шын еді» деп бір ауыз сөз айтып,
атты өзіңіздікі қылсаңыз да, өзіңіз біліңіз. «Жоқ, тақымым
үйренген жануар еді»—деп үш бесті берсеңіз де, өзіңіз білі­

ңіз,—делінген соң, жұрт дағдарып тарқасты дейді. Ертең таң
атқан соң, Жаңабатыр үш бесті алып кеп ортасына келді дейді:

—Әлеумет, көп, жиылған топ, кеше өзімдікі деп таластым,

бүгін мынанікі қылып, төлеуін алып келіп отырмын. Үйге бар-
дым, бір аяққа аппақ сүт қойдым. Бір аяққа мөлдір, тұнық қара
су қойдым. Сүтті қайыра сүтке костым. Суды суға қостым. Сүт­
тен жұғын қалды. Судан жұғын қалмады. Ойладым менің сө­

зім­нің ақтығы сүттей ақ шығар, сонда да онан жұғын қал­ды-ау.
Әне, бәлекеттің сөзінің қаралығы қара судай-ақ шығар, сонда
да онан жұғын қалмады-ау?! А, бұрынғының «Ақ та болса, ант
ішпе, айрандай жұғады» дегені осы екен-ау! деп, бір ауыз сөз

айту­ға жарай алмағаным осы,—депті. Ананікі жала екен­дігіне
жұрт­­тың көзі жетіпті, сонда да болмай Жаңабатыр бесті берген
екен.

23. [Жаңабатырдың тағы бір жалаға ілігуі]

Құдай рахмет қылсын! Жаңабатыр би картайған күнінде,
ел қыстау-қыстауында отырған мезгілінде түйелерін қайы­
рып, жинастырып жүрсе, бір бесатты кісі бірін-бірі қуысып,
сабаласып, олай-бұлай ұйтқып шауып жүргенін: «Ел арасында

жау жүре ме, ойнап жүрген бозбалалар ғой»,—деп, жайымен
түйесін жинастырып жүре береді.
Манағы бесеудің бірі құлап қалды да, төртеуі қашып кете
барды. Ақырын аяндап «білейінші» деп Жаңабатыр келсе, өлім­

ші қылып тастап кетіпті. Кірпігін қимылдатуға зорға әлі ке­ліп,
өкпесін соғып жатыр. Сол арада көрініп тұрған қыстау­лар­дан
көп кісілер де келіп қалды. Әлгі өлімші болып жатқан Сексен
ұрпағының біреуі екен. Өз ауылдарының кісілері:

билер  туралы  аңыздар

—Кім сені ұрған, соққан?—дегенде,

—Жаңабатыр,—деді де, өліп кетті дейді.

Сонан соң оның жанкүйерлері:

—Осыны өзің ұрмасаң да, ұрған кім, өлтірген кім екенін

білесің?—десе, Жаңабатыр:

—Мен білмеймін,—деп, көрген-баққанын айтса да, Сексен

деген ел гулесіп, шуласып, нанбайды да болмайды.
Тілеуімбет, Наурыз бірыңғай, Ақыл, Сексен бірыңғай болы-
сып, Күлік өзді-өзі екіұдай болып, айтысып, тартысып, ұлғайып
бара жатқан соң, Айдабол Шоң, Торайғырдың әкесі—Едіге би

Айдаболдың ең жақсыларын жіберді дейді.

—Сіздердің замандасаңыз ғой! Бізді баласынар, ағайын ара-

сын бүтіндеп, жарастырып келіңіздер,—деп.
Бұлар барса, Жаңабатыр төсегінде теріс карап жатыр екен.
Барған бұлардың сәлемін де алмады, амандық та айтыспады,
керек қылмай, үн жоқ, түн жоқ жата берді дейді.

Бір мезгілде басын көтеріп, тіл қатпастан, үндеместен ба-
рып, отырған бұларға ежірейіп қарап, бір қолын бұлай керді, бір
қолын олай керді. Аузын ырбитып, ернін бұлай бір шалжайтты,
олай бір шалжайтты да, қайтадан теріс қарап жата кетті дейді.

Сонан соң бұл барғандар өкпелеп қайтты. Және көрген-
білгенін Едігеге келіп айтты. «Ағаң алжыған екен, қартайған
екен, аузын шалып, ақылынан танып қалыпты. Біздің барған-
тұрғанымызды керек те қылған жоқ». Және сөйтті, қолы мен

ернін қалайша қылғанын сөйледі дейді.
Сонда Құдай рахмет қылсын Едіге ағам, Едіге би:

—Алжыған жоқ екен, аузын шалып, ақылынан танған жоқ

екен. «Бұл отырғандар: бірің оқ беретұғын немесің, бірің жақ
беретұғын немесің, бірің бұлай керіп-созып, бірің олай шал­
житып, ағайын арасын ашқаннан басқаң жоқ. Кесім жоқ, кесім
жоқ, сендермен ісім жоқ»,—деп, мені жоқтап жатыр екен,—

деп жалма-жан Едіге би өзі атқа мініп барып: «Бұл өзі қыстау
ортасында болғандықтан, қапы калған жұмыс болды. Егер
қыстаусыз жерде болса, жау ма, немене деп сезіктеніп, не ара-
шалап, айырып қалар еді. Не шыр етіп, танып калар еді. Көре

тұрып ұрғанның кім екенін біле алмай қалғандыққа қыстау жа-
залы болуға керек»,—деп Жаңабатырдан Сексен деген елге бір
қыстау алып беріпті. Сөйтіп сенбегенін сендіріп, нанбағанын

тарихи  аңыздар
нандырып, ағайын арасын тату қылып жарастырып қайт­қан
екен.
Жаңабатыр би жүз төрт жасқа келіп өлген екен. Өлерінде

айтыпты:

—Құдайдың маған берген өмір жасы жүз он төртте өлмекші

едім, он жасым кем болды. Оны Құдайдан көрмеймін, өзімнен
көремін. Үш жан берген топтың ішінде болып едім. Өзім ант
ішпесем де, ант ішкенмен бір топта болғандығымнан көріне он
жасыма залал тиді,—деген.

Әкесі Шобалай Ағысқудай, Түндік өзенінің бойында, «Шоба-
лай сүйегі» дейді. Қаракесек халқының өлгеніне мазарбасы бо-
лып қалды. Өзі Қызылтау бауырында Самайсопы қыстауының
қақ іргесінде мазарбасы болып қалды.

Жаңабатыр балалары: Аққожа, Қосақ, Таңсық қожа,
Жанақ—бәйбішеден төртеу. Үлкені—Таңсық қожа, кенжесі—
Жанақ. Тағы баска қатындарынан толып жатыр. Аз болса, он
алты бар шығар.

Бір Жанақтан басқасын кағаз бетін былғап жаза бергеннен
не түседі? Ат шығарып, әруақ шашқанды сөйлеу керек.

24. Қарқабат туралы аңыз

Бір сапар қасымда інім Қарпыш бар. 1956 жылы Жосалы­
ға бара қалдық. Машинадан түсе қалып, сөйлесіп тұрған бір үш
әйелге келіп:

—Тәуірсіздер ме?—деп амандасып едім. Үшеудің ішіндегі

бір жастау әйел:

—«Тәуірсіздер ме» деп ауру адамға айтушы еді, осы

Қаракесектің амандасуы да бір форым екен!—деп тиісе кетті.

—Тәуірсіздер ме, есенсіздер ме, амансыздар ма деген сөз­

дердің үшеуінің де мағынасы бір, амандықтың желісі ғой. Бі­
реу мен біреу аразды татуластыру үшін «жарастыру керек»,
«жанастыру керек», «жаластыру керек» дейді. Бұл үш ауыз сөз
болғанменен татуластырудың желісі. Сені мен біз қарға тамыр-

лы қазақпыз қашаннан-ақ, жегжатымен ел өсіп жасаңдамақ.
Ер қадірін білмейтұғын, ел қадірін білмейтұғын жаман қатын
жеңіл сөйлей, орынсыз шошақдамақ,—дедім мен. Сонда әлгі әйел
тағы бірдеңе дейін деп еді, қасындағы кексе әйелдердің бірі:

билер  туралы  аңыздар

—Сен енді шошаңдама, жығылғаныңды біліп, бұл кісілер­

ді үйіңе апар, сен лақтырып тастайтын кісі сияқты емес, үйін­
дісіне қарамай,..—деді.

—Мен жығылдым, енді үйге жүріңіздер,—деп, әйел бізді

үйіне ертіп келіп күте бастады. Жайланып отырғаннан кейін,
мен отырып:

—Шырағым, біріміздің туысымызды біріміз біле оты­райық,

тегің кім болады?—деп жөн сұрадым. Сонда әйел:

—Мен табаны жап-жатақ Қуандықтың қызы боламын. Бір

жақсысы:
Қап-қара Қаракесек күңнен туған,
Би болып Қазыбегің кірін жуған,—
деп, Шөже айтқандай, күңнен тумаппыз,—деді.

—Мен, шырағым, саған күңнің мәнісін айтайын, тыңдап

отыр.
Біздің бабамыз Мейрам алыс жерден—Кіші жүзден үйле­
ніпті. Сонда алыс жерден ұзатқан қадірлі қызды жалғыз жібе­ре
алмай, «апарып салып қайт» деп қасына сүйікті жеңгесін және

қыздың ағасының баласы Қарқабат деген қызды қосыпты. Ол
кезде қазақ—қалмақ арасында шапқыншылық жиі болып
тұрады екен. Жаугершіліктен арғы ел әрі кетіп, бергі ел бері
ұзап кетіп, қыздың жеңгесі мен сіңлісін еліне қайыра алмай,

қалып қойыпты. Олар келіп ала алмай, бұлар апарып салал­май
арада екі-үш жыл өтіп кетіпті. Сонда Мейрамның бәйбішесі ай-
тыпты:

—Мынау екеуі мені жалғызсыратпаймын деп еріп келіп

еді. Ақыры елден-жұрттан безіп, отырып қалды. Әйелдік қып
әркімнің олжасында кетпейік, осының екеуін де сен алшы,
ұрықсат еттім, әлде болса бірімізді біріміз көріп отырайық!—
деген екен күйеуіне. Сонымен ол екеуін де Мейрам алып-

ты. Қыздың жеңгесінен Шұбыртпалы, сіңлісінен Болатқожа
(Қаракесек) туыпты. Кейінгі алған екі тоқалдан екі ұл,
бәйбішеден төрт ұл туады. Төрт тоқалдан туған төрт ұл мен
бәйбішеден туған төрт ұл ақыры еншіге таласады. Бәйбішеден

туған ұлдар еншіні ұл басына бөлмек болады, тоқалдан туған
ұлдар, елдің ежелгі дәстүрі бойынша әйел басына бөлмек бола-
ды. Бұлай бөлгенде де бәйбішеге таңдаулы үлес тиеді екен, бірақ

тарихи  аңыздар
бәйбішенің ұлдары оны місе қылмайды. Сөйтіп, екі жағынан
егес туып, тоқалдан туған төрт ұл бар малды айдап алыпты.
Болатқожа басқасынан сүйегі кесек, қуатты әрі өжет болған

екен. Малына таласқан бәйбішенің балаларын қолына түскен
тас­пен, кесекпен ұрып жыға беріпті. Сондықтан ол «Қаракесек»
атанып кетіпті.
Сонда Бәйбіше айтыпты:

—Бұны Қарқабат бітіруге жарайды, хан-қараға, би-төреге

барудың қажеті жоқ, Қарқабатқа сөз салу керек,—дейді.

—Маған салса, мен бітірейін!—дейді Қарқабат. Сонымен

Қарқабат бәйбішенің балаларын шақырып алып:

—Сендерге жақсы айғырдың үйірін, таңдаулы аттарыңды

бөлемін, сендер малдың санына таласпаңдар. Екінші, әйелге
қарай бөлінетін, бәйбіше таңдаған үлесін алатын ата салтын
бұзбаңдар,—дейді.
Енді тоқал балаларын шақырып алып:

—Сендердің еншілеріңді сан жағынан жеткізейін, кеміт­пе­йін.

Сендер малдың сапасына, ажарына қызықпаңдар,—дейді.
Сөйтіп, Қарқабат енші бөліп беріп екі жағын да ты­ныш­
тандырған екен. Бәйбіше Қарқабатқа разы болып, балаларына
осыдан кейін былай депті:

—Сендер өлген аруақты тебірентіп не қыласыңдар. Бұ­

дан былай ер сүрінгенде, ат мүдіргенде «Қарқабаттан» ұран
шақырсаңдар да болады,—дейді. Содан былай Қаракесекке
Қарқабат ұран болыпты...

25. Досай би

Досай би жоңғар, қалмақ басқыншылығының аз-ақ алдында
үйлі-жайлы, балалы-баранды болған, орта жасында ел билігіне
араласқан. Сырттан қара дауылдай қаптап келе жатқан жайдың
дүмпуін есте бастаған елі-жұрты одан және оның батыр інісі

Қосайдан ел билігін қолға алып, жаудан аман сақтап қалуды
сұранады. Бір тайпа елдің бұл өтінішін ол кездегі Түркістан
шаһарын орталық етіп билеп тұрған хандар, бек, билер
қолдайды. Сонымен Досай кейбір би, болыстарға ұқсап, «мені

би сайлаңдар» деп бар малын шашып шығындап, артынып-
шабылмай-ақ, көп тілеуі бойынша би болып белгіленеді.

билер  туралы  аңыздар

—Бала кезінен Қаратау өңіріндегі хандар, билердің алдын

көріп, сөзін тыңдап, ауыл арасының кішігірім дау-дамайын
атақты билерге жібермей-ақ, өзі шешіп, кесімді тапқыр, ше-
шен сөйлеп жүрген Досай енді би болған соң аты әйгілі хандар
мен билердің көпшілігімен таныс, дастарқандас боп кетеді.

Ол әсіресе Абылай хан, Қабанбай, Бөгенбай батыр және Төле,
Қазыбек, Есей билермен жиі кездесіп тұрады. Елді жаудан
қорғау мәселесін және кейбір шиеленіскен дауларды сол билер-
мен бірге ақылдаса отырып шешеді.

—Қарабас өзенінің басындағы қырғын шайқасты ел былай

деп аңыздайды: «Алаңсыз малын бағып, тойын тойлап тыныш
жатқан Қарабас сазындағы, Жетімтау мен Керегетас ығындағы
Зорбай аулына жоңғарлар тыңшыларын жіберіп жүріп, ол
ауылдың басшылары Досай би мен Қосайдың Түркістандағы

жиынға кеткен хабарын есітіп, бір түнде тұтқиылдан шабуыл
жасайды. Жігіттерін құл, қыздарын тұл етіп, мал-мүлкін ту-
талақай қылады. Осы шайқаста беріспей соғысқан Досайдың
төрт, Қосайдың тоғыз баласын жаулар қолға түсіріп, Қарабас

өзенінің қайнар көзіне тастайды. Тастағанда жай тастамайды,
көзге тастаған жігітті бұлқынып атқылап жатқан бұлақ суы
сыртқа теуіп шығара берген соң, оның үстін кебежедей таспен
бастырады. Сөйтіп, жауыздар қайнар бұлақ көзіне бір жігіт,

бір тастан тастай береді. Бұлақ көзі бітелуге айналады. Су қан
болып ағады. Сол бір жазалауды «ел көріп шошынсын» деп,
жаулар жәбірлеген кемпір-шал, қатын-қалаш, бала-шаға демей
бұлақ басына түгел жинайды. «Міне көрдіңдер ме, қарсылық

етсеңдер, сендерді де осылай етеміз!»—деп ақырып, қамшы
үйіреді.

—Бұл сойқан Түркістанға кеткен Досай, Қосайға жетеді.

Олар сол жиынға қатысқан Төле би, Есей бимен ақылдасады.
Қол жинап топ құрады. Бұл әрекет елге жетеді. «Не дейсің,
Досай, Қосай Түркістандағы Қабанбай, Бөгенбай, Есей батыр-
ларды сан мыңдаған қолымен ертіп шығыпты». Бұл хабарды

есіткен жоңғарлардың берекесі қалмайды. Есей, Досай, Қосай
бастаған (анау айтқан сан мыңдаған қол емес) шағын жасақ
Түркіс­тан­ның шығыс жағындағы Ноғай қорғаннан өтіп, Нұра
жотасына, одан Мыңбұлақ сазына жете бергенде, жоңғарлар­

дың қарсылығына кездеседі. Сол қақтығыста Есей, Досай қолы
жаудың біразын қолға түсіріп, қалғанын түре қуады. Сөйтіп,

тарихи  аңыздар
олар жоңғарларды Мыңбұлақ, Бестоғай, Қарабас өзендерінің
бойынан, Табақбұлақ, Тасбұлақ, Ноғайбұлақ басынан қуып
шығып, Жетімтау, Керетастан асыра, Бабаата, Құмкентке жет-

кенше қуа соғысады. Ақыры, жау жағы әлсіреп жеңілген».

—Міне, Есей, Досай, Қосай батырлар біздің жерімізді осы-

лай қорғап қалған,—деп, Құлбек ақсақал әңгімесін аяқтады. 26. [Опасыз дүние]

ХVІІІ ғасырда Жайықтың шығысын мекендеген бай
Есенкелді—байлықтың заңғар биігіне жеткен, нағыз аңыз си­
патқа айналған адам. Жылқысында есеп жоқ. Есенкелдінің үш
әйелінен өрбіген ұрпақтан алғыр да, өтімдісі кіші ұлы Төребай

болыпты. Орысша хат таныған. Петербурге дейін сапар шеккен.
Жыл сайын әйел патшаға екі жүз жорға сый жіберіп тұрып­ты.
Сыбағасына бергі беттегі бос жер Нарын құмын емін-еркін жай-
лайды екен.

Қолы жеткен байлық пен мансапқа қанағат тұтпай, көңіл
желігіне ілескен Есенкелді жасы ұлғайған шағында төртінші
әйел Бәтесті алыпты. Мол байлықты үріп ішіп, шайқап төк­
кен жас тоқал көп кешікпей Есенкелдінің еліне билік, малына

иелік етуді көксей бастайды. Жалшыларын жұмсап, шаруасы­
на бас-көз болып жүретін Құлшық деген жамағатын ашына
етеді. Төребай мырза жаз шыға құм жайлауына барып, құс
атып, сейілдейді екен. Сондай күндердің бірінде атты қаңта­

рып, өзі дем алғалы тоқым төсеп жата кетеді. Осы мезет қалың
жылқының дүркірі, жылқышының қиқу салған үні естіледі.
Қалың жылқыны үркітіп, оның апат екпінін Төребай мыр-
за ұйықтап жатқан сайға бұрған Құлшық еді. Жас тоқалдың

тойымсыз құшағы мен батпан байлықтан дәмелендірген оның
уәдесі өз дегеніне осылай жеткен.
Жылқы тұяғынан пәрше-пәрше болған Төребайдың денесі
пәктеуге келмепті. Сол күйі ақ киізге оралып, сол жерге

көмілген. Қаралы жылқыны да матап, құйрық, жалын күзеп,
желімге қосылып, сүтімен балшық иленіпті.
Зират кірпіштерінің сұрғылт реңі, самсай желбіреген қылы
сол бір жайдың куәсіндей. Медет тұтқан мұрагері Төребай

өлімін естіген кезде Есенкелді алжасып кетіпті. Сонда да

билер  туралы  аңыздар
сүйекке біткен өр көкіректікпен дағдысы шығар: «Өлім деген
не, пәлі»—деп, матаяқпен ертелі-кеш айналасын сабалап оты-
рады екен.

Малдан ада, баладан тұл болған Бәтес мойнына дорба сал­
ған. Бәтес ел кезіп жүргенде табын руының бір отағасы Есер
батырдың сарбазының ауылынан келіп шығады.
Сарбаз Бәтеске:

—Бұрында мен барғанда, тұрып баруға ерініп, қымыз құ­

йып бермеп пе едің,—дейді. Сонда өмірдің ащы-тұщысын та-
тып, тәубесіне әбден жүгінген Бәтес:

—Ол кезде мен ешкімді кісі демедім, қымызды ас демедім,—

деп жылап жіберіпті. Манадан үн-түнсіз намаз оқып отырған
қария келушінің кім екенін жаңа түсініп:

—Япырай, Есенкелдінің әйеліне қайыр сұратқан бұл Құдайда

сенім болмас!»—деп тасбиғын іргеге лақтырып жіберген екен.
Аңызға айналған игерусіз байлық осылай сарқылыпты.
Бірақ Төребай моласын көргенде шарасынан асып төгілген бақ
пен дәулет ызғары әлі есіп тұрғандай.

27. Есенкелді би

Есенкелді Құдайназарұлы—Жоңғар шапқыншылығы ке­
зінде ғұмыр кешкен қазақтың белді билерінің бірі. Қазақ
шежіресінде Есенкелді бидің арғы тегі Бәйдібек бабаның
үшінші зайыбы Домалақ анадан тарайды. Сол Домалақ ана-

дан Жарықшақ деген ұл, Күнбибі (Қызай), Ақбибі, (Мұрын),
және Сыбан деген қыздар туады. Жарықшақтан Албан, Суан,
Дулат тайпалары тарайтыны белгілі. Дулаттың Ботбайы-
нан Құдайқұл, Шағай, Итемген, Меңіс, Меңістен Тәңірберді,

Тілеуберді, Тәңірбердіден Есенкелді бидің әкесі Құдайназар
туып­ты. Қызай, Меңіс, Тәңірберді, Құдайназар бәрі де шетінен
бабасы Бәйдібекке ұқсап елін, жерін қорғап өткен батырлар
екен. Солардың ішінде әсіресе Қызай қыз бен Құдайназар­дың

асқан батырлығы ел аузында аңызға айналып, осы кезге дейін
айтылып келеді. Қызай аспанға лақтырған тақияны, көз ұшын­
да ұшып бара жатқан торғайды атып түсіре беретін мерген боп-
ты. Бір соғыста Қызай шапқыншылардың құз басына бекінген

он бес мергенін атып түсіріп, өздеріне жол ашады. Аякөз, Ма-

тарихи  аңыздар
тай аралығындағы тауларды жайлаған ауылдарды мал, жа­ны­
мен жаудан құтқарып алады. Сол таулардағы қырғын шай­қаст­а
өзі де ерлікпен мерт болады. Кейін елі-жұрты сол тауды «Қы­зай

тауы» деп атап кетеді.
Ал Құдайназар болса сол бір жаугершілік заманда қазақ­
тың он мыңдаған қолын басқарып, ел қорғау жолында талай
ерліктер жасаған атақты батыр, әрі би бопты. Талай қарсы

шапқан жауды бет қаратпай жеңіп жүрген Құдайназар батыр
бір соғыста опат болады. Қайтадан күш жинап жаудың бетін
қайтарған батырдың жігіттері, елі-жұрты өлгендерін іздес­
тірсе, сүйектері шашылып жатады. Кімнің кім екенін танып

болмайды. Құдайназардың күрек тісі екі елідей жалпақ екен.
Содан танып, сүйегін жинап тау басына қояды. Оның айнала-
сына өзімен бірге беріспей соғысқан, ер-сарбаздарының сүйегін
жерлеп, белгі қояды. Ол кездегі белгі—тасты жинап оба тұрғы­

зу ғой. Сол Баян мен Қызай тауының төңірегіндегі «Құдайназар
обасы», «Қырық оба», «Жүз оба» деген жота, белестер сол за-
мандардан қалса керек.

28. Едіге би

Едіге—Арғын тайпасының Сүйіндік атасынан шыққан
атақ­ты би-шешен. Фольклоршы Машһұр Жүсіп Көпейұлы­
ның жа­зуына қарағанда Едіге тіптен 10-12 жасынан билікке
араласқан есті бала бопты. Бұған ол мынадай бір аңызды тілге

тиек етеді:
«Қазақ даласына қалмақтар баса-көктеп жайлаған кезде қал­
мақтың бір ханы: «Арқадағы қазақтың айғыры кісінесе, Сыр­
дағы қалмақтың биесі құлын тастайды» дегенді сылтау етіп,

Арқаға шабуыл жасап, малын айдап кете беріпті. Арғындар
малдарының артынан қуып баруға бата алмапты. Сонда он жа-
сар Едіге бала:

—Сіздер бата алмасаңыздар, мен барайын, мені елшілікке

жіберіңіздер?

—Балам-ау, атақты, азулы билер беттемей отырғанда са­

ған не жоқ, қалмақтың қаһарлы хандары сені шыбын құрлы
көрмейді ғой.
Едіге екіленіп, бұған көнбепті. Сонда бір ақсақалды қария:

билер  туралы  аңыздар

—Бала талап қылып тұр екен, бетінен қақпайық. Рұқсат

берейік,—дейді. Сонымен Едіге бала атан түйеге екі кебежені
теңдетіпті де, біріне өзі отырып, екіншісіне бір дәу көк текені
салып алыпты. Түйені бір жігітке жетектетіпті. Сөйтіп қал­
мақ ханының аулына жақындағанда ауыл иті абалап алдынан

шығыпты. Едіге әлгі иттерді садағымен атып тастай беріпті.
Қалмақтың екі жігіті оның алдынан шығып:

—Сен кімсің?—десе, Едіге:

—Елшіміз, бар, ханыңа хабар айт!—деп жібереді. Қалмақ

жігіті ханға барады:

—Бір бала екен, елшімін,—дейді. Хан айтыпты:

—Келсін.

Едіге хан ордасына барып түйесін шөгеріп, түсіп жатады:

—Қазақтың елшісімін. Мал соңынан қуып келемін. Хан

оған күле қарап:

—Аулыңның үлкені қайда? Кең құрсақ, келелі билерің

қайда? Көпті көрген ақсақалдарың қайда?—деп, оған сұрақты
жаудырыпты. Сонда Едіге бала саспапты:

—Үлкеніміз мынау,—деп түйені,

—Кең құрсақ биіміз мынау—деп кебежені,

—Ақсақалымыз мынау,—деп текені көрсетіпті. Хан бұған

ашуланып, долданыпты:

—Адамы жоқ, өңкей айуан ел ме едіңдер?

—Тақсыр, онда маған неге сөз айтып тұрсыз? Ендеше, сіз де

адам болмағаныңыз ба?!

—Сөзін қара, өзін қара, ал елші екенсің, неге жұрттың итін

ата бересің?

—Тақсыр, мен қойшымын. Қойыма қасқыр шапты. Бар итті

шақырып едім, келмеді. Қойды қасқыр қырып кетті. Ауылға
келсем, иттер абалап алдымнан шықты. Ит көрсем, атып тастай
беруге ант еттім. Иттер керекті жерде үрмей, керексіз жерде
үреді.

—Шақырғанда келмеген өз итіңді атқаның мақұл, ал біз­дің

итте не ақың бар?! Ақымақ, сонау Арқадағы сенің айтқа­ның­ды
Сырдағы қалмақ иттер қайдан есітсін?!

—Ай, тақсыр-ай, өзіңіз айтқандай, Арқадағы қазақ айғы­

рының азынағанын Сырдағы сіздердің билеріңіз қайдан есіт­
сін?—дегенде барып хан:

тарихи  аңыздар

—Е-е, енді түсіндім сенің тұспалыңа. Жөн сөз екен. Өзің

бір болайын деп тұрған бала екенсің, кімнің баласысың, атың
кім?
Едіге жөнін айтыпты. Хан жігіттерін шақырып алыпты да:

—Айдап келген барлық малын қайтарыңдар,—деп бұйрық

беріпті. Міне, осыдан бастап Едіге «бала би», «батыл би», «әділ
би», аталып, билік айтуға жолдама алыпты.

29. Кім көргіш

Қаракесек Келдібек жігіт күнінде (қыз таңдап) түсінде
ата-бабаларының аян бергеніндей қызды кездестре алмай,
үйленбей көп жүріп қалады. Күндердің бір күнінде бір жерде
үлкен жиын-той болыпты. Сол тойға жиылған көп сұлулар­дың

ішінен аяғын сылтып басатын, көзі кәдімгіден қиғаштау бір
қызға көзі түседі де, оны ұнатып қалады. Көп ойлануға ша­масы
да келмеген Келдібек әке-шешесінің қасарысқан қарсылы­ғына
қарамастан құда түсіріп, қызға үйленіп те үлгеріпті.

Ауыл-аймақ, тума-туыс бәрі-бәрі: «Япырай, «таңдаған таз­
ға» деген осы да» деп таңданған екен. Бірде Келдібектің құр­дас,
көңілдес досы шай үстінде отырып:

—Келдібек-ау, осы екеуіңнің қайсыңыз көргішсіңдер?—деп

күлістік еткендей болады. Сонда келіншек құрдас-досына сы-
пайы ғана күлімдей қарап:

—Жасырмаймын, көзім қыли, ақсақпын,

Келдекеңмен сондай тату жақсы-ақпын,
Татулықтың белгісіндей ұмытылмас,
Төрт божанды билейтін ұл таппақпын!—
деген екен. Көп кешікпей келіншек ұл тауып, атын Қазыбек

қойған екен. Осы Орта жүзді билеген Қаздауысты Қазыбек
атанды.

билер  туралы  аңыздар 30. Ескелдінің әуестігі

Алдына жүгініп келген адамдарға Жанғабыл би ұдайы ағыл-
тегіл сөз түйдектерін төгеді екен. Сонда 11-12 жастағы Ес­келді
бала:

—Ата, бұл өз тақпағыңыз ба?—деп сұрапты. Қарт:

—Әй, балам-ай, бұл—атадан балаға мұра боп келе жатқан

сөз. Халық дана ғой, зер салып қарасаң, тірлік-тіршілік атау­
лы­ның бәрін—болмыс-бітімін, жай-күйін толғап айтып кет-
кен ғой. Бұл дүниеде сөзден құдіретті нәрсе жоқ. Сол бұрынғы
өткен ғұлама аталарымыз ердің құнын екі-ақ ауыз сөзбен бі­тір­

ген ғой,—дейді.
Сонда бала:

—Сіз маған айтыңызшы, менің нағашым Төле биден асқан

би жоқ дейді, осы қалай?—депті.

—Иә, бала, сен оны жайдақ, жадағай айта салма, дұрысы

қалай еді, халықтың мақал-мәтелі, халықтың баға жетпес асыл
қазынасы, екінші сөзбен айтсақ, бұл ата-бабаның аса бағалы
інжу-маржан гауһар сөзі—сол ата-бабаның бізге қалдырған
аманаты. Аманатқа қиянат қылудың жолы ауыр, ондай адам,

шариғат жолымен айтсақ, жетінші тозаққа барады. Оны қатыма
деп атайды. Ол тозақтың жамандығы соншалық, тіршілік иесі
тұрмақ, қара тастың өзі де жалындап жанып, балқып кететін
жер. Ал жәбір-жапасы басқа тозақтан жүз мың есе көп... Рас,

нағашы атаң осал емес,—деп, Жаңғабыл қария немересінің
бетіне сүйсіне қарап, сөзін жалғастыра түсіпті:—Адам не
нәрсеге де салмақпен қарау керек. Төле би әр жағдайға, әр іс-
қимылға, тіпті әрбір дыбысқа ой жіберіп отырады. Сен нағашы

атаңның Қазығұрттың бауырында егін салып, халықты ақ нан-
мен асырып отырғанын талай рет естідің ғой. Ал Қазығұрт—
тау атаулының ішіндегі ең қасиеттісі. Халық оны баяғыдан бері
жырлап келеді,—деп, тағы да мынадай тақпақ айтыпты:

—Қазығұрттың басында кеме қалған,

Ол әулие болмаса неге қалған?
Жетім бота үстінде жатып қалып,
Ойсылқара жануар содан қалған.

тарихи  аңыздар
Сонда Ескелді атасына қарап:

—Бүткіл тірлік-тіршілік атаулы Қазығұрттан таралыпты

деп естуші едім. Сол рас екен-ау!—дейді.

—Иә, балам, дұрыс айтасың. Күллі тіршілік тек қасиетті

таудан бастау алған,—дейді атасы Жанғабыл. 31. Ескелдінің ер атануы

Абылай ханның арындап тұрған кезінде Қаратал өзені
бойындағы Үштөбе деген жерде қалмақпен бір қатты шайқас бо-
лып, қалмақтың аса зор Далаңқор деген батыры ортаға шығып,
«жекпе-жек» деп айғай салыпты. Жұрт бөгеліңкіреп тұрғанда,

бұған қарсы атойлап Ескелді жетіп барыпты. Бірін-бірі ала ал-
май көп шайқасып, ақырында қалмақ батырының қапысын
тауып, Ескелді батыр оны атынан аударып, басын кесіп, айда-
рынан ұстап ханның алдына алып келіпті. Бұдан кейін Ескел­

ді­нің бастаған сарбаздары лап қойыпты. Мұны көріп қалмақ­тар
дүрліге қашыпты. Осыдан былай Ескелді ер атаныпты.

32. Ескелдінің шарапаты

Қалмақпен соғысқанда көп ерлік көрсеткен Ескелдіні
1750  жылдары жоңғарлар қолға түсірген көрінеді. Сонда Ес­
келдінің аш қалған мысығы етті ұрлап жегені үшін қалмақтың
бір батыры өз баласына: «меңсіз ақ мысықты алысқа апарып

таста» дейді. Бала бір жерге апарып көзі байлаулы мысықты
жерге тастай бергенде, ақ мысық бала мінген аттың қабырға
қапталына жабыса кетеді. Ат мөңкіп, баланы үзеңгісіне сүй­
реп өлтіреді. Баланың бір аяғы жамбас буынынан жұлынып,

үзеңгіде келеді. Сонда қалмақтың батыры өз бармағын өзі шай-
нап өкіреді және Ескелдіні қолма-қол алдына келтіріп:

—Мені сенің қасиетің ұрды!.. Оны білмей баламнан айырыл-

дым. Енді, кешір, айыбына не қалайсың?»—дейді. Ескелді:

—Еліңді бастап бұл маңайдан алыс жаққа көшіп кет»,—

дейді. Қалмақтар бір түнде көшіп жоғалады. Қолға түсіп кет-
кен Ескелді аман құтылып қайтып келгенде, ауылы:

—Қалай босанып келдің?—деп сұрайды. Ескелді:

билер  туралы  аңыздар

—Қалмақты алысқа көшіріп жіберіп келдім,—дейді. Барып

байқаса, бәрі рас. Сонда ел жиылып Ескелдіге:

—Сенің тұқымыңның тұқымын сыйлап өтелік,—деп уағда

етісіпті. 33. Елдің иесі, жердің киесі болады

(І нұсқа)
Төле бидің туған жиені Ескелді он алты-он сегіз жасар ша-
масында осы нағашысының ауылына барады. Сол кезде «Саба­
лақ» аталып кеткен балаң жігіттің түйе бағып жүрген кезі екен.

Бәрі бас қосып отырған бір сәтте сол Сабалақ Төле биге қарап:

—Ұлы би, менің де қалмаққа қарсы аттанатын кезім жет­кен

сияқты. Маған батаңызды беріңіз—депті. Сонда Төле би:

—Болат кездік қын түбінде жатпасын білгенмін. Жолың

болсын, бара ғой!—деп батасын береді.
Кетіп бара жатқан Сабалақты Ескелді тоқтатып:

—Батыр, мыналарды есіңе ұста,—деп төбесіндегі тақиясын

көтеріп басына екі соғады, белбеуін шешіп жоғары көтереді де,
тілін шығарып, қолын бұлғайды. Сабалақ басын изеп шығып
кетеді. Жауына тұтқиылдан шапқан Сабалақ жаудың бетін
қайтарғанымен, олардың бекінісін ала алмайды. Қалың қол­

дың еңсесі түсіп, қайтпақ сыңай танытады. Сонда Абылай:

—Төле бидің жанында отырған балаң жігіт маған ақыл ай­тып

еді, соны орындасақ, бұл қамалды алып қалармыз,—дейді.

—Ол қандай ақыл?

—«Қалмақтың бекінісі мықты. Бірінші рет ала алмас­

сың, екінші рет шап. Жай шаппа, белбеуіңді ту ғып көтеріп,
«Абы­лайлап» шап!» деген еді. Одан кейін аузын ашып, тілін
көрсеткені—«бекініс алынар, бірақ тіліңе ие бол, ешкімге-тіл
тигізбе» дегені. Қазақ, қалмақ әуелде бір туысқан. «Елдің иесі,

жердің киесі болады» деген, аузыңа абай бол деп еді.
Осыны айтқан Сабалақ белбеуін ту етіп «Абылайлап» ат
қояды. Қайта шабуылды күтпеген қалмақ жағы жеңіліс та­уып,
қамалдың қақпасын ашады. Сабалақ (Әбілмансұр) осы­дан бы-

лай Абылай атанып, кейін хан сайланады, Ескелді би бас уә­зір
болады...

тарихи  аңыздар 34. Барлауға шыққанда

Ал мына бір оқиға Төле бидің әбден қартайған шағында
болған екен деседі. Қалмақтың Ақшыр деген әрі ханы, әрі баты-
ры «Төле бидің Мәмила деген қызын берсе, қолынан, бермесе,
жолынан аламын» деп ауыл маңына ақ шатырын тігіп жатып

алыпты. Балпық келіп Төле бимен ақылдаспақ болған екен,
«Тұра тұр, Ескелді де келіп қалар, ақылды бір-ақ қорытайық»
депті. Айтқандай-ақ Ескелді де келеді.

—Не істеу керек?—дегенде, Ескелді:

—Соғысып қан төкпейік. Бүгін түн Балпық екеуміз оның

шатырына барамыз. Ертеңгілік бір белгі болып қалар,—деп,
Балпықты ертіп жолға шығады. Балпыққа аттарды ұстатып
қойып Есекең әппақ көйлек-дамбалмен шатырға кіреді. Қал­
мақтар қарта ойнап отырса керек, қорыққандарынан қоз­

ғала алмай қалады. Есекең қолындағы қамшысының сабымен
төрде отырған Ақшырдың тамағынан жүргізіп өтеді де, шығып
кетеді.
Сол түні Ақшырдың аузы-мұрнынан қан кетіп, зәресі ұша­

ды. Дереу шатырды жықтырып, қайта көшеді. Жол үсті үзең­
гілестері не болғанын сұрайды ғой. Сонда Ақшыр:

—Түндегі ақ киіммен келген кісінің екі жолбарысы бар

екен. Соның біреуі менің аузы-мұрнымнан қан шығарды.
Екіншісі сендердің көздеріңді байлап тастады. Енді жолымыз
болмайды,—депті.

35. Тоған тартқанда

Тағы бір аңыз былай дейді. Сыр бойынан көшіп келген ел
Қаратал өзенінің бойына қоныстанған соң, егіншілікпен айна-
лысуды да ойлайды. Мұны да бірінші болып қолға алған Ескелді
би болады. Ол арықты қай жерден және қалай қазудың бәрін

көрсетіп отырса керек. Бірде бүгінгі Талдықорған ауданы­ның
территориясында орналасқан су диірменің жоғары жағы­нан
тоған қаздырып, бүгінгі Шымыр, бұрынғы Нұраның үстімен
жүргізеді. Мұны көрген Ескелді би «қара қазан сар баланың

қамы үшін» деп астындағы ақбоз атын шалған екен деседі. Осы-
дан кейін ғана су жүріп берген.

билер  туралы  аңыздар 36. Ескелдінің ерлігі

Абылай да Ескелдіні ес тұтқан. Бірде қалмақ басқыншы­
лары жауынгерлерінің жойқындығын, дүбірлі екендігін сез­ген
Абылай сарбаздарына: «Қыспаққа түскелі тұрмыз-ау, бас кө­те­
рер ер азаматты түгел жинаңдар. Осы маңда өзі батыр, өзі мер-

ген, ақылы алғыр, сөзге шешен, елге көсем, Ұлы жүз жалайы­
ры­ның Ескелді атты азаматы бар. Сол батырды алдырып, бір
жа­сақ­қа қолбасшы жасаңдар»,—деп нұсқау береді. Ескелді­
нің де тепсе темір үзетін, айбынданса, орда бұзатын кезі екен.

Абылай хан қолқа салған соң, Ескелді қаптаған жау жасағына
тойта­рыс беруге бірден аттанады. Қалмақтардың алғы тобы­ның
қалың шебіне қырғидай тиіп, бекіністерін талқандап, жеңіс­ке
жетеді.

Ескелді бастаған ел қорғаушылар Іле, Бақанас бойында да
жоңғарлардың жойқын күшіне қарсы шығып, қаскөйлерді
кейін ығыстырып, елі мен жерін азат еткен. Қабанбай батыр­
дың жауынгер тобына қосылып, жоңғарлардың есін жиғыз­бай

қат­ты соққы беріп, шекарадан асыра қуған. Іле өзенінің сол­түс­
тік жағалауы мен Балқаш көлінің бойындағы, Текелі тауы мен
Қапал қырындағы жоңғар шапқыншыларын талқандауда да
Ескелді бастаған сарбаздар ерлігімен танылғаны есте сақтал­ған

шежірелердің арқауына айналған. 37. Ақылды Бабаның амалы

Ұлы жүз Үйсіннің бір баласы—Дулат. Дулаттан Бот-
пай, Шымыр, Сиқым, Жаныс туады. Қазіргі Шымыр ауы-
лында (Талдықорған ауданы) сол шымырлардың қаздырған
тоғандарының орны бар. Соның басынан көмей арық шығара­

мыз деп Ескелді сынық қазан көмдіріп қойған екен. Сол маңға
шымырдың бір биі де белгі қойыпты. Екеуі таласады. Билік
құрылып, іздеу шыққанда жердің бетіндегі шымырдың белгісі
табылмайды. Көмілген Ескелдінің сынық қазаны шығады. Со-

дан бастап көмей арық Жалайырдың Сиыршы, Мырза балала-
рына тиесілі болып қалыпты.

тарихи  аңыздар 38. Жез қармақ

Бірде үш әулие: Қабылиса, Ескелді, Балпық үшеуі қырда
келе жатады. Жол үстінде Балпекең атынан түсіп, дәрет сын-
дырып тұрса, атының шылбыры қолынан шығып кетеді.
Мәжбүрлігін тындырған соң атына ұмтылса, ат тоқтамай бара

жатқан Қабылиса мен Ескелдінің соңына ілесіп, желе-жорта
береді. Бірнеше рет ұмтылғанымен Бапекең атын ұстай алмай-
ды. Болмай бара жатқан соң:

—Оу, Есеке, құдіретіңізді бір көрсетпейсіз бе, өкпем өшетін

болды ғой,—дейді. Сол-ақ екен аттың шылбыры тобылғы­
ның түбіне оралып қалыпты. Атына қарғып мініп, Бапекең де
қатарласады. Бірақ үндемейді. Бірер үндемейді. Бірер қырдан
асады. Есекең сәл мойнын бұрып:

—Әй, Балпық, жаяу қалмағаныңа шүкіршілік етпеймі­

сің, жез қармағымды қайтарсаңшы?—дейді. Сөйтсе шылбыр
ұшын тобылғы түбіне орап қалған Есекеңнің жез қармағы екен.
Бапекең қайтарыпты.

39. Тараған өкпе—татулықтың ишараты

Жасы жағынан Ескелді би үлкен, Балпық би кіші екен
де, Дарабоз-ана олардың екеуінен де үлкен болса керек (төр­
кіні—Күшік, түскен жері—Андастың ішіндегі Кенжеке).
Бұрындар келін ата-анасының үйінен мініп келген атына ауыл

балаларының бірін отырғызатын дәстүр болыпты. Дарабоз-
ана келін боп түскен кезінде алдынан шыққан бір топ бала­ның
ішінен өзіне ұнап кеткен Балпықты тік көтеріп алып атына
мінгізген екен. Ел ішінде «болашақ әулиені, бәлкім, өзі шара-

патты адам білген шығар» деген сөз бар.
...Бірде Есекең мен Бапекен өкпелесіп қапты. Мұны естіген
Дарабоз-ана дереу екеуін де қонаққа шақырып, алдарына бір
ыдыспен ас қойыпты (айран болса керек), екі қасық беріпті.

Қасығын қолына ұстаған Бапекең асықпай астан дәм та-
тыпты да, қасығын төңкеріп қоя салыпты. Есекең де дәм та-
тып, қасығын алшысынан түсіріпті де, араларында дәнеңе
болмағандай амандық-саулық сұрасып, әкей-үкей әңгімелесіп

кетіпті.

билер  туралы  аңыздар
Дарабоз-ана өткенді сөз етпестен, кішісінің кішірейіп, үл­
кенінің үлкендік жасап, дәмін сыйлап отырғанына ризаланып,
шай қамына кірісіпті.

Өкпе жайында бір ауыз сөз айтылмаса да, олар солайша бір-
бірінің ишарасын түсінген екен.

40. [Үш бидің әулиелігі]

Бірде Қабылиса, Ескелді, Балпық үшеуі келе жатып, Ескел­
ді Қабылисадан:

—Мен өлгенде қай жерге қойыламын?—дейді. Қабылиса:

—Сіз Үштөбе маңындағы Қызылжарға қойыласыз,—дейді.

—Балпық ше?

—Мұның жасы сенен кіші ғой, сенен сәл төменірек батыс­қа

таман қойылар,—дейді.

—Өзіңіз ше?

—Мен Іле бойындағы Үшарал, Көкбастау жеріне қойы­лар­

мын,—дейді. Ендігі жауапты Қабылиса алмақ болып, Айна­
бұлаққа жеткенде:

—Апыр-ай, мына жердің у-шуы-ай! Бұл қалай?—дейді Ес­

келдіге бұрылып. Ескелді:

—Бұл жерге жол түсіп, қала орнайды екен. Ант көп болады

екен. Ерден әйел көбейіп, қырғынға ұшырайды екен,—дейді.
Дүнгенге келгенде Қабылиса Балпыққа қарап:

—Апыр-ай, мына жерден өкіргендей дауыс шығады ғой,

бұл не?—дейді.

—Бұл жерге де қала түсіп, халық көбейіп, біртүрлі өнер

шығып, елді айқайымен оятады екен,—дейді Балпық 41. Қасым Сұлтанның анасы—Қандан

Үзіліссіз соғыс елді әбден титықтатып, ығыр еткен соң Абы-
лай аз уақыт болса да дамылдау мақсатымен Қалден Серенге
елші жұмсайды. Оған басшы болып Ескелді барады. Барған
бетінде қалмақтың ханы:

—Сөйле!—дейді.

тарихи  аңыздар

—Мен сөйлесем, бұрынғының адамдары айтушы еді: қа­зақ,

қалмақ туысқан деп. Оны айғақтайтын ұқсастығымыз да көп.
Ал арамызда ала ауыздық, араздық бола қалса:
«Даудың түбін қыз бекітеді,
Судың түбін шым бекітеді.

Жаудың түбін тіл бекітеді»,—
деп жататын. Келіссеңіздер, сүйек жаңғыртып, не қыз беріп, не
қыз алып, татуласып тынайық,—дейді Ескелді.
Сонда Қалден Серен:

—Тыңдауға сөзі жайлы, жүрек тебірентерліктей дана екен.

Қыз берсек, осының өзіне берелік!—депті. Бұл сөзді ести сала
Ескелді:

—Салтты санасыз бұзар. Ел ағасынан бұрын інісі жол алмас

болар. Абылай еліміздің айбыны да, ағасы да, тақсыр! Жол ал-
дымен сондағы қыздың есімі—Қандан екен дейді. Қасым сұл­
тан сол кісіден туған деседі айтушылар.

42. Қызайлар үшін күрескенде

Найман елінің бір атасы—қызай ел-жұртына өкпелеп, жа-
лайыр ішіне көшіп кепті. Оның себебі аламан асыр той үстінде
көкпар тартып жүрген жігіттердің бірі мерт кетіп, оның өлі­міне
қызай адамдары жалалы болып қалыпты. Қасқайып кеп әдейі

қастандық жасамағандықтан, олар құн төлеуден бас тартып,
садырлардың бітпес дауына ұшырапты. Қызайлар сөйтсе де,
теңдік бермей, үдере көшсе керек.
«Жасырынған жерлерің жалайыр ғой, олардың да сағын

сындырармыз» деп тістенген садырлар бір үлкен адамның
асына жалайырларды әбден кештетіп шақырыпты. Жа­лайыр­
лар ат жаратып, балуан іріктеп үлгермеген екен, Ескелді сон-
да да нартәуекелмен аза салып, тартып кетіпті. Атқос­шы­сы

тепсе темір үзерліктей, жап-жас Қарабек деген батыр екен,
Есекең:

—Осы сенің атың қалай еді?—депті.

—Кім білсін, әйтеуір, ит қоспай-ақ қасқыр, қарсақты соғып

алып жүрмін ғой,—дейді Қарабек.

билер  туралы  аңыздар
Есекең атты екі айналып өтіп, «Қос бәйгеге!» дейді. Соны-
мен ат бәйгеге кетеді.
Содан күрес басталып, палуан ізделінеді. Елінің аты аталып

жатқан соң, Есекең Қарабекке қарап:

—Қара күшке қалай едің?—дейді.

—Қалай дейін, насыбай уқалағанда қарағаш, қайыңдарды

бұрап, шырынын тамызып жүрмін ғой,—деді Қарабек.

—Күрес!—дейді Есекең.

Ақырында бәйгеден Қарабектің жирен қасқасы келіп, қара
нар, қалы кілемді иемденеді. Өзі алысқан адамының атан
жілігін үзіп, бас бәйгені—тоғызды алады.

—Бұл сендердің аталарыңның әруақтары жебеген соң кел-

ген жеңістік,—деп, Есекең екі бәйгенің де шыпшырғасын шы­
ғармастан қызай бауырларына әкеп беріпті.

43. Бір найза ма, жүз найза ма?

Қыстың қыспағынан қысылып әрең шыққан халық күннің
қызарып батып, айдың қораланып туғанынан-ақ іштерін тар-
тып, үрейленіп жүргенде, Алтынемелдің күнгей, теріскейін
түгелдей шарпып Сван Рабданның бір түмен қолы лап қояды.

Бұл кезде бір жамандықты іштері күнілгері сезген жала­йыр
елі қамыстан сал буып, Іле-дариядан батысқа қарай өтіп жат-
са керек. Бұл маңға қарай жөңкілген ойраттардың жақсы
жарақтанған қолына Лаузан-Шона деген қолбасшылық жа-

сапты. Ол «қашқан елге қатын да батыр» дегенді малданып,
төрт түліктерінің тең жарымынан астамын тастай көшіп бара
жатқан жұрттың соңынан Қашқа деген зайсанды салыпты.
Қашқа алғашқыда аздаған ғана қолын ұрысқа кіргізеді де,

Іленің оң жағасындағы тосқауылға қойылған жалайырлар­дың
жасақтарынан күйрей жеңіледі. Мұны естіген Лаузан-Шона
келесі күнге әмір беріп: «Алдымен батырларын жек­пе-жекке
шақырған болып, күшін анықтаңдар»,—дейді.

Қолбасшы айтса, қолдамайтын кім бар? Келесі күні Іле
бойының бір тақырында жекпе-жек соғысы өтеді. Ойраттардан
шыққан жеті батыр жер құшады. Бәрін мерт қылған астында
көк бурыл бестісі бар отыздардың ішіндегі жігіт болса керек.

Күн ұясына қонып бара жатқанда ызаға булыққан Қашқаның

тарихи  аңыздар
өзі шығыпты жекпе-жекке. Бірақ ол орнынан оқ бойы қозғала
беріп-ақ атынан ауып түседі.
Бас қолбасшы әлгіні өзіне шақырып алып, не болғанын

сұрағанда:

—Білмеймін, есім ауды ма, әлде жын соқты ма, орнымнан

қозғалғанда, алдымдағы найза жалғыз еді, «Ескелді! Ескел­
ді!» деген есім жаңғырығып кеткен кезде, кеудеме жүз найза
қадалғандай болып, қалай ұшып түскенімді білмей қалдым,—
депті Қашқа.

Сол Қашқа жоңғарлар жорығының соңына дейін қару
көтеруге жарамай, ақыры жалайыр елін іздеп келіп, Ескелді
батырдың есігінде көз жұмыпты дейді бір аңыз.

44. «Халықтан қайыр болмаса, хан бұзылады»

Жоңғарлардан қорқып жөңкіле көшкен жалайыр елі Шу
бойына жеткенде де еру болып, тоқтамапты. Басқа жұрт бас­
тарына ауыртпалық түскен сол шақтың өзінде сол маңайдағы
Болат ханның ордасына қайырылып өтіп жатса керек. Ескелді,

Балпық батырлар бастаған босқындар олай өтпей, төтелей тар-
тыпты. Мұны естіген Болат хан жедел «Оқжүйрік» деген атына
міне салып, Ескелділердің жолын кес-кестеп:

—Әруақ аттағандай ордаға мойын бұрмай қайда лағып бара

жатырсыңдар?—дейді.
Ескелді екі рет жөткірініп, аузын ашқанда Балпық батыр:

—Халықтың қайыры болмаса, хан бұзылғанға ұқсайды,

қойнауы құт Қаратау—Нұх пайғамбардың кемесі тоқтаған жер
емес пе, біз де сонда барып аялдармыз. Сол арада арғы алшын,
бергі арғын, найман ағайындармен ақыл тоғытармыз, сірә!—
дейді.

—Батыр, жаңылып тұрсың-ау, «Ханнан қайыр болмаса, ел

бұзылды» демеуші ме еді?—дейді Болат хан сызданып. Осы
сәтте найзасын жерге қадаған Ескелді:

—Уа, сұлтан! Әкең сенің Тәуке хан—«әз-Тәуке» болып

елдің аузына ілініп, талай тағылымды іс атқарды. Үмітін
үрім бұтағынан күтіп, сенің атыңды Болат қойып еді, бірақ
сен болат емес, болжыр болдың. Бізді басынбаған кім қал­ды,
оң бүйірің­нен Хиуа, Қоқан, Бұқар, Самарқан хандықтары

билер  туралы  аңыздар
қадалып еді, енді қақ маңдайдан қалмақтар соғып отыр. Сенің
жеткізген жерің осы. Балпық қателесіп тұрған жоқ, енді ха­
лықтың өзі­нен қайыр болмаса, елдің азғаны азған, тозғаны

тозған. Сенің билігің әрісі екі, берісі бір жылдан аса қоймас,
ордаңды бұзып, отқа жақ та, біздің көшке ілес. «Кілемге
біргісіз алаша бар, ханға бергісіз қараша бар» деген. Төле би
атам аман болса, саған да, маған да жол табады,—деп жүріп

кеткен екен. 45. «Шымылдық қарағайдағы» шайқас

Ұлы жүз—үйсін мен Кіші жүз—жағалбайлылардан құ­
ралған жасақтардың тегеуіріндеріне шыдай алмай, тым-ты­
рақай шегіне бастаған ойраттар Текеліге жеткенде бастарын
біріктіріп алып, Жолбарыс сайы, Балдырғанды, Қызқұлаған

беткейлерінің солтүстік теріскейіндегі таспадай тартылған та-
бан жолмен шұбырып «тосқауыл» тәсілін шебер пайдаланып
отырыпты. Амалы көп айлакер жауды түре қуып, ақтық ж­еңіс­
ке жете алмайтындықтарын аңғарған Ескелді батыр баста­

ған қалың қол аз-кем мәжілістесіп алған соң, жаудың соңына
қозы көш жерден көрініп отыратын қос атты жасақтарды
ғана қалдырып, өздері Күйелі, Көксу, Сандықтас, Қарағайлы
арқылы жауды алдынан орап түсуге оқталыпты.

Жер жағдайына жетік әскер бір тәулікке жетпей-ақ өз­
дері діттеген Қызылауыздан шығады. Бірақ негізгі күшті
арт­тарындағы Қарағайлының қалың ну орманына жасы­рып
қояды. Қызылауыздағы қақтығыс көпке созылмайды. Қа­­

зақтардың шамалы екендіктерін сезіп қалған қалмақтар өңі­
реңдеп қуып береді. Қашқан қазақтар Қарағайлыға жеткен
кезде қақ жарылып, бір тобы оның шығыс жағын, екінші тобы
батыс жағын алып, тік қабаққа өрмелей жөнеледі. Қалмақтар

да қалмай, екіге жарылып өкшелей түседі. Осы сәтті ғана кү­
тіп тұрған Ескелді, Балпық батырлардың Қарағайлы ішіндегі
қалың қолдары шыға келіп, екіге жарылған жаудың баста­рын
біріктірместен тас-талқан етеді.

Ескелдінің тікелей қолбасшылығымен жасалған бұл «Аран»
тәсілге қайран қалған қалмақтардың қонтайшысы қолға түсіп
тұрып:

тарихи  аңыздар

—Тайқазандай төңкеріліп жатқан мына беткейдің ну орма-

нын қалай атайды?—депті. Қазақтар «Қарағайлы» десе, ол ба-
сын шайқап:

—Жоқ, бұл—біздің көзімізді байлап, көңілімізді қараң­

ғы­лаған шымылдық қарағай, біз алданып қалдық,—деп бар­
ма­ған тістепті. Сол күннен бастап, ен жайлаудағы сол жер­
ді тұр­ғылықты халық та «Шымылдыққарағай» деп әйгілеп
кетіпті.

46. Соңғы жекпе-жек

Орта жүз қазақтары жоңғар шапқыншылығынан біржо­
ла құтылып, жерлері жаудан тазарған кезде, Абылай, Төле би
бастаған қазақтың жақсы мен жайсаңдары қалмақ хандығы­
ның тағына өздері ұнататын және қазақ халқына іш тартатын

Әмірсана деген ноянды отырғызбаққа күш салып көріпті. Осы
әрекеттердің ішіне Ескелді батыр да қатысып, неше дүркін
қалмақ еліне барып қайтып жүріпті.
Бұл кезде Ұлы жүз, оның ішіндегі жалайырлардың жазғы

жайылым-жайлаулары жаудан толық тазартыла қоймаған
екен. Жоңғар қақпасына таянғанда Ескелді ханнан рұқсат
сұ­рап, биік таулар Сартөр, Сарыжазық, Төлектің төрі атты
жай­лаулар арқылы алды Іле, арты Шу бойында жатқан еліне

қарай бет түзейді. Шағын қолмен талай қиындықтарды көріп,
Қызылауыз деген жерге жеткенде, сол арадан бір көш бойы
жердегі теріскейді алып жатқан еңселі тау мен ағынды өзеннің
басында қалмақтардың жарты мыңдай қолының жасырынып

жатқанын естиді. Оларды көрген Ескелділерден бөлініп, аң ау-
лай шыққан Тәттібай мерген екен.
Алдымен елші салып көрсе, қалмақ қолын бастаған Шажа
деген ноян болып шығыпты. Ескелді өзінің екі жүзге тарта

шағын қолын төбе-төбелердің басына таратып, «арт жағымыз­да
қалың әскер» деген үрей тудырыпты. Үлкен түменнен бөлі­ніп
қалған қалмақтар қазақтардан аман кетудің бірден-бір жолы
жекпе-жек деп ұйғарса керек. Олар басына бұқаның мүйізін

байлаған Шажа батырды шығарыпты. Ескелді батыр шойын
шоқпарын сонда бірінші рет жұмсап, Шажаны бір сілтеген­нен-
ақ жан тәсілім еткізіпті дейді.

билер  туралы  аңыздар
Батырлары өлген соң, басқалары аттарынан түсіп, тізе
бүгіпті. Жеңілген мен жығылғандарды жұдырықтамау ол кез­
дің қатаң ғұрпы екен. Есекең ешбір қалмаққа зәбір көрсет­пес­

тен, еліне қайтарып тұрып:

—Батырларың сендер үшін мерт болды. Соғыс даласында

қаза болған мұндай жандарды қазақтар шейіт дейді. Мәйітін
арқалап тегі кете алмайсыңдар, одан да ақ жауып, арулап осы
араға жерлеңдер. Біз мына тау мен өзенді осы батырларың­ның
есімімен Шажа деп атайық депті,—дейді жарықтық.

47. Атаның ақтық сөзі

Әулие баба күз түсіп, жапырақтар сарғая бастаған шақта
өзінің ежелгі, ескі мекені—қырық жыл қызығын көрген
Қызылтас маңындағы Қалпақтас қойнауында (кейініректе
Ереншінің сайы аталған тұста) Алланың аманатын беріп, дүние

салыпты. Ол былай болса керек. Жылқысын түгендеп, Кеме-
рашыдан жоғары Сардоңғал асып, Текеліге қарай бет түзеген
шағында, кіші анамыздың үйінде отырып:

—Болды, қайталық. Дәуренім өтті, талқаным таусылуға

таялды,—дейді.
Жиылған жұрт бұған сенер-сенбестерін білмей, аң-таң бо-
лысады. Назарлары би атаның өзінде. Ажары айдай, ауырып-
сырқамаған жанның бұл сөзіне қайран қалысады. Сол сәтте

Есекеңнің өзі:

—Байқап тұрмын, батырып айтпасам, барлығыңның на-

натын түрлерің жоқ. Әлемде ақыл-естен сезімтал ештеңе
жоқ. Ес жоғалмаса, ел болады, ұрпақ өседі. Сондықтан өз
жан­дарыңды өздерің қастерлеп, қадірлеп, тыңдай білсеңдер,
жаман болмайсыңдар. Менің нұрым ұрпағымның жүзінде

жүретін тәрізді. Соған қуанып отырмын. Ұлы тәубәм де—
сол.
Сендер, көп қарайламаңдар, үлкен үйге хабаршы жіберің­
дер. Мен барып жеткенше, түгел жиылсын, бақұлдасып ке­

тейін,—дейді.
Бұдан соң атына мініп, сол маңдағы ең биік төбеге шығып:

—Елімнің құты, ерлерімнің панасы: Сардоңғал, Сарноқай,

Қора, Шажа, Сандықтас, Сартөр, Ұлы Алатау, қош, қош бо­

тарихи  аңыздар
лыңдар бәрің де, қош!—деп үш мәрте дауыстайды да, ба­тыс­
қа—Қызылтасқа қарай атының басын бұрады.
Жеткен хабаршыдан құлақдар болған ел екі кештің арасын-

да күтіп отырыпты. Дастарқан басына бата жасап болып:

—Бұған да шүкіршілік, қош болыңдар, халайық... Менің

жаназамды шығарып болған соң, сүйегімді ақ атанға артың­дар
да, басын бос жіберіңдер. Ол қай жерге барып шөксе, сол жерге
жерлеңдер. Бар аманатым осы!—депті де, ұясына қона берген
күнмен бірге нұрланып жатып, ұлы баба көз жұмыпты.

Артындағы ұрпағы ата аманатын мүлтіксіз орындап, ақ
атанға артылған мәйітінің артынан еріпті. Ол қазіргі Қызыл­
жар қабағына барып шөккен екен. Сол жерде қазір қасиетті
бабаның бесінші ұрпағы жаңартып салған бесінші ескерткіш-

кешен алыстан көрінеді. 48. Қабан ақынның сыны

Жетісудің әйгілі батырлары Өтеген, Райымбек Қарашпен
тұстас екен.
Өтеген батыр жерұйықты іздеп, жапанды аралап еліне
оралғаннан кейін Дулат Қараш, Өтеген, Албан Райымбек, Жа-

лайыр Қабан—төрт батыр Өтегеннің үйінде бас қосады. Ра­
йымбек, Өтеген—құрдас, Қараштың жасы олардан кіші екен,
бәрінің үлкені Қабан көрінеді.
Райымбек сөз бастайды:

—Өтеген, ел аралаған сыншы деген, жер дүниені аралап

келдің, жасымыз болса келді, батырсың, әрі көпті көрдің,
өлген күнде жәйіміз не болады, қайсымыз қайда қаламыз, соны
айтшы,—депті.
Өтеген:

—«Аға тұрып сөйлеген ініден без» деген, дүниенің жары­

ғын бұрын көрген алдымыздағы ағамыз Қабан айтсын,—деп
сөз­дің кезегі Қабанға бұрыпты.
Сонда Қабан:

—Екеуің біріңді-бірің түрткілеп, ақыры мені сөйлеттіңдер

ме, тыңдаңдар, айтып көрейін,—деп сөз бастапты.—Обалым
атымды Қабан қойған әке-шешеме болсын, атым Қабан бол­
ғандықтан, бір бастаудың басында, шоқ қамыстың түбінде бо-

билер  туралы  аңыздар
ламын. Үш күн денем жерде жатады, үш күннен соң табылмай-
ды. Ал, Өтеген, сенің жайлы, жылы мінезің бар еді, жылжып
аққан судың жағасында қаласың, бірақ түбінде жылжисың.

Райымбек, сен көпшіл ең, қиямет қайымға дейін басыңнан да-
быр кетпейтін үлкен жолдың бойында қаласың,—депті-міс.

49. Ақынның үйленуі хақында

Қабан ақын үйленбек болып, наймандағы бір адамның
қызына құдалық жіберсе, ол: «қызымның теңі емес, аяғы ақсақ,
өзі саяқ сағал екен, бермеймін» деген теріс жауап қайырыпты.
Бұдан соң ақ түйесіне мініп, ақынның өзі аттанады. Есті­ген

жауабы тағы сол баяғы сөз болып шығады. Сонда ақын:

—Маған бересіздер, мына қыздарыңыздың оң иығының

үстінде бармақ басындай қалы бар. Оны маған Алланың өзі аян
ғып тұр,—дейді.
Айтылған белгіні әкесі білмейді екен. Бәйбішесінен сұраса,
рас. «Ә, мына кісі әулие екен, қарсыласып болмас»,—деп,

қыздарын ұзатыпты. Сол қыздан туған балалар: Сүлеймен,
Оспан, Әбдіманап, Ысқақ және Қоянкөз дейді қарт шежіреші­
лер. Бәрі де шарапат шалған жарамды жандар болып өсіпті.

50. Қоянкөзге Қабанның өлең сыйлауы

Қоянкөз ұзатылар мезетте шапырашты жұртынан ұзаты­лып
баратын күйеу жігітінің қайтыс болғаны жөнінде хабар ке­леді.
Қазақ дәстүріне берік ауыл ел жоралғысын сақтауды көз­дейді.
«Біз жесіріміздің оң жақта отырып дауыс салуын қалай­мыз»

дегенді айтады құдалар жағы. Шапыраштылар келе жатқаны
жөнінде хабар да жетеді.
Осы арада Қоянкөз түс көреді. Түсінде әкесі Қабан:

—Көген аласың ба, әлде өлең аласың ба?—дейді.

Сонда Қоянкөз:

—Көген елде болсын, өлең менде болсын,—депті. Содан

Қоянкөздің барған жерінен Сүйінбай сынды көкірегіне өлең
ұялаған дарабоз ақындар шығады.

тарихи  аңыздар 51. Ақынның ақырғы сөзі

Ақын ата дүние салар алдында ел-жұртын жиып алып,
қоштасып:

—Менің атымды һарам мақұлықпен атап қалғандығы үшін

ғана жер қойнына кірермін. Әйтпегенде олай болмас еді. Сонда
да жер қойнынды көп жатпаспын,—депті.
Айтқанындай екі-үш күннен кейін көрдің бір бүйірі
үңірейіп ашылып қалыпты. Ағайындарының түсіне Ғайып-

Ерен Қырық Шілтен кіріп, әулиенің денесін алып кеткенді­гін
хабарлап­ты-мыс.

52. Қоныс бөлу

Сыр бойынан бері жылжып, ежелгі атамекендері—Балқаш
бойына көшіп келген: Бәйшегір, Арық, Тыным балалары
«Қауіп қайдан болса, қатер содан» деген сөзді малданып,
қалмақтар­дан қорқып, Сыр бойына қайтадан үдере көшіпті.

Оған Бақай батырдың әкесі Мықтыбек би қарсы шығып көрген
екен, үрей қысып, үріккен ел оны тыңдамай, көшіп кетеді.
Мықтыбек өзіне қараған жеті үйменен жалайырдың белді ада-
мы Балпық бидің қасында қалып қояды. Кеткен елін сағына

бастаған кезінде ол түс көреді. Түсінде өзі білетін сегіз жа-
сар Тілеуғұл он сегізге толып, қолына шашақты найза ұстап,
елін ертіп, көшіп келеді. Жақсыға жорылған түс ақырында
қуанышқа ұласады. Тілеуғұл шын мәнінде батыр атанып, ата

қонысына келіп, туын тігеді. Алыстан арып-ашып ағайында­
ры жеткен соң, ел ағалары жатсын ба, жалайырдың сол кез­
дегі аузы дуалы арыстары—Қабылиса, Жолбарыс, Ескелді,
Балпық, Қарым­бай сынды әулиелер алдарынан шығып, «Көш

көлікті болсын» айтады.
Бапекең қашанда батыл қимыл, шұғыл шешімнің кісісі
екен. Соған орай аңғалақтығы да болыпты. Билік айтып, ақыл-
кеңес беріп отырған сәттерінде айналасындағы адамдардың

әрекет-қарекеттеріне көңіл бөле бермейді екен.
Мықтыбек, Тілеуғұл араларында әңгіме бірден қоныс
жайынан қозғалады. Сөйтіп, Құдыке деген байдың ауылынан
басталған әңгіме аттың үстінде жалғасуға айналады. Атқа қо­

билер  туралы  аңыздар нар алдында Тілеуғұл үш дүркін артына бұрылып, жолбарыс жонды құм қойнауларына қадала қарапты. Мұны Қабылиса әулие ғана байқайды. Салт аттылар содан желе-жортып отырып, Балықтының басына жетеді. Көк майса, көделі маңға көз тастап тұрып Бал­пық би: —Қары қалыңдау түседі демесек, ел жағдайына қолайлы-ақ жер екен, таяғыңды шаншимысың, Тілеуғұл?—дейді. Тілеуғұл басын шайқайды. Содан бұлар Сардоңғал асып, Қараталды кешіп өтеді. Сарноқайдың етегіне жетеді. Масатыдай құлпырып, түкті кілемнің түгіне ұқсап жатқан жасыл жон, бетегелі беткейді нұсқап тұрып Бапекең: —Қауға тартып, қауқар жұмсап жатпайсың, сай-саласы то­лы бастау екен, суаттары бейне астау екен. Табындап сиыр, ке­лелеп түйе өсірсең де, түңілмессің, бәлкім, осы маңды еншілерсің, Тілеуғұл?—дейді. Тілеуғұл тағы да басын шайқайды. —Неге алмайсың?—деп Бапекең сәл даусын қатайтады. «Сабыр, сабыр!» дегендей ғып, Жолбарыс әулие бірер рет жөткірініп қояды. Ал Қабылиса әулие болса, мырс етіп: —Әй, Балпық-ай, бұның Балқаш бойындағы «Үш қамау­ дан» басқа жерді жерсінбейтіндігін Құдыкенің ауылынан аттанғанда-ақ аңғармап па едің?—дейді. Елең ете қалған Балпық: —Онда қайтіп еді?—деп шалт бұрылады. —Атқа мінер алдында артына үш қайырылып қарамады ма? —Қараса қараған шығар, онда не тұр?—дейді Бапекең. —Тілеуғұл арыны ойлайтын ақылды жас екен. Үш дүркін артына бұрылып қарауымен: «Ағалар, атқа мініп, арнайы келген екенсіздер, соңдарыңызға ілесейін. Бірақ қойнауы құт, қысы жұмсақ осы маңды бізге қисаңыздар жетеді» дегенді ишараттады,—дейді Қабекең. —Оу, маса-сона, шыбын-шіркей, сор-батпақтан аулақтап, неге төскейде жатпайды бұл Бәйшегір?—деп Бапекең қам­ шыны тағы да басып көреді. Сонда барып Тілеуғұл: —Алда әлі атыс-шабыс көп секілді көрінеді де тұрады маған. Біз бәйшегірлер «отыз үй обыр, қырық үй тобыр» дегендей, ат төбеліндей аз ғана ел едік, қырылып қаламыз ба деп қорқамын,—деп сәуегейлік айтыпты.

тарихи  аңыздар

—Оу, мынау не деп тұр?—дейді Бапекең сапарластарына.

Жолбарыс қысқа сөйлейтін адам екен. «Тілеуғұлдыкі дұ­
рыс!» дегенді жылы жүзіндегі ишаратпен байқатады. Ал
Қабылиса әулие болса:

—Онысы рас, Тілеуғұл көреген екен, алысты болжап тұр.

Біз емес, біздің ұрпақ басынан кешетін және олар қараған пат-
ша тағынан құлап, атыс-шабысты, қан төгісті кез болады әлі.
«Бәйшегір тұқымы содан шалғайлау, құм ішінде-ақ жата берсе,
өсіп-өнгеніне тәуір болар еді» деп тұр ғой Тілеуғұл,—дейді.

Аға сөзінен асып көрмеген Бапекең осы сәтте барып сабасы-
на түсіп:

—Баршаңыз бірауызды болып, болашақты да ойлауды жөн

көрген екенсіздер, Құдай берекесін берсін. Ал Тілеуғұл:

—Қоныстарың құтты болсын,

Малдарың сүтті болсын,
Балаларың жұпты болсын.
Құдай оңлап, қыдыр қолдап,
Еліңе дәулет, басыңа бақ берсін.

Қарындарың тоқ болып,
Қайғыларың жоқ болып,
Аталарыңның әруағы тыныштықты ап келсін,
Әумиін!—

деп, төменгі Қаратал—Балқаш бойын бәйшегір, арық, тыным­
дардың еншілеріне бөлгізіпті.

53. Балпық пен Райымбек

Қос батыр қатар өскендерімен, Райымбектің жолы үлкен
болса керек. Екеуі Нарынқол жақтан тиген дұшпандарға той­
тарыс беріп, қайтып келе жатыпты. Жол-жөнекей бір бұлақ­тың
басына тоқтап, ат шалдырыпты. Ұлы адамдар да пенде емес пе,

Райымбек батыр:

—Кел, күресейік,—деп қоймай қойыпты.

—Жоқ, күреспеймін,—дейді Балпық.

билер  туралы  аңыздар
Болмаған соң екеуі ақыры белдесіпті. Біршама алысқан соң
барып, Бапекең қисынын келтіріп, қисая кетіпті. Райымбек
оны сезіп қалып:

—Жоқ, сен әдейі жығылдың. Болмаса, қолыңның күші

байқалып-ақ тұрды. Жарайды, сыйлағаның шығар, сені Құ­дай
сыйласын ендеше!—деп, аттарына қоныпты.

54. Жәнібектің Тіленшіге батасы

Қазіргі Арқалық, Едірей тауларының өңірі керей руының
ата қонысы болған деседі. Кейіннен бұл жерлерге ақтабан-
шұбырындының кезінде Қаратау жақтан келген арғын мей-
рам сопының, оның ішінде қаракесек Қазыбек бидің балала-

ры тұрақтайды. Қаракесек балалары аз ата керейлерге қыр
көрсетіп, көптік жасай бастаған соң, ел иесі Жәнібек батыр:
«Үстімізге іргелі ел, жуан атаның балалары келіп қалды. Мен
тірі тұрғанда ештеме жасай қоймағанымен, күні ертең ажал

жетіп, олай-бұлай болып кетсем, бұл жерді керейге қоныс ете
қоймас»,—деп ойлады да, жер шолып, бірақ әрекет, ізденіс
жасағаннан кейін қоныс аударады.
Жаңа қонысқа елін жайғастырып болған соң, керейдің бас­

ты адамдарын қасына ертіп, бұрын-соңды адасқан, ауысқан
малдарын қайтарып алу үшін Жәнібек батыр Қаракесек еліне
келеді.
Қаракесектер қаймықса да, сыйласа да, әйтеуір батырдың

алдынан көлденең шықпайды, қарсы келмейді. Жәнібек болса
үй тіккізіп, сойыс сойғызып, өз алдына беймарал жата береді.
Сәлем бере келген адамдармен шешіле сөйлесе де қоймайды.
Өзінің дегені болмаса, әйгілі «бітім жоқ» деген шешімін бір-

ақ айтады да, дегенін істетеді. Сөйтіп, осылайша қаракесек­
тер тоқыраңқырап тұрған кезде Қаз дауысты Қазыбек бидің
немересі Тіленші келеді. Жәнібек Тіленшінің сәлемін алмақ
түгілі, көз қырын да салмайды. Басында жастық, астында

көпшік, қисайып, қырын қараған қалпында жата береді.
Сонда Тіленші тамаған бір кернеп алып:
Батырлар туралы аңыздар

батырлар  туралы  аңыздар

—Апыр-ай! «Тәкәппардың тәубасы қабыл болмайды, кеудесі

көрге сыймайды» деуші еді, Мейрамның аталы төрт баласы­ның
бірінен шықсаң, бүйтпес едің. Біріміздің күңнен, екіншіміз­
дің құлдан туғанымыз-ау, тым болмаса дұрыстап сәлемдесе
алмағандығымыз,—депті.

Ақырындап келіп бір бүйірден оңдырмай атқан мыналары
кім?—деген Жәнібек басын жастықтан жұлып алып, әрі қарай
былай деген екен:

—Қаракесектің ері туған екен,

Елі белін бекем буған екен.
Ел шетіне жау келсе,
Мінеки, шабар тайы туған екен.
Ерлі тай құнан болады,

Ерсіз тай тулақ болады.
Кел, қасыма отыр!
Жәнібек осылай депті де, Тіленшіні қасына отырғызып­ты.
Содан былай қарай Тіленші биді елі де сыйлайтын болып­ты.

Сол күннен бастап ол ел арасында құрметке бөлене беріпті. 55. Ер Жәнібек пен Тіленші би

Қарқаралыда болған бір жиында керей Ер Жәнібек ше­
шендерді сөзден жеңе беріпті. Бір ақсақал:

—Керейдің бір шалынан жеңіліп қалдыңдар ғой. Әлгі Ті­лен­

шіжан қайда?—депті.
Шақырушы барып, Тіленші жүрмек болғанда, әкесі Бекбо­лат:

—Ол бір ноқталы қара қабан еді, балам, оқыста шалды­рып

алма, байқап сөйле,—дейді.
Тіленші кіріп барғанда, үйдегілердің бәрі орындарынан
тұрып құрмет көрсетіпті. Жалғыз-ақ Ер Жәнібек елемеген
болып теріс қарап, жатқан қалпынан қозғалмапты. Сонда

Тіленші:

—Бұл ақсақалдың әкесі Бердаулет он екі абақ керейдің жа­

маны еді. Жаманнан жақсы туды деп жатқан түрі ме бұл? Төре­
нің біреуін басына жастап, біреуіне аяғын салып жатысының
жаманы-ай,—дейді екі төре нәсілді кісінің елемей жатқанын

тарихи  аңыздар
кекетіп. Сонда Жәнібек жұмған көзін ашып, қолын қабағы­ның
үстіне қойып:

—Бұл қай ұл?—дейді.

—Бұл—Тіленші балаңыз,—дейді біреу.

—«Жаманмен дос болғанша, жақсымен қас бол» деп еді, ба-

лам, тауып айтты-ау! Менің көрмегенім жоқ еді. Мен қазақты
көріп едім, қалмақты да көріп едім. Он бесімде қызды көк
бұқадай қуып едім, жиырма бесімде қолымды жау қанымен
жуып едім, отыз бесімде үш жүздің баласын қара сөзбен буып

едім. Он екі арыс арғынның артығы еді Бекболат; Бекболат-
тан мен тусам қандай болар едім? Он екі абақ керейдің төмені
еді Бердаулет, Бердаулеттен сен тусаң қандай болар едің?
Мен мүсіндей отындық ағаштан шыққан оқ емес пе едім. Сен

жақсыдан жаман туған боқ емес пе едің?—дейді.
Ер Жәнібек қартайған кезінде: «Бұл жер қазаққа қоныс
болмайды» деп қаракерей Қабанбай екеуі біржаққа бір көшіп,
бір қайтып, ақыры аумай қалады. Сол әуре-сарсаңда жүрген­де

бір жолы Жәнібек Тіленшінікіне келіп қонақ болады. Тілен­ші
жүрерінде Жәнібекке:

—Батыр, көңілге алғаныңыз бар ма?—дейді.

—Тіленшіжан, сүйек жаңартып құда болсақ қайтеді?—дейді.

Тегінде Ер Жәнібектің нағашысы қаракесек болса керек.
Сонда Тіленші:

—Сен жапанға біткен шынарсың,

Қазаң жетіп сынарсың.
Ойда-қырда сынған соң,
Орныңды қайдан табармын?
Мен қалың қара тоғаймын,

Табылуға оңаймын!—
деп Жәнібектің артында орнын ұстайтын жөнді жұрағат
жоқтығын бетіне басып, өз тұқымының көптігін айтып, баяғы
есесін қайтарыпты.

Сонда Жәнібек: «Көрген түсіме қарағанда, мен кісіден
жеңілсем, өлмек едім, ай, қазам жеткен екен, еліме жетіп
өлейін»,—деп еліне қайтыпты. Сонан көп кешікпей қайтыс бо-
лыпты.

батырлар  туралы  аңыздар 56. Жәнібек туралы

Тіленшінің «Түбіңіздің бір шикілігі бар-ау» дейтін әзілі­
нің, Жәнібектің «Мен жақсының атқан бір оғы емеспін ба?»
дей­тін сөзінің мәнісі былай екен.
Шақшақ Жәнібек жолаушылап келе жатып керейдің бір

үйіне қонады. Үйде бір кемпір мен келіншек қана болады.
Кемпір батырды сырттан киелі кіс деп еститінін, келінінің біраз
жылдан бері бала көтермей жүргенін айтып бата сұрайды. Ба­тыр
ықылас білдіріп, бата береді. Келіншек кейін құрсақты бо­лып,

ұл туады. Кемпір «жақсының шарапаты тиді» деп немересі­
не батырдың атын қояды және жеті жасқа келгенде батыр­ды
шақыртып сынатады.
Жәнібек баланы жалаңаштап көріп, «қатарынан кем бол-

мас» дейді. Және өкіл әке болып: «Он жетіге толғанда келіп,
еншісін алып кетсін»,—дейді. Бала ержеткен соң іздеп барса,
батыр қартайып, қолынан билік кеткен кезі екен. «Еншісіне бір
айғыр үйір жылқы беріңдер»,—десе, балалары қимапты. Ба-

тыр баладан қалағанын сұраса:

—Сауытыңызды қалап келіп едім, бірақ оңашада атып

көргенімде саржай өтіп кетті,—дейді бала.
Босағада шаң-топырақ басып жатқан сауытын қағып-сіл­
кіп, керегенің басына іліп:

—Енді атып көрші,—дейді батыр. Атса, садақтың жебесі

өтпейді.

—Ерді темір сақтамайды, Тәңір сақтайды,—деп, батыр өкіл

баласына «көктерек» дейтін сауытын сыйлапты.
Сосын жылқысын аралатып бір бурыл тайға бұғалық тас­
татып:

—Балам, жылқының жүзін алма, бірін ал! Жақсы ат жауға

тастамайды. Жолдастың мыңын алма, бірін ал, мың қолды бір
ер бастайды,—деп Шақшақ Жәнібек батыр өкіл баласына ба­
тасын беріпті.

57. Шақшақ Жәнібек батыр

Шақшақ батыр жорыққа он алты, он жеті жас шамасында
қатыса бастапты. Бұл тұста қазақ қолы Еділдің бергі бетіне
жетіп іркілсе керек. Әржақта бұлардың келуінен бейхабар жау

тарихи  аңыздар
әскері жатады. Асау өзенге алғаш ат қоятын жүректі жан шыға
қоймай, бергі беттегілер аз-кем аялдап қалады. Сол сәтте ала
тай мінген бала жігіт өткелге бірінші болып қойып кетеді. Оны-

сымен қоймай бұрын-соңды естілмеген ұранды ауызға алады:
«Аманжол, Аманжол!»
Жас жігіттің соңынан бәрі ат қояды. Сол жолы бұлар жау
жағасының тас-талқанын шығарып, пайдаға шаш етектен

кенеледі. Жеңіс қызығы басыла бастаған тұста ғана манағы
жас батыр еске түседі. Беймәлім ұранның иесі кім екенін білгі­сі
келеді жұрттың.
Сөйтсе, бұл жігіт кіші Арғыннан тарайтын Ермен әулетінің

үшінші ұрпағы—Шақшақ екен. Ал, ол ұран еткен Аманжол—
баланың өз әкесі болып шықты. Сол күннен бастап тоқал ше-
шеден тарайтын Арғын рулары үшін Аманжол ұранға айналды.
Бұрын олар басқа арғындар секілді Ақжол ата есімін дабыл етіп

келген еді.
Алғашқы қадамынан-ақ көзсіз ерлік танытып, жаудың
бас батырын найзаға іліктірген Шақшақ Есім ханның ерекше
құрметіне бөленеді. Бірте-бірте ол сол дәуірдің бас батырына

айналады.
Шақшақ батыр өзінің айтулы замандастарының бірінің
қызына құда түсіп, қызға өзінің алты ұлының ішінен қалаға­
нын таңдауға ерік береді. Алтауы да ақ берен жігіт, басқа бесеуі­

нің жауынгерлік даңқы атырапқа жайылып жатса да, қыз Кө­
шейді таңдайды. Қыздың жеңгесі:

—Сен Шақшақтың батыр ұлдарының бірінің етегінен ұс­

тамай, мал соңында жүретін нәуетек Көшейге неге қы­зық­
тың?—деп кінәлағанда, қыз:

—Сендер ештеңе аңғармайды екенсіңдер ғой. Көшей қой

бағып жүргенде, оның үстінен үнемі ақбауыр бұлт ере көшіп
жүреді. Аспан мен жерді жалғастырған өңге жанды көрген
емеспін,—дейді.
Көшей де бәйбішесін ерекше құрмет тұтыпты. Екеуінің

бір-біріне сыйластығы тұстастары арасында аңыз болып тара-
са керек. Бақытты да, баянды жұбайлық өмірдің аз-кем үзік
тұстары да бар екен. Бірде батырлар жорықта жүргенде, ауылды
қалмақтар шауып, біраз қыз-келіншекті әкетеді. Бұрын соңды

мұндай сұлу кезіктірмеген қалмақ ханы Көшей батырдың жар

батырлар  туралы  аңыздар
төсегін қызықтағанына ай толмаған қалыңдығына еріксіз неке
қидыртады.
Буыны беки бастаған, он жеті жасар Жәнібек алдымен

ата-анасының жұмсауымен туған нағашысы Ұлы жүз Бектас
қарияға келеді. Ол кісі он екі айғыр үйір жылқыдан таңдап
жүріп, бәсіре ат мінгізеді. Бесті шыққанша жүген, құрық
тимеген асау күреңді мініп, енді Жәнібек Қаракерей соқыр

Абызға келеді. Бұл кісі сол кездегі Орта жүздің батагөйі болса
керек. Мән-жайды білгеннен кейін жүз жиырма алты жасар
қария:

—Ел бастап, жұрт алайын деген ұл екенсің! Сөз бастап, би

болайын деген ұл екенсің! Алдыңа келсе, әділдігіңді аяма—
аямағың кетпес алдыңнан, қол бастап жол алайын деген ұл
екенсің. Жолдастың мыңың алма, бірін ал—мың кісіге бір
кісі олжа салатұғын, олжаңды аямасаң—жолдасың кетпес

жаныңнан. Жас күніңде қалың бер де, қатын ал, жігіттің хан
болатын, қыздың ханым болатын уақыты сол,—деп батасын
беріпті.
«Шын тұлпар шабысынан, сұңқар самғауынан» белгілі бола-

тыны сияқты, алысқа құлаш сермейтін ұл алғашқы қадамынан-
ақ сезіліп тұрады ғой. Ұлы жүздегі нағашысынан жиенқұрық
алып, Орта жүздің батагөйінен ақыл тыңдаған балаң жігіт
Жәнібек қазақ ошағының үш бұтын түгендеу мақсатында Кіші

жүздегі керейт руының дуалы ауыз ақсақалы тоқсан жасар
Тайған қарияға сәлем бермекке келеді. Бұл кісі қырсықтау
мінезді адам екен. Оған өкпелеп кері бұрылып бара жатқан
Жәнібекті тоқтатып, Тайған қарт мынадай тілек айтқан деседі:

—Атыңнын басын бұрма, солай тұр! Мінезімнің қиясты­ғы­

нан бір ауыз сөзбен көңіліңді қайтардым. «Өгізді өрге сал­ма—
қанатың талар, жаманға жүзің салма—сағың сынар» деген осы.
Қырсық шалдың басқасынан бас тартсаң да, осы ақылын есіңе
тұт!—депті.

Бұл сапарынан Жәнібек ауылына түлеп оралады. Жүрген
сапары жайлы айтқан жүйелі әңгімесін, дана қарттардың
баға жеткісіз лебіздерін естіген әкесі Қошқар батырдың да
көңілі өседі. Ол ұлын ертіп, сол жылы көктемде Қарақұмға

сауын айтып, шақырылған үш жүздің ру басылары жиналған
төбе жиынға келеді. Бас қосуға қазақтың бар игі жақсылары
кел­ген. Дүйім қазақты бір шаңырақтың астына ұстаған әз

тарихи  аңыздар
Тәуке, ат­тары аңызға айналған билер Төле, Қазыбек, Әйтеке,
жауға жасындай тиген батырлар Қаракерей Қабанбай мен
Қанжығалы Бөгенбай—бәрі осында. Әсіресе, осы жиын бары-

сында басқа батырлардан сәл егделеу Бөгенбай жұрттың бә­
рінің жүрегін жаулап алғандай. Ол өзгені сөзімен де, ісімен де
ерте алатын батыр екен. Халық кегін кестелі тілмен жеткі­зіп,
жоңғарға шешуші соққы беретін кезең туғанын ұғындыра біл­ді.

Жиналғандарды ұйытқаны соншалық—басқа жұртқа сөйлей­
тін сөз де қалмағандай, көпшілігі бас изеумен отырды. Сол жи-
ында жоңғарларға қарсы кең көлемді жорықты тез арада бас­
тау ұйғарылды. Біріккен жасаққа қолбасшы болу Қанжығалы

Бөгенбайға тапсырылды...
Сол жақтағы үлкен бір қолды Қабанбай батыр басқарды. Он
жеті жасар Жәнібек осы қолға қосылды. Он сегізінші ғасыр­
дағы қазақ батырларының ішіндегі ең айтулылары саналатын

үшеуінің бірге аттанған тұңғыш жорығы осылай басталды.
Алда ерлік жолдары күтіп тұрған еді. Мұнан кейін ақындар мен
жыраулар бұл үшеуінің жұптарын жазбай жырлайтын болды.
Россиядан қашқан торғауыттарды қуған қазақтар дем

алуға тоқтайды. Өздерінің жол бақырларына кептірілген жыл­
қы етін асады, жанторсықтарынан су құйып, құрт езеді, қыс­
қасы ер­теңгі ас-суларын әзірлеп, тамақтанып жатады. Бір ша-
тырда Абы­лай, екіншісінде тәкәппарлығымен мәлім Шақшақ

Жәнібек батыр отырады. Батыр қаннен қаперсіз шылым тар-
та бастағанда, бір қазақ жігіті қасына келіп: «Жәнібек батыр,
темекі түтігіңізді бері беріңіз» деп ат үстінен қол созады.
Жәнібек бұған назар аудармағансып, әрі жақтырмағанын

сездіріп түтіктегі темекіні өкшесіне қағып, асықпай қалтасы­
на салып қояды. Хан мен батыр кешікпей атқа қонады, әр ру өз
туларының астына сапқа тұрады.
Дұшпанның күшін анықтау үшін: «барлауға кім барады?»—

дегенде, манағы түтік сұрайтын жас жігіт бірінші болып шы­
ғады. Барлаудан келген соң Жәнібек:

—Жау көп пе екен?—деп сұрағанда манағы жігіт:

—Қорқаққа көп, батырға аз,—деп жауап береді.

Соғыс басталады, қалмақ қолы он мыңдай адам екен.
Қазақтар ойсырай шығынға ұшырайды, ақырында қаша жө­
неледі. Жаудың алдында астында түндей қара аты бар ұзын бой­
лы қалмақ қазақ қатарына кіріп, бірнеше кісіні аттан түсіреді.

батырлар  туралы  аңыздар
Осы топтың ортасында келе жатқан Жәнібек: «Апыр-ай, мына
сұмырайды құртатын бір қазақ тумаған екен-ау!»—дейді дауыс­
тап. Сонда манағы жігіт топтан суырылып шығып, артқа жалт

бұрылып, садағын толғап қалады. Қалмақ теңселіп барып, ат-
тан құлап түседі.
Ту көтерген қалмақтың құлауы дұшпанның үрейін ұшы­
рады. Қазақтар осыны пайдаланып, қайырыла соғады. Сөй­

тіп, жеңісті жаудан тартып алады. Сонда ғана түтінін қайыра
тұтатқан Жәнібек Тархан жас батырды өзіне шақырып:

—Батыр, міне, шылым тартатын уақыт енді болды,—деп

түтігін ұсынады. Тарақты Байғозы батырлық жолын осылай
бастайды және сол уақыттан оның аты жұртқа мәлім болады.

58. [Жәнібектің Уақ Бармақты сынауы]

Тосын деген құмайт жер бар. Осы жерді бір кездері қалмақ
жұрты мекендеген екен. Қалмақтың Садырбала деген батыры
күнде Қарсақбасының басына шығып алып, қазақтарды жекпе-
жекке шақырып мазалай беріпті.

Сонда өзі батыр, мәмлегер, қалмақты ел шетінен көшіруді
ойлап жүрген Шақшақ Жәнібек Тархан жекпе-жекке шығатын
Уақ Бармақты алдыртуға шақырушы адам жібереді. Бұл кез-
де Бармақ Нарын құмы жақта тұратын болса керек. Қос атпен

кеткен шақырушымен Уақ Бармақ үш тәулікте Қаракөл—
Қарсақбасыға жеткен екен.
Келгеннен кейін Уақ Бармаққа Шақшақ Жәнібек барлық
мән-жайды түсіндіреді де:

—Жекпе-жекке демалып, ертең түсесің бе, әлде бүгін шай­

қасып көресің бе?—дейді. Бармақ:

—Қазір шығамын,—депті. Жәнібек келісімін беріп:

—Сенің Сандалкөгің шаршап келді ғой, менің Қазмойын қа­

ра тұлпарымды мін»,—деп ұсыныс айтады.
Сірә, қырғын, қантөгіске жол бергісі келмесе керек, ел ара-
сында Шақшақ Қошқарұлы Жәнібек қалмаққа айтқан екен де-
ген мынандай сөзі бар:

—Екі батыр жекпе-жекке шықсын. Қай жақтың батыры

жеңсе, со жақтың дегені жүреді!

тарихи  аңыздар
Қарсақбасының (Шың-тау) дәл төбесінде қазақтың батыры
Уақ Бармақ пен қалмақтың батыры Садырбала жекпе-жекке
кездескен бетте, қалмақ батыры атын бұрып алып, кейін қарай

қаша жөнеліпті. Ал Бармақ батыр қашқан қалмақтың жолын
кесіп, алдынан келіп шаншып түсіру үшін ұмтылғанда, жаңа­
ғы астындағы аты Қазмойын қара тұлпар жете алмай қала­
ды. Ол кезде қашқан жауды желкеден соғу батырға мін болған

көрінеді.
Содан Бармақ батыр қайтып келіп, өзінің Сандалкөк ар­ғы­
мағын ерттетіп, қалмақты жекпе-жекке қайта шақырады.
Қалмақтың батыры Садырбала бірінші рет қашып барғанда

қалың қол «Не болды?» деп сұрапты. Садырбала:

—Халқым, сендермен қоштасайын деп келдім. Осы жолы

менің ажалым жеткен шығар. Осы келген Уақ Бармақ батыр
болса керек,—дейді.
Екінші жекпе-жекте тағы қаша жөнелген Садырбаланың
алдын орап келіп, қақ маңдайынан Уақ Бармақ батыр шан­шып

түсіріпті. Қалмақтың батыры өлген Қарсақбасыда «Садыр­бала
сайы» деген сай бар. Бала кезімде ол сайды көргенмін. Қазір де
білемін:
«Ақ шабағы май татыған,

Қара суы бал татыған
Қайран Тосын қалдың ба?»—
деп қалың қалмақ жер ауған екен дейтін.

59. Жәнібек би

Абылай жоңғар шапқыншыларымен соғысып жүргенде, он
сегіз жасар Жәнібек қолды артынан қуа келеді. Келсе, қазақтар
бытырап, аты барлыққан Абылайға шапқыншылар жақын­дап
қалған екен. Жәнібек атынан түсіп, астындағы көк дөненін

ханға көлденең тартады.

—Қарағым-ай, өзің қайтесің?—дейді Абылай.

—Сіз қолға түссеңіз, ел басшысыз қалар, мен қолға түссем,

қазақтың бір әйелі ұл табар,—дейді жігіт.

батырлар  туралы  аңыздар
Абылай тың атқа мініп, қуғыншылардан құтылып кетеді.
Бір қалмақ батырының атын аударып мініп, қоршаудан Жәні­
бек те аман шығады.

—Бала, ат бергеніңнен сөз бергенің асты ғой, осы жолғы

олжаның басы сенікі. Кәне, менен бір қалағаныңды алшы,—
дейді хан Жәнібекті ұрыстан кейін тауып алып.
Абылай екі айтқанда үндемей, үшінші айтқанда Жәнібек:

—Тақсыр, бір басыма жетерлік дәулетім бар, оң тізеңізден

орын берсеңіз болады,—дейді.

—Батырға орын бер, мана не сұраса да бір тілегін берермін

деген уәдем бар еді,—дейді Абылай оң жағында отырған биіне.
Би бір айтқанға орнынан қозғала қоймай, екі айтқанда Жәні­
бек­ке ала көзімен қарап:

—Әкең алдына қойған асты жөндеп іше алмайтын атаның

аяғы еді. Саған хан қасында не бар, атқосшы болсаң да жетпей
ме?—дейді.

—Жақсының жанына арашашы болдың ба, жаманның ма-

лына қорғаншы болдың ба? Екі ауыз ескі сөз білдім деп, хан
қасында отыруға сенің нең лайық? Хан екі айтса, қадір кетеді,
қара екі айтса, ары кетеді. Бір құшақ қу ағаштан бір оқтық
қайың шығады. Әкем жаман болса, сондай-ақ болар, былай

тұр,—деп, биді қолынан ұстап тұрғызып жіберіп, ханның оң
жағынан орын алады. Жігіт содан бастап белгілі батыр, билер-
мен басқыншыларға қарсы қол бастап, жорықтарға қатысады,
«Ер Жәнібек» атанады.

60. Батырдың тууы, жас шағы

Жәнібек батырдың әкесі Бердәулет Арғынның қаракесек
руынан шыққан Қазыбек бидің қызымен үйленгеннен кейін
әйелі бірнеше жыл бала көтермей жүріп, соңында Жәнібекті
көріпті. Перзентке зар ата-ана жас нәрестенің шілдехана то­

йын жасап, болашақ батырдың алғашқы таңын әнмен атыра-
ды. Әйелдерді шақырып, қалжасын беріп, ат шаптырып, бесік
тойын жасайды.
Әкесі Бердәулет баласына ат қойғызарда Арғынның шақшақ

руынан шыққан қарт Жәнібекті жорықтан келе жатқан жо­
лынан тосып, сәлем беріп, қуанышты көңіл күйін айтады.

тарихи  аңыздар
Балаға зар болып жүрген Бердәулеттің тілегіне бар ықыласын
берген Шақшақ Жәнібек оның үйіне түседі. Қуанышты ата-ана
ағынан ақтарылып, адал ниетімен, «ақсарбас» қойын айтып

сойып, қарсы алады.
Ақ күндікті ана мен айыр бөрікті ата аяулы көретін аруақты
батырлары Шақшақ Жәнібектен: «Баламызға ат қойып беріп,
аруағыңызбен қорғай жүріңіз»,—деп тілек етеді.

Ата-ананың қуанышынан жүрегі тебіренген батыр бесікті
алып, бесік көрпені ашып, балпанақтай баланы көріп, тебірене
бата беріп бүй дейді:

—Керей деген елің көп,

Ел айналар шешен бол!
Жағаласар жауың көп,
Жауға шапсаң, есер бол!
Ел ішінде дауың көп,

Жұрт алдында көсем бол!
Жабылған жауды жапырып,
Шайқасқанда есен бол,
Жекеге шықсаң желденіп,

Жауыңның басын кесер бол!
Сонан соң бетін сипайды да, ата мен анаға қарап:

—Бесігін көтергенде көңілім толды, өз атымды қояйын,

аты Жәнібек болсын! Біреулерге атын ататып боқтатпа, ат жа-
лын тартып мінгенде алған бетінен тоқтатпа!—дейді. Шақшақ
Жәнібекті пір тұтып сыйынған ата-ана:

—Әмин!—деп бетін сипайды. Жәнібектің әкесі Бердәулет

жастай дүние салғандықтан, Қазыбек би жиені Жәнібекті ат
жалынды өсіруді ойлап, өз қасына алады. Сөйтіп, Жәнібек­
тің балалық шағы нағашы атасы—Қазыбек бидің қолында
өтеді.

Шаруашылығының ең үлкен тірегі мал болған қазақ халқы
төрт түліктің ішінде жылқыны «саусам—сауыным, жауға
аттансам—кезең асар керігім»,—деп қадыр тұтып өсіретін.
Сырттан келген жау-жар да, ұры-қары да алдымен жылқыға

тиетін. Сондықтан қазақ халқы: «жылқы соқса—желдікі,
қуса—жаудікі» деп, мал ішінде қораға айналатын жатын мал-
дан гөрі, жылқыны алабөтен жақсы көретін, осы түлігіне көз

батырлар  туралы  аңыздар
қырын ерекше салып, атан жілікті, атпал азаматын жылқы ба­
ғуға шығарып, жасынан жалт қаратқан ұлын отарға жіберіп,
асаудың жалында, ақпанды дауылда өсіретін. Оған жарама­ған

жасты кезең аса алмайтын, ұйқысын аша алмайтын, аяғын баса
алмайтын жасық санайтын.
«Кісі болар кісіні кісесінен, кісі болмас кісіні мүшесінен
таниды» дегендей, адам тегінің тап басып сөйлейтін сыншысы

Қазыбек би жиені Жәнібекті алысса, білегі бар, арбасса, жүрегі
бар, ақыл мен жігері бар жан деп таниды да, бетінен қақпай,
талабын тойтармай баулиды. Ат жалын тартып мінуге жараған
кезінен бастап жылқышыларға қосып отарға жібереді. Сөйтіп,

бала Жәнібекті жылқы іңіртінің жесегімен жетілдіріп, сары
аязға салып ширатып, салбуырындағы қанды көз қыранша
бауы­рын аштырады. Сол ортада жүрген кезінен-ақ Жәнібек­
тің іс-әрекеті ел көзіне түсіп, аңыз болып тарап жатады. Сол

аңыздың бірі Жәнібектің екі көкбөрісі туралы еді.
Халық Жәнібектің көкбөрі қонған киелі батыр санайды. Ол
туралы нағашы жұрты жағынан тараған мынандай аңыз бар.
Қазыбек би отардағы малына барып, амандығын білуді ойлай-

ды. Әр жылы қыста қос-қос атты жолдас ертіп, жол бойы қыран
құстарына аң ілдіріп, сол бетінде отардағы жылқысына дейін
барып қайту бидің әдеті екен. Жас кезінде батыр болып, желдің
өтінде, жаудың бетінде жетілген Қазыбек енді би атанып, ел

басқарып, қазақ хандарының ақылшысы болып жүргенімен,
қыста салбуырын құрып, отардағы малына барып, амандық
жамандығын көзекі көріп қайту әдетін тастамапты. Көшпелі
қазақ байларының үлкен байлығы тек мал еді. Ол банктегі

ақша, сандықтағы алтын сияқты салулы құлпы, соғулы
қорғаны бар дүние емес, кезең асса, көз жаздыратын, сынап-
тай толқып тұратын байлық болғандықтан, байлар қос қолын
малдан ала алмайтын. Сондықтан Қазыбек бидің бұл сапарын

кім көрсе де өрескел дей алмаушы еді. Ал Қазыбек секілді әрі
батыр, әрі ақылман болып өскен кісілерге ақпанның аязын-
да қырау басқан тұлпарды бар тебінімен ағындатып, аппақ
қарды жосыта тартып жол алудың өзі бір ғанибет сезіледі.

Сол сапарын бастаған би отардағы жылқысына жол алып,
көңілдегі жерін көздеулі уақытында басып келе жатыпты. Таң
қараңғылығы серпілмеген, есекқырған жұлдызы төбеге таяп
қалған кез екен. Үйреншікті мекенінде топ-топ сексеуіл өскен

тарихи  аңыздар құмды төбелердің баурайында таңғы жусауындағы жылқы­лар үйір-үйірімен тыныштық алып тұрады. Жылқыға жетіп келген би құсбегі, саятшы серіктерін қосқа жібереді де, өзі бірер жолдасымен жылқысын аралап, жылқысының межесін байқап, күйін көре бастайды. Белгілі-белгілі айғыр үйірлерін тұра қалып түстейді, тіпті жа­ бағыларын санап, жылқының таңғы жусауына қарап күйін байқайды. Сөйтіп келе жатқанда таң да атады. Бидің көзі тебіндегі жылқының қарсы алдындағы бір биік құмның бауы­ рында қаңтарулы тұрған тобылғы торы айғырға түседі. Жыл­ қышылардың алғашқы кезіккені де осы екен. Таяп келген би үстіндегі қара киізден тіккен кебенегін астына салып, қой етігін шешіп, атының шылбырын жамбасына басып ұйықтап қалған Жәнібектің үстінен арлы-берлі екі көкжал бөрі секіріп түсіп ойнап тұрғанын көреді де, қатты көңілденіп, көңіл күйі толқып, ежелгі әдетімен былай толғайды: «Аруақты батыр боларсың, Алысқан жауды аларсың. Еліңді ел етерсің, Ежелгі жерге жетерсің. Егіз бөрі тұрғанда, Екіленбей нетерсің?!» Абақ елі қос бөрі иесі бар деп аңыз ететін Жәнібекті ақылойлы би деп таниды да, былайғы жерде оны қолтығына алып, баурына басып мәпелеп, қанаттыға қақтырмай, тырнақтыға ілдірмей өсіреді. *** Жәнібек он сегіз жасқа шығып күш-қайраты толысып, ел алдына, ер қатарына ілінген кезде Жоңғар шапқыншылары қазақ жеріне шабуыл жасамақ болады. Бұған қарсы Орта жүз ханы Әбілмәнбет үш жүзге сауын айтып, атшабар аттандырып, қол жияды. Абылай сұлтан қолбасы боп аттанады. Соның алдында ғана «Ақтабан шұбырынды...» болған елдің есінен Жоңғар ханы Суан Рабданның қанжоса ғып қырғындаған қорлауы әлі кете қоймаған еді. Ер азамат біткен ереуіл атқа ер салады. Бұл кезде жерортасынан асқан Қазыбек би өз елінің қолбасын сай-

батырлар  туралы  аңыздар
лап, сарбаздарына сәтті жол тілеп, аттандырып жатады. Сон-
дай қарбалас күннің бірінде орданың есігін айқара ашып, «Дат,
тақсыр!»—деп кіріп келген, жас жігітке би селт етіп тігіле

қарайды. Қарсы алдында шарайнасын киіп, жау жарағын асын­
ған жиені Жәнібектің тұрғанын көреді. Ол бір тізесін бүгіп:

—Дат, ата! Ел ішіне жау тиді, ер азамат атқа қонды. Ер аза-

мат қатарында Абылайға сарбаз болып үлкен жолға аттанайын
деген ойым бар, ақ жол тілеп, ақ батаңызды беріңіз,—дейді.
Мына тілек биді ойландырып тастайды. Алтын тонын иығына
қайта жамылған Қазыбек:

—Қарағым Жәнібек, елге берген батамды өзімнен неге ая­

йын. Ер азамат етіп өсіріп, ел-жұртыңа қосайын деп едім,
жасыңа жетпей жау тілеме, қарағым!—дейді. Сонда Жәнібек:

—Ата, он сегіздегі жас қандай жас?

Өзіңізден қалған жас.
Айқасқан жауды алған жас,
Алдыңа жаяу салған жас,—
дейді. Жәнібектің бұл сөзінде бір сыр бар еді, «Қорушыны то-

рушы алады» деген бір сөз бар. «Күзеуге созыла көшіп, күн
еңкейе жетіп, Үлкен Қолатты бойлай қонған туыстас ауылдар
жылқысын қолаттың басындағы тұйыққа салып, жау келетін
ауызды өздері алып, жайбарақат жатып қалады. Ел көзі ұйқыға

бара бергенде, ауылды басып келіп қалған қалың жылқының
дүбірінен уда-шу болады, ауылдың үстін бастыра жылқы қу­ған
жырынды жау жылқышылардың бекітулі аттарын да ілестіре
кетеді. Жауды қуып, жылқыны айырарға қолында тігерге тұяқ

қалмаған ел бос сарпалдаңға түсіп, жылқысын көпе-көрнеу ай-
дап кеткен жауға қарсы шыға алмай, қайраты мұқалып, дің­кесі
құрып, қарадай қор болып қалады.
Бірақ жылқы соңынан жас жігіт Қазыбектің бас білгі ақбас

тайлақпен кеткенін ешкім де білмеген еді. Қазыбек сол ақбас
тайлақпен жылқы соңынан жеткенде есік пен төрдей бурыл
атты, айбалтасын көлденең ұстаған, еңгезердей біреу аз тосып
тұрады да, желбегей шапанды бала жігітті бойына да тоғытпай,

бурыл аттың басын жолға салып, тиіп алған жылқысының
соңынан еркімен аяңдатып жүре береді. Жол тосып, кешеуіл­
деп келе жатқанына қарап, жортуыл басы осы болар деп ойлаған

тарихи  аңыздар
Қазыбек оған абайлай қарайды. Басында дулығасы, белінде
сапысы бар, сырт бейнесі шойыннан құйған алып қара құман
секілді батырдың менменсігенін байқап қалған Қазыбектің

жүрегінде намыс оты бұрқ ете қалады. Ызасын ақылына жең­
дірген ол алдындағы темір құрсанған адуын дұшпанның тиімді
жерін көздеп келеді. Дұшпанның алкеуде, аусарлығы—сәт
балғасының соғылған жері еді. Қолында шолақ сапты найза-

сы да жоқ Қазыбектің көзі ал деген жерден оның беліндегі
сапыға түседі. Тайлақпен таяй берген Қазыбек қолындағы қара
сырығын жерге тірей секіріп, көзді ашып-жұмғанша бурыл
аттың артына міне түседі. Күтпеген жерден сап етіп жабыса

қалған қуғыншыдан сасқалақтап қалған батыр ұзын сапты най-
замен ештеңе өндіре алмайды. Сапыға көзін тіге атылған бала
жігіт бурыл аттың арқасына тақымға тиген заман дұспанның
қаруын суырып алып та үлгіреді, жанды жерінен тиген өткір

сапыдан ат иесі құлап түскен кезде бурыл атқа орнығып алған
ол жауының найзасын жерге түсірмей қағып алады.
Бурыл атпен майдан тартқан жас батырды көрген жау айқа­
са кетуге батпай, бет-бетімен жылқыны тастай қашады. Аты

мен күші сай келген Қазыбек жауының бірқаншасын түсіріп,
жылқысын айырып алып елге қайтады».
Осы отырысында Қазыбек би Жәнібекті бұғанасы қатпаған
жас, сүйеніші жоқ жалғыз деп аяп отыр еді. Енді Жәнібектің

әлгі сөзіне қарым қайтара алмай қысылған бейне байқатады.
Қайрандап қалған атасына ренжіген Жәнібек:

—Он сегізге келгенше жігіт болып жетіле алмады дегеніңіз бе?

Желкілдеген тудан, жер қайысқан қолдан қалдырғанда, мені бір
от басын айналған көбелектей көргеніңіз бе?—деп құсалана сөй­
леп, шыға жөнеледі. Оның шын ашуын көрген көзғарақты би:

—Мынаның көкбөрісі ұстаған екен, рұқсат бермесем,

құсадан өліп кетер, немесе батасыз кетіп жүрер,—деп қайта
шақыртып алады. Ордаға кірген Жәнібек әуелгісіндей иіліп
бата тілеген­де, Қазыбек би:

—Қол басқарсаң, жолың киелі болсын! Ел басқарсаң, сөзің

киелі болсын. Көк бөрің қолдай берсін!—деп бата береді.
Ата ықыласын алған батыр тұңғыш майданға нағашысы
ырымдап мінгізген көк дөненге мініп, анасынан рұқсат алуға
асыға жол тартады.

батырлар  туралы  аңыздар Шапса, шабысы, жүрсе, жүрісі бар көк дөненнің де дәл бабы­ на келген кезі екен, ащы терін шашқысы келіп, ауыздығын шайнап алысқан жануар батырдың алып ұшқан жүрегіне қа­ нат-құйрық болып сәйкеседі. Анасының ауылына келіп, атағашқа атын іле салған Жәні­бек үйге қарай жүгіргенде ақ күндікті анасы «жолың болсын!»деп тілек тілеп, шашуын шаша алдынан шығады. Ұлының ер аза­мат болып атқа мініп, ер қатарына қосылғанына қуанады, әрі алдында жал, артында құйрығы жоқ жалғызының қан май­данға бара жатқанын ойлап қан жұтады. Нағашы атасынан рұқсат алғанын да естіген болатын. Енді ер көңілді, ақылды ана алдына бір тізерлеп иілген баласының маңдайынан сүйіп: —Мен саған не айтамын, қамырығымды басып, қайғымды жеп айтамын. Артымда белгі қалса екен деймін, қызығыңды көрсетіп, алдыңда алса екен деймін. Саған тілек тілесем, әмісе жолы болса екен деймін. Оқ алдыңнан тисе, анаңның сүтін ақтағаның! Оқ артыңнан тисе, анаңның қарызын жүктегенің! Әуелі қосыңды тап, онан соң досыңды тап. Сен үшін тіленбеген не қалсын?! Жолың болсын, бақытың жансын!—деп ықыласын береді. Шеру тартып кеткен қолдың соңынан күн-түн жүріп қуып жеткен Жәнібек Керей елінің қолбасшысына жолығып, сар­ баздардың бірі боп қосынға қосылады. Анасы айтқан ақылия сөз күн өткен сайын Жәнібектің есінен мығым орын иелей береді. Бір күні қолбасшы батырдың қасында сапысын суырып, жаубүйректі қиялай турай отырып, осы сөздердің мағынасын сұрағанда, қолбасы тақиясын желкесіне қарай сиырып қойып, бүй деп шешеді: —Анаң ана екен ғой! Ана болғанда дана екен ғой. Оқ қайт­пас қас батырдың алдынан тиеді. Қашқан жанның артынан тиеді. Елсіз ер болмайды, ер серіксіз болмайды! Ақылды ананың сөзін тоқсан толғап ойланған Жәнібек өзін өмірдің өріне салып, халқымыздың ұлттық намысына, елдің елдігі үшін арнайды. Жоңғар шапқыншыларына қарсы алғашқы сайыста-ақ өзін бүкіл қазақмоңғолға таныта бастайды.

тарихи  аңыздар 61. Жәнібек батырдың Абылайдың

оң тізесінен орын алуы
Жоңғар шапқыншыларының қазақ даласын жаулауға мол
дайындықпен, басым күшпен келген қолына қарсы аттанған
Абылай бастаған қазақ қолы да қатты шайқасады. Сан шегі­ніп,

сан жеңіп, ілгерілеудің бірінде қазақ қолы тағы да шайла­ғып,
қаша соғысады.
Өкшелей қуған жауды тосқауылдап, төтеп беріп келе
жатқан қолдың ішінде Абылай да бар еді. Алды жөңкіле қаш­

қан сарбаздың артын соғысқа бастап кіру қиынға соғады, оның
үстіне неше күндік шабыстан қаржалған тұлпарының да аяқ
алысы шабандай түседі. Осыны байқаған Жәнібек бір бүйірден
ұшыртып келіп, Абылайдың алдын кес-кестеп тұра қалады да:

—Алдияр тақсыр! Атыңыз қаржалған екен. Менің аты-

ма мініп сарбаздардың алдын тоқтатыңыз. Өйтпегенде қуған
дұшпан құтқармайды. Жалғыз соғысып жау алған кісіні атам
қазақтан көрген емеспін,—дейді.
Бала жігіттің сөзін лайықты көргенімен, ат ауыстыруды на-

мыс санаған Абылай:

—Атың шалымды көрінеді менің атымнан, сен барып тоқ­

тат,—дейді.

—Тақсыр-ай,—дейді оның қатарына келген бала жігіт,—мен

сен бола алмаймын. Ақыратын айбатым, көпке жүретін са­ла­
уатым жоқ, жаудың алдын бөгеп, соғысуға қайратым ғана бар!
Қарулы қолды, жалынды сөзді жас жігітке жалт бұрылған
Абылай оның сөзіне иланса да, намысын жібермей жаумен

жалғыз алысуға тағы да дайындалып:

—Жас екенсің шырағым, жау басым, жазым боларсың,—

дей бергенде ашуына мінген Жәнібек қылышын суырып алып:

—Басыңды жауға кестіртіп қанжығасына байлатқанша,

өзім кесіп әкетейін,—деп тап береді. Көзінен от ұшқындап, сөзі­
нен ерліктің ұшқыны атып тұрған жас жігіттен жасқанғанын,
әлде жау-жаламда жанжалды жәйсіз көргенін, немесе қашқан
қолды тоқтат деген кеңесін орынды санағанын кім білсін,

әйтеуір Абылай тұлпарын Жәнібекке беріп, бала жігіттің көк
дөненін мініп, шегінген қолдың алдын тосуға бет дүзейді.
Абылай кетісімен тосқауылдап соғысқан сарбаздардың
бәрі де ат басын бұрады. Тек Жәнібек ғана бірер жолдасымен

батырлар  туралы  аңыздар
кежігулеп, қаша соғысып жаудың қара үзіп шыққан екі баты-
рымен алма-кезек жекпе-жекке шығады, екеуінің басын кесіп
қанжығасына байлағанда, қуған жау қолының беті де қайтады.

Жеңіс тапқан Жәнібек жолдастарын ертіп қалың қолдың
соңынан келсе, арт жағынан хабар тапқан ел абылайшала-
рын тігісіп, жатып қалған екен. Жәнібек Абылайдың қасқа
тұлпарын хан шатырының маңына байлап, өз қосын іздеп таба-

ды да, дем алады.
Ерте оянған Абылайға тұтқауыл-тосқауылдары қанжы­ға­
сында айдарынан айқастырып матаған екі батырдың басы бар
қасқа тұлпардың байлаулы тұрғанын айтады. Арғымақты ал-

дына әкелдірген Абылай:

—Жарайды, жарайды! Бекер адамның басы емес! Жау­

дың да тауы құлап, еңсесі түсіп тоқтаған екен ғой! Мына көк
дөненнің иесін тауып келіңдер,—деп бұйырады. Абылайдың
тұтқауылдары ат иесін іздеп жүріп абақ керейдің қосынан
тапқанымен, керейдің қос басылары:

—Ханға сәлем айт, батыр ұйықтап жатыр, әлі оянған жоқ,—

деп жауап беріп қайтарады.
Екінші рет Жәнібекті шақыра барған тұтқауылдар Абылайға:
«Батырдың үш түрлі тілегі бар екен, соны орындаса барады» де-
ген қос басыларының жауабын апарады. Мұны естіген Абылай:

—Бәсе, солай болар, жау жағадан алған күн, ерлерден ұйқы

қалған күн емес пе!—деп, қасындағы ақылшы санаттары мен
бас батырларына «Сендер не дейсіңдер?» дегендей сұрау сала
қарайды. Жаңа уақиғаға құлақ түріп, жүрген жұрты ерлікті
аңыз етісіп, жас батырды көргісі келген топ: «Жарлық сізден

тақсыр, бірлікті қорғап, батырды қолдаймыз!—деседі. Камшат
бөркін алшита киген Абылай:

—Келсін мұнда, айтсын тілегін,—дейді.

Тұтқауылдардан бұл сөзді естіген Жәнібек керейдің қос ба-
сыларын ертіп Абылайдың алдына келіп:

—Алдияр тақсыр!—деп тағызым етеді.

Санаты мен сардарларын қасына алып, алтын тонын желбе-
гей жамылған Абылай:

—Жаужаламда ер қанаты атыңды көлденең тартып ең, мен

жасақтың алдына кеткенде жауды тосатыныңды қабағыңдағы
қара бұлттай ашудан танып ем. Жауымның сағын сындырып,
сол ойымнан шықтың. «Хан алдының әділдігі—ұйытқысы»

тарихи  аңыздар
деуші еді бұрынғылар. Арман-тілегіңді айт, айтсаң, арылтып
айт!—дейді.
Абылай Жәнібектің жанкешті ерлігіне ерекше сүйсінеді.

Екінің бірінде бола бермейтін бұндай ерлікті көргенде тамам
қолды жинап, топ алдында жар салып, батырды мадақтау
хандардың ежелгі салты ғой. Әрі ержүрек қолбасы, әрі өз за­
манының зерделі саясатшысы Абылайдың батырларды жұрт

алдында дәріптеуі тікелей өз жан дүниесінің сүйініші болса,
тағы бір жақтан тұрақты жасағы жоқ көшпенді елдің хандары
қажетті жасақты әр рудан жинатып алып, жәйшылықта та-
ратып жіберіп отыратын. Бұл жұмысты Қабанбай, Бөгенбай,

Малайсары, Өтеген секілді батырларға сүйеніп істейтін. Саны
аз, салауаты үлкен осы азаматтар әр рудың алтын діңгегі ғана
емес, ел билеген Абылай хан ордасының да алтын діңгегі еді.
Бұланай мен Балқанның арасында кіндік кесіп, кір жуып,

қай жерінің жазы шықса, сол жерді мекендеп келе жатқан
халықты біріктіріп отыру тарихтың сабағы, жаугершілік за­
манның қысымы еді. Халықтың ішкі ала ауыздығы мен дау-
шары да осы адамдардың кеңесімен бітетін. Сондықтан Абы­лай

хан өз хандығын бекемдеу үшін Жәнібек секілді адам­дар­ды
іздеп тауып, қолға ұстайтын. Олардың ерлігін асырып, төрт
құбылаға шашатын. Мынау ретте де бар санаты мен қол­басы
сардарының алдында жас батыр Жәнібектің аз ісін көптей

көріп, мадақтап шығады.
Жас жігіттің ерлігі, Абылайдың оған көрсеткен сый-құр­
меті ертең-ақ жалпақ қазақ елінің түкпір-түкпіріне тарайды,
мы­нау ерлік талай жастың ой-қиялын жебеп, жігерін ұштай­

ды. Абылай хан сол үшін де азаматтың майдандағы абы­ройын
асы­рып, барлық қолдың алдында жариялап, оның ата-ме­кенін
қорғап көрсеткен ерлігін дәріптейді.

—Батырым,—дейді Абылай Жәнібектің аты-жөнін сұрап

болғаннан кейін арқасына қағып,—үш тілегім бар дейсің, енді
сол тілегіңді айт!

—Тақсыр,—дейді Жәнібек,—біз абақ керей деген ел едік, Ер

Қосайдың елінде, Сарыарқаның белінде, Өр Алтайдың төрінде,
қазаққа қорған боламын деп хан Шыңғыстың жолын кескен, са-
уытын жыртқан ел едік. Аман-айласы асқан Шыңғыс қапияда
ханымызды қырып, иесіз қалған елімізді торғайдай тоздырып,

шаңырағымызды шағып, ошағымызды сындырып, күл төккен

батырлар  туралы  аңыздар
топырағымыздан қуған. Сол тозғаннан қазірге дейін еңсе көте­
ре алмай келеміз. Енді Сіздің заманыңызда ел қатарына кеп, оң
тізеңізден орын алсақ дейміз.

Сонда зерделі жігітті байымдаған Абылай хан:

—Сендей ер туған елге оң тізесінен орын бермеген ханда

әділдік бола ма? Тағы бір тілегінді айт!—дейді.

—Абақ деген елім деп оң тізеңізден орын бергеніңіз рас бол-

са, сарбазымызды жиып, сардарымызды сайласам деймін. Най-
замды өткір қайрап, жау алдында ойнатсам деймін.
Абылай Жәнібекті арқаға қағып, ел бастайтын ер азаматтың
сөзіне сүйініш білдіріп:

—Тілегің Алла алдында қабыл болсын! Үшінші тілегіңді

айт!—дейді.

—Еліміз абақ ежелден желбіретіп ту сайлап, желіктіріп қол

сайлаған қордалы ел едік. Енді өз құзырыңызда сардар сайлап,
жасақ жабдағанда түсер төбемізге, шығар тауымызға қадай­
тын туымды белгілеп беріңіз,—дейді Жәнібек. Қалың қолдың
алдында Абылай үш құлаш қаратамақ найзаға сапталған ені

төс жара, қызыл сары жібек шашақты қытайы ақ торғыннан
жасалған үлкен туды ұсынады.
Ақ боз атқа мініп, сауытының сыртынан ақ жамылып тұр­
ған Жәнібек туды қолына алады. Абақ керей: «Тар жол, тай­ғақ

кешуде жанымызды құрбандыққа берсек те Жәнібектің алды-
нан кесе өтпейміз!»—деп ант береді.

62. Абылай ханның Жәнібекті сынауы

Жас батыр Жәнібектің жау алдындағы қайраты аңыз бо­
лып, ел ішіне тез жайылды да, Абылай хан оны жете сынамақ
болады. Сол ойдың орайы бораны күркіреп, жаңбыры сіркі­ре­
ген алай-дүлей бір түнге тура келеді.

Жорыққа аттанған Абылайдың қалың қолы нөсерлі қою
қараңғы түнді жамыла иендегі ағаш бейіттен бірер шақырым
өтіп барып түседі. Күз аспаны сағымша құбылып, бір ашы­
лып, бір тұтылып, нөсер бірде құйып, бірде толастайды. Қо­

лын тоқ­та­тып, шатырын тіккен Абылай Жәнібекті шақыр­
тып алып:

тарихи  аңыздар

—Мына жігіттер суға малшынып, жолсоқты боп шалдық­

қан секілді,—дейді. «Хан шынымен-ақ қайрандап қалғаны
ма?» деп ойлаған ақеділ, аңғал батыр:

—Хан майданда өлсек шаһит дер еді, қарап жатып өлгеннің

не жөні бар? Бірақ түн қараңғы, отын табар жер де қинайды
бізді,—дейді шын қайрандап.

—Ендеше отын іздеп таба алмассың, бағанағы жолдағы

ағаш күмбезді қопарып алып кел!—дейді Абылай.
Екі жолдасына бір түйені жетелете жөнелген Жәнібек аял­
дамай бейіт басына жетіп келіп, күмбезді бұза бастайды. Осы
кезде көртопырақ арасынан ағараңдап, ақыра айғайлаған

аруақ­тар көрінеді.

—Мола да болса баспанамыз еді, кім бізді жалаңаштап жат­

қан?!—деп даурығады олар.
Түнгі иен далада бұл қаһарлы дауыс күмбезге жаңғырып,
аспан-көкті тітіреткендей болады. Жәнібектің екі жолдасы көк
аспан жарылып түскендей ес-ақылынан айырылып, жығы­

лып-сүрініп, ат-көлігін тастай-тастай қашады. Сонда Жәнібек
ба­тыр аспай-саспай:

—Ей, аруақ, тыныш жат! Өлі сені қойып, тірі Абылай

үсініп өлгелі жатыр,—деп тағы да бұза береді. Аппақ кебінін
сүйреткен аруақтар күркірей жүгіріп келіп, өзіне тап береді.
Сонда Жәнібек екеуін екі жаққа сілкіп тастап:

—Аруақ болсаң, Алла бұл дүниені сендерге жазбаған, жын-

шайтан болсаң, шауып тастаймын!—деп тұра ұмтылады. Әлгі
екі аруақ секіріп барып көртопыраққа кіріп кетеді.
Жолдастарының қашып кеткенін енді ғана байқаған батыр
бейіттің ағашын түйеге артып, Абылайдың шатырына қарай

тартады.
Бұл «аруақтар» Абылай ханның Жәнібекті сынамақшы
болып, ақ киім кигізіп әдейі жіберген адамдары екен. Олар
Абылайға келіп болған істі дәттеп, Жәнібектің ашумен

аруақтарға ұмтылғанын айтқанда, бұл жүректілікке таңданған
Абылай хан:

—Меңіреу түнде күңірене түрегелген аруақтан сескенбе­ген

ержүрек, ашық майданда жауынан қалай тайсалсын?—­деп
қайрандай таңқалады.
Ертеңінде Абылай Жәнібекті тағы да шақыртып алып:

батырлар  туралы  аңыздар

—Түнде не ғажайып болды? Аруақтарды ашуландырып,

кәріне қалмасақ игі еді,—дейді. Бұл жәйді кәперіне алмаған
Жәнібек:

—Бұл елдің хан, төресі сен едің,

Қас батыры мен едім.
Сен бұйырған жұмысыңның
Бұнысы қалай демедім,—
дейді Қазыбек бише термелеп.

63. Жәнібектің қартайған кезінде

кешірмелерін еске алуы
Жәнібек өтміштегі тар жол, тайғақ кешірмелерін былай
еске алады екен:

1. Майдандасып жау түсіруді ерлігім деп санаймын, қаптаған

жаумен шайқассаң, өткір найзаның ұшымен, тұлпар аттың
күшімен, қайратыңа әдіс-амалыңды қосып жеңесің. Сен оны
алмасаң, ол сені алады. Талай-талай қан майданды басымнан
кешірдім, тар жол, тайғақ кезеңдерден өттім, майданда жау

түсірмей қайтқан жерім жоқ, оның қайбірін ерлікке санарсың.
Бірақ өмірімде қапияда кезігіп, қас-қағымның арасында өткен
үш түрлі жағдайға тап болдым. Сонда менің жүрегім түршігіп
көрмеді. Кейбіреулер қорқамыз дейді екен, мен қорқудың не

екенін білген жан емеспін, Алла берген жанды Алла өзі алады,
басқа біреудің алуы мүмкін емес деп сенемін.
Соғыста жеңілгенің—ақыл-айла мен күшіңнің кемдігі, со­
ғыста жеңгенің—сол екеуінің артықтығы. Ал күтпеген жер-

де жаныңа қысым келгенде қабағыңды шытпай, қалт ойлап,
қапысын тапсаң, ерлік, жүректілік деген сол.
Жас кезім, жылқы табынында жүріп таң қараңғысында
көз іліндіріп алайын деп тоқымымды төсеп, ерімді жастанып,

шылбырымды жамбасыма басып, көйлектің омырау түймесін
ағытып, кеудемді самалға ашып, көк шалғынды қолатта жатып
қалдым.
Бір кезде мұздай суық бір нәрсе кеудемді басып келе

жатқанынан ояна келсем, жылан екен. Оянғанда қозғалып

тарихи  аңыздар
кетсем керек, жылан ысылдап иегімнің астынан аузыма қа­
рай өрмелеп тілін жалаңдатты. Шағып алар ма екен деп сес­
кенбедім. Аузымды ашып, демімді ішіме қарай тарта бердім.

Екі көзім жыланның қимылында, оның басы аузыма кіре бер-
генде тісіммен қыршып түкіріп жібердім, сонда тісім мұздай
болып кетті. Бірақ сескенбедім. Осы оқиғаны естіген нағашым:
«Жігіттің ерлігі—байсалдылығы»,—деп мені мақтаған еді.

2. Ел алдына түсіп, ер қатарына қосылып қалған кезімде, «ел

шетінде жау жатыр, жолдастасып бірге барып, соны алайық»
деп Қабанбай батыр шақыртыпты. Ара қонып Қабекеңнің ауы­
лына жетіп, сәлем беріп үйге кіргенімде, сәлемді Қабекеңнен
бұ­рын Бөгенбай батыр алды. Үйде екеуі ғана екен, жиған қол­

дары, жау-жарағы көрінбейді. Кешкі аста отырғанда Бөгенбай
жай бір ғана:

—Жау жанынан бөлініп шығып, өз бетімен қол жинаған бір

қарақшы екі елдің тыныштығын кетіріп, малын айдап, қыз-
қатындарын олжалап, маза алып тұр,—деді.
Мен көп сөйлемей:

—Ел алаңсыз болғаны жақсы еді,—дедім.

Ертеңінде үшеуміз бір жол бастаушы алып жүріп кеттік.
Бірер күнде ел шетіне іліндік. Қарақшылардан зәбір көрген ел
зар жылап, көк етегін көл қып көз жасын төкті. Қарақшылар
ойда жоқта жәйін жатқан елге басып кіріп, малын қуып, ада-

мын олжалап, қарсыласқан ер азаматты өлтіріп, ойына келге­
нін істеп жүріпті. Қарақшылардың жүгенсіз қылықтарын
естіп, халықтың көз жасын көрген сайын қаным қайнап, ала-
саттым. Жауға таяған сайын жүрісіміз ширай түсті. Олардың

апанын анық білетін жол бастаушымыз төтелеп бастап, нелер
құлама құз, ақпа қорым, жыныс ормандардан өтіп, бізді таң бо-
зында олардың тақ желкесінен түсірді.
Қарақшылар бір үлкен қолатты алып, ақбоз үйлерді тігіп

тас­тап жатыр екен. Шамасы жортуылдан түнде ғана келсе
керек, аттары түюлі, түйелері қомдаулы, тоғанақты теңдері
жиылмаған.
«Қанша халықты зар илетті екен» деген ой басыма най­

за­ғайдай соғылғанда, атымды ұрып жіберіп Қабанбай мен
Бөгенбайдың алдына көлденендеп тұра қалғанымды өзім де
білмей қалыппын. Менің шыға келгенімен рұқсат сұрағаным­
ды айтқызбай таныған екеуі жарыса:

батырлар  туралы  аңыздар

—Балақай, жолың болсын!—десті. Бұрылып жүре берге­

німде олар: «Жол бойындағы халықтың мұң-наласы ширық­
тырып келе жатыр еді, жолы болар-ақ!—десті.
Дұспан да болса «қапы кеттім» демесін деп, ортасына ұран
салып кірдім. Олардың тұшты ұйқысын менің күшті даусым

шайдай ашты. Топ-топ болып үйлерден шығып, аттарын шешіп
жатыр. Назарым ортадағы ақ үйде, содан шыққан бес адамның
артқысы зор денелі біреу киіз есікті иығымен көтере ашып,
нығыз басып маған қарай кірпікті қысық көзімен бағып келеді.

Үстінде сауыт-сайман, үстінен жамылған үлкен сары жібек ша-
пан. Шапанның етегі шалғынға сүйретіліп, шұбалаң қағады.
Жас мөлшері қырыққа еркін ілінбеген, селеу сақалды, тайқы
маңдайлы, бүйрек бетті, дүрдиген ерінді адам екен. Дәл ернінің

үстін түйреген найза табынан қалған тыртықты анадайдан ай-
ырдым. Жолбарыстың мұртындай бес тал мұрты тіп-тік болып
шашырап тұр. Оның сетілген танауынан келекенің күлкісі
байқалғандай болды.

—Кімсің сен?!—деп зеки сұрады менен.

—Мен жөнімді айтқаныммен, сен жөніңді не деп айтар едің?

Ел дейтін елі, жөн дейтін жөні жоқ қаны қара қарақшы!—дедім
ақырып. Сөзім шымбайына батты білем, көзінен ашу оты жарқ
етіп шыға келді. Артына бұрылып қолын бір-ақ сермегенде
екі жүз шақты адам атына қонып үлгірді. Мен: «жеке-жеке!»

деп айғайладым. Сол сәтте қарасұр атты біреу майдан тартты.
Ша­уып келе берген сәтте найзасынан шап беріп жұлқа тартқа­
ным­да ат тебінімен алдыма келіп қалды. Сол сәтте қанжарын
суыруға келтірмей атынан жұлып алып, жалпақ тасқа қойып

кеттім. Атымның тізгінін тез тартып: «жеке-жеке!» деп тағы да
айғайладым. Бар ойым пәле басы—бағанағы сарыда. Онымен
сілкілеспей ашуым тарап, кегім қайтатын емес.
Жуан сары шапанын шешіп тастап артына бұрыла бер­ген­

де, тұлпар атын екі адам жетектеп келіп иіле қалды. Атына мі­
ніп найзасын серт ұстанған, ол әуелі менің жүрегімді алғысы
келді білем, ашулы отты көзімен түйіле қарап келіп, майдан
тартып шаба жөнелді. Ағызып келіп атының тебіні, қолының

бар пәрменімен кіндігімнің басынан найза салды. Мен қалқа­
нымды тоса қойдым.
Тізгін тартқанда кәнігі болған сары тұлпар тік секірді. Осы
кезде ол өте шапшандықпен жанды жерімнен әлде неше рет най-

тарихи  аңыздар
за салды. Мен де қалт кетірмей тостым. Ақыры ол кезек беруге
мәжбүр болды. Мен де ағызып келіп найза салдым. Шіркіннің
күштілігі мен шапшаңдығы-ай! Өзім-өз боп найзамның қатты

қағылғаны осы еді. Кезек тағы бір айналып маған келді. Мен
ойқастатып шыға бергенімде серіктерімнің ұран салған дауыс­
тары естілді. Менің басыма «бір қарақшыны ала алмағаным
ба?» деген намыс орала кетті. Қалай келгенімді білмеймін, қы­

лышпен қатты ұрғанда қалқаны қолынан ұшып кетті. Қайта
қайырылып, қылышын қағып, ұшырып жібердім. «Басын ша-
уып тастаймын» деп қайырылғанымда, менің екі батырым да
келіп қалған екен.

Ақ боз үйден еңірей жүгірген әйел заты келген беті үзеңгім­ді
сүйіп, жалынып:

—Жанын қиып кет, батыр!—деп өтінді. Бөгенбай мен

Қабанбай осының тілегін бер деп сұрады.

—Ал бердім,—деп майданнан шыға бергенімде:

—Мені өлтіріп кет!—деп айғайлап маған қарай тұра шапты

әлгі батыр,—мен елсіз, мекенсіз едім, енді серіксіз қалдым. Ба-
сымды сүйер жан қалмаған екен, енді қаңғытпа, мені өлтіріп
кет!—деп ұшыртып келеді. Көзінен от шашырайды, ашу-кек­
тің ұшқыны ма, әлде өкініштің қамырығы ма, кім білсін оны.

Сонда байқадым, қасында қорғап, қоршап жүрген екі жүздей
жолдас-шорасының бәрі қашып кеткен екен.

—Бердім жаныңды мынау үшеуіне,—деп қайта қайталадым

мен. Осы кезде жаңағы әйел жан ұшыртып келіп оның шылбы-
рына оралды. Батыр әйелге бұрылып:

—Біткен екен менің уақытым, сүйенер елім де, жанкүйер

жолдасым да жоқ. Енді мен үшін өмір сүрер жер де жоқ, құ­
рыдым, мен құрыдым!—деп атын ұра жөнелді. Тықыршып
тұрған тұлпар сауырына қамшы тигенде шылбырға оранған
әйелді етбетінен түсіріп кетті. Жан ұшыра түрегелген әйел:

—Өлтіріп кет мені!—деп айғайлап тұра жүгіріп екі-үш қадам

аттай бере құлап түсті. Жаңағы ашу-кектің қан майданын енді
сорлы әйелдің мұң-наласы басты. Оның жан дауысы құлағына
жеткенде ғана ес жиды ма, қалай, әлгі батыр қайта ағызып
келді де, орнынан тұра берген әйелді іліп алып шатқалды өрлей

тартты. Біз соңынан қарап тұрмыз, әйелдің білегі оның мойны-
на орала кетті. Олар тау айналып кеткенде ғана Бөгенбай маған
бұрылып:

батырлар  туралы  аңыздар

—Мынаның кім екенің білесің бе?—деп сұрады.

—Білмеймін!—дедім мен.

—Білмесең, жоңғар хандығының ең білікті жас батыры. Осы

қайтер екен дегізіп, жүрек шайлықтарып келіп еді. Жоңғар
хандығына бір қылығы жақпай, қағажу көрген соң кеудесін
бастырғысы келмеген асау жүрек жас батыр ақыры бой көрсе­
тіп шығып кеткені осы екен,—деді.

—Бақ қайтудың басы осы сұлу әйелден басталса керек,—

деді Қабекең сөзге араласып.

—Бұл сұлу әйел ханның қызы ма, әлде жесірі ме онысын

біле алмадым, әйтеуір осы батыр жігітпен көңіл қосыпты, сол
себепті хан ашық жазалай алмай, орда төңірегінен жылжытып
жіберіпті. Ол өзіне қарасты әскерін бастап, осы әйелді жапан
дүзге алып шығып кетіпті. Хан әскері қуа келіп соғысып бұны

ала алмапты,—деді жол бастаушы.

—Біз сенің білегіңді бір көрсетіп қоя берейік деген едік,—

деді Бөкең сөзін жалғап,—себебі мынау тірі кетсе, Жоңғар
хандығы екі ұдай болып тозғындай берер еді. Бірақ мынау тірі
кетпейді. Менің адам танитыным рас болса, оның жаңағы әйе­
лін ала жөнелгендегі бейнесі өлім есірігі басқан кісінің кей­піне

ұқсайды. Ендігі өліп те болған шығар-ау!
Осыдан кейін біз бір-бірімізбен сөз байласқан адамдай әлгі
тұлпардың ізімен жүріп кеттік. Көп ұзамай олардың өліп жат­
қанын бір жартастың басында тұрып көрдік. Олар жар­тас­тың

ұшпа жеріне бір келіп (тегі жатын орындарын көрсе керек),
атты қыздырып айнала шауып, жартастан қарғытып кетіп­ті.
Батырдың бір қолы атының тізгінінен айырылмапты да, әйел
батырдың мойнынан құшақтаған беті түсіпті. Талай-талай

соғыста болғаныммен, осы батырдың өзін-өзі өлтіруі мені
көбінде ойландыра береді. «Халқынан айырылған қан құса­ды»
деген осы болар.

3. Жиырманың жуан ортасына келіп батыр атағым жұртқа

таралып, ел басқарып, қол бастап, жұрт ағасы болып қалған
кезімде қайныма ұрын бардым. Қайын жұртым аса бай ауылдар
еді. Үлкен көгал жазыққа тойға бола топтала қоныпты. Бізді
бас­тап келе жатқан ел жағымыздың үлкендері әлгі ауылдарға

таяй бере іркілмей жүріп кетті де, екі жолдасыммен мені қарсы
ала шығатын жеңге, балдыздарды күтіп тұруға бұйырды. Бір
кезде ақ шылауышты жеңгелер мен қызылды-жасылды киін­ген

тарихи  аңыздар
қыздар ауылдан бізге қарай жүрді. Сонда: «Алысатын жау емес,
айтысатын дау емес, мыналар нені сұрап, мен не айтармын?»­�

—деп көрген жолдасымнан сұрай берсем керек. Жолдасым:

—Бәрекелді, Жәнібек, жарақты жауға шабарда ақыл сал­

мағанда, мына елдің қыз-қатындарының жүзін көрмей, қара­
сынан-ақ ықтай бердің ғой,—деді.

—Бәлі, жігітім, олар төбесін көрсетпей жатып-ақ бізді ат­тан

түсірмеді ме, қамалы берік алып батырың, алдырмас шеше­нің
дәл осылар болмағай?!—дегенімде, жолдасым күліп:

—Бұл да ер азаматтың бір кешуі. Ер азаматтың туада наға­

шы жұрты, ата жұрты дейтін екі жұрты болса, қайын жұрты
өсе келе, жүре келе өзі тауып алатын жұрты емес пе?—деді.
Елден ерекше мен мұндалап, шошақ төбелі, үкілі тымақ
киіп мен тұрмын. Менің жел шықпаса, басқа жан жықпаған

тұлпарыма екі-үш бала мінгесе ойқастата жөнелді.
Жаңағы теңге-моншағы сылдырап келген жеңгелер бізді
ақбоз отауға бастап кіріп, шымылдығы құрулы қайқыбас тө­
сек алдына әкеліп отырғызды да, екі жолдасымды менен бө­ліп,

төр алдына алып кетті. Әзіл-қалжыңға өткір, ашық-жар­қын
жеңгелер де, аз сөйлесе де, ақырын сөйлесе де, ұтып сөй­лей­
тін зейінді бойжеткендер де бар екен. Бұлар қан майдандағы
батырлықтан арман сынайды, сынағанда да қандай, сенің дәп

бір әлсіз жеріңді ұтылап тиіседі. Қалжың шіркін бұндайда
ығына келіп, жараса беретін көрінеді. Бірі сенің жүзіңді көргі­
сі келіп тымағыңды шалқайтып кигізіп кетсе, бірі: «қасқаюын
батырдың, мынауың жоңғардың майданы емес, құдайдан

атаңның ауылы» деп еңкейтіп, қайтадан нұқи кигізіп кетеді.
Біреуінің қабырғасынан мытып қалайын десең, ол майдандағы
батырдың білектей қабырғасы емес, қатты тиіп, қате кете ме деп
және қорынасың, сен қорынған сайын олар басынады, күледі,

ішек сілесі қатқанша күледі. Үлкендерді де өздеріне еліктіріп
қоса күлгізеді. Ыза болайын десең, олар қандай байқағыш,
үшеу-төртеуі бас қоса қалып: «Қой деймін, Жамал, батыр атқа
мініп ұран салып шығып кетпесін»,—деп қитығыңа тие, одан

сайын сыңғырлай күледі. Ақыры осылар жеңбей қоймайды.
Иілдірмей, тізе бүктірмей, шаршатпай тынбайды. Өмірімде
қысылып-қымтырылып, адам еркіне көнген бір кезім сол екен.
Үлкенсимін дегенмен, үлкенси алмайсың. Өйткені ата салты

бәрінен үлкен. Оған халықтан басқаның дәрмені жетпейді.

батырлар  туралы  аңыздар 64. Жәнібек бастаған Абақ елінің

Шыңғыс тауынан көшуі
Жәнібек батырдың Алтай, Тарбағатай, Еренқабырға, Құ­
мыл қатарлы кіндік кесіп, кір жуған байырғы мекеніне елі­нің
іргесін қайта жәйіп, күлін төгуі—өз өміріндегі аса ұлы, ізгі

арманы еді. Бұл тек Жәнібектің ғана емес, хан Абылайдың,
Қабанбай, Бөгенбай бастаған қазақ қолбасыларының, бүкіл
қазақ халқының ортақ тілегі еді.
Ол тұста Абақ елі Шыңғыстауы, Көксала, Бақанас деген

жерлерді мекендеп, арғын руларымен қанаттас отырады. Өсіп
келе жатқан рулардың жерге, қонысқа таласуынан шыққан
ішкі бақастық—керей елінің шығысқа қарай көшуіне тікелей
себеп болады.

Жәнібек батыр Абақ елін бастап, қоныс аударып кетуге тал-
пына бастаған кезде қанаттас отырған рулармен сөз сайысына
түседі:

—Күлтелі күрең тұрғанда,

Тұлпарыңа жалынбаймын.
Ер азаматым тұрғанда,
Көптігіңе бағынбаймын.
Атаным сай, атым сай,

Балтам сай да, тесем сай.
Ұлы Ертістен көпір салсам да өтем,
Кеудемнен жаным шықпаса,
Ежелгі жерге жетем,—

дейді. Батырдың бұл сөзінде өкпе-назы да, көкейтесті арма­
ны да жатыр еді. Сол кезде қартайып қалған нағашысы
Қазыбек биге де Жәнібек өкпелі екен. Жәнібек батыр елін бас­
тап көшетін болғанда, жасынан қасында өскен жақсы көретін

жиенін қимай: «Жиен назары қиын деуші еді, үйімнен дәм та-
тырып, батамды беріп жіберейін»,—деп ойлаған Қазыбек би
шақырушыларына:

—Жәнібектің мінезі қатты, мен шақырады демеңдер, на­

ғашыңның үйінде дәм-тұз шақырады деңдер,—деп ұқты­ра­
ды,—бір оралса, сонда оралар, егер асты сыйламаса, жолы да

тарихи  аңыздар
бола қоймас,—дейді. Жәнібекке барған шақырушылар бұл
сөзді бұлжытпай жеткізеді. Жәнібек батыр:

—Нағашым болса қайтейін, бармай-ақ кетейін деп едім,

дәм-тұз депті ғой бармасам, жолым болмас,—деп жолдас-жо­
раларымен аттанып, нағашысының ауылына келгенде, Қазы­
бек би алтын тонын жамылып, есік алдыда күтіп тұр екен.
Жәні­бек нағашысымен сәлемдесіп үйге кірерде:

—Кірейін, кірейін, күлдіреуіші қисық болса да, түтіні тұ­

зу ұшып тұр екен,—деп нағашысын құрметтеп үйге кіргізіп,
соңынан өзі кіреді.
Батырдың келгеніне разы болған қарт би жайланып отырып:

—Жауға жарақты қолмен шығушы едің, бүкіл қазақ болып

тілеуіңді тілеп тұрғанда жаудан жасқанып көрген жоқ едің.
Енді ел басқарып, би болып, ел көшіріп, ер болып, ел шетіне
шығып барасың. Жұрт көңілін қалдырма, дұспаныңның ойын
асырма!—дейді.

Сонда Жәнібек нағашысының сөзіне ризалық білдіріп, жа­
уап қайырады:

—Тілге келсе, елу бесте болып,

Тілдесуге шыдаймын.
Дауға келсе, қырық бесте болып,
Белдесуге шыдаймын.
Жауға келсе, жиырма бесте болып,

Жауласуға шыдаймын,—
деп нағашысын сүйіндіреді. Тәуекелге белін буып, бетін суық­қа
бұрып, тұрған жиеніне би тағы бүй дейді:

—Жерге таласып іргелі монғолмен қандаспа, ел ішінде қо­

ныс таңдаспа. Әділдікті ойласаң, халқың қадыр тұтады.
Нағашысының ақылия сөзін алдыға ұстай сөйлеген батыр:

—Сыйласқанға без беріп,

Шындасқанға сөз беріп,
Қоңыраулы найза қолға алып,
Қоңыр салқын төсті алып,
Еселі істі терісіп,

Есесі кетсе берісіп,

батырлар  туралы  аңыздар
Келген өзіңізден қалған
Ата салтымыз ғой, нағашы,—
дейді. Сонымен Қазыбек би шын ықыласын беріп, ақ жол

тілеп аттандырады. Жәнібек батыр елін бастап, Қалба тауына
жетіп тұрақтайды, Алтай, Тарбағатай, Еренқабырға секілді
байырғы мекеніне өту үшін алда көп кедергі жатады. Алтай­ды
иелеп алған жеті тайпа ұранқай мен дөрбіттердің, Тарбаға­тай

аумағына жаңадан келіп орын тебе бастаған торғауыттар­дың
күші өте мығым еді.
Ел Қалба тауын бірнеше жыл мекендейді. Бұл кезде Жәні­
бек батыр Өр Алтай, Тарбағатай және Еренқабырға тауларына

дейін барып, ондағы халықтармен бітімге келіп, тыныштық
орнатады. Қалбада мекендеп тұрған кезінде Жәнібек батыр
Алтайдың Ақтау төңірегіндегі бір асудан жол салып асып, бергі
бетін шолып қайтады. Кейін осы маңды найманның қаратай ру-

лары мекендегендіктен, ол «Қаратай жайлауы» деп аталады да,
әлгі асу «Жәнібек батырдың асуы» делінеді.
Қазақ халқы бұл батырды айрықша қастерлеп, «Ақыр
Жәнібек» деп атаған. Бұдан былай бұндай жүректі, аруақты

адам болмайды деген сөз екен ол. Сондықтан халық Жәнібек
батырдың туын бертінге дейін сақтап, жаугершілікте көтеріп
шығып отырған. Шымырақ торғыннан жасалған бұл ту—қа­зақ
батырларының ең соңғы туы еді.

Жәнібек батыр 1792 жылы сексеннің үстіне шығып қай­
тыс болады. Қайтыс болған хабары үш жылға дейін құпия
сақталады. Үш жылдан кейін Үш жүздің баласына сауын айты-
лып, ас беріліп, зираты тұрғызылады. Жәнібек батырдың бейі­ті

сол Қалба тауының Жалама, Қызыл Су-шәр деген жерінде. 65. Қошқарұлы Жәнібек

Қазақта атақты Жәнібек үшеу: ноғайлы жұртының ханы—
әз-Жәнібек, Абылайдың қолбасшыларының біреуі—Шақшақ
Жәнібек және Ер Жәнібек. Кейінгі Жәнібектің руы—керей.
Әкесі Қошқар деген кісі үйіне Шақшақ Жәнібек келіп қонған

түні әйелі босанып ұл тапқан соң баланың атын ырымдап
Жәнібек қойған.

тарихи  аңыздар
Осы Жәнібектің бастауымен Керейдің абақ руы ...Зайсан
бекінісінің солдаттарымен атысып, Моңғолия жеріне өтіп кет-
кен. Сондықтан оларды «Бодамсыз Керей» деп атайды. Қазір

олардың ұрпағы Моңғолияның үш аймағын алып жатыр.
Жәнібек Абақ руын Моңғолияға апарып қоныстандырған
соң, енді қазіргі Семей облысының Шұбартау ауданын ме­
кендейтін Жобалай керейлерін көшіріп әкетпек болып келе

жатқанда, жолда ауырып қайтыс болыпты. Зираты Семей
облысының Жарма ауданындағы Шар өзені бойында, «Орта
бұлақ» деген жерде.
Менің айтпағым—осы Жәнібек бастаған керейлердің Моң­

ғолияға шеру тартуына байланысты туған «Ердің құны бір атым
насыбай» деген мәтел туралы.
Керейлер Зайсанға бара жатқан жолда Қалба тауына бір
жұмадай аялдайды. Шыңғыс тауынан тобықты руы ығыс­ты­

рып шығарған матай руының да Қалбаға жаңа қоныстанған кезі
екен. Матайлар керейлерді «Қалбаға мүлде қоныстанып қа­ла­
ды» деп есептесе керек, үркіту мақсатымен Керейдің бір ауылы-
на соқтығады. Ұрыс кезінде Керей жақтан бір адам өледі. Мұны

естіген Жәнібек барлық ауылдарды бір жерге шоқтай иіріп,
қарулы қолмен Матай елін шабуға дайындалады. Соқтығуын
соқтыққанмен, Матайлар қатты сасады. Керей ауылдарына
астыртын жансыз жіберіп, Жәнібек батырдың мінез-құлқы

туралы мәлімет жинайды. Жансыздардың әкелген мәліметіне
қарағанда, Жәнібек—құралайды көзге ататын мерген адамды
ұртынан түйреп түсіретін найзакер. Жалғыз-ақ осалдығы бар.
Ол—насыбайға аса құмарлығы.

Мұны білген матайлар әдіс қолданады. Бір шеберге күміс­пен
шытырлатып, құны бір бестілік мүйіз шақша жасатады. Ішіне
жалбыздың суы себілген қоңыр бұйра насыбай толты­рады.
Сөйтеді де, Матай ішіндегі Жәнібек есімді жас шешен жігітті

батыр Жәнібекке елшілікке жөнелтеді.
Елші жігіт Жәнібекке келіп, Матайлардың ұйғарымын
естіртеді. Матайлар: «Кісі құны жүз жылқыны алып тоқ­
тасын»,—деген екен. Батыр бұл ұсынысқа міз бақпайды. Са-

зарып отырып қалады. Сол сәтте елші жігіт қойнынан күміс
шақшаны суырып алып батырдың алдына тастайды. Ба-
тыр қызығып кетіп шақшаны алып көреді де, насыбайдан

батырлар  туралы  аңыздар
ұртына тастап жібереді. Сәлден соң қабағы ашыла бастайды.
Ақырында:

—Болмас, болмас, еркек тоқты құрбандық. «Судың түбін

шым айырар, даудың түбін қыз айырар». Жығынды ауыл
құдаласып, қыз беріссін!—дейді. Ал ұрыста өлген жігіттің құ­
нын біржола салауат етіп, кешіріпті.

66. Жәнібек батыр туралы аңыз

Күндердің бірінде Әкесі Бердаулет ел аралап жолаушылай
кеткен бір орайда Жәнібек түйе жаймауға белін бекем байлап,
он сегіз атанды шөгеріп, қылтасын қиып тастап үйіне келіпті.
Ана баланың сырына қашанда қанық емес пе? Уақытсыз уақта

көзі қанталап, өңі қашып, сұрланып келген ожар ұлы тура­лы
кәдік ойлай қалған шешесі:

—Қалқам, бүгін неге ерте келдің, өңің бір түрлі, түйеңнен

айрылып қалдың ба, сығыр?—депті. Сонда Жәнібек:

—Жоқ, түйенің барлығын кетпестей етіп тастадым, күнде-

күнде шелектердің соңынан ергенше, нағашыларымды іздеп
кетемін,—депті.
Сұңғыла, ақылды ана мән-жайын ашалап сұраса, түйелер­
дің қылта тарамысын қиып, тұрмастай етіп тастағандығы аян

болыпты.

—Қарағым балам-ай!—деп кейістік білдірген шешесі ойла-

на келіп:

—Әкеңнің мінезі жаман, келгенде үлкен ойран басталып,

біт­пес кесел шығады. Мал күйігі жан ашуын қозғап, қатал міне­
зі ұстап сабайтын болса, бата тимей, қата тиіп, жазым бо­лып
қалуың ықтимал. Нағашыларыма кетем десең, кетіп қал,—­деп
рұқсатын беріп, нағашысына баратын жол-жөнін ұқты­рып­ты

да, жолға шығарында мынадай кеңес айтыпты:

—Балам, нағашы атаңның үйіне барғанда сәлем беріп аман­

дасқаннан кейін, абайласаң, үйдің оң жағында ақ тұқым жа-
тады, тұқымнан әсте төмен отырушы болма, тұқымнан төмен
отырып қалсаң, «мынау дүние босағадан бой озбайтын, аттап
басып алдыға шыға алмайтын жасық, жаман болады-ау!» деген

нағашы атаңның тұжырымы болар. Онда өлез болып қаларсың.
Ал ақ тұқымнан жоғары шығып кетсең, нағашы атаңның көзі

тарихи  аңыздар
ерекше түсіп, таңданып кетер. Асыра таңданып кетсе, өліп
қалуың да мүмкін. Сондықтан нағашы атаңның үйіне барған­
да, отыратын да, жататын да орның сол тұқымның үсті болсын!

Мұны ұмытпай есіңе сақта!—деп ақыл көрсетіпті.
Жәнібек шешесінің кеңесін ықылас қойып тыңдап, ұғып
алыпты да, аялдамастан нағашысын іздеп жолға шығыпты:
«Өжет өскен жас бала,

Он екі жасқа жетеді.
Нағашыма барам деп,
Жәнібек қашып кетеді.
Сырылмалы кепештен,

Бір тұтам түк өтеді,
Ай сегіз күн жол жүріп,
Сары үйсінге жетеді».
Ай сегіз күнді суыт жүріп, ел аралап, жер көріп, нұрлы жүзі

күнге тұтығып, аңызғаққа ерні жарылған Жәнібек нағашы­сын
іздеп тауып, сәлем беріп, амандық айтысты.
Шешесінің айтуы бойынша, ақ тұқымның үстін алғашқы
таныстықта отырып жатқанда, сонда жатып нағашы атасына

жағыпты.
«Нағашы тегін сұрасаң,
Досынбек пен Өмір-ді.
Жау дегенде кигені,

Көкпеңбек ылғи темір-ді.
Жиенім менің келді деп,
Көңілі тасып семірді.
Жиенді көріп сынады,

Жиенге көңілі толады.
«Бір ай жатып, қайтам» деп,
Алыстан келген жиені,
Көк дөненді сұрады.

Нағашы атасы берсе де,
Балалары бермеді.
Әкенің тілін алмады,
Жиенді қабыл көрмеді,

Жәнекең көк дөненді,

батырлар  туралы  аңыздар
«Сірә, алмай кетпен» деп,
Онан ары өрледі».
Бір күні көк дөненді бермедің деп нағашы ағаларына ренжі­

ген Жәнібек, нағашы атасы үйде жоқта аттанып кетіпті. Ай­
шылық жолдан арып-шаршап іздеп келгенде, сырты түк, іші боқ
бір шолағын қимады деп ызаланған Жәнекең маңдайын сүйген
күн нұрының маужыратуында атын отқа қойып, жол шетінде

иін тірескенді жастанып жатып ұйықтап қалыпты. Қанаттас
ауылдарда аз аялдап, бұйымтайын бітірген Жәнібектің наға­шы
атасы үйіне келгенде, бәйбішесі:

—Жиенің көк дөненді бермедіңдер деп ренжіп, нағашы атаң

келсін дегеніме қарамай, аттанып кетті,—деген соң, ақсақал
балаларына:

—Әй, ақымақтар-ай!—деп кейіп,—жиеннің назары қатты

болушы еді,—деп атқа мініп, Жәнібекті артынан қуыпты.
Үлкен бесін ауғанда қалың теріскенді бұйратта, жол шетін­
де ұйықтап жатқан Жәнібекті анадайдан көзі шалыпты. Екі
иығына екі қасқырдың көзі от боп жанып Жәнібекке төніп

тұрғанын көріп, нағашы атасы қапелімде сасқалақтап, атын
борбайға салып жіберіп ұмтылыпты. Жәнібектің қасына келсе
қасқыр жоқ, Жәнібек қаперсіз ұйықтап жатыпты. Қуа келген
нағашы атасы Жәнібекті оятып, балалардың ақымақтығына

ыза болып:

—Сен де ақымақ болушы ма едің, жүр үйге!—дегенде, Жә­

нібек:

—Айлық жолдан мені ешкім шақырмады,

Нағашымда қырық серкеш хақым қалды.
Көк дөненді бермесең, асыңа сой,
Не қылсам да әкетем деп жатып алды,—
дейді. Көпті көрген айлалы ақсақал жиенін ақыры ақылына

көндіріп, үйіне алып кетіпті. Кетіп қалған Жәнібекті қайта
алып келгенін жаратпаған балалары:

—Жарықтық алжыған ба? «Жиен ел болмайды, желке ас

болмайды» деген, керейден қаңғып келген балаға жалбарынып,
оны несіне қайтадан әкеліп жүр,—деп жаратпапты. Сонда әке­сі
балаларына:

тарихи  аңыздар —Ой, шырағым, балалар, Жиенді қабыл көріңдер. Көк дөненді беріңдер, Аш арыстан тек қайтпас, Еліңді шауып кетеді, Тақ түбіңе жетеді. Он екі жасар жас бала, Сөйлесе сөзге дап-дана. Көк дөненді бермесең, Елді бір қылар масқара. Біреу болса өзі екен, Көк шолақтың көзі екен. Өне бойын кептеген, Қызыл желді сөз екен. Иығында шам-шырақ, Заулап жанып тұр екен, Көк бөрі дарып жүр екен,— деген екен. Көк дөненді беруге көндіре алмаған нағашы атасы Жәнібекке: —Көк дөненнің інісі көк құнан бар, Ренжіме, қарағым, сен соны ал. Келер жылы Абылай хан жауға аттанар, Тілімді алсаң ер дағы сен соған бар,—депті. *** Керейден Досымбектің үйіне он екі жасар жиені келіпті. Ойға көсем, тілге шешен, қайтпас қайсар жүректі бала екен, нағашысынан көк дөненді сұрапты. Бірақ иемденіп мініп жүр­ ген Досымбектің балалары бермепті. «Көк дөненді бермедің» деп өкпелеп кетіп қалған жиенін ақ сақалды Досымбектің өзі қуып барып, жолдан әрең қайтарып алып келіп, көк дөненнің інісі көк құнанды беріпті дегенді естіген сол елдің биі Табан­ сары Жәнібекті шақыртыпты. Би шақырды деген соң «Шақыр­ ғанға бар, шаққаннан қаш» деген деп жүргелі тұрған жолынан ерулеп Табансары бидің үйіне келіпті. «Қабағынан қар жауған, алдынан жан көлденең өтпеген Табансары би керейден келген он екі жасар балаға не дер екен,

батырлар  туралы  аңыздар ал он екі жастағы керейдің жас баласы Табансары биге не дер екен»,—деген жұрт ауылды анталай жүріп құлақ түріпті. Жәнібек келіп қалды деген хабарды естіген Табансары би төрінде отырып қоразданыпты. Ауылға келіп түскен Жәні­ бектің атын еш адам ұстап, құрмет көрсетпепті. Жәнібек Табансарының ордасына сәлем беріп кіргенде, Сары сәлемін алмастан, көз салып қарамастан: —Е, сен неме, кімнің баласысың?—дегенде, Жәнібек: —Мен Бердәулеттің баласымын,—депті. Сонда би: —Үй, сенде бір Құдайдың құлы екенсің ғой, шық үйден!— деп ақырыпты. Сонда тізесін бүкпеген Жәнібек: —Е, қазақ салты шақырып алған Итті де басқа теппейді. Шақыраңдаған тұрпайылық Саған бақыт екпейді. Астыңа құла жорға ат мінгізсе, Алты ай мініп арытпассың. Жаныңа мың тал оқ салса, Біреуін де жауға дарытпассың. Қарны кебежедей кәлтиген сары неме, Сен де еліңді би болып жарытпассың!— деп шығып кетіпті. Сонда Табансары: —Амал жоқ, бекер соқтыққан екенмін, болса болғандай ерім екен ғой! Керейде қамалға қарсы шабатын ұл туған екен, бұдан былай сені керей алар!—деген екен. *** Нағашы атасының ықылас батасын алып, көк құнанды мініп, көңілі қош болған Жәнібек аман-есен еліне оралыпты. Бердәулет ожар ұлының өзі туып көрмеген жер түбіндегі наға­шы жұртын іздеп тауып, нағашы атасына сәлем беріп, аман­дық біліп, ат мініп, аман-есен оралғанына, адам болғаны осы деп сүйініпті де, тіс жарып ештеңе демепті. Тентек ұлын не болды деп уайым аралас сағынған Бердәу­ леттің әкелік мейірі, мал қайғысы мен ашуын баяғыда-ақ жо­ йып кеткен тәрізді.

тарихи  аңыздар
Бұл заман қазақ-қалмақ арасындағы қанды шайқас қа­
ра жерді қаннан жиіркендірген, қазақтың ең соңғы ханы
Абылайдың ел билеп тұрған заманы екен.

Хан жарлығымен қазақтың батыр, бағлан, білікті, жілік­
тілері өзіне қарасты бұқаралына хан әмірін атқарып, алдағы
күндерде қалмаққа қарсы жасайтын жорықтарына шұғыл
дайындық көру жөнінде жарғақ құлақтары жастыққа тимей

жар салыпты.
Бұл хабарды естіген Жәнібек, нағашы атасының айтқан
ақылы есіне түсіп, Абылай ханның әмір жарлығы бойынша
жорыққа дайындалу ниетіне мықтап бекіпті. Бірақ жорыққа

дайындалу үшін әке бекімі, ана разылығы болу қажет. Онысыз
сауыт-сайман, азық-түлік, керек-жарақ сияқты қажетті қамдап
алуда, тіпті, жорыққа бару да қиын. Осыны толық аңғарған
есті, парасатты, ожар бала Жәнібек әкесіне төте айтуға батына

алмай, бұл ойын шешесіне айтыпты. Баласын қырғын соғыс­
қа қолдан жіберуге қимаған шешесі, Жәнібектің жорыққа
бармауы жөнінде ұшан-теңіз негіздерді алдына көлденең тар-
тып кеңес беріпті. Бірақ ұлының алған бетінен қайтпайтынын

көріп, әбден түңілгеннен кейін Жәнібектің осы талабын әкесіне
айтыпты.

—Ұлың жібермеске көнер емес. Біз қосылмағанымызбен,

нағашысын іздеп кеткені сияқты жорық басталарда дайын­
дықсыз жүріп кетсе, қызыл жұдырықтан өзге қайрат қылар
қару-жарағы жоқ, қалмақтың қан жалаған қанжарының ас­
тында арманда кетпей ме? Онда шерге арманымыз өлгенде

бітпес, одан да тілегін қабыл көріп, жабдықтап ықыласымыз­
бен аттандырсақ, өлсе, шейіт деп көңіліміз тынып, тірі болса,
ісіне риза-қош болып отырмаймыз ба?—депті.
Қабағын ұзақ түйіп ойға кеткен Бердәулет үнсіздікті бұзып,

ақыры әйелінің көзқарасына қосылып, баласының жорық­
қа аттануын мақұл көріп, жорықтың дайындық жабдығына
кірісіпті.
Алдыңғы соғыстарда кеткен есесін қайтарып алуға кәрін

төккен хан Абылай жыл бойы бүкіл елі бойынша дайындық
көріп, қоңыр күзде қалмаққа қарсы тұқиыл шабуыл жасап,
қынадай қырып, есесін алып, жеңіс табу ниетімен өзі бас бо-
лып, атқа қонып жорыққа шығыпты.

батырлар  туралы  аңыздар
Хан атқа мініп, жорыққа аттанғаннан кейін патша десе бә­
рін төгіп, басын бәйгеге тігетін ақпейіл қазақтың тайлы-тая­
ғына дейін қалмай аттаныпты.

Жер қайысқан қалың қол батырлар мен бағландардың, би­
лер мен біліктілердің атаулары бойынша қоғамдалып, қолба­
сының қолы болып аттаныпты.
Ол кезде сол өңірде керейде атағы бар білікті адамдар бол­

мағандықтан, арғын, найман, тобықты сияқты мықты рулар
керей ауылдарын «келімсек керей», «шұнақ керей» деп кем­
сітетіндіктен, келемеж еткендігіне кектеніп, ала көңіл болып,
Абылай ханның жорығына қосылған керей тобы болмапты.

Уақтан шыққан Бармақ деген батыр жорық дабылы қағы­
лып, қол соғысқа аттанғанда ғана бүйірі қызып, шыдап үйде
жата алмай уақ пен керейден атқа мінгендерді топтап, бір қос
болып Абылай ханмен бірге аттаныпты.

Құмырсқадай құжынап жер қайысқан қалың қол, кей-
де бірінен-бірі жете қонып, кейде біріне-бірі аса түнеп, алма-
кезек шеру тартып, айқасып қалып келе жатқанда, жорық­
қа қолбасшылық істеп ортада келе жатқан хан ордасының

біліктілерінің бірінің көзіне он үш жасар бала мініп келе жат­
қан көк дөнен түсіпті:
Тас төбеде құлағы,
Ләмбіріктей қара көк дөнен.

Ауыздықпен алысып,
Қаз мойыны көк таласып өрлеген.
Биік қабақ шара көз,
Бөкен танау шелектей.

Саптаяқтай салпы ерін,
Ырыс толы көнектей.
Шоқпар кекіл, құлан жал,
Құлын сауыр, қақпан бел.

Шоқтығы биік ой желке,
Жазық бауыр, шапсаң жел.
Тұрасы биік дөңгелек,
Шашасы биік сыпырған,

Бура санды елгезек,
Аяңы желіс ұмтылған.

тарихи  аңыздар
Ұйтқып, шалқып келе жатқан көк дөненнің жайын Абылай
ханға баяндай келіп:

—Көк дөненге мініп ана сүті аузынан кеппеген бір жас бала

келді. Жау шетін көргенде-ақ үрейі ұшып өлер-ау, анау. Сон-
да, шіркін, көк тұлпар көрінгеннің қолында кетеді ғой! Тақ­
сыр! Нағыз батыр мінетін сізге лайық ат екен,—деп бас игенде
маңдайы жерге тиіпті. Сонда Абылай хан:

—Алдыңғы

шолушыдан
келген
хабарға
қарағанда,

ертең қалың бейіті бар қойнауға барып түнейміз. Сол жерге
барғанда екі мықты батырды бет ағашы түскен көрге ақ жей-
де, дамбал­мен кіргізіп қойыңдар, ақшам үйірілгеннен кейін
баланы шақырып алып, бейіттен тамақ пісіретін отын әкелу­

ге жұмсаңдар, бала барып көрдің бет ағашын алып жатқан­
да, тұтқиылдан екі батыр бас салып: «бет ағашымды қайда
апарасың?» десін, сонда ол дүрмекке ілескен өлездің бірі бол-
са жүрегі жарылып өледі. Онда таңертең арулап көміп, атын

додаға алса болды,—депті. Әлгі құлдықтың құлы жерден ал-
тын тапқандай айқұлақтанып, екі батырды ертемен сығайлап,
барлық істі орналастырыпты.
Ертесі жайымен аттанған ханның қолбасшылық ордасы

бейіттің жанына жайырақ келіп орналасыпты. Алакөлеңке,
көзден ғайып болар кезде Жәнібекті орналастыру бойынша
отынға жұмсапты. Отын алуға бейітке келген Жәнібек көк
дөненнің шылбырын шұбата салып, бет ағашы түсіп жатқан

көрге келіп, топырағы ашылып, қай заманғы шіріп кеткен бет
ағашты суырып жинай бастағанда, кенет көрден шыға келген
ақ киімді екі аруақ Жәнібекті бас салып:

—Ей, адамзат, біздің үйіміздің төбе ағашын қайда апара­

сың?—депті. Сонда Жәнібек аяқ астынан сап ете түскен екі
аруаққа титтей де селт етпей:

—Өлі аруақ, сен түгіл, қол бастап, шеру тартқан тірі Абы-

лай хан аштан өлгелі жатыр,—деп екеуін екі жаққа лақтырып
жіберіпті де, асықпай ағаштарды жиыстырып, қағып-сілкіп,
шылбырына мықтап буып, көк дөненге өңгеріп алып келіп, хан
ордасының алдына шарқ еткізіп тастай салыпты. Аттан түсіп,

шылбырын шешіп алып, атына мініп қосына қайтыпты.
Ордасына отырған хан да, күндізгі көрген сұмдығын хан­
ға жеткізген бағанағы сұмпайы да орда есігінің алдына келіп

батырлар  туралы  аңыздар саудыр ете түскен ағаштың дауысынан секем алыпты. Әлгі білікті: —Бұл шербақа зираттың бағанағылар орналасқан жағы­нан емес, басқа жерінен әкелген болды ғой!—депті. Іштей: «әтте­генай, бірнеше батырды зираттың қай жағынан барса да, құ­тыла алмайтындай етіп орналастырмаған екем» деп өкініпті. Әлден уақыттан кейін көрге кірген екі батыр өне бойы топырақ, бет-аузы жараланып, бас-көзін шаң қауып хан алдына ентіге жетіпті. —Ойбай, Құдай сақтасын! Ғали арыстан ғой деймін өзі! «Өлі аруақ сен тұр ғой, тірі Абылай хан аштан өлгелі жатыр» деп, бізді екі қолымен екі жаққа лақтырып жіберді, лажысыз қалдық,—депті. Хан жанындағы сенімді біліктісіне қарапты. Ол сүлкіні түсіп жерге қарапты. Сәлден соң: —Болды, жарақаттарыңды жуып, демалыңдар. Бейнетке— қайрат, ажалға төтеп беретін, адам болатын неме ғой тегі, оған енді тиіспеңдер!—депті Абылай хан. *** Жорық қолы дағдысынша шеру тарта беріпті. Ханның қол­ басшылық ордасындағы әлгі әккі Жәнібектің ханға сүйеніш болатын қолбасшылардың адамы еместігін ұғып, шеру тартқан қолды тәртіппен жүруді, атақты қолбасшылар қосыны алда жүруді, әлсіз жіктер мен керей, уақ бытырандыларын ең артта жүруді белгілеп, ұқтырыпты. Бұл тәртіпке бойсұнбай бұзған­ дар жазаға тартылатындығын жариялапты. Жалғасты жүрген бірнеше күнгі жорықтан кейін бір ұлы тау кезігіпті. Тауды кесіп өтетін қысаң жолға келгенде жол аузында бір айдаһар пайда болып, аузын арандай ашып, басын қайқайтып, тілін жалаңдатып тұрып алыпты. Бұдан сес­ кенген алдыңғы топ өте алмай Хан ордасы ішінде қалың қол ұйлығып тұрып қалыпты. Батыр да, бағылан да, білікті-жілік­ті де, молла-қожа да бұған амал таба алмапты. Осы кезде арт­тағы топ та үдере тартып жетіпті. Алдыңғы топтағылар торығып тұрғанда, Абылай хан келіп айдаһарды көріп, басқа жақтан жол іздеп өтпекші болып кетіпті. Уақ Бармақ батырдың қолы дәл осы кезде келіпті.

тарихи  аңыздар Жәнібек қалың қолдың қамалып қалғандығын көріп, се­бе­ бін ұғып, қаһарланып көк дөненге қамшы басыпты. Айғай са­ лып ақырып алға шығып, қылышын қынабынан суырып айда­ һар­ға ұмтылыпты. Сонда: —Көк дөнен көкке ыршыды қамшы батып, Абылай неге қашты босқа шатып. Баланың айбатына шыдай алмай, Айдаһар мысықтай боп қалды жатып,— дейді. Айдаһар бұғып қалғаннан кейін, Жәнібек іркіліп тұр­ ған қолға: «Отырыңдар!» деп бұйырыпты. Қайысқан қалың қол іркес-тіркес, умақ-шумақ өтіп болғаннан кейін артынан Жәнібек өтіпті. Айдаһар бұққан басын көтермеген соң, Жәні­ бек қол жұмсапты. *** Айдаһардан өткеннен кейін қолбасшылық орданың алып­ соқтары орналастырған белгілеме бойынша қалың қол тағы ілгерлепті. «Қазақтың Абылай ханы бас болып аттанған қалың қол қалмақты жайратқалы келе жатыр» деген хабар тарап, қалмақ елі де шұғыл дайындық көріп, күндік жерден жасауыл орналастырып, қарауыл қойған екен. Ел шетіне кіргізбей-ақ қазақ қолының бетін қайтару үшін қалмақтың атақты батыры Садыр күндік жерден қазақ қолының алдынан шығыпты. Ұзақ шеру тартып, жолшыбай шаршап, қалжыраған жа­ сақтан күтініп тұрған жасақ әлде қайда мықты болмай ма? Жер жағдайы өзіне қанық болғандықтан, Садыр кілтең жерден тосып, үдере тартып келе жатқан Абылай жасағына қапелімде тап беріпті. Алдынан да, бүйірінен де аш қасқырдай араласқан Садыр қолы Абылай қолының әпсәтте-ақ тоз-тозын шығарады. Абылайдың басына күн туып, мұң түсті. Астындағы Ақтанкер атқа оқ тиді. «Қазақтың қолы қашты ғой, Кәпірдің қолы басты ғой. Ақтан кер атқа оқ тиіп, Абылай жаман састы ғой.

батырлар  туралы  аңыздар
Дуылғасы басынан түсіп,
Үш аяқтап жатты ғой»,—
дейді. Дәл осы қалмақ қазақтың қанын судай ағызып, қырып

келе жатқанда Жәнібектердің тобы майдандасқан жерге же­
тіп үлгерген екен. Долан жиренге мінген Садыр батыр атой­лап
алға шығып, көлденең кезіккенді қылышпен шауып, найза­мен
түйреп, қырғидай іліп келе жатқанда:

«Көріп жауды Жәнекең,
Көк дөненмен жосылтты.
Екпінінен тұлпардың
Жер қыртысы көшіпті.

Қақпақтай жалпақ тұяғы
Қазандай жерді ояды.
Ауыздық басып алысып,
Қарғып кетіп барады.

Құбамен жарысып,
Орғып кетіп барады.
Асқар келсе алдына,
Аттап кетіп барады.

Ұра-жыра дөңдерді
Таптап кетіп барады.
Алда тұрған бұлдыр тау
Артта лезде қалады.

Кеудесі асқан Садырдың,
Арыстандай атылып,
Алдына жетіп барады.
Жәнекеңнің мінгені—

Бөктергілі көк дөнен.
Келе жатқан Садырға
Қарсы тұрды көлденең.
Ителгідей ілісті,

Түрікпендей тұрысты,
Қаршығадай қағысты,
Айғырдайын алысты,
Бұқадайын тіресті,

Бурадайын шайнасты,

тарихи  аңыздар
Қошқардайын қойысып,
Шарт-шұрт етіп қалысты»,—
дейді. Ол кезде жекпе-жекке келгенде, шайқасып қалған екі

адам ақырына дейін өздері ғана күш сынасады екен, қосалқы
көмек талап етпейді. Мұсылман қауымының әдеті—кезекті ал-
дымен кәпірге береді екен. Осы салт бойынша Жәнібек бірін­ші
кезекті Садырға береді.

«Садыр сонда ілгізді,
Ерлігін елге білгізді.
Көк дөненнің сауырына,
Жәнекеңді мінгізді»,—

дейді. Қызыл шашақты, қара тамақты найзамен Жәнекеңді
шаншып итергенде ердің артқы қасынан асырып, көк дөнен­
нің сауырына мінгізген екен. Өз кезегі келгенде қаһарланған
Жәнібек:

«Ақырып сонда қалады,
Айғайлап ұран салады.
Қызыл найза қолында,
Шұрқылтайдан салады.

Садырды жерге түсіріп,
Долан жиренді алады.
Көк дөненді жетелеп,
Абылай ханға барады»,—

дейді. Бір аяғына оқ тиген Ақтанкер атпен қашқан Абылай жау
қолында қалып қоя жаздайды. Ақтанкердің жүруге халі кетіп
тұрған кезде, Абылай ханды көзі шалып қалған Жәнібек до­лан
жиренге өзі мініп, көк дөненді жетелеп, Абылай ханның алды-

на барып, көк дөненді көлденең тартыпты.
Абылай хан мінуді ар көріп, мінгісі келмепті. Сонда Жәнібек:
Хан Абылай—сен,—деді,
Бердәулеттің баласы

Ер Жәнібек—мен,—деді.
Қазақ ханы Абылайды

батырлар  туралы  аңыздар
Қалмақ өлтірді дегенше,
Өзім өлтіріп кетейін.
Өлмей тұрған кезіңде,

Көк дөненге мін,—деді.
Деді дағы Жәнібек,
Абылай ханға қарады.
Бөкен найзаны алады,

Тап бергенде, Абылай хан
Қорыққанынан дөненге
Қарғып мініп алады,—
дейді. Хан Абылайды көк дөненге мінгізіп:

—Қалған жауға мен бар, қашқан қолыңды тоқтат, бір жер-

ге жиып, ес-ақылын жиғыз, кім бар, кім жоғын түгендетіп,
өлгендердің сүйегін тауып, кебінін кигізіп, кетпендетіп қой­
дыр, ақыл-есіңнен айрылма, ханым!—депті. Қайтадан арты­
на қайрылып қалған жауға қырғидай тиіпті. Жауды қы­

на­дай қырып, қуа соғып, Садырдың қолын Жәнібек өзіне
қа­ратыпты.
Көк дөненге мініп, ес-ақылын жиған Абылай хан қашқан
қолдарын тоқтатып, бір жерге жинап, соғыста қаза болғанда­

рын жерлетіп, Садырдың елінен түскен олжаларды батыр­лар­ға
бөліп беріпті. Сол кезде көк дөненнің иесі есіне түсіп, атар­ман,
шабармандарына:

—Қысылтаяң кезде осыны маған біреу мінгізген еді, осының

иесін тауып келіңдер, осы дөненді жетелей жүріңдер,—депті.
Бұны естіген пысықтардың бірталайы: «Қырғын соғыс үстінде
басына қысым түскенде кім келіп көк дөненді мінгізгенін хан
қайдан білсін, мүмкін, ол адам соғыста өлген шығар, «менмін»

деп барайын да, ханның шапағатына ие болып, мол сыйлық
алып ырғынға батайын» деп ойлап атарман, шабармандарға:

—Ой, Алла тағала абиыр берген мейірлі жандар! Қысыл­

таяң кезде Алладан хан үшін тілек тілеп, астымдағы атымды
көлденең тартқан мен едім, ханға айтып мейір-шапағатына
іліктіре көріңдер!—деп қол құсырып тағызым қылыпты. Олар
хан алдына да келтіріліпті. Өтірік айтып, алдына келіп тұрған

жандарды көріп, Абылай хан бас шайқапты. Ел ортасы емес, ел
шетінде, жау бетінде қансырап барып ес жиып отырғанын ой-
лап, ашу шақырып, қаһарына мінбепті.

тарихи  аңыздар

—Бұлар емес, бәрін де қайтарыңдар! Тағы қос қалдырмай

іздеңдер! Қапылыста өңіне қарағанымда, түсі түнеріп кеткен
екен, көзі от болып жанып тұр, көзі көзіме түскенде ту сыр-
тыма өтіп кеткендей болды. Жасамыс адам емес, жас бала еді,
не қылсаңдар да табыңдар!—депті. Сонда атарман, шабар­

мандар:

—Тақсыр, қостың бәрін арылттық, тек біз бармаған уақ ба-

тыры Бармақтың қосы ғана қалды,—депті.

—Онда сол қосқа барыңдар!—деп бұйырыпты.

Хан жарлығын атқаруда өзін барынша адал көрсетуге ты­
рысатын атарман, шабармандар тізгін ұшымен Бармақтың қо­
сына барып:

—Соғыс үстінде ханға көк дөненді мінгізген адам бар ма?—

жар салыпты.
Салқын қандылық істеп, сабырлылық сақтаған Жәнібек
айғайды естігенімен, мен едім дей қоймапты. Шатырларды жа­
ғалап бірден айғайлап келе жатқан атармандардың көзіне бір

шатырдың іргесінен ұзындығы кездей сойдиып шығып жат­
қан жалпақ табанды сирақ көрініпті. Көк дөнен көсілген аяқ­ты
иіскеп оқыранып жіберіпті.
Алып аяқты көріп: «ойпырай, осы болмасын» деп таңда­нып

қалған ханның әлгі атармандары:

—Ой, бұл қоста көк дөненнің иесі бар ма?—депті.

Демін алып жатқан Жәнібек:

—Бар! Менмін! Қайітпексің?—депті.

—Дөненіңді алып келдім, Абылай хан сені іздеп жатыр,—

депті атармандар.

—Мен атымды Абылай ханға бергенмін, ханға айта бар,

бергенім берген, алмаймын!—деп Жәнібек баяғысынша орны­
нан жылжымай жата беріпті. Көк дөненнің иесін тапқан шабар­
мандар екі езулері құлағына жетіп, қуанып, ханға барып:

—Көк дөненнің иесі табылды, атымды алмаймын деп жа­

тыр,—депті. Хан:

—Қайта барып қасыма шақырып әкел!—деп бұйырыпты.

Шабарман қайта барғанда Жәнібек:

—Абылай ханға айт, оң тізесінен орын берсе, барамын, әйіт­

песе, бармаймын,—депті.
Жәнібектің сәлемін көтеріп барған шабарманға хан:

—Мақұл, оң тіземді бердім!—депті.

батырлар  туралы  аңыздар
Сонымен Жәкең Абылай ханның оң тізесіне отырыпты.
Мұны көрген қолбасы мен орда маңындағылар арқылы бұл ха-
бар қалың қол ішіне тарап, арғын, найман жағы:

—Хан оң тізесін тіректі ел арғын мен найманға бастырмай,

керейдің қаңғыған бір жас баласына бастырғаны несі,—деп на-
мыстаныпты.
Сол кезде арғында атағы жер жарған тілді, ауызды Тіленші
деген биі сыбанып шығып:

—Оны мен ханның оң тізесінен ығыстырамын,—деп

өңеш­­те­ніпті. Көпті көрген жасы үлкен ақсақалдар жағы
Тіленшіге:

—Қысылтаяң кезде Абылай ханның жанына төнген ажалға

арашашы болған, қазақ қолының үстіне төнген қанды қыр­
ғында ерлік көрсетіп, Садырды өлтіріп, қалмақты қынадай
қырып, қазаққа жеңіс әперген ер ғой ол, оған қақпақ көрсету­
ге болмас,—деседі. Бой бермей екілене түскен Тіленші Абылай

ханның соғысқа қолбасшылық ету ордасының сотына атпен
келіп, тебітіп:

—Ой, Абылай, оң тізеңді бастырған немең кім өзі?—деп

айғайлапты. Сонда Абылай:

—Ой, менің өзі серім ғой,

Қамал бұзар ерім ғой.
Тіленші би нең кетті,
Еркелеткен өзім ғой,—
депті. Хан жауабына риза болған Тіленші:

—Көрсетші маған еріңді,

Бір мінейін беліне.
Қызыл тілім кесілмесе,
Жіберейін шұнақ керей еліне,
деп өкіректепті. Хан қайталай салмақтылықпен:

—Мұның өзі еркем ғой,

Ел бастаған серкем ғой.
Еркелесін, ерім ғой,
Қамал бұзар серім ғой.

тарихи  аңыздар
Тіленші би нең кетті,
Еркелеткен өзім ғой,—
деген екен. Сонда өр көкірек Тіленші алкеуделік істеп айғайлап:

—Келімсек, шұнақ керей Хан ордасына кіруге болмайды,

ханның оң тізесін басуына болмайды, шығып кетсін! Кім өзі?—
деп елеурепті. Сонда:
Жәнекең шырт-шырт түкірді,
Шынтақтап басын көтерді.

—Менің жөнімді сұрасаң,

Он екі керей арыспын,
Азуым кере қарыспын.
Тезге салсаң, түзелмес,
Ағаштан туған шалыспын,

Жылқыдан туған мүкіспін.
Пышақ салдың, жетесіз,
Жөнімді сұрап нетесіз.
Өз әкеңді сұрасаң,

Бекболат деген құл еді.
Шешеңді сенен сұрасаң,
Сары үйсіннің қызы еді,
Солым сары күң еді.

Олжалап әкеп нағашым,
Сауғалыққа беріп еді.
Содан туған Тіленші деген сен едің,
Сен келіп сонша маған неге шірендің?—

депті. Сонда хан алдында, шырыштай ел ортасында тарихи
қазбаланған Тіленші шыдай алмай, атын борбайға тартып-
тартып жіберіп, елінің ішіне еңіреп барып, етпетінен құлап
түсіпті. Сонда «барма!» деп ақыл айтқан қариялар Тіленшіге:

—Е, бәлем, барма десем, бардың ба,

Қара төбет қапты ма?
Ата-анаңды таптың ба,
Жер бауырлап жаттың ба?!—
деген екен.

батырлар  туралы  аңыздар *** Cоғыста жеңіске жетіп, көңілі орныққан Абылай хан шейт­ терін жерлеп, тірілерінің басын құрап, олжаларын бөлісіп болғаннан кейін, ұзақ жол жүріп, дамыл алмай қиян-кескі соғыс жүргізіп, арып-шаршаған қалың қолына бір жеті дамылдап ес-ақылын жиып, соғыста қаза кеткен намаздарын өтеп, Құдайға құлшылығын істеуді бұйырыпты. Ханның оң тізесін басқан Жәнібек Уақ Бармақ батыр баста­ ған өз қосына келіпті. Барлық адам ғибадат істеу үшін су бойына барып, тазалық жүргізіпті. Жәнібек жұртпен бірге су бойына барса да, көппен бірге суға жуынудан иба сақтап, бір бұрым айланып барып жеке жуыныпты. Жуынып болып жағаға шығып, киімін киіп отырып, су бетінің дірілімен ойнап тұрған сағымды көріпті. Абайласа, судағы сағым ай мен күндей бір сұлудың бейнесі. «Бұл қай жақтан келіп түсіп тұр» деп аспан әлеміне көз қыдырта қарап, көк жиекті сүзе бақылап, жер бедеріндегі ұлы тау, алып шың, биік құз, еңселі шоқыларды бірден көз аясынан өткі­зіп отырғанда, таяудағы қара шоқының ұшар басына биік етіп орнатқан мұнарада тұрған перизат көзіне шалыныпты. Бұл соғыста Жәнібек өлтірген қалмақтың атақты батыры Садырдың қалыңдығы екен. Бұл мұнара әдеттегі уақытта Садырдың қалыңдығымен кездесіп, екеуі бірлікте бейбіт жатқан ел-жұртын, жасыл пү­ ліске оранған көк орай шалғынды жерін тамашалап көз құ­ марын қандыратын ләззәтті мұнарасы екен. «Бұл соғыста Садыр сөз жоқ қазақты қырып жатқан болу керек» деп, Садырдың жеңісін көруге салтанат қып мұнараға шыққан қалыңдық, Садыры өліп, қалмақтың қолы қайта қа­ шып, қызыл жоса болып, ат тұяғынан ұшқан ақ түтін шаңның астында қалған жағдайдың себебінен мұнарадан түсіп, ордасы­ на қайта алмай қалыпты. Қазақ батырларының әлеуетті қол­да­ ры жағынан тоз-тоз болған өз елінің мал-жанын, өзінің орда­сын кейде мұнарадан көріп, кейде налып, кейде жанып отырыпты да: «Ерегесте ердің ері сыналады, маған бәрібір, ел хан көтерген ердің етегінен ұстасам болды»,—деп өзінің сенімді батырының мойнын қылша бұраған батырмен дидарласудың орайын күтіп мұнарада бақылап отыра беріпті де, Жәнібек батырдың оңаша суға түскен орайын пайдаланып, түр-тұлғасын көріп құ­мар­

тарихи  аңыздар
лығы артыпты. Нәпсі бойын балқытып, жүрегін талдырып, сі­
ле­кейі шұбырыпты. Ақыры жан құмарының жебеуінде сағы­
мын суға түсіріп, Жәнібектің көзіне көрініпті.

Сағымын көріп әйел затына тұңғыш саңы ауған Жәнібек
батыр өзін балдан тәтті, оттан ыстық махаббат жалынының
алауын­да тұрғандай сезініпті. Мұнараның алдына барып, қыз­
ға мұнарадан түсуді айтыпты. Мұнара төбесінде тұрған қыз:

—Мені өзің алатын болсаң, түсемін,—депті.

Қыз Жәнібекпен осы уағданы үш рет серттесіпті. Қыз мұ­
нарадан түсіп, Жәнібектің алдына келіп, иіліп тағзым етіпті.
Жәнібек қызды Уақ Бармақ батырдың қосындағы өзінің шаты-
рына алып келіпті.

«Жәнібек Садырдың аймен-күндей сұлу қалыңдығын ол­
жалап алып, неке қидырғалы жатыр»,—деген хабар хан
Абылайға жетіпті.
Хан қыз дегенде қызынып, іші удай ашып: «Бас олжаны

маған ұсынбай, оң тіземе отырмай жатып басына ма бұл ме­
ні»,—деп буырқанып, аялдамастан, шақыртуға тақат қылмай
арып-талып жетіпті де, Жәнібекке:

—О, батыр, батырдан сауға,—депті.

—Алыңыз, хан, мыңы сіздікі болсын, бірі біздікі болсын!—

депті Жәнібек.

—Жо, жоқ батыр, батырдан сауға, жол менікі,—депті Абы-

лай хан.
Ойлана қалған Жәнібек: «Көре алмастықпен құқай көрсетіп
жүрген іргелі ел анау, бастап жүрген өз алдыма қолым жоқ, жат
ел, жат жерде Абылай мен Жәнібек қалмақтың қатынына тала-

сып қызыл шеке болыпты, қырқысыпты» деген атаққа қалармыз.
«Ұлығың сайтан болса да, әмәрән тұт» деген қорытындыға келіп:

—Алыңыз!—депті. Сонда қыз:

—Дат, тақсырлар! Бірнеше ауыз сөзім бар рұқсат болса, шы-

даса, хан мені алар,—депті.

—Айтарыңды айт,—дегенде, қыз:

—Ой, Садырым, Садырым,

Сен өлдің, кетті қадірім.
Садырымның найзасы
Қарағай болды, морт болды,
Жалынған Құдай сарт болды.

батырлар  туралы  аңыздар Жәнібектің найзасы Қайың болды, берік болды, Жалынған Құдай серік болды. Қашып едім бытқылға, Қашсам дағы қоймады. Қайрандады мықты да, Қайран басым қор болды, Абылай деген ит құлға,— депті. Сонда Абылай хан Жәнібекке: —Бұл немеңе менің қай-қайдағымды қаздырайын деп пе едің?—деп, бұйыра пышағын суырып алып, қыздың санына салып қалыпты. Абылайға ашуланған Жәнібек: —Ендеше Садырына тие берсін!—деп қыздың басын қан­ жар­мен шауып тастапты. Кешінде тұңғыш рет сезімін қытықтап, құмарлығын қоз­ дырған сұлудың ашкөз ханға ашуланып, басын шауып тастаға­ ны есіне түскенде денесі бір ысып, бір суып, жүрегі түршігіп, ойлаған сайын өкініп, дөңбекшіп жатып әбден қалжыраған­да ұйқыға кетіпті де түс көріпті. «Ел іргесі тыныш, қой үстіне бозторғай жұмыртқалап, майрағайдай-тайрағай заман болып, жасыл шалғын кілемнің түгіндей майсаға оранған сары жайлаудың үсті. Жәнібекке әке­ сі Бердәулет қалыңдық айттырып жатыпты. Күйеудің қайын­ға ұрын баратын уақыты болып, ел-жұрт болып ақсарбас сойып, Жәнібекті аттандырмақшы болып жатқанда ауыл сыр­тын­да Жәнібекке ақ киімді, ақ сақалды қария кезігіпті. Ол Жәні­ бектің қиылып тұрып, иліп берген сәлемін жақсы қабылдамай, күрең қабақ рай білдіріп: —Әй, Жәнібек! «Батыр аңғал» деген, аңғалдықтан жасты­ ғың жамандыққа итеріп, ақыл таппай ақымақтық істедің. Оң қо­лыңа сол қолың арашасы болмады. Ол ару әуелде-ақ Садыр­ ға емес, саған жазылған адам еді. Абылайға ашуланып аяу­лың­­ нан айрылдың! Сен ұрын барасың, жар құшасың, ұрпақ кө­ре­­ сің, ұл көрмейсің, ұрпағыңнан өзіңдей батыр да шықпайды. Бұл өкінішке ожарлығыңнан өзің кіріптар болдың, батырлы­­ ғың өз басыңмен аяқтайды!»—дегенде, ашуға мініп, ашын­ған Жә­ні­бек ақырып түрегеліпті. Ақ сақалды адам ғайып болыпты.

тарихи  аңыздар Ертесі түсін Бармақ батырға айтқанда, ол: «Түс—түлкінің боғы ғой»,—депті. Жәнібектің батыр даңқы әлемге жайылып, дүниені дүр сілкіндіруі осылай басталыпты. Ожарлығы мен аңғалдығы алғаш рет Жәнібекке өкінішті осылай арқалатқан екен. Жәнібек өмірінде сан рет жойқын жорыққа аттанып, жеңіс­ ті соғыс жүргізіпті. Жаудан беті қайтып көрмепті. Ел үшін ерлігін аямапты. Өз тұсында арысы—қазақтың, одан қалса, керейдің жоғын жоқтап, жауына кеткен есесін мүлт кетірмей қайырып алып отырыпты. Өзі олжа алып, дүние мүлік жинамапты, байлық та іздемепті. Өз отбасында шәкене ғана мінер ат, киер-киім, ішер тамақтық дән-дәулеті болыпты. Жәнібек тұрмыста соны қанағат еткен. *** Жәнібек алғашқы жорықтан келген соң соғыстағы ба­тыр­ лығы елін сүйіндірген ұлының атағына Бердәулеттің төбесі көкке жеткендей болыпты. Ұлына дән риза болған ата-ана шұғыл әрекеттеніп, қалың мал жүргізіп, қалыңдық айттырыпты. «Жорыққа аттанып жолы ашылып алған батырға, ауылда аялдауға алданыш болсын! «Жаман айтпай, жақсы жоқ», «Бай бір жұттық, батыр бір оқтық» деген, тезірек қызығын көрсек»,— деп, көп ұзатпай Жәнібекті қайынына ұрынға жіберіпті. Қайын атаның ауылына жақындағанда, салт бойынша Жәнібекті қара адырдың арасына жалғыз қалдырып кетіпті. Бұрын күйеулікті басынан кешірмеген Жәнібек: «енді не хикмет болар екен» деп толқыған оймен иек артпа кезеңшеге шығып отырыпты. Отырып ойға кетіпті. Түсіне кірген ақ сақалды қартты, оның айтқан сөздерін есіне алыпты. Абылай ханға ашуланып басын алып тастаған қыз көз алдына елес­теп­ ті. «Ол мұнарадан түсердегі уағда қылған шартты сөзде тұрма­ дың» деп жазғырып тұрғандай сезіліп, сондағы жағдайлар бір­ ден-бірден көзінің алдын кес-кестеп өтіп жатқан кезде, мұшы­ға келіп, өзіне қарай тура ұмтылған ақ кимешек-шылауыш­та­ры жер соғып, қос етекті көлбіреген көйлектері гүлдің басын жа­ пырып, теңге-моншақтары күнге шағылысып жарқылдап, ақ құрт толы табақтарын көтерген қалың әйелді абайсызда

батырлар  туралы  аңыздар көргенде жүрегі лүпілдеп, атына мініп, жалт беріп артына қарай тұра жөнелгісі келіпті. Жәнібек қайтерін білмей ойланып, қамданып үлгергенше, кілтең жерден ұмтылған жеңешелері ақ жарманың астынан алып, арадай шулапты. Жасанған жауды қынадай қырып, қылышпен жайпаған батырдың ақ шылауыш астындағы ай­ғайшудан тұңғыш рет сескенуі деп те атайды. *** Жәнібек Садырдың қалыңдығын серт беріп, мұнарадан тү­ сіріп алғаннан кейін, Абылай ханның іштарлық істеп ба­сым­ дылық жасағанына наразы болыпты. Абылай хан Жәнібектің бас олжаны тапсырмағанына, қыз­ дың сөйлеуіне рұқсат беріп, өзі янаттағанына ол қызды тірі қалдырып, сазайын тарттырып, өзінің үкім кесуіне қаратпай басын кесіп тастағанына наразы болыпты. Осындай себептер­дің нәтижесінде бір-біріне ашық айтпағанымен, Абылай хан мен Жәнібек батырдың арасында қырғи қабақтық өмір сүріпті. Жәнібек балалықтың табы кетпеген балаң оймен әкешешесінің қалыңдық айттырып, келін түсіріп, отау тігу армантілегінің қызық думанында жүріп, өзі бастап жорық жасай­тын қол ұйымдастыра алмаған кезінде Абылай хан екінші реткі соғыс жорығын бастапты. Айғай шықса, делебесі қозатын, жорық десе, жойқын күш денесіне сыймайтын Жәнібек батыр тағы да көк сауытын киіп, көк дөненін мініп, ақ алмасын жарқылдатып, қара тамақ найзасын қолына алып, садағын мойнына асып, қорамсағын салпылдатып аттаныпты. Жыл бойы қызды ауылға қырындап, қалыңдық ойнап, қатын алу жолында қайтауылға түсіп, сарпалдаң көрген көк дөненнің күйі тым төмен болғандықтан, айлық жолға жете алмай арықтапты. Абылай хан Жәнібектің атының арықтағанын көре тұра, аялдайтын рай білдірмепті. Абылайдың ниетін таныған Жәнібек: —Бақ қонып, таққа мінген қадірлі ханымыз Абылай, «Қара қазан, сары баланың тілеуі бір», іргеміз бөлінбеген, қанымыз бір қазақпыз. Дәм-тұзымыз—тірлігіміздің кепілі. Менің атым арықтады. Сен кемді күн тосып, күш-көлікті тынықтырсаң бол-

тарихи  аңыздар май ма? Көк дөнен бірнеше күн оттаса, бір жорыққа жарар еді. Бірге жүрсек болмас па еді,—деп талап қояды. Сонда Абылай маңғаз отырып, маңыздана сөйлеп: —Көз ұшында көрінген ана шоқ қамысқа барсаң, сол жердің раноты күшті. Оған барып оттаған ат үш күнде қабырғасын жабады, үш күннен асса, семірген ат құланға ілесіп кетеді. Уақып бол! Атың семірген соң артымнан келерсің,—депті. Сонда Жәнібек жер қайысқан Абылай ханның жасағы қа­ лың қолға айғай салып: —Ұлыңның ұлы, қызыңның қызына айтыңдар! «Төреге ерген ерін арқалайды»,—деген екен. *** Жорыққа аттанған қалың қолдан Жәнібектің қасында қалған өзі шамалас мықты, ақылды, ойлы, шешен аталып жүрген бір ғана жігіт екен, сол екеуі шоқ қамысқа таяғанда көк дөненде Жәнекеңді алып жүрер қауқар қалмапты. Жәнібек жолдасына: «Мен осы жерде қалайын, сен көк дөненді жетелеп, шоқ қамысқа бар да аттарды оттат, бірақ мықты бол!»— деп біткен сауыт-сайманын атымен бірге жіберіп, садағын ғана алып қалыпты. Жәнібек жаяу тұрғыларға шығып, жан-жағына көз жіберіп, жер таза деп межелеп, бір тұрғыға келіп жатып ұйықтапты. Жорыққа аттанған шын батырдың жарғақ құлағы жаст­ық­ қа тимейтіндігі, күндіз күлкі, түнде ұйқы ұмыт болатынды­ғы табиғи емес пе?! Жәнібек ұзын күндерден бергі ұйқыны жиып бір қандырып алмақшы болып жантая қалса, төтенше тәт­ ті, қатты ұйқыға кетіпті. Сол ұйықтағаннан мол ұйықтапты. Ұйқыдан оянып жан-жағына қараса, бір үйір құланның артында бір көк тұлпар еріп бара жатыпты. Қатты ұйқыдан былшық басқан көзін жуан жұдырығының сыртымен сүртіп-сүртіп жіберіп нақтап қараса, айна қатесі жоқ өзінің көк дөнені, қалар емес құланға еріп барады. Шыдай алмай кеткен Жәнібек: «дыр-дыр!» деп айғай сала ұмтылыпты. Еңістей жүгіріп бір талай жерге барған Жәнібек алқына дем алып, аяңдапты. Адырлы бұйратты құмайтты осылтып көлденең өткен бір жаяудың ізі кез келіпті. Ізді көріп таңырқаған Жәнібек абайлап қарап, жаяудың ізіне өз табанын салып көрсе, әлгі өз табанынан ұзы­ ны бір кез, көлденеңі жарым кез артық болып шығыпты. Осын­

батырлар  туралы  аңыздар
дай алып табанның ізін көргенде Жәнібектің жүрегі лүпіл­деп,
бұл қандай ғаламат, ертеректерде айтылатын дию деген осы
болмасын деп сескеніпті. Бұны халық аңызында: «Жәнекең­нің

екінші сескенуі» деп атайды.
Ақыры Жәнібек «Аллаға тәуекел!» деп жүрегін тоқтатып,
аңғалдықты ақылға бұйсұндырып, жойқын ізді өкшелей қуып
келе келсе, бір төбенің үстінде алдыңғы жағына күн салып

қарап отырған «бір түбені» көріпті. Не болса да тәуелкелге
басқан және кең өзі шыққан төбеде тұрып, «жауырын ортаның
төсі, өлер жерің осы ғой» деп, құлаштасып тұрып садағын тар-
тып қалыпты. Сонда әлгі жапанды көңірентіп, жерді тітір еткен

ішті бір үн ішінде ыстығы төбеден аса, үстіңгі «төбе» етбетінен
құлап түсті. Сәлден соң барып, құлаған «төбенің» қару-жарағын
алып, маңдай терін сыпырып, ауыр демін алыпты. Басқа айда-
рын ісемедеп өрген, маңдайы кезге таяу, екі көзі тостақандай

алып денелі қалмақ батыр екен. Сескенген көңілі орныққан
Жәнібек көк дөнен кетіп бара жатқан бағанағы бағытқа қара­са,
құланменен бірге қызыл қақтан су ішкен көк дөнен шалғын­ға
оттап кетіп бара жатыпты.

«Япырай, бұл ит құланға еріп, жаяу тастап кететін болды-
ау!» деген Жәнібек, үш рет «дір-дір» деп қатты ақырыпты.
Бірақ оны көк дөнен елең құрлы көрмеген соң, ызаға булық­қан
Жәнібек:

«Ең жаманы—жауға бара алмай қалармын, жаяуласам да
керейді тауып алармын, Жәнібектің аты құланға ілесіп кетіп,
өзі жаяу қалыпты дегізгенше»,—деп, көздеп тұрып садақпен
тартып қалыпты. Садақтың оғы қос өкпеден өте шыққан көк

дөнен ышқынып барып екпетінен түсіпті. Атарын атса да, көк
дөненге іші ашып кеткен Жәнібек өшіртіп келіп, бас салып ба-
сын құшақтапты да:
«Нағашы атам ықыласымен берген жануарым-ай! Сен Ал­

жас­тың ба? Мен қателестім бе?»—деп көк дөненді қимай, ішін
жарып, ішек қарын, өкпе-бауырын алып тастап, қос кеудесіне
кіріп үш күн жатыпты. Ақыры көк дөненді бағуға кеткен сері­гі
есі­не түсіп, «бишара айрылып қалып жүр-ау, бүйтіп жатқа­ным

болмас, оны тауып алып, ақылға келейік»,—деп ойлапты.
Көк дөненнің кеудесінен шығып, басын көтеріп алып шоқ
қамысқа келіпті. Келсе, жолдасы өз атына қосып көк дөненді
бағып жатыпты. Көк дөнен жыра салып, бауырынан жарап тұ­

тарихи  аңыздар
рыпты. Бұны көрген Жәнібек төтенше қуанып, көк дөненнің
басынан құйрығына дейін сылап-сипапты. Көтеріп келген
көк тұлпардың басын, көк дөненнің басымен салыстырғанда

орындығы бір кез, шықшыты жарты кез артық шығыпты.
Сөйтсе, құланға ерген көк тұлпары Жанекең көк дөненім деп
қата таныпты. Ол Жәнібек өз қолымен келмеске кетірген
қалмақ батырдың керігі екен.

Аман-есен серігімен ұшырасып, бауырынан жараған көк
дөненіне тақымы тиген Жәнекең әрқилы ойға кетіп, ақыры:
«Жәнібек аты арықтап Абылай ханның жұртында жолда қа­
лыпты, содан аяқсыз өз ө беті қайтып келіпті дегізгенше, Абы-

лай ханға ерлігімді бір көрсетейін», деген бекімге келіпті.
Бірқанша күн шеру тартып ұзап кеткен Абылай ханды жол-
ды етіп, суыт жүріп Жәнібек батыр қуып жетіп, қарасын көр­
ген соң, аялдапты.

Абылай хан қалың қолмен күндіз шеру тартып, түнде жа-
тады. Жәнібек түнде жүріп, күндіз дем алады. Абылай ханның
таңда аттанған жұртына Жәнібек күн шыға келіп дем алады.
Бір күні шоқпар тастың асты, шилі өзектің басы қышмалы

бастауға келіп түсіп, шайланып алып, аттарын бекітіп отқа
қойып, ер-тоқымын жастанып, киімін шешіп астына салып,
жей­дешең, дамбалшаң шалқасынан түсіп ұйықтап жатқан
Жәні­бектің аяғынан өрлеген оқтаудай суық дене шырт ұйқы­

ның шырқын бұзып, кеудеге келіп тоқтағандай болады. Ұйқы
ішінде сезімі секем алған Жәнекең өзін қозғалтпауға барын-
ша тырысып, ақырын ғана кірпігін ашып, саңлау шығарып
қараса, жоян қара шыбар жылан басын қайқаңдатып, тілін

жалаңда­тып тұрғанын көрді де, «мына кәпір жазым ерте ме
екен?» деген ойға келіп денесі түршігіп, жүрегі құбылып
қалды. Мұны халық аңызында Жәнібектің 3-сескенуі деп
атайды.

Қалт ойлана қалған Жәнібек: «Ыстық күнде сусап кел-
ген хайуан бастаудан су ішіп, шөлін қандырғаннан кейін да-
мылдайтын інінің ауызына мен жатып алған сияқтымын.
Ауызымды ашып, тыныш жатайын да, кіре бергенде шайнап,

бүркейін»,—деген бекемге келді де, ауызын ашады. Нақ Жә­
некеңнің ойлағанындай жылан тілін тартып, аузын жауып,
еңкейіп келіп ауызына басын сұққан заман, ашулы Жәнекең
қарыш еткізіп жыланның басын мойынынан тісімен қырқып,

батырлар  туралы  аңыздар
бүркіп жіберіпті. Жан үзерде жыланның сабалаған құйрығы
тиіп Жәнібектің серігі шошып, атып түрегелді.
Жәнібек те басын көтеріп:

—Шошыма, атыңды әкел! Абылайға жау қара шыбар жы-

ландай қадалған екен, тез баралық!—дейді.
Жәнібектер атқа мінгенде түс қайтып қалған екен. Айтқан­
дай, екі бел асқан соң-ақ екі төбеге жиналған қалың қара шұ­
быр жасақты көрді. Андайдан жақындап келген аралыққа

дейін жекпе-жектің майданына шыққан жалғыз адамға екін­
ші топ­тан жан шығып қарсы бара алмайды. Жәнібек жақын­
дап кел­ген­де, жекпе-жектің майданында айқулақтанып есіріп
тұрған, іс­ме­деп тұрып алтын мен айшықтап, күміспен ноқалап

тастаған, күнге шағылысқан сауыттың сағымы көзді тайдырып,
бет қарат­пай жасқандырып тұрған қалмақтың батыры екен.
Жүрегі ұстамның қашанда сөзі өктем келеді. Қазақшылап
қазақты барынша ғиянаттап жатқанын естігенде, қаны қызып,

қайраты тасып, қаңтардағы бурадай бұрқылдап, өзін тоқтата
алмаған Жәнібек аялдауға мұрса қылмай, «Абақ! Абақ! Қазақ!
Қазақ!» деп айғайлап ұран салып, жекпе -жекке барады.
Сөйтсе, Абылай хан бастаған қолдың ішіндегі батырлар­дың

атақтылары жекпе-жекке шығып, өмірге мәңгі қош айтып­ты.
Қалғандардың ішінен жекпе-жекке баруға батылдық ететін
ешкім болмай, Абылай ханның басына күн туып тұрған кезі
екен.

Апат төнгенде Абылай ханның маңдайынан аққан тер
пұшпағын жуып тұрыпты.
«Қалмақтың батырына «Қазақ!» деп қарсы жақтан біреу
келіп сайысып жатыр, Жәнібек батыр ма екен?—деген хабар

Абылай ханға тигенде, Абылай хан қарығып түсіп:

—Ия, Алла! Қазаққа жеңісті нәсіп қыл! Жәнібектің жаны­на

жар бола көр!—деп астындағы атын айтып, бауыздап жібер­ген
екен.
Жәнібек қалмақтың қанқұйлы батырын жер түбіндегі
жеті әкесіне жіберіп, «Қазақ!», «Абақ!», «Жеке!» деп аспан-

ды жаңғыртып айғай салғанда, жекеге шыққанды қойып,
қалмақтың қалың қолы қалтырап-дірілдеп, артына қарай ал-
май, тырым-тырақай қаша жөнеліпті.
Ақ туын аспанға көтеріп, ақ алмасын жарқылдатып, қара

тамақ, көк найзасын көлбей бұлғап, қалмақты қынадай қы­рып,

тарихи  аңыздар
қанын судай ағызып, «Ата-бабамыздың қалмаққа кеткен ке­гін
алайық!»—деп айғай-сүрен салыпты.
Жәнібектің дауысы жеңіс дабылын қағып, бүкіл қазақ

қолы қалмаққа қарай ат қойып, лап беріпті. Қол құрышы
қанып, қанды кегі тарқағанша қалмақ жасағын қырып,
елін бағындырып, қарусыздандырып, бұл өңірдің қалмағын
қазақтың бетіне қарай алмайтындай етіп барып, тоқтапты.

67. Жидебай батыр

(І нұсқа)
Қартайған кезінде жастық шағындағы жолдасы Қараменде
есіне түсіп, жас кезіндегі сәттерін және қартайып, қажыған
шақтағы өзгерістерін айтып, пікір алыспақшы болады. Ол

кезде ел арасындағы қатынас тек атпен ғана болғандықтан өзі
бара алмайды да, ел танып, сөз мәнісін білетін бір жас жігітті
шақырып:

—Шырағым, тобықтыда Қараменде деген досым бар еді.

Көрмегелі көп жылдар болды, сағындым. Өзім іздеп баруға ша-
мам жоқ, ол да қартайды, мені іздеп келе алмайды. Оның айтқан
сөзін жігіт жаттап алады. Сондағы Жидебайдың бес ауыз бір
сөзі: «Төрт нәрседе үміт бар, бір нәрседе үміт жоқ»,—осыны

айтасың. Алты ауыз бір сөзі: «Мұсылман жаудың қолында
қалдым, бес атаның малын іздеп әуре бодым. Алпыс ат үйір
бермейді, жетпіс торғай шырылдайды, сексен балапан ұя басып
жатыр, тоқсан жұмыртқа қашан жарылары белгісіз».

Жаздігүні жайлауға қонған қалың елді аралап, бірнеше
күн жол жүріп, манағы жігіт тобықтығы жетіп, Қараменде­
ге келе­ді. Біраз күн жатып тынығып, ел жайы мен аманды­
ғына әбден көзі жеткеннен соң, жігіт қайтпақ болады. Сонда

Қараменде:

—Жидекең тірі болса, маған басқа сәлем айтпады ма?—деп

сұрапты. Сонда жігіт батырдың сәлемін айтыпты. Қараменде
көп толғанып, ойланып біраздан кейін:

—«Төрт нәрседе үміт бар» дегені—адам баласы төрт үмітпен

жүріп өтеді екен-ау, яғни, «жас өсемін деп үмітті, жалғыз
көбейемін деп үмітті, жарлы байимын деп үмітті, ауру жазыла-
мын деп үмітті».

батырлар  туралы  аңыздар
«Бір нәрседен үміт жоқ» дегені—шіркін, көктемі мен
жазы өтіп, жапырағы қураған ағаштай тәтті өмір сүрген, бір-
біріне иістері сіңген жастық шақтағы жұбайы қайтып, келін

баласының қолында қалған екен ғой. Екі елі аузына төрт елі
қақпақ қойса, балаға сонда ғана сыйымды болады,—деген
екен.
«Бес атаның малын іздеп әуре болдым» дегені—қайран ба-

тыр қартайып, көзі соқыр болған кезі екен, жастан серік болған
бес жолдасы мүсуақ, тәшпық, орамал, бәкі, қамшы болар.
Осылардың басын қосып жинау үшін жан-жағын сипалап, іздеп
тапқанша, түске дейінгі уақыт өтеді екен. Жанына жанқалта,

төсіне төс қалта салсын,—депті. Ал «Алпыс ат үйір бермейді»
дегені—алпыс жас ағайынды жауға бермейтін қайрат-күш­тің
қайтпайтын кезі ғой, «жетпіс торғай шырылдайды» дегені—
«жетпісте торғайдай ғана қуатың қалады» дегені. «Сексен

балапан ұя басып жатыр» дегені—«сексенде ұяда жатқан ба-
лапандай төсек тартып жаттым» дегені. «Тоқсан жұмыртқа
қашан жарылатынын білмеймін» дегені—«тоқсаннан асқан
жасым бар, бір аяғыммен қабірдемін, ақ өлім қашан жетеді деп

күтудемін» дегені екен ғой,—дейді. 68. Жидебай батыр

(ІІ нұсқа)
Жидебай әулие де, ақын да, жұлдызшы да болған. Батыр
жорыққа шығарда қол жинап, қойдың тіс тимеген жауыры­
нына қарап (кейде отқа жағып, күліне қарап та) жорықтың

қандай нәтижемен бітетінін алдын ала айтып отырады екен.
Алдағы істі болжағыш, көріпкел, қолбасшы болған. Абылай
хан Жидебай батырға Балқаш-Ақмола өңіріне жауды кіргізбей,
сақшы болуды тапсырған екен. Жидебай батыр жүзден асқан­да

қайтыс болған. Өзінің бір өлеңінде:
Жидебай батыр болғаным—
Абылай ханның батасы.
Жоңғар ханды жеңгенім—

Қабанбай мен Бөгенбайдың арқары.
Жасымның жүзге жеткені—

тарихи  аңыздар
Мұсылманның алғысы.
Екі көзімнің кеткені—
Жоңғарлардың қарғысы.

Елдің айрықша бір айтатыны—Жидебайдың әділеттілігі.
Ол бірде соғыс арасындағы шабуылдан соң ат тынықтырып,
ер-тоқым кептіруге еліне келіпті. Бір замандасының үйіне ба-
рып, ас ішіп, әңгіме-дүкен құрып отырса, ауыл іргесінде жайы-

лып жатқан малға қасқыр шауыпты. Жидебай тоқтаған үйдің
бұзауын арам өлтіріп кетіпті. Бұл болмашы оқиғаға үй иесі
реніш білдірмесе де, батыр ойланып отырып былай депті:

—Апыр-ай, мен осы үйге келмесем, қасқыр бұзауды же-

мес еді! Үй иесі маған алаң болып, бұзауын қасқыр жеді. Бұл
қиянат қой,—депті де, қосшы жігітті өз ауылына жіберіп, бір
бұзау алдырып беріпті. Осыны естіген ел қатты таңданып, Жи-
дебай батырдың әділеттігін сөз етіп, бұдан былай жүгініске осы

кісінің алдына келетін болыпты. Батыр билік айтып, ха­лық­ты
бірлікке, адалдыққа шақырып, ішкі жаудан да, сыртқы жау­
дан да сақ болуды үйреткен.

69. Жидебай батыр

Жидебай халқын жаудан қорғаған батыр әрі өткір тілді ше-
шен адам болған.
Бірде Абылай хан аң аулап жүріп бір төбенің басында
ұйықтап жатқан адамды көреді. «Бұл неғылған жан?!» деп

таңқалған хан әлгі адам орнынан тұрған сәтте:

—Уа, батыр, үйге сыймай далада жатқаның қалай?—депті.

Сонда әлгі кісі:

—Демалуға қазақтың кең даласын қимай қызғанып тұрған

өзің кім боласың?—депті. Жолаушының сұсынан сескенген
Абылай хан сонда:

—Қазақтың Абылайы мен боламын. Енді өз жөніңді айт­

шы,—деген екен. Сонда атына ырғып мінген жолаушы:

—Өзіңнің қара басыңның қамын ойлап хан болсаң, қас

дұшпаның болармын, қамыққан халқыңның қамын ойлар
болсаң, айнымас асыл серігің болармын,—деп сөзге келместен
жүріп кетіпті.

батырлар  туралы  аңыздар
Абылай хан нөкерлерін ертіп ордаға келгеннен кейін жаңағы
адамға сұрау салады. Сөйтсе, ол Жидебай батыр екен. Сонан хан
батырды өзінің әскербасыларының бірі етіп алыпты.

Бір жылы жоңғарлармен болған бір ұрыс кезінде Абылай
ханның әскерлері жеңіске жетеді. Жеңіс құрметіне той жасаған
хан өз әскерлерінің күшін мақтан етіп, асқақтай сөйлейді. Сон-
да Жидебай былай деген екен:

—Уа, хан, аяғың алшақ, маңдайың шалқақ екен, күшіңе

қарап мақтан. Найзаң тұқыл, садағың тұқыл екен, қамаған
жауыңнан сақтан.
Жидебай батырдың тауып айтқан тапқыр сөзінен тосылған
хан үнсіз қалыпты.

70. Жидебай батыр

Орта жүз, арғын, бес мейрамның біреуі қаракесек бола-
ды. Қаракесек деген кісі аты емес, шын аты—Болатқожа,
Болатқожадан Ақша, Түйте туады. Түйтесінен Майқы, Танас.
Майқыдан Әлтеке, Сарым. Сол Әлтекенің баласы—Дос батыр.

Жетпіс сегіз жасында жалғыз баласы Қожаназармен қалмаққа
қолға түседі. Қалмақ: «Қазақты өлтіріп тастайық» дегенде,
кейбіреулері: «Әкелі-балалы екеуін бірдей өлтірмейік, тұқым
құртпайық. Ежелден қазақ-қалмақ арасында соғыста бірін-бірі

өлтіргені болмаса, қолға түскенді өлтіру жоқ еді ғой»,—деседі.
Қалмақтың сыбыр-сыбырынан сескеніп, жаны шошып, Дос ба-
тыр былай деп жырлапты:

—Сыбыр-сыбыр етеді,

Сыбыр құлақтан өтеді.
Сыбырласпаған жан шіркін,
Әлде нетіп кетеді.
Өзім өлсем бұғым-ай!

Қожаназар құлыным-ай!—
деп жылай беретін болыпты. Қалмақ мұнысын көрген соң:
«Әкелі-балалы өзді-өзі кеңессін, бірін бізге олжаға қалдырсын,
бірін еліне баруға бастайық»,—депті. Сонда бала ұшып тұра

келіп: «Әкетай мен көк лағың болайын! Мені Құдай жолына

тарихи  аңыздар
құрбандық қылып, ел-жұртыңды тапсаң»,—деп жылап қоя
бергенде, Дос батыр айтыпты: «Қалмаққа шал зәру емес, жас
ұлан зәру, жас ұланды өлтірмей, өздеріне бағындырып, ел-

жұрт қылып алады. Мен елге тірі барғанда не бітіремін. Қаздың
етін асадым, жетпіс сегіз жасадым. Сені қалдырып мен елге бар-
сам, екінің бірі, егіздің сыңары айтады. Алысым былай тұрсын,
жақыным айтады. Дұшпаным былай тұрсын, досым айтады.

Мына жалмауыз таладың басын жалмаған жалмауыз емес пе?
Жалғыз баласы Қожаназарды жалмап қойып, жылт-жылт етіп
келуін қайтерсің»,—дейді.
«Сен барсаң «Дос деген жоқ, міне, тірі» деп қуанады.

Және қатын алып, балалы болсаң, сенен туған менің кегімді
қалмақтан сол алады»,—деп батасын беріп, баласын қайырып,
өзі қалмақ қолында қала береді. Қожаназар ел-жұртына аман-
есен келеді, қатын алады. Қатыны бір ұл туды, ұлдың атын Жи-

дебай қойды.
Жидебай құрттай бала күнінде тапқан шешесі өліп,
Қожаназар бір тоқал алады. Тоқалдың аты Апар еді. Апардан
алты ұл туды. Апардың бойы бір қарыс деген өтірікші болмай-

ды. Алты туып жүрген Апар бес қанат үйдің уығын байлауға
бойы жетпей, Жидебайды аяғының астына жатқызып, уық бай-
ласа, сөйтіп байлайды екен.
Ол заманда жаугершілік, ел жалшы жалдауды білмейді.

Біреуге біреу бұрылмайды. Апардың түрін танитындар, бір
үйге қараған бейнет Жидебайда болмақ қой. Алты бала иттің
күшігіндей, арасына жыл салмай туа берген немелер. Оның
жалғызы Жидебайға бұрыла ма, тезек, су, от жағу—бәрі

Жидебайдың мойнында болды. Ол кезде көшірушілік қандай
көп, күнде көш, күнде көш. Көшкенде үй тігіп, уық буып
байлайтын болса, аяқ астына төсеп, бой өсіруге Жидебай дап-
даяр. Құрттай бала күнінде Жидебайдың аузынан шыққан бір

ауыз сөз бұның бәрін қозғап, тербетіп, балалатып, жаздырып
отырған. Қатын-қалаш: «Шырағым-ай, көзің ашылмады-ау,
өзің шешең тірі болса, үйі құрғыр тігілмей қалса да, сүйтпес еді-
ау!»—дегенде, Жидебай айтады екен: «Ол қылып жүргені маған

қастық емес, достық қой. Жасынан пісіп-қатсын, көнтерілі,
шыдамды болсын дегені».
Сүт пісіргенде, алтауының алдына алты аяқ, алтауының
қолында алты қасық, бас-басына бөлек-бөлек көбік қалқып

батырлар  туралы  аңыздар
құйып береді де: «Мынаны жалай отырыңдар»,—дейді екен. Ал
Жидебайдың қолына тезек салған шанаш қапты беріп: «Отты
қарай отыр»,—деп нұқып, түртіп қояды екен. Жидебайдың

құлағы жеті-сегіз жасқа жеткенде еститін болыпты. Бір күні
Жидебайды бабасы Дос батыр түсіне кіріп оятады: «Қаракерей
Қабанбай батыр бүгін түнде Алмұртбайдікіне қонып жатыр.
Балам, барып Қаракерей Қабанбайдан бата алып кел»,—

дейді. Түсінде сөйтіп Жидебай тұра келіп, үстінде жаға-жеңі
далба-дұлба боз көйлек, Қабанбай батырды іздеп құстай ұшып
келе жатса, Қабанбай батыр жаңа ғана аттанып кетіп бара
жатыр екен. Әуелі алыстан немене екенін де айыра алмады.

Еліктей ұшып келе жатқан бала екенін таныған соң, батыр
тоқтап тұра қалды. Көп кісімен жорыққа кетіп барады екен.
Бала жетіп келіп: «Ассалаумағалайкум!» деп сәлем берді.
«Уағалайкумассалам, жолың болсын, сәлемші балам! Қайда

барасың?»—деді батыр.

—Атыңыз шыққан атамыз едің, бата алып қалайын деп

едім!—деді бала.

—Бата-сата не береді дейсің, төрт алма жайым бар еді, бі­

реуін саған бердім, ал, балам!—деп жүре береді. Сөйтіп төрт
алма жайының бірі—«қызыл түлкі» деген болады екен, батыр
со­нысын беріп кеткен екен.
Абылай үш жүздің бүкіл қазаққа хан болған күнінде

Әлте­ке, Сары, Жидебай атақты батыр аталып, Абылай ханға
қолбасшы болған екен. Бір жаққа аттанарда, қосын жүргізерде
Үйсіннен алған шабдар атты алғызып, Әлтеке, Сарым, Жиде-
бай батырға мінгізеді екен. Жидебайға айсыз қараңғы түн тал

түстей, боран-судан ашық күндей, жан таба алмаған жерді
көріп қойғандай екен. Біреудің пышақ-шақпағы далада келе
жатқанда, бір жерде қалып қойса, айсыз қараңғы түнде болса
да, жауын-шашын, боран болса да, жүріп келе жатып найза-

сын тіреп тұрып қалып: «Ал, осы жерден түсіп қарай ғой»,—
дейді екен. Қалдырған адам жайлап тауып алады екен. «Сен
осыны қалай табасын?» дегенде, ханға сырын айтпайды екен.
Жалғыз-ақ Абылай хан айтып жүреді екен: «Осының қызыл

түлкісі бар»—деп. Сол адам аңдып жүріп, қарауылда жүрген
жерінде, ұйықтап жатқан, ақырын басып барып қара­са,
өңірінің астында, төсінің үстінде жатқан қызыл түлкіні кө­ріп
қалады. Түлкі жалт қарағанда, үрейі ұшып қаша жөнеледі.

тарихи  аңыздар
Ханға келіп көргенін айтады. Көргені бар болсын, көзінен ай-
ырылады.
Жидебай батыр жеті қатын алған, жасы жүз беске келіп

өлген. Алатау жақта, дәл қай жақта екені белгісіз. Адам таба
алмайтын елеусіз жерде бір старшын ел жаудан, жұттан есен-
аман жатады екен. Сол елді Жидебай тауып, шауып алып-
ты. Сол елде бір Сарықожа дейтін қожа бар екен. Бұл жерді

ешкім көрмеген жер. Өмір бойы адам таба алмайтын-ақ жер
еді. «Дәуде болса көзі ағарғыр Жидебай, қор болғыр Жиде-
бай ғой!»—деген екен. Сол Сарықожаның аузынан шыққан
лепесі қабыл болып, Жидебай көзден ерте айрылыпты. Ба-

рып қожаның аяғына жығыл­ған екен, болмапты. «Ауыздан
шыққан түкірік, қай­тып жұт­са—макроп» деген, ауыздан
шыққан соң болмайды»,—деген екен. Әлтеке, Сарым, Жиде-
бай тамы Қарқаралы сыртындағы Қызылтау деген тауды ба­сып

ағатұғын Нұра өзенінің бойын­да, Мәшрүп күңнің моласы­ның
қасында. Осы Мәшрүп өзі күң, көп ұлтқа мазар басы бо­лып
аты аталып қалған.

71. Жасыбай батыр

Жасыбай батыр жас кезінен батыл, ешнәрседен тайсалмай­
тын ержүрек болыпты. Он сегіз жасында батырлық атағы
шығыпты.
Бір күні біреулер Ақбет тауының бір аңғарына жиналып,

Жасыбайдың батырлығын сөз етіпті.

—Жасыбай тірі жаннан қорықпайды. Бұл өңірде оны-

мен батырлық салыстыратын жан жоқ. Оның әруаққа ба-
тылы бара ма соны көрелік. Ол үшін жер қазып, бір адамды
ішіне жатқызайық та, үстіне ағаш қойып, Жасыбайды соған
жұмсайық,—дейді.

Кеш болады. Әлгілер бір жылқы сойып, етін тайқазанға сал-
ды да, Жасыбайды шақырады:

—Жасыбай қарағым, мына жылқының етін пісіруге отын

керек. Баянауылдың жасыл шыршаларын кесуге қимай отыр­
мыз. Анау қос қайыңның түбіндегі бай моласының қасында
қу ағаш жататын еді. Сенен ыңғайлы ешкім жоқ. Соны алып
кел,—депті үлкен кісілер.

батырлар  туралы  аңыздар
Жасыбай отынға кетеді. Түн қараңғы екен. Жасыбай қабір
басындағы қу ағашты бір-бірлеп ала бергенде, ішінен ақ кебінді
біреу атып тұрады.

—О, Жасыбай, тірі жүргендермен күш сынасып болып,

маған келдің бе?—дейді үрейлі дауыспен. А дегенде Жасыбай
сескеніп қалса да, бойын тез жиып:

—О, жексұрын, тіріңде ештеңені адамға қимаған дүние­қо­

ңыз едің, көрде жатсаң да, мына ағашты қимай жатырмы­сың?
Енді сен әміріңді жүргізе алмайсың, тыныш жат!—деп ағаш­ты
алып жүре беріпті.
Сөйтіп, сыннан сүрінбей өткен Жасыбайдың батырлық

даңқы арта түсіпті. 72. Дәулетбай батыр

Ел аузындағы аңыз-әңгімеге қарағанда, Дәулетбай батыр
қапсағай денелі, ақ сұр жүзді, тік иық, өткірді жанарды адам
болған. Қалмақтың Долаңқара бастаған елу-алпыс адамы
Сауырдағы Меркіт елінің көп жылқысын барымталап, оларды

Қабанбай мен Дәулетбай бастаған 40 жігіт Ертістен өте қуып
жетеді. Сол жерде Долаңқараның өзі білегін сыбанып тас­
тап атып шығады да, Қабанбайды жекпе-жекке шақырады.
Қалқанының быт-шытын шығарып, қалмақ батырын әп-сәтте

жайратып салған қазақ қолбасына енді «Долаңқараның кегін
аламын» деп атан өгіздей Түркеш батыр елеуреп тұра ұмты­
лады. Жағдайды аңдып тұрған інісі Дәулетбай қайратын жиып
алып, тортөбелге қамшы басып, ойнақтап топ ортасына шыға

келеді. Жекпе-жекте Түркешті найзасымен шаншып өлтіреді.
Дәулетбай батыр сексен күнге созылған Шорға соғысына да,
Маңырақ маңындағы ұрысқа да белсене қатысып, жау орта­сын
қақ жарып, арттағы әскерге жол ашып отырды.

73. Әжібай атының ұранға айналуы хақында

Қазақтар қалмақтарды Аяққалқанға түріп тастап, әс­ке­рін
алып қайтып Шелекке келіп тоқтапты. Қол бастаған батыр­
лардың қатарында Жалайыр Ескелді, Балпық, Дулат Шеруке,

тарихи  аңыздар
Өтеген, Сегізсарыдан Биеке батыр, Қаракерей Қабанбай батыр,
Алжан Райымбек батырлар болады. Өткелдің аузында әскерін
тоқтатып қойып, елдің алдын шегереді. Үлкендері Шеруке сол

түні түс көреді. Таңда Шеруке:

—Мен түнде түс көрдім, Райымбектің басында екі шамшы­

рақ жанып тұр екен. Біздің болашағымызды сол болжасын,—
дейді.
Райымбек:

—Алланың көзіме көрсеткенін айтайын ба, әлде, алланың

аузыма салғанын айтайын ба?—депті.
Шеруке:

—Алланың аузыңа салғанын айт,—дейді.

Райымбек:

—Ата, бізге енді қалмақ шаппайды. Бірақ, Сіз дүниеден

озғаннан кейін, тәніңіз көрден алынады,—дейді.
Қабанбай аға, Сіздің атыңызды «Қабан» қойды елің. Көріңіз
үш күннен кейін шулайды, тәніңізді ұрпағыңыз таппайды.
Өтеген, Сіз Ұлы жүздің басы қосылған ұлы тойда менің

есімімді ұранға айландырасыз. Сол тойдағы бәйгеге алты ат
қосасыз. Алтауына алты бала мінгізесіз. Мінгендерге: «Айт,
Бозымның баласына «Әлмерек» деп, Алжан, Сегізсарының
ба­ласына «Райымбек» деп, Қызылбөрік, Қоңырбөрік баласы-

на «Әжібай» деп ұрандап шап!»—дейсіз. Содан алтауы Сіздің
айтуыңыз бойынша ұрандап шабады. Алтауы да бәйгеден
келеді. Сол қуаныштан сіздің жүрегіңіз жарылып, бақи дүниеге
аттанып кетесіз.

Райымбек батырдың айтқаны келіп, осы дүбірлі тойда
үш жүздің баласы жолды Ұлы жүзге, Ұлы жүз Албанға, Ал-
бан балалары Алжанға берген екен. Сол күннен бастап Айт-
Бозымның ұраны—«Әлмерек», Алжан, Сегізсарының ұраны—

«Райымбек», Қызылбөріктің ұраны—«Әжібай» болыпты. 74. Әжібайдың қалмақ досы

Әжібай батыр сарбаздарымен қалмақтарды ысырып тастап
келе жатса, алдынан өгіз мінген қалмақ шығады.

—Қол бастаған Қора деген батырың қайда?—деп сұрайды

Әжібай. Анау айтпай жалтарады. Әжібай:

батырлар  туралы  аңыздар

—Айтпасаң басыңды аламын,—деп қылышын суырғанда

жанынан қорыққан өгіз мінген қалмақ тұра қашады. Қазақтар
тұра қуады. Қалмақ ат жүре алмайтын бұралаң жолмен қашып
отырып аулына бұрын барады. Барады да, Қора батырға хабар
береді. Қалмақтар шалмаларын дайындап, Әжібайлардың жо-

лын күтеді.
Қалмақтардың жол тосқан кілең шалмашылары келген
қазақтарды аттан аунатып тастап, шетінен түйрей бастайды.
Әжібайдың мойнына шалма ілінбей, қылыш көтерген қолын

буып, қарсыласуға шамасын келтірмей найзамен түйреп-түй­
реп құлатып кетеді. «Қазақтарды жеңдік» деп қалмақтар аулы-
на қайтады.
Қол бастаған Қора батыр: «Осылардың арасында Әжібай до-

сым жоқ па екен?»—деп қайта айналып, сұлап жатқандар­дың
тұсына келеді.

—Әжібай, Әжібай,—деп дыбыстайды.

Ыңырсып жатқан Әжібай:

—Оу,—деп белгі береді.

Қора батыр Әжібайды көтеріп үйіне әкеледі де, семіз тай
сойып, терісіне салады. Денесіндегі жарақаттарды емдейді. Үй
астынан ұра қазып, сонда көктемге дейін жасырын ұстайды.
Қалмақтар көктеуге, күнгейге көшетін кез болғанда, Қора

Әжібайды еліне қайтарудың амалын ойластырады. Жыл­қы­
сындағы тұлпар текті көк биесін ұстап, Әжібайды мінгізіп
жолға салады.

75. Көк бие мен көк төбет

Әжібай қалмақ досы берген көк биені мініп ұзақ жол жүріп
еліне келсе, аулы орнында жоқ. Қалмақ шауып, жұртта қал­
ғандары басқа жаққа қоныс аударуға дайындалып жатса керек.
Өрістегі жылқыны айдап келетін адам жоқ.

—Жылқы қайда жатыр,—дейді Әжібай.

—Көк төбет біледі,—дейді ауыл.

Әжібайдың күшік кезінен асыраған арлан текті, Бөрібасар
атты көк төбеті бар екен. Жылқыны сол қасқырға бермей, қыс
бойы бағып жүреді екен де, анда-санда ғана ауылға бір соғып
кетеді екен.

тарихи  аңыздар
Әжібайдың келгенін алыстан сезген Бөрібасар көп ұзамай
жетіп келіп иесінің аяғына оралады да, қайта тұра жөнеледі.
Әжібай неше күн жол жүріп шаршаса да, көк биені тебінеді.

Көк төбеттің ізімен жылқыны тауып, ауылға айдап келеді.
Көк биені Әжібай үйірге қосады. Сол көк биенің тұқымынан
көк қасқа тұлпар туыпты дейді.
Көк төбет Әжібай дүние салған соң бейіт басында ашығып

өліпті. 76. Қожамқұлдың көк қасқа аты

Әжібайдың әлгі көк қасқа тұлпарының тұқымы ұрпақта­
рына мұра болыпты. Немересі Қожамқұлға бәсіре болған көк
қасқа құлын жиырма екі жыл бойы бәйгенің алдын бермепті.
Ең соңғы жиырма екінші жылы, қазақ-қырғыз бас қосқан

үлкен аста ақырғы рет бәйгеге қосылған екен. Асқа келген
қырғыздың сыншысы: «Қожамқұлдың көк қасқа аты бәйгеден
келеді екен, келген соң өледі екен»,—депті. Айтқандай бәйге­­
ден көк қасқа ат бірінші келеді. Әжібайдың аруағы сол жолы

тағы да ұран болыпты. Қожамқұл бәйгеден келген кәрі тұлпар­
ды жетелеп Жіңішкенің шатына келгенде болдырғандықтан
жүре алмай қалады. Жігіттер белбеулерін жалғап, атты баулап
көтеріп, таудың басына шығарады. Ат бәрібір жүре алмайды.

Үстін жабулап сонда қалдырып кетеді.
Кешкісін адам жіберсе, ат орнында жоқ болып шығады.
Таң ата барса, қасқыр жарып жеп, басын дін аман қалдырып,
құйрығын жерге шаншып кетіпті.

Қожамқұл көзіне жас алып:

—Атам Әжібайдан жеткен тұлпардың тұқымы ең, 22 жыл

бәйгенің алдын бермедің. Басың ит-құсқа жем болмасын,—деп
қарағайдың балашығына басын іліп кетіпті. Бас зәулім қарағай
болып өскен баяғы балашықтың ұшында әлі тұр екен. Бәйгеге
ат қосатындар соған тәуіп ететін көрінеді.

батырлар  туралы  аңыздар 77. Райымбек батыр Атасы Хангелді батыр, ...Ұлы жүздің атақты адамдары Қодар би, Төле би, Сатай, Бөлек батырлармен бірге орыс патшасы Анна Иоановнаға елші жіберіп, Ресейдің қоластына алуын өтінген. Райымбек бес жасында өз атының басын өзі алып жүріп, жылқының соңынан ере бастаған. Жеті жасқа толғанда асау жылқыны үйретіп, міне бастаған. Райымбектің нағашы­ сы Жалайыр Орақты батырдың тұқымынан екен. Нағашы атасы Райымбек жеті жасқа толғанда ат етіп міну үшін бір еркек тай және садақ, қылыш, найза, айбалта, қалқан әкеп береді. Нағашы атасы Хангелді батырға: «Менің жиенім он алты жасқа толып жігіт болғанда, көк тайы ат болады. Және мен алып келген соғыс құралдарын таза сақтап, өзі ұстауға шамасы келгенде, қолына тапсыр!»—депті. Қ.Сауранбаевтың шежіресінде: «Райымбек он бес жасқа келгенде атасы Хангелді жауға жасақ жинап, аттанып кетіпті» дейді. Жас бала жылқышылармен бірге қалып қойса керек. Артынан сарбаздардың қалмаққа аттанып кеткенін естіп, анасынан, ауылдағы қарттардан бата алып, ішінен: «Атам Сырымбет батырдың аруағы қолдай гөр, жаудан қайтпасқа мен серт беремін, жәрдемдеріңізді сіздер бер!»—деп жорықшылардың артынан жүріп кетіпті делінеді. Райымбек Қараталдың бойында шұбырып жүрген қалың сарбаздың ішіне келіп кіріп кетеді. Бүлардың бәрі жүріп отырып Іле суының бойына келіп, одан әрі өте алмай, тек Райымбек қана өтеді. Іленің тасып, күркіреп-сарқырап арнасына сыймай жат­ қа­нына қарамай, өзеннен әрі өтіп кетуі жұрттың бәрін таң­ қалдырды. Райымбек батырдың бойындағы тамаша қа­сиет­ тері—кісілігі мен парасаттылығы, табандылығы, өзі­нің қа­сындағы батырлары мен сарбаздарын ұйымдастыра бі­ летін ересен шеберлігі. Райымбек он жеті жасында жоңғар басқыншыларына қарсы күресте ерлік көрсетіп, батыр атанған. Торайғыр мен Сөгеті тауларының аралығында кең жазықта жоңғарлармен соғысқан жері «Ойрантөбе» деп аталады. Райымбек батыр жер жәннаты Таушелек пен Жалаңашты мекендеген Ағанас пен Арыс ханды да орнынан аударып, ха­лық­ тың ата-қонысын босатып беріпті. Қалмақтар үйір-шүйір болып, отырған жерінен кеткісі келмей, жылап-еңіреп айырылыпты.

тарихи  аңыздар

—Қош Таушелек, Жалаңаш,

Түңілді ханың Ағанас.
Райымбек тұрғанда
Біздікі болмас мал мен бас,—
деп, құмда ізі қалмай жөнепті қалмақтар.

Ел ауызындағы аңызға айналған Райымбек батыр көз
жұмар сәтінде ұрпақтарына: «Денемді ақтүйеге өңгеріп, бос
жіберіндер. Түйе қай жерге шөксе, сол жерге жерлеңдер!»—деп
өсиет айтқан.

78. Хангелді немересі Райымбек туралы

Айтушы қарттар, Хангелді немересі Райымбек үш жаста ат
басын алып жүрді, бес жаста өзі ат ұстап мініп, жылқы айдап-
ты. Жеті жасында белгілі бір жігіттің сапында жылқы бағуға
жарамды еді.

Райымбектің нағашы атасы Жалайыр Орақ батырдың тұ­
қымынан екен. Райымбек жеті жасқа келгенде нағашы атасы
бір көк тай, садақ, айбалта, қылыш, найза, қалқан, сауыт, бо-
лат, семсер даярлап алып келіп Хангелді батырға тапсырады.

«Мынау менің жиенім Райымбектің жорыққа аттанғанда өзі
жігіт болады, көк тайы ат болады, сонда мінетін аты, асынатын
құралдары»,—деп тапсырды.
Райымбек сол заман көк тайды өзі иеленіп, жүгендеп сол

күннен бастап өзі меншіктеп бағуға, күтпекке алды. Тапса, төк
тайға биенің сүтін береді, бие сүті табылмаса, ешкі сүтін береді,
жетелеп жүріп оттатып, өзі білгенінше көк тайға өнер үйретеді,
өзіне «Көкөйнақ» деп ат қойды.

Көкойнаққа берген тапсырма
Бірінші—қарғып секіру; екінші—жат десе жатып, хабар
бермей, тұрмау; үшінші—қылышын алысқа көрсетпей та-
стап, тапқызып алып келу; төртінші—сумен жүзу, өзі жеке

мініп те өту; бесінші—төрт атты қатар тұрғызып, өзі мініп
тұрып, төрт аттың сауырына төрт аяғын қойып, сол орын-
да рұқсатсыз жерге түспеу; алтыншы—алысқа жатқызып

батырлар  туралы  аңыздар
қойып, хабарламай басын көтермеуді тапсырды. Осы білімді
Көкойнақ сегіз жасар болғанға дейін үйреніп болды. Райымбек
өзі он бес жас­тан асқанша өзін-өзі садақ тарту, қылыш шабу,

атпен ойнау әдістерін де, судан жүзу, атпен жүзу, жеке өзі суға
сүңгіп малтып өту әдістерін де толық білді. Қасында жүрген
өзі теңді балаларға да үйретіп, мұнымен ілес үйренгені де бол-
ды, кейбіреуі ілеспей қалды.

Халық Қараталға жиналып, жорыққа аттануға даярла-
нып жатқанда Райымбек ауылда жоқ еді. Мінуге жарамайтън
ақсақ жауыр атымен жұмысқа, жорыққа баруға жарамайтын
бірсыпыра қарт адамдармен алыста бағуда еді, Райымбек сол

қарттармен бірге Көкойнақты бағу, баптаумен бірге жүр еді.
Райымбекке кейбір қарттар айтар еді:

—Ай, балам, қайдағы жоқ сұмдықты шығарып жауға бара-

мын, жау келіп қалды деп зәрені кетіріп болдың ғой,—дер еді.
Кейбір қарт:

—Балам, дұшпаңды шауьш келгенде олжа бермей, мені

ұмытып кетпе,—дер еді. Бұл сөзге Райымбек:

—Ата, тілектес бол,—дер еді. Бір күндерде Сәді деген қарт

елге барып келді. Әлгі келген хабарын «Ұлы жүз болып бас
қосып Қараталға жиналып, «ақырғы жорығымыз—осы» деп,
қайтсек те дұшпаннан кек аламыз, жау қолында кеткен ұл мен
қыздарды қайтарып аламыз, мал-мүлікті ала алмаған күнде

кеткеннен артық емеспіз»,—деп уәде жасап, аттанғалы жатыр
деп хабар алып келді.
Бұл сөзді кейбір қарттар Райымбекке айтпалық десті. Сәді
қарт:

—Олай емес, мұнан жас кезінде мен қалмаққа аттанамын

дегенде, әкесі Хангелді: «батыр Көкөйнағың ат болсын, өзің
азамат бол» деді. Биыл ел жорыққа аттанатынын өзі де айтып
жүрген, талабын қайтаруға болмайды,—деді (Сөді қарт).
Кейбір қарттар күлкі қылып: «саған жау шауып олжа алып

кеп беремін деген соң, барсын деп отырсың ғой» деп күлді. Сәді
қарт:

—Ондай ой да, тілек те бар ғой, Райымбек мұнда тұрғанда

оны біреулер мал іздемейсің, қаннан-қаперсіз ұйықтайсың,
«құланды да жыландай жігіт атады» деген. Райымбек айсыз
қараңғы түнде күндізгі қалың шөпке түсіп қалған қамшысын
тауып алады. Атпен ойнатып Райымбеқ сияқты қайсы бала-

тарихи  аңыздар
лар жүреді? Садақ тартуы, қылыш шабуы, шын бір өзі тенде-
стер түгілі, онан үлкендер де істей алмайды,—деп Сәді қарт та
Райым­бекке естіп, көріп келген әңгімесін айтты. Сонда Райым­

бек сол жердегі қарттардың батасын алып,: елге қарай жүріп
кетті. Елге келсе, жорықшылар жүріп кеткен. Келіп анасынан
жо­рық­шылар қашан кеткенін білді, анасына «мен де жауынгер­
лер­дің артынан барамын» деп рұқсат сұрады. Шабуылға баруға

жасы келмеген—деді сонда анасы. Сонда Райымбек:

—Жоқ, апа, атамның бұрын айтқан сөзі бар: «Көкөйнақ

ат болсын, өзің азамат бол» деген. «Жауға барып өзіңді-өзің
байлап бермейтін бол, өзің мен атың бірдей әдісті болып,
қайратың толсын» деген. Осы тапсырманың бәрін орындадым,
жаумен шайқасуға даярмын,—деп анасына жауап берді. Ана-

сы тоқтамасына көзі жеткен соң, баласының азығын даярлап,
рұқсатын берді.
Райымбектің бірінші сапары
Райымбек анасынан рұқсат-батасын алып жорықшылар ар-

тынан жүріп кетті. Қару-жарақтарын түгел асынып Райымбек
жолға шығып Көкөйнаққа қамшы басып:
Иә, жорықшылардың жолбасшысы—нағашы атам Орақ ба-
тыр, өз атам Сырымбет батыр қолдай гөр! Жаудан қайтпасқа

серт беремін, жәрдемдеріңізді сіздер бер!—деп өзіне-өзі қайрат
беріп келеді.
Атына: «шаршама, шалдықпа, Көкойнақ, сені мен жас жүрек
табынды тартпасаң да пірің бар, Қазіреті шерінің дүлдүлі сен

де піріңе сыйын!» деп жауын кері кетпес жолменен түн демей,
кезекті жерде тамақтанып, ат шалдырып, тоқтамастан жауын-
герлер кеткен жолын болжап келеді. Арада қанша бел-белес­тер
қалды, таулар қалды, бірде-бір рет саспай, тоқтамай ұлы сәс­

ке болғанда Ұлытаудың басына шығып көп жауынгерлердің
қарасын көреді. Бұларды көргенде жауды қиратып алғандай
қуанышы койнына сыймай шаттанып Көкойнақтың басын
бұрып, сансыз қаптаған қалың қолға қарай ат қойып келеді.

Келе жатып тағы Райымбек мынаны ойлайды: «атам Хан­
гелді батыр мені көріп қойса, анам айтқандай, «әлі жассың»
деп жауға жібермей қояр ма екен, жауға кіргеңде көп адамның
арасымен жүрейін» деп ойлайды.

батырлар  туралы  аңыздар Сол кезде Райымбек он бестен асқан кезі, 16 жасқа толмаған, көп жауынгердің ортасына кіріп, аралап келсе, өзен бойында көп халық жиналған, өткел іздеп, көзер таба алмай аттарын өлтіріп алғандар бар, ат салып, суға атпен жақындай алмай жатқандар бар. Сол жерде Райымбек өзіне-өзі кеңес беріп, бел ше­шіп ағыны қатты суға түсуді мақұлдады. Қараса, суға түскен адам­дар өз атын өзі атап айқайлап түсіп, шығып жатыр. Жиналып тұрған көпшіліктен рұқсат алып шығып жатыр. Райымбек мұны көріп: «тәуекел, осы суға мен де түсейін» деп, жиналып тұрған көпшіліктен аттан түсіп, қол қусырып: «осы суға мен түссем» деп рұқсат сұрады. Кейбіреулері: «белі қатпаған, әлі шикі жас бала екен, қиындау болар» деді. Көпшілігі: «жас талабын қайтарма» деп рұқсат берді. «Бақытты бол, балам!» деген көптің рұқсатын алып, Көкойнақтың айыл тартпасын қайта тартып, өз атын өзі ұран етіп айқайлап суға түсті. Көкойнақ су бетінде өзін суға батырмас әдісімен судың арғы бетіне шығып, сумен жарға қалай жақындайтынын болжап, қайта өтіп келіп халыққа айқайлап тұрған көп басшы батырларға мынадай тілек қойды: —Айбалта, қылышымен отыз адам беріңіздер, су таяз, ер­ тең­гі азанда өтеміз, бүгін сарбаздармен өтуге күн кеш болады. Таңда халық дайын болсын, бүгін жайланып жатсын,—деп хабарлады. Мұны естіп көп батырлар өздерінің қостарына қай­тып, сұраған отыз адамын берді. Ел жайланып болған соң Райым­бек бұл отыз адамға қамыс шыбық орғызып сал етіп, жуан­дығын құшақ толғандай етіп жалғастырып буғыза берді. Өз мөл­шеріне толғанда жігіттерге тапсырды. Райымбек Көкойнақты ойнатып келіп: —Ал, жігіттер, маған қамыс пен шыбықтың басынан арқан байлап бер, суға итеріп кіргізе беріңдер, мен ар жақта судың шетіне шығып, мықтап байлап келемін. Жібермей берік ұстаңдар,—деп, Көкөйнақпен суға кірді де кетті. Бір заманда Көкойнақты ойнатып келді де, мына басын жуан терекке байлап қойды. Райымбек: —Ал енді батырлар, демалайық, тек қүн шықпай халықты хабарлап, әрбір батырлар өз-өздерінің жауынгерлерін қатар­лап сапқа тұрғызып, ретімен судан өтетін болсын. Мына белгі­ден төмен кетпесін, төрт-бестен қатары көп болмасын. Жігіттер­ ге тапсырды,—мен өзім алда бастап жүремін,—деп. Жігіттер

тарихи  аңыздар
бұл тапсырманы орындауға міндетіне алды. Түнімен Райымбек
отыз жігітпен көзер басында болды.
Райымбек көзерді түнімен тексеріп шықты. Таң шыға Рай-

ымбек жігіттері мен сансыз жауынгерлерге көзер дайын, сап­қа
тұруды тапсырды айқайлап.

—Әрбір батырлар өз жауынгерлерімен қатарға сапқа

тұрыңдар!—деп Райымбек Көкойнақты ойнатып, көп, сан-
сыз қолды аралап, өз атын өзі атап, «көзер дайын» деп сан-
сыз жауынгерлердің алдына көзермен өзі бастап, ақ найзасын
көтеріп, өз атын өзі ұран етіп шақырып алды. Райымбектің

артынан сансыз қол шулап, бес адам, онан артық емес, саппен
жүріп, аман-есен суға жығылмай, сүрінбей көзерден көпшілік
алға қарай өте берді. Судың ағысына қараса, сығылысқан сең
жүріп жатыр. Суға батқан ат жоқ, қалай өткенін ел білмей

қалды. Көзерден аман өткен соң кейбіреулер былай деп те
түсінді: «бұрын-сонды «Райымбек» деген атты батырды көрген
де емес, есіткен де емес еді. Бұл кім, адам ба, пері ме, періште
ме?»—деп те ойлады. «Өзі адам болса, аты бөлек, бұл күндегі

жылқыға ұқсамайды. Жүруі құсқа лайық» деп кеңес жасап,
таң қалыпты. Көп жауынгер аман өткеннен кейін Ұлы жүздің
көп қолбасшысы, батырлары бастарын қосып, бірігіп: «бізді
судан бастап өткізген кім, сол адам болса, таныссақ екен» деп

сұрады сонда. Райымбекке хабар берді. Райымбек Көкойнақты
ойнатып, жиналған Ұлы жүздің көп батырының алдына келіп
төрт атты қатар қойып, Көкойнаққа мініп, тақымын бір қағьп
қойғанда қатар тұрған төрт аттың сауырына төрт аяғын қойып

тұра қалды. Өзі ерге шығып тұра кеп тік тұрып, халыққа өзін
таныстырып, айқайлап, Ұлы жүздің жиналған көп халқымен,
жауынгерлерімен қолбасшы батырларша сөз тастады.

—Мен Ұлы жүздің Албаны, оның ішінде руым—Алжан,

Хангелді батырдың немересі, атым Райымбек,—деді. Осы сөзді
айтып Көкойнақты ойнатып жерге түсті.
Сонда Ұлы жүздің батырлары Хангелді батырға:

—Батыр-ау, кешеден бері бізге қалай айтпадың, Райымбек

сіздің балаңыз екенін,—деді.
Хангелді батырдың батырларға берген жауабы:

—Батырлар, Райымбек көптің баласы, Ұлы жүз үшін туды.

Ұлы жүз үшін еңбек етуге тиісті,—деді.

батырлар  туралы  аңыздар
Сонда Ұлы жүздің қолбасшысы, көп батырлары тұрып:
«бүгіннен бастап Райымбекті қолбасшы етеміз» деп айқай
көтерді. «Осы соғысты бүгіннен бастап Райымбек бастасын!»—

деп айқай көтерді. Осы жауынгерлерді бастап алып келе жат­
қан батырларды қосқанда Ұлы жүзде бір жүз он батыр бар еді
Райымбекті қоспағанда. Ол батырлардың кейбіреуінде жүз,
кейбіреуінде елу, яки отыздан кем емес екен, көп жауынгерді

«сансыз қол» дейді екен...
Хангелді батыр, Қапай батыр, Сатай батыр, Бөлек батыр,
Ырыскелді батыр, Аралбай батыр, Бердіқожа батыр, Ердес ба-
тыр, Тілеуке батыр, Барақ батыр, Бақай батыр, Биеке батыр,

Райымбек батыр. Сол уақытта осындай Ұлы жүзде батырлар
болған мыналарды бас батыр деп атайды екен, көп батырлар­
дың атын ұмыттық дейді. Жүздік батыр, елулік батыр, отыз­дық
батыр деп атайды екен. Онда да өздерінше тәртіп қатты екен.

Бағынушылық, қайта сөз қайырмай, тапсырманы орындауға
басы кетсе де, қайтпайды екен.
Осы батырлар бастап Райымбекті бүгіннен бастап қолбасшы
етуді қабылдады. Сонда Ұлы жүздің көп батырларына тілек

қойды:

—Мен әлі жаспын, бұрын соғыста болған жоқпын, соғыс

әдісін білмеймін, қайта жүмсасаңыздар мен дайын,—деп жа­
уап күтті. Сонда қолбасшы батырлар:

—Соғыс жағдайын біз айтамыз, мынадай заңдарды біл,—

деді.—Бірінші—ол жақтан дұшпандардың жауы келеді. Соғыс
қашан басталады, мезгілі көрсетіледі. Сонымен бірге соғыс­пай,
келіс жұмысы тоқталмас.
Екінші—жекпе-жекке адам шығады. Ол шыққан батыр-

лар өз аттарын баяндап ұран айтып шығады, бірден бес ретке
дейін, егер екі жақтың бір жағы бес рет жеңілсе, ақыр жеңбе­
сіне көзі жетсе, туын жығып, жеңіліс бітімге келеді. «Жоқ,
біріміз қалғанша соғысып, жеңіс аламыз» десе, туын жығып,

қолбасшысын өлтіріп, жеңіп алады. Сонда анық жеңген сол бо-
лып табылады,—деді батырлар.
Ұлы жүздің қолбасшы батырларының сөзіне түсінгеннен
кейін Райымбек:

—Ақыры сіздер мақұлдаған істеріңізге мен разымын,—

деді.—Менің ұсыныс тілегім ұран біреу-ақ болсын, кімді ұран
етіп алсаңыздар да.

тарихи  аңыздар
Жекелеп соғыс болмасын. Барлық соғысқа хабаршы бол­
сын,—деп тілегін білдірді.
Ұлы жүздің қолбасшы көп батырлары: «Бүгіннен бастап Ра­

йымбек батыр Ұлы жүздің көп жауынгеріне, көп батырларына
қолбасшы деп саналсын. Бүгіннен бастап Райымбек батырдың
бастауымен соғыс болсын. Райымбек батырдың бастауына қар­
сы болса, көп ортасында басы алынсын!»—деп айқай көтерді.

«Соғысқа кіргенде ұран біреу-ақ болсын. Ол ұран «Райым-
бек» деп жауға шапқандар ұрандап кіретін болсын!»—деп Ұлы
жүз көп жауынгерлері мен батырлары серт жасады.
Көп жауынгерлер арық ат, бие, байталға мініп, кейбіреуі

жабағы тайға ертоқыммен ерттеп келгендер болған болар,
сол сарбаздар қыстаққа түскен қалмақтарды шауып алды.
Тұлпарын, арық-семіз аттарын мініп, соғысқа түсу кезін, еркек
қойын азыққа даярлады, бар жерден соғыс құралдарын түсі­ріп

қамданды, көп жауынгерлер тыныс алып, соғысқа қамда­нып
жатыр.
Енді Түргендегі Қорын ханынан хабар келді.
Осы келе жатқан көп жауынгердің ішінде бұрын, жасында

қазақ қолына түсіп қазақ болған қалмақтар бар, қалмақтар­
мен байланысты болып жүрген ниеті бөлек қазақ бар және
қалмақтармен байланысты болып жүрген одан басқа да қа­
зақ­тар бар. Бұлардың бір тобы бастары қосылып, кеңесіп:

«Бәрі­бір қалмақ күшті қазақты жеңеді, одан гөрі Түргендегі
Қорын ха­нына барып хабар берелік, ол бізді сенімді адамы
етіп, бұл қазақты жеңген соң әрқайсымызды билеуді ман-
сабына қояды»,—деп, баруға бел байлады. Бұлар ел орынға

отырғаннан кейін он бір адам, Шаньшқылы Кенжеғұл деген
бас­тап түн қатып жүріп, ешбір жерге тоқталмай, Қорын хан­
ның алдына бастарын ханның аяғына қойып жылап, асығыс
келген жұмыстарын баяндады.

Кенжеғұл жол бастап шулап:

—Тақсыр хан, қазақтың көп жауынгері келе жатыр сіздің

еліңізді шауып, ордаңызды ойран етіп, мал-мүлкін талап
алып, қатын, қызын күңдікке, еркегін құлдыққа аламыз
деп. Іленің сығысқан сеңін тоқтатып тастап, көп жауынгерін
суды тоқтатып, құрғақпен өткізіп алды. Райымбек деген жас

сиқыршы батыры бар екен. «Қорын хан өзі бағынса, ұрыс аш-
паймын, көнбесе, таудағысын тау мен тасқа соғып, ойдағысын

батырлар  туралы  аңыздар
Іленің суын қаптатып мұз қып қатырамын!» дейді. Тақсыр хан,
ерте қамданбасаңыз, өте қауіпті.
Қорын хан мұны естіп, бірінші бас уәзірі бір жағынан

жауынгерлерінің қолбасшысы Серке дегенді шақырды.

—Мына иттер нені айтып оттап отыр, сен он бес адам алып

барып тексеріп қайт! Бірінші, Іленің мұзы қатты ма екен,
қазақтың қолы келгені рас па екен, мұз қатпаса, қайтып өтті
екен, Райымбек деген сиқыршы бары рас па екен, соны тез ба-
рып тексеріп қайт!—деп бұйрық берді.

Серке Қорын ханның бұйрығын алып, қасына он бес адам
алып жүріп кетті. Жол бойы жолыққан қалмақтар көздері
жасқа толып Серкеге арыздана шулап: «Қазақтың көптігіне көз
жетпейді. Көп жауынгері келіп жылқыны отармен айдап кет­ті,

сиыр, қойды қырып, сойып жеп жатыр. Іленің сықасқан сеңін
бұзып барлық жауынгерін құрғаққа өткізіп алады.
Райымбек деген жас сиқыршысы бар екен. «Айтқаныма
көнбесе, ойран етемін» дейді.

Серке жерге түсіп, аралап қарады. Мұз қатпаған. Іленің се­
ңі сықасып жүріп жатыр. Қорын ханның сенімді тұлпар бақ­қан
Әжіке деген мініскері бар еді. Сол Серкеге келіп жолығып:

—Тақсыр, мен жасымнан тұлпар бағамын, талай тұлпарды

сынап та көрдім, мен мына Райымбек мінген аттай атты көрген
емеспін, қанатты құсқа ұқсас. Өзі адам баласынан бір өзге­ше
барлығы да, оған біткен жүрек әр адамға біте бермейді, суды
сеңімен тоқтатып тастап, барлық жауынгерін өткізіп алғаны

рас,—деп Серкені сендірді: Осы мәселелерді анықтап, қайта жү­
ріп Түргендегі Қорын ханға келіп, көрген білгенін баяңдап өтті.
Қорын хан сонда ашуланып, жендеттерін шақырып алып,
қасындағы он бес жолдасын дарға асып, Серкені «сен Райым-

бекпен тілектес болып келген екенсің, Райымбекті байлап алып
келіп, екеуіңді біріктіріп дарға бір-ақ тартамын»,—деп Серкені
темір торға салып, аузын бекітіп тастады. Қалған жауынгер­
лердің бастықтарына жарлық берді:

—Өздері бастап, өзіне ажал іздеп келген қазақтарды елге

әурелетпе, тез көзін жойыңдар, жорыққа жарайтын бірде-бір
адамды қалдырмай қазақ жауынгерлерін ел аралатпай, алдын
тосып тұру керек!—деп бұйырды.—Екі күннен қалдырмай ал-
дынан шығамыз,—деді.

Қорынның орталық ханы Секерге жазғаны:

тарихи  аңыздар
«Тақсыр, бас иеміз, әмірі күшті ханымыз Секер! Сізге қуа­
нышты сәлеммен алдыңызға мына адамды жіберіп отырмын.
Қуанышымыздың себебі мынау: мына қазақтарды ажал ай-

дап, көп жауынгерлерімен келіпті. Атсыз, жаяу, құралсыз,
қолындағы ұстағаны—бақан, өздері азықсыз, аш келіпті.
Сізден тілегім, «ажал айдап келгендерді өлтіріңдер!» деп ашу
шақырмаңыз, өз обалы өзіне және айтарым, олжаның ең алды

өзіңіздікі және олжа алар адамдарыңызды, олжа қояр жеріңіз­
ді даярлаңыз деп жәрдем сұраймыз, өзіміз-ақ ойнап жүріп
қызығын көрелік. Хат Қорыннан. Қыстақ Түрген».
Хан Қорын атқа мінуге жараған еркек адамын бірде-бірін

қалдырмай соғысқа баруға жарлық беріп, қазақ жауынгерлері­
нің алдынан шықты. Қазақтың сансыз қолы жауға кіруге даяр-
ланып жатқанда, Қорын екі адам қазақ қолбасшыларына елші
жіберді. Ол екі адам келіп қазақ қолбасшыларына ханның тап-

сырмасын баяндады.

—Қорын хан сіздерге жіберді, қырылмай, бастарын олжа

қылып, аттарын тастап, жүзден бес адам құлдыққа беріп
қайтсын,—деді.—Оған разы болмаса, бірде-бір адамы тірі
қалмайды,—деп айтты.—Соған жауап күтеміз,—деді елшілер.
Райымбек батыр екі елшіге жауап берді:

—Елшілер, ханың Қорынға айтып барыңдар, бұрынғы уә­

десіз, опасыз елімізді бес рет шапқан атамекен жерімізден кет­
сін, тез арада алып кеткен ұл, қыздарымызды осымен қайтар­
сын, алып кеткен малымызды осымен қайтарсын, опасыздық
істегені жөнінде адаммен, малмен айыбын тартсын!—деп, Рай-

ымбек екеуін атымен қатар тұрғызып қойып, Көкойнақты ой­
натып, тақымын қағып қалғанда қабат тұрған екі елшінің аты­
нан қарғып ар жағына түсті. Елшілерге Райымбек батыр:

—Тез барып хандарыңа айт!—деді.

—Тақсыр хан, жарлығыңызды айттық, Райымбек деген жас

батыры бар екен, адам баласына бітпеген түрі бар екен. Мінген
аты бұл заманның жылқысы емес. Садақ тартқанда, екеуміздің
атпен тұрған басымыз одан тең тартып, садақ алысқа түсті. Сол
батыры Райымбек сізге айт деп бізге тапсырғаны: «Уәдені бұзып

бес рет шапқан, сондағы алып кеткен ұлы мен қыздары­мыз­ды,
мал мен мүліктерімізді осымен қайтарсын. Оған көнбесе, өзі­
нің өлмесін ойласын!» деді,—[дейді] елшілер.—Және еркімен
көшсін деді.

батырлар  туралы  аңыздар
Хан Қорын бұл сөзді естіп ашуланып, жауынгерлеріне:

—Тез жиналыңдар!—деп бақырды.—Менің жарлығымды

естідіңдер ме?—деп, өзі ортада тұрып жауынгерлерін жарлық
шашып батыра сөйледі.
* * *
Райымбек сол қалмақтар жиылып жатқанда Ұлы жүздің

қолбасшы батырларына мынадай мәселе қойды:

—Мына Қорын жауынгерлерін жиып жатыр, нендей мә­

селе болар екен, осыған мен барайын. Менің жаныма екі адам
беріңдер, ол адамдар қалмақ тілін толық білетін болсын. Олар-
ды қалмақ киімін кигізіп, ат-тұрманы қалмақша болсын. Қал­
мақтың айдары болсын, қара қалпағы баста, әйдері тоқымы

болсын, мен өзгермеймін,—деді Райымбек.
Бас батырлар бұл сөзді қабылдап, екі адамды даярлады.
Қалмақ тілін білетін, қалмақ үлгісінде, біреуі—Дулат Бүйембай
деген.

Райымбек батыр сапар хабаршыға жүрді қасында екі жол­
дасымен. Сонда Райымбек батырларға мынаны айтты:

—Бізден хабар болмай жауынгер тарамасын және де өз

жауынгерлері мен батырлар дайын болып тұрсын. Жол болып
басшысы өліп, туы жығылса, жауынгерлерді өз батырлары бас­
тап соғысқа кіріседі,—деп жол тартты батыр.
Райымбек батыр соғысқан Іле бойындағы жауынгерлердің

ортасынан итермелеп, қысыла жүріп Қорын ханға жақын жер-
ге жетті. Сонда Қорын хан сөйлеп жатты. Түгін сыртына алып
жауынгерлерін боқтап қояды.
Райымбек батыр қасындагы жолдастарынан сұрады: «Қо­

рын не айтып жатыр?» деп. Қасында тұрған Бүйембай ханның
сөзін баян етті.
«Мына ажал айдап келген қазақтарды тұрған жерінде қыру
керек, бұған аяушылық болмасын! Бұрын қазақты шапқанда

алдыңғы олжа—хандікі, екінші олжа—жауынгер басшынікі,
үшінші олжа—соғысқа қатысқан жауынгердікі еді. Енді олай
емес, кімде-кім тапқанын өзі алсын, адамын құл қылып пай-
далана ма, өлтіре ме—әркімнің өз еркінде. Және Райымбек

деген жас батыры, өзі сиқыршы екен, соны тірі ұстап берген-
ге күттірмей тұқымына мәңгіге хандықты беремін. Осы келген
қазақтарды бітірген соң, артында қалған еліне барып көнгенін

тарихи  аңыздар
құл етіп, қызын күң етіп аламыз. Олжа мұнан артық бола ма,
менің жарлығымды сөзсіз орындау, жалтарғандарға қауып
жазасы»,—деп хан бақырып жатыр деп Бүйембай баяндады.

Райымбек батыр мына сөзді толық естіген соң, жолдасына:

—Қамданыңдар, қарап тұруға болмайды, енді мен ханның

басын шабуға ұмтыламын, сіздер де айқай, ұран қосыңыз­
дар,—деп Көкойнаққа қамшыны басып, өз атын өзі атап, ұран
етіп: «Райымбек! Райымбек!» деп айқай салып, ұмтылды.
Көкойнақ қатар тұрған көп аттың үстінен секіріп, Қорын

ханның қасына жетті, алмас қылышпен ханның басын доптай
ұшырды. Қасындағы ту ұстағанның басын алды. Ту жығылды.
Қалмақ быт-шыт болып қашуға кірісті. «Райымбек!» деп ұран
шақырған басында жалғыз адам болса, енді «Райымбек!» деп

ұран шақырушылар көбейіп кетті.
Бұл—ұранды көбейту, бұрын басында қалмаққа түсіп кет­кен
қазақ балалары және ниеті қазақта болып жүрген қалмақтар да
бар. Солармен дауыс көбейген.

Міне, арттағы көп жауынгерлер қалмақтың туы жығы­
лып жатқанын көріп әр батырлар өздерінің жауынгерлерімен
соғысқа кірді. Қалмақтар оңтүстіктегі тауға бет ала қашып, бо-
сып берді Ағанас пен Секер ханды бет ала. Осы кезде қасындағы

жолдастары:

—Батыр, мына жерде «мені өлімнен құтқарған Райымбек

батыр» деп зарлап жатыр,—деді. Айтқан жеріне бұрылып бар-
са, темір торда жатқан әлгі Секер екен. Темір тордың аузын ал-
мас қылышпен қағып тастап, босатып алды.

—Мен осы Қорын ханның бас уәзірі едім және жауын­

герлерін басқаратын қолбасшысы едім, менің осы халге
түсуіме сіздер Іле суынан өтіп келгендеріңізде Қенжеғұл
бастап он бір адам барды. «Соғылысқан сеңді тоқтатып, көп
жауынгерін Іле суынан өткізіп алды, Райымбек деген батыр

бар, өзі сиқыршы»,—деп баяндады.—Сол уақытта хан мені
жұмсады, барып біліп келуге. Анығын тексеріп, қасыма он
бес адам алып Ілеге түстім. Іленің мұзы әлі де қатпаған екен,
сықасқан сең жүріп жатыр. Сіздердің жауынгерлеріңіз бірі

қалмай арғы бетке тасқын судан аман өтіп алған. Іле суы­
нан, сол Іле бойында отырған халық шулап, арыз болды:
«Ра­йымбек деген өзі жас бала батыр бар екен, өзі сиқыршы
екен, мінген аты да бұл күнде адамнан бөлек» деп. Ханның

батырлар  туралы  аңыздар
жасынан тұлпар баққан сенімді Әжіке деген адам бар еді, ол
да анықтады бұл сөзді.
Мен келіп ханға баяндадым көрген, естігендерімді. Хан

ашуланып он бес жолдасымды дарға тартып өлтірді. Мені
«сен Райымбекпен шарттасып, бірге болмақ болып келгенсің,
Райымбекті тірідей ұстап, сен екеуіңді қосақтап дарға бірге
тартамын» деп торға салып, мені де осында алып келді. Ме­

нің ішім ақ, тілегім дұрыс екен, сізді өлмей тірі көрдім, енді
менің өлсем де арманым жоқ. Сізден рахым болса, жолыңыз­
да өлуге серт беремін, қылышыңыздың дүзін қайда салсаңыз
да, мен даяр, бірге туған бауырыңыздай болайын»,—деп Сер-

ке Райым­бек батырға ойдағы зарын айтып зарлап, басын иіп
тағзым етті.

—Серке, сен бүгіннен тартып менімен бірге тудым деп есеп-

те. Өзіңді Хангелді батырдың баласымын деп сана, сенің атың
бұрын Серке болса, ендігі атың Аманжол болсын, қазірден тар-
тып соғыста менімен бірге боласың, бір бүгін емес, кеудеден
жан шыққанша бірге боламыз. Екінші, саған қоятын менің

сертім бар, маған садақтың оғы тиеді, қылыш шауып, жаудың
салмақты қолының зардабынан найзаның ұшы тиеді, сон-
да менің денемнен қан кетуімен күн мен таң асыра әлсіресем,
маған айтқайсың, «қан көп кетті, әлсіредің деме», соғыс біткен

жоқ,—деп Райымбек батыр Серкені атпен, қару-жарақпен
толық қамтамасыз етіп, астына тұлпар мінгізіп, алмас қылыш,
садақ, сауыт кигізіп, қолына найза, басына Қорын ханның
«Тас жарған» деген алмас қылышын белге байлап, Серке Рай-

ымбек батырдың қасына еріп, жауға шабуға кірісті. Серке бұл
халықтың елін, жерін, адамын толық білетін еді.
Хабар күтіп отырған арттағы Ұлы жүздің жауынгерлері, көп
батыр қолбасшылары қалмақтың көп жауынгерлерінің ыды­

рап қашқанын көреді, әр батыр өз қарауындағы жауынгерле­рін
бастап баршынның толық хабарын алып, шабуылға кірісті.
«Ел ортасынан үркеді» деген мақал рас дейді. Жоңғарларға
сол күні түннен қалмай хабар жетті. «Қазақтың көз жетпейтін

сансыз қолы келіп, Райымбек деген жас бала батыры бар екен,
өзі сиқыршы екен, Қорын ханның басын доптай ұшырып,
қылышпен шауып, қасқыр қуған қойдай жусатып, қуып қы­
рыпты, қаптаған қол жоқ, шабысып жүрген жауынгер жоқ,

әйтеуір Райымбек деген айқайшы ұранды. Көрнеу шабысып

тарихи  аңыздар
жүрген халық жоқ, қазақтың сансыз жауынгері кейін туралап
соғысқа да кірген жоқ»,—деп хабарлады.
Бұл сөзді естіп көпшілік жоңғар халқы, ауылда қалған

қарттары мына мақалды айтып, жолдас болады десті. «Мың
асқанға бір тосқан бар» деген, бейбіт, тыныш жатқан қазақты
қайта-қайта шауып ұл-қыз, мал-мүліктерін талап, жерінен
қуды. Қазақтың Құдай жар болып халқын қорғайтын, халқы

үшін бір әулие туған болар».
«Жаудан қашқан құтылады» деген ғой, қой, сиыр байлау
болады, жылқы, түйемен кетелі. Ата-анасымен Секер ханның
еліне қосылады деп күн-түн демей қой, сиырды тастап, жүре

алмайтын мүгедек, кемпір-шалды, көшке ілесе алмайтын ау-
руларды тастап Жалағаштағы Ағанас хан мен Көкпектегі Се-
кер ханның еліне қарай күн-түн демей жөнелді. Осы сарынмен
Жоңғар халқы қашуға кірісті.

Ұлы жүздің барлық батырлары, қолбасшылары бастарын
қосып, енді соғысты қалай жүргізу жоспар-үлгісін жасады.
Әуелі—Райымбек батыр бастап Түргендегі Қорын ханның орда-
сын алу, онан кейін күнбатыс шетінен Райымбек батыр, Бақай

батыр, Шанышқылы Қожамберді батыр, Барақ батыр, Ердес
батыр бастаған және қанша жауынгерлермен күнбатыс шеті­
нен бері қарай қуу. Сатай батыр, Ырыскелді батыр, Өтеп батыр,
Ақбас батыр, Тілеуке батыр қанша жауынгерлермен Алматы­ны

асты, Іле бойын тазалауға кірісті. Хангелді батыр, Арал­бай ба-
тыр, Қапай батыр, Биеке батыр және қанша батырлар бар, көп
жауынгерлермен Сарықамыс шаһарының күнбатыс жа­ғын та-
залап шығу міндетін алды, соған қарай жол тартты.

Райымбек батыр Түргендегі Қорын ханның ордасын алып,
ол араға өздерінің халсіз жауынгерлерінен адам қалдырып, Ал­
маты, Қастектен өтіп жоңғардың арғы шетінен көп қалмақты
түре қуып, әр жерге қалған 3-5 шалдардың басын қосып, қолға

түс­кен мал-мүлікті соларға баққызып, өздерінің жауынгер­ле­
ріне бас етіп адам қосып, тез арада Түргенге жетті. Қолға түскен
қатын-қыздарды, басқа адамдар мен мал-мүліктерін алып екі
айдан асқанда осы күндегі Байсейіт мекеніне келіп бас қосар

еді. Бұл жердің иесі Байсейіт деген мықты батыр деп жүрген
сарбаз бар еді. Жасы егделеу. Досалы табынан еді өзі.
Райымбек батыр келсе, мұнда бірсыпыра батырлар да келген
екен. Сол жерге өлмей, тірі қалғандар үш айда толық: бастарын

батырлар  туралы  аңыздар
қосты. Барлығы да жеңіске ие болған, жоңғарлардың ­қол­ға
түскен адамдарының, малдарының, мүліктерінің есебін алуға
адам даярлады.

Ұлы жүздің барлық батырлары мен қолбасшылары соғыс
бол­ған жерде өлім болмай қоймайды, әрбір батырларға тап­
сырды.
Бұрынғы шабындыда қалмақ қолына түсіп кеткен қазақ­

тың ұлдары мен қыздары қойдай жамырап, қозыдай шулап,
та­бысып жатыр. Жас шағында түсіп кеткен ұлдары мен қызда­
ры балалы болған. Солар да қазақ екенін ұмытпаған, таныған­
дары қуанышы қойнына сыймай, шаттанып жатыр, таныма­

ған­дары да «қазақпын» дегеніне қуанысып, құрметтеп жатыр.
Осы жеңіске жетіп, жоғалғандары үйіріне қосылғанына Ұлы
жүздің батырлары мен қолбасшылары үлкен той жасауды қолға
алып, әр батырдың жауынгерлеріне қанша малдан берілуін

белгілеп мөре-сәре той болды. Осы шабыста қазақ қолына өз
елдерінде батыр атағын алған көп жігіттер тірідей қолға түсті.
Бұларды өздерінің қалауына берді. «Қай батырмен, болмаса
қайсы сарбазға бауыр болуына өзі ерікті» деп Райымбек ба-

тыр айқайлап жариялады. Көпшілік бұл сөзді мақұл көріп,
қолдады.
Сонда тұрып қазақ болған бір батыр мынадай бір әңгіме
айтты.

—Менің атым—Арыстан. Бұл атты әкем қойған ат емес,

Қорын ханның қойған аты,—деп.—Бұл атты маған қою себебі,
мен ешкімнен қорықпаймын және де аянбаймын. Бұйырған
жұмысын мезгілінен бұрын орындаймын. Сол себепті маған
«Арыстан» деп ат қойған еді.

Менің өлмей, тірі сіздерге беріліп, қолға түсу себебім, мына
кісінің бұрынғы аты Серке еді. Қазіргі аты Аманжол болған
екен, Райымбек батырдың бауыры бізге басшы болған. Мұның
басқаруы, істеген жүмысында ешбір кемшілік болған емес.

Қарауындағы жауынгерлерге ізет, құрметі Қорын ханнан
артық еді. Қорын кейбірде: «осының ақылыменен істе» деп айт­
қан күндері болды.
Міне, хан бізге тапсырма берді: «Райымбек батырды тірі

ұстап берген адамның тұқым-тұқымына хандықты тапсыра­
мын. Ол Райымбек өз атын өзі атап жауға соғысқа кіреді. Со­ғыс­
қа қарасаң, соғысып жүргендер бәрі де «Райымбек!» деп ұран­дап

тарихи  аңыздар
айқасады, шабысады. Оны көзім көрді. Оның қасиетінен бұ­рын
өзім өлім жазасына бұйырған Серкенің өзі туған бауыры болып
кеткен. Міне, сол Серке қазір атақты Райымбек батырдың жол-

дасы болып отыр».
Қорын хан осылай бұрынғы қолбасшы адамын езгілеп,
өлім жазасына бұйырып отыр. Бұл мейірімсіз бетбақтардан не
жақсылық күтуге болады,—деп,—мен Райымбек батырдың

мейірлі, рақымдысына қызығып және жолдасым Серкемен
бірге мына опасыздарға қылыш шауып, Ұлы жүздің қол­бас­
шыларына, Райымбек батырға қызмет істеп берейін, кеудем­нен
жаным шыққанша, сертім—осы,—деді.

* * *
Төле бидің әбден қартайған кезі еді. Бір жағы саулығынан,
алдағы шабындыда бір жақсы баласы өлген екен. Ұлы жүздің
батырлары, қолбасшылар: «Төле бидің баласы болсын» десіп,

сол ұсынысты бірден қабылдады. Бүгіннен бастап Арыстан
Төле бидің баласы атанады. Осы сияқты қазақ қолына түс­кен
батырлар туысқан-ағайындар тауып алды, осы жасалған той
қуанышты, жақсы өтті.

Осы тойда Ұлы жүздің қолбасшылары, жоңғарлардың қолға
түскендері Жалағаштағы Ағанас хан мен Көкпектегі Секер хан­
ға барды. Бұл жаққа, артына қарамайтын болды. Бірақ мұнан
былай әлі де үш хан бар. Бұлардың үлкені, ел билеу ханы—Секер

хан. Енді мұның қарауында екі хан бар. Жалағаштағы Аға­нас
хан, ол—диқанға бай. Көмірші мен Темірлікте—Арысхан. Бұл
соғыс құралын жасап шығарушы, бұл да өте мықты хан.
«Енді Көкпектегі Секер ханды жоймай, бұл жеңіске жат­

пайды,—десті.—Соның үшін қолға түскен мал-мүлікті үлеске
салуға болмайды. Көкпектегі Секер хан бір жайлы болсы»,—
деп ұйғарды қолбасшы батырлар.
Ұлы жүздің қолбасшы батырлары кеңесіп, ортасынан

алыстағы елге барып қайтуға Дулат Бүйембайды даярлады.
Бір қанша жауынгерді алып, қасына сенімді адамдар қосып
елдегілерге ауылдан шыққаннан бастап бүгінге дейін қандай
жұмыстарды толық айтып, халыққа қуаньшты хабарды толық

жеткізеді. Бұл батырлар оған сеніп, оны жүргізуге даярлады.
Бірінші рет Төле биден «үлкен балаңыз тірілді» деп, «аты—
Арыстан» деп сүйінші сұрап, сонымен бірге соғыста шейіт

батырлар  туралы  аңыздар
болғандарды естеріне түсіріп көңіл айту, бұрынғы шабында
қолға түскендердің бірқаншасы қайтып, ұл-қыздардың елге
қосылуы жайлы тапсырды Бүйембайға. Қанша мал-мүлікпен

елге сәлемдемесін алып Бүйембай елге тартты. Қалған ел
қолбасшы батырлар өздерінше кеңес жасап, Секер ханға жол
тартты.
Көп батырларға Райымбек батыр:

—Осы топта Секер ханды алмасаң, күш бермейді, кейін

қатты даярланып алады, алдымен Секер ханның ордасына
жету үшін Көкпектіні басып өту керек. Жол жалғыз аяқ, екі
жағындағы Ұлытау басында қойған қарауылы бар. Алдымен ол
қарауылдарды қолға түсіру керек. Сонда ғана Көкпектегі Се-

кер ханның ордасына жетеміз. Сондықтан мен жиырма адам-
мен Күнбатыс жақтағы таудағы қарауылына барайын. Күн­
шығыстағы тау басындағы қарауылға қасына жиырма адам
алып Сатай батыр барсын. Бұлардың көпшілігі қалмақша тіл

білетін болсын, қалмақ түрімен киініп, айдарын тағып, ер-
тоқымы мен қалпағы ұнасымды болсын. Менің жанымда Аман-
жол болсын, Бақай батырдың жанында Арыстан болсын, серігі
бүгін түнде орындап, күндіз қозы түсте осы орында болуға серт

болсын,—деді Райымбек батыр.
Райымбек батыр қасында Аманжол бар, бірқанша батыр
жауынгерлер бар, жиырма адамды қалмақ нобайында жаб­дық­
тап, қалмақ тілін білетіндерді алып, күн батыстағы тау ба­сын­

дағы қарауылдарға баруға жолға шықты.
Күншығыстағы тау басындағы қарауылға қасында Арыстан
бар, қанша батыр жауынгерлерді алып жиырма адам мен Бақай
батыр жол тартты, барлық жауынгерлерді қалмақ үлгісі­мен

жабдықтап, қалмақша тіл білетіндерді алды. Уәде—ертең Қозы
таста болуға.
Жорықшы батырлар осы тапсырманы алып, сапарға шық­
ты. Бұлар бір-біріне байланысты жасап тұруға ортақ адамдар

болды. Тау басына шықты. Қараңғы түнде бұл қарауылшылар­
ға айқайламақ болып уәде жасады. Райымбек батыр алдымен
Аманжолды қасына алып, басқа жолдастарын артқа жүргізіп,
қарауылшының кезекте тұрғаны бұларды көріп, тіл қатты.

Бұл күзетшілерге Аманжол өз тілімен жауап берді: «Сіздерге
жәрдем беруге келе жатырмыз» деп. Сол кезде аттағылар
қалмақша өлең айтып, сырнайларын тартып, бұлар да жетті.

тарихи  аңыздар
Бұл күзетші қуанғаннан ұйқыда жатқандарды да оятуға дег­бір
таппады. Бұларды жатқан орындарынан тұрғызбай:

—Сіздер өз жандарыңа жандарың ашыса, сөзсіз бағыны­

ңыздар, болмаса түгел қырыласыздар,—деп Аманжол бұларға
түсіндірді. Жатқан қарауылдың бастығы Аманжолды танып:

—Серке, осы тірі екенсің ғой, сіз қайда болсаңыз, мен де бірге

боламын, жан сауға,—деп Аманжолдьң аяғына басын қойып
жылады. Осы жерде сөзсіз барлық қарауылшылар қолға түсті.
Бұлар Райымбек батырға өздерінше кішілік жасап, бағынды.
Қырық шамасында адамды толық алып, мұның ішінен әлгі

қарауылшының бастығы Байсерке:

—Мына адамдардың ішінде түбі-ниеті түзелмейтіндер бар,­�

—деді. Бұл адамдардың орнына жаңалап адамдар қойып, қол­

ға түскендерді алып қайтты. Бақай бауырындағы қатынасы
арқылы хабар алды. Бұлар да отыз адамды тірідей қолға тү­
сіріп, көп адам алып қайтты. Көнбегенінің басын алып, орын-
дарына қарауылға адамдар қойып, бұл Бақай батыр да мезгілді

уақыттан қалмай, Қозытаста Ұлы жүз көп жауынгерлерімен
батырлардың алдына келді. Райымбек батыр мен Бақай ба-
тыр көп табыспенен келіп қосылды қанша соғыс құралдармен.
Ұлы жүздің жауынгерлері мен қолбасшы батырлары қатты

қуанышта болып, Райымбек батыр мен Бақай батырға Ұлы жүз
атынан мәңгілік рахметін айтып, өздерінше «даңқы зор атақты
батыр» деген атақ берді.
Енді көп батырлар кеңесіп, Секер ханға жол тартуға қам жа-

сады. Қолбасшы Райымбек батыр мынадай тапсырма айтты:

—Енді,—деді Райымбек батыр,—Секер хаңды аламыз. Ор-

дасын бұзамыз. Оған себеп—бізге енді жауынгерлерді үшке
бөлу керек. Күнбатыс жақ Шілік суын өрлетіп Бақай батыр бас­
тағандарды Суықтоғай айланып Көкпекке келіп қосылу. Күн­
шығыс жақтан Шанышқылы Бердіқожа батыр, Ердес батыр,

Тілеуке батырлар, бұл жаққа Сарықамыс басып, екі Бұғытыны
айналып Көкпектіде, Секер ханның ордасында кездесетін болсын!
Ұлы жүздің бұрынғы қолбасшысы қарт батырлары мені
жанына алсын, Көкпектің өзенімен жүріп Секер ханның орда-

сына кіреміз. Қарттар айтады: «қорыққан жау алмайды» деп.
Жоңғардың алдыңғы беті тойтарылды. Дегенмен, әлі ерте.
Енді өзіміз қорықпасақ, ендігі жауды алу онша қиынға түсе

батырлар  туралы  аңыздар
қоймас,—деді Райымбек батыр. Сарбаздарын, қосшыларын
ширата түсті,—сақтық керек ,—деді.

—Мына алдағы Қорын ханның ордасын бұзып, елін шап­

қанда мына Барақ батырдың алдынан атысып оғымен, шабы­
сып қылышымен бес жүздей жоңғардан адам өлген, «Серіктің
асуында» аш-жалаңаш, бұралқылар үсіп өлген әр жерде, «қаш­
қан жауға қатын ер» деп бұрынғы қарттар айтады. Қатын, бала

кінәлі емес, қазақты атамекен жерінен көшіріп, мезгілсіз ша-
буыл жасаған жоңғардың ханы мен байлары. Енді мұнан былай
батырлар қатын-баланы сақтау керек,—деді Райымбек.
Сонда қолға түскен Байсерке деген Секер хан жайында айтты.

—Секер хан өзінше мықты хан, ордасы берік, оқ-дәрі со­

ғады, құралы көп. Осы Түргендегі Қорын хан, Жалағаштағы
ата-анасы, Көмірші, Темірлікте—Арыс хан осы Секер ханға
бағынышты (көмірші). Темірліктегі Арыс хан соғыс құралын
жасап шығарады. Секер ханның Барақ деген батыры бар,

атақты жауынгер.
«Қазақты тоқыратып, өзім-ақ шауып аламын, бірінші әбиір­
ді өзім аламын»,—деп ойлаған Қорын хан. Екінші, «олжаға же-
келеп қарық боламын» деп те ойлады. Жоқ, мұның ойы қараң

қалды. Осы Қорын ханның елінен Секер ханға қашып бар­ғандар
ханның аяғын құшақтап, жылап зарлады. Біз Қорын хан­ның
ақымақтығы деп осыны айтамыз.
Ханға жылап барғандар мынадай арыз, армандар айтты:

—Алматыдан айырылдық—алмасы бар жүректей,

Балдырғаны білектей, Түргенді тартып
Мұны алды, өзені—төлді үліктей.
Райымбек тұрғанда ешкімді қоймас,
Жоңғардың түгел күні өтпей.

«Райымбек батырдың дабысы, батырлығы, айлакерлігі
көп айтылады. Жүрген жүрісін адам білмейді. Аты мен өзінің
өнерін, Райымбек батырдың батырлығы мен айлакерлігіне де
сүйінемін, кеудемнен жан шыққанша бұйырған тапсырмасын

орындаймын»,—деді Байсерке.
Райымбек батыр бастап Көкпектің қысаң сайына жолға
шықты. Үшке бөлінген жауынгерлер мен батырлар өзі алған

тарихи  аңыздар
міндетті жұмысымен сапарға шықты. Жолға шығып Ұлы жүз­
дің барлық қолбасшыларымен Райымбек батыр ақылдасты.

—Көкпектің ойраны шықты. Мына Секер ханнан алынған

хабарға қарағанда, Ағанас хан мен Арыс хан жауынгерлерді
көп жинап жатқан көрінеді. Ертең сәскемен халқына, жа­
уынгер­лері мен қолбасшы батырларына бұйрық беретін күні
екен, қалай да болса сол бас қосқан тобына мен баршы (жау-

шы) ретінде барып қатынасып, айтқан бұйрығын біліп келуім
керек. Сол сапарға бару үшін он бес адам даярлану керек. Бес-
тен үш бөлек болып жүру тиісті. Бес адам алдағы сапта, менің
жанымда болсын, артқы он адам бірінен бірі қатынасып хабар

алып тұратын жерде болсын,—деп, он бес адам даярлап ал­
ды.—Қалған қарт батырлар бар, әр батыр өз жауынгерлерімен
біз­ден хабар келмейінше орындарында болсын,—деп бұйырды.
Райымек батыр бес адамды қалмақ үлгісінде киіндіріп, жаб­

дықтап, Аманжолды өз жағына алып, басқа адамдар да бірге
жүріп, жер қайысқан жиналған халықтың арасынан қыстақ­та
тұрған Секер ханның жанына жақын жерге келді.
Секер хан мұнараның басынан орын алды. Қасында атақты

Барақ батыры бар, жер қайысқан халыққа Секер хан мен Барақ
батыр жарлық берді.
Сөзінің бастамасында Түргендегі Қорын ханды жамандап
сөйледі.

—Қорын анық оңбаған, өзінің жауынгерлерін жөндеп бас­

қара алмай, өзін-өзі опат етті. Онымен қоймай халқын ойран
етіп қырғызды, енді өзін-өзі ажалға айдап, келген жаяу шұбап,
өзі аштықтан қырылғалы келген қазақтардан жеңіліп отыр­ған,
бұл масқарашылық. Енді біздің мына Барақ батырдай дү­ниеге

адам келе бермейді. Барақтың атын естіген қазақ ішкен асын
жерге қойып, өз төсегінде жата алмайды. Енді менің жарлы­ғым
мынау: мына ажал айдап келген қазақтарды аяушы­лық­тың
керегі жоқ болады, ес алдырмай қыру керек болады. Бұл жер-

де дыбысын шығармай қырып, артындағы еліне барып қызын
қатын, қатынын күң етіп, ұлын құл ету керек. Бұл қазақтан
атам Қоңтажыдан тартып жеңіліп көрген емес, осы келген
жауынгерлерін бастап жүрген бір сиқыршы Райымбек деген

бар дейді. Соны өлтірмей, тірі ұстап алып келген адамға тұ­қым-
тұқымына дейін хандықты тапсырамын.

батырлар  туралы  аңыздар
Біздің халық қазақтан батыр болады. Оның дәлелі мынау:
бізде соғыс құралын өзіміз жасап шығарамыз. Жылқының
тұлпары да бізде, жүз адамға бір-ақ митың жауап береді, жүз

шабан атқа бір-ақ тұлпар татиды. Міне, осындай соғыс құралы
бар жерде, ұшқан құстай тұлпары бар елде батыр көп бола-
ды. Жауға тайға ерін ерттеп, қаруына қарамай найза ұстаған
қазақта батыр көп болмақ па? Бұл жарлықты орындамағандар

өлім жазасына тапсырылады,—деді Секер хан.
Райымбек батырға қасындағы қалмақ тілін білетін батыр :
түсіндірді. Секер ханның халқына және жауынгерлер мен ба-
тырларына берген жарлығын бастан-аяқ түсіндірді.

Райымбек батыр бұл ханның жарлығын толық түсінгеннен
кейін жолдастарына айтты:

—Ендеше, менің де жарлығымды орындаңдар. Енді қарап

тұру болмайды. Төртеуің қатар тұрыңдар, мен анау мұнараның
басында тұрған Секер хан мен Барақ батырын көздеп садақ тар-
тамын. Сонан кейін «Райымбек!» деп ұрандап, қылышпен жа­
уап беріңіздер,—деп.

Райымбек батыр аттарды қатар қойып, мұнарада тұрған
Секер хан мен Барақ батырды көздеп: «Нағашы атам Орақ ба-
тыр, өз бабам Сырымбет, Хангелді батырлар қолдай гөр!»—деп
садақты бар күшімен тартқанда Барақтың садағының оқ мой-

нын жұлып өтіп, Секер ханның оң иығын қақыратып жіберді.
Сол заманда Райымбек ұран шақырып, жалаң қылышпен
кірісті. Райымбек батыр Көк­ойнақты ойнатып, атын қарғытып,
ту ұстаған батырдың басын алмас қылышпен алмадай ұшырды.

«Райымбек! Райымбек!» деген ұран көбейді.
Сонда Секер хан өлмей қалып, жауынгерлеріне жарлық
берді. «Қазақ қолына түспесін, соғыс құралдары: оқ дәрі, өрт
қойыңдар!»—деп жарлық берді. Сол жарлықты орындап, қой­

маға өрт қойып жіберді. Бүткіл қойма өртеніп, оқ-дәрі аты­лып,
жол қопарылып, атылған оқ-дәріден көп қалмақ қырылды.
Секер хан тірідей қолға үсті. Секер ханның басын шауып,
оның қанын Аманжол ішті. Артта тұрған Ұлы жүздің батыр­

лары жауынгерлерімен қаптап, тұс-тұсынан қолма-қол қан
май­данға кірісті. Бұл соғысты кешегі Зәрезұм соғысынан
қейінгі зор майдан соғысы деп есептеді. Күн-түн демей, жеті күн
соғыс болды. Қалмақтан зор дауыс естіледі: «Райымбекті тірі

тарихи  аңыздар
ұста!» деп. Райымбек [тің] кім екенін білмейді. Соғыста жүрген
барлығы «Райымбек!» деп ұран шақырды.
Күнбатыстағы Шелек өзенін өрлеп кеткен Бақай ба-

тыр жауынгерлерімен жол бойы жауды тазалап болды, осы
соғысқа кірісті. Күншығыс жақтағы Сарықамысты өрлеп, екі
жақты айналып Шанышқылы Қожамберді батыр да барлық
жауынгерлерімен жол бойы дұшпандарын тазалап, аман-сау

олжасымен осы соғысқа келіп қатынасты. Бұл күшті соғыстың
зардабына шыдай алмай жоңғарлар Жалағаштағы Ағанас
хан менен Көмірші, Темірліктегі Арыс ханның қол астына
ба­рып тығылды. Қалмақтардың үйі тігулі бойымен, [малы]

қорада қалды, елсіз кемпір-шалдары жұртта қалды. Жалағаш­
тағы Ағанас хан, Көмірші, Темірліктегі Арыс хан тірі қалған
жауынгерлерімен өз жеріне қайтты. Сондағы қалмақтардың
айтқан зары:

—Ойран төбе ойылды,

Секер, Барақ жойылды.
Райымбек келді де
Алмадай үзді мойынды.
Жалағаш [ты] жау алған.

Қазақтар ат мініп,
Қарны тойынды,—
деп зарлаған, қашқан Ағанас хан мен Арыс хан өз ордаларына
барып барлық халқы мен жауынгерлеріне жарлық берді. «Тірі

жан қалмай, біріміз қалғанша соғысамыз. Енді қазаққа бодау
бола алмаймыз,—деді.—Егер қазақ бітімге келсе, біз де мақұл
дейміз»,—деп өздерінше соғыс дайындығын жүргізіп жатыр,
шепке тірі жанын, ер адамдарын шығарды, өздерінің бәрі

дайын­дауда болды.
Ұлы жүздің жауынгер, қолбасшылары болып мына екі
хан­дықты шауып талқандағанына зор қуанышта болып, қо­
рытынды жасауға кеңесті. Бұл жөнінде әрбір қолбасшы өз

пікірлерін айтып, ортаға салып кеңесті.

—Ұлы жүздің жауынгер, қолбасшы батырлары, менің ойым-

ша, бұл соғысты тоқтатпай жүргізу себебі—дәл осы уақта өзде­
рінің күші азайған кезі, жүрегі қайтып тұрған мезгілі. Оларға
қарағанда біз күшейдік, алғашқы келгенімізде бізде не бар еді,

батырлар  туралы  аңыздар
мінгеніміз—алды ат, арты жабағы тай еді. Соғыс құралдан: жүз
адам болсақ, он бесінде ғана соғыс құралы бар еді, азығымыз—
жарма, тары еді. Ал енді барлық жауынгерлерде соғыс құралы

толық бар. Барлығының мінгені—алды тұлпар, арты атақты ат
болды. Азық та қыжалат емес, осы қызуымен Ағанас хан мен
Арыс ханға кірісу керек,—деді Райымбек батыр.

—Қолбасшы Райымбек батыр, сіздің айтқан ұсыныстары­

ңыз дұрыс-ақ, біздің жауынгерлердің табысы—бұрын-соңды
болмаған табыста, қуанышта. Анасынан айырылған қозыдай
маңырап, қалмақ қолына түсіп кеткен жетім-жесірлеріміз
қайтып келіп ата-ана, бауыр-туғандарын тапты, қалмақтан көп

жетім-жесірлер түсіп қолымызда тұр. Есепсіз соғыс құралы
мен мал-мүлік түсіп отыр. Мына жауынгер батыр Аманжол
сияқты қанша батырлар бауар (бауыр) бала болып отыр. Мына
Аманжолдың шыдамды, табандылығы сол емес пе, Райым-

бек батырға қадалған садақтың оғын өзі тартып алып, өзінің
қалтасына жинап, кешегі демалыста: «сізге қадалған, тиген
мынау еді» деп алдына саудыратып тастады.
Батыр Аманжол бір ғана Райымбек батыр емес, басқа да:

батырларға оқ-дәрі тиген болса, оның іріңін суырып, тазалап
жазады, мұндай дәрігер бола бермейді. Сол сияқты арыстай ба-
тырлар бізге түбелікті бауыр, мына табысымыз зор емес пе?
Біз енді біраз уақыт дем алсақ, соғыс басталғалы қаза

тап­қандарды анықтап, санын алып, олардың арттағы бала-
шағаларына жәрдем берсек, мына қолға түскен кемпір-шал­
дардың есебін алып, оларға жандарын бағатын мал беріп,
тұрмыстарын жөндесек, түскен мал-мүліктің есебін толық

алып, әр жерге кетіп тасыған малдарды бірыңғайласақ.
Міне, Ағанас хан мен Арыс ханнан хабар алсақ, егер олар
бітімге келсе, уақытылы бітім жасасақ, ар жақтағы елді бері
орналастырып, орын берсек,—деп батырлардың атынан, көп

жауынгердің атынан Сатай батыр айтып өтті.
Бұл тілекті Райымбек батыр да мақұлдап, бірінші соғыс
басталғалы үлкендердің жұмысқа жарамайтын, ауыр жаралы
болғандардың есебін алу әр батырға міңдеттелді. Қолға түс­кен

адам, мал-мүліктің есебін алуға адам белгіледі. Бұрын қалмақ
қолына, жетімдікке, күңдікке түсіп кеткендерден қанша адам
қайтып елге қосылды, оның да есебін алу тапсырылды.

тарихи  аңыздар
Осы Секер ханның соғысында берік салған қамалын, оқ-дәрі
қойған қоймасын Секер ханның өз бұйрығымен өрт қойғызып,
өртеп жіберді. Алты жүз құлаштан шығарып алған құдықты

да топырақ басып, адамның өлігі тасталып, бұзылды. Ауыз суы
халыққа жетпей, судан қатты тарықты. «Ұлытау»—осы күнде
Торайғыр тауы еді. Сол тау түбінен Райымбек батыр қазып, бас­
тау шығарып, сегіз ай сол бастау басында қоныстап, қосын тігіп

отырған екен. Осы күнге дейін «Райымбек бастауы» деп атайды
сол өңірді жерлеген халық. Ал кейбір діншілер қоспа сөзбен:
«Райымбек батыр тасқа найзасын шаншып, тартып алғанда су
шығыпты» деседі.

Ұлы жүздің жауынгерлері мен қолбасшы батырлары ке­
ңесіп: «Ағанас хан мен Арыс ханға елшілікке адамдар барсын.
Оған мына адамдар барсын. Жалағашқа, Ағанас ханға, бас ба-
тыр қасына бес жолдас алып барсын. Көмірші, Темірліктегі

Арыс ханға Қапай батыр барсын, қасына бес адам алып. Бұлар
анығын біліп, сөздің тиянағын шешіп келсін. Соғысқа дайын
болса, онысын анықтап, жоқ, болмаса, бітімге келсе, қайсы
уақытқа жолдарын, мезгілін анықтап келу жіберілді.

Хангелді батыр мен Қапай батырлар ханға баруға жолға
шықты. «Біз, қазақтан келе жатқан елшіміз» деп хабар берді
хандарға. Бұлар асып-сасып екі ханның орталық жеріне үй
тігіп қарсы алды. Батырларды Ағанас хан мен Арыс хан бас­

тарын қосып, «батырларға беташар тартуымыз» деп, ер-то­
қым сайманмен екі тұлпар ат тартты. «Ал енді батырлар кел­
гендеріңізге құлдық айттық»,—деді. Сонда, Хангелді батыр
келген жұмысын айтты:

—Қалай сіздерден, соғысуға әзір болсаңдар, біздерден бітім­

ді қаласандар, оны айт,—деді. Сонда Арыс хан:

—Тақсыр батырлар, жамандасамыз деп бірталай хал­қы­

мыздан айырылдық. Енді жамандық-араздықтың керегі жоқ.
Қазақ-қалмақ түбіміз бір, сондықтан тату болып тамырлас­
тықты күшейтелік,—деді. Қапай батыр:

—Тату болу үшін бұрынғы өз айыбыңды білесің бе?—деді.

Арыс хан:

—Айыптымыз, не десеңіздер де мойнымызда.

Арыс хан кешікпей:

—Хабар өзімізден болсын,—деді. Хан мен батырлар

мейірлесіп қоштасып, аттанды. Екі батырды қошеметтеп Көр­

батырлар  туралы  аңыздар
тоғайдың суынан өткізіп, қанша жауынгерлерімен қош айты-
сып қайтты.
Хангелді батыр мен Қапай батыр қасындағы жолдастары­мен

Ұлы жүздің көп жауынгерлерімен қолбасшы батырлардың ор­
тасына келді. Барған жұмыстарының баянды болғанын айтты.
Бұл жұмыс [қа] көп жауынгерлер мен батырлар өте қуаныш­ты
болды. «Енді халықтың үлесін бітім соңын береді» деп уәде жа-

сады. Тапсырылған есептер де дайыңдалды.
Көп кешікпей Арыс хан мен Ағанас ханның елшілері келді.
Бітімге шақырып екі ханның орталық шетіне Көр­тоғайға жа­
қын кең сайға үй тігіліп, екі хан бірігіп Ұлы жүз­дің жауын­

гер­лері мен қолбасшы батырлары, әрбір адамдары келді.
Елшілер­дің сөзі: «Бітім қонағына көп келсе, көп­сінбеймін,
аз: келсе, азсынбаймыз. Бір-ақ тілегіміз, Райым­бек бастаған
қолбасшы­лар толық келуін сұраймыз» деген хан тапсырма-

сын айтты.
Ұлы жүздің жауынгер қолбасшылары кеңесіп, бес жүз
жауын­гер, батырларды жіберуді ұйғарды. Райымбек батыр мен
Аманжолды қалдырды.

Ұлы жүздің жауынгер, батырларынан Жалағаштағы Ағанас
хан мен Көмірші, Темірліктегі Арыс ханның шақыруына
қазақ, қалмақтың мұнан былай тыныштықпен өмір сүруіне
бітім жасау туралы Хангелді батыр, Қапай батыр, Сатай батыр,

Бөлек батыр, Аралбай батыр, Ырыскелді батыр, Шанышқылы
Қожамберді батыр, Бақай батырлар бастаған бес жүз адам
бітімге жүрді. Бұлардың келе жатқанын Арыс хан мен Ағанас
хан қанша батыр, жауынгерлерімен қарсы алды.

Арыс хан мен Ағанас хан: «бұрынғы өткен айыбымыз
үшін» деп тоғыз атанға кілем жауып алға тартты. Тұлпар, ар­
ты тоғыз атқа ер-сайман мен тоғыз қызды мінгізіп Ұлы жүз­
дің батырларының алдынан шықты. Жол бойы [аттан]тү­сіп

құшақтасып көрісіп, танысты.
Сонда Ағанас хан мен Арыс хан:

—Қолбасшы Райымбек батыр қайда, бізбен достыққа қо­

сылмай ма? Біз де батырды көріп танысуымыз керек еді ғой,—
деді. Бұл хандарға Сатай батыр жауап берді:

—Райымбек батыр да келеді,—деп. Ұлы жүздің жауын­

гер қолбасшы батырларын даярлаған үйлеріне түсіріп, кү­
тушілермен қамтамасыз етті. Сойысқа алды ту бие, өгіз, еркек

тарихи  аңыздар
қойлармен қамтамасыз етті. Өздерінше қонақ сыйын көрсетіп
жатыр. Сырнайшы, домбырашы, бишілерін ойнатып, сыйлық
етіп жатыр.

Екі жақ әртүрлі сөздер айтып мынадай қорытындыға келді:
«Бұрынғы шабындыда қалмақ қолына түсіп кеткен қыз-қатын
және еркектер бала жасынан қолға түсіп, осы күнде еркек бол-
сын, қыз болсын, үш балалы болса да қазақ өз қазағына, қал­

мақ өз қалмағына қайтам десе, ерікті болсын, өз қолдарымен
айыпқа берген тартуға тарыққандардан басқалар. Бұрын
уәде бұзып, жай жатқан елді шауып алғандағы мал-мүліктер
қайтарылсын!

Сол шабындыда өлген адамдарға құнын төлеуге деп екі жақ
та разы болып, хандар мен батырлар бітім-құжаттарға қолда­
рын қойды қайта серттесіп.
Жер шебін белгілеу туралы көп айтыстар болып, кейбір

жоңғарлар: «бұл жерден кетпейміз, қанымызды төгуге дейін»
деп айтқандары болды.
Бұл сөзге қазақ қолбасшылары да қатты ашу шақырып,
Райымбек батырға адам жіберді қалмақтың жер шебі туралы:

«қалай бөлінеді?» деп. Мұны естіп сол заматта қасына Аман-
жолды ертіп, Аманжолға Секер ханның Көкшұбар тұлпа­рын
мінгізіп Қозытастан, Көртоғайдан өтіп қалың тікен, қонақ
күтушілердің тұсында Ақтау, Ешкі жолымен Көкойнақ пен

Көкшұбарды ойнатып келіп, қалың жиналған қалмақ пен
қазақтан жиналған, келген бес жүз жауынгерлер барлығы
тұрғанда айқайлап:

—Мен, Райымбек! Достық бітім болды ма? Разы десендер, әр

қолдарыңды көтер, разы болмасандар, соғыс бастаймын,—де­
ді. Жалаңтаста Көкойнақты ойнатып, қылышын жарқылда­тып
ақырды.
Сонда:

—Не істесең, істе, Райымбек батырды тоқтат!—деп хандар

өрекпіді.

—Онда қол көтеріңдер!—деп Ұлы жүздің батырлары айтты.

«Мақұл!» деп, барлық жоңғардың хандары мен жауынгерле­
рі қолдарын көтерді. Кейбіреуі екі қолын тең көтерді. Халық
қарсы алып келуді сұрады. «Ортаға Ұлы жүздің батыры кел-
месе екен, бір дұшпан жамандық істеп қояр ма екен?»—деп

қауіптенді. Райымбек батыр:

батырлар  туралы  аңыздар

—Жақсылықтың біз де ішіндеміз, егер соғыс болса—ба­

сындамын, жақсылықтарың қабыл болсын!—деп жар тастап,
аттарын ойнатып Көртоғайдың суына кіріп жөнелді. Мұны
көрген хандар, халық айтса сенбеген, өз көзі көріп жер шебі ту-
ралы мынадай бітімге келді.

«Аяғы Шарын суының күншығыс жағы, Тастықараның
желкесінен Қаратақыр Қалжат дейді. Қаны жақын қалмаққа
мына жағы Сарытоғай суы мен Ақтоғай суынан өтіп, Үлкен
Қарқараның суымен жүріп тауға шығады». Күншығыс жағы—

қалмаққа, күнбатыс жағы қазаққа қалды. Сөйтіп, келісімге
түгел қол қойды.
Ағанас хан мен Секер ханның халықтың тілегі бойын-
ша Аласаның тау тұмсығынан сол таудың терісімен жүріп,

Суықтоғайға түсіп, Жіңішке, Таушілік, Қарабұлақ, Жалағаш,
Үш Меркі, Көктөбені жерлеген Ағанас ханның елін өз еркімен
жерді босатуға үш жылға дейін рұқсат берілді. Екі жақ келісімге
қол қойды. Қолға түскен адамдар қайтыс болды, келісім бойын­

ша жұмысты даусыз шешіп алды. Үш ай шамасында адамдар-
ды қайтаруда қазақтан да, қалмақтан да қалушылар болды.
Қалмақтан қазаққа көп қалды. Солардың ішінде Аманжол,
Арыстан, Байсерке сықылды батырлар қалмаққа қайтпады.

«Адам болып тудық, жан—біреу, серт—біреу»,—деп, бұлар
қазақ болып кетті. Бұл үшеуінің де Ұлы жүзде тұқымы бар.
Мысалы, Аманжол: «Райымбек батырмен бірге тудым, Хан­
гелді ұрпағымын» деп атанып, бұл Аманжол болып атанбайды,

«Емеген» болып атанады. Хангелдінің бір баласы болып кетті.
Аманжолдың аты өзгеріп Емеген болу себебі—батырларға
ти­ген оқ шықпай қалса, оны сорып тартып алады екен және де
тоқтап қалған іріңін сорып тастайды екен. Құрбы-құрдастары

қалжың ретінде қойған аты «Емеген» деп, сол қойылған ат ата-
лып кетіпті. Қазір Әлжан да Хангелді ұрпағы деп аталады, Еме-
ген деген бір ру ел бар.
Ұлы жүздің бұрынғы қолбасшы батырлары мен жас

қолбасшы Райымбек батырлар болып кеңесіп, олжа бөлісті
мына тәртіппен. Олжа тартуға келген ұл мен қыздарды Ұлы
жүздің әр батырларының орнына қарай бөліс болды.
Түскен мал-мүлікті Ұлы жүз бойынша бұрын шабындыда

қолында малын қоймай алып кеткен малсыздарды тексеріп,
жорықта қайтыс болған адамдарды есептеп, мал-мүліктерді

тарихи  аңыздар
бөлді. Қалмақтан қазақ болғандарға да бөлді. Сонда есеп бойын­
ша соғысқа қатынасқан жауынгерлер басына елу жылқыдан
тиіс есеп болды. Өлгендердің құны да шығарылды.

Бұрын Ұлы жүз бойынша қолбасшы жүлгесін Жалай-
ыр ала­ды екен. Себебі: «Орақ батырдан бері ендігі жүлгені
Райым­бек ба­тыр алуға тиісті» деп ұйғарды. «Ұлы жүз бойынша
мұнан былай олжа бар жерде ешбір Ұлы жүз той бастап олжа ал-

масын, қашан да болса алдыңғы олжа—Алжандікі болсын,—
деп, жүздің қол­басшы батырлары мен сансыз жауынгері: «мәң­гі
артындағылары­мызға бірден-бір өнеге қалсын!»—деп серттеседі.
Әр қостан бір жылқы қолбасшының жүлкесі болады екен.

Сол ереже бойынша әр қостан бір жылқы жинағанда үш жүз
жетпіс бес жылқы болды. Ұлы жүздің батырлары соны ап келіп,
Райымбек батырдың қосына келді. Сонда Райымбек батыр Ұлы
жүздің көп жауынгерлеріне:

—Маған деген жүлкелеріңізге разылық, рахмет айтамын.

Бұл жүлкені үшке бөліңіздер. Бұрынғы жеріне жүлке алып
жүрген қолбасшы батырлар, қан соғыста қатысы болғандардың
бала-шағасына, ауылдағы мүгедек болған кемпір-шал, жетім
балаларға менің малымды, сол баталарыңызға бер! Райымбек

батыр: менің қалауым—Секер ханның Көкшұбар тұлпарын,
ақ тайлағын, болат семсерін, сары қылышын, көк мойын дүр­
бісін беріңіздер»,—деп тілегін білдірді. Ұлы жүздің көп батыры
Райымбек батырдың сөзін мақұлдады да жүлгені үшке бөлді.

Халқы қатты қуанышта болып той жасады, атамекен жерін
жау­дан босатты, өткендегі көп шауып қорлық еткен дұшпа­ны­
нан кек алғандығына.
Ұлы жүздің қолбасшы жауынгер батырлары болып өріс алу

туралы кеңесті. Бірінші, Жалайырдың балалары: «Бұрын Ұлы
жүз жерге орналасқанда атамыз Орақты батыр Қараталдан тар-
тып орналасқан екен. Ірі суларды санап, Жетісу деп есептепті.
Бір шетінде мен болайын депті. Осы атамыз Орақты батыр алған

мекенінен тартып біздің Жалайыр өріс алады,—десті. Сонан тар-
тып суан, албан, шапырашты, сарыүйсін, дулат, ошақты, бұрын­
ғы қаңлылар болып Жетісудың қалған жеріне тарап, өріс алды.

—Ал біз ата қонысты алып болғанымыз жоқ, дұшпанды

толық жеңгеніміз жоқ, қашан атам Орақты батыр санаған,
Орта жүз бен Кіші жүз атам бөліп берген қонысын түгел дұшпан
қолынан алмай бізде тыныштық болмайды да, көңіл орнына

батырлар  туралы  аңыздар
түспейді. Ендігі Ұлы жүз батырларының жауынгерлері мен
жас балаларыңды баулып, айлакер жүректі етіп дайындау
керек. Соғыс құралын дайындау керек. Жылқыдан тұлпар

туғызып, ат даярлау керек,—деп, Райымбек батыр жарлығын
жариялады,—жер шебінде отырғандар мықты болу керек, ел
ортасына жау келмесін,—деп. Жер бөлісте Албан шығысқа
қарай түсті, жер шебінде Райымбек батыр өзі өріс алды.

Райымбек батырдың бірінші сапары қысқаша осылай аяқ­
талды.
Райымбек батырдың екінші сапары
Ұлы жүз халқы ата қонысынан өріс алып, мал өсіріп, еркін

байтаққа кірді. Қазіргі Бақайтау деп атанып жүрген Талғар
басындағы Бақай батырдың өрісі болған. Бақай атында қалға­
ны осы екен. Ұлы жүз халқы бұрынғыдай емес, жауын жеңіп,
көңілі өсіп, соғыс құралы көбейіп, соғыс құрал­дарынан садақ

қана болса, енді дәрісімен айдап ататын мылтық пайда бол-
ды. Дәрі мен оқты өздері жасап шығаратын халге келді. Жас
жігіттер жауынгер болуға өнер үйренді, аттан тұлпар ұстау,
биеден бедеу бағуды үйренді.

Бұл дайындық мынадан: қазақ, қалмақтың, Ұлы жүздің
қолбасшы батырлары бастаған Жалағаштағы Ағанас хан мен
Көміршідегі Арыс хандар қол қойып, Көртоғай Күншығысын­
дағы сайда бас үй тігіп, көп мал сойып, малдың аққан қаны­мен,

оның майын ат кешіп жүрген екен. Сол жердің атымен Бұлақ
атанғаны әлі күнге дейін сол—«Майбұлақ» деп атайды. Сон­
дағы келісімді орындамай өз еркімен көшіп, жерді босатпай кө­
шу серті үш жыл болса, кейін жеті жылға кетті. Жіберген ел­

шіге беретін жауабы: «Қалмақ пен қазақ түбіміз бір туған, тату
отырсақ жер жетеді»,—деп қайырады.
Астыртын елшілердің айту хабарына қарағанда, Жаркент,
Көкталдағы торғауыттың қорғаны тұр, ханмен келісе шарт

жасаған болуынан қозғалмауға, «Енді қазақ қумайды, егер
күштімін деп, зорлаған күнде біз де саған жәрдемдесеміз. Бұл
қазақ шабуыл жасап сендерді алса, бәрібір бізді де шабуға
шығады, онан да осы бастан соғыс құралды кебейтіп, адамдар-

ды іріктеп, даярлық жасау керек»,—деп кеңесті. «Өзара келі­

тарихи  аңыздар
сім жасасып жатыр» деген хабарлар болып жатыр. Күнделікті
қатынасушылардан Ағанас хан көшіп, жерді босатудың ор-
нына күннен-күнге өріс алып, диқаншылығын көбейтуге кі­

рісті. Бұрын Қарабұлақтан тоған қазып, диқанды көбейткен,
айдағаны—көпшілігі онда тары еді.
Меркіден тоған шығарып көмейін бекіткенде, көмейі бұ­
зылып тоқтамағанда, қолындағы қазақтардан «осы тоғанға су

жүрді» деп атасынан қалған әдет-ғұрып бойынша үш адамды
бауыздапты. Оны есіткенде қазақтардың қаны қайнап кетті.
Ұлы жүздің қолбасшылары басты қосып, енді мына Арыс
­хан мен Ағанас ханға елші жіберуге үйғарды. Уәделі уакыттан

төрт жылға жуық асты. «Енді шатақсыз жерді босату, күнбе-
күн­де жеңгеніміз отыруға шарт, елім есептелмейтін майдан со­
ғы­сы болады»,—деп, жіберген елшіге тапсырды.
Елшіге Барақ батыр бастаған алты адам барып, толық жұ­

мысын айтты. Оған екі хан көшіп, жер босатуды қаламады. «Бір
ай мерзім ішінде жауап береміз»,—деп елшілерге жауап берді.
Ұлы жүздің қолбасшы батырлары бас қосып: «Ағанас ханға
жаугермен барып көшіру, көнбесе, аяусыз соғыспен жауап

беріп, жерден айдап шығуға деп және де «Арыс хан, Ағанас
ханға қосылып бірге қарсы шабуылға шықсаңдар уәдесін бұ­
зып, Арқан тасы, тағы Орта таудан асыра қуып, мына жағын
Көксу, Мұзарттан өткізу керек»,—деп қорытынды жасады.

«Бұл Ағанас хан мен Арыс хан соғысып, жеңілмей жерді
босатпайды. Алынған хабарға қарағанда, соғысқа дайынды­
ғы мықты, соның үшін қолбасшы батырларын үшке бөліп,
жауынгерлерді бастап үш жолмен кіріп соғыс ашу керек.

Бірінші, Ағанастың ордасына Таушіліктің тауы мен Жі­
ңішкенің тауы, Жалағаш, Мерке мен тау қорын тазалауға Рай-
ымбек батыр, Бақай батыр, Барақ батыр, Бердіқожа батыр, Са-
тай батырлар бастаған жауынгерлер барсын.

Екінші, Суықтоғай, Бартоғай, Торыайғыр тауынан тартып
Қапай батыр бастаған Ердес батыр, Тілеуке батыр, Ақбас ба­тыр,
Аралбай батырлар бастаған жауынгерлерімен барсын.
Үшінші, Сарытоғай, Бөрітескен, Көртоғай, Сарқоршын,

Қарадала осы жақтан Хангелді батыр бастаған Ырыскелді
батыр, Биеке батыр, Бекбас батыр, Палпанбай батыр, Өтеп
батырлар жауынгерлерімен шебіне алып, осыдан Құлық та­
уының Көкиірім судың құйғанында бас қосатын болсын! Осы

батырлар  туралы  аңыздар
жарлықты Ұлы жүздің көп батырлары мен қолбасшы батыр-
ларына, жауынгерлеріне тапсырып, әр батыр жауынгерімен
өз орындарында болсын. Ағанас ханды өз еркімен көшіреміз.

Көшпесе, соғыс бастау біз жақтан басталады да, арада хабар­шы
жүріп тұрады. Қатынас болсын»,—деп Райымбек батыр, көп
батыр жауынгерлермен Ағанас ханға жол тартты.
Райымбек батыр Ағанас ханға елші жіберді: «Өз еркімен

көшсін» деп. Елшісі барса, Ағанас хан: «Қазақтың Райымбек
батыры бастаған көп батырмен жауынгерлік шабуға дайын-
далды» деген хабарды оқып, соғысқа дайындалып, Арыс хан
мен Жәркенттегі Көкталдың қорғанын қорғап тұрған Төрехан

көмектесуге келе жатқаны бұл сөзден анықталды.
Райымбек батыр бұл сөздің анығына көзі жеткеннен кейін,
Барақ батыр бастаған көп жауынгерін Таушілік басына жібер­
ді. Сондағы көшпелі елді көшіруге Райымбек, Бақай батыр­лар

Ағанастың ордасына тиюге даярлануда болды.
Райымбек батыр «Ағанас хан осы топта не істеп жатқанын»
біліп қайтуға Бүйембайды жіберген еді, бұл тапсырманы алып
қайтқан ол көп қалмақтың арасына кіріп, араласып жүрді.

Сол күні түнеп жатты. Ағанас хан халқына хабар жіберіп:
«Қазақтың қалың қолы бізді шабуға дайын болды, бір адам
қалмай атгануға шығу керек!»—деп жарлық берді. Бұл жар­
лықты алған соң, Ағанас ханның елі қаруланып, жиналып ор-

дасына келген кезі еді. Бұл қалмақтар арасына мынадай аңыз-
әуез тарады:«Қазақтың бір батыры бар екен Райымбек деген,
өзі сиқыршы екен, алдағы Түргендегі Қорын ханды қиратқан,
Іленің сығысқан сеңін тоқтатып, жауынгерін құрғақ жермен

өткізіп алған адам сияқты дейді, атының қанаты бар дейді,
жылқыға ұқсамайды дейді. Өзі қалай жүргенін адам білмейді
дейді. Түн емес, күндіз де көрінбейді екен. Сол соғыстың ішің­
де болған адамдар айтты. Сонда оқ барса да, қияр қылыш бар,

әйтеуір өліп жатқан адам көп, сонда өлмей калған адамдар
айтады: «Біз де «Райымбек!» деп ұран салдық, қылыш тимей,
оқ тимей аман қалдық»,—дейді. Көпшілік бірін-бірі қоштай,
расқа айнаддырды.

Ағанас хан Меркінің тоғанын шығарып, егін айдаған кезі
еді. Тоғанның көмейін сонша биіктен шығарған. Меркенің ар-
насына су жібермей, тоғанның өр жерінен жол тауып өтуге бол-
майды, иінді жерден салған көпір бар, сонымен өтуге болады.

тарихи  аңыздар
Ағанас хан «Райымбектің жауынгері келіп тұлпарларды ай­
дап кетпесін» деп Меркінің аузына көп елді киіз үймен отыр­
ғызып, жылқыны Меркенің сайын өрлетіп баққызды. Сонда

бір жылқышы бір ала биені асаудан үйретіп, арқанын шуа­тып,
жылқының ішіне қоя береді. Әбден шаршаған жануар жа­
тып-тұрып, ұшып тұрып, үстінен де, басынан да, астынан да
арқан оралып, шабына тиіп, мөңкіп тұрып шыңғырып жусап

жатқан жылқыға барып, жусап жатқан жылқы шошып үркіп,
еңіске жосып жүріп береді. Көп жылқы тоқтамай, алдында
бейқам ұйықтап жатқан жылқышыларды баса-көктеп, кейбір
жылқышыны жылқы басып, жаншып та кетеді.

Баяғы өздерінің айтқан аңыздары бар: «Райымбек» десе,
өлмей тірі қалады» деген сөз ойларына келіп, Райымбектің
жауынгері, Райымбек бастаған қол келіп қалған екен деп: «Рай-
ымбек!» деп жеті ұран шақырып, ерген жылқымен бірге қашты.

Айқай-шу «Райымбек» деген ұран тау жарып, жерді жаңғырт­
ты. Қорада қой, сиыр қалды, үйлері жығылмай қалды. Алды-
нан түскен жылқы. Кейбіреуі ат ұстап мінген, біреуі—жаяу,
кейбір адам киім киюге де мұршасы келмей, жан сауғалап қаша

берген. Осы қашқан бетімен Ақтоғайдың өзеніне түсті. Бір топ
адам зарлап жылап Ағанас ханға жетті. «Райымбек бастап кеп
жауынгермен келіп Меркеге шабуыл жасап, көп адам қырыл­
ды. Жылқыдан қанша алып кетті белгісіз, халқыңыз бүлінді.

Мерке, Шуға дейін Райымбектің жауынгерлері қаптады»,—­деп
аяғын құшақтап, Меркі жерлеген халқы зарлады. Осы кезде
Бүйембай осы қалмақтардың арасында жүреді.
Ағанас хан шулатып: «Райымбек сол жақтан келіп тисе,

мына жақтағы қазақтардың жауынгерлерін аяусыз қыру ке­
рек, тез Арыс ханға хабар жеткізу керек, енді қазақтан қорқа­
тын уақыт өтті, соғыс туралы жеткілікті батырлар көп. Жар­
кент, Көкталдағы қорған Төрехан да, бізбен тілектес, қанша

керек десек, адам, соғыс құралын аямайды. Енді аяудың керегі
жоқ. Қазақ осы күнде шашқын кезі, олар басын қосқанша бір
шетінен кіріп қуа беруіміз керек!»—деп Арыс хан жарлықты
қатты беріп, халқына айғай салды.

Бүйенбай батыр осы хабарды өз құлағымен естіп, қайыра
тартып Райымбек батырға келіп, есіткен, көргенін баяндады.
Бұл хабарды есіткен соң Райымбек батыр тоқтамай Аман­жол­
ды қасына алып, топтасқан қалың қалмақтың арасына кірді.

батырлар  туралы  аңыздар
Бір жағынан Бақай батыр кірді. «Райымбек!» деп ұран шақы­
рып кеткенде, қалмақтар кіммен соғысарын білмей де қалды.
Қазақтың қалың қолы тұс-тұстан кіргенде калмақтар быт-шыт

болып, қашуға айналды.
Ағанас хан уәзірлеріне, батырларына: «Мерке тоғанының
көмейін бұз, онда қазір Райымбектің батырлары, жауынгер­
лері жоқ, ақыры тоғанның пайдасын қазақ көрмесін. Тары­ның

қоймасына өрт қойып жібер, қазақ пайдасын көрмесін!»­—деп
бұйрық берді. Бұл жарлық қолына тиген соң Жалағаш өрлеп
барып, Меркідегі тоғанының көмейін бұзып жіберді.
Тары қоймасына қалмақтарды жібермей, қазақ жауын­

герлері оны қоршап алды. Ағанас хан көп қайрат етті. Көпке
дейін берілмей Райымбек батыр қасында серігі Аманжол бар,
Көкөйнақпен қарсыласып, Көкөйнақ тақымын қаққанда қар­
ғып қылыш тигізбей ар жағына түсті, бұрылғанша Ағанас

ханның басын Секер ханның ақ алмас қылышымен қағып
жіберді. Ағанас ханның басы алынған соң қалмақтар қашып
берді. Арыс ханның елін көздеді.
Ұлы жүздің көп батыры мен жауынгерлері өздерінің мін­

детіне алған серті бойынша жүріп берді. Ұлы жүздің ұраны—
біреу. Барлық батырлар, жауынгерлер соғыста «Райымбек!»
деп ұрандады. Жіңішке, Таушілік тауына жол тартып кеткен
Ба­рақ батыр да келді. Батырлардың арты Суықтоғайдан Жі­­

ңіш­ке, Таушілік, Қарабұлақ, Жалағашқа, Меркі, Кеңсу, Көк­
тебе, Үш Қарқарадан тартып кірді. Ақтоғайдың суы тасып жат­
қан мез­гілі еді. Аты әлсіздерден, қашқандардан суға кеткен­дер
де көп болды. «Бұл соғыс ең ақырғы соғыс, сол үшін жайба­ра­

қат­тық болмасын»,—деп Райымбек батыр барлық батырлар
мен жауынгерлерге жарлық берді. «Шапшаңдап, тездікпен
Арысханның ордасын алмасақ, елінің арғы бетінен Төрехан­ның
жауынгерлері келіп қалды ма екен?»—деп, Көкөйнақты ойна-

тын Бақай, Барақ батырларды, көп жауынгерлерін ертіп, Арыс
ханның ордасына тартты.
Бастапқы уәде Кегеннің жағасы, Иірсудың қосқанында
табыспақ еді. Енді олай болмай шықты. Себебі Арыс хан көп

жауынгерлерін құралымен соғысқа қосты. Сол үшін Райым­бек
батыр, Бақай батыр, Барақ батыр Арыс ханның ордасына тура
тартқаны—осы болды.

тарихи  аңыздар
Райымбек батыр Арыс ханның ордасына шабу туралы ой-
ларында, батырлар әр тұстан қоршап кіруге уәде байласты.
«Төңірегі тау-тас, бекініс көп, тура ат қою қиын болар»,—деп,

Бақай батыр мен Барақ батыр Райымбек батырмен кеңесті. Рай-
ымбек батыр: «Ажалдымыз өлерміз, жауынгерлер бір жағы­
нан ұрандап кіру керек, сонда жол ашылмаса, аспаннан түспе­
сек, төңірек тау-тас, ашық жерінде сығысқан жауынгері тұр.

Сондықтан жауынгері болса да, мен бір топ жауынгерлер мен
ұрандап араласайын, сіздер де артымыздан үн қосарсыздар!»—
деп, Райымбек батыр Арысханның көп жауынгеріне ат қойып,
араласпақ болды.

Дәл осы уақытта Арыс хан: «Бұл Райымбек батыр бұл жерге
келеді» деп қауіптенген жоқ еді. Себебі Ағанас ханның елі де
жер шалғайда, мол жауынгері бар еді, оның үстіне Арыс хан-
нан жіберілген көп жауынгерлер бар, олар бүкіл қазақты той-

тарып қайтарды. Егер де шамасы келмесе, тағы жәрдем сұрай­
ды. «Біздің шамамыз жетпейтін болса, Жаркент, Көкталдағы
қорғанда отырған Төре ханнан жәрдем алатын уәде, серт бар.»
Сол оймен жайбарақат, хабарсыз еді. Хабарға келе жатқан адам

Райымбек батырдың жауынгерлерінің қолында еді. Орта жол­да
қатынас болмағаны осы еді. Арыс ханның соғыс құралын жа-
сайтын өзінше шойын, темір, қорғасын ерітіп, қолменен түрлі
құрал жасайтын ошақтары бар еді. Тек өзі құралсыз отыратын.

Арыс хан халқына жарлық беріп, еркектен жараулысын ат­
қа мінгізіп, құрал беріп топтастырған еді. «Орданың шені­нен
жан жүрмесін» деп адамнан шеп жасап қойған еді. Бұл Арыс
ханның жауынгерлерінің ішінде бұрынғы Қорын хан мен Секер

ханның қиратылған соққысында болғандар да бар. Сол адам-
дар арқылы естіп, болмаса ел аузынан есітіп:«Райымбек­тің
жүрісі сай екен, қайдан келгенін білмейсің,«Райымбек!» де­ген
дауысты, қырылып жатқан адамды бір-ақ көресің» деп. Өз­ара

жауынгерлер дәріптеп, тұрған біреулері: ««Райымбек» деп
қашса, өлмей аман қалады екен»,—деп айтты. Біреулері:«он­
да Райымбекке келіп тиіссе, есінде болатын сөз»,—деп өз-
өздерінше шуылдасып тұр еді. Түнде, айсыз қараңғыда Ра­

йымбек батырдың өзі бастап тоқсандай жауынгері сырт киімін
ақтан киіп, «қараңғыда бір-бірімізден адаспасқа» деп, жа­
уынгер қалың тұрған жер болса да, «Райымбек!» деп ұрандап,

батырлар  туралы  аңыздар
қалың жауынгерлерге келіп араласты. Қасқыр шапқан қой­дай
быт-шыт болып қашты.
«Райымбек! Райымбек!» деген шу көбейді. Алдағы айтқан

сөздері расқа айналды. Қалмақтар да «Райымбек!» деп ұрандап
жатты. Қаптаған қалың қолдың арасынан сығылмай кеп ай­
қай-шу, ұрандармен Бақай батыр мен Барақ батырлар да келіп
қосылды. Тар өзенге таласып, бір-бірінің өлгеніне қарамай

қашқан ел жол бермейді. Бұл қысымға шыдай алмай ордасы­на
өрт қойғызып, Арыс ханның өзі де қашып кұтылды.
Ағанас ханның елі алдында Арыс ханнан жәрдем күтіп,
«қазақтың көп батырларын өлтіріп, көп жауынгерлерін қы­

рып, кек алып береді» деген Арыс ханның ордасы өртеліп, өзі
қашты» деген хабар алып, күн-түн демей қолына жылқы мен
түйе тигендері тау бөктері, көк құз-құзартты көздеді. Арыс
ханның елі Шелкөдеге қарай Айғайтасты көздей жөнелді.

Таудың төріскейі Қалжат көздей жөнелді. Ұлы жүздің батыр­
лары бастапқы сертінен қайтпай, артына түсті. Жан аямай
соққы болған жерде өлім болмай ма, осы соғыста көп жауынгер-
лер қайтыс болды, бірқанша батырлар өлді, жаралылар саны да

аз емес.
Ұлы жүздің қолбасшы батырлары Көміршіге бастарын қосу
жайлы хабарласып, сол Көміршінің суына үй тігіп, бастарын
қосуға жиналды.

Өлгендерін көміп, жаралыларды емдеп, аз да болса тыны­
ғуға сабыр етті. Ұлы жүздің батырлары жауынгерлерінің есебін
алып, артта қолға түскен адам, мал-мүліктерді жинастыруға
адам бөліп, демалысқа кірісті.

Таушілік, Жалағаш, Көктөбе, Үш Қарқарадан қашқан қал­
мақтардың арманы:

—Қош, Таушілік, Жалағаш,

Түңілді ханың Ағанас.
Райымбек тұрғанда,
Біздікі емес мал мен бас.
Үш Қарқара, Көктөбе,

Бұрын Бұрқан жақсы еді.
Енді бізге өкпелі,
Райымбек тұрғанда
Енді бізге жоқ төбе,—

тарихи  аңыздар
деді. Көмірші, Темірліктен қашқан қалмақтардың арманы:

—Көмірші мен Темірлік—

Берік еді ордамыз,
Біз қазақты шапқанда,
Еркін еді олжамыз.
Райымбек келгенде,

Таба алмадық қорғаныс.
Елін тастап қашқан-ай,
Қарсыласпай хан Арыс!
Осындай зарларын айтып, бет алған жолынан қайтпай кете

берді. Шалкөдеге барғанда артынан түскен қуғын болмаған соң,
Арыс хан өз елінің қалғанын жинастыра бастап, хабар алды.
Теріскей жағын Қалжаттан өткенінде анықтады. Өздерінің
алды Құмбел, Айғайтастан асқан, арты Шөлкәдеде. Ағанас

ханның елінің алды Ақиязға барған, арты Текесте екен.
Ағанас хан екі ханның елінің қалған батырлары мен бас-
шыларын жинап алып: «Әлі де қазақ бізді қуғанын қоймайды,
қуып жүріп қырғанын да қоймайды, өзінің жерін босатып бе­

ріп, тыныш отыруға шарттасалық. Онан гөрі енді бері жібер­мей,
алдынан «Хан жосын» тарту алып барып өтініш жасасын, оның
үшін, алдымен, елші жіберелік»,—десті. Бұл Арыс ханның
сөзін барлығы мақұлдап, алдынан Ұлы жүздің батырларына,

жауынгерлеріне елші жіберді.
Ұлы жүздің қолбасшы батырлары, көп жауынгерлері
тыныштық алып, өлі-тірілерінің есебін алып, қолға түскен
адамдар, мал, көліктердің есебін алып болып қалған кез еді. Үш

адам елші келді Арыс ханнан. Келген елшілерді қол қусырып,
батырлар жай сұрасқанда, Арыс хан жіберген елшілері болып
шықты. Елшілердің тілегі:«енді мұнан былай тату тұруға, біз
өз кінәмізді мойнымызға аламыз, Ұлы жүз батырлары ма­құл­

даса, уақыт қашан, қай жерде болуын анық біліп қайту»,—
елшілердің өтініші.
Райымбек батыр: «Келіссөзге бармалық»,—деді. Себебі
Арыс ­ханның жерінде көп жауынгер мен бірталай батырлар қа­

за тапты және де көп адамдар жаралы болды. Соның үшін әлі
де соғысты тоқтатпай, сол үлкендердің қанын қайтару керек.
«Арыс ханның басын кеспей, кегім бітпейді»,—деп кідіріп оты­

батырлар  туралы  аңыздар
рып алды. Бұл сөзге барлық батырлар мен жауынгерлер Райым­
бек батырдан сұрап: «Біздің бастағы тілегіміз жеңу еді ғой,
сол тілек орындалды, өлгендер—шейіт, халқы үшін жанын

киған»,—деп Райымбек батырды мақұлдатты.
Сол кезде көп батырлар жаралы болып қалып еді. Райымбек
батыр өзі де жаралы еді. Бірақ батыр жаралы екенін көп адамға
сездірмейді. Бір санынан садақтың оғы тиіп, оғын ала алмай,

асқынып іріңдеп тұрған кезі еді. Оны Аманжол іріңін суырып
емдеп жатыр еді, бірақ батыр оны ауырсынып тұрған жоқ еді.
Ұлы жүздің қолбасшы батырлары мен жауынгерлері ке­
ңесіп, келісім жасауға келісті. Келген елшілерге жауап берді.

«Арыс ханға тез жетіп айтқайсың, келісімге біз де мақұл, өз
айыбы болса, тездеп хабар айтсын. Шәлкөде өзеніне үйін тігіп,
өзіне керекті адамдарын жинап, бізге тездеп хабар етсін»,—деп
елшілерді қайтарды. Осы тапсырманы алып, елшілер Арыс

­ханға келіп баян етті.
Арыс хан бұл хабарды есіткеннен кейін, екі ханның елінің
басшы адамын шақырып: «Енді біз келсек-келмесек те, ел
болудан кетіп, қазаққа бодау боламыз, қалмақтың кейбір

батырлары:«осы соғыста Райымбек өлді, оны көзіміз көрді»,—
деген еді.Олай емес, жалған болып шықты, өлмек түгіл, жаралы
да болған емес, оны барғандар көздерімен көріп келіп отыр. Енді
бұл қазаққа өз айыбымызды мойынға алып, қалауын істеуіміз

керек. Бастапқы келісім бойынша уәде қылған жерін босатып
берсек, бұл күнге қалмас ек, екі-үш хан бірігіп қазақты жеңеміз
деп, құр құрғақ сөзге мәз болдық. Төрехан бізге жәрдемдеспек
түгіл, хабарласпай қалды. Енді қалған елді құрап, керек десе,

жерін де босатып берелі, әлі де бос жер жетеді»,—десті.
Бұл сөзді барлығы мақұлдап, Шәлкөденің өзенінің бойына
үй тігіп, күтушілерін, сойыс малдарын, беташар тартуын даяр-
лап, өздерінше «Хан жосын» деді.

Ұлы жүздің батырлары елші жіберді. Елшілер келіп қазақ
батырларының аяғына бас қойып, өздерінің заңдарынша ізет
еткен екен. «Тақсыр, Ұлы жүздің батырлары, біздің ханымыз
сіздерді шақыруға жіберді. Сіздер үшін үй тігіп, сойыс даярлап

күтушілерімен дайын тұр»,—деп өтініш айтты.
Ұлы жүздің қолбасшы батырлары кеңесіп, бес жүз жауын-
гермен сәулетпен тіккен үйіне келе бергеңде, алдынан қанша
батырларымен Арыс хан өзі бастап тоғыз атан, тоғыз ат, алды

тарихи  аңыздар
тұлпар алып шығып, жол үстінде жаяулап, тәжім жасап батыр-
лармен көрісті. Алып шыққан малдарын тапсырып, Арыс ­хан
өзі бастап тіккен үйге түсірді. Екі жақ көп кеңесіп, мынадай

бітімге келді: 1. Қазақ қолына түскен мал қайтпасын. 2. Қолға түскен адамдар қайту-қайтпауы өз еркінде. 3. Қалмақтан өлгендер құнсыз болсын. 4. Қазақтан өлгендерге бұрынға қазақ-қалмақтың кесімі

бойын­ша құн төлесін.
Осы себептен, тездеп алыс-берісті бітіруге қазақ пен қал­
мақтан адамдар шықсын.
* * *

Ел бойы қайырылғанына тура шығып, Қарасаздан Қара­
күн­гей мен Сарытауға шығып, Сарытаудың күнгейі, Сүмбе суы­
ның Күншығыс қырымен Текеске түсіп, шапқан жол мұзартқа
тік шығып, Күнбатыс—қазаққа, Күншығыс—қалмақ­қа деп,

екі жақ ризаласып қол қойды. Бұл шартқа екі жақтың ба­тыр­
лары толық қол қойды. Осы шекарадан енді соғыссыз, қу­ғын­
сыз қалмақтар бес жылда өтіп болуына ерік берілді.
«Енді мұнан былай екі жақтан да ел шауып, бұзықтық

істегендер өлім жазасына бұйырылсын!»—деп шартқа қолда­
рын қойды.
Бұл соғыстың басталуына бір жыл толды. Екі ел алыс-бері­
сін алып отырды. Ұлы жүз халқы кең өріске ие болып, әр руға

жер бөліп алысты. Ағанас ханнан түскен қырық мың пұт та­ры­
ны халыққа үлестірді, тұқым етіп егін айдауға. Мерке тоға­ны­
ның көмейін үш жерден бұзған, бекітуге келмей қалды.
Райымбек батырдың үшінші сапары

Ұлы жүз халқы кең байтақ өріс алып, өз руларына тиген
жерлерге ие болып, жаз жайлауын, қыс қыстауын, көктем
көктеуілігін, күзде күздеуменді байтақ, еркін ата қонысына ие
болып, беймарал мал өсіруге кірісті. Көмек күткен патшадан

әскер келмеді. Сондықтан Ұлы жүздің батырлары кеңесіп: «Әлі
де біздің қазақ шамасы келсе, қарап отырмайды. Себебі атақты
Жаркент, Көкталдағы қорғанда торғауыттың ханы бар, кешегі

батырлар  туралы  аңыздар
Қоңтәжінің ескі қазынасы, соғыс құралдары бар, сонан қалған
жауынгерлік әдісі бар. Жауға қарсы жұмсайтын сиқыршылары
да бар деп айтылады. Бұл—өнерпаз, мықты хан деп санайды.

Бұл өткен соғыста Ағанас хан мен Арыс ханға көмекке шық­пай
қалды. Оның себебі—Арыс хан мен Ағанас хандардың ты­ғыз
байланыс жасамайтынында да болды.
Төреханның Тарбағатай, Шәуешектегі Жоңғар хаңдарымен

келіскен сөзі бар дейді. Осы күнде Тарбағатай, Шәуешектегі
жоңғарлар Орта жүзге тиісіп жатқан көрінеді. Міне, Төрехан
соған жәрдемдесетін болуы керек.
Төрехан оған жәрдем беруі үшін орта жолдағы біздің Ұлы

жүздің Өлең арығы бойында екі елімізді шауып, жолымыз-
ды тазалап, сонан кейін Тарбағатай, Шәуешекке қосылады.
Бұл тек тыныш отыра алмайды. Сондықтан мына Ағанас хан
мен Арыс ханнан ажыратып алған қоныста, енді ту биелік

тұқымға қалуды мақсат етеді. Мына екі ханнан түскен еркек,
қыз-қатындарды иеленіп алған батырлар өз қол астына қараған
жауынгерлерді өздерімен бірге туғандай көрсін, енші бергенде
өздерімен бірдей беретін болсын!»—деп тапсырды.

Түскен мал-мүлікті, өздерінің бұрыннан бөліп алуға реттел-
ген ережесі бойынша бөлістің бас бөлгенін Райымбек батырға
бөлді. Қос басына бір жылқыдан бөлгенде, төрт жүз жылқы­
дан артық болды. Мұны да Райымбек батыр... өзінше үшке

бөлінуін сұрайды. «Бірінші бұрынғы жүлде алып жүргендерге;
екінші соғыста өлгендердің бала-шағасына; үшінші ауыл­да­
ғы жетімдерге, кемпір-шалдарға болсын!»—деп тілек етті.
Көпшілік бұл сөзін батырдың қабылдады. Қолға түсіп, қазақ

болған қалмақтан батыр жігіттер бар, бұлардың қалауына бер­ді
батырмен бауыр болуына.
Ұлы жүздің барлық кәрі-жасы батырларына: «Бүгіннен бас­
тап алда әлі де біздің елге дұшпан көп, қауіпсіз болмай, жас­

тарды: «Ата, мен еркіммен жауға барамын!»—деп даярлау ке-
рек. Біздің Ұлы жүз жабағы тайды жауға мінуден құтылды.
Қарағайдан найза ұстау да жойылды. Мына жылқылар тұлпар
болды. Соғыс құралдары көбейді, соғыс әдісін толық білдік, жас

батыр, жаңа бауырлар көбейді.
Бүгіннен тартып Қабанбай батырдың еліне елші адам жі­­
беру керек. Осы тобымыз тарамай, толық хабар алу керек»,—
де­ген шартты ұсынды Райымбек батыр.

тарихи  аңыздар
Батырлар кеңесіп, Бүйембай басшы болып бес адам жібе­
рілді. Бұларға тоқтамай тез барып, тез қайтуды тапсырды.
Бүйембай көпшіліктен бата алып, жүріп кетті. Мұның артынан

бірсыпыра жаралыларды алып, көп мал айдатып, Қапай батыр
мен Сатай батыр жүрді. Бұрынғы қарт батырлар да, көп мал,
көп адамдар, қалған батырлар елдеріне адам мен мал жіберсе де,
көпшілігі Қабанбай батырдың еліне кеткен Бүйембайды тосып,

тобын жазбай тосты. Шабыс ат, сынау. Жігіттерді кездестіріп
шаптырып, сынау тамашасымен жата берді тарамаған халық
күн сайын сауық етіп.
Бүйембай сол жүрген бойымен тынбай жүріп, жолдағы елге

барды. Елдегі жаңалық, бір ауылды қалмақ шауып кеткен, он
бес үйдің малын түгел алып, бейқам жатқан елдің жарамды
мүлік, бой жеткен қыз, бірқанша жігіттерді алып кеткен.
* * *

Қабанбай батырдың елі де қалмақпен шабысуға кірісіп
жатқан кезі екен. Осы шабуға келген қалмақтың ішінен бір жас
жігіт жығылып, өзі аттың астында қалып, аяғы сынып, аты-
на міне алмай қалып, атымен қолға түседі. Бұл бір қалмақтың

мықтысының баласы екен, батырсынған жалқы бала екен.
Мұны қолға түсіріп алып, бір қарт аяғын орнына салып, бағуда
екен. Бұл жердегі халық жиналып екі адамды хабарға жіберу­
ге Ұлы жүздің жорықтағы батырларына даярлап жатқан кезі

екен. Мұның үстіне Бүйембай кез болды. Мына қолға түскен
адамнан Бүйембай ішінде, жол сұрады.
«Мен—қалмақтың Төреханының қарауындағы бір тай-
па елін билейтін бектің жалғыз баласымын. Әкемнің аты—

Көгершін. Өз атым—Ақбол, біз бұл жаққа аттанып келгенбіз,
он бес адамбыз». Бұл адам бастап келген Төреханның белгілі
батырының бірі еді. Бұған берген ханның тапсырмасы: «Осы
күнде қазақтардың жауға аттануға жарайтын барлық ер адам-

дары Ағанас хан, Арыс хандармен соғысуда, мұнда бас көтерер
еркек қалған жоқ. Оның үстіне бір қуаныш—сеніп жүрген қол­
басшы батыры Райымбек осы Арыс ханның ордасын бұзамын
деп қолға түсіп, қылышпен шапқылап өлтірілді. Соғыс биыл ба-

сылар емес,—деді.—Енді олар сол жақпен әуреленіп жүргенде,
бұл жақтағы елін шауып орнына орналасып алып, Тарбағатай,
Шәуешекпен батыл іс жасап, қазақтарды қайта шауып, өзімізге

батырлар  туралы  аңыздар
бодауға аламыз»,—деп Төрехан жарлық шығарыпты, бізді ал-
дымен жіберді. «Халқында күші қанша екен, жорыққа кеткен­
дері қайтып келіп пе, Райымбектің өлгені рас па екен, қанша

жауынгермен барса, тез бітіріп алады екен, соны тексеріп, еліне
біздің күшіміздің көп екенін көрсетіп қайтыңдар, шетінен бір
ауылды ғана шауып қайтыңдар!»—деп жарлық берді.
Енді олар барып ханға хабар берді. Кешікпей бұл елді шабуға

келеді. Хан қарсы шығар жауынгерлер жоқ екенін көзі көріп
кетті, тегін жатқан елін шауып алып, көңіл қосып кетті. Бізбен
қарсыласып шыкқан аздаған адамдарды байлап алып кетті.
Менің қолға түскен себебім—өзім қолға түсейін дегенім жоқ.

Қалың дүбірде ел мал айдап, ел шауып, көңілі тасып жатқанда
қатын, бала шулап жылап, бірқанша адамдар «Райымбек!» деп
ұран шақырып бізбен араласқандай болды. Сонда мен елдің
шет жағында келе жатыр едім, Райымбек те келіп ту сыртым-

нан найзамен ұрғандай болды. Сонда атым да жығылды, өзім
де ессіз болдым. Қанша уақыт жатқанымды өзім де білмеймін,
бір мезгілде көзімді ашсам, қасымда атымды ұстап бір адам
тұрғанын көрдім. Ол адам тұр демеді, менің тұруға өзімде

дәрмен жоқ. Жата бердім. Күн шықты, ел жайланғанда бір
әйел адам келді, мені көріп: «Неғып жатырсың?»—деп сұрады.
Бағанадан бергі қасымда тұрған адам қайда кеткенін білмей
қалдым. Мына келген жас қатын мені орнымнан тұрғызып,

қозғап, атым аяғыма оралып қалыпты. Атымды шешіп, сауыт-
сайманымды алып, өзімнің аяғымды өз белбеуіммен орап
таңып: «Бізден де жау қолына түсіп кеткендер бар, соның да
басын аман сақтармыз, сені сақтау, тым қадірсіз кісінің баласы

емес шығарсың, себебі мінген атың—тұлпар, сауыт-сайманың
бар, жарқыраған асылдар, сені атама алып барып, аяғыңды ор-
нына салып, атам бақсын»,—деп сонда алып келді.
Міне, атам ісіп кеткен аяғымды таңып, қазір жаным тыныш-

талды. Еңді мен жазылған күнде де қайтып қалмаққа бармай-
мын, барған күнде де мені тірі қоймайды хан. Себебі қаптаған
соғыс жоқ, қолға түсуім мүмкін, мінгенім құспен жарысатын
тұлпар еді, соғыс құралым мықты, сол себепті бармаймын. Сол

мезгілде Қапай батырлар мен Сатай батрлар да келді. Бұл ба-
тырлар Төреханның жауынгерлері шауып кеткенін және мына
қолға түскен жігіттің сөзін толық естіп, енді асығыс түрде Ұлы
жүздің батырларына хат жазуға кірісті.

тарихи  аңыздар
«Мыңдаған Ұлы жүздің елінен (шетінен) Төреханның қанша
жауынгері келіп бір ауылды шауып, ұлы мен қыздарын алып,
аяқты малдан қалдырмай кеткен. Бір адам қолға түскен аяғы

сынып, соның айтуына қарағанда, тез арада Төреханның қалың
жауынгерлері біздің елді шауып, Тарбағатай мен Шәуешекке
қосылмақ, Төреханның жарлығы солай»,—деді.
Райымбек батыр сондағы батырлармен кеңесіп, ол жақтағы

Ұлы жүздің халқына тездеп хабарлап, «қазір қыс түсіп қалды,
қыс бойы қамданып, қозы аяқтана, толық Төреханның еліне
аттанатын болды. Жауынгер батырлар мұнда тез жинала бас­
тасын, Төреханның елшілері «Райымбек батыр Арыс ханның

қолынан қаза тапты» деп оқыпты. Қолға түскен адамның ай­
туына қарағанда, Қабанбай батырдың да Тарбағатай, Шәуешек­
тегі қалмақтармен айқасып жатқаны анықталды.
Райымбек батыр, өзіңіз бір қанша жас жауынгер батырларды

мұнда бастап келе жатырсыз, ел өте сасқалақтамасын, бұрынғы
уақтағыдай емес, бәрі жеткілікті, жасы өсіп жігіт болды, тайы
ат болды»,—деп хатқа қол қойды Сатай батыр мен Қапай батыр.
Хатты беріп, Бүйембай бастаған бес адам жолға түсті, күн-

түн демей кезекті жерде ат шалдырып, Ұлы жүздің көп батыр-
ларымен жетер жерге келіп, бір-бірімен көрісті.
«Осы бүгіннен бастап Ұлы жүздің барлық батырлары жауға ба-
рып, жоңғармен шайқасуы керек»,—деген Райымбек шешім алды.

«Біз бұрын Қорын ханның еліне шабуыл жасағанда, қарлы
боранда да шабуылда жүргенбіз. Алды шабуылға кірісе берсе,
арт жағынан жауынгерлер келе береді. Төрехан тыныштықты
өзі бұзды,—деп айтты батыр.—Соғыстан қажалып шыққан

жауынгерлер аз уақыт болса да демалсын. Райымбек батыр,
Бақай батыр, Бердіқожа батыр, Ердес батыр, Барақ батыр, тағы
бірқанша батырлар бүгіннен бастап сол Қапай батыр мен Сатай
батырдың жанында болсын. Егер Төрехан қалың жауынгерін

қаптататын болса, күнделік хабарсыз болмаймыз»,—деді. Бұл
сөзге Райымбек батыр да мақұлдасты. Осы ұсынысқа қосылып
Райымбек бастаған көп батырлар Қараталға жүріп кетті. Жа­
ралы болған батырларды, қарт батырларды қалдырды.

Райымбек батырдың жарақаты жазылмаған кезі еді. Бірақ
батыр мұны ауырлап та жүрген жоқ еді. Ұлы жүздің қарт
батырларының соғысты жаз шығуға қалдырып жүргені—Ра­
йымбек батырдың жарақаты жазылуын күтті. Бір ғана Ра­

батырлар  туралы  аңыздар
йымбек батыр емес, бірқанша батыр жігіттер көп жауын-
герлер де жаралы. Солар қатарға келуін күтті. Райымбек
ба­тырды «Қараталға барма» деуге өзі де болмайды. Екіншіден,

Төреханның елі: «Райымбек батырды Арыс ханның қолында
қаза тапты» деп өсек жасаған.
Бұл өсектің тарауы, Арыс ханның ордасын бұзғанда бір
Андас деген батыр тірідей қалмақ қолына түседі. Халықтың

бәрі «Райымбек!» деп ұрандап жүрген сонда. Андас та «Райым-
бек!» деп ұран салып жүрген жерінен қолға түсті.
Андасты қолға тірідей түсірген Арыс ханның батырлары:
«Сен Райымбек батырмысың? Шынынды айт!»—деп қысады.

Андас: «Мен емес» десе де болмай, «біз Райымбек батырды қол­
ға түсірдік» деп халқына жариялады. Артынан: «Расын айтпай,
өзін-өзі қазаға тапсырды»,—деп жариялады. «Сол ұшқын өсекті
шын оқиға деп түсінген Төрехан да мұны еліне жариялаған болу

керек» деп, батырлардың ұйғаруы осы болды.
Қыстың қысып тұрған кезінде Ұлы жүздің Райымбек батыр
бастаған батырлары Қараталға жиналды. Бұл батырлар жина-
лып келгенше, Төреханның елінен тағы да бір топ жауынгер

келіп, елді толық шаба алмай, аздаған жылқы алып кетті. Ол
жауынгерлер бір малшыны ұстап алып, қолға түскен жігіттің
аман, тірі екенін білді. Райымбек батырдың өлмегенін толық
естіп білді. Жақында Ұлы жүздің батырлары Қараталда бас

қосатынын айтты. Бұл сөзді есіткен жауынгерлер Төреханға
хабарлады.
Ұлы жүздің Райымбек бастаған батырлары Қараталға жи-
налды. Барлығы бас қосып, қалмақ жаққа қарауылды мықтап

қойды. Қалмақ жасырын елші жіберді Төрехан қандай пікірде
осы тапта, жауынгерін даярлап қазаққа көп жауынгерлермен
шабуға дайындалып шықпақ па екен, шықса, қай мезгілге да-
ярланып жатыр екен, күші болғанда, күші қандай екенін анық­

тап келуге. Бүйембайдың туған баласы ...дегенмен, қалмақтан
қазақ болған Төле бидің баласы Арыстан екеуі кетті.
Арыстанның баруына бірқанша адам пікір туғызды, оған
Райымбек батыр болмады, баруын қалады. Арыстан өзі де ба-

рып қайтуды сұрап отырып алды. Райымбек батыр Арыстан ту-
ралы батырларға айтқаны:
«Батырлар, менің жан жолдасымдай екі бауырым бар, Аман-
жол мен Арыстан. Бұл екі бауырымды мені қандай көрсеңіз­

тарихи  аңыздар
дер, сондай көріңіздер. Бұлардың жүрегі күшті, айлакерлігі
сенімді»,—деді батыр. Екі батыр тапсырманы алып жолға
шығып кетті. Басқа батырлар халық ортасында сауық істеп

жата берді.
Екі батыр жолға шықты көп батырлардың батасын алып.
Сол бетімен жүріп, тура жат еліне барды. Түрлі әдістермен
елді аралап, халықтың пікірін көрді. Ханның кіресіне кіріп,

күш құралдарын көрді. Бір мезгілде құмалақ тартатын бақсы
да болды. Мұны қалмақтар естіп, «бір құмалақ тартатын әулие
бар екен» деп әркім де келіп құмалақ салдырып, «заман тыныш
бола ма» деп, «Райымбек біздің елді шаба ма, өзінің өлгені рас

па екен? Біреулер өлді деді, біреулер тірі деді. Рас па? Соны
анық айт»,—деп, алтын, күмістен бергені де болды. Арыстан да
«бақсы келді» деп өздерінің заңынша, қос құмалақты шашып
жіберіп, бұрқырап келіп сөйледі. «Райымбек тірі, өлген жоқ.

Төрехан тыныш жатқан елге бүлік салыпты. Райымбек шаба-
ды екен» деп, «шатыры болмайтын күн туады екен» деп көпке
көріпкел әулие болды. Мұны естіп, жалғыз баласы қолға түскен
қалмақ келді әулиеге құмалақты салғызып. Қату қабақтан

әулие баласының аты-жөнін, мінген атының өңі, түсін, ұстаған
құралын көргендей толық айтты. Аяғы сынып түскенін, мұны
естіп әлгі қалмақ көзінен жасы ағып, мұрнынан боғы аққанша
жылап, әулиенің аяғын құшақтап жылап-жылап:

—Мен қазақ болсам, Райымбек жалғыз баламды өлтірмей, тірі

қоя берер ме екен?—деп сұрайды әулиеден. Әулиенің айтқаны:

—Бала өте жақсы, Райымбектің қолыңда осы күнде, аз

уақытта балаңнан хабар болады»,—деді.
Бұл да өзінше бір тайпа қалмақты билеген мықтының бірі
екен.
Бұл отырып ханның бұзылғанын айтты:

—Түбі қазақпен шабысуға даярланып жатыр. Қазір қыс

суық болды. Жаз шыға қазақпен шабысуға дайындалып жа­тыр.
«Қазір Ұлы жүз шашқын болды. Олар басын қосып, жинал­
ғанша бұл жердегісін тез бітіріп, Тарбағатай, Шәуешекпен Орта
жүзді жаулауымыз керек» деп даярлық жүргізіп жатыр,—­деп,

сол ханның жарлығын: «Райымбек батыры өлген, өлмеген күн­
де соғысқа шығуға жарамайды, жорыққа жарамсыз» деп бізге
хан қатты ұрысты. «Алдыңғы Райымбектің күшін мақта­ған
бірқанша адамды дарға тартты,—деді.

батырлар  туралы  аңыздар
Арыстан мен Талас батырлар аман-сау Ұлы жүздің Райым­бек
батыр бастаған батырларының алдына келіп, үйден шыққан­
нан көрген білгенін баяндады. Мұны естіп Ұлы жүздің төңіре­

гіне адамдар жіберіп, қозы аяқтанбай үш түбек толық жиналу-
ын күтті. Осыменен жаз да шықты. Ұлы жүздің жауынгерлері
толық жиналды.
Ұлы жүздің батырлары Қабанбай батырдың елінен ха-

бар алып, Төреханмен Тарбағатай, Шәуешекті бірін-біріне
қа­тынастырмай қоюға уәде жасап, қамданды. Ұлы жүздің
батыр­лары соғыс үлгісін төмендегідей тәртіппен жүргізуге—
жауынгерлерді үш топқа бөлуге келісті. «Бағай жас батырлар-

ды бастап барсын, қалған қарт батырлар артта, орталық орда-
мызда болсын, Хангелді батыр, Қапай батыр, Сатай батыр, Өтеп
батыр, Аралбай батыр, Ырыскелді батыр сияқты қарт батыр­лар
орталық ордада болсын! Себебі соғыс жүретін жерге көпші­лігі

таумен жүреді.
Сарытаудың күнбатыс сыртынан тартып Райымбек баста­
ған жауынгерлермен, көп батырларымен кірсін Тарбағатай,
Шәуешекке! Жол қатынасын жібереміз. Райымбек бастаған ба-

тырлар мен жауынгерлердің міндеті—таудағы шашқында­ған
елді Сарытауды айналдырып Үйгентас пен Кең жайлаудан ай-
дап Өсекке түсіруге міндетті.
Райымбек батырға жалғас орта белден Бақай батыр бір топқа

басшы болсын. Қасындағы қанша батырлары мен бұлардың
міндеті—Орта таудағы шашқын елді тазалап, Өсекке түсіруге
міндетті. Райымбек батырмен байланысы мықты болсын. Жа­
уынгерлер сергек болсын!

—Елді бойлап аралап, тазалап, шашқын елді Өсекке дейін

апаруға міндетті. Мына атақты Шанышқылы Бердіқожа ба­
тыр—көп батырларымен, көп жауынгерлерімен бір топтың
бастығы, бұлар бір-бірімен байланыс үздіксіз болсын. Орта­
лық ордада отырған батырлардың қолында көп жауынгерлер

болсын. Керекті жағына жұмсап отыратын бұл үш топтың қол­
ға түсірген адам, мал-мүліктері болса, осы орталық ордадағы
батырларға жеткізіліп отырсын. Осы бұйрықты орындамай
со­ғыстан бас тартушыларға Ұлы жүздің қолданған ережесі бо­

йынша ауыр жаза берілсін!—деп Райымбек батыр, барлық ба-
тырлар мен жауынгерлер бір-бірімен «жол болсын!» айтысып,
өздерінің міндетіне, алған сапарларына қарай жол тартты.

тарихи  аңыздар
Бірінші жолға Райымбек батыр шықты. Көп жауынгер,
батырларымен, екінші жолға Бақай батыр шықты. Үшінші
жолға Бердіқожа батыр шықты көп жауынгер батырлары-

мен. «Бір-біріне қайрат беріп, жеңіске жетіп, жемісті болалы.
Атамекенімізді толық жаудан босатпай, тоқталмалы»,—деп
өздерінше уәде жасап аттанысты батырлар.
Артта, ордада қалған қарт батырлар қолдарындағы жауын­

герлерін өздерінше кеңесіп, тұсындағы жолдарға шығарып,
өздері тиісті орталықта шатырларын тігіп, жайғасып отырды.
Райымбек батыр тау жақтан соғысты бірінші рет бастауды
міндетіне алған еді. Сол алған міндетін атқаруға Тарбағатай,

Шәуешекке катынасатын жолдан тартып жауынгерлері мен ба-
тырларын сап құрып, «Райымбек!» деп ұран шақырып кірісті.
Бұл соғысты бұл жақтан бастауы—Тарбағатай мен Шәуешек­
тің байланысын үзу еді. Айтқанындай, бұл өңірді жерлеген

жоңғарлар Ұлы жүздің көп жауынгерлерінен жосып көшіп,
қашып берді. Мұрсалары келгені қой, сиырын алып, мұрсасы
келмегені қойын, сиырын тастап қашты. Қашқан елден ша­
буыл барып Төреханға хабар жетті. Райымбек көп жауынгер-

мен келіп: «Еліңді шауып, қатын-бала, кемпір-шал, қой, сиыр
жұртта қалды»,—деп хабарлады.
Төрехан мұны естіп барлық қолбасшыларына бұйрық берді.

—Бұрынғы дайын тұрған жауынгерлердің үстіне елде

қалған, атқа мінуге шамасы келетін еркек адам қалмай ат-
таныс жасасын! Осы күнде бұл қазақтар әлсіреп тұрған кез
еді. Себебі, қанша жылдан бері соғыстан көз ашпай келеді.
Өлгенінде есеп жоқ. Тірісінің жарасы жазылған жоқ. Егер

күш мықты болса, өзіне-өзі сенімді болса, берік қорғанды
қалмақ кіріп бұзбай ма, сырттан тие қашып, мал ұрлап жүрген
ұрыдан да үрейленіп қорқуға бола ма, бізде құрал да көп, ба-
тыр да көп, қазақтардан жаралы, әлсіз емес. Енді өздерін өзі

ажалға айдап келген қазақтарды аяусыз қырып, тез күннің
ішінде бітіру керек. Біздің халық жауынгері атам Қонтажіден
тартып қазаққа кегін жіберген емес, қазақты ес таптырмай
қырып, басшы батырларын тірідей менің алдыма келтіріңдер.

Бізде түрлі соғыс құралы көп, айлакерлер де бар, құстың тілін
білетін, күн жауғызатын, көз байлаушы да бар. Соларды тү­
гел осы соғысқа пайдаланып, бұл соғысты тездетіп бітіру ке­
рек,—деп,—көп жауынгер батырларымен қаптап қазақтың

батырлар  туралы  аңыздар
алдынан шығып қыру керек,—деп Төрехан жарлықты қатты
беріп, жолға салды.
Бұл Төреханның жауынгерлері басы Сарытау, аяғы—елі,

шеп құрып қазақтың көп жауынгерлерінің алдынан шықты.
Әр батырлары өзінің бөлімдерімен хан жарлығын орыңдауды
міндетіне алды.
Қазақ батырлары бірі қалмай, тас түйін бекініп бұл

Төреханның жауынгерлеріне қарсы тұрып, майдан-соғысқа
кірді. Райымбек батыр мен Бақай батыр біріне-бірі жалғасып,
күн-түн демей қан майдан соғыс болды. Төреханның жауын­
герлері сын таппай: «Райымбек қайда, мұның бәрі «Райымбек!»

деп айқайлайды, көптен де қорықпайды, көбісі қылыштан да
қорықпайды»,—деп, бұлар сын таппай Өсектің жазығынан
түсуді мақұлдай, тау басындағы, орта таудағылары бірігіп Үсек
бойына түсіп, бас қосты. Сол күні Іле бойлаған Бердіқожа ба­тыр

да келіп бас қосты. Батырлардың басын қосып алып Райым­бек
батыр мынадай ұсыныс айтты:

—Бүгін бұлар қандай кеңес құрып жатыр екен, мен барып

қайтайын,—деп, қасына Аманжол, Арыстан, тағы басқа адам-
дарды алып қалың қаптап жатқан Төреханның жауынгері­
нің ортасына барып, сөйлесіп жатқандардың жанына барып,
Аманжол бірге отырып әңгіме айтып, сөздерін тыңдап отыр-

ды. Сонда бұл жауынгерін бастап келген батыры әңгіме жасап
отыр­ды. Оның кайда тұратынын, қанша жауынгер бағатынын
толық біліп, Райымбектің қандай айлакер екенін айтып отыр-
ды. «Өзіне оқ тимейді дейді, жүргенін де адам білмейді дейді.

Ағанас хан мен Арыс ханның соғысында болғандардан естідік»
деп соқты. Бұған қосымша Аманжол да зәресін алып, бірталай
Райымбек батыр туралы әңгімелер айтып, қарауылдағылар­
дың зәресін алып, Аманжол Райымбек батырға келді. Арыстан

да бірталай жерді шарлап келіп отыр екен. Сонда Райымбек ба­
тыр жолдастарына айтты:

—Енді қорқу болмайды, жауынгердің қолбасшысына бара-

лы, жөні келсе, соны қолға түсіріп алып, мүмкін болса, сол жер-
ден ойран салып, соғыс шығаралы,—деді.
Бұл сөзді жолдастары мақұл көрді. Бұлар өздерімен атын
алып жауынгерлердің қолбасшысы жатқан ордаға келді.

Келсе, айналасын алған жауынгерлер күзетте, күрзі, ауыр

тарихи  аңыздар
құралдар да осында тұр, қанша тұлпарлар ер-тоқыммен бай-
лауда тұр. Мұны көріп Райымбек батыр:

—Мен бастығына кірейін, сіздер сыртта дайын бол!—деді.

Сонда қарауылда тұрғандар біріне-бірі айтады: «Райымбек
келіп қалып жүрмесін, сақ қарандар!»—деп. Сонда Райым-
бек батыр басшының ордасына кірді. Қараса, қасында айдан
сұлу, сүттен ақ бір қызды құшақтап жатқан, алмас қылыш, ақ

семсер, түрлі құралы тұр. Мұны көріп Райымбек батыр алмас
қылышты қолына алып, үнін шығармай киіндіріп, қол аяғын
байлап, «Мен—Райымбек, үнің шықса, өлесің!»—деп есікті
тарс бекітті. Сонда қыз өксіп жылап, Райымбек батырға қарап

сөйлеуге ауыз буулы, сонан соң аузын шешті. Бұл қазақ қызы
екен, «тілегім дұрыс» деп, қыз батырға жағдайын айтты. Со-
нан соң қызды босатып, «басшы шақырып жатыр» деп атақты
батырларынан байлап алып, күрзі, қанша құралын, көп тұлпа­

рын алып бұларға баяғы батырларына ие етіп, «Райымбек!» деп
таң алдында кірісті. Төреханның көп жауынгерлері қараса,
көтерілген ту жоқ, жарлық берген басшы жоқ, бет-бетімен
қашуға кірісті. «Райымбек!» деген дауыс көбейді. Осы қашқан

бетімен сейпілдегі ханның ордасына кірді. Арты созылып, ке­
йін қалғаны қазақ жауынгерлерінің қолына түсті. Қолға түс­кен
адам, мал-мүлікті ордада қалған батырға жеткізіп отырды.
Төреханның жауынгерлерінің көбі қашып кетті, Іле

бойындағы Қорғасқа дейін барды.
Алды Айнабұлақ, арты Алтынемел күншығыс жағына
дейін, орда бағушылары Қалқан деген созылған таудың жа­ғы­
на орналасты. Қалқан деген ат сонан қалған. «Екі белес—Үл­кен

Қалқан, Кіші Қалқан» дейді айтушылар.
Осы жерде қазақтың ең көп жауынгерлері мен батырлары
басын қосып, қолға түскендердің сенімдісін өздерімен бірге ала
жүрді. Бірсыпырасын орталық батырларына тапсырды. Сол

кезде жаңбыр араласа қар жауып» бірқанша күн қиыншылық
көрді. Жауынгерлерге сол уақытта бір адам келіп, қазақ
жауынгерлеріне қосылды. Бұл адамның мінген аты—тұлпар,
соғыс құралы өте көрнекті адам. Мұның жағдайын сұраса,

—Мен Райымбек батырды іздеп келемін. Маған Райымбек

батырды көрсетіңіздер, жағдайымды сонда айтамын,—деп
өтініш жасады. Батырлар Райымбек батырдың қасына алып
барды. Атын, құрал саймандарын алып бөлек атқа мінгізіп,

батырлар  туралы  аңыздар
бұл жігіт Райымбек батырға өздерінше бас иіп, тағзым етіп, өз
жағдайын айта бастады.

—Мен—Төреханның белгілі бір тайпа елін билеген батыр­­

дың баласымын. Бірақта бұрынғы өзімнің туған әкем қазақ
екен, аты—Бүйембай. Ол алты жасында шабында қалмақ
қо­лы­на түсіп кетіп, бір атақты қалмаққа бала болып, он алты
жа­сын­да асырап алған. Әкесі таңдап жүріп Құралай атты бір

сұлу қызды алып береді, үш жыл бірге тұрады. Бүйембай өзі өте
мықты жігіт болып өседі. Өнерпаз, айлакер, атқыш, па­луан,
өткір жігіт болады. Асырап алған әкесі де өте жақсы көреді.
Ханға да белгілі жігіт, елге де сенімді болады. Сөйтіп жүрген

кезінде шешем екі қабат болып, уақытында мені туады. Мен
тоғыз айлық кезім екен, Төреханның інісімен ойнап жүріп қас­
қа тісі сынады. Сонда бұл ашуланып, мені: «түбі—қас, қазақ,
қастығын істеп тісімді сындырды, бұл түбі дос болмайды» деп

әкемді дарға тартуға бұйырады. Бұған халықтың барлығы­
ның да жаны ашиды. Мұны естіп әкем Бүйембай қазағына қа­
шып кетеді. Әкесі­нің қолынан келер нәрсе жоқ, қала берген.
Не істесін? Шешем байға тимей үш жыл тосыпты, «бір айла-

нып келіп алып кетер» деп. Келмеген соң шешем сұлу, ақылды
адам, тағы бір ханның сенімді адамына тиеді. Онан екі ұл бар.
Сонда бір шешеден үш ұл бармыз, аз уақыт болды әкеміз өлді
осы соғыс алдында, шешем Құралай әлі тірі.

Осы жақында хан жарлық шығарып, жасында қазақтан
түсіп, қазақ болғандарды, қазақпен тілектес болып жүрген
қал­мақтарды түгел ұстап зынданға салады. Сонда мен ханның
қарауындағы бір бектің қойшысы едім, мына хабарды естіген

соң үйге келдім. Осы сөзді шешем де, бауырларым да есітіп, қай­
ғырып отыр екен. Мен келген соң қатты қуанысып қалды, «Сені
жамбылға салып қойған шығар деп едік, енді аман келдің»,—
деп, анам ақыл айтып, жол көрсетті. «Сен, балам, қазірден бас­

тап атқа мін, Райымбек бастаған қазақ жауынгерлеріне жет!
Аман жетсең, Райымбектен басқа адамға сыр айтушы болма.
Әкең еліне тірі барған болса, бұл сыр ашылмай қоймайды, әкең
өлген күнде де аты жойылмас, егер өлсе де, Райымбек білмей

қоймайды. Егер әкең тірі болса, сол батырлардың ең болмаса
атын бағуға, есігін бағуға жарайсың»,—деді. Анам менен басқа
адамға сыр шашпайды, сізге айтып отырғаным осы. Өз атым
әкем қойған—Құткелді, өзімде екі ұл, бір қыз бар. Шешем мен

тарихи  аңыздар бауырларым: «тілегім жай тапса, мұнда қалдырма» деп жылап қалды,—деп жігіт сөзін бітірді. Райымбек батыр сол сөзді естіп жігітті құрметтеп, кілемге салып жігіттер көтеріп, қуанышта болды. Бүйембай бұрын да баяндаған, өзі қалмақ қолынан қашып келгені рас, Құралай деген сұлу қатыным қалды дейтін. Бір ұлым қалды деп айтар еді. Құрбылары «Құралай сұлудың күйеуі» деп атар еді. Бүйембайға сүйінші сұрап хабарға адам барды. Бүйембай бұл адамға астындағы атын берді. Бүйембай келіп баласын құшақтап, өксігін баса алмай жылап тұрып: «Құралай бар ма?»—деп сұрады. Халық жігітке үлкен той жасады. Бүйембай баласымен сырласып, мейірін қандырды. Төрехан ханның үш сиқыршысы бар деп айтады. «Бірі— күн жауғызады, екіншісі—көз байлаушы, үшіншісі— құстың тілін білетін»,—дейді. Оны басқаратын Төрехан ханның туған інісі Кенжеқұл деген. Осы күнде бір бұрышта, елден аулақ жерде тұрады» деді. Мұны естіп Райымбек батыр жиырма адаммен жүрмек болды. Ішінде Аманжол, Арыстан бар, Бүйембай баласымен жатқан жерін көрсету үшін, сиқыршыларды және он­дағы балаларын алып қайтуға жіберді. Айсыз қараңғы түн, үш үй оңаша жерде, қаулап жатқан қанша құралы мен көп жауынгерлер күзеткен елу адамның үстінен түсірді Құткелді. Райымбек батыр жауынгерлерін сыртқа қойып, Аманжол­­ ды қасына алып, үңгірге келіп кіріп: «Көтер бастарыңды, мен­— Райымбек!» деп ақырды. Ешбірі үн шыкпай қолдарын көтер­ді. Құралдары бөлек бұрышта еді. Оған Аманжол ие болды. Қал­ған адамдарды, құралдарды жинап алып Бүйембайдың бала­ла­рын қоса жинап алып, бұлардың көнгенін бос алып, көнбеге­нін қолаяғын байлап алып, Іле жағалап, түсте аман-сау көп ол­жамен жауынгерлерге келіп қосылды. Бүйембай Құралаймен қайта қосылды. Балалары қазақ болды. Қолға түскендердің көбі серт беріп, қазақ болды. Төрехан ханның інісі Кенжеқұл көнбеді. Сонда да өлтірмей бағып тұра берді. Қалған үш сиқыршы барлығы қазаққа берілді. Бұларды қарт батырларға тапсырды. «Еңді өнерің болса, Төреханның ордасына күн жауғыз!»—деп бұйырды Райымбек батыр. Бұл сөзді «қабыл» деп, шебер тасын жинап алып, аузына келген бір нәрселерді айтып жатыр. Күн ашы-

батырлар  туралы  аңыздар
лып жер сергіп, ел жадырап қалды. Бұларды Қапай батыр­дың
қарауына берді. Қапай батыр қарауына алып, қалай жұмсау
өз билігінде болды.

Қазақ жауынгерлері үш топқа бөлініп Төреханның ордасын
бұзулары керек. Айтушыларға қарағанда, екі есікті, қос дарба-
залы дейді.

—Екі бөлім екі дарбазаға ие болып, соны бұзуға мін­

детіне алсын, қалған бір бөлім сырттағы Төреханның жауын­
герлерімен айналыссын. Соны алуға міндетіне алсын! Бұған
кеш бата кірісу керек. Бір дарбазаға Райымбек бастаған ба-
тырларымен көп жауынгерлер барсын. Екінші дарбазаға—

Бақай батыр мен Тілеуке батыр бастаған батырлар көп
жауынгерімен барсын.
Қорған сыртындағылармен Бердіқожа бастаған көп ба-
тырлар мен көп жауынгерлер соғыс жүргізсін, лажы болса,

ордасын бұзбай қолға түсіруге. Біздің ақырғы соғысымыз—
бұл. Қорғанды бұзып тұрып, ханды ала алмасақ, біздің
ұтылғаны­мыз, өткен соғыстарда берік қамал құрған жоқ
еді. Мынау өте берік, сондықтан жан аямауға керек. Өлсек,

шейітбіз, атамекенімізді кейінгі ұрпақтарға иелендіріп кетсек,
ұмытылмайтын болады. Есік ашыла қорғанға кернеп кірмей,
жауды ала алмаймыз, жау да сескенбейді және де қашпайды,—
деп Райымбек батыр сөзін ұқтырды көпке.

Райымбек батырдың айтқанын көп батыр, көп жауынгер­лер
бір ауыздан қабылдап, әр батыр өз тобымен өздерінің мінде­тіне
алған жолына түсті. Біріне-бірі қайрат айтып: «бүгін түні­мен
қорғанның іші-тысын тазалап, ертеңгі күн бас қосып жау­ды

жеңіп, тойлауға» деп бір-біріне жауап беріп аттанысты.
Райымбек батыр мен Бағай батыр жауынгерлерін атқа
қойып, дарбазаға жақын келді. Жандарында үштен ғана адам-
дар бар. Райымбек батыр дарбазаның есігіне жетіп келіп еді,

білектей қара құлпы екі жерден салған, алдында төрт адам сай-
манымен, «Сіздер кім боласыздар?»—дейді.

—Ханға бару жолы қайда? Өте тығыз жұмысымыз бар,—

деді Аманжол.

—Бізде кілті болмайды, біз сонда хабарлаушы күзетші­

міз,—деді.

—Кілті кімде болады соны айтыңыз?—деді Аманжол. Бұл

турасын айтпады. Аманжол оның басын ақ алмас қылыш­

тарихи  аңыздар
пен қағып тастады. Қалғаны: «Тақсыр, сіздер Райымбексіздер
ме?»—деді. Аманжол:

—Міне, Райымбек,—деді.

—Енді біз ханға сіздер келді деп хабарламалы, құралдарың

болса, ашып кіріңіздер, ханның қорған жайын көрсетіп бере­
міз, құрал қойған орындарын,—деді. Ол адамдарды өзі тұрған
кішкене үйіне кіргізіп аузына құлып салып, өздері құлпын
қарап таппай қойды. Райымбек батыр алмас қылышпен шауып,

құлпын лақтырды. Екі құлпын қиратып, артқы жауынгерлер-
ге хабарлап, қорғанның ішіне кірді. Бұларды Төрехан, ханның
жауынгерінің бастығы біліп қойып, дарбазаға кернеп келіп,
қазақ жауынгерлерін кіргізбеуді ойлап, күш шығарды. Райым-

бек батыр дарбаза қасында, Аманжол бар, бірқанша батырлар
мен жауынгерлері бар қорғанның ішіне кіріп кеткен. Райым-
бек батыр дарбаза баққан күзетшіні алып, ханның ордасына
тартқан. Бұлар ханның ордасына жеткенше, дарбаза жақтан

қалмақша шу шықты. Қазақша «Райымбек» деген айқай, ұран
шықты. Ханның ордасын баққан жауынгерлердің көпшілігі,
о шеті мен бұ шетіне айқай жетпейді. Арасынан адам түгіл, оқ
өтпейді.

Райымбек батыр Аманжолға айтты:

—Енді қарап тұру болмайды. Біз де ұрандап жалаң

қылышпен кіріселік,—деді де, өз атын өзі ұрандап сығысқан
қалың жауынгердің ортасына кірді. «Райымбек!» деген ұран
көбейді. Кіммен кімнің соғысып жүргені белгісіз. Жылап
жатқан, ұлып жатқан адам көп. Сырттағы Бердіқожа батыр-

лар не болды, Бақай батырлар қорғанға кірді ме, бұл қалай?
Өзіммен бірге батырлар, жауынгерлер түгел қорғанға кірді ме,
бұл да белгісіз. Мұнша өліп жатқан адамдар қазақ па, қалмақ
па? Райымбек батыр әр ойға кетіп, қайраттанып, ақырып, бір

сығысқан қалың адамның ортасына кірді. Бұл адамдар хан-
ды қорғап, Төрехан қашуға даярланып тұрған беті екен. Бұл
жа­уынгерлер: «Мынау Райымбектің өзі сіздің мұнда тұрғаны­
ңызды біліп келді»,—деді. Төрехан алды-артына қарамай қаша

берді бірқанша батырлары мен жауынгерлерін алып.

—Енді қырылмай, жан сауғалаңдар, қазақ қолына түсіп

кетпесін ордаға, өрт қойыңдар!—деп жарлық берді Төрехан.
Бұл жауынгерлер басын қайда қоярын білмей тұрғаңда,
естіген заман, ордаға өрт қойып жіберді дейді. Атылып, тар-

батырлар  туралы  аңыздар
сылдап, бүткіл қаланың іші түтін-тұман болып бірді-біреу
білмейді. Қалмақтың көп жауынгерлері Төреханның өлі-тірі­
сін де білмейді, қашқанын да білмейді, сонымен таң атып, күн

шықты, қалмақтың көп жауынгерлері мен батырлары қолға
түсті.
Бағай батыр да екінші дарбазаны бұзып, қорған ішіне кіріп
алып ойран салған, сырттағы Бердіқожа батыр да қосылған.

Бағай батыр, Райымбек батыр қорған ішіне кіріп, ұрандап
жүргенін естіп қора құлпысын бұзып, қарауылын өлтіріп,
қорғанға кірген бірнешеуін ұрандап жалаң қылышпен кіріс­
кен, бұлар таң атып, күн шыққанда табысып, қалмақтан көп

жа­уынгер қолға түсті. Құралдары мен Төреханды өзі шығары­
сып салған қалмақтың бір жауынгері анығын айтты.

—Орда мен қоймаға өрт қойғызған, жарлық берген Төрехан

ханның өзі, қазақтың пайдасына қалмасын,—деп.
Төреханның қашқанын қалмақ жауынгерлері мен қазақ
жауынгерлері сонда ғана білді. Мұның анығын естіп, қазақ­
тың қолбасшы батырлары мен көп жауынгерлері қолға түскен

адам мен мал-мүліктерді қалған батырларға жіберіп берді.
Мұнда өздері, әр батыр өз жауынгерлерінің өлі-тірісінің, жа­
ралыларының есебін алып, тез арада Төреханның өзіне қосуды
мақұлдап жұмысқа кірісті. Қолға түскен адам мен мал-мүлік­

тің есебін алуды әрбір батырлардың өзіне тапсырды.
Бұл қорғанды алуда қазақ жауынгерлерінен де көп адам
шығын болған. Атақты батырлардан қаза тапқандары болған.
Батырлардан көп батыр жаралы болған. Райымбек батыр, Ба­

қай батыр, Ердес батыр, Тілеуке батыр, сол сияқты батырлар
жаралы болған. Биеке батыр, Бердіқожа батыр сияқты батыр-
лар қаза тапқан. Аманжол батыр ауыр жаралы болған. Бұл шы­
ғын, жаралылар өте көп болды. Тар қорған, ұзын түнде кімді

кім өлтірді соғып, қылыш пен найза салды.
Райымбек батыр мына қаза тапқан жолдас батырларын жә­
не қаза тапқан көп-көп жауынгерлерді естіп және жаралы бол­
ған батырлар мен жауынгерлердің санын көріп Төреханның

тірі қашып құтылғанына ыза болып, көп батырларға:

—Бұл соғысты тездетіп жүргізіп, қалай да болмасын

Төреханның басын алмай бұл соғысты тоқтатуға болмайды,
мына қаза тапқан батырлардың қанын сонымен қайтармай
жүрек орнында болмайды,—деді.

тарихи  аңыздар
Төрехан Қорғасқа жетіп, елінің сол маңға жеткенін жинап
алып, ел басқарған қалған адамын шақырып:

—Мына Райымбек бастаған қазақ жауынгерлері біздің

түбімізге жетпей, тоқтамайды. Өйткені бізде айлакер, си­
қыршы көп, адам жеңбес батыр көп деп мақтанар едік. Ай-
лакер, сиқыршымызды қанша жауынгерлерімен, құрал-сай­
мандарымен үнсіз, тілсіз байлап алып кетті. Күші де, айласы

да мықты деп жүрген жауынгер бастығы қанша батырмен өзі
де Өсекте байлауға қолға түсіп, қанша жауынгер қырылды.
Міне, адам баласы бұзбақ түгіл, шеніне келе алмайтын қамал­
ды бұзып, өзіне қарсы шығатын адамын қырды. Енді аз бол-

маса, менің басымды алмақ еді. Аты атты адамдардың үстінен
қарғып, менің басымды алуға келгенде, жауынгерлердің ара-
сымен қашып құтылдым. Қазақ не айтса да қалған жанның
тілеуін тілеп, соның үшін қазаққа елші жіберелі. Бұған кім

барсын,—деді қалмақ басшыларымен кеңесіп. «Мөңке шешен
барсын» деп ұйғарды Төрехан. Ханның атақты ақыны, шешені
еді Мөңке. Мұның қасына үш адам қосып, «Хан жосын» тар-
туымен жүргізді. Мөңке жолдастарымен қазақ батырларының

алдына келіп өздерінше бас иіп, сәлемдеді.

—Ұлы жүздің қолбасшы батырлары мен көп жауынгерлері

сіздердің алдыңызға көпшілік Торғауыт қалмақтың атынан
және ханымыз Төреханның атынан бас иіп, құлдық айтып,
алдыңызға келдік. Атақты батырларымыздың бес сұлу қызын
алып, тоғыз тұлпар—қанды атымыз ер-тоқымымен, тоғыз атан

түйе, қара кілем жіберді. Кессең, басымыз дайын, құлдансаң,
еліміз дайын, аталарымыздан қалған сөз рас екен: «Күндестің
күлі де күндес» деген. Қазақ, қалмақ бір кісіден айырмасы—
шешенің бөлектігі ғой. Ендеше бізге жер жетпей ме, мал жет-

пей ме? Мұнда елді қырып әбігерге салған оңды тұрмыс емес,
тыныш жатқан елді соғысып азаптағанына себепкер болға­
нын мой­нына алып, Төрехан айтты: «Сондықтан атамыздың
айтқаны бар: «Судың кемерін шым бекітеді, даудың түбін қыз

бекітеді» деген. Атаулы жердің адамдары бес сұлу қыз жібер­
дім, қоршаласып құда болып, құшақтасып дос болалы»,—деп
Мөңке шешен сөзін бітірді.
Райымбек батыр бітімді қаламай айтқаны:

—Қаза тапқан батырлардың қанын қайтару керек, сонда

ғана кек бітеді Төреханның басын алсақ,—деп еді, Ұлы жүздің

батырлар  туралы  аңыздар
батырларының Райымбек батырға өтініш жасап айтқаны:
«Ажалды адам үйде отырса да, өледі, халқы үшін еңбек істеп,
соғыста шейіт болды. Ақырғы күшті бізге, дұшпанды жеңуге

жұмсады. Арманы жоқ, келешек ұрпақтарға ұмытылмайтын
ата қонысына ие болатын болды. Мына соғысу жолы жиырма
бес жылдай болды. Халық та қажыды. Ақырғы бітім осы болар.
Атаң Хангелді батырдан бастап көп батырлар қаза тапты. Біздің

елдің жеңуіне көзі жетіп кетті. Енді қалған Ұлы жүзді өздері­нің
қалаған жерлеріне қоныстандыру болсын. Міне, Төреханмен
бітім жасасу»,—деді батырлар. Бұл сөзді Райымбек батыр да
мақұлдап, елшіге жауап беруге батырлар кеңесіп, елшіні ортаға

шақырды.
«Бас қосу орынды. Мөңке шешен, сіздің қалаған жерлері­ңіз
болсын!»—деді.
Ұлы жүздің батырлары Жаркенттің күншығыс жағы деп

айтты. Мөңке жиырма күн уақыт сұрады. Үй тігіп, сойыс да­
йындау, күтушілермен қамтамасыз етуге деп тіледі.
Ұлы жүздің батырлары бас қосар жеріне де, сұраған уақыт­
ты, күніне де мақұлдасты.

Мөңке шешен қош айтып, қайтты. Мөңке шешен:

—Бас қосу, қонаққа мың адам да аз, көп келсеңіздер, көп­

сінбейміз, жүз адам келсеңіздер, азсынбаймыз,—деді.
Ұлы жүздің батырлары кеңесіп үш жүз адам баруды ма­
құлдасты. Қолбасшы батырлар онда барғанда келісім бітімді
көпке созбай, тез бітіру жайын ойластыруды мақұлдасты.

Себебі ауыр жаралылар көп, елге қайтару жағы да тезірек
болуын ойлады. Қолға түскен адам, мал-мүліктерді бөлу,
бітім артынан болсын деп қабылдады. Райымбек батырдың
жарақаты айықпай, көпке созылды. Себебі оғын сорып алып

тастайтын Аманжолдың өзі жаралы болып жатыр. Осы халде
болған себепті Райымбек батыр бітімге баруға лайығы келмеді.
«Көпшілікке өте қажет болса, көрерміз»,—деді. Ал Райымбек
батыр бұл жарақатты ауырлап отырған жоқ, соғыс десе, әлі де

алдымен жүргісі бар. Басқа көп батырлар Райымбек батырға:
«Сіз дем алыңыз, өте керек болған күнде өзімізден батырлар
келіп, көп батыр, жауынгерлеріңізбен бірге барасыз»,—деп
мақұлдасты. Уәделі күнде Ұлы жүздің батырлары үш жүз

адаммен жүріп тіккен үйлеріне жақындаған кезінде, Төре­хан
көп батырларымен алдынан шығып қарсы келді. Тө­рехан:

тарихи  аңыздар

—Түбіміз достықпен өтсін. Достық кейінгі ұрпаққа қал­

сын!—деп Ұлы жүздің батырларымен кезек-кезек құшақта­сып
көрісті. Төрехан көрісіп болып, жан-жағына қарап:

—Қолбасшы Райымбек батыр қайда, біздің бітімді қала­май­

ма, елдің достығы мәңгілік жақсылық бітіміне неге келмейді?
Біз­дің тілегіміз—Райымбек батыр қатынасқаны дұрыс,—деп
Төрехан тілегін білдірді.
Ұлы жүздің батырлары бұл тілегін дұрыс көрді. Көбі

ақылдасып: «Райымбек батырдың халі қалай екен, бірқанша ба-
тырларымен Бердіқожа батыр барып қайтсын»,—деп ұйғарды
да, Бердіқожа жүріп кетті. Бердіқожа батыр келсе, Аманжол
оғын суырып алып, іріңді тартып жатыр екен. Батыр сау адам-

дай болып, қарғып тұрып Бердіқожаға сәлем беріп, қолын алды.
Бердіқожа қуанғанынан көзінен жасы ағып:

—Қолбасшы жас бауырым, айықтың ба?—деді.

Райымбек батыр:

—Батыр аға Бердіқожа, жас бауырым Аманжол батып

тұрған тікенді алып тастады,—деп қуанышын білдірді.
Бердіқожа батыр:

—Сізді Төрехан өзі, бүткіл халқы сұрайды, баруды қалай

кересіз?
Райымбек батыр:

—Мен дайын,—деп жауап берді.

Сол заман Бердіқожа сауыт-сайманын даярлап, атын жа-
бытып, бірқанша жауынгерлер ортасына алып, жүріп берді.
Көкойнақ сегіз жасар күйіне келді. Райымбек батыр соғыста
жарақат болмағандай түрленді. Төреханға «Райымбек батыр

келеді» деп хабар жетті. Қанша батырымен алдынан шығып,
ізет жасап, құшағын жазып көрісті. Қайтадан Ұлы жүздің ба-
тырлары екеуіне де құрмет етіп, аттарына көтеріп мінгізді. Бұл
себебі—Райымбек батырдың оқ жамбасынан тиген, соны ауыр-

ламасын және қалмақтар жаралы екенін білмесін деп, Төрехан­
ға қоса қорған жасап жүрген еді. Түсіргенде де құрметтеп, ат-
тан көтеріп алып түсірді. «Райымбек батырды көреміз» деп
торғауыт қалмағы, көпшілік тілек етті. Бұларға Бердіқожа ба-

тыр тұрып жауап берді.

—Райымбек батыр осында болады. Тойдың артынан өз

іштеріңе барады, сонда көресіз, сөйлесесіздер ,—деп жауап
қайырды. Дүниеге қызықпайтын кішіпейілділігі, жан адамға

батырлар  туралы  аңыздар
тура келмес және жолдас сақтауды алғашта ойлаған Райым-
бек: «кейбіреуді қорқытып алған шығармын» деп, «Адамға бақ
қонса да, кішіпейіл мінез-құлқы серік» деген сөз рас екен деп

бағалайтын болды. Өз пікірі—Райымбектің алдына соғыста өзі
өлуіне разы болатын болды. Соғыста да бірнеше қатарлы жер-
ден алып қалып өзі кетіп, өзі ойрандап келді. Осы табысты,Ұлы
жүзге осы бақытты Райымбек батыр алып берді деп есептер еді.

Осы соғыста ауыр жаралы болғанда қатты қайғырды. Жамба-
сынан тиген оқ шықпай, оны алатын Аманжол өзі ауыр жара-
лы еді. Төреханның бітіміне бара алмауы сол еді. Төреханның
сұрауы бойынша Райымбек батырдың бітімге қатынасуға

шақырып Бердіқожа батырдың өзі баруы—Райымбек батырдың
өз көзімен халін білу еді. Оғын «Аманжол алып, секіріп тұрды»
дегенде қуанып қалды. Райымбек батыр тұрып келіп қол бер-
генде, қуанғанынан көзінен жасы тоқтамай аққаны осы еді.

Екі елдің басшылары мейірлесіп, кеңесіп мына төмендегі
бітімге келді.
Қазақ қолына түскен мал-мүлік қайтпасын. Екі елдің қолға
түскендері еліне қайтуға рұқсат. Қайтпай қаламын деушілерді

зорламау, қала бсрсін. Мұның сыртында қазаққа алты батыр­
дың құнын төлеуге төрт жүз жылқы есебімен деп те келісті.
Ұлы жүз батырлары: «Атамекеніміз Құлжаға дейін бол­
сын»,—деді. Бұған Төрехан өзі бастап, көп батырлары халқы­

мен шулап бас қосып, тілек қылып жатып алды. Ұлы жүздің
батырлары мен жауынгерлері кеңесіп: «Жер шебі—тау жағы
Талкыға айқасатын таудан Алмалы суы, Қорғасқа түсіп, тура
өтіп, елден Қаракемер, Қарамолаға қосылсын. Мұның күн­

шығыс жағы жоңғар халқына тисін. Күнбатыс жағы қазаққа
тисін»,—деп екі жағы разыласып, бітімге батырлар, хандар
қолдарын қойды.
«Алыс-беріс бір айдың ішінде бітсін!»—деді. Төрехан

халқымен тілек етті: «Қашпай, қумай бір жыл мерзім ішінде
белгілеген шептен өз еркімізбен өтіп боламыз»,—деп тілек
етті. Бұл тілегі де берілді. «Енді мұнан былай ел шауып, мал
ұрлаушылар болса, өлім жазасына тапсырылсын!»—деп екі

жақ қолдарын қойды.
Адамды өткізу, алыс-беріс екі айдың жүзі бір жарым айға
созылды. Бұрын балалы болып қалған қазақ әйелдерінен де
қалмақта қалды.

тарихи  аңыздар
Бірен-саран еркектен де қалды. Қазақта көп қалмақтың
әйел, еркегі қалды. Атақты Төреханның кішісі Кенжеғұл еліне
тірі қайтты. Атақты үш сиқыршы Қапай батырдың бауыры бо-

лып, жалайырда қалды. Сол сияқты көп адам қалды қазақта,
бітім осымен аяқтады. Ел араласып, алыс-беріс жасап, тамыр,
дос болып, татулыққа көшті. Сол кезде Орта жүзде Қабанбай
батырдың елі өз тұсындағы қалмақпен жауласып, жер шебін

белгілеп алды. Қаракерей, сарыкерей деген Орта жүзден ел кері
барып жер алып, сонда қалды дейді айтушылар, сол кеткеннен
сол жақта дейді.
Олжаға түскен мал-мүлікті есептеп, өлгеннің құнын шы­

ғарғанда, жауынгерлер есебіне алпыс жылқыдан тиді дейді.
Олжаға түскен жастарды басшы батырлардың желкесіне беріл­
ді. Қолбасшы желкесін қос басына бір жылқыдан жинағанда,
төрт жүз жылқыдан асты. Мұны Райымбек батырдың қосына

айдап келіп еді, Райымбек батыр бұрынғы бөліс бойынша көп
батырларға берді. Бұлар үшке бөліп таратты. Ауылдағы мүге­
дек кемпір, шал, жетім бала, жесір әйелдер, соғыста өлген­дер­
дің бала-шағасына, бұрынғы желке алып келе жатқан батыр­

ларға бөлді.
Ұлы жүз жерге орналасуды бұрынғы өздерінің бөлісі бо­
йынша орналасты. Сонымен әрбір батырлар өз жеріне қайтты.
Қорғасқа жақын Сатай батырдың бастауымен өріс алды. Осы-

менен Ұлы жүз кең байтақ жерге ие болып, өрістеп көшіп, мал
бағу әдетімен көшіп-қонып жүре берді.
Райымбек батыр Темірлік, Кегеннен келіп өріс алды. Жа­
рақаты жақсы оңалды. Аманжол толық айықты, осымен бірта­

лай уақыт өтті.
Патшадан бірлеп уәкілдер де келе бастады. Ол патшадан кел-
ген уәкілдер басшы батырлармен кеңесіп қана кетті. Олардың
берген жауабы: «Сіздердің жер шептерің белгіленген, енді

ешкім ала алмайды, менен де үлкен ұлықтар келіп сұлтан, би
сайлайды»,—деп айтып кетті.
Ұлы жүз толық жерге орналасып болды. Алды Сырға дейін,
мына жағы Қаратал, Күншығыс жағы Алмалы қырқасы, Қал­

жат, Сүмбе, Көксу тауға дейін. Бұл жақта қалмақ, қазақ аралас
отырды. Мына Қордай көлдің күнгей жағы Қырғыз Алатауы­
ның осы күндегі Қызылқия жер шегі, бірақ қоныс аралас болды.
Өзбек жағын Хиуаның ханына шектес Шанышқылы Бердіқо­

батырлар  туралы  аңыздар
жа батыр алды. Бірақ Ұлы жүз болып Жетісуға орналасқанмен,
әр руға жердің шегін белгілегенмен, руларына қосылмай, ара-
ласып отырғандары болды. Бірақ өрісі еркін, молайды. Елдің

әдеті там салып бір жерге қоныстанбаған. Жазы-қысы көп мал
бағумен күн көрген ел еді. Осы уақытқа дейін мына шекара-
да қазақ, қалмақ араласып отырар еді. Мысалы, Нарынқол,
Шәлкөде, Қалжат, Қорғастың күнбатыс жағында қалмақтар

болды.
Қазақтар алды Жұлдызға, Құлжаның басы тауға шығып,
теріскей жағы Алмалы, Суасуға дейін өрістеп мал бағып қайтар
еді. Сол өрістеп мал бағумен мына қызай деген ел сонда қалып

қойды дейді айтушылар. Орта жүзден мына рулар: қаракерей,
сарыкерей деген рулар қалды дейді. Кейін патшаның екілі келіп
жер шебін белгілегенде, мекендеген өрісінен қайтпады. Оларды
«көш!» деп жоңғарлар қоймады.

Ұлы жүзде бұл кезде қарт батырлардың көпшілігі қаза бо-
лып, жас батырлар өсе бастаған кезі еді. Осы уақыт Райымбек
батырдың жарақаты оңалмауы салдарынан ауырлай баста-
ды. Сонда Райымбек батыр жақындағы ағайын, жолдастарын

шақыртып алып:

—Мен көп ұзамай дүниеден қайтуым тура болғалы тұр.

Мүмкін болса, Ұлы жүздің батырларына хабарласаңыздар, қош
айтқаным дұрыс шығар. Қанша жолы қатерлі қан майданнан
аман шықтым. Сол қиян-кескі соғыста аталарым да, қанша
бауырларым да қаза тапты. Бүгінде соларды да, Ұлы жүздің

батырларының бастарын қоспай, жайбарақат тыныштық, ха-
барсыз кеткенім дұрыс болмас, қозы аяқтана осында бастарын
қоспақпын, осылай хабар жеткізсеңіздер,—деп Райымбек ба-
тыр халқына айтты.

Жиналған халық ақылдасып, батырдың мына сөзін естіп,
«Ортамыздан батырдың кетуге уақыты жақын болыпты. Бұл
айтқанын орындалық, Ұлы жүзге түгел хабарлалық, қазір ай-
туына қарағанда, уақыт жетеді. Әлі толық үш ай бар»,—деп

жарамды жігіттерді сайлап, қолдарына хат жазып, Ұлы жүздің
ру бастығы батырларға жүргізді. Қастарына жолдас қосып,
жарамды ат мінгізіп, көп адамдар жіберді. Бұларға тапсырды
тез жетіп, хабарлауды. Көп адам Ұлы жүздің алыс жердегісіне

бұрын жетуді қам етті. Бұлар толық бір айда Ұлы жүздің шетіне
шықты, Ұлы жүздің көп халқы, батырлары бір-біріне хабарлай-

тарихи  аңыздар
ды деп, қой коздап аяқталмай жиналып болды. Келгендер ба-
тырмен қоштасып, амандасып жатыр. Халық кернеп, көп жи-
налды. Келгені шетінен амандасып жатыр, көп үй тігіп, кәдімгі

соқта қосымен жүргендей тамақтанып жатыр.
Райымбек батыр Бақай батырды шақырып алып:

—Көңілдегі елің, азаматтарың келіп болды ма?—деп сұ­

рады. Бақай батыр:

—Көпшілігі келді,—деді.

—Олай болса, батыр, мені далаға шығар, биік жерге отырып

халықпен қоштасайын,—деп айтты. Халықтың ортасына сөре
жасап отырғызды. Батырды көргендер кейбірі: «Осымен ба-
тырдан ажыраймыз ба?!»—деп көздерінен жасы парлап тұр,
халықта қайғырушылар көп болды.

—Ұлы жүздің көп батырлары мен халықтары, менің

сіздерге ақырғы жолығуым болу керек. Сіздерге айтарым—
мен дүниеден сапар шегемін пәни дүниеден бақи жайға, ай-
тарым, менде арман жоқ, жауын жеңіп Жетісуға орналасып,
өріс алғанын көзім көрді. Бұл дәуірді көрмей кеткен батырлар

көп, енді қарттар кетіп, жастар өсіп, еліне ие болу—бұрыннан-
ақ Құдайдың жазуы солай, барлығыңа жекелеп қоштасуға
уақыт аз, аталарың Ұлы жүз үшін туып, өмірін осы Ұлы жүзді
атамекені Жетісуға орналасуға, соның жолында соғыспен,

дұшпандармен қарсыласып соғысумен өмірін бітірді. Көбі
соғыста қаза тапты, міне, мені өз қолдарыңызбен жөнелткелі
отырсыздар. Ал маған рұқсат етіңіздер, ауылда қалғандарға
да менен қоштасу сәлем,—деп үйге кіруді сұрады. Бақай ба-

тыр, Бердіқожа батырлар көтеріп үйге алып кірді. Аз дем алу-
ды сұрады. Сол мезгілде Ұлы жүздің батырлары, келген ха­лық
болып кеңеске кірісті.
Ұлы жүздің батырлары жиналған халықтар кеңесіп, ба­тыр­

ды жерлеу, қою орнын белгілеуде Ұлы жүз үшке бөлінді. Бі­
рінші, Албан батырлары мен халқы:«осы қайтыс болған жеріне
қоямыз» дейді. «Көп батырлар қаза болған жеріне қойылды.
Сондықтан Райымбек батырды да осы қайтыс болған жеріне

қоямыз»,—деді. Жалайырдың батырлары, келген адамдары:
«Жоқ, олай болмайды, себебі бұрынғы батырлар көбі соғыста
қаза тапты. Қысталаң уақытта алысқа апаруға мүмкіндік жоқ
уақыт еді. Бұл күнде олай емес, халық кең, бейқұт уақытта

жаудан құтылып, ел жайбарақаттыққа келіп тұрған кезі. «Ба-

батырлар  туралы  аңыздар
тыр дүниеден қайтса, қайта айланып келмейді. Жауласқан ел
қайта бас көтермейді деуге болмайды. Сол себепті жауласқан
елдің жер шебіне—сүйегін қойғызуға, Қараталға қоюға рұқсат

етіңіздер»,—деп басқа Ұлы жүзден тілек етті.
Дулат, шапырашты, сарыүйсін, шанышқылы, ысты, ошақ­
тылар батырдың көп еңбегі сіңген алғашқы жас кезіндегі
босатқан жері еді. Қастекке қоюға Ұлы жүз батырларынан сұ­

рады.
Бірі-біріне келіспей отырып еді, Бақай батыр Ұлы жүздің ба-
тырларына, жиналған халықтарына ұсыныс жасады.

—Сіздерге лайық келсе, Райымбек батырдың өзіне кеңе­

сімізді айтсақ қайтеді,—деді. Сонда кей адамдар айтты: «Өзі
қоштасып жатқанда, қалай айтуға болады?»—деді. Көп батыр-
лар өзіменен ақылдасуды мақұл көрді. Осы сөзді мақұлдап,
келісу сөзін естіп шығуға үш жағынан үштен тоғыз адам

батырдың үстіне кірді. Бұлар келісіп Райымбек батырға айтуға
Бақай батырға сөз берді. Бақай батыр Ұлы жүздің пікірлерін
толық түсіндірді үш жерді көрсетіп отырғандарын.

—Жан серігім Ұлы жүздің батырлары, сіздерге айта-

рым, арғы атам Сырымбет батыр, бергі атам Хангелді батыр
дүниеге келгеннен Ұлы жүз үшін туып, Ұлы жүз үшін еңбек
істеп, өмірін өткізді. Солардың жолымен мен де тудым. Ұлы
жүз үшін еңбек еттім. Бұрынғыдай соғыс уақыты емес, халық

жайбарақат. Соның үшін менің сүйегімді қайда қоюын Ұлы
жүз білсін. Жанталаспаңыздар, бірақ мынаны ескеріңіздер:
Алматы—Ұлы жүздің ортасы, Кең жайлауың—Қарқарасы.
Ұмытылмайтын Алматы—судың басы, ақылдылар, айта-

рым осы,—деді Райымбек батыр. Райымбек батырмен халық
қоштасып болды, сонда Райымбек батырдың тоғыз ұлы бар
екен. Алды ержеткен, арты жасы кіші әйелінде, басында үй де,
жеті асқан қазан-ошағы да жоқ екен. Бар малы бір ат, бір атан

түйе, бір сауулы інген түйесі бар екен. Жауға асынар құрал,
сайманы түгел екен. Сонда мына әйелі Райымбек батырмен
қоштасып отырып айтқаны:

—Батыр, менде бір арман бар,—дейді.—Арманым, сізден

шаңырағы бар үй де қалмай барады және сізден қалды деп
ұстайтын қазан, ошақ жоқ,—деп арманын айтты.
Райымбек батыр сонда Ұлы жүздің батырларынан сұрады:

—Менің жайым қай жер болды?—деді.

тарихи  аңыздар
Бақай батыр:

—Келістік, Алматы суының күн батысы болады,—деді. Осы

батырларды, алдына бәйбішесін қосып, тоғыз ұлын шақыр­тып
алды. Сонда мына балаларына:

—Менің жолымды ұстап, Ұлы жүзге қызмет етерің бар

ма?—деп сұрады. Қожағұл сонда тоғыз жастағы кезі екен,
ұшып тұрып:

—Мен сіздің жолыңызды ұстап, Ұлы жүзге қызмет іс­

теймін,—деп қолын қусырды. Сонда Райымбек батыр бәй­
бішесіне айтты:

—Менен қалған мұра мынау емес пе, сіз, бәйбіше, менімен

бірге жауға бардың, дұшпанды жеңгеңде бірге болдың, арман
етер жеріңіз жоқ,—деді.
Ұлы жүздің батырларына айтты:

—Мені қойғанда, жерді терең қазсаңыздар дұрыс болар.

Себебі түрлі заттар шығуы мүмкін, бәйбішеге бір белгісін алып
келіп берерсіздер.
«Менің сүйегімді көк шөпке орап, қапқа орап тігіп, ақ ата-
ныма артып алып барғайсыздар. Қынжыла қоймасын халық.

Ақ атанымды сойып жеңдер, басын қойып кетерсіздер,—деп
Райымбек батыр қош айтып, жүзін сипап, қаза болды.

79. Балағаз батыр

Еламан баласы—Тұрсынбай Едіге баласы Шоңның зама­
нында «Ащы» деген өзеннің бойында, «Күңгірлек» деген
күзекте отырғанда, Жанқозы жылқысын жау алды. Сонда ай-
тып алыпты:

—Қарашорыңмын, Құдайдан соңғы зорыңмын: Таубай,

Борай, Балағаз! Мына менің атым—Балағаз батыр. Шоң мен
Тұрсынбайыңа сәлем де! Ертең Найзақараның түбінде төрт ту
бие сойып тосамын, дәмесі болса, келсін, жылқысын айырып
алсын!—деп.

Ол заманда Олжабай батырдың өліп, Жанқозы деген елдің
қараң болып қалған күні екен. Тұрсынбай мен Шоң Олжабай
батырдың тұңғышы Есенаман батырға кісі шаптырды:
«Бұл екеуміздің батырлығымыз, билігіміз қазанның ба-

сында, қатынның қасында ғана отырғанда еді. Кеше әкесі үш

батырлар  туралы  аңыздар
жүзге ұран болған ер Олжабайдың баласы еді. Ту ұстап, тұлпар
мінгеннің тұқымы еді. Бара көрсін, мына малды жаудан айыра
көрсін»,—деп.

Сонда Есенаман аттана шауып: «Есенаман! Есенаман!» деп
жетіп барғанда, Балағаз батыр доп қаққаннан оңай қағып,
Есенаманды мұрттай ұшырып, найзасымен батыра тіремей,
қалыпты шаншып тұрып сөйледі дейді:

—А, ит, Құдай сенің аузыңа «Олжабай» атын салмай, шай­

тан-ау, сені «Есенамандатқан!» Егер сен: «Олжабай, Олжа­бай!»
деп келсең, біз тағалы торы тайыңа тимей, беріп кететін едік,
неге десең, әкең Олжабай батыр: «Олжабайлап» тиіп, біздің
Қарашордың жылқысын түп көтере алып жөнелгенде, он екі

жасар бала күнім, «Мен—Балағаз!» деп қуып жетіп, алдын
орап, сәлем беріп едім. Сонда:

—Уағалайкумассалам, жолың болсын, балам,—деп еді.

—Атың шыққан ер едің, «жолың болсын!» деген лепесің

маған қабыл болсын,—деп жылқы айырумен жұмысым бол-
май, тойып қайтып кете беріп едім. Сол Олжабайдың батасымен
Балағаз болып, өмір бойы пендеден бетім қайтқан жері жоқ еді.
Осы өзіңді аман-есен тастағаным да әкең Олжабайдың аруағын

сыйлағандығым. Болмаса сені мен не аман-есен тастайын,—
деп, Есе­наманды өлтірмей, тірі қалдырып, жылқыны алып кете
берген.
Сол малдың артынан Қаржас Айту, Байтуды ертіп алып,

Шонты-Қосқұлак Андрей молданы ертіп алып, Торайғыр
қасында, қосшы-қолаңшыларымен барған. Барған соң Та-
убай, Бозай, Балағаз батырлар: «Атыңа-тай, тайыңа қой
алсаң, бітім береміз. «Жоқ, тұяққа—тұяқ, құлаққа—құлақ

аламыз» десеңдер, бие—кәрі де, құлын—жас, еліңе барып,
жасанып кел де, ала бер, қолың бос, ізіңше қайт та, жүре
бер!—деген.
Сонан соң Айту, Бату Шонтыны оңаша алып шығып, сөзге

түсіріпті:

—Қой болар, қозы болар, келер жыл дәл өзі болар. Биыл

ұрғашы тай алып кетсек, бір-екі жылда құлынды бие бола-
ды. Өкпелегенде, не қылмақшымыз? Ауылда айырып ала
алмай қалған малды қолынан бергенін алмасақ, жолынан
қалай алмақшымыз?!—деген соң, Шонты Еламанға қараған

тарихи  аңыздар
малға, айтқанына көніп, айдауына жүріп, бітім алмақ болды.
Торайғыр:

—Осы Шонты не қылса, біз де соны қылайық,—деген екен.

ҚосбұлақАндрей молда басы қақиып алып:

—Айтқанға «болады» деген не? Бермесе, бермесін, ақырет­­те

аламыз,—деп, болмады дейді.
Сонан соң бұл жолаушыларды екі бөліп, күтпекші болды.
Айтқанына көніп, айдауына жүрген Шонты мен Айту, Байту­ды
ақбоз үйге кіргізіп, аппақ майды жегізіп, күйеу, құдаша сый-

лап, Қосқұлақ Андрей молда мен Торайғырды қара құрым үйге
кіргізіп, жылқының қара құмақ тезегімен ыстап, білгенінше
қинады, сөйтті де оларды қайырып жіберді:

—Бар, жеңген жеріңде аласың!—деп.

Сонан бұл күнге шейін бір тал қылын да көре алмай кетті
Шонты мен Айту. Байтуға тұяғын түгел борыштай қылып,
атына—тай, тайына қой төлеу беріп және бұларға риза (ырза)
болғандығы сондай:

—Сендер біздің тілімізді сыйладың, айтқанымызға көн­

дің, айдауымызға жүрдің, басымызды сыйладың! Біз де оның
қадіріне жетейік, келген жолдарыңа екі қыз сыйлаймыз: бірін
жұдалымыздан береміз, жұдалыңа қос, бірін жұрынымыздан
береміз, жұрыныңа кос,—деп, екі қыз беріпті. Бірінің аты—

Жібек, оны аталы, текті жерінен берген. Бірінің аты—Жан­
бике, оны құл-құтаннан берген.
Елге алып келген соң Төлебайдың тоқалынан туған Елкелді
батыр сынап:

—Мына Жібек деген бала жібек десе, жібек екен. Мұны,

Шонтыжан, өзіңнің бірден соңғы балаң Байбақыға қос, бабам
Төлебайдың дүкенін ұстайтұғын бала туар,—деп, Байбақыға
қосыпты. Сол Жібектен туған бала кешегі көз алдымыз-
да өткен Құлмұхаммед ұста. Оның баласы—Жәми, оның

баласы—Мәншүк. Ұсталық мирасы (мұраты) бұл күнгеше
үзілген жоқ.
Жанбикені Темірбай дегенге қосты, онан туған Асылбек,
Әлжаппарды жұрттың көзі көрді. Бұл Жанбикенің өзі баяғы

Есен тентектің Қожан тентекке берген Жолдыбай кұлдың қы­зы
екен.

батырлар  туралы  аңыздар 80. Байқозы батыр тапқырлығы

Тарақты-Байқозы ірі атақты кісі болған адам. Бір жылы
жұт болып, жылқысы ығып, Ертістің мұзына барып бір-ақ
тоқтапты. Байқозы жылқымен бірге Ертіске түседі. Жылқысын
тоғайдан қайырып, күн ашылған соң, еліне қарай айдайды.

Кешке жақын қонуға бір бәсентиіннің үйіне сәлем беріп, кіріп
келсе, төрдің алдында бір ақсақал отыр, жас шамасы сексен­нен
асқан сияқты, оң жақта сүйекпен оюлаған ағаш кереует тұ­рады.
Соның алдында қолында домбырасы бар, үкілі кәмшат бөрік

киген, үстінде бүрмелі етекті ақ көйлегі бар бір қыз ән салып,
өлең айтып отыр екен.
Байқозы кіріп келгенде, қыз әнін тоқтатып, домбыра-
ны жүктің үстіне қойып, қонақтарға әбден иіліп орын береді.

Ақсақал жөн сұрап:

—Жылқыны қай жерден ықтырдыңыз?—дегенде,

—«Жалған» деген жерден,—дейді Байқозы. Бұл сөзді ес­

тіген қыз:

—Ауылың, елің жалғанда,

Жалғыз жарың қалғанда,
Жылқымен ығып жүргенде,
Қойнына біреу барған да,—
дейді. Байқозы:

—Бедіректі бетпақтың

Бадырайтып айтқан сөзін-ай,
Ұялмай-ақ атасының жүзінен-ай!
Кім қолмен басады дейсің, шырағым-ай,
Құдай нәсіп бермесе,

Көт иесінің өзіне-ай!—
депті. Әкесі:

—Қарағым, жеңдің, шапан жап!—деген екен.

тарихи  аңыздар 81. Тарақты Байғозы батыр туралы

Ресейден қашқан торғауыттарды қуалаған қырғыздар (қа­
зақтар) ашық далада дамылдап, қазанға сүрленген жылқы етін
асып, торсыққа құрт езіп, күні бойына нәр болатындай етіп
таңғы астарын ішіп отырады. Бір шатырда Абылай, келесіде

өзінің тәкаппарлығымен танымал арғын Шақшақ Жәнібек ба-
тыр отырады. Батыр насыбай атып отырғанда, бір жас қырғыз
жігіт шатырға келіп, атынан түспей қолын созып: «Жәнібек
батыр, шақшаңды таста!»—дейді. Жәнібек оған еш назар ау-

дармайды, бірақ оған өзінің менсінбегенін көрсетіп, асықпай
шақшасындағы қалдықты қызыл етігінің өкшесіне қағып, бап-
тап қалтасына салып қояды. Көп ұзамай жасақ қозғалып, әрбір
ру өз туының астына жиналады, батырлар садақ-жебелерін асы-

нып, шеңбер құрып ханды қоршап тұрады. Кеңесіп, жаудың
көптігіне қарамай, шабуыл жасауға шешім қабылданды. Бірін­
ші қарауыл жіберіп байқап алмақ үшін еріктілерді шақырад­ы,
алғаш болып бағанағы Жәнібектен шақшасын сұраған жігіт

шығады.
Шолғыннан оралған соң, Жәнібектің сұрағына жігіт:
«Аз да емес, көп те емес» деп жауап береді. Шабуыл баста-
лады, қалмақтардың саны он мың, қырғыздар көп шығынға

ұшырап, ақыры шыдамай қашуға мәжбүр болады. Ең ал-
дыда ту ұстаған, қара атқа мінген ұзын бойлы қалмақ,
қырғыздардың қатарына кіріп, бірнешеуін аттан түсіріп
кетеді. Жәнібек те шегінгендердің арасында болып, қатты

қапаланып, бар дауысымен: «Әттең, мына дүлейді өлтіретін
қырғызда бір азамат тумағаны ма?»—деп айғай салады. Осы
кезде бағанағы жас жігіт садағын қолына алып, бар күшімен
тартып, көздеп тұрып жіберіп қалады. Жебе зулап барып

тура тағдыр-тесікке қадалып, қалмақ жерге домалап түседі.
Жас батыр жебесінің дәл қадалмай ирек жасағанына өкініп:
«Бұл өзі Алланың назарындағы біреу болды ғой»,—дейді.
Батырларының өлімін көрген қалмақтар абыржып қалады,

осы сәтті пайдаланып қырғыздар қарсы соққы беріп, жеңіске
жетеді. Сонда Байғозы (бағанағы жас қазақ) шақшасын
атып Жаныбайға жақындап: «Батыр, енді міне шақша атуға
болады»,—дейді. Тарақты Байғозы батырдың есімі елге осы-

лайша танылады.

батырлар  туралы  аңыздар 82. Байғозы батыр

Хантауындағы бекінген Үсен-Серен деген қалмақ қон­тай­
шысының шапқыншылары Арқадағы қазақ ауылдарының
адамдарын байлап, малдарын айдап әкетіп, маза бермейді. Сон­
соң Байғозы батыр мен Керей Жарылғап батыр Көкшетаудағы

Абылайға барып, жағдайды айтыпты.

—Хантауында қалмақтың күшті қарулы әскері жатыр.

Оған тиісу үлкен соғысқа ұласады. Одан гөрі шағын қолмен
қалмақтардың ордасын қамап алайық. Қолды дұшпанның
көзіне түсірмей, соған кім бастап барады?—депті Абылай
хан.

—Көзге түсірмей мен бастап барамын,—дейді Байғозы.

Абылай хан үш жүз кісілік қолымен Арқадан аттанып-
ты. Әскері бірінің артынан бірі түнде жүріп, күндіз жатады.
Жарылғап батыр—әскердің алдында барлаушы. Байғозы ба-
тыр артында бакылаушы болып, қолды Хантауында бейқам

отырған қалмақ ордасының үстінен түсіріпті. Абылай хан қал­
мақтың қолбасшысы қонтайшының үрейін ұшырып, айдап
әкеткен адамдарын, малдарын қайырып, қонтайшы айыбына
ханға қызын береді. Бұдан былай бір-біріне тиіспеуге бітім жа-

сап қайтады.
«Қазақтың ордасы Ұлытауға қалмақтар келді» деген хабар
Байғозыға жетеді. 1743 жылы Байғозы батыр сауыт киімде­
рін киіп, қолына шашақты найзасын алып, жасақтарымен

Ұлытауға аттанып, қалмақтарды жеңіп қайтқан. Ел арасында
Байғозы батыр туралы:
Тарақтыда Байғозы,
Бұ да асқан ер еді.

Ел шетіне жау келсе,
Мен барайын дер еді!
Байғозы батыр—қазақ халқының тарихындағы ірі тұлға­
ның бірі.

тарихи  аңыздар 83. Түлкібай батыр жайындағы аңыз-әңгіме

ХVІІ-ХVІІІ ғасырларда бұл төңірек Қоқан ханының қо­л­
астында болған екен. Қоқан әкімдерінің бұйрығы бойынша сол
жердің тұрғындары күн сайын салық ретінде бір қыз және бір
түйе жоңышқа мен астық әкеліп әкімдерге тапсырып отырған.

Бұл кезек Түлкібай үйіне де жеткен. Түлкібай—Алаша руының
ел намысын қорғайтын батыры болған. Қоқан уәзірлерінің
бұйрығын орындауға келген жендеттерді Түлкібай қайтарып
жіберген. Қарындасын және өзіне тиесілі салықты «өзім апа-

рамын» дейді, бірақ ол таң сәріде сауыт-саймандарын асынып
алып, ордаға жалғыз өзі келеді. Бұл ордада Түлкібай батыр­дың
Қоқан хандығына сатылып кеткен ағасы болған. Ол дарба­заны
ашып Түлкібайдың ордаға кіруіне мүмкіндік береді. Ордаға

кірген соң Түлкібай әкімдерінің барлығын өлтіреді, бірақ сол
әкімдерінің бірі қашып құтылады. Ол қашып, Қызылордаға ба-
рып хабар береді. Бұл кезде Түлкібай елінен пана іздеп, басқа
жерге қашып шыққан еді. Қоқан ханының уәзірлері Түлкі­бай­

ды Қармақшы көпірінің тұсында тұтқынға алып, басын шап­
қан. Содан олар Түлкібай батырдың басын найзаның ұшына
іліп, еліне көрсетпекші ниетпен алып келген. Бұны көрген
жары дауыс шығарып жылайды. Сол мезетте батырдың шешесі

былай деген:

—Қарағым, босқа көз жасыңды сарқыма. Ол—жері үшін,

елінің намысы үшін құрбан болған батыр. Өзі өлгенмен де,
ерлігі сақталады,—дейді.
Қалмақтар Қызылордаға кеткен соң, қазақ жігіттері Түлкі­
бай батырдың кегін алуға аттанады. Ордаға жетпей қалмақ

(қоқан) жендеттерінің күл-талқанын шығарған. 84. Саркөз бен Жәнібек

«Ұлы жүз Үйсін Саркөзге бағынады, Саркөз қатынға ба­
ғынады». Осынау мақалдың шығуына мына оқиға себепкер
болған. Құба қалмақ заманы бір соғыста Ұлы жүздің Саркөз ба-
тыры қалмақтың қамалын бұзып, ерекше ерлік көрсетеді. Май-

дан аяқталып, әр елден жиналған батырлар жер-жеріне тар­
қай бастайды. Саркөздің қайратына риза болғандардың біреуі

батырлар  туралы  аңыздар
Орта жүз Арғын руынан шыққан Шақшақұлы Жәнібек еді. Ол
Саркөзді ауылына қонаққа шақырып, неше күндей сый-сияпат
көрсетеді. Төс соғысып дос болады.

«Еруліге қарулы» деген қазақ әдетінше Саркөз де өз тарапы-
нан қонаққа шақыруы керек емес пе? Бірақ ол өйтпеген. Қош­
та­сарда Жәнібекке мына бір шумақ өлеңді айтқан да кеткен:

—Хан алдына барғанда,

Хан кеспеді тілімді.
Халық алдына барғанда,
Халық таппады мінімді.
Өз үйіме барғанда,

Итке берсін күнімді.
Бұл жұмбақтың шешуін табу үшін Жәнібек батыр келер
жылы сол уағында қасына жолдас-жораларын ертіп, Ұлы жүз
еліне аттанады.

Жолшыбай Жетісудан өткен соң малы қалың бір ауылға
кезігеді. Қойшыдан сұраса, Саркөз батырдың бір баласының
ауы­лы екен. Осы жолы жолаушылар он сегіз ауылдың үстін
басып өтеді. Сұрастыра бәрі де Саркөз батырдың балаларының

ауылы екен. Ақырында бұлар Саркөз батырдың өз ауылына
жетеді. Ордадан жарты шақырым мама ағашқа аттарын бай-
лайды. Жәнібек күн салып қараса, ақ орданың алдындағы оты
жағулы тай қазанның басында біреу жүр. Сырт тұлғасы Сар­

көзге ұқсайды, тәрізі құрт қайнатып жүрген сияқты. Қолын­да
былғауышы бар. «Қой,—дейді Жәнібек іштей,—соған ұқсас
басқа біреу шығар. Еркек адам әрі батыр адам құрт қайнатып
неге жүрсін?» Алайда, Жәнібек қателеспепті. Жақындап кел-

се, Саркөз екен үстіне тайжақы киген. Басында бөрік, қолын­да
құрт былғауыш. Сондайдан Жәнібекті тани сала құшағын жая
ұмтылады. Екі батыр төс соғысып амандасады. Есендік-саулық
сұрасады.

Сол мезетте ақ орданың ішінен күндей күркіреген дауыс
шығады:

—Ау, мына қазанның түбі күйіп кетті ғой. Келген қай

немесі, алжыған шалдың оған жүгіргені несі?—деп, аузынан
ақ ит шығып, көк ит кіреді.

тарихи  аңыздар Төбеге ұрғандай тоқтап қалған жолаушылар есік жаққа аңтарыла қараса, ақ үйден маңқиған бір бәйбіше шығып келеді екен. Өзі—ажарлы, сұлу. Жәнібек түкке түсінбей Саркөзге қарайды. Саркөз кібіртіктеп жерге қарайды да бәсең үнмен: —Батыр, былтырғы айтқан сөзім есіңде шығар. Сондағы жұмбақтап, ишаралап айтқаным осы еді. Айтшы, бұған не дауа бар?—дейді. Сонда Жәнібек батыр қылышын қынабынан суырып алып, «мұның дауасы мынау» деп, басын шауып тастайды. Сол бәйбішенің құны үшін Жәнібек батыр үйіндегі қа­ рындасын Саркөзге қалыңсыз ұзатыпты. Жоғарыдағы мақал осы оқиғаға байланысты шыққан. 85. Түгел батыр Түгел батыр қатысқан бір соғыста жоңғарлардың быт-шы­ ты шығып, жаудың мал-мүлкі олжаланып, адамдары тұтқын­ ға түседі. Мол олжаның ішінде қалмақтың атақты бір бегінің бойжеткен сұлу қызы да бар екен. Ондай текті сұлуды батыр өзгеге қия қойсын ба? Әрі бай, беделді, әрі асқан батырға неше әйел алса да айып па? Тұтқындағы қызда билік жоқ. Бұған дейін бірнеше әйелі болса да, мына сұлуды да әйелдікке алуға батырдың көңілі кетеді. Ал қыз болса, көнгісі келмейді. —Менің жаным соғыста өз қолыңнан мерт болған туыстарымнан артық емес,—дейді қыз.—Менің де басымды шауып тастай сал! Батырдың сөзі де көкейге қонымды: —Сен жассың, сұлусың. Біздің елден де лайықты серік та­ уып, бақытты өмір сүру мүмкіндігің бар. —Бұрын мен кім болсам да, қазір тұтқынмын. Ертеңгі күнім—күңдік. Бауырларымды жайпап салған жау қолында күң атанғанша, өлгенім артық. Текті жердің қызы екен. Мейлінше намыскер, сұлулығы— анау. Бұндай қыр әрбір батырдың-ақ асыл арманы болар. Түгел батыр да бұл қызды қандай жағдаймен болса да өзіне жар етуге бекінеді. Өзінің ыстық ықылас-ниетін, махаббатын білдіреді. Түгел батыр жайында қыз бұрын да естіген екен. Өз хал­ қының асқан батыры ғана емес, ақыл-гөй көсемі де. Дәулеті де

батырлар  туралы  аңыздар
мол, сымбаты да көз тартарлықтай. Бұндай ерге серік болу әр­
бір сұлудың асыл арманы шығар.

—Онда былай болсын,—дейді икемге келгендігін білдіріп

қыз.—Тек менің дәрежем өзге әйелдеріңнен кем болмасын.
Өзіме жеке үй тігілсін, өзімнің көмекшілерім болсын. «Күң»,
«тұтқын» деген масқара сөзді естімейтін болайын.
Батырдың әйелі әлденешеу. Оған қарамай, осыған екеуі

уәделеседі.
Ал қыз болса:

—Бұл уәде бұзылса, мен елімді табамын,—дейді. Оған қар­сы

болмайсың. Бұған батыр келіседі. Қыз мұсылман дініне кіре­ді.
Некесі қиылып, оған қазақша «Қаракөз» деп ат қойылады.
Арада біренеше жыл өтті. Қалмақ бегінің қызы тектілігін
көрсетті. Қазақ халқының салт-дәстүрлерін жақсы меңгерді.

Ізгілік, адамгершілік, әділдіктің өнегесін танытты. Батыр­
дың ықылас, ниеті осы тоқалға ауып бара жатыр ма қалай?
Өзге әйелдерінің кейбірі қызғанғанымен, күндегенімен қолдан
келері жоқ, ретін тауып араларына от тастамаса...

Ақыры Қаракөзді оңдырмай мұқатудың реті келіпті. Ба­тыр
ұзақ күндер жорыққа жүріп ауылына оралғанда, әйелдері­нің
алдынан шығып аттан түсіріп алуы әдетке айналған ғой. Бірде
өзге әйелдері алдынан шыққанда, ішінде Қаракөз жоқ екен.

Оған хабар тимесе керек. Бірақ батырға басқаша жеткізілген
бе, әйтеуір Түгел іштей ызаға булығыпты.
Кешірек хабарланып, Түгел түскен бәйбіше үйіне кейіндеу
жеткен Қаракөздің басына ақыр заман орнағандай болады.

Оның тексіз халықтан шыққан «надандығы», «күңдігі», «семіз­
дікті көтере алмаған» ақылсыздығы бетіне басылса керек.
Бұл кезде Түгелдің Қаракөзден туған ұлдары үшеу екен.
Соңғысы—емшекте. Қанша жәбірлегенімен, үш балалы әйел

елін табуды қаперінен шығарған болар деп ойласа керек батыр.
Әйелінің ар-намысы, өз еліне, өз халқына деген сүйіспенші­лі­гі
атақты жұбайынан да, өзегін жарып шыққан перзенттерінен де
жоғары екен деп ойласын ба?

Таңертең батыр ұйқыдан оянса, Қаракөз үйінде жоқ болып
шығады. Кеш бойы үш баласымен қоштасқандай, беттерінен
кезек-кезек сүйіп отырып, ұйықтатыпты да, түн ортасы ауа
буып-түйген азық-түлігін желмаяға теңдеп, өз елін бетке ұстап

аттанып кетіпті.

тарихи  аңыздар
«Ашу—алдында, ақыл—соңында». Кеше кешке ашу үстінде
тым артық кеткенін түсінбесін бе? Түсінді. Айтылған сөз—
атылған оқ. Ол енді орнына келмейтін жайт. Бес-алты жыл се­

рік болған әйелінің сыры өзіне мәлім. Ойланбай істемейді, бет­те­
генінен қайтпайды. Дегенмен қуып жетіп, тілдесіп қалу жөн.
Бәйгеде алдына қара салмаған, қуса жететін, қашса
құтылатын жүйрік тұлпарын батыр оңтүстік батысқа қарай

көсілтті. Бағыты мәлім, желмаяның да жүрісі суыт. Дегенмен
батыр оны тоғыз жолдың тоғысатын тұсында қуып жетіпті.
Осы жерде Қаракөз желмаясын тыныстатып бір төбенің үстінде
отыр екен.

Батырдың оны өзі жорыққа аттанған үш-төрт айдан бері
көріп тұрғаны осы. Өңі сәл жүдеулеу тартқанымен, тым ажар-
лы. Қарақаттай қара көзіне жас тамшысы үйірілгенімен, бай-
салды қалпын сақтап, ішкі сезім толқынын білдірмеуге бел

байлаған. «Неткен намыскерлік, өжеттік» деп ойлайды батыр.
Кеше істің ақ қарасына жетпей, орынсыз «жерден алып көрге
салғандай» әбестік жасағанына өкінеді.
Алғаш Қаракөзге көңіл білдіргенде не деп еді? «Уәде—Құ­

дай аты». Бұл уәде әлдеқалай бір ездің аузымен емес, ердің ау-
зымен, қазақ батырының аузымен берілді емес пе? Не болды?
Қой, мен әлі де болса ерлігімді танытайын деп түйді батыр.

—Мен сені қайткенде де қайтарып әкетейін деп келгенім

жоқ,—деді Қаракөзге, амандасқаннан кейін сабырмен ба­тыр.—
Көңіл күшке бағынбайды. Ашуға дес беріп, ағаттық жаса­ға­
ным рас. Өкпең сол ма? Әлде басқа ма? Тілдесіп қалайын,—деп
келдім.

Батырдың өзін құлай сүйетінін Қаракөз білетін. Сондық­тан
да оны өзге әйелдері жабыла күндесе де, кекету, өсектеу сияқ­
ты пәле-жаланың бәрін оған үйіп төксе де, Қаракөз елемей, тек
Түгелдің өзінің әділдігін, адамгершілігін, өзіне деген ілти­па­

тын бағалағандықтан бәріне көніп, төзіп жүре беретін еді.
Қаракөздің ата-тегі—батырлық пен бақ-дәулет қатар қон­
ған атақты адамдар. Нағашы атасы көріпкел ірі бақсы еді.
Табиғаттың ерекше қасиеттері дарыған сол нағашысы сияқты

Қаракөз де көріпкел, сәуегей, азаттық пен еркіндікті сүйетін
айрықша тұлға еді. Оны үш баласынан, атақты жұбайынан,
бес-алты жыл бауыр басқан ортасынан ажыратып әкетіп бара
жатқан тылсым күш бойындағы осындай қасиеттер болатын.

батырлар  туралы  аңыздар
Соңынан қуып келген Түгелді Қаракөз байсалды қалыппен
қарсы алыпты.
Қазіргі ұрпағына белгісіз бір төбешіктің басына отырып,

атақты батыр мен парасатты сұлудың аузымен айтылған
ұлағатты сөздері бірнеше ғасырдан кейін үрім-бұтағы қайта­лап
жүретін өнегеге айналатын бұлар қайдан білсін.

—Уәдеміз бойынша,—дейді Қаракөз жайлап қана,—

менің күңдігіме, тұтқындығыма жетіп жәбірлеген жағдайда
елімді табуға тиіс едім. Уәде бұзылды, мен кеттім. Мені ата-
бабаларымның аруағы шақырып тұр. Менің де туып-өскен
елім бар, жерім бар, туған-туысқандарым бар. Бәрі де жүрекке

қымбат, көзге ыстық. Түгел батыр оның осылай дейтінін сез­ген.
Қалмақ жеріне тұтқын болып барып, еріксіз тұрмыс құр­ған
қазақ қыздарының да талайы қашып, елін тапқан. Оларға елі
дән риза болып, құрмет көрсететін. Туған жеріне шын берілген

асыл перзенттер, міне, осылар. Ендеше қалмақтың бұл әрекетін
неге сөгеміз?

—Ал менде қалған перзенттеріңе жүрегің ауырмай ма?

Батырдың соңғы әрі салмақты сауалы осы болды.

—Ауырғанда қандай. Соларды өзіңе аманат етіп тапсы-

рып кетейін деп тостым ғой. Егер көріпкелдігім алдамаса, бұл
перзенттеріме даритын қасиеттерді айтайын.

—Аңқоймасым. Бұл есім оған тегін берілмеген, ол әрі аңшы,

саясаткер, еті тірі батырлау болмақ. Шуағым, күннің жайма
шуағындай рахатты тыныш өмір сүреді. Құт иесі болады. Ал
Таймасым.... Міне, сенің абыройыңды көтеретін, мақтанышы­
ңа айналатын ұлың сол болады. Менен ауысатын көріпкелдік,

емшілік қасиет соған қонады. Ол тіпті сасымаған өлікке жан
да салатын болуы мүмкін. Менің екінші елім болған қазақ
халқына, сол халықтың бір батыры—өзіңе сыйлап қалдырған
асылдарым осылар.

86. Итеке батыр

Итеке батыр бала кезінің өзінде-ақ ат құлағына ойнап,
құралайды көзге атқан мерген болыпты, күреспен аты шығып­
ты. Көздері танадай от шашып тұрады екен. Осыдан ба қаймы­
ғып, бетіне жан қарай алмайтын көрінеді. Итекенің аулы көбі­

тарихи  аңыздар
несе құм ішіндегі сексеуіл арасын, жаз Хан тауының бөктерін,
кей жылдары Балқаш жағалауын қыстайды екен.
Сол жолбарыспен кездесетін жылы шағын ауыл Балқашты

қыстапты. Бұл кездесу былай болған екен. Итекенің жақсы
көретін айғыры болыпты. Бір күні таңазанымен тұрып, аттарын
көруге қораға барса, айғыры жайрап жатыр. Сөйтсе, жолбарыс
жарып кетіпті. Ашуға мінген Итеке сол жерде биесін ерттеп,

қамшыдан басқа қару алмастан жолбарыстың ізіне түсіп берді.
Осының алдында қарпық қар жауып, күллі аңның ізі сайрап
жатса керек.
Итекең ауылдан біраз ұзап шығады. Аз жүрген соң алдын­

дағы ши түбінде бүктүсіп жатқан айбатты аңды көреді. Жол­
барыс та аттылы адамды көреді, бірақ орнынан қозғалмайды,
көз алмай жата береді. Итекең де жыртқыштан көз алмайды.
Ашу қысылған отты көздері ұшқын шашып, жақындай түседі.

Бұл жерде күш емес, көз аңдысады. Көзді құдірет тұтатын
жүрек­ті аңның жанары сола береді. Осы кезде Итекең жаны­нан
өтіп бара жатып, қамшымен басын ала салып өтеді. Жолба­рыс
мыңқ демейді. Қайта оралып, биесінен түсіп, жанына келіп

қара­са, аң атаулыны тітіренткен айбынды жолбарыс сол бүк
түскен қалпында жатыр. Бастан тиген қамшы жолбарыс­тың
бас сүйе­гін қақ айырып, миын шығарып жіберіпті. Білектей
боп қамшы ізі және қалған. Бұл Итекең батырдың көп ерлі­

гінің бірі екен. 87. Берден батыр

Жолбарыс, шошқа және басқа жыртқыш аңдар жаңа қонған
ауылдың мал-жанына шаба беріпті. Қалың жұрт жолбарыстар-
ды Үшарал жерінен Шу бойына қуып тастау үшін қамысты
өртеуге кіріседі.

Бір күні Алтаңатар ауылының Берден деген батыр жігіті
қамыс ішінде ұйықтап жатқан жолбарысқа тап боп қалады.
Қашып құтыла алмайтынына көзі жеткен ол жыртқышты тар-
па бас салады да, тізерлеп басып алқымынан алады. Балғадай

берік қол оның мойнын құрсаудай қатты қысқаны сонша,
жыртқыш аң аяқ серпе алмай өліп кетеді. Осы кезде қамыс
өртеп жүргендер Берденнің мұнысын көріп қалады.

батырлар  туралы  аңыздар

—Тәңірім-ау, мысық па десем, мынау жолбарыс па еді?—

депті сонда Берден таңырқаған болып.
Сол оқиға болған жер қазір «Берден батыр шабындығы» деп
аталады.

88. Нұрбай батыр

Нұрбай атан түйедей ірі кісі болыпты. Денесіне сай күші де
керемет болған көрінеді. Батыр атану үшін, дененің үлкендігі
мен күштің молдығы, әрине, аздық етеді. Ең бастысы, ерлік жа-
сайтындай жүректі болу—шарт.

Өмірдеректеріне қарағанда, Нұрбай бабамыз ол жағынан
да айтулы екен. Ол ата-бабалар өнегесімен жастайынан ерлік
дәстүрлерге сай тәрбиеленген. Ол кезде он үште садақ тартуға
жараған ұл жорық атын баптай бастайтын болған.

Нұрбай батыр тік денелі, қимылына көз ілеспес, шапшаң кісі
екен. Жекпе-жекте, бір-біріне найза шаншып, қылыштасқан
шабуылда ол көз ілеспес шапшаңдықпен оңнан солға, солдан
оңға ер үстінен ат бауырына түсіп, дөңгелене айналады екен.

Нұрбайдың осы қимылына найзасын кімге түйрерін, қылы­шын
кімге сілтерін білмей, аузы аңқиып қалған қарсыласы жалт
бере қашады екен, қашпаса оп-оңай мерт болады.
Ол қазақ дәстүріне сәйкес бозбала шағынан жоңғар қал­

мақтарынан қазақ жерін қорғау жорықтарына қатысқан.
...Тобылдан ығысқан қалмақтар Еділ мен Жайыққа келіп,
Кіші жүз қазақтарына күн көрсетпейді. Есім хан жиырма мың
қолды басқарып, Жайыққа аттанады. Қазақ жауынгерлері

жоңғарларға қарсы аттанғанда осы сапта он жеті-он сегіз
жастағы Нұрбай да болған екен.
Ол кездегі заманның салты бойынша жалпы соғыс баста-
лардан бұрын екі жақтың батырлары үш кезек жекпе-жекке

шығарылады екен. Кейбір жекпе-жектер ол кезде ертеден қара
кешке дейін созылады екен.
Өкінішке орай, жекпе-жекте қазақтың екі батыры жеңіліс­
ке ұшырайды. Қазақ халқының болашағы бір қыл үстінде

тұрғанда, он сегіз жастағы ақбоз атқа мінген Нұрбай қалмаққа
топтан шыға шапқан.

тарихи  аңыздар
Сонда топтан шыға келген жас жігітті менсінбегендей қал­
мақ батыры:

—Алдымда тұрған жас бала,

Бола берме мас бала.
Үмітің болса жаныңнан,
Қарсыласпай, қаш, бала,—
деген екен. Нұрбай жұлып алғандай:

—Төгейін деп келемін,

Кәпір қалмақ, қаныңды.
Жіберуге келемін
Жеті тамұқ түбіне
Бір шыбындай жаныңды,—

дейді. Сөйтіп, шайқас басталып кетеді. Ойрат тайпасы кө­
семдерінің бірі Қоту-Қойсының інісі Барғай батыр Нұрбайды
маңдайынан шаншады. Ал қазақ батыры бұл жолы асқан
ерлік жасап, қалмақтың асқан мықтысы, құралайды көзге

атқан мергені Барғайды найзасымен өңменінен шаншып,
ту сыртынан шығарады. Қалмақ батыры сол жерде өледі де,
Нұрбай әрі қарай шайқаса береді. Есім хан анығын білмек бо-
лып:

—Нұрбай қай жерінен жараланды?—деп сұрайды. Хан­ның

қасында тұрған бір нөкері:

—Ол тұп-тура маңдайынан жаралы болды,—дейді. Сонда

Есім хан:

—Онда Құдай берген екен, даңқты батыр болайын деп

тұр екен»,—дейді. Бетке ұстаған батыры өлгесін қалмақтың
маңдайы тасқа тигендей болып, белі сынып, жалпы соғысқа
кірісіп кетеді. Жалпы алғанда қалмақтармен соғыс сексен үш
күнге созылды. Оның бір жарым айы жекпе-жекпен өтті. Бұл

сол кездегі соғыстың өзіндік ерекшелігі еді.
...Ұлы жорық нәтижесінде Еңсегей бойлы Ер Есім хан Ойрат
Одағын екі жүз жылдық соғыс тарихындағы ең ауыр жеңіліс­ке
ұшыратты. Есім ханның соққысының ауырлығы сондай—бір

байрақ астына ұйысып, үлкен күшке айналған Ойрат ұлысы
шылпара ыдырайды.

батырлар  туралы  аңыздар
Ел аузындағы әңгімеге қарағанда, Есім хан Нұрбайдың
соғыста көрсеткен ерлігіне өте риза болып, қол жайып бата­сын
береді. Хан жас жігітке ақсауыт, дуылға, алмас қылыш, алты

қанат ақ киіз үй сыйға тартады.
Қалмақтың Барғай деген батырымен болған жекпе-жек—
Нұрбайдың жас кезіндегі алғашқы ерлігі. Сол жағдайды еске
салатын:

«Қара қалмақ Барғайдың басын кесіп,
Бақ алған Нұрбай батыр он жетіде жекпе-жектен.
Ерлігі Үш алашқа мағлұм болып,
Ұранға аты шыққан сол себептен»,—деген

89. Шерубай батыр

Шерубай Биболдыұлы он жеті-он сегіз жасынан бастап туған
жерін қалмақ басқыншыларынан азат етуге қатысып, Отанын
қорғауға кіріседі. Ол бірде шаршап-шалдығып келе жатып, бір
ақбоз үйге тап болады. Ішінде жалғыз бойжеткен отыр екен. Ол

бөтен адамнан сескеніп қалады.

—Менен қорықпаңыз, зияным жоқ адаммын,—дейді оны

сезген Шерубай. Сөйтіп, шай қайнатылып, дастархан басында
отырады да, оның көзі кереге басына ілінген садаққа түседі. Ба-
тыр оны алып көреді де, 1-2 рет шіреніп созады. Мұның бәрін
қыз тойдан келген әке-шешесіне айтады. Үй иесі Шерубаймен

танысып, қонақ етіп, кетерінде сол садақты сыйға тартып, ат
мінгізеді. Сөйтсе, ол садақ қалмақтардан түскен олжа екен.
«Сол үшін де иесіз садақты үй иесі Шерубайдың тегін адам емес
екенін біліп, тарту еткен» дейді көнекөз қариялар.

90. Жалаңтөс батыр

Қазыбек бидің бес ұлының ортасында ерке өскен ақылды
қызы Манқан Жалаңтөсті ұнатады. Қалмақ еліне барған са-
парынан мінезіне қанық, батырды жақсы білетін Қазыбек
би қызының теңін тапқанына ризашылық білдіреді. Манқан

тарихи  аңыздар
Жалаңтөстен Бәйгел, Берістен, Белтей, Серке деген төрт ұл
көтереді.
Жалаңтөс Қанжығалы Бөгенбайды пір тұтқан. Баһадүрдің

қасында жүріп сан жорықтарға қатысқан. Атақты Бұланты
шайқасында көзге түскен. Жас батырларды тәрбиелеп, маңы­на
шоғырландыра білген.
Бір жылы Сарыарқаны емін-еркін билеп-төстеуді арман ет­­

кен қалың қалмақ Қарағанды төңірегін басып алуға күш жұм­
сай­ды. Жауға Түйте, Жарылғап, Керей Есей, Құлық Жалаң­төс,
Әлтеке Жидебай, Төлеңгіт Қасабай, Қожағұл Торақ, Тобық­ты
Байзақ бастаған батырлар қарсы шабуылға шығады.

Осы майдан төсінде Жалаңтөстің көзіне қалмақтың дәл
атқан жебесі қадалады. Батыр көзіндегі жебені өзі суырып ала-
ды. Бірақ соғысты тоқтатпайды. Қазақ қолы жеңіске жетеді.
Жалаңтөстің бір көзі шыққан өзенді жұрт бұдан былай «Соқыр

өзені» дейтін болған. 91. Көкбөрі Керней Жарылғап батыр

Байғозы бабамызға Жарылғап батыр жиен екен. Байғозы
бабамыздың бір әйелі Жарылғаптың нағашы апасы болса ке-
рек. Байғозы жауға тигенде, үндемей тұтқиылдан килігеді
екен. Жарылғап аюша ақырып, айдардан от шашырап, жы­

ланның құйрығындай жауға үрей сап, құбыжық болып кө­
рінеді екен. Сүңгіше қадалған көзінен жанып және жаудың
үрейін алады дейді. Кейбір дерекке жүгінсек, Жарылғап батыр
Байғозы батырдан кіші. Бір деректе былай делінеді: Жарыл­

ғап батыр Байғозының ауылына бара қалса, жеті жерден жер
ошақ қаздырып, Байғозы батыр құрт қайнатып жатыр екен
дейді.—Уа, байеке, жер ошақ күзетіп жүргеніңе жол болсын?
Ауылыңнан шөміш ұстайтын қатын шықпады ма?—депті.

Сонда Байғозы:

—Сен екеуімізге қатын-қалаш қайнатқан құрт ас болушы

ма еді,—депті. Сонда Жарылғап:

—Қыр астында қысық көз жау жатқанда алты малта ас

болған күндерді ұмытып маған не көрініпті. Қоржындас бо­
лармын,—деген екен.

батырлар  туралы  аңыздар
Хантауында мекендеген Усан Серен деген қалмақ қон­тай­
шысының шапқыншылары Арқадағы қазақ ауыл­да­рының
адамдарын байлап, малдарын айдап әкетіп маза бермепті. Со-

сын Байғозы мен Керней Жарылғап батырлар Көкшетаудағы
Абылайға барып жағдайды айтыпты.

—Усан Сереннің бергі жағында әскер жатыр. Оған тиісу үл­

кен соғысқа ұласады. Одан гөрі шағын қолмен Қонтайшысы­
ның ордасын қамап алайық. Соған қолды дұшпанның көзіне
түсір­мей Бетбақ шөл арқылы кім бастап барады?—дейді Абы-
лай хан.

—Көзге түсірмей мен бастап барамын,—дейді Байғозы батыр.

—Шөлдетпей мен бастап барамын,—дейді Жарылғап.

Абылай хан бес жүз кісілік қолмен Арқадан аттап өтті.
Әскері бірінің артынан бірі шұбырып, түнде жүріп, күндіз жа-
тады. Жарылғап батыр әскердің алдында барлаушы, Байғозы
батыр әскердің артында бақылаушы болып, қолды Хантауын-

да бейқам отырған қалмақ ордасының үстіне түсіріпті. Абылай
Қонтайшының үрейін ұшырып, қан төкпей айдап әкеткен адам-
дарын, малдарын қайырып, айыбына қызын алып, бұдан былай
бір-біріне тиіспеуге бітім жасап қайтады.

Байғозы батырдың жасы ұлғайған кезінде қалмақпен
тағы бір қырғын соғыс болады. Қазіргі Мыңбаев атындағы
кеңшарда «Сасық жартас» деп аталатын алаңқайда қалмақтар
мен қазақ жасақтарының бетпе-бет келген қырғын ұрысы

болғаны ел аузында сақталған аңыздардан белгілі. Бейқам
ауылды басынып, қалмақтар еркінсіп, ішке ене бастайды.
Бірақ Байғозы абдырамай, қолайлы сәтті күтіп, жасағын тау
ішіне жасырып, Жарылғапқа хабар жібереді. Тоқа Күшікбай

батыр науқастығы салдарынан бұл ұрысқа қатыса алмаған.
Қашан да томағалы бүркіттей сергек Жақаң жасағын бастап
уақытында жетеді.

—Батыр, қартайғанда еліңді жауға шаптыртып, жайбара­

қат отырғаның қалай?—дейді Жақаң.

—Сәт аусын, Жарылғабым! Қартайғанда саған бір кереме­

тім­ді көрсеткелі отырмын,—дейді Байғозы.
Сөйткенше болмай маңайды қара тұман басып, дүниені
көрсетпей жібереді. Сол-ақ екен, Жақаң айқайды басып, жауға
тиіп кеп береді. Шайқас сәтті аяқталып, қалмақ жасағы ой­

тарихи  аңыздар
сырай жеңіледі. Шажағай бойындағы сол қырғын болған жер
кү­ні бүгінге дейін «Сасық жартас» деп аталады.
Жақаң дүниеден озған кезде тұрғылас ағасы Байғозы ба­тыр:

«Жау айбарыңнан ығушы еді. Айбарлы арыстаным-ай!»—­деп
жылаған екен.
Өзінің көзсіз ерлігінің арқасында Қаракесектің ғана емес,
қазақтың Жарылғабы атанған.

92. Ораз туралы

Қарашық шаһарында Жүсіпәлі, Зорасыбан деген ағайынды
екі адам Түркістан маңайында болды дейді. Зорасыбаннан
Абылайдың шешесі туады. Жүсіпәліден Ораз туады.
Абылай еліне «хан сайламадың» деп өкпелеп астына көк

тұлпар ат мініп, елінен қашып шығып кетеді. Артынан бара­тын
адам болмай жалғыз кеткен соң, Абылайдың шешесі төр­кіні
Оразға барып: «Қыздан туғаныңа қиығы жоқ, Абылай қыз­дан
туса, сен ұлдан тудың. Қасына ешкім ермеді, артынан да еш­кім

бармады. Сен барып алып кел!»—деп Оразды жібереді.
Ораз Абылай мінген көк тұлпар аттың қарындасы көк тұл­
пар биемен қуып, елдің шетіне шыққан соң қуып жетіп Абы-
лайды «елге қайт» дейді. Абылай:

—Мен елден шықпауым керек еді, елге барудың лайығы

жоқ, бармаймын!—деп бетінен қайтпайды. Ораз:

—Мен сені алып қайтуым керек еді, сен қайтпасаң, мен де

қайтпаймын»,—деп бірге еріп кетеді.
Содан Бұқар, Тәшкенді аралап бір-екі жыл өткен соң, Ұлы
жүзге келіп жеткен уақыттарында бір үлкен асқа кез келіп,
«әрбір ру бөлек отырыңдар» деп даяғашы айғай салған уақыт­

та болар, қазақ жөнін білмей бір адамнан сұрайды. Ол адам бұ­
лар­ға түсіндіріп, «әрбір руға жол-жол береді» дегенді айтқан
соң, бұл екеуі бөлек отырады. Сол уақытта қазақтың бір ақыны
жағалап өлең айтып, отырған екі адамға келіп аты-жөнін сұ­рап,

мақтап өлең айтқан. Берейін десе, пұлы жоқ, үстерінде бере­тін
бүтін киімі де жоқ. Басқадан ат алғаннан ат, пұл алғаннан пұл,
киім алғаннан киім алып келгенін Абылай көріп отыр. Енді
Абылай­ға жұрт қатарынан қалу үлкен ар болды да, астындағы

атын бермек болды. Ораз тұрып:

батырлар  туралы  аңыздар

—Ат берген дұрыс болмас, екеуара қалса да, белді ат қал­сын,

менің мына биемді бер»—дейді. Абылай:

—Жоқ, нағашы, бие болса да сіздің астыңыздағы атты беру

лайық емес,—деп болмады. Өзінің астындағы атын ақынға
беріп, екеуара бір биемен Ұлы жүзге келген. Ел аузында: «Абы-
лай Ораз ауылынан көк байталға мінгесіп келген» деген сөз­дің
себебі осыдан қалған.

Төре тұқымдары Ораз ауылын «Бабам ауылы» деп, Оразға
Көкшетаудың ық жағынан Бурабайға он екі шақырым жерден
қоныс берген. Сұлтанғазы төре келгенде, «бабамның зираты»
деп, Ораздың тамына келгенде, қоңырауының тілін байлап,

жаяу өткенін сол күнгі ақсақалдар тегіс айтады. Басқа төре
тұқымдары да «бабамның зираты» деп жаяу барады екен.

93. Елшібек батыр туралы

Бірде қалмақтар бір үңгірге бекініп алыпты. Үңгірдің ау-
зында сол уақытта атақты қорама қара қаруымен (қалмақтар
онымен Ертіс асырып сайғақ атқан) мерген отырып алып-
ты. Бірнеше батырдың өлімінен кейін ешкімнің баруға дәті

бар­майды. Осы сәтте Сіргелі Елшібек батыр құлагер атымен
қалмақ­қа қарай жорғалап жөнеледі. Арттағылар: «Бұл да өлді-
ау!» деп тұрады. Елшібек оған жақын келеді де, атой салады.
Қалмақ білтесін тұтады, мылтық атылмай қалады. Екінші рет

дайындап үлгергенше, батыр шауып тастайды.
Кейін одан неліктен жорғалатып барғанын сұрағанда, ол:
«Қалмақ менің атымды алғысы келді, сондықтан менің жақын
келуімді күтті, ал мен оған жеткенше мылтыққа үлкен күйік

жиналып, артынан атылмай қалатынын білдім»,—деп жа­
уап береді. Осыдан кейін қырғыздардың арасында «Қорым
білтесінің күйігі» деген сөз қалды.

94. Томаш батыр туралы

Орта жүз қырғыздары (қазақтары) қара қырғыздарды ша-
бады. Қырғыздар мұны біліп қойып, соғысқа дайын отырады.
Қайсақтар (қазақтар) қашады, жау оларды Ілеге дейін қуып

тарихи  аңыздар
келеді. Қазақтар өзенді жалдап өтеді. Қырғыз Теміржан ба-
тыр шайқастың қызығына беріліп, аз әскерімен Іленің арғы
бетіндегі қырғыз жеріне өтіп кетеді. Сонда Қанжығалы То-

маш батыр манаптың шағын әскермен шығандап кеткенін
байқап кері бұрылып, найзасын бар күшімен аттың кеудесіне
қадағанда, ат шоқиып отырып қалады. Манап тез аттан түсіп,
Сіргелі Жаулыбай батырға ұмтылады. Қанжығалы Есет до-

сына төнген қауіпті көріп, найзасын сілтейді, манап жер-
ге құлайды. Томаш батыр аласа бойлы, бірақ үлкен жүректі
адам болған. Ол аққуды ілген сұңқар тәрізді манаптың үстіне
мініп қарнын жарады. Батырдың жалаңаш ақ тәні ақ сазан-

дай далада қала берді (Манап деп қара қырғыздардың ру басын
атайды). Теміржан денелі және көрікті аққұба жігіт болған.
Қырғыздар манаптарының өлімін көріп, қатты өшігіп, қуғын
салады. Аттан түсіп атпақ болған Сіргелі Жаулыбай батыр,

артынан қырғыз (қазақ) Үсен батыр мен Алтай, Байғозы ба-
тырлар тұтқынға алынады. Жеребе тастап, Байғозы батыр
манаптың өлімі үшін құрбандыққа шалынатын болады. Одан
«батырды кім өлтірді» деп сұрағанда, «ешкімді айтпаймын»

деп жауап берген.
Оны жүзін шығысқа қаратып отырғызып, қырық қадам са-
нап, ұзын мылтықты қара қырғыз қаруын жайлап кезенеді.
Байғозы кейіннен: «Басымды мықтап таңып, мылтықтың

атылуын күтіп отырдым, қасыма қаза болған қырғыздың бауы­
ры келгенін байқамай қалдым. Ол маған: «Менің ағам шейіт
болды, мен қан төккім келмейді, сен, қазақ, боссың!»—деді.
Мен орнымнан тұра алмадым, қаным тоқтап, өн бойымды тер

басып кетті»,—деп баяндайды. Ол Абылайдың тұтқынын­
дағы Теміржанның бір бауырына айырбасталады. Ал Жаулы-
бай «құн төлеймін» деген уәдемен босайды. Оған тұтқындағы
қырғыз Үсен кепіл болады. Ол қой бағып жүріп, сәті түскенде

қашып кетеді. 95. Қанжығалы Айтбай батыр мен Қаракерей

Әлдебек батыр
Абылай хан Қасым (Абылайдың қалмақ қызы әйелінен
туған) деген баласын орнына хан сайлаймын деп Орта жүз­дің

батырлар  туралы  аңыздар
беделді билері мен батырларын ордасына жинайды. Сол жиын­
ға Қанжығалы Айтбай батыр, Қаракерей Алдабек, Тәттім­бек
батырлар үш күн кешігіп келіпті. Сонда шалқасынан менмен­

сіп жатқан Қасым Айтбай мен Алдабек батырға қарап:

—Мына келген қос соқыр кім?—депті (Батырлардың жау-

мен шайқасып жүргенде көз алдарына түскен тыртық болса ке-
рек). Сонда найман ішінде қаракерей Соқыр Абыздың баласы
Алдабек батыр:

—Менің атым—Алдабек,

Айтар сөзім алда көп.
Жан-жағыңа қарашы,
Хан жалғыз, қараша көп.
Хан сайласа, Қасым-ау!

Орта жүздің ішінде
Сендей-сендей бала көп.
Шалқаңнан сен жатасың,
Көтерместен басыңды.

Әкең Абылай шақырды,
Хан сайла деп Қасымды.
Ал сайламаймын Қасымды,
Ол болмай жатып,

Ел қорғаны ерлерді басынды,
Әділ болып елді ұстай ма,
Көк долы адам ашулы.
Сонда әбден ашуына тиген Қасым:

—Саған садақтың бір оғы жалынсын,—дейді. Алдабек ба­

тыр­дың сөзінің соңын күтіп тұрған Қанжығалы Айтбай ба-
тыр:

—Өй, не дейсің бұл соқырға,

Соқыр білмей сөйлеп отыр ма?
Сөйлемей қалай отырамыз,
Үлкен жиын топырда.
Нағашың—қалмақ, атаң—сарт,

Ойбай, бәләм, құтырма!
Сонда Қасым:

тарихи  аңыздар

—Басына темір киген мына таз кім?—деп Айтбай батырды

сілтеп сұрағанда, Айтбай тағы да:

—Руым қанжығалы болғанда,

Әткелтірдің басы—
Айтбай деген батырмын.
Өз бетіммен келгем жоқ,
Хан сайла деп шақырдың.

Ел қыдырып жүргем жоқ,
Сайлауға келіп жатырмын.
Ел басшысы батырға
Болмай жатып сен ақырдың.

Жылқысын алып бес рет,
Қамалын бұзып неше рет,
Қалмаққа тізе батырдым.
Сен кегін іздеп алғың келді ме

Нағашың қалмақ кәпірдің?
Сонда Қасым:

—Бір жерде бір емес, екі рет сөктің. Садағымды әпер!—деп

бұлқынғанда, Айтбай батыр:

—Біз үйде отырып төбелесетін қатын емеспіз, шық далаға

жекпе-жекке!—дейді.
Сөйтіп, батырлар тұлпарларына мініп, желіктірме желіс­
пен тұлпарларының бүйірлерін қыздырып, Орданың шаңы­
рағы­нан жылқының қу тезегін найзаның ұшымен қардай бо-

ратады. Белдеуде байлаулы тұрған Қасымның тұлпарының
үстінен әрі-бері қарғып өтіп, қан майданға қаһарланған батыр-
ларды Абылай хан әзер тоқтатып:

—Уа, Айтбайым, не айтасың?—дейді. Сонда Айтбай:

—Уа! Абылай!

Сен Орта жүзге келген соң,
Жұлдызың туған оңыңнан.
Түйе баққан жаяулап,
Арылдың қалың сорыңнан.

Көкбесті тұлпар мінгенсің
Жәнібек ханның тобынан.

батырлар  туралы  аңыздар
Қалмақты шауып бақ таптың,
Алғашқы барған жолыңнан.
Сегіз құлаш қорғанның,

Ар жағына түстің жарқ етіп,
Қалмақтың жайған торынан.
Көк бесті тұлпар күшімен,
Көк найзаның ұшымен,

Қақпада тұрған көп қалмақ
Қырғын тауып ол қашты.
Қайратыңның молынан
Қамалды бұзған батыр деп,

«Абылай» сонда атандың.
Риза болып ісіңе,
Қаһармандық күшіңе,
Жәнібек хан атамыз

Хандығын берген қолынан.
Бақытың зор адамсың,
Артық туған талантты.
Сайламаймын хан қылып

Қасым деген балаңды.
Хан болғанмен, айырмас
Жақсы менен жаманды.
Айырып төре бере алмас,

Адал менен арамды.
Содан кейін Абылай:

—Алдабегім, сен не дейсің?—деді. Алдабек:

—Хан соқыр болса, халқы қор болады,

Қара адам соқыр болса, тәубесі зор болады.
Кіші пейілді, рақымды әкім қойсаң,
Халқына әділшілігі мол болады.
Тәкаппар, кесір адамнан әкім қойсаң,

Халқына бірде ажал, бірде сор болады,—
деп, тәкаппар Қасым қалып, Абылайдың орнына Шоқанның
бабасы Уәлиді хан сайлаған екен.

тарихи  аңыздар 96. Әйгілі Баян батыр туралы

Қашқан торғауыттарды қудалау «Тылдағы жорық» деген
атпен белгілі. Бұл жорықта халық сансыз көп болды, басқа
батырлардың наразылығына қарамастан, хан тұрған орны-
нан қозғалмай, батыр Баянды күтті. Ақыры ол бес жүз қырық

жасағымен келді де, ханның алдына тұрды:

—Қайда? Не бұйырасың? Барлығын орындаймын. Хан

халыққа бұрылып былай деді:

—Міне, менің Баянды күткен себебім осы. Дәл осы уақытта

бір күндік жерде бес жүз жасағымен қарауылда тұрған Қанжы­
ғалы Жантай батыр қалмақтардың қолынан қаза табады. Бұл
оқиға былай болған: Жантайдың бауыры Үйсінбай жер шо-
лып жүріп қалмақтардан үш түйе алады, қайтып оралғанда,

інісі Арқандар батыр сауға сұрайды. Үйсінбай батыр оған:
«Қалмақтарда түйе көп, қажет болса қолың бар, ауруың жоқ,
өзің барып ал!»—дейді. Бұл ауыр сөздерге қатты намыстанған
Арқандар батыр ағасына өзінің ержүректігін дәлелдеу үшін

жеті жолдасын, атақты Қонайды (Қоянкөздің ұлы) ертіп,
қалмақтарды шауып, тоғыз түйе олжалайды. Арқандар батыр
жеті жолдасына түйелерді айдатып жіберіп, өзі қуғыншы­
лар­дың жолын торып тоқтатып, болмаса басқа жаққа алдап

әкетпекші болып, артта қалады.
Алғашында жолдастары оның өкшелей келген жауды ал-
дап әкеткенін көреді, сосын ол қоршауда қалғандай болады.
Тауға шығып жан-жақтан қоршаған жаудың ортасында қаза

тапқан Арқандар жатқанын анық көреді. Жантай батыр өзінің
сүйікті бауырының өлімін естігенде, «не өлемін, не сендердің
қандарыңды ішемін!» деп ант берген. Аттарды алғызып, бес
жүз адамнан құрылған жасақты ертіп қалмақтардың қолына

араласады, олар он мың болады. Өлімге бас тіккен қырғыз­
дар (қазақтар) кескілескен ұрыс жүргізді. Қарны жарылған
Үйсінбай ішек қарнын киімінің етегіне салып жүріп шайқа­сып,
«Жантай батыр, айтшы, жарылған қарынмен өмір сүруге бола

ма?»—деп сұрапты. Барлығы қаза тауып, Жантай мен сегіз адам
және ұлы Тоқыш қалады. Жантай аттан түсіп, тізгінін ұлына
береді де: «Үйге қайт, сен аман қалмасаң, мен үшін кек алатын
адам болмайды»,—деп жан тапсырады. Абылай Жантайдың

батырлар  туралы  аңыздар
қазасын естігенде: «Қайрауға көнбеген қара болатым-ай!» деп
жылаған.
Барлық әскер Ілеге шоғырланып, қалмақтар келгенше бар­

лық өткелді қоршап алады.
Қалмақтар тоқтап, жеті адам елші жібереді. Олардың бас-
шысы қазандай, түлкі тымақ киген ұзын бойлы қара қалмақ
жақын келеді, сәлем беріп:

—Алла жар! Мені Ұса мен Серен жіберді, қазақ пен қалмақ

бауыр, солай болып қала берейік, ақ үйді тартуға алыңыздар,
сонымен татуласайық!—дейді. Хан:

—Жүре бер!—дейді де, батырларын жиып, кеңес қылады:

—Ақ үйін алайық, үміттендіріп, сосын шабамыз. Баян:

—Жоқ! Ақ үйін алмаңыз, алдауға тырыспаңыз, Ұса мен Се-

рен жоғарғы және төменгі Қытайды да алдаған, сені де алдап
соғады,—дейді.
Хан екі рет қайталады, ол да екі рет айтты. Бірақ хан өз
дегенінде қалды.

Қалмақтар көш жерде (сегіз немесе тоғыз шақырым) тұр­
ды. Екі күн күтті, қалмақтар да жоқ, ақ үй де жоқ, кейіннен
олардың кеткенін бір-ақ білді. Баян жанына мың адам алып,
қуғынға шығады, оларды Қытайға енгенде қуып жетіп, қырық

сажын ғана үлгермеді. Қайтар жолда қалмақтар өлік таста­ған
суды ішіп, қаратышқақпен ауырып, бәрі қаза табады. Әйгілі ба-
тыр Баян осылай дүниеден өтті.

97. [Сеңкібайдың «Ақиық сұңқар» атануы]

Сеңкібайдың жас шағында Мойнақ би атасының қолында
шәкірт боп жүрген кезі екен.
Бірде алыстан Алтай жағы мен Қаракесектің екі адамы
Мойнақ биге даумен келіпті. Әңгіме әліптеріне қарағанда,

Алтай жағының адамының ісінде шикілік бар екенін Сеңкі­
бай бірден аңғарып қалады. Жаңағы кісілерді билік тыңдауға
кіргізер алдында ол киіз үйдің есігін ашып тұрып:

—Жақсы, ата! деп Мойнекеңді өзіне қаратып алып, оң қо­лын

кеудесіне басып шығып кетіпті. Ол есікті жапқан соң Мойне­кең
сәл күлімдеп:

тарихи  аңыздар

—Әлгі Боқ тентек не деп кетті?—деп қасыңда отырған ауыл

ақсақалдарынан сұрайды.
Олар ешнәрсе сезіп, білмегендерін айтады. Сонда Мойнекең:

—Қарнына тартпағанның қары сынар,—деп кетті емес

пе? Дәуде болса Алтайдан келген кісінің дауы анаған текке
жабысқан жала шығар,—деп өз байламын айтқан екен.
Ол кезде жесір дауы, жер дауы үзіліп көрмеген ғой. Оның
ақыры барымтаға дейін ушығып, елдің береке-бірілігіне,

жұрттың
тыныштығына
кесірін
тигізіп,

сүттей
ұйыған
ағайынды алакөздікке дейін жеткізген. Осындай дүрбелеңі
үлкен бір даушарға бітім айтуға ел Мойнақты шақырады.

Жасы келіп қалған, әрі сырқаттанып жатқан би Сеңкібайды
шақырып алып: «Бұл жолғы егесті шешуге сен барасың. Ал сөз
реті, дауласушылардың іс-әрекеттеріне қарай мынаны айт, ана-
ны істе!»—деп бұрынғыша тағы да тапсырмалар береді.

Сеңкібай ол кезде он бес жаста екен. Ол билік айтуға атта-
нарда есік алдына жете беріп, Мойнекеңе бұрылып, тымағын
қолына алып, екі қолын қусырып тұрып:

—Жақсы, ата, сауға! Сізге бір сөз айтуға рұқсат па?—дейді.

Мойнекең табиғатында түсі суық, ызбарлы адам болған. Ол
Сеңкібайға тесіле қарап:

—Айт тілегіңді!—депті.

Сонда Сеңкібай:

—Жақсы ата, сіз маған дау-шарды шешеріңде «олай де, бұ­

лай істе» деп тапсырма беріп жатырсыз. Солай үйреткендеріңіз­ді
сөздің реті келсе айтайын ба, жоқ болмаса, «Жақсы атам пәлен
деп еді, түген деп еді» деген оймен бопсалай берейін бе?—дейді.
Атасы оған жалт қарайды да, сұсты пішінмен:

—Боқ, шіркін, бара ғой; бара бер енді,—деп төмен қараған

бетінше үнсіз қалады.
Сеңкібай «Жақсы атасына» ізет көрсетіп, тағзым етеді де,
жөнеп береді...
Осыдан былай атқа Мойнақ би орнына Сеңкібай мінеді. Ол

ел арасына іріткі салатын қандай да бір шиеленіскен, ушық­
қан істердің шешімін «Жақсы атасынан» кем таппайтын, әділ
қазылығына екі жақ та риза болатын дуалы ауыз би атанады.
Одан кейін біраз жылдар өтеді. Ел-жұртына сыйлы бо-

лып, «Ожаң» атанған оның орта жастан асқан шағы екен. Бұл
Абылай ханның қалың жасағымен бірге болып, жоңғар бас­

батырлар  туралы  аңыздар
қыншыларына қарсы жойқын шайқасқа қатысқан оның үл­
кен баласы Сеңкібай өз жеріне жеңіспен оралып, отау көтеріп,
меншік алған кез болса керек. Он үш жыл—бір мүшелде

табиғат құбылысы өзгеріп тұратындай, Арқада тағы бір қатты
қыс қайталанады. Енді әкесінің ақылымен сыр бойына жыл­қы
қыстатуға Сеңкібай өзі бас болып аттанады.
Әлгі елге «Оразғұл деген байдың қалың жылқысы келе

жатыр» деген хабар лезде тарайды. Бұл сөзді баяғыда қарыз
серкештің құны үшін Ожаң шекпенін шешіп берген адам да
естиді. Ол сол кезде дәулет құрап, балалы-шағалы болған
бір ауылдың ақсақалы атанған екен. «Сеңкібайлар ауылға

жақындап келіп қоныпты» деген хабарды құлағы шалған
жаңағы кісі жылқышылар қосын әдейі іздеп келіп, амандық-
саулық айтысқаннан кейін:

—Сіздің елде сенің әкеңнен басқа Оразғұл бар ма?—деп

Сеңкібайдан сөз тартады.
Сеңкібай оған өз төңірегінде әкесінен басқа Оразғұл деген
есімді адамның жоқ екенін айтады.

—Олай болса осы бет алып келіп, қос көтерген аймақ—менің

мекенім. Қыстай жылқыларың осы жердегі кең жайылымда
жайылып жата берсін. Оған ақы да сұрамаймын. Тек көктем
шыға еліңе қайтар шағыңда маған жолыға кет,—деп жаңағы
кісі Сеңкібайға қатты тапсырады.

Жылқы қыстан күйлі шығып, биенің алды құлындай
қайтысуға соғыпты. Ақсақалдар оны құшақ жая қарсы алып,
қонақ етіп, сый-құрмет көрсетеді. Жайғаса отырып, дәм-әңгі­ме
үстіңде ол:

—Біз осы өңірге ертеден мекендеген ел екенбіз. Әкеңнің

таршылықта маған жасаған естен кетпес адамгершілік
қарызы бар еді. «Тағдыр сол Оразғұлмен бір кездестірсе»
деп армандаушы едім. Міне, бүгін Алла жазып сол тілегім
орындалып, тұңғышы сенімен кез болдым,—деп сонау

бір жоқшылық ар­қа­ға батқан кедей кездегі уақиғаны еске
түсіреді.
Содан кейін әлденеге жан сезімі толқып кеткен ақсақал бой-
жеткен бір қызын шақырып алып:

—Ең жақын көрген досына қыз беріп, қыз алысқан еліміз­

дің ертеден қалыптасқан ата дәстүр-салты бар. Мына баламды
сенімен бірге аттандырғалы отырмын. Әкеңе апарып қос. Ел

тарихи  аңыздар
сыйлаған Ожаңның аяғында жатса да, қор бола қоймас,—деп
көзіне жас іркеді.
Сеңкібай ертеңінде қасындағы досын жылқыға шаптырып,

құйрық-жалы сүзілген бір үйірлі кілең қарагер жылқыларды
алдырып, қыздың «қарғыбауы» ретінде ақсақалға ұсынады.
Сөйтіп, төрт аяғынан тең жорға ақбоз атқа қызды мінгізіп, елі­
не бет түзейді.

Тарихи шежіреде айтылғандай, 1726 жылы Бөгенбай ба-
тыр он мың қолмен Алакөл шайқасына бара жатқанда жолшы­
бай Қарқаралының жарлы өзенінің бойына тоқтап, жасағын
демалдырып, жүздіктерге, мыңдықтарға бөліп, әртүрлі ұрыс

тәсілдерімен жаттығулар жүргізеді. Ол сол шақта Қожас
батырдың ауылы жайлауда отыр дегенді естіп, «әкесінің до-
сына сәлем берейін және бата алайын» деп арнайы іздеп ба-
рады. Оның келгеніне өте разы болып, үлкен қошаметпен

қарсы алады. Қожас әулеті бай баласы Оразғұлға бірнеше ар-
найы үй тіктіріп, Бөгенбай батырға ерекше сый көрсетеді.
Әсіресе, Ожаңның үлкен баласы Сеңкібай қонақты күтуде өте
бір ілтипат, тапқырлық көрсетеді. Бөгенбай жас Сеңкібайдың

ақылдылығына шексіз риза болады.
Қожас осы жолы Бөгенбай батырға шөбересі Сеңкібайдан
зор үміт күтетінін айтады. Сеңкібай қарт атасының тәрбие­
сінде болып, жас күнінен садақ тартып, найзаласуға, жек­

пе-жекке шығуға машықтанады. Сөйтіп, ат құлағында ой-
нап өседі. Он бес жасында ауыл арасындағы, ағайын ішіндегі
реніш-қуаныштарына ортақ болып, даулы мәселелерге билік
айта бастайды. Сеңкібайдың әділдігі, ақыл-парасаты жас

кезінен дараланып, ел көзіне түседі. Бөгенбай батыр жорыққа
аттанар алдында Сеңкібайдың түр-тұлғасына, жүріс-тұрысы­
на қызығып, оны өзімен бірге ала кетеді. Бұл кезде Бөген­бай
қырық бес жаста болса, Сеңкібай он жеті жаста екен.

Қазақтың сайын даласында шапқыншылық тоқтамаған
кез. 1725 жылғы Алакөл шайқасы, 1728 жылғы Шұбартеңіз
жағасындағы және Балқаш көлінің оңтүстік өңіріндегі қыр­ғын
соғыстар қазақ қолының жеңісімен аяқталып отырған. Орта

жүзден жиналған қалың әскерге басшы болған Бөгенбай батыр
Бұланты мен Бөленті өзендерінің жағасында қалмақтарды ой­
сырата жеңеді. Нұра даласындағы жоңғарларға қарсы бұл со­
ғыста жиырма жасар Сеңкібай Қонтайшының немересі Әмір­

батырлар  туралы  аңыздар сана басқаруындағы он мыңдық қолмен жекпе-жек шыққан ноян Қоренге бетпе-бет келеді. Жас Сеңкібай астындағы «Көк­ дауыл» атанған атын ойнақтатып, оған қарсы шабады. Ноян Қорен онымен жас шамасы қатарлас болғанымен ірі денелі, қара дәу, атандай жуан, білектей ұзын айдарлы, қабағынан қар жауған сұсты еді. Ол: «Ал, қазақ батыры, арманда кетерсің, алғашқы кезекті сен ал!»—деп айғай салады. «Көкдауылға» қамшы басқан Сеңкібай аттың еті қызды-ау деген шақта сол қолында найзасы, оң қолында Қожас атасы­ның жеті бүктемелі ақ семсері жарқылдап, құйғытқан беті жау­ға жақындай береді. Қалмақ батыры болса одан аса қауіптен­­бей күпірлене, менсініңкіремей, жайбарақаттау тұрады. Сең­кі­ бай атын ағызған бетте сол қолындағы емен сапты найза­сын ноян Қоренге кезене беріп, ақ семсерін жаудың мойын тұсы­ нан сілтеп қалады. Тегеурінді күшпен сілтеген ақ семсер жау батыры­ның мойнын қиып, басын жерге домалатып түсіреді. Жеңіске жігерленген қазақ қолы «Ақжолдап» ұрандап, жауға қарсы өрлене шайқасады. Осы жолы Бөгенбай, Малайсары, Қой­кел­ді жауды оңтүстік-шығысқа қарай ығыстыра қуады. Сөйтіп, жас батыр Сеңкібай бұл жеңіске осылайша жол ашады. Сеңкібай сынды жас батырын айбынды Абылай хан «ақиық сұңқарым» деген екен. Мұның мәнісі былай: ...Түн ортасы ауа Абылай қалғып кеткен екен. «Аттан! Аттан! Жау келіп қалды!» деген үрейлі дауыстан ол атып тұрады. Есік алдына көлденеңдей тартқан атқа қарғып мінеді де: «Баян батыр, өз мыңдығыңмен жауға қарсы аттан, Сеңкібай, сен жасағыңмен орданы қауіпсіз жерге орналастыр. Ордаға ие болу сенің міндетің»,—деп атына қамшы басады. Айсыз қараңғы түн. Нөсерлетіп құйған жауын, аттанда­ған үрейлі үн. Қапылыста тиген жау қолының қанша екенін бол­ жап білер емес, жан-жақтың бәрі айқай-шу. Кім жау, кім өзім­ дікі екенін ажырату қиын. Толассыз құйған нөсерден қалың қамыс арасы аздап дегділеу болғанымен, оның айналасы ми­ бат­пақ. Аузы тұмшалаған, қом салынған түйелер тайғанақтап жүре алмайды. Сеңкібай жасағы қарсы келіп қалған он шақты жауды шаншып тастап, Абылайдың: «Орданы өзеннің батыс жағына көшір!»—деген тапсырмасына кіріседі. Бірақ ол жақ сор батпақты және ашық алаңқай болатын.

тарихи  аңыздар
Қаптаған жаудың ұрандаған дауысы құлақ жарады. Қалың
қамыс ішінен жол тауып болар емес.
Сеңкібай Орданы алып шығудың лажын келтіре алмай қат­

ты сасады. Әбден қысылған ол атынан қарғып түсіп, құбылаға
қарап қол жайып: «Иә, аруақ, Алаш бабам, Қарқабат анам жар
бола гөр! Қырық Шілтен әулие өзің қолда!»—деп бетін сипай
бергенде, көз алдына саңқылдаған бүркіт елестейді. Ол «Иә,

аруақ!» деп атына қарғып мініп, жасағына «Орданы осылай
қарай тартыңдар!» деп өзі бастап қалың қамыс ішіне сұғына
кіреді. Бүркіт үні қалай естілсе, солай қарай жүреді. Әйтеуір,
өлдім-талдым дегенде таң да атып, жан-жағы қалың қамыс­

пен, өткелсіз жалпақ сумен қоршалған үлкен алаңнан бір-ақ
шығады. Сеңкібай жасағымен Абылай және Баян қолын іздеп
кетеді. Кешегі батырлар кеңесіндегі шешімдері сәтті болып,
жауды қапылыста қансырата тас-талқан етіп жеңіп шығады

олар.
Абылай түнгі ұрыс қорытындысын шығарып, Сеңкібайдың
Орданы қауіпсіз жерге орналастырғанына ризалық білдіреді.
Орда ішіндегі адамдар Сеңкібайдың тапқырлығына, қараңғы­да

жол тапқанына бүркіт үнінің саңқылдағанын өздері де есті­ге­
ніне алғыс сезімдерін білдірді. Бұл тосын жағдайды білген Абы-
лай: «Иә, Сеңкібай, онда сен айсыз түнде, нөсерлі жаң­бырда
қалың қамыс ішінде адаспай жүретін түнде ұшатын Алтай­дың

ақ сұңқары болдың ғой. Бұдан былай сені «Ақиық сұңқар»
деп атайық!»—депті. Содан былай Сеңкібай Ақиық қыран,
көріпкелі бар киелі батыр атанып кетеді.

98. [Боранбай батыр]

Боранбай батырдың бір ересен ерлігі Доланқара тауының
етегінде өткен қырғын соғыста көрінеді. Жекпе-жекте
жаудың бас батырын мерт қылып, қара құрымдай қаптай лап
қойғалы тұрған жоңғар әскерінің бетін қайтарып, өзі бастаған

жасаққа жол ашады. Жау шегініп тым-тырақай қашады. Бо-
ранбай батыр өзіне сеніп тапсырған туды берік ұстап, батыр
жігіттерімен ілгері ұмтылып, жоңғарларды өкшелей қуып
тастайды.

батырлар  туралы  аңыздар
Батырдың осы батыл қимылына, ерекше ерлігіне дән риза
болған Қабанбай қолбасшы оған жаудан қолға түскен олжа—
Қарашаш деген сұлу қызды сыйлайды. Қарашаш—қалмақтың

бас батыры Долан Қореннің қызы екен. Өзі келбетті, өзі ақылды
Қарашаш Боранбай батырды сүйіп қалады. Қабанбай батыр­дың
қоластындағы ел-жұрт, сарбаздар жиылып, Доланқара тауы­
ның кең шатқалында жеңіс тойына қоса, Боранбай мен Қара­

шаш­тың үйлену тойын өткізеді. Содан былай қарай халық ат
бәй­ге­сі өткен, көкпар тартқан, қыз қуу салтын өткізген жа­
зықты «Тойқылған», отқа май құйып, неке қиылған шатқалды
«Майлы шат» атап кетеді.

Сол Қарашаштың би баба өзге әйелдерінен ерекше сыйлап,
құрметтеп өткен. Себебі Қарашаштың сымбатты сұлулығымен
бірге би бабаға лайықты ақыл, парасаты, ізеті, өнегелі мінез-
қылықтары сай бопты дейді. Халық арасында мынадай аңыз

сақталған.
Ертеде Мырзас елінің тойдан келе жатқан бір топ адамы Бо-
ранбай бидің зиратына бұрылып, аттарынан түсіп дұға оқиды.
Дұғадан кейін бәрі орындарынан тұрып былай шыға бергенде,

біреу: «Би бабамның қасында өзге әйелдерінен тек Қара­шаш
қана жатыр екен»,—дейді. Сонда Тілеуберді деген: «Тәйт,
қасиетті би бабамыздың жанында қалмақ жатыр деген не
сұмдық! Оны алып тастау керек» деп қалады. Басқа кісілер оған

«Қой, олай деме, Қарашаш би бабамыздың нақ сүйері, бәріміз­
дің анамыз»,—деп кейіп тастайды. Жолаушылар мүрдеден
ұзай бергенде, әлгі Тілеубердінің аты аяқ астынан үркіп кетіп,
өзі тасқа құлап түседі, содан бір қолы, қабырғасы сынып ауыл­

ға әрең жетеді. Тілеуберді кейін сол аурудан қайтыс болады.
Боранбай тек қана парасатты, ақылды, әділ, көреген би емес,
ол сонымен бірге айлакер, әбжіл де жүректі батыр екен. Сол
батырдың кейінгі ұрпақтарының бірі Жақыпбек Көріпбайұлы

ақсақал былай әңгімелейді:
«Боранбай ірі тұлғалы, ұзын бойлы қара сұр кісі еді.
Өзі ат құлағында ойнайтын сайыпкер, жауға алдырмай-
тын өте әбжіл, шапшаң қимылдайтын, жауды бір ұрғаннан

тұрғызбайтын аса қайратты кісі екен. Және қай кезде болсын
әділдігін айтып тура сөйлейтін, досқа да, дұшпанға да жо-
март екен. Жоңғарлармен бір шайқаста Боранбай бастаған
қол жеңіске жетіпті. Жаудың қолға түскен әйел, бала-

тарихи  аңыздар
шағасына бостандық беріпті. Өзімен талай айқасып, жекпе-
жекпе шығып жеңіске жете алмай жүрген Дөңке дейтін
батыр бұл соғыста қолға түспей қашып кетеді. «Оны іздеп

тауып алып жазасын бермей болмас, еліне барып қол жинап
қайта шабуылға шығып жүрер» деп, өзінің батыр інісі Нар-
бота екеуі іздеп шығады. Тарбағатай тауының сай-саласын
шолып келе жатса, әлгі қалмақ батыры қалың қарағайдың

арасында ұйықтап жатыр дейді. Атын Нарботаға ұстатып
қояды да, өзі жаяу жақындап барып жаудың батырын найза-
мен түртіп оятады. Екеуі алыса кетеді. Бірін-бірі олай-былай
лақтырысады. Анау да түйедей бір пәле екен, әл бермей

жүреді. Әбжіл Боранбай қанжарын бұрынырақ сілтеп, оны
жайратады. Осы бір арпалысты көріп тұрған Нарбота:

—Көкетайым-ау, осынша әлекке түскенше, ол жауызды

ұйықтап жатқанда найзамен бір-ақ шаншып құрта салмадың
ба?—дегенде, ол:

—Ей, шырағым-ай, батырға мәрттік керек. Ол жау да бол-

са, бір елдің атақты батыры емес пе, қапыда кетпесін деп, оят­
тым,—деген екен.

99. Сатай батыр

... Албан Хангелді батыр бастаған қазақ сарбаздарының
қалмақтармен шабуылы кезінде Сатайдың ерлігі жайлы ай-
тылыпты: «Былтырғы мамыр айында қалмақтармен қатты
шайқастық қой, жау жағы көп, көптің күші де жеткілікті. Бізді

тықсырып-ақ келеді. Бір кезде есік пен төрдей қызыл аты бар
адам «Бақтияр! Бақтияр!» деп қалың нөпірдің арасына қойып
кетті. Сол кіргеннен қалмақтың тобын екі жарып ыдыратты да
тастады. Жойқын күш іріген сүттей тоз-тоз болды. Біздің сар-

баздар жеңіске жетті. Сол кездегі Албан, Суанның бас сарбазы
Хангелді батыр: «Шепті кім бұзды?»—деп үш рет айғай салды.
Анау да келді «Мен едім» деп, мынау да келді «Мен едім» деп,
бірақ бас сардар оларға жылы қабақ танытпады. Содан кейін

қолбасшы тұрып:

—Азаматтар! Шоралар! Енді қай азамат қалды, неге маған

келмейді?»—депті. Сонда жартастай зор қазақ:

батырлар  туралы  аңыздар

—Тақсыр, бір аңшы ғана қалды, басқа «мен мықтымын»

дегеннің бәрі келді, білем,—деп сардарға қарайды. Сардар
түйілген қалпында:

—Тез, сол адамды маған жеткізіңдер,—деп, жігітті шыға­

рып салады. Ол айтқан аңшыға келеді де:

—Жігіт, сізді бас сардар шақырып жатыр,—дейді. Ол:

—Сардарда менің жұмысым жоқ, егер ол кісінің жұмысы

болса, өзі келсін,—дейді. Жігіт келіп сардарға болған жағдай­
ды айтады. Сардар бұл әңгімені естіген соң қарқ-қарқ күліп, өзі
келіпті:

—Батырым, сіз бізді жеңіске жеткіздіңіз, олжа беріңіз,—

дейді.

—Тақсыр, сіз сұрасаңыз, біз неге тартынайық,—деп бір

қызыл бөрікті, бір қоңыр бөрікті сардарға ұсынады. Бұл бө­
ріктердің ішінде екі бірдей нәресте бар екен.
Сауғаны алып, сәл көңілді үнмен:

—Келін неге салақтау? Мен сіздің шепті бұзғаныңызды

тоныңыздың етегінің әдіптелмегенінен білдім,—деп бір қы­зын
беріпті. Астына жөндеу ат мінгізіп жатып:

—Батыр, атымыз онша мықты емес еді, барына риза

болыңыз,—депті. Сонда Сатай тұрып:

—Атамыз қазақтың: «Тісің тісіңе тимесе—ас, тізең жер-

ге тимесе—ат» деген ұлағатты сөзі бар емес пе, сіздің бер-
ген атыңызды сәйгүлікке балап аламыз да,—депті. Осы бір
жағдайдан кейін екі батыр бір-бірімен бірге туғандай дос, жол-
дас, ағайын-бауыр болып кетіпті-міс.

100. [Сатай батырдың алғашқы олжасы]

Бірде Сатай, Жәментік би, Бөлтірік атты бала үшеуі
Дәулет деген байдың үйіне қонаққа барады. «Сатай батыр,
қал-жағдайың қалай?»—деп Дәулет құрақ ұшыпты. Алда-
рына әкеліп сары қымызды сапырыпты, бір кезде қасынан

онша қашық емес жерде жатқан шөмішті алып, Бөлтірік бала
қолтығына тығады. Дәулет бай балаға қарап күліп:

—Балам, ұнатсаң, ала ғой.

—Астауымен бермеген шөмішіңізді қайтемін,—деп Бөл­

тірік шөмішті далаға лақтырыпты. Сөзге тұрған керемет за-

тарихи  аңыздар
ман ғой, Дәулет бай бір сөзге келмей Бөлтіріктің қанжыға­
сына астау мен шөмішті қосып байлап беріпті. Былай шыға
бере Жәментік би:

—Бала, алғашқы олжаңды бізге бер,—дейді. Сатай батыр

биге жалт қарап:

—Ей, Жәментік! Бұл сенің даудан тапқаның емес, менің

жаудан тапқаным емес, баланың бірінші олжасы—өзінікі,—
депті.

101. Сатай батыр

Ымырт үйіріле бере ұзын бойлы, ақ сақалды, ірі денелі
кісі бірнеше жолдасымен аттан түседі. Алдынан шыққан бәй­
бішесіне:

—Біздің үйге Сатай батыр келген-ау деймін?—депті.

—Кім екенін білмеймін, бірақ «қасиетті адам екен-ау» деп

ойладым.

—Оны неге байланысты айтып отырсың?

—Үйге кірген соң, аппақ қалпағы мен ақ қамшысын ке­

регенің басына іліп қойды да:

—Әппақ қардай таза болыңдар,

Асқар таудай заңғар болыңдар.
Жолыңда ақ гүл жатсын,
Ақ бесікте ұл жатсын,
Әумин!—

деді. Тездетіп шай дайындап едім:
Қарағым, ең үлкен дәм—ақ. Ағарғаның жоқ па?—деді.

102. Қайың сауған жұт жылы

Абақ керейдің ең өскен руы—жәнтекей дедік. Мұны «Үш
жәнтекей» деп атайды. Сол үштің бірі—Сүйінбай (көк көз, са­
ры кісі болғандықтан оны жұрт орыс деп атаған) бес балалы бол­
ған. Олар—Самұрат, Сәменбет, Құты, Бөкес, Төлеке. Шежіре­

ші­лер осы бес баладан өскен ұрпақты «Бес орыс» деп атаған.

батырлар  туралы  аңыздар
Сүйінбай аса дәулетті болғандықтан, қалың ел күзеуліктен
көшкенде «кір шомдап» көше алмай, жортуылшылар жалғыз
ауыл Сүйінбайды басып қалады. Сүйінбай ордасының ішінде

жаумен жалғыз сайысады. Садақтың жебесін жалғыз ысқыр­
тып, жау жалам шайқаста өзіне серік бола алмаған ұлдарына
былай деп баға береді:

—Самұратым жоқ болды,

Сәменбетім құт болды.
Құты, Бөкес жас болды,
Төлеке, сені қайтейін!...
Сүйінбай қан жұта қарысып, жортуылшыларға ордасын

бастырмай тұрғанда, қол бастап келген Самұрат сырттан тиіп,
жауды айдап салып, ордасын құтқарып алады.
Сүйінбайдың екінші ұлы Сәменбет салауатты, дәулетті, әрі
батыр болғандықтан үш әйел алған. Үлкен әйелі Соқсұрдан:

Есенбай, Амантай; ортаншы әйелі Тасбикеден: Ақша, Бөрте,
Елбай, Жаман, Қаржау, Сары; кіші әйелі Боданнан: Байым­
бет (Есағасы), Қазыбек туады. Осы он бір ұлдың барлығы ел
болып өскен. Мұны халық «Он бір Сәменбет» деп атайды. Осы

үш әйелдің ішінде ортаншы бәйбіше Тасбике білімді, ел-жұрты­
на жағымды болып, ел билеп, аты шыққандықтан, кейінгі
ұрпақтары жеке-жеке аталмай, анасының атымен «Алты Тас-
бике» аталып кеткен.

Сәменбет бай ұрпақты болғандықтан, халық «сары үкі
дарыған Сәменбет» деп, оны былайша аңыз етеді. «Сәменбет
байдың үшінші бәйбішесі Бадан ана ұйықтап жатып түс көреді.
Түсінде сары үкі шаңырағына ұялап, қос балапан омырауын

еміп жатқанын көріп оянады. Түсінде көрген аянын Бадан ана
Сәменбеттің досжар, ақылгөй адамдарына жорытады. Олар бұл
түсті жақсылыққа жорып, «екі ұл көреді екенсің» дейді. Осы-
дан кейін Бадан ана екі ұл сүйеді. Үлкенінің аты—Байымбет,

кішісінің аты—Қазыбек, осы екі баладан өсіп-өнген ұрпақ
өздерін «Есағасы Қазыбекпіз» деп атап, күні бүгінге дейін үкіні
қастерлеп, өлтірмейді. Қолында дәулеті бар бардам адамдар үкі
ұстаған адамды көрсе, не тілегенін беріп, үкіні босаттырып қоя

береді. Бақсылар, халық емшілері: «Иә, сары үкі қолдай көр,
Сәменбетке дарыған»,—деп санайды. Сол Сәменбеттің он бір

тарихи  аңыздар
ұлының бірі Байымбет құт қонған, асқан бай, білімде, ойшыл
һәм есепші би болған екен.
Үнемі мал-жанның қамын жеп жүретін Байымбет бір жы­лы

жазда өз төңірегіндегі жақын туыс, дос-жарандарына: «Биыл
жауын жаумады, жер қуаң. Күнгейдің бұта-бүргені қурап,
өгізқурай солып кетті. Қарға балапанын қауырсынын аршы-
май ұшырды. Жұт болатын түрі бар»,—деп күн бұрын ескерт-

се, өзі күні-түні ұйқы көрмейді. Кеште тау басында тұрып батар
күнді бақыласа, таңсәріде тағы да сол орнында тұрып, күнді
шығармай үйіне қайтпайды. Көктемде алуан түсті торғайлар­
дың бұл өңірден ерте кетуінен-ақ: «шөп балдыр тартпас, гүл

шешек жармас» деп сезіктенеді, тырналардың балапанын ерте
баулып, күндіз-түні тыраулаған мұңлы дауысынан да күдік
алып отырады.
Ауылын күзеулікке ерте қонғызған Байымбет ерекше бір

сапарға дайындалады. Қосын бір түйеге арттырып, бес-алты
мықты жолдас ертіп, інісі Қазыбектің батыр ұлы Ақан мен
өз баласы Кенжәліні қасына алып, «аң аулауға барамын» деп
жүріп кетеді. Жаз бойы табиғат ыңғылын байқаған қарт, күз

бойы да дамыл таппай, ауық-ауық жол тартып, бұл өңірдің
құстары ғана емес, аңдары да ауып бара жатқанын байқайды.
Әлгі сапары сол қоңыр аңдардың ауған беталысын білу сапары
екен. Иенге шығып кеткен қарт жолдастарына былай дейді:

—Сендер не білдіңдер, жыртылып-айырылатын қоңыр аң

қайда кеткен, жазғытұрым қырылып қалды ма?
Жолдастары әртүрлі меже айтады, бірақ қарттың көңілі
бұған дауаламайды.

—Сендердің айтқандарың бекер болар, әлі де шығысқа

қарай жүріп көрейік,—деп жолдастарын бастап жүріп кете­
ді. Ілгерілеген сайын шұбырынды іздер қоюлап, аң қарасы да
көріне бастайды.

—Алла бұйырса, ертең қоңыр аңға араласып қалармыз,

тоқтап жәйіліп, еркімен жусап, онан соң жосып кетіп барады.
Мынау бастау—кеше солардың түнеп шыққан жері.
Таңертеңінде ізге түсе жүріп кеткен олар, түске жетпей та­ғы
бар қолаттан өтіп, сортаң шалшық суға кезігеді.

—Міне, көрдіңдер ме, қоңыр аң ауып барады. Бұл жануар­

лар біліп ауып барады. Биыл біздің мекенімізде ойылған жұт
болады. Бұл жануарлар жұрт жүрмейтін жер іздеп ауып бара

батырлар  туралы  аңыздар
жатқан болар,—деп қарт сөзін жалғай түседі,—Қоңыр аң—
біздің жолдасымыз, тіпті жолбастаушымыз. Біз соларға іле­
сіп, солардың барған жеріне тиянақтаймыз. Барлығыңа айта­

рым—жолдасқа қар қылмандар, атпаңдар, үркітпеңдер, аң да
болса серігіміз ғой, бізден көңілі қалмасын. Бізден алаңдаса,
көңіліне алған жеріне жете алмас. Олар көңіліне алған жеріне
жете алмаса, біз де жұрт жүрмейтін жерді таба алмаспыз. Осы

тілсіз дос, қасиетті жолбастаушымыздың адал серігі, айнымас
қорғаушысы бола білейік. Осылар қонған жерге қоңсы қонып,
осылар ішкен бұлақтан су ішейік.
Ақан батыр бастаған жолдастары қарияның айтқан сөзінен

шықпапты. Олар бірнеше күн жүріп, қар жамылған ақ бас тау­
дың теріскей жазығынан өтіп, үлкен көкшіл таудың баура­йын­
дағы алқабы кең, ашылы, шилі өңірге келіп тұрақтайды. Байым-
бет қосын тіккен осы өңір—Мұзтау мен Көксіннің арасын­дағы

аласа адырлы, бетегелі, ақ шөпті, аяғы айдын көлге тірел­ген кең
байтақ өңір екен. Осы араға келгеннен кейін қоңыр аң қуса да
кетпейді, тіпті бұлардың ат-көлігімен араласа, қосының іргесін
баса жайылады. Байымбет қарт қоңыр аң тұрақтаған осы жерге

келгеннен соң таң ата кетіп, кейде ара қонып, бас-аяғын шолып
өте көңілді жүреді.
Бір күні көлбеп келіп қалған шуақты күнге қарай отырып
серіктеріне мынаны айтады:

—Іздеген жерге жеттік. Осы қоңыр аң алдағы қыс ызғарын

сезіп жұттан қашты. Жұт жүрмейтін жер іздеді және сол жері—
енді мынау. Бас-аяғы, оңы мен терісі күншілік ғана. Ат сауы-
рындай осы жерге күшті боран жүрмейді,—дейді.

—Мұны қайдан білесіз?—дейді жолдастары таңданып.

—Сайда өскен шөптен білдім. Биыл осы жерге жеткен ұзын

аяқты мал жұттан аман қалады. Басқа жерді мен білмедім—
дейді. Онан соң жанындағы Ақан батырға қарап:

—Мен сені мен Кенжәліні әдейі алып шықтым. Енді

аман­дық болса елге барған соң, біткен жылқыны осы жер-
ге әкеп саласыңдар. Бұл жердің байырғы иесі де біз едік,
қазіргі иесі де біз боламыз, арғы бабаларымыздың «Сауыр»
деп атаған жері—осы. Қаншама заманды өткізіп, айналған

ұрпақ біз екеміз, осы күл төккеніміз төккен болсын,—дейді
де, алыстан айдында­нып көрінген Алтайдың ақ бас шыңына
көз тігеді.

тарихи  аңыздар
Байымбет қарттың айтқаны да екі болмайды, болжағаны
дөп келеді. Бұған ілтипат еткен бар керей жылқысын алып, сол
жылы Сауырдың жонын алғаш рет қыстайды. Қобыққа келіп,

енді ғана ірге теуіп қоныстана бастаған Торғауыттың кегені
қыс ортасында кісі жіберіп, жөн сұрайды. Ақан бастаған ба-
тырлар:

—Жау емеспіз, елміз, жерімізде жұт жүрген соң мал отарла-

тып жүрміз,—деп жауап береді. 103. Толыбай

Батыр Толыбай Жарасұлы туралы ел аузында аңыз-әңгі­
ме­лер баршылық. Нақты дерек, осы уақытқа дейін бізге жет­
кен әңгімелерге сүйенсек, Толыбай Барақ батырмен араласып-
құраласып, жорықтас болған.

Осындай бір жорықтан кейін Асау Барақ батыр Толыбай
ауы­лымен екі-үш жыл қоңсылас болады. Толыбайдың ба­ла­сы
Ерболат пен Асау жорықтарға бірге шығып, Барақ батыр мен
Толыбай батыр бас қолбасшы ретінде жауынгерлерді, оның

ішін­де жастарды әскери өнерге баулиды. Толыбай батырдың
ауы­лына Барақ батыр, оның жаужүрек ұлы Асаумен бірге келіп
тұрған болса, бұл Толыбай батырдың солармен теңдес екенін
байқатса керек.

Толыбай батыр жорықта жүргенде, Хиуа ханының барым-
ташылары Жарас ауылының жылқысын айдап кетеді. Батыр
жорықтан оралған соң ауылдың үлкендеріне: «Батырларың­
ды беріңдер, мен барлық малды қайтарамын»,—дейді. Бұл ба­

тырдың жастау кезі екен. Үлкендер: «Сен жассың, жалғызсың,
барма»,—деп рұқсат бермейді. Бірақ батырды жау қолындағы
малды қайтару мақсаты мазалай береді. Бұл ойын ол өзіне тете
ағасы Аюға да айтады. Ол да қарсы болады:

—Хиуалықтар көп халық, жазым боласың,—деп беттет­

пейді. Бұл:

—Біз де аз емеспіз ғой,—дейді. Ағасына атамыздың аяқ­­

алысын байқап көрейік деп жарысып ауылдан ұзап кетеді.
Енді Толыбай атының басын ауылға қарай бұрады. Мұнда да
ағасынан озып кетеді. Аю артта қалып қояды. Сол кезде Аю­дың
артынан тасырлаған аттың дүбірі естіледі. Артына қараса, жер

батырлар  туралы  аңыздар
қайысқан қол қуып келеді екен. Толыбай ұзаңқырап барып бір
төбенің басына тоқтайды. Аю:

—Сен мені жауға тастап кеттің, өзің құтылып кеткің келеді

екен ғой,—деп қамшымен тартып-тартып жібереді. Аю да ірі
тұлғалы, қайратты адам болған. Қамшы сілтегенде анау-мы­нау
адам аттан құлап түседі екен. Ал Толыбай болса, мыңқ етпеген.
Ағасына:

—Әзәретіңізге құлдық, енді артыңызға бір қараңызшы,—

дегенде, ол жалт қараса, арттан ешкім де көрінбейді. Сонда
Толыбай:

—Ол жау емес, менің жауынгерлерім еді ғой,—дейді. Ал Аю

болса, інісінің тегін емес, аруақты екенін түсінеді.
Сонымен, Толыбай батыр наурыз тойында қырық адам-
мен Хиуа еліне баратын болып келіседі. Айтқан күні бұлар
Хиуаға жақындайды. Ел шетіне жеткенде, мұның қолы жер

қайысқан әскер болып көрінеді. Қаптаған жаудың ел шетіне
келгенін ханға жеткізеді. Хан да сол күні түс көрген екен.
Түсінде аспанның асты қаптаған өрт, бірақ өрт ауылдың айна-
ласын қанша шарпығанмен де хан ордасының алдына келген-

де сөне береді. Хан түндегі түсін тәуір көретін бәйбішесіне жо-
рытады. Бәйбішесі: «Ел шетіне жау келген екен, бірақ сенің
алдыңа келіп тоқтайды, келісімге келесіңдер, жаудың алдына
бір уәзіріңді бас қылып елші жіберіп шақыр»,—дейді. Хан со-

лай істейді. Елшілер әскерге жақындағанда қаптаған қалың
шыңды көреді. Бұлар да ақ туын ұстап қарсы жүре береді. Бір
кезде шаңдақтың арасынан бір бөлек шағын әскер шығып,
бұларға жолығады. Толыбай батырдың қолы осы еді.

Хиуа ханы Толыбайдың жолдастарымен бірге құрметпен
қарсы алады. Қырық адамды бірнеше күн қонақ етіп, бұйымын
сұрайды. Хан өздерінің де бейбітшілікті қалайтынын айтып,
алған малдарын жинастыруға рұқсат сұрайды.

Хан айтқан сөзінде тұрып, малды түгел қайтарады. Осында
бірнеше күн жатқанда Толыбай батырға ханның қызы қатты
ұнайды. Батыр ханға қызына ғашық болғанын біреу арқылы
жеткізеді. Хан қыздың анасы арқылы оның ойын біледі. Қыз­

дың батырды ұнатқанын білген соң, хан отыз күн ойын, қырық
күн тойын жасап, мол жасаумен қызын ұзатады.
Толыбай батыр осы барған сапарында малымен қоса хан­ның
қызын да алып қайтып, екі елді табыстырады.

тарихи  аңыздар
Толыбай батырдың қайын жұрты, оның жаужүрек ұлдары
Ерболат, Тасболаттардың нағашысы Хиуа ханы болған. Ал Ер-
болат батыр әулиенің жауынгерлік рухы Асау Барақтан кем

соқпаған.
Енді Толыбай батырдың шыққан тегі кім, соған келейік.
Ол Әлімнің екінші баласы Қарамашақтың Жаншұқырынан
тарайды. Жаншұқырдан бірнеше ұрпақ таратылып барып,

Қасым (Қаркісе), Торым (Сексен), Қойлыбай деген үш бала туа-
ды. Сол Торымнан (Сексеннен) Айт, Қожас (Тайжер), Кенжес,
Ырыскелді (Қызыл) дүниеге келеді. Осы Кенжестен: Айдара-
лы, Құл, Ұлықпан, Қашан, Тұғыр тарайды. Қашанның жеті

баласының үлкені—Жақсылық, одан кейінгісі—Жарас. Міне,
осы Жарастан Толыбай батыр туады.

104. Бердіқожа

(І нұсқа)
Шанышқылы Бердіқожа батырды бір дұшпаны өлтірейін
деп жатқанда, айтты дейді:

—Рудан жалғыз болдым, шешендігім зая,

Аймағым аз болды, еңбегім зая!
Екіден кіші балам ер жеткен соң,
Бәлем, Қаратал, Қояндыға қонысыңды тая!—
деген екен. Сол айтқандай, екіден кіші баласы ер жеткен соң,

Бердіқожа өлтірген екі ағайынды: біреуін Қаратал, Қоянды де-
ген жерде өлтіріпті, бірін Бұхарай Шәріптей шаһарға қашып
барған жерінде соңынан қалмай қуып барып өлтіріпті.
Онан соң кеше көзіміз көрген кісіде Тәнті мырзаны бір

начальниктің зұлым шаққандығыменен екі жыл жарымға бір
жаз Уискийге жер аударып, арестан киімін киіп кетіп бара
жатқанда, артынан екі бекет жерден Рахмет Алдабеков қуып
барып амандасып тұрғанда, Тәнті мырза айтты дейді: «Тілеулесі

жоқ ердің тілеуі зая, Туысқаны жоқ ердің еңбегі зая»,—деген
екен. Сол айтқандай, тілеулесім де жоқ еді, туысқаным да жоқ
еді. Сол екеуін жоқ қылған Құдай емес еді, өзім едім. Тілеулесім
жоқтығы—жан ашып, тілеулес болатұғын өзімнен шыққан

батырлар  туралы  аңыздар
дуагөймен қас болып едім де, туысқаным жоқтығы жақсы ат
алу үшін өз ағайыным Орманшы баласын ренжітіп ұстап едім.
Сол мінезімнен таптым. Онан басқа ешкімнен де көрмеймін,—

деген екен.
Қанша айтқанмен: «Құс қанатымен ұшады, құйрығымен
қонады», «Бір биеде екі емшек: бірінен соң бірінің сүті жоқ. Бір
түйеде екі өркеш, бірінен соң бірінің күші жоқ». Жалғыз жүріп

болғандық дәнемеге тұрмаса керек.
Қазақ мақалында да бар: «Құлан қағынан жерісе, қаңғы­рып
жүріп шөлде өлер. Жігіт елінен жерісе, тірі жүріп-ақ күн­де
өлер».

105. Бердіқожа

(ІІ нұсқа)
Абылай хан заманында Шанышқылы Бердіқожа батыр-
ды жерге таласып, кектесіп жүріп, руы аздығынан өштескен
дұшпан, өсіп-өнген ру туғаны көптігінен ұстап алып өлтірейін

деп жатқан екен:

—Туысқаны аз ердің ерлігі зая.

Тілеуқоры жоқ ердің еңбегі зая.
Екіден кіші балам,
Ер жеткен соң, бәлем,
Қаратал, Қояндыға қосыңды тая!—

деген екен. Сол айтқаны айтқандай болып, екіден кіші, үшінші
баласы ер жетіп, ат арқасына мінген соң, әкесін өлтірген екі
ағайынды неме екен, сол екеуінің бірін Қаратал Қояндыда
өлтіріп, бірі қашып: «Бұл Арқада болсам, мені тірі қоймас»—

деп, Бұхар кеткен екен. Соны қоймай қуып барып, сол Бұхарда
жүрген жерінде өлтіріпті. Бердіқожаны жоқтаған жоқтауын­да
айтылған екен:

—Мінгені Бердіекемнің қара алаяқ,

Жау, шіркін, кескілепті-ау аямай-ақ.

тарихи  аңыздар
Бердіқожа батыр балаларын сынағанда, былайша сынайды
екен. Үйелмелі-сүйелмелі үш баласы болыпты, бір-бірімен те­
телес туған.

Бір пышақты сабын жерге тіреп, ұшын жоғары қаратып, ба-
лаларына:

—Ана жақтан домалап келіп, мына пышақтың үстінен

өтіңдерші,—дейді екен.
Үлкен екі баласы домалап келуін келіп, дәл пышаққа жа­қын
келгенде, тайқып-жалтарып аунайды екен. Екіден соң­ғы­сы
пышақпен жұмысы жоқ, жалтармай-бұлтармай аунайды екен.

Пышақты өзі жалтартады екен.
Өзін жау өлтірерін білген соң, жолдасына айтқан екен:

—Жау жерінде қалдым ғой, менің сүйегімді алып кете

алмассыңдар, бір бармағымды кесіп алып, маңайлас жерле­ріңе
көм де, соған там салып, «Бердіқожа тамы» атандырын­дар.
Мені есіне алғандар дұға қылып өтер,—деп.
Дағанделі өзенінің жағасына там салыпты, шошақ мола

бұл күнгіше құламай тұр деседі. Дағанделі өзені Қарқаралыға
қараған елдің шетінде, Көкшетау, Дуана тауларынан көрініп
тұрады. Жүргіншінің қара жолының үстінде, Жетісу барған­
дар: «Қозы Көрпеш—Баян тамын көрдік, Шанышқылы Берді­

қожа тамын көрдік»,—деседі.
Тауыңның Арқар деген аты—Құлжа,
Жігіттер, атқа түйе тегін олжа.
Хан Абылай аттанады дегенді естіп,

Келіпті Шанышқылыдан Бердіқожа!—
деген батыр—осы.

106. Бердіқожа батыр

Бұрынғы өткен заманда, қазақ-қалмақ жау болып жер тала-
сы болып, жаушылық қатты болғанда, Түркістаннан бір бала
қашып шығып керейге келіп сіңіп, шанышқылы деген елге
келіп сіңген екен. «Атым—Арықмерген» деп, бір байға бала бо-

лып, малын бағып жүріпті. Бір өзенге бұғы, марал көп келеді
екен.

батырлар  туралы  аңыздар
Арықмерген бір күні « Мен аң аулап келемін» деп иен өзенге
келіп, айтқанындай бұғы, марал, құлан, киік көп екен. Марал-
ды атып тастап қайтып келе жатқанда, бір иен жерде бір өзенде

бір топ жігіт, өңшең әдемі киім, әдемі ат мінген, жарысып
келіп: «Күйеу келеді, күйеу келеді, жүр, жүр аман-есен жүрсің
бе?»—деп араға алып, «жүр-жүр» деп ала жөнеліпті.
Есім шығып кетті. Айдап бір жотаны асып едім, о дағы өзен

екен. Жер асып, ауыл қонып жатыр екен. Есім шығып кетті.
«Міне күйеу келді, үй тігіп жіберіңдер»,—деп жастар әлгі ай­
ғай салып еді, өңшең сұлу қыз-қатындар жиылып келіп бір үй
тігіп жіберіп, жүр-жүр деп қамалап, әлгі отауға кіргізіп, қымыз

құйып күте бастады. Күн батты, неше түрлі тамақ беріп күтіп,
қыз-қатын, бозбалалар, ән салып, өлең айтып, екі-екіден айты-
сып, түн ортасы болған уақытта, «Мынау сенің қалыңдығың»
деп бір қызды қасыма беріп: «Екеуің ойнап-күліп жатыңдар»

деп қолыма берді. Сонан соң мен қызға: «Сен менің қайдағы
қалыңдығымсың? Қай елсің? Жөніңді айтшы?» дедім. Қыз ай-
тады: «Сен бүгін өзің ұйықтамай таң атыр, содан кейін менің
жөнімді сұра, айтайын. Егерде ұйықтасаң, қай елсің? Менің

қалыңдығымсың ба? деп сұрама» деп айтпай, «егер қолың
сұғып «қосыламын» десең, рұқсат, өзің біл»—депті.
«Тәуекел, не болса да сұлумен қосылайын» деген ойыма бі­
тіп, қызбенен қосылып, құшақтасып жаттым. Бір уақытта

ұйық­тап қалған екем, оянып, бас көтеріп көзімді ашсам, әлгі
ауыл да жоқ, қойнымдағы қыз да жоқ, басымда үй де жоқ,
көшіп кетіпті. Ер-тоқымды басыма жастап қойыпты, атымды
арқандап қойып­ты, бәрі кетіп қалыпты. Не қыларымды біле

алмай, атымды еріттеп мініп, жүріп кеттім. Елге келіп айтып
едім, бұл не нәрсе болды? Жын ба, шайтан ба? Айтсам ел мазақ
қылады ғой деп, әлгі аңға кісі жіберіп арттырып алғыздым. Со-
дан соң аңға бармай қорқып жүріп, күзге жақын тағы да бара­

йын деп сол өзенге келдім. Тағы да аң қалың екен. Бір бұғы атып
тастап қайтып келе жатсам, тағы бұрынғыдай бозбала шауып
келе жатыр. «Күйеу келді» деп, «Күйеу аман жүрсің ба?»—деп,
«Жүр-жүр» деп тағы да айдап келіп еді, бұрынғыдай сауық қып

жүрген қыз, бозбаласы: «Күйеу келдің бе?»—деп, үй тігіп қонақ
қылып, тағы қызды әкеліп «Екеуің ойнап-күліп жатыңдар»
деп, бұрынғыдай тамақ беріп қосып қойды. Қалыңдығыма: «Сен
жөніңді айт, қалай айтпайсың? Өзің адамбысың? Сайтанбы­

тарихи  аңыздар сың? Жөніңді айт»,—деп сұрап едім, «Мен қалыңдығыңмын, рас. Бірақ мен қазір айтсам, өлемін, сен адам баласысың ғой, бір түнге шыдап ұйықта­май таң атырғанға шыдасаң, мені алып қаласың. Содан кейін мен жөнімді айтайын, егер ұйықтасаң, тағы да айрыласың»—дейді. Содан соң мен шыдаймын деп ұйықтамай отырдым. Таң таяп қалғанда, қалғып кетіп отыр едім, қара басып ұйықтап кеткен екем, күн шығып қапты. Тағы да баяғыдай атымды арқандап, тоқымымды жастап кетіп қалыпты. Енді қайтем, мынау мені масқара қылды ғой, енді адамға айтайын деп ұялып жасырып қойдым. Аңды арттырып алып қыстай шықпай, жаз шығып, жер көктеп, мал семірген заманда тағы да барайын деп тәуекел қыла жүрдім. Бұрынғы иен өзенге келіп, бір құланның биесін атып тастап тағы келе жатсам, бір жотадан бір топ жігіттер шауып келе жатыр. Бір желмая түйеге мінгізіп алған, бір әйел адам, бір жігіт бір бесікті алдына өңгеріп алыпты. Қарасам өзімнің әйелім сықылды. «Күйеу, сүйінші-сүйінші! Мына әйелің аман босан­ды, мына балаң еркек бала, жүр-жүр, ауылға сүйінші бер»,—деп тағы да айырып ала жөнелді. Ауылға алып келді. Және қо­нып жатыр екен үй тігіп. «Мына күйеуге үй тігіп жібер»,—деп қайта алып келді. Бір жерге үйді тігіп, мені түсіріп кіргізіп, әлгі бе­сік­ ті қасымызға алып қойып: «Міне балаң, міне қалыңдығың»,— деп тағы да күтті. Сонда қыз жылады. «Апырым-ау, ұйқыдан кісі өле ме? Бір түнге неге шыдамайсың, обалыма қалдың ғой, бүгін өлсең де, шыда. Бүгін ұйықтамай шыдасаң, мені алып қаласың, содан кейін мен жөнімді айтайын»,—деді. Сол күні ұйықтамай отырдым. Қыз-бозбалалар ән салып, өлең айтып, тағы да өлең айтып таң таяу болғанда тарқап кетті. «Енді шыда, ұйықтама»,—деп қалыңдығым жылап отырды. Таң қауым беріп, жарық тартып қалғанша ұйықтамай отырдым. Бір уақытта қалғып кеткен екем, ыбыр-жыбыр басылып қалған сықылды, шыдай алмай қалғып кетіп отыр екем, үйді жығып, екі түйе қомдап, жүкті артқалы үйдің ішін буып-түйіп тағы да кеткелі жатыр екен. Оянып кетіп: «Ой, бұларың не?» деп сөйлеп қалып едім, «Ой, байқұс күйеу ояу екен»,—деп тұратұра жөнелді, күлісіп кетіп қалды. Сонда қомдаған екі түйе қалды. Үйдің ішін буып-түйіп қойған екен. Бәрі қала берді. «Ал енді айтам деп едің ғой, қане, сен сөйлеші»,—деп қа­ лыңдығымнан сұрадым. Мен енді айтайын: «Біз Иранғайып де-

батырлар  туралы  аңыздар
ген ел боламыз, біздің ішімізде бал ашып, кітаппен сөйлейтін
молдаларымыз болады. Солар айтқан «Сен қазақ баласына
берілесің» деп біздің молда-қожаларымыз сөйдеп, соған амал-

сыз өзінің жолымен шариғат үкім қылған соң амалсыз көніп,
сондағы бұйырған адамым сен болып, мені қимай, әке-шешем,
бауыр-туысқандарымыз сені ұйықтатып тастап, ұрлап алып
жүргені сол еді. Мен сенен буаз болып, міне бір жыл өтті, мына

бала сенің балаң, ұл бала. Енді қорықпа, Құдай бұйрығымен
сенің балаң, міне, сенің балаң болды» деп, жылап соны айтты.
Сонан соң қуанып үйді артып алып, екі түйеге баланы, әйелді
алып елге келдім. Бағанағы құланның биесін содан кейін артты-

рып алып той қылып, «Қожаң берсе, қойныңа сал» деген мақал
бойынша баланың атын Бердіқожа қойып, осындай үйлендім
деп Арықмерген айтқан екен.
Сол бала ержетіп он-он беске келген соң, батыр болып, неше

түрлі өнер бітіпті. Түсінде ұйықтап жатып шошып ояныпты.
Түсінде басына бір нәрсе келіп, сырылдап шошытып мазасын
алып қорқытыпты. Шошып оянса, түсі екен. Бұл не нәрсе деп
қорқып, түн болса ұйқы жоқ, ұйықтаса бір нәрсе сырылдап,

шошытып ұйқы көрмепті. Сонан соң бақсыларға бал аштырып,
үйіне апарып баққызыпты.
Біреу анау, біреу мынау деп ешкім таба алмай жүргенде,
аққу терісін киген бір дуана келіп ат үстінен айғай салып келіп:

«Сырылдаған нәрсеге қорықпа, саған дарығалы жүрген бұл
сыбызғы екен. Сен өзеннен қара қурай әкел, соны сыбызғы
қып тартқызайын, сен сол сыбызғы дарыған соң бәрінің тілін
білесің»,—деген екен. Бердіқожа барып бес-алты қара қурай

қиып алып дуанаға берген. Дуана үйіне түсіп қурайды жо-
нып, сыбызғы қылып тартқызған екен. Хайуандардың тілін
біліп, сыбызғышы болып кетіпті. Сол Бердіқожа батыр болып,
Арықмерген баласы атанып жүріпті. Қалмақ-қазақ жаушы­

лық заманда жалғыз кетіп жылқы алып, асқан жайшы болып
елге олжа салып, батыр атақ алған екен. Анық аты Бердіқожа,
ел қойған аты—«Бала батыр» деп қойса керек. Нағашысы—
Иранғайып, әкесі ел шапқанда қашып келген, Шанышқылы

керейге сіңген деп айтады естуіміз. «Арық мергеннің басқаша
да аты бар шығар, біздің естуіміз осылай» деп айтады бұрынғы
ұлы кәрілер.

тарихи  аңыздар 107. Алымбектің шежіресі

... Сары Үйсін, Қасқарау, Жансейіт, Садыр, Шапырашты,
Ысты, Ботбай, Сыйқымнан: Қарақойлы, Аққойлы, Қусирақ.
Үйсін рулары Сарытауқұм, Үш Алматы, Іленің бер жағын ба-
сып алып, сонда қоныс тебеді. Онымен шектеліп қалмайды.

Сарыбағыш, Солтыға қол салады. Шанышқылы Бердіқожа де-
ген батыр, Шапырашты Қаумен, Жәпек деген, Кәшке, Дәулет
деген бірге туған төрт ағайын екен, солармен бірге Ботбай
Тілеуқабыл, Жайсаң деген адамдар мен Қасқарау Малды­бай,

Қонысбай дегендер қырғызға тиісе береді. Сарыбағыштың
қолынан Кәшке өледі. Солтының қолынан Жайсаң өледі...
Жәпек пен Бердіқожа Үйсіннің жанысы Төле биге барады.
Төле би екеуін ертіп, жолай Талас жақтан шағым айта келген

үйсіндерді де қосып алып Абылай ханға барады. Абылайдың
ордасы ол кезде Әзіреттің Қаратауында екен. Абылай келген­
дер­ге кейіп:

—Осымен екі келдіңдер. Енді Төле биді алдыға салып

келіпсіңдер!—деп, мән-жайға қаныққан соң:—Кінә—Үйсін
жағы, сіздерде!—дейді. Төле би Абылайдың сөзіне тоқтайды.
Төле би Шымкентті жайлайды екен. Арыз айта барғандар
Төле биге: «Үйсінді қосып бер»,—дейді. Төле би оларға басу

айтқанымен, Жәпек пен Бердіқожа Абылай мен Төлені тында-
май, Орта жүздегі арғындардың төресі Көкжарлы Барақ ханға
барады. Ол үйсін мен арғыннан төрт мың қол жиып, қырғызға
шұғыл аттанады.

Бұл хабарды шолғыншы арқылы біліп тұрған Есенқұл,
Қашыке, Бөлекбай, Кебек билерді шақырып алып:

—Жәпек пен Бердіқожа Төле биді бас қылып, Абылайға

арыз айта барған екен, Абылай сөздің төркінін жақтырмапты,
оларды қолдамапты. Оған тоқтамаған олар арғынға кетті деп
естідік, жаман айтпай жақсы жоқ, тізе қосып, даяр тұралық,—
дейді.

—Оқыстан түн жамылып келіп қалуы да мүмкін. Сонша

қазаққа барып жәрдем сұрап жүргендері де тегін емес. Сақ
болайық,—дейді үш батыр.
...Көкжарлы Барақ сұлтан бас болған үйсін, арғындар ұр­
ланып жетіп, Қастектен асып, Боралдайдағы Қашыке ба­тыр­

дың ауылына қол түсіреді. Таң ата жеткен екен дейді бұрын­

батырлар  туралы  аңыздар
ғы­ның шалдары. Даяр тұрған Солты, Сарыбағыш рулары тегіс
атқа қонып, күн шыға бере ұрысқа кіреді. Түске дейін қазақты
қырған екен дейді. Қастекті асыра қуып, Көкжал Барақты

өлтіргеннен кейін, қазақтар қашқан екен дейді бұрынғы шал-
дар.
Есенқұл, Қашыке, Кебек жарлық шығарып, дүйім елге:
«Қазақтар мұнымен тоқтамайды, қарап қалмайды, сақ жү­

релік. Өзгесі болмаса да, Қазық мойын қазақ тыныш жатады
дейсің бе?»—деген екен. Есенқұл батырдың «Қазық мойын
қазақ» дегені—Шанышқылы Бердіқожа батыр екен деседі,
оның мойны ұзын екен. Есенқұл батыр айтқандай, Бердіқожа

аттанғанын алмай қоймаған деседі бұрынғылар. Қатын-бала да
«Қазық мойын қазақ» дегенде уанады екен.
Садыр хан «қазаққа аттанамын» деп Солты, сарыбағыш
шақыруға адам жіберіпті. Есенқұл батыр, Қашыке мен Кебек:

«Аттанғанды қойсын, қазақ өзі келсе, көріп алдық. Абылай
мен Төле би қалыс қалғанда, біздің барып бейбіт ауылға тиге­
німіз бейбастық болады. Біз аз елміз. Қонысқа бола қазақ Ілені
өтіп, бері келгенде тоқтатып алсақ жарады. Сіздер жақтағы

қазақтардың бергі бетке өтіп жатқанын көріп тұрсың»,—деп
сәлем айтып, Есенқұл батыр Садырға Қашыке батыр мен Кебек
биді жібереді. Есенқұлды ел-жұрты «Шоң батыр» дейді екен,
Кебек Садырға барып: «Шоң батыр мен Қашыке батыр айтты,

қайтыңыз райдан»,—дейді. Садыр оның сөзіне тоқтамайды.
Хан Садыр аттанып кетеді.
Садыр Бердіқожа сияқты болған екен. Тисе де, тимесе де
тыныш жатқан елге соқтығысып жүргендіктен, қазақтар оны

Абылай ханға көп жамандайды екен. Кебек қайтып кетеді.
Талқан—кіші Таластан бері, Көкдөнен шалдың тұсы деген
жерде екен. Талқанды Жайыл, Момақан билейді екен. Сол-
тыны Бөлекбай билейді екен. Бөлекбай Қарабалта, Ақсуда

екен. Бөлекбайға айтпай, Момақан бас болып, Жайыл да ба-
рады. Төлеберді Садырға «қой» десе де, Жайыл мен Момақан
көнбейді. Жайылдың қартайып қалған кезі. Төлебердінің
сөзге араласқанын жақтырмаған ағалары: «баланың сөйлегені

қалай?»—деп қағытады. Төлеберді мен Бөрібай бармай қалады.
Садыр көп қолды бастап барып, Шымкенттен бергі қазақты ша-
уып, Шолаққорған мен Созақ қалаларын талайды. Көп олжаға
кенеледі. Осыдан кейін Төле би үш жүздің баласының билеріне

тарихи  аңыздар
хабар жіберіп, шақыртады. Үш жүздің билері жиналады. Билер
Көкжарлы Барақ, Қаумен, Жәпек, Жайсаң және басқа да белгілі
батырлардың өлгенін жеткізіп, Садырдын тізесінің батқанын

көбірек айтып, Садырдың кейінгі Шымкент қазағын ша­уып,
Шолаққорған, Созақты талағанын айтып, Төле бидің енді
Абылайға көнбейтінін тұспалдап, қырғыздың кейінгі қылға­
нын бейбастық деп, Бұқар жырау деген уәзір һәм ақынға: «Абы­

лайға осыны сен жеткіз»,—деп бірауыздан шешімге келеді. Үш
жүздің билері осыған тоқтап, есіктің алдына отырып алыпты.
Абылайға: «Сыртта үш жүздін билері келіп, есік алдында жиы-
лып тұр»,—десе де, істін мәнін білген хан ұқпаған болып, Бұқар

жыраумен тоғызқұмалақ ойнап отыра беріпті. Бұқар жырау
тоғызқұмалақ ойнап отырып, үш жүздін билерінің не себепті
жиналғанын және Төле бидін кесімді шешімін өлеңдетіп ай­тып
жеткізіпті. Қазақтардың оқығандары айтар еді, қырғыз­дың

шалдары айтатын еді, Бұкар жырау сонда былай депті:

—Қырғыз Көкжарлы Барақты алды,

Сартбек қазақты алды.
Шолаққорған, Созақты алды,
Абылай хан, енді, Садырдың
Сені алмағына аз-ақ қалды!..

Сонда Абылай бір жеңін киіп, бір жеңін кимей, қабағы
салыңқы, есіктен шыққан екен дейді бұрынғының шалдары.
Абылай:

—Бір жағым қоқан, бір жағымда қытай, бір жағымда орыс

тұрғанда, азғантай қырғызға қызықпай жөн тұрсақ деп едім,
болмадыңдар. Қазақ пен қырғыз бір туған едік. Бәйтік қастық
қылып Көкімге у берді. Содан ортамыз бұзылды. Ташкенді
бүтін иеленгенде Бәйтік кім болмақ еді?! Қырғыз-қазақтың

бұзылғанын пайдаланып қалмақ қайта келген. Қазақ Бұқар
кіріп, қырғыз Ысар кіріп, ел тентіреген. Сол естеріңнен шықты
ма? Тентіреп жүріп табандарың тесіліп «Ақтабан шұбырын­ды...»
атандыңдар, соны ұмыттыңдар ма? Қалмақтан жаңа кұты­лып

отырсақ, қырғыздың жеріне қызығып мынаны бастадыңдар.
Қоқан, қытай, орыс үшеуінің біреуі қол салса, ежелден бір
тұқым, бір боз үйлі, кейде қағысып, кейде табысып жүрген
кырғыздардың пайдасы тиеді ғой деп едім, болмадыңдар. Рас,

батырлар  туралы  аңыздар
сендер айтқан Садырдың қылығы айып, тыныш жатқан елге
бүлік салған... Біздің көкжарлы Барақтыкі де айып, жортуыл
жасап өзі барған. Бірақ ол өз жазасын тапты. Бізде Бердіқожа

бар. Ол да қарап жатпайды. Сендер менің айқаныма тоқтайын
деп тұрған жоқсыңдар. Мен қырғыз деп аттанбаймын, Садыр
деп аттанам! Садыр көнсе, осы уақытта айтармын. Ал бұйрық
бердім, аттаныңдар!—дейді. Үш жүздің билері аңтарылып:

—Қалай аттанамыз, өзіңіз айтыңыз,—деседі Абылайға

қарап.

—Үш үйден бір адам, екі адамға үш ат алыңдар. Екі адамың

бір бие сүтін ішесің. Ат басына бір шідер, бір арқан алыңдар,—
деп, үш жүздің баласын бастап хан Абылай аттанады. Күзді күні
жолға шыққан Абылай келе жатып Ташкенді алады. Қоқан
Абылайға тиісе алмайды. Ташкенді алғаннан кейін Абылай

қырғызға елші жіберіп, ортадағы шатақты тыныштық жолы-
мен шешпек болады. Солты, Сарыбағыш Есенқұл батыр, Кебек
би кеңес қылып: «пәлен барсын, түген барсын» деседі. Есенқұл
батыр: «Сарыбағыштан пәлен барсын, солтыдан Жамансарт­

тың ұлы Төлебердіні жіберіңдер, қосылам деушілер болса,
өздері білсін. Біздің сарыбағыш пен солтыдан барған кісілерге
Төлеберді бас болсын!»—дейді. Бұған Кебек би келісімін беріп,
сөз байласып, солты мен сарыбағыштан сөз білген, іс білген төрт

кісіге бас қылып Төлебердіні жібереді.
Қырғыздардың басқа руларынан да елшілер қосылып оты-
рып, Ташкенге қырық елші барады. Садырдың елшісі:

—Садыр хан мені хан деп танысын деп айтқыз,—дейді.

Абылай үндемей қояды. Өзге елшілер де сол сөзге тоқтағанын
білдіреді. Абылай оларды жақсылап күтіп, сый-сыяпатпен ша-
пан жауып, жаз шыға еліне қайтарыпты. Төлеберді Абылайға
ұнап қалады. Сол кезде Төлеберді жиырма бес жаста екен. Оның

Абылайға ұнаған себебі—ханнын құзырына елшілер кірген­
де, жас бала соңынан кіріп, әдет бойынша Төлеберді қолын
қусырып, кеудесіне қойып, босағада тұра береді. Абылай:

—Балам, сен неге отырмайсың?—дейді. Сонда Төлеберді:

—Мен хан отыр деген жерге оты­рам,—дейді. Абылай:

—Кел, қарағым,—деп оң жағынан орын береді. Әркім әрнені

айтып, өз ойын білдіреді. Бір кезде Абылай Төлебердіге қарап:

—Сен неге үндемейсің?—дейді. Төлеберді:

—Сізден рұқсат болса, сөйлеймін,—дейді. Абылай:

тарихи  аңыздар

—Иә, сөйле, қарағым,—дейді.

—Тақсыр, біздің қырғыз аз ел. Басынан қандай істер өтке­

нін өзіңіз жақсы білесіз. Қазақ пен қырғыз бір туған бауыр. Сіз
әділдік жасасаңыз, қырғыз оған көнеді. Қырғыздың көнбісті­
гі бар. Ол өзі барып ешкімге соқтықпайды, оны өзіңіз білесіз.
Садырдың ғана бейбастығы бар. Қырғыз өз арасында оң-сол

болып бөлінеді. Оңға—бұғы, саяқ, солты, сарыбағыш, бағыш
жатады. Есенқұл деген батырымыз бар һәм әр рудың басшыла-
ры бар. Бәрі Есенқұлдың сөзіне тоқтайды. Сол жақтағы ел де
Есенқұлды тыңдайды. Осы кісі бас болып Садырға айтар. Са-

дыр да сөзге көнер. Көнбесе, оның да жауабын айтар қырғыз.
Бәріміздің ханымыз болдыңыз, сөзімді тыңдаңыз,—дейді
Төлеберді.

—Иә, балам, сөзіңнің түбі терең екен, айта бер,—дейді

Абылай.

—Олай болса, қазақтың кінәлі адамдары мен қырғыздың

кінәлі адамдары жазаға тартылсын. Қырғыз аттанып келген
жоқ, қазақ аттанып келді. Сол үшін осынша қан төгілді. Қазақта
Шанышқылы Бердіқожа батыр бар, тыныш жатпайды. Осыны
айтам,—деп барып тоқтайды. Төлебердінің сөзіне Абылай разы

болды. Абылай:

—Кұдай қаласа, жазда барамын, басшыларыңа сәлем ай­

тыңдар. Менің іздегенім жақсылық. Қазақтардың арасында
бейбастық жасағанның кім екенін білемін, Төлеберді бала! Сол
Есенқұл батырға айта бар, Садыр тентек осыдан былай тыныш
жатсын. Басқа айтар сөзім жоқ. Мен тыныш жатқан елді ша­

уып, талап, атымды шығарып, ел арасын бүлдірген хан емес­
пін. Менің ырқыма көнсе, қалыс қаламын, көнбесе, онда көріп
алдық,—деп сөзін аяқтап, қырық елшіге хош айтып, шығарып
салған екен.

...Бердіқожаға Абылай: «Қой!»—дейді. Үйсіннің төбе биі
Төле би де: «қой!»—деп айтады. Бердіқожа соңына ерген үйсінді
ертіп алып, қырғызға тиісе берген. Бірде жолы болып, бірде
жолы болмаған. Төлеберді бұл кезде қырғызға кайта көшіп

келген екен. Қырғыз бен қазақтың арасында бір дау туындаса,
араға жүретін Төлеберді екен. Төлеберді Абылайға барып арыз-
данады. Абылай:

—Үйсіннің Төле биіне айтқыздым, өзім де айттым, тілімді

алмады, енді не амал қыламын?—дейді. Төлеберді:

батырлар  туралы  аңыздар

—Рұқсат беріңіз, біздің сарыбағыш, солты өз жолы-

нан қалмасын, мен сіздің алдыңыздан өтейін деп келдім.
Бердіқожаға біздің қырғызға тиесілі жердегі үйсіннің біразы
еріп жүр. Егер біздің солты мен сарыбағыш осы Бердіқожа­
ға еріп жүрген үйсіннен жеңіліп қалса, өз обалдары өздеріне,

ал егер Бердіқожаны біздің солты мен сарыбағыш жеңіп кет-
се, онда оған жаныңыз ашымасын,—дейді. Хан Абылай бұл
сөзге:

—Бердіқожаға өз білгендеріңді қыла беріңдер. Оны өл­

тірсендер де, қалыс қаламын. Үйсіннің Төле биі де оны тентек деп
отыр. Одан арғысын өздерің біліңдер,—дейді. Төлеберді келіп
Есенқұлға істің мәнісін айтады. Есенқұл батыр мен Төлеберді
елдің игі-жақсыларын жиып, кеңеседі. Елді барлап келу үшін

солтыдан Бөрібайды, бөлекбайдан Мырзаны және сарыба­ғыш­
тан екі кісі қосып, төртеуін бас қылып, сексен адамды аттан­
дырады. Бұлар күндіз дем алып, түнде жортып, Бердіқожа­
ның ауылына жақындайды. Бөрібай батырдың ал­дынан қалың

қолмен Бердіқожаның өзі шыға келіп, қолға түсіріп алады.
Жолдастарымен уәделескен жерге Бөрібай келмегесін, Мыр-
за батыр: «Бөрібай ішке еніп кетіп, қолға түскен екен, енді
қайтайық, Қазық мойын қазақтың жолы болыпты, елге хабар

берейік»,—деп жөнеп кетеді. Осылайша жолдастары Бөрібай­
ды тастап кетеді.
Бердіқожа Іленің бойында екен. Бөрібайды ауылына алып
барып, байлап қояды. Тары оратын кез екен. Бердіқожаның

Көкшолақ деген сәйгүлік аты бар екен. Бердіқожа Бөрібайды
бұрыннан біледі. Күндіз далаға алып шығып, оны «бауырым»
деп көп әңгімелеседі. Көп ұзамай, бір күні кешке Бердіқожа
батыр Көкшолақтың шылбырын шұбатып, Бөрібай батырды

қасына алып, сөйлесіп отырады. Бөрібай онашалау отырған
екен, жанынан өтіп баражатқан Көкшолаққа көзі түскенде,
Бердіқожа: «Қара­ма Көкшолаққа, бауырым, көзің өтеді»,—
дейді. Сөйткенше болмай, қолын байлаған қыл шылбырды

тісімен қиып жіберіп, Көкшолаққа ырғып мінген Бөрібай:

—Хош, батыр!—дейді. Бердіқожа да Бөрібайға қарап тұ­

рып:

—Бауырым, хош! Көкшолақты міндің. Сені қуаламай­мын.

Қуғанменен, Көкшолақ жеткізбейді, құтты болсын, бауы­рым!—
деп қала беріпті. Сөйтіп, Бөрібай Іледен өтіп ауылына келеді.

тарихи  аңыздар
Төлеберді Қордайда екен. Абылайға жүрейін деп қамданып
жатқан екен. Есенқұл:

—Қол жиып аттанайық»,—десе, Төлеберді оған көнбей:

—Біз өзіміз барып ұрындық, қазақ келіп ауылымыздан

байлап әкеткен жоқ. Мен сарыбағыш пен солтыға ризамын,—
дейді екен.
Бөрібай келгеннен кейін, солты мен сарыбағыш жиылып,
кеңес құрады. Кәрісі Есенқұл мен Кебек, ханы Бөрібай болып

«Енді не істейміз?» деп ақылдасады. Бөрібай:

—Казір Бердіқожаның бекінісі мықты, онда баруға болмай-

ды. Жайшылықта, Бердіқожа Сарытауқұмға келгенде барсақ
болады, мен білген Бердіқожа бір келеді,—деп сөзін аяқтайды
Бөрібай. Осыған бәрі келіседі. Ел Шу жаққа көшіп жатқанд,а
солты мен сарыбағышты арт жақтан келіп шабады. Қамданып

жүрген ел жиылып, күш жинап, қайыра қуады. Қуып отырып
Ілеге барып, көп олжаға кенеледі. Іленің ар жағын қыстап
отырған үйсіннің малын талап, үйін шауып, Бердіқожаны
өлтіріп, көп мал мен адамды қолға түсіріп, мол олжамен үйле­

ріне кайтады. Сарыбағыш пен солтының шалдары мақтанып
отырушы еді. Басшылары Есенқұл, Атеке, Кебек, Бөрібай екен.
Ол кезде Төлеберді Абылайға кеткен екен.
Бердіқожаны қалай өлтіргені жөнінде де жаза кетейін. Ілеге

жеткеннен кейін Кебек, Есенқұл, Бөрібай, Мырза батыр бұрын
қазақтарда аманатта болып, қайтып келген бөлекбай руы-
нан Аша батырды қазақтар арасына жібереді. Оған: «Аша, сіз
Бердіқожаны байқап, қайсы үйде тұратынын анықтап келесіз

бе?»—деп, Бердіқожаның ауылына жұмсайды. «Мақұл» деп
Аша батыр кетеді. Бөрібай мен Мырза батырлар Есенқұл мен
Кебекке, Атекеге келіп болған жайды айтады.

—Аша батырды жұмсадық, біліп кел деп, рұқсат берсеңіз­

дер, сарыбағыш пен солтының талапкер батырларын ертіп біз
қалайық, Бердіқожаны өлтіріп қайтамыз. Ал сіздер бас болып,
қол кете берсін,—дейді олар. Есенқұл батыр бұған риза болып:

—Бауырым, үмітім өзіңсің, кеше Көкжарлы Барақты,

Жәпекті, осы Бердіқожаны қуып, Барақ хан мен Жәпекті
өлтіргенде батамды беріп, «Осы Қазық мойын қазаққа сені
салам, бауырым» деген едім. Атеке, Кебек екеуің қолды бас­
тап, қолға түскен мал мен жанды алып жүре беріндер. Мен

балаларға бас болып қалайын. Құдай қаласа, Қазық мойын

батырлар  туралы  аңыздар
қазақты өлтіріп қайтамыз. Әйтпесе, бұл Қазық мойын қазақ
бізге тыныштық бермейді. Қазақтар «қырғыз кетіп қалды» деп
енді алаңсыз жатады. Шаршаған немелер қамсыз қалады. Дәл

осындай күші сарқылып тұрғанда қазақты қайта қырайық.
Аша батыр оның қай жерде жатқанын анық біліп келеді. Аша­
ның қазақтан айырмасы жоқ,—дейді. Содан кейін Есенқұл ба-
тыр қолды жиып: «Өз күшіне сенген солты мен сарыбағыштан

бізге еріп кім қалады?»—деп жар салады. Білегіне сенген бес
жүз адам алға шығады. Атеке мен Кебек би қолды бастап жүріп
кетеді. Қыс түскен, қоңыр күздің аяқ шені екен. Түн ұзақ,
қоңырсалқын. Бердіқожамен қазақша сөйлесіп, мән-жайды

біліп алғаннан кейін Аша келеді. Келгеннен кейін қолға қарап:
«Қазақтар арғын мен үйсін аралас отыр екен, екеуі тендей.
Ортасынан тоқсан үй беріп, үлкен ақ үйде шалқасынан түсіп
жатыр екен мен барсам. Төменгі Шудан келген қазақ болып

бардым. Бір қондым, екі бие сойды»,—дейді. Аша батыр бас
болып ауылдың жанына келеді. Аша батыр «осы ауыл» деп
көрсеткен ауылдың тұсына келгенде, Есенқұл батыр колды
екіге бөліп, бірін ауылдың басына, бірін ауылдың аяқ жағына

орналастырыпты. Өзі Аша батырды алып, жанына Бөрібай ба-
тырды ертіп, маңайындағыларға: «Мен ауылға барып, дауы­
сым ұрандап шыққанда, осы жерден ат қойыңдар. «Біздің
іздегеніміз Бердіқожа!» деп айқайлай беріңдер, қарсылық

көрсеткендер болмаса, үй ішіндегілерге тимеңдер»,—деп
ескертеді. Сол айтқандай болыпты. Қазақтардың ауылы Іледен
алыс екен. Бердіқожаның өз үйінің жанына барып Есенқұл
«Жанқораз!» деп ұран сал­ғанда, қалың қол ауылды қоршап

алыпты. Бердіқожаның өзі үйінің есігін ашып қойған екен.
Шырағын жарық қылып, қолына қылышы мен найзасын алып
Бердіқожа қарап тұрыпты деседі. Жанындағы адамдарымен
атқа міне алмай қалыпты. Есенқұл:

—Үйді көтер!—деп, үйге кірейін дегенде:

—Батыр, мен кірейін,—деп, Бөрібай кіргенше, Есенқұл үй­

ді төңкеріп тастапты. Бөрібайға:

—А, бауырым, келіп қалдың ба? Көкшолақты мініп

қашқаныңнан-ақ осы істің боларын біліп едім,—деп Бердіқожа
тұра ұмтылады. «Бердіқожа мен Бөрібай екеуі тіресіп тұр­ған­
да, Есенқұл келіп Бердіқожаны жағадан алды»,—дейді шал­
дар.—Осынша батыр келіп, өзгең тыныш тұр,—деп, Берді­қо­

тарихи  аңыздар
жаның адамдарын, қатын-баласын бөліп тастап, Бердіқожа­ның
өзін байлап, ауылдан шыққан екен деседі. «Бүлінгеннен бүл­дір­
гі алма» деп Есенқұл мен Бөрібай ауылдан тыныш қана шығып

кетіпті. Бердіқожаны Есенқұл: «өлтіріңдер!» деп өлтіртіп, «Ал,
Бердіқожаның өлігін»,—деп, кескілеп, жүріп кеткен екен дей­
ді бұрынғы шалдар. Ал менің Бердіқожаның өлімін жазғаным­
ды айып көрмеңіздер.

Содан кейін қазақтар Абылайға арыз айтып барып-
ты. Төлеберді сол уақытта Талас қырғызының дауы үшін
Абылайдың жанында екен. Қырғыздан Есенқұл мен Ке-
бек барыпты. Абылайдың алдында қырғыз бен қазақтың игі

жақсылары айтысып отырып, бітімге келген екен дейді шал-
дар. Бердіқожаның құны тоғыз байталға кесілген екен деседі
олар. Осыдан кейін қазақ пен қырғыз арасы Абылай дәуірінен
Қоқанға қарағанға дейін тыныш болыпты.

108. Қазақ-қырғыз шабысы

...Қалмақтар сүріліп кеткеннен кейін көп жер босайды. Оны
бұрынғы меже бойынша жайма-жай бөлістіре алмай, қазақ пен
қырғыздың ортасында шатақ шығады. Қырғыздар қалмақтар
сүргініне дейінгі заманда жайлап жүрген Іленің басын,

Үшаралды бер десе, қазақтар көнбейді. Таластан Шымкент-
ке дейін бұрын қырғыз жайлап жүрген жер десе де, қазақтар
болмайды. Бұл уакытта Жетісудағы қырғыздарды Сарыба­ғыш
руындағы Маматқұлдың ұлы Болаттан туған Есенқұл би­леп

тұрған. Оны «Шоң батыр» деп қойысқан. Солтыны Бөлек­бай
аталып кеткен Қарақшының ұлы Бәйсейіттен туған Кебек-
бай билеп тұрған. Ол Қошайдың Момақан деген ұлына ақыл
салып тұрған. Момақанның Жамансарт деген бір туғанының

Төлепберді деген ұлы пысық шығып, сөзге араласа бастаған.
Ол кезде Сарыбағыш, Солтылар Кетментөбе, Таластың басында
Шудың аяғында тұрысқан екен. Қазақтармен соғысу үшін Та­лас­
тың аяғындағы Қапқа деген жерде жинала бастайды. Саяқтың

Қаба ұрығынан шыққан Садыр батыр, Түнқатар ұрығынан Ар-
зымат, Шағыр ұрығынан Қашыке келеді. Есенқұл Садырға:
«Кетментөбеден Қатпаға көшіп келіп орнық, қазаққа Таласты
бермейміз»,—дейді. Садыр қол құрып, Таластың аяғындағы

батырлар  туралы  аңыздар
қазақтарды шауып, Шымкентке ысырады. Қапқаға қорған
салдырып, «Хан Садырдың ордасы» дейді, Іленің басындағы
қазақтарды да қырғыздар сүре бастайды. Олар арызданып

Абылай ханға барысады. Абылай: «Қырғыздарға тиіспеңдер,
қойыңдар»,—дейді. Оған болмай, үйсін қазақтарынан шыққан
Бердіқожа қырғыздарға шабуыл жасап, жылқыға тие береді.
Жыны келген Садыр менен Момақан оны Шымкентке дейін

сүріп шабады. Осы шабыста Үйсін қазағы Жәпектің Қаумен
деген ұлы өледі. Бердіқожа осыдан жиырма-жиырма бес жыл
ілгеріде Ташкен шаһарындағы Таласта өлтірілген Шүңгінің
Қарабәйтігінің құнын даулап жүрген болса, енді оған жаңа

құн қуған Жәпек қосылады. Екінші жолғы шабыстан кейін
Бердіқожа Абылайға қадірі бар деп Төле биді салады. Сондада
Абылай: «Кінә өздерінде, Бердіқожа, қой десе болмадың, пәлеге
ұшырайсың ғой»,—дейді. Абылайдан сусыған Бердіқожа Ұлы

жүздің басшы­сы, Арғындардың төресі Көкжарлы Барақ ханға
барады. Ол Бердіқожаға төрт мың қол береді.
Бұл хабарды шолғыншы арқылы біліп тұрған Есенқұл,
Қашыке, Бөлекбай, Кебек биді шақырып, қазақтардың қол

кұрап жатканын айтып, даяр тұралық дейді. Олар елді Борал-
дайдан ылди, Ысық-атадан жоғары шоғырлап, жеңіле қалса, Ба-
уамды өрлеп қашпақ болады. Бұл уақытта Көкжарлы Барақ бас
болған үйсін-арғындар Қастектен асып, Боралдайдағы Қашыке

батырдың ауылына қол түсіреді. Даяр тұрған Солты, Сарыбағыш
атқа мініп, қатты соғыс басталады. Қырғыздар жеңіп, қазақтар
қашады. Қазақтардың Барағы өледі, Жәпек ауыр жарадар бола-
ды. Осыдан кейін Жәпектің руы Іледен кетеді. Сол жортуылда

қазақтарды қуалап баратып қырғыздан Теміржан деген манап
Іледен өтіп кеткен қазақтардың артынан түседі. Қашып бара
жатқан қазақтар қырғыздардың аз екенін біліп, қайырылып,
ит соғысын салады. Теміржан Сіргелі Жұрынбай батырды

шанышпақ болғанда, Қанжығалы Нәйет батыр Теміржанды
шанышып жығады. Қазақтың Томаш батыры баса қалып, ішін
жара тартады. Сол уақытта арттағы қырғыздар келіп қалып,
Жұлынбай, Үсет, Алтай, Байғозы батырларды қолға түсіреді.

Теміржан үшін төртеуінің бірін өлтірмек болғанда, Байғозы
көзге түсіп қалады. Оны атамыз деп шөкелетіп отырғызып
қояды. Байғозыны шығысқа қаратып, артынан қырық қадам
өлшеп ататын болады. Сол уакытта Теміржанның бір туғаны

тарихи  аңыздар
келіп: «Менің бауырым шәйіт болды, ешкімнің қанын көтергім
келмейді, кете бер, қазағым»,—дейді. Байғозы тұрам деп тұра
алмай, өне бойынан тер саулап, отырып қалады. Бұл соғыста

қырғыздан Есенқұл, Жайылдың ұлдары Үсет, Теке, Қосайдың
Жамансартының ұлы Төлеберді Бөрібай көзге көрінеді. Осыдан
соң Үсет, Теке, Төлеберді, Бөрібай—Солтының төрт батыры ата-
лады.

Осыдан кейін қазақтың Бердіқожасы Таластың аяғынан ша-
буыл бастайды. Оған қарсы Садыр, Момақан аттанады. Олар
қазақтарды Шымкентке дейін шауып, көп олжаменен қайта­
ды. Бұл шабуылды Есенқұл мен Кебек би қолдаған емес. Осы

уақытта қазақтың Төлебай (Төле би болар) деген биі қазақтың
үш жүзінің билерін шақырып, Бұқар жырау деген Абылайдың
уәзіріне Абылайды сөзге көндір дейді. Бұқар жырау жырме-
нен:

Е-ей, Абылай ханым!
Қырғыз Көкжарлы Барақты алды,
Сарт бек қазақты алды,
Шолаққорған, Созақты алды.

Абылай хан, Садырдың енді
Сені алмағына аз-ақ қалды!—
деген екен. Абылай бір жеңін кимей есіктен атқып шыққан.
Сыртта топтанып үш жүздің билермендері тұрған. Сонда ашуы-

на булыққан Абылай мынадай дейді:

—Бір жағымда қоқандық сарт, бір жағымда қытай, бір

жағымда орыс тұрғанда, азғантай қырғызға қызықпай жөн
тұрсақ деп едім, болмадындар. Шүңгінің Бәйтігі қастық қылып
қырғыздың Көкіміне у берді. Содан ортамыз бұзылды. Ташкенді
бүтін иеленгенде Бәйтік кім болмақ еді?!» Қырғыз-қазақтың

бұзылғанын пайдаланып қалмақ болып қайта келген. Қазақ
Бұқар кіріп, қырғыз Ысар кіріп, ел тентіреген. Сол естеріңнен
шықты ма? Тентіреп жүріп табандарың тесіліп, «Ақтабан
шұбырынды...» атандыңдар. Соны ұмыттындар ма? Қалмақтан

жаңа құтылып отырсақ, қырғыздың жеріне қызығып мы-
наны бастадындар. Қоқан, қытай, орыс үшеуінің біреуі қол
салса, ежелден бір тұқым, бір боз үйлі, кейде қағысып, кейде
табысып жүрген қырғыздардың пайдасы тиеді ғой деп едім,

батырлар  туралы  аңыздар
болмадыңдар. Рас, сендер айтқан Садырдың қылығы айып, ты-
ныш жатқан елге бүлік салған... Біздің Барақтікі айып, жор-
туыл жасап өзі барған... Мен қырғыз деп аттанбаймын, Садыр

деп аттанам! Аттанғанда үш үйден бір адам, екі адамға үш ат
алыңдар. Екі адамың бір бие сүтін ішесің. Ат басына бір шідер,
бір арқан алыңдар.
Өстіп үш жүздің қазағы қозғалады. Абылай жолда келе

жатып Ташкенді алады. Қырғыздарға елші жіберіп, орта­да­
ғы шатақты тыныштық жолымен шешпек болады. Есенқұл
Көбек бименен кеңесіп отырып, Жамансарттың Төлебердісін
бас қылып, сөз білген, іс білген төрт ақсақалды жібереді.

Қырғыздардың басқа руларынан да елшілер қосылып отырып,
Ташкенге қырық елші барады. Ол заманда әрбір рудың өз бас-
шылары болған. Есенқұл Сарбағыштан шыққаныменен, жал­пы
түндік қырғыздарды билеген. Сарыбағыштың биі Әтеке жы­рық

болған. Саяқты жалпы Садыр билегенімен, биі Ғадай бол­ған.
Көкшүнді Ибалы би, бостұмақты Тәшібек би, моңғолдарды
Бірназар би, желдеңді Шапақ би, бұғыны Бірназар би, қытайды
Мұса би, сарыны Садық батыр билеп тұрған.

Сөйтіп, қырғыздан барған қырық елші Абылай ханға кіріп,
өздерін таныстырған. Шежірелерде Абылай хан елшілерді де-
реу қабыл алмай күттіріп, сыртынан сынатқаны, сыр тартқаны
айтылады. Қырғыз-қазақтың байырғы дипломатиясындағы:

тамақ беріп сынау, жеген-ішкенін байқауменен үш күн өтеді.
Абылайдың тыңшылары қырғыздардың негізгі елшілерін
Төлеберді деген жиырма бір жастағы жігіт бастап келгенін
және төрт ақсақал барын айтады. Содан кейін қырғыздың елші­

лерінен Садырдың елшісін қабыл алады. Елші:

—Садыр хан мені хан деп танысын деп айтты,—дейді.

Абылай үндемей қояды. Садырдың елшісіне жауап бермей
жөнел­теді де, Төлеберділерді ордада қабыл алды. Елшілер қол
қусы­рып, сәлем айтып кіріседі. Абылайдан басқа қазақтар
қозға­лып, ақсақалдарды даярлаған орындарына отырғызады.

Абы­лай оларды көрмеген болып, төмен қарап отырады. Бір ау­
қым­да басын көтеріп қараса, босағада қол қусырып Төлеберді
тұр­ған екен. Абылай:

—Жігіт неге отырмайсың?—дейді. Сонда Төлеберді:

—Мен хан отыр деген жерге отырам,—дейді. Абылай жүзі

жылып:

тарихи  аңыздар

—Кел, қарағым,—деп оң жағындағы орынды көрсетеді.

Төлеберді отырғаннан кейін қазақ-қырғыздың шатағы жө­
ніндегі сөз қозғалып, қырғыз-қазақтың үлкендері шатақтың
басы сендерден басталды деп, бір-бірінің айыбын тізбелеп, ұзақ
сөзге кіріседі. Таласты тыңдап отырған Абылай үндемейді.

Ақсақалдар айыпты бір-біріне мойындата алмай кеш батады.
Қырғыздан барған төрт шешен сөйлейді. Қазақтан шыққан
сөзге жүйріктер сөйлейді. Естіген адамға әрбірінікі тура. Сен
айып­ты деп ешкім айтатындай емес. Бір ауқымда Абылай Төле­

бердіге қарап:

—Сен неге үндемейсің?—дейді. Төлеберді:

—Мен хан сөйле дегенде сөйлеймін,—дейді. Абылай жымиып:

—Сөйле, қарағым,—дейді. Төлеберді шатақтың басын

Шүңгілдің Қара Бәйтігі Көкімге у беріп өлтіргеннен бастап,
аяғын Бердіқожа мен Садырға алып келіп тірейді. Оған шейін
қырғыз бенен қазақтың қойы қоралас, бауырлас ел екенін ай-
тып, қалмақты шапса, бір шауып, қашса, бір қашқанын айта-

ды. Қыз беріп, ұл үйлендіріп, боз үймен жайлауда бірге көшіп
жүргенін айтады. Тілі мен ділі жақындығын айтады.

—Құдайдың жеріне таласып елімізді қырамыз ба? Басқа

елге жем боламыз ба?—дейді. Төлебердінің сөзіне Абылай разы
болады. Екеуінің ойы бір жерден шыққанына бір жағы таң
қалады. Абылай бір тынымнан кейін:

—Есенқұлға айта бар, Садырын қойдырсын, біз Бердіқожа­

ны қойдыралық,—дейді.
Он күн мұрсат беріп, елшілерді жөнелтеді. Ол уақта
Солтының талқа елі қазіргі Луговой тұрған жерде екен. Бөлек­
бай елі Қарабалта, Ақсуда екен. Сарыбағыш Есенқұлға хабар

беріп, болған істерді, айтылған кептерді баяндайды. Есенқұл
Төлебердінің сөзін еп көріп, Кебек биді Садырға жібереді. Са-
дыр өзін ханмын деп қоқырайып тұрған екен:

—Мені хан деп танымаған сарт құлға көрсетем!—дейді. Ол

сарт деп Абылайды айтқан. Абылайдың түпкі тегі өзбек деген
кеп бар екен. Сонда Кебек би:

—Іші аланы сырты бүтін алады, жоны бұзылған елді жоны

бүтін ел алады, күшті хан күшсіз ханға қашан көніп еді?
Айтқан тілді алмай, елдің қанына қанбақ болып тұрсың, ба­сың
бас, бақайшағың қара тас!—деп жөнеп кетеді. Кебек би тал­қан
еліне келіп, Жайыл менен Момақанға сөйлесіп:

батырлар  туралы  аңыздар

—Садыр болмады, сендер жоғарыға, біз жаққа көшіңдер,

өлсек, бір шұңқырда, тірі болсақ, бір төбеде болалық,—дейді.
Жайыл:

—Момақан білсін,—дейді. Момақан сонда:

—Біз Таласты жайламай Сусамырды жайлайық, казір ор­

нығып қалдық, кейін хабар қылып көшеміз,—дейді.

—Көлденең жайт болып қалса, Төлебердіні жібер,—деп

Кебек би жөнеп кетеді. Ол кеткеннен кейін Садыр Момақанға
келеді. Ол екеуі дос екен. Садыр:

—Моңғолдар, Саяқ, біз жаққа сен қосылсаң, Солты қо­

сылады. Екеуміз Абылайдың шет қарауылын шапсақ, елі
қашады,—деп Момақанды көндіреді. Екеуі қол құрап барып,
қазақтың Көсегенің Көкжотасы деген жерінен Ботпай, Шы-
мыр руларын шауып, Құдайқұл тұқымын талқандайды. Абы-

лай мұны естіп, ашуы келіп, әскеріне аттануға бұйырады.
Абылайдың қолбасыларының бірі Жауғаш Момақанмен дос
екен. Ол сасқалақтап Момақанға келіп:

—Сен Садырға қосылма, Абылайдың қаһарына қаласың,—

дейді. Момақан:

—Сенің сарт құлыңды сойып алам, сауытын қан қылмай

шешіп қойсын, бәрібір сауыт менікі,—дейді. Жауғаш:

—Достықтың міндетінен құтылдым,—деп кете береді.

Момақан Садырға хабар беріп, Төлебердіні Есенқұлға жібереді.
Есенқұл еліменен Үш Алматыда екен. Жайлауы Ақбешімде
болған. Олар жайлауға келіп қалған екен. Есенқұл қолын алып
жөнейді.

Абылай әскерін үшке бөледі. Бірінші қолды Садырға қар­
сы Таласқа жібереді. Екінші қолды Қорғантының басында­
ғы Солтыларға жөнелтеді. Үшінші қолменен Әулиеатаға өзі
келе­ді. Бірінші қол Садырды тыпыр еткізбей басып қалады.

Садыр балаларымен қолға түседі. Абылай Әулиеатаны
алып, екінші қол кеткен Солтыға қарай аттанады. Солты-
лар Қорғанты­ның беліне бекініп, Момақан, Жайыл, Ке-
бек би бас болып, Үсен, Теке, Итеке қорғап жатқан екен.

Олар қатты қарсылық көрсетіп, Абылайдың екінші қолын
қашырады. Бірақ Абылай көп қолменен келіп қалып, солты-
ларды талқандайды. Жа­йылды балаларымен қолға түсіреді.
Момақан елімен қолға түседі. Осы кезде Шоңұрдан асып, са-

рыдан Қубілек, Қолпаштар келеді. Олар Солтылардың қолы

тарихи  аңыздар
екен деп Абылайдың әскері­не ұшырасып талқандалады.
Аспараны асып, Садыр ханның Арзымат деген інісінін ұлы
Тумаби Сейітке келеді. Сейіт:

—Немене боллың?—дейді. Тума би:

—Немене болсын, ерлігінен Солты өлді, есі жоқтығынан

Қубілек пенен Қолпаш өлді,—дейді. Абылай Садырды Жорға­
ның белінде басып қалған екен. Бұл соғыста Құсшы, Сары, Саяқ,
Солтыдан көп кісі өлген, көп кісі қолға түскен. Абылайдың
қолы Соқулық суынан қайыра тартып кеткен. Есенкұл әскері­

мен Соқулыққа келгенде, Абылайдың қолы кетіп қалған бола-
ды. Есенқұлға Кебек би жолығып, қазақтардың кетіп қалға­нын
айтады. Есенқұл Аспарадағы Тұма биге кісі жібереді. Тұма би
келеді. Ол Төлебердінің қайын атасы болатын. Есенқұл, Ке-

бек би, Тұма би сөйлесіп, Төлебердіні Абылайға екінші қа­йыра
елшілікке жібермек болады. Абылай қырғыздарды шапқаннан
кейін Үшқайыңдыға тоқтап, дар құрып, Садырды бала­ла­
рымен өлтіреді. Солты елінен Қоңырбайдың ұлы Жайыл, Үсен,

Теке, Итеке ұлдары, Қосай ұлы Момақан қолға түскен. Олар-
ды да Абылай дарға тартпақ болады. Сонда Момақанның досы
Жауғаш Абылайдан:

—Бір досымның қанын бер,—деп сұраған екен. Абылай:

—Бердім,—деп қалады да, досың кім еді?—деп қайыра сұ­

райды.

—Момақан,—дейді Жауғаш.

—Әттең, болмас-дүр, сөзім аузымнан шығып кетті,—деген

екен Абылай. Жауғаш қуанып Момақанға келеді:

—Сені Абылай босатты, досым, кетсең болады,—дейді. Сон-

да Момақан:

—Сарт құл өлтіре берсін, жеті әйелдің балалары орнымды

жоқтатпайды, өлімнен қорықпаймын. Одан да менің орныма
ағам Жайылды алып қал, елге бас-көз болсын,—дейді. Жауғаш
Жайылға барып айтады. Жайыл:

—Мен жасарымды жасадым, менің орныма үлкен балам

Үсен қалсын,—дейді. Үсен:

—Інім Теке аман қалсын,—дейді. Теке:

—Менің балаларым бар, үйленіп үлгермеген Итеке қал­

сын,—дейді. Сөйтіп Итеке аман қалады.
Есенқұл, Қашыке, Тұма би, Кебек би, Солты Жамансартқа
келіп:

батырлар  туралы  аңыздар

—Ұлың Төлебердіні бер, Абылайға елшілікке жібереміз,—

дейді. Төлебердінің анасы Жақсылық шырылдап жылап:

—Жібермеймін!—дейді. Есенқұл:

—Төлеберді сенің ғана балаң емес, ел баласы, елдің бала-

сын өзіне бер!—дейді. Төлеберді Абылайға бармақ болады, енді
бұлар барғаннан кейін айтылмақ кепті ақылдасады. Есенқұл:

—Қазақтарға немене керек?—деп Төлебердіден сұрайды. Ол:

—Белгілі емес пе, қазақтың іздегені—жер, қоныс. Берді­

қожаның қалағаны—құн, мал. Төлебердіден қырғыздарға
қараған жерді сұрағанда:

—Басы Үш Алматы, Сарытауқым, Қызылқия, Санташ, аяғы

Бетегелі Қойтас, арғы жағы Қашқар, Үрімші деп қырғыз жері­
нің шегін нақты айтып береді. Бұған разы болған қариялар
Төле­бердіні Абылайға жөнелтеді. Абылай Төлебердіні қабыл
алып:

—Жарастықтың шарты мынау: Таластың суы—су шек бол-

сын, Ырғайтыға дейін бересің,—дейді. Сонда Төлеберді:

—Сіз Таластың суы шек болса дейсіз, Күйіктің белі шек

болсын. Кішібурыл, Шоңбурыл, Тұсы тауы шек болып, аяғы
тұп-тура Түймекенттен Таластың суын кесіп өтіп, Әбіл­
қайырды басып, Қорғантыны жиектеп, Түліскенге келіп,
Ұланның ұр­шы­ғын басып, Тескейге түсіп, Ырғайтыға шейін

жетсін дейсіз. Ме­нің қосарым: бұл жерге қырғыздың қаны
көп төгілгенін бі­лесіз. Сондықтан Шоқпардан тартып, Ілеге
барып, Сартау­құм­нан тоқталсын,—дейді. Қазақтар жапыр-
лап:

—Ойбай-ау, бұл недеп тұр?!—дейді. Абылай Төлебердіге

қарап:

—Қазақтар бізге немене қылады деп тұр ғой,—дейді.

Төлеберді Абылайға тіке қарап айтады:

—Тақсыр, қырғыздың азайып қалғаны—тау арасына кіріп

кеткені ғой және жарымы Ферғана жаққа ауып кеткен. Күйік­
тің белі менен Бурылдан Бетегелі Қойтасқа дейін қанша жер?
Одан тартып Бурыл, Түймекенттен төмен Таластың аяғы қанша
жер? Таластан Әбілқайырды басып, Қорғантыға келіп жиек-

теп, Түймекентке келіп... осыдан ары қанша жер? Ұланның
ұршығыменен Шоқпардан бергі ылди қанша жер? Қантауы,
Байғара, Әулиеатаға дейін қанша жер? Іленің бас жағы қанша
жер?..Сонда Төле би менен Бұқар төре:

тарихи  аңыздар

—Апырмай, жас бала болып тұрып мұнын бәрін қайдан

білесің?—дейді. Төлеберді:

—Әрбір адам баласы туған жерін, кіндік қаны тамған жерін

білуі міндет,—деп жауап береді. Төлебердінің сөзіне Абы-
лай жығылып, Таласқа дейінгі жерді алып тоқтайды. Бірақ
қазақ-қырғыз іші мұныменен тынып қал­масын білген Абылай
Төлебердіні «Ақ үйлі елші» деп атап, өзіменен қоса қазаққа

алып кетеді.
«Абылай хан заманында Шанышқылы Бердіқожа батыр-
ды жерге таласып, кектесіп жүріп, руы аздығынан өштескен
дұшпан, өсіп-өнген ру туғаны көптігінен ұстап алып өлтірейін

деп жатқан екен:
Туысқаны аз ердін ерлігі зая,
Тілеуқоры жоқ ердің еңбегі зая.
Екіден кіші балам

Ержеткен соң, бәлем,
Қаратал-Қояндыға қосыңды тая!—
деген екен. Сол айтқаны айтқандай болып, екіден кіші, үшінші
баласы ержетіп, ат арқасына мінген соң, әкесін өлтірген екі

ағайынды неме екен, сол екеуінің бірін Қаратал-Қояндыда
өлтіріп, бірі қашып: «Бұл Арқада болсам, мені тірі қоймас»,—
деп Бұхара жаққа кеткен екен. Соны қоймай қуып барып, сол
Бұхарада жүрген жерінде өлтіріпті. Бердіқожаны жоқтаған

жоқтауында айтылған екен:

—Мінгені Бердекемнің қара ала аяқ,

Жау, шіркін, кескілепті-ау аямай-ақ.
Бердіқожа батыр балаларын сынағанда, былайша сынайды
екен. Үйелмелі-сүйелмелі үш баласы болыпты, бір-бірімен те­
телес туған.

Бір пышақтың сабын жерге тіреп, ұшын жоғары қаратып,
балаларына:

—Ана жақтан домалап келіп, мына пышақтың үстінен

өтіңдерші,—дейді екен.
Үлкен екі баласы домалап келуін келіп, дәл пышаққа жақын
келгенде, тайқып, жалтарып аунайды екен. Екіден соңғысы

батырлар  туралы  аңыздар
пышақпен жұмысы жоқ, жалтармай-бұлтармай аунайды екен.
Пышақты өзі жалтартады екен.
...Өзін жау өлтірерін білген соң жолдасына айтқан екен:

—Жау жерінде қалдым ғой, менің сүйегімді алып кете

алмассыңдар, бір бармағымды кесіп алып, маңайлас жерле­ріңе
көм де, соған там салып, «Бердіқожа тамы» атандырың­дар.
Мені есіне алғандар дұға қылып өтер,—деп.
Дағанделі өзенінің жағасына там салыпты, шошақ мола күні

бұл күнгіше кұламай тұр деседі. Дағанделі өзені Қарқаралыға
қараған елдің шетінде, Көкшетау, Дуана тауларынан көрініп
тұрады. Жүргіншінің қара жолының үстінде, Жетісу барғандар:
«Қозы Көрпеш—Баян тамын көрдік, Шанышқылы Бердіқожа

тамын көрдік,—деседі.

—Тауыңның Арқар деген аты—Кұлжа,

Жігіттер, атқа түйе тегін олжа.
Хан Абылай аттанады дегенді естіп,
Келіпті Шанышқылыдан Бердіқожа!—деген ба-
тыр осы!..

109. Жоламан батыр туралы

Шалабай өз заманыңда батыр ер болған. Өзі кедей болған.
Бірнеше өзара соғыстарда Шалабай жауға шауып, жеңген,
сүйтіп, өз заманында батыр атанған ер атақты кісі болады. Енді
бұның немерелері Жоламан, Бердаулет дейтіңдер болады. Бұ­

лар да батыр болған. Олар батыр болғанда, ел бастап көтеріліс­
ке шықпаған. Мысалы, Исатай-Махамбет құсап, ия Амангелді
құсап. Бұлардың жауы сол хан Әлке, үйткені Әлке патшаға
сатылған, орысқа жақын болған, халыққа салық салған, қа­

наған, шаруаларды елемеген. Міне, бұлардың мақсаты: ха­
лыққа бақытты тұрмыс беру, салықтан босату, бас бостаңдық
беру /орыстан/, патшадан аулақ болу. Бірақ «мұның бәрі тек
ханды өлтірсек ғана орындалады» деп ойлайды. Халықты

бастап көтеріліске шығуды ойламайды. Тек қана бұлардың
мақсаты—ханды өлтіру, сүйтіп халыққа бостандық беру.
Сол мақсатпен бір күні Әлке хан салық алуға базарға кел­
генде, он екі бименен сол жерде көптің ішінен Жоламан, Бер­

тарихи  аңыздар
даулет келіп, Әлкені алтыатармен атады. Сол жерде опыр-
топыр хан құлап қалады. Сол құлауымен өледі, бұны ешкім де
білмейді. Адай жағынан, шаруалар жағынан жалғыз жарым

біл­ген­дер айтпайды. Сүйтіп, билер кімнен көрерін білмей, әуре-
сәуре болады. Аңдушылар, тыңдаушылар қояды. Бірнеше жан-
сыздар қояды. Ақырында сенделіп ешкім екенін біле алмаған
соң әр руға бір жабысады. Біресе, адай өлтірген шығар дейді.

Одан шұқалап шығара алмаса, әлімге /ру аты/ жабысады. Одан
шыға табынға, не керек ақыры таба алмайды. Одан берігерек
келгесін барып онда да ештеңе шығара алмайды. Жоламан­ның
батыр болуы—осы.

110. Байсерке

Сол кездегі қазақтың батырларымен бірге Сәмен де бала-
ларын, інілерін ілестіріп, қалмақтармен соғысуға кеткенде,
Байсеркені елдегі аз ғана шаруаның қисынына бола ауылда
қалдырып, «сол тіршіліктерді бітірген соң келерсің» деп тастап

кетеді. Әке тапсырмасына орай ел арасындағы тіршіліктерін
тындырған соң, негізгі сарбаздарға қосылу үшін екі жолдасы-
мен Байсерке жолға шығады.
Жиренайғыр өзенінің төменгі жағындағы Тасөткелге жа­

қындағанда, алдарынан бір шаршап-шалдыққан, аштықтан
әбден әлсіреген бір кемпірге жолығады. Байсеркелер атта-
рынан түсіп, үлкен кісіден жөн сұрайды. Кемпірдің айтқаны
мынау болады: «Ауылдың ер-азаматтары соғысқа кеткенде,

оншақты қалмақ келіп, аулын шауып, кемпір-шалдарды, қыз-
келіншектерді байлап-матап, малдарды жинап алып, адамдар-
ды ұрып-соғып, жөнсіз әбден басынады. Олардың еркінсігендері
сонша, қарсы сөз айтқан бір шалдың жон терісін кесіп алып,

етіктерін майлапты. Енді өткелден адамдардан тірі көпір жасап,
аяқтарын суға тигізбей өту үшін әрекеттеніп жатқан көрінеді».
Байсерке кемпірді атқа мінгізіп, ауыл шетіне жеткен соң,
өздері жасырынып, өткел басына жақындап, «Сәмен! Сәмен!»

деп ұрандап, сасып қалған қалмақтарға шабуылды бастап
жібереді. Сасқалақтап қалған қалмақтар әуелгіде соғыса алмай
қашқақтай бастайды. Байсерке осындай қолайлы сәтті пайдала-
нып, екі қалмақты қатар түйрейді. Жолдастары да қалыспай­ды.

батырлар  туралы  аңыздар
Шатырдан шыға қашқан біреуін Байсерке желкеден шоқпар­
мен ұрып, құлатады. Қарсыласқан біреуін қасындағы екі жол­
дасы найзамен түйреп өлтіреді. Енді қалған төртеуі де қолға

тү­седі. Жолдастары халықтың аяқ-қолдарын шешіп, бәрін
боса­тады. Ауыл жұртының Байсерке батырға ризалығында есеп
жоқ еді. Ол осылайша ел ішінде батыр атана бастайды.
Байсерке батыр бұдан кейін де әкесі, ағаларымен бірге та-

лай соғысқа қатынасады. Солардың бірі Жоңғар тауындағы
соғыс еді. Ертеңгі соғыс басталады деген түні Сәмен батыр
шолғыншыларынан жаудың жасырын тобы бар екенін біледі.
Соған орай Сәмен батыр ертеңгі соғыстың тәсілін өзгертудың

қамын ойлай бастайды. Өйткені ертең қалмақтармен қоян-
қолтық ұрыс жүргізіп жатқан сәтте сардарлардың ту сыртынан
жасырын топ лап қойса, сарбаздар қоршауда қалуы мүмкін.
Оған жол бермеу үшін Жоламан мен Байсерке батырларды

шақырып алып, жаудың жасырын тобын құртуды тапсырады.
«Сендер келгенше өзім сарбаздармен бірге болып, қалмақ­тар­ға
қарсы соғысты жүргізе тұрайын»,—дейді. Арнайы тапсыр­ма
белгіленген соң сардарлар жүріп кетеді.

Түнделетіп жүрген сарбаздар таң атып, жер жүзіне жарық
түскенде жолға шыққан жаудың жасырын тобына қарсы
жолығады. «Біз жеңеміз!» деп кеуделеріне нан піскен қалмақ­
тың батыры ат ойнатып, «жекпе-жек!» деп ортаға шығады. Оған

қарсы Байсерке шығады.
Екеуі де қолдарындағы қаруларын бір-бірлеріне дарыта ал-
май, көпке дейін айқасады. Кезекті қарсы келгенде, Байсерке
найзасын қалмақтың батырының қалқанының оң жағын ала

найза ұстаған қолына дәлдейді. Найзаның ұшы қолына тигенде,
қалмақ батырының найзасы түсіп кетеді. Қалмақтың батыры
қарсы алдына қараса, қаптаған қазақтың сарбаздарын көреді.
Ол атын тез бұрып, найзасына жеткенше Байсерке бұрынырақ

қимылдап, қалмақ батырының кеудесіне найзасын қадап, суы-
рып алғанда, қалмақ шалажансар болып, жерге құлап түседі.
Осыны күтіп тұрған қазақтың сарбаздары екі жақтан шабуыл-
дап, қалмақтарды қоршап алады. Қоршауға түскеннен кейін

көп қарсылық көрсете алмайды. Қашқаны қашып, қалғандары
найза, қылышқа түсіп, ойсырай жеңіледі. Жоламан мен Бай-
серке он шақты сарбаздарын ұрыс даласында қалған нәрселер­
ді жинастыруды тапсырып, өздері шұғыл Сәмендерге келеді.

тарихи  аңыздар
Бұлар келгенде қоршауда қалған Сәмен батырды Долаңқара жа-
ралап үлгерген екен. Қалмақтардың ту сыртынан Жоламан мен
Байсеркенің сарбаздары лап қояды. Ызаға булыққан сарбаздар

жойқын соғыс жүргізіп, қалмақтарды қырып салады. Бұл соғыс­
тан кейін де қазақтар көп жыл бойы аттарын, сауыт-сайман­да­
рын дайын ұстап, жаугершілік тірлік кешеді. Ел іші тыныштала
бастағанымен, қалмақтар шабуылының алдын алу үшін Текебай

батырды сарбаздарымен Кербұлаққа қалдырады. Байсерке ба-
тыр сарбаздарды Алатау мен Іле өзенінің ортасына орналасты­ра­
ды. Кейін бұл жер Байсерке ауылының қонысына айналады.

111. Найман Бөдес

Бірде Абылай ханның хабарымен қазақтың көп батырла-
ры жиналады. Осы батырлардың арасында шұбар атты Бөдес
батыр да болады. Ол Абылай ханның да сенім артқан батыры
екен. Сонда Абылай ханның Бөдес батырға арнап айтқан сөзін

Есенсары жырға былай қосып мадақтаған:

—Қазақтың жиып алып, қосты басын,

Қалдырмай үлкен-кіші ақылдасын.
Жатыр деп қалмақ елі жеңіс бермей,
Мен салам халқым үшін мал мен басын.
Абылай қолы бірде жоңғарлармен бетпе-бет кездеседі. Сол

кездегі көшпенділердің соғыс ережесі бойынша жекпе-жек­
ке шығады. Қалмақтар жағынан қолбасшы батыры Шонжы
шығады.
Абылай хан:

—Кезекке кім шығады?—деп жар салғанда, сақа батыр­

лардың бірнешеуі найзасын кезеп тұра қалады. Ішінен Бөдес
суырыла шығып:

—Хан ием, ақ батаңызды беріңіз. Алдарыңды орасам,

әдепсіздік болар, бір жолы құрбандықтарыңа жарайын,—деп,
бабамыз есік пен төрдей шұбар атымен келіп, тағзым етіп,
рұқсат сұрайды.
Айқас басталып, әр жақ өз аруағын шақырысып, сайысқа

түскен ерлерге ұран салып жатты. Сүт пісірмнен астам уақыт

батырлар  туралы  аңыздар
өткенде Бөдес Шонжыны аттан құлатады. Қазақ мерейі үстем
болып, қазақ қолы жеңіске жетеді.
«Қырық жігіт болып жолға шықсаң, бір жолдасың Бөдес

болсын, сонда жолың болады» деп аруақты батыр жайында ел
аузында қалған қанатты сөз бар.

112. Шегірдің Жәнібекпен кездесуі

Керей Бәрдәулетұлы Жәнібек батыр қасына нөкер ертіп
Алтайға барып, қоныс шалып қайтады. Тарбағатай тауының
үстіртімен суыт жүріп отырып Қарғыба өзеніне жетеді.
Қарғыбаның басына қосын тігіп аялдайды. Ол уақытта бұл

жерді Қаракерей Мұрын елінің жуаны Жанай ауылдары қо­
ныстап, иемденіп алған. Олар Жәнібек батырды баса-көктеп,
килігіп қонғанынан күдіктенеді. «Жәнібектің мына қонысы
жай болмас, көшір!»—дейді Шегірге ағалары. Шегірдің жасы

жиырманың жуан ортасында, мықты, батыр болам деп жүрген
кезі екен.
Шегір ақ беренін киіп, қолына найзасын алып аттанады.
Сол бетімен Жәнібек батырдың қосына келеді. Жалғыз аттыны

дүбірінен біліп Жәнібек батыр:

—Әй, кім де болсаң аттан түс, бері қоса кір!—деп дауыстай-

ды қостың ішінен.
Жәнібек батырдың жылы лебізін естіп, Шегір сабасына тү­
сіп сабыр қылады. Істің ақырын насырға шаптырмайды.
Шегір қосқа кіріп жайғасады. Ішіп отырған таңертеңгі

ша­йынан Жәнібек оған шай ұсынып, сыйлайды. Шегірдің тек-
тен тек жүрмегенін сұңғыла Жәнібек батыр іштей сезеді. Кел-
ген жөн-жосығын сұрайды. Әуел баста «қуам, көшірем»—деп
келген бетінен қайтып:

—Сізді ерулікке шақырып келдім,—дейді Шегір.

Алдымен Жәнібек батыр осы қонған жерін сөз етіп, мына
шумақты айтқан екен:

—Асан-қайғы іздеген

Жердей екен балмұздақ.
Таласады бұл жерге
Дәті шыдап қай қазақ…

тарихи  аңыздар
Осылай Тарбағатайдың жерін мақтап, онда әйгілі Қараке­
рей Қабанбай, Мұрын Боранбай батырдың елі отырғанын айта-
ды. «Ал біз жер жаннаты Алтайға көшпекші болып келеміз».—

дейді Шегірге. Содан соң Шегірдің өзін сынып:

—Батырлыққа тән біткен

Нұсқасы бар бойында.
Жауға тура кезенген
Найзасы жүр қолында.
Көрерме еді өзіңді

Жеке шыққан шайқаста,—
деп, найзаның ұшын түйреп, қас жауын жекпе-жекте жайрат-
пай, батыр атағы шықпайтынын айтқан екен. Енді қонақ болу
жайына көшіп:

—«Ризық айдап, дәм тартса, бармайын деген жеріне адам

баласы үш барады» деуші еді. Құдайым, ризығымнан айырма-
сын, үйіңе барып, дәм-тұзыңды татайын,—деп ризалық пейілін
білдіріпті.
Сол жолы Керей Жәнібек батыр Шегірдің үйіне құтты қонақ

болады. Шегірдің жамбасымен сүйретіліп еңбектейтін Күн­пейіс
деген ұлына қолымен ет асатады. Оның бұдан былай аты «Жам-
бас» болсын деп Жәнібек батыр қайтадан ат қойып бата бе­реді.
Содан кейін:

—Келін жүкті, екіқабат екен, ұл табады. Атымды бердім.

Атын Жәнібек қойыңдар,—деп тапсырады.
Аман-есен Жәнібек туады. Кейін оның Дуан деген баласы
елді билеп, болыс болады. Керей Жәнібек батырдың берген ба-
тасы Жамбас атаға да дарып қонады. Жамбас әрі бай, дәулетті,

әрі кісілікті, әулетті болады. Жамбастың бәйбішесі 50 жасында
ұл табады. Атын Ыбырай қояды. Ол он бес жасында атқа мініп
ру басы—старшын болып сайланыпты. Сөйтіп, Жамбастың бес
баласы—бес ауыл болыпты.

113. Аралбай батыр

Аралбай батыр XVІІІ ғасырдың 40-жылдары мың сарбазды
бастап, Талас өзені бойында қалмақ шеріктерімен соғысып, ірі

батырлар  туралы  аңыздар
жеңіске жетеді. Бір күні Сары Манжаның түмені Анырақай
тұсынан өтпей-ақ Аралбай бастаған сарбаздар куып жетті.
«Соңымыздан қаншалықты қуар дейсің, қалжырар» деген

оймен жүре соғысып, қалмақтар Шуға да жетті. Осы жер-
де түменбасы қулық жасап, түменді екіге бөлді. Жартысын
қуып келе жатқан қазақтардың алдын алуға қалдырып, жар-
тысын өзі бастап өзенге беттеді. Сұрапыл соғыста Аралбаймен

бірге Сатай, Бөлек, Балпық, Қараш, Тауасар батырлар керемет
жанқиярлықпен шайқасты. Түс ауа жоңғар қолының қатары
сиреп қалды. Неге екені белгісіз, майданды тастап кетпей
сілкілесе берді. Сары Мажаның қулығын Аралбай енді түсінді.

... Су үзеңгіден асса да, ат омыраулап, алға ұмтылып келеді.
Сөйтіп келе жатқанда, арғы жағадағы қалың қамыс арасынан
ойламаған жерден жау жағы зеңбіректен оқты гүрсілдете жау-
дырады. Лезде-ақ бірнеше адам ат-матымен суға шөгіп кетеді.

Аралбаймен бірге өткендер қамыс арасынан зеңбірекшілерді та-
уып алып, қылыштап тастады. «Зеңбіректің дауысы енді өшті»
деп жатқанда, әріректен тағы зеңбірек оғы атылды. Ол аз деген-
дей, оң бүйірден қалмақтың қалың қолы айғайлап шыға келді.

Осы жерде Аралбай батырға зеңбірек оғының жарықшасы тиді.
Сатай мен Бөлек Аралбайды екі қолтығынан сүйеп алдағы жа­
ғаға алып шықты. Зеңбірек оғының жарықшағы бірнеше жері­
нен тиген Аралбай батыр түн ортасында жан тәсілім етті. Ал­ды-

артын қоршаған қалың жаудың ортасында қалған қазақ қолы
Аралбай батырдың сүйегін елге апаруға мүмкіндік бол­май, қа­за
тапқан орға түні бойы жерін қазып, сол жерге жерлеп кетті.
Айбарлы Аралбай әрі елші, ел үшін, ұрпақ үшін жалғыз

жанын осылай қиып, туған жеріне, еліне, отбасына жете ал-
май, қырық жасында қыршын кетті. Ел арасындағы әңгімеге
қарағанда, Аралбай батыр сөзге шешен, алды-артын байқап
сөйлейтін ойшы да, ұтқыр адам болған екен.

114. Аралбай батыр

Бірде Үмбет, Мәмбет, Тілеке үшеуі аттарына мініп, сәукеле
сынды қалпақ киіп келе жатады. Үшеуінің де сақалдары белуар-
ларына түскен. Үшеуі де сексенге жақындап қалған екен. Сон-
да бұларға бұлақтан су алып келе жатқан үш қыз жолығады.

тарихи  аңыздар
Қыздардың біреуі шалдарға естіртіп: «Осы шалдардың да
қыздарда үміті бар ма екен?»—дейді. Мұны шалдар естиді.
Сондықтан да аттарының басын бұрып, қыздарға тиісе сөйлей­

ді. Жаңағы сөзді айтқан қыздың қолтығына ақ жамау салып
қойған екен. Соны көрген Үмбет:

—Қыздарым, ақ шап, қызыл құнажын жоғалтып едік, со­ны

іздеп келеміз, көздеріңізге түспеді ме?—дейді. Сонда әлгі қыз
тоқталмастан:

—Ата, жаңа ғана ақ шап, қызыл құнажынды бір кәрі бұқа

қуғаннан қуып мына сайға түсіп кетті,—депті. Сөзден тосыл­ған
шал қай ауылдың және кімнің қызын екендерін сұрап алып,
шалдар сол айтқан үйге түседі. Келе жатқанда:

—Мына қызды маған алып беріңдер!—деп бұйыра сөйлейді.

Батырларды ауыл ерекше күтіп, етке тойғызып, қымыз­ға
бөктіріп, қайтарларында бұйымтай сұрайды. Бұл кезде қыз­
дар жеңгелеріне шалдармен сөз қағысқанын айтып қояды.
Бұйымтай сұраған адамға Тілеке батыр (кенжесі):

—Сіздерге құда түсе келдік,—деп сөзді төбеден ұрғандай

айтып салады. Мұны естіген ауыл адамдарын күбір-күбір,
сыбыр-сыбырға басып, бағана сөз қағысқан қыздан мән-жай­
ды аңғарып, құда түсер күйеудің осы үш шалдың біреуі екенін
аңғарады. Ауыл адамдар ойласа келіп:

—Құда болуға ниет еткендеріңіз жақсы екен. Күйеу бала қай

құралпылас?—дейді.
Тілеке:

—Күйеу бала біздің ініміз болады,—деп ағасының күйеу

екенін жасыра қояды. Бірақ ауыл адамдары үш шалдың бірі
екенін қыздардан біліп алған. Олардың алдына орындай алмас
шарт қояды. Егер орындай алмаса, өзінен-өзі қалады, ал орын-
дап кетсе, амал жоқ құда болады. Сол бойынша әлгі кісі шартын

қояды.

—Егер нағыз құда боламыз десеңіздер, қалың малға

тоқсан тоғыз торы ала, айғырымен жүз жылқы әкеліңіздер.
Ол жылқының ішінде қара ала, сары ала, жирен ала деген
болмайды, тек торы ала бие болсын. Және мұны тауып келу
уақыты да қысқа, бір аптаның іші ғана. Бұдан кешіксеңіздер

малдарыңызды қабылдамаймыз,—дейді.
Тосын сұрақтан сасып қалып, Тілеке Үмбетке қарайды. Ол
«қайтпа, болады» деген ишарат білдіреді. Тілеке:

батырлар  туралы  аңыздар

—Құп, болады,—дейді. Ауыл адамдары сөздерінен қайт­

пастан:

—Шарт орындалса, қыз сіздердікі, құда болғанымыз

болған,—деп шынайы пейіл білдіреді. Осы уәде бойынша ба-
тырлар аттанып кетеді. Былай шыға бере олар дай-дай болып
айтысады. «Мұншама торы ала жылқыны қайдан табамыз?»
деседі. Сонда Үмбет байсалды бейнемен:

—Саспаңдар, бауырларым, осы барған соң жігіттерді сай-

лап, менің сайыма барыңдар, сүттің кілегейін қалқып алған­дай
тоқсан тоғыз биені айғырымен таңдап алыңдар да, сонан кейін
құданың аулына алып барыңдар,—дейді.
Ырым-жырымын жасап, бұлар барғаннан кейін амалсыз

қызын береді, сол жерден некесі қиылады. Шарт бойынша той
жасалып, қызды алып қайтады. Сол кезде Үмбет жетпіс жеті
жаста екен.
Арада біраз уақыт өтіп, Үмбеттің жас тоқалының аяғы ауыр-

лап, ақыры ұл табады. Бұл кезде Тілеке батыр жаугерші­лік­тен
оралады. Жеңгелері алдынан шығып:

—Батыр қайным-ау, жеңгең босанды, ұл туды, сүйіншісін

бер,—дейді. Сонда батыр:

—Тұра тұрыңдар, мен баланы көрейін, ойымдағы шықса,

алып келе жатқан олжамды түгел сендерге үлестіріп беремін,
егер ойымдағы болмаса, жеңгемді де, баланы да өлтіремін,—
деп қатулана түсіпті. Жеңгелерінің ес-түсі шықты. «Сүйіншіні
неге сұрадық, сүйіншісі құрсын, батырдың ойынан шықпаса,

абысын мен нәрестенің қанын мойнымызға жүктейтін болдық-
ау!»—деп күйзеледі. Бұл туралы ауылда өсек те жоқ емес-ті.
Батыр үйге кірісімен бесікте жатқан баланың құлағын ұстап
көрді. Баланың құлағынан күн көрінетіңдей, өте жұқа екен.

Жүзінде күлкі ойнаған батыр:

—Жарайсың, жеңгем, тұманым сейілді. Міне, шалдың ба-

ласы осындай болуы керек. Ал, жеңгелерім, айтқан уәдем бо­
йынша осы алып келген олжамды бөлісіп алыңдар!—депті.
Үмбеттің бес баласы бар еді. Ең үлкені—Алыбай, Құлтай,
Жанбай, Көлбай. Тоқалдан туған баланың атын Көлбайға

ұқсастырып Аралбай қояды. Міне, сол Аралбайымыз өсе келе
батыр Аралбай, елші Аралбай болады.

тарихи  аңыздар 115. Құттығай батыр

Саржала, Құттығай, Шұбар үшеуі құрдас екен, олардың
бір-біріне деген сыйластығы, қимастығы ерекше болыпты деп
ел әлі күнге аңыз етеді. Ұлы Отан соғысының ардагері бол­
ған марқұм Жұмағали Айтбаев деген ауданымызда шежіреші

қарты болды, ол кісі осы үш батыр туралы көп білетін. Саржа-
ла жорықта жүргенде екі ұлы, әйелі қайтыс болады, ол хабар-
ды үйіне жеткізбей алдынан шығып естіртуді құрдасы Шұбар
батырға тапсырады, сәлемді Саржала береді екен. Шұбарға

«Ассалаумағалайкум» деп амандасқанда, құрдасы «атаңның
басы» депті.
«Не болып қалды» деген сауалға:

—Не болсын, Аспаның аспанға ұшты, Зембілің жерге түсті

(Аспан, Зембіл Саржаланың қайтыс болған ұлдарының есімі
екен), әйелің қасына жатты,—дейді. Сонда Саржала:

—Апыр-ай, Жанбайым (еншілес інісі екен) тірі ме?—деп

сұрайды, «Тірі» дегенде:

—Е, онда болды, бала-белде, қатын-жолда деген,—деп ауыр

қайғыны сыр бермей көтеріп жүре беріпті-мыс.
Шұбар Құттығайдың немере туысы, әрі құрдасы, сан
жорықтарға екеуі талай бірге шыққан. Құттығай ауырып
жатқанда ақкөңіл, бір мінезді Шұбар қол жинап келіп сар-

баздарына Құттығай жатқан үйді қоршатқызып, «Ажалды
кіргізбеңдер!» деп күзеттіріп қойыпты. Құттығай қайтыс болған
соң, «тоғыз ұлы бар Құттығай өлуге мүмкін емес, ол бізді сы-
найын деп жатыр»,—деп үш күн бойы жерлеуге рұхсат бермей

қойыпты. Құттығайдың мың жарым жылқысы бар екен, «соның
бәрін Құттығайдың құрмандығына шаламын» деп әлек салып­
ты деген аңыз бар. Өзінің жандай құрдасы, жауға аттанған
талай жорықтарда бір-біріне сүйеу болған, әрі жақын туысы

Құтты­ғай қайтыс болғанда, сыңарынан айырылған Шұбар ба-
тыр жанын қоярға жер таба алмай аласұрып күйініп, шығарға
жаны басқа, қатты қиналса керек.

116. Қарақұл батыр

Қарақұл әрі жас, әрі тұлдыр жетім қалды. Ол әпкесі
Қарашаштың тәрбиесінде өседі. Он төртке толып, етек-жеңін
жинауға тырысқан Қарақұл бір күні әпкесінен:

батырлар  туралы  аңыздар

—Әкемнен қалған қандай енші бар?—дейді.

—Әкеңнен бір ат, бір садақ қалды, малы ағайындыларда,—

дейді әпкесі мұңайып.

—Онда мен Сарқұл атамнан әкемнен қалған еншілерімді

аламын,—дейді Қарақұл.
Ол Сарқұлдың ауылына аттанады. Амандықтан соң жағ­
дайын айтып, көп жылқының ішінен өзіне тиісті еншісін
іздеуге кіріседі. Сарқұл балалары Қарақұлдың жолын бөгеуге

әрекеттенеді.
Сонда Сарқұл:

—Тиіспеңдер оған, өзіне тиісті еншісін таңдап алсын,—деп

тоқтау айтыпты.
Қарақұл Жарманнан тараған таманың Сейтқазы биіне
көрші отырады екен. Сейтқазы би өз заманының ірі тұлғала­ры­
ның бірі болған. Жер, жесір дауын талапқа сай дәрежеде ше­шіп

отырған.
Қарақұлдың жақын туысы Сарқұл қартайып, ауру меңдеп,
төсек тартып жатып қалады. Сейтқазы би Қарақұлды ертіп апа-
рып, Сарқұл атасының көңілін сұратады. Сарқұл інісінің кө­ңіл

сұрап келгеніне өте риза болып:

—Қарағай бойы қар жауса, жұтамайды сауысқан,—деп сө­

зі­нің аяғын жұтып қояды...

—Бұл өлеңнің аяғын неге айтпайсың?—дейді Қарақұл

елеңдеп.

—Сен де бір болашақтан үміт күткен баланың бірі едің,

сөздің аяғын жалғастыруды өзіңе қалдырдым,—дейді Сарқұл.
Қарақұл енші бөлісіне риза болмай ренжіп жүреді екен. Сол
ренішті арқау еткен Қарақұл:

—Бұрынғыдай болмайды-ау, көңіл қалса туыстан,—дейді.

117. Әйтей батыр

...Қазақ, қалмақ жасақтары екі төбенің басына жиналып,
қан төгіспек үшін бірін-бірі жекпе-жекке шақырады. Қалмақ
жағынан дене бітімі ерекше, ірі жасақ Жамқайын атын ойна-
тып, екі төбенің ортасындағы жазыққа шықты да, найзасының

қазақ жасақтарына қаратты. Ол жекпе-жекке шақырудың
белгісі еді. Жамқайынның зор тұлғасын көрген қазақ қолы

тарихи  аңыздар
абыржып, тұрып қалды. Дәті шыдап, жекпе-жекке ешкім­нің
шыға қоймайтын сыңайын байқаған Хангелдінің қаны қашып,
сұрланып, жан-жағына қарап, сарбаздарын өткір көздерімен

шолып өтеді. Осы кезде ортаға атан төсті құлагерін ойнатып,
Хангелдінің алдына Әйтей жетіп келеді де:

—Ата, батаңызды беріңіз! Жекпе-жекке мен шығамын!—

депті. Сонда Хангелді оның түрін көріп:

—Балам, жастау екенсің, жасың нешеде? Қайратың қандай

еді?—деп сұрайды. Әйтей:

—Ата, жасым он жетіде, бір топ тал шыбықты бұрағанда

суын шығарушы едім,—дейді. Хангелді:

—Олай болса, балам, Алла жар болсын! Бәйдібек бабаның

аруағы қолдасын, әумин!—қысқа қайырып, батасын береді.
Ауыздықпен алысқан құлагерін ортекедей орғытып Әйтей
де жазыққа шықты. Екі сарбаз бір-біріне құйындата қарсы
шаба жөнеледі. Басын жіберген құлагердің құйрығы ұшқан

құстың қанатындай түп-түзу болып көрінді. Екі ат бір-біріне
жақындағанда, батырлар ұстаған найзалардың қалқанға
тиген ашты дауыстары шаңқ-шаңқ етіп, бар назарын осы
сарбазға аударып тұрған жасақтарға естіліп тұрды. Екеуі

бірін-бірі көпке дейін ала алмайды. Қалмақтың қара күші ба-
сым болғанымен, амал-тәсілі шамалы, қимылы борпылдақ
екен. Әйтейдің шапшаңдығына төтеп бере алмаған қалмақ
әбден қан сорпа болып терлеп, берекесі кете бастады. Екеуінің

ұрысқаны қанша уақытқа созылғанын кім білсін, бір кезде көз
ілеспес жылдамдықпен қимылдаған Әйтей найзаның ұшымен
қалмақтың кіндігінің ұшынан шаншып, бұрап-бұрап жіберіп,
тартып қалғанда, оның ішек-қарны ақтарылып, өзімен бірге

жерге түседі. Жерге екі бүктеліп топ ете түскен жауының ба-
сын Әйтей қылышымен шауып алады. Мұны көрген қазақ
жасақтары қуанғанынан «Бақтиярлап, Қарасайлап» төңіректі
күңірентіп жібереді. Қалмақтар жағы алдыңғы сенімінен ай-

рылып, қатты абыржиды. Олардың жан-жаққа бытырап қаша
бастағанын байқаған қазақтар лап қойып, жауды жеңеді. Осы
ұрыстан кейін сол жердің аты «Ойрантөбе» болып айтылып
келеді.

Ата-бабаның аруағы қолдап, алғашқы рет қалмақтың
Жамқайын батырымен жекпе-жек ұрыста жеңіске жеткен ба­
ла жігіт Әйтейдің атағы тез арада Жетісу аймағына тарайды.

батырлар  туралы  аңыздар
Әйтейдің жұрт көзіне түсіп, батыр деген атаққа ие болып, со­
ғыс­қа нағыз араласқан кезі осыдан басталады. Хангелді Әйтей
батырды сарбаздарының мыңбасы етіп сайлайды.

Жалындаған жас жолбарыс Әйтей батыр әскери қол­бас­шы­
лыққа ие болған соң, дереу іске кіріседі. Алғашқыда әскери
жорылғыны неден бастарын білмеген ол, ағайын-туғанның бір
жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып, ұйымшылдық демеуі

арқасында тізгін-шылбырды жетегіне алғаннан кейін, ар жағын
тез-ақ меңгеріп кетеді. Енді бөлініп жарылмай, тек білек күшін
біріктіріп, бір жұдырықтай жұмылып, тізе қосқан дұрыс деп
білген Әйтей батыр, енді ұрысты қалмақпен қалай жүргізу ке-

рек екендігін ақылдасу мәселесімен өзінен алты жас үлкендігі
бар және қолбасшылық тәжірибесі мол, Іленің арғы бетіндегі
атағы әйгілі қолбасшы Шапырашты Наурызбайға жиналған
қолының саны, ат-сайманы, құрал-жабдығы белгілі болған

соң, Үшқоңыр биігіне бөрілі байрағын тігіп, жасағын сапқа
тұрғызып, ұрысты түнде бастамақ болған жоспарын өзінің ар-
найы хабаршысы арқылы жіберген. Ондағы мақсаты—қазіргі
Қаскелең қаласы мен Шамалған ауылының жеріне қалмақтың

ханы мен, оның қолбасшысы, әрі түменбасы Қаскелең басып
алған ауылды, мекендерді босату еді. Оны естіген Наурызбай
Іле өзенінің оң қанатындағы Тайқабай өткелінен өтіп, жаудың
терістік жағынан Қараойдағы Жаманбұлақтың өңтүстік етегі­

не келіп, ат басын тіреді де, төстегі Әйтейге өзінің келгенді­
гі жөнінде және ұрысты қалай жүргізу туралы қысқа-қысқа
нұсқау айтып, хабаршы жібереді. Нұсқауды алған Әйтей батыр
түнгі соғысты ашу үшін Үшқоңырдан әпсәтте жоқ болады. Тау

бетіндегі қалмақтар олардың қайда кеткенін білмей қалады.
Бұл кезде Наурызбай қолбасшының бұйрығымен Әйтей өз қо­
лын екіге бөледі де, бір бөлігін Қарғалы тау сағасындағы қыс­
тақ­тың басына қарай, екінші бөлігін Қасымбек өзені арқылы

Қаскелең мен Шамалғанға жібереді.
Қалмақтың ханы Шамал өзенін жаулап алған жерлерінде
бірнеше мыңдаған қазақтың мойнына тас байлатып, Іле өзеніне
батырып, тұншықтырады. Еліміздің үрім-бұтағын түгелдей

жойып жіберу мақсатымен жасөспірім балалар мен бас көтерле­
ріне дейін найзамен түйреп аяусыз қырды. Шамал хан кезінде
осындай адам баласы естіп көрмеген небір сұмдық тәсілдерін
қолданды. Өзінің қанішер қатігездігімен күллі елдің үрейін

тарихи  аңыздар
қашырды. Жантүршігерлік мұндай азаптан қорыққан халық
жан сақтау үшін тау-тасты, сай-сайды сағалап бас паналап,
босқындады. Ал Қаскелең осы жауыз Шамал ханның серіктесі,

сонау Нарынқолдан Қордайға дейінгі аралықты алып жатқан
қалмақ әскерінің түменбасы еді. Қан төгілген, бет қаратпайтын
жойқын қырғынды тікелей басқарған осы Қаскелең.
Мінеки, итқорлықты көрген елді, ата қоныс, бабалардың

туып-өскен мекенін қалмақтың жезді, улы тырнағынан азат
ету үшін ұрыс белгіленген күннен бір күн бұрын Наурызбай
бастаған қол терістіктен Қаскелеңге соғыс бастайтын болып
келісілген еді.

Қарғалы қыстағында он атан түйе сойылып, өркеші мен
ақшелегі түгел шыжғырылып, майы әдейі дайындалған кес­
пектерге құйылды. Кеш алдында әр сарбаздың қолында­ғы
екі қарыстай ескі қап жырымы жіңішкертіліп тілініп, майға

батырылып, найзаның жалаулығына байланды. Сөйтіп, Әй­
тей бастаған қол, Үшқоңырдың етегіндегі қалмақ әскеріне
ымырт жабыла атой салды. Қыстақтарға жақындағанда май­ға
батырылған қап жырымына от қойылды. Қараңғы түнде қал­

мақтарға жан-жақтан от қаптап, «Бақтиярлап, Қарасайлап»
күңіреніп, төніп сарбаздар келе жатты. Мұндай сұмдықты жай
қалмақ түгіл, талай соғысты басынан кешірген Шамал хан мен
оның түменбасы Қаскелеңнің өздері оны көргенде естері кетті.

Бүкіл далада от көшіп келе жатты. Ерен үйін тіктіріп, рахат
өмірдің дәмін татып қалған Шамал хан, Қаскелең абыржып,
сасқанынан жендеттеріне бұйрық беріп жатты. Бірақ оларды
тыңдауға түн ішінде ешбір қалмақтың шамасы келмеді. Осы

түнде қалмақ әбден соққы жеп, көп қырылды. Быт-шыт бо-
лып қашқаннан қалғаны ертесіне Қаскелеңнің қарасазында
кескілеске түсті. Әйтейдің Қаскелең сайымен келген жасақ­
тары Наурызбай бастаған қолға қосылып, олар да ерен ерлік

көр­сетті. Жеңіліп бара жатқанын анық байқаған Қаскелең,
«жекпе-жек, жекпе-жек!» деп бар дауысымен айғай сал-
ды. Қашан да қан­ға қан, бас батырға бас батыр жекпе-жекке
шығатын дәстүр бар ғой. Сондықтан қалмақтың батыры

Қаскелеңмен жекпе-жек­ке Шапырашты Наурызбайдың өзі
шықты.
Бұрын аты белгісіз болып келген Наурызбайды Қаскелең
тіпті көзіне де ілген жоқ. Наурызбай ала атына мінгенше,

батырлар  туралы  аңыздар
Қаскелең тұқыл күреңмен майданның ортасынан екі сыдырып
өтті. Әлденені қалмақша айғайлап қояды.
Ала атына мініп (оның екі аты бар еді, біреуін жорықта,

екіншісін осындай айқасқа мінеді), майдан алаңына Наурызбай
беттегенде қалмақ біткен шу ете түсті. Өйткені Наурызбайдың
ерекше біткен зор тұлғасы олардың мысын басып кетіп еді.
Қатты абыржып, жүйкесі таусылып кеткен Қаскелең қамшыны

күреңіне үсті-үстіне салып бауырлатып-бауырлатып жібереді.
Екеуінің ұрысы көпке созылған жоқ. Наурызбай салған көк
сүңгі ә дегенде-ақ Қаскелеңнің арқасынан бір-ақ шықты. Нау-
рызбай найзасын суырып алғанда, Қаскелең екі бүктеліп сылқ

ете түсті. Ері ауып, бауырына түскен күрең аты екі артқы ая­
ғын тепкілеп майдан алаңында шауып жүрді. Сол кезде Шамал
ханның қалмақша айғайы шықты да, ат үстіндегі бар қалмақ
шолан ұрып, ортада тұрған Наурызбайға лап қойды. Қазақ

қолы аттарына қамшы басты. «Бақтиярлаған, Қарасайлаған»
дауыс бүкіл даланы күңірентіп жібергендей болды. Ұрыс,
жұлыс, шабыс. Біреуді біреу біліп болмайды. Ит батпақтап,
күшік сүрінгендей айқас болды. Қалмақтан да, қазақтан да

шығын аз болмады. Енді жеңіліп бара жатқан Шамал хан қолы
терістік шығысқа қарай қаша бастады. Қазақтар соңынан қуа
жүгіріп, біразын өлтіріп, біразын тірідей ұстап, қолға түсірді.
Аман қалғандары қашып, Топар түсіп кетті.

Бір-екі айдың шамасында Шамал хан қайтадан бытырап
кеткен жасақтарын жинап, соғыс бастады. Алғашқы сәтте-ақ
күш алған қазақтар сасқалақтаған қалмақтың есін жиғызбай
бас салып, тоз-тоз қылды. Амалы таусылған Шамал хан енді

жекпе-жек ұрысын салу үшін айғай салды. Бұл ұрысқа да
Наурызбайдың өзі шықты. Бірақ Шамал хан Наурызбайға
қарағанда қауқары шамалы болып, босмойын шоқпармен бір
ұрғанда-ақ Шамал хан аттан құлады. Ханы құлаған қалмақтар

қаша жөнеледі. 118. Шақшақ Жәнібектің Тауасар батырға

ат қойғаны
Тауасардың әкесі Есенаман баласына ат қойғызарда арғын­
ның шақшақ руынан шыққан қарт Жәнібекті жорықтан келе

тарихи  аңыздар
жатқан жолынан тосып, сәлем беріп, қуанышты көңіл-күйін
айтады.
Міне, сол даңқты Шақшақ Жәнібек қареке-байбура руын­

дағы Есенаман байдың тілегіне бар ықыласын беріп, оның
үйіне түседі. Қуанышты ата-ана ағынан ақтарылып, адал ние­
ті­мен, ақсарбас қойын сойып қарсы алады. Ақ күндікті ана мен
айыр бөрікті ата аяулы көретін аруақты батырлары Шақшақ

Жәнібектен:

—Баламызға ат қойып беріп, әруағыңызбен қорғай жү­

ріңіз,—деп тілек етеді.
Ата-ананың қуанышынан жүрегі тебіренген батыр бесікті
алып, бесік көрпені ашып, балпанақтай баланы көріп, тебірене
бата беріп, бүй дейді:

—Жағаласар жауың көп,

Жауға шапсаң, есер бол!
Ел ішінде дауың көп,
Жұрт алдында көсем бол!
Жабылған жауды жапырып,

Шайқасқанда есен бол!
Жекеге шықсаң желденіп,
Жауыңның басын кесер бол!
Сонан соң бетін сипады да, ата мен анаға қарап:

—Бесігін көтергенде, көңілім толды, балаңыздың аты Тауа-

сар болсын! Бірақ біреулерге атын ататып боқтатпа, ат жалын
тартып мінгенде, алған бетінен тоқтатпа!—дейді. Шақшақ
Жәнібекті пір тұтып сыйынған ата-ана:

—Әумин!—деп бетін сипайды.

119. Тауасар батырдың жас шағы

Тауасар он сегіз жасқа шығып, күш-қайраты толысып, ел
алдына, ер қатарына ілінген кезде жоңғар шапқыншылары
қазақ жеріне шабуыл жасайды. Бұған қарсы Орта жүз ханы
Әбілмәмбет үш жүзге сауын айтып, атшабар аттандырып, қол

жияды. Ер азамат біткен ереуіл атқа ер салады.

батырлар  туралы  аңыздар
Бұл кезде қареке-биболды руының атақты биі Қамен би өз
елінің қолбасын сайлап, сарбаздарына сәтті жол тілеп, аттан-
дырып жатады. Сондай қарбалас күннің бірінде олардың есігін

айқара ашып, «Дат, тақсыр!»—деп кіріп келген жас жігітке би
селт етіп тігіле қарайды. Қарсы алдында шарайнасын киіп, жау
жарағын асынған Тауасардың тұрғанын көреді. Ол бір тізесін
бүгіп:

—Дат, аға, ел шетіне жау тиді, ер азамат атқа қонды. Ер аза-

мат қатарында даңқты Қабанбай батырға сарбаз болып, үлкен
жолға аттанайын деген ойым бар, ақ жол тілеп, ақ батаңызды
беріңіз,—дейді.
Тонын иығына қайта жамылған Қамен би:

—Қарағым, Тауасар, елге берген батамды өзіңнен неге

аяйын. Әрдайым қол басқарсаң, жолың киелі болсын! Ел бас­
қар­саң, сөзің киелі болсын!—деп бата береді.
Кемеңгер Қамен бидің ықыласын алған жас батыр тұңғыш
майданға аттанған кезінде нағашысы ырымдап сыйлаған көк

дөненге мініп, асыға жол тартады. Шеру тартып кеткен қолдың
соңынан күн-түн жүріп қуып жетеді, сарбаздардың бірі боп
қосынға қосылады.

120. Бір шайқас жайлы

Тауасар мен Амандық батырлардың оқиғасы қалмақтар­
дың Орта жүз жерін шапқыншылыққа ұрындырып, көп жерді
басып алған шағы екен. Нұраның шығыс жағында Қыземшек
деген қос өркешті шоқы бар. Қалмақтар соның етегінен қорған

салып, бекініс жасаған екен. Екі шоқының үстіне екі қарауыл
қояды. Қазақтар жасағы болса, Нұраның басты жағына келіп
орнығыпты.
Арғынның бас батыры Жәнібек Тауасар батырға жүз

жігіт қосып беріп, барлауға аттандырады. Олар өзеннен өтіп,
жаудың орналасқан жерін түгел біліп алады. Қайтар жолын-
да қалмақтардың қоршауында қалып, еріксіз соғысуға тура
келген. Қазақ жігіттері қарсыласып, өлгені өліп, жараланға­

ны жараланып, аттарынан құлайды. Байқаусызда күрзінің
ауыр соққысы тиген Тауасар батырдың өзі де есі ауып, аты-
нан құлап түседі. Бір кезде есін жиып, жан-жағынан қараса,

тарихи  аңыздар
қалмақ жендеттері аттан құлаған қазақ сарбаздарын аралап,
денесіне найза сұғып көріп, қозғалмаса жайына қалдырып,
қозғалғанын, ыңысығандарын басын шауып өлтіріп жүргенін

көреді. Тауасар батыр болса өлген адамға ұқсап тып-тыныш
жата қалыпты. Бір кезде қалмақтар келіп денесіне найза
қадаса да шыдап, тыпыр етпестен тіршілік нышанын білдірмей
жатып қалады. Өз істерін тындырған қалмақтар жайына кет-

кен соң, қараңғы түсіп, түн болысымен батыр жылжып өзенге
жетіп, одан өтіп өздері орналасқан жерге келеді. Жәнібекке
жаудың орналасуын, өзінің бастан кешкен оқиғасын баяндап
береді. Сонда Жәнібек батыр бес мың сарбазды Тауасар мен

Амандық батырларға қосып беріп, қамалды шабуға қайтадан
жұмсаған екен. Жәнібектің өзі болса қалған әскерімен жаудың
шегініп, қашар жолын, жабуға шығады. Тауасар батыр жаны-
на батқан жарасына қарамастан таңға жақын бес мың әскермен

келіп, жау бекінісін талқан етеді. Қалмақтар қашқан кезде
олардың соңына түседі. Қашқан жау болса Жәнібек батырдың
тосқауылына келіп килігеді. Одан қалмақтар құтыла алмапты.
Сөйтіп, қазақ елінің ырысты өлкелерінің бірі Нұра бойы жау­

дан азат етіліпті. 121. Алдияр батыр туралы

Өз заманында туған Елке бабамыз өте момын адам болған.
Сол кезде өзінің туған інісі Тілеуімбеттің түйесін бағыпты. Күз
айларының бір күні үлкен ас беріліп, Тәуімбет өз балаларын
ертіп, сол жаққа жолға шығып кетеді. Елке туысына малға,

ауылға, бала-шағаға қара деп тастап кеткен екен.
Алдияр ол кезде жас болғанымен, талабы зор, ақылы мол
бала болады. Кеудесін намыс пен ыза кернеп, өзі мініп жүретін
«Желсебеді» деген жүйрік торы құнанын мініп, тез арада түйе

бағып жүрген әкесіне барып:

—Әке, жүріңіз, асқа баралық,—дейді. Елке бабамыз:

—Шырағым, барғың келсе, өзің бара бер, мен бара алмай-

мын, малдан айрылып қалсаң, Тәуімбет ренжиді,—дейді. Бала
Алдияр әкесінің еркіне көнбей:

—Жүріңіз! Сіз Тәуімбеттің бірге туған әз ағасысыз. Сол ел­

дің жиынына баратын жөніңіз бар. Сіз де өліге құран оқытып,

батырлар  туралы  аңыздар
ті­рі­ге көңіл айтыңыз. Ел ішінде ер салтанатын құрып жүрі­
ңіз,—­деп, әкесін ертіп, жұрт жиылған жерге барады. Тәуімбет
қаралы ауыл­ды ел ішінде жүрген Елкені көріп, ұрсып, тілдейді.

Әкесінің сырт жағынан келіп тұрған Алдияр Тәуімбеттің сөзі­
не шыдай алмай, оның алдына жетіп келеді. Өзінің балағат­тап
тұрған сөзін өзіне айтып тұра қалады.
Қуғыншылар жабылып, ұстамай қоймайтынын байқаған

Алдияр әкесіне бұрылып: «Ардақты әкетайым, хош болы­
ңыз!»—деп торы құнанының басын қоя беріп, самсаған сары
қолды қақ жарып, алдыға сытылып шығып кетеді. Өз есімін
өзі шақырып, ұран салып «Алдиярлап» ұзап жөнеледі. Күн

батқанша қуып жете алмаған қуғыншылар қала береді.
Осы бетімен суыт жүріп отырып, қазақтың даласынан
шығып, қырғыз еліне кіріп, ханы Сарудтың ордасына тоқ­
тайды. Хан келген қонағын дұрыс көзбен қабылдап, жөн-

жосығын, әңгімесін естігеннен кейін: «Шырағым, еліңнен
жалғыз шығып, алыс жол жүріп қалған екенсің, біз де қырғыз
деген бір тайпа елміз ғой, сені сақтай аламыз»,—деп Алдиярды
өз ордасына қалдырады.

Күндер мен айлар өтіп жатады. Алдиярдың ақылдылығы
ханның көңіліне ұнайды. Саруд қатты ойланып, өзіне бала қы­
лып алмақшы оймен ханымымен ақылдасады. Сонда бәйбі­
шесі: «Баланың тал бойында бір міні жоқ, тұлғасы қай жағы­

нан да бөлек, ақыл-мінезінде де кемшілігі жоқ. Бірақ менің
бі­луімше, дәл осы сынды адам «бұралқы» болып, бөтен елге
сіңбес. Егерде хан ием, көңіліңіз ауып, Алдиярды бала етемін
десеңіз, оған жалғыз қызыңыз Ханшайымды қосып, күйеу

бала етіңіз»,—деген екен. Келер жылы хан қызы жүкті бо-
лып, егіз ұл туады. Үлкенінің есімін Қырықсадақты, екіншісін
Қырғызшора деп атайды.
Сол заманның бір жылдарында Өзбек хандығымен қыр­ғыз­

дар соғысып, жеңіске жетеді. Бұл соғыста Алдияр ерлігі­мен
ерекше көзге түсіп, соңынан бүкіл қырғыз қолына қол­бас­
шы­лық­қа сайланады. Көп кешікпей бұл жеңіс, Алдияр­дың
атағы, еңбегі, ерлігі бүкіл қазақ даласына естіледі. Хабар­ды

ести келе қазақтың ханы Әбілхайыр Орта, Кіші жүзге хабар-
лайды. Қы­рық кісі сайлап, елшілікке Бұхар жырауды қояды.
Әбілхайыр: «Алдиярды елге қайтарыңдар!»—деп қырғыз
еліне жібереді.

тарихи  аңыздар
Қазақтың қырық кісіден сайланған елшілігі қырғыз елі­
не жетіп, ханға жолығып, өздеріне жүктелген міндеттерін
жеткізіп, олардың жауабын күтіп жатады. Біраз айлар бойы

Саруд хан елшілерге жауабын қайтармайды, онысы Алдияр ба-
тырды қимағаны мен қиналғаны. Күндердің бірінде батырдың
өзі хан ордасына кіріп келіп:

—Хан ием, мен сізге кеше ғана пана сұрап келгенде, жақсы

сөзбен қарсы алып, артынан шексіз құрмет көрсеттіңіз,
қызыңызға үйленіп екі балалы болдым. Енді бүгін қазақтан
елшілер келіп, мені алып кетпек. Кезінде өз туысымның
қорлығына шыдамай, елден кетіп едім, басқа жұртыма өкпем

жоқ. Бүкіл қазақ елі шақырып, елшілер келіп отырғанда,
маған еліме, жеріме қайтқан дұрыс деп, сізден рұхсат сұрап, ақ
батаңызды алуға келдім. Менде өзіңіз қосқан ханшайым мен
екі ер балам бар, басқа мал-мүлік жоқ. Хан ием! Рұхсат болса,

менің тартуым осы екі баламды қияметке дейін сізге бердім.
Ханшайым да балаларды тәрбиелеп, өз қолыңызда болсын,—
деп, ханның үйінен сыртқа шығып кетеді.
Қырғыз ханы манаптарды тегіс шақырып, кеңес құрып бір

бітімге келген соң, Бұхар жырау бастаған қазақ елшілеріне
қырық сәйгүлік жылқы, қырық түйесін беріп, Алдиярға хан
өзі мініп жүретін көк ала тұлпарын мінгізіп, қолына көк ала
туын ұстатып, батасын беріп, еліне қайтарады. Батырды қыр­

ғыз елінің шетінде ақ үй тігіп, аса құрметпен күтіп, сыймен
хош айтысады.
Батыр елден кеткенде Елке әкесі айттырып қойған қа­лың­
дығы жұртта қалып қояды. Қалыңдығы қоңырат руының еліне

белгілі Дүйсе деген кісінің Таубике атты қызы. Тірі кеткен ба-
тырды күтіп, үйінде отырған екен. Алдияр айттырып қойған
қалыңдығын еліне іздеп барып, атасына сәлем беріп, аз күн
қонақтап, ауылына алып келеді. Бірнеше жылдар өткен соң ба-

тыр бір рулардың жиынында Жібек деген қызды кездестіріп, өз
өтініші бойынша ата-анасынан бата алып, үйленеді.
Алдияр Тәуке ханның бірінші батыры болған, әрқашанда
ханның оң жағында отырған. Батыр сол дәуірде өзімен жақын

арада орналасқан көрші елдерге, туыстарына қатты қарап,
қысым жасап отырған. Бұл күндері одан әбден жапа шеккен
жақындары Тәуке ханға Алдиярдың үстінен шағым жасайды.

батырлар  туралы  аңыздар
Бірнеше күн өткеннен кейін хан өзінің үйінде бар халық­
тың ортасында отырғанда үйге Алдияр батыр кіріп, ханға сәлем
беріп, өзінің үйреншікті орнына, ханның оң жағына отыра

кетеді. Біраз өткен соң, жүк артылған екі-үш түйе көрінеді,
олардың артқандары құрт пен май еді. Түйелерді Алдияр ада-
мы айдап келе жатқан. Батыр отырған жерінен оған дауысын
көтере сөйлеп:

—Мен бұл сыйларды бұл топқа емес, ханға әкелдім, түйе­

лерді ханның үйіне апар,—деп жарлық береді. Тәуке хан жи­
нал­ған халыққа Алдиярдың қысымы туралы өздерің шағымда­­
рың­ды айтыңдар деп қолқа қойды. Бірақ оған ешкімнің баты­лы
бар­мады және сөз айта алмады. Сондықтан Тәуке халыққа:

—Осындай ардақты, атақты Алдияр сияқты батырға өз

туыстарын, жақын аймағын ренжітуі жараспайды, ал шағым­
мен келген қауымға ренжігендеріңді қойып, ескіні ұмытып,
келісімге келіңдер, татуласыңдар, бұдан былай мұндай жағ­
дайлар қайталанбасын,—деп ақылын айтты. Ақырында хан

халыққа батырды қатты қадірлейтінін білдіріп, «Ол түйе алса,
атанымен қайырады» деген сөздермен түйіндеді.

122. Алдияр батыр

Алдияр жәйші болған кісі еді. Тәуке қарақалпақтарды
қоластына кіргізу үшін оларға бірнеше дүркін шабуыл жаса­
ған еді. Бірақ қарақалпақ ханының алдыңғы шебіндегі қыра­
ғы сарбаздары тез уақытта халқына, ханына шұғыл хабар

беріп, Тәуке әскерінің жолын айтып отырған. Сондықтан олар
жорықтардан олжасыз қайтатын еді. Күндердің күнінде Тәуке
хан Алдияр батырды шақырып алып: «Сарбаздарыңды дайын-
да, қарақалпақтарға жорыққа шығасың, ханын қолға түсі­ріп,

елін шауып шығыңдар!»—деп бұйрық береді.
Алдияр жасағымен жорыққа аттанады. Қарақалпақ шека-
расына бір күндік жер қалғанда батыр құдіретті күш қолда­нып,
жер бетіне тұман түсіріп, аспаннан қалың жаңбыр жау­ды­рып,

жаудың алдыңғы жасағына көрінбей жеріне кіріп, ауыл­да­рын
шауып, әскерлерінің көбін тұтқынға алып, мал-мүліктерін тегіс
жинап еліне алып кетеді.

тарихи  аңыздар Жолда тұтқынға түскен қарақалпақтардың бір қызы тұт­ қындарың ішінен өзінің ханын таниды, бұл жағдайды қазақ­ тың бір батыры біліп қалады. Осы батыр ханды өлтіріп, артынан өзі Алдиярдың алдында «мен ұстадым» деп көрсетпекші болғанда, қарақалпақ ханы батырға алтыннан ақша беріп, жасырын бостандыққа шығып кетеді. Сол күні бұл жағдай Алдиярға белгілі болады. Ол ханның соңынан қуғын жіберіп, ханын ұстап, тірідей Тәуке ханға жеткізеді. Ол қарақалпақ ханын өлтіріп, қанын ішкен екен. Қазақ хандығымен қарым-қатынас жасау үшін келіссөз жүргізуге қалмақтың қонтайшысы Алдиярды қазақтың бір батыры деп келген екен. Олардың кездесуінің арқасында «ал­ дағы жылдары екі жақ жауласуды тоқтатып, тату, бейбіт өмір сүрейік» деген келісім жасалды. Алдияр Тәуке ханға келіп қонтайшы мен өзінің ойларын, жасаған келіссөзі туралы айтады. Бірақ Тәуке бұған наразы­ лық білдіріп, қонтайшыны ұстап алып келіп, өлтіруге бұйрық береді. Алдиярдың бірнеше рет «О, менің құдайы қонағым» деп, айтқан қолқасын қабылдамайды. Ол да өз қонағымды ұстап бермейін деп, ауылына алып кетеді де, ел сарбаздарын дайындап, ханның шабуылына тойтарыс беруге дайындалады. Тәуке әскерін жинап, Алдиярдың ауылына шабуыл жасайды. Бірақ батыр туған-туыстарын ұйымдастырып, оған қарсы соғыс ашады. Шайқас Алдиярдың ауылының маңайында болады. Сол заманда Алдиярдың Майлан деген кенже бауыры болған, ол батырлардың ішіндегі ер жүректісі, қаһарманы еді. Алдияр оған әрдайым «Майлан, ажалың әлде қайдан» деп айтады. Алдияр батыр Құдияр, Ізбасар, Майлан бауырлары және туыстары Тәукемен таң атқаннан күн батқанға дейін шайқа­ са­ды. Осы күнгі шайқаста жас батыр Майлан қаза табады. Батыр Тәуке әскерінің шабуылдарын тойтарып, оларды кері қайтарады. Ертеңінде қалмақтың қонтайшысын еліне аттандырады. Алдиярдың артында қалған ұрпақтарының есінде осы болған шайқас жөнінде мынадай бір өлең жыр қалды: Ұзынағаш, Тойкеде келді қалмақ, Хан Тәуке басып барып басын алмақ.

батырлар  туралы  аңыздар
Келмегірдің қалмағы қайдан келді,
Екі қазақ соғысып, Майлан өлді.
Қонтайшы аман-есен еліне оралған соң, тұтқынға түскен

қазақтарды ордасына шақырып алып, олардың қайсысы қай
рулардан шыққандарын сұрастырып, тек Садыр руының адам-
дарын ғана емес, барлық найман және Алдиярдың атын есті­ген
тұтқындарды босатып жіберген екен.

123. Қараш батыр

Қараш батырдың әрбір сапарынан қалдырмай ертіп жүретін
Боқтай деген немере інісі болыпты. Боқтайдың көзі өте өткір
екен, алыстағыны жанында тұрғандай көреді екен. Бірде Қа­
раш батырдың қарындасын қырғыздар алып қашып кетеді. Ол

Боқтайды ертіп Суықтөбенің қырғызға өтетін асуына шығады.

—Қарашы, қырғыздар неғып жүр?—дейді. Боқтай қолын

қалқалап қарап:

—Шудың арғы жағында жеті боз үй тігіліп тұр. Алдында адам-

дар жүр. Сақалы ақ шал қара шолақ иті бар, қой бағып жүр.
Қараш батыр: «Қызды қайтар! Қызды қайтар!»—деп айғай
салады. Қараш батырдың дауысы күнгейдегі қырғыздарға
жетеді.

—Енді неғып жатыр? Қарашы,—дейді Қараш.

—Ел үркіп, үйін жығуда. Малын айдап қаша бастады. Үш

адам атпен шықты. Шу суынан өтіп келеді. Арасында біреуі қыз
дейді.

—Е-е, онда қызды алып келеді екен,—дейді Қараш.

Қырғыздар айыбын өтеп, Қараш батыр олармен татуласыпты.
Тағы бір күні Қараш батыр Боқтайды ертіп Суықтөбеге шы­
ғады. Қараш:

—Қопа жаққа қарашы, жұрт неғып жүр екен?—дейді Боқтай.

—Қопада күн жылы, жусанның түбі босап тұр, мал тоқ. Бір

боз бие тойғаннан тауға қарап тұр. Алты үйір жылқы жайылып
жүр. Төменіректе—үш үй. Екеуі боз, біреуі ақ. Қора салыпты.
Қораның алдында бір әйел дәрет алып отыр. Қолында күміс
құмғаны бар. Қараш батыр Боқтайды сынағысы келіп:

—Жүрші, сонда барайық!—дейді.

тарихи  аңыздар
Екеуі аттарына мініп жолға шығады. Түс ауа қопаға жете­ді.
Малшылар алдарынан шығып қарсы алады.
Бірде Қараш батыр дастархан басында отырғанда ыстық сор-

па әкелініпті. Сол сәтте сыртынан «Аттан, аттан!» деген ащы
дауыс естіліпті. Асты күттіріп қоюға болмайды,—деп Қараш
батыр ыстық, буы бұрқырап тұрған тостаған дәмді сіміре са-
лыпты. Далада тұрған ерттеулі атына мініп шауып кетіпті.

Ауылдың сыртына шыға бергенде кекіріп қалса, ыстық сорпа
аттың жалына төгіліп, жануардың жалы жидіп түскен екен...
Бір шабуылда қырғыздар Қараш батырды қолға түсіріпті.
Батырдың киесі бар екенін білетін қырғыздар оған ешбір зәбір

көрсетпей, тамағын беріп қыс бойы бағыпты.
Ел ұйықтаған кезде бір келіншек Қараш батырға бір табаққа
тамақ салып, қымызымен қоса әкеліп тұрады. Бір күні батыр
оған:

—Менен қандай тілек тілеп келіп жүрсің?—дейді.

Келіншек:

—Сіздің әулиелігіңізді естіп, бата сұрайын деп едім, ба-

лам жоқ,—дейді. Қараш батыр оған ақ батасын береді. Көктем
шығып, көшерде қырғыздар:

—Ертеңгі күні жаяу тастап кеткенсіңдер,—деп кек қыл­

масын деген оймен батырдың қасына бір ат тастап кетеді.
Келесі жылы әлгі әйел балалы болады, атын Жанқараш
қойыпты. Жанқараш өсе келе елін билеп, сыйлы адам болып-
ты. Қасиетті Қараш батыр ұзақ өмір сүріп, сегізінші мүшеліне

ілінгенде қатты ауырады. Қайтарына бірнеше күн қалғанда
Қараш ағайын-туғандарын шақырып, олармен қоштаса оты­
рып былай дейді:

—Елімді, жерімді қорғаймын деп соғысып жүріп дұш­

панымды аямадым. Мүмкін, мүмкін талайлардың қанын орын-
сыз ағызған шығармын. Әттең, шіркін, дүние! Ең болмаса сол
көп жаудың құмалақтай бір оғы бұйырмапты. Жау қолынан
мерт болсам, көп күнәмнің титтей бір мысқалы кемір ме еді?

—Шырақтарым, сендерден сұрайтын бір жайым бар: Сонау

түстік жақтағы үлкен-үлкен тауларды көрдіңдер ме? Қоңыртөбе,
Шоқпартас, Ырғайты, солардың бергі етегі—Көлқамыс жағы.
Сол арада шағын ғана бейіт бар. Менің үлкен нағашым сонда
жатыр деуші еді әкем марқұм. Мені сонда жерлеңдер,—дейді.

батырлар  туралы  аңыздар 124. Шоңай батыр

Шоңайдың нағашысы Садыр, оның ішінде Алдияр тар­
мағынан екен. Қабырғасы қатып, оңы мен солын таныған
Шоңай енді нағашы жұртын іздеп шығады. Ол кезде атпен
жүретін кез. Лепсінің бойы ма, әлде одан әрі ме, әйтеуір екі-

үш күн жол жүріп, қалың жылқыны суару үшін қауға тартып
жатқан жігіттерге кездеседі. Атын суарып, өзі де шөл басайын
десе, жігіттер:

—Байдың жылқысын суаруға уақытымыз жетпей жа­тыр,

сен тұра тұр,—дейді. Жігіттердің қауға тартысына көңілі тол­
ма­ған Шоңай:

—Жігіттер, мен атымды суармай-ақ қояйын. Қауғаларың­

ды беріңдер, мен тартайын,—дейді. Шаршап, болдырып тұрған
жігіттер:

—Е, бұл бір еріккен жан болар, тартсыншы,—деп бір жағы

сылтыңға бұрып, қауғаны ұсынады.
Бейтаныс жолаушының қауға тартысы сылтың қылмақ
болған жігіттердің езуіндегі күлкілерін тез-ақ тартса керек.
Қарулы жігіттің қолы-қолына жұқпайды. Шыңыраудың

дересінен төрт жігіт қолдасып әзер науаға көтеріп құятын
қауғаны бір өзі ұршықтай үйіріп әкетеді. Сонымен, күнделікті
қас қарайып, ымырт жабылғанда суарылып болатын жылқы
екінді кезінде-ақ су ішіп, өріске шұбырады. Содан жолау-

шы жігіт атын суарып, өзі де шөлін қандырып, енді атта-
найын деп тұрғанда есік пен төрдей атқа мінген, екі жағында
екі қошаметшісі бар бір алып тұлғалы адам келеді. Ол келе
жігіттерге:

—Жылқылар су ішіп болды ма, құдық маңында жылқы

жоқ қой,—дейді. Олар:

—Байеке, жылқылар су ішіп болды,—дейді.

—Әй, сендер бұл уақытта жылқы суарып болмаушы едің­дер

ғой..,—дейді алып тұлғалы адам.

—Мына жолаушы жігіт қауға тартысып еді, қарулы екен,

бүгін жылқылар ерте ішті,—дейді жылқышы жігіттер.
Алып тұлғалы адам Шоңайдың бетіне бір қарайды да, ат
басын бұрып кейін қайтады. Шоңай да атына міне сала, алып
тұлғалы байекеңнің артынан еріп отырады. Бай үйіне түскен

тарихи  аңыздар
соң, ол да артынан ере кіреді. Оны қошаметтеп, құрметтеген
ешкім болмайды.
Аз-кем уақыттан соң байға сусын әкеледі, сусыннан Шо­

ңайға да құяды. Шоңайдың қимылына көз қиығын салып отыр­
ған бай оның қымыз сілтесінің де өзгелерден ерекше екенін бай­
қайды. Әдетінше сусын артынан ет келеді. Жолаушы жігіттің
ет жесі де, қарбытуы да ерекше екен. Қонақ кәдесін жасап, Шо­

ңай далаға шыққан кезде бай үйде отырып:

—Жаңағы жігіт кім? Сендер жөн сұрадыңдар ма, бір ерек-

шелеу адам көрінеді ғой,—дейді.

—Сіздің артыңыздан еріп келгенге, таныстарыңыздың бірі

шығар дедік,—дейді отырғандар.
Атын жайғап қайта отырған Шоңайдан отырғандар жөн
сұрайды. Сонда Шоңай:

—Мен қаптағайдың ішіндегі жұмай деген елдегі Қожам­

құлдың баласы—Шоңаймын,..—деп сөз бастайды. Сол, сол-ақ
екен, екі кісіге сүйеніп әзер көтерілетін бай орнынан өзі қарғып
тұрып:

—Тәубә, тәубә Алла тағалаға, сені де көретін күн бар екен

ғой... Марқұм әпкемнен қалған ұрпақ Шоңайым сен екенсің
ғой!..» деп өкіріп жылап, Шоңайды бас салыпты. Нағашы мен
жиені осылай табысқан деседі.
Шоңайға нағашысы айрықша құрмет, қошамет көрсетеді.

Түн ішінде ту байтал алдырып сойғызады. Осындай думан­ның
үстінде Шоңайдың артынан қос атпен шабарман жетеді. Сөйт­
се, Бөрібай: «Елге жау шапты, тез қайтсын!»—деп хабар жібе­
ріпті. Шоңай қайтуға жиналады. Нағашысы болса:

—Жиенім, нағашыңды іздеп келген екенсің, енді қырық

серкешіңді ала кет. Мал десең, малдай, зат десең, заттай дүние-
мүлік ал,—дейді ғой, баяғы. Сонда Шоңай:

—Ел шетіне жау шауып, ел іші дүрлігіп жатқанда менің

қырық серкешімді түгендеп жүргенім келісе ме? Маған бір ат
болса жетеді,—дейді. Шоңай нағашысынан тапқанын олжа
қып, хабаршылармен бірге қайтып кетеді.
Бұл тұста ел шетінде жау шауып, ел іші дүрлігіп тұрса ке-

рек. Бөрібай жасағын жарақтап Шоңайды жеке шақырып:
«Ал, жаужүрек Шоңайым! Шорболаттай беріктігіңді сынар кез
келді. Іргедегі жоңғар ел тыныштығын іркіттей ірітіп, түңілікті
желпілдеткен желдей тиіп тұр. Бұрын шет жағалап жүруші еді,

батырлар  туралы  аңыздар
енді тұмандай тұтасып ел шетіне басып кірді. Ұрысқа Қаптағай
жасағын бастап барасың. Найзаңды қандап, айлаңды асырып,
жасақтағы сарбаздардың басын аман алып қайт!»—деп, бата-

сын береді.
Шоңай матайдың қаптағай тармағынан жасағын басқарып
жорыққа аттанды. Жасақта Шоңаймен бірге тәрбиесін көрген
Қара батырдың ұлы Тілеке батыр да болады. Жасынан ұрыс

өнерін меңгеріп өскен сарбаздар жоңғардың жасағын бө­
геп, ұрыс сала жүріп шекарадан ығыстырып шығарады. Шо­
ңай алғашқы түсірген олжасы—Көк қасқа айғырдың үйірін
«Бөрібай сыбағасы» деп атап, ұстазы Бөрібайға аттандырады.

Ел ішіндегі «Бөрібай сыбағасы» деген жоралғы содан қалған
екен деген сөз бар.

125. Еспембеттің Адақ атануы

Қабанбай осы шайқаста Арқауылды өлтіріп, қалмақтың
қалың қолын қазақ жауынгерлері қуып келе жатқан­да,
жау­дың бір мергені садақпен Ақпантайдың атын атады.
Ақ­пантай алдындағы терең орға омақаса құлайды. Енді ор­

дың жаны­на келіп, Ақпантайды атпақ болған қалмақтың
мергенін Қабан­бай нұсқауымен атақты садақшы, әрі үздік
батыр Еспембет жау­дың алдымен атын, одан кейін өзін атып
өлтіріп, Ақпантайды аман құтқарады. Соны Кәрібай ақын

былай жырлаған екен:

—Ат деді батыр Адаққа,

Көрсет,—деп,—қайрат таласта.
Нысанаға алып қалмақты,
Адақ та шықты қабаққа.
Жоқ еді мерген бұл тұста

Адақтан озған қазақта...
Шаған шайқасындағы қолға түскендерден бір сұлу қыз
қалады. Өте сұлу болғандықтан, бұл қызды жасырақ батыр­
лар­дың барлығы алғысы келеді. Мұны сезген Абылай хан

батырларға мынадай кеңес беріпті:

тарихи  аңыздар

—Мына қызға бола ренжісіп қалмаңдар! Ер олжаға талас­

са, жау жарқышақты пайдаланып, жеңіске жетеді. Енді біз осы
қыздың өзіне ерік берелік. Кімді ұнатса, соған барсын,—депті.
Еспембет бастаған бір топ жасақ қарауылға кетсе керек. Қыз
хан жарлығын естігеннен кейін былай депті:

—Батырларыңызды кемітпеймін. Оларды үш рет сынай-

мын. Бірінші дәмелі батырларыңыз басымдағы жаулы­ғым­ды
бір ағашқа байлап, анау биік тастың басына тіктеп қойып, соны
садақпен атып түсірсін. Өзім сол тастың басында тұрамын. Кім
атып түсірсе, соған жар боламын.

Содан Абылай тұрып:

—Әй мына шоқының басына оқ жетпес,—деген екен. Кейін

осы шоқы «Оқжетпес» атаныпты. Еш адам садақтың оғын
жеткізе алмапты. Еспембет басын шайқап тұра беріпті.

—Екінші шарт, көлдің жағасындағы бір төбеге шығып

тұрамын, дәмелі адам бір жігітті үстіне мінгізіп, маған қарай
малтап келсін. Кім бұрын келсе, сол менің жарым болады,—
депті.
Бәйгеге түскен қырық жігіттің жиырмасы қыз тұрған жер­

ге қатар келіпті. Қыз біреу, жігіт жиырма. Қыздың бұл шарты
да орындалмапты.
Қыздың үшінші шарты—оның жұмбағын шешу. Ол былай:
Ну ормандағы бір талдың бұтағына ұя салған бір кептер үш ба-

лапан басып жатыпты. Тосыннан бір қара құс ұядағы кептерді
іліп алып, жеуге айналыпты. Мұны көрген балапандары қара
құсқа: «анамызды жемей, бізді жеңіз, анамызды қоя беріңіз» деп
жалбарыныпты. Рақым етудің орнына қара құс: «асықпаңдар,

тоймасам, сендерді де жеймін» депті. Кептерді енді жеуге
айналғанда, бір сұңқар қара құсты бір теуіп, омыртқасын үзіпті.
Мұны көрген балапандар: «анамызды құтқарғаныңыз үшін бізді
жеңіз» деп ризашылық білдіріпті. Сұңқар үшеуінің біріне қолқа

салып, «қазірше қауырсындарың жетілсін, қанаттарың өссін»
деп белгі салып, аманатым деп уәде байлапты. Мезгілі жетпей
бір қырғи әлгі балапанды сұңқардың уәдесіне жеткізбей жеп
алатын болыпты. Оған балапан: «маған тиіспе, менің сұңқармен

уәдем бар еді, алдымен сол уәдемді орындайын. Жөнімді айтып
аманаттан құтылайын. Қайтып келейін. Кейінгі ықтияр сенікі
болсын. Соған барып келуге лұқсат ет!»—деп сұраныпты. Ба-
лапан түн қатып сұңқарды іздеп шығыпты. Түнде бір жапалақ

батырлар  туралы  аңыздар
балапанды ұстап алыпты. Балапан жалынып басынан кешкен
оқиғаны баяндайды. Жапалақ ойланып, сұңқардың мекеніне
жеткізіп салыпты. Сұңқары разы болып, қырғиға бар деп

қайтарыпты. Сонда қырғи: «мен Жапалақ құрлы болмаймын
ба, сұңқарына барып, өміріңді бақытты өткіз»,—деп қоя беріп­
ті. Бұл жұмбақты ешкім шеше алмапты. Батырлардың кексе­
лері тек тамашалап тұрыпты. Халықтың амандығын қорғауға

кеткен Еспембетті Қабанбай шақыртып алып, «мына жарысқа
түс»,—депті. Сонда Есекең: «үлкендер жөн көрсе, түсейін, деп
келісіпті.

—Қыз менің жанымда тұрады. Жаулығын бір батыр

апарып ағашқа байлап, тастың үстіне қойсын. Мен атып
көрейін,—депті ол. Жаулыққа Еспембеттің оғы жетіп, жерге
құлайды. «Екінші шартын орындаймын. Үшінші жұмбағын
шешейін»,—дейді.

—Бұл қыз,—депті Есекең сөзін сабақтай түсіп,—орнықты,

қара ормандай халықтың ішіндегі бір адамның үш баласы­
ның бірі екен. Аулын жау шауып, үйінің шаңырағын шағып
ойрандағалы жатқанда, елінің бір батыры құтқарыпты да, осы
қызбен уәде байласып, ел іргесі тынышталып, ес жиған кез-

де қосылу үшін осы орамалды берген көрінеді. Сол аралықта
біздің адамдарымыздың қолына түскен көрінеді. Енді қазір
талас туып тұрған жәй бар. Бұл қыз уәдеге берік жан көрінеді.
Махаббат қадірін жоғары қоятын шынайы адам екен. Егер

бірінші ретте жебе орамалға тисе, онда тастан ұшып өлмек еді.
Малтаған бір жігіт бұрын жетсе, суға құламақ еді. Мен басынан
осыны біліп қатынаспадым. Ал енді сынақ бойынша қыз бәрін
мойындады. Мен алуға тиіспін. Сүйіспеншілікті қастерлеген

адамды қорлағанымыз дұрыс болмас,—деп ханға қарапты. Сон-
да Абылай мынадай билік айтқан екен.

—Еспембеттің мергендігіне, ерлігіне, кең ойлы кемең­гер­

лігіне, нәпсіге жол бермеген жомарттығына разы болып, оның
тілегі бойынша қызға кешірім етіп, талабын орындалық. Бар­
лық жас батырларымыз Еспембеттей әрі шешен, әрі кешірімді,
әрі жомарт болсын. Қызды босаталық. Барақтың көжегіне

мінгізіп, үш адам Шағандағы Ақпантайға жеткізсін. Ақпантай
мекеніне апарып, ел жұртыңа табыс етсін. Еспембетке Жаман
жер сырын біледі, сондықтан сол ерсін. Қабанбайдың қызы На-
зымды жолға дайындасын,—депті.

тарихи  аңыздар
Мұны естіген соң қыз сол кездегі тәртіп бойынша жерге бас
қойып, хан бастатқан барлық батырларға тағзым етіп, Еспем­бет
батырдың тізесінен құшақтап, «жан ашуымен істеген істеріме

кешірім етіңіз, маған адал аға және мейірімді жанашы­рым
болғаныңызға рахмет айтамын»,—депті.
Қыз аттанғаннан кейін хан барлық батырларды, билерді
жинап, Еспембетке қандай атақ береміз деген кеңес өткізіпті.

Сол кеңесте Қазыбектің ұсынысын басқа билер де, батырлар да
қостап, тұңғыш рет «Адақ» деген ат беруді ұйғарыпты. Соны-
мен Қабанбай Дарабоз, Еспембет Адақ атын алып, соғыс тоқтап,
хан ордасын Көкшетауға тігіпті.

126. Көтентай батыр

Батыр Ботбайдан: Құдайқұл, Шағай, Қоралас, Бидас.
Құдайқұлдан: Құдайберді, Келімбет. Құдайбердіден—Бегей,
Меңей. Бегейден—Жиембет (Бесторсық). Жиембеттен: Қо­
нақбай, Сазанбай, Сары, Андақожа, Түгей. Түгейден: Ай-

бас, Түңғат, Мәметек. Айбастан: Арал, Жанбай. Жанбайдан:
Жәнібек (Құттық), Байназар, Ерназар (Күйік), Өтеғұл, Темір.
Өтеғұлдан: Арқабай, Серкебай, Найманбай, Тәтек, Көтентай,
Рыстай. Өтеғұл дүниеден өткенде отбасында Көтентай, Рыс-

бай қалады. Көтентай өте пысық, жүректі, аздаған көріпкелі
бар адам екен. Ең кішісі Рысбай біртоға мінезді, момын адам
болыпты. Алдындағы төрт ағасы үйленгенімен, Көтентай,
Рысбай кедейліктен көп уақытқа дейін үйленбепті. Көтентай

суық күзде екі арық атпен Рысбайды ертіп жолға шығады.
Інісіне қалыңдық іздейді. Ұзын құлақтан бой жеткен қыздары
бар деген хабарды естіп, Алатаудың бөктерінде отырған
Жанқойлықтың Төлемісінің үйіне келіп түседі. Майлының

Бақдәулет деген батыр баласы жоңғар қалмақтарымен соғыс­
та қайтыс болғанына көп болмапты. Ауыл-аймағымен ауыр
қайғыдан арыла қой­маған, Майлы қысқы қыстауына көшіп
үлгірмепті. Төрде баласының сауыт-сайманы, ер-тұрманы

ілулі тұр екен. Көтентай сонда көз қиығын алмай, қарап оты-
рады.

—Отағасы, қайғыңызға ортақпыз. Сіздерге тағы бір қауіп

төніп тұрған сияқты. Менің есебім бойынша, бүгін-ертең то-

батырлар  туралы  аңыздар
лассыз қалың қар жауып, малды басып қалады. Сол қар ерте
көктемде тез еріп, бұл жерде су тасқыны болады. Және бір
қауіп ерте көктемде жоңғар қалмақтарының қайтадан ша­

буылы басталады. Бұл жерге мал төлдейтін уақытта келіп
қалар. Сондықтан ас ішкен соң бүкіл ауыл адамдарын жинап
алып, қар жауа бастағанда, түнімен малды ақырын тұрғыз­бай
айналдыра айдап шығу керек. Сонда қар басып қалмайды. Күн

ашылып, жол түсе бастаған кезде қиыншылықтарға қара­май
қысқы қыстауға көшу керек,—депті Көтенбай. Бұл жігіт­тің
айтқаны келіп, ертесіне кісі бойы қар жауады. Қонағы­ның
тілін алған Майлының малы қар басудан аман қалады. Күн

ашылып, жол түсісімен Майлының ауылын Қапшағай жота-
сынан асырып, Күрті өзенінің бойындағы қыстауына көшіп
барады.
Қыстан малдары аман шығады. Көктемгі төл алуды да ой­

дағыдай өткізеді. Көтентай інісі екеуі де олармен бірге болады.
Майлының бойжеткен екі қызына жігіттік мінез көрсетпей, бір
шаңырақтың астында тұра береді. Екі қыз қарындастарын­дай
болып кетеді.

Майлы бір күні Көтентайды шақырып алып:

—Ауыртпалық уақытта жанымда болып, інің екеуің жәр­

демдестіңдер, көмектеріңді аямадыңдар, жұттан, су тас­қыны­
нан аман қалдық, көктем келді, қарбалас уақыт, байқаймын
қайтатын ойларың бар, аз ғана уақыт болса да, тұз-дәміміз бірге
болды. Мен сенен малымды да, жанымды да аямаймын, жа­сым

келді, отбасымның иесі бол, қыздарымның қалап бірін ал, отау-
лап беремін,—депті.

—Жау жағадан алып тұрған шақта үйленіп, үй боламын

деп айту жігіт адамға жараспайды. Ат тапсам, жауға шаба-
мын, елімді қорғаймын. Оқ тиіп опат болсам, қыздың обалы­на
қаламын. Егер қисаңыз, қызыңызды інім Рысбайға беріңіз, ол
шаруа адам, мал-жаныңызға қарайды,—депті. Майлы баласы-

нан қалған көк тұлпарды, сауыт-саймандарды сыйға тартып
тұрып:

—Батырға лайық күшің бар, ел-жұртыңды қорғайтын ісің

бар, Көтентай балам, Көк тұлпардың үстінде, жаудың өтінде,
ерлігіңмен елдің есінде боларсың, әттең, мына қызымды өзің
алмадың, өзегі бөлек інің Рысбайға бердің, бұл да ерлігің, әттең-
ай, осы қызыма үйленген жігіт малға да, жанға да бай болады.

тарихи  аңыздар
Рысбайға ырыс, дәулет қонатын болды,—деп батасын берген
екен.
Бірде ішінде төрт адамы бар, Көтентайды қалмақтарға

шолғыншылыққа жібереді. Қалмақтар да өздерінше қам-қа­
рекет үстінде болса керек. Олар да қарсы шолғыншылыққа
шық­пай ма? Сөйтіп, қалмақтар да қарсындағы терең жыраның
ішінде кездесе кетеді. Ішінде бір дәу кісісі бар екен. Сонысына

сенді ме, ол «жекпе-жек!» деп үш-төрт рет айқайлайды. Жек­
пе-жекке шығады. Ондай дәуді жеңу оңайшылыққа түспей­
ді. Көтентай айла-амалға басып, сол қолымен қалқанды ұстап
тұрып, сонысымен қаға беріп, шоқпармен қуа жүріп соғады.

Жау атымен алға келіп қалып, содан кейін қарай қайта алмай,
ақыры жеңіледі. Қалғандары қаша бастап, жөн-жөнімен кете
бастағанда Көтентайлар жыраның алдынан жол тауып шығып,
әлгілерді қолға түсіріп, жаудан қажет мәлімет алады. Сөйтіп,

жауды жеңіп шығады. 127. Ер Жауғаш

Жауғаштың қолбасшылығымен өткен бір ұрыста қалмақ­тар
«Қалмаққырылған» деп аталып кеткен жерге қосын тігеді.
Бұл уақытта қырғыздың Садыр деген манабы Талас пен Сыр
аралығындағы елді-мекендерді шауып, өзіне бағынышты етуде

деген хабар жетеді. Осыған байланысты Абылай қалың қолымен
қазақтарды қырғыз басқыншылығынан азат ету үшін Оңтүстік
өңіріне келеді. Хан Абылай Садырға бағынышты болған қазақ
ауылдарын, содан кейін Садырдың өзін шабуға бұйрық береді.

Жауғаш батыр мұндай әрекеттің асығыстау болатындығын, ал-
дымен елші жіберіп көру керектігі жөнінде ұсыныс жасайды.
Абылай қалың қолмен келсе де, қырғыздарды бірден шап-
пай, Садырға бірнеше рет елші жіберетіндігі айтылады. Бұл

елшіліктің екеуін де Жауғаш батыр бастап барған екен.
Садыр қазақтардың атынан келген елшіні астамшылдық­
пен қабылдайды. Елшінің сәлемін үйінде теріс қарап жатқан
бойы артына қолын созып алмақ болғанда, Жаушы батыр

да қолын бермей, қамшысының өрімін ұстатқан екен дейді.
Алғашқы елшілік осылайша сәтсіз аяқталғаннан кейін, екі ел
арасындағы қырқысты қайткен күнде де бейбіт жолмен ше­

батырлар  туралы  аңыздар
шуге бекінген Абылай хан Жауғаш батырды екінші мәрте елші­
лікке жұмсайды. Мұнда қырғыз манабы Садырға алғашқыға
қарағанда нақты сөзін айтады:

—Жауласпаймын Садырмен,

Елдесемін Садырмен.
Таластың бойы тар жайлау,
Таласа барып жайлайық.
Қазы менен қартаны

Қия кесіп шайнайық.
Садыр бұл жолы да қиястықпен жауап беріп:

—Қоқи, елдеспеймін онымен,

Жауласамын ол құлмен.
Таластың бойы тар жайлау,
Таласа барып жайламан.
Қазы менен қартаны

Қия кесіп шайнаман.
Абылай деген кәрі құл...
Дулығасын киермін
Еңсесіне мінермін,

Кеудесіне сиермін,—
деп шалқақтайды. Екі елді елдестірудің мүмкін еместігіне көзі
жеткен Абылай қырғыздарға қарсы соғысты амалсыз бастай­ды.
Соғыста қолбасшылықты Жауғаш батыр атқарады. Бұл жо­лы

соғыстың сұрапылдығы сонша—қазақ пен қырғыздың аузын­да
«Жайыл қырғыны» деп аталып кеткен екен.

128. Жауғаш батыр

Сәмен батыр қолында мыңбасы болған Қырбас ел азамат-
тары түгел қатынасқан Іле өзенінің бойындағы қалмақтармен
үлкен ұрысқа кеткен екен. Ат үстінде ауылға қарай шауып,
айғайды салып, «Сүйінші! Сүйінші! Жау қашты! Жау қашты!»

деген жігіттердің дауыстарын естігенде толғағы пісіп, арқанға
асылып тұрған анамыз, Қоңырат елінің қызы Қоңырбике өзегі

тарихи  аңыздар
босап, өмірге бір нәресте келтіріпті. Мұны жақсы ырымға
жорыған әжелер: «жау қашқанда туды, батыр болады» деген
екен.

Ұрыстан қайтып келе жатқанда, Қырбастың немере ағасы
Бабалы бидің үйіне қонған Төле би жарықтықтың өзі: «Ақ
жаулықты аналардың аузына да Құдай салған шығар, олай бол-
са елін қорғайтын батыр болсын, есімі Жауғашты болсын!»—

деп атын қойған. Кейін «Жауғашты батыр туған жер» деп
жүріп, сол жер «Жауғашты» атанып кеткен. Анасы еркелетіп:
«Жауғаш, Жауғашым!»—дейді екен.
Жауғаш әкесінің жалғыз баласы болғандықтан еркелеу

өсіп, алғырлығын аңғартып, Бабалы бидің, әсіресе кіші әйелі
Бөртенің балаларымен асық ойындарынан ат ойындарына
дейін артықшылығын көрсетіп, ерегесіп, төбелесіп қала беретін
болған.

Бабалыдан туған тоғыз ұл
Жарға қонған үкідей.
Қырбастан туған жалғыз ұл
Өткір қара бәкідей,—

деген сөздің айтылуы да сондықтан. Қалмақтың елді билеп,
еңсесін көтертпей тұрған кезінде жоңғардың ноянын қасында­
ғы атқосшымен Жауғаш он бес жасында өлтіріп, өзінің өміріне
қауіп төнгеннен кейін әкесі Қырбастың рұқсатымен, Баба-

лы бидің батасымен Қарпық пен Малыбай достарымен бірге
Арқадағы Абылайға кеткен. Қарпықтың сондағы нағашылары
арғынның алтай, қарпық аталарына арқа сүйеп, мият тұтып,
сол елге барған.

Он бес жасар жас бала
Жауғаш бір сонда жылайды:
«Сен қалмаққа қылмасам,
Көтіңнен сүргі салмасам,

Арқадағы Абылай ханыма бармасам,
Сөйтіп бір кегім алмасам!».

батырлар  туралы  аңыздар 129. Жауғаш батыр туралы

Абылайдың бір жақсы көретін баласы өліп, бас көтермей
жатып қалғанда, көңіл айтуға келген белгілі адамдармен еріп
хан ордасына кірген Жауғаш орынды жұбату сөз тауып айтып,
алғырлығымен ел ағаларының көзіне түседі. Абылай хан жас

жігіттің сөзіне риза болып, басын көтеріп, жөн сұрағанда:

—Ұлы жүзден келдім.

Елім—дулат, нағашым—қоңырат,
Руым—ботбай-қоралас,
Атым—Жауғаш,—
депті тайсалмастан. Абылай Жауғаштың әңгімелерін естіп,

жағдайын әбден түсінгеннен кейін, жолдастарымен бірге кү­
зетшілер қатарына қабылдаған екен.
Абылай Жауғаштың жастығына қарамай, тындырымды
ісін, қиын жағдайлардағы тез аңғарғыштығын, шешімділі­

гін, тұжырымды ақылын, байыпты сөз тапқыштығын ерекше
бағалап, баласындай баулып, тәрбиелеген.
Жауғаш жоңғарларға қарсы шайқаста ерлік жасап, он жеті
жасында батыр атанған екен.

130. Жауғаш батыр

Жоңғарларды бірлесе қуған қырғыздың Солто руынан
шыққан Жорықтас дос-жарандарымен өзара қатынастары
күшейіп, көрші қоныстанған екі ел қыз алысып, құда-жег­
жаттық, туысқандық байланыстары нығаяды. Жаз жайлауды

бірге жайлап, тойларын, астарын бірге өткізетін болады.
Қалмақтардан құтылып, қытай менен қазақ та, қырғыз
да жеке-жеке келісімге келіп, бейбіт тұрмыс құра бастағанда
өзара шатақтасып, жер дауын желеу етіп, Талас пен Ыстық көл

жақтың қырғыздары қазақтың малын барымталап, ауылын ша-
уып, басынып, көкіректері өсіп, елге тыныштық көрсетпейді.
Жоңғарлар басып алғанға дейінгі, яғни Салқам Жәңгір
заманындағы, ағайындай араласа жайлаған жерлерге қыр­

ғыздар қазақтарды жақындатпайтын, Сарбағыш руының биі

тарихи  аңыздар
Есенқұл қазақтардан Іленің басын, Үшаралды беруді талап
етсе, Таластағы саяқтың Қаба руынан шыққан Садыр батыр
Таластан Шымкентке дейінгі тау бөктерлеріне қазақтарды жо-

латпай қойғанымен тұрмай, Таластың аяғын да Шолаққорған,
Созаққа дейін шауып, қазақтарды Сырға қарай сырғытады. Осы
өңірлердегі найман, қоңырат елдерін қатты күйзелтеді. Әсіресе,
Жарас пен Қырбас батырлардың қайын жұрты, яғни Жауғаш

пен Малыбайдың нағашылары өте ауыр жағдайға ұшырайды.
Жауғаш батыр Солто руының биі Жайлыға, оның інісі,
өзінің досы Момоқанға барады. Жайыл: «Саған ешкім тимесе,
басқаларды қайтесің, өздері келісіп алады да»,—деп Садырға

бермей қойыпты. Бұл кезде асып-тасыған Садыр, құдасы болса
да, көнбейтінін біліп айтпаған. Жауғаш ренжіп, не істерін білмей
шала бүлініп жүргенде, Садырдың сарбаздары Қарақыстақ
арқылы келіп, Меркінің батысы мен Қорғаты бойындағы бот-

байларды шабады. Ботбайлардың бұл аталары қайтадан Ілеге
көшеді. Жәдік Медетбекті төрт-бес жасында қырғыздардың
алып кетіп, Таластағы бір байдың бала етіп алғаны осы кезең...

131. Қуатбек пен Медетбек

Қалмақ әскерімен болған бір жолғы соғыста айласын асыр­
ған жау жағы Қуатбек пен Медетбек батырларды қолға түсі­ріп,
елдеріне алып кетеді.
Қалмақ ханы бұл екеуін басқа тұтқындардан бөлек ұс­

татқызып, ерекше күзет қояды. Бұл екі жас батырдың қазақ
екенін білген және оларды көрген ханның қазақ әйелінен
туған Айпері деген қызы Қуатбек батырға ғашық болып
қалады. Ендігі ойы осы батырларды тұтқыннан босатып, еліне

жеткізіп, Қуатбек батырға жар болуды аңсайды. Батырларға
оңаша кездесіп, ойын оларға ашық айтып, қашып кету туралы
келіседі. Сөйтіп, астыртын үш тұлпарды дайындап, екі батыр-
мен бірге өзі де қашуды ұйымдастырады.

Келісілген уақытта ханның қызы екі тұлпарды жетелеп
келіп, екі батырды мінгізіп, жау тұтқынынан қашып шыға­
ды. «Енді қауіп-қатерден, қуғыннан құтылдық-ау!»—деп, Іле
бойындағы қалың тоғайға кіріп дем алады. Содан кейін Іле

өзенінің суына жуынып-шайынып алуды ұйғарады. Аға­йын­

батырлар  туралы  аңыздар
ды екі жігіт өзеннің жоғарғы жағындағы суға түседі, ал Айпері
қыз өзеннің төменгі аяғына барып жуынуға кетеді.
Екі батыр жуынып болып, аттарды жетелеп, Айпері суға

түскен жерге келгенде, оның жолбарыс жарып кеткен өлі
денесіне тап болады. Оны көрген Қуатбек пен Медетбек қатты
қайғырып, қыздың денесін ақ жуып, арулап өзеннің жағасына
жерлейді. «Жатқан жерің жайлы болсын, Алла алдыңнан

жарылқасын!»—деп қос батыр аттарына мініп, елге қарай бет
бұрады. Қолда қару, қоржында ас жоқ, әбден жүдеген Қуат­
бек пен Медетбек жиырма тәуліктей жол жүріп, елге жетеді.
Осы күндері екеуі кездіктерімен астарына мініп келе жатқан

аттарының құлағын тәулігіне екі реттен кертіп, қанын сорып
қорек еткен екен. Ауылға жеткенде аттарының құлақтары
шұнақ болған екен...

132. Қуатбек пен Медетбек

Жаугершілік кезінде Сәмен батырдың ұлы Қапсалаң ба­
тырдың ауылына қырғыздар жиі-жиі шабуыл жасап, маза
бермейді. Қапсалаң батыр жетпістің үстіне шығып қалған кезде
қырғыздар тағы да келіп қалды деген хабарды естіп, ауылдағы

бар жігіттерді атқа қондырады. Олардың ішінде Құдайғұл То-
лыбай, қыдырдан ағайынды Андас пен Сыпатай, жәдіктен
Қуатбек пен Медетбек батырлар, тағы басқа тепсе темір үзетін
жиырма-отыз жігіт Қапсалаң батыр ауылына жиналды. Қарт

батыр бұл соғысқа ұлы Диқанбайды да қосып алады.
Кезінде Сәмен батырдың батасын алған, қазір қылшыл­да­ған
жас батырлар соғыс өнеріне әбден ысылып, шыңдалған. Қас ба-
тырлар қырғыздарға дес бермей, барымтаға алған жылқы­ларды

түгелдей еліне айдап келеді.
Ол кезде алақандай асаннан шыққан алты батыр—ағайын­
ды Қуатбек пен Медетбек, Елеу мен Дүзен, Шәйкөз бен Шот-
бай еді. Кейін оларға Андас пен Сыпатай қосылып, «Асаннан

шыққан сегіз батыр» атаныпты.
Жоңғарлар мен қалмақтардың шабуылдарынан ығыры
кеткен бұл аймаққа енді батыстан Қоқан хандығы қоқаңдап,
тыныштық бермейтін болды. Әртүрлі салықтарды салып, оны

уақтылы төлемеген ауылдардың азаматтарын соққыға жығып,

тарихи  аңыздар
кейбіреулерін тұтқындап алып кететін болды. Ел арасында
қоқандықтардан қорлық, зәбір көргендер көбейді. Бұған шы­
дай алмаған қазақтар «бір жағадан бас, бір жеңнен қол шыға­

рып» қоқандықтарға қарсы шығуға бел байлады.
Батырлардың бұл жолғы жорығын Қуатбек басқарды.
Екі мыңдай қол жинаған ол қару-жарақтарына, үстеріне,
сауыт-сай­мандарына, мінген аттарына аса көңіл аударады.

Оның қа­сын­да шақшамнан шыққан Тілеміс болды. Көпшілі­гі
ботбайдың бел­ді руынан тараған. Көп соғысты көрген, ысыл­
ған жігіттер еді.
Қоқан ханының жарлығымен әскерді мыңбасы Сейітқұл­

бек деген басқарады. Қуатбек пен Сейітқұлбек әскері Қаратау
өңірінде кездесті. Сейітқұлбектің әскері өте мықты қаруланған,
оларда мылтық және зеңбіректер бар еді. Енді Қуатбек әскерін
сақтау үшін қандай тәсіл қолданатындары жайлы батырлар-

мен кеңес өткізді. Олардың шешкені: мылтық пен зеңбірегі бар
әскермен ескіден келе жатқан далалықтар соғысы қаша жүріп
ыңғайы келгенде жау жағына соққы беруді қалады. Соғыстың
бұл тәсілі—қарсы жақтың әскерін қашқан болып, әбден

әлсіретіп барып соққыға жығу. Қуатбек батыр әскерін төртке
бөліп, әрқайсысына жеке тапсырма береді. Бірінші топқа Сы-
патай, екінші топқа Медетбек батыр, үшінші топқа Тұрлыбай
батырды басшылыққа бекітіп, негізгі төртінші топқа өзі қалды.

Жауды мылтық оғы жетпестей жерге артта қалдырып, жол-
сыз жермен ауыр зеңбіректерін алып, жүре алмайтындай шөл
далаға апарып көзін жою. Оны жақсы түсінген әскербасылары
оңтүстіктің ыстығына, шөліне, құмына қарамай қоқандықтар­

ды әбден титықтатты. Қазақтардың әскерінің басшысы Сыпа-
тай батыр ойлағандай, Сейітқұлбек мыңбасы қазақ әскерінің
соңынан бар әскерін қаптатып жібереді. Қазақтарды аямай,
жеткен жерде қыруды табыстады. Сейітқұлбектің өзі де, әскері

де қазақ әскерінің төртке бөлініп кеткен қулығын білмеді. Бар
қазақ қолы осы шығар деп алдындағы Қуатбек батыр тобын
өкше­лей қуа береді. Олар қазақтарға әне жетеміз, міне жетеміз
деп күндіз-түні демалмастан қуа береді. Қазақтар қашқан бо-

лып оларға жеткізбеді.
Екі күннен кейін қоқандықтар әбден шаршап, қазақ сар-
баздарына жете алмайтына көздері жетіп, кері қайтпақ бол-
ды. Қуатбек батырдың да күткені осы еді. Өйткені ол әскерін

батырлар  туралы  аңыздар
төртке бөлгенде қоқандықтарды алдаусыратып қашқан топ-
та бар-жоғы бес жүздей адам бар еді. Ал қалғандары түнде
басқа жолға түсіп, бір тобы қоқан әскерінің артына, екі тобы

екі жағында, оларға көрінбей жүріп отырған. Енді олар кейін
қайтқанда артта келе жатқан Қуатбек батырдың әскері олар
демалып жатқанда төрт жағынан бірдей шабуылға шығады.
Қоршауда қалып, әбден есі кеткен, қалжыраған жауды жойып,

тас-талқан етті. Ол қырғын таң ағарып атқанша жалғасады.
Бұл кезде олардың оқтары да таусылған еді. Енді қазақтар
қатары сиреп қалған, әрі естерін жимаған жауды ортаға алып,
қылыштарын оңды-солды сіл­теп, оларды жайратып салады.

Аман қалғандары қаруларын тас­тап, тұтқынға түсті. Сөйтіп,
бұл соғыс Қуатбек батыр бастаған қа­зақ сарбаздарының
жеңісімен аяқталды.

133. Серғазы батыр

Қазақ-қалмақ соғысы заманында Жетісу жерінде қалмақ­
тар бірер жыл табан тіреп тұрып қалады. Сол кездерде олар
Суықтөбенің күнгейін қыстап, теріскейіне егін салып, таудың
бөктерін, басын жайлаған. Осы жылдардың куәсі ретінде

қалмақтан қалған жел диірменнің тасы жатыр. Қалмақтар
бұл маңайдан қуылып, Жоңғар қақпасына жетіп қалғанда,
көріпкел-биі қолға түсіп, сол айтқан екен деген әңгіме бар:

—Алтайдан Таразға дейінгі ұланғайыр мол кеңістікте

жүріп, мекен етіп, Суықтөбенің бауырына тең келетін аймақ
көрмедім. Қалмақтардың бұл аймаққа қызыққаны сондай—
мұндай сөздерді көп айтыпты. Ел арасында солар айтыпты де-
ген бір ауыз өлең де қалыпты:

—Долан (жеті) жыл мекен еттім,

Болып Суықтөбе иесі.
Аңы бар арқар, аю, ұлар, барыс,
Ну бақша өрік, алма, шиесі.
Суықтөбе басында

Диірменнің тасы қалды.
Табиғаты ерекше жаратылған
Жер-ана ғой киесі.

тарихи  аңыздар
Қалмақтар осылай жеңіліпті. Серғазы батырдың туған аға­
сы Сереңнің бірде індетке ұшырап, бес баласы бірдей өліп кете­
ді. Күллі Түкей ұрпағы қара жамылып, бауырының қайғысы­

на батыр да қатты қиналған екен. «Япыр-ай, ағам болса жасы
ұлғайып қалып еді, жеңгем де шар тартып кетіп еді, ұрпақсыз
қалар ма екен?» деп қайғырады. Содан ары ойлап, бір үрдіске
бет қояды.

Сол кезде Шапырашты Қарасай батыр ұрпағы Өтеп руы-
нан шыққан Есек деген жасы жетпістен асып қалған әулие кісі
болған екен. Серғазы батыр әлгі әулиеге барып:

—Ей, әулие Есек, сен Алламен тілдесетін адам дейді. Менің

ағам Сереңнің ұлдары өліп, тұқымсыз қалатын болды, соған
Құдайдан бала сұрап бер,—депті. Серғазының батырлығынан
хабары мол әулие оның ойлы-қырлы сөздерін көңіліне алмай,
батырға ілесіп Серең аулына барып түсіпті. Сонда Есек әулие

Серең әйеліне:

—Қарағым, келін, өзің барып бір қой алып келіп, бата

сұра,—депті.
Сереңнің әйелі жаулығын салып, бір ақсары бас қойды же-
телеп келіп, Есектен бата сұрапты. Мал сойылып, ет қазанға
түскен кезде Есек әулие қисайып, мызғып алмақ болып,

ұйықтап кетіпті. Арада сәл-пәл уақыт өткенде әулиеге:

—Тұрыңыз, бауыр пісті,—деп оятып жібереді. Сонда әулие:

—Ой, әттеген-ай, бекер оятып жібердіңдер ғой. Алладан

бір ұл сұрап алып, ол жалғыз болмасын деп тағы біреуін сұрап
жатқанда оятып жібердіңдер ғой,—деген екен.
Содан арада жыл уақыты өтіп, анамыз екіқабат болып, бір
ұл тауыпты. Серғазы батыр ерекше қуанып, ырым жасап:

—Бұл баланы Құдайдан Есек әулие сұрап беріп еді, атын сол

кісіге қойдырамын,—деп әулиеге қос ат жіберіп, алдырыпты.
Сонда Есек әулие тұрып:

—Шапыраштыда Қарасайдың баласы Өтептей болса, жаман

болмас, әруақты адамның атын көтере алса, көтерер, көтере ал-
маса, тағы көреміз,—деп әлгі баланың атын Өтеп қойыпты.

134. Серғазы батыр

Сонау Тараз жағындағы Талас бойындағы бір шайқаста күні
бойы болған жекпе-жекте бірде жеңіп, бірде жеңіліп деген-

батырлар  туралы  аңыздар
дей алма-кезек түсіп, екі жақтан да шығын болып, күн батуға
таяған кезде ту жығылып, бүгінгі соғыс тоқтауға айналғанда
қалмақ қолы жағынан бір жас батыр атын ойнақтатып, «бүгін­гі

соңғы айқас болсын!» деп межелі жерге келіпті.

—Япыр-ай, мына қалмақ мезгілсіз уақытта жаман ырым

бас­тамаса етті!—деп Серғазы батыр қасындағы жас батыр­лар­ды
айқасқа жібермей:—Жасым келіп қалған адаммын ғой, өл­сем
мен-ақ өлейін,—деп айқасқа өзі шығыпты.
Айқас басталып кетеді. Екі батыр ары-бері ырғысып

жүргенде, Серғазының найзасы қалмақтың батырының дуыл­
ғасына тиіп кетіп, дуылғасы басынан ұшып кетеді. Қалмақ­
тың батырының қыз екенін сонда біледі. Серғазы сол заматта
қалмаққа қылышын суыртпай, шапшаң қимылдап жіберіп,

қызды ат үстінен жұлып алып, өңгеріп ала жөнеледі. Сонымен
бүгінгі соғыс та бітті.
Сонымен Тараз—Талас аймағынан ауылына қайтып, жекпе-
жекте жеңіп алған қалмақ қызын ағасы Сереңге әкеліп береді.

—Менің соғыстан алған олжам, сіз алыңыз,—депті Серғазы.

Сол жеңгемізден бір ұл туады.

—Е, әлгі Есек әулиенің оянып кеттім, екінші ұл сұрап жатыр

едім дегені осы бала шығар. Япыр-ай, не деген әулие еді,—деп
бұл дүниеден өтіп кеткен Есектің әруағына тағы бір бас иіпті.

135. Сәмен батыр

Орталарында Төле би бар қазақ әскерлерінен жеңіліп, қайта
топтасып, қаша шабуылдап жүрген кездердің бірінде Сәмен ба-
тыр жаман түс көріп, шошып оянады. Түсінде ботбай ауылда-
рын жау шауып кетіпті. Ертеңмен көрген түсін Төле биге айта-

ды. Және де өзі ауылға барып келуге рұхсат сұрайды. Төле би:

—Жалғыз барма, сарбаздарыңнан адам ала бар, негізгі

топтағы сарбаздар жиналады, енді аз күнде қалмақты қоршау­
ға алармыз,—дейді. Сәмен батыр:

—Қазір бір адам болса да соғыста артық болмайды, мен өзім

барып келемін,—деп жолға шығады.
Елге келсе қоныста ешкім жоқ, көшіп кеткен. Жалғыз-
жарым емес, Ботбай ата балаларының ауылдары түгел
көшкен. Ары-бері іздестіріп жүріп, бір түтіннің исі шыққан

тарихи  аңыздар
жаққа барса, жалғыз үй қойшы, ол қойларымен тасада қала
беріпті. Қойшыдан мән-жайды сұрай бастағанда, арып-
ашып екі бала келеді. Сәменнің бұлардан білгені: «Барлық

ауыл­ды қалмақтың жүздей адамы келіп, малдарды, кемпір-
шалдарды, бала-шаға, қыз-келіншектерді байлап-матап, кө­
шіріп әкетіпті. Өздері шатырларын Қызылқайнардың басы­на
тігіп, осы маңайда қалған ауылдарды шауып, ертең шал-

кемпірлерді байлап-матап тастап, малды, қыз-қырқынды
айдап кеткелі жатқан көрінеді. Бұлар бірінің байлауын бірі
шешіп, қашып шығыпты».
Сәмен батыр қойшының үйінен тамақ ішіп, жетегіндегі

шұбар айғырына мініп, Қызылқайнардағы тонаушыларға қа­
рай бет түзейді. Таң қылаң бергенде межелі жерге жетіп, ма­
ңай­ды шолып көріп, қандай амал-айла жасау керектігін де
ой­лай­ды. Төңірегі ыңырсыған ел, бір шетінде тонап жүрген топ­

тың шатырлары, есіктерінің алдында екі жауынгер қарауыл­
дап отыр. Өздерін айналдыра түйені шөгеріп, тіздеп тастапты.
Ешкім өте алмасын дегені ғой. Шатырға жақындаған Сәмен
астын­дағы шұбардың тізгінін жіберіп, «Сәмен! Сәмен!» деп

ұран­дағанда шұбар айғыр түйелерден қарғып өтіп, есік алдына
же­теді. Ұйқылы-ояу сасып қалған есіктің көзіндегі екі жауын­
герді найзамен түйреп, шатырдың есігін босағасымен жұлып
алып, «Жекпе-жек, жекпе-жек!» деп айғайлайды. Шатыр­

дың ішіндегілерден үн шықпайды, қайтадан айғайлағанда,
тонаушылардың басшысы:

—Не тілегің бар? Бәрін орындайық,—дейді.

—Маған керегі сенсің, жекпе-жек!—деп қайта айғайлай­ды.

Бір бәленің боларын білген тонаушылардың басшысы:

—Айтқаныңның бәрін орындайық, тие көрме,—деп жалы-

на бастайды. Сонда Сәмен:

—Қазір бір адамыңды жіберіп, барлық елдің қол-аяғын

босатыңдар, қолдары босаған адамдар жауынгерлердің қа­
ру-жарағын жинап әкелсін, малдарымызды өрісіне, үйле­рі­
мізді орнына қондырыңдар, ішіп-жеген малдарыңның ор-
нына өз аттарыңды бересіңдер және екінші қазақ ауылына

жоламайсыңдар, шартым осы!»—дейді.
Жаулар бұл шартты қабылдайды. Бір адамды жіберіп,
бүкіл елді босаттырады, қолдары босаған ел Сәменнің келгенін
біледі де, жүруге жарайтындары жауынгерлердің қару-жа­рақ­

батырлар  туралы  аңыздар
тарын жинап әкеледі, малдарын өрісіне айдап, үйлеріне ор­ны­на
қондырған соң қалмақтар өз жолдарына түседі. Ауылдан ұзап
шыққан соң бір адам:

—Бір адамнан неге сонша қорықтық, жүз жауынгер тұ­

рып,—дейді. Сонда басшы тұрып:

—Сәменнің екі иығында екі жолбарыс, артында бір топ

жолбарыс тұрды, соғысқанымызда ешкім аман қалмайтын еді,
қазір бәріміз аманбыз,—деп жауап береді.
Ел орнына жайғасқан соң Сәмен батыр сарбаздарына ора-
лады. Төле биге болған жағдайды айтады. Лажысыз өз атын өз

ұрандап шапқанын айтады. Сонда Төле би: «Сенің атың төрт
ботбайға ұран болсын!»—деп бүкіл елдің алдында бата береді.
Содан кейін ботбай елінің ұраны «Ботбай» және «Сәмен» бо-
лыпты.

Атақты Аңырақай шайқасында ойсырай жеңілген қалмақ­
тар Іле бойында да жеңіліс табады. Қазақ батырлары олар-
ды Жоңғар тауынан асырып қуып, Алатаудың Ыстық көліне
дейінгі бұрынғы қалмақтар басып алған жерлерді де босатады.

Соғыстың соңында Төле би Сәмен батырды шақырып алып:
«Ел тыныштығы үшін сарбаздарыңмен екі жылдай жоңғардан
берірек қала тұр, қалмақтар қайта шабуылға шықса, қазақ ба-
тырлары сарбаздарын жинап келгенше қалмақтарды асудан

асырмай тұр»,—дейді. Сәмен батыр екі жылдан аса асуда бола-
ды. Содан болса керек, «Сәмен тауы», «Сәмен құдығы», «Сәмен
қыстауы» деген атаулар баршылық.

136. Сәмен батыр

Сәмендер Жоңғар тауына кеткенде, үйінде әйелі екіқабат
қалған екен. Арада жарты жылдан асқанда бір дәруіш Сәмеге
жолығып:

—Уа, батыр, не болатынын айтып берейін,—дейді. Сонда

Сәмен тұрып:

—Сен одан Ақсеңгірге барып кел, әйелім босанып па, бі­ліп

кел,—депті. Дәруіш бірнеше күн жүріп келсе, Сәменнің үйі­нің
төңірегі толған әйелдер, жаңа туған баланың дауысы шыға­ды,
кіндігін кесіп, құндақтап ораған баланы көрпеге төсеген қап­
тың үстіне жатқызса, сыймайды. Бала көтерген әйел: «Бала

тарихи  аңыздар
үлкен екен, қаптың үстіне салсам, сыймайды»,—депті. Осы-
ны естіген дәруіш Сәменнен сүйінші сұрапты. Сонда Сәмен:
«Қаптың үстіне сыймаса, баланың аты Қапсалаң болсын, саған

сүйіншіге бір тай берсін деп айтып бар»,—дейді. Осылайша ел
жиналып, азан шақырып, Сәменнің бірінші баласының атын
Қапсалаң қойыпты...
Қалмақтар қайта шабуыл жасағанша біраз жыл өтіп,

тыныштық болады. Осы тыныштықтың барысында қазақ-
қырғыз бірігіп, Үшқоңыр жайлауында үлкен той жасайды.
Тойға екі жақ та мықтап дайындалады. Ат жарысынсыз той
өтпейтін заман. Ел бәйгеге аттарын дайындай бастайды. Сәмен

батыр өзімен жиырма жылдай жолдас болған шұбар айғыр­
дың жал-құйрығын сүзіп: «Тұлпарым, талай қиындықты бірге
өткіздік, осы бәйгені алып беру саған серт, осыдан кейін үсті­ңе
ер салмай жіберу маған серт»,—депті.

Қазақтар бәйгенің мәресін Үшқоңыр жайлауының етегі­
не бел­гі­лемек болады. Оған қырғыздар көнбей, Үшқоңырдың
үсті­не шыға берісіне белгілейді. Қырғыздар өздерінің аттары
туада өрге қарай жақсы шабады, бәйге біздікі болады деп ой-

лайды.
Тойдың аламан бәйгесіне неше жүз ат жиналады. Әр
аттың иесі аттары алысқа шапса, соның аты келетіндей көрі­
ніп, түнемеге айдап, Жаманты сайындағы Қарақұдықтан күн

шыққанда жібереді. Көп ат ілесе алмай, жолда қалады. Бірнеше
ат таудың жолынан құлап өледі. Жалғыз шұбар айғыр ғана
Үшқоңырдың жалғыз аяқ жолымен зорға көтеріледі. Ең биік
жерінде бір-екі сүрініп, тоқтап қала жаздап, әйтеуір мәреден

өтеді. Бәйгені шұбар айғыр алады. Басқа бір ат та мәреге жете
алмайды. Шұбар айғырдың Үшқоңырға көтерілген жалғыз
аяқ жолын ел «Шұбар аттың жолы» деп атап кетеді. Аламен
бәйгеден кейін Сәмен батыр шұбар айғырға ер салмай, тоғыз

қысырақ қосып жібереді. Шұбар айғырды үйірге қосқан соң
үйірімен өрісінен табылмайды. Өрісте шұбар айғыр үйірінен
құлындаған бурыл бие ғана қалыпты. Жылқышылар бірнеше
күн іздеп таба алмайды. Ақыры Сәмен батырға айтуға мәжбүр

болады. Ол әлгілердің айтқандарын үнсіз тыңдап отырып-
отырып барып:

—Осыдан жиырма екі-жиырма үш жылдай бұрын қыр­

ғыздардың жылқысын қалмақтар барымталап айдап келе

батырлар  туралы  аңыздар
жатқанда, қараңғыда бірнеше жылқы бөлініп қалып қояды да
біздің жылқыға қосылады. Солардың ішінде осы шұбар тай да
болады. Ол дөнен болады. Содан бір күні өзіме ат іздеп жүріп,

сүйегі ірі, шоқтығы биік, асаусыған шұбарды бұғалық салып
ұстап, үйретіп, ұзақ жаугершілікке мінетін атым болды. Шұбар
айғыр қырғыздардың Талқан деген биінің жылқысы­ның
тұқымы, сол жақтан іздеңдер. Егер онда ит-құсқа аман, қол­ды

болмай барса, алып келмеңдер»,—деп табыстайды. «Өз же­рін­де
қалдырып кетіңдер»,—дейді.
Жылқышылар іздеп барса, шұбар айғыр үйірімен жыл­қы­
лардың ішінде жүргенін көріп, қырғыздарға болған жағ­дай­

ды айтып, оларға шұбар айғырды үйірімен қалдырып кетеді.
Жылқышылар Сәмен батырға келіп айтқанда:

—Есті жылқы қоңы көтерілсе, көп жыл өтсе де, өз жерін та-

батыны осы екен ғой,—дейді.—Егер менің көп жылғы көрген
түсім шын болса, шұбар айғырдың тұқымы біздің ұрпаққа тағы
бітеді...
Аңырақайда ойсырап жеңілгеннен кейін қалмақтар жой­

қын шабуыл ұйымдастыра алмайды. Дегенмен, оқта-текте
қазақтардың тыныштығын кетіріп жүреді. Сондай бір шайқас
Арқарлының шығысында болады. Ертеңмен екі жақ бір-біріне
жақындап қарсы келгенде, Сәмен батыр «жекпе-жек!» деп

айғайлайды. Қалмақтардың бірінен соң бірімен жекпе-жекке
шығып, жетеуін түсіреді. Жетінші батыры жеңілген соң
қалмақтарды үрей билей бастайды. Сол кезде Доланқара он
сегіз жауынгерін шақырып алып: «Қазір, сегізінші болып мен

шығамын, бір-екі қағысып, Сәмен жақындағанда қарсы ша­
уып, қоршап алып, найза түйреуді табыстайды да», өзі «Жекпе-
жек!» деп айғайлап тұрған Сәменге қара тұра шабады.
Сәмен қалмақтарға жақындағанда, он сегіз қалмақ қоршап

алады. Текебай сарбаздарымен лап қояды. Бірақ сегізінші
жекпе-жекке шыққан Доланқара қазақ жауынгерлері жеткен-
ше, Сәмен батырдың сауытының осал жері қолтығының асты-
нан найза түйреп үлгереді. Қалмақтардың жасырын топтарын

талқандап қайтқан Жоламан мен Байсерке екінші жағынан
шабуыл жасайды. Сәмен батырдың ауыр жараланғанын естіге­н
қазақ жауынгерлері қалмақтарды қаһарлана қыра бастайды.
Сол күні күн ұясына таяғанда Сәмен қайтыс болады. Екінші

топты тал­қан­дап қайтқан Тойшыбек, Қасаболат, Көтентай ба-

тарихи  аңыздар
тырлар қай­ғылы қазаның үстінен шығады. Бүкіл ел болып,
күңіреніп, Сәменді Кербұлаққа жерлейді.

137. Алшын Қорлыбай батырдың

Қалдан ханмен кездесуі
Қорлыбай батыр көп қолмен бір жауласқан жауын ша­
уып еліне алып қайтып келе жатқанда, бір төбенің арасында
Қорлыбай жаяу отырады. Біреу келіп: «Батыр, атың қайда,

нағып жаяу отырсыз?» десе, қолға түскен бір жігіт: «Батыр-ай,
бір арманда нәрсе қалып барады» деді. «Ол не?» деп сұрап едім:
«Бір жерге бір кісі зорға көтеретін алтын тығып едім, қайда
тығылғанын менен басқа жан білмейді, сол не кейінгі елдің

пайдасына жоқ, не сіздің пайдаңызда жоқ, қалып барады. Соны
мен арман етем» дегені, «соны алып кел» деп атымды соған
беріп жіберіп, соны тосып отырмын»,—дейді.

—Ой, батыр-ай, жау алтын әкелуші ме еді!? Атыңызды ал-

дап мініп кеткен ғой, басқа ат әкелейік, жүріңіз,—десе,

—Жоқ жау өтірік айтпаса, мен өтірік айтпаймын, өздерің

жүре беріңдер, мен уәдемді тосамын,—деп отыра береді.
Әлгі адам көшке барып Қорлыбайға ат алып, қасына кісілер
алып қайтып келсе, әлгі жігіт алтынды алып о да келе жатыр
екен. Қорлыбай:

—Жарайды, шырағым, жігіт екенсің, алтын өзіңдікі, өз ба­

сың азат, мына атты ер-тоқымымен мініп, аман-есен елің тап,
өз атымды өзім мінейін»,—деп, артық ат пен алтынды беріп,
қош айтысып жүріпті.
Қорлыбай төрт ағайынды екен. Әкесінің інісінен үш бала

бар екен, бәрі де батыр екен. Қорлыбай қамалға шапқанда,
қалғандары қалмай дауам бірге шабады екен, бір қоныста жер
жағдайына қарай бір сайда бөлек ауыл болып отырады. Бір
күні Қорлыбайдың ауылына көп елден жан қатынамайды.

Ертең бесінге дейін жан таппай: «Бұл не тамаша, ел аман ба
екен, барып біліп кел!»—деп кісі жіберсе, Қалдан хан аттанып-
ты. Келе жатқан қолдың есебі жоқ дейді. «Қазақты қырғалы
келеді екен, егер Қорлыбай естісе, алдынан қарсы соғысады

да, елді қырғызып тастайды. Жауға әліміз келмейді, басаман-
дап қашайық»,—деп, Қорлыбайды жалғыз ауыл тастап қашып

батырлар  туралы  аңыздар
көшіп кетіпті. Бұл хабарды білген соң, «біз қайтеміз» деп өздері
ақылдасады. Қорлыбай:

—Жалғыз қалып не бітіреміз? Не болсақ елмен бірге

болайық, біздің де көшкеніміз мақұл»,—депті. Бұл кезде күн
батқан кез екен. Бір інісі тұрып:

—Мақұл, қане, тұрып түйеге жүк қояйық,—дегенде, бір

інісі:

—Боса да көшетін болған соң көшеміз ғой, таң атқан соң

көшейік. Түнде көшіп жатқанда үстімізге қалмақ келіп қалса,
қалмақтардан ұят емес пе, не бетімізді айтамыз»,—депті.
Қорлыбай қарқылдап күліп:

—Дұрысы осы екен, ертең күн шыққан соң көшейік,—

депті.
Ертең елдің соңынан көшіп келе жатады. Қорлыбай баста­
ған бесеуі малшылармен бірге жылқы айдасады. Екеуі көштің
қасында болады. Күн бесін болады, арттарынан жау да көрінеді.

Біреу: «Бесін болыпты ғой»—десе, біреуі: «Жау келіп қалды
ғой»—десе, енді біреуі: «Не айтып тұрсың, Тәңірден қорықпай,
жаудан қорқайын деп тұрмысың?»—дегенде, біреуі аттан түсе
қалып азан айта бастайды. Бесеуі де түсіп саспай намаздарын

оқи береді. Қалмақтардың қолы «мынау бір сәнді көш екен, осы
көшті алайық» деп тұра шабады. Намаз оқып жатқандардың
тұсына Қалдан хан тұра қалады. Шапқан қолға «Тоқтаңдар!»
деп әмір беріп тоқтатады. Сырттан қара тұрып:

—Мына бес адам не істеп жатыр?—деп қалмақтардан сұ­

райды.

—Бұлар намаз оқып жатыр,—дейді. Хан тұрып:

—Осы адамдардың басы бар ма?—дейді. Көріп тұрғандар:

—Басы да, құлағы да бар, бәрі көрініп тұр,—дейді. Қалдан

хан:

—Маған иығынан төмен ала жоғарғы бас жағы мұнар­ла­

нып көрінбей тұр, сендер көшке тигенде шырқыраған баланың
да­уысы шыққан кезде қандай сезімде болатынын білесіңдер
ме?—дегенде,

—Жоқ білмейміз, білгеніңізді сіз айтыңыз,—дегенде: «Мен

айтсам тап қойға шапқан арыстандай болады ғой деп, біреуің де
тыпыр етпеңдер»,—деп, аттан түспей қарап тұрады.
Намаздарын жайлап оқып болған соң, Қорлыбай батыр
қолын қусырып ханның алдына келіп:

тарихи  аңыздар

—Түсіп қонақ болыңыз,—дейді. Хан:

—Құп, болады, дегенде, Қорлыбай атының шаужайын

ұстап қолтықтап түсіреді де, көшті оралтып қондырып, ілгергі
елге шапқыншы жіберіп қайтарып, ханды елге қонақ етіп,
қайтарында «жолыңыз» деп, елден көп қып жинап қалың
жылқы айдатып қайтарған екен.

138. Қорлыбай мен Ердес

Бапай деген кісі отыз бес жасында жаудан өледі. Ердес,
Медет, Ақтен деген үш жас бала жетім қалады. Ердес он жеті
жасында батыр болып жауға аттандаы. Бұл барғаны қазақ пен
қалмақтың соғысы еді. Қалмақтар шеп құрып бекініп алып,

бірнеше күн алғызбайды. Батырлар қамалға шауып андаздап
тұрған жаудың арасына кіріп, ыдырайтпайынша алғызбайтын
болған соң, Қорлыбай батыр қамалға шабуға оңтайланып,
басқалар іркіліп қалып, шабамыз деп, іріктеліп шыққан адам

сегіз адам екен. Қорлыбай: «Бұлар кім?» деп бөлініп шығып
адамдарды тексерсе, біреуі өзі, алтауы өзінің жоғарыда
айтылған тұқымдары, бір бала бөтен. Қорлыбай:

—Жаным, сен кімсің?—дегенде,

—Кім екенімді кейін жаудан сұрарсыз,—депті. Қорлыбай:

—Балам, көзің тым үлкен екен, көзі үлкен адам қорқақ бо-

лушы еді, қорыққандық сезілсе, жауда қалуға себеп болады,
қайтсаң қайтеді,—дегенде, бала:

—Қорыққандықты қашқанда байқарсыз,—деп жауға жөнеп

береді. Сол бетімен жауға қойып кетіп, жауды талқандап,
қамалды бұзып, қашырады. Басқа топ қолда араласып қаш­қан
жауды қуып кеткенде, бұлар іркіліп кейін қайтып сегізі бөлі­ніп
шыққанда, Қорлыбай:

—Балам, өмірде жауға шапқанда алдыма кісі түсіп көрген

жоқ еді, сен алдыма үш рет түсіп кеткен екенсің, көзім қан то-
лып жүріп турап тастай жаздадым, Құдай сақтады. Бұдан бы-
лай кездессең, алдыма түсе көрме, ерлік үлкендікке қара­май­
ды, жаудың туы сенің қолыңнан жығылды, осы жолғы жүлде

сенікі болды, абыройың құтты болсын! Қай елсің? Жөніңді
айтшы,—дейді. Бала:

батырлар  туралы  аңыздар

—Жөнім—арғын, оның ішінде қуандық. Үлкен әкем

Қаратоқтың кенжесі—Құлұмбет. Әкем аты—Бапай, жетім
қалған үш бала едік, ең үлкені—мен, он жеті жасқа биыл
шықтым. Ең алғашқы атқа мініп шыққаным да осы еді. Атым—
Ердес. Туды қалай жығып, жауда қандай қайрат қылғаным­

ды да өзім білгем жоқ, менің тілегім «жүлде баланікі» деп
маған ұсына көрмеңіз, менің алған жүлдем тек сіздің батаңыз
болсын,—дегенде, Қорлыбай отырып:

—Жүлде сенікі еді, олай болса, Мөрде кенже қарындасым

бар еді, ешкімге бермей сақтап отыр едім, жау жүлдесі менікі
болса, Мөрде сенікі болсын, сен де ешкімге айтпа,—депті.
Жаудан соң жұрт жөн-жөніне тарап кетеді. Келесі жылы
қалмақтар жасанып, абайсыз жатқан кезде біздің арғынды

келіп шабады. Жау келіп қалғанда, Ердес те атқа мініп жау­
мен соғысады. Үстінде сауыт жоқ жалаңаш, қолына түскен
қару—өзі мерген екен, тек қана білтелі мылтық. Жаумен
соғысып жүргенде Ердестің тобығын қылыш кесіп, тізесінен

бөлек түсіреді. Содан кейін жақсылап ұрыса алмай, салбыра­
ған аяғын қанжығамен жоғары көтеріп байлап алып, топтың
ішінде тек ерқара болып жүреді. Қалмақтар жеңіп, көп адамды
өлтіріп, жылқыны қуып алып, қалған қазақтарды қашырады.

Қашқандардың ішінде аяғын қанжығаға асып алған Ердес те
қашып келе жатады. Астындағы аты онша болдырмаған бола-
ды. Бір қара ала атқа мінген, үлкендігі үйелмендей бір қалмақ
ақырғанда дауысы жер жарады. Алдындағы қашқан қазақ­

тарды найзамен түйреп лақтырып, қырып келеді. Ердеспен
бірге қашып келе жатқан бір қаракесек жігіт бар екен. Оның
аты нашарлап келе жатса керек, Ердес қара ала атты қалмақ­
тың қасындағы жігіттің соңына салып, аты тың, өзі онан ара-

сын аша береді. Қалмақ тақалып келген кезде:

—Ердес-ау, есіңде, ішіңде бар ма?—депті. Ердес:

—Есімде бар-ау, әттең, ебі табылмай келеді,—депті.

Қалмақ жетіп жігітке найза салам деп қолтығын көтере
бергенде, қатарында келе жатқан Ердестің қолындағы білтелі
мылтық тарс ете түскенде қалмақ мұрыттай ұшады. Бұрын
ақсауыт деген сауытты тоқығанда, тап өкпелігіне ажал оқтың

орны деп бармақ басындай-ақ орын тастап кетеді екен. Ердес
«Ебі табылмай келеді» дегенде сол жерін аңдып келеді екен.

тарихи  аңыздар
Ердес қашқан жігітке: «Тоқта! Тоқтамасаң, ал енді өзіңді
атам»,—деп мылтығын кезегенде, жігіт қорқып тоқтай қал­
ғанда, «ана қалмақтың атын мініп, найзасын алып, «Жау­

қаштылап!» кейінгі қалмаққа ұмтыл, өзімде түсіп, қайта атқа
мінуге әл жоқ. Оны істемесең, сені атып өлтіруден басқа жұ­
мыс менің қолымнан келмейді»,—дегенде, жігіт қара ала атқа
мініп, найзаны алып «Жауқаштылап» қарсы ұмтылғанда,

ұтып келе жатқан қалмақтар қайта қашады. Қара ала аттағы
қалмақтардың бастығы да—ең мықты батыры да осы екен.
Жылқының көбі қалмақта кетті, адамның көбі өлді, шабылған
ел еңсесі түсіп, жүдеп қалады.

Ердес бір жылдай теңге түсіп жүріп аяғы жазылмай қала
ма, жоқ, бүгілмей қала ма, әйтеуір балдақпен жүретін ақсақ
болып жазылады. Ақсап жүріп киік, құлан атып үй-ішін
асырайды. Жаугершілік басылып, ел Қызылжардан Таш-

кенге кіре салып кәсіп істейді. Ердес өзінде көлік жоқ, бар
ағайындардан түйе­нің майын сұрап алып, кіші інісі Ақтен­
ді кірекешке қосады. То­қа деген елден жиналған кірекеш­тер
барлығы жиырма бес адам болады. Іштерінен керуенбасы сай-

лап, Қызылжардан Таш­кенге жөнеледі. Кірекештер Арқа­ның
Шу жақ бетінде бір құдықта жол үстінде түстеніп отырса, бір
адам келіп бұларға:

—Мұнда тоқа деген елден кісі бар ма?—десе, керуенбасы:

—Бәріміз—бөтені жоқ, тоқамыз,—дейді. Керуенбасы сөй­

легенде жөндеп сөйлей алмай қалтырап тұрады. Неге десең,
келген кісінің түрі солай.

—Олай болса қолұмбеттен адам бар ма?—дегенде:

—Осында Ақтен деген бір бала бар,—дейді.

—Ендеше Ақтенді маған жіберіңдер,—деп өзі анадай жер-

ге барып аттан түсіп отырады. Ақтен қайда деп керуенбасын
іздесе, түйе қайыра кеткен екен. Жалма-жан тауып әкеп:

—Сені анау кісі шақырады, соған бар,—деп жібереді. Ақтен

өмірінде көрмеген түсі суық бір бөтен адам сәлем берейін десе,
иегі дір-дір етіп дауысы шықпай қалады. Басын, арқасын сипап
бойын үйретіп, қорықпа деп жүрегін басып:

—Сен Ерденді білемісің?—депті. Ақтан:

—Жоқ, ондай кісіні білмеймін—депті. Қорлыбай:

—Өзің неше ағайындысың?—дегенде,

—Үш ағайынды едік. Қорлыбай:

батырлар  туралы  аңыздар

—Кім-кімсіңдер? Аттарын аташы,—дегенде,

—Үлкеніміз—Ердес, онан кейін Медет, кішісі—мен,—дейді.

—Жаңа білмейім дегенің қайда? Мен сол өзіңнің ағаң Ер­

десті сұраймын,—дегенде, Ақтен:

—Ендеше білем,—депті.

—Білесең, тірі ме?—дейді. Ақтен:

—Иә, тірі. Қорлыбай:

—Алдыңғы жылы қалмақ өлтіріп кетті деп естіп едім, онан

нағып қалды,—дейді. Ақтен:

—Онда бір тізесін қылыш кесіп кетті, тірі қалды. Балдақпен

жүретін ақсақ болып жазылды. Осы күнде үйренді. Қорлыбай:

—Сен елде Қорлыбай батыр бар деп еститін бе едің? Ақтен:

—Иә.

—Естісең, сол Қорлыбай—мен. Төрт ұлдың ішіндегі кенже

қарындасым Мөр деген қыз бар, сол қыз сенің жеңгең. Мен соны
ағаң Ердеске бермекпін. Бұл күнге дейін Ердес те сенің еліңнің
басқа батырларындай жау қырып кетті деп естіп, ақыр анығын
білуге өзім іздемекші болып жүр едім. Сен кез келдің, Ташкен-

ге барғанда Мөрден артық олжа тауып ала алмайсың, сен Мөрді
алып осы арадан қайтасың. Бірақ жолдастарыңмен ақыл­дасып,
әруақ қонған шаңырақ еді, босағама екі түйе байлай­сыңдар,
салған жүгіңді кеуренбасыңа тапсырамын. Бүгін көшпей­сің­

дер, ертең қос басы бір-бір отағасыңды алып біздің ауылға келіп
қонақ боласыңдар, «біз құдамыз» деген бір сөз біздің елдің
адамдарына не өзіңнен, не жолдастарыңнан, бір адамның ау­
зынан шықпаған болсын, ұқтың ба?—деп түрегеліп атына

мініп, кеуренбасыға келіп:

—Мынау Ақтен біздің ауылда қалады, менен лұқсатсыз

көш­пейсіңдер, Ақтеннің көліктері Құдай қазасынан өлсе, амал
жоқ, басқа қиянат қылып жүрмеңдер. Жүгі—сендерге аман
тап­сы­ру­ға аманат, түбінде мен іздеймін, көліктерін Ердес­
тің қолына аман тапсырыңдар. Мен басқа айтатын сөзімді

мына Ақтен­ге айт­­тым, сонан естисіңдер!—деп жүріп кетеді.
Кірекештер:

—Қарағым Ақтен-ау, мынауың кім? Не пәле, саған не деді?

Тез айтсаңшы,—деп бәрі үрпиіп Ақтенді қамалады. Ақтен бас­
тан-аяқ бәрін айтады. Сонан кейін кірекештер қуанып:

—Жарайды, қастық емес достық етейін жүр екен ғой,—

деп,—көлігіміз бір-екі күн тыныққанда жақсы болар,—деседі.

тарихи  аңыздар
Ертеңі бұлар жиырма бес адам ауылға келгенде, бұларға
оңаша үй тігіп, қонағасыға тай сойып күтеді. «Бұлар кім?»
деп ел сұрамайды. «Батырдың бір күтем дегені қонағы ғой»

деп ойлайды да қояды. Қонақтар қостарына қайтарда жиыр-
ма бес ат, жиырма бес шапан беріп қайтарады. Бұлар қосқа
келіп ақылдасып: «Қой, түйе дегенді қояйық, тоқа деген елдің
әруағынан ұят қой»,—деп жиырма бес үйден жиырма бес

түйе шығарып, Ақтеннен айдатып жібереді. Түйелерді малға
қосқызған соң батыр: «Бір жақсы үй көтеріңдер, қатындарды
жина»,—деп әйеліне айтады. Әйелі: «Батыр үй көтерсін ай-
тады» дегенді естіген соң, бір ауылдан шаңырақ келеді, әр

үйден кереге, бір-бір уық және әркімдер кесек кигізін әкеп та-
стайды. Батырдың үйінен шыққан суыртпақ та жоқ, Ақтенді
«жолдастарыңа барып жүгіңді тапсырып, шығарып салып,
амандасып қайт» деп қоя береді.

Ақтен қосқа келсе, жолдастары жиырма бес атты жиырма
бес түйеге айырбастап алыпты. Ертең керуенді көшіріп біраз
жер жол бойына шығарып салып қоштасып, Қорлыбайдың
ауы­лына қайтып келе жатса, айдалада алдында бір нәрсе жа-

тыр. Келіп көрсе, аузын күмістеген бір нардың мойнағы, ішін
ашып көрсе, ылғи алтын мен күміс жамбы, атқа өңгеріп алайын
десе, көтере алмайды. Сонан соң ортасынан шылбырға тұзақ­тап
салып, шылбырдың артығын аттың құйрығына байлап, қос­

тың орнына сүйреп әкеп көміп кетеді. Ауылға келсе, аппақ үй
көтеріп қойыпты. Ішіне жасау жинап та қойыпты, ыдыс-аяқ,
керек сайманның бәрі түгел. Батыр сол отауда жалғыз отыр.
Ақтенді қасына шақырып алып қымыз беріп:

—Үйлерің құтты болсын! Жақсы болған екен,—дейді.—

Жолдастарың көшті ме?—деп сұрайды. Ақтен:

—Көшті, шығарып салып, амандасып қайттым. Келе жа­тып

бір мойнақ тауып алдым, іші толған алтын-күміс екен,—­де­
генде, батыр:

—Оның қайда?—дейді. Ақтен:

—Алып жүре алмаған соң қостың орнына апарып көміп

кеттім,—дейді. Батыр айқайлап далада жүргендерді ша­
қырып алып, төрт жігітті Ақтенге қосып беріп: «Аузын аш­
пай алып келіңдер» деп жұмсайды. Ақтенге: «Ішінде не барын
мыналарға айтпа»,—дейді. Бұлар барып мойнақты алып кел-

се, елдің алды жатыпты. Батыр бір қойды сойғызып, отауға

батырлар  туралы  аңыздар
етін пісіртіп, өзі ет пісірген бір жігіт пен екеуі ғана отыр
екен. крауаттың бас-аяғына тағы бір әбдіре кіргізіп қойып­ты.
Мойнақты алдына алып аузын ашып көреді де, әбдірені ашып

мойнақты өзі апарып салып, кілтін қалтасына салып алады.
Етті түсіртіп, бәрі жеп болған соң жігіттер тарап кетеді. Тек
Ақтен мен батыр екеуі отауда жатып ұйықтап қалады. Ертең
тұрып тамақтарын ішіп болған соң, отауда отырып «Мөр,

Мөр» деп дауыстапты. Қатар тіккен отаудан шақырған дауыс
өз үйіне естіліп тұрады.

—Немене ағатай?—деп, шақырған соң қыз ойында дәнеме

жоқ жетіп келеді. Батыр қарындасына қарап:

—Мөр, сенің менімен туысқаның рас па?—депті. Қыз:

—Ағатай, не себепті айтасыз, әлде мен сізді өкпелеткен

жерім бар ма?—депті.

—Жоқ, өкпені артынан айтамыз, туыссың ба, жоқ па? Менің

тілімді аласың ба, жоқ па? Өз аузыңнан естиін деп едім, бұдан
бұрын сенен туысқандық жайында сөйлесіп көргем жоқ, бүгін
білгім келеді. Айтшы қане, құлағымнан естиін,—дегенде, Мөр
көзінің жасын төгіп жіберіп:

—Сіздің тіліңізді алмағанда, енді кімнің тілін алады деп

білесіз?—деді. Батыр:

—Олай болса, алдымыздағы дүйсенбіге дейін мал-жан­

ның билігі сенде, тай соятын құрбың келсе, қой сойып бер,
сені елеген құрбыларың үйден келіп амандассын, басқа
қыздар құсап аузыңды ашып ауыл қыдырып айғайлап
жүрме, мына үйді саған арнап көтерткем, осы—сенікі. Ме­

нің үйіме мен өлгенде бата оқып келерсің, ажалым кейін
болса, төркіндеп келгенде кірерсің, одан беріде кірме! Мы-
нау бала сенің кенже қайның, мына кілтті қолыңа ал, анау
әбдіренің аузын Ердестен басқа адам ашушы болмасын, Ер-

дес деген—сенің күйуің. Өзінің бірақ бір аяғы жоқ ақсақ,
соған сен таяқ боласың,—дегенде қыз сылқ етіп крауатқа та-
лып түседі. Әйелдер шулап жылап, бетіне су бүркіп, қыздың
есін жиғызып, басын көтертеді.

Мөр басын көтерген соң дауысын шығарып жылай бастай-
ды. Қорлыбай:

—Мен өлгенде жоқтап жыларсың, мен тіріде неге жылай­

сың? Менімен туысқаның рас болса, көзіңнен жас шықпа­
сын!—деп ақырып қалғанда,

тарихи  аңыздар

—Ағатай, жыламайын, жыламайын,—деп көзінің жасын

сүртіп-сүртіп алып, белін белбеумен тартып байлап қалғанда,
белбеу етін бунап кетеді. Қорлыбай:

—Қош, қадірлі туысым, жақсылықпен көрісейік!—деп

есіктен шығып кетеді. Әйелдер:

—Беліңді қиып кетті ғой, босатайық,—деп белбеуін шеше­

міз дегенде, бір тартып байлаған белбеуге қолы батпай, сүт
пісірім­де зорға босатқан екен.
Қорлыбай сол елдегі таңдаулы сегіз батырды шақырып
алып:

—Жау жарақтарың мен арнаулы аттарыңа мініп, жол-

да жауға алғызбай Мөрді апарып салыңдар, апарғанда Нұра­
ның ығындағы құмды аттарыңның тұяғына басқызбауға серт
етіңдер, оған серт бере алмасаңдар, өзім апарып саламын, маған
ешбір жолдастың керегі жоқ,—дейді. Батырлар:

—Батыр-ау, егер Нұраның ығына өтсек, әйел боп басымыз­ға

жаулық салынайық,—дейді.
Батырлар ертіп келіп, Нұраның сыртына қонып, ертең
жүктерін артып беріп, Қарауылтөбе деген жердегі Нұраның
өткелінде судың ортасында тұрып:

—Мөр қарағым, қош айтысайық, қол әкел,—дейді. Ақтен:

—Ағатайлар-ау, мына қырдың аржағында ауыл бар, тым

болмаса бүгін болып қайтыңыздар,—деп жалынады. Мөр де
қолқа қылады. Батырлар:

—Жоқ, біз батырды алдап серт бермеген болатынбыз,—

деп қош айтысып судан қайта шығады да, аржақта бұлар қыр
асқанша қарап тұрып, қыр асқан соң қайтып кетеді. Мұның
себебі—келген батырлар Ердестің жыртық үйі мен жайсыз
күйін көрмесін деп ойлағаны екен.

Ақтен көштен озып келіп ауылға айтып, көштің алдынан әйел­
дер шығып кеткенде, ауылдың адамдары жиналып Ердеске:

—Бұрын неге айтпадың? Өзіңді күйеу салтымен ертіп ба­рып

неге ұзатып әкелмедік?—дегенде, Ердес:

—Қорлыбай айтқан сөзін өзі ескермесе, алшынға барып

аяғымның ақсағына байғазы сұраймын ба?—деп айтқан жоқ
едім,—депті. Сол Мөрден бір қыз, төрт ұл туады. Ұлдың аттары:
Едіге, Ескене, Тойшақ, Құлыншақ.

батырлар  туралы  аңыздар 139. Қалдан шерін мен Ханабад туралы аңыз

Баяғы өткен заманда, дін мұсылман аманда, Ташкент де-
ген қалада, оңтүстігі Шыршықтың күн батыс жағында Хана-
бад деген хан болыпты. Бір жағы тоғай жер болыпты, бір жағы
Шыршық жар болыпты, Шыршық пенен тоғайына мал толып-

ты. Бір жағы адыр-жантақты, сусыз шөл болыпты. Бір жағы—
батпақ, ылайсаң көл болыпты. Күн шығысы—таулы өр болып-
ты. Терістігі жон болыпты, батысы Сыр мен сор болыпты. Хан
қахарлы болыпты, уәзірлері захарлы болыпты, қатыны—ерке,

сор болыпты.
Күндердің күнінде Қалмақ ханы Қалдан шерін /Серін болу
керек/ көп қолмен баса көктеп келіп қапты. Алты күн аңды­сып,
алты апта айтысып, алты жыл атысып ала алмапты. Қанабад

ханның қамалының беріктігін білген Қалдан шерін ақырында
Ханабад ханының ерке тотай азғындаған әйелі Ханымға астыр­
тын адам салып, сый-сипат беріп, айтқанын істеуге уәде жа­
сапты.

«Ханабадты алсақ, хан сарайында сенің айтқаныңды
орындаймыз»,—деп серт беріпті. Бұл сертке сенген Ханым
ханның сырын әшкерелеп айтып береді:
«Шыршық өзенінің бас жағында Бозсу деген су бар. Сол Боз-

сумен Шыршықтың түйіскен жерінде құбыр /труба/ бар. Хан
ордасына сол құбыр арқылы су келеді. Соның амалын тауып,
суын бітеп, суын тоқтатсаңдар, хан ордасындағы хауызға су
келмей, су қоймасы /хауыз/ сусыз қалып, хан әскері шөлдеп,

шұбырып далаға шығады. Сол кезде тарпа бас салып, хан әскерін
жеңген соң, сарайға кіре аласыңдар»,—депті ханым.
Қалдан шерін Шыршықтың оңтүстік жағындағы Қара­
бай—Қосқорғаннан түйемен, атпен, есекпен сабан тартқызып,

құбырдың ауыз тесігінен суға қосып сабанды ағыза беріпті.
Сонда қаппен де, бос күйінде де ағызыпты. Сумен араласқан са-
бан жібіп жентектеліп, біріне-бірі кептеліп, Бұжғынтөбе деген
жерге жеткенде, жер астындағы құбыр жарылып, су Шыршық

өзеніне қарай аунап ағып кетіпті. Сол күннен бастап хан орда-
сына су келмей қойыпты. Арадан бірнеше күн өткеннен кейін
хауыздағы су саси бастапты. Ханбадтың әскері шөлдеп, далаға
шұбырып шығыпты. Аңдып жатқан Қалдан шеріннің әскерлері

тарихи  аңыздар
ұмтыла шауып, тобын жазбай, ұзатпастан ұстап алып, қырып
тастапты.
Содан соң хан сарайына кіріп, Ханабад ханды байлап алып-

ты. Ханабадтың жалғыз ұлы бар екен. Ол бір тұлпар тайға мініп
қашыпты да кетіпті. Ханабадтың әйелі Ханым жаңа хан Қал­
дан шерінмен хан ордасында қалыпты. Су бұзған Бұжғынтөбе
сол күннен бастап /Бұзғын төбе/, яғни бұзылған төбе атанып

кетіпті.
Қалдан шерін Ханабад ханның ордасын бұзып, сарайы-
на енген соң Ханым сұлуды шақырып алып, Ханымның түп
мақсатын сұраған екен, сонда Ханым:

—Бұрынғы күйеуім Ханабад қырық боз биенің сүтіне шо-

мылдырып, алпыс алабас ала сирақ саулық қойды сойып, жілік
пашпайының сыбырлақ майына палау жасап беретін. Оны
пісіретін аспазы қазанға күрішті санап салатын да, кәкпірмен
қозғап, аударып, төңкеріп пісірген соң, күрішті тағы да санай-

тын. Сонда бір күріш жарылып кетіп, не көбеймейтін, не аза­
йып, жоғалмайтын. Ет пен майдың салмағы да кемімейтін.
Ал енді сен алпыс атан түйенің сүтіне шомылдырып, отыз
ор қоянның бүйрек майына палау жасатып бересің. Сонда бұ­

рынғы ханның аспазындай аспаз табасың. Соның істегенін бұл
аспаз да істейді,—депті. Мұны естіген Қалдан шерін:

—Еркектің қасы әйел болар ма? Ей, опасыз қатын, сен

сүйткен байыңа не жақсылық еттің? Ал енді бізге не жақсылық
істермін дерсің?—деп қынабынан қылышын ала ұмтылған
екен, Ханым жалғызым деп шалқасынан құлай кетіпті. Мұны
көрген Қалдан шеріннің бас қолбасшысы Зал:

—Сабыр етіңізші, мұның сыры бар көрінеді, соны анықта­

ған соң өлтірерміз,—депті. Сонда барып Қалдан шерін ашуын
басып, қылышын қынабына салыпты да:

—Билігін саған бердім, тексеріп анықтарсың да, жа­за­

ларсың,—депті. Апарып бір зынданға тастап, «Не айтар екен,
бақылаңдаршы» деп қарауыл қойыпты. Есі-күшін жиып ал­ған
Ханым былай депті: «Құндыз як...»
«Бұл не сөз» деп Зал сұрастыра келсе, Ханабад ханның

Құндыз атты жалғыз баласы болыпты. «Як» тәжік тілінде
«жалғыз» деген сөз екен. Ханымның «Құндыз як» дегені—
«жалғыз Құндызым!» дегені екен. Ол шешесінің опасыздығына
шыдай алмай, бетіне түкіріпті де, өзінің тұлпар тайын жал-

батырлар  туралы  аңыздар
дап өтіп, тоғай аралап, оңтүстікке қарай жүре беріпті. Бір күн
жүріп, ертесіне сәскеде ойлы-қырлы бір жерге келіп, тұлпар
тайынан түсіп, көкке шалдырыпты.

Сол шақта, қой жайып жүрген ақ сақалды бір кәрия келіп,
бала мен тұлпар тайға қарай беріпті. Баланың жүзінен хан ба-
ласы екенін, бір нәрсеге өте ызалы екенін, астындағы тайы­ның
тұлпар тұқымынан екенін шамалап, сұрау сұрапты:

—Кім боласың, қайдан шықтың, қайда барасың, қайсы

ханның баласысың? Айт шыныңды, мен ата тұтынайын, ашулы
аласың болса, ақыл айтайын. Жортқан жолыңа жөн сілтейін,
жолаушы болайын,—депті. Сонда бала:

—Орны толмас опасыздық, алданған сатқын ана, азап

тартқан ата, кемдік етіп, кекті қуған бала. Өзім жалғызбын—
«Құндыз як»,—деп, сазарып отыра кетті.

—Балам, ата кегін аларсың, халқыңа басшы боларсың,

анаң ауыр азабын тартар, оңтүстікті қой, шөл далаға, тау-
тасқа кез боласың, шығысқа тарт—деп, екі қолын жайып ба-
тасын берді.
Сонымен Құндыз як күншығысқа қарай бет алды. Кешке

таман бір төбеге барып түнеп шықты. Ертесіне сәскелік жерге
барғанда шүйгін шөпке кездесіп, тұлпар тайын оттатып алды.
Содан шөбі шүйгін болғандықтан, «Шүйгін төбе» атаныпты.
Кіші бесін кезінде бір көлге жетіп, екі мергенге жолығыпты.

Олармен бірге екі күн жүріп, аң аулап, құс атады. Үшінші күні
құсы таусылған соң, ілгері қарай жүреді. Бұл жердің құсы бірде
бар, бірде жоқ болғандықтан, «Бардан көл» деп атап кетеді.
Одан шығып бір қара көреді. Соған қарай бет алып жүріп бар-

са, үлкен бір төбе екен. Алыстан қарасын көргендіктен, мұны
«Қара төбе» деп атап кетеді. Тағы да ілгері қарай жүрді. Алды-
нан үш-төрт адам жолығады. Олардан жөн сұрап еді, жөнді жа-
уап бермеді. Тек қана біреуі «қытай» дегендей ашулы үн қатты.

Баланың ұғымынша «Қытай төбе» болды да, сол атпен аталды.
Жолаушылардың бәрі де Қалдан шеріннің артынан іздеп келе
жатқан елшілері екен. Нақ сол шақта, қалмақтарға қытайлар
соғыс ашып, соны хабарлауға келе жатқан беті екен. Енді біраз

жүрген соң, ақ сақалды, ақ шашты кәрияға қарсы келеді де, «Ақ
ата» екен ғой деп сәлем беріп өте шығады. Тағы жүреді. Жұма
намазын оқып шығып келе жатқан бір топ өңкей ақ шаш­ты, ақ
сақалды, ақ сәлделі шалдарға кез болып, атынан түсе қалып,

тарихи  аңыздар
сәлем беріп, қолын қусырып тұра береді. Баланың әдепті­лігіне
риза болған сексен ақсақал қолын жайып бата береді. Міне, сол
жер «Сексен ата» аталып қалыпты.

Не керек, Ханабадтың жалғыз баласы Шыршық өзенінің
шығыс түстік бетімен күн шығысқа кете береді. Барып-барып
аяғы Іскендер Зұлқарнайынның атына қойылған жердің үс­
тіңгі жағынан «Жаман жар» деген жар кешуден Шыршықтың

терістік бетіне өтіп, сол бала Қазықұрт тауына қарай кетіпті.
Қайда жүргені белгісіз, әлі жоқ.
Ал баяғы опасыз Ханымның тексеру, жазалау билігін қо­
лына алған бас уәзір, қолбасы Зал жалғыз бала Құндыз яктың

кеткен ізі-тозын сұрастырып білген соң, Ханым сұлуды ертіп
алып, іздеуге кіріседі. Бұлар да түс мезгілі болған шамада, қой
жайып жүрген шалға жолығып, «бұл қай жер? деп сұрайды.

—Құндыз як...

—Не дейсің, Құндыз як? Ол кім? Ол қайда?—деп Ханым

еңіреп жылай береді. Қойшы шал бұл жерде көп жылдан бері
қой жаятынын, осыдан он шақты күн бұрын дәл осында бір
баланың келгенін, аты Құндыз як екенін баяндайды. Оның
жол бағытын айтып берген соң, Зал мен Ханым бетті күн

шығысқа аударады. Кештетіп бір төбеге жетіп, жатып дема-
лады. Аттарын шалдырады. Екеуінің де боз балалығы ұстап,
бірімен бірі жанасады. Сол күннен бастап ерлі-зайыпты
адамдай болып кетеді. Бұлар да талай-талай төбеге кезігеді.

Өздерінше ат қояды. Соңынан осы жерлер солар қойған ат­пен
аталып кетеді. «Ат тұяғы жеткен жер» деп, бір төбеге «Тұяқ
төбе» деп ат қояды. Кесірлі әйел болғандық—астындағы
айғыры зорығып өледі. Сол төбені «Айғыр сойған» депті.

Екеуі жалғыз атқа мінгесіп жүре береді де, ішіп-жейтін та­
мағын, қалтасындағы ақшасын тауысып алады. Сол жерді
«Шонтай төбе» атайды.
Азып-тозып Шыршықтың терістік бетіне өтіп, Қазақ дала-

сына ене бастайды. Сонда Зал тұрып:

—Мына жерге су шығарып, ел қондырса, егін салса, қандай

болар еді,—деп армандайды. Ай жарымдай жүріп, баланы таба
алмай, көңілдері өксіп қайтып келсе, Қалдан шерін тас-талқан
болып ашуланып отыр екен. Атамекен еліне қытайлар шабуыл
жасап, өздері сияқты зар жылатып жатыр екен. Орнына Залды

хан көтеріп, өзі еліне асығыс жүріп кетті.

батырлар  туралы  аңыздар
Мұнда қалған Зал мен Ханым өздері алғашқы қосылып,
мейірін қандырған жері «Той төбеге» ел-жұртты жиып, отыз
күн ойын, қырық күн тойын жасап, ат шаптырып, бәйге тігіп,

балуан күрестіріп, би билетіп, жыр айтқызып, күй тартқызып
бір-біріне қосылды. Осы тойға аттылы да, жаяу да шұбап бара
берген. Кедей сорлыда не көлік болсын, көбіне жаяу барған. Со-
дан сықақ ретінде: «Той төбе—ақымаққа не деген жол» деген

мақал қалыпты. Баяғы той болған төбе «Той төбе» аталыпты.
Хандық пен ханымдық қолына тиген Зал мен Ханым өз арман-
дарын іске асыру үшін Шыршық өзенінен Келес өзеніне қарай
арық қаздырып, су шығармақ болыпты. Мыңдаған адамды аяу-

сыз істетіпті. Арық шабылып біткен соң Шыршыққа бөгеу са-
лып, су қойса, Зал қаздырған арықтан су сарқырап ағыпты да,
Ханым қазған арықтан су ақпай қойыпты. Ызасы келген Ханым:
«Маған қастық істегенсіңдер,—деп, мыңдаған еңбекшілердің

басын кесіп, қанын ағызыпты.
Содан Ханым қаздырған арық «Қан арық» атанып
кетіпті. Отанына, ел-жұртына, адал жұбайына опасыздық
істеген Ханым ақырында халық қаһарына ұшырап, жын­

данып өліпті.

140. Бөлек батыр Қазақтың «аға өлсе, іні мұра» деген дәстүрі бойынша Бөлектің анасы қайнысы Қошқарға тұрмысқа шығады. Қошқар өзі бай, өзі батыр болған. Бөлек сол кісінің тәрбиесінде өсіп, әрі сымбатты, әрі қайратты, палуан денелі болып өседі. Ол ержетіп, жігіт жасына жеткенге дейін жүйрік ат, құмай тазы, қыран бүркіт ұстап, аңшылық құру өнерін өзіне серік етіпті. Болашақ қайын атасының ауылын жау шапқан үстінен түскен Бөлек қалындығы Болсынайдан жағдайды білген соң жақсы ат мініп, қолына шоқпар алып, жаудың соңынан қуып шығады. Жылқының ізін көреді. Жасырын артынан жүріп отырады. Елінің шетіне жеткен соң барымташылар өз тобынан төрт жылқышыны қалдырып, қалғандары үйді-үйлеріне тарайды. Мұны сыртынан бақылап жүрген Бөлек түн жарымында қиқу салып, жылқының бетін бері бұрып, айдай жөнеледі. Ұйқыдан шошып оянған жылқышылар жылқыны

тарихи  аңыздар
қууға батылдары жетпейді. Таң ата естерін жинаған жау
жылқының соңынан қуып шығады. Бұл кезде жылқының
алды ауылға келіп те қалған еді. Бөлек қуғыншыларды жол-

дан күтіп алып, жалғыз өзі ұрыс салады. Ақырында оларды
жайратып салып, аттарын олжалап, жылқымен бірге қайын
жұртына тарту етеді.

141. Ер Сары

Ер Сары негізінде жауларын жекпе-жекте жеңіп отырған.
Сарыарқадағы елін қорғап, олжаларын бөліп беріп отырған.
Ер Сары сексенге келген шақта Еділ бойындағы қалмақтар
қонысы, атажұрты жоңғарға өтпек болып, қазақ жерін басып,

малын алмақ болады. Абылай ханның бұйрығымен Сары ба-
тыр керей-уақтың мың жасағын басқарып, Еділ-Жайықтың
арасында Ұрасайда қалмақтармен соғысады. Қалмақтар айла
жасап, батырдың жолына ор қаздырып қояды. Абайсызда

Көктұйғын тұлпар орға түсіп, аяғын сындырып алады. Құлап
тұскен Ер Сарыға жаулар лап қояды. Сол кезде Сарының ба-
ласы Ноян батыр әкесін жау қолынан құтқарып алады. Бірақ
қатты жараланған батыр коп ұзамай көз жұмады.

142. Ер Сүгір

Кезінде өз еліне бір нәрседен кінәлі болып, Найман жеріне
келіп, осында сіңіп кетеді. Қалмақ шапқыншылығына қар­
сы батырлығымен көзге түсіп, Кокжал Барақтың серіктері
қатарына қосылады. Күршім жерінен жоңғарларды қуу үшін

айқайлап шықпай, әдіс қолдануды Барақ батыр бастаған қазақ
қолы дұрыс деп тапқан. Бұл топтың ішінде Жаман, Танаш,
Қошық, Сүгір сынды ерлер болған. Ол үшін осы кезде «Төрт
қалмақ» деп аталатын жерде қалмақ батырлары күн мен түн

теңелгенде наша тартып, арақ ішіп, бір апта тойлайтын кезін то-
сыпты. Жоңғарлар түйе мінген адамдарды көрсе, оны таңырқап
тамашалайды екен ол кезде. Тойдың қызған кезінде Барақ­тың
сарбаздары қалмақтардың дәл үстіне келеді. Олар түйемен кел-

ген адамды есепке алмай отырғанда, Танаш, Жаман, Қошық,

батырлар  туралы  аңыздар Сүгір жоспар бойынша түйеге мінгесіп келіп, қалмақтардың батырларымен айқасады. Сонда Сүгірге Қарасеңгір кез болады. Сүгір Карасеңгірдің кеудесіне отырып қанжарын шығар­ғанда, астында жатқан батыр: —Атыңды айтып өлтірші мені,—дейді. Сонда «менің атым Сүгір» депті ол. —Бүгін түсімде маған әкем аян беріп еді, «сені Сүгір алады. Сүгір алса, бүгін алады» деп еді, өлтіре бер!—деп көзін жұмыпты... 143. Жантайлақ батыр Бірде Жантайлақ батыр мен Жантай батыр іргелес тор­ ғауыттан қарымта қайырып, көп жылқысын қуып әкетеді. Қайтар жолында Қалжыр өзені бойындағы тоған қазушыларға аялдайды. Қолғабыс көрсетіп айдап келе жатқан жылқысынан береді. Кейін сол тоған «Жантайлақтың теріс аққаны» аталып кетеді. Осы көп жылқының хабары Қара Ертіс бойындағы Алдияр батырға жетеді. Мұның салдарынан торғауыттармен іргелес жатқан керейлерге де зәбірі тиюі мүмкін еді. Соны ойлап Алдияр батыр бір топ адамымен соңынан қуады. Мол олжаға кенелмек болады. Бөкенбай тауының күнбатыс етегінде қуып жетеді. Астында жойқын қаражорғасы, қолында ұзын найзасы бар Алдияр батыр өз адамдарынан ұзаңқырап шыққан бойында: «Батыр болсаң, жеке шық!»—деп дауыстайды. Жантайлақтың қартайғанын ескеріп, Жантай батыр жекпе-жекке шығады. Ол өзінің қулығы мен айлакерлігіне салып, мінген атының екпінімен Алдиярға жақындай бере атының басын тежеп тұра қалып: «Батыр! Жекең жеке, ал артыңдағың не?»—дейді. Алдияр артына бұрылып қарай бергенде, Жантай батыр лып етіп шолақ найзасын сағағынан қадап жіберіп, атынан аударып түсіреді. Басқа қуғыншылар екі батырға қатты қарсылық көрсете алмайды. Жантайлақ батыр қиын шақта төңіректеп, азулы жауларымен айқаса жүріп, елді босқындықтан құтқарудың бір жолы осы деп руластарын егіншілікке тартады. Жантайлақ батыр тұсында малын бағып, егінін салып отырған елдің шырқын ұранхайлар мен торғауыттар бұза береді. Олардың басынған­

тарихи  аңыздар
дығы соншалық—«Жантайлақ тұратын жерін айтсын, соғы­
самыз!» деп хабаршысын жіберді. Жантайлақ бұрыннан аралас-
құралас болып жүрген, қысылғанда бір-біріне көмектесетін

елге шапқыншысын жібереді. Бірақ ол жақ көмекке келмей
қа­лады. Дегенмен Жантайлақ батыр серіктерімен әрқашанда
жау­ларына тойтарыс беріп отырады.
Батырдың туған жерінде «Жантайлақ тоғаны», «Жантайлақ

өткелі» деген жер атаулары қалған.

Томға енген мәтіндерге  түсініктеме
Тарихи тұлғаларға байланысты аңыздардың алғашқы
үл­­гі­лерінен бастап ауызша тарап, бүгінгі ұрпаққа араға ға­
сырлар салып барып фольклортану заңдылықтарына сәйкес

түрлі нұсқаларда, версияларда, әрқилы көлемде, стильде жет­
кендіктен, оларды жинау, жүйелеу, жариялау үрдісінде күр­
делі мәселелер аз кездеспейді. Біріншіден, Ел тәуелсіздігін
жариялағанға дейінгі кезеңдерде саяси шектеулердің сал-

дарынан тарихи аңыздардың жеке ғылыми басылымы жа­
рық көрмеді және арнайы зерттелген емес. Сонымен бірге ша­
ғатай, қадім, төте араб әліпбилері қолданыстан ерте шығып
қалғандықтан, кейінгі ұрпақ, әсіресе ғылыми ортаның аңыз

мәтіндерінің түпнұсқасымен танысуға мүмкіндігі шектеулі
болды. Сондықтан «Бабалар сөзі» жүз томдық сериясын құ­
растырушылар осы жанрды қолға алып, баспаға дайындай
бастағанға дейін еліміздің Сирек кітаптар мен қолжазбалар

қорларындағы аңыздардың жалпы көлемінің мөлшері белгі­сіз
болып келді.
Екіншіден, ХVІІІ ғасырлардағы орыс басылымдарында,
әсіресе тәуелсіздік кезеңінде жарияланған көптеген шежі­

релік, тарихи жинақтарда жарияланған туындылардың мә­
лімет-деректері де ешкімді қызықтырған емес. Бұған Қытай,
Монғолия, Таяу Шығыс мемлекеттерінің, Орта Азия елдері
мен Татарстан, Әзербайжан, Башқортстан сияқты туысқан ха­

лықтардың қорларындағы ұлтымыздың тарихына қатысты
шы­ғармаларды қоссақ, ұшан-теңіз байлыққа кенелеріміз анық.
Алайда бұл қазынаны толық игеруге уақыт, қаржы, маман­дар
сұранысы аса қажет болғандықтан, құрастырушылар қолда бар

мүмкіндіктерді ғана пайдалануға талпыныс жасады.

тарихи  аңыздар
Олар, ең алдымен, ӘӨИ мен ОҒК-нің сирек қорларындағы та-
рихи аңыздарды анықтау, жинастыру, жүйелеу, бүгінгі жа­зу­ға
көшіру, текстологиялық тұрғыда сараптау, баспаға дайын­дау

жұмыстарына жұмылдырылды. Соның негізінде туынды­лар­
дың нұсқалары мен версиялары анықталып, өзара айырма­
шы­лық­тар болған жағдайда топтаманың ғылыми ұстанымы­на
сәйкес мәтіндер қатар жіберілді. Келешектегі арнайы зертте-

улер үшін ғылыми түсініктемеде мәтіндердің қысқаша жи-
налу тарихы көрсетілді. Түпнұсқадан өзгеріссіз дайындалған
бұл аңыздар мен олардың нұсқалары ғылыми-зерттеу нысана-
сы ретінде маңызды. Сол себепті де томның басылымы тарих-

шы, этнограф, деректанушы, тілтанушы ғалымдардың іргелі
ізденістеріне, фольклортанушы, мәтінтанушы мамандардың
болашақ зерттеулеріне зор мүмкіндіктер туғызады. Мыса­лы,
осы томда «Жидебай батыр» мен «Бердіқожа батыр» тура­лы

аңыздың екі нұсқасы, «Жақсы Жанайдардың» үш нұсқасы
қам­тылған.
Келесі кезекте кейінгі жылдары жарық көрген жинақтар
мен басылымдарда жарияланған аңыздар іздестірілді. Табыл­

ған туындылардың біразы жеке туынды ретінде, кейбіреуі қол­
жазбалардың нұсқалары есебінде томға енегізілді. Өкінішке
орай, олардың біршамасының түпнұсқалары болмағандықтан,
текстологиялық сараптаулар жүргізуге мүмкіндіктер болма-

ды. Бұл тұрғыда тарихи аңыздардың алғаш, арнайы топтама
ретінде басылым көріп жатқандығы және зерттеу нысанасы
ретіндегі қажеттілігі ескерілді.
Айта кетерлік тағы бір жайт—осы томға енген аңыздарда­

ғы кейбір ауыспалы мотивтер, эпизодтар, оқиғалар алдыңғы
томдардағы мәтіндерде де кездесуі әбден мүмкін екендігі. Мы-
салы, Абылайдың айдаладағы ағаш молаға алдын ала (аруақ
есебінде) кісі жасырып, кейін оны бұзып әкелуге Үйсін Бөлті­

рік батырды жіберіп, жүректілігін сынау сюжеті Балтакерей
Тұрсынбайға, Шақшақ Жәнібекке т.б. кейіпкерлерге байла­
нысты оқиғаларда кездеседі. Бұл әдіс фольклордың қалыптас­
қан заңдылықтарынан тысқары болмағандықтан, томдарға осы

сюжеттес аңыздардың барлығы да жіберілді.
Және бір түйіткіл нәрсе—томдарға аңыздардың толық
қамтылуына байланысты мәселе. Бұл ретте жоғарыда көр­се­
тіл­ген қорлардағы туындылардың қолжазба нұсқалары тү­

ғылыми  қосымшалар
гел қарастырылғанмен, түрлі басылымдар мен жинақтарда
жарияланған мәтіндерді іздестіруде айтарлықтай қиындық­
тар туындағанын атап өткен жөн. Әсіресе аудандық, облыс­

тық, аймақтық басылымдар мен сол аумақтарда жарық көр­
ген жинақтардың таралымы аз болғандықтан және олардың
көпшілігі жеке қаржымен шығатындықтан, меншік иелері
орталық кітапханаларға жіберіп отыруға міндетті емес. Сон­

дықтан құрастырушылардың назарына ілікпеген кейбір тари­
хи тұлғаларға қатысты аңыздар томға енбей қалуы әбден мүм­
кін екендігін айта кеткіміз келеді.
Еліміздің сирек қорларында үш жүздің барлық хан-сұл­

тандарына, батырлары мен би-шешендеріне қатысты аңыз­
дар біркелкі, толық сақталмаған. Мысалы, бір атақты батырға
байланысты аңыз аз, тіпті жиналмай қалуы да кәдік, керісін­
ше, белгісіз тұлға туралы мол мұра сақталуы да мүмкін. Сол

себепті қандай да бір тарихи тұлғаға саналы тұрғыда басымдық
берілмеді. Аңыздар ғылыми басылымның ұстанымдарына
сәйкес жүйеленіп, мүмкіндігінше көркемдік сипатына қарай,
түпнұсқа негізінде дайындалды.

Кейде аңыз айтушылар мейлінше өз руының, аймағының
батырларына кеңінен тоқталуға бейім болатыны байқалады.
Тіпті, рулардың, одан бөлінетін аталардың атауларын, тарихи
тұлғалардың есімдерін қате көрсету, тіпті қарсылас руларды

саналы түрде кемсіту сияқты жат үрдіске бой алдырады. Бірақ
бұл олқылықтарды қазақ халқының болмыс-бітіміне, тұрмыс-
салты мен этникалық табиғатына байланысты кемшіліктер
деу­ге негіз бар. Томға ұсынылып отырған аңыздар хатқа түс­кен

мәтіндердің негізінде дайындалғандықтан, сондай-ақ «Баба­лар
сөзі» сериясының жалпы ұстанымдарына байланысты аңыз­дар
түзетілмей, түпнұсқа бойынша жіберілді.
билер туралы аңыздар

1. Бекболат би

Мәтін Н.Төреқұлов пен М.Қазбеков құрастырған «Қазақтың
би-шешендері» (Алматы: Жалын, 1993) атты жинақта басылым
көрген.

тарихи  аңыздар
Томға ұсынылып отырған аңыз мәтіні аталған жинақтан
(155-156 бб.) алынды.

2. Қасымханның елге орнатқан тәртібі

Аңыз мәтіні бұрын еш жерде жарияланбаған. Қолжазба­ны
1963 жылғы «Қарағанды экспедициясы» кезінде жазып ал­
ған—Балтабай Адамбаев. Айтушысы—Жәкеш Баймағанбетов.
Шығарма түпнұсқасы ӘӨИ-дің қолжазбалар қорында (500-

бума, 2-3-дәп.) сақтаулы. Мәтін тор көзді дәптерге көк сиямен
кирилл әрпінде жазылған.
Томға ұсынылып отырған аңыз мәтіні аталған түпнұсқа­дан
(1-13-бб.) алынды.

3. Тіленші жайында бірер сөз

Аңыз мәтінін ел арасынан жинап, қорға тапсырған—Мұқаш
Мәжікеев. Мәтін қалың дәптерге көк сиямен кирилл әрпінде
жазылған. Түпнұсқасы ӘӨИ-дің қолжазбалар қорында (823-
бума, 3-дәп.) сақтаулы. Айтушысы белгісіз. Бұрын басылым

көрмеген.
Томға ұсынылып отырған аңыз мәтіні аталған түпнұсқа
(17-22-бб.) негізінде әзірленді.

4. Сапақ бидің ұтқырлығы

Мәтін бір жолды оқушы дәптеріне көк сиямен кирилл әр­пінде
жазылған. Бұрын жарияланым көрмеген. Қолжазбасы ӘӨИ-
дің қолжазбалар қорында (1123-бума, 47- дәп.) сақтаулы Қорға
тапсырған—Қостанай облысының тұрғыны Еркін Құлпейісов.

Айтушысы белгісіз.
Томға мәтін аталған қолжазба (8-10-бб.) негізінде дайын­
далды.

5. Бала—бауыр етің

Аңыз Т.Қаупынбайұлы құрастырған «Батыр баба Әлмерек:
XVІІ ғасырдың ортасынан XVІІІ ғасырдың ортасына дейін өмір
сүрген Әлмерек абыз және оның ұрпақтары туралы әңгімелер,
очерктер, эсселер, өлеңдер, ғұмырнамалар» (Алматы: Экономи-

ка, 2002.) атты жинақта жарияланған.
Томға еніп отырған мәтін аталған жинақтан (42-43-бб.) алынды.

ғылыми  қосымшалар 6. Қара дауыл

Мәтін «Батыр баба Әлмерек: XVІІ ғасырдың ортасынан
XVІІІ ғасырдың ортасына дейін өмір сүрген Әлмерек абыз және
оның ұрпақ­та­ры туралы әңгімелер, очерктер, эсселер, өлеңдер,
ғұмырна­ма­лар» атты жинақта басылым көрген.

Томға аңыз аталған жинақтан (44-45-бб.) алынды.

7. Тәлім

Мәтін «Батыр баба Әлмерек: XVІІ ғасырдың ортасынан
XVІІІ ғасырдың ортасына дейін өмір сүрген Әлмерек абыз және
оның ұрпақ­тары туралы әңгімелер, очерктер, эсселер, өлеңдер,
ғұмырна­малар» атты жинақта жарияланған.

Томға ұсынылып отырған аңыз аталған жинақтан (45-48-бб.)
алынды.

8. Өнеге

Мәтін «Батыр баба Әлмерек: XVІІ ғасырдың ортасынан
XVІІІ ғасырдың ортасына дейін өмір сүрген Әлмерек абыз және
оның ұрпақ­тары туралы әңгімелер, очерктер, эсселер, өлеңдер,
ғұмырна­малар» жинағында басылым көрген.

Томға аңыз аталған жинақтан (48-49-бб.) алынды. 9. Бабаның батасы

Аңыз «Батыр баба Әлмерек: XVІІ ғасырдың ортасынан
XVІІІ ғасырдың ортасына дейін өмір сүрген Әлмерек абыз және
оның ұрпақ­тары туралы әңгімелер, очерктер, эсселер, өлеңдер,
ғұмырна­малар» жинағында жарияланған.

Томға мәтін аталған жинақтан (49-51-бб.) алынды. 10. Тұрмыс сыны

Мәтін «Батыр баба Әлмерек: XVІІ ғасырдың ортасынан
XVІІІ ғасырдың ортасына дейін өмір сүрген Әлмерек абыз және
оның ұрпақ­тары туралы әңгімелер, очерктер, эсселер, өлеңдер,
ғұмырна­малар» жинағында басылым көрген.

Томға мәтін аталған кітаптан (51-52-бб.) алынды. 11. Ер өтеді, ел қалады

Аңыз «Батыр баба Әлмерек: XVІІ ғасырдың ортасынан
XVІІІ ғасырдың ортасына дейін өмір сүрген Әлмерек абыз және

тарихи  аңыздар
оның ұрпақ­тары туралы әңгімелер, очерктер, эсселер, өлеңдер,
ғұмырна­малар» жинағында жарияланған.
Томға мәтін аталған жинақтан (53-55-бб.) алынды.

12. Ұран

Мәтін «Батыр баба Әлмерек: XVІІ ғасырдың ортасынан
XVІІІ ғасырдың ортасына дейін өмір сүрген Әлмерек абыз және
оның ұрпақ­тары туралы әңгімелер, очерктер, эсселер, өлеңдер,
ғұмырна­мала» жинағында басылым көрген.

Томға аңыз аталған жинақтан (55-57-бб.) алынды. 13. Ең қасиетті нәрсе не?

Мәтін «Батыр баба Әлмерек: XVІІ ғасырдың ортасынан
XVІІІ ғасырдың ортасына дейін өмір сүрген Әлмерек абыз және
оның ұрпақ­тары туралы әңгімелер, очерктер, эсселер, өлеңдер,
ғұмырна­малар» жинағында жарияланған.

Томға ұсынылып отырған аңыз аталған жинақтан (57-б.)
алынды.

14. Толыбай сыншының баласы

Аңызды ел арасынан жинап «Қазақ батырлары» (Алматы,
2000 ж. №5) атты газетте жариялағандар: Өзал Тәнекеұлы,
Аманғали Мұхтаров.
Томға енген мәтін аталған газеттен (14-б.) алынды.

15. Доспол

Аңыз бұрын басылым көрмеген. Қолжазбасы ОҒК-нің
қолжазбалар қорында (1059-бума, 12-дәп.) сақтаулы. Мәтін ақ
қағазға көк сиямен араб әрпінде жазылған. Жинаушысы—
­А.Құлжанов. Мәтін XX ғасырдың отызыншы жылдары жа­зыл­

ған. Айтушысы белгісіз.
Томға ұсынылып отырған туынды аталған қолжазба (8-9-бб.)
негізінде дайындалды.

16. Бала би Досбол сөздерінен

Аңыз қолжазбасы ОҒК-нің қолжазбалар қорында (1059-
бума, 12-дәп.) сақтаулы. Мәтін ақ қағазға көк сиямен араб
әрпінде жазылған. Айтушысы белгісіз. Жинаушысы—Сабыр
Шәріпов. Қорға 1939 жылы түскен.

Томға мәтін аталған қолжазбадан (13-14-бб.) алынды.

ғылыми  қосымшалар 17. Бала би Доспол

Аңыз мәтіні 1993 жылғы «Түркістан экспедициясы» кезінде
жазылып алынған. Жазып алушылар: Қыдырәлі Саттаров пен
студент Шарапат Майлыбаева. Өкінішке қарай, жинаушылар
мәтінді кімнен жазып алғанын көрсетпеген. Мәтін бір жолды

қалың дәптерге көк сиямен кирилл әрпінде жазылған. Бұрын
басылым көрмеген аңыз мәтіні ӘӨИ-дің қолжазбалар қорын­да
(Ш.920/108-бума.) сақтаулы.
Томға ұсынылып отырған туынды аталған қолжазбадан

(136-139-бб.) алынды. 18. Байдалы би

Аңыз «Қазақтың би-шешендері» (Алматы. Жалын, 1993)
атты жинақта жарияланған.
Томға мәтін аталған жинақтан ( 273-274-бб.) алынды.

19. Жақсы Жанайдар

(І нұсқа)
Мәтін алғаш рет «Егемен Қазақстан» газетінің 1992 жылғы
қаңтар айының № 9 санында, Сәрсенбі Дәуітұлы құрастырған:
«Көпейұлы М.Ж.» (Алматы, 1992. 11-12-бб.), «Абылай хан»

(Алматы, 1993), Нартай Жүсіпов құрастырған «Мәшһүр Жүсіп
Көпейұлы» (Алматы: Ел—шежіре, 2008) атты жинақ­тар­да
басылым көрді. Аңыздың түпнұсқасы ОҒК-нің қолжаз­балар
қорында (1778-бума) сақтаулы. Басылымдар мен түпнұс­қаны

салыстырғанда, елеулі айырмашылықтар кездескен жоқ.
Томға еніп отырған аңыз аталған түпнұсқа (135-136-бб.)
негізінде дайындалды.

20. Жақсы Жанайдар

(ІІ нұсқа)
Мәтін «Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы» (Алматы: Ел-шежіре,
2008—124-125-бб.) атты жинақта басылым көрген. Аңыздың
түпнұсқасы ОҒК-нің қолжазбалар қорында (1770-бума) сақ­

таулы. Мәтін ақ қағазға көк сиямен араб әрпінде жазылған.
Жинаушысы—М.Ж. Көпеев. Басылым мен түпнұсқа арасында
айырмашылық байқалмады.
Аңыз мазмұны 19 нөмірлі аңызбен ұқсас болғанымен:

1. Көлемдік, стильдік, тілдік жағынан айырмашылық бар.

тарихи  аңыздар 2. 19 нөмірлі нұсқада бас кейіпкердің аты (Жанайдар) аталса,

екін­ші нұсқада жай «бала» деп аталады.
Томға ұсынылып отырған мәтін түпнұсқа (123-124-бб.) не­
гізінде әзірленді.

21. Жаңабатыр әңгімесі

Аңыз Лаура Жүсіпова құрастырған «Мәшһүр Жүсіп Кө­
пейұлы» (9-том. Алматы: Ел-шежіре, 2009. 171-172-бб.) атты
жинақта басылым көрген. Түпнұсқасы ОҒК-нің қолжазбалар
қорында (1178-бума) сақтаулы. Мәтін ақ қағазға көк сия-

мен араб әрпінде жазылған. Басылым мен түпнұсқа арасында
айырмашылық кездеспейді.
Томға ұсынылып отырған мәтін аталған түпнұсқа (199-
205 бб.) негізінде дайындалды.

22. [Жаңабатырдың жаламен шабылуы]

Мәтін «Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы» (9-том. Алматы: Ел-
шежіре, 2009. 172-173-бб.) атты жинақта жарияланған. Түп­
нұсқасы ОҒК-нің қолжазбалар қорында (1178-бума) сақтаулы.
Жинаушысы—М.Ж. Көпеев. Мәтін ақ қағазға көк сиямен араб

әрпінде жазылған. Түпнұсқа мен басылымды салыстырғанда,
елеулі айырмашылық кездескен жоқ.
Томға еніп отырған аңыз аталған түпнұсқа (199-205-бб.)
бойын­ша әзірленді.

23. [Жаңабатырдың тағы бір жалаға ілігуі]

Аңыз мәтіні «Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы (9-том. Алматы:
Ел-шежіре, 2009. 173-175-бб.) атты жинақта басылым көрген.
Түпнұсқасы ОҒК-нің қолжазбалар қорында (1178-бума) сақ­
таулы. Жинаушысы — Ж. Көпеев. Айтушысы белгісіз. Басы-

лым мен түпнұсқа арасында айырмашылық байқалмады.
Томға еніп отырған аңыз аталған түпнұсқа (199-205-бб.)
бойын­ша дайындалды.

24. Қарқабат туралы аңыз

Аңыз мәтіні бұрын еш жерде жарияланбаған. Түпнұсқасы
ӘӨИ-дің қолжазбалар қорында (500-бума, 7-дәп.) сақтаулы.
Мәтін1963 жылы бір жолды оқушы дәптеріне көк сиямен ки-
рилл әрпінде жазылған. Айтушысы—Жәкеш Баймағанбетов.

Жинаушысы—Б. Адамбаев.

ғылыми  қосымшалар
Томға ұсынылып отырған аңыз мәтіні аталған түпнұсқа
(1-8-бб.) негізінде даярланды.

25. Досай би

Мәтін «Қазақтың би-шешендері» (Алматы: Жалын, 1993)
атты жинақта басылым көрген.
Томға мәтін аталған жинақтан (150-151-бб.) алынды.

26. Опасыз дүние

Аңызды қорға тапсырған—М.Тілеужанов. Мәтін бұрын еш
жерде жарияланбаған. Қолжазбасы ӘӨИ-дің қолжазбалар қо­
рында (910/4-бума) сақтаулы. Қорға 1984 жылдары түскен.
Шығарма кирилл әрпінде машинкаға басылған.

Томға еніп отырған мәтін аталған қолжазба (34-б.) бойынша
дайындалды.

27. Есенкелді би

Мәтін «Қазақтың би-шешендері» жинағында жарияланым
көрген.
Томға аңыз аталған жинақтан (152-153-бб.) алынды.

28. Едіге би

Аңыз «Қазақтың би-шешендері» жинағында жарияланған.
Томға мәтін аталған жинақтан (182-183-бб.) алынды.

29. Кім көргіш

Аңыз ел аузынан жинап, 1996 жылы қорға тапсырған—
Орал қаласының тұрғыны Айсұлу Бисенғалиқызы. Мәтін тор
көзді кеңсе қағаздарына көк сиямен кирилл әрпінде жазыл­
ған. Қолжазбасы ӘӨИ-дің қолжазбалар қорында (1057-бума)

сақтаулы.
Томға ұсынылып отырған мәтін аталған қолжазба (39-40-бб.)
бойынша әзірленді.

30. Ескелдінің әуестігі

Мәтін Ораз Исмаилов құрастырған «Халық қазынасы: Ба-
балар сөзі—Даналық көзі. Ескелді би Қабан жырау Балпық
әулие» (Алматы: Білім, 1996) атты жинақта жарияланған.

тарихи  аңыздар
Томға еніп отырған аңыз аталған жинақтан (42-43-бб.)
алынды.

31. Ескелдінің ер атануы

Мәтін «Халық қазынасы: Бабалар сөзі—Даналық көзі.
Ескелді би Қабан жырау Балпық әулие» (Алматы: Білім, 1996)
атты жинақта басылым көрген.
Томға мәтін аталған жинақтан (45-46-бб.) алынды.

32. Ескелдінің шарапаты

Мәтін «Халық қазынасы: Бабалар сөзі—Даналық көзі.
Ескелді би Қабан жырау Балпық әулие» жинағында жарық
көр­ген.
Томға аңыз аталған жинақтан (48-б.) алынды.

33. Елдің иесі, жердің киесі болады

(І нұсқа)
Аңыз Ораз Исмаилов құрастырған «Ел жүрегіндегі Ескелді
би» (Алматы, 2006) атты жинақта жарияланған.
Томға еніп отырған мәтін аталған жинақтан (40-41-бб.)

алынды. 34. Барлауға шыққанда

Мәтін «Ел жүрегіндегі Ескелді би» жинағында жарияла­ным
көрген.
Томға аңыз аталған жинақтан (45-46-бб.) алынды.

35. Тоған тартқанда

Аңыз мәтіні «Ел жүрегіндегі Ескелді би» жинағында басы-
лым көрген.
Томға еніп отырған туынды аталған кітаптан (48-49-бб.)
алынды.

36. Ескелдінің ерлігі

Мәтін «Халық қазынасы: Бабалар сөзі—Даналық көзі. Ес­­
кел­ді би Қабан жырау Балпық әулие» жинағында жариялан­
ған.
Томға мәтін аталған жинақтан (38-39-бб.) алынды.

ғылыми  қосымшалар 37. Ақылды Бабаның амалы

Мәтін «Ел жүрегіндегі Ескелді би» жинағында басылым көрген.
Томға аңыз аталған жинақтан (47-48 бб.) алынды.

38. Жез қармақ

Мәтін «Ел жүрегіндегі Ескелді би» жинағында жарық көрген.
Томға еніп отырған аңыз аталған жинақтан (59-б.) алынды.

39. Тараған өкпе—татулықтың ишараты

Мәтін «Ел жүрегіндегі Ескелді би» жинағында жарияланған.
Томға аңыз аталған жинақтан (57-б.) алынды.

40. [Үш бидің әулиелігі]

Мәтін О. Исмаилов құрастырған «Жыр атасы—Қабан жы-
рау: Өлең-жырлары мен айтыстары, аңыздар мен кейінгі тол­
қын ұрпақтарының ілтипаттары» (Алматы, 2007) атты жи­
нақта жарық көрген.

Томға еніп отырған аңыз аталған жинақтан (112-113-бб.)
алынды.

41. Қасым Сұлтанның анасы—Қандан

Мәтін «Халық қазынасы Бабалар сөзі—Даналық көзі. Ескел­
ді би Қабан жырау Балпық әулие» жинағында жарияланған.
Томға ұсынылып отырған аңыз аталған жинақтан (49-50-бб.)
алынды.

42. Қызайлар үшін күрескенде

Мәтін «Ел жүрегіндегі Ескелді би» жинағында жарияланған.
Томға аңыз аталған жинақтан (66-67-бб.) алынды.

43. Бір найза ма, жүз найза ма?

Аңыз «Ел жүрегіндегі Ескелді би» кітабында басылым
көрген. Томға мәтін аталған жинақтан (69-70-бб.) алынды.

44. «Халықтан қайыр болмаса, хан бұзылады»

Аңыз «Ел жүрегіндегі Ескелді би» жинағында басылым
көрген.
Томға ұсынылып отырған мәтін аталған жинақтан (70-71-бб.)
алынды.

тарихи  аңыздар 45. «Шымылдыққарағайдағы» шайқас

Мәтін «Ел жүрегіндегі Ескелді би» жинағында жария­
ланған.
Томға аңыз аталған жинақтан (71-72-бб.) алынды.

46. Соңғы жекпе-жек

Аңыз «Ел жүрегіндегі Ескелді би» жинағында басылым көр­
ген.
Томға мәтін аталған жинақтан (72-73-бб.) алынды.

47. Атаның ақтық сөзі

Мәтін «Ел жүрегіндегі Ескелді би» кітабында жарық көрген.
Томға аңыз аталған кітаптан (80-82-бб.) алынды.

48. [Қабан ақынның сыны]

Аңыз «Жыр атасы—Қабан жырау: Өлең-жырлары мен ай-
тыстары, аңыздар мен кейінгі толқын ұрпақтарының ілтипат­
тары» жинағында басылым көрген.
Томға мәтін аталған жинақтан (45-б.) алынды.

49. Ақынның үйленуі хақында

Мәтін «Жыр атасы—Қабан жырау: Өлең-жырлары мен ай-
тыстары, аңыздар мен кейінгі толқын ұрпақтарының ілтипат­
тары жинағында жарияланған.
Томға еніп отырған мәтін аталған жинақтан (118-б.) алынды.

50. Қоянкөзге Қабанның өлең сыйлауы

Аңыз «Жыр атасы—Қабан жырау: Өлең-жырлары мен ай-
тыстары, аңыздар мен кейінгі толқын ұрпақтарының ілтипат­
тары жинағында басылым көрген.
Томға мәтін аталған жинақтан (48-б.) алынды.

51. Ақынның ақырғы сөзі

Мәтін «Жыр атасы—Қабан жырау: Өлең-жырлары мен
айтыстары, аңыздар мен кейінгі толқын ұрпақтарының ілти­
паттары» жинағында жарияланған.
Томға аңыз аталған жинақтан (122-б.) алынды.

ғылыми  қосымшалар 52. Қоныс бөлу

Аңыз профессор Т.Кәкішев құрастырған «Билер сөзі» (Ал-
маты: Қазақ университеті, 1992) атты жинақта жарияланған.
Томға еніп отырған мәтін аталған жинақтан (50-51-бб.)
алынды.

53. Балпық пен Райымбек

Мәтін «Билер сөзі» жинағында басылым көрген.
Томға еніп отырған аңыз аталған жинақтан (51-б.) алынды.

54. Жәнібектің Тіленшіге батасы

Аңыз түпнұсқасы ӘӨИ-дің қолжазбалар қорында (1124-
бума, 103-дәп.) сақтаулы. Мәтін бір жолды оқушы дәптеріне көк
сиямен кирилл әрпінде жазылған. Бұрын басылым көрмеген.
Жинаушысы—Еркін Құлпейісов.

Томға еніп отырған мәтін аталған түпнұсқа (12-13-бб.) бо­
йын­ша дайындалды.

55. Ер Жәнібек пен Тіленші би

Аңыз мәтіні кирилл әрпінде машинкаға басылған. Қол­
жазбасы ӘӨИ-дің қолжазбалар қорында (991-бума, 3-дәп.)
сақтаулы. Жинаушысы—Б. Адамбаев. Мәтін бұрын еш жерде
жарияланбаған.

Томға ұсынылып отырған туынды аталған қолжазба (3-б.)
бойынша әзірленді.

56. Жәнібек туралы

Аңыз мәтінін ел арасынан жинап, қорға тапсырған—­
Е.Құлпейісов. Қолжазба ӘӨИ-дің қолжазбалар қорында (1125-
бума, 34-дәп.) сақтаулы. Мәтін бір жолды оқушы дәптеріне көк
сиямен кирилл әрпінде жазылған. Айтушысы белгісіз.

Томға ұсынылып отырған шығарма аталған қолжазба не­
гізінде (5-б.) әзірленді.

57. Шақшақ Жәнібек батыр

Мәтін ӘӨИ-дің қолжазбалар қорында (1125-бума, 34-дәп.)
сақтаулы. Айтушысы белгісіз. Туындыны ел арасынан жинап,
қорға тапсырған—Е. Құлпейісов.

тарихи  аңыздар Томға ұсынылып отырған шығарма аталған қолжазба бо­ йын­ша (7-б.) дайындалды. 58. [Жәнібектің Уақ Бармақты сынауы] Аңыз мәтіні «Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы (9-том. Алматы: Ел-шежіре, 2009. 165-166-бб.) атты жинақта басылым көрген. Түпнұсқасы ОҒК-нің қолжазбалар қорында (1178-бума) сақ­ таулы. Жинаушысы—Ж.Көпеев. Айтушысы белгісіз. Басылым мен түпнұсқа арасында айырмашылық байқалмады. Томға еніп отырған туынды аталған түпнұсқа (189-190-бб.) бойынша дайындалды. 59. Жәнібек би Мәтін «Билер сөзі» жинағында басылым көрген. Томға аңыз аталған жинақтан (51-б.) алынды. 60. Батырдың тууы, жас шағы Аңыз мәтінін ел арасынан жинап «Жұлдыз» журналының 1995 жылғы № 3 санында жариялаған—Асқар Татанайұлы. Томға ұсынылып отырған шығарма аталған басылымнан (194-195-бб.) алынды. 61. Жәнібек батырдың Абылайдың оң тізесінен орын алуы Аңыз «Жұлдыз» (1995, № 3) журналында жарық көрген. Мәтінді басылымға әзірлеген—А. Татанайұлы. Томға туынды аталған журналдан (196-198-бб.) алынды. 62. Абылай ханның Жәнібекті сынауы Мәтін «Жұлдыз» (1995, №3) журналында басылым көрген. Аңызды ел аузынан жазып алып, басылымға ұсынған— А.Татанайұлы. Томға аңыз аталған журналдан (198-199-бб.) алынды. 63. Жәнібектің қартайған кезінде кешірмелерін еске алуы Аңызды ел арасынан жинап, басылымға ұсынған— А.Татанайұлы. Мәтін «Жұлдыз» (1995, №3) журналында жа­ рық көрген. Томға ұсынылып отырған шығарма аталған журналдан (199201-бб.) алынды.

ғылыми  қосымшалар 64. Жәнібек бастаған Абақ елінің Шыңғыс тауынан көшуі

Мәтін «Жұлдыз»(1995, №3) журналында жарық көрген.
Шығарманы басылымға ұсынған—А.Татанайұлы.
Томға аңыз аталған журналдан (202-203-бб.) алынды.

65. Қошқарұлы Жәнібек

Аңызды айтушы—Семей облысының тұрғыны Қалихан
Алтынбаев. Мәтін тор көзді оқушы дәптеріне көк сиямен араб
әрпінде жазылған. Бұрын еш жерде жарияланбаған. Түп­
нұсқасы ӘӨИ-дің қолжазбалар қорында (280-бума, 3-дәп.)

сақтаулы. Қолжазбаны айтушы 1969 жылы қорға өз қолымен
тапсырған.
Томға ұсынылып отырған мәтін аталған түпнұсқа (6-8-бб.)
негізінде дайындалды.

66. Жәнібек батыр туралы аңыз

Аңыз мәтіндері Ақын Байбосынұлы мен Шәміс Құмарұлы
құрастырған «Ер Жәнібек» (Үрімжі: Шинжияң халық баспа­сы,

2006) атты жинақта басылым көрген.

Томға мәтін аталған жинақтан (203-240-бб.) алынды. 67. Жидебай батыр

(І нұсқа)
Аңыздың түпнұсқасы ОҒК-нің қолжазбалар қорында (1-бума)
сақтаулы. Жинаушысы—М.Ж. Көпеев. Айтушысы бел­гісіз.
Мәтін ақ қағазға көк сиямен араб әрпінде жазылған. Шығарма

мәтіні «Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы» (9-том. Алматы: Ел-шежіре, 2009. 155-156-бб.) жарияланған. Түпнұсқа мен басылымды

салыстырғанда, еш айырмашылық кездескен жоқ.
Томға ұсынылып отырған мәтін түпнұсқа (73-75-бб.) бойын-
ша дайындалды.

68. Жидебай батыр

(ІІ нұсқа)
Аңызды ел арасынан жинаған—М.Ж.Көпеев. Түпнұсқасы
ОҒК-нің қолжазбалар қорында (1177-бума) сақтаулы. Мәтін ақ
қағазға көк сиямен араб әрпінде жазылған. Айтушысы белгі­

сіз. Аңыз мәтіні «Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы» (9-том. Алматы:

тарихи  аңыздар
Ел-шежіре, 2009) атты жинақта жарық көрген. Басылым мен
тұпнұсқа арасында айырмашылық байқалмады.
Аталған шығарманың атауы 73-ші нөмірлі аңызбен ұқсас

болғанымен, мазмұндық ерекшеліктер кездеседі.
Томға еніп отырған аңыз мәтіні аталған түпнұсқа (330-331-бб.)
бойынша дайындалды.

69. Жидебай батыр

Аңызды ел арасынан жинап, қорға тапсырған—Е.Құл­
пейісов. Қолжазбасы ӘӨИ-дің қолжазбалар қорында (1122-
бума, 16-дәп.) сақтаулы. Мәтін бір жолды оқушы дәптеріне көк
сиямен кирилл әрпінде жазылған. Бұрын басылым көрмеген.

Аталған шығарманың атауы 73,74, нөмірлі аңыздармен ұқ­
сас болғанымен, мазмұндарында айырмашылықтар кездеседі.
Томға ұсынылып отырған мәтін аталған қолжазба (5-6-бб.)
бойынша дайындалды.

70. Жидебай батыр

Аңыз қолжазбасы ӘӨИ-дің қолжазбалар қорында (1004-
бума, 1-дәп.) сақтаулы. Мәтін кирилл әрпінде машинкаға ба­
сылған. Бұрын басылым көрмеген. Жинаушысы—Б.Адамбаев.
Аталған шығарманың атауы 67, 68, 69 нөмірлі аңыздармен

бірдей болғанымен, мазмұндары әртүрлі.
Томға еніп отырған мәтін аталған қолжазбадан (29-33-бб.)
алынды.

71. Жасыбай батыр

Аңызды ел арасынан жинап, 1985 жылы қорға тапсырған—
Шымкент қаласының тұрғыны Мұхаметжан Рүстемов. Қол­
жазба ӘӨИ-дің қолжазбалар қорында (1094-бума) сақтаулы.
Айтушысы белгісіз. Мәтін кеңсе қағазына кирилл әрпінде

машинкаға басылған. Бұрын басылым көрмеген.
Томға ұсынылып отырған аңыз мәтіні аталған қолжазба­дан
(57-58-бб.) алынды.

72. Дәулетбай батыр

Аңыз мәтіні кирилл әрпінде машинкаға басылған. Қолжаз­
басы ОҒК-нің қолжазбалар қорында (829-бума, 10-дәп.) сақ­тау­
лы. Шығарма бұрын басылым көрмеген. Айтушысы және жинау­

ғылыми  қосымшалар
шысы белгісіз. Қолжазбаның сыртында «Абылай туралы жи­нақ.
1929-1950 жылдары жиналған материалдар» деген жазу бар.
Томға еніп отырған аңыз аталған қолжазбадан (14-16-бб.)

алынды. 73. Әжібай атының ұранға айналуы хақында

Аңыз мәтіні Тоқтар Әлібек құрастырған «Ер Әжібай» (Алма-
ты: Журналист, 1997) атты жинақта басылым көрген.
Томға мәтін аталған жинақтан (88-89-бб.) алынды.

74. Әжібайдың қалмақ досы

Аңыз «Ер Әжібай» жинағында жарық көрген.
Томға мәтін аталған жинақтан (93-94-бб.) алынды.

75. Көк бие мен көк төбет

Мәтін «Ер Әжібай» жинағында басылым көрген.
Томға аңыз аталған жинақтан (94-б.) алынды.

76. Қожамқұлдың көк қасқа аты

Мәтін «Ер Әжібай» жинағында жарияланған.
Томға мәтін аталған жинақтан (94-95-бб.) алынды.

77. Райымбек батыр

Аңыз мәтінін ел арасынан жинап «Қазақ елі» газетінің
1995  жыл­ғы желтоқсан айының 15-ші санында жариялаған—
Т. Қаупынбайұлы.
Томға мәтін аталған басылымнан (4-б.) алынды.

78. Хангелді немересі Райымбек туралы

Аңыз Т.Қаупынбайұлы құрастырған «Райымбек батыр»
(Алматы: Білім, 2005) атты жинақта басылым көрген.
Томға мәтін аталған жинақтан (216-б.) алынды.

79. Балағаз батыр

Аңызды ел арасынан жинаған—М.Ж. Көпеев. Түпнұсқа
ОҒК-нің қолжазбалар қорында (1177-бума) сақтаулы. Мәтін
араб әрпімен жазылған. Шығарма «Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы»
(9-том. Алматы: Ел-шежіре, 2009) атты жинақта жарияланған.

Басылым мен түпнұсқа арасында айырмашылық байқалмады.

тарихи  аңыздар
Томға ұсынылып отырған мәтін аталған түпнұсқа (112-
115-бб.) негізінде әзірленді.

80. Байқозы батыр тапқырлығы

Аңыз мәтінін Мәшһүр Жүсіп мұрасын жинаушылардың
бірі—Омар Иманбаев жазып алған. Қолжазба ОҒК-нің қол­
жазбалар қорында (2-бума) сақтаулы. Мәтін ақ қағазға көк сия-
мен араб әрпінде жазылған. Бұрын басылым көрмеген.

Томға мәтін аталған қолжазбадан (41-б.) алынды. 81. [Тарақты Байғозы батыр туралы]

Аңыз мәтіні алғаш рет Ш.Уәлихановтың бес томдық жи­на­
ғының 1-томында (Алма-Ата, 1961. 222-б.), 1984 жылы Алма­
тыда шыққан Ш.Уәлихановтың бес томдық жинағының 1-то-
мында (218-б.) орыс тілінде және Ш.Уәлихановтың көп­томдық

жинағының 1-томында (Алматы, 2010) қазақ тілінде басылым
көрді.
Томға ұсынылып отырған аңыз мәтіні Ш.Уәлихановтың
көптомдық шығармалар жинағының 1-томынан (Алматы:

Толағай групп, 2010. 188-189-бб.) алынды. 82. Байғозы батыр

Аңыз Қ. Табылдиев құрастырған «Қазақ батырлары» (Аста-
на: Фолиант, 2008) атты жинақта басылым көрген. Аңыз­дың
атауы 81 нөмірлі шығармамен ұқсас болғанымен, мазмұнда­ры
әртүрлі болып келеді.

Томға мәтін аталған жинақтан (54-55-бб.) алынды.

83. Түлкібай батыр жайындағы аңыз-әңгіме

Аңыз мәтінін1990 жылы Қызылорда облысының тұрғы­ны
Яқуда Ырысқұловтың айтуынан жазып алған—А. Жақа­нова.
Мәтін кеңсе қағаздарына көк сиямен кирилл әрпінде түсіріл­
ген. Бұрын басылым көрмеген. Қолжазбасы ӘӨИ-дің қолжаз­

ба­лар қорында (1062-бума, 1-дәп.) сақтаулы. Қорға 1990  жылы
түскен.
Томға ұсынылып отырған мәтін аталған қолжазба (20-21-бб.)
бойынша дайындалды.

ғылыми  қосымшалар 84. Саркөз бен Жәнібек

Аңызды Семей облысынан жинап, 1969 жылы қорға тап­
сырған—Қ.Алтынбаев. Мәтін тор көзді оқушы дәптеріне
көк сиямен кирилл әрпінде жазылған. Қолжазбасы ӘӨИ-дің
қолжазбалар қорында (280-бума, 3-дәп.) сақтаулы. Мәтін бұ­

рын еш жерде жарияланбаған.
Томға еніп отырған мәтін аталған қолжазба (4-6-бб.) бойын-
ша дайындалды.

85. Түгел батыр

Аңыз мәтіні Мүбәрак Жаманбалинов пен Айтжан Бәделха­нов
құрастырған «Түгел батыр және оның ұрпақтары» (Павло­дар,

1998) атты жинақта басылым көрген. Бұл жинақты 1998 жыл­

ғы Этномәдени экспедициясы кезінде (Павлодар облысынан)
алып келген—экспедиция мүшесі Мейрамгүл Жұмаділова.
Томға мәтін аталған жинақтан (17-18-бб.) алынды.
билер туралы аңыздар

86. Итеке батыр

Аңызды ел арасынан жинап, қорға тапсырған—Е.Құл­
пейісов. Айтушысы белгісіз. Мәтін бір жолды оқушы дәптеріне
көк сиямен кирилл әрпінде жазылған. Қолжазбасы ӘӨИ-дің
сирек қорында (1122-бума, 7-дәп.) сақтаулы. Бұрын басылым

көрмеген.
Томға ұсынылып отырған мәтін аталған қолжазбадан (3-4-бб.)
алынды.

87. Берден батыр

Мәтін бұрын басылым көрмеген. Қолжазбасы ӘӨИ-дің қол­
жазбалар қорында (1122-бума, 7-дәп.) сақтаулы. Мәтін бір жол-
ды оқушы дәптеріне көк сиямен кирилл әрпінде түсіріл­ген.
Жинаушысы—Е.Құлпейісов.

Томға аңыз аталған қолжазбадан (4-5-бб.) алынды. 88. Нұрбай батыр

Мәтін Қарағанды облыстық Н.В.Гоголь атындағы ғылыми-
әмбебап кітапханасы шығарған «Сарыарқа батырлары». Биб­

тарихи  аңыздар
лиографиялық әдебиеттер көрсеткіші (Қарағанды, 2006) атты
кітапта жарияланған.
Томға аңыз аталған кітаптан (3-4-бб.) алынды.

89. Шерубай батыр

Мәтін «Сарыарқа батырлары». Библиографиялық әдебиет­
тер көрсеткіші жинағында басылым көрген.
Томға аңыз аталған жинақтан (6-8-бб.) алынды.

90. Жалаңтөс батыр

Мәтін «Сарыарқа батырлары». Библиографиялық әдебиет­
тер көрсеткіші жинағында жарық көрген.
Томға ұсынылып отырған аңыз мәтіні аталған жинақтан
(6-8 бб.) алынды.

91. Көкбөрі Керней Жарылғап батыр

Аңыз «Сарыарқа батырлары». Библиографиялық әдебиет­
тер көрсеткіші жинағында басылым көрді.
Томға мәтін аталған жинақтан (19-20-бб.) алынды.

92. Ораз туралы

Мәтін бұрын еш жерде жарияланбаған. Түпнұсқасы ОҒК-нің
қолжазбалар қорында (829-бума, 9-дәп.) сақтаулы. Шығарма
мәтіні ақ қағазға көк сиямен араб әрпінде жазылған. Жинау-
шысы мен айтушысы белгісіз.

Томға ұсынылып отырған аңыз мәтіні аталған түпнұсқа
(1-2-бб.) негізінде әзірленді.

93. [Елшібек батыр туралы]

Мәтін Ш.Уәлихановтың бес томдық жинағының 1-том­
дарында (Алма-Ата, 1961, 1984) орыс тілінде және «Уәлиханов
Шоқан» көптомдық шығармалар жинағының 1-томында (Ал-
маты: Толағай групп, 2010) қазақ тілінде басылым көрді.

Томға аңыз мәтіні 2010 жылғы (189-б.) басылым бойынша
дайындалды.

94. [Томаш батыр туралы]

Мәтін Ш.Уәлихановтың бес томдық жинағының 1-томында
орыс тілінде және «Уәлиханов Шоқан» көптомдық шығармалар
жинағының І томында қазақ тілінде жарық көрді.

ғылыми  қосымшалар
Томға аңыз 2010 жылғы (189-б.) басылым бойынша әзір­
ленді.

95. Қанжығалы Айтбай батыр мен Қаракерей Әлдебек батыр

Аңыз мәтіні бұрын басылым көрмеген. Қолжазбасы ӘӨИ-
дің қолжазбалар қорында (856-бума, 4-тізім) сақтаулы. Мәтін
кеңсе қағазына кирилл әрпінде машинкаға басылған. Ай­ту­
шысы—Свердлов облысының тұрғыны Бари Мырзажанов. Жи­

наушысы—Ғаббас Батталов.
Томға ұсынылып отырған мәтін аталған қолжазбадан (1-6-бб.)
алынды.

96. Әйгілі Баян батыр туралы Мәтін Ш.Уәлихановтың бес томдық жинақтарының 1-томы­ на және «Уәлиханов Шоқан» көптомдық шығармалар жинағы­ ның 1-томында басылым көрген. Томға еніп отырған аңыз 2010 жылғы басылым (189-190-бб.) бойынша дайындалды. 97. [Сеңкібайдың «Ақиық сұңқар» атануы] Аңыз мәтіні Нысанбек Төреқұлұлы құрастырған « Қазақтың жүз би-шешені» (Алматы, 1994) атты жинақта жарық көрген. Томға мәтін аталған жинақтан (161-163-бб.) алынды. 98. [Боранбай батыр] Мәтін «Қазақтың жүз би-шешені» жинағында басылым көр­ ген. Томға аңыз аталған жинақтан (158-159-бб.) алынды. 99. Сатай батыр Аңыз Сәрсенбі Дәуітұлы құрастырған «Аңызға айналған тұлғалар» (Алматы, 2009) атты жинақта жарық көрген. Томға мәтін аталған жинақтан (4-10-бб.) алынды. 100. [Сатай батырдың алғашқы олжасы] Мәтін «Аңызға айналған тұлғалар» жинағында басылған. Томға еніп отырған аңыз аталған жинақтан (4-10-бб.) алынды.

тарихи  аңыздар 101. Сатай батыр

Мәтін «Аңызға айналған тұлғалар» жинағында басылым көрген.
Томға аңыз аталған жинақтан (4-10-бб.) алынды.

102. Қайың сауған жұт жылы

Мәтін «Жұлдыз» журналының 1995 жылғы №3 санында
жарияланған. Мәтінді ел арасынан жинап, басылымға ұсын­
ған—А. Татанайұлы.
Томға мәтін аталған журналдан (203-205-бб.) алынды.

103. Толыбай

Аңыз Жеткерген Оралмағамбетов пен Мұқамбетәли Есма­
ғанбетов құрастырған «Аңыздар мен ақиқаттар өлкесі» (Алма-
ты, 2001) атты жинақта жарық көрген.
Томға мәтін аталған жинақтан (5-б.) алынды.

104. Бердіқожа

(І нұсқа)
Аңыз мәтінін ел арасынан жинаған—М.Ж.Көпеев. Түп­
нұсқасы ОҒК-нің қолжазбалар қорында (1645-бума) сақ­таулы.
Шығарма ақ қағазға көк сиямен араб әрпінде жазылған. Мәтін

«Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы» (8-том. Алматы: Ел-шежіре, 2008)
атты жинақта жарияланған. Басылым мен түпнұсқа арасында
айырмашылық кездеспеді.
Томға мәтін аталған түпнұсқа (59-б.) негізінде дайындалды.

105. Бердіқожа

(ІІ нұсқа)
Мәтін С.Дәуітұлы құрастырған «Қазақ шежіресі» (Алма­ты,
1993, 73-74-бб.) және «Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы» (Алматы: Ел-
шежіре, 2008, 187-188-бб.) басылым көрген. Түпнұсқасы ОҒК-

нің қолжазбалар қорында (1177-бума) сақтаулы. Басылым­дар
мен түпнұсқа салыстырылғанда, айырмашылық кездескен жоқ.
Томға ұсынылып отырған аңыз мәтіні түпнұсқа (150-
151-бб.) негізінде дайындалды.

106. Бердіқожа батыр

Аңызды ел аузынан жазып алып, қорға тапсырған—
Телмұхамед Қанағатов. Мәтін тор көзді оқушы дәптеріне көк
сиямен араб әрпінде жазылған. Айтушысы белгісіз. Бұрын ба-

ғылыми  қосымшалар
сылым көрмеген. Түпнұсқасы ӘӨИ-дің қолжазбалар қорын­да
(324-бума, 1-дәп.) сақтаулы.
«Бердіқожа» (113-115) аңыздарының аталуы бір болғаны­

мен, мазмұндары әртүрлі.
Томға аңыз мәтіні аталған түпнұсқа (1-8-бб.) негізінде
дайын­далды.

107. Алымбектің шежіресі

Мәтін Б.Қасымбеков пен Д.Қыдырәлі құрастырған «Ша­
нышқылы Бердіқожа батыр» (Астана: Фолиант, 2009) атты
жинақта басылым көрген.
Томға мәтін аталған жинақтан (18-27-бб.) алынды.

108. Қазақ-қырғыз шабысы

Мәтін «Шанышқылы Бердіқожа батыр» жинағында жария­
ланған.
Томға аңыз аталған жинақтан (27-36 бб.) алынды.

109. Жоламан батыр туралы

Аңыз қолжазбасы ОҒК-нің қолжазбалар қорында (346-бу­ма,
2-дәп.) сақтаулы. Мәтін ақ қағазға кирилл әрпінде машин­каға
басылған. Жинаушысы—Зердебай Бекарыстанов. Мә­тін бұ­рын
басылым көрмеген.

Томға ұсынылып отырған мәтін аталған қолжазба (1-2-бб.)
негізінде дайындалды.

110. Байсерке

Мәтінді «Қазақ батырлары» (Алматы, 2001, № 10 (39))
газетінде жариялаған—Әшімқұл Ақпейілов.
Томға ұсынылып отырған аңыз аталған басылымнан (3-б.)
алынды.

111. Найман Бөдес

Әдеби мұраны ел арасынан жинап, баспаға ұсынған—
Қарағанды облысының тұрғыны Ғани Ыбыраев. Мәтін
«Қазақ батырлары» (Алматы, 2000, № 3) газетінде басылым
көрген.

Томға мәтін аталған басылымнан (14-б.) алынды.

тарихи  аңыздар 112. Шегірдің Жәнібекпен кездесуі

Аңыз мәтінін ел арасынан жинап «Қазақ батырлары»
газетінде (Алматы, № 3 (20) ) жариялаған—Рафикан Ибраев.
Томға мәтін аталған газеттен (16-б.) алынды.

113. Аралбай батыр

Аңыз «Қазақ батырлары» (2002, маусым, № 46) газетінде ба-
сылым көрген. Мәтінді ел арасынан жинап, баспаға ұсынған—
Алматы облысы, Панфилов ауданының тұрғыны Тоқбай
Исабекұлы.

Томға мәтін аталған газеттен (6-б.) алынды. 114. Аралбай батыр

Мәтін «Қазақ батырлары» (2002, маусым, №6) газетінде
жарияланған. Жариялаушы—Т.Исабекұлы.
Томға мәтін аталған газеттен (6-б.) алынды.

115. Құттығай батыр

Мәтінді «Қазақ батырлары» ( 2002. № 7 (48)) газетінде жа­
риялаған—Атырау облысының тұрғыны, еңбек ардагері Қатау
Рамазанов.
Томға аңыз аталған газеттен (9-б.) алынды.

116. Қарақұл батыр

Мәтінді ел арасынан жинап, «Қазақ батырлары» (2003, №1)
газетінде жариялаған—Құдайберген Жылқыбайұлы.
Томға аңыз аталған басылымнан (4-б.) алынды.

117. Әйтей батыр

Мәтінді «Қазақ батырлары» (2005, қыркүйек, № 9) газетінде
жариялаған—шежіреші Аубай Байғазыұлы.
Томға аңыз аталған газеттен (4-б.) алынды.

118. [Шақшақ Жәнібектің Тауасар батырға ат қойғаны]

Аңызды «Қазақ батырлары» (2005, шілде, №7) газетінде
жариялаған—Рашит Каренов.
Томға мәтін аталған газеттен (5-б.) алынды.

119. Тауасар батырдың жас шағы

Мәтінді «Қазақ батырлары» (2005, шілде, №7) газетінде жа­
риялаған—Р. Каренов.

ғылыми  қосымшалар
Томға ұсынылып отырған аңыз мәтіні аталған газеттен (5-б.)
алынды.

120. Бір шайқас жайлы

Мәтін «Қазақ батырлары» (2005, шілде, № 7) газетінде басы-
лым көрген. Жариялаушы—Р. Каренов.
Томға мәтін аталған газеттен (5-б.) алынды.

121. Алдияр батыр туралы

Аңыз «Қазақ батырлары» (2005, шілде, №7) газетінде ба-
сылым көрген. Аңыз мәтінін ел арасынан жинап, баспаға
ұсынған—Б.Сейілов.
Томға мәтін аталған газеттен (4-б.) алынды.

122. Алдияр батыр

Мәтін «Қазақ батырлары» (2005, шілде, №7) газетінде жа­
рияланған. Бастырушы—Б. Сейілов.
Томға аңыз аталған газеттен (4-б.) алынды.

123. Қараш батыр

Аңыз «Қазақ батырлары» (2006, №6) газетінде басылым
көрген. Бастырушы—Айымгүл Бейімбет-тегі.
Томға мәтін аталған газеттен (4-б.) алынды.

124. Шоңай батыр

Аңызды ел арасынан жинап, «Қазақ батырлары» (1999, № 8)
газетінде жариялаған—Өтепберген Ақыпбекұлы.
Томға ұсынылып отырған аңыз мәтіні аталған газеттен (3-б.)
алынды.

125. Еспембеттің Адақ атануы

Мәтін «Қазақ батырлары» (2003, № 5) газетінде басылым
көрген. Жариялаушы—профессор Намазалы Омаш.
Томға мәтін аталған газеттен (5-б.) алынды.

126. Көтентай батыр

Аңыз мәтінін ел аузынан жазып алып, дайындаған—Абдол­
ла Тұрар. Мәтін «Қазақ батырлары» (1999, №12) газетінде ба-
сылым көрген.

тарихи  аңыздар
Томға ұсынылып отырған мәтін аталған газеттен (4-5-бб.)
алынды.

127. Ер Жауғаш

Аңыз «Қазақ батырлары» (2001, №4) газетінде басылым
көрген. Баспаға ұсынған—Әшімқұл Ақпейілов.
Томға мәтін аталған басылымнан (6-б.) алынды.

128. Жауғаш батыр

Мәтін «Абылай хан» (Алматы, 1993. 71-б.) атты жинақта,
«Қазақ батырлары» (2001, қыркүйек, №9) газетінде жа­рия­
ланған.
Томға ұсынылып отырған аңыз мәтіні аталған газет (4-б.)

бойынша дайындалды.

129. Жауғаш батыр туралы

Аңыз «Қазақ батырлары» (2001, қыркүйек, № 9) газетінде
басылым көрген.
Томға мәтін аталған басылымнан (4-б.) алынды.

130. Жауғаш батыр

Мәтін «Қазақ батырлары» (2001, қыркүйек, № 9) газетінде
басылым көрген.
Томға мәтін аталған газеттен (4-б.) алынды.

131. Қуатбек пен Медетбек

Мәтін «Қазақ батырлары» (2001, № 6) газетінде жариялан­
ған. Жариялаушы—Сәкен Дәрменұлы.
Томға мәтін аталған газеттен (10-б.) алынды.

132. Қуатбек пен Медетбек

Мәтін «Қазақ батырлары» (2001, № 6) газетінде жариялан­
ған. Жариялаушы—С.Дәрменұлы.
Томға аңыз аталған газеттен (10-б.) алынды.

133. Серғазы батыр

Аңыз «Қазақ батырлары» (2002, қаңтар, № 1) газетінде ба-
сылым көрген. Жариялаушы—Тұрсынбай Бірімқұлұлы.
Томға мәтін аталған газеттен (4-б.) алынды.

ғылыми  қосымшалар 134. Серғазы батыр

Аңыз «Қазақ батырлары» (2002, қаңтар, № 1) газетінде
жарияланған. Баспаға ұсынған—Т. Бірімқұлұлы.
133, 134 нөмірлі аңыздардың атаулары бірдей болғанымен,
мазмұндары әртүрлі.

Томға мәтін аталған газеттен (4-б.) алынды. 135. Сәмен батыр

Аңыз мәтінін ел арасынан жинап, баспаға ұсынған—Әшім­
құл Ақпейілов. Мәтін «Қазақ батырлары» (2001, № 6) газетінде
басылым көрген.
Томға мәтін аталған газеттен (10-б.) алынды.

136. Сәмен батыр

Туынды «Қазақ батырлары» (2001, № 6) газетінде жа­рия­
ланған. Жариялаушы—Ә. Ақпейілов.
Томға ұсынылып отырған аңыз мәтіні аталған газеттен
(10-б.) алынды.

137. Алшын Қорлыбай батырдың Қалдан ханмен кездесуі

Аңызды 1945 жылы ел арасынан жинаған—Қайып Айна-
беков. Түпнұсқасы ОҒК-нің қолжазбалар қорында (346-бума,
1-дәп.) сақтаулы. Мәтін ақ қағазға көк сиямен араб әрпінде
жазылған. Мәтін бұрын басылым көрмеген.

Томға ұсынылып отырған аңыз мәтіні аталған түпнұсқа (25-
30-бб.) бойынша дайындалды.

138. Қорлыбай мен Ердес

Аңыз бұрын басылым көрмеген. Түпнұсқасы ОҒК-нің қол­
жазбалар қорында (346-бума, 7-дәп.) сақтаулы. Мәтін 1945 жы­
лы ақ қағазға араб әрпінде түсірілген. Жинаушысы—Қ.Айна-
беков.

Томға еніп отырған аңыз аталған түпнұсқа (30-48-бб.) не­
гізінде әзірленді.

139. Қалдан шерін мен Ханабад туралы аңыз

Аңыз қолжазбасы ӘӨИ-дің қолжазбалар қорында (692-бума,
7-дәп.) сақтаулы. Мәтін кирилл әрпінде машинкаға басылған.
Жинаушысы—Жолдасбек Бұғыбаев. Жинаушы мәтін соңында:

тарихи  аңыздар
«Бұл аңызды мен Нұрхан Сапаровтан екі рет естідім» деген
ескерту келтіреді. Бірақ аталған аңызды нақты кімнен алғаны
айтылмайды. Аңыз мәтіні бұрын еш жерде жарияланбаған.

Томға еніп отырған мәтін аталған қолжазбадан (13-18-бб.)
алынды.

140. Бөлек батыр

Мәтін «Қазақ батырлары» (Астана: Фолиант, 2008) атты
жинақта басылым көрген.
Томға аңыз аталған жинақтан (99-100-бб.) алынды.

141. Ер Сары

Аңыз мәтіні «Қазақ батырлары» жинағында басылым көрген.
Томға туынды аталған жинақтан (122-123-бб.) алынды.

142. Ер Сүгір

Мәтін «Қазақ батырлары» жинағында жарық көрген.
Томға аңыз аталған жинақтан (123-б.) алынды.

143. Жантайлақ батыр

Аңыз мәтіні «Қазақ батырлары» (2000, № 11) газетінде жа­
рық көрген. Жариялаушы—Ж.Ақаш.
Томға шығарма аталған газеттен (4-б.) алынды.

Мәтіндерде кездесетін тарихи және діни
есімдер туралы мәліметтер
Абылай хан (Әбілмансұр, Сабалақ) (1711-1781)—қазақтың
ұлы ханы, мемлекет қайраткері, қолбасшы және диплома-

ты. Арғы тегі—Жошы хан, бергі бабалары Қазақ ордасының
негізін салған Әз-Жәнібек, кейін ер Есім хан, Жәңгір хан.
Абылай—Жәңгір ханның бесінші ұрпағы. Жәңгірдің екі әйелі
болған: біріншісі—қазақтан Уәлибақы, қалмақтан—Тәуке хан

туады. Уәлибақыдан Абылай. Абылай жекпе-жекке шыққан­
да жауы шақ келмейтін батыр болған. Тұтқындарды аямай
жазалағандықтан «қанішер Абылай» атанған. Абылайдан—
Көркем Уәли, одан—Абылай (Әбілмансұр) туады. Ол «Ақтабан

шұбырынды» жылдарында жетім қалып, Үйсін Төле бидің
қолында тәрбиеленеді. Аш-жалаңаштықтан жүдеген өңіне,
өсіп кеткен шашына қарап Төле би оған «Сабалақ» деп ат
қойып, түйесін бақтырады. Жаугершілік заманның тала-

бы Абылайдың ел өміріне ерте араласуына себепші болды.
Бұқар,
Үмбетей
жыраулардың

мәліметтеріне
қарағанда,
Абылай хан жиырма жасында қан майданда ерлігімен көзге
түскен. Қалмақтың батыры Шарышты жекпе-жекте өлтіруі

абыройының өсуіне себепші болады. «Абылайлап» жауға
қарсы шыққан Әбілмансұрды жеңістен кейін Әбілмәмбет хан
шақыртып алып танысады. Таныса келе туысқан адам болып
шығады да, кейінірек хандық тағын Абылайға (Әбілмансұр)

береді. Абылай қаһарлы хан болуымен қатар, қазақ халқының
рухани мұрасынан еркін сусындаған дарынды күйші ретінде
де белгілі. Оның «Ақ толқын», «Алабайрақ», «Шаңды жорық»
т.б. күйлері сақталған. Жетпіс жасында жорықтан келе жа­тып,

Арыс өзенінің жағасында қайтыс болған. Сүйегі Түркістан­дағы
Қожа Ахмет Йасауи кесенесінде жерленген.

тарихи  аңыздар Алдияр Елекеұлы (шамамен 1641-1712)—қазақ-қалмақ соғысына қатысқан батыр. Есімі садыр руының ұранына айналған. Алдияр туралы жазба деректер Қазақстан мен Қырғызстанда сақталған. Аралбай (1712-1752)—қазақ-қалмақ соғысының батыры, ел­ші. Қаракерей Қабанбай, Бөгенбай, Наурызбай, Өте­ ген, Райымбек, Хангелді батырлардың үзеңгілесі. Ұлы жүз ханы Жолбарыстың орыс бодандығын қабылдайтыны жөнінде Әбілқайыр ханға жіберген елшісі. Әбілқайыр хан (1693-1748)—қазақ ханы, қолбасшы. Шың­­ғыс хан әулетінің кіші буыны—Өсектің ұрпағы, Қажы сұлтанның ұлы. Тарихи жырларда әз-Тәукенің баласы деп көрсетілген. Соғыстарда батырлығымен, айлакерлігімен, шабуылдарды ұйымдастыра білуімен аты шығып, Кіші жүздің ханы болған. Қазақ-қалмақ қарым-қатынасы шиеленісіп кет­ кендіктен, Ресей империясынан көмек сұрап Сібір губерна­торы М.П.Гагаринге хат жазған. 1726 жылғы Ордабасыдағы халық жиналысында қазақ жасақтарының қолбасшысы болып сайланады. Қазақ хандары мен сұлтандары арасында алауыздық артып, сыртқы жаулардың қаупі артқан кезде Әбілқайыр орыс билеушілеріне арқа сүйеуді ойлап, 1731 жылы қазан айын­да Ресей империясының қарамағына кіргендігі жөнінде ант бе­ре­ ді. 1748 жылы Ор бекінісінен қайтып келе жатқан Әбіл­қайыр ханды Орта жүздің сұлтаны Барақ өлтіреді. Сүйегі Қабырға өзенінің Ұлқұяққа құятын тұсында жерленген. Әбілмәмбет хан (1690-1771)—Болат ханның үлкен ұлы, Тәуке ханның немересі. Шыңғыс әулетінің аға тармағы—Жәдік әулетінен. Абылайдың билікке жетуіне себепші болған. Жоң­ ғар шапқыншылығы елге қауіп тудырып тұрған жылдарда ел­ дің басын қоса алмаған ол, Абылайдың қазақ руларын қал­мақ­ тарға қарсы ұйымдастыруына кедергі жасамады. 1744 жылы Әбілмәмбет хан өзінің жақтастарымен бірге Түркістанға кө­шіп кетіп, Орта жүз Абылайдың билігінде қалды. Әбілмәмбет­ тің ұлы Әбілпейіз ұрпақтары кейін Ұлы жүзде билік құрғаны мәлім.

ғылыми  қосымшалар
Әйтей Құлманбетұлы (1712-1761)—Шапырашты руының
асылынан тараған Орынбет ұрпағы. Құлманбеттің үш ұлының
ең үлкені. Қазіргі Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Жар-

су өзенінің бойында жылқышының үйінде дүниеге келген.
Әлмерек абыз (1658-1756)—қазақтың Ұлы жүз Үйсін тар­
ма­ғындағы албан тайпасынан шыққан батыр, абыз. Қазіргі Ал-
маты қаласындағы «Әлмерек тоғаны» (бұрынғы Гагарин аулы)

деген жерде туылған. Қазақ-жоңғар соғысының басынан аяғы­
на дейін қатысып, соғыс ақырына қарай қартая бастағанда,
әскерге сарбаз жаттықтырумен айналысады. Шәкірттерінен
атақты Райымбек батыр, өз немересі Саурық батыр шыққан. Со-

нымен қатар жаратылысынан бойына сіңген қасиетін пайда­
ланып, халықтық емшілік, билік, мұсылманша бала оқыту­
мен шұғылданып, Жетісу жеріне ислам дінін таратуға еңбек
сіңірген.

Әлменұлы Бөлтірік шешен (1771-1854)— көрнекті шешен,
би, батыр. Ол қазіргі Жамбыл облысының Шу ауданындағы
Шоқ­пар темір жол станциясы маңында дүниеге келген.
Бала кезінен-ақ ақындық, шешендік сөз өнеріне бейімделіп,

өсе келе мерген, саяткер, ат үстінен алдырмайтын шабан-
доз, батыр болған. Есейген шағында ел арасындағы жер, су,
жесір дауы­на араласып, әділ төрелік айтқан. Бөлтірік шешен
тек кана қазақтар арасында ғана емес, қырғыз, өзбектерге де

белгілі, беделді шешен болғандықтан, не бір төрелер, бектер,
бай-манаптар оның өткір сөзінен, бетің бар, жүзің бар демей
тіке айтатын жөн-жосықты билік-шешімінен аяғын тартқан.
Әлібекұлы Төле би (1663-1756)—қоғам қайраткері, белгілі

шешен, Тәуке ханның кеңесшісі, «Жеті жарғы» әдет заңы
авторларының бірі, Ұлы жүздің төбе биі. Ол жорықтарда, со­
ғыста ерлігімен және елді ұйымдастырғыштық қабілетімен де
көзге түседі. Төле би қазіргі Оңтүстік Қазақстан облысы, Төле

би ауданына қарасты Ақбұрхан—Орда қонған деген жерде 93
жасында дүниеден қайтқан, денесі өзі он екі жыл басқарған,
көркейткен Ташкент қаласына, даңқты Бабұрдың әкесі Юсуп
ханның қатарына қойылған.

тарихи  аңыздар
Әйтеке би Байбекұлы (1644-1700)—қазақтың атақты үш
биінің бірі. Кіші жүз Әлім тайпасының төртқара руынан шық­
қан. Тәуке хан құрған «Хан кеңесіне» Кіші жүз жұртының аты-

нан мүше болып сайланып, «Жеті жарғының» өмірге келуіне
айрықша еңбек сіңірді. Халық оны «айыр тілді Әйтеке» деп те
атаған.
Байғозы Наймантайұлы (1705-1803)—батыр. Руы—та­

рақты. Қарағанды облысы, Шет ауданы, Көктің көлінің
маңында туылған. Әкесі Наймантай Тәуке ханның бас б­а­
тырларының бірі болған. Әкелі-балалы батырлар есімі жоңғар
шапқыншылығына қарсы азаттық күресте қатар шыққан.

Ол жоңғармен арада болған Қарасире, Аңырақай, Хан тауы,
Қызылтау, Ыстықкөл, Ерейментау, Түркістан, Қарқаралы тө­
ңірегіндегі шайқастарда ерлік көрсеткен. Байғозының қызы
Қойсанадан Шұбыртпалы Ағыбай батыр, немере қызы Шәкіден

әйгілі күйші Ықылас Дүкенұлы туған.
Бармақ Мұхаммедқалиұлы (1703-ө.ж.б.)—батыр, қолбасы.
Руы—Уақ. Бармақ 1723-1758 жылдары Еділ-Жайыққа баты-
стан шабуылдаған қалмақ шапқыншылығына, Маңғыстау­

ды басып алған түрікпендерге, шығыстан баса-көктеп қазақ
жеріне ішкерілей енген жоңғар басқыншыларына қарсы кү­
рестерде Кіші жүз жасағына Балта, Бөгенбай батырлармен бірге
қолбасылық еткен.

Баян Қасаболатұлы (шамамен 1710/15-1757)—бүкіл өмірін
қазақ жұртының тәуелсіздігі жолындағы күреске арнаған
ержүрек ардагерлердің бірі. Батырлығымен, тапқырлығымен
Абылай ханның ерекше құрметіне бөленген. Қазақ-жоңғар

шайқастарына қатысып, «Батыр Баян» атанған.
Бекболат Қазыбекұлы, Бекболат би (1714-1790)—атақты
би. Қаз дауысты Қазыбек бидің белбаласы. Жас кезінен әкесі­
не еріп билігіне көп араласқан. Төле би, Әйтеке би тағы сон-

дай кара қылды қақ жарған әйгілі әділ билер, хандар, бектер,
сұлтандардан көп тәлім-тәрбие алған.
Ол әсіресе Абылай хан сарбаздары арасында өзінің шешен­
дігімен, тапқырлығымен, батырлығымен зор беделге ие болған.

ғылыми  қосымшалар
Бұқар жырау (1693-1787)—әйгілі қазақ жырауы. Абы-
лай ханның ақылшы биі, абыз. Жұрт оны «Көмекей әулие»
деп те атаған. Абылай ханды сынай отырып, оның көргендігі

мен даналығын, ауыр кезең, қиын сәттерде ел ұйытқысы бола
білгенін тебірене жырлайды. Бұқар жыраудың Абылай ханға,
Бөгенбай, Қабанбай, Олжабай батырларға шығарған арнау­
лары, насихат жырлары ел есінде сақталып қалған.

Бопай, Бәтима (1690-1780)—ханым, Әбілқайыр ханның за-
йыбы, ел басқару ісіне араласқан қайраткер, мәмілегер. Төре
тұқымынан.
Бөдене Байтілеуұлы (т.-ө.ж.б.)—XVІІІ ғасырда өмір сүр­

ген би, Кіші жүздегі беріш руының старшыны. Ол Сырым
Датұлының Орынбор шекаралық комиссиясына жолдаған на­
разылық хатына қол қоюшылардың бірі болды.
Бөдес Құдайбердіұлы (1700-1752)—он үш жасынан бастап

ел көзіне түсе бастаған найман елінен шыққан батыр. Аягөз,
Қалба, Аңырақай, Алакөл шайқастарында Қабанбай батыр­мен
бірге ірі жеңістерге жетіп, Үйгентастан бастап Бақанас өңі­ріне
дейін өз руының қоныстауына ықпал еткен, есімі найман елі­нің

ұранына айналған қолбасшы.
Дербісәліұлы Балпық (1705-1780)—би, батыр. Сөз бастаған
шешен, қол бастаған батыр ретінде Балпықтың аты Ескелді
бимен қатар айтылған, екеуін халық «егіз би» деп атаған.

Аңырақай шайқасына, Аягөз бойындағы Таскескен мен бүгін­
гі Текелі қаласы маңындағы соғыстарға қатысқан. Әділ сұл­тан
ара ағайындығымен жалайыр мен жаныс руларын табыс­тыр­
ған. Балпықтың ұлы Тіленші де беделді би болған. Әкелі-ба­

лалы билердің еліне сіңірген қызметі туралы Ш.Уәлиханов
жазған, Сүйінбай, Жамбыл, Бақтыбай, Сара Тастамбекқызы
т.б. ақындар жыр еткен. Зираты Үштөбе қаласының түбінде.
Елшібек батыр (т.-ө.ж.б.)—XVІІІ ғасырда өмір сүрген қазақ

батыры. Ұлы жүздің құрамындағы сіргелі руынан шыққан.
Жоңғар қалмақтарына қарсы күресте ерлігімен көзге түскен.

тарихи  аңыздар
Есім хан—Шығай сұлтанның ұлы. Қазақ хандығының
астанасы Түркістанда тұрып билік (1558-1645) жүргізген.
Сұл­тан кезінде-ақ, ағасы Тәуекел ханмен екеуі Түркістаннан

Самарқанға дейінгі жерді қазақ хандығы құрамына қосқан.
1598 жылы ағасы қайтыс болған соң, хан тағына отырады.
1599  жы­лы Бұхар хандығымен шарт жасасып, Ташкент қа­
ласы мен оның айналасын Қазақ хандығына қосып алады. Осы­

дан бастап Ташкент екі ғасыр бойы Қазақ хандығы билігінде
болды. Есім хан билік құрған заманында өз елінің салт-дәстүр­
лерін құрметтей отырып, заң-ережелерін шығара бастады. Бұ­
рыннан келе жатқан «Қасым ханның қасқа жолы» атты ере­же­

лерді басшылыққа ала отырып, заңды одан әрі толықтыра түсті.
Күнделікті көшпелі тұрмыстағы даулы мәселелерді шешуде
азаматтық, қылмыстық істерді қарауда, әскери-отбасылық
қарым-қатынастарда «ата-баба жолы» басшылыққа алынды.

Есім ханның бұл ережелері халық көкейінен орын тепкендік­
тен, «Есім ханның ескі жолы» деп атап кеткен.
Жантай батыр—қазақ халқының жоңғар шапқын­шы­
лығына қарсы азаттық қозғалысына белсене қатысқан батыр.

Орта жүз арғын тайпасының қанжығалы руынан шыққан. Абы-
лай хан 1771 жылы Ресейден Қытайға қарсы ығысқан қалмақ
әскерін барлауға әрқайсысына 500 әскерден беріп, Бөгембай
мен Жантайды жіберген. Жантай батыр қолға түсіп қалған інісі

Арқандарды құтқармақ болып, 10 мыңдық жау шебіне басып
кіріп, осы соғыста ерлікпен қаза табады. Батырдың сүйегі Есіл
өзенінің бойындағы Жантай ауылының жанында жерленген.
Жасыбай батыр—ХVІІІ ғасырдағы қазақ халқының жоң­

ғар шапқыншылығына қарсы күресінде айтулы батыр, дарын-
ды қолбасшы ретінде айрықша танылған тарихи тұлға. Арғын
руынан шыққан. Ел арасында сақталған аңыздарда қапылыс­та
қалмақтардың қолынан қаза тапқаны баяндалады.

Жарылғап батыр (шамамен 1733-ө.ж.б.)—батыр, би, ше-
шен. Бұқар жырау «Қарашорда Сәңкібай, Алтекеде—Жиде­
бай, Тобықтыда—Қараменде, Кернейде—Жарылғап» деп, Жа­
рылғап батырды жоңғарларға қарсы шайқастарда ту ұстаған

батырлар қатарында мадақтайды. Жарылғап батырдың әкесі

ғылыми  қосымшалар
Түйте XVІІІ ғасырдың басында ноғайлармен бірге Ресей отар-
шыларына қарсы күрескен. Жарылғап батыр 16 жасында Қаз
дауысты Қазыбек биден бата алып, жорыққа аттанған.

Жауғаш Қырбасұлы (1733-1782)—әскери қолбасшысы,
елші. Ұлы жүз құрамындағы ботбай руының Қоралас аталығы­
нан шыққан. Абылай хан оның ерлігін жоғары бағалап, «Жа-
ралы жолбарыс» деп атаған. 1733 жылы күзде қазақтар жеңіс­

ке жетіп, жоңғарлар қашқан Аюлы, Арқарлы тауларындағы
шайқас кезінде туғандықтан, әуелгі қойылған есімі Жауқашты
екен, анасы Қоңырбике еркелетіп, «Жауғаш» атанып кеткен
Жидебай батыр—арғын руынан шыққан атақты батыр, ай-

тулы қолбасшы. Ел аузында оның әруақты батыр болғандығы
туралы аңыздар көп сақталған.
Жылгелдіұлы Ескелді би (1692 ж.ш.–1780)—би, шешен,
қол­басшы, Төле бидің Ұланбике атты қызынан туған жиен

не­мересі. Жалайыр тайпасының Сиыршы руынан шыққан.
Ескелді би «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» жылда-
ры Тұрлымбет Бекенұлы, Жайнақ, Тәттібай мерген, Малта-
бар, Құлжан сияқты батырларды өз маңына жинап, жоңғар

шапқыншылығына қарсы қанды шайқастарда қаһармандық
көрсетті. Кейін Ескелді би бастаған жалайыр қолы Аңырақай
шайқасына, Аягөз, Таскескен мен қазіргі Текелі қаласынан
әрідегі Жолбарыс сайы, Балдырғанды, Қызқұлаған деген жер-

лерде өткен шайқастарға қатысып, қазақ жерін жаудан азат
етуге елеулі үлес қосты. Халық арасында «Ескелді би айтты»
деген ұлағатты сөздер кең таралып, ол жөнінде Қабан жы-
рау, Бақтыбай Жолбарысұлы, Сара Тастамбекқызы т.б. жыр

толғаған.
Кенесары
(1802-1847)—мемлекет
қайраткері,

әскери
қол­басшы, қазақ халқының 1837-1847 жылдар арасындағы
ұлт-азаттық қозғалысының көсемі. Қазақ жұртының соңғы
хандарының бірі. Кенесары Шыңғыс ханның жиырма жетін­

ші ұрпағы, Абылай ханның немересі. Ордасын Көкшетауға
тіккен Абылай ханның отыз ұлы болған. Кенесарының саяси
көзқарасының қалыптасуы Ресей империясында І Петр билігі

тарихи  аңыздар
кезеңінен басталған Ресей мен Қазақ хандығы арасындағы
қатынастар сипатымен тығыз байланысты болды. Патша
үкі­меті 1822 жылы «Сібір қазақтары туралы Жарғысы» ар­

қылы қалыптасқан хандық құрылымды, дәстүрлі билік үл­
гілерін жойып, қазақ елін жалпыресейлік басқару жүйесіне
сіңістіріп жіберуді көздеді. Кенесары 1841 жылы хан болып
сайланады. Халықты ұйымдастырып, Ресей отаршылары-

на қарсы соғысады. 1847 жылы өзімен бірлесіп соғысудан бас
тарт­қан қырғыздарға да қарсы шабуыл жасаған еді. Өйткені
қырғыздардың Сібір әкімшілігімен астыртын байланыстары
болады. Өз жақтастарының опасыздық жасағандары себепті,

Кенесары інісі Наурызбаймен бірге дұшпандарының қолы­
на түседі. Қырғыздар Кенесарыны айуандықпен өлтіріп, ба-
сын кесіп алып, Омбыдағы орыс үкіметінің өкілі генерал
М.Горчаковқа табыс етеді.

Көкжал Барақ (Барақ Шүрекұлы) (шамамен ХVІІ ға­
сырдың соңы—ХVІІІ ғасырдың ортасы)—батыр. Найман
руының Ергенекті—Көкжарлы аталығынан. «Көкжал Барақ»
деген атпен үш жүзге мәшһүр болған тұлға. Қабанбай қолы­

ның бір қанатын бастап шығыстағы Ертістің оң жағалауын,
Алтай тауларына қарай кететін кең алқапты қалмақтардан та­
зар­туға қатысқан. Аягөз жазығы, Алакөл жағалауы, Шыңғыс­
тау, Тарбағатай баурайында жоңғарларға қарсы ұрыстарда

ерлігімен көзге түскен.
Көтентай (1709-1769)—батыр. Тегі—дулат руының бот­
бай тармағынан. Аңырақай шайқасына (1729) қатысқан. Сар­
баз­дарын Іле өзені мен Алатаудың ортасына (қазіргі Жетіген)

ор­наластырып, Жоңғар қақпасының күзетінде болып, шай­
қастарда ерлігімен көзге түскен.
Келдібекұлы Қазыбек би (1667-1764)—қазақ халқының
бірлігін нығайтуға үлкен үлес қосқан атақты үш бидің бірі, мем-

лекет қайраткері. Орта жүздегі арғын тайпасының қаракесек
тармағынан. Тәуке хан «Жеті жарғыны» шығарарда Төле би,
Әйтеке билермен бірге ханға ақылшы-кеңесші болды. 1710-
1711 жылдары Жоңғар хандығына үш рет елшілікке барған.

ғылыми  қосымшалар
Қожа Ахмет Иасауи кесенесіне қойылды. Халық арасына «Қаз
дауысты Қазыбек» есімі кең тараған.
Қалдан Шерін (1693-1745)—Жоңғар хандығының билеу­

шісі, қолбасшы. Әкесі Сыбан Раптан 1723 жылы қазақ жеріне
басып кіргенде, Қалдан Шерін 10 мың қолмен Балқаш пен Қа­
ра­тауды шапқан. Сыбан Раптан өлгеннен кейін таққа отырған.
Қанжығалы Бөгенбай (1630-1708)—Қазақ әскерінің тари­

хындағы даңқты қолбасшылардың бірі. Батыс Сібірдегі Шет­
қурай деген жерде қазіргі Екатеринбург қаласының шетінде­
гі Шатрово қонысында дүниеге келген. Орта жүз арғынның
қанжығалы руынан. Әз Тәуке заманында қазақ, қарақалпақ,

ноғайдың біріккен әскерлерін басқарып, ордабасы сайланған
(1668). Бөгенбай қазақ жерін жоңғар басқыншыларынан азат
ету жолындағы бірқатар шайқастарды басынан кешіріп, Сібір
татарларын Еділ бойы қалмақтарының шапқыншылығынан

қорғауда үлкен үлес қосқан. Бөгенбай 1688 жылы қалмақтар­
дың шабуылына тойтарыс беріп, өзі осы соғыста жараланады.
Қарабас (1633-1723)—батыр. Қызылжар өңіріндегі Гүлтөбе
деген қоныста дүниеге келген. Қазақ-қалмақ шайқасындағы

белді батырлардың бірі. Тоқсан бірге қараған шағында ауырып,
сол туған жерінде дүниеден өтеді.
Қараш (1715-1813)—Жетісу батырларының бірі. Қалдан
Шереннің Жетісу өңіріне жасаған жорығында соғысқан. Қа­

раш Алатау бөктеріндегі Іле, Шу, Талас өзендерінің бойында
бол­ған сан қилы соғыстарда халықты жауға қарсы ұйымдас­
тыру қабілетімен жиі көзге түсіп, атағы кеңінен жайылған. Қа­
раш тек ержүрек батыр ғана емес, жасақтарды басқарып, батыл

шабуылға шығатын қолбасшы ретінде де танылды.
Қаракерей Қабанбай Қожағұлұлы (1692-1770)—Қазақ хал­
қының жоңғар шапқыншылығына қарсы күресінде ерекше
ерлік көрсетіп, талантты қолбасшы ретінде аты шыққан батыр.

Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келген. Азан шақырып
қойған есімі—Ерасыл. 1717 жылы Аягөз шайқасында ерекше
көзге түсіп, «Қабанбай батыр» атанады. Бірнеше шайқастарға

тарихи  аңыздар
қатысып, Абылай ханның бас батырларының біріне айналған.
1741 жылы Шыңғыстаудағы Шаған шайқасында ақбоз атпен
топ жарып, жауға шапқаны үшін «Дарабоз» атанды. Оның өмірі

мен ерлік күресі Бұхар, Ақтамберді, Үмбетей, Дулат, Тәтіқара
т.б. ақын-жыраулардың шығармаларына арқау болған.
Қайдауылұлы Саурық (шамамен 1670-1740) —батыр, қол­
басшы, мәмілегер. Ұлы жүз жалайыр тайпасының андас руы-

нан шыққан. 1723-1740 жылдары аралығын­дағы қазақ-жоң­
ғар соғыстарына бастан-аяқ қатысып, Аңы­рақай шайқасында
Ұлы жүз қолына тікелей қол­бас­шылық жасаған. Ел аузын-
да Саурықтың ерліктері туралы көп­теген аңыз-әңгімелер

сақталған.
Саурық Ескелді, Балпық
би­лермен Жетісу жерін
қалмақтардан босатуда көп істі бірігіп атқарған. Мұны алуан

түрлі аңыз-әңгімелер дәлелдейді.
Қанай Құттымбетұлы, Қарауыл Қанай (1695-1780)—би,
қоғам қайраткері. Орта жүз арғын тайпасының қарауыл руы-
нан шыққан. Абылай хан мен Бұқар жыраудың ұсынысымен

көп жыл Орта жүзде төбе би болған. Ел аузындағы әңгімелер
мен тарихи шығармалардың деректеріне қарғанда, Қанай би
Абылайдың ең жақын кеңесшілерінің бірі болған.
Қасым хан (1445-1518)—қазақ хандығының негізін салу­

шылардың бірі Жәнібек ханның баласы. Қасым ханның ішкі
және сыртқы саясаты, ел басқару әдістері жөнінде мәліметтер
өте аз. Ол жайында М.Х.Дулаттың «Тарихи Рашиди» атты
еңбегінде біраз дерек бар. Қасым хан билеген кезеңде қазақтар

мен Шайбани әулеті арасында Сырдария маңындағы қалалар
үшін соғыстар жалғаса береді. Қасым хан өз заманында еліне
сай заңдар қабылдайды. Осы заңды қазақ елі «Қасым ханның
қасқа жолы» деп атаған. Бұл заң әдет-ғұрыптық және билік

ережесінің жиынтығы болғандықтан ел басқару ісінде кеңінен
қолданылған. Оның негізі орта ғасырдағы қыпшақ, шағатай
ұлыстары қолданған «Ярғу» (жарғы) заңынан алынған. Қасым
хан өз заңында Құран талаптарына қайшы келмейтін қазақи

ғұрып ерекшеліктерін сақтады. Мысалы, жеті атаға дейін қыз
бермеу, әмеңгерлік, қазылық билік. Ол халықтың көкейі­
нен шыққан әрі ежелден келе жатқан билік дәстүрді, әдет-

ғылыми  қосымшалар
ғұрыптық «жарғыны» жаңғыртып күшейтті. «Қасқа жолдың»
қағидалары өзгерусіз ХVІІ ғасырға жетіп, Есім хандық құрған
тұста (1598-1645) «Есім ханның ескі жолы» деген жаңа тәртіп­

ке ұласып кетті.
Қатты Сыбан—жоңғар қолбасшысы. «Қатты» сөзі қатігез,
мейірімсіз, жауыз деген мағынада қолданылып, Еділ-Жайық
бойы қазақтарын қырғынға ұшыратқан Сыбан тайшының

қасиет-болмысын айқындап тұр.
Құнанбай Өскенбайұлы, Құнанбай қажы (1804-1886)—
бұрынғы Семей облысы, Шыңғыстау өңірінің Ақшоқы қыс­
тауында туылған, би, аға сұлтан. Абайдың әкесі, көрнекті

қайраткер. Құнанбай жасынан палуан, найзагер болды, қатал
да әділдігімен ерешеленіп, әкесі Өскенбайдың тәрбиесінде ел
билігіне араласты.
Малайсары (шамамен

1700-1756)—Орта
жүздің
баты-
ры әрі биі. Арғын ішіндегі бәсентиін руынан шыққан.  Әке­

сі Тоқ­тауыл — батыр балуан, анасы Мөлдір — қалмақ қызы,
қа­рын­дасы Гауһар (Қабанбай батырдың әйелі)—ерлігі аңызға
айналған қаһарман қыз. Малайсары Абылай ханның сұлтан
кезінен сенімді серігі болған. Шоқан Уалихановтың жазуына

қарағанда, Абылайхан Малайсарының
батырлығын,
ақылы
мен қайратын жоғары бағалаған. Малайсары Ресейдің қолас­

тына кіруге қарсы болған. Қазақ-қалмақ соғысын тоқтатып,
екі хандық арасында бейбіт бітім жасау саясатын ұстанып,
жоңғарларға елші болып барған.
Қойгелді Сартұлы (1702-1795)—жоңғар басқыншыларына

қарсы азаттық күрестің көрнекті өкілі, қолбасшы. Шыққан
тегі—Ұлы жүздің дулат тайпасы, шымыр руынан. Аңырақай
шайқасына, 1734 жылғы жоңғарлардың екінші шабуылына
қарсы күресте оңтүстік қазақтарының әскербасы болған. Оң­

түстік Қазақстанды қалмақтардан азат етуде ерлік, тап­қыр­лық
көрсеткен. Түркістанда жерленген.
Қуатбек Байшораұлы (1767-1829)—Ботбай руынан шыққан
батыр. Жоңғар, қоқан шапқыншылықтарына қарсы соғысқан.

тарихи  аңыздар
Наурызбай Құтпанбетұлы, Шапырашты Наурызбай
(1706-1781)—жоңғарларға қарсы күрескен қазақ батыры.
Ша­пырашты тайпасының төлеміс руынан, Абылай ханның ту

ұстаған үш батырының бірі (Қаракерей Қабанбай, Қанжыға­лы
Бөгенбай, Шапырашты Наурызбай), қолбасы. Наурызбайдың
1729 жылы қалмақ батырлары Шамал хан мен Қаскелеңді жек-
пе-жекте өлтірген ерлігі қазақ даласына кең тараған. 1750-1752

жылдары жоңғарларды Тұрфаннан асыра қуып, жеңіске жет-
кен.
Найманбайұлы Әжібай (1699-1778)—ХVІІІ ғасырдағы
жоң­ғар шапқыншылығы кезінде Жетісуды жау тырнағынан

босатқан, есімі өз руының ұранына айналған ірі батырлардың
бірі. Руы Албан тайпасының қызылбөрік руынан тарайды. Ол
қазіргі Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданының Түрген елді
мекенінің маңында туып, Жоңғар Алатауының етегіндегі Қо­

рам деген жерде дүние салған. Аңыз, әңгімелерге қарағанда, жа­
сы Өтеген батырмен шамалас болғандықтан, екеуі талай қанды
соғыстарда иық тіресіп қатар шайқасып, бейбіт кезеңдерде де
достықтары үзілмеген. Достықтың аяғы құдалыққа жалға­

сып, Әжібай Өтегеннің бір қызын келін етіп түсірген. Қазақ—
жоңғар соғысынан кейін Түрген, Қаракемер сияқты жерлерді
иемденіп, руластарын астық, бау-бақша егуге жұмылдырған.
Сөйтіп, Таутүргеннен Қаракемер, Сатай деген жерлерге дейін

тоған қаздырған. «Әжібай тоғаны» аталған сол тоған әлі де
бар. Әжібайдың жеті ұлынан тараған ұрпақтары Райымбек,
Еңбекшіқазақ аудандарының аумағында қоныстанған.
Өтеген батыр—ХVІІІ ғасырда қазақ жерін сыртқы

жаудың шапқыншылығынан қорғаған қазақ батырларының
бірі. 1699 жылы Шу өзенінің бойындағы Хантауының онтүс­
тік шығысындағы Ізенді деген жерде дүниеге келген. Ол он
бес жасынан бастап жоңғар шапқыншыларына қарсы соғыс­қа

араласқан. 1723 жылы Тауасар, Райымбек, Хангелді батыр-
лармен тізе қоса отырып, жоңғарлармен айқасқан. Абылай
ханмен, Төле бимен, Бөгенбай, Қабанбай, Жәнібек, Наурыз-
бай батырлармен бірге үлкен жорықтарға қатысады. Абылай

сұлтан хан тағына отырғаннан кейін Өтеген батыр оның орда-
сын қорғайтын арнаулы жасақтарға басшылық етеді. Хан ор­

ғылыми  қосымшалар
дасының көптеген істеріне араласады. 1773 жылы Іле өзені­нің
бойына қайтып келіп, жетпіс төрт жасында көз жұмады. Сүйегі
Іледегі теміржол көпірінің шығысындағы Шолақтау, Шеңгел­ді

деген жерге қойылып, кейін Қордай жаққа көшірілген.
Сеңкібай Оразғұлұлы (1707-1786)—Қаракесек Қожас
ба­­­тыр­дың шөбересі. Ол XVІІІ ғасырдың 20-жылдарынан
бас­тап Қан­жығалы қарт Бөгенбайдың қасына ілесіп, Ала­

көл, Бұланты, Аңырақай шайқастарына қатысқан белгілі
батырлардың бірі.
Серғазы Түкейұлы (1692-1750)—шапырашты руынан та-
райтын екей-емілдің ұрпағы. Қырық жылдан астам уақыт ат

үстінде жүріп, көбіне қалмақ басқыншыларымен күрескен
қас батыр. Жекпе-жекте өнерінің сан түрлі айла-тәсілдерін, ат
үстіндегі қас-қағым сәттегі үрдіс қимылдардан артына та­лай-
талай өнерлер қалдырған.

Сүйіндікұлы Айдабол—би, шешен. Тәшкен қаласы ма­ңын­
да туып-өскен. Оның ғибратқа толы сөздері ел аузында нақыл
болып қалған. Әділдігі сондай—бір дауда «Төрелігім дұрыс
болмаса, ұлым Тайкелтірді ат құйрығына салып өлтіремін» деп

ант ішкені туралы аңыз сақталған. Арғын тайпасының ішін­
дегі сүйіндік руының бір атасы Айдабол бидің есімімен атала-
ды. Көкшетау өңіріндегі «Айдабол көлі», «Айдабол кенті» т.б.
атаулар би есімімен байланысты туған.

Тәуке хан, Әз Тәуке (т.ж.б.–1716)—қазақ ханы, Жәңгір
хан­ның ұлы. Тәуке хан тұсында Қазақ хандығы саяси жағынан
нығайған, бір орталыққа бағынған мемлекет болды. Үш жүз­
ге билігі жүріп, орталығын Түркістан қаласына көшірді. Өзі­

не дейінгі «Қасым ханның қасқа жолы», «Есім ханның ес­
кі жолы» сияқты ережелер жиынтығының негізінде Төле,
Қазыбек, Әйтеке билерге арқа сүйей отырып, «Жеті жарғыны»
қабылдайды. Көрші елдермен саяси-дипломатиялық байла­ныс

орнатуға тырысқан.
Толыбай Дәуленұы (1603-1680)—батыр, қолбасшы. Жоң­
ғар шапқыншыларымен болған ұрыстарға қатысқан. Соны-

тарихи  аңыздар
мен қатар әділ би, қызыл тілді шешен, көріпкелдік қасиеті
болған. Осы тамаша қасиеттерінің арқасында қазақтың, ноғай,
башқұрт, сібір татарлары халықтары арасында «Толыбай сын-

шы», «Толыбай әулие» атымен танылған.
Төлебайұлы Олжабай (т.ө.ж. белгісіз)—ХVІІІ ғасырда өмір
сүріп, қазақ-жоңғар соғыстарында ерлігімен танылған белгілі
батыр. Сүйегі Орта жүз арғын тайпасының сүйіндік руынан,

оның ішіңде айдабол аталығынан тарайды. Ол туралы тари­
хи деректер сақталмаған. Бірақ ел жадында қалған жыр, аңыз
әңгімелерге қарағаңда, Бөгенбай, Қабанбай, Наурызбай, Ма-
лайсары батырлармен жақын болып, ірі шайқастарда қоян-

қолтық қимыл жасаған. Олжабай—Абылайдың ту ұстаған ба­
тырларының бірі. Оның көптеген жорықтарына қатысып, хан
жау қолына тұтқынға түскенде, құтқаруға елеулі еңбек еткен.
Ол қазақ жерін жоңғар шапқыншыларынан азат етуде де елеулі

еңбек сіңірген.
Түкеұлы Райымбек (1730-1814)—жоңғар басқыншылы­
ғына қарсы күрескен батыр, қолбасшы. Сүйегі албан тайпасы­
ның алжан руынан тарайды. Атасы Ханкелді батыр 1733 жы­лы

Ұлы жүздің беделді адамдары Төле би, Қодар би, Сатай, Бөлек
батырлармен бірге орыс патшасы Анна Иоановнаға елші жі­
беріп, Ресейдің қоластына алуын өтінген. Райымбек 17 жасында
жоңғар шапқыншыларымен болған ұрыстарда ерлік көрсетіп,

батыр атанған. Бейбіт кезеңде халық арасында әулие ретінде
танылған, оның келешекті болжағаны туралы ел жадында
көптеген аңыз, әңгімелер қалған. Райымбектің есімімен аудан,
ауыл, көптеген көшелер аталады. Соның бірі—Алматыдағы

өзінің зираты жатқан Райымбек даңғылы.
Тіленші—қол бастаған батыр, Табын руының старшыны,
Бөкенбай Қарабатырұлының белбаласы. XVІІІ ғасырдың ІІ
жар­тысында қазіргі Батыс Қазақстан облысы, Шыңғырлау

ауданының Қаратал мекенінде (Алмаз) өмір сүрген. Сырым
Датұлы бастаған көтеріліске қатысып, қол бастаған. 1785  жы­
лы билер кеңесінде жетірудың старшыны, 1786 жылғы қыр­
күйекте өткен билер съезінде Орынбор шекаралық сотының

ғылыми  қосымшалар
далалық бөлімшесі—расправаның мүшесі болып сайланған.
Баласы Жоламан да әскери жасақ құрып, орыс отаршылдарына
қарсы күрескен.

Шамал хан (т.ж.б.–1729)—Жетісу өңіріне билік жүргізген
жоңғар ханы (1723-29). Ұлт азаттығына ұмтылып, баскын­
шылық билікке қарсы шыққан жергілікті тұрғындарды аяу­сыз
қырып-жойған.

Шанышқылы Бердіқожа батыр (шамамен 1690-1770)—
жоңғарларға қарсы шайқастарда қол бастаған батырлардың
бірі. Ауыз әдебиеті үлгілеріне қарағанда, қазақ қолбасылары
Бердіқожасыз хан кеңесін де өткізбеген, жорыққа да шықпа­

ған. Аягөз, Бұланты-Білеуті, Іле, Ебі, Ембі, Алакөл, Алтайда­
ғы Ұлансу, Қандысу, Айдынсу, Шар, Шорға соғыстарында
Қозымаңырақ, Қоймаңырақ, Итішпес, Ақшәулі маңындағы,
Аңырақайдағы шайқастарда Ұлы жүз жасақтарына басшы­лық

жасаған.
Шақшақұлы Жәнібек—қазақ тарихында Шақшақ Жәні­
бек, «Жәнібек тархан» деген атпен даңқы қалған батыр.
1693 жы­лы қазіргі Қостанай облысының Жангелдин ауда-

ны, Тосынқұм деген жерінде дүниеге келген. Тегі Орта жүз
құрамындағы арғын руының Момын аталығынан шыққан.
1710 жылғы жоңғар қалмақтарымен соғыста жаудың ноянын
жекпе-жекте өлтіріп, батырлығымен көзге түскен. Арнаулы

әдебиеттер мен ресми құжат деректеріне қарағанда, ол Кіші
жүз ханы Әбілқайырмен дос-жар қарым-қатынас жасап, оның
Ресей қоластына кіру саясатына тікелей қолдау көрсеткен.
Хан тағына отырған Абылайға бата берген. Оның ел ішіндегі

беделін, қайраткерлік қабілетін жоғары бағалап, Ресей пат-
шайымы Елизавета Петровна 1743  жылы 11 шілдеде «тархан»
атағын берген. 1752  жылы қайтыс болған Жәнібек тарханның
денесі Түркістанға жеткізіліп, Қожа Ахмет Иасауи кесенесіне

жерленген.
Шерубай Биболдыұлы (1693-1812), батыр. Туып-өскен ме­­
кені—қазіргі Топар кентінің маңы. Орта жүз жеріне қал­мақ­

тарихи  аңыздар
тардың шабуылы кезінде (1721-1730) Токбура Қаре­ке­ұлы жасы
алпысқа келіп қалса да, ел жиып, жауға қарсы ту көтерген. Ше-
рубай оның қолбасшы батыры болған.

Шоңай Қожамқұлұлы (шамамен 1700-1760/70)—батыр.
Тегі—Орта жүз найман ішінде матай руынан. Шоңай Жас­
тай жетім қалып Бөрібай батырдың тәрбиесінде болған. Жоң­
ғарлармен болған алғашқы ұрыстарда матай қолын басқарды.

Аңырақай шайқасында асқан ерлік көрсетті.

Абақ—Керей руының бір тармағы. Керейдің «Төр шежіресі»
керей этнонимінің Абақ (Әппақ) деген әйелімен байланысты-
рып, Абақ керей сол ананың ұрпағы дейді. Ел ішінде «Абақ—
Үйсін Сармырзаның қызы. Күйеуі қайтыс болған соң Шымыр

деген ұлын алып, төркініне кеткен. Нағашысы әлгі баланы
кішкентайынан ашамайға мінгізіп «менің ашамайлы кере­йім»
деп ертіп жүреді екен» деген аңыз сақталған. Абақ соңғы
күйеуінен Құттықожа деген ұл туады. Одан Майқы (би Майқы

емес), Майқыдан: Ермен-Изен, Жусан туады. Абақ керейдің
қазіргі 12 атасы осыдан өрбиді.
Адай—Кіші жүздің он екі ата Байұлының басты рулардың
бірі. Қыдырғожа әулетінен тарайтын Байұлында: Есенте­мір,

Адай, Беріш—үш ру бөлек аталып, өзінше бір топ құрайды.
Адай руы Байұлы ішінде халқының саны жағынан да алдың­
ғы орындардың бірін алады. ХІХ ғасырдың орта шеніндегі есеп
бойынша, Адайлар қырық мың түтін болған. Олар негізінен

үлкен екі атадан—Құдайке мен Келімбердіден тарайды.
Албан—Ұлы жүз құрамына енетін ру. Албан атауы көне
жазба тарихи деректерден белгілі. V-VІ ғасырларда Албан-
дар Жетісу өңіріндегі Үрбі (Юебань) қауымдастығында чубань

тайпасы аталып, Дулу одағында болған. Қазақ шежіресі бо­
йынша, Бәйдібектің Домалақ ана (Нұрила) есімді кіші әйелінен
туған Жарықшақтың тұңғыш ұлынан тарайды. Атамекені—
Оңтүстік-Шығыс Жетісу. Кейбір ұрпақтары Қазығұрт тауының

(Оңтүстік Қазақстан) бөктерін мекендейді. Ұраны—Бақтияр,
тайпалық ұраны—Райымбек, Бәйдібек, таңбасы—дөңгелек.
ру атаулары

тарихи  аңыздар
Алшын—қазақ халқын құраған тайпалар бірлестігі, Кіші
жүздегі Байұлы, Жетіру, Әлімұлы сияқты тайпалардың ортақ
атауы. Ежелгі мекені—Алтай. Х ғасырда Алтай бойынан ой-

ысып, Арал және Каспий теңізі маңындағы ежелгі тайпалар-
мен араласып кеткен. Алшындар Х-ХІІ ғасырларда Қырымда
болған. ХV-ХVІ ғасырларда Алшынның кейбір рулары Но­ғай
ордасының нығаюы үшін белсене күрескен. Кіші жүз шежі­

решілері Алшын атын қазақтың алғашқы биі Майқы есімімен
де байланыстырады. Алшын ұрпақтары башқұрт, татар және
Кіндік Азия халықтарының құрамында да бар.
Арғын—қазақ халқын құраған көне тайпалардың бірі. Ше­

жіре бойынша, Орта жүздің құрамына енеді. Ежелгі қонысы—
Ертіс, Нұра, Есіл, Торғай өзендерінің бойлары мен Балқаш
көлінің солтүстігіндегі шөлейт өлке. Бұл тайпаның ежелден
келе жатқанын Орхон жазба ескерткіштеріндегі, Қытай жаз­

баларындағы мәліметтер мен М.Қашғари, орыс зерттеушісі
Н.Аристовтардың еңбектері айғақтайды. Қазақ шежіресінде
Арғындар бәйбіше арғын, тоқал арғын болып екіге бөлінеді.
Бәйбішеден тарағандар «Бес мейрам» аталып, Қуандық,

Сүйіндік, Бегендік (Қозған), Шегендік (Қақсал), Қаракесек
деген аталарға бөлінсе, тоқалдан тарағандар «Жеті момын»
аталып Қанжығалы, Тобықты, Бәсентиін, Қарауыл, Атығай,
Сарыжетім, Шақшақ болып жіктеледі.

Атығай—Арғын руының бір аталығы. Жеті Момынның
бірі. Он екі ата Атығай (Дәуіт), Атығай-Қарауыл деп те атала­
ды. Шежірелерге қарағанда, Атығайдан: Құдайберді, Бәйім­
бет, Баба, Моныс, Бабасын, Бағыс, Ақкиік, Құлансу, Қойлы,

Есеншаңырақ, Майлыбалта, Жауғаш аталары тарайды.
Әлімұлы—қазақ халқын құраған Кіші жүз құрамындағы
ірі үш рудың бірі. Шежіре бойынша «Қаракесек» деп те
атайды. Әлімнің алты тармағы болғанына қарай, ел ішінде

«Алты ата Әлім» деп те аталғаны мәлім. Белгілі ақын Ерімбет
Көлдейбекұлы шежіресінде Әлімұлына Жаманақты (Шекті),
Қарамашақты (Төртқара), Айнықты (Қарасақал), Ұланақты
(Қаракесек), Тегінболатты, Тойқожаны (Ақкете) жатқыза­

ды. Мұны тарихшылар С.Толыбеков, Х.Маданов, зерттеуші

ғылыми  қосымшалар
Қ.Салғараұлы, шежіреші Ө.Ахметов те қостайды. Әлімнің
тармағы алтау болғанымен, ұранға шыққаны—төртеу. Олар:
Жаманақ, Ұланақ, Қарамашақ, Айнық.

Байұлы—қазақ халқының Кіші жүзі құрамындағы ірі үш
рудың бірі. Байұлына байланысты ежелгі Қытай деректері
мен кейінгі жазба деректерде бірқатар мәліметтер ұшыраса­
ды. Байұлы атауы Орхон-Енесей жазбаларында Байырқу, ал

Таң империясының жылнамасыларында Байегу деген атпен
кездеседі. Тарихи деректер бойынша Байұлы алғашында Теле
бірлестігінің құрамында болған. Түркі қағандығы оларды ба­
ғындырған соң әуелі Шығыс Түркі қағандығының, кейін­нен

Батыс Түркі қағандығының құрамына енеді.
Бәсентин—қазақ шежіресі бойынша, Орта жүздегі Арғын
тайпасының «Жеті момын» тармағынан таралатын ата. Ақ­
майдан, Бекмайдан, Тоқмайдан, Ақтілес, Күшік, Қарабұжыр,

Апай, Бөрі, Сырым аталарына бөлінеді. Ұраны—Барлыбай,
таңбасы—ойық, тілік.
Ботбай—қазақ халқының құрамындағы ру. Шежіре бо­
йынша, Ұлы жүз құрамындағы дулат тайпасынан тарайды.

Ботбайдан төрт ұл туады. Бірінші ұлы Құдайқұлдан Әлімжан,
Есбер, Бесторсық, Сиыршы туып, төрт ата ел болған және
алты арыс Шағай аталығы (Есенбай, Ақша, Қожай, Асан,
Жанқойлық, Тайлақ) мен он екі ата Қоралас (Есен, Ырыс,

Мәметай, Бекшора, Қауғаяқ, Шауқар, Итім, Сарым, Мырза,
Бура, Томай, Қосан), Бұйдас сияқты аталар да Ботбайға кіреді.
Кейбір шежірелерде бұл аталарды қыздан тараған делінген.
Алты арыс Шағай әулетінен қол бастаған Өлмес, Сәмен батыр­

лар шығып, кейіннен Сәмен батырдың аты Ботбай руының ұра­
нына айналған. Ұраны—Ботбай, Сәмен. Таңбасы—дөңгелек.
Жағалбайлы—қазақ халқының құрайтын рулардың бірі.
Шежіре бойынша Кіші жүз құрамындағы Жетіру бірлес­ті­

гі­не кіреді. Жағалбайлы Лез, Мырза руларына бөлінеді. Та­
рихи мәліметтер Жағалбайлының көне түркі тайпаларының
бірі екендігін көрсетеді. Орта ғасырларда Жағалбайлылар
Сырдария—Арал аймағында сыртқы күштер тарапынан тал­

тарихи  аңыздар
қандалып, жан-жаққа бытырап кеткен. Қазіргі қазақ халқы­
ның құрамына енген Жағалбайлы алғашында (б.з. ІІІ-XІІІ ғғ.
бас кезі ) Оғыз-Қыпшақ тайпалық бірлестіктері құрамында бол­

ған, кейіннен Ноғайлы ұлысы құрамына енген.
Жалайыр—қазақ халқын құраған тайпалардың бірі. Ше­
жіре бойынша, Ұлы жүз құрамына енеді. Диқанбай батыр
шежіресі (Н.Аристов жазып алған) бойынша Үйсіннен—Ақ­

сақал (абақ таңбалы), Жансақал (тарақ таңбалы) тараты-
лады. Соңғысынан Жалайыр тарайды. Тағы бір шежіреде
Майқы биден тарайтын Жансақал мен Жалайыр бір адам деп
тұжырымдалады. Жалайырдың шын аты Қабылан екен. Аңыз

бойынша, жабайы құланның жалын айырып, содан Жалайыр
атанған. Жалайыр: Сырманақ, Шуманақ, Бірманақ болып үшке
бөлінеді. Шуманақтан: Андас, Мырза, Қарашапан, Орақты,
Ақбұйым (Арықбұйым), Қалпе, Сыпатай аталары тарайды.

Сырманақтан: Арықтыным-Байшегір, Балғалы, Қайшылы,
Кү­шік тарайды. Бірманақтан тек Сиыршы (Байбөген) тарайды.
Кейбір шежірелерде Бірманақтың аты аталмай, Сиыршыны
Сырманаққа жатқызады. Осыдан келіп «он екі ата Жалайыр»

атанған.
Жетіру—қазақ халқын құраған рулар бірлестігінің бірі.
Шежіре бойынша, Кіші жүз құрамына енеді. Тарихшылар
Жетірудың арғы тегін ежелгі түркі тайпалары (Төлеу, Рама-

дан, Тама, Табын, Кердері, Керейт, Жағалбайлы) бірлестігі­мен
байланыстырады. Қазақ руларының тарихына қатысты зерт-
теулерде Жетіру Тәуке хан кезінде осындай атпен топтасқан
қауымдастық деп түсіндіріледі.

Керей—қазақ халқын құрған ежелгі түркі тайпаларының
бірі. Шежіре бойынша, Орта жүз құрамына енеді. ІX-XІІ ға­
сырларда Керей тайпасы Керей хандығы аталған мемлекет
құрып, Завхан, Тула, Сэлэнгэден Шығыс Моңғол құмына дейін­

гі даланы қоныс етіп, батысы Найман хандығы, солтүстігін­де
меркіттер, оңтүстігінде татарлар, шығысында Ся мемлекеті­
мен іргелес жатты. Ол кезде Керей хандығы Керейт, Жиркин,
Қонхойт, Сақайт, Тумаут, Албат, Тункайт-Киркун деп атала-

тын тайпалардан құралатын. Аталған тайпалардың ең ірісі ке-
рейлер болғандығы мәлім.

ғылыми  қосымшалар
Көнсадақ—Керей руының бір бұтағы. Шежіре бойынша,
Керейдің Абақ керей тармағына енеді. ХХ ғасырдың басында
Қара Ертіс бойын, Қытайды мекендеген. Аңызда Жаппас

(Жабай) атты батыр бабалары садағын көнмен қаптағандық­тан,
ру солай аталған деп айтылады. Көнсадақтан—Шолан, одан
Ақ­тас таратылады. Ұраны—Жабай.
Кіші жүз—Қазақстанның батыс аймағын мекендеген рулар

мен тайпалар одағы. Қазақ халқының этникалық құрамына
енеді. Қазақ халқы қалыптасқаннан көп бұрын олардың көп­
шілігі Батыс Қазақстан өңірінде құрылған Ноғайлы хан­ды­
ғының одақтасы болды. Оның құрылуына ішкі себептермен

қо­са сыртқы дұшпаннан қорғану мақсаты да әсер еткен. Ноғай
Ор­дасынан бөлінген қазақ тайпаларының, яғни Алшын одағы­
ның негізінде Кіші жүз бірлестігі қалыптасты. Соған байла-
нысты Кіші жүз қазақтары ел арасында «Кіші жүз—Алшын»

атанған. Оның құрамына он екі ата Байұлы (Адай, Алшын, Жап-
пас, Алаша, Байбақты, Беріш, Масқар, Таз, Есентемір, Ысық,
Қызылқұрт, Шеркеш), Жетіру (Табын, Тама, Кердері, Керейт,
Жағалбайлы, Телеу, Рамадан), алты ата Әлімұлы (Қаракесек,

Қарасақал, Төртқара, Кете, Шөмекей, Шекті) рулары енеді.
Қаңлы—қазақ халқының негізін құраған ежелгі тайпа­
лардың бірі. Шежіре бойынша, Ұлы жүз құрамына енеді.
Қаңлы этногенезі мен тарихы туралы жазба деректер (қытай

жазба деректері т.б.) мен оның шығу тарихы жөнінде ел аузын-
да сақталған аңыз-әңгімелер аз емес.
Қаракесек—Орта жүз Арғын руының бір атасы. Шежіре
деректеріне қарағанда, Қаракесек Арғын руының «Бес мей-

рам» атанатын бірлестігіне кіреді, яғни Мейрам сопының
кіші әйелі Қарқабаттан туған Болатқожа деген баласынан
тарайтын ата. Қаракесектен Майқы, Бошан, Танас тарай-
ды. Қаракесектің рулық ұраны мен таңбасы Арғын тайпасы-

мен бірдей болғанымен, Арғын ішінде Болатқожаның шешесі
Қарқабат атын ұран еткен.
Қарауыл—Арғынның Момын деген бәйбішесінен: Ақсо­
пы, Қарасопы, Сарысопы; Қарасопыдан: Бәсентиін, Қарауыл,

Қарауылдан Түнғатар, Қадды, Бошпан болып тарайды.

тарихи  аңыздар
Қуандық—Арғын атадан: Қуандық, Сүйіндік, Бегендік,
Ше­гендік, Бегендіктен Қозған, Тәңірберді, Сырық деген бала-
лар өрбиді.

Қызай—шежіре-аңыздарда әйелдің аты делінеді. Қызай
Үйсін елінің қызы (есімі—Күнбүбі, кейбір нұсқаларда Қар­
лығаш дейді). Бәйдібек байдың ұлы Ілебайдың қызы екен.
Ілебай соғыста қаза тауып, Қызайды атасы Бәйдібек бауыры-

на салып өсіреді. Күнбүбі асқан зерек әрі көрікті болғандық­тан
«қыз-ай», «қызай» аталып кетеді. Қызайды Матайдың ұр­па­
ғы Шағырай алады. Осы Шағырайдан тараған ұрпақ өсіп-өніп,
рулы ел болып ананың атымен «Қызай елі» атанады.

Қыпшақ—қазақ халқының, басқа да бірқатар түркі ха­лық­
тарының негізін құрған ежелгі тайпа, орта ғасырларда Орта
Азия мен Шығыс Еуропаны мекендеген аса ірі ұлыстардың бірі.
Қыпшақ атауы алғаш ежелгі түркінің Шина Усу ес­керт­кі­шін­

де кездеседі. Махмұт Қашқари еңбегі бойынша, ІX ғасырдағы
қыпшақтардың құрамына қимақ, субар, қаңлы, қарабөрікті,
тоқсаба, жете, бөрлі т.б. рулар мен тайпалар енген. Қыпшақ­
тар түрік қағанаты ыдырағаннан кейін алғашында Қимақ

қағандығының құрамында болып, XІ ғасырда бөлініп шықты.
Шыңғысхан империясының батыс бөлігіндегі Жошы ұлысын
(Алтын Орда) тарихшылар Дешті қыпшақ деп атаған.
Найман—қазақ халқын құрған ежелгі түркі тайпалары­

ның бірі. Көптеген зерттеушілердің пікірінше, «найман» атауы
моңғолша «сегіз» деген мағынаны білдіреді. Оғыз тайпасынан
шыққан наймандар түркі тілдес болды. Олар XІІІ ғасырдан
бастап «Сегіз оғыз», кейінрек «Цзбубу» одағын құрды. ХІІ ға­

сырдың 2-жартысында күшті мемлекет болғандығын тарих­
шылар жоққа шығармайды. Найман батысында қаңлы,
қыпшақ; шығысында керей, меркіт; теріскейінде қырғыз; оң­
түстігінде ұйғыр, таңғұттармен шекаралас, қоныстас болған.

Шыңғыс хан шапқыншылығы кезінде Найман хандығы құ­
лап, ыдырағаннан кейін өздерінің байырғы ата қонысына таяу
Ертіс, Алтай алабына қоныс аударып, Үгедей ханның ұлысына
қарады. Қазақ халқының шежіре деректері бойынша, Найман

ұлысы Орта жүзге кіреді. Найманнан: Терістаңбалы (кейде—

ғылыми  қосымшалар
Елата), Сарыжомарт (Ергенекті найман), Төлегетай деген рулар
бірлестіктері тарайды.
Орта жүз—қазақ қоғамындағы үш ірі тайпалық бірлес­тік­

тің бірі. Яғни, олар: Ұлы жүз, Орта жүз, Кіші жүз. Орта жүзге Са-
рысудан бастап, төменгі Сырдариядан Ертіске, Тобылға, Есілге
дейінгі аралықта көшпенді тұрмыс кешкен Арғын, Қоңырат,
Уақ, Қыпшақ, Керей, Найман т.б. қазақ рулары кіреді.

Сарыүйсін­—Ұлы жүз құрамындағы тайпа. Қазақ шежі­
ресі бойынша, Абақ немересі Бәйдібектің бәйбішесі—Сары­
бәйбішеден өрбіген. Жалайыр Спандияр шежіресінде (жина­ған
Б.Бақтияров) Бәйдібек бидің Сарыбәйбішесінен Байтоқ­ты—

Мырзатаз—Жақыпқалша (Жездем Қалша)—Сарыүйсін, ал
А.Нұрбеков жинаған шежіреде Сарыбәйбішенің қызынан ту­
ған асырап алған жиені Сыйлықсарыны ел «Сарыүйсін» атап
кетеді. Одан Қалша, Жақып ұрпақтары тарайды.

Суан—Жарықшақтың ортаншы баласынан өрбіген ру. Суан
руының негізгі ірі атасы үшке бөлінеді: Бәйтүгей, Тоғарыстан,
Бағыс, (соңғысы Оңтүстік Қазақстан облысын мекендейді).
Тоқарыстаннан: Тұрдымбет, Мұрат, Бердіке мен Баубек;

Байтөгей үш атаға бөлінеді: Елтінді, Молақ пен Жылгелді.
Сүйіндік—Арғынның Мейрам деген баласынан тарайтын
аталық. Сүйіндік өз ішінде: Қаржас, Орманшы, Құлболды,
Жанболды, Мәжік секілді тармақтарға бөлінеді.

Табын—Жетіру бірлестігінің құрамындағы ру. М.Тыныш­
баев зерттеуінде Табын, Жаманкерей, Бозым, Бегім, Қайыр­
қожа деген төрт атаға бөлінеді. Енді бір шежіреде Табыннан
Шөмішті, Тарақты, Көсеулі тарайды.

Тарақты—Орта жүз құрамындағы ру. Тарақты ежелгі
одақтар мен мемлекеттердің құрамына енуі жайында әдебиет­
те деректер кездеспейді. Шежіре деректері бойынша, Ақжол­
дан: Қыпшақ, Арғын, Найман, Қоңырат, Керей, Тарақты, Уақ,

Тарақтыдан: Апай, Тоқтауыл, Қыдыр, Жәші (Жасши), Әлі,
Сары, Әйтей, Қосанақ, Алакөз, Шәуке, Әлеуке, Көгедей болып

тарихи  аңыздар
он екі арыс ел тарайды. Басқа шежіре деректерінде Тарақты­
ны Арғын руына жатқызады. Тарақты Қазан төңкерісіне дейін
Орталық Қазақстанның Ақтау, Қызылтау, Ортау мекендерін,

Жоғарғы Сарысу, Көктің көлі, Есіл, Нұра өзендерінің бо­
йын мекендеген. Жоңғар шапқыншылығына қарсы күресте
Тарақтының Наймантай, Байғозы батырларының есімдері
аңызға айналған. Ұраны—Жауғашар, Байғозы, тарақ таңбалы.

Тобықты—Орта жүз арғын тайпасынан тарайтын белді
рулардың бірі. Тобықтының үлкен баласы Рыспетектің үш
баласы—Мұсабай, Көкше, Дадан және Мұсабай. Көкшенің екі
баласы—Топыш, Томан. Топыштың екі баласы—Бәши, Шобан.

Томанның екі баласы—Қаракөшек, Балтай. Шобанның алты
баласы: Надир, Бәрит, Әлім, Жасыбай, Қарабақан, Турабай.
Торғауыт—бұрын ойраттар құрамында болған этникалық
топ. Тәуекел хан кезінде қазақ хандығына бағынған. 1627 жы­

лы батыстағы Еділ бойына қоныс аударған. Қазіргі торғауыт­
тар Моңғол Халық Республикасында (Қобдо аймағы), Қытай
Ха­лық Республикасында (Шинжаң өлкесінде және Ішкі Моң­
ғо­лияда) тұрады. Алтай тіл тобындағы моңғол тіл тармағына

жа­татын ойрат тілінде сөйлейді. XVІІ ғасырда торғауыттар­дың
бір бөлігі Ресей шекарасына өтіп, бірте-бірте қалмақ­тар­дың
құрамына енген. Моңғолия жеріндегі торғауыттар ондағы басқа
моңғол тектес халықтармен бірігіп кеткен.

Уақ—Орта жүз құрамына кіретін ру. Шежіре деректерінде
Уақ аталарының бірі ретінде әйгілі Ер Көкше батыр мен оның
ұлы Ер Қосай батырдың есімдері аталған. Уақтың шығу тегі
туралы пікірлер де әр түрлі. Тарихшылар Ә.Марғұлан мен

Н.Мыңжани ІХ-ХІІІ ғасырларда моңғол үстіртін мекендеген он-
гуттарды Уақ деп есептеген. Ш.Құдайбердіұлы мен А.Левшин
оларды қазақ хандығына ХІV-ХVІІ ғасырларда ғана қосылды
деп санаған. Ал Ш.Уәлиханов Ер Көкше, Ер Қосай батырлар

арқылы уақтар Алтын Орда ыдыраған кезден бастап көріне ба-
стады дейді. Қазақ арасына кең тараған аңыз бойынша, Уақ
Керей тайпасымен туыстас. Уақтың алғашқы атамекені Қа­
зақстанның оңтүстік-шығысы мен Моңғолияның батысы бол­

са керек. Қазақ жеріне жоңғарлардың баса-көктеп еніп, алға

ғылыми  қосымшалар
жылжуының салдары­нан Уақтар өзінің ата-мекенінен ығысып,
солтүстікте Тобыл жә­не Үй өзендеріне, Батыста Торғай өл­
кесіне, ал оңтүстікте Арал теңізінің жағалаулары мен Сыр бой-

ына дейін жетті. Ұраны—Жаубасар, Бармақ, таңбасы—босаға,
ашамай.
Үйсін—қазақ халқының қалыптасуына негіз болған ежел­
гі түркі тайпаларының бірі. Ежелгі қытай жазбаларында

Үйсін атауы б.з.б ІІ ғасырдан бастап кездеседі. Ғұндардың
күшеюінен қорыққан Қытай үкіметі өзіне одақтас іздеп, батыс
елдеріне елшілік жібереді. Үйсін тайпалық бірлестігі бұл тұста
Қытайдың батысындағы өзге елдермен дәрежесі тең қуатты да,

құдіретті мемлекет болды. Үйсіннің шығу тегі, таралуы, қазақ
халқының тарихындағы рөлі жайында тарихи-генеалогия­
лық зерттеулерде талас пікірлер аз емес. Оған себеп—жазба
дереккөздері. Атап айтқанда, VІІ ғасырдағы Қытай жазушы-

сы Чин-гу «Батыс өлкенің өзге шетелдіктерінен Үйсіндердің
едәуір айырмашылығы бар, олардың көзі көк, жирен сақалды»
деп жазды. Жетісу үйсіндерінің шығу тегін анықтау жолын-
да А.Н.Бернштам, К.А.Ақышев, Г.А.Кушаевтар археология­

лық қазба жұмыстарын жүргізді. Мәселен, Есік қорғанынан
қазып алынған (1969-1970) «алтын адам» «сақ ханзадасы» деп
тұжырымдалғанымен, соңғы зерттеулер «Үйсін адамы» деген
пікірді алға тартады.

Шекті—қазақ халқының құрамындағы ру. Шежіре де­
ректері бойынша, Кіші жүз Әлім ұлы бірлестігіне кіреді.
Әлімнен алты ата тарайды. Соның үлкені әрі ең өсіп-өнгені
осы Шекті. Лақаб аты—Жаманақ. Кейбір шежірелерде «Бес

Шекті» аталғанымен, Шектінің шежіреге түскен балалары
төртеу: Шыңғыс, Өріс, Баубек, Бөлек.

Абыз /т/—білгір, білімді
Адақ—дара
Абылайша—шаңыраққа уықтың өзін шаншып
Авгус /о/—тамыз айы

Ақшелек—түйеде кездесетін індет
Аламансыр—ұлан-асыр, айқайлап атой салу
Анжы—дәріге малынған қыл
Арестан /о/—арестант; тұтқын

Әбжіл /ж.с./—епті, ыңғайлы
Барлығу—баpлығып қалған, қаpлығыңқы
Бейғам, бейқам—қамсыз, жайбарақат
Бейіл—пейіл, ниет, көңіл

Бедірек—құны жоқ, құнсыз, қадірсіз
Берен—болаттан жасалған батырлар киетін сауыт
Бытқыл—бұтасы қалың жер
Дес—сүйенер адам деген мағынада қолданылған

Долгсыз /о/—қарызсыз, тегін
Есекқырған—юпитер планетасының қазақша аталуы
Жаубүйрек—жаңа сойылған малдың, аңның бүйрегінен,
етінен қуырып пісірілген тағам

Жайшы—Құдайға жалбарынып дұға оқу арқылы ауа райын
өзгертіп, жауын жаудыратын сиқыршы
Жамбыл—қорған, бекініс
Жиенқұрық—қазақ дәстүрі бойынша, ержетіп қалған жиен­

нің нағашы жұртына барғанда өзі қалап, сұрап алған заты
Жұдалы—елдің беделді, бетке ұстар адамдары
Жұрын—елдегі қатардағы қарапайым адамдар
сөздік

ғылыми  қосымшалар Зекетші /а/—мұсылманның бес парызының бірі, нысапқа жеткен бір жылдық мал-мүлкінің қырықтан бірін беруші адам Зиярат /а/—көрісу, зират ету, сәлем беру, қол беру, құл­ шылық Зүрият /а/—ұрпақ, тұқым Зін /а/—зейін, ден, көңіл Ишан—дін басшыларының жоғарғы атақтарының бір атауы Кәкпір—сүзгіш, тесік ожау Күрзі /к.с./—сабы қысқа шоқпар Керік—салт мінілетін, жұмысқа салынатын мал, көлік Күлдіреуіш—шаңырақ тоғынының үстінен түндікті көте­ріп тұратын, түтін шығып, жарық түсу үшін айқастыра бекітіл­ген ағаш, шаңырақтың керегекөз боп түйісетін шыбықтары Кілтең—күйкіл, қаяу, кірбің Көзер—өткел деген мағынада Крауат /о/—төсек, кереует Кірекеш—жүк тасушы, алыпсатар Қалт—кенет, тез, аяқ астына, мүдірмей Қамырық—көңілдегі қайғы-шер, азап, мұң, уайым Қаптал Шапан—ұлттық сырт киім. Жүн тартып, бидайылап, бағалы маталардан жағасыз, жұқа етіп тіккен киім Қорамса—оқ құюға аpналған қалып Қоршаласу—қаумаласу, ортаға алысу Қыжалат /а/—қысылу, тарығу Ләшкер—әскер Лепес—айтылатын сөз, лебіз Мәулет—белгілі бір істі, тапсырманы орындауға берілген уақыт, мерзім; мүмкінді Мәшрүп—құлақкесті деген мағынада Мойнақ—түйенің мойны т. б. малдың алқымынан басына дейінгі мойын теpісі Нөпір—қалың, қаптаған, қара-құрым Оба—әр жердегі үйілген оба; қалмақтардың өлгеніне шы­ ғарған жаназасы. Қалмақ тасқа табынады. Сол табынып жүр­ ген тасымен өліктерін бастырып кетеді. Көп үйілген обалар хандарының, жайсаңдарының жаназа тасы, аз үйілген—жай кісілерінікі Парзант—перзент

тарихи  аңыздар Салбурын—қыс маусымында аңшы, саятшылардың топталып бірнеше күнге аң аулауға шығу салты Саң—Шыттан қалыңдау ақ түсті мата Саңы—көңілі, ықыласы Сапы—кішкене өткір қылыш, семсер Сыбырлақ—малдың қызыл асығымен бірге біткен өте майда сүйек Сүре—ығыстыру Сырттан—тегі жақсы, қырағы, алғыр Тайжақы—тай, құлын, құралай терісінен тігілген ішік Тамұқ—тозақ Тоғанақ—бір басында ілмегі бар, екінші басына арқан байланатын бастырық ағаш Түбеліткі /ж/—түбегейлі Үйелмен—үй-мүлік, үй-жай, қора-қопсы, қыстау-қияу Шар тарту—егде тарту, қартаю Шаһит—дін жолындағы соғыста өлген адамды айтқан кейінгі кезде отаны үшін өлген адам туралы да айтылып жүр. Отанын адал қорғап өлген деген мағынада Шұрқылтай—бұғананың үстіңгі жағындағы жұмсақ ойық жеp Шылпара—күлпара, быт-шыт Харам /а/—арам, таза емес;шариғат бойынша тыйым салынған, яғни ішіп-жеуге, қолдануға жарамайтын нәрсе [Құран Кәрімде бұл түсінік 71 жерде қолданылған] Хауыз—жан-жағы, түбі шегенделген, су сақтайтын шұңқыp Һәм /а/—және Іңір—күн батып, қаpаңғы түсе бастаған кез

Ақмешіт—қазіргі Қызылорда қаласының орнында бол­
ған көне бекініс орны. Ол 1817 жылы салынған. А.И. Доб­
росмысловтың дәлелдеуі бойынша, бекіністі Қоқан ханы
Омар­хан салдырған. Бекініс ішінде саз балшықтан са­лынған

елуге жуық үй, екі мешіт, медресе, оқ-дәрі қоймалары, құ­
дықтар болған. Бекініс орыс әскерлері келген кезден «Перовск
форты» болып аталған. Қазан төңкерісінен кейін Ақме­шіт аты
қайта берілді. 1925 жылы оған Қызылорда аты беріліп, 1929

жылға дейін Қазақстанның астанасы болып тұрды.
Алакөл—Қазақстандағы Алматы және Шығыс Қазақстан
облыстарының аумағында орналасқан тұйық көл.
Алатау—1) Орталық Азия мемлекеттері мен Ресей Феде­

рациясының Сібірдегі тау жоталарының жалпы атауы. Оларға
Күнгей Алатауы, Кузнец Алатауы, Талас Алатауы, Қырғыз
Алатауы, Жетісу Алатауы, Іле Алатауы т.б. жатады. 2) Жетісу
және Іле Алатауының халық ұғымындағы жалпылама атауы.

Алматы—Алматы облысының орталығы, республикалық
мәртебесі бар қала. Қазақстанның оңтүстік шығысында Іле
Алатауының солтүстік баурайында орналасқан. 1927 жылдан
1997 жылға дейін Қазақстанның астанасы болды.

Алтай тау—Азия құрлығының орта тұсындағы таулы
өлке. Алтай Солтүстік батыстан оңтүстік шығысқа қарай Батыс
Сібір ойпатынан Гоби жазығына дейін жан-жаққа таралған.
Оңтүстіктегі табиғи шекарасы Қара Ертіс өзені мен Зайсан көлі,

Жер-су атаулары

тарихи  аңыздар
ал батыс бөлігі Сарыарқадан Қалба жотасы арқылы бөлінеді.
Солтүстік шығыста Шығыс Алтайдың шапшал жотасы Батыс
Саянмен жалғасады.

Алтын Емел—Алматы облысының Кербұлақ ауданын­
да­ғы ауыл, ауылдық, әкімшілік округінің орталығы. Аудан
орталығы Сарыөзек кентінің Алтынемел жотасының солтүс­тік
батыс беткейінде орналасқан.

Арқа—Қазақстандағы аса ірі географиялық нысан. Бұл
«Сарыарқа» деп те аталып, тұтас алғанда Орталық Қазақ­
стан­ды білдіреді. Шындығында, Арқа—Орталық, Шығыс,
Солтүстік Қазақстанды қамтитын үлкен аймақ. Арқа туралы

тарихшы Құрбанғали Халидтің «Таварих-и Хамса-йи шархи»
атты еңбегінде көп деректер бар. Әбілғазы Бахадүр «Түрікмен
шежіресі» атты еңбегінде Арқа-Дешті-Қыпшақ деген үш сөзді
бір топонимдік атау ретінде пайдаланған.

Арыс өзені—Оңтүстік Қазақстан облысындағы өзен, Сыр­
дарияның оң жақ саласы.
Ақтау—Қазақстанның оңтүстік-батысындағы қала, Маң­
ғыстау облысының орталығы. Қала—теңіз және әуе порты.

1964  жылдан 1991 жылға дейін украин ақыны Тарас Шев­
ченконың құрметіне Шевченко аталған.
Аягөз—Алматы, Шығыс Қазақстан облыстары аумағы ар­
қылы ағатын өзен. Тарбағатай жотасының солтүстік сі­лем­

дерінен бастау алып, Балқаш көлінің солтүстік шығыс бөлігіне
құяды.
Балқаш—Қазақстанның
оңтүстік-шығысындағы

тұйық
көл. Аумағы жөнінен Каспий, Арал теңіздерінен кейінгі үшін­
ші орында.
Бақанас—Іле өзенінің құрғап қалған ескі арнасы. Бақанас

ауылының солтүстік тұсынан бастау алады.
Баянауыл тауы—Павлодар облысындағы тау аты. Бұл жер-
ден Сұлтанмахмұт Торайғыров, Жүсіпбек Аймаутов, Қаныш
т.б. қоғам қайраткерлері шыққан.

ғылыми  қосымшалар
Бетпақдала—Қазақстанның орталық бөлігіндегі кең бай­
тақ аймақты алып жатқан шөлді өңір. Қарағанды, Жамбыл,
Оңтүстік Қазақстан облыстары аумағында орналасқан. Баты-

сында Сарысу өзенің төменгі ағысымен, шығысында Балқаш
көлімен, оңтүстігінде Шу өзені аңғарымен, солтүстігінде Са­
рыарқамен шектеседі. Сай-жырылармен тілімденген Батпақ­
дала жазығында сор, тақыр және жазда құрғап қалатын тұзды

көлдер кездеседі. Көктемде жауын суымен толығып, жаз-
да құрғақ арнаға айналатын Қарқаралы, Қарасу, Талдыеспе
сияқты кішігірім өзендер бар.
Боралдай (ежелгі түркіше борулдай—күлгін түсті құс)—

Алматы облысының Іле ауданындағы кент, кенттік әкімші­лік
округінің орталығы.
Бұхара (санскритше вихара—монастырь)—б.з. І ғасырында
іргесі қаланған, Зарафшан өзенінің төменгі ағысында ор­

наласқан, Орта Азиядағы көне қалалардың бірі. Қазірде Өз­
бекстан Республикасының осы аттас облыс орталығы.
Бурабай—Көкшетау қыратындағы тұйық көл. Бурабай та­
биғатының ерекше сұлулығы көптеген әдебиет және көр­кем­

сурет шығармаларына арқау болған.
Еділ—Еуропадағы ең үлкен өзен. Каспий теңізіне құяды.
Еділге екі жүзден астам салалар құяды. Орта ағысында Ока,
Кама (Шолман), Сура, Ветлуга және Свияга салалары құйған­

нан кейін, Еділ суы мол ірі өзенге айналады.
Ерейментау—Сарыарқаның солтүстігіндегі таулы алқап.
Ақмола, Қарағанды облыстарында орналасқан. Таулы алқап
оңтүстік батыстан солтүстік-шығысқа қарай 100 шақырымға

созылып жатыр. Ол Өлеңті және Шідерті өзендерінің суайрығы
болып табылады. Осы өзендердің салалары—Жарық, Қарасу,
Олжабай, Тұрғынбай өзендері тау беткейлерінен басталады.
Ертіс—Батыс Сібір мен Қазақстан жеріндегі өзен, Обътың

сол саласы. Моңғол Алтайының оңтүстік батыс беткейіндегі
мұздықтардан басталады.

тарихи  аңыздар
Есіл—Қазақстан Республикасы мен Ресейдің Тюмень,
Омбы облыстары жеріндегі өзен, Ертістің сол саласы. Сары­
ар­қа­ның солтүстік бөлігіндегі Нияз тауынан басталып, Омбы

облысындағы Усть-Ишим селосы тұсында Ертіс өзеніне құяды.
Есіл бойында Астана (Ақмола), Петропавл, Есіл қалалары орна­
ласқан.
Дуана—Шығыс Қазақстан обл. Семей қалалық әкімдігі

аумағына қарасты Дегелең тауының оңтүстігіндегі тау.
Жайық—Каспий теңізі алқабындағы өзен. Ол Ресейдің
Баш­құртстан, Челябинск, Орынбор әкімшілік аймақтарының
және Қазақстанның Орал, Атырау облысының территория­

сымен ағады.
Жарма—Шығыс Қазақстан облысының Жарма ауданын­
дағы кент, округ орталығы, темір жол стансасы. Шар өзенінің
сол жақ саласы—Жарма өзені жағалауында, боз, бетеге, селеу,

көкпек өскен сортаң қоңыр топырақты шөлейт дала белдемін­де
орналасқан.
Жетісу—еліміздегі ең ірі өлкелердің бірі. Жері сулы,
нулы Жетісу туралы ғалымдар түрлі пікірде болып келгені

белгілі. Кей деректерде Жетісу құрамына Іле, Қаратал, Ақсу,
Бүйен, Лепсі, Басқан, Сарқант өзендері жатқызылса, танымал
зерттеуші Ә.Тұрлыбаев Бүйен, Басқан, Сарқант өзендерінің ор-
нына Аякөзді, Талас пен Шуды кіргізеді. Жетісудың аумағын­

да 1867 жылы Семиреченская облысы құрылып, ол 1922 жы­лы
Жетісу облысы, 1924 жылы Жетісу губерниясы болып ата­лып,
1932 Алматы облысы бөлініп шықты.
Зайсан—Шығыс Қазақстан облысының қиыр шығысын­

дағы әкімшілік бөлік. Шығысында Қытай Халық Республи-
касымен шектеседі. Аудан орталығы—Зайсан қаласы. Зайсан
ауданының жер бедері өте күрделі. Аудан жерімен Зайсан көлін
жағалап Зайсан—Семей, Зайсан—Өскемен, Боран—Теректі—

Балықтыбұлақ автомобиль жолдары өтеді.

ғылыми  қосымшалар
Керегетас—Шығыс Қазақстан облысы, Күршім ауда­нын­
дағы тау. Марқакөл көлінің шығысында, Сарлытаң тауының
солтүстік-шығысында

орналасқан.
Беткейінен
Шағанаты,
Қара­қоба, Сорвенок өзендерінің салалары бастау алады.

Көкбастау—Тарбағатай жотасының солтүстігіндегі Қа­
заншат және Сарытолағай тауларының оңтүстігіндегі оқ­шау­
ланған тау.
Көкшетау—жақпартасты, орманды-көлді таулар жүйесі.

Сарыарқаның солтүстігінде, Көкшетау қыратының солтүстік-
шығыс бөлігінде, Шортанды ауданында оқшау орналасқан.
Қарабас—Сырдария алабындағы өзен. Оңтүстік Қазақстан
облысының Бәйдібек ауданы жерімен ағады. Бастауын Қара­тау

жотасының солтүстік беткейінен алып, Бөген өзеніне жет­пей
тартылып қалады.
Қарақұм—Іле өзенінің оң жағалауындағы құмды алқап.
Қытаймен шекаралас орналасқан. Алматы облысы, Жәркент

ауданы жерінде. Қарақұмның батысында Бурақожыр (Боро-
худзир), шығысында Қорғас өзендері, солтүстігінде Тоқсанбай
жотасы, оңтүстігінде Іле өзені аңғары жатыр.
Қарсақбас—Тосынқұм құмының батысында 15 шақырым

жердегі тау. Қостанай облысы, Жангелдин ауданындағы Тор­
ғай өзенінің аңғарында орналасқан. Қарсақбас тауының жа­
нын­да Басқарасу, Алакөл, т.б. көптеген қыстаулар бар.
Қаракөл—Қызылорда облысы, Арал ауданындағы көл.

Қармақшы—Қызылорда облысының орталық бөлігінде ор­
наласқан әкімшілік бөлініс. Аудан орталығы—Жосалы кенті.
Аудан жерін толығымен Тұран ойпаты алып жатыр.
Құмкент—ортағасырлық қала орны. Оңтүстік Қазақстан

облысы Шолаққорған ауданнан 30 шақырым жерде орналас­
қан; Со­зақ ауданындағы әкімшілік бірлік.

тарихи  аңыздар
Қазығұрт тауы—Талас Алатауының оңтүстік-батыс сіле­
міндегі аласа жота. Ежелгі аңызда дүниені топан су басқанда,
Нұқ пайғамбар кемесі Арабияның Жуда тауында, Х ғасырдағы

аңызда Арарат тауына тоқтаған делінеді. Қазақ (түркі) аңызы
бойынша, топан су қаптағанда Нұқ пайғамбар («Топан су»
мифінің көне нұсқасында Нұқ пайғамбардың есімінің орнын-
да «Йвшқар-ата» («Жылаған-ата», «Жылауық ата» деген кісі

есімі де қолданылады) кемесі Қазығұрт тауының шыңында
тұрып қалған. Сөйтіп, топан су қайтқан соң, адамзаттың жаңа
ұрпағының тіршілігі сыртқы бітімі кемеге ұқсас Қазығұрт
тауы­нан басталған. Кейін ислам дінінің таралуына байланыс­ты

Нұқ пайғамбар туралы аңызбен ұштасып, ежелгі мифтің жа­ңа
нұсқасы пайда болған.
Қайдауыл—Павлодар облысы, Баянауыл ауданындағы тау.
Баянаула тауларының солтүстігінде орналасқан.

Қалба—Ертіс өзенінің сол жағындағы тау және тау қы­рат­
тары.
Қапал—Алматы облысының Ақсу ауданындағы елдіме­кен.
Кезінде осы аттас ауданның орталығы болған. Аумағында ши-

палы емдік судың мол қоры жинақталған.
Қарақалпақ, Қарақалпақстан —Қазақстан Республика­
сы­ның оңтүстік-батысында орналасқан, Өзбекстан Респуб­ли­­
касының құрамындағы автономиялық республика. Орта­лы­

ғы—Нүкіс қаласы.
Қаратал—Алматы облысының Ескелді, Көксу, Қаратал
аудандары жерімен ағып өтетін өзен. Балқаш-Алакөл алқабын­
дағы суының молдығы және арнасының үлкендігі жағынан

Іледен кейінгі орында. Қаратал Жетісу (Жоңғар) Алатауында­
ғы мұздықтардан басталып, Балқаш көліне құяды.
Қаратау—Тянь-Шань тау жүйесінің солтүстік-батысында
орналасқан тау жотасы. Қаратау негізінен, Жамбыл облысы­

ның аумағында орналасқан. Тек солтүстік-батыс бөлігі Оңтүс­
тік Қазақстан облысы аумағына қарайды.

ғылыми  қосымшалар
Қарауылтөбе—ежелгі оба. Арыс қаласы төңірегіндегі
Қараспан аулының шығысына орналасқан.
Қарқара—Алматы облысы, Райымбек ауданындағы өзен.

Қарқара Күнгей және Теріскей Алатаудың солтүстік-шығыс
беткейлерінен басталып, Тиектас тұсынан Шарын өзеніне
құяды. Аңғары тар, шатқалды. Қар және бұлақ суларымен
қорланады.

Қарқаралы—Қазақстанның байырғы қалаларының бірі.
Қарағандының оңтүстік-шығысында орналасқан.
Қоқан хандығы—Ферғана жазығында ХVІІ-ХІХ ғасыр­
ларда тарих сахансына шыққан. Астанасы—Қоқан қаласы. Қо­

қан хандары өздерін Шыңғыс ханның ұрпағымыз деп санаған.
Негізінде олар минг (мың) тайпасының өкілдері болатын. Қоқан
хандары әулетінің негізін салушы Шахрух би алғаш 1710  жы­
лы шамасында Қоқан территориясында Бұхар хандығынан

тәуелсіз кішігірім иелік құрды. Кейіннен түрлі тарихи-саяси
себептерге байланысты Қоқан хандығы жойылып, оның орны-
на Түркістан генерал-губернаторлығына бағынатын Ферғана
облысы құрылды.

Қоянды—Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданындағы
ауыл, ауылдық округ орталығы. Оның негізінде Қояндыда
жә­не округке қарасты Атантай, Қорық, Шоқай ауылдарын-
да ша­руа қожалықтары құрылды. 1848-1930 жылдары мұнда

Қоянды жәрмеңкесі (Қоянды—Ботов) өткізіліп тұрған.
Құмкент—Орта ғасырлардағы қаланың орны. Шымкент
облысы, Шолаққорған ауданынан Байқадам кентіне барар
жолдың бойында орналасқан. 1946 жылы Орталық Қазақстан

(Ә.Х.Марғұлан), 1947 жылы Оңтүстік Қазақстан археология­
лық экспедициялары (А.Н.Бернштам) зерттеген. Марғұлан­ның
пікірінше, Құмкент араб деректерінде кездесетін Қаму­кент
қаласының орны. Ол XІІІ-XІV ғасырларда Таластан Сайрамға

қарай созылған керуен жолы бойындағы ірі сауда орталығы
болған. Табылған ескерткіштерге қарағанда, қаланы адамдар
X-XV ғасырларда мекендеген.

тарихи  аңыздар
Қызылжар—қазіргі Петропавл қаласы, қазақтар Қызыл­
жар деп атаған. 1936 жылдан Солтүстік Қазақстан облысының
облыс орталығы.

Қызылорда—қала, осы аттас облыстың әкімшілік, эконо­
ми­калық және мәдени орталығы (1938 жылдан). Сырдария
өзенінің оң жағалауында орналасқан.
Қызылтау—Қарағанды облысы, Бұқар жырау ауданының

солтүстік-шығысында, Семізбұғы ауылынан және Шалқар
көлінен солтүстік шығысқа қарай орналасқан тау. Қызылтау­
дың Сарыадыр деген жерінде 1919 жылы Қолчақтың Омбы­да­ғы
түрмесінен қашкан С. Сейфуллин паналаған.

Қытай—Шығыс және Орталық Азиядағы мемлекет.
Лепсі—Балқаш алабындағы өзен. Алматы облысы, Ақсу,
Сарқант аудандарының жерімен ағады.
Мәдина—арабша қала деген сөз. Меккеден кейінгі екінші

қасиетті қала саналады. Исламның негізін қалаушы Мұхаммед
пайғамбардың 622 жылы Меккеден осында қоныс аударуы-
на байланысты Хижаздағы Ясрибке мұсылмандардың бер-
ген атауы. Мұсылмандардың жыл санауы осы қоныс аудару

жылынан (хижра) басталды. Мұсылман мемлекетінің негізі
қаланғанда Мәдина оның алғашқы астанасы болды.
Мекке—мұсылмандардың қасиетті қаласы. Онда бас ме­
шіт әл-Мәсжид әл-Харам мен Қағба орналасқан. Исламның

негізін қалаушы Мұхаммед (с.а.с.) осы қалада дүниеге кел-
ген. Мұхаммед (с.а.с.) Меккеден кеткенімен Мәдинедегі жаңа
құлшылық ету үйін Қағбаға қарама-қарсы қойған жоқ, қайта
оның есігін соған қаратты (құбыла). Мұсылмандардың Мекке­

ні 630 ж. жаулап алуы оның діни орталық ретіндегі айрық­
ша жағдайын қалпына келтіріп қана қоймай, одан да жоғары
дәрежеге көтере түсті. Меккеге барып тәуап ету исламның бес
парызының бірі болып саналады.

Меркі—Жамбыл облысы, Меркі ауданының орталығы,
ауыл, ауылдық әкімшілік округі орталығы, темір жол стан­
сасы.

ғылыми  қосымшалар
Моңғолия—Орталық Азияның шығыс бөлігінде орналас­
қан мемлекет. Солтүстігі Ресей Федерациясымен, ал оңтүстігі,
шығысы, батысы Қытай Халық Республикасымен шекарла­

сады. Моңғолия бұл екі елдің ортасында орналасқанымен,
оның батыс нүктесі Қазақстан Республикасының шығыс нүкте­
сіне өте жақын жерде (18 шақырым) орналасқан. Астанасы—
Ұланбатыр қаласы.

Мыңжылқы—Кіші Алматы өзенінің бастауында орналас­
қан шатқал.
Нұра—Қарағанды және Ақмола облыстары жерімен аға­
тын өзен. Нұра Қарқаралы тауының батыс сілемдеріндегі

бұлақтардан басталып, Теңіз көліне құяды.
Орал тауы—Еуразиядағы тау жүйесі. Оның шығыс етегі
бойымен екі дүние бөлігін—Еуропа мен Азияны бөлетін шарт­ты
шекара өтеді. Қазақстанда Орал тауының оңтүстік жалғасы—

Мұғалжар тауы.
Ордабасы—Оңтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде
орналасқан әкімшілік-аумақтық бөлік.
Петербург, Санкт-Петербург — Ресейдегі қала.  Федерал-

ды субъект мәртебесіне ие. Ленинград облысындағы Нева өзені­
нің Фин бұғазына құяр сағасында орналасқан. Санкт-Петер­бург
аумағынан 45-тен астам өзен, 40-қа жуық канал өтеді. Порт­ты
қала, әуе, автомобиль жолдарының және темір жолдың ірі то-

рабы.
Россия, Ресей—Ресей Федерациясы. Азия мен Еуропа құр­
лықтарында орналасқан мемлекет. Жер аумағы жағынан дүние
жүзіндегі ең үлкен мемлекет. Ресей мен Қазақстан арасындағы

шекара әлемдегі ең ұзын шекара болып табылады. Ресейдің
мәдениеті дүниедегі ең ұлы мәдениеттердің бірі, жетістіктері
орасан көп. Саяси жағынан Ресей—ықпалы зор мемлекет,
БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты мүшесі. Орасан зор табиғи

байлықтары, қуатты қарулы күштері мен білім деңгейі өте
жоғары халқы—Ресей қуатының кепілі.

тарихи  аңыздар
Сайрам—Оңтүстік Қазақстан аумағындағы орта ғасырлық
ірі қалалардың бірі. Бұрынғы аты—Исфиджаб. Сайрам жай-
лы алғашқы дерек Махмұт Қашқаридің «Диуани лұғати-т-

түрк» атты еңбегінде кездеседі. Моңғол шапқыншылығынан
кейін Сайрам маңызды орталықтардың біріне айналған. ХV-
VІІІ ғасырларда қазақ хандықтары кезінде ірі сауда, діни жә­не
мәдениет ошағы болған.

Самарқанд—Өзбекстанның Самарқанд облысының орта­лы­
ғы, қала. Заравшан өзенінің аңғарында орналасқан. 1868  жы­
лы патша әскерлері басып алды да, Ресей империясының
құра­мына енді. 1924-1930 жылдары Өзбек ССР-ның аста-

насы, 1938  жылдан облыс орталығы. Самарқанда тарихи
ескерткіштер өте көп: Шаһи Зинда, Бибі ханым мешіті, Реги-
стан т.б.
Сарыөзек—Алматы

облысының
Кербұлақ
ауданының
(1973  жылдан) орталығы.

Саумалкөл—Есіл алабындағы ағынсыз көл. Солтүстік
Қа­зақстан облысы, Айыртау ауданының жерінде өзімен аттас
ауылдың шығысын бойлай орналасқан.
Семей—Ертіс өзенінің жағасында орналасқан қала. Іргесі

ХVІ ғасырда қаланған қаланың алғашқы атауы Доржынкент.
Созақ—Оңтүстік Қазақстан облысындағы аудан атауы.
Әуелде Қаратаудың солтүстік бөлігіндегі едәуір биік тау шо­
қысының аты.

Сыр—Сырдария өзені. Орта Азиядағы ірі өзен. Қарадария
мен Нарын өзендерінің Ферғана қазан шұңқырының шы­ғыс
бөлігіндегі қосылған жерінен бастап Сырдария аталынып, Арал
теңізіне құяды.

—Қырғыз Алатауынан бастау алып, Талас жазығы

арқылы Мойынқұм құмдарына сіңетін, V ғасырдан белгілі
өзен. Оның бойынан шаһар салынып, қала VІ ғасырдан кейін
Тараз деген атпен мәшһүр болған. Бұл аттас Талас өзені Алматы
облысының Райымбек ауданында да бар.

ғылыми  қосымшалар
Тарбағатай—Зайсан және Балхаш—Алакөл арасындағы
су айырық жота. Семей, Шығыс Қазақстан облыстарының
жерлерінде орналасқан.

Ташкент—қазіргі Өзбекстанның астанасы. Қазақ хандығы
дәуірінде Ташкент қазақ хандары үшін айрықша геосаяси
маңызы бар өңірлердің бірі болған. Тарихи деректер Ташкент­
тің Тәуекел және Есім хандары тұсында қазақ билеушілері­

нің ықпалында болғанын аңдатады. ХVІІІ ғасырдағы жоңғар
шапқыншылығы кезінде де Ташкент бірде басқыншылар­
дың, бірде қазақ халқының қолына өтіп тұрған. Ташкенттің
ХVІІІ  ғасырда қазақтардың айтулы ордаларының бірі болға­

нын оның маңында Төле бидің және Әйтеке бидің бар екендігі
де айғақтайды.
Терісаққан—Есіл алабындағы өзен. Ақмола, Қарағанды,
Қостанай облыстарының жерлерімен ағып өтеді.

Текелі—Алматы облысына бағыныстағы қала (1952 жыл-
дан), темір жол стансасы. Талдықорған қаласынан оңтүстік-
шығысқа қарай орналасқан.
Тобыл—Ертіс алабындағы өзен. Қазақстанның Қостанай

облысы, және Ресейдің Қорған, Түмен облыстары аумағымен
ағады. Бастаулық бөлігінде Торғай қолатымен өтеді. Бұл тұста
өзен арнасы тастақты келеді және аңғарында ойдым-ойдым
қарасулар көп кездеседі.

Торайғыр Тауы—Іле Алатауының шығыс сілеміндегі тау.
Шарын және Шілік өзендерінің су айырығында. Солтүстігінде
Сөгеті аңғары, оңтүстігінде Жалаңаш аңғары орналасқан.
Торайғыр етегінде қыстаулар (Көртоғай, Көлбастау, Торыай­ғыр

т.б.) мен қоныстар орналасқан. Шығысында өзімен аттас асу
бар. Ол арқылы Алматы—Нарынқол автомобиль жолы өтеді.
Торғай—ХІХ ғасырдың бірінші жартысындағы бекініс.
Ресей патшалық үкіметі тарапынан ХІХ ғасырдың 40-жылда­

ры феодалдық монархиялық қозғалыспен күрес барысында
қазақ даласының ең түкпірінен бекініс пунктін салуға шешім
қабылданды. Торғай облысының құрылуына байланысты
1868  жылы Торғай қала атанды.

тарихи  аңыздар Түндік өзені—Ертіс алабында орналасқан өзен. Кент, Кешубай, Қоңыртемірші сағаларының қосылатын жері «Ақжарық» деп аталады. Түркістан—Оңтүстік Қазақстан облысындағы Түркістан ауданының орталығы, Сырдарияның оң аңғарында орналас­ қан қала. 2000 жылы көне қаланың 1500 жылдығы тойлан­ ды. Арабтардың географиялық жазбаларына қарағанда ІV-Х  ғасырларда бұл қаланың орнында Шавгар (арабша Шавагар) мекені болған, бірақ бұдан із қалмаған. ХІІХІV  ғасырларда Түркістан «Ясы» деп аталады. Қожа Ахмет Иасауи ғимараты салынғаннан кейін түркілердің діни ор­ талығына айналды. Ұлытау—Сарыарқаның оңтүстік-батыс шетіндегі ұсақ шо­ қылы, таулы өлке. Ұлытауда атақты Жошы хан мазары сақ­ талған. Бұл арада өткен ғасырларда үш жүздің басы қосып, ел тағдырына қатысты алқалы жиындар өткізіп тұрған. Үшарал—Қазақстандағы қала. Алматы облысы, Алакөл ауда­нының  орталығы. Үшқоңыр—Алматы облысы, Қарасай ауданындағы төбелі қоныс. Табиғаты көрікті Үшқоңыр өңірі Қарасай ауданының және Алматы қаласы тұрғындарының демалыс орны саналады. Үштөбе—қала (1961 жылдан), Алматы облысы, Қаратал ауданының орталығы, темір жол стансасы. Шар—Семей облысының Көкпекті, Жарма, Шар және Жаңа Семей аудандарының жерлері арқылы ағып өтетін өзен. Абай 1885 жылы осы өзеннің бойындағы Қарамала деген жерде өткен Зайсан, Өскемен, Кереку, Семей уездерінің төтенше съезіне төбе би болып сайланған. Ақын осы съезге өзінің ел басқару жүйесін ұсынып, «Семей қазақтары үшін қылмысты істерге қарсы заң ережелерін» қабылдатты. Өзен атауы ақын шығармаларының толық жинақтарына еніп жүрген өзге ақыңдармен сөз қа­ғыс­ тыруларында да аталады. Шелек—Алматы облысы, Еңбекшіқазақ аудандағы ауыл, ауылдық округ орталығы. Шелек арқылы халықаралық маңы­ зы бар Алматы—Жаркент—Қорғас автомобиль жолы өтеді.

ғылыми  қосымшалар
Шолаққорған—ауыл, Оңтүстік Қазақстан облысындағы
Созақ ауданының (1934 жылдан) және Шолаққорған ауыл­
дық округі орталығы. Облыс орталығы Шымкент қаласынан

солтүстікке қарай Қаратаудың солтүстік беткейінде орналас­
қан. 1957 жылдан қаракөл қойын өсіретін кеңшардың орталы­
ғы болған.
Шу­—Қырғызстан мен Қазақстан жеріндегі өзен. Теріскей

Алатау мен Қырғыз Алатауынан бастау алатын Жуанарық жә­
не Қошқар өзендерінің қосылған жерінен бастап Шу аталады.
Соңғысының тұсына Ортотоқой бөгені салынған.
Шымкент—Қазақстандағы қала, Оңтүстік Қазақстан ор­­

талығы. Қазақстан Республикасындағы (Алматыдан) кейін­
гі екінші қала, бұл ретте қала басшылары, энергия және су­
тұтыну көлемін ескере отырып және негізге ала отырып, қала
тұрғындарының саны шамамен миллионға жуық деп есептейді.

Осымен қатар, Шымкент негізгі өнеркәсіп, сауда және мәдени
орталық болып табылады.
Шыңғыстау—Сарыарқаның Шығыс бөлігіндегі тау жота­
сы. Солтүстік-батысынан оңтүстік-шығысқа қарай созылған.

Шығыс Қазақстан облысының Абай, Аягөз аудандары аума­
ғын­да орналасқан. Шыңғыстау солтүстік-шығыста Алтайдан
Шар өзені аңғарымен бөлінеді, оңтүстік-шығыста Тарбағатай­
ға ұласады. Шығысында тауаралық Зайсан қазаншұңқыры,

оңтүстігінде Солтүстік Балқаш төбелері жатыр.
Шідерті
өзені—Ертіс-Қарағанды жүйесінде
орналасқан

өзен. Қушоқы тауының батысынан бастау алады.
Хантау—Жамбыл облысы, Мойынқұм ауданындағы кент,
темір жол стансасы, кенттік әкімшілік округының орталығы.
Хиуа—Өзбекстан Республикасындағы қала. Әмудария өзе­

нінің сол жағалауында, Үргеніш темір жолы станциясынан
оңтүстік-батысқа қарай орналасқан.
Іле өзені—Қазақстан (Алматы облысы) және Қытай же­
ріндегі өзен. Шығыс Тянь Шаньнан басталып, Балқаш көліне

құяды. Басты салалары: Қаш, ғас (оң жақ), Шарын, Шелек,
Талғар, Қаскелең, Күрті (сол жақ).

Томға енген фольклорлық
үлгілерді жинаушы, айтушы һәм
жариялаушылар туралы мәліметтер
Адамбаев Балтабай (1919-1990)—авторлық ауыз әдебиетін

зерттеуші, әрі жинаушы. ­Көп жылдар Қазақ ССР Ғылым ака­
демиясы, М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер инст­
итутының аға ғылыми қызметкері болған. Филология ғы­лым­
дарының кандидаты. Ғылыми еңбектері шешендік, қанатты

сөздерге, мақал-мәтелдерді зерттеуге арналған. Халық әдебиеті
үлгілерінің барлық түрін жинауға атсалысқан.
Айнабеков Қайып (1885-1955)—халық ақыны. Қарағанды
облысы, Нұра ауданы, Көбетай ауылында туып-өскен. Ор­

талық Қазақстандағы ауылды жаңа шаруашылық саласына
жұмылдыру жұмысына белсене қатысып, кеңес, шаруашылық,
ағарту саласында қызмет істеген. 1923 жылы Мәскеуде өткен
Бүкілодақтық этнографиялық көрмеге қатысып, қобызда ой­

нап, ән айтады. Сол жолы белгілі музыка жинаушы А.В.Затае­
вич одан «Сұлушаш», «Қоскөтерме», «Әупілдек», «Назқоңыр»,
«Жеңеше» сияқты халық әндерін жазып алады. Отан қорғауға
шақырған патриоттық жырлар шығарып, қас батырларға ар­

налған «Әбдірдің Нүркені», «Ер Төлеген» толғауларын жаз­
ған. Өз де жанынан эпикалық дастандар шығарып, бұрынғы
қазақ тұрмыс-тіршілігі мен әйел теңдігін баяндайтын «Қолаң»,
1916  жылғы ұлт-азаттық көтерілісіне арналған «Амангелді»

дастандарын жырлады. Өлеңдері, дастандары мен айтыстары
халық ақындарының жинақтарында, 1958 жылы Мәскеуде
орыс тілінде жарық көрген «Қазақ поэзиясының антология­
сында» жарияланды. Таңдамалы шығармаларының жинағы

үш рет жеке жарық көрді.

ғылыми  қосымшалар
Татанайұлы Асқар (1906-1994)—ҚХР фольклор қоғамы­
ның және ШҰАР фольклор қоғамының, Жазушылар одағы­ның
мүшесі. 1933 жылы Алтайда ұйымдастырылған мұғалімдер­ді

тәрбиелеу курстарында оқып, жаңа біліммен сусындаған.
1934-1982 жылдары оқытушы, мектеп директоры және
баспагерлік жұмыстармен шұғылданған. 1953 жылдардан Ал-
тай аймақтық ойын-сауық үйірмесі меңгерушісінің орынба-

сары және меңгерушісі, Алтай аймақтық мәдениет отауының
меңгерушісі болып қызмет атқарған.
1930-дан бастап өмірінің соңына дейін қазақ фольклоры­
ның әр жанрындағы мұраларын мұқият жинап, баспадан

шыға­руға, жаңғырта жырлауға ерекше еңбек сіңірген. Тарихи
аңыз, деректерді негіз ете отырып жырлаған «Арқалық», «Ел
қормалы—ер Абылай», «Малбикенің өмірі», «Қалың мал»,
«Құлдықтан құтылғандар», «Тарихи дерек, келелі кеңес», «Бір

ғасыр», «Қарасеңгір оқиғасы», «Керейдің билік заңы» қатарлы
қисса-дастан, қара сөзбен жазылған хикаялық шығармалары
ел ішіне кең тараған. Қытайдағы «Жергілікті ұлтшылдыққа
қарсы күрес», «Мәдени зор төңкерісі» нәубеттері кезеңінде сая-

си қудалауға ұшыраған. 1979 жылы толық ақталды.
Бекарыстанов
Зердебай—Атырау
облысында

тұрады.
Ол 1940 жылдардан бастап қазақтың ауыз әдебиеті үлгілерін
жинап, Қазақ КСР Ғылым академиясының Тіл және әдебиет
институтының Қолжазба қорына тапсырған. Зердебай жина­ған

материалдардың ішінде Досан, Жоламан батыр, Асан­қайғы,
Аралбай, Медетбай, Нұрым жыраулардың өсиет, терме өлең­
дері бар.
Дәуітов Сәрсенбі (1947 жылы туған)—филология ғылым­

дарының докторы, профессор. 1970-1975 жылдар аралығында
Қазақ
радиосында,
газет-журналдарда

қызмет
атқарған.
1975  жылдан бастап М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және
өнер институтында аға ғылыми қызметкер, Т.Рысқұлов атын­

дағы Басқару академиясында, Ә.Қастеев атындағы өнер мұ­ра­
жайында жұмыс істеген. 2002 жылдан Д.А.Қонаев атындағы
университеттің профессоры, М.О.Әуезов атындағы Әдебиет жә­
не өнер институтының бас ғылыми қызметкері болып қызмет

атқарады.

тарихи  аңыздар
Алғашқы өлеңдер жинағы «Сыбаға» деген атпен 1978  жы­
лы жарыққа шыққан. Сондай-ақ «Ерте дәуірдегі казақ әде­
биеті» (1983), «ХІХ ғасырдағы қазақ ақындары» (1988) ұжым­

дық монографияларды жазуға атсалысты. Ғалымның әр
жыл­дары «Диуани Хикмет және қазақ поэзиясы» (1998), «Кө­
ңіл сазы» (1989), «Төле би» (1993), «Өмір—күрес» т.б. зерттеу
еңбектері жарыққа шықты. Жамбыл атындағы Халықаралық

сыйлықтың иегері.
Есмағамбетов Көшім—ғалым. 1938 жылы Атырау облы-
сы, Индер ауданында дүниеге келген.1965 жылы Мәскеудегі
Халықтар достығы университетін бітірген. Алматы қаласын­

дағы жоғары оқу орындарында ұстаздық қызмет атқарды.
Көшім Лекерұлы жүзден астам ғылыми-танымдық мақаланың,
оның ішінде бірқатар монографиялық еңбектердің авторы. Та-
рих ғылымдарының докторы, профессор.

Кәкішев Тұрсынбек (1927 жылы туған)—әдебиетші, ғалым,
сыншы. Филология ғылымдарының докторы, профессор, еңбек
сіңірген ғылым қайраткері. Ғылыми еңбектері қазақ әдебиеті­
нің өзекті мәселелеріне арналған.

Қаупынбайұлы Төлен—жазушы, журналист. 1938 жылдың
мамырында Алматы облысына қарасты Райымбек ауданындағы
Қаратоған ауылында дүниеге келген. 1958 жылы Алматыдағы
Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтын, 1965 жылы

Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетін
бітірген. Көптеген кітаптардың авторы.
Құлпейісов Еркін—ауыз әдебиеті үлгілерін жинаушы. Қос­
танай облысы, Жангелдин ауданы, Торғай селосында туып-

өскен.
Құлсариев Ертай (1886-1958)—жыршы, халықтың сөз мұ-
расын жинаушы. Алматы облысының Іле ауданына қарасты
Әлі аулында туып-өскен. 1940 жылы Қазақстан Жазушылар

Одағына мүше болып қабылданған. Өлеңдері түрлі жинақ, га-
зет, журналдарда жарияланған. Ол «Қисса Жәмшид», «Мың
бір түн», «Күлпан балуан» т.б. дастандар мен «Арқалық батыр»,

ғылыми  қосымшалар
«Олжабай батыр» сияқты халықтың тарихи жырларын өзінше
жырлап, ел арасына таратты. Сондай-ақ ақынның Жетісу өңі­
рінің фольклор үлгілері мен ақындарының шығармаларын

жинаудағы еңбегі ерекше.
Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы (1857-1931)—ақын, халық мұ­
раларын жинаушы. Павлодар облысы, Баянауыл ауданында
туған. Бұхарада, Ташкентте оқып, Орта Азия халықтарының

әдебиетімен танысқан. М.Көпеев өзі де өлең шығарумен бірге,
қазақтың ауыз әдебиеті үлгілерін де көп жинаған. Оның «Мес»
деп аталатын төрт томдық қолжазбалар жинағы ҚР Білім және
ғылым министрлігі, Орталық ғылыми кітапханасының қорын­

да сақтаулы.
Саттаров
Қыдырәлі
(1941-2011)—фольклортанушы,

фи­ло­логия ғылымдарының докторы, профессор. Оңтүстік
Қа­­зақ­стан мен Өзбекстан Республикасы, Ташкент өңіріне
ұйым­дастырылған бірнеше фольклорлық-этнографиялық экс­
пе­дицияларды басқарған, ауыз әдебиеті үлгілерін жинап,

М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының Қол­
жазбалар қорына тапсырған.
Төреқұлов Нысанбек (1921 жылы туған)—фольклортану­
шы, филология ғылымдарының докторы. Кезінде М.О.Әуезов

атындағы Әдебиет және өнер институты ұйымдастырған бір­
неше фольклорлық экспедицияларға шығып, халық әдебиеті
үлгілерінің мол қорын жинаған.
Тілеужанов Мәтжан (1927-1995)—әдебиеттанушы, фило-

логия ғылымдарының докторы, профессор. Ол Батыс Қазақ­стан
аумағынан фольклорлық мұраларды ұзақ жыл бойы жинап,
Әдебиет және өнер институтының қолжазба қорына тапсырды.
Сондай-ақ республикада тұңғыш рет «Этнопедагогика және

фольклор» кабинетін ұйымдастырып, ел ішіндегі қолөнер туын­
дыларын жинады.
Шәріпов Сабыр (1880-1942)—Халық поэзиясын жинап,
ол туралы кезінде пікірін айтқан жазушы, қоғам қайраткері.

Вятск губерниясы, Варзай ауылында туған. С.Шәріпов Сейдах-

тарихи  аңыздар
мет ақынның көп өлеңдерін Атбасар ауданында тұрған Назар
Молдабекұлынан жазып алған.
Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханов (1835-1865)—қазақ ғалы­­

мы, ориенталист, тарихшы, этнограф, географ, фольклортану­
шы, ағартушы. Жеке меншік мектепте оқып хат таниды. Шы­
ғыс тілдерінен араб, парсы, түркі тілдерін меңгерген. Омбы
Ка­дет корпусын бітірген. ХІХ ғ. орта шенінде қазақтың өз ор-

тасынан шығып халық творчествосын, этнографиясын көптеп
жинап, оны баспа жүзіне шығаруда және сол материалдарды
зерттеу­де үлкен қызмет атқарып, үлес қосқан әйгілі ғалым.

Шартты қысқартулар
ӘӨИ—М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты
ОҒК—Орталық Ғылыми кітапхана
Қ—Қазан қаласы

ҚҚ—Қолжазба қоры
Ш—шифр
дәп—дәптер
а—араб

о—орыс
п—парсы
т—түркі
[...]—түсіп қалған, оқылмаған сөздер, тіркестер

[]—құрастырушылар
тарапынан
қойылған
атаулар,

тақырыптар
ж.с.—жергілікті сөз
к.с.—көнерген сөз

Пайдаланылған әдебиеттер
Зерттеулер мен энциклопедиялар, фольклорлық
жинақтар, сөздіктер

1. Қазақ әдебиетінің тарихы. Он томдық. 1-том.—Алматы:

ҚазАқпарат, 2007. 2. «Қазақстан». Ұлттық энциклопедия. 1-10 томдар.—Ал­

маты: Қазақ энциклопедиясы, 1998-2007. 3. Қазақтың мифтік әңгімелері.—Алматы: Ғылым, 2002. 4. Қасқабасов С. Қазақтың халық прозасы.—Алматы: Ғы­

лым, 1985. 5. Қоңыратбаев Т.Ә. Эпос және этнос. Қазақ эпосы және

оның этникалық сипаты.—Алматы: Ғылым, 2000. 6. Мусин Ж. Жер шоқтығы Көкшетау.—Алматы, 1989. 7. Оралмағанбетов Ж., Есмағанбетов М. Аңыздар мен ақи­

қаттар өлкесі.—Алматы: «Кітап» баспа үйі, 2001. 8. Сейдімбеков А. Күңгір-күңгір күмбездер: Сұлулық тура­лы

сырлар.—Алматы: Жалын, 1981. 9. Тұрсынқұлов Қ. Қазығұрт.—Астана: Фолиант, 2009. 10. Ыбыраев Ш. Эпос әлемі. Қазақтың батырлық жырла­ры­

ның поэтикасы.—Алматы: Ғылым, 1993. 11. Ыбыраев Ш., Алпысбаева Қ., Әлібек Т. Халық әдебиетін

жинау, жүйелеу және сақтаудың әдістемелік құралы.—Ал­
маты, 2009.

12. Қазақ тілінің орфографиялық сөздігі / Құраст.: Р. Сыз­

дық, Н. Уәлиұлы, Қ. Жаманбаева, Қ. Күдеринова.—Алматы:
Дайк-Пресс, 2001.

13. Қазақ тілінің сөздігі.—Алматы, 1999.

ғылыми  қосымшалар 14. Қазақ тілінің фразеологиялық сөздігі / Құраст.: І.К. Ке­

ңесбаев.—Алматы, 1977. 15. Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы. Шығармалары. 8-том.—Пав­

лодар, 2006. 16. Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы. Шығармалары. 9-том.—Пав­

лодар, 2006. 17. Ел жүрегіндегі Ескелді би (аңыз, әңгіме, деректер) / Жи-

нап, әдеби өңдеп құрастырушы—Исмаилов Ораз.—Алматы,
2006.

18. Төреқұлов Н., Қазбеков М. Қазақтың би-шешендері.

1, 2-кітаптар.—Алматы, 1993. «Жұлдыз» журналы, № 3, 1995. 20. «Шанышқылы Бердіқожа батыр»/ Құраст.: Б. Қасымбе­

ков, Д. Қыдырәлі.—Астана: Фолиант, 2009. 21. Райымбек батыр. Эсселер, тарихи очерктер, дастандар,

баяндар / Құраст.: Т. Қаупынбайұлы.—Алматы: Білім, 2005.

тарихи  аңыздар
Қолжазбалар
1.ӘӨИ. 500-бума
2.ӘӨИ. 1123-бума

3.ОҒК. 1059-бума
4.ОҒК. 1059-бума

5.ӘӨИ 920/108

6.ОҒК. 1778-бума
7.ОҒК. 1770-бума
8.ОҒК.1178-бума
9.ӘӨИ. 500-бума

10.ӘӨИ. 910/4

11.ӘӨИ. 1057-бума.
12.ӘӨИ. 280-бума
13.ОҒК. 1177-бума
14.ӘӨИ. 1094-бума

15.ОҒК. 829-бума
16.ОҒК. 1177-бума
17.ӘӨИ 1062-бума
18.ӘӨИ. 1136-бума

19.ӘӨИ. 1122-бума
20.ӘӨИ. 856-бума
21.ӘӨИ. 1014-бума
22.ОҒК. 1645-бума

23.ӘӨИ. 346-бума
24.ОҒК. 346- бума
25.ӘӨИ. 692-бума

26. ӘӨИ. 1004-бума 27. ӘӨИ. 991-бума 28. ӘӨИ. 1124-бума 39. ӘӨИ. 324-бума

РЕЗЮМЕ

Институтом литературы и искусства им. М.О. Ауэзова про-
должается научное издание стотомного Свода «Бабалар сөзі»,
выпускающегося в рамках Стратегического национального про-
екта «Культурное наследие». Предыдущие восемьдесят шесть

томов серии были посвящены эпическим произведениям, на-
родным песням, сказкам, загадкам, пословицам и поговоркам
и другим малым жанрам, которые являются самыми многочис-
ленными и высокохудожественными в национальном фольк­

лоре. Если сказать точнее, то были подготовлены к изданию и
выпущены тринадцать томов новеллистических дастанов, семь
томов религиозных дастанов, одиннадцать томов романических
дастанов, одиннадцать томов исторических поэм, двадцать то-

мов героических эпосов, пять томов пословиц и поговорок, два
тома народных песен, четыре тома генеалогических преданий,
пять томов сказок, по одному тому загадок, детского фольклора,
казахских мифов, «Фольклора казахов Монголии», топоними-

ческих преданий, кюйских преданий, два тома исторических
преданий. В двенадцати томах из этой серии были использова-
ны материалы из фольклорного наследия казахов Китая, а в од-
ном томе—казахов Монголии.

Предлагаемый читателям очередной, 87 том также посвя-
щен одному из древних и многочисленных жанров народного
творчества—«Историческим преданиям». Поскольку в преды­
дущих томах составители подробно изложили причины и об-

стоятельства, по которым данный жанр народного творчества
был предан забвению, лишь единицы образцов были опублико-
ваны, а основные оставались неизученными и вне поля зрения

тарихи  аңыздар ученых-фольклористов, в настоящем томе мы не сочли нужным повторяться. Но все же составители хотели бы вкратце ознакомить читателей со структурой и содержанием предыдущих томов серии «Исторические предания». В первый том, посвященный историческому жанру (85 том), вошли предания об исторических личностях и батырах, живших в VІ-XVІ веках, таких как Байдибек би, Домалак ана, Коркыт ата, Абу-Насыр аль-Фараби, Ибн Сина, Алаша хан, Майкы би, Аяз би, Ходжа Ахмет Ясауи, Хаким ата, Зенги баба, Шопан ата, Узбек хан, Чингис хан, Жошы хан, Аксак Темир, Байшегир баба, Аз-Жанибек, Асанкайгы, Жиренше шешен, Карашаш сулу, Есим хан, Токтамыс хан, Ер Едиге, Ер Таргын, Абат, Шора и др. Во второй (86 том) вошли предания, расскрывающие историческую роль знаменитых казахских биев—Толе би, Казыбек би, Айтеке би, которые в трагический для народа период, когда нависла угроза полного исчезновения нации и решалась судьба казахской государственности – период джунгарских нашествий, мудрым словом и могучим духом сплотили народ воедино. Эти личности ставили интересы народа и целостность государства превыше всего, вершили справедливый суд и тем самым завоевали всенародную любовь и почтение на века; также в том вошли предания, посвященные славным подвигам, знаменитым сражениям, историческим победам воинов, в особенности личности великого воина, полководца, дипломата и правителя Аблай хана; предания о многочисленных подвигах, славных сражениях и баззаветной любви к своему народу таких народных батыров, как Каракерей Кабанбай, Канжыгалы Богенбай, Муизди Оте­ген, Шакшак Жанибек, Суиндик Олжабай, Малайсары, Балтакерей Турсынбай. Очередной, 87 том серии знакомит читателей с предания­ ми, повествующими о казахском обществе XVІІІ века, об ис­ торических событиях, о борьбе народа с джунгарскими зах­ ватчиками за сохранение независимости, о роли мудрых биев, предводителей родов и племен, батыров в деле объединения народа и сохранения единства казахского общества. Том состоит из двух основных разделов, таких как «Пре­ дания о биях», «Предания о батырах», в которые вошли со­от­ ветствующие по содержанию предания о мудрых биях, в чис­

ғылыми  қосымшалар
ле которых Бекболат, Тленши, Альмерек, Сапак, Толыбай,
Карабас, Досбол, Байдалы, Келдибек, Жанайдар, Жанабатыр,
Каркабат, Досай, Есенкелди, Едиге, Ескелди, Караменде,

Кабан, Балпык, и предания о батырах, среди которых Шакшак
Жанибек, Керей Жанибек, Жидебай, Жасыбай, Даулетбай,
Малайсары, Ажибай, Райымбек, Балагаз, Байгозы, Тулькибай,
Саркоз, Тугель, Итеке, Берден, Нурбай, Шерубай, Жалантос,

Жарылгап, Ораз, Елшибек, Томаш, Айтбай, Алдебек, Бодене,
Баян, Сенкибай, Боранбай, Сатай, Бердикожа, Жоламан,
Байсерке, Бодес, Шегир, Аралбай, Куттыгай, Каракул, Айтей,
Тауасар, Алдияр, Караш, Шонай, Еспембет, Котентай, Жаугаш,

Куатбек, Медетбек, Сергазы, Самен, Корлыбай, Болек, Сары,
Сугир, Жантайлак, Журын, Козуй, Койгельди, Мамай, Мын­
бай, Шотан и др.
В основном том составлен по материалам, собранным в

раз­ные годы среди населения и записанным известными
учеными, такими как Ш.Валиханов, М.Тлеужанов, Н.То­ре­
кулов, Б.Адамбаев, Қ.Саттаров, Т.Канагатов и др., которые
хранятся в редких фондах Института литературы и искусс­тва

им. М.О.Ауэзова, Центральной научной библиотеки; также
в издание включены тексты, взятые из рукописного наследия
М.Ж.Копеева, М.Мажикеева, Е.Кулпеисова, А.Кулжанова,
С.Шарипова, А.Бисенгаликызы, А.Татанайулы, М.Рустемова,

Т.Каупынбайулы, К.Айнабекова. В ходе подготовки тома к
изданию были использованы текс­ты, опубликованные в кни-
гах «Бабалар сөзі—даналық көзі. Ескелді би, Қабан жырау,
Балпық әулие», «Ел жүрегіндегі Ескелді би», «Билер сөзі»,

«Ер Жәнібек», «Ер Әжібай», «Қазақ батырлары», «Сарыарқа
батырлары», «Аңызға айналған тұлғалар», «Аңыздар мен
Ақиқаттар өлкесі», «Шанышқылы Бердіқожа батыр» и на стра-
ницах газеты «Қазақ батырлары». Согласно принципам отбора

материалов для тома, при обна­ружении в редких фондах руко-
писных вариантов текстов, опубликованных в вышеназванных
изданиях, для выявления подлинности была проведена сравни-
тельно-сопоставительная текстологическая работа, и лишь са-

мый полный и подлинный вариант отбирался для издания.
Согласно принципам составления сборника, тексты снабже-
ны научными приложениями и соответственно пронумерованы.

тарихи  аңыздар
Научные дополнения к тому составляют: сведения о переписчи-
ках, издателях и изданиях текстов, вошедших в него, научные
толкования текстов, вошедших в данный том, словарь, геогра-

фические, именные указатели, сведения об исторических лич-
ностях и композиторах-куйши, встречающихся в текстах, спи-
сок использованной литературы, резюме к тому на русском и
английском языках.

Общий объем тома—27,0 п.л.

Summary Іnstіtute of Lіterature and Art named after M.O. Auezov con­ tіnues scіentіfіc publіcatіon of the one hundred volume Collectіon «Babalar sozy» whіch іs publіshed іn the frame of the State program «Cultural Herіtage». Prevіous eіghty-sіx volumes of the serіes were devoted to the epіcs, folk songs, tales, rіddles, proverbs and other small genres, whіch are the most numerous and hіghly artіstіc іn natіonal folklore. To be more precіse, thіrteen volumes of novelіstіc dastans, seven volumes of relіgіous dastans, eleven volumes of romantіc dastans, eleven volumes of hіstorіcal poems, twenty volumes of heroіc epіcs, fіve volumes of proverbs, two volumes of folk songs, four volumes of genealogіcal legends, fіve volumes of tales, one volume of rіddles, chіldren’s folklore, Kazakh myths, «Folklore of Kazakhs of Mongolіa», toponymіc legends, kyu storіes, two volumes of hіstorіcal legends were publіshed. Twelve volumes of thіs serіes іnclude the materіals on folk herіtage of the Kazakhs of Chіna, and іn one volume — the Kazakhs of Mongolіa. Volume 87 іs also devoted to one of the oldest and numerous genres of folklore art — «Hіstorіcal legends». Іn prevіous volumes the compіlers have set out the reasons and cіrcumstances due to whіch the genre of folklore art was forgotten, and only a few have been publіshed, but mostly they were not studіed and remaіned out of the attentіon of folklorіsts, and іn thіs volume we have not repeated them. However, the compіlers would lіke to gіve short іnformatіon for the readers about the structure and content of the prevіous volumes of the serіes «Hіstorіcal legends». The fіrst volume whіch іs devoted to the hіstorіcal genre (85th volume) іncludes storіes about hіstorіcal fіgures and batyrs who lіved іn the VІ-XVІ centurіes, such as Baydіbek bі, Domalak ana,

тарихи  аңыздар
Korkyt Ata, Abu Nasіr al-Farabі, Іbn Sіna, Alash Khan , Maіky bі,
Ayaz bі, Khoja Ahmed Yasawі, Hakіm ata, Zengі baba, Shopan ata,
Uzbek Khan, Genghіs Khan, Zhoshy Khan, Aksak Temіr, Baіshegіr

baba, Az-Zhanіbek, Asankaіgy, Zhіrenshe sheshen, Karashash
sulu, Yesіm Khan, Toktamys Khan, Er Edіge, Er Targyn, Abat,
Shora and others.

Second (86 volume) іncludes legends whіch reveal the hіstorі­ cal role of famous Kazakh bіys—Tole bі, Kazybek bі, Aіteke bі who have unіted the natіon by wіse word and strong spіrіt durіng tragіc perіod when the natіon faced the threat of dіsappearance and the destіny of Kazakh State was іn crіtіcal poіntperіod of Jungar іnvasіons. These іndіvіduals put the іnterests of the people and the іntegrіty of the State above all, trіed by a faіr trіal, and thus won the natіonal love and respect for ages, also іt іncludes storіes devoted to the glorіous feats of famous battles, and especіally about hіstorіc vіctorіes of the personalіty of the great soldіer, mіlіtary leader, dіplomat and governor Ablaі khan; also іt іncludes numerous storіes about heroіsm, glorіous battles and devotіon to people of such folk warrіors as Karakerey Kabanbay, Kanzhygaly Bogenbaі, Muіzdі Otegen, Shakshak Zhanіbek, Suіndіk Olzhabay, Malaіsary, Baltakerey Tursynbay. Volume 87 of the serіes іncludes legends tellіng about the Ka­ zakh socіety іn XVІІІ century, hіstorіcal events, struggle of people agaіnst Dzungar іnvaders to maіntaіn іndependence, the role of the wіse bіys, leaders of clans and trіbes, warrіors іn unіfіcatіon of the people and preservatіon of the unіty of Kazakh socіety. The volume consіsts of two maіn sectіons such as «Legends aboput bіys», «Legends about batyrs», whіch іnclude the legends about wіse bіys: Bekbolat, Tlenshі, Almerek, Sapak, Tolybay, Karabas, Dosbol, Baydaly, Keldіbek , Zhanaіdar, Zhanabatyr, Karkabat, Dosay, Esenkeldі, Yedіge, Eskeldі, Karamende, Kaban, Balpyk, and legends about batyrs: Shakshak Zhanіbek, Kereі Zhanіbek, Zhіdebay, Zhasybay, Dauletbay, Malaysary, Azhіbay, Raіymbek, Balagaz, Baygozy, Tulkіbay, Sarkoz, Tugel, Іteke, Berden, Nurbay, Sherubay, Zhalantos, Zharylgap, Oraz, Elshіbek, Tomash, Aіtbay, Fldebek, Bodene, Bayan, Senkіbay, Boranbay, Satay, Berdіkozha, Zholaman, Baіserke, Bodes, Shegіr, Aralbaev, Kuttygay, Karakul, Aіtey, Tauasar, Aldіyar, Karash, Shonay, Espembet, Kotentay, Zhaugash, Kuatbek, Medetbek, Sergazy,

ғылыми  қосымшалар Samen, Korlybay, Bolek, Sary, Sugіr, Zhantaylak, Zhuryn, Kozuy, Koygeldі, Mamay, Mynbay, Shotan and others. Maіnly the volume іs based on materіals collected at dіfferent perіods from people and recorded by well-known scіentіsts such as Sh.Valіhanov, M.Tleuzhanov, N.Torekulov, B.Adambaev, Қ.Sattarov, T.Kanagatov, and others whіch are stored іn the rare collectіons of the Іnstіtute of Lіterature and Art named after M.O.Auezov, Central Scіentіfіc Lіbrary; also іt іncludes texts from the manuscrіpts of M.Zh.Kopeev, M.Mazhіkeev, E.Kulpeіsov, A.Kulzhanov, S.Sharіpov, A.Bіsengalіkyzy, A.Tatanayuly, M. Rus­temov, T.Kaupynbayuly, K.Aіnabekov. Also, durіng the preparatіon of the volume the texts publіshed іn the books «Babalar sozy — danalyk kozі», «bі Eskeldі bі, Kaban zhyrau, Balpyk aulіe», «El zhuregіndegі Eskeldі bі», «Bіyler sozy», «Er Zhanіbek», «Er Azhіbay», «Kazak batyrlarі», «Saryarka batyrlary», «Anyzga aіnalgan tulgalar», «Anyzga men Akіkattar olkesі», «Shanyshkyly Berdіkozha batyr» and іn the newspaper «Kazakh batyrlary». Accordіng to the materіal selectіon prіncіples the comparatіve textual analysіs was conducted to fіnd manuscrіpts іn rare col­ lectіons publіshed іn the above mentіoned edіtіons, іdentіfy the authentіcіty, and only the most complete and authentіc versіon were selected for the publіcatіon. Accordіng to the prіncіples of compіlіng the collectіon, the texts are supplіed wіth scіentіfіc annexes and have numbers. Scіentіfіc supplements to the volume іnclude the followіng: іnformatіon about the copyіst, publіsher and edіtіon of the texts, scіentіfіc іnterpretatіon of the texts іncluded іn thіs volume, dіctіonary, geographіc names, іnformatіon about hіstorіcal fіgures and com­ posers-kuyshі mentіoned іn the texts, a lіst of used lіterature, summary іn Russіan and Englіsh languages. The total sіze of the volume—27,0 pp.

мазмұны Құрастырушылардан......................................................... 5 МӘТІНДЕР Билер туралы аңыздар 1. Бекболат би.................................................................11 2. Қасым ханның елге орнатқан тәртібі...............................12 3. Тіленші жайында бірер сөз.............................................25 4. Сапақ бидің ұтқырлығы................................................27 5. Бала—бауыр етің.........................................................28 6. Қара дауыл..................................................................29 7. Тәлім..........................................................................31 8. Өнеге..........................................................................33 9. Бабаның батасы............................................................34 10. Тұрмыс сыны.............................................................36 11. «Ер өтеді, ел қалады»..................................................37 12. Ұран.........................................................................39 13. Ең қасиетті нәрсе не?...................................................40 14. Толыбай сыншының баласы.........................................41 15. Доспол......................................................................45 16. Бала би Досбол сөздерінен ...........................................46 17. Бала би Досбол...........................................................48 18. Байдалы би................................................................49 19. Жақсы Жанайдар (І нұсқа)...........................................50 20. Жақсы Жанайдар (ІІ нұсқа).........................................52 21. Жаңабатыр әңгімесі....................................................53 22. [Жаңабатырдың жаламен шабылуы].............................54 23. [Жаңабатырдың тағы бір жалаға ілігуі].........................56

мазмұны 24. Қарқабат туралы аңыз.................................................58 25. Досай би....................................................................60 26. [Опасыз дүние]...........................................................62 27. Есенкелді би...............................................................63 28. Едіге би.....................................................................64 29. Кім көргіш.................................................................66 30. Ескелдінің әуестігі .....................................................67 31. Ескелдінің ер атануы ..................................................68 32. Ескелдінің шарапаты ..................................................68 33. Елдің иесі, жердің киесі болады (І нұсқа).......................69 34. Барлауға шыққанда ...................................................70 35. Тоған тартқанда..........................................................70 36. Ескелдінің ерлігі........................................................71 37. Ақылды Бабаның амалы..............................................71 38. Жез қармақ................................................................72 39. Тараған өкпе—татулықтың ишараты............................72 40. [Үш бидің әулиелігі]....................................................73 41. Қасым Сұлтанның анасы—Қандан................................73 42. Қызайлар үшін күрескенде..........................................74 43. Бір найза ма, жүз найза ма?.........................................75 44. «Халықтан қайыр болмаса, хан бұзылады»....................76 45. «Шымылдық қарағайдағы» шайқас..............................77 46. Соңғы жекпе-жек.......................................................78 47. Атаның ақтық сөзі......................................................79 48. Қабан ақынның сыны..................................................80 49. Ақынның үйленуі хақында..........................................81 50. Қоянкөзге Қабанның өлең сыйлауы...............................81 51. Ақынның ақырғы сөзі.................................................82 52. Қоныс бөлу................................................................82 53. Балпық пен Райымбек.................................................84 Батырлар туралы аңыздар 54. Жәнібектің Тіленшіге батасы.......................................86 55. Ер Жәнібек пен Тіленші би...........................................87 56. Жәнібек туралы..........................................................89 57. Шақшақ Жәнібек батыр..............................................89 58. [Жәнібектің Уақ Бармақты сынауы]..............................93 59. Жәнібек би................................................................94

тарихи  аңыздар 60. Батырдың тууы, жас шағы...........................................95 61. Жәнібек батырдың Абылайдың оң тізесінен орын алуы...................................................102 62. Абылай ханның Жәнібекті сынауы.............................105 63. Жәнібектің қартайған кезінде кешірмелерін еске алуы..................................................107 64. Жәнібек бастаған Абақ елінің Шыңғыс тауынан көшуі.................................................113 65. Қошқарұлы Жәнібек.................................................115 66. Жәнібек батыр туралы аңыз.......................................117 67. Жидебай батыр (І нұсқа)............................................142 68. Жидебай батыр (ІІ нұсқа)...........................................143 69. Жидебай батыр.........................................................144 70. Жидебай батыр.........................................................145 71. Жасыбай батыр ........................................................148 72. Дәулетбай батыр.......................................................149 73. Әжібай атының ұранға айналуы хақында.....................149 74. Әжібайдың қалмақ досы............................................150 75. Көк бие мен көк төбет ...............................................151 76. Қожамқұлдың көк қасқа аты......................................152 77. Райымбек батыр.......................................................153 78. Хангелді немересі Райымбек туралы...........................154 79. Балағаз батыр...........................................................214 80. Байқозы батыр тапқырлығы.......................................217 81. Тарақты Байғозы батыр туралы..................................218 82. Байғозы батыр..........................................................219 83. Түлкібай батыр жайындағы аңыз-әңгіме......................220 84. Саркөз бен Жәнібек...................................................220 85. Түгел батыр.............................................................222 86. Итеке батыр ............................................................225 87. Берден батыр ...........................................................226 88. Нұрбай батыр ..........................................................227 89. Шерубай батыр.........................................................229 90. Жалаңтөс батыр.......................................................229 91. Көкбөрі Керней Жарылғап батыр................................230 92. Ораз туралы.............................................................232 93. Елшібек батыр туралы...............................................233 94. Томаш батыр туралы.................................................233

мазмұны 95. Қанжығалы Айтбай батыр мен Қаракерей....................234 Әлдебек батыр...............................................................234 96. Әйгілі Баян батыр туралы..........................................238 97. [Сеңкібайдың «Ақиық сұңқар» атануы].......................239 98. [Боранбай батыр]......................................................244 99. Сатай батыр.............................................................246 100. [Сатай батырдың алғашқы олжасы]...........................247 101. Сатай батыр............................................................248 102. Қайың сауған жұт жылы..........................................248 103. Толыбай.................................................................252 104. Бердіқожа (І нұсқа).................................................254 105. Бердіқожа (ІІ нұсқа)................................................255 106. Бердіқожа батыр.....................................................256 107. Алымбектің шежіресі..............................................260 108. Қазақ-қырғыз шабысы.............................................268 109. Жоламан батыр туралы............................................277 110. Байсерке................................................................278 111. Найман Бөдес.........................................................280 112. Шегірдің Жәнібекпен кездесуі..................................281 113. Аралбай батыр........................................................282 114. Аралбай батыр........................................................283 115. Құттығай батыр......................................................286 116. Қарақұл батыр........................................................286 117. Әйтей батыр...........................................................287 118. Шақшақ Жәнібектің Тауасар батырға ат қойғаны....................................................................291 119. Тауасар батырдың жас шағы.....................................292 120. Бір шайқас жайлы...................................................293 121. Алдияр батыр туралы..............................................294 122. Алдияр батыр ........................................................297 123. Қараш батыр..........................................................299 124. Шоңай батыр..........................................................301 125. Еспембеттің Адақ атануы.........................................303 126. Көтентай батыр.......................................................306 127. Ер Жауғаш.............................................................308 128. Жауғаш батыр........................................................309 129. Жауғаш батыр туралы.............................................311 130. Жауғаш батыр........................................................311

тарихи  аңыздар 131. Қуатбек пен Медетбек..............................................312 132. Қуатбек пен Медетбек..............................................313 133. Серғазы батыр........................................................315 134. Серғазы батыр........................................................316 135. Сәмен батыр...........................................................317 136. Сәмен батыр...........................................................319 137. Алшын Қорлыбай батырдың Қалдан ханмен кездесуі..................................................322 138. Қорлыбай мен Ердес................................................324 139. Қалдан шерін мен Ханабад туралы аңыз.....................331 140. Бөлек батыр...........................................................335 141. Ер Сары.................................................................336 142. Ер Сүгір.................................................................336 143. Жантайлақ батыр ...................................................337 ҒЫЛЫМИ ҚОСЫМШАЛАР 339 Томға енген мәтіндерге  түсініктеме.................................341 Мәтіндерде кездесетін тарихи және діни есімдер туралы мәліметтер.........................................................369 Ру атаулары..................................................................385 Сөздік..........................................................................394 Жер-су атаулары...........................................................397 Томға енген фольклорлық үлгілерді жинаушы, айтушы һәм жариялаушылар туралы мәліметтер...............410 Шартты қысқартулар.....................................................415 Пайдаланылған әдебиеттер.............................................416 Қолжазбалар.................................................................418 Резюме.........................................................................419 Summary.......................................................................423

Научное издание БАБАЛАР СӨЗІ 87 том исторические легенды (XVІІІ век) (на казахском языке) Утверждено к печати Ученым советом Института литературы и искусства им. М.О. Ауэзова Министерства образования и науки Республики Казахстан Шығаруға жауапты: Р.Қ. Тұрлынова Редакторы: Ұ.С. Тілегенова Техникалық редакторы: Э.З. Заманбек Компьютерге терген: Е. Сманова Компьютерде беттеген: М.О. Ноғайбаева Дизайнын әзірлеген «Бауыр» баспасы ИБ № 2652 Теруге 16.06.12 жіберілді. Басуға 27.07.12 қол қойылды. Пішіні 60х901/16. Қаріп түрі «Мектептік». Офсеттік қағаз. Офсеттік басылыс. Шартты баспа табағы 27,0. Таралымы 2000 дана. Тапсырыс №149. «Фолиант» баспасы 010000, Астана қаласы, Ш. Айманов көшесі, 13 «Фолиант» баспаханасында басылды 010000, Астана қаласы, Ш. Айманов көшесі, 13

Пікірлер (0)

Әзірге пікір жоқ.
An error has occurred. This application may no longer respond until reloaded. Reload 🗙